Қазақ тарихы. 2-кітап
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
АТАСЫНЫҢ АТЫ БІЛІНБЕЙ, ӨЗІ АТЫ ШЫҚҚАН ЕРЛЕР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Әуелі - Адам ата атаның атын білуші жоқ. Қайдан білсін, первый человек болып, топырақтан жаратылды. Екінші - хазіреті Ғайса (Иса - Исус Л. Қ.) пайғамбарының атасының атын білуші жоқ. Құдірет патшалығын көрсету үшін он үш жасында атасыз туғызды. Үшінші - Хызыр (Қызыр) пайғамбар атасы аты жоқ, білуші және жоқ. Атасы бар шығар, шырт еткізіп айтушы жоқ. Төртінші - Ескендір Зұлқарнайынның атасының атын білуші жоқ. Бесінші - Шыңғыз (Шыңғыс) ханның атасының атын білуші жоқ. Бағзы бір ата білемін дегендер: «Есукей Баһадүрдің баласы»- дейді. Ол бекер: Есугей -қалмақ. «Бір қалмақтың баласын осынша жұрт қалай басына көтереді?!» - депті. «Ишламболдағы (Стамбулдағы - Л. Қ.) - Ғұшмания нәсілінен. Басқа бұл Азиядағы хандардың асылы - Шыңғыс ханнан»- дейді. Нәсілінен Османияда - граф, ноғайда - князь, қазақ - төресі, - бәрі «Шыңғыс нәсілінен» - деседі.. Баһадүрден қыз туып, ол қыздан он бес жасқа жеткенде, отырған үйдің ішінде бір сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл бала тауып, жасында жетімлікпен жиһан кезіп, жиырма жеті жаста Алла тағала: «Шыңғыз!»- деп ат атанады. Мағынасы: «Хандардың ханы»- деген сөз. Сондай атасыз, Құдайдың құдіретінің патшалығымен сағымнан болғанына заманындағы халықтың көзі жетіп, соның үшін тұқым – тұқымын жұрт басына көтеріп кетіпті. Кеше Әмір Темір көреген қанша жұртты алғанда, Шыңғыс нәсілінен болған хандарды өлтіргенде, орнына сол Шыңғыс ата нәсілінен хан сайлап жүрді. Бұл Шыңғыздан бері қарай әр кітапта Мәшһүр мағлұм болған хандар еді. Баршасы Шыңғыз нәсілінен дейді. Дүниені алған ақыры немеренің немересі, баласы - арты қиямет қайымға шейін үзілмейді хандық депті. Хулаку мұның немересі. Заты қазақтан болғаннан: «Әмір Темір көрген» - дейді. Қанша жұртты алса да, хан аталған жоқ. Жақсы көргендер: «Әмір Темір «көреген» - дейді. Жек көргендер: «Темірлаң» - дейді. Кім болса, ол болсын, жаман кісі болған жоқ, жұрт аузына аты қалды. Дүниеде қанша қылған жақсылық артта қалды. Алтыншы (хатыншы)- Алаша ханның атасының аты жоқ. Жетінші - Асан Қайғының атасын білуші жоқ. Сегізінші - Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ. Тоғызыншы - Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өзінің басына қойдырған тасында: «Абылай - Сүйеніш хан»- деп жазыпты. Ол Сүйеніш қай жерде хан болғанын, қайда жүргенін, хандық қылғанын ешкім білмейді депті. Осындай атасының атын адам білмей, өздерінің аты шыққан жандар көп дейді. Бағзы біреуден сұрасаң: «Білмеймін!» - дейді. Қыпшақ - Құрлыбай бидің баласы Досболдан атағым жүйрік дегенмен күншығыс жақтағы жұрттың біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда:
- Адам атасы кім?- дегенде,
- Адам атасы - Арсалаң да,- депті.
Естіп тұрған халайық та:
- Жарықтықтың атаға жүйрігін - ай!- депті. Адам атаның атасының аты «Арсалаң»-дегенде «Жүйрігін - ай!»- деп дүркірей жөнеліпті.
Үлкендердің айтқаны: «Осы қазақ, қалмақ, қарақалпақ, естек, орыс, - барғысы бір ағайынды екен. Кенжесі орыс екен. Бала болған... екеуінің «Басы ауырады!»- деп, шашын алмады. «Маш...ы ауырады!»- деп, кестірмеді. Орыс жұртының шаш алдырмайтыны, ма...н кестірмейтін себебі - сол!»- депті.
Сонан кейінгіге қалды мирас боп: «Білуіміз жеткендігімен»- дейді. Және қазақ жұртында бір сөз бар: «Ерден нақыл тимей, есек базарға сатуға жарамайды»,-депті. Оның мәнісі: «Кім кім болсын, әулиелердің жәрдемі тиіп, қолдауымен кісі болады -дегенге келтіреді» - депті. Қазақ халқының қариясы: «Біз үш ханның баласымыз деп сөйлейді екен» - депті,-Сейілхан, Жапалхан, Елхан. Сейілханнан - сегіз арыс түрікпен. Жапалханнан (Иафалханнан) - Майқы би. Майқы биден: Ноғай, Өзбек илан Сыбан. Өзбектің үш баласы: әуелі Мыңайыншы, Иұрыншы, Қырық дейді. Сыбаннан: Қазақ пен Созақ. Оның баласы -Қарақалпақ. Қазақтан:Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы қазақтың атасы осы үшеуі екен,- деп те айтысады. Елханның балалары - Құндыгер жұрты. «Ол қайда?»- десең, Халифа қол астында қони... (аяғы жоқ).
НҰХ КЕМЕСІНЕН КЕЙІНГІ ӘҢГІМЕ
Хазірет Нұх ғалайссаламның кемесі судан шығып, құрғаққа аяқ басқан күні Мұхаррам айының оныншы күні екен. Сонан ол күн: «Ғашұр күні» - аталып, Ғараб жұрты (иұрты) жыл басын «Мұхырам» - деп санап Ғашыр күнін мейрам қылған себебі - сол. Жұлдыз хисабында (хісебінде) хамалының бірінші күні болып, Ғажам жұрты (иұрты), һиндистан хакімлері: «Жаңа күн»- деп, атын «Наурыз» қойып, жыл басы деп санаған.
* * * Хазірет Нұх ғалайссаламның кемесі судан шығып, құрғаққа аяқ басқан күні, Мұхыррам айының оныншы күні екен. Сонан ол күн: «Ғашұра» күні - аталып, араб (ғараб) жұрты (иұрты) жыл басын «Мұхыррам» - деп санап, Ғашура күнін мейрам қылған себебі - сол. Жұлдыз есебінде (хисабында) хамалының бірінші күні болып, Ғахжам жұрты, һиндистан хакімлері (хакмалары) «жаңа күн» - деп, атын «Наурыз» қойып, жыл басы деп санаған. «Исус христити» - деп, тұтынғанлар хазірет Ғайса рухларының туған күнін ғыптарға (дәптерге) алып, число есебімен жыл басын ғинуар (январь - Л. Қ.) қылып санаған. Біздің бірінші хамал деген күніміз март числосының тоғызына дәлме - дәл келгендіктен, көкте темірқазық қандай болса, марттың тоғызы да наурызға сондай болып қалған.
Бір ұғатұғын сөз Құранда...
Ғад құмының һалак болған сегіз күні сол марттың әуелгі сегіз күні екен. Бір жылдың ақырғы таусыншық сегіз күні болғаннан ол күндерді «Аямғы жүз»- дейді. Қазақ: «Кемпірдің осырығы»- дейді. Сол сегіз күнгі желден аса сақлану керек. Біздің қазақ Айды да білмейді, жұлдызды да білмейді, жылды тоқсан болғанда: «Жер мұз»- дейді. Отамалы, сәуірде қой қоздайды. Қыс болып, суық болса, ақпан мен қаңтар дейді. Жаз (иаз) болып, ыстық болса, шілде мен сарша тамыз дейді. Көкек деген құс шақырғанда, көкек айы деседі. Қыркүйек, мизам, ақырап. «Қазан, қараша, қауыс, Кәрі-құртаңды тауыс!»- дейді. Жазғытұрым бұлт көрінсе, «Сәуірдің бұлты»- дейді. Дауыл болса, «Құралай» - дейді. Онан кейін дауыл, жауын болса, саратан, зауза дейді. Онан кейін салқын болса, «Үркердің толғағы», «Таразының туысы»- дейді. Онан соңғы салқынды сүмбіле (сінбіле) - дейді. Олақ сүмбіле, үлкен сүмбіле. Мұнан кейін жел болса, «Қыркүйектің қызыл желі»- дейді. «Қазанның қара дауылы» - дейді. Қоян ағарғанда, қошқардың күйегін алады. Оны «Күйек айы»- дейді. Соғым сояды, оны «Соғым айы»-дейді. Малдың балалаған айы дейді. Қазақ айдың, күннің өткен, кеткенімен жұмысы жоқ. Көріп тұрған күнің - не күн екенін мыңнан біреу-ақ біледі. Қазақша айдар қойылып, ат тағылған ай аты жоқ. Орыс қызметінде жүргені число есебін солар айтып жүреді. Қызмет те жоқ, жай жүргендері екі көзі малының көтінде. Сонан көзі де аса алмайды, өзі де аса алмайды. Басқа нәрсеге ой бөліп не керек, есі-дертің малда болсын дейді. Он екі жыл - араб тілінде аттары (атлары): 1 .Фара, бықра, сыд, рыниб, хұт, жите, хиыл, ғыным, қырдит, дыжажете, кәп, хынзир. 2. Мұш, кәу, пілнік, хыркөш, маһи, мар, асыб, көсфінд, һымууна, мырых, іскі, хок. З.Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, опадар, қаракиік.
Қатындар тілінде:
Жорғалауық, әуке, діңкамен, жырық, шолпетер, ұзын шешей, туар, жандық, ойнарқы, құс баласы, ноқай, жертүртер.
ҒЫМАЛҚА ЖҰРТЫ ТУРАЛЫ
«Арзымықдасада» әуелі отын тұтынған Ғымалқа деген жұрт. Олардың басшысы Ғұжбынғиық еді. Қазақ ертегі қылып сөйлейді. «Ажымұлық» - дейді, үш мың үш жүз отыз үш көз бойы бар еді. Өзі үш мың жыл жасаған күні еді. Басқаларының бойлары: ұзыны сегіз жүз көз, ең қысқасы сексен көз болушы еді. Бұл Арзымықдасада мың шаһар, әр шаһарда мыңнан бау-бақша бар еді. Бір үзімнің (жүзімнің) зорлығы бес кісі қозғалта алмайтұғын еді. Бес кісі анарының жарты қабығын аударып, меңгере алмайтұғын еді. Бас өсімі сондай еді: бір қатын бес құрсақ көтеріп, әр құрсағында бесеуден жиырма бес бала табушы еді. Құдай тәбәрік отғылы Мұса каймалланы:
- Сонымен соғыс!- деп жарлық қылды.
Ғұжбынғиық бір тауды басына көтеріп:
- Мұсаның барлық жұртын осы таумен бастырып, қырамын!- деп, келе жатқанда, тау тесіліп, мойнына үйіліп, өзі буынып өлді. Мұны естіген соң, Ғымалқа жұртында үрей қалмай қорқып, Бағымбағурға жалынып, ол дұғамен Мұса каймалланың жолын байлап, қырық жыл тиасхырасында қалды.
Бұл сөздер тәпсір айтушыларының әңгіме қып сөйлегені. Құлатғалы Иақымад хылуаларыз әлім хадисте алты кітап: Аллалкім, Алайта, Арзы, Мықтасаны, Уалайт, Шам деген -төртеуі - оның айналасы делінген. Палестин делінген - әр дін деген уасхи рауаят: «Әрні уайлиа бит Әлмыкдыш»- жыры делінген. Мысырдан аттанса (атланса) керек. Бастапқы әңгімесі Ферғауын мен сонда болды ғой.
ТАҒЫ БІР ДЕРЕК
Кианилерінің әуелі (уәлиі)- Киқбад, Рүстем. Мұның заманында Шыһуан аталған. Мұнан кейін - Киғауыс, мұнан кейін - Сауыс, мұнан кейін – Кенхы - сыру, Қыһирасып, Кіршасып, Быһмындара. Дарабаласы - Дара. Бұлардан бұрынғыны Бишдат атаған. Әуелі -Киомырыш. Онан кейін - Оғуз. Оғуз хан осылармен замандас. Бұл Бишдаттан он бір кісі патшалық қылған. Нишанбор, Мірдасығанды һошдік біна атым илеген. Фіратарғын мінор шіһре қаздырған. Тыһмасып, Кіршасып, Кианьщан тұрғызушыны тысқа кіші ханлық шаканилар айлеген. Бұлардан он тоғыз кісі жұрт біледі. Төртінші тапқа Сасанилер жиырма тоғыз кісі ханлық қылған. Наушеруан ғаділ осылардан шыққан. Бәрі төрт мың үш жүз отыз алты жыл 4336, он ай дәуір сүрген. Бұлардан кейін дәуір Ғарабқа көшкен, дін ислам Зыһрор болып. ... міндіндараға шейін бір мың үш жүз жыл 1300 болған. Сонан бері жиылған қазына Ескендір Александр Зұлқарнайынға үйіліп, төгілген. Жүз сексен қазынахана екі жүз жылда зорға жиылып болған - жеті жүз мың төмен. Былых - һушің патшаның пайтахыты болған, мұның атын сұлтан Ибраһим ражим шаһар -тілі қылды. Ескендір Зұлқарнайын Харасанда һырат шаһарны біна айлады: «Дүние жүзінің төртінші көгі сенде екен!»- деп, жерін һуасин ұнатып, Шымырқанд шаһарыны бына айлады, Ри шаһарын бына айлады. Он екі мың құлаш жерді бір «ағаш»- деп, шақырым жасау тарихын жасатты. Ескендрия шаһарын бына айлап, өзі ақырында сонда мыдпон болды.
«БИНИСЫҒЫР» АТАУЫ МӘНІ
«Жиутхион» кітабының жіз далаууалының екі жүз он екінші жыхиғасында Ибн Халхан турайынхында: «Рум елін: «Бинисығыр»- делінбегінің себебі неден?»- деп сұраушыға берген жауабы:
- Әуелгі замандарда Рум елінің бір патшасы отқа күйіп өлген. Өртте қалып, қатыны жесір қалған. Қалған жұрты өзді-өзі біріне-бірі қимай, қатынға, әм (ОҺЫМ) патша орнына патша болуға, таласқан жұрт болып сөзді осыған қойған:
- Осы отырған бәрімізден басқа үстімізге кім де кім кіріп келсе, соны патша сайлалық, ҺӘМ қатынды соған байлалық! - деген.
Сол заманда бір саудагер Йемен уалаятынан Румға келген екен. Ол саудагердің бір Хыбыш құлы бар екен. Сол құл қожасынан қашып қорғалап, бой тасалау үшін, отырған кептің үстіне кіріп келіпті. Көптің іздеген жоғы табылды:
- Міне, патшалықта осынікі, қатын да осынікі!- деп, сол кіріп келген кім болса, ол болсын, патша сайлап, қатынды қосып, таққа отырғызып, елге ие қылыпты. Құл қап-қара екен, қатын аппақ екен. Бұл екеуінен туған бала сары болып туып, сонан өніп - өрбіген тұқым: «Бинисығыр» (бинуласығыр) - атаныпты. Бір уақытта баяғы Йемен жұртынан келген саудагер көрген заман танып:
- Менің құлым еді!- деп даулағанда, құл:
- Рас айтады, мен мұның қашқан құлы едім, мұны риза(ырза) қылыңдар!- деген соң, саудагердің өзі не сұраса, соны беріп, риза қылыпты.
Рум патшаларының әуелгі туысы осындай екен. Қалай, бұрынғы жұрттың ынтымақшылы, ауызбірлігі: біреуі не десе, өзгесі сүттей ұйып, қатықша қатып тұра қалады?! «Қисыр» - фрынжи тілі: қазақша: «Жеті пірің»- дейді. Еуропада болған жұрттар: «Мұның «қисыр» аталғаны - толғатып тұрған қатын өлгенде, іште тулап тұрған баланы жарып алып, ол бала тірі болып, жұрт билеп, патша болып, «Қисыр» атанған екен. Қазақшасы: «Жарып алды»- атанған. Сонда ол Қисыр мақтанғанда:
- Мен басқалардай а...нан шыққаным жоқ!- деп мақтанған екен.
Хазірет Ғайса рухолла мұның заманында туған екен. Сонан кейін Рум патшасы: «Қисыр»-аталды, Түрік патшасы: «Хақан» - аталды, парсы патшасы «Кісери» - аталды. Шам патшасы «Әрқұл» - аталды, Қыбти патшасы Ферғұн аталды, Йемен патшасы Түбате аталды. Хыбыш патшасы Ныжаш аталды, Ферғана патшасы Жымшид аталды. Мысыр патшасы - дін исламмен мышрып болған күнде Сұлтан аталды, Шын патшасы Фиғхор аталды.
СҮЛЕЙМЕН ЖӘНЕ ҒАЛЫ
1919-ншы жылда, қой жылы жұрт көзінен керді. Ауызға алынған сөз періштенің құлағына шалынды. Сөз жерде қалмайды екен. Қанша заманнан бері сөйленіп келген сөз жұмбақ болып, бұл күнде шешілді, күніне жетпей жүр екен. Хазірет Сүлеймен ғалайссаламға бір қатын тоқсан жүзік келтірген: баршасында «Сүлеймен» - аты бар. Шикі сүт емген сан адам сол себептен көңіліне ие бола алмаған. Хазірет Хамзаның Хұсайын Ан хазіретіміз Мединеге әкетіп көмбекші болғанда, Уахид тауы соңынан бірге ере жүрген.
- Жаназасына кіреміз!- деп, сол үшін Уахидқа қойылған.
Кербалада хазірет Ғаббастың күмбезінде бір қара құлынның басы мағыллық тұр. Тісінен басқа ағы жоқ, Жидда далада жатыр. Иесінен жәбір - жапа көрген түйелері сонда барып тығылады. Оны ешкім айдап ала алмайды, серзадалар сойып жеп пайдаланады, басқа кісіге жоқ. Шам-Шәриптен шыққан Мұхаммедсадық бай ғимарат салған. Баласының аты - Fыламхан. Әкбар Атлыхы етуге қажыға бара жатып, барлық құлын бір қатынға садақа қылып, үйіне қайтып келіп, жатып алған. Сол жылғы «Жых- жихакбар»-аталған себебі сол ғарфа жұмға күнгі тұғыры келіп, әр бәзірінің ұғылына: «Сүлеймен- парсының ұғлы, Fаділұғлы ғапіл» -деген. Имам Мұхаммед хынзия Ферғана зымниде өлген. «Сүлеймен парсы, не өлді пәлен жерге қойылды»- деген сөз жоқ. Хазірет Сүлеймен ғалайссалам құмырсқаға сөйлескенде, жеті жыл жеп те салған, жеті жылда бидайдың жартысын жеген. Хазірет Fалы Карималла ұжһа даладағы молаға түнегенде, көрген ғажаплары:
- Біріншісі - жақсы алма кісі қызығарлық, бірақ іші сасық.
- Екіншісі - қыран Хуан құс майта жеген.
- Үшіншісі - анасының қарнында жатып үрген күшіклер.
- Төртіншісі - жасанған қыздар.
Өнген мікір һәм лытыз - ол, мына әлжібал хикаясы. Қатынлар мікірмен қырық жыл оқыдым деген молдаға бір қатынның қылған мікірі дыстия әлкіліби бір қатынның қолына кіріптар болған.
ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ ХАН
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Қазақ жұртының бұрынғы үлгілі билері сөз бастағанда: «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы»,- деп сөйлейді екен. Сол Есім хан Әз Жәнібектің тоғызының бірі, Едіге ханның немересі екен. Қазақ жұртына хан болып тұрғанда, қайтақыты Түркістан шаһары болған екен. Мұның заманында Ташкентте Қатаған деген жұрттың ханы - Тұрсын хан Есім ханға елші салып:
- Екеуміз тату-тәтті балдай боп тұрысалық. Күнбатыстан келген жауға мен төтеп берейін, күншығыс жақтағы жауға сен кедергі болып тұр. Менен қосын ал, жабдық ал, азық ал, сөйт те ұлы Ертістің басынан түсіп, аяғынан бір-ақ шық, онан бергі жер өзімізге қарап қалсын!»- деген соң, Есім хан: - Жарайды, болса, болсын,- дейді,- Мен сенен қосын да алмаймын, азық та алмаймын, жабдық та алмаймын. Өз күшім өзіме жетерлік. Тек сен менің қалған жұртыма көзіңнің қырын салып тұрсаң болады,- депті. Тұрсын ханмен уағдаласып, мың кісімен күннің шығысына қарай жүріп кетті: «Ұлы Ертіс басынан түсіп, аяғынан бір-ақ шығамын!»- деп, Сарыарқаны қақ жарып келе жатқан бетінде Шідерті деген өзеннің бойында бір жалғыз қара керді дейді. «Елсіз жерде не қылған жан жүреді? Бұл аң болса, біреу - екеу көрінеді. Иә, кертағы шығар?»,- деп, аттарын аунап-қунасын деп, шідер салып, қоя береді аттарын. Сейітті де қаннен-қаперсіз жатып қалды. Сөйтсе, ол көрінген қара кертағы емес, қалмақтың қарауылшысы екен. Бұлар қам жатқанында, аттарын қуып алып кетті дейді. Айдалада: «Дат!»- десіп қалды, мың кісі бәрі жаяу қалыпты дейді.
Мінгені Есім ханның Алабелді,
Бойында Шідертінің қара көрді.
Көрінген сол қараны: «Кертағы» - деп,
Аттарын шідер салып қоя берді.
Жаяу жүгіріпті, олай-бұлай жүгіріп, әр төбеге бір-бірлеп,- бәрі шықты. Шыққанмен немене, дәнеме айдық айдалада жаяу қап қаңғырыпты. Тоғыз күндей сандалып әуре болып, дәнеме таба алмай, Еңсегей бойлы ер Есім оныншы күні болғанда:
- Кел, жігіттер, Бұл жерде жатып қырылмалық. Жаныма талапкер жігіт еріндер. Мен оның атпен он күн, он түн жүргенін бір күн, бір түнде жаяу жетемін!- деді.
Өзінен басқа... ермек болды.
Біреу айтты:
- Мен үш күн, үш түнде жетемін,- деді. Біреуі:
- Мен он күнде жетемін, - дейді. Өзгесі айтты:
- Атты кісінің он күн жүрген жеріне біз айында жетеміз, - деді.
- һәм жылында жетсек, жаман емес деді.
Сонда тұрып Есім хан:
- Кел, батырлар, ер басына бір таяқ алыңдар. Жаудан аман қайтқаның жинап салыңдар. Қайтқандарың таяқтарыңды алыңдар. Белгі сол болсын!- деді,- Қалғаның жеткен бек есебін сонан білерміз,- деді. Мен бұл күн... жөнелсем, кешке ел жата жетем,- деді. Он күн жүріп барған жеріне, - деді. Он күн жүріп барса, көшпей жатады,- деді,- Он күндік атпен келген жерге жаяу жете ме?- депті. Және он күндік жерге қандай жан келеді?! Үш түнде келетін сені де тосамын, дәл он күн болғанда, үшеуі қумақшы болып, қолмен амандасып жөнелді.- Көкала астыма түссе, жауға тиемін, егер түспесе, көрген - көріскеніміз осы! -дейді. Етек-жеңін беліне түріп алып, кешке көз байлана жетіп келді. Қалмақтың он күн атпен жүрген жеріне келсе, бір қопаны айнала түсіп, соған бұлардың аттарын,һәм өз аттарын - бәрін қопаға тығып, шыр айналып жатқан екен. Көкаланы іздеп (ізлеп), таң білінгенше іздеп (ізлеп), таба алмай, қопаның бір берік жеріне кіріп жатты дейді. Сол жатқаннан көз байланғанша жатып, өз орнына келіп, о жер, бұл жерді қарап ортасында бір қосқа келсе, Көкаланы басын байлап, босағаға басын тығып, аяғынан бекітіп, екі-үш адам күзетіп, шылбырын қолына ұстап отырады екен. Үш жігіт еттерін жеп, қолдарын сүртіп отырып, үшеуі де жауырыншы екен, кезек-кезек жауырын қарап отыр екен дейді. Сонда Есім хан жетіп келіп, тұра қалды.
Қалмақтың ханы қопаның ортасына қонып, үш салдығы бар қасында қопаның ортасындағы аралға тігіп, Көкаланы ер тоқымы бірлан түн болғанда босағадан басын кіргізіп, қостың ішіне шылбырынан ұстап отырады екен. Егер айқай шықса, не нәрсе болса, талқанын шығарып тұрмайды, үзіп кетеді екен. Себебі Есім ханның Көкаласының даңқы бұрын қалмаққа әбден танымал болған екен. Сонда қостың ішінде отырған қалмақтың ханы үш жолдасымен етін жесіп отыр екен. Етті жеп болған қолындағы пышақтарын жерге тігіп қойған екен дейді. Қалмақтың біреуі жауырынға қарады да:
- Есім хан алақтап, етегі желбеңдеп қарап жүр екен,- дейді.
Онан және біреуі кере сала айтыпты:
- Есім хан Көкаланың артында тақау тұр емес пе? - депті.
Үшінші біреуі жауырынды қолына ала салып қарап:
- Япырым-ай, еңсегей бойлы ер Есім хан Көкаланың артында ма, бауырында ма, астына кіріп отыр ма, қалай?- депті.
- Мына сонша жерге жаяу қалай келеді? - деді.
«Соны айтып отырғанда, қауіп етіп, сескеніп тығылдым,- дейді: «Шығып қалар ма?» - деп, Көкаланың бауырының астына кіріп отыра қалдым»,- депті. Мені сонша жерге жаяу жүріп келеді деген ойында бар дейсің бе, жауырынға түскенін әзіл қылысып отыра берді. Және біреуі алып қарады дейді:
- Сендер не білдіңдер, не шатып отырсыңдар? Еңсегей бойлы ер Есім Көкаланың үстінде ме, шылбырдың түбін шұлықтан қиды ма? - дегенде, үстіне мініп алдым да, тұра қалдым: «Енді не дер екен?» - деп. Тұрып едім, біреуі айтты:
- Шылбырды, нанбасаң, тартшы шылбыр!- депті,- дегенде, мен айғай салып, дөңгелек шыр айналып, жатқан қопадан дөңгелек тұяқтан дәнеме тастамай қудым да шықтым!-депті.
Соңынан келген үш жаяу да тосып жатыр екен, бір-бір атты мініп, олар да бір-бірімізге ұранменен қопада кеп әскер қанша екенін білмейміз, түнде шулап, үйіліп - төгіліп қалды да, біздер айғайлап, қудым да шықтым, дәнеме қалмады - ау! - деп, ... жолдасыменен бәріміз жолығып, байхақ далаға шыққаннан соң, ... өзіміздікінен басқа ... жүріп отырып, жолдасымыз жатқан жеріне... (аяғы жоқ Л. Қ.)
АБЫЛАЙДЫҢ АЛҒАШ КӨЗГЕ ТҮСУІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылайдың жиырмаға жетпеген бала боздақ күнінде, қасында Ораздық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге, Дәулеткелді байдікіне келіп, жылқы бағып, жылқышы болып жүріпті. Ата - тегін ешкім сұрамапты. «Жайың кімсің?»-деген жанға атым «Сабалақ» - дейді. Бір күні бай бәйбішесіне айтыпты:
- Мұны басқа малшыдай көрме,- депті,- Осы Сабалақты күте гөр,- дейді.
- «Қалайша?»- десең, ...ын аш жүрсе де, өз қолыменен бір ас құйып ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын кішкене ішпейді, - дейді.
- Және жерге отырмайды. Және - дағы киімін шешіп, астына салып отырады,- дейді.-Жерге отырғанда, бас алға алуан ғамалы кем... қырдың астына барып отырады,- дейді.-Және өзі ұйықтаса, үсті шырақ жаққандай жап - жарық болып тұрады,- дейді,- Шамшырақ болса керек.
Сол бір кезде қазақтың жылқысын қарақалпақ Қатысыбан деген жау алып, Қазақ ұран шақырып, әу десіп қуғыншы болып, атқа мінді. Қазақтың батырларының аты: Қаракерей - Қабанбай, Қанжығалы - Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы - Бердіқожа батыр, Сырым - Малайсары батыр, Керей - Уақтан шыққан: Сары, Баян батыр,- бәрі аттанып қалмаққа барса, шеп құрып, қалмақ айналасын қорған қылып, соның аузына жайнатып жасау төгіп, қыз - келіншек қойып,... батырлары қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қазақ ... батып, салы суға кетіп «сасық қамал» болып... ала алмай, салы суға кетіп қайтпақ болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмаған жылқышылардың бірі - Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңашаға шығып, аттан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып:
- Абылай, Абылай! - деп, қалмақтың қорғанына жалғыз барып, кіріп кетті, - десіпті. Құдайдың құдіретінің тамашасы - өзіне атса, оқ өтпейді; шапса, қылыш өтпейді,- деді. Кірген жерін - есік, шыққан жерін тесік қылып, жападан-жалғыз қалмақтың қамалын жылқының жусау тезегіндей қылып, топырлатып тастаған соң, қазақ батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жетім-жесір қылып, талап, шауып, шаш етегінен қарық болып қайтты да, жауды жеңіп, көңілдері басылған соң, Арғын, Найманның батырлары:
- Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалмады. Бәрі дәнеме жарамады... Өзі жалғыз болса да, тегі, заты кім белгісіз жұрттан бәрімізден бақ талайы жоғары, аруағы күшті.
Бұрынғының сөзі бар-ды: «Қой асығы деме ... жақса, сақа ғой!» . ... - көтерелік,- дейді, әу десіп, уағда қылды да, байдың іргесіне алып келіп, отау тіккізіп, алты қанат, алты қатын алып берді де, онан соң ақ кигізге орап, өзін хан кетерді дейді.
АБЫЛАЙДЫҢ АЛҒАШ КӨЗГЕ ТҮСУІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет (Әбуәлмәмбет) патшаға қызметкершілік қылды. Ол жерде орнығып тұра алмай, Ұлы жүз: Үйсін - Төле бидің түйесін бағып жүрді. Онда да байырлап тұра алмады. Сарыарқаға шығып, Атығай, Қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бақты. «Атың кім?»- деп сұрағанға: «Атым - Сабалақ»,- депті. Бай бәйбішесіне айтыпты:
- Өзге жалшыдай көрме мұны, күте гөр! Осы Сабалақ анық сарт емес. Ана Оразаулық сарт болса болар: көзі алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ болып, беті қызыл бала болса, көзі соны ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз, түссіз болып отыра береді. Мынау Сабалақтың еш нәрсемен ісі жоқ, ойлағанын ақыл - ой, езу тартып күлмейді, қабағын шытып кейімейді. Алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен құйып ас ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын кісіге бермесе, көңілі көншімейді. Жерге бір отырмайды, дәнеме таба алмаса, сайын далада болса да, киімін астына шешіп салып отырады. Және ұйықтап жатқанда, үсті жап-жарық болып тұрады. Сыйлап ұстай гөр: қасиеті болып, бір нәрсесіне ұшырап қалып жүрмейік!- дейді.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алды. Қазақ: «Қыл құйрық!»- деп, аттанды. Қаракерей: Қабанбай, Қанжығалы: Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек, Көкжарлы - көкжал Барақ, Шанышқылы: Бердіқожа, Сырым: Малайсары, Керей, Уақтан шыққан: Сары, Баян,- бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдырмайды. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, салы суға кетіп, қайтпақшы болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышы Сабалақ қазақтардың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына:
- Абылай! Абылай! - деп, жалғыз барып кіріп кетті дейді.
Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы - өзіне атса, оқ өтпейді, шапса, қылыш өтпейді. «Кірген жерін - есік, шыққан жерін тесік»- қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып, шауып, талап, шаш етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты.
Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң, Арғын, Найманның батырлары:
- Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ. Бәрі дәнемеге жарамай, бұл өзі жалғыз болса да, тегі, заты кім екен? Белгісіз болса да, бәрімізден бақ -талайы жоғары, аруағы күшті екен! Бұрынғының сөзі бар еді: «Қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой!»- деп еді. Кел, осыны хан көтерейік!- деп, әу десіп, Атығай, Қарауылдың ортасына алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.
Тобылбай бидің баласы Арыстан ақын қолға түскенде, Кенесары ханға айтқан:
Кенехан, жақсы керсең, қарашыңмын,
Жек көрсең де, өзіңнің алашыңмын!
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай, Қарауылдың баласымын!деп, сонда өзін өлтірткелі отырған Кене хан көзінің жасын төгіп - төгіп жіберіп:
- Батыр, қалағаныңды ал!- деп, астына - ат, жетегіне - түйе, мойнына - берен мылтық, қасына отыз жігіт жолдас беріп, еліне алып барғызып салған екен.
Абылай ханның қазаққа алғаш хан болған жері - осы. Сол күнде жиырма жаста екен. Өзі өлгенше, өмірі қарығанша тұрағы Көкшетауда болған. Ол сөз һәм Арыстан ақынның өлеңінде бар: Қылады Мекержіде байлар сауда, Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда. Сұрасаң Абылайда тұрған жерін, Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда. Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта Ноғайлы билеп-төстеп, қоныс қылған екен. Сонда Ноғайлының байлығы қалыптан асып кеткендігі сондай: «Қымыз өзені - деген өзен болсын!»- деп, Қылшақты деген өзенді қымыз құйып ағызу үшін қазған екен. «Қымыз көлі»- деген көл қыламыз!»- деп, саумал көлді тақырлап, қымыз құйған екен. О да тасып, төгіліп, күндердің күні болғанда, сол қонысын иеленіп қалған кейінгі жұрттан тіленшілік қылып, қайыршы болды. Онан соң қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Әр жердегі үйілген оба - қалмақтардың өлгеніне шығарған жаназасы. Қалмақ тасқа табынады. Сол табынып жүрген тасымен өліктерін бастырып кетеді. Көп үйілген обалар - хандарының, жайсаңдарының жаназа тасы, аз үйілген - жай кісілерінікі. Бұлардың Сарыарқаны иеленіп жүрген заманы - қарақалмақ: Қатысыбан қоңтажының тұсында. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт - «Аюкенің ауыр қолы»- атанған тұста құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін тұсында. Қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай хан екен. Абылай заманында сүрген дәуренді қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын Адам атаға шейін көрген емес. Ғаламда он сегіз мың жан болыпты, Бұл сөзім білгендерге таң болыпты. Жігіттер, құлақ қойып тыңдасаңыз, Қазақта Абылайдай хан болыпты! - деп, өлеңге шыққан Абылай - осы.
ҚАЗЫБЕК БИ ЕЛШІЛІГІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай қазаққа хан болып тұрған кезде Қалдан Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шеріннің ханымы Қарабас ханымға айтқан екен:
- Қазақтан келген елшінің ішін аралап көр. Бітім алуға жарарлық кісісі бар ма екен? Тұрарлық кісі бар болса, сынап алып кел,- деді,- Бітім алып қайтарлық кісісі жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер: «Түзу сөз білерлік біреуін жіберсін!»- деп,- деген соң, Қарабас ханым аралап, тандап, төрт кісіні алып, Қалдан Шеріннің алдына келді дейді.
Біреуі - Қаз дауысты Қазыбек, біреуі - Айдабол баласы Тайкелтір, бірі - Балтакерей: Тұрсынбай, бірі - Шақшақұлы Жәнібек. Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты:
- Бұларды не себебіңмен алып келдің?- деп.
Сонда Қарабас ханым айтты дейді:
- Мынау отырған - Қаз дауысты Қазыбек ұйықтағанда, екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, керген төстіктей боп жатады екен. Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын қарап туған ұлмын!»- дегені. Қара бақайына шейін құт екен!- дейді.- Өлгенде арулаған жерін басып өткен ел бай болар,- дейді.- Мынау отырған - Тайкелтір. Кішкене қолының ұшы екі иір біткен екен. Өнері қара саннан келеді екен,- дейді.- Мынау отырған -Балтакерей:Тұрсынбай. Құлағы жоқ, шұнақ; құйрығы шолақ: ерлігінде міні жоқ, еңбегінде - кінә, тілегінде міні жоқ, жалғыз-ақ жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек,- дейді.- Мынау отырған - Жәнібек: екі аяқты, бір бастының сырттаны екен!- дейді,- Өзінің оққағары бар. Күнінде ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын шағатұғын осы екен! - дейді.
Сонда Қалдан Шерін:
- Осыны өлтіріп тастасам, қайтеді?- дейді.
Сонда ханымы айтты:
- Ханның ақылы баланың шүметейімен бір бәс,- дейді екен,- деп. Ханым айтты:
- «Қазақ, қалмақтың тынышлығы болсын! - деп, - елші жіберсін,- десіп, келген елшіні: «Өлтірсек, қайтеді?»- дейсің. Сонау тұрған төртеуі дүниенің төрт тіреуіндей кісілер емес пе?! «Атса - мылтық, шапса, қылыш өтпейтін; отқа салса, күймейтін; суға салса, батпайтын!» - деп, осындай жандарды айтады депті,- дейді.
Қалдан Шерін сонда бұл төртеуіне - ер басына тоқсан жесірді ... берген екен дейді. Бұрын қазақ, қалмақ арасында атыс - шабындылықта түскендерді мал беріп сатып алады екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді. Сонда бір келіншек қатын:
- Би ағалар - ау ,- деп, Қазыбекке,- мен қалып барамын!- дегенде, ханнан сұрап алған екен!- депті.
ҚАЗЫБЕК ЖӘНЕ ҚАЛМАҚ ХАНЫ
Абылай ханның заманында қалмақтың Қоңтажы деген ханы қалың қолмен келіп, бейбіт жатқан қазақ елінің бір шетін шауып алып кетіпті. Қоралы қой, үйірлі, қосты жылқы, «құл» қылам деп ұл, «күң» - қыз әкетеді. Сол уақытта қазақ жиылып, Абылай ханға келіп ақылдасыпты. Абылай хан айтты:
- Шабыспақ оңай, табыспақ қиын. Елші жіберіп, алдынан өтейік. Бітімге келсе, оны көрейік. Ант өзіне ауар. «Ант аумай, ат жүгірмейді»- деген, еліміздің ісі әділ екеніне басқа халықтардың көзі жетсін! Ісі әділ елдің туы жығылып, сағы сынбайды. Жолы өлсе де, сөз бермейтін шешенімізбен, жол бермейтін көсемімізбен - «Қол бастаған батырмын, мың кісіге татырмын!»- деген, айтқаныма көнбегенді, күшпен жөнге салып жатырмын!- деп, кеудесін қағатын қоңтажы емес пе?!
Ол қоңтажымен жауласқан елдің адамдары алдына барса, теп-тегіс өлтіреді де, аттарын жылқысына қостыра салады екен. «Сол қоңтажыға мен барамын!»- деген адамдардан білегі жуан батырлар мен сөз білетін шешендерден бір жүз кісі елші жиналып барғалы жатады екен. Ол кезде Қазыбек тайға мініп жүретін 15 жасар бала екен. Тайын: «Тай бәйгесіне қосып болдым ғой, енді ат бәйгесіне де бір қосып көрейін!- деп едім!- деп,-Абылайға айтайын!»- деп, тайына мініп келген екен. Сонда Қазыбек бала айтқан екен Абылай ханға:
- Хан тақсыр, мына тайымды тай бәйгесіне - болдым, енді ат бәйгесіне де бір қосылып, көргім келіп тұр,- деп,- осы елшілермен бірге мен де барайыншы!- депті.
Абылай хан балаға назарын салып, біраз қарап, тоқтап тұрды да:
- Талабың да жақсы екен, тайың да жақсы екен! Меселің қайтпасын, барсаң, бар, балам, жолың болсын!- депті.
Бозқырау түскен күзгі мезгіл екен. Сонау Тарбағатай тауының таң жағы да, Алтай тауының он жағы - қоңтажының еліне қазақтан тайға мінген елші болып баруға бала да жүз кісінің бірі болып жүріп кетіп барады. Кеп аттың дүбіріне де делебесі қозған Телқоңыр тай ортекедей ойнап, әлсін-әлсін дамылсыз аспанға қарғып шаптығады. Абылай хан көңіл көзін аударып, балаға қарап, тайға мінген баланы қызық көрді ме, әлде баланың шалымын байқайын деді ме, Абылай хан баланы өз қатарына шақырып алып:
- Бала, атшы болғың келе ме, басшы болғың келе ме?- деп сұрапты.
Сонда бала көп ойланбай-ақ:
- Жол көрген ағаларым тұрғанда, қайдан басшы боламын? Атшы болсам да, жарайды ғой!- деп, қысқартып тоқтады.
Сонда Абылай хан күліп:
- Дұрыс, балам, дұрыс-ақ!- деген,- Алғашқы жүрісің атшылықтан басталсын!- деген екен.
Бір күндік жерге дейін елшілерді шығарып салып, бір дөңнің басына келгенде, Абылай хан ж.ұрттың бәрін тоқтатып, аттан түсіп отырып былай депті:
- Мен бір-екі ауыз сөз айтайын. Естеріңде болсын, батыр болып қол бастау, көсем болып, ел бастау оңай жұмыс емес. Осының бәрінен ел тағдырын шешетін сөз қиынырақ. «Жауластырмақ - жаушыдан, елдестірмек - елшіден!»- деген. «Ел тағдырын қылыштың жүзімен де, шешеннің сөзімен де шешетін кез болады!»- деген. «Айтылған сөз атылған оқпен тең»- деген. Оны қайтып ала алмайтын уақыттар болады, байқап сөйлеңдер!- деп айтып.- Жауды өлтіруге де болады. Қоңтажыға құлақ кесті құл емес екенімізді естен де шығармаңдар! Жау алдында жасық елдің адамына ұқсамаңдар! «Таудағы түлкіні табындағы тазы алар, Тозғындаған аққуды шалғындаған қаз алар!» Бірліктерің берік болсын, үлкендеріңді сыйландар, орынды жерде кішінің де сөзін тыңдаңдар! Басшыларың — Тайкелтір би болсын, атшыларың мына тайлы бала болсын!- депті. Атшыдан бастап, басшыңа дейін ел намысы есте болсын. Намыс үшін бара жатқан елші екендіктерің естерінде болсын! Қоңтажы икемге келетін болса, асықпаңдар. Егер де икемге келмесе, қар суы кеппей, келетін болыңдар! Ал, жолдарың болсын, барыңдар!- деп, Абылай хан дөң басында тұрып қалыпты.
Елшілер: «Қоңтажының елі, қайдасың?»- деп, жүріп кете барды. Жолаушылар бірнеше күн жол жүріп, боранды күндерді бастарынан өткізіп, аязды күндерде аттарына қар тепкізіп, асу белдерден, суы ащы көлдерден өтіп, бір күндерде қалмақтың елінің шетіне де жетті. «Сұрай-сұрай Меккеге барады»- дегендей, қалмақтың еліне келіпті. Келген елшілерді қонақ үйіне түсірмей, қойшыларының үйлеріне бөліп - бөліп қондыра салады. Тайлы бала тайынан түспей, аттарды күзетіп, далада оны ханның ханымы көріп тұрыпты. Қоңтажы хан түнде өзінің уәзірлерін жиып алып, ақылдасады:
- Тайына мінгізіп бала жібергені Абылайдың мені мазақ еткені ғой!- деп, - Осылармен көп сөйлеспей, әуре болғанша, түгел қырып тастап, тыныш отырсам қайтеді?!- депті. Уәзірлері:
- Мақұл, мақұл!- депті. Сонда ханның ханымы отырып:
- Тақсыр хан, бір ауыз сөз берсеңші!- депті.
- Айтыңыз!- дегенде, ханымның айтқаны:
- Тай дегеніңіз тұлпар болып жүрмесін, бала дегеніңіз сұңқар болып жүрмесін! Қазақ деген қабырғалы, қалың ел: жүз кісіні өлтіріп, жайлана алмассыз, жүз атты жылқыға пайдалана алмассыз. Алдыңызға бір елдің елшісі келіп отырғанда, хандық қалпыңызды сақтаңыз. «Елшіні бұрынғы - соңғы заманнан өлтіруге жол жоқ!»- деген.
Хан біраз ойланып:
- Олай болса, осы жүз кісінің ішінде – өзіме - өзі, сөзіме сөзі лайық келетін адам болса, сөйлесермін. Болмаса, аман - есен еліне қайтарып жіберермін!- депті,- Ертең елшілерді алдыма келтіріңдер, бет-аузын көрейін, көріп отырып, сыбағаларын берейін!- депті.
Ертеңінде елшілер ханның ордасына келді. Елшілер отырар-отырмастан, хан көлбеп жатқан аяғын жимастан:
- Уа, неге келдіңдер?- деп сұрапты.
Тайкелтір би майдалап сөйлейтін бақпа адам екен:
«Е дегеннен ақтарылмай, ханның көмейін байқайын» - деп мынаны айтқан екен:
- Өгізді елеңге байлап, өрлікті төменге байлап, алдыңызға келіп отырмыз, алдияр хан!-деп, сөзді ханға тастайды.
Тайкелтірдің кішірейе сөйлеуі: «Ханның мерейін өсіре сөйлейін, әйтпесе хан шамдана түсуіне де жол ашар!» Өзінен әлсізді, аузына қалып салып, жаман үйренген әдетпен, тәкаппар шіркін, жантайып жатқан қалпында мынаны айтқан:
- Кешке дейін бір жауабын берермін. Жауап бермесем, ат-көліктерің аманында елдеріңе қайта беріңдер!- деп, қолын есікке қарай бір сілтеді де, сөзді келтесінен қиып тастады.
Кесіліп қалған сөзді іле жалғай алмай, Тайкелтір би сәл едірейіп қалғандай болады. Сол кезде босағада отырған бала орнынан атып түрегеліп мынаны айтқан:
- Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес, дат!- депті.
Хан көзінің астымен сүзе қарап:
- Кім едің?- дегенде, бала кідірместен:
- Мен өзім, халқым - қазақ, руым - Қаракесек, әкем аты - Келдібек, өзім атым - Қазыбек. Елде жүргенде, балалардың басшысы едім, қазір ағаларымның атшысымын. Тай бәйгесінен шығып, ат бәйгесіне бірінші рет қосылып тұрмын!- депті.
- Уа, датыңды айт!- депті, хан сұқ қолымен өзінің алдына нұсқапты.
Бала адымдап басып ханның алдына барады да, ханның көзінен көзін айырмай мынаны айтқан екен:
- Қазақ деген мал баққан, Сарыарқада қаздай қалқып, үйректей жүзіп, теңіздей көлдерді, ұзын, ұзақ өзенді, көк майса көкөрай шалғында, сахара салқында ел жайлап шалқып жатқан елміз. «Елімізден қашпасын!»- деп, «Жерімізді жау шаппасын!»- деп, найзамызға үкі таққан елміз. Жау аяғына басылмаған ел боламыз. Досымызды сақтай білген, дәм-тұзын ақтай білген ел боламыз. Ұл туса, атадан: «Құл болам!» - деп тумайды. Анадан қыз туса: «Күң болам!»- деп тумайды. Ұл менен қыз сенің тұтқыныңда отырса, оларды азат етпей тынбайды.
Қатты болсаң, темір шығарсың.
Сен темір болсаң, мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін!
Сен көктегі құс болсаң,
Мен іліп тастар сұңқармын.
Сен жердегі аңның жүйрігі құлан болсаң,
Мен қуып жетіп соғар тұлпармын!
Бала сөйлеген сайын ханның көзі бажырайып, қарай береді.
- Сен қабылан болсаң, мен - жолбарыс,
Алысқалы келгенмін!
Жау тілегенге
Жасыл туса еді,- деген,
Ел болып, шабысқалы келгенмін!
Елімнің шетіне ойран салған өзің:
Бітім беретін болсаң,
Айыбыңды мойындап, бітім бер!
Болмаса, тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенмін!- депті.
Хан бажырайған бойымен отырыпты да қалыпты. Баланың сөзі біткеннен есін жиғандай болып, тамсанып:
- Япыр-ай, дауысың қаздың дауысындай екен! Қазақ деген елдің дауысы қаз дауысты екен,- деп,- Сенің атың «Қаз дауысты Қазыбек» болсын, менің қасыма келіп отыршы! -деп, хан қағыла түсіп орын беріпті.
Сонда Қазыбек:
- Біздің елімізде кіші үлкенін сыйлайды. Ағаларым төрде отырса, менікінің уақасы жоқ! - деп, жалт бұрылып, орнына қайта келіп отырыпты.
Абжыланмен арбасып отырғандай, елшілердің көңілі бір сонда ғана көтеріліп, дұшпан алдында мерейі үстем бола беріпті. Әлгіде ғана айбат шегіп отырған ызбарлы хан қалбаң қағып, орнынан ұшып тұрыпты да, уәзірлеріне:
- Мына елшілерді қонақ үйге апарыңдаршы! Жол жүріп, ат соғып, шаршап келді ғой, тынықсын!- депті.
Сөйтіп ісі әділ елдің елшілерінің қадірлі сөздері қылышынан қан тамған ханды қалбаң қақтырыпты. Қоңтажы хан қанша бойлауық, керауыз болғанмен, лажсыз көніпті. Тұтқындағыларды босатып, тартып әкеткен мал-мүліктерін айып-анжысымен қайтармақ болып, жегенін қайта құсып, ханға оңай болып па, шауып алып кеткен мал-мүліктерді түгелдеп, жиып болғанша, көктем де келіп қалыпты. Елшілерді еліне қайтарысуға ыңғайланады. Елшілерді құрметтеп аттандырып салуға кеп халық жиналады. Екі елдің адамдары қош айтысып, айрылайын деп тұрғанда, қазақтың тұтқынға түскен бір жас жігіті келіп, көпке арыз айтады:
- Мен елдің жылқышысымын. Жылқы бағып жүргенімде Қоңтажының қолы келіп, басып алды да, мені тұтқын етіп алып кетті. Осында келген соң, бір уәзірі үстімдегі тонымды тартып алды. Еркіммен бермеп едім, ұрып тісімді сындырды. Жаныма балаған атымды тартып алды. Мына қайтып бара жатқан жылқының ішінде көрінбейді. Күрек тісім сынып, көңілім бұзылды. Киімнен айрылып, көркім бұзылды. Атымнан айрылып, ұйқым бұзылды. Мінеки, жиылған хан, қара, көпшілік, осыған не айтасыздар?- дегенде, хан мен елшілер бетпе-бет қарсы түр екен.
«Бұған не айтар екен?»- деп, жиылған кеп халық қоршады. Ойда жоқта айтылған сөз хан мен елшілерді таразыға тағы бір тартыпты. Сонда Қоңтажы хан алтын сапты болат семсерін беліне байлап, жанат ішігін үстіне киіп, қара қасқа тұлпарын мінгелі түр екен. Хан айтады:
- Ат деген сырты - түк, іші боқ бір тай шығар.- Тон дегенің - бір қойдың терісі шығар. Оны несін сөз қылып айтып тұрсың? Іс біткеннен кейін: «Қол сынса, жең ішінде, Tіc сынса, ауыз ішінде» кете бермек. Қайта сөз қозғаудың не орны бар?- деп, хан теріс айналыпты.
- Ханның сөзі жон ғой!- дейді өз халқы. Елшілер тағы бір тұйыққа тірелгендей болып, аңырая қалыпты. Сонда тайына мініп тұрған Қазыбек бала тайын тебініп, ілгері шығып айтыпты:
- Қалайша «тіс сынса, ауыз ішінде; қол сынса, жең ішінде» кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын, жақсымызды асырмайтын елміз! Астындағы мінген аты қанат емей немене?! Қой терісі күн өтпейтін жанат емей немене?! Ауыздағы отыз тіс болат емей немене?! Қанатынан қайрылуы, болатынан майрылуы, жанатынан айрылуы оңай емес. Хан, табысқаның рас болса, еліміздің адамын; қанатынан қайырмай табыс, болатынан майырмай табыс, жанатынан айырмай табыс! Жаяу, жалаңаш жүре беретін ол сенің құлың емес. Еліміздің ерікті ұлы көрікті болуға тиіс!- дегенде, олақ ойлы, шолақ тілді хан көп алдында Қазыбектен оңбастай болып, тағы да бір жығылды.
Хан енді:
- Жанатыңа жанатым, - деп, үстіндегі жанат ішігін шешеді де, тастайды,- Қанатыңа қанатым,- деп, мінейін деп тұрған қара тұлпарын жігіттің алдына көлденең тартады.-Болатыңа болатым!- деп, беліндегі семсерін береді.
Жабырқап қалған жігіт жанатын үстіне киіп, болатын асынып, қара тұлпарға қарғып мініп, елшілерге:
- Шу!- деп, жүріп кеткенде, хан тұрғанорнында сілейіп қатып тұрып қалыпты.
Сөйтіп Қазыбектің халық намысымен, қадірлі сөздерімен - қылышынан қан тамған Қоңтажы ханды дегеніне көндіріпті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ - деген, «қадірлі сөз қамал бұзар»- деген - қадірлі қариялардан қалған сөз»,- деседі.
АБЫЛАЙДЫҢ ҚАЛДАН ШЕРІНГЕ ЕЛШІ ЖІБЕРУІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен: «Қазақ, қалмақтың тынышланып, бір-біріне тимей тұруы үшін, елдесіп, бітіп келіңдер!»- деп. «Қазақтан кеп жолаушы келіпті» - деп, естіген соң, Қалдан шерін ханымы - Қарабас ханымды атқа мінгізді дейді:
- Қазақтан келген жолаушыларды аралап, жансыз байқап, ішінде бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі болса, сынап, маған алып кел. Бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер. Жөні түзу сөз білерлік біреуін жіберсін!- деп айтқан соң, Қарабас ханым аралап көріп, төрт кісіні таңдап, Қалдан Шерінге алып барды дейді. Бірі - Қаз дауысты Қазыбек, бірі - Айдабол бидің баласы - Тайкелтір би, бірі -Балтакерей:Тұрсынбай, бірі - Шаржетім: Шақшақ - Жәнібек.
Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты:
- Бұларды не сынмен алып келдің?- деп
Сонда Қарабас ханым айтты дейді:
- Мынау отырған Қазыбек ұйықтағанда, екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жатады екен. Оның мәнісі: «Дүниенің төртбұрышын тірей туған ұлмын!» - дегені. Қара бақайына шейін құтекең! Өлгенде, арулаған жерін басып өткен ел бай болар!- дейді,- Мынау отырған Тайкелтір - кішкене тілінің ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қара санынан келеді екен. Ер кемей, темір жақтың барып тұрған өзі екен. Екі жақты, бір тілдіге өмірінде сөз бермес!- дейді,- Мынау отырған - Балтакерей: Тұрсынбай -«құлағы жоқ, шұнақ; құйрығы жоқ, шолақ» екен. Ерлігінен де міні жоқ, еңбектілігінен де міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы - жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек,- дейді,- Мынау отырған - Жәнібек: екі аяқты, бір бастының сырттаны екен, өзінің оққағары бар екен. Күнінде ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын шағатұғын осы екен!- дейді.
Сонда Қалдан Шерін:
- Мұны осы жерде өлтіріп тастасақ болмай ма?- дейді.
Сонда ханымы айтты дейді:
- «Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс!»- деген осы екен - ау! «Қазақ, Қалмақтың тыныштығы болсын!- деп,- елші жіберсін!»- дейсің. Келген елшіні: «Өлтірсек, қайтеді?»- дейсің. Осы отырған төртеуі дүниенің төрт тіреуі сықылды кісі емес пе?! Атса, мылтық өтпейтұғын, шапса, қылыш өтпейтұғын?! - деп, осындай жандарды айтады депті!-дейді.
Қалдан Шерін сонда Бұл төртеуіне - ер басына тоқсан жесірді долгсыз берген екен. Бұрын қазақ, қалмақ арасында шабыншылықта түскендерді мал беріп, сатып алады екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді. Сонда бір келіншек қатын Қазыбекке:
- Би ағалар-ау, мен қалып барамын! - деген соң, Қазыбек Қалдан Шершней сұрап алған екен дейді.
- Келін мұрдарды кісі бұрын танып қоятұғын екен-ау! - депті.
АБЫЛАЙДЫҢ ТҰТҚЫН БОЛУЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта Ноғайлы билеп-төстеп, қоныс қылып: «Он сан Ноғай: Ормамбет би өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір Алаша тайдай бүлініпті!» - деген сөз бар. Сонан қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Қара қалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт: «Аюкенің ауыр қолы»- атанған. «Құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін тұсында қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай хан екен!»- дейді. «Абылай заманында сүрген дәуренді енді Қазақбайдың баласы - Абылайдан бұрын Адам атадан бері көрген емес. «Абылай заманындағы дәурен қазаққа жоқ, түсіне де кірмес мұнан былай!»- депті.
Fаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Жігітлер, құлақ салып, тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты,-
өлеңге шыққан Абылай - осы.
Қазақ жұртында мақал болып қалды: «Аң алмайтын жаман құс - ат еңбегі, Абылайдан басқа төре - ет еңбегі»- деп, бұрынғылардың айтуасы: «Қалдан - Шәрипа» хикаясы. Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта кездесіп, Абылай өлтірген екен дейді. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға қорғалаған екен. «Кісімді өзіме қайырып берсін!»- дегенде, Абылай айтты:
- «Мені аямасын!» - деп, пәрмен қылған екен.
Бұл турадан Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтажысы болсын, Аюке болсын, -баршасы ат шаптырып , «Сүзекінің қолы»,- деген қол аттандырыпты.
- Көктің астында болсын, жердің үстінде болсын, Абылайды тауып алып келіңдер!
Ұстап алып келгендерге деп жарлық берді:
- Жайсаңдарына, тірі ұстап алып өлтірмегенге Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін!- дейді.
Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды тірі ұстап алып кетіпті. Жанындағы жолдастары білмей қалыпты.
«Абылайды ұстап алып келеді!»- деп естіп:
- Маған көрсетпей, зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтандар! Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тіккізіңдер. Соның ішіне жалғыз қойындар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салыңдар, қара суға ерімес,- дейді,- Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяққа қолын салып жіберіп, майды бір-ақ жіберер. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас!- дейді,- Мұны осылайша сынайық,- депті.
Ханының айтқанынша қылып, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйді айдалаға тігіп, жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суға тобықтай май салып апарып, қолына ұстата берді.
Абылай суды ішіп еді, майы не ерімеді, не аузына келмеді.
- Үрсем, кетпейтұғын неме едің? Өпкеніммен, келетұғын неме емессің ғой!- деп, қолыңдағыны пәрменінше лақтырып (ұлақтырып) аспанға бір-ақ атты да, көріп тұрған жігіт - желеңдер көргенінің бәрін айта барды дейді.
- Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой!- дейді. - Енді бір төрт жігіт жалаңаш қылыш алып барыңдар,- депті. - Ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды. Сіздің мейманаңыз - Құдайдан сізге жазу бұйрық осы болды!- деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер! - дейді.- Біреуіңнің астарыңа кіріп кетсе, шауып жіберіңдер! Егер сарқасқа текеше қасқайып отырса, шаппаңдар! Тағы қайта келіндер!- дейді.- Көрген - білгендеріңді айтып келіндер!- дейді.
Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірмей, қабағын қағып, жасқанбастан, отыра берді дейді.
- Жүрегі тас па, мүйіз бе, бізден қашпады!- деп айтып, қайтадан Қалдан Шерінге қайта келді дейді. Мұны Қалдан Шерін естіп, қасына тоқсан сәргердені алып:
- Абылайдың жүзін керемін!- деп, бір үйдің ішін түзеттіріп, патшалық тақ орнатып, тоқсан сәргердесімен тоқсан бір болып, патшаның тағынан басқа бос жер қоймай, қатарын түзеп отырды дейді.
Сонан соң:
- Абылайды шақыр!- дейді,- Қара болса, жан-жағына қарап, бос жер жоқ болған соң, босағаға отыра кетер!- дейді.
Кәп сәргерденің бірі болып, бұлардың арасына отырып:
- Ал, Абылайды осы үйге шақырып келіңдер! - дейді. - Ешқайсың қағылып, орын бермеңдер!- дейді.- Қара болса: «Бос жер ғой!»- деп, босағаға отыра кетер: «Жасымда отырған жерім!»- деп. Ақсүйек болса, баса көктеп, жоғары өрлеп, мені сұрамай біліп, бірдеме айтар!- дейді.
Абылайды шақырып, үйге кіргізді. Жан-жағына жалтақтап қарамастан тақтың үсті бос тұрғанын көріп, табынатын пұты бар, жан-жағына көзін салмады, барып отыра кетті де, сонда жаман қалмақтар қауқауласып:
- Жерге отырмай, таққа отырды!- деп, күңкіл қыла бастады дейді.
Қалдан Шерін танып қойғанын біліп:
- Уай, Абылай, Сәру қайда?- деді.
- Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды!- дейді.
Екінші сұрады:
- Сәру қайда?
- «Сәрумін!»- деп, Сәру айтпады, «Кеспеймін!»- деп, қару айтпады.
Және үшінші мәртебе:
- Сәру қайда?- деді.
- Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде!- деді.
Қалдан Шерін сәргерделеріне:
- Бұл неме деген жан?- дейді.
- Өзің қарап отырып тағыңнан айрылып қалдың. Осы күнде тақ үстінде мен отырмын. Осы күнде басынды алдырсам, кім менің жарлығымды бұзады? – дейді - Жабдық сенде, жарлық бізде!- деген сөзді есітті де, «Абылайды сынаймын!»- деп алдырып, орнына шығарып алғандығына пұшайман болып ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстады. Жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан не заманнан бергі олжаға түскен, өсіп-өнген қазақты Абылайға босатып жіберді. Осы күнде белгілі атағы жоқ, «Кімсің?»- десе:
- Атағы, атасы жоқ Төлеңгітіміз - дейді.
Енді: «Солардың тұқымы қалмақта қалып, Абылайға олжаға берген екен»,- дейді. «Топыш сұлуды өзіміздің біреуіміздің бірімізге бермей, Абылайға берді!»- деп, ақырында араз болып, ақырында қалмақ ханын өздері өлтірген. Қалдан Шеріннің ханымы Қарабас ханым, онан туған Айжан жалғыз, әкесінің орнына соны сайлап, үш жылғаша жеткізбей, екі көзінен айырып, соқыр қылып, қаңғытып қоя берген екен. Аюкенің қызынан туған: Қырғын, Күш екі бала Абылайды жезде көріп, Топыш ханымды апа керіп, бірнешеуі өздеріне ерген қалмақпенен Абылайға келген соң, қалмақ бөліскен. Ақырында Шүршітке қарай ауып бара жатқанда, балалары жылағанда, айтады екен:
- Қу мұңдар, неге жылайсың! Сорқара, Сортың бар ма?- деседі.
- Сөрелеп жайған етің бар ма? Көнек, Толағайың бар ма? Көнекте тұрған қымызың бар ма?- деседі.
«Сорқара», «Сортың» - деген, «Көнек», «Толағай»- деген Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек дейді.
АБЫЛАЙДЫҢ ТҰТҚЫН БОЛУЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Қалмақта құба қалмақтың ханы - «Қалдан Шерін»,- деген хан болған. Оның: «Қарабас ханымы»,- деген ханымы болған, Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы болған. Қарақалмақ - Қатысыбан деген қалмақтың ханы «Қоңтажы» - атанған. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт деген қалмақтың ханы - кәрі Аюке - Тіпсіре: Шабдаршаптың баласы болған. Бұлардан бөлек - «Ұрының қарағашы»,- атанған жақта Руса, Серең (Сыраң)- деген жайсаңдары болған. Бәрінің зоры Қалдан Шерін болып, заманында қалмақ біткен соның аузына қараған. Қалдан Шерін дәуірлеп тұрған күнінде қалмақ қазақты түп көтере ойсыратып шауып, есепсіз мал, көп жесір алып кеткен. Соның артынан бітім - тыным сөйлесуге көтеріле аттанып қазақ барған. Сонда Қалдан Шерін Қарабас ханымды атқа мінгізіп:
- Қазақты аралап көріп, маған сөйлесуге жарайтұғыны болса, алып кел! Сөйлесуге тұрарлық жан жоқ болса: «Аттарыңды аздырма, тондарыңды тоздырма!»- деп, қайырып жібер!- деп, жібереді.
Қарабас ханымы атқа мініп, аралап, көріп, сынап, таңдап, төрт кісі алып келіпті. Бірі -Балтакерей: Тұрсынбай, бірі - Шақшақұлы Жәнібек, бірі - Қаз дауысты Қазыбек, бірі -Айдабол баласы Тайкелтір.
- Бұларды не сынмен алып келдің?- дегенде:
- Анау отырған - Балтакерей: Тұрсынбай: құлағы жоқ шұнақ екен, құйрығы жоқ шолақ екен, жауы көк желкесінде екен, өзінен басқадан қорықпайтын, үрікпейтін деген байдың өзі, көкшолақтың көзі екен. Анау отырған Қазыбек атшылардың арасында ұйықтап жатыр екен, шалқасынан түсіп, екі қолы екі жаққа қарай, екі аяғы екі жаққа қарай керген төстіктей серейіп жатыр екен. Онысы: «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған - дәл мен!»-дегені, қара бақайына шейін құт екен. Өлгенде, арулаған жерін мекендеп кешкен ел бай болады. Анау отырған Тайкелтір: айыр көмей, темір жақ, жұтқыншағындағы кішкене тілінің ұшы кезең екі айыр, өнері қара жамбасынан (жанбасынан) келеді екен. Бір басты, екі аяқтыға сөз бермейтұғын бұлбұл екен. Анау отырған Шаржетім Шақшақ: ол – Жәнібек - қазақ сырттаны екен. Өзінің оққағары бар екен. Бақайшағыңның майын шағып, ыңыршағыңды отқа жағатұғын сол екен!
Сонда Қалдан Шерін:
- Бұларды өлтіріп тастасақ, жарайды екен!- депті.
Қарабас ханым:
- «Ханның ақылы баланың шүметейімен бірдей»- деген осы екен-ау! Өзің бұларды қандай жан деп отырсың?! Отқа салса, күймейтұғын, суға салса, батпайтұғын, атса, мылтық өтпейтұғын, шапса, қылыш кеспейтұғын - сырты болат, іші құрыш жандар осылар емес пе?!
- Ендеше бұларды толық бітім беріп, ырза қылып қайыруға керек екен! - деп, ер басына тоқсан жесірді долгсыз берген.
Бұрын бітім болғанда, мал төлеп алады екен. Бұл жолы мына төртеуінің жолына төлеусіз беріпті. Сонда бір келіншек қатын Қазыбекке:
- Би ағалар - ау, мен қалып барамын!- дегенде, Қазыбек Қалдан Шерінге қайта кіріп, сырнайдай тақылдап, жүйесін босатып сөйлеп, сұрап алған екен. «Қазыбек өзгесінен бір жесір артық алыпты»,- деп, кейінгіге айтылып қалған. Және: «Қазыбек келін мұрдарды бұрын танып қоятұғын екен-ау!»- деген екен.
Қалдан Шерін өлерінде халқын жиып, өсиет сөйлепті:
- Мынау жалғыз балам Еженді менің орныма хан көтеріңдер. Үш жылға шейін бетіне келмеңдер. Үш жылдан соң сұңқар болып қолдарыңа қонады!- депті.
Қалдан Шерін өлген соң, Еженді хан көтеріпті. Еженде екі түрлі жат мінез болыпты. Бірі -көрінген итті ата беріпті, бірі қыз-келіншекті ата беріпті. Сонан соң жұрты безер болып: «Мынау жынданды!»- деп, өлтірмекші болыпты. Қалмақ заңы: баласы өлсе, әкесі жаназашы болып, аттанып, жұрт жияды екен де, әкесі өлсе, баласы жаназашы болып, жұрт жияды екен. Қалдан Шерін өлгенде, Ежен жаназаға жұрт шақырып жүргенде, жеті қараңғы түнде ит шулап, сөз есіттірмей, мазасы кеткен кеткен екен; қыз-келіншек қой күзеткенде, өлең айтып, ән салып, сөз есіттірмеген екен.
- Үш жылға шейін, ит енеңді сі...ін, сенен өшімді алармын, қыз - келіншек, енеңді сі...ін, сенен де өшімді алармын!- деп, ант қылған екен, жұрт та өлтіруге анттасқан екен. Қалмақтың бір сыншысы айтты дейді:
- Бұл жай кісі емес, хан баласы. Мұнда кие бар. Мұны отқа салсаңдар, еліңді өрт алады, суға салсаңдар, еліңді су алады. Мұны қалай өлтірсеңдер де, зор апатқа ұшырайсыңдар!-деген соң мыс қыздырып, екі көзіне ұстап, екі көзін дәнемені көрмейтұғын су қараңғы соқыр қылып, қоя беріп, сонан соң қалмақ бүлініп, бордай тозған екен. «Ханын қалмақ жаулаған, Сөйткен қалмақ оңбаған!»- деген сөз кейінгіге мақал болып қалған екен.
Қалмақ заңы: «Екі қатын алса, ел бүлінеді» - деп, екі қатын алмайды екен. Қалдан Шерін екі қатын алған екен. Себебі мынау: он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыттың ханы болған кәрі Аюке Тіпсіре: Шабдаршаптың баласы жалғыз қызын қырық қыз жолдас қосып, Қалдан Шерінге жіберген: «Кімге берсе, билігі Қалданда!»- деп. Бара жатқан жолдарында қыс ерте түсіп кетіп, қар қалың жауып, жүре алмай қалған. Қазақтың бір мергені оқтай ұшырап, қыздардың өздеріне тастан үй қалап беріп, көліктері түйе екен, түйелеріне тастан қора қалап беріп, аң атып, аң етімен бір қыс асырап-сақтап, қыстан шығарған. Қалдан Шеріннің қаһарынан қорқып, қыз тие алмай, мерген ала алмай, жаз шыққан соң, қыздар Қалдан Шерінге қарай кетіпті. Осы қыздардың бір қыс қыстаған жері Қарқаралы үйезіне қараған жерде Боқтыкент деген тауларда. Тау басында «Қызыл кеніші» атанған. Біздің қазақ «Қызыл кеніш» әулие деп, соған да түнеп жүрді. Бұл қыздар Қалдан Шерінге барыпты. Қыз заманасындағы жұрттан асқан сұлу екен. Басқаға беруге қимай, Қалдан Шеріннің өзі тоқалдыққа алыпты. Қарабас ханым деген атақты ханымы бар екен де, онан туған Ежен деген жалғыз баласы бар екен. Қалмақ заманында екі қатын алмайды екен: «Екі қатын алса, ел бүлінеді»- деп. Қыз «салт атты, сабау қамшылы» болмай, екіқабат буаз шығып, ер ұл тауып: «Жолдан қыстырылған сына тәрізді болды»- деп, атын Сына қойыпты. «Сына батыр» атанып жүрген Сына - осы. Аюкенің Бұл қызы Қалдан Шеріннен екі қыз, екі ұл тауып, қыздарының аты: Барын, Топыш, ұлдарының аты: Қырғын, Күш аталыпты. Қалдан Шерін айсыз қараңғы түнде далада с...п отырса, с...гіне келіп, бір нәрсе шылп ете түсіпті. Үйіне ап келіп, жарық қылдырып қараса, садақтың оғы екен, ұшында метін (митын) бар екен. Ол метін Қалдан Шеріннің өз талысында жататұғын метін екен. Тоқсан ұстасы бар екен, бәрін жидырып:
- Мына оқты қайсың жасадыңдар?- дегенде, бір ұста:
- Оны жасаған мен едім,- депті.
- Кім жасатты?- дегенде:
- Өзіңіздің нақсүйер тоқалыңыздың тұңғышы Сына батыр жасатып алып еді,- депті.
Ләм-мим, дәнеме деп, жанға сездірмепті. Ұйықтап жатқанда, Сына батырдың мұрнына дәрі иіскетіп, талдырып тастап, оң жауырынының шеміршегін ойдырып алдырып тастап, аюдың ақ дәрісін септіріп тастапты. Бір заманда Сына батыр есін жиып, басын көтеріп, тұра келіпті, дәнемені білген, сезген жоқ. Сына жақ атып, садақ тартайын десе, төбесінен Құдай ұрғандай болып қалғанына наза болып, үйге келіп еңіреп, ботадай боздады дейді. Шешесі:
- Не болды, кім тиді?- деп сұрап еді:
- Денем cay, қолымда ауырған, сырқаған дәнеме жоқ. Садақ тартып, жақ ата алмайтұғын болыппын!- деді.
- Балам, ұрылған екенсің! Енді тырп етсең, көзіңді жойылтады, қарашығыңды батырады. Тұрма, көзіңді жоғалт, қалмақ ортасында жүріп, жан сақтай алмайсың! Қазақ жұртына кете гөр осы аманында!- деп, Қалдан Шеріңнің қас болғанын айтыпты.
Сына батыр сол қашқаннан қашып, Абылайға келіп қорғалап тұрып қалыпты. Қалдан Шерін де қайда барса да, өзіне қастық қыларын біліп, іздетіп, таба алмай, Абылайға барып қорғалағандығын естіген соң, Абылайға елші жіберіпті:
- Менімен жауласпай, тыныш тұрамын десе, Сына батырды тірідей қайырып берсін!-деп.
Абылай хан:
- «Бұтаға қорғалаған торғай да қалады»,- деген сөз бар еді Бұта құрлы болмасам, тірі болғанда, неге жараймын?!- деп, бермепті.
Қалдан Шерін жер үстіндегі қалмаққа жар шақыртып, ... «Сүзекінің қолы»,- деген қол аттандырыпты.
- Бір жерден емес, әр жерден аңдытып, судан балық сүзгендей, Сарыарқаны түгел аралап, кезіңдер! Абылайды маған тірі ұстап алып келгендеріңе Аюке қызынан туған Топыш сұлуды беремін! - деп.
Мұны естіген соң, жайсаңдарда жан қалмады, көтеріле атқа мінді. Бір Жалбы деген жайсаңы көп қосынменен жүріп, «Тарбағатай, Шыңғыс таулары жақта «Жалбы жолы» атанған жол бар»,- деседі. Ала жаздай кезіп, ұшырата алмай, қыс түсіп кетіп, Ұлытау, Кішітауда бүркіт салып жүргенде, ұшырасып, аң аулап қаңғып жүрген Уақ: Өтеген мергенді ұстап алып, ол айтпапты. Бір Тілеуімбет деген жаман қарауылшысы бар екен, ол ит ұйықтап қалып: «Қарауылшымыз бар ғой!»- деп, қапы қалып, қасындағы қанша жолдастарымен ұстап алыпты. Абылай жүрген жорықшылардан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған қосын екенін білген соң: «Күтінбеген елді шабыншылыққа ұшыратпас!»-деп:
- Іздеген Абылайың - мына мен! - деген соң, Қалданның жіберген қосыны тапсырған Абылайын тапқан соң, жоғалтып жүрген тайыншасын тапқандай қуанып, алып қайта беріпті.
Қалдан Шерін: «Абылайды тірі ұстап алып келеді»- деп естіген соң, айдалаға ақбоз үй тіктіріп, құда, күйеу түсетұғын үйдей жайнатып, төсеніш төсеп:
- Абылайдың жалғыз өзін сонда кіргізіңдер!- депті,- Жеті күн, жеті түн ас-су бермеңдер, қарны ашсын, қалжырасын! «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама!»- деген бар ғой!- депті.
Айтқанындай қылыпты. Сегізінші күнде: -Тола аяқ қара суға тобықтай тон май салып апарып, қолына ұстата қойындар!- депті.
Айтқанындай қылып апарып, қолына ұстатқанда:
- Үрсем, кетпейтін неме едің, өпсем, аузыма келер емессің ғой!- деп, аяқты төрден есікке қарай лақтырып жіберіпті.
Көзімен көргендер керген - білгенін айтып барғанда:
- Шіркін, анық бекзат, шын дегдардың өзі екен ғой! - десіпті.
- Енді бір төрт жендет түстеріңді суытып, төртеуің де қолдарыңа жалаңаш қылыш ұстап, жалақтатып: «Ханнан жарлық болды, // Қарадан жабдық болды.// Сенің мейманаң толды! Берген асты ішпесең, мә, өзіңнің қаныңды іш!»- деп, дүрсе қоя беріңдер! Тайсалса, қайғалақтаса, басын шауып тастаңдар! Жасқанып, жалтақтамаса, тимей, қайтып келіндер, не қылып, не қойғанын айтып келіңдер!- деп, жіберіпті.
Бұлар Қалдан Шеріннің айтқанындай қылып жетіп барғанда:
- Алладан (Алдадан) басқадан ажалым болмақшы емес! - деп, сескенбей, шімірікпей, сарқасқа текедей қасқайғаннан қасқайып отыра берді дейді.
- Мынаның өзінде жан жоқ қой! Жаны бар жан жасқанбас па?!- деп қайтып келіпті, көрген-білгендерін айтып келіпті:
- Атса, мылтық өтпейтұғын; шапса, қылыш өтпейтұғын; суға салса, батпайтұғын; отқа салса, күймейтұғын; сырты-болат, іші-құрыш; өзіне-өзі әбден сенген қу ғой! - десіпті.
- Екі сыннан өтті, енді бір сын қалды. Оны да орындатайық! - деп,- Өзін Мұнда шақыртыңдар:- «Қардың басын қар алады, // Ханның басын хан алады,- деуші еді. Қалың қалмақтың жиылған тобының ішінде басын өз қолыммен кесіп, ту сыртынан жарып, өтін өз қолыммен алып, қанын ұрттаймын!»- деп шақыртты,- деңдер. Үрейі ұшып, құты қашып, қалбалақтап кіріп келер ме екен? Жоқ, өңі - түсі қашпай, сескеніп, шіміркеніп аяқ баспай, жаймашуақ, жадағай көркейіп келер ме екен?! Бұ да - бір сын! - дейді.
Қалдан Шеріннің тоқсан сәргердесі бар екен, бәрін қаз қатар үй жағалай тұрғызыпты. Өзі тақтан түсіп, сәргерделерінің біреуі есепті болып отырыпты. Төрден босағаға шейін жан отырарлық орын қалдырмапты. Және:
- Кіріп келгенде, еш бірің қағылып, орын беруші болмаңдар!- депті.
Қалдан Шеріннің тағы болады екен, тақ үстінде тастан (таштан) жасаған жеке ханның орнына арнаған «Құдайы» болады екен. Абылай хан кіріп келсе, тақ төрінің (тұрының) үстінде кісі жоқ, тастан жасалған құдайсымағы тұр. Абылай хан жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақ үсті бос тұрғанын көріп, тұпа - тура барып таққа мініп, Қалдан Шеріннің орнына қасқиып отырып алды дейді. Құдайының қасына отырғандығы шаншудай көрініп, қалмақтар қауқылдасты дейді. Сонда Абылай айтты дейді:
- «Жақсы кезеңге таласады, // Жаман отыратын орнынан адасады.» Отыратұғын орнынан адасатұғын мен жаман ба?! Тақ үстінде ханның орны болады: оның құты қашты, менің аруағым , бақ - талайым жоғарылап асты. Сондықтан өз орнын ол тастай қашты. Бұл орынға қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ханы Абылай отырмағанда, шайтан отыра ма?!- дейді.
Қалмақтар өзді-өзі бір-біріне қарасып:
- Бұған не айтамыз?! «Аталы сөзге арсыз таласады», - деген,- депті.
Қалдан Шерін өзін танытпаймын деп, ұрылып қалғанын білді:
- Уа, Абылай, Сәру қайда?!- дейді.
- «Сәрумін»,- деп Сәру айтпады, // «Кеспеймін!»- деп, қару айтпады!- дейді.
«Сәру қайда?»- деп, үш айтты, үшеуінде осы ретті (иретті) жауап қайырды. Қалдан Шерін жауап қайтарып, дәнеме дей алмады.
- «Қолға түстім - ау, пенде болдым - ау!»- деп, ойыма дәнеме келмейді. Өлсем -ойымнан, тірі болсам, бойымнан кетпес үш арманым бар. Бірі - Сәруді мен қан майданда жекпе-жекте өлтіріп едім. Сен ата қалмаққа сауын айтып, әскер жібергенде, мен исі қазаққа сауын айтып, қыл құйрықты қазақты жиып, Сәруше қан майданда өлмей, сәйгел қуалап шыққан тайыншадай, түлкі қуып, бүркіт салып жүргенде, қапыда түстім - ау!»- деп армандаймын. Бірі: «Қазақтың арқасын тамға сүйремей, аузын нанға бөлемей, құлан, киіктей құба жонда тиянақсыз, тұрақсыз қалдырдым - ау!»- деп, соған армандаймын. Бірі: «Төрт атадан бері қарай жалғыз едім, туысқаным жоқ еді, балам жоқ еді. Өліп кетсем, бір өзім емес, төрт жанның тұқымы құрығаны ғой!»- дегенім болмаса!- дегенде, Қалдан Шеріннің басы төмен салбырап кетіп:
- Мен де өзіңдей төрт атадан жалғыздап келген жан едім. Бұдағы мынау Ежен қарағым, бөбегім сықылды екен,- дегенде,- Абылай:
- Алдияр хан, төреңізге құлдық!- депті. Қалдан Шерін:
- Сен қуанғандай, не төре тиіп қалды?- депті.
Абылай айтыпты:
- Мені алдыңда отырған: «көзіңнің ағы мен қарасы»- бөбегіңе теңедің. Өз бөбегіңді өзің өлтіресің бе?!- депті.
Қалдан:
- Жарайды, жөн!- депті.
Өзге жұртты тарқатып, Абылайды оңаша алып қалып, Еженді бір тізесіне, Абылайды бір тізесіне отырғызып, мәре-сәре болысып, «Құлындағы сақауын, құнандағы тісеуін»-айтысыпты:
- Қазақта қой кеп пе?- деп сұрапты.
- Көп болады,- депті.
Қалдан:
- «Қой - ұры, қойшы өтірікші»,- деген, ауыл үйдің арасынан ұсақ жанжал (жаңжал) үзілмейді десейші!- депті.
- Қазақта сиыр көп пе?- депті.
- Көп болады,- депті.
Қалдан:
- Қазақтың баласы айранға сеніп, еңбекке еріншек, ақымақ болады десейші!- депті.
- Қазақ егін сала ма?- депті.
- Жоқ, салмайды,- депті.
Қалдан:
- «Жер - анасы, адам - баласы»- деп еді. Жер емшегін ембей, жерге бауыр баспайды. Әлі де неше төңкерісті басынан кешеді екен!- депті.
Екеуінің әңгімесі таусыла ма?
Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-өнген бірталай жанды Абылайға байлап, рулы (ұрулы) елдей қылып қайтарыпты. Кенесары, Наурызбайдың әкесі Қасым осы Топыш сұлудан туады. «Топыш сұлудың бауырлары: Қырғын, Күш - Абылайға қашып келіп, паналап, олардың үрім-бұтақ, жұрағаты Атбасар үйезінде, Терісаққан бойында, Қарақұйын, Қашырлы еліндегі қалмақтар»,- деседі. Өсіп-өніп кеткен бірталай жан. Біз Бұл сөздерді Мұса, Секербай заманындағы қариялардан естідік. Енді Бұл заманның тарихы, шежіресі,- бізге бәрі өтіріктей көрінеді.
АБЫЛАЙДЫҢ ТҰТҚЫН БОЛУЫ
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Құба қалмақтың ханы Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан қашқан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен.
- Кісімді өзіме қайырып берсін!- деп, елші жіберсе, Абылай хан қайырып бермепті:
- Қалдан Шерін қолынан келгенін менен аямасын!- деп.
Бұл турадан Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтажысы болсын, Аюке болсын, баршасына ат шаптырып, «Сүзекінің қолы»- деген қол аттандырыпты:
- Көктің астында, жердің үстінде Абылай бар болса, қоймасын, ұстап алыңдар!- деп. Және қалмақтың жайсаңдарына жарлық беріпті:
- Абылайды тірі ұстап алып келгендеріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін!- деп.
Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды ұстап алып кетіпті. Абылай ел шетіне қарауыл қарап, ұйықтап жатқан жерінде қалмақтың қолы ұстап алыпты. Абылай қолдан жөн сұраса, бір өзі үшін аттанған қол екенін білген соң: «Күтінбеген елді шаптырып қайтемін?»- деп:
- Мен - іздеген Абылайың!- депті.
Қалмақтың қолы Қалданның тапсырған Абылайын тапқан соң, елге тимей, қайта беріпті. «Абылайды тірі ұстап, алып келе жатыр!»- деген соң, Қалдан Шерін жарлық қылыпты:
- Абылайды маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зынданға салыңдар, ас - су бермендер, аш сақтандар! Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тігіп, соның ішіне жалғыз қойындар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып, алып барып, қолына ұстата қойындар! Тобықтай тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас! Мұны осылайша сынайық!- дейді.
Ханының айтқан жарлығын айтқанынша қылып, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйдің ішіне жападан-жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суды: ішіне тобықтай тоң май салып, апарып қолына ұстатты.
Абылай суды ішіп еді, май не ерімеді, не аузына бармады:
- Үрсем, кетпейтұғын неме едің, өпкенмен, келетұғын емессің ғой!- деп, қолындағы аяқты,- Бар, ендеше!- деп, аспанға бір-ақ атты дейді.
Көріп тұрған жігіт –желеңдер Қалдан Шерінге айта барды дейді.
- Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой!- дейді.
- Енді бір төрт жендет жалаңаш қылыш алып: «Ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманаңыз толды. Құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды!»- деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер! Біреуіңнің астыңа тығылып, басын құрттаса, шауып, өлтіріп тастаңдар! Егер сарқасқа текеше қасқайғаннан қасқайып отырып қалса, шаппаңдар! Тағы қайтып келіңдер, не көргендеріңді айтып келіңдер!- дейді.
Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірместен, қабағын қағып, жасқанбастан отыра берді дейді.
- Жүрегі тас па, мүйіз бе, түсі де қашпады!- десіп, айтысып келді дейді. Қалдан Шерін тоқсан сәргердесін жиып, бәрінен өзінен артық киіндіріп, бір үйдің іші лық тола қатар түзеп отырып, өзі орнында отырмай, көп сәргерденің бірі есепті болып, бұлардың арасына кіріп отырды да:
- Абылайды осы үйге шақырып келіңдер, ешқайсың қағылып, орын бермендер! Қара болса, босағаның қасына, оттың басына бала күндегі отырып өскен жеріне отыра кетер! Ақсүйек болса, баса көктей жоғары отырып, мені айтпай танып, сұрамай білер! - дейді.
Бұлар Мұнда ретін түзеп отырысып, Абылайды шақырып келіп, үйге кіргізгенде, жан -жағына жалтақтап қарамастан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, 32 тұпа-тура барып, таққа мініп, Қалдан Шеріннің отыратұғын орнына отырды. Ол тақтың үстінде қалмақтың табынатұғын тасы, хандарының: «Құдай!»- деп, сыйынатұғын қуы болады екен де, оның қақ қасында Қалдан Шеріннің орны болады екен. Қалмақтар Құдай болмысының қасына отырғанын ауырлап:
- Ол жерге неге отырасың?!- деп қауқылдасты.
- Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді, оның құты қашты да, менің аруағым басты да, өз орнына өзі отыра алмай, менің атағымның зоры, аруағымның күштілігінен, орнынан безіп шығып кетті. Тақты үсті ханның орны болады. Қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ханы Абылай хан отырмағанда, Бұл орынға шайтан отыра ма?!-дейді.
Қалмақтар бір-біріне қарасып:
- Бұл сөзге не жауап айтамыз? «Аталы сөзге арсыз таласады»- деп, - Орын кетсе, кетсін, ар кетпесін!- дейді.
Сонда Қалдан Шерін өзін танып қойғанын білді де:
- Уа, Абылай, Сәру қайда?- дейді.
- Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды, - дейді.
Екінші қайырып және сұрады:
- Сәру қайда?- дейді.
- «Сәрумін»- деп, Сәру айтпады, «кеспеймін!»- деп, қару айтпады. - дейді.
Абылай:
- Үш арманым бар,- деген,- Мен аң сықылды жосып жүрген қазақ деген халыққа хан болып едім. Бір жерге қала салып, ірге тигізе алмай, жосыған күйінде қалдырдым - ау!-деп, арман қыламын.
Қалдан:
- Жөн!- депті.
- Екінші мен Сәруді қан майданда жекпе-жекте өлтіріп едім. Сен аты қалмаққа сауын айтып, әскер жібергенде, мен дін мұсылманға хабар айтып, Сәруше майданда өлмей, қапыда ұйықтап, ұстатып алдым!- деп арман қыламын.
Қалдан:
- Жөн!- депті.
- Үшінші мен төрт атадан жалғыз едім. Балам жоқ еді. «Мен өлсем, тұқымым құрып кетеді-ау!- деп, арман қыламын!»- дегенде, Қалданның басы төмен түсіп кетіп, қалмақша:
- Мен де үш атадан жалғыз едім. Бұдағы менің көбегенім сықылды екен ғой!- деп, баласын көрсеткенде, Абылай:
- Алла жар! - депті.
Қалдан:
- Неге қуандың?- десе, Абылай:
- Мені балаңа теңедің, баланды өлтіресің бе?- депті.
Қалдан:
- Жарайды, отыр,- дегенде, олай-бұлай жан-жағына жалтақтап тұрса, босағада қол-аяғы қолаттаулы, аң аулап жүрген Уақ: Өтегенді ұстап алып байлап қойған екен. Өтеген еңбектеп келіп, жауырынын тосқанда, Абылай кетін қойып отырыпты.
Қалдан Өтегенге:
- Мұның қалай? - десе,
- Мынау - тұғыр. Сіз жерге қонбаған ақ сұңқар едіңіз, мен алтын тұғыр болсам, аз ба?!-депті.
Қалдан кигіз, көрпе салғызып, Абылайды отырғызып:
- Еліңде қой кеп пе?- десе, Абылай:
- Көп!- деп жауап беріпті.
Қалдан: -«Қой - ұры, қойшы - өтірікші»- деген. Ауыл үйдің арасынан ұсақ жанжал берекесіздігі қалмайды десейші!- депті,- Сиыр көп пе?- десе, Абылай:
- Көп!- депті.
Қалдан:
- Қазақтың баласы айранға сүйеніп, еңбекке еріншек, ақымақ болады,- десейші!- депті.-Қазақ егін сала ма? - десе, Абылай:
- Жоқ, егін салмайды,- депті.
Қалдан:
- Адам егін салып, жер емшегін ембей, жерге бауыр баспайды. Әлі де неше төгілерсің!
Абылайдың алғашқы арманын, Қалданның долбарын естімеген елде жоқ. Бірақ іске асырған да адам көрінбейді. Әр не іс бастаушыдан бір болса, қостаушыдан екі деп білуге болады. Қазаққа Абылайдан ұлматты хан болды ма? Алғашқы хан болғандағы арманы: «Қала салғызбаққа жетпіске жеткенше жетпіс үйдің басын бір жерге қоспадым. Елі білмей, өзі білген - бір дарияның жүзіндегі жаңқадай ағынға амалсыз айдалып жоғалады - дағы!»
* * *
Үшінші мәрте және сұрады:
- Сәру қайда?- дейді.
- Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде!- дейді.
Қалдан Шерін сәргерделеріне:
- Бұл не дегені?- дейді.
- Өзің қарап тұрып, тағыңнан айрылып қалдың. Осы күнде тақ үстінде мен отырмын; қара бұқараның бірі есепті сен отырсың. Осы сағатында басыңды алдырсам, кім менің алдыма шығады? Жарлық менде, жабдық сенде болды деген сөз,- десті,- дейді.
Сонда Қалдан Шерін Абылайды пенде қылып алдырғанына, сынаймын деп, орнына шығарып алғандығына пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстап, жарасып, елдесіп,Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-өнген бірталай жанды азат есепті қылып, Абылайға қосып, рулы ел қылып көшіріп қайтарған екен. Кенесары, Саржанның әкесі Қасым хан осы Топыш сұлудан туады, бір енеден жалғыз болып.
Қалмақ жұрты Қалдан Шеріннің Бұл қылығын ұнатпай:
- Топыш сұлуды өзіміздің біреуімізге бермей, Абылайға берді!- деп, араз болысып, ақырында қалмақ Қалдан Шеріндей ханын өздері өлтірген.
Қалдан Шеріннің ханымы Қарабас ханым, онан туған Ежен жалғыз. Әкесінің орнына соны сайлап, үш жылға жеткізбей, екі көзінен айырып, соқыр қылып, қаңғытып қоя берген. Аюкенің қызынан туған: Қырғын, Күш деген екі бала Абылайды жезде көріп, Топыш ханымды апа көріп, бірнеше үй өздеріне ерген қалмақпенен Абылайға келген. Бұлардың тұқымы, ұрпағы қазақ ішінде әлі осы күнге шейін «қалмақ» атанып, өсіп-өніп кеткен. Қалдан Шерін өлген соң, қалмақ бүлінген, шүршітке қарай ауып кетіп бара жатқанда, балалары жылағанда айтады дейді:
- Қу мұрдар, неге жылайсың,
Сорқара, Соргың бар ма?
Сөрелеп жайған етің бар ма?!
Көнек, Долағайың бар ма,
Көнекте тұрған қымызың бар ма?!- деседі дейді.
«Сорқара, Сорты»- деген, «Көнек, Долағай» деген Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек.
АБЫЛАЙДЫҢ ТҰТҚЫН БОЛУЫ
(БЕСІНШІ НҰСҚА)
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «Кімге берсе, билігі - Қалданда!»- деп. Қыс түсіп кетіп, тау кезіп жүрген қазақтың бір мергені тастан үй салып беріп, мінген көліктері түйе екен, тастан қора салып беріп, жалғыз өзі қырық бір қызды аң етімен бір қыс асырап шығыпты. Қалдан Шеріннің қаһарынан қорқып, қыз тие алмайды, мерген ала алмайды. Жаз шыққан соң кетіпті. Қарқаралы үйезіне қараған жерде Боқтыкентте «Қызыл кенші»- деген әулие бар деп, қазақ соған да түнеп жүріпті. «Сол қыздардың бір қыс қыстаған жері екен»,- деседі. Қалдан Шерінге барыпты. Қыз жұрт асқан сұлу екен. Басқаға беруге қимай, Қалдан Шеріннің тоқалдыққа өзі алыпты. Қарабас деген ханымы бар екен де, онан туған Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы бар екен. Қалмақ заңында екі қатын алу жоқ екен: «Екі қатын алса, ел бұзылады!»- деп. Қыз «салт атты, сабау қамшылы» болмай, екіқабат, буаз шығыпты. Ер ұл тауыпты. Жолдан қосылған сына тәрізді болды, атын Сына қойыпты. Туа батыр болып туыпты. Бұл Аюкенің қызы Қалдан Шеріннен екі қыз, екі ұл тауыпты. Қыздарының аты: Баран, Топыш; ұлдарының аты - Қырғын, Күш. Қалдан Шерін айсыз қараңғы түнде далада с...п тұрса, с...гіне келіп, бір нәрсе шылп ете түсіпті. Үйіне ап келіп, жарық қылдырып қараса, садақтың оғы екен, ұшында метін бар екен. «Метін» дегені - суы бөлек суарылған темір болса керек: Қалдан Шеріннің өзінен басқаның қолына түспейтұғын. Наркескен соғатұғын, садақтың оғын жасайтұғын тоқсан ұстасы бар екен. Бәрін жидырып:
- Мынаны қайсың жасадыңдар?!- дегенде, бір ұста:
- Оны жасаған мен едім!- депті.
- Кім жасатты?- дегенде:
- Бөтен кісі емес, өзіңіздің нақсүйер тоқалыңыздың тұңғышы Сына жасатып алып еді,-деген соң, ләм-мим дәнеме деп, жанға сездірмепті.
Ұйықтап жатқанда, Сынаның мұрнына дәрі иіскетіп, талдырып тастап, он жауырынының шеміршегін ойдырып алдырып, аюдың ақ дәрісін (дерісін) септіріп тастапты. Бір заманда есін жиып, Сына басын көтеріп түрегеліпті, дәнемені де білген жоқ. Сына жақ атып, садақ тартайын десе, төбесінен Құдай ұрғандай болып қалғанына наза болып, үйге келіп еңіреп, ботадай боздады дейді. Шешесі:
- Не болды? Не қылды?- деп сұраған екен.
- Денім cay, қолымда ауырқаған, сырқаған дәнеме жоқ. Садақ тарта алмайтұғын болыппын!- деді.
- Балам, ұрылған екенсің! Енді тырп етсең, көзіңді жоғалтады, қарашығынды батырады. Тұрма, көзіңді жоғалт! Қалмақ ортасында жан сақтай алмайсың, қазаққа жете гөр осы аманыңда!- деп, Қалдан Шеріннің қас болғанын айтыпты.
Сына батыр сол қашқаннан қашып, Абылайға келіп қорғалапты. Қалдан Шерін де қайда барса, өзіне қастық қыларын біліп, іздетіп таба алмай, Абылайға барып қорғалағанын естіген соң, Абылайға елші жіберіпті:
- Менімен жауласпай, тыныш тұрамын десе, Сынаны қайырып берсін! - деп.
Абылай хан:
- «Бұтаға қорғалаған торғай да қалады»,- деген сөз бар еді. Бір бұта құрлы болмасам, тірі болғанда, неге жараймын?!- деп, бермепті.
Қалдан Шерін жер үстіндегі қалмаққа жар шақыртып:
- Абылайды маған тірі ұстап ап келіп беріңдер! - деп, «Сүзекінің қолы»- деген қол аттандырыпты. Сол кезде Аюкенің қызынан туған Топыш сұлудың жұрт аузына ілініп «сұлу» атанып тұрған күні екен.
- Абылайды тірі ұстап, ап келіп бергенге Топышты беремін!- деп, қызықтырыпты.
Қалмақтың бір жайсаңы Ұлытау, Кішітауда Абылай қостап шығып, аң аулап жүрген күнінде, ұйықтап жатқан жерінде үстінен түсіпті. Сонда қарауылшысы Тілеуімбет деген жаман екен, ұйықтап қалған екен. «Қарауылшы бар ғой - деп, қапы қалып, қолға түсіпті!» - деген сөз бар. Абылай жүрген жорықшылардан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған қол екенін білген соң: «Күтінбеген елді шабыншылыққа ұшыратпайын!»- деп:
- Іздеген Абылайың мына - мен!- депті.
Қалданның қосыны тапсырған Абылайын тапқан соң, жоғалтып жүрген тайыншасын тапқандай, қуанып, алып жүре беріпті. Қалдан Шерін естіпті: «Абылайды тірі ұстап, алып келеді»- деп. Айдалаға бір ақ боз үй тіктіріпті. Құда, күйеу түсетұғын үйдей қылып, төсек төсетіп:
- Сонда кіргізіңдер: жеті күн, жеті түн ас-су бермеңдер! Қарны ашсын, қалжырасын. «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама!»- деген бар ғой!- депті.
Айтқандай қылыпты, сегізінші күнде:
- Бір аяқ суға тобықтай тон май салып апарып қолына ұстата қойыңдар!- депті.
Айтқандай қылып, апарып қолына ұстатқанда:
- Үрсем, кетпейтұғын неме едің, ішпесем, аузыма келер түрің жоқ қой!- деп, аяқты есікке қарай лақтырыпты.
- Енді бір төрт жендет түстеріңді суытып, төртеуің де жалаңаш қылыш алып: «Ханнан жарлық болды, // Қарадан жабдық болды!» Сенің мейманаң толды: берген асты ішпесең, мә, өзің өзіңнің қанынды іш!»- деп, дүрсе қоя беріңдер. Тайсалса, қайғалақтаса, басын шауып тастаңдар! Жасқанбаса, селт етпесе, тимей, қайтып келіп, не қылып, не қойғанын айтып келіндер!- деп жіберіпті.
Бұлар Қалдан Шеріннің айтқанын қылып, жетіп барғанда:
- Алладан басқадан ажалым болмақшы емес!- деп, шімірікпей, қасқиып отыра беріпті.
- Мынаның өзінде жан жоқ қой! Жаны бар жан жасқанбас па?!- деп, қайтып келіпті. Көрген-білгендерін айтып келіпті.
- Атса, мылтық өтпейтін; шапса, қылыш өтпейтін; суға салса, батпайтын; отқа салса, күймейтін - сырты - болат, іші - құрыш жасалған қу екен. Екі сыннан өтті. Енді бір сынайық, шақыр өзін осы ордаға!- депті.
Үшінші сынының түрі мынау екен: Қалдан Шеріннің тоқсан сәргердесі (серкердесі) бар екен. Бәрін қаз қатар үй жағалай отырғызыпты. Өзі тақтан түсіп, сәргерделерінің біреуі есепті болып отырыпты. Төрден босағағаша жан отырарлық орын қалдырмапты:
- Және кіріп келгенде, ешбірің қағылып, орын беруші болмаңдар!- депті. Қалдан Шеріннің тағы болады екен: тақ үстінде тастан жасаған, жеке ханның өзіне арналған «Құдайы» болады екен.
Абылай хан кіріп келсе, тақ тұр. Оның үстінде кісі жоқ, тастан жасалған құдайсымақ түр. Үйге кіріп барғанда, жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақ үсті бос тұрғанын көріп, тұпа-тура барып, таққа мініп, Қалдан Шеріннің орнына отырып алды дейді. «Құдайының» қасына барып отырып алған соң, қалмақтар қауқылдасты. Сонда Абылай айтты дейді:
- «Жақсы кезекке таласады, // Жаман отыратын орнынан адасады.» Отыратын орнымнан адасатұғын мен жаман ба?! Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да, менің аруағым басты. Тақ үсті хан орны болады. Бұл орынға қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ханы Абылай хан отырмағанда, шайтан (сайтан) отыра ма?!- деді дейді.
Қалмақтар өзді-өзі бір-біріне қарасып:
- Бұған не айғамыз? «Аталы сөзге арсыз таласады»,- деген. Орын кетсе, кетсін, ар кетпесін!- десті.
Қалдан Шерін өзін танытпаймын дегенінен ұрылып қалғанын білді:
- Уа, Абылай, Сәру қайда?- деді.
- «Сәрумін» - деп, Сәру айтпады, «Кеспеймін!»- деп қару айтпады!- деді.
Қалдан Шерін жауап қайтарып, дәнеме дей алмады.
- «Қолға түстім - ау, пенде болдым - ау!»- деп, ойыма дәнеме келмейді . Сәруді мен қан майданда жекпе-жекте өлтіріп едім. Сен аты қалмаққа сауын айтып, әскер жібергенде, мен дін мұсылман баласына хабар айтып, Сәруше қан майданда өлмей, қапыда ұйықтап қалып, ұрланған мал есебінде қолға түстім - ау! Өліп кетсем, төрт атадан бері қарай жалғыз едім, балам жоқ еді. Бір өзім емес, төрт жанның тұқымы құрығаны ғой дегенім болмаса!-дегенде, Қалдан Шеріннің басы төмен салбырап кетіп:
- Мен де өзіңдей... келген жан едім Бұ дағы менің мынау Ежен қарағым, бөбегім сықылды.
Абылай:
- Алдияр хан, төреңе құлдық!- депті.
Қалдан Шерін:
- Сен қуанғандай, ...ні тере тиіп қалды?- депті.
Абылай:
- Мені алдыңда отырған кезің ағы мен қарасындай балаңа теңедің. Баланды өлтіресің бе?- депті.
Қалдан:
- Жарайды, жөн!- депті.
Өзге жұртты тарқатып, Абылайды оңаша алып қалып, Еженді бір тізесіне отырғызып, Абылайды бір тізесіне отырғызып, мәре-сәре болысып, «Құлындағы сақау, құнандағы тісеуден» түк қалдырмай айтысып отырып:
- Қазақта қой көп пе?- деп сұрапты.
- Көп!- депті.
Қалдан:
- «Қой - ұры, қойшы өтірікші»- деген ауыл үйдің арасынан ұсақ жанжал үзілмейді десейші!- депті.
- Қазақта сиыр көп пе?- депті.
- Көп!- депті.
Қалдан:
- Қазақтың баласы айранға сүйеніп, еңбекке еріншек, ақымақ болады десейші -(депті).
- Қазақ егін сала ма?- депті.
- Жоқ!- депті.
Қалдан:
- Адам баласы егін салып, жер емшегін ембей, жерге бауыр баспайды. Әлі де неше төңкеріс басынан кешеді екен!- депті.
Екеуінің әңгімесі таусыла ма, Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан өткен заманда олжаға түскен, өсіп-өнген бірталай жанды Абылайға байлап, көшкен елдей қылып қайтарыпты.
Кенесары, Наурызбай әкесі Қасым осы (Топыш) сұлудан туады.
Сонан кейін қалмақ Қалдан Шерінмен қас болып, не қылса да, көп тұрғызбай, көзін жояды. Жалғыз баласы Еженді көзін қыздырып ұстап, екі көзінен айырып, су қараңғы қылып қа... қоя берген. Сонан соң қалмақ оңған жоқ. «Ханын қалмақ жаулаған, // Сөйткен қалмақ оңбаған!»- деген сөздің мәнісі - осы. Топыш сұлудың бауырлары: Қырғын, Күш - Абылайға қашып келіп, паналап, олардың үрім-бұтақ жұрағаты Атбасар үйезінде, Терісаққан бойында, Қарақұйын, Қашырлы елінде қалмақтар деседі. Өсіп - өніп кеткен бірталай жан. Абылай хан бәрін - Топыш «Қырғын (Қырғи), Күштерді Бұл жаққа жібермесін!»- деп, қалмаққа көшіріп жіберген екен. Олардың бұл жақта жүргенде, туған балалары қазақ ішінде қалып, қалмақ атында өсіп-өнді. Абылай ханнан кейін олар тағы қалмақ ішінде тірлік қыла алмай, Бұл жаққа ауып келіп, төрелерге төлеңгіт болып, «төлеңгіт» атанып өсіп-өнді Қанжығалы ішінде.
АБЫЛАЙДЫҢ БІР ЖОРЫҒЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан қарақалмақ: Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, Абылайға кісі салды дейді:
- Абылай мен екеуміздің таласымыз - дін емес, дүние ғой!- дейді. - Дүние үшін жұртымызды қырғын қылмалық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған елінен бір сырттан дегенін шығарсын. Менің (менім) кісім Абылайдың шығарған кісісін күші асып өлтіріп кетсе, мал менен жаннан ол безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өлтірсе, мен (ман) мал мен жаннан бездім. Ол олжа қылсын!- дейді. - Уағда осы болса, менің де уағдам,- осы! - депті.
- Жарайды, болса, болсын!- дейді.
Қалмақтың бұрыннан белгілі сырттаны бар екен: жолбарысты құйрығынан алып, лақтырады екен. Және құйрығынан ұстап, жерге ұрып өлтіреді екен. Сондай күшті белгілі екен. Абылайда ондай сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді:
- Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың!- деп, айтып қойды дейді.
Сол түнде жатып, Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып: «Абылай ханға айтып кетейін!»- деп, жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып оянғанын хан да көріп, біліп: «Маған келмей, кетпес»- деп, басын көтеріп, отыр екен дейді. Таң жаңа сәуле беріп келе жатқанда, ондағы - мұндағы көрінерлік болған мезгіл екен:
- Батыр, жай ерте келдің бе? Асып - үсігіп, бір нәрседен қысталып жүрсің бе, немене?!-деді.
- Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсім түрінен қорқамын. «Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін!»- деп, қайтуға ыңғайланып, сізге келдім,- дейді, -... кетем - ау!» - деп, жүрегім аузыма тығылып, зорға келдім!- дейді.
Сонда хан Мырақор атшысын шақырып , атшы:
- Алдияр, тақсыр,- деп, жетіп келді.
- Уа, менің қарт Бөгенбай берген кәрі жирен атымды есіктің алдына алып кел!- деді.
Ханды онан басқа ат алып жүре алмайды екен дейді. Мырақор атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:
- Жай қолыңды!- дейді.
Жәнібек қолын жайып:
- Әмин!- деп, ұшып тұра келгенде, хан айтты:
- Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа!- деп,- А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен қабыл қыл!- деп, жирен атты: «Түс садақасы»- деп, жалма-жан сойдырып, талатып жіберді.
- Енді айт түсіңді,- деді.
- Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе - жекке пәленше деген жайсаң шықты. Бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа - шарт болып қалғанда, мені ол найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланды. «Бауыздап тастайды - ау!»-деп, кеудеме көз салсам, оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Және сол емшегімді және бір айдаһар жылан тағы еміп жатыр екен. Шошып, ояна келсем, түсім екен. Керген түсім - осы, тақсыр,- деді.
Сонда хан жорыды дейді:
- А, балам, мұнан неге қорқасың? - деді. - Түсің түс - ақ екен! Мұнан артық түс бола ма?! Әуелгі жоруы былайша айтты дейді:
- Түсіңде сені ол шаншып түсірсе, өңіңде оны сен шаншып түсіресің деген екен»-депті,- Және түсіңде кеудеңе ол мінсе, өңіңде сен мінесің кеудесіне!- депті,- Түсіңде сенің тамағыңа қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш даярлайды екенсің!-дейді,- Оң емшегіңді емген айдаһар жылан - өзіңнің туып - өскен балаң. Үстің арнақты да екен, өзі ел асқан айдаһардай болады екен!- деді,- Өзі батыр атанады екен,- дейді. - Және сол емшегіңді айдаһар емген болса, өзіңнен бір қыз туады екен. Онан туған жиен де айдаһар болады екен, - дейді.
- Айдаһардай ақырып туады екен,- дейді.- Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп түр екенсің!- депті.- Қалай өлесің, жекпе-жекке кіре бер,- деді. - Жүсіп пайғамбардың түсі, Жүніс, Жақып пайғамбардың жоруы болсын!- деді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып талатқан соң, Жәнібек қорқынышы қашып кетті, жүрегі тасып кетті, қайраты, қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті.
Сол жерден атын алдырып, мініп:
- Жекпе-жек! Жекпе-жек!- деп, айғайлап, шыға шапты дейді.
Қалмақтың жайсаңы - ай, құты қашып, аяғын тәлтіректеп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылышты тигізер - тигізбесте шалқасынан жатып қалмақтың жайсаңы:
- Ай, тоқта!- деді,- Түнде сен де, мен де түс көріп едім-ау! Сені мен табанымның астына салып едім - ау! - депті,- Сенің менен түс жорушың жақсы болды. Жақсы жорығаннан сен Мұндай дәрежеге жеттің!- деді. Менің түс жорушым бірін тауып айта алмағаннан, алып кеттің - ау!- дейді.
Сонда Жәнібек оның басын кесуге қимай, үстінен тұра келіп, Абылай ханға алып келді жетелеп. Өзі өсіп-өнген жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай жалаңаш қылып, тонап алып олжа қылды. «Хан болса, осындай болсын!»- дейді.
АБЫЛАЙДЫҢ БІР ЖОРЫҒЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Қарақалмақ- Қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен:
- Абылай менен менің таласым дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен өз қоластыма қараған қалмақтан бір сырттан табайын, Абылай да өз қоластына қараған қазақтан бір сырттан тауып келсін. Екеуін жекпе-жекке шығарайық. Менің сырттанымның күші асса, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың сырттанының күші асса, малдан, жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығайық, Абылай олжа қылсын! Уәде осы болсын! - деп.
- Жә, бәсе ,- деп, Бұл сөзге Абылай да қол қойыпты.
Қалмақта аты - шулы атағы шыққан сырттан бар екен де, қазақта ондай білікті болып, ауызға ілініп, көзге түскен сырттан жоқ екен. Абылай хан сырттан тауып алуға ел аралапты. Шақшақ батырдың ауылына келіп түсіпті:
- Хан келді! Хан келді!- деп, жұрт жабырласып шығып жатыр дейді. «Шақшақ батырдың бір немересі бар: «Жәнібек»- деген,- деп, естуі бар екен. Бірақ түсін көрген жоқ екен. Далада алдынан жүгіргендердің ішінде ол түлғалы жан көзіне көрінбеді дейді. Хан Шақшақ батырдың үйіне кіріп келсе, үй ішінде құрт қайнатқан қазан бар екен. Шешелері жүгіріп кеткен соң: «Құрттың түбі күйіп кетер!»- деп, кеулеуіш алып қолына, қазанды кеулеп, араластырып түр екен. «Хан келді-ау» деген хабарында жоқ, сәлем - пәлемді білмейді, құртын араластыра берген екен. Хан:
- «Батыр қайда?»- десем, құрт қайнатып түр екен-ау!- депті.
- Үйде құрт қайнатуға жарамаған жаман жауда ат ойнатуға жараушы ма еді?!- депті.
Жәнібекті тапқан қатын «Қатаған ханы» атанған хан Тұрсынның қызы екен. Ташкен ханы болып тұрған күнінде еңсегей бойлы ер Есім Қатағанды қырып, хан Тұрсынды өлтіріп, қынадай қырғын қылған шабыншылықта: бір қызы Есім ханның олжасына үлеске түсіп, ол баласын Салқам Жәңгірге қосқан екен де, бір қызы Шақшақ батырдың олжасына үлеске түсіп, Бұл баласын Қошқарға қосқан екен. Сонда Жәнібектің шешесі айтты дейді:
- Аттың сырттанын өзім атқа мініп, қазақ жылқысын үш жыл аралап, зорға таптым. Ағаштың сырттанын тоғайдан тоғай қалдырмай, орманнан орман қалдырмай, үш жыл аралап, зорға таптым. Адамның сырттанын мырза Құдай құдайлығымен төсекте жатқан бір түн түсімде берді. «Қалай берді?»- десең, ұйықтап жатыр едім, үстіме келіп бір нәрсе шөкті. Бойым иіді, тұрып кетті. Немене екенін айырып біле алмадым. Бір сипап қалдым: жүнді барақ нәрсе екен. Бар, апар да, айқастыра бер! Бір кісіден өлсе, жыласам, көзіме ақ түссін!- депті.
Абылай алып кетті, қалмаққа барды. Ертең ертеменен екі жақтан сырттандар жекпе-жекке шығыспақ болды. Түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жықтырды дейді. «Ханға айтып кетейінші!»- деп келсе, хан да түйсініп оянып, басын көтеріп отыр екен:
-Батыр, жай ма?!- депті.
- Не жай болсын?! Бір түс көріп, айтуға аузым бармайды. Қосымды жықтырып, арттырып, тарттырып қойдым. Сізге жолықпай кетпейін деп, өкпем аузыма тығылып, әрең келдім!- депті.
Хан сонда:
- Шыйеш! - деп, атшысын шақырды. Жетіп келді.- Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл атымды есіктің алдына алып кел !- деді. Тоқтау бар ма, атты көлденең ұстап алып келді. Жәнібекке:
- Ұшып түрегел де қолыңды жай! - деді,- А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл қыл!- деп,- Нарқызылды сой да, талат!- дейді,- Енді шошыма, орнығып отыр да, түсіңді айт!- деді.
- Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақ сырттанымен айқаса кеткенде, ол мені найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда, кеудемде екі айдаһар жылан: бірі оң емшегімде қадалып, бірі сол емшегімде қадалып жатыр екен!-дегенде:
- Түсің түс - ақ екен! Мұнан жақсы бола ма? Түсіңде сені ол шаншып түсіріп жүрсе, өңіңде оны сен шаншып түсіреді екенсің! Түсіңде сенің кеудеңе ол атша мініп жүрсе, өңінде оның кеудесіне сен атша мінеді екенсің! Түсінде сенің тамағыңа ол қылыш жалақтатса, өңінде оның тамағына сен қылыш жалақтатасың! Оң емшегіңді емген айдаһар жылан - өзіңнің туайын деп тұрған балаң айдаһардай ақырып туады екен. Сол емшегіңді еміп жүрген - өзіңнен бір қыз туады. Онан бір жиен туады. Ол да айдаһардай ақырып туады. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстап туады екен. Өзің осынша өсіп - өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің?! Бар, жекпе-жекке шыға бер!- деді.
Хан түсін қолмен ұстатқандай жорыған соң, атын айтып сойып, талатып жатқан соң, Жәнібек көркейіп, тасып кетті. Қайрат - қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Атына міне сала:
- Жекпе-жек! Жекпе-жек! - деп, айғай сала шапты.
Қалмақ сырттанының құты қашып, аяғын әукелектеп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен қалбалақтап сасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылышты ыңғайлағанда, шалқасынан жатқан қалмақ:
- Токта, тоқта!- дейді.- Түнде сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім - ay! Сенің түс жорушың жақсы жорығандығынан, менің түс жорушым жаман болғандықтан, алып кеттің - ау!- дейді.
«Мұндай жанның басын қалай кесесің?!»- қолынан ұстап, Абылай ханға алып келді. Өзі де өскен - өнген жан екен. Он бір ауыл болған сабаз екен. Сол он бір ауылға тимеді де, өзге қалмақты тұттай жалаңаш қылып тонап алып қайтты. Хан болса осындай болсын!
АБЫЛАЙДЫҢ БІР ЖОРЫҒЫ
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан қарақалмақ: Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:
- Абылай мен екеуміздің таласымыз - дін емес, дүние ғой!- дейді. - Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған қазақтан: «Осы сырттан - ау!» - деген біреуін тандап шығарсын! Менің кісім Абылайдың шығарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе, малдан - жаннан Абылай безіп шықсын, біз олжа қылайық! Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өлтіріп кетсе, малдан - жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығалық, Абылай олжа қылсын, уағда осы болсын!- деп.
Абылай хан:
- Жарайды, болса, болсын!- депті.
Қалмақтың бұрыннан белгілі сырттаны бар екен, жолбарысты құйрығынан ұстап алып, жерге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда өйтіп сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жәнібектің туған шешесі - Есім хан өлтіретұғын Тұрсын ханның қызы екен. Ташкентті шапқанда, Шақшақ батыр Есім ханның батырының басы екен. Тұрсын ханның бір қызын Есім хан баласы Жәңгір ханға олжалап алып бергенде, бір қызын Шақшақ батыр баласы Қошқар батырға олжалап алып беріп, Жәнібек сонан туып, сонда Жәнібектің шешесі Абылайға айтып, тапсырып қосқан екен:
- Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға таптым. Ағаштың сырттан жауһарлысын үш жыл қарап, зорға таптым. Адамның сырттанын мырза Құдай бір түн төсекте жатқан түсімде берді. (Осы741 (138) – беттің сол жақ қапталында Жолмұрат қолымен мына қосымша жазылған: «Жәнібектің шешесі төсегінде жалғыз ұйықтап жатса, түсінде (тесінде) бір нәрсе келіп, үстіне шөгіпті. Байы қойнына жатқандай, бойы иіпті. Не екенін айырып біле алмапты. Жалғыз-ақ бір сипап қалған екен, жүнді барақ нәрсе екен. Жәнібекке буаз болыпты» - Л. Қ.). Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, бір айқастыр!- деп.
- Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың!- деп, айтып қойды. Түнде жатып, Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып: «Ханға айтып кетейін!»- деп, жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып оянғанын хан да түсінде көріп: «Маған келмей, кетпес - ау!»- деп, басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы - Мұндағы көрінерлік мезгіл екен.
- Батыр, жай ерте келдің бе?- деп,- Асып - үсігіп, бір нәрседен қысталып жүрсің бе, немене?!- дейді.
- Тақсыр, бір жаман түс кердім. Сол түсімнен қорыққаннан: «Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін!»- деп, қайтуға ыңғайланып: «Сізге білдіріп кетейін!» - деп, жүрегім аузыма тығылып, әрең келдім!- дейді.
Хан сонда атшысын: «Шыйеш» - дейді екен.
-Шыйеш! - деп шақырды.
Мирақоры жетіп келді.
- Уа, менің қарт Бөгенбай берген (кәрі жирен) нарқызыл атымды есіктің алдына алып кел!- дейді.
Мирақоры атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:
- Жай қолыңды!- дейді.
Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде:
- «Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа»- деп еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен қабыл қыл!- деп, жирен атты: «Түс садақасы»- деп айтып, жалма-жан сойдырып, талатып жіберді.
- Айт, батыр, енді түсіңді! - дейді.
- Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе - жекке пәленше деген жайсаң шықты да, Бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа-шұрт болып қалғанда, мені ол найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда: «Енді бауыздап тастайды - ау!»- деп, кеудеме қарасам, оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып, ояна келсем, түсім екен. Көрген түсім - осы, - дейді.
- Түсің түс - ақ екен: Мұнан жақсы түс бола ма?! Түсінде сені ол шаншып түсірген болса, өңінде оны сен шаншып түсіреді екенсің! Түсінде сенің кеудеңе ол мініп жүрген болса, өңіңде оның кеудесіне сен атша мінеді екенсің. Түсінде сенің тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңінде оның тамағына сен қылыш даярлайды екенсің! Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан - өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен. Өзі асқан айдаһар ер болады екен, батыр атанады екен. Сол емшегіңнен айдаһар еміп жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен, о да айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп тұрсың, сен қалай елесің?! Бар, жекпе-жекке кіре бер!- дейді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қашып кетті, жүрегі тасып кетті, қайраты, қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті.
Сол жерден атын алдырып, мініп:
- Жекпе-жек! Жекпе-жек! - деп, айғайлап, шыға шапты дейді.
Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректей басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылышты тигізер - тигізбесте шалқасынан жатқан қалмақ:
- Тоқта!- дейді,- Түнде сен де керіп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім - ау, табанымның астына салып едім-ау! Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жорушым ретін (иретін) тауып айта алмағаннан, алып кеттің - ау!- дейді.
Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап жетектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен - өнген жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты, хан болса, осындай болсын!
ҚАЛДАН ШЕРІН ӨСИЕТІ
Қалмақта - құба қалмақ атанған - ханы Қалдан Шерін деген хан болған. Оның Қарабас ханым деген ханымы болған. Ежен деген жалғыз баласы болған. Қарақалмақ - Қатысыбан деген қалмақтың ханы «Қоңтажы» атанған. «Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт»- деген қалмақтың ханы кәрі Аюке Табирашабдардың баласы болған. Бұлардан бөлек «Өрдің қара ағашы» атанған жақта Уса, Серең деген жайсаңдары болған. Бәрінің зоры Қалдан Шерін болып, заманында қалмақ біткен соның аузына қараған. Қалдан Шерін дәуірлеп тұрған күнінде қалмақ қазақты түп көтере ойсыратып шауып, есе бермей, көп жесір алып кеткен соң, артынан бітім, тыным сөйлесуге көтеріле аттанып, қазақ барған.
Сонда Қалдан Шерін Қарабас ханымды атқа мінгізіп:
- Қазақтарды аралап, көріп, маған сөйлесуге тұрарлық жарайтұғыны болса, алып кел. Сөйлесуге тұрарлық жан жоқ болса: «Аттарыңды аздырма, тондарыңды тоздырма!»- деп, қайырып жібер,- деп, жібереді.
Қарабас ханым атқа мініп, аралап көріп, сынап, таңдап, төрт кісіні алып келіпті: Бірі – Балтакерей - Тұрсынбай, бірі - Қаз дауысты Қазыбек, бірі - Шақшақұлы Жәнібек, бірі -Айдабол баласы - Тайкелтір екен.
Қалдан Шерін барған соң:
- Бұларды не сынмен әкелдің?- деп сұрағанда, Қарабас ханым айтқан сөзі:
- Анау тұрған - Балтакерей: Тұрсынбай - құлағы жоқ, шұнақ; құйрығы жоқ, шолақ екен. Жалғыз - ақ жауы желкесінде екен. Онан басқадан қорықпайтын, үрікпейтін деген байдың өзі, көкшолақтың көзі екен. Анау тұрған - Қазыбек: атшылардың арасында ұйықтап жатыр екен, шалқасынан түсіп, екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, керген төстіктей сіресіп жатыр екен. Онысы: «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұлмын»- дегені. Қара бақайына шейін құт екен. Өлгенде, арулаған жерін басып көшкен ел бай болады,- депті. Анау тұрған - Тайкелтірер көмей, темір жақ, жұтқыншағындағы кішкене тілінің ұшы кезеңі екі иір, өнері қара жамбасынан келеді екен. Бір басты, екі аяқты адам баласына сөз бермейтін бұлбұл екен. Анау отырған Шар жетім Шақшақұлы Жәнібек - қазақ сырттаны екен. Өзінің оққағары бар екен, бақайшағың майын шағып, ыңыршағыңды отқа жататұғын сол екен!-депті.
Сонда Қалдан Шерін:
- Бұларды өлтіріп тастасақ, қайтеді?- депті. Қарабас ханым:
- «Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс»- деген осы екен-ау! Өзің бұларды қандай жан деп отырсың? Отқа салса, күймейтін, суға салса, батпайтын; атса, мылтық өтпейтін, шапса, қылыш өтпейтін; сырты - болат, құрыш жандар емес пе?!- депті.
Онда Қалдан Шерін айтыпты:
- Бұларды дұрыс бітім беріп қайырайық,- деген екен.
Ер басына тоқсан жесірді долгсыз беріп, қайтарған екен. Бұрын қазақ, қалмақ арасында бітім болса, мал төлеп алады екен. Бұл жолы мына төртеуінің жолына төлеусіз беріпті. Сонда бір келіншек:
- Би, ағалар - ау, мен қалып барамын!- деген соң Қазыбек Қалдан Шерінге қайта кіріп, сырнайдай тақылдап, жүйесін тауып босатып сұрап алған екен. Қазыбек өзгеден бір жесірді артық алыпты.
Қалдан Шерін өлерінде халқын жиып, өсиет сөйлепті:
- Мынау жалғыз балам Еженді менің орныма хан сайлаңдар, үш жылға шейін бетіне келмеңдер. Үш жылдан соң сұңқар болып қолдарыңа қонады,- депті.
Қалдан Шерін өлген соң, Еженді хан көтеріпті. Еженде екі түрлі мінез болыпты. Бірі -көрінген итті ата берген. Бірі - қыз-келіншекті ата берген. Сонан соң жұрты безер болып: «Мынау жынданды!»- деп, өлтірмекші болыпты. Қалмақ заңы: баласы өлсе - әкесі, әкесі өлсе, баласы аттанып, кісіні жаназаға жияды екен де, баласына әкесі кісі жияды екен. Қалдан Шерін өлгенде, Ежен жаназаға жүріп шақырып жүргенде, қараңғы түнде ит шулап, сөз есіттірмей, мазасы кеткен екен. Қыз-келіншек қой күзеткен, өлең айтып, ән салып, сөз есіттірмеген соң:
- Бәлем, ит, сенен де өшімді алармын. Бәлем, қыз-келіншек, сенен де өшімді алармын-ау!- деп, ант ішкен екен.
Қалмақтың көпшілігі өлтірмекші болғанда, қалмақтың бір сыншысы айтты дейді:
- Бұл жай кісі емес, хан баласы. Мұнда кие бар: мұны отқа салсаң, еліңді өрт алады. Суға салсаң, еліңді су алады. Мұны қалай өлтірсеңдер де, зор апатқа ұшырайсыңдар!-деген соң, мыс қыздырып, екі көзіне ұстап, екі көзі дәнемені көрмейтін су қарағы соқыр болып, қор қылып қоя беріп, сонан соң қалмақ бүлініп, бордай тозған екен. «Ханын қалмақ жаулаған, // Сөйткен қалмақ оңбаған»,- деген мақал сонан қалған.
Қалмақ екі қатын алмайды екен: «Екі қатын алса, ел бүлінеді!»- деп. Қалдан Шерін екі қатын алған екен. Себебі мынау: Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыттың ханы кәрі Аюке Тапсыра - Шабдаршаптың баласы жалғыз қызын қырық жолдас қосып, Қалдан Шерінге жіберген: «Кімге берсе, билігі Қалданда» - деп. Бара жатқан жолдарында қыс ерте түсіп, қар қалың жауып, жүре алмай қалған. Қазақтың бір мергені оқтай ұшырап, қыздардың өздеріне тастан үй қалап беріп, көліктері түйе екен. Түйелеріне тастан қора қалап беріп, аң атып, аң етімен бір қыс асырап, сақтап, қыстан шығарған. Қалдан Шеріннің қаһарынан қорқып, қыз тие алмай, мерген ала алмай, жаз шыққан соң, қыздар Қалдан Шерінге қарай кепті. Осы қыздардың бір қыс қыстаған жері Қарғалы үйезінде Боқтыкент деген тауларында, тау басында «Қызыл Кенеш» атанған. Біздің қазақ «Қызыл Кенеш әулие» -деп, соған да түнеп жүрді. Бұл қыздар Қалдан Шерінге барыпты. Қыз заманындағы жұрттан асқан сұлу екен. Басқа біреуге қимай, Қалдан Шерін өзі алыпты. Қарабас ханым деген атақты ханымы бар екен де, онан туған Ежен жалғыз екен. Қыз салт атты, сабау қамшылы болмай, буаз шығыпты. Еркек бала тауып: «Жолдан қыстырылған сына тәрізді болды»,- деп, атын Сына қойыпты. «Сына батыр» атанып жүрген Сына - осы кісі. Аюкенің Бұл қызы Қалдан Шеріннен екі қыз, екі ұл тауып, қыздарының аты: Бәрін, Топыш; ұлдарының аты: Қырғын, Күш ататыпты. Қалдан Шерін айсыз қараңғы түнде с...п отырғанда, с...гіне бір нәрсе келіп, шолп ете қалады. Үйіне алып, жарық ұстап қараса, садақтың оғы екен. Ұшында метін бар екен. Ол метін Қалдан Шеріннің өз талысында жататұғын метін екен. Тоқсан ұстасы бар екен, бәрін жидырып:
- Мынау оқты қайсың жасадыңдар?- дегенде, бір ұста:
- Оны жасаған мен едім,- депті.
- Кім жасатты?- дегенде,
- Өзіңіздің нақсүйер тоқалыңыздың тұңғышы Сына батыр жасатты,- депті. Ләм-мим дәнеме деп, жанға сездірмейді. Ұйықтап жатқанда, Сына батырдың мұрнына дәрі иіскетіп, талдырып тастап, оң жауырынының шеміршегін ойдырып алдырып тастап, аюдың ақ дәрісін септіріп тастатыпты. Бір заманда Сына батыр есін жиып, басын көтеріп түрегеліпті. Дәнемені білген жоқ, сезген жоқ. Сына жақ атып, садақ тартайын десе, төбесінен Құдай ұрғандай болып қалғанына наза болып, үйге келіп, еңіреп боздап жылап, шешесіне айтты. Шешесі:
- Не болды, кім тиді?- деп сұрап еді.
- Денім сау, қолымда ауырған, сырқаған дәнеме жоқ. Садақ тартып, жақ ата алмайтын болыппын,- деді.
- Балам, ұрылған екенсің, енді тырп етсең, көзіңді жояды, қарашығыңды батырады. Тұрма, көзіңді жоғалт! Қалмақ ортасында жүріп, жан сақтай алмайсың, қазақ жұртына кете гөр осы аманыңда!- деді, Қалдан Шеріннің қас болғанын айтты.
Сына батыр қашқаннан қашып, Абылайға келіп қорғалап тұрып қалыпты. Қалдан Шерін қайда барса да, өзіне қастық қылатынын біліп, іздетіп, таба алмай, Абылайға барып қорғалағанын естіген соң Абылайға елші жіберіпті:
- Менімен жауласпай, тыныш тұрамын десе, Сына батырды қайырып берсін!- деп.
Абылай хан:
- «Бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады»- деген сөз бар еді. Бұта құрлы болмасам, тірі болғанда, неге жараймын?!- деп, бермепті.
Қалдан Шерін жер үстіндегі қалмаққа хабар салып, «Сүзекінің қолы» - деген қол аттандырыпты.
- Бір жерден емес, әр жерден аттанып, судан балық сүзгендей Сарыарқаны түгел аралап кезіңдер! Абылайды маған тірі ұстап алып келгендеріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды беремін!- деп.
Мұны естіген соң, жайсаңдарда жан қалмады, көтеріле атқа мінді. Бір Жалпы деген жайсаң көп қосынмен жүріп, Тарбағатай, Шыңғыс таулары, «Жалпы жолы»- деген жолдар бар. Ала жаздай кезіп, ұшырата алмай, қыс түсіп, Ұлытау, Кішітауда бүркіт салып жүргенде, ұшырасып, аң аулап қаңғып жүрген Уақ: Өтеген мергенін ұстап алып, ол айтпапты. Бір Тілеуімбет деген жаман қарауылшысы бар екен. Ол ит ұйықтап қалып, «Қарауылшымыз бар ғой!»- деп, қапы қалып, қасындағы қанша жолдастарымен ұстап алыпты. Абылай жүрген жорықшылардан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған қосын екенін білген соң: «Күтінбеген елді шапқыншылыққа ұшыратпайын!»- деп:
- Іздеген Абылайың - мына, мен!- деген соң, Қалданның жіберген қосыны тапсырған Абылайың тапқан соң, жоғалтып жүрген тайыншасын тапқандай, қуанып, алып жүре беріпті.
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» - АТАЛҒАН МӘНІСІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Fаламда он сегіз мың иан (жан) болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты.
Сол Абылай хан Алатаудағы: қырғызға, қалмаққа аттанып жорыққа бара жатқан жолында Өрдегі Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір ... асқа кез болып, сол аста барып тұрғанда, Шаншар деген елде желбас бозбалалары аңыз қылыпты:
- Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсірер ме еді, не қаһар қылар еді?- деп.
Сонда Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «Мөр таңдайлы балапан»,- деген, арт жағынан барып, аңдаусызда ханның басындағы бөркін шыбықпен қағып түсірді. Хан дәнеме демеді, жердегі бөрікті басына кимеді, қалған бойымен жерде қала берді. Замандардан заман өткенде, Қаракесек, Төртуылдың қалашы Қызылжар, Көкшетауға базар шығып барғанда, сол басынан бөркін қағып түсіргенін ұмытпай жүр екен, соны сөз қылып қозғап, Төртуылдан - Ботақанды, Қаракесектен - Жанай дегенді байлап алып қалыпты дейді.
Қазымбеттің баласы - Қанай, Жанай,
Ортаншысы - Атымбай, кенжесі - Анай.
Қараұзақ пен Сарыұзақ- қара қалған,
Қол тигесін сұраймын, әлде қалай?
- дейтұғын өлеңге қосылған – Жанай - соқыр Бибаланың әкесі, Қаз дауысты Қазыбектің немересі.
Ботақан байланғанына ызаланып, долданып; ызаланып, ас-су ішпей, тұтқында жатып өліпті де, Жанай байлауда жатып, отын оттап, суын ішіп жата беріпті. Базаршы келген соң, Төртуыл, Қаракесек намыс қылып, көтеріле атқа мінді дейді. Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболаттың алпыс бестегі күні екен, Едігенің жиырма бестегі күні екен.... Сол күнде Бекболаттың қыстауы Жамандалбада - Батырдың Бейсені қыстап отырған «Қаратомар»- деген жер дейді. Едіге бидің қыстауы - «Қарағайлы бұлақ» деген жерде, үлкен тоғайдың түбінде екен. Бекболат пен Едіге атқа мініп, бес Мейрамның баласына ат шаптырды, қол жиды дейді: «Абылайды шабамыз!»- деп.
Күлік: Шобалай - Жаңабатыр биге кісі жіберді дейді: «Дуагөй болсын!» - деп. Жаңабатыр бидің қартайған кезі екен, өзі жүрмеді дейді, баласы Жанақты жіберіпті дейді:
- Бекболат пен Едігеге сәлем де! Ханын жаулаған қалмақ оңбаған. «Ханын шайқаған қара оңбайды».... «Абылаймен ұрыс қылмасын, бітім қылып жарассын,- дейді.- Арашашы бол!»- деп қосты дейді.
Үш мың кісі жиылып, Мейрам болып атқа мінді дейді. Бұл хабарды естіп, Керей, Уақ дүрлігіп үркіп, ішке түсіп кетті дейді. Көп замандар өткеннен кейін Тұрлыбек атқа мінген соң, Керейді көшіріп алып келіп, қалың Шұбарды қоныс қылып берді. Сонда да Уақтың бәрі іште қалды дейді. Бұл хабарды естіп: «Мейрам болып атқа мінді, сонан ауыр қол келеді!- деп,- істі қол келеді»,- деп, сескеніп, Абылай Көкшетаудан қозғалып, Жолдыөзекке қарай көшті дейді:
- Мұның басшысы Бекболат шығар, дәуде болса: «Абылайдың басын алмасам, не қара қазанын қақ айырмасам, әкем Қазыбектің аруағы ұрсын!» - деп, атқа мінген шығар! Қара қазанды жұртқа тастап, көшіңдер! Жұртта қалған қазанды қақ жарып, ашуын бассын!-дейді.- Серті сынсын және мұның ішінде Орта жүзге ұран болған Олжабай бар шығар, туын қандамай, оның ашуы басылмайтын. Сиыр атаулыны жұртқа тастап көшіңдер, соны сойып, туын қандасын! Сонан соңғы жай белгілі, сонан соң жарасып, бітімге көнер! -дейді.
Қара қазанды жолына қалдырып, сиыр біткенді қалдырып, Атығай, Қарауыл қопарыла көшті дейді. Ауыр қол Көкшетаудағы қоймасын талап, сиырды сойып, туларын қандасып, мәре-сәре болып жатты дейді.
- Бұған елші жіберелік! - деп, ақылдасып, Орманшы:Ақсары - Шотананың Шотанасын Абылай ханға елшілікке жіберді....
Шотана барып Бекболат пен Едігенің алдына отырып сөйледі дейді:
- Ханға бардым: «Алдияр!»- деп, алдына тікемнен тік тұрып, сонан соң отырып:
- Жол болсын!- деді.
- Әлей болсын!- дедім,- Сонан соңғы сөз мынау,- дейді - Мейрам болып атқа мінді, үш мыңдай қол келді, Бекболат пен Едіге жіберді. ... «Байлауда өлген Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! Мың кісінің жолына бас - басына «жетім» бастатқан «тоғыз» және мың кісінің жолына бас - басына түйе бастатып «тоғыз» берсін! Қалған мың кісіге мың ат, мың шапан берсін! Бұған көнбесе, тұрысатұғын жерін айтсын!»- деп жіберді,-дедім.
Сонда Едіге мен Бекболат Шотананы арқаға қағысқан екен:
- Тауып айтқан сөзді аузыңнан айналайын, сені тапқан анаңнан айналайын!- дейді,-Олар не дейді?- деді.
Сонда:
- Ертең Жолдыөзеннің бойынан табысайық,- деді.
Сонда Олжабай батыр:
- Мені: «Бұл қолда бар ма?»- деп сұрады ма?- депті.
- Сұрады,- деді.
- Ендеше бізбен ұрысса алмайды,- деді.- Пәлен сарттың қорғанын талағанда, даруазасы қалайы мен охам қорғасынмен бекітілген екен. Сонда туды Абылайға беріп, наркескенмен, аттан түсе қалып, шапқылап (шақпылап) едім, иленген нандай бөлек-бөлек қылып түсіріп, артыма қарасам, Абылай туды ұстай алмай, екі қолына кезек-кезек ұстап, селкілдеп, дірілдеп, тұра алмай түр екен. Менің аруағымның күштілігімен бойын тоқтата алмай түр екен. Енді ол сарт бізбен қарсыласуға жарамайды!- деді.
Сол күн батып, таң атты. Таң атқан соң, шеру тартуға ойланды да, қойды. Жан-жаққа қараса, екі кісі келе жатыр Абылай жақтан.
- Бұл кім?- деп, тұрса, бірі Абылай ханның өзі, бірі - Балтакерей - Тұрсынбай батыр,-екеуі келе жатқанын көрген соң, көпті шулатпай, Бекболат пен Едіге атқа мініп:
- Сіздер тоқтаңыз!- деп, жөнеліп, ханның алдынан шықты дейді. Сонда Қозған – Құлыке - «Бекше мерген» деген ауызға алынған атақты мерген болған кісі екен дейді, атқан оғы құралайдан өтеді екен:
- Сол сартты атып тастасам, қайтеді?!- деп, мылтығының сирағын тігіп, атайын деп тұрғанда, Жаңабатыр бидің баласы Жанақ батыр келіп:
- Атпа!- деп, мылтығын ұстай алды.
Хан анадан Мұның бәрін көріп, белгіледі дейді. Ол жақтан Абылай мен Балтакерей: Тұрсынбай батыр, Бұл жақтан - Бекболат пен Едіге атқа мінді де, сәлемдесіп, Абылай хан сөз бастады:
- Көтерген де - өзің, көтіме қол салған да өзің!- деп тұрғанда, озып келіп, Күлік: Көтеш ақынның бала күні екен, билерді сөйлетпей, көлденеңдеп барып өлеңді қоя берді дейді, оның баяны:
Абылай, Ботақанды сен елтірдің, Есіл ерді - жазығы жоқ, неге елтірдің?! Хан басың қарашыңмен даулы болып, Үстіне ақ ордаңның қол келтірдің! Абылай, күйіп кетті салған қалаң, Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң, Жанайды бүгінгі күн босатпасаң, Болады жетім-жесір қатын-балаң! - деген соң, хан сөзге келмей, жарасып, бұлардың айтқанындай қылды дейді.
- Мылтықты бізге қарай сирағын тіккен кім еді?- деп сұрады.
- Бекше мерген ,- деген соң,
- О, талай жерде жолдас болып жүріп ек, адамзат бірін-бірі өлімге қия береді екен-ау! Мылтығын тіккенде, біреу аузын келіп ұстай алды, ол кім?- деді.
- Жаңабатырдың баласы Жанақ,- деді. Сондағы Абылай сөзі:
- Мынау мылтығыңның аузы қырсықпасын!- деді,- деп, бір түйе бастатқан «тоғыз» байлады,- дейді.-Жүгіріп келіп ұстаған Жанақ деген соның бас арашашыға қосқаны ғой. Оның атасы - Жаңабатыр. Қазақ ішінде он кісінің босағасына түйе бастатып, «тоғыз» байлаушы Бейсен би еді. Қазақ ішінде сый берсе, сол кісі айтқанымен болушы еді: «Ат шаптыр!»- десе, шаптырушы еді. «Шаптырма!»- десе, шаптырмаушы еді. Және: «Тарқа!»-десе, тарқаушы еді. Анық Құдай жаратқан шын би еді. Және ол заманда қаралы үй болады. «Күйіндіге кеш өлсе, келерміз»,- деп, келгенге шейін босағаға найза шаншып, қарадан жалау байлап қояды. Жыл өткен соң, сол кісіге құлақ естіген жерден жалауын алып, найзасын сындырушы еді. Босағасына ат байлап, шапан «жол» қылушы еді. Өз заманында ол кісіден өткен жан жоқ еді. Сөйтіп ол кештің жолына бір ат, шапан болсын,-деді.
Сөйтіп қарашасымен жарасып, үйіне қайтқан екен. «Абылай аспаған сары бел»- деп атанған жері осы екен,- дейді. Кешегі өтіп кеткен хан Абылай, Соғыпты құбыладан ескен желдей. «Сонау бір сары белден аспадым!»- деп, Кетіпті арман қылып біздің елді - ей!
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» -АТАЛҒАН МӘНІСІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан қазақтың ханы болған бір Ботақан дегенді тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына айтты:
- Ботақанды көрге салып келдім, - дейді,- Бұ Орта жүзден бізге үкім бұйырмаған екен.
Қатыны айтты:
- Шығарыңыз көрден.
Абылай бір кісіні жіберді:
- Көрден шықсын,- деп.
Бұл кісі Ботақанға айтты.
- Шықпаймын!- дейді.
Жіберген кісісі Абылайға барды:
- Шықпайды керден,- дейді.
Абылайдың өзі келді:
- Інінен тартып шық!- деп.
Көрден бірі тартып шығарайын деп жатқанда, жүрегінің басынан тарс етіп жарылып кетті. Орта жүз намыстанды. Орта жүз намыстанған соң, Абылай ауып кетті, қашып. Арғын, Найман болып Абылайды қуды. Басы Қазыбек боп қуды, үш көшкенше қуды. Абылайдың қатыны айтты:
- Абылай хан, дәнеме білдіңіз бе?
- Не білейін?
- Бізді қуды (Қазыбек). Қазыбектің үш ойы бар,- дейді,- Қазыбек мені алса, қайтер еді, әйтпесе сенің басыңды алса, қайтер еді, әйтпесе асулы қара қазанды алса қайтер еді?!
Қара қазанды асулы - тастап кетті. Көтінен Қазыбек келіпті, қазанның қасына келіп тұрыпты, найзаны шанышты:
- А, жұрт,- дейді,- Абылай тек жаратқан кісі емес. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қайтамын!»- деген ойым бар еді. «Болмаса Абылайдың қатынын алып қайтамын!»- деп едім. «Болмаса қара қазанын алып қайтамын!»- деп едім.
Қазанды алды да қайтты. Сол қазанды Қазыбек өзі асты, онан соң Бекболат асты, онан соң Тіленші асты, сонан соң Шама төре, Абылайдың қалмақ қатынының баласы, қара нарға қалы кілем жауып:
- Бабамның қазанын мен аламын!- деп, Тіленшіге келіп түсті. Қазанын Шама алыпты.
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» -АТАЛҒАН МӘНІСІ
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Fаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұ сөзім білгендерге таң болыпты.
Әлеумет, құлақ қойып тыңдасаңыз,
Арқада Абылайдай хан болыпты .
Қылады Мекержіде, байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда!
Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін,
Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Сол Абылай Алатаудағы: қырғызға, қалмаққа жорыққа аттанып бара жатқан жолында, Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір ұлы жиын асқа кез болыпты. Сол асқа Шаншар деген елдің желбас бозбалалары аңыз қылысыпты:
- Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсіргенге не қаһар қылар еді?- десіп.
Сонда Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «Мөр таңдайлы Балапан» арт жағынан барып, ханның артында тұрып, аңдаусызда шыбықпен басындағы бөркін қағып түсірді дейді.
Хан дәнеме демеді:
- «Ішкен - мас, жеген - тоқ!» - деген - осы ғой!- деп. - Жерге түскен бөрікті қайтып алып киюге жарамайды!- деп,- Жерде қала берсін!- деп, бөрікті жерден алдырмады. Сол бойымен бөрік жерде қала берді, хан да үндеген жоқ (үн жоқ, түн жоқ) жүре берді.
Замандардан заман өткенде, Қызылжар жәрмеңке болып, базар ашылған кезде Қаракесек, Төртуылдың базар базарлап барғандарының ішінен өкпе - кегі осы бөрік қағып түсіргендік – Төртуылдан - Ботақанды, Қаракесектен - Жанайды байлап алып қалды. Абылай хан Ботақанды тірілей көрге салдырып, үйіне келді. Ханымы:
- Қайдан келдіңіз?- деді (дегенде):
- Ботақанды тірілей көрге салдырып (салып) келдім!- деді (дейді).
Ханымы:
- Көтек, не дейді? Бұл Орта жүзден бізге дәм бұйырмаған екен. Ойбай, шығара көріңіз (шығарыңыз) көрден!- дейді.
Абылай бір кісіні жіберді:
- Көрден шықсын! - деп.
Бұл кісі барып, Ботақанға айтты. Ботақан:
- Шықпаймын!- дейді.
Жіберген кісі Абылайға барды:
- Шықпайды керден!- деді.
Абылайдың өзі келді, иінінен тартты:
- Шық!- деп.
Ботақан:
- «Үйге кірген құр шықпайды, керге кірген тірі шықпайды!»- деген. Енді мен шықпаймын!- деп, сіресіп, жата берді.
Хан өзі көрден бері тартып шығарайын деп, иінінен тарта бергенде, Ботақан өзінен-өзі долданып, жарылып өлді . «Абылай Ботақанды өлтіріпті, Жанайды байлап алып қалыпты!»- деп естіп, Орта жүз намыстанды. Бес Мейрам болып аттанып, Абылайды шаппақшы болды. Бекболаттың алпыс бестегі күні екен. Едігенің жиырма бестен күні екен. Ол күнде Бекболаттың қыстауы Жамандалба - Батырдың Бейсені қыстап отырған жер екен. Едіге бидің қыстауы Жақсыдалба - Қарағайлы бұлақ екен. Жаздың шығуын күтпей, қыс ішінде асығып-аптығып Бекболат пен Едіге атқа мінді. Бес Мейрамға кісі шаптырды. Күлік: Шобалай баласы Жаңабатыр биге кісі жіберді: «Дуагөй болып, алдымызда жүрсін!»- деп. Сонда Жаңабатыр:
- Мен қартайдым ғой! Өмір бойы отырған жұртыма өрт салып, көшкенім жарамайды ғой! Мен бармайын, сен бар!- деп, баласы Жанақты жіберді,- Бекболат пен Едігеге сәлем де! Ханын жаулаған қалмақ оңбаған. «Ханын жаулаған қара оңбайды, // Хан қисайса, бәрі оңбайды!»- деген. «Халық қадірін білмесе, хан тартпақшы жазасын!! // Хан қадірін білмесе, халық тартпақшы сазасын!»- деген . «Абылаймен ұрыс, соғыс қыламын!»-демесін. Бітім сөйлесіп, жарассын! Арашашы бол! - деп жіберді .
«Үш мың кісі болып атқа мінді, Мейрам болып көтерілді. Арғын, Найман болып атқа мінді!»- деп естіп, Керей, Уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен де Абылай үркіп көше қашты дейді 6. Сонда көшіп жатқанда, Абылайдың ханымы айтыпты:
- Кеше өзің көрген «Қаз дауысты Қазыбектің» баласы Бекболат алпыс бесте атқа мінді. Ол жай мінген жоқ, ант айтып, серттесіп мінді: «Не Абылайдың басын алмасам, не қатынын ат көтіне салмасам, не қара қазанын қақ айырмасам, әкем Қазыбектің аруағы өзімді ұрсын!»- деп мінді. Қара қазанды асулы бойымен жұртта қалдырыңыз! Сиыр атаулыны айдатпай, жұртқа тастаңыз! «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама!»- демей ме? «Аш атасын танымас!»- деген сөз бар емес пе? Сиырды топырлатып айдап келіп, сояр да, даяр тұрған асулы қазанға асып жеп, тояр да, тамақтары тойған соң, сабасына түсіп, ашулары басылып: «Ұрысамыз, соғысамыз!»- дегенін қояр да!- деген соң.
- Бұ да жобалы сөз екен,- деп, қара қазанды ошақ үстінде асулы бойымен қалдырып, үш жүз қаралы сиырды жұртта қалдырып, көшіп кетіпті.
Жасанған қол көшіп кеткен елдің жұртына келіп, жайылып жатқан сиырды көріп, асулы бойымен тұрып қалған қазанды көріп, сонда Бекболат ат үстінде сөйлепті:
- А, жұрт, Абылай тек жаралған жан емес, қас әулие. Ондай кісіге соқтығу жарамайды. Оның әулиешілігін айтайын. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қатынын ат көтіне салсам, қара қазанын қақ айырып, қайтсам!»- деген. Жазығы жоқ қазанды қалай қақ айырайын?! Ана жатқан сиырды шетінен шытырлатып алып келіп, сойыңдар! Аппақ майға әбден кенеліп, тойыңдар! Менің тілімді алсаңдар, Абылаймен жауласуды, ұрысуды қойындар!- деп, сиырды сойып, туларын қандап, тамаққа тойып, мәре-сәре болысып, кенеліп, ай-жай болысты дейді .
- Бұл Абылайдың қарақан басын, ханымын (қасниман) арашалап қалған қазан!- деп, Бекболат үйіне алып қайтып, қанша жыл асып, онан соң Тіленші би асып, Абылайдың қалмақ қатынының баласы Шама төре Тіленшіге қаранарға қалы кілем жауып келіп:
- Бабаңның жолы!- деп, қазанды қалап алып, Шама төре асты.
- Кел, бұған елдеселік, елші жіберейік!- десіп, Орманшы: Ақсары - Шотананың Шотанасын жіберді. Бұл Шотана қандай кісі болғанын сөйлейік. Әулиелі Қызылтауда «Шотана тасы»- деген бір биік тас бар. Шотананың үйі, қорасы сол тастың түбінде болады. Бір қараңғы түнде Шотананың екі өгізін ұрылар ұрлап алып кетіпті. Таң атқан соң, қорадағы егіз жоқ болған соң, Шотана үйінің сыртындағы тастың басына шығып, салыпты айғайды:
- Атым Шотана! Екі егізімді алған, кім де болсаң, іннің түбіне кіріп кетсең, жаныңды қоймаймын!- деп.
Алған ұры да екі кісі екен. Түндік деген өзеннен жаңа асып, Майөлең деген жерден өтіп барады екен. «Артымыздан келіп қалған екен!»- деп, өгізді тастай қашып кетіпті.
Елшілікке Шотана бармақшы болғанда:
- Айтатұғын сөзді саған біз үйретейік пе? Өзің - ақ айтасың ба ?- дегенде:
- Екеуің он бес ауыздан отыз ауыз сөз үйретерсің! Ол таусылып қалса, мен аңырып отырып қаламын ғой! Құдайдың аузыма салғанын өзім-ақ айтайын!- деп, жүре беріпті.
Абылай ханға барып, қайтып келген соң, Бекболат пен Едіге алдына тұрғызып:
- Не дедің? Не дедің?! - десіпті.
Сонда Шотана:
- Хандарыңа бардық. «Алдияр, тақсыр!»- деп, сәлем бердік. «Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келді! Бекболат пен Едіге жіберді: «Бақ деген бір қу таяқ.Оған сүйеніш болуға ырыс керек, құт керек. Көдедей көп сарттың ортасында жүріп, хан болатұғын болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме? «Дүние бұзылса, Бұхараға сыяды, // Бұхара бұзылса, дүниеге сыймайды!»- деп еді. Бұхараға сыймай, жалаң аяқ, жалаң бұт қашып келіп едің! Қара басың қаңғып жүріп, Сарыарқаға сыймағаның ба? «Ер толқыса, ел сүйейді, // су толқыса, жар сүйейді!»- деген. «Ел толқыған су емес пе?! Хан деген оған сүйеу боларлық биік жар емес пе?! Лақтың ойнақтағанына құлаған жар суға сүйеу болуға жарай ма? Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! Мың кісінің жолына «жетім» бастатқан «тоғыз», мың кісінің жолына түйе бастатқан «тоғыз»! Мың кісіге мың ат пенен шапан! Оны қылмаса, тұрысатын жерін, ұрысатын ерін айтсын!»- дедім дегенде, Бекболат:
- Айтқан аузыңнан да айналайын (айланайын), сені көтеріп тапқан қатынның да тапқан жерінен айналайын!- депті .
«Ертең Жолдыөзектің бойынан табысайық!» - деді - депті. Сонда Олжабай батыр:
- Мені: «Бұл қосында бар ма?»- деп, сұрады ма?- депті.
- Сұрады,- депті.
- Ендеше бізбен ұрысса алмайды, қара - қарсы тұрыса алмайды. Алтын қақпаны дал-дал қылғанымда Абылай қалш-қалш етіп, дір-дір етіп, түсі қашып тұр екен .
Онда Шотана айтты:
- Ханның өзі де айтты: «Ту көтере көрмеңдер! Туды керсе, Олжабайдың жыны көтеріліп, қозып кетеді!» Сірә, ұрысуға көңілі жоқ-ау дедім.
Абылай Жолдыөзектен өтіп қонған екен. Бір жағына бұлар да барып тосып жатты. Ертең таң атқан соң, қараса:
- Желкілдеген ту да жоқ, жер қайысқан қол да жоқ. Бір-екі атты келеді!- десті.
- Бұл не қылған жан?!- деп, таңырқасып тұрса, Абылай хан мен Балтакерей: Тұрсынбай батыр екен. Екеуден екеу келе жатқанын көрген соң, Бекболат пен Едіге атқа мініп, екеуі алдынан шығысыпты. Сонда Қозған: Құлыке - Бекшенің Бекшесі оғын Құралайдың көзінен өткізетұғын мерген екен:
- Бұл сартты жалп еткізіп, жайратып тастайын!- деп, мылтығының сирағын жерге қадай бастағанда, Жанақ жүгіріп келіп, ұстай алыпты.
Хан өзі бәрін көріп келеді. Ол жақтан: Балтакерей: Тұрсынбай мен Абылай келіп, Бұл жақтан: Бекболат пен Едіге барып:
- Көтерген де - өзің, көтіме қолды салған да - өзің!- дей бергенде, Көтеш ақын бала күні екен, көлденеңнен барып өлеңді қоя берді:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?! Хан басың қарашыңмен даулы болып, Үстіне ақ ордаңның қол келтірдің! Абылай, күйіп кетті салған қалаң, Мейрамға не дейсің - жапқан жалаң! Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң!
Сөз құрыды, сол жерде бітім, тыным болып жарасты .
- Мылтық құрған кім еді?- дегенде :
- Қозған: Бекше мерген еді!- дегенде:
- Талай жорықта бірге жүріп, бір торсықтан малта жеп, бір табақтан ет жеген жолдас едік. Кісіні кісі жоқ жерде елімге қия береді екен-ау,- деп, - мылтығының аузы қырсықпасын!- деп, мылтығының аузына бір түйе байлады дейді. - Жүгіріп келіп ұстай алған кім еді?- дегенде:
- Күлік: Жаңабатыр баласы Жанақ,- десті.
- Олар Құдай жаратқан шын би ғой! Баласын: «Арашашы бол!»- деп, қосқан ғой! Қазақ ортасында ат шаптырған ұлы жиын ас болса, Жаңабатыр бидің босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын! Жаңабатыр: «Осы-ақ ас - ақ!»- десе, ат шауып, ас тарқасын! Әйтпесе ат шабылмайтұғын болсын да, ас тарқамасын!
Және ол заманда қаралы үйдің босағасында бір найза шаншулы тұрады екен. «Кісісі өлген қаралы үй екенін жұрт айтпай танып, сұрамай біліп, бата қылсын!»- деп.
- Жылы біткенде, сол найзаны Жанақ сындырып, ат-шапан оның жолы болсын!- деп, Абылай хан осы кесімді билерге кестіріп, жол-жора қылыпты.
«Бекболат пен Едігенің жолы»- деп, екеуіне екі қыз сыйлапты. Бірінің аты - Кишек екен. Ол Кишекті Бекболат өзі тоқалдыққа алып, оның ұрпағы: «Кишекпіз» - дейді. Бірінің аты Ұмсын екен. Оны Едіге ағасы Жоланға байлап, онан туған Далабай атанып, Далабайдан -Мұсабай қажы атанып, Мұсабайдан: Мақажан, Тақаш. Тақаш балалары бар, өсіп-өнген жоқ. Хан баяғы хан, қарашы бұрынғы қарашы болып, масайрап қайтысыпты. «Абылай аспаған сары бел» атанған жері осы дейді.
Абылай хан өзі екі сөзінің бірінде айтып отырады екен:
- Осы бір «Бес Мейрамның баласы»- деген ел пайғамбар мен Шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлділі түгел туған ел. Батыры көптіктен, жаудан қорықпайды. Шетінен шешен бола туады да, даудан қорықпайды. Қарақұрттай құжынаған Қаракесегі бар, «е»- десе - «мә!»- деп, едірейетұғын Қуандығы бар. Оның өмірінше үзілмейтұғын жуандығы бар. Жылым құртша жегенін білдірмей жеп қоятұғын Сүйіндігі бар!- деген екен.
Және Абылай хан айтқан екен деседі:
Керей менен Уақты,
Найза бер де, жауға қой!
Бес баласы Мейрамның
Қамшы бер де, дауға қой!
Атығай менен Қарауылды
Ұсақ турап етке қой,
Бауын шеш те, к...тке қой!- деген екен.
Қасында қарайып қалғанмен, дәнемеге септігі болмаған соң, айтқаны ғой! «Кеше Кенесары қырғызға аттанғанда, Атығай, Қарауылдан жан аттанбаған екен. Орысқа ерте бағынып, бодан болған ел екен!»- деседі. Не қылса да, жан - тыныштықты білетұғын жұрт.
Төртуыл ішінде жүрген Төлеген қожаның өлеңі:
Кешегі өтіп кеткен хан Абылай,
Соғыпты құбыладан ескен желдей.
«Сонау бір сары белден аспадым!»- деп,
Кетіпті арман қылып біздің елді - ей!
Көліне Итемгеннің қонған болып,
Шоң биім үйде жатыр қорған болып.
Атадан он үшінде жетім қалған,
О да жүр жұрт иесі Шорман болып.
Бояудың бастығысы - қызыл гүлден,
Жақсы ма жұма күні қадір түннен?!
Нұрқан, Бапан - болғанда Шоң мен Шорман
Бұзықтың басы бурыл, бүлік кімнен?!
Ақжардан қонушы едік жақындасып,
Ойнаушы ек буыршындай тақымдасып!
Араз - қораз, жоқ болып ашу, өкпе,
Жайлауда отырушы ек мақұлдасып.
Қонушы ек ауыл үй боп араласып,
Ойнаушы ек айт пен тойда сабаласып!
Қыз, бозбала бас қосып жүруші едік,
Түн жамылып тоғайды паналасып.
Төрең Нұрқан болғанда, биің - Бапан,
Алымық (Аллу мың) - жалды ат пенен шолақ шапан.
Жабағылы биеге арба салып,
Қоскөлде көшуші едің қопаң-қопаң!
Сол Төлеген қожаға Қаржастың бір Емелтай деген ақыны айтыпты:
Ассалаумағалейкум, Құтпан қожам! Шалдарды шатыранжы ойнап, ұтқан қожам! Төртбиенің сүтіне наз қыласың, Төрт ауылды құрыта (қорыта) жұтқан, қожам! Төлеген қожа келіп қыстаған жылы төрт ауылдың өлмелі шалдары өз ажалынан қирап қалған екен. Сонда Төлеген қожа айтыпты: Тамам Талас ішінде сен жарлы едің, Сонда дағы пейілің кең жарлы едің! Кеше Шектібайдың алалысы құрығанда, Сонда дағы ішінде мен бар ма едім?! Шектібай деген Емелтайдың бабалары екен. Жұт болып, Шектібай байдың алалы жылқы, ақты қойы қу сирақ болып қалған екен. Атығай: Мандай-Жандайдың Маңдайы - дуанбасы. Маңдайдың Қапар деген баласы -қазы, Сапты деген баласы болыс күнінде Айдабол: Тайкелтір ұрпағынан Елеңке деген қумен сол елде он үш жасында ақындықпен атағы шыққан Кемпір деген қызбен Елеңке елең айтысқанда, қыз айтыпты: Қаракесек, Сүйіндік жазып жүрген, Бел буардан қара жер қазып жүрген. Үш қайнаса, сорпасы қосылмайды, Қаңғырып біздің елде не ғып жүрген?! Онда Елеңке қу айтыпты: Асқар бел - айдыны зор шалқар көлмін, Үстіңде елтірі ешкі жаға мен жеңмін. Кешегі хан Абылай аса алмаған. Соны да асырмаған сары белмін!- дегенде, қыз тоқтап тұра қалыпты. Қоңырқұлжа төрені жоқтап жырлаған - Құдайменде төренің тоқалынан туған Бектөренің қызы, аты - Әйке. Әбетей - Сармиықтың Әбетейінің қайнысы. Абылай ханның тоқалдан туған ұрпағы Нұржан төре еді. Соның қызы Бәтике сұлу - бет біткеннің сұлуы еді. Күмістен бесік жасатып, бір еркек, бір ұрғашы - екі жетіммен түскен соң, түскен жері «Ханымшоқы» атанған, пұшпағы қанамай еткен.
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» - АТАЛҒАН МӘНІСІ
(БЕСІНШІ НҰСҚА)
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты, Бұ сезім білгендерге таң болыпты. Әлеумет, құлақ қойып тыңдасаңыз, Аркада Абылайдай хан болыпты .
Қылады Мекержіде байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң, Абылайдың тұрған жерін,
Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Сол Абылай Алатаудағы қырғызға, қалмаққа жорыққа аттанып бара жатқан жолында, Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір асқа кез болыпты. Сол аста Шаншар деген елдің желбас бозбалалары аңыз қылысыпты:
- Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсіргенге не қаһар қылар еді?- десіп.
Сонда Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «мөр таңдайлы» Балапан арт жағынан барып, ханның арт жағында тұрып, аңдаусызда шыбықпен басындағы бөркін қағып түсірді дейді.
Хан дәнеме демеді:
- «Ішкен - мас, жеген - тоқ!» - деген - осы ғой! Жерге түскен бөрікті қайтып алып киюге жарамайды, жерде қала берсін!- деп, бөрікті жерден алдырмады. Сол бойымен бөрік жерде қала берді, ханда үн жоқ, түн жоқ, жүре берді.
Замандардан заман өткенде, Қызылжар жәрмеңке болып, базар ашылған кезде Қаракесек -Төртуылдың базар базарлап барғандарының ішінен Төртуылдан - Ботақанды, Қаракесектен - Жанайды байлап алып қалды. Абылай хан Ботақанды тірілей көрге салдырып, үйіне келді. Ханымы:
- Қайдан келдіңіз?- дегенде:
- Ботақанды тірілей көрге салып келдім,- деді (дейді).
Ханымы:
- Көтек, не дейді? Бұл Ортажүзден бізге дәм бұйырмаған екен, шығарыңыз көрден,-дейді.
Абылай бір кісіні жіберді: « Көрден шықсын!» - деп.
Бұл кісі Ботақанға айтты, Ботақан:
- Шықпаймын!- дейді.
Жіберген кісі Абылайға барды:
- Шықпайды көрден,- дейді.
Абылайдың өзі келді, иінінен тартты:
- Шық!- деп.
Ботақан:
- «Үйге кірген құр (құры) шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды»- деген, енді мен шықпаймын!- деп, сіресіп, жата берді.
Хан өзі көрден бері тартып шығарайын деп жатқанында, жүрегінің басынан тарс етіп, жарылып, Ботақан өлді. Орта жүз намыстанды, Мейрам болып атқа мініп, Абылайды шаппақшы болды. Сонда Бекболаттың алпыс бестегі күні екен, Едігенің жиырма бестегі күні екен. Ол күнде Бекболаттың қыстауы Жаман Далба - Батырдың Бейсені отырған жер екен. Едіге бидің қыстауы - Жақсы Далба - Қарағайлы бұлақ екен. Бекболат пен Едіге тізе қосып атқа мінді. Бес Мейрамға кісі шаптырды. Күлік: Шобалай баласы Жаңабатыр биге кісі жіберді:
- Дуагөй болып, алдымызда жүрсін!- деп.
Сонда Жаңабатыр:
- Мен қартайдым ғой, өмір бойы отырған жұртыма өрт салып, көшкенім жарамайды ғой! Мен бармайын, сен бар,- деп, баласы Жанақты жіберді,- Бекболат пен Едігеге сәлем де: «Ханын жаулаған қалмақ оңбаған». «Ханын жаулаған қара оңбайды, хан қисайса, бәрі оңбайды!»- деген. Абылаймен ұрыспасын, бітім қылып, жарассын! - деп,- Арашашы бол, араға жүріп елдестіруге жаһат қыл, - деп қосты дейді.
«Үш мың кісі атқа мінді, Мейрам болып көтерілді»- деп естіген соң, Керей, Уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен дейді. Керейді Кеше Тұрлыбек, ат арқасына мінгенде, іштен алып шығып, Қалың шұбарға қондырған екен. Уақ сол бойымен іште қалыпты. «Арғын, Найман атқа мінді»- деген сөз көтеріліп кетіп, Абылай үркіп көше қашты дейді. Сонда Абылайдың ханымы айтыпты:
- Кеше өзің көрген Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат алпыс бесте атқа мінді. Ол жай мінген жоқ анттасып, серт айтып мінді: «Не Абылайдың басын алмасам, не қатынын ат көтіне салмасам, не қара қазанын қақ айырмасам, әкем Қазыбектің аруағына өзім ұшырайын!»- деп, атқа мінді. Қара қазанды асулы бойымен жұртта қалдырыңыз және сиыр атаулыны жұртқа тастатыңыз! «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама»-деген қайда? «Аш атасын танымас»- деген тағы бар ғой. Сиырды сояр да, асулы қазанға асып жеп тояр да. Сонан соң ашуы басылып, «соғысамыз»- деген сөзін қояр да!- деп, қара қазанды жұртқа асулы бойымен қалдырып, ұдайымен жүреміте үш көшіп барып отырыпты.
Жасанған қол көшкен елдің жұртына келіп, жайылып жатқан сиырды көріп, асулы қалған қазанды көріп, сонда Бекболат ат үстінде тұрып, найзасымен қазанды шаншып, тіреп тұрып сөйлепті:
- А, жұрт, Абылай тек жаралған кісі емес, қас әулие. Ондай кісіге соқтығу жарамайды, оның әулиешілігін айтайын. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қайтамын»- деген ойым бар еді. «Болмаса, Абылайдың қатынын ат көтіне салсам, қайтамын» - деген ойым бар еді. «Ең болмаса, қара қазанын қақ жарып, қайтам!»- деп едім. Ана жатқан сиырды шетінен алып келіп, сойыңдар да, ақ майға әбден кенеліп тойыңдар! Менің тілімді алсаңдар, жауласуды қойындар!- деп, сиырды сойып, туларын қандап, бірін-бірі тамаққа тойғызып, алдап, мәре-сәре болысты.
Сол қазанды алып келіп, Бекболат асты. Онан соң Тіленші асты. Абылайдың қалмақ қатынының баласы Шама төре Тіленшіге қара нарға қалы кілем жауып келіп түсіп, қазанды қалап алып, Шама төре асты.
- Кел, бұған елші жіберейік,- десіп, ақылдасып Орманшы: Ақсары - Шотананың Шотанасын жіберді.
Қызылтауда «Шотана тасы»- деген бір биік тау. Шотананың екі ізін қорасынан ұры ұрлап кетіпті. Сонда Шотана үйінің сыртындағы тастың асына шығып, салыпты айқайды:
- Өгізімді алған, кім де болсаң, тастап кет! Атым Шотана: інге кіріп кетсең де, қоймаймын өгізімді!- дегенде, алған ұры Түндіктен жаңа асып, «Майөлең» - деген жерді басып барады екен. «Артымнан келіп қалған екен!»- деп, тастай қашыпты .
Елшілікке Шотана барып, қайтып келген соң, Бекболат пен Едіге алдына алып сұрапты:
- Не дедің?
Сонда Шотана айтыпты:
- Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келді. Бекболат пен Едіге жіберді: «Бақ деген қу таяқ болатұғын. Ырыс, құт деген оған сүйеніш болатұғын. Көдедей көп сарттың ортасында жүріп, хан болатұғын болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме? «Дүние бұзылса, Бұхараға сыяды, // Бұхара бұзылса, дүниеге сыймайды.» Бұхараға сыймағандықтан, Арқаға келген соң, қара басың қаңғып, Арқаға сыймағандығың ба?!
(Ескерту: «Бекболат пен Едіге жіберді»- дегеннен кейінгі осы бір сөздер шоғыры сол 137 беттің оң жақ қапталына көлденеңдеп жазылып, соңғы: «Қара басың қаңғып, Арқаға сыймағандығың ба?»- сөздері бет аяғына ең төменде жазылып қосылған.- Л.Ж.) «Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! Мың кісінің жолына ер басына «жетім» бастатқан «тоғыз» берсін! Мың кісінің жолына ер басына түйе бастатқан «тоғыз» берсін! Қалған мың кісіге мың ат, мың шапан берсін! Бұған көнбесе, тұрысатын жерін айтсын, ұрысатын ерін айтсын!»- дедім,- дегенде, Бекболат:
- Айтқан аузыңнан да айналайын, сені көтеріп тапқан қатыннан да айналайын!- депті.
«Сірә, Шотана сөзі Мұнан да дәмді, ірілеу, бізге талып, үздігіп жеткен, қалған сірілеу ғой»,- деп ойлаймын.
- Не дейді?
- Не дейді?- десті.
- Ертең Жолдыөзектің бойынан табысайық!- десті - дейді.
Сонда Олжабай батыр:
- Мені: «Бұл қосында бар ма?»- деп, сұрады ма?- депті.
- Сұрады.
- Ендеше бізбен ұрысса алмайды, қара - қарсы тұрыса алмайды. «Алтын қақпа»- деген қақпаны бұзғанда, даруазасы қалайы мен қорғасыннан екен. Ешкімнің қолы батпағанда, туымды Абылайға ұстатып қойып, аттан түсе қалып, шапқылағанда, Абылайға қарасам, қалш-қалш етіп, тітіркеніп, дірілдеп түр екен. Бізбен қарсыласуға сартыңның аруағы беттей алмаса керек!- депті.
Жолдыөзекті бет алып, бұлар да барып жатыпты. Ертең таң атқан соң, қараса, желкілдеген ту да жоқ, жер қайысқан ну да жоқ, бір-екі атты келеді екен.
- Бұл не қылған жан?!- деп, таңырқасып тұрса, Абылай хан мен Балтакерей -Тұрсынбай батыр екен. Екеуден екеуі келе жатқанын көрген соң, Бекболат пен Едіге атқа мініп, екеуі алдынан шығысыпты. Сонда Қозған - Құлыке, Бекшенің Бекшесі оғын құралайдың көзінен өткізетұғын мерген екен:
- Бұл сартты жайратып тастайын!- деп, мылтығының сирағын жерге қадай бастағанда, Жанақ жүгіріп келіп ұстай алыпты.
Хан өзі көріп келеді. Ол жақтан Балтакерей - Тұрсынбай мен Абылай хан келіп, Бұл жақтан Бекболат пен Едіге барып, амандық айтыса бастағанда, Күлік - Көтеш ақын жас бала күні екен, көлденеңдеп барып, өлеңді қоя берді дейді:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ ордаңның қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?!
Жанайды дәл бүгін сен босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң.
Басқа сөз де жоқ, дау-шар да жоқ, сол жерде жарасып, бітімге келіп, бұлардың не дегенін қылды дейді.
- Мылтық құрған кім ?- деп сұрады.
- Қозған - Бекше мерген еді - дейді.
- Талай жорықта бір торсықтан су ішіп, бір табақтан ет жесіп жүрген жолдас - ақ едік. Кісіні кісі жоқ жерде өлімге қия береді екен-ау,- деп, - Мылтығының аузы қырсықпасын!-деп, оның мылтығының аузына бір түйе бай лады дейді.
- Жүгіріп келіп ұстаған кім еді?- деп сұрады.
- Жаңабатырдың баласы Жанақ еді,- деген соң,
-Жаңабатыр: «Арашашы бол!»- деп, қосқан ғой. Олар Құдай жаратқан шын би ғой! Қазақ ортасында ат шаптырған ас болса, Жаңабатыр бидің босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын! Жаңабатыр: «Осы ас- ас болды!»- десе, ат шауып, ас тарқасын, әйтпесе ат шабылмасын, ас тарқамайтұғын болсын! Және ол заманда қаралы үйдің босағасында бір найза жылына шейін қысы-жазы шаншулы тұрсын да, сол найзаны жылын бергенде, «қаһарлы Жанақ» сындырып, ат-шапан оның жолы болсын!- депті. Сөйтіп хан қарашысымен жарасып, ойнап-күліп, мәре-сәре болысып қайтқан екен.
«Абылай аспаған сары бел» - атанған мәнісі осылай еді,- дейді.
Абылай хан өзі екі сөзінің бірінде айтып отырады екен:
- Пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлділі туған ел, батыры көптіктен, жаудан қорықпайды да, шетінен шешен бола туады да, даудан қорықпайды. Қара құрттай құжынаған Қаракесегі бар; «ә» - десе- «мә!»- деп, едірейетұғын Қуандығы бар: оның өмірінше үзілмейтұғын жуандығы бар; жылым құртша жегенін білдірмей, жеп қоятұғын Сүйіндігі бар!- деген екен.
Және Абылай хан айтыпты деседі:
- Керей менен Уақты,
Найза бер де, жауға қой!
Бес баласын Мейрамның
Қамшы бер де, дауға қой!
Атығай менен Қарауылды
Ұсақ турап етке қой,
Бауын шеш те, к...тке қой!- деген екен.
Қасында қарайып қалғанмен, дәнемеге септігі болмаған соң айтқан ғой.
Кеше Кенесары қырғызға аттанғанда да, Атығай, Қарауылдан жан аттанбаған екен. «Орысқа ерте бағынып, ерте бодан болған екен»- деседі. Не қылса да, жан тыныштығын білетұғын жұрт.
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» - АТАЛҒАН МӘНІСІ
(АЛТЫНШЫ НҰСҚА)
Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек: Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Сонда сол аста: «Ішкен-мас, жеген ток»- ерігіп тұрған Шаншардың желбастары аңыз қылысты дейді:
- Басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық қылып, қандай қаһар қылар еді?-дескенде, Қаз дауысты Қазыбектің інісі мөр таңдайлы Балапан:
- Оны құр айтып қойғанша, көру керек!- деп, артынан барып, андаусыз, абайсыз тұрғанда, ханның басындағы беркін шыбықпен қағып, жерге түсіріпті.
Хан қаһар да қылған жоқ дәнеме деген жоқ:
- Бүгін «ішкен мас, жеген тоқ», кімде ес бар дейсің?- деп, хандық қылды,- Жерге түскен бөрікті басқа алып киюге жарамайды,- деп,- қалған жерде қалсын!- деп, бөркін жерден алдырмады, жүре берді дейді.
Күндерден күндер өтіп, ол ұмыт болып кетіп, Қызылжар базар болған соң, Қаракесек, Сүйіндіктің базаршысы көтеріле Қызылжарға базар базарлап баратұғын болып, көп базаршы барғанда, өкпесі - кегі баяғы бастан бөрікті қағып түсіргендік болып, Қаракесектен бір кісіні, Төртуылдан бір кісіні тірі ұстап алып қалып, екеуін тірілей көрге салып тастады. Сонда Қаракесектен алып қалған кісісі - Қаз дауысты Қазыбектің немересі Қазымбеттің баласы Жанай екен.
Қалдыбай: Шөженің өлеңі де бар:
Қазымбеттің баласы: Қанай, Жанай,
Ортаншысы - Атымбай, кенжесі - Анай.
Қараұзақ пен Сарыұзақ - қарақалпақ,
Қолыткесін сұраймын әлде қалай.
Төртуылдан алып қалған кісісі Ботақан деген екен. Абылай хан екеуін тірілей көрге салдырып, үйіне келді. Ханымы айтты:
- Төре, кешігіп қалдыңыз, қайдан келдіңіз?- дейді.
- Ботақанды тірілей көрге салып келдім,- дейді. Ханымы айтты:
- Бұ Орта жүзден бізге дәм бұйырмаған екен, шығарыңыз көрден Ботақанды!- дейді.
Абылай бір кісіні жіберді:
- Керден шықсын!- деп.
Бұ кісі барып, Ботақанға айтып еді, Ботақан:
- Шықпаймын! - дейді.
Жіберген кісі Абылайға қайтып келді. Ботақанның: «Шықпаймын!» - дегенін айтып келді. Абылайдың өзі келді, інінен тартып:
- Шық!- деп.
Ботақан:
- Өлгенде жататұғын көріме тірілей жатым. «Үйге кірген құр шықпайды, // Керге кірген тірі шықпайды»- деген. Бүйтіп жұрт көзіне көрінгеннен өлгенім артық!- деп, ыза бойына сыймай, долданып жүрегінің басынан тарс етіп жарылып өліп кетті дейді.
Бұл хабарды естіген соң Орта жүз намыстанды. Сол күнде Қазыбек өлген екен де, Қазыбек баласы Бекболат алпыс бестегі күні екен. Едіге бидің жиырма бестегі күні екен. Едігенің қыстауы Жақсы Далбада: Қарағайлы бұлақ, Бекболаттың қыстауы Жаман Далбада: осы күнгі Батырдың Бейсені қыстап отырған жер екен. Бекболат пен Едіге атқа мініп, бес Мейрамды жиды дейді: «Абылайды шабамыз!» - деп, үш мың кісі жүруге бетін түзеп. Сонда Бекболат пен Едіге Күлік: Жаңабатырға кісі жіберді дейді.
- Дуагөй болып, алдымызға түсіп жүрсін!- деп.
Сонда Күлік: Жаңабатыр өзі жүрмеді, баласы Жанақты жіберді дейді.
- Ханын жаулаған қалмақ оңбаған: «Ханын шапқан қара оңбайды!»- деген. Бекболат пен Едігеге сәлем де: «Абылаймен жарассын, арашасы бол!»- деп, қосты дейді.
Сонда: «Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келеді, ішінде Алтай: Жиенәлі батыр, Айдабол:Олжабай батыр бар, тағы сондай атақты ерлер бар!»- деген соң Керей, Уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен. Уақ сол бойымен іште қалды, Керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінген соң, ап келіп орналастырған екен.
Сонда үйде отырып Абылайдың ханымы айтты дейді:
- Абылай хан, дәнеме білдіңіз бе?
- Не білейін?- депті.
- Білмесеңіз, Қаз дауысты Қазыбектің аруағын шақырып, баласы Бекболат атқа мінді: «Осыдан Абылайдың басын алмасам, қатынын ат көтіне салмасам, қара қазанын қақ жармасам, әкем Қазыбектің аруағы өзімді ұрсын!»- деп, қарғанып мінді. «Ашулының алдында тұрма!»- деген, ал көшіңіз, қара қазанды асулы бойымен жұртқа қалдырыңыз! Өздері келер де, даяр асулы қазанға тамақ қылып ішер. «Ішінен дәм таттық қой, не жазығы бар Мұның?!»- деп жаруға көзі қимас, батылы бармас. Сонан соң: «Қара қазанын алдық қой !»- деп, ашуы басылар да, серті сынар, көңілі тынар. Және сиыр, ат атаулыны үш мың кісіге азық боларлық қылып, жұртқа тастап кетіңіз! Батырлары туын қандасын, мәре-сәре болып, тамаққа тойынсын! «Бір қарыны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама!»-деген бар ғой. Және: «Аш атасын танымас»- деген бар той. Қарындары тойған соң, ақылдарына түсіп, сіздің хандығыңызға, өздерінің қаралығына көзі жетіп, тоқтар!- деген екен.
Абылай хан ханымының тілін алып, қара қазанды асулы бойымен жұртында қалдырып, үш жүз сиырды қалдырып, Көкшетаудан үш күндік жерге үркіп барып отырды дейді. Сонда көшкенін, үріккенін білсін, үш мың кісі Абылайдың көшкен жұртын келіп басып, Бекболат келіп ат үстінен ашулы қазанға найзасын шаншып тұрып сөйледі дейді:
- А, жұрт!- дейді,- Абылай хан да Құдай тек жаратқан жан емес, қараңдаршы! Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем - ау, иә болмаса қатынын ат көтіне салсам - ау, не болмаса қара қазанын олжаласам - ау!»- деп едім. Міне, енді қара қазанын асулы бойымен қалдырғаны - менің ойлаған ойымды әбден білгендігі. Қанша айтса да, Құдай артық жаратқан хан - ау! Енді мен сертіме жеттім. Анау сиырды қиратып сойыңдар, аппақ майға тойыңдар, туларыңды қандаңдар! Елші жіберейік, Құдай ұнатса, жарасып, жадырап қайтармыз!- деп, сөзді осыған қойды дейді.
Сол қазанды Бекболаттан соң Тіленші би асқанын көрген жан сөйледі. Тіленші биге Абылайдың қалмақ қатынының балалары: Шама төре қара нарға қалы кілем жауып келіп:
- Қазыбектің аруағына байлағаным!- деп, сұрап алып, соның қолында қалды дейді.
Хош, Бекболат пен Едіге Абылай ханға елшілікке Орманшы:Ақсары - Шотананың Шотанасын жіберді:
- Саған сөзді үйретейік пе, өзің сөйлеймісің? - дегенде, Шотана батыр айтты дейді:
- Екеуің көп үйретсең, отыз ауыз сөз үйретерсің. Ол таусылған соң, не қылмақшымын? Ауызымнан не шыққанын қайтып келген соң, өздерің есітерсіңдер!- деп, жүре беріпті.
Шотана батырдың қалпы қандай кісі екенін айтып берейін. Қызылтауда «Шотана тасы»-деген тас бар. Шотана батырдың үйі сол тастың түбінде отырғанда, қорадан екі өгізін түнде ұры ұрлап кетіпті. Алагеуімнен түрегеліп, өгізді ұры ап кеткенін біліп, Шотана батыр тастың басына шығып, айқай салыпты:
- Тастап кет менің егізімді! Атым - Шотана, жердің тесігіне тығылсаң да, қой маймын!-дегенде, алған ұрылары Түндіктің өзенінен асып барады екен. «Артымыздан қуып келіп қалған екен ғой!»- деп, тастай қашқан екен.
Шотана батыр Абылай ханға барып, аман-есен қайтып, Бекболат пен Едігенің алдына келді.
- Не дедің?- дегенде, айтқаны:
- Бекболат пен Едіге жіберді. Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келді. Бұрынғы әулие өткен ата-бабаларымыз айтқан екен: «Дүние бұзылса, Бұхараға сыяды, Бұхара бұзылса, дүниеге сыймайды»- деген екен. Бұхараға сыймай, жалаң аяқ, жалаң бұт келген сарт Сарыарқаға симайын деп жүр ме? Ботақанның құнын берсін, Жанайды байлаудан босатсын! Мың кісінің жолына «жетім» бастатқан «тоғыздан» берсін! Мың кісінің жолына түйе бастатқан «тоғыздан» берсін, мың кісінің жолына мың ат, мың шапан берсін! «Айыпты хан боламын!»- десе,тұрысатын жерін айтсын, ұрысатын ерін айтсын! «Айыпсыз хан боламын»- десе, «Хан деген жар емес пе, қарашы деген лақ емес пе? Лақтың ойнағанына шыдай алмай, құлаған жарыңа қалай пана болмақшы!»- дедім,-дегенде, Бекболат сүйсінгеннен:
- Айтқан аузыңнан айналайын, сені көтеріп тапқан қатынның ...нан айналайын!- депті.
- Не дейді, не дейді?- дегенде:
- Ертең Жолдыөзектің бойына келсін, екеуміз екі жағына түселік дейді,- депті.
Сонда Олжабай батыр:
- Мені: «Бар ма?»- деп сұрады ма?- депті.
Сұрады: «Бар!»- дедім,- дегенде,
- Енді ол сарт бізбен қарсыласып, жауласуға жарамайды. Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда Сырым: Малайсары да бар еді, Шанышқылы: Бердіқожа да бар еді, Тарақты: Байқозы батыр да бар еді. Қақпасы қалайы мен қорғасынға мысты араластырып құйған екен. Жалғызыңның қолы батпаған. Сонда мен туымды Абылайға: «Мә!»- деп, бере салып, қақпаны шапқылағанда, саз балшықпен жаңа илеген қамырға кіргендей кірген. Сонда Абылайдың түріне қарасам, қалшылдап, дірілдеп түр екен. «Мына қаруын жауласып кетіп, өзіме жұмсаса, мынау жан шыдатпайды екен-ау!- деп, үрейі ұшып кеткендігі соңдай, бізбен қарсыласатын онда аруақ жоқ!- депті.
Жолдыөзектің ар жағынан Абылай қолы келді: Атығай, Қарауыл, өзінің төлеңгітінен басқа бөтен дым жоқ. Бір жағынан Бекболат, Едіге - үш мың кісімен. Самсыған сары қолдан екі кісі келе жатыр: біреуі - Абылай, біреуі - Балтакерей: Тұрсынбай батыр. Сонан соң, таныған соң, Бұл жақтан Бекболат пен Едіге атқа мініп, алдынан шықты. Сонда Қозған: Құлыке - Бекшенің Бекшесі, оғын құралайдың көзінен тигізетұғын мерген екен, мылтығының сирағын құрып, Абылайды нысанаға байлап тұра қалды дейді:
- Бұл сартты бір-ақ жоқ қылып тастайын!- деп, білтесін тұтатуға келтірмей, Жаңабатыр баласы Жанақ жүгіріп келіп, Бекше мергеннің қолынан мылтығын жұлып алды.
Не қылып, не қойғанның бәрін Абылай көріп түр. Ол жақтан екі кісі: бірі - хан, бірі -батыр, Бұл жақтан екі кісі: Қаракесек, Сүйіндіктің екі биі - төртеуінің бас қосқан жеріне көлденеңінен бала күні Көтеш ақын барып, оларды сөйлетпей, өлеңді гулетіп қоя беріпті:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ ордаңның қол келтірдің!
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не дейсің жапқан жалаң?!
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң!
Сонан соң кінәласқан да жоқ, айтысқан да жоқ. Ханы қарашысымен жарасып, Бұл барғандардың не көңілдегісін қылып, сөйтіп қайтарған екен. Сонда Абылай сұрапты:
- Мылтық құрған кім еді?- деп.
- Қозған: Бекше мерген,- деген соң,
- Талай жорықта бір торсықтан малта жесіп жүрген жолдас еді. Кісіні кісі жоқ жерде ақ өлімге қия береді екен-ау!- деп,- Оның мылтығының ауызы қырсықпасын!- деп, мылтығының ауызына бір түйе байлады дейді.
- Жүгіріп келіп ұстай алған кім?- дейді.
- Жаңабатыр баласы Жанақ,- дейді.
- Тегін кісі Жаңабатыр бола ма? Олар Құдай қойып қойғандай жаратқан шын би ғой : баласын: «Арашашы бол!»- деп, қосқан ғой! Ac берілгенде, Жаңабатырдың босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын да және қаралы шаншылған найзаны жылын бергенде, Жанақ сындырсын да, бір ат-шапан Жанақтың өз жолы болсын! - деп, оған лайықты (олайша) жол бұйырған екен.
«Абылай аспаған сары бел»- деген атқа ілінген жері осы екен.
- Үш нәрсе арман болып, қолымнан келмей, құр ойымда кетті!- деген екен.- Бірі - ақбоз аттың құнын ердің құны қылмадым! Мылтығын құралайдың көзінен өткізетұғын мергеннің құнын екі ердің құны қылмадым! Бірі - етікші мен ұстаның құнын «қатын құны болсын!»- деп, бұйрық қылмадым! «Ал, жау келді!»- дегенде, екеуінің де еркектікке септігі жоқ. Бірі - ішінен пайғамбар мен шадияр шықпағаны болмаса, өзге адамның бұлбұлы мен дүлділі түгел шыққан жұрт екен: осынау бір «Бес Мейрам»- деген елден аса алмадым!- деген екен.
АБЫЛАЙ МЕН ЖАРЫЛҒАП
Көкшетауда қырық сегіз жыл хандық құрған Абылай хан алпыс кісі жолдаспен бір жорыққа бара жатып жазғытұрым Баянауыл тауына түнепті: елсіз екен, ел жоқ екен. Түнде аш жатыпты, таң атқан соң:
- Алдымызда тамақтанарлық жерде ел бар ма?- деп сұрапты.
Бір Керейіт жігіт:
- Алдымызда Ағысы - Қудың Қуында Қызылшілік деген жерде Қаракесек - Жарылғап бар,- депті
Абылай хан:
- Қай Жарылғап ?- депті.
- Қай Жарылғап екенін халық баққан езіңіз білмесеңіз, мен қайдан білемін?- дегенде,
- Білмесең, оның ол жерде бар-жоғын қайдан біліп тұрсың?- депті.
-Нағашым еді, жазды - күзді қатынасқанымызда сол жерден табыла беруші еді,- депті.
- Ал, ендеше көрген жеріңе баста!- депті.
Түс болмай-ақ сау етіп келіп қалыпты. Жарылғаптың әдет ісі екен дейді: «Өлім болжалсыз, келім болжалсыз - деген. Мейман қонақ: «Мен бүгін пәленшекенікіне барамын»- деп, хабар салып келмейді. Күндіз келіп қала ма, түнде келіп қала ма?»- деп, үй ішін төсеніш төсетіп, құда - күйеу келетұғын үйдей қылып қояды екен. Маңқан деген бәйбішесі бар екен. Қаз дауысты Қазыбектің баласының отауы түсіп, той болып, тойға кеткен екен. Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай,- деген төрт баласы бар екен. Екеуі жылқыда, екеуі қысыр сауғалы кеткен екен. Үйде Жарылғаптың жалғыз өз басынан басқа жан жоқ екен. Төсегінің үстінде ірге жаққа қарап жатыр екен. Бір уақытта үйге хабарландыру үшін жиен сәлем беріп кіріп келді.
- Бұ қайсың?- дейді.
- Мен жиен: Керейіт пәленшемін,- дейді.
- Не қыл дейсің?- дейді.
- Үй сыртында алпыс қосшысымен Абылай хан түсіп жатыр,- дейді.
Жарылғап семіздіктен біреу қолынан тартып көтермелемесе, өз бетімен олай-бұлай аунап жата алмайды екен:
- Кел, жиен, қолымнан тартшы, - дейді. Басын көтеріп, төсегінің үстіне орнығып отырды.
- Бар, меймандарды үйге кіргізе бер,- дейді.
Абылай хан кіріп келгенде,
- Ассалаумағалейкум, алдияр, бар әлім жоқ, жайым - осы,- дейді.
- Бұл кісілердің отызына мына сабадан қымыз құй, отызына ана сабадан құрт құй,-дейді.
Ауылға кісі түскенін көріп, жылқыда жүрген екі бала да келді, биеде жүрген екі бала да келді. Төртеуінен басқа топырлаған жан жоқ. Және өздері әдемі киінеді екен. Тайжақы орнына кигендері - қара құндыз. Жалшылар, малайлар сықылды қайыс жіп, шу буынып жүрген жоқ. Буынғандары - шымжиғақ күлдері белбеу (белбау). Қызметі - құл сықылды, киім - формы, кескін түрі ұл сықылды. Сонда сүйсінгеннен Абылай хан айтқан екен:
- Жарылғабым ұлға да жарыған екенсің, құлға да жарыған екенсің!- депті.
Сөйтіп отырғанның үстіне Маңқан бәйбіше келіп қалыпты. Маңқан бәйбішені екі баласы бір жағынан, қолынан тартып, екі баласы ар жағынан сүйемелеп, қырынан кіргізіп, есікке әрең зорға сыйып еніпті. Байпаңдап келіп, Жарылғаптың төменгі жағына, төсек үстіне отырғызғанда, екеуі екі шоқыдай жарастықты болыпты:
- Бұл кісілер сусындады ма?- депті.
- Бар қымыз бен бар құртты бердік,- депті.
- Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға асы - түнемелі түр еді. Балалар, алшы,- депті. Алып, тегенеге құйып сапырған екен, алпысына түгел жетіпті. Бәйбіше байына:
- Мал неге алдырмадыңыз?- депті.
- «Пәлен жерден табысайық»,- деген батырлары бар екен, асығып, мал сойдыруға қарамады,- деген соң, бәйбіше:
- Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр сый асы болады ғой,- деп, отызына табаққа салып екеуара жент қойыпты. Отызына майды бейпіл салып, ірімшік қойыпты.
- Баянауланың Мырза шоқысы мен Ағысы, Қудың Мырзашоқысы бір жерден табылды ғой!- десіпті.
Бұзау, тайыншаның қарынына салынған бір қарын жентті ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызды дейді.
Жылқыға ие бақташы болған баласы Тастемір екен, Жарылғап:
- Тастеміржан, «Хан деген - жұрттың қазығы, қарашы - оның азығы»- деген.- Мына жылқы бұлардың жолының үстінде жатыр ғой. Ханды ортасына түсір де, қасындағы Төлеңгіттерінің ұнатқан, «мінуге жарайды»- дегенін ұста. «Сойысқа жарайды»- деген биенің семізін ұста, «құтым кетеді, сүтім кетеді»- деме. Әздері: «Болды, енді қой!»-дегенде, қой!- деп, ханды шығарып салуға Тастемірді қосты.
Жылқының ортасына хан барып түсті, Тастемір шатырлатып, төлеңгіттердің таңдаған, қалаған атын, биесін ұстап берігі жатыр.
Сонда Абылай хан қасындағы отырғандарға сөйледі:
- Мен бағана: «Жарылғап бар»,- дегенде, «Қай Жарылғап?»- дегенім - Бұл Қаракесекте – Қарсүн - Керней - Жарылғап болушы еді. Оны жұрт: «Ер Жарылғап, батыр Жарылғап, бай Жарылғап, би Жарылғап»- қай түрлі атпен атаса да, толық болған жан еді. Бұл Жарылғапты: «Тілеуке - Бертістің Тілеукесінің баласы - Шақабай-Жарылғаптың Жарылғабы, ұры Жарылғап»,- деуші еді. Халық та қаңғып сөйлей береді екен. Бұл ұры болса, жылқы, түйе, қой, сиырды ұрлап алған шығар дейік. Ана бәйбішені ұрлап алған жоқ қой ! Ұрлап алса, жанды кісі бұған сіңіртіп қоя ма? Мына төрт баланы ешкімнен ұрлап алған жоқ қой! Бір төрт күшік кімнен тумайды?! Бірінен бірі өтіп туған, туысы бөлек жандар ғой! Мынау өзі Құдай жарылқап қойған шын Жарылғап екен!- депті. Тастемірді шақырып алып:
- Кел, балам, сені мен қияметтік бала қылайын!- деп, түрегеліп құшақтап, дос болған екен деседі.
Абылай ханнан дуа тигендігі - сол Жарылғаптың тұңғышы Жоламан «он алты ұлды Жоламан»,- атаныпты. Жоламаннан - Қойсүймес, Қойсүйместен - Баймұрын мырза, Баймұрыннан-Ақай қажы. Ақай қажыдан - Мақат, Хасан,- ағайынды екеу. Бұл екеуінің тұяғы - жылқы да мыңнан асады, қой да мыңнан асады. Ағысы, Қудың айналасында төрт ауылнай Жарылғап бар. «Алды мың болса, арты жүз болады»- деген бар ғой. Шетінен бай, малға-басқа толық. Бұлардан бөлек Дегелеңде төрт мың жылқы бір түндікте. Ақтанберді ұрпағы Жаныс байдың немере, шөберелері бар. Бұрынғылар аңыз қылған: «Қазақта байлық, бектік, ұрлық - үшеуі бір тұқымға сыйған емес. Жалғыз-ақ осы үшеуі Жарылғапқа сыйған. Не үшін бұған дуа кеткен? «Абылай хандай аруақты ерден дуа алған!»- делінген сөз. Баймұрын мырзаның тұңғышы Шотақ байды көрдік. Мінезі қойдан қоңыр, мырзалығы жиексіз, «мырза әулие»- дерлік табиғат иесі адам еді. Сол Шотақтың бәйбішесінен туған: Исақ, Ермек-Мұса-Секербай заманындағы ұрының атақты дөкейі болды. Былтыр мен биыл атағы шығып, жүрген Қышқаш та - сол Жарылғаптан шыққан ұры. Тірі болсаңдар, есітесің, Қышқаштан дөкей шатынауық шыққанын.
АБЫЛАЙДЫҢ ҚЫРҒЫЗҒА ЖОРЫҒЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Сонда сол Садырбала мақтанған:
- Қазы Мәмбекті алдым, Әлібек - Шолақты алдым, Көкжал Барақты алдым, жалғыз көзді Қарақты алдым. «Арқада Абылай деген кәрі сарт бар»- дейді. Онысы маған не қылады?- деп.
Абылай хан Бұл сөзін естіген соң, үш жүзге ұран шақырып, исі қазақ болып: «Қыл құйрық!»- десіп, аттанып, Шу мен Таластың бойына барып, Садырбалаға елші салды дейді:
- Қара болса, қатынша бұғып қалсын, хан болса, қасқиып шықсын!- деп.
Онда Садырбала:
- Маған пәлен күн мәулет берсін, әр таптан бір жақсы алып, өзім көрініске барайын. Тарту-таралғымен қонақасысын беріп, қайырайын!- деп, жайылып жастық, иіліп төсек болып қайырды да, қырғызға: «Жиылсын!»- деп, кісі шаптырған.
Бұлар бейғам жатқанда, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, жалғыз күнде қырғыздың үйіліп-төгіліп келіп қалғанын бір-ақ біліпті. Сонда Созақта «Жалаң аяқ Әшдер (Әудер)» - деген бір әулие диуана бар екен, Абылайдың қосынына кез болған екен. Жалаң аяқ:
- Бұрын олай жүрсем де, былай жүрсем де, «Мынау Түркістанда Әмір Темір орнатқан ақ күмбездің иесі Әзіреті сұлтан ғой!»- деп, соған сыйынып жүруші едім. Бұрынғының: «Мың өліден - бір тірі»- деп айтқаны бар еді, көрсет кереметіңді! - дегенде, Жалаң аяқ Әшдер айтыпты:
- Қырғыз деген жұртты диуаналықпен аралап жүргенімде, өзімнің май басқандығымнан туған лепес балам еді Садырбала. Оған қалай енді қаһар қылайын?!- депті.
- Ол бір бала да, мынау қазақ көп мүритің ғой, ел - жұртың ғой! Бір бала қалай, көп қалай?!- дегенде,
- Қап, қап, «Сөз тапқанға қолқа жоқ!»- деп еді,- деп сұқ қолын бір ұртына тығып, аузымен үш атыпты.
Қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып, үркіп қашып беріпті де, қазақ көтінен қуып, Қарабалта, Соққылықтың асуына жеткенше талайын қырыпты. Сонда қырғыз: Әйтеке-жырық алты баласымен жолда қырғын тапқан екен. Сонан соң қырғыз жалынып жалпайып, бітімге келіп, Сәру деген бір тайпа елін қазаққа «ақ үйліге» берген екен. Қос басына бір үйлі қырғыздан үлесіп алысып: «Осы күнгі Арғын ішіндегі қырғыздар сол жолғы олжа болып үлеске түскендер», - деседі. «Қысасы қияметке қалмайды»- деп, сол Әйтеке жырықтың немерелері: Жанқараш, Жантай, Қарабек балаларының қолында Кенесары, Наурызбай, Құдайменде, Ержан,-бірсыпыра төрелер шаһитлік дәрежесін тапты.
АБЫЛАЙДЫҢ ҚЫРҒЫЗ, ӨЗБЕККЕ ЖОРЫҒЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан заманында қырғыз: Садырбала деген шығып, ақ қалпақты қырғызды аузына түгел қаратып тұрған күнінде мақтанып сөйлеген екен:
- Әлібек: Шолақты алдым, Қазы Мәмбекті алдым, Көкжал Барақты, жалғыз көзді Қарақты алдым. Қазақты жылында жеті шаптым. Аркада Абылай деген кәрі сарт бар дейді. Ол маған не қылады дейсің?- деген екен.
Сол сөзін Абылай хан естіп, қосын қылып аттанып, сонда қырғызда Әйтеке жырық деген атақты зор кісі бар екен, алты баласы бар екен. Сол жолы солар қырғын тауып, Абылай хан мен Садырбала ақырында бітім қылып, жарасып, қос басына бір үй қырғыздан «ақ үйлі» беріпті. «Сәру қырғыз»- деген бір тайпа елін түгелімен берсе керек. Осы күнде Ақмола облысында, Семей облысында кірме болып жүрген қырғыздар бар. Абылай заманында қазаққа олжа түскен қырғыздарының тұқымы. Көшпелі қазаққа хан болып тұрғанында Түркістан, Ташкент ханларына зекетші (зікуатшы) жіберіп, жинатып алдырып тұрыпты. Шүршітпенен елдесіп, баласының ең үлкені Әділ төрені: «Сол жақтағы қазақ, қалмаққа ие болып, төрелік қыл!»- деп, солай жіберіп, осы күнге шейін оның үрім-бұтағы сол жақта өсіп-өніп кетті.
* * * Абылай хан өзіне-өзі әбден емін-еркін келген соң: «Ата жұртым еді, Бұхараны аламын!»-деп, үш жүздің баласы қазақтың «Сен түр, мен атайын»- деген батырларын жиып аттанды. Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, оған Ғабдолрахман деген сартты қойды. Ташкент барып, оған Мырзахмет деген сартты қойды. Ташкентті кеше орыс алар уақытысында бір Мырзахмет деген тағы біраз биледі. Бұл Мырзахмет қартайып, алжып өлсе, жаңада өлді. Абылайдың қойған Мырзахмет дегені Мұнан көп бұрын өткен кісі. Онан Созақ үстіне барып тонап жатқанда, Қоңырат елінде бір байдың келіні ұл тауып, атын «Абылай» қойған екен. Бұл Абылай да өсіп-өніп бір тайпа ел болыпты. Абылай хан онан өтіп, Самарканд шаһарының бет алдына, Жұпар қорығына барып түсті. Сол түні қасындағы қариясына:
- Бүгін сәуе көр!- депті.
- Мен де қарап жатпайын, жұрт билеген хансың ғой, өзің де көр!- депті.
Ертең таң атқан соң қария мен хан басын қосып отырып, көргендерін айтысыпты. Әуелі хан айтыпты:
- Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алдына келіп шөкті, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты. «Бұ не қылғаны?»- деп, қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. «Жаңа жолбарыс еді ғой , қалайша аю болып қалды?»- деп, қарап едім, қасқыр болды. Онымен тұрмады, түлкі болды. Онымен тұрмады, қоян ба, қарсақ па, сол сықылды болған... Оқыста оянып кеттім,- дейді.
Онда қария айтты:
- Мен көргенімді айтсам, Бұхарадағы тамам әулие Самарканд дарбазасының (даруазасының) түбіне келіп шөкті. Ол - «Самарқандты саған алғызбаймын!»- деп келгені. Өзің көрген жолбарыс - өзіңнің бақ талайың. Бақ талайыңның жетіп жығылған жері - осы болғаны. Енді мұнан былай бақ талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері Абылай жүріп -жүріп сарттан өліпті!»- деген атқа ұшырамай, ұрыспай, соғыспай, осы жерден тып-тыныш қайта ғой! Қарасаң, аю болғаны - сенен соңғы баланың заманы - «аю заманы»- деген заман болады. Аюша алысып өтеді. Онан қарасаң, қасқыр болғаны - немерең заманы - «қасқыр заманы»- деген заман болады. Қасқырша жұлысып өтеді. Онан қарасаң, түлкі болғаны -шөберең заманы - «түлкі заманы»- деген заман болады. Түлкіше жортып жүріп жан сақтайды. Онан қарасаң, қоян болғаны - онан соңғы заман қоянша қаркебек қылып, қорғалап жатып жан сақтайды. Онан соң заманның не заман боларын құдірет өзі біледі. Қарсақ болар, күзен болар, ең аяғы: тышқан, бақа-шаян, құрт-құмырсқа болып, дүние сөйтіп тұрып таусылады - дағы!- дейді.
Сонан соң хан бұл сөзге құлақ қойып, Самарканд шаһарына елші жіберді:
- Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зиярат қыла келдім. Осы жерден қайтамын! - деп.
Самарканд, Бұхара жұрты қорқып түр екен. Мұнан бұрын қосыны қазақ болып, он үш патша ол шаһарларды алған екен. «Қосыны қазақ болды»- дегенше, Бұ дүниепаз (иаз) сарттарға азап болады екен. Абылай ханнан Бұл сөзді естіген соң, Самарқанд халқы қуанып, тарту - таралғысымен келіп, ханды көріпті. Абылай хан сонда:
- Самарқанның көк тасынан басыма қойдыратұғын, жазу ойдыратұғын тас қазып аламын,- деп, ұста жинап, тас қаздырды.
Сонда Абылайдың бақытысына шыққан тасты Самарканд халқы көріп, ханнан сүйінші сұрады:
- Бұл тас Әмір Темірден соң ешкімге шықпаған тас!- деп.
Сол тасқа атын - сол жерде ұсталарға жаздырыпты: «Абылай ибн Сүйенішхан»- деп.
Сол сапардан қайтып Ташкентке келіп, Мырзахметтің қызын алып:
- Енді ұрыс-соғыс жоқ!- деп, Орта жүз бен Кіші жүздің батырларына рұқсат беріп, жерлі - жеріне, мекен - суына қайтарыпты.
Үш айдан соң өзі Ташкенттен Арқаға қарай шығыпты. Қасында біраз төлеңгіт пен Үйсін, Дулаттың жалпетектері бар. Мұны Шымкенттегі Fабдірахман сарт естіп, Төбет сұлтан, Рабат, Қарабұлақ, Иаңкенттегі жаңғақ табан диқаншы сарттарды жинап алып, қосын қылып, Абылай ханды қамайды. Сонда Дулат халқы қашып кетіп: «Жалпыетек Дулат»-атаныпты. Боза ішіп, дулағаннан басқа өнері аз, тұзсыз көженің күшінен біткен жасық... ханның қасындағы төлеңгіттерінің бірсыпырасын қырып тастапты. Ханның өзіне қол тигізуге бата алмапты. Сонда хан Арыс деген өзеннің бойында, бір қырдың басында тұрып, жолдастарын тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын шайнады дейді.
Сонда бір қария айтқан екен:
Етек пенен жең болған,
Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ!
Найзасының ұшы алтын,
Кіші жүзден кісің жоқ! .
Бұған қарап тұрғаннан басқа ісің жоқ!- депті.
Сонан Абылай сол Арыстың бойында бір қорғанға түсіп, алпыс сегіз жасында жұма күні дүниеден қайтып, сол жер осы күнде «Хан қорғаны»- атаныпты. Сүйегін теңге салып, Түркістан шаһарындағы хазірет сұлтан Алғарфин әулиенің күмбезіне алып келіп қойыпты. Өткен күні жұма күні екен. Сарыарқаға қырық күн бұрын естіліпті. «Бүгін қырқы»- деп, ордаға жиылып, бала-шаға, үй іштеріне жұма күні есіттірген екен. Артынан қасындағылары келген соң: «Қай күні өлді?»- деп сұраса, үйіне есіттірген күні өлген екен. Өлмесінен қырық күн бұрын «өлді!»- деген хабар Арқаға келіп қалғаны. Абылай хан өлгенде, Созақ деген кентте Жалаң аяқ Әздер үш күн, үш түн жылаған екен. Маңайындағы сарт - сауан:
- Тақсыр, бір қазақ өлді - деп, Мұнша неге бүліндіңіз?!- дегенде,
- Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында өлді - ау! Енді хандық қорғанда қалды, сол үшін жылаймын!- деген екен.
Айтқанындай, сонан соң қазақ ортасына хандық жоқ, сарт билеп кетіпті.
«Бес қойға алды өгізді
Тегін дерсің»,- деп еді,
«Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің»,- деп еді,
«Жалаң аяқ сарттарды
Бегім дерсің!»- деп еді,
- деп, Ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің айтқаны ол келіпті де, тұрыпты. Мұнан соң «балапан басына, тұрымтай тұсына»- деген заман болды. Баяғы атам замандағы Бұхарекеңнің: «Қала салады, орыс алады» деген жерлеріне Абылай ханның немересі Кенесары заманында салынды.
АБЫЛАЙ ХАН ТҮСІ ЖӘНЕ ӨЛІМІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан өзіне-өзі әбден келген соң:
- Ата жұртым Бұхарды аламын!- деп, үш жүздің баласы қазақтың «Сен түр, мен атайын!»- деген батырларын жиып аттанды.
Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, Ғабдолрахман деген сартты қойды. Ташкен барып, оған Мырзахмет деген сартты қойды. Және Ташкентті кеше орыс алар уақытысында Мырзахмет деген және билеп тұрды. Бұл Мырзахмет қартайып, алжып өлсе, жаңада өлді. Абылайдың қойған Мырзахметі Мұнан көп бұрын өткен кісі. Созақ үстіне барып түнеп жатқанда, Қоңырат елінде бір байдың келіні ұл тауып, атын Абылай қойған екен. Бұл Абылай да өсіп-өніп, бір тайпа ел болған екен. Абылай хан онан етіп, Самарқан шаһарының бет алдынан барып, Жұпар қорығына барып түсіпті. Сол түні қасындағы қариясына:
- Бүгін сәуе (сәууе) көр!- депті.
- Мен де қарап жатпайын,- дейді,- жұрт билеген хансыз ғой , сіз де қарап жатпаңыз!-дейді.
Ертең таң атқан соң, хан басын қосып, көргендерін айтысыпты. Әуелі ханның түсі. Әуелі хан айтыпты:
- Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алдына келіп шөкті. Басын бір көтермейді, төмен салды да, жатты. «Бұл не қылғаны?»- деп қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды: «Жаңа жолбарыс еді ғой , қалайша аю болды?- деп, қасқыр болды. Онымен де тұрмады, түлкі болды, онымен де тұрмады, қоян, қарсақ болды. Сол сықылды болғанда, оянып кеттім,- депті.
Онда қария айтты:
- Мен көргенімді айтсам, Бұхарадағы тамам әулие Самарканд даруазасының алдына келіп шөкті. Ол: «Самарканд саған алғызбайды дегенім!» Сол өзің көрген жолбарыс өзіңнің бақ-талайың. Бақ-талайыңның жетіп жығылған жері осы болғаны.
Енді Мұнан былай қарай бақталайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері жүріп Абылай сарттан өліпті!»- деген атқа ұшырамай, ұрыспай, соғыспай, тыныш қайт та,- дейді. Бір хикая: қарасаң, аю болғаны сенен соңғы баланың заманы - «аю заманы» болады. Аюдай алысып кетеді. Онан қасқыр болғанды көргенің - заманы қасқыр болғаны - дейді.- Қасқырдай жұлысып кетеді. Онан қарсақ, қоян, түлкі заманы болады. Түлкіше жортып бұлтарып күн көреді, жан сақтайды. Онан соң заманның не боларын Құдірет өзі біледі. Қарсақ болар, күзен, аяғы тышқан, бақа, шаян, құрт-құмырсқа болып, дүние сөйтіп тозып таусыладыдағы!- деді.
Сонан соң Бұл сөзге құлақ қойып, хан Самарқан шаһарына елші жіберді:
- Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зиярат қыла келдім,- деді.- Осы жерден қайтамын, - деп.
Самарқан, Бұхара жұрты қорқып түр екен. Мұнан бұрын қосыны қазақ - он үш патша - ол шаһарларды алған екен. «Қосыны қазақ болды дегенше, Бұ дүние басқаларға (басқадарға) азап болды»- деген екен. Абылай ханнан Бұл сөзді естіген соң Самарқан халқы қуанып, тарту-таралғысымен келіп, ханды көріпті. Абылай хан сонда Самарқанның көк тасынан басына қойдыратын, жазу жазып ойдырахын ұста жинап, тас қаздырды. Сонда Абылайдың бақытысына шыққан тасты Самарқан халқы көріп, ханнан сүйінші сұрады.
Сол сапардан қайтып, Ташкент келіп, Мырзахметтің қызын алып:
- Енді ұрыс, соғыс жоқ!- деп, Орта жүз бен Кіші жүздің батырларына рұқсат беріп қайырды:
- Жер-жеріңе қайтыңдар!- деп, Жерді - жеріне, мекен - суына қайтарыпты.
Үш айдан соң өзі Ташкеннен шығып, Арқаға қарай жүріпті. Қасында біраз төлеңгіт пен Үйсін:Дулаттың жалпетектері бар. Мұны Шымкенттегі Әбдірахман сарт естіп, Турабат сұлтан, Рабат, Қарабұлақ, Маңкенттегіні елші барып, сарттарды жинап алып, қосын қылып, Абылайды қамапты. Сонда Дулат халқы қашып кетіп: «Жалпыетек Дулат»-атаныпты. Боза ішіп, дулағаннан басқа өнері аз, тұзсыз көже сықылды, көженің күшіне бітеді, жасық халық қой. Қасындағы төлеңгіттің бірталайын, бірсыпырасын қырып тастапты. Ханның өзіне қол тигізуге бата алмады дейді. Сонда хан Арыс деген өзеннің бойында бір қырдың үстінде тұрып, жолдастарын қайырғанына пұшайман болып, бармағын шайнады дейді. Сонда бір қария айтқан екен:
Етек пенен жең болған,
Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ,
Найзасының ұшы алтын
Кіші жүзден кісің жоқ,
Бұған қарап тұрғаннан басқа ісің жоқ!- депті.
Абылай сол Арыстың бойында бір қорғанға түсіп, алпыс сегіз жасында жұма күні дүниеден қайтып, сол жер осы күні: «Хан қорғаны»- атаныпты. Сүйегін теңге салып, Түркістан шаһарындағы Сұлтан Ғарфин әулиенің күмбезіне алып келіп қойыпты. Өткен күні - жұма күні екен, Сарыарқаға күн бұрын естіліпті, қырық күн бұрын естіліпті, «Бүгін қырқы»- деп, ордаға жиылыпты. Бала-шаға, үй іштеріне жұма күні жиылып, есіттірген екен. Артынан қасындағылары келген соң:
- Қай күні өлді?- деп сұраса, үйіне есіттірген күні өлген екен дейді. «Өлмесінен қырық күн бұрын Арқаға естілген!»- дейді.
Абылайдың өлгені Созақта екен: Әздер бабаға үш күн, үш түн маңайындағы сарт-сауаннан:
- Тақсыр, бір қазақ өлді деп, неге Мұнша бүліндіңіз!- дегенде:
- Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында елді де, енді хандық қорғанда қалды. Сол үшін жылаймын!- деген екен.
Айтқанындай, қазақ ортасына хан жоқ, сарт билеп кетіпті.
«Бес қойға алған егізді
Тегін дерсің!»,- десіпті.
«Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің!»,- десіпті.
Жалаң аяқ сарттарды:
«Бегім дерсің!»- десіпті, - деп, Ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің айтқаны дәл келіпті де, тұрыпты. Мұнан соң «Балапан басына, тұрымтай тұсына»- деген заман болды. Баяғы атам замандағы Бұқарекеңнің: «Қала салады, орыс алады»- деген жерлеріне Абылай ханның немересі Кенесары заманында салынып, Кенесары, Наурызбай барымташыдай шеттеп, жырмалап жүріп, екі мыңға анық толмайтұғын жігіт-желеңмен оған бір тиіп, бұған бір тиіп, басы-көті сегіз жыл бір ауылға болса да, «хан» атанды. Ереймен, Есіл басы тау болыпты, Кәпірлер көп, мұсылман аз, қау болыпты. Саржан мен Қоңырқұлжа құда болып, Орыс пен Кенесары жау болыпты. Төскейде мал жатады қар болғанда, Жігітке кедейлік жоқ сау болғанда, Ұшқан құс, жүгірген аң өте алмады. Орыс пен Кенесары жау болғанда!- деп, бұрынғы ақындардың айтқаны, өле - өлгенше айтып кеткен.
АБЫЛАЙДЫҢ ХАН ТҮСІ ЖӘНЕ ӨЛІМІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қалмақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Алтай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай болатұғын. Қалмақты су сепкендей қылды. Орыспен жауласпады, ел болды; шүршітпен жауласпады, ел болды; екеуіне тел болды. Өзіне-өзі әбден келді, кемеліне толды:
- Енді Үргеніш, Бұхара, Қоқан, Ташкен жағындағы қазақты сартқа билетіп қоймаймын!- деп, үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанып, Түркістанға барып түсіп, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды отырғызды. Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыдық сұлтан, Әубәкір сұлтан, Әбділда сұлтан - бұл бесеуі сарт қызы - қатынынан туған балалары.
Шымкент, Сайрам барып, оған Әбдірахман деген сартты ие қылды. Ташкент барып, оған Мырзахмет деген сартты ие қылды. Онан Жызақ үстіне барып, бір Қоңыраттың байы қонақ қылып, сол түні оның бір келіні ер ұл тауып (табып), ол баланың атын Абылай қойған. Ол Абылай да өсіп - өніп бір тайпа (тайпы) ел болған. Жер ауып жүрген бір Қайып деген ұрпағына сөйлестік. Онан аттанып барып, Самарканды қамап тосты (түсті). Сол түні қасындағы қариясы Бұқар жырауға:
- Бүгін сәуе (сауда) көріп бер!- депті.
- Мен де қарап жатпан, хан сен ғой, өзің де болжай жатқайсың!- депті.
Ертең таң атқан соң, қария ханына көрініске келгенде:
- Не көрдің?- депті.
- Дәнеме көрмегенсіп, маған: «Не көрдің?» - дегенше, өз көргеніңді айт!- депті.
Сонда хан айтыпты:
- Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына келіп шөгіп, мойнын салып жатып алды. «Бұ не қылғаны?»- деп, қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. «Жап-жаңа жолбарыс еді ғой, аю олғаны несі?»- деп, қарап едім, итқұс болды. Анан (онан) суретін (соратын) түлкі болды, онан суретін: қарсақ па, қоян ба, әлде немене болды. Оянып кеттім, көргенім - осы!- депті.
- Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс - өзіңнің бақ талайың. Сен өзін бір жолбарыс едің. Оның шөгіп, басын көтере алмай, жатып алғаны - жетіп жығылған жерің - осы болғаны. Енді бақталайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері жүріп - жүріп есіл Абылай сарттан өліпті!»- дегізбей, осы жерден аман-есеніңде қайта ғой.
Енді қарасаң, аю болғаны өзіңнен соңғы заман аюша алысып өтетұғын заман болады. Онан итқұс болғаны – ит құсша жұлысып өтетұғын заман болады. Онан түлкі болғаны -түлкіше бұлаңдап жүріп күнелтетұғын заман болады. Онан қоян болғаны - қоянша кеспектен - кеспекке қорғалап, жан сақтайтұғын заман болады. Мен көрген - білгенімді айтсам, күннің көзі, жердің жүзіндегі әулиелер: «Абылай өледі, соның жаназасына Түркістанға бара жатырмыз!»- десіп, «жындай жиылып, құмдай құйылып»- жүр. Қайтқаннан басқа жабдық жоқ!- деді.
Абылай хан Самарқанға елші жіберді:
- Ұрысым, соғысым жоқ. Әулиелерді зиярат қыла келдім. Басты-басты ақсақалдары қонаққа келсін!- деп.
Қоянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп кететұғын сарт сорлы жаман қорқып отыр екен. Қосыны қазақ болған он үш патша жебір - жесір қылып жаман талағаны өздерінің тарихтарында жазулы тұр екен. Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып, сойдырып, басына қойдыратұғын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасты Самарқан жұрты:
- Бұл баяғы Әмір-Темірден соң ешкімге шықпаған тас!- десіпті. Абылай хан батырларына рұқсат беріпті:
- Енді ұрыс-соғыс жоқ. «Ер игісі қос табар»- деген, амандарыңда ел табындар!- деп, өзі Ташкентке келіп, Мырзахметтің қызын алып, үш ай жатып қалыпты. Үш айдан соң Арқаға қарай бет алып шығып, Арыс бойына келген жерде баяғы«Шымкент, Сайрамға ие бол!»-деп, қолынан қойып кеткен Әбдірақманы Тұрбат сұлтан, Рабат, Қарабұлақ, Маңкенттегі жалпақ табан, жалаң аяқ сарттарды жинап алып, қосын қылып:
- Арыстан өткізбеймін!- деп, алдын тосып тұр екен.
Абылай ханның жанында тамақ үшін еріп жүрген Үйсін - Дулаттар қашып кетіп: «Жалпыетек Дулат»- атанғандығы сол екен. Арыстың бойында бір төбенің басында қосшы - қолаңшы төлеңгіттері, Абылай қалшиып тұрды да қалды. Сонда қасындағы қариясы Бұқарекең айтқан екен: Бірі - етек, бірі - жең болған, Ежелден саған ел болған,-Орта жүзден кісің жоқ. Найзасының ұшы алтын,- Кіші жүзден кісің жоқ! Енді бұған қарап тұрғаннан Басқа қылар ісің жоқ!- депті. Хан сонда батырларын тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын шайнап тастапты, құса болып жарылып кетіпті. Сол жерде бір қорғанға түсіріпті. Сол қорған күні Бұл күнгеше «Хан қорғаны» аталып қалды деседі.
Абылай хан ажал жастығына басын қойғанда, Бұқарекең айтқан екен:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым - ай!
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым - ай!
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым - ай!
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам.
Сонда да қалар ма екен жаның - ай?!- дегенде,
Абылай хан:
- Тоқта, тоқта! Бұлай десең, мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың! Жиырма жасымда таққа міндім, қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан не пайда?! Қазақтың арқасын - тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ - бір. Ақбоз аттың құнын ер құнына теңегенім жоқ - екі. Мылтығының оғын құралайдың көзінен өткізетұғын мергеннің құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ. Ұста менен етікшінің құнын қатын құнымен бір бас қылып: «жарты құн»- дегізіп, кесім кестіргенім жоқ. Онымен - үш. Осы үш арман бойымда кетті!- деген екен.
Ұлы жұма күні қайтыс болып, сүйегін теңге салып, Хазіреті сұлтанға алып келіп, ақ күмбездің ішіне, бір бөлмесіне қойып, тасын үстіне орнатыпты. Абылай ханның өлгенін естігенде, Жалаң аяқ Аудер үш күн, үш түн жылаған екен.
- Тақсыр, Мұнша неге жылайсыз?- деушілерге:
- Есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында өлді. Енді хандық сартта қалды, қазақтан бак кетті, құт қашты! - деген екен.
Абылай ханның өлімі Аркаға естілді. Ордаға қатын-қалаш, бала-шағаға есіттірмеді: «Өлгеніне қуанып, сүйінші сұраған кісідей қалай есіттіреміз? «Өліктің қырқы» деген бір мал сойылатұғын күн ғой ! Сол қырқында есіттіріп, қырқын бергізейік!»- деп. Сарқазақ, Сейтен, Итқара, Сұлтан деген кісілер:
- Міне, бүгін ... бан қырық күн болды естігенімізге!- деп, ордасына есіттіріп, қырқын бергізген екен.
Артынан қолдарынан көмген, жанында бірге жүрген жолдастары келген соң, білісті. Бұлар Мұнда: «Өлгеніне қырық күн болды!»- деп, бергізген күн өлген күні екен. Сарыарқаға өлмесінен қырық күн бұрын естілген екен.
Біздің естуімізше - Абылай тарихы - осы.
АБЫЛАЙ ХАН (ДАСТАН)
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Маған көктен Жебірейіл келіп айтып тұрған жоқ. Қазақта жазулы шежіре жоқ. Не сөйлесе, кигіз кітаптан сөйлейді. Оның мәнісі - кигіз туырлықты қазақ - біреуден біреу естіп: «Пәленшекең айтушы еді, түгеншекең айтушы еді!»- деуменен, «естіген құлақтың жазығы жоқ»,- деп, еді ғой !- деп, естігенімді қағаз жүзіне жаза берген - «бала бастан, құлын жастан» баққан жылқы - қойым осы болды. Естігенімді сөйлесем, Еңсегей бойлы ер Есім ханның бәйбішесінен Салқам Жәңгір. Салқам Жәңгірден - Әз Тәуке. Әз Тәукеден - Болатхан. Болатханнан - Әбумәмбет, Сәмеке. Бұлар бәрі де - хан болған жандар (жанлар). Салқам Жәңгірдің тоқалынан - Уәлібақы жалғыз. Уәлібақыдан - «Қанішер Абылай» жалғыз. Қанішер Абылайдан Көркемұлы жалғыз. Көркемұлыдан - Әбілмансұр жалғыз. Әз Тәукенің болып тұрған күнінде баққа таласып, таққа таласып, өз тұқымынан көп жанның қанын ұрттап, «Қанішер Абылай» атанып, Үргеніште нағашысы Қайып ханның қол астына қашып кеткен. Бұл барған соң, Қайып ханның ордасын жау шауып, талап, Қайып хан соқа басы сопайып, Кіші жүзге қашып шығып кеткен. «Қанішер Абылайдың» дүниеде барын, жоғын жан білмейді. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» заман болып, быт-шыт болып, бордай тозған.
Бұрынғы заманның бір шайыры өлеңмен сөйлеген сөзі:
Үлгілі өткен Абылай - қазақ ханы,
Үш жүз түгіл, алты алаш білген, әне (әні)!
Қазақ үшін рақаттан безіп кеткен,
Алла әмірімен артықша туған жаны.
Хан еді Бұл қазақта қолы жеткен,
Үш жүздің баласына еңбек еткен.
Әкесі Абылайдың «қанішер» боп,
Хандық үшін өкпелеп ауып кеткен.
Үргенішке жол тартып, кеткен ауып,
«Нағашым Қайып хан»- деп, соны тауып.
Жетім-жесір боп қалды сонда жүріп,
Қиратып Қайып ханды қалмақ шауып.
«Ақтабан шұбырынды»- аштық болып,
Ел кетті бет-бетімен бордай тозып.
Жас бала Әбілмансұр жетім қалып,
Жүдетті жалған құрғыр шырқын (шарқын) бұзып.
Жас бала талап қылып, іздеді елді,
Қыдырды кедейлікпен талай шөлді.
Ізденіп ата-баба, туған жұртын,
Түркістан - Әбілмәмбет ханға келді.
Қасқайып хан алдына кіре алмады,
Ол елеп, ілтипатқа бір алмады.
Маңдайынан сипарлық болмаған соң,
Орнығып Түркістанда тұра алмады.
Онан сырғып кеп тұрмай жүре берді,
Ұлы жүз: Үйсін - Төле биге келді.
Жыртылған үсті-басы далба - далба,
Есіктен сәлем беріп кіріп келді.
Бір бала үсті-басы далба - далба,
Күрсініп дем алады анда-санда.
Көзі өткір, тікірейген (тікір екен), сұрғылт сары,
Ерекше қып жаратқан Алла Тағала.
Қой жүні - жыртық күпі, сеңсең тымақ,
Көзіне шашы түсіп кеткен дым - ақ.
Отырысы сұңқардың баласындай,
Нәсілі Төле биге кетті ұнап.
Сұрапты аты-жөнін Төле Мұның:
- Бар ма,- деп,- әке-шешең, ағаң, інің?
Адам болса, ақсүйек, құста - сұңқар,
Байқасам, келіседі соған сының!
- Ат қоярлық әкем жоқ, бір баламын,
Тегім, түбім сөйлеуге арланамын.
Әке-шеше, ел-жұртым, туғаным жоқ.
Атымды сіз кім қойсаң, құп аламын.
Алынбай көптен бері шашы да өскен,
Сабалақ жыртық тымақ көзге түскен.
Болған соң үсті-басы далба - далба,
«Сабалақ - Мұның аты болсын!»- дескен.
Төленің қойын жайды, қоржын салып,
Ойын-күлкі жоқ тіпті бала қалып.
«Болар ұлан - боғынан»,- деген бар ғой,
Төле де затты екенін білді танып.
Сабалақ түйе бақты, қойдан шығып,
Жанын аяп қалмайды жаудан ығып.
Онан шығып жылқыға айналысты,
Шын асыл жата алмайды үйде бұғып.
Күндіз - түйе, түн болса, жылқы бағып,
Болат құрыш қап түбінде жатсын не ғып?!
Қалет жоқ қылған ісі - тиянадай,
Көңіліне Төле бидің кетті жағып.
Ас болып, кетіп еді би бір жаққа,
Балаға сарқыт алды сынамаққа.
Келсе, бала тал түсте ұйықтап жатыр,
Серейіп (сіресіп) төрт борбайы төрт тарапқа.
Би келіп, тамашалап, бұған бақты,
Айтамын ғой: «Бұл бала текті, затты!»
Жатқанын көрмейсің бе жазып құлаш:
«Тірей туған ұлмын - деп,- төрт тарапты!»
Оятпай жолдасына басты берді,
Төле би өз үйіне кете берді.
- Бас қолына тиген соң, не қылғанын
Байқап маған айта кел!- деп,- жөнелді.
Баланы оятты да, берді басты,
Оянып, оң жамбастап (жанбастап), көзін ашты.
Құбылаға қарап тұрып, керіліп ап,
Шақырды құрбы-құрдас, жар жолдасты.
Оларға кесіп берді көз - құлағын,
Бір кесіп салды аузына езу жағын.
Жолдасы Төле бидің сұрайды енді:
- Сабалақ, өзің жемей, не қылғаның?
- Бірі - көз, бірі - құлақ: жолдастарым,
Беруге осы болды қолда барым.
Мен сеніп осыларға ұйықтап қалдым,
Әйтпесе болмас па еді көңілім жарым?!
Жолдасы түйе жақтан үйге қайтты,
Көргенін бастан-аяқ Төлеге айтты.
- Күншілдік қас төренің қалыбы екен,
Патша ізетті екен!- деп, ішін тартты.
Бір күні жылқы ішінде отыр еді,
Екі баран, бір қызыл атты келді.
Жасы үлкен үш кісіні көргеннен соң,
Ұшып тұра келді де, сәлем берді.
Сөйтсе, олар - Қанжығалы: қарт
Бөгенбай, Келіпті Төле бидің ауылын сұрай.
Қалмаққа жорық қылып барады екен,
Қанша қол боп жүреді Мұнан былай?
Жыласты түнде келіп Бөгенбайға:
- Мен бір құмар жан едім осындайға! ...
мені тастама, осы жолда,
Сізге еріп, үйренейін амал-айла!
Жөнелді ертең Бөкең қасына ертіп,
Төртеуі келе жатыр екпіндетіп.
Күні-түні қалмақтың ізіменен
Ел жата көп қосынға келді жетіп.
Бөкеңнің бала тұрды атын ұстап,
Батырдың өзі кірді қайрат қыстап.
Бір топ атты ап келді жырып қана,
Бәрін де кежімдеген әлеміштеп(аламыштап).
Бала айтты:
- Бөке, енді мен барайын,
Құдай берсе, бау ашар олжа алайын!
Атымды ұстап тұрыңыз біраз ғана,
Қайрат қылып, қалшылдап, қарманайын!
Бөкеңе атын тастап, бала кетті.
Бүкеңдеп қорасына барып жетті.
Көр бала сықылды емес, жаңа пері,
Жымырылып барады тым - ақ епті.
Кешікті, таңның болды қараңғысы,
Дүрсілдеген келеді үш-төрт кісі.
Жолдасы қашты, Бөгенбай тұрып қалды,
Төзімді, шыдамдылық - ердің ісі.
Көрінген бөтен емес, екен бала,
Тастамай келген екен істі шала.
Екі түйе үстінде артқан жүгі,
Батырдың қылып жүрген ісін қара.
- Кешіктім көп түйеден түйе таңдап,
Бір - екі сабаз атан таптым қармап.
Жайдақ түйе алуға көңілім толмай,
Жүк алдым кіріп үйге жеңгейге арнап.
Мұнан соң қайта салды елге таман,
Ел шетіне сәскеде келіпті аман.
Бөкең айтты балаға:
- Сүйгеніңді ал,
Мен олжаға тойғалы талай заман.
Бала айтады:
- Бөке, мен мал алмаймын,
Не қылайын, дүниеге көз салмаймын.
Шын пейіл ықыласыңмен батаңды бер,
Сол бата қабыл болса, құр қалмаймын!
Қол жайып бата берді қарт Бөгенбай,
Астынан атын берді таңдап қандай?!
- Жылқының - «Нарқызылым» - тұлпары еді,
Мен қартайдым, шырағым, саған орай!
Шырағым, көзің отты бала екенсің,
Мінезің шын ақсүйек жан екенсің.
Жазғытұрым қалмаққа аттанамыз,
Соған жүр, керек болар жан екенсің!
Бастығы хан барады Әбілмәмбет,
Ат қара, тіл болғанда, қоямыз бет.
Шырағым, Нарқызылды таза сақта.
Ер сыналар - бір сапар, не қылсаң, жет!
- Түсіндір Бұл сөзіңді Төлеге айтып,
Рұқсатсыз би атамнан кетем қайтіп?!
Егер-им биден рұқсат (лұқсат) алып (алоб) берсең,
Мен онан тоқталмаймын бойым тартып.
Төлеге Бөкең қонды ақылдасып,
Аңғал батыр олжаға көңілі тасып.
Сабалақты жорыққа жібермекке
Биінен қайтты үйіне уәделесіп (уадаласып).
Жаз шықты, жер жүзінің нұры еніп,
Бөгенбай жұртты жиды хабар беріп.
Сабалаққа сәлемді үсті-үстіне,
Сабалап айтып жатыр: «Жет,- деп,- келіп!»
Қам қылды бала сонда: «Жүрейін!»- деп,
«Ұрыс, соғыс, төбелес көрейін!»- деп.
«Көп алдында жарқырап көзге түсіп,
Жекпе-жек бір майданға кірейін!»- деп.
Жаратып жүруші еді Нарқызылды,
Найзаны толғамалы білекке ілді.
«Құдай жалғыз, мен жалғыз, арман не?!»
- деп, Шеру тартқан қосынмен жүре берді.
Жымыра тымақ байланған бозбалалар,
Күні - түн ақ сүңгіні қолға алар.
Жекпе - жекте өлтірсек, қазымыз!»
- деп, Ешбірі көрінбейді жанын аяр.
Екі қол ерге келіп қарсыласты,
Сабалақ көтеріліп, көңілі тасты.
Екі жақ жекпе-жекті ұнатысып,
Ер тандап шығаруға сөз байласты.
Бұл жолы қазақ кегін алмақ еді,
Ерініп үйде бір жан қалмап еді.
«Ақ табан шұбырындыда» елді шапқан,
Қоңтажы Уса Серең қалмақ еді.
Қалмақта батыр шықты бір қасқа атты,
Қазақтан барғандарды табандатты.
Жекпе-жектен онды алды жүреміте
Оған қарсы баруға жан батпапты.
Қазақтың бір қысылып қалған жері,
Жекпе-жекте қалмақтың алған жері.
Ақырды Әбілмәмбет қолға қарап:
- Шіркіннің құрыған ба арманда ері?!
Құр ғана Бөгенбайдың сүлдесі түр,
Егде тартқан, соғады кеудесі құр.
Сабалақ:
- Мен барам! - деп, ыңғайланды,
- Бөке, сен батаңды бер, қызықты кер!
Жетелеп атын жаяу ханға келді,
«Жап-жас бала екен!»- деп, аяп тұрды.
- Алатауға Қазығұрт не қылмақшы?!
- Деп қалмақ ана жақта сақ-сақ күлді.
Жымыра тымақ байланған, сүр шекпенді,
Түйе жайған форым (форма) жоқ бұрынғы енді
Екі көзін қан басып, ашу кернеп,
Әбілмәмбет патшаға жетіп келді.
Сұп - сүр боп, қалтылдаумен ұртын шайнап,
Өң - жеңін босатады белін байлап.
Қыпша бел, жауырынды, биік қабақ,
Анда-санда қарайды жауға бойлап.
Пысқырып астында аты жер тарпиды,
«Тез жүрейік - дегендей- сөзді қойлап!»
Қол жайып бата берді Әбілмәмбет,
Жұрт тұрды: «Әмин!»- деп,- «а,
Құдай!» - лап. Қолда найза, белінде қанжар, садақ,
Топтан шыға жөнелді: «Абылайлап!»
Қасқа атты бұған қарсы келді қалмақ,
Жан екен бір кісіге о да салмақ!
Жыңғылдай өзі тағы кәрі ит екен,
Айласы қиын екен күшпен алмақ.
Ол заманда кезексіз ұрысқан шам,
Не қылса да, біреуін түртті ғой қан!
Қалмаққа кезек беріп қарап тұрды: -
Батырым, күшің болса, қалма,- деп,- қам!
Антұрған аямады тура салды,
Қу екен қан қақсатқан талай жанды,
Төс сүйекке шақ етті шар темірдей:
«Қалай өлмей қалды?»- деп, қайран қалды.
О да берді кезегін шыдап тұрып,
Толғанды: «Түсірем,- деп,- қалайша ұрып?!»
Өндіршектен найзамен табандатты,
Жылт етіп көк желкеден шықты кіріп.
Қалмақты жерге салды қорқыратып,
Жығылды өне бойы қанға батып.
Сүйекке қалмақ жақтан кісі шапты,
Өз заңынша барабан даңғыратып.
Он кісі қалмақ келіп төбелесті,
Қазақ, қалмақ күжірейіп, дүрілдесті.
Өңгеріп ап кетуге бермеген соң,
Ұстап ап алдарынан басын кесті.
Беліне байлап алды айдарынан,
Тастамай ат – тоннан – түк - сайманынан.
Бұрынғы Сабалақ деп ойлар емес,
Қараса, жан шошырлық айбарынан.
Түк қыла алмай қашысты келген кәпір,
Дүрілдетіп келеді біздің батыр.
Қолда жетек, қан болған үсті - басы,
Бас жанында сапылдап келе жатыр.
Басты ханның алдына тастай берді,
Кім сыйламай тұра алар Мұндай ерді?!
Үймелесіп, жиылып қазақ біткен,
Айран-асыр хайран - асыр қалумен басты көрді.
Сонда: «Бастың пішіні: ауызы - табақтай, азу тісі таяқтай! Құлағы жырта қарыс, мұрыны қолағаштай. Екі көзінің шүңірейген шұңғылдығы сусын қандырарлық аяқтай!»- дескен екен.
Қасына батырларды ертіп алып,
Ерлігіне шыдамай, шын долданып.
Қалмаққа «Абылайлап!» қайта тиді,
Опар - топар бықпырт қып, ойран салып.
Біраздан соң қалмақтар жөнеп берді,
Сабекең көбін шаншып түсірді енді.
Олжаға әбден кенеліп қазақ байғұс,
Бір тарқатты іштегі қатқан шерді.
Қалмақтың осы батырының атын біреу: «Сәру» - дейді, біреу - Шырыш дейді, «Қалдан Шеріннің інісі еді»,- деседі. Жауға шапқанда, «Абылайлап» шапқандығынан, «Қанішер Абылайдың» ұрпағы екендігін біліп, Әбілмәмбет патшаның да қорыққаннан к...тені лүпілдесе керек. Осы жорықтан қайтқан соң:
- Бақ та өзіңдікі, тақ та өзіңдікі! Жүр, Түркістанға! - деген екен.
Бұ да ол сөзге иланып (инанып), Түркістанға бармапты. Әбілмәмбетке сенбеген соң, Төле биге де сенбей, қасында бір Оразаулық сарт жолдасы бар, Сарыарқаға шығып кетсе керек. «Қанішер» Абылайдың әз Тәуке ұрпағына естен қалғысыз қылған залалкерде болғандығынан, о да, Бұ да айта берген соң елеусіз болып қашып кетіпті.
Өлеңмен сөйленген сөз: бұрынғы заманның шайырлары сөйлеген сөз болса керек:
Ауызға ерте ілініп, көзге түсті,
Ісі көп талай жерде көкейкесті.
Әбілмәмбет Төлемен үйлесе алмай,
Орта жүзге шығуға кеңілі көшті.
Көп жаңғалақ әрқайда көңіл бөлді,
Шын жанашыр таба алмай жұрт пен елді.
Оразаулық деген сарт жолдас болып,
Сарыарқа салқын самал қырға келді.
Қыдырма қонақ болып әр ауылға,
Малға бай, пейілге кең бар ауылға.
«Шын пұсырман, пейілі кең екен!»- деп,
Орнығыпты Атығай, Қарауылға.
Аямай, жау дегенде, шыбын жанын,
Талайдың бұрқыратып бастан қанын.
Қолына құрық алып, баға берді Қарауыл:
Дәулеткелді байдың малын.
Жылқыны түп көтере қалмақ алды,
Қазақ біткен аттанып, қуып барды.
Қалмақтың қамалы мен шебін бұзып,
Тағы да: «Абылайлап», топты жарды.
Көрініп жұрт көзіне түсіп қалды,
Қалмақты тып-типыл қып, шауып алды.
Қуанды қазақ біткен судай тасып:
«Таптық,- деп,- қолға түспес бақты жанды!»
Қазақтан қыбырлаған қалмады жан,
Бұл сөзімде жалған жоқ, шын, бұған нан!
Атығай, Қарауылдың ортасына
Алты орда ақ үй тігіп, көтерді хан.
Алты үйге орнатыпты алты қатын,
Түгел қып хандық сәулет, салтанатын.
«Құтты болсын!»- десіпті қариялар
Мөр басып, бекіткендей Абылай атын.
Қаракерей - Қабанбай батыр басы,
Қанжығалы – Бөгенбай - үй жолдасы.
Ақсақалдар қол жайып, бата берді,
Қазақтың бірден шулап кәрі-жасы.
Бақ құсы бала жастан басында екен,
Оразаулық деген сарт қасында екен.
Уылжыған уыздай бала күні
Дәл сол күнде жиырма жасында екен.
Қол бастап аттанған-ды талай жауға,
Қазаққа көп түсірді олжа, сауға.
«Хан ордасы болуға лайық жер»- деп,
Қондырды жұрт көтеріп Көкшетауға.
Өстірді қойдай бағып күң мен құлды,
Жетіліп түпсіз, тексіз кісі болды.
«Төрең күт»,- деген сөзден төлеңгіт боп,
Ел болып алды-алдына халық бір толды.
Тіпті жоқ ол уақытта қожа, молда,
«Ер қаруы - бес қару» тегіс қолда.
Жалаң аяқ Аштар мен Нияз қожа,
Кереметпен көрініп шыққан сонда.
Бұл қазақ тәубесінен жаңылмаған,
Басқа жұртқа бас иіп бағынбаған.
Хат танып, хат жазатын хатшылыққа
Исі қазақ ұлтынан табылмаған.
Сарт, Ноғайдан жалдама хатшылар орыс патшасына, Шүршіт патшасына жазған хаттарында басқа патшалардан пара алып, солардың пайдасын келтіре берген. Сонан соң оларға сенбейтұғын болып, Сыр бойындағы қарақалпақтан хатшы таптырып алдырған екен.
Сарт, Ноғайға сенбеген жүрген шарлап:
«Бұралқы бұзады,- деп,- жұртты қарлап!»
Бір хатшы Қарақалпақ Сыр бойынан
Аттай тандап, атандай алған арнап.
Садақ белде дап-даяр, найза қолда,
Ат белдеуде тұрады, түйе қомда.
«Елді - қортық,- деген сөз,- қойды- шартық»-
Жұрт аузында мақал боп, қалған сонда.
Шүберекке түйілген жан болыпты,
Ұйықтап жату жігітке шам болыпты.
Сөйтіп Абылай артылып (аз теліп) алапаты.
Қырық сегіз жыл қазаққа хан болыпты.
Кімге тұрған баяндап дүние жалған?
Аруақты ердің артында аты қалған.
Алпыс сегіз жасында жұма күні
Құса болып жарылып, дүние салған.
Он жеті қатын, отыз ұлды болған,
Бір көшеге сыймайтын құлды болған.
Қазақта тіпті Абылайдай хан болған жоқ,
Орыс пенен шүршітке құнды болған.
Кенже тоқал баласы Қасым еді,
Басқасынан с...дігі асыл еді.
Кенесары, Наурызбай, ер Саржандар
Кеше Абылайдың аруағын шашып еді.
Қазақтың алты ауызды, аласынан,
Кеше қашты Сарыарқа даласынан.
Өрісі ұзай алмай қырғын тапты,
Алатауда қырғыздың баласынан.
Хан Абылай үйге тіреу, сырық болған,
Ұрса - шоқпар, ұстаса құрық болған.
Қырғызға Садырбала хан болғанда,
Алты ұлы бар Әйтеке жырық болған.
Сонда ол Садырбала мақтанған екен: - Қазы - Мәмекті алдым, Әлібек - Шолақты алдым, көкжал Барақты алдым. Арқада Абылай деген кәрі сарты бар дейді. Ол маған не қылады?!- деп. Абылай хан Бұл сөзін естіген соң, үш жүзге жар шақыртып, алаш ұранды қазақтан жан қалдырмай:«Қыл құйрық!»- деп аттанып, Шу мен Таластың бойына барып, Садырбалаға елші жіберді дейді:
- Қара болса, қатынша бұғып қалсын! Хан болса, қасқиып шықсын!- деп.
Онда Садырбала мәулет сұрады дейді:
- Әр рудан басты-басты кісі алып, пәлен айдың пәлені күні өзім көрініске барайын, тарту-таралғысы мен қонағасысын беріп қайырайын!- деп, жайылып жастық, иіліп төсек болып, елшілерді қайырды да, қырғызға: «Жиылсын!»- деп, кісі шаптырып, бұлар: «Елдесуге келеді ғой!»- деп, бейғам жатқанда, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, жалғыз күнде қырғыздың үйіліп - төгіліп келіп қалғанын бір-ақ біліп сасайын деді.
Сол күнде қазақтың өзінен шыққан Кіші жүз - Керейіт: Сарысопының баласы Жалаңаяқ Әшдер (Аудер) деген диуана Созақта жүреді екен. Абылайдың алдына оқтай ұшырап қалғанда:
- А, Жалаңаяқ, бұрын олай жүрсем, былай жүрсем:«Мынау Түркістанда Әмір Темір жасатқан ақ күмбездің иесі Әзіреті сұлтан ғой!»- деп, соған сыйынып жүруші едім. Бұрынғының: «Өлінің мыңына сыйынғанша, тірінің біріне сыйын! Мың өліден - бір тірі!»-деген сөзі бар еді. Көрсет кереметіңді!»- дегенде, Жалаңаяқ Әшдер:
- Қырғыз Садырбала лепес балам еді!- депті.
Абылай:
- Ол бір бала да, мынау қазақ мүритің ғой, қаны бірге ұлтың ғой! Бір қырғыз қалай, көп қазақ қалай?!- дегенде:
- Болмас! Болмас! «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,- деп, Жалаңаяқ Әудер оң саусақтағы сұқ қолын ұртына тығып, қырғызға қарап, үш айтыпты:
- Ал, шаба бер, бәлемнің өзіне бықпырт тиді!- депті.
Қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып қаша беріпті де, қазақ көтінен қуып, Қарабалта, Соққылықтың асуына жеткізбей, көбін қырыпты. Сонда қырғыз - Әйтеке жырық қолға түскен. Алты баласының бір де бірі қайырылып, айырып алуға жарамаған. Садырбала өзі қашып басын сауда...алуменен әзер (азар) айырып алған. Абылай Қарабалта, Соққылықтан асып барып, шаппақшы болған. Мұны естіп Садырбала елші жіберген: «Абылай: «Қарабалта, Соққылықтан аспаймын!»- деп, уәде берсін! Біз бір тайпа (тайпы) қырғызды « Ақ үйліге» берейік!»- деп. «Жабаса» - деп, қырғыздың Сәру деген бір тайпа елін кешіріп, Абылайға «ақ үйліге» берген де, «Қарабалта, Соққылықтан аспаймын!»- деп, Абылай хат, мөр берген. «Абылай аспас асу» атанғаны солайша»- дейді. Қос басына бір үй қырғыздан батырлар үлес, сыбаға алып, әр дуандағы Арғын ішіндегі қырғыздар солар!»- дейді. Сол қырғыздың көбі Үйсін ішінде қалып, «Сары Үйсін» деген қырғызбен қоныстас болып, күні Бұл күнге шейін «Үйсін-қырғыз» атында қалған деседі. Қырғыз Әтеке (Әйтеке) жырыққа алты баласы алты ас берген екен. Бір баласы - Қарабек. Қарабектен - Жантай. Жантайдан - Шабдан.
АБЫЛАЙ ХАН
(ЕКІНШІ НҰСҚА - ТАРИХИ ДАСТАН)
Үлгілі еткен Абылай - Қазақ ханы,
Үш жүз түгіл алты Алаш білген, әне .
Қазақ үшін рақаттан безіп кеткен,
Алла әмірімен артықша туған жаны.
Хан еді Бұл қазақта қолы жеткен,
Үш жүздің баласына еңбек еткен.
Әкесі Абылайдың қанішер боп,
Хандық үшін өкпелеп ауып кеткен.
Үргенішке жол тартып, кеткен ауып,
«Нағашым Ғайып (Қайып) хан»- деп, соны тауып.
Жетім-жесір боп қалды сонда жүріп,
Елі мен Қайып ханды қалмақ шауып.
«Ақтабан шұбырынды» ашлық (аштық) болып,
Ел кетті бет-бетімен бордай тозып.
Жас бала Әбілмансұр жетім қалып,
Жүдетті жалған құрғыр шарқын (шырқын) бұзып.
Жас бала талап қылып іздеді елді,
Қыдырды кедейлікпен талай шөлді.
Ізденіп ата-баба, туған жұртын,
Түркістан - Әбілмәмбет ханға келді.
Қасқайып хан алдына кіре алмады,
Ол елеп, ілтипатқа бір алмады.
Маңдайынан сипарлық болмаған соң,
Орнығып Түркістанда тұра алмады.
Онан сырғып, көп тұрмай, жүре берді,
Ұлы жүз: Үйсін - Төле биге келді.
Жыртылған үсті-басы далба - далба,
Үйіне сәлем беріп, кіріп келді.
Бір бала үсті-басы далба - далба,
Күрсініп, дем алады анда-санда.
Көзі өткір, тікірейген сұрғылт сары,
Ерекше ғып жаратқан Алла тағала.
Қой жұпа, жыртық күпі, сеңсең тымақ,
Көзіне шашы түсіп кеткен дым - ақ (тым - ақ).
Отырысы - сұңқардың баласындай,
Нәсілі Төле биге кетті ұнап.
Сұрайды аты-жөнін Төле мұның: -
Бар ма,- деп,- әке-шешең, аға-інің?
Адам болса - ақсүйек, құста - сұңқар,
Байқасам, келіседі соған сының.
- Aт қоярлық әкем жоқ, бір баламын,
Тегім, түбім сөйлеуге қорғанамын .
Әке-шеше, ел-жұртым, туғаным жоқ,
Атымды сіз кім қойсаң, құп аламын.
Алынбай кептен бері шашы да ескен,
Сабалақ жыртық тымақ көзге түскен.
Болған соң далба - далба үсті-басы ,
- «Сабалақ»- мұның аты болсын!- дескен.
Төленің қойын жайды қоржын салып,
Ойын-күлкі жоқ болып , бала қалып.
«Болар ұлан - боғынан!»- деген бар ғой,
Төле де затты екенін білді танып.
Сабалақ түйе бақты, қойдан шығып,
Жанын аяп, қалмайды жаудан ығып.
Онан шығып, жылқыға айналыпты,
Нәсілді жата ма екен үйде бұғып?!
Күндіз - түйе, түн болса, жылқы бағып,
Шын асыл қап түбінде жатсын не ғып?!
Қалет (қалт) жоқ, қылған ісі тиянадай,
Көңіліне Төле бидің кетті жағып.
Ас болып кетіп еді би бір жаққа,
Балаға сарқыт алды сынамаққа.
Келсе, бала тал түсте ұйықтап жатыр,
Сіресіп төрт борбайы төрт тарапқа.
Би келіп, тамаша қып, бұған бақты:
- Айтамын ғой: «Бұл бала - төре 15 затты!»
Жатқанын көрмейсің бе жазып құлаш:
«Тірей туған ұлмын,- деп,- төрт тарапты?!»
Оятпай жолдасына басты берді,
Төле би өзі үйіне кете берді:
- Бас қолына тиген соң, не қылғанын
Байқап, маған айта кел,- деп,- жөнелді.
- Баланы оят!- деді де, берді басты,
Оянып, оң жамбастап, көзін ашты.
Құбылаға қарап тұрып, керіліп ап,
Шақырды құрбы-құрдас, жар (иар) жолдасты.
Оларға кесіп берді кез, құлағын,
Бір кесіп салды аузына езу жағын.
Жолдасы Төле бидің сұрайды енді:
- Сабалақ, өзің жемей, не қылғаның?
- Бірі - көз, бірі - құлақ: жолдастарым,
Беруге осы болды қолда барым.
Мен сеніп осыларға ұйықтап қалдым,
Әйтпесе болмас па еді көңілім жарым?!
Жолдасы түйе жақтан үйге қайтты,
Көргенін бастан-аяқ Төлеге айтты.
- Көпшілдік қас төренің қалыбы екен.
Патша затты екен!- деп, ішін тартты.
Бір күні жылқы ішінде отыр еді,
Екі баран, бір қызыл атты келді.
Жасы үлкен үш кісіні көргеннен соң,
Ұшып тұра келді де, сәлем берді.
Сөйтсе, олар - Қанжығалы: қарт
Бөгенбай, Келіпті Төле бидің ауылын сұрай.
Қалмаққа аттанысып 16 барады екен,
Қанша қол боп жүреді Мұнан былай (бұлай).
Сөйлесті түнде келіп Бөгенбайға:
- Мен бір құмар жан едім осындайға.
Бөке, мені тастама осы жолда,
Бір жолы 17 үйренейін амал-айла.
Жөнелді ертең Бөкең қасына ертіп,
Төртеуі келе жатыр екпіндетіп.
Күні-түні қалмақтың ізімен
Ел жата көп қосынға келді жетіп.
Бөкеңнің бала тұрды атын ұстап,
Батырдың өзі кірді қайрат қыстап.
Бір топ атты aп келді жырып қана,
Бәрін де кежімдеген аламыштап (әлеміштеп),
Бала айтады:
- Бөке, енді мен барайын,
Құдай берсе, бау ашар олжа алайын.
Атымды ұстап тұрыңыз біраз ғана,
Тәңірім берсе, қимылдап, қарманайын !
Бөкеңе атын тастап бала кетті,
Бүкеңдеп қорасына барып жетті.
Кербала сықылды емес, жаңа пері,
Жымырылып кетеді тым - ақ епті.
Кешікті, таңның болды қараңғысы,
Дүрсілдеген келеді екі-үш кісі.
Жолдасы қашты, Бөгенбай тұрып қалды,
Төзімді, шыдамдылық - ердің ісі.
Көрінген бөтен емес, екен бала,
Тастамай келген екен істі шала.
Екі түйе үстінде артқан жүгі,
Батырдың қылып жүрген ісін қара.
- Кешіктім көп түйеден түйе тандап,
Бір-екі сабаз атан таптым қармап.
Жайдақ түйе алуға толмай көңілім,
Жүк алдым кіріп үйге жеңгейге арнап.
Мұнан соң қайта салды елге таман,
Ел шетіне сәскеде келіпті аман.
Бөкең айтты балаға:
- Сүйгеніңді ал,
Мен олжаға тойғалы талай заман.
Бала айтады:
- Бөке, мен мал алмаймын,
Не қылайын, дүниеге көз салмаймын.
Егер де ықыласыңмен бата берсең ,
Сол бата қабыл болса, құр қалмайын.
Қол жайып бата берді қарт Бөгенбай,
Астынан атын берді тандап қандай.
- Жылқының Нарқызылы тұлпары еді,
Мен қартайдым, шырағым, саған орай.
Шырағым, көзің отты бала екенсің,
Мінезің - қазақтағы хан екенсің.
Жазғытұрым қалмаққа аттанамыз,
Соған жүр, керек болар жан екенсің.
Бастығы хан барады Әбілмәмбет,
AT қара тел болғанда, қоямыз бет.
Шырағым, Нарқызылды таза сақта,
Ер білінер бір сапар, не қылсаң, жет!
Түсіндір Бұл сөзіңді Төлеге айтып,
- Рұқсатсыз би әкемнен кетем қайтіп?!
Егер де биден рұқсат алып берсең,
Мен одан тоқтамаймын тізгін тартып.
Төлеге Бөкең қонды ақылдасып,
Аңғал батыр олжаға кеңілі тасып.
Сабалақты жорыққа жібермекке
Бименен қайтты үйіне уағдаласып.
Жаз шықты жер жүзінің нұры еніп,
Бөгенбай жұртты жиды хабар беріп.
- Талап қылса, осы жолы келе көрсін,
Қалмасын үйде жатып, ойнап-күліп .
Қам қылды бала сонда: «Жүрейін»,- деп,
«Алланың салғанына көрейін!»- деп.
«Егер де жолым болса, жауды алармын,
Жекпе-жек бір майданға кірейін!»- деп.
Жаратып жүруші еді Нарқызылды,
Найзаны толғамалы білекке ілді.
Ішінен бір Құдайға сыйынды да,
Сабалақ атқа мініп жүре берді.
Жымыра тымақ байлаған бозбалалар,
Күні - түн ақ сүңгіні қолға алар.
«Кәпірден өлсек, шаһит боламыз!»- деп,
Ешбірі көрінбейді жанын аяр.
Екі қол ерте келіп қарсыласты,
Сабалақ көтеріңкі көңілі тасты.
Екі жақ жекпе-жекті ұнатысып,
Ер таңдап шығаруға сөз байласты.
Бұл жолы қазақ кегін алмақ еді,
Ерініп үйде кісі қалмап еді.
«Ақтабан шұбырындыда» елді шапқан –
Қоңтажы Уса Шерең қалмақ еді.
Қалмақтан батыр шықты бір қасқа атты,
Қазақтың батырларын көп қиратты.
Жекпе-жектен онды алды жүреміте
Оған қарсы баруға жан шықпапты.
Қазақтың бір қысылып қалған жері,
Жекпе-жекте кәпірдің алған жері.
Ақырды Әбілмәмбет қолға қарап:
- Шіркіннің құрыған ба арманды ері?!
Құр ғана Бөгенбайдың сүлдесі түр,
Егде (еңде) тартқан соғады кеудесі құр.
Сабалақ: «Шығайын!»- деп, оңтайланды:
- Алла!- деп,- Бұл сапарына барайын бір !
Жетелеп атын жаяу, ханға келді:
«Жап-жас бала екен!»- деп, аяп тұрды.
Алладан, аруақлардан медет тілеп,
Қасқиып қарсы топқа жүре берді.
Жымыр тымақ байланған сүр шекпенді,
Түйе жайған форым жоқ бұрынғы енді.
Екі көзін қан басып, ашу кернеп,
Алдына патшаның жетіп келді.
Сұп-сұр боп, қалшылдаумен ұртын шайнап,
Оң жеңін босатады белін байлап.
Қыпша бел, жауырынды, биік қабақ,
Анда-санда қарайды жауға бойлап.
Сықиып, астында аты жер тарпиды: -
«Тез жүрелік,- дегендей,- сөзді қойлап!»
Қол жайып бата берді Әбілмәмбет,
Жұрт тұрды: «Әмин! - десіп, - а, құдайлап!»
Қолда - найза, белінде - қанжар, садақ,
Топтан шыға жөнелді: «Абылай - лап!»
Қасқа атты бұған қарсы келді қалмақ,
Жан екен бір кісіге о да салмақ.
Жыңғылдай өзі - дағы кәрі ит екен,
Айласы қиын екен күшпен алмақ.
Ол заманда кезексіз ұрысқан шам,
Не қылса да, біреуін түртті ғой қан.
Қалмаққа кезек беріп, қарап тұрды:
- Батырым, күшің болса, қалма,- деп - қам!
Антұрған аямады, тура салды,
Қу екен қан қақсатқан талай жанды.
Tөc сүйекке шақ етті шар темірдей:
«Қалай өлмей қалды?!»- деп, қайран қалды.
О да берді кезегін шыдап тұрып,
Толғанды: «Түсірем,- деп,- қалайша ұрып?!»
Өндіршектен найзамен табандатты,
Жылт етіп, көк желкеден бір-ақ шығып .
Қалмақты жерге салды қорқыратып,
Жығылды өне бойы қанға батып.
Сүйекке қалмақ жақтан кісі шапты,
Өз заңынша барабан даңғыратып.
Он кісі қалмақ келіп төбелесті,
Қазақ, қалмақ күжірейіп дүрілдесті.
Өңгеріп құтылмасын байқаған соң ,
Ұстап ап айдарынан басын кесті.
Беліне байлап алды айдарынан,
Тастамай ат - тоннан түк сайманынан.
Бұрынғы Сабалақ деп ойлар емес,
Қараса, жан шошырлық айбарынан.
Түк қыла алмай қайтысты келген кәпір,
Дүрілдетіп келеді біздің батыр.
Қолда жетек, қан болған үсті-басы,
Бас жанында салпылдап келе жатыр.
Басты ап кеп хан алдына тастай берді,
Кім сыйламай тұра алар мұндай ерді?!
Үймелесіп жиылып қазақ біткен,
Хайран - асыр қалумен басты керді.
Сонда бастың пішіні:
Аузы табақтай,
Азу тісі таяқтай,
Құлағы жырта қарыс,
Мұрыны қолақпандай .
Қасына батырларды ертіп алып,
Ерлігіне сенген соң, оттай жанып,
Қалмаққа: «Абылай - лап!» қайта кірді,
Опар - топар, бықпырт қып, ойран салып.
Біраздан соң қалмақтар жөнеп берді,
Батырлар көбін шаншып түсірді енді.
Олжаға әбден кенеліп қазақ байғұс
Бір тарқатты іштегі қатқан шерді...
Ауызға ерте ілініп, көзге түсті,
Ісі көп талай жерде көкейкесті.
Әбілмәмбет, Төлемен үйлесе алмай,
Орта жүзге шығуға көңілі көшті.
Көп жаңғалақ әр қайда көңіл бөлді,
Шын жанашыр таба алмай жұрт пен елді.
Оразаулық деген сарт жолдас болып,
Сарыарқа салқын самал қырға келді.
Қыдырма қонақ болып әр ауылға,
Малға - бай, пейілге - кең:бар ауылға:
«Шын мұсылман, пейілі кең екен!»- деп,
Орнығыпты Атығай, Қарауылға.
Аямай, жау дегенде, шыбын жанын,
Талайдың бұрқыратып бастан қанын.
Қолына құрық алып баға берді,
Қарауыл - Дәулеткелді байдың малын.
Жылқыны түп көтере қалмақ алды,
Қазақ болып аттанып қуып барды.
Қалмақтың қамалы мен шебін бұзып,
Тағы да: «Абылай - лап»- топты жарды.
Көрініп жұрт көзіне түсіп қалды,
Қалмақты тып-типыл ғып шауып алды.
Қуанды қазақ біткен судай тасып:
«Таптық,- деп,- қолға түспес бақты жанды!»
Қазақтан қыбырлаған қалмады жан,
Бұ сөзімде жалған жоқ, шын бұған нан.
Атығай, Қарауылдың ортасында
Алты орда, ақ үй тігіп, көтерді хан...
Қаракерей: Қабанбай батыр - басы,
Қанжығалы: Бөгенбай - үй жолдасы.
Ақсақалдар қол жайып бата берді,
Қазақтың бірден шулап кәрі-жасы.
Бақ құсы бала жастан басында екен,
Оразаулық деген сарт қасында екен.
Уылжыған уыздай бала күні
Дәл сол күнде жиырма жасында екен.
Қол бастап аттанған-ды талай жауға,
Қазаққа көп түсірді олжа - сауға.
«Хан ордасы болуға лайық жер!» - деп,
Қондырды жұрт көтеріп Көкшетауға.
Өстірді қойдай бағып күң мен құлды,
Жетіліп түпсіз, тексіз кісі болды.
«Төреңді күт» - деген сөзден «Төлеңгіт» боп,
Ел болып, алды-алдына халық бір толды.
Тіпті жоқ ол уақытта қожа, молда,
«Ер қару - бес қару»- тегіс қолда.
Жалаңаяқ Әздер мен Нияз қожа –
Кереметпен көрініп шыққан сонда.
Бұ қазақ тәубесінен жаңылмаған,
Басқа жұртқа бас иіп бағынбаған.
Хат танып, хат жазатын (иазатын) жүйрік біреу
Исі қазақ ұлтынан табылмаған...
Сарт, ноғайға сенбеген жүрген шарлап:
«Бұралқы бұзады,- деп,- жұртты харлап.
Қарақалпақ бір хатшы
Сыр бойынан,
Аттай таңдап, атандай алған арнап.
Садақ белде дап-даяр, найза - қолда,
Ат белдеуде тұрады, түйе - қомда.
«Елді - қортық,- деген сөз,- қойды - шартық»,
Жұрт аузында мақал боп қалған сонда.
Шүберекке түйілген жан болыпты.
Ұйықтап жату жігітке шам болыпты.
Сөйтіп Абылай артылып алапаты,
Қырық сегіз жыл қазаққа хан болыпты.
Кімге тұрған баяндап дүние жалған?!
Аруақты ердің артында аты қалған.
Алпыс сегіз жасында жұма (жұмға) күні
Құса болын, жарылып дүние салған.
Он жеті қатын, отыз ұлды болған,
Бір көшке сыймайтын құлды болған.
Қазақта тіпті Абылайдай хан болған жоқ –
Орыс пенен шүршітке құнды болған.
Кенже тоқал баласы Қасым еді,
Басқасынан с...дігі асыл еді.
Кенесары, Наурызбай, ер Саржандар
Кеше Абылайдың аруағын шашып еді.
Қазақтың алты ауызды аласынан,
Көше қашты Сарыарқа даласынан.
Өрісі ұзай алмай, қырғын тапты,
Алатауда қырғыздың баласынан.
Хан Абылай үйге - тіреу, сырық болған,
Ұрса - шоқпар, ұстаса, құрық болған.
Қырғызға Садырбала хан болғанда,
Алты ұлы бар Әйтеке жырық болған.
Сонда сол Садырбала мақтанған:
- Қазы Мәмекті алдым, Әлібек шолақты алдым. Көкжал Барақты алдым, жалғыз кезді Қарақты алдым. «Арқада Абылай деген кәрі сарт бар»- дейді. Онысы маған не қылады?! -деп.
Абылай хан Бұл сөзін естіген соң, үш жүзге ұран шақырып, исі қазақ болып: «Қыл құйрық!»- деп, аттанып, Шу мен Таластың бойына барып, Садырбалаға елші салды дейді:
- Қара болса, қатынша бұғып қалсын; хан болса, қасқиып шықсын!- деп. Онда Садырбала:
- Маған пәлен күн мәулет берсін! Әр таптан бір «жақсы» алып, өзім көрініске барайын . Тарту - таралғымен қонағасысын беріп қайырайын!- деп, жайылып жастық, иіліп төсек болып, елшілерді қайырды да, қырғызға: «Жиылсын!»- деп, кісі шаптырған. Бұлар ... бейғам жатқанда, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, жалғыз күнде қырғыздың үйіліп - төгіліп келіп қалғанын бір-ақ біліпті.
Сонда Созақта Жалаңаяқ Әздер деген бір әулие диуана бар екен, Абылайдың қосынына кез болған екен .
- Жалаңаяқ, бұрын олай жүрсем де, былай жүрсемде:«Мынау Түркістанда Әмір Темір орнатқан ақ күмбездің иесі - Әзіреті сұлтан ғой!- деп, соған сыйынып жүруші едім. Бұрынғының: «... мың өліден - бір тірі!» - деп айтатыны бар еді. Көрсет кереметіңді!-дегенде, Жалаңаяқ Әздер айтыпты:
- Қырғыз деген жұртты диуаналықпенен аралап жүргенімде, өзімнің май басқандығыммен туған лепес балам еді Садырбала. Оған енді қалай қаһар қылайын ?!-депті.
- Ол бір бала да, мынау қазақ кеп мүритің ғой, ел-жұртың ғой! Бір бала қалай, кеп ... қалай?!- деген соң,
- Қап, қап: «Сөз тапқанға қолқа жоқ!»- деп еді - деп, ... сұқ қолын бір ұртына тығып, аузымен үш атыпты. Қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып, үркіп қашып беріпті де, қазақ көтінен қуып, Қарабалта, Соққылықтың асуына жеткенше талайын қырыпты. Сонда қырғыз Әйтеке жырық... алты баласымен сол жолда қырғын тапқан екен. Сонан соң қырғыз жалынып, жалпайып, бітімге келіп, Сәру деген бір тайпа елін қазаққа «ақ үйліге» берген екен. Қос басына бір үйлі қырғыздан үлесіп алысып, осы күнгі Арғын ішіндегі қырғыздар сол жолғы олжа боп, үлеске түскендер деседі .
* * * «Қысас қияметке қалмайды»- деп, сол Әйтеке жырықтың немерелері - Жанқараш, Жантай, Қарабек балаларының қолында Кенесары, Наурызбай, Құдайменді, Ержан - бірсыпыра төрелер шаһидлік дәрежесін тапты Бауыры Алатаудың тал мен терек, Астында Жекебатыр - Көкше серек. Аттанды он төрт мың қол шеру тартып, Басы екен Кенесары бір зеңбірек.
Мұнан белгілі - тұтылғаны.
Кенеге тігілмеді алтын шатыр,
Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр.
Басы екен - Шұбыртпалы: ер Ағыбай,
Құтылған есен-аман сексен батыр.
Сонда Малай – Жәдігер - Жанайдар батыр Ағыбаймен екеуі тізе қосып, бірі алдынан кезеуілші, бірі артынан тосқауылшы болып, қолына тиген сексен жаннан бір жанды қалдырмай, қорғап алып шықты дейді.
- Қараөткел деген өткелде ат сабырлап қалды. Сонда екі кісі қала бердік,- дейді. Бірі -Бектұрған-Жанайдар батырдың інісі, бірі - Малай-Жәдігер ішінде Сапиқожа деген қожа екен. Сонда Жанайдар Бектұрған қала бергенін көріп, бетіне келген жауды шауып, шаншып, Бектұрғанды артына мінгізіп ала жөнеліпті, Сапиқожа қала беріпті.
«Қырғыз екенімді, қазақ екенімді танытпайын» - деп, киімін тастап, тұлтай жалаңаш болып, қырғызға қарай жаяу қашып келе жатып, Жанқараш - Жантайдың Жантайына ұшырапты.
- Кімсің? Қазақпысың, қырғызбысың?- дегенде, өлеңді қоя беріпті:
Хан Жантай, Қарабектен туысың - ай,
Кенені тау асыра қуысың - ай!
Киімімді қырғыздар тонап кетті,
Сыймай тұр тапқан олжам уысыма - ай!-
деген соң, аяп, арттарына мінгізіп алып, жөн-жобасын сұрап, «Қожа едім»- деген соң, ат-тон беріп:
- Бар, байғұс, еліңді тап!- деп, қоя берген екен. Еліне аман келіп, осындай сөздердің анығына - сондай жандардан естумен қанады.
Сонда сол сексен кісінің ішінде бір шолақ аяқ бар еді деседі. Сол аяғы - тізесінен төменгі жағы жоқ, өзін екі кісі зорға көтеріп атқа салады.
- Ат үстіне бір мініп алған соң, мың кісі түсіре алмаушы еді. Соғыста Кене ханның ту ұстайтұғын сенімді батырының бірі еді,- дейді.
Ту ұстап соғыста жүргенде, сол жақ тізесінен екі оқ, иә үш оқ па бірден тиіпті. Туы қолында, жалма-жан қосқа келіп, бақыршысына:
- Бір бақыраш май қайнат!- депті.
Майды қайнатып алып келген екен, ат үстінде тұрып, аяғын шорт кесіп алып, денеде қалған жағын қайнап тұрған майға бір батырып алып, шалбарының балағын ауызын буып, кесілген сирағын қанжығасына байлап алып, қолында ту, жауға қайта шауып кетіпті. Үзеңгіге салатұғын аяғы болғандықтан: «Түссем, міне алмай қалармын!»- деп, ат үстінде жұмыстап тұрғандығы сол екен. Түбі тегі – Айдабол - Күліктің Күлігі Тілеуімбет деген табынан шыққан екен, аты - Биқозы екен. Сол аяғына ағаш қиып салып алып «Ағаш аяқ» -атанып, қартайып өлді. Баласы Нұрмақ саудагерді көрдік. Байдәулет, Нұрмақ, Тәнті заманында Қызылжар алыпсатарының белгілі бір кісісі болып жүрді. Қазақ Мұны«батыр» дейді, мен «батыр» демеймін. «Жан қадірін білмейтұғын, жансебіл, өлу, тірілу ойында жоқ:
- Жан кетсе, кетсін, ар кетпесін! Намысты қолдан бермелік, қарап тұрып өлмелік! - деп, жүргеннің бірі ғой!»- деп ойлаймын.
Кенесары, Наурызбай екеуі де:
- Қашпаймыз!- десіп, қалшиып, қарысып қалды. Егер қашатұғын болса, мына құтылған ерлер оларды тастап, өз басын олжа көріп, қашпайтұғындар. Ағыбай, Жанайдар Кене ханға үш барыпты: «Жүріңіз!»- деп. Болмапты. Наурызбай аты болдырған соң, аттан түсіп, отырып алыпты. Ержан алдымен қолға түсті. Құдайменді оққа ұшты. Қазақтан құт қашып, бағы көшті.
Солардың қырғын тапқан жылы - жылқы жылы екен. Сонда қырғыздар қиылған қазақтардың домаланған бастарын кесіп алып, лайлап, мұнара тұрғызды дейді. Арқада Жұт болып, ол жұттың атын «Бозайғыр» - дескен екен. Сегіз жыл ит жеккеннен арман кетіп, ханымыз Абайділда қайта келген деген бір өлең болатұғын сол Абайділда келгенде, Орынбай ақынның айтқан өлеңі ...
Абайділда:
- Не жиып аласың, өзі бұрын үйірге қарамайтұғын, іштен кестіріліп туған жарықтық еді.
Кенесары ханның жылы қоян еді, қырық жасында жұмысы бітті. Наурызбайдың жылы қой еді, жиырма төрт жаста шаһитлік дәрежесін тапты. Бұлардың өлімін есіттіріп, үй-іші, қатын-қалашы улап-шулап азан-қазан болып жатса, он екі жасар бала Сыздық төре бір жақтан келіп, шошып қалып, шешелеріне ұрсыпты:
- Ойда орыспен жау болып, қырда қазақпен жау болып, Сырда Бұхара, Қоқанмен жау болып, айналасына өрт салып, ат ерін аларлық жер қалдырмай тигенді ұялмай, не деп, мақтап, жоқтап отырсыңдар?!- деп.
Кенесарының ойдан ұрып, қырдан қырып жинаған жылқысын Ағыбай, Жанайдар: «Хан талау»- деп, олжалап алып кетіпті:
- Біз алмағанмен, әйтеуір өзіне қоймайды. Не Алатау алар да, не «Ақ жалау» алар. «Ит жегенше, иесі жесін»- деген. Бұған ортақтық еңбегіміз бар ғой!- деп. Екеуінің де ебдейсіз бай болып жүргені сол екен.
АБЫЛАЙ ҰРПАҚТАРЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай ханның Қарауыл қызы, алғашқы алған бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды. Ол - Жамантайханның шешесі. Онан соңғы қатыны - қарақалпақ қызы, онан туған - Уәли, Шыңғыс сұлтан, Ғаділ сұлтан, Есім сұлтан және сарт қызы - қатынынан: Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыздық сұлтан, Әбубәкір сұлтан, Ғабдолрахман сұлтан. Қожа қызы -қатынынан: Қосым, Артық. Және Қарауыл қызы - қатынынан: Шиғай, Тағай, Шөкі. Акже қызынан - Топыш... онан Қасым хан жалғыз. Қалмақ қумасы - қатынынан туған Төлек жалғыз. Және қалмақ қумасынан туған Шама төре жалғыз Ханымнан он сегіз ұл болды. Осының ішінде: «Абылайлап!»- жауға шапқан Қасым ұрпағы.
Бұқарекең айтпап па еді:
Ағар дария су кетпес
Қалмақтан алсаң махи бір зайып,
Сүйегіңді жоқтатпас!- деп.
Абылай ханның бел баласы
Уәли ханның бәйбішесінен:
Хамза, Ғабдолла, Бегәлі, Абайділда.
Бес жорғасын өлтірдім кісе байлап,
Ханнан алған сұлу өліп қалып,
Қара күңмен келемін сорым қайнап,
- дейтұғын Қамбар: Жанақ ақын айтады.
Айғаным деген тоқалынан: Көкшетаудағы Шыңғыс төре. Әділ баласы - Нұралы тере, онан соңғы - Тезек төре. Абылай хан өлген соң Уәлихан хан болды. Онан соң Абайділда хан болды. Бұл тек хан атына мәз болды...
АБЫЛАЙ ҰРПАҚТАРЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Абылай ханның - Қарауыл қызы - алғашқы алған бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды. Ол қыз - Жамантай ханның шешесі, онан соң қарақалпақ қызы - қатынынан - Уәлихан, Шыңғыс сұлтан, Әділ сұлтан, Есім сұлтан. Сарт қызы - қатынынан: Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыздық сұлтан, Әубәкір сұлтан, Fабдолла сұлтан. Қожа қызы – қатынынан - Қосым, Арық, Тоқ. Және Қарауыл қызы -қатынынан: Шығай, Тағай, Шөкі. Аюке қызынан туған: ол Аюкенің қызы Қалдан Шеріннің тоқалы еді. Мұнан туған Топыш сұлу, Бұл Топыш сұлудан - Қасым хан жалғыз. Осы көп баланың ішінде: «Абылайлап!»-жауға шапқан Қасым ұрпағы - Саржан, Кенесары, Наурызбай, ең ақыры - Сыздық төре. Осы күнде Сырдария мызапатында тірі, жылы - қой, жетпіс бірде.
Бұқарекең айтпап па еді:
Ағар дария су кетпес
Қалмақтан алсаң мани бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас!- деп.
Қалмақтан шабыншылықта олжалап алған қыздан туған - Шама төре жалғыз. Және қалмақтан олжалап алған бір тоқалдан - Төлек төре, о да жалғыз. Абылайдың бел баласы Уәлиханның бәйбішесінен:Ғаббас, Хамза, Абайділда, Бегәлі. Тоқ төреден - Бірәлі төре, Мұнан - Шалғынбай төре Қарқаралыда аға сұлтан болды. Шама төреден:1. Босқын, 2. Есім, 3.Қаратышқан, 4. Жәңгір, 5. Уатай, 6. Досым, 7.Самұрат, 8. Исахан, 9. Сыздық төре.
АБЫЛАЙ ҰРПАҚТАРЫ
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Абылай ханның алғашқы алған, Қарауыл қызы, бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды. Ол қыздан Жамантай хан туды. Онан соң қарақалпақ қызы, қатынынан: Уәлихан, Шыңғыс сұлтан, Әділ султан, Есім султан. Уәли ханның бәйбішесінен: Абайділда хан, Аббас, Хамза, Беғалы. Айғаным тоқалдан: Шыңғыс Көкшетауға аға султан болған, Шоқанның әкесі. Әділ сұлтаннан: Нұралы төре, онан - Тезек төре. Сарт қызы - қатынынан: Рүстем султан, Шеген султан, Сыдық султан, Әбубәкір султан, Әбділда султан. Қожа қызы -қатынынан - Қосым, Арық, Тоқ. Тоқ төреден Біралы төре. Мұнан Шалғынбай төре Қарқаралыға аға султан болды. Тағы Қарауыл қызы - қатынынан: Шығай, Тағай, Шөкі (Сөкі). Шөкі төреден: Жошы. Бұл Жошыдан: Ешмұхаммед төре Омбыда генерал -губернаторға переводчик болып турды. Қалмақ қызы, олжаға түскен бір қумасынан: Шама төре. Бұл Шама төреден: Босқын, Есім Даратышқан, Жәңгір, Уатай, Досым, Самұрат, Исахан, Сыздық. Уатайдан - Аймақ төре. Жәңгірден - Досмақ, мұнан - Қажыке. Қалдан Шерін тоқалдыққа алған Аюке қызынан туған Топыш ханым. Мұнан - Қасым хан жалғыз. Қасым ханның бәйбішесінен: Саржан, Есенкелді, Көшек, Ағадай, Бопы, Кенесары хан. Қақсал: Ниязбек - Бозайқызы тоқалынан - Наурызбай жалғыз. Абылай хан он жеті қатын алған, отыз ұлды болған. Соның ішінде «Абылайлап!» жауға шауып, Абылай аруағын шашқан: Кенесары, Наурызбай болған. Наурызбайдан тұяқ жоқ. Кенесарының: Сыздық, Ахмет, Тайшық, Жапар төре балалары болған. Жапар төре орыс қолына тұтқындыққа түскен. Петрборға алып барған. Сонда орыстың сыншылары айтқан:
- Мынау: «Отқа салса, күймейтұғын; суға салса, батпайтұғын; атса - оқ, шапса - қылыш өтпейтұғын!- деген байдың өзі, көк шолақтың көзі екен! Мұның миын бұзатығын дәрі беріп, тірілей қоя беру керек!»- деген. Соны қылып, қоя берген. Бұл біреуді өлтірсе, бутан да сот жоқ. Мұны біреу өлтірсе, оған да сот жоқ!»- деп.
Абылай хан өлген соң, Сарқазақ, Сейтен, Итқара сұлтандар келісіп, Уәлиханды хан көтерген. Уәлихан жүз беске келіп, алжып өлген. Онан соң Абайділданы хан көтерген. «Сен: «Бағынбаймын, қала салдырмаймын!»- дейсің!»- деп, ұстап алып кетіп, жер аударған, ит жеккеннен арман жіберген. Кенесары, Наурызбай қырғыздан қырғын тапқан соң, босатып қоя берген. Кенесары, Наурызбай жылқы жылы қырылған. Сол жылқы жылы Сарыарқада жұт болып, ол жұтты: «Бозайғыр» - деп атаған екен. Ол жұттың артынан Абайділда хан тірі келген соң, Орынбай ақынның айтқан өлеңі:
«Бозайғыр» былтыр өтті-ау - елдің жұты!
Қалада бес сом болды-ау ұнның пұты!
Орта жүз, ырысың бар жұрт екенсің,
Хан келді, Абайділда - елдің құты!
Тақсыр, сізге зар болдық былтыр күзден,
Үйде жатқан жамандар күдер үзген.
Былтыр кеткен кісідей биыл келдің,
Енді қырсық тарқады Орта жүзден.
«Хан келді!»- деп, қуанды кәріп (ғарып) жаным,
Тәңірім жесе - бейнет жоқ - ердің қамын (ғамын)!
Әр байталың әр жаққа түзіп (тозып) кетті,
Өзің жиып алмасаң, арғымағым!
Абайділда не жинап алсын (аласың): өзі іштен кестіріліп туған жарықтық! Хан аяғы осымен құрыды: «Балапан басына, тұрымтай тұсына»,- делінген заман болып, су түбіне кетті. Уәлиханмен бірге туысқан Шыңғыстан (Шыңғыздан):Сартай, Әбілфейіз, Самай, Мамай. Қалмақтан алған қатыны - Төлкеден (Түлкіден)- Өртай (Ұртай) (Ортай). Абылай он жеті қатын алып, «отыз ұлды Абылай» атанған. Басына қойған таста жазуы: «Абылай бин Сүйеніш қожа бин Әбуғышыр». Абылайханның шын шежіресі - осы. Бұрынғы заманның ақындары айтқан өлең: Абылайдың атасы - Әбілфейіз, Хан баласы төсенбес етке киіз. Аузы түкті орыстан алым алып, Абылайға шықты ма екі мүйіз?!
АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай заманындағы қазақ жұртынан (иұртынан) шыққан батырлардың аты: Қаракерей -Қабанбай (Шабанбай), Қанжығалы - Бөгенбай (Бөгембай) мен Қаз дауысты Қазыбек пен Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ. «Жауды көп қашырады, жақсы аты Бараққа қалады!»- дейді екен,- делінген кісі - осы Барақ батыр. Шанышқылы - Бердіқожа батыр, Сырым- Малайсары.
Абылайдың мінгені - Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің (иердің) тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туын ала шаба гөр, Малайсары!
- дейтұғын Малайсары - осы кісі.
Балтакерей - Тұрсынбай, Тарақты - Байқозы, он сан Орта жүзге ұран болған ер Олжабай. Малай - Жәдігерден шыққан: Жауғаш, Биғаш, «Бөрі тонды Бөрте» атты Бөрібас батыр. Орманшы:Ақсары, Шотана, Қозған - Бекше мерген. Қарауылшысы - Әлтеке,Сырым (Сарым): Жидебай, Уақ: Сары, Баян.
Ақыл тұрмас қашқанда,
Дегбір тұрмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің,
Жауды бұрылып шанышқанда!
Үйде батыр көп еді,
Жау жолында Баяндай.
Көзге түсетұғын жоқ еді!- деген Баян батыр - осы.
Бұл айтылған батырлардың бәрі де Қаржас Ербекейше бұзау жарып, батыр атанған емес, жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батыр. Қазақта батырда Қаракерей -Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін - Төле биден артық би жоқ.
АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар: Қаракерей - Қабанбай, Қанжығалы-Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ. «Жауды көп қашырады, жақсы аты Бараққа қалады!»- делінген Барақ батыр - осы.
Шанышқылы-Бердіқожа, Сырым - Малайсары.
Абылайдың мінгені - Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туынды ала шаба гөр, Малайсары!
- дейтұғын Малайсары - осы кісі. Балтакерей - Тұрсынбай, Тарақты - Байқозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай - Жәдігерден: Жауғаш, Биғаш, бөрі тонды, бөрте атты Бөрібас, Орманшы:Ақсары, Шотана, Қозған - Бекше мерген. Қарауылшысы – Әлтеке – Сарым - Жидебай. Уақ: Сары, Баян.
Ғақыл тұрмас қашқанда,
Дегбір тұрмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда.
Үйде батыр көп еді, Жау жолында Баяндай
Көзге түсетұғыны жоқ еді!- делінген Баян батыр - осы.
Бұл айтылған батырдың бәрі де Ербекейше бұзау жарып, батыр атанған емес, жалғыз жүріп, қалмақтың қамалын бұзған батырлар. Қазақта батырда: Қаракерей - Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін - Төле биден артық би жоқ. Бұл екеуі де Абылай заманында қарт басып, тұғырдан түскен кісілер.
АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар:Қаракерей - Қабанбай; Қанжығалы -Бөгенбай; «Көкжарлы көкжал Барақ; «Жауды көп қашырады, жақсы аты Бараққа қалады!»- делінген Барақ батыр - осы; Шанышқылы - Бердіқожа.
Тауының «Арқар» деген аты - Құлжа,
Жігіттер, атқа түйе тегін олжа.
«Хан Абылай аттанады!»- деп есітіп,
Келіпті Шанышқылы - Бердіқожа.
Сырым - Малайсары:
Абылайдың мінгені - Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің тары!
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туынды ала шаба гөр, Малайсары! –
солардың өз замандарында айтылған өлеңдер.
Балтакерей - Тұрсынбай, Тарақты - Байқозы батыр, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр. Малай - Жәдігерден шыққан: Жауғаш, Биғаш; «Бөрі тонды, Бөрте атты» Бөрібас батыр. Орманшы:Ақсары, Шотана, Қозған - Бекше мерген. Қарауылшысы – Әлтеке – Сарым - Жидебай батыр. Бұған атты Үйсіннен алдырып мінгізеді екен. Ол аттың аты «Ақшабдар» атанған. «Шалдырмас, қарауылда сақ еді!»- деп, Үйсіннен алдырыпты Ақшабдарды.
Уақ: Сары, Баян: ағайынды екеуі де бірінен-бірі қалыспайтын батырлар:
Ақыл тұрмас қашқанда,
Дегбір тұрмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!
Үйде: «Батырмын!»- деген көп еді,
Түзде Баяндай көзге түсетұғын жоқ еді!-
деп, Абылай хан айтқан екен деседі.
Байжігіт - Тасболат батыр, Қанжығалы - жас Жанатай. Бағаналы - Балталының Балталысынан шыққан - Оразымбет батыр. Бәсентиін - Сырымбет батыр, Сырғалы -Елшібек батыр. «Батыр Жәпек» атанған: қай елден шыққаны айтылмаған. Қазақта Қаракерей - Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін - Төле биден артық би жоқ.
АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР
(БЕСІНШІ НҰСҚА)
Сонда қалмақты Сарыарқадан аудырған Абылай хан батырлары: Қаракерей - Қабанбай, Қанжығалы - Бөгенбай, Шақшақұғлы Жәнібек, Шаншарұғлы Қазыбек, Уақ – Сары - Баян, Тарақты - Байқозы батыр, Сырым - Малайсары батыр, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы - Бердіқожа батыр, Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр, Алтай-Жиенәлі батыр, Малай-Жәдігерден шыққан: Жауғаш, Биғаш, Балтакерей-Тұрсынбай батыр, Орманшы-Ақсары-Шотана. Бұл айтылған батырлар тұлпар мініп, ту ұстап, қамалға қарсы шауып, көзге түсіп, ауызға ілінгендер. Қаржас - Ербекейше бұзау жарып батыр атанған емес. Жауғаш, Биғаштың Жауғашы қалмақта өліп, бір өзінен жеті ердің құны алынған. Бәрінен үздік кезге көрінген – Уақ – Сары - Баян.
Ғақыл тұрмас сасқанда,
Дегбір қалмас қашқанда,
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда.
«Үйде мен батырмын!»- деген кеп еді,
Түзде Баяндай көзге түсетіні жоқ еді!
- деп, Абылай хан айтқан екен.
Абылайдың мінгені - Айғайсары, Айғайласып келгенде, жердің тары. - Абылайды сан қалмақ қамап жатыр, Туынды ала шаба гөр, Малайсары.
ОЛЖАБАЙ БАТЫР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабайдың әкесі Толыбайдың (Толыбайдың) жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізләуге) азық-түлік пісіртіп алып:
- Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын!- деп, аттаныпты.
Айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болып, сусын ішіпті. Сонда бір қатын айтыпты:
- Мына белдің астында бір қол бар, сол көлдің басында бір ел бар. Сол елде бір батыр сенің биеңді байлап, сауып ішіп отыр. Бір биеңнің сүтімен бір тайпа елді асырап отырар, биеңді бере қояр ма екен? Өзіңді жазым қылар, уыз жас бала екенсің! Шырағым, жаным ашып айтамын, осы жерден қайтып кетсең де, жарар еді. Мал үшін талайдың желкесін қиып жүрген қу жалмауыз еді өзі,- депті.
- Уай, шеше - ай: «Бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді, Мал үшін жігіт адам қайда өлмейді?» Мен де: «қатынмын!»- деп, атқа мінгенім жоқ, «батырмын ғой!»- деп, міндім,-деп, атына мініп тұпа-тура көлдің басында отырған ауылға қасқиып барып, құла бие байлаулы тұрған үйге түсе қалып, кіріп барыпты. Биені алып келген батыр үйде отыр екен. Олжабайдың түрін көрген жерден танып:
- Алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі болса, ал да, жүре бер, балам! - деп, жақсы сөзін айтып қала беріпті.
Олжабай биесін ноқталап алып, жетектеп жүре беріпті. Елсізде келе жатып, бір жерге түсіп, астындағы атын, жетектеген биесін оттатып, шалдырып алу үшін олардың аузын шөпке тигізіп, өзі шалқасынан түсіп қаннен-қаперсіз, дәнемеден уайымсыз жатып, ұйықтап қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанында жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы дулап, тамыр - тамыры қыбырлап, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқан соң, шошып басын көтермепті. Көзін ашып қараса, білектей сары шұбар жылан кеудесінің үстінде - біресе қойнына кіріп, біресе мойнына оралып, біресе екі бұтының арасына барып, қойны - қонышын тегіс аралап жүргенін көріп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрсің ғой , егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-ақ қыршып тастайын!»- деп. Жылан аузына кірмепті, онан басқа денесінің бәрін түгел аралап болып, тамағының астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей, енесінің а...на кіремін деп кетті ме?- деп, - бәлемді, көрінсе, ұмар-жұмар қылайын!»- деп, басын көтеріп алса, басында ақ шалмалы бір қожа отыр дейді.
- Үстімде тіккен үйім жоқ, алдымда айдаған қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің басында қа...мша қақиып қатқаныңның басын аламын деп отырмысың, қожа?! Қожаның арсызы екенсің!- депті.
- Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін, өзіңнің бақ - талайыңмын. Сені дию, перілер: «Алып кетеміз!»- деп, он бес жыл аңдып еді, мен күзетші болып, алдырмап едім! Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүргенде қасында; жатсаң, басында болатұғын қайып - піріңмін. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім. Кеудең дәнемеден шімірікпейтін: «Деген байдың өзі, көк шолақтың көзі» - екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді, артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің аруағын керек қылма, өз атыңды айтып: «Олжабайлап!»- жауға шаба бер! Өзің түгіл, «Олжабай!»-деп, атыңды айтқанның алдынан пәле-жала, жын-шайтан серпіле берер!- деп, батасын беріп, ғайып болды дейді.
* * * Олжабайдың немересі - Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар, жоғарғы Қаракесек: Қарсүн, Керней - Қояншы, Тағай - тарапына бір барымтаға бара жатып, елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сонда бұлар да: «Олжабайлап» - шауыпты, ол бесеу де: «Олжабай - лап» шауыпты. Ертеңнен кешке шейін соғысып, бірін-бірі ала - алмай, аттары болдырған соң, аттарынан түсіп:
- Бір-бірімізге қастық ойламасқа!- деп, малта жесіп отырып, жон сұрасыпты. Сөйтсе, ол бес кісі Қа...шор деген елдің жолаушысы екен. Сонда Бұл Арыстанбай айтыпты:
- Біз «Олжабай» - ладық, мен сол ер Олжабайдың немересімін. Ал, сендер неге «Олжабай» - ладыңдар?- депті.
Сонда олар айтыпты:
- Батыр Олжабай бір жаққа жорыққа бара жатып, біздің елге кез болып, бір үйге қонып жатса, бір бала көтермей жүрген әйел түнде қойнына кіріпті:
- Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаңбұт қу емеспін. Бала көтермей зарыққандықтан, аузына әлі жетпеген жамандардың «қубас» - деп, байымды мұңайта бергендігінен, тарыққаннан: «Мергеннен - сыралғы, батырдан - сауға»,- деп еді. Бір атым оғын аямас,- деп.- Атың шыққан ер едің, аруағыңнан дәме қылып келдім,- депті.
Сонда Олжабай батыр айтыпты:
- Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етекке етегімді ашып көргенім жоқ еді. «Болатымды боққа суармаспын!»- деген антым бар еді.
Менде бар болса, сен бір ұл табасың, атын «Олжабай» қой!- деп, кіндігінен жүндігіне шейін қолымен бір сипапты да, жүре беріпті. Сонан кідірмей буаз болып, бір ұл тауып, атын «Олжабай»- қойыпты. Мен де сол Олжабайдың немересімін. Сонан бері елімізге бәйгеге ат қосса да, жауға шапса да, «Олжабай»- деген ат ұран болып қалған. Біздің: «Олжабай»- лап шапқан мәніміз сол!-депті. Бұрынғылардың өзі деген кісісінің қылып жүрген әулиешілігі қалай? Тұрсынбай батыр айтқан екен: «Арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ»- деп. Тәти ұлы Байкісі жиырма сегізінде өлген екен. Ол кісі һәм айтқан екен: «Арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ»,- деп. Өз атамыз жетпіс үшінде өтті. Бұл кісі һәм айтқан еді: «Некесіз (некахсыз) әйелдің маңайынан өтіп көргенім жоқ»- деп. Ташкенбай молда һәм айтқан еді: «Алпыстан асқанша ұрғашыға жақындасудың не жұмыс екенін білмеуші едім» - деп.
ОЛЖАБАЙ БАТЫР
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Бұл – тарих - шежіре. Ауыздан - ауыз алынған сөздерден жиналған. Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдан сөйлейік. Бұл Олжабай батырдың туысы - Орта жүз: Арғында он үш жасында «Айдабол би» аталған Айдабол - Күліктің Айдабол ұрпағынан шыққан. Айдабол бидің бәйбішесінен: Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы. Ортаншы қатынынан: Қарақозы, Бозқозы, Аққозы. Кенже тоқалынан: Қожакелді, Тайкелтір. Осының бәрі де өсіп-өніп, өзді ру ел атанған. Жалғыз-ақ бәйбішенің кенжесі Кенжеқозы қыршын жас күнінде өліп қалып, атастырып қойған қалыңдығы оң жақта жесір қалған. Қайыны - Үйсін: Қаратай батыр екен. Айдабол би Қаратай батырдың қызы тоқалынан туған: «Тайкелтірге алып беремін!»- деген соң, Жанқозы:
- К...ттесім жесірін тоқал баласына алдырмаймын!- деп,- Тетелес інім Малқозының баласы Толыбайға алып беремін!- деп. -«Берсе, қолынан, бермесе, жолынан»- аламын!-деп, ту тігіп, қосын болып барған.
Қаратай батыр:
- «Құдай!»- дескен, құйрық-бауыр жескен» құдамсың. «Құданы Құдай қосады!»- деген. Арғындығыңа кетіп, аңғалдық қылып, Бұл келісің қай келіс? «Жасанған қолыңнан, адасқан жолыңнан» қорықпаймын. Жол-жобадан адаспаймын! Көп жолдасыңды қайырып жібер, қосшы - қолаңшыңмен өзің қал! Біржолата ұзатып, алып қайт!» - деген соң, Қаратай батырдың «айтқанына кеңіп, айдауына жүріп», жаз барған жолаушы қысқа килігіп қалып, қыс ішінде ұзатып алып қайтқан.
Қаратай батыр түйесінің басын жетектетуге Шанышқылыдан: Бөктік деген бір қызды алдырып, қызына «жетім» қылып, қоса берген. Жолда келе жатып осы екі қыздың екеуі де босанып, ер ұл туған. Шанышқылы қызы Бөктіктен туған баланың атын: «Бұған ат болуға осы отырған қос та жетер!»- деп, «Қосжетер» қойған. Аман-есен елге келген соң, «Еңбек қылып, барған, жүрген, тұрған бізге олжа болуға: «Олжабай» жарар!»- деп, Бөктікті, онан туған Қосжетерді Айдабол бидің босағасына байлап, Жанқозы әкесі Айдабол биден бата алған. Айдабол бидің толып жатқан көп баласының өсімі - өнімі де бір төбе, Жанқозының жалғыз өзінің өсімі – өнімі - бір төбе. «Баталы құл арымас, // Батасыз құл жарымас»,-делінген сөз осындайдан айтылған. Айдабол бидің: Қожакелді, Тайкелтір - екі баласы бірдей құба қалмақ ханы Қалдан Шерінге олжаға түсіп кетіп, қалмақ қолында қалған.
- Ол екі бала өлді ғой , не тірі жүрсін?- деп, Айдабол Мұнда қалған балаларына енші үлестіргенде, тоқал балаларына үлес - сыбаға қалдырмаған. «Болат пышақ қап түбінде жата ма?»- Тайкелтір аман келіп, еншіден құр қалғанын білген соң, жылап қоя берген. Сонда Айдабол би сасқан, ұялған:
- Мұндағыларға шоп кіндікті малды бердім, саған ет кіндікті адам қойдым. Мына -Бөктік, онан туған Қосжетер - сенің еншің болсын! Қара бауыр қылып ал! Менің кісілігім, бақ аруағым сенде қалады!- деп, батасын берген.
Сондықтан Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер) бір бауыр, бір ауыл болып, «Тайкелтір -Қосжетер (Қошетер)» атанған. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» батырдың әкесі Толыбайдың жұттан қалған жалғыз құлашолақ биесі бар екен. Құлашолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, жау алып кетті. Он жеті жасар күнінде Олжабай құлашолақты іздеуге екі қоржынның басын қақтаған жылан етіне лық толтырып алып:
- «Құс ұшпас, құлан жортпас» белдерден де асармын! Ұшқан құстың қанаты күйетұғын, жүрсе, аттың тұяғы күйетұғын шөлдерден де асармын! Құла биені жеті қабат жердің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын!- деп, аттаныпты.
Өз үйінен шыққаннан соңғы көрген жарық сәулесі айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болыпты. Аптығып, асығып үйге кіріп келсе, бір сары қарын қатын отыр. Бір күбі быжылдап, ашыған айран түр. Бір нәрсеге құйып ішуге қарамастан, күбі - мүбісімен басына бір-ақ көтеріпті.
Қатын үрейі ұшып, қорқып, сүйсініп:
- Ішкенің ас болсын, бойыңа жұғымды болсын! Сұйық асты ішкеніңе мейірім қанды. Бұрын түзге шықпаған, жол жүрмеген бала екенсің. Қой-қозысы құрғыр, жоқ болса да, ешкі - лақ бар еді. Сауыны болғанда, саудыруға өздері келеді. Лақ емес, кебенек келгірдің бір семізін сояйын. Боғы мен қанынан басқасын қазан толтырып асып, алдыңа қояйын. Сұйық асты ішкеніңе айызым қанды. Тамақ жеген жесіңді көрейін!- деп жалыныпты.
- Жоқ, бәйбіше, бір құлашолақ бие алдырып, соны іздеп таппай, көт басып отыруға мұршам жоқ!- депті.
Қатын сөйлепті:
- Осы үйдің есігінен анау көгеріп көрініп тұрған тау емес, «Қара үңгірдің қара жоны»-аталған көлденең жатқан бел. Ол белдің ар жағы - «Қаражонның сеңгір көлі»- атанған кел. Сол көлдің басында суатын жағалай қонған ел. Сол елде бір батыр сенің биеңді, құлынын арбаға байлап, сауып ішіп, бір биенің сүтімен бір тайпа елді асырап, биеңді бере қояр ма екен? Мал үшін талайдың желкесін қиып жүрген қу жалмауыз еді. Аузыңнан сүтің шығып тұрған уыз жас бала екенсің. Шырағым, жаным ашығандықпен айтамын. Осы жерден қайтып кетсең де, жарар еді.
- Уай, шеше - ай: «Бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді,// Мал үшін жігіт адам қайда өлмейді?!» Мен де: «қатынмын»- деп, атқа мінгенім жоқ, «Батырмын ғой!»- деп, атқа міндім!- деп, атына мініп жүре берді. Масасын ызылдатып, сонасын қожылдатып, белден асып, Сеңгірді айналып (айланып), тұпа - тура көлдің суатында отырған ауылға қасқиып барып, құла биенің құлыны байлаулы тұрған арбаға атын байлап, үйге кіріп барды. Қазағыңа сәлем - мәлемді білмейді. «Амансың ба?»- мен жұмысы да жоқ:
- Мына құлынды арбаға байлап қойғаны несі?- дейді. Талай жауға ат ойнатып, талай шұңқырға қарыннан қазан қайнатып жүрген шонжар өз үйінің төрінде отыр екен. Олжабайдың кескін түрін көрген соң:
- Балам, алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі болса, ал да, жүре бер!- деп, жақсы сөзін айтып, қала беріпті.
Олжабай батыр биесін алып жетектеп жүре беріпті. Үйден шыққалы ұйқы деген неменің қайда кеткенін де білмейді, кірпік қағып, көзі ілінген жоқ екен. «Түлкі жортпас тумадан, // Итқұс кезбес қолаттан» етіп , осы жерден жанды қара жүре қалмас - ау дерлік, бедірейіп жатқан Бетпақдалаға шыққан соң, бір жерге түсіпті. Астындағы атының: «Аунасын!»- деп, ер-тоқымын алып, «қунасын!»- деп, жүгенін алып, құла биенің ноқтасын сыпырып алып:
- Ұш, жануар, аяғың барғанша жүріп, оттай бер - деп, қоя беріп, өзі шалқасынан түсіп жата қалыпты. Сілесі құрып, ұйықтап, қата қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанда, жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы суынып, біреу буындырғандай буынып, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқанын сезіп, шошып басын көтермепті, көзін ашып қараса, күпшіктей сары шұбар жылан кеудесінің үстінде біресе қойнына кіріп, біресе мойнына оралып, біресе екі бұтының арасына барып, қойын-қонышын тегіс аралап жүргенін керіп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан, жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрген енеңді ғана сі...ін-ау, егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-ақ қыршып тастайын!»- деп. Жылан аузына кірмепті. Онан басқа денесінің бәрін түгел аралап, тамағының астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей: «Енесінің а...на кіремін»,- деп кетті ме? Бәлемді көрінсе, ұмар-жұмар қылайын!- деп, басын көтеріп алса, басында ақ шалмалы бір қожа отыр.
- Үстімде тіккен үйім жоқ. Алдымда айдап жүрген қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің басында қ...ямша қақиып қатқаныңның басын аламын деп отырмысың, қожа?! Қожаның арсызы - ақ екенсің!- депті.
- Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін. Өзіңнің бақ – талайың - Қайып - піріңмін! Сені дию, перілер: «Алып кетеміз!»- деп, он бес жыл андып еді. Мен күзетші болып алдырмап едім Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүрсең қасында, жатсаң, басында болатұғын алмажайыңмын. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім, араладым. Кеудең дәнемеден шімірікпейтұғын: «Деген байдың өзі, // Көк шолақтың көзі»-екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді. Артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің аруағын керек қылма! Жауға шапсаң, өз аруағыңды көтеріп: «Олжабай! Олжабайлап»- шаба бер! Сары шұбар жылан болып, оқ бойы алдында ұшып отырамын. Өзің түгіл, «Олжабай! Олжабай!»- деп, атынды айтқанның алдынан жау беттеп тұра алмай, қаша берер!»- деп, ғайып қайып болды дейді.
ОЛЖАБАЙ БАТЫР
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
«Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай!»- деседі. Бұл сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады. Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып жүрген күндерінде бірін-бірі танымайтұғын екі жау түзде кездессе, қай бұрын «Олжабайлап» шапқаны жойып, жеңіп алып кете береді екен. Бірінен бірі естіп, құлағы есіткен (естіген) қазақ жауға шапса: «Олжабай, Олжабай!»- деп шабатұғын болыпты. Қазақ орысқа қарамаған күнде Айдабол ішінде Құлнияз, Бабыр аталған екі ру елдің жылқыларын жау алыпты. Қарап отыра ала ма, тайлы - таяғына шейін қалмай, қуыпты. Сонда жауға шапқанда: «Құлболды, Құлболды - лап»- шауыпты. Жеткендерін «қызыл көтен» қылып түсіріп, қиратып барады дейді. Қуғыншылардың ішінде Құлнияз ұрпағы: Құнды баласы Байдалы бар екен. Аты жүйрік болмағандықтан, жігері құм болып, кейінгі қуғыншылардың ішінде келеді екен.
- «Құлболды жолы қызыл-жосул қан болады!»- дейтұғын, «Олжабай, Олжабай!»- деп, шаба көріңдер!- деген соң:
- Олжабай, Олжабай!- десіп шуласыпты.
Сөйтсе, Бабыр ішінде түбі тегі сарт - бір биеші бие сауып жүрген - бір құлынды биеге жайдақ міне салып, шапқан екен. «Олжабай! Олжабайлап» барып, жауды жайратып, қалғаны тырым-тырақай қашып, жұрт жылқысын аман айырып алып қалыпты.
- Жауды түсірген кім? Кім?- дегенде:
- Бір биеші - делінгеннен: «Биеші» атанып, осы күнде соның ұрпағы: «Биеші балаларымыз!»- деседі. «Тоғайда Апай бөрі - Қазанғап ауылында төртті - бесті үй бармыз!» - дейді.
Қазақ орысқа қарамаған күндерде Ертістің арғы жүзі «Қарағай», «Жақсылық»- дегенмен, жалпақ Сүйіндік жылқысын солай айдады дейді. Жылқышылардың ішінде Шоң, Торайғырдың кенже інісі Қосдәулет бар, Сары деген таптан Ботбай бар, Қаржас, Таластан «Төртқара» атанғанның бір қарасы Жаманқара бар. Өзге елдің жылқысы Ертістен әрі өтіп, Қызылтау - Қозғанының жылқылары Ертістің бер жағында жатып қалыпты. Қозған жылқыларын түп көтере жау алыпты. Қостарында арқандаулы тұрған аттарын міне сала жылқышылар қуды дейді. Сонда ішінде қу сақал бір қырқылжың:
- Балалар, «Олжабай, Олжабай!»- деп, шаба көріңдер! - депті.
«Олжабайласып», шуласқан соң, жаудан кісі топырлап түсе бастапты, жылқыларын да аман айырып алыпты. Қолға түскен жау кісісін атқа жайдақ мінгізіп, екі аяғын аттың бауырына қоса байлап, жылқымен бірге айдасып қайтыпты. Сонда қолға түскен жау кісісі:
- Сендердің мана бізді қуған көп кісілерің қайда?!- деп қоймайды дейді.
- Осы шіркін не былшылдап отыр? Қос басына бесті - алтылы жылқышымыз. Ел жоқ, күн жоқ, көп кісі бізге қайдан келуші еді?!- десіпті. - Ендеше мана біздің көзімізге күннің көзі, жердің жүзі кісіге толып кетті. Біздің батыр басымыз Наманай, Мендеке батыр еді. Ол «Өзінің өз болғалы, // Көйлегі без болғалы»- бетін бұрып, тайсалып, жаудан қашқаны-ақ осы шығар! Ол қашқан соң, өзгемізде не үрей қалсын?! Жан тәтті ғой ! Қайсың ұрып жығып, мені байлап алдыңдар? «Етімізге нәпіз етпесін (итмесін)!»- деп, өзіміз аттан құлап, топылдап түсе бердік. Мына отырған сендерге Бұл жылқыдан бір тал қыл да бұйырмайтын еді! - депті.
Осы сөздер сол замандағы талайдың аузында әңгіме болып жүрген сөз ғой. Көктен маған Жебірейіл келіп айтып отыр дейсіңдер ме?! «Құлағының 122 тесігі бар, // Кеудесінің есігі бар» сисібе құлақ шалдар сөйлеп, сонан бірден бірге қалып, әңгіме болып, жеті атаға келген. Міне, мен сөйлеп отырмын. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» батырдың немересі Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар жоғарғы Қаракесек: Қарсұн - Керней, Қояншы - Тағай жағында жорықта жүрсе, елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сонда Бұл Арыстанбайлар: «Олжабайлап!» - шауыпты. Ана бесеуі де «Олжабайлап!»- шауыпты. Ертеңнен кешке дейін соғысып, бірін-бірі ала алмай, аттары болдырған соң, титығы құрып, аттарынан түсіп: «Бір-бірімізге қастық ойламасқа!»- деп, құр жондарынан алып, малта тас түсіріпті. Олай қылғаны - елдескендігіне сенімді уәделері екен.
- Танысып, білісейік!- десіп жөн сұрасыпты.
- Біз – Айдабол - Күліктің Айдаболы: әкемнің аты - Дулат, өз атым - Арыстанбай, Дулат әкесі - батыр Олжабай. Мен бабамның аруағын шақырдым. Сендердікі не? Сен неге «Олжабайладың?»- депті.
Онда ол айтыпты:
- Жастықта сол өзің айтып отырған батыр Олжабай бір жорыққа бара жатып, біздің Шор Ұлытаудікіне қонады. Ұлытау өзі Ұлытау, Кішітаудың Ұлытауында туып, атын «Ұлытау» қойған екен. Өз заманында өзі Ұлытау қандай болса, сондай жан болыпты. Дүниенің жүзінде жалғыз-ақ кемшілігі перзентсіз болыпты. Алған қатыны да өз тұсындағы әйелдің «Құлан қарауыл алғары қиғашы»- атаныпты, пұшпағы қанамапты. Олжабай батырға қос тігіп беріп, мандық көрпе жауып, ши құтыны бір шапанды бас жағына іліпті:
- Мынау - аруағыңа байлаған ақтығым. «Ертең киіп кетсе, көзі бола ма?! // Тиіп кетсе, сөзі бола ма?»- деп, Олжабай батырдың қойнына кіріп барыпты. - Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаң бұт қу емеспін. Абысын-ажынның: «Пұшпағы қанамаған, Құдай қаламаған!»- деген сөзін не қылайын?! «Ұрыспас ұл, керіспес келін» бола ма? Аузына әлі жетпеген жамандардың: «Қу бас, шіркін!»- деп, байымды Мұнайға бергендігінен, тарығып, зарығып: «Мергеннен - сирақ (сырағы), батырдан - сауға»,- деуші еді ғой ! Атың шыққан ер едің: «Бір атым оғын аямас!»- деп, аруағыңнан дәметіп келдім!- депті.
- Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етекке етегімді ашып көрген жан емес едім. «Болатымды боққа суармаспын!»- деген антым бар еді. «Жолыма жобалғы болар!»- деп, жоламаушы едім. Менде бар болса, сен бір ұл табасың. Атын «Олжабай» қой!- деп, кіндігінен жүндігіне шейін бір сипап жүре беріпті.
Қатын ертеңінде айта тұра келіпті:
- Қо...гымен с...іп берген жоқ, қолымен тығып берген жоқ. Бір бала беріп кетті!- деп, бозқасқа сойып тарқатыпты.
Сонан кідірмей буаз болып, ер ұл тауып, атын: «Олжабай»- қойып, сол Олжабайдан туған Ханкелді - мына мен! Мен де - сол Олжабайдың лепес баласы - Олжабайдан туғам. Сондықтан біз де Олжабайды ұран қылып алғанбыз!- депті. Міне, бұрынғының әулие екендігі - осы. Өз заманындағылар: «Олжабай! »- деп жүрген, жүріп, қылып жүрген қылығы.
МАЛАЙСАРЫ ЖӘНЕ ОЛЖАБАЙ
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдың бағының ашылған,
аруағының шашылған жорығы
Орта жүз: Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен. Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «Оттасын, жайылсын!»- деп, бұйдасын түріп, бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып: «Әуп! Әуп!»- деген дауыс естілген соң: «Дәу де болса, Бұл жолбарыс шығар!»- деп, жұрт ду көтеріле шапқанда, Малайсары бір шұбар тайға мініп, олай-былай шапқылап жүрген бала - жұрттан бұрын абайсыз жолбарысқа барып қалғанда, жолбарыс шұбар тайдың құйрығынан алып, «Әуп!»- деп, аспанға атқанда, бала таймен бірге кетпепті. Жолбарыстың үстінде мойнынан құшақтап, ұйқы-тұйқы болып жүргеннің үстіне Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, баласын аман айырып алыпты.
Осы Малайсары заманында ептейсіз ірі батырдың есепті бірі болған.
Абылайдың мінгені-Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туыңды ала, шаба гөр, Малайсары!
Абылай хан атақты, аруақты, бақты хан болған күнінде Уақ:Сары-Баян- сыз, Балтакерей-Тұрсынбайсыз, Шанышқылы:Бердіқожа, Көкжарлы көкжал Барак, Сырым -Малайсарысыз жорыққа аттанбайды екен. Сырым: Малайсары батыр қарақалмақ Қатысыбанның ханы Қоңтажының қолына тұтқындыққа түсіпті. Қалмақтың ханы ақбоз үйге кіргізіп, құда, күйеуше сыйлап күтіп: «Сірә, Мұнымен елдеспей, бізге тыным - тыныштық болмас!- деп:
- Сені біз осы сыйлаған бетімізбен сыйлап аттандырайық. Сен тұңғышың Тілеуқабылды бізге «ақ үйліге» бер! Ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасайық. Бір-бірімізге жау болмасқа сенімді уәдеміз осы болсын!»- десіп, Бұл баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек болып, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп, жаңа «уе» (уф) деп, демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп, Абылай хан келіп қалыпты:
- Отырма! Атқа мін, жүр!- дейді ғой.
Малайсары:
- Мені қой, мен бармаймын! «Қалмақпен жауласпаймын!»- деп, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтып едім. Антқа ұшырап қалармын!- дейді.
- Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің?! Жүр, сен бармасаң, болмайды!- деп, еркіне қоймай, ертіп алып, аттанып қалмаққа барған екен. Барса, қалмақ күн бұрын естіп, күтініп,- дүние дүние болғалы, жер, су болғалы жау беттеп кіріп, бұзып ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады екен,- тастүйін болып, соған қамалған екен.
Сонда Абылай хан төрт батырды жіберіпті:
- Қорғанды айналып айланып болжап келіндер: бұзып кірер жері бар ма екен?- деп.
Сонда Уақ: Сары - Баян жоғары ұмтылып, қорғанның үстінен үңіліп, ішіне қарай бергенде, дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай қайқайып қалғанын көріп: «Жығылды ғой»- деп, қалмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып, көре сала батырлар жалт беріп қашқанда, арт жағынан оқты жаңбырдай жаудырыпты.
Сонда Абылай хан:
- Бір қанды ауыз мылтықтың ауызы Малайсарыға дөп келді-ау! Құдай-ай, сақтай көр!-дегенше болмай, Малайсарының сауытының жырық көт жігінен, шонданайдан оқ тиген екен. Жүремете сол қалмақ үш атыпты. Өзгелері дін есен, неше оқ болса, Малайсарыға тиіпті. Батырлар аман келгеніне - өзгелері қуанысқан екен, Абылай хан:
- Малайсары аман емес, аты кереңдеп қалды!- депті. Айтса, айтқандай, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен.
Қосына aп келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай хан:
- Өзге тамақты бұған бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады. Онан соң үйірге қосылмайды!- депті.
Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді. Өзгелері күнде аттанып қорғанға бара береді. Бұрынғы хандар Мұндай зор соғысқа барғанда, қосынды үш бөлек қылады екен. Бір бөлегін: «Кезуілші»,- деп, оқшау бөлек алдында жүргізеді екен. Бір бөлегін «Тосқауылшы»- деп, ханды ортасына алып, орта буында жүреді екен. Бір бөлегін: «Салықшы»- деп, запас баққан аттарымен кейін арттарына тастайды екен. Олжабай бұрын есепке кіріп, қатарға қосылмаған күні болса керек. Әйтеуір сол жорықта бар, бірақ «салықшылардың» ішінде екен. Олжабай - ат жайған көп қазақтың бірі. Атын жайып, көйлек-дамбалын шешіп, қаннен-қаперсіз қаннан - хабарсыз ... қарап отырса, бір көк шолақ атты, көк шекпенді біреу - екі етегі жалп-жалп етіп, далақтап, екі көзі алақтап, атын басқа-көзге төпелеп төбелеп, із өкшесі елсіз даладан шығып, дәнемемен ісі жоқ, Олжабайдың қақ қасынан шауып өте бергенде, Олжабай:
- «Немене, немене?»- деп, асығып-үсігіп қайда барасың?- деді.
Онда ол:
- Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай алтын қақпаны дал-дал қылып бұзып, жұртқа олжа үлестіріп жатқанда, олжадан құр қалайын ба?- деп шаба жөнеліпті.
Олжабай батыр отыра алмай, ұшып тұра келіп:
- Уау, мына қалмақтың дал-дал болуы, мына қақпаның бұзылуы менің қолымнан болмақ екен-ау! - деп, тұра киініп аттанып:- Олжабай! Олжабай!- деп, шауып, жолында тұрған Абылайдың ала туын жұлып ала жөнеліп, қорғанға қорғаламастан қасқиып жетіп барғанда, бір қалмақ туды көздеп атқанда, қалмақтың ту ұстаған қолының қоспасынан тиіп, оны бір тікенек қадалған құрлы көрмей, ала туды Абылайдың өзіне бере салып, аттан түсе қалып, дарбазаны даруазаны шапқылағанда, қалайы - қорғасын құйып жасаған дарбаза саз балшықтай иленіп, қамалып жүрген қазақ сорлы, несін сұрайсың, қарқ олжаға батып, мәре-сәре болыпты.
- Олжабай, Олжабай!- деп, тұсынан шауып өте бергенде, қозғала алмай жатқан Малайсары белін оратып тандырып:
- Мына жауды Олжабай мұқатып алып, абырой аруақ Олжабайда қалатұғын болды. Мен құр қалам ба?!- деп, атқа үш мініп, үш түскен екен. Осы хабар Шүршіт патшасына естіліп:
- Сол қақпа бұзған батырын маған жіберсін, көремін!- деп.
Барған соң құлжаның қос басындай оқтың үңірейтіп тесіп кеткенін көріп:
- Мына қолыңды оқ мынадай үңірейтіп кеткенде, қақпаны қалай шапқылап жүрсің?!-депті.
- Мен оқтың тигенін де, оның не қылып, не қойып жүргенін білдім бе екен?!- депті.
Сонда Шүршіт патшасы сары ала ту, сауыт-сайман, дулыға, қалқан, сауытты ат мінгізіп, құшақтасып, дос болып, бұрынғы Олжабай емес, басқа бөлек Олжабай болып қайтыпты. Малайсары батырдың бір сөзі қала беріпті. Ол не сөз десең, Абылай хан айтты ғой : «Қатқан сүр ет бере көрмеңдер!»- деп. Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күнсіз далада қамалып жатыр. Түсте бірін, кешке бірін сойып тұратұғын қой-қозы бар ма?! Қызыл турам ет жұртқа жерік асындай болып, Малайсары бақыршысын шақырып:
- Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басынды шауып тастармын!- деп, қаһарланыпты,- Ала қоржын қайда? Алып кел! Соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, менің құрығаным ғой, қаран суалғаным ғой!- деген соң, ала қоржынды алып келсе, ақтарып қараса, бір қазы жатыр екен. Ортасынан тұтамдай кестіріп алып, астырып жепті.
Абылай хан келген соң, көрсе, бұзылып, келіспей қалғанын көріп:
- Ұрған екенсіңдер ғой ! Сүр ет бердіңдер ме?- дегенде:
- Қазының ортасын беріп едік!- десіпті.
- Енді болмады: жалғыз-ақ ілініп тұрғандығы шектің бүтіндігі еді. Ай, бәрекелді - ай, келіспеді - ау!- депті.
Сонда Малайсары батыр айтқан екен:
- «Әзірейіл, шіркін, Бұл қайда жүр өзі?!»- дей беруші едім. Ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен. Сөйтіп амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісіге бадырайып келуге оған да жан керек қой!- деген екен.
Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп қойыпты.
ОЛЖАБАЙ ЖӘНЕ ЖАСЫБАЙ
Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау, Кішітауды қыстап, Сұр қара сортыны жайлап, сол маңайға орын теуіп жүріпті. Баянаулаға «Барлыбай» ұранды Бәсентиін келіп «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жұтынан тышқақ лақ өлтірмей, дін есен қалған екен. Олжабай батыр соны естіп,- өзге Сүйіндік - Ұлытау, Кішітауда,-төртті - бесті үйді соңына ертіп, Баянаулаға келіпті. Кісіден сұрап мал жей ме? Тоқты-торым, тай-тулақ, бұзау тайыншаны қуалап келіп жей береді. Барлық Бәсентиін біріне-бірі тығылып, Баянауланың бауырына жиылыпты. Бір байынікіне ту бие сойдырып, жиылыс қылысыпты:
- Осы бір төрт-бес үй қыстай маза бермеді. Ендігі жылы тағы осыны қылады. Бұрынғылар: «Көп қорқытады, терең батырады»,- дегені қайда? Қарасын өшіріп, көзін жоғалтып кетейік!- десіп отырғандарының үстіне Олжабай батыр өзі кіріп келіп:
- Сендер көшіп кетіп қаласыңдар. Біз айыр өркеш түйеміз жоқ, бауыры сүтті биеміз жоқтықтан, тауда қаламыз. Тас кеміреміз бе, тау кеміреміз бе, үлеспеген еншіміз бар. Көшер елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Еншіміз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер!- дегенде, үйдің оң жақ босағасына таяу отырған бір ұзын мойын қу ауыз:
- «Біз өзінің қарашығын батырып, көзін жоғалтып кетейік!»- деп отырсақ, мынау не дейді? - дегенде, Олжабай батыр ұшып тұра келіп, жеке ауызын қынынан суырып ала ұмтылғанда, анау да жан ұшырып, қолға түспей, қашып шығыпты. Олжабай:
- Сендерге қолымды былғамайын, қылышымды қандамайын! Күні ертең тағалы торы тай қалдырмай, түп көтере жылқыларыңды тиіп алайын да, күш - қайраттарыңды сонда сынарсың!- деп, кетіп қалыпты.
Бәсентиін... түн ішінде алас ұрып, бүлініп, үркіп, көше қашып, Ертіс суына тоғытылып, ажалдысы суға кетіп, ажалсызы Ертістен әрмен арман өтіп кетіпті. Сол күндерде Бәсентиін деген рудан, «Таз» аталған ұрпағынан Жасыбай батырдың беті қайтпай жүрген күні екен. Өзі мерген, өзі жауырыншы екен:
- Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қалмақтан босатып алған жерім еді. Мен Олжабаймен айтыспай, қара қанға батыспай, тастап көше қашпаймын!- деп, жалғыз үй қалыпты. Бір жаман жобалғы інісі бар екен. Ағасының малы болса, бағып; отыны болса, жағып; ас-суын қылып беру үшін қасында жалғыз-ақ сол інісі қалыпты.
Баянаула тауының қалың ортасында бір қол бар. Сол көлдің күн шығысында бір тасты «Ту тіккен»- деседі. «Олжабай мен Жасыбайдың: «Айтысамыз!»- деп, ту көтерген жері»-деседі. Екеуі Мұнан бұрын жүзбе - жүзге келісіп, бірін-бірі көріскен жоқ екен. Бірін-бірі көріскен соң, «ішпей мас, жемей тоқ» болып, өзді-өзімен тойысып (түйісіп), «ұрсамыз, төбелесеміз!»- дегенді қойысып, қоян-қолтық алысып, құшақтасып, дос болысты.
- Кел, екеуміз осы Баянаулада жаталық, // Қойдай өріп жүрген: бұғы, бұлан, аладомбай, керкуданың аталық! // «Жалғанды жалпағынан басып» Мерекеге баталық! // Бұл тауды: «Елсіз қалды, иесіз қалды!»- деп, қалмақ келеді. Кедергі болып, соның жолын тосалық! Бір асуының аузында мен жатайын! Бір асудың ауызында сен жат!- деп, Шойындыкөлді басып өтетұғын жолдың асуында Жасыбай жатты да, «Торайғыр көлі»- деген көлді басып өтетұғын жолдың асуында Олжабай жатты.
Ол заманда да қалмақ қосыны тау - тауға бекініп, тауға паналап жүреді екен. Жасыбай жауырын жақты. Жауырынға қалмақ қосыны Қызылтауға үйіліп, төгіліп тосып қалғаны түсті. Қарауыл қарайтұғын тасына шықты. Қызылтауда бір тасқа шығып, қалмақ қарауылшысы да отыр екен. Бұл оны көрді де, ол Мұны көрді. Үйіне келіп, жауырын жақты. Жауырынға қалмақ қарауылшысының көбіне айтып барғаны түсті. Ол айтқан екен:
- Асудың ауызында бір жанды қара көрдім. Кісі екенін, құс екенін айыра алмадым. Ертең қарауылға тағы шығамын. Кісі болса, тағы отырады. Құс болса, бір жерде қозғалмай отыра бермес, ұшып кеткен шығар!- деп.
Сол сөзі жауырынға түсіпті. Жасыбай қу сүйекті үгіп, күл қылып, бір ақ шүберекке түйіп, бір тулақтың пұшпағына байлап, қарауыл қарайтұғын тасына шығыпты. Шықса, қалмақтың қарауылшысы отыр екен. Күн қатты дауыл, уілдеп тұрған жел екен. Тулақты аспанға ұшырып, күлді шашылатұғын қылып қоя беріпті. Қалмақтың қарауылшысы қуанып, жүгіріп, көбіне барып айтыпты:
- Кешегі құс екен, аспанға ұшты, саңғып жіберді. Құс екенін сонан білдім!- депті. Қалмақта да жауырыншы бар екен. Жауырын жағып жіберіп, қарапты да, айтыпты:
- Ол құс емес, кісі. Өзі жауырыншы, өзі мерген. Біздің қарауылшы: «құс екен»,- деп ойласын деп, тулақ ұшырып, күл шашылдырыпты. Ал, жалма-жан аттарыңды ерттеңдер! Ердің алдыңғы қасын аттың көтіне қаратып ерттеңдер! Жауырынға аттың басы түспейді, ердің қасы түседі. Қайтып кеткен екен! - деп, бейғам болсын. Түн қатып жүріп, түн ішінде барып, асудың ауызын алып, тұра қалыңдар!- депті.
Қалмақ өз жабдығын қыла береді. Жасыбай үйіне келе сала жауырын жақса, ердің қасы әрмен қарапты.
- Бәлем, қашып кеткен екен ғой!- деп, бейғам жата беріпті. Жауырынға нанды да, қойды. Сөйтсе, қалмақ түн бойы жүріп, түн қатып келіп, отыз мерген жез айыл мылтығын қатар ұстап тұра қалған екен: «Бәлем, енді көрінші! Мың жаның болса да, көрейік!»- деп. Жасыбайдың ойында дәнеме жоқ, қаннен-қаперсіз (қаннан-қабарсыз) қарауыл тасына шыға бергенде, дәл өндіршектен көздеп, мұрттай ұшырыпты. Байғұс жаман інісі жан ұшырып: «Олжабай, қайдасың?»- деп, қашты дейді. Қалмақтың Олжабай - Молжабай ойында бар ма, асудан асып келіп, көлдің басына үйіліп-төгіліп түсіп жатқанда, сары алатуы салбырап: «Олжабай! Олжабайлап!» келіп қалғанын бір-ақ көріп, топырлап қаша берді. Олжабай Мұның алдына шығып, қайыра қайырып: «Қойдай иіріп қырмаған соң, не керегі бар?! - деп, «Қалмақ қырған» тасына иіріп, қойдай қамаған екен. Сондықтан ол тас «Қалмақ қырған»- атанған дейді.
Сонда Олжабайдың жолдасы - Төртуыл:Баймұрат деген батыр:
- Сенімен төбелесер бір қалмақ жоқ. Қалған-құтқан болса, маған сауға бермейсіз бе?-түсе қалып, шылбырынан ұстап, тұра қалған екен.\
Сонда Олжабай айтыпты:
- Жасыбайдың бір бармағының құны да толған жоқ!- депті.
«Сонан кейін қалмақ Сарыарқаны көксеп, бері қарай басқан емес!»- деседі. «Қалмақтың тамақ қылып ішетұғын саймандары үйіліп-төгіліп көл басында қалғандықтан, «Шойындыкөл» атанған,- дейді. «Жасыбайдың өзін асудың үстінде жұрт жүретұғын жолдың үстіне қойып, ол асудың «Жасыбай асуы» аталғаны - сол!» - деседі. Жасыбайдың дене топырақ моласы өткен-кеткеннің атының аяғының астында жиырма жетпеген күнімізде асудан бірге асқан сыйсыба (сисебе) құлақ шалдар: «Міне -Жасыбайдың моласы!»- деп, көрсетіп еді. Өзге жоғалса да, мола жоғала ма? Жаздыгүні жер қарада жүрген жандар көреді. Қазақ - әулие:бір ауыз сөзі босқа далаға кетпейді: «Жауырыншыны жау алады, // Есепшіні Жұт алады!» Жасыбайдың өліміне себеп болған - өзінің жауырынына сенгендігі. ***
«Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау айтады ғой:
Мұсылман (пұсырман) болсаң кетіңіз,
Сырдариядан өтіңіз!
Жиделібайсын жетіңіз,
Кісісі жүзге келмей, өлмеген,
Қойлары екі қабат қоздаған,-
Солай қарай жетіңіз!- деп.
- Кел, бозбала, қойға қошқар қоймаңдар! Сиырды бұқасыз, түйені бурасыз, жылқыны айғырсыз қылайық! Малды үш жыл ту сақтап, осыны қылайық. Бізден бұрынғы ауғандар солай ауған. Сол жақта өсіп-өніп, «Ауған елі» атанып қалған. Ауғандардың ілкі (илгі) басы - Асан қайғы.
Анан онан соратон (сұратон) - Қазтуған, Орақ-Мамай, Телағыс:Тама - Шора батыр, Кіші жүзден шыққан - Әз Едіге. Мынау Абылай қанша десін көтеріп мақтағаныңмен, «Жалаң аяқ жар кешіп: «Жаным қайда барсам, қалады?!»- деп, жалаң бұт келген сарт қой. Бір күн к...тін орысқа береді, бір күн к...тін шүршітке береді. К...тін Шүршітке бергені емес пе: тұла бойы тұңғышы Әділді Шүршіт патшасына: «Ақ үйліге» берді. К...тін орысқа бергені емес пе: Кіші жүздің жерінің шұрайлы жерінен Троицкиді жәрмеңкелікке берді. Орта жүздің жерінің шұрайлы жерінен Қызылжарды жәрмеңкелікке берді. Кел, осыдан кетелік! Жер шұрайы Жиделібайсынға жетелік!- деді. Жұрт жұмыла: «Әу!»- десті. Адамды ойға алғанына жібермейтұғын бір тағдыр деген тұсау бар ғой. Ойламаған орыннан сап етіп, жағадан алып, шап етіп, Ереймен тауының күн батысында аяғынан алды, төсек тартқызып, шалқасынан салды. Сонда өзі арман қылғанда, нені арман қылған екен? Қырып, жойып, қиратып жүргенде, қылатұғын ісі - найзагер екен. Найзамен түйрей шанышпай, қалыбы (қалбы) шанышады екен де, киімінен түйреп, түсіреді екен. Оның сүйтіп түйреп түсірген жаны атқа мінуге жарамай қалады екен. Сонда өкінгендегісі: өлтірмегеніне өкініпті:
- Өзім кісі өлтірсем, ажалым кісіден болар еді. Қой боғындай қорғасын маған бұйрықсыз болып, жамандардай төсекте сұлап жатып, «қағындыдан» өлдім - ау!- деп, бармағын жұлып-жұлып шайнап тастаған екен дейді.
Болмаса мен ауырғанда қасында, өлгенде, басында болған жан емеспін. Мұның артының үбірлі - шүбірлі болып, өсіп-өніп жүргені сондықтан екен. Қазақ қатынының ұрпағы - бір тайпа ел, қалмақ қатынының ұрпағы - бір тайпа ел. Бір қарақалпақ қатынының ұрпағы бар, онысын жұрт: «Қалпақ»- дейді. Егінге түскен шегірткедей жыбыр-жыбыр, қыбыр - қыбыр етіп жатқан бірдеме. Шідерті деген өзеннің басынан қыдырсаң, аяғына шейін Олжабай ұрпағы болады. «Денесін Әзіретке апарамыз!»- деп, денесін құрт - ірімшік жаятұғын сөредей сөре жасап, сөрелеп қойыпты. Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайында өздерінің жайлап жүретұғын жайлауларына қойыпты. Өлген жері - «Олжабай сөресі» атанған. Ол жер осы күнде «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай тамы» атанып, «Майлықара - Майданнан салт атпен тас тасып, тастан жасаған тамы бар. Олжабай батыр өзі өлерінде айтқан екен:
- Менің үрім - бұтағымның жау десе, көтені лүпілдейді; дау десе, көмейі бүлкілдейді!-деп.
Естіген сөзімнен сөз қалмасын: «Естіген құлақтың жазығы жоқ!»- демеді ме?!
ОЛЖАБАЙДЫҢ ЕЛГЕ СӘЛЕМІ, БАСҚА ДА СӨЗДЕРІ
Олжабай Омбыда ауырып жатқанда, бір-екі жігіт үйір болып жүреді екен. Бір күні келіп, көңіл сұрап:
- Аға, біз сіздің елге қызмет арқылы баратын болдық, айтатын сәлеміңіз болса, ауырламаймыз, айта барамыз,- депті.
Сонда:
- Менің жазып беретін халім жоқ. Мен айтайын, өздерің жазып ал,- депті. Сондағы айтқаны мынау төмендегі:
- Орта жүз: Арғын аға ел еді.
Арғынменен қай қазақтың баласы тең еді?!
Мейрам сопы бір анадан жалғыз ұл еді.
Мейрамның бес баласын сағындым, соған сәлем айта бар!
Қуандық пен Сүйіндік, Қаракесек,
Бегендік пен Шегендік,
салмағыңа тең келетін қазақ жоқ,
туысыңды, тұрысыңды сағындым,
соған сәлем айта бар!
Арғын, Найман туысқан,
Мәңгілікке бел байласып тұрысқан,
Жұртқа дастан атың шыққан,
Қайран ерлер, қызығыңды сағындым!
Соған сәлем айта бар! Сары жетім,
Шақшақ момын елді,
Шұбыртпалы - Ағыбай,- о да Арғынның ұлы еді.
Ер асылын, жер асылын сағындым, соған сәлем айта бар!
Үш жүзді билеп өтті Абылай,
Ел бағына туып өскен ерлер қандай?!
Қазыбек, Жәнібек, Бөгенбай, Баян батыр,
Қошқарбай, Қабанбайым, Ұса серек.
Ноғайлыда - Әз Жәнібек,-
Тараншыда бас қосқанын сағындым.
Соған сәлем айта бар!
Қырғыз бенен қалмақты
Сарыарқадан кетіріп,
қазақ елін орнатқан қайран ерлер,
қызығыңды сағындым,
соған сәлем айта бар!
Сарыарқаның тауы мен тасын,
аққан суын, ағашын, көлін сағындым,
соған сәлем айта бар!
Ұрығымды сұрасаң,
Қанжығалы; затымды сұрасаң,
Бөгенбай. Бөгенбайдан
Қошқар туған екен.
Қошқардан туған қозы едім.
Қозыдан сәлем айта бар!
- депті.
Екінші сөзі, сол Омбыда ауырып жатқанда айтқаны:
- «Адам баласы - Алланың добы»- деген анық қой, // Басқа біткен бақдәулет жанып тұрған бір жарық қой! // Бастан кетсе, ол шіркін жарықтың өшетіні анық қой! // Артынан тұғырынан түссе, о да шын мүсәпір кәріп (ғарыб) қой! // Осы жүрген адамдар суда жүрген балық қой, // Балықты Судан шығарсаң, екпесін соғып жататыны анық қой. // Табиғатта бір Алладан басқаның өзгеруі анық қой!»
*** Олжабайдың үшінші сөзі, өзінің істеген істерін айтқаны. Жүректің нәпсіге айтқаны дейді:
- «Арыслан (арыстан) болып айға шап!»- дедің, шаппадым ба? // «Бүркіт болып, таудан түлкі қақ!»- дедің, қақпадым ба?! // «Қаршыға болып, көлден үйрек іл!- дедің, ілмедім бе? // «Шортан болып, су түбінен балық сүз!»- дедің, сүзбедім бе?! // «Жеті басты жалмауыз болып, елдегі жақсы атты мін!»- дедің, мінбедім бе?! // «Сайрандап дүниенің төртбұрышын кез!»- дедің, кезбедім бе?!
*** Олжабайдың төртінші съезі, осы Олжабаймен бірге жай, мал біткен адамдардың да қашып жүргендеріне айтыпты:
Мен елімнен кеткенім жоқ ұрлықпен,
Не болмаса кісі өлтірген сұмдықпен.
Әлемге бірдей Әмірді,
Науқанды тарттық біз кеппен.
Жанымда жүр жалпиып (жалығып),
Б...ққа алғысыз мал біткен.
Маған үлкен ұят қой:
Мен қалып елде,
Бұл кеткен.
Атаңа сенің рақмет,
Осылармен бірге мені жөтелткен!
БАЛТАКЕРЕЙ - ТҰРСЫНБАЙ БАТЫР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан бір жорыққа аттанғанында, құс ұшпас, құла дүз (иүз) Бетпақтың сары даласында бір қаракөк кез болды. Және:
- Кімсің?- деп, жөнін сұрағанда,
- Көн етікті демесең, кепке татыр өзім бар; көн садақты демесең, көпке тиер сезім бар, мен - Балтакерей:Тұрсынбаймын!- деді.
- Бәрекелді, атың анық, түсің танық, батыр, жорықтас болайық!- дейді.
- Жалғыз жүрсем де, жан-жағым толып жүруші ме еді, кеп ортасына жабыланып (иабыланып) кетуші едім. Сізбен бір сапар жолдас болайын!- дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып бірге жүрді. Бір ұзын судың бойында көп мола бар екен. Абылай хан Балтакерей: Тұрсынбай батырға:
- Анау тұрған көп ұлытта бетағашы бар бейіт бар ма екен, біліп келші,- дейді,- батыр, барып аралап кел! - дейді.
Барды да, қайта келді:
- Жалғыз-ақ көрде бетағаш екен, өзгесі тас екен.
Хан еш нәрсе демеді, Алатауға барды, қырғыз болсын, қалмақ болсын, ел шаба алмады. Құздан мал құлап, ер басына бір-бір түйеден олжа үлесті (ұласты). Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты, піс тамақ таусылды. Мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығып, жүдеп...
- Қонаға жетеміз ғой ,- деп,- келе жатыр.
Абылай хан көп қолға білдірместен екі жігітті ілгері оздырды:
- Бүгін қонатын жерде ұлыт бар, соның ішінде біреуінде бетағашы бар екен. Ерте жарықтан барып, соны тауып алып, ақыретін оранып, көрге кіріп жатындар,- депті. -Біреуің қайта орынды ғып, тегістеп, адам ашпағандай қып қойыңдар. Түн болған соң мен:
- Бетағашты алып кел,- деп, Балтакерей: Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді ақтарып, бетағашқа қол қойып, алып жатқанда: «Өлген менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма?»-деп, ал жағадан, шошыр ма екен? Шошымас оған,- дейді,- батырлығын сынайық!- дейді.
Хан жарлық қылған соң, екі жігіт бөлініп озып барып, ақыретке оранып, көрге кіріп, бұрынғыдай көрді жауып, білмейтін қылып, бетін жапты да, қойды да, жымпитып, екі ... өзі бір сайға барып жасырынып жатты да, жер қайысқан қол келіп, ұзын аққан суға төнді. Қол ашығып, күн ақ жауын, от жағуға тамызық отын жоқ, Абылай хан айтты:
- Уа, Тұрсынбай батыр, ... түнеугі көрген молаңның бетағашын алып келіп, ерлік жасамасаң, қол аштан өлер болды,- депті.
- Бұрын көрген сен болмасаң, басқалар тауып алып келе алмас,- дейді хан Тұрсынбайға айтыпты.
-... Тас-талқанын шығарып алып келейін!- деп жөнелді.
Бара - ақ тас-талқан қылып, бетағашын шауып, ішіне түсіріп жіберді. Сонан соң қолын созып ала бергенде, көрдің ішіндегі:
- Менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма?!- деп, жағасынан шап беріп ұстап ала тұра келді дейді.
- Уай, енеңді ұрайын, ах, пәлен етейін! Сен шалажансар өліп жатқан болсаң, мен сені шын өлтіріп кетейін!- деп, - Өлген кісі өліп жата берер болар. Тірі кісі бетағашты алып, жаға берер болар. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өлейін деп жатыр!- деді де, үстіне міне түсті де, жалма-жан жеке ауызын суырып жатыр еді:- Басын кесіп тастайын!- деп, шын өлтіретін болған соң, көзі жетіп, шалқасынан жатып күліп жіберді, астындағы батыр жалынды дейді:
- Мен өлі емеспін, тірі кісімін. Сізді сынамаққа хан бұйырып еді.
- Бәсе, солай десейші! Мен ойладым: «Шалажансар өлген неме, қой, мен шын өлтірейін!- деп едім,- депті.
Сонан соң бәрі бас қосып, бетағашын алып келіп, ыстық қылып ішісіп отырғанда, хан жанында отырып:
- Еш нәрседен қорқынышлық болды ма?- дейді.
- Тақсыр, неге қорықпайын?! Он алты жасымда әкем пәлен ханға нөкерлікке: «Осы баламды батырлыққа баулып бер!»- деді. Сонда бардым, ханның жылқысын бақтым. Жарқырап жаз шыққан соң, күн күркіреп, көк шыққан соң, бір ақ боран болып, жылқы ықты, жылқыменен бірге ықтым. Үш күн, үш түннен соң, күн шайдай ашылды, жылқы жусады. Мен де аттан түсіп, жата қалдым. Көзім ілініп бара жатса, өне бойым мұздай болып, шымырлап бара жатқан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей қара шұбар жылан өзімнің дәл үстімнен жүріп, аузыма жақындай бергенде, өзімен аузым толғанша, шыдап жатым. Басы аузыма келді, құйрығы бөлек қалды. Толғап-толғап басын жұтып жібердім. Қорықпасам, жыланды жеймін бе?- депті. - Өзімнің жан болып, қорыққаным-сол!- дейді.
- Бәрекелді, батырың қатты қорыққан екен!- дейді.
БАЛТАКЕРЕЙ - ТҰРСЫНБАЙ БАТЫР
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді.
- Кімсің?- деп.жөнін сұрағанда,
- Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар, мен - Балтакерей: Тұрсынбай!- дейді.
- Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім. Батыр, жорықтас болайық, олжалас болайық,- дейді.
- Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші едім, көп ортасына кірсем, жабыланып кетуші едім. Сізбен бір сапар жолдас болайын,- дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып, бірге жүрді. Бір ұзын аққан судың бойында көп мола бар екен. Абылай хан Балтакерей - Тұрсынбай батырға айтты:
- Анау тұрған көп ұлытта бетағашы бар бейіт бар ма екен, байқап келші!- дейді.
Батыр барып, аралап келді де:
- Жалғыз-ақ көрде бетағаш бар екен, өзгесі тас екен,- дейді.
Хан еш нәрсе демеді. Алатауға барды. Қырғыз болсын, қалмақ болсын, ел шаба алмады. Түзден мал қуалап, ер басына бір түйе, бір аттан олжа үлесті. Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піс (бес) тамақ таусылды, мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығыңқырап, жүдеп:
- «Баяғы көп моласы бар суға қонаға жетеміз ғой»,- десіп, келе жатыр.
Абылай хан көп қолға білдірмей, екі жігітті ілгері оздырды:
- Бүгін қонатұғын жерде көп ұлыт бар-ды. «Соның ішінде бір көрде бетағашы бар»,-деген. Ерте жарықта барып, соны тауып алып, ақтарып, біреуің ақырет оранып, ішінде жатыңдар, біреуің қайта өзінікіндей қылып, бетін жауып, тегістеп, адам ашпағандай қылып қойыңдар. Түн болған соң, мен: «Бетағашты алып кел!»- деп, Балтакерей -Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді ақтарып, бетағашты ала бергенде: «Өлген менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма еді?»- деп, ал жағасынан. Шошыр ма екен, шошымас па екен, батырлығын сынайық!- дейді.
Хан жарлық қылған соң, екі жігіт ілгері озып барып, бірі ақырет оранып, ішіне түсіп жатып, бірі қайта жымпитып, өзінікіндей қылып жауып тастап, екі атпен өзі бір сайға барып жасырынып жатты. Қас қарайып, сам жамыраған мезгілде қол судың бойына келіп қонды. Ыстық қылып ішейін десе, тамызық жоқ. Абылай хан Балтакерей - Тұрсынбайға:
- Баяғы өзің көрген бетағашты сен тауып алып келмесең, бұрын көрмегендер қараңғыда барғанмен, таба алмайды ғой!- дейді.
- Мен барып оның тас-талқанын шығарып алып келейін!- деп, бара - ақ тас-талқан қылып, бетағашы сау етіп, ішіне түсіп кеткен соң, қолын созып, жиып ала бергенде, кердің ішінде жатқан:
- Өлген менің көрімде әкеңнің құны бар ма еді?!- деп, жағасынан шап беріп, ұстай алғанда:
- Уай, енеңді - ақ пәлен етейін! Сен шалажансар өліп жатқан неме болсаң, мен шын өлтіріп кетейін! Өлген кісі өліп, керде жата берер болұр. Тірі кісі бет ағашын алып, жаға берер болұр. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өле ме?!- деп, үстіне міне түсті дейді. Жалма-жан жеке ауызын суырып жатыр дейді,- Басын шауып тастайын!- деп, шын өлтіретұғынына көзі жеткен соң, астындағы батыр жалынды дейді:
- Мен елі емеспін, тірі кісімін. Сізді сынамаққа хан бұйырып еді,- деп.
- Бәсе, солай десейші, мен: «Шынға анық өлмей, шалажансар жатқан бір неме ғой!» -деп ойлап қалдым,- депті дейді.
Бәрі бас қосып, бетағашты алып келіп, ыстық қылып ішісіп отырғанда, хан:
- Пенде болып, еш нәрседен қорықтың ба?- деп сұрағанда:
- Тақсыр, неге қорықпайын, он алты жасар күнімде әкем пәлен ханға нөкерлікке берді: «Осы баламды батырлыққа баулып бер!»- деп. Сонда ханның жылқысын бақтым. Жарқырап жаз шыққан соң, күркіреп көк шыққан соң, бір ақ боран болып, жылқы ықты, жылқыменен бірге ықтым. Үш күн, үш түннен соң, күн шайдай ашылды, жылқы жусады. Мен аттан түсіп, жата қалдым. Көзім ілініп бара жатса, ең бойым мұздай болып, шымырлап бара жатқан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей қарашұбар жылан аузымның үстінен артылып түсіп бара жатыр екен. Аузымменен қауып қалып едім, басы бір бөлек, құйрығы бір бөлек екі жағыма бөлініп түсіп қала берді. Ортасын жұтып жібердім, қорықпасам, жыланды жеймін бе?! Өзімнің жан болып, қорыққаным - сол!-дейді.
- Бәрекелді, батырыңа болайын, қатты қорыққан екен!
Бұрынғы заманда «батыр»- деп, осындай жандарды айтады екен. Бұл уақытта торғайға әлі келмейтұғын Бұ дүниенің... сондай немелерді: «Батыр, батыр!»- дейді. Онысы - қара сүйек, кек тақым ұры. Кескініне қарасаң, қуыс қурай құрлы ауқаты жоқ. Ұрлық қылғанына мақтап асын (апын) көтергені екен. Әне - заманның жұмысы.
БАЛТАКЕРЕЙ - ТҰРСЫНБАЙ БАТЫР
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Абылай ... тауды бет алып аттанып бара жатқан бетінде құс ұшпас, (құлан) жортпас Бетпақтың сары даласында бір қара ала атты оқтай ұшырады.
- Шақырып кел!- деп, біреуді жіберді. Барған кісі:
- Хан шақырады! - деп, жетіп барғанда, түсін суытып, қарағанның өзінен зәресі ұшып, жерге кіріп кете жаздапты.
- Қанның өзі қойдың қаны ма, ешкінің қаны ма? Қой әрі былшылдама!- деп, жүре беріпті.
Барған кісі қайтып келіпті:
- Бұл келе жатқан ішінде ол түлғалы бір жан жоқ!- деп, өзінің қорыққанын және не дегенін бұлжытпастан айтып келіпті.
- Бойына сенген, керторы мінген, «бет қайтпас» атанған біреу ғой. Сен қорқып келген екен деп, жөн-жобасын білмей кетуіміз ар ғой! Жүріңдер, жолығайық, тіл алайық!- деп, өздері барып:
- Батыр, жол болсын!- депті.
- «Болсын!»- деген лепесің мол болсын! ...мның азы үшін,
Алғанымның назы үшін,
Қара сабам жоқ үшін,
(Қатын) - бала қамы үшін,
Айыр өркеш түйе үшін,
Бауыры сүтті бие үшін,
...ер жортар мал үшін,-
Демеді ме: «Күнелтті»,- демесең,
Көпке татыр өзім бар,
Садақты демесең,
Көпке тиер сөзім бар!
Қорқатын жауым желкемде
Басқа мақұлықтан
Шіміркенбейтін көзім бар !
Мен - Балтакерей: Тұрсынбай!- деді дейді.
- Жарайсың! Жарайсың! Атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім. Дос болайық, батыр!-депті.
- Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші едім. ...сіне кірсем, жабыланып кетуші едім. Сөзің жерде қалмасын. Болсақ, болайық!
Бір ұзын аққан судың бойына түс мезгілінде ат шалдыруға биіктің басында көп ұлыт: қорым мола бар екен. Абылай хан Тұрсынбайға айтты:
- Анау ұлытта бетағашы бар бейіт бар ма екен, көріңізші!- деді.
Атқа міне жалғыз барып аралап келіп, қосынға қосылды:
- Тас екен, жалғыз-ақ молада бет ағашы бар екен,- деп келді.
Алатауға барды, күрделі ел кез болмады. Ел шаба алмады. Ана сайдан, мына сайдан қуалап келген болысты. Ер басына бір-бір жетектен ғана тиетін олжа түсті. «Қылышын сүйретіп қыс келіп қалған соң, салы суға кетіп, салбырап... ысты песі тамақ таусылды. От жағып ыстық қылып ішуге бұтасыз жер. Отын да тапшылық қылды. Қосын баяғы көп ұлыты бар суға бүгін түнемек. Абылай хан көп кідірмей, бір-екі жігітті оздырды:
- Баяғы ездерің көрген көп ұлытта : «Бір бетағашы бар бейіт бар»,- деген. Соны ертерек барып, жарықта тауып алыңдар! Бірің ішіне түсіп жата қал да, бірің бетін сырғытып жауып, бір тасаға барып, жасырынып отыр. Мен түн ішінде Балтакерей - Тұрсынбайды: «Өзің керген бетағашты алып келе ғой !»- деп, жіберейін. Ол көрді ақтарып, бетағашты алғандай болса, ішінде жатқан сен:
- «Әлдеқашанғы өліп қалған менің керімде атаңның көз құны бар ма еді?»- деп... Мұны солай сынайық!- деді.
Жаман-жәутікті жібере ме? Бұл екі жігіт Абылайдың не қыл дегенін айтқанындай қылды. Қас қарайып, сам жамыраған мезгілде қосын судың бойына келіп түсті. Ондай күн жауын-шашында болады ғой: «От жағалық!»- десе, тамызық жоқ. Абылай хан Балтакерей: Тұрсынбайға:
- Баяғы өзің көрген бетағашты алып келмесең, мына шіріктер қараңғыда моланың өзінен қорқады да және таба алмайды ғой!- деген соң:
- Мен оның бетағашы түгіл, сүйегін саудыратып алып келіп өртейін!- деп, кетті. Бара -ақ тас-талқан қылды. Бетағаш сау етіп, моланың ішіне түсіп кетеді. Ішіне түскендерін қолын созып, ала бергенде:
- Әлдеқаншанғы өліп қалған менің көрімде атаңның көз құны бар ма еді? - деп, алды жағасынан.
- Ой, ененді-ақ с...ейін, сен баяғыдан бері өлмей жатқан неме болсаң, мен шын өлтіріп кетейін. Өлген кісі өліп жата беретұғын, тірі кісі бетағашын алып жаға беретұғын. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өле ме?!- деп, жұмарланып, үстіне міне түсіп жеке ауызын суырып жатыр дейді.
Атын айтып, жөнін айтып, жалынды дейді.
- Бәсе, солай десейші! Мен: «Шалажансар жатқан неме ғой !»- деп, басыңды шапқылап тастай жаздадым - ау!- деп, үстінен тұра келіп, бетағашты алып келісті дейді.
Ыстық қылып, ішіп отырғанда сұрады дейді:
- Батыреке, пенде болып, қорыққан, сескенген нәрсең болды ма?- деп.
- Неге қорықпайын, неге сескенбейін? Он алты жасар күнімде әкем пәлен ханға берді:
- «Көре-көре көсем болады, // Сөйлей-сөйлей шешен болады, // Баулы: сендей батыр болады!»- деп еді. Осы баламды батырлыққа баулып бер! - деп, хан жылқысын бағып жүрдім. «Жарқырап жаз шықты, күркіреп көк шықты». Бір ақ боран болып, жылқы ықты. Жылқымен бірге ықтым. Үш күн, үш түн ұдайымен соғып, күн шайдай ашылды. Жылқы жусады. Мен де аттан түсіп жата қалдым. Ұйықтап қата қалдым. Өн бойым шымырлап, тітіркеніп бара жатыр. Көзімді ашсам, білектей қара шұбар жылан аузымның үстінен артылып түсіп барады екен. Ауызыммен қауып қалып едім, басы бір бөлек, құйрығы бір бөлек - екі жағыма бөлініп түсті. Ортасын жұтып жібердім. Қорықпасам, жыланды жеймін бе? Өзімнің жан болып қорыққаным сол!- депті.
- Бәрекелді, батырыңа! Қатты қорыққан екен!
ЖИДЕБАЙ БАТЫР
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Орта жүз: Арғын - бес Мейрамның біреуі Қаракесек болады. Қаракесек деген кісі аты емес, шын аты - Болатқожа. Ол Болатқожадан: Ақша, Төйте. Төйтесінен: Майқы, Танаш. Майқыдан - Әлтеке. Сол Әлтекенің баласы Дос батыр жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен екеуі қалмаққа қолға түскен. Сонда қалмақ:
- Қазақты өлтіріп тастайық,- дегенде,- кейбіреулері:
- Әкелі-балалы екеуін бірдей өлтірмейік, тұқым құртпайық. Ежелден қалмақ, қазақ арасында соғыста бірін бірі өлтіргені болмаса, қолға түскенді өлтіру жоқ еді ғой,- деседі.
Қалмақтың сыбыр-сыбырынан сескеніп, жаны шошып Дос батыр жылайды дейді:
Сыбыр-сыбыр етеді,
Сыбыр құлақтан өтеді.
Сырласпаған жат шіркін
Әлдене деп кетеді.
Өзім өлсем боғым-ай,
Қожаназар құлыным-ай!
- деп жылай беретін болыпты.
Қалмақ Мұнысын көрген соң:
- Әкелі-балалы өзді-өзі кеңессін, бірін бізге олжаға қалдырсын, бірін еліне баруға босатайық,- депті.
Сонда бала ұшып тұра келіпті:
- Әкетай, мен көк лағың болайын, мені Құдай жолына құрмалдық қылып, ел -жұртыңды тапсаң!- деп, жылап қоя бергенде, Дос батыр айтыпты:
- Қалмаққа шал зәру емес, жас ұлан зәру. Жас ұланды өлтірмейді өздеріне төне қылып, ел-жұрт қылып алады. Мен елге тірі барып, не бітіремін? Қаздың етін асадым, жетпіс сегіз жасадым. Сені қалдыр ып, мен елге барсам, екінің бірі, «егіздің сыңары» айтады: алысым тұрсын, жақыным айтады, дұшпаным былай тұрсын, досым айтады: «Мына жалмауыз талайдың басын жалмаған жалмауыз емес пе, жалғыз баласы Назарды жалмап қойып, ұялмай жылатып келуін қарашы!- дейді. Сен барсаң, Дос өлген жоқ, міне, тірі!- деп, қуанады. Және қатын алып, балалы болсаң, сенен туған бала менің кегімді қалмақтан сол алады!- деп, батасын беріп, баласын қайырып, өзі қалмақ қолында қала береді. Қожаназар ел-жұртына аман-есен келді, қатын алды. Бір ұл туды, атын Жидебай қойды.
Жидебай құрттай бала күнінде тапқан шешесі өліп қалып, Қожаназар бір тоқал алды. Тоқалдың аты - Апар еді. Апардан алты ұл туды. Апар бойы бір қарыс - десем, өтірікші болмаймын. Алты ұл тауып жүрген иттің бес қанат үйдің уығын байлауға бойы жетпей, уық байлағанда, Жидебайды аяғының астына жатқызып, неше уық байласа, сөйтіп байлайды екен. Ол заманда жәдігершілік, жалшы жалдауды білмейді, біреуге біреу бұрыла алмайды. Апардың түрін таныдыңдар, бір үйге қараған бейнет Жидебайда болмақ қой. Алты ит иттің күшігіндей арасына жыл толмай туа берген немелер, оның жалғызы Жидебайға бұрыла ма? Тезек, су, от жағу,- бәрі Жидебайдың мойнында. Ол күнде көшершілік қандай көп, күнде көш, күнде көш. Күндер үй тігіліп, уық бауы байланатұғын болса, аяқ астына төсеп, бой өсіруге Жидебай дап-даяр. Құрттай бала күнінде Жидебайдың аузынан шыққан бір ауыз сөз. Мұның бәрін қозғап, тербетіп, балалатып жаздырып отырған қатын-қалаш:
- Шырағым-ай, көзің ашылмады-ау! Өз шешең тірі болса, үйі құрғыр тігілмей қалса да, сөйтпес еді-ау!- дегенде, Жидебай айтады екен:
- Ол қылып жүргені маған қастық емес, достық. Жасынан пісіп-қатсын, көнтерлі, шыдамды болсын дегені. Сүт пісіргенде, алтауының алдына алты аяқ, алтауының қолында алты қасық, бас - басына бөлек-бөлек көбік қалқып, құйып береді. «Мынаны жалай отырыңдар!»- дейді. Менің қолыма тезек салған шанаш қапты береді: «Отты қалай отыр»,-деп, нұқып, түртіп қояды. Сонысы ғана!- дейді екен.
Жеті, сегізге жеткенде, Жидебайдың құлағы естиді: «Қаракерей - Қабанбай батыр бүгін түнде Дос батырдың інісі Әлмұрат байдікінде қонып жатыр»,- дегенді. Алагеуімнен Жидебайды аруақ түртеді, бабасы Дос батыр түсіне кіріп, оятады: «Балам, Қаракерей Қабанбайдан бата алып қал!»- деп. Шошып тұра келіп, үстінде жаға - жеңі далба - далба боз қой лек Қабанбай батырды іздеп, жаяу құстай ұшады. Қабанбай батыр аттанып кетіп бара жатыр екен. Алыстан немене екенін де айыра алмайды, еліктей ұшып келе жатқан бала екенін таныған соң, тоқтап тұра қалады. Көп кісімен жорыққа аттанып барады екен. Бала жетіп келіп:
- Ассалаумағалейкум!
-Уағалайкумассалам!, жолың болсын, сәлемші балам, қайда барасың!- дейді.
- Атың шыққан әз атамыз едің, бата алып қалайын!- деп едім,- дейді.
- Бата-сата не береді дейсің, саған төрт алмажайым бар еді, біреуін бердім, ал, балам!-деп, жүре береді. Сөйтсе, төрт алмажайының бірі «Қызыл түлкі»- деген болады екен, сонысын беріп кеткен екен.
Абылай үш жүздің баласы қазаққа хан болған күнінде Әлтеке-Сарым: Жидебай батыр атақты батырдың бірі болып, Абылай ханға колбасы болған екен. Бір жаққа аттанарда, қосын жүргізерде Үйсіннен Ақшабдар атты алғызып:Әлтеке-Сарым: Жидебайға мінгізеді екен. Бұған айсыз қараңғы түн тал түстей, боран-соран ашық күндей, жан таба алмаған жерді көріп қойғандай табады. Біреудің пышақ-шақпағы бара жатқанда, бір жерде қалған болса, айсыз қараңғы түнде болса, жауын-шашын, боран болған күнде болса, жүріп келе жатып, найзасын тіреп, тұра қалып: «Ал, осы жерден қарай ғой»,- дегенде, қалған-құтқан нәрселерін тауып алады екен.
- Сен осыны қалай табасың?- дегенде, жанға сырын айтпайды екен, ханға да айтпаған екен. Жалғыз-ақ Абылай хан айта береді екен:
- Осының қызыл түлкісі бар,- деп.
Бір жорықта жүргенде, Абылай хан біреуді қадағалап, тапсырып қойды дейді:
- Ұйықтап жатқанда, осының қойнын ашып, қарашы,- деп.
Сол адам андып жүріп, қарауылда жүрген жерінде ұйықтап жатқанда, ақырын басып барып қараса, өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл түлкіні көріп, түлкі жалт Қарағанда, үрейі ұшып, қаша жөнеліпті. Ханға келіп, көргенін айтыпты. Көргені бар болсын, көзінен айрылыпты.
Жидебай батыр жеті қатын алған, жүз беске келіп өлген.
Алатау жақта, дәл қай жерде екенін біле алғанымыз жоқ, адам таба алмайтұғын елеусіз жерде бір старшындай ел жаудан, дін есен жатады екен. Соны Жидебай тауып, шауып талапты.
Сонда сол елде бір Сарқожа дейтұғын қожа бар екен.
- Бұл жерді - туып көрмеген жан өмір бойы таба алмайтын - ақ жер еді. Дәуде болса, көзі ағарғыр, көр болғыр Жидебай ғой !- деген екен.
Сол Сарқожаның ауыздан шыққан лепесі қабыл болып, Жидебай көзден ерте айрылыпты. Қожаның барып аяғына жығылса да, болмапты.
- «Ауыздан шыққан түкірік, // Қайтып жұтса, мәкүрік»- деген. Ауыздан шыққан соң, болмайды!- деген екен.
Әлтеке-Сырым: Жидебай тамы Қарқаралы сыртындағы Қызылтау деген тауды басып ағатұғын Нұра өзенінің бойында Машрүп күңнің моласының қасында. Осы Машрүп - өзі күң, көп ұлытқа мазарбасы болып, ат атанып қалған.
ЖИДЕБАЙ БАТЫР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Болатқожаның бел баласы: Ақша, Төйте. Мұның Ақшасынан - Бошан, Айтілді. Төйтеден -Майқы, Танас (Танаш). Майқыдан - Әлтеке-Сарым. Әлтекенің бәйбішесінен - Өтеген. Өтегеннен: Байдәулет, Байымбет, Жанығұл, Қойгел. Жанығұлды «Жамаңке» - десе, жұрт біледі. Әлтекенің тоқалынан: Есболай, Дос, Әлмұрат. Дос батыр болған, қалмаққа таң атырып, күн шығармаған. Жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен екеуі қолға түскен. Сонда қалмақ:
- Өлтіріп тастайық, - деп сыбырласады дейді. Сол сыбырласқанын құлағы шалып, естіп қалып, Досбатырдың айтқаны:
Сыбыр-сыбыр етеді,
Сыр құлақтан өтеді.
Сырласпаған жат, шіркін,
Әлде не етіп кетеді?
Өзім өлсем, боғым-ай,
Қожаназар құлыным-ай!-
деп жылайды дейді.
Қалмақ Мұнысын керген соң:
- Әкелі-балалы өзді-өзі кеңессін, бірін бізге олжаға қалдырсын, бірін еліне баруға босатайық,- депті.
Сонда бала ұшып тұра келіп, жылап қоя беріпті:
- Әкетай, мен көк лағың (ұлағың) болайын, мені: «Құдай жолына құрмалдық!»- деп, қалмаққа бер де, ел-жұртыңды таба гөр! Сақалыңның ағында, өлеріңнің шағында қалмақтың моласында қалмай, қазақтың даласына барып, малыңның өрісінде қала гөр!-депті.
Дос батыр айтыпты:
- Қалмаққа шал зәру емес, жас ұлан зәру. Жас ұланды өлтірмейді, өздеріне балап, ел-жұрт қылып алады. Мен елге тірі барғанда, не боламын? Қаздың етін асадым, жетпіс сегіз жасадым. Сені қалдырып, мен елге барсам, «екінің бірі, егіздің сыңары» айтады, алысым бұлай тұрсын, жуығым айтады.
Дұшпаным бұлай тұрсын, досым айтады: «Мына жалмауыз талайдың басын жалмаған жалмауыз емес пе?! Жалғыз баласы Қожаназарды жалмап, ұялмай, жылт етіп келуін қайтерсің?- дейді. Сен барсаң: «Дос өлген жоқ, міне, тірі!»- деп, қуанады. Қатын алсаң, балалы болсаң, сенен туған бала менің құнымды қалмақтан күндердің күнінде бір алмай, қоймайды!- деп, бағасын беріп, баласын қайырып жіберіп, өзі қалды. Қожаназар ел-жұртына аман-есен келді, қатын алды. Бір ұл туды, атын «Жидебай» қойды. Жидебай бала күнінде тапқан шешесі өліп қалып, Қожаназар бір тоқал алды. Тоқалдың аты «Апар» еді. Бойы бір қарыс кемпірдің шабаданындай неме еді. Жүреміте алты ұл тапты. Алты ұл тауып жүрген иттің бес қанат үйдің уығын байлауға бойы жетпей, уық байлағанда, Жидебайды аяғының астына жатқызып, неше уық бар, сөйтіп байлайды екен. Ол заманда жаугершілік: жалшы жалдауды білмейді, біреуге біреу бұрылмайды. Апардың түрін таныдыңдар: бір үйге қараған бейнет Жидебайда болмақ қой. Алты ит, иттің күшігіндей, арасына жыл айналмай, туа берген немелер, оның жалғызы Жидебайға бұрыла ма? Тезек теру, от жағу - бәрі Жидебайдың мойнында. Ол күнде кешершілік қалай кегі: күнде көш, күнде кеш. Үй тігіліп, уық бауы байланатұғын болса, аяқ астына төсеп, «бой өсіруге» Жидебай дап-даяр. Қатын-қалаш:
- Шырағым-ай, көзің ашылмады-ау! Өз шешең болса, үйі құрғыр тігілмей қалса да, бүйтпес еді-ау!- дегенде,
Жидебай айтады екен:
- Ол қылып жүргені маған қастық емес, достық: «Жасынан пісіп-қатып, көнтерлі, шыдамды болсын»- дейді ғой. Сүт пісіргенде, алтауының алдында - алты аяқ, алтауының қолында алты қасық. Бас-басына бөлек-бөлек көбік қалқып құйып береді. «Мынаны жалай отырыңдар»- деп. Менің қолыма тезек салған шанаш қапты береді. «Отты қалай отыр!»-деп, нұқып, түртіп қояды. Сонысы ғана!- дейді екен.
Жеті - сегізден жасы асқан кезде: «Дос батырдың қара шаңырақта отырған інісі Әлмұрат байдың үйіне Қаракерей - Қабанбай батыр келіпті!»- деп, Жидебайдың құлағына тиеді. «Барсам, көрсем-ау!»- деп, Жидебайдың түн бойы көзі ілінбей, алас ұрды. Таң жаңа атуға сәуле беріп, келе жатқан қарсаңда көзі ілініп кетіп еді, бабасы Дос батыр түсінде аян берді:
- Балам, алашқа аты шыққан Қабанбай батырдан барып, бата алып қал!- деп. Шошып оянды, ұшып тұра келіп, үстінде боз жейдесі бар, құстай ұшып бара жатса, Қабанбай батыр да жорыққа аттанып, алаң - қарақта жүріп барады екен.
Алыстан немене екенін айырып, тани алмады. Еліктей ұшып келе жатқан бала екенін таныған соң, тосып тұра қалды. Бала жетіп келіп:
- Ата, маған керек бата!- деді.
- Түнде түсімде Дос батыр айтып еді. Жарайсың! Жарайсың!- Бата - сата не береді?! Төрт алмажайым бар еді, біреуін саған байладым, ал, балам!- деп, жүре берді.
Сөйтсе, «Төрт алмажайының бірі - қызыл түлкі»- дегені болады екен, сонысын беріп кеткен екен. Абылай хан үш жүздің баласы қазаққа хан болғанда, Әлтеке - Сырым: Жидебай батыр атақты батырының бірі болып, Абылай ханға қолбасы болған екен. Бір жаққа аттанарда, қосын жүргізерде Үйсіннен ақшабдар атты алғызып, Әлтеке - Сарым: Жидебайды мінгізеді екен. Жидебайға айсыз қараңғы түн - тал түстей, боран - соран ашық күндей: жан таба алмаған жерді көріп қойғандай табады екен. Біреудің пышақ-шақпағы бара жатқанда, қалған болса, айсыз қараңғы түн болсын мейлі, жауын-шашын, боран болса мейлі, жүріп келе жатып, найзасын шаншып, тұра қалып: «Ал, осы жерден қарай ғой»,- дегенде, қалған-құтқан нәрселерін тауып алады екен.
- Сен осыны қалай табасың?- дегенде, жанға сырын айтпайды екен. Жалғыз-ақ Абылай хан айта береді екен:
- Осының қызыл түлкісі бар!- деп.
Бір жорықта жүргенде, Абылай хан біреуді қадағалап, тапсырып қойды:
- Ұйықтап жатқанда, қойнын ашып, қарашы!- деп.
Сол адам андып жүріп, қарауылда елсіз далада жатқанда, ақырын басып барып қараса, өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл түлкіні көріп, түлкі жалт қарағанда, үрейі ұшып, қаша жөнеліпті. Ханға келіп, көргенін айтыпты. Көргені бар болсын, екі көзін шелей қаптап кетіп, көзінен айрылыпты. Жидебай батыр жеті қатын алған, жүз беске жетіп өлген. Адам таба алмайтұғын елеусіз жерде жаудан, жұттан, жобалаңнан дін есен бір ауылнай ел жатады екен. Соны Жидебай тауып, шауып, жаншып талапты. Сонда сол елде бір: «Сарқожа»,- атанған қожа бар екен.
- Бұл жерді - туып, көрмеген жан өмір бойы таба алмайтын - ақ жер еді! Дәуде болса, көзі ағарғыр, көр болғыр Жидебай ғой !- дегеннен: Жидебай көзі ағарып, көр болыпты. Қожаның барып аяғына жығылса да, болмапты:
- «Ауыздан шыққан түкірік, // Қайта жұтса, мәкірүп»,- деген, - деп.
Әлтеке: Сарым - Жидебай тамы Қарқаралының сыртында Қызылтау деген тауды басып ағатұғын Нұра өзенінің бойында, Мәшірүп күңнің моласының қасында. Мәшірүп деген өзі күң екен, көп ұлтқа мазар басы болып, ат атанып қалған . Дос батырмен бірге туысқан – Әлмұраттан - Атымбек. Атымбектен: Иманәлі, Көрсары, Тамай, Бақы, Қазыбай,- бес ағайынды болып туған. Атымбекпен туысады: Ақбота, Жарас. Жарастан: Абыл (Әбіл), Қабыл, Есенгелді (Есенкелді). Әлтекенің үшінші қатынынан - Сапақ, Сапақтан - Жиымбай, Боғық(Бұғоқ). Жиымбайдан -Байжігіт, Боқан. Боғықтан: Жәнібек, Қоянбай. Әлтеке - Сарымның Сарымынан: Өтеміс, Тоқсан. Тоқсаннан: Жиенгелді, Мастан, Алдияр. Мастаннан: Қожағұл, Құлжан, Мамыр. Құлжаннан - Айдабол, Айдаболдан - Дербісәлі (Деріпсәлі), Маман, Шуаш. Шуаштан:Атантай, Ботантай, Абайла. Ботантайдан -Жанғұтты: бұл Жанғұтты Мұса - Секербай заманында ауызға ілініп, көзге түскен, қазақ жақсыларының қасқа маңдайы болған кісі. Қазақ орысқа бағынған соң, екі түрлі заман болған: бірі - ескі закон, бірі - жаңа закон. Бұл Жанғұтты жаңа законды көрген жоқ, ескі законда қажыға барып, Мәдине Мұннареде жент әл - бақияда қалып, басына тас орнаттырып, тасына жаздырған: «Қазақ – Арғын - Жанғұтты Ботантайүғлы: «Мекке мен Мединені көрмеген кісі: «Анадан тумадым, жалған дүниенің жүзіне келмедім!»- десе де болар!- деп. Онан бұрын әулиелерді зиярат қыла Алатау, Қаратауға барған: «Үйсін Төле бидің басында отырып, төре берген төбесін көремін деп!»- деп, барғанда, Алатау, Қаратаудың: «Пәлен қалай, түген қалай?»- деп, сұрағандарына айтқаны:
- Тобықты Құнанбай - шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ, Қыпшақ: Ыбырай-қажымас қара болат. Мұса - қабыршығы жоқ, қолға тұрмас, жылмағай қарабалық. Шыңғыс төре - мұсылманға суық, орысқа жуық.
Бұл сөздерді Көктіңұлы - Сапақтың бел баласы Имамберді датқа сөйлеген: «Тобықты-Құнанбай, Қыпшақ-Ыбырай, Төртуыл - Мұса - осы үшеуі қазақ маңдайына не ғып сыйып жүргеніне айран - асырмын!- деген. Құдай рақмет қылсын Жанғұтты Ботантай ұғлына! Әлтекей Сарымда атамның басы, енемнің бірдемесі бар ма: Жанғұтты мен Жидебай батырдың аруағы - еркіме қоймай, жаздырып отырған.
БАЯН БАТЫР ТУРАЛЫ
Уақ - Сары - Баян қап бір сап, бір өзімен бір туысқан Ноянды он бестегі уыздай күнінде:
- Менің ғашық болған қызымды неге алып қаштың?- деп, атып өлтіріп тастапты.
Екі арман өмірінше сүйегімен бірге кетті: бірі - ғашық болған қызын ала алмағаны, бірі -өз інісін өзі атып өлтіргені.
НАУША БАТЫР
Сырымбет - Барақ төре жолдасы. Бөлекей полковой- Л.Қ. сұлтан Әбілқайыр ханды Барақтың айтуымен Сырымбет өлтіреді. Әбілқайыр Уфадан Адай ішіне қашып барған Адайдың бір байының қызы Бопайды мәріне 90 бие беріп алады. Содан Нұралы, Ералы, Айшуақ туады. Сырымбеттен Қаржау, Қаржаудан Науша туады. Сырымнан Нұралы қашып барып, Уфада өлген. Кейін Жәңгір хан зиратқа барып: -Е, бабам, Сырымнан қашып келіп Мұнда өлдің, сенің кегіңді кімнен алам?!- дегенде, қасындағы Шеркеш деген биі:
- Бәріміз бір атаның баласы едік. Кегіңді менен ал!- депті.
Сонда хан:
- Қадірлі биім едің, қаттырақ тиіп кетті білем, кешір, - деп, Шеркештің (Шеркестің) қолын алыпты. Кейін шақыртып алып, Сібірге жер аударған. Содан соң Науша ханға наразы болады. Оны хан біледі де, шақыртуға 7 солдат жібереді. Жетеуінің алтауын өлтіріп, біреуіне:
- Ханға сәлем айт, бармаймын,- деп жібереді.
Хан Аштархандағы генерал-губернаторға хабар етеді де, 250 солдат алдырады. Науша Баршақұм ішінде отырады. Исатай, Сәдібек, әлгі 250 солдат Науша ертеңгі намазда отырғанда үйін қамап алады.
Сонда Науша әйеліне:
- Бедеуді әкел,- дейді.
Әйелі бедеуін әкеледі. Науша жөнді киіне алмайды. Сонда да бедеуіне мініп, өзін орап алған жауға қарсы шабады. Өзінің даусы зор кісі екен, жау сескеніп, оның қарсысына келе алмай алдын аша береді. Атқан оқтары Наушаға дарымайды. Найза мен бедеуі арқасында қоршаудан құтылып кетеді. Содан соң солдат бастығы әпесер офицер- Л.Қ.:
- Қазақта батыр болады деуші еді. Бұл сол шығар. Наушаны ұстағанның билеуіне жер, иығына шен беремін - дейді.
Бұған Сәдібек:
- Мен ұстаймын! - деп, уәде береді де, Наушаны қуады.
Науша соңынан:
- Еркек болсаң, қашпа, қашасың ғой,- деген дауысқа тоқтайды. Артына қараса, Сәдібек екен. Сәдібекке қарсы шабады да, оны найзамен қағып түсіреді. Екпінімен кейінгі отрядқа соғады. Лизо арба, үш ат жеккен. Үстіндегі әпесер офицер, Исатай, делбеші,- үшеуі қарғып, арбаның астына тығылып отыра қалады. Сонда Науша лизордың үстіндегі құс жастықты найза ұшымен көтеріп тұрып:
- Е, Исатай, сенің де басыңа келер, «апасы киген қой лекті сіңлісі де киер»,- дейді де, жүріп кетеді.
Әкесі-Жантөре, одан Ақшабай, одан Шабар. Шабар мен Науша әкесі дос екен. Науша Шабардың үйіне келіп, кілемнің үстіне шешініп, шапанының етегін сілкігенде бытыра гу-гу түсіпті. Үш күннен соң, Наушаны Шабар Жайықтан арғы бетке өткізіп салыпты күн шығыс бетіне. Онда Науша би - батырлармен танысып, қыдырыстап жүріпті. Сол кезде: «Айшуақ баласы Баймағамбет патшаға барып, хан боп келді» ,- деген сөз болады. Бір күні Баймағамбет үйінде отырғанда:
- Мынау кім?- деп сұрағанда, біреу:
- Бұл - Науша,- деп түсіндіріпті.
Сонда Баймағамбет:
- Атағың дардай еді. Бөкейлікке де сыятын екенсің бергі бетке өтпей-ақ,- депті.
Науша:
- «Жылқы қашса, жерге сыймайды, түйе қашса, таптырмайды»- деген ғой . Мен сол түйе емеспін бе ғой,- депті.
Сонда сұлтан:
- Сені адам екен десем, айуан екенсің ғой.
Сонда Науша ханды ақылсыздыққа шығарайын деп ойлап:
- Сізді жақсы айтты деп сүйініп, жаман айтты деп күйінетін болмадық қой,- депті дейді. Сонымен екі жақ та үнсіз қалады. Аздан соң шай келеді. Хан шешіліп әңгіме айтады. Патшаға барғанын, көргендерін қызғылықты етіп айтады. Келе-келе патшадан алған әмірін көрсетеді. (Қағазы қалың құмсандай айнала печат). «Мынау патшанікі, мынау министрдікі, мынау губернатордікі, мынау тағы министрдікі»,- деп, жалғастыра береді.
Сонда Науша:
- Сіздің патша дегеніңіз, губернатор дегеніңіз, жанарал (генерал) дегеніңіз, министр дегеніңіз бәрі де адам баласы ма? - депті.
- Е, е, адам баласы,- депті.
Сонда Науша:
- Ой, адамның берген көтін көт демеші, Алланың берген көтін айтсайшы,- өз көтін жоғары қарай қолымен созыпты дейді.
Екінші ретте Исатай Наушадан 7 жылдан соң Жәңгірге қарсы болып, Қайболды дейтін төре де, Жәңгірге қарсы болып, екеуі де екі бөлім отрядтан қашып, Науша өткен бетке өтеді. Исатай өлген соң, Қай болды (10 жыл ма, 15 пе, не 3 жыл ма) кейін шығып:
- Жәңгір ханның жылқысын айдап кел,- деп, 20 жігіт жібереді. Соның ішінде бөкейлік Адай Теке деген бір өзінше батырмын деп ханға қарсы болған жігіт бар екен. (Ол күнде текті ру болса батыр болған. Әкеш). Жолай бір байдың жиырмаға жеткен баласы, таз ұлы бар екен. Соның үйіне қонады. Бай ұлын:
- Сен де жол көріп кел,- деп, әлгілерге қосып жібереді. Олар Дендерден (Аққала түбінен) өтеді. 200 шақырым жер жүргесін, олар:
- Тым алыс қой, одан да төренің бәрі төре, мына Талобкедегі төрелердің жылқысын айдайық,- деп, өзара кеңеседі. Сонымен олар Талобкедегі бір-екі жүз деген көп жылқыны айдайды. Бірақ ол төре жылқысы болмай, Қызылқұрт руының бір байының жылқысы болады. Иесі ертеңіне қуып жетіп:
- Менің сабамды керегемнің басына іліп кетпендер. Маған дым болмаса бір айғырдың үйірін беріңдер,- деп сұрапты.
Науша берейін деген екен, өзгелері көнбепті: «Жолай әркімге бір үйірін бере берсек, барғанша не қалады»,- депті өзгелері. . Содан алғашқы өздері өткен Дендер түбінен салса, жылқы өтпейді Жайықтан, көп әуре болады. Тіпті, өтпейтін болған соң:
- Әркім өз ұстағаны өзіне олжа, ал ұстап өтіңдер, қалғаны қалсын,- дейді Науша.
Сонда әркім әрқайсысын қуады, жылқы ұстатпайды, бет-бетімен қашып, бет-бетіне шауып, кейін қашады. Өздері судан өтіп шығады. Дендер тауының баурайында 50 ат жатыр екен дейді. «Олжаның бәрі олжа» дейді де, 50 атты айдап жүре береді. Бұл ат жасауылдардың аты болып шығады. Артынан біліп, ішінде бастығы бар, 50 жасауыл кісі (орыс) қуады. Олар алыстан тілдесіп, жеткен соң:
- Сендердің әуелі Жәңгір хан жылқысын айдап келуге өткендеріңді де, жылқыны айдап келіп, өткізе алмай өздерің өткендеріңді де білдік. Өтсе өтсін, өштес қазағы ғой деп үндемедік. Енді біздің жылқымызды таста, неге айдайсың? - дейтін көрінеді. Сонда олар:
- Ой, сендердің жылқыларыңды алған жоқпыз. Неге өтірік айтасың?- десе:
- Мынау ат менікі, мынауысы менікі,- деп түс-түсін көрсетіпті. Мініп алғанына шейін көрсетіпті. Дегенмен олар тастамай айдай беріпті. Содан соң орыстар жақындапты. Наубай, сосын Теке батыр, жолдан қосылған Таз бала - үшеуі оларды тоқтатамыз деп қарсы тұрыпты. Ол екеуі жауды тоқта тоқта шаршап жарадар болыпты. Текені ағасы алып шығыпты да, Таз бала өзі шығыпты. Наушалар жылқыны айдап, жүре беретін көрінеді. Сөйтіп, келе жатқанда бір орыс:
- Жекпе-жек, жекпе-жек!- деп айқайлап шауыпты. Сонда оған ешкім шықпапты. Теке батыр барайын десе, ағасы шылбырын жетектеп жібермепті. Теке өз шылбырын қиып, жекпе-жекке екпіндеп барып шығып, орысты түсіріп, қайтып келіпті. Орыстар жекпе-жекті қойып, нобайы жетуге қалыпты. Сонда Теке:
- Науша, Науша, - дейтін еді. Енді қырылдық қой. Неғып келе жатсың?- депті. Сонда Науша кейін қалыпты. Орыстың отрядына:
- Қайда барасыңдар? Мен Наушамын, Наушамын, - деп ақырыпты. Сонда тоқтап тұра қалыпты орыстар. Наушаның даусынан, әрі атағын естіген екен. Содан ба қорқып, ешқайсысы бата алмай, бәрі кейін қайтыпты. Теке мен таз бала атқа отыра алмай, содан ол екеуін Дендер тауының бір үңгіріне тастап кетеді. Қайта келіп, екеуін де арбамен аман алып қайтыпты.
Үшінші ретте, бір жылы Әлімде бір жиын болады. Өлген кісіге ас берген. Алыс жер ғой. Байұлының атақтыларын шақырады. Соған ішінде Науша бар, бір топ кісі барады. Оларды бір тәуір үйге кіргізіпті. Жиын басшысы Сыйлыбай батыр Байұлының жақсылары келді дегесін көрісейін деп келеді. Танысып сұрағанда:
- Мынау Науша батыр,- дегенде, Сыйлыбай :
- Ей, бөкейлік, кім болса, соны батыр дейсіндер, мынауың тек тоқты қошқардың ең...ндей,- депті дейді.
Науша ешнәрсе демей отырып қалыпты. Ac келіпті. Астан жемепті Науша. Жиын тарқап, атқа мінерде, Науша Байұлының баласына:
- Сыйлыбай барымта ала келсе, маған хабар бермей қалмаңдар,- депті.
Сона соң бір айдан соң ба, екі айдан соң ба, Сыйлыбай Байұлынан жылқы айдапты. (Бай-ру аты) Наушаға хабар тиіпті. Науша, (руы - Ыссық) Рахпан батыр екеуі атқа мінет де шабады. Тек Рахпанның қара аты семіз екен де, Наушаның бедеуі жүдеу екен. Барымташылар қуғыншылар қуып жақындап барса, тосқауылдап тұрып, түсіп тастай беретін көрінеді. Науша Рахпанның атын сұрапты. Рахпан:
- Менің ерлігім сенен кем бе еді,- деп атын бермей, Наушадан озып шауыпты:
- Тілімді алмадың, атыңның шылбырын беліңе байлап шап,- депті.
Бірер шақырым бұрын барып, Рахпан Сыйлыбаймен кездескенде тақымдықтан найзамен аударып түсіріпті де, Сыйлыбай жүре беріпті. Науша келсе, Рахпан шылбыры белінде, қара атқа қазық секілді жатыр екен. «Е, батырым, жатырмысың?» - деп, Науша шылбырды қиып жіберіп, қара атқа мініпті. Сыйлыбайға жеткен жерде бір өзек кездеседі көлденең. Сыйлыбай екінші жерден өтеді. Науша екінші бір жерден аман өтеді де, Сыйлыбай атын батпақтатып, жаяу жетектеп шығады судан. Науша Сыйлыбайға қарамай ішінен оның пәті қайтты дейді де, алдағы жылқы айдап бара жатқан көпке қарай айқайлап шаба береді. Сыйлыбай кейін қалады. Сонда Сыйлыбай:
- Қайда барасың, жаныңнан үмітің болса, қайт?! Мен Сыйлыбаймын,- деп айқайласа:
- Сен Сыйлыбай болсаң, мен Наушамын,- деп, кейін қарай шауыпты Науша. Сыйлыбай дым ірі жігіт, найзасы ұзын екен, найзаны бұрын салыпты. Науша шолақ найзамен қаққанда өндіршектен соққан найза лықсып сол жағына қарай асып барып арқадан шығыпты да, Науша найзасын салыпты. Содан Сыйлыбай құлағанда, аты ойнап шығып кеткен екен. Оған Науша қарамай, алдағы жылқыларға жетіп, одан қайтып келсе, кейінгі қалған қуғыншылар тек жығылып тірі қалған Сыйлыбайды ортаға алып, бірі мұртын, бірі құлағын, бірі бетін кесіп тастаған екен дейді. Науша:
- Бұларың не? Қоя берейін деп келіп едім, паралап тастаған екенсіңдер,- дегенде,
Сыйлыбай:
-Аттан айыл, ер-түрман садаға, ерден құлақ-мұрын садаға,- депті.
Сонда Науша:
- Бұл түбінде құлақ - мұрнын жоқтар, өздерің біліңдер,- деп жүре беріпті. Жігіттер ол сөзіне жауап ретінде оны өлтіріпті. Сыйлыбай батыр сонымен құнсыз қалыпты.
Наушаның 85 жасында: «Сәдібек інісі Батырбек баласы Бекәлі топырақты болып, ірі болып туыпты», - деп, жұрт мақтаған соң, бергі бетке етіп, інісінің үйіне келеді. Келсе, Бекәлінің отауы басқа екен. Бекәлінің қонақ үйіне кіріп, мал сойғызып, бір күн жатады. Бірақ оған Батырбек барып көріспейді. Ағамның құнын аламын деп жұрт жинамақ болыпты. Бекәлі:
- Бір шалды өлтіру соншама қиын болды ма, жұртты шақырғанша менің отауыма жібер. Бекәлі шақырады деп жіберсеңіз өзім - ақ өлтіремін,- депті. Ол да барып көріспейді. Бекәлі үйінде емес екен дейді. Науша отырып болған соң, Бекәлі үстіне кіреді. «Бекәлі келді, Бекәлі келді,»- деген дыбыс болады. Бекәлі есіктен кіріп келіп, сәлем бергенде, Науша қолын жібермепті:
- Атаң Сәдібектің тәдбірі Алладан, себебі менен болып еді. Ағаңның қанын ал деп Батырбекке келіп едім, Батырбек келіп амандаспады. Батырбекке Құдай қоспады. Мынау
- сондағы шолақ найза, шолақ балта, шолақ қылыш. Мә, атаңның қанын ал,- деп ақырыпты.
Сонда Бекәлі шегініп сыртқа шығып кетіпті. Наушаның көзі үкінің көзіндей айналып, қып-қызыл болып кеткен екен дейді. «Мынаны біз өлтіре алмаспыз, әлде ол бізді өлтірер»- деп, Бекәлі әкесін, жұртты шақырып ақылдасып, «қояйық» деп, татуласып, қонақ етіп, ертеңіне cap жорға ат, сары жібек шапан кигізіп, алты дөңнің астына шығарып салған екен дейді Бекәлі. Науша жас бала кезінде жылқы қарап жүріп, бір ақсақалды кісіге жолығыпты. Сәлем беріп, сәлем алып болғаннан кейін ақсақалды кісі дәрет сындыруға түсе қалады. Жолдасынан:
- Бұл қартың кім?- дейді.
-Ыссық Манаш дейтін батыр,- дейді.
Сосын Науша да аттан түсе қалып, қартты аттандырайын деп аттың тізгінін ұстап тұра қалады. Манаш атына келіп, міне бергенде Науша сыртын айнала беріп, белбеуінен ұстап жоғары көтеріп-көтеріп қойыпты дейді. Манаш бетіне қарапты да:
- Шырағым, кім боласың?- депті.
- Қаржау баласымын,- депті Науша.
- Е, рас айтасың, Қаржаудан бір бала бар деп еді. Кешке үйіңе барамын, батиқамды (батамды) беремін. 5-6 балам бар еді, аруағым саған кетті. Қаржауға сәлем айт,- депті дейді.
Науша әкесіне істегендерін, естігендерін, айт деген сәлемін айтса, әкесі нанбапты. Кешке айтқандай үйіне Манаш келіпті. Жақсылап сыйлапты. Манаш, Қаржау қосылып, Наушаға батиқасын беріпті. Наушаның хал - ауқаты оңды болмаған. Он шақты түйе, кішкене киіз үйі бар. Одан қалған ұрпақтары бар екен. Шөбересі Қадір дегенге жолықтым. Менен бірер жас үлкен еді. (Арғы бетте Әлтеке) 31-32-33 жылдары 3 жыл жолдас болдым. «Алматыда оқып жатқан балам бар,- деуші еді,- Бұл әңгіме - дұрыс әңгіме. Мұны менің әкелерім таза біледі: Наушамен дос болған Бекәліге барып, содан сол жақтағы ағайындарына қыдырып жүріп, Шабар атамның үйіне келіп, қонақ болыпты. Шабар 90 жасында Ақшабай 1810 жылы туған. Науша Жәңгірмен қас болып, арғы бетке өтерде 40-45-терде болмақ керек. Әйтеуір оның Исатай бүлігінен 8 жыл бұрын (Наушаның Ақшабай өкіл күйеуі ол екеуі қатар кісі екен). Науша Топайлының тұсындағы арғы бетте киіз үйі бар отырады екен. Сонда Алаша руының бір баласы сол үйге қоныпты. Наушамен әңгіме үстінде әлгі балаға Есет батыр (қолы оқ тартқыш екен - садақ) болған екен. Соны Науша әңгімелейді. Науша қасында Есет батыр бар. Онға толмайтын кісі Сыйлыбайды өлтіргеннен соң, қартайған кезде Әлімнен барымта алуға барады. Алған малдарын алға жіберіп, қуғыншыларды тосып, Науша, Есет кейінде жүріп отырады. Бір алты атты кісі бір-бірінен озбай келе жатады. Есет сонда Наушадан бөлініп, жолдан кейін қатарға шығыпты. Сонда алты атты Есетке қарамай, Наушаға қарай алға шаба беріпті. Есет алты атты мойнынан көздеп тартқанда алтауының да мойнынан өтіп құлаған екен. Сонда тыңдап отырған Алаша жігіт бала көтеріліп кетіп:
- Апыр-ай, біздің Есет атамыз сізден де ер екен,- депті дейді. Сонда Науша арланды ма:
- Он Есет болса да, оғы маған өтпейді,- деп ақырғанда, «жердің тесігі болғанда кіріп кететін едім»- деп айтыпты кейін біреуге Наушамен әңгімелескенін айтқанда.
Дәуіт дейтін Әлім Шекті батыры Наушаға қарсы шығып, барымтада кездесіп, жекпе-жекке кез - келіп, өзі қылышкер екен, Наушаны соға алмапты. Сонда аттан түсе қалып, Наушаның қолын алып, тату болыпты. Тағы бір барымтада Наурызбай Наушаға кез келіп, бетпе-бет келгенде, оның айқайынан сескенді ме, әйтеуір атының басын бұрып алып, Наурызбай кейін шауып жөнеліпті. Қасында Арқаның Ағыбай батыры т.т. бар көрінеді.
БАЛАҒАЗ БАТЫР
Еламан баласы - Тұрсынбай, Едіге баласы Шоңның заманында «Ащы»- деген өзеннің бойында, «Күңгірлек» - деген күзекте отырғанда, Жанқозы жылқысын жау алды. Сонда айтып алыпты: -Қарашорыңмын, Құдайдан соңғы зорыңмын: Таубай, Борай, Балағаз! Мына менің атым -Балағаз батыр! Шоң мен Тұрсынбайыңа сәлем де! Ертең Найзақараның түбінде төрт ту бие сойып тосамын, дәмесі болса, келсін, жылқысын айырып алсын!- деп. Ол заманда Олжабай батырдың өліп, Жанқозы деген елдің қаран суалып қалған күні екен. Тұрсынбай мен Шоң - Олжабай батырдың тұңғышы Есенаман батырға кісі шаптырды:
- Бұл екеуміздің батырлығымыз, билігіміз қазанның басында, қатынның қасында ғана отырғанда еді. Кеше әкесі үш жүзге ұран болған ер Олжабайдың баласы еді. Ту ұстап, тұлпар мінгеннің тұқымы еді. Бара көрсін, мына малды жаудан айыра көрсін!- деп.
Сонда Есенаман аттана шауып: «Есенаман, Есенаман!»- деп, жетіп барғанда, Балағаз батыр доп қаққаннан оңай қағып, Есенаманды мұрттай ұшырып, найзасымен батыра тіремей, қалыпты шаншып тұрып сөйледі дейді:
- А, ит, Құдай сенің аузыңа «Олжабай» атын салмай, шайтан - ау сені «Есенамандатқан!» Егер сен: «Олжабай, Олжабай!»- деп, келсең, біз тағалы торы тайыңа тимей, беріп кететін едік, неге десең, әкең Олжабай батыр: «Олжабайлап» тиіп, біздің Қарашордың жылқысын түп көтере алып жөнелгенде, он екі жасар бала күнім, «Мен -Балағаз!» - деп, қуып жетіп, алдын орап, сәлем беріп едім. Сонда: «Уағалайкумассалам, жолың болсын, балам!»- деп еді.
- Атың шыққан ер едің, «Жолың болсын!»- деген лепесің маған қабыл болсын!- деп, жылқы айырумен жұмысым болмай, тойып қайтып кете беріп едім. Сол Олжабайдың батасымен Балағаз болып, өмір бойы пендеден бетім қайтқан жері жоқ еді. Осы өзіңді аман-есен тастағаным да - әкең Олжабайдың аруағын сыйлағандығым. Болмаса сені мен не аман-есен тастайын!- деп, Есенаманды өлтірмей, тірі қалдырып, жылқыны алып кете берген.
Сол малдың артынан Қаржас: Айту, Байтуды ертіп алып, Шонты – Қосқұлақ - Андрей молданы ертіп алып, Торайғыр қасында қосшы - қолаңшыларымен барған. Барған соң Таубай, Бозай, Балағаз батырлар: - Атыңа-тай, тайыңа қой алсаң, бітім береміз. «Жоқ, тұяққа-тұяқ, құлаққа құлақ аламыз»- десеңдер, бие-кәрі де, құлын - жас, еліңе барып, жасанып кел де, ала бер, қолың бос, ізіңше қайт та, жүре бер! - деген.
Сонан соң Айту, Бату- Шонтыны оңаша алып шығып, сөзге түсіріпті:
- Қой болар, қозы болар, келер жыл дәл өзі болар. Биыл ұрғашы тай алып кетсек, бір-екі жылда құлынды бие болады. Өкпелегенде, не қылмақшымыз? Ауылда айырып ала алмай қалған малды қолынан бергенін алмасақ, жолынан қалай алмақшымыз?!- деген соң, Шонты Еламанға қараған малға - айтқанына көніп, айдауына жүріп, бітім алмақ болды. Торайғыр:
- Осы Шонты не қылса, біз де соны қылайық,- деген екен.
Қосбұлақ - Андрей молда басы қақиып алып:
- Айтқанға «Болады»- деген не? Бермесе, бермесін, ақыретте аламыз!- деп, болмады дейді.
Сонан соң Бұл жолаушыларды екі бөліп, күтпекші болды. Айтқанына көніп, айдауына жүрген Шонты мен Айту, Байтуды ақбоз үйге кіргізіп, - аппақ майды жегізіп, күйеу, құдаша сыйлап, Қосқұлақ-Андрей молда мен Торайғырды қара құрым үйге кіргізіп, жылқының қара құмақ тезегімен ыстап, білгенінше қинады, сөйтті де оларды қайырып жіберді:
- Бар, жеңген жерінде аласың!- деп.
Сонан Бұл күнге шейін бір тал қылын да көре алмай кетті.
Шонты мен Айту, Байтуға - тұяғын түгел борыштай қылып, атына - тай, тайына - қой төлеу беріп және бұларға риза (ырза) болғандығы сондай:
- Сендер біздің тілімізді сыйладың, айтқанымызға көндің, айдауымызға жүрдің, басымызды сыйладың! Біз де оның қадіріне жетейік, келген жолдарыңа екі қыз сыйлаймыз: бірін жұдалымыздан береміз, жұдалыңа қос, бірін жұрынымыздан береміз, жұрыныңа қос,- деп, екі қыз беріпті. Бірінің аты - Жібек, оны аталы, текті жерінен берген. Бірінің аты - Жанбике, оны құл - құтаннан берген.
Елге алып келген соң, Төлебайдың тоқалынан туған Елкелді батыр сынап:
- Мына Жібек деген бала жібек десе, жібек екен. Мұны, Шонтыжан, өзіңнің бірден соңғы балаң Байбақыға қос, бабам Төлебайдың дүкенін ұстайтұғын бала туар!- деп, Байбақыға қосыпты. Сол Жібектен туған бала кешегі көз алдымызда өткен Құлмұхаммед ұста. Оның баласы - Жәми, оның баласы- Мәншүк. Ұсталық мирасы (мұраты) Бұл күнгеше үзілген жоқ.
Жанбикені Темірбай дегенге қосты, онан туған Асылбек, Әлжаппарды жұрттың (жұрттың) көзі көрді. Бұл Жанбикенің өзі баяғы Есен тентектің Қожан тентекке берген Жолдыбай құлдың қызы екен.
ТИЕС, ҚАНАЙ БАТЫРЛАР ТУРАЛЫ
Тоқсұлтан, Тиестің жылқысын Кенесары алған. Сонда Тиес батыр Қоңырқұлжаға келген:
- Азамат бер! - деп.
Қоңырқұлжа:
- Жарарлық ат пен жігітті ал!- деген.
Он жеті жасар Қанай ағасы Танаштың атын мініп, найзасын алып қашып, Кенесарыға аттанған Тиес батырға қосылған. Кенесарыдан Тиес батыр жылқысын айырып алып келгенде, Қоңырқұлжа сұрапты Тиестен:
- Біздің Қанай бала қалай екен? - деп.
Сонда Тиес айтқан екен:
- Уай, төре - ай, Жаймажалдай ат туар деймісің, Қанайжандай ұл туар деймісің?!-деп.
Сол Танаш-Қанайдың Танашы - біздің шешеміз Ұлбаланың әкесі. Шешеміздің екі інісі бар: Шотаяқ, Жақып деген. Қыстауы - Семізқыз, Қосағаштың үш Көкөзек тарапында, Сораңның оңтүстік шығысында Жарық, Қарақал деген жерде 1908-інші жылында перуай (первый) декабрьде Ташкент тарапынан келе жатып, он бір күн тоқтап, ат тынықтырдық. «Жақып, Шотаяқ екеуі дүниеден бір күнде қайтып, екеуінің жаназасы бір орында оқылды»,- деп есіттік: 1921 жылында түз тарта келген Алтайлардан Сейіткамал баласы Әубәкір деген жігіттен. «Қанай батыр» атанып Бегәлі төреге көп жолдас болған екен. Жауласқанда, қолында ағаш сайман шыдамайды екен, екі ұрмайды екен.
БАЙҚОЗЫ БАТЫР ТАПҚЫРЛЫҒЫ
Тарақты-Байқозы ірі атақты кісі болған адам. Бір жылы Жұт болып, жылқысы ығып, Ертістің мұзына барып бір-ақ тоқтапты. Байқозы жылқымен бірге Ертіске түседі. Жылқысын тоғайдан қайырып, күн ашылған соң, еліне қарай айдайды. Кешке жақын қонуға бір Бәсентиіннің үйіне сәлем беріп, кіріп келсе, төрдің алдында бір ақсақал отыр, жас шамасы сексеннен асқан сияқты, оң жақта сүйекпен оюлаған ағаш кереует тұрады. Соның алдында қолында домбырасы бар, үкілі кәмшат бөрік киген, үстінде бүрмелі етекті ақ көйлегі бар бір қыз ән салып, өлең айтып отыр екен. Байқозы кіріп келгенде, қыз әнін тоқтатып, домбыраны жүктің үстіне қойып, қонақтарға әбден иіліп орын береді. Ақсақал жөн сұрап:
- Жылқыны қай жерден ықтырдыңыз?- дегенде,
- «Жалған»,- деген жерден,- дейді Байқозы. Бұл сөзді естіген қыз:
Ауылың, елің жалғанда, Жалғыз жарың қалғанда. Жылқымен ығып жүргенде, Қойнына біреу барған да!- дейді.
Байқозы:
Бедіректі бетпақтың
Бадырайтып айтқан сөзің - ай!
Ұялмай-ақ атасының жүзінен-ай,
Кім қолмен басады дейсің, шырағым-ай!
Құдай нәсіп бермесе,
Көт иесінің өзіне-ай!-депті.
Әкесі:
- Қарағым, жеңдің, шапан жап!- деген екен.
ЖАҢАБАТЫР ӘҢГІМЕСІ
Тілеуімбет: Наурыздың - Наурызының тарауы: Шобалай, Шобай, Ақай, Төкей, Ерсімбек (Ырсымбек), Мамек. Шобалайдан - Жаңабатыр, Өміртай. Айдаболда - Төлебай, Күлікте - Шобалай, Орманшыда - Қарабай, Қаржаста – Мырзағұлт - төрт босаға болған, жұрт аузына ілінерлік, ел ұстарлық кісілер осылардан шыққан. Абылай ханның Үш жүздің баласы қазаққа дүрі жүріп тұрған күнде, құнға кесім қылдырғанда, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыратұғын биі - Күлік Шобалай баласы Жаңабатыр би екен. Жә не:
- Ac беріліп, ат шаптырылған жерде Жаңабатырдың босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын, Жаңабатыр: «Осы ас жарайды, келісті ас - ақ болды»- десе, ат шауып, ас тарқасын. Болмаса, қайтадан ас бергіземін десе, билік Жаңабатырда болсын!- деп, Абылай хан жарлық қылған екен. Сонда Жаңабатыр өзінің бәйбішесінің асында:
- Бәйбішенің балалары босағама түйе бастатқан «тоғыз» байламаса, ат шабар төбенің басына бармаймын,- деп, отырып алған соң, бәйбішенің балалары айтқанын қылып: «Өзінің қатынының асына үлбелеген (олбала - кен) Жаңабатыр»- атанған. «Жаламен Жаңабатыр үш шабылды»- делінген Жаңабатыр осы. Бұл кісінің құнға қылған кесімі: қара құн - жүз жылқы, он екі «жақсы». Сүйек құны - елу жылқы, алты «жақсы». Өнер құны -тоқсан құн болады, тоғыз «жақсы». «Жақсы» дегеннің басы - «жетім», қалы кілем, қара нар, мылтық,- сондаймен тоғыз болады. Ұрғашының құны - еркектің бір көзінің құны, елу жылқы, алты «жақсы».
Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылғаша билік айтпайды екен, босаға күзеттіреді екен. Босаға күзеттіргеннің мәнісі сол - атының құйрығы кесілген үйден бір жылғаша кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен.
- Сен жаман ырым қылдың. Атын тұлдадың, мұның үйінен кісі өлуі сонан болды,- деп.
Шідер ұрлағанға шідер қайыс болса, үш атқа үш балағын салып, үш ат үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады екен. Жау бетін қайыратұғын жаудан елін қорғап (қозғап), аман айыратұғын батырлардың құнын - «жеті ердің құны болсын!»- деген екен. «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»- деген. Шешендікпен ұлтына олжа түсіріп, бітіретұғын шешендердің құны - «үш ердің құны болсын!»- деп кесім қылған екен. Сол замандарда жеті ердің құны – Малай - Жәдігерден шыққан Айтқожа баласы Жауқаш -Биқаштың Жауқашына алынған екен қалмақтан.
Бір басына үш құн ұрғашыда Ұлбикеге, еркекте Көтеш ақынға алынған екен.
Бұл Жаңабатыр: «Арқаға үш шабындым, жаламен үш шабылдым!» - деген дейді.
*** Бұхара барып жолаушы жүрген күнінде екі жақ болып төбелесіп жатқандарға кез болып:
- Мынаны айырайық, арашалайық,- десе, жанындағы жолдастары:
- Өзіміз жолаушы жүріп, айдаладағы біреудің бізге өлген - тірілгені не керек?- депті.
. Сонда аз жағы: «Кім де болса, Жаңабатырды танып айырады ғой, арашалайды ғой !»- деп дәмелі болып қалған екен. Жұртқа аты шыққан ері (ірі) кісінің арашашы болмай, керексіз қылып өте бергендігіне өкпелеп, сонда өлімші болып таяқ жеп қалған.
- Кім сені ұрған - соққан?- деп сұрағышыға.
- Маған қылғанда, Күлік - Жаңабатыр би қылды. Менің қаным соның мойнына!- деп өліп кетіпті. Мұның ұрмағанын, соқпағанын жұрт біліп тұр. Білсе де, өлермен қадалып жабысқан соң, арашалап айырмағандығының айыбына сексен серке тартқан екен.
- Кім де - кім екі ұрысып төбелескенді көре тұрып, айырып арашалауға әлі келе тұрып, арашашы болмаса, жазатайым соның бір жағы өліп кетсе, құнын өлтіргішіден алсын да, айыбын арашаламағаннан алсын!- деп.
Енді бірі - бір ұлы жиын аста жерден сыңар аяқ өткен жеті жұртты тауысқан бір қу келді де, белдеуде байлаулы тұрған Жаңабатыр бидің атының аузын ашып қарады дейді. Қараса, тілінің түбіне тақалған жері қап-қара екен. Жергілікті Құдай жаратқан, өзі қояндай боз ат екен. Сол жатып жабысты дейді.
- Құлын күнінде жоғалтқан боз биенің құлыны еді,- деп.
Жаңабатыр:
- Өз жылқымның тумасы. Аузын ұрып, аяғын қолдан сыпырған тұл атым,- дейді.
Анау:
- Құлын күнінде жоғалтқан менікі,- дейді.
Дау болған соң, бір көлденеңсіз құтыла ма, жүгініске түседі. Сонда жаламенен жабысушы көрінбеген жерінен белгі айтысайық дейді.
Жаңабатыр:
- Бір меңі жоқ қояндай боз ат, бұған басқа белгі не керек?- дейді.
- Енді осының көрінбеген жерінен белгі айтсам, менікі бола ма?- дейді.
- Қап, енді осынан көздің көлеміндей боздығынан басқа белгі тапсаң, сенікі - ақ болғаны,- дейді.
- Менің биемнің тілінің түбіне тақалған жері қол басындай қап-қара еді. Енесіне тартса, Мұның да тілінің түбінде сол белгі бар шығар. Егер де тілінің я ұшында, я ортасында, я түбіне тақалған жерінде қол басындай қара болмаса, онда менің боз биемнің құлыны болмағаны,- дейді.
Атты алдырып, аузын ашып қараса, тілінің түбіне тақалған жері қап-қара екен.
- Мынаның сөзі шын болды,- деп,- сіздей кісінің астынан ат алу жол - жобаға сыймайтұғын нәрсе, Бұл ат бүгін өз астыңызда барсын!- «Өзімдікі екендігі шын еді», - деп бір ауыз сөз айтып, атты өзіңіздікі қылсаңыз да, өзіңіз біліңіз. «Жоқ, тақымым үйренген жануар еді!»- деп, үш бесті берсеңіз де, өзіңіз біліңіз,- делінген соң, жұрт дағдарып тарқасты дейді. Ертең таң атқан соң, Жаңабатыр үш бесті алып көп ортасына келді дейді:
- Әлеумет, көп жиылған топ, кеше өзімдікі деп таластым, бүгін мынанікі қылып, Төлеуін алып келіп отырмын. Үйге бардым, бір аяққа аппақ сүт қойдым. Бір аяққа мөлдір, тұнық қара су қойдым. Сүтті қайыра сүтке қостым. Суды суға қостым. Сүттен жұғын қалды. Судан жұғын қалмады. Ойладым , менің сөзімнің ақтығы сүттей ақ шығар, сонда да онан жұғын қалды-ау! Әне, бәлекеттің сөзінің қаралығы қара судай-ақ шығар, сонда да онан жұғын қалмады - ау?! А, бұрынғының: «Ақ та болса, ант ішпе, айрандай жұғады!»-дегені осы екен – ау - деп, бір ауыз сөз айтуға жарай алмағаным осы,- депті. Ананікі жала екендігіне жұрттың көзі жетіпті, сонда да болмай Жаңабатыр үш бесті берген екен.
*** Құдай рахмет қылсын! Жаңабатыр би қартайған күнінде, ел қыстау - қыстауында отырған мезгілінде түйелерін қайырып, жинастырып жүрсе, бір бес атты кісі бірін-бірі қуысып, сабаласып, олай-бұлай ұйтқып шауып жүргенін: «Ел арасында жау жүре ме, ойнап жүрген бозбалалар ғой!»- деп, жайымен түйесін жинастырып жүре береді. Манағы бесеудің бірі құлап қалды да, төртеуі қашып кете барады. Ақырын аяңдап білейінші деп Жаңабатыр келсе, өлімші қылып тастап кетіпті. Кірпігін қимылдатуға зорға әлі келіп, екпесін соғып жатыр. Сол арада көрініп тұрған қыстаулардан кеп кісілер де келіп қалды. Әлгі өлімші болып жатқан Сексен ұрпағының біреуі екен. Өз ауылдарының кісілері
- Кім сені ұрған - соққан?- дегенде,
- Жаңабатыр, - еді де, өліп кетті дейді.
Сонан соң оның жанкүйерлері:
- Осыны өзің ұрмасаң да, ұрған кім, өлтірген кім екенін білесің?- десе, Жаңабатыр:
- Мен білмеймін,- деп, көрген - баққанын айтса да, Сексен деген ел гулесіп, шуласып, нанбайды да болмайды.
Тілеуімбет, Наурыз бірыңғай, Ақыл, Сексен бірыңғай болысып, Күлік өзді-өзі екіұдай болып, айтысып, тартысып, ұлғайып бара жатқан соң, Айдабол: Шоң, Торайғырдың әкесі -Едіге би Айдаболдың ең жақсыларын жіберді дейді.
- Сіздердің замандасыңыз ғой! Бізді баласынар, ағайын арасын бүтіндеп жарастырып келіңіздер,- деп.
Бұлар барса, Жаңабатыр төсегінде теріс қарап жатыр екен. Барған бұлардың сәлемін де алмады, амандық та айтыспады, керек қылмай, үн жоқ, түн жоқ жата берді дейді. Бір мезгілде басын көтеріп, тіл қатпастан, үндеместен барып, отырған бұларға ежірейіп қарап, бір қолын бұлай керді, бір қолын олай керді. Аузын ырбитып, ернін бұлай бір шалжайтты, олай бір шалжайтты да, қайтадан теріс қарап жата кетті дейді. Сонан соң Бұл барғандар өкпелеп қайтты. Және көрген-білгенін Едігеге келіп айтты. Ағаң алжыған екен, қартайған екен, аузын шалып, ақылын танып қалыпты. Біздің барған – ұрғанымызды керек те қылған жоқ. Және сөйтті - сөйтті, қолы мен ернін қалайша қылғанын сөйледі дейді.
Сонда Құдай рахмет қылсын Едіге ағам, Едіге би: -Алжыған жоқ екен, аузын шалып, ақылын танған жоқ екен. Бұл келіп отырғандар: бірің оқ беретұғын немесің, бірің жақ беретұғын немесің, бірің бұлай керіп созып, бірің олай шалжитып, ағайын арасын ашқаннан басқаң жоқ. Кесім жоқ, кесім жоқ, сендермен ісім жоқ - деп, мені жоқтап жатыр екен,- деп, жалма-жан Едіге би өзі атқа мініп барып: «Бұл өзі қыстау ортасында болғандықтан, қапы қалған жұмыс болды. Егер қыстаусыз жерде болса, жау ма, немене деп сезіктеніп, не арашалап, айырып қалар еді. Не шыр етіп (шер метіп), танып қалар еді. Көре тұрып ұрғанның кім екенін біле алмай қалғандыққа қыстау жазалы болуға керек, - деп, Жаңабатырдан Сексен деген елге бір қыстау алып беріпті. Сөйтіп сенбегенін сендіріп, нанбағанын нандырып, ағайын арасын тату қылып жарастырып қайтқан екен.
Жаңабатыр би жүз төрт жасқа келіп өлген екен. Өлерінде айтыпты:
- Құдайдың маған берген өмір жасы жүз он төртте өлмекші едім, он жасым кем болды. Оны Құдайдан көрмеймін, өзімнен көремін. Үш жан берген топтың ішінде болып едім. Өзім ант ішпесем де, ант ішкенмен бір топта болғандығымнан көріне он жасыма залал тиді,- деген.
Әкесі Шобалай Ағысқудай, Түндік өзенінің бойында, «Шобалай сүйегі»- дейді. Қаракесек халқының өлгеніне мазар басы болып қалды. Өзі Қызылтау бауырында Самай сопы қыстауының қақ іргесінде мазар басы болып қалды. Жаңабатыр балалары: Аққожа, Қосақ, Таңсық қожа, Жанақ - бәйбішеден төртеу. Үлкені -Таңсық қожа, кенжесі - Жанақ. Тағы басқа қатындарынан толып жатыр. Аз болса, он алты бар шығар. Бір Жанақтан басқасын қағаз бетін болған былғап жаза бергеннен не түседі?! Ат шығарып, аруақ шашқанды сөйлеу керек.
БӨГЕНБАЙ БАТЫР ҰРПАҚТАРЫ
Қанжығалыдан Бөгенбай батыр шықты. Үш жүздің баласының кәрі құлақтысынан ақымыз бардай қадалып сұрадық: түбін, тегін білуге. - Бөгенбай әкесі - Ақша, Ақша әкесі -Әлдекүн, Әлдекүн әкесі - Әлде кім?- дегеннен басқаны білмейді. Әлдекүннен екі бала: Әлібек, Ақша екеуі бір туысса керек. Ақшадан екі бала: Көлбай, Бөгенбай. Көлбай есер, асалаңдықпен бір аста Әлібектің үсті-басын майлай берген сықылды. Сонда Әлібек айтқан екен:
- «Ерке баладан жынды бала көп жақсы»- деген осы екен-ау! Мынау өскенде, менің тұқымыма таң атырып, күн шығармас!- дегенде, Ақша:
- Мұны айтасың ба, үйде бір шойқара бар, тұқымың соның тепкісінде шіриді!- депті.
- Ендеше мен тұқымымды оның тепкісінде шірітпейін!- деп, бөлініп көшіп кеткен. «Сол бойымен өсіп-өніп, Көкшетаудан әрі: «Әлібек қараған»- деген жер бар, үрім - бұтағы сонда»,- деседі.
Ол айтқан «Шойқарасы» Бөгенбай батыр болып шықты. Бөгенбай батырдың бәйбішесінің аты - Баяу бәйбіше. Мұнан туған: Тұраналы, Тұрымбет. Тұраналыдан - Бапан би, Мұнан -Саққұлақ. Саққұлақтың бәйбішесінен: Бектұрған, Жұман, Нұрмағамбет, Байымбет (Бейімбет); Талас қызы тоқалынан: Әжімбет, Нұралы, Ерәлі. Нұралы қыршын жас, болыс күнінде өлген. Саққұлақ сонда:
- Жалғызым - ау, жалғызым!- деп, зарлаған екен. Көрге салғанда:
- Бөгенбайдан келе жатқан кәрі аруақ, қара бақ көзім тіріде сені қолымнан керге салдым - ау!- деп боздаған екен.
Маңайында болғандар:
Перзентсіз, баласыз емессіз, алтауы аман түр ғой!- дегенде:
- Орыстың оразасындай бірде бар, бірде жоқ көшпелі шіркінді не қылайын?!- деген екен.
Саққұлақ өзі болыс күнінде Қыпшақ - Ыбырай аға сұлтан - дуанбасы алым, табыс үшін балаларының бірін жіберіп, қасына Жаншуақтың Мұсасын қосады екен. Басқа балалары барғанда, дәнеме деген жоқ, Нұралы барғанда:
- Саққұлақтың өз баласы жаңа келді ғой!- депті.
Бөгенбай батырдың қалмақ қызы Қамырқан деген қатынынан - Жылқыбай, онан - Төлеген мырза. Тағы бір қалмақтың қызы - қатынынан кісі білмейтұғын уақ-түйек болып толып жатыр. Төлеген бай, шексіз мырза болған: ас сайын алты атанға қымыз артып барады екен, қыстауына қырық сан тастап кетеді екен. Өзі отыз бес жасында көксау болған екен, түн бойы ұйқы көрмей, жөтеліп шығады екен.
Жөтеле - жөтеле жалығып, тірліктен безер болып:
- А, Құдай, иман бер!- дейді екен. Бір қой күзеткен Бітемше деген күзетшісі аңдып келіп, тұсында тұрып:
- Бердім, бердім!- дейді екен.
- Құлдық, Құдай (Хұдай), құлдық!- деп сүйсініп қалады екен.
Таң атқан соң, ауыл-аймағы балалары:
- Ол Бітемше ғой,- дегенде:
- Кім болса, ол болсын, беруші берді, мен алдым!- дейді екен. Иман алғанына айылы берік, әбден сенімді екен.
Өмір бойы қатынға жатқанда, суға түспейді екен. Оны ұнатпағанға беретін жауабы:
- Бұқа бұтын жуа ма, айғыр бұтын жуа ма, қошқар бұтын жуа ма, құтын жуған оңа ма?-дейді екен.
Өзіміз: «Әулие ғой - дейміз,- ақжүрек, тағы арамдығы жоқ!»
Құдай рақмет (рахмет) қылсын: Шоң би қатынына қатысқанда, қыстай ағаш кертеді екен. Жаз шыққанда, көлге түсіп, ағаштың кертігін санап, басын көлге тығып, тазаланады екен. Үкібайға да Құдай рақмет қылсын: суға шомылумен жұмысы болмайды екен. Құрбы-құрдасы көп ортасында ұялтамын дегендей, сол жұмысын айта қалса: -Күнәлы болған көтімді жудым, пейішке баратұғын бетімді жудым. Осы, шіркін, маған Мұнан артық не қыл дейді?!- деп қайырып тастайды екен. «Айтушы құрдасы Орманшы би - Қойшыбай,- дейді де,- айтқан жері - дуанбасы күнінде -Мұса мырзаның алды»,- дейді. Қазақ орысқа алғаш қарағанда, Иван Семенович деген полковой (болкебай) келіп, Баянаулада қала салдырып, дуан ауызын ашқанда, дуанбасы, қазы, болыс сайлаған. Шоң би - дуанбасы, Сейтен - Тайжанның Тайжаны - қазы. Сонда Қанжығалы атындағы ел -ойдағы-қырдағысы бір болыс болып, болыстықты алған Киікбай - Малай-Бозай (Бозбай) баласы Жолға байлаған. Жол:
- Маған байлағандарың рас болса, мен Әжіке-Дәненнің Дәненіне бердім. Дәнен күндердің күнінде кімге берсе, өзі білсін!- деген. Сондықтан Қанжығалыға ең алғаш Дәнен болыс болған. Дәнен өлерінде өз балаларына байламай, Жол баласы Әлдебекке берген. Әлдебек болыс күнінде Ерейменнің Қызылағашында айтып отырады екен:
- Осы Қызылағашқа Қараөткел, Ақкөл, Құрмандоғалақ - үшеуі бірдей. Үйден шыққан күні Қараөткелге де қонаға барамын, Аккөлге де қонаға барамын, Құрмандоғалаққа да қонаға барамын,- деп.
Әлдебек өлерінде болыстықты Дәнен балаларына байламақ болған. Мұстафа деген баласы тілін алмай, өзі болыс болған. Соған өкпелеп, Қанжығалы екі айырылған. Жеті румен Әжібай Баянаулаға қарап қалып, Қама, Жапар, Қарабұжыр - тентек Қанжығалы Ақмолаға қарап кеткен. Қанжығалының қақ жарылған жері - сол.
АБЫЛАЙДАН КЕЙІНГІ ХАНДАР
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан өлген соң, Уәлихан хан болды. Онан соң Абайділдахан хан болды. Бұлар тек хан атына мәз болды. «Қала салмаймын, бағынбаймын,- деп айтасың!»- деп, Абайділда ханды Баянаула деген таудан орыс ұстап алып кетіп, Көкшетауға Уәлиханның тоқалы Айғаным қала салдырды. Баянаулаға Шоң би қала салдырды. Қазақ тынышланып, ақ патшаға қарап, бағынып қойғанның соңында Қасымхан баласы Саржан төре бала жігіт, жас - мас уақытысында саудамен келген орыстарға:
- Мұртыңды бастыр, шашыңды алдыр! Оны қылмасаң, садақ тартып, атып өлтіремін!-деп, жақ пен оғын қолына алып, кезеп тұрған соң, орыс өлімнен қорқып, айтқанын қылып, сонан соң кешікпей: «Қасым ұрпағын орыс ұстайды!»- деген әуезе болып, Қасым хан бала-шағасымен, өзіне ерген жігіт - желеңімен Шу, Қаратауға қарай ауып, көшіп кетті.
Иван Семенич деген бір полковой (болкебай) шығып, Саржан төремен ұрыс қылып, екеуі жеңіп - жеңісе алмай жүрген күнде «Кәпірді суық көріп, мұсылман ғой»,- деп, жан тартып, жуық көріп», Түркістан, Ташкент жұртына қарай жақын көріп, жан тартып барған кезінде Ташкент құсбегі қонаққа шақырып алдап, Есенкелді деген інісімен, Әлжан деген баласымен - бәрін, қырық-елу шақты жолдасымен шаһид қылды. Ол уақытта Кенесары, Наурызбай Түркістан шаһарында медреседе оқып жатқан бала күні еді. Бопай ханым дейтұғын апалары барып, медреседе жатқан екі інісін алып қайтып, қайта Сарыарқаға келіп, Қуандық, Сүйіндік деген елдің шетінен жырмалап азын-аулақ ел қолына түсіріп алып, Кіші жүздің бергі шеті бес Жаппас, төрт Шөмекеймен жау болып, Обаған, Тобылдан барып, алты бас Қыпшақ:Балқожа, Ханқожаның елін шауып, талап, Есіл, Нұра бойында Қоңырқұлжа төремен жау болып, Қаратаудың қақ түбіндегі Созақты шауып, Отыншы, Сушы деген түбі қырғыз - екі бегін өлтіріп, ойда - орыс, қырда қазақпен өш болып жүріп, сегіз жыл үргін-сүргін жүріспен халық қылып, ақырында Алатаудағы Қырғыз: Әйтеке Жырықтың ұрпағы: Жанқараш, Жантай қолында шәһидшілік дәрежесін тапты. Кене ханның жылы - қоян еді. Қырық жасында жылқы жылы демі таусылды. Наурызбайдың жылы қой еді, жиырма төрт жасында жұмысы бітті. Қырғызда манап дейтұғын болады екен. Манап болатұғын себебі - қырық жігітке қатын алып беріп, мал малдандырып, жан жандандырады екен. Сонан соң «манап» деп атайды екен. Сонда қырғызда Жанқараш, Жантай - екеуі де манап екен. Жаманқара да манап екен. Жанқабыл, Тілеуқабыл - ағайынды екеуі де манап екен. Жаманқараны елшілікке келген жерінде Наурызбай өлтірген.
Қол оқпен қозы жауырын қойып алдым,
Өгіздей жон терісін сойып алдым.
«Ханыма қырын қарап сөйлейсің!»- деп,
Бүйірін наркескенмен ойып алдым,-
деген өлеңінде бар.
Өздері:
- Қашпаймыз!- десіп, қолға түскен соң, Жаманқараның бодауына Кенесары ханды Жанқараш алған екен. Жанқабыл манапты соғыста Наурызбай тағы өлтірген екен. «Соның бодауына»,- деп Наурызбайды Жанқабылдың ағасы Тілеуқабыл алған екен. Сол уақытта қырғызда Алатаудың күнгей бетінде Орманхан деген хан бар екен. Сонан қырғыздың манаптары кісі жіберіп, ғақыл сұраған екен:
- Бұлар қолға тірі түсті, қайтеміз?- деп.
Сонда Орманхан айтты дейді:
- Кенесары, Наурызбайға біздің қырғыз барып, соқтыққан жері жоқ. Өздері келіп қолға түсті. Оны манаптар: «Күшіміз асқандықтан болды!»- демесін, Құдай мен аруаққа төрелердің өздері ұшырады, сонан болды деп білсін. Өздерін өлтірмесін. Бұрынғының сөзі бар еді: «Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды, // Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды»-деп. Қайта өздері икемге келіп, ынтымаққа көнсе, күллі қырғызға хан көтерсін! Мен де хандығымды тастап, соны хан сайлауға қол қоямын! Егер де икемге келмесе, ынтымаққа көнбесе, күтіп, сақтап бақсын. Өз ажалынан өлмесе, менен ғақыл сұраса, өлтірмесін. Және қалған елін барып шаппасын, қатын-баласын олжаламасын! Осы өздерінің қолға түсіп, пенде болғанына қанағат қылсын да, тұрсын!- дейді.
Сонан соң қырғыз:
- Орман өз басы аман болған соң, аузына не келсе, соны айта береді,- деп,- біздің Жаманқарадан артық па? - деп, Жанқараш:
- Өлтіріп тастаңдар!- дегенде, қылышпен шабамын деп, ең алғаш қол көтерген қырғыз қолын көтерген бойымен сіресіп қалды дейді. Оның өзінен әл кетіп, қақайып тұрып қалғанын білмей, жанында тұрған арсалаң бір есерсоқ қылышты жұлып алып, Кене ханды мойнынан шауып жібергенде, Кенесары ханның басы да жерге түсті, шапқан батырдың өзі де сылқ етіп, құлай кетті дейді. Қараса, табанда жаны шығып кетіпті. Үйіне көтеріп алып барған екен, үй ішіндегі қатын-баласы жалп ете түсті дейді.
Сонан соң қырғыз халқы Кенесары ханды өлтіргендігіне көп пұшайман болысты дейді. Сол өлтірушілердің тұқым - тұқымы Бұл күнгеше оңбай быт - шыт болып, тозып кетті дейді. Жантай өлтірген кеңестің ішінде жоқ екен. Өлтіргендерін де оңды ұнатпаған екен. Бас терісін сыдырып, орыс жұртына жіберген екен. «Сол үшін тұқым - тұқымына наград берілді»,- дейді. Тілеуқабыл манап Наурызбайды інісінің бодауы үшін көп қырғыздың ортасынан жеке өз меншіктеп алды. Сонда қырғыздарға айтты дейді:
- Мұны өлтірсем, «Неге өлтірдің?»- демеңдер. Өлтірмесем, «Неге өлтірмей қойдың?»-демеңдер. Інім үшін маған бердіңдер ғой , ықтияры өзімде болсын ! - депті.
Үйіне алып барған соң:
- Төре, өлер інім өлді, сені өлтіргеніммен ол тірілмейді. Сені тайдай тал түсте жөнелтсем, тамам қырғыз соңыма түсіп, өзімді Бұл Алатауда тірі қоймайды. Менің атымды мін, киімімді ки, сөйт те түнде қаш. Сені ешкім қуып жетіп түсіріп ала алмайды. Мен риза, Құдай риза, маған сенің өлмегенің керек! - дейді.
- «Кенесары, Наурызбай қолға түсіпті де, Кенесары өліп, Наурызбай қашып келіпті!»-деген сөз өлімнен маған ол жаман атақ. Менің ол абыроймен (абиырмен) тірі болып, үйге барғаннан да, өлгенім артық. Жиырма беске жеткенім жоқ, жүз жасаған - кісінің сүретұғын дәуренін сүрдім! Тіршілік пен Бұ жалғанға менің арманым жоқ!- дейді дейді.
Өлтіртуге көзі қимай, Жанқабыл Наурызбайды үш ай, тоқсан күн сақтапты. Ақырында Жанқабыл өзі бір жаққа кеткенде, жанкүйері өлген қырғыздар қоқиланып келіп, өлтіріп тастапты дейді. Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге ұшыраған жоқ - десіп, Мұны қырғыз жұртының өздерінің жиһан кезген, орыс қолына түсіп, жер аударылғандары айтысады. Болмаса, Кенесары, Наурызбай қырғызға түскенде, мен туғаным да жоқ.
АБЫЛАЙДАН КЕЙІНГІ ХАНДАР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан өлген соң, Сарқазақ, Сейтен, Итқара сұлтан - бір таптың осылардай басты кісілері жүріп, Уәлиханды хан көтерді. Мұнан соң Абайділданы хан көтерді. Бұлар тек хан атына мәз болды. «Қала салмаймын, бағынбаймын!»- деп айтасың деп, Абайділда ханды Баянаула деген таудан орыс ұстап алып кетіп, Көкшетауға Уәлиханның тоқалы Айғаным қала салдырды. Баянаулаға Шоң би қала салдырды. Ол уақытта қазаққа шүршіт те таласты: «Орысқа қарама, маған ер!»- деп. Кенесары да таласты. «Дінімізге залал қылмасаң, жерімізге ортақ болмасаң, солдат һәм атты қосын керек деп, жауға айдамасаң, саған қарадық!»- деп, ақ патшаның әділдігіне берді. Қазақ жұрты тынышланып, ақ патшаға қарап, бағынып қоған соң, Қасым хан балалары: Саржан төре бала жігіт жас - мас уақытысында қазақ ішіне жолаушылап келген орыстарға (орысларға):
- Шашынды алдыр, мұртыңды бастыр, оны қылмасаң,- садағын кезеп - атып өлтіремін!-деп, жақ пен оғын қолына алып, ойнағанын шындай қылып тұрған соң, орыс айтқанын қылып, шашын алдырып, мұртын бастырып, үш күнге шейін адамға көріне алмай, басын бүркеп жатып алыпты. Соның артынан кешікпей: «Қасым ұрпағын орыс ұстайды!»- деген әуезе болып, Қасым хан бала-шағасымен өзіне ерген жігіт-желеңімен Шу, Қаратауға қарай ауып, көшіп кетіп, Иван Семенич деген бір полковой шығып, Саржан төремен ұрыс қылып, екеуі жеңіп, жеңісе алмай жүрген күнде «Кәпірді суық көріп, мұсылман ғой »,- деп жан тартып, жақын көріп, Түркістан, Ташкент жұртына қарай жан тартып, жақын көріп, барған кезінде Ташкент құсбегісі қонаққа шақырып алып, Есенкелді деген інісімен Әлжан деген баласымен, қырық - елу шақты жолдасымен - баршасын шаһитлік дәрежесіне міндірді. Ол уақытта Кенесары, Наурызбай Түркістан шаһарында медреседе оқып жатқан бала күні еді. Бопай ханым дейтұғын апалары барып, медреседе жатқан екі інісін алып қайтып, қайта Сарыарқаға келіп, қуандық, Сүйіндік деген елдің шетінен жырмалап, азын-аулақ ел қолына түсіріп алып, Кіші жүздің: Беркі, Жетпіс, Жаппас, төрт шөмекеймен жау болып, Обаған, Тобылдан барып, Алтыбас, Қыпшақ: Байқожа, Жанқожаның елін шауып, талап, Есіл, Нұра бойында Қоңырқұлжа төремен жау болып, Қаратаудың қақ түбіндегі Созақты шауып, Отыншы, Сушы деген, түбі қырғыз екі бегін өлтіріп, ойда - орыс, қырда қазақпен өш болып жүріп, сегіз жыл үркін - сүргін жүріспен хандық (ханлық) қылып, ақырында Алатаудағы қырғыз - Әйтеке - Жырықтың ұрпағы Жанқараш, Жантай қолында шаһитлік дәрежесін тапты.
Кенесары ханның жылы қоян еді, қырық жасында жылқы жылы демі таусылды. Наурызбайдың жылы қой еді, жиырма төрт жасында жұмысы бітті. Қырғызда «манап» дейтұғын болады екен. Манап болатұғын себебі: қырық жігітке қатын алып беріп, мал малдандырып, жан жандандырады екен. Сонан соң оны «манап» деп атайды екен. Сонда қырғыз - Жанқараш, Жантай екеуі де манап екен, Жаманқара да манап екен, Жанқабыл, Тілеуқабыл, - ағайынды екеуі де манап екен. Жаманқараны елшілікке келген жерінде Наурызбай өлтірген. Өздері: «Қашпаймыз!»- десіп, қолға түскен соң, Жаманқараның бодауына Кенесары ханды Жанқараш алған екен. Жанқабыл манапты соғыста тағы Наурызбай өлтірген екен, соның бодауына деп, Наурызбайды Жанқабылдың ағасы Тілеуқабыл алған екен. Сол уақытта қырғызда Алатаудың күнгей бетінде Орманхан деген хан бар екен. Сонан қырғыздың манаптары кісі жіберіп, ғақыл сұраған екен:
- Бұлар қолға тірі түсті, қайтеміз?- деп.
Сонда Орманхан айтты дейді:
- Кенесары, Наурызбайға біздің қырғыз барып, соқтыққан жері жоқ, өздері келіп қолға түсті. Оны манаптар: «Күшіміз асқандықпен болды»- демесін, «Құдай мен аруаққа төрелердің өздері ұшырады, сонан болды»- деп білсін. Өздерін өлтірмесін. Бұрынғының сөзі бар еді: «Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды, // Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды»- деп. Қайта өздері икемге келіп, ынтымаққа көшіп, күллі қырғызға хан көтерсін! Мен де хандығымды тастап, соған берейін - соның тыныш тұруы үшін. Болмаса – біріміз - күнгейде, біріміз теріскейде тату-тәтті болысып, тұра берейік. Егер де икемге келмесе, ынтымаққа көнбесе, күтіп, құрметтеп сақтасын. Өз ажалынан өлмесе, менен ғақыл сұрағандары шын болса, өлтірмесін! Және қалған елін барып шаппасын, қатын-баласын олжаламасын! Осы өздерінің қолға түсіп, пенде болғанына қанағат қылсын да, тұрсын!- дейді.
Сонан соң қырғыз:
- Орман өз басы аман болған соң, аузына не келсе, соны айта береді,- деп,- Біздің Жаманқарадан артық па? - деп, Жанқараш:
- Өлтіріп тастаңдар!- дегенде, «Қылышпен шабамын!»- деп, ең алғаш қол көтерген қырғыз қолын көтерген бойымен сіресіп қалды дейді. Оның өзінен әл кетіп, шаба алмай тұрып қалғанын сезбей, жанында тұрған бір есерсоқ арсалаң қылышты жұлып алып, Кене ханды мойнынан шауып жібергенде, Кенесары ханның басы да жерге түсті. Шапқан «батырдың» өзі де сылқ етіп, құлай кетті дейді, қараса, табанда жаны шығып кетіпті. Үйіне көтеріп алып барған екен, үй ішіндегі қатын-баласы жалп ете түсті дейді.
Сонан соң қырғыз халқы Кенесары ханды өлтіргендігіне көп пұшайман болысты дейді. Сол өлтірушілердің тұқым - тұқымы Бұл күнгеше оңбай, быт - шыт болып, тозып кетті дейді. Жантай өлтірген кеңестің ішінде жоқ екен, өлтіргендерін де онды ұнатпаған екен. Бас терісін сыдырып, орыс жұртына жіберген екен. «Сол үшін Шабдан Жантаев, Қарабековтер үшбу Россияға құрметті кісі болып, шүһірет тапты. Кенесарының Ахмет дейтұғын баласы император ағзамның таққа отыруы мәжілісіне барғанда, Шабдан һәм барған. Сонда Шабдан көтеріліп, бір сөз сөйлегенде, Ахмет тере айтыпты:
- Бұл мәжілісте қолынан да, тілінен де келетұғын ғаламнан озған алаяқтардың сөйлегені жарасады. Тілі жоқ сақау, қолы жоқ шолақ, аяғы жоқ мешел сықылды қырғыз, қазақтың баласы едік қой. Екеуміздің мінгесіп кісі болып жүргеніміз бір өлген өліктің денесі ғой!- депті.
Сонда Шабдан дәнеме айта алмады дейді.
Тілеуқабыл манап Наурызбайды інісінің боданы үшін көп қырғыздың ортасынан жеке өзі меншіктеп алды. Сонда қырғыздарға айтты дейді:
- Мұны өлтірсем, «Неге өлтірдің?»- демеңдер. Өлтірмесем: «Неге өлтірмей қойдың?»-демеңдер. Інім үшін маған бердіңдер ғой , ықтияры өзімде болсын! - депті.
Үйіне алып барған соң:
- Төре, өлер інім өлді, сені өлтіргенмен, ол тірілмейді. Сені тайдай тал түсте жөнелтсем, тамам қырғыз соңыма түсіп, өзімді Бұл Алатауда тірі қоймайды. Сені мен түнде жіберейін, менің атымды мін де, киімімді ки де, сөйт те түнде қаш! Сені ешкім қуып жетіп түсіріп ала алмайды. Мен риза (ырза), Құдай риза, маған сенің өлмегенің керек! - дейді.
- «Кенесары, Наурызбай қолға түсіпті де, Кенесары өліп, Наурызбай қашып келіпті!»-деген сөз өлімнен маған ол жаман атақ. Менің ол абыроймен (абиүрмен) тірі болып, үйге барғаннан да, өлгенім артық. Жиырма беске жеткенім жоқ, жүз жасаған кісінің сүретұғын дәуренін сүрдім. Тіршілік пен Бұ жалғанға менің арманым жоқ!- дейді дейді.
Өлтіртуге көзі қимай, Жанқабыл Наурызбайды үш ай, тоқсан күн сақтапты. Қырық жігітінің отыз тоғызы өлтіруге ыңғайланыпты да, манаптың өз басы, қатыны, бір жігіт,-сол үшеуі ортасына алып жатып жүріпті. Ақырында Тілеуқабыл өзі бір жаққа кеткенде, жансүйері өлген қырғыздар өлтіріпті. Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге ұшыраған жоқ. Мұны дүние көрген, жиһан кезген, қыр қыдырған жанкештілер әңгіме қылып сөйлейді. Болмаса, Наурызбай қолға түскенде, бірге түсіп, олар өлген соң, қайтып келіп, айтып отырғаным жоқ.
НАУРЫЗБАЙ МЕН ЖАНҚАБЫЛ ҚАҚТЫҒЫСЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Бес Жаппас Төлен байдың 7 баласы болған: үлкенінің аты - Маңкүшік, кенжесінің аты -Көтібар. Наурызбайды қуамын деп соғыста өлген. Сүйегін тастамай алып кеткен. Әжібайды Мырзабек қашырып жіберген. Төлеген ұлы Жанғабыл соқыр Мұнан соң, Орынбордан әрі асып ауып кеткен. Ақпан қаңтарда 1700 кісіменен: «Төрт Шөмекейді шабамын!» - деп, Кенесары хан аттанып, Көтібар Арыстанның елімен соғысып, Жанайдарға найза тиген. Төлегенұлы Жанғабыл зекетші болып барған Наурызбайдың 90 кісісін өлтіріп, Наурызбай 9 кісімен қашып құтылған. Әжібай соңынан жалғыз келген. Сонда Бес Жаппастың қыздарының айтқан өлеңі: Не болды жасауылдар Мұнша қанап, 10 қойды 20 деп артық санап. Сарт ер мен жекей тымақ киген ерлер Сай - сайда жатырмысың шекең қанап?!- деп. Кенесары сол Кіші жүзден кегін ала алмай, жерін тастай қашып, Алатауға ауған.
Кіші жүзге сия алмай,
Тастай көштің жеріңді.
Төлегенұлы Жанғабыл
90 кісіңді өлтіріп,
Бітеу сойып басыңды,
Қоқанға берді теріңді, -
деп, Кәрібоздың айтқан себебі сол.
НАУРЫЗБАЙ МЕН ЖАНҚАБЫЛ ҚАҚТЫҒЫСЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Кіші жүз: Алшын, Жаппас, бес Жаппас, төрт Шөмекей: «Кенесары ханға қараймыз, бізге зекетші жіберсін!»- дегенімен жүз жігітке бас қылып Наурызбайды жіберген. Сонда Наурызбай төре жүз жігітпен бес Жаппасқа барып, Төлегенұлы Жанқабыл соқырдың үйіне барып жатып алған. Жанқабыл соқырдың үйі сол жылы түскен екен. Өзі кірекешлік қылып, Ташкент, Қоқанға кеткен екен. Наурызбайдың қасындағы жолдастары бәрі де: «Наурызбайдың қылғанын біз де қыламыз!»- деп, қыз - келіншекке ерік қоймай, бозбалашылық билеп, бетімен іс қыла бастаған соң, соның үстіне Жанқабыл соқыр келіп қалып, Наурызбайдың жолдастарын өлтіре бастаған. Наурызбай сонда тоғыз жігітін арашалап айырып алып қашқан. Жаппаста Төленбай деген байдың жеті баласы бар еді. Үлкенінің аты - Маңкүшік, кенжесінің аты - Көтібар. Бұл Көтібар Наурызбайды қуған қуғыншылармен бірге кетіп, жалғыз барып жеткен жерде найзамен шаншып, жерге түсірместен, сүйегін қалдырмай алысып кеткен. Оның себебі Наурызбайдың Әжібай деген бір жігіті тірілей қалған екен. Көтібардың сүйегін тастап кетсек, Әжібайды өлтіріп тастайды ғой! Мұның сүйегі қалмаса, Әжібай барса, соны тірі қайтартады ғой! - деп,-Әжібайды жібереді ғой, - деп, Бұл ойлағанына тура келіп, Әжібайды Мырзабек деген қашырып жіберген. Сонда өліп жатқан Наурызбайдың жігітлерінің сүйегін көріп, бес Жаппастың қыздарының айтқан өлеңі:
- Не болды, жасауылдар,
Мұнша қанап,
«Он қойды жіберме!»-
деп, айттық санап.
Сарт ермен жекей тымақ келген ерлер,
Сай - сайда жатырмысың шекең қанап?!
- деп.
Көтібар қайтпаған соң, Төленбай ренжіп, Төлегенұғлы Жанқабыл соқырға айтты дейді:
- Қой мен сиырдың тасасында кім көрінгеннің көңілін аулап жүрген қыз - келіншекті қорғаймын! - деп, құлынымнан айрылдырдың! Оның ішіне құрт - майды салушы ма едің?!- деп. Соңына түсе бастаған соң, Жанқабыл соқыр Орынбордан асып, ауып көше қашты.
Кенесары, Наурызбай ақпан, қаңтарда мың жеті жүз кісіменен аттанып: «Кіші жүзді шабамын!»- деп. Кіші жүздің олайғысы-олай, бұлайғысы былай үркіп кетіп, ел шаба алмай, жасанған жауға аңсызда килігіп қалып, өздері жаралы болып, жан сауғалап қайтып, сол бойымен Кіші жүзден кегін ала алмай, жерін тастай қашып, Шу, Қаратауға қарай ауып кетті. Кіші жүзге сыя алмай, Тастай көштің жерінді. Төлегенұғлы Жанқабыл Тоқсан кісіңді өлтірді. Бітеу сойып басыңды Қоқанға берді теріңді - деп, Кәрібоздың айтқан себебі - сол. Есте болатын сөз. Күлдірмамай деген мылтықпен Тайтөбе ме, не, Тазтөбе ме, бір төбенің басынан Қараөткелдің қарауылшысын Кене хан өзі атып, мұрттай ұшырғаны анық.
КЕНЕСАРЫ КӨТЕРІЛІСІ БАСТАЛУЫ
...Сонда сол замандағы жақсылар Қытай елшісіне де сөйлесіпті. Кенесарының сөзіне де ұйымады. Иван Семеновишке де сөйлесіпті: «Жерімізге тимесең, баламыздан солдат алмасаң, саған қараймыз. Осыған уәде берсең, біреуіміз хабарласайық. Хабар өзімізден болсын»,- деп қайтарды. Кенесарыға: «Өздеріміз бас қосып, кешікпей бір жауабын береміз»,- деп, оған қорыққаннан осылай жауап қайтарды. Кенесары бұлардың арам ойларын біліп, еліне бара сала әскер аттандырып: «Менің айтқаныма жүрмеді»,- деп, елді шауып, шаншып, талай бастады. Кенесарының дүмпуінен қорқып, Бұл жақта қазақ: Атығай, Қарауыл, Қыпшақ, Керейдің Бұл жақтағысы: «Кенесарының өзіне барамыз»,- деп, Кенесарыға ауды. Бетін Қараөткелге қарай түзеп, Омбыдан бергі Атығай, Қарауылмен бірге ауып, Итен мен Мамай көлін, Мамай көліне барып қонған кезде Кенесарыдан хабар келді: « Өзіне ерген еліменен, әскермен қырғыздың Алатауына барып, жер алып, қырғызды қуып шығарамын»,- деп, көшіп, жолшыбайға елді шауып, шаншып, Қараөткелге барып, осы күнде Қараөткелде орыстарды қырып, жойып, шауып, шаншып, жас балаларды шаншып, көшеге шығарып қойды», - деп, хабар дүңк ете түсті. Ел сол жерде қамалып, қалай барарын білмей сасқалақтады. Кенесарыға барайын десе, елді шауып жатыр деп қорықты. Бұл жерде тұрса, артынан Қараөткелдегі Кенесары шауып, қырып жойып кетеді деп. Россия әскер шығарса, аяғының астында қаламыз деп қорқып... Атығай, Қарауыл, Қыпшақ, Керей жиналып келіп... Айшуақ бай: «Бұған саспаңдар... Орыс тілін білетін, Қарағайлыдан келген Тұрлыбекті жіберейік»,- деп, әр рудан екі кісі жіберді. Қарауылдан Байғозы Тойғанаұлы, Жауардан Қыял, Ермек, Тұрлыбек Россияға жіберіп, олар Иван Семеновишпен сөйлесіп... ит терісіне жазып, уәде хат берді. Тұрлыбекті 7 дуанға советник қылып жіберді. Сонан соң әркім өз орнына қайтып келді. Сол ит жылы қысында Нұрсиет Байғозыұлы туды және Тілеулі Исаұлы туды. Соған Россияға қарағанға биыл 1935 жыл, доңыз жыл, 98 жыл болды. Есеп қылғанда 1837 ит жылы тарихта Россияға қараған екенбіз. Мұны айтушы Бөртіней Байғозыұлы өзінің көргенін айтады».
КЕНЕСАРЫНЫҢ ҚЫРҒЫЗҒА БАРҒАН СЕБЕБІ
Ең алғаш қазақ орысқа қарап, дуан аузы ашылғанда, Шоң би аға сұлтан - дуанбасы болған. Шоң би өлген соң, Шорман аға сұлтан - дуанбасы болып сайланып шығысымен, үйіне барып өлген. Ереймен тауының сыртында өліп көмілген жері «Шорман тамы» атанып қалған. Кенесары - Наурызбай көтерілісі - жұртқа апалаң-топалаң - сонан кейін болған. Баянаулада Боштай аға сұлтан - дуанбасы, Қараөткелде Қоңырқұлжа аға сұлтан -дуанбасы. Кенесары: «Қараөткелге өрт саламын!» - деп, қамағанда, Қоңырқұлжа қарсы тұрып, ұрыс-соғыс қылған. Ақтау, Ортауда (Өртауда) Кенесарымен Қоңырқұлжа тағы қарсыласып соғысқан. Қараөткелді қамағанда, Кенесары күлдірмамами деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшысы Баласайкесін атып, мұрттай ұшырған екен. Тама: Танаш батыр бір шапанды майға бұлғап-бұлғап (былғап-былғап), бір шетін отқа жандырып найзаның ұшымен көтеріп барып, атып тұрған оқты керек қылмай, апарып тастай берген екен. Басқа шапқан батырлардан оққа ұшыраған Қыпшақ: Басығара батыр оқ тиіп, қан майданда қала берген екен. Тама: Танаш батыр Басығарамен құшақтасқан дос екен:
- Өлсем, өлейін, Басығарамен сүйегім бір жерде қалсын! - деп, қайта шауып барып, Басығараның сүйегін алдына алып өңгеріп келгенде, Кенесары хан айтқан екен:
- Дос болсаң, Тама - Танашпен дос бол! - деп.
Көп заманғаша бұл сөз жұрт аузында қалды. Қараөткелге өрт салған күн - бір орыс мінгені - Қоңырқұлжаның боз арғымағы таңертең Қараөткелден шығып, күн бата Қызылжарға барыпты. Екі арасы бес жүз шақырым деседі. Орыс Ақтау, Ортауға қала салып, солдат тұрғызып, қазақ-орыс қыстатып, сол жерге соғыс сайманын жинаған. Кенесары Мұны да қамап, соғысқан. Кенесары қамағанда, қазақ та жоқ, қазақ-орыс та жоқ. Жүз солдат қатар тұрып, мылтық атып, маңайына жан жуытпаған. Сонда Кенесары да жүз кісімен келген-қосшы-қолаңшы, салықтарын кейін тастап. Сонда Бұл жүз кісі баялыш (байелиш) деген тырбық отынды шылбырға буып алып, ер басына бір арқа отынды алдарына салып, домалатып, соның тасасымен еңбектеп, атқан оққа қарсы келе жатыр. Бұлардың артынан алдыңғысын паналап келе жатқандар да бар дейді. Алдыңғы отынды шеп қылып, бетіне ұстағандар аман, кейінгілерге асып келген оқ тиіп, жалғыз-жарым ұйықтап қалған кісідей қалып жатқандар да бар дейді.
- Араласуға жақындадық па? Қараңдаршы!- дегенде, түп тегі - Қуандық екен - бір жігіт отыннан басын оздырып қарай бергенде, кесер кеңірдектен бір оқ тиіп, мұрттай ұшты дейді.
- Ал, жабыла түсе қалыңдар!- дегенде, түбі тегі Арғын ішінде өсіп-өнген қырғыз екен, аты - Төлебай екен, жұрттан бұрын жалғыз қарғып түсіпті. Ол түскен соң, бәрі жабырлап түсе қалып, солдатпен мидай араласып кетісіпті. Сөйтсе, Қоңырқұлжа:
- Басы - қазақ қолы. Қазақ-орыс аттылар жаяуға араласпасын! Кенесарының өзін ұстап алайық! - деп, жасырынып, бұғып тұр екен.
Айқай-сүрен салып, лап қоя шауып қамап алды дейді.
Малай - Жәдігер: Исмайыл деген қария:
- Сол соғыста Жанайдар батырдың атқосшысы едім. Өздері жауға жаяу араласқанда, аттарын - жанына өлшеген, жаудан жанын құрттап (қорттап) қашпайтұғын жолдасына ұстатады,- ат ұстап тұрған біздер де араласып кетіп, соғысып барып, аттарын бердік! Жанайдар атына мініп алып, жаудың олайғысын - олай, былайғысын - былай жапырып тастап:
- Хан қайда?! Хан қайда?! - десе, хан жаяу солдаттың ортасында : «Қашпаймын!»- деп, жалғыз қалған екен. Барып, атынан түсе қалып, ханды өз атына көтеріп салып, қоя берді де, өзі бір қазақ-орыстың атының құйрығынан шап беріп ұстай алып, қазақ-орыстың артына қарғып мініп, қазақ-орысты ат үстінен жұлып алып тастай беріп, ханды алдарына салып, қаша ұрыс салып, жөнеле берді.
Жаудан аман-есен құтылды. Бұрынғылардың: «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін!»- дегені - осы! Кенесары бақсыздықтан, «еңбегі еш, тұзы сор» береді де, орыс ілгері басып бара жатқан бағы қайтпай тұрған күні, қалай талпынса да, бір ілгері бастырмай, бетін қайтара береді. Жұрттан бұрын шептен қарғып түскендіктен, Төлебайға «Жеке батыр» ат сол жолы қойылған. Қырғыз соғысында: Шәкір мен Жәуке, Төлебай дегендегі Төлебай - осы. Шәкір - ноғай, Жәуке - Арғын: «Тоқал Арғыннан»- Түлек (Төлек) деген табынан шыққан. Кенесары: «Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек - бес Мейрамды өзіме қаратып, соңымнан ертіп алып, Шу, Қаратауға аударамын!» - деп, Әлике: Байдалы, Сайдалы, Төменгі Алтайдың басшысы болған - Аққошқар: Сайдалыны, Сүйін, Жарқынды ертіп алып, Өр Алтай: Алдажұмаға келіп, оны соңынан ертіп, Азнабай, Сапақ атанған - Азнабай байға келіп, орысқа қарап бағынып қойған Азнабай балалары: Тайжан қазы, Сейтен болыс еді. Болыстық, қазылықты керек қылған жоқ: Кенесарыға еріп ауды. Алтай: Алдажұман байлары түйе жүк артқан жамбыларын көлге, суға төгіп кеткен. Қаржас та ауды, Орманшы да ауды. Баянаулада Боштай аға сұлтан - дуанбасы күні солдат алдырып, қазақ -орыс алдырып, Айдабол, Күлікті қойдай қамап, иіріп, аудырмай алып қалды. Қоңырқұлжа Қараөткелге аға сұлтан - дуанбасы о да өз тілін алған қазақты, орысты арқа сүйеу, таяныш қылып алып қалды. Ауған ел Шуға, Қаратауға барғанмен, малы жерсінбей, бара жатқанда, жолшыбай қашып, ала қыстай Құдайдың құтты күні қашып, дамыл бермеген соң Кенесары елді өз еркімен қайтармайтұғындығын білген соң, жаз шыға ел тау - таудың басынан өрт салып, өрттен қашқан кісі болып, тұра - тұра кеше жөнелген де, сол көшкен бойымен Арқаға қарай ауа жөнелген. Өзге қазақпен жұмысы да жоқ. Бірі болыс, бірі қазы болып, Кенесарыға еріп кеткендігінен, Азнабай балаларын ұстап алып, қара ала ағашқа таңдырып, Тайжанды аттырып, Сейтенді айдатып жіберген. Сол замандағы шайырлардың өлеңі:
Жеті мың Азнабай жылқы айдаған,
Үш жерге найзасына ту байлаған.
Ол кімнің төбесіне құй (қой) қазыпты,
Тайжанды атып, Сейтенді ішке айдаған!
Сонан соң Кенесарыға арман болған: «Арқадағы елді тілімді алдырып, аудырғанмен, Қаратау мен Шу мал қонысы бола алмағаннан, қайтып кетті-ау! Қырғызды бостырып, Алатауды түгелімен алып, Қуандық, Сүйіндікті соған орналастырсам - ау!»- деп, Қырғызбен жауласқандығы түп - негіз мақсаты осы болған.
КЕНЕСАРЫ ЖОРЫҒЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Іле деген өзеннің Балқашқа құйған жерін «Қамау»- деп атайды. Қараталдың, Іленің, Шудың алабын Алматы төңірегін Найман мен Үйсін жайлайды. Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Шапырашты деген рулары (ұрулары). Кенесары Ұлытау, Кішітаудан ауып барғанда, сол Қамауға барған. Шапыраштыдан басқа Ұлы жүз де, Найман да Кенесарыға мойындай қоймаған. Ұлы жүз бұрыннан Қоқанға қарап, атқамінер еркегі екі жыл сайын сарттан шапан киіп тұратұғын. Найман - Темірсу, Жеменей, Алматы, Аягөздегі орысқа бағынып, басты-басты атқамінерлері зерлі шекпен киіп тұратұғын. Кенесарының Қамауға келгенін естіп, Аягөзден әскер бастығы Нохалов, деген жасауыл атқа мінеді. Көмекке Сәкі төре Абылайұлы; Әлі төре Әділұлы. Бұл Әділ - Абылайдың түңғыш баласы - Барак төре Солтыбайұлы, Бөлен төре Мышыңқайұлы (Шаңқайұлы),- осы айтылған төрелерді зерлі шекпен кигізіп, бір-бір қылыш асындырып, жылтыраған жезді омырауларына қадатып, «асулы тұрған еттен басқаға, ашулы жатқан көттен басқаға»-жайы жоқ жарықтықтар жемтікке жиылған тазқаралардай қоқиысып шыққан соң, Кенесарыны шабуға «Сүзекінің қолы» деген қол аттаныпты!»- дегенді есіткен соң, Үйсін де, Найман да қорғалап, қорқып, артын қысып жата береді. Сонан Кенесары Қамауды тастап, Шуға қарай өрлейді. Нохалов Қызылағашта жатып, қырғыздың манаптарына хат жазады. Сарбағысты «қараның ханы» болып билеп тұрған Орман Ниязбекұлына, Солты руын билеп тұрған манабы Жанқараш Есқожаұлына, Бұғы руын билеп тұрған Боранбай Баймұратұлына: «Кенесары сендердің, патша үкіметінің дұшпаны. Кенесарыны жойыңыздар, қарашығын батырыңдар! Патша үкіметі сіздерге жәрдемдес болады !» - деп. Сонан соң қырғыздар Кенесарымен барымталасады. Кенесары қырғыздарды қонысынан бостыруға ойлайды. Бұл әңгімеден бір жыл бұрын Арқадағы бес Мейрамды бір түгел қылып, Қаратауға қарай шұбыртып ертіп алып, оған барғанмен, қонысы ыңғайсыз болған соң, бір қыс зорға шыдап, мал қонысы келіспеген соң, қайта кеше қашып, Арқаға қайтып келген. Сонан соң-ақ Кенесарыға арман болған: «Алатауды қырғыздан босатып алып, Қуандық, Сүйіндікке қоныс қылсам - ау!»- деп, осыны ойлап, ұрыс - төбелес бастаған. Алматының сыртында Іле тауы, оның сыртында - Күнгей Алатау. Іле өзенінің басы сол Іле тауынан басталып, аяғы «Қамау» атанады, Балқашқа құяды. Қызылағашта жатқан Нохалов әскері Ағыбай, Наурызбайды жігіт - желеңсіз бір ауылда қонақ болысып жатқанда, қамап алыпты. Өздерінің аттарын күні бұрын арқандаттырған жерінде алып қойған екен. Кез келген кім болса, ол болсын аттарын жұлып алып, міне -міне қашқан екен. Сонда Шалғынбай әкесі Бірәлі астында қояндай боз аты бар екен. Наурызбайға төніп жетіп барғанда, Наурызбай найзасын көтеріп, шаншуға дүрсе қоя берген екен. Найза тимей, боз аттан өзі ұшып түсіп қалды дейді: көзінен көрген сөйлейді. Шу өзенінің бір басы - Іле тауы мен Күнгей Алатаудың арасынан ағады. Ыстықкөлдің күнбатыс жағы - Теріскей Алатау. Шудың бір басы Теріскей Алатаудан Күншығысқа қарай ағып, Ыстықкөлге төніп келіп, жалт беріп, күнбатысқа қарай бұрылады. Ақсу Ескендір тауынан басталып, Шуға құяды. Мерке де өзен, о да Шуға құяды. Піспек, Тоқпақ - Шу бойында. Таластау аты. Ескендір тау мен Талас тауының арасынан Талас өзені ағады, Әулиеатаны басады. Қарақыстақ, Шөңгір деген - екі өзен. Бұл екеуі де Шуға құяды. Бұл қырғыздардың Кенесарыға қарсыласып жатқандыгы-1846-ыншы жылы патша үкіметі Аягөзден Кенесарымен соғысуға Нохалев деген жасауылды қосын қылып шығарған. Оған көп жігіт-желең менен Абылайұлы Сәкі төре ерген, Абылай ханның тұңғышы - Әділұлы Әлі төре ерген, Солтыбайұлы Барак төре ерген, Шаңқайұлы Бөлен төре ерген. Өрдегі Үйсін, Найман тырп ете алмай, орысқа бағынып қалған . Сол себептен Кенесары Қамауды тастап, Шу бойына ауған. Сонда Нохалев Қызылағашты қыстаған. Сонда жатып қырғыздың манаптарына хат жазған: Бұғы руынан - Боранбай Баймұратұлына, Әжібай Серәліұлына, Сарғабыс руынан -Орман Ниязбекұлына; Солты руынан - Жанқараш Есқожаұлына. «Кенесарыға көнбеңдер, көзін жоюға тырысыңдар! Кенесары сендерге де, патша хүкметіне де дұшпан. Біздің патша хүкметі сендерге күш - көмек беруге міндетті!» - деп. Бұл хат қолдарына тиген соң, қырғыз күшейген. Отыз ұлды Абылайдың жиырма тоғызының тұқымы Кенесары, Наурызбайға қас болған. Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесі - Қарауыл қызы, онан ұл жоқ, жалғыз қыз. Ол қыздан туған Жамантай хан. Онан соң қарақалпақ қызы қатынынан туған: Уәлихан, Шыңғыс сұлтан, Әділ сұлтан, Ешім сұлтан. Осы Әділді Шүршітке «ақүйліге» берген. Әділден - Нұралы, Нұралыдан Тезектөре - Шоқанның қайын атасы болған. Және Қарауылдан қыз алып, ол қатыннан: Шығай, Тағай, Сәкі. Сәкі баласы - Жошы, Жошы баласы - Ешмұхаммед Абылайханов. Қожа қызы қатынынан: Қосым, Арық, Тоқ. Тоқ баласы - Бірәлі. Мұнан туған Шалғынбай Қарқаралыға аға сұлтан болған. Қалдан Шерін тоқалдыққа Аюкенің қызын алған. Онан Топыш сұлу туып, оны Абылай алып, Қасым хан жалғыз туған. Бір Қасым ұрпағынан басқа Абылай ұрпағы «ас ішіп, аяқ босатқаннан» басқа б...ққа да тұрған жоқ. Қарақыстақ, Шөңгір деген екі өзеннің аты, Алатаудан шығып, Шуға құяды. Бұлардың бойындағы таулар да осы екі өзеннің атымен аталады. Әулиеата үйезіне қараған: Дулат, Ботбай рулары осы Қарақыстақ, Шөңгірде болады. Кенесары Қошшы деген қырғызды шапқанда, сол жерлерде отырғанда шапқан. Кекілік тауы Шудың оң жағында Тоқпақ деген қаланың күншығыс жағында болады. Кекіліктің терістік жағындағы Шуға төніп тұрған тұмсығын «Кекілік сеңгірі» - деп атайды. Қырғызбен соңғы соғысында Кенесарының ту тіккен жері - Кекілік сеңгірінен бес шақырымдай жоғары Майтөбе деген жер екен. Майтөбені қырғыздар ежелден «Қанды жер»- деп айтысады екен. Қызылсу - Тоқпақтың тұсынан Алатаудан аққан бір өзен. Қоқидың көлі Әулиеата үйезінде Шудың жағасында Ағашақ болысында. Қолға түскен соң Кенесарыны Жаманқараның бодауына Солты руы (ұруы) алған. Наурызбайды Қалпақ батыр мен Жанқабылдың боданына Сарбағыс, Тілеуқабыл манап алған. Екеуін қалай өлтіргендігі Мәшһүрдің «Мес» кітабында атам заманда әлдеқашан жазылған. Керек қылғаның сонан қараңдар. Наурызбай төренің мінезі ауыл арасында әншейін жүргенде, періштедей екен. Жауға шапқанда, суықтығы албастыдай көрінеді екен. Наурызбайды «өліпті» - деп есіттіргенде, бір қыздың айтқан өлеңі: Елімді жауға айдаған Көшек еді, Жабысқан он үш жаста өсек еді. Жылаймын жатамын да бауырым төсеп, Бір жатқан ер Науанмен төсек еді! Әулиеатадан күншығысқа қарай созылып жатқан Алатауды «Қырғыздың Алатауы»- дейді. Қырғыз Алатауының күншығысы «Шикібуам» - деген сай болып саналады. Алатаудың екі беті көп қырғыздың қонысы болады. Алатаудың терістік жағы далалық болады, күндік жағы Талас, Сусамыр, Қошқар деген өзендердің алаптары болады. Алатаудың басынан жазы-қысы қар кетпейді. Алатаудың күнгей бетінен теріскей бетіне белгілі сулармен қатынасуға болады. Алатаудағы мәңгілік қардан көп өзендер басталып, екі жағындағы ойға ағады. Өзендердің аңғары терең сай болады. Бір орыннан басталып, теріскейге аққан, күнгейге аққан өзен бір атпен аталады, су да өзеннің атымен аталады. Әулиеатадан Буамға дейін мынадай белгілі асулар бар: Мерке, Қарабалта, Ақсу, Соққылық, Аларша, Аламадин, Сықата (Асықата), Кекеті, Самса - осы асулардан басталған. Асулармен аттас өзендер бар. Алатаудың теріскей жағындағы қырғыздар Кенесарыдан қашып, таудың басына кеткен, Алатаудың күнгей жағына асқан, Кенесарыны таудың басына шығармаған, асуларды бермеген, күнгей жақта өткізбеген. Кенесары мен қырғыздың соғыстары Алатаудың теріскей күнбатыс жағында - Қошшы, орта жерінде - Солты, күншығыс жағында -Сарбағыс болған. Кенесары әуелі қазаққа жақын отырған Қошшы мен Солтыны шапқан. Онан кейін Сарбағысты шапқан. 1846-ыншы жылы Піспектің төңірегінде бір зор соғыс болған. Келе жатқан Кенесарыны тоқтатам деп, Сарбағыс, Қалпақ батыр көп қолмен Піспектің төңірегінде Кенесарыға жолыққан. Көп қырғын болған соғыста Қалпақ өлген, қырғыздар жеңіліп қашқан. Екінші зор соғыс 1847-інші жылы көктемде болған. Кенесары көп қолмен келіп, Кекілік тауына ордасын тігіп, Алатаудың теріскей жағындағы қырғыздарды шаба бастаған. Соғыстың дөкейі Қызылсу, Самсада болған. Ержанның қолға түскен жері - осы Самса суы.Қырғыздың ханы Орман хан - Сарбағыс, Ферғанадағы, Ыстықкөлдегі қырғыздарға ат шаптырып, көп қосын жинаған. Қырғыздың көп қолы Буаменен шыққан. Буаменен Кекілікке қараған далаға шыққанда ат құйрығына шоп байлап, қырғыздар жер дүниені бәрін шаңмен толтырған. Кісінің аз - көбін, мөлшерін байқатпасқа, осы келгенде қырғыздар: «Не тегісімізбен жан қалмай қырылалық, не Кенесарыны жоялық!» - деп келген. Алатау мен Кекіліктің арасы зор майдан болған. Қырғыздар Дулатпен астыртын сөйлескен: «Бұрынғы талас-тартыс болып жүретұғын жер - бәрі сендердікі болсын! Мына Кенесарыны бізге оңаша бер!»- деген. Дулаттың атақты Сыпатай деген биі мен Рүстем деген төресі қырғызбен үндес болып, Байзақ та астыртын қиянат қылуға кірісіп, бір түнде көп Дулатты қашырып, қырғызға кіргізіп жіберген. Кенесарының қасында бір мыңдай қазақ, бес жүз мылтық қалған. Ержан алдымен қолға түскен, Ақауыз ат оққа ұшқан. Зеңбірек ортасынан үзілген. Кекіліктің Сеңгір деген жерінде қырғыздар Кенесарыны қамап алған. Таудан аққан бұлақтың басын бұрып, қамауда қалған қазақтарды сусыз қалдырған. Ас-сусыз үш күн соғысып, аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен.
Үйсін: отыз ұлды Байзақ Қоқанға қарағанда, Қоқанның ханы Мәделі хан:
- Сен кеше жолдасыңа опа қылмаған, кімге опа қыласың?!- деп, зеңбіректің ішіне тығып, аттырып өлтірген. Тұрсынбай, Төрттөбе Қыпшақтан шыққан бір білікті адамы. Бұ да Қоқан заманында «Тұрсынбай датқуат» - атанған. Өзін ақырында сарт өлтірген. Шу өзенінің аты Алатаудың теріскейінен, Ыстықкөлдің күнбатыс жағындағы Алатаудан басталады.
Әуелі күншығыс терістікке қарай ағып, Ыстықкөлге төніп келіп, жалт беріп, күнбатысқа қарай бұрылады. Ақырында Саумалды көлге барып жоқ болып, су аяғы құрдым болады. Ұзындығы мың шақырымнан асады. Көлденеңі он бес саурын, алпыс саурын екі бар жерлері бар: «Өне бойы нар қамыс, іші толған жолбарыс» Нарын үйезінен басталып, бес үйезін (оязын) жарып өткеннен кейін Әулиеата, Түркістан,Ақмешіт оязының жерлерін аралайды. Қарқаралы, Ақмола, Атбасар оязының елдері де пайдаланады. Аяғы -Саумалкөл, Ащыкөл, Телікөл, Татасарай,- Шудың аяғымен астасады. Рүстем төре Спандиярұлы Дулаттың ішіндегі бір төре, өзін-өзі Алтын бек: «Бабыр тұқымынанмын!»-дейді екен. Алтын бек (бесік) болды, оңбады. Ойнастан тапқан қыз баласы : «Хан баласы екен» - деп, өлтірмесін деп, бір қыз айла қылған. Оған Бабыр ақыл тауып берген. Ақырында сол Бабырдың көтермелеуімен хан болған. Қоқан ханларының ата – бабасы -осы тұқым. Ақсу өзені Алатаудан ағып келіп, Шуға құяды. Аспара, Мерке - екеуі де өзеннің аты, Қорағаты деген өзенге келіп құяды. Қарақыстақ, Шөңгір деген - Әулиеата оязындағы таулардың аты. Екеуінен екі өзен ағып келіп, олар да Шуға құяды. Жаманқара - Солты руынан, Бөлекбай табынан. Қоқидың көлі Әулиеата оязында, Ағашақ болысында. Бұрын айдын шалқар көл еді, Бұл күнде суы тартылған. Андас - Дулат: Ботбай руынан. Моласы Мерке мен Алатаудың арасында. Бұрын қырғыз жері екен, Бұл күнде орысты күш-қуат, арқа тұтынып, Дулат алып кеткен. Төрт Шөмекей, бес Жаппастың біреуі - Достияр. Мұнан шыққан Алтыбайды Кенесары: «Маған қарамайсың!»- деп, тірі ұстап алып, өртеп жіберген. Мұның немере інісі -Төлегенұғлы Жанқабыл соқыр Наурызбайды жүз жігітпен зекетші болып барғанда, өзге жолдасын қырғанын қырып, тірі қалғанын Қоқанға ұстап беріп, тоғыз жігітпен Наурызбай қашып құтылған. Кенесары заманында Қоқанға бағынған Жапғастардың дадхуасы Алтыбай екен. Онда Ақмешітте Қоқанның сардары тұрады екен. Самса, Тоқпақтың тұсында Алатаудың бір өзені Қызылсу, Самса деп аталады.
КЕНЕСАРЫ ЖОРЫҒЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Қиссадан қисса, қашан да болса адамның таласқан бір жері болады. Сол жерді алған соң тұра қалуы керек. Сол бітіммен тоқтамай, жын-перісін жібермей, кезеңдескен қоңыр белді алған соң, қашқанды қумай, Ержанды жібермей, дулатты бөліп, жауға айдамай, Кәрібозбен елдесіп тұра қалса, еш пәле жоқ еді. Бұлар қосын қылып, қырғызға аттанарда бір шешен айтқан екен: "Бұл жолға Ержан бармай үйде қалсын. Іштеріңдегі құтың екен. Ержан үйде отырса, жалғызың өлмейсің, аман келесің. Егер Ержан барып қолға түсе қалса, бас көтеруге жарамайсыңдар. Ат арқасына мінген төреден бірде - бірің қайта алмайсың!" - деген екен. Бұл айтқан сөзді төрелер керек қылмай: "үйде қалды деген не?", - деп, көтеріле аттанған екен. Және Үш Кеңгірден Қоқидың көліне қарай көшкенде, бір қария айтқан екен: "Бұрынғылардан қалған тәжірибе бар еді: Қоныс аударсаң, қосын қылсаң, күннің батысына қарай көш, солтүстікке қарай көш! Егер оңтүстікке , не күннің шығысына қарай қоныс аударып, қосын жүргізсең қайыры болмайды, реніш көресің, қан-жының төгілгеннен басқа береке таппайсың!"- деп. Бұл сөзге де құлақ салмай тыңдамаған екен. Және Қарауылдан бір Бөгенбай деген қария қырғызға елшілікке барғанда, қырғыз бұлардың не айтқанын қылмақ болып, Хазірет Fалидан ант ішіп: "Қай бұзылғанымызды аруақ құдай тапсын!" - деп, елдесіп қайтқан екен. Осы сөздің үстінде тұрғанда Жекебатырдың бір қысырағының үйірі жоғалып, соны қырғыздан көріп: "Қырғыз, шіркін, уағдасында тұрушы ма еді?!" - деп, шауып ала қоямыз деп, тұра аттаныса бастағанда, Бөгенбай ақсақал: "Қойындар, төрелер, қыздырманың қызыл тілі, шағымшының шақпа тілі пайда бермейтін, залалға қалдыратұғын. Қырғыздың манаптары аруақ құдайдан ант айтысып, бір-бірімізге қастық ойламасқа деп мал айтып сойып, бата қылысып едік. Сонда союға құдай мен аруаққа деп арнап алып келген малы қошқар еді. үйге кіргізіп, бата қылдыруға есіктен мүйізі сыймаған соң, даладан бата істетіп еді. Менің өзім Бұл жолға жүрмеймін де, және сендердің ұрысуыңа да бата бермеймін,- деп,- Желкілдеген Жеті Момынның баласы, жалғызың бармаңдар, жауға жүрмейсің,- деп,- хан өзі қырып тастаса әуелі қолынан сендерді қырып аттансын!"- деген соң, Жеті Момыннан жан ермепті. Бөгенбайдың тілін алып қала беріпті де, жазған арғынның аңғалдары төрелермен кете беріпті. Қайыр, қара сөзде таусылу жоқ. Бір жекпе-жектесетін кезең келді. Соны біраз сөйлейік. Ержанның қолға түскен жерін көріп Кәрібоз естіртіп кеткен соң, Наурызбайдың Кенесары ханға келіп айтқан сөзі: "А, ханға келді Наурызбай..."
Ескерту сөз:
Андасын - Дулат, Ботпай руынан, моласы Мерке мен Алатаудың арасында. Бұрын қырғыз жері еді, Бұл күнде орысты арқаланып, дулат алып кеткен. "Аңдасымның тасында"- дегені - Есқожа: "Қанай тасын соның маңына неге салдың?!- деп жазғырған.
Ескерту сөз:
Самса - Алатаудың бір асуынан ағып келіп, Қызылсуға құятығын бір өзен. Осының басын қырғыздар бөгеп, басқа жаққа ағызып,Кене қолын сусыз қалдырған. Ассыз - сусыз 3 күн ұрысып, аттары да, адамдары да болдырып, титығы құрып, қолға түскен. Кекіліктауы Шудың оң жағында Доқпақты деген қаланың күншығысында болады. Қызылсу - Тоқпаққа қарай аққан бір өзен. Кекіліктің терістік Шуға төніп тұрған тұмсығын Кекілік Сеңгір деп атайды. Кенесарының ту тіккен жері Кекілік Сеңгірінен бес шақырым, Майтөбе деген жер. Майтөбені қырғыздар ежелден "Қанды жер" дейді екен. Айтқанындай болды да қойды.
КЕНЕСАРЫ ЖОРЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЕКІНШІ БІР ДЕРЕК
Қиссадан қисса, қашан да адамның таласқан бір жері болады. Сол жерді алған соң тұра қалу керек. «Сол бетімен тоқтамай жүре беремін!»- демей, кезеңдескен Құмбелді алған соң, қашқанды қумай, Ержанды жібермей, Дулатты бөліп, жауға айдамай, Кәрібозбен елдесіп тұра қалса, еш пәле жоқ еді. Бұлар қосын қылып, қырғызға аттанарда бір сыншы айтқан екен:
- Бұл жолға Ержан бармасын,үйде қалсын! Іштеріндегі құтың екен! Ержан үйде отырса, жалғызың өлмейсің, аман келесің. Егер Ержан барып қолға түсе қалса, бас көтеруге жарамайсыңдар!- деген.
Бұл айтқан сөзді төрелер керек қылмай:
- «Үйде қалады»- деген не?- деп, көтеріле аттанған екен.
Және Үшкеңгірден Қоқидың көліне қарай көшкенде, бір сыншы қария айтқан екен:
- Бұрынғылардан қалған тәжірибе бар еді: «Қоныс аударсаң, қосын қылсаң, күннің батысына қарай көш, солтүстікке қарай көш! Егер оңтүстікке, яки күннің шығысына қарай қосын аударып, жүріс қылсаң, қайыры болмайды, реніш көресің, береке таппайсың!- деп.
Бұл сөзге де құлақ салмай, тыңдамаған екен. Және Қарауылдан бір Бөгенбай деген қария қырғызға елшілікке барғанда, қырғыз бұлардың не айтқанын қылмақ болып, хазірет Fалыдан ант ішіп: «Қай бұзылғанымызды аруақ, Құдай тапсын!»- деп, елдесіп қайтқан екен. Осы сөздің үстінде Қозғанда Жеке батырдың бір қысырағының үйірі жоғалып, соны қырғыздан көріп: «Қырғыз, шіркін, уәдесінде тұрушы ма еді?! - деп, Шауып ала қоямыз!-деп, тура аттана бастағанда, Бөгенбай ақсақал:
- Қойыңдар, төрелер, қыздырманың қызыл тілі, шағымшының шақпа тілі пайда бермейтін, залалға қалдыратын. Қырғыздың манаптары аруақ, Құдайдан ант айтысып:: «Бір-бірімізге қастық ойламасқа!»- деп, мал айтып сойысып, бата қылысып едік. Сонда союға Құдай мен аруаққа деп арнап алып келген малы қошқар еді. Үйге кіргізіп бата қылдыруға есіктен мүйізі сыймаған соң, даладан бата істетіп еді. Менің өзім Бұл жолға жүрмеймін де және сендердің ұрысыңа да бата бермеймін!- деп, - Желкілдеген жеті Момынның баласы, жалғызың бармаңдар, жауға жүрмейсің!- деп,- Хан өз қолынан қырып тастаса, қырып тастасын!- деген соң, жеті Момыннан жан ермепті. Бөгенбайдың тілін алып, қала беріпті де, жазған Арғынның аңғалдары төрелермен кете беріпті. Қайыр, қара сөзде таусылу жоқ. Бір жекпе-жек десетін кезең келді. Соны біраз сөйлейік. Ержанның қолға түскенін Кәрібоз есіттіріп кеткен соң, Наурызбайдың Кенесары ханға келіп айтқан сөзі:
- Андас, Дулат - Ботпай руынан моласы, Мерке мен Алатаудың арасында бұрын қырғыз жері еді. Бұл күнде орысты арқаланып, Дулат алып кеткен. «Аңдасымның тамында»-дегені: «Есқожа - Қанай тамын соның маңайына неге салдың?!»- деп жазғырғаны.
Самса Алатаудың бір асуынан ағып келіп, Қызылсуға құятын бір өзен. Осының басын қырғыздар бөгеп, басқа жаққа ағызып, Кене қолын сусыз қалдырған. Ас - сусыз үш күн ұрысып, аттары да, адамдары да болдырып, титығы құрып, қолға түскен. Кекілік тауы Шудың оң жағында. Тоқпақ деген қаланың күншығысында болады. Қызылсу - Тоқпаққа қарай аққан бір өзен. Кекіліктің терістік жағы Шуға төніп тұрған тұмсығын «Кекілік сеңгірі» - деп атайды. Кенесарының ту тіккен жері - «Кекілік сеңгірінен»- 5 шақырым «Майтөбе»- деген жер. Майтөбені қырғыздар ежелден «Қанды жер»- дейді екен. Айтқанындай болды да қойды.
КЕНЕСАРЫ ЖОРЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ҮШІНШІ ДЕРЕК
Абылай хан үш жүздің баласы қазаққа хан болып тұрған күнде:
- Төсектің жайлысын Бәсентиін - Байғұлдан көрдім. Астың алдын сонан іштім,- деген екен. Оның мәнісі - сапырған құрттың ыстық-суығын бетіне ұстап ұрттамай, сонан айырады екен. Мейманға бергенде, астың алдын ұрттамай беруге тыюшы екен.
Осы сөзді Ізден абыз Құдайқұл қожаға сөйлепті: он сегізінші ғасырда өткен адам. Жаманқара балалары- Айтбай молда деген кісі - немере, Шешенғарадан - Жаңабатыр. *** Кенесары ханның жылы қоян еді. Сегіз жыл ханлық дағуасын қылды. Жылқы жылы қырық жасында қырғыздың қолына тусті. Әуел шабамын деп қол көтерген - сол бойымен қарысып (қарығып) қалды. Екінші - қылышты алып шауып жіберген табанда өлді. Үйіне көтеріп барса, үй-іші тегісімен қырылып, бәрінің жаназасы бір күнде оқылды. Сол тұқым ауыл-аймағымен таусылып бітті. Қырғыз халқы артынан көп пұшайман болды. Наурызбайдың жылы қой еді, жиырма төрт жасында қырғызға қолға түсті. Биыл соған алпыс жыл болады. Сол жылы туған баланың ендігі жылы - алпыс бір мүшелі.
1905-інші жылында 19 - июльде жазылды.
КЕНЕСАРЫ ЖОРЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ТӨРТІНШІ ДЕРЕК.
Дулат қырғызға қарай қашты, Кене қолы Сарыарқаға қашты. Қазақтың көбі таудан құлап, аты бір жаққа домалап, өзі бір жаққа домалап, өлгені - өлді, өлмей тірі қалғаны - қол терілері ойылып, табан терілері сойылып, «ес кетті, жан шықты»- дегенде, ел тапты. Ағыбай батыр туын жықпай, таң атқанша тұрған жерінде тұрып қалды. Таң атқан соң, оқ бойы өзі алдында жүріп: «Ағыбай, Ағыбай!»- дегізіп, жолдастарын шулатты да отырды. Қырғыз қақ жарылып, жол бере берді. Бір қырғыз беттеп бөгеуге бата алмады. Сол жүргеннен жүріп отырып тайдай тал түсте аман - есен құтылып шықты. Кенеге тігілмеді алтын шатыр, Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр. Басы екен -Шұбыртпалы: ер Ағыбай, Құтылған есен-аман сексен батыр. Бұл сөздерді Естібай - Бестібайдың Естібайы сөйлеген. «Естібай қу» атанған, өзі есалаң, жынды кісі болып, есебін тауып, қулықпен құтылған.
НАУРЫЗБАЙҒА ИМАН АБЫЗ АЙТҚАНЫ
Наурызбай батыр мен Иман абыз екеуі Ертіске кеп тоқтай қалады.
Наурызбай:
- Атымды суарып алайын,- дейді.
Абыз:
- Суарма!- дейді. Наурызбай:
- Шелдеп, ұмтылып тұр,- деп суарады. Суарып болған соң, абызға: - Себебін айтыңыз,-дейді.
Абыз:
- Сөйлейін, «сөйле»,- десең, ер Науаным,
Сабырым қалып, тіпті, қылам уайым.
Қырылар жұрт шұбырып Сарыарқадан
Әкімдік әмір келіп бір Құдайым (Құдайдан).
Арқаны жүзі сары орыс алар,
Қудалап қара топырақ қоныс алар.
Сары қазы, сары қымыз, нан орнына
Картоп жеп қатын-бала бір қуанар.
Баламыздың баласы көреді:
Бисмилласыз оқу шығады.
Дінсіздікке жақын шығады,
Бұзықтықтан мақұл шығады.
Бұ да бір уақытта туады.
Пысықтар ат шыға алмас белге шықты,
Қояннан арыстан қорқып жерге бұқты.
Түнде жортар сырттанды
Қаншық үріп жерге тықты.
Азарсың, жұртым, азарсың,
«Азғандықтың белгісі:
Тайғақ - тайғақ көлдерден
Балық шығар!»- деп еді.
Ол балықты аулайтын
Үш ашалық шанышқы қалып шығар», - деп еді.
«Қылмысы жаққан пенделер
Алып шығар» - деп еді.
«Қылмысы жақпас пенденің
Етегі су болып,
Бір жаратқан Тәңірге
Налып шығар!»- деп еді.
«Ауылдарын шу қылған,
Жаулықтарын ту қылған
Сайып шығар!»- деп еді.
«Оқшантай жоқ, кісе жоқ,
Молдасы жоқ, көлбең шығар» - деп еді.
«Заман ақыр адамы
Менмен шығар»- деп еді.
Үй басына тоқ еткен
Келі шығар деп еді.
Келісімен керіскен
Келін шығар деп еді.
Кісі айырар енесі
Салақ шығар деп еді.
Бір уысқа толмайтын
Аяқ шығар деп еді.
Бұзау-торпақ, тайыншаға
Жүк артылар деп еді.
Қарап тұрған жігітке
Қыз артылар деп еді.
Көкек айы болғанда,
Кемпір күйлер деп еді.
Егіншінің қатыны
Байын билер деп еді.
«Тоған басы - мұрат»- деп,
Арық шығар деп еді.
Сол арықтың ішінен
Ыңғайы жоқ жаманның
Пышағы мен шақпағы
Қалып шығар деп еді.
Бес қойға алған өгізді
Тегін дерсің деп еді.
Жалаң аяқ сарттарды
«Бегім!»- дерсің деп еді.
Заман ақыр адамы
Менменшілік болғанда,
Ат қояндай болады,
Ер құмандай болады.
Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп еді.
Тал шыбықтай бұралған
Сал шығады деп еді.
Қырыққан серке бұттанған
Би шығады деп еді.
Бар құмары арақ боп,
Көрінгенге мазақ боп,
Последний штанын салып,
Mac шығады деп еді!
КЕНЕСАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚОҚАН ХАНЫ МЕН ҰЛЫ ЖҮЗ БАЙЛАНЫСЫ
Үйсін: отыз ұлды Байзақ Қоқанға қарағанда, Қоқанның ханы Мәделіхан:
- Сен кеше жолдасыңа опа қылмаған, кімге опа қыласың?!- деп, зеңбіректің ішіне тығып аттырып өлтірген.
Тұрсынбай - Төрттөбе Қыпшақтан шыққан бір білікті адам. Бұ да Қоқан заманында «Тұрсынбай датқа (датхуат)» атанған, өзін ақырында сарт өлтірген. Шу - өзеннің аты, Алатаудың теріскейінен, Ыстықкөлдің күнбатыс жағындағы Алатаудан басталады. Әуелі күншығыс терістікке қарай ағып, Ыстықкөлге төніп келіп, жалт беріп күнбатысқа қарай бұрылады. Ақырында Саумалдық көлге барып, жоқ болып: «Су аяғы -құрдым» - болады. Ұзындығы мың шақырымнан асады, көлденеңі он бес саурын, алпыс саурын ниі бар жерлері бар, өне бойы нарқамыс, іші толған жолбарыс. Нарын уезінен (оязынан) басталып, Піспек оязын жарып өткеннен кейін Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт оязының жерлерін аралайды: Қарқаралы, Ақмола, Атбасар оязының елдері де пайдаланады. Аяғы - Саумалкөл, Ащыкөл, Телікөл, Татасары, - Шудың аяғымен астасады. Рүстем төре Спандиярұлы - Дулаттың ішіндегі бір төре. Өзін-өзі: «Алтын бесік Бабыр тұқымынанмын!»- дейді екен. Алтын бесік болды, оңбады. Ойнастан тапқан қыз баласы: «Хан баласы екен,- деп,- Өлтірмесін!- деп, бір қыз айла қылған. Оған Бабыр ақыл тауып берген. Ақырында сол Бабырдың көтермелеуімен хан болған. Қоқан ханларының ата-бабасы - осы тұқым. Ақсу өзені Алатаудан ағып келіп, Шуға құяды. Аспара, Мерке - екеуі де өзеннің аты, Құрағаты деген өзенге келіп құяды. Қарақыстақ, Шөңгір деген - Әулиеата оязындағы таулардың аты. Екеуінен екі өзен ағып келіп, олар да Шуға құяды. Жаманқара - Солты руынан, Бөлекбай табынан. Қоқидың көлі - Әулиеата оязында, Ағашақ болысында. Бұрын айдын шалқар көл еді, Бұл күнде суы тартылған. Андас, Дәулет, Ботбай руларынан, моласы Мерке мен Алатаудың арасында. Бұрын қырғыз жері екен, бұл күнде орысты күш-қуат, арқа тұтынып, Дулат алып кеткен. Төрт Шөмекей, бес Жаппастың біреуі - Достияр. Мұнан шыққан Алтыбайды Кенесары: «Маған қарамайсың!»- деп, тірі ұстап алып өртеп жіберген. Мұның немере інісі -Төлегенұғлы Жанқабыл соқыр. Наурызбайды жүз жігітпен зекетші болып барғанда, өзге жолдасын - қырғанын қырып, тірі қалғанын Қоқанға ұстап беріп, тоғыз жігітпен Наурызбай қашып құтылған. Кенесары заманында Қоқанға бағынған Жаппастардың датхуасы Алтыбай екен. Онда Ақмешітте Қоқанның сардары тұрады екен. Самса, Тоқпақтың тұсында Алатаудың бір өзені «Қызысу», «Самса» деп аталады.
КЕНЕСАРЫ - НАУРЫЗБАЙ (ДАСТАН)
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Дүр ғауһардың данасы,
Үйсіздерге үй болған,
Бұл - Арқаның панасы.
Ата бір тегін сұрасаң,
Хан Абылайдың баласы -
Кенесары, Наурызбай!
Тұра алмай оның кеткені -
Бұл жақтағы (иақғағы) қазақтың
Ауызының аласы .
Ұсталар алар қолына,
Қышқаш пенен балғаны.
Кенесары, Наурызбай –
Қырғыз бір болды арманы.
Іледен өтіп, хан кетті,
Өр Дулатқа барғалы.
Сол жақтағы қазақпен
Қосылып барып алғалы.
Барып еді ер Дулат,
Барғанын қабыл алмады.
Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді.
Сеніп келген халқынан
Хан Кене үзді күдерді.
Күздігүні болғанда,
Қатуланды, қатланды,
Хан қамалдан аттанды,
Қол асты қалың шеңгелден
«Қосшы»- деген елді алды,
Қара ағаштай Шөңгелден
Қалшасын ұстап байлады.
Хан болып халқын меңгерген,
Сатуына Қалшаның
Тоғыз түйе арттырып,
Отаулатып қыз берген
Қисайған жағын түзеген.
Хан Кенеге берген бақ
Қоқаннан ауған көп Дулат
Қара ағаштай ел келген.
Мәмбет ұғлы Байзақ,
Балқожа, Медет - ол келген:
«Жауың қайда, мен жолдас»,-
Хан Кенеге жел берген.
Жоғарғыдан су ағар,
Жүйесін тауып төменге.
Атса, мылтық етпейді,
Асылдан соққан беренге (перенге).
Дулатты сүйді хан Кене:
«Мен жолдаспын!»- дегенге.
Сұңқарлар жайды қанатты,
Жұртына салды санатты,
Қара ағаштай кеп Дулат
Хан аузына қарапты.
Алты мың кісі аттанып,
Ақсу деген өзеннен,
Шапты бір Қалша, Болатты.
Бұ сапарда Кене хан .
Төрт қамалды бір бұзып,
Жұртты аузына қаратты,
Қоқилатып қырғыздың
Қатыны мен қыздарын
Қос - қосқа бөліп таратты.
Дулаттың алған малына
Бір төлеңгіт бармады,
Олжа атын алмады.
«Қызыл тұмсық болсын», - деп,
Ғақылмен аузын қандады,
Екінші қабат аттанды,
Естіген Дулат қалмады,
Байзақ келді төменнен.
Кеңілі бітті айқасып,
Кенесары төреңмен.
Телімдес болды олжаға
Наурызбай атлы беренмен .
Бір күні қайта ел шапты,
Таудағы алты өзеннен.
Зеңбірегін асырды
«Абылай аспас»- кезеңнен.
Құлақ бір тарс бекінді,
«Кенесары, Наурызбай,
Таудан асты!»- дегеннен.
«Абылай аспас»- асудан,
Асамын!»- деп, өрледі.
Асуды қырғыз бермеді.
Бес күнгеше атысты,
Қазақтың әлі келмеді.
Қарабалта, Соққылық
Аңғарынан шаң асты.
Атынан әркім адасты.
Қырғыз, қазақ ат қойды,
Бір кезеңге таласты.
«Абылай аспас асудан
Асамын!»- деп, аса алмай,
Көп қырғызды баса алмай,
Ерлер сонда бір састы.
Ұрыс қылды қырғызлар,
Төбеден атын ойнатып:
«Қызықсын,- деп, - асуға!»
Қазына төкті жайнатып.
Жалғыз жолға су құйып,
Қар ерітіп, қайнатып.
«Абылай аспас асудан
«Асамын !» - деп өктеді.
Асуды тастап қырғыздар
Бас қамын қылып кетпеді.
Ойдан атқан зеңбірек,
Тау басына жетпеді.
Сол уақытлар болғанда,
Ыза болып хан Кене
Келтірді екі түйені.
Шөгере салып түйені,
Зеңбірегін сүйеді.
Тұрғызып қойып атса да,
Сонда да тауға тиеді.
Атасы өткен Абылай,
Тілеуді бергей бар Құдай»
Былтырдан алған басшысы.
Шапырашты: Бұғыбай.
- Бұғыбай басшы қайда?-деп,
Шақырды төре Наурызбай:
- Ай, Бұғыбай, Бұғыбай,
Қорлық болды Бұ қалай?
Былтырдан өзің келгеннен,
Елдің алдың жарлығын.
Құлдың жедің жабдығын!
Бір кезеңнен айдадың
Үш алаштың барлығын!
Жалғыз жолдан аса алмай,
Қырғызға беттеп баса алмай,
Тау-тастың тарттық зарлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Қазақтың жолы байланды.
Бес күнгеше атысып,
Тауысып тұрмын хайламды!
Өліп кетсем, Бұғыбай,
Көңілімде арман кетпесін!
Осы бүгін күн батпай,
Тау басында қамалға
Бір тигізші найзамды!
Бұғыбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:
Қол бөлініп, жол тап!- деп,
Бере ме жауап ханымыз?
Ағаңнан жауап алыңыз,
Ағаңыз рұқсат ол берсе,
Томағамды сыпырып,
Қамауда тасқа салыңыз!
Жауыңды шаншып беруге
Науанжан, келмес халіміз.
«Жол тап!»- деген сөзіңнен
Төгілмес титтей арымыз.
Ер Наурызбай келіпті,
Алдына қарсы Кененің: -
Түсі суық тартқанда,
Төртқырлаған жебенің.
Ажал уақыты болғанда,
Қорғаны болмас көбенің!
Рұқсат берсең, Кенеке,
Тау басында қырғызға
Барайын соған деп едім!
Кене хан сонда сөйлейді:
-Алдыңа басшы сал!- дейді.
- Кетпесін жаудан ар!- дейді.
- Дұшпаннан кекті ал!- дейді. –
Бұғыбай айтса бір сөзді,
Екі-үш жүз кісі ертіп,
Ертерек соған бар!- дейді.
Сонда Науан сөйлейді:
- Алла тағала жеткізсе,
Бір мұратқа жетейін,
Былтырғы қылған қырғыздың
Қорлығын бүгін өтейін,
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Оншама алып не етейін?!
Аз кісіге жақсы екен,
Алатаудың саласы...
Көп кісі қаптай шабуға
Арқаның бар ма жазық сары даласы?!
Отыз шама кісімен
Барғым менің келеді.
Қысылған жерде әркімге
Аруақ та болсын панасы!
Таң қалады Кене хан,
Ер Науанның сөзіне.
Бұл арада Науандай,
Қайрымды жан көрінбес көзіне...
Іріктеп алды манатты,
Қауырсынды, қанатты.
Тандап алды Наурызбай
Тастан қайтпас болатты (полатты) ...
Отыз жігіт жөнелді
Наурызбайдың соңынан.
Бұл сапарда Науанның
Жұлдызы туды оңынан.
Жаз жайлауы - Сардала,
Қыс қыстауы - Қарғалы.
Наурызбай төре жөнелді,
Отыз жігіт соңында.
Тау басында жиылған,
Көп қамалға барғалы.
Наурызбай төре кеткен соң,
Төменде қалған қалың қол
Тұра алмады - ау ерігіп,
Басын қосты бірігіп.
Бастырмайды тау мен тас
Шабуға жауға желігіп,
Байларда бар тегене ,
Жарлыда бар шегене.
Байзақ датқа (датхуат) түсіпті
Бұ жауаптың тегіне.
Хан қасынан жылысып,
Жетіп барды көбіне.
Ер Байзақтың қараңыз,
Көпке бір айтқан көбіне: -
Ат үстінде қақайып,
Қарап тұрып өлмелік,
Намысты қолдан бермелік!
Теп-тегіс түсе қалыңыз,
Ер басына бір-бір тас,
Түсіп бір жерден алыңыз!
Қамалып босқа тұрғанша,
Сөйтіп бір жолды салыңыз
Ер басына аяқтай
Тас аударсақ,
Бұ таудан Жол салмасқа немене?!-
Мұны айтты да ер Байзақ
Аттан түсіп барды да,
Жерден бір тас көтерді.
Байзақ аттан түскен соң,
Төгіле қалды арымыз.
Алмасақ та таудан тас,
Аттан түстік бәріміз.
Нәзір қылды хан Кене
Жаңадан жолды саларға,
Құмбелді барып аларға! –
Жан аяма, жамағат,
Бұл оттан адам қалар ма?!
Айдарға тұр хан Кене
Қашан соққан аранға?!
Қамыс басты бекерге
Қайрат берді нөкерге
Тізгін берсе Кенеге
Ер басына аяқты
Қайрат қосса, жетер ме?!
Сол арада қарасақ,
Тау басында шу шықты,
Мұнара болып бу шықты.
Будақтап мылтық түтіні
Қолында жасыл ту шықты.
Отыз көкжал бөрімен
Наурызбай төре бұл шықты.
Жау - жоғары, біз - төмен,
Жеткен екен қамалға.
Наурызбай сынды сүр берен,
Мінген бір аты көк дөнен...
Қамалға кірді көлденең.
Жалғыз мұны көрген соң,
Қалмады сабыр қарары. \
Жауға қиын барары,
Жаны қайтіп шыдасын?!
Түтеген мылтық ішінде
Көзінің кірді жанары
Жанған оттай бұрқылдап,
Көк дөнен ат астында
Ор қояндай бұлтылдап,
Жарқ-жұрқ етіп күнменен
Найзаның ұшы жылтылдап,
Наурызбай кірді қамалға
Күншығыс жаудың шетінен.
Шыдай алмай Кене хан
Ат қойды таудың бетінен.
Биіклігі сонша бар
Шөке атым (аттам) жер бармай-ақ,
Сыпырылып қалып барады,
Көкбурыл аттың көтінен.
Кене ханның арманы –
Қырғызды таудан асырып,
Құмбелден жатпақ жай алып,
Не жаны қалсын Кененің
Наурызбайдан аянып?!
Еріне көзін салмады,
Тарта берді шылбырын,
Қылышына таянып.
Қайтпасын ханның білген соң,
Тұс-тұсынан ат қойды,
Түсініп қазақ, оянып ...
Қол толды таудың тасына,
Барғалы жаудың қасына,
Екі мың кісі аттанып,
Шықты бір таудың басына.
Ханның туын көрген соң,
Қоқиласып, шуласып,
Қырғыздың қатыны мен қыздары.
Сол арада хан Кене
Қырық арқанды жалғады,
Тартып алды арбаны.
Зеңбірегін бір атты,
Кеп қамалды бұзғалы.
Зеңбірегін алған соң,
Арқанменен сүйретіп.
Халқына ғақыл үйретіп,
Қатарда қойып бір атты
Тауды менен тасты күңірентіп.
Шамға жақтық шырақты,
Жақын қылды жырақты.
Қожабай мерген ер екен,
Қамалдан малды құлатты.
Мылтығын тастап тау-тасқа
Қырғыздың қашты мергені.
«Абылай - лап!»- ат қойып,
Қазақтың қаптап келгені.
Он екі шамғал, жүз мылтық,
Жүз қаралы мергені.
Алтын жатса, алмады,
Олжаға көзін салмады ...
Қамалға кіріп хан кетті,
Наурызбайды көргелі.
Таудың тердік шиесін,
Иад қылды әркім иесін.
Қамалға кіріп хан шықса ,
Шыққан екен Наурызбай
Елу шамалы жылқы алып,
Жетпіс шамалы түйесін.
Қырғызға салып кесірді ,
Әр кіргенде, олжа қып,
Бір балалы жесірді.
Қамалда жүрген Наурызбай
Хан Кенені көрген соң,
Бүгежектеп жүрген ер
Еркінше шауып көсілді.
Қолына жасыл ту алып,
Ақ білегін сыбанып.
Бозбалаға сөйлескен
Ағасын көріп қуанып. –
«Абылай аспас» асудан
Кенекем дүкен құрғаны.
Батырлардың келіспес,
Майданға кірмей тұрғаны.
Кенекем келді біз үшін
«Жақсылар - деп - сіз үшін!»
Аянбай бүгін іс көрсет,
Таманың батыр Құрманы!
Бүгін бізге жар болғай
Бабамыз өткен Абылай
Арғыннан шыққан қос жігіт
Табыннан шыққан Бұхарабай
Шәкір мен Жәуке, Төлебай, Шұбыртпалы -
Ағыбай, Төртуылдан - Жанайдар,
Қарауылдан- Кенжетай.
Ойран салдың бозбала
Ала бір таудың бетінде.
Мұнда қылмай қайратты
Қосқа барып өкінбе!
Істерің (ишларың) жақса, бозбала,
Ұстатармын қырғыздан
Қос-қос қара жетімді!
Жан аянба қамалда
Он екі шамғал, жүз мылтық –
Кенекем келген секілді.
Кенекем келіп қосылса,
Кім тұрар сенің бетіңде?!
Қылды бір жауға өкімді,
Ат тұяғын шаң қылдық.
Алатаудың дарасын,
Төрелер түзде жад (иад) еткен
Хан Абылай бабасын .
«Абылай аспас»- асудан
Аса барып, ел шапты.
Қоқилатып айдады.
Қырғыздың қатын-баласын.
«Ел болалық!»- дегенде,
Бергендей еді бар малын.
Бітіре алмай төре жүр,
Көңіліндегі арманын.
Ол малын ел қайтарып,
Және шауып ел алды,
Ақсудың бұзып қорғанын.
Және шауып ел алдық
Ақсудың салған қаласын.
Шауып алды сол жолда
Аспара (Есқара) мен Меркені.
Билеп бір тұрған ұлығы
Мәмедәлі деген сарт екен.
Ауызға кіріп сөз болған,
Ақауыз деген арғымақ,
Сол Мәмедәлі берген ат еді,
Белгілі бұрын кент еді.
Сарттың бір салған қаласы,
Екі жүз үйдің мекені,
Ақсудың аяқ саласы.
Қоқанды сол алды ғой
Имам батыр ағасы.
Мұны есітіп хан Кене
Екі жүз кісі Ержанды
Басшы ғып соған жіберді.
Дабылы кеткен Кененің
Дыбан мен Сыбанға.
Мұнан үріккен көп қырғыз
Қайта барып қамалды
Судың басы - Дауанға.
Ергенде қол, сыймайды
Алатаудың бауырына.
Дулатты соған айдады.
Өшіккен қырғыз жауына,
Он мың кісі аттанып,
Кекіліктің тауына.
Мұнарамен шаң болды
Қызылсу, Самса саласы.
Ол сапарда қазақтың
Қабыл болды тәубесі (тобасы).
Қол алдында жүргенде,
Наурызбайға жолыққан
Кәрібоз деген бір қырғыз –
Ер Қанайдың баласы.
Кәрібоз сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, бүй дейді?
- Ай, Наурызбай, ай, төрем,
Не жазығым бар еді,
Кенесары ханыңа?!
Ешбір рақым қылмадың
Бір шыбындай жаныма.
Бітті деп көңіл қылмадың,
Қырғыздағы арыңа.
Алмаған арың қалды ма,
Қырғыздан сенің тағы да?!
Қосшыны шаптың шулатып,
Қарағаштай шөңгірден
Қалшасын ұстап, байладың.
Хан болып, халқын меңгерген
Сатуына Қалшаның
Тоғыз түйе арттырып,
Отаулап қызды бергені.
Атаң Абылайдың тұсында
Бар ма еді қалыңсыз
Саған қыз бергені?!
Атаң Абылай тұсында
Осындай салт бар ма еді?
Қалың малсыз жесірді
Кәне, саған бергені?!
«Абылай аспас»- асудан
Аса келіп, ел шаптың.
Туынды тігіп Құмбелден
Қыстай шауып елімді,
Баламды салдың телімге.
Босатып қойдың, бостырып,
Ата мекен жерімді.
Жаманқарамды өлтіріп,
Бір сындырдың белімді!
Бұрынғы-соңғы ұлығың
Салған жолы бар ма еді,
Елшіге берген өлімді?!
Қоқанда жатқан қорқытып,
Аттарын (атларын) алдың бегімнің.
Тіріме қылысың, аз ба еді,
Өлігім саған не қылды?
Атаңның хақы бар ма еді,
Енеңнің ақы бар ма еді Есқожа,
Қанай көрінде?! «Бұған ашу бассын!»- деп,
Елімді саған тастадым.
«Олжа қылып жатсын!»- деп,
Жерімді саған тастадым.
Бұ да алғаның емес пе?!
Жалғыз да, жалғыз ат мініп,
Қорғалап тауға босқаным!
Не себептен, хан Кене
Қырғызға мұнша өшіккен,
Ақ қалпақты қырғыздан
Қазаққа жазған несіптен?!
Ат мініп, жарақ асынған
Бізді аяма, төрелер,
Есіркесең болмай ма,
Жолыңда жатқан бесікті?!
Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар маңырайды.
Мейірімсіз мұнша болғанша,
Не шүршіт пен, не қалмақ -
Бірі де болсаң, болмай ма?!
- Жақсы айтасың, Кәрібоз,
Қонысын орыс алған соң,
Кенекем кеткен жерінен.
Бауыры суып ол жерден,
Қарашы болған елінен.
Он екі кісі бас қылып,
Жеке батырым жібердім,
Қоқидың шалқан көлінен.
Екі жыл жатты пент болып,
Жанғараш, Жантай бегіңнен!
Ауылым баса қонған соң,
Әзер алдым өлімнен!
Жаманқараңды өлтірдім,
Өзіңнің қылған кегіңнен.
Кім таласар, жігітлер,
Құдайдың берген бағына?!
Әркім шықсын табына,
Қанайыңды мен сенің.
Атаң ақы бар ма еді,
Менің Сыпатай,
Андасымның тамында?!
Білмеймісің, Кәрібоз,
Мойныңдағы жазаңды?!
Құл болмасаң Құдайға,
Кенекем алар мазаңды?
Міндетін ханның алайын
«Қойдым,- деп, маған ант берсең,
Арағың мен бозаңды!»
Екі саба арақты
Жанғараш пен Жантайың
Артып келсін ант етіп,
Тіліп қайтсын сабаңды!
Қайтыс қылсын Кенекем
Қатын менен баланды.
Арағыңды қоймасаң,
Наурызбай берер жазаңды!
Кәрібоздың сөзі:
-Ықпалың асқан күніңде,
Айтарсың, тере, сөзіңді.
Асқар тауға, Наурызбай,
Меңзей берме өзіңді!
Алтын жағаң қисайса,
Бір күн қырғыз ояр көзіңді!
Атаң сенің Абылай,
Он сан жатқан Орта жүз,
Ұйтқысын өзің шайқадың!
Қанды көйлек елің - ді,
Кіші жүзге сыя алмай,
Тастай қаштың жеріңді.
Төлегенұғлы Жанғабыл
Тоқсан кісіңді өлтіріп,
Бітеу сойып басыңды.
Қоқанға берген тіріңді.
Басың кетер ханадан,
Жаның кетер тынадан (тәннен).
Тіпті үміт қылмаймын Қолындағы,
Наурызбай, Қатын менен баладан.
Атаң сенің Қасым хан,
Қан шеңгелдеп туыпты
Туғаныңда анадан.
«Салтыма тарттым!»- десейші,
Солайша десең, нанамын.
Ержан кеткен түн қатып,
Қалың жаудың шетінен.
Хан баршаға жіберген
Қудырып, дамыл таптырмай.
Қашқан жаудың көтінен
Төрт жүз кісі бөлініп ,
Қырғыздың қалың шетіне.
Хан жіберген баршасын:
«Жау бар ма,- деп,- бетімде?»
Түнде кеткен аз кісі
Жасанған жауға жолығып,
Ержан түскен секілді,
Бәрі де менің жазам ба,
Бұ - дағы менің бозам ба?
Бәрі өзіңнің пәлең - ді!
Жасанған жауға жолығып,
Мінген бір аты зорығып,
Қолға түскен сықылды
Екпіндеп барған бетімен
Ханға келді Наурызбай: -
Ержан жауға барыпты, э
Кешегі мінген бәйге көк
Бүгін мойыны талыпты.
Уаллағылым Кенеке,
Жасанған жауға килігіп ,
Ержан бір қолды болыпты,
Бізді жоқтап көзінен,
Ержан жасын төкпесін!
Пенде болып Қырғызға
Ердің бір көңілі шөкпесін!
«Батырды ұстап алдық!»- деп,
«Байлауға мықтап салдық!»- деп,
Қырғызға дабыл кетпесін!
Ержан батыр аңсызда
Жолығыпты аранға.
Ағасы кетсе, артында
Інінің күні қараңды.
Ержан жауға түскенде,
Біздің Мұнда, тақсыр хан,
Тұрмағымыз арам - ды!
Маған жауап беріңіз,
Екі-үш жүз кісі бөліңіз.
Ержан үшін жан кешіп,
Ат жаратып қатырып ,
Таңды бір көзден атырып,
Бір қайратты бастайын,
Тілеулес болып тұрыңыз!
Үш жерден қаптап шабайын,
Асуына шығармай,
Айырып алып қалайын!
Қан құстырып келейін,
Сақау қырғыз талайын.
Кене хан жауап бермеді,
Науанның көңілін күрмеді:
- Шығар жаудың алдына
Науанжан, маған ер!- дейді.
- Шабар мезгіл таянды,
Ат пенен ердің өнері.
Толды бір қолға сыңысып,
Қызылсу, Самса кенері.
Қырғыздан кірді майданға: -
Біреуің шық,- деп,- сайранға!
Шынының асқан бедері
Байзақ датхуан сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:
- Қызылеу мен Самсаның
Қолға толды арасы.
Қара ағаштай кеп Дулат
Ханға болдың қарашы.
Қысылған жерде әркімге
Аруақ бір болсын панасы.
Жеміт болған дұшпанға
Алаш байдың баласы –
Ауызының аласы.
Кімнен таяқ жегендей,
Бір ауызға қараса,
Біздің қазақ баласы?!
Біреуің атқа мініңдер
Бедерге жауап (жауап) беріңдер!
Олардың бізден артық па
Атасы менен анасы?!
Таусылдың ба Мәмбеттің
Найза ұстаған баласы?!
Қайғыға толды Бұ жолда
Қазақтардың қойыны.
Батырлардың майданда
Қызбас болды ойыны.
Ер Байзақтың сөзіне
Еш адам басын көтермей,
Төмен де түсті мойыны.
Қырғыздың қолы жиылды,
Әр жерлерден құралып.
Қыстай мінген қазақы ат
Баса алмай жатыр аяғын,
Қып-қызыл тастан тұралап.
Майданға Бедер кірген соң, -
Кел, қасақ!- деп тұрған соң,
Шыдамайды Наурызбай
Түрегелді - ау(тұра келді-ау) орнынан!
Шыбықтай белі бұралып,
Камзол ішік үстінде
Бауын үзіп белсеніп,
Ақауызын мінді де,
Түсті бір таудан теңселіп.
Сол арада Наурызбай
Жігітлерін қайрайды,
Ғайбатбірлан (айбатпенен) ісі жоқ,
Бұлбұлдайын сайрайды:
- Жақсы (ихшы) болса, ханымыз,
Қайтпас - ты бастан бағымыз.
«Жау қарасын көргенде,
Ойыңнан шығар,- деуші едім,
- Үйдегі мал, бас, жаныңыз!»
Қара ағаштай көп қырғыз
Қиқу сал да, дабыл қақ,
Атын қой да, өзін шап,
Қатты тарт та, көздеп ат.
Майданға кірер күн бүгін
Қылыштасып майданда
Біз қалмалық арманда,
Қан төгісер күн бүгін!
Бүгін жаннан кешіңлер,
Көбінді қолдан пішіндер,
Әрқайсың оннан шаншыңдар!
Артықша туған ерлерім,
Іс көрсетер күн бүгін!
Таудың басы қарлы тұман,
Қырғыздарға бермей аман,
Бүгін болсын ақыр заман!
Жанымдағы арыстандарым,
Жаннан кешер күн бүгін!
Жанымда жүрген шерлерім,
Күміс қылыш, белдерім,
«Осындай жерде керек!»- деп,-
Көзімнің майын бергенім!-
Солайша айтып Наурызбай
Тартып - тартып жіберді
Ақауыз атты жамбасқа (жанбасқа),
Қолын бір сілтеп суырды
Тұрсынбай берген алмасқа.
Артына көзін салмады
Үйде бір қалған мал-басқа!
Шыға шапты Наурызбай
Бұлдырықтай зырқырап.
Бедер шықты қасқа атпен
Қояндай шаңы бұрқырап.
Хан қасынан ұмтылды
Меңдібай, Дулат, Ағыбай,
Шәкір мен Жәуке, Төлебай,
Арғыннан шыққан қос жігіт,
Табыннан шыққан - Бұхарабай.
Төртуылдан-Жанайдар,
Қарауылдан- Кенжетай,-
Он бір жігіт жөнелді,
Наурызбайдың соңынан.
Сол сапарда Наурыздың
Жұлдызы бір туды оңынан.
Сол уақыттар болғанда,
Бедер де сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, бүй дейді:
- Ай, Наурызбай, ай, төрем,
Патшазада баласың,
Ғақылың асқан данасың!
Алдында айдап, шулаттың
Қырғыздың қатын-баласын!
Ер деуші еді Наурызбай,
Бірің де келсең, болмай ма
Иттеріңді шұбыртып,
Төрем, қайда барасың?!
Артына қарап Наурызбай
Ерлеріне сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді: -
Әрқайсың бір шерге ұқсап ұсап,
Келдіңіз бе бәріңіз?!
Біздің бүгін кеудеден
Шықпақ бір болса жанымыз,
Келгенменен, ерлерім,
Қорғауға келмес халіңіз!
Құдай берсе абиыр,
Түсірген атты алыңыз.
Жазым болсам Бұл жерде,
Сүйегіме шабыңыз!
Бедер айтты бір сөзді,
Төгіле қалды-ау арымыз!
Сөзге сынық болмайын,
Ерлерім, кейін қалыңыз!
Сол уақытлар болғанда,
Бұрқ-сарқ етіп айқасты,
Батырлар күшін байқасты.
Төренің асты хайласы,
Қайраттың (ғайраттың) тиді пайдасы.
Айқасып қалған мезгілде
Шолтаңдап Бедер мырзаның,
Аспанға ұшты найзасы.
Бедер келіп жолыққан
Кекіліктің тауынан.
Наурызбай келіп жолыққан
Қызылсу, Самса баурынан.
Айқасқанда екеуі
Бедер мырза жығылды
Күрең қасқа аттың сауырынан.
Мұнарамен шаң болды
Шу мен Таудың жағасы.
Төрелердің жар (иар) болды-ау
Хан Абылай бабасы!
Бедер аттан ұшқанда:
-Иә, құдай!- деп, шуласты,
Үш алаштың баласы.
Аузы жетті тілектен,
Найзасы тиді білектен.
Шанышқан екен Бедерді
Наурызбай төре жүректен.
Сыртынан шығып темірін
Суыра алмады-ау жақсылар
Қанменен қатты-ау жібектен.
Әр тараптан қырғыздар (қырғызлар),
Қоқиласып ат қойды,
Үміті (мидді) болып сүйектен.
Жалғыз шапты Наурызбай
Жауға қарсы енуге. Шауып барып
Бұхарабай Өткізіп алды шылбырын
Ер Бедердің беліне.
Ордалы құлан серкелі
Малақай қылар үйегін,
Үш ай тоқсан болғанда,
Шаруа шешер күйегін.
Түсіріп төре кеткен соң,
Бұхарабай батыр ап кетті
Ер Бедердің сүйегін.
Қарасайшы Құдайдың
Бұларға берген бақтарын:
«Бермейміз!»- деп артынан
Қырғыздың қаптай шапқанын.
Араласып соғысып,
Бұхарбай батыр ап келді
Артында қалған аттарын.
Алып келіп оларды
Хан Кенеге тартқанын!
Ер Бедердің артынан
Олжаболат баласы
Ораз кірді майданға.
Бастан ауған бағы бар,
Қарайып тұрған ханы бар ,
Жаны қайтіп шыдасын
Наурызбайдың қосында
Некелеп (некахлап) алған жары бар.
Ораз шапты ар жақтан,
Наурызбай шапты бер жақтан.
Айқасқанда екеуі,
Ораз мырза жығылды
Телқоңыр аттың сол жақтан,
Бір себептен Ағыбай
Қарайған екен қанына
Жеткен екен төпелеп,
Наурызбайдың жанына!
Түсіріп төре кеткен соң,
Шауып барып Ағыбай
Оразды алды көтеріп,
Телқоңыр аттың жалына.
Қоқилап келген қырғызға
Бермей кетті тағы да.
Қазір оған қарап тұр
Наурызбайдың жұмысы.
Тасып, киімге сыймайды
Хан Кенеге денесі.
Қарала атты бір қырғыз
Тағы да кірді майданға.
«Мынау кім?»- деп сұрасаң,
Жанқараштың інісі.
Інісінің бір ісі
Қыстай шауып жол қылды
Қызылсу, Самса жиегін.
Наурызбай төре ағытты
Ерлігінің тиегін.
Түсіріп төре кеткен соң,
Жақын жерде қырғыздар
Алып бір қалды сүйегін.
Шапқан сайын Ақауыз,
Жерді таптап, өктеді,
Қырғыз, қазақ ерлігін
Наурызбайдың - сөкпеді.
Екі мың кісі қырғыздан
Өзен жолын өрледі,
Жаяу мерген төккелі.
Оны көріп Кене хан
Иек қақты нөкерге
Арбадан арыс көтерді,
Шымғалды (шымғалны) қойды қатарға
Жиылған кепке атарға.
Зеңбірекке оқ берді,
Құлағына от берді,
Зеңбіректің аузына
Селдір сирек топ келді.
Зеңбіректің аузы өтіп,
Қолдың болды көтінен.
Сегіз кісі ұшырды
Селдір сирек шетінен.
Бір боз атты ұшырды
Қырғыздың арғы бетінен.
Сол арада қырғыздар
Ойран болып бүлінді.
Қасында тұрған Наурызбай
Сұңқардай соғып ілінді,
Және оқтап атқанда,
Ұрмай, соқпай зеңбірек
Ортасынан бөлінді.
Қырғыз қашты алақтап,
Наурызбай кетті шабақтап.
Бір тозаңның астынан
Наурызбай шықты бір жерден
Он ат ұстап салақтап.
Бір тозаңның астынан
Тоғыз атты ап келді
Меңдібай, Дулат: Ағыбай.
Бір тозаңның астынан
Он екі атты aп келді:
Шәкір мен Жәуке, Төлебай.
Бәрі келіп қосылды
Қызылсудің беліне.
Көңілі бітті Науанның
Түз татырған еріне.
Шыға шапты Наурызбай
Екі мың қырғыз айналып (айланып)
Мерген төккен жеріне.
Сегіз мерген бір жерде
Білте шекіп жатқаны.
Жалғыз барған төрені
Тегісінен атқаны. Шара бар ма
Құдайдың Бұл сапарда қаққаны.
Қой боғындай қорғасын
Ажалы жоқтан таппады.
Мылтығын тастап, тау-тасқа
Қайта қашты мергені.
Мергеннің атын бермеді,
Араға түсіп кернеді.
Біреуін шаншып түсіріп,
Екеуін шаншып, өлтіріп,
Бес мергенді тірі айдап,
Сегіз мылтық өңгеріп,
Тартуға ханға бергені.
- Бұларға атын бер! - дейді,
Қызылсудың жарында
Найзасын тұрды таянып.
Ханды қара баспаса,
Барса не етті сол жолда
Қалың қолдан оянып.
Күн батқанша атысып,
Мерекеге батысып,
Ақауыз ат оққа ұшты,
Қызылсу, Самса боданның
Аңғарынан шаң асты.
Атынан әркім адасты
Болғаны қырсық, міне, осы,
Қырғыз, қазақ екі жар
Наурызбайға таласты.
Қазақ аз да, қырғыз көп,
Ортаға алып қамасты.
Наурызбайға түйіліп,
Үсті-үстіне үйіліп,
Аттарын басқа сабасты.
Қияда жүрген Бұхарабай
Көре сала төрені
Жандамалап жанасты,
Шауып келіп Бұхарабай
Ерінің мінді артына
Үзеңгісін шығарды,
Қиын жерде селбесіп,
Төреге шықты мінгесіп,
Қырғыз жетті алысып,
Айғайлап, сүрен салысып.
Ағыбай сыртын айналды,
Құтқармаққа ойланды.
Наурызбай мен Бұхарабай
Мінгесулі бір атқа
Бұлардың қолы байланды.
Бастығын жетіп дендеді,
Қорғауға әлі келмеді.
Алдыңғы келген қырғызды
Ағыбай шаншып кернеді.
Және қайта ұмтылды,
Төрені жауға бермеді.
Шәкір шапты бұл жақтан
Дулат: Қабан, Меңдібай
О да келді бір жақтан.
Жәуке менен Төлебай
Кертайлақ атты ап келді.
Мініп алды Наурызбай
Көлденеңдеп тұрысты.
Сегіз жігіт бас қосып,
Су бойында ұрысты.
Тоқтата алмай көп жауды
Белеңге ойнап шығысты.
Шұбыртпалы: Ағыбай
Талайды шанышты жүректен
Итшілесіп, сілкісіп,
Қорғап шықты төрені.
Қиын жерде түбектен
Кертайлақты мінеді.
Ақауыз аттай болмады,
Тасып жүрген Науанның
Көңілі де бұған толмады.
Шанышпақ түгіл қырғызды,
Болмады қорғау басына.
Қайтып келіп Наурызбай,
Ханның түсті қасына.
Өсіп бір сонда сөйледі
Құдайменде төреге
Долданып, қатты ашына:
-Тау суындай сарқырап,
Дұшпан алды өренді.
Қырғыз тұтқын қылыпты
Ержан сынды төреңді!
Қолға түскен шағында:
«Екі інім, бір ағам бар,
Сатылсам, менің бағам бар.
Өлсем, алар құнымды.
Ала алмас ешкім тонымды!»
- Сөй деп айтқан Ержанның
Інісінің бірі - сен.
Қалдым жалғыз қайранда,
Ұзақ күн болдым майданда.
Бір көрмедің мені сен!
Ержан жауға түскенше,
Сен-ақ түссең болмай ма?!
Бар болса менің бір ісім,
Жауға шабар белсеніп,
Жігіттің жанға мырзасы.
Тар жерде келер жолдас боп,
Ерлердің – найза - құрдасы.
Ат жығылған шағында
Ержан болса қасымда
Болмас едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы.
Бәрі де жау боп керінді
Алатаудың тастары
Елден бұрын Нысанбай
Жоқ сұмдықты бастады.
Қобызы қалды байлаулы,
Қосшысының қасында,
Қобызды қосқа тастады,
Кейінгі қосқа қашқалы.
Қыстай шауып, жол болды,
Алатаудың дарасы.
Бұл сапарда қазақтың
Болмады қабыл тәубесі.
Болғанын қырсық білмеді
Ел екен деп қырғызды
Көздеріне ілмеді.
Қырық мың кісі ертіп ап,
Орман келді Бұғыдан.
Ақ қалпақты қырғыздың
Үйінде еркек қалмады.
Рүстем менен Сыпатай
Үндес болды қырғызға
Күн батқан соң қосылды.
Әне, ауыздың аласы,
Он екі мың Дулатты
Рүстем айдап қашырды,
Мойнына болсын жазасы.
Амалдас болып қырғызға
Қанды екен қандай табасы?!
Сол қалғаннан төрелер
Еліне қайтып келмеген,
Қарашы халқын көрмеген.
Жұрт сарсылып тіледі,
Тілеуді Құдай бермеген.
Киімді бала тудырған,
Алтынды қылыш будырған.
«Абылай-лап!»- ат қойып,
Жауды көрсе, қудырған
Көп сарғайтып келмедің,
Кене хан, саған не болды?!
Дорбадан жемін жегізген,
Қысырдың сүтін емізген.
«Басқыншы қалың жау келсе,
Алып шығар!»- дегізген.
Кенекемді қалдырып,
Көкбурыл, саған не болды? –
Патшада бар алтын тақ
Жасынан Құдай берген бақ,
Біз мейлі қара бүркіттей,
Шабытты туған сұғанақ,
Бір атадан жалғыз тақ,
Көп сарғайтып келмедің,
Наурызбай, саған не болды? –
Қайғы түсті басыма,
Заманым бұлай тарылып,
Салтанатты төреден
Қалғаннан соң айрылып...
(Енді жайы болмады). Бөлініп кеткен он мың Дулат: Байзақ бас болып, Рүстемұғлы Сыпатай қырғызға үндес болып: «Біз түн ішінде біріміз қалмай, қашалық, аз ғана төлеңгітімен өздерін оңаша тастап. Сонан соң алмайтұғын оның несі бар?!»- деп, Қырғызға бірігіп кетті. Наурызбайға бір Кертайлақ деген атты апарып мінгізіп еді. Ол ит түске шейін шабуға жарамай, көзі терлеп тұрып алды.
Кенені Құдай жондады,
Қырғыздың ісін оңдады.
Арамқатқыр Кертайлақ
Ақауыз аттай болмады.
Кенесары ханның қолы Дулат дүркірей жөнелген соң, түн ішінде сатырлап қашты. Кене хан өзі тұрған жерінде тұрып қала берді. Ағыбай, Жанайдар үш қайырылып барды: «Жүріңіз, тақсыр» - лап. Хан болмады. Сонда қырғыз Суанбек деген ханға қылыш суырып, дүрсе қоя бергенде, Жанайдар батыр Суанбекті жанаса беріп шауып қалғанда, Суанбектің басы допша домалап жерге түсті. Сол қылыш «Суанбекті шапқан көк қылыш»- атанды. Жанайдар батырдың үйінде әлі бар. Ханның қашпасын білген соң, Арғынның сексен жігітіменен Ағыбай, Жанайдар - бірі алдынан кезеуілші болып, бірі артынан тосқауылшы болып, қуып жеткен қырғыздарды шаншып тастап, есен-аман құтылып елге келді.
Наурызбай аты болдырған жерде аттан түсіп, малдас құрып отырып алды.
- Сен кімсің!- деп сұраған қырғызға айтқаны:
- Сұрасаң арғы атамды, хан Абылай,
Қолында ұстағаны - күлдірмамай,
Ит, қырғыз, танымасаң, танытайын,
Қырғызды қатын қылған мен Наурызбай! - деп, қасқарайып қарады да, отырды.
Онда қырғызлар: «Қорқып, танар ма екен, жоқ шынын айтар ма екен?»- деп, сұрасты: Наурызбай қолға түскен соң, осы әңгімені бастан-аяқ сөз қылған Нысанбай жыраудың айтқаны:
Піспектің ат суарар басыменен,
Береді орыс атқа сұлыдан жем.
Науанжан, қалағаның мен берейін,
Манабым Жаманқара өлтірген кім?
Онда Науан айтады:
Піспектің ат суарар басыменен,
Береді орыс атқа сұлыдан жем. И
т қырғыз, қалағаным берер болсаң,
Манабың Жаманқара өлтірген - мен!
Онда қырғыз айтады:
- Науанжан, сенің өзің төресің ғой,
Қырғызға: «Абылай - лап!»- тиесің ғой.
Манабым Жаманқара сен өлтірсең,
Бүлініп сен де сондай өлесің ғой!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып.
Неше сынды дұшпанға
Төрелер түсті санатың.
Жаңбыр жаумай су болды,
Асыл да, қымбат манатым.
Неше сынды достарың
Түрмеге түсті санатың.
Еншілескен ерлерге
Тиюші еді ғайратың!
Тасқа тимей, кетілді
Балдағы алтын болатым!
Жаның қайда жай табар
Жадыңда Жаббар болмаса?!
Көңілің қайда жай табар
Көрерге дәулет болмаса?!
Қырық мың әскер аттыға,
Бейшара ныжам көрінер
Сүзеген керней болмаса!
Жұртың екі бөлінді
Қайда барып, жұрт болар
Кенесары қасында
Ер Наурызбай болмаса!
Халық иесі хандарда
Қандай айтса, мін бар ма,
Шегірткеге талатқан
Қырғауылда жүн бар ма?!
Жапалақтан жасқанған
Жалғыз қазда үн бар ма?!
Ақауызды жүгіртіп,
Кене ханды тірілтіп,
Кeп қақсасаң, жақсылар,
Наурызбай келер күн бар ма?!
Кене ханның тұсында
Қарт бурадай жарадық.
Жауған қардай борадық.
«Абылай - лап!»- ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан жазым болған соң,
Бет-бетімен тарадық.
Көрінгенге қорғалап,
Кісі аузына қарадық.
Өзіміз шапқан Созақтан
Бір шақта ақын сұрадық.
Бастан ауды бағымыз,
Иесіз қалды тағымыз.
Төрелер өліп қалған соң,
Ұстағанның қолында
Тістегеннің аузында
Ат жемі болдық тағы біз !
«КӨЛЕБА БАТЫР» ЖЫРЫ
Көлеба неше күндей сонда жатты,
Өткенде 2-3 күнде бір нәр татты.
Тұтқында Көлебадай батыр барын,
Қаракөз 1 күн түнде іздеп тапты.
Бұрыннан естиді екен Көлебаны,
Жас сұлу асық екен бір көргелі.
Үңгірден Көлебаны шығарып ап,
Отырды темен қарап сөйлегелі. –
Рас, сіз, Ағыбайдың жолдасы ма?
Атақты ер Көлеба қолбасы ма?
Мен сізді босатуға ант берейін,
Төгілген қара із бе, көз жасы ма?
Қиямын сіз үшін мен ел-жұртымды,
Ойлама өтірік деп Бұл сертімді.
Қайсына да босатамын жүрегім - ақ,
Жалғыз-ақ білдір маған өз ниетіңді.
Көлеба жауап берді Қаракөзге,
Бар сөзін айтып сұлу болған кезде:
Сен сүйсең мен де сені қабыл алам,
Абылайдың аруағы айғақ осы сөзге.
Көлеба құшақтады Қаракөзді.
Ендеше мен сенікі деген кезде,
Күміс ай көкте тұрып бата берді.
Жұлдыздар жымыңдады көріп бізді.
Үндемей түн тұншықты жым-жырт болып,
Сүйісіп жас тұншықты көңілі тынып.
Құшырымен Көлебаны құшқан шақта,
Балдағы Қаракөздің кетті сынып.
Екеуі кетпек болды осы түнде,
Қалмақтан құтылғалы сәтті түнде.
Қаракөз екі тұлпар алып келді,
Қалдырмай қаруы мен киімін де.
Екеуі мініп екі ақ боз атқа,
Білдірмей кетті жүріп көп қалмаққа.
Алтайдың күнбатысын бетін алып,
Көлеба бастады енді Арқа жаққа.
Шаңқайтып екі бозды ертеңінде,
Өтті үміт екі жастың жүрегінде.
Алтайдың Ақтау алқап асуынан
Тоқтамай тағы жортты ертең түнде.
Қолаба еліне ертең бүлік салды,
Кеткенін Қаракөздің біліп қалды.
«Кетті,- деп - дұшпаныммен дұшпан болып».
Қасына 500 кісі нөкер алды.
Көпіріп аузы-басы көбік,
Жеке өзі нөкеріне қарамады.
Қос жирен Қосалықтың қос бедеуі,
Ішінен Арша көкті таңдап алды.
Жарысып ұшқан құспен арам қатқыр,
Жетпеген Көлебаға несі қалды?
Жаңылтпас жартастардан кесе қарғып,
Тау жарып жалғыз қалмақ асыр салды.
Ағыбайға Кендірлік тауында жатқан
Көлеба да келіп қалды.
Ізімен Қолаба да
Ағыбай 80 кісі еді.
Қолаба 500 кісі еді.
Көлеба Қолаба қарсыласып қалды.
Айтқанша осы сөзді бітті жұмыс
Жұлқысып, батырлардан басталды ұрыс.
Қолаба қылышымен салып өтті
Жолы ақ қой Қолабаның беті дұрыс.
Көлеба тигізбеді, қағып қалды,
Айналып келіп Қолаба найза салды.
Әлуетті алып құлдың әр ғауымы,
Өкпеге салмағынан найза барды.
Көлеба жер бауырлап аттан түсті.
Қолаба кегін алды, қанын ішті.
Ес кетті Ағыбайдың нөкерінен
Қаракөз Көлабаны барып құшты.
Ұмтылды Қаракөзге Қолаба оңға
Қанды бас көк найзаны алып қолға
Ағыбай қағып қалды тигізбестен,
Тұр еді даярланып найза қолда.
Қан ақты Көлебадан дір-дір етіп,
Қара жер ұялмастан жатыр жұтып.
Қаракөз жансыз тәнді құшып жатыр.
Көзінен аққан жасын мөлтілдетіп.
Көп сорлы Бұл сықылды болған талай,
Күн жоқта жетім болған әлем мен ай.
Жас сорлы не жазықсыз отқа салған,
Рахымсыз қара пейіл жазмыш қалай?!
Ағыбай Қолабаға өзі барды,
Кәуірге өзіндей ғып найза салды.
Жығылып аттан қалмақ құлағанда,
Қаракөз ақ семсермен басын алды.
Кешікпей көп нөкері тағы қысты,
Басынан Қолабаның дәурені өтті.
Қаракөз бен ту ұстап Таңбай тұрды,
Өзгелері соғысқа кіріп кетті.
Батырлар қылыштарын қанға былғап,
Топылдап аттан түсті талай қалмақ.
Уыттанып, долданып ер Ағыбай,
Тобына жалғыз кірді көзі жайнап.
ЖАПАР ТӨРЕ
Кенесары ханның Жапар төре деген бір баласы Кенесарының өзіне еріп, соғысқа кіріп жүргенде, орыс қолына түсіп, тұтқын қылып, ақ патшаға алып барған. Сол замандағы орыстың сыншылары айтыпты:
- Бұл- хан баласы және өзі киелі екен. Мұны аттырсаң, жұртың қырғынға ү.шырайды, суға салсаң, жұртың суға қарық болады. Отқа салсаң, жұртыңды өрт алады. Бұған миын бұзатұғын дәрі беріп, дәнеме басқара алмайтұғын қылып қоя беру керек! - деген соң, сондай қылып қоя берген. «Бұл кісі өлтірсе, бұған сот жоқ. Мұны біреу өлтірсе, оған сот жоқ! - деп, Шымкент, Сайрамдағы: Ахмет, Тайшық деген бауырларын тауып, солардың қасында үйлі-баранды болып тұрды. «Өзі өлгенше қасиетті, шарапатты жан болды»,-деседі.
УАҚ - ЕСМАҒАМБЕТ ӘҢГІМЕСІ
Қаратау мен Шудың аралығындағы құмда болады екен: «Түбі-тегім-Уақ. Осында (Үйсінде) біраз үй Уақ бармыз деді. Арқадағы қонысымыз Семізбұғы Тиісаман, Қоңыр, Өлеңтінің Құс Қояндысы деген жерлер,- Шідертінің шаттары болушы еді. Бұл күнде «Дауылбай шаты»- деп айтады. Сол Дауылбай - біздің Уақтың батыры болған кісі. Және Байғұтты деген батырымыз болушы еді. Қу мешін жұтында сонда болдық. Бала күнім еді. Азнабайдың қара бойдағы сол екі өзеннің арасында жұтады. Сонда екі өзен бойындағы ел соның жемтігімен күнелтіп, аштан өлмей шықты. Жұтап қалып шұбырғанымыз жоқ. «Маған ермейсің, жігіт-желең болмайсың»,- деп, батырларымызға ерегесіп, өздері үйде жоғын естіп білумен Кенесары иесіз елді шауып талап кетті. Қоянды қойтаста Жанболды Елгон, Байгон деген екі батыр болушы еді. Оның ауылын да малдан таза қылып кетті. Батырлар келген соң, тоғайға барып, жылқы мен түйені қуып келіп, Кенесарының соңынан көшіп барып қосылған соң, малымызды өзімізге қайырып беріп, төлеңгіт қылып алды. Сол себептен бұл жаққа келіп қалған мән-жайымыз осы,- деді. Кенесары, Наурызбай, Ержан, Құдайменді, бас көтерер төрелер - бәрі қырғыздан қырғын тапты. Қалған қатын - қалаш, бала-шаға 12 жасар Сыздық төрені басымызға жыға қылып шаншып, қарсақша жалтақтап, қоянша жалтақтап, Бетпақтың шөлінде, Жеті Қоңырдың желінде жан сақтап күнелттік. Сөйтіп жүргенде «Әзірейіл барда жаным бар деме, Ақ жалау бар да малым бар деме»- дегізген Ақжалау келді. 500 кісімен фалхыд деді. Қолбасысын Қанағатша деген сарт болса керек. Жүзге жетер жетпес азаматпен алдынан қарсы шықтық. Сыздық төре жасы 14-те. Тұрысқан жеріміз - Созақ маңайы. Екі жақ та ту көтеріп, айқасып қалғанда, Сыздық төре Қанағатшамен шаппа-шап келіп қалып, Қанағатшаны мұрттай ұшырды, найзамен шаншып түсірді. Сарт мергендері оқты жаңбырдай жаудыра бастады. Сыздықтың туын ұстаған Уақ жігіті еді, оққа ұшты. Сыздық сол жігіттің сүйегін жерде қалдырмаймын деп, ат үстінен өңгеріп, алдына ала бергенде, қолының байланып, өзінің біреуді алдыма өңгеріп аламын деп айналып қалғанын көрген біреу найзамен өндіршегінен шанышқанда, найза шарт етіп сынды да, ұңғы темір Сыздықтың денесінде қалды. Сыздық қолға түсті. Созаққа апарып, сабан шанаға отырғызып қойды. Денеде қалған найзаның ұңғы темірін кемпірауыз тістеуікпен тартып суырып алып, уыс - уыс мақтамен тығындап, тірілей Қоқандағы ханға жіберді. Барған соң Қоқан ханы дәрігерлерге бақтырып, дәрі жақтырып, жазылған соң, Қанағатшаны шақыртып алып: «Сені мұрттай ұшырып, шаншып түсірген осы бала ма?- деп сұрапты. Жоқ, Бұл емес,- деп айта ала ма?!- Бұл мансап, орын саған, лайық емес, мына балаға жон,- деп Қанағатшаның фансадлығын Сыздыққа алып беріп, торы арғымақ, алтын жабдық сыйлап, 500 басы қылған. Сыздық сол қолға түскен жолы онан айрылып қалған соң, Түркістанда Мырза Фаясынға (Қиясқа) жігіт болып тұрдым. Өзінен шыққан сөзін жерге түсірмеймін. Бастасы болып отыруға жайым жоқ. Бір күн бек бір кітап оқып отырып, өзінен-өзі жылап, өкісігін баса алмады. Айжан болған соң, тамақ ішіп көңілденіп отырған кезінде сұрадым:
- Айжан патшам, жай жыладыңыз ба?»- деп.
- Жоқ. Жайдан-жай кісі жылай ма екен.
Сол оқып отырған кітапта айтқан екен. Сене (Сана) 1373 болғанда, жыл жылан болса, заманның шекарасы сықылды айырма болады екен. Онан соңғы туған баладан ата-ана хұзыр көре алмайды депті. Енді Мұнан былай туған бала сұм заманның баласы атанады екен. «Фадлық бақида - ай екен деп жылағаным сол»,- депті. Сол Аймағамбет ақсақал сөйлеген, айтқан жылын санағанда біз онан 2 жыл кейін туған бала екенбіз - делінген еді. Ұмытпастай ойда қалған бір сөз еді.
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯСЫ ДЕРЕКТЕРІ
Тарихтың сөйлеген нәрсесі негізгісі осы дүниенің бір жерінде болған. Егер ол іс негізінің орыны белгілі һәм ашық болмаса, көп уақыт жаңылыстырады. Мұның үшін жер жүзін алдымызға жайған дастарқан сияқты білуге керек болады. Заман дегеніміз - әр уақыт жаңарып тұратын бір нәрсе. Оның жаңаруымен басқа нәрселер де жаңарып тұрады. Сол себепті (себеплі) жер жүзінде болған нәрселер әр уақыт жаңарып, өзгеріп тұрғаны сияқты жеріміз өзі де жаңару, өзгеруден құтылмайды. Ауалар өзгеріліп, теңіз (деңіз) сулары кеуіп, теңіз түбіндегі жерлер үске үстіге шығып, адамдар тіршілік етуге жараған. Әуелде адамдар тіршілік еткен кей жерлер су астында қалған, яки шөпсіз, сусыз құм халінде қалған. Тұтас теңіздер айрылған, айырымдары қосылған. Естіген хабарлардың рас -өтірігін біліп тексеру үшін жердің жайын білу керек. Тиянақты кітаптардың айтуына қарағанда, дүниедегі кісінің бәрі Адам пайғамбардың ұрпағынан. Солай болса да, заманның көп өтуінен бүгінгі халықтар әлденеше түрлі руларға (ұруларға) бөлінеді. Ол рулар да бірнеше ұсақ бөлімдерге айрылған. Тілдері де сол қадари түрленген сияқты, пішіндері, тіршіліктері айрылған, басқаланған. Осы күнгі адамдардың қайсысы қай рудан, кімге жақын екенін білуге, түсіне, тіліне қарап көп ғалымдар жәрдем еткен. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның арасында айырма: бұрынғы заманда жолдар аз, жүрулер тіпті қиын, қауіпті болған іс - ті. Сол себепті бір жердегі халықтар екіншісімен танысуы, һәм араласуы азайды. Жазушылар да дүниеде бек сирек азайды. Кітаптар да көп емес еді. Сол себепті не турада болсын халықтың білім ауданы кем еді. Біреудің айтқаны болсын, кітапта жазылған нәрселер болсын, сынап, ойлап, сол күйінде нана беретін. Тәжірибе қылып, сынап қарауға - ойлау да жолы болмаған себепті сол күйінде қала беретін дінде, тауызда бек көп бос сөздер араласып жүре беретін. Кітаптан - кітапқа, ауыздан - ауызға соны көшіре беретін тарих ғылымында әр қауым өз руын Адам пайғамбарға апарып жалғап қоюды борыш деп білетін. Ондағы мақсаты абыройлы атаның баласы болу, яки нашар атадан безу, дін кітаптарында бұрынғы халық дұрыстығын көрсетудей дәлелдер болмаған сияқты, терістерін көрсететін еш нәрсе жоқ еді. Оның үшін дін кітабы (төрт), тарих кітабы емес еді. Адам балаларының дін дүниелерін түзетуге пайда берердей уағыз, хүкім, ғибрат болсын - деп, кейбір хабарларды үйрететін кітап еді. Сол себептен жазушылардың кітаптары анық бам, танық бам қала беруші еді. Бұл заман өнер, ғылым заманы болғандықтан, жолдар ашылды. һәм жең ішінде бару, келу, араласу көп еді. Қай халық болса да, өнерге тіс-тырнағымен жабысты. Жасы - кәрісі білу, һәм тану жолына түседі. Әр істің дұрыстығын тануға әсіресе тарих ғылымында әр түрлі қауымдар әуелі өздерін, ата-бабаларын дұрыс тануға әуес қылды. Дүниедегі қауымдардың тілдерін білуге, жазуларын тануға, олардың тіршілік һәм тарихтарын үйренуге тырысты. Мұның үшін көп азап шегіп, неше түрлі бейнетпен дүние кезді. Ескі шаһарлардың орындарын, қабірлерін қазып, күнбатыс тілдерін күншығыста, күншығыс тілдерін күнбатыста үйренуі, жазулары оқылды. Кітапханада ныспа (нысха) заманнан тозаң астында жатқан Ионан хүкамасының кітапларын күншығыста оқылғаны сияқты күншығыс мұсылман ғалымдарының кітаптары Еуропа кітапханаларынан табылып оқылды. Әр түрлі тілдерге тәржіма етіліп таратылды. һүнді, қытайдың ескі кітаплары да оқылды. Ғалымдар оқыған, білгендерін сынап, бір-бірінен салыстыруға бастады. Көрінбей жатқан көп нәрселердің пердесі ашылды. Қараңғы жерлерге жарық кірді. Бар деп жүрген нәрселер жоқ, жоқ болып жүрген нәрселер бар болып шықты. Бірдей боп жүрген нәрселер басқа-басқа болып шықты. Ғалымдар Бұл жолда талаптарын... оқытпай, үнемі артындыра берді. Бұл себептен дүние һәм оның жайы. Адам балалары олардың турасындағы пікірлер күнбе-күн түзетілуде. Біздер сол ғалымдардың қызметтері арқасында өздерін көрмеген, тілдерін білмеген, жазуларын танымаған жұрттардың тарихтан ... пайдасы һәм білімдері әрбір ақыл иесі болған адамның ойының ішінде... болғаны һәм қасында қандай ойлардың болғаны сұралса, бек жеңіл жауап береді. Көрші ауылдарының жайы сұралғанда, жауап беру де қиын емес... ауылын тіршілік қылған көршілерімен қатынасып жүрген кісі болсаң екінші ауылдың халін біліп тұрады. Тағы біраз көзі ашығырақ болып, жүріп тұратын кісі болса, өзі барып жүрген ауылдарының, шаһарлардың бір - бірісінен жырақтығын, қайсысының қай уақыттарда жәрмеңкелерде болып жатқандай, мал көбірек сатылатынын біліп тұрады. Бір адам өзі барып көрмеген шаһарлардан сөз сөйлегенде, тамашалап қайран болып тұруы белгілі. Бір адам жоғарыда жазылған сұрақтарға жауап бере алса, өзінің жақындары, көршілері кім екенін білмесе, ондай кісі ақымақ деуге болады. Бір адам дүниеде халінен қанша көп білсе, мәжілістерде сөйлесе отыруға сөзі де көп болады. Ондай кісінің мәжілісінде болуға әркім құмар болады. Олай болса, дастарқан дәмі қанша көп жасаса, қанша көп жүрсе де, дүниенің әр тарапын көріп бітіруменен шын ісі. Дүние барша кісілердің ортақ орны болып, адамдар бір-біріне қарындас болғандықтан, әрқайсысының халінен хабардар болғандықтан, кісінің қадірі әлбетте артық болады. Мәдени халық қасында дүние халінен хабардар болған, болмаған кісілер өз ортасының халін білмеген кісілер ақымақ кісіге есеп қылынады. Бұлай болса қадари көп халықтың халін білуге бола ма? Болады. Оның үшін жағырафия оқуы керек. Жағырафия жайын үйреткен білімге орысша география деп, бұған шейін жазылған сөздер жағырафияның керекті бір ғылым екенін білдіру үшін жетсе керек. Жағырафияның мектеп, медреседе сабақ болып оқылып, жағырафияны медреседе оқытуға бола ма? Жас балалар мектеп, медреседе оқудан пайда қыла ала ма? Бұл сұраудың жауабында көп сөз жазуға орын жоқ. Мәдени жұрттар өнер, дін мектептерінің программасына жағырафия қосып отырғандығы жетеді. Рум, сияһым, Түркияда болсын, жалпы Еуропада болсын -жағырафия оқытылмаған ешбір мектеп жоқ. Бастауыш, орта, жоғарғы медреселерде сауда әр дін мектептерінің әрбірінде өздерінің дәрежесіне қарай жағырафия оқытылады. «Жағырафияны мектепте оқудан пайда жоқ»- деу басқа ғылымды, халықтарды ақымақ деген болады. Олай деудің өзі - ақымақтық. Жағырафия адамды өткірлендіреді, ойын нұрландырады һәм Отанын сүйгізеді, басқа пәндерді білуге себепші болады. Әсіресе тарих ғылымының негізі дін ғылымына да қатынасы бар. Бұрынғы пайғамбарлардың қай жердегі халықты 220 иманға шақырғаны жағырафиямен білінеді. Олай болса, жағырафия оқығаннан кісі Алланың құдіретіне көңілі нығырақ сенеді. Жағырафиябек кең ғылым болып бірнеше бөлімге айрылады. Атақты бөлімдері мыналар: жағырафия риазы, жағырафия табиғи, жағырафия сабасы, жағырафия тарихы, жағырафия риазы. Жердің форымы үлкендігін үстіндегі күрзі себетін сызықтарды Күн мен Айға Жердің жырақтығын білдіреді. Жағырафия: табиғи жағырафия жер үстінде болған таулар, сулар, ағаштар, адамдар һәм хайуандарды білдіреді. Жағырафия саяси жер жүзінде болған патшаларды, ол патшаның қол астында болған мемлекет һәм шаһарларды білдіреді. Жағырафия тарихы бір мемлекетте бұрынғы заманда болып еткен қауымдардан, яки бұрынғы қауымдардың қай жақта тіршілік еткендігін білдіреді. Бұл кітапта әр бөлімнен білуге тиіс болған мағлұматтар. Асыл жақ. Бір адам өзінің айналасында болған нәрселерден сөйленсе, оң. Сол: «Алды-арты, үсті - асты (асыт)» - деген сөздерді айтады. Жағырафияда Мұндай сөздер айтылмай, бұлардың орнына шырық, ғырып, шымал һәм жынып оң. Бұларға «асыл жақ»- тегіс жер жазықта туып жан-жағымызға қарасақ, айналамызда көк пен жер тұтасқан сияқты көрінеді. Сол көрінген дөңгелекті «Нықта шарабы» (шырасы) дейді. Асыл жақтың араларында болған жерге «туынды жақ»- дейді. Хыритаға (картаға) қараған кісінің оң жағы «шырық», сол жағына түскен шепті «ғырып», жоғарғы жағы «шымал», астыңғы жағы «жыноб» болады. Күн әр уақытта бір жерден шығып тұрмағандықтан, күннің шығысы мен асыл жақты белгілеуге қатысы (қақасы) болмағандықтан, Темірқазық жұлдызымен белгілеу анық болады. Жұлдызға қарсы қараған кісінің алды - сол, арты - оң. Мұнан басқа құбыланамамен белгілеуге болады. Құбыланама әр уақытта оң мен солды білгізеді. Ол екі жағы білінгеннен кейін басқа жағын адам өзі де білуге болады. Жер дүниеде болған бар кісінің тіршілік қылатын орны үш бөлімі - тау, су, бір бөлімі -топырақ. Көбірек адамдар сол топырақ үстінде тіршілік қылса да, су үстінде үлкен кеме жасап тіршілік қылушылар да аз емес. Жердің үстінде бірдей қылып екіге бөлген бір сызық бар. Ол сызық күннің жүретін жолын орысша «экватор»- дейді. Екіге бөледі. Бұл бөліктің бір жағына - сол жақ жарты, екіншісі - оң жақ жарты. Жерді хыритаға (картаға) түсіргенде, сол жағы жоғары қарайды, оң жағы төмен қарайды. Күннің жүретін жолы қатты: ыстық болады. Екі жақ шетке бара берсе, ыстық азая барып алыстаған сайын суық арта береді. Жердің ыстықтығына қарағанда, беске бөлінеді. Ыстық жер - күннің жүретін жолының әр екі жағынан 9440 шақырымнан болады. Екінші орта жер - ыстық жердің әр екі жағында 4490 шақырымнан болған. Жерорта әуелі сол орта, әуелі жерден екі жақ қарай болған суық жер дейді. Құрғақ дүниенің бөлімдері. Жер үлкен беске бөлінеді. Олардың әрқайсысын бөлім дейді. Олардың аты мыналар: Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия. Бұлардың әуелгі үшеуін де «Ескі дүние», соңғы екеуін де «жаңа дүние»- дейді. Бұл бөлімдердің құрғақ жерлері әр түрлі аталады. Айналасы су болған құрғаққа арал дейді. Сондай құрғақтар бір-біріне жақын кеп болса: «Аралдар»- дейді. Бір жағы құрғаққа тұтасып, үш жағы су болса: «Жартыарал»- дейді. Жартыаралдың құрғаққа тұстасқан жері жіңішке болса, «Бірзық»; қазақша «Мойын»-дейді. Құрғақтың теңізге сүйір болып шыққан жерін «Тұмсық»- дейді. Жердің үстінде жоғары көтерілген биікке тау дейді. Төбесінен от түтіні шығып тұрған тауға «Жанартау» дейді. Таудың үсті тегіс болса: «Иайла»- дейді. Таусыз жерде болған тегіске «жазық» дейді. Егін, шөп өспейтін құмды жерге «шөл» дейді. Судың бөлімдері дүниені айналып алған үлкен суларға: «Тысқы теңіз (деңіз)»- дейді. «Сол жақтағы мұз теңізі», «Оң жақтағы мұз теңізі». Үлкен теңіз - Һинді теңізі, Атлас теңізі - теңіз аталып, беске бөлінеді. Бұлардан айрылып құрғақтың ішіне кірген сулар... «Ішкі теңіз»- дейді. Бір жағы суға тұтасып, үш жағы құрғақ болған суға «Гұрпаз» дейді. Гұрпаздың пароход тоқтауға жасалған орнына «Лимін»- дейді. Екі судың қосылған тар жеріне «Қылма»- дейді («бұғаз» дейді). Егер ол су адам күшімен қазып қосылған болса: «Канал»- дейді. Бір жерден екінші жерге ағып тұрған суға «Өзен» дейді. Өзеннің шыққан жағын: «Мынбых», құятын жағын: «Мынғып» (мынсып) - дейді. Өзеннің құятын жағына қарсы қарап тұрған кісінің оң жағы -судың оң жағы - кісінің сол жағы. Судың сол жағы биік жерден ағып түскен суын: «Ғышалала» (хышалала) - дейді. Құрғақтың ортасында ақпай тұнған суға: «Көл»- дейді. Бес бөлімнің әр бөлімдері бірнешеге бөлініп, әрбір бөлігі бір патшаның қол астында болады. Сол бөлімдердің патша қол астында болған жерін: «Патшалық жер»- дейді. Патшалардың тұрған шаһарын: «Астана» - дейді. Жердің үстінде болған топырағын һәм суларды, патшалық шаһарларды айырып көрсеткен қағазға: «Харита» (карта) - дейді. Әр патшалықты қағазға түсіріп, ол кітап сияқты түптелген болса: «Атлас»- дейді. Жердің домалақтығын жасап қағазға түсірген нәрсені креміс (глобус) дейді. Сол жерді екіге жарып көрсеткен қағазға: «Кіремстиға»- дейді. Жер жүзінде миллиард алты жүз миллион халық бар. Бұлардың терісінің түсіне, бетінің қияпатына қарап, 3 түрге бөлінеді. Бірінші - ақ, екінші - сары, үшінші қара түсте келеді. Ақ түсті - бұларға Еуропада, Азияның күнбатыс жағында, Африканың сол жағында, Американың әр жерінде тұрушы адамдар. Бұлар ғылдауандарда ең ілгергі халық. Екінші сары түсте келеді. Бұлардың ескі қонысы Азияның күншығыс жағы болса да, осы көне Азия, Еуропа, Америка һәм Аустралияда бар. Үшінші - қара түстілер. Бұлар Африканың ортасында және Аустралияда бар. Бұл үш түрден басқа Американың тұрғын елі - қызыл түсті һәм Аустралияда тұрған Мализ жұрты. Бұлар сарыға қосылады. Осы адамның тіршілігі. Адамның тіршілігі туралы дүние жүзіндегі кісілер тіршілік жағынан үшке бөлінеді. Кейбіреулері тау араларында киімсіз, үйсіз аң сияқты жүреді. Бұларды «уахыш халық», «кісікиік»- дейді. Кейбіреулері мал асырап, көшіп жүреді. Бұларға: «Бәдәуи»-дейді. Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. Бұларды: «мәдени халық»-дейді, яғни «ғылымды жұрт» - дейді. Енді біреу - түрі мәдени адамдар, өздерінің мал һәм жандарын дұшпаннан сақтау үшін һәм ғылым, өнермен (һөнермен) шұғылданып, тыныш өмір сүру үшін бір билеушінің қол астында тұруды лайық тауып, хүкімет жасаған хүкіметтер мемлекетінің көптігі жағынан бір-бірінен айрылған сияқты билеу жағынан екіге бөлінеді: патшалық, яки жымһау оят. Патшалық болса, билеу бір кісінің қолында ғана болады.Соларды патша, король, сұлтан, хан, ағзам дейді. Кей патшалықтарда хүкіметтің ісін ақылдасу үшін әр жұрттан өкіл болады. Патшалар солардың мәслихатымен іс қылып тұрады. Соғыс ашу, бітім қылу, салықты арттыру сияқты жұмыстарды көптің кеңесіне салмай, өзі ғана бітіре алмайды. Мұндай билеуді: «Мышырота» - дейді. Егер Бұл сияқты болмай, (бір кісінің) кісі өз тілегінше билесе, бұған: «містол» дейді. Егер де көптің ғана ықтияры бойынша өз арасынан халыққа пайда келтіретін білімді кісіні уақытша сайлап, соған еріп тұрса: «Жимтұрма». Егер де бірнеше кішкене хүкіметтер фәтима қосын бірігіп тұрса: «Жымаһирмытфыққа» . Дін туралы жер жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі - Құдайды бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед - бір деме - осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси, һубасқа түндей болады. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі-түрлі. Санағандар: «Мың шамалы түрі бар» - дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші - һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші - күншығыс Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. Бұлардың Еуропа бөлімі 5 бөлімнің ең кішкенесі болса да, мәдениет жағынан ең бірінші дәрежеде саналады. Үлкендік ҺӘМ бөлігі, Еуропа бөлімі - Ескі дүниенің жарты - аралы күншығыс жағында. Азиядан айрылған Орал таулары (таудары), Орал өзені, Каспий теңізі, Кавказ (Кавказ) таулары. Оң жағы - Ақ теңіз, онан пайда болған аталар теңізі - Мірміре (Мрамор) теңізі, Қара теңіз - күнбатыс жағы, Атлас теңізі - сол жағы. Сол жақтағы Мұз теңізбен айналған. Үлкендігі Еуропа бөлімі сол жақ күншығыстан бастап, оң жақ күнбатысқа шейін 4060 шақырым, солдан оңға 3650 шақырым сулар. Еуропаны айналған үлкен теңіздерден бір -неше кішкене теңіздер пайда болады. Сол жақтағы Мұз теңізден Теріскей һәм Ақ теңіз, Атлас теңізінен - Ақ теңіз, Бішкай, Маншы, сол Балты теңіздері пайда болады. Ақ теңізден Тиренин, Адіриатік, Ионан аталары: Мірмірә теңізі һәм Қара теңіз пайда болады. Қара теңізден Азау теңізі пайда болады. Гүргіздер Балты теңізінен 3 Гүргіз туады: Бутин, Пішін, Риға. Сол теңізден 3 Гүргіз туады: Зурайл, Узам, Хырстиафа. Ақ теңізден 3 Гүргіз туады: Лион, Гіпиуез, Қарант - бұғаздар. Еуропаның сол жағында: Зонт, Каттат, Аскажирак, Кала. Оң жағында: Дарданел, Боспор, Киршин, Ойрант, Гейоралтар (Гибралтар) бұғазы бар. Зонтке, Тағат, Әске, Жырақ бұғаздары Балтии теңізі. Сол теңізді тұтастырып Скандинауия жартыаралын Иұтландия (Жұтландия) жартыаралынан айырады. Кала бұғазы Сол теңізін Маныш теңізін қосып, Британия аралын үлкен құрғақтан айырады. Гейоралтар бұғазы Ақ теңіз бен Атлас теңізін қосып, Испания жартыаралын Африкадан айырады. Отирант бұғазы Адриаттің теңізін, Ионан теңізін қосып, Италия жартыаралын Балкан жартыаралынан айырады. Дарданел бұғазы Аталар теңізін Мірміре теңізіне қосып, Балкан жартыаралын Кішкене Азиядан айырады. Босфор бұғазы Мірміре теңізін Қара теңізге қосады. Керіс (Керчь) бұғазы Азау теңізін Қара теңізге қосады, Қырым жартыаралын Капказдан айырады. Аралдар. Еуропаның сол жайында: Жаңажер, Исландия, Британия аралдары; оң жағында: Балаарионан аралдары, Корсика, Сардиния, Асжелия, Крит аралдары бар. Жартыаралдар Еуропаның сол жағында: Скандинауия, Иүтландия. Он жағында: Испания, Италия, Балкан һәм Қырым жартыаралдары бар. Скандинауия жартыаралы - Балти теңізі мен Атлас теңізінің арасында. Иүтландия жартыаралы - Балти теңізі мен Сол теңіздің ортасында. Италия жартыаралы - Тиренин теңізі мен Адриатік теңізінің арасында. Балкан жартыаралы - Адриатік теңізі мен Ионан теңізінің арасында. Қырым жартыаралы - Қара теңіз бен Азау теңізінің арасында. Испания жартыаралы - Атлас теңізі мен Ақ теңіздің арасында. Мұрындар - Еуропаның сол жағында: Тарипа мұрыны, Мүрткен, Матабан, Сканин мұрындары бар. Мүрткен мұрыны Скандиунауия жартыаралының сол жағында. Сканин мұрыны Иүтландия жартыаралының сол жағында, Матабан мұрыны Балқан жартыаралының оң жағында. Иауропаның ең сол шеті - Мүрткен, ең оң шеті- Матабан мұрыны. Таулар. Иауропаның сол жағында - Скандинауия таулары, күншығысында- Орал, Кавказ таулары, ортасында- Қарпат, Алып таулары. Оң жағында- Апанин, Пірезе, Балкан таулары. Апанин тауы - Италия жартыаралында. Пирене тауы Испания жартыаралында. Жанартаулар. Гикла, Атына, Безу деген үш жанартау бар. Гикла жанартауы - сол жақта Сыланда (Исландия) аралында. Атына жанартауы - оң жақта Сыжелия аралында. Безу жанартауы оң жақта Италия жартыаралында. Иауропадағы атақты өзендер. Иауропаның сол жағында Пішғұра өзені сол жақтағы Мұз теңізге құяды. Сол жақ Диюна (Двина) өзені Ақ теңізге құяды. Күнбатыс Диюна Риға гүргізіне құяды. Иауропаның ортасында Ұсылы (Висла), Одыр (Одер) өзендері Балтии теңізіне құяды. Елба, Маузыр, Рейін өзендері Сол теңізге құяды. Күнбатыс жағында Сыпана өзені Маныш теңізіне құяды. Луара, Тарой өзендері Біскей теңізіне құяды. Оң жағында Тәж өзені Атлас теңізіне құяды. Ұна өзені Ақ теңізге, Дөң-ай, Дініпір, Діністір өзендері Қара теңізге, Доң (Дон) өзені Азау теңізіне Уолға (Волға), Орал өзендері Кеспе (Каспий) теңізіне ағады. Бұл өзендердің ең үлкені - Уолға, екіншісі - Дөң-ай. Иауропадағы атақты көлдер. Иауропаның сол жағында: Өнеге, Ладоға, Мінлер,Уезер, Үйтер көлдері. Бұлардың соңғы үшеуі Скандинауия жартыаралында, ортасында Жануа, Күнстан, Тыныс көлдері. Иауропаның жерінің түрі һәм ауасы. Иауропаның оң жағы - таулық, күншығыс жағы һәм Балти теңізі. Сол теңізінің жиектері таусыз. Сол жағының ауасы салқын болғандықтан, егін өспейді, кісісі де бек аз болады. Орта жерінің ауасы орташа: егін жақсы шығады, адамдары көп тығыз тұрады. Ауылдары, шаһарлары тәртіпті болады. Оң жағының ауасы ыстық болса да, адамның тууына, егіннің шығуына зиян келтірмейді. Иауропа адамдарының жынысы. Иауропада төрт жүз миллион шамасында адам бар. Бұлардың көбі - ақ түстілер болып, атақты төртруға бөлінеді. Олар мыналар: бірінші -Латын (Блата), екінші - Герман, үшінші - Слауиан, төртінші - Тұран. Латын жынысындағы қауымдар - Италия, Франция, Испания һәм Румения қауымдары. Бұлардың саны - жүз миллионға жақын. Екінші Герман жыныстағы болғандар. Біріншісі екінші пілеменнің (племяның): Скандинауия, агылшындар болып, бұлар 80 миллионға жақын. Үшіншісі Слауиан жынысындағылар: Орыс, Полак (Поляк), Чех, Слау - ақ, Былғар (Болғар), Сырып (Серб)-бұлардың саны 90 миллионға жақын. Төртінші:Тұрандар, Түріктер, Россия татарлары, Мажарлар, Фин, Самуи. Бұлардың саны 30 миллионға жақын, дін һәм мінхүб. Иауропаның күншығыс оң жағында тұрған халықтар: түріктер мен татарлар Ислам дінінде болып, басқасының бәрі христиандар 3 түрлі дінге айрылады. Латын бөліміндегі адамдар католик дінінде, Герман бөлігіндегі адамдар пурустан (бұрыс) дінінде, Слауиан бөліміндегілер прауслунай (православный) дінінде. Иауропада болған хүкіметтер. Иауропа бөлімінде түрлі үлкендікте, түрлі дәрежеде 2 хүкімет бар. Олардың төртеуі - патшалық, он бірі - король, екеуі - жымһуриат, екеуі -князь, бірі - духалық. Патшалықтар мыналар: 1.Россия, астанасы-Петрград. 2.Германия, астанасы-Берлин. З.Аустырия (Австрия), Мажарстан, астанасы-Уина (Вена). 4.Түркия, астанасы-Стамбул. Иауропадағы атақты корольдер. Бірінші - Англия, астанасы - Лондон. Екінші - Италия, астанасы - Рим. Үшінші Шуетсия (Швеция), Нүруегия (Норвегия), астанасы-Стокголм (Стокгольм). Төртінші - Испания, астанасы - Мадрид. Бесіншісі- Бельгия, астанасы-Бүросіл (Брюссель). Алтыншы - Голландия, астанасы - Амстердам. Жетінші- Портуғалия, астанасы - Лиссабон. Сегізінші - Румыния, астанасы - Бұғарыш (Бухарест). Тоғызыншы -Дания, астанасы - Копенқаған (Копенғаген). Оныншы - Ионан, астанасы - Афина. Он бірінші - Соруя, астанасы - Белқырат (Белград). Князьдер. Бірінші- Былғария (Болғария),астанасы- Сопыия (София). Екінші- Қаратау, астанасы-Шегенит. Жымһуиатлар. Бірінші- Беренсие (Франция), астанасы - Парыз (Париж). Екіншісі -Шует- сария (Швецария), астанасы - Берін (Верн).
Духалық - Лүксенбөрік (Люксенбург), астанасы - Лүксенборік (Люксенбург).
Асия (Азия) жерінің бөлімі.
Тарих жөнінде (жүзінде) Қарағанда, ең ескі бөлім. Адам пайғамбардан бері қанша пайғамбарлар болса да, бәрі де осы Азияда болған. Әуелгі заманда ең қуатты хүкіметтер осы Азияда болған. Соның үшін: «Ескі бөлім»- деп саналады. Мәдениеттің ең әуелі құрылған жері, орнаған жері - Азия, Азияның бөлігі. Бұл бөлім Иауропаның күншығыс жағында Орал тауы, Орал өзені, Кеспе (Каспий) теңізі, Капказ таулары, Қара теңіз, Бос бор (Босфор) бұғазы, Мірміре теңізі, Дарданел бұғазы, Аталар теңізімен айрылады. Сол жағында - сол жақтағы Мұз теңіз, күншығыс жағында – Үлкен теңіз. Оң жағы - Үнді (һінді) теңізі. Күнбатысы - Априка (Африка) һәм Иауропамен шектес, Африкадан - Орта теңіз. Суайіш (Суәц) каналы (каналы), Қызыл теңіз, Бапалмындып бұғазымен айрылады. Азияның үлкендігі - Шарық мұрнынан Бапалмындап бұғазына шейін... шақырым. Жолескен мұрнынан Бүру мұрнына шейін 7570 шақырым, 853 миллион шамасы адамы бар. Азия бөлімінің жиегінде жартыаралдар, гүрпіздер көп. Сол жағында - Иалмал, Қаймөр жартыаралдары. Бұлардың араларында: Оп (Обь), Енесай (Енисей) гүрпіздері бар. Күншығысында Биренгов теңізі, Қамшат жартыаралы, Охотский, Иапон (Жапон) теңіздері, Кориа (Корея) жартыаралы, Сары теңіз, Қытай теңізі, Сиям, Төңгіш (Тунгус) гүрпіздері. Он жағында һінд, Хішні жартыаралы һіндстан, Арабстан жартыаралдары, Пинғала гүрпізі, Fымын теңізі, Бысыре гүрпізі, һәм ғылдан гүрпізі, күнбатыста Анател жартыаралы һәм һіндішины жартыаралының оң жағында Малақа жартыаралы бар.
Азиядағы атақты аралдар.
Азияның сол жағында - Жаңасібір аралы. Азияның күншығысында Көр ел (Куриль) аралдары һәм Иапон аралдары. Сақал (Сахалин) аралы, Пормұза, Ғайнан. Оң жағында -Андаман, Пінкубар (Шынкубар), Лакадиба, Малдиба аралдары бар. һәм Сайлан (Цейлон) аралы бар. Орта теңізде Кишрис аралы бар. Азиядағы атақты бұғаздар. Азия бөлімінде Иауропа жағында айтылған бұғаздардан басқа Ғадін гүрпізін Қызыл теңізге тұтастырған Бапалмындып бұғазы; Ғымын теңізін Жысыре гүрпізіне тұтастырған Ормыз бұғазы. һиндстан жартыаралы мен Сайлан (Цейлон) аралының арасында Пәлік бұғазы. Қытай теңізін һинд теңізіне тұтастырған Малака бұғазы, Азияны Америкадан айыратын Беренгов бұғазы.
Азиядағы атақты таулар, өзендер.
Азияның көп жері биік таулармен айналған. Сол жақ күншығыстан Аталар теңізіне шейін тұтасып тізілген таулардың атақтылары мыналар: Ыстанауи, Иаблонүй, Саярскей, Алтай, Тянь - Шан, һинд, көш, Елбұрыс (Әлбурс), Арарат, Төрес, һинд құшқан. Күншығысқа қарай Ималай (Гималай), Қарақұрым деген таулар айрылады. Дүниенің биік-биік жері Ималай (Гималай) тауының ішінде Ғаури, Зоңар деген биік. Иауропа (Европа) жақ шетінде Орал һәм Капказ (Кавказ) таулары бар. Таулардың жаратылысы Азия бөлімін үшке айырады. Сол жақ - аз жазық, күншығыс жақ - жазық, оң жақ - жазық. Сол жақ жазықта: Оп, Енесай (Енисей), һулина өзені бар. Күншығыс жазықта Әмір (Амур), Сары (Хуалки) Көк (Иангизі тізент) өзендері. Оң жақ жазықта Миконгі, Манам өзендері Қытай теңізіне құяды. Салубин, Ирауады, Пыражыма, Путира, Ғанг өзендері Финғала гүрпізіне құяды. Индия өзені Ғымын теңізіне, Фурат, Дыжиле өзендері қосылып, Шытық, Лығырып өзені атанып, Бысыр гүргізіне құяды. Азиядағы атақты көлдер. Азия бөлімінің көлдері көп. Олардың атақтылары мыналар: Байкал (Байкал), Балқаш, Арал, Ғамон, Орысия, Уан һәм (Лора) (Миртуоя). Байқал көлі -Сібірде, Балқаш көлі - Орта Азияда, Арал көлі - Түркістанда, Ғамон- Афғанстанда, Ормиуан - Анатолиде, Лора - Арабстанда. Азиядағы атақты мұрындар Азияның ең күншығыс жағында Биренгов бұғазында -Күншығыс мұрыны. Ең күнбатыс жақ шетінде Аталар теңізіне Баба мұрыны. Сол жақта Қаймор жартыаралында Жолескен мұрыны. Оң жағында Малака жартыаралында Бұру мұрыны бар. Азияның ауасы, жерінің табиғаты Азия бөлімінде кең жазық жерлері көп болып, ол жазықтар дымды ауаны жібермейтін биік таулармен қамалған. Сол себепті Азияның ауасы үшке бөлінеді. Орта Азия, сол жақ Азия, оң жақ күншығыс Азия. Орта Азия - бұл бөлім теңіздерден жырақ, жан-жақтан келетін дымды ауаны жібермей тұрған биік таулар мен айналған бір жазық. Азияның ең құрғақ жері - осы. Бұл бөлімде ешбір уақыт жаңбыр жаумайтын орындары да бар. Жаз күнінде Орта Азияның ыстығы артық болады, һәм қыс күнінде салқын да артық болады. Көбінесе бұлтсыз ашық болып тұрады. Дымды жерде өсетін хайуандар Мұнда болмайды. Өзендерден, құдықтардан су шығарып, арықпен суарады. Орта Азияда шығатын нәрселер: Бүйдай (бидай), Мысыр бидайы, мақта, шыпталы, бұрыш, қиыс (абрикос), көбі - күнбатыс жағында: қырма (хүрма), апылысон (апельсин), лимон шығады. Үй хайуандарынан: араб аттары, бір өркешті түйелер һәм қой, ешкі, мағол өгіздері бар. Андардан: арыслан (арыстан), шақал (шакал), сыртлан сияқтылар бар. Он жақ күншығыс Азия. Бұл бөлімде екі түрлі мезгіл болады. Бір мезгілі - құрғақтық, екінші мезгілі - жаңбырлық. Бұл бөлім теңізге күннің жүретін жолына жақын болған себеплі ауасы ыстық болады. Жерінен шығатын нәрселер мыналар: дүни (рис), чай, апиын, қант, қамыс һәм ағаштардан шығатын атақтылар мыналар: құрма ағашы, дәрішінің ағашы, мішкәт, қалампыр ағашы, уыздық (гвоздика), түп ағашы, сандал ағашы, қызыл ағаш, ризенге ағашы, кәуитшоку, иадыру ағаштары шығады. Түз хайуандарынан: піл, қабылан, жолбарыс, ғаркадан (носорог), тұмсық (коркодил) һәм жыландары көп болады. Сол жақ Азия. Бұл жақтың ауасы - салқын, құрғақ; қысы - қатты болады, көп уақытта 40 дәреже суық болады, жазы аз, күні ыстық болады. Кей жерлерінде әр түрлі шептер шығып, қоғалдар пайда болады. Ең сол жақтарында мүктен басқа нәрсе өспейді. Тау үстерінде тікенекті ағаштар болады. Әр түрлі қалың жүнді хайуан да һәм дала құстары кеп болады. Азия бөлімінде: алтын, күміс сияқты мығыниар, кен: иақұт, фироз, алмас һәм басқа қымбатты тастар да шығады.
Адамдарының жынысы һәм діні Азия бөлімінің халқының көптігі жағынан бірінші, тығыздығы жағынан екінші дәрежеде: жеті жүз миллион адамы бар. Ең тығыз жағы - күншығысы, оң жағы. Адамдары үш түрлі түске айрылады: Мағол, Капказ (Кавказ), Мализ. Мағолдар күншығыс һәм сол жақтарында. Кавказ түстілер оң һәм күнбатыс жағында. Мализдер Малакка жартыаралында һәм сол жақтағы ұсақ аралдарда болады. Мағол түсті халықтың көбі -Қытай, ең мәдениеттісі - Иапон. Кавказ түсті адамдар: Ғараб (Араб), Түрік, Түрікпен һәм Өзбек, Афған, Илож, Армении, Күржі, Гүрт һәм ең бастысы һинд дүр. Қай түрліден болса да, осы Азия бөлімінен таралған. Азияда будда, бірһымин, ислам, христиан, иаһуди діндерінде адамдар бар. Һинд Шині жартыаралында, Азияның күншығыс һәм сол жақ күншығыстағы адамдар. Будда - һинстан жартыаралының көбірек адамы - Бірахман.
Азияның күнбатысы.
Азияның бірсыпыра адамдары - Иаһудилер һәм ортасындағы адамдар Ислам дінінде, христиандар Анатолы, Кавказ, Сібір тараптарында Иауропа билігінде болған жиектерде отырады. Күнбатыс Азияның бірсыпыра адамдары Иаһудилер дінінде. Азияда ең көп тараған діндер: Будда һәм Бірһыман, онан кейін Ислам діні. Христиандардың саны 15 миллионнан артық емес.
Азияның басқаруы Азия бөлімі басқару жөнінен үшке бөлінеді. Иауропа басқаруында, Иауропаның қоғамында һәм жеке хүкімет. Иауропаның басқаруында болған мемлекеттер: Сібір Россияның басқаруында, һиндстанның көп жерлері Fыдын шаһары Англияның басқаруында. һындышыны жартыаралында Күхінген һәм һиндстан жартыаралының жиегінде Ионт (Понт), Чири, Рашпотан, Сандия, Иазам, Майсор хүкметтері. Лакедиба аралы Ғариғал, Маға; Шандір, Иағар және он шаһарлары Франция басқаруында. Гура, Діпию, Даман шаһарлары Португалия басқаруында. Иауропаның қоғамында болғандар осылар. Орта Азия, Бұхара, Хиуа хандықтары Россияның қоғамында. һиндстан жартыаралында Кашмир, Рашипутан, Сандия, Назам, Майсор хүкіметтері, Лакедиба аралы һәм Білужыстан Англияның қоғамында. һиндшыны жартыаралында Қамбоз Камбоджа, Аннам, Төңгіс (Түңғыш) мемлекеттері Францияның қоғамында. Азиядағы жеке хүкіметтер: 1. Қытай хүкіметі, астанасы - Пекин. 2. Иапон хүкіметі, астанасы - Токио. 3. Түркия, астанасы - Константиһугін. 4. Персия - Иран, астанасы -Ғыһран Тегеран. 5. Афғаныстан, астанасы - Кабул (Қабыл). 6. Корея, астанасы - Сеул. 7. Сиам, астанасы-Ғангок.8. Жыһур, астанасы- Жыһур шаһары. 9. Масқат, астанасы- Масқат. 10. Нипал, астанасы - Катманду. 11. Бұқан, астанасы- (Тиыс, Цейлон).
Европа (Иауропа) бөлімінде болған хүкіметтер.
Россия. Россиянин орны һәм бөлігі. Россия мемлекеті жер жүзінде болған мемлекеттердің ең үлкені. Иауропа бөлімінің жартысы, Азияның үштен бірі Россия хүкіметінің билеуінде болып, бүтін жер жүзінің алты үлестен біреулігі Россия мемлекеті болады. Иауропаның күншығыс жағы, Азияның сол һәм орта жерлері Россиянин билеуінде болып, Үлкен теңізден: Балти теңізінің жиегінде, сол жақ Мұз теңізден Қара теңізге шейін жайлаған. Сол жағында сол жақтағы Мұз теңізі, күншығысында Үлкен теңіз. Оң жағында Қытай мемлекеті, Афғанистан, Персия, Түркияның Азиядағы бөлімі, Қара теңіз. Күнбатыс жағында - Румыния, Аустрия Австрия, Бенгерия Венгрия, Германия, Балти теңізі, Шуетсия (Швеция) мемлекетіменен бөлінеді. Солдан оңға4000 шақырым, күншығыстан күнбатысқа 12000 шақырымнан артығырақ жері бар.
Россиядағы атақты бұғаздар һәм гүрпіздер, теңіздер.
Тысқы көлден, теңізден басқа Иауропаның сол жағында Ақ теңіздің оң жағында Орта теңіз, күншығыс жағында Беренгей (Беринг) теңізі, Қамшат жартыаралы, Уахотский Чукотский теңізі бар. Бұл теңіздердің жиектері жырымдалған жартыаралы, гүрпіздері көп болады. Балтии теңізінен айрылған Риға, Финландия... сол жақ Мұз теңізден айрылған Обь, Енисей гүрпизі, оң жағында Қырым жартыаралы, Азау теңізі, Қара теңіз, Керіс, Боснау мен Беренгей теңізі. Сол жақ Мұз теңізге Беренгей бұғазымен қосылады.
Россиядағы аралдар һәм таулар.
Россия патшалығынан саналатын аралдардың атақтылары мыналар: сол жақта Калғой б, Новая земля, Байғаш, Лиақов. Аралдары. Күншығысында - Сақалын аралының жартысы Россияның... бөлімінде. Орал, Кавказ, Қырым, Уалли, Уалдай таулары бар. Бұлардың ішінде ең ұзыны - Орал таулары болып оңға ұзайған Орал тауының ұзындығы екі мың шақырымнан артық. Биіктігі - бір жарым шақырым. Оң жақтағы көп тармақтарға айрылып, кеңдігі - екі жүз шақырым шамасындай болады. Орал тауының үсті қалың ағаш болып, түлкі, сансар, қарсақ, сабыр, аю - сияқты жүнді хайуандары көп болады. Ішінде алтын, күміс, платин - сияқты қымбатты михындар, мірміре, малақит, иашма, тапас, биллор, алмас - сияқты қымбатты тастары көп. Бақыр, темір есепсіз. Капказ таулары Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында болып, Орал таулары сияқты ұзын болмаса да, биіктігі көп артық. Ең биік жері - бес жарым шақырым болған Елбұрыс Эльбрус тауы, Жағатау (Иғатау), Қазыбек тауларының биіктігі, Кавказ тауларының ұзындығы 1100 шақырым, кеңдігі 1200 шақырым. Қырым жартыаралында Қырым таулары Кавказ тауларының бір өлшеуіші болса да, Кавказ таулары сияқты биік емес. Ең биік жері - Шадыр тау. Кавказ тауларында қымбатты мыхдындар, қымбатты тастар Орал тауларындағы болғандай болмаса да, кен суларынан, жемісті һәм қымбатты ағаш -тоғайлары болмаса да, кен суларынан, темірлі, күкіртті сулардың жылысы һәм салқыны көп болады. Алтын, күміс азырақ бар. Кавказдың ең үлкен байлығы - нышпыт. Мұнан керосин жасалады. Кавказ тауларының үстінде әр уақыт қар болып тұрады Мұнан көп өзендер пайда болса да, биік һәм тасты жерлерден аққан себепті пароход жүрмейді. Уаллы, Уалдай таулары Орал тауларынан айрылып, Балтии теңізіне жақын Алуан тауларына қосылып, Иауропа Ресейді оң һәм солға айырады. Россияның Азия бөлімінде Алтай, Саянс - 230 кей, Ыстапуы таулары бар. Бұлардың арқасында қымбатты мығдандар көпке, Мішәтке жартыаралында Каушеускей жанартау бар.
Россиядағы атақты өзендер һәм көлдер.
Россия ішінде атақты көлдер һәм өзендер көп, Иауропа бөліміндегі атақты көлдер: Ладоға, Өнеге, Сайма. Атақты өзендерден: Уолға Волға , Дініпір Днепр, Дінестір Днестр, Ұста Ұсла - Висла, Отыр Одер, Найман Неман. Күнбатысы - Дуына Двина, сол жақ Дуына, Бесорле (Пішорле) өзендері. Оп Обь, Енесай Енсей, Лина Лена, Әмір Амур, Амудария, Сырдария өзендері Россияның қарамағында. Россия үшін Бұл өзендер бек пайдалы өзендер. Көбінде жаз күндері 5-6 пароходтар жүріп, Бұл пароход та Россияның сауда жолын жеңілдетеді. Мал, нәрселер жүргізіп, көп кісілер пайдаланады. Россияның Иауропа бөлімінде 30 мың шақырым пароход жолы бар. Бұл өзендердің ішінде пайдалысы - Уолға Волға өзені. Уалға өзені бүтін Иауропада ең бірінші өзен, ұзындығы - 400 шақырым. Бұл өзен Алуан тауының етегіндегі батпақтан шығып, әуелі күншығыс солға, одан кейін оңға, солға бұрылып отырып он жақ күншығыстағы Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Бұл өзеннің шыққан жері - кішкентай бұлақ болса да, оңнан һәм солдан бірнеше өзендер қосылып, үлкейіп, тереңдігі 15 сажын, ені құятын жеріне жақын 8 шақырым болады. Волганың екі жақ жиегі әр түрлі: кей жерінде екі жағында биік тау, ағаш, кей жерінде екі жағы да жап-жазық. Көбінесе бір жағы жазық, екінші жағы тау болып отырады. Құятын жерінде бірнеше тармақтарға бөлінеді, айрылады. Бұл өзеннен: сырдалия, мирсен, судак, қосуыс, гіранға, гірауха, жылан балығы сияқты балықтар ұстайды. Бұлардың көбі буаз балық болады. Уолға Волға өзені сату, алу жөнінен ең керекті өзен болып, Россияның ағашты жер, ағашсыз жеріне астық шыққан жерді астық шықпайтын жерді тұтастырады. Уолға өзені сол жағында Молуға, Хиксина, Қама; оң жағынан Уаға, Сора өзендері қосы лады. Қама өзені 1200 шақырым болып, оң жағынан Уолға, сол жағында Уилая, Ақ Еділ, Уаға өзені 1400 шақырым болып, сол жағынан Мәскеу суы қосылады. Бұлардың әрқайсысынан пароход жүреді. Орал өзені 1400 шақырым ұзындығы, түбі саяз болғандықтан, пароход жүруге қолайлы емес. Орал тауларынан шығып Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Иауропаны Азиядан айырады. Дон өзені Иауропалық Россияның ортасынан Толы Тула шаһарының жанынан шығып, Азау теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым, аса терең болмаса да, пароходтар жүріп, сауда қызметіне көп пайдасы тиеді. Россияда болған ағаш, май, тері һәм басқа Қырым нәрселері Царицында Уолға өзенінен 60 шақырым темір жолмен Дон өзеніне қосылып, көшіріліп, одан Азов теңізі арқылы шет мемлекеттерге кетеді.
Дініпір (Днепр) өзені.
Днепр өзенінің шығатын жері Уолғаның шығатын жеріне жақын Алуан тауларының екінші жағында болып, Қара теңізге құяды, ұзындығы 1890 шақырым. Шығатын жағы -ағаштық, ортасы - егіндік, құятын жағы шел болғандықтан, бір жерде көп болған нәрселерді болмаған жерлерге көшіруге өте жайлы болып, адамдардың тіршілігі үшін пайдалы дүр. Бұл өзеннің асты тасхақ болғандықтан, пароходтар қорқынышпен жүреді.
Дінестір өзені.
Дінестір өзені Аустриядан шығып, Қара теңізге құяды. Мұның да түбі тастақ болса да, Днепр сияқты қорқынышты болмағандықтан, пароходтар жүріп тұрады.
Усла өзені.
Усла өзенінің ұзындығы 1010 шақырым, біраз жері Россия мен Аустрия арасынан ағып, сонан Россияға кіріп, аяғында Пруссияда Балти теңізіне құяды. Ниман өзені 850 шақырым ұзындығында болып, Балти теңізіне құяды. Пруссия мен екі арада сауда жолы болады. Күнбатысы - Дуына өзені, ұзындығы 900 шақырым Алуан тауларынан шығып, Риға гүрпізіне құяды. Ниуа өзені Ладоға көлінен шығып, Петрградты басып Финляндия гүрпізіне құяды, ұзындығы - 60 шақырым болса да, суы көп болғандықтан, пароходтар жүреді. Сол жақ Дуина-Пипниға Сипниға, Мизен, Пим Сим, Ора өзендерінің сауда үшін пайдасы аз.
Азиядағы орысқа қараған өзендер.
Oп Обь өзені 3800 шақырым ұзындығы болып, сол жақ Мұз теңізге құяды. 3900 шақырым ұзындығында болған Ертіс өзені де Обқа қосылады. Ертіске қосылады - Тобыл өзені, Ешім өзендері. Енесай өзені Саянскей тауларының оң жағынан шығып, сол жақ Мұз теңізге құяды, ұзындығы - 4000 шақырым. Лена өзені - дүниедегі болған ең үлкен өзендердің бірі, Сібір тауларынан шығып, сол жақ Мұз теңізге құяды, үзындығы-4390 шақырым. Әмір (Амур) өзені Охотский теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым. Бұл өзендердің әрқайсысында пароходтар жүрсе де, жылдың көбірегінде қататын болғандықтан, азырағында пайдалануға болады. Амудария, Сейхун Сыр дария өзендері Арал көліне құяды. Бұларда да пароход жүретіндіктен, Орта Азияның саудасына қызметтері көп.
Иауропадағы каналдар.
Россиядағы түрлі жаққа ағатын өзендердің шығатын жерлері бір-біріне жақын болғандықтан, екі жаққа ағатын өзендер каналдарымен каналдарымен тұтастырылады. Ол каналдар мыналар: Уошниюлотскей Тібіресе өзені мен Мыста өзенін қосады. Упіртінберік, Білезүр, Мариел, Пирезен, Оген, Днепр, Өске, Бөгіскей, Агситскей - осы каналдармен Каспий (Кеспе) теңізі, Ақ теңіз, Балти теңізі – бір - бірлеріне һәм Балти теңізі мен Қара теңіз бір - бірлеріне қосылады. Каспий теңізінен Балти теңізіне шығатын үш жол бар: Усашыны, Болүтскей, Тысбинскей, Мариянский, Ойшыны, Болтский жолы, Тверь қаласының жанынан Уолға өзеніне қосылған Тиберсе өзенінен Ойшыны, Болтский каналымен Мыста өзеніне, одан Іле мен көліне, онан Сібірсоп каналымен Уолков өзеніне, одан Ладужский қаналы мен Ниуа өзеніне барып, Фин гүрпізіне құяды. Тыхвинский жолы Уолға өзеніне қосылатын Молуға, Шагудошша өзені Тыхвинский қаналы Саси өзенімен Ладужский, Ниуа өзенімен Фин суына қосылады. Мариенский жолы Уолғадан Шексина өзенімен Бинозорский қаналы, Копжи өзені арқылы Мариянский каналымен Өнеге көлі, онан Сібір өзенімен Ладужский каналы арқылы Фин қолтығына шығады. Шекісіне өзенінен Бертуерік каналымен Кобенский көліне, онан Суқона өзені мен Ақ теңізге шығады.... мен сол жақ Мұз теңіз тұтасады. Қара теңіз, Балти теңізіне шығатын үш жол бар. Бірінші Діністр Днестр өзені, Бирезия өзені һәм каналымен күнбатыс Дуына Двина өзеніне барып, Риға қолтығына шығады. Екінші Дініпір Днепр өзені, Пірипат өзені Огонский каналымен Шара өзені һәм Найман Неман өзені мен Балтии теңізіне құяды. Үшінші жолы - Пірипат өзені мен Буға каналымен, күнбатысы Бұғы Буги өзені мен Усыла Висла өзені мен Балти теңізіне құяды.
Россия жерінін топырағы һәм ауасы.
Россияның он жағында жердің үсті - жармаланған қаратопырақ пен әр нәрсені өсіруге жарарлық: Киев (Күйеу), Орел (Өржол), Қазан қалаларының қалаларының он жағында, он жақ күнбатыстан сол жақ күншығысқа шейін созылған тұтас жерге жерді: «қаратопырақ» - дейді. Сол жағының топырағы күл сияқты, яки құм болып, еш нәрсе өсіруге жарамайды. Мұндай жерлерге бір-екі жыл егін еккен соң, біріншіде жыл тынықтырмайынша жарамайды. Қара топырақ жерлер еш тоқтаусыз жыртыла бермейді. Россияның ауасы орнына қарай әр түрлі болады. Қыстың ең суық уақытында һәм жаздың ең ыстық уақытында 40 дәрежеде даражада болады. Россияның ауасы күнбатыс иауропаға Қарағанда, недәуір суық болады. Өзендер, көлдер, үлкен теңіздер де қатып қалады. Россияның сол жағында Ақ теңіз үш жарым ай шамасындай мұзсыз болады. Өзендер (аяғы сақталмаған).
ТҮРЛІ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
«Тайшы» - қалмақ тілі: бұрынғы замандарында хандарына қойған аттары: Қоңтайшы, Қарақалмақ, Қатысыбанды білген. Оны біздің қазақ «Қоңтайшы»- дейді. Жоңғар тайшысы - Қалдан Шерін (Серен). Қазақ оны Құба қалмақтың ханы болған дейді. Аюке деген ханы болған. Бұған қараған қалмақты он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт дейді. Ұса, Серең деген жайсаңдары болған. «Жаңа қырғыз»- деп сөйленеді. Қырғыз ханының Абылай ханға « ақ үйліге» берген бір табы елі. 1735-те, 1738-де Әбілқайыр хан бас болып, Адайдан басқа Кіші жүз орысқа бағынды. 1750-де Абылай хан мен Өр Жәнібек орыспен сауда араластыру үшін Троицкіден базар аштырды. 1755-інші жылда Төртуыл Қозғаны Құлыке - Бекшенің Құлыкесінің баласы Сүгірәлі мырза Ертістен жылқы өткізу үшін қазақ-орыспен төбелес қылған. Жасаққа келген қазаққа бір өткелдің аузында жүз ат ұстатып беріп, Сүгірәлі мырза атанған.
ЖИЕНӘЛІ БАТЫР ТҰЛПАРЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Алтай – Мұрат - «Бекайдардың тоғызының» бірі - Төлебайдан туған Жиенәлі батыр атасынан қалған қара құл Демекті ертіп алып, жер жүзін кезген. «Жүзден асқан - Жүзі әулие»- деген бар,- деп, Қара теңіз, Ақ теңіз,- бес теңізден өтіп, Жүзі әулиені іздеп тапқан.
- Қай жерді басып келдіңіздер?- дегенде,
- Сырдарияның ар жағынан келдік,- дегенде,
- Уа, қу дүние, біз көргенде, Сырбұлақ деген бұлақ еді, о да дария болған екен!- депті. Екі көзі көруден қалған екен. Сонда соның ел-жұрты жылқы деген малды бұрын естіп, көргені жоқ екен. Көргендері тамаша қылысып:
- Сондай бір хайуан мініп келіпті!- десіп сөйлеген соң, Жүзі әулие әдейі шығып, сипалап, жал-құйрығын, төрт тұяғын,- бәрін ұстап көріп айтқан екен:
Жылқы деген өрендер,
Жүрген жерін берендер.
Төрт аяғы болат - ты,
Жал-құйрығы –қанат - ты.
Күлік, Күлік,
Жерген жері - бүлік.
Мұның жүрген жері – үркін - сүргін, бүліксіз болмайды. Жеткен жеріне заманақыр орнатып жүреді, мұнан жылдам құтылыңдар, тұрғызбаңдар,- деп, тез қайтарып жіберген екен. Батыраш, Қотыраш әкесі - Ақпан, «ұзын сақал Ақпан»,- атанған. Оның әкесі - Сиқым бай. Қарашор, Сиқым жас. Алтай - Сиқым бай әкесі Тынайбай байдың жылқысын алған. Сонда Тынайбай Жиенәлі батырға жалынған:
- Сен бармасаң, бермейді!- деп.
Жиенәлі батыр:
- Кісі, алдына еңкейіп барып көрген жоқ едім. Амалсыз сен үшін барайын,- деп зорға келе жатқанын естіп, Сиқым, Жаныс, Керім отау, шатыр тіктіріп, жалғыз жатып алған.
- Ешқайсың оятпаңдар, Жиенәлі өзі келіп оятсын,- деп.
Сонда Жиенәлі батыр Мұның немен қылғанын сезіп, білген соң:
- Бабам Бекайдар, сарт болмасаң, ат!- деп, атының басын бұрып, тартып жүре бергенде, Сиқым, Жаныс, Керім шақыртқан:
- Құрғырдың оғы бар екен, атып кетер!- деп, малын беріп, дереу кідірмей, Жаныс, Керім, Сиқым.
Жиенәлі батырдың қайыны Уақ екен, екі мыңнан аса жылқы біткен кісі екен. Соның жылқысынан бір күрең бесті атты сынап, қалап алыпты.
Жылқышысы айтқан:
- Екі мың жылқыны жиғанда, тоқымдығы терлемейді,- деп.
Соны бір балаға мінгізіп, Демекті қасына ертіп алып, Ұлы жүзде шақырмаған бір асқа алып барыпты. Ол Ұлы жүзде сол заманда «Мыңтайлақ» атанған бір жүйрік бар екен. Бас бәйгеге мың тайлақ тіккен ас болып, соны сол алып, сонан «Мыңтайлақ» атанған. Соның иесі үйде отырып айтқан екен, Жиенәлі батыр асқа тігілген үйді жағалап өтіп бара жатқанда:
- Тұлпардың дүбірі шықты. Менің атыма «бәйге бермеймін!»- деп,- бір қу ауыз жүйрік келді-ау! - деп.
Сонда Күреңбесті жалғыз келіп, басқы аттың бәйгесі «Шақшакөз» деген алтынды сауыт екен.
- Шақырмаған жердің кісісі екен және өзінің жұрты басқа жұрт екен,- деп, қиып бермепті.
Бір құлын жарғақты, ақбоз атты келіп:
- Атыңның бәйгесін қолыңа бір тигізсем, алып кетуге жараймысың?- дегенде,
- Қолыма бір тигізсең, көрер едім,- дегенде, әлгі ақбоз атты шаршы топқа кіріп келіп:
- «Жақсыны көрмек үшін»- деп еді. Басқы аттың бәйгесі қай түрлі бұйым, алып берші, көрейік,- дегенде, біреу:
- Мінеки,- деп, шөжекөз сауытты алып бергенде,
- Міне, қарашы, қалай онды?- деп, Жиенәліге беріпті.
Жиенәлі ат шапқан балаға беріп:
- Ал да, жөнел, үш күндік жерге бармай, тоқтама!-деп, қоя бергенде, бала ала жөнеліп, жұрт жабыла қуысып, жалғыз жанға шалдырмай, қарасын көрсетпей кетіпті.
Үш күннен соң артынан Жиенәлі келсе, бала ұшып жығылып жатыр екен. Ат бетімен кетіп, ауыздығымен жайылып жүр екен.
- Ыстықтай суытып, енді зорығып өледі - ау!- деп, Жиенәлі дөңбекшігенде, бір сыншы кез болып, айтқаны бар.
Сыншы айтыпты:
- Сенің бұл атың екі пұт құм теңдеп шапсаң, сонда тоқымдығы терлейді. Тұлпардың аунаған жеріне туысы тап келген жануар екен. Неше күн, неше түн шапсаң да, Бұл зорығуды білмейді. Бар, қорықпа, уайымсыз жүре бер!- депті.
АЛТАЙ ТУРАЛЫ
Алтай жігіт күнінде жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып, Қанжығалы Пісбек байдың жылқысын баққан. Ішпек, Пісбек деген екі ағайынды байлар екен. Сонда Пісбек бай іңірде өз қолынан арқандаған атын түні бойы қарап, орнынан таба алмай, әуре болады екен. Таң атса, шөптің отында, судың тұнығында арқандаулы тұрғанын көреді екен. Бабы Алтай жылқының өрісінен келіп, байдың арқандаған атын бір түнде үш жылжытып арқандайды екен. Малға аса жаны ашып қарағандығы байдың көңіліне ұнап, Алтайға әбден ден қойыпты. Жаз өтіп,күз мезгілі жетіп, бай жылқысын қостап шығармақшы болып, қос көтеріп жатқанда, Алтай Пісбек байға:
- А, бай, осы малынды аман ап кеп бер деймісің, жоқ, жаман да болса, бағып келе бер деймісің? - депті.
- Балам, жаман болғанын, не жақсы көрейін? Аман ап кеп бергеніңді тәуір көрем де,-депті.
- Ендеше, маған малымды аман шығарып алып кел дейтұғын болсаң, іңірітші, күзетші, бақыршы иттеріңді өзің алып қал. Маған сенгендігің шын болатұғын болса, жалғыз өзіме тапсыр да, қоя бер. Жаздай жылқы түсінен шошып, уайым да жылаулы болды. Қыс биыл мейлінше қатты, суық болады. Бұ дүниеде бұрынғы-соңғы көрмеген, айта қалғандай Жұт болады. Қыс қамыт болып, үргін-сүргін жаманшылық болғанда, мал баққаннан да жаман кісіні бағу қиын болады. Мал айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді.
Жаман: сойып жейін десең, аты - арам, сатайын десең, пұлы - арам. Өлтіріп тастауға Құдайдан қорқасың. Өзі білмейді де сиырша сіресіп, айтқаныңа көнбейді. Қасымдағы жолдасымды өлтіріп алармын деп, малға сыңар жақ болып, малды көңілдегідей күтіп, қарай алмай, қол байлау болады. Жылқыдан аяулы малың жоқ қой. Маған берсең, ұзын аяқты түйе, сиырыңды қоса бер. Биыл қыстан мал алып шығамын деме?! Қысқа аяқты қойыңды семіз күнінде сойып ал. Адал бауызда да, карға тығып тастай бер. Союға мал табылмай, ашаршылық болғанда, көп жұртқа жеуге үлестірсең, қайырқұн бай атанып, атың қияметқаша жұрт аузында қалады,- деген соң, бай Алтайдың тілін алып, жылқы, түйе, сиырын түгел берді де, өзі жатын мал қоймен қалды. Алтай үстіне қос алған жоқ. Жабдыққа бір қыл арқан, бір темір қазық, бір қолжаулау алды. Қолжаулау бақырашқа бие сауып, Бие сүтін іше беру үшін (және ыстық тамақ пісіріп жеу үшін). Темір қазық алғаны - жер қара, күн жылыда, жер мұз болып, тоң болып, шегедей қатты болғаны үшін, темір қазықты қағып, жер тоңын байқайды. Бір елі кірген жерге бір күн, екі елі кірген жерге екі күн аялдайды. Темір қазықтың ұшы батпаған жерге ат ауыздығын алмайды. «Құс жаман жерге бармайды ғой!»- деп, құстың жолының астымен айдай беріпті. Пісбек байдың ұзын аяқты малын алдына салып, айдаған бойымен Алтай кетті. Бұл Сарыарқада қыстың суықтығы сондай болды. Кигіз үйде тұрған қара қазан тарс етіп айрылды. Бұзау - тайыншаның маңдайы тарс етіп айрылып кетті. Жұрт жұтап, қыс ішінде шұбырып тозды. Қызылтауда қызыл иттен басқа қалған дәнеме болмады. Далбада жабуы далба - далба бір тайлақ қалыпты. Ағысқудың Қуында шаңқан боз, ақ қояндай бір боз ат қалыпты. Пісбек бай Ақкөл - Жайылмада екен. Ішбек бай, Пісбек бай деген екі ағайынды байлар екен. Күллі Ақкөл - Жайылмадағы елден қалған мал Ішбек - Пісбектің Ішпегінде екі нар қалыпты. Жазғытұрым болғанда, Ақкөл - Жайылмада тірі қалған ел сол екі нармен тасынып көшіп қоныпты. Кәрі құлақтан естуіміз: сонда жалғыз-ақ аман қалғанда, Баянаула тауында Барлыбай ұранды Бәсентиін тышқақ лақ өлтірмей, аман қалыпты. Ол күнде Желкілдеген Жеті Момын Бұл жақта екен де, Қуандық, Сүйіндік - Ұлытау, Кішітау, алпыс екі Торғай, отыз екі Үлкүйекте (Өлгейекте) екен. Ұлытаудың жақсы жерлеріндегісі аман. Жаман жалтаң жерін қыстағандар қыс ішінде үйдің кигізін еркек қойларға артып, көшіп, шұбап Керей, қыпшақ өзеніне келсе, Керейдің бойында, Керей -Қыпшақтың бойында Қыпшақ семіз, күйлі, балалары тайынша қуалап, асыр салып жатқан елдің үстіне келіпті. Сонда Қыпшақта Қауған би деген жақсы адам бар екен. Қыс ішінде ауы келген елдің ішінде Ақбура-Бөрібай деген ақын бар екен. Соның бір ауыз өлеңі:
Ассалаумағалейкум, Қауған аға,
Несібеміз Бұл жаққа ауған, аға.
Құнан, өгіз ұстапсыз құйрығынан,
Біз келеміз алысып, жаумен, аға,-
деген соң, Қауған би келген елді елінің ішіне қорғалатып, төбесіне көтеріп, күтіп алып, аяғынан жүруге жарап келген малы дін есен шығып, жаз шыққан соң: «Иесіз жатқан жер бар»- деуменен Баянаула, Қызылтауға қарай көше берген екен. Сол жұттың аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»- атаныпты.Жұрт жаяу шұбырғанда, табандары аппақ болып жалтырап, бір жерге келіп жатқанда: «Атасы басқа жат ру бас салып, сойып жер қояр!»- деп, ішіндегі семізін ортасына салып, арықтары айнала қоршап, алқа салып жататұғын болыпты. Сонда бір мерген он бес ауылды тамақтан тарықтырмай асырауға жарапты, бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты. Көк ала биені иесі көз, тілден қорыққаннан, көк ала биені елсіз, күнсіз жерге апарып, енесіне құлынын қоспай, құлынын енесіне қоспай сауып, сүтін сүйретпелеп тасып, үйіндегі үлкен сабаға әкеліп құя береді екен де, күні-түні биенің бұтынан қол айырмайды екен. Бір күн қатын түзде, елсізде биесін сауып отырса, төрт кісі тұпа-тура келе жатыр екен. Тұрайын десе, биенің сүті саулап жерге ағып кетерлік, тұрмайын десе, төрт кісі оқтай қадалып келе жатыр. Сасқанынан жұдырықтай тасты: «Көз болсаң, көнекке, // Тіл болсаң, тасқа»- деп, көнегінің ішіне тастай беріп, биесін сауып отыра берді дейді. Бұл биесін сауып отырғанның үстіне төрт кісі келіп:
- Мана біз көргеннен биенің бұтында отыр едің. Сонан бері биеңді сауып отырғаның ба? Жоқ, ұйықтап отыр ма едің?- дегенде,
- Биемнің мінезі жаман еді. Биенің бір сауымы бұтында отырмаса, имеуші еді. Мана өздерің көргеннен жаңа ғана иіді,- дегенде,
- Бәсе, солай ғой . Онан басқа біз көргеннен бері қарай игенде, ендігі Мұның сүті көнек түгіл, сабаға сыймай жерге ағып, бұлақ болып жатса керек еді,- деп, жүре берді дейді. Олар бұлай кетсімен, көнектегі сүтті сүйретпеге құйған екен. Көнектің түбіндегі тас төрт бөлек болып қалыпты.
«Адам тілі тас жарар // Тас жармаса, бас жарар,- деген мақал сонан қалған екен. Жұтаған жұрт жұтады. Шұбырған ел шұбырды. Алтай қайда, кеп қайда? Жарқырап жаз шықты, күркіреп көк шықты. Елдің жайлауы , биенің байлауы болды. Былтыр кеткеннен соң, Алтай да жоқ, хабар-ошар да жоқ. Пісбек бай үйінің қасындағы бір төбенің басына алагеуімнен шығады. Ас та ішпейді, дым да (дәм де) сезбейді. Қас қарая әбден түңіліп, күдер үзіп үйіне келеді. Байдың ұлы жоқ екен, Байбике деген жаңа бой жетіп келе жатқан қызы бар екен. Бір күн әкесі төбенің басынан үйге қарай келе жатса, қызы далаға шығып, әкесінің алдынан қарсы ұшырап:
- Әкей, немене? Күн жаумай салбырап осынша жүдеп, ас ішпей, дым сезбей, қараағаштай қатып қалғаның?- деп, көзінің жасын мөлт-мөлт төгіп, жылап қоя берді дейді.
Қызының көзінің жасын көріп, бай да еңкілдеп, өксігін баса алмай:
- Қарағым - ай, көппен көрген ұлы той емес пе? Елден, жұрттан артықпын ба? «Байдың малы бықбырт тауыпты, Алтай өліпті»- деген хабарды есітсем,көңілім жай табар еді, ішкенім ас болып бойыма тарар еді. Малдың аман - жаманын, Алтайдың өлі - тірісін біле алмағандық қой маған батып бара жатқан!- дегенде, қыз:
- Әке, сүйінші!- депті,- Кез ұшында бір қос атты көрінеді. Атқа отырысы Алтай ағам сықылды. Астына мінгені де қара, жетегіндегінің кешке мінетұғын қара жорға атым, білемін,- депті.
Байдың жүрегі аз-ақ жарылмай қалыпты.
- Қап, балам, менің көзім қасымда тұрған үйдің де қаралдысын көрмей тұр. Айтқаның шын болып, Ол Алтай болса, сүйіншісіне сені бердім Алтайға!- депті.
Бұлар да көз айырмай телміріп қарап тұрыпты. Айтқанындай - ақ Алтай екен. Пұшпағынан бастырып, қашаған ұстайтұғын қара айғырды мініп, Байбикенің қара жорғасын жетектеп, бір қара сүйретпе қымызды артына бөктеріп келіп түсіп жатқанда:
- Малың аман ба? -дегенде,
- Барған жерінде боғы қалды. Тышқан боғынан басқа шығыны жоқ,- депті.
- Үш түлік малдың ортасында жалғыздық көріп, сасқан жерің бар болды ма? дегенде,
- Болды. Неге болмасын, жалғыздық бір Құдайдан басқаға жараспаған қылық қой . Барған жерімде жылқының қонысы басқа, түйе - сиырдың қонысы басқа болды. Түйе мен сиырды бір қопаның ішіне тастап, күнде бір көріп қатынап тұрушы едім. Бір күн жылқыдан босана алмай, түйе мен сиырға бұрылуға мұршам келмегендіктен, мезгілі асып кетіп барсам, бір інген түйе жабуының бауырын тартып байлаған жібіне артқы аяғы ілініп қалып, енді болмаса, үйелеп өлуге қалған екен. Үстінен шығып көргендігім себеп болып, өлуден аман қалды. Ұры мен бөрінің өзі түгіл, ізін де көргенім жоқ. Айғырдан қысыр қалған ы болмаса, басқа жері түгел. Бір малдың мұрны да қанаған жоқ,- депті.
Пісбек байдың қуанышы қойнына сыймай:
- Мұның былтырдан бергі жалғыздығы да жетерлік болды. Енді Мұны бір түн жалғыз жатқызбаймын,- деп, Байбикені қойнына салып, сол Байбикеден туған - Әлісай. Ол Байбике өлген соң, балдызы Аққоянды беріп, онан туған балалар: Әлеке, Байдалы, Сайдалы. Ол өлген соң, үшінші қызын және беріп, Бұл: «Кенже тоқал» - атанып, Мұнан туған бала - Мойын. «Мойын болмай, ойын болмас»- аталған Мойын - осы. Бұл тоқал қалмаққа олжаға түсіп кетіп, қалмақтан буаз келіп, Мұнда келген соң, ұл тауып, дүдәмал болғандықтан, белгілеп ат қой ып, айдар тағылмай, Кенжеқара атанып кеткен.
Алтайдың жеңге алған қатынынан туған - Нұрбай. Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Жауға түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі жаннан кешіп, қызыл қанды су орнына ішіп, батырлық қылып барып алып келгендіктен, ол сауыттың аты «шөжекөз» еді. Сонан әлі Нұрбайдың ұраны - Шөжекөз. Бұрынғылар айтады екен:
Арғын болсаң, Алтай бол.
Алшын болсаң, Адай бол.
Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол.
Найман болсаң, Қаракерей, Матай бол!
Өзгең қалай болсаң, солай бол!- деген екен. «Тышқанның да сауыры (сәуірі) болады»-деген сөз бар. Сондай Алтай - Арғынның сауыры (сәуірі).
БАЙҒАНА МЫРЗА
Жаңабатырдан, Жанақтан соң Күлік – Наурыз – Шобалай – Жаңабатыр - Қосақ, Қосақ баласы Торсықбай (Тұрсынбай) ескі законда он жеті жыл болыс болды, Айдабол - Күлікке ақсақал болуға жарады. Онан соңғы «Би баласы» деген атпенен қалды, өсіп-өнген. Көптікке келгенде, Күліктің қақ жартысы болуға толық жарайды. Шобай - Шобалайдың Шобайынан - Жаманқара, Байтөбет, Ақай балалары - Санмырза, Бекмырза. Санмырза балалары - Байғана, Тайғана, Мешітбай, басқа туысқандары да толып жатыр. Байғанасы- «Байғана мырза» атқа ілінген. Байғана мырза Түркістан шаһарына бес еркек қой сатуға қой айдап барған, көтеріп түгелімен алушы шықпаған. Сонан соң, Байғана мырза айтқан:
- Аузын ұрып, аяғын сыпырған жарықтығымды құт-берекесін қашырып, һәр сартқа бір жұлмалатқанша, әзіреті Сұлтан әулиеге берейін,- деп, көк күмбезге апарып қамап, қожаларға талатқан.
Қызылжар базарға болып, жаңа жәрмеңке ту көтерілген. Уақытысында Байғана мырза сатуға іріктеп ат айдаған. Жол үстінде Абылай ханның қосыны Алатауға бет алып аттанған.
- Қарсы жолыққан Байғана мырзаның қосынан бір тамақ алып келіңдер, ырым қылайық, жолымыз болар,- деп, бір төлеңгітін жіберсе:
- Хан деген жұрттың қазығы болатұғын. Қарашы деген азығы болатұғын, - деп, барған -келгенше ат пен азықтан тарықпасын деп, бар айдаған атын Абылай ханға беріп, үйіне қайтып жүре беріпті. Мың сөзге ақындардың бір ауыз сөзі дәлел. Ақбура - Қара Алтайдың баласы Қарқынбайға Көтеш ақын айтқан:
Қара Алтайдың баласы - Қарқынбай-ды,
Мырзалығың Байғананы алқымдайды.
Үкілі піспек болғанда, күмісті ожау
Жиын сайын сабасы жарқылдайды.
ҚҰНАНБАЙ ТУРАЛЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Бұл Көкшетау, Дуанатау аталған жерлер Қарқаралыға қарайтұғын Қаракесек: Қамбар қыстаулары. «Сегізауыл» - деген өзен бар. Құнанбай әкесі: «Өскенбайға Арғын ортасында ас беремін!»- деп, сол «Сегізауыл» аталған өзеннің бойында берген. Үш жүзді түгел шақырған. Жерошақ басына бір - бір мерген қойған: «Ит келсе, атып тастаңдар!»- деп. Қазанға шек - қарын салдырмаған: «Ас жақсысы қарт - ды // О да боқ дегенде, негізіне тартады»- деп. «Тері мойнымда қалады!» - деп, қалған аттарға бәйге берген. Құнанбай Өскенбайдан өзі жалқы. Әкесі Өскенбай қыс күнінде өлген. Онда қазақтың кигіз үйімен қыстан шығатұғын күні. Әкесі Өскенбай дүйсенбі күні өлген. «Келер дүйсенбі жаназасы!»- деп, кісі аттандырған. Жаназашыға арнап жетпіс үй тіктірген. Сол үйлерге кірген жандардың күтулі болғаны сондай: бір үй бір үйден керек қылып көмір де сұрап алмаған. Жаназаға жиылған жан басына бір-бір кез жыртыс бердірген: «Жайнамаз қылып алсын!»- деп. Өзге шығарған малдан бөлек, «Жаназақы» - деп, төрт түйе байлаған.
ҚҰНАНБАЙ ТУРАЛЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Құнанбай Алшынбайдың Жүсіп дейтұғын баласының қызын тұңғышы Ыбырайға алып берген. Ыбырайдың бәйбішесі - Жүсіптің қызы болатұғын. Мұны ұмыттырмайтұғын тарихы Қалдыбай қожаның бір ауыз өлеңі. Жүсіптің бәйбішесі пәуеске мініп, Құнанбай ауылындағы қызына амандыққа бара жатқанда, Молдашбай деген ақсақ отағасы бар екен, Қалдыбай қожа да бар екен. Бұл қожаның өзі де жергілікті ақсақ кісі, кемпірдің шабаданы тәрізді қораш, қортықтау болса керек. Бір шолақ аяқ ақсақ ит те бәйбішеден қалғысы келмей ере шығыпты. Бір аттың аяғы жолшыбай ақсақ болыпты.
Сонда қожа айтады:
Бес ақсақтың біреуі – Қалдыбай - ды,
Молдашбайдың басқаны мандымайды.
Байы болыс бір қатын арбада отыр
Ақсақ - сауын еш адам аңдымайды.
Жүсіптің бәйбішесі де туа ақсақ екен. Оны ақсақ деп ешкім айта алмаған
екен.
Баласына баласының қызын алып берді. Құнанбай - Алшынбаймен замандас болды. Құнанбай әкесі – Өскенбай - Тіленшімен замандас болды. Кеңгірбай - Өскенбай әкесі болса, Тіленшімен замандас деуге сыяды. Болмаса, Дадан Тобықты - Қараменде бимен замандас болған Қабекеңіз - Тіленшімен бас қосуға тіріліп келген болады. Олай болғанда, Ыбырайдан да дәмеліміз. Тұқым - жұрағатында өлгені тіріліп келіп, кейінгі заманның кісісімен бастас болатұғындық әуелден ата тегінде бар болғандықтан. Жабайы жанды, тар ауданды кісіден не шығады?! Соқыр сезімдіден не шығады?! Шұбар адамның жаны жабайы, ауданы тар болады.
СҮГІРӘЛІ АБЫЗ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Алты атаның ұлы Әжібайдан шыққан абыз Шумақтың абызы жүз жиырма бес жасында Керей, Қанжығалы мен Айдабол, Қаржастың Ереймен тауының бітіміне келген. Баласының аты - Жаманбай екен: сол баласын біреу :
- Жаман екен, сіздей кісіден туып, қалай жаман болған?- деушіге айтқан сөзі:
- Бір нәрсенің екі басы жібек болса, ортасынан жүн шықпайды. // Жақсы кісінің үстінен қой айдаса, үн шықпайды.
- Бақты адамның маңайы - Мұз үстінен от жанар. Жақсы туған баланың Атасы жүн болса да, Төрде отырып, сый табар. Есік алды нар қамыс Білте қойса, өрт жанар. Атаның жаман туған баласын Түйе үстінен ит қабар! Маңдайымдағы шырағым Көзімді қайтіп тесейін?!
Оң қолымдағы саусағым Қолымды қалай кесейін!- деген екен.
СҮГІРӘЛІ АБЫЗ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Сүгірәлі абыздың ұрпағын осы күнде абыз Шумақ (Шомақ) деп айтылады. Абыз сол Сүгірәлі екен. Баласы жаман туса керек. Және баласының аты - Жаманбай, Баянаула бауырында жер аты болып қалған . Баласының мінезін әркім ұнатпай сөйлей берген соң айтқаны дейді: Өз денемнен шыққан саусағым, Қолымды қалай кесейін?! Маңдайымдағы шырағым Көзімді қалай тесейін?! Есік алды нар қамыс, Білте қойса, өрт шалар. Атаның жаман ұлын Түйе үстінде ит қабады,- деген бар емес пе еді?- деген екен.
Бір нәрсенің екі басы жібек болса,
Ортасынан жүн шықпас.
Жақсы кісінің үстінен
Қой айдаса, үн шықпас.
Бақты адамның маңайы -
Мұз үстінен от жанар.
Жақсы тұрған баланың
Атасы жүн болса да,
Төрде отырып, сый табар.
Есік алды нар қамыс
Білте қойса, өрт шалар.
Жаман туған баланы
Әкесі жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.
СҮГІРӘЛІ АБЫЗ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Сол абыздың шын аты - Сүгірәлі екен.
Жүз жиырма бес жаста отырғанда, Шорманнан ата жайын сұраған осы кісі. Баланың аты -Жаманбай екен. Баянаула тауында Жаманбай жер аты болып қалған. Ол жерде Ботбай, Шеміркүл, Жанан ұрпақтары бар. Баласының мінезін әркім ұнатпай сөйлей бергенде, айтқан сөзі: Бір нәрсенің екі басы жібек болса, Ортасынан жүн шықпайды. Жақсы кісінің үстінен Қой айдаса, үн шықпайды. Бақытты адамның маңайы - Мұз үстінде от жанар. Жақсы туған баланың Атасы жүн болса да, Төрде отырып, сый табар. Есік алды нар қамыс Білте қойса, өрт шалар. Жаман туған баланы Әкесі жақсы болса да, Түйе үстінен ит қабар. Өз денемнен шыққан саусағым, Қолымды қалай кесейін?! Мандайымдағы шырағым Көзімді қалай тесейін?!- деген екен-ау!
ӨТЕМІС АБЫЗ
Күлік - Өтеміс абыз бар тіршілігінде - өмірі ораза болып өтіпті. Қай жерде мектеп, бала оқытқан молда болса, үйімен көшіп барып, қыс кигіз үймен отырып, сабақ алып, оқу оқиды екен. Айдабол: Ботбай байда: «Үсенқұл - әудір (әздір) деген қожадан оқимын!»- деп, Баянаулада избушка (избөшке) асуының аузында Ботбай ауылы мен Малқозы -Арыстанбай аулының аралығында бір қыс жалғыз үй отырған екен. Үйінің орнына тал қаптап шығып кетіп, бір тоғай болыпты. Сол жерді халайық осы күнге шейін: «Абыз қонған»- деп атайды. Ерейменнің ар жағында Қарағайлы шоқы айналасын жайлап жүрген күнде қатын-бала: «Ноғайға мал сатып, киім-кешек алып бер,- деп, мазасын кетірген соң, екі қойды қосақтап, Ноғайға сатуға жаяу айдап бара жатса, орта жолда намаздыгер уақыты болып, орта жолда намаздыгер оқыпты. Төрт бас намаз оқығаны төрт жылға бергісіз болады екен. Асықпай, саспай оқитындығы сонша: Бұл жайымен намазын оқып тұрғанда, қосақтаулы екі қойды итқұс қасқыр қуа жөнеліпті. Оған Бұл намазын бұза ма, қойы кете беріпті. Ауыл көрмейді, ноғай жалшылары көріп, келемеждеп, күлісіп тұра беріпті:
- Намазшылын, намаз бұған мал бере ме?! - деп.
Асықпай - үсікпей, жайымен намазын тамамдап болып, артынан барса, екі қой екі жаққа шиыршық атып сіресіп, шегініп түр екен де, итқұс қасқыр тап ортасында сілейіп, буынып тұр екен. Бара жалма-жан асығып: «Итқұс қасқыр буынып өліп кетеді-ау!» - деп, пышағын ала сала жіпті қиып жібергенде, екі қой шыбын-шіркей болып, жонға шығып кетті де, итқұс қасқыр жерге сылқ ете түсіпті. Көріп тұрған ноғайдың малайлары шауып барса, қойдың қайда кеткенімен жұмысы жоқ, ботадай боздап, солқ-солқ жылап тұр дейді:
- Уай, кәріп, мүсәпірім-ай, «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама»- деген осы екен-ау! Қарның ашқандықтан, жоқ жерде аяқсыз өліп қалдың - ау!- деп, итқұсты қасқырды аяп, жылайды дейді.
Қартайған кезінде келін - баланың қолына қарап қалыпты. Сонда балалары, келіндері:
- Ата, біз бүгін соғым сою жабдығына алданамыз. Боталы інгенді көздей көзіңіздің қырын сала отырыңыз!- депті.
- Болады, балам,- депті.
Екі енеге тел бір ботасы бар екен. Ботаны итқұс қасқыр жайратып жатқан жерінен соғымшылар өздері көріп, қуысып жүр дейді. Сонда Өтекең үйде отырып, солқ-солқ жылайды дейді:
- Мен соның жеп жатқанын көріп едім: «Құдай бүгін ырзық - несібесін осынан жазған ғой, тойып кетсе игі еді!»- деп, айтпай отыр едім. Аш кетті-ау, тамаққа жари алмай кетті-ау!- деп, аузы ырбиып, сақалынан суы тамшылап, жылап отыр дейді.
Сондай кісіге: «Мал көзде!»- деген келін - бала оңар ма:
- Осы қақпас - ақ өлмеді - ау!- дейді ғой.
Түбі тегі - Кіші жүз - Тілеу - Қошқарбай молда айтты:
- Құрттай бала күнімде Айдабол – Жолан - Бүркітбай әкесі Тойбазар молдалыққа ұстап, Бүркітбайды оқытты. Бала молда өзімдей баланы оқытып, Тойбазардың үйінде отырғанымда, жазғытұры Күлік деген ел Баянауланың бауырынан көшіп, өтіп бара жатып, Өтекең деген кісі Тойбазардың үйіне келді. Аузын ашырып, қонақ қылып жіберу үшін қондырды. Ертең атқа мінер кезінде:
- Өтеке, жұтап қалған екенсіз, көлік, сусыныңыз тапшы болып қалған екен. Бір құлынды бие зекет алһи амин!- дейді.
Сонда Өтекең екі қолын бата қылуға көтерді, бір нәрсе деуге аузы бармады, жылап қоя берді, екі қолы екі жағына сылқ ете түсті:
- Зекет алып көрген жоқ едім, қарағым, алмаймын!- дейді.
Құдайдан қорқынышы зор болғандықтан, зекет алудан қорыққаны: өзі кедей бола тұрып. Өтекең аттанып кеткен соң, Тойбазар бәйбішесі мен екеуі:«Дұғасынан мақрұм қаламыз ғой!»- деп, артынан жетектеп қуып барып:
- Зекет емес, Құдай үшін бергеніміз! - деп, бір атты зорға алғызыпты.
Бұл Өтекең деген кісі түн баласында басын жастыққа қойған... емес. Қыстың күні кигіз үй: Өтекең шарт жүгініп, құбылаға қарап отырыста отырса, екі ұры шидің ішіне кіріп, керегінше азық алып, өздері қарында тұрған сары майға араластырып жасаған ірімшік, қазақтың жент деген тамағы болады, сонан алып жеп жатыр екен. Өтекең: «Мені білсе, сезсе, жей алмай кетер»,- деп, дыбысын - сыбысын сездірмей отыра беріпті. Таң атып, үйге сәуле біліне бастаған соң, Өтекең ақырын сыбдырын білдірмей ұрыларға келіп, сыбырлап сөйлепті:
- Таң атып, үйге сәуле түсіп қалыпты. Қатын иттің мінезі жаман еді: оянын кетсе, бірдеме деп ызыңдап, сендерді ренжітіп жүрер. Өздерің тойсаңдар, аузын қымтап, ит жеместей, кісі білместей қылып, жымпитып, шыға көріңдер!- деп.
Сасқанынан пышақтары қалған екен. Сол қалған пышақтарын неше жыл сақтап жүріп, өздеріне тапсырыпты. Жерде қайыңның қабығы жатса, жинап алып жүреді екен:
- Мұнда әлиф бар ғой, әлиф Алланың аты ғой! - деп.
Және етікшілер қайыңның тұзын етікке, көбіске салайын деп жатқанын көрсе, салдырмайды екен:
- Мен бір ауылға барып, сірі сұрап әкеліп берейін, - деп, көзі көрген жерде салдырмай, алып қалады екен.
Өлген соң, өзінің моласына кіндік тұсынан үш қайың шығыпты: біреуі - жуан, екеуі -жіңішке. Сол қайыңның жапырақлары - үстіне салған тас тамды бүркеп, жамылып болып, заманның ақырынаша қуарып қалмай көгерген бойымен тұрып қалыпты. Зияраты - Ереймен тауында, Үш мырзаның көлінің күнбатысында, бір мұралтайдың үстінде жоғарғы биігінде. Төкі, Тәкей, Добай: екеуі - Шоң бидің баласы, біреуі - Едіге бидің немересі. «Үш мырзаның» моласы бар. Төменгі иығында Өтекеңнің зияраты бар. Он алты жасымда бір зиярат қылып едім. Алла жазса, екінші мәрте зияратқа баруға радем (жәрдем) бар (бер): оған Құдай жеткізсе, «Талап - пендеден, жеткізбек - Алладан!» Жанақ пенен екеуіне, иә, Алла, жолды қысқа қылма, қолды қысқа қылма! Қыла бардым, алдым. Үрім-бұтақ жұрағатты неге тілейді? «Осындай артынан бір дұғагөй шыға ма?!»- деген үмітпенен тілейді ғой. Иә, Раббы, пак пәруардігер, пендеңнің үмітін нумид қыла көрме! Елу алты жасымда үш жолдас ертіп, басына барып түнедім.
ӨМІРТАЙ ТАПҚЫРЛЫҒЫ
Осы Өміртай жас бала жігіт күнінде Кіші жүз Қаракесектің бір ерін өлтіріп, Қаракесек түп көтере жылқы алып, соның бітім, тынымын сөйлесуге келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, бір жиын асқа кеткен екен. Қазыбектің бәйбішесі тамақтандырып, жөн - жапсарын сұрап, «Кіші жүз едік»,- деген соң:
- «Бите жолығам»,- деп, отырған жеріне бармай-ақ қой, осында жат! Көп басы қосылған жер жынның ойнағындай болады. «Ішкен - мас, жеген - тоқ»,- деген сөз бар. «Кіші жүзбін!»- деген соң, бір ит қазақ бас салар,- депті.
- Уай, шеше, «Көп бас қосылған дуда жақсының күйі түседі, жаманның миы түседі»,-деген. Көп ортасына барайын,- деп, жүре беріпті.
Көп ортасына кіріп барып, биге сәлем беріп, қол беріп, алдына отыра қалыпты.
- Қай бала боласың, қарағым?- дегенде,
- Ұрғыным - Кіші жүз - Алшын, атым - Өміртай, Әйтеке баласы боламын,- депті.
Сонда есіткен біреу:
- Өміртай болсаң, «Өлмеймін!» - деп, келдің бе?- дегенде,
- Өлетұғын кісі осынша жерге келе ме өзі?!- депті.
Онда би:
- Балам, жарайды, жарайды: өзіңе де болайын, сөзіңе де болайын! - деп, оң тізесіне алыпты.
ҚАҺАРЛЫ ЖАНАҚ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Құдай рахмет қылсын! Жанақ деген кісі жаралуы басқа жан болыпты. «Қаһарлы Жанақ» атаныпты, «Доғал оқ» атаныпты, «Ақ Шолақ» атаныпты. Заманында атын ешкім атай алмапты. «Жәке, Жәке» деумен кетіпті. «Аттым»- деген сөз аузынан шықса, мал болсын, жан болсын мұрттай ұшатұғын болыпты.
БІР АТҚАН ЖЕРІ
Өлеңті бойында Ажы деген биікке Тілеуімбет - Наурыздың Наурызының ұрпағы қонып, оның төменгі жағына Ақыл - Сексеннің Ақылының ұрпағы қонып, жер арасына талас-тартыс болып, бәйбіше баласы - Тілеуімбет, Наурыз бірыңғай, тоқал баласы - Ақыл, Сексен бірыңғай. Тағы Күлік екіұдай болып салмай ма төбелесті?! Сонда Жәкеңнің Тілеуімбет - Наурыз ақсақалы болған күні екен. Бейбіт - Жапалақ ортасына барып, ара қырындастық қылып, түзулік, туралық айтуға Ақай табынан Топай -Торайдың Торайын жіберіп, Жәкең өзі сары атын мініп, сары сауытын киіп, Ажының басында тұрыпты. Бір уақытта манағы бітімге жіберген Торайы өзін тосып тұрған Жәкеңе келмей, басы қайқиып, өз аулына қарай кетіп барады дейді.
- Анау мені көрмей бара ма? Маған жолықпай, қалайша бітім қылғанын айтпай, неге кетіп барады?- дегенде, жиылған топ ішіне барғандардың бірі:
- Оны Құдай ұрды! Бейбіт Жапалақтан пара алып, жерді оларға аудара байлап, енді сізге қарар беті жоқ болып жатқандығы - сол,- дегенде, Жәкең:
- О баламды аттым! Ертең түсте өледі, жаназасына бармаймын,- деп, үйіне қайтып жүре беріпті. Ертең түсте: «Торы өлді» - деп, хабаршы шапты дейді. Торайдың моласы Ажының жоғары жағында. Қалайша өлгендігі Бұл күнгеше сөйленіп, жұрт аузында қалған. Арты да мәз болған жоқ.
ЕНДІ БІР АТҚАН ЖЕРІ
Құдай рахмет қылсын! Шоң би өлген соң, Еламанның баласы Тұрсынбай Шоң орнына Итемгенді дуанбасы сайламақшы болды. Тұрсынбайдың өз баласы Боштай Шорманды дуанбасы сайламақшы болды. Осыған әкелі - балалы екеуі екі партия болды. Тұрсынбай кәрі, Боштай жас және Боштай өзі күн бұрын патшаға барып, он жеті мор жасатып алып келген. Күлік - Торсықбайға, Ақбура - Алдоңғарға, Қозған - Мәжікке, өзінің Естайына, ыңғайына Ыстықмұрт: Бұқабай әкесі Мұстафаға,- айтқанына көніп, айдауына жүретұғындарға. Тұрсынбай батыр тамам шалды жинап, қауқылдап жүріп далада қалды да, Боштай айтқанын қылып, Шорманды сайлатып шығарды.
Сонда Шорман сайланып шыққанда, айта шықты:
- Қалың Құлболдының баласы, қанша көп болғаныңмен, мың жылқы есепті болдың да, мен бөгелек болып басыңды изетіп, бір араға иіріп тастап кеткенімді қара,- деп.
Сонда Тұрсынбай батыр Бұл сөзді естіген соң, шыдап тұра алмады, батырлығы қысты:
- Жәке, қайдасың?- деп, Жанаққа жетіп келді.
- Мына көк торсық кедей ұры Қаржастың сөзі, еттен өтіп, сүйекке жетті ғой ! Ақ Шолағың қайда? Доғал оғың қайда? Түк қалдырма, алып шық. «Құлболдыға қас қылғанды атамын», - дейтұғының қайда? Ат мына Боштай мен Шорманды. Бірінен - бірін қалдырсаң, ырзалығым жоқ,- деп, қалшылдап, дірілдеп, ызаға сыймай долданып айтқан соң, Жәкең:
- Аттым Шорманды, үйіне жетсе - сол!- депті.
Сонда Шорман қырық тоғызда екен. Ерейменнің ар жағында жайлауда ауылы бар екен. Сайланып шыққан жолы үйіне барып түсісімен өліпті.
Енді Тұрсынбай батыр:
- Боштайды атпасаң, ырзалығым жоқ,- деп, азап салыпты. Сонда Жәкең сары атын мінді, сары сауытын киді, сары бауырдақ қамшысын алды. Атын борбайлап - борбайлап, буырқанып, бұрсанғанда, қасы - кірпігі сары жайдың оғындай тігілді дейді.
- Боштайжанға қонған бақ - қалың бақ екен. Үш оғымды қайтарып тастады. Бір доғал оқ барып-барып талып тиді.
Бұ жолы өлмейді, көпке жүрмейді,- депті.
Сонан соң Боштай да көп жасаған жоқ, отыз жеті жасында өлді дейді. Өзі біреуді атарда сары атқа мінеді екен. Сары сауыт дегені - ішіктің жүнін сыртына қаратып киеді екен. Жанат бөркі болады екен, оны да жүнін сыртына қаратып киеді екен. Бұл киісін - «Сары сауытым»- дейді екен. Кірпігі мен қасы ұзындығы сондай, көзін жауып кетіп, көзіне дәнемені көрсетпейді екен. Біреуге сөйлесерде кірпігі мен қасын қолыменен көтеріп отырады екен. Буырқанып бұрсанса, долданса, кірпігі мен қасы найзадай түп - түзу болып кетеді екен. Онан соң жайратпай қоймайды екен. Жәкең бір ауылдың сыртына қонайын деп келіп, түсіп отырса, бір шалжақтаған, қайырусыз өскен ерке бала:
- Сені «атады»- дейді, атымпаз дейді. Кәне, мені атшы,- деп, алдына келіп, қоймастан айта берді дейді. Жәкең:
- Бұл ауылға қонып болмас. Жүр,- деп, арада екі ауылды тастап, үшінші ауылға барып қоныпты. Әлгі бала сол түнде төсегінде жайрап қалыпты.
Енді бір күн Жәкең бір ауылдың сыртында отырса, сол ауылдың үстінен бір көшкен елдің көші өтіп барады екен. Бір қара жорға атты келіншек атының жорғасына қызып кетіп, Жәкеңнің тұсынан жорғалатып өте шығыпты.
Қасында отырғандардың аузы жай отыра ма?!
- Мынау қалай, бейбастақ, шіркін еді? Жәкеңнің үстінен атын жорғалатып, сыздырып бара жатқанын, Жәкенді басып кете жаздады - ау!- дегенде,
- Әу,- дейді дейді. - Көпке жүрмес,- депті. Барып қонған жерінде, түн ішінде аласұрып, ертең түске жете алмады дейді.
Анау аяқ астынан алас ұрған соң, ауылы біліп, сезіп, Жәкеңе түйе, кілем - «тоғыз» қылып ап келген екен. Жәкең алмады дейді.
- Жүгі жеткен түйеге бақадайын не қылмақшы?- деп.
Жәкеңнің қартайған кезінде, Ұлы жүз - Үйсіннен пұшпағы қанамай, бала көтермей жүрген бір келіншек қатын іздеп келіп, үстіне кіруге бата алмай, далада тұрыпты.
- Осындай сізді аса жұрт, арту елден бір әйел зарығып, іздеп келген екен. Алдыңызға келуге рұқсат сұрап түр,- деген соң:
- Мезгілі өтіңкіреп кеткен екен. Атының тері мойнына қалар. Кірсін, кірсін, - депті.
Алдына келіп отырған соң, уқалап, сығалап, ол жеріне, бұл жеріне ұрып, кіндігін кіндігіне сүйкетіп:
- Бар. Бір ұл таптың,- деп, атын қойып беріпті. Сол қатын еліне барған соң, бір ұл тауып, бала жүгіріп жүрген күнінде, кеп тарту таралғымен баласын өзіне көрсетем,- деп алып келген екен.
Бұл кісінің бар өмірінде атқан, шапқанын жаза беруге бір қап жан керек. Нұхтың ғұмыры, Айоптың (Аюптың) сабыры, Каронның байлығы, Аплатонның даналығы керек. Қалам, сия, қағаздың өзі де ақшаға табылады. «Жананның Қара аласының алдына ат түссе, аттырамын»- деп, Шоң бидің Қуандық асына ертіп барған әңгімесі. Ол өзі өз алдына ғали хәде бір кітап болуға жарарлық Тұрлыбек және Сақау ақып Кеше қазақ орысқа қарамағанда, Керей, Уақ, Атығай, Қарауыл бұрын қарап, «бодан» (бүудан) атанған. Атқамінер азаматы орысқа құнды, бұлды болған. «Керей: Тұрлыбек» - атанған кісі төрт жүз қазақ-орыс, төрт жүз қазақпен жүріп, қазақ жұртын ұрыс - төбелессіз орысқа қаратқан. Дуан, дуаңның аузы ашылып, әр дуанға дуанбасы, аға сұлтан сайланғанда, жеті аға сұлтанның үстінен қарайтұғын советник болып, бір жазғытұрым Баянаулаға келген. Қанжығалы: Жүндібай - Шараның Жүндібайы қазы екен. Ойдағы - қырдағы Қанжығалының болысы Әжіке - Дәненің Дәнені екен.
- Керей, Қанжығалы: «Жеті момын» атанған елміз ғой. Бабы табылса да, табылмаса да, бізді сөкпес, сынамас! - деп, күту міндетін Жүндібай мен Дәнен алған екен.
Сонда Тұрлыбектің қасында бір тағы баласы Орынбай ақын бар екен. Біздің Бұл Сүйіндікте: Орманшы - Сақау ақын болған екен. Тұрлыбектің есігін алып, Баянауыл бозбалаларына жалынды дейді:
- Мені «ақын» - деп, «өлеңші»- деп, айта көрмеңдер! Және менен есік қорымаңдар! Орынбайдың өлеңін тыңдайын, аяқ тастасын абайлайын!- депті.
Орынбай түні бойы өлеңді соғыпты: Атығай, Қарауылдан, Керей, Уақтан түк тастамай, Тұрлыбектің бағын, тағын мадақтап. Жырдан үн шықпаса, басқа қазақтан үн шыға ма?! Сонымен ол түн өтіп, ертең таң атқан соң, жұрт басы қосылған қарсаңда Сақау өзі домбыра ұстамайды екен, Тұрлыбекке сәлем беріп, қол беріп, сабақ алатұғын баладай алдына жүгініп отыра қалып, өлеңді гулетіп (кулетіп) қоя беріпті. А,- деп бастағанда, айтқан өлеңі мынау: Ескі сөз, жаңа сөздің үлгісі еді, Арқада: Шоң, Торайғыр бір кісі еді.
Жаңабатыр орнында Жанақ қалды, Тұғырында қалдырған белгісі еді. Олжабай біздің елде ту ұстаған, Балапан тұйғын құстай қоныстаған. Қолының қоспасынан оқ үзгенде, Табаны тұрған жерден жылыспаған. Біреуі жеті бидің Шорман екен, Шоң биім жел жағында қорған екен. Бұлбұлы жеті жұрттың - Торайғыр би Көк жарып дүйсенбі күн туған екен.
Сонда Тұрлыбек:
- Орынбай, сен қой. Саған алты дуан да аздық қылмас. Сендер домбыра алмасаңдар, ауыздарыңа сөздерің түспейді. Мынаның домбыраны керек қылмағанынан - ақ шошынуың керек. Аузына сөз салып тұратұғын күшті пірісі перісі бар екен!- деп,- Бұл жолғы олжа - өзінің сыбағасы болсын!- деп, өзі аттанғанша Сақауға өлең айтқызып, алты жүз қой жиғызып берген екен. Сол алты жүз қой үш жылқыға үнем болуға жарамай құн-жын болып таусылды дейді. Бұрынғылардың: «Тамыр берген түйеден - Тәңірі берген тоқты артық!»- деген сөзі шын сөз екен-ау! - деп, аңыз қылысқан екен.
ТҰРЛЫБЕК ПЕН ҚАБЫЛ ӘҢГІМЕСІ
«Сөзден сөз туады, // Сөйлемесе, қайдан туады?!» Тұрлыбек сол келгенінде біздің Сүйіндік жұтамай жүре ме, жұтқа шалдығып, жүдеп-жадап шыққан екен. Қысырдың қымызы табыла қоймай, жалғыз-ақ Қозған: Қабыл деген байдан табылыпты. Сонда Қабыл байға почтабайшы жібереді: «Қымыз жиып ап, келсін!»- деп. Қабыл бай байғұс томпаңдап, бір саба қымыз ап келіп - ті. «Қымыздың арқасымен ұлыққа көрініп қалайын!»- деп. Қымызды ап келіп, Тұрлыбектің алдына қойғанда, мән-жайын айта бастапты:
- Ұлықеке, тақсыр, Айдабол, Күліктің арасында балтаның сынасындай қыстырылып, ағашты жердің жағалтайындай: «Қай күн, қай Құдайымыз келіп қалады?!»- деп отырғанда: «Саба жисын!»- деп, жарлық келіп қалған соң, қымталып, қыстырылып, сиіп -тынып бір сабаны әрең толтырып ап келдік!- депті.
Сонда Тұрлыбек:
- Мына иттің өзін де, сабасын да үйден сүйреп шығарыңдар!- деп ақырыпты.
«Сабаны сүйреп шығар!»- дегенге қуанып, жалақтап тұрғандар сүйреп ала жөнеліпті. Тұрлыбек айтты деп, күнде көзі көріп жүрген құтпан байын сүйрей ала ма? Етігін киіп жатып, Қабыл айтады дейді:
- Саған жеті дуан аралатып, кездіріп, орыс боғын жегізіп қойған мен емес. Сонан арам деймісің?! Шығарсаң, шығара бер!- депті.
Ұра ма, соға ма, өлтіре ала ма?! Бұ да бір бұрынғылардан қалған сөз.
БӘЙЕШ ӨЛІМІ
Ұлы жүз: Сары Үйсінге ұрлыққа Алтай: Жанан балуан Қарынбай деген атақты зор бір байды өлтіріп, тонап келген. Сол байдың киімін көрген кемпірлер Тайкелтір Әлсейіттің тоқалынан туған Қасаболат, Тоқболат, Байболат, Мықтыбай, Шектібай. Мықтыбайдың қатыны еді де, Бектұрсын, Сағырбек, Қырықбайдың шешелері еді. Саптама етігіндегі байпағы қаралат құндыз бұрынғы заманның көз тұрмайтын асыл бұйымымен тыстап, сырып тастаған, әр киімі сондай дейді. Сол Қарынбайдың жалғыз баласы бес жүз қолмен келіп, түн ішінде Қармыс: Шабаттардың ауылын шауып, жылқысын алды дейді. Сонда Ақпан: Бәйештер қорыққаннан үретұғын иттерін алып, қазан астына төңкеріпті. Түн ішінде Шабат қашып, Бәйешке келіп:
- Не ғып жатырсың? Жүрші, жүр, жылқыны түп көтере алып кетті,- дегенде:
- Жарамды ат пен жарамды бозбаланы ал да, бара бер. Бір жаман түс көріп шошып отырмын, мен бармаймын,- депті.
Онда Шабат ерік-әліне қой май:
- Сен жүрмесең болмайды,- деп, Бәйешті алып кетіпті. Бұлар қырық кісі болып аттаныпты. Жылқы алған жау жылқы алдық деп мәз болып қуа жөнелген жоқ. Көп кісісін тасаға жасырып тастап, Шөл шоқыға жылқыны қаптатып жайып:
- Кәне, бәлем, келсең, кел,- деп тосып жатыр екен.
Бұлар көбін көрмей, аз кісі ғой деп айқаса кеткенде, қарақұрттай қалың көбі қаптай қоя бергенде, Жанан балуан жанынан қорқып, Бәйешке жалыныпты:
- Мұның қанды қол құныкері мен ғой. Мені өлтірмей қоймайды да, сендерге тимейді. Осының ішінде мені жаудан құтқаратұғын ат - сенің атың. Атынды маған бере көр,- деген. Бәйеш түсе қалып атын беріпті. Бәйештің сонда астындағы аты Айдабол: Лаба -Ботбайдың жылқысынан шыққан «Бөстібай торы» атанған торы ат екен. Сонда Бәйештің екі жаңа өспірім балалары бірге барған екен. Бірінің аты - Қыздарбек, бірінің аты -Сауғабай. Бұл екеуін тірілей інге тығып тастап соғыс қылған екен. Немене «Борай - борай қар жауса, // Боранына келтірер.// Аз кісіні көп кісі // Орамына келтірер»- деген сөз бар емес пе?! Ілезде апа-сапа қылып, бық - бырт еткендей қызыл көтен қылып тастады. Көрінген жаннан жалғыз Жанан қашып құтылды дейді. Оны жердің жеті түбіне шейін қуып - қуып, жете алмай қайтып келе жатып манағы өздері ұрып түсіріп өлтірдік қой,- деп кеткен жаралы жатқандардың тұсынан етіп бара жатқандар (да) жаралылардың ішінен бір Қазыбек деген пұшық ит айғай салды дейді:
- Ау, азаматтар - ау, мына Бәйешке бір киім беріп кетсеңдерші, өледі ғой,- деп. Сонан Бәйештің тірі екенін біліп, бұрылып келіп, сау етіп түсе қалып, ортаға алып отыра қалды дейді.
- Сен Жананға атыңды бердің. Жанан сонан соң құтылды. Егер Жананға сен атынды бермесең, біз Жананды өлтіретін едік те, басқаңа тимейтұғын едік. Енді Жанан орнына сені өлтіреміз,- десті.
Сонда Бәйеш айтқан екен:
- «Жүн жеп, жабағы тышқан»- жаман Алсайдың баласы - ай! Біріңнің малыңды қорғаймын, біріңнің жаныңды қорғаймын,- деп жоқ жерде, боқ басында босқа өліп қалдым-ау! Не қылайын Нұрбайдың он жігітінің ішінде өлмегеніме арман қыламын,-деген екен.
Дембі қағып бас намаз оқып, иманын үйіріп, солайша өліпті. Бәйештен басқа жалғыз жарым тірі қалғаны болса, оларға тимепті. Інге тығылған екі бала: Аман, Жанан - аман, манағы айғайлаған Қазыбек пұшық аман. Енді бесеу аман - тоғыз жан тірі қалып, өзгесі өліпті. Шел (Шал) қоңыр жолының үстінде болады екен. 49 жаста Ташкентке бара жатқанда және қайтқанда, сол жолмен жүрдік. Арқаның шебінің түрін сонда көрдік. Тегіс болмайды, үйір-үйір тобылғы, көде, бетеге алаң-алаң жерде болады екен.
БӨКТІК БӘЙБІШЕ ӘҢГІМЕСІ
Қазақтың шетіне келіп, біреудің қаттысы болса, қайра; жұмсағы болса, жұмыра отырған үйін өз үйіндей бүтіндей бастап, өлі жүн түтіп қаңғып жүріп, екі кесек кигіз басып алыпты. Байы - Бесім Арғын – Сүйіндік - Күлік ішіндегі Бесім - Л.Ж. құлақтанып естіген соң, іздеп барып алып келіпті. Ол күнде Бұ жақтағы Арғын елі Айдабол - Күлік Ұлытау, Кішітауда екен. Ұлытау, Кіші - тауды қыстап, Сорқара, Сортыны жайлап жүреді екен. Сонда Бесім қатыны қолына келген соң, және екі кесек кигіз олжасы бар болғандықтан, үстіне үй көтермекші болып, кереге жонамын деп, Ұлытаудан ағаш кесті дейді. Кереге қылатұғын ағашының ұзындығын өзінің отырған бойынан қол созым биік қылып отырып қана, қолын жоғары созып, мөлшерін сондай қылып ағашты турап тастапты. Қатыны Бөктік бәйбіше:
- Саған не болды? Жазған - ау, мұның іске жарап керегі бола ма? - дегенде,
- Әкем керегенің басына кесесін отырып ілмеуші ме еді?!- деген екен. Әкем деп жүргені әкесінің әкесі - Тілеуімбет екен. Онда Бөктік бәйбіше айтыпты:
- Әкеңнің отырған бойы сенің тік жүре келген бойыңдай емес пе еді? Және әкең төсек ағаштың үстінде отырып кесесін ілмеуші ме еді?!- деген соң,
- Сығыр, шонағай, сондайы бар ма еді?! - деп, қайта тауға ағаш кесуге кетеді екен.
Қай реттеп, кереге жонып, адам қатары үй қылды десін (дейсің), олақтың жыны бар, өз ісін өзі бүлдіредіге дәл келіп жүрді де, өлсін деп ине шаншып кеткен бала өлмей тірі қалып, осы күнде өсіп-өніпті деп құр есту. Қайда тұрып, қайда жүргенін анық білген жан жоқ. Өлмей тірі болғандығы анық деседі. Байына қосылған соң үш ұл тауып, үлкені - Жанжігіт, ортаншысы - Ақжігіт, кенжесі -Қармыс. Осы күнгі Бесім ұрпағы осы үшеуінен өсіп-өнген. Бөктік бәйбіше қасиетті зор тәуіп болып, заманасында естіген жанның құлағында, сөйлеген жанның аузында аты қалыпты. Балалары Ақжігіт, Жан- жігіт атанып халық қатарына қосылыпты. Бөктік бәйбіше шаруасын жайлап, жабдығын бұрыштай (борыштай) қылған соң, бармағымен маңдайын тіреп отырып, кішкене мызғып алады екен. Бар болған ұйқысы сол екен, оны: «Іңір ұйқым»- дейді екен. Сонан кейін байы Бесімге айтады екен:
- Бір қос атты келеді. Аса қысылып, жанынан қорыққан, дүние бетіне қарайтын түрі жоқ. Маған рұқсат бер! Жазылатұғын ауру шауып, шаншып, шаш етегіңнен олжаға қарқ қылып тастайын,- деген соң, рұқсат береді екен. Үйіп-төгіп дүниені алып келеді екен.
Өз-өзінен отырып:
- Ертең маған бір қос атты келеді. Мен сенен рұқсат сұрайын, барамын дейін, талпынайын. Сен рұқсат берме, мені жібермеске бекі. Не үшін десең? Ол өлетұғын жан үшін келе жатыр. А,- дегеннен мен бармаймын десем, келе жатқан жанкүйері: «А, мынау өлетінін білді ғой » - деп, сандалып, есінен айрылып, еліне жете алмай қалады ғой ,- дейді екен. Айтқанындай қос атты келеді екен. «Өзі жүремін - ақ деп еді, байы жібермеді. Байы бір қыңыр, қисық кісі екен»,- деп, қайта береді екен.
* * * Күлік: Көтеш ақынның тұңғышы - Қыстаубай. Қыстаубайдан - Игілік, Мұнан Құнанбай, Жұмабай - үш ағайынды. Омбыдан әрі Патша құдығында, Омбыға тоқсан шақырым жер. Көтеш ақыннан - Бал. Балдың бәйбішесінен - алтау, тоқалынан - алтау. Бал балалары -Шор, Байбөрі, Баянаула жатағында болды. Бұл екеуінен тұқым, нәсіл, жұрағат жоқ. Балдың тоқалынан - Бұқабай, Текебай. Бұқабай баласы - Жүсіпбай, Мажыра қатыннан туған. Бұл Жүсіпбайдан бала бар: «Сатылған, Әбдірахман баласымын»- деп жүр. Көтеш ақын - өзі бай болған, өзі семіз болған, жүз асып жасаған. Сабаз дейтұғын бәйбішесі жалғыз қоңыр шұнақ қойды жеті қотан қылдым деген екен. Қартайған шағында, аулы Қарағайлы Шоқыда отырғанда, жау тонап, жалаңаш тастап кетіп, өзін ит-құс жеп тастапты. Шеру деген жерден денесінің қалған тамтырын тауып алысыпты. Жатқан жеріне май сіңіп, топырақ қап-қара болып қалған екен десіпті. Табылған сүйектерін жинастырып, Қарағайлы Шоқы түбінде Балықтыкөл басына қойыпты. Бұрынғы заманның қариялары түн болғанда дене топырағынан шырақ жанып тұрады дескен екен. Жоқшы, ізіреттеуші, Құдай рахмет қылсын, Шоң би болып, тонаған жау Найман екен. Қыс ішінде Айдабол, Күлік екі жүз кісі болып барып, он кісіге бір үйден жиырма үй тігіп, үш ердің құнын алып - ты: сүйек құны, өнер құны, қара құн - деп. Найман шабылып, қалғаны тозып, шұбырып кетіп, сондағы құнның төлеуіне келген Найман ұрпағынан Айдабол, Күлік ішінде тұқым -жұрағат бар. Найманбыз,- дейді, басқа білері жоқ. Өзі еліне жетпей-ақ көміп, жайлап қойған үстіне барады екен. Мұны жазған себебім, Бөктік бәйбішенің жұрағатынан шыққан жанның оқу, дәнеме білмегені күп - соп деп үшкірсе, демі далаға кетпейді, ауру жазылады. Көзбен кергенді айтса, өтірікші болмайды. Өзі ұры мен өтірікшінің дөкейі еді. Ауызға ілінген жұртқа залалы тиген төрт қудың бірі еді. Бала жоқ, перзентсіз болған жан еді. Қатынын ертіп жүріп, дүние тілеп, кәсіп, харекет үшін Қараөткелге де барды, Павлодарға да барды. Сонда жолшыбай бақсылық қылып, дерт қарайды, өзін танымаған, сырын білмеген жерге.
Бақсылық қылғанда, сарыны мынау: айғай салып, күжілдеп үйді басына көтеріп:
Намазда бар алтхият,
Құранда бар салауат.
Баянауланың мешітінде,
Көпекем бас болып,
Қамар хазірет,
Шәуке ноғай, Қалыбай,
Әділше, Аданшы,
Бірі оқып жатыр намаз - жамағат.
Өзге намазға келмесе де,
Жұмадан қалмайды.
Қаланың қақ басында үйі бар,
Сарт қожа Мұрат
- Қатын, жолда азық болуға,
Керек нанды көп қып,
Істеп ала бер.
Биыл қайда барсаң да ,
Ұн қымбат,
Тілеуімбетте төрт бақсы,
Меніменен бес бақсы.
Мұны жаза алмасам,
Менен ит жақсы,-
деп үшкіреді екен.
Ол кім болса, ол болсын, не десе, о десін?! Қараған ауруы жазылып тұрып кетеді екен.
ҚАДІРИЯ ИШАН
Мұса мырзаға Ташкенттік (Ташкентлік) бір Қадірия деген ишан келді: қырық жолдаспен, қырық кісісі сыйып, намаз оқырлық шатырмен. Әр түрлі жануардан тамашаға алып жүрген: арғымақ, теке, жәуміт, қашыр, ақ есек, көк есек. Дүние үшін қыдырған емес, салтанат көрсету үшін жүрген. Жетпіс күн жатып қайтты. Мұса да оны көркейтіп қайтарды. Қаржас - Құл деген елден бір Көпіш сопы дегенді басыбайлы құл есебінде малын бағып бару үшін беріп жіберді.
ҰЛБИКЕНІҢ ӨЛІМІ
Ұлбикенің өзін жүн жеп, жабағы тышқан бір байдың баласы көп мал беріп алған екен. Байының аты - Бойтансері екен. Тойға барып, қожамен өлең айтысқанын қызғанып жүреді екен:
- Егер ендігәрі тойға барып, өлең айтыссаң, өлтіремін,- деп сүйдепті. Күйеуі үйде жоғында қайны - қайнағалары еркіне қоя ма: - Ұрдырмаймыз, сабатпаймыз,- деп, тойға апарып, өлең айтқызып, той тарқаған соң, келіншек қатын аяқсыз асығып, үйіне қайтып, сылаң етіп үйіне кіріп келсе, иесіз үйге байы бұрын келіп, балтасын қайрап отыр екен. Есіктен кіріп келген Ұлбикені қақ маңдайдан қойдың бір қатқан санымен қақ басқа періп қалған екен. Сонан тіл тартпай өліп кеткен екен,- деседі. (Ескерту: Бұдан кейінгі жақша ішіне алынғаны - оның үстінен Мәшһүр Жүсіптің не өзі, не басқа біреу сызғанын ескеріп, екінші нұсқа ретінде келтірілгенін білдіреді - Л.Ж.) (балтаның жүзімен періп қалғанда, қатын тілге келе алмай, басы екі айрылып, өліпті де қалыпты). Төркіні іргесінде жақын екен. Құн даулапты. Сонда Бойтансерінің елі Ұлбикенің төркініне таңдау беріпті:
- Пайғамбар шариғатына түсесің бе, бидің билігіне жүгінесің бе?- деп.
- Пайғамбар шариғатына түселік, - деген соң, Күдері қожаның шариғатына беріпті. Күдері қожаның берген төресі:
- Өлер Ұлбике өлді. Аяр да ас жоқ, тояр да ас жоқ. Енді Мұны сойып, екпесін алып көріңдер,- депті,- Өкпесінде жазу жоқ болса, әйел адамның тойға барып, өлең айтуы дұрыс емес - өзіне сот. Бұған құн бұйырмайды. Егер де өкпесінде жазу болса, онда ғызыр айтпаса, ішін жарып кетеді. Үш кісінің құнын берсін: сүйек құны, қара құн, өнер құны.
Ұлбикені сойып, өкпесін алып көрсе, өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен. Өкпесіне жазып қойғанның дәл өзі екен. Көрген жұрттың жаны күйінгеннен, Ұлбикенің байы Бойтансеріні бас жетімі үшін беріпті. Сүйек құны үшін - елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. Өнер үшін - және елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. Қара құны үшін - «тоқал құн»- деп, тоғыз «жақсы» беріпті. «Жақсы» -дегеннің басы - «жетім», онан соң: қалы кілем, қаранар, мылтық, - сондайменен «тоғыз» болады екен. Құдай рақмет қылсын Ұлбикеге, Күдері қожаға, Жаңкел ақынға! Үшеуі де әулие! Осы күнде кейінгі жұрт үшеуіне де мал түнетіп, ауру-сырқау түнейді. Баяғыда бала күнде Ташкент барғанда, үйреніп, жатлап қайтқан сөз еді. 1915-інші жылында 22-інші ноябрьде қағаз жүзіне нұсқа болды, Қоян жылы, Мәшһүрдің өзі 57 жаста еді.
ӘКЕСІ БАСҚА АДАМДАР ТУРАЛЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Әкесінің атын жан білмейді. Құрттай бала күнінде Мұсатты әкесі еркелетіп сүйіп отырғанда:
- Өзіме тартқан қарағым ғой!- деп, сүйіпті. Сонда Мұсатты тапқан қатын:
- Е, сіздің балаңыз ғой!- депті.
Сонымен қала беріпті. Байы шығып кеткен соң, үйінде бала оқытатұғын молдасы бар екен. Молда сұрапты:
- Бағана сіз сөйдедіңіз. Сол сөзіңіздің мәнісі не?- деп.
Қатын айтыпты:
- Молдекетай, аузыңыздан шығара көрмеңіз. Осы Керейде онан даңқты кісі шықпағанын өзіңіз де білесіз ғой! Бұл бала өзімнің өнеріммен Қыз жәнібектен алған олжам еді!- деген екен.
Молда аузынан шығармаған - ақ екен, қай заманның адамы, міне, біз әңгіме қылып отырмыз. «Сөз сөзден туады, // Сөйлемесе, қайдан туады?» - деген - шын сөз, рас сөз. Орманшы: Қайдауыл - Өтектің Өтегінен Заңсүлеймен атанған бір жігіт шықты. Тәнті мырзаның тұсында ат арқасына мініп, пысық болды. Сол бір күн өз үйінде отырып мақтаныпты:
- Мен бақыттымын, талайлымын!- деп.
Сонда оны тапқан қатын Әлифа айтыпты:
- Балам, сен мақтанба! Мақтансам, мен мақтанайын. Әкең мына отырған Байтоғайды жұрт көріп отыр ғой. Осындай жаннан сендей бала туа ма? Мына жазған Әлифаның еңбегінен туған баласың. Саңқайдың Нұрпейісімен үйір - шүйір болып, сені тауып алып едім!- дегенде, бала не десін, отырған жұрт не десін?!
- Аталы сөзге арсыз таласады. Бұл сөзге талас жоқ!- депті.
Сонда Орманшының отырған шалдары айтысыпты:
- Сен түгіл осы жүрген Тәнті мырза да Бірденбайдың жалғызы Нұртазадан пайда болған жан!- десіпті.
Қазақта осындай сөздер көп болады. Үш жүзге атағы шыққан Жаяу Мұсаны: «Боштайдың баласы»,- деп сөйлейді. Әкесінің аты - Байжан, шешесінің аты - Нағжан (Нағнан). Мен сонда солардың басы-қасында болған жан емеспін. Жас күнінде Жаяудың өзі айтады екен: «Баласы сол Боштайдың! »- деп айтады, // Білмесе, қазақ оны неге айтады?!»- деп. «Ат биеден туады»,- делінген сөздің мәнісі осы екен: «Тіпті, жаманнан бір жақсы бала шыға қалады. Ол қалай шығады?!»- деп. Ойласаң, тапқан шешесі ат туатұғын бие болады екен де, бір жақсымен айқасып, онан айта қалғандай бала туып, ауызға ілініп, көзге түсе бастайды екен. Бұрынғының: «Ұрлық қыл да, мал тап, // Ойнас қыл да, ұл тап!»- дегені босқа кетпейді екен. Және айтады екен: «Көңілсіз жұмыстан көтсіз бала туады». Көті жоқ бала болмайды, жаман түкке тұрмайтұғындарды «көтсіз бала»,- дейді екен. Көзіміз көрді. Кеше Мұса Шорман баласы дұшпаны кеміте алмайтұғын жан еді. Қатыны Нағжан ұрғашының барып тұрған қасқа маңдайы еді. Сол екеуін көрген өзіміз кешегі сексен жасқа жетіп өлген Сәкендерді: «Екі қырғидан су қараңғы туады»,- деген осы екен-ау!- деп кеттік. Сөйтсе, өз қатынына көңілсіз жатады екен де, туған бала «көтсіз» атанып туады екен. Ұзын сөздің қысқасы: ішетұғын ас емес, жейтұғын тамақ емес- с...п с...дік тегетұғын шылапшынды «анаған адал, мынаған арам»- деген сөз - орынға тұрмайтын сөз.
Мәшһүр ескертуі: «Қағаз таусылып, сөз аяғы орындалмай қалды»- Л.Ж..
ӘКЕСІ БАСҚА АДАМДАР ТУРАЛЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Қазақ сөзі: «Ат - биеден, алып анадан туады». «Көңілсіз жұмыстан кетсіз бала туады». «Ұрлық қыл да, мал тап, // Ойнас қыл да, ұл тап» Осы сөздерді екінің бірі айтуын біледі, мәнісін білмейді. Мұндай сөздер шын сырын айтқан қатындардан шешіледі. Күні кеше Керей: Тұрлыбек жеті дуан үстінен советник болып тұрған күнінде өзінің Керейі - Мұсет биден жасқанады екен. Өзгеге қарсы келсе де, Мұсет бите қарсы келмейді екен. Сол Мұсеттің әкесі кім екенін жан білмейді. Қожа білмес бықсық байдың баласы болса керек. Құрттай бала күнінде Мұсетті әкесі еркелетіп, сүйіп отырғанда:
- Өзіме тартқан қарағым ғой!- деп, сүйіпті.
Сонда Мұсетті тапқан қатын:
- Иә, сіздің балаңыз ғой!- депті.
Бай шығып кеткен соң, үйде бала оқытатұғын молдасы бар екен. Молда сұрапты:
- Бағана сіз сөйдедіңіз. Сол сөзіңіздің мәнісі не?- деп.
Қатын айтыпты:
- Молдекетай, ауызыңыздан шығара көрмеңіз! Осы Керейде одан даңқты кісі шықпағанын өзіңіз де білесіз ғой! Бұл бала өзімнің өнеріммен Қызжәнібектен алған олжам еді!- деген екен. Молда аузынан шығармаған - ақ екен. Қай заманның адамы? Міне, біз әңгіме қылып отырмыз.
«Сөз - сөзден туады,// Сөйлемесе, қайдан туады?»- деген шын сөз, рас сөз. Орманшы:Қайдауыл - Өтектің Өтегінен «Заңсүлеймен» атанған бір жігіт шықты. Тәнті мырзаның тұсында ат арқасына мініп, пысық болды. Сол бір күні өз үйінде отырып мақтаныпты:
- Мен бақыттымын, талайлымын!- деп.
Сонда оны тапқан қатын, шешесі Олифа айтыпты:
- Балам, сен мақтанба! Мақтансам, мен мақтанайын. Әкең мына отырған Байтоғайды жұрт көріп отыр ғой. Осындай жаннан сендей бала туа ма? Мына жазған Әлифаның еңбегінен туған баласың. Саңқайдың Нұрпейісімен айқасып сені тауып алып едім!- дегенде, бала не десін, отырған жұрт не десін?!
- «Аталы сөзге арсыз таласады. Бұл сөзге талас жоқ!»- депті.
Сонда Орманшының отырған шалдары айтысыпты:
- Сен түгіл осы жүрген Тәнті мырза да Бірден байдың жалғызы - Нұртазадан пайда болған жан!- десіпті. Нұртазаны көрген - Орманшы: «Түрі - түсі Нұртазадан биттей аусайшы!»-деп, аңыз қылысады екен.
Үш жүзге атағы шыққан Жаяу Мұсаны «Боштайдың баласы еді»- деп сөйлейді. Жаяудың әкесінің аты - Байжан, шешесінің аты - Нағжан. Мен сонда солардың басы-қасында болған жан емеспін. Жас күнінде Жаяудың өзі айтады екен: «Баласы сол Боштайдың!!- деп айтады, // Білмесе, оны қазақ неге айтады?!»- деп. «Ат биеден туады»,- делінген сөздің мәнісі осы екен: «Тіпті, жаманнан бір жақсы бала шыға қалады. Ол қалай шығады?!»- деп, ойласаң, тапқан шешесі ат туатұғын бие болады екен де, бір жақсымен айқасып, онан айта қалғандай бала туып, ауызға ілініп, көзге түсе бастайды екен. Бұрынғының: «Ұрлық қыл да, мал тап, // Ойнас қыл да, ұл тап!»- дегені босқа кетпейді екен. «Көңілсіз жұмыстан көтсіз бала туады» - дейді. Көті жоқ бала болып бала туа ма? Жаман түкке тұрмайтұғындарды: «Кетсіз бала»,- дейді екен. Көзіміз көрді. Кеше Мұса Шорманбаласы дұшпаны кеміте алмайтұғын жан еді. Қатыны Нағжан ұрғашының барып тұрған қасқа маңдайы еді. Сол екеуін көрген өзіміз кешегі сексен жасқа жетіп өлген Сәкендерді: «Екі қырағыдан су қараңғы қарағы туады»,- деген осы екен-ау!»- деп кеттік. «Ақкеліннің бойжеткен қызы»- деп өлең де айттық. Сөйтсе, өз қатынына көңілсіз жатады екен де, туған бала «көтсіз» атанады екен. Ұзын сөздің қысқасы: ішетұғын ас емес, жейтұғын тамақ емес - с...п с...к төгетұғын шылапшынды: «Анаған адал, мынаған арам!»- деген сөз - орынға тұрмайтұғын, ақылға сыймайтұғын сөз. Қуандықта: Алтай - Қарпықтың Қарпығынан «Әли болыс»- деген, атағын жұрт білген, кешегі Тоқа, Шоң болыс сықылды көп жыл болыс болған. Қанту баласы Бейсенбай Әли болысты бар қосылған жерде: «Шата мұрдар!»- деп айта береді екен. Әр орында бір айтып қоймаған соң:
- Мені «шата»- деп айта бересіз. Әкесі белгілі кісіні шата дей ме екен? Мен кім баласымын, айтып беріңіз!- дегенде, Бейсенбай айтыпты:
- Өзің іште жатырсың, шешенді кім с...кенін қайдан білесің? Жаман Құлшомбайдан сендей бала туа ма? Сен Кенесары - Наурызбайдың Наурызбайынан пайда болған баласың!- дегенде, Әли болыс:
- Онда әкем жаман кісі болмады ғой !- деген екен.
Төменгі Алтай: Әлике - Байдалының Байдалысынан «Ажақай-Жүсіп» атанған кісі шықты. Заманындағы қариялар Мұны: «Кенесарының баласы!»- деседі екен. Мұның әкесі – Сүйін - Жарқынның Жарқыны Шоң би өзі барып, құда түсіп, немересі Байжанға Жарқынның қызын алып берген. Сол Жарқын - өзі бай, өзі мырза атанған, Кенесарыдан тізе айырмай, ауылды болып отырып, Кенесары қырғызға қолға түскенде, бірге түскен.
Атағы, даңқы қырғызға бұрыннан мәлім екен:
- Сүйін - Жарқынның Жарқыны сен болсаң: «Қыдыр қонған бай!»- деп естуші едік. Ат-тон берейік, елің тап! - дегенде:
- Жасымнан жолдас болып едім. «Құтылдым ғой»- деген кісідей, қайдан ел іздейін?! Тіріде тілеуім біріккен жолдас едік. Өлсем, молам бірге болса, болады!- деп, қалған өмірін қырғыз ортасында болуға қиған жан. Онан кейін де көп жасап өлген. Бұрынғыларда осындай татулар болады екен.
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады,
Қар қартайса, бибі болады.
Ұры қартайса, сопы болады,
Шешен қартайса, мылжың болады,
Ер қартайса, қылжыр болады.
Мылжың болған күніміз. «Естіген құлақтың жазығы жоқ»- демей ме? Естігенімді арқалап кетуге «Атаукере, көр көбін болмайды.» Періште: «Не естідің, не білдің?»- деп, менен әңгіме сұрамайды. Жаңабатыр ішінде Әуез, Нияз деген бір атасының ұлы болды. Әуез баласы: Шалабай, Жұртыбай. Сол Шалабайдан Имамбай деген туды. Өз тұсында Айдабол - Күліктің бір пысық, ширақ жігіті болды.
Сол айтушы еді:
— Әкем Шалабайға разымын. Бірі - шешемді қорымады. Мен Қантайдың баласы екенмін. Бірі - бала күнімде Торсықбайға жылда бір қой жетектетіп жіберуші еді: «Батасын ал!»- деп. Мені Имамбай атандырған - Шалабайдың шатасы, Торсықбайдың батасы!- деуші еді. Өлеңтінің Ажысындағы: Қаржас, Күлік балаларымен өмір бойы ұстасты. Күліктің арамтамақ боққа тоймайтұғын болыстары: Жайылиік, Оспан екі болыс ел болып жатыпты: «Қамшыр» атты.
Құдай Имамбайға рахмет қылсын! Ана екеуіне не қылса, өзі білсін!
ЖЫЛҚЫ ДАУЫ
Қазақ орысқа бағынбай, қарамай, малша бетімен жайылып жүрген күнде Қуандық, Сүйіндік бірыңғай, Қаракесек жеке өзі бірыңғай екіұдай боп жауласып, бірінен-бірі жылқы қуалап алысып жүреді екен. Сонда Қаракесектен қорыққандықтан Қуандық, Сүйіндік жылқысы тоқсан қос жылқы Нұра бойында, Жауырбұғы, Ботақара, Шешенқара, Өткелсіз, Шейлі деген жерлерде жатқанда, Қарсынкерней - Жарылғап балалары: Сәдібек, Жәнібек, Қырбас, Баубек - үш жүз кісімен келіп жылқыға тиді. Үш жүздің бастапқысы -Ескенбай батыр екен. Сонда Алтайда аты шыққан батырлар: Есенкелді, Алшағыр екеуі тізе қосып, бас айырмай жылқыға жау тисе айырамыз деп қанжығаларында кетпен, шот, қайла, түлкі, қарсақ, күзен, ақ тышқан аулап жүр екен. Сол екеуі келіп, үш жүз кісіні қойдай иіріп тұрып қырды дейді. Батыр басы Ескенбай жайрап өліп қалған соң, қалған-құтқаны басын құрттап қашып құтылды. Сол қашқанның ішінде Қырбас, Баубек қолға түспегендіктен, әрең құтылып үйіне барса, Алшағыр әкесі Ерназар үйінің төрінде отыр екен. Отырған себебі алдында Қаракесек жылқы алып, Ерназар соны даулап, бітім -тынымға барған екен де: «Бұлар алдыңғы жылқысын даулап жүргенде, үйдегі қалған жылқысын түп көтере алып келейік!»- деп, желігіп аттанған екен. Сонда Жарылғап баласы Баубек Ерназарға дүрсе қоя бергенде, Жарылғаптың бәйбішесі, Баубектің шешесі қазан сапырып, түрегеліп тұр екен. Нұрекең қолындағы шөмішпен баласын қақ басқа бір салды дейді:
- Батырмын деп атқа мініп, қатын болып қашып келіп, менің қонағымда не ақысы бар бұл шіріктің?! Бұл далаға келген жоқ. Кеше үш жүзге билікті болған әкеңнің аруағына келді. Шок, шоқ қалай екен?! Аруаққа келген аруақты елемей кеткендігіңнің сазасы. Өздеріңнің өлмей аман келгендігің, қыдыр болған қонағымның батасы. «Былшылдамай мұның сұрап келген малый түгелдеп алдына салып, ырза қылып қайыр»,- деп, бәйбіше бітім бергізіпті. Сондағы Ескенбайдың өлген жері - Өткелсіз шилі де жер аты болып қалды.
Қаракесектен шыққан ақын Тоғжан қыз бен Төртуылдан шыққан Сақау ақын айтысқанда:
Не дейді мына кәрі күң Құдай ұрған?!
Сен бе едің қонысыңнан желмей тұрған?!
Ақтауды Өртауменен бірдей алып,
Кернейді Алшағырым қойдай қырған,-
дегенде, Тоғжан бұған дәнеме тауып айта алмай, сасқандығынан байлыққа түсіп кеткен.
БЕГІМ ШАЙХЫНЫҢ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ
Қажыға жеті барған, Абылай ханға пір болған, Бегім шайхының бір құрдасына екі қатын алғанлығына сөйлеген тезкіресі (кересі)
Досытларым, жаранларым,
Күйдім хатунның дүрдіден,
Көбдүр ханым арманларым.
Күйдім хатунның дүрдіден,
Алдым өзім екі хатун.
Мұсылманға нан қой мас бүтін,
Отыны жақсы қылар түтін,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Мұсылман келсе, иман көрер,
Баласына қарғап, ұрар.
Тәктігінше сөзлеп тұрар,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Сөзлер дәмменен зият сок,
Ем болар (болыр) халықтан ұят.
Ұрсам қылар дат піp иат,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Сөксем айтар сөз ламаш
Ұрсам айтар, уай, қарақшы,
Кәр қыл дүр әнге (аңа) қамшы,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Ұр, әй, десем башлығыны,
Бәрі қылар ұрғашылығыны.
Үйде қоймас ащылығыны,
Күйдім хатунның дүрдіден.
Молдаларға елтіп (ертіп) берер (берүр),
Билермен (білермін) кім жаду қылар.
Қолдан келсе өлтүрер (өлтірүр),
Күйдім хатунның дүрдіден.
Ac пісірсе, қылар сұйық,
Нан пісірсе, қылар (...).
Еш қылмас (қылмыс) дүр (мінгестік),
Күйдім хатунның дүрдіден.
Айтсам келмес, қасақанама(қашақана),
Түз һәм салмас, асқанама(ашқана).
Я, ыстық қоймас, басқанама,
Күйдім хатунның дүрдіден.
ЖАҚСЫ ҚАТЫН (ХАТУН) ХАҚЫНДА АЙТҚАН ТЕЗКІРЕСІ
Пақыр дүниеде маһырбан хатундай,
Нығмет бар ма екен?!
Өпсең қылар жанын құрбан,
Хатундай нығмет бар ма екен?!
Хатуның болса мыс төре,
Сен боларсың мысал (мешел) төре.
Барып шариғат діннен сұра,
Хатундай нығмет бар ма екен?!
Хатуның болса бай қызы,
Маһы табан болса жүзі.
Дүрдіге дүрман әрбір сөзі,
Хатундай нығмет бар ма екен?!
Хатун бірлан үйің абад
Өпсең жүзі қазынбат (қындынбат).
Және бірін айтсам ұят,
Хатундай нығмет бар ма екен?!
Хатунлы үй мысалы шаһар,
Fұмыр табар ізден баһар.
Хатунсызының ащы заһар,
Хатундай нығмет бар ма екен?!
Бұл кісінің ауладау үрім – бұтағы - Молда Жәдігер ішінде, Мейрам елінде Сұлтанқожа, Дәулетқожа балалары. Сейітахмет Дәулетқожа баласы- қияметлік бір достасымыз еді. Ташкентте Бесағаш махалласында Әбілқасымхан ишан мешітінде бір қыс бірге тұрып едік. Кенжебай молда, Омар қожа, Сұлтанқожа баласы ноғай Ләшіммұхаммед Ахметов.
БАЯН ӨҢІРІНЕ ДІННІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ
Қарадан хан болған Едіге баласы Шоң би қой жылы өлген. Сол жылда туған балалар: Хасен Боштаев, Жантемір Еркебұланов. Келер жылы мешінде Жұт болған, жұрт жұтаған. Сол жұттың аты: «Қу мешін»- аталған. Осы айтылған «қойдан»- жиырмасыншы қой жылында Қызылтауда: «Ашамай тас»- деген қыстауда уалла ғылым ережеп, әлміржіп айында жұма күн - уақыт бесінде жалған дүниенің жарық жүзіне келгенбіз. Сонда Ізден абыз деген ғазиз:
- Бұл шырағым күндердің қожасы күні атамыз Адам Ата жаралған күні туды!- деп, азан шақырып, қамыт айтып,- Аты «Адам Иүсіп» болсын!- деген екен.
Атамыз марқұмның жылы Барыс еді, қырық екі жасында, анамыз марқұмның жылы сиыр еді, он сегіз жасында түңғыш көрген перзентлері біз пақыр болған екенбіз. Күлік: Тоқпан баласы Самай абыз қажыға сол жылы кетіпті. Баянаула қаласынан Байжан хазірет қажыға сол жылы кетіпті. Әкімбек әкесі Алдабек Мешітбаев дүниеден сол жылы қайтыпты. Сол қой жылы туған екі бала: Самайдың немересі - Әбділда хазірет илан Мәшһүр Иосиф. Бұлардан басқа да қанша бала туған шығар. Бұл Мұса, Секербай заманында Құлболды, Қаржас жұрт алдына түсіп, көзге бір көрінді. Сонда көзге қалай түскендігін сөйлейік. Заты, тегі Ұлы жүз:Үйсін - Ошақты еді. Бұхарай - Шәріптей шаһардан Халпесин деген ғазиз ерден патха алып, Қоңырбай деген халфе Мұса, Секербайдың даңқына ғашық болып, Сарыарқаға келіп, Баянаулада Қызылтас деген жерде халфелік дүкенін құрып, мүрид басларды башларды сонда Қаракесек, Сүйіндік тегіс құлап алдына жиылды. Сондағы Қоңырбай халфенің қылған іслері (істері) мұғжиза болды. Мұғжизаның мағынасы: «Басқа кісі оны қылудан ғажиз үш жүздің баласы қазақта Бұхара, Ташкенттей шаһарда көргенім жоқ. Бұл кісінің қылған ісін қылған жанды естігенім де жоқ!» Үшата - Қозған: Шыңқожа баласы Шақпақты жалдап, өз үйі, қонақ үйінен басқа намаз оқу үшін - ұзыны жетпіс кез үй салдырған. Күйген кірпіштен жеті пеш салдырған. Үш жүз қасық жондырған. Рамазан шәріптің ақырғы оның да даһаға отыру үшін жүз қой, алпыс ірі қара сойдырған. Құдайдың келтіргені болса, Мұның үстіне соя береді. Сонда даһаға келушінің ең алды - Сары: Қыстаубай абыз келген: жиырма кез ақ, жиырма кез сиса, бір еркек қой, бір қап құрт, бір қарын сары май, үш пұт ақ ұнмен. Мұнан да көп алып келушілер бар. Қаракесектен бір барғанда, сексен қара, үш жүз қой, ақ кигіз, шапан - шапқаттың есебі жоқ. Құдайдың құтты күні үш қазан астырды. Біреуінде -қой майлары, біреуінде - жылқының қазы - қартасы, біреуінде - омыртқа, қаракесек етлер еттер. Он екі ақ шайнек демдеулі тұрады. Бір тай жүзген қазанға қара су қайнатулы, самауыр жиырма шақты десең бар. Ертеңнен кешке шейін қазан оттан түспейді, самауыр ішуден босанбайды. Қазақ бейшара тамақ үшін құл болған сорлы тайлы-таяғына шейін қалмай, халфеге бала болып, бәрі оразашыл болып кеткен. Мамай, Жабай, Жаманбалалар,-үйірімен ас та тек бір заман болған. Асау үшін, ішу үшін, тамақ үшін барғанлардың бір-бір дорба қолтықларында, ет - май, құрт - нанларды үйлеріне төбе-төбе қылып кешке таман әрең көтеріп қайтады. Құдай үшін, сабақ үшін бала болғандардың бәрі әулие болды да, тамақ үшін бала болғандар мойнына қап салып өтті. Бәрін көз алдымыздан кешірдік. Біріт- қожа, бірі - қара: жемтік адағыш болды. Жалғыз азан айтып, айғайлап, бақырып, қарап тұрған жоқ. Жылқы да бақты, ағаш та тасыды, жанын аямай қызмет қылды. Халфеден соң, өзі жұртқа пір болды. Бектур қазаншы болды, үсті-басы май-май болып, майдан екі көзі ғана жылтыраушы еді. Ол Бектұр да халфеден кереметті сахиб діл нал Аллалардан болып, баласын «Мұса қожа» атандырды. Құрттай күнінде өзінің баласы Мұсаны «кішкене Жантемір»- деуші еді. Айтқанындай болды. Баянауланың бауырында Шаншан деген жерде Ғайсабек ишан Мұратқожа баласы орнап, дін көтерген - Сарықұсан баласы Қыстаубай абыз. Бұл Ғайсабек ишанға қызын нәзір қылып берген. Ишанның қырық бес жасында туған Қырық бес мағзұм Қыстаубай абыздың жиені - Мал қозы: Басыбектің Сұлтанбегі. Оның үстіне ол кісі һәм қызын нәзір қылып берген. Оны және алған. Оның үстіне Күлік ішінде Күлқожа қызын нәзір қылып берген. Және басқа қыз берушілер де болған. Бұл Ғайсабек ишанға - Бауыр Қанжығалы, Ереймен, Ақкөл, Жайылма, Сілеті бойы,- Омбыдан бергі жер түгелімен мүрид, міхліз болып, бала болған. Әсіресе Қарабұжыр, Тентек аса ықылас қойған ел. Бірі - халфе, бірі ишан болып тұрғанда, Жолбарыс диуана, Шалбай диуана- екі диуана Ғайсабек ишанға қонақ болып отырғанда, Ғайсабек ишан сұрапты:
- Диуанам, Қоңырбай қалай, мен қалаймын - мейман күтуге? - деп.
Сонда диуаналар айтыпты:
- Халфекемдікі - төпелеме, сіздікі - сипалама,- деп.
- Рас, рас! - деп, ишан қарқ-қарқ күліпті.
Бұлардың үстіне Қиғаш қожабаласы Иосіп Жүсіп ишан, Ташкентлік Әбілқасым ишаннан хатаршат алып шығып, Тайкелтір: Байтоқтың қызын алып, Желтау деген жерде сілок жолын жүр кезіп мүрид башлады. О да өз әлінше дүрілдеп, «Иүсіп ишан» атанып, көп жұртқа мейманхана болды. Мұның үстіне Атығай ауылында Файзолла ишан Түркстанлық Шыныхалсілам тобынан жария зікір башалап, бірталай жұртты бұқаша күжілдетті. һуадалла халфе Қаракесекте мүрид башлап, жұрт дінге біртүрлі артық ықыласлығы болып көтерілді. Бәрі Мұса, Секербай заманы еді. Баянаула қаласына Қамардин ахонды орналастырып, Мұса мырза қырық тоғыз жасында өзі Мұхтасар, Луқая илан тәпсір тәбианнан сабақ алып, Мұса бас болып оқыған соң, Сүйіндіктің жасы - қуы, жастары мұрыны тесілген тайлақтай елпілдеп, кәрілерінің үкінің жүніндей сақалдары желпілдеп, бір-бір кітап қолдарында теп-тегіс Құдайдың бұйырған жолдарында болып, осынша дуагөйлерінің Аркаға келуіне себеп - Мұса, Секербайдың даңқы болып, Мұса, Секербай төбесіне көтерумен халық жұрт шынымен құлап көтеріп алып кеткенліктен, сондай бір жақсы (иахшы) заман болды. Бұл - Мұса, Секербай заманындағы ерлердің қылған істері (іслері). Айдабол-Қарақозы-Айтуған-Құрамыстан шыққан Құрманбай абыз – Сасық – Қуырдақ -Байқонақтың баласы. Байқонақ, Тәмеңке тізе қосып, ұрлық қашумен жұрт аузына ілінген қып-қызыл ұры. Сонан туған Құрманбай абыз ата малынан безіп, өз руынан туған ағайынынан қашып, Айдабол - Сары ішінде Қосанбаласы-Қыстаубай абыздың қасына барған. Сонда Қыстаубай абыз - үш жүз қойы бар екен, ақыреттік дос болып, жүз елуін берген. Жүз елу жылқысы бар екен, елуін Құрманбайға берген. Сонан соң Мұса мырза жұрт үстінен: «Қажыға барыңыз!» - деп, Құрманбай абызға мың теңге жиып берген. Қызылжарда ұстазы һәм пірі болған Сейфолла хазірет:
- Бұл пұлмен қажы бару жарамайды!- деген соң, сол мың теңгені өзі дәнемеге жұмсамай, Мұса мырзаның өзіне қайта әкеліп берген. Сонан соң Мұса мырза:
- Өзіңізге болмаса да, балаларыңызға мұра болсын!- деп, бір қаржасқа беріп, «Тайжеген» - деген қыстауды алып берген.- Айдабол ішінде болмай, өзіме іргелес, қоныстас жерде болсын!- деп.
Ақкеліннің оңтүстігінде көрініп тұрады. Өз заманында бір Құдайдан басқаға мойыны бұрылмай кеткеннің бірі болған кісі - осы Құрманбай абыз еді. 0л кісі он үштен асырып қойды қолына ұстамай кетті. Неше қыз болса, он үшінде ұзатуменен болды. Жазды, күзді, қыстауда жалғыз қалып, ел - жұртқа үйір - шүйір болмастан кеткен бір жан осы кісі еді. Өз көргенімізде, Мұса , Секербай заманында торышолақ ат пен Тұяқ деген жолдаспен қырық бір жасында Ошақты - Қоңырбай халфе Арқаға келген Бұхарай - Шәріпте халфе Хасенбаласы Ғабдастар Мағзұмменен бес жыл қызметінде тұрып қайыр - патихасын алып шыққан мүмин ахон Сағындық ахоннан тағлым алған. Осыны жазып отырған Мәшһүрден бір мүшел бұрын келген кісі екен... Бұхарай шәріпте болған пірі Ғабдастар Мағзұмға жүз қошқар, алпыс кесек ақ кигіз апарған. Бәрі - қазақтың малы, қайран елдің байлығы. Қаракесек - Баймұрын мырза Өлгенде, баласы Ақай підиесіне жетпіс «тоғыз» байлаған. Тоғыздың» басы - ат пен түйе.
ІЗДЕН АБЫЗ, БОШТАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ
Күлік ішінде сіңісті болып отырған Жағалбайлы Ізден Достың апасының аты - Арда. Бұл Арданың байының аты - Қуандық. Қуандық, Шапа ағайынды екеуі (Байшығаш) болған. Аға сұлтан дуанбасы күнінде Боштай ылау мінемін деп, ылаң атқа таласып, орыс төбелес қылып, сонан Арда өз бұрымын өзі кесіп алып, Ізден Досқа барып, олар бата оқырда қымыз ішіп мас болып отырғандар қырық бір кісі «Боштай қайда? - лап» - тұра аттанып,Қарағайлы шоқы маңайында Күлік - Самай сопы ауылында жатқан Боштайды бара таяқтың астына алып, сонда Боштайдың ел қорқыту үшін алып жүрген орыстары: «Кенесары келіп қалған екен!»- деп, іннен - інге тығылып, тапқан Боштайды таба алмаған жерді ұрып, Қалдыбай деген отта жатқан қайыңның шаласымен Боштайды басқа періп қалғанда, маңдайынан бұрқ ете қалып, айдай бетіне алақандай жарқырап таңба түскен. Күлік - Қодан Боштаймен құрдас екен. Соның бұтының арасына Боштай кіріп кетіп, ол басып отыра қалып, жаны қалған . Ішкен мас, жеген тоқ, ыңғай ыстық мұрт Бұқабай әкесі Мұстафа,- бұлар да таяқ жегендер:
- Ел бетін не деп көреміз, жұртқа не бетімізді айтамыз?!- деп, жерге кіріп кеткендей болысып қайтқан. Елдеріне барған соң, Ізден - Досқа беттей алмай, Жағалбайлылардан жылқы алдырған. «Жаралыларды қазыға бөлейміз»,- деп Шапаның түп көтере жүз қаралы жылқысын алып кеткен. Тұрлыбек заманы Ізден - Дос қара торылы жылқы, қызылды қойға толықсып, лықып тұрған күні. Айтыс-тартыс зорайып, Боштай орысқа қадірлі, орыс айтқанын екі қылмайды. Қыс ішінде қырық орыс шығып, Қызылтаудан Дос байды бас қылып, Боштайды сабағандарды ұстатып, көгенге тізгендей қылып, Баянаулаға алып келген.
Еліне ұйтқы, құт болып тұрған Досбайды орысқа байлатып, айдатып Күлік үйінде отыра ала ма, өкірген сиырдай Самайы, Тұрсынбай бас болып, Күлік көтеріле, жанды еркегі үйінде қалмай Баянаулаға келген. Боштайды сабатып Айдабол отыра ала ма, Айдабол да тайлы-таяғына шейін қалмай жиналған. Сүйіндік болып бас қосып, жарастырып, елдестіру жағын сөйлеген. Тұрсынбай батыр:
- Құлынында байланбаған, тайында күзелмеген, құнанында жүген - құрық тимеген, баламның айдай бетіне алақандай таңба салып, сол аттана шапқан қырық бір кісінің бір-бір бармағы кесілмесе, бітім жоқ,- деп, отырып алыпты.
Сонда Ізден абыз сөйлейді дейді:
- Тақ Сүлеймен адам менен жынды, аққан су мен желді, ұшқан құс, жүгірген аңды түгел билеген екен. Құмырсқаның патшасын сөйлесемін деп шақыртып алған екен. Сонда құмырсқаның патшасы:
- Иығыңның үстінен, құлағыңның қақ түбінен орын берсең, сөйлесемін,- деген соң, Тақ Сүлеймен оны иығына шығарған екен. Сөздің мылжыңын қойып, тұрғысын айтайын. -Желмен ұшып жүретұғын болдым деп мақтанба. Қаңбақ та желмен ұшып домалайды. Бар маңызың қаңбақтай-ақ болғаны, оның несін мақтаншы қыласың? Бармақтың қаралдысындай бір басты қолыңа салсаң, Сүлейменсің. Ол жоқ болса, пілейменсің (тілейменсің). Барлық құны бармақтың көлеміндей тас, болған бақыттың бақыттыққа не сәні бар? Оның несін мақтаншы қыласың? Мақтансам, мен мақтанайын. Құдай басымды зор жаратты, ақылым көп, белімді қылдырықтай қылды. Қанағатым зор, ішпей - жемей қарным тоқ. Бөксемді жуан жаратты. Өзімнен зорды көтерерлік күшім көп. Көп мылжыңдамайын. Осы сағатында сенен менің асқандығым мынау, сен пенде қолынан жасалған таққа мініп, бақыттымын деп отырсың. Мен, міне, Құдай өзі құдірет қолымен жасаған, сені табанымның астына басып, тақ қылып отырмын,- деген екен. Сол айтқаныңдай - ақ бақ деген - бір қу таяқ, өз бетімен тұра алмайды. Оған сүйенуге қадірлі құтпен, дәулет керек. Бұрынғы айтпады ма:
Бір түйеде екі өркеш,
Бірінен соң, бірінің күші жоқ.
Бір биеде екі емшек,
Бірінен соң, бірінің сүті жоқ.
Түйе болса, екі өркешіндей, бие болса, екі емшегіндей: Айдабол-Күліктің баласы емеспіз бе?
Аққу азса, қанатын суға бүлер,
Құлан азса, тұяғын құмға бүлер.
Әкім азса, сұмдығы жұртқа тиер
Артынан көп кешікпей жұрты бүлер.
Қаршыға қыран болса,
Айдын көлден үйрек ілер.
Бозбаладан би қойса,
Жұрты бүлер.
Ұлығы бозбала болса,
Халқы қозғалақ болады,
- деген.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салар,
Күң құтырса, көтіне бармақ салар,
Ит құтырса, аласұрып иесін талар.
Жұрт құмырсқадай болса,
патша пілдей болса да, басып өтпесін!
- деген екен.
Сонда Боштай кітап қарап отыр екен:
- Сол аттанғанда айым сапар деген бар ғой. Өзіме сот, өлмегеніме шүкір. Міне, абызеке, тастадым, - деп, жүгіріп келіп абыздың қолын ұстап, алдына отыра қалған екен.
Сонымен жұрт мәре-сәре болысып, Үркер мен Айдай ауыл, үй қонысып, тарқаған екен. Жағалбайлы - Қуандық Шапаның жылқысының бодауына Тұрсынбай батырдың Қосаяқ деген тоқалынан туған Тілеу деген қызын Шапаның баласы Бекбайға атастырып, бітім -тыным болған екен де, «Құдық көзі шыммен тоқтайды, // Дау аяғы қызбен тынады»- деген сөз сондайдан қалған екен. Кім болса, ол болсын: «Боштай елді!»- дегенде, «Дау өлді десейші»- деген екен. Сірә, Боштай тірісінде жұртқа - ауызын ашытқан бұрыштай тисе керек.
Бұрынғы заманнан айтылып жүрген бір сөз бар:
Қырда Боштай он үй болмайды,
Шорман он үй болмайды,
Ойда Қазанғап он үй болмайды,- делінген.
Сол Тілеу деген қыз өмірінде пұшпағы қанамай, Бекбайдан соң төркініне қайта барып, Жағалбайлы Шалабайға тиіп, соның қолында өлді. Самай ауылынікі: Жантоқаның келіні, Төстікбайдың (Түстікбайдың) қатыны - Шона бәйбіше айтып отырушы еді:
- Сол күнде біз жаңа түскен келіншек күніміз еді. «Кенесары келіп қалған екен!»- деп қазақ-орыстар төсағаштың астына, сабаның артына қорғалады,- деп.- «Бір Қалдыбай деген отта жатқан шаламен Боштайды басқа періп қалғанда, қан бүрк ете түсті. Сол Қалдыбай өзі көп жүрмей, қыршын жас кезінде өліп, тұқым - жұрағатсыз кетті,- деуші еді.
«Боштайға қолы тигендер бір де - бірі оңбады», - деп, жұрт аңыз қылды деуші еді.
АҚЖІГІТ ПЕН ІЗДЕН АБЫЗ ӘҢГІМЕЛЕРІ
Арғын ішінде – Құлболды – Күлік – Тілеуімбет - Бесімнен кейін - Л.Ж. Ақжігіт, Жанжігіт болып ауызға ілініп тұрған күнінде, Ақжігіттің қызы өз күйеуімен қашып кеткенін естіп, Малай - Жәдігер, Қойлыбай - Шағырай Шағырайдың немересі - Үмбетай баласы Есқара би көңіл айта келді дейді:
- Бұрынғылар айтушы еді: «Қыз ұзатқан, қырғыз шапқанмен бірдей»- деп, жасаусыз қыз ұзатыпсыз! Алғыш деген әкесін, ақ сүт берген шешесін иненің жасуындай ойға алмастан жүре берген, оның мен алдын не қылайын? Арты сізге қайырлы болсын! Құдай берген адам екенсің? Ырысыңа қой түнетсе де болар. Кетейін деп кеткен жоқ шығар. Сенің қаспағы қалың ырысың да, күйеудің қалың соры да о баланы ықтиярсыз өз үйінен өзін кетірген,- дегенде, Ақжігіт Есқараға ырза болды дейді:
-«Ат төбеліндей жаман Малайдан не қылғанда би туатұғын болды?»- деп, жақсылықты анық саған қимай жүруші едім. Сөйлеген сөзіңді ұнатып, тілінді тәтті көріп, Есім, біздікіне жүрші,- деп, үйге ертіп келе беруші едім. Сен Құдай анық би қылып жаратқан жақсылықтың өзі екенсің. Жаңа мойын қойдым артық жақсы екендігіңе!- депті. Ұлытау, Кішітаудан, Баянаула, Қызылтауға жұрт қопарыла аумақшы болғанда, Бесім балалары Ақжігіт, Жанжігітке:
- Биылша көшпеңдер. Менің биыл өлетұғын жылым. Мені осы Ұлытауға қойып, ендігі жыл көшіңдер,- деген екен.
Балалары:
- Жұрт қатары бармаған соң, жерден құр қаламыз. Алдыңғы барған ел жақсы жерді тандап алып қояды,- депті.
- Ендеше мені ол барған жерге көмбеңдер. «Сөрелеп қойып, сүйегімді осы Ұлытаудың басына aп келіп қоямын»,- десеңдер, көшулеріңе рұқсат беремін,- депті.
- Бұл - Асан қайғы шыққан төбе. Баласы жалғыз жетім Жаналыға өсиет қылған екен. Әз Жәнібек: «Не қалайсың»- десе, осы Ұлытауды сұрап ал, қоныс қыл. Күндердің күні болғанда, осының басына қойылған жан кәуірдің аяғының астында қалмайды,- деп,- Және мұның басында тұрып қарауыл қараған жанның бақ-талайы жоғары болар,- деген екен.-Алаша хан да мұның басына шыққан соң, Алашқа билікті бөліп, Ер Едіге де мұның басын ұнатып, заманында осыны қоныс қылған екен. Солардың қырым (қадым) жайы болған. Мұның басында Ақмешіт әулие деген әулие бар,- деген екен.
Айтқанындай қыс ішінде Қызылтауға келіп, Ащамай тас деген жерде Қаржас -Алтынторы: Боқты деген отыр екен. Соны кешіріп, жұртына қоныпты. Өз ажалынан Бесім өліп, өсиеті бойынша балалары Ұлытаудың басына, өзінің айтқан жеріне апарып қойып, көп заманғаша «Бесімнің бес саласы» - атаныпты. Бұл күнде «Тілеуқабыл дарасы»-делінеді. Бесім деген кісінің дене топырағы сол Тілеуқабыл дарасының ере басында дейді. Боқты, Шүрек - Дербісәлі балалары. Шүректен - Шүдір (Шүрүр), мұнан - Қопай- Шорман биге бастас болуға жараған. Ақжігіт абыз Сыр бойынан Алакөл, Бозкөл деген жерден Оспанқұл әшдүр деген қожаны алып келіп, ағасы Жанжігіттің бір қызын, інісі Қармыстың бір қызын, екі қызды екі тоқты орнына жұмсап, қожаға құдайы қылып беріп: «Мектеп басыңыз!»- деп, үйінің сыртына ақ қос тігіп, бала оқыттырған екен. Олардан қыз беріп жүргені, өзі перзентті кешігіп көрген екен де және қатыны қыз тапқыш болып, қожа ұстап, мектеп, дүкен құрған күнде өзінде ұл да жоқ екен. Қожа ап келіп, мектеп басы беріп, дүкен құрып жүргені: «Өзім оқимын, жұрттың баласын оқыттырамын,- деп,- Құдай үшін!»,- деп қылып жүрген жұмыс екен. Қазақтың алғаш керген оқуы болғандықтан, жұрт құлай жығылып, баласын шатырлатып оқуға бере бастапты. Қазақта ең әуел қожа орнатып, бала оқытуды бастаған осы екен. Біздің бала күнімізде Қозған - жиырма ұлды Райдан туған Тай баласы Иманқұл молда осы сөзді сөйлеп отырушы еді:
- Оспанқұл әшдүрден сексен төрт бала оқыған едік. Ол кісіден сабақ алғанның бәрі абыз атанды. Сонда абыз атана алмай қалған Күлік: Қосқұмбай молдамен екеуміз - ақ,- деуші еді.
Өтеміс абыз, Елен абыз, Мәстек абыз, Керей - Жанай абыз, Керейіт - Шонай абыз, Ақкөл абыз. Ол күндегі абыздарды айта берсе, ұшы - ғұйыры жоқ. Сонда қожаның оқытатұғын оқуы, абыздардың бар үйренген сабағы - бес құран, намаз сабағы. Мұнан артық оқуды қожаның өзі де білмейді. Әзінің жатқа білген оқуын жаттатып үйретеді. Абыз атанғанның мәнісі - бес құранды жатқа біліп, бес намазды артынан әдет қылып оқығандығы. Ол заманда баспа деген атымен жоқ. Жазба бүтін құран қазақ түгіл қожаның өзінде жоқ. Бұхара, Ташкенте жазылып, мұқабаланбаған бес құран, қазақ ішінде жалғыз, жарым келсе, оның басы - саудасыз бір ат. Бұрынғылардың бір атқа баспа-бас алған бес құранын - Ізден абыз орнынан, Самай абыз орнынан кезімізден көрдік. Баспа деген - біздің бес-алты жасар бала күнімізде шыққан баспа - көк құран. Алғаш қазақ ішінде баспа-бас бір ат, не он бес есек, тұсақ. Өз әкеміздің он бес есек, тұсаққа алған көк құраны орнында, бүтін, әлі бар. Бес құран баспа болып шыққанда, баспа-бас бір бойдақ қойға сатылды. Кәзімбек баспасы, сопы Алдияр баспасы - бір бойдақ қойға сатылды. Бір бойдаққа баспа-бас алынған сопы Алдияр өз орнымызда, бүтін, әлі бар. Баспа һәфтек (һәфтиек)- қозылы - қойға сатылды. Алғашқы көрген баспамыз - Кәзімбек баспасы. Қисса Аланбия - Кәзімбек баспасы, сопы Алдиярт – Шархи - оларды сатып алуға көзіміз көрді, қолымыз жетпеді. Үйінің сыртына ақ қос тігіп, Ақжігіт абыз өзі бас болып жұрттың баласын шулаттырып жатқан кезде өз баласының тұңғышы қыз бала екен. Аты - Зарауқа, онан кейінгілері -Үйелмес, Сүйелмес бірыңғай, Дана, Дәме, Ұмсындық, Жаңылдық. Бір күні Ақжігіт абыз намаз оқып отырса, орпа - шорпа әйел балалар от басында қуыршақ ойынын ойнап отырып, сегіз жасар Зарауқа төрт ши шаншып, төртеуіне намаз оқытады. Бірінің атын - Құлмүхаммед, бірінің атын - Сермұхаммед, бірінің атын - Досмұхаммед, бірінің атын – Жыланмұхаммед - деп атайды.
Ақжігіт абыз намазын оқып болып, өз қатынын «құдағи»- дейді екен.
- Құдағи, сен балалардың ойынын сездің бе? Зараукажан жақсы лепес қылып ойнасады. Оң ойнап отыр-ау, қарашы, әне, қадап қойған төрт шиді. Сен төрт ұл табады екенсің. Осы төрт атты қояды екенбіз. Бала - жер періштесі,- деп бұрынғы айтқан. Баланың аузы -періштенің аузы ғой,- деп ырым қылыпты.
Айтқанындай, «құдағи» кідірмей бір ұл тауып, атын - Құлмұхаммед қойып, оның артынан бір ұл тауып, атын - Сермұхаммед қойып, оның артынан бір ұл тауып, атын -Досмұхаммед қойып, сол шағында Ақжігіт абыз қырық тоғыз жаста екен. Ел жайлауда, Қыздың Қарасуы - Шүртек, Қарғай деген жерлерде екен. Бір жақтан жолаушы келе жатып: «Енді бүгін ауылға жете қонамыз ғой, ат шалдырайық»,- деп түсе қалып, жантайып жатып ұйықтап кетсе, көзі ілініп кетіп, түс көріп, ояна түрегеліпті.
- Әне, менің жирен жорға атымды алып келіңдер. Жаңа көзім ілініп кеткенде, мен бір түс көрдім. Сол көрген түсімнің қабылдығына астыма мініп жүрген атымды айттым құдай жолына.
Түсім сол - ұят жерімнің басына көк кептер келіп қонып отыр екен. Ол ұжмақтың құсы еді. Мен өлемін, мені осы түс көрген жеріме қойыңдар,- деп, атқа міне ауыра бастап, үйіне келіп түсісімен, басын жастыққа қойыпты. «Құдағи(ы)» екіқабат, аузы - мұрнынан шығып отыр екен.
- Мына ішіндегі еркек бала болып туар, атын - Ізмұхаммед қойындар. Менің ізімді жоғалтпас - ты.
Кідірмей опат болып, өзінің өсиет қылған жеріне апарып қойыпты. Өзі өлген соң, құдағиы еркек бала тауып, атын - Ізден қойыпты. Ізден абыз ат атаныпты. Ендігі жыл ел жайлауға келгенде, ауыл-аймағы басына бата қыла барса, моласының үстіне үйрек жүмыртқалаған екен. Заманындағы қариялар: «Арты жақсы болады екен!»- деп, ырым қылысқан екен. Айтқанындай - ақ, Ізден, Дос заманында Ақжігіт ұрпағы бір түрлі бай болып, өзінен жақсы кісі шығып, Алашқа билікті болыпты. Іздеймін деген талапкер туған ұл болса, қойған жері - Қоскөл, Сарыкөл маңайы, соған орамдас жер. Сегіз жасар Зараука Қозы-Керейге ұзатылып, онан Мүхаммедсәлім туып, Бұл кісі де заманында Мұхаммедсәлім ахон атаныпты. Мұның білікті кісі болғандығы сондай, Қараөткелден Қызылжарға баратұғын жолдың үстінде зияраты белгілі. Шала бұл күнше шейін Ақжігіт абыздың ұлдан туған ұрпақ, қыздан туған жиен, жиеншар, тұқым - тұқымында оқу құмарлық жын бар. Ең дәнеме болғанда үйде отырғызбайды, оқу -оқу деп қыдырады да жүреді. Ақжігіт абыз өлген соң, Оспанқұл әшдүрді Айдабол - Ботбай бай алып кетіп, жесір қатын, жетім бала, мектеп қайда, дүкен қайда?! Өтеміс абыз Айдабол ішіне үйімен көшіп барып оқып жүріпті. Ізден абыз бала күнінде қашып барып оқып, өзге үрім - бұтағы қарапайым қазақ болып қалыпты. Төрт Мұхаммедтің бірден соңғысы - Сермұхаммед өзі оқи алмай қалып, бала-шағалы болған күнде, бір ауылға бір қожа қонды десе, екі баласын екі қолына жетектеп, қой, қозы, серкешін қоса қабат бірге алып барып:
- Тақсыр, біздің балаларға оқуыңызды үйретіп кете көр,- дейді екен.
Екі інісі - Ізден, Дос екеуі аузынан оты шығып, бай болып тұрған күнінде, олардың ынтымағына көнбей, бөлек жайлап жүреді екен.
Өзі үй-ішіне, қатын баласына өкпелесе:
- Енді мен Мұнда тұрмаймын, Мекке барамын,- деп, азық-түлік қоржынын артына бөктеріп, атына мініп кетіп қалады екен.
Үйден шықпаған, ешқайда жүріп - тұрып үйренбегендіктен, жерде білмейді, ел танумен де ісі жоқ. Екі-үш күннен соң, қайда барып, қайда тұрарын білмей қайтып келе береді екен. Қатынының аты – Әбуалқа - Қақсал: Аманбай қызы еді дейді. Осы отағасының тірліктегі мінезі Қақсал деген елге ұсапты. Ізден, Доспен іргесін біріктіріп отырмағандығы - үйіне Мекке барамын деп кетіп қалып, қайтып келе беретұндығы. Жалғыз-ақ жақсы жері -балаларын қолынан жетектеп, қожа бар деген жерге, ол қожа бүгін қонып, ертең аттанып кететұғын қожа болса да, апармай қоймайды екен. Сонымен өзінен туған төрт ұлдың үшеуі молда атанды. Ең үлкені - Шаншар, Шаншар молда. Бала күнімізде жазған нұсқаларын да көрдік. Онан кейінгісі - өз әкеміз Кепей молда. Кенжесі - Магриб молда. Мыңжасар деген бір баласы:
- Осынша бала бәрі оқып жатқанда, маған не тиеді?- деп, оқу бар жерге жоламайды екен. Оның өзінде де, балаларында һәм молдалық болмады. Жалғыз-ақ оның кіндігінен бір Жазық деген қыз қартайған күнінде оқу құмар болып, көзіне очки (ашке) салып алып, «һәфтиек», «Құран» оқып жүргенін көрдім. Не біліп, не қойғанын қайдан білейін?!
Баяғы Зарауқадан соңғы ұрғашыдан шыққан бір асыл болды. Бірақ өзінен туған ұл-қыз болмады. Бір бала тауып, ол жастай өліп, сонан соң тұрып қалыпты. Қанжығалы: Аққозы - Естай, Қайлан - Естай баласы Тынымбай қажының тоқал қатыны болғандықтан, «Қажы бәйбіше» атанып, сол орында отырып қалды. Бәйбіше балалары -Жұмағұл қажы, өз атасынан артық көріп сыйлап отыр. Ақжігіт абыздың қойылған жері - Қоскөл, Сарыкөл деген жерлерге маңайлас болса керек. Атын ешкім білмей, атақсыз қалған жоқ. Бірақ үрім - бұтағынан оның басына іздеп барарлық ұл тумады. Мұны жазған кісі де алпыс сегізінде сезіп, абайлап отыр. Тұқымына кезбе жын дарып еді. Сол кезбе жындардың бір де - бірі солай қарай қаңғыта алмаған екен.
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Мәшһүр Жүсіптің (Иосиф) Көпеевтің ата тарапынан нысыбы.
Айдабол - Күліктің Күлігі. Күліктің бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалдан: Fақыл, Сексен. Күліктің сексен жасында туған бала болған соң, атын Сексен қойған. Тілеуімбеттің он бес ұлы (ұғлы) ат арқасына мініп, соңына ерген. Сол шақта қарақалмақ Қатысыбан мен қазақ жау күні. Қазақ көшіп келе жатқанда, қалмақтың жасанған жауына кез болып, Тілеуімбет он бес баласымен соғысқа кіріп, өзге ел көшіп қашып құтылып, барлық баласымен Тілеуімбет сонда қырылған. Ең үлкені - Аспантай, Иман: онан тұқым жоқ. Онан соңғысы - Амантай: онан өсіп-өнген кісі белгілі ғой: бірлі-жарымды тұқым бар. Онан соңғысының аттарын анық ешкім білмейді. Жау жолында тірі қалғанын көріп, үшеуін Орманшы: Бапке - Тайлақтың Тайлағы алып қашып құтылған. Бұлардың үрім -бұтағын: Айтқожа, Жаңабай, Күнту дейді. Бірі - бесікте, бірі - кебежеде екі немере жас баланы Күліктің тоқалының баласы сары атты Сексен алып қашып құтқарған. Бұл екеуінің үрім-бұтағын: Бесім, Қойтан дейді. Сол Бесімнің бәйбішесі - Бектік бәйбіше Керей - Қыпшақтың өз ішіндегі Қыпшақ: Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Бұл Бөктік бәйбішеден туған: Ақжігіт, Жанжігіт, Қармыс. Қазақ ішіне қожа, молда, үйір - шүйір болмаған күнде Ақжігіт абыз Сыр бойынан -Оспанқұл әудер деген әулие қожаны екі бауырының екі бойжеткен қызын қалың малсыз беріп, үйінің сыртына ақ қос тігіп беріп, «Мектеп басы»,- деп, бала жиып оқыттырған. Қазақ қазақ болғанда, әуел қожа сақтап, мектеп көтерген кісі - осы Ақжігіт болған. Сонда өзінде ұл жоқ екен, қатыны ұдайымен қыз таба берген екен. Сонда қызының ең тұңғышы -Зарауқа сегіз жасар екен. Онан соңғыларының аты: Дәме, Дана екен. Бір күні Ақжігіт абыз намаз оқып тұрса, от басында отырған үрпе - шүрпе қыздар оттың басына төрт ши шаншып, бірінің атын - Құлмұхаммед, бірінің атын - Сермұхаммед, бірінің атын - Досмұхаммед, бірінің атын - Жыланмүхаммед қойып, намаз оқыған төрт кісі қылып ойнады дейді. Соны Ақжігіт абыз аңғарып, намаз оқып болған соң - өз қатынын өзі «құдағи»- деп шақырады екен:
- Құдағи, сен байқадың ба? Т Біздің Зарауқажан кейінгі сіңлілерін қалай ойнатып, алдандырып отырғанын?! Сен төрт ұл табады екенсің. Осы төрт атты қояды екенбіз. Ал, енді ұл таптың!- дейді.
Айтқандай, бір ұл тапты, атын - Құлмұхаммед қойды. Және тапты: Сермұхаммед қойды. Және тапты: Досмұхаммед қойды. Сол шағында Ақжігіт абыз қырық тоғыз жаста болды. Ел жайлауда отырған кезі екен. Ол уақытта жайлау жерлері Көкшетау айналасы: «Қыздың қарасуы», «Шотаң (Шорташ) қарағай»,- деген жер екен. Ақжігіт абыз бір жақтан жолаушы келе жатып, тал түсте ат шалдыру үшін, бір өзек сайға түсе қалып, кішкене қисайса, көзі ілініп кетіп, түс көріпті.
Ояна түрегеліп:
- Балалар, менің жирен жорға атымды алып келіңдерші! Мен бір түс көрдім, сол түсімнің қабылдығына - атымды Құдай жолына айтқандығыма куә болыңдар! Ұйықтап жатсам, ұят жерімнің қақ басына бір көк кептер қонып отыр екен, ол - жұмақтың (ұжмахдың) құсы. Енді мен кідіріп қалмай, өлсем керек!- деп, аттана тұра келіп, сол күн үйіне келе ауырып түсіпті. Және өзі өсиет (осиатт) қылыпты:
- Мені осы түс көрген жеріме қойыңдар! - деп.
Сонда «құдағиы» екіқабат екен:
- Мына ішіндегінің атын - Ізмұхаммед қой. Төрттің бірі болсын, менің ізімді бассын!-деп, сол іште қалған баланың атын: «Ізден абыз»- қойыпты. Досмұхамеді «Досбай» атанып, Ізден, Достың атын зымыстандағы жұрт біліпті. Керей: Тұрлыбек заманында Досбайдың асын Ошақты көлдің басында берген. Зарауқа деген қызы Қозы (Құры)-Керейге ұзатылып, онан Мұхаммедсәлім деген бала туып, о да өз заманында «Мұхаммедсәлім ахон» атанды. Бұл Мұхаммедсәлімнің зияраты Қараөткелден Қызылжарға баратұғын керуен қара жолының үстінде.
Ақжігіт абыздың өзін түс керген жеріне апарып қойыпты. Келер жылы ел жайлап барғанда, моласына үйрек жұмыртқалаған екен. Заманындағы қариялар: «Бұл - жақсы (ихшы) ырым, арты жақсы болады екен!»- десіпті. Ізден, Дос - заманында бір түрлі жақсы болыпты. Керей: Имансиманның асында Ізден абызды Тұрлыбек жеке қара қылып күттірген екен: соғымын бөлек сойдырып, үйін аулаққа тігіп. Кер енді сен осы күнде сол Ізден абыздың тұқым - жұрағатын! Ақжігіт абыздан туған төрт Мұхаммедтің біреуі - Сермұхаммед. Сол Сермұхаммедтен туған бес ұл: сол бес ұлдың бірі - біздің өз атамыз Көпей марқұм. Ең үлкені - Шаншар, онан соңғысы - Мыңжасар, онан соңғысы - Жүзжасар (Иүзжасар). Онан соңғы - Көпжасар, ең кенжесі - Мағырып. Кішкене қораш болып туған соң, «Көпжасар» аты қалып, «Көпей» атанған себебі солай болыпты. Қазақта баланың үлкені қадірлі болады, кенжесі қадірлі болады. «Ортаншыға оқ тимес, оқ тисе де, боқ тимес»,- деп, қадірсіз, құнсыз ұстайды. Ата мұрасы – жер - ең үлкені мен ең кенжесіне тиеді. Ортаншыға: «Қаңғырып қайда кетсең, сонда кет»,- дегендей қылады. Мұны айтып жатқан себебім: өзі қораш туған соң, өзі баланың не үлкені, не кенжесі болмаған соң, әр сыбағадан кемшілік керген соң, атамыз марқұм он сегіз жасында: «Оқу оқимын»,- деп, Қызылжарға жаяу қашыпты. Барып медресеге кірсімен, ауырып қалыпты. Үш – төрт ай ауырып жатқан соң, ауырғандағы қылған қаражатын төлеп, құтылу үшін Ахмет, Жәудір деген ноғайларға қарамалайлылыққа тұрыпты, фамилиясын (фамилиларын) Фітімла Бекташов дейді екен. Сол қарамайлайлыққа тұрғаннан ноғайлары рұқсат бермей, босатпай, Түркістан, Ташкент, Бұхара ай Шәріфке алып кетіп, сол жақта жүргенде, өзін доверный қылып, кеп малмен Арқаға шығарып, Қарасұн, Керней, Әлтеке, Сарым, Тама, Әр Қуандығында «Көпей саудагер» атанып кеп жүріпті. Тоқада: Тілеуқозы, Байқозы, Қарақозы - үш қозыда жатады екен. Нұра бойында- Елеу мырзада, Алтайда - Игілік ауылында, Төреде - Қоңырқұлжада, Әлтеке – Сарымда -Жанқұттыда, Тамада - Ханкелдіде жатады екен. Өзіміз ат арқасына мінген соң, жүрген -тұрған жерінің бәрін аралап кердік. Қырық жасынан асқан соң, рұқсат беріп: «Өз қолыңда етпей қалған тауар еншің»,- деп, сонымен жолда Қоңырқұтып төренің ауылында жатып, Алтай: Мұрат – Танаш - Қанайдың Танашының қызын алып, өзі қырықтан асқан кезінде Танашқызы Ұлбала марқұм анамыз он сегізінде - қой жылы, Ережеп - әлміржіп айында жұма күні жалған дүниенің жарық жүзіне келген екенбіз. ... Қырық екі жасында біз туған қой жылы болған. Анамыз марқұмның жылы қоян еді, он жетіден он сегізге аяқ басқанда, ең тұңғышы, көрген қызығы болыппыз. Бес жасында Баянаулада Бұхараай Шәрифтен оқып қайтқан Нәжмеддин хазірет, сол зат Шәрифінің құзырына (хұзырына) ғылым мектебі үйіріліп, алты жасында мағынасыменен Шар кітап оқып, сегіз жасында және Баянаулада молда Қамардин ахонның алдына отырып, Сырпауы ( хырфауы) бастап (башлап), тоғыз жасында ғылым фықа, Мұхтасар, лүқаяға шырұм қылып, он бес жасында шағырлық илан шәкірт (шыһырт) табысып, жиырма тоғыз жасында Бұхараай Шәрифке барып, медресе Шұқырда - Сытқамыт Идоп мырза, Ұлыкбекте медресе - Хамза қожадан, Пайастанада ноғай медресе Сирыждин мықтыдан дәріс оқып, Миранканда Сажинзада немересі хазірет ишан менен Мәлік тәрбиесінде болып, отыз жері жасында Ташкент шаһарында Бесағаш махалласында Әбілқасымхан, Ишанхан қасында тұрып, біреулері (немерелері) Әкрамхан төреден тағылым алып, жүру-тұруы көп болып, оқып - білуі аз болып, сахарай мізік апаты илан ғайыр мұфқат дәрежесінде қалған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев үшбу 1914-інші жылында, 58 жасында туасы жат жұртта қалған бір мүсәпір. Үйлі-баранды, қатынды - балалы болған соң, атамыз марқұм бай жігіт болдым деп, Қаракесек, Сүйіндіктің аралығынан қоныс қылып, отын жай қылмақшы болып, Желтау, Шоқпардың қасында «Күйеушоқы» - деген жерден екі ағасы, бір інісі - ағайынды төрт үй болып, бір жаз жатып, үй, қора салдырып, арық ағызып, егінжай, пішен - шабындылы жер қылмақшы болып, біздің үш жасар күнімізде тауық жылы қыстапты. Саудадан жиылған өгізі, ту сиыры аралас, жүз сиыр, төрт жүз қойды күзгі ақ сабан кезінде Қараөткелге айдап: «Арзанға сатпаймын» - деп, қайта айдап келіп, қарға салып, сол қыс «тауықтың жұты» - деген Жұт соғып, барлық малды қырып алып, Күйеушоқының түбінде күйеу болып шоқиып отырып қалыпты. Сонан соң: «Дүние, мал жолдас емес екен, ғылым жолдас екен!»- деп, жаз шыққан соң: «Мына көрінген үш жасар баламды оқуға берейін!»-деп, Баянаула қаласына көшіпті. «Қалалы жер мешітсіз болмас, мешіт болса, молдасыз болмас!»- деп.Ол күнде Баянаулаға мешіт салған жоқ екен, орнын белгілеп, салуға жаңа даярланып жатқан кезі екен. Қаланың күн батысынан бір қазақ-орыстың шатырсыз үш бөлмелі үйін сатып алып, «Мешіт орны»- деген жердің көк желкесінен үй салдыра бастапты. Ит жылы қалаға бес шақырым жер: «Исмайыл Қызылағашы»- деген жерде салынған: Садыр, Асубай, Жұмабай деген жатақтармен бірге қыстап, ағаш үй салынып біте алмаған себепті бірнеше жыл сол Қызылағашта тұрып қалған. Қаракиік жылы біздің бес жасқа аяқ басқанымызда Павлодарда неше жыл тұрып, марқұм болған Нәжмеддин хазірет Аркаға алғаш келгенде, Мұханың қожасы Сәт қожа марқұм ұстап, қолында бала оқытқан молдасы екен. Өз үйлері күйіп кеткен себепті Баянаулаға пәтер тұрып, қолындағы молдасы Байжан хазірет салдырған ескі медреседе бала оқытып, бес жасар бізді бес шақырым жерден алып келіп: «Ағуз бісмилланы» сол кісі үйреткен екен:
- Балаң Бұхарай - Шәрифтің балаларындай зерек екен. Мұны һәптиек Құранмен алдаңдырмайын. Оны өзі де жатқа естумен үйренейін деп тұр. «Шар кітапты оқысаң, әр кітапты оқырсың»- деген ата-бабаңның мақалы бар еді ғой. Сонан салып жіберейін!-деп,... қақсатып қойыпты. Құр қарас емес, мағынасымен екі қыста Шар кітапты түгелімен жаттатып, сонан соң құлаққа естілгеннің бәрі жат бола бастап, естілген сөзде ұғылмай қалғаны жоқ болса керек. Бір мектепте қанша бала оқыса, бәрінің алған сабағы біздікі болды, үйге қақсап айта келетұғын болдым. Пәлен баланың сабағы мынау, түген баланікі мынау деп, сондай болған соң, атамыз марқұм үйге отырғызбады. Қай жерде оқу бар десе, апарып тастайтын болды. Біздің сегіз жасқа толған кезімізде қоян жылы Камардин хазірет Омбыдан көшіп, Баянаулаға келді. Баяғы ағаш үй шатырсыз түгел баспана болуға жарап, атамыз марқұм да қала қыстады. Бізді алып барып, ол кісіге берген соң:
- Бұл балаңды оқуға басыбайлы бересің бе? ... ка бүгін оқытып, ертең қойдыра қоясың ба?- депті.
- «Өзінің өмірі бойынша оқудан айырмайын» - деген ниетім бар, тақсыр!- дейді.
- Ендеше бұған Биданнан бастатайын!- деп, Бидан сығдік Алла ... алдарынан салды. Шар кітапта танымал болған сөз. Оған іркіліп тұрып қалайын ба, ол кісінің аузынан шыққан сезді екінші ойлануға келместен, сұраса, қайта өзіне даярлап бере берген соң, қызығып үйрете берді де, жазған заржақ (жаржак) тарсылдатып жатқа соға берді. Өлең оқумен тұрған жоқ, «Қозы Көрпеш», «Тарғын», «Бозжігіттің» өлеңін жазып алып, жатқа соғып, көрінгеннің алдында самаздай қақсайтұғын болған соң, көзге түсіп, жұрт аузына іліне бастады.
Ол күнде ескі закон: Мұса - дуанбасы, Секербайқазы. Баянаулаға Мұса мырза келіп:
- Сопы, баланды алып кел, көремін! - деп, алдына алдырып сөйлетіп:- Мынау жұртқа мәшһүр болып, жұрт құлағын шулатайын деп тұр екен, болсын, бақыр-ай, көп жасағыр екен! Сопы, Бұл балаңа үкі тағып қой, Мұнан былай баланды үкісіз жүргізбе!- депті.
Сонан Мұса мырзаның алдынан шыққан соң: «Үйге жеткенше, бала тоңып қалар! - деп, жолда Қамар хазіреттің үйіне келіп, мырзаның жақсы лепесін айтқан соң, Қамар хазіреттің бибісі Бибі Мәриям - Ғабдолла халфе қызы өзінің жалғыз қызы Хоршидманның басындағы үкісін жұлып алып, өз қолымен бөркіме қадады. Сонан соңғысын сендер сұрамаңдар, мен мылжыңдамайын: ауыздан шыққан лебіз - бәрі менікі болды. Қазақ ішінде айтылған өлең, қиссадан құлаққа естілгені жатталмай (жатланбай) қалғаны жоқ. Дәл он бес жаста ұйықтап жатқанымда өзіме танымал ақындардың бірі үш ауыз өлең үйретті қыздарға жазатұғын сөзден. Ояна келсем, есімде даяр тұр, қағазға жаздым. Сонан соң-ақ еркіме қоймады, өлең жазуға түсіп кеттім. Ал, енді мәшһүр болмасқа немене?! Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың?- деді - таста!» Сөйткенмен қоя алмадым, бір білген соң, Сотым жоқ жұртқа қылған онан басқа! Бозбала, менің атым -Мәшһүр Жүсіп, Кетемін, сөз сөйлесем, желдей есіп. Бәйгеден келіп жүрген - келмей қалып, Ісіме шабатұғын кеттім түсіп. Әуелі бастағанда, қыздарға өлең жазып, қыз мақтауын өнер көріп, сонымен желігіп кеттім. Сонан соң парсы хикаяларды өлеңмен қисса қылуға құмарланып, онымен біраз алдандым. Онан бері келген соң, пайғамбар миғражын, дүниеден өткенін, заманадағы атағы шығып, ауызға ілінгендерді бұрынғы - соңғысын түгел өлеңмен сөйлеп бір кеттім. Он беске жетпей бала күнгі қызықтылығы ма, қызыққан жас келіншектердің уысына түсіп қалып, ұжданымды сақтай алмай, екі түн ғафтумыны жоғалттым. Ерте үйрендім де (бе) , тез жирендім. Сол қайтқаннан көңілім қайтып қар құшақтап ауыз сүйген болмаса, көлден қоға тартумен жұмысым болған емес. Дәл он алты жасарымда Әкімбек марқұм: «Жалғыз балам Қабылбекті оқытамын»,- деп, атамыздан қолқа қылып сұрап, оқып жүрген жерімнен еріксіз шығарып алып кетті. Атамызға риза болғандығы сондай, қысқа қарсы баласын оқытуға бізді қолқасына алып, жазғы жайлауда Ереймен бауырында Ақшакөл басында атамыз барғанда, басы - Исақ (Айсақ) Ермектен қалап алған бозжорға атты, аяғы бір торы тай, он жылқымен қайтарды. Екі жыл тұрдым: берген қарасының саны отыз - қырыққа шықты. Мұны жазған себебім: сонда бала оқытып тұрғанда, жазғы жайлауда, Ереймен тауының ішінде Үшмырзаның көлінде Өтеміс абыздың зияраты бар деген соң, жұма күн басына барып, білген құранымды бағышлап қайтып, тігіп қойған қосқа келіп, ұйықтап қалсам, түсімде кетпен шот алып, қостың тысқы іргесін жер қазып жатырмын. Сонда қаралдысы әптиектей көк қағаз бар құшақ - құшақ кітап алып жатырмын. Ояна келсем, түсім екен. Өмірімде ұмытылмайтұғын бір түс болды. Енді ойласам: «Балам, ғылым-білімді құшақ-құшақ аласың!»- дегені екен. Мәшһүр Жүсіп болдым. Көрінген алдыма қағаз, қаламын даярлай бастайды, онан басқа бітірген дәнемем жоқ. Жиырма тоғыз жасымда Бұхарай шәриф барып, медресе Шұқырда ыстыхамит қылып, мырза Ұлығының медресесі дамолла Хамза қожадан дәріс үйреніп, Пайастана медресесі ноғай Сираждин мүфтиден тәлім алып, Мира - кенде Сақыпзада немересі Мидан, Мәлік хызырларына сілөк жолына дахил болып күшпеншин харапаттыларға ашналық қылып, дұғай фаталарын алып тоғыз ай Бұхарада тұрып қайттым. Отыз алты жасымда Ташкент шаһарына барып, Бесағаш махалласында хазірет Әбілқасымхан ишан медресесінде тұрып, немерелері Әкрамхан төреден тағылым алып, сілек жолында һәм хиғиа зікірден күннен зәре, теңізден қызре тәрбиелерінде болып, отыз тоғыз жаста тауық жылы және Арқаға қайтып келдім. Ақкөл, Жайылмада тұрағы болған һәм топырағы сонан бұйырған Исабек (Ғисабек) ишанға мыршиа сөйледім. Баянаулада тұрағы болған һәм топырағы.
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Желтау, Шоқпардың Желтауына бұрынғы заманда Күлік - Досбай қыстап жүріпті. «Достың қосмұрыны» - аталған екен. Алтуатин Әуелбай қыстай Әуелбайдың Алтуайты атанған екен. Күйеушоқыны тоқты қыстатып Тоқты қыстау атанған екен. Жер арасына ұрыс, төбелес болып, жаласы Серкебайдан бір кісі өліп, соның құнына беріп, көшіп кеткен екен деседі. Онан соң Әуелбай да жалғыз үй отыра алмай, текке тастап көшіп кетіпті. Үкібай мен Итемген бас қосып жүрген күнінде Ізден абыз Күйеушоқыны басы ашық меншіктеп алған екен. Сол үшін Көпей саудагердің саудагер күнінде қоныс қыламын деп қора - үй салдырып қыстаған себебі сол екен. Осы батырдың өзінен жалыны шығып тұрған күнінде бұл Көпей марқұм Осымен дос болыпты:
- Мүлік сала бер, қыстай бер, бір тоқтың жоғалса, өзім төлейін,- деген екен.
Айтқанындай болды. Бір тоқтым жоғалмады, жалғыз-ақ ер тоқымымен бір атымды қысты күні үйге қонып отырған қонақ мініп қашып, сол бойымен құтылып, төлеу берместен кетті деуші еді. Іздеп барғанға Малшүр (Малсүр) Жәутенде ақым бар еді, сол үшін алдым,- деп, бермепті. Малшүр Жәутеңнен Тілеуімбет мал сұрай ала ма?!...
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӘКЕСІ - КӨПЖАСАР ӘҢГІМЕСІ
Ақжігіт абыздан туған төрт Мұхаммедтің біреуі - Сермұхаммед. Мұнан туған балалар -Шаншар (Санжасар), Мыңжасар, Жүзжасар, Көпжасар, Мағриб. Біздің қазақ кенже туған құлынды, кенже туған қозыны - «көпей құлын» «көпей қозы»-дейді. Баланың ішінде қорашы, ұсағы болған соң, Көпжасар аты қалып, Көпей атанып кеткен. Бес ағайындының ішінде ұсақ қорашы болғандықтан, үйіне, қазақта мақал бар: «Ортаншыға оқ тимес, оқ тисе де, боқ тимес»- деген. Әр (һәр) сыбағадан кемдік көргеннен, Бұл Көпей он сегіз жасында оқуға қашыпты. Құлақ есітпес, көз көрмес жерге кетейін деп, Қызылжарға жаяу жалғызлап жетіпті. Медресеге кіріп, ұстат алдына отырсымен, ауырып қалыпты. Сол ауырғаннан ауырып, үш-төрт ай жатып жазылыпты. Үш-төрт ай ауырғандығы өзіне жұмсалған расходты төлеу үшін, Қызылжарлық Ахмет, Жәудүр деген ноғайларға қара малайлыққа жалданыпты. Сол жалданған бойымен ноғайлары босатпай, Ташкент, Түркістан тарапына алып кетіп, өздеріне сенімді болып, қылығы, қызметі жаққандықтан, доверный қылып, көп сомамен Арқаға саудаға шығарыпты. Өр Қуандықта, Қарсын - Керней, Әлтеке - Сарымда, Тамада жалғыз қара саудагер болып, Көпей саудагер атаныпты. Сонда сауда қылып жүргенде, орнығып көп жататұғын жерлері: Алтайда-Игілік байда; Төреде - Қоңырқұлжада; Токада - Телғозы, Байғозы, Қарақозыда; Нұра бойында - Елеу (Ілеу) мырзада; Мәмбетте - Өзден, Сазданда; Әлтеке -Сарымда - Жанғұттыда; Тамада - Ханкелдіде. Қайда атақты, еркелі жанды - жақты жерде жатып, ол күнде Ферғана мен Қоқан, Ташкенттің Россияға бағынбаған, қарамаған күні. Орысқа қараған қазақ пен сарт жауласып, қазақ Бұхара, Ташкентке қатынаса алмаған соң, әлгі жоғарыда айтылған байлардың бәрі сарт жұртынан алдыратұғын кілем, көрпе, өрік, мейіз, күріш сықылды нәрселерін аманат қосып, он түйеден, бес түйеден үй басы құр қалмай керек-жарағын алдыратұғын болып, жарты қолы ноғай малы, жарты қолы қазақ малы, үлкен зор саудагер болып жүрген күнде Ташкент пен Түркістан арасында сарттың «Ақ жалауы» керуенді қамады дейді. Қазақта: «Ақ жалау барда, малым бар деме, // Fазірейіл барда, жаным бар деме!»- делінген күн болған.
- Осында қазақ саудагері - Көпей саудагер бар дейді. Үш қозының малы, үш елдің малы бар дейді. Алтай - Игілік Алдажұман малы бар дейді. Соны тауып бер! Өзін өлтіреміз де, жерін талаймыз,- деп.
Бұл Ахмет, Жәудүр ноғайлар да мұндай қыларын біліп, Ташкенттен бері қарай керуен шығарда Көпейге қатын киімін кигізіп, басына ақ жаулық салындырып, Ташкент шаһарының патша балаларына салындыратұғын шашты басына орнатып, резинке емшекті төсіне орнатып, түйенің үстіне отырғызып алған екен. Сонда «Ақ жалаудың» қосыны шындап тінткендігі сондай, түйе үстіндегі отырғанның киімінің сыртынан емшегін ұстап, резинке қолына былқ еткен соң, және жаулықтан шашы бұрқырап көрініп тұрған соң: «Қатын екені рас екен»- деп, сонда тоқтады дейді. Ахмет деген ноғайды айбалтаның сыртымен көк желкеден талай періп қалды дейді.
- Осында қазақ Көпей саудагердің барлығын сен біледі дейді. «Тап жылдам, айт шыныңды,- деп, өлтіруіне көнді. Айтпады дейді.
- Бар болса, өзің тауып ала бер,- деп. Неге? Ол керуен таланса, ноғай малдары бірге таланып кетеді. Алланың аман сақтауымен, ноғайларының аса жаны ашып қорғауымен және де қанша қадірлі құтпан байлардың көп аманаты, «Аманат аман сақтайды»- деген сөз бар ғой , аман-есен Арқаға келіпті.
Он сегізінде қолға түскеннен қырықтан асқанда ноғайлары рұқсат беріпті. Ата-анасы өліп және бір ағасы өліп: «Үй иесіз қалды, жесір жеңгесі қалды»- деуменен, сонда еншісіне: «Қоста қалған остатка еншің болсын»,- деген екен. Ел табамын деп, елге қарай беті ауған соң, жолда Қоңырқұлжа төре:
- Осында Алтай - Мұрат: Танаш, Қанай деген менің балдыздарым бар. Саған лайық сол Танаштың бір қызы бар, өзімнің балдызым. Сен соны ал деуімен бұл кісі айттырамын деп сөз салдырса, Қанай деген кісі:
- Елсіз-жұртсыз бір қаңғып жүрген Күлікке қыз береді деген не? Былшылдақ, - деп болмағанда, Құдай рахмет қылсын, Қоңырқұлжа төре шақыртып алып,ұрсыпты:
- Ол өзі қаршадай бала болса да, кеп баланың ішінде құран оқыған даусына құлағым сүйсінуші еді. Бір малды кеп берген қара қазаққа қор болады - ау деп ойлаушы едім. Бір дін қуған, оқудың қасиетін білетұғын жанға Құдай кез келтірді. Былшылдама, кеп май жеме, бағын байламай, баланы беріңдер!- деген.
Танаш, Қанай берген екен де, бұл кісі алған екен. Танаш қызы Ұлбала сонда он үште екен. Қолына алсымен Қараөткелде Ысхақ (Ыстақ) деген кәрі хазірет бар екен. Сол кісінің абыстайы ноғайдың ұсақ қыздарын оқытады екен. Сол абыстайдың қолына апарып беріпті: «Оқытып, үйретіп беріңдер»,- деп. Атамыз Көпей марқұмның қырық екі жасында, анамыз Ұлбала марқұмның он жетіден он сегізге шығар шағында, Қызылтауда Ашамай тастың түбінде, қой жылы, жұмға күні жарық дүниенің жүзіне келіппіз. Қашқынбай, Босқынбай, Қармыс балалары, Босқынбайдың қатыны Қисық деген қатын жерден көтеріп алып, кіндік кесіпті. Қазақтың жерден кім көтеріп алса, соған тартады дегені көп далаға кетпейді. Қисықтық, қыңырлық мінез сонан келген. Сонда, Құдай рахмет қылсын, Ізден абыз:
- Бұл шырағым күндердің қожасы жұма күні туды. Атамыз Адам ата жаралған күн. Мұның аты – Адам - Жүсіп болсын!- депті.
Күлік:Бақтыбай, Текебай, Жаманғара - Байтөбеттің Байтөбеті Байсалбай деген шал айтып еді: «Сонда ат қоярға берген бір киімдік қара ала патшайыны абыз жанында отырған маған байлап еді»- деп. Міне, Құдайдың шеберлігін тамаша қыл! Отыз тоғыз жасымда тауық жылы Ташкент шаһарынан қайтқан сапарымда Қыпшақ - Ыбырай баласы Мұхаммеджан ақсақал айтты:
- Шырағым, «Мәшһүр Жүсіп»- деп, жұрт сенің ағынды білмей айтып жүр екен. «Мәшһүр»- деген екі ұшты: жақсылықпен де мәшһүрлік табылады, жамандықпен де мәшһүрлік табылады. Сенің атың - Адам Жүсіп деуге лайықты екен,- деп, бір ғазиздің туғанда арнап қойған атын отыз тоғызыншы жылда бір ғазиздің аузына Құдай салып айтқызғандығын қарашы! Байсалбайдан Мұнан соң есіттім. Ол күнде қырықтан асқан кезіміз еді.
Атамыз марқұм үйлі-баранды: екі ағасы, бір інісі болғандықтан, қазақша бай жігіт болдым деп, жер-су алмақшы болып, Қаракесек - Сүйіндік арасынан Желтау, Шоқпардың маңайынан «Күйеушоқы»- деген жерге бір жаз жайлап жатып, үй - қора салдырып, пішен шаптырып, егін-жай қылмақшы болып, су ағызып, бір жаз ойына алғанын қылып, қолдағы шаруа малынан жігі бөлек жүз сиыр, төрт жүз ірі қойды Қараөткелге айдап арзан бағаға сатуға қимай, қайта айдап келіп, қарға салыпты. Біздің үш жасарымыздағы «Тауықтың жұты» соғып, сиыр қотырмен алысып, қотырдан сиырдың күші аса алмай, қой аппақ қар боранмен алысып, жылқы жонда жұтап, Күйеушоқының түбінде малдан тап-таза болып, күйеуше шоқиып отырыпты да қалыпты. Қыс ішінде сүйретіліп Қызылтауға көше қашып, қалған шөп, қанша мүлікті Қаракесек -Балықбай ешкімнен сұрамай-ақ олжаланып кетіпті. *** Біздің Қызылтаудағы Күліктен - Әкімбек әкесі Алдабек өлген екен де, Самай әулие қажыға кеткен екен. Сол жыл қазақша қой жылы екен. Мұса , Секербай - бірі қазы, бірі аға сұлтан дуанбасы күні екен. Сол қой жылы атамыз марқұм қырық екі жасында, анамыздың он сегіз жасында ережеп алмүржіп айында, жұма күні жалған жарық дүниенің жүзіне келген екен. Бір атамыздың әкесімен немере - Қашқынбай, Босқынбай. Сол Босқынбайдың қатыны Қисық деген, қатын-балалары: Әйкен, Табан деген малайлықта қызметінде тұрып, қатын өзі екі қызымен екіқабат болғаннан, меншіктеп, меңгеріп кіндік кесуге жалақтап, бала шыр етіп жерге түскенде, ұмтыла бастайды дейді. Сонда атамыз Көпей марқұм Қисық деген қатынға кіндік кескенде:
- Қалап алатұғын, көңілге алған нәрсеңді кіндік кеспей-ақ ал! Балаға жарық дүниенің жүзіне шығарда періштенің алақаны тиеді. Сондықтан бала шыр етіп жылайды деуші еді. Жерге түскен соң, жерден кім көтеріп алса, соған тартып кетеді деуші еді. Жерден көтеріп алуын Шоңай абыздың бәйбішесі - Тоқтық бәйбіше қол тигізіп, кіндігін Тоқтық кессін,-дегенімен Тоқтық кескен екен. Әне - жақсы атаның тәрбиесі.
Осы сөзді мен өзім алпыс сегіз жасымда есіттім. Атамыздың енесі Мағұрыб - молланың қатыны, Қаракесек Қалдыбай қызы Босай деген кемпірден: «Жүзге он жас толған жоқ, тоқсанда отырмын»- дейді. Түркістанда Үндемес диуанаға кез болып, алдына нәзір қойдым, батасы: «Бар, құтылдың, кеттің!»- деді. Онда да күндіз қостан шықпай қатын киімімен отырып, күн кешірдік деуші еді. Нұра бойында қайын атамыз - Үндемес диуанаға деп қошқар берді. Ол қошқарды кездеме пұлға сатып апарып алдына қойғанда:
- Қошқар тиді. Алла Акбар! - деді.
*** 1858 - інші жылда туған баланың, 1874-інші жылда жазған өлеңінен қалған бір тамыр:
Жігітлер, мынау тұрған заманаңыз,
Барында күш-қуаттың қамалаңыз.
Шерменде мен бір жүрген бір жар үшін,
Бізлерге: «Бұ қалай?»- деп қарамаңыз.
Кетпейді - ау түнде түстен, күндіз - естен,
Көкірегім жарақатлы, қайғы тескен.
Дүрдем бар дауасы жоқ мен мұбтала,
Сарғайып зығырандай күнім кешкен.
Келмейді-ау ас ішкім де, ұйқы ұйықтағым,
Тынбайды - ау ажал келмей тіл мен жағым.
Дүниеден жолыға алмай өте қалсам,
Ашылмас бұ жаһанда менің бағым.
Мен едім сол жар үшін жанды қиған,
Жоқ едім екі көзім жасын тыйған.
Тілегім Шам шаһарда жалғыз-жарым
Басқа жоқ, тілегенім - менің иман.
Ах ұрсам, шығар түтін желдей есіп,
Барады көкірегімді қайғы тесіп.
Мінәжат бір жар үшін зар айлаған
Мұбтала ғаріб болған Мәшһүр Жүсіп.
Дүниеде жолығу қайда, қол жетпеу қайда? «Бей қайратқа бейіш (биһыш )жоқ» - деген сөз бекер айтылды дейсің бе?! Ескі ноябрьдің басы, дүйсенбі. Жаңа ноябрьдің басы, дүйсенбі. Ескі ноябрьдің басы ... *** Сонан жарқырап жаз, күркіреп көк шыққан соң: «Дүние жолдас емес екен, ғылым жолдас екен. Баянаула қалалы жер ғой, мешітсіз болмас, мешіт болса, молдасыз болмас!» - деп, сүйретіліп көшіп Баянаулаға келіп, қаланың күнбатысынан Захар Гришков деген қазақ-орыстың төрт бөлмелі үйін оборотымен сатып алып, қаланың ығына мешіт салынады деген жердің көк желкесінен салдыра бастапты. Дүниенің ісі, өзі нашарқол болып қалған кісіге бір күнде бітіп тына қоя ма, қаланың көк желкесінде бес шақырым Ысмайыл -Қызылағаш деген жерде Сатылған: Асаубай, Жұмабай, Сегізбай, Садыр деген жатақтармен бірге қыстап, үш-төрт жыл солармен жазы-қысы ауылдас, оттас, ораздас болып, өзінің жарық дүние жүзіне келгелі, көрген, баққан баласы біз бес жасқа аяқ басқанда, Баянауланың ескі хазіреті Байжан хазірет Ишағұловтың (Исағұловтың) медресесінде бала оқытып жатқан Нәжімеддин хазіреттің алдына алып барып жүгіндіріпті.
Ол зат Шәриф ағуз бисмілланы тартқызып:
- А, сопы, балаң Бұхарай - Шәрифтің баласындай екен. Әне, отырған балалардың оқып отырғанын өзі естуімен біліп кетерлік. Бұрынғы ата-бабаң: «Шар кітапты оқысаң, әр кітапты оқисың!»- дегені бар еді ғой. Мұны Шар кітаптан салып, жатқа қақсатып қояйын,-деген соң:
- Құп, тақсыр,- депті.
«Ағуз білләхим бисмилла ларһамин әлрахим... Мәлік санығ қадим хәкім...»- мағынасымен қоса үйретіп: «Ұстаздың нәтижесі - тілімізде»- деп Ақмолла марқұмның айтқаны - хақ уа рас сөз. Жақсы ұстаз ә дегеннен жатлауға салған соң, қуат машафта күш алып, сонан соң естілгеннің бәрі жар болды. Ата-ананың көңілдері шат болды. Шаншарлардан екі бала: Ғабдолкәрім, Ысмақ. Бұл Ысмақтан нәсіл - тұқым бар. Мыңжасардан үш бала - Нүрке, Имаммәлік, Қаражүніс. Бұл Нұркеден нәсіл - тұқым бар. Жүзжасардан бір бала -Кешкімбай, Мұнан нәсіл - тұқым бар. Көпейден - Мәшһүр Жүсіп, мұнан Мұхаммед Шәрифалдин, Мұхаммед Әмен, Мұхаммедфазыл. Отыз үш жасында мәшһүрлік достасын тапты. Мұхаммед Шәрифалдиннан - Ғабдолләлел, Бап, Телеубай, Олжабай, . Мұхаммедфазылдан - Телеубекті көзіміз көрді, жылы - қоян.
ШАЙХЫ БҰРҚЫ ДИУАНА ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ БІР ӨЛЕҢІ Мұса пайғамбардың заманында Шайхы Бұрқы деген диуана болыпты. «Құдайға құлшылықты жан аямай қыламын!»- деп, иірген ұршықтай қырық күн, қырық түн шыр айналған екен. Заңғар биік таудың басына шығып:
- Ал, мен Құдайға кеттім!- деп, темен қарай құлайды екен. Әлмей - талмай, дік етіп жерге түсіп, бүтін түгел дін есен жүре береді екен. Бұл Шайхы Бұрқының атасы- адамзат, шешесі - мекіре балық екен.
Мекіре балық деген адамнан аумаған балық болады екен. Шашы болмайды екен, емшегі болмайды екен, кіндігі болмайды екен. Өзге мүшесі адамнан бөлектігі жоқ дейді. Бұлтқа басы жеткен, басына мүйіз шыққан Ескендір Зұлқарнайын бір еркегін ұстап алып, қатын алып беріпті:
- Екеуінен бала туса, сол бала тілі шыққанда, әкесінің де тілін үйренеді, шешесінің де тілін үйренеді. Сонан соң бала переводчик есепті тілмаш болады. Мұнан тілді солай аламыз!- деп.
- Баланың тілі шықты, сөйлесуге жарады! - дегенде, Ескендір Зұлқарнайын келіп, сұрады:
- Балам, әкең не дейді? - деп. Сонда бала айтты:
- Құдай-ай, (тоба) тәубе, дария да кездім, қыр да кездім! Талай-талай мақұлықты көрдім. Құйрығы басына біткен хайуанды, тіпті, сенен басқа ешқайда көргенім жоқ!- деп, шешеме таң-тамаша қалады, - депті.
Ертерек заманда Мәшһүр айтқан екен
Ішкен астың көңілім жүр жетегінде,
Бір үзе алмай бұйдамды кетемін бе?!
Басқа біткен құйрығы жануардың
Әлі күнге көзіміз етегінде.
Хайуандарға тамаша құйрық бітіп,
Ұят жерін жасырып, көз таса етіп.
Ешкінікі жалғыз-ақ ерсі болды,
Көкке қарай шошайып шығып кетіп.
Көре берсең, қызық бар мұнда ерсі,
Құлағыңа айтайын, бермен келші!
Дәл басында құйрығы жануар бар,
Ешкіден де бұл ерсі, келіп көрші!
Құр көрумен құмар боп, есім кетіп,
Білмеген соң мәнісін зейінім жетіп.
«Бізді құмар несіне қылды екен?»-
деп, Соның үшін қараймын тамаша етіп.
Бұл мекіре балықтың бір қызын Асан қайғы алып, онан жалғыз жетім Жаналы туып қалған. Суда адам сияқты балық барлығын, оны мекіре балық деп ат қойып, айдар тағып кеткен Көшекұлы Күдеріқожа: өз - ақын, атақты шайыр болған кісі.
БІР МОЛДА ӘҢГІМЕСІ
Ескі законда Мұса - дуанбасы, Секербай қазы күнде Әндіжанлық бір сарт молда Баянаулада бір қыс тұрып, жазғытұры өліп, сонда көмілді. Бұл Арқада Молдатайыр деген бір сарт болған. Әжібай деген баласы бар. Соның ағасы, айдай анасы бұйырып жіберген екен: «Баламды алып кел!»- деп. Болмаса, жүретұғын жан емес екен. Сол кісіден естіген бір ауыз сөз тасқа басылған таңбадай - жүректе қалған себебі ұстазларымыз бұрын естімеген. «Мүтуа қабыл ан тымтуа»: «Өліңіздер - өлімнен бұрын» - деген екен. Бастан кешіп, көзбен керген соң жазып отырмын. Төрт түрлі өлім бар екен. Ол өлім - мүсәпірлік жолында көп жүрген жаннан табылады екен: мот ахзыр, мот ахмыр, мот абыз, мот сор.
Бұл - бір жұмбақ. Бір ауыз өлеңмен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шешкені:
Зор өлім - жоғалғаны мүсін оқтық,
Екінші өлім - есекке пәлен жоқтық.
Үшінші өлім - жоқтық пен аштық көру,
Төртінші өлім - есту жұрттан боқтық. ... бұрын айтқан еді: «Соның мақсаты - ғылым емес, ғылым нұрынан бармақтың көлеміндей Мұнда жоқ. Бір іздеген жоғы бар. Жоғы табылған күнменен кетеді. Тірі болсаң, есітерсің!- деп. Бұл Мәншүкке айтылған сөз. Және оған айтқан: «Бұрын мен патшадай едім, сен құл едің. Енді Бұл күнде сен патша есебінде болып, мені құлдай тұтындың!»- деп.
Және оған айтқан:
- Мен сенейін: маған ғылым үшін дін қиысып келіп, жолдас болғаның жоқ. Бойыңда күшті жын күшті шайтан Ғалиялағыни бар. Соның көтеріп кетуімен келгенсің!- деп - және дәнемені сезбей, білмей тұрым айтқанмен, өзің мені тонап алғалы шыққансың ғой! - деп.
МОЛДА ЖҮНІС СӨЗІ
Бисмилла сөздің әуел (бітидасы),
Екінші - Хамид (сина) болсын басы.
Құдайым барша жаннан артық қылып,
Қолына ұстағаның - дүрдің тасы.
Бұлбұлсыз қолдан-қолға тұрмай жүрген,
Бойға тең ешбір жанды көрмей жүрген.
Хан, қара, қожа, молда патша болсын
Мойынды ілтипат қып бұрмай жүрген.
Бір шыққан жан едіңіз жұрттан асып,
Жетеді дүр жаңа кім таласып.
Сол шықса ағзыңыздан кәләб, хикмет,
Кетеді міжәлістер мауқын басып.
Молда Жүніс Шалқарбай қажы баласы молда Мәшһүрден:
- Ан хазіретімізінің миғражға ушмағына себеп не екен?- деп сұраған.
Екінші құранда ағузаным (ағузах)...
Мағриб періштелер дауласыпты дейді.
Солардың дауласқан сөзіне оған төре айтқыш кім болды? Сұраған сауалы, берілген жауабы өлеңімнен ұқтырса деген әлтімасына берілген жауап.
БІР ОЙБАЙШЫЛ ТУРАЛЫ
Уақ Молдабай деген ойбайшыл, беймаза болғандығы сондай, бұзауы жамырағанда, дауыс қылып жылайды екен. Құдиярдың Мұсабайы Некінәсәт қожа қонып отырғанда, үстіне Уақ Молдабай кіріп келгенде, бұзауы жамырағанда, ойбай салып жылап, Аллаға тілін тигізген.
- Бұл отырған жерде отырмаймын. Шығар мынаны, не мені,- деген екен.
Қараөткел шығып, ұлына түнде келгенде, жылқышыларына жолығып:
- Ауыл аман ба? - деп сұрағанда,
- Аман, бірақ сиырға мәлік келіп, сиыр қырылып жатыр,- деген соң:
- Асау ала сиыр аман ба? - депті.
- Жоқ, асау ала елді,- депті. «Асау ала өлді»- дегенде:
- Асау ала елді дегенше, Құдай Молдабайды қос қолдап төбесінен ұрды десейші,- деп аулына ойбайлап, ат қоя шаба жөнелгенде бір суы жоқ құдыққа ат-матымен түсіп кетіп, өлген-тірілгенін Құдай білсін. Халық аузында әңгіме болып қалыпты.
«Бұзауы жамырағанда жылайтұғын, // «Түбі - Уақ, жиені еді Молдабайдың»- деген бір өлеңде бар болғандықтан, Мұны жаза салдым.
«ҚАТҚАН КӨНДІ ЖІБІТУ» ӘҢГІМЕСІ
Бұхар Шәріптен келген Жойбарлық қожа, «Семіз ишан» аталған, Мирка - малдин Мерғұфырұғлы Саққұлақ Бапанұғлының үйіне барғанда, қалтасынан алып, Ерәлі, Нұралының кішкене балаларына қант, мейіз беріпті. Сонда Саққұлақ айтыпты:
- Бұрынғы заманда бір бай болыпты, оның кәрі кемпір бәйбішесі болыпты. Екі баласының отауы түсіп, үйлі-баранды болыпты. Енді бір баласына қалың беріп, соның қалыңдығын көруге, келін көрімдігін алып барып отырғанда, бәйбіше кішкене қызалақ келінін шақырып алып, бетінен сүйіп:
- Үйде бір келінім: «Қатқан кемпір»- дейді, бір келінім: «қатқан ене»- дейді, сен, шырағым, алда не дейсің?- деп сұрапты.
Сонда кішкене қызалақ кідірместен жұлып алғандай:
- Қатқан көнді жібітетұғын емен талқы бикешің біз боламыз!- деген екен. Сол айтқандай, қатқан көнді жібітіп жүрсіз - ау!- деген екен.
- Рас айтады, әке - бас та, бала - мойын. Мойын қалай бұрылса, бас солай қарай бұрылады.
1.Баян. 2.Бөбей. З.Сияз. 4. Жаркі, - төрт атадан арғысын білмейді.
МҰСЫЛМАНШЫЛЫҚ ШЫНДЫҒЫ
Адам - дүниенің опасыз екенін, ғұмыр жастың өтетұғынын, басында тұрған дәуреннің кететұғынын білмеген соң, бостан-бос моланың басында орнатқан тас сықылды қақайғаннан қақайып қарап... болған соң ұстамалы бір аурусыз тіпті болмайды. Сол аурудың баршасына да дауа бар. Не үшін десеңіз: дерт жіберген Құдірет - болмашы бір нәрседен дауасын да өзі жібереді. Бірақ дауа жоқ - екі түрлі ауруға. Бірі - «Өзің білме, білгеннің тілін алма! »- деген қарғысқа ұшыраған ақымақлардың ақымақлығына дауа жоқ. Бірі - жалқаулардың жалқаулығына, еріншектің өздігіне дауа жоқ. Ақымақлықтан жалқаулық көп жаман. Бұл жалқаулық зор ғып, дауасыз ауруына ұшындыңыз. Алла тағала хазіретлері: «Уана йын майеса лела несен Алла макаңли!»-дейді: «Өз қолымен қылып алмаса, адамға дәнеме жоқ!»- деген сөз. Бұл хисусида хазіретіміз салиилла Ғалайссалам әлхам - әні ағуз бикмен әлкіс уалһирим дирайди. Ай бар зая дұрыслықтамын, сағынамын және талап қыламын. Сақтай кер деймін. Жалқаулықтан - жас болып, кәрі кісі сықылды кеп-харе - кеттен бос қалмақтан дейді екен. Бұрынғылар: «Кедейлік үш ағайынды болады!»- деген. Үлкені - кежірлік, ортаншысы - еріншектік, кенжесі - ұйқы!- деген екен. Осы айтылған үшеуі жалқау кісіде бір туысқан бауырдан жуық боп, бас қосады. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады. Бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры жерге отырарлық дүнбенің алақан аясындай айналасында болады. Орнынан қозғалып тұрғысы келмейді, найқалып отыра береді. Ұйқының тамыры шынтақта болады. Ұйқышы болатұғын қу шынтағын жерге тіреп жата береді. Тілалғыш, елгезек болып үйрен. Кежірліктен құтыласың, тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың! Дүние -ақыреттің бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін табамын?!»- деген ойға түс. Ұйқышылықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі желкеңнен тартып, біреуі дүнбе құйрығының жерге қарай жабыстырып, бірі шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң, қолың қайда жетсін?! Өзіңнен-өзің көтіңнен кейін қарай кетіп, қор боласың. Адам әуелі өзінің қалай жаралғанын біліп, онан соң жаратушы халқи ұсанғи кім екенін танып, онан соңғы зироры керек нәрсе - мінез түзету екендігін білген соң, ғақыл не нәрсе, сөз не нәрсе - мұның бәрін таныған соң, не болу керек? Мұсылманшылықта болу керек. Бұл мұсылманшылық деген неменен болады? Уағдаға опалы болуменен, пайда менен залал таласып келгенде, залалға өзі шыдап қалып, пайданы басқаға қоюменен -асылы адамзат: Адам ата, Хауа анадан өрбіген жан,- бәрі бір кісінің тұқымы екендігін білісіп, бір-біріне жаны ашып, артығы болса, ауысып, қажеті болса, берісіп, кем-кетігін көрісіп: «Сыхиа отлиги өмір уа тілиг» - болуменен болады. Бұлардың бір де бірі жоқ, құр намаз оқып, ораза тұтқанмен, домалақ - домалақ тасты жіпке тізіп алып санағанмен, мұсылманшылық табылмайды. Алла тағала құранда: «Тығуан тінасыр тағасину менен әмір қылды. Оның мағынасы: «Бір - біріңе жәрдемші бол, бір білек, бір бас, бір көңілде болыңдар!- дейді. Бір жерде болған жамағат басы қосылғанда, бәрі бір кісінің денесіндей болу керек. Ішінде бірің - бас орнында сайлау керек. «Не айтады?»- деп, соның аузына қарау керек. Онан соңғылары: көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол, аяқ - орнында біріне-бірі қайырлысып, бар-жоғына, аш - тоғына, кем-кетігіне - қарасып, бір денедегі тұтас мүшелердей бірін-бірі жүдетпей ұстауға һаммет - қайрат қылуға керек. Дүние-малы дүниеде қалады, ешкімнің көріне бірге еріп бармайды. Оны ойлап Құдайдың әр не бергенін ортаға салып, өзі ішіп-жеп, өзінен артылса, жұртқа ішкізіп - жепзіп, жалғандағы жиған-терген дүниенің қызығын сөйтіп көру керек. Бізге Құдай тағала пайғамбарлар жіберді. Құран - кітап ендірді. Сол жіберген пайғамбарының ақыры - Мұхаммед әл -Мұстафа салиалла ғалайссалам сол кісінің мінезі - халқын қылған ісін ғалымлардан естіп, үйреніп, соны үлгі қылу керек. Ол Мұхаммед пайғамбар өзі Әбубәкір Сыдықтың қызын алды, оған күйеу болды. Ғүмар әл - Ғаруқтың қызын алды, оған күйеу болды. Бұл екі қайын атасын көзінен таса қылмады. Хазірет Fұшманға қызын берді, өзіне күйеу қылды. Хазірет Fалыға қызын берді, өзіне күйеу қылды. Екі қайын атасы, екі күйеу – төрт жар болды. Бұл төртеуінің бір жерге бас қосып, бірігуіменен пайғамбардың пайғамбарлығы күшейді. Онан соң Мекке - мікірмеден көшіп келген мыһажыринларға Мәдинеде тұрғанансарлар екі қатындысы бір қатынын босатып берді. Екі аты бар - бір атын түсіп берді. Екі киімі бары бір киімін шешіп берді. Сонымен Мыһажырын ансары көрші болып, біріне-бірі жәрдемші болып: «Отыз үш мың сахаба»- атанды. Сонан соң бұларды ешкім айырып араз қып ала алмады. Сондай Құдайдың абзал (афзыл) жаратқан (иаратқан) Мұхаммед пайғамбар салиалла тағала ғалиа осалам - төрт жардың (иардың), отыз үш мың сахабаның басы қосылуымен - жау жаулап, жұрт алды. Онан бұрын елу жасқа жеткенше, түк келген жоқ. «Басы - бұлбұл, аяғы дүлділ»- болса да, жұрт (иүрт) қолына алып көтермей(көтармай), адам дәнемеге жарамайды. Мұнан ғибрат алып, ойлауға керек. Атқа тоқуға жарамайтұғын жалп-жалп жаман шоқбытты ағаштың басына байлап: «Атшабар, атшабар!» - деп, айғай салса, сол шоқпыттың соңынан қанша жиылған жан еріп жөнелді. Бір жерге апарып шаншып қойса, соны айнала (айлана) отырады. Сонан келіп жұрт көзінше асып өткен атқа бәйге тігеді. Оған жете алмай қалғанға дәнеме жоқ қылады. Жұрт қолына алып, ағаштың басына байлап көтерумен жұмысқа жарап: «Қарақшы»- деп ат атанды. Қағаз ақша немене, өзі ішсе, жесе, тамаққа жарамайды, бұзса, бұйымға жарамайды. Жұрт қолына алып, қадірлеп жұмсаумен қанша алтын, күміс, қанша дүниені қопарып ала бастауға жарап, жұрт оны жанындай сақтап, іннен - інге тығады. Олай болғанда, талап қылып, тырмысып, жарыққа таласқан көбелектей жұрт көзіне түсіп, халық аузында сөз болуға ұмтылу керек. Қазақта бір мақал бар: «Жігіт өсекке ілінбей, есепке ілінбейді!»- деген. Және бір сөз бар: «Батып кінә қылуға жарамаған жаман қорқып, тәубе қылуға да жарамайды!» - деген. Бұрынғы қазақ жақсылары айтқан екен:
Боларыңда болып от,
Боз жорғадай желіп от!
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек!
Өзің адам болған соң,
Аудара тастап,
Қалай кетсең, олай кет!
Бай болсаң,
Торғын орамалмен бетің сүрт!
Жарлы болсаң,
Жаныңменен көтіңді сүрт!
Бай болып, бар болсаң,
Жан - бір алтын:
Қанша сыйласаң, сыйлауыңа тұрады.
Жоқ болып, жарлы болсаң,
Жан - бір күдері:
Қанша қинасаң, қинауыңа шыдай береді, үзілмейді!
Және бір мақал бар: «Жігітлікте (игітлікте) жаннан кеш те, іс қыл: өлсең, өлесің; өлмесең, кісі боласың!» Білген адамға: бәрі - насихат, білмегенге не айтасың?! Шайхы Сағди әл-Ширази: «Рісіме Алла әл - бары бірік дір хытан сыбаз дір зыр һушиар әр орқи дәптер сит мағырифта кір»,- деген жасыл ағаштарының( иғашларының) жапырағы (иафырағы) сині үптүнлердің нұқта иәзірлерінде, яғни бысирт көзі илан көргішлерінің көңіл көзінің қарасында әр жапырағы бір кітап орнында Құдай тағаланың шеберлігін таныту турасында Шайхы Мізбөрік тохид алһида бопты. Мақпал хақ улымфила Шайхың сағадатханасы уәзіріне періштелер алтын табақта шашу шашыпты. Рүяда салихлар көрместер (көрмішлар) шолзат Шарифа айтқандай, Құдай тағаланың жаратқан: жер-көк, тау-тас, ұшқан құс, жүгірген аң, ғылым-білім іздегенге (излагенге)- бәрі дәріс, бәрі сабақ. Аузының дәмі қашқан аурудың ас жақтырмағаны сықылды - сөз мәнісін білмегендер сөзді жақтырмағансып, өзі түспеген соң: «Керегі жоқ әлде неменені жазған!»- деп, оқымай тастай береді. Сөз мәнісін білетұғындар айнала тұра қалып, онан бір мағына таратып алғанша шыдамай асығып, ынты - көңілі соны білмектің, оқымақтың соңында болады. Біздің қазақ тілінде: «Мақал»- деген сөз бар. Соны бұрынғылардың мақалында бар екен десіп айтса да, сол мақал деген қандай сөз десеңіз: «Хақ жандырған шырақты ақымақ үріп сөндіре алмайды!»- деген деп келеді. Не оны қайдан алып айтты десеңіз: «Бұрынғы тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған сөз екен!»- десіп келеді. Кімнен қалса, онан қалсын, далаға кетпейді, кітап сөзімен жарысып отырады. Софиалла Иар кітапта айтады: «Шырақты Хақ жандырып қойды. Әне, кім: «Шідеф»- дейді, сақалы күйді.
Мышной Шариф: «Шырағы ракма изу бір фірузу кісі кешіф кінд сибилшы»- сөзді бір шырақты Құдірет өзі жандырса, оны жоқ қыламын деп үрлекшінің сақалы күйеді.
ҮШ НӘРСЕ
Үш нәрсе шыққан жеріне қайта сыймайды: Бірі - ауыздан шыққан сөз, бірі - жайын балық: қазақша оны «Нән» (нен) - дейді. Бірі - атылған оқ. Үш нәрсе тұрған – тұрған жерінде тұрып сыймайды. Бірі - от басындағы күл, бірі - бойға жеткен қыз, бірі - өлген өлік - өлген соң, үйге сыймайды.
БҰРЫНҒЫ ЗАМАНДАҒЫ ҚҰН ТӨЛЕУ, АДАМ ЕМДЕУ САЛТЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылайханның хан болып, дәуірі жүріп тұрғанда, құнға кесім қылдырған. Тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыра тұғын биі - Күлік Шобалай баласы Жаңабатыр би екен. Бұл кісінің құнға қылған кесімі - «қара» құн: жүз жылқы, он екі «жақсы»; сүйек құны - елу жылқы, алты «жақсы»; өнер құны - «тоқал құн» болады - тоғыз «жақсы». Бұл үш құн: ер – көкте - Көтеш ақынға алынған, ұрғашыда - Ұлбикеге алынған. Әлгі айтылған батырлардың бірде-бірі жауда өлсе, «Жеті ердің құны алынсын!»- деп, кесім қылған. Жауғаш - Биғаштың Жауғашы қалмақта өліп, жеті ердің құнын алған. «Жақсы» дегеннің басы «жетім»: қалы кілем, қара нар, мылтық,- сондаймен «тоғыз» болады. Ұрғашының құны - еркектің бір көзінің құны - елу жылқы, алты «жақсы». Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылғаша билік айтпайды екен, босаға күзеттіреді екен. Босаға күзеткеннің мәнісі - сол аттың құйрығы кесілген үйден бір жылғаша кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен. Шідер ұрлағанға - шідері қайыс болса, үш атқа үш балағын салып, үш ат үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады екен. Аттың құйрығының құны кісі құны болды. Шідер құны - үш ат болды . Біреудің малын ұры ұрлап, сойып жеп қойған болса, ол ұрының мойынына арқан салып, мал иесінің қолына береді екен. Мал иелері атқа мініп алып, тақымына салып сүйрей жөнеледі екен. Өлшеулі мерзімді жері болады екен: «Соған шейін тартылсын!»- деген. Бірінен соң бірі - үш кісі үш басқа тартады екен. Өлсе, өліп кетті, өлмей қалғанды: «салауат»- деп қоя бөртеді екен. Солай тартқанда, адамның мойны жарты кез ұзарып кетеді екен. Ойнас қылғанды қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым киіз ілдіріп, ауыл айналдырып болған соң мойнынан арқан тағып, қырық қысырақтың құйрығына байлап, қоя береді екен. Сонан соң жылқы үркіп, быт-шыт қылып өлтіреді екен . Жаудан оқ тиіп, оқ денесінде қалған тірі келгендерді жатқызып қойып, өмірінде өз байынан басқаға ойы бұрылмаған, көңілі аумаған ұрғашыны тауып алып аттанады екен. Сонда сол оқ өз-өзінен түсіп қалады екен. Сондай жақсы замандарында бақсы деген болады екен. Бір жерде бір ауруға алып келсе, ойнайды екен неше түрлі ғаламатпен. Онан соң ол ауру жазылады екен. «Жарғыш»- деген болады екен. Ауруға алып келсе, жұртты жиып алып, көз алдында жарып, аурудың денесінен бармақтың көлеміндей нәрсе алып тастайды екен. Сонан соң сол ауру жазылады екен. «Құяңшы» деген болады екен: бір ауруға алып келсе, аурудың тұрған жерін сұқ қолының басымен басады екен. Сонда аурудың құлындағы дауысы құраққа шығады екен. Сонымен ол ауруынан халас болып, түрегеліп кетеді екен. «Оташы» деген болады екен: бір ауруға алып келсе, пышағын жалақтатып алып, ауруды есі бүтін отырғызып қойып, ауру - дерт қай жерінде болса, сылып алып тастайды екен, сәлемет болып жазылып кетеді екен. Осының бәрі бұрынғы заманның адамдарының қылатұғын ісі, Бұл заманда жалғызы да жоқ. Біреудің бір тоқтысы ұрланса, бір тап ел тайлы - таяғына шейін қалмай, түгелімен атқа мінеді екен. Өтірікке жүрмейді, шынға жүріседі (жүрүседі) екен. Онан соң бұлардың даулы кісісінің елі де түгелімен тайлы - таяғына шейін қалмай атқа мінеді екен. Екі жағы екі түйе бастатқан «тоғызды» заманындағы билердің босағасына алып келіп байлайды екен: «Араларынан дау шыққандығына айып!» - деп. Сонда ұры мойнына алмаса, көрген -білген ешкім жоқ болса, «жанға салады» екен: «Жан берсін, жан бермесе, ұры болсын!»-дейді екен. Сонда мал иесі ел - ішінен ұры шыққан елден бір адал, сенімді кісісін «жанға» ұстайды екен. Онда ол жанға ұсталған кісі өз руынан (ұруынан) үш сыйымды кісіге жабысады екен: «Менің алдымда пәленшекеңдер, түгеншекеңдер жүрсін!- деп. - Сонда мен жанға шығамын, әйтпесе шықпаймын!» - деп. Егер де сол тоқтыдан мал иесінің «ұры»- деп жабысқан кісісі ақ болып, шындығы білініп, адалдыққа айналарлық (айланарлық) болса, шын көзі жеткен соң, «ұры»- деп өлтіртуге бермейді екен. «Жанға» ұсталған кісіні тірідей арулап жуып, ақ кигізге орап, моланы үш айналдырады екен. «Алдымда пәленше жүрсін»- деген кісілері алдында солай жүреді екен. «Жанға өтулерінің» үлгі - өрнегі осылай екен. Бұл заманда қозы жауырын, қой бұтты, қуықбасты, үрген (үргерін) қарын сықылды домаланған билер «жанға салған» болады: «Мешітке кіріп, аят оқып, «жан бер!» - дейді. Ант айттыратұғын молдаға (моллаға): «Төрттің бірі чай (пай), не жарты қадақ қант, «жан садақасы»- деп бер»,- дейді. «Тақсыр, жегеннің ішінде тұзымызда бар едің. Бұл заманда кімдікін кім беріп жатыр?!»,- деп, жүре береді. Молдекең де оның тігісін жатқызып, шариғат айтса керек: «Аққа бітім, мұсылманды кәпірге кіріптар қылмас үшін, жан садақасын толық қылып берсеңдер, зарар жоқ. Мына бейшараны кәпірге кіріптар қылмағаның жақсы!»- деп. Онда: «Үлгіде көрмес даруан жарықтық 294 тақсыр - ай, шариғатыңыздан айналайын, әмин - әмин, молдеке, бір қошқарға бата қылып қойыңызшы!»- десе керек. Қазақтың бұрынғы ата-бабасының гұрьш - мәре дүмі жоғары еді, айтылған сөздер (сөзлар) бойынша еді. Дәл осы күнде шариғаттан айырылып қалып: «Кәпірдің зорлығы!»- деп, низамға мойындамай, не шариғат жоқ, не низам жоқ, не ата-бабаның ғұрып-мәре дүмі жоқ, харапандір, харапандір, харапшит болып кетті.
ҚҰЛЫҚ ТУРАЛЫ
Қазақ айтады: «Ұлың өссе, ұлы қылықтымен, қызың өссе, қызы қылықтымен ауылдас бол!»- дейді. «Құлық»- араб тілі: «Уаңғылы халық - ғизидамдағи хүльща (зүлүқа)». Құлық қиын болды. Қазақ тілінің өзін білуші жоқ, мәнісін білуші де жоқ. Бұрынға ата-бабамыз қазақ тілін тегіс білуші еді, мәнісін де түсіндіріп айтып отырушы еді. Сондықтан бәрі әулие болып, айтқаны айтқанындай келіп отырушы еді. «Құлық»- деген адамда болған мінездің ең барып тұрған оңды жақсысы. Солай болғаны үшін қазақ өз бетімен көшіп-қонып, өсіп-өніп жүрген күнде әр таптың бір биі болып, ел - жұрты: «Қой үстіне торғай жұмыртқалатып» билеп тұрды. Сонда айтысып жүрді: «Тайдың жорғасы түйе болады, // Жігіттің жорғасы еліне ие болады»- деп. Мұнан мағлұм болды: ел билеуге жараған -мінез-құлқы басқадан озық болғандықтан билегендігі. Қазақта бір өлең бар:
Құтылмас көптен, қоян, қамалаған,
Тәңірі атар ер дұшпанын табалаған.
Төрт бұрышын бұ дүниенің түгел ойлап,
Ер азбас, өз ақылын шамалаған!
Бұл құлық, жақсы мінез өзін-өзі шамалап, өзіне-өзі құн баға пішіп кесуге ақыл есі түгел жеткен жаннан табылмақ екен. Қазақ сөзі айтады: «Әуелі өзіңнің үйіңе жақ, онан соң аулыңа жақ, онан соң отан -аймағыңа, онан соң халқыңа жақ. Сонан соң барып Құдайыңа жақ!»- дейді екен. Әне - дін, әне - өсиет, әне - қасиет. Бұл құлық мінез - адам жаратылыста өзімен бірге жаралған нәрсе. «Жорға жүрісінен пул болады, жаман жүрісінен құл болады.»Ақыл-есіне ие болуға жараған жан шаппай, желмей, өз бойындағысын өзі тауып алып толықтырып, өсіріп, жұрт көзіне түсіреді. Ақылсыз жынды киіп жүрген киімінің де қайда қалғанын білмейді. Жаратылысы -табиғат(табиғаш) деген адам жаратылғаннан бірге жаралған нәрсе - мінез-құлық деген. О да жаратылғаннан бірге жаралған нәрсе. Өз бойындағыға ие болып, білімі асқан жандар: Сократ, Аристотельдер не тапса, ешкімнен үйренбей, өз білімімен тапты. Біздің қазақта да ақыл - ойымен заң жасағандар болды. Бірақ жазу нұсқа жоқтықтан, жарыққа шықпады. Кеше Абылай хан қазаққа қырық сегіз жыл хан болып тұрған күнінде үш жүздің баласы қазақтан хат танып, хатты жазатұғын бір жан табылмай, Сыр бойындағы қарақалпақтан алдырған екен деседі. Күні кеше Шоң бидің тұсында ақ патшаға елшілікке Итемген деген баласын жібермекші болғанда, Қуандық, Сүйіндіктен хат танып, хат жазатұғын бір жан табылмай, Нұра бойындағы Темеш деген елдің ішінде жүрген Құлжанқожа деген қожа табылып, ол қожа Итемген орнына Боштайды жазып, ақ патшаға барып, қайта келген соң, Итемген аты жазылмағанын сонда ғана білген. Сөйтіп жүрсе де: «Бала оқытайық, хат танытайық»- деспеген себебі - «Абылай хан айтқан екен»- деседі: «Ат жаманы жорға болады, адам жаманы молда болады»- деп. Және бұрынғыдан қалған сөз бар: «Қисық арба жол бұзар, дүмше мола дін бұзар»- деген. Және айтысады екен: «Оқуға сенген - ұмытшақ, жазуға сенген - жаңылшақ болады»- деп. Оқу-жазу десе, аза бойы тік тұрып, үрпиіседі екен. Бұл құлық - адам ізгілік, жақсылық, жағымдылықты - біреуге жағыну, біреуге сүйкімді көріну үшін емес, өзі ақжүректік, адал көңілділік, туралық, түзулікте табан аудармай тұрып қалғандықтан тапқан. Молдалардың қарабұқараны бұзғандығы - мынау бар: «Құдайға құлшылық қылсаң, сауап бар, // Қылмасаң, азап бар!» - дейді. «Құдайға жағынуды, жарануды ойла!»- дейді. Хош, Бұл пенде ол сөзін шын көрді: «Сауап аламын!»- деп, құлшылық қылды. Қылған құлшылығына ақы (ақ) дәметті, Құдайды бір бай есепті көрді. Ақы берсе, жұмысын қылмақ. Бермесе, қылмақшы емес. Қой, Құдай ісі пенде жұмысына үйлеспекші емес. «Сірә, осыған сауап түгіл, қа... да жоқ-ау!»- деймін. Екінші қорқып қылды: «Ұрады, соғады, отқа салады, қинайды!»- деп. Еркімен емес, қорқумен қылған жұмыс орынға тұра ма?! Бұ да - орынға тұрмай, босқа қиналу. Адам тек өзінің адамдығына ие болуға ойлану керек. Өз бойындағысына өзі ие болуға жараған жан дәнемемен ісі болмайды, ақылына билетеді, ақылға сыйғанды ұстайды, сыймағанды тастайды. Біз ақылмен білгенде: «Құдайды бар деп білеміз, күшті деп білеміз. Оған жоқ болу әсте жоқ»- деп білеміз. Өзінің қайда екенін, қандай екенін біліп, анықтау біздің ақыл - ауданымызға сыймайды, біліміміз жетпейді. «Іздеушіге табылмақшымын!»-деген уәдесіне сеніміміз күшті.
«Көп біледі, көлем біледі, көптен қалса, түлен біледі.»
Қаса болат бұзар қамалды,
Аян табар амалды.
Қоғалы көлге қондырмаған
Қожакелді әуелден - ақ жаман - ды.
БҰРЫНҒЫ ҚҰДАЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕРІ
Бұрынғы заманның байларының құдалығы, келін түсіргені, әкесіне ас бергендігі, дүниенің басы қандай, аяғы қандай, ешкімге опасының жоқтығын танытады. Қуандықта - Алтай: Қарпықтың Қарпығының үш баласы - Тінәлі, Мәмбет, Күзей. Күзейден (Кезіден) туған - Тоқа. «Тоқаның жылқысын берсін»- деп батаға қосылған Тоқа осы. Бұл Тоқадан шыққан бай - Сапақ. Қопа, Сапақ, Қорысбай, тағы екеуі бар, бес ағайынды болған. Байлықта бірінен-бірі өтеді. Әкелерінің аты - Тәңірберген. Сол Сапақ Үш жүзден бай таңдады - құда болуға. Кіші жүзде Байсақал деген бай бар деп, байлығын өзіне тең керіп, сол Байсақалға Кенесары, Наурызбайдың ағасы - Саржан төрені алып, елу кісімен құда түсе барды.
Сонда Байсақал құдалардың ортасына бір сәукеле жіберді.
- Қызымның қарақан басы, мінген аты, артқан түйесі, тігілген отау, қылған жасау - бәрі сатусыз тегін. Бір сәукеленің құнын - пұлын берсе болады,- деп, басы Саржан төре отырған құдалар сәукелені малға шамалап, өздері пішіп, өздері кесіп:
- Бес жүз байталға турады екен,- десіп, - Мұның қызының қалың малы бес жүз жылқы болсын,- десті. Үш жүз жылқы - қарамалы, жүз жылқы - үйге енгізері, жүз жылқы -сүтақы, той малы.
Байсақал барған құдаларға:
- Өздерің жүз болып келмей, елу болып келген екенсіңдер. Жүз болып келсең, жүз-жүзден қылар едім. Менен көрме, өздеріңнен көр,- деп, ер басына елуге санын жеткізіп киіт қылды. Түйеден - елу, аттан - елу, тай тұяқ жамбыдан - елу, қой тұяқ жамбыдан - елу. Не болса, ол болсын, елу түрлі қылды. Сиырдан - елу, қойдан - елу, ешкіден - елу, аң терілерінен де – елу.
Сапақ та бес жүз жылқыны бір-ақ айдатты. Мұнан бұрын қазақта қырық жетіден басқа қалың мал ауызға алынып аталмаған.
(Қырық нарда сексен бұрay болған).
Байсақалдың қызы Сапақтың ордасына келін болып түскенде, бес отау, бір алтын шатыр, жеті «жетіммен» түсті. Сонда қыздың өзіне арнаған отаудың уығын атпен жүріп байлаған екен. Керегенің басында тұтам күміс, аяғында тұтам күміс. Уық қанша болса, уықтың бай өткізер жерінде тұтам күміс, (қыламында) тұтам күміс, шаңырақтың өзінде, күлдіреуішінде тұтам күміс. Түйе ауғанда, түйе басына екі бұрау, ұзындығы оқтаудай ағаш, оның екі басында да тұтам күмістен. Дүниелігін атпен жүріп, уығын шанышқан үйге ортасына aп келіп үйе бергенде, күлдіреуішіне тиді десе боларлық болды. Сонда Сапақтың бәйбішесі көзі, көңілі тойғандықтан:
- Дүние, шіркін, жияйын десе, жиыла береді екен-ау!- депті. Онда Байсақалдың бәйбішесі:
- Шіркін,- деп айтқызбаспын деп, осынша пұттап едім. Бекер-ақ пұттаған екенмін. Жақсыға да бір, жаманға да бір шіркін - бәрі бір бас - ақ екен!- депті.
Байсақалдың қызының түйесінің жабуы, бұйдасы деген жібек екен. Қаракесек - Қаз дауысты Қазыбек ұрпағынан шыққан Алшынбай тұңғышы - Ыбырай деген баласына Сапақтың қызын айттырып, сонда Ыбырай қыс ішінде ұзатып алып қайтқан екен де, Байсақалдың қызының түйесінің жабуымен күйеудің жолдастарына тымақ тыстап берген екен. Бұйдасы деген - жібектен жасалған бұйымды жұрт көзінен көрген екен. Баласының отауын түсірген соң, «байлығымды Үш жүзге көрсетемін»- деп, Сапақ әкесі Тәңірбергенге ас бермек болды. Ат жаратсын, асқа қамдансын,- деп, жұртқа сауын айтып, шақырушы аттандырғанда, жылқыдан он жеті мың біткен Алтай:Алдажұман байға Сапақ сәлем айтыпты:
- Алтай: Тоқаның байымын,- деп, Жұман мақтанушы еді. Міне, мен байлығымды Үш жүзге көрсеткелі, әкеме ас берейін деп жатырмын. Жұман менен байлық асырамын десе, осы асқа екі ат мініп келсін. Бір атты, жалғыз атты кедей де мініп келеді,- деген екен.
Сонда Сапақ Жұманның асқа келуін андып тұрыпты. Жұман келгенде, алдынан шыққан даяшылардан сұрапты:
- Жұман қандай ат мініп келген екен? – деп.
Сонда алдынан шыққан даяшылардың бірі:
- Қояндай боз ат мініп келді,- дегенде, бірі:
- Былшылдама, көмірдей қара ат мініп келді,- деп күжілдесіп, раһаласып қалыпты. Себебі Жұманның мініп келген атының бір жағы қояндай боз екен де, бір жағы көмірдей қара екен. Боз жағынан көрген, боз ат деп ойлайды екен. Қара жағынан көрген, қара ат деп ойлайды екен. Сапақтың «екі ат мініп келсін» - дегені, осыны ойлап айтқан екен.
Сонда Сапақ айтыпты:
- Жылқысынан мынадай мал туғандығы - Жұман менен бай екендікке дәлел,- депті. -Қанша тұяқ біткенмен менің жылқымнан Мұндай мал туып көрген жоқ,- депті.
Жұманның Тәңірберген асына мініп барған осы атын Сармантай Алшағыр ұғлы Бижан заманасындағы ақ патшаның көрінісіне мініп барған екен. Осы екі жиында сол замандағы жұрттың көзі түгел көрген екен. Өзге былшыл не керек, басқа аттың бәйгесіне Байсақалдың қызынан келген бес отаудың бірден соңғысын тікті дейді. Кигіз орнына шұға жапқан, шұғасының бір көзі бір атқа алынған екен. Ол отаудың ішіне сірестіріп, текшелеп жасауды жиып, екі босағадан екі ақ қанат керегенің бойы бос құры тұрды. Ал, шымылдықты құрып, алаша төсекті белден салып, жеті «жетімнің» ең басы - «ұрғашы жетім» екен. «Ай дейін десе, аузы бар, Күн дейін десе, көзі бар» бір қасық сумен жұтып жібергендей, жасы дәл он бесте сұлу қыз екен. Сонда Үш жүзден атақты, даңқты неше түрлі жүйрік келді, санын құдай біледі. Жұрттың көзі:
- Ат қашан келеді, қандай жануардың маңдайы жарылып тұр екен?- деп, аузында сол сөз болып отырғанда, өзге ат жоқ, бір бес қылаң, бесеуі де ақ, көк құйрық тістесіп, біріне-бірін тіркеп қойған малдай шұбап, қарақшыдан өте шықты дейді.
Өйтсе, Қыпшақ: Қарабалық, Алданазар паң ағайынды екеуінің аттары екен. Сонда ең алдында келген ат ағайынды екеуі, енші алысқан күнде, енесінің сыбағасына тиген екен де, ағасының қойшысы мініп, қой бағып жүрген Құлақкөк құнан екен. Өзін қойға мініп, өзі Құлақ ақсақ болған соң, елеусіз болғандықтан, керек қылып сұрап, енесі алмай:
- Мынау сенің сыбағаңа тиіп еді,- деп, ағасы қоса қой май, осы бәйгеге ағасы жаратып алып келіп қосқан екен. Сол жерде інісі шап ете түсті дейді:
- Енші үлескенде, өз аузыңнан маған беріп едің. Біздің қойшының астындағы Құлақкөк о да сенікі болсын,- деп едің. Жалғыз соған қарап қалмағандықтан, мен алып жылқыма қоспап едім де, сондықпен сенің малында жүріп кетіп еді. Атымның басын бер, не бәйгесін бер. Бір қимасаң, мен саған бауыр туысқан болмаймын,- деп, ағайынды бір туысқан араз болғанда, елден бұрын араздықты бастаған осы екеуі болған екен де, бірін-бірі көріспей кеткен екен.
Сол көріспеген бойымен жүріп, ажалы жеткені өліп, ажалсызы тірі қалған күнде, тірі қалған ы арман қылып, Шоң биге шағып сөйлеген екен.
- Шөп кіндікті малға бола, ет кіндікті бауырымды көре алмай кеттім - ау?! Обалым заманымдағы атқа мініп, ауызға ілінген, жақсылар, сендердің мойныңа!- деген екен дейді.
Жасыбай, Кенжебай кедейліктен зорлық көрігі өлген. Байсақалдың қызының ақ қаны бізді осындай қылған дейді екен. Кіші жүзден асқан Байсақалдан отау түсіргенін де көрді дейді екен. Әкесі Тәңірбергенге ас бергенін де көрді. Жұрттың көзіне түсіп, аузына да ілінді. Алла сақтасын! Жұрт көзіне түспек, ел аузына ілінбек өзі - бір зор апат. Не нәрсенің болса да, Құдай апатынан сақтасын! Сапақтың бәйбішесі Байсақалдың қызымен араз болды. Келгенге, кеткенге жамандады да отырды. Өзі ұйқышы, өзі жынды, неше түрлі жамандықты жапсыра берді де, бәйбішенің қолынан тамақ ішкен иттердің бәрі де қостай берді. Қызықты дүниенің қызығын көріңдер: енесі менен келінін жауластырып жүрген дүниенің қызықтылығы. Құдай рахмет қылсын Шорман ұғлы Мұса мырза сөйлеп еді:
- Жұрт мұнша жамандайды, жынды дейді. Тіпті, жұртта қаларлық жаманға осыншама дүние жұмсаған Байсақал қалай білімсіз? Ел-жұрты не ғып айтпаған? Дүниені осынша сарп қылып жатырсың - ау! Бұған ие боларлық балаңда жай жоқ деп, қайран - асыр болып, әдейі Сапақтың келінін ендеп (іздеп) барсам, бет біткеннің сұлуы екен. Ұрғашының алғара қиғашы екен. Сөйлескен жанды магниттей тартып кететұғынның өзі екен. Шай қайнатып, әбдіресін ақтарып шай салғанда, шайдың иісі отырған үй түгіл, ауылды аралап мұрын жарып кетті. Сонда мен ішіп отырып шайын мақтағанда, келіншек еңіреп жылап, құя берді:
- Мұрындары жақсы иіске үйренбеген, ауыздары тәтті тамаққа үйренбеген. Мені осы шайдың иісін көп сақтағаннан сасып кеткен ғой деседі. Мен жынды болмай, кім жынды болсын?! Дәнеменің қадір - пұлын білмейтұғын осындай жерге берген әкем екі дүниеде көзін ашпасын. Басыма жаулық салынып осы босағаға түскелі, қолыңнан берген асыңды сүйсініп ішкен жанды көріп отырғаным осы. Біз қандай болсақ, сондай болмады. Біз не қылсақ, соны Бұ да қылмады дейді. Міне, осылардың төріне салып, қалыпқа құйғандай қалпына салып, иттің құсығындай қылып жаратпаған Құдайдан көрмесем, кімнен көрейін?! - деп жылаған екен.
Бұрынғы әулиелер айтқан жоқ па: «Байлық алды - денсаулық, онан соңғы - ақ жаулық, мұнан кейін - жүз саулық, Мұнан асса, жын шалық»- деп. Сол жын шалықтың шалығымен орыстың Майор деген бастығымен төбелесіп, Сапақ ауды.
Арыстан ақынның өлеңінде :
Сарысу Сапақ кетті: «Өрлеймін!»- деп,
- Солдаттыққа баламды бермеймін!- деп.
- Жүрегіме Майордың қолы тиді,
Енді сені, Сарыарқа, көрмеймін!- деп.
Сол ауғанда:
- Жау қолына жылқы түспесе, жаяу қалсақ та, барып бір табармыз,- деп, Байсақалдың қызына күйеу болған баласын басшысы қылып, жылқыны айдатып жіберді.
Өзі қоныс қарап, көш бастайды. Барып қонған жұртта бәйбішесі келінін жамандап, Сапақ байға шағыстырды. Құдайшығына айтпаған сөзді айтты қылып:
- Түннен түйеге жүк артпақшы болып, келінді оята қой деп өзінің бір жетімін жіберіп едім, «Сен мені мезгілсіз неге оятасың?»- деп, жетімін бақыртып сабап еді. Ол бейшара қорғалап қашып, артып, тартып жатқан біздің жүктің арасына қорғалап еді. Қуып келіп және сабады. Сабағанын не қылайын, шіркіннің, тілі ащы екен. «Түйеге артып жатқан Сапақтың жүгі түгіл, әкесі Тәңірбергеннің көріне кірсең де, қоймаспын!»- деді - ау! Сонысы өтіп кетті-ау!- дегенде бай сүттей ұйып, қатықтай қатты да қалды.
- Тоқта, бәлемнің жайын табармын, қарашығын батырармын,- деді де, жылқының соңынан барып баласына жолығысымен,- балам, сенен берсең, бір нәрсе сұраймын,- дейді. Бала:
- Ал, әке,- дейді.
- Маған бергендігің рас болатұғын болса, қатыныңды өлтіртемін, көзін жоғалттырамын,-дейді.
- Не қылсаң, о қыл,- дейді.
Бұрын ит шешесі де саңғұлақ қылып, шыңын жеткізіп қойған ғой. Сонда Байсақалдың қызы өлтірерін білген соң, жан тәтті ғой, кім өлгенін жақсы көреді?! Бір кішкене қайнысын қойнына алып құшақтап жататұғын болыпты. Керек төсекте, жатқан жерінде өлтіріп, құшағында жатқан баланы қатынның қолын кескілеп, әзер айырып алған екен дейді. Сапақ үріккен бойымен үркіп барып, Кенесарыға қосылды. Кенесары Сапақтың баласына айтты:
- Байсақалдың қызының тігіп келген отауын үстіме алып келіп тік. Мінген атын алып келіп босағама байла! Төре - төлеңгіттен сүйген қызыңды алып берейін. Сені (өкіл) өзіме өкіл күйеу бала қылайын,- деген соң, Байсақалдың қызы тігіп келген отауды ханға орда қылу үшін, Кенесарының үстіне алып барып тікті. Мініп келген атын босағасына байлады.
Мұның алдында Арқадағы қалған қазақты аударамын деп Ержан төре он мың кісімен атқа мінген екен де, оны естіп, Сібірден он сегіз мың қазақ - орысы атқа мінген екен де, он сегіз мың қазақ-орыстың алдынан шығамын деп Кенесары өзі аттанған екен де, Кенесары тірісі кетіп, қазақ-орысы келіп, Кенесарының иесіз қалған ауылын шауып, ханымдарын, балаларын тірі ұстап алып, ауыл күзетіп, қарауылшыға қойып кеткен Найманның алпыс кісісін тірі ұстап алып, ажалдыны өлтіріп, ажалсыз қалып жүргенде, Сапақтың баласы бір жерошаққа жата қалып, үстіне түйенің бір жабуын тастатқан екен. Бір қазақ уру (ауру) жабуды көтеріп қалса, астында бұғып жатқан жігітті мылтықпен бір-ақ атып жүре беріпті. Сөйтіп қазақ-орыстар тірі тұтқындай тірі алып, қанша дүниені олжа қылып, ханның үстіндегі ордасының бір бүлдіргісіне тимей кете беріпті. Кенесары қайтып келсе, ел де жоқ, жұрт та жоқ, тып-типыл өзге дүниеліктен нәм - нышан жоқ. Жалғыз-ақ Байсақалдың қызының отауы бұрыштай болып түгел тұр. Сапақтың баласы жерошақта жатқанын көріп:
- Дәу де болса, Бұл үйдің әр нәрсесіне у жағып кетті ғой ,- деп,- біреуге опа қылмаған дүние біреуге опа қылмайды екен,- деп өртеп жіберіпті.
Сапақтың баласына қатын алып бермек түгіл, (өз) қатын-баласына қайғы болып, «Балапан басына, тұрымтай тұсына» заман болды. Сапақ сол ауған бойымен Қаратауға ауып барып, барсымен жылқысын «Ақ жалау» алып, бір-ақ күнде қарақасқа кедей болды да қалды. Сарыарқаны көрмеймін деген уағдасына жетіпті. Кедей болып қалғандықтан, ұялғаннан ел бетін көре алмай қалды.
Сонда Арқадан барған жолаушылардан:
- Аркада төрт мырзаға сәлем айта көріңдер,- дейді.
- Төрт мырзаңыз кім?- дегенде,
- Уай, шіркіндер - ай, төрт мырзаңыз кім деп несін сұрайсыңдар? Есіл мен Нұра, бетеге мен келе - дағы.
Сапақ мырза, Сапақ бай деуші еді. Сапақ мырза емес екен, Сапақ бай емес екен. Сапақты мырза атандырып, бай атандырып жүрген - Есіл мен Нұра екен де, бетеге мен келе екен,-депті. Байсақалдың қызы түсісімен Сапақ қыздарын ұзата бастаған екен. Бір қызды Алшынбай орнына ұзатқан екен. Оның келісімен күйеуі Ыбырай жайрап қалған соң, Алшынбай:
- Мұның дүниесінің ырымы жаман болды,- деп, бір бүлдіргесіне тимей, Сапақтың қызын дүниесімен түгел қайта апартып тастапты.
Бір қызын Азнабай орнына ұзатқан екен. Азнабайдың Сейтен деген баласы алған екен. Тайжан атылып, Сейтен айдалыпты. Тағы басқа қыз ұзатқан жері бөліспе бүліншілікке түсіпті. Мың сөзден бір сөз, қиссадан қисса. Сол Байсақалдың қызының бір маржаны барған жерін оңдырмайтұғын болыпты. Сапақ тұқымы ақырында Арқаға қайтып келіп, жылу сұрап, кедейлік қылған. Хала (жала) бұл күнгеше кедейлікте қалды. Мал да жоқ, бас та жоқ. Түбі - тегі Жанболды Көлдібай, Жөндібай басқарып билеп отыр. Дүниенің басы - анау, аяғы - мынау. Бұл дүние жиылған жеріне не жылан, не шаян, не у, онан басқасы жоқ. Біреуге опа қылмаған дүние ешкімге опа қылмайды. Жан сақтаймын дегендерің мұнан қашып жүріп, жан сақта!
Дүниені жиған жемейді, бұйырған жейді. Бұл соттан анық сөз.
Тоқа - Сапақ Байсақалдың қызын өлтірткенде: екі жігіт өлтірген екен. Бірінің аты -Жасұлан, бірінің аты - Кенжебай. Екеуі де қарақасқа кедей болып, ит жемінде қаңғып қалып өлген. Сонда өздері айтады екен: «Байсақалдың қызының ақ қаны бізді осындай қылған»,- деп.
Денсаулық - ғылымның бір тарауы Дүниедегі жан иесі нәрселердің бәрі де өздерінің есен-сау рақатта болуына тырысады. Өздеріне келетін пәледен, залалды жандардан қаша бастайды. Бір нәрсені зиян көрсе, оған қайтып жоламайды. Бәрінен үстін адам баласы арына рахаттылы өмір сүруді тілейді. Олай болса, дүниедегі рақаттың ең үлкені - денсаулық. Адамның ішкі қуатымен, сыртқы қуатының арасы теңдестік болып, дененің тіршілік етіп, бөгет нәрсе болмай өсуін «денсаулық»- деп атайды. Соның үшін кісі денсаулық жағын білмекші болса, әуелі өз денесінің жайын, онан соң, денесіне кіріп қосылатын тамақтардың жайын білу керек. Және де ол тамақтардың жүретінін, іште қалай таралып сіңетінін, бүтін тіршіліктің қатынасып жүретін су, топырақ, ыстықтық, суықтық, жарықтықтардың жайын және адамға зияндас нәрселердің жайын біліп ұғынарға керек. Міне, осылардың бәрінің мән-жайын үйретіп, рахат ғұмыр сүруге, адамның тіршілігін сақтауға себеп көрсететін ғылымдарды - «Денсаулық ғылымы»- дейді. Денеде не нәрсе пайда болса, бәрінің де себебі бар. Себепсіз еш нәрсе болған жоқ. Адамның науқастануы, азғындап жүдей бастауы бір себеппен болады. Бұрынғы заманда адам баласының біреуі бір нашар аурумен ауырған болса, ол кісіге қатынасып, араласқандардың бәрі де ауырып қырылатын болған. Ол замандағы хакімдер Бұл жұғудың бір жанды нәрседе екенін біліп, тексеріп қараса да, ғылым өспегендіктен, дәл неден екенін біле алмаған. Бұл соңғы уақытларда табиғат ғылымы сұрай бастады. Ғалымдар асыл шыны жасап, асыл шынылар бір нәрсені әлденеше миллион өсіріп, үлкейтіп көрсетеді. Соның арқасында қандай көзге ілінбейтін уақ нәрселерді көзбен көретін болған. XІX - ыншы ғасырдың соңына таман француз ғалымы Пастор, неміс ғалымы Кох деген кісілер шығып, әлгідей бір кісіден неше кісіге жұғып қырылатын аурудың себебін тапты. Ауру микроб деген кішкене тіршілік екенін көріп білді. Ең жақсы дәрігердің өте іскері, осы микробтың жайын нақ білген кісі болды. Сол заманнан бері қарай, жақсы дәрігер болатын кісілер микробтың жайын білуге тырысты. Микроб жайы үлкен ғылым болды -ол ғылым - бактериология. Кішкене микробты көрсететін шыны - микроскоп аталды. Микроб әншейін көзге көрінбейді. Микробтың бәрі зиянды болмайды. Өйтсе - дағы ішінде оқта - текте зияндылары да бар. Осы замандағы дәрігерлер микробтың қандай микроб екенін микроскоппен көріп айырады. Қандай дәріден өлетінін, ыстыққа шыдамы қанша екенін біледі. Еттің сасуы, сүттің іруі, жемістердің шіруі, осы сияқты істер - бәрі микробтан болады. Аурудың микробы ғана зиянды. Микроб - қараңғы, дымқыл, жылы болған орында тез өрбіп, рахат жасайды. Жүз дәреже ыстықта күйіп өледі. Әр түрлі науқастың өзіне арнаулы микробы бар. Мысалы, сүзектің микробы бір басқа, шешектің микробы бір бөлек. Қай аурудың микробы қанға қатыса бастаса, сол аурумен кісілер ауыра бастамақ. Микробтың кіретін жолы - адамның тамақ пен ас аузынан, дем алуы мен мұрыннан, не болмаса денесінде бір жыртылған терісінің жыртығы болса, сонан кіріп қанға қатыса бастайды. Микробтың осы жолдарынан дерт бар уақытта өте сақтану керек. Микробты көргісі келген адам, шалғынның арасындағы борсып жатқан судан бір тамшы су алып, таза пияланың үстіне тамызып, қарасын микроскоп сайманымен. Сол уақытта бір тамшы суда неше мың жүгіріп, жыбырлап, қыбырлап жүрген микробты көріп ақыл қайрандықта қалар. Алланың шеберлік құдіретін ойлар. Микроб жиналған жерінде өздерінен токсин деген у жасайды. Ол өте захарлы: кісіге де, малға да зиянды болады. Қызған ірімшік, құрттан көрінген көгеріш - дәл нағыз токсиннің өзі. Ауырған малдың етін жегенде, адамның ішінде токсин жиналады. Әр түрлі іштің ауруы, ас жақпауы - бәрі сол токсинды тамақты жегеннен пайда болады.
Азық пайдасы Кісінің денесінен таралып, күштің орнын толтырып, денені жылытып, кеңейтіп өстіретін нәрсе - азық. Азықтарды жеуаннан, ныбататтан, жымадаттан аламыз. Жеуаннан (жиуаннан)- сүт, ет, май, жұмыртқа. Ныбататтан - бидай, тары, алма, қауын, ерік, мейіз, тағы басқаларды аламыз. Жымадаттан - тұз, сол сияқты нәрселерді аламыз. Азыққа дененің мұқтаж болуы, қарын ашып, хал азаюынан білінеді. Дененің азыққа мұқтаждығы бір түрлі емес, әр түрлі болады. Мысалы, жүмысшы, суықтағы жолаушы, бала емізген әйел, жүкті әйел, өсіп келе жатқан бала, үлкен денелі кісі азықты көп тілейді. Бастапқы екеуі денесінен ыстықты көп таратқандығы үшін, әйелдің екеуі де екеуді асырайды. Баланы өсіру үшін, ҺӘМ үлкен денені асырауға көп тамақ керек. Азығынан кем болған дене азғындайды; әуел майы, онан кейін еті таусылып, арықтап өледі. Азықтың өте керек нәрсесі - төрт: ғарабша «шебе, залал» - деп айтылады. Мағынасы: таза ет, жұмыртқа, шекер, тұз - осы төртеуі. Бірінен кемдік болған дене рақат көре алмайды.
Бір түрлі тамақта Мұның бәрі табылмайды. Соның үшін әртүрлі тамақ керек.
Азықтың бойға сіңуі
Азық кесек нәрседен болса, ең әуелі ауызға түсіп шайналады. Шайналған уақытта тілдің түбіндегі, шықшыттың астындағы, құлақтың түбіндегі бездерден түкіріп ағып, ауызға жиналып, азықтардың арасына кіріп, жұмсарта бастайды. Азық жұмсағаннан кейін жұтуға ыңғайлы болады. Әбден шайналған соң жұтылады. Жұтылған азық өңештің ішімен барып құрсаққа түседі. Құрсаққа түскен азық бірер себеппен ауыздан қайтадан құсуға да мүмкін. Құрсақтың ішкі бетінде кішкентай бездер бар. Сол бездерден ғағара (ғысара) деген сұйық ақ нәрсе ағып, азыққа қосылады. Ол ақ нәрсе де азықты біраз жұмсартып сұйылтады. Егер де азық шала шайналған болса, құрсақ көп азаптанады. Құрсақ сіңіре алмаса, қайтадан далаға шықпақ. Құрсақта сұйылған азық барып жіңішке ішекке құйылады. Ішекке кірген азық қайтадан жоғары шыға алмайды. Азық ішекке кірген соң, құрсақ пен ішектің астасқан жерінде тұратын ұйқы деген нәрседен ғысара ағып келіп, тағы азыққа қатысады. Ішектің өзінің ішіндегісі без ішектерден ғысаралар ағып келіп, тағы азыққа араласады. Бауырдағы өттен де сұйық нәрселер ағып азыққа қосылады. Осы нәрселердің себебімен азық сүттей боп сұйылады. Мұндай боп сұйылған уақытында азық келіс (килос) деп аталынады. Азық сол жіңішке ішектің ішінде келіс халіне келген соң, өзінің тиісті жолдарымен барып денені аралайды. Сөйтіп, дененің мұқтажын өтейді. Денеге тарауға жарамайтын нәрселер жуан ішекке барып жиналып, оның кіртелерінен етіп, елі (улы) жарақ болып, далаға шығады.
Қанның денеге тарауы Азық келіс халіне келген соң бауырдан сүзіліп өтіп, қанға қатысып бойға тарайды. Қанның жиылып тұратын орны жүрек болады. Сол жүректің өзі сол ішектің астында екі өкпенің арасында, төбесінен асылып тұрған қозының басы секілді бір кесек ет. Ол жүректің ұзынынан қақ жарып шықсақ, оң жағында - асытлы, үсітлі екі қалташа, сол жағында - асытлы, үсітлі екі қалташа бар. Оң жағындағы қалташалардың жоғарғысын -жоғарғы оң қалташа, төменгісін - төменгі оң қалташа деп аталады. Қан жүректің төменгі сол қалташасынан ытқып, қолқаға шығып, түрлі жаққа айырылып, тармақталған тамырлармен бүтін дененің ұшығына, саусақ пен башайға шейін таралып, жүре бастайды. Тармақталған тамырлар тағы неше тармақтарға айырылып, жіңішкере барады. Сондықтан тамырлар жіңішкере - жіңішкере қылдырықтай нәзік боп кетеді. Бұл тамырлар дененің ұшығына жеткенде, қайтадан кейін жүрекке қарай қайту тамырлары басталады. Қайту тамырлары жүрекке қарай қайтқан сайын, тармақтар біріне - бірі қосылып, үлкейе береді. Ақырында кең тамыр болып келіп, жоғарғы оң қалташаға құяды. Одан барып төменгі оң қалташаға құяды. Онан кейін төменгі оң қалташадан лықып шығып, төменгі сол қалташаға құяды. Одан тағы да шығып бүкіл денеге жөнеледі. Сөйтіп қан ерсілі-қарсылы бүтін денені аралап жүреді. Жүрек қысылып, кеңейіп тұрады, қысылғанда ішіндегі қан төменгі екі жақтағы қалташалардан шығып кетіп, кеңейгенде, екі жақтағы жоғарғы қалташаларға құйылып кіріп, қанның осылай жүріп жүректің қозғалып соғып тұрғандығын сол жақтағы емшектің астыңғы жағын қолмен басып байқаса да білінеді. Тамырлардың соғып тұруы да жүректің лықып тұруынан болады. Жүрек қызметі тоқтаса, кісі дереу өледі. Соның секілді қан тамырлар бөлініп, дененің ұшығына қан жете алмай қалады. Қан болмаған дене азғындайды. 125 тамырдың соғуы, жүректің лүпілдеуінен денені аралап бара жатқан қан жіберіп тұрады, соққаны білінеді. Сау адамдікі минутына 70-75 қабат, балалардікі жүзден де артық соғады. Денені аралап бара жатқан қанның түсі әдемі қызыл түсте болады. Дененің ұшығынан қайтқан қанның асылы таусылып, қарайып қайтады. Соның үшін қайтқан қанның шабан жылжып аққандығынан тамырдың соғуы аса білінбейді. Көгеріп көрініп тұрған қара тамырлар - осы қандікі. Аяқ-қолдың сыртындағы көк тамырлар да солардікі. Қанның ішінде де екі бүртік бар: ақ бүртік, қызыл бүртік, денемізді асырап, жылытып тұрады. Ақ бүртік денемізге сырттан келген жау зиянды микробпен соғысады. Жүрек зияндаса, бүкіл дене асыраусыз қалмақ. Қан тамырлары бұзылған дене нашарланбақ.
Демалыс жолы Ауаның (һуаның) кіріп, шығып, қанды тазартып тұратын жері демалыс жолы болмақ. Демалыс жолының басы екі танаудан басталады. Танаудың екі тесігі болып, көмейге барып, кеңірдекке астасады. Танау бітсе, кеңірдекке ауыз жол береді. Кеңірдек көмейден басталған сақина секілді иіліп келген бөлек-бөлек шеміршектерден жасалған, шизармен қапталған бүрлі, түтік нәрсе. Сондықтан шижіп, жылмағай боп ылғи (лаги) ашық тұрады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағымен барып өкпеге тұтасады. Өкпеге тұтасқан орында екі өкпеге екі бұтақ боп айрылады. Ол бұтақтардан өкпелердің ішінде әлденеше тармақтар таралып, өкпелердің іші кеңірдекшелермен толады. Кеңірдекшелерінің ішінде кішкентай түктер де бар. Ол түктер сырттан ауамен кірген тозаң сықылды нәрселерді сүзіп алып қалады. Темекі тартқан кісілердің түкшіктері сыдырылып, қырылып таусылады. Сүзгіш түктері болмаған соң, залалды нәрселер өкпеге кіріп орныға бастайды. Сонан кейін өкпе зақымданып, ауырады. Өкпе кеудеде жүректің екі жағында екі бөлек болып тұрады. Түсі ақ сүр бұлт сықылды, өзі ұлпақ (ұлғақ) бармайтын жұмсақ нәрсе, сырты зармен қапталған. Өкпені қоршап тұрған кеуде де ши тегіс зармен жылтырап қапталған. Кеуде сыртқы екі қабырға, төс сүйегі, бауыр етімен қоршалған. Кең орын қабырғалардың арасындағы ет те созылмалы болады. Ішке дем алғанда кеуденің дүпілдеуі сонан, дем шығарғанда бүрісуі тағы сонан. Демалыс жалғыз кеудемізбен емес, барлық денемізбен дем аламыз. Сынау үшін денені резеңкемен қаптап қойса білінеді. Ауа Ауа (һуа) дем алғанда, ішімізге кіріп, шығып туратын нәрсе. Ауаның жайы хикмет (химияда), толық жан иесі нәрседе: хайуан болсын, ныбатат болсын ауасыз жасамайды. Ауаны аққанда білмейтін кісі жоқ. Оны жел (жыл) болмаса да, ойыл (діл) деп атайды. Ауаның дәмі, иісі, тұрлаулы түсі жоқ. Бірақ қалың болған түрде, ауаның меңзеулі түсін тау бастарынан көруге болады. Бұлтсыз күні аспанда көкпеңбек боп туратын ауаның түсі. Ауа молда лахмусына ғазы мен азоттан жиылған нәрсе. Бір шелек ауаны алып, жүзге бөлсек: 21 бөлімі - молда (лухмусына), 79 бөлімі - азот боп шығады. Қанды түзететін, шамды, отты жандыратын - молда лухмусына. Азоттың демалысқа пайдасы жоқ. Жалғыз-ақ молда лухмусындының өткірлігін жасытып, өкпеге жағымды етеді. Азот отты сөндіреді. Үстелдің үстіне шам жағып, оның үстінен пияла құмбар төңкерсең, өлімсіреп сөңгенін көреміз.
Ауаның қалды тазартуы Қан мен ауаның өкпеде түйісетінін, қосылатынын білу, қанның қызыл бүртігінде имаглобин (гемоглобин) деген нәрсе бар. Ол молдалухмозаны өзіне қарай бөліп жиып алады. Оның орнына жанып біткен көмірсу буы - токсин нәрселерін береді. Шыққан ауаны бөлшектегенде:21-17 - ге түскенін, 79 қалпында тұрған азоттың жұғыны жоқ. Үй тар, ауа кірер орын жоқ болса, молдалухмуза ғазы бітіп, хамғынар қарбон, хамсына фақым токсин суы бойы толмақ.. Сепкісі, тұншығуы сонан болмақ, сол қалпында тура берсе, өлмек. Мысалы, тышқанды пияланың үстіне қойып, үстінен стақан төңкеріп, жиегін замаскалап қойсақ, жылмаңдап тұрған тышқан әлсіреп өледі. Гемоглабиндегі молда - лумоза ғазының көмірімен молда алмай деген ғазды жандырып, денені жылытып жүрмек. Кісі ассыз, сусыз шыдамақ, һуасыз шыдамақ емес.
Ауаның былғануы Ауа былғанып дем алысқа жағымсыз болады. Жерде шіріген өлекседен, шөптен һәм басқа борсыған, сасыған, бүксіген нәрселерден малдың, кісінің нәжістерінен шыққан жаман ғаз иістерімен былғанады. л жаман ғаздарды кеп уақытта танауымыз да сезеді. Жаман ғаздан күкіртлі молдаалма, хамтығына, пахым - тағы будан басқа кісіні былықтыратын нәрселер жаққан оттан, шамнан шыққан түтіндер. Қызыл шоқтан таралған хамсына фақым, хамсына қарбон сияқты нәрселер - буларды иіс тиді деп атайды. Ауаны тағы бір былғайтын нәрсе: тозаң, шаң борағаны. Мұнан қар жауғанда құтыламыз. Үйде сыпыру, қоқитып тастау, киім сілку, терезеден түскен күннің нұрында кісілердің көп отыруы һуаның былғануына себеп болатын нәрселер. Шыңырау ескі құдыққа түсетін болса, сынап түсу керек. Тірі тышқан, я торғайды ұстап алып, құдықтың түбіне ыдыспен салып, солар тірі шықса, түсіп, елі шықса, сақтану керек.
Ауаны таза тұту 1. Ауаны былғайтын нәрселерден сақтау, нашар ғаз шығатұғын нәрселерді өртеп жіберу; 2. Үйдің ішін һәм маңайын таза тұту; 3. Жаққан отқа, жанған шамға сақ болу; пештің жарығын, лампының басын көзде тұту; 4. Тозаң болғанда, үйдің тесіктерін мықтап бекіту; 5. Есік пен басқа былғанған шанды киіммен үйге кірмеу; 6. Үйді сыпырмау, сілкіп әдеттену, сыпырса сулап сыпыру;
Ауаны жаңарту Былғанған ауамен таза ауаны алмастыруды - ауаны жаңарту деп атайды. Кісінің көптігімен, я болмаса, басқа ғаздармен ауа былғанса, дереу есік, терезені ашып, ауаны алмастыру керек. Қыстың күні былай істеу мүмкін емес, солай болғандық үшін желдеткіш жасайды. Ауаны тазарта ма деп, бір дауың орнату қате болады. Көбінесе үйдің ауасы пешке от жағумен тазарады.
Ауадағы микроб Ауаның жерге таяу орнында микроб көп көтерілген сайын жоғала барады. Ауада микробтың жасауы түрлі болады. Мысалы, ойпаң, дымқыл жерде көп, құрғақ далада - аз, тау басында жоқ. Микроб ауада тозаңға, буға мініп жүрмек, таза ауада жасамақ емес. Ауа таза болса, микробтан сақтанбақ табылады. Қыр ауасы жақсы болмағы осы молдалухмуза микробқа дұшман. Молдалухмуза микробты құртып жеп қояды. Бу мен тозаңға мініп жүргенде, микроб қорек алады да молдалухмузадан жеңілмейді.
Топырақ Топырақты әркім біледі, бірақ хикметтерін білетін кісі сирек... Топырақ қандай дәурен кешірген, ішінде нелер бар, һәм басқаларын білуге жалықпай оқу керек. Біз денсаулыққа керек жағын ғана аламыз. Денсаулыққа топырақтың қатынасы зор. Жан иесі азықты топырақтан алды, суда топырақтан ағады, орнымыз да һәм үйіміз де - топырақтан. Топырақтың кісіге зияны жоқ, бірақ топырақтағы микробтың зияны бар.
Топырақтағы микроб Топырақтан микроб барын білу жеңіл. Жаз күнінде дымқыл топыраққа ет көмсек, көп уақытқа бармай-ақ шіріп жоқ болады, бұдан білінеді: топырақта микроб көп. Жерді бір кез қазып барғанша микроб сиремеген, одан әрі барған сайын сиреген. Бес кез қазып барғанда жоқ болған. Топырақтағы микробтың көптігінен қорқуға тиіс емес, буларды сопропит деп атайды. Сопрофиттер зәрлі емес, жерге пайда келтіретін нәрселер. Шөп, шабан, өлексе, нәжіс секілді нәрселерді шірітіп жентектеп топыраққа айналдырады. Одан топырақ күшейіп, өсімдікке азық береді. Зиянды микроб шеттен кеп түспек. Мысалы, мына сияқты нәрселерден: ауру кісілердің қақырық - түкіріктерінен, нәжістерінен, өлімтігінен; ауырған малдың іздерінен, сілекейінен, нәжістерінен, өлексесінен түседі. Бұл зиянды микроб топырақтан ұшқан тозаңмен, ағып жатқан өзен - сумен қатысады. Хайуанның денесіне сүртілумен хайуанға кіреді. Сонан кейін хайуан ауыра бастайды. Топыраққа түскен, микроб жылдам таусылып бітпейді, бітерлік табиғаттық себебі болмаса, шама келгенше топырақты микробтан сақтау керек.
Топырақтағы микробтан сақтану Топырақтағы микробтан сақтанудың амалы мынау: зиянды микробтарды топыраққа түсірмеу керек. Мысалы, жұқпалы аурумен ауырған кісінің қақырық - түкірігін, нәжістерін, жуынды суларын бет алды тастай бермей, күйдіру керек. Күйдіруге мұрша келмесе, дус, карболка, нафталин секілді ашулы нәрселермен араластырып тастарға керек. Нафталин түсі ақ болады, құрттаған қойға салып жүрсе керек. Егер де жұқпалы аурумен ауырған кісі дүниеден көшсе, қабірін терең қазып кемерге керек. Жұқпалы аурумен ауырған малды бос жібермей, дереу сырқат білінсімен байлап қоярға керек. Егер де осындай індеттен мал өлсе, өлексесін отқа жағу парыз. Жердің үстінде, я астында қалдыру зор қате, кешірілмес айып, үлкен қауіп. Бұл тәжірибені қыр қазағы өздері де жобалап жүреді. Пәлен судың басының елегі бар, қонуға жарамайды деп, ол жобасы рас, анықтығына шек, күмән жоқ. Малдың аусыл, сарф деген науқастары да топырақты ете былғайды. Зиянды микробпен былғанған топырақты қайтып тазармайды деп ойламасқа керек. Есіркеуші тәңірінің табиғатқа қойған каноны бойынша топырақ та тазармақ күннің көзінің шағыл ыстығы және де аңызғақ ыстық жел топырақты кептіріп жіберсе, зиянды микроб қырылмақ. Ыстықта микробтың өлуі молдалухмуза қосқандықпен топырақ құрғағандықтан, көбі аштықтан қырылып өледі. Топырақ құрғаса, күн ыстық болса, молдалухмуза қысып тұрса, микроб құрымақ. Және де топырақтың бетіндегі микробты сел, жаңбыр жуып, шайып, тазартып кетеді. Бірақ микробты өлтіретін су жоқ. Әйтеуір өлетті жердің дерті көтерілуі осы табиғаттың арқасында. Күйген топырақта микроб жоқ. Мысалы, қырықтық кескен жерге қоламта себу, я болмаса пышақ кескен жерге кигіз күйдіріп басу,- осы жобадан табылмақ. Жай топырақты салса, пісіріп (есіріп) жібермек, ішінде микробы болғандықтан. Су Кісі ауасыз тірі тұра алмаған секілді сусыз да тірі тұра алмайды. Жалғыз кісі ғана емес, дүниедегі жан иесі бәрі де сусыз жасай алмайды. Сусыз өсімдіктер шықпақ емес. Бұдан білінді: су тірліктің шарты екен. Нендей тамақпен тамақтансақ та, сусыз болмайды. Барлық тазалығымыз да сумен болады. Су дәрігерлік жөнінен һәм керек. Бұдан ақланды: судың денсаулық үшін болған орны зор екен. Жақсы таза су түссіз, дәмді, иіссіз болады. Қалың болып жатқанда, мөлдір деген түсі бар. Су заты молдалухмуза, молдаалмай деген екі түрлі ғаздан жиылған. Бір стақан суды тоғызға бөлгенде, ауырлығының біреуі – ақ -молдаалмай, қалған сегізі молдалухмуза ғазы болады. Молдаалмай өзі ғана жанатын ғаз. Молдалухмуза өзін де, басқаны да жандыратын ғаз. Бұл кітапта судың денсаулыққа керек қатысы ғана айтылады. Басқа хал-жағдайын хикмет (химия) кітаптарын қарап білуге керек. Судың ішерлігі, жуынарлығы болсын, әйтеуір таза болуы шарт.
Судағы микроб Топырақта микроб болған сықылды, суда да микроб бар. Бірақ судағы микробтың көбі сапрофиттер болмақ. Зиянды микробтар мен сопрофиттер ұрыс қылмақ. Ақырында сопрофиттер жеңіп, жеп құртпақ. Осы себепті үлкен судың орта жерінде зиянды микробтар жоқ болмақ. Сопрофиттердің өзі де өте көп болып кетсе, суды бұзады. Сондықтан су зиянды суға айналады. Мысалы, судың молдалухмузасын сопрофиттер тауысып азық қылған соң, судың дәмі, түсі, исі өзгереді. Қара су, сары су, қызыл су деп түрлі түс беру керегі жоқ. Нағыз таза суда белгілі түс болмайды. Ондай түс болудың өзі, я микробтың ісі, я топырақтың бояуы. Микроб су атаулыда көптігі бірдей болмайды, өздеріне арнаулы суы бар. Судың басқа нәрселерден таза болғаны секілді микробтан да таза болуы шарт. Үлкен судың ортасында микроб болмаған соң, ауасында микроб жоқ.
Жұғымды су Ішкенде пайдалы болатын суды - жұғымды су дейміз. Судың жақсы екендігі сабынның көпіруімен, шайдың жақсы шығуынан белгілі болады. Ішерлік су нашар нәрседен, микробтан таза, мөлдір болсын. Міне, ауа азырақ түз тұқымы да қатысқандығы білінсін. Таза су табылмай зәрурт (дарури) 2 халға түссе, нашар суларды тазартып ішуге болады. Судың қалай тазартылуы ілгеріде баяндалады. Жұғымды су етті, картофияны жақсы пісіреді. Түз тұқымы көп қатысқан су ішуге жағымды болмайды. Судың жайы - шыққан жеріне қарай.
Су дүниесі теңіз деп айтылады Теңіз суында кен тұқымы, түз тұқымы көп еріген болады. Сондықтан ішуге, жуынуға жарамайды. Бұрынғы замандарда теңізде жүрген кісі амалы табылған соң, ол бейнеттен құтылған. Теңіз желектерінде зиянды микроб болса да, ішіне ұзап кіре алмайды. Теңізде хайуандар, шөптер, сопрофиттер көп болады. Олардың көп болуы судың нашар болуына себеп. Теңіз суы - барлық судың анасы. Күннің ыстығы мен теңізден көтерілген булар ауаға шығып бұлт болады. Бұлтты жел айдап қара жердің үстіне келтіреді. Жылы болса - жаңбыр, суық болса - қар болып жауады. Жауған соң, жердің бетімен ағады. Не болмаса, топыраққа сіңіп, жердің астына кетеді. Жердің бетімен аққан су топырақты жырып кетеді, оны өзек деп айтылады. Өзектер қосылып өзен, өзендер қосылып дария жасайды. Дария барып теңізге құйылады. Топыраққа сіңген су жер астынан бұлақ болып шығады. Не болмаса, қазған құдықтардан шығады.
Күллісі: ер жыхым Алла сал - әр нәрсе өз асылына қайтпақшы.
Топырақтан жаратылған адам ақыр бір топырақ болып қалмақ. Аманат қойған нәрсесін иесі бір күн келіп алмақ. ... келіс ішектен шығып жоғары қарай өрлегенде, бауырдың ішінен сүзіліп өтеді. Ішіндегі залалды болған микроб микробтың өлексесі болған нәрсені айырып алып қалады,- от дейді. Сол сүзіп алған нәрселерінен жасап, от сауытына құяды. Қояш бірле дауалану аулақ бір болма, я кәпірде ішінде (я) ланғаш халде қояш қызуында қызынып ор күн біраз минуттар тұру сәлеметлік үшін пенделі нәрсе дүр башқа қызу сақмаз дәрежедегіне шора (дағыдада) 410 (14) махипада (махиғада). Қояш уаннасы»- деу айтыла дүр. Егер де мирианның бірнені қияш нұрының ашырына тапсырылса.
Қам (қым) уаннасы Жайкі қияш ила қызған қамға меризні бойнынаша салып үстінден һәм қам илан сітір қылар. Жүректің оң жақ тарпындин шығып өлкеміздің уақытына сауытларына келген қарақан ғыр нағыс ұлдығындан безлерінің, табиғатымызға зәрлі уа пайдасыз дүр. Шөл (сол) жаһиттің боғазмыз арқылы нәпіс (нағыс) еттегіміз уақытта өкпемізге кірген. Нағыс ауа епкемізде болған қара қанға қатысып, тез заман ол қара қаннан болған оғылнай кислота деген зәрлі ғазды айырып алып, безім сиятымыз зәрүр олған кислород деген жезіне қосып, нағизеде дүр.
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Қазақ: «Неке суы - Мекке суы»,- дейді. Сол ауызға алынған сөз бекер болмайды. Ауызға алынған, періштенің құлағына шалынады. «Халық тілі - Құдай қаламы»- деген бар. Неке суының қасиеті адамның ішіне кеткен қылшық, қыл-қыбыр сол сумен жидіп, шіріп жоқ болып кетсе керек. Ол адамның ішіне кеткен қыл-қыбыр бір жерге жиыла-жиыла көбейіп, оған екі түрлі жаман иіс рухландырса керек. Бірі - қоңырсыған майдың жаман иісі, сасыған, бүксіген, бықсық - жаман иістер. «Лола алтығзын уалдхан уалхабар лығыш алнас кішірсінте - кіретұғын жаман иіс болмағанда, түтін болмағанда, шаң-тозаң болмағанда, адамдар көп жасар еді»,- делінген Хадис Шәриф болса керек. Ханбабаны - «Ханбаба»- деген төреден ат-шапан жолын беріп, Малқар баласы Қарпық алып қалған . Қозған: Қабыл балалары байлықпен қоныс қылып, оның тұқымын, дүние беріп, қара орыннан тайдырған. *** Қазақта бір сөз бар: «Судан өткенше, қызымды беремін»- дейді, // Судан өтіп алған соң: «Өзіңнің айтып жүргенің не?..» дейді.
- Кәрімде «Айта - Кериме»- бар: «Ағузы билламин ал шайтан, әл-хим. Уазда міским әлзір фи Алжир філмен тогын Алла айату! Філманжиким әл - әлжира Ғырфитим екен Алла сан кігора!»
«Жаманға мал неге керек: жаманның алдындағы мал - біреудікі; Жақсыға мал неге керек: кімде бар болса, сол мал жақсынікі; Өзі жақсы кісіге дүние мол; Өзі жаман болғанның бар дүниесі - біреудікі». Бұл сөздерге муафиқ Айта - Кериме бар: «Ағуз билламин ла-шайтан ал-ражим! Ула тугу әл-сиғһа муа әл-ким!» Бұл Айте - Керименің мығнай шыриғыбан - «Жаман балаға мал қалдырмаңыз. Не үшін десең, жаман бала ол малға ие болмай, айрылып қалады. Егер бала жақсы болса, оған мал қалдырсаң, қалдырмасаң да - бәрі бір бас. Айта-Кериме былай деген: «Агузи билламин әл-шайтан әл-ражим! Уһу тиоли лысалхин.» Ізгі жақсылардың бақташысы, қорғаны-Алла -тәбәрік оттылы өзі оны малсыз, аш-жалаңаш қоймайды!»-деген. Қазақ сөзі: «Ит тойса да, жалаңдайды, тоймаса да жалаңдайды». Буған дәлел - Бұл «Айта-Кериме». Алла - тәбәрік оттылы кәлам мешітінде: «Итке тиіспе, қылған тәпсір хисини. Бұл дүние фиалмасыл бір астихуа не кеміріп, неше иттер кеткен. Әні 190 хыхиғада арам өлген жемтікке не барады? Салған бойымен ит барады. Құста-сұңқар, аңқа - арыстан бармайды да, жемейді». Қазақ сөзі: «Есеп: есеп білмеген есек.» Бутан дәлел - Бұл «Айта - Кериме»: «Өткен өмір, жасаған жасың не жұмыспен өткендігін, соның есебін өз басыңнан өзіңнің алуыңа керек. Бүгін бір сөзді өзіңе-өзің тауып айта алмай турсың, таңда Құдай алдында қалай тауып айтамын деп ойлайсың?! Құдай тағала қанша жаратқан нәрсесінде есепсіз (хисапсыз) жаратқан нәрсесі жоқ, не нәрсе болсын, есебін біліп іс қылу керек. Дәнеменің есебін білмегенді бұрынғылар есек орнында санаған. Қазақ сөзі: «Санамасаң, саннан шық, // Елемесең, елден шық!» Буған дәлел - «Айта-Кериме»: «Ай, пенделерім, сен мені Құдайым деп санасаң, мен пендем қатарында санармын. Сен маған жақсылықпен қайтсаң, мен де саған жақсылықпен қайтармын. Сен маған жамандықпен қайтсаң, мен де саған жамандықпен қайтармын.» Қазақ сөзі: «Ер екенің білейін, // Ер өлтірші, көрейін!» Бұған дәлел - «Айта - Кериме»: Біреуді біреу нақақ өлтірсе, қорқақ болып әуре (аурай) болып кетеді. Бұрынғылардың батырлары кісі өлтірсе, қанын ұрттайды екен. Сонан соң жүрегі орнына түседі екен де, тағы кісі өлтіруге құмар болады екен. Олай қылмаса, қорқақ болып, есалаң болып кетеді екен. Қазақ сөзі: «Тайдың жорғасы- түйе болады, // Жігіттің жорғасы - еліне ие болады.» Бутан дәлел - «Айта- Кериме»: «Дәрежеде тағат (тығауыт) болмақтығына (болмақлығына) хош қылық (Хүсен халық), көркем мінезбен әркімнің мінезі артық болса, дәреже де артық болады. Бұл тағатты (тығауытны) сол үшін қылдым:- Адамдардың бағзысы (бығзысы) бозысынан жоғары (иоғары) болсын!»- деп. - Біреу біреуге бұйырып, жұмыс қылдырсын. Дүние низамы орынға сонымен келсін!- деп. - Тіршіліктің керек - жарағы табылсын!- деп. Біреуге біреу малымен жәрдемші (иардамшы) болады, сонымен дүние дүние болып орынға келеді.» Қазақ сөзі: «Құдайдан қорықпағаннан қорық»- дейді. Құдайдан кім қорықпайды: надан қорықпайды. Наданның қорықпайтұғындығы бұл «Айтадан» мағлұм болып түр: «Ныманхышы Алламен ғибада лығылма.» иғыны бідір сігиге қорқады. Құдай тағаладан құлдарының ішінде Құдайдың құдайшылығын анық жете білген құлдары. Солай болғаны үшін «Айта- Керимеде»: «Уағир зағын ажаһилнин,- дейді. «Низаннан сақтан (сақлан), қаш!- дейді.- Міне, білмей, танымай тұрған көрсоқыр сені (иені) біле ме, сені тани ма?!-дейді. Қазақ сөзі: «Нас шіркін осы нені біледі?!»- дейді. Бұған дәлел - Алла Тәбәрік оттылының пенделеріне керегі ұлыкдікір мынабіні адам,- дейді. Екінші: «Лүтеғины лықид хақына ланисан фихасен тықиум»- дейді. Үшінші, кітап (ғытай) жүзінен (иүзінен): «Иайһаышнасы»- дейді. Қазақ тілінде - «Нас». Осы иайһа алиасының насы. Қазақ сөзі: «Қыс хызырын көрем десең, қыстың қамын жаз қыл, // Тән хызырын көрем десең, қорегіңді аз қыл.» «Хадис Шәриф»: «Жаздың күні миы қайнамағанның қыстың күні қайнамайды»,- деген...
Қазақ сөзі: «Жуастан жуан шығады.» «Хадис Шәриф»: «Иак уахилым.» Қазақ сөзі: «Егер білім үйретсең жаманға, атыңды ерттеп, даярлап қойып, сонан соң үйрет. Неге десең, сенен үйреніп алған білімімен тура өзіңе дүрсе қоя береді. Сол шақта қашып құтылуыңа керек!» Қазақ сөзі: «Шын дүние - шынжыр арқан, // Жалған дүние - жалған жіп.» «Хадис Шәриф»: «Шүберекті екі айырғанда, ең таусыншығында бір жалғыз жіп ілініп тұрады. Бір басы мына жағында, екінші басы екі жағында болып, Бұ дүниенің мысалы құтты (хұды) сол сықылды. Екі дем алыс: бірі кіреді, бірі шығады. Соның біреуі тоқталса, адам деген өледі де қалады. «Бір дем әрі, бір дем бері»- дегеннің мағынасы - осы. Қазақ сөзі: «Ерте тұрғанның ырысы артық.» «Хадис Шәриф»: «Лыситжа тымних лырзық» - Таң уақытында ұйқыда жатпақ, келейін деп тұрғанырзықты (ризықты) келтірмейді. «Ұйықтаған ұйқы алады, // Ұйықтамаған жылқы алады.» «Қартайғаныңды құрдасыңнан білесің.// Кемігеніңді құдаңнан білесің». Осы мақалды Тұрсынбай баласы Тасыбек марқұм айтып отырушы еді. Басымызға келген соң, білдік. Қазақ сөзі: «Көзі соқыр - соқыр емес,// Кеудесі соқыр - соқыр.» Бұған дәлел - «Айта Кериме»: «Бұ ғалам дүние біздің шапағатты анамыз екен. Ана баласын қандай асырап бағады, бұ жаһан бізді сондай бағады. Жас тығыл ішіп-жей алмайтұғын тамақтарды анасы ішіп-жеумен анасының ішкен - жеген 314 қорегі балаға да қорек болады,- емшек жолымен барып қатынасып. Сондай Бұ дүниеге ғаламның бір емшегі - нибатат жерден өсіп -өнетұғын қоректер. Бір емшегі - жиуанат: бізге мәкүл өсіріп (өшіріп) омабос болатұғын -солар. Олай болса, бізді тапқан анамыз денесінің сырғына шыққан соң, бағып-қағып тәрбие қылады. Бұл ғалам дүние бізді құрсағында қалай жайлы - жақсы бағып-қағады?! Әмсе (һәмше) біздің тәрбиемізде күні - түн босанбай, аймен жібітіп, күнмен құрғатып, желмен кептіріп, топырақпен жұмсатып, күндізбен өргізіп жүргізіп, түнмен жусатып, ұйықтатып, бабымызды тауып тұр. Солай болғаны үшін Ан хазіретіміз Сали Алла тағала ғалиа оссалам... Мұның мағынасы: «Ақыретке барғанмен, ешкім онан далада бос жатқан бір нәрсені тауып алмайды. Осы жалғанда өнерпаз (һунарпаз) болып, жақсы (иыхшы) болып шыққандар онда да жақсы. Осы жалғанда дәнеме таба алмағандарға онда барғанда да дәнеме жоқ. Хадис Шәриф: «Алдиһиа мизырға алазырт» - деген. «Жалғанда еккен болсаң, ақыретте орып аласың. Жалғанда дәнеме екпеген болсаң, ақыретте құр қаласың. Екі жаһан жақсылығын осы жалған дүниеде кәсіп қылып табуға мүмкін болғаны үшін мұны айтты. Адам өзінің қалай жаратылып, қалай тұрғанын білмесе, жаратқан Құдайын білмей, танымай қалады. Екі дүниеде бірдей соқыр деп осыны айтады. Сол үшін пенделерім екі дүниеде бірдей соқыр болып қалмасын деп, пайғамбарлар, кітаптар жіберген. Халықты халыққа ашна қылсын деп, халық жаһан, ғылым-білім, ғақыл, зыһын, қуат, илан -Құдайды танып, құлшылығын қылып, соқырлықтан құтылсын!»- деп. Өзін әбден таныған соң, өзін жаратқан Тәңірісін танып, мин ғирфаиза фикдығыр фарбеге лайық келсін - деп. Әркім танымалының ашнасы болады. Қазақ сөзі: «Бұл шіркін өзін танымайды, кімді таниды?!»- деп келеді. «Өзін таныған -Тәңірісін таниды дегені»,- дейді. Асылы қазақ тілі жұмбақ: не айтса, бәрінің шешуі бар, шешуін білуге тырысу керек. Тіршілік не үшін керек? Тіршілік жалғанды ғимарат қылу үшін, ақыретті көркейтуге ғибадат қылу үшін керек. Жаратуын Құдай жаратса да, екі жалғанды жасап көркейтуші адамзат болса керек. Дүние немен дүние болмақ? Адамзаттың дамыл алмай әрекет (харекет) қылуымен дүние болып, орынға тұрмақ. Ақырет немен көркеймек? О да адамзаттың жалған дүние тіршілігінде шын ықыласымен Құдайға қылған ғибадат, құлшылық жұмысымен көркеймек. Құдай - патша, патшалығына екі зор той қылған: бірі - дүние, бірі - ақырет. Сол екі тойдың қызметкері, жабдықшысы адамзат болған, һәмма жаратқанының билігін адамзаттың еркіне берген. Басы мүкіл періште, басқа мақлұқаттарының бәрі адамзат пайдасы үшін, адамзатқа жұмыскер орнында жаралған. Екі дүниені бірдей көркейту адамзаттың уәзипасы, тіршіліктің керектігі сол үшін! 1. Қазақ мақалы: «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды.» Бұған дәлел - «Айта Кериме» бар: «уһу тиоли әл-салхин». Ол Алла тағала ізгілікте болған: ақ жүрек, халал ниетте болған пенделеріне өзі мітули, яғни (ихни) ондай құлын бағып, қағушы өзі болады деген сөз. 2. Қазақ мақалы: «Өзі үйренбегенді дүние үйретеді.» 3. Қазақ мақалы: «Су ішкен құдығыңа түкірме!» 4. Қазақ мақалы: «Бір шайнасаң, май шайна: шылқылдасын аузында; // Қатын алсаң, семізді ал; былқылдасын қойныңда.» 5. Қазақ мақалы: «Еп – ептен - себеп, // Балшықтан - мұрат.» Жер қазып, топыраққа су құйып, оған ағаштан қалып жасап, атпен бастырып, үй қылып қалыпқа қойса, кірпіш болады. Сонан соң сол кірпіштен ғимарат салынады. Басы бос топырақ еді, онан - Мұнан себеп болып, ақырында үй болды. Сондай адамның әр не қылған ісіне себепші табыла берсе, сол іс ақырында орынға тұрып, мұратқа жеткізеді. Себепші табылмаса, дүниенің ісі себепсіз болмайды, дәнемеге жарамай қалған жерінде қала береді. 6. «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл мақал емес, қарғыс. Біреу болады: өзі білмейді, өзінің білмегендігін мойнына алып, білгеннің тілін алып, соның айтқанына көніп, айдауына жүре береді. Ол наданға саналмайды, білімділікке жатады. Өзі білмейді де, және білмегендігін мойнына алмайды. «Дүниенің бәрін өзім білемін.»- деумен өмірі өтеді. Наданның наданы осы болады. Арабша (ғарабша) Мұндай кісіні... к дейді. Екі надандық бір орынға сыйған болады. 7. Қазақ мақалы: «Қисық арба жол бұзар, // Дүмше молда дін бұзар.» «Мышной Шәрифтің» сажи мәула Руми айтқан:
Інім молда: хатире - иман,
Інім тібип, хатирет - жан.
Інім сопы: ғын - шайтан.
8. Қазақ мақалы: «Бұралқының пұлы жоқ, // Бұзылған шаһардың сыны жоқ.» Хазірет Иосиф ғалиа - алсілам Мысырға патша болып тұрғанда, он бір ағасы: «Астық аламыз»,-деп, барғанда, неше мәртебе оларға өзін танытпай, патшалық хүкіммен ретін тау ып өздерінің шариғатына салып, қанша жұмыстар қылып, ақырында бұларды жауаптан дағдарта берген соң, бұлардың не қылып, не қойғанын үстінен түскен кісідей айта берген соң, бұлар бірден:
- Сен өзің Жүсіппісің?!- дегенде:
- Қал анна Иосиф уһза хиақтымын Алла линых - делінгенде, бұлар жалынып:
- Біздің білместігімізді кеш!- деп, бірден жалынып шулай қоя бергенде, хазірет Иосиф ғалиасілам:
- Латшарип ғылким алиум! - дейді.
- Жоқ, олай емес, сіздер маған жамандық қылған жоқсыңдар, жақсылық қылдыңдар! Сіздер атамнан айырып, құдыққа салып: «құл» - деп, Мәлік дәу қараға сатпағанда, маған Бұл тақ, Бұл бақ үйде жатумен қайда еді?! Онан соң және қанша патша болғаныммен, халық маған жаман көзбен қараушы еді: «Түйенің ауған жағына байлау болып келген төрт теңге қырық тиындық құны болған түпсіз, тексіз күл - осы да патша болып, бізді билегенсіп тұрды - ау!- деп. Міне, бүгін сіздерді көріп, менің ағаларым екендіктеріңді білген соң: «Бұл өзі түбінде де жаман кісі емес екен, туысқандары мынадай екен, пайғамбар баласы екен!»- деп, жаңа көңілдері тойып, енді жақсы көзбен қарайтұғын болды. Бұрын қанша болғанменен, құнсыз едім, сіздермен көркейіп, жаңа құнды болып турмын!- деген соң, бәрінің көңілі жадырап кетті.
Сол айтқандай, жалғыз басты кісі қанша болғанмен, кемшілігі бола береді.
Домбыра шерткен бу бармағым қағылар,
Шайыр жігіт молам бетке тағылар.
Кісі жұртында биік болмақ хан болғын,
Бала-шағаның байлау маған бағылар!
«АНА ТІЛІ» ТУРАЛЫ
Қазақта екі сөз шешілмей жүр: бірі - «Ана тілі»- деген, бірі - «Әдебиет»- деген. Шешілмегеннің себебі: «ана тілі»- деген қазақтың бұрынғы қазақ болған күніндегі ескі тілі. Ол ескі тіл кімде қалды?! Жалғыз-ақ қатындарда қалды. Қазақтың ең алғаш көрген молдасы: сарт - сауан, ноғай - ноғай. Олар өзі қазақ тілін дұрыстап білмейді. Өтіріктен оқытқан тілі мынау: «Әліп кез біра ләмға сәкін әл хи ғаз бір ха мумға сәкін алхам дәл пайың ду алхамдү». Бала Бұл айтып отырғанының оқуы қайсы, оқу емесі қайсы екенін айыра алмай миқата болды. Құдай онымен қоя ма?! «Менің айтқанымдай айта алмасын»- деп: «Қызыңа секей күнет бекем»,-деп, тарс еткізіп басқа салып қалады.
Ноғай үйреткенде: «Бит әлі алай түгел бит»- Бұл бұлай, түгел деп сабайды. Сарттан оқығаны сарт тіліне еліктеді. Ноғайдан оқығаны ноғай тіліне еліктеді. Анан сұратқан орыстан оқығаны орыс тіліне еліктеді. Өзінің жергілікті тілінен айрылып қалды. Қатын ешқандай, ешкімнен оқыған жоқ. Бұрынғы ескі қазақ тілі қатында қалды. Осы қатын тілін дұрыс білетұғын қазақ жоқ демейін, саналмаса, нама қалған шығар. «Ана тілі»- дегеннің мәнісі - осы. Әдебиет деген кейінгіге үлгі-өнеге үйрететұғын, ғылым-білім беретұғын, құлық - мінез түзететұғын сөз дегені. Рас, бұрынғының өлеңі, жыр, тақпағы - бәрі әдебиет. Қай-қайсысы болсын, сыртын таңдайды, ішімен, мәнісімен жұмысы жоқ. Егер мәнісін білуші болса, мың кітаптың сөзінен бұрынғының айтқан бір ауыз сөзі асыл. Бұрынғы шайырлардың бір ауыз өлеңінің мәнісін шешіп сөйлеп, көп ортасына салғым келді. Қарқаралы дуанына қараған он екі қазылық Ой түндікте тұрақ жай қылған Шаншар ұрпағы Қаз дауысты Қазыбек немересі Қанай деген бай болыпты. Қалдыбай қожаның өлеңінде бар: Қазымбеттің баласы - Қанай, Жанай, Ортаншысы - Атымбай, кенжесі -Анай. Қара Ұзақ пен Сары Ұзақ, Қарақалпақ Құлтекесін сұраймын әлдеқалай. Сол Қанай байдың кенжесі Бәзіл деген бай болыпты. Байлығы Арқадағы үштің бірі болыпты. «Үш Бәзілдің бірі болған Бәзіл» - атаныпты. Бәзілдің баласы Жылқыбай Шаншардан шыққан төрт мырзаның бірі болып, «Жылқыбай мырза» атаныпты. Нұрбикеде - Балықбай, Айбикеде - Жылқыбай тұстас та болыпты, бастас та болыпты. Екеуі тізе қосып, ел... Қаракесек ішінде Қалдыбай қожа деген ақын қожа болған. Бір аяғынан бір аяғы шолақ, жергілікті ақсақ екен. Кемпірдің шабаданындай қораш кісі екен. Жылқыбай мырзанікіне келіп қонып аттандырып тұрғанда, Жылқыбай мысқыл қылып күліп:
- Қожекеңнің үзеңгі бауы ұзарайын деген екен. Текті аяғы ұзын - ау,- дегенде, қожа айтты дейді:
Бұл сөзді не деп айттың, жаным, ботам?! Аяғым ұзын емес, бір-ақ тұтам. Аяғым күннен-күнге қысқарады, Тұрған соң жұртты билеп күң мен құтан. Қожа құл-құтан деп Жылқыбайды айтты. Жылқыбай құл-құтан емес, Қаракесек сауыры Шаншардың нығызы, толығы, Болатқожаға барғанша ата-бабасында бір кемдік жоқ. Сұрастырып, қағыстырып келсек, Жылқыбайды тапқан анасы күң болып шықты. Елді құл мен құтан билеп түр дегені сол екен. Қаз дауысты Қазыбек немересі болған Қанай бай сүт кенжесі Бәзілге атақты бір байдың қызын алып бермей, күңді қалай алып береді?! Осы адам нанарлық сөз бе?! Миға салып ойлау керек. Сөзді түгел айтамын деушілер атасының көз құны қалғандай жоқтайды, зерттейді. Сонан соң табылады. Бұл сөздің мәнісі бұлай болады. Көтеш ақынның бір ауыз өлеңі болған. Өзін жау тонап жатқанда айтқан:
Ay, балам, танымаймын, не ел боларсың?!
Не дәулет, не перзентке кем боларсың,
Көтешті жүзге келген тонаймын деп
Айдабол мен Күлікке жем боларсың,-
делінген.
ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАРҒА СЫН
Бұл газет - журналдарда жұрт жеріп, ықыласы қайтып тұр еді. Себебі сөз жазса, жүректі түртіп, ойланған ойды қозғайтұғын дәнеме жоқ болғандықтан. Өлең жазса, жарапазан есепті болғандықтан. Анан сүретін «Кенесары-Наурызбай», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Шора батыр»- бәрі де құлақ - мұрыннан айрылып жұрдай болыпты. Қай-қайсысын болса да, керген кісі оқып, біреуге есіттіруге ұялады. Кісі таусылған екен, адам құрыған екен. Мынаны жазған кісі ұялмай не деп жазды?! «Түзеттім, мәнісін шештім» - деген, несін түзетті, неменесін шешіп, жұртқа түсіндірді?! - деп. 1925-інші жылдың 21-інші май, 331-інші нөмір, «Еңбекші қазақтағы» Бабасұлы Досқайырдың сөзін көрген соң, жазған сөз екен. Ырза болғандықтан, көңіліміз сылқ етіп тәуір болып қалдық.
Жұртты бақа сорған жоқ екен, кісі бар екен, адам құрыған жоқ екен деп. Досқайыр сөзін көрмей тұрып, біздің Бұл жақта ішін бұзып сөйлегендігіне шыдай алмай, «Кенесары-Наурызбайды» бұрынғының ... өз сөзін тауып сөйлеушілер болған еді. Олар сөзін бастағанда былай бастады: «Қаракөз, құндыз, қарақас, қабағы Бұғақты, сұңғақ, сұлу, ақ тамағы, Дөңгелек жүзі, аппақ, қызыл ерін, Қыр мұрын, екі беттен қан тамады. Әдемі сұңғақ бойлы, құмырсқа бел, Қара шаш, қараса адам, жан талады. Өткір көз нұр төгіліп күліп тұру, Аузынан қандай адам қант алады?! Сұлуың сен мақтаған осы болса, Байқайық, ләззәтіңе кім қанады?!
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДІН
(БІРІНШІ ӘҢГІМЕ)
Исламитінің түп негізі болған Калам, Қадим, Хадис-Шәріптен (Шарифтан) хабарлары жоқ, сарт-сауаннан жинап алып айтқан дін дүниеге (дүнияға) пайдасыз. Қатырма тысты қалың кітаппен қазақтың саф жауһардай балаларының миын шірітіп, оның өзінде, оңдап үйрете алмай, шапан менен сәлденің арқасында халықтың төрінде отырып, тәтті тамақтар жеп, қарнын тойғызғанға мәз болып, өзі оңбаған қара халықты онан жаман былғап, қорлықта (хорлықта) қалдыруға надан молдалар себеп болды. Сексен миллион шамасы Үндістан (һіндістан) мұсылмандарына үлгі-өнеге шашқан Шейхы Жамалдин Лафғаны. Үш миллион шамалы Мысыр мұсылмандарына үлгі-өнеге болуға жараған Шейх Мұхаммед ғыбыпта хазіреттерінің (хазіретлерінің) сөзі илан. Өткір тілді, жүйрік қаламды, хүсіре (хүре) пікірлі, ақиқат (хақиқат) майданына (миданына) жарқырап шыққан шаһбаздар (шаһбазлар) бізді үйір-шүйір қылып таныстырып жатыр. Бұрынғы қатырма тысты қалың кітапты қоялық. «Ай мен Күндей, һәммаға бірдей»- болып шыққан, заманымызға муафиқ, ғылымды, білімді жұрттан озған алаяқтардың жазған (иазған) сөзінен, айтқан насихатынан, баһра алып, пайдаланайық. «Дін не екенін танимын» - дегенге Раит-алзи сүресін тәпсір қылып, тауилы не екенін түсіндіріпті. Исламның төрт рәкіні немен түгел болатұндығын Уалғысыр сүресімен тамам қылыпты. Сол: «Жадид бұзады»- деген надан молдалардың сөзіне ересіндер (ирасиндер). Сол екі сүренің тәпсірін оқып, тауилына қараңдар! Сол жадид қалай екенін сонан соң танисыңдар! Екінші - Құдай сөзі Құран айтады: «Ағуз биламин ла-шайтан әл-ражим алма алсыдқат лызқыра уәлімсакин уалғамлин ғалайһа уалмүлғыта қылуһим уфы илырқып уалғармин уфы сабилалла уа бин сабил фіризтамин Алла уа Алла ғылым, хылым!» Мығнай айта кериме Бұ дүр иғны парыз: садақа, зекет. Бұл айтылғаннан басқаның сыбағасы емес. «Фиқыр»,- деп, дәруіштерді (дүруішларны) айтады. Дәруіш сол: берсе, тастамайды; бермесе, қақсамайды; көбейту жаһытында болып, дүние жинамайды. «Дәруішке бер!»- деген болса, тәліп ғылымнан - дәруіш кім бар: міскін, үйсіз-күйсіз, баспанасыз?! Шаһардан - шаһарға, қырдан - сырға, ойдан - қырға ғылым үшін қаңғып жүрген тәліп ғалымнан (ғаламнан) артық: үйсіз-күйсіз, құнсыз, пұлсыз кім болады?! Уалғамлин ғалиһа ол садақаны алу үшін пысығы қылғыштар (қылғүшлар) Құдайды тану үшін, өзі танығанның соңында жұртқа (иүртқа) танытуды мақсат (мақсүд) қылып, ғылым іздеп (ізлеп), көшеден-көшеге жүгірген 320 тәліп ғалымның пысығы сыпығы уажытъадынан артық кімде пысығы уажыһат болады?! Уалмулғыта қылу һәм: «Хақ дінге, халал жолға ислам мыбинға көңілін лығытландыру үшін бер!»- деп тұр. Құдайды тану ниетімен ғылым іздеген (ізлеген) тәліп ғалымға берсең, Құдайға бұрынғысынан да артық ықыластығы (ыхыласлығы) махаббатты (махаббатлы) болумен қандай көңілі алағытлығы болады?! Қул офы алырқап: «Қул басын азаттыққа (азадлыққа) шығару үшін, соған бер!»- деген болса, надандық(наданлық) құлдығынан (қуллығынан) басын құтқарып алып, ғылым-білім хырайтлығына шығу үшін тырысып жүрген тәліп ғалымнан артық кім табылады?! «Уалғармин»: «Борышқорға (борышхорға) бер, - деген - ол борышқор мақсатқа (мағситқа) ысырап (сырфа) қылмаған болса!» Ғылым үшін ішер ас, киер киім, турар орын таба алмай, кітап, қағаз, қарындашқа, қалам алуға мұқтаж болып жүрген тәліп - ғалымнан борышқор кім өтеді?! «Уфқа сібіл Алла уабін ләсібіл»: «Құдай жолында жүрушіге бер, жол ұлына (ұғлына) бер!»- десе, тәліп ғалымнан артық Құдай жолында жүруші кім болады?! Құдай жолына түскен мұнан артық ибн ләсібіл кім болады?! Алла тәбәрік оттлы айтатын «Кериме мен зекет - мысырфин» - бұйрығында: «Жеті түрлі кісіге бер,- деген емес.- Бір өзінің қарақан басынан жеті (иті) сипат табылғанға бер!»-деген. Құдайдың өзі де - бір, сөзі де - бір, жарлығы да - бір, жолы да - бір! Қазақша айтқанда: «Құдайдың сыбағасын берсең, Құдайдың өзінің үйір - шүйір танымалына бер! Ынталы көңілі, шын жүрегі Құдайдың өзінде жүргенге бер! Құдайдың не екенін білмейтін бір наданға, иә дүниеқор қуға, иә не орынмен жүргенін жан білмейтін айдалада біреуге бергенің құр босқа далаға кетеді!» Хазірет сопы Аллайар айтпады ма: «Біліп бір жайға кіремін, не зарағат (зырағыт) айлама сүрермін, не садақа беру деген оң қолыңның бейнеті - оң қолыңның бейнетін орнын тауып жұмса, ащы жерге тұқым (тыхым) сеппе!»- деді ғой... «Ибн сәбіл» - «жол баласы»- деген мағынада болса: «Жол баласы үшін - үй әзірлеу (хәзірлеу) шәкірттер (шакірдлер) үшін - мектеп, медреселер салу»- деген сөз болмай, не болады?! Сол ғылымды өстіру хақында ашылған игілік орындарға зекетіңіз не һәм беруіңіз!» - деп, Құдайым өзі айтып тұр.
Пайғамбар сөзі – Хадис - Шәриф мынау: ... «Пайғамбарымыздың Бұл Хадис-Шәрифіне қарағанда, өлгеннен соң жанға ерісетұғын сауаптар - ғылымды шашу жолына қызмет жәрдем етумен ғана табыла дүр. Бай өліктердің (өліклердің) шығарған підия, уа айтқан өсиеттердің (өсиетлердің) шып-шырғасын шығармай оқу үшін ашылған игілік орындарына қою керек. Онан ғылым шашу жолына қолменен жұмсау тиісті (тиошлі) болады. Құдайға жуықтасу, жақын болу ниетіңде болса: бай - малынды; жоқ, жарлы - жаныңды ғылым, білім жолына жұмса. һәм өзің жуық, жақын боласың, ҺӘМ екінші біреудің Құдайға жуық, жақын болуына себепші боласың. Мешіт, медресе сал да, Құдай үшін жұмсалатын күшіңді мешіт, медресеге жұмса; не берсең, тәліп ғалымға бер! Онда ол тәліп ғалымың - ергенге (мергенге) ұйық киіп, жасыл тақталы шапан киіп, басына хығыршықтай сәлде орап, түнде қыз аңдитын, бұрынғы бұзылған қулар болмасын! Ескі (ішкі) медресенің жемісін жеп, апиын, көкнарыға миы шіріген, қазық аяқ, қақиған бастылардан үлгі-өнеге алған; палау менен бәлішке құрсағын толтырған, егіншінің өгізі мен есегінен өнеге алған; өзі бір басты, екі аяқты бола тұрып, төрт аяқты қайқы құйрықтылардың ауылына қайтып жүргендерді тәліп ғалым демеңдер. Жаңа (иаңа) медресеге ондай қуларды кіргізбеңдер! Чистый, тап-таза, мұғалім алдын көрмеген, саф жауһардай сәби балаларды хурез пікірлі, таза жүректі тағылым, тәрбие алған, үлгілі, өнегелі, жаңа медреседен шыққан инабатты, ажар, тілі жас мұғалімдерге тапсырыңдар! Құдай сөзі - Құран, пайғамбар сөзі - хадис-шәриф: тозбайды, ескірмейді, заманның ақырынаша - сөзі жерде қалмайды. Кітап деген - оларға түскен фатрит рәсім. Ол тозбақ, ескірмек, дәнемеге жарамай қалмақ. «Ихтылфа лажкім бахталап лызыман.» Заман мыхтылыф болумен хакім мыхтылыф болмақ. Ендеше ол Құдай сөзі - Құранның әр не айтқан тауиліне, заманаға қарай, ғылым - білімі жеткендер фатрит рәсім жасамақ. Бала күнімде - менің фатритім, осы күнде өзіме ойласам, орнасына ... (орнасыл...). Ендеше баяғы заманның жасаған фатриті, рәсімі сол сықылды дәнемеге жарамай қалды деп біліңдер. Ғұлама деген - тәліп, ғалым деген: «Құдайды танимыз, Құдайды табамыз!»- деп, Құдай жолына түскен жолаушылар. Сонда оларға: қара жолдаңғыл соқпақ дүние. Дүниенің жылдары (иыллары), айлары - станция, қоналкалық бекет. Сол жолға түскен жолаушыларға ойына алған жеріне жеткенше жолдастық (жолдаслық), муафқытшылықпен, тахад - тапақпен тату - тәтті киіспен, бір-біріне үйір - шүйірлік, танымал - таныстық қылса керек: бәрінің түскен жолы бір, іздеген мақсаты, баратұғын жері бір болғандықтан (болғанлықтан). Олай болғанда, Алланың рақметі (рахметі) мол, құдайлығы зор. Жолға түскен біраз жолаушы түгіл, күллі ғаламға жетеді: кеңшілік, марха - баты, жақсылығы (ихсылығы), сый-сияпаты, құдайылық - патшалық мейірімі. Ақірет сағатында таршылық, қысқашылық, кемшілік болмаса керек. Ендеше Бұл жолға түскендердің арасында татулық-тәттілік, бір-біріне үйір-шүйір танымалдық аса зор болса керек. Уай, айналайын, Құдайым - ай, осы да шеберлік емес пе?! Жалған дүниеде жолдастасқан жолаушылар Қараөткел барып келсе, Кереку барып келсе, жалған үшін жанын сатпақ қулар да бір-бірімен тату-тәтті,үйір - шүйір болысып, аузын жаласып, бірін-бірі көріскенде: «Пәлен уақытта жолдас болған кісіміз еді-ау!»- деп, шұрқырасып, мәз-мәйрам болысып қалады. Хош, молдаларға келейік. Ол молда атанғанда, неліктен молда атанды? «Ғылым-білім үйренеміз,- деп,- Құдай жолы!» - деп, ұстаз алдына жүгініп, сабақ алып, Құран кітап оқыды. Сонда: «Кірген есігіміз, жүрген жолымыз - Құдай жолы, Құдайды танимыз!»-кірді. Иә, хош, сабақ алып оқығанда, Құраннан оқыды... Оқып үйреніп алған соң, молда атаулы бір-бірімен жаудай алысты, жаттай салысты. Екі молданың тап-тату болып, ауыз жаласып жүргенін көргенім де жоқ, естігенім де жоқ. Дүниеде кісімен кісі тату болса, молда мен молда тату болса керек еді. Heгe десең: түскен жолы бір, іздеген мақсаты бір, бәрінің керек қылған Құдайы бір ғой! Молданың молда екенін ғылым оқыған молда таныса керек еді ғой! Дәнеме білмеген надан қайдан танысын?! Ендеше танымал танымалменен сыйласса керек еді ғой, ауыз жаласса керек еді ғой! Жоқ, олай емес, булар араз, бірін-бірі көргісіз болып жүреді. Бұл жерді шағыстырып, салыстырып қарағанда, ойлаймын: «Осы молдаларда ғылымды «Құдай жолы»,- деп, түскен біреуі де жоқ. Құдайды танылықшы, Құдай деген жандармен (жанлармен) үйір - шүйір болайықшы; дін -насихат деп еді ғой; насихат мағынасы - жан ашу, біреуді - біреу аяп, есіркеп, марха батты (мархаматлы), шапағатты (шапақатлы) болу еді ғой! Ислам мағынасы - Нықиад; нықиад мағынасы: «Тыхад, тыфак, тығауын, тынасыр еді ғой!»- деп жүрген біреуі де жоқ. Ғылым жолына кіргенде, мақсаты - қарын тойғызу, дүние табу, өз тұстасынан артық ішіп, артық жеп (жиып), дүние жабдығына ғысырлас, замандасынан ілкім болу, ауыздық болу ниетінде болып кірді. Сондай болғаны үшін, дүние бір жемтік болды да, мұндай молдалар бір арам өлген жемтікке таласқан: тазқара, күшіген, қарақұс, қарға, сауысқан, ең аяғы ырылдасқан ит болды. Алла өзі сақтасын!.. Құдая, сақтай гөр! Кеспектен кеспекке қашқан қояндай қашып жүргенімді Құдай да біледі, халық та біледі. «Бикеме жүн түтсем де, жақпадым»-дегендей: «Дүниеқор иттермен талас-тартыста болмайын!»- деп, тазқара, күшіген - төмен қаралардан бойымды алыс алып - ақ жүрмін ғой ! «Бейіштің қақ төрінен тимесе де, орын -морын тимей ме босағадан?!»- дегендей, Қызытаудың тазқара, күшігенінен, Баянауланың төмен қараларынан қашып, бөріктей төбе Айдостың түбінде жатқанымды Құдай да біледі, халық та біледі. Олай болмағанда, мен қасқиып барып отырғанда, Оралдың ақиығы тұрғанда, түк кеспейтін тышқаншыларды ешкімнің керек қылмайтынын көзі көрген жұрттың бәрі біліп тұрған сөз. Артық айтқаныма тәубе, астафыралла! ... Жалқаулыққа салынып, тіленшілік қылғандарға беру дұрыс емес! Хазірет сопы Аллайар айтады: «Кеше күндізге кімнің қуаты жетсе, харам ермес; өзіне залал етсе, бір күн, бір түндік ішіп - жерлігі болған жанның тіленшілік қылуы харам!» - дейді. Олай болса, бір қаңғырған тиын тергеннің арқасында арқалап жүрген ұны болса, оған дәнеме бермеңдер, өзінің ұнынан өзіне тамақ қылып беріңдер! Өзінің қуат лаймауит дәмігі бола тұрып, тіленшілік қылуы харам екен. Харам істі қылып жүргенге сенің бірдеме беруің - дүниені жоқ жерге ысырап қылғандығың болады, «Ағуз биламин ла шайтан әл-ражим, гүлуа, уа шырбуа улатсыр фуа»,- дейді. Құдай тәбәрік оттылының қыл дегенін қылмай, наһи қылып тыйған нәрсесін қылдың. Онда не болдың?! Екінші Мерғали шер Науаи айтады: «Жігіт кеудеге, бел ора алур, кетпен шабуға жарарлық болса!- дегені. Уа отын тасымақ - не білу, некеніме берген тәңірі малын зайғы қылур. Бір тіленшіні көрсең: «Бір арка отын алып келе ғой!»- де. Барып бір арқан отын алып келсе, ақысын бер. Соған жарамаған нашарға садақа бер. «Ынсаптың ең азы қырық теңге. Біреудің сипатында қырық теңгесі болса, үбе харам - ал садақа. Ол қырық теңге оған садақа алуды харам қылады»- дегенді өзі оқып тұрып, оны былай қойып, садақа алушы болып жүр. «Білмегеннің бәрі надан. Кім өте, дүние көр болса, жаманда - сол жаман (иаман). Ендеше біреудің надан екендігін, біреудің жаман екендігін біліп тұрып, өзің надан, өзің жаман болма!» «Біреудің барлық бойында, өзінің қолында - бар маңдайына біткені - арпа ұнынан жалғыз-ақ наны болған екен. Соны кісіден қызғанып, жасырып жерлік мінезі болса, сонысына өзі хырыс болса, оны ит деп біл!»- дейді. Азды қызғанғанды айтып жатыр ғой. Көпті қызғанса, қызғансын; кісіге бермесе, бермесін: көптен титтей шықса да, кеміп қалады ғой; көп нәрсені кемітпес үшін қызғануды: «Жарайды,- дендер! «Жоқ,- жарамайды!»- дегеніңмен өлуіне пейіл, не қылса да, бермейді! Онан да оған: «Сенің бу қылығың жарамайды!»- деп, жаман ауыз болғаннан: «Пәлі, сенікі оң - ақ! Бұл - бір сұлу қыз құшақтаған жан. Құшақтаған сұлу қызын кімге беруші еді?! Мұны біреуге бер деушінің өзінде де шайнам ғақыл жоқ!»- деу керек. Мен ешқайсыңа: «Мырза бол!»- деп жатқаным жоқ. «Қайыр садақаны орнын тауып бермесең, өзіңе жаман болады. Орнын тауып бер! Құр тіленші екен деп, тіленшілікті оңай кәсіп көріп кеткен иттерге дәнеме берме, ондайға бергендігің Құдай нығыметін қорлағандығың болады!» Сүйіндікте диуананың көптігі жұртқа жайылды. Жарықтық әулиесі кеп ел ғой , сонан бай бола алмай қалған ғой! Қожасы да, молдасы да, диуанасы да халық-жұртына бата бергенде: «Астыңнан енегің жылтыраған, сіңірің шыққан кедей бол!»- деп, бата қылса керек!
Хадис Шәріп:
«Отаннан мирад, біреудің ісі емес.»
Біреудің отаны - Қызылтау, біреудің отаны - Далба, біреудің отаны - Баянаула. Бұларды жақсы көру, бұларды сүю - иманға не керегі бар?! Отаннан мирад: өзінің қарап, бағынып, саясында тіршілік қылып, күнелтіп тұрған мемлекет границасы – жұрты - міне, біздің қазіргі тұрған отанымыз. Азия қылымында империяға қараған шын ниетімізбен ұлтымызға, милләтімізге қызметте болып, сол ұлтымыздың, милләтіміздің күтушісіне тілеулеслігіміз иманнан болып табылады. Құдай тәбәрік оттылының жаратуына көз жіберсең, хақ тағала хазіретлер әрбір мақұлықатны осыл (үшол) жүмладан адамдарды да әуел халде бір фатырт сафиа иле халық қылмыс дүр. Хадис Шариф: «...Әр тумыс туысында кәміл фатрыт илан туады.» Анадан туғанда, имансыз жан тумайды. Бірақ: «Жорға жүрісінен пұл болады, // Жаман жүрісінен құл болады». Құдайдың берген нәрсесінен кім-кім болсын, жамандығынан айырылып қалады. Егер де адамзат өзінің Құдай жаратқан қалыбын бұзбай сақтаса, онда барша адам бір тән, бір жан есепті, бір туған бауыр есепті күн кешірсе керек. Сол үшін қазақ байғұс айтады: «Жақсыда жаттық жоқ, жаманда туысқандық жоқ». Құдайдың жаратқан қалыбында айнымай, адаспай тұрғандар - адамдарды адамшылық жолына көндіруге, жүргізуге тырысады. Бір басты, екі аяқты адам болған соң, өзінен бөлек санамайды. Өзі қандай болса, сондай болса екен деп жаны ашып, аяумен қызмет қылады. Құдайдың жаратқан қалыбында бұзылмай тұрғандардың мінезі жылым (шылым) болады: қойдан қоңыр жуастық, сыдықат болады. Шын сөзің болу... туралық, түзулік, шахауат, жомартлық, шия, ұят, сабыр, салмақты, асығыстық қылмаслық, шапағат, ерлік, жүректілік. Хылақ хамида бірлан мытсипа болып нысанитлығын кімалтқа тигізуің сыддинда болады. Құдайдың жаратқан қалыбын бұзып алғандардың мінезі: тәккаппарлық, менмендік, қиянат, біреуге залал ойлау, саравдық, ... қысаслық, күншілік, ғадаует, дұшпандық, ғыжыла асығыстық, жиһалт надандық, ... қорқақшылық, жүрексіздік, жалқаулық... Бір Алла, құдіреті күшті Құдай өзі де бір жаратқан нәрсесінде алаламай бір тегіс жаратқан. Алла тәбәрік оттылы адам жаратты. Кәне, сол адамды бөліп, бөлектеп, басқалап жаратты ма, тұтас бір қылып жаратты ғой! Онан соң Хауа ананы жаратты да, осыншама көп адамды екеуінен туғызып, өсіріп, өндірді ғой! Алла тәбәрік оттылы әуел жаратуда адамзатты саф таза балша байсыз нақ қылып жаратқандығына кім шәк қылады?! Өзі шебер Құдай болады да, жасаған нәрсесін жаман жасай ма, жоқ, осал жасай ма?! ... Құдай бір, көктен келген кітаптар – бәрі - Құдайдың сөзі. Қанша пайғамбарлар келген?! Ол пайғамбарлардың баршасы да - Құдайдың өзі жіберген пайғамбарлар. Ендеше Құдайды танытуда бірінен-бірінің бөлектігі жоқ. Бәрінің бұйырғаны - дін, бәрінің сөзі -бір иман. Иманшартта жазылған шимай кесте иман болуға ол жарамайды. Асыл иман жүректе болмақ та, ол тұрған - оның фатриті, рәсімі. Құр ауыздың: «Ла ила ила Алла, Мұхаммед - расул Алла»- дегенімен, иман болмақ емес. Қалыпта тыстығы табылмаған соң, қалыпта тыстығы немен табылмақ?! Жоғарыдағы айтылып өткен адамшылықты бойына орнатумен табылмақ. Бұл иман деген, дін деген бір - ақ жұртқа арналған сыбаға емес. «Құдайды бір сымауы болған кітаптарды, шын пайғамбарды Құдай берген пайғамбар»,- деп, сол кітаптардың не айтқанына тоқтаған неше милләт болса, сонша милләттің бәріне арналған сыбаға. Бірақ сол адамшылық та табанын тайдырмай, қалыбынан аудармай, өзін - өзі ұстап тұра алмағандықтан, адамшылықтан айрылып қалған болады. Егер де адамшылықтан айрылмағанда, күллі бәнибішірі бір кісі есебінде болысып, артығы болса, ауысып, кемі болса, жалғасып, тіршілік қылса, қандай тату-тәтті дәурен сүрер еді?! Құдайды да «бір»- деп, онан соң жаратқан (иаратқан) нәрсесін де «бір» - деп білуді ғылым: «Таухид» - дейді. Хош, дінге келсең, пайғамбар құда Мұхаммед әл Мұстафа ғалайссалам уалбілам айтады: «Алдин алзита»,- дейді,- дін - жаны ашымақ,- дейді. - Өзінен басқаны аямпаз, мүсіркемпаз болмақ»,- дейді. Фатрит салимада: «Түзу тұрған нысанитте кәміл боламын»- деген жаннан, дін сонан табылады. Дін, әдет (ғадат) әр жұрттың өз әдеті өзіне, дін фатрит фаста ирбайы (арбайы) болғышлардан дін асылы табылмайды. Иманға келсең, фатрит мыстықыма Құдайдың жаратқан қалыбында табанын тайдырмай қалушылықтың иманы бір күшті нұр болып, ол нұрдың сәулесі оған бәрін түгел көрсеткендіктен, ол түгел кісі болып түр. Бір бөтелкеге сүт құйсаң, бөтелкені ақ қылып көрсетеді. Қызыл нәрсе құйсаң, бөтелкені қызыл түсті көрсетеді, қара нәрсені құйсаң, қара түсті (түслі) көрсетеді. Ендеше адамның сыртқы денесі, бүкіл (бүтілге) ғақыл нұры, ғылым нұры, иман нұры ішінде орныққан болса, айтпай біліп, сұрамай танып иманы барлығын: «Сенде иман бар ма?»- деп, өзінен сұрамай-ақ барлығын білуге мүмкін. Сен ойлама: «Құдайдың бірлігіне, уа барлығына, уа барша мақұлықатты Құдайдың жаратқандығына; Бұ ғалам - денеден басқа ақырет ғаламы бар»- деген ғалам барлығына, қайыл уақырар болғандарды - дінсіз, на имансыз»,- деп. Бұл дін деген, иман деген бір-ақ жұртқа арналған сыбаға емес. Күллі бәнишібір дымида тойың жақсы - Құдайды «бір» -деп білушісіне арналған сыбағасы. Бұхара солны: «Молла Жәмиден бастап, молла Жалали да бір хадис шарифтің бағасын (бахшысын) тамамына жеткізе алмайды. Хикмет - мирар жаны. Молла Жалали темасы: кей кітаптың ең мүшкіл ғабарала біріне маталха етмие тых мыхдыр олүр иса сол адам һылтылы хасап олар ғибадаттан, махамлаттан, ғикадаттан бір ауыз айтары жоқ. 8-Махаббат төрт түрлі: Махаббат - руханиа, махаббат - қылбиа, махаббат ғақылия, махаббат нысаниа. Махаббат руханиа - Алла тағала хазіреттеріне, уа пайғамбарларымыз Мухаммед әл Мұстафа ғалайссалүт - уалиссалам шаһариар, калам сахаба кірам көз көрмеген нәрсеге ғайбана рухының ыштиқаты. Махаббат қылбиа - заманасындағы ғұлама уасылларға көңіл дін ыштиқаты. Махаббат ғақылиа- тымға милләтта алыс ұрыс қылып, арасында татулық болғандарға ыштияқты махаббат ныгсания (нызсания)- -ерлі - байлылардың бір-біріне нәпсі мырады үшін. Махаббат: Бұл соңғы екі махаббат көшпелі. Әуелгі екі махаббат - шат ғимғы расихы. Ғылым екі түрлі болады: Ғылымқал, Ғылымхал. Пендеден пенде сабақ алып, көзбен көріп, тілмен оқылатұғын оқуды: «Ғылымқал» - дейді. Бір пендеден бір пенде мың жыл үйреніп, онымен дәнеме болмайды. Көңілден көңіл сабақ алатұғын бір жол бар: оны «Ғылымхал»,-дейді. Бу көңілдесін жүргүзгішінің ұстазы - Құдай тәбәрік отғылының озінің ғылым сипаттары, калам сағатлары болады, Ендеше мына бір өздеріңнің үйір - шүйір болған тілдеріңнің мақалымен переводтайын. Орысша мақал: «Без богу свет не стоит // Без царя земля не правиться». «Құдайсыз нұр тұрмайды, // патшасыз жер түзу тура алмайды». Жарық-нұрдың асылы Құдайдан болатұғын болса, ғылым, нұрынан жарық, ғылым нұрынан күшті нұр бола ма?! Құдайдан ғылым нұры бір пенденің көңіліне құйылса, ғылымхал сол пендеде болады. Әулиелердің тәбәрігіне таллагузы «қалқал» - деп, қала жаздым; шымыс (шымсын) тәбәрізі болмаса, би иман ола жаздым,- деген Мышной Шарифтің сажы молда талаптылары: «Ғылымхалың болмаса, // Ғылымқалыңнан» не сол?-Зікір қалыбың болмаса, Зікірбаныңнан не сол?»!- деген Шат Машырап диуана тылпызы: Хазірет султан Алғарфин шаһырынша әулие «Хикмет» кітабында неше жерде сөйлеген: Қал ғылымда қалғандар - Бір шындық жоқ жалғандар! Осы сырға қанғандар Ара жолда (иолда) қалдыияр. Тәпсір айтушы, кітап таспиқ қылушылар өзі екі түрлі. «Қал ғылымына маһир болдым, әбден жетілдім»- деп, тәпсір айтқандар кітап таспиқ қылғандар болған. Әуел баста өзінің бар білген ғалымқал болғанынан оныкі қалған. Хал ғылымына маһыр болып, ішіне сыймай бара жатқан соң, ықтиярсыз төккендей, тәпсір айтқушы кітап тасниф (тызлиф) қылушылар болған. Бұлардыкі - хала, осы күнгеше қалмай келе жатқаны - сол. Себебі - не айтса, Құдайдан алумен айтқан, сол себептен оның бір ауыз сөзі жерде қалмаған. Қал ғылымымен сөйлегендер әуеземен (һуазамен) сөйлеген. Оның әуезі (һуазы) өз заманына ғана жараған. Кейінгі заманға жарамаған. Бұрынғының әуезінен осы заманға жарап, қызмет (хызмет) беріп тұрған өнер бар ма?! Жалғыз-ақ қазақтың екі аяқты арбасы. Қазақ надан болған соң, наданға наданның жұмысы жағып тұрғаны - сол. Болмаса, ғылым-білімі жеткен жұрттар Мұны неге тұтынбайды?! Солай болғаны үшін надан қазаққа екі аяқты арба орнында жүрген молда - солдалар әлі «молдаке» болумен жүр. Отарбадан ұшқыр молда бар. Бірақ бар болғаны не керек? Расқа екеуінің құны бір. «Алладан ойбайым тыныш»,- деп, біз отарбаның жүргізіп - тұрғызуын білмейміз. «Онан да өзіміздің тайынша - тойыншаға салып, жүре беретұғын екі аяқты арбамыз жақсы»,- дейді. Жалған дүниеде оңарлық, ілгері басарлық, жанды-жақты боларлық, малды - бақты боларлық жолды тауып бере алмаған надан молда ақырет жолын қалай тауып береді деп жүрсіңдер?! «Ғақылды өзің білмесең, сатып ал»,- деген, кел, үйрен! «Өзің білме, білгеннің тілін алма!»- деген қарғысқа ұшырамаған болсаң, бәрін тауып берейін. Үшбу 1914-жылының февраль ішінде «Қазақ» газетасының номерінде Ыбырай марқұмның бір өлеңі бар екен. «Ғақылмен, жанмен өзім, тән менікі»- деген. Ногербектің Әміресі - Күйеу молдадан оқып жүрген шәкірттерден сұраса, білмейді. «Ендеше осының мәнісін молдаларыңнан сұрап, үйреніңдер!» - деп, сол номерді шәкірттерге беріпті. Шәкірттері барып молдасынан сұраған екен. Онда молдасы айтыпты: «Сендер Мұндай газет-журналдағы сөзге жолаушы болмаңдар! Мұндай сөз сендерді бұзады. Өздерің оқу оқып жүрсіңдер ғой! Өздеріңдікінен басқа жаққа бұрылмаңдар!»- депті. Кәне, Ыбырай сөзінде кісіні түземесе, бұзатұғын сөзді мен көре алмадым. Міне, молдалардың наданшылығы. Олардың ығына Ыбырай марқұмлардың сөзі - бір құрылған тез. Әркім өзін өзі сол тезге салса, түзелсе керек. Құдай сөзі Құран, пайғамбар сөзі Хадис Шарифтің мағынасын біле алмады, Ыбырайлардың сөзін өлең деп керек қылмады. Енді Бұл білімді қайдан алады?! Үлгі -өнегені неден алады?! «Ит жаманы - анда да жоқ, данда да жоқ»,- деген осындайлар болмай, кім болады?! 1913 жылында Бәзіл бай немересі Әбіш қажы - Әйтенбаласы опат болғанда, Көпейбаласы Мәшһүр Жүсіп ала арқан жүгіртпей, фідия дүрді қойдырып, жүз қарадай шығарған малын пақыр бұқара кедейлерге үлестірді. Соның турасында көп сөз жазылып, заманасындағы мүфти, хазіреттеріне жіберген. Құдайдан сыпыр - сыр алып, айтқан әулиелер болған. Мышной - шариф, қожа Хафиз, Хамса, Науаи, сопы Аллажар, - бұлардың сөйлегені - әдебиет. Қыран қате ұшса да, булар дәнеме (дінке) қате (хыты) ұшпайды. Не сөз осылардан болса, ұста! Иауропа (Европа) жұртының үлгі - өнеге алып, ғылым-білім алып жатқан үлгілері -осылардың сөзі. Біздің мұсылманды қорлықта қалдырып тұрған - Қал ғылымында жүрген, қалғандардың сөзі. Тоқсан ауыз сөздің түймедей түйінін ұстап, күллі Европа адамдыққа жетті. Онан біздің мұсылмандардың ғылым-білімге жетілгендері переводтап алып, бізге тәркі - тәржіме қылып түсіндіреді Молда аттарына қанық болған: Лермонтов, Салтыков, Толстойлар біздің мұсылманнан шыққан, жұрттан озған алаяқ жүйріктердің сөзінен үлгі-өнеге алып сөйлеген. Онысын өздері сөйлеген сөзінен білдіріп кеткен. Мұнан келіп біздің мұсылманның жүйріктері переводтап алып, бізге сөйлеп жатыр. Біздің буған жылдам түсінетініміз: «Құраннан алған жерін - құраннан көр!» - деп, біліп турмыз. Хадис Шарифтен алған жерін хадис шарифтен керіп, біліп турмыз. Қай кітаптан алған болса, сол кітаптардың сөзі біздің қолымызда даяр. Сондықтан сөзге сөзі үйлес келген соң, олардың сөзіне: «Қылша мойыным - Мұнша!»- дейміз. Надан молдалар өз қолындағы Құран кітаптың сөзінен бір ауызын білмейді. Олардың сөзін: «Орыс сөзі неге керек?»- дейді. Жалғыз-ақ білетұғын сөзі: «Підия берсін, дүр айналдырсын!» «Шәмсі Мұхаммедте бар!»- деп, соны ғана оқып... «Ала арқан жоғалды, бір ләм алиф табылды» мәнісі. Қазақтың бұрынғы қожа - молдаларының өлген елікке қылып жүрген жұмысы. Біреу өліп, жаназаға шақырса, қожа-молда келеді. Мұның әмірі бойынша: - Намазынан, оразасынан, зекеттен, пітірден, гушырдан қалған ы ма? Бар, сонысы үшін мал шығарыңдар!- деп, өлік өлген үйдің бар іске жарарлық аты болсын, түйесі болсын,- ала арқанға тіздіреді. Ең болмаса: « Мұның бір жылқы сомасына толық болсын!»- деп, ол үйдің өз малымен толмаса, жаназаға келгендердің ер-тоқымын алып тастап,, аттарын да байлайды. Сонан соң «бас молда» деген молдасы өлікті көлденең салып қойып, бір жағында отырып, ала арқанның ұшын молда қолына ұстап отырып, ...парыз, уажиб, рақзакерде; қазадан (ғазадан), оразадан, зекеттен, пітірден, гушырдан қалған ы болса, осының ішінде: «һүмін ашиар ашма үлгелте хышидім». Еркек болса, он екі жасынан бастап (башлап), әйел болса, тоғыз жасынан(иашынан) бастап, қай жаста елес, сол өлген жасына шейін санап оқиды. Он екі жасы мен он үш жасының арасындағы мафатысы үшін қабыл көріп: «Алдыңғы,- деп, ысқат аламын»- деп, отырғанға береді. Ол отырған: «һаба көрдім, кештім»,- деп,қайыра молдаға береді. Мұнысын: «дүр»- дейді, қазақша: «дүр оқытты» - дейді. Сонан соң, оқып болған соң, ол молдаларды тарқатып,, өз үйіріне жібереді де, қорада жұрт көзіне түсуге ұялып, қорғалап тұрған қотыр тайынша, қатпа түйе, арық - тұрақтар «ысқат мал»,- деп, үлестіріледі. Сонан соң Бұл жаназаға келе алмағандар сұрайды: «неше «тоғыз» шығарыпты?»- деп. «Сонша «тоғыз» шығарды»,-деген атақтан басқа дәнеме табылмайды. Қазақтың өлігіне қылып жүрген жұмысы - осы.
Молда Мәшһүр айтады:
- Қой, қазақ, Бұл батыл жұмысты қой! Бұл дәнемеге тұрмайды. Біреуді жүгінтіп, ала арқанды кезек-кезек жүгіртіп отырғаның, бір-екілі қара байлап: «Анау өліп қалды, сен тірісің ғой! Оның орнына Мұның мойнында қалған борышын, мына малды ал да, сен құтқар!»- дегендей қылып отырсың ғой.
Ол сөзің орынға тұрып, бала болмайды... Біреу жүгін біреу арқалап, құтқара алмайды. Кім-кім болсын өлді, Құдайын тапты. Сауап берсе, фазылы, ғазап қылса, ғаділі. Бұл өлген жан Алла тәбәрік отғылының фазылына алған пендесі болса, сенің берген - бермегеніңнің бір тиын құрлы керегі жоқ. Ғаділіне алған пендесі болса, жер мен көктің арасын толтырып, дүние берсең де, босатып ала алмайсың. Құдай ісі сауда-саттыққа көнбейді. Көңілден кешсе, көзге түссе, әр ісі - «ирөр анден мінзе халқасы». Құдай тәбәрік отғылының Құдайлығы - Құдайлықпен қылатұғын ісі пенденің көзіне түсіп, көңіліне сиятұғын жұмыстың бәрінен басқа болмақ. Құдай ісі пенденің ісіне ұқсамақ емес. Ақымақтың тізгіні - құлағы, ғақылдының тізгіні - көңілі. Ақмақ не нәрсе, не істесе, істі ойына қанағат қылады. Ғақылды не нәрсені істесе, істеуіне қанағат қылмайды, ғақылына салып, көңілі дауалауына тұрады. Ғақыл не үшін берілген? Естіген сөзді миға салып: «Ғақылға сыйса, ұста; ғақылға сыймаса, ұстама!»- деп. «Бір өлген, өліп қалған кісіге апарып бер!»- деп, қолыңмен уыстап, қант, бауырсағыңды берші, кім алып барып тапсыра алады?! Почтаға ақша сал, конторчик қолма-қол тапсыра ала ма?! Жоқ, сегіз жүз теңге залог салып, босатып алуыңа - судьяның алды ма?! Жоқ, оның барған жері - Құдай алды. Ендеше: «А, Құдай, осы өлген жанның білместігі болса, кешір, қатесі болса, өшір!»- деп, дұғада бол да, сол дұғаңның қабылдығы үшін «алсаддид» - деп, біреуді жүгінтпей, ала арқанды кезек-кезек жүгіртпей, Құдайдың өз қазынасына бер. Құдайдың өз қазынасы қайсы? Мешіт, медресе, ғылым жолына пайдасы тиетұғын орын гымуми милләтке пайдасы тиерлік бақиат лысалхасту боларлық жұмыс. Халық болған соң, қақ ортаңнан «Құдай үйі»- деп, үй сал да, Құдайға берілетұғын нәзір, нияз, садақа сол үйге берілсін де, садақа мыстыхқалар сыбағасын сол үйден алып тұрсын. Біреуді жүгінтіп, ала арқанды кезек-кезек жүгіртіп, ысқат алу үшін, біреуді арнап отырғызып: «Підия берсін, дүр айналдырсын»,- деген Құдай сөзі Құранда бар ма, пайғамбар сөзі хадис - шәрифте бар ма?! Сөзі ұсталатұғын мыхтыбырлы болған «һыдайа шәріп» сықылды кітаптар - да (кітапларда) бар ма?! Жоқ! Жоқ! Булардың бір де - бірінде жоқ. «Аңқау елге арамза молда!»- деп, қазақ осылай қылмаса, мал бермейді,- деп, баяғы заманда надан қожалардың: «Зыбрай сом ослат осиар уа жаббат һаба кірдім, кештім»-деген алақандай құлақ қағазын қашанғаша қолданып, пұлданбақсың?! «һәммамызды жоқтан бар қылған Құдай бізге Құранды неге жіберді?!» «Бұрынғы ата-бабаларыңның ғұрып - ғадетін таста! Кімді бастасаң, осы Құран сөзімен хақ жолға баста!»-деп, жіберді. Тірі болса, не қылынатұғынын, өлсе, не қылынатұғынын, - бәрін Құдай сөзі - Құран айтып тұр ғой! Құдай сөзі - Құран , пайғамбар сөзі – Хадис - шариф не айтса, сонымен ғамал қылсақ керек. «Бұл ала арқанға мал тізсін!»- деген кітап... осылардың сөйлеген кітаптарының бірде - бірінде бар ма?! Мықадон лықадырон бола алмаған өзі мүмизлікке жарамаған, түнде отын жинаған сықылдылардың сөзін айтып басты қатырма! «Мақалдың иманы зығифа»- демеп пе еді?! Оның сөзінде не береке болады? «Бір кітап айтты дейсің, әуелі ол кітаптың шығарған кісісінің қандай жан екендігін таныт. Қай заманның кісісі? Заманасында өзі қандай болған жан? Өз заманында сөзі ұсталған жан ба? Жоқ, заманасында тук кеспей қалған көп қудың бірі ме? Сонан соң бәрін танытып, өзіңе айтқан кітаптың сөзін майданға сал! Міне, мен «һидия шәріптің» сөзін майданға салып турмын. Оның иесі қандай жан болғандығын сөйлейін. Сол һидия - шәріпте айтылмаған сөз болған соң, мен жоқ жұмыс,-деп, тұрғаным - сол! «Жеті Шәриф» - аталған кітап бар: «Мішкат шәриф, мышной шәриф, сияр шәриф, міктубат шәриф, дәлел шәриф, қасида шәриф, һыдия шәриф. Соның бірі болған «һыдиа шәрифтің» мәснәхи ғұлама Тіпғазаны бірһан алдин сахип алһыдайа атанған... Бұхарай шарифтай шаһарда қазы ғаскер болған. Ас жемей, су ішпей, ұйқы көрмей, он екі жыл бір жайда жалғыз жатып: «һыдая шәріп» кітабын тамамына жеткізген. Пайғамбар құда Мұхаммед-әл-Мұстафа ғалиа әл сауыт уалсіламды мыштақ арзу қылғандарды таһир көзіне көрсеткен. Сол зат шәриф сөйлеген «һыдиа-шәріф» кітабында «Бап лыжыназ»- деп, өлімге әзірленушінің (хазірланғошының) мән-жайын сөйлепті. Айтқан сөздеріне дәлелі ан хазіретіміздің шаһариар кірамның сахаба ғызамның не қылып, не қойғанын қалдырмай жазып отырыпты... ... Бұрынғы пайғамбарлар, шаһариарлар, сақабалар қылған жұмысы болса, кейінгіге дәнеме қалдырмай білдіремін, ұқтырамын деген осындай зат шарифлер неге сөйлемейді?! Неге айтпайды? Асылы, «Фідия, дүр ысқат»,- деген жоқ жұмыс екенін осынан да білу мүмкін. Қай кітап болса, ол кітап болсын; «фысыл хибнар» - деп, өлік жайын сөйлейді. Жуу, көбіндеу, жаназа, намаз көтеру, көмуді айтады. Хош, бұл сөз жұртқа паш болған соң, Баянаулада Ақбет тауының указной молдасы Күйеу молда: «Мәшһүр жұртты діннен шығарыпты, оған ерсең, діннен шығасыңдар. Ауызға айтуға оңай тұрған кәпір болдыңдар, дінсіз болдыңдар! Оны кесекпен атса, жарайды, елден құса, жарайды! «Підия берсін»-деген Құранда бар. Міне, Сүлеймен молданың һыдиясында айтып түр. Біреу: «Мен өлген соң, ысқат, підия, дүр айналдыр!»- деп, өсиет қылған болса, артында балалары қылмаса, отпен азап қылынады екен. Құранда барлығы - мынау Құранның бас жағында түр: сүре лылы Құранның екінші парасында: «Шамасы келген кісі підия берсін!»- деп түр!»- деп, жарты тарақ құлақ қағазға жазып: «Фідия берсін!»- деген аят мынау - деп, апар, Мәшһүрге көрсет мынаны!- деп, беріп жібереді. Сонда жарты тарақ құлақ қағазға жазған сөзі: «Қолат ғалы айта кірдім»- депті. «Фымынған мыңым мыриса ұғлы сығыр фығыдатмын иам қыз ұғлы алдин ит кона фырита тиғам міскін»,- осынан басқа жазылған дәнеме жоқ. Бұл қағазды көрген соң, Мәшһүр 1312-інші жылы тоғызыншы февральда жексенбі күні Далбадағы сытқамыт қылып тұрған жайынан атқа мініп, Баянаулаға келеді:
- Мына жазылған сөзінің тәпсірі не екен, тауилі не екен: маған үйретсін, түсіндірсін!-деп. Және Мәшһүр айта келеді:
- Мұнда бір ләм, әлиф бар. «Қарға көргенін шоқиды»,- дегендей, көргенін шоқып жүрген олар бір қарға ғой! Ой, байғұстар - ай: «Құранда бар»,- деп жүргендерін! Мына менің қолымда тәпсір «Хұсайын уағызы» бар, екі жылда он төрт хашиелі «һыдая шәріф» бар. Бұл жерде бір ләм, әлифтің барлығын «Хұсайын уағызы» - тәпсірінен көрсетейін! Ләм-әлиф қосып, мағына беретұғынлығын «һыдая шарифтен көрсетейін!»- деп, Мәшһүр Баянаулаға келіп, бір жеті жатып алды. Ақбеттау елінің ел билеушісін (биле көшісін) шақыртып алды. Указной молдасын (молласын) мешіт ішіне алып келіп, айнала жиылған намаз жамағатқа, әзірленгішлерінің (хазырланғышларының) ортасында:
- «Фідия беру Құранда бар»- деген сөзін маған көрсетсін!- деп.
Хайыр, жұрт бас қосқан жерге келуге де жарамады. «Құранда бар»,- деп айтқан далилін жұрт ортасына салуға да жарамады. Қашқан бойымен қашып қалды. «Екі молда бас қосады!»- деп, үмітті (мидті) болып жиылған жұрт:
- Құдай сөзі - Құран: қалам шарифте бар,- деп еді. Онан тауып бере алмады. «һыдия шарифте» бар - деп еді, онан тауып бере алмады. Мәшһүр келген соң, бәрінен айрылып қалды. Енді біз де молдамыздан айрылдық!- деп, Калам шариф, Хадис шариф, һыдия шариф, - үшеуінде жоқ болған соң:
- Ала арқан жоғалды, ләм әлиф табылды!- деп тарқасты.
«Ләм, әлиф табылды»,- деген сөздің мағынасы мынау: «Титтей ислам - мұсылманшылық жаңа басталған уақытта Айта Кериме келген екен... Бұл Айта келген соң, байлар дені cay бола тұрып, үйінде отырып-ақ ораза тұтпайтұғын болды. «Ұғлы алзин ит қона»,- дейді. Ораза тұтуға шамасы келіп тұрса да: «Фідия Төлеп отырсақ та, ерік, ықтияр өзімізде»-деп, байлар ашық болды, кедей тұтатұғын болды. Хош, мұнын артынан Бұл Айта Кериме келді... Бастапқы айтта ерік, ықтиярлы қылғандық - Бұл айт пен мизох болды. Сонан соң мизырынлар, тәпсір айтқушлар:
- Жоқ, олай емес, Құдай сөзі Құранды мансұқ (мынсох) болды деу дұрыс емес. Ол өзі Құдай сөзі болады, Құдай сөзі неге мансұқ (мансох) болады?! «Соңғы аят келді де, бұрын келген аятты мансұқ қылды» - деу жарамайды. Бастапқы келген аятқа біздің түсінбегендік ғақылымыз ер (ар) өспегендік (өшмегәндік), біліміміз жетпегендік болады. Құдайдың өзін тану, білу қандай киын болса, сөзін тану, білу сондай қиын. Бұрынғы аят жұмбақ есепті, соңғы аят - оның шешуі есепті. Бастапқы аятта бір ләм, әлиф мығмыр (мізмір) болған екен. Түндердің ішінде Қадір (Қыдыр) түнін жасырғандай, Бұл жерде мықтырда бір ләм, әлиф жасырынған екен: «Ұгыландин лайтқона фідите тағам міскін»- деп, оқуға керек ирген. Онда тәпсірі бұлайша айтылады екен: «Сондай адамдар қадір бола алмады, шамасы келмеді. Руза (ораза) болуға шыных фани болып, кемпір-шал болғандықтан, фідите тағам міскін, бір міскінді тамаққа тойдырсын!» - делінген екен. Былай магына: «Біреу өлгенде, аят мансұқ болмайды»,- десіп,- Бұл жерде бір ләм, әлиф бар! - деп, тәпсір айтқушылардың бәрі де сөзді осылай бекітті. «һыдайа шарифтің мәзфин һәм лайтқона!» - деп, магына беріледі дейді. Ұғлиалзин итқона фідите тағам міскін көрініп тұрғанына қарап, қожа, молдалар:
- «Фідия берсін!»- деген құранда бар!- деп жүрген сөзінен айрылып қалды. Бұл жерде ләм, әлиф барлығын ол «фідия берсін!»- деген сөз шыних пани хақында екендігі. Молда Мәшһүр тауып көрсеткен соң: «Ал, енді, қожа, молда, «ала арқан»- деген сөз қайда, ат, түйе, қой, тайынша деген қайда? Кәне, «Құранда бар»,- дегендерің?!- дегенде , не айтады?!..
Егер садақаны әшкере қылып берсеңізлер: не хош жақсылық, басқалар не һәм садақа беруге қызықтырып, сарандарды мырза қылу үшін, Құдайдан алыс жүргендерді Құдайға жуықтастырып, үйір - шүйір қылу үшін. Егер хизиа берсеңіздер, өзіңізге жыһыриа бергеннен хизиа бергенің артық. Біреу үшін берсең, жыһыриа бер, өзің үшін берсең, хызиа бер! Жыһыриа садақаның төрт апаты (афиты) бар: бірі - риа, бірі - сымға. «Сымға» деп, атақ үшін, «жұрт құлағына естілсін!»- деп бергенді айтады. Бірі - садақа алушыны -қорландыру, бірі - садақа алушыны намысқа іліктіру. «Ала арқанға» мал тізіп беруде, жүгінтіп, садақа үлестіруде Мұнша апатлар бар. Қалғаның «Құдай үшін!»- деп беруде кеп қасиеттер бар. «Шайхи пани болып, ораза ұстауға мұршасы келе алмаса, көзі бақырайып, тірі отырмақ (отыру бақ) күніне бір міскінді тамақтандырсын!»- деген Құранда айтқан фідия- осынікі. «Мұнан қиас қылып алып, қиас лығанырһа мүсәпір мен ауруға қазасын етей алмай өліп бара жатып, өсиет қылса, соған фідия берсін!- деген,- Өсиет қылмаса, фідия беру «бидғыт сысиа» - деген. «Быдғыт сысиа» - дегеннен мағлұм болды. Бұл фідия дүр ысқат деген пайғамбар заманында төрт жар (иар), сахабалар заманында жоқ жұмыс екендігі. ... Бұл төрт далилмен бір күтілмеген жұмысты «шариғат»,- деп қылушыны: «Мыбтых» -дейді. Хадис шарифте мыбтыхларны «тозақтың иті»- деген. Қиссадан сахаба «ала арқан» жоқ. Дүр батыл біреуді жүгінту, ала арқанды кезек-кезек жүгірту - жоқ жұмыс. Онан соң, өлген елік үшін, құдайы садақа берсең, ғымуми милләтке пайдасы тиетұғын бақият, лығалхат (лысалхат) боларлық орынға бер. Саған: «Дәнеме берме!»- деп тұрған жоқ. Бер - орнын тауып, жолын көздеп жөнелт! Бұрынғы мисызлық, ойсызлық, құлағыңа ере бергенді қой! Миланып, ойланып, ғақылыңның соңына ер! Ал, менің сөзім ғақылыңа сыймаса: «Осы менікін қылсаң да, қыласың, қылмасаң да, қыласың!»- деп, мен бұйрық иесі емес, аңғартушымын. Ғақылыңа ұнаса, ұста; ұнамаса, таста! Ерік - ықтияр, шын білу, хахиқатына жету. Құдай қасында біздікі - «Осы қалай болар еді!»- деп, ғақылдасқан. Қазақтың өлісі де дұғадан мақұрым қалды, тірісі де дұғадан мақұрым қалды. Не үшін десеңіздер, бұрынғылар айтқан екен: «Құдай қарғаған елдің дұға гөйі бай болады, ұлығы жарлы болады. // Құдай жарылқаған елдің дұға ғой і кедей болады, ұлығы бай болады». Дұға ғой кедей болса: «Халқым аман болсын!»- деп, халқының мал басына тілеулес болады, дуасы жұрт үшін болады. Дұғағөй бай болса, өз малының амандығын тілейді. Пікір - зікірі шаруа өстіруде, мал тұяғын көбейтуде болады. Ұлығы жарлы болса: «Халықтан қалай алып жеймін?!» - деп, суық та, нади де тұрады. Ұлығы бай болса, өзі тоқ болған соң, халқына ішкізіп - жегізіп, жұрт малына көп сүқтанбайды. Осы күнде қарап тұрсаң, қожа да бай, хазіретлер де бай. Бір табақ ет пен бір самауыр шай, бір қарадан саудасы болып, қазақ халқы өлігінің - тірігінің садақасын - қонағасы беріп, шайға қандырып, майға тойғызып тұратұғын қожа, молдаға берді. Аш, жалаңаш, пақыр -міскін мақұрым қалды. «Тас мешітке ағаш молда»,- дегендей, надан байларға надан қожа, молда үйір - шүйір болып, бірін-бірі құдандалы кісідей сыйласумен зекет (зикуат), ғышыр, пітір байларға беріліп, нашардың ерніне дәнеме тимей, мезгілсіз жаңбыр, дауасыз ауру жұртты тегіс қаптап, пәле көбейіп, береке қашты. Кел, қазақ, надан қожа, молдалардың өтірік алдауын қой, Құдай сөзін ұста! Алла тәбәрік отғылы калам мешітінде (мыжидінде) айтқан: «Көңілінде Құдай даяр тұрмағанның дұғасында қабылдық жоқ. «Екі тілек бір көңілге сыймайды, // Екі қылыш бір қынға сыймайды». Есі-дерті дүние болып тұрған қудың дұғасында қалай қабыллық болады?! Құдай үшін садақа беріп тұрған бір жан жоқ. Бір табақ ет пен бір самауырын шайға сатып беріп тұрсыңдар: халықтан алдап мал алу үшін! Хазіреттер қалалы жерде болса, үй салды. Байлар пәтерсіз жатып, қонағасы жеп, бір-бір қараға бата қылдырсын үшін, қалалы жер болса, мешіт салды: дүние жинап алудың амал-айласы үшін! Иесіз далада он мың теңге шығарып салған мешітке он кісі намаз оқымайды. Ол мешіт не үшін салынған, мешіт нығсаны болмай, жыққаны болған хазірет қайда?
14 уағыз насихат: «Құдай үйі - мешіт»- делінген. Мына көрініп тұрған мешіттің есігінің алдынан «Құдайдың қазынаханасы»- деп, бір үй салыңдар! Ол үйдің есігіне мықты құлып салыңдар! Қара құлыптай тас болып, қозғалмайтын бір жанды оған кілтші қылыңдар! Сонан соң халықтың зекеті болса, сол үйге салынсын. Fашыр - пітірі болса, сол үйге салынсын. Құрбанлығының терісі сол үйге берілсін, айтқан тарихтан құдайы сый болса, сол үйге берілсін! Өлген өлігіне шығарған садақасы сол үйге берілсін! Және бір сөз: «Өлікті орап шығарған кілем болсын, кигіз болсын, сол үйге берілсін! Егер де бір өлікті орап шығарылған кілем, кигіз үйге қайта алып келіп, жасау болып жиылса, ол үйден өлім үзілмейді, үсті-үстіне «өледі де турады, оралады да турады». Және өлік малын қожа, молда мен кедейлерге үлестірсең, мал алып дәндеген қожа, молда - байлардың өле беруіне тілеулес болады. «Мұртым аман болсын, жұртым аман болсын!»- деп, бірі тілемейді. «Қазақ өле берсін де, біз ала берейік!»- дейді. Мешітке ең зәру (зәрорт) керек нәрсе - қазыхана болатұғын бір үй. Мешіттің отын, шамы сол құлыпты үйде тұратұғын болсын, болмаса, үйренген ұрылар ұрлап шыдатпайды! Құдай үйі мешітке деген бір тері болса да, бір қадақ бидай болса да, жанды-жансыз садақа - сол үйге жиылсын! «Мешіт үшін»- деп егін сайманы алынып, тұқым алынып: «Мешіт сыбағасы»- деген егін салынсын! «Көп түкірсе, көл болады»,- деген. Түкіргеннен кел болғанда, айналадағы қазақ халқының құдайы садақасы мешітке жиналғанда, мешіттен бай ешкім болмайды. Құдай үйі мешіт бай болса, аш-арық, кәріп-қасер (ғарып - қасар), үйсіз-күйсіз, жетім-жесір, қарыны ашқын, қалжыраған,- бәрі соны жақтайды. Әне, сонда ол - құдай үйі. Сендер Құдай үйін көтерсең, Құдай сендерді көтереді. Сен Құдай үйін құрметтесең (хырметлесең), Құдай да сендерді құрметтейді. Құдай үйін қорлықта қалдырғаннан, өздерің қорлықта (хорлықта) қалып тұрсың! Мен Бұхара, Ташкентті кездім, ұш жүздің баласы қазақты араладым. Қой жылы жалған дүниенің жүзіне келдім, бес «қойды» қолдан санап өткіздім. Бай баласы барып, мешіт-медреседе сарғайып жатып, молда болып шыққанын көргенім жоқ, естігенім де жоқ: ғылымды іздеп (излеп) қашқанда, қазақ болсын, ноғай болсын, сарт болсын! Өзінің туған шешесі өліп, өгей ананың қолында қалған, шөміштен қысылған жетім бала қашады, ата безер, ана безер оқушы жалқау, керлер қашады, әкесінің: «Түр, малға бар, пәлен-түген қыл!»- дегенінен тынышы кеткендер қашады. Осы күнгі хазірет болып тұрғандардан бала күнгі мән-жайын сұрасаң, бәрі - жасында шешесі өліп, өгей ананың қолында қалғандар. Сонан соң ол қайда барса, онда барсын: «Ғылым - білім үйренейін, Құдайды танимын!»-деген ниетінде жоқ, қай ишанның көжесі мол, қай ишанның наны мол, тегін тамақ қайдан табылады, қай қалада шәкірт халқына ақша, пұл көп түседі,- мақсат-мұраты осы болумен күнін өткізеді. Өз басына қайсы ғылым пайдалы, нені білсе, көзі ашылатұғынымен жұмысы жоқ. Надан неге құмар, надан өзіне залалдыға құмар, сонда оның және хырыс болып шұғылданатұғын оқуы: Сарып, Наху, Мынтық болады да, өзі мейлінше тантық болады. Бақас (быхыш) - талас сөзімен көзі шыққан соң, көрсоқырлық қылып көрінгенмен ерегіседі де жатады. Бір бас қосылған мәжіліс болса, кімнің молда екенін, кімнің молда емес екенін танып білерлік ешкім де, фаһым фырас та жоқ,- жалғыз-ақ екі молда басы қосылған жер ұрыссыз, керіссіз тарқамайды. Молда екенін сол мінезінен таниды. Әкесі - қазақ, шешесі - қазақ тілін өзі білмейді, өзінің білмейтұғындығын тағы білмейді. Жаһил мұра каббе болып жүріп: «Сарт тілін, араб тілін білемін!»- деп, әуре болады екен де, «Ит жаманы - аңда жоқ, данда да жоқ»- дегендей, екі орта бос қалады екен. Бұл ойлады: «Бұл оқу оқымақтан мақсат - Мұнымен дүние тауып алмақ, бай болмақ, қатын алмақ, ағаш үй салмақ, мал малданып, жал жалданбақ екен!»- деп. «Есіл - дерті (исі- дирті) - уыз жас күнінде тамағы тою, сый көру, төрде отыру болған соң, бар ғұмырын соның соның жолында өткізбек Бұл»- дейді. «Ғылымнан мұрат Құдайды танымақ екен,- деп,- және бұл ғылымды білген соң, жалған дүниенің жүзінде басқа нәрсенің иненің жасуындай керегі жоқ екен»,- деп, ғылым іздеген (излеген) бір жанды көре алмадым. Бәрі де оқып жүр: қыс - өзі оқыса, жаз - бала оқытпақ. Алып - сатарлық ғылым-білімді дүние тауып аларлық құрал-сайман біліп, оқып жүр. Есебі - алтындаған қарғыны мойнына тағып, атлас жабу үстіне жамылып, жинағаны - өлексе, не басқа опадардан озық (оздуқа) ілкім болып жемек. Fылымның он сегіз мың ғаламды жоқтан бар қылған Құдайдың өзінің бір сипаты болса, Бұл ғылым орнаған адамға жалған дүниеде ендігі ненің керегі болады?! Кеудесінде орнаған ғылымның титтей сәулесі жоқтығынан дүние қуып, қоян қуған тазыдай арсалақтап жүргені - сол! Намаз деген - Аллаға ғарыз айтқандық. Ол намазда имам - переводчик: жұрт сөзін Құдайға жеткізуші. Молда (молла) деген - Құдай мен халықтың арасына тілмаш: халық сөзін Құдайға, Құдай сөзін халыққа жеткізуге борышты. Құдаймен ауыз сөйлеспекші емес, көңілмен сөйлеспек. Көңілмен Құдайға сөйлескен жан Құдаймен көңілі тояды, бу дүние - омафиһаны қояды. Көңілмен Құдайға сөйлесе алмаған- лақ-тоқты жинау қамында болып, ұят-армен Құдайдың құтты күні сояды. «Ағама жеңгем сай»,- деп, мешіттің имамы, мүдіні, диуанасы-қалай Құдай шеберлікпен лайықтап тауып, басын қосқан? 1914-інші жылында 30-ыншы марта: «Ай, мүмин, мұсылманлар, Құдай үйі мешітті көркейтуге, семіртуге, толық қылуға - тырысыңдар!»- деп, қазақ философы Көпеевтің тахрирі.
ТҮСІНІКТЕР
Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер (екінші нұсқа) Мәшһүр Жүсіптің буған дейінгі жарық көрген шығармалары 8-томының түсінік бөлімінде (Павлодар, ӘКО, 2006, 419-421 б.) әулеттік мұрағаттағы 2- папкадан (108-124 б.) алынып, енгізілген осы мәтіннің бұрын баспа бетінде жарық көргені, оның көп нұсқалы екені т.с.с. сөз болған. Біз бу жолы 2- папкадағы үлгінің жазылуы жағы кейіндеу болса да, сақталуы жағынан ең толық үлгі ретінде алғашқы нұсқа ретінде жарық көргенін ескере отырып, бу жолғыны, яғни алғаш жазылса да сақталуынан т.с.с. кемдік көргенін екінші нұсқа ретінде (11- папка, 156,78-80 б.) осы 9-томға енгізіп ұсынып отырмыз. Бұл екінші нұсқаның аяғы әзірше табылмағанын еске саламыз. Осы орайда будан бұрын 8- томның түсінік бөлімінде ескертілгендей, әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбаларының 1-8 және 11 - папкасы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба қорына 2005 жылдың аяғына қарай тапсырылса, Жолмұрат Жүсіпұлы, Фазыл Жүсіпұлы және Иманғали Маненов т.с.с. көшірмелері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына (24. 02. 2006, 31. 05. 2006 ж.) өткізілгенін қайталап еске саламыз. Осы орайда «Көп ретте бір-бірін сөзбе-сөз қайталайтын бар үлгіні жарыстырып бере беру неге керек, соның бірін алса, жеткілікті емес пе?»- деген ұсыныс туары да анық. Біздіңше, әр кезде әр адамнан түрліше естумен, кейде әр кітаптан көшірумен жеткен бұл үлгілердегі жекелеген сөз қолдану ғана емес, дерек келтіру ерекшеліктері, қысқарту, сөз қосу т.с.с. орын алғанын ескерсек, соның қайсысы қаншалықты дұрыс екенін ашып, бар мәтінді салыстыра сараптауға мүмкіндік беру мақсатында бізге жеткен түрлі мәтіндерді нұсқаларға жіктеп, тегіс қамтып енгізу дұрыс деп табылды. Осы орайда Мәшһүр Жүсіпке қатысты мәтіндердің 9 болу себебі: бізге жеткен түпнұсқа жазбалармен қатар одан көшірілген нұсқалар орын алуымен түсіндіріледі. Демек бұрынғы томдарда ескертілгендей, Мәшһүр Жүсіп жазбасы түрлі себеппен бізге жетпеген жағдайда ғана көшірмеге иек арту орын алатынын, ал, түпнұсқа сақталған жағдайда соның өзі енгізілумен шектелу, тек түсіп қалды деген сөздерді квадрат жақшаға алып беру, сондай -ақ бір сөздің екі түрлі оқылуы мүмкіндігі ұсынылғанда, екіншісінің жай жақшаға алынып отыратынын қайталап ескертеміз. Белгілі бір мәтіннің көп нұсқалығы көрсетілумен бірге оның басқа да тарихи құжаттармен қаншалық үйлес келуі т.с.с. 8-томда жете сөз болғандықтан да, Бұл 9-томда әр нұсқаның қайдан алынғанын көрсетумен шектелу жүзеге асқанын ескертеміз.
Нұх кемесінен кейінгі әңгіме Біз Бұл тұста аңызға сүйенген мәтіндерді де Мәшһүр Жүсіптің жинағанын ескеріп, қайсысы аңыз, қайсысы ақиқат екенін анықтауды болашақ ізденіс өрісіне қалдыра отырып ұсынғанды жон кердік. Бұл мәтін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы (Ескерту: бұдан әрі Бұл аталымды қысқартып: «Аталған қолжазба қорындағы»- деп берумен шектелеміз. Л.Ж.) Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1176- папка, 40-43 б.) бойынша түңғыш рет ұсынылып отыр.
Ғымалқа жұрты туралы Бұл да аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы (1176- папка, 247 б.) бойынша кіргізілді.
Тағы бір дерек Бұл мәтін әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасына (6-папка, 123-124 б.) негізделіп әзірленді.
«Бинисығыр» атауы мәні
Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (3-папка, 74 б.) алынды.
Сүлеймен мен Ғалы
Жоғарыда сөз болған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1176-папка, 229 б.) бойынша енгізілді.
Еңсегей бойлы ер Есім хан (үшінші нұсқа) Әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (11- папка, 71-72 б.) алынған Бұл мәтіннің бастапқы нұсқалары 8-томда (136-144 б.) беріліп, оның аталған қордағы 1645, әулеттіктегі 2-папкадан алынғаны ескертілген. 338
Абылайдың алғаш көзге түсуі (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің Мәшһүр Жүсіп жинауына қатысты жоғарыда аталған қордағы және әулеттік мұрағаттағы 9 үлгісі сақталғаны будан бұрын жарық керген Мәшһүр Жүсіп шығармалары 8- томының (Павлодар, ӘКО, 2006 ж.) түсінік бөліміндегі 430-432 беттерде анық көрсетілген. Осы орайда 8- томда Бұл мәтіннің бірінші үлгісі (оны «нұсқа» деп алу да қолданылады. Л.Ж.) әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 2-папкасы, 40-43 беттері бойынша берілсе, Бұл үлгі әулеттік мұрағаттағы ақын жазбасы, 11-папка, 311312 беттері бойынша ұсынылып отыр.
Абылайдың алғаш көзге түсуі (үшінші нұсқа) Бұл жоғарыда ескертілгендей, аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1170 - папка, 721 -724 б. бойынша ұсынылды. 8-том түсінігінде Бұл мәтін аталған 9 мәтіннің екіншісі ретінде келтірілсе, біз кейінгі ізденіс нәтижесін ескеріп, оны үшінші нұсқа ретінде беріп, мәтін салыстыру т.с.с. мәселесінде 8- томдағы түсінікке сілтеме жасаумен шектелеміз.
Қазыбек би елшілігі (екінші нұсқа) Әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 11- папка, 283-286 б. бойынша әзірленді. 8-томда бірінші нұсқаның әулеттіктегі жазбадан (2-папка, 56-58 б.) алынғаны, оның 11 нұсқасы бар екені т.с.с. (434-435 б.) көрсетілген.
Қазыбек және қалмақ ханы (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің 8-томдағы «Қазыбек би елшілігі» (1- үлгі) нұсқасына біраз ретте ұқсағанымен, өзіндік ерекшеліктері бары ескеріліп, сәл басқа аталыммен Мәшһүр Жүсіптің Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі, (3 -папка, 71-78 б.) бойынша жеке ұсынылды.
Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы 8-томда «Қазыбек би елшілігі»- деп аталып, бірінші үлгі ретінде беріліп, түсінікте Мәшһүр Жүсіп жазбасының әулеттік мұрағаттағы 2-папка, 56-58 б. алынғаны, оның 11 үлгісі сақталғаны ескертілген. Біз Бұл жолы бастапқы сөйлемдері т.с.с. сөзбе - сөз қайталанса да, қағазға кейінірек жазылғанын (1170-папка, 735-738 б.) аздаған өзгерістері барын ескеріп, екінші нұсқа ретінде бөліп ұсынғанды жон көрдік.
Абылайдың тұтқын болуы (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің бірінші нұсқасы 8-томда тағы да әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 2-папка, 44-48 б. бойынша берілсе, бу жолы 11-папкадағысы (314-325 б.) сәл кеңейтілген, өзгерістері бар екінші нұсқа ретінде жеке ұсынылды. 8-том түсінігінде (432-433 б.) Бұл мәтіннің 10 үлгісі сақталғаны көрсетіліп, оларды саралау, салыстыру жүргізілген.
Абылайдың тұтқын болуы (үшінші нұсқа) Жоғарыда аталған себептермен Мәшһүр Жүсіптің аталған қолжазба қорындағы өз жазбасы (1645-папка, 142-151 б.) бойынша бұл үлгі үшінші нұсқа ретінде ұсынылды.
Абылайдың тұтқын болуы (төртінші нұсқа) Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 728-735 б.) бойынша алдында сөз болған себептермен Бұл үлгі де арнайы мәтін есебінде кіргізілді.
Абылайдың тұтқын болуы (бесінші нұсқа) Бұл да сол дәстүр бойынша аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 248-257 б.) бойынша әзірленді.
Абылайдың бір жорығы (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы «Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы»- деген аталыммен бұрынғы 8- томда (181-184 б.) жарық көрді. Онда Бұл нұсқаның аталған көрдағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1170-папка, 739745 б.) алынғаны көрсетілген. Бұл жолы екінші нұсқа ретінде одан көп ертерек жазылғандықтан да, бізге жетуі, сақталуы жағынан да олқы соғуы мүмкін үлгіні 11 - папка (321-325 б.) бойынша ұсынып отырмыз.
Абылайдың бір жорығы (үшінші нұсқа) Бұл жоғарыда сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1177- папка (255-257 б.) негізінде әзірленді.
Абылайдың бір жорығы (төртінші нұсқа) Бұл да аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 739-745 б.) бойынша кіргізілді.
Қалдан Шерін өсиеті Бұл әулеттік мұрағатта сақталған Жолмұрат Жүсіпұлы (2-папка, 93-98 б.) көшірмесінен алынды.
«Абылай аспаған сары бел»- аталған мәнісі Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 8- томында жарық көрді. Оған әулеттік мұрағаттағы 2- папка (275-280 б.) мәтіні негіз болғаны, сонымен бірге жоғарыда аталған қолжазба қорындағы ( ОҒКҚҚ) 1177,1178, 1170, 1176 папкасындағы Мәшһүр Жүсіп жазбалары және басқа да көшірмелер бар екені көрсетілген (439-441 б.) Бұл әңгіменің Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазылған алты нұсқасы сақталған. Мәтіннің әулеттіктегі үлгісін (11-папка, 113-122) Бұл жолы екінші нұсқа ретінде келтірдік. Мәтіннің бұдан басқаларының ішіндегі ең қысқасы және үшіншісі - аталған қолжазба қорында сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 125-127 б.). Осы орайда Абылайға қарсы аттанушыларды бастаушы Қазыбек деген ұйғарым осы мәтін ішінде орын алғанымен, соның 126- бетінің бір бүйіріне көлденеңдеп Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен мына бір ескерту жазылған: «Бұл аттанған Қазыбек емес: Бекболат 65-те болған күні, Едіге 25-те болған. Шежіреде әңгімесі толық дәлелді.» Ақынның кейін жазылған нұсқаларының бәрінде де Қазыбек емес, тек Бекболат, Едіге атаулары да әрі осы ескертпенің дұрыстығын, әрі ел арасында ұлы Бекболаттың орнына әкесі Қазыбекті кірістірген теріс мәліметтер т.с.с. орын алғанын дәлелдесе керек. Бұл мәтіннің әулеттік мұрағаттағы екінші нұсқасы (2-папка, 275-284 б.) мен аталған қордағы 1177,1176- папка нұсқаларының ұқсастығы мен өзгешелігін төртінші, бесінші нұсқалар ретінде келтіріп, буларды өзара салыстырып өткенді жөн көрдік. Осы орайда, будан бұрын да сан мәрте ескерткеніміздей, жекелеген сөз өзгешеліктерін, орын ауысуларды, т.с.с. ұсақ - түйек айырмашылықтарды сөз етпей, тек түбірлі ерекшеліктерге тоқталып өтетінімізді ескертеміз. 1. 1177- папкада, біздіңше, төртінші нұсқада, Абылайдың Ботақанды көрден тартып шығармақ болуы сәл қысқарақ берілсе, 1176-да, біздіңше, бесінші нұсқада, ол біршама өзгерген: «Хан өзі көрден бері тартып, шығарайын деп, иінінен тарта бергенде, Ботақан өзінен-өзі долданып, жарылып өлді». (1177- папка, 163 б.). «Хан өзі көрден бері тартып шығарайын деп жатқанда, жүрегінің басынан тарс етіп жарылып, Ботақан өлді». (1176-папка, 135 б.). Осы орайда тап осы эпизодтың әулеттік мұрағатта сақталған үлгіде бірінші нұсқада (2-папка, 276 б.) мүлде басқаша өрілгеніне назар аудартқымыз келеді: «Ботақан байланғанына ызаланып, долданып, ас-су ішпей, тұтқында жатып өліпті де, Жанай байлаулы, отын оттап, суын ішіп жата беріпті.» 2. 1176-да: «Бекболат пен Едіге тізе қосып, атқа мінді»- деп берілсе, 1177-де Бұл сәл кеңейтілген: «Жаздың шығуын күтпей, қыс ішінде асығып - аптығып Бекболат пен Едіге атқа мінді.» 3. «Халық қадірін білмесе, хан тартпақшы жазасын! // Хан қадірін білмесе, халық тартпақшы сазасын»- деген сөздері 1177-де бар да, 1176-да жоқ. 4. «Абылаймен ұрыс, соғыс қыламын!»- демесін. Бітім сөйлесіп, жарассын! Арашашы бол!- деп жіберді»- деп 1177-де (164 б.) берілген әңгіме 1176- да біраз өзгеріп, нақтыланған: «Абылаймен ұрыспасын, бітім қылып, жарассын!- деп,- Арашашы бол, араға жүріп елдестіруге жаһат қыл!- деп қосты дейді.» 5. «Үш мың кісі болып, атқа мінді, Мейрам болып көтерілді. Арғын, Найман болып атқа мінді!»- деп естіп, Керей, Уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен деп»- қалпында 1177-де(164б.)берілсе, 1176-да бас жағында ептеп қысқарту орын алса да, кейінгі шындық көп кеңейтілген: «Үш мың кісі атқа мінді, Мейрам болып көтерілді!»- деп естіген соң, Керей, Уақ үркіп, ішке түсіп кеткен екен де, Керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінгенде, іштен алып шығып, қалың Шұбарға қондырған екен. Уақ сол бойымен іште қалыпты.» (136-бет). Назар аударарлық жәйіт: Кейінгі Тұрлыбектің әрекеті әулеттік мұрағатта сақталған үлгіде (2-папка, 277 б.) былай берілген: «Керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінген соң, іштен алып шығып, қалың Шұбарға орналастырды. Уақ сол бойымен іште қалды.» 6. Абылайдың жанжалдан сескеніп көшуі 1177-де қысқа берілген: «Абылай үркіп, көше қашты дейді» (164 б.). Ал, 1176-да бұл сәл ұзартылған:«Арғын, Найман атқа мінді!»- деген сөз көтеріліп кетіп, Абылай үркіп, көше қашты дейді» (136 б.). Әулеттіктегі екінші папкада сәл басқаша: «... Көкшетаудан қозғалып, Жолдыөзекке қарай көшті дейді.» (278 б.). 7. Абылайдың көшкеннен кейінгі әрекеті де екі нұсқада түрліше берілген. 1. «... қара қазанды ошақ үстінде асулы бойымен қалдырып, үш жүз қаралы сиырды жұртта қалдырып, көшіп кетіпті.» (1177-папка, 165 б.). 2. «Қара қазанды жұртқа асулы бойымен қалдырып, ұдайымен жүреміте үш көшіп барып отырыпты.» (1176-папка, 136 б.). 8. Көшіп кеткен жұртқа келгендегі Бекболат әрекеті де 1176-да нақтылана түскен. 1. «...сонда Бекболат ат үстінде сөйлепті.» (1177, 165 б.). 2. «... сонда Бекболат ат үстінде тұрып, найзасымен қазанды шаншып тіреп сөйлепті.» (1176, 136 6.). 9. Бекболаттың әуелгі ниетінен қайтуын білдіруде де айырмашылық баршылық. «А, жұрт, Абылай тек жаралған жан емес, қас әулие. Ондай кісіге соқтығу жарамайды. Оның әулиешілігін айтайын. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қатынын ат көтіне салсам, қара қазанын қақ айырып, қайтсам!»- деген. Жазығы жоқ қазанды қалай қақ айырайын?! Ана жатқан сиырды шетінен шытырлатып алып келіп, сойыңдар! Аппақ майға әбден кенеліп, тойыңдар! Менің тілімді алсаңдар, Абылаймен жауласуды, ұрысуды қойыңдар!- деп, сиырды сойып, туларын қандап, тамаққа тойып, мәре-сәре болысып, кенеліп ай-жай болысты дейді.» (1177, 165 б.). « -А, жұрт, Абылай тек жаратқан кісі емес, қас әулие, ондай кісіге соқтығу жарамайды. Оның әулиешілігін айтайын. Үйден шыққанда, үш ойым бар еді: «Абылайдың басын кессем, қайтамын» -деген ойым бар еді. «Болмаса, Абылайдың қатынын ат көтіне салсам, қайтамын»- деген ойым бар еді. «Ең болмаса, қара қазанын қақ жарып, қайтамын!»- деп едім. Ана жатқан сиырды шетінен алып келіп, сойыңдар да, ақ майға әбден кенеліп, тойыңдар! Менің тілімді алсаңдар, жауласуды қойыңдар!- деп, сиырды сойып, туларын қандап, бірін-бірі тамаққа тойғызып, алдап, мәре-сәре болысты.» (1176, 137 б.). 10. Бұдан кейінгі аздаған өзгешеліктерді есептемей-ақ, елшілікке барып келген Шотана сөзіне Бекболаттың сүйсінген сөздері берілгеннен кейінгі Мәшһүр Жүсіптің мына бір ескертпесі 1177-де жоқ та, 1176-да ғана орын алғанына назар аудартқымыз келеді: «Сірә, Шотана сөзі Мұнан да дәмді, ірілеу. Бізге талып, үздігіп жеткен, қалған сірілеуі ғой!- деп ойлаймын.
- Не дейді?
- Не дейді?- десті.» (1176, 137 6.).
11. Олжабай батыр сөзі де 1177-де тым қысқа, ал 1176 мен 2-папкада кең қамтылуымен көзге түседі. «Алтын қақпаны дал-дал қылғанымда, Абылай қалш-қалш етіп, дір-дір етіп, түсі қашып түр екен» (1177, 167 б.). «Алтын қақпа деген - қақпаны бұзғанда, даруазасы қалайы мен қорғасыннан екен. Ешкімнің қолы батпағанда, туымды Абылайға ұстатып қойып, аттан түсе қалып, шапқылағанымда, Абылайға қарасам, қалш-қалш етіп, тітіркеніп, дірілдеп түр екен. Бізбен қарсыласуға сартыңның аруағы беттей алмаса керек!-депті.» (1176, 138 б.). Ескерту: әулеттіктегі мәтінде (2-папка, 280 б.) де осы 1176 мен ұқсастық, өзектестік басымдығы көзге түседі. 12. Көтеш ақын сөзінен кейінгі екі жақтың қалай жарасқаны 1177-де тым қысқа берілген: «Сөз құрыды, сол жерде бітім, тыным болып жарасты.» (1177, 168 6.). 1176-да Бұл сәт нақтылана түскен: «Басқа сөз де жоқ, дау-шар да жоқ. Сол жерде жарасып, бітімге келіп, булардың не дегенін қылды дейді.» (1176, 138 б.). Осы мәтіннің шартты түрде төртінші нұсқасы мен басқа нұсқалар арасында да ұқсастық, біркелкілік көп болғанымен, ара-тұра болсын қосымша эпизод, сәл өзгеше пікір білдіру т.с.с. орын алғандықтан, олардың бәрін жеке - жеке келтіре отырып, сол үрдіс бойынша 1178- папкадағы (213-219 б.) нұсқаны да өз алдына жеке беріп, алтыншы нұсқа деп атағанды жөн көрдік. Осы алтыншы нұсқа жазылған бастапқы (213(127) беттің аяқ шенінде Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазылған мына ескертуі орын алған: «Ботақанды кейбіреулер: «Керей екен»-деп сөйлейді. Осы орайда Бұл мәтін соңындағы Төлеген қожа өлеңінің будан бұрын жарық көрген Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 7 томында (Павлодар, ӘКО, 2006 ж., 281-283 б.) орын алса да, Абылай бейнесін аша түсу үшін, бу жолы қайталап енгізуді жөн көргенімізді ескертеміз. Осы орайда «Абылай аспаған Сары бел» атанған мәнісі»- делінген алты нұсқаға да қатысы бар мына бір қосалқы әңгімені, Абылайға елшілікке келген Шотана батыр сөзінің жеке келтірілген үзігіне назар аудартқымыз келеді: «Бақ бір қу таяқ; ырыс, құт деген оған сүйеніш болатұғын. Көдедей көп сарттың ортасында жүріп, хан болатұғын болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме?! «Дүние бұзылса, Бұхарға сыяды, // Бұхара бұзылса, дүниеге сыймайды»,- деп еді. Дүние сыйған Бұхараға сыймай, Арқаға келіп едің. Қара басың қаңғып жүріп, Сарыарқаға сыймағаның ба? «Ер толқыса, ел сүйейді, // Су толқыса, жар сүйейді»- деген. Ел толқыған су емес пе, хан деген оған сүйеу боларлық биік жар емес пе?!» «Лақ (ұлақ) ойнақтағанмен, жар құламайды»- демеді ме?! Мейрам болып атқа мінді, үш мың кісі қол келді. Бекболат пен Едіге жіберді: «Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! Мың кісінің жолына «жетім» бастатқан «тоғыз», мың кісінің жолына түйе бастатқан «тоғыз», мың кісіге мың ат-шапан. Оны қылмаса, тұрысатын жерін, ұрысатын ерін атасын!
Абылай хан Шотанадан:
- Бұл қосында Малайсары бар ма?- деп сұрапты.
- Жоқ,- депті.
- Хан қадірін білетұғын, сол еді, бәрекелді, оның келмегені келіспеген екен!- депті.
- Олжабай бар ма?- депті.
- Бар,- депті.
- Ту көрінсе, жынданып, есі - түсін білмей кетуші еді. Ол жүрген жерде ту көтере көрмеңдер! - депті.
Бекболат пен Едігенің жолына екі қыз беріпті: бірінің аты - Кешек, бірінің аты - Ұмсын. Кешекті Бекболат өзі тоқалдыққа алып, Бұл күнде оның ұрпағы: «Кешекліз» - деседі. Ұмсынды Едіге ағасы Жоланға байлап, онан туған Далабай бай. Далабайдан - Мұсабай қажы, оның балалары - Мақажан, Тақаш». (Мәшһүр Жүсіп, 1176-папка, 132-133 б.). 2. Орманшы: Ақсары - Шотана батырдың Абылай ханға айтқаны: «Бақ - бір қу таяқ, ырыс, күт деген оған сүйеніш болатұғын. Көдедей көп сарттың ортасында жүріп, хан болатұғын болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме? «Дүние бұзылса, Бұхараға сыяды, Бұхар бұзылса, дүниеге сыймайды»,- деген екен. Бұхараға сыймай, Арқаға келіп едің! Қара басың қаңғып жүріп, Сарыарқаға сыймағаның ба?! « Ер толқыса, ел сүйейді, Су толқыса, жар сүйейді»- деген. «Ел толқыған су емес пе, хан деген оған сүйеу боларлық жар емес пе?!» «Лак ойнақтағанына қулаған жар орынға тұрып, есепке жарай ма?!»
(Мәшһүр Жүсіп, әулеттік мұрағат, 4-папка, 249 б.).
Абылай және Жарылғап
Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 8-папкасы, (36-44 б.) бойынша берілді
Абылайдың қырғызға жорығы (бірінші нұсқа) Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1176-папка, 294 (388)- 296(390) б.) негізінде дайындалды.
Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (екінші нұсқа) Бұл да сол қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1170 - папка (787-795 б.) мәтінінен алынды. 791 беттің оң жақ бүйірінде сыналап мына сөздер жазылған: «Бел баласы - Қасым хан, немерелері: Кенесары, Наурызбай. Шөберелері: Сыздық султан... түлкіше жортып - жортып, жан сақтады. Біздің өткен заманымызда Сыздық султан, Тадкиқ балалары...» Сондай-ақ792- беттің сол жақ қапталына көлденеңдеп мына сөздер жазылған: «Абылай ханның басына қойған тасқа жазғаны: «Абылай ибн Сүйеніш қожа...» - деп жазылған.» 344 Ал, 794- беттің сол жақ қапталына қиғаштап орналасқан Мәшһүр Жүсіптің мына бір ескертпесін де ескерген жөн: «Құрттай бала күнімізде осы әңгімені ұстазымыз Камардин ахон сөйлеп еді: «Мұндай хабарды адам сортына кіріп, періште айтып кетеді екен,- деп,-қырық күн бұрын.»
Абылай хан түсі және өлімі (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің бірінші нұсқасы 8-томда (437-438) жарияланды. Тағы да жазылуы ерте болса да, сақталуы кемсіндеу екені ескеріліп, әулеттіктегі 11 - папкадан (178-185 б.) келтірілген Бұл үлгіні екінші нұсқа деп белгіледік.
Абылай хан түсі және өлімі (үшінші нұсқа) Жоғарыда айтылған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1177- папка, 258-261 б. бойынша кіргізілді.
Абылай хан (дастан) (бірінші нұсқа) Бұл туындының авторы белгісіз де, Мәшһүр Жүсіп жазуымен екі нұсқа (1177,1176) ретінде жеткені белгілі. Бұл мәтін (1177-папка, 241-251 б.) көркем туынды болғандықтан, айтылған деректердің тарихи шындыққа қаншалықты сай келу, келмеуін толығырақ анықтауды алдағы ізденістер үлесіне қалдыра отырып, әзірше біз Мұны тарихи деректі дастан, яғни сол кездегі шындықты көзімен көргендер әңгімесіне сүйеніп жазылған баға жетпес құнды дерек көзі ретінде санап ұсынып отырмыз. Біз ұсынып отырған Бұл деректі дастанның бұған дейін «Сабалақ» деген аталыммен «Абылай хан» жинағына (Алматы, Жазушы, 1993, 228-239 б. Құраст. С.Дәуіт) енгені белгілі. Ол жинаққа ұсынылған мәтіннің 1177-папкадан алынғаны ескеріліп, кітап пен 1177 папка мәтіні арасындағы өзгешеліктердің бәрін біз келесі мәтін (1176 бойынша дайындалған) бойынша беретінімізді ескертеміз.
Абылай хан (дастан) (екінші нұсқа) Алдында аталған жинақ пен 1177 папка мәтіні, 1177 мен 1176-ның (екінші нұсқа 1176-папка, 289-298 б.) өз арасындағы өзгешеліктер баршылық екенін ескеріп, оны арнайы көрсеткенді жон көрдік: 1. «Абылай хан» жинағында (бұдан әрі жинақты толық атамай-ақ «кітапта», «алғашқыда», «біріншіде»- деген тәрізді сөздерді келтірумен шектеліп, 1176 папка мәтіні сөз болғанда, «қолжазбаның екінші нұсқасы», «екінші нұсқа», «екіншіде», «кейінгі де» т.с.с. атаулармен шектелеміз - Л.Ж.) авторы белгісіз, Мәшһүр Жүсіп жазуымен бізге жетіп, «Сабалақ» деген атпен жарияланған тарихи дастанның екінші тармағы: «Үш жүз түгел, алты алаш білген оны»- деп берілсе, Бұ жолы әрі 1177 папкадағыға, яғни бірінші нұсқадағыға, әрі 1176 папкадағыға (289 (383) б.) сүйене отырып, «түгел» сөзін «түгіл», «оны» сөзін «әне» - деп, түзету енгіздік. 2. Кітапта 1177 бойынша 12-тармақ: «Қиратып Қайып ханды қалмақ шауып»- деп берілсе, Бұ жолы «қиратып» орнына 1176 бойынша «елі мен» сөзі кіргізілді. 3. Кітаптағы 19- жол: «Іздеумен ата-баба туған жұртын» - деп берілсе, тағы да екі қолжазбада (1177 мен 1176 папкадағы) «іздеумен» орнын «ізденіп» иеленгені, демек кітап әзірлеушілердің жекелеген қателерін түзетіп отыру керектігі ескерілді. 4. Кітаптағы 22-жол: «Ол елеп ілтипатқа келе алмады»- дегендегі «келе» сөзі тағы да екі жазбада бірдей ап-айқын орын алған «бір» сөзімен алмастырылып, кітаптағы ағаттық жөнделді. 5. Кітаптағы 28-тармақ басында 1177 бойынша «есіктен» сөзі дұрыс орын алса, бұ жолы 1176 бойынша екінші нұсқа ретінде оның орнына «үйіне» сөзі енгізілді. 6. Кітаптағы 33-жол басында «қой жүні» сөздері тұрса, тағы да 1176 өзгешелігі ескеріліп, «жүні» орнын «жұпа» сөзі иемденді («жұпа» сөзі мағынасын, тарихын т.с.с. тіл білімі мамандары анықтар деп есептедік Л.Ж.). 7. 36-тармақтың соңғы сөздері кітапта: «кеткен ұнап»- деп келтірілсе, тағы да екі жазбаға бірдей сүйеніп, «кеткен»- дегенді «кетті»- деп алып, сөз ғана емес, оның қосымшасын да бұрмалау орынсыздығын ескердік. 8. 37-тармак маңдайындағы 1177-ден алынған «сұрапты» сөзі 1176 бойынша «сұрайды» деп өзгертілді. 9. 42-жол соңы кітапта 1177 бойынша «арланамын» деп кіргізілсе, Бұ жолы оны 1176 бойынша «қорғанамын» сөзімен алмастырылды. 10. 47-тармақ алғашқыда: «Болған соң үсті-басы далба - далба»- делінсе, 1176-да соңғы сөздердің орын ауысулары ескеріліп: «далба - далба үсті-басы»- түрінде отау тігілді. 11. 50-жолдың басталымы бұрынғыда: «Ойын-күлкі жоқ тіпті» - делінсе, кейінгіде «тіпті» орнын «болып» иеленді. 12.56-тармақ біріншіде: «Шын асыл жата алмайды ойын бұғып»- түрінде шаңырақ көтерсе, енді 1176 бойынша: «Нәсілді жата ма екен үйде бұғып?!»- деп берілді.
4
13. 58-жол әдепкіде: «Болат, құрыш» сөздерімен басталса, тағы да 1176 - ға сүйеніп ол сөздер «шын асыл» деп ауыстырылды. 14. 65- тармақ басталымы әуелгіде: «Би келіп тамашалап»- түрінде берілсе, енді, «тамашалап» сөзі «тамаша қып»- деп өзгертілді. 15. Келесі 66-жол соңы кітапта: «Текті, затты» делінсе, екіншіде «текті» дегенді «төре» алмастырды. 16.95- жол алғашқыда: «Қалмаққа жорық қылып» - деп басталса, соңғыда «жорық қылып» орнын «аттанысып» иеленді. 17. 99, 100-тармақтар бастапқыда: «Мені тастамаңыз осы жолдан, // Сізге еріп үйренейін амал айла»- түрінде қанат жайса, Бұ жолы алдымен 346 «тастамаңыз» сөзі 1177-де анық өрнектелген «тастама» сөзімен ауыстырылумен бірге, 1176 өзгерісі ескеріліп, мына қалыпта енгізілді: «Бөке, мені тастама осы жолда, // Бір жолы үйренейін амал-айла.» 18. 107- жол кітапта: «Көп атты алып келді шертіп қана»- деп берілсе, Бұ жолы 1176 папка «көп» орнына «бір топ» енгізілумен қатар екі нұсқада да ап - айқын өрнектелген «жырып» сөзін «шертіп» - деп, орынсыз қате кіргізілгені анықталып түзетілді. 19. 112-тармақ біріншіде: «Қайрат қылып, қалшылдап қармалайын»- түрінде келсе, 1176-папка бойынша ол түбірімен өзгертілді: «Тәңірім берсе, қимылдап, қарманайын!» 20. 116- жол әуелгіде: «Жымырып барады»- деп өрбісе, кейінгіде «барады» орнын «кетеді» иемденгені ескерілді. 21. 130- тармақ алғашқыда: «Ел ішіне»- деген маңдайшамен кіргізілсе, тағы да екі нұсқада бірдей оның орнына «ел шетіне»- тұрғаны анықталды. 22. 135 жол кітапта: «Шын пейіл ықыласыңмен батаңды бер»- қалпында сап түзесе, 1176 бойынша озгерту енгізілді: «Егер де ықыласыңмен бата берсең.» 23. 142-тармақ басталымы бұрынғыда: «Мінезің шын ақ сүйек»- делінсе, соңғы сөздер екіншіде: «қазақтағы» - деп ауыстырылды. 24. 148-жол біріншіде «Ер сынасар» сөздерін маңдай етсе, екіншіде: «Ер білінер» тұрғандығы ескерілді. 25. Келесі 149-тармақ соңы кітапта: «түгел айтып»- деп мүлде қате берілген. Тағы да екі нұсқада айқын тұрған: «Төлеге айтып» - қалпында заңды орнына ие болды. 26. Келесі 150 - жол ортасындағы «атамнан» орнына тағы да 1176 бойынша «әкемнен» енгізілді. 27. 159-160 тармақтар кітапта: «Сабалаққа сәлемді үсті-үстіне, //Сабалап айтып жатыр жет деп келіп» (Осы орайда бізде шығып жатқан біраз кітаптарда әріп, үтір, тырнақша т.с.с. емле, тыныс белгілерін мүлде ескермеу, не теріс қою Бұл кітапта да орын алғанына осы бір келтірілген жолдардың ешбір тыныс белгісінсіз жазылуы айғақ бола алады және ол мәтіндегі сөз ажарын, сипатын - дұрыс жеткізуге қызмет етпейтінін де ескертіп өткіміз келеді - Л.Ж.)- деп берілген. Бу жолы да 1176 папка мәтіні бойынша Бұл жолдар тұтастай өзгертілді: «- Талап қылса, осы жолы келе керсін, // Қалмасын үйде жатып, ойнап-күліп!» 28. 162- жол әдепкіде: «Ұрыс, соғыс, төбелес» - сөздерімен басталса, тағы да 1176 бойынша: «Алғаның салғанына»- сөздері енгізілді. 29. Келесі 163-жол алғашқыда: «Кеп алдында жарқырап көзге түсіп»- түрінде келтірілсе, кейінгіде мүлде өзгерді: «Егер де жолым болса, жауды алармын» 30. 167, 168-тармақтар кітапта: «Құдай жалғыз, мен жалғыз, арман не деп, // Шеру тартқан қосынмен жүре берді.» Кейінгіде мүлде басқаша: «Ішінен бір Құдайға сыйынды да, // Сабалақ атқа мініп жүре берді.» 31. «Жымыра тымақ байлаған бозбалалар» - деп басталатын 43-шумақ 1177 папка, 243-бетінің ең аяғында орын алса да, аталған кітапқа енбей қалған . Осы орайда тек үшінші тармақтың: «...ек ита өлтірсек қазымыз!- деп»- түрінде келген өзгешелігі бар. 32. 182-тармак әуелгіде: «Қазықтан барғандарды табандатты»- делінсе, соңғыда ол жол: «Қазақтың батырларын кеп қиратты»- деп өзгертілген. Соны - мен сол 46-шумақ соңы біріншіде: «Жан батпапты» - түрінде келтірілсе, кейінгіде: «Жан шықпапты» қалпында өрілген. 33. 186-жол ортасындағы бұрынғы: «қалмақтың» сөзі екіншіде «кәпірдің»- деп алмастырылған. 34. 191, 192 тармақтар алғашқыда: «Сабалақ «Мен барам» деп ыңғайланды, // «Беке, сен батаңды бер, қызықты кер»- делінсе, екіншіде кеп өзгерген: «Сабалақ: «Шығайын!»- деп, оңдыланды, // - Алла!- деп,- Бұл сапарына барайын бір!» 35. 195, 196 жолдар бастапқыда: «Алатауға Қазығұрт не қылмақшы // Деп қалмақ ана жақта сақ-сақ күлді»- деп келтірілсе, соңғыда мүлде басқаша: «Алладан, аруақтардан медет тілеп, // Қасқиып қарсы топқа жүре берді.» 36. 200- тармақ басы әуелгіде: «Әбілмәмбет патшаға»- делінсе, аяққыда: «Алдына патшаның»- деп біраз өзгерген. 37. Келесі 201 - жол бұрынғыда: «Сұп-сұр болып қалшылдап»- деп басталса, кейінгіде: «Сұп-сұр боп қалшылдаумен»- түрінде сәл өзгеріске ұшыраған. 38. 224-тармақ соңы кітапта: «Шіреп тұрып»- деп, түпнұсқадан ауытқуға ұрындырса, екі нұсқаның да Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен анық өрнектелген жазбасына қарап, «шіреп» дегені «шыдап»- деп ауыстырылды. Сонымен бірге осы шумақ соңы біріншіде: «шықты керіп»- делініп, әрі түпнұсқадан сәл ауытқуға, әрі ұйқас солғындығына ұрындырса, әрі Бұл жолы «керіп» емес, «кіріп» екені анықталып, сонымен бірге 1176 бойынша: «бір-ақ шығып» сөздерімен алмастырылды. 39. 231- жол біріншіде: «Өңгеріп алып кетуге бермеген соң»- делінсе, екіншіде: «Өңгеріп құтылмасын байқаған соң»- қалпында орын тепті. 40. 62-шумақтағы: «Мұрыны қолағаштай»- дегендегі аяққы сөз кейінгі бойынша: «қолақпандай»- деп кіргізілді. 41. 63-шумақтың екінші жолы кітапта: «Ерлігіне шыдамай шын долданып»- делінсе, соңғыда ол тағы да 1176-папка бойынша: «Ерлігіне сенген соң, оттай жанып» - деп түзетілді. Сондай-ақ осы шумақтың үшінші тармағы соңы «тиді»- делінсе, кейінгіде «кірді» екені ескерілді. 42. 64-шумақтың екінші тармағы кітапта: «Сабекең» - делінсе, соңғыда оның орнын «батырлар» иеленгені айқындалды. 43. Кітапта 70-шумақ аяғы«асыл бақты»- делінсе, Мәшһүр Жүсіп жазбаларының (1177, 1176) екеуінде де «бақты жанды»- екені ескеріліп, Бұл қате де түзетілді. 44. Кітаптағы 76-шумақтың екінші жолы: «жиылып»- деп, мүлде жаңсақ жазылса, тағы да екі түпнұсқа негізінде Бұл ағаттық қалыпқа келтіріліп: «жетіліп»- деп берілді. 45. Келесі тармақ, яғни 76-шумақтың басы бұрынғыда, яғни кітапта: «Төреңкөт» -делініп, мүлде ұғынықсыздыққа ұрындырса, тағы да түпнұсқаларға мұқият үңілу: «Төреңді күт»- түрінде өрнектеу қажеттігіне алып келді. 46. Бастапқыда 78-шумақтың үшінші тармағы соңы 1177 бойынша «хатшылыққа»-түрінде орын алса, Бұ жолы 1176 бойынша «жүйрік біреу»- түрінде келтірілді. 47. Әуелгіде 79-шумақтың үшінші жолы: «Хатшысы қарақалпақ»- деп басталса, енді алдында айтылған себеппен: «Қарақалпақ бір хатшы»- деп өзгертілді. 48. 86-шумақтан кейінгі қара сөзбен келтірілген мәтін біріншіде: «Абылай хан Бұл сөзін естіген соң, үш жүзге жар шақыртып, «Алаш» уранды қазақтан жан қалдырмай»- деп берілсе, Бұ жолы «үш жүзге»- дегеннен кейінгісі 1176 бойынша: «Ұран шақырып, исі қазақ болып»- түрінде енгізілді. 49. Қырғыз елінің ханы Садырбала сөзі бастапқыда: «Әр рудан басты - басты кісіні алып, бәлен айдың бәлені күні өзім көрісуге барайын»- деп берілсе, бу жолы мына қалыпта қоныс тепті: «Маған пәлен күн мәулет берсін! Әр таптан бір «жақсы» алып, өзім көрініске барайын.» 50. Біріншіде: «Сол күнде қазақтың өзінен шыққан Кіші жүз: Кереит Сарысопының баласы Жалаңаяқ Әздер деген дуана Созақта жүреді екен.»- делінсе, 1176-да Бұл біршама шағындалып, өзгертіліп берілген: «Сонда Созақта Жалаңаяқ Әздер деген бір әулие диуана бар екен, Абылайдың қосынына кез болған екен.» 51. Жалаңаяқ Әздер сөзі кітапта былай түсініксіздеу келтірілген: «Қырғыз Сәдірбала болам ғой,- депті (кітап, 239 б.). Біздіңше, сол 1177-де сәл де болса басқашалық бар: «Қырғыз Садырбала лепес балам еді,- депті.» (1177-папка, 240 б.). Кейінгіде Бұл біраз кеңейтілген: «Қырғыз деген жұртты диуаналықпен аралап жүргенімде өзімнің май басқандығымнан туған лепес балам еді Садырбала. Оған енді қалай қаһар қылайын?!-депті.» (1176-папка, 295(389)- бет). 52. Одан әрі кітапта: «Абылай ол бала да, мынау қазақ мүритің ғой, қаны бірге ұлтың ғой. Бір қырғыз қалай, көп қазақ қалай дегенде:
- Болмас, болмас сөз тапқанға қолқа жоқ деп еді деп, Жалаңаяқ Әздер... оң саусақтағы сұқ қолын ұртына тығып, қырғызға қарап үш атыпты (кітап, 239 б.). Соңғыда бұл былай өрілген: «Ол бір бала да, мынау қазақ көп мүритің ғой, ел-жұртың ғой. Бір бала қалай, көп ... қалай?!»- деген соң,
- Қап, қап: «Сөз тапқанға қолқа жоқ!»- деп еді,- деп, ... сұқ қолын бір ұртына тығып, аузымен үш атыпты (1176, 295(389) б.).
53. Біріншіде, яғни кітаптағы мәтін: «Сонда қырғыз Әтеке жырық қолға түскен алты баласының бір де бірін қайырылып айырып алуға жарамаған. Сәдір бала басын саудалаумен әзер айырып алған. Абылай Қарабалта Соқылықтан асып барып шаппақшы болған. Мұны естіп Сәдір бала елші жіберген:
- Абылай Қарабалта Соқылықтан аспаймын деп уәде берсін, біз бір тайпа қырғызды ақ үйліге берейік, шаппасын,- депті. Қырғыздың Сәру деген бір тайпа елін көшіріп, Абылайға ақ үйліге бергенде, «Қарабалта, Соқылықтан аспаймын» деп Абылай хат - мөр берген.
«Абылай аспас асу» атанғаны солайша дейді. Қос басына бір үй қырғыздан батырлар үлес сыбаға алыпты, әр дуандағы Арғын ішіндегі қырғыздар солар дейді. Сол қырғыздың көбі Үйсін ішінде қалыпты.» Екіншідегі, яғни 1176-де - гісі біраз басқаша: «Сонда қырғыз Әйтеке жырық... алты баласымен сол жолда қырғын тапқан екен. Сонан соң қырғыз жалынып, жалпайып, бітімге келіп, Сәру деген бір тайпа елін қазаққа «ақ үйліге» берген екен. Қос басына бір үйлі қырғыздан үлесіп алысып, осы күнгі Арғын ішіндегі қырғыздар сол жолғы олжа боп, үлеске түскендер деседі (1176, 295 (389) б.)». 54. Одан әрі: «Қысас қияметке қалмайды»- деп басталатын кейінгі Кенесарының қырғызға жорығының аяқ шенін көрсеткен көлемі 1-2 беттік мәтін кітапта тап сол тұста орын алмағанын, ал, Бұл 1176-да сол дастанға жалғастырылып берілгенін ескерткіміз келеді.
Абылай ұрпақтары (екінші нұсқа) Бұл мәтіннің де алғашқы нұсқасы бұдан бұрын жарық көрген 8- томға (195-196 б.) енді. Онда Бұл үлгінің көп нұсқалы екені т.с.с. жете сөз болғанын ескеріп, біз Бұ жолы келтірілген үлгінің әулеттіктегі 11 - папкадан (185-186 б.) алынғанын ескертумен шектелеміз.
Абылай ұрпақтары (үшінші нұсқа) Жоғарыда сөз болған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1170-папкадан (795-796 б.) алынды.
Абылай ұрпақтары (төртінші нұсқа) Бұл да аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1177- папкасы, (261263 б.) бойынша ұсынылды.
Абылай заманындағы батырлар Бұл мәтіннің де алғашқы нұсқасы әулеттіктегі 2-папкадан (58-59 б.) алынып, бұдан бұрынғы 8- томда (187-188 б.) жарияланған. Онда түрлі мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіпке қатысты мәтіндердің 10 үлгісі айтылып, соның ішінде бұдан кейін бізде келтірілген аталған қорда сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбалары: 1170, 1177, 1176- папка мәтіндері бар екені де аталып өткен (436-437 б.). Бу жолы осы мәтіннің екінші нұсқасы ретінде әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы, И -папка (286-287 б.) мәтіні енгізілді. Бұл мәтіннің 5 нұсқасына алдымен көңіл бөлген жөн. Оның екіншісі әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіптің ең кене жазбасы (11-папка, 286-287 б.) болса, үшіншісі аталған қордағы 1170-папкада (751-752 б.) орын алған. Бұл мәтіннің төртіншісі - 1177-папканың 257-258 беттерінде орналасса, бесіншісі 1176- папкада(303 б.) берілген. Үшінші нұсқадағы алғашқы 751- беттің сол жақ қапталында мына бір толықтыру орын алған: «Байжігіт - Тасболат, Қарауыл шешен, Қанжығалы - жас Жанатай. Балталы -Оразымбет, Сіргелі - Елшібек батыр, Жаңакерей - Жәнібек». Сол нұсқа жазылған 753-беттің сол жағында көлденеңдеп жазылғаны: «Қара құн - жүз жылқы, он екі «жақсы», сүйек құн - елу жылқы, алты «жақсы», өнер құн - тоқал құн болады - жүз «жақсы». Осы орайда осы үшінші нұсқаның буған дейін «Абылай хан» жинағына (Құраст. С.Дәуіт) (Алматы, Жазушы, 1993, 315-316 6.) енгізілгенін де ескерген жөн.
Олжабай батыр Бұл мәтіннің 4 нұсқасы сақталған. Оның біріншісі - 8-томға «Сүйіндік - Олжабай батыр ертегісі»- деген аталыммен әулеттіктегі Әлкей Марғұлан жазбасы (428 б.) бойынша енгізілгені көрсетілген. Екінші нұсқа жоғарыда ескертілген қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1170-папка, 1017-1028 б.) келтірілсе, үшінші нұсқа да сол қордағы (1177-папка, 222-226 б.) бойынша ұсынылып отыр. Төртінші нұсқа сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1177-папка, 215-219 б.) алынды. 3,4 нұсқалар жарияланған: Көпейұлы М.Ж. Олжабай батыр // Абылай хан. / Құрастырған С.Дәуітов - Алматы, 1993, 1 том, 327-335 б.
Малайсары және Олжабай Бұл да аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 226-230 б.) негізінде әзірленді. Бұл үлгі де басылды: Абылай хан. 1 том, 335-338 б.
Олжабай және Жасыбай Бу да сол қордағы ақын жазбасынан (1177, 230-236 б.) берілді. Бұл үлгі де басылды: Абылай хан. Алматы, 1993, 338-343 б.
Олжабайдың елге сәлемі, басқа да сөздері Бұл мәтін Мәшһүр Жүсіп мурасын жинаушылардың бірі - Әшім Қарақызулы (1893-1989) жазбасы (әулеттік мұрағат, Әшім, 261-264 б.) бойынша дайындалды.
Балтакерей - Тұрсынбай батыр Бұл мәтіннің 4 нұсқасы бізге келіп жетті. Оның біріншісі - 8-томға (184186 б.) енсе, екіншісі әулеттік мұрағаттағы 11 - папкадан (280-283 б.) алынып берілді. Үшінші нұсқа алдында сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 745-750 б.) бойынша кіргізілсе, төртіншісі де сол қорға (1177- папка, 252-253 б.) сүйеніп әзірленді.
Жидебай батыр Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіптің жазбасы (І - папка, 73-75) бойынша әзірленсе, екінші үлгісі алдында сөз болған қолжазба қорындағы ақын жазбасына (1177-папка, 330-333 б.) сүйеніп ұсынылды.
Баян батыр туралы
Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1176-папка, 322 б.) келтірілді.
Науша батыр
Бұл жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбалары жинақталған 378-папка (2- дәптер, 1-9 беттер) мәтіні бойынша әзірленді. Мәтін тікелей Мәшһүр Жүсіп жазбасы көшірмесі болып табылады. Латын әрпімен таңбаланып, машинкаға басылып сақталған. Бұл туралы дерек «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» кітабының 3- томында (Алматы, Ғылым, 1981, 137-138 б.) берілген.
Балағаз батыр
Бұл да сол қордағы ақын жазбасынан (1178-папка, 112-115 б.) алынды.
Тиес, Қанай батырлар туралы
Мәшһүр Жүсіп жиені Жолмұрат Жүсіпұлының әулеттік мұрағатта сақталған көшірмесі (2-папка, 347 б.) бойынша берілді. Бұл үлгі де басылды. Көпейұлы М.Ж. Қанай туралы / Әзірлеген Е.Қ.Жүсіпов. // Қазақ тарихы. 2000, №2, 42 б.
Байқозы батыр тапқырлығы Мәшһүр Жүсіп мұрасын жинаушылардың бірі - Омар Иманбаев көшірмесінен (2-папка, 41 б.) алынды.
Жаңабатыр әңгімесі
Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 199-205 б.) алынды.
Бөгенбай батыр ұрпақтары
Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1177-папка, 346-348 б.) алынды.
Абылайдан кейінгі хандар Бұл мәтіннің бастапқы нұсқасы әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (2-папка, 82-86 б.) берілсе, кейінгісі жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 795-808 б.) бойынша дайындалды. Бірінші нұсқа (әулеттік мұрағат, 2-папка / 82-86 б.) Н.Жүсіпов әзірлеуімен жарияланған: Көпейұлы М.Ж. Кенесары - Наурызбай өлімі туралы // Жұлдыз. 1994, №10-12, 201-202 б.
Наурызбай мен Жанқабыл қақтығысы (бірінші нұсқа) Бұл мәтін әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 313314 б.) бойынша әзірленді.
Наурызбай мен Жанқабыл қақтығысы (екінші нұсқа) Бұл да аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1170-папка, 846849 б.) сүйеніп ұсынылды. Сонымен бірге сол мәтін көшірмесі соңындағы Жолмұрат жазбасы бойынша «Есте болатын сөз» дегеннен кейінгі соңғы сөйлем қосылды. 64. Кенесары көтерілісі басталуы Бұл мәтін алдында аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбалары жинақталған 149-папкадағы «Бес Мейрам» - деп аталған көшірмеден (188-189 б.)алынды.
Кенесарының қырғызға барған себебі Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 238-241 б.) бойынша ұсынылды.
Кенесары жорығы (бірінші нұсқа) Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1176-папка, 78-80 б. және 86-90 б.) бойынша берілді. Бір мәтін ішінде біраз қайталау орын алса да, салыстырып қарастыруға мүмкіндік беру үшін - бәрін түгел қамтып кіргізіп отырмыз. Сонымен бірге 80-85 беттер аралығында Бұл мәтінге қатыссыз басқа әңгімелер орын алғанын, оны басқа тақырыптар ішінде өз алдына келтіруді көздеп отырғанымызды ескертеміз. 86-беттің оң жақ қапталында көлденеңдеп жазылған мына ескерту орын алған: «Тоқ баласы Бірәлі төре де Нохаловпен бірге жүрген. Бір барымтада қояндай ақбоз аты бар Бірәлі Наурызбайды қуған. Сонда Наурызбай артына жалт қарап, найза сермегенде, Бірәлі аттан ұшып түскен.»
Кенесары жорығы (екінші нұсқа) Бұл мәтін жоғарыда сөз болған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 828-831 б.) бойынша ұсынылды. Аталған мәтін «Кенесары туралы жазбалар»- деген аталыммен «Қазақ тарихы» журналында (№2, 2002 ж., 41 б. Әзірлеген - Естай Жүсіпов) жарық көрді. Сонымен бірге Бұл мәтіннің әулеттік мұрағатта Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі де бар екенін еске саламыз.
Кенесары жорығына қатысты екінші дерек Әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасы (3-папка, 260-261 б.) негізінде әзірленді. Бұл үлгі жоғары аталған «Хан жорығы» үлгісінің көшірмесі болып табылады.
Кенесары жорығына қатысты үшінші дерек Алдында сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 34 б.) алынды.
Кенесары жорығына қатысты төртінші дерек Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (7-папка, 308 6.) сүйеніп кіргізілді. Басылды: Көпейұлы М.Ж. Ағыбай батыр / Ұсынған Е.Жүсіпов // Қазақ тарихы. 2004, №1, 72 б.
Наурызбайға Иман абыз айтқаны Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп мұрасын белсене жинаушылардың бірі -Төлепберген Алдабергеновтың (1932 ж. туған) жазбасы (1-папка, 59-60 б.) бойынша даярланды.
Кенесары кезіндегі Қоқан ханы мен Ұлы жүз байланысы Бұл мәтін жоғарыда сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1176- папка, 90-92 б.) сүйеніп енгізілді.
Кенесары - Наурызбай (дастан) (екінші нұсқа) Бұл жырдың бірінші нұсқасы бұған дейін жарық көрген Мәшһүр Жүсіп шығармаларының бесінші томына (Павлодар, ӘКО, 2005,306-335 б.) түсінігі - 405-408 б.) енгені белгілі. Ол нұсқаға жоғарыда ескертілген қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 868-845 б.) және Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (2-папка, 75-77 б.) негіз болса, Бұл жолы ұсынылып отырған екінші нұсқа әулеттік қордағы Мәшһүр Жүсіптің бір жазбасынан (2-папка, 87-104 б.) алынды. Екі нұсқада көп ретте бірін-бірі қайталау басым болғанымен, ара-тұра әсіресе соңғы жағында өзгерістер орын алғаны ескеріліп, тағы да салыстыра қарастыруға жол ашу үшін, әрі сол соғысты көзімен көрген адам (Нысанбай жырау) жазғандықтан да, сөз болып отырған Кенесары, Наурызбайға қатысты тарихи дерек көзі ретінде осы тоғызыншы томға енгізуді жөн көрдік. Енді екі нұсқа арасындағы жеке әріп ауысуларын сөз етпей-ақ қадау-қадау өзгерістерге арнайы көңіл бөлеміз. 1. Бұл жолдан кейіні 8 тармақ бұрынғы үлгіде (5-том) (Әрі қарай бірінші нұсқасын «бұрынғы», немесе «алғашқы», «бастапқы» сөздерімен , ал Бұл жолғыны «екінші нұсқа», «кейінгіде» - деген тәрізді ескерту берумен шектеліп отырмыз - Л.Ж.) Мәшһүр Жүсіп қолымен жазылған 1170-папканың 808- бетіне қосымша енгізілген Жолмұрат жазбасы бойынша берілсе, Бұ жолы Бұл үзіктің екінші нұсқада (2-папка, 87 б.) және әулеттіктегі Жолмұрат көшірмесінде де (2-папка, 65 б.) мүлде орын алмағаны ескеріліп, енгізілмеді. 2. Мұндағы «Хан Абылайдың» сөздері бастапқыда: «Абылай ханның» (5-том, 306 б.) -деп берілген. 3. Кейінгі 7 жол да бұрынғыда Мәшһүр Жүсіп жазбасына қосақталып орын алған Жолмұрат көшірмесінен алынса, Бұ жолғыда ол жоқ. 4. Бұрынғыда «ағаштай» сөзі сызылып, «қыстақ» сөзімен алмастыру орын алса, Бұл тұста бастапқы сөз өзгерілмегені ескерілді. 5. Әуелгіде «беріп»- деп қате терілген сөз, осы жолы «берген» - деп түзетілді. 6. Біріншіде Мәшһүр Жүсіптің 1170-папка, 809 б. жазбасы бойынша: «Бұл уақытта Құдайым» - делінсе, кейінгіде (2, 87) «Хан Кенеге берген бақ»- өзгерісі ескерілді. 7. Бұрынғыдағы: «Сегіз жүз» сөздері тағы сол себептен «алты мың»- деп өзгертілді. 8. Бұрынғыда тағы да сондай себептермен «қалша» орнын «олжа» иеленгенін ескертеміз. 9. Тағы да сол себеппен «Кене хан» орнын бастапқыда «Наурызбай» иеленгенін еске саламыз. 10. Біріншіде қате берілген «қоқиланып» - екіншіде «қоқилатып» - деп өзгертілді. 11. Сол себептен де «Екінші қабат» бұрынғыда «екіншіде»- деп орын алған. 12. Осы орында тұруға лайықты: «Он екі мың кісі боп»- тармағы екінші нұсқада орын алмаған. 13. Бұрынғы «сол уақытта» сөздері екінші жазба өзгешелігіне сай: «Сол уақытлар» - деп өзгертілді. 14. Жоғарыда аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасында (1170-папка, 812 б.): «Сонда да тауға жетпеді»- тармағынан кейінгі: «Күмпілдеп тасқа тиеді» - жолы көлденеңдеп елеусіз жазылғандықтан да, оған енбей қалса, бұл нұсқада сол екі тармақтың «Сонда да тауға тиеді» - деп, қысқарып берілгенін ескертеміз. Демек Бұл да ел арасына алдымен ауызша тарап, кейін қағазға түскен үлгінің көп нұсқалы болатынын дәлелдей түсерлік деректің бірі бола алады. 15. Алғашқыда: «ата алмай» - деп (5-том, 309 б.) қате берілсе, Бұл жолы «баса алмай»-деп түзетілді. 16. Біріншіде «Төгіле қалмас»- түрінде берілсе, мұнда - «төгілмес тит - тей» - деп сәл өзгерген. 17. Будан кейін орын алған 11 тармақ (5-том, 310 б.) кейінгіде жоқ болғандықтан, енгізілмеді. 18. Алдыңғыда (5, 311) «зорлығын»- деп қате басылған сөз бу жолы «қорлығын»- деп дұрысталды. 19. Бұрынғыдағы қолжазбаға сәйкес «онша ер»- деп дұрыс берілген сөздер бу жолы өзіміз сүйеніп отырған қолжазба (Мәшһүр Жүсіп, 2-папка, 66 б.) ерекшелігіне сәйкес «оншама» -деп келтірілді. 20. Бұдан кейінгі 2 тармақ біз сүйеніп отырған қолжазбада орын алмағандықтан, кіргізілмеді. 21. Әуелгіде (5, 311) «сары» сөзі енбей қалған екен, Бұл жолы қалпына келтірілді. 22. Бұл тармақтан кейінгі екі жол біріншіде бар да, мұнда орын алмаған. 23. Бастапқыда бұдан кейін 7 жол орын алса, мұнда жоқ. 24. Бұл екі тармақ бұрынғыда (5 том, 312 б.) қағыс қалса, Бұ жолы ескерілді. 25. Бұдан кейінгі алғашқыда орын алған 16 тармақтық мәтін Бұл нұсқада
жоқ. 26. «Ер басына аяқтай» сөзі әуелгі нұсқада осының алдында ғана сөз болған «Қайрат қосса жебеге»- деп, бітетін 16 жолдық үзіктен кейін орын алса, кейінгіде тап сол аталған жолдан кейінгі үшінші тармақ басталымы сәл өзгерген: бұрынғыда: «Мұны айтқанда» болса, екіншіде «Мұны айтты да». 27. Жоғарыда ескертілген 16 жолдық мәтін бұрынғыда: «Ойда тұрған хан Кене» (5,312) -деп басталса, Мұнда оның орнына: «Нәзір қылды хан Кене» - жолын ту еткен 12 тармақтық басқа мәтін орын алған. 28. Бұдан соң орналасқан 9 тармақ әдепкіде бар да, осы жолғыда жоқ. 29. Біріншіде «жақындатып» (5, 315) делінсе, екіншіде сәл өзгеше: «жақын қылды». 30. Бұдан кейінгі 14 жол кейінгіде орын алмаған. 31. Бұ жол бұрынғыда: «Қамалға барып көрді хан (5,315) - делініп, біраз басқаша келтірілген.
Әуелгіде Бұл шумақ:
Қырғызға қылып кесірді,
Бергізгенде олжа қып,
Домаланған қаракөз,
Қыз-келіншек, жесірді,
- деп берілсе, соңғыда үшінші тармақ мүлде орын алмауымен бірге аяққы екі жол: «Әр кіргенде олжа қып, // Бір балалы жесірді»- түрінде біраз өзгерген.
33. Бұ жолдан кейінгі 10 тармақ екіншіде жоқ. 34. «Наурызбайға жолықты» - тармағы бұрынғыда жазылу орны бойынша түсінік маңдайшасы ретінде берілсе, (5, 407), енді кейінгі нұсқада орын белгісіздігі жоқтығы ескеріліп, мәтін ішіне осылай енгізілді. 35. Бұл екі жол алдында ескертілген қордағы (1170, 824) жазбада орын алмағандықтан, алдыңғыға енгізілмесе, Бұ жолы әулеттіктегі жазба (2, 93) бойынша қамтылды. 36. Осы тармақты маңдай еткен 4 жолдық мәтін де алдыңғыда (1170, 824) жоқ та, кейінгіде ғана бар. 37. «Төрт жүз кісі бөлініп»- жолын бетке ұстаған 10 жолдық мәтін бастапқыда жоқ, ал мұнда (Мәшһүр Жүсіп, 2-папка, 71 б.) сол беттегі басқа тұста жазылса да, оны уақиға реті, сөз қисыны бойынша осы тұсқа енгізуді лайық көрдік. 38. Осы жолдан кейін орын алған көлемі бір беттік қара сөз түсіндірмесі әдепкіде (5-321, 322) бар болса, Бұл нұсқада орын алмағанын ескертеміз. 39. «Жасанған жауға килігіп»- жолы сол қорда (1170, 831) орын алмағандықтан, бұрынғы кітапқа (5-том, 322 б.) кірмесе, бу жолы әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіптің жазбасы (2, 95) бойынша қамтылды. 40. Бұл екі жол да 1170(831)- де орын алмағандықтан бастапқыға енбесе, бу жолы екінші жазба бойынша (2,95) берілді. 41. Бұрынғыда қордағы (1170, 832) жазбаға сүйеніп, «шенге» - деп берілген сөз Мұнда арабша жазудағы ерекшелік ескеріліп, ол сөз (2,96 бойынша) «шынының» - деп алмастырылды. 42. Мұндағы «бұлбұлдайын» - деген бастапқы сөз алғашқыда «бұлбұл құстай»- болып жазылған. 43. «Қылыштасып майданда» - деп басталатын үш жолдық мәтін біріншіде (1170, 834) орын алмай, екіншіге (2, 92) сүйеніп ұсынылды. 44. Бұ тармақтан кейінгі бір жол екіншіде (2, 99) орын алмағандықтан, кірмеді. 45. Бұрынғыда қағаз көнеруінен, т.с.с. онша көзге шалынбай (Жолмұрат, 2, 74), енгізілген «ауып» сөзі «өтіп»- деп түзетілді. 46. Бастапқыда жазу орны т.с.с. анықталмай, енбей қалған «Наурызбай шықты бір жерден»- деп басталатын үш тармақтық мәтін осы жолы қосылды. 47. Будан кейінгі әуелгіде бар бір тармақ бұ жолғыда жоқ. 48. Әдепкіде қате басылған «пайда» сөзі осы жолы «найза» болып өзгертілді. 49. «Болғанын қырсық білмеді»- тармағымен басталған 7 жолдық мәтін әуелгіде жоқ, ал, Бұл жолы басқа тұста (Мәшһүр Жүсіп, 2, 101-ә) жазылса да, оқиға реті, сөз қисыны бойынша осы араға енгізілді. 50. «Он екі мың Дулатты»- дегендегі мың сөзі өшіп, көрінбегендіктен (Жолмұрат, 2, 77), оның орнына көп нүкте қойылса, енді қалпына (Мәшһүр, 2, 103) келтірілді. 51. Алғашқыда (1170, 872 негізінде): «Кенені Құдай оңдады, // Қылған бір ісі оңбады»-қалпында алынса, екіншіде (Мәшһүр, 2,101-ә) бойынша: «Кенені Құдай жондады, // Қырғыздың ісін оңдады»- деп өзгергені анықталды. 52. Әуелгіде: «Айтқаны Кене ағамның - Күлдір Мамай,
Ей, қырғыз, танымасаң, танытайын, Қорқақты қатын қылған мен Наурызбай !- деп, қасқайып қарады да отырды» (5-том, 334)-деп берілсе, Бұ жолы (Мәшһүр-2, 102 бойынша) бастапқы үш сөз «қолында ұстағаны»-деп ауыстырылды. Соғыс жағдайында артық айту т.с.с. орын алуына түсінгендік танытып, «ей» сөзі «ит» - делініп, квадрат жақша ішіндегі, яғни - оқуға мүмкін болмағандықтан, біз ұйғарып енгізген сөз «қырғызды»- деп өзгертілді. 53. «Онда қырғыздар»- деп басталып, «Бүлініп сен де сондай өлесің ғой!»- деп аяқталатын мәтін бұрынғыда жоқ, тек кейінгі әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 101 «ә» б.) бойынша бойынша қосылды. 54. Бұрынғыда Мәшһүр Жүсіп (1170, 843) жазбасына сүйеніп: Не етейін екі қанатым
Түбінен сынды қайрылып. Жаңбыр жаумай су болды Үстіме киген манатым,- деп берілсе, енді Мәшһүр Жүсіптің екінші бір жазбасы бойынша (әулеттік мұрағат, 2-папка, 101 «ә» б.) түзетіліп, толықтырылды: Екі бірдей қанатым Топшыдан сынды қайрылып. Неше сынды дұшпанға Төрелер түсті санатың. Жаңбыр жаумай су болды Асыл да қымбат манатым! 55. Бұрынғыда сол аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп (1170, 844-845 б.) бойынша:
Көңілің қайда жай табар Қырық мың әскер аттанып, Бейшара ныжам болар ма F асаба керней болмаса! - делінсе, енді әулеттіктегі нұсқа (Мәшһүр Жүсіп, 2-папка, 101 «ә» б.) бойынша жетілдірілді. Көңілің қайда жай табар Көрерге дәулет болмаса?! Қырық мың әскер аттыға Бейшара ныжам көрінер Сүзеген керней болмаса! 56. Шығарманың ең соңында кейінгі Мәшһүр Жүсіп жазбасында (2- папка, 104 б.) шығарма авторының осы туындыда сөз болған оқиғаларды өз көзімен көргені - бәрі нақты көрсетілген: «Осы өлеңді айтқан Нысанбай жырау бәрін көзден көрген. Өзі құмалақшы екен. Құмалақты салыпты да, құмалағы келіспеген соң, жан сауғалап қашып, басын зорға құтқарып, аман - есен Сарыарқа... бойына келіпті.»
«Көлеба батыр» (тарихи жыр) Тарихи деректерге негізделген Бұл жыр үзіндісі әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1-папка, 105-107 б.) алынды.
Жапар төре Алдында сан мәрте ескертілген қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы (1645-папка, 152 б.) бойынша дайындалды.
Уақ - Есмағамбет әңгімесі Бұл мәтін аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1176-папка, 375376 б.) сүйеніп дайындалды.
Қазақ тарихы және географиясы деректері Бұл әулеттік мұрағаттағы Иманғали Маненов (3-папка, 218-241 б.) жазбасы негізінде әзірленді. Қолжазба аяғы бізге жетпегенін ескертеміз.
Түрлі тарихи деректер
Бұл да сол қор (1178-папка, 304 б.) негізінде әзірленді.
Жиенәлі батыр тұлпары (екінші нұсқа)
Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы Жолмұрат Жүсіпұлы (әулеттік мұрағат, 2-папка, 309-310 б.) бойынша будан бұрынғы 6-томда (94-95 б.) берілсе, екінші нұсқасы алдында айтылған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 26 б.) алынды.
Алтай туралы Бұл қазақ шежіресіне арналған мәтіндер шоғыры арасында Қуандық ішіндегі Алтай өнегесі туралы келтірілген жеке туынды ретінде бұдан бұрын сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1178-папка, (143-146 б.) сүйеніп ұсынылды.
Байғана мырза
Бұ да содан (1178-папка, 210 6.) алынып ұсынылды.
Құнанбай туралы (бірінші нұсқа)
Жоғарыда аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 202 б.) бойынша кіргізілді.
Құнанбай туралы (екінші нұсқа) Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 314-315 б.) бойынша енгізілді.
Сүгірәлі абыз Мұның бірінші нұсқасы аталған қордағы Мәшһұр Жүсіп жазбасы (1177- папка, 384 б.) алынса, екіншісі сол қордағы (1178-папка, 123 б.), үшіншісі ( 1178-папка, 124 6.) бойынша берілді.
Өтеміс абыз
Бұл да сол қордағы сол папкадан (235-239 б.) алынды.
Өміртай тапқырлығы
Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1177-папка, 214 б.) сүйеніп ұсынылды. Ақынның таңдамалы екі томдық жинағында (Алматы, 1992, 2 том, 72-73 б. шыққан).
«Қаһарлы Жанақ» (екінші нұсқа) Мәтіннің алғашқы нұсқасы әулеттіктегі үлгі (2-папка, 347-351 б.) бойынша бұдан бұрынғы Мәшһүр Жүсіп шығармалары 6-томында (189-190 б.) берілсе, бұл мәтін аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 206-209 б.) алынып енгізілді.
Тұрлыбек және Сақау Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1177-папка, 219-221 б.) алынды. Жарияланды: Абылай хан. 1 том, Алматы, 1993, 330-331 б.
Тұрлыбек пен Қабыл әңгімесі:
Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1177-папка, 221 б.) сүйеніп енгізілді. Бұл да басылды: Абылай хан. Алматы, 1993, 331 б.
Бәйеш өлімі Бұда сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 30-31 б.) бойынша ұсынылды.
Бөктік бәйбіше әңгімесі Алдында сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 175178 б.) негізінде даярланды.
Қадірия ишан Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1645-папка, 214 б.) бойынша енгізілді.
Ұлбикенің өлімі Ұлбикенің басқа ақындармен айтысын қамтыған мәтіндер бұған дейінгіде (Мәшһүр Жүсіп. Шығ., 6-том, Павлодар, ӘКО, 2005 ж., 242-258 б.) берілсе, оның өліміне қатысты нұсқа аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 263-264 б.) түңғыш алынып берілді.
Әкесі басқа адамдар туралы Мәтіннің алғашқы нұсқасы аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 13-14 б.) бойынша әзірленсе, екіншісі 1177-папка, 135-146 6. негізінде даярланды.
Жылқы дауы
Бұл да сол қорға (1178-папка, 302 б.) сүйеніп берілді.
Бегім шанхының әйел туралы айтқаны
Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1178-папка, 330 б.) сүйеніп берілді.
Баян өңіріне діннің таралу тарихы Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасынан (4-папка, 34-42 б.) алынды .
Ізден абыз, Боштай әңгімелері Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 130-130 «а» б.) алынды.
Ақжігіт пен Ізден абыз әңгімелері Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 179-186 б.) алынып берілді.
Мәшһүр Жүсіп өміріне қатысты деректер (бірінші нұсқа) Бұл мәтін аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1645-папка, 153162 б.) алынды.
Мәшһүр Жүсіп өміріне қатысты деректер (екінші нұсқа) Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 199 б.) бойынша кіргізілді.
Мәшһүр Жүсіп әкесі - Көпжасар әңгімесі Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 192-193 б. және 190-191 б., 198-199 6.) алынды.
Шайхы Бұрқы диуана және Мәшһүр Жүсіптің бір өлеңі Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1177-папка, 25-26 б.) негізінде даярланды.
Бір молда әңгімесі Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (3-папка, 141 б.)сүйеніп берілді.
Молда Жүніс сөзі Жоғарыда сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 124 б.) алынды.
Бір ойбайшыл туралы
Бұ да содан (1178-папка, 316 6.) келтірілді.
«Қатқан көнді жібіту» әңгімесі
Әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасына (3-папка, 73 6.) сүйеніп ұсынылды.
Мұсылманшылық шындығы Аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 513-525 б.) бойынша ұсынылды.
Үш нәрсе Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1178-папка, 66 б.) сүйеніп дайындалды.
Бұрынғы замандағы құн төлеу, адам емдеу салты (екінші нұсқа) Мұның алғашқы нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 59-62 б.) бойынша «Абылай тұсындағы заң - жоралғылар»- тақырыбымен бұдан бұрынғы 8- томға (188-190 б.) енгізілсе, екіншісі, яғни осы жолғысы, жоғарыда ескертілген қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы, 1170-папка, 752-758 беттері бойынша ұсынылып отыр.
Құлық туралы Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1176-папка, 322-324 б.) сүйеніп әзірленді.
Бұрынғы құдалық әңгімелері Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1178-папка, 159-169 «ә» бет) алынды.
Денсаулық - ғылымның бір тарауы Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 320-329 б.) бойынша әзірленді.
Мәтіндегі жеке сөздерге түсініктер: 1. Сопропель (сопропит) - батпақтар мен көлдердің түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріп қалған қалдықтарының лай қабаты (Орысша - қазақша сөздік, Алматы, ҚСӘБР, 1981, 302 б.) 2. Дарури - араб сөзі, мағынасы: «қажет, қажетті» ұғымдарын береді. (Арабша - қазақша сөздік. Құраст. А.Дадебаев, Ж.Қайранбаев. Алматы, Рауан, 1990, 199 6.).
Қазақ мақалдары туралы
Бұ да сол қордағы Мәшһүр жазбасы (1645-папка, 46-55 6.) бойынша берілді.
«Ана тілі» туралы.
Бұ да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына (1178-папка, 308-309 6.) сүйеніп кіргізілді.
Газет-журналдарға сын Алдында сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1178-папка, 315 б.) бойынша кіргізілді.
Fылым және дін.
Бұл да сол қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1645- папка, 1 -33 б.) бойынша берілді. Осы орайда мәтіндегі араб тілінде жазылған біраз аят т.с.с. сөздерді енгізуді, саралауды кейінгі арнайы ізденіс үлесіне қалдырғанымызды ескертеміз.
Сөз соңында айтарымыз:
Бұдан бұрын да орын алғандай, Мәшһүр Жүсіптің белгілі бір ғылым, өнер саласы бойынша ұсынылған туындысы ішінде басқа да ғылым салалары т.с.с. туралы құнды деректер аралас өрілетінін, мәтін тұтастығын сақтау үшін оны сол жазылған рет бойынша тұтас күйінде әзірлегенімізді қайталап еске саламыз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру