Әбу Насыр Әл-Фараби - философия. ІІ том
Әбу Насыр Әл-Фараби
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мазмұн 1 - ИНТЕЛЛЕКТ СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА ПАЙЫМДАМА /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 2 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 3 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 4 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 5 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 6 - ТЕОЛОГИЯ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 7 - МӘСЕЛЕЛЕР МӘНІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ II – 8 - КАТАГУРИЙАС КІТАБЫ НЕМЕСЕ
Мазмұн
1 - ИНТЕЛЛЕКТ СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА ПАЙЫМДАМА /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
2 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
3 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
4 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
5 - ӘРІПТЕР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
6 - ТЕОЛОГИЯ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
7 - МӘСЕЛЕЛЕР МӘНІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
8 - КАТАГУРИЙАС" КІТАБЫ НЕМЕСЕ "КАТЕГОРИЯЛАР" ІІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
9 - ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ –
10 - ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АРАБША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІ -
МЕТАФИЗИКА ИНТЕЛЛЕКТ СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА ПАЙЫМДАМА /1/ (39-бет) Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші - қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші - әркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің /2/ үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынасында. Олар былай дейді: "Бұл өзі парасат растаған кезде айтылады" немесе: "Бұл парасат теріске шығарған кезде айтылады". Интеллект [сөзінің] үшінші [мағынасы] Аристотельдің "Дәлелдеме" /3/ деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы - тағы да сол Аристотельдің "Этика" деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесіншісі - "Жан туралы" трактатта. Алтыншысы -"Метафизикада" айтылған. І. Ал енді қарапайым сөзде қолданылатын ол өзі парасатты адам дейтін кездегі [мағынасына] келсек, мұны интеллекция актысы деп түсінеді. Сонымен, - қосымша мысал - ретінде - кейде оны [адамды] парасатты деп атайды, ал кейде оны бұлай атаудан тартынып қалады. Олар былай дейді: "парасаттыға сенім керек", ал, олардың пікірінше, сенім дегеніміз қайырымдылық. Олар парасатты деп қайырымды адамды жақсылыққа асық, жамандықтан қашық адамды айтады. Жұрт [былайша айтқанда] жамандық жасауға бейім адамдар жөнінде бұл эпитетті қолдана бермейді, мұндай адамды "зұлым", "қу", тағысын - тағы сондай атпен атайды. Өзі де сондай жақсылық, жасау үшін шынында да жақсылық дегеннің не екенін немесе жамандықтан қашу үшін жамандықтың не екенін біле білу, түсіну дегеніміз де - міне осы. Олар интеллект деп басқа ештеңені де емес, Аристотельдің интеллекция актысы /4/деген түсінікке берген жалпы мағынасын ғана түсінеді. Демек, егер әлде біреу мысал үшін, басқа біреуді парасатты десе, онда оның айтайын дегені - нені қадір тұту керек екенін немесе неден аулақ болу керек екенін ажыратуға сол адам әбден қабілетті деген сөз. Егер осы мысалға әлгі адамдардың назарын аударып, олардың ойынша, парасатты деп кімді айтуға болатынын тексеріп көрсек, - өзінің тапқырлығын өз ойынша жамандық болып табылатын нәрсеге пайдаланатын адамды да парасатты адам деп атай ма екен деп тексерсек - олар бұл арада тоқталып қалады және мұндай адамды пара¬сатты деп атаудан бас тартады. Ал егер олардан өзінің тапқырлығын жамандық жасау үшін қолданатын адам "қу", "зұлым" деген, тағысын - тағы сондай атпен атала ма деп сұраса (40-бет), онда олар бұлай деп атаудан тартынбайды. Сонымен, олардың пайымдауларынан шығатын қорытынды, қайырымды адам болудың үстіне, ақылды және тапқыр адам өзінің бұл сапаларын мадақтауға тұрарлық істер жасау үшін, немесе бұзақы істерден аулақ болу үшін қолданатын адам ғана парасатты адам деп саналады. Парасатты адам осындай. Осыны қалай түсінетіндігіне қарай, адамдар екі топқа бөлінеді: оның бірі нанымы жоқ адам парасатты бола алмайды, ал жаман адам, егер ол өзінің тапқырлығымен жамандықты ойлап шығару қабілетіне жеткен болса, онда ол парасатты деп аталуға лайықты бола алмайды деген пікірге өзінен өзі келіп отыр. Екінші топтағылар тегі не істесе де тапқырлық көрсетсе болғаны, оны парасатты адам деп атайды. Бірақ, егер олардан: жамандық жасау жағынан тапқырлық көрсеткен жаман адамды парасатты деп атамай ма деп сұраса, онда олар [жауап қатудан] не тартынып қалады немесе жоқ деп жауап береді. Сондықтан да олардың бәрі қарапайым сөзде "интеллектісі бар" деген сөзді парасатты деген мағынада қолдана бастады, ал Аристотельдің түсінігінше ұғыну дегеніміз қажет кезінде және ыңғайы келгенде лайықты іс істеуге тапқырлық жасау деген сөз. Демек, парасатты адам сонымен бірге қайырымды адам болып табылады.
ІІ. Әрқайсысы өзінше түсініп, үнемі айтысуға құмар мутакаллимдер интеллект жөнінде былай дейді: "Мұның өзі парасат нені құптаса, сол"; немесе Парасат нені қабылдаса сол", немесе "нені қабылдамаса сол" дейді; бұлай дегенде олар әуел бастан-ақ барша жұртта қалыптасқан пікірді айтады. Сөйтіп, барша жұрт қабылдаған немесе көпшілік қабылдаған пікірді бұлар интеллект деп атайды. Сіз мұны олардың нені мақұлдайтынын және осы сөзді пайдалана отырып, өз кітаптарында олардың не жазатынын біртіндеп ұғына келе түсінесіз. ІІІ, "Дәлелдеме" деген кітабында Аристотель айтатын интеллектіге келетін болсақ, ол мұны жанның қабілеті ғана, - өзіне қалай және қайдан келіп қалғанын білмесе де, - аналогия жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен - жаратылысынан немесе жастайынан біткен - қасиеті арқылы универсалды, ақиқат және қажетті посылкалар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қана түсінеді (41-бет). Бұл қабілет ешбір ойланбай-ақ, ой талқысына салмай-ақ алғашқы мағлұматты қабылдайтын жанның бір тарабы. Ал [осы бірінші посылкаларды] жете білу қабілет арқылы келеді, мұның қасиеттері туралы біз жоғарыда айтып өткенбіз. Міне осы посылкалар ақыл зердесімен келетін білімдердің негіздері болып табылады. ІV. "Этика" деген шығармасының алтыншы кітабында Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объект тегінің ішіндегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен посылкалардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданылатыны немесе қабылданылмайтыны ерік істерінің жаратылысында болады. Жанның нақ осы бөлігін [Аристотель] "Этиканың" алтыншы кітабында интеллект деп атаған. Сондықтан адамның осы арқылы жасай¬тын пікірлері интеллектісі бар адамдар үшін және ерік нәрселерінің ішінен [ерікте осылар әуел бастан бар] қайсысын қабылдау немесе қабылдамау жөнінде ақылға салып кесіппішетіндер үшін жанның бұл бөлігінде принциптер болып табылады. Бұл пікірлер де "Дәлелдеме" деген кітапта айтылған алғашқы ой қорытындыларының зерттеу құралы болатыны сияқты, интеллекция актысы арқылы зерттелетіндер қатарына жатады. Және осылардың көмегімен теоретиктер елеусіз қалдырмайтын және үйренетін ақыл-ой зерттейтін нәрселері сияқты, дәл бұл принциптер де заттардың, еріктердің және практиканың жәрдемімен танып-білуге тиіс нәрселерді зерттеуде интеллектілі және парасатты адамға [қызмет] етеді. "Этиканың" алтыншы кітабында Аристотель айтатын интеллект адамның бүкіл өмірі бойына көбейе береді; ал ілгеріде сөз болған ой қорытындысы шыңдала түседі және бұған бұрын болмаған жаңа ой қорытындылары үнемі қосыла береді. Аристотель интеллект деп атаған жанның осы бөлшегі жөнінде адамдар бірінен бірі озуға тырысады - адамдардың бірінен бірінің айырмасы жанның осы бөлшегінде. Сондықтан нәрселердің әлдебір саласы жөнінде осы ой қорытындысы әбден жетілген адамдар, істердің сол саласында беделге ие болады. Беделді [адам] дегеніміз, егер ол бір мәселе хақында пікір айтса да, оның пікірі даусыз қабылданады және тексеруді қажет етпейді. Тіпті ешқандай дәлелдемемен негізделмесе де, оның айтқаны қабылданады. (42-бет) Адам бұл қасиетке тек ұлғая келе ие болады, өйткені жанның бұл бөлшегі ұзақ тәжірибені керек етеді, ал тәжірибе тек ұзақ уақыт бойына жинақталады және ол адамда [ілгеріде айтылған] /5/ ой қорытындыларымен нығая түседі. Интеллект ұғымын осы жөнінде өзара айтыс құмар мутакаллимдер Аристотельдің "Дәлелдеме" деген кітабында айтқан интеллектісі деп, немесе [қандай болған күнде де] сол тәрізді бірдеңе деп ойлаған. Ал егер мутакаллимдер келтіретін алғашқы посылкаларды алып қарасақ, онда бұлардың бәрі де жалпы жұрт қабылдаған посылкалар болып шығады. Сондықтан олар өздерінің пікірін айтқанда бір нәрсеге сүйенген де, ал іс жүзінде басқаша істеген.
V. "Жан туралы" трактатында Аристотель айтатын интеллектіге келетін болсақ, ол мұны төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интеллект. а) Потенциалды интеллект /6/ Потенциалды интеллект - бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе. Материялық емес бұл формалар потенциалды интеллектіде формаға айналу үшін ғана өздерінің өмір сүруі тәуелді болып отырған субстанциядан абстракцияланады. Солардың субстанцияларынан абстракцияланған және осы парықтық формаларына айналған бұл формалар интеллекцияның танып білетін объектілері [ноумендер] болып табылады. Бұлардың аты интеллект деген сөзден шыққан, өйткені дүниеде бар заттардың формаларын абстракциялағанда, олардың өздері сол заттардың формаларына айналған 111. Сөйтіп, потенциалды интеллект дегеніміздің өзі, сонымен, формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Егерде сіз әлдебір денелі материяны, мысалы, бір кесек балауыз алсаңыз, оған таңба түсірілсе, түсірілгенде ол таңба оның сырт жағы мен тереңдігін алып жатқан болса, және форма субстанцияны қатып жатса, қамтығанда, субстанция формаға тарап, түгелдей сол формаға айналатын болса және сонда бұл парықта заттардың формаларының қалай пайда болғанын түсінуге жақындайсыз, өйткені парық форма үшін бейнебір субстанция және соны өз бойына сыйдырушы болып табылады, бірақ денелі материядан айырмасы, ол форманы өзінің тереңімен емес, тек бір беткейімен қабылдайды. Бұл парықтың, қашан өзі абстракцияланған парық қалпында тұрғанда, интеллекцияның пайымдалғыш объектілері формасынан айырмасы болмайды (43-бет), және бұл өзі, - бұл парық, - нақ осылай; ол ол ма, осы парықтық өзі сол формаларға айналады. Мысалы, егер - текшелі немесе сфералы бір кесек балауыз талшығына тән беткейлік немесе терендік/8/ формасын есіңізге түсірсеңіз, онда бұл форма сол талшықтан өтіп, ұзыны мен енін және тереңдігін толық қамтып, оның бойына тарайды /9/. Сонда осы бір кесек балауыз өзі формаға айналады. Сол кезде әлгі бір кесек өзі мен форма парқының арасы қабыспай жатып-ақ, сол формаға айналады. Бұл мысал Аристотель өзінің "Жан туралы" трактатында потенциалды интеллект деп атаған парқында бар нәрселер арқылы формалардың жүзеге асқандығын түсіндіреді: дүниеде бар нәрселердің формасына әлі ие болмай тұрған кезде, ол потенциалды интеллект болып табылады, - ал бірақ әлгі формалар сонда - ілгеріде көрсеткеніміздей, жүзеге асты дегенше, ол актуальды интеллектіге айналады. б) Актуальды интеллект /10/ Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдалғыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді ғой, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналады, өйткені сол парықтық формаларында жүзеге асты. Сонымен, бұл парық интеллекцияның актуальды объектілері арқылы актуальды интеллектіге айналады. Демек, интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері мен актуальды интеллект сайып келгенде бір нәрсе. Сөйтіп, біздің сөздеріміз тек мынаны ғана: танушы [парық] интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің өзі соның формаларына айналғандығын, өйткені бұл объектілер формамен бара-бар болғанын білдіреді. Демек, актуальды танушы [парық] пен актуальды интеллект және интеллекцияның актуальды зерде жетерлік объектісі - бұлар бір нәрсе. Интеллекцияның актуальды объектілеріне айналғанға дейін тек потенцияда ғана пайымдаларлық интеллекцияның объектілері жаннан тыс жатқан материалдық субстанциядағы формалар болды; бұлар интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері ретінде жүзеге асқанда, олардың
болмысы нық өзі, актуальды пайымдаларлық объектілер болғандықтан, материядағы қалпында қалмайды. Интеллекцияның пайымдалғыш объектілеріне айналғаннан кейін болмыс өздігінен бұларға тән емес; болмыс езі немен байланысты болса соның бәрінің ізімен кетеді (44-бет), яғни кейде бұл өзі "қайда?", кейде "қашан?", кейде "Ситуацияның парқы [қандай]?", кейде - "қанша?", кейде - "денелік сапалардың көмегімен алған сапасы [қандай]?", кейде - "пәрменді әрекеттік" немесе "енжар әрекеттің" көмегімен алған сапасы "қандай" деген [предикамент]. Интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері жүзеге асқанда, бұл [предикаменттердің] категорияларының көбі олардан алшақ кетеді және бұлардың болмысы бұрынғы болмыстан басқаша болады, өйткені олар, немесе солардың көбі, ой елегінен қайта өткізіледі /11/. Бұған мысал"Қайда?"деген предикаменттің қалай түсінілетіндігі. "Егер сен "Қайда?" деген ұғымды қалай түсіну керек екенін ой сарабына салсақ, онда сен не категориялардың ішінен бұған қатысы болғандай ештеңе таппайсың, не оған басқа мағына беріп, өзіңше түсінесің". Интеллекцияның пайымдалғыш объектілері актуальды жүзеге асқанда, олар дереу дүниедегі бар заттардың бірі болып шыға келеді де, - интеллекцияның объектісі болғандықтан, - өмірде бар нәрселердің жиынтығына жатқызылады. Ал барлық дүниеде бар нәрселердің жаратылысында олардың интеллекті арқылы танылуы мен сол парықтық формалары ретінде жүзеге асуы сол нәрселердің бойында әуел бастан бар қасиет. Ал олай болса, демек, интеллекцияның пайымдарлық объектілерін интеллектінің пайымдауында [тануына] да ештеңе бөгет бола алмайды, өйткені олар актуальды объектілер болып табылады, ал бүл [ілгеріде көргеніміздей] актуальды интеллект. Ал енді қазіргі пайымдалғыш нәрсе актуальды интеллекттен басқа ештеңе де емес. Алайда, интеллекцияның қайсыбір пайымдалғыш объектісі оның формасы болғандықтан актуальды деп саналатын интеллект тек осы форма жөнінде ғана актуальды болады және әлі актуальды жүзеге аспаған интеллекцияның басқа пайымдалғыш объектісінің қандайы жөнінде болсын потенциялды интеллект болады. Ал егер ол интеллекцияның пайымдалғыш бірінші объектісінде де, екінші объектісінде де актуальды интеллект болады. Егер ол интеллекцияның барлық пайымдалғыш объектілері жөнінде де актуальды интеллект ретінде жүзеге асса және интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектісі болу үшін нақты бар нәрселердің біріне айналса, онда актуальды интеллект болып табылатынды пайымдағанда, ол бар нәрседен тыс емес, оның өзін пайымдайды. Сөйтіп, егер интеллект - оның парқы актуальды интеллект болғандықтан,- өз парқын актуальды интеллект болғандықтан, онда ол сол парықты пайымдай отырып, сол парықта өмір сүретін өз болмысынан басқа ештеңеге де ие болмайды, өйткені өз болмысы актуальды пайымдалғыш объект болып табылады. Былай деу дұрысырақ: интеллект өз парқынан әрі интеллекцияның пайымдалғыш объектісі болып табылатын, әрі сол парықтағы өз болмысы болып табылатын қайсыбір болмысты. Демек, бұл парық, пайымдалудан бұрып интеллекцияның потенциалды емес, актуальды объектісі бола тұрса да, интеллекцияның (45-бет) пайымдалғыш актуальды объектісіне айналады. Ол ол ма, актуальды танылып, оның болмысы осы нәрселердің бұрын танылғанындай емес, езінен өзі оған қарама-қарсы актуальды интеллектіге және интеллекцияның пайымдалғыш объектісіне айналды. Алғашында бұлар өздерінің субстанциясынан абстракциялану үшін, потенциясында интеллекциялық пайымдалғыш объектілеріне айналу үшін және екінші қайтара пайымдалу үшін танылады; бұлардың болмысы бұрынғысынан өзгеше болмысқа айналды, өйткені материядан абстракцияланды да, өз формаларында болмағандықтан, бұлар интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілеріне айналды. в) Жүре келе дарыған интеллект /12/
Актуальды интеллект, бұлар актуальды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Ал егер осы арада материялық форма емес және ешқашан да ондай форма болмаған парықтар пайда болатын болса, онда осы парықтар пайымдалғанда өзгеріске ұшырайды, басқа сөзбен айтқанда бұл парықтар болмыста пайымдалғыш парықтарға айналады, бұл болмыс оларда интеллекция барысында пайымдалғанға дейін де болған. Мұның өзі де алғашында пайымдаларлық зат болған деуіміздің мәнісі - материялық формалар өзінің субстанциясынан абстракцияланған, бұрынғысынан басқаша болмысқа ие болған деген сөз. Ал егер осы арада нәрселер, - шынына келгенде материялық емес формалар - пайда болса, онда бүл парық, тіпті де, субстанциядан абстракциялануды қажет етпейді; ол ол ма, осы нәрселерді пайымдай отырып, парық оларға абстракцияланған күйінде кез болады, өйткені парық сол заттардың парқын пайымдайды; парық актуальды интеллект болғандықтан, ол интеллекцияның материалдық емес пайымдалғыш объектілерін пайымдау үшін соларға кез болады. Бұлар интеллекцияның объектілері болғандықтан, ол объектілердің болмысы да екінші интеллектіге айналады. Ал мұның өзі оларда осы интеллект пайымдағанға дейін де бар болмыс. Мұны былай түсіну керек: материялық емес формалардан тұратындар интеллекция арқылы пайымдалған кезде, өзіндік болмыс болып табылады және бұл болмыс біз үшін пайымдалғыш болмыс. Ал осы бізден тарайтын және бізде болатын актуальды интеллект дегеніміз не нәрсе деп ой толғау да сонымен бірге ешуақытта субстанциясы да болып көрмеген материялық емес формалар туралы ой толғаумен бірдей нәрсе. Сондықтан актуальды интеллект біздің өзімізде болады дейтініміз сияқты, нақ сол сияқты бұл формалар туралы айтқанда да олар дүниеде бар формалар деу керек. Бұл формалар (46-бет) осы формалардың бәрі немесе олардың көпшілігі интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері ретінде жүзеге асып, жүре келе дарыған интеллект пайда болғаннан кейін ғана интеллекция актысында толық пайымдалмақ. Ол кезде бүл формалар интеллекцияның, пайымдалғыш объектілері ретінде жүзеге асады, және бәрі де интеллектінің формасына айналады, өйткені бұл интеллект жүре келе дарыған интеллект бейнебір осы формалар үшін бейне бір субстрат болып және жүре келе дарыған интеллект үшін бейнебір субстанция болып табылады. Сөйтіп, актуальды интеллект дегеніміз осы парықтық формасы, ал парықтық өзі бейнебір актуальды интеллекттің субстанциясы. Осы арада формалар денелік, материялық формаларға қарай төмендей бастайды, ал бұрын бұлар, қашан аз-аздап материялық емес [күйге] өтіп, субстанциядан абстракцияланбаған кезінде, бірте-бірте көтеріле берген еді. Осы мүлдем материялық емес формалар, тіпті ешуақытта да материялық болмаған және болмайтын формалар, иерархияға әбден жетілген және [материядан] бөлектенген күйінде бағынышты болады, олай болса, демек, бұлардың болмысында қандай да бір тәртіп бар және, сөйтіп, бұл иерархияда ең жетілмеген интеллектінің ек аяқталған формасы жүре келе дарыған интеллект болып табылады. Сонан кейін бүл иерархия, қашан осы парыққа және неғұрлым темен сатыда тұратын жан қабілеттеріне жеткенше, бұрынғыша төмендей береді. Сонан соң жаратылыс келеді. Осыдан кейін иерархия болмыстың ең төменгі формалары, ең төмен субстраты - бірінші материя - болып табылатын элементтер формаларына қарай төмендейді. Ал бірінші материядан бірте-бірте өрлеп, бұлар [осы формалар] бірінші материяның денелік формалары болып табылатын жаратылысқа жетеді де, сонан ары қашан осы парыққа барып жеткенше тоқтамайды. Ал сонан соң онан да жоғары өрлеп [иерархияны] жүре келе дарыған интеллектімен, яғни жұлдыздар тәріздес бірдеңелермен аяқтайды. Нәрселердің [иерархиясы] аяқталатын шегі бірінші материя және материя болып табылады. Одан әрі дүниеде бар абстракцияланған нәрселердің бірінші сатысына өрлейді және бұлардың бірінші басқышы әрекетшіл интеллектінің сатысы болып табылады.
г) Әрекетшіл интеллект /13/ "Жан туралы" трактатының, үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенцияда болатын парықты актуальды интеллектіге айналдыратын (47бет) және интеллекцияның пайымдалғыш потенциалды объектілерін тиісті актуальды объектілерге айналдыратын да осы. Актуальды интеллектінің потенциалды интеллектіге қатынасы күннің көзге, қараңғы уақытта тек потенциалды жанары болатын көзге қатынасы сияқты. Қараңғылық дегеннің өзі әрі потенциядағы мөлдірлік те, әрі сонымен бірге актуальды мөлдір еместік қой; ал мөлдірлік дегеніміз қарамақарсы тұрған жарық көзінен түскен жарық. Жарық көз жанарында, ауада, сол сияқты бір нәрседе жүзеге асқан кезде, сол кезде көз жарықты қабылдаған бойда ол актуальды көрген жанарға айналады, сондай-ақ түстер де актуальды көрінгіш түстерге айналады. Ол ол ма, біз көздің актуальды көреген болуы жарық пен мөлдірлік көз жанарында актуальды жүзеге асқандықтан емес, көз актуальды мөлдірлікті қабылдап, көздің өзі де көрінетін нәрселердің формаларына ие болды және тек осының нәтижесінде ғана актуальды көргіш болды. Көзге бұған дейін де күн сәулелері және басқа да сәулелер түскендіктен және де ол актуальды мөлдір болғандықтан, сондай-ақ көзге ескен ауа да шындығында мөлдір болғандықтан, бұл жағдайда потенциалды көрінгіш нәрсе актуальды көрінгіш нәрсеге айналады. Бұрын потенциалды жанары ғана болып келген көздің актуалды көреген көзге айналу, ал потенциалды көрінгіш нәрсенің актуальды көрінгіш нәрсеге айналу принципі - көзде күннің көмегімен пайда болатын мөлдірлік /14/. Осылайша потенциалды интеллектіге тиесілі парықта да актуальды мөлдір нәрсенің көзге көрінгіш нәрсеге айналған дәрежесіндегідей дәрежеде [актуальды] жүзеге асатын бір нәрсе бар. Атап айтқанда оған осы қасиетті беріп отырған әрекетшіл интеллект; ал осы әрекетшіл интеллект интеллекциясының пайымдалғыш потенциалды объектілерін актуальды объектілерге айналдыратын принципке айналады. Және сәулесімен көзге жарық түсіріп, оны актуальды көреген ететін және осының арқасында көрінетін нәрсені актуальды көрінетін нәрсеге айналдыратын күн сияқты, нақ осы сияқты әрекетшіл интеллект те оған осы принципті беріп, потенциалды интеллектіні актуальды интеллектіге айналдырады. Нақ, осындай себептен интеллекцияның пайымдалғыш объектілері актуальды пайымдалғыш объектілерге айналады. Әрекетшіл интеллект жүре келе дарыған интеллектінің бір түрі болып табылады және онда бар нәрселердің формалары жоғалған жоқ және жоғалмайды. Алайда онда булардың болмысы актуальды интеллектідегідей емес, басқаша түрде болады. Ал мұның өзі актуальды интеллектіде болған төменгі дәрежедегі нәрсе (48-бет), "Дәлелдеме" кітабынан айқын көрініп отырғанындай, біз ең кемелді болмыс нәрселеріне қарай бірте-бірте көтерілместен бұрын, бұл нәрселер екінің бірінде ең кемелсіз болмыстың нәрселері болып шығарылғандығына қарамастан, көбінесе тәртіпке келтіріліп, жоғары дәрежедегі нәрседен ілгері тұрады деген сөз. Біз белгіліден белгісізге қарай жүретін болғандықтан, ал өзіндік кемелді болмыс біз үшін белгісіздеу болмыс болғандықтан, басқаша айтқанда ол туралы біліміміз мейлінше мардымсыз болғандықтан, - актуальды интеллектіде бар нәрселердің тәртібі осы нәрселер үшін әрекетшіл интеллектіде белгіленген тәртіпке қарама-қарсы болуы қажет. Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материялық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған формалар болып табылады. Мұның себебі олардың бұрын субстанцияда болып, кейін абстракцияланғандығынан емес, олардың әрқашан да осы
күйде болып келгендігі. Бұл формаларды бірінші материямен және басқа да субстанциялармен біріктіретін тек қана ол формалардың әрекетшіл интеллектіге де берілгендігі. Дүниеде бар заттардағы, оларды өмірге келтіру біздің бірінші мақсатымыз болып табылатын заттардағы, формалар субстанциядан, формалардың пайда болуы үшін қызмет ететін субстанциядан басқаша болмайды; ал әрекетшіл интеллектіде бұл формалар [өздерінің субстанцияларынан] бөлінбейді, ал материяда бұлар бөлінеді. Әрекетшіл интеллекттің бөлінбейтіні және оның бөлінбейтін нәрселерден тұратыны күмәнсіз. Материяға ол өзінің парқында бар сол бөлінбейтін нәрселерге ұқсас қасиет береді, бірақ материя оларды тек түрліше қабылдайды. Аристотель мұны да "Жан туралы" трактатында түсіндірген. Бүл кітап осымен тамам, сол үшін де игілікке жеткізіп, алжас жолдан сақтандырушы Алла -тағалаға нұр жаусын. Аль-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата: Наука, 1972. -С. 15-38.
ӘРІПТЕР КІТАБЫ І БӨЛІМ КАТЕГОРИЯЛАРДЬЩ АТАУЛАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ БІРІНШІ ТАРАУ "Шындығында", "расында" деген бөлшектер (61 б.) "Шындығында", "расында" деген бөлшекке келер болсақ, онда оның мағынасы: тұрақтылық, ұзақтық, толықтық болмыстағы сенімділік пен зат туралы білімнің барлығы "Шындығында" және "не" деген бөлшектердің жағдайы барлық тілдерде ол кейде "каф" деген сөз, ол "касра" арқылы дыбысталған, кейде ол "фатха" /1/ арқылы да дыбысталады. Грек тілінде бұл бөлшек "ун" (қысқа "у"-мен) деп көрсетілген және "ун" (ұзақ "у"- мен) деп көрсетілген. Олардың екеуі де ("күшейту" мағынасына ие) дегенмен, екінші "ун" ең көп "күшейтуге" ие, сөйтіп, ең үлкен толықтыққа ең үлкен тұрақтылыққа және де ең үлкен ұзақтылыққа не. Сондықтан да"құдай" сөзіне қатысты гректер "үн" (бөлшегін) қолданады (ұзақ "ү"-мен) сол бөлшек арқылы құдай (мәнді) ерекше бөліп алады, ал қалған барлық басқа сөздерге олар "ун" бөлшегін (қысқа "у"-мен) қолданады. Сондықтан да философтар кәміл болмысты заттың "ақиқаты, шындығы" дейді. Ал ол дегеніміз түптің түбінде оның мәні болып табылады "Заттың ақиқаттығы қандай" дегенді астарлап сұрайды. Оған жауап болып: "оның мәні" деген жауап табылады "Ақиқатында, шындығында"және "не" деген бөлшектер тек қана сұрақсыз хабарлама болған жағдайда ғана қолданылады. ЕКІНШІ ТАРАУ "Қашан" бөлшегі (62 б.) "Қашан" бөлшегі оқиға туралы сұрақ барысында пайдаланады. Ол оқиға белгілі бір уақыт аралығында орын алады әрі сол уақыт (сол оқиғаға) сәйкес болады және сол уақыттың екі ұшына сәйкес болады. Уақыттың екі ұшы деп отырғанымыз сол оқиғаның екі ұшы болып табылады, мейлі ол дене болсын, мейлі ол дене болмасын - бәрібір. Ол қозғалыста болады немесе қозғалыссыз (күйде) болады. Ол не тыныштық (күйінде) не қозғалыс (күйінде) болады. Тіршіліктегі бар заттардың кез келген туралы ол өзінің болмысын уақытпен толтыру үшін әлде әу бастан болмыстың себебі болу үшін уақытқа мұқтаж деп айта алмайсыз. Уақыт кез келген "қашан" дегенде қозғалыстың қажеттілігін танытады. Зерде уақыттың бірнешеме (түрлерін) тізіп бере алады. Солар арқылы қандайда бір болмысты анықтайды, оның қозғалыста екендігін әлде тыныштық күйде болуын анықтайды "уақыттың" жағдайы "орынның" жағдайындай емес, өйткені денелердің (кейбір) түрлеріне, яғни "орында" (болуға) мұқтаждарына, біз жоғарыда айтып кеткен нәрселер /2/ қажет. ҮШІНШІ ТАРАУ Категориялар Көптеген заттар осы бір бөлшектерге /3/ мұқтаж екендігін білген шарт. Оларды қажет етіп отырғандарға философтар солардан туындайтын атауды немесе сол бөлшектердің атауын береді. "Қашан" деген бөлшегі бар (сұраққа) берілген мұқтаж болатынның барлығын "қашан?" деген сұрақпен атайды. "Қайда" деген сұраққа берілетін жауапқа мұқтаж нәрселердің барлығын "қайда" деген сұрақпен атайды, ал "қалай?" деген бөлшегі бар сұраққа жауап беру барысында берілетін жауапқа мұқтаж нәрселердің барлығын "қалай" және "сапа" деп атайды. Дәл сол сияқты, "қанша?" деген сұрақ бөлшегі бар сөйлемге жауапқа мұқтаж нәрсені "қанша" және "сан" деп атайды. "Қандай" деген сөз арқылы "қандай" деген (бөлшегі) бар сұраққа жауап беру қажет болған кезде аталады. Ал "не?" деген (бөлшегі) бар сұрақ қою барысында "не" және "мән" деген
сөздер пайдаланылады. Алайда, олар (философтар) "ма, ме, ба, пе" шылауын сондай бөлшегі бар сұраққа жауап беру барысында қолданбайды, сөйтіп оны нағыз зат деп атайды. Жоғарыда аталған әдіспен сипатталатын және мағынасы соған бағытталған ақылға сыйымды негіздің әрбір мағынасын біз категория деп атаймыз. Категориялардың кейбіреуін біздер, жоғарыда аталғандай, "бұл не?" (63 б.) деп, кейбіреулерін "қаншама?", кейбіреулерін "қалайша?", кейбіреулерін "қайда?" деп, кейбіреулерін "қатысты", ал кейбіреулерін "зат, нәрсе" ретінде, кейбіреулерін "белгілі бір күй, жағдай" деп, кейбіреулерін - оның бетін жауып жатқан әлдене деп; кейбіреулерін - іс-әрекетке бой алдыратын нәрсе десек, кейбіреулерін - дәл сол іс-әрекетті тудырушы ретінде анықтаймыз. Акциденция мен табиғи қасиеттердің тікелей ықпалымен сипатталатын және олар туралы "Бүл не?" деп сұралынатын жоғарыда көрсетілген сезімдік қабылдауларды абсолютті мағынадағы субстанция немесе зат субстанциясының мағынасы оның негізі, сонымен қатар, оның екінші субстанциясы және сол екінші субстанцияның бір бөлігі болғандықтан, абсолютті мағынадағы /4/ негіз деп атау әдетке айналған. Өздігінен негіз болып табылатын және екінші негізді мүлдем қажет етпейтін нәрсе белгілі бір затпен қатынастылықты немесе байланысты қажет етпейтін абсолютті мағынадағы негіз болғандықтан, ол абсолютті мағынадағы субстанция болып табылады. Сонымен, біздер "Бұл не?" деп сұрайтын нәрсеміз – жоғарыда аталған әдіспен сипатталған субстанцияның өзі болып табылады. Ол туралы "Бұл не?" деген сияқты мағынада айтылатындықтан, ол басқа заттардың ешқайсысымен мүлдем байланыспайтын абсолютті субстанцияға айналады, себебі ол кез-келген жағдайда ол туралы айтылатын барлық нәрсе үшін субстанция болып табылады. Жоғарыда аталған басқа да предикаттарға келер болсақ. олардың ешқайсысы да, оның белгілі бір заттың субстанциясы болған жағдайда да, жоғарыда аталған мағынада субстанция бола алмайды. Осылайша, ол жоғарыда аталған субстанцияның акциденциясы, қатыстылықты және шектеулі субстанциясы болып табылады. Категория деп кейде ол туралы соз арқылы айтылып отырғанды қабылдаймыз, ол оның белгілі (бір мағынасын) бере ме, бермей ме, оған қарамаймыз, өйткені кейде пайымдау дегеннің астарында оның белгілі (бір мағына) берген - бермегендігіне қарамастан, әрбір сөзбен айтып жеткізілгеннің жалпылай ортақ мағынасы жатады. Ал (категория) астарында кейде мағынаға сілтеме немесе белгілі бір сөзбен жеткізілген нәрсе жатады, өйткені пайымдаудың астарында мейлі есім болсын, мейлі сөз болсын немесе мейлі зат болсын, әйтеуір, әрбір көрсетілген сөйлемнің оған аса тән мағынасы жатады. Кейде (категория) белгілі бір айтылған сөздің мағынасын көрсетсе, кейде бір нәрсенің предикатын, кейде ақылға сыярлық негізді көрсетеді, өйткені пайымдау жандағы нық қалыптасқан (64 б.) түсінікті көрсетеді. Кейде категория анықтаманы көрсетеді, өйткені анықтама сөздің мағынасын ашады. Кейде ол бейнелеуді көрсетеді, себебі бейнелеу де сөздің мағынасын ашады. Бұл категориялардың категория деп аталу себебінің өзі олардың әрқайсысы өз бойында айтылған сөздегі мағынаны, белгілі бір жоғарыда аталған сезіммен қабылданатын заттың предикаты болғанды, яғни, шындығында ақылға сыйымды, сезімдік қабылданатын негізге айналған алғашқы ақылға сыйымды негіз жиынтығын сақтағандығынан еді. Егер категориялар сезіммен қабылданатын (заттардан) туынды категориялар болған жағдайда, бұл біздерге біртұтас болған алғашқы әрекет туралы түсіндірме бермес еді, ал біртұтас нәрсе болса күрделіліктің бастамасы, бастауы болып табылады. ТӨРТІНШІ ТАРАУ Екінші ақылға сыйымды негіздер
Бұл ақылға сыйымды негіздер адам жанында сезімдік қабылданатын (заттар) арқылы туындайтындықтан, яғни олар жандағы белгілі бір орынға ие болғандықтан да, олар оған өздеріақ тән болып табылады. Екінші дәрежедегі белгілер арқасында олардың кейбіреулері текке айналады, ал кейбіреулері бірін-бірі анықтайтын түрге айналады. Предикат арқылы тек-текке, түртүрге айналатындықтан, ол көпшілік предикаты болып табылады, ал оның мағынасы өздігінен рухта көрініс табатын ақылға сыйымды негізге тән. Дәл осылай, солардың арасындағы жекелеулеріне тән немесе жалпылауларына тән (ақылға сыйымды) мәндерге тән қатынастар, сондай-ақ, өздігінен жанға да тән болады. Дәл осы сияқты ақылға сыйымды мәндердің кейбірлеулері өздеріне тән жағдайлары мен жайына қарай анықталады және де олар жанда тіршілік етеді. Сонымен қатар, дәл осы сияқты біздің "ақылға сыйымды" мәндер туралы олар "белгілі" немесе "ақылға сыйымды" деп пайымдауымыз да өздігінен жанға тән болып табылады. Жанда өз ізін қалдырғандары да ақылға сыйымды жағдайлар болып табылады, дегенмен, олар жандағы сезімдік қабылданатын мысалдардың өз ізін қалдыруының немесе сезімдік қабылданатын және жаннан тыс ақылға сыйымды негіздерге жататын мысалдардың жанда өз ізін қалдырып қою нәтижесінде алынған ақылға сыйымды негіздер құрамына кірмейді. Олар екінші ақылға сыйымды негіздер болғандықтан, сол арқылы бірінші ақылға сыйымды негіздерге тән жағдайларды қайталауы мүмкін. Оларға алғашқыларына тән нәрсе тән, ал алғашқыларына бірінбірі анықтайтын, солардың арқасында (65 б.) түрлер мен тектер қалыптасатын нәрселер тән. Бұл құбылыс затты жан арқылы тану барысындағы алынған білім танылатындай болмайынша, ал танылатын нәрсе танылған болмайынша орын алатын болады. Бұл дегеніміз ақылға сыйымды нәрсе ақылға сыятындай болмағанша және білім сол білім мағынасында танылғандай болмайынша солай болмақ. Сондай-ақ, білімнің тағы да бір (түріне) жататын ақылға сыйымды нәрсе болмайынша және осылайша тек текке айналғанша шексіз жалғаса береді. Бүл екінші жағдайды құрайтын мағыналарды беретін сөздер сияқты, өйткені алғашқы жағдайда флексиялар бойынша (өзгеріп) отыратын мағыналарға тән нәрсе оларға да тән болады. Мысалы, "көтеру" дегеніміздің өзі "көтерілу арқылы көтерілген", ал "қарым-қатынас" дегеніміз "қарым-қатынаспен" қатынастырылған нәрсе және осы сияқты шексіз жалғаса бермек. Дегенмен, ақылға сыйымды негіздердің барлығы да бір түрге тәуелді бола отырып, шексіздікке ұмтылады, олардың біреуінің орнын - жиынтық жағдайды ала отырып, шексіздікке ұмтылады; олардың түрлерінің біреуі екіншісінің орнын алады. Ал егер бәрі осылай болған жағдайда алғашқы ақылға сыйымды негіз алатын орын мен екінші реттегі ақылға сыйымды негіз алатын орын арасында айырмашылық жоқ. Ол да бір атау септігінде қойылған жағдайда "Зейд" және "адам" сөздері толықтай жалғауымен оқылып, ол бірінші жағдайды білдіретіндігі мен мағына толық жалғауымен оқылатын және екінші орынға тән атау септігіндегі қойылым арасында ешқандай айырмашылық болмайтындығы сияқты. Толық жалғаумен қоса оқу алғашқы жағдайда екінші жағдайдағы толық жалғауымен оқуға сәйкес келеді. Дәл сол сияқты ақылға сыйымды негіздер де осындай жағдайда болады, яғни бірінші ақылға сыйымды негіздің жағдайындағыдай болады, екінші ақылға сыйымды негіздер де сондай орынға не болады. Нәтижесінде, олар түптің түбінде бір нәрсенің туындысы ретінде бастарын біріктіреді. Осы (жалқы заттар) туралы білу дегеніміз шексіз болсын, шекті болсын, әйтеуір жинақ туралы білу. Мысалы, өздігінен сол (сөзге) тән "адам" (сөзінің) мағынасын білу. Ал ол шекті немесе шексіз болсын, әйтеуір, адам атаулы мен барлық адамдар туралы білу деген сөз. Демек, шексіздікке жататын дәлелдемелер жоқ. Егер бізде бірлік туралы түсінік бар болса, онда жинақ туралы да білім бар деген сөз, өйткені біздер шексіз сан болып табылмайтын (66 б.) жинақты қамтитын нәрсенің бар екендігін білеміз. Сондықтан да, Антисфеннің /5/ алдында адамның шегі, шектің шегі, шектің шегінің шегі (ол шексіздікке ауысады) туралы сұрақ туындады; егер біздің шектеуді тануымыздың қалыптасуына жалғандық кірген болса, онда тіптен біздер оны
есептеп шығуға және оған қатысты әрбір бір тұтастықты тануға қабілетті болсақ та, танымымыз, бәлкім, жалған болып шығар, өйткені шектіліктің мағынасы бір түсінікті білдіре тұра, негізінде, барлық шектердің күллияты (универсалиясы) болып табылады (мейлі олар не шекті, не шексіз болсын). Ол да бір атау септігіндегі қойылған мен атау септігінде қойылған "Зейд" сөзінің қойылымы жағдайындағыдай нәрсе. Осы екі жағдайдың екеуі де бір ғана ортақ универсалия мағынасына ие болады. Ал "қойылымның қойылымының" қойылымында шексіздікке деген ұмтылыс болады. Дәл сол сияқты тектің тегі тектің тегінің тегі туралы (шексіздікке ұмтылған) жағдай болады; сондайақ, ұқсастық туралы да ұқсастың басқа ұқсастықтарға ұқсай ма әлде одан айырмашылығы бар ма; басқадан айырмашылығы бар айырмашылық немен ерекшеленеді; айырмашылықтар айырмашылықтар болғандықтан да ұқсас болып келеді, ал ұқсастықтар айырмашылықты болатыны оның ұқсас болғандығынан; немесе ерекшеленуінің басқадан айырмашылығы және басқа ерекшелік бойынша айырмашылығы, яғни, екі жағдайдың әрбіреуінде ерекшеленетін, басқа екеуінде айырмашылықтың ерекше айырмашылығы болып табылады және осылай шексіздікке дейін жалғаса береді. Осы сұрақтардың барлығы біртекті, яғни, олардың барлығы да екінші ақылға сыйымды негіздерге жатады және олардың барлығында да бір жауап болады, ал ол болса, мысалы, біздер жоғарыда қысқаша мазмұндап өткендер болып табылады. БЕСІНШІ ТАРАУ Өнер мен ғылымның бірінші объектілері Бұл ақылға сыйымды мәндер қалған екіншілерге қарағанда алғашқы болып табылады. Алғашқы сөйлем ең әуелде алғашқы объектілер /6/ мен олардың құрамына мән-мағына береді. Осыған кіретіндер логика өнері, табиғат туралы ғылым, азаматтық ғылым, математикалық ғылым мен метафизика ғылымдарының алғашқы объектілері болып табылады. (67 б.) Өйткені алғашқы объектілер өз - өздігінен сөйлемдер (көмегі арқылы) мән-мағынаға ие болады, олар өз - өздерінен күллияттар, өз - өздерінен предикат пен объект, өз - өздерінен бірбірін анықтайтын, өз - өздерінен өздері жайлы сұраққа жауап беретін болып табылады, олар - қисынды дүниелер. Оларды біреуі басқасымен бас біріктірген, ұштастырылған топ тұрғысынан алады және қарастырады. Сонда олар алдында айтылып кеткендерге тиесілігі тұрғысынан алынатын болады. Оның үстіне, олардың басы біріктірілгеннен кейінгі жиынтықталған жағдайда алынады. Өйткені олардың жиынтығы зердеге ақылға сыйымды мәнді дұрыс ұғыну бағытын көрсететін және қателесуден қорғайтын, ақылға сыйымды мәнге қатысты адасудан сақтайтын жаққа зердені бағыттайтын құрал болып шығады; егер де олар жалқы болса, онда оларды сол күйінде қабылдар еді. Басқа ғылымдарға келетін болсақ, онда оларда ақылға сыйымды мәндер ақылдан тыс (табылатын) зат тұрғысынан алынады, яғни ойды жеткізушілерден абстракцияланған және жоғарыда аталып өткен зердеде оған тиесілі акциденциялар тұрғысынан алынады. Бірақ адам оларды сол жағдайда алуға мәжбүр, өйткені солардың көмегі арқылы ол білімге жету жолын кездейді. Ал білімге қол жеткеннен соң сол жағдайлардан абстракциялануға болады. (Адам) оларды сол жағдайда алуға мәжбүр және ол оның білімі талап етіп отырған нәрсеге сол жағдайлардың нәтижелерін алып келуі керек. Соны білім талап етеді, тіпті сол үшін ол оларды зерттеуін тамамдаса да солай болады. Сөйтіп олар сол күйлерден айырылады. Ол алдына мақсат қоюы тиіс - сол жағдайлардағы қандай да бір жақтарды жеке алып қарастыруы тиіс, егер олар бөлектетілген болған болса. Категориялар өз мазмұнына байланысты адамның ерігінің арқасында болатын және адам ерігінен тәуелсіз түрде болатын категориялар болып бөлінеді. Адам еркіне байланысты категорияларды азаматтық ғылым қарастырса, адам еркінен тысқары жатқандарын табиғат туралы ғылым
қарастырады. Математикалық ғылымдарға қатысты айтар болсақ, онда олар категорияларды мынадай алуан түрлілікте қарастырады: "неше"дегендей және әртүрлі"нешелердің" мәні сияқты қарастырады. Оған зерде арқылы абстрактіленгеннен кейінгі және басқа оларға тиесілі әрі оларға қатысты қалған заттардан босатылған барлық басқа категорияларды да қосыңыз. (68 б.) Онда тек адам еркінен тысқары (тірлік) ететіндер ғана кірмейді. (Математикалық ғылымдар) жоғарыда көрсетілгендей категорияларды сезіммен қабылданған заттар негізінде қарастырмайды, олар шын мәнінде нақты зат туралы сөз қозғамайды: "қандай жолмен?" немесе жоғарыда көрсетілгендей ме, оған қатыстылығы және кездейсоқтығы тұрғысынан "неше?" дегеннің әртүрлілігін қарастырмайды, жоғары көрсетілгендей, "неліктен?" дегенді де қарастырмайды, бірақ олар сол алуан түрлілікті жоғарыда келтірілген заттардан абстрактіленген және жоғарыда көрсетілгендей "бұл не?" дегеннен абстрактіленген (адамның) ақылының әртүрлілігінен алады. Табиғат туралы ғылымға келетін болсақ, ол жоғарыда атап өтілгендей заттардың мәнін құрайтын барлық (қырларды) қарастырады, сол сияқты, жоғарыда көрсетілген "әлдененің" түрлерінің мәніне қажетті түрде тиесілі басқа да категорияларды қарастырады, сондай-ақ, соның өзінде барды да қарастырады. (Табиғат туралы ғылым) математикалық ғылым қарастыратындарды да сол жағдай тұрғысынан қарастырады, өйткені оның үлкен бөлігіне, тіпті, оның толық жиынтығына қажетті түрде жоғарыда көрсетілген "әлдененің" әртүрлі мәндері тән екендігін және онда ненің барлығын да қарастырады. Математикалық ғылым жоғарыда көрсетілгендей "әлдененің" әртүрлілігінің барлығынан босатылған категорияларды қарастырады, ал табиғат жайлы ғылым категорияларды "әлдененің" түрі екендігі тұрғысынан қарастырады. Математикалық (ғылымдар) осы заттарды зерттеп отырған нәрсесімен шектейді, олардың әр біреуі оз алдына нені көрсететіндігімен шектейді, ал табиғат туралы ғылым езі зерттейтін пәндердің барлығын береді, өйткені ол әрбір сұраққа (жауап) іздейді: "ол не болып табылады", "ол неден шыққан?", "ол ненің арқасында бар болып түр?", "ол не үшін?". Математикалық (ғылымдар) өзінің мәнінің категориядан тыс негізгі қағидасы бойынша әрбір тұтастықтың не екендігімен айналыспайды. Табиғат, жаратылыс туралы ғылымдарға келетін болсақ, онда ол да өзінің пәндерінде кейбір қағидаларды келтіреді. Олардың кейбіреулері категорияларға (қатысты алғанда) сыртқары болып табылады, өйткені ол категориядан тысқары жатқан басқа бір нәрсеге қатыстыны қарастыру үшін қажет қағидалар береді немесе шектің шегіне және шектің шегінің шегіне қатыстыны қарастыру үшін керек қағиданы береді. Ол өзі категориялардағы бар соңғы шек пен мақсатқа жеткенге дейін солай жасалатын болады. Яғни олардың өзіндік құраушы категориялары бар. Егер ол мәннің бөлшектерінің әрбір біртұтастығы дегеніміздің не екендігін шекті жауап алмағанға дейін зерттер болса, ал ол шекті жауап, бәлкім, олардың мәнінде орналасатын болса, онда ол осы уақытта күтпеген жерден заттарға келеді (69 б.). Ол заттар категориядан тыс жатқан ақылмен танылатын мән болып табылады. Сондай-ақ, ол категориядан тыс олардың мәнінің бөліктерінің қағидаларына келеді, категориядан тыс әрекет етушіге қатысты қағидаға алып келеді, сонымен қоса, оның шек болып табылатындығы белгілі қағидаларға да алып келеді. Бірақ категориядан тыс және заттардың бөліктерінің мәні категорияда бар немесе орын алған. Олар (ол заттар) категорияның негізінде жиналып және бір-бірімен тығыз байланыса отырып өмір сүреді. Әрі ол зат категория негізінде тіршілік ететін зат болады. Алайда сол бөлшектер ажыратушы белгі ретінде суреттелген жоқ еді, өйткені, егер олар категорияда (орын алған) заттардың мәнінің бөлшектері болған болса, онда олар сол заттың
жиынтығы болған болар еді. Өйткені егер сол бір жоғарыда көрсетілген зат (өмір сүретін болса) және сол заттар оның мәнінің бөліктері болған болса және көрсетілген "әлденеге" қатысты сыртқары болмаған болса және де одан айырмашылықтары болмаса, онда олар категорияларға кіретін еді. Бірақ олар, қалай дегенмен де, сол жиынтықтан ерекше болып табылмайды. Іс-қимыл жасауға және шекке ненің қатысы бар болса, онда олар, бәлкім, сыртқы болуы да мүмкін және заттан ерекшеленуі де мүмкін. Ал егер ол расында солай болатын болса, онда ол (табиғат туралы тылым) зат деген не дегенге ең шекті (түсінік) береді, яғни заттан ерекшеленетін "әлдене" және категориядағы әртүрліліктен оның мәндерін көз алдымызға келтіру үшін оны зерттейді. Ендеше, табиғат туралы ғылым дегеніміз ең шекті әрекет етуші туралы, ең соңғы шек туралы (ғылым). Ол түрлерде болады. Табиғат туралы ғылым оның зерттеу пәні категория болып табылатындықтан кездейсоқта категориядан тыс заттарға, өздеріне катысты емес заттарға тап болады, бірақ олар (категориялар) сол заттан айырықшаланатын және оларға сыртқары заттардан шығады. Осымен табиғат туралы ғылым аяқталады. Осыдан кейін міндетті түрде категориядан тыс заттарды басқа өнермен, атап айтсақ, метафизикалық ғылымдармен зерттейді. Себебі олар сол (заттарды) қарастырады, оларды тануды терең зерттейді, категориялардың бойында не барлығын қарастырады, яғни олардың заттарының жағдайы нені білдіреді дегенді, тіпті, оған практикалық өнер: математикалық ғылымдар, азаматтық ғылымдар және азаматтық (өнер) түрлерінен не енетіндігін де қарастырады. Осымен теориялық (назариялық) ғылымдар аяқталады. Категориялар диалектика және софистика өнерінің, риторика өнері мен поэтика өнерінің зерттеу пәні де болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, барлық категориялар бір-бірімен салыстырылғанда олар тәжірибелік ғылымның пәні болып табылады. Олардың кейбіреулері қандай да бір санды, кейбіреулері - сапасы, кейбіреулері - қай жақ болмасын, кейбіреулері - жағдайды, кейбіреулері - қатынастарды зерттеді, ал кейбіреулері - қандай да бір уақытта болғанды, ал кейбіреулері - әлденені бүркемелеуші жоғары бетті, қабатты, кейбіреулері - әрекет етушіні, ал кейбіреулері сол әрекет әсерін сезушіні, кейбіреулері – екі жақтылықты, кейбіреулері – үш жақтылықты, кейбіреулері - одан да көп жақтылықты зерттейді. Өйткені, егер сен тәжірибелік ғылымның пәнін ойдан өткізсең, сонда ғана жоғарыда айтылған нәрсені, категорияларға ұқсас әлдебір затты табасың. Алайда, өнер өкілі өзінің жүрегінде сол затты қалай елестететіндігі - ол соның түрі болып табылады, және егер ол әрекет етсе, онда ол жоғарыда көрсетілген тәсілмен әрекет етеді. Соған байланысты ол туралы түр "әлдене" ретінде айтады. Өйткені адам жанында (орын алатын) өнер сол пәнді ашатын және сонда әрекет ететін әрі әрекет етсе, жоғарыда айтылып кеткендей, ақыл жетерлік мән ретінде әрекет ететін пән мен заттың түрлерінен құралады. Оларға риторика, поэтика жатады, олар софистика, диалектика, философияға қарағанда сонысымен сипатталады. Өйткені оның әрқайсысы жоғарыда көрсетілгендей категория немен салыстырылатын болса соны айтады және уағыздайды, сөйтіп, категорияның құрамындағы заттар туралы білім беретіндігін айтады және уағыздайды. Риторикаға келетін болсақ, риторика мынаған бағытталады: категорияның ішіндегі заттардың әлде бірі риториканың ішінде де бар екендігіне бағытталады. Ал поэтикаға келетін болсақ, онда ол категорияның ішіндегі заттардың кейбірі риториканың ішінде де бар екенін елестетуге бағытталады. Олардың (риторика мен поэтиканың) әрқайсысынан шешен мен ақынның жанында бар нәрсе оның шешен іздестіріп отырған пәндерінің түрлерінің түрлерінен құралады. Соның көмегімен шешен ділмәр түрдің затта орналасқандығына сендіргісі келеді, ал ақын болатын болса - солардың көмегімен ол затта орналасқандығын көз алдына елестетеді. Риторика түрден ненің көмегімен және не арқылы сендіруге болатын болса, соны
таңдайды, ал поэтика болатын болса ненің көмегімен және не арқылы көз алдына елестететін болса соны таңдайды. Философия, диалектика мен софистика түрлерді жоққа шығармайды және де (оларды) жоғарыда көрсетілген жолмен мағынасын кемсітпейді. АЛТЫНШЫ ТАРАУ Категориялар атауы (71 б.) Егер сенің осы категорияларды білгің келсе, онда саған алдын-ала мыналарды білген жөн: олар өз атауларымен 111 қалай байланысты және осы атауларды қалай дайындайды, араларындағы ортақ нәрсе не болып табылады, өз атауларымен және оларды дайындайтындармен қалай байланысты, оларды бір атаумен атап, әртүрлі ұқсас емес заттармен байланыстырады, оларға қатысты заттардың атымен атамай, заттың атауынан туған атаумен атайды. Мыс: Дәрігерлік (врачебный) және емдеу (врачевание) сөздерін байланысты етіп бір атаумен атайды, негізінде бір-бірімен байланысты, осы аталған атаулардың әрқайсысы сәйкестену немесе ажыратылу үрдісіне тап болады, өзгелер өз атауларынан туындаған атаумен аталады. Сонымен қатар, саған сөзбен жеткізу формаларының атауын, келісім бойынша сөзбен жеткізу формаларды қабылдау және осы сұрақта жаттығуды білу қажет, өйткені мұның бәрі софистикалық адасуларға жатады. Туындаған форма нені ұсынады, туындамайтын формадағы бірінші аналогия идеясының мағынасы қандай? Сонымен қатар, бірінші аналогиялық формасы нені ұсынады, туындау формасының идеясы қандай екенін білу қажет. Біздің "Алланың жаратуы", "жаратылған" деген пікірдегі сияқты. Етістіктің және етістіктен жасалған атаулар нені ұсынады, ырықсыз кепіл идеясының мағынасы нені білдіреді, "әрекет етушінің" формасы қандай, іс-әрекетке не көнігеді, "көнігуші іс-әрекет" формасы, мағынасы қандай екенін білу керек. Мыс: "тыңдайтын, білгіш", яғни "тыңдаушы, білгір". Белгілі бір формасы мен құрылымы бар сөз, мағынасы арқылы бір затқа бағытталатындығын сенің білгенің жон. Кейін бүл сөз осы қалыптан туындаған басқа мағынаны нұсқайды. Оның құрылымы басқа туындының құрылымы болуы мүмкін және басқа туындылар нұсқаған (72 б.) затқа нұсқауы мүмкін. Істің түп мәнінде, бұл құрылымды қалған туындыларға нұсқайтындардан абстракцияланған өзге мағынаға нұсқау үшін қолданады. Егер де әрбір жеке алынған категория қамтитын түрлер олардың әрқайсысы жалпылауына қарағанда жалқылау бола түсуі үшін реттеле орналасатын және қабыл алынатын болса, онда олардың әрқайсысы жоғарғы текпен аяқталады әрі оның үстіне, ол тектер саны сол категориялардың санына сай он болады. Түрлерде орналасқан ең жоғары тек, бізді "ол қанша?" дегенге сілтемелеп, мағлұматтайтын тек "сан" деп аталады. Барлық түрлерді қамтитын, бізді "ол қандай?" дегенге сілтемелеп, мағлұматтайтын жоғары тек "сапа" деп аталады. Барлық түрлерді қамтитын, бізді "ол қайда?" дегенге сілтемелеп, мағлұматтайтын жоғары тек "мекен" деп аталады. Дәл осылайша, барлық түрлерді қамтитын, бізге "ол қашан бар, ол қашан болған және болады?" дегенге сілтемелеп, білім беретін категория "қашан?" деп аталады. Барлық түрлерді қамтитын, бізді "ол қатынасты нәрсе" дегенге сілтемелеп, мағлұматтайтын жоғары тек "қатынас" деп аталады. Барлық түрлерді қамтитын, бізді "ол мынадай да мынадай жағдайда тұр, не болмаса, қандай да бір жағдайды қабылдау үстінде" дегенге сілтемелеп, мағлұматтайтын жоғары тек "жағдай" деп аталады. Бізді жоғарыда келтірілген тәсілмен "әлдекімде өзінің денесін жабатын нәрсе бар екен" дегенге сілтемелейтін нәрсе "онда бар" деп аталады. "Ол әрекет етеді" деген туралы білім беретін жоғары тек "әрекеттену" деп аталады. "Ол әрекет ықпалында" екендігі туралы білім беретін жоғары тек "әрекет ықпалында болу" деп аталады.
Бұның барлығы білімнің алдында кезігетін нәрселер, ал оның жағдайын, жоғарыда көрсетілгендей, біз қалдықсыз суреттеп бердік. Бүл білімді алдымен сезім арқылы алады. Ол түпкі мәні бойынша келесі мысалдармен байланысты суреттеледі: "бұл адам", "бұл ақ", "бүл ұзын". Егер оны басқа категориялар көмегімен суреттегісі келсе, онда затты туындаған атауымен ала отырып нұсқайды. Ал егер бұл қасиеттердің әр біреуін өз алдына "бұл" сөзін қолданбай алатын болса ("бұл адам", "бұл ақ" деген сөйлемдегідей сияқты), яғни "адам", "ақ" деп айту үшін алатын болса, онда олардың әрбіреуінде мүмкіншілікке сілтемелеу бар болатын болады. Бұл және оған ұқсас нәрсе бірінші ақылға сыйымды нәрсе болады. Ақылға сиымдылардың әрқайсысында түп негізінде сан бойынша сілтеу болады, "адам" да, "ақ" та, "ұзын" да өзінің мәнісінде біреу болып табылады. Дәл осысымен бір категориялар басқаларынан ажыратылады. Сөйлеу барысында (сондай-ақ) бір категориялар басқалардан ажыратылады. Бүл берілген сілтеуі жоқ көптеген идеялардың болуына байланысты болады. Ми бір идеяны екінші идеядан ажыратады, ол біреуін екіншісінен салыстырмалы түрде ажыратады. Ойда жеке алынғандағы ақтық идеясы, жеке алғандағы ұзындық идеясы, жеке алғандағы ендік идеясы, сондай-ақ басқа идеялар, мысалы, тұру, отыру және т.б. сияқты идеялар ерекшеленіп шығады. Бұл сезімсіз ақылой өзі ерекше бөліп көрсете алатындар болып табылады. Бұл идеялар білімнің алдын ала жүреді, демек, олар оймен бөліп алынғанға дейін жүреді. Олардың әрқайсысы қандай да болса бір тәсілмен әлдененің алдын ала жүреді. Алайда сөздер, егер олар анық идеялардың өзін олар қандай болса дәл сондай етіп көрсететін болса, онда олар ақылға сиымды болуы қажет және олар ақылға сыйымды болғандықтан да адам ақыл-ойында алдын ала болуға сәйкес. Идеяларды белгілейтін бұл сөздер өздігінен жоғарыда көрсетілген алдын ала жүрудің арқасында қарапайым болады және де сонымен қоймай, олар сол идеяларды тек соларға тән қасиеттер арқылы білдіреді әрі солай болған олар бір-бірімен байланыспайтын қарапайымдылық болып келеді. Идеяларды оларға бірдеңелер қосылу тұрғысынан қарастыратын, олар көбіне көп сезімдік қабылдау арқылы танылатындығы тұрғысынан танытатын сөздер біріншілерден алынған келесілер болып табылады. Егер бұл сөздер олар ойда жеке бөлініп алынғанға дейін идеялардың алдын алатын болса, олар формалар деп аталады. Ол формалар әлгілерді көрсетілген заттардың түрлері тұрғысынан көрсетеді. Олардың біреулері біреулерінің алдындағысы болады, басқалары - алдыңғысынан алынған кейінгілері болып келеді. Алайда, жоғарыда көрсетілгеннің қайсысында идея бар екенін адам егер ол екі заттан тұратын болса және оның құраушы бөліктерінің әрқайсысы жеке-жеке алғанда белгісіз болса олар қосылған тұста оны қайдан біле алады? Бұдан өзгертілген формамен үйлестірілгенге сілтейтін атау әлдебір сөзден алынған кейінгі келетіні болу керек. Оның өз алдына дара және қарапайым әрі ешқандай байланыссыз екендігі белгілі. Ежелгілердің пікірі төмендегідей: олар әлгілерді туындылар деп есептейді, кейінгілері алғашқылардың (74 б.) аналогиясы болып табылады, өйткені олар сөздер заттар ойдан, ой елегінен өткізілгеннен кейін барып пайда болады деп кейін өткізгеннен кейін барып пайда болады деп есептейді. Олар сөздер бастапқыда ақылмен танылғандық тұрғысынан алғандағы ақылда бар нәрселерге сілтеме жасайды және де сол мезетте ақылда арнайы әрекет жүзеге асады деп есептейді. Олар ақылда арнайы әрекеттер алдында, өзінен өзін алғанда сезіммен қабылданатындарға өте жақын жататын заттар болатындығын да бұрынғылар теріске шығармайды. Ол бұрынғыны не белгілер арқылы, не әріптер арқылы, не дауыс арқылы, не ой жүйесінен өткізілмеген сөздер және оларды жеткізетіндердің формаларын қарастырмай жатып-ақ көрсетеді. Сол арада олар не сол керекті сөз болып шықпайды, не олар жеткіліксіз сөздер болып табылады. Мидың арнайы бір амалынан кейін ақылмен танылатын, ақылға сыйымды болып шығатындары ғана ойды жеткізуші болып табылатындары олардың ішіндегі кемелдері болып
табылады. Сондықтан да олар бірінші аналогиялардан шығарылған идеяларды жеткізушілер болып шығуы қажет. Ал қалғандары олардан туындайтын болады. Мысалы, "үру" - бірінші аналогия, "ұрушы", "ұрып жатқан", "ұрып жатыр", "ұрды", "ұратын", "ұрғанды қабылдаған" -булар туынды түрлер. Қалған заттарға да бұл дәл осылайша қатынасты болмақ. Қалған тоғыз категориялардың әрбіреуіне екі атау арқылы сілтеуге болады: туынды атау арқылы және бірінші аналогия арқылы. Туында атаулар көп. Мысалы, флексиялар (жалғаулар) бойынша өзгеріп, туындайтын аттарға "білгір", "танылған", "біледі", "білді" және т.б. жатады. "Мынау не?" дегенді жоғарыда келтірілген тәсіл бойынша көрсететін категорияға байланысты айтатын болсақ, онда оның шыққан жері мен түрлерінің атауларының көбісі бірінші аналогиялар болып табылады және сол көптеген есімдер флексиялар бойынша өзгермейді, ал олардың ішіндегі кейбіреулерінің сөз түрлері туындаған түрде болып табылады, оның идеясы туынды идея болмайды, мысалға "тірі" деген сияқты. Ал олардың топтарына келсек, олар өз түрлері арқылы көрсетілген және солармен өз шекарасын анықтап берген деп есептелінетіндіктен олардың барлығы туынды аттарымен (есімдерімен) беріледі. Жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша "мынау не?" дегенді көрсететіннің барлығының бойында белгілі бір мүмкіншілік, әлеует бар. Дәл осылайша басқа да қалған категорияларды көрсететін туынды атаулар, жоғарыда айтып өткеніміздей, өзінде белгілі бір мүмкіндікті, әлеуетті ала жүреді. Демек, ой арқылы бөлінген салыстырмалы категорияларды көрсететін бірінші аналогиялар өз бойында олардың мүмкіншіліктегі түрлерін қамтиды, оларға бірінші аналогиялар арқылы сілтеме жасайды. Егер оларды (75 б.) туынды сөздер арқылы көрсетіледі деп алатын болса, онда олар мүмкіншілікте өз түрлерін өз бойында қамтитын болады, сонымен қатар, олар туындаған сөзді көрсете отырып, өз мазмұнында (әлдебір) мүмкіншілікті жоғарыда көрсетілген тәсілмен болдырады. Бірақ олар мүмкіншілікті өз мазмұнында жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша ұстап тұрады, демек, "заттың" мәні не нәрсемен танылады дегеннің барлығына тәуелділік таныту арқылы ұстап тұрады. Ал басқа категориялардың түрлеріне келетін болсақ, аталған нәрсені, яғни түрлердің әрқайсысына тәуелді нәрсені біз соған орай тек біріншіні көрсету арқылы анықтаймыз, мысалы, "мынау ақтық" дегенде біздер ол мынау киімге, мынау қабырғаға тән қасиет деп көрсете отырып, демек, біздер киімді немесе қабырғаны көрсете отырып анықтаймыз. Бірақ, жоғарыда көрсетілген біріншіні біздер "мынау ақтық" деген атаудан туынды атау арқылы атай алмаймыз, себебі ол үшін бұл атау болып есептелмейді, бірақ оны көрсетеді. Көрсеткенде сол туралы ол "ол туралы айтпай жатып-ақ есімдікте орналасады" деп көрсетеді. Субстрат туралы айтпай-ақ, субстраттың мазмұнында бар нәрсе деп айтып көрсетуден алдында ескерілген бірінші босай алмайды. Ол оны есімдікте орналаса тұра, есімдік туралы ештеңе айтпайды деп көрсетуден де босай алмайды. Ал есімдіктің ішіне жатпайтынды оның түрі арқылы анықтайды, себебі оны сөзбен анықтайды, оның өзін емес, оның түрін көрсету арқылы анықтайды деген сөз. ЖЕТІНШІ ТАРАУ Сөздің түрлері мен олардың флексиялар бойынша өзгеруі Жоғарыда көрсетілгендей бастауышқа жатпайтын, "мынау не?" /8/ дегенді білдіретін сөздердің әрқайсысы тіптен де септелмейтін сөздер және де жіктелмейтін сөздер, яғни олар үшін етістіктер белгіленбеген. Барлық басқа категорияларды көрсететін сөздерді, жоғарыда көрсетілгендей, өздеріне тән мазмұнында белгілі бір мүмкіншілігі бар деп алатын болсақ, онда оларда басқа бір форма (түр) болады, ал егер оларды, жоғарыда көрсетілгендей, бастауышқа жататын тәсілмен алатын болсақ, онда олардың басқа бір формалары болады. Жоғарыда көрсетілгендей тәсілмен бөлінетіндігі тұрғысынан берілген сол көзқарастың көрсететінінің көбіне көпшілігінде етістік белгіленеді. Ал егер оларға етістік қондырылса, онда ол
арқылы танымның төрт баспалдағына қол жетеді. Бұл жерде мен бірінші жоғарыда көрсетілген білімнің түрін айтып отырамын яғни, "бұл адам" және "бұл ақ", "адам" және "ақ", содан "адам" және "ағартқыш" осылар атауын көрсететін процестен басталады, бірақ жан сол затты көрсететін белгінің сәйкес келмейтінін көрсетуге (76 б.) ұмтылады. "Бүл ақ" деп көрсететін заттың өзі "ағартқыш" немесе "ақ" деп абсолютті мағынада емес, ол "бұл ұзын" дегеннің өзі абсолютті мағынада "ұзын" немесе "ұзындық" деп те емес, бірақ "ұзын" мен "ақ" жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша "ұзындық" пен "ағартқышқа" жақындау болып келеді. Егер жанның ақылды күші бұл заттарды бір бірінен бөліп алса, одан кейін қайтадан біреуін басқасына кейбір үйлестікпен қосса, онда жаннан сыртқары үйлестік болып табылатынға еліктеуді сақтай отырып, біреуінің біреуіне қатысты үйлестірілуі пайымдау болып есептеледі, сөйтіп растаушы және терістеуші пайымдаулар пайда болады. Олардың кейбіреулері шектеу мен шарттаудың үйлесуі болады. Ал кейбіреулері - қажеттілік үйлесуі болады. Мысалы, императив пен тыйым салуда, сондай-ақ, үйлестірілудің басқа да түрлерінде солай болады. Осылайша сөздер пайда болады және де олардың қасиеттері анықталады, олар туралы ойланады және оларды түзетеді, солардың арқасында ақылмен танылатынға еліктеу мүмкіндігі қолға түседі, соның нәтижесінде сөздердің түрлері пайда болады. Ол сөздердің әрбір жеке түрі ақылмен танылатынның әрбір жеке түріне сілтемелейді. Ең алдымен, сөздер жанда барға сілтейтіндігіне бірінші болып қол жеткізіледі. Ал жанда бар нәрсе дегеніңіз жаннан тысқары жатқанның ұқсасы мен имитациясы. "Ең алдымен" деп айта отырып, біз ақылмен танылатын идеялардың біреулері басқаларынан бөлектенетіндігін көрсетеміз - жаннан бөлек тұрмай, бірақ сол жан¬да ерекше жолмен орын ала отыратындығын көреміз. Бір-бірінен бөлектенетін сөздер жанда бір-бірінен бөлектенентін идеяларға сілтемелейді. Ақылмен танылатын идеяларға ұқсастығы көбірек сөздер дегеніміз шындықта болғаннан гөрі жанда орын алған сөздер. Сондықтан болар, адамдар сөздердің сілтегендерінің көбісінің шын әрі ақиқат екендігін біле бермейді. Мысалы, "ақшаңқандық", "қаралық", "ұзындықты" алайық. Олар (нағыз) шындық дегенінің "ақшаңқандық" емес "ақтың" өзі, "ұзындық" емес "ұзынның" өзі деп ойлайды. Сол сияқты адамдардың копшілігі "ақтың", "ұзынның", "адамның" шындығын мойындамайды. Ал нақты шындық деп ол "осы адамды", "осы ақты", "осы ұзынды" алады. Жоғарыда аталған әдіспен сілтемеленетін (саны жағынан) азырақ болатындығын да олар біле бермейді, сөйтіп, олар ақылмен танылар нәрселердің барлығын жалған деп мәлімдейді (77 б.) Алайда, осының барлығы сезіммен қабылданатын (заттармен) сәйкес келмейді, біріншіні тануға қайшылық тудырады және адам (табиғатынан) тысқары жатады. Адам табиғатынан сөздер арқылы сөйлейтін болып жаратылған, (сөздермен) әлденеге сілтейтін, көрсететін және әлденеге оқытатын болып жаратылған. Сол сияқты, адам өзінің миындағы заттар жоғарыда сипатталып жеткен жағдайларда ақылмен танылатын болуы да адамның жаратылысынан бар нәрсе. Олардан кететін қателікті айту актінде, оқыту барысында және де (деп) адамдар арасында барды түсіндіру орын алғанда ғана табуға болады. Олай болмаған жағдайда адамдар мен өсімдік пен тастар арасында (ешқандай) айырмашылық болмас еді. Дәл соны адам мен жануарларды (салыстыра отырып) та айтуға болады. Адам үшін оқыту мен түсіндірудің болғаны қажет. Ал оны сен (өзіңнің қалауың бойынша) тәсілдер арқылы анықтай (аласың) және де олар адамдар арасында анықталғаннан соң, түсіндірілген соң тана мүмкін болмақ. Ал егер мән-жай дәл осылай болса, онда ақылмен танылатындар өздерінің орналасуына сай (принциппен) қайталанады. Атаумен белгілену барысында, егер ол сөздің арқасында жүзеге асып отырған болса және дәуірлер өтінде өнер пайда болған кез¬де түзетілер болса, онда ненің туынды екендігі, ал ненің туынды еместігі анықталады. Сондай-ақ, ол ондағы идеяға сілтемелейтін нәрсе алдында жоғарыда келтірілген тәсілмен ойша бөліп алынған нәрселер не екендігін анықтайды. Тағы да олар жоғарыда қалай сипатталған болса, яғни олардың кейбіреулері "бүл не?" дегенге жоғарыда
көрсетілгендей жолмен нұсқайтын болса, ал кейбіреулері басқа да ақылмен танылатын дүниелерге нұсқайтын болса, солардың тұрғысынан сол идеялардың өзіне де нұсқайды. Ойша бөліп алынған идеялар уақыт тұрғысынан алғанда жоғарыда келтірілген тәсілмен анықталғаннан кейін келеді және де жоғарыда аталғандай-ақ онда әлдебір әлеуметтілік болады. Ал енді ойды жеткізетін сөздерге келетін болсақ, онда олардың арасында формасы бойынша алуан түрлі сөздер болғаны қажет. Олар идеяны көрсеткенде оны заттардан ойша бөлініп алынған дүние ретінде қарастырады. Ал қалған сөздер идеяларды онда (әлденендей) әлеуеттілік барлығы тұрғысынан қарастырады. Баз біреулер идеяға онда жоғарыда келтірілген тәсілмен бар әлдебір әлеуеттілік тұрғысынан сілтемелейтін сөздер мен сол әлеуеттілікпен анықталатындығы тұрғысынан сілтемелейтін сөздер идеяларды толықтыратын сөздерден шыққан туындылар болып табылады деп ойлайды. Ондай сөздер өз алдына жоғарыда келтірілген жолмен ойша бөліп алынған сөздер болып табылады. Әрі сол сөздер бірінші аналогиялар да болып табылады. Басқалар бұған қарама-қарсы көзқараста болады. Осы екі адамдар тобының әрқайсысы үшін бұлардың барлығы талқылау пәні болып табылады. Қасиет болып табылатындығы тұрғысынан алынған сөздер және солар арқылы жоғарыда келтірілген жолмен қасиетті анықтауға болады деп алынған сөздер жаннан тысқары өмір сүруге лайық. Араб хаткерлері оларды "масдарлар" /9/ деп атайды (78 б.). Олар үш түрлі уақыт жағдайында өзгеріске түседі. Жоғарыда келтірілген жолмен өз бойына жинақтау тұрғысынан алғанда есімдікте жоқ нәрсе, бірақ оған идеялар нұсқаса, онда олардың барлығы туындылар болып табылады. Басқа категориялар арасында жоғарыда аталған жолмен есімдікте жоқ және масдардан туынды болып табылатындары да бар. Егер де біз сөз үшін форма іздеуді ұнатсақ, ол масдардың орнына жүретін болса, онда біз масдар сөзінен туындамайтын сөзді негізге алып, әлгіні құрастыруға тырысар едік. Дәл сол сияқтыны біз жоғарыда келтірілген "бұл не?" сұрағына жауап беретін (яғни зат есімде жоқ нәрсе) заттардың атауларымен де жасай аламыз. Мысалы, "адам", өйткені "адам өзін өзінің адамшылығымен", "еркек еркектігімен" анықтайды деп айтамыз. Ол да біздің "ол ақ ақтығымен ерекшеленеді", "ол ғалым білімділігімен таңдандырады" дегеніміздей. "Адамгершілік" (сөзі) де масдар, "ерлік" сөзі де масдар болып табылады немесе оның орнын ауыстырады. Алайда, басқа катергориялардың масдары шын мәнінде өзінің тасымалдауышысынан ойша ажыратылған идеяларға нұсқайды. Әрі сол арқылы олардың мәніне сырттай қатыстыны анықтайды. Егер қалған категорияларды ойша заттардан ажыратып алатын болсақ, онда заттар ақылға сыйымды мәнге айналады. Ал ой арқылы ажыратылған нәрсе өзінің табиғаты тұрғысынан ғана дерексіздендірілген, басқадай ештеңемен байланысты емес ақылға сыйымдылыққа айналады. Біз "адамгершілік", "ерлік", "жасампаздық" сөздерін және солар тектес масдарларды сол сөздер заттардан ажыратылған және бөлінген қарапайым затты көрсетіп түр ма деген сұрақ тұрғысынан қарастырумыз керек. Егер бүл рас болса, онда "адамгершілік" сөзінің пәні қандай? Егер ол "адам" сөзіне қатысты болса, онда ол шын мәнінде құрамында пәні бар идеяны көрсетіп тұр. "Адам" сөзінің идеясы сол пәннен және өзінің мәнін көрсетпейтін тасымалдаушының қандай да бір идеясынан құралған. Олар үшін ортақ нәрсе "адам" идеясының жалпылығы болады, бұл жалпылық бастауышқа жатпайтын, "бұл не?" екенін анықтайтынның барлығына тән жалпылық. Әр идея екі заттан тұрады: біреуі - "ақшаңқандық" не екені туралы, екіншісі "ақшаңқандық" неде бар екендігі туралы, ал олардың екеуіне де ортақ нәрсе - "ақ" болып табылады. (Мұнда) "адам" сөзінің мысалындағыдай жағдай қайталанады. Қалайша (79 б.) "ақшаңқандық" потенциалды түрде өз бойында өзінің пәнін алып жүреді, дәл сол секілді, "адам" жайында да онда да потенциалды түрде өзінің пәні болады ма деп сұрауға болады.
Пән, жоғарыдай айтылғандай, "адамда" потенциалды түрде бар болатындай болып табылмайтындығы айдан анық, өйткені "адам" бұл ақылға сыйымды, жоғарыда айтып кеткенге сай және ол жоғарыда айтылып кеткен "бұл нені?" білдіреді. Ал пәннің өзіне келсек, ол "адам" арқылы "бұл не?" дегенді нұсқамайды. Бұл пәннің "адамға" қатысы жоғарыда айтылып кеткен субстратқа жатпайтынның "аққа" қатысы сияқты. Жоғарыда айтылып кеткеннің "адамға" қатысы жоғарыда айтылып кеткеннің "аққа" ақ болып табылатындар ішіндегі бағыныштыға қатысы іспеттес (ал ол жалқы ақ түрі). Әрі ол "ақты" әлдебір актуалды, бар нәрсе ретінде белгілейтінді білдіреді, өйткені біз бұл пән "адамда" шын мәнінде актуалды түрде бар деп айтамыз. Осылайша "адам" оның негізін құрайтын екі заттан тұрады. "Адамның" негізін құрайтын да, оны анықтауыш ретінде көрсететін де нәрсе оның тегі және ерекше белгісі немесе басқа екі зат, оның біреуі - материя ретінде, ал екіншісі - формасы мен сырт келбеті ретінде алынады. Мысалы, оған "ақшаңқандық" форма, ерекше белгі және айтылып кеткен пән тәрізді тән "ақ" немесе материя әлде тек сияқты оның кейбір түрлері мен тектері екені анық. Алайда, "ақ", "ақты" актуалды түрде көрсететін болса, пәнді потенциалды түрде көрсетеді. "Адам" форма немесе ерекше белгі неге тән болса соны актуалды түрде көрсете ме? Ал материя мен тек ретінде қарастырылатынды потенциалды түрде көрсетеді ме? Әлде екі жағдайда да ол оларды актуалды қылып көрсете ме? Егер бұны осылай қарастырсақ,онда"адамгершілік"дегеніміздің "адамнан", ал "ақ" дегеніміздің "ақшаңқаннан" туындайтындығы белгілі. Мұның әрқайсысы не болып табылады? Ол материя ма әлде форма ма, не болмаса, ол тек пе әлде ажыратушы белгі ме? Егер "ақшаңқандық" форма есебінде немесе ерекшелеуші белгі ретінде болса, "адамгершілік" болмыстың мәні. Ол мән форманы немесе ерекшелеуші белгіні абстрактыланған түрде, материяны немесе текті елемей, қарастырмай білдіретін болады. Сонымен, "адамгершілік" не "парасаттылық" тектес нәрсе және соның анықтаушы, не парасат тектес нәрсе. Егер "адамгершілік" дегеніміз "парасаттан" абстрактіленген "парасаттылық", ал "адам" дегеніміз "парасатты" болып табылса, онда "парасатты" өзінің бойында жануарлық идеяны актуалды түрде емес, потенциалды түрде құрайды. Осылайша, "парасатты" дегеніміз "адам" дегеннің "жануар" дегеннен артық әлдене екендігін анықтамайды. Сонымен, бұл масдарлардың мысалы (80 б.) әр құрамдас бөлікте мағынаның ақиқаттығын анықтай отырып, жоғарыда айтылып кеткен "бұл нені?" анықтайды. Мысалы, форма немесе ажыратушы белгі. Оларды туынды есім арқылы көрсетпеді. Ал бөлініп алынбаған, ерекшеленбеген нәрсе не материяға жатпайтын форма ретінде, не формасы жоқ материя ретінде алынады және ол үшін масдар қоюға болмайды. Ал егер оған масдар анықталған болса, онда сол масдар арқылы көрсетіліп отырған нәрсе мен сол масдардың туындысы арқылы көрсетіліп отырған нәрсе бір ғана мағынаға ие болады және басқалай бола алмайды. Сол сияқты, жоғарыда келтірілген "бұл не?" дегенге сілтемелейтін ажыратушы белгілер берілген заттың не екендігін де анықтайды. Алайда, араб тілінен басқа тілдерде, айтылуына байланысты жалғаулары бойынша өзгеретін масдарлар сөздердің форма - қалыптастыруын екі түрге жіктейді. Оның алғашқысы араб тіліндегі "оқу" сөзіне ұқсас, ал екіншісі - "адамгершілік" сөзіндегідей. Бір сөзбен айтқанда, олар пәніне сай жалғаулықпен өзгермейтін масдарларға ұқсас. Басқа тіл өкілдері масдарды "ғалым" сөзінен құрастырады, сөйтіп, мәселен, "білімділік" дейді. Ол да"адамшылық" дегендегідей жағдай. Бұл басқа атауларға (олар жалғаулар арқылы өзгере ме, өзгермей ме - бәрібір) да бірдей қатысты нәрсе. Олар үшін масдарлар дәл сондай принцип арқасында бекітіледі. Менің айтқым келіп отырғаны, олар "үшбұрыш" сөзінен "үшбұрыштық", "домалақ" сөзінен "домалақтық", "ақ" сөзінен "аппақтық", "қара" сөзінен "қап-қаралық" шығатындығы сияқты. Дегенмен,олар,соныменқоса,"үштұғырлану","домалану","ақшаңқандық", "қаралық" деп те айта береді. Алайда, "ақшаңқандану", "қаралану", "болжамдану", "ғалымдық", "үшбұрыштану",
"домалақтанудың" формасы жағынан "адамшылық", "ерлік" дегенге "ілім", "қаралық", "ақшаңқандық" дегеннен гөрі көбірек ұқсайтындығын көреміз. "Ілім", "қаралық", "ақшаңқандық" абстрактіленген идеяларға және әртүрлі пәннен және сол пәнде онымен байланысты болғанның бәрінен ерекшеленіп бөлініп алынғанға нұсқайды. Ал "аппақтық" пен "қап-қаралыққа" тоқталатын болсақ, онда олар бүл түсініктерді өздерінің пәндерінен бөлінбеген және өздерінің пәндерінде бірге орналасқан деген көзқарас тұрғысынан анықтайды. Сондықтан да осы формадағы сөздер басқа тілдерде қиын болуы мүмкін, мәселен "абкаса", "абшама", "абдарийа"/10/сынды сөздер. Бүл формалар олар оз пәндерінде берік бекітілгендігін де көрсетіп беріп отыр, өйткені дәп сонысымен сол тілдерде "ғалым" сөзі "білімділік" сөзінен ерекшеленеді, өйткені "оқу, ілім" (сөзінің формасы) ол (пәнде) бекітілмеген кезде (81 б.), бәлкім, мамандықтың көрсеткіші болып шықпайды және әрең жойылатын болып табылмайды. Ал "білімділік" сөзіне келетін болсақ, ол өз пәнінде бөлінетін болып тұрақталған дүние ретінде анықталады. Ал басқа осы сынды масдарлар болса олар белгілі бір атаулардан алынған, туынды болып шығады. Олар сол тілдерде өздері өзгермейді, ал егер оларды жалғаулық бойынша өзгерту туралы ой пайда болса, онда оларға әрекетті білдіретін сөзден жалғаулық жалғау қажет, сонда біз, мәселен: "білімділік етіп жасау", "білімділікті пайдалану" деп айтқан болар едік. Сондықтан да "адамгершілік" сөзі белгілі бір пәнге тиесілі әлденені анықтайды деп түсіну қажет. Дегенмен де, бұл масдарлар осындай формалармен құралмаған атаулардан, яғни атаудың бойында өмір сүру идеясы бар болатын атаулардан, байланыстырушылардан өзгешеленеді. Байланыстырушылардың арқасында предикат субъект үшін предикт болып шығады. Сондықтан да біз "Зейд дегеніміз адам" дейміз, бірақ "Зейд дегеніміз адамшылық болып табылады" деп айтпаймыз. Сондай-ақ, "Зейд дегеніміз ғалым" дейміз, бірақ "Зейд дегеніміз білімділік болып табылады" демейміз. Тіршілік ететіндігін білдіретін сөздердің формасы, яғни байланыстырушы болып табылатын сөздердің формасы "бүл не?" деген сұрақ арқылы нені белгілеуіне байланысты ерекшеленеді және басқа заттар сол арқылы нені анықтайтындығына байланысты ерекшеленеді. Мысалы, "қанша?", "қалай?" және т.б. "Бұл не?" дегеніміздің қандай да белгілі бір формасы болуы да мүмкін, ал анықтаманың басқа бір жақтарын танытатын нәрсе басқа форма болып табылуы да мүмкін. Бір жағдайда қолданылғанның формасы басқа жағдайда қолданылмайды. Бірақ егер де сөздер шындығында да (форма құру) заңына тәуелді болатын болса, онда формалар сол бір ережеге сүйене отырып жасалынады. Олардың біріккендігі соншалық, формада белгілі бір ортақтық пайда бола да алады. Қандай да бір форма көбінесе анықтаманың басқа жақтарын түсіндіру барысында байланыстырушының барлығын танытады, бірақ ол "бүл не?" деген сұрақ арқылы жасалмайды. Кейде форма өзгеріске ұшырайды және де "бұл не?" дегенді нұсқайды, мысалы, "тірі" деген сөздің адам тегіне қатысты "жануар" сөзінің орнына қолданылуы сондай. "Тірі" сөзінің атауы мен оның формасы туынды болып табылады, бірақ олар арқылы туындының идеясы көрсетілмейді. "Бұл не?" дегенді анықтаушыда байланыстырушының бар екендігін көбірек көрсететін қандай да бір форма бар. Кейде ол түрін өзгертеді және де анықтаманың басқа жақтарын байқатады. Кейде масдардың формасы болатын сөздер де кездеседі, ал идея туындының идеясы болып табылады. Мысалы, "еркек - жүзім сабағы" деген үлгідегідей. Бәлкім, грек тіліне біртуар қасиет тән (82 б.) болар. Мысалы, қандай да бір атау өз пәнінен алшақтаған қандай да бір категория мен қандай да бір текті көрсететін болар. Ал ол пәнді сол атпен аты сол түрдің атынан туынды ат болып табылатын атқа ие болғандықтан да атамайтын болар, оны басқа бір түрдің туындысының атымен атайтын да болар. Мысалы, "ізгілік" деген сөз грек тілінде араб тіліндегідей түрін өзгертпейді. Сондықтан да гректер "ізгілікті" деп ешқашан айтпайды, оның орнына (басқа сөздерді пайдаланады), мысалы, "ұқыпты", "ысырапқор емес" дегендей сөздерді пайдаланады.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Байланыс "Байланысты" /11/ геометрлер мен математиктер көбінде қандай да бір категорияны танытатын қатынастардың түрі болып табылатын идеяға сілтей отырып пайдаланады. "Байланыс" дегенді олар коп жағдайда олар "бір тектің екі шамасын есептеу барысындағы қатынасы" ретінде анықтайды. "Бір тектің" деген сөзбен олар қос жазықтықтың, не болмаса қос сызықтың, не қос көлемнің арасындағы қатынас болып табылатынды меңзейді, бірақ ол ешқашан жазықтық пен сызық, көлем мен жазықтық, көлем мен сызық арасындағы қатынас болмайды. "Есептеу барысында" деген сөзбен олар не тендікті, не көбеюді, не азаюды айтады. Есептеу барысындағы қатынас ешқашан осы айтылған қатынастан тысқары болмайды. Өйткені мұнда қандай да бір теңдік бар, не әлдененің қайсы бір бөлігі басқа бөлігінің арқасында көбейеді, не басқаның арқасында әлдеқандай бір бөлігі азаяды. Олардың (геометрлер мен математиктердің) байланыс түрлері тендік, азаю әлде көбею түрлеріне сәйкес келеді. (Әлдене) ұқсасы бар теңдік сол тендік түрлі текке тиесілі болса бір сызық басқасына тең сияқты болғандай болып шығады; дәл сондай жағдайды басқа көлемге тең көлемге қатысты да көруге болады немесе бір жазықтық басқа бір жазықтыққа тең болғанда да көруге болады. Ал егер бір сызық басқа сызықтан жоғары тұрса, онда сол жоғарырақ болу барысындағы байланыс, қайсыбір өнер анықтағандай, тең түсетін қос көлем жағдайына сай байланыс болар еді. Оны геометрлер бір-біріне сәйкестік танытатын есептеулер туралы айта келе олар бір сәйкестілік деп анықтайды. Ол "бірінші және үшінші есептеуші үшін қосарлы тендік алынатын болса, сол сияқты екінші және төртінші есептелуші үшін қосарлы теңдік алынатын болса, онда бірінші мен үшінші бірге алынғанда екінші мен төртіншінің еселенген ұлғаюына немесе олардың азаюына екі есеге немесе екі бірдей теңдігіне қатысты (83 б.) екі есеге өседі. Олардың сол туралы айтқандарының ішінен табылған қалған нәрселер туралы былай делінеді: "олардың барлығы қатынастардың түрлері болып табылады". Арифметиканың мамандары "байланысты" қатынастың түрі ретінде де анықтайды. Олардың сол туралы айтқаны мыналар: "Арифметикадағы байланыс дегеніміз санның (қандай да бір) бөлік немесе басқа бір санның бөлігі болып табылатындығы". Ал ол дегеніміз геометрлер арнайы бөліп қарастыратын қатынастардың түрлерінің бірі болып табылады. Геометрлер анықтайтын байланыс дегеніміз құрамында арифметикадан маманданғандар байланыс деп анықтайтын байланысы бар тек болып шығады. Олардың анықтауындағы "байланыс" логикалық байланыс болып табылады, ал геометрлердің анықтауындағы "байланыс" логикалық байланыс та болуы мүмкін, логикалық емес байланыс та болуы мүмкін. Логиктер "байланысты" ең жалпы қатынас ретінде анықтайды. Ол қатынас әлдеқандай категория болып табылады. Олар қатынасты қандай да бір байланыс деп есептейді. Біз сөзбен айтқанда, әрбір екі зат қандай да бір бөліктің арқасында бір-бірімен байланысады. Ол бөлікті байланыс бөліктері деп атайды. Мысалы, "әлденеден", "әлденеге" және де сол сияқты бөліктер. Оларды "байланыстырушы бөліктер" дейді, немесе байланыс бөліктері дейді. Бұл бөліктерден басқа, заттар арасындағы байланыс кез-келген басқа бірігулер көмегімен жүзеге аса алады. "Байланысқа" бірнеше: "қатынас", "қайда", "қашан", "онда бар" деген сынды категориялар қосылады. Қарапайым адамдар "байланысты" осы торт категориялардың барлығын қамтитын тек деп анықтайды. Бірақ оны (қандай да бір келісім) бойынша коп заттар үшін тек және категория болып табылады деп анықтаудың қажеті жоқ, өйткені категориялар туралы соз жүзінде олар алдындағы және кейін келуші деген (мағынада) айтылады. (Мысалы), "қашан" дегеніміз "қайда" дегеннен кейін келуші, өйткені осы уақытпен байланыс дегеніміз дененің қандай да бір "қайда" деген
жерде әрекетті басынан кешіруі деген соз. Қандай да бір сәтте уақыт пайда болады. Уақыт затқа сәйкес және де ол заттан сол заттың болмысына сәйкестік таныту үшін қатынасады әрі ол байланыс әлгі байланыспен ұқсас, яғни заттың өз орнымен байланысына ұқсас. Затта бар нәрсе қандай да бір байланыс. Бірақ ол қандай да бір "қайдасыз" болмайды. Ал бәрі осы айтылғандай болса, онда бүл байланыс "жағдайдан" кейін келетін әлдене болып табылады, ал жағдайдың өзі - "қайдадан" кейін келетін (84 б.) әлдене болып шығады. Байланыс туралы берілген затқа басқа затқа қатысты қандай да бір жағдайда болу үшін қандай да бір "қайдада" болуы (қажет) болады деп те айтылады. Сондықтан да "байланыс" деген сөзден құралған сөйлем туралы келісімді түрде айтудың қажеті жоқ, бірақ (айтылса) қандай да бір ортақтық тұрғысынан айтылсын, не қандай да бір келісім тұрғысынан айтылсын. Ортақтық бойынша не ортадағы буын бойынша "байланысу" дегеніміз "қатынас", "қайда", "қашан", "онда бар" деген категориялар туралы сөз айту болып табылады. Байланыстың атаулары геометрлер қолданатын қатынастың түрлерін білдіреді. Логиктерде бар ең жалпы атауды геометлер жеке түрде қолданады. Қатынас болып келетінді танытатын тектің атауы оның тағы да бірқатар түрлерін көрсетеді. Бүл атаудың жиынтығы арқылы жүзеге асады, ал олар кейде жалпы және кейде жекені білдіреді. Бізден "байланыстың" анықтамасы туралы сұрайтын болса, онда біз былай деп жауап қайтармыз: ол дегеніміз "қатынас" дейміз. Содан кейін біз өзіміздің көз алдымызға оның "қайда" екенін елестетеміз, содан соң "қашан" екендігін елестетеміз, кейін барып не "онда бар" екендігін елестетеміз. Ал егер бізден ол нені қамтиды десе, біз былай деп жауап қайтарамыз: оған ол сол аталған төрт категорияны қамтиды дегеннен (басқа) анықтама жоқ. Бірақ "қатынас" пен "байланыс" атауларын грамматиктер "бүл не?" дегенді жеке түрде көрсету үшін пайдаланады. Ол туралы жоғарыда сөз болған. Демек, еліне, шығу тегіне және тайпасына байланысы бар әлдене екендігін көрсету үшін пайдаланады. Олар әрбір осы топтағы адамдарды ұқсас дыбысталушылар арқылы берілген сөздермен және қандай да белгілі бір әріпке аяқталатын, мысалы, араб пен парсы тілдеріндегі сияқты, немесе грек тіліндегідей қандай да бір белгілі әріпке аяқталатын болған. Әр атау белгілі бір дыбысталулармен дыбысталып, жария етіледі, себебі олар сол бір дыбысталуды қабылдамайтын және қандай да бір байланысқа меңземейтін сөздерден бөлек байланысты көрсетеді. Олар бұл ерекшелікті байланысатын және байланыстыратынның атауы ретінде бөле-жара ерекшелейді. Одан не байланыс деп, не байланыстырылатын деп аталмайтынды алып тастайды. Дәл сол сияқты, кез келген тілді тасымалдаушыда сөздер мен әріптердің формалары олардың (сөзжасау ережелерімен) байланысты. Егер олардың сөздері белгілі бір дыбысталу арқылы айтылатын болса немесе белгілі бір әріптермен байланысты болса (85 б.) және де егер олар сөздердің мағынасын білдіретін болса, онда олар "қатынастықты" білдіреді. Ал ол сөздер өздерінен өздері сол сөздердің арқасында, дәл сол бір дыбысталулар арқасында немесе сол бір әріптермен байланыстырылуы арқасында соларды жеткізуші болып табылады. Олардың "қарымқатынасы" мынандай: олар идеяларды сәйкестілік танытатын дыбысталулар арқылы айтып жеткізеді және олар сәйкестілік танытатын әріптер арқылы байланыса отырып көрсетеді. Оларға "қатысты" деп аталатыннан басқасының бәрі жатады, бірақ оған "қатынас" деп аталатын кірмейді. Егер сен сол сөздермен көрсетілетіндердің әр идеясын бөлек қарастырсаң, онда олардың біреулерінің "қарым-қатынас" категориясына бағыныштылығын, ал кейбіреулерінің - қалғандарына, яғни ең сәйкес категорияларға бағыныштылығын табасың. "Байланыс" идеясы осындай және онда "қарым-қатынас" идеясынан басқа (идея) жоқ. ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ Қатынас
Қатынасты заттардың әрбіреуі /12/ басқа біреуімен оларға ортақ бір идея арқылы қатынастырылған болып табылады. Ол идея олардың әрқайсысына бірдей бір уақытта бар болып табылады. Мысалы екі қатысты нәрсе бар делік: А және Б. Егер осы жалпы идея оны Б-ға қатысты А әрпімен белгілеуден тұратын болса, онда мұнда А әріпі Б әрпімен қатыстырылады, ал егер оны Б әріпімен А-ға қатысты белгілесек, онда бұл жерде Б әрпі А әрпімен қатыстырылады. Бұндағы жалпы идея мынандай: ол "қарым-қатынас" болып табылады, соның әсерінен әр қатыстырылған екі заттың әрқайсысы басқасына қатысты салыстырылған күйде болады. Бүл идея шатыр мен еденнің арасындағыға қолданыла алады. Егер шатырды басы ретінде, ал еденді соңы ретінде алсақ, онда оны ылдилау деп атауға болады, ал егер басы ретінде еденді, ал соңы ретінде шатырды алса, онда оны көтерілу, биіктеу деп атайды. Олардың екі жақта орналасқан нәрсе ретінде алынғандығының ешқандай айырмашылығы жоқ. "Қарым-қатынас" мәселесі де дәл сол сияқты, өйткені екі жағы бар қос қатысты дүниелердің екеуі бір жағдайда А-дан Б-ға қатыстырылған болып, ал басқасында Б-дан А-ға қатыстырылған болып алынады. Қарым-қатынас түрлерінің арасында тіптен атаулары жоқтары да бар, бірақ екі атаусыз қатыстырылған (заттар) өздерінен өздері қарым-қатынастың бір түріне жатады. Екі қатыстырылған зат үшін берілетін екі атау олардың қатысты дүниелер болып табылатындығы мағынасына меңзеу тұрғысынан емес, оларды қатынас барысында пайдаланатындығы (86 б.) тұрғысынан алынады, бірақ (сол мезетте) олардың арасындағы қатынас идеясы түсініксіз болып шығады. Қатыстылардың біріне атау қойылса, қатынастың атауы болады, басқасына атау қойылмаса, онда оның да атауы болмайды, бірақ сол бір басқаның атауын қатынас барысындағы мәнін меңзеп барып пайдаланады, ал біріншісінің атауын қатынастың түріне қарай нұсқап пайдаланады. Егер екі атау бар болатын болса әрі олардың әрқайсысы қатысты заттардың біреу ін нұсқайтын болса, өйткені оған қатынастың бір түрі тән болатын болса, онда олардың біреуінің басқасына қатынасы барысында ат берілетін болады. Ол атау қатынастардың түрлерінің біреуін білдіретін болады. Бұл екі атау бір-біріне қарсы келгенде болатын жағдай. Мысалы: "бала" және "әке" дегенде. Не болмаса, екі атау бір нәрседен туындаған жағдайда, мысалы, "иеленуші" және "иелік" дегенде және де қатынастылардың біреуінің атауы басқасынан туындаған жағдайда, мысалы: "білім" мен "біліммен танылатын" дегенде, немесе екі атауың екеуі де әлдебір жататын болғанда, мысалы, "дос" және "дос", "жолдас" және "жолдас" дегенде Екі атауы барлардың көбіне сөйлеушілер ұқыпсыздық танытады. Олар қатынастылардың біреуін немесе олардың әрқайсысын олардың басқасымен салыстыра және қатыстыра отырып қарастырады. Олардың мәнінің туынды екендігін меңзей отырып, олардың атауларын алып қарастырады. Сонда олардың пәндерді меңзейтін атаулары назардан тыс қалады. Ол атаулар солардың біреуі басқасымен қатысты болып табылатындай қатынас түрін білдіретін атау. Ол біздің "Зейдтің бұқасы" дегеніміздегідей, бірақ онда бұқа да, Зейд те Зейдтің бұқаға қатысы жүзеге асатын қатынасты меңземейді. Ал егер біз: "Бұқа Зейдтің меншігі, ол - бұқаның иесі" десек, онда "иелік" пен "иеленуші" екі атауға ие, өйткені олар үшін осы қатынас түрі бар болып тұр. "Зейд" дегеніміз онымен қатыстының мәніне сілтейтін есім. Ол оған осы қатынас түрі тиесілі болғандықтан солай болып тұрған жоқ. Ал егер біз "біреу-міреу Зейдтің құлы, ал ол -оның қожайыны" десек, онда біз оларды екі атаумен белгілеген болар едік, ол атаулар оларға қатынастың осы түрі тән екенін меңзер еді. Екі қатынасты (пәндер) арасында қатынас тегі сол қатынасты заттардың әрқайсысы үшін өзіндік атауға ие болған жағдайда болуы мүмкін, өйткені оларға қатынас тегі оларға тиесілі әлдене ретінде тиесілі болады. Қатынасты екеудің екеуі де атаусыз болған кезде болады, өйткені оларға сол қатынас тегінің түрі тиесілі болады. Мысалы: "білім" және "біліммен танылатын", өйткені "білім" дегеніміз танылатынға білім болып табылады, ал "біліммен танылатын" білім арқылы танылатын нәрсе. "Білім" түрлеріне атау жоқ, өйткені олар "білім арқылы танылатынның" түрлеріне қатысты тек болып табылатынның қатынасының түрлері жатады. Мысалы: "грамматика"
мен "риторика". Біз "грамматика дегеніміз әлдебір нәрсе үшін грамматика, ол грамматика арқылы танылады" дей алмаймыз, алайда грамматиканы біз грамматиканың көмегімен оған танылатындар арасынан қатысты әлдебір нәрсемен байланыстырғымыз келсе, онда біз оны оның тегін көрсету арқылы алуымыз керек, сонда ғана біз: "грамматика дегеніміз грамматика арқылы танылатын әлдебір нәрсені білу" дей аламыз. Екі қатынасты заттың шартты болып келесілер табылуы тиіс: олардың әрбіреулері оған оның атауы болатын нәрсенің оны оған қатынастың осы бір түрі тиесілі деп қарау тұрғысынан сілтемеленіп барып алынады. Осы (жағдайға) қатысты Аристотель: "Екі қатысты (заттар) олардың тіршілігі олардың қатынастардың бір түрі арқылы қатысты болып табылуының арқасында қатысты" дейді. Ендеше, егер біз бір нәрсенің басқа бір нәрсемен байланысы қандай да бір байланыстырушы бөлшек арқылы байланысса немесе екі қатыстының формасы немесе олардың біреуінің формасы сол берілген бір тілдегі қатынастылық формасын танытса, онда оларды қатынасты деуді тіпті оларға осы қатынас түрі тиесілі болатындығын атауы айтып тұрса да олай деп, яғни қатынасты деп атаудың керегі жоқ. Кейде олар қатынасты деуге болады. Ал көпшілікті, риторлар мен ақындарды алатын болсақ, онда олар сөйлеу барысында ұқыпсыздықтар жіберіп отырады. Сондықтан да олар қос (қатынасты заттардың) әрқайсысын анықтайды. Олардың біреуі туралы басқасымен салыстыра отырып, оның мәнін танытушы өз аттары арқылы тіршілік етуші ретінде қарастырып отырып, оларға осы қатынас түрлері тиесілі болатындай деп белгілеп отырып, немесе, оның ішіндегі біреуі затқа оған қандай да бір қатынас тиесілігі тұрғысынан қарастырыла отырып, олардың екеуіне де тән қатынастар тұрғысынан алына отырып, ал басқасы заттың мәнін танытатын атымен алынады. Осылайша әу бастан сәйкес нәрселер сипатталады, өйткені бастапқы көзқарастарда сәйкестілік дәл сондай сипаттамадан тұрған болатын. Сондықтан Аристотель "Категория" кітабында қатынастылық туралы тарау басында былай дейді: "Заттуралы ол қатынасты деп егер оның болмысының мәні туралы байланыстың қандай да болмасын бір түрінде оны басқа затпен салыстыра айтатын болса ғана айтады". "Оның болмысының мағынасы" деген соз тіркесімен Аристотель оның қалайша жалпы түрде болатындығын, оның қалайша өзінен-өзі өзіне тән қатынас түрлеріне (88 б.) меңзейтіндігін білдіргісі келген, немесе оның мән-мағынасы қалайша сөзбен жеткізілетіндігін көрсеткісі келген. Сондықтан Аристотель "қатынасты" идеясына қысқа түсініктеме бергенде "қатынастының" анықтамасын беру үшін бірінші сипаттаманың жеткіліксіз екендігін есте сақтаған жөн. Ендеше, "қатынастырылған" басқаша сипатталады. Ол сипаттамамен осы анықтама тиесілі идеяның анықтамасы аяқталады. Ол оны ешқашан тастап кетпейді . Қатынастырылған (заттар) мен қатынас дегеніміз осындай. Қатынасты мен қатынас туралы (сұрақты қарастырған уақытта) ескерілуі жөн деген атаулар осылар. Арабтың грамматиктері нені естімесін, бәрін "қатыстырылған" деп анықтайды, себебі олар біз айтып кеткен және шешендер (риторлар) мен ақындарда қабылданған анықтамаға сай келеді. (Сонымен қатар) ол бірінші сипаттамамен де сай келеді. Аристотель сол бірінші сипаттаманың көмегімен "қатыстырылғанды" өзінің "Категория" деген кітабында сипаттап берген болатын. Бірақ қатынастысын жоғалтқан қатынастырылған немесе бір заттың екіншісіне тең дәрежедегі қарым-қатынас ретінде байланысына жол беретін қатынастырылған Аристотель жоғарыда атауы келтіріліп кеткен кітапта көрсетілген "қатынастырылғанның" соңғы сипаттамасына сәйкес келмейді. Саған да "қатынастырылғанды" соңғы сипаттауға сәйкес келетін дегеннен басқашалап атаудың қажеті жоқ. Ал ол дегеніміз (қатынастырылған заттардың) біреуінің екіншісіне деген қарым-қатынасының тең дәрежедегі қарым-қатынас болатындығы. ОНЫНШЫ ТАРАУ
Қарым-қатынас пен байланыс Ал "Зат қайда?" /13/ деген сұраққа қалай жауап беру керек дегенге тоқталатын болсақ, онда оған ең алдымен заттың әлдебір орны бар дегенді білдіреді. Оның үстіне, оған қандай да бір байланыстырушы бөлшекті пайдалана отырып айтамыз. Көп жағдайда бұл біздің "Зейд қайда?" дегендегі "ішінде" деген бөлшек. Бұған: "үйде", "жәрмеңкеде" деген сөздер жауап болып табылады. Ең алдымен, адамның ақылына сол бөлшектердің (барлық) мағыналарының ішінен бірінші болып келетіні затты жалпы алғанда оның орнымен байланыстыратын немесе оның оған жеке түрде қатысты (сондай) орнымен, не оның шығу тегімен, не оның түрімен байланысты нәрсе болып табылады. Бұл бөлшектер басқа да заттарға енгізілетінге ұқсайды, оларды қандай да бір орынмен байланыста көзге елестетеді. Егер де орын затты қамтып, қоршаса, онда сол зат әлгі орынмен орынымен қоршалғандай қатынаста болады. Қоршалған дегеніміз қоршаумен қоршалған нәрсе, ал төңіректегі қоршау (89 б.) дегеніміз төңіректегімен қоршалған деген сөз және бұл мағынада алынған орын дегеніміз қатынастырылған орын болады. Аристотель өзінің "Табиғи үйлесімділік" деген кітабында орынды анықтауында былай дейді: "орын дегеніміз қоршаушы шек" дейді. "Айналадағы" белгілі бір орынның бөлігі болып табылады, ол оның болмысының мән-мағынасы болып қалыптасады. Ол мән қоршаған орта болумен және затты айнала қоршағанның ақиқаттығы болумен тамамдалады. Демек, қоршалған дегеніміз қоршағанмен қоршалған, ал қоршаған дегеніміз белгілі бір орында (тұрған) нәрсе дегенді білдіреді. Біз айтқан нәрседегі "да, де, та, те" бөлшегінің мағынасы қоршаған болуында, сөйтіп, сол берілген жағдайда біздің "да, де, та, те" деген бөлшектеріміз қатынастылықты меңзейтін болады. "Қайда" деген сұраққа жауап өзінде қатыстырылғанды ұстап тұрады және осылайша, "қайда" дегеніміз қатыстырылған болады. Егер де біздің "Зейд үйде" деуімізде біз ол үймен қоршалды деп түсінбейміз, бірақ ол орынды анықтау мағынасында қоршалған болуы керек. Егер де біздің "үйде" деген сөзімізде біз бұл қарым-қатынас туралы ойламасақ та, оның орнына "қатыстырылғандыққа" кірмейтін басқа қарым-қатынасты ойласақ, онда "қайда" категориясы қатыстырылған болмайды. Сонымен ол "қайда" категориясы болғандықтан да қатыстырылған болып шықпайды, ол соның көмегімен "қайда?" деген сұраққа жауап беретін болғандықтан да қатыстырылған болып шығады. "Да, де, та, те" бөлшегінің мағынасы осы бір жағдайда "қатынас" байланысы емес, байланыстың басқа бір түрі болып шығады. Бірақ, дегенмен де, оған "қарым-қатынас" байланысы тән болса, онда оған орынмен байланыстың екі (түрі) тиесілі болады, олардың біреуі "қайда" деген сұраққа сай болып келсе, екіншісі, соның арқасында "қатыстырылған" болады. Егер де, біздің мысалымыздағыдай, "Зейдтің бұқасы" немесе "Зейдтің құлы" деген айтылуларда, бұнда байланыстың екі (түрінің) болуына, екі байланыс (түрінің) біреуінде олардың әрқайсысына өзінің тіршілік болмысымен анықталған атау қатысты болуына кедергі келтіреді, бірақ ол кезде ол "қатыстырылған" бола алмайтын еді. Ол қатыстырылған болып олардың әрқайсысының сипаттамасы оған қатынастың қандай да бір түрі тиесілі дегендігі тұрғысынан алғанда есептелмек. Ал егер ол осылай болмаса, яғни осы түр мен оның ұқсастары "сәйкесті" болып табылса, ол ұқыпсыздықтан солай жіберілсе, онда біздің: "Зейд үйде" деген сөзінің сәйкес болмайды, онда ұқыпсыздық жіберіледі. Егер де осы сөзді толықтай беретін болсақ, онда былай деп айтылатын еді: "Қоршалған үй қоршауында Зейд" демек, осы жағдай да ол сәйкестелінгенге жатады. Ал егер біздің: "бұл бұқа Зейдтікі деген сөзімізде басынан ақ оның сәйкестілігі анықталған". Ол сол туралы айтылған сөзде ұқыпсыздық таныту мен енжар ойлау нәтижесінде пайда болған. Ол тыңдаушының ұятындағы нәрсе. Әрі ол әлгі заттың мүлігі екендігін түсіндіріп бермейді. Онда қалайда біз "Зейд үйде" дегенде де басынан бастап қатынасты нәрсе көрсетілмейді. Қатынасты нәрсені тағы да ол туралы уақытсыздық таныта отырып, енжар ойлау нәтижесінде, ол да
тыңдаушының ұятында, ол да Зейдтің үймен қоршалып тұрғанынан бақа ештеңені түсіндірмейді. "Ішінде" деген басынан бастап қоршаған орта идеясы болып табылады. Біз Зейд үймен қоршалғанының, ал үй Зейдті қоршағандығының шындығы туралы ғана айтамыз олардың екеуі де оларды осы қалпында алып қарастырсақ қатынасты болып табылады. Алайда байланыстың осы (түрі) туралы екі жағдайда айтуға болады: біріншісінде - қатынасты екі жақ үшін ортақ бір идея бар бүл олардың екі жақ қыры, олардың әр қайсысы басы болып табылады, ал басқасының аяғы болып табылады. Кейде бұл бастау немесе бұл аяқталу орнығады және де олардың екеуі туралы да олардың бірі басқасымен қатынасты деп айтылады. Олардың бірі басқасының бастауы болады ал басқасы біріншінің соңы, аяғы болады. Басқасының бастауы сол идеямен алуына болмайды және тек біріншісі туралы екіншісімен салыстыра отырып айтқан жағдайда тек сонда ғана және де осы нәрсе жеке байланыс деп аталады, оны қатынас деген атпен анықтайды. Бұл қатынасты заттардың екеуінің тек біреуі ғана сипатталатын жағдай болып табылады әрі басқасынсыз тек қана соның өзіне ғана предикат болу қасиеті берілген. Ал егер сол басқа соның өзімен бірге пайда болатын болса, онда ол ненің арқасында предикат толық болып табылатын болса, соның бір белгісі болып табылады. Мысалы, біздің: "Зейд Әмірдің әкесі" деген сөзінде әкесімен қоса "Әмір" предикаттың бөлігі ретінде пайда болады. Ол "Әмір Зейдтің ұлы" дегенде баласы мен бірге предикаттық бөлігі ретінде "Зейд" пайда болады. Олардың әрқайсысы не субъект, не предикат болып табылады, егер де қатынасты деп алатын болсақ біздің "Зейд үйде" деген сөзімізде "үй" дегеніміз предикаттың бір бөлігі ал "Зейдті" біз үйге қатысты предикаттың бір бөлігі деп Зейдтке қатысты айтқандай айта алмаймыз, яғни ол "үйде" (91 б.) деп айтқандағыдай айта алмаймыз. Бірақ егер "үй Зейдтің меншігі" деп айтсақ онда "Зейд" предикаттың бөлігі болып шығады әрі бірінші мағынасында алынбаған бөлігі болып шығады. Міне осыларды "қайда", "қашан", "онда бар" деген категориялар қамтиды. Сонымен, біз байланыстың қос түріне ие болып отырмыз. Олардың ортақ атауы бар. Ол атау қатынастылардың әр қайсысы жеке түрде бөлініп алынуын талап етеді. Ол ортақ түрде алынуын талап етеді. Бүл байланыстың түрі қатынастырылған қос пәннің әр қайсысын қамтитындай байланыс. Сол сияқты, ол "қайда", "қашан", "онда бар" деген категорияларды қамтиды. Бірақ бүл жерде ерекшелік байланыс тиістілік танытатын текстердің әр түрлігінен туындайды. Олардың біреулері басқаларына бағынбайды. Мекен мезгілге бағынбайды мезгіл мекенге бағынбайды ал киім олардың ешқайсысына бағынбайды. Киім - денені жауып тұратын әрі онымен белгілі бір байланысқа түсетін форма. Мекеннің тәні, денесі жоқ бірақ ол денемен оның шекараларының орны. Уақыт киімнен гөрі әлде қайда алыстатылған дүние. Біз осы заттардың әрқайсысы қатынасты екендігіне күмән келтірмеуіміз керек, сөйтіп біз қатынасының түрін оның қатынасқа тиесілігі қатыстылығы тұрғысынан бекіте аламыз. Ал қатынас дегеніміз категориялардан басқаның бәріне тиесілі. ОН БІРІНШІ ТАРАУ Категориялардың саны мен байланысы Кейбір адамдар категорияларда болмыстың барлығын толық терістейді, сол сияқты, әрбір байланыста болмыс барын да терістейді. Сондықтан Аристотель өзінің бірінші кітабы "Азаматтық ғылымда" былай дейді: "Қатынасқа келетін болсақ онда ол туралы былайша ойлауға болады: ол тек солай деп аталатын, айтылатын, жарияланатын нәрсе әрі ол екі нәрсе". Бұнысымен Аристотель оның болмысын босаңсытқысы келді. Басқалары қатынастың барлығын бірінші ақылмен танылатындар арқылы жоққа шығарады, сөйтіп оны екінші ақылмен танылатындар арқылы орнықтырады. Аристотель болса олардың көбісінің бірінші ақылмен танылатынға енетіндігіне сенімді. Сондықтан да ол оларды категорияларда анықтайды. Мүмкін олардың көбі екінші ақылмен танылатындарда жатқанда болар.
Оларға тиесілі нәрсенің шексіздікке өтуі үшін солай болғаны керек те шығар. "Қатынастың қатынасы", "байланыстың байланысы", "байланыстың байланысының байланысы" деген тіркестер айтқандай оларды шексіздікті үзу үшін қолданады. Мысалы, ол барлық екінші ақылмен танылатындармен жасалатындардың шексіз болғанындағыдай. Екі сезіммен қабылданатының немесе ақылмен танылатынның арасындағы кез-келген байланыс қандай да бір қатынас пен байланыс арқылы жүзеге асады. (92 б). Сондықтан да егер де қандайда бір байланыс болса және екі сезіммен қабылданатын заттардың олардың бірігуі арқылы болатын байланысы тән нәрсе болатын болса, онда күмәнсіз бүл жерде қандай да бір байланыс бары мәлім және барлығы да солай шексіз ұласа бермек. Кейбір адамдар байланыс бар нәрсе деп айтады, өйткені оның формасын орнықтыру қажет болған болар еді. Ал ол дегеніміз оның шексіздікке талпынуының абсурдтығын білдіртіп қояды. Бірақ шексіздіктің бұл түрі оның шексіздігін дәлелдеу арқылы түсіндірілмейді. Сөйтіп оның өзі өзінің абсурдтығын білдірмейді. Басқалары тек қана жалқы нәрсе ғана бірінші мен байланысқа ие, ал қалғанының барлығында байланыс жоқ олардың кейбіреулері байланысты екі затты салыстыру мен алмастырады. Бірақ біздер қалайша шексіздік жүзеге асатындығын түсіндіріп беріп те қойғанбыз. Кейбір адамдар қатынастардың барлық түрлерін қатынас деп атайды, олар оны байланыс категория лары н қамтитын тек деп анықтайды. Бұндай категориялар саны жетеу /14/, жоғарыда келтірілген, ешқандай есімдікте орналаспаған және ешбір есімдік туралы айтпайтын /15/ "бұл не?", "ол қанша", "ол қандай?", "ол әрекет ететіндігін", анықтайтын нәрсе; "ол әрекетке ұшырайтындығын" анықтайтын нәрсе; оның жағдайы; оның әлденеге деген қатынасы. Басқалары қатынасқа белгілі бір форма алып енгізеді, оны қатынасты деп есептейді сөйтіп, категориялардың (санын) алтыға дейін жеткізеді. Бірақ жағдай оны форма арқылы қатынастырылған нәрсе ретінде анық анықтамайды, әйтсе де, ол әлденемен қатынасты болып қалуы да мүмкін. Мысалы, адам әлденемен қатынасты болуы мүмкін, сондай-ақ, сызық қатынасты болып шығуы мүмкін. Бірақ "жағдай" категориясының құрамына өз мәнінде жағдай болып табылатын мен қатынасты жағдай болып табылатын нәрселер енеді. Мысалы, "қайда" дегеннің түрлері бар болатындығы сияқты, өз мәнінде "қайда" болып табылатын мен қатынасы бойынша "қайда" болып табылады. Оның үстіне, заттың қандай да бір жағдайы да болады. Жағдай зат үшін субстрактың кездейсоқ белгісі ретіндегі жағдайдай жағдай болып табылады. Ендеше, дәл сондай қатынасты да болады. Ендеше оны ақшаңқандықтың аққа қатыстылығы сынды салыстырып қарауға болады, өйткені ол әрбір субстратта бар акциденцияға тән нәрсе. Осы жағдайда оны оған қатынастылық тән нәрсе ретінде (қарастыруға болады), бірақ оны ол жағдай деп қарастырмайды. Оның болмысының мәні тек қатынас арқылы толығатын болған күннің өзінде (93 б.). Жағдай, өйткені мекеннің нақты бөліктеріне сай дене бөліктері бар болғандағыдай - бұл тек қатынас болып табылады. Сонымен, осы жағдайдың болмысының мәнінің бір бөлігі қатынас түрлерінің біреуі болып шығады. Бұдан ол қатынас категориясына бағынышты болуы керектігі шықпайды. Ол "қанша" деген категорияға жататындардың көбі сияқты емес. Мейлі ол үзік болсын, мейлі ол үзік пен үздіксіз қатынас арқылы қатынастырылған болып шығады. Бірақ сызық арқылы қатынасты және бөлінбестей болып шықпайды. Ал басқа адамдар "әрекет етуші" дегеннің бойынан "әрекетке ұшырау" деп аталатынды көреді. Олардың категорияларының саны беске жетеді. Сондай-ақ, бүл жерде егер де "әрекет ететіннің" болмысының мәні, әлде оның болмысының мәнінің бір бөлігі қандай да бір байланыс немесе қатынас болса, өйткені "әрекет ету" идеясы дегеніміз дененің байланыстары өзгеретіндей идея, ендеше, соның арқасында "әрекетінің" бөліктері де өзгеріске ұшырайды. Демек, ("әрекет ету" деген категорияны) қатынастыға бағынышты деп есептеуге болмайды деген сөз. Сондай-ақ, "қалай" дегенде әрекетке ұшырайтынды "қалай" деген категорияға бағынышты деп есептеуге де
болмайды. (Сол сияқты), "қаншада" әрекетке ұшырайтынды да "қанша" категориясына бағынышты деп (есептеуге) болмайды, өйткені әрекет етушіге қатысты байланыстың өзгеруі, яғни әлдене әрекет еткен кезде өзгеруі деген сөз. Әрекетке ұшырағанға қатысты "қалай" дегеннің өзгеруі, яғни әлдене әрекет еткен кезде өзгеруі деген сөз. Өзге адамдар, "қимылдау" және "қимылға ұшырау" идеясы – бұл "қимылдаушы", "қимылға кіріскен" дегеннен бөлек емес деп біледі, ал егер олар қатынастыға қатынастырылса, онда екі категория да қатынастыға қатынастырылады деп ойлайды. Бүл адамдарда торт категория бар. Екі категорияның жағдайы "қимылдаушы" және "қимылға кіріскен" болып табылмайтындық арқылы анықталады. Ол туралы біз көп рет айтып та кеткен болатынбыз. Ал өзгелер бүл екі категорияны "қимылдау" және "қимылға ұшырау" болып қабылданады деп есептейді. Бірақ біздер бірнеше тұста оның сондай еместігін түсіндіріп бақтық. Кейбір адамдар бар болғаны екі категория деп ойлайды. Олар жоғарыда көрсетілген "бұл не?" және оның кездейсоқ белгісі. Олар жоғарыда көрсетілген "бұл не?"- ні субстанция деп атайды. (Осылайша) олар екі категорияны қалыптастырады: субстанция және акциденция. Олар субстанция абсолютті мағынада бастауышта орналаспаған нәрсе болып табылады деп түсіндіреді. Ал акциденция идеясы бастауышта орналасқан болып шығады. Сонымен, соз (тек қана) екі категория жайлы айтылып отыр. Олардың бірі бастауыштың мәні (94 б.) болып табылады, ал басқасы - осы мәннен тыс не бар екені жайлы білім береді, бұлардың қатарына субстанция мен акциденцияны сипаттау да жатады. Бірақ акциденция идеясы - құрамында тоғыз категориясы бар шығу тегіне жатпайды. Біз категория деп шығу тегі болып табылатынды атамаймыз. Шығу тегі жоғарыда келтірілген заттармен байланысатын заттардың әрқайсысының түрін толық қамтиды. Ол байланыс осы байланыс болып табылады және де сол байланысқа осы қатынас жоғарыда келтірілген жолмен тән болады. Бұлардың ешқайсысы да ақылмен танылатынның тегі және табиғаты болып табылмайды, демек, олар арқылы бүл түрлер сипатталмайды. Біз мұнда оларға осы қатынастың тиесілілігін айтып отырмыз. Дәл солай-ақ, біздің "жоғарыдағы аталған осы дегенді не анықтайды" деп айтуымыз да жоғарыда келтірілген "осының" түрлерінің әрқайсысына тиесілі қатынасты нұсқайды, жоғарыдағы "осының әр түріне тән, шығу тегіне де, түріне де тән. Тең дәрежеде біздің "категория" дегеніміз осының бәрін қамтиды және бүл оның оларға шығу тегі болғандығынан емес, оның олардың барлығын қамтитын жалпы атауы болғандықтан немесе олардың бәріне тән қатынасты нұсқайтындығынан да солай болады. Олардың ешқайсысы оларға шығу тегі болмайды, оларда олардың ең жалпы мәніне тән жалпы атау да және акциденция да жоқ. Адамдар категория саны шектеулі деп ойлайды, сөйтіп, оларды қалыптастыру барысында заттардың бір біріне қатысты белгілі бір ретпен бастарының біріктірілуін және бірінің басқасына қатысты орналасуын қадағалау керек деп біледі. Ол әлгілердің арасында белгілі бір байланыс болуы үшін қажет және бұл бірнеше категориялардан тұратын әлденені көрсетеді деп сенеді. Бірігу дегеніміздің өзі белгілі бір қатынас, ал оның шығу тегі бұл заттардың орналасуындағы заттардың белгілі бір байланыста және басқаға қатынасында болуы жағдайға бағынышты болуға кіреді. Бірақ оны тек қана осы категориялардың біреуіне бағыныштылыққа кіргендігінен (ғана) жоғарғы шығу тегі деп қарастыруға болмайды. Оның шығу тегі жағдай болады, ал қалған барлығы - оны ажыратушы белгілері. Егер де кім де кімге біз жоғарыда айтқан жағдайды түк те елемей оларды қандай да бір құрамда біріктіру туралы (тілек ойына келсе), онда оның категориялардың ешқайсысына кірмеуі керек. Сондықтан біз "категория" ретінде жоғарыда айтылған қатынас арқылы айтқанның бәрі (95 6.) және жоғарыда айтылғандарды сапа ретінде еш анықтамайтын нәрсе категорияларға кірмейді.
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ Акциденция Көпшілік араб қауымы арасында кездейсоқ құбылыстар туралы осы өмірде ғана пайдалы (немесе о дүниеде ғана пайдалы) нәрселердің жалпы барлығы туралы айтқандай айтады немесе ортақ пайда жайында айтқандай айтады. Ол ортақ пайданы фәни дүниеде де, бақи дүниеде де пайдаланамыз деп айтылады, бірақ олар бұны акциденция де атамайды. Мүмкін барлығына да осылай айтылатын шығар, динар мен дирхемге тең бағаланатын және майда ақшалардан олардың орнын басатындарды: мейлі ол мыс болсын, мейлі ол темір болсын, олар динар мен дирхемнің /16/ орнына пайдаланады. Бәлкім, тіршілікке қажетті нәрселерді қордаланғандардың барлығы туралы да осылай деп айтылуы мүмкін немесе олардың тез жоғалғандығы туралы (ол туралы "осылай болып қалды енді" деп айтады) айтылуы да мүмкін, немесе олар қандай да бір себептің эсерінен болу немесе жоғалу күйіне жақын тұрғандығы туралы да айтылуы мүмкін, немесе олардың болуының үлкен кесірінен жоғалғандығы немесе жиіжиі тоналу нәтижесінде солай болғандығы туралы да айтылуы мүмкін. Бәлкім, кездейсоқ нәрсе сияқты айтылатынның барлығы туралы да осылайша айтылуы мүмкін, ал олардың барлықтары жоғалуды білдіретіндігі белгілі. Философияға қатысты жағын қарасақ, онда философияда кездейсоқ құбылыс туралы /17/ ол қандай да бір нәрсені сипаттау үшін қажет кез келген сапа ретінде бейнеленеді; дәл осы сапа субъект туралы ой айтатын предикат болып табылмайды. Не болмаса ол қарастырылып отырған жағдайдың болмысының мәніне еш қатыссыз қалады, бірақ, сол арқылы оның мәнінен сыртқары тұрғам және оның болмысының мәнінен сырт жатқанды таниды. Кездейсоқ белгі екі түрлі мағынаға ие болады, олардың бірі - мәнге қатысты кездейсоқ белгі, екіншісі - мәнге қатыссыз кездейсоқ белгі болып табылады. Мәндік кездейсоқ белгі дегеніміз өз субстратында өз болмысының мәнін немесе өз болмысының мәнінің бөліктерін ала жүретін белгі. Бұл болмыстың мәні сол болмыстың мәні қандай да бір жағдай болуына мәжбүрлейтін әлдененің субстратта болуын міндеттейді. Ол жағдай қандай да бір кездейсоқ белгінің болуын туындатады. Егер осы кездейсоқ белгі анықталған болса, тек сонда ғана ол акциденцияны анықтау үшін алынады. Осындай кездейсоқ белгі туралы ол мәндік белгі деп айтылады. Мәндік емес кездейсоқ белгі өзінің субстратында (96 б.) өз болмысының мәнінен тұратын әлденені ұстап отырмайды. Оның субстратының болмысының мәні оның бойында осы бір кездейсоқ белгінің болуына жағдай туғызбайды. Философиядағы кездейсоқ белгі идеясы осындай. Кездейсоқ белгінің аты сапаның күйлерінің біреуіне меңзейді. Әрі онда бүл идеядан басқа идея жоқ. Кездейсоқ белгіге қарама-қарсы нәрсе дегеніміз кейде әлдененің құрамында болатын, ал кейде тіптен болмайтын нәрсе. Әлдененің құрамында болатын немесе болмайтын нәрсе кездейсоқ белгі идеясынан жұрдай. Кездейсоқ белгі атауы оған кейбір жағдайлар тиесілі деген көзқарас тұрғысынан меңземейтін нәрсе. Демек, кейде ол не бар, не жоқ деген тұрғыдан меңземейді деген соз. Алайда, ол дегеніміз заттың тіршілігін кездейсоқ белгі арқылы таңбалайтын әлдебір нәрсе болып табылады. Кездейсоқ белгі, бәлкім, үнемі тиесілі белгі болуы да мүмкін және үнемі тиесілі емес белгі де болуы мүмкін. Әрі оны кездейсоқ белгі деп оның тіршілігінің ұзақ - қысқалығына қарап айтпайды және де оның жоғалып кетуінің тездігіне де қарап айтпайды. Кездейсоқ белгі идеясы оның өзінің субстратының болмысының мәніне енбейтіндігінде. Акциденталды дегеніміз және акциденталды түрде тіршілік ететін нәрсе кездейсоқтықты абсолютті мағынада көрсетіп бермейді. Өйткені затта кездейсоқ кезігетін нәрсе немесе ондағы нәрсе, немесе оның жанындағы нәрсе, немесе онымен бірге тұрған нәрсе, немесе сол арқылы бар
нәрсе, немесе сонымен қандай да бір жолмен қатынасқан нәрсе сол (жоғарыда аталғандардың) бір де біреуінің болмысында сонымен осындай байланыс бойынша қатынасу үшін кездеспейді. Ал егер ол солардың біреуінің болмыс мәнінің құрамында болса, яғни бар болу үшін әлде сол байланыстардың қандай да бірімен қатысты болу үшін бар болса, онда ол туралы мәндік белгі туралы айтылар еді. Ол туралы акциденталды белгі деп айтылмас еді. Кездейсоқ белгі не туралы айтылып отыр соған қарама-қарсы нәрсе, яғни абсолютті мағынадағы "зат дегеніміз не?" дегенге қарама-қарсы. Ал егер ол зат туралы айтар болса, онда ол "бұл дегеніміз не?" деген туралы айтатын еді. Сөйтіп ол не осы бір зат туралы болсын, не басқа бір зат туралы болсын оның мәнінен тысқары жатқан нәрсе танылатындай айтар еді. Ал ол дегеніңіз кездейсоқ белгі болып табылатынға қарама-қарсы нәрсе ғой. Дәл солай-ақ, тек қана субстрат туралы айтатын нәрсе сол субстратта қандай да бір жолмен бар болып тұрғанға қарама-қарсы нәрсе болады. Сырттан енген нәрселер акциденция емес және де акциденталды түрде бар болатын нәрсе емес. Енген нәрсе туралы қандай да бір сапалар туралы айтылғандай болып айтылады. Ол әлденеде болатын сапалар әрі олар сол әлденеде өте аз мөлшерде болады да тез жоғалып кетеді, мысалы, ашу сынды нәрсе және басқалары. Егер де осы қасиеттер денеде кездесетін болса, онда олар денелік кездейсоқ белгілер болып аталады. Ал егер олар (97 б.) жан дүниеде кездессе, онда жан дүниелік кездейсоқ белгілер болып аталады. Олар туралы "сапа" категориясы дегеннен басқа бірдеңе деу мүмкін болмасы белгілі. Көпшілік қауымға қатыстыны айтар болсақ, онда олар осы атаумен (өзінің) болу мерзімінен ұзақ емес болатынды және сол қалған бір тоғыз категориялар арасында тез жоғалатынды атайды. Олар кездейсоқ белгілерді "ұшыраулар" деп те атайды. Олардың ішіндегі жан дүниеге қатыстыларын - "жан дүниенің ұшыраулары" дейді, ал тәнге қатыстыларын "тән ұшыраулары" дейді. Бәлкім, енген нәрселер ретінде айтылатындардың барлықтары акциденция болып табылатын сынды белгіленеді. Рас, егер ол қандай да бір сапа болып табылатын болса ғана солай болмақ. Субстратта "бүл не?" деген сұраққа жауап бере отырып болатын жоғарыда еске алынып кеткен нәрсе арқылы сапа анықталмайды. Ол оның мән-мағынасынан тысқары жатқан сапа ретінде (анықталады). Бірақ, алдын ала енгендік идеясы акциденция идеясы болып табылмайды. Бәлкім, кездейсоқ деп айтылатынның коп бөлігі туралы затта акциденталды күйде болады. Акциденталды заттың идеясы "сырттан келген" дегенді білдірмейді және де "кездейсоқ белгі" идеясына қатысты емес. Акциденталды нәрсенің барлығы әлденеде орналасады, онда ол аз мөлшерде орналасады. Мәнде бар заттың барлығы акциденталды емес, не ол затта үнемі кезігеді, не ол көп, ұзақ уақыт бойына кезігеді. Сондықтан да Аристотель: "Акциденталды нәрсе үнемі әрі коп рет кезікпейтін нәрсе" деп айтады. Акциденталды нәрсені көбіне менсініңкіремей "кездейсоқ белгі" деп те айтады. Есімдікте орналаспаған жоғарыда келтірілген "бұл не?" дегенді анықтайтын предикаттарды абсолютті мағынадағы субстанциялар деп атайды. Субстанцияның - осы бір идеясы акциденция идеясына қарама-қарсы болып табылады. Есімдікте орналаспайтын нәрсе туралы жоғарыда айтылғандай амал мен сөз ететін предикаттардың біреулері - субстанция, біреулері - акциденция болып шығады. Акциденция тоғыз категория туралы сөз етеді. Олардың бір де біреуі жоғарыда келтірілген, есімдікте орналаспаған "бұл не?" деген туралы сөз қозғамайды. ОН ҮШІНШІ ТАРАУ Субстанция Субстанция /18/ туралы көпшілік қауым минералдар мен тастар туралы айтқандай айтады. Олар адамдар өмірінде маңызды және құндылыққа ие нәрсе. Олар әлгілердің бағасын біледі әрі олардың өзінде барлығымен мақтанады. Ол ар – жақұт тастар, меруерттер және сол сияқты асыл тастар. Оларда не жаратылысынан, не бар заттарды ескере отырып айтқанда да оларда олардың
табиғи күйінде қатты қадірленетіндей, оларды көздің қарашығындай қорғайтындай маңыздылығы мен кереметтігі жоқ. Дәл сол сияқты, адамда басқалардан өзінің әдемілігімен, бекзаттылығымен, ұлылығымен және қадір-қасиетімен ерекшелене алады. Бірақ бұл жерде сөз тән сұлулығы немесе жан сұлулығы туралы болып тұрған жоқ. Сөз бұл жерде адамның қоғамдағы орны мен оның мәртебесі туралы болып тұр. Тастардың түр-түсіне қызығады, оның сыртқы кейпінің әдемілігіне таңырқайды, олар табиғатта аз кездеседі. Сондықтан да өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерімен ерекшеленетін адамды да "ол асылдардың ішіндегі асыл азамат" деп атайды. Субстанция туралы да балқытып, құйылған соң алтын, күміс, мыс алатын металл туралы айтқандай айтуға болады. Ол қандай да бір материяны білдіреді және жоғарыда келтірілген металдардың алғашқы материясын білдіреді. "Мән" деген атауды біздің "Зейд өзінің түпкі мәнінде керемет әдемі" деген сөзімізде пайдалануға болады. Солай дегенде біз ол өзінің тегімен және өзінің ата-бабаларымен керемет екендігін айтамыз. Мэн дегенде оның ата-аналары жаратылған тайпа, халық, ұлт ескеріледі әрі ол көбінде әкесі жағына қатысты болады. Осы қасиеттің астарынан ізгілікті көруге болады. Егер де олардың барлығы ізгілікке ие болатын болса, онда олар туралы оларға қандай да бір тектілік, қадір-қасиет тән деп айтады. Өйткені егер оның ата-анасы мен шыққан тегі ізгілікті болса, ол туралы да ол тегінен, затынан жақсы деп айтады. Ал егер оған әлденендей қарама-қарсы нәрсе тән болса, онда ол туралы оның заты жаман, негізі жаман деп те айтады. Мэн дегеннің астында осы бір жағдайда ру мен әке-шеше алынып отыр. Олар оның не материясын, не себебін білдіреді. Адам туралы әрқашан да ол өзінің материясымен, яғни өзінің ата-анасы мен шыққан руымен сәйкестік танытады деп ойлайды. Өйткені ең алдымен адам туралы ол табиғатынан іштен туа бітетін адами қасиеттерге ие деп ойлайды. Ол қасиеттер оның ата-анасының рухани қасиеттеріне тәуелді болады. Сөйтіп, оның адамгершілік қасиеттері, жақсысы болсын, жаманы болсын, оның әке-шешесінің рухани қасиеттеріне тәуелді. Содан соң барып оны оған тәрбие барысында қажет деп табылған нәрсеге сай тәрбиелейді. Ол өзінің мінез-құлқында өзіне қажет деп табылған мінезқұлық түрлерін баулуға тырысады. Ол ата-анасына оларға тәннің барлығында әбден еліктейді. Себебі басынан бастап-ақ ол ата-анасынан басқа ешкімді білмейді. Ол оларға басқаларынан гөрі көбірек сенеді. Сөйтіп, ол өз өмірінде оның шыққан руы, тегі нені мақсат еткен болса, соған ұмтылатын болады. Ал егер (99 б.) оның руының адамдары жаратылысынан және де дағдылары бойынша қарамақарсы қасиеттерге ие болса, онда осының астарында оларға тән қарама-қарсы қасиеттер алынады. Егер де олар өзінің табиғатынан және де дағдыларына сай ізгілікке ие болса, онда осының астарынан оларға тән ізгіліктерді көруге де болады. Өйткені әсемдік пен сұрықсыздық, ізгілік пен зұлымдыққа не табиғатына сай, не дағдыланған әдетіне сай ие болады. "Мынау бір адам өзінің ішкі мәнімен тамаша" екен деп жиі айтылады. Бұл оның керемет туа біткен қасиеттерін және сол арқылы атқаратын адамгершілік не кәсіби іс-әрекеттерін, яғни еркімен атқарылған іс-әрекетті білдіреді. Адамға табиғатынан негізінен кейбір еріктік ісәрекеттердің басқаларға қарағанда жеңілірек болып келуі тән, себебі оның жаны бастапқыда осы іс-әрекеттерді жүзеге асыруда ашық және еркін болып келеді. Сөйтіп сол іс-әрекеттер оған оңай тиеді. Егер де осы іс-әрекеттер тамаша болса, онда адам туралы оның табиғатынан әдемі және туа біткен қасиеттерінің тамаша екендігін айтады. Осы тұста адам бастапқы кезеңнен бастап-ақ, өзінің табиғатына тән және өзіне жеңіл келетін жақсы не жаман іс-әрекеттерді атқарады, не болмаса, өзінің әке-шешелерінің табиғи қабілеттеріне не олардың әдептеріне, не тек өзіне ғана тән қасиеттер бойынша іс-әрекет атқарады. Адамдардың (туа біткен қасиеттер) іс-әрекетттерін анықтайтын туа біткен қасиеттерінің адамдарға қатысы семсердің ұшының семсерге қатысы сынды және олар форма деп аталады.
Кез келген заттың іс-әрекеті оның формасынан шығады, ол форма арқылы пайда болатын, форманың іс-әрекетіне ықпал ететін материяның ішінде болады. Олай болса, материяның заттың болмыс мәніне кіретін қасиеті болады. Сол кезде (заттың болмыс мәні) өзінің тіршілік етуші формасы үшін жаратылған, материяның ішіндегі заттың болмыс мәнінің белгілі бір мақсаты бар. Ал олай болса, онда адамдардың "мән" дегендері туа біткен қасиет және ол адам болмысының мәні болып табылады және бүл шынында да адамды адам ететін қасиет. Осылайша, адамдар мән дегенде адам болмысының мәнін түсінеді. Бұл мән болып Зейд, не оның ата-аналары, не оның ұрпағы келеді. Дәл осылайша олар Зейдтің ата-аналары, оның туыстары, оның ата тегі оны жаратқан материя деп ойлады. Олардың ойынша, егер заттың материясы жақсы болса, онда заттың өзі де тамаша болып келеді. Мысалы, қабырғаның материясы және төсек материясы. Олардың пікірінше, егер ағаш сапасы жақсы болса, онда ағаштан жасалған төсек те тамаша шығады. Ағаштың жақсы сапасы - төсектің жақсы сапасының себебі, егер тастар, күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштер және топырақтың сапалары жақсы болса, онда олардан тұрғызылған қабырға да сапалы болады. Осы мысал негізінде адамдар бір адамның руын, ата тегін, оның елін, халқын қарастырады. Себебі көптеген адамдардың пікірінше, солдардың ішінде өмір сүргендіктен және сол ортадан шыққандықтан әлгілер оған материя тәрізді. Заттың материясы болып не оның болмыс мәні, не сол болмыс мәнінің бөлшектері келеді және сол кезде адамдар, дәл осы тұстағы сияқты, мән деп оның болмысының мәнін түсінеді. Осы арқылы мән болмыс мәні болып табылады. Мүмкін, олар "мына киім өзі жақсы екен " дегенде, оның мәнін дәл осы жағдайдағы сияқты оның негізін, түрлі материя болып табылатын материяны білдіреді. Адамдар осы жерде де мән дегенде киімнің материясын түсінеді. Сонымен, заттың материясы не оның болмысының мәні, не болмыс мәнінің бөліктері, себебі бір топ болмыс мәні тек материя арқылы көрінеді деп ойласа, басқалары заттың болмыс мәнінің бөліктері арқылы көрінеді деп ойлайды. Қарапайым адамдар айтатын мәннің идеясы осындай. Ол екі затқа келіп саяды: біреуі - адамдарға аса құнды болып табылатын тастар, басқасы - зат болмысының мәні және зат болмысының мәні жүзеге асатын зат, сонымен қатар, оның мәнін құрайтын зат, бүл не, оның формасы, не материясы, не материя мен форманың екеуі. Олар үшін мән не абсолюттік (мәндегі) мағынасындағы мән, не белгілі бір заттың мәні. Философияға келер болсақ, мән туралы ол белгілі бір затқа жататын не тек нәрсе ретінде ғана қарастырылмайды. Ол бір түр не тип арқылы "мынау не" деген анықтаумен кез келген предикатты білдіреді. Және ол осы көрсетілген жеке түрдің болмыс мәнін және сол арқылы оның болмысын құрайтынды /19/ және оның тіршілігі мен оның жүзеге асырылуын анықтайды. Жоғарғы аталған "мынау не" деген түрлердің әр жеке түрін анықтайтын зат "жоғарыда аталған мынау" дегенді анықтайды. Жалпы ол барлық категориялардағы түрлерге қатысты кез келген заттың болмысының мәнін анықтайды және оның мәнінің көрінуінің негізін анықтайды, ал бұл оның бөліктерінің басқа бөліктерімен қосыл,анда заттың мәні құрылады, ал бұл егер оған ақылмен жетуге болатын болса, онда сол заттың өзіне оның мәнін құрайтын бөліктерімен негізделіп, ақылмен жетуге болады, не болмаса оның мәнін құрайтын заттармен негізделеді. Бір бөліктердің екінші біреулермен қосылуына осындай жолмен не кез келген зат арқылы жетуге болады. Сондықтан да философтар, "анықтама" заттың болмысы туралы, ал мәнділік сол заттың мәні туралы білім береді деп айтады. Мән деп бұл жағдайда олар бір заттардың өз бөліктерін басқа бөліктермен біріктіре отырып, заттың мәнін беретінді айтады, ал бұл дегеніміз егер ол түсінікті болса, онда оның мәнін құрайтын
және оның бөліктерін негіздейтін заттың өзі түсінікті болады немесе оның мәнін құрайтын басқа заттарды негіздеген кезде түсінікті болады. Бұл мән туралы идеялардың үшіншісі - мән затпен қатынаста және байланыста, және оның мәні туралы жалпы мағынада емес, белгілі бір заттың мәні ретінде айтады. Бірінші идеяға келер болсақ, бүл жерде мән туралы жалпы мағынада айтылады. Екінші идея мән туралы абсолютті мағынада да айтылады, себебі субстратта жоқ жоғарыда айтылған түсінікті зат пен заттың мәні бір нәрсе болып табылады. Алайда, түсінікті зат бүл оның тұрғысынан алғандағы зат болып табылады, ал бұл зат, сонымен катар, жаннан тыс тұрғыдан алғанда да зат болып табылады. Осы екі жағдайда мәнді абсолютті мағынада айтылуын оның өз болмыс мәніне аса қажеттілік танытпауында және оны құрайтын басқа категориялардың қажетсіздігінде сияқты. Ал қалған категориялар өз болмыс мәнін түзуде осы категорияларды қажет етеді. Себебі оның болмыс мәнінде осы категорияға қажет бір нәрсе болуы керек. Ал бұл категория болса оның басқаларға қосылуында басқа категорияларды қажет етпейді. Ал басқа категорияларда осы категорияның бір бөлігі бар. Себебі оның түрін не типін осы аталған категорияның кейбір түрімен анық түсіндіруге болады. Сонымен қатар, бұл категория басқалармен қосылғанда, олардың аса қажеттілігін керек етпегендіктен, ол болмыста ең толық және сенімді және өзінің басқаларға қосылу барысында құнды болып табылады: Әрі бүл жерде оның басқа категориялармен қосылу барысындағы, басқалардағы тәрізді ешнәрсе жоқ. Адамдарға ең қымбат жетістік болып табылатын тасты осы категорияға жатқызу бекер болмаған сияқты, адамдар оның ең қажетті заттар арасындағы маңыздылығына қарамастан, оның бағасы туралы жиі айтады, тіпті, оның ең басты қажетті заттар қатарына және де бақыт түсінігіне кірмейтіндігіне қарамастан, ол туралы "егер бақыт жоқ болса, онда оның орнын басатын заттың өзі жеткілікті" дейді. Адамдар осы категорияның және жоғарыдағы "мынау" дегеннің басқа категорияларға деген қатынасы осы тастың адамдардың иелігіндей барлық заттарға қатысты екенін түсінеді, сондықтан олар осы категорияны тас есімімен атайды. Сондықтан осы жерде "мынау" мен күллияттар арасында сәйкестік жүргізуге болады. Аристотель жалпы бір затқа қатысы жоқ нәрсені "алғашқы себеп", ал оның күллияттарын "екінші субстанциялар" деп атайды. Себебі алғашқысы жаннан тыс құрылса, екіншілері біріншіден кейін жанда пайда болады. Басқа заттар туралы "Категорияда" әсіресе субстанцияның жалпы мәні туралы айтылады. Үшінші идеяға келер болсақ, онда ол салыстырмалы мән. Оған идеядан тағылған атауды көпшілік субстанция деп атайды. Ол бір заттың мәні болып табылады. Мысалы, алтынның мәні болып табылады, Зейдтің мәні болып табылады, немесе мына заттың мәні болып табылады. Философтар қолданатын идея бұл жалпы мағынада қолданатын мән және мәннің аты көпшіліктің жалпы мағынада қолданатын атауынан алынған. Аты аталған заттар арқылы анықталатын күллияттар дегеніміз субстратта орын алмаған күллияттар. Субстанциялар туралы екі мағынада айтуға болады: бір жағынан, ол абсолютті мағынада алынған субстанция, басқа екінші жағынан - ол аталып өткен, субстратта /20/ жоқ нәрсенің субстанциясы. Ал субстратта орын алмаған нәрсе туралы ол дегеніміз бір қырынан алып қарастырғанда ғана субстанция болып табылады деп айту қажет. (103 б.) Ал ол дегеніміз оның абсолютті мағынада алынған мән болып табылатын нәрсе. Ол тіптен де заттың мәні болып табылмақ емес. Қалған категориялардың күллияттарына қандай да бір затпен қатынасты мән болу тән ал ол дегеніміз өз шекараларында тіршілік ететіннің мәні болу деген сөз. Олар абсолютті мағынадағы мән болып табылмайды, сондай-ақ, олар тек қана бір қырынан алғанда ғана мән болып шығады.
Субстратта бар нәрсеге келер болсақ, онда ол туралы тіптен де не біріктірілуі барысындағы мән деп те, не абсолютті мағынадағы мән деп те айтылады. Аспан, планеталар, жер, ауа, су, от, жануар, өсімдіктер, адам - олар туралы олар дегеніміз субстанциялар деп айтылады. Өйткені олар не субстратта жоқ нәрсе болып табылады, не субстратта орналаспағанның "бұл несін?" анықтайды. Дәл солайша, әрбір жеке түрде ненің субстратта жоқтығын анықтайтынның барлығы абсолютті мағынада алынған субстанция болып табылады. Сондықтан да қандай да бір зат туралы ол есімдік туралы айтылмайтын білімді береді деп ойлайтын болса, немесе "бұл ненің?" түрлерінің әрбіреуі туралы айтылмайтын білімді береді. Деп ойлайтын болса, онда ол туралы ол дегеніміз субстанция деп айтылады. Егер де әрбір жеке заттағы "бұл не?" деген ненің көмегімен анықталатын болса, сол нәрсе, сол зат ненің арқасында тіршілік ететін болса, сол зат ол оның мәнін әрі мағынасын табудың себебі болып табылса, онда әрбір жеке зат жөнінде сол зат әрбір жеке затта "бұл не?" дегенді анықтайды деп ойлайды. Олар субстанция болып табылмақ түгіл, коп дәрежеде субстанция болып табылады және субстанция деп аталына алады. Сондықтан да, қарапайым адамдар тектер мен ажыратушы белгілерден тұратын осы субстанциялардың күллияттары олардың болмысының мәнін анықтайтындай деп ойлайды. Демек олар туралы олар басқаларының бәрінен де субстанция болуға лайық деп ойлайды. Қарапайым адамдар дене мен оның тығыздығы және олардың денелік әрі тығыздық болмысы мен ол туралы дене деп, тығыздық деп айтатын нәрсе дегеніміз олардың болмысының мәні туралы білім беретін нәрсе. Дене мен тығыздық барлық басқалардан гөрі субстанциялар болып табылады. Қарапайым адамдар субстанцияның жүзеге асқандығы ұзындық, ен және тереңдік арқылы болады деп ойлағанда, онда осы (соңғылары) денеден гөрі субстанция болуға көбірек лайық деп есептейді. Ұзындық пен соңғы екеудің ішіндегі біреуі шындығында нүктелерден тұрады деп ойлаған кезде олар нүктелер басқаларына Қарағанда көбірек субстанция болады деп есептейді және олар ез болмыстарының мәнін анықтайды деп есептейді (104 б.), яғни ұзындық ендік пен тереңдіктің) мәні деп есептейді. Ал осы аталғандар арқылы дененің болмысының мәнімен оның тығыздығы Олар абсолютті аумағында көбіректеу түрде субстанциялар бола алады және басқа қалғандарының барлығынан көбірек түрде солай болады. Әрі олардың барлығы субстанция болу жолында ертерек кезігетін нәрселер болып табылады, өйткені олар басқа заттарға, яғни олардың мәні соның арқасында толығатындай басқа заттарға бөлінбейді. Басқалар денелер дегеніміз шындығында ары қарай өздері бөлінбейтін бөлшектердің қосындысымен толықтырылады деп ойлағанда олар дегеніміз субстанциялар деп айтады. Немесе олар субстанция болуға лайықтырақ деп айтады. Әрбір жалқы заттың болмысының мәні, яғни есімдік туралы айтпайтынның әрқайсысының мәні немесе өзінің материясы арқылы белгілі бір затты (білдіретін) оның түрінің болмысының мәні деп ойлайтын әркім олар өз алдына әлдебір жалқылықты, мысалы, суды, отты, ауаны және басқа заттарды білдіреді деп ойлайды. Осы зат туралы ол дегенің субстанция деп айтады және ол басқалардан гөрі абсолютті мағынадағы субстанция деп атауға көбірек лайық делінеді және де ол одан туындайтын заттың субстанциясы болуға көбірек лайық делінеді. Расында, әрбір жалқы заттың субстанциясы біреу немесе барлық заттардың субстанциясы біреу. Кім әрбір жалқы заттың материясы шекті көптікке немесе шексіз көптікке ие деп есептейтін болса, ол адам әлгілер туралы олар көптеген субстанциялар болып табылады деп айтады. Расында да, әрбір аталған (жалқы заттың) субстанциялары немесе келтірілген көптіктің әрқайсысының түрлері не шекті, не шексіз болады. Әрбір жалқы зат шындығында материя мен форма біріккенде әлдебір мәнге қол жеткізеді деп есептейтін адам және де олардың екеуі де өзінің болмысының мәнін анықтайды деп есептейтін адам, ол әрбір дара зат туралы ол дегеніміз субстанция деп айтады. Әрі ол олардың әрқайсысын ол материя ретінде және форма ретінде нені білдіретіндігі тұрғысынан қарастырады.
Зерттелген, қарастырылған зат туралы олар заттың формасы және соның материясы арқылы көрсетілген деп ойлайды әрі оны олар субстанция деп атайды. Сөйтіп, ол барлық ескеріліп өткен заттар мен түрлердің арасында тек соған ғана субстанция болу қасиеті берілген нәрсе деп қарастырады немесе есептейді. Жоғарыда айтылғандай, егер де субстраттағы заттардың бәріне субстанция болу ол "бұл не?" дегенде анықталатын әлденеге қосылған жағдайда емес, абсолютті түрде ойға қонымды болатын болса, егер ол ешбір субстрат туралы сөз қозғамайтын болса және де егер ол басқа қандай да бір заттың субстанциясы болып табылмайтын болса, ал қалғанының барлығы тек субстрат туралы айтатын болса, немесе субстратта не бар екендігі туралы айтатын болса, онда ол соңғы субстрат /21/ болады. Соңғы субстрат (105 б.) барлық категорияларда бар және де бар бола тура, өзіне өзі субстрат бола алмайды. Соңғы субстратқа, яғни субстрат туралы айтпайтын және де ешқандай жолмен ешбір зат үшін субстрат болмайтын субстратқа субстанция болу қабілеті басқаларынан гөрі көбірек берілген. ()п і кені ол оз болмысында сенімдірек және де кемелдірек. Бұл жерде дәлел ретінде (дәл) осы қасиеттің тұруы тиіс. Оған басқаларынан гөрі көбіректеу мән болу қабілеті берілген. Ол категорияға кірмейтін мән болып табылады. Себебі ол ешқандай зат туралы ештеңе айтпайды әрі ешқандай заттың да субстраты болмайды. Ол тек қана абсолютті мағынадағы мән болғаны болмаса қалғаны жоғарыда айтылғандай. Абсолютті мағынадағы мән болу дегеніміз екі қасиет арқылы анықталады: ол субстратта орналаспаған және ол субстрат туралы ештеңе айтпайды; ол көрсетілген сезіммен қабылданатын болса немесе категория үшін субстрат болса солай болмақ. Ал егер жағдай солай болса, онда философтар арасында мән туралы екі мағынада айтатын болады: осы екі мағынаның біреуінде ол туралы соңғы субстрат ретінде айтылады, ол үшін ешқандай субстрат жоқ болады; екіншісінде - ол туралы болмыстың мәні ретінде айтылады, яғни болмыстың мағынасын білдіретін зат ретінде айтылады. Мэн туралы осы аталған екі мағынадан бөлек мағынада айтылмайды. Өйткені материя мен форманың екеуі де сол екеуінің болмысының мәні болып табылады. Егер адам мәнді анықтауда ұқыпсыздық танытса, демек, ол субстрат туралы ештеңе айтпайды және субстратта орналаспайды десе, ол жоғарыда айтылғандарға жатпайды десе, демек, ол категориялардың ешқайсысының субстраты болып табылмайды десе, - егер осы берілген жағдайдағыдай, қандай да бір зат қандай да бір жағдайда делінсе - онда мән туралы үш күйде айтылады. Біріншісінде оның бойында категориядан ешқандай субстрат жоқ деп, ол олардың ешқайсысына да субстрат болып табылмайды деп алынады. Өйткені ол ешбір затты анықтамайды. Ол сол категориялардың түрлерімен ғана сипатталады. Екінші жағдайда болмыстың мәні ретінде алынады. Демек, категория түрлерінен болмыс мәні болу мүмкіншілігі бар зат ретінде алынады. Осында көрсетілгендей, мән не абсолютті мағынадағы мән болып табылады, не қандай да бір заттың мәні болып табылады.
ОН ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Мән (106 б.) Мэн /22/ туралы, жоғарыда көрсетілгендей, субстратқа жатпайтынның барлығы сынды айтылады. Ол туралы "мынау не?" деген субстратқа жатпайтынды қарапайым сөз немесе пайымдау арқылы көрсететіннің ішіндегі жоғарыда келтірілген тәсілмен анықталатын туралы айтылады. Ол туралы субстратта орналасқанның барлығы ретінде де айтылады. Ол туралы, бұрын көрсетілгендей, белгілі бір субстрат мазмұнындағы бар затты анықтайтынның барлығы деп те айтуға болады. Бұлардың барлығы өз мәнінде өз болмысындағы мәннен тыс, субстратқа жатпайтын, жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша анықталатын барлық қалған категорияларға қатынасты болады. Ол туралы, сондай-ақ, ол тіптен субстратты иемденбейтін және егер бір
нәрсені соған ұқсас тәсілмен сипаттап дәлелдейтіндей болса, онда абсолютті түрде бір нәрсенің субстраты болмайтын нәрсе деп айтылады. Абсолютті мағынадағы мәннің идеясы осындай. Мэн субстанция не нәрсе туралы айтатын болса сол туралы айтады және не нәрсе туралы субстанция айтпайтын болса, сол туралы да айтады. Өйткені абсолютті мағынада болсын, салыстырмалы мағынада болсын, субстратта бар нәрсе туралы ол субстанция болып табылады деп еш айтылмайды. Заттың мәніне қатыстыны айтар болсақ, ол қатынастының мәні болып табылады. Ол заттың болмысының мәні туралы, оның болмысының бөлшектерінің мәні туралы және де қандай да бір зат болмасын сол туралы "Бұл не деген зат?" деген сұраққа жауап беруге көмектесетіндігі тұрғысынан айтатын болады. Ол субстратта орналаспаған жағдайда немесе оның түрінде болмаған жағдайда, не болмаса субстратта бар әлде оның түрінде бар болғанда солай болмақ. Бір нәрсеге қатысты мәндер оған қатысты затқа қарағанда басқа бір әлдене болуы керек. Сол тұста олардың арасындағы ешқандай өзгешелікке назар салып қабылдаудың қажеті жоқ. Тіпті мән қандай бір жолмен бөтен болып кеткен күннің өзінде де назар бөлудің қажеті жоқ. Егер біздер: "Біз көріп тұрған заттың мәні қандай?" десек, онда оның мәні біздің: "Бұл біз көріп тұрған нәрсе" дегеніміздегі түсінген нәрсемен қатынасты мән болады. Өйткені "Бұл біз көріп тұрған нәрсе" деп біздің айтқандағы идеямыз біз не нәрсе туралы сұрасақ, соның мәні болып табылмайды. Бірақ оның мәні "адам" деген сөз болады. Сондықтан да оның мәні туралы сұралған нәрсе неге қол жеткізу көзделіп отырса, соның мәнінен басқа бір мән болады. Тіпті біздер "заттың мәні" немесе "бұл заттың мәні", немесе "қандай да бір заттың мәні" деп айтсақ, онда біздер оны "зат" дегеннің сілтемелейтінінен гөрі жекерек сипаттайтынның мәнінің болмысына көз жеткіземіз. Егер біздер "Зейдтің мәні" деп айтсақ, онда оның болмысының мәніне қол жеткізер едік, ал ол мән оны шындығында бар оның болмысының мәні немесе "Зейд" деп көрсететінге қарағанда жалпылама түрде сипаттайтын оның болмысының мәніне көз жеткізеді. (107 б.) "Заттың мәні" деп біздің айтатынымыз егер де ол әлденемен қандай жолмен болсадағы қатынасты қос нәрселер арасында қарама-қарсылық болмайды деген көзқарас тұрғысынан қатынасты болса, онда сол пайымдау қисынсыз да орынсыз пайымдау болып шығады. Оған тек аяушылықпен қарауға болар. Өйткені "заттың жаны" дегеннің астарында біздер сол бір идеяны меңзейміз, яғни заттың болмысының мәні туралы идеяны меңзейміз. Ал бұл "заттың субстанциясы" деген біздің сөзіміздегі (айтылған пікіріміздегі) сол бір идея болып табылады. "Өз мағынасында (мәнінде) алынған нәрсе", "өз мәнінде бар нәрсе" деп айтылған сөзге қатысты біз ол мәнге жатпайды және ол біздің "заттың мән атты деп айтылған сөзімізге де жатпайды, өйткені "өз мәніндегі нәрсе", бұрынырақ көрсетілгендей, субстрат туралы айтпайтын нәрсе. Оның үстіне, ол өз болмысындағы мән үшін басқа қалған категорияларды қажет етпейді. Сондай-ақ, өз болмысындағы мәнді иемдену үшін ол туралы бір нәрсе айтылатындығын да, ол өзінің жағдайын анықтайтындығын да, ақылмен танылатын болуын да, рухтан тыс болуын да қажет етпейді. Мән, сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген "бұл не?" дегенді де анықтайды, себебі ол өз болмысының мәнін иемдену үшін және өз болмысының мәнін ақылмен танып-білуі үшін басқа категорияларға жүгінуді керек етпейді. Барлық қалған категорияларға қатысты айтатын болсақ, онда ақылмен танылу барысында болсын, жаннан тыс бола тұра, өзі үшін оз болмысының мәнін иелену барысында болсын осы категорияға жүгінеді. Сондай-ақ, оның болмысының мәнін анықтайтынның ішінде де осы категория болатын болады. Осылайша, мән туралы абсолютті мағынадағы субстанция туралы айтылғандай айтылады. "Өз мәніндегі нәрсе" осы екі (заттардан) тысқары әлдебір нәрсе жайында айта алады, предикат туралы айта алады, ол туралы предикат "өз мәніндегі" субъектке қатынасты предикат деп айта алады, егер сол субъектің болмысының мәні мен оның болмысының мәнінің бір бөлігі сол предикат арқылы анықталатын болса солай болмақ. Мысалы, "жануар" дегеніміз "өз мәні
бойынша" алынған "адамға" қатысты предикат болып табылады. Ол жағдай адам болмысының мәні немесе оның болмысының мәнінің бір бөлігі жануар сынды болғанда немесе ол жануар деп сипаттала алатын болғанда туындайтын жағдай. Предикат туралы ол субъектке қатысты "мәндік" тұрғыдағы предикат деп айтыла алынады. Ол жағдай егер предикаттың болмысының мәні немесе оның болмысының мәнінің бір бөлігі субъектіге қатысты предикат болып табылғанда орын алатын жағдай. Ол мына төмендегі мысалдағыдай: "күлегештік" адамға тән қасиет, өйткені "күлегештіктің" болмысының мәні немесе оның болмысының мәнінің бір бөлігі оған "адамға" қатынасты предикат болуы тиіс дегендегідей жағдайда. Предикат туралы ол дегеніміз субъектіге қатынасты "мәндік" (108 б.) тұрғыдағы предикат деуге болады. Егер предикаттың болмысының мәні немесе сол мәннің бір бөлігі сол субъекте бола алатындай болған жағдайда жоғарыда айтылған нәрсе расталады. Ал субъектінің болмысының мәні немесе оның болмысының мәнінің бір бөлігі сол предикат арқылы сипаттала алатын болса да жоғарыда айтылғандай болмақ. Ал ол дегеніміз оның субъекті оның болмысының мәнінің бір бөлігі немесе оның болмысының мәні деген сөз. Мысалы, санға катысты: жұп немесе тақ дегенде, жұп болмысының мәні немесе оның болмысының мәнінің бір бөлігі оның санның қатарында болуы керектігінде. Сан дегеніміз олардың әрқайсысының, мейлі ол жұп сан болсын, мейлі ол тақ сан болсын, барлығының мәні. Олардың екеуі де: тағы да, жұбы да санға катысты предикаттар болып табылады. Ақырында, біздің "мәні бойынша" дегеніміз сол екі зат арасынан сенің өзің нені субъектке қатысты, нені предикатқа қатысты дұрыс деп тапсаң, сол болып табылмақ. Бірақ адамдар сан дегеніміз субъектке бірінші ретте предикат туралы ол субъектке сол субъектінің мәні бойынша қатысты предикат болып табылады деп ойлайды, демек, "субъектің мәні бойынша" субъект болмысының мәні жағынан солай болып табылады делінеді. Сондай-ақ, екінші ретте предикатқа катысты ол дегеніміз предикат өз мәні бойынша және өз болмысының мәні бойынша предикат болатын деп айтылады. Ал сен оны өз қалауыңша анықтағайсың. Предикат туралы, сондай-ақ, ол "өз мәні бойынша" субъектке катысты предикат деп субъекте, егер ол анықталған болса, сол анықтамаға сай, осы предикат болған жағдайда предикат деп айтуға болады. Ал бұл жағдай тек қана субъект болмысының мәні тұрақтыны талап еткенде ғана немесе кеп жағдайда ол үшін предикатты оның болмысының мәні болу үшін талап еткенде болатын нәрсе. Ал (осы субъектің) анықтамасы онда сол бір предикаттың болуының себебі предикаттың субъектке қатынасынан бөлек басқа байланыстар туралы да айтуға болады. Мысалы, әлденеде бірдеңе бар болған жағдайда, немесе бірге, немесе әлдененің арқасында, немесе әлдене арқылы, немесе әлденеде, немесе әлдененің қасында, немесе тағы да басқа нәрселер, яғни байланыс бөліктерінің қалғандары меңзеп тұрған басқа нәрселер бар болған жағдайда. Олар шындығында да "өз мәні бойынша" бар болады. Егер де олардың екеуінің әрқайсысы немесе олардың біреуі онда сол затпен байланыс болуын талап етсе, немесе оның болмысының мәні үшін онда осы байланыстың болуы қажет етпесе солай болады. Бір сөзбен айтқанда, заттар туралы олар басқа заттармен "өз мәні бойынша" байланысқан деп айтылады. Ол қандай байланыс болсадағы, олардың біреуі немесе олардың әрқайсысы оның болмысында осы байланыстың болғанын талап етеді (109 б.) Бұл жағдай заттардың біреуі үнемі немесе көп жағдайда дәл сондай басқа байланыспен байланысты болған жағдайда осылай болмақ. "Мәнділікті" дегеннің идеясы осы. Ол "акциденталды" дегенге қарама-қарсы. "Өз мәнінен" дегеннің басқа идеясы, ал ол дегеніміз жоғарыда келтірілген субстратта орналаспаған, "бүл не?" дегенді анықтайтын туралы айтылатын нәрсе "мәндік" деп айтылатынның екі қырын біріктіреді. Бір жағынан - жоғарыда айтылған туралы ол "мәнді" делінгенде, басқа жағынан қарастырсақ, ол субъектке қатысты өз мәнінде предикат бола тура (шындығында
"мәнділікті" болып) табылатын нәрсе болғанда - бір идеяда. Оның өзі өзінің болмысының мәніне ие болу үшін басқа категорияларды қажет етпей-ақ қояды". Басқа затпен өзінің түпкі мәнінде байланыстырылған" дегеніміз бір мағынаны ғана білдіреді. Ол оның болмысының мәні үшін осы байланыстың болуы керек болғанындай, немесе ол осы байланыс сондай мәнге ие болғанындай. Ал, жоғарыда келтірілген "бұл не?"дегенді анықтайтын нәрсе туралы ол "өзінің түпкі мәнінде" қос идеялардың басын қосады деп айтылады. Олардың біреуі өзінің болмысына өзі ие болуына қауқарлы, жеткілікті және де басқа категорияларға мұқтаж емес нәрсе. Екіншісі болса, өзінің болмысының мәнінде сол арқылы және соның көмегімен сипатталу үшін және айтылу үшін мұқтаждық танытады, немесе өзінің болмысының мәніне (өзінің) тіршілікте барлығымен және де ақылмен танылатындығымен ие болады. Субъект туралы онда "оның түпкі мәнінде қандай да бір предикат" бар деп егер предикат пен субъект арасында әлдене болған болса ғана айтуға болады. Ол әлдене әлдебір басқаның көмегінің арқасында жүзеге аспайды, мысалы, қарапайым халық арасында "өмір өзінің түпкі мәнінде жанға арналған, тек содан кейін ғана жан арқылы тәнге арналған" деп айтылатындығындай. Осыған тағы да сілтемелейтін бір нәрсе біздің "ең бастапқы, ең алғашқы, әуелгі" деген сөзімізде жатыр. Мысалы, әлдекім былай дегендегідей: "Расында, жан үшін өмір дегеніміз әуелгі, ең бастапқы нәрсе" дегендегідей. Бәлкім, (мұнда) әлдененің артынан келіп тұрған нәрсені бірдеңеге қосу туралы айтылып та тұрған болар. Өйткені үшбұрыш туралы "оның барлық бұрыштарының қосындысының теңдігі оның екі тіктігі арқылы әуелден, ең бірінші түрде болады" деп айтылады. Комментаторлар бұны мұнда ешқандай делдалдық, дәнекер буындылық жоқ деп елестетеді. Бірақ ол - түкке тұрмайтын ақымақтық, өйткені осы "ең біріншілік, бастапқылық" үшбұрыштың тегіне апарып қосылады, сөйтіп, өзінің тегі арқылы ол өзінен бұрын әмбебап болмыс есебінде тіршілік етпейді деген идея шығады. Біздің "өзінің түпкі мәнінде" деген сөзімізде де оның болмысы не әрекеттенуші себеппен, не материямен, не формамен, не қандай да бір мақсатпен ешбір байланыссыз болып шығатындығы туралы айтылады. Бұндай сипаттағы болмыс міндетті түрде болуы тиіс, егер себептің себебін асқан ыждағаттылықпен қарар болсақ, онда алға қарай шексіз санмен жылжыр едік. (110 б.) Әрбір зат өзінің болмысында бөгдесіз бола алады немесе өзінің әрекетінде бола алады, немесе әлдебір басқа нәрседе бола алады. Онда оның не арқылы болмыс ететін нәрсесі бар, не арқылы ол бар болатын нәрсесі бар. Ол туралы онда ол "өзінің мәнінде" бар нәрсе деп айтылады. Осы сөз бен одан туындайтын формалар, яғни "мән", "мәні бойынша", "заттың мәні" дегендер көпшілік қауымға белгісіз, ал бұл сөйлемдер философтар мен теориялық (назариялық) ғылымдардың өкілдерінің арасында талқыланатын нәрселер болып табылады. Көпшілік осы сөздің орнына "өзі", "өздігінен өзі" дегенді коп пайдаланады. Олар былай дейді: "Зейдтің өзі шайқасқа түсті" дейді, сонда олар осының астарынан сол нәрсе нақты бір анықталған себептерсіз-ақ (солай бола қалады) дегенді білдіреді. Сондай-ақ, олар тағы да былай дейді: "Зейд - ол өзінен өзі", яғни ол басқаның қатысуынсыз өзінің түп мәнінде қалай бар болатын болса, солай деген соз. Демек, ол өзінің жасаған әрекеттерінің барлығында басқаның (қатысуынсыз) бола алады. ОН БЕСІНШІ ТАРАУ Тіршілік етуші, баршылық Тіршілік етуші, баршылық қарапайым араб халқының тілінде "тіршілік етуші, баршылық" /23/ деген сөз "тіршілік" пен "сезіну" сөздерінен туындаған сөз болып шығады. Олар арабтарда абсолютті және шектелген мағынада пайдаланылады. Оның абсолютті мағынасына келетін болсақ, онда мына мысалдағы сөздердей: "Мен қалаулы мақсатыма жеттім", "мен діттегеніме
қолым жеткенше соны қаладым". Ал шектелген мағынасына келетін болсақ, онда мына бір сөйлемдердегідей: "Мен Зейдті жомарт деп таптым" немесе "Мен Зейдті сатқын деп таптым". Осы адамдарда абсолютті мағынада қолданылатын "тіршілік етуші" дегеніміз зат өзінің мәлімдігіне, жағдайын немесе қалаулы күйіне ие болатын нәрсе соның артынан ерген үшін де көрсеткіш болып табылады, өйткені, шындығында, олардың: "Мен қалаған мақсатыма жеттім" және "Мен жоғалтқанымды таптым" дегенінде "мен оның жағдайын білдім және де соған өз қалауыммен еру мүмкіншілігін алдым" деген астар жатыр емес пе?! Осының астарында заттың танымал болуы айтылып түр емес пе?! Ал ("тіршілік етуші" идеясын) шекті мағынада қалай пайдаланатындығына келетін болсақ, мысалы, олардың: "Мен Зейдті жомарт деп немесе сатқын (адам) ретінде білдім, таныдым" деген астар жатыр, ол басқаша болуы мүмкін емес. Арабтар оның орнына (басқа) сөздерді пайдалана алады. Олар сол идеяларға "мен кездейсоқ жолығып қалдым", "мен кездестірдім" дегендей сөздер пайдалана алады, ал тіршілік етушінің" орнына "кездейсоқ жолаушы", "кезіккен жан" деген сөздерді (пайдалана) алады. Басқа халықтардың тілдерінде дәл сол идеяларды көрсететін сөздерді пайдаланады, яғни араб тілінде сол сөздер нені білдірсе сол мағынадағы сөздер пайдаланылады. Әрі олар арабтардың көпшілік қауымы қолданатын сөздерді қолданады. Олар сол халықтардың әрқайсысына танымал сөздер. Олар сол сөздермен дәп сол идеяларды жеткізу үшін пайдаланады. (111 б.) Парсы тілінде бұл "йафет" сөзі, соғды тілінде "фирд" сөзі солар арқылы "тіршілік пен сезіну" деген мағыналар беріледі. Ал "йафте" мен "фирду" арқылы "тіршілік етуші" деген магына беріледі. Қалған тілдердің әрқайсысында бұл сөз (біз байқағандай) мағынада қолданылады. Мысалы, парсы, соғды, грек, сириялық және басқа тілдерде де солай. Парсы, сириялық және соғды тілдерінде бұл сөздер барлық заттарды, оларды бөліп - жіктемей, жалпы алғандағы заттарды білдіру үшін пайдаланылады /24/. Оларды етістікті (атаулы сөйлемдегі етістікті)есімдікпен байланыстыру үшін қолданады. Ал бұл дегеніміз предикаттың субъектпен байланысы деген соз. Егер предикат есіммен берілген болса немесе предикат субъектпен абсолютті мағынада уақытты ескермей байланысуын қалаған болса, солай болады. Егер де ол уақытпен (шақпен) өткен шақ немесе осы шақ мағынасында байланысуын қалайтын болса, онда тіршілікті білдіретін етістіктер "болған", "бар", "болады" немесе "қазір" дегенді пайдаланады. Ал егер етістік есімдікпен ешбір уақытқа тәуелсіз байланыссын десе, онда парсы тілінде "хает", грек тілінде "астин", соғды тілінде "асти" болып табылатын, қалған тілдерде сол мағынаны беретін басқа сөздермен орын алмастыратын сөзді пайдаланады. Бұл сөздер, біз айтып өткендей, екі мағынада қолданылады. Олардың барлығы сол тілдерде туынды сөздер болып табылмайды. Олар бірінші аналогиялар болып табылады. Оларда етістіктен шытатын атаулар жоқ және олар флексияларға байланысты өзгермейді. Бірақ егер адамдар олардан масдарларды құрастырғысы келетін болса, онда олардан басқа туынды сөздер құрайды және оларды масдар ретінде пайдаланады. Мысалы, "адам" (сөзі). Ол араб тілінде бірінші аналогия болып табылады. Оның масдары жоқ және ол флексияға сай өзгермейді. Ал егер одан масдар жасатысы келетін болса, онда "адамшылық" деп айтады, ал ол дегеніміз "адам" (сөзінен) туынды болып табылады. Дәп сондай жағдай барлық басқа тілдерде де орын алады. Мысалы, парсы тілінде, егер "хает" сөзін масдар жасағысы келетін болса, онда оны "хасти" деп айтады. Расында, бұл форма жалғау (флексия) бойынша өзгеретін (ережесі) жоқ сөздердің масдарын меңзейтін форма болып табылады. Мысалы, парсы тілінде "мардам" - "адам", ал "мардами" - "адамшылық". Әу бастан араб тілінде парсы тіліндегіні "хает", грек тіліндегі "астин" сөздерін немесе басқа тілдердегі сол сияқты сөздерді алмастыратын сөздің формасы болған жоқ. Бұл сөздер теориялық ғылымдарда және логика өнерінде аса қажет. Философия арабтарға жеткенде, яғни араб тілді философтарға жеткенде, олар философия мен логикадағы идеяларды арабтардың тілімен білдіруі керек болды. Сол кезде олар о бастан-ақ араб тілінде грек тіліндегі "астин" және парсы тіліндегі
"хает" сияқты сөздердің мағынасын жеткізетін, сол сөздерді алмастыратын соз таппады. Демек, сол сөздің басқа тілдерде пайдаланғандағы мағынасындағы сөздерді анықтай алмады. Олардың кейбірі парсы тіліндегі "хает" және грек тіліндегі "астин" сөздерінің орнына "ол" сөзін қолдануды жөн көрді. Бұл сөз араб тілінде біздің: "ол істеп жатыр", "ол істеген" деген сөйлемдеріміздегідей қолданылуы мүмкін. Олар "ол" сөзін араб тілінде кейбір жағдайларда, яғни жоғарыда айтылып кеткен сөзді басқа тілдердің өкілдері қолданғандай қолдана алды, ал бүл біздің "ол Зейд" деген мысалымыздағыдай. Шын мәнінде "ол" сөзі араб тілінде осында айтылып кеткен мағынасында қолданылудан алыс тұр. Дәл осылайша бүл "ол мен көрген адам", "ол мынадай да мынадай бір күні әңгіме - сұхбат өткізеді", "ол ақын", "Зейд ол әділетті" және т.с.с. (мысалдарға да қатысты). Араб тілінде "ол" сөзін парсы тіліндегі "хаст" сөзінің орнына парсылар "хаст" сөзін қолданған барлық жағдайларда қолданады. Адамдар одан "жеке өзіндік мән" масдарын шығарды. Бұл бірінші аналогиядағы кез келген масдардың түрі, формасы және оның мысалы: "адам" сөзінен шыққан "адамгершілік", "есек" сөзінен шыққан "есектік" және "ер" сөзінен шыққан "ерлік" дегендегідей ары қарайғы форма құраушысы болмайды. Басқалары бүл сөздердің орнына басқа сөздерді қолдануды жөн көрді. Мысалы, "ол" сөзіне "тіршілік ету" сөзі арқылы меңзейтін болды, (113 б.) ал бүл туынды сөз болып табылады және оған форма құрау тән. "Жеке өзіндік мән" сөзінің орнына олар тіршілік ету (идеясын жеткізетін) сөзді құрастырды және олардың предикаты "болды", "бар", "болады" сөздерінің орнына атау болып табылатын жағдайларда байланыстырушы ретінде тіршілік ету идеясымен байланысы бар етістіктердің етістіктерін қолданды. Тіршілік ету идеясы бар сөз екі жағдайда қолданылады: барлық заттарды нұсқаған кезде және предикат атауы субъектпен байланысқан кезде қолданылады. Онда алғышартта уақыт белгіленбейтіні ескеріледі. Бұл екі жағдай араб тілінде парсы тіліндегі "хаст" және грек тіліндегі "астин" деген сөздер сияқты соз қолданғандағы жағдай. Берілген жағдайда "болған", "болды", "бар" және "болады" деген сөздердің орнына "тіршілік еткен", "тіршілік етуде" және "тіршілік етеді" сөздері қолданылып отыр. Сондықтан тіршілік ету идеясы бар соз, ал бұл араб тілінде туынды сөз ретінде енгізілген бірінші соз болды және әрбір туынды оның құрылымы бойынша көз алдына есімдік нені меңзейтін болса, соны елестететіндіктен, ал ол анық ерекшеленіп, көзге түспейді, сөйтіп осы есімдікте туындаушы болып табылатын масдар идеясы сөзге айналады. Ол сөз тіршілік ету идеясынан тұрады. Бұл идея әрбір заттың астарынан есімдік идеясы туралыны, яғни аса ерекшеленіп, бөлінбегенді көрсетеді. Бұл идея оның "тіршілік ету" сөздері арқылы танылатындығы. Ол оны есімдікте бар нәрсе деп есептеу үшін керек. Бірақ ол қатты ерекшеленбейді. Әрі сол бір тіршілік иесін есімдікке енетін (әлдебір нәрсе) ретінде түсінген. Немесе оны тағы да адаммен байланыс арқылы пайда болатын нәрсе деп елестетті, өйткені бұл соз идеядан көшіріліп алынған. Сол идея үшін халықта бұл сөз бастапқыда болды және ол өзін анықтауда бастапқыдан-ақ құралған болатын-ды және адам қатысуы арқылы пайда болған идея болды әрі басқа бір нәрсеге айналған немесе қандай да бір адамға, немесе біздің "мен қалаулы мақсатыма жеттім", "мен осылай талап еттім...", "мен оны таптым", "мен Зейдті жомарт деп таптым" немесе "жаман" деп таптым деп айтқандағымыздай, басқа бір нәрсеге өткен, өйткені бұның барлығы адам қатысы арқылы құралған және басқа бір нәрсеге айналған идеяға нұсқайды. Сен бұл сөз, егер ол теориялық ғылымдарда қолданылса және парсы тілінде "хаст" сөзінің орнына қолданылса, туындаушылық идеясы ретінде де, пайда болуы адаммен байланысты нәрсе деп те (114 б.) қабылданбауы керек екендігін білгенің жөн. Ол формасы туынды болып табылатын, туынды болғанда да туынды меңзейтінге меңземейтін соз ретінде қолданылуы керек, бірақ оның идеясы етістіктің іс-әрекеті өтетін ешқандай есімдікті де, ешқандай толықтауышты да меңземейтін бірінші аналогияның идеясы болу керек екендігін сенің білуің тиіс. Араб тілінде (бүл соз) парсы тілінде "хаст" және грек тілінде "астин" сөздері нені меңзейтін болса, дәп сол мағынада қолданылады. Ол біздің "зат" деген сөзді қолданғандығымыз сияқты үлгіде пайдаланылады.
Өйткені "зат" сөзі, егер ол алғашқы аналогиялық болып табылатын болса, ол баяндауышты толығымен ашпайды, сондай-ақ, адам арқылы пайда болып, басқаға айналдырған нәрсені түсіндірмейді, бірақ сол арқылы туынды сөз бен алғашқы аналогияға ненің сілтеп тұрғандығын, оның адамға қатысты пайда болып басқа нәрсеге ауыстырылғандығын, немесе оның мүлдем қалыптаспағандығын түсіндіруге болады. Тіршілік ету сөзін масдар (түрінде) қолданады, дегенмен, бұл адам арқылы пайда болып, басқа бір нәрсеге ауыстырылған нәрсе, ал осының өзі адамдар өздері алғаш рет бірінші болып енгіздік деп есептеген масдардың өз идеясы екендігінен қауіптену керек, дегенмен, оны біздер араб тілінде "тұрып, қатып қалған" форманы, құрылып, басқа нәрсеге ауыстырылғандығына сілтемейтін тіршілік ету құрылымы болатындай, мысал ретінде қолданылған. Сондықтан да, бұл сөз арабтың және оның құрылымы өзіндік болғандықтан да, ол мүлдем жалғанға айналады. Қарапайым адамдардың ойынша, оны емес, басқа "ол" сөзін пайдалану үшін, оның орнына "тіршілік ету" сөзі араб тіліндегі "ол" сөзі атқа да, етістікке де жатпайтындықтан және одан ешқандай да масдар қалыптастыруға болмайтындықтан да, жеке индивидуалдық негізге айналды. Теориялық ғылымдардағы масдармен көрсету тән идеяларды көрсету және онымен біздер төмендегі мысалдарда не істесек, сонымен де осылай ете алуымыз тиіс: "ер адам" - "еркектік", "адам" - "адамдық". Қарапайым адамдардың ойынша, тағы да, мұнан аулақ болу үшін, "ол"- дың орнына "тіршілік етеді", "тіршілік етуші" орнына "жеке индивидуалды "негізді" пайдаланған дұрыс". Ал мен туралы айтар болсақ, менің (115 б.) ойымша, адам өз тілегі бойынша, екі нұсқаның кез-келгенін қолдануға құқығы бар. Дегенмен, егер "ол" сөзі пайдаланылса, онда оны есім ретінде пайдалану қажет. Оны құрал /25/ ретінде ("жеке бас мәні"- соңғы форма құраушы болып табылады, ол солайша пайдаланылмаса да, орын алатындығы белгілі, бар екендігі белгілі) пайдаланбау керек. Оның құрылымы барлық жағдайда бір ғана термин /26/ ретінде жасалады. Ол да ол үшін көптеген араб есімдері бар болған жағдайдағыдай үлгіде жасалады. Көптеген араб атаулары бір ортақ кішкене термин арқылы қалыптасады. Ал одан қалыптасқан масдарға келер болсақ, ал бүл дегеніміз "жеке тұлғалық негіз" деген соз, онда толық есімді пайдаланған жөн, онда алғашқы термин де және барлық басқа қалған түсініктер де пайдаланылады. Егер "тіршілік етуші" сөзін қолданса, онда оны алғашқы аналогия ретінде пайдаланады, дегенмен оның формасы - туынды формасының өзі және осы тектес түсініктердің қандай мағынада екендігі түсініксіз болады, бұл сөздер туынды болып табылмайды, егер бұл сөзді қарапайым арабтар оны бастауыш немесе бастауыштағы идея ретінде немесе адам арқылы пайда болып, басқа нәрсеге ауысқан нәрсе ретінде емес, оның алғашқы түрлік қалыптасу ретінде пайдаланса, онда жалпы, осыған сәйкес, керісінше бүл соз заттар жолымен пайдаланылады, және де оны біздер "зат" туралы айтқандағыдай пайдаланады. Біз қазір жоғарыда көрсетіп кеткендегідей жағдайда бұл сөз теориялық өнер түрлерінде пайдаланылар болса, бұл сөзді қай мағынада қолдануға болатындығы тұрғысынан осы сөзді жіктемелейміз (классификациялаймыз). "Тіршілікте барлық" ("болмыс") - бұл күрделі сөйлем, ол категориялардың барлық түрін қамтиды, ал олар болса, жоғарыда аталғандай, субстраттан не орын алатын болады не орын алмайтын болады. Болмыс туралы, ол тектер ішіндегі белгілі бір жоғары тек аты болады деп айтқанымыз дұрысырақ, оңдырақ. Бірақ ол оның мәнін көрсетпейді, содан соң, ол әрбір жоғарғы тектерге тәуелді нәрселердің барлығына тән болады, бірақ оның жоғарғы тегіне арналған есім ретінде болады. Сондай-ақ, оның барлық түрлері туралы келісім ретінде айтылады. Мысалы, заттың есімі. Заттың есімі көптеген түрлер үшін олардың жалпылығы туралы айтатын болса, кейін келе, әрбір түрге жекелей тән келісім бойынша тәуелді болса, онда олар туралы тек келісіле отырып айтылатын болады. Болмыс туралы ол жалпы алғанда барлық түрлер (116 б.) туралы жеке-жеке
келісім бойынша айтылатын нәрсе деуге болады. Содан соң ол әрбір соған тән жеке тәуелді нәрсе үшін атау болып табылады және ол туралы жеке айтады, демек, жеке оз алдына айтылатын есім болып табылады деп айтуға болады. Бұл жерде қандай да бір ағаттық кетуі де мүмкін. Сондықтан да біз сол бір бірінші (атты) алуды ұйғардық. Бірақ ол ат қатынас түрі болмаса ғана солай алуға болады. Ол туралы жаннан тысқары жатқанға берілетін түсініктемесі бар пайымдау түрі ретінде айтыла алынады, ол туралы түсіндіріліп кеткен болатын; бір сөзбен айтқанда, ол жанда кездесетін барлық қиялдар мен көзқарастар туралы айтады және де жаннан тысқары жатқан кез келген ақылмен танылатын жайлы айтылады. Ал ол дегеніміз дәл бір жанда кезігетін нәрсе сынды /27/дуние. Әрі бұл идея ақиқат болып шығады, өйткені ақиқат пен тіршілікте барлық бір-бірімен синонимдер болып табылады. Зат туралы ол «бар, тіршілік етеді» деп айту үшін оған жаннан тысқары жатқан қандай да бір болмыс мәні тиесілі екендігін ескеру керек. Ол мән жанда елестетілуі де мүмкін. Болмыс мәні де, мағынасы да бөлшектерге бөліне де, бөлінбей де бола алады. Болмыс мәні бөлшектене алатын туралы оның болмыс мәні үш мағынаға ие деп айтады: олардың бірінде бөлшектердің қосындысы болмайды; екіншісінде - ол жүзеге асатын бөлшектер қосындысы ғана болады; үшіншісінде - қосындылардың әрбір бөліктері өз қосындысында басқа бөліктерге қатысты болады. Оның тұтасы оның бөліктерінің қосындысының атауымен аталынады - бұл дегеніміз оның анықтамасы нені меңзейтін болса сол нәрсе. Ал оның бөліктерінің әрқайсысы өз алдына не текті, не топты білдіреді. Олардың әрқайсысы өзіне қатысы тұрғысынан алынады. Ол не материяны, не форманы білдіруі мүмкін, олардың да әрқайсысы өзіне қатысты алынады. Осы үш мағынаның барлығын болмыс мәні және мағынасы деп атайды. Бір сөзбен айтқанда, болмыс мәні деп затта бардың барлығын айтады. Сондықтан сол арқылы «Бұл зат дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берген дұрыс болады немесе ол туралы сұрастырушыға қандай да бір басқа белгі арқылы жауап берген дұрыс болады, өйткені «бұл не?» деп сұрастырылатынның барлығы жайында оның мәні де, мағынасы да болмыс мәні де болып табылмай-ақ, өзіне қандай да бір мәнді қажет қылатын белгі арқылы білуге болады. Ол туралы сұраққа оның тегі арқылы, оның тобы арқылы, не оның материясы, не оның формасы арқылы жауап беруге болады. Оның анықтамасын пайдаланып та жауап беруге болады, сонда (жоғарыда келтірілген заттардың) әрбіреуі сол заттың болмысының бөлінетін мәні болып табылады. Ол бөліктерге бөлінеді, өйткені оның бөліктерінің әрқайсысы бөліне алады. Ол бөліктерге сол бөліктердің біреуі бөлінбейтіндей болғанға дейін бөлінеді, сөйтіп, оның бөліктерінің әрқайсысының болмыс мәні (осылайша) бөлінбейтіндей болады. Сонымен, тіршілікте бар нәрсе, баршылық туралы үш мағынада айтылады: 1) барлық категориялар сияқты, 2) ақиқат нәрсе жайында айтылған сияқты, 3) жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәні қосылған нәрсе туралы айтылған сияқты (117 б.) айтылады (ол көзге елестетілетін де, елестетілмейтін де болуы мүмкін). Біртұтастық табылғанға дейін бөлінетінге келетін болсақ, ондағы тіршілікте барлық пен болмыс бір бірінен ерекшеленеді. Тіршіліктегі барлық сол қосындыны білдіретін болады (ал ол болса болмыс мәніне ие болып алған дүние) ал болмыс болса, сол қосынды ол отырған заттың болмысының мәнін білдіретін болады. Немесе ол оның тегі ретінде, оны ажырататын белгі ретінде білдіретін болады. Бірақ ажыратушы белгі онымен оз алдына жеке қатынаста болғандықтан да оның болмысы болуға лайықтырақ, өйткені ол оны ерекше бөліп алып көрсетеді. Ақиқат болып табылатынның болмысы жаннан тысқары ақылмен танылатын үшін әлдебір қатынас болып табылады. Оның жоғарғы тектерінің әр тегімен байланыстырылған оның болмысы дегеніміз оның тегі. Ол болмыс идеясына тиесілі. Ал болмыс идеясы болмыс мәні немесе оның бөлігі болып табылады. Өйткені оның тегі оның болмысының бір бөлігі және де ондағы болмыстың әлдебір мәні. Ал ол дегеніміз болмыстың мәні бөлінетін нәрсе. Ал болмыс мәні бөлінбейтіннің барлығы не тіршілікте жоқ зат, не соның болмысының идеясы болады және де ол бір нәрсе есебінде тіршілік қурады, сөйтіп, болмыс ретінде де,
тіршіліктегі барлық ретінде де ол бір ғана идея болады. Тіршіліктегі бардың барлығы да жоғары тектердің әрбір жеке тектері туралы айтады,себебі ондағы болмыс пен тіршілікте барлық бір ғана идея болып табылады. Дәл сол сияқты, субстратта орналаспаған нәрсе мен ешбір заттың субстраты болып табылмайтын нәрсе әрқашан жай ғана болмыс мәні болып табылады, өйткені оның болмысы мен тіршілік ететіндігі, тіршіліктегі барлығы - бір нәрсе. Жоғарыда аталған нәрсе туралы айтатын категориялардың әрқайсысына жаннан тысқары жатқан қандай да бір болмыс мәні қосылатындығы түсінікті. Ол әлгі категорияның бөлінетін әлде бөлінбейтін категория ретінде ақылмен танылмай тұрған шағында қосылады. Сонымен бірге, ол ақылмен танылып болған соң ол категория ақиқат категория болып шығады, өйткені оны көз алдына елестеткенде және де ақылмен, түйсікпен танығанда ол жаннан тысқары жатқан нәрсенің ақылмен танылатынына айналады. Оның бойында оны екі себеппен тіршілік ететін қылып отырған нәрселер бастарын біріктіреді. Сонымен тіршілікте барлық идеясы екі мағынаға барып саяды: оның ақиқат екендігіне және де онда жаннан тысқары жатқан қандай да бір болмыс мәні бар екенідігіне барып тіреледі. Әрбір ақиқат нәрсе дегеніміз өзіне жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнін қосып алатын нәрсе екендігі анық. Жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнін өзіне қосын алушы ең жалпы (мағынасындағы) ақиқат болып табылады, себебі жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнімен байытылған нәрсе шындығында да жанда көзге елестетуге қол жеткізілгенде ғана ақиқат болып табылады. Алайда, ол өзіне жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнін өзіне қосып алған деп көз алдыңа елестеткенге дейін оны ақиқат деп есептемейді. Өйткені ақиқат идеясы дегеніміз көзге елестете алатындай болу. Ол шындығында жаннан тысқары жатқан дүние. Ол көзге елестету сияқты. Себебі ақиқатты, шынайылықты жаннан тысқары жатқанға қатысты нәрсе арқылы табуға болады. Дәл осы нәрсе жалғанға қатысты да бола алады. Ақиқат ол ақиқат болғандықтан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнін қосып алғанға қатысты болады. Абсолютті мағынада қандай да бір болмыс мәніне қосылған және де ешнәрсемен шартталмаған дегеніміз жаннан тысқары жатқан әлдебір болмыс мәнін қосып алғандардың ішіндегі ең жалпыламасы. Өйткені зат тек қана болмыс мәнінің қиялдағы елесін ғана қосып ала алады, ал оның өзі жан¬нан тысқары тұрмайды. Немесе кейде ақылмен танылатын заттар, көз алдыңа елестетілетін заттар да ақиқат бола алмайды. Мысалы, біздің: «үшбұрыштың бір жағы басқасына сәйкес»дегеніміздегідей. Не болмаса «бос кеңістік» дегендегіміздей. Өйткені «бос кеңістік» қандай да бір болмыс мәніне ие. Сондықтан да біз «бос кеңістік, қуыс» туралы «ол не?» деп сұрай аламыз, сөйтіп, «Бос кеңістік дегеніміз не?» деген сұрақ қойылғанда берілетін жауап сынды жауап бере аламыз. Әрі сол оның атауын түсіндіруші сөйлем болады, әрі сол атты түсіндіруші сөйлем болады. Ал ол дегеніміз жаннан тысқары жатқан болмыс мәні. Саған жаннан тысқары болмыс мәні бар заттар қандай болатындығын білген жон. Демек, ұғымы бар заттарды білген жон. Сонымен бірге, олар не туралы баяндайтынын да білген жон, олардың болмыс мәні туралы ненің арқасында хабардар болатын туралы да білген жөн. Ал ол дегеніміз материяның нақ өзі. Сондықтан, егер де біз зат туралы «ол шындығында тіршілік қылады» дейтін болсақ, онда айтушыға сол екі мағынаның кез келгені жөнінде сұрақ қою қажет. Яғни ол өзінің айтып отырған затының ақиқат болғандығын қалай ма әлде оған қандай да бір жолмен жаннан тыс болған болмыс мәнінің тән болуын қалай ма - соны сұрау қажет. Жаннан тыс болмыс мәні тән нәрсе туралы, ең кем дегенде жалпы мағынасында, ол әлдененің алдында жүріп отырады және ретіне қарай /29/ ілесе жүріп отырады деп айтылады. Ал бұл дегеніміз болмысының мәні ең кемел мән болып табылатын және де басқалар арқылы болмыс мәніне ие болуға мұқтаж емес кемел мән. Ал қалғандары болса өзінің болмысының мәніне ие болу үшін және де ақылмен танылу үшін сол категорияны қажет етеді. Ендеше, ол туралы басқаларынан гөрі, ол тіршілік етеді деп айтуға болады. Бұдан соң осы категориялардың ішіндегі
болмыс мәніне ие болу үшін түр ретінде жіктелуге және осы категорияның тегіне мұқтаж болатыны болмыс мәнінде коп жеткіліксіздеуі болып табылады. Ол осы категорияда болмыс мәнін алудың себебі болып табылатынмен салыстырғанда жеткіліксіздеу. Ал осы категориядағы болмыс мәніне ие болу үшін себеп болып табылатын нәрсе сол болмыстың көбірек кемелденгендігі болып табылады, сөйтіп, ол «тіршілік етуші» деп аталуға көбірек лайықты (119 б.). Осылайша, бұл категорияда болмыс мәнінің одан да бетер жетіліңкіреген түрлеріне талпыну жалғасады. Демек, бірте-бірте бұрынғыдан да жетіліңкіреген болмыс мәні табылады. Сөйтіп, бұл категорияда одан да бетер жетілгендік болмай да қалады. Ол біреу болады және біреуден де көп болады. Бұл біреу және осы заттар олар туралы «олар шындығында тіршілік етеді» деп айтуға (лайық). Егер де ойламаған жерден осы категориялардың барлығына сыртқары жатқан әлдене табылған болса әрі ол болмыс мәнін табу үшін себеп болып табылса, өйткені ол осы категориядағы алдын ала жүретін нәрсе болса, онда ол қалғандарының болмыс мәнін табуының себебі болып шығады. Ендеше, осы категориядағы бар нәрсе барлық басқа категориялар үшін болмыс мәнін табудың себебі болып табылады. Сонымен, тіршіліктегі бар заттар, яғни олардың астарында жаннан тысқары болмыс мәні бар екендігін білдіретіндер келесі ретпен орналасқан. Тіршілік етуші, яғни әлдебір жаннан тысқары жатқан болмыс мәні бар дүние, екі түрлі болады: потенциалды тіршілік етуші және актуалды тіршілік етуші /30/. Актуалды тіршілік етушінің де екі түрі бар: актуалды болмай тура алмайтын немесе тек қандай да бір белгілі уақыт шамасында ғана актуалды болып табылмайтын актуалды. Ол - үнем актуалды актуалдылық. Актуалды болмаған нәрсе, ал қазір актуалдылық танытқан нәрсе актуалды болғанға дейін потенциалды болған, потенциалды тіршілік еткен. Біздің «потенциалды тіршілік етуші» дегеніміздегі идея актуалдылыққа ие болуға даяр әрі соны діттеген идея. Ондай болмаған жағдайда, оның мақсаты мен оның даярлығы актуалдылыққа ие болу немесе ие болмауға даярлық болып табылар еді. Ал сондай болған жағдайда оның даярлығы тек қана актуалдылыққа бағытталған даярлық болмақ. Әрі ол актуалдылыққа ие болуға әлде ие болмауға да бағытталған болуы мүмкін. Потенциалды тіршілік етушінің потенциясы (әлеуеті) расында да (жоғарыда келтірілген) екі түрге бөлінеді. Оны «потенция» әлде «мүмкіндік» деп айтқанда тұрған ешқандай айырмашылық жоқ. Себебі потенциалды тіршілік етушінің ішінде актуалдылыққа ие болуға ғана өзінің потенциясына және өзінің мүмкіндігіне сай бағытталған нәрсе болады. Ал оның актуалдылыққа ие болуға әлде ие болмауға бағытталғандығы қос қарама-қарсылықты көздеу болып шығады. Тек актуалдылыққа жетуге бағытталғандардың өзі түп негізінде екі түрлі болып келеді: олардың біреуі - сырттан пайда болатын кедергі - тосқауылдарға ұшырайтыны және де ешқандай кедергі - тосқауылсызы. Әрі сол екеуінің ішіндегі ешбір кедергі - тосқауылсызы, әрине, (120 б.), актуалдылыққа ие болады. Осыған келесі жағдай мысал бола алады: қамысты отпен өртеу. Отта тек қана өртеу потенциясы, мүмкіншілігі бар. Бірақ ол өртеуге немесе өртемеуге бағытталмаған. Бірақ егер де от өз жолында (қандай да бір) тосқауыл кездестірсе, онда ол өртеуші бола алады да, өртемеуші бола алмайды. Енді айдың тұтылуына тоқталар болсақ, онда айдағы бар потенция оның тұтылуын діттеуге даяр тұрады. Соның арқасында ай астрономиялық байлау сатысында кездесу барысында соған сырттан еш тосқауыл болмағандықтан да тұтылуға даяр. Сондықтан да ай сол бір қос астрономиялық байлаулардың бірінде күнге қарсы тұрып қалса, онда ол міндетті түрде тұтылады. Бүл жөнінде «Герменевтиканың» /31/ үшінші бөлімінде қысқаша баяндалған. Потенциалды түрде тіршілік етуші әдетте көпшілік қауымның /32/ лексикасында орын алмайды, яғни оны тіршілік етеді деп атамайды. Бірақ көпшілік қауым оны тіршілік етпейді деп атайды және де оны тіршілік ету (идеясы бар) сөздер арқылы жеткізуді жалғастырады. Адамдар тіршілік ету сөзімен ненің болмыс мәні актуалды шындық болса, соны атайды. Бірақ адамдар ненің болмыс
мәні ақиқат болса және ненің болмыс мәні потенциалдыққа (ие болғаннан) соң тіршілік ететін болса, оларды тіршілік ету сөзімен атамайды. Бұл адамдар үшін сөздердің ішіндегі ең ерте сөздер. Ол сөздер - тіршілік (идеясы тән) сөздер. Ал егер' адамдар жалпы тіршілік ететін заттарды сөзбен жеткізгісі келсе, онда олар әлі де потенциалды болған кездің өзінде ол туралы түсінік құрайды. Ол үшін олар ол актуалды болып қойған кезде айтылатын сөздерді пайдаланады. Мысалы, мына келтірілген мысалдардағыдай: «ұрушы», «өлтіруші», «соққыны қабылдаушы», «соғылған», «өлген». Олар былай дейді: «Анау, әлгі біреу - ұрылған (немесе өлтірілген), әрі оған күмән келтірудің керегі жоқ». Осы айтылып отырғандар әлгі біреу ұрылғанға дейін орын алады, тіпті, сол адам болашақта ұрылуға даяр болған күннің өзінде де солай болмақ. Олар, сонымен қатар, «Үндістандағы қандай ағаштар көзге көрінерлік?» деп те айтады. Солай дегенде олар әлгі ағаштардың көзге көрінуіне кедергі келтіретін қандай да бір тосқауылдың барлығын астарлап айтып түр. Дәп солайша, адамдар: «Адам өлі», «Зейд өлі» деп те айта алады. Солай дегенде олар өлімді растап тур. Олай деп әлгі адам расында өлгенге шейін-ақ айтуға болады. Адамдар кейде потенциалды, ал кейде - актуалды болып табылатынның бөліктері үшін бірдей сөздерден тұратын сөйлемдер құрайды. Олар потенцияға ие болғаннан кейінгі нәрселерге сөздер құрастырады. Ал сол сөздер түп мәнісінде актуалдылығы бар заттарды білдіретін сөздер болып табылады. Ал философтар болса, тіршілік (идеясы бар) сөздер арқылы солардың барлығын ең жалпы мағынасында жеткізу қажет деп біледі. Олар қарапайым адамдарға ілесе отырып, тіршілік етуші болып табылатын туралы айтқанда (121 б.) солай жасайды. Сонда олар потенциалдыққа (ие) болғаннан соң тіршілік етушіні актуалды болып табылатынның атауымен атайды. Олар, яғни адамдар, сонымен бірге, заттарды олардың потенциалдық және актуалдылық шарттарын күшейте отыра, "потенциалды тіршілік етуші" және "актуалды тіршілік етуші" деп бөледі. Сонымен қатар, "потенциалды тіршілік етпейді", "тіршілік етуі потенциалды емес" деп айтуға да болады. Сіз осы сөздерді қалауыңызша қолдана аласыз. Потенциалды тіршілік ететінді, сіз өз қалауыңыз бойынша "Оның тіршілік етуі актуалды емес", не ол "актуалды тіршілік етпейді" деп қолдануыңызға болады. "Тіршілік етпейтін" және "тіршілік иесі болып табылмайтындар" туралы оларды тіршілік ететін заттарға қарсы қоя отырып айтуға болады, ал "тіршілік етпейтіндер" бұлар жаннан тыс болмыс мәні бар заттар. Бұл сөздер жаннан тысқары да және жан тұрғысынан да болмыс мәні жоқ заттарға қатысты қолданылады, сонымен бірге, жандағы болмыс мәнін елестетуге болатынын, ал шын мәнінде олардың жаннан тыс болмысы жоқ заттарға қатысты қолданылады, ал бұл жалған, себебі жалған заттар туралы оның "тіршілік етпейтіндігі жөнінде" айтуға болады. Жаннан тыс болмыс мәні бар заттарды біздің мына сөздеріміз теріске шығарады: "оның жаннан тыс болмыс мәні жоқ". Ал бұл дегеніміз оған болмыс мәнінің жаннан тыс емес, жандағы болмыс мәнінің тән екендігін білдіреді, және жандағы да, жаннан тыс болмыс мәнінің жоқтығын білдіреді. Яғни, "тіршілік етпейді" деген сөз бұл теріске шығаруды білдіреді, мәселен біздің "шынайы өмір сүрмейді" дегенімізбен тура келеді, бұл өз кезегінде бар затты да, жоқ затты да ақиқат ете алмайды. Ал, ақиқат емес заттар, көп жағдайда жалған болып келеді. Яғни, ешқандай болмыс мәні жоқ заттар, ақиқат та жалған да бола алмайды, себебі оның өзіне нұсқайтын не атауы, не созбен жеткізудің басқа жолдары жоқ, не түріне қарай, не көзге көрінетін айырмашылықтары жоқ, оны көруге де, не елестетуге де болмайды және ол жайында мүлдем сұрауға келмейді. Ал, егер ақиқат емес, жалған заттарға келер болсақ оларды ойлауға, елестетуге, бейнелеуге болады және оның болмыс мәні бар. Себебі, жалған заттың бір болмыс мәні бар, оның атауы бар және ол жайында "бұл не?" деп сұрауға болады, мәселен "бос кеңістікті" алайық. Ол туралы "бұл не?" деп сұрауға және "бұл еш нәрсе жоқ кеңістік" немесе " бұл жерде бір нәрсе болуы мүмкін" деп жауап
беруге болады, немесе осы екі жауаптан басқа "бос кеңістікке" байланысты жауаптар беруге болады. Алайда, осы тәріздес жауаптар жалған және жоқ. Бірнеше заттың болмыс мәнінен туратын туралы олардың әрқайсысының жеке ақиқат болмыс мәндері бар екендігі жөнінде айтсақ болады. Алайда, жаннан тыс болмыс мәні бар заттарды елестетуге болатын заттарға байланысты "ақиқат" деп айтпайды. Яғни, ол екі түрлі себеп бойынша тіршілік етпейді, себебі "етпейді" деген теріске шығарушының, жалпы атаудан басқа, "тіршілік ету" идеясы жоқ. Бұл бір атауда бірігетін екі заттың әрқайсысына да байланысты және олардың біреуінің - бір нәрсені жоққа шығаруы, ал екіншісінің - бір нәрсені дәлелдеуі ақиқат болып табылады, мысалы, "біздің нәрселерді көру органымыз көз және көз емес" дегендегідей. Алайда, ақиқат туралы оның жаннан тыс болмыс мәніне ие зат зат арқылы өмір сүретіндігі жайында айтылады. Яғни, бұл дегеніміз бұл "тіршілік етуші" жөніндегі ең бастапқы идея - осы идея болып табылады. Егер ол жөнінде "оның тіршілік етпейтіндігін айтсақ", бұл оның ақиқат еместігін білдіреді, яғни оны ары қарай елестетуге болмайды және оны теріске шығару керек болады, ал бұл мүмкін емес. Адамдар үшін алғашқы көзқарастардың бірі болып "тіршілік етпейді" деген сөз табылады, бұл дегеніміз оның қай жағынан алып қарамасақ та болмыс мәнінің жоқтығын білдіреді. Сондықтан да оның болмыс мәні жоқ болып тұрып, көпшілікке сезім арқылы белгілі болса, онда ол "тіршілік етпейді" деген сезіммен қабылданбайды. Яғни, ол кейбір заттардың сезімдерге жасырын заттар болып табылатындар қатарына енеді, мысалы, күл, ауа, және т.с.с.. Олардың анықтамалары жоқ, алайда олар жөнінде, олардың жойылып немесе жоғалып кеткендігі жөнінде былай деп айтады: "бүл күл", "ол күл болып кетті", "ол желмен ұшып кетті". Сондықтан олар "желді" де жалған сөз дейді, себебі ол туралы идея оның тіршілік етпейтіндігі туралы идея. Осы жерде анықталғандай, адамдар "тіршілік етпейді" деген заттарды жалған деп айтатындығы жөнінде белгілі болды. Бұл олардың сөзінде белгілі болмайды, себебі олар жалған заттарды болмыс мәні жоқ заттар ретінде келтіреді. Мысалы "бұл жел" дегенде бұның болмыс мәні жоғалған сынды айтады, "оның жел" болғандығын айтады. (123 б.) Ежелгі философтар да сөздерді дәл осы жолмен қолданды, яғни оларды бастапқы мағынасында түсінген, мысалы біздің жағдайымыздағы "тіршілік етпейді" сөзі оның бастапқы мәні бойынша ешқандай болмысы жоқ және ол еш тіршілік етпейтін нәрсе, сондықтан оларды актуалды тіршілік ете алмайтын заттар деп түсінеді. Олардың пікірінше, сезіммен қабылданатын заттар пайда болып, актуалды болады. Пайда болатын заттар, жоқ нәрседен пайда болып, жанға дейін болады, ал жанға дейінгі жоқ нәрседен пайда болатын заттың ешқандай болмыс мәні жоқ. Олар үшін бүл мүмкін емес еді, себебі бар заттар яғни, тіршілік ететін заттар жоқ заттардан пайда болуы тиіс еді. Олардың біразы - осы заттардың тіршілік етпейтіндігіне сенімді болса, басқалары осындай жолмен заттардың болуы мүмкін емес, себебі дәл осы уақытта болмыс құбылысы ретінде болып тұрған заттар, өзінің пайда болғанына дейін болуы керек деп есептеген. Олар тіршілікті және пайда болуды ақиқат деп қарастырмайды. Олардың пікірінше заттар ешқашан жойылмаған және жойылмайды және олардың пайда болатын не жойылатын еш нәрселері жоқ. Олар заттардың қандай да болмасын өзгерістерін мойындамады және олар сезімдердегі сияқты жүрмейді деген. Бұны мысалы Мелисс /33/ осылай деп айтқан. Бұл идея біздің "тіршілік етпейді" деген сөзді дұрыс түсінбеуімізден туады. Мелисс айтқандай, "тіршілік ететін заттарға жатпайтын барлық заттар, жоқ заттарға жатады, ал тіршілік етпейтін заттардың мәні жоқ". Шынымен де, тіршілік етпейтін заттар туралы, олардың жоқ екендігі жөнінде айтамыз, содан тіршілік етпейтін заттар жайында айтқан кезде, олардың болмыс мәнінің жоқтығын білдіреді. Ежелгі физиктер потенциалды тіршілік ететін және актуалды тіршілік ететін заттар арасындағы айырмашылықтарды көрмеген, ал теологтар бір зат жөнінде оның "тіршілік ететіндігі" және "тіршілік етпейтіндігі" жөнінде айырмашылық жасаған, мәселен, "тіршілік етеді" деп олар болмыс
мәнінің актуалды болуын түсінді, ал бұл алғашқы пікір жанға дейінгі пайда болатын, ал "тіршілік етпейді" дегенді, олар заттың ешқандай болмыс мәні жоқ, деп түсінді. Бұл да жанға дейінгі пайда болған алғашқы ой. Көптеген логиктердің ойынша барлық болмыс құбылыстары актуалды болады және олар өздерінің болмысына дейін-ақ актуалды болды деп сенген. Олардың біразы бастапқыда әр түрлі болып келіп, кейін бірікті деп есептейді, басқалары - басында олар түрлі бірліктерде болып келіп, кейін бөлініп кеткен деп есептейді, осыдан олардың айырмашылықтары көрінеді деп есептеген. Үшінші біреулері,заттардың абсолютті жолмен жоқ заттан пайда болғанын айтады. Кейіннен олар абсолют арқылы "тіршілік етпейтін, жоқ" заттар және еш болмыс мәні жоқ заттар болады деген идеясы бар қулыққа жүгінеді. "Тіршілік ететін заттар мәнді" - бұл "мән" туралы айтылатын кейбір бөліктердің бірі. Ал бұл заттардың болмыс мәнінің басқа категорияларды қажет етпейтін және оларға сәйкес келуді, оларға жетуді, не олармен байланысуды қажет етпейді және ол, жоғарыда көрсетілгендей, субстратта жоқ, ол "бұл не" деген жоғарыда аталған жолмен анықталады, ал оған қарама-қарсы субстратта бар зат турады. Болмыс мәніне өзі мен басқа заттар арасындағы сәйкестікке қажеті жоқ заттар үшін олардың болмыс мәнінің құрылуына еш себеп жоқ. Оған қарама-қарсы белгілі бір принципі бар тіршілік ететін не бар заттар қарсы турады. Ал мәні бар тіршілік ететіндер олар акциденталды тіршілік ететіндерге қарсы турады, алайда, біріншісі абсолюттік мағынада және жалпы жолмен анықталмайды. Ол болмыс мәні акциденталды болып келетін зат болып табылмайды. Ол тек бір тіршілік ететін заттарды басқа заттармен салыстырғанда және бір-бірімен байланыстырғанда, мейлі ол кез-келген байланыс не қатынас болсын, мәселен екі заттың бірі немесе екі заттың әрқайсысы бір-біріне, не бір-бірі арқылы, не ол арқылы, немесе сонымен бірге, не содан, не сонымен кез-келген байланыс арқылы ғана айтылады. Егер де олардың бірінің не әрқайсысының болмыс мәні арасында байланыс болса, онда олар жөнінде "олар бір-бірімен мәнді байланысқан" деп айтады. Мына мысалдағы сияқты: егер де бір заттың болмысы бір предикатпен анықталса, онда бүл предикат туралы, ол "зат туралы мәнді білдіретін предикат" - дейді. Ал осы зат туралы "осы предикат арқылы мәнді анықталады" деп айтады. Дәл сол сияқты, егер де болмыс мәні субъектіні білдіретін предикат болып табылса, онда ол жөнінде "предикат осы субъект жөнінде мәнді болады" деп айтады, ал осы субъект жөнінде, ол жайында "осы предикат мәнді болатындығы" айтылады. Осы тәріздес, егер де бір заттың болмыс мәні үнемі, не көп жағдайда анықтауды қажет етсе, онда ол туралы: "ол өзі туралы мәнді болып келетін предикат" - дейді. Дәл осы сияқты, егер де бір зат жаратылып немесе оның жүзеге асырылуы болса, онда ол өзі үшін себеп болып табылады. Егер оның болмыс мәні өзі арқылы болса, не болмыс мәні сол заттың бар болуының себебі болса, онда "ол оған мәнді түрде тән болып келеді" деп айтылады. Ал егер бұлай болмаса және осы айтылған жағдайлардың болмыс мәні болмаса, онда бүл жөнінде былай айтылар еді: "ол бұл жағдайда, не оның ішінде, не сол арқылы, соған байланысты, не сонымен бірге, немесе, соның жанында - акциденталды". Басқалармен салыстырмалы түрде айтылатын, тіршілік ететінге қарама-қарсы, "тіршілік етпейтін заттар" жөнінде де басқалармен салыстырған кезде айтады. Біз былай дейміз: "Зейд Амр ретінде өмір сүрмейді", қабырға адам ретінде өмір сүрмейді", төсек табиғаттан өмір сүрмейді, "ол тек еңбек арқылы бар дүние" бұнымен біз табиғатпен байланысты төсектің болмыс мәнін білдіріп отырған жоқпыз. Дәл осы жағдай басқа мәселелерге де қатысты, бұнымен біз Зейдтің Әмір болмысының мәні емес екендігін көрсетеміз. "Тіршілік ететін" сөзін біздің жоғарыда келтірілгендерге қатысы жоқ басқа заттарға да байланысты қолдануға болады. Ол кесімді және растаушы ой түйіндерде предикаттың субъектімен байланысы ретінде қолданылады. Бұл сөз және оның идеясы предикатты субъектімен байланыстырады және
сол арқылы бір нәрсемен сәйкестікке жеткізеді. Бір тіршілік ететін заттардың түрлілігін басқа заттармен салыстыра отырып көруге болады, себебі "тіршілік ететін" сөзі тұжырымды, ал "тіршілік етпейді" деген сөз теріске шығаруды білдіреді. Ол біздің "Зейд әділетті өмір сүреді" деген сөзіміздегі олардың бірінің болмыс мәнінің мәнді не акциденталды екендігіне нұсқамайды, не олардың бірінің болсын не екеуінің де болсын, жаннан тыс болмысының әділетті сипатын көрсетпейді. Себебі бұл ұқсастық тек дәл осы шақта жаннан тыс болмыстың жоқ жағдайындағы жауап тұсында ғана болады және біздің "Гомер - ақын" деген сөзіміз ақиқат болады. Оның ақиқат болып табылуының себебі - дәл осы жағдайдағы сияқты "тіршілік етеді" деген сөзі бұл жерде "тіршілік етуші" болып табылмайды, оның идеясы алғашқы болып табылады, ал бұл өзіне предикат үшін субъектіні және субъект үшін предикатты қосатын сөз болып табылады, яғни бұл дегеніміз екеу ара ұқсастықпен байланысқан екі зат. Ол өзіне әрқайсысының осындай байланысы бар болмыс мәнін қоса алады. Бұл сөздің потенциясында екі сөздің болмыс мәні бар, олардың әрқайсысы екіншісімен осы қатынас арқылы байланысады, олар жөнінде жаннан тыс тіршілік ететін заттар деп айтылмайды. Алайда екі болмыс мәнінің, екеуінің байланысы тұрғысынан ұқсастығы оң тұжырым құруға алып келеді, себебі бұл сөз шынымен де не жалған, не рас және ондағы белгісіз нәрсенің не шын, не жалған екенін жеткізуде қолданады. Оның құрамында екі болмыс мәнінің абсолюттік мәні жатыр және олардың жандағы бар болу сияқты, жан тыс болуда болмауы мүмкін. Ол, сонымен қатар, өз құрамына екі бірдей затты қоспай, тек предикат үшін субъект, не субъект үшін предикатты қосуы мүмкін. Ой тұжырымының неден басталатында айырмашылық жоқ, А-дан не Б-ға, не предикаттан субъектіге және "А ол Б" немесе "Б ол А". "Тіршілік етпейді" деген соз субъект арқылы предикатты теріске шығарады, немесе субъект өзі арқылы әлдебір предикатты жоққа шығарады және "тіршілік ететіннің" осыдан басқа идеясы жоқ. Сондықтан да, қарапайым адамдар "тіршілік етеді" деген сөз жайында, осы тұстағы сияқты, оның жаннан тыс болмысы бар деп ойлайды, мәселен біздің: "Зейд шынайы өмір сүреді" дегеніміздегідей, Зейдтің міндетті түрде жаннан тыс өмір сүруі қажет. Осы мәселе бойынша олар теріс жағын да ойлайды, мәселен "Зейд шынайы өмір сүрмейді". Олардың пікірінше, бұл Зейдтің шынайы болмыс мәнін жоққа шығарады. Яғни Зейдтің өлімі не жоғалып кетуі туралы тұжырым ақиқат болмайды. Басқалардың пікірінше, "адам ақ болып тіршілік етеді деген сөз ақиқат емес, себебі адамның болмыс мәні ақ болмайды. Үшінші біреулер "адам - хайуан" деген магына жалган деп санайды, себебі жануар не есек, не ит болуы мүмкін, олардың ойынша, "адам -хайуан" дегенде адамның негізі хайуан екендігін түсіну керек, оған, яғни, хайуанға ит те, есек те қатысты және адам болмысының, мәніне ит, не есек, не хайуан болады, немесе не есек, не ит анықтамаларына ие болуы мүмкін және адам болмысының есектік қасиеттері болуы мүмкін. Ақиқат тек "адам адам болып тіршілік етеді" және "әділетті әділетті болады" деген сөздермен білінеді. Оларға, осы тұстағы "тіршілік етуші" сөзінің байланыста қолданылатыны және предикаттың субъектіге, субъектінің предикатқа қатысы ретінде көрінетін екі болмыс мәнін қамтитындығы белгілі болмады және оның құрамында жаннан тыс болмыс мәнінің басқа жаннан тыс болмыс мәніне байланысы жоқ, бірақ жандағы субъект пен предикат арасындағы байланысты қамтиды, сонымен қатар, онда осылардың біреуі предикат арқылы анықталмайды, оның құрамында тек біздің жоғарыда келтірген мәселелер ғана бар. Бұл жерде бір жағдайларда - баяндауыш, бір жағдайларда - бастауыш, не субъект болатын қатынас бар. Екі заттың бірігуі, ондағылардың бір-бірімен осылай байланысуы алғышарт болып табылады, оның кұрамында ақиқат та, жалған да, тұжырым да, теріске шығару да бар. Әрбір заттардың әрқайсысы не оларды потенциалды байланыстыратын идея, ал бұл өз кезегінде баяндауышпен берілген алғышарт предикат болып табылады; немесе оларды актуалды байланыстыратын идея, ал бұл бастауыш не атаумен берілетін предикат. Содан кейін бұлар мәннің абсолютті мәнде бөлінетіндігі тәрізді бөлінеді, олардың арасында үнемі актуалды тіршілік ететіндер бар,
басқаларда бүл тіршілік ететіндер үнемі теріске шығарылып отырады, тағы біреулерінде бүл тіршілік ететін заттар потенциалды болып келген актуалды заттар бар. Потенциалды болған және болуын жалғастырушы заттар туралы "қажетті алғышарт" деп айтады, ал осы тіршілікті теріске шығаратынды "қажетті теріске шығару" деп атайды. Қалғандары жөнінде біз "Герменевтика" және "Силлогизм" кітаптарында баяндаймыз. (128 б.) Олардың арасында "қажетті ақиқат", "қажетті жалған" деп аталатындар да бар, алайда бұл қисынсыз, содан кейін "болмыстық жалған" келеді. Бұл жалған қисынсыз болып табылмайды, кейін "болмыстық ақиқат", кейін "акцидентальді", содан кейін "мәнді", содан кейін "бірінші", одан соң "екінші", сөйтіп "Дәлелдеме" деген кітапта баяндалғандай қалғандары құрылды. Философиядағы болмыс идеялары осындай болып келеді. ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ Зат Зат дегенде /34/, жаннан тыс болсын, не қай жағынан болса да елестетуге келетін, бөлінетін не бөлінбейтін, қандай да бір материя тән затты айтамыз. Егер де біз "бұл - зат" десек, онда оған бір материяның тән екендігін түсінеміз. Себебі "тіршілік ететін" не бар нәрсеге шынымен де жаннан тыс материя тән және оған тек елестетуге келетін материя тән деп айтылмайды, сондықтан да заттарға бар нәрселерге қарағанда ортақ болу тән. Тіршілік етуші жөнінде оның ақиқат тұжырым екендігін айтуға болады, ал зат туралы бұлай айтылмайды. Біз "мынау тұжырым - бір нәрсе" деп оның ақиқат екендігін білдіреміз, бірақ біз оған бір материяның тән екендігін білеміз. Біз "Зейд әділетті" дей отыра, "Зейд бұл әділетті бір нәрсе" демейміз. Ол жөнінде "ол - бір зат" деп айту қисынға симайды, ол жөнінде тағы ол тіршілік етуші деп те айтуға болмайды. Зат туралы, осылайша, тіршілік ететін зат туралы коп нәрсе айтуға болады, ал кейбір жағдайларда ол туралы тіршілік ететін заттар туралы қасиеттер жайында айтылмайды, дәл осы жағдай тіршілік ететін заттарға да қатысты, бұл жөнінде заттарға тән және заттарға тән емес қасиеттер айтылуы мүмкін. Ал "зат емес" дегеннің астарынан не жанда, не жаннан тыс материяға тән емес заттарды түсіну керек. Парменид "бей-болмыс" деп қарастырған бұл идея туралы былай десе болады: "Барлық тіршілік етпейтіндер зат болып табылмайды", себебі "тіршілік ететіндер" бір келісім бойынша алынады, ал тіршілік етпейтіндер, мүлде материясы жоқ заттарға меңзейді, сондықтан да ол туралы ол зат емес деп айтады. Бұл сөздің қорытындысы мынау - тіршілік ететінге сәйкес келетін нәрсе зат болып табылмайды және оған ешқандай материя ешбір тән емес. Ал сондықтан да тіршілік ететіндердің коп түрлілігі жалған болып келеді, тіршілік етушінің анықтамасы - тек бір бүтін. Егер алғашқы қорытындыға келетін болсақ, онда ол келесіндегідей болады: тіршілік етуші - бір бүтін. Зат туралы айтылатын идеяның мәні осы. ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ "Не үшін" "Не үшін" /36/ деген бірнеше мағынада айтылады. Бірінші біздің пікіріміз мысал: "Үйдің іргетасы - ол қабырға үшін, ал қабырға - іргетас үшін керек. Яғни, будан шығатын қорытынды былай: бөлшектер бір бүтін үшін болады. Екіншісі - құралды және құралды неліктен қолданатынын нұсқайды, өйткені құралдың көмегімен неге жету көзделсе, онда сол құрал не үшін тіршілік ететіндігі анықталады, мысалы, скальпель (тілгі) мен ланцет (қандауыр) сияқты құрал неге қолданылып отыр сол үшін өмір сүреді. Үшінші жағдай - бұл мақсатқа әкелетін іс-әрекет, өйткені іс әрекет белгілі мақсат үшін жасалады, бұған оқу және білім мысал бола алады, өйткені білім дегеніміз - соған жету үшін оқу ісі жүргізілетін нәрсе болып табылады.
Осының бәріне бір нәрсе уақыт бойынша бірдеменің соңынан еру і керек және тек уақыт бойынша бір нәрсе бірдеңеден бұрын болуы керек. Төртінші жағдай бұл бір нәрсеге не болу, мысалы денсаулық және адам, өйткені денсаулыққа не болушы, ол - адам; ағаш шебері төсекті жасап шығарады, ал ол Зейд үшін жасалады; мүлік мүлік үшін жасалады. Бесінші жағдай -қызмет кезінде қолданылатын құралды меңзейді: дәрігерге скальпель керек, бұрғы ағаш шеберіне - өйткені бұрғы ағаш шебері үшін жасалады. Алтыншы жағдай - оған қандай нәрселерде еліктейтіндігі, яғни ненің ол үшін іс-әрекетте үлгі-өнеге болатындығы, оны басқашалап, іс-әрекет түрткісі десе де болғандай. Ол жарлықты қанағаттандыру мен сол жарлыққа мойынсұнуды талап ету. Мысалы, мемлекет (мүддесі) үшін бейтараптық таныту, Алла үшін жиһадқа бару. Ал Алла дегеніміз кім үшін жиһад жасалатын болса, кім үшін намаз оқылатын болса, кім үшін ізгілік істелетін болса, кім үшін оның шығарған заңдары сақталатын болса - сол. (Алты жағдайдың) үшеуінде уақыт тұрғысынан алғанда әлдебір нәрсе басқа бірдеңеден бұрын болуы керек, өйткені бұл түрлерге олар үшін бірдеңе уақыт бойынша бір нәрседен бұрын болуы тән және бір нәрсенің соңынан уақыт бойынша еретін бірдеңенің болуы керек. ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Демеулік шылау "анау, арқылы, дан" "Анау, арқылы, дан" - (бөлшектері) эсер етушіні танытады. Осы жағдай туралы: "әлдекімнің әлдекіммен балағаттасуынан жанжал туды" деп айтады. Бұл тағы да "материяны" көрсетеді, осы жағдайға байланысты: "мыстан жасалған шәйнек" деп те айтылады. Ол "бірізділікті" көрсетеді, мысалы біздің: "Бірнеше (уақыттан) кейін ол осы туралы біледі" дегеніміздегідей. Осы мағынасында: "Жоқтан болмыс пайда болды" немесе "қажеттіліктен" немесе "зат оз қарамақайшылығынан табылады" дегенде айтылады. ІІ БӨЛІМ СӨЗДІҢ, ФИЛОСОФИЯ МЕН ДІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ Дін мен философия туралы алдыңғы және кейінгі деген (мағынасында) айтылады (131 б.) Анық философия дәуірінің басы дәлелдеу әдісі - аподейктика дамуы кезінде, яғни сол арқылы осы дәуірден бұрын болған диалектикалық, софистикалық, күдікті немесе жалған философияны түсіндіру мүмкін болғанда басталады. Дін, негізінен адамзат ақылын жаулап алғанымен де, уақыт жағынан алғанда философиядан кейін пайда болған дүние. Діннің көмегімен халықты оқыта отырып, онда теориялық және практикалық заттарды қолдануға тырысты, яғни бұл философияда оған сәйкес келетін әдістермен әлгі заттарды, яғни мыналарды: сенім немесе қиялды немесе солардың екеуін бірге зерттеді Қалам /1/ өнері және мұсылмандық құқық /2/ кейін пайда болды және олар діннің артынан ере келді. Дін қаншалықты ежелгі философияға ілессе де, мейлі ол күдікті және жалған философия болса да, соншалықты қалам және мұсылмандық құқық та соған ілесті. Атап айтсақ, дін қиял мен бейнеден қабылдаған дүниелерін, не олардан бөлек-бөлек қабылдаған, не оларды біріктіре отырып қабылдаған дүниелерді шатастырып алды және олардың орнын өзгертіп алды. Қалам өнері ол бейнелер мен сенімдерді лайықты ақиқат ретінде қабылдады және ой тұжырымы арқылы дәлелдеуге тырысты. Егер тағы да заң шығарушы (факихтан кейін) кейінгі болса, онда ол теориялық заттарға сүйене отырып заң шығарушыға еліктейтін болады, ал егер ол бірінші болатын болса, онда ол теориялық қағидаларды күдікті және жалған философияда қабылдайды, сөйтіп елестетіп қабылдайтын бейне мен қиялды қабылдайды. Ол туралы бұрын еш есітпеген нәрселерді
қабылдайды. Сонда ол сол философияны ақиқат деп есептейді. Оны бейне деп білмейді. Сөйтіп оған қиялында (132 б.) самғайды. Қалам өнері өзінің дінінде ол бейнелерді ақиқат деп қабылдайды. Демек, ол шынайы ақиқат деп қабылдаған заттардың дәлелді бейнесін іздейді, ал ол кейде ақиқат, кейде жалған ретінде тұспалданады, бірақ бұл діндегі қалам өнері ақиқаттан анағұрлым алыс болып табылады. Қалам өнерімен мұсылмандық құқық дінмен салыстырғанда одан кейін пайда болғаны белгілі, ал дін философиямен салыстырғанда кейінірек, ал диалектикалық философия мен софистикалық философия аподиктикалық философиядан бұрын болып өтті. Бір сөзбен айтқанда, философия діннен құрал жасау оны қолдану жағынан бұрын болғаны сияқты бұрын болып өтті. Диалектика мен софистика философиядан ағаштың қорегі жемістің қорегінен бұрын тұрғаны сияқты және ағаштың гүлденуі ұрықтың пайда болуына дейін болған сияқты болады. Дін де қалам өнері мен мұсылмандық құқықтан ел билеушісі тағайындаған басшы малайдан бұрын болған сияқты және құрал өндіру құрал қолданудың алдында болатын сияқты алдын ала болады. Дін қиял мен сенім көмегімен ой жүгіртуге үйретеді және оның ізбасарлары осы екеуінен (басқа) оқыту жолдарын білмейтіндіктен, қалам өнері діннің соңынан келеді. Өйткені ол басқа заттар туралы таңқаларлық мәлімет бермейді. Егер де сенімдер пікір басында /3/ танымал алғышарттар болатын болса, егер де олар аса ерен де озық танымал пікірлер мен тұжырымдар болса, бір сөзбен айтқанда, риторикалық тәсілдер болса, онда олар әлгілерге қатысты сыртқары жатқан ой тұжырымдар мен қағидалар болған болар еді. Демек, мутакаллимдер /4/ теориялық нәрселермен ғана шектеліп қалады. Олар діни сенімнің сол сенім ілімінің пікірінің басындағы тұрған нәрселерді дәлелдеумен айналысады. Ол сол нәрсеге халықты да бастайды. Бәлкім, ол пікірдің қалай қалыптасуының бастауларын да жіті қарастыруы мүмкін. Бірақ ол пікірдің бастауын басқа нәрсе арқылы зерттейтіндіктен де ол сол пікір бастауы күйінде қалып қояды. Оның қарама-қайшылыққа деген көзқарас қалыптастырудағы ең оздым дегендегі қол жеткізетіні - диалектика. Осысымен де ол халықтан ерекшеленеді. Өйткені ол (133 б.) дінге қызмет көрсеткенде, ал дін философиядан алшақтағанда, калам да философиядан алшақтады. Қаламның да философияға қатысы дін сияқты болды және ол оған дін арқылы қызмет көрсетті, себебі ол алғаш аподиктикалық философияда дәлелденген дәлеледемелерді іздеп, көмектеседі және барлық ілімдерде көзқарастың алдында белгілі болады. Оның көпшіліктен айырмашылығы осы жерде тағы да бір көрінеді. Сондықтан да ол туралы көпшілік халықтан емес, ерекше таңдаулылардан деп айтылды. Шынымен де, ол ерекше адамдар қатарынан болатын, алайда ол дінді ұстанатындардың ішінде болды. Философтың ерекшелігі оның барлық адамдар мен халықтарға қатысында жатыр. Факих саналы адамға ұқсап бағады (еліктейді) /5/. Шындығында, олар белгілі бір практикалық істерден дұрыс түйін шығаруда қолданылатын алғашқы пікірлердің түрлілігімен ерекшеленеді. Самалы адам, дұрыс ойлайтын адам барлығына белгілі алғышарттар негізін және практика кезінде қол жеткізілген нәтижелерді қолданады. Сол себептен факих белгілі бір шектелген, дінге қатысты ерекше болып қалса, ал дұрыс ойлайтын адам жалпы заттарға катысты ерекше болып қалды. Осылайша, сөздің абсолютті жалпы мағынасындағысы ерекше жандар бұл абсолютті мағынадағы философ болып табылатын философтар. Ал қалғандары, өздерін ерекше деп сезінетіндері, олар шындығында тек солай деп есептеледі, өйткені олардың аржандар асында тек қана философ сымақтар ғана болады. Олар азаматтық философияға еліктеген және еліктейтіндерден шыққандар болып табылады, оған еліктегендері сонша, өздерін онда ерекше көргілері келді, сондықтан өздерін ерекшеміз деп санады. Ал сондықтан әр практикалық өнердің білгір өкілдері өздерінің болуларын ерекшелік деп
есептейді, өйткені олар өздерін өнер адамдарынан қабылданған түсініктемелерді тереңірек білеміз деп санайды. Тек қана әр өнердің білгірі өздерін бұлайша атамайды, мүмкін, практикалық өнердің адамдары да өздерін ерекшеміз деп есептейді. Ол сол өнерден шықпаған адамдармен салыстырғанда айтатындары. Олар оз өнерінде сол осы өнерге қатысты заттарды зерттейді, осыдан басқа онда пікірдің бастамасы зерттеледі және басқа өнерлерден алынған нәрселер зерттеледі. Өйткені дәрігерлер жұмысы сырқатқа және аса ауыр сырқаттыларға қатысты болғандықтан, немесе олардың өнері мен пікірдің бастамасы тереңірек зерттеулер мен түсініктемелерді басқа өнермен салыстырғанда көбірек қажет ететіндіктен және қауыпты және зиянға халық кепілдік бере қоймайтын кішкене қателіктерге толы болғандықтан немесе медицина өнері практикалық өнерден көп өнер қолданатындықтан, мысалға, тамақ жасау өнері - бір созбен айтқанда, адам денсаулығына пайда әкелуші болып табылатындықтан, олар өздерін ерекшеміз деп санайды. Бұл өнердің барлығында философияға ұқсасы өте көп. Және олардың ішінен ауыспалы мағынадан басқасының ешқайсысын ерекше деп атауға болмайды. Ең бірінші орында өздерінің басымшылығы тұрғысынан алғанда философтар абсолютті мағынада артық деп саналады, содан кейін диалектиктер, софистер, заң шығарушылар, мутакаллимдер мен факихшылар. Біз анықтама берген жай халықтың ішінде азаматтық билікке еліктейтіндер де бар немесе соған еліктеу үшін тақуа болатындар да кездеседі. ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ Белгілі бір халықтың әріптері мен сөздерінің пайда болуы Қарапайым халық пен көпшіліктің зиялыларға қарағанда ертерек пайда болатыны белгілі. Жалпы көзқарастың бастауы болып табылатын жалпы білімдер уақыт бойынша практикалық өнерлердің және өнердің белгілі бір түрімен байланысты білімдердің алдында тұрады. Осының барлығы жалпы ортақ білім 161. Ол - белгілі бір ортада және белгілі бір елде сыртқы пішіні бойынша және өздерінің физикалық денелерінің құрылымдары бойынша табиғи ұқсастығы бар тұрғындардың жасап шыққандарының алғашқысы болып табылады. Олардың денелері белгілі бір сапаға және сипатқа сай, ал жандары саны және сапасымен анықталатын деңгейде түсініктер, бейнелерді, білімді қабылдауға бағытталған және де бүл оларға басқа істерге қарағанда оңайырақ іс болып табылады. Олардың жандары сапа және санамен анықталатын бейнелер мен өлшемдердің ықпалына ұшырауға дайын тұрады. Және бұл да оларға ең жеңіл іс болып көрінеді. Осы адамдардың ағзаларының қозғалысы жоғарыда айтылғанға даяр, өйткені ол ағзалардың қозғалысы қандай да бір белгілі бағытта, басқа бағыттарға қарағанда, әлде-қайда жеңілірек. Егер де адам әуел баста-ақ ол үшін табиғатынан немесе мінезіне сай ең жеңіл болып табылатын бағытпен қозғалатындай және көтерілетін туа біткен әдеттен ада болса, онда оның жаны оны не тануға, не ойлануға , не елестетуге, не қиялдауға, не оның туа біткен қабілеті күштірек болуға мәжбүрлейді - бүл ол үшін ең оңай зат. Адамның денесі мен органдары оның табиғи қабілеттілігінің ең мықтысы мен ең кемел жетілгені болып табылатын сипаты бойынша қозғалысқа түсуге мәжбүрлейді - бүл да оған оңай іс болып көрінеді. Оның ең бірінші ісі - оның қалыптастырған әдетіне не белгілі бір өнеге байланысты емес, оның табиғи қабілетінің және туа біткен әдетінің әсерінен болатын іс. Егер де біркелкі іс-әрекет бірнеше мәрте қайталанса, онда адам бойында қарапайым әдет, не табиғи әдет, не жасанды әдет пайда болады. Егер де адам өзінің ойында не бар екендігін келесі бір адамға жеткізуді қаласа, онда ол одан түсіндіріп беруді сұраған адамға бастапқыда соған айтқысы келгенді жеткізу үшін белгілерді пайдаланады. Бұл жағдай, егер де одан оның белгілерін түсіндіріп
беру тұрғысынан талап еткен адам болған жағдайда солай болмақ. Содан кейін бүл адам дауысты қолданады. Ең біріншісі - бұл қатынасудағы дауыс, себебі адам осылайша өзінен түсініктеме талап еткен адамның көңілін өзіне аударады, бүл түсіндіруге деген ұмтылыс, ниет қана. Одан басқа тук те емес. Сол кезде ол сезіммен қабылдайтын заттарға меңзеп, өз ойын жеткізумен шектеледі. Кейін ол түрлі дауыстық дыбыстарды қолданады, олардың әр жеке дыбысы, жеке сезіммен қабылданатын затты меңзеп, белгі арқылы сезіммен қабылданатын заттарды таңбалайды. Әр белгіге, жоғарыда көрсетілгендей, осы белгіден тыс қолданылмайтын белгілі бір дыбыс бекітіліп беріледі. Сонымен, әр жеке дыбыс әр жеке белгіге сәйкес келеді. Дауыстық дыбыстардың пайда болуы тамақтың бір немесе бірнеше бөліктеріндегі немесе мұрын қуысының қандай да бір бөлігінде не еріннің дем алу не дем шығару кезеңіндегі ауаның соққысының нәтижесінде пайда болады, себебі бұлар дем алу кезіндегі ауа соққыларын жасай алуға қабілетті ағзалар. Осы бір соғатын нәрсе дем алу кезінде өкпеден және кеңірдектің тереңінен ауаны тамақ жаққа шығаратын күш, ол өз кезегінде мұрын қуыстарына, ауызға және ерін ортасына қарай ығысады. Кейін тіл, осы ауаны қабылдай отыра, оны ауыз қуысынан бірінен соң бірін тіс негіздерінің сәйкес бөліктеріне итеріп, оны ауыз қуысының бөлігіне апарып соқтырады. Тіл басқан және соққы шығарған әрбір ауа бөліктерінен белгілі бір дыбыстар қалыптасады. Бұл дыбысты тіл ауаның көмегімен ауыз қуысының бір бөлігінен екінші бөлігіне алмастырады. Осылайша көп мөлшерде үзіліссіз және белгілі дыбыстар түзіледі. Тіл алғашында адам үшін оңай қозғалысқа келетін бөлікте қозғалысқа түсетіндігі анық мәлім. Бір қоршаған ортадан шыққан және өз денелерінің ағзалары бойынша ұқсас жандардың тілдерінің қозғалысының ауыз қуысының белгілі бөліктерінде бірдей болуының туа біткен қасиеті бар. Бұл қозғалыстың түрі - сол адамдар үшін ең оңай жол. Басқа қоршаған орта мен басқа елдің тұрғындарының ағзалары жоғарыда келтірілгендерден ерекшеленсе, оларда да ауыз қуысының бір бөлігінен келесі бөлігіне реттеле қозғалуға деген туа біткен қабілеттер бар және де ол басқа қоршаған ортадан шыққан адамдарға тән қозғалыстарға қарағанда олар үшін әлдеқайда оңай болып көрінеді. Осылайша, әр халықтың олар белгілерге айналдыратын дыбыстары да ерекшеленеді. Осылар арқылы біреулер келесі біреулерге олардың ойында не бар екендігін жеткізеді немесе сезіммен қабылдайтын заттарды меңзейді. Бұл халықтар тілінің айырмашылығының бірінші себебі. Сол алғашқы дыбыстар алфавиттің әріптері болып шықты. Бұл дыбыстардың белгілерге қатысты болғандығынан, алғашқыда олар санаулы бір мөлшерде ғана болып, адамдардың ойындағы барлық нәрселерге сәйкес келе бермеді. Сол кезде олар осы әріптерді, олардың ара-қатынасын, реттілігін бір жүйеге келтіруге мәжбүр болды. Осылайша екі немесе бірнеше әріптерден сөздер құрастырылды. Сөздерді адамдар заттарды белгілейтін таңба ретінде пайдаланды. Бірінші әріптер мен сөздер ақылмен танылатын мәндерді білдіруші белгілер болды. Олар сезіммен қабылданған заттарды бекіту амалы болып табылды. Кез-келген әмбебап ақылмен жетуге болатын мәннің жекеленген субстанциялары болғандықтан, олар басқа ақылмен жетуге болатын мәндердің жекеленген субстанциялары болып табылмайды. Осылайша, алуан түрлі дыбыстар пайда болады, олардың біреуі сезіммен қабылдайтын заттар үшін белгі қызметін атқарады, ал бұлар - олардың атаулары. Басқалары ақылмен жететін күллияттарға нұсқаулар болады, оларға сезіммен қабылданатын заттардың жеке субстанциялары сәйкес келеді. Шынымен де, мына зат түсінікті болып келеді: жеке дыбыс жеке ақылмен танылатын мәнге нұсқайды; жоғарыда көрсетілгендей, бір дыбыс негізінен жекеленген субстанцияны қайталағанда ол сол ақылмен жететін мәннің аналогиясы болып табылады. Ары қарай, дәл осындай жолмен басқа дыбыстарды жекеленген субстанцияларға және оның аналогиясы болып табылатындарға қатысты қолданады. ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ
Халық тілінің негіздері және оны дамыту Дәл осы тәрізді, алғашында осы халықта әріптер мен сол әріптерден туратын сөздер пайда болады. Бұл аталған халықтың бір адамдарының екінші біреулермен келісімге келуінің бастауы болып табылады. Келісім былай жүзеге асады: олардың біреуін басқа біреуге қарым-қатынас барысында белгілі бір затқа анықтама беру үшін қандайда бір соз немесе дыбысты қолданған кезде және оны тыңдаушы естіп, есіне сақтаған кезде жүзеге асады. Ал тыңдаушы оз кезегінде осы сөзді қалыптастырған бірінші адаммен сөйлескенде осы сөздері қолданады. Алғашқы тыңдаушы сөзді қалыптастырушыға еліктеп, онымен келісімге келеді. Екеуі де осы сөзге қатысты келісімге келіп, оны жалпы қоғамға ортақ болу үшін басқалармен сөйлескенде қолданады. Содан кейін осы аталған қоғамның кез-келген мүшесіне көршісіне жоғарғыдағы затты жеткізу қажет болса, оның есіне сөз авторы түседі, одан естігенін ол есіне сақтап, осы берілген заттың анықтамасы ретінде оны бекітеді. Дыбыстар бірінен соң бірі пайда болып, аталған елдің тіліне сәйкес бола бастайды. Олар адамдардың сол дыбыстардың пайда болуын икемдеп, өз істерін меңгеруге үйренгенше пайда бола береді, бұл сөздер олар үшін әлі сәйкес дыбыстық құрылымы жоқ қалған заттарды анықтауда қажет болып табылады. Осылайша, белгілі бір халықтың тілі қалыптасады. Адамдар алғашқы кезеңдерден бастап-ақ, ең қажетті заттарды сөздермен белгілемей тұрып-ақ өз істерін басқарған. Бұл ортақ көзқарасты қалыптастырушының арқасында сезімде берілген заттарды танудың басы болып табылады; яғни көзге көрінетіннің ішіндегі, сезіммен қабылданатын заттар, мысалы, аспан, планеталар, жер және ондағы заттарды танудың басы. Осы аталғандардың барлығы зерттеліп біткен кезде олар адамның табиғи қабілеттерінің арқасында пайда болған іс-әрекеттерді зерттеуге кіріседі, кейін осы іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде мінезіне сай, не өнеріне сай әдеттердің нәтижесінде пайда болған қабілеттерді зерттеуге көшеді. Кейін білімдерді бірінен соң бірін тәжірибе бойынша меңгеріп, осы барлық адамдарда бар жалпы қағидалар туралы, яғни тәжірибе арқылы алынған білім туралы одан ары қарай зерттейді. Кейін өнердің және сол тәрізді заттың әр түрімен арнайы байланысы бар заттарды тануға көшеді. Осылайша, халық өзіне қажет нәрсеге жеткенше жалғаса береді. Бұл халықтың туа біткен әдеттері біркелкі болды және халық білімге бейім, ойға алғыр болды, халық ол бұларға идеяға еліктейтін сөздерге ілескеннен емес, өздерінің туа біткен әдеттеріне байланысты ұмтылды, олар сөздерді мағынасына және шынайылыққа жақындатты. Адамдардың жандары олардың туа біткен әдеттеріне байланысты осы сөздері зерттеу үшін және олардың бұрынғы күйлеріне қарағанда жақсырақ және көбірек мағыналық тәртібін зерттеу үшін жаңарды. Олар идеялар арасындағы және идеяларға еліктеу арасындағы ерекшеліктерді көрсетуге ұмтылды және бүл іспен оз қалауы бойынша емес, сөздерді реттеумен заңды негізде айналысқан адамдар айналысты. Алғашқы кезеңнен бастап сезіммен қабылданатын заттардың сезіммен танылатындығы және осы заттар арасында ұқсас және айырмашылығы бар заттар кездесетіні, ұқсас заттардың шынымен де өздері қосылатын ақылмен жететін мәнмен ұқсас екені анықталды. Бұл бір-біріне ұқсас заттарға ортақ нәрсе. Олардың әрқайсысы басқалары сияқты түсініледі. Бұл ақылмен жететін мән - предикат - "күллият" немесе "жалпы идея" деп аталады. Ал, егер сезіммен қабылдайтын заттарға келер болсақ, онда әр түсінік көптеген заттарға ортақ болып келмейді және басқаға мүлде ұқсамайды, оларды жеке субстанция немесе жеке мән деп атайды, ал барлық куллияттарды түрлер және тек деп атайды. Ал, сөздерге келер болсақ, онда олардың бірі тектерді және түрлерді, бір сөзбен айтсақ, универсалилерді білдірсе, басқалары - жеке мәндер мен жеке субстанцияларды білдіреді. Идея жалпы және жеке болып бөлінеді. Егер де сөздердің идеямен сәйкестігі қажетті болса, онда екеуі де көптеген заттарды біріктіретін және оларға ортақ болатын бір идеяны құрау керек.
Жалпыдағы түрлі және жекедегі түрлі идеялар үшін жалпы түрлі және жеке сөздер бар, яғни түрлі идеялардың түрлі сөздері бар. Осы жағдай идеяға да байланысты, идея негізінен біреу ғана болып қалады, онда тек акциденция кезек-кезек өзгеріп отырады. Дәл осы мәселе әріптері тәртіп бойынша орналасқан сөздерге де қатысты, әріптер акциденция сияқты сөз мәнін өзгертеді. Әрбір әріп өзгере отыра, акциденцияны өзгертеді. Егер де бір идея тұрақты болып, ондағы акциденциялар кезегімен өзгеріп отырса, онда сөйлем бір ғана созбен анықталады және ол тұрақты болып келеді, алайда, ондағы әріптер бірінен соң бірі өзгеріп отырады және әрбір өзгертілген әріп әр өзгерісті нұсқап болып отырады. Ал егер де идеялар қандай да бір белгілерге, не қандай да бір жағдайға сәйкес келіп, олармен келісімге келсе, онда сөйлем тұр жағынан ұқсастығы және соңғы немесе алғашқы әріптер бойынша ұқсастығы бар сөздермен анықталады және соңғылары мен бастапқылары осы белгіні көрсететін бір әріппен анықталады. Дәл осылайша сөздердегі тәртіпті құру қажет, бұл жерде олардың созбен жеткізілген идеялар болуына және сол идеяларға сәйкес келуіне көңіл аудару керек. Сөздердің тәртібін және олардың идеяларға сәйкестігін іздеудегі талпыныс бір сөздің өз мәнінен мүлде алшақ идеяны нұсқауға алып келеді. Сөйте тура олар бір жағдайларда ұқсас болуы және осы идеяның мәнін жеткізуде ұқсас болуы мүмкін, тіпті олардың мәндерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Осылайша күмәнді сөздер пайда болады. Кейін бізге сөздер мен идеялардың сәйкестігі белгілі болады. Біз сөздер арқылы идеяларға еліктейміз, ал идея бүл сөздерге аса - тәуелді емес. Сөздердің арасында сол сөздер тұрғысынан көптеген заттарға ортақ болып келетін сөздер болуы қажет, бұл идеялар арасында жиі болып тұрады: олардың арасында көптеген идеялары бар заттарға ортақ болып келетін идеялар кездеседі. Сол кезде олардың әрқайсысы қандай да бір жалпы идеяны білдірмейтін жалпы сөздер пайда болады. Дәл осы жағдай сөздерге де қатысты, тек сөздер тұрғысынан сөздер әр түрлі болып келеді. Негізінде бүл сөздердің орналасу тәртібіне байланысты. Сөздің тәртібі сөздің идеясының тәртібіне ұқсап кетеді, өйткені күрделі сөздер де соған меңзейді. Күрделі сөздерде бір ерекшелік бар, соның эсерінен бір сөздер басқа сөздермен байланыса алады, сөйтіп сөздер күрделі идеяларға сілтейді. Ал ол идеялар тағы да солайша бастарын біріктіре алады. Енді сөздің тәртібі жандағы бар тәртіпке теңеле ала ма дегенді қарастырсақ жон болар еді. Егер сөздер идеяларды білдіретін болса, яғни идеялармен байланыстырылса, сөздер идеялар үшін белгі рөлінде болады, ендеше, әрбір жеке сөз әрбір жеке идеяға белгілі бір тәртіппен сәйкес келеді деген соз. Жеке немесе көп (сөздер) бір жалғыз (идеяға) және де жалғыз (сөз) көп (идеяларға) сәйкес түседі. Бұл енді сөздердің өзінің түп мәнінің белгісі, нышаны болуына алып келеді. Адамдар соз арқылы айтылғалы тұрған ойды көшірмелейді, бейнелі түрде жеткізеді. Сонда олар оның атымен емес, идеямен ғана қанағаттанады. Ал оның аты оған ең бірінші берілген нәрсе. Енді сол идеяны қандай да бір идея үшін соның мәнінің белгісі болып табылатындай атпен атайды және де ол басқа затты білдіретін болады, басқа заттың мәнін береді. Егер бүл екеуінің өзара байланысы болса және де екеуі де не үлкен сәйкессіздік, не басқа да бір нәрседе кызмет етсе, идеяға сілтемелемей қызмет етсе, сонда метафоралар пайда болады. Олар әлденені бейнелі және абстракты түрде білдіретін сөздер. Олар сөздің көмегі арқылы, бір идея айту үшін сол идеядан шыққан басқа идеяға жүгінеді. Онда, біріншіден екінші сөздің түсінігі туады. Сөз арқылы көп идеяның түсінігін білеміз. Сол көп идеялар оз сөзімен соз арқылы басқа идеяларды береді. Бүл біреуінің қасиеті ең бірінші идеямен байланысты болса және бірінші идея арқылы екіншісін түсінетін кезде болатын нәрсе. Сөздің саны өсуіне байланысты, олардың өзара орын ауыстыруына байланысты, тәртібіне және безендірілуіне байланысты басында риторика, кейін поэзия пайда болады.
Өзіне тән қасиеттеріне байланысты адамдар сөйлеуді өз сөздерімен және өз әріптерімен, өзіне тән ой қорытынды шығару арқылы өзі білім сөз құрай бастады. Соз құрау арқылы олар өздерінің сөйлеу әдеттерін көбейтті және де өзінің ой қорытындысын құрастыруға үйренді. Бұл әдеттер олардың өзінің жанында және тілінде бекітілгендіктен, олар бұл әдеттен басқаны білмеді. Адамдар өз тілін басқа тілдің сөздерінің кіруінен сақтаған, басқа сөз құрамынан, өздеріне тән әдетті сөз құрамынан басқадан, басқа тәртіптен, ой тұжырымынан, өздері үйренген әдеттен басқалардан сақтанған. Өз дәстүріне сай тілі мен жанында қабылданған нәрселерді олар алдыңғылардан иемденген. Ал барлығы үшін алдында тұрған адам оны сол сөздерді бірінші болып құрастырған, жаратқаннан алған. Осы адамдардың алдыңғылардан алғаны кемелдендірілген. Шешендік пен дұрыс сөйлеу олардың сөздерінен туындайды. Ал ол сөздер осы халықтың тілі. Олардан бөлектері араб еместер және олар сөздерді түсінбейді. ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ Жалпы өнердің пайда болуы Ой жетерлік идея барлық халықтарда соз болып табылады, өйткені олар бастапқы ұстаныммен байланысты. Олардағы барлық алғышарт, мәлімдеме, айтылу және ой тұжырым о бастан-ақ сөйлемдік болып табылады. Бастапқыдан-ақ сөйлемдік алдын ала келуші нәрсе. Барлық уақытта адамдар сөйлеу мен сөз бөлігіне мұқтаж болады. Енді бүл ақырындап силлологиялық өнерден ең бірінші риториканың /7/ пайда болуына әкеледі. Бұның пайда болуына байланысты немесе содан кейін идеялардың бейнесін немесе олардың қиялын, әлгі бейнені алмастыратын қиялын пайдалана бастайды, сөйтіп ақындық идеялар пайда болады. Енді бүл ақырындап өркендей бастайды да, поэзияның /8/ шығуына әрекет жасайды, сөйтіп силлогистикалық өнер арасында ақындық өнер қалыптасады. Адам табиғат заңдылығымен барлық іс-әрекеттерінде өлшемдік пен тәртіп сақтайтын болғандықтан, сөздің метрикалық өлшемі сондай, оған тіпті, әсемділік пен тәртіп, тән болады. Артикуляция кезеңі басталған уақыттан бастап ақ тән болады. Поэзия өнері де ұзақ уақыттар бойында дамып келген. Осы қос силлогистикалық өнер түрлері: риторика мен поэтика ортақ өнер болып табылады. (143 б.) Адамдар сөздер мен өлеңдерді өткен және осы шақтағы өздеріне қажетті істер туралы мағлұмат беру үшін пайдаланған болатын. Осылайша, халықта сөздер мен өлеңдерді ауыздан ауызға мұралап беріп отыратын адамдар пайда болды. Солар арқылы әлгі айтылғандардың барлығы жеткізіліп отырды. Олар көркем сөз өнерін игерген өз халықтарының шешендері болған, олар бастапқыдан данышпандар мен негізді қалыптастырушы болды, олар халыққа өз тілдерін қайтарған тұлғалар болды. Олар осы халық тілінде бұрын кездеспеген сөз тіркестерін құрды. Олар белгілі сөздердің синонимдерін анықтап, негіздеп, олардың санын көбейтті. Олар алдыңғы ұрпақтардан жеткен шетел тілдерінен енген сөздерді адамдарға түсіндіріп берді, ал қалғандары оларды бір-бірінен біліп, жаттап жүрді. Сонымен қатар. олар ішкі қасиеттеріне, түріне, тегіне сай келмейтін заттарды да қарастырды. Мүмкін, олар заттардың белгілерін сезіп, оларға атаулары сәйкес келмейтін заттарды да қарастырып, оларға атау берген болар. Басқа қалған адамдар, осы шешендерді санамағанда, бұл атауларды білмеді, себебі олар үшін сол атаулар бөтен болды. Аталған халықтардың сөздерінің мәніне үңілгендер, олардың қателіктерін түзетті. Олар дыбысталуы қиын сөздерге көңіл бөлді. Алдымен олар осы дыбысталуды жеңілдетті, құлаққа жағымсыз дыбыстарды жағымды етті. Сонымен қатар, олар алғашқы адамдардың қосылған сөздердің дыбысталуының күрделілігіне тоқталды, алғашқы адамдар бұны сезінгенімен олар дер кезінде түзелмеген, риторлар осыны біліп, дыбысталудың жағымсыздығын сезді. Сол кезде олар
дыбысталуды жеңілдетіп, оны естуге жағымды ете алды. Олар, сонымен қатар, сөздердің мүмкін болатын бірлігіне және олардың тәртібіне көңіл аударды. Олар сол сөздердің адам жанындағы реттілігін және тәртібін таба алатындай бірлігін ойластырды және оларға ерекше көңіл бөле отырып зерттеді, қалғандарынан бас тартып, тек аса қажет жағдайда ғана қолданды. Осылайша, осы халықтың сөздері алғашқы күйлеріне қарағанда түзеліп, тілі жақсара түсті. Осы істі бастаушы, бұл заттарды алдыңғы ұрпақтарды естіген күйінде қабылдайды. Ол оларды анықтап, оларға қалғандармен, яғни оларды құрастырғандармен бірге үйренеді. Осылайша ол басқаларға дұрыс сөздермен түсінікті болатындай қабілет пайда болғанша жалғаса береді. Өткен ұрпақ өздерінің алдыңғылардың сөздері мен өлеңдерін, олардағы хабарламалар мен өткен дәуірлердегі тарихи деректерді сақтап қалған. Олар бір-біріне өздеріне жатталғандардан іздеген нәрселерді көбейту үшін өздері жаттағандарды қалдырып отырды, ал бұл іс оларға қиын болып көрінді, осылайша хат, жазу пайда болды. Алғашқыда ол жүйесіз болып келді, алайда уақыт өте келе ол түзетіліп, сөздерді хаттарға еліктей отыра, оларға жақындай отыра қайталады. Бұл ежелгі уақыттағы сөздерді оларға ұқсас идеяларға мүмкіндігінше жақындата түсу үлгісімен жүрді. Олар сол сөздер арқылы кітаптарға есте сақтауға қиын тұстарды түсірді, және уақыт өте келе ұмытылған және күмән туғызған заттарды және келешек ұрпаққа қалдырғысы келген тұстарды, өздерінен алшақ басқа өңірлердегі адамдарға түсіндіргісі, жеткізгісі келген тұстарды хатқа түсірді. Кейінен, өзіміз көріп отырғанымыздай, тіл білімі өнері пайда болады, себебі адам өлеңдерді, сөйлемдерді, күрделі түйіндерді сақтаған соң қарапайым түсінікті сөздерді сақтауға ұмтылды. Ол олардың қосылысынан кейін болу, ажырату үшін немесе оларды белгілі бір адам топтарынан, не өз сөздерінде дұрыс мағыналарды қолданатын адамдардан және өз сөздерінің, өлеңдерінің және хабарламаларының сақталуына көңіл бөлген адамдардан қалған сөздерді иемдену үшін және өздеріне дейінгі адамдардан естіген сөздерді қолданысқа алу үшін зерттеген. Әр адамды ол ұзақ уақыт бойы жеке-жеке тыңдайды, кейін жазып алып, олардан естігендердің бәрін жаттап алады. Мүмкін сол тілді қабылдап отырған халықтың өзін білу қажет шығар және біз өздерінің әдеттері бойынша оз тілдері мен жандарында қабілетті қалыптастырушылардан алу керек дейміз, осы арқылы олар өздерінің әріптері мен дыбысталуынан басқа, сөздердің мағынасынан басқа, өздерінің әріптері туралы түсініктерін жеткіліксіз қылады, сонымен қатар, осы әріптер мен сөздерді бұрын өз тілінен басқа еш тілді естімегендердің қабылдау қажет дейміз, ал егер естіген жағдайда да оның санасы олардың бейнелерін, ал тілі - дыбысталып айтылуын қабылдамаған. Ал егер біреудің қалауы бойынша оның тілі кез келген әріптің дыбысталуына ашық болса және ол, сонымен қатар, оның әріптеріне, кез-келген сөзіне және сөз тіркестеріне (олардың әріптері болып табылмайтын сөздерден құрылған), ал сонымен бірге, олардың сөздері болып табылмайтын сөздерден тұратын күрделі ой - тұжырымдардан шығатын кез-келген тұжырымдарына бөтен болып келсе, онда ол оның тілінде алғашқы ұстаным бойынша олардың әдеттеріне қатысты сыртқы шарттардың жоғары қойылатынына сенімді бола алмайды. Кейін ол оның тіліне енген сөздерге үйрене бастайды және оның сөйлеу мәнері сол халыққа тән емес мәнерге айналады, ал бұл ендеше қате, бұрыс және әдеби емес болып шығады. Ал егер ол басқа халықтармен араласып, оның тілін тыңдап, оның әріптерін дыбыстаса, онда оның қателігі аса маңызды емес, алайда, ол оның әдетіне енген сөздердің өзі шығып отырған халыққа тән еместігіне сенімді болмайды. Дәл осы тәріздес, кімде-кім басқа халықтардың әріптері мен сөздерін және олардың дыбысталуын қабылдамаса — өйткені ол бастапқы кезден бастап өз сөздерін дыбысталу және олардың флексия бойынша өзгергенін ажыратып үйренген болса - егер де олардың қарым-қатынасы басқа халықтармен күшейе түссе, егер де олар оларды, олардың әріптерін және сөздерін бірнеше мәрте естісе, онда олар өздерінің бастапқы әдеттері
өзгермейтіндігіне сенімді бола алмайды, қайта олардың басқалардан естігендері күшеюі мүмкін және басқалардан естігендері дұрыс болмай шығуы мүмкін. Шөлейт жерлерде, шатырларда тұратын не тас үйлердің тұрғындары басқаларға қарағанда секемшіл болып келеді және олар өздерінде әдет бойынша бекітілген нәрселерді сақтап қалуға көбірек ыңғай танытады. Олар үшін өздерінің жандарын басқа халықтардың әріптері мен сөздері, тілі мен дыбысталуынан алшақ ұстау - абыройлы іс болып табылады. Қала және ауыл тұрғындары, отырықшы орындардың тұрғындары табиғи және ашығырақ келеді, олардың жандары өздеріне үйреншікті болып келмейтін заттарды түсінуге, елестетуге жақынырақ келеді, олардың тілі өздеріне үйреншікті болып келмейтін заттарды түсінуге, елестетуге жақынырақ келеді, олардың тілі өздеріне үйреншікті болып келмейтін тілді қабылдауға ашық болып келеді. Егер біз аталған екі топтың адамдарын алар болсақ, онда шөлдік жерлердің тілдерін қабылдау жеңілірек. Алайда бұл жерде осы өңірлердің ортасындағыларымен араласу керек, себебі шет жақ тұрғындары көрші халықтармен араласқандары үшін бірге араласып кетіп, көрші елдер сөйлеу мәнерін алуы мүмкін. Егер олар соңғыларымен араласса, онда олар бөтен тілде сөйлеуге мәжбүр болады және көп жағдайда көрші халықтардың әріптері дыбысталуға келмесе, олар сәйкес келетін әріптерді таңдайды, ал қиынға түсетін әріптерден бас тартуға тырысады. Олардың сөздері қиын және дөрекі болып келеді, олардың тіліне өз көршілерінен қабылданған акцент пен сөйлеу мәнері енеді. Егер де көрші халықтың тілінің көп қателіктері болса, ал осы халыққа бұл сөйлеу мәнері дұрыс деп түсіну әдетті болса, онда олардың әдеттері өзгермейді деп айтуға еш сенім жоқ. Сондықтан да олардың тілін қабылдаудың қажеті жоқ. Егер де шөлдік жерлердің тұрғындары жоқ болса, онда тілді сол өңірдің ортасында туратын кез-келген жерінен қабылдауға болады. Сен арабтардың осы мәселелері жөнінде ойланып қарасаң, саған барлығы түсінікті болады. Олардың арасында шөлдік жерлердің де де, қалалық жерлердің де тұрғындары болады. Бұл мәселемен 90шы жылдан 200-ші жылдар аралығында /9/ коп айналысқан. Осы мәселені шешуге бел буғандар, Ирактағы Куфа және Басраның тұрғындары болған. Олар қала тұрғындарының емес, шөлдік жерлердегі дұрыс өздерінің тілін алады, кейін елдің орталығын мекендейтін, көп жағдайда дөрекілік пен қатаңдық тән және жайылудан, алшақ болған және ықпал, әсерден шет болған тұрғындардың тілін алды. Бұлар - Кайс, Тамим, Тай, Хузайль /10/ тайпалары. Олар арабтар қабылдаған тілде сөйлейтін халықтардың басым көпшілігін құрады. Ал егер басқаларға келер болсақ, онда олардан ешнәрсе алынған жоқ, себебі олар елдің шет жақтарында тұрады, олар басқа халықтар тілімен араласып кеткен әрі табиғатынан өз тілдерін басқа өздерін қоршаған халықтардың тіліне бағындыруға бейім болды. Бүл - Эфиопия, Индия, Персия, сонымен қатар ассириялықтар, сириялықтар, мысырлықтар. Алдымен жеке-жеке сөздер алынады, мейлі ол өздерінің тіліндегі сөздер болсын, мейлі ол басқа тілдерден алынған танымал соз болсын, әйтеуір өздеріне келетін қолайлы соз болса болғаны, солар алынады. Содан кейін олар есте сақталынады және жазылып алынады. Содан соң айтылған сөздер мен өлеңдерден жақсы сөз тіркестері алынады. Осыдан кейін зерттеуші олар жеке және біріккенде қайсысы ұқсас екенін ойластырады. Ұқсас сөз тіркестер түрін алып әрбір жеке түрде несімен ұқсас және оның әрбір түріне не тән екенін қарастырады. Сонымен қатар, ойда (жүректе) олар үшін ортақ түсініктер мен ережелерді пайда болуына қарай оларды оқып, меңгеруге болатындай етіп осы ортақ түсініктер мен ережелерді белгілей алатын сөздерге қажеттілік сезіледі. Мына екі нәрсені орындау қажет: олардың әріптерінен бұрын тіпті естілмеген сөздер құрылады немесе басқа сөздердің идеясына нұсқай отырып осыған дейін пайдаланған сөздер қолданады. Мүмкін, бүл жалпыға мәлім шығар, бірақ та бұл ережелерге, идеяларға жақын болатын және бірінші идеялардың қайсысы соз тіркесу ережесіне сәйкес келетін атаулар беру керек. Бұл ортақ ұғым. Бұл ережені осы идеяның атымен
атау қажет. Осы барлық ортақ ұғымдар атауы оларда бұрын болған атауларға сәйкес болатындай атау беру керек. Олардың тілі өнер сияқты болып табылады: сөз арқылы үйретуге және үйренуге болады және айтылғандардың кемшілігін анықтауға болады. Бұл жазуға да қатысты. Солардың арқасында олар өз әріптерін жазады. Егер де оларда ортақ түсініктер мен ережелер бар болса, олардың барлығы қабылданса, онда оларды соз арқылы оқуға және оқытуға және айту қажет. Осы ережелерді білдіретін сөздер екінші жағдайдағы сөздерге жатады. Бірінші сөздер - бірінші жағдайдағы сөздер. Екінші жағдайдағы сөздер олар нұсқайтын идеялардан алынған. Осылайша адамдар бес өнерді игереді: риторика, поэзия өнері, өз өлеңдерін, хабарламаларын және әңгімелерін сақтауға қатысты өнер, тіл білу өнері және жазу өнері. Риторика ол кең қауымды олар айналысатын заттарға сендірудің, жоғары қасиеті және кең қауым үшін бірінші ойда артығырақ көрінген білімдер көлемінде сендіру қасиеті. Ол бірінші жағдайда бола тура, кең қауым үшін дағдылы болып табылатын сөздер арқылы сендірудің жоғарғы сапасы. Поэзия өнері сөз арқылы осы заттардың өзі туралы елестеулер туғызады. Тіл білу өнері бірінші жағдайда болатын және сол бір заттарға нұсқайтын сөздерді қамтиды. Осыған жіті назар аударушылар оған көпшілікпен бірге үйреніседі. Өйткені оларда өнер арқылы алынатын идеялар болмаған. Оларда өнердің абсолютті мағынадағы негізгісі туралы түсінік болмаған. Негізгі өнер - осы өнер арқылы олардың ісін жүргізу болады, ол әр біреуінің өз мақсатына жетуі үшін олар тәжірибеленетін олардың өнерін басқаратын кім болса сол оларды мақсаттарына жету үшін пайдаланатын өнер. Осындай басқарушының қоғамдық беделі шаруалар басшысының беделі дейік. Ол шаруалар басшысы болғандықтан, феллахтар (араб елдегі егінші шаруа) немен айналысса, соған сәйкес басымшылық қабілетіне және жер шаруашылығына байланысты сұрақтар бойынша кеңес беруде басым қабілетке ие болуы керек. Осы сияқты, кең қауым басшылығында туратын адам да және олардың ісін практикалық өнерде пайдаланатын және олар үшін олардың өнерін сақтайтын адам. Оларға ортақ нәрсе кең қауымның басшысы бұл қауымды өзі үшін және олар үшін өнерде пайдалануында. Осылайша, ол сол сияқты сол бір көпшілік қауымға тиесілі деп қарастырылған, өйткені оның ең шекті мақсаты бұл өнердегі сол көпшілік қауымның да түпкі мақсаты болып табылады. Оның өнері өзінің түпкі мәнінде солардың да(көпшіліктің де) өнері болып табылады. Ол тек пен түрге қатысты нәрселер, немесе тур - тек деп аталатынға қатысты нәрселер. Сонымен, көпшілік қауымның билеушілері, яғни көпшілік қауым үшін солар (пайдаланатын) заттарды сақтап қалып отыратындар да оларды көпшілік қауым пайдаланатын мағынада пайдаланады, өйткені олардың өзі де сол көпшілік қауымға жатады. Егер де билеушінің мақсаты көпшілік қауым үшін олардың өнерін сақтап қалу болса және оларды сол мақсатта пайдалану болса және біреумен болып жатқан нәрсе басқаларымен де болатын болса, онда ол да солардың біреуі болып табылады. Ендеше, көпшілік қауымның билеушілері бұл жағдайда сол көпшілік қауымның өзіне тиесілі болады. Ал өнер халықтың өнерлерінің бірі болып табылады. Ол да олар үшін ортақ өнер түрі. Алайда, осы өнерді меңгерген адамдар соны біле тура кейде өздерін ерекше адамдар есебінде ұстайды. Не десек те хандар да сол бір пенделер емес пе?! ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ Халықта силлогистикалық ғылымдардың пайда болуы (150 б.) Егер де адамдар толықтай практикалық өнер түрлерін меңгерген болса және де басқа біз айтып кеткен ортақ өнер түрлерін меңгерген болса, онда содан кейін әлгі адамдардың жаны жердегі сезіммен қабылданатын заттардың себебін білуге талпынады және өзін айнала (қоршаған) әлемді тануға талпынады. Сондай-ақ көзбен көретіннің, сезіммен сүйетіннің барлығын
жерде болсын, аспанда болсын, әйтеуір, барлығын тануға талпынады. Оған қоса практикалық өнер түрлері көмегімен іздестірілетін көптеген құбылыстарды тануға талпынады. Мысалы, формаларды, сандарды, көзге көрінетін объектілерді, гүлдерді және тағы тағыларды. Кім де кім сол заттардың себебін зерттейтін болса, ол адам (әдетте) сол себепті іздеп тауып көрсетеді де. Алдымен ол адам сол заттарды талдайды, өзі үшін өзгертулер енгізеді және өзі мен өзгелердің пікіріне сүйенеді. Салыстыру барысында өзгертілетін нәрсе риторикалық тәсіл болып табылады, өйткені ол дегеніміздің өзі силлогистік тәсіл. Сол силлогистік тәсілді адамдар өз бойынан ең бірінші болып табады. Осылайша табиғи және білім беру тәсілдері арқылы зерттеу әдісі пайда болады. Зерттеушілер риторикалық тәсілді қолдануды ары қарай жалғастырады. Олардың көзқарастары мен әрекеттерін де өзгешеліктер, айырмашылықтар пайда бола бастайды. Олар сол пікірлер туралы өте көп дауласады. Ол пікірлерді олардың әрқайсысы өзі үшін түзетеді және біреуі басқасымен салыстыра отырып қарастырады. Олардың әрқайсысы (егер олар қайшылықты екендігін көріп отырғаны туралы тексеріс жасайтын болса) өздері пайдаланатын тәсілді күшейтуге мұқтаж болады. Сөйтіп, олар оның қарсылығын азайту үшін немесе қарсылығын болдырмау үшін әрекет етеді. Олар сол айтқанды аса қатты беріле отырып жасап та жүрген, ал олардың ішіндегі ыждағаттысы біраз уақыт өткен соң диалектикалық тәсілдің жолын қууды көздеді. Сөйтіп сол диалектикалық тәсілге бас ұрды. (151 б.) Софистикалық тәсілмен салыстырған да диалектикалық тәсіл оларға жөн көрінеді. Себебі, басында олар диалектикалық тәсілді ғана артық пайдаланбай келген болатын, өйткені риторикалық тәсілдер ортақ болған әрі сол екі тәсілдің қосындысынан тұрған болатын. Сол себепті риторикалық тәсілдер қабыл алынбай тасталып, диалектикалық тәсілдер қолданыла бастады. Софистикалық тәсілдер диалектикалық тәсілдерге ұқсас болғандықтан да, көптеген адамдар софистикалық тәсілдерді пікірлерді талдау және түзету барысында диалектикалық тәсілдер қажеттігіне деген сенімі ұлғаяды. Софистикалық әдіс лақтырылып тасталады. Олар тек қана (қандай да бір) сынақ кезінде пайдаланылатын болады. Оларды диалектикалық пікірталастарды жетілдіру үшін әлі де пайдаланып келеді. Бірақ, диалектикалық тәсілдердің арқасында олардың көмегімен рас, ақиқат ілімге қол жеткізуге болмайтындығы анықталады. Сол кезде білім беру тәсілдерін зерттеу (әдісі) пайда болады және ақиқат ілім туралы ғылым дүниеге келеді. Сол екі арада адамдар білім беру тәсілдеріне ұйығып та үлгерген болатын. Олар кемел күйге жетерліктей дәрежеде болады деп айта аламыз немесе кемелдікке сәл-ақ қалды деуге болады. Сонымен бірге, адамдар диалектикалық тәсілдер мен ақиқат білім тәсілдері арасындағы айырмашылықты да көрді, өйткені олардың арасында белгілі бір өзгешеліктер болған еді. Адамдар азаматтық ғылымға (көбірек) ыңғай танытты. Бұл соның негізі болып табылатын заттарға катысты, ал ол дегеніміз - ерік (бостандығы) мен пиғыл (бостандығы). Оны адамдар диалектикалық тәсілмен зерттейді, кейде ақиқат білім тәсілдерімен аралас зерттейді. Диалектикалық тәсіл арқылы көбірек дәлелдемелер табылады. Сондықтан да ол ғылымилық болып табылады. Дәл осы жағдай философияда да орын алып отыр. Мысалы әлдекім өзін Платонмын деп есептейді. Содан кейін бұл жағдай біршама орнығады да, мысалы, Аристотель өмір сүрген уақыттағыдай болады. Ғылыми көзқарас өзінің шегіне жетеді, барлық тәсілдер алуан түрлі (болып шығады) және жетіледі. Ізденіске орын қалмаған жалпылама әмбебап теориялық философия (152 б.) өнерге айналады. Ол өнерге үйрететін болады және ол өнердің көмегімен оқытатын болады. Философияға оқыту жеке оқыту және барлығына ортақтай жалпы оқыту болады. Жеке оқыту тек қана дәлелдемелік тәсілдер арқылы (жүргізілді). Бірлесе (оқыту), яғни ортақ жалпы оқыту диалектикалық, риторикалық және поэтикалық тәсілдер көмегімен жүргізіледі. Алайда,
риторикалық және поэтикалық тәсілдер көпшілік қауымға қолайлырақ. Оның көзқарастары теориялық және практикалық заттардан дәлелдеумен түзетіледі және нығайтылады. Осыдан соң заң бекіту қажет, сөйтіп, көпшілік қауымды іздестірілетін және (оқумен) аяқталатынға, дәлелдеме көмегімен түзетілетінге, теориялық сұрақтарда пайдаланылатынға және практикалық дүниелерден алынған пайымгерлік пен қабілет күшімен зерттелетінге үйрету қажет. Заң шығару өнері дегеніміз керемет қиял күшіне ие болу қабілеті деген соз. Ол көпшілік қауым үшін оңай (шаруа) емес. Мысалы, көпшілік қауымның теориялық ақылмен танылатын мәндерді көз алдына елестетуді айтар болсақ ол - практикалық және теориялық сұрақтарда сендіре білу қабілеті. Ол көпшілікті (қолда бар) барлық сендіру тәсілдерімен оқыту құралы болып табылады. Егер де осы екі принцип бойынша заңдар шығарылатын болса және де оларға көпшілік қауымды оқытатын, тәрбиелейтін және сендіретін тәсілдер келіп қосылса, онда бұл жерде мәселе дін туралы болып тұр. Егер де осыдан кейін осы дін нені қамтиды деп ойлайтын адамдар арасында дін туралы әңгімелейтіндей күш-жігері бар адамдар табылса, әңгімелегенде де дінді жеке практикалық заттарға тәуелді, бағынышты етіп әңгімелейтіндей адамдар табылса, сөйтіп, олар дінді терең зерттеу (тәсілін) іздестірсе, ал бұл дегеніміз ненің көмегімен әңгімелеп отырса, соған сәйкес келмесе, (153 б.) осы еліктеуде зерттеліп отырған нәрсеге еліктесе ол еліктеудің мақсаты тек айту ғана болса, онда фикх өнері солай туындайды. Сонымен қатар, адамдар теориялық және әмбебап практикалық қағидалар арасынан дінді дүниеге әкелуші не туралы айтса, соны зерттегісі келді, немесе ол туралы әңгімелеу үшін керек болған әлдебір нәрсені зерттегісі келді, сөйтіп, осы істе еліктегендерге еліктеді. Осылайша, қалам сынды басқа өнер дүниеге келді. Егер де адам¬дар осы дінде бар нәрсені жоққа шығару үшін келісімге келетін болса, онда қалам өкілдері осы дінді қорғап қалуға қажет күшке мұқтаж болады. Сөйтіп олар өздеріне қарсы шыққан қарсыластарының жауына айналады. Сонымен қатар, дінде айтылғандарды жойып жіберу үшін керек болған софизмдерді терістейді. Осылардың барлығының арқасында қалам өнері жетіледі, сөйтіп ол әлгі екі күшке қол жеткізеді. Бұған қол жеткізу үшін тек қана ортақ тәсілдерді пайдалану керектігі айдан анық бола бастайды. Осындай ретте халықтарда силлогистикалық өнерлер туындайды әрі олар әлгілердің жандарындағы туа біткен қабілетке сай пайда болады. ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУ Философия мен дін арасындағы байланыс Егер де дін, біз айтып кеткендей, барлық силлогистік өнер түрлерінен тәсілі мен реттілігі жөнінен ажыратыла бастағалы бері кемеліне келіп толысқан философияның соңынан ілесетін болса, онда бұл дін дұрыс әрі кемел дін болғандығы, ал енді философияның өзіне келетін болсақ, онда оның расталған аподейктика [деңгейіне] жеткен кезінде философия абсолютті жетілген философия болмаса және де риторикалық, диалектикалық және софистикалық [тәсілдер арқылы] өз көзқарастарын өзгерткеннен кейін барып ол өзінің көптеген бөліктеріне немесе өзінің толықтай алғандағы түріне байқаусызда жалған пікірлердің кірісіп кетуіме бөгет бола алмаса, онда ол философия күдікті және жалған философия болғандығы. Егер де қандай да бір дін құрастырылып, (154 б.) ол дін сол философияға ілесетін болса, онда әлгі дінге көптеген жалған көзқарастар кіріп кеткендігі. Ал егер айтылған жалған пікірлер діннің халықтың бейшара күйдегі роліне тиісті айтылған болса, онда діннің шындықтан көп алшақтағандығын және де кінәратты дін бола бастағандығын айтуға болады. Бірақ адамдар оның кінәратын байқамай қалған. Ең қатты кінәрат деп заң шығарушының өз дініне, өз заманына сай философиядан алынған көзқарастарды енгізбеуін айтуға болады. Ол сол бірінші діндегі көзқарастарды ақиқат көзқарас деп қана біледі. Ол соларға жүгінеді, солардың
(бейнелерін) қабылдайды және соған ұқсайтынды қабылдайды әрі солардың көмегімен халқын оқытады. Бірақ одан да зор кінә деп алдында айтылғаннан кейін келетін тағы басқа заң шығарушының екінші бағыттағы дінге кіруін айтуға болады. Халықтың ерген діні сол ерудің бірінші бағытта жүзеге асқан шағында дұрыс дін болып есептеледі, ал дінге еру екінші бағытта жүзеге асқанда дұрыс емес, кінәратты болып есептеледі. Бірақ дін аталған қос бағыттың екеуінде де философиядан кейін барып пайда болады: не ол ақиқат философиясы болып табалатын дәйекті философиядан кейін, не адамдардың осы философия-ay деп ойлайтын, бірақ шындығында ондай болып табылмайтын болжалды философиясынан кейін пайда болады. [Қалай дегенмен де] адамдарда діннің пайда болуы олардың қабілеттері мен туа біткен қасиеттерінен туындайды және де осы аталғандар дінге тікелей қатысты. Ал енді діннің діні болмаған халыққа діні болған халықтан берілетіндігіне келер болсақ, онда бір [басқа] халықтан алынған дін түрін өзгертетіндігін, өсетіндігін немесе кішірейетіндігін айта аламыз. Дін басқа халыққа қолайлы дін болуы үшін оған түрлі өзгерістер енгізіледі. [Дінге арқа сүйеп барып адамдар] тәрбие ісімен, оқытып-үйретумен және өз ісін басқарумен айналысады. Бәлкім, бұл халықта дін оның диалектикасы, софистикасы мен философиясы пайда болғанға дейін болған шығар. Ал диалектика, философия мен софистика. Сол халықта соған қажетті қабілеттер кездеспегендіктен де пайда болмайды. Олар да әлгі халыққа басқалардан жетуі мүмкін. Ендеше, олар әлгі халыққа дін кіргеннен кейін ілесе пайда болады. (155 б.) Егер де дін кемел философия соңынан ілесіп келген болса және де ондағы теориялық қағидалар философияда белгілі бір сөйлемдер арқылы түсіндірілетіндей және қарастырылатындай тұрғыдан алынбайтын болса, ол тек қана соның толығымен, не көп бөлігімен ұқсастығы тұрғысынан алынса және егер бүл дін басқа халыққа, бүл діннің философияға ілесіп келетіндігін білмеген әрі ондағы бар нәрсенің барлығы [тек қана] теориялық заттардың ұқсастарын көрсетпегендігін білмеген халыққа ауысар болса, онда ол халықтың осы діндегі бар [теориялық заттардың] ұқсастары ақиқат деп ойлауға бейім болатындығы мәлім. Әлгі халық оны [философияға тән] теориялық қағидалардың дәл өзі деп біледі. Содан соң барып осы халыққа әлгі діннің толықтай ілесіп жүрген философиясы өтер болса, онда діннің философияға қарсы шықпауына еш кепілдік болмайтын да еді. Дін өкілдері философияны жоққа шығарып, оған қарсы тұрар еді. Ал философтар болса бүл діннің философияда бар нәрсенің ұқсас кейпі екендігін сезбегендіктен дінді терістеуге кірісер еді. Бірақ философтар әлгіні білген мезеттен бастап оған қарсы болмас еді. Бірақ діннің өкілдері сол философияның өкілдеріне қарсыластығын ары қарай [жалғастыра] берер еді. Діннің философияға аса қатты эсер ететін қабілеті жоқ. Бірақ философия мен философтардың өздері діннен және оның адамдарынан үлкен зардап шекпейтіндігіне ешқашан кепілдік жоқ. Сірә, содан болар, философтар діннің адамдарына өз игілігі үшін қарсы шығуға мәжбүр. Діннің өзіне қарсы шыққысы келмегенмен де, олар, дегенмен, діннің адамдарына қарсы келеді. Олардың ойынша, діннің философияға қайшылығы бар. Сондықтан олар адамдарды олардың діндерінде бар нәрсенің барлығы [философияның] жай ғана бір ұқсасы болып табылады дегенге сендіргісі келеді. Егер де дін кінәраты бар философияға ілесе келген болса, ал содан соң барып [қарастырылып] отырған халыққа дұрыс аподиктикалық философия жеткен болса, онда бұл философия әлгі дінге барлық жағынан қарама-қарсы тұрар еді. Сол сияқты, дін де әлгі философияға қарсы шыққан болатын еді. Олардың әрқайсысы басқа біреуін (156 б.) жойып жібергісі келетін еді. [Адам] жандарында жеңіске жеткен әрі онда нық бекем орналасқан біреуі басқасының көзін жойып жіберер еді. Ал егер діндегі ұстыны мықты халыққа диалектика немесе софистика ауысар болса, онда олардың әрқайсысы әлгі дінге зиян келтірер еді әрі оған қатты сенген адамдардың жанына ол дінге мән бермеу керек деген сезім ұялатар еді. Өйткені олардың әрқайсысының күші түптің түбінде оның заттың барлығын дәлелдеуінде немесе оны терістеуінде жатыр.Сондықтанда диалектикалық
және софистикалық тәсілдер дін арқылы адам жанына тереңдеген көзқарастарда пайдаланыла бастады және нығайтылып жатыр. Олардың көңіліне күдік ұялады. Осылардың барлығы ақиқатты нақ басып айтудың мүмкін еместігіне алып келеді. Не болмаса, ақиқат міне енді пайда болады деп кетуге алып келеді. Не болмаса, ол адамдарды ақиқат дегеніміз не, оған қарама-қарсы т.ұратын әлдене дегеніміз не деген сұраққа келгенде абдырап, сасып қалуға әкеледі. Сондықтан да заң шығарушылар диалектика мен софистиканы қатаң түрде тыйым салып тастауға мәжбүр болды. Сол сияқты, қандай да болсын бір дінді нығайту үшін жүрген билеушілер сол пайымды одан бетер күшейту керектігін айтқан және де сол [соңғы] екеуінен [диалектика мен софистикадан] аулақ болу керектігін аса қатты баса айтқан. Философия туралы айтатын болсақ, онда адамдардың кейбіреулері оны өте жақсы көреді, ұнатады. Тағы біраздары одан бас тартады, кейбіреулері ол туралы үндемейді,кейбіреулері оған тыйым салады: бәлкім олар философияны нағыз ақиқатқа және теориялық заттарға жету жолында өздеріне тәсіл ретінде қажетсіз деп есептегендіктен солай болар. Бәлкім, олар философияны өздерінің өздеріне тән тәсіл деп қабылдайтынынан болар. Өйткені олар іштен туа пайда болатын қасиеттерді назарға алады немесе олар өз алдарына ақиқаттың өзін табуды емес, сол ақиқаттың ұқсастары мен бейнелері арқылы адамдарды тәрбиелеу мақсатын қоятындығын назарға алады.
Сонымен қоса, олар адамдарды теориялық дүниелерге жүгінбей - ақ, практикалық дүниелер арқылы тәрбиелеу керек деп есептейді. Себебі оларға сырттан енген дін кінәратты және білімсіз болғандықтан шығар. Ол дін адамдарға бақытқа қол жеткізу үмітін бермей тек сол дінді негіздеушіге ғана бақытты болу үмітін сыйлар болса әрі ол өзі ғана бақытты болу үшін дінді пайдаланып кеткен болса - сондай жағдайда болады. Ондай жағдайда халық әлгі діннің жаман жақтарын өз бойына сіңіріп кету қаупі бар. Адамдар философиядан бас тартқанда әлгідей кінәраттар адам жанына терең бойлап кете алады. (157 б.) Әрбір халық ішінде философияның қарсыластары болатындығы анық. Расында, қалам өнері философияға қарсы әрекет етеді. Ал оның адамдары дін философияның қарсыласы болғанындай философтардың қарсыластары болып табылады. ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУ Аттарды ойлап шығару және оларды біреулерден иемдену Егер де халықта оның қолында бұрын болмаған және де оған дейін басқа бір халықтың діні болмаған дін пайда болатын болса, онда сол діннің бойында бар канондар ол халыққа бұрындары белгілі болмағандығын танытады. Сондықтан да ол халықта әлгі канондардың атаулары да болмаған. Сол дінді енгізетін адам оларға атау анықтап бергісі келетін болса, онда сол халықта бұрын кездеспеген атауларды ойлап табады, не оларға жақын заттардың атауларын әпереді. Яғни өзі кіргізгелі отырған канондарға ұқсас заттардың атауларын пайдаланады деген сөз. Егер сол бір халықта (әлгі дін енгізілмей) тұрғанда басқа бір дін болған болса, онда ол сол діннің канондарының атауын (енгізілгелі отырған) діннің ұқсас канондарын атауға пайдаланады. Егер де дін немесе оның бір бөлігі басқа халықтан алынғалы отырса, онда сол дінді енгізуші кейде [басқа халықтың дінінің] канодарының атауын алған. Атаулар сол мағынасында пайдаланылады бірақ сөздің өзінің өзгеруі мүмкін. Сөздің дыбыстары мен олардың құрылымы әлгі халықтың әріптері мен солардың құрылымы арқылы белгіленеді. Ол сөзді айту оңай болу үшін қажет. Ал егер сол халықта диалектика ме софистика пайда болса әрі оның өкілдері өздері енгізген және бұрындары өздеріне белгісіз болғандықтан атау болмаған идеяларды (сөз арқылы) белгілеу қажеттілігін
сезінсе, олар онда сөздер құрастырып шығарады. Ол сөздерді олар өз әріптерінен құрастырады не болмаса әлгілерге соларға ұқсас дүниелердің атауын бере салады. Сол сияқты, оларда философия пайда болатын болса, ал оның өкілдері оларға бұрын белгісіз болған идеяларды / сөз арқылы / жеткізу қажеттілігін сезінсе, онда да сол жаңа айтқандағыдай жайт орын алады. Егер де философия қарастырылып отырған халыққа басқа бір халықтан жеткен болса, онда сол философияның өкілдеріне философияны берген бірінші халықтың философиялық идеяларды белгілеген сөзіне назар аудару керек болады. (158 б.) Сол сияқты, екі халыққа бірдей белгілі ортақ идеялардың қайсысы бірінші халықтан алынып отырғанына да назар аудару керек. Егер де олар соны анықтайтын болса, онда оз халқының тілінен олар түптің түбінде сол идеяны беретін сөзді алады. Ол соз қарапайым халық арасында танымал соз. Сөйтіп барып олар философиялық идеялардан алынған атаулар арқылы әлгі идеяларды белгілейді. Ал егер екінші халыққа белгісіз идеялар бірінші халық өздерінде бар халықтық идеялардан атауын алып бере салған, бірақ онда болатын болса, сондықтан да оның атауы сол екінші халықта болмаған болса, әрі сол бір идеялар түптің түбінде екінші халыққа белгілі басқа халықтық идеялармен ұқсас болатын болса және де екінші халықта соның атауы бар болатын болса, онда (мұндай жағдайда) бірінші халықта (қабылданған) атаулардан бас тартқан жөн болады. Оның орнына екінші халық өздерінде бар халықтық идеялардан (халықтық мағынасы бар) өз сөздерін алып, оларды әлгі философиялық идеяларды белгілеу үшін пайдаланғаны жөн. Егер онда бірінші халықта халықтық идеялар мен соған жақын идеялардың, олардың заттар туралы елестетулеріне сай ұқсас идеялардың атауын алған идеялар болатын болса, ал әлгі философиялық идеялар екінші халық та олардың халықтық мағынасына қатты ұқсас болса және заттар туралы елестетулеріне сай келер болса, онда бүл жағдайда екінші халық ол идеяларды (бірінші халықтан алған) атаулармен атамағаны дұрыс және де сөз арасында да оларды пайдаланбағаны дұрыс. Ал егер онда екінші халықтың мағыналарына тіпті ешқандай ұқсастығы жоқ идеялар болатын болса, алайда, олар ұқсас сынды болып көрінетін болса, онда ол идеяларға не оз әріптерінен (құрастырылған) сөз ойлап табады, не оларды басқа идеялармен біріктіреді. Мысалы, (құрамдас) сөйлемдегідей, не бірінші халықтың сөзімен жеткізеді, бірақ бүл жағдайда екінші халыққа айту оңай болу үшін ол сөздің дыбысталуын сәл өзгертеді. Дегенмен, бүл идея екінші халық үшін мүлдем бөтен, бөгде идея болып табылады, өйткені ол халықта сол идеяның не өзі, не оның аналогиясы да жоқ. Егер де бір философиялық идея қос халықтық идеяға ұқсас болатын болса және де олардың әрқайсысы үшін екі халықта да атаулар бар болатын болса, бірақ бір халықтың берген атауы идеяға жақынырақ, ұқсасырақ болса, яғни ол халық әлгі идеяға оған ең ұқсас ең жақын деген атау берген болса, онда бұл жағдайда идеяны сол идеяға ең ұқсас болып келетін идеямен атаған жон. (159 бет). Бүгіндері арабтарда кездесетін философия оларға гректерден жеткен. Оны арабтарға әкелген адам ондағы бар идеяларды, атауды анықтауға келгенде жаңа ғана (жоғарыда) біз айтып кеткен тәсілдерге жүгінген. Біз идеялар (тек қана) араб тілінде жеткізілсін деп жан ұшырған адамдарды да табамыз, бәлкім, олардың көбінің ойлары сол мәселеде бір жерден шыққан да болар. Мысалы, олар мынадай деген екі идеяның атауларын арабша анықтаған: "устукус" /11/ оны арабтар "унсур" /12/ деп берген және "хайула" /13/ оны арабтар тағы да "унсур" деп берген. "Устукусқа" тоқтайтын болсақ, оны "материя" әлде "бастапқы материя" деп атамаған. Бәлкім, олар "бастапқы материя" деген сөзді қолданған да болар, бірақ олар "элемент" деген сөзді "бастапқы материя" деген сөздің орнына пайдаланса керек. Дегенмен де грек атауларымен берілген дүниелер аз. Бірінші тәсіл бойынша атауларын анықтайтын философиялық идеялар туралы оларды екі халықтың да солардың атауы болатын сөздері бар идеялар ретінде алынған деп атайды. Егер де халықтық идеялардың атаулары философиялық идеяларға берілген болса, онда ондай идеялар
барлық халықтарға ортақ идеялар болғандықтан да сол философиялық идеяларды барлық халықтардағы сөздерді көрсету арқылы атауға болады. Ал қалған тәсілдер бойынша атау анықталғанда идеялар тек қана екінші халықтың сөзін көрсету арқылы алынады. Философиялық идеяларды не оларға сөздерді мүлдем нұсқамай, оз алдына алынған ұғымдар ретінде қабылдау керек, не оларға сөздер көрсетілген жағдайда оларды кез-келген халықтың сол сөздерге сәйкестік табатын сөздеріне сілтеме беріп, қабылдау керек. Біз оқыту барысында басқа халықтың сөзін пайдаланғанда оны айту кезінде жадыға сақтап қалу керек және де оны сол сөздердің пайдаланғанда шыққан тегі болып табылатын халықтық идеялармен салыстыра отырып, есте сақтау керек. Бәлкім, оларды шатастырған да болар және олар туралы олар саны жағынан болсын, сөздерге сәйкестігі жағынан болсын, сол бір халықтық идеялардың дәл бір өзі деп ойлаған да болар. Сондықтан да адамдар идеяларды соларға ұқсас екен деген сөздермен жеткізудің (қажет еместігі) туралы тоқтамға келді. Оның орнына, оларды солар үшін арнайы шығарылған сөздер арқылы атаған дұрыс. Ол сөздер бұрын ешқашан пайдаланылмаған сөздер болуы тиіс. Бірақ ол сөздер затты меңзеп тұруы керек және де сол халықтың өз әріптерінен құралуы тиіс әрі сол халықтың өз сөзжасам дағдысына сай құралуы тиіс. Бірақ (160 б.) та ұқсастығына сай тәсілдер - белгілі бір мағынада өнерге енді бет алып келе жатқан адамды оқыту барысында оның идеяларды тез түсінуі үшін жарамды тәсілдер яғни идеяларды тез түсіну үшін оларды әлгі адам өнерге бет алмай тұрған кездің өзінде белгілі болған идеяларға ұқсасырақ сөздер арқылы беру керек. Алайда, омонимдерге қатысты атаулардан қалай қауіптенсе, булардан да солай қауіптену тиіс. Философиялық идеяларға мағыналары берілетін халықтық сөздердің басым бөлігін көптеген халықтық идеяларға ортақ сөздер ретінде пайдаланылатын сөздер қурайды және де философияда оларды көптеген идеяларға ортақ сөздер ретінде қолданады. Бір атауға басы біріктірілген идеялар сол ортақ атаудағы олардың сапасы қандай екендігін, олардың қайсылары қандай да бір жағдайға қатысты олардың орналасу тұрғысынан алғанда болатындығын білуді талап етеді. Идеялардың орналасуының қандай да бір жағдайы дегеніміз: не олардың сол бір жағдайға катысты орналасу дәрежесі не біржақты болатындығы не түрліше болатындығы. Бірақ олардың бір бөлімі / қандай да бір дәрежеде / осы / аталған / жағдайға жақын болады, ал басқа бір бөлігі одан алыс болады. Осы айтылған екі жағдайдың екеуінде де не идеялар бір атаумен аталатын болады, бірақ ол атау сол идеялардың сәйкестендірілген жалғыз жағдайының атауы болмауы тиіс, не олар мен сол (бір) жағдай біріктіріле алынып, жалғыз сол бір атаумен аталатын болады. Сол бір жағдай ең бірінші алғы жағдай болып табылады. Оның алдыңғы болуы кейде болмыстың өзінде бар нәрсе, кейде танымда бар нәрсе. Осы бір екі орналасу дәрежесіндегі әрбір идея, егер де ол таныммен байланысты идея болса, ең мазмұнды болып табылатын / идеяны / сәйкестендірілетін және өлшемге лайықтандырылатын болса, онда олардың екеуінің ішіндегі ең мазмұндырағы және толықтай мазмұндылық тән идеяға қатысты таным процесінде ең алдыңғы орналасқаны болып солардың ішідегі ең алғашқысы табылады. Әсіресе егер ол алғашқырағы бола тұра, сол арқылы басқа / идеяға / танылған немесе танылып жатқан болғандықтан да ең мазмұндысы дұрыс. Олар үшін / жоғарыда сөз етілген / атау ең қолайлы атау болып табылады. Не болмаса идеяға сол бір жалғыз атаудың жалпылануы болып табылатын атау берген лайықтырақ. Ол идея сол сияқты әлгі идеялардың атымен аталған болса да жаңағы айтқанымыз дұрыс болады. Одан кейін барып идеяларға мазмұндырақ болып келетін атау беру назар аударуға тұрарлық нәрсе. Не болмаса / өз бойында / ең көп мәлімет жинақтағаны және сол атаумен аталған барлық нәрсені қамти алатындай таным құралы бола алғаны туралы айту да назарға аларлық.
Дәп сол сияқты: егер олардың арасында болмыста олардың бәрінен алдыңғырақ орналасқан бір идея болатын болса немесе сонымен қоймай ол басқаларының (161 б.) тіршілігінің себебі болса, онда ол идея толығымен алғанда сол атауға ең лайық идея болады. Одан кейін барып сол бір жағдайға жақынырақ (орналасқан) әрбір идея кетеді, одан соң барып (реті бойынша) одан да жақынырақ орналасқандары сол атауды алуға лайық. Солардың ішінде, әсіресе, екі идеяның ішіндегі ең кемелдірегі басқасының тіршілігінің себебі болып табылса, онда ол одан кейін ілесіп келе жатқанға қарағанда әлгі атауға лайықтырақ болып табылады. Кейде, бәлкім таным жолында алғашқы болып орналасқаны болмыстағы ең соңғы орналасқаны болып шығуы да мүмкін. Олар үшін олардың ұқсастықтарынан олардың көптеген заттарға қатысы бар болғандықтан, немесе олар қандай да бір затқа не сәйкестігімен не әлдебір айырмашылығымен арақатынаста болғандықтан да бір атау берілетін болады. Сөйтіп, сол бір зат сол бір идеялардың атауы аталатын болады. Немесе сол идеяларға қатысы жоқ атауымен аталатын болады. Осы айтылғандардың барлығы атаулардың заттарға сәйкес келмеуіне олардың ортасындағы (әлдебір) орталық нәрсе болуына алып келеді. Сондай атауларды күдікті аттар деуге болады. ІІІ БӨЛІМ СҰРАҚ БӨЛШЕКТЕРІ ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУ Сөйлеу түрлері (162 б.) Бір адамның келесі біреуге арнаған кез-келген сөзі кез-келген сөйлемі әлгі адам не өзіне бірдеңені талап еткенде, не өзі әлденені біреуге ұсынғанда айтылады. Басқаға әлденені ұсына отырып айтылған сөз сенімді шығады, сөйтіп ол бекітетін, мақұлдайтын, не растайтын, не терістейтін сөйлем болып табылады. Ол кесімді немесе шартты сөйлем бола алады. Ол не таң қалу, не тілек білдіру болып табылады. Одан басқа да сөздер туындап жатады. Ол сөздердің құрамы мен формасы алдыңғы созбен байланысты келесі келетін сөздің қандай ықпалға түсетіндігін байқатады. Ол да бір біздің қандай да бір тілде сөздің құрамы мен құрылымы арасында басқа созбен байланысты бір сөздің қандай ықпал астында болатындығын көргеніміздей нәрсе. Адамдардың кейбіреулері / сөйлеу барысында / таң қалу мен тілек болады дегенге күдікпен қарауы да мүмкін. Олардың кейбіреулері оларды пайымдаудың келісімді пайымдаудан басқа бір түрі деп есептейді. Басқа біреулері - кесімді пайымдау және сонымен байланысты пайымдау деп есептейді. Сондықтан да ол пайымдау арқылы оның құрамы мен формасы қандай да бір түрде жеткізіледі деп есептейді. Басқа біреулері кесімді пайымдау және сөйлеммен байланысты пайымдау деп есептейді. Сондықтан да ол пайымдау арқылы оның құрамы мен формасы қандай да бір түрде жеткізіледі деп есептейді. Өзі арқылы әлденені талап ететін сөйлем бөлшегі қандай да бір пайымдаудың болуын қажет етеді, немесе қандай да бір іс-әрекеттің болуын қажет етеді. Іс-әрекеттің ненің арқасында жасала бастағандығынан шақыру, жалыну - жалбарыну, мінәжат ету, руқсат ету мен тыйым салу, сол сияқты, ынталану, бас тарту, бұйрық беру де шығады. Біреуге қарап сөйлеген қаратпа сөзде ең бастысы сол сөз арнап айтылып отырған адам құлағымен де, ақылымен де өзіне соз айтып отырған адамға деген қызығушылығын білдіруі тиіс. Өзіне деген үндеуде не айтылғанын тыңдауы тиіс. Қаратпа сөз өздігінен алғанда шақырушы бөлшекпен байланысты қарапайым сөйлеу. Бұл бөлшек дауысты дыбыстың біреуінен турады. Егер де шақырып отырған адамның алыс (қашықтықта) тұрғандығына байланысты немесе оны естудің қиындығына байланысты, немесе шақырушы адамның абдырап қалуынан туындайтын мазасыздануға байланысты (163 б.) қажеттілік
туындайтын болса, оның дыбысты созып айтуына да болады. (Сол бір шақырудың) күші дегеніміз шақырушының шақырылған адамның құлағына болсын, ақылына болсын жететіндей және де сол сөз арналып отырған адам тарапынан оған қызығушылық тудыратындай толық айтылған сөздің күші, ал толық айтылған сөздің күші белгілі бір мөлшерде толық зейіннің көрсеткіші болып табылады. Шақыру тіл қатудың түрлеріне қатыстылардың барлығының алдында тұр. Содан кейін, яғни үндеуден соң келесі тіл қату түрі келеді. Ол түрдің көмегімен адам ұсыныс немесе талап етуді көрсететін сөздер арқылы өзінің дегеніне жетеді. Әлденені ұсынатын сөз адам (өзінің сөзін) бастайтын нәрсе болуы мүмкін. Оған басқа адамның тарапынан қажетсіздік танытылуы да мүмкін әлде соның алдында қажеттілік бары білдірілуі де мүмкін. Басқа біреу тарапынан қажеттілік таныту дегеніміз ең бастысы оның жауап беруінде. Айтылған талап соның әлденені талап ететіндігін дауысы арқылы білдіретін адамнан шығып жатқандығын көрсетеді. Сөз арқылы айтылу дегеніміздің өзі әлдебір әрекет. Оның үстіне, соз айту деген қажеттілік қандай да бір нақтылы әрекетті қажет етуші сөздік құрылымдардың болуының алғышарттарының бірі болып табылады. Бірақ сөз дегеніміз сөйлеу, тіл қату емес. Сөйлеу сөздерден құралады. Ал сол сөйлемді дыбыстап беру және айту дегеніміз тіл қату барысында және сөздермен жеткізу барысында пайдаланылатын нәрсе. Тіл арқылы және дыбыстардың көмегімен жеткізілетін нәрсе ақыл-ойдағы (барды) сөздер арқылы жеткізуге сәйкес. Дыбыстап айту - белгілі бір әрекет, амал, сөйтіп, артикуляцияның қажеттілігі белгілі бір амал істеу қажеттілігі болып табылады. Ол бірдеңені басқасына тәуелді ететін нәрсе болып табылады. Сөз арқылы артикуляциялау қажеттілігі дегеніміз сөздермен жеткізу, сөйлеу қажеттілігі емес, дегенмен, олардың әрқайсысын қисынды түрде бір-бірімен туындату. Сөздер арқылы жеткізу дегеніміз сұрақ, ал артикуляциялау қажеттілігі дегеніміз мүлдем басқа дүние. Алайда, бұл қажеттіліктің мүмкіншілігі көп жағдайда әлдене туралы сұрақ қою мүмкіншілігі. Сондықтан да біздің сөйлемдердегі, мысалы, "таразышы анау-мынау туралы айт", "маған анау-мынау туралы ақпарат бер, хабарла" деген сөйлемдердегі мүмкіндік әлдене туралы сұрақтың мүмкіншілігі болып табылады. Әрбір сөйлемде әлденені талап ету бар да, соған жауап берудің де болуы қажет. Үндеуге деген жауап болып оны не қабылдау, не одан бас тарту болып табылады, ал жалбарыну мен сұрануға жауап болып садақа беру немесе бермеу болып табылады. Сол сияқты, бұйыру, тыйым салу мен тағы сондай басқаларға жауап болып бас ию, не тілді алмау болып табылады. Әлдене туралы сұраққа жауап (164 б.) болып не он жауап, не теріс жауап табылады. Олардың екеуі де кесімді пайымдауларға жатады. Адамның әлденені ұсынуын білдіретін әрі бастауы сол заттың өзіне деген қажеттіліктен туындайтын сөз де кесімді пайымдау болып табылады. Ғылыми диалог әлденені қандай да бір нәрсені тану барысында пайдалану қажеттілігін туындатады. Ғылыми диалог төмендегідей сөйлем турлеріне бөлінеді: не ол әлде бір нәрсе туралы сұрақ / түрінде айтылған / сөйлем болады, не ол кесімді сөйлем болады, не ол сұраққа жауап / түріндегі сөйлем / болады, не ол сөзге кіріспе болып табылады. Әлдене нәрсе туралы бір нәрсеге көз жеткізу қажет болғандығы туралы, әлдене туралы көзқарасы / болуы керектігі / туралы және жан дүниесінде ол туралы идеяның қалай пайда болатындығы туралы, не оның болмысы, не оның тіршілігі, не оның тіршілік себебіне күдік келтірмеу үшін сол әлдене туралы айтуды ғылым талап етеді. Осы жерде айтылған үш / жағдайдан / тысқары жатқан басқа білім бұнда жоқ. Сұрау бөлшектерінің турлері коп: "не", "қандай", "әлде", "не үшін", "қалай", "қанша", "қайда", "қашан". Осылар мен идеялардың көп бөлігі өздерін жеткізу үшін бірінші түрде безендірілген идеяларды көрсету үшін қолданыла алады. Олар басқа бір идеяларды көрсету үшін пайдаланыла алады, / мысалы /, тым ұзын-сонар сөйлемдер үшін де, метафоралық сөйлемдер үшін де,
астарлап айту үшін де пайдаланыла алады. Метафора мен сөздің жанама мағынасын олар бірінші түрде безендірілген идеяларды көрсетуде пайдаланылған соң ғана барып қолдануға болады. Риторика мен поэтикада екі тур бірге қолданылады. Философия, диалектика мен софистикаға катысты айтатын болсақ, онда оларда тек қана бастапқы мағынаның, яғни бірінші түрде безендірілгеннің пайдаланылатындығын айтуға болады. Софистикада жанама мағыналар мен метафоралардың пайдаланылмаған жағдайында оларды олар туралы олар шындығында да бірінші формасында /1/ пайдаланылады екен деп ойлайтындай қылып қолданады. Софистика да жанама мағынаны жанама магына ретінде пайдаланбайды, оның бірінші формасында пайдаланылғандай қолданады. Демек, софистика да жанама мағынаны кездейсоқ түрде пайдаланады. Ендеше, оны сұхбат барысында пайдаланады. Олардың типінде диалектикада пайдаланылатындары олардың мардымсыз бір бөлігін қурайды және де сұрақ-жауап жағдайындағы сөзді әсемдеу үшін қызмет етеді. Олар диалектикалық болғандықтан немесе сайма-сай келетіндіктен солай болмайды, олар риторикалық болғандықтан да солай болады. Олардың ішінен тек қана оқтын-оқтын оларға мұқтаж болатындарын ғана пайдаланады. Айталық, (165 б.) адам көрнекті болу үшін поэзияның өлендерін мысалға келтірген жағдайда, адам соз сөйлегенде немесе пікір таласқа қатысқанда солай болады. Өйткені олар түптің-түбінде әлде оған өте сәйкестік танытқандықтан сол өнер түріне қатысты болмайды, олар кездейсоқ түрде, екінші ретте сол өнер түріне қатысты. Философияда сондай сөздер пайдаланылмайды. Онда тек бірінші түрде безендірілген мағыналы сөздер пайдаланылады және де оларды астарлап айту мен метафорасы бар мағынасында ол туралы айтқанда нақтылық болмаған жағдайда пайдаланбайды. Егер де біздер танымал сөздер нені нұсқайтындығын қарастырғымыз келетін болса, онда біздер үшін біздің біреуіміздің басқамен жүргізіп отырған сұхбатымыз барысында әрбір жеке алынған зат пайдаланылмайтындай жағдайларды қарастыру қажет. Олардың қалайша танымал идеяларға нұсқайтынын қарастыруымыз қажет. Танымал идеяларға нұсқау үшін олар бірінші түрде сол сөздерге безендірілуі де тиіс. Егер де біздер философиялық идеяларға апарылған атауларды алуға мәжбүр болсақ, онда біз оларды әлгілерді нұсқау үшін бірінші ретте апарылғандай мағынада алатын едік. Біз оларды астарлап айту мағынасында метафора ретінде сол идеяға тым тәуелді болғандықтан және де олардың бірінші түрде соларға апарылған философиялық идеяларға тым ұқсас болғандықтан ұзын-сонар түрде пайдаланылған мағынасында алмаймыз. Бұл көптеген сөздермен болған жағдай, ол сөздер бастапқыда халықтық идеяларды білдірген, содан кейін басқа мағынаға апарылған және сонымен бірге философиялық идеялар ретінде анықталған болатын. Адамдар оларды шешендерден, ақындар мен тағы басқалардан иеленген. Сөйтіп оларды басқа мағынасында пайдалана бастаған. Ол магына философиялық мағынаға ұқсас немесе сонымен қандай да бір байланыс түрі арқылы қатынасқан магына. Оған астарлы мағыналарды, метафоралар мен басқа да сәйкессіздіктерді жатқызуға болады. ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУ "Не" деген бөлшек "Не" деген бөлшек /2/ сұрақты қолданылатын бөлшек: сол бөлшек пен соның барлық басқа тілдерде жүретін сөзі бастапқыдан ешқандай да бір жалқы зат туралы сұраққа нұсқау үшін берілген. Бізге осы бөлшектің көмегімен сұрайтын затты қарастыру керек. Ал ол зат белгісіз бола тұрып, осы бөлшектің көмегімен білім іздейтін зат. Ол білім саласының кез-келген бөлігінде ізделінетін нәрсе. Сонымен, бүл білім түрі ізденіс арқылы алынатын білім түрі әрі соның пайдаланатын тұстарының барлығын тізбектеп беруге болады. Бұл (166 6.) бөлшек жалқы сөзбен де байланысты бола алады және де оны бірінші түрде белгілеп беру үшін біз (ол үшін ) нұсқау
ретіндегі сөз формасын анықтап берген болатынбыз. Ол - берілген сөз нұсқаушысы болып табылатын "зат", өйткені "зат"- ол туралы біздің білуге болатынымыздың жалпылауышы. Егер де осы берілген сөз қандай да бір затты нұсқайтындығы белгілі болса, онда сол затпен бірдей деп анықталатын зат беймәлім. Мысалы, "Идея дегеніміз не?" деп сұрағанда біз оның затты нұсқап тұрған атау екендігімен келісетіндігіміз сияқты. Ол сезілетін күй мен кездейсоқ құбылыстар қосыла тұра танылатын сезіммен байланысты болуы мүмкін. Бірақ әлдене белгісіз болып қала береді. Мысалы біздің: "Біз көріп тұрған зат не?" немесе "сенің алдында тұрған нәрсе не?" деп сұрағандағымыздай. Ол идея ұғымының атауымен байланысты болуы мүмкін. Ол идея ұғымы қандай да бір таным түрі арқылы табылады. Мысалы, "Адам дегеніміз не?" деген сөздегідей. (Бұл жерде ) адам туралы білім қажет және адам туралы идеяның жан әлемінде болуы тиіс. Сонымен қатар, оның мәні ол туралы бастапқы білімнен де асып түсетін түсінікке жеткізетін болуы тиіс. Біз сол бөлшектің сұрақ ретінде пайдаланылатын тұстарын тізбектеп беруіміз керек, сөйтіп, солардың әрқайсысында не туралы сұралып жатқандығы мен қандай білім алу көзделетіндігін түсіндіру керек. Бөлшектер арасында біздердің: "Мына көрініп тұрған нәрсе не?" , "Мына сенің алдында / тұрған / нәрсе не?", "біз алыста керіп тұрған қара нәрсе не?", "қозғалғандай болып көрініп тұрған не?" деген сұрақтарымызда / қолданылатын / бөлшектер де бар. Бір сөзбен айтқанда: "Сезінілетін нәрсе не?". Бұл жердегі "не" деген бөлшек сезінілетінмен байланысты. Ол сезінілетін нәрсе қандай болса да, оны біз қандай сезімімізбен сезінетін болсақ та және біз атап айтқандағыдай болғанда да ол бөлшек бізге сезінілетінмен байланысты. Сол сияқты сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланылатындарды күллияттар (универсалийлер) деп атайды. Олар сол сұрап отырған заттардың сапасы болып табылады. Өйткені біз: "Бұл пальма ", "бұл ағаш", "бүл өсімдік", "бүл қандай да бір дене" деп айтамыз және де осы бір өзара ажыратылатын күллияттар олардың әрқайсысы "Көрінетін дегеніміз не?" деген сұраққа жауап беретінге сәйкес. Олардың біреуі - ең жекесі болып, түр деп аталады, басқасы - ең жалпысы болып, тек деп аталады. Тек деп аталатынды тур деп атауға немесе қандай да бір басқа сөзбен атауға болмайды. Ал тур дегенді тек деп атауға немесе басқа бір сөзбен атауға да болмайды. Олар үшін форма бекітілген. Олардың ең жекесі (167 б.) түр деп, ал ең жалпысы - тек деп аталады. Ал егер олардың арасын салыстыру мүмкін болып, ең жеке деген бір зат қалғандардан жекерек емес болып шықса, ал ең жалпы деген затымыз қалғандарынан жалпырақ болып шықпаса, онда орталық буындағы заттардың біреуі немесе біреуден артығы олардың кейбіреулерімен салыстырғанда жекерек болып шығады және кейбіреулерімен салыстырғанда жалпырақ болып шығады; ең жеке деген, яғни өзінің болмысынан гөрі жекерек бола алмайтындай нәрсе абсолютті мағынасындағы "тур" деп аталады, сол сияқты "соңғы тур", "түрлердің түрі" деп аталады, ал өзінің бар болмысынан жалпырақ бола алмайтын ең жалпы дегеніміз абсолютті мағынасындағы "тек" деп аталады, сол сияқты, "ең жоғарғы тек" және "тектердің тегі" деп те аталады. Олардың екеуінің біреуінен гөр жалпырақ және олардың екеуінің біреуінен гөрі жекерек нәрсесі тек пен тур деп аталады. Ол жекерек болып табылғаны үшін тур деп, ал жалпырақ болып табылғаны үшін тек деп аталады. Сол сияқты, "орталық тур" және "орталық тек" деуге де болады. (Жоғарыда келтірілген) сұраққа сұраушы үшін тектен туратын сөйлеммен жауап беруге болады. Ол сапамен және басқа предикаттармен байланысты. Мысалы, егер бізге: "Бұл жеміс әкелетін ағаш" делінген болса, немесе "бұл құрма беретін ағаш" делінген болса. Ол туралы қабырға ретінде сұрап тұрғанмен келісетін болсақ, онда "бұл дегеніміз қабырға" деп жауап беруге болады. Немесе, ол дегеніміз "қатып қалған биіктігі бар зат. Ол тастардан немесе күйдірілген кірпіштен құрастырылған; немесе топырақтан құйылған нәрсе, ол шатырды ұстап тұру үшін және де желден сақтау үшін бейімделген нәрсе" деп те жауап беруге болады, әрі олай деуіміз "Бұл дегеніміз қабырға" деген жауаптан бөлек жауап. Өйткені қабырға - сұрастырылып отырған индивид түрі. Ал оның орнын басатын сөйлем дегеніміз сұрастырылып отырған қабырғаның анықтамасы. Бұл
сөйлем шындығында үнемі түрді анықтау мен осы түрдің жүзеге асырылуы кімнің арқасында және де кім үшін болып отырған заттардан тұрады. Түрді анықтау неге ұқсайтын болса, сол оның болмысының мәні. Ал осы сөйлемнің құрамдас бөліктерінің әрбір жеке алынған бөлігін нұсқайтын нәрсе оның болмысының мәнінің бір бөлігі болып табылады. "Не" деген бөлшекті біз түрлердің біреуімен тек қана біз оның атауы сілтеп отырған нәрсені нұсқау ретінде бірінші ретте безендірілгенін түсінгеннен соң ғана байланыстыра аламыз. Біз: "Адам дегеніміз не?", "Пальма дегеніміз не?" деп айта аламыз. (168 б.) Бұл сұрақтарға берілген түрдің тегі арқылы немесе оның анықтамасы арқылы жауап береді. Өйткені бізге адам туралы "ол дегеніміз жануар" немесе "ол дегеніміз ақылды хайуан" деп, ал пальма туралы "ол жеміс беретін ағаш" деп айта алады. Немесе былай деп те сұрай алады: "Абе дегеніміз не?", сөйтіп оған "жүннен жасалған киім" деп те жауап бере алады. Сондағы "киім" дегеніміз оның тегі, ал "жүннен жасалған киім" дегеніміз оның анықтамасы. Осы айтылғаннан түсінікті болғаны оның болмысының мәні, яғни ненің көмегімен оның жүзеге асқандығы. Тектің қосылатын нәрсесі "осы берілген зат дегеніміз не?" деген (сұраққа) бір жауап (ретінде пайдаланылмайды). "Осы берілген зат дегеніміз не?" деген сұраққа оған тек қосылған кезде және де ол сол текпен байланыстырылған кезде жауап беруге болады, өйткені "Осы берілген зат дегеніміз не?" деген (сұрақта) ол өзінің тегі арқылы ерекшеленеді және кейде қандай да бір басқа затпен байланыстырылады. Ол затта бар нәрселердің ішіндегі әлдебір нәрсеге заттың тегі қосылар болса, бірақ ол заттың мәнінің жүзеге асырылуы әлгі айтылған зат арқылы жүргізілмесе және де ол сол берілген заттың не екендігі жайлы ешбір білім бермейтін болса, онда ол зат туралы айтылған нәрсе оның анықтамасы болмайды. Мысалы, біз абе туралы "ол дегеніміз монахтар мен машақаты коп өнерлермен байланысты адамдар, мысалы, теңізшілер мен жер жыртушылар киетін киім" дейтін болсақ. Бұны біз абенің анықтамасы деп бергенімізбен, ол не абенің (өзін), не абенің болмысының мәнін танытатын сөйлемді анықтай алмайды. Дегенмен, ол абені сипаттайтын нәрсе болып табылады. Бірақ ол абенің "бүл берілген зат не?" дегенін анықтай алмайтын, оның сапасы мен оның предикаты. Ол арқылы сол заттың мәнінен тысқары жатқан әлденені білуге болады. Дәл сол сияқты, адам туралы "ол сауда жасауға, сату мен сатып алуға жарамды хайуан" дейтін болсақ, (осы сөйлем) адамның анықтамасы болады, (бірақ) ол адамды анықтамайды. Көнедегілер оны затты оны "сипаттау" арқылы анықтайтын сөйлемнің түрлерінің бірі деп атайды, сөйтіп, бәрін қоса келгенде ол "сол заттың" не екендігі туралы білім бермейтін, бірақ оның қандай да бір қасиеттері мен қандай да бір предикаттарын анықтайтын анықтама. Сол арқылы әлгі заттың мәнінен тысқары жатқанды және де сол заттың "акциденциясының" жүзеге асырылуын мүмкін еткенді білуге болады. Осы акциденциялардың әрқайсысы, яғни солар арқылы: "зат дегеніміз не?" деген сұраққа жауап беретіні сұралып отырған зат пен оның жандағы идеясы туралы түсіндірме береді. Адамның ол туралы көзқарасы болады және де әлгі көзқарасты қандай да бір ақылмен барланар мән ретінде өз жанынан алады. Дегенмен, заттың тегін жан арқылы көзге елестетеді және де оны затты сипаттайтын нәрсе деп ұтады. Ол әлденені жалпы түрде сипаттайды. Ал заттың түрі оның тегімен салыстырғанда (169 б.) жекерек болып табылатын нәрсе. Заттың түрі тым жалпы, тым алыстатылған болып шыққан әрбір кезде оны.түсіну мен ол туралы жанында көзқарас қалыптастыру одан жалпырақ және одан алысырақ бола бастайды. Оның анықтамасы оны ақылмен барланарлық дүниеге айналдырады, сөйтіп, ол туралы оның бөліктері арқылы түсіндірме береді. Өйткені сұрастырылып отырған түр туралы егер де зат оның аты нұсқап тұрған нәрсе арқылы ойға түсетін болса, жалпы зат ретінде ойластырылады. Оны сол заттың жүзеге асуын мүмкін ететін бөлшектерге бөліп тастап ойластырмайды. Зат туралы жалпылай ойлау ең толық ойлау түрі, сол арқылы заттың / дәп / солайша ойланатындығына көз жеткізуге болады.
Түрді сипаттауда затты белгілі бір қасиеттерге бөліп тастап барып түсіндіреді. Ол қасиеттердің арқасында заттың жүзеге асырылуы орын алмайды және де олар сол заттың мәніне қатысты тысқары турады. Ол - заттың акциденциялары. Заттың түсінілуі үшін көмектесетін ең аз дегендегі нәрсе сол заттың өзінің тегінің ең алшақ жатқанының көмегімен түсінілетіндігі немесе өзінің өзінен ең алшақ жатқан предикаттарының арқасында түсінілетіндігі. Демек, өзінің болмысының мәні арқылы немесе оз болмысының мәнінің дара бөлшектері арқылы түсінілетіндігі. Затты түсінудегі ең толық дүние болып оның анықтамасы табылады. Оның мәнінен тысқары жатқан заттар және "ол не?" деген сұраққа түсінік бермейтін сол заттың қасиеттері және заттың мәнінің жүзеге асырылуы орын алмайтындай дүние, демек, заттың акциденциялары - олардың біреулері заттың мәніне жақын орналасқан, басқалары - алыс орналасқан. Мысалы, ол да бір біздің пальма туралы "ол дегеніміз жапырақтармен жабылатын және талшықтардан құралатын ағаш" деп, немесе "ыстық климатты елдерде өсетін ағаш" деген де бір. Шындығында, олардың кейбіреулері оның мәнінен алшақтанған, ал басқа біреулері - оның мәніне жақынырақ орналасқан. Олардың әрқайсысы затқа түсінік береді және де ол туралы жанда көзқарас қалыптастырады: біреулері - толығырақ, басқалары - азырақ, дегенмен, олардың барлықтары да әлгі заттың мәніне бөтен болады. "Не" деген бөлшек жеке сөзбен байланыстырыла алады. Ол сөз қандай да бір затқа сілтейтіндігімен белгілі. Алайда, оның түрі мен тегі белгісіз болып қала береді. Ал түр мен тек әу бастан сол заттың нұсқаушылары болып табылатындығы белгілі. Бізге осы берілген сөз нұсқап отырған түр идеясын жақсы түсініп алу қажет, сөйтіп, ол туралы көзқарас және де оның жүзеге асқандығы туралы көзқарас қалыптастыру керек. Егер де сұраушы сол түрді білетін болса және де ол туралы басқа атпен белгілі пікірі бар болатын болса және де ол жауап берушіге мәлім болса, онда сол түрдің идеясы туралы ешқандай көзқарас жоқ болса және де оның индивидтері туралы ешқандай пікір жоқ болса, мысалы, бұл жағдай ешқашан өз көзімен пілді және түйені (170 б.) көрмеген адамдарға тән, онда жауап беруші оны анықтау үшін бір-бірімен қосыла келе, қандай да бір бір тұтастыққа бірігіп, сұрап отырған адам жанында сұралып отырған зат туралы пікір қалыптастырарлықтай жағдайға әкелетіндей сөздер тауып айтқаны жон. Сонда ол оз жанынан біреулері басқаларымен байланысатындай қасиеттерден тұратын қандай да бір идея табады деп түсініледі. Жанда көзқарас қалыптастырған дүние және өзі жайында ұғым тудырған дүние дегеніміз барыжоғы белгісіз идея болып табылады. Мысалы, егер де "піл" / сөзінің / идеясын оны ешқашан көрмеген адамға қысқаша айтып беретін болсақ, онда оның өз тіршілігінде шыншыл болуы мүмкін емес және де ол шындығында әлгі піл сондай ма, сондай емес пе, сондай қасиетке ие ме, ие емес пе деген сұрақтарға жауап бермейді. Көз алдыңа елестетуге болатынды қысқашалап жеткізетін және түсіндіретін сөйлемді идея деп қарастыруға болатындығымен келісе аламыз. Бірақ идея суретшінің көз алдындағы моншаның мүсіндік бейнесі сынды тіршілік етпейді. Өйткені суретшілер көз алдарына бейнесі жанында бар, бірақ шындығында тіршілікте жоқ идеяларды елестетеді. Соларды белгілеу үшін құрастырылатын сөйлемдер де болады, бірақ олар тіршілікте жоқ заттарға нұсқайды. Тіршілікте бары-жоғы белгісіз заттарға нұсқайтын көптеген сөйлемдер кездеседі. Ол мысалдар анықтамалар болып табылмайды. Бірақ олар метафораларды пайдалану мен әлдебір ұқыпсыздыққа жол беретін тәсілдер болып табылады. Оларды "атауды түсіндіретін сөйлемдер" деп атайды. Сондықтан да әлгі сөйлемдер жеке құбылыстарды зерттеу бастамаларында пайдаланылады. Сол сияқты, ол сөйлемдер олардың атауын басынан бастап түсіндіретін силлогизмдері жетіспеушілік танытпағанда да қолданылады. Тағы да қосып айтар болсақ, ол сөйлемдер адамдар бар деп ойлайтын заттардан бас тарту барысында, мысалы, бос кеңістік
туралы айтқанда пайдаланылады. Өйткені ол бос кеңістіктің барлығына сенетін адам¬дар үшін не екендігін түсіндіруді қажет етеді. Дәп сол сияқты, егер адам мида ойлау күші бар-жоқтығын зерттейтін болса, онда ойластыру күші дегеніміздің мағынасын сөйлем арқылы қысқаша жеткізіп беру қажет. Егер де бізге ғарыш жалпы алғанда шар сияқты ма деген сұрақты зерттеу (мүмкіншілігі берілсе), онда біз ғарыш дегеніміздің мағынасы не екендігін қысқаша түрде сөзбен жеткізіп беруіміз керек болатын еді. Себебі, осылардың барлығы аттарды түсіндіретін сөйлемдер. Олар (171 б.) өздерінің метафоралығына және сөйлемнің ұзын - сонарлығына қарамастан, анықтамалар деп атала алады. Осы бір сөйлемдер арқылы әлгі сөздердің идеяларын түсіну қажет. Ол сөйлемдердің идеялары өзінің бөліктерінің басын біріктіру арқылы түсіндірілетін жалпылауыш ұғымның идеясын құрайды. Ол сол бөліктерінің арқасында тек қана жанда елес тудыратын ақылмен түсінерлік идея болып шығады. Сол бөліктердің көмегімен оның өздігінен алғандағы ақылмен түсінуге боларлық немесе жанда елес тудырарлық деген жүзеге асушылығы орын алады. Өйткені / дәл / солардың арқасында ғана оның жан дүниедегі жүзеге асуы мүмкін болмақ. Егер, осыдан кейін сол аттың нұсқап отырған идеясы бар болып шықса және де ол идеяны жүзеге асыратын заттар жан дүниесінде ақылмен түсінерлік болып шықса әрі олар жаннан тысқары жерде шындығында / бар / болса, онда ол идея сол идеяны түсіндіретін сөйлемді қайталайды, сөйтіп, ол идеяның болмысының мәні ретінде анықтама болып шығады. Ал егер ол жоқ екендігі анықталса, онда сол идеяның жан дүниеде жүзеге асырылуына көмектесетін бөлшектер ғана қалады және де осы сөйлем заттың болмысының мәні деп көрсеткеннің бір де біреуі жоқ болады. Жаннан тысқары орналасқан заттар арқылы жүзеге асып отырған дүниелерді өздігінен ақылмен түсінерлік деп алатын болсақ және заттың өзінің ұғымы деп алатын болсақ, онда ол туралы: "Зат дегеніміз не?" деп сұрайды. Ал егер оны сол заттың өздігінен жүзеге асуы деп алатын болса, онда ол туралы "Ненің арқасында бұл заттың болуы мүмкін?" деп сұрайды. "Не" деген бөлшек төмендегідей сөйлемдерде де пайдаланыла алады: "Үндістанда кездесетін не деген жануар?" немесе "Иеменде өсетін не деген өсімдіктер?", немесе "Тихамда ол кездеседі деп айтатын не деген тас?". Осы сөйлемдердің түріне (келесілерді де жатқызуға болады): "Саған не болды?", "Зейдте не шаруаң бар?", "пәлен-түгеннен туралы не хабар?", "сенің мүлкің не / нәрседен құралған /?", "сендегі бар не жануар?". Осы келтірілген сөйлемдерде "не" деген бөлшек заттың тегімен байланыстырылған бөлшек, Бұл жағдай заттың өзінің тегі арқылы белгілі болғанда орын алады. Мұнда оған сәйкестендірілген ретінде алынғанға қатысы бар жеке түрдің өзі белгісіз. Өйткені, егер де түр белгісіз болып, ол туралы еш көзқарас қалыптасып үлгермеген болса, ал зат сол заттың өзін және тағы басқаны қамтитын өзінің тегі арқылы мәлім болса, онда сол түрдің мәні туралы пікірдің болуы қажет түр жекешелігімен сипатталады. Себебі: "Сенің мүлкің не / нәрседен құралған /?" деген сөйлем: "Сенің иелігіндегі дүние-мүліктің түрі не?" дегенді білдіреді. Сол сияқты: "Сенің қалың қалай?" деген сөйлемде / өмірлік жағдайлардың / түрлерінің қандай да бір түрін айтып тұрғандығы белгілі ғой. Ол түрдің мәнін түсіндірмейді және ол түр туралы көзқарасы жоқ, ол туралы тек: (172 б.) "Сенде бар өмірлік жағдайлардың түрлерінің не түрі?" деп сұрайды. Сол сияқты, "Йеменде өсетін не өсімдік?" деп сұрағанда Йеменде бар өсімдік түрінің жалпы өсімдіктер түрлеріне қатысты алғанда жеке түрі екендігі айтылады. Бұлардың барлығы "не" деген бөлшектің пайдаланылатын торт жағдайға қатысты. Ол сол барлық сөйлемдерде сұрастырылып отырған заттың мәнін тануға көмекші ретінде алынады. Ол бөлшек әлгі сөйлемдерде тек қана сұрастырылып отырған нәрсе туралы білу және сұрау үшін тұрады, оған қоса, сол зат туралы қандай да болсын бір көзқараста болу үшін тұрады. (Затты) ақылмен түсіну үшін және де ол туралы неғұрлым толығырақ көзқараста болу үшін ол бөлшекке деген қажеттілік болады. Зат туралы көзқарас сезімнен алынатын көзқарастар мен ол туралы "не" деген бөлшек тұрғысынан
сұрастырылғанда алынатын көзқарастан кеңірек болуы қажет. Егер де түр "зат" ретінде, "қара" ретінде, "қозғалатын" ретінде ойға алынатын және көз алдына елестетілетін болса, ол сол арқылы затты көз алдыңа елестететіннен алшақтатылған дүние ретінде ойға алынады әрі ең аз түрде солай болады. Өйткені "зат" дегеніміз сол арқылы "қараны" елестетіннен алысырақ, ал "қара" дегеніміз сол арқылы "қозғалатынды" көз алдыңа елестетіннің алшағырақ кездейсоқ белгісі болып табылады. Ал "қозғалатын" дегеніміз сұрастырылып отырғанның мәнінің одан да бетер алыстатылған кездейсоқ белгісі. "Осы бір қозғалатын не?" деп сұраушы оған қозғалатын болып көрініп отырған нәрсе туралы сұрайды. Бірақ қозғалатынның идеясы біздің назарымыз қозғалатын деп есептейтіннің белгісі болып отырғанның идеясы болып табылмайды. Біздің жағдайымызда: "Біз көріп тұрған жануар не деген жануар?", немесе " біз қол тигізіп тұрған дене не деген дене?" деп сұрауға болады. Ондай сөйлемдердің басқа да мысалдары болады: "Біз көріп тұрған нәрсе не нәрсе?" (бірақ "зат" дегеніміз "жануарға" қарағанда жалпырақ нәрсе болып табылады, ал "жануар" дегеніміз "заттан" гөрі жалқырақ нәрсе), бұның барлығы бізге зат туралы көзқарасты оның тегі арқылы береді. Көзге көрінетін (затпен) таныс емес кісі не ол туралы оның аты не айтып тұрса соны негізге алып, оның түрі арқылы жауап береді, не болмаса, анықтамасы неге сілтесе, соған деген ұстын тұрғысынан жауап береді. Осы екі жағдайда да "не" деген бөлшек арқылы сұрастырылып отырған нәрсе күмәнсіз белгілі болады. Ал сұрастырылып отырған нәрсе оның ең алыс тегі немесе ең жақын тегі арқылы ең аз мәлімет (береді). Не ол жалпы алғанда әлгінің алыстағы тегінің орнына жүретін нәрсе арқылы, не оның мәнінен тысқары жатқан күй арқылы ең аз мәлімет береді. Мысалы, ол нәрсенің "қозғалатындығы" немесе оның "қаралығы", немесе соның акциденцияларының тағы да басқа біреулері. Дәл сол сияқты, сұрастырылып отырған тур оның аты неге нұсқаса сол ретінде танылады, көз алдына елестетіледі және ойластырылады. Ол дегеніміз жалпыланған көзқарас. Бұл түр соның өзінің не мәнісі емес, не мәнінің бір бөлігі емес белгісі арқылы танылады. Ол оның өзіне тән акциденциясы арқылы танылады. Оны танытатын қасиет немесе қасиеттер туралы егер де ол туралы ойлауға болатын болса, онда ол ақылмен барланатын мән болып табылады деп ойлайды. Мысалы, "адам" дегеніміз ақылмен түсінілетін нәрсе, ол туралы көзқарас оның тән құрылысы арқылы қалыптасады. Содан кейін барып адамның сөйлейтіндігін, әңгіме айтатындығын, ойлайтындығын, өз тәнінің формасына сай өнер түрлерін игеретіндігін көруге болады. Өйткені адам өлгеннен кейін оның тәнінің формасы оның күйіне сай болады. Содан кейін барып ол туралы көзқарастың оның мәнін ақылмен түсінуді сол қасиеттер арқасында қалыптастырылған мардымсыздығын байқайды. Сол екі ортада ол туралы "Бұл не?" деп сұрайды. Сол сұрақтың көмегімен ақыл арқылы оның мәнін тану қажеттілігі пайда болады, өйткені оның мәнін толық көлемде (тек) қана оның денесінің формасына қарап оймен сомдау мүмкін емес. Дәл сол сияқты, осы айтылған (барлық) қалған түрлердің әрбір жеке затына катысты: егер де әлдененің аты қандай да бір қасиеттерімен нұсқап тұрғанды оймен сомдайтын болса, әрі солардың барлығы егжей-тегжейлі зерттелетін болса, онда олардың / бар болуының / сол арқылы әлгі заттың мәнін оймен түсінілетін мән / ретінде / қабылдау үшін жеткіліксіз екендігі анықталады. Әйтсе де "осы түр дегеніміз не?" деп сұрайды. Сонда оған не тегі арқылы, не оның анықтамасы арқылы жауап береді. Егер де онда бар анықтама арқылы жауап берілетін болса, онда будан кейін: "Бұл не?" деген сұраққа еш орын жоқ. Дәл сол сияқты, егер де "не" деген сөздің мағынасы белгісіз болса, онда басқашалап: "Не арқылы бұл зат бар?" деп сұрайды. Сөйтіп барып, ол нәрсенің "зат" екендігін біледі, ол туралы көзқарас дегеніміз "зат" туралы көзге елестетуге болатын ең жалпы нәрсе екендігін біледі. Ол туралы көзқарастың оның оны жекешелеп сипаттайтын формасы арқылы болмайтындығын біледі. Бұл (тек) қана осы берілген заттың түріне қатысты бола алады. Егер де оған жауапты (басқа
мағынадағы) атауы арқылы және оның атауының мағынасын түсіндіретін сөйлем арқылы берер болсақ, онда талап етіліп отырған нәрсеге қол жеткізіледі. Дәп сол сияқты: "О, қалың қалай әлдекім?" және "О, Зейд, қалың қалай?" деген сөздер де "Біз көріп тұрған жануар не?" деген сөзге ұқсас. Осыған ұқсас (сөздердің) түрлерінің әр қайсысында пән танылуы мүмкін, бірақ түр бейтаныс қалады. Өйткені күйдің түрі туралы сұрайды. Ол пәннің күйі болып табылады. Сонымен қоса, біз көріп тұрған жануардың түрі туралы да сұрайды. Сұрақты пайдалану бір адамның басқа адаммен сұхбаты барысында ғана орын алмайды, (174 б.) адам өз-өзімен сөйлескенде де орын алады. Адам өзінің жанын толғантып жүрген әрбір жеке зат туралы өзіне сұрақ қоя алады және өз-өзіне жауап бере де алады. (Жауап беру) барысында өзінің ішінде бар білімін пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Ол біреуді сұрағандай болғанда сол біреуден аламын - ау деп үміттенген жауапты алуы тиіс. Әрбір адам қойылған сұраққа өзінше жауап береді. Ол жауапты түрі, тегі немесе анықтамасы арқылы бере алады. Не болмаса, оның ойынша түрі, тек немесе анықтама болып табылатынның көмегімен жауап береді. Өйткені түр тек сол түрді түр болмай тұрып қайталағандай болғандықтан да түр бола алады. Оған қоса, түр шындығында дәл солай болғандай түрге, текке немесе анықтамаға толықтай еліктей тұра да тұр бола алады. Мысалы, поэзиядағы еліктеулер сияқты немесе түр ретінде бірінші пікірдегі түр алынатын болса да солай. Немесе түрді бет бүркемелейтіндей түр, немесе жалпы қабылданған пікірге сай түр болып есептелінетін түр. Осы айтылғанның барлығының қалған түрлердің әрқайсысына қатысы бар. Әрбір адам қойылған сұраққа жауапты оның өзінің пікірі бойынша тек деп атау керек деп білгендігі тұрғысынан жауап береді. (Дәл сол сияқты) осы айтылған нәрсе адамның сұраққа түр арқылы жауап беруіне де қатысты. Оның пікірі бойынша, тур деп ол адамның өзі нені тур деп атау дұрыс деп білсе соны атайды. / Дәл осылайша / адам жауапты анықтама беру арқылы айтқанда да болмақ. Ол оның ойы бойынша, ол дегеніміз анықтама дегенді мүмкін деп қараған жағдайда анықтама болып табылатын сөздермен жауап береді. Демек, әлдебір зат / дәп / сондай да сондай екендігі, анадай да анадай емес екендігі расталатын жағдайлар саны беске жетеді. Тіпті қайталау ғана болып табылатын нәрсені адамдар көптеген заттар үшін тек ретінде алады, мысалы, жарық пен қараңғы, өйткені олар материя дегеніміз әлдебір қараңғы қапас, ал ақыл дегеніміз әлдебір жарық деп біледі, ал періштелер де қандай да бір жарық болып табылады деп біледі. Олар үшін қандай да бір зат қандай да бір жағдайда қандай да бір кездейсоқ құбылыс деп ойлауға сыйынбаған. Олар не бірінші пікір тұрғысынан ойланады (175 б.), не затты оған қандай да бір тек тиесілі (болатындай) деп ойланады. Не ол заттың бетін бүркемелейтіні соншалықты, ол затқа тек / тиесілі / болғандай болып шығады. Ал бірақ егер оны дәлелдеу тәсілімен тыңғылықты зерттейтін болсақ, онда оған тек емес, түрдің тиесілі болатындығын анықтаймыз. Осылайша, зат туралы ой сол затты сипаттау болып шығады және де осы екі жағдайда да оған анықтама тән екен деп ойлайды. Сондықтан да, егер де сен өзің үшін қандай да бір заттың қандай да бір кездейсоқ сипаты бар екендігін білсең, оны қарапайым халық пайдаланатындығын білсең және де ол өнердің кейбір өкілдерінің "Бұл не деген зат?" деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланар жауабы болса, онда саған осы бір кездейсоқ белгі біз үшін де, қарапайым халық үшін де "Бұл не деген зат?" деген сұраққа жауап беретін анықтама болады деп ойлаудың қажеті жоқ. Бірақ сенің мынаны білгенің абзал: егер де оны "Бұл не деген зат?" деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланар болса, онда оны қандай да бір мәннің белгісі ретінде қолданады. Ол мәннің мүмкіншілігі "не?" деген бөлшек арқылы берілетін сұрақтың болуы болып табылады. Бірақ ол мәннің мүмкіншілігі осы бір акциденция мен осы бір белгі, егер олар ойға түсер болса, сол ойға алынған заттың мәні болып табылады.
Алайда, адам көп жағдайда өзі сұрастырып отырған затқа предикат таба алмайтын жағдайда. Ол егер ойға алынар болса, онда сол заттың мәні ретінде ойға алынады. Сөйте тура, ол өзінің заттың мәні еместігін біле тура, бірақ өзін егер ойға түсетін болса сол заттың мәні ретінде, ойға түсетін заттың белгісі ретінде анықтай тура, сол сұраққа жауап (төмендегі сөздерден туратын болады): "Сен сұрастырып отырған нәрсеге жауап болатын нәрсе дегеніміз мен не оның өзінің, не оның атауын білмегендегі жағдай болып табылады. Бірақ, оның сондай да бір акциденция түрлері бар, немесе ол осылайша өзінің акциденциялары арқылы сипатталады", немесе ол, "сондай да бір акциденциясы арқылы сипатталатын ең бір жеке-дара анықталатын жағдай", немесе ол дегеніміз "Бұл берілген зат дегеніміз не?" деген сұраққа жауап ретінде алынатын акциденция түрі. Осы тұрғыдан алғанда оның әлгінің акциденциясы екендігін айту арқылы жауап берген дұрыс болады, әрі ол акциденция ретінде белгілі нәрсе, ол "Бұл не зат?" деген сұрақтың акциденциясы. Жеке алынған бір кездейсоқ белгі арқылы немесе сипаттау арқылы жауап берілетін жағдай да болады. Бірақ, егер акциденцияға іле-шала шығып отырған сипаттау болса, онда ол өзінің бойынан өзінің тегін табады, әрі ол өзінің анықтамасына жақынырақ болады, тіпті, ол өзінің тегінсіз алынған жағдайда да солай болады. (176 б.) Егерде анықтама қандайда бір жағдайларда қандайда бір заттың предикаты болса, онда оны сөгуге болмайды. Сол жағдайда ол "Бұл не?" деген сұраққа жауап ретіндегі рол атқаратын еді. Бірақ ол қандай да бір басқа заттың сапасы, қасиеті болып табылмайды және де басқа зат туралы "Бүл не?" деген сұраққа жауап болып табылмайды. Жауапта не тек, не түр (бар) болады не болмаса, қандай да бір заттың анықтамасы болады. Ал анықтама дегеніміз басқа зат үшін акциденция болып табылады. Ол қандай да бір заттың мәнінің белгілеуіші болып табылады және де оның не толықтай болмысының, не оның болмысының бір бөлігінің мәнінің белгілеуіші болып табылады, не оның әлгі заттың мәні мен оның болмысынан тысқары жатқан басқа зат арқылы белгіленуші болып табылады. Кейде ол "Бұл не?" деген сұраққа жауап болатын болса да ешбір сөгу болмайды. Ол қандай да бір зат туралы "бүл не?" деген сұраққа жауап бола алады және де сөйтіп тұра, қандай да бір басқа жолмен қандай да бір заттың предикаты бола алмайды. Ал қандай да бір зат туралы осылайша, яғни "бұл не?" деген сұраққа сай жауап ретінде алынған нәрселердің барлығы ешқандай басқа затқа тиесілі қасиет болмай-ақ, "бүл не?" деген сұраққа сәйкес жауап бола алады. Ал егер ол дәл сол біз айтқандай болып шықса, онда ол "бұл не?" деген сұрақ көмегімен (сұрақ қойылған) жағдайда, бірақ қайбір басқаша жолмен предикат болмай тұрған жағдайда орын алады. Ол "бұл не?" деген сұрақтың арқасында абсолютті мағынада және жан жағынан алғанда предикат болып табылады. Өйткені зат туралы "бұл не?" деген сұрақтың көмегімен басқашалай айтылмайды және қандай да бір басқа зат туралы (қандайда бір) жолмен не оны абсолютті мағынада алғанда, не жан жағынан алғанда басқашалай айтылмайды. Көнедегілер заттың предикаты деп егер ол ойға алынар болса сол заттың өзі деп алынатындай жағдайда ғана атайтын болған. Және де сол заттың мәнін "сол заттың субстанциясы" деп атайды. Заттың болмысының мәнін "оның субстанциясы" деп атайды. Оның болмысының бөліктерін "оның субстанцияларының бөліктері" деп атайды және де "оз субстанциясы арқылы белгіленетін" зат үшін белгілеуші болып табылады. Ал қандай да бір басқа бір зат үшін "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегімен предикат болып табылатын нәрсе және басқа бір зат үшін "бұл не?" деген (сұрақ) көмегінсіз предикат болып табылатын нәрсе үшін, ол егер предикат ретінде есептелер болса, онда "өз субстанциясы арқылы белгіленетін" және ойланатын нәрсе болып табылады деп айтылады. Ендеше, ол нәрсе "бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтылатын "заттың субстанциясының көмегінсіз" және де өзінің субстанциясы емес, тек қана акциденциясы арқылы белгіленетін заттың көмегінсіз жүзеге асады. Әлдебір зат туралы ол заттың не екендігін айту арқылы үнемі айтылатын
нәрсе және де "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз ешқандай айтылмайтын нәрсе, өйткені бұл предикат "бұл не?" деген (сұрақ) арқылы абсолютті мағынада және жан-жақты болатын предикат, ал ол дегеніміз әрбір заттың субстанциясы туралы ол не жайында айтылған болса, соның барлығының субстанциясы болып белгіленеді және айтылады делінеді. Өйтетін себебі (177 б.) онда ол айтылатынның барлығының субстанциясы делінуден басқа жол жоқ. Көнедегілер оны абсолютті мағынадағы "субстанция" деп атаған және де абсолютті мағынадағы "субстанция үшін белгілеме" деп атаған. Олар қалғандардың барлығын "ақтықтың субстанциясы", "қозғалыс субстанциясы арқылы белгіленген" деп атайтын болған. Оған "бұл не?" деген сұрақтың көмегінсіз олар үшін предикат болып табылатын субстанцияға қатысы кірмейді және де олардың субстанцияларының белгілемелерінің көмегіне жүгінбейтіндері де кірмейді. Субстанция деп осы аталған жағдайдағыдай, предикат болып есептелгенде сол заттың өзі болып ойға түсетін заттың предикатынан бөлек әлдене айтылмайды. Осы жолдан басқа зат туралы айтылатындай жолы жоқ нәрсе абсолютті мағынада алынған субстанция болып табылады. Егер қандай да бір зат "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз-ақ қандай да бір жолмен предикат бола алатын болса, әрі ол "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз басқаша еш айтылмайтын болса, ал оның айтылуы үнемі кез келген "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз (жүзеге асатын) айтылу деп аталатын зат туралы болатын болса, абсолютті мағынадағы акциденция болып табылады. Және де ол күллият (универсалия) ретінде абсолютті мағынадағы субстанция болып табылатынға қарама-қарсы. Ал екі түрлі субстраттар туралы екі жолмен айтылатын нәрсе сол екі субстраттардың біреуі үшін субстанция, ал екіншісі үшін акциденция болып табылады. Сен субстанция идеясын қандай да бір тығыз, доңғал, бір түрлес және қатты заттарға ұқсас деп ол туралы адамдардан "ол өздігінен тіршілік етеді", "оның жүзеге асуы да, барлығы да өздігінен" және тағы сол сияқты сөздер айтуға дағдыланып алғандықтары туралы естісең де солай-ау деп ойлама. Олар адамдарға "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінен басқа ешқандай бөлек көмексіз ешбір субстрат туралы айтылмайтын (предикатты) субстанция болып (еш) табылмайтынның субстанциясы ретінде көрінеді. Өйткені оның субстраты өзінен басқа тағы да басқа субстрат туралы айтар болса, сол сияқты, ол туралы "бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінен басқалай еш айтылуға келмейтіндей болады. Ал егер де қандай да бір зат туралы "бүл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз айтатындай мүмкіндік туатын болса әрі ол ақылмен түсінікті, акциденция және предикаттың ұғымы болып "Бұл не?" дегеннің көмегінсіз басқа бір жолмен табылатын жалпылама айтылған сөз болса ғана солай болар еді, бірақ олай болуы мүмкін емес. Субстрат предикаттың субстраты болып, егер сол (соңғы нәрсе) субстрат туралы да дәл солай айтар болса болар еді. Бірақ бүл шексіз жалғаса алмайды. Оның соңы бар. Ал ол шындығында солай болса, онда ол соңғы субстратпен бітеді. Ал соңғы субстрат осы айтылу арқылы өзінен басқа ештеңе туралы айтпайтын субстрат және де, әрине, ол "Бұл не?" деген (сұрақ) қою жолымен жүзеге асатын басқа зат туралы айтылады. (178 б.) Осылайша, олардың соңғы субстраты ешқандай бір зат туралы не "Бұл не?" деген сұрақтың көмегімен, не "Бұл не?" деген сұрақтың көмегінсіз ештеңе деп соз етпейді. Ол субстанцияны қандай да бір басқа жолмен анықтамайды. Ол бөгде бір нәрсе үшін субстанция болып табылмайды. Өйткені ол туралы ойланатын болса, онда ол өзі үшін субстрат ретінде ойға алынады. Ол бөгде нәрсенің қандай да бір мәні болмайды. Ол абсолютті мағынада алынған мән болады. Ал оның "Бұл не?" деген сұрақтың көмегімен ол туралы сұрақтың предикаттары ол үшін оның мәні және оның субстанциялары болып табылады. Егер де біз субстанция деп заттың мәні мен сол заттың өзін айтатын болсақ, ал ол дегеніміз мән болып
табылатын нәрсе, ол басқа үшін емес, өзі үшін мән болып табылатын нәрсе, ендеше ол -абсолютті мағынадағы субстанция. Себебі субстанция идеясы мен осы жағдайдағы мән идеясы саны жағынан бір ғана нәрсе. Ал оның предикаттары дегеніміз субстанциялары, сол мэн мен оның субстанцияларының бейнеленуі және мәні. Сол нәрсе абсолютті мағынада алынған субстанция. Осы (заттар) ғылымдарда қарастырылады. Олар (қарапайым адамдар ауызбен айтатын) дүниелерге жатпайды. Бірақ та егер оларды ақылмен танылатын дүниелер деп алатын болса, онда олар туралы (ғылымдарда қарастырылатындар) сияқты айтуға болады. Қарапайым адамдар олар туралы олар тығыз, қатты, домбал деген сияқты көзқараста болады. Сондықтан да осының барлығын субстанцияның орнына жүреді деп есептеудің қажеті жоқ. Өйткені осылайша және осындай жолмен ғана таныстырылатын нәрсе субстанция болып табылмайды. Ал будан субстанция идеясын біз анықтағандай қып анықтау туындайды. Әрі оның белгісі болып біздің оны белгілеген белгіміз табылуы тиіс. (Субстанция туралы) сондай қиялдың (адамдардың болуының) себебі біздің енжарлығымызда жатыр. Ол да бір біздің қандай да бір денені сезінуіміз барысындағы алған сезімдердің парқын білмеу де бір. Ол да бір біздің ол туралы әлденені біліп қойып, оны біз оңай таба алатындай болуды танытқанымыз сияқты. Оның үстіне, оған біздің көзіміз жоққа шығармаған нәрсе қосылса тіптен болмақ. Бірақ біздің немқұрайлығымыздың мықтылығы соншалық біз ол туралы ол тіршілікте жоқ деп ойлағанбыз. Сондықтан да біз ол тіршілікте жоқ, "ол дегеніміз күл", "ол дегеніміз жел" дегенге жүгіндік. Көзге ілінілмейтіннің, қарсы шығатынның барлығы, әртүрлі жорамал айтылатынның барлығы және сонымен қатар, біздің қарастыруымыздан тысқары жатқан дүние бәрібір тіршілік етеді. Әрі ол өзінің болмысында сенімді түрде болады, сондықтан да (өз) болмысы арқасында тіршіліктегі бар заттардың (80 бет) ішіндегі ең сенімдісін ақиқат деп (есептеген) сәтте ол туралы қиялдағы нәрселер келтіріле бастайды. Сол қияли әңгімелердің көбі оларда тығыз әрі қатты денелер бар дегенге барып саяды (179 бет). Содан да болар адамдар субстанцияны "әрбір заттың тасымалдаушысы" деп атауға дағдыланған. Дәл бір субстанция да бір ауыр нәрсені (әдетте) көтере не түсіре отырып алып жүрген әлде бірдеме сияқты әрі субстанция зат туралы ештеңе айтпайды дегендей түсінеді. Көпшілік арасында "қатты" дегеніміз субстанцияның атауы болып табылады. Өйткені ол бағалы тастардың біреуіне қатысты. Әлгідей қасиеттері бар тас, яғни оның дене болуына себепкер болып отырған қасиеттері бар тас оз тіршілігінде сенімді болып табылады және де ол туралы қиялдағы әңгімелер олар екеуінің атауларының ортақтығында болып түр. Сол айтылған қиялдар өтірік әрі кінәратты. Сондықтан одан алыс болғаның жөн. Сен субстанцияны оз жүрегіңде, жаныңда деп есепте. "Бұл не?" деген (сұрақ) көмегімен қандай да бір есімдік туралы айту және де басқа бір есімдік туралы "Бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз айту "Бүл не?" деген (сұрақ) көмегімен айтылатын есімдік "Бүл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз айтылатын есімдік туралы да айтылған кезде орын алады, өйткені ол есімдік басқа зат туралы "Бұл не?" деген (сұрақтың) көмегімен айтпайды, себебі егер де ол сондай болмаса, онда қандай да бір ақылмен танылатын (мән) болып табылатын предикат акциденция болмайды, ол абсолютті мағынадағы субстанция болады, бірақ олай болуы мүмкін емес. Ал егер есімдік зат туралы "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтпайтын есімдік болса, өйткені ол басқа бір зат туралы да "бұл не?" деген сұрақтың көмегіне жүгінбей айта алатын болса, онда ол қандай да бір басқа зат туралы да "Бұл не?" деген (сұрақтың) көмегінсіз айтады. Ол зат туралы айтпайтын және "Бұл не?" деген сұрақты мүлдем болдырмайтын есімдікпен аяқталады.
Осылайша тереңдей қарау барысында сол тереңдеу (процесі) немен аяқталса, сол "Бұл не?" деген сұрақ арқылы зат туралы айта алмайды. Әрі ол абсолютті мағынадағы акциденция болып шығады, өйткені зат туралы айта тұра ол ешбір есімдік туралы "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтпайды. Ал бірақ егер "Бұл не?" деген сұрақсыз айтылатын есімдік ешбір есімдік туралы айтпайтын және де екі жақтың екі жағынан алғанда да ешбір есімдік туралы айтпайтын жағдай ретінде (83 бет) болса, онда ол акциденциямен бітеді және абсолютті мағынадағы субстанцияға айналады. Егер де "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтылатын қандай да болмасын бір есімдік туралы айтылатын жағдай бар болса, ол да субстанциямен аяқталады. Ол субстанция басқа субстанция туралы айтады және де ол ақыр аяғында соңғы субстратпен бітеді. Егер де біз "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен қандай да бір есімдік туралы айтатындай жағдайға ие болсақ (180 бет) және "Бүл не?" деген сұрақтың көмегінсіз айтатындай тағы бір басқа жағдайға ие болсақ, онда тереңдеудің (ұқсас процесі) акциденциямен аяқталатындай күй орнар еді. Ал ол акциденция зат туралы "Бүл не?" туралы дегенді айтпағандай ғана емес, тіпті "Бүл не?" деген сұрақсыз да болғандай болады. Алайда, бұл жағдай мүмкін емес. Не болмаса әлгі есімдіктер егер ойға алынатын болса (84 бет) олар туралы түсінік әлгі бірінші (жағдайдағыдай) болады. Бұл жағдай қайталанылады және де осы есімдіктер туралы "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтады. Басқалай айтпайды. Осылайша, коп заттар туралы "Бұл не?" деген сұрақ арқылы айтатын есімдікке бұл абсолютті түрде тиесілі болуы (еш) мүмкін емес. Ендеше ол "Бұл не?" деген сұрақ арқылы зат туралы айту үшін ғана тиесілі емес. Егер де бұл зат әлдене туралы "Бұл не?" деген сұрақтың көмегінсіз сұрастыратын болса, онда ол заттың күйі ол ешнәрсе туралы "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен сұрай алмайтындай күйде болады. Ал бірақ "Бұл не?" деген сұрақсыз айту қажеттілігі болса, яғни осы ретте есімдік арқылы аяқталу қажеттілігі болса, онда ол "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен де, оның көмегінсіз де сұрастыра алмайды. Демек, (85 бет) ол абсолютті мағынадағы субстанциямен анықталады, сөйтіп, ол туралы "Бұл не?" деген сұрақсыз айтылатындардың барлығы үшін соңғы субстрат болады және де "Бұл не?" деген сұрақ арқылы айтылатынның барлығы үшін де айтылады. Егер де біз "Не?" деген бөлік арқылы бірінші мақсатта сұрастырылып отырған нәрсе туралы ойланатын болсақ, онда біз соңғы субстратты табамыз. Ол соңғы субстратты біз бір сөйлемдердің басқаларына бағыныштылығынан табамыз. Егер де біз: "Көзге көрінетін дегеніміз не?" дейтін болсақ немесе "Біздің көріп тұрғанымыз қара ма?" дейтін болсақ, онда біз сезінетін әрбір зат сұрастырылып тұрған нәрсенің мәні туралы білім бермейді. Біз де ол туралы сұрамаймыз. Айтып өткеніміздей, оның көрінетіндігі, қозғалатындығы немесе қаралығы туралы сұрамаймыз, бірақ біз бірінші мақсатқа сай зат туралы сұраймыз. Сол арқылы біз әлгі заттарды немесе олардың біреуін білеміз. Және де сол зат жөнінде біз оның басқа зат үшін қасиет болып табылатындығына сенімді емеспіз. Сөйте тура, біздің сұрақ шындығында сол қасиетке ие. Біз оны заттың белгісі деп те анықтай аламыз. Оны біз сол үшін қозғалысты немесе қаралықты қасиет деп алғандай-ақ анықтай аламыз. Сол сияқты біз оның (181 бет) әлдене нәрсе туралы негізінен "Бұл не?" деген сұрақ көмегімен айтатындығына сенімді емеспіз. Ал егер жағдай солай болса, онда ол сезіммен қабылданатын нәрсе болып табылмайды. Және де оны сезінген уақытта сезіну үстінде оның (дәл) сондай болатындығын еске түсіретін нәрсе де болып табылмайды. Осылайша, бірінші мақсат бойынша сұрастырылып отырған зат туралы ол соңғы субстрат, оны біз оның (87 бет) бөліктерін сәйкестікке келтіретін сөз арқылы табамыз деп айтылады. Көнедегілер соңғы субстрат пен оның предикаттық күллиятарын "Бұл не?" деген (сұрақ) арқылы абсолютті мағынадағы "субстанция" деп атайды. "Бұл не?" деген сұрақтың көмегінсіз ол туралы айтатын соңғы субстраттың қалған предикаттары, мейлі олар куллияттар (умиверсалийлер) болсын, мейлі куллияттар (универсалийлер) болмасын және де "Бұл не?" деген (сұрақтың)
көмегінсіз (ол туралы айтатын) соңғы субстраттың куллияттарының (универсалийлерінің) предикаттарын "акциденциялар" деп атайды. Әрі бұл субстанция туралы айтылған (жағдайда болады), өйткені ол туралы "Бұл не?" деген сұрақтың көмегінсіз айтады. Сол нәрсе "Не" деген бөлшекті қарастыру үшін бізге берілген дүниелер. "Не" деген бөлшек сұрақтың коп жағдайларында пайдаланылады. Солар үшін осы бөлшек ойлап табылған. Бұл бөлшек қосалқы мағынасында және метафораларда да пайдаланыла алынады. Мұнда оның басқа жағдайларда пайдаланылуын (да) көруге болады. Сол сияқты, сол бөлшек пен басқа да сұрақ тудырушы бөлшектерді не үшін ол бөлшектер ойлап табылған болса, сол үшін пайдаланған жағдайларда да салыстыра қарастыруға болады. ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ "Қандай" деген бөлшек "Қандай" /3/деген бөлшекте сұрақ қою барысында қолданылады. Ол арқылы сұралып отырған нәрсе қандай ерекше (қасиеттермен сипатталады), қандай да бір жағдайда ортақтығы бар нәрсеге не қосылады, не бөліп алынады - міне сол кезде бұл бөлшек болуға қажет. Өйткені, егер де қандай да бір жағдайда түсінетін болса және де кез-келген жағдайда ақылмен танып, ол туралы көзқарасы бар болатын болса, онда оған да, басқаға да ортақ жағдайда оған қатыстыны назарға ілмей, тек қана оған қосылатын арқылы оны ақылмен тану, ол туралы көзқарас қалыптастыру, оны түсінумен қанағаттанбайды. (182 бет) Сондықтан да біз бұл бөлшекті оның аты нені нұсқайтындығының арқасында және оның тегінің арқасында көз алдымызға елестете алатын туралы қойылған сұрақты пайдаланамыз. Содан кейін барып біздің оны көз алдымызға елестетуіміз керек, ақылмен тануымыз керек және оған не қосылғанын, одан не алынғанын, осы текте не ортақ болып табылатындығын, егер біз оны таныпбілген болсақ, ненің арқасында сол түрді танығанымызды өз жанымыз арқылы түсінуіміз керек. Мысалы, адам туралы біздер: "Бұл қандай хайуан?" деп, пальма туралы: "Бұл қандай өсімдік?" деп сұраймыз. Біз "бұл зат қандай?" дей аламыз, өйткені зат бастапқы пікірде ең жалпы дүниелер туралы сұрақтар алатындай орынға ие. Тегі арқылы көзге елестетілетін түрді не оған ең жақын тек арқылы, не сол ең жақын тектердің ішіндегі ең алыстағысы арқылы көзге елестетеді. Егер де оны ең жақын тек арқылы көзге елестетін болсақ және де оны "қандай?" бөлшегімен байланыстырар болсақ, мысалы, біздің адам туралы: "Бүл қандай хайуан?", дегендей, онда бізге оған қалған басқа жіктеуші тектерден ненің қосылатындығын білу қажет болар еді. Оған екі жауаптың біреуі арқылы жауап береді: не оны оның түп мәнінде айыратын мен оның мәніне қосылатын арқылы және оның болмысының мәнінің бір бөлігін құрайтыны арқылы жауап береді, не оның мәнінен тыс кездейсоқ белгі әрі оны жеке-дара түрде сипаттау арқылы, яғни ол үшін белгі ретінде алынатын және оған оның оны ажыратушы түрлерінің ішіндегі ең жақыны болып табылатындығы ол үшін ортақ болып табылатын арқылы қосылатынның көмегімен жауап береді. Өйткені, бір зат басқа заттан түп негізінде оның мәні не болып табылса, сол арқылы ажыратылады немесе оның мәнінің бөлігі болып табылатын арқылы ажыратылады. Мысалы, жібек жүннен қалай ажыратылады, оның жағдайлары, түрлеріне қарай болуы мүмкін. Мысалы, жүннің бір түрлерінің басқаларынан қалайша ажыратылатындығы. Мысалы, олардың кейбіреулері қызыл (түске) ие болады, қалғандары - қара түске, бірен - сараны - сары түске ие болады. Сұрастырылып отырған түр оған оның болмысының мәннің бөлшегінен теңдестірілгеннен несімен ерекшеленеді деген сұраққа жауап бергенде, мысалы, адам туралы сұраққа жауап бергенде,
оның қандай хайуан екендігі айтылғанда, "ол ақылды хайуан" немесе "ақылды" дегенде, немесе пальма туралы сұраққа қандай ағаш дегенге жауап бергенде оның жеміс әкелетін ағаш екендігі оның анықтамасы мен жауап берілетін нәрсе болады. Әрі ол текті немен байланыстырар болса сол болады және оған ажыратушы белгіні қосады, ал ол дегеніміз оның болмысының мәнінің бір бөлігі болып табылатынды ажырататын нәрсе, ол оған оны ажыратушы түрлердің ішінен теңдестірілген және де ол туралы айтылған нәрсе толықтай анықтама болады. Ал егер оның жауабы оның болмысының мәнінің (183 бет) бір бөлігі болып табылмаса және де сұрастырылып отырған түрді жеке-дара алып сипаттайтын болса, мысалы, адам туралы оның қандай хайуан екендігіне жауап бергенде оның "сатып алатын және сататын жануар" екендігін айтқанда, немесе пальма туралы оның қандай ағаш екендігіне жауап бергенде оның "пальма жапырақтарымен жабылатын ағаш" екендігін айтқанда, онда ол өзіне текті қосып алатын болып табылады. Тек дегеніміздің өзі осы түрдің өзіндік белгісі және де ол туралы айту оны толықтай сипаттау болып табылады, бірақ ол анықтама бола алмайды. Сол айту толығымен кездейсоқ белгі деп аталады. Осы берілген жағдайдағыдай, жауап беру барысындағы жауап адам туралы қойылған "бұл не?" деген сұраққа жауап беретін жауаптың дәл өзі болып табылады, сондай-ақ, адам туралы: "Ол қандай хайуан?" деп сұраған болсақ, сондағы адам туралы жауап егер де адам туралы "Бұл не?" деген сұраққа берілген жауаптың дәл өзі болып табылады. Алайда, "Не" деген бөлшек сұрастырылып отырған түр туралы оның басқаға қатысты тур мәнінінен ойлағанды талап етеді. Ал "қандай" деген бөлшекке келетін болсақ, онда ол сұрастырылып отырғанды әлдебір басқадан ажыратуды талап етеді. Өйткені, "қандай" бөлшегі арқылы сұраушы егер де сұрағаннан бөлек басқа бір затты меңзеп отырмаса, бұл сұрақты қоя алмайды. "Не" деген бөлшек арқылы сұраушы сұрап отырғаннан бөлек басқа бір затты меңзеп отыруы тиіс емес. Ол оны өзіне қатыстылығы тұрғысынан ойлайды. Тіпті ол жерде басқа бір ("не" деген бөлшек арқылы сұрастырылатын) зат болмаса да солай болады. Егер де онда (сұрастырылып отырғаннан) бөлек басқа бір зат бар болатын болса, әрі оның сұрастырылып отырғанға еш қатысы жоқ болса, онда сұраушы өз назарын сол басқа затқа аударады және де онымен сұрастырылып отырғанды салыстырмайды. Егер де ол туралы жазып сұрастырылып отырғанның өзіне ұқсас нәрселерден айырықшаланатын нәрсесі дегенмен келісетін болсақ, онда ол туралы сұрақ та болмайды, сол түрді басқасынан айыру тұрғысынан алынған сол сұраққа іздестірілер жауап та болмайды, тек қана ол туралы жеткілікті білім (болу) үшін ғана қажет болады. Ендеше, "не" деген бөлшек арқылы берілетін жауап кездейсоқтық көмегімен "қандай" деген бөлшек арқылы берілетін жауап болып шығады, бірақ түпкі мәнінде және бірінші мақсат тұрғысынан ол ондай емес. Өйткені әрбір бар нәрсе мен оның болмысының мәні (жауапты) онда басқа нәрсе болса орын ала (алмайды). Дегенмен, одан басқа бөлек бір барлық болмаса да сол орын алады. Оны басқадан онда басқа болған жағдайда ажырату қажет болады. Осылайша, оны басқадан ажырату дегеніміз онда көрініс табатын кездейсоқ белгі. (184 бет) "Қандай" деген бөлшектің көмегімен қойылатын сұрақ дегеніміз өзіне ұқсас нәрседен өз болмысының мәні арқасында ажыратылатын түрдің мәні туралы сұрақ. "Не" деген бөлшегі бар сұрақ сол түрдің болмысының мәні әлгі айтылған кездейсоқ белгісіз болғанмен талап етеді, сөйтіп біз оның толық көлемде жүзеге асуына көмектесетін бөлшектерді қоса отырып, сұрастырылып отырған туралы пікірде болып, түсінік қалыптастырып, білім алу мүмкіндігіне ие болғанымызды талап етеді. "Ажыратушы" белгі деп аталатын болмыстың мәнінің бөліктері, солай деп сол арқылы түрде пайда болатын кездейсоқ белгіге нұсқау үшін аталған. Ал ол кездейсоқ белгі соның өзі мен ажыратушы белгі арасындағы ажыратушы белгі, оған тиесілі белгі. Сондықтан да ол басқа үшін де, түр үшін де ортақ болып табылатын кездейсоқ белгінің текте пайда болғандығы сияқты тиесілі нәрсе. Ендеше
егер де түр үшін де, басқа үшін де ортақ болатын әлдененің табиғаты қарастырылатын болса, онда ол жерде ажыратушы белгінің болатындығы күмәнсіз. Ол белгі оны болмысының мәнісінде оған тиесілі басқадан ажырататын болады. Әрі ол табиғаты келесідегідей ажыратушы белгі - ол да бір басқаның (табиғаты) ол үшін тек болғаны да бір, сөйтіп, тек бола тура, ол оны да, басқаны да өзінің болмысының мәнісінде біріктіргені де бір. Сондай-ақ, түрдегі өзгешелік бола тура, ол осы түрді басқа түрден өзінің болмысының мәнінде ажыратады. Түр арқылы алынған жеткілікті білім екі нәрсенің көмегімен (жүзеге асады), яғни түрдің ерекшелігімен байланысты тек арқылы жүзеге асады. Ендеше, "не" деген бөлшек көп жағдайда сол арқылы заттың болмысының мәні талап етілуіне лайық. Ал заттың болмысының мәні бізді оның болмысының бөліктері тіршілікте бар әлдене екендігі және табиғи зат екендігі тұрғысынан қызықтырады. Ал "қандай" деген бөлшек көбінде сол табиғаттың ортақ болуын қалауға лайық. Бірақ егер түрлер ерекшеленетін болса, ал олардың (табиғаты) оларға ортақ болмаса, онда осы айырмашылықта болмайды. "Не" деген бөлшегі бар сұраққа сұрастырылып отырған ол үшін де, басқа үшін де ортақ нәрсе арқылы да жауап беруге болғанмен де, бірінші мақсат үшін сұрастырылып отырған үшін де, басқа үшін де ортақ нәрсе ретінде. қажетті болып табылмайды, бірақ ол осы берілген заттың мәні не арқылы жүзеге асып отырғандығын білуді талап етеді және осы берілген түрдің мәні ненің көмегімен ойға алынатындығын білуді де талап етеді Сондықтан да жауап беру жолының сұралып отырған үшін де және басқа үшін де ортақ тиесілі дүниесі арқылы жасалатындығымен өздігінен алынған сол ортақ нәрсенің талап етілмейтін (жағдайы да) болатындығымен келісуіміз қажет. Бірақ онда әлдебір ортақ нәрсе болғандықтан да сол зат туралы "қандай" деген бөлшектің көмегімен қойылатын сұрақ керек. Ол жалпы мен ортақтықты болдырмау үшін керек және де білімімізді толықтыру үшін керек. Ол бізге түрді оған тиесіліден ажырататын және де текпен байланыстыратын түрлік айырмашылық бізге белгілі болғанда мүмкін болмақ. "Не" деген бөлшегі бар сұрақ қою барысында жауап тек болуы керек дегенмен немесе ол тек болса екен деген көзқарас тұрғысынан (185 б.) келісетіндей жағдай алынуы тіптен де талап етілмейді. Бірақ ол екінші кезектегі мәселе. Ал "қандай" деген бөлшек бірінші кезекте қажет. Ол бөлшек ажыратушы болып қалған жағдайда сол бір кездейсоқ белгі онда бар деген көзқарас тұрғысынан алу қажеттілігі туғанда керек. Сондықтан да "не" деген бөлшек арқылы жауап беру заттың мәніне қатысты сыртқары болып табылатын емес. Бастапқы және жалпылай ортақ қабылданған көзқарас бойынша тек дегеніміз осы сұрастырылып отырғанның түрін не анықтайтын болса сол болып табылады. Ал түр жағынан болатын айырмашылықтарға келетін болсақ, ол ажырату үшін қажет және де осы түрдің субстанциясының белгісі болуы үшін керек.Ол әлгіні бөліп-жарушыдан бөтен қылып алады, сөйтіп, оның түрдің болмысының мәнінің бір бөлігі болмайтындығын (көрсету үшін) керек. Дененің материясы мен бірінші материясының солар арқылы дененің оз субстанциясына не болуы мүмкін деп ойлай алатындығының мысалында айтуға болады. Өйткені ол өзінің формасының көмегімен емес, өзінің материясының көмегімен жүзеге асып отырған субстанция. Ненің арқасында дене дене болып отырса немесе ненің арқасында дене дене түрлерінің бірі болып отырса, яғни дененің болмысының мәні мен оның мағынасы өзінің материясы арқылы жүзеге асады. Ал форманы сол форманың көмегімен дене басқа денелерден яғни, оның материясына тиесілі басқадан бөлектелінуі үшін пайдаланады. Дәл осы сияқты, тек дегеніміз сұрастырылып отырған түр дегеніміздің не екендігін тур арқылы ажыратылуды назарға ілмей-ақ меңзейді. Сондықтан да сипаттау мен анықтаудың арасында айырмашылық жоқ деуге болады.
Сұрастырылып отырған "Бұл тур дегеніміз не?" деген сұраққа жалғыз ғана тур арқылы ажыратылу арқылы жауап бермейді. Оған текпен байланыстырылғандай қылып жауап береді және (сондайақ) тек тегі арқылы ғана, "Бұл не?" деген біздің сұраққа ажыратушы белгісіз жалғыз тегі арқылы ғана жауап береді. Бірақ та егер мұқият қарап болсақ, онда түрлік айырмашылықтың "Бұл тур дегеніміз не?" деген сұрақ көмегімен тануға келгенде басқалардан гөрі жетілген болып табылады. Ол туралы тек арқылы сұрайды және де ол (соңғы) екеуіне Қарағанда қажеттірек. Осы екі жауаптың әрқайсысы сұрастырылып отырған "Бұл түр дегеніміз не?" деген сұраққа жауап бергенде жауап болып табылады. Алайда, ажыратушы белгі текпен байланыстырылады. Егер де олардың екеуі де екі табиғи (зат) ретінде алынатын болса және олар байланыстырылса, онда олардың тұтастығы сол сұрастырылып отырған тур болып шығады. Сондай-ақ, тур дегеніміздің өзі табиғи нәрсе әрі ол белгілі бір мағынада ақылмен танылатын нәрсе. Оның үстіне, солар арқылы олардың екеуі ақылмен танылатын табиғи заттар деп қарастыру тұрғысынан алғанда берілетін олардың анықтамасы сол екеуі арқылы құрастырылатын анықтама болып табылмайды. Яғни тегі арқылы және турге қатысты ажыратылуы арқылы құрастырылатын анықтама болып табылмайды. Егер де мұқият қарайтын болсақ, онда бір анықтама айтылған сөзге сай екендігі айқындалады. Олардың екеуі де ақыр аяғында өзі үшін тіршілікті ұғым (санатында) алуына апарады. Ал егер тур туралы қойылатын сұрақ барысындағы "қандай" деген бөлшек өзінің алыстағы тегіне байланыстырылған болса, мысалы, адам туралы "Бұл қандай дене?" немесе пальма туралы "Бұл қандай өсімдік?" делінетін болса, онда оған түрді ажырату арқылы жауап беріледі. Егер де оған "қандай" деген бөлшек қосылғанда сол тек үшін анықтама ретінде болатын болса?! Мысалы, адам туралы "ол қоректенетін дене" дейтін болса, пальма туралы "ол өзегі бар өсімдік" дейтін болсақ осы екеуінің әрқайсысы және оларға ұқсастар тегі арқылы берілетін анықтама. Ол бірінші тек арқылы сұрастырылып отырғанға ең жақын орналасқан. "Діңгегі бар өсімдік" деген жауап ағаштың анықтамасы болады, ал "қоректенетін дене" дегеніміз де тегі арқылы берілген анықтама болады. Егер де осы тектің қарапайым атауы жоқтығымен келісетін болсақ, онда оны оның атының орнына анықтайтын анықтама алынады. Жауап ретінде "қандай" деген бөлшекпен байланысты текке ең жақын жатқан тек жауап бола алады. Ол оны қарапайым атпен меңзейді, егер де оның аты бар болатын болса, немесе егер оның аты жоқ болатын болса, онда анықтамамен нұсқайды. Мысалы, біздің пальма туралы сұрақтағы: "Ол қандай нәрсе?" дегенде: "Ол ағаш" деп жауап бергендегідей. Осы сұраққа ұқсас бір жауапта ол туралы "қандай" деген бөлшек көмегімен қойылатын сұраққа да орын қалады, мысалы, "Бұл қандай ағаш?" деп айтқанда ол тур арқылы бөлектенуге апарады. Тур арқылы ерекшелену, егер де ол текпен тығыз байланысты болған болса, сұрастырылып тұрған пальманың анықтамасын және оның басқа түрлерінің анықтамасын алады. Егер де сұраққа жауап болып тұрған тектің аты жоқ болатын болса, онда оның атының орнына оның анықтамасы қолданылады. Бұл жерде мынадай жұмыс жүргізіледі - егер де оның аты бар болатын болса, онда оны сол атпен жеткізеді. Өйткені біздің адам туралы: "Ол қандай дене?" деген сұрағымызға ол "қоректенетін дене" деп жауап беретін болсақ, онда (ары қарай): "қандай қоректенетін?" деп сұрауға болады немесе "қандай қоректенетін дене?" деп те сұрауға болады, сөйтіп: "Бұл қоректенетін дене - сезінетін қоректенетін дене" деп жауап беруге болады. Сонда хайуанның анықтамасын аламыз және де сол тектің аты бар. Егер де ары қарай сұрақ қоюшы тағы да сұрағысы келетін болса, (187 б.) онда оған "қандай" деген бөлшекті хайуанның атымен байланыстыру қажет және де: "Ол толық мағынасында алғанда қандай хайуан?" деп сұрау қажет, себебі соңғы түрлік айырмашылық, егер де ол бекітілген болса, одан қисынды түрде тектің барлығы шығады. Ал ол тек соңғы түрлік айырмашылықпен байланысады, сөйтіп: "ақылды" немесе "ақылды хайуан", болмаса "сезінуші, ақылды", не болмаса "қоректенетін, сезінетін, ақылды тән" деп жауап береді. Сен "қандай" (бөлшегі) бар сұрақта, осы берілген жағдайдағыдай, екі нәрсенің пайдаланылғанын көресің: олардың біреуінде ол бөлшек "қандай" бөлшегімен бірге
қолданылатын текпен байланыстырылады. Ал ол дегеніміз түр арқылы ажыратылу болып табылады. Мысалы, қоректенуші, сезінуші дегенде. Екіншісінде - ол бөлшек "қандай" бөлшегімен қолданылатын текпен байланысты бола алмайды. Сұрастырылып отырған түрдің тегі сол мен сол түрге "қандай" бөлшегімен байланысты тегі арқылы қатыстының арасын ажырату үшін алынуы мүмкін. Ал ол дегеніміз адам туралы "Бұл не?" деп сұрағанмен бірдей. Алайда, "Бұл не?" деген сұрақта ол тур өздігінен ажыратушы тур ретінде алынбайды, ол өз түп мәнінде өздігінен анықтаушы ретінде алынады. Оның үстіне, сұрап отырған адамда онда оған тегінде қатысты басқадай әлдене бар ма деген ой туындамайды. Әлгі тегінде қатысты нәрсе үшін осы басқа дегеніміз оның (өзінен) де жоғары. Бірақ, бәлкім, ол үшін одан биік тек белгіленбеген. Солай болғанмен, тур дегеніміз "қандай" бөлшегімен сұрастырылатын және "қандай" бөлшегі бар сұраққа біз жоғарыда айтқан үлгідегі жолмен жауап беретін нәрсе. Оған сұрастырылып отырған түрдің сипаттамасымен де жауап беруге болады. Ол сипаттама оның анықтамасының орнын ажырату барысында басады. Түр белгілі атпен қандай да бір текке бағынышты турге нұсқайтынмен байланысқандай байланысуы мүмкін. Сол түрдің өзі түр ретінде мәлім емес. Ол өзінің тегі арқылы танымал. Немесе ол қандай да бір зат есебінде, мысалы, "Піл ол қандай хайуан?" деп сұрастырылатын піл есебінде танымал. Бұл сұраққа жауап сол аттың өзінен бөлек басқа ештеңесіз көрсетілетін ат арқылы болады, не оның анықтамасы, не оның сипатталуы арқылы болады. Сондай-ақ, сұрастырылып отырғанның оған тиесілі текте отан қатыстыдан ажыратылуы талап етіледі. Ол сезінілетінмен байланысты болуы мүмкін, егер "Біз көріп тұрған зат қандай?" деп сұрайтын болсақ. Онда біз (188 б.) оған оның алыс әлде жақын тегі арқылы жауап береміз, не оның түрі арқылы, не оның тегінің 'анықтамасы арқылы, немесе оның тегін сипаттаумен, не оның түрін сипаттаумен жауап береміз. Өйткені біздер: "Ол дегеніміз хайуан" немесе "Ол дегеніміз қоректенетін, сезінетін" дейміз. Біз ол туралы: "Ол дегеніміз адам", "ол дегеніміз ақылды хайуан", "ол дегеніміз сататын және сатып алатын хайуан", "ол дегеніміз ішетін - жейтін дене" деп айта аламыз. Осылардың барлығы оның тегін сипаттауды (танытады), ал ол сипаттау дегеніміз оның түрі болып табылады. Немесе біз ол туралы: "Ол дегеніміз денесі бар әлдене" деп айтамыз. Содан кейін тәндік заттар түрлері ажыратылатын турге байланысты ерекшеліктерге жетеміз. Олардың басы біріге келе, сезінілетін түр үшін берілген анықтама не болса, соны береді, немесе, ол үшін сипаттама деген не болса соны береді. Бастапқы пікірде "зат" деген сөз тектің орнын басады. Ал тек сол заттарда болуы мүмкін заттардың барлықтарының барлығын қамтиды. Олар сезінілетін туралы сұрақтар ретінде алынады. Ол туралы "Бұл зат қандай?" деп сұрайды. Сондайақ, "Біз көріп тұрған адам кім?" деген сұраққа жауап беруге көмектесетіндер арасынан да алынады. Ол туралы идея екі жақ қырынан алынған екі сұрақтың жауабына кіреді, ол туралы біз (тарау) басында айтқан болатынбыз. Біз осы көрініп тұрған нәрсе туралы: "Бұл қандай хайуан?" деп сұрай аламыз және "ол қандай дене?" деп те сұрай аламыз. Және де ол туралы сұрақ "Бұл зат қандай?" деген сұрақтың ұқсасы болып шығады. Алайда, ол туралы жауапта оның тегі алынатын болса, онда оған ең жақын жататын тек болғаны қажет және де ол тек "қандай" сұрақ бөлшегімен байланыстырылған болуы керек. Немесе оған сол тектің анықтамасымен немесе оның сипаттамасымен жауап беруге болады. Немесе оған оның түрі арқылы немесе оның түрінің анықтамасы арқылы немесе оның түрін сипаттау арқылы жауап береді. Әлде болмаса, түрлік айырмашылықтар немесе текпен байланыстырылатын кездейсоқ белгілер алынады, ал тек "қандай" деген бөлшекпен байланысады.
Біз олардың біреуін басқаларымен сәйкестікке келтіруге жалықпаймыз, жалпыламалауларын жалқылауларымен сәйкестікке келтіруге жалықпаймыз. Оны біз оларды солардың түрінің анықтамасын (алғанға дейін) солай біріктіретін боламыз. Сол сияқты біз: "Йеменде мекендейтін жануар қандай жануар?" деп те айта аламыз және "Мысырда өсетін өсімдік қандай өсімдік?" деп те айта аламыз. Оған жауап болып табылатын нәрсе - сол жануар түрі немесе сол өсімдік түрі арқылы берілген жауап. Демек, Йеменде мекендеген жануардың түрі арқылы берілетін жауап және де Мысырда өсетін өсімдік түрі арқылы берілетін жауап. Не болмаса, сол түрдің анықтамасы арқылы, немесе соның бейнеленуінің анықтамасы арқылы берілетін жауап. Бұл осында жоғарыда айтылғанға, яғни: "Біз көріп тұрған жануар не жануар?" деген сұраққа ұқсас. (189 б.) Біз: "Сенің жағдайын қалай?", "Сенің хабарың қандай?", "Сенің мүлкің қандай?", "Қандай күйдесің?", "Зейд қай елде?", "Күн қай шоқжұлдызда?", "Зейд (тұратын) ел қандай ел?", "Күн орналасқан шоқжұлдыз қандай?" деп айта аламыз. Бұл сұрақтарға берілетін жауап (жоғарыда айтылғандарға) ұқсас болады. Біз: "Сенің хабарың қандай?" дегенде "Сенің хабарың, ол қандай?" деген мағынада айтатындығымызды сен байқамадың ба? Немесе, "сенің хабарың, ол қандай хабар екен?" деген мағынада айтатындығымызды сен байқамадың ба? Не болмаса "сенің күйің, ол қандай күй?", не "сенің мүлігің, ол қандай мүлік?", не "Күн (орналасқан) шоқжұлдыз, ол қандай шоқжұлдыз?" дегендей. Осылардың барлығы туралы біз: "Сондай да бір елді мекенде¬ген хайуан, ол қандай хайуан?" деп сұрағандағыдай сұрастырылады. Немесе "Сенде бар мүлік, ол қандай мүлік?", немесе "сенде бар хабар, ол қандай хабар?" деп сұрағандай. Өйткені онда сендегі бар хабардың түрін сенде жоқ хабар түрінен не айрықшалайтындығы туралы сұрастырылады. Немесе сендегі бар күй түрінің сенде жоқ күй түрінен не ерекшелейтіндігі туралы сұрастырылады. Зейдтің тұрған түрі немесе индивиді, күн (орналасқан) шоқжұлдыз түрі - (осылардың барлығы туралы): "Бұл қандай түр?" деп сұрайды. Оған "қандай" деген бөлшекпен байланысты түр арқылы немесе сол түрдің анықтамасы, немесе оның сипаттамасы арқылы жауап береді. Осы сұрақтардың барлығына "не" деген бөлшегі бар сұраққа жауап бергендей жауап береді. Ал адам дегеніміз (шындығында) біздің жоғарыда қарастырғанымыздың дәл өзі. Сен: "Осылардың қайсысы Зейд?" деп сұрай аласың, сөйткенде сен оз бойына мекенге, мезгілге және күйге қатысты әлдененің басын біріктіруші топқа сілтеп тұрасың. Жауап беру барысында сұрастырылып отырған Зейдты топтың ішінен осы уақытта және жеке түрде нұсқаған адамнан не ажырататын болса, сол нәрсе айтылуы тиіс. "Бұл не?" деп сұрастырылып отырған дүние туралы берілетін жауап оның түрі арқылы, оның тегі арқылы және оның түрінің анықтамасы арқылы берілуі тиіс, ал Зейдте белгілі болған кездейсоқ белгі арқылы берілуі тиіс. Оның үстіне., ол туралы сұрап отырған жан оны ось: берілген шақта жеке тұрғыдан сипаттайды. Ол топ ішіндегі қалғандарына тиіспеген жағдайда солай болады. Мысалы, егер де біздер: "Ол дегеніміз дауласып тұрған адам" деп айтқандағыдай, яғни Зейд бойында бар қандай да бір күйлер мен кездейсоқ белгілерді біз ойда жоқта тапқандай болғанда айтқандағыдай жағдай. Олар Зейдті осы берілген нақты шақта топ ішіндегі басқалармен салыстырғанда солайша сипаттайды. Осындай кездейсоқ белгілердің мысалдары, олар белгі ретінде пайдаланылатын болса, (190 б.), онда олардың көмегімен сұрастырылып отырғанды қандай да бір басқа заттан ажыратады және қандай да бір уақыт (аралығында) солай деп ажыратады. Сөйтіп, оларды осы берілген затқа және осы берілген уақытқа қатысты "кездейсоқ белгілер" деп атайды. "Қандай?" деген бөлшектің көмегімен сұрастырылатынның барлығын оларды жалпы түрде сипаттайтын арқылы және ол үшін бөтен дүние арқылы білген жон. Сонымен бірге, бізге ол ненің арқасында жеке түрде сипатталатындығын да және оның оған біз танып үлгерген ортақ нәрседе қатысты өзге бөтеннен несімен ажыратылытындығын да білу қажет. "Қандай" бөлшегі арқылы
қойылатын зат туралы сұрақ кезінде біз біліміміздің жеткіліксіздігі біздің ол туралы біліміміздің зат және оған бөтен нәрсе ортақ түрде сипатталатындығының арқасында болатындығынан (көрінеді). Ал толық білім сол арқылы оның өзі және оған бөтеннің жеке түрде сипатталатындығымен және оның одан бөтеннен немен ерекшеленетіндігімен (көрінеді). Өйткені тектің түрлік айырмашылықпен байланысы тектің онымен және оған бөтенмен ортақ болуына жол бермейді, керісінше, оны жеке түрде анықтайды. Ол онымен байланысты болғандықтан да "не?" деген бөлшек арқылы қойылатын біздің сұраққа келетін болсақ, мысалы: "Бұл не деген зат?" дегенде, біз жеткіліксіз білімнің сұрастырылып отырған нәрсе туралы акциденциядан шытатын заттың мәніне қатысты сыртқары тұрғанның көмегінің арқасында болатындығын көреміз. Бірақ бізге зат туралы оның мәні дегеніміз не, оның мәнінің бөлігі дегеніміз не дегеннен затты білуі қажет. Немесе біздердің сол заттың мәні туралы білімді одан ортағырақ түрде беретіннің көмегімен білуі қажет. Демек, басы біріктірілген білім немесе ең алыстатылғанның көмегімен білуі қажет. Сол арқылы заттың мәні жүзеге асады және оның жүзеге асуы бір болады. Біз оның мәнін оның мәнін біздің танымда жеке түрде не сипаттайтын болса, соның көмегімен іздестіреміз. Сондай-ақ, ең жақын жолмен оның мәні болып табылатынының көмегімен іздестіреміз не болмаса бізге оның мәтіні біріктірілген білім ретінде білген жөн. Сондықтан біз ол туралы білім дегеніміз бөліктерге бөлінген білім деп ұғамыз. Сол бөліктер арқылы заттың мәні жүзеге асады. "Қандай" бөлшегіне сұрақ қойғанда пайдалануға болады және де біз жоғарыда тізіп келтірген жағдайлардан бөлек жағдайларда пайдалануға болады. Оны бірдеңені белгісіздік ретінде қандай да бір бөлігінен алынған белгілі нәрсе ретінде білу қажет болғандағы сұрақта пайдаланады, осы бөліктері екіден аса да болуы мүмкін. Мысалы: "Екі шаруаның қайсысын таңдаймыз, осыны әлде басқаны?", "Үш шаруаның қайсысын таңдаймыз?", "Екі еркектің қайсысы жақсырақ, Зейд пе әлде Амр ма?", "Қандай күй жағымдырақ: байлық, білім әлде билік пе?", "Ғарыштың формасы қандай, шар тәрізді ме әлде шар тәрізді емес пе?", "Ғарыштың формасы, ол қандай?" немесе "Зейд қандай, ол жақсы ма әлде жаман ба?" немесе "Осы үш түрлі жағдайдың қайсысы қалаулырақ: байлық, білім әлде билік?" дегеннің орны не: "Ең қалаулырақ жағдай, ол қандай?" дегеніміздей. Сұрастырылып тұрған басқадан несімен ерекшеленетін болса, соның жауапта болуы үшін, мысалы: "Осы сезіліп тұрған нәрсе, ол қандай жануар?" немесе "Йеменді мекендейтін жануар қандай жануар?" (192 б.), немесе "Ананың - мынаның мүлігі, ол қандай?", немесе "Ананың - мынаның күйі, ол қандай?" деген сұрақтардың барлығына біз сұрап отырған түр арқылы жауап беру керек не сол түрді анықтау немесе оны сипаттау арқылы жауап беру керек. Солардың барлығы арқылы шындығында біз сұрастырып отырған нәрсе оған теңдестірілгенмен несімен ерекшеленетіндігін ажыратылады. Ол біз сұрап отырған текте әлгіге қатысты болатын теңдестірілген нәрсе. Бір сөзбен айтқанда, "қандай" деген бөлшектің көмегімен іздестіріліп отырған нәрсе. Сол бөлшекті зат туралы сұрақта пайдаланып отырғанда, ал зат соған және одан бөтенге қатысты нәрсе арқылы танылатын болғанда екі жол бар: олардың бірінде - "қандай?" деген бөлшектің арқасында сол зат пен бөтен нәрсе үшін ортақ нәрсе болып табылатынды білу талап етіледі, ол нәрсе әлгінің ненің арқасында басқадан өзгешеленетіндігін білу үшін қажет болады; екіншісінде - "қандай" деген бөлшектің көмегімен зат туралы сұрақта айрықша бір белгінің орнатылуы талап етіледі. Соның көмегімен ол басқа бір заттан ғана ерекшеленсе екен және тек қана қандай да бір мерзімге ғана ерекшеленсе екен деген талап қойылады. Бұл жағдайға келетін болсақ, "Қандай" жалғаулығы сұрақта байланысы белгісіз болып табылатын және осы арқылы оның тұрғысындағы байланысын білу үшін мағынаның белгілі бір бөлшегін іздеу мақсатында қолданылады. Бұл шынымен де, сол бөлшектердің әрқайсысымен "немесе"
жалғаулығы арқылы байланысатын мағыналардың әлдебір анықталған сандарының бірінде болады. Сондай-ақ "немесе" жалғаулығы мағынаның әлдебір анықталған бөлігінде белгілі және белгісіз түрде бір-бірінен жағдайларды ерекшелейді және "Қандай" жалғаулығы да мағынаның әлдебір анықталған бөлігінде жағдайдың белгілі және анықталған түрде ерекшеленуін талап етеді. Мағынаның әлдебір анықталған бөлігіндегі бір жағдай әлдебір зат көмегімен белгісіз және анықталған түрде оған "немесе" жалғаулығы арқылы сілтей отырып, жанасады, содан соң оны сол заттың кез-келген мүмкін болған жағдайдағы белгілі және анықталған түрде анықтау қажет болады. Ал мұндай жағдай өз болмысында мүмкін бола алатын нәрселерде немесе бізде және біздің біліміміздегі ол туралы нәрселерде мүмкін болады. Өз болмысында мүмкін болатын нәрселер, сонымен қатар, бізде және біздің біліміміздегі ол туралы нәрселерде де мүмкін болады және бізде және біздің біліміміздегі ол туралы нәрселерде мүмкін бола алатын нәрселер де, міндетті түрде оның болмысында да мүмкін бола алады. Ал, сол заттардың ішіндегі игерілмегендері - болмыста игеріледі және де біз бұл итеру туралы білмейміз. Өз болмысында мүмкін болатын нәрселер, еркіндікке негізделген табиғи заттар мен барлық заттардың көп бөлігі болып табылады. Біздер: "Сен осы екі заттың қайсысын қалайсың?", "Осы екі іс-әрекеттің, жұмыстың қайсысын таңдайсың?" деп сұрай аламыз. Мұнда болмыстың өзінің тіршілік етуінде мүмкін болуы мақсатындағы жетістіктерге жетуді іздейді. Біз: "Әлем мына екі жағдайдың қайсысында - шар тәріздес немесе шар тәріздес емес пе?" деген сұрақ қоя аламыз. Мұнда біздерге белгісіз болып табылатын нәрселер мен оның оз болмысындағы біздің санамызға катысты, сыртқы болып табылатын, оны шар тәріздес деп анықтап немесе басқаша, шар тәріздес емес деп анықтау талап етіледі, және бұл оның болмысында міндетті түрдегі нәрсе болып табылады, себебі біздер шынымен де оның негізінде не бар екендігін білмейміз. Бір созбен айтқанда, бұл заттардағы "Қандай" жалғаулығы арқылы қойылатын сұрақтар үш мағынада қолданылады. Олардың біреуі мынадай: "Бұл субъект үшін мына екі предикаттың қайсысы мүмкін бола алады?" немесе "Бұл субъектіде мына екі предикаттың қайсысы бар?". Екіншісі: "Мына екі субъектінің қайсысында бұл предикат бар?" немесе "Бұл предикат мына екі субъектінің қайсысында бар?". Үшіншісі: "Мына екі субъектінің қайсысында мына екі предикаттың қайсысы бар?" немесе "Мына екі предикаттың қайсысы мына екі субъектінің қайсысында бар болуы мүмкін?". Осының бәрі де сол Аристотель айтқан, мағынаның әлдебір бөлшегінде анықталатын құрамдық ізделушілер болып табылады, олар туралы, сонымен қатар "ма" жалғаулығы көмегімен сұрауға болады."Бұл субъектіде бұл предикат бар ма немесе бұл предикат басқа ма?" деп сұралынатын және "Бұл субъектіде бұл предикат бар ма немесе бұл предикат басқа ма?" деп сұралынатын түрін алғашқысына жатқызамыз. Ал, екіншісіне, "Бұл субъектіде бұл предикат бар ма немесе бұл басқа субъект пе?" деп сұралынатын нәрсе жатады. Үшінші түрі мынадай: "Бұл предикат бұл субъектіде бар ма, ал сол предикат сол субъектіде бар ма немесе сол предикат сол субъектінің құрамында ма, ал сол предикат сол субъектіде бола ма?" деп сұралынатын нәрселер жатады. "Қандай" жалғаулығы, сондай-ақ салыстырылатын ізделушілерде қолданылады. Ал, олар болса, екіншісіне қатысты біреуінің басымдылығы қажет етіледі және онда "ма?" жалғаулығы қолданылады. Осылайша, оларды үш мағынада, бағытта пайдаланады: алғашқы жағдайда: "Екі предикаттың қайсысы көбінесе сол субъектіге жатады?" және "Бұл предикат көбінесе сол субъектіге жатады ма немесе бұл басқа предикат па?" болса, екінші жағдайда: "Мына екі субъектінің қайсысына бүл предикат көбінесе жатады?" және "Мына субъектіге қарағанда, бұл субъект предикатқа көбірек жатады ма?" делінеді, ал үшінші жағдайда: "Мына екі предикаттың
қайсысы көбінесе мына екі субъектінің қайсысына жатады?" және "Мына предикат мына субъектіге көбірек жатады ма немесе анау предикат анау субъектіге коп мөлшерде жатады ма?" түрінде қолданылады. ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ "Қалай" жалғаулығы Жоғарыда көрсетілген мысал, үлгі бойынша, біз "қалай" /4/ жалғаулығын қарастырамыз, олардың сұрақ құрамында қолданылатын жерлерін мысалға ала отырып, оның қандай жағдайларда қолданылатындығы мен осы жалғаулықты сұрақ құрамында пайдаланған жағдайлар нені қажет, талап ететіндігі туралы ой алмасамыз. Біз оны жалғыздық затымен немесе құрамы шарттау мен байланыстырушылық кұрамы болып табылатын жалғыздық заты тектес нәрсемен байланыстыра аламыз. Біздер: "Әлдене өз денесінде қалай бола алады?" деп сұрасақ, бізге былай дейді: "cay" немесе "ауру" күйінде, "күшті" немесе "әлсіз" күйде. Біз сондай-ақ былай да сұрай аламыз: "Ол өзөзін қалай ұстайды, мінезі қалай?" деп сұрасақ, бізге ол: "жақсы" немесе "жаман" деп айтады немесе "Ол оз мінезі жағынан қалай?" деп сұрар болсақ, бізге "жағымды" немесе жағымсыз" деп айтады немесе "Ол өз өміріндегі құбылыстарға қалай қарайды?" деп сұрасақ, бізге "ол ісәрекетсіз" немесе "өнерге ие" деп жауап береді. "Қалай" жалғаулығының қажеттілігі барлық жағдайда да осы "қалай" жалғаулығы арқылы ізделінетін нәрсе болмысының негізіне қатысты сыртқы болып табылады және оған жауапқа да дәл осы жатады. Біз "Қабырға қалай тұрғызылған?", "Мен оны қалай тұрғызамын?", "Сақина қалай безендірілген?", "Жібек қалай тоқылған?", "Пәленше жібекті қалай тоқыған?", "Зейдтің сақинасы қалай безендірілген?" деп сұраймыз, осының барлығын да жоғарыда айтылған сөздердің бөлшектерімен байланыстырамыз және осы бөлшектерге деген жауаптардың барлығы да бірінші ойдағы белгілі нәрсені қоса алғандағы"қалай" жалғаулығымен байланысты болады. Тыңдаушыға белгілі нәрсені қоса алғандағы оның ойына келетін ең бірінші нәрсе - ол сол сұраққа "жақсы" немесе "жаман" деп жауап беру немесе "тез" немесе "баяу" деп айту болып табылады. Егер сұрақ сақинаның безендірілуі мен тоқылған жібектің түрімен немесе қабырғаның тұрғызылуымен байланысты болса, онда оған деген жауап тыңдаушы алдында тез қалыптасатын ойды немесе барлық адамдардың жадындағы алғашқы ойларды қоса алғанда, сұраушы үшін сол зат безендірілетін, сонымен қатар, сол бөлшектердің құрамы мен тәртібі арқылы тізбектеліп отырады және сол бөлшектердің бейнеленуінен туратын болады, нәтижесінде олар сол зат не арқылы актуалды және қанағаттанарлық дәрежеде жетістікке жетсе, соған қол жеткізеді. Мұндай жауап сұраушыдан "Қабырға қалай тұрғызылған?" немесе "Жібек қалай тоқылған?" деп сұрағанда, оның ойына келетін ең бірінші нәрсе болып табылады. Ол "жақсы" немесе "жаман" немесе "тез" немесе "баяу" деп жауап береді. Егер, "Пәленше жібекті қалай тоқыды?" немесе "Бұл тұрғызылған қабырға қалай тұрғызылды?" деген сұрақтар бөлшектерінің құрамындағы нәрселер туралы сұрайтын болсақ, оның ойына келетін ең алғашқы жауап оның бөлшектеріне қарамастан және қабырға формалары мен онымен жұмыс бөлшектерінің ретін бейнелеуге қарамастан, "жақсы" немесе "жаман", "тез" немесе "баяу" деп жауап беру. Бірақ, егер, тұрғызудың түрі мен тоқудың түрі туралы сұралынатын болса, онда ол қарапайым адамдардың оған бейнелеу мен жібек құрамындағы бөлшектерді алға алу арқылы, рет-ретімен тізбектеліп отыратын әрбір заттың тәртібі мен ретін бейнелеу арқылы және әрбір жеке затты олардың әрқайсысымен жақындастырып не¬месе бөлетін жұмыс құралын қалай пайдаланатындығы туралы жалпыға мәлім алғашқы ойларына сәйкес болады. Мұнда, біз, денеге түр, пішін беруді жүзеге асыру мен бір нәрсенің екінші нәрсеге, бір безендірілген нәрсе алу үшін байланыстырылғандығы туралы айта аламыз. Оған жататын және ол туралы хабарлайтын
нәрселер - оны қалыптастыратын болмыс негізі, содан соң сол болмыстың негізінің өзі болып табылады. Егер болмыс негізі көптеген қалыптасқан денелерде тек оның бөлшектерінің құралы мен реті сипатында болып, сол денелер болмысының негізі төртбұрыш және дөңгелек болып, үйлесімділігі бойынша материяда оған сәйкес келетін бір формаға ие болады, ал бұл форма оған мынадай түрде сәйкес келеді: осы форма арқылы пайда болатын болмыс негізі, мысалы: қылыштың негізі, себебі, ол форма болып табылады және ол темірден жасалған болып табылатын денеде актуалдылық пен ізделуші мақсат пайда болады, мұндай жағдайда оның болмысының негізі сол дене арқылы пайда болып, әлдебір материядағы оның формасы болатын еді, осыдан келе, біз мұны төсек, есік пен киім, формаға ие болған, оны қабылдаған денелердің біреуіне жатқыза аламыз. Сонымен қатар, "қалай" жалғаулығы әрқашан да берілген зат қабылдаған пішін түрімен байланысатын кездері де болады - бүл денеге сәйкес, мысалы, құрамымен, ретімен немесе әлдебір басқа түрмен сәйкес келетін материя немесе оның материясындағы әлдебір форма бола алады және мұндағы жауап берушінің ойына келетін ең алғашқы нәрсе, бұл - оның жеке түрдегі сипатын беретін, оның бөлшектері мен материяларымен шектелмейтін форманы алу мақсатындағы бөлшектер мен материялардың ретімен жүру болып табылады және оның мақсаты - оның формасы мен реті болып табылатын безендірілудің сәйкес келетін нәрсесін алға қою мен сол арқылы оның кең таралуына мүмкіндік беру. Осыдан келе, бірінші мақсат бойынша, ол өзі қабылдайтын пішін мен дене сәйкес келетін нәрсе арқылы жауап береді, бірақ оның бұл формасы - әлдебір тәртіп немесе әлдебір пішін болғанымен де сәйкес және анықталған материясыз сол заттың, дененің болмысының негізі бола алмайды. Сондықтан да, сол арқылы ол қабылдаған пішін болып табылатын оның болмысының негізі туралы білім алу мақсатымен өз материясына әлдебір нәрсе сәйкес болу үшін осындай қажеттіліктер туындайды, мұндағы, соңғысы - әлдебір тәртіп немесе құрам, немесе әлдебір пішін болып табылады. Ал, егер, бұл осылай болатын болса, онда "қалай" жалғаулығы арқылы қойылған сұрақ алғашқы мақсат бойынша, онда материя емес, пішін, сыртқы тур ретінде орын алған зат болмысының негізіне бағытталады. Материяның құрамы екінші мақсат бойынша берілген жауап пен оны құрал ретінде түсіну және сыртқы түр үшін анықтаушы ретіндегі нәрселерден және сол арқылы пайда болатын актуалдылық пен өзінің тіршілік етуінің бастауы ретіндегі нәрселерден тұрады. (197 б.) "Қалай" жалғаулығы тек жасанды денелер туралы мәселелерде ғана емес, мысалы, біздер жоғарыда "Айдың тұтылуы қалай болады?" және "Ай қалай тұтылады?" деп айтқанымыздағыдай, көптеген табиғи денелерде де қолданылады. Бутан деген жауап, ол - "тез" немесе "баяу", "аз" немесе "көп" немесе оның "қара" немесе "сұр" болуы екендігі болады. Жауап берушінің ойы мен аузына келетін ең алғашқы нәрсе, ол - оған осы тұтылуға сәйкес келетін нәрсе болып табылады, мысалы, "Айдың жарқырамайтын жағымен қарай айналуы" немесе "оны шайтан жауып турады" немесе "Ол күннен жер арқылы жабылады және онда жарық қалмайды". Жауап ретінде нені алмасақ та, ол жауап беруші үшін тұтылудың болмысының негізі сипатында болады. Дәл сол сияқты, егер біздер "Түйе, ол қалай қоректенеді?" немесе "Керік, ол қалай қоректенеді?" деп сұрайтынымыздай, жеке түрдегі әрбір түр туралы "қалай"- жалғаулығы қойылатын сұрақтар орын алатын болса, онда, сол арқылы оның формалары мен бөлшектері байланысатын және реттелетін оның бөлшектері біріге отырып, бұл жинақтан бізге берілген актуалды денені беретін түрде бейнеленетін еді. Бұл - сыртқы түрден басқа ештеңеде емес. Және жалпы халыққа кеңінен танымал нәрселер оның болмысының негізіне сәйкес болады. Немесе адамдар, шынымен де, барлық денелер мен жануарлардың болмысының негізі - ол бұлардың сыртқы түрі болып табылады.
Әрбір жеке заттардың сыртқы түрі болмысының негізін сипаттайтын түр де біздер ол туралы әрбір тур туралы жеке "қалай" жалғаулығы арқылы сұралынатын нәрселер болып табылады. Жеке тұлғалардың әрбір түрінің жекелеріне тоқталар болсақ, біздер "қалай" жалғаулығы арқылы сұрақтарымызбен іздейтін нәрселер басқа, жат заттар болып табылады және олардың болмыстарының негіздеріне қатысты сыртқы болып табылады. Дәл сондықтан да,' Аристотель өзінің "Категориялар" атты кітабында былай деді: "Мен сапа деп жеке тұлғалар, олар қалай тіршілік етеді деген мәселелерге қатысты айтылатын нәрселерді атаймын". Мұндағы мақсат түрлер болмысының негізінің сапаларын тізбектеп шығу болмағандықтан, тек олар арқылы әрбір түр туралы: "Олар қалай тіршілік етеді?" деп қана айта аламыз. (198 б.) Әрбір формамен және сыртқы түрді қабылдаған болмыс негізі мынадай: сол арқылы түрлер қабылданады, ол білімнің алғышарты болып табылады, біздер сол арқылы бір түрлерді басқаларынан ажырата аламыз. Әлдебір түр сипатындағы болмыс негізіне әрбір адам оның ойында болмыс негізі туралы түсінігі болуына назар аударуы тиіс. Немесе, бір адамның болмыс негізі ретінде түсінетін нәрсесі, басқа адам үшін түр болуы мүмкін. Әрбір адам, егер бұл сұрақтың әртүрлі нұсқаларына әлдебір зат арқылы жауап беретін болса, онда ол бұл сұраққа шынымен де, өзі сұрап отырған зат болмысының негізі туралы түсінігі арқылы жауап береді. Сол заттың болмысының негізі екендігіне сенімділердің барлығы да оның болмысының негізі емес, тек көбінесе зат сол арқылы актуалды болатын болмыс негізі болып табылады. Оның әр жеке түрлерінің мәні, кішкене бөлшектер арқылы, жеке-дара индивидте талқыланатындарға жатпайды. Мұның бәрін "сапалық" деп атайды. Біреулерін - мәнді, біреулері - мәнсіз деп атайды. "Қалай", "қандай", "не" бөлшектерінің іздестіріліп отырған мәні бір. Егер біз "Күннің тұтылуы қалай болады?" десек және "Күннің тұтылуы дегеніміз не және ол қандай болады?", мұның бәрі бір затты талап етеді. Егер сұраққа жауап беретін болсақ, "күннің тұтылуы, жер мен күннің бірінбірі айналғандықтан пайда болады". Мысалы: "Мына зат қандай?" деген сұраққа жауап берерде, ол заттың айырмашылықтарын, болмысын қарастырады. "Ол қандай зат?" деген сұраққа форма қабылдаған болмыс пен мәнділігінің негізі қарастырылады. Ал "қандай әдіс арқылы?" деген сұраққа жауап берерде форма қабылдаған болмыстың мәні алынады, басқалардан ерекшеленеді деген көзқарастың мәніне біріктірілгенде емес, "не" бөлшегі қажет кезде жағдай неге сілтейді соны алады. "Не" бөлшегі арқылы зат болмысының (оның шығу тегі болып табылатын) негізін іздейді. Бұл оның материясына, формасына, немесе екеуіне де байланысты. (199 б.) Сондықтан "не" бөлшегі бар сұраққа жауап берерде іздестірілген түрінің шығу тарихына байланысты жауап беру қажет, "ол қалайша бар болып түр?" деген сұраққа жауап берерде, оның шығу тарихы болғаны жон. Бұл екі жағдай да "не" бөлшегін басқалардан ерекшелейді. Өйткені "қалай" бөлшегі арқылы әр жеке индивид туралы сұрауы, "қандай" бөлшегі арқылы іздеу жүзеге асатыны, "қалай" сұрағына жауап беруіне сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: "Зейд, ол қандай?" - дегенде "Ол - сарғайған" деп, немесе: "Зейдтің терісінің түсі қандай" дегенде "Ол сарғайған" деп жауап береді. Бірақ бір зат арқылы екі сұраққа жауап бірдей болмайды, жауап берер кезде сұрақ таңдалады. "Қалай" бөлшегі бар сұрақ арқылы, өзіміздегі заттың қалыбын білеміз. Әр жеке индивид жайлы сұраққа жауапты "қандай" бөлшегі көмегімен беруге болады. Өйткені "мыналардың қайысысы Зейд?" деп сұрағанда "анау сөйлеп тұрған адам" немесе "сенің оң жағыңдағы адам", "анау тұрған ұзынша адам", немесе "бір сағат бұрын айтысқан адам" деп жауап береді. Осылардың қайсысы Зейд деген біздің сұраққа басқа жауап жоқ. Аристотель өзінің "Категория" кітабында әр жеке индивид қасиеттерін атап өтеді. Аристотель төрт түрге бөле қарайды. Былай да сұрауға болады: "Қалайша бұл субъектте предикаттың болуы мүмкін?" Осының тур мағынасында терістеу мен пайымдау жатыр. Әрі осыған "солайша?" деген жалғау катысты.
Сонымен қатар мұның мағынасында, оның бар болуы, ол үшін бекем болып табылады ма, аракідік оны тастап кетпей ме, кейбір жағдайларда субъектте предикаттың болуы кейбір қасиеттерді ұстанады. Біз "Аспан әлемі қалай шар тәріздес болып қалыптасады?" немесе "Сен қалайша аспан әлемінің шар тәрізді екеніне көз жеткіздің, сендің?" - деп сұрай аламыз - бұлар біріккен болса, мұндай ізденістерді іске асыра отырып, аспан әлемінің шар тәрізді екеніне көзімізді жеткіземіз. Бұл біздің "өсімдік қалай өседі?", "дуал қалай соғылады?" деген сөздерімізбен тең. Өйткені ол сұрақтарға ретімен орналасса, толығымен басы біріксе, мысалы, қабырға мен өсімдік, немесе, құрылыс пен осу сияқты болса, дұрыс жауап берілсе, онда сол істе силлогизм немесе дәлелдеуге үлкен магына беріледі. Міне осыда силлогизмнің мәні жатыр. Айтушылардың айтқаны ақиқатқа айналатын және сол арқылы білім берілетін тәсілдер дегеніміз силлогизм мен дәлелдеме. "Солай ма" (бөлшегінің) сұрағы ("қалай" бөлшегімен) қойылатын сұрақтан өзгеше, мысалы: "аспан шырағы қалай шар тәрізді болды?" деген сұрақта сұраушы заттың қай (нәрсесі), тұрақты болып келетінін біледі және одан (жауап) шығады: аспан күмбезінің шар тәрізді екендігі. "Солай ма" (бөлшегі бар) сұрақ сұраушыға сұрастырылып отырған заттағы екі қайшылықтың біреуі тұрақты болып келетіні белгісіз болатын сұрақ. ОТЫЗЫНШЫ ТАРАУ "Ма? Me? Ба? Бе? Солай ма?" бөлшегі "Солай ма" /5/ бөлшегі - сұраулы бөлшек, ол әрқашанда, жалпы белгілі және бірінші пікірде болатын екі қарсы жататын пайымдаулармен байланысатын бөлшек. Олардың арасындағы бөлшектейтін бөлшектер: "немесе", "әлде"бөлшектері және оларды алмастыратын, олар қандай да бір принцип бойынша бөлінсе де, солай. Біздің бөлшектер "Зейд тур ма, немесе ол тұрып тұрған жоқ па?", "Аспан кеңістігі шар тәрізді ме, немесе, ол шар тәрізді емес пе?", "Зейд тур ма, немесе ол отыр ма?", "Аспан кеңістігі шар тәрізді ме, немесе, ол шар тәрізді емес пе?", "Ол көре алмай ма, немесе ол көреді ме?", "Зейд Омардың улы ма, немесе ол Амрдың улы ма?" дегеніміздей Қарсы жатқан (пайымдаулардың) біреуі қысқартылған болуы мүмкін, ол оның мазмұнын анық әрі түсінікті жеткізу, біздің айтуларымыздағыдай, оның екеуінің біреуінде болуы мүмкін: "Сен Зейд ақсүйектер ортасынан шыққан ба деп ойлайсың ба?", "бұл жерде жылқы бар ма?", "ғимаратта адам бар ма?". Кейбір уақытта пайымдаудың екі бөлігінің біреуі анық мазмұнды болмайды, бұл не субъектіге қатысты, егер де біз айтсақ, "Зейд пе екен?", мүмкін предикатқа қатысты мысалы: "Бізге келді ме?" және "Сөйлей ме екен?". Шынымен де, кейбір жерде қысқартылған түрде түсіндіріледі, тыңдаушы сөйлеушінің нені қысқартқанын біледі, ол будан, сөйлеушінің сөзімен анық көрсетілген, екеуінің де ойларында қатыстырылғанды біле алады: бұл бөлшек немен байланысатынына байланысты екі пайымдаудың бірі толық, тұтас пайымдау болып табылады. Егер пайымдаулардың біреуі қысқартылған болса, онда ол мазмұны анық көрсетілген бөлігінің негізінде толығады, және екеуінің ойында бар сөйлеушінің айтылған сөзі болып табылады. Егер қарсы жатқан пайымдаулардың біреуісі қысқартылған болса, онда екі қарсы жатқан пайымдаулар сөйлеушінің ойы арқылы түсіндірілетін әсері негізінде анық түсіндіріледі, мазмұндалады. "Солай ма" бөлшегі екі қарсы жатқан пайымдаулармен байланысады, олардың біреуі танылу барысында ақиқат ретінде табылмайды, немесе ол жауап берушіге белгілі, бұл жерде пайымдаудың біреуі танылатын ретінде болуы тиіс. Сонымен қатар, екі пайымдаудың бір бөлігі (танылу барысында) ақиқат болса, немесе жауап берушіге белгілі болуы керек. Мұндай сұраққа жауап ретінде қарсы жатқан пайымдаулардың бір бөлігі алынады, егер де сұраушы екі бөлімді бірге анық мазмұндаса. Бірақ бөліктердің біреуі қысқартылған болса, онда жауап берушіге толық
жауап беру, немесе қысқаша жауап беру қажет. Дәл осылай ма, егер де бір пайымдаудың бір бөліктеріне оның анық көрініс тапса, онда оған қарсы жатқан пайымдаулардың бөлімдерінің біреуімен жауап беруге болады. "Солай ма" бөлшегі сұраушы, екі қарсы жатқан пайымдаулардың қайсысына жауап берерін білмегенде және сұраушы аса көңіл бөлмейтін сұрақтарда қолданылады. Ол жауап беруші олардың қайсысына жауап беретінін сұраушы білетін кезде қолдануы мүмкін, бірақ оған осы бөлшек арқылы жауап беруішінің өзі де, басқа адамдар да білуіне көмектесу керек. Егер сұрақ былай қойылса, яғни шынымен де біреу қарсы жатқан (пайымдаудың) біреуіне жауап алғысы келсе, басқасына шек қойылса, онда ол "солай ма еді?.." деген бөлшекті пайдалануы тиіс және оны тек оған қажетімен тана байланыстыру керек. Оған қарсы жатқанды ескеруге еш жол бермеу керек, Мысалы біз: "адам деген жануар емес пе?" немесе "адам деген ұшушы емес пе?". Осы сұраққа жауап берушіге сұраушы сұрап тұрған нәрсе арқылы жауап беру қажет. Егер де ол жауап беруші сұраушы нені меңзеп тұрғанын ескеріп жауап берсін десе және де қарсы жатқанның көмегімен, яғни ол сұрамағанның көмегімен жауап берсін десе, сұрақ қоюшы өтірік айтып жібергісі келгендегідей немесе ол өзіне қарсы жатқанның бір де біреуін пайдаланбай жауап берсін десе, демек, басқалай жауап берсін десе, ол тіпті сұрақ қоюшының ойында жалған болған күннің өзінде жауап берушінің қарсы жатқан пайымдаулардың біреуін пайдалана отырып жауап бергені қажет.
"Алиф" (ма, ме, ба, бе, па, пе) жұрнағы сұрауларда пайдаланылады. Ол "хал" жұрнағын алмастырады. Оны мына бір біздің сұрақтан айқындауға болады: "Зейд тур ма әлде тұрған жоқ па?". Бұл жайында сұрақ тіпті де ешқандай бөлшексіз болуы мүмкін. Ал, әдетте, сұрақтарды бөлшек байланыстырады. Мысалы жоғарыдағы сөйлемдегідей: "Зейд келеді ме немесе келмейді ме?" "Иә" немесе "жоқ" сұрақ-жауапқа келсек, екеуі де жалғыз тұрып, сұраққа берілер жауапқа қолданбайды, "Зейд тұр ма немесе тұрған жоқ па?" деген сұрақта бір ғана "иә" немесе бір ғана "жоқ" жауап пен беру дұрыс емес. Егер екі қарама-қарсы жатқан пайымдау арқылы "Зейд тур ма?" дегенде мысалымызға жауап беруші "иә" деп жауап береді, яғни қарама-қарсы жатқан пайымдау, егер жоқ десе, онда, алдыңғы "иә" дегенге қарама-қарсы болады. "Зейд тұрған жоқ па " деген мысалдағы анық тұрған жағдайда жауап беруші "иә" деп жауап берсе, сұрақ берушінің сұрағын терістеу болады, егер "жоқ" десе ол терістеудің терістеуі болар еді. Бұл жауаптың күші бекіту күші болар еді. Бекіту күшін терістеуге қолдануға болады. Мысалы: "Адамның ұшпайтыны рас па?" деген мысалда бекіту күші көрініп түр. Жауап беруші "иә" десе, онда өзін терістейді, ал "жоқ" десе терістеуге қарсы жауап болады. Қарама-қарсы пайымдаудың біреуін ғана қабылдау мақсаты қойылған келетін сұраққа келетін болсақ, Мысалы: "Адам жануар емес пе?" дегенде жауап беруші "иә" десе, мұнда терістеу немесе бекіту алынады, ал егер "Әрине, иә!" десе мұнда бекітуден басқа ешнәрсе жоқ. Ал "Жоқ" деп жауап берсе, терістеу болады. "Адам ұшпай ма?" деген біздің мысалда мынадай сұрақ тұрады: осы үшеуінің қайсысына контрарлықты пайдаланып жауап беруге болады? Әр жағдай үшін осы үшеуінің біреуі қолданылуы мүмкін, сонда екі қайшылықты көруге болады. Демек мұнда біз салыстырмалы бөлшек ретінде қолдануға болатын бөлшекте беруге болады, бөлшекті қосуға болады. Бұл бөлшек жауап алуды алдын-ала болдыратын бөлшек. Сондықтан сұраушы екі бір-біріне қарама-қарсы жатқан пайымдауда тура сұрақ қоятын кезде жауап беруші
бір бөлшектің өзімен ғана "иә" немесе "жоқ" десе, онда жауап беруші де бөлшектің өзімен ғана "иә" немесе "жоқ" деп жауап береді. деп жауап береді. Бұл жағдайда екі бір-біріне қарама-қарсы пайымдаудың екеуіне де жауап беру мүмкін. Тіпті, екі бір-біріне қарама-қарсы пайымдаулардың қайсысына жауап беріліп жатқандығы анық айқын болмаса да - бәрібір. Екі бөлшектің біреуін қолдану арқылы жауап беріледі. ал ол бөлшектер түсініксіздікке орын жоқ жерде пайдалануы тиіс бөлшектер. Яғни бір ғана, растау, бекіту бар жерде, еш терістеусіз жерде "Иә" делінсе, онда бекітуші, тұжырымдаушы жауап болмақ. Ал енді "Жоқ" делінсе, онда жауап та терістеуші, жоққа шығарушы жауап болмақ. Дәл солайша, егер де екі бөлшектің екеуі де бұйыруға жауап ретінде қолданылса, онда "Иә" дегеніміз мойынсұнуды, ал "Жоқ" дегеніміз - бас тартуды білдіреді. Ал егер оларды тыйым салуға пайдаланар болсақ, онда, олар мойынсұнуды әлде бас тартуды білдірер - білдірместігі түсініксіз. Бірақ егер де біз: "Иә, әрине" дейтін болсақ, онда ол жерде еш күмән болмайды. Дәл солайша, егер де оларды (204 б.) кесімді пайымдауда пайдаланар болса, яғни оятушы (әлденені) хабарлап жеткізіп отырған болса, онда егер ол бекітуші тұжырым болса, онда тыңдаушы оны "Иә" деген бөлшекпен қабылдайды, сөйтіп, еріксіз келіседі және сенім артады. Ал егер ол "Жоқ" бөлшегімен қабыл алса, онда қарсы шығу және терістеу ретінде қабыл алады. Ал егер де ол терістеу болатын болса, онда олардың бірде біреуі мұнда ақиқат әлде жалған барлығын түсіндірмейді. Алайда, оны "Иә, әрине" деп қабылдау керек, сөйте тура, сол бір терістеудің қарама - қарсысына меңзеген жөн. Мысалы, "Зейд кеткен жоқ па?" деп сұрағанда біз: "Иә, әрине" дейміз. Сонда біз: "Иә, әрине, Зейд кетіп қалды" дегеніміз. ОТЫЗ БІРІНШІ ТАРАУ Философиялық сұрақтар мен олардың бөліктері "Не үшін" /6/ деген бөлшек сұрақ тудырушы бөлшек. Ол әлдененің тіршілік етуінің себептерін немесе әлдененің не үшін тіршілік ететіндігінің себептерін білуді қажет ететін бөлшек. Ол "үшін" және "не" деген бөлшектерден тұрады, олар туралы жоғарыда айтылды, сөйтіп олар "не үшін" дегенді қурайды. "Не үшін" деген бөлшегі бар сұрақ заттың бар екендігі мен оның ақиқаттығы о бастан белгілі болғанда қойылатын сұрақ. Ол не заттың өздігінен белгілі, не силлогизм аркасында белгілі нәрсе. Егер де силлогизмнің көмегімен белгілі болса, онда затты силлогизм арқылы іздестіруді бастапқыда "солай ма" деген бөлшектің көмегімен жүзеге асыру керек. "Солай ма" деген бөлшегі бар сұрақ "не үшін" деген бөлшегі бар сұрақтың алдында турады. Ал "не үшін" деген сұрақтың мақсаты заттың тіршілігінің себептерін бөліп алу болып табылады. Заттың тіршілігі соның көмегімен дәлелденіп отырған силлогизм оның тіршілігін білумен катар оның тіршілік ету себебін де береді. Мүмкін кейде басқа силлогизмге жүгіне отырып, ол заттың тіршілігі туралы білім беріп қана қояды. Ол жүгінген силлогизм содан кейін барып сол заттың тіршілігінің себебін (тану мүмкіншілігін) беретін де болар. Заттың тіршілігі туралы ғана анық білім беретін дәлел "болмыстың дәлелі" деп анықталады. Ал содан кейін барып сол заттың тіршілігінің себептері туралы білім беретінді "заттың не үшін бар болатындығы туралы дәлелдеме" деп атайды. Тіршілікте болу мен тіршілік етуінің себептерін қоса анықтайтынды "болмыс және не үшін болмыс екендігінің дәлелдемесі" деп атайды. Осы соңғы аталған дәлелдеме абсолютті мағынасындағы дәлелдеме болып табылады, өйткені ол заттың тіршілігін зерттейді және оның тіршілігінің себептерін де қоса зерттейді. Осы аталған нәрсеге қатысы жоқ іздестіріліп отырған нәрсе заттың тіршілігіне ғана қатысты іздестірілуші дүние болып табылады. (205 б.) Заттың тіршілігінің себебін іздестіру үшін көмектесетін бөлшектер түрі, байқағанымыздай, үшеу көрінеді: оның тіршілігі "не үшін?", оның тіршілігі "ненің арқасында?" және оның тіршілігі
"неден шығады?". Заттың тіршілігін (анықтайтын) "не" деген бөлшекке келетін болсақ, онда ол заттың анықтамасы нені меңзейтін болса, сол нәрсе. Яғни ол болмысы бөлшектерден құралатынның өзі. Ол өзінің мәнінің бөліктері арқылы болатын және оның мәнін біріге, қосыла отырып құрайтын заттар арқылы болатын дүние. Сөйтіп, ол мәні бөлінетін де болады. Ендеше, заттың болмысының мәні сол заттың тіршілігінің себептерінің бірі болып табылады және де ол оның тіршілігінің барлық себептерінің арасындағы ең жеке - дарасы болып табылады. Ол да заттың тіршілігі "ненің көмегімен" болатындығы туралы және ненің арқасында ол затта болатындығы туралы сұраққа енеді. Өйткені, ол (мән) сол арқылы заттың тіршілігі болатын нәрсе әрі ол сол затта орналасқан. Себебі заттың тіршілігін бар ететін нәрсе сол заттың өзінде орналасқан да болуы мүмкін, ол заттан тысқары да орналасқан болуы мүмкін. Бүл себеп заттың тіршілігін қорғаушы себеп болып табылады. Мысалы, аспандағы күн күннің тіршілігін ұзартушы себеп, демек аспандағы күн күннің ұзаруының себепшісі және де ол күннің өзінен тысқары жатқан себеп. Заттың болмысы дегеніміз "не?" және оның болмысы "ненің арқасында бар болады?" дегеніміз бір себепке нұсқап бастарын біріктіреді. "Не" дегенде заттың тіршілігі сол заттың өзінде (болу) үшін шартталған, ал "ненің арқасында?" деген сұрақта заттың тіршілігі болмыстың мәнінің, қорғаушысының және әрекеттенушісінің (болуын) талап етеді. Өйткен "не?" мен "ненің арқасында?" бастары біріге келе сол заттың өзінде қосыла отырып сол заттың мәнін құрайды. Ол заттың ұғымын толық көлемде беру үшін қажет. Ол толықтық заттың болмысының мәні бөлшектелген жағдайда алынғаннан да көбірек толықтық болып табылады. Олар заттың тіршілігінің себептерінің біреуі болуы мүмкін мейлі біз оны ойлайық, мейлі біз оны ойламайық, бәрі - бір. Егер де біз оны сол күйінде алсақ, онда олар бізге емес, тек заттарға ғана қатысы болады. Ал егер оларды ақылмен танылатын заттар тұрғысынан алатын болсақ, онда олар бізге қатысты болмақ, өйткені олар біз үшін ұғым болып табылады. "Не" және "ненің арқасында" деген бөлшектер жалқы мәні бар заттар туралы айтылу үшін басын біріктіреді. Бірақ "не" деген бөлшек заттың бізге қатыстылығы тұрғысынан және біз үшін танылатындығы тұрғысынан затты қарастырса, "ненің арқасында" деген бөлшек оны заттың өзіне қатыстылығы тұрғысынан қарастырады. "Бұл не?" деген сұрақ арқылы затты абсолютті түрде тануға болады, егер де заттың ұғымы біз үшін "ненің арқасында?" деген сұрақ қою арқылы алынғандай болса ғана солай болады. (206 б.). "Неден" деген демеулік шылауы арқылы сұрақ заттың бар болуын білдіреді, мұнда әрекет етушінің және материяның бар болуы талап етіледі, ал "не үшін" шылауы арқылы сұрақ заттың бар болуын білдіреді, сол үшін тіршілік етіп отырған мақсатты талап етеді. Бұл "не үшін" шылауы бар сұраққа да қатысты. Ол да айтып отырған заттың тіршілігін анықтайды: "Оның тіршілік етуі не үшін?". Барлық осы үш жағдай пайымдауды танытатын күрделі ізденістерде қажет нәрселер. "Бұл не?" деген сұраққа келсек, ол ешқандай пікірмен байланысты болмайды, ол әрқашанда жеке жалқы пайымдау. Сонымен, "бұл Не үшін?" және "бұл не?" шылаулары арқылы қойылатын сұрақтар кейде бірігеді және ізделіп отырған [зат есім] бір нәрсе. Егер ізделіп отырған нәрсе "ма" шылауымен болса, онда ол "не үшін" шылауы арқылы ізделіп отырғанды өзіне қосады, ал кейде "осы ма?" шылауы арқылы ізделіп отырған болып табылады. Зерттеу үшін бұл мәселе өте ауқымды және қиын, бірақ, тек зерттеу ғана не туралы айтып отырғанымыз жайлы түсінік береді. "Айдың тұтылуы ай жарығының жоғалуы болып табылады ма, жоқ па?" дегендей. Қарапайым жандар бұлай демейді: Өйткені, түсіндіру үшін айдың күннен жер арқылы жасырынатындығы айтылады. Онда "Адам адам болып табыла ма?" немесе "адам не үшін адам болып тіршілік етеді?" деген сұрақта қойылуы мүмкін.
"Ма" шылауымен қойылатын сұрақ барлық силлогистикалық өнерлерде /7/ пайдаланылатын ортақ сұрақ. Бірақ ол өзінің формасы бойынша және ол байланысатын қайшылықтар бойынша, мақсаты бойынша ажыратылады. Ғылыми өнерде "ма" шылауы екі контрарлы айтулармен байланысты, диалектикада екі өзара жоққа шығарумен байланысқан, софистикада екі өзара жоққа шығарушы деп ойлайтынмен байланысты, ал риторика мен поэтикаға келсек, мұнда оны барлық қайшылықтармен және қайшылық деп ойлайтындармен (бірақ ондай болып табылмайтындармен) де байланыстырады. Ғылым және диалектикада екі қайшылықтың басын бірге қосып айтады немесе екі қайшы пікір арқылы анық айтылмаса, онда қысқаша айтылатындай етіп сұрақты қояды, бірақ қысқаша айтылып отырғанның күші екі қайшылық арқылы айтылғанның күші болады. Софистикаға келетін болсақ, онда ол жерде осы нәрсе ғылыми немесе диалектикалық сұрақ деп есептейді, сірә. Риторика мен поэтикада екі қайшылық арқылы сұрақты анық қою тиімді, ал кейде тиімсіз болады. Диалектикалық талас "ма" шылауы бар сұрақ болғанда және оған жауап болғанда ғана мүмкін. Бұл софистикалық таласқа да қатысты. Риторикалық және поэтикалық әңгіме алдын ала қойылған сұрақсыз да басталуы мүмкін. Не "ма" шылауы арқылы сұрақпен және оған жауаппен де басталуы мүмкін. Бұл ғылымға да қатысты. Бірақ ғылыми сұрақ сұрақ қоюшы сұрап тұрғаны туралы екі қайшылықтың ішінен ақиқат болып табылатынын айтуды талап ете алады. Диалектикалық сұрақ екі жерде пайдаланылады, біріншісінде сұрақ қоюшы оны алып тастауды мақсат етіп қоятын жерде, ал жауап беруші қорғанып, жеңіске жететін жағдайды талап ететін сұрақ ретінде, екіншісінде - сұрақ қоюшы осы жағдайды дұрыс емес деп айтуды мақсат етіп қоя алатындай сұрақ болуы керек. Жауап беруші бір уақытта екі қайшылықтардың бірін, басқа кезде - басқа қайшылықты таңдай алады, осыдан оның еркін таңдауы құрылады, бірақ ол диалектикалық шеңбердің аясынан шықпайды. Өйткені диалектикада пікірталасқа қатысып, сұрақ қоюшы жауап берушінің қос қарама-қайшылық ішінен нені таңдағанын мұқият тексеріп отыруды көздейді, оларды біліп отырғысы келеді және силлогизмдер арқылы зерттегісі келеді. (208 б.) Диалектика ойды түзететін өнерге жатпайды, математика және т.б. философиялық ғылымдар сияқты анық білім бермейді. Егер де диалектиканы пікір түзетуге пайдаланса, онда тек қана болжауға қол жетер еді. Логикалық заңдар өнерде пайда болғанға дейін бұл жөнінде пікірталастар туған еді. Диалектикада адамның ойына келетіндердің бәрін, айтушының айтқанының бәрін, назариялық ғылыми және әмбебап заттар туралы жазғандарының бәрін зерттеу мен тексеруге мүмкіндігі бар болғанды ғана пайдаланады. Біз өзімізді бұл өнерде еш шектемейміз. Керісінше, диалектика бізге керек. Әрі ол үшін ең жақсысы - жаттығу болу (ол туралы жоғарыда айтылған). "Диалектика" кітабында айтылғандай, ол терең зерттеуді қажет етеді, тексерілгеннен соң және терең зерттеуден кейін оны қалған заттарға қолдануға болады. Мысалы, кімде кім атқа алғаш мініп, үйреніп жүрген болса, ол алдымен өзіне мінетін атты белгілі бір қасиеттеріне байланысты таңдайтын болады. Содан соң ол басқа аттарға көшеді. Сонда барып ол алдыңғы атты мініп үйренгендегі өнерін пайдаланады. Кейде ол өзінің қабілетін кез келген тұлпарға мініп те көрсете алады, сонда ол күшті болғанының белгісі болып табылады. Егер де ол өзінің бойындағы шабандоздық қасиетті сақтап қалғысы келетін болса онда ол үнемі жаттығу үстінде өзінің кез келген атты игеру қабілетін шыңдайды. Ол шабандоздықтың тек қана белгілі бір қасиеттерге ие әрі сол атты мінетін адамды қанағаттандыратын қасиеттерге ие атты ғана пайдалану дегенді білдірмейді. Жаттығу дегеніміз белгілі бір аттарға міну барысында қалыптасатын қасиетті өз бойыңда сақтап қалу дегенді білдірсе де жағдай жаңа ғана жоғарыда айтып кеткендей болып табылады. Сол сияқты диалектика да адамның белгілі бір қасиеттерге ие белгілі бір заттарда өзін өзі жаттықтыру ісі болып табылады. Ол диалектика өнерін меңгерген адамды қанағаттандыратындай
заттар болуы тиіс. Ол өнерге жаттығу адамның қос қарама-қайшылықты заттардың біреуін дұрыс деп тануына мұрсат бермейді. Сөйтіп, адам оны мұқият зерттеуі тиіс болады немесе олардың біреуіне қарама-қарсы дүниені терістейтін болады. Сол ғылымның құрамына енетін нәрсе адам зердесінің нақты өмірден қабыл алатын, есінде сақтайтын және кез келген уақытта қалауы бойынша сөздің көмегімен сыртқа шығаратын нәрсесі болып табылады. (209 б.) Осының барлығы қандай да бір ғылымда пайдаланылатын болғанда, ол ғылымда үнемі мұқият тексеру, терең зерттеу және зер салу бар болады. Әрі осы айтылғандардың барлығы онда ақиқат дәлелдеме заңдылығы бойынша тексерілетін қағида қалғанға шейін орын алатын болады. Сөйтіп, ақиқат дәлелдеме заңын пайдаланғанда қол жеткізетін нәрсе алынады. Сонда осы ғылым дәлелдеуші ғылым болып шығады. Нәтижесінде ол диалектика өнерінің көмегіне жүгінбейтіндей де болады. Сенің көзің оған оқу барысында жетеді, яғни оның дәлелдемені қажет етпейтіндігіне сен көзіңді жеткізесің. Ол тексеріліп әрі терең зерттеліп барып, ақиқат өнер болып шыққаннан соң ол соның көмегімен ақиқатқа көз жеткізетін нәрсе болып табылады. Осылардың бәрінен кейін онда тексерілетін еш қағида қалмайды, өйткені онда диалог дегеніміз жай ғана оқу және оқыту болып табылады. Оқытушының оқушыға қоятын сұрағы ұстаздың шәкіртіне айтқанын тексеру, терең зерттеу не іздеу үшін қойылмайды ендігі жерде. Ол сұрақ оқушының өнердегі қандай да бір заттың идеясын түсіну және сол туралы көзқарасы болу үшін қойылады. Немесе ол сол заттың барлығына көзін жеткізсін деген тұрғыдан қойылады. Немесе сол сұрастырылып отырған заттың тіршілігінің себебі туралы білу үшін қойылады. Біріншіден, "не?" деген сұрақтың көмегімен, екіншіден, "ма, ме, ба, бе" бөлшектерінің көмегімен, үшіншіден, "не үшін?" деген сұрақтың және соның орнына жүретіннің көмегімен, немесе "не үшін?" және "ма, ме, ба, бе" дегеннің екеуінің бірге алынғандағы мүмкіншілігіне ие әлдебір бөлшектің көмегімен жүзеге асады, егер ондайлар басқа тілде кезігер болса. Егер оқу қандай да бір тәртіппен жүргізілер болса, онда оқушының оқытушыға қоятын сұрағында күмәнға орын болмайды. Егер оқушы "кез келген үшбұрыш бұрышының қосындысы екі тік бұрышына тең бе, әлде ол тек бір ғана үшбұрышқа қатысты ма? деп сұраса, онда солай сұрай келе, фигураны көрмей тұрып-ақ, ол туралы оның білімі болады. Оқытушы оған былай деп хабарлайды: айтқан нәрсе әрбір үшбұрышқа қатысты. Соған қоса, оны дәлелдеу шарттың құрамынан шығады дегенді айтады. Сондықтан басқа сұраққа орын қалмайды. Көп жағдайда диалектикалық жаттығуды қажет ететін ғылымдарды айтсақ, бүл жерде егер оқушы зат туралы: "Осылай ма ол?", "ол осылай емес пе?", деп сұраса, онда оқытушыға басынан бастап жауап беруге тура келеді: ол осылай деп және диалектикалық дәлел келтіру арқылы сол затты түсіндірер еді. Оқушыдан мына нәрсе талап етіледі: оқытушының мысалын терістеу талап етіледі.Бұл айтысу үшін жасалынбайтын нәрсе. Бұл оқытушыдан көптеген түсіндірмелерді алу үшін істелінеді және оқытушы келтірген цитатаның анықтық, түсініктілік болу үшін жеткіліксіз екендігін білдіру үшін жасалады. Оқытушы оқушыға ойлануға мүмкіндік береді. Өйткені ол бірден алғаш естіген пікіріне сеніп қалмауы керек және де оқушы оқытушының беделінен тайсалмас үшін керек. Егер оқушы білім алу үшін өзіндік жұмыс жасамаса, дербес ойлау танытпаса, онда оқытушы, ұстазы оған қарсы әрекет қағидасын түсіндіреді және де сол дәлелдемеге қарсы шығу тәртібін түсіндіреді. Содан кейін қарсы шығуды қалай жоюға болатындығын және де жоюды жою жолын түсіндіреді. Осылайша, пайымдау мен тексеру үшін онда ештеңе қалмағанға дейін қарсы пікір айтудан тұжырымдауға, тұжырымдап бекітуден қарсы шығуға өтіп отырады. Осыдан соң барып барлығын дәлелдеу құралдары арқылы сынау жүргізіледі. Кейде тұжырымдау мен қарсы пікір айтудағы дәлелдемелерді алмастыру аяқталады да шынайылыққа қол жеткізіледі.
Бұл жерде тексеруге де орын жоқ, өйткені әлденені қалай дәлелдеу керектігін ойлап отырған оқушы дәлелдеудің барлық тәсілдері ойлап табылып қойылғанын және зерттеліп қойылғанын әрі олардың барлығы логикадағы дәлелдеу заңдары арқылы сынақтан өткізілгенін табады. Бұл оқушының әлгі ғылымдарға белгілі бір ретпен үйретілгенінен солай болып тұрған жоқ, оқушының логиканы одан да бұрын білгендігінен солай болады. Сонымен, диалектикалық тексеру ғылымда, диалектикалық жаттығу қажет болғанда орын алатын нәрсе. Ежелгілер ойлап тапқан әрі жоғалуға аз-ақ қалған осындай өнер бар. Бірақ кейбір адамдар оның тәсілдерін қайта қарап, зерттеуді, жаңғыртуды қажет деп табады әрі ол өнер философиясы орнығып үлгермеген халықтарда болғаны дұрыс, оны істейді. Диалектика ақиқатқа қатысты не істесе, софистика да соған қатысты соны әшекейлеп, әрлеп және өтірікті де қосып істейді. Көп жағдайда софистика Хира (8) тұрғындарының немесе, мысалы, Протагордың (9) көзқарастарын өзгерту тәсілдеріне қатысты өнер болуға лайық емес. Софистикалық әңгімелесулерде «ма, ме» шылауы бар сұрақтарды пайдаланады және сондай сұраққа жауап бергендей болып тек философияға ұқсас жерлерінде жауап береді. Мысалы, олар оның мәні туралы әңгіме айтқанда. Сонда олар елді софистика дегеніміз философияның дәл өзі деген ойға сендіргісі келеді. Поэтикаға келетін болсақ, оның әңгімелерінің көбі баяндау, әңгімеге кіріспе және хабарлама (211 б.) болып табылады. Хабарлама болғанда да сұрақсыз, жауапсыз хабарлама, бірақ кейде сұрақ - жауап та пайдаланылуы мүмкін. Хабарлама барысында сұрау бөлшектерінің барлықтары да қолданыла алады. «Солай ма?» деген бөлшектен басқасының барлығын метафора, астарлап айту және орын алмастыру ретінде қолданады. Орын алмастыру дегеніміз метафора мен астарлап айтудың бір түрі болып табылады. Ол бөлшектерді көпшілік қауым үшін анық болған нәрсені жеткізу үшін де пайдаланады. «Ма, ме...» шылауына келетін болсақ, онда оны кейде тексеру үшін қойылатын сұрақтарда пайдаланады. Және бастапқыда - ақ құрастырылғанның мағынасын меңзеу үшін пайдалана алады, сондай-ақ, оны сұрақта әлденені астарлап айту үшін да пайдаланады, сонымен қатар, хабарлама жібергенде де пайдаланады. Бірақ егер оны тексеру үшін қойылатын сұрақта пайдаланса, онда оны сұрақ арқылы қарама - қарсының бір жағымен байланыстырады. Адам сол бір ғана қарама-қарсылықты қысқартумен қанағаттанбайды. Сөйтіп, ол басқасын да жауап берушінің қалауына сай қысқартады. Алайда, оның өнері одан сұрақты бір ғана қарама - қарсымен салыстыру керектігін талап етеді. Сол айтылудың күші қос қарама-қарсылық байланыстырылғанның күші болмауы керек. Бірақ ол айтылу, егер де ол сұрақ ретінде айтылған болса, сұрақта бір ғана қарама-қарсы болған жағдайда ғана жетістікке жетеді. Егер де сұрақ арқылы екі қарама-қарсыны байланыстырар болса, онда ол екеуін онымен тек оны айту жетістікке жететіндей қос қарама - қарсыға аса назар аударылмайтындай немқұрай Қарағанда және қарамақарсылықтың қос жағы анық айтылғандай жағдайда ғана байланыстырады. Содан кейін ол қос қайшылыққа көңілі толып, қос қарама-қарсы пікірімен қанағаттанып, қалған барлық қарама - қарсыларды пайдаланады. Шындығында бұл қарама-қарсылықтар оңай болып есептелмейді, олар сыртқы кейпіне және пікірге сай сондай қарама-қарсы болып есептеледі. Кейін ол сол күштің қарама-қарсылық күші екендігіне риза болады. Алайда, қарама - қарсылар ондай болып табылмайды. Бәлкім, сұрақ бір қарама - қарсымен байланыстырылған болар, ал басқасының орны одан қисынды түрде туындайтын нәрсе ретінде анықталатын да болар. Сөйтіп, ол әлгіні басқа қарама-қарсының орнына апаратын шығар - ал бүл дегеніміз оның өнерінің шеңберінен шықпайды - не басқа қарама-қарсы, не басқалары астарлап айтуға айналады, ал олардың орны анықталған. (212 6.) Бұлардың барлығы философиялық сұрақтарға қатысты. Олардың сұрау бөлшектері солардың көмегімен философиялық ізделінетіндерді іздейтін бөлшектер, атап айтсақ: «бүл бар ма?», «бұл не үшін?», «бүл не?», «ненің арқасында?», «неден шыққан?», «Ма, ме...», «не үшін?»,
деген бөлшектер жалқы және күрделі заттармен байланыстырыла алады. «Бұл не?» деген бөлшекке келсек, ол тек қана жалқы заттармен байланысады. ОТЫЗ ЕКІНШІ ТАРАУ Ғылымдағы сұрау бөлшектер Заттың бар болуының себебі сол заттың бар болуы туралы біздің біліміміздің себебі емес екендігін білген жон. Кез-келген заттың бар екендігін біздің білу себебіміз оның дәлелінде (10). Дәлелде мына жағдайлардың болуына тыйым салынбайды: сол заттың бар болуының себебі болып табылатынның болуына және сол дәлелдемеде басы бірігіп, біздің зат туралы біліміміздің себебі болуына және де сол заттың бар болуының өзінің себебі болуына. Ал егер де заттың бар болуының себебі жоқ болса, онда оның болмысы туралы біздің білуіміздің себебі тек қана дәлел. Егер де дәлел үш терминнен тұрса, оның біреуі орталық, ал қалған екеуі - қорытындының бөліктері болса, онда орталық термин басқаларымен салыстырғанда дәлелдеуге коп лайық, сөйтіп, ол себептің екі бастауын білдіреді, одан соң бүкіл дәлелдемені білдіреді. Екі жағдай біріккен дәлелдемеде біреуі орталық термин, ол - дәлелденіп отырған заттың себебі, ал оны силлогизмнің басқа бөліктеріне қосу, біріктіру дегеніміз одан қисынды түрде затты біздің ойымызда тану туындайтынның себебі. «Бұл зат не үшін?» деген сұраққа оның себебін айтып жауап береді. Затты меңзейтін және оны заттың себебімен байланыстыратын бөлшек -«себебі» деген бөлшек және оны басқа тілде алмастыратын сөздер. «Неліктен, неге?» деген бөлшегі бар сұраққа «себебі» деп жауап беріледі. Дәлелдеме, біз айтып кеткеніміздей, біздің заттың бар екендігі туралы білуіміздің себебі, біздің заттың бар екендігіне сенуіміз бен сол туралы айтуымыздың себебі. Сондықтан да бізді: «Анадай бір зат неліктен сондай?» деп сұраған кезде ол оның не екендігі туралы айтатынға, соған сенетінге, соны танитынға көмекші болатын себеп туралы сұрайды (213 б.). Сондықтан да «себебі» деген бөлшек толығымен дәлелдемемен байланыстырылады, өйткені дәлелдеме толықтай себеп болып табылады, әрі біз оны кіші шартпен байланыстырамыз, оның предикаты болып орталық термин табылады. Ол біздің ең коп пайдаланатын нәрсеміз. Мысалы, біздің: «Неліктен біз шала туған (сәби) әлі тірі деп айтамыз?» дегенде: «Себебі ол тыныс альт жатыр» деп жауап бергеніміздей. «Себебі ол тыныс алып жатыр» дегеніміз біздің айтқан себебіміз және біздің ол сәбидің тірі екендігі туралы білуіміздің себебі. Бірақ бұл оның тіршілік етуінің себебі емес. «Себебі» деген бөлшекпен байланысатын келесі нәрсе кіші терминді растайтын нәрсе. Ал ол - «шала туған бала». Егер де біз: «Себебі ол тыныс алып жатыр, ал әрбір тыныс алатын - тірі жан» дейтін болсақ, онда біз толық дәлелдеме арқылы жауап берген боламыз. Бұл жауап келесі сұрақтың қойылуын талап етпейді. Егер де жауап: «Себебі ол тыныс алып жатыр» деген қысқа жауап болса, онда айтылған нәрсеге қисынды жалғасу туралы сұраққа орын қалады. «Неліктен ол тыныс алар болса, ол тірі болмақ?» деген сұраққа біз: « Тыныс алатын әркім - тірі» деп жауап берсе, онда қисынды жалғасудың дұрыстығы туралы сұрақ қоюға орын қалмайды. Ал енді будан кейін неліктен олай болды немесе неліктен сен: «Тыныс алатын әркім - тірі» деп сұрадың деп сұрақ қоятын болсаң, онда қажетті болып тұрған қисынды жалғастықтың дұрыстығы туралы сұрамайды. Шындығында сол шарттың ақиқаттығы туралы сұрайды және оның дұрыстығы туралы сұрайды. «Неліктен?» деген жалғауды біздің зат туралы біліміміздің себебі жайындағы сұрақта пайдалану келесі келетін нәрсе болып табылады, ал ол бөлшекті заттың болмысының себебі жайындағы сұрақта пайдалану - алғашқы болып табылады. «Ма, ме...» шылауын ғылымда бірнеше жағдайда пайдаланады. Болмысы іздестіріліп отырған жалқы затпен байланысқанның бірінде пайдаланады. Мысалы, біздің: «Бос кеңістік бар ма?» немесе «табиғат бар ма?» дегенімізде. Өйткені олардың әрқайсысы және оларға ұқсас заттар
шындығында құрамдас нәрсені білдіреді, ал ол дегеніміз пайымдау. «Тіршілік етеді» дегеніміз болжаулы предикат. Ол тіршілігі туралы сұрақ шешілуі тиіс субъектке қатысты предикат. Субъект туралы: «тіршілікте бар ма?» деп сұрастырылады. Тіршілікте бар дегеннің астында бұл жерде ақыл арқылы оның сөзбен берілген атауының жаннан тысқары жатқан мәніне сәйкес келукелмеуі ескеріледі. Жанда соз арқылы жеткізілетін ұғым болып табылатын туралы сұрақ былайша қойылады: «Ол жаннан тыс турды ма, әлде (214 б.) жоқ па?», «Ол ақиқат па әлде жоқ па?». Себебі ақиқаттылық идеясы дегеніміз әлдененің жанда елестетілуі. Ол жаннан тысқары дегеннің дәл өзі. Тіршілік ету идеясы мен ақиқат шындық идеясы бұл жердегідей бір нәрсе. Не туралы білім бар екендігі және ненің тіл мен соз арқылы түсінілетіндігі жайында (ал ол дегеніміз жаннан тыс тұру деген соз) былай сұрауға болады: «Ол тіршілік ете ме әлде жоқ па?». Егер де ол туралы бірінші идеяға сай тіршілік ететін нәрсе ретінде білімді іздестірсе, мысалы, мына сұрақтың көмегімен іздестірсе: «Тіршілік ете ме әлде жоқ па?» дегенде, онда осы сұрақ арқылы біз осы затта оның жүзеге асқандығына көмек қылатын нәрсе бар ма және де ол соның өз бойында ма дегенді іздестіреміз. Себебі заттың болмысы жанда ойлауға болатын нәрсе ретінде танылғаннан кейін жаннан тысқары жатқанның дәл өзі болып табылады. Демек, біз шындығында сол деп сол заттың не арқылы жүзеге асатындығын әрі оған етене тиесіліні танимыз. Егер де жауап бергенде «Иә» деп, содан кейін: «Оның болмыс қандай?» деп сұраса және «Не деген болмыс?» деп сұраса, сөйтіп, соның астарынан берілген заттың ненің арқасында жүзеге асатындығы айтылса, онда сол сұраққа жауап болып оның анықтамасы табылады. Басқаша болуы мүмкін емес. Сонда біз осы ізденіспен шектелеміз. Одан басқа ештеңе қалмайды. Сонымен, заттың ненің көмегімен жүзеге асатындығы оның тіршілігінің себептерінің бірі екендігі айдан анық. Басқа жағынан алсақ, «Зат тіршілікте бар ма?» дегенде біз оның себебі бар ма, ненің арқасында оның жүзеге асып отырғандығын ескереміз. Ал егер бұл дұрыс болса, онда будан кейін: «Бұл не деген себеп?» деген сұрақ қойылады. Бұл сұрақтың мәні «Неліктен ол тіршілік етеді?» деген сұрақтың мәні болып табылады. Біз: «Кез келген үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы қос түзуге тең бе?» деп сұрай аламыз немесе «Кез келген адам адам болып тіршілік ете ме?» деп сұрай аламыз. Бірақ, осы жағдайда тіршілік етеді деп біз тіршілік ету етістігін алып тұрмыз. Сол етістік арқылы предикат субъектпен байланысып тур. Бұл сөйлем кесімді пайымдау болып табылады. Ары қарай біз бұл сөйлем ақиқат пайымдау ма және жанда құрастырылған пайымдау жаннан тысқары жатқан шындыққа сәйкес келе ме деп сұрастырамыз. Біздер астарлай отырып, "Пәленше әлдене арқылы; тіршілік ете ала ма, оның тіршілік етуі оның әлдене ретінде бейнелеу қажеттілігін тудыруы мүмкін бе?" деп айта аламыз, сонымен қатар, оның болмысының негізі әлдене арқылы бейнелене ала ма деп айтамыз. Сонымен қатар, сол арқылы заттың тіршілік етуі мынадай бола алады және әлдене арқылы бейнелене алады деген себеппен, біздер "кез келген үшбұрыш оның бұрыштарының қиылысуы екі бірдей тең болуы сипатында бола ала ма?" деп те айта аламыз. Мұның астарында, әрбір үшбұрыш болмысының негізі, оның бұрыштарының жиынтығы екі түзуге тең болуы тиіс немесе әрбір үшбұрыштың болуы не арқылы болатындығының қажеттілігін туғызатындығын айта аламыз. Егер "Иә" деп оны нақтылай түссек, онда сол үшбұрыш бұрыштарын жиынтығы екі түзуге тең екендігі және дәл осы себептен де үшбұрыш үшбұрыш бола алатындығы анықталады. Осының барлығы да үш түрлі сұрақтармен байланысты, немесе шындығында да, дәлелдемелер болып табылатын дәлелдемелер де осыларға жатады. Осы үшеуінің ішіндегі екі сұрақ пайымдау арқылы шындық анықталған пайымдау ішінде болуы мүмкін. Себебі пайымдау ақиқат пайымдау болуы мүмкін және әлдененің әлдене екендігі белгілі, бірақ сол субъект әлдене болу үшін болмыстың осындай мәніне не екендігі белгісіз, сонымен қатар, сол субъектінің кез келген предикат сол субъект болмысы мәнінің бөлшегі предикаты болсын, сол
субъектінің жүзеге асырылуына ықпал етуші бір нәрсе болсын, - бейнелену қажеттілігін тудыратын болмысқа ие немесе ие емес екендігі де белгісіз болып табылады, - сонымен катар, сол субъектінің осындай болмыс мәніне немесе оның болмысы мәнінің бөлшегіне ие екендігі немесе оның тіршілік етуінің себебі болып табылатын әлдене, бір нәрсе арқылы бейнелену қажеттілігін туғызу мақсатымен жүзеге асырылады. Біздің: "Адам-ақ" дегеніміз ақиқат болып табылады, бірақ ақ адам болмысының мәні де, адам болмысы мәнінің бөлшегі де болып табылмайды және адам болмысының мәні ақ болу қажеттілігін туғызбайды, сондықтан да осы ізденісті іздеу қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай ақиқаттылығы белгісіз нәрсеге жатуы мүмкін және сұрақ "ма?" жалғаулығы арқылы өз құрамында екі сұрақты бірдей сақтайды және дәлелді сұрақ болады. Ал егер ол да ақиқатты нәрсе туралы сұрақ болса, онда ол оз құрамында дәлелдері бар және дәлелге қатысы жоқ сұрақтар болып табылады. Мұнда, сонымен қатар, "тіршілік ету" идеясы астарында осы екі сұрақтың бірі жатса не болмақ деген сұрақ, мәселе туындау мүмкін, онда былай айтқанымыз дұрыс болады: "Адам ақ күйінде тіршілік етеді" және осы айтылған сөз ақиқат бола ма? Мұның жауабы заттың былайша акциденталды және былайша мәнді түрде тең болу арқылы құралды, себебі оның тіршілік етуі мен болмысының мәні үшбұрыштың оның бұрыштары қосындысының екі түзеге тең болуы қажеттілігін тудырады. Осы заттың мәндік түрде тіршілік етуінің екі идеясы және әрбір ғылым арқылы ізделуші үшін қойылатын екі шарт. "Ма" жалғаулығымен байланысатын әрбір ғылыми ізденіс - бұл предикат айтуындағы зат есімдік заттың себебі болып табылады және бұл себеп немесе белгілі бір зат есімде сипат алатын ізденіс, предикат болмысының себептері - сол себептердің не екендігін анықтайды. Немесе ғылымдарда "ма" жалғаулығы құрамында екі сұрақ болады: егер, сілтемелердің біреуінде ақиқат белгілі болса, немесе, егер, сілтемелердің ешқайсысында да ақиқат белгісіз болған жағдайда, оның құрамында үш сұрақтың барлығы да болады. Келтіріліп отырған жауап үш сұрақтың толығымен болуын талап етеді. Ол үш сұрақ осыған дейін ненің ақиқаты бізге белгісіз болғандығы туралы сұрақтар және де ненің ақиқаты бізге бұған дейін белгілі болды деген сұрақтар. Сондықтан да жауап осы екі жағдайды да ұмыт қалдырмағаны жөн. Дегенмен, тағы да бір рет не нәрсенің ақиқаттығы белгілі бір зат арқылы белгілі болмайды деген сұрақ орын алады. Мұнда, тек сол арқылы ғана оның ақиқаттылығы танылады, ол екі жағдайдың да құрамына енбейді, онда соңғы екі жағдай белгілі бір орынға ие болу үшін "ма" жалғаулығы арқылы қойылатын сұрақ орын алады. Егер осылай жасайтын болса, онда бұдан кейін "ма" жалғаулығына ешқандай да орын болмайды. Бұл білім - сол арқылы танылатын нәрселердің ішіндегі ең кемелденгені болып табылады және осы білімнен басқа зат туралы білімнің болуы мүмкін емес. Философия дегеніміз - бұл осы тіршілік етуші заттардың ішіндегі әрбір жеке зат туралы білім беретін ғылым. Ғылыми өнерлердің әрқайсысында "ма" жалғаулығы арқылы қойылатын сұрақтар ("солай ма?") ғылыми өнерлерде қалай пайдаланылса, мұнда да дәл солай қолданылады, ал бұл болса, берілген өнерде қарастырылатын заттардың себептерін іздеу түсінікті болу үшін жасалады. Математикалық өнер түрлерінің әрбір жеке заттарда қарастырылатын, заттар сол арқылы маңызды болып табылатын және зат сипатындағы болмыс негізінің себептері әрбір жеке түрде "қалай" жалғаулығы арқылы ізделінетін нәрсе болып табылады. Егер, бұл өнер түрінде: "Зат тіршілік ете ме?" деп сұралынса, онда осы сұрақтың көмегімен оның ақиқаттылығы мен болмысының көлемін іздейді және сол арқылы сұралынатын берілген заттың тіршілік етуі форма ретінде алынады. Дәл осылай, егер біздер: "Зат жануар ретінде тіршілік ете ме?" деп сұрасақ, мұның астарында оның болмысы дәл осындай болу қажеттілігін тудыратындай деген магына
жатады. Егер бутан "иә" деп жауап берер болса, онда одан әрі қарай "Бұл не?" және "Бұл болмыстың тіршілік етуі қалай?" деген сұрақтар қойылады, оған дәл сондай болмыс негізінің ізделушілігімен жауап береді. Осының барлығы да жеке түрде алғанда математикалық өнер түрлеріне жатады. Табиғат туралы ғылымдарға келер болсақ, онда ол табиғат пен табиғи заттарға қатысты нәтижелер берер болса, онда заттардың дүниеден тыс тіршілік етуі пайда болады. Менің мұндағы айтайын дегенім, себебі мен түпкі мақсат - және, заттардың өзінде бар нәрселер туралы, сонымен қатар, "ма" жалғаулығы арқылы сұралынатын сұрақтар: "Бұл зат тіршілік ете ме?", "Бұл нәрсе әлденедей бір түрде тіршілік ете ме?". Ол сол заттың болмысы болып табылатын барлық себептерді іздеумен айналысады, ал бұл болса - іс-әрекет етуші себеп, материя, немесе форма, немесе соңғы мақсат. Жоғарыда аталған заттардың әрқайсысы "Бұл не зат?" сұрағының кұрамында болады және бәрімізге белгілі нәрселер - яғни, осы берілген зат жоғарыда аталған заттардың біреуінде, екеуінде, үшеуінде де немесе барлығында да бірге болады. Осылайша, азаматтық ғылымда да болады. Теологияға келетін болсақ, нәтижесінде заттың іс-әрекет етуші себеп ретіндегі себептердің құдайлық заттары мен құдайға қатысты себептер берер болса, онда ізделушілер "ма" жалғаулығы арқылы болады, оларға құдайлық пен әлдебір құдайи зат сипатындағы бастауышты заттарды жатқызады және сол арқылы бастауыш ретінде алынған предикат жүзеге асырылады. Сұрақ мынадай түрде қойылады: "Ол тіршілік ете ме, әлде жоқ па?". Егер, "иә" деп жауап берсе, онда "Бұл не?" немесе "Ол қандай?" деп сұрайды, онда предикат құрамында қудай және әлдебір құдайи нәрсе идеясы бар ізделушіге айналады, ал бұл дегеніміз - сол арқылы баяндауыш тарапынан бастауыштың жүзеге асырылуын растайтын нәрсе болып табылады. Егер "иә" десе, онда, мұнда сонымен катар, "Бұл не?", "Ол қандай?", "Ол қалай?" сұрақтары арқылы білім іздейді және оған ол туралы үш жауаптың кез келгенімен немесе құрамында сол үш сұрақтың барлығы да бар жауаппен жауап береді. (218 б.) Сұраушы біздің "Қудай бар ма?" деген сөзіміздің мағынасы туралы, оның астары туралы туралы сұрауы мүмкін. Біз оның астарында сенімді нәрсеміз туралы айта аламыз ба немесе біз оз жанымызда ойлайтын нәрселер жаннан тыс ойлармен тең болып табыла ма? Және, егер ол жандағы ақылға сыйымды нәрсе болса, онда біздер басқа екінші мағынаға қатысты "Ол тіршілік ете ме?" деп сұрай аламыз. Өйткені осы бір магына осы сұрақтың мағыналарының біреуі болып табылады. Заттың жүзеге асуы әлдененің арқасында болады ма, заттың болмысы бар ма, сол болмысы арқылы ол зат жүзеге аса ала ма және ол сонда орналасқан ба деген сияқты сұрақтар. Өйткені бұл оның болмысы неде бөлінетін болса, сонда мүмкін нәрсе, ненің себебі болса, сонда мүмкін нәрсе. Бірақ ол құдайға қатысты қойылмайтын сұрақ. "Ол бар ма?" деген сұраққа бір жағынан мынаны меңзеп жауап беруге болады: Ол әлдебір бірегей мән бе немесе оған басқа мән тән бе? Мәнді бар деуге болады, ал бар нәрсе ол шынымен де бар. Дегенмен, бұл әлдебір соз арқылы түсінілетін және содан шығатын ой, жаннан тыс бола отырып, оның мәні болады (мысалы, жоқ болу идеясы) деген мағынаны білдірмейді. Бүл идея түсінікті, ол жаннан тыс болғанда миға қонымды, бірақ ол әлдебір мәнді білдіреді және ешбір тәнге ие емес деген сөз емес. Осы тұрғыдан ол туралы сұрау: "Ол бар ма?", яғни ол әлдебір мәннің өзі ме немесе әлдебір мәнге ие ме? Егер "иә" десе, онда содан кейін: "Ол қалай бар болады?" немесе "оның мәні не?", немесе "осы мән қандай?" деп сұрауы мүмкін. Ол туралы "ма", "ме", "ба", "бе" шылауымен қоса екінші мағынасындағымен, бірақ басқа тәсілмен сұрауға бола ма? Ал бүл мүмкіншіліктегі мәннің тіршілікте жоқтығына қатысты, өйткені актуалды тіршілік ететін ғана тіршілік етеді. Және әлдеқайда кемелденген нәрсе болатын нәрсе - соңғы кемелділік. "Ол бар ма?" деп сұрай отырып, біз ол актуалдық түрде бар ма және болмыстағы соңғы кемелділіктің өзі ме дегенді ойлаймыз.
Және егер "иә" деп жауап берсе, онда соңынан: "Бүл не?", "Ол қандай?", "ол қалай?" деп сұрайды. Осыдан мәнінің бөлінбейтіні туралы, екі жағдайдың бірінде айтылады, не ол тіршілік етпейтін бар нәрсе, немесе оның тіршілік идеясы туралы ол - бар деп айтады. "Ол - болмыс", "Ол - бар" немесе "шындығында ол болмысқа ие" деп айтылғандардың арасында еш айырмашылық жоқ. "Шындығында бар нәрсе" деп айтылған тіршілік етушінің болмысында мәннің болмауы мүмкін емес. Бөлінетін болмыс басқаша түрде тіршілік етеді, яғни бүтіннің бөлігі бүтін емес, бірегейліктің бөлігі бірегейлік емес, және осының арқасында зат бар болады, сонымен бірге, тіршілікке ие, сол арқылы тіршілік етеді. Ал егерде ол осылай болса, онда бөлік ретінде айтылғанда "шынымен бар нәрсе"туралы айтылмай ма және оның болмысқа ие екендігін және осының бәрі оның бөлінетіндігі туралы ойды білдірмей ме?! Және егер де осы осындай болса, онда біз оз талдауымызды әлдебір зат бөлігінің болмысы және осы бөлік бар болатын болады, және тіршілікке ие болады, және ол бөлшектенбейтін болады, осылайша шексіздікке дейін және зат болмысының мәні туралы білім алынуы аяқталмағанға дейін жалғасады деп аяқтаймыз. Егер зат бөлінбейтін болса, онда оның тіршілік идеясы және оның бар болуының идеясы да бір мағынадағы идея. Немесе ол туралы: "Ол бар нәрсе және бар бола алмайтын нәрсе", немесе "Ол әлде қалай өз мәнісіз тіршілік етпейтін тіршілік етуші нәрсе, бірақ тіршілік етуші өз мәнімен дәл солай тіршілік етеді", немесе "Тіршілік етушідей нәрсенің дәл өзі тіршілік етеді" деп айту мүмкін. Абсолютті түрде тіршілік етуші - бұл ешбір затқа қосылмайтын бар болатын нәрсе. Абсолютті түрде тіршілік етуші - тіршілігі әлдебір нәрсенің арқасында емес, өзімен өзі болатын тіршілік етуші. Және ол туралы сұрақ: "Ол бар ма?" деген осы мағынада болады. Осында одан ізделінетін біздің "Адам тіршілік етуші ме?" деп айтуымыздағы ізделінетінге қарама-қарсы болады. Берілген ой арқылы ізделінетіннің мәні адамда оның тіршілік ету бөтен нәрсе арқасында жүзеге асады ма, әлде олай емес пе дегенді білдіреді және оның тіршілігі тіршілік етуі үшін оз болмысынан басқа бөтен нәрсені қалай да болса қажет етпейтін дегенді білдіреді. Біздің "Онда даналық бар ма?" немесе "Ол білімді бола ма?" немесе "Ол бір нәрсе ретінде бар болады ма?" деген айтуларға келетін болсақ, онда ол бар болуы арқасында оның болуын жүзеге асыратын, ал оның даналығы немесе білімділігі және оның даналығы оның болмысы бола алады ма? Біздің: "Ол әрекет етуші ретінде немесе басқа нәрсенің болуы себепті тіршілік етеді ме?" деп айтуымыздағы оның болмысының бар болуы арқылы жүзеге асатын, немесе оның болмысының мәні басқа үшін әрекет етуші, басқаның болуына себепті қажеттілік тудыратын жеке түрдегі сипатқа ие. Осының бәрі "ма, ме, ба, бе" шылаулары арқылы ізделінетінге жатады. Сұрақтың қалған мағыналарына келер болсақ: "Ол бар ма?" - ал біз оларды жоғарыда атап өткендей бірінші туралы сұрақты жіберуге болатындай болады. Дегенмен, мүмкін болатын жауаптың барлығы "жоқ" болады. Соңғы сұрақ жауабы "иә" болады. Бұл соңғы сұрақ бірінші мағынасындағы "ма, ме" шылауымен бірге қойылған сұрақ алдында жүргенде ғана болады. Егер барлық жауаптар "жоқ" бөлшегімен болса, онда ол туралы сұрақтар "ма, ме" шылауымен бірге қойылады, және жауаптары "иә" мағынасында болады. Құдай туралы сұрақтың мағынасының суреттелуі "ма, ме" арқылы осылайша болады. "Адам, ол адам бар ма?" десек, онда бүл субъект пен предикат арасындағы бар нәрсе айырмашылық пен басқалықты білдіруі тиіс, кері жағдайда сұрақ дұрыс емес болады, мысалы: "Адам сөзіндегі ойлау жаннан тыс адам бола алады ма?" немесе "бүтін адам бөліктерге бөлінген адам бола алады ма?", немесе "бөлікке бөлінген адам бүтін адам ретінде суреттеледі ме?", немесе "Әлдебір жағдайдағы жануар абсолютті мәндегі жануар бола алады ма?", немесе "жануар туралы ойлағаның шындығында жануар ма?". Адам - субъектісінің мәні - оз мәні мен жан-жағынан адам - предикаты мағынасының мәнімен бір, яғни ол туралы "ма, ме"арқылы сұрау дұрыс емес.
Егер адам - субъектісінің анықтамасы неге сілтесе, сол деу тағы дұрыс емес, себебі соз неге сілтесе сол егер белгісіз болса, онда соз сілтеген нәрсе оның адам екендігін білдірмейді. Сондықтан ол туралы оның өздігінен адам деп аталмайтынын, оның адам деп анықталуының дұрыс еместігі, ал "Адам жануар бола алады ма?" деп сұрау дұрыс болатындығын білдіреді. Егер предикатта "адам" сөзі болса, онда тағы сұрақ дұрыс емес болады, бірақ адам - предикат дұрыс болады, егер дұрыс айтылса, және ол дұрыс анықталатын болса, дұрыс болады. Немесе егер: "Адам адам болып тіршілік етеді ме?" десе, онда адам болмысы мен адам табиғаты сұрастырылған, онда басқа мән болмайтын, болмысы бөлінбейтін, немесе ол басқаша түрде адам болатын, мысалы, екі аяғымен жүретін жануар ретінде, яғни ол болмыс және болмыс мәніне ие, ол туралы айтулар мен елестетулер басқа түрде үлкен және кіші дәрежелерде мүмкін еместігіндегі мән болып табылады. Кейде біз адамды көп жағдайларда зат ретінде сұрағаны бойынша елестетеміз, ол кейде санмен, кейде бөлшектеніп айтылады, және ол тек бір жағынан ойланылуы мүмкін. Сұрақ, сонымен бірге, мына мағынада да дұрыс болуы мүмкін. Және кез-келген мағынаға қатысты сұрау дұрыс болады: "Адам адам бола алады ма?", егер: "Не үшін адам адам болады?" деп сұрағанда себептің ізделінуі дұрыс болады, немесе "қандай себепті адам адам болып отыр?", немесе "неге адам адам болады?", немесе "не арқылы / адам адам болады /?". Сонымен бірге "Адам неліктен адам болады?" деп сұрау дұрыс болады, егер оның астарында неге адам екі аяқты жануар, және неге адам болмысының мәні болмыстың мәнінің өзі. Зат туралы екі анықтамасы бар, біріншісі - ол да басқа болуы себебі, мысалы: "Неге айдың тұтылуынан ай жарығын жасырады?", онда ай жарығының жасырылуы айдың тұтылуының өзі, және: "Себебі ол Күннен Жермен өзін жауып алады" деп жауап береді. Бұл екі жағдай тұтылудың болмысының мәні, бірақ Жер арқылы Күннен тығылудың басқа болмыс мәнінің себебі болады. Және ол туралы "ма, ме" шылауымен сұрақ мүлде келіспейді, ал ең дұрысы "неге" сұрағы болады. ОТЫЗ ҮШІНШІ ТАРАУ Басқа силлогистикалық өнерлердегі сұраулық шылаулары Диалектика өнерінде "ма, ме" /11/ шылаулары екі жағдайда қолданылады. Олардың бірінде сұраушы жауап берушіге қорғаныш пен жеңісті, оның ақиқат, не жалған екенін тексерместен, қамтамасыз ететін жағдайды иеленгендей екі жақ бір жағдайда болуын талап етеді. Сұрақ беруші жауап берушінің қандай жағдайда екеніне мән бермейді, жалған не ақиқат болса, ол өзіне-өзі қорғанышты қамтамасыз етеді. Бұл жерде тексеріске тек ол бекітерлік немесе теріс жағдайда екені түседі. Жауап беруші сонымен бірге жағдайдың қандай болатындығына да мән бермейді, және ол жағдай жалған болса да өзіне қорғаныш орнатады. Өзіне әлдебір етіп алған бекітерлік жағдайы да айтқанына да, силлогизмге де, дәлелдерге де қарамастан, тек бекітетін бекітерліктерге ғана қарап сенуге шақыратынның өзі сондай бекітерлік емес болып табылады. Тең жағдайда не нәрсе немен, не арқылы жоққа шығарылса да теріс болады, өзіне қорғанышты қамтамасыз ету үшін ерік арқылы таңдалады, өз жағдайында сендіруге тырысатын силлогизм бола алмайды. Сондықтан да оларды жағдай деп атайды. Сол жағдай бірінде сұраушы екі қарамақайшылықты біріктіреді және оларды "ма, ме" шылауларымен және бөлетін шылаулармен біріктіреді. Екінші жағдайда сұраушы бұл жағдайды жауап беруші жіберген жауаптар өзгерткен жағдайдан кейін пайдаланылады. Ол қорғаныш қамтамасыз етеді,бұл жағдайда ол шарттардың ақиқат не жалған екеніне мән бермейді. Бұл шарттарды жауап беруші мойындайды, сұрақ беруші оларды екі қарама-қайшылықтармен жауап берушіге мойындалған шарттар ішінен ойлана отырып, сұраушыға әлдебір пайдалы жағы барын, немесе жауап берушінің қарсылығындағы жағдайға қатысты олардың тук пайдасы жоғын мойындаса, мойындайтынын таңдап қарастыру құқығын беру үшін біріктіреді.
Сұрақ беруші екі қарама-қайшылықты қысқа білдіру үшін немесе жасырып қалу үшін біріктірмеуіне де болады. Ол "ма, ме" шылауын пайдаланбауына да болады, ол "емес пе еді?" констатациясындағы бірлікті жауап беруші, оның ойынша, оның ойына қарсы шықпайтын, бірақ белгілі заттарға жататын ойды білдіріп, пайдаланады. Алайда, жауап беруші сұрақ қоюшының ойлағанымен жауап беруші келісуі мүмкін және оған қарсылығын мойындауы мүмкін дегенмен келіспеуі де мүмкін. Сондықтан да диалектикалық өнер - бұл жаттықтыру және екі қарамақайшылықтың әрқайсысы үшін силлогизмнің құрылуына табандау, бүл тексеруге итермелейтін және не туралы айтылатынын және не нәрсе рәсімделетінін терең зерттеуді қажет ететін жаттықтыру. Ал сондықтан да жаттығатын адам өзі жаттығып жатқан нәрсенің ақиқаттылығы я жалғандығына мән бермейді. Және сондықтан да, егер: "Мынандай былайша бар болады ма?" деп сұраса, "бар болады" предикат пен субъект арасындағы байланыстырушы мақсатында пайдаланылады, ал "бар болмайды" астарында басқа магына бермей, тек теріске шығарудағы байланыстырушы сипатында пайдаланылады. Біздің "Адам тіршілік етеді ме?" деп сұрауымыздың астарында біздің ойлауымыз ақиқатты елес пе, әлде ол жалған ба деген мағына жатады. Сондықтан Александр Афродизийский ақиқат және жалған мән кездейсоқ себептер болғандықтан оларды ізделінетін акциденцияларға енгізді. Қарапайым адамдар біздің "Адам бар ма?" деген сұрағымызды адам болмыс мәніне ие ме, жоқ па деп түсінуге болатындықтан, оларды ізделінетін түрге жатқызса, басқалары ізделінетін ақиқатқа жатқызды. Дегенмен "тіршілік" идеясының диалектикасын жалпыға бірдей идеялардан тыс шығарып тастамайды. Сондықтан да біздің: "Адам тіршілік етеді ме?" дегенімізді адам әлемдегі бар заттардың бірі ме деген идея деп түсіну қажет. Мысалы, Аспан туралы "ол бар ма?", немесе Жер туралы "ол бар ма?" деп сұрайды. Бұлардың барлығы ақиқатқа жатады. Адамдар жаннан тыс болмайтын, жандағы елес тәріздінің бәрін "тіршілік етпейтін" деп санайды. Біздің "Анау былайша тіршілік етеді ме?" дегеніміздегі "тіршілік етеді" сөзін біз предикат пен субъекті байланыстырушы ретінде пайдаланамыз. Ал біздің басқа мысалымызға келер болсақ: "Бостық тіршілік етеді ме?" дегеніміздегі "тіршілік етеді" сөзі жаннан тысқарыға ұқсас бір нәрсе ме, әлде жалған көрініс пе дегенді бостық идеясы астарында түсінетін мағынасын пайдаланамыз. Біз жаттығатын және өз философиямызда пайдаланатын осы заттарды терең зерттеуде, шындығында нағыз ақиқатты аңғарамыз, және біз оны жалпы оқырманға түсінікті болатындай өлшемде аламыз және терең зерттейміз. Ол өлшем біз шеткеруге тиісті абсурдтылықты тудырады, сондықтан біз қосалқы заттарға тоқталып және олардың қайсысы ақиқат екенін терең қарастыруымыз керек. Ол мәнсіздік тудырғандықтан немесе ол жерде қарсыласу силлогизмі болғандықтан, біз осы мәнсіздікті тудырып отырған жағдайды шектеп, сонымен қатар, басқа заттарға тоқталуымыз қажет. Біз осылай жасауды қарсы шығу және мәнсіздік тудыратын жағдай қалмағанша жалғастыруымызға болады. Бірақ бұл жаттығу емес, зат туралы білуіміздің ең кемелденген және ең шегіне әкелетін, оны тануға ақырындап жақындау және зат туралы жасамаған біліміміздің бастамасы болады. Софистикаға келер болсақ, онда "ма, ме" шылауларымен сұрақ үш мағынада қолданылады. Олардың бірінде, күмәнді софизмдер кездескенде екі қарама-қайшы пікірлер арқылы және шынайы және жалғандағы қарама-қайшылық арқылы сұралады, бүл жерде олардың әрбіріндегі абсурдтылықты шектету талап етіледі. Екінші жағдайда, софистика диалектикаға еліктегенде немесе оның жаттығу өнері өнер деп жалған танитын болса. Бүл жағдайда ол жағдайға ие болу үшін "ма, ме" шылауымен сұрақты пайдаланады, сонымен қатар оны жауап берушіге қорғаныш болатын жағдайды кейінге қалдыру арқылы да арттарды табу талап еткенде пайдаланылады. Дегенмен, шындығында жалпыға бірдеймен диалектика не істесе, софистика жалған не анық жалпыға бірдей деп санайды,бірақ шындығында ол олай емес. Үшінші жағдайда, софистика
философияға еліктейді және жалған жалпыға бірдей деп санайды,бірақ шындығында ол олай емес. Философиядағы "ма, ме" пайдаланылатын кез-келген жағдай сол арқылы ақиқатты іздейді, софистика болса, шындығында ақиқат болмайтын ақиқатты ойша "ма, ме" арқылы іздейді. Риторика өнеріне келер болсақ, оның көп бөлігі сұрақсыз және жауапсыз /12/ өтеді. Ол мысал келтіруге сілтейтін жерде сұрақты пайдаланады. Тең дәрежеде осы айтылған нәрсе поэтикаға да жатады. Бұл екі өнер де: "Тіршілік етеді ме?" және "Анау былайша тіршілік етеді ме?" сұрақтарын пайдаланады. Біздің "Анау былайша тіршілік етеді ме?" дегеніміз тек байланыстырушы. "Бар ма?" сұрағының мағынасы - ол байланыстыру үшін бе, әлде әсер ететін немесе денеге әрекет ететін кызметтерде пайдаланылады. Бүл өнерлердегі тіршілік идеялары осындай, сондықтан осыған жатпайтынның бәрі олар үшін тіршілік етпейтіндер қатарына жатады. Дәл сондықтан олар үшін сезімнен жасырын, сезіну қасиеті жоқ денелер (мысалы, жел, ауа, шаң) мәнсіз қасиетке ие. Риторикадағы немесе шешендік өнердегі "ма" бөлігін, оған алғашқыда анық болған, метафора негізінде қолданады. Ал "неге?", "не?" деген бөлшектер болса, сұрақ қою қарсаңында метафора ретінде қолданады. Ал "қалай?", "қандай?" деген бөлшектер болса, олардың алғашқы мәніне нұсқау бола отырып, жүзеге асырылады. Көбінесе бұл екі бөлшек, негізінен метафора ретінде қолданысқа ие болады. Бір сөзбен айтқанда, риторика өнері осы бөлшектердің бәрін метафора ретінде қолданады. Қазір біз осы бөлшектердің бір-бірімен метафора, басқашалап айту, еркіндік жүйесінде байланысын анықтап, сол жерді белгілейміз. Басқашалап айту, еркіндік - адамзат егер сөз құдіретін, күшін толық ашып, жүзеге асыру үшін, яғни оның белгілі бір затты арнайы сөздерді қажет етпей-ақ түсіндіре алатын қабілетінің бар екендігінің, немесе белгілі бір сөзбен басқа сөзді байланыстыру үшін фраза қалыптастыру мақсатында, немесе мәнсіз болса да, ол белгілі бір затқа сипаттама бере алатын, оның байланысын көрсететін сөзді пайдалануға мүмкіншілігі бар екендігін көрсеткісі келеді және оның фразасы затты арнайы соз арқылы анықтауына қарамастан әлсіз болмайды. Ал метафора болса, алдын ала елестете отырып, поэтикалық бола алады. Бұл сонымен қатар барлық Ұлылыққа тән, ол оз мәніне байланысты адамның санасындағы табиғи күйін алмастыруға "ол не?"- ге әкеп соғады, осы қалыптасқан көзқарасқа байланысты ешкім "ол не?" дегенге жауап бере алмайды. Бесеуіндегі әрбір силлогистикалық өнерге әртүрлі сұрақтар тән, арнайы сол өнердің түріне байланысты бөлінеді, философияда - аподиктикалық сұрақ, дикалектикада - диалектикалық, софистикада - софистикалық, риторикада - риторикалық, поэтикада - поэтикалық сұрақ болып бөлінеді. Бұл өнердің түріне арналған сұрақ, түріне, грамматикалық құрылымына және де күйіне байланысты өнердің басқа түрінің сұрақтарымен сәйкес келеді. Өнердің әр түрінде сұрақтың белгілі бір сәтті орны, немесе кейде сәтсіз орындары да бар. Өнерде кей сұрақтың сәтті болатын себебі оның грамматикалық құрылыммен үйлесімді болатындығында. Ал диалектикалық сұрақ екі жақтың қарама-қарсы күшін анықтайды. Ол көптеген өнер түрінде кездеседі. Ал риторикалық сұраққа тоқталатын болсақ, екі қарсылықтық сұрақтың біреуіне ғана қатынасын білдіреді. Әбу Насыр әл - Фараби философтың әріптер туралы трактатының аяқталған жері осы. Аль-Фараби. Книга букв. Алматы: Қазақ университеті, 2005. С. 40-219.
ТЕОЛОГИЯ ИЛӘҺИ ғылым "Иләһи ғылым" /1/-жайындағы бұл трактатта мейірбан, ғалым - ойшыл, тақуа Әбу Насыр әлФараби (Алла оны рахым қылсын) былай деді: Бізге оның аналогия жолымен шынайы құдайшылдық болғаны анықталғаны сияқты зерде /2/ мен бірінші негіздің /3/ мәніне дейін жетуіміз қажет. Алайда, бұл нәрсеге кірісуден бұрын біз күллі форманы жеке түрде емес біріккен түрде көреміз мейлі ол табиғи болса да, жасанды болса да деп нандырып басқа жолмен баруды қалап отырмыз. Жасанды форма мыста, ағашта немесе таста іске асады. Жасанды формалардың ешқайсысы оған шеберші кейбір элементтердің /4/ түрінде пішінін беріп жаратудан бұрын өмір сүруі мүмкін емес. Осылайша шеберші мыстан адамның формасын, ағаштан кереуеттің формасын жасайды бірақ, ол форманы элементтерден бөлек жарып жасауға шарасыз. Дәл осы сияқты табиғатта формаларды бөлек элементтерге ендіре отырып іске асырады. Табиғат форманы жалғыз өзінен жасай алмайды тек, басқа элементтің (кұрамында) ғана жасауға құдіретті бірақ, ол түрлі нәрселерден құралатын форманы жаратуға және оны өзінің бастапқы қураған құрамына қайтара алады. (құдіретті) Мысалы, адамның формасы дене мен жаннан құралады. Ал дененің формасы торт [нақты] элементтерден құралады /51. Егер форма бұрылса онда, ол осы торт элементке оралады. Бір созбен айтқанда, біз көріп тұрған әрбір нәрсе белгілі элементтер мен формадан құралады. Элементке келер болсақ онда, ол - материя. Ал формаға келсек онда, ол элементке қарағанда анағұрлым күрделі нәрсе. Кейін біз жанның қарапайым ба әлде, ол бірінші материя /6/ мен формадан құралған ба? - деген [мәселені] зерттейміз. Бірінші элементке келер болсақ онда, ол элементтерден құралған. Ал формаға келсек онда, ол соның ішіндегі зерде болмақ. Осы айтылған мәтіннің мазмұныңмен келе отырып біз "күллі нәрсе материя мен формадан құралған" - демекпіз. Дегенмен, бұл жерде формаларды жарататын жаратушының және ол форманы алып жүретін көтерушінің бар екенін айта кету қажет. Егер пішінді көтерушінің бір формасы бар деп айтатын болса онда, ол - от, ал егер оның басқа формасы бар десек онда форма - су, кейін ауа, онан соң жер болуы мүмкін. Бұл формалар бірінші материялардан емес, басқа нәрселерден құралулары мүмкін себебі, бірінші материяға басқа нәрседен кіреді [бұл жағдайда] зерде жанның формасы болып отыр десе болады. Жанның денелерге беретін түрлі формалары сияқты нақ осы зерде де жанға түрлі формаларды береді. Алла зердеге барлық формалардың күшін берген. Зерденің жанда жасайтын формалары - шынайы формалар болмақ, ал жанның денелерге беретін формалары солардың мысалдары мен өзгерістері. Сонымен жан зердеге қарағанда басқа болады, зерде жаннан анағүрлым абзал, ал анағүрлым абзал өзінен төмен нәрседен жоғары тұрады, құп көрінеді. Бұл адамдардың (2-бет) жан тамам болып кемелденсе зердені жаратады деген пікірлеріне қарсы келеді. Бұған дәлел ретінде зерденің қабілетті шынайылыққа тек бір себептің арқасында алып келетінін келтіруге болады. Ол себеп бір актуальды түрде бар болған күшке ие. Сондықтан, егер бір нәрсе потенциалды түрде басқа нәрсенің ішінде тұрған болса онда, ол жандағы бірінші материялық түйсікті нәрселерге жатуы мүмкін емес. Себебі одан тарап жатырған нәрселер әуел бастан потенциалды, соған орай олар актуалды. Ал зерде - күллі нәрсе және күллі нәрселер соның ішінде. Алайда бұл нәрселер оның ішінде бір объекті сияқты емес, әрекеттің субъектісі секілді. Зерде бұлардың ішіндегі
себепке ұқсайды. Оның ішіндегі күллі нәрселер бірге құралған және бірін-бірі анықтайтын себепке айналған. Мұндағы нәрселердің мысалы, бір жанда бірнеше білімнің мекені бар болғанына ұқсайды. Бұл білімдер бір-бірімен араласпайды және басқалардың шаруасына да араласпайды тек, өзінің қызметімен машғұл. Дәл сол сияқты зерде де күллі нәрсе болмақ. Зерде жанға қарағанда бұл қасиетке анағұрлым лайық. Нәрселер зерде де болғандарына қарамай бірге болмайды, әрбір зерде басқа зерденің күшіне ұқсайтын өзінің жеке құдіретіне ие болып өзінде бір нәрсені қамтиды. Әмбебапты зердеге келер болсақ онда, ол түйсікті дененің форманы қамтығаны сияқты және бүтін нәрсенің бөліктерді қамтығанына ұқсап өзінде күллі қуатты және барлық нәрселерді қамтиды. Түйсікті білімдер де зерделі жанда болады, ал зерделі жан осы формаларды таниды. Бұл түйсікті формалар өздерінде және жасырын формалардың көріністеріндегі өзгерістерінде бар нәрселерден кейін болады. Интеллектуалды білімдерге келсек, бұлар жасырын білімнің дәл өзі. Зердеден бірде зерделі жанға барады да, ол түйсік арқылы қабылданатын нәрселердің біліміне иелік жасамайды. Онда болған нәрсенің барлығы - білім, ал ақылмен танылатын, ақылмен танитын оның ішкі қасиетіне тән. Олар оның ішінде үнемі болуы себепті олар әуелгі нәрселерге сондай-ақ, ол актуалды зерде. Ол нәрселерді зерттеумен [шұғылданбайды] себебі оған тән, күллі нәрселер сырттан пайда болған жоқ, олар жайындағы білімнің түсінігінде ой жүгіртілмейді және талданбайды. Себебі ой –жүгірту мен талдау жасау зерделі жан¬да эсер қалдырады. Алайда, бірінші зерде оз бетінше бар және ол оз бетінше күллі нәрселерді қамтушы. Кімде-кім, күллі нәрселер бірінші зерденің пікір қылғанындай болады деп нандыратын болса қателеседі әрі дұрыс айтпаған болады. Өйткені, зерденің бір нәрсе жайында ой - жүгіртуі үшін сол нәрсе жайында пікір болмастан бұрын сол нәрсе туралы пікір етушінің болуы қажет. Әйтпесе қалайша пікір қылушы, әлі жоқ нәрсе жайында ой жүгіртеді? Біз сенің о дүниедегі формалардың мөлшері бүл дүниедегі /8/ формалардың мөлшерімен тең келеді ме әлде ол жақта форманың мөлшері көп пе? екенін білгеніңді қалаймыз. Алайда, оны баяндаудан бұрын біз әуелі ол жақта жасанды формалардың барлығы да бар ма әлде бір бөлігі ғана ма? екенін айқындауды жон көріп отырмыз. Бұл бір құпия емес себебі, құпиялар әуелгі материя әсерінің жеткіліксіздігінен, нанымсыздығынан немесе жоқтығынан туындайды. Егер осы бірінші материяға қателік енген болса онда, құпия туындайды. Түйсікті формалар мен қозғалыстар сенің бұл дүниеде көретін формалар мен қозғалыстарға сәйкес келеді және сол шамалас болады ал, ол жақта әлбетте мұның барлығы болмайды. Ал енді адамды суреттеуге келер болсақ яғни, оның өмірі мен (3-бет) зердесі жайында адамдарда өмір сүру қалпы бар ма және адам осы қалыптың көрінісі болады ма, оның алдағы өмірі оның қалпына қатысты жағдайы, онда мұның барлығы зерделі әлемде бар. Себебі шамаластық дегеніміз - зерделі күштен шығатын қуат. Сондай себептің салдарынан музыка өнері сол дүниеде болу нәтижесінің, жетістігінен шығып отыр. Музыка өзінің қасиетін сол зерделі әлемнен алып отыр. Күмәнсіз ол түйсікті емес, интеллектуалды. Дәл сол сияқты арифметиканы алайық. Арифметика да түйсікті емес, интеллектуалды нәрселерге жатқызылған арифметиканың мысалы болады. Енді түйсікті - интеллектуалды өнерлерге келер болсақ, бұларға құрылыс көтеру мен сауда-саттық жатады. Булар әуелі болып есепті, дұрыс реттілікті, дұрыс құрылымды пайдаланды. Бұл жағдай сол жақтан бастау алатын интеллектуалды білімде даналықты қолдау арқылы ғажайып
шамаластыққа жеткен нәрсеге де қатысты. Түйсікті элементтерді іске асырып, көркем шамаластықпен бірге араластыратын өнерлер сол әлемде өзіне тең келетін мысал таба алмайды. Бұл дегеніміз кез келген құрылыс және кез келген сауда өнерлері ол жақта бола бермейді. Ол тек керемет шамаластықпен керемет елесі бар өнерлер ғана болады. Сол сияқты мұндағы медицина ол жақтағы медицинадан ерекшеленеді. Ол жақтағы қуат бұл жердегі қуатқа ұқсамайды. Себебі, ол жақтағы күллі нәрселерге тұрақты және бір қалыпқа ие. Олар жоғалып кетуге де, құбылуға да бейім емес. Астрономия өнеріне келер болсақ онда, ол интеллектуалдыға жататын болғандықтан сөзсіз, ол әлемде бар. Мен оны ол жақта орны бар нәрсе деп қабылдаймын. Себебі, бұл өнер Бірінші мәннің мәнін айқындаудағы жоғары даналық. Сондай-ақ ол аспан денелерін, олардың қозғалыстарын және әрекет өлшемдерінің белгілерін таниды. Демек, мұнда бір қозғалтушының бар екенін және жоғары әлемдегі бар пішіндердің түйсікті әлемдегі пішіндерден артық екендігін білдіреді. Егер жан бұл жерде болмағанда және оны біреу бұл әлемде жаратпағанда онда, бір үлкен [оз бетінше] болмаған болар еді. Егер біз бұл нәрселердің барлығын сипаттайтын болсақ онда, әуелгі табиғи нәрселер дегеніміз зерделі әлемді қоршап тұрған нәрселер деп айтқан болар едік. Бірақ біз анағұрлым мейірімді [бастаулардың] қалайша бар болатынын зерттейміз. Олардың қалайша бірлі-жарым және қарапайым болатынын сондай-ақ, қалайша түйсікті нәрселердің көптік болатынын айқындаймыз. Сонымен қатар бұл жаратылыстардың барлығы қалайша Жалғыздан пайда болғанын және жаратылыстың кейбірі қалайша зерделі, басқалары түйсікті болғанын талдамақпыз. Зерденің анау шарапатты әлемнен алып келетін күллі нәрсесі дархан және лайық ал, түйсікті әлемнен алып келетін нәрселері дара және тұрақты. Дәл сол сияқты зерделі жанның Таза, көреген зердеден шығарған нәрселері дархан және лайық ал, түйсікті әлемнен шығарған нәрселерінің барлығы тұрақты және пасық. Ал енді зерделі индивидтерге және олардан жоғары орналасқан нәрсеге қатысты айтар болсақ онда, біз басқаны біліп және өзін білмейтін әрбір нәрсе шынайы білімге ие емес. Күрделі нәрсе өзінің мәнін білуі мүмкін бе әлде өз мәнін білмеуі (4-бет) мүмкін бе? Бүл жағдайда жәй зат турасында: ол өзінің мәнін және басқа сезімді нәрсенің мәнін біледі - [деп айтуға болады]. Сондай-ақ ол өз мәнінің сыртындағы мәнді де таниды бірақ, ол зерденің бар екенін білуге шарасыз. Елес пен ойда осының кебін киеді, ол екеуі өздерінің сыртында ненің бар екенін біледі бірақ, зерденің бар екенін білмейді. Зерде болса түйсіктің, елестің және ойдағының бар екенін біледі әрі оны жақсы сипаттап береді. Интеллектуалды нәрселер болса күмәнсіз зерде арқылы дәл және дұрыс танылады. Зерденің интеллектуалды нәрсені дұрыс және нақты танитынына ешкімнің күмәні жоқ. Жанның сезімді бөлігі болса ол тек өзінен тыс нәрсені ғана таниды. Ал енді жанның ой жүгіртетін бөлігіне келер болсақ онда, ол өзіне елестен берілетін нәрсені де, сезімнен берілетін нәрселерді де жатырқамай таниды. Ол бүл нәрселерді таңдайды немесе оларды біріктіреді яки болмаса ажыратады. Бұған қоса жанның ой жүгіртетін бөлігі өзіне зерденің берген нәрсесін танып біледі. Біздің ішіміздегі түйсік құл сияқты ал, зерде - патша тәрізді. Егер біз зерденің канондарын қабылдап оның жолымен барсақ, онда біздің де патша болып олардың жолымен жүруімізге болады. Түйсік зерде де бар нәрсені алуға шарасыз себебі ол түйсіктен қашық. Дәл сол сияқты зерде де түйсікте бар нәрсені алуға құдіретті бірақ, ол бұл нәрсеге тек жанның арқасында қол жеткізеді. Ойға келер болсақ, расында да ой әлемді көреді және ол онымен шектелуі мүмкін екенін біледі, оны жанның бір күші деп таниды. Ой өзінің сыртындағы нәрселер жанында ой жүгіртеді, олардың
ерекшелігін ажыратады, олардың ішінен таңдаулысын таңдайды. Ой шынайы ақиқатқа ұмтылған уақытта зерденің канондарын пайдаға асырады. Ойдың үстінде одан да жоғары орналасқан, анағұрлым шарапатты нәрсе бар ол - зерде. Зерде өзінің мәнін таниды, ол өз мәнінің сыртындағы нәрселер жайында мәлімет беретін білімге мұқтаж емес. Біз зердедегі көретін және көрінетін нәрселерді бір деп айтамыз. Егер кімде-кім зерде және зердемен пайымдалатын нәрселерді бір нәрсе деп айтар болса, онда қалайша зерде өзінің мәнін ойлайды? [деген сұрақ туады]. Біз оған: "Егер зерде және зердемен танылатын нәрсе бір болса, онда жаратушы да, жаратылған нәрсе де, бір нәрсе болады" деп айтамыз. Себебі, зердемен танылатын нәрсе зердемен танушының мүмкіншілігі емес. Өйткені [ол] зерденің болмауы немесе өмірінің болып болмауы яки, басқа нәрсенің бар болуының арқасында зердемен танушы болып отырған жоқ. Мысалы тас немесе өмір сүрмейтін т.б. нәрсе сияқты. Дегенмен, оның ақылмен таныған нәрселері оның бірінші субстанциясы ал, бірінші субстанция - бірінші ақылмен пайымдалушы. Егер оның ақылмен танылатын нәрсесі өзекті болса ал бұл дегеніміз бірінші зерде болғаны онда, оның ақылы да лажсыз дархан болмақ. Бұл зерде субстанциялы зерде актуалды түрде бар болған нәрсе себебі ол потенциалды зерде емес, актуалды зерде. Ендеше, оның ақылмен танылатын нәрсесі де актуальды. Мұндағы әңгіме біз айтқандай зерде және оның ақылмен пайымдалатын нәрсесі екеуінің толық ұқсастығы жайында болып отыр. Бұл дегеніміз зерде және оның ақылмен пайымдалатын нәрсесі де шынайы. Ол ақиқатты шынайылық және оның шынайылығы ақиқат, бұл ақиқаттылық өздігінше алғашқы ақиқаттар болмақ. Мұның [барлығы] оның мәніне қатысты сырттағы жағдай емес, олай болса сөзсіз, Ол өзінің мәнімен бірге өз мәнінде болады. Ол зерде болмысындағы зерде және ол ой жүгіртуге қабілетсіз зерде бола алмайды. Ал енді бұл солай болса онда оның ақиқаттылықты мәні арқылы өзін-өзі тану білімі - қажеттілік. (5-бет) Ол бұл жағдайда әсіресе, сырттан болған әрбір әрекеттің бір бөлігі болып зерденің өмірі үшін өмір мәнін жоғалтуы тән емес түріне ие болады. Себебі ол сырттан болатын нәрсеге мұқтаж емес, ол мұндайдан шаршайды. Егер кімде-кім ақыл жоғары мәртебелі Алланы таниды. Оған талпынады. Оны тану жолында шаршайды деп айтар болса, ол Алланы танып өзін тани алмадым деп табандылық таныта алмайды. Бұл жағдайда ол және оның білімі бір бүтін бола алмайды 191. Біз ақыл жоғары мәртебелі Алланы таниды және Оған ұмтылады. Егер ол Оны таныса онда Оның мінінде таныды деуіміз мүмкін. Олай болса ақылда болған мүмкіндіктер мен білімдердің барлығын мейірімді де жеткілікті субстанциямен беріліп отыр. Егер зерде өзіне тән қайсыбір мүмкіндіктер және қайсыбір білімдер себептердің себебі болған себептен келіп отырғанын білсе, онда ол өзін сол себептің жасаған тартуларының бірі екенін ғана емес, жоғары мәртебелі Алланың тарапынан келген күллі ізгі тартулардың бір екенін де біледі. Себебі, ол - білім де, күш те, субстанция да және онда болған нәрселердің барлығы да бір бүтін. Бұл - зерде. Алайда ол мұндай қасиеттерге ие бола тұрып [бар болғаны] салдар болып қала берді. Егер біз [жоғарыда] айтқанымыздай зерде Алла Тағаланы тануы мүмкін болса онда, ол Оның құдіретін де тануы мүмкін. Ал егер зерде Оның құдіретін таныса онда Оның мәнін де таниды. Себебі, ол Оның құдіретінің ішіндегі бір күші. Зерде Алла тағаладан алатын күшке ие болады. Егер зерденің Алланы тануға шамасы келмесе онда, Алла тағала оның танымынан жасырынып тұруының себебі ондағы біліммен танылатын нәрсенің мәні бір. Осы қырынан қараған кезде зерде өзінің мәніне ой жүгірте алмауы мен оны тани алмауы себепті толық саналмайды. Осыған қарап бүл жерде көру мен білім - көрінетін және танылатын мәндер деп ой қорытуға болады. Біз тыныштықты зердеге тән болғаны сияқты басқа нәрсеге тән емес деп айтамыз бірақ, зердедегі тыныштық оның сыртында тұрған нәрсе емес алайда әрекет басқа, сыртта тұрған нәрселерге тұрақты болуы мүмкін. Бұған мысалы ретінде әрбір әрекет етушінің жасаған әрекеті, әрекет
жасамаған нәрселерге қатысты статикалық болатының келтірген жөн. Бұған қоса әрекет қылушы потенциалды емес актуальды түрде әрекет қылушы және онымен оның әрекетінің арасында ортақтасатын еш нәрсе жоқ. Егер ол осы қасиетте тұрса, ол өзінің әрекетін жасайды, өзінің мәніне ой жүгіртіп оның сыртында емес, мәніне бойлайды. Осылайша, ол өзінің сыртында тұрған нәрселерге қатысты статикалық түрде әрекет қылушы болады. Жанға келер болсақ, онда ол мынадай: ол зердеге еретін болса оның әрекеті ішінен іске асады, егер ол түйсіктен еретін болса онда оның әрекеті сырттан болады. Себебі, ол екі бөлікке де қатысы бар әрі күллі нәрселер зерде әрекетінің ықпалына және зерде әрекетінің таңбаларына тәуелді, ал зерде, зерденің әрекеттерімен тең. Зерденің кейбір таңбалары зерденің әрекеттеріне қатты ұқсап келсе енді кейбірлері алшақ ұқсайды. Өйткені зерденің әрбір таңбасы зерденің әрекетіне жақын әрі оған қатты ұқсайды, ал одан алыс болғандары соғұрлым аз ұқсайды. Егер адам: "Қалайша зерде өз мәніне ой жүгіртуі мүмкін және ақыл мен танылатын нәрсені қалайша пайымдайды?", - деп сұраса (65-бет) біз: "Ол жақтағы ақылмен танылатын түс, форма сияқты денелерге тән ақылмен танылатындарға ұқсамайды", - деп айтамыз. Ол жердегі ақылмен танылатындар бұл жақтағы денелік пен табиғи сондай-ақ, элементтерден тұратын ақылмен танылатындардан бұрын пайда болған. Олар мыналар емес. Бұл денеліктер көзге көрініп тұрса олардың табиғаты көзден таса, көрінбейді. Ақылмен танылатын олардың табиғаты сондай, олар өздерімен өздері ақылмен танылады, көзге көрінбейді себебі, олардың өздерімен мәндері - бір нәрсе. Сондықтан зерде оларды өзі жаратқандықтан өзінде бар нәрсені көреді, өзін пайымдайды. Ол және оның жаратқандары - бір. Сезімді табиғат болса өзіндегі бар нәрсені көрмейді. Себебі, оның өзі жаратылған әрі соған тән. Оның күші болса сол жоғары күштің мысалындай. Ақиқат күш бұл әлемнен жоғары тұрғандықтан бірінші құрылым, сол жоғары әлемде тұрып зерде үшін ақылмен пайымдалатын нәрсе және ол үшін орналасатын жәй. Ақыл дегеніміз осы. Себебі, [бұл жерде] иеленуші мен иеленетін нәрсе - бір. Егер жан ақылдан өсімдікті, не сезімді өмір алмайтын болса, ол күмәнсіз өзінше бір ең үлкен нәрсе болғаны өйткені, интеллектуалды өмір ақыл өміріне қарағанда анағұрлым үлкен. Себебі, ол ақылды бола тұрып бірінші қозғалыс, бірінші жарық. Ол әуелі өз мәнін жарық ететін нәрсе, ол өз мәнінің қатынасына қараған уақытта бір мезгілді жарықты қабылдаушы әрі жарықтың қайнар көзі болады. Ол ақиқат ақылмен танылатын және ақылмен танушы. Ол өзін пайымдайтын зерде, өзінің ақиқаттығын растау үшін басқа нәрсеге мұқтаж емес. Ол ой жүгірту үшін өз жанының пайымдайтын нәрсесіне ойы жеткілікті, ол өзін пайымдау мен бірге басқа нәрселерді де пайымдайды. Ол біз арқылы белгілі және оны біздің беріп жатырған біліміміздің арқасында таниды. Біз оны қалайша суреттеп береміз және қандай қасиеттерді оған [таға алмаймыз?]. Баяндалған көзқарастардың бар болуы үшін бізге жан туралы білімді зерде туралы білімге таңуымыз [қажет], себебі жан дегеніміз - зерде үшін суреттеу мен көрініс зердеден тарап тұрған жарық және онымен байланған зерденің ішіндегімен оның атырабындағы нәрседен басқа ештеңе емес. Жан дегеніміз - ауаның күн сәулесіндегі сиымды орыны сияқты зерде үшін сиымды орын. Дәл сол сияқты таза жан зерденің жарығына сиымды орын болады. Демек, біз жан өз мәнін пайымдай алады деп айтуымызға [болады], өйткені ол көріністе зерденің жарығы, сондықтан ол өзіне тең келетін басқа жанды көре алады. Егер жан зердені тану қалауына иеленсе, онда ол бұл әрекетті біз суреттеп берген үйлесімдікпен орындай алады. Ал енді зерде өзінің мәнін тануды қалаған жағдайда онда ол қарапайым, мәңгі зерде болғаны үшін үйлесімдікке мұқтаж емес. Ол өзінің мәнін тану үшін бөліктерге бөліну қажеттілігін керек етпейді, өзін жай әдіспен танып алады.
Егер зерде бар болған ең жоғарғыны білуді қаласа онда, ол жай ғана оған өзінің мәнін салады, кейін ара қашықтықты ұлғайтады да, өзінің не нәрсені талап қылып жатқаны жайын да ой жүгіртеді. Ол әр нәрсе жайында жеке-дара ой қорытады және ойлап байқайды. Ол ой жүгірткен нәрсенің барлығы оның мәнінде көбейеді және зерде бар болған ең биік нәрседе көптік болады. (7 бет) Егер ол мұны тануды қалаған жағдайда оған өзінің мәнін зерде емес, көру қабілеті сияқты тән мәнін қосады. Себебі, егер зердені үнемі болатын Бірінші себепке иелендіретін болса онда, сезімді көру қабілеті сияқты болып Бірінші себепті меңзей қарауға қажеті туады бірақ, оны көру қабілетімен көрмейтін болады. Сонда ол өз мәніне қайта оралады да коп мәрте талдау мен ойлап байқау тұрғысынан қараған уақытта, көптік қалпына келеді. Зерде тыныштыққа талпынған уақытта оның Бірінші себеп білімі мен оның қиялындағы форма өздерінің қалпына кері қайтады. Сондай-ақ, олармен бірге әуеліде өзі елестетпеген басқа нәрселерге және оның жанындағы формаларға оралады. Зерде ізденіп отырған және күткен нәрселерді көбейтпестен өзі көбейеді. Зердеде өзі көрген және ол жайында ойлаған заттың бейнесі өзі көрген қалпында болуы қажет, сонда зерде бірлік емес көптікке айналады. Ал енді жағдайда осылай екен онда, ол зерде емес көру қабілетіне айналады. Себебі ол затты көрген уақытта зерденің көргені сияқты емес, көру қабілетінің көргеніндей көреді. Біз зерде мен оның әрекетінің араларында ниеттің бар екенін айтамыз. Өйткені, ол [әуелі] қала кейін әрекет жасайды. Себебі ол әрекетті өзінің ақиқаттылығының арқасында емес, әрекетті зерде болғаны үшін жасап отыр. Зерде білуші, ал білуші қалау қасиетіне ие. Ол бір нәрсені қалап соны тануға ұмтылады деген сөз егер зерденің мұндай қасиеті болса, онда ол күмәнсіз, бірлік емес көптік болады. Сондықтан ол бірінші қозғаушы /10/ емес, себебі бірінші қозғаушы әдейі өзінің әрекетінен бұрын келмейді, ол тек әрекет қылады. Себебі, оның [әуелі де] зердені жарату ниеті жоқ болды кейін, зерде қалау пайда болған соң барып келді бірақ, бір нәрсенің пайда болуын қалайтын қалау емес. Егер бүл сондай болғанда онда, қалау оның әрекетінен бұрын тұрып және ол жеткіліксіз болған болар еді. Өйткені оның қалауы онымен оның әрекет объектісінің ортасында тұрады және оның бір нәрселерге қатысты жасаған әрекеті басқа нәрселердің әрекетіне өтеді. Алайда, ол нәрселерді бір актге жаратты және олардың жасалуы бір мезгілде болды. Ол бір қозғалмайтын, бір қалыпта тұратын және бір жағдайдан екінші жағдайда өтпейтін нәрсе. Осы қасиетке сәйкес Бірінші қозғаушы мәні бойынша қозғалыстың барлық түріне қатысты статикалық және қимылсыз болуы қажет. Егер ол осындай қасиеттерге ие болса онда күллі жаратылысты жасайды ал егер олай болмаса онда оның қозғаушы әрекеттен бұрын, ол оның зат туралы білімі басқа білімнен бұрын тұруы қажет болып, ал оның Бірінші қозғаушының бірінші әрекеті - зерде. Зерде дегеніміз заттарға күннен түскен күннің сәулесі сияқты дархан субстанциядан келіп тұрған жарық деген бірінші білімі жеткіліксіз болар еді. Осылайша Бірінші қозғаушы күллі зерделі нәрселерді жаратады. Оның өзіне келер болсақ, онда ол күллі зерделі [нәрселердің] жоғары [орналасқан] себебі өзінен тарайтын жарықты зерделі нәрселерге түсіреді. Олардағы жарықтар сол зердеден тараған жарықтан шығады. Зерделі нәрселердегі жарық оларға қарсы келмей қала берді. Бүл заттар Ол емес және Ол - олар емес. Егер біз Ол - олар емес және субстанция емес, зерде емес және басқа да нәрселер емес деп айтсақ та, біз оны субстанция болмайды. Ол зердеден мақұрым, білім мен көру қасиетінен айырылған - деп айтып отырғанымыз жоқ, бірақ, оны субстанциядан жоғары, зердеден биік білім мен көру қасиетінен жоғары [орналасқан] деп айтып отырмыз. Себебі Ол көреді және өзінің мәнін біледі, ал оның мәні болса күллі мәннен жоғары сондықтан да Ол күллі білімнен жоғары туратын білім болады өйткені, Ол - Бірінші білім. Ол білу үшін мүлдем мұқтаж болмағандықтан кез-келген білім мен зердеден жоғары тұрады.
Білім дегеніміз екінші субстанцияда болуы мүмкін. Себебі ол Бірінші субстанцияны білуге мұқтаж. Бұған шынайы субстанция аты лайық емес және біз Оған нәрселерден тең келетін және олардың есімдерінен тең түсетін еш нәрсе таба алмаймыз. Бірақ, Оған Өзіне ғана тән келетін есімдердің ішіндегі ең лайықтысымен атаймыз. Егер кімде-кім: "Егер сендер Бірінші білушіні білмейтін нәрсе қылсаңдар, онда сендер Оны сезбейтін және одан мейлінше жаман әрекет жалғасатын нәрсе жасадыңдар", - деп айтатын болса, онда біз оған: "Оның білмеу себебі Оның надан болуы мен білімге қарсы келуінде емес", - деп айтып оның астарында, Оның білімнен биік тұрғанын меңзейміз. Өйткені, Ол тек білім және танылатын нәрсе бар болғанда ғана білуші болмақ, Ол ақыл және ақылмен танылатын нәрсе бар болған уақытта ақылмен танушы. Сөйтіп Ол осы негізде артып отырады. Алайда, біз оның қандай тараптан болсын көбеюге жатпайтыны жайында айтып өткенбіз. Бірақ егер Оны танылатын нәрсені қажет етпейтін білуші деп айтса біз оған Оның білімі жалған және ақылы да ақылмен танылатын нәрсесіз жалған болмақ - деп айтамыз. Ал егер оны білім және танылатын нәрсе, ақыл және ақылмен танылатын нәрсе деп айтар болса біз оларға: егер зерде мұндай қасиетке ие болса, онда ол көптік [болады] және сезімді болатын тәрізді себебі егер зерде өзінің мәнін таныса, онда оның мәнімен қабылдағышы өзінің универсалын қабылдайтын бір сезімді нәрсеге ұқсайды деп айтамыз. Мәніне қатысты өзіне - өзі жеткілікті, қарапайымға келер болсақ онда, ол өзінің мәнін тану үшін еш нәрсеге мұқтаж емес. Сол сияқты өзіне-өзі жеткілікті екінші қарапайымға келсек, онда ол өзінің мәнін тануға және бірінші қарапайымды тануға мұқтаж. Танымның бүл түрі жеткіліксіз әрі толымсыз өйткені өз универсалын тануға мұқтаждығы бар. Егер ол [өзінің] универсалын танитын болса онда, ол өзінің құралатын қасиеттерін таныған болады, ал бұл құрылым болса бірінші қарапайымда бар. Сезімді нәрсенің көптеген нәрселер арқылы танылатыны сияқты зерде де егер өзінің мәнін білуді қаласа оны тану үшін өзінің мәніне оралады да оралу деген бір заттан екінші зат өту арқылы іске асады. Егер зерде өзінше көптік болмай керісінше, шынайы бірлік болған болса онда, ол өз мәнін тану мақсатында оған оралмаған болар еді бірақ, ал Оны тек өздігінен ғана танитын болды. Оны суреттеуші Оған сәйкес келетін қасиеттермен сипаттауға құдіреті жетпейді ал оны танушы Оны адекватты біліммен танымайды. Біз болсақ оны белгілі нәрселердің қасиеттерімен сипаттаймыз, ал егер Оны танитын болсақ, онда оны ақылынан адасып, шатасып қалған адамның білімімен танимыз. Бәлкім бұл адам Оны суреттеп берер бірақ, суреттеуі барысында оның осы сипатқа сәйкес келуі немесе Оның бұл сипатпен мазмұнынан алшақ (жоғары) болатыны жайында хабары да жоқ болар. Дегенмен, егер біз өзіміздің ең әуелгі нәрселерді танып-білу қалауына беріліп зердеміз өткір және таза болатын болса мақсатымыздың қасы шамалап қалуымыз мүмкін. Біз кімді субстанциясы бар етіп жасаған болсақ, онда біз үшін нәрселер мысалдарының мазмұндарын бергенде сол - деп айтамыз. (9-бет) Енді Оған келер болсақ, онда Ол зердеден жоғары және субстанциядан да биік. Ол олардан анағұрлым ізгі және анағұрлым дархан. Себебі Ол біз оны суреттеген, қасиеттерден шексіз үлкен өйткені, Оның өзі шексіз қасиеттерді жаратушы. Ол зердеден анағұрлым ізгі әрі дархан, зерделі және сезімді өйткені ол осы нәрселердің барлығын жаратушының өзі. Ендеше, Ол не зерде емес, не зерделі, не сезімді де емес. Егер кімде-кім: "Ол зерделі мен сезімді нәрселерді қалайша жаратады, олар оның ішінде болды ма әлде болмады ма? Егер олар Оның ішінде жаратылыс сияқты бар болған болса, онда бұл
жағдайда Ол қарапайым емес пе? Ал егер Ол оларды жаратып және олар Оның ішінде бұрын соңды болмаған болса, онда қалайша оның ішінен көптеген нәрселер шығады? Ол - Жалғыз әрі қарапайым ба? Бәлкім, Оның жаратылысы да сол сияқты жалғыз және қарапайым болар?", - деп сұраған болса. "Қалайша Жалғыз және қарапайым басқа нәрсені жаратады?", - деген басқа сұрақ сұралса. Жауап беруші кісі былай айтуы қажет: "Жарық түсірушінің жарығынан жарықтың түсетіні сияқты қарапайым нәрседен қарапайым нәрсе шығады". Ал енді қалайша Жалғыз әрі қарапайым көптеген нәрсені жаратады? - деген сұраққа келсек, онда біз былай дейміз: "Оның себебі мынада жатыр: бір нәрседен жаратылған нәрсе Оның мысалындай болмайды және Одан асқан ізгі де болмайды, керісінше Одан төмен болмақ. Жалғыздан асқан ізгі жоқ және жалғыздан озған биік жоқ". Жалғыздан тарайтын жаратылыс Одан төменде тұрады ол төмендегі нәрсе бір жетілмеген нәрсе. Жалғыз - коп нәрселердің себебі және жалғыз олардың барлығының ішінде бірге болуымен қатар олардың әрбіріне де жеке болады. Сондықтан егер дүние бар болса ол жалғыз жағдайға сәйкесетін бірлік көрсетеді және әр бір зат тірі әрі байланысты болса да оз бетінше бір жалғыздықты аңғартады. Алайда, егер әрбір нәрсе өзінің құрамы мен өміріне байланысты бірлікті көрсететін болса онда оның бірлігі оның ішіндегі күллі нәрселердің көрінісі емес. Мұның себебі оның Бірінші жалғыз болмауында жатыр. Енді Бірінші Жалғызға, бірінші [нәрселерді] Жаратушыға келер болсақ, онда күмәнсіз ол Жалғыз және Ол - Ақиқат Жалғыз. Бірінші себеп заттарды бөліктерге бөлмей жаратады яғни, Ол заттарды бірінен соң бірін жаратпайды, олардың барлығын бір зат сияқты бір актте жарататынын сенің білгенің жөн. Мұның сыры екінші себеп әрекет ал Бірінші себеп күш. Әрекет тек қана бөліктермен келеді яғни, ол тек үзіліп-үзіліп жасалады. Ал күш болса ол күллі нәрселерді бір зат сияқты бір актте жаратуға құдіретті болған күш. Бірінші қозғаушы заттарды жаратуын қалаған уақытта. Ол Зерде мен зерделі әлемнен тарап өзінің жарығын көрсететін зердені жаратты. Ол ең бірінші нәрселер мен себептерің себебі болғандықтан Одан аса жоғары нәрсе жоқ. Сондықтан да бірінші нәрселер [саны жағынан] көптік аздан тарайды. Егер Бірінші көптік болған болса еді, онда Бірінші қазіргі сияқты Бірінші болмай (10 бет) Оның алдында басқасы болар еді. Жағдай осылай болған болса онда, біз себептер Жалғызға жеткенше көтеріліп кете берулері қажет. Жалғыз қарапайыммен универсалдылардың ішіндегі қарапайымы болуы себепті кез-келген көптің сыртында және кез-келген қарапайым бөліктерге бөлінудің сыртында болатын Ақиқат Жалғыз - деп айтамыз. Біз Бірінші себеп тірі нәрселердің Өмірі, зерделердің Зердесі, нығметтердің Нығметі және бұл заттар ақиқаттылық - деп айтамыз. Ендеше бұл ақиқаттылық ол, кез-келген өмір және кез-келген зерде болмақ. Біріншінің өмірі және зердесі емес және оның артынан еретін заттардан емес. барлығын ақиқат деп айтамыз. Онда қалайша олар ол нәрседен құралады? Біріншінің артынан еретін кез-келген нәрсе Біріншіден қажеттілікпен шығады бірақ, олар осыған сай Одан делдалсыз шығады. Әйтпесе, Бірінші мен сол заттың арасына түскен нәрселердің арқасында шығар болса, онда заттарда бір жүйе қалыптасады. Бұл Біріншіден екінші кейін, үшінші шығады. Екінші өз кезегінде біріншіге қосылады, ол үшінші екіншіге оралады - деп түсіндіруге болады. Заттардың пайда болуынан бұрын делдалсыз бір нәрсенің болуы қажет. Ол өзінің артынан еріп отырған заттарға жатпайды. Сондай-ақ ал өзіне-өзі жететін, өзіне-өзі шамасы келетін, еш нәрсемен араласпаған және ол белгілі бір түрдің арқасында нәрселерге тән болуы лазым. Ол жалғыз және әуелі де бір зат болып кейін басқаға айналмаған болуы тиіс. Егер ол әуеліде басқа зат болған болса, онда ол ақиқат емес не жалғыз нәрсе емес керісінше жалған болады. Оны
сипаттауға болмас еді және ол жанында білімде болған болар еді. Ол зат кез-келген сезімді және зерделі субстанциядан жоғарғы тұрар еді себебі, бүл кезде Бірінші ешқандай қасиет және құрамы жағынан Ақиқат, Қарапайым және Жалғыз болмайды. Әрине, ол әуел бастан-ақ көптеген денелердің арасындағы құрама болған болар еді себебі, Ол қандай тараптан болса да жалғыз. Енді Жалғыз, Ақиқат және тапжылмаушыға келер болсақ онда, оның жалғыздығы қайсыбір тараптан емес өзінен-өзі жалғыз. Бірінші [нәрселер] таза әрі қарапайым емес сондай-ақ, дене де қарапайымға жатпайды бірақ, ол құралған әрі ғарыштың астында орныққан. Ендеше дене күллі бірінші нәрселердің мәні емес, ол құралған және ғарыштың астында орналасқан. Ал Бірінші болса денелі және жалғыз әрі қарапайым болғандықтан еш күмәнсіз Ол - ақылмен танылатын үш нәрсенің біріншісі. Бірінші - шынайы ақылмен танылушы себебі, зерделі мен сезімді заттар оны ақылмен тануға мұқтаж. Ол болса заттарды тануды қажет қылмайды себебі олар оның ішінде. Олардың [болмысына] себеп тек оның өзі ғана. Ол - зердені жаратушы. Екінші ақылмен танылатын - зерде және ол ақылмен танылады. Ол ақылмен танушы ретінде [өзінде] бар нәрсені ақылмен тануды қажет қылады. Ал ақылмен танылушы ретінде өзінен төмен тұрғандар үшін керек. Үшінші ақылмен танылушы сезімді материалы форма. Оның ақылмен танылуы өзінің мәні арқылы емес, акциденциясы арқылы іске асады. Себебі оны, өзін алып жүретін нәрседен ажырататын және өзінің мәні мен ерекшелігінің арқасында болмысын ұқсататын әрі суреттейтін зерде ғана. Егер: "Қалайша зерде бірінші ақылмен танылушыдан тарайды?" - деп сұрайтын болса біз былай жауап берем із: "Бірінші ақылмен танылушы (11-бет) өзінен-өзі бар, қозғалмайтын нәрсе. Ол (мысалы) көру және зерде сияқты ешнәрсеге мұқтаж емес; көзбен көруші, көруші болу үшін көру қабілетін қажет қылады; зерде ақылмен танушы болуы үшін ақылмен танылушы нәрсені керек етеді" - деп айтамыз. Бірінші ақылмен пайымдалатынға және бірінші зердеге келсек, онда ол бір мезетте көруші әрі көрінуші, ақылмен танылатын әрі ақылмен тағынушы. Бұлардың әрбірі бөлек емес, бір түрді құрайды себебі көретін және көрінетін оның ішінде және онымен бірге, ол көруші әрі көрінуші өйткені ондағы нәрселердің бөліну қасиеті жоқ және олар бөліктерге бөлінбейді сондықтан, онда өмір пайда болады. Зерде заттарды үздіксіз тыныштықта сезеді және заттарды оның ақылмен пайымдағаны сияқты ақылмен пайымдамайды. Ол үшін анағүрлым дархан түрдің жәрдемі қажет. Бірінші ақылмен пайымдаушы әрекетсіздік пен тыныштық [жағдайында тұрып] ақылмен пайымдайды. Оның әрекеті - субстанция және субстанциядан тарайтын нәрсе. Субстанция болатын зердеге келер болсақ онда, ол оның әуелгі әрекеті. Ал субстанциядан шығатын әрекетке келсек онда, ол оның әрекетінен бөлініп жатқан нәрсе, бұл оз кезегінде екінші қозғаушы. Екінші қозғаушы қажеттілікпен бірінші қозғаушының артынан еріп отырады. Алайда, бүл сондай бір қозғалысы жоқ әрекет. Екінші әрекеттің қозғалысы бар, мысалы ретінде отты [алуға болады] От - ыстық нәрсе. Ол өзі арқылы субстанцияны толтырып кейін, бұл ыстықтан субстанцияны толтырған ыстыққа ұқсас басқа заттарда ыстықтық пайда болады. Егер ыстықтық басқа заттарда ыстықтық тудыратын болса, онда ол мұны оттың әрекетімен жасап отыр. Себебі от өзінің күшіне ұқсайтын басқа күшті туындатып отыр. Ол күш өзінен-өзі бар болған екінші от. Бірінші қозғаушы абсолютті тыныштықта тұрады. Оның толымды болуынан әрекет туындайды. Бұл бір сондай әрекет, ол бар болушы индивид пен екінші субстанцияны жаратады себебі, бұл нәрсе өте ауқымды күштің арқасында іске асып отыр. Бірінші қозғаушы кез-келген субстанциядан жоғары тұрған бірінші. Ол күллі заттың қуаты. Ал енді ақылмен танылатынға келер болсақ, онда ол - күллі зат. Зерде ізгі және дархан қасиеттері жағынан жалғыз. Бұл қасиеттерден асқан ізгі және дархан болмайды өйткені, оның [өзі] - күллі зат. Ол үйлесімдік пен дәлелдеу
жолдарын қолданбай заттарды тани алатын ақиқат. Алайда мұнда зердеден анағұрлым білуші және ізгі басқа кейіптің орны бар, себебі ол зердеден бұрын тұрады. Әрі оның себебі болып келеді. Ол - Мейірімді және Құдіретті Құдай деп аталады. Егер біз Оны еске ала отырып қалған нәрселердің арасындағы сан ретінде есепке алатын болсақ онда, Ол кез-келген саннан жоғары, кез-келген сан түрінің сыртында турады өйткені, оған субстанциялы сан тән емес сол сияқты, бұл жағдай сандық көрсеткішке де қатысты. Субстанциялы санға келсек, онда ол заттың ақиқаттылығына сәйкес ол, сандық көрсеткіш болса, онда ол ақиқаттылығының көлеміне сәйкес келеді: [көлемі] қанша және саны қанша. Егер зат артатын болса онда, оның артуы бірлік санынан басталады. Арту дегеніміз затты әлсіретпейді және майда бөлшектерге де ыдыратпайды. Бұл бірлік саны сияқты, егер бір екіге айналса онда, бір екіден бұрын келетін бірлік саны болып қала береді және екідегі бірлік саны екі бірліктен құралған екі емес екі бірлік. Екінің ішіндегі екі бірлік сандары (12-бет) тең арақатынаста болады бірақ, екілік өзінің ішіндегі екі бірліктерден құралмаса, онда қалайша екі саны бірлік болады және қандай жолмен ол екеуі бір болмайды? Бұған біз былай деп айтамыз: "Екі дегеніміз бір себебі, екі санында бірлік бар. Оның көрінісіндегі түрі екі өйткені, онда екі бірлік бар, басқаша емес". Егер бірлік саны күллі сандарда қатынасатын болса онда, ол күллі заттардағы сандар сияқты әр түрлі. Сан күллі заттарда бір түрлі принципі бойынша қатыса алмайды мысалы, біз "бір әскер", "бір үй", "бір сызық", "бір ақиқат" - деп айтар болсақ. Дәл сол сияқты күллі басқа сандар мөлшерлі жиынтығы жағынан бір түрлі принципімен болып отыр [деуге болады]. Егер бестегі бірлік дәл ондағы бірлікке ұқсайды деп [айтар болсақ] онда әуел бастан кейбір сандарға тән сәйкестік формасы жайында да [айтуға болады]. Ал бұлардың кейбіріне сәйкестік екінші, үшінші мәрте сәйкестігі байқалады. Сондықтан күллі сандар бірлік санына тепе-тендікпен сәйкес келмейді. Бірлік санына ең жақын орналасқан нәрсе оның ішіндегі бірліктің формасына көп пайызды ұқсағаны әрі анығы болмақ. Ал енді бірлік санына алшақ орналасқандарының бірлікке ұқсастығы анағұрлым әлсіз және анағұрлым жасырын. Осылай пифагорлықтар Бірінші жаратушыны құпиялы түс деп атап оны өте аз түс деп түсіндіреді және Бірінші бар бірақ, заттарда қатыспайды дейді. Бірінші жаратушы әлемге меңзей қарайды және Одан бұрын ешқандай әлем болмаған, Ол жаратылыстың бір жерінде тұрған жоқ себебі, әлемді жаратқан өзі. Ол бір белгілі орында да тұрмайды өйткені, мұндай орын дүниеден бұрын болған емес. Дүниенің бөлшектеріне келер болсақ, онда олар әлеммен байланысты және оның ішінде өмір сүреді. Ал жанға келсек, ол әлемде емес, керісінше әлем оның ішінде дәл сондықтан жанның сиымды орны дене емес зерде болмақ. Дененің сиымды орны - жан, ал зерденің сиымды орны бір басқа нәрсе болмақ бірақ, зерде тұрақтаған нәрсесі, басқа зат емес, яғни оның ішінде зерденің тұрақтауы үшін одан асқан жоғары орын жоқ. Демек, Ол заттардың бірінің ішінде орнықпаған сол себепті, Бірінші жаратушы заттарда абсолютті түрде үнемі болатын емес бірақ, Ол өз мәні бойынша ылғи бар нәрсе. Ол заттарда үнемі әрі анық қатыспайды. Сондай-ақ заттар онымен қоршалмаған керісінше, Ол күллі заттармен қоршалынған. Өйткені күллі нәрселер Оның арқасында өмір сүргендері үшін Ол барлық заттарға нығмет болады. Ол бұлардың Жаратушысы және олардың барлығы Онымен байланысты. Алайда кейбір нәрселер Оған анағұрлым көбірек әрі күшті байланған болса, енді басқалары әлсіз әрі азырақ байланысты, сондықтан кейбір заттар басқаларға қарағанда күштірек болды өйткені, ақиқат олардың бірінде анық әрі көбірек қатысты, ал екіншілерінде жасырын әрі әлсіз. Егер сен Бірінші жаратушыны көргің келсе онда, сен оған бір заттарға қарағаның сияқты қарама әйтпесе, Оның өзін емес [тек] ізін көресің. Ал егер оны қалайтын болсаң, онда өз мәнімен өмір сүруші, өзіне-өзі жеткілікті, таза және жасанды емес, басқа нәрсе араласпайтын әрі күллі
нәрселерге сәйкесетін, өзіне бөтен еш нәрсе тең келмейтін (13-бет) нәрсе жайында ой жүгіртуің қажет. Егер сен осы жайында ой - жүгіртер болсаң онда, күллі заттардың арасында осы сипаттамаға сәйкес келетін бір нәрсенің бар екенін білесің. Міне күллі нәрселердің Жаратушысы осы. Кімнің Жоғары мәртебелі жаратушының құдіретін сипаттауға және ақырындап одан алып отыратын ең жетілген ізгілік ретінде оны толық алуға кімнің [шамасы] келеді? Бұл - зерде. Егер зерде Жоғары мәртебеліге ұмтылса, Оған жету үшін өзінің жүзін бағыттап кейін, Оның ең оз бөлігіне жетеді де оны суреттеген уақытта толық түрде суреттегені сияқты сипаттайды. Егер зерде бүл қасиеттерге жетер болса онда, оларды суреттеп беруге құдіретсіз. Ал егер ол Жоғары мәртебелі жаратушыны тануды қалап сол үшін тынымсыз ұмтылған болса, онда зерде Ол жайында бір нәрселер білдім деген ойға түседі бірақ, ол одан алшақтай береді себебі, Оны сипаттау барысында жеткеніне қарағанда жетпей жіберіп қойғаны басым. Егер сен Жоғары мәртебелі жаратушыны жүзбе-жүз көруді қалайтын болсаң онда, Оған назарыңның бір бөлігін емес, толықтай қара. Сөйтіп, айт: Ол - нығымет және Ол - үлкен мейірбан интеллектуалды өмірдің себебі, өйткені, Ол - өмірдің Қайнар көзі, Зерде, Субстанция және Бірінші субстанция. Себебі ол жалғыз қарапайымның ішіндегі қарапайымы, біріншінің Біріншісі, Ол - күллі нәрселердің бастауы. Ол - соларды жаратушы әрі әуелгі қозғалыс Соған лайық және тыныштық та Оған тән, Оның өзі тыныштыққа мұқтаж емес. Егер жоғары мәртебелі жаратушыны осындай біз суреттеген сияқты болатын болса онда, оған сөніп қалған назарыңмен ұмтылма. Ол - бірінші нәрсе яғни, Ол - Дүниенің бастауы. Ол субстанцияға қарағанда анағұрлым жоғары әрі лайық өйткені, Ол - субстанцияның жаратушысы. Егер бұл біз суреттегендей болса онда біз: "Күллі нәрселер сезінуге жатпайды, себебі мүлдем сезінуге жатпайтын бір нәрсе бар"- деп айтамыз. Егер Ол мұндай болмаған кезде онда, оған Рахымды және Жоғары мәртебелі Құдай деген қасиеттер тағылмаған болар еді. Бірақ, бұл адамдардың ас пен суды қатты ынтамен қалағаны сияқты болатын жағдай. Егер олар біреудің ғибадатханаға кіріп келе жатқанын көрсе онда: "Бұл құдайларға құлшылық етуге асық және қуан!" - деп шақырып, бұттарды - көрсетеді. Ол көрмей тұрған Құдайды теріске шығарады да, көріп тұрған бұтқа иман келтіреді. Олардың булай жасауы нақтылықта жоқ нәрсенің мәні де жоқ, зат нақты көзге көрініп тұрған кезде ғана бар - деп айту себептерінде бойларын түсінбеушілік пен еркін ойшылдық билеген түйсікті білімді қолдаушылар да осындай бос сөздерді айтады. Олар жақыннан көріп тұрған нәрселерге сеніп әрі олар жайында шынайы заттар осылар деп біледі. Ынтызарлықтың бұл заты, яғни сезімді ынтызарлық ақиқатында ол екінші емес, бірінші себебі, қатты ынтызарлы оны белгілі сезім арқылы көреді сондықтан біздің құмарлық затымыз екіншіге айналады. Сезімді қабылдауға тәуелді емес Бірінші ынтызарлыққа келсек онда ол кез-келген босқа ынтызарлық [затынан] анағұрлым жоғары, дархан әрі анағұрлым бұрын келеді. Ол сондай бір нығмет одан басқа ұмтылуға туратын нығмет жоқ. Сондықтан да бұл Бірінші тазаға, өзіне-өзі жеткілі нығметке жеткеннің әрбірі оны қанағат тұтады, онымен тоқтайды және оның артынан келетін нәрселерге еріп кептейді. (14-бет) Ол ең жоғары биікке және ең соңғы мақсатқа жетеді сондықтан да, Жаратушы Жоғарғы мәртебелі және Ұлы ізгі әрі керемет суреттелінеді. Оның сұлулықтан бұрын келуі уақытқа күллі күш - нығметте және сұлулық күші нығмет күшінде жаратылған емес, оның сұлулықтан бұрын келуі шынайылық пен ақиқатқа байланысты. Ол күллі нәрсенің - себебі, кім жоғары мәртебелі Жаратушыны суреттеуді қалайтын болса, ол Оның бойынан Оның барлық қасиеттерін түсіріп тек нығмет ретінде санауы қажет. Бірінші нығметке келсек онда, ол қарапайым әрі жетілген, Ол күллі нәрселер үшін нығмет. Жоғары мәртебелі Жаратушыға заттарға лайық қасиеттер тән емес. Ол бұл қасиеттердің барлығынан жоғары өйткені, Ол - қасиеттердің себебі. Ол сұлулықты ұсқынсыздықтан, ізгілікті зұлымдықтан сол сияқты өзге де қасиеттерді оның қарама - қарсылығынан жаратпайды. Алайда, олар өздерінен
жоғарғы тұрған себептерден жаралады. Ал, бүл себеп болса таза және дархан қозғаушы әрі әрекет объектісінің күллі қасиеттерімен, әрекеттерінен анағүрлым қайырымды. Себебі оның ішінде бар нәрселер оз ретімен тұрады. Сезіп білуге жататын нәрселер көзге көрінген уақытта адамдар оларды терең түрде таныдық және олардың ерекшеліктерін анықтадық - деп ойлайды. Сезімді білімді қолдаушылар білімді даналық деп атады. Қолдаушылардың арасына да сезімді білімнен жоғары көтерілгендері болды, себебі олардың ой жүгіртетін жандары оларды бірлік заттан едәуір дархан затты іздеуге итермелейді. Енді біреулері болса дархан қайырымдыларды іздеуді тәрк қылып жердегі төмен істерді пайдалануға кірісті. Олар артында өмір сүретін ешқандай нәрсесі жоқ бірінші затты сезіп тануға келмейтін жердік деп санады. Олар сезімдік қабылдаудың арқасында бірінші заттың біліміне жетуді қалады. Өйткені олар зердені танитын білімді иелене алмады. Үшінші топ айтарлықтай жоғары. Бұлар төменнен жоғарыға көтеріліп қайырымды, күштің арқасында көз шағылысатын жарықты көрді. Олардың ішіндегі тесіп өтетін және өткір күштің қуаты сонша олар аспаннан асып жердің зерделерге тарайтын бұлыңғыр ыдырауынан жоғары көтерілді де, қанағаттанып әрі барлық нәрселерден қол үзіп қала берді. Олар осы қалыппен, ең дархандардың шынайы жағдайымен рахаттанады, дәлірек айтқанда; дененің жақсы қасиеті мен оның сұлулығы бірінші материяға сиымсыз нәрсе. Зерде мұны біледі. Себебі, ол керемет жақсы дененің өзгеріп адам көріксізге ауысатынын, болатынын байқап отыруы мүмкін. Егер жан керемет пен сұлулықтың себебі болған болса онда, бұл жағдайда бір нәрселер керемет әрі ақылды болмай ол басқалары ұсқынсыз әрі ақымақ болмас еді. Әсемдік зерде арқылы болады және жанға да зерделі болуға мүмкіндік беретін де осы - зерде. Зерденің бір мәрте зерделі болып, екінші мәрте ақымақ болуы мүмкін емес. Демек,зерде дененің жақсы құрылысты болуының және оның сұлулығының - себебі. Зерде - жан ақылының және ақиқатты білімнің себебі. Зердені көбейтуге болады, ал бірінші нәрсе бұған жатпайды, оның бірліктігі үнемі тұрақты болып қала береді. Трактат тамамдалды. Мақтау жалғыз Аллаға болғай! Әл-Фараби. Иләһи ғылым. Каир. 1298 хижра жылы. 1-14 бб. (қолжазба)
МӘСЕЛЕЛЕР МӘНІ Білім жалпы елеске бөлінеді. Мысалы: адамның өзіне күнді, айды, ақыл-парасатты, жанды көз алдына елестеткен жағдайы және растаумен бірге жүретін елеске бөлінеді: мысалы, аспан бірінің ішінде бірі орналасқан сфераның мәні екендігі немесе әлемнің жаралған дүние екенін расталғаны сияқты. Кейбір елестердің шынайы болуы тек өзінен бұрын келген елестерге байланысты. Мысалы: денені көз алдына елестетпестен бұрын әуелі ұзындық, көлем мен тереңдік туралы елес болмаса болмайды. Алайда кейбір елестер өзінен бұрынғы елестерге мұқтаж болатын болса, бұл құбылыс кез-келген елеске тән деп ойламау керек. Қалай болса да біз өзінен бұрын келген елеске мұқтаж емес немесе байланысы жоқ елестерге жетіп және оларға тоқталуымыз қажет. Мысалы: қажеттілік болмыс мүмкіндік туралы елесті қамтып өзінен бұрын келетін елестерді қажет етпейді, яғни булар түсінік ақылында анық және дұрыс тұрақтылық тапқан мәндер. Егер біреу буларды сөзбен жеткізуді қалайтын болса, ол адам тек ақылдың назарын аударса болғаны жетіп артылады. Бірақ бұл жағдайға қарап, оларды будан да жақсырақ нәрселер арқылы жеткізуге болады деп ойламаған жөн. Кейбір пікірлер келесі бір нәрселерді түсінбейінше анық болмайды. Мысалы: біз әлемнің жаралғандығы турасында айтуды қалаған жағдайда әуелі әлемнің құралғандығын, ал барлық құрама - жаратылатын дүние екенін сендіруіміз қажет. Осыдан соң барып біз әлемнің жаралғандығы турасында әңгіме айтуымызға болады. Бұл пікір міндетті түрде өзінен бұрын ешқандай пікір болмаған пікірлердің қатарында болуы керек. Бұлар күшті пікірлер. Мұндай пікірлер мәнді, парасатқа үйреншікті пайымдаулар. Осындай пайымдаулардың қатарына жататын бір-біріне қарама-қарсы пікірлердің біреуі шынайы дұрыс, ал екіншісі өтірік. Біз бұл жолдарды ғылымның арқасында меңгереміз. Бізді осы елестету мен иландыруға алып баратын жолдар – логика ғылымы. Логиканың мақсаты жоғарыда атап өткен жолдарды меңгеру, яғни бізге шынайы түсінікті өтірік елестен, ақиқат пікірді ақиқатқа жақын пікірден, шынға ұқсайтын пікірді күмәнді пікірден ажыратып беру. Сондықтан біз осы елестету мен иландыру түрлерінің ішінен тек күмән тудырмайтын шынайы, әрі рас пікірді басшылыққа алуымыз керек. Біз, мәнді екі түрлі болады дейміз. Бірінші түрге мәнінен өзінің қажетті болмысы туындамайтын нәрселер жатады. Бұл түрге жататын нәрселерді "мүмкін - мәнді" деп атайды. Келесі түрге мәнінен үнемі және міндетті түрде өзінің болмысы туындайтын нәрселер жатады. Бұл түрге жататын нәрселерді "қажетті мәнді" деп атайды. Егер біз мүмкін - мәнді нәрселерді алып, олар өмір сүрмейді деген пайымдауға тоқталсақ, бүл қате емес. Себебі, мүмкін - мәнді өмір сүру үшін өзінің болмысында бір себепке мұқтаж. Осы себеп пайда болғанда ол өзге нәрсенің арқасында "қажетті - мәндіге" айналады. Осыдан барып әу бастан өзі "мүмкін - мәнді" болған нәрсе өзгенің арқасында "қажетті - мәнді" болды деген ұғым туындайды. Бұл мүмкіндік бір мәңгі, не бір мезгілде болып, басқа кезде жоқ болатын нәрсе болуы керек.
Болуы мүмкін нәрселердің себеп салдарлы қатары шексіздікке созылмауы немесе айналып келмеуі мүмкін емес. Ол міндетті түрде бір қажетті нәрсеге дәлірек айтқанда, Бірінші мәнге келуі керек. Ал қажетті - мәнді дегеніміз мынадай: егер оны жоқ деп елестетін болсаң сөзсіз шалағайлыққа ұрынасың. Оның болмысының себебі жоқ, яғни оның бар болуы басқа бір нәрсенің арқасында емес. Ол - нәрселер болмысының Бірінші себебі. Осыдан барып қажетті - мәндінің бар болуы болмыс бастамасы және Ол қандай да болсын кемшіліктен пәк болуы керек. Сөйтіп, оның болмысы жетілген. Ол - материя, форма, қозғалыс пен мақсат себептерінен бос, анағұрлым жетілген болмыс. Оның болмысында дене болмысындағы сияқты мәні жоқ. Сен ол "мән" деп айтуың да мүмкін, бірақ мәннің анықтамасы "нәрсе", ал "нәрсе" дегеніміз сол дененің анықтамасы болады. Сонымен қажетті - мән туралы тек қажетті - мәнді және ол Оның болмысы деп айтуға ғана болады. Осыдан келіп қажетті - мәннің не тегі, не түрлік айырмашылығы, не анықтамасы немесе дәлелдемесі жоқ деген ұғым туындайды. Керісінше, Оның өзі бүкіл нәрсеге дәлел. Ол мәңгі және ауыспайтын нәрсе сияқты өзімен-өзі өмір сүреді. Ол бей болмыстан бос және оның болмысы потенциалды емес. Бұл дегеніміз Оның болмауы мүмкін емес, Ол өзінің ауыспайтын болмысында, өзге ешнәрсеге мұқтаж емес және Ол бір жағдайдан екінші жағдайға өтпейді де ауыспайды. Ол өзінің болмысында өзге нәрсеге мұқтаж болмаған ұғымы сияқты - жалғыз. Сол сияқты Ол басқа өлшемі мен саны бар нәрселерге қарағанда бөлінбейді. Ендеше, Оған санды, мезгілді немесе мекен-жайды да жатқызуға болмайды. Ол дене емес. Оның мәні оз денесінен тыс нәрседен құралмағаны және болмысы басқа нәрсенің болмысына тәуелді болмағаны сияқты Ол -бір. Оның мәні материя, форма, тек және түрлік ерекшеліктер сияқты түсініктермен белгіленуі мүмкін емес. Онда қарама-қарсылық жоқ. Ол таза нығмет. Ол - шынайы ақыл-парасат, шынайы ақылмен танылатын және ақылмен танитын. Осының барлығы Онда бір бүтінді құрайды. Ол - дана, тірі, құдіретті және еркіндік иесі. Ол аса сұлулық пен улылыққа ие әрі мінсіз. Өзінде шексіз қуанышты сезінеді. Ол әуелгі іңкәр, әрі әуелгі сүйіспеншілік. Бүкіл нәрсенің болмысы сол арқылы өтеді, яғни бар болған нәрсенің барлығы өздерінде оның болмысының эсерін алып жүреді, өйткені олар осылай ғана өмір сүре алады. Әрбір бар болған нәрсе одан тіршілікті алғаннан кейін белгілі бір категорияға еніп, бір жүйені құрайды. Ол нәрселердің болмысын біздегі ұмтылысқа ұқсайтын ұмтылыспен анықтамайды. Ол ешбір нәрсеге ұмтылмайды. Бұған қоса нәрселер Оның хабарынсыз және қолдауынсыз одан қалыпты жағдайда тарамайды. Ол реттелген нығмет тізбегінің бастамасы, болмыстағы нәрселер буларды керекті қалыпта алады. Сонымен білім - нәрсенің өмір сүру себебі және оның таным заты. Оның нәрселер туралы білімі уақытша білім емес. Бұл білім бүкіл нәрселердің болмыс себебі, яғни білім оларды бей болмыстан ажыратып, оларға мәңгі тіршілік дарытады: Ол әуелгі жаратылыстың себебі. Жаратылыстың мақсаты - нәрсенің өмір сүру қасиетін әрі қарай сақтау, өйткені нәрсенің өмір сүруі нәрсенің өзіне байланысты емес және сол нәрсенің жаратылуын да Одан басқа ешбір себеп жасай алмайды. Жаратушыға бүкіл нәрселер тең қатынаста. Жаратушы мен жаратылыс араларында ортақ жоқ, яғни бірінші жаралған басқа жаратылғандардың себебі. Оның әрекеті кемшіліктен пәк және олардың [барлық нәрселердің] қайнар көзі - Оның өзінде.
Қажетті - мәнінің бірінші жаратылысы сан жағынан жалғыз дәлірек айтқанда, әуелгі ақыл-парасат. Бірінші жаратылыста акцидентальді түрде көптік пайда болады яғни өзінен-өзі бірінші жаратылыс мүмкін - мәнді болады, ал біріншінің арқасында қажетті - мәнді, өйткені ол өзін білетіні сияқты Біріншіні де біледі. Әуелгі ақыл-парасаттағы көптік Біріншіден келмейді өйткені, өмір сүру мүмкіндігі әуелгі ақылпарасатқа бағынышты, ал Бірінші болса оған өмір сүрудің тек белгілі түрін берген. Көптік туралы жоғары да айтқан болатынбыз. Бірінші ақыл-парасат қажетті - мән болып әрі Біріншіні білгендіктен басқа ақыл-парасат туады. Бірінші ақыл-парасат мүмкін - мәнді болу себепті әрі өзін-өзі білгендіктен өзінің материясы және өзіне тән жан формасы болуы себепті жоғарғы сфера пайда болады. Жоғарғы сфера және оның формасы басқа екі нәрсеге себеп болады, дәлірек айтқанда тағы бір сфера және жан. Екінші ақыл-парасаттан жоғарғы сфераның астында тұратын бір сфера туады. Бүл ақыл мен сфера жоғарыда бірінші ақыл-парасатқа айтқанымыз сияқты тек акцидентальді көптік болуы салдарынан туындайды. Дәлі осы жолмен бүл ақыл-парасаттан тағы бір ақыл мен сфера туылады. (Бұл ақылдар мен сфералардың саны туралы жалпы сипатта ғана білеміз.) Сондықтан сфералардың саны аяқталғанда әрекетті ақыл-парасаттардың бір қатары әрекетті ақыл-парасаттармен тамамдалады. Бүл ақыл-парасаттар бір-бірінен туындап шексіз қатарды құрамайды. Олар әртүрлі және олардың әрбірі жеке түрде өзінің түрін құрайды. Аталған ақыл-парасаттардың соңғысы сфералар арқылы бір жағынан жер жанының болмысына себеп, екінші жағынан төрт элементтің болмысына себеп болады. Қажетті түрде элементтер мен түрлі қоспалардан белгілі пропорциялар қалыптасады. Олар тұрақты, қозғалмайтын центрдің жан-жағында айналып жүрген сфералармен әлем реттілігінің қайнар көзі болған субстанциядан өсімдікті, жануарлы және парасатты жандарды қабылдауға икемді. Дәл осы сфералардың қозғалысынан және бір нәрсенің белгілі тәртіппен екінші нәрсеге тіркесуі торт элементтің пайда болуына соқтырады. Әрбір ақыл-парасат өзіне қажетті түрде туындайтын нығмет реттілігін біледі. Сөйтіп, ол өзінен шығуы керек болған нығметтердің өмір сүруіне себеп болады. Аспан денелері жалпы және бірлі-жарым туралы білімге ие. Олар белгілі бір түрдің елес арқылы бір жағдайдан екінші жағдайға өтуіне жол береді. Осы елестетудің арқасында оларда қозғалысқа тікелей себеп болатын денелік елес пайда болады. Бірлі-жарым елес заттарынан тынымсыз дене қозғалысы туындайды. Бұл өзгеріс болса өз кезегінде төрт элементтің өзгеруіне және әлемдегі туындау мен жойылу өзгерістерінің себебіне айналады. Аспан денелерінің бір жалғыз нәрсеге қатысты болуы, дәлірек айтқанда жаратушы немесе қозғалтқыш әрекетіне қатысты болуы торт материяның бірінші материяға қатысты болуына себеп болады; олардың қозғалысындағы айырмашылық торт формадағы айырмашылықтың себебі болады, ал бір жағдайдан басқа жағдайға өтуі торт материяның өзгеру себебі және пайда болатын нәрсенің пайда болуы мен жойылатын нәрсенің жойылу себебі.
Аспан денелері материя мен формалардан құралуы себепті торт элементпен ортақ қасиетке ие болсадағы аспан сфералары мен денелерінің материясы торт элемент материясынан және олардан құралған нәрселерден ерекшеленеді. Дәл сол сияқты аспан сфералары мен денелерінің формалары төрт элементтің формаларынан айырықша, әйтпесе булардың барлығы ортақ қасиет ретінде денеге ие, өйткені бұларда үш өлшем бар деп жорамалданады. Ендеше, жағдай осылай екен, онда жай форманың материядан ажырап өмір сүре алмайтыны сияқты бірінші материяда формадан тыс өмір сүре алмайды. Бірінші материя актуалды өмір сүруі үшін формаға мұқтаж. Бірінші материя мен форма өмір сүрулері үшін бір-біріне себеп бола алмайды: біріншінің және екіншінің өмір сүрулерін анықтайтын басқа бір себеп бар. Аспан қозғалысы - қозғалушы өзінің жағдайын өзгертетін айналым қозғалысы. Ал өтпелі қозғалыс дегеніміз - қозғалушы өзінің мекен-жайын өзгертетін қозғалыс. Жай денелер үшін сандық және сапалық қозғалыстары мен түзу бағыттағы қозғалыс тән. Түзу бағыттағы қозғалыс екі түрлі: біріншісі - орталыққа бағытталған; екіншісі - орталықтан бағыт алады. Күрделі денелердің қозғалысы өздеріндегі торт материя сияқты жәй денелерге байланысты. Тыныштық пен қозғалыстың бастауы, егер ол еріктен немесе өзінен тыс болса табиғи деп аталады. Қозғалыстың басқа түрлері еріксіз болады - бұл жағдайда ол өсімдікті жан немесе ерікті деп аталады. Бұл жағдайда олар бір түрлі немесе әр түрлі болғанына қарамастан бастама -жануар жанды немесе аспан жанды деп аталады. Қозғалыс пен уақыт деп аталатын нәрселер бір-бірімен байланысты. Уақыт шегі сәт деп аталады. Қозғалыстың уақыт ішінде бастамасы немесе соңы болуы мүмкін емес. Осылайша бір жақтан бір қозғалушы, ал екінші жақтан - бір қозғаушының болуы керек. Егер қозғаушы бір мезетте әрі қозғалушы болатын болса, ол басқа қозғаушыға мұқтаж болар еді. Себебі, қозғалушы қозғаушы күшпен тынымсыз байланыста және ешбір нәрсе өздігінен қозғалысқа түсуі де мүмкін емес. Ендеше бүл арада шексіз қатардың болуы мүмкін емес және біз өз бетінше қозғалысқа түсе алмайтын қозғалыс күшіне келуіміз керек, әйтпесе біз саны шексіз қозғалушы және қозғаушы нәрселердің бар екенін қабылдауымыз керек болады, ал мұндай жағдайдың болуы заңдылықтан тыс. Қозғалысқа түспейтін қозғалыс күші жалғыз болуы керек: ол не өлшемдік, не денелік, не бөлінетін немесе көптік болмайды. Қамтылған дененің беті мен оны қамтитын дененің беті мекен-жай деп аталады. Бостық деген жоқ. Кеңістіктегі бағыт аспан денелерімен айқындалады, өйткені олар барлық нәрсені қоршап тұрады және олардың орталығы бар. Табиғи тартылысы бар денелерде еріктен тыс тартылыс болмайды: оның табиғатында шеңберге тартылыс күші болып тұрған кезде тура қозғалысқа түсіретін тартылыс күшінің болуы мүмкін емес. Кез-келген ауыспалы нәрседе тура қозғалысқа бағытталған тартылыс күші болады, бірақ аспан сферасы өзінің жаратылысынан шеңберге ұмтылған. Бөлуден соң бөліктері болмаған бір нәрсе сияқты өлшем жоқ. Денелер өздерінің бөліктері болмаған денелерден құралмайды. Өз бөліктері болмаған бөліктер не денені, не қозғалысты, не уақытты да құрауға құдіреттері жетпейді.
Өлшемі бар нәрселер мен белгілі ретте бар сандар актуальды шексіз бола алмайды. Дәл осы сияқты ара қашық шексіз бостыққа немесе толық кеңістікке кетпейді, өйткені шексіздіктің болмыста болуы мүмкін емес. Егер уақыт бағынышты болған шеңберлі қозғалысты ескермейтін болсақ, онда қозғалыс тынымсыз болмайды. Тура бағыттағы қозғалыс әйтеуір бір бағытқа бет алған уақытта немесе ол бағыт қайталанатын болса немесе ол бұрылған соң бұрыш пайда болған жағдайда да тынымсыздық қасиетіне ие болмайды. Кез-келген дененің өзі ынтызар болып тұратын мекен-жайы болады . Егер дене жай дене болса, онда оның мекен-жайы мен формасы бір түрде болып, ешбір айырмашылықтың болмауы керек. Сферикалық дене дәл осындай, сол себепті торт жай денелер дөңгелек іспеттес формалы. Әрбір дене өзінің өз бетінше қозғалысының бастамасына ие. Денелердің әр түрлі болу себебі олардың бастамаларының әртүрлі болуында. Өлшем құралған жәй денелердің өздері туратын мекендері бар, бірақ жеке-дара алынған уақытта олардың мекен-жайлары болмайды. Әлем бір шеңберді қурайтын жай денелерден турады: әлем сыртында ешнәрсе жоқ. Ендеше, әлем бір жерде тұрған жоқ, әрі ол бостықпен немесе толы кеңістікпен бітпейді. Кез-келген табиғи дене өзінің қажетті мекен-жайына жеткен соң барып еркінен тыс қозғалысқа түседі. Ал бұл дене өзінің мекенінен ажыраған уақытта қайтадан қажетті түрде сол мекен-жайына ұмтылады. Аспан сферасының табиғаты айырықша: аспан сферасы суық емес, немесе ауыр емес және жеңіл де емес. Аспан сферасына ешнәрсе де кіріп кетпейді; оның ішінде түзу қозғалыстың бастамасы жоқ; оның қозғалысында қарама-қарсылық та жоқ. Аспан сферасы өзінен басқа нәрсенің шытуы үшін өмір сүрмейді. Отан тән болмыс осындай. Сфера қозғалысы өзінің қайнары ретінде табиғатты емес жанды алады: оның қозғалысы құмарлықпен немесе ашумен емес материядан ажыраған ақыл-парасатты пайдалану қажеттілігіне ынтызарлығы арқылы туындайды. Аспан денелерінің әрқайсысы айырықша материяға емес ақылға ие, ол оған ұқсауға талпынады және бұл денелердің барлығының ұмтылысы бір түрдегі бір нәрсеге тана болуы мүмкін емес: бұл денелердің әрқайсысы өзін тән, басқа дененің махаббат затынан ерекшеленетін махаббат затына ие. Бірақ, оларда ортақ заты да бар, дәлірек айтқанда Бірінші сүйіспеншілік. Бұлардың әрбірінің қозғаушы күші шексіз, ал дене күштері қажетті - мөлшерлі, яғни шексіз емес және соңғы күштің әйтеуір бір денені шексіз мезгіл бойы қозғалтуы немесе соңғы дененің шексіз күшпен қозғалуы мүмкін емес: сол сияқты бір дене екінші бір дененің өмір сүруіне себеп болуы немесе оның жанға, немесе ақыл-парасатқа себеп болуы мүмкін емес. Төрт элементтен құралған денелерде оларды әрекетке қолайлы ететін ыстық, суық потенциалдар ғана емес, әрекетке шыдамдылық көрсетуге икемдейтін ылғал, құрғақ потенциялары да бар. Оларда т.б. әрекетті және ырықсыз потециалдары да болады. Мысалы: ауызда және тілде болатын сезім мүшелері: сезім мүшесінде өмір сүретін сезім, осы сияқты қаттылық, жұмсақтық және бостық т.б. осы потенциялардан туындайды. Табиғатынан жоғарғы жылулықпен ерекшеленетін - дене - от; жоғарғы дәрежедегі суықтықпен ерекшеленетін дене - су; жоғарғы дәрежедегі сұйықтықпен ерекшеленетін дене - ауа; жоғарғы дәрежедегі тығыздықпен ерекшеленетін дене - жер. Пайда болумен жойылудың негізінде жатқан осы торт материя бірінің екінші бір нәрсеге өтуіне жол береді. Пайда болатын және жойылатын
нәрселер қоспалардың арқасында дүниеге келеді. Қоспалар түрлі пропорциялы болады сол сияқты нәрселерде өздерінің өмір сүру негізі болған формаларды қабылдау үшін сол формаға икемді келеді. Осы формалардан сезім арқылы қабылдау қасиеттері туады. Бүл қасиеттер жойылып басқа қасиеттермен ауыстырылады, ал формалар болса сол баяғы түрлерінде сақтаулы. Төрт қоспадан пайда болған нәрсе өзінің потенциясы мен формасын сақтап жойылмайды. Қоспаның шынайы табиғаты торт негізгі қасиеттің өзгеру жағдайына байланысты және бір қарамақарсылықтан өзге қарама-қарсылыққа өтуінде. Соңғылары негізгі потенциялардан және олардың өзара қатынастарынан туады. Осының барлығында Жасаған Иенің шексіз даналығы көрінеді, яғни Оның дәл өзі негіздерді жаратып, оларға түрлі қоспалар жасап, олардың әрбірін ерекше түрмен бөледі және әр қоспаны теңсіз әр түрдің себебі жасады. Ол адамдарға ақыл-парасатты жанды қабылдауы үшін ұстамдылыққа жақын қоспа дарытқан. Сол сияқты өсімдіктің әр түрі де белгілі жанға ие. Ол жан сол түрдің формасы, форма өзіне қызмет қылатын мүшелердің арқасында осы түрді жетілгендікке апаратын күш туады. Жануардың кез-келген түрі де дәл осындай реттілікпен құралады. Адам бүкіл жануардан айырықша қасиеттермен ерекшеленеді, яғни оның жаны бар. Жан дене мүшелері арқылы орындалатын күшті туады. Оған қоса жанда дене мүшелерінен тыс қолданатын күш бар, бүл күш - ақыл-парасат. Жоғарыда аталған күштердің қатарына азықтанатын күш, осу күші және көбею күштері жатады. Осылардың әрбірінде өзіне қызмет жасайтын күш жатыр. Қабылдағыш күштерге сыртқы күштер мен ішкі сезім, қиялдау күші, пайымдау күші, есте сақтау күші, ойлау күші, қозғағыш күші және құмар күштері мен ашу-ыза күштері, сияқты дене мүшелерін қозғалысқа түсіретін күштер жатады. Біздің сайып келтірген күштердің әрбірі белгілі бір мүше арқылы әрекет жасайды, әйтпесе басқалай мүмкін емес. Осы күштердің біреуі де материядан ажырап өмір сүре алмайды. Осы күштерге адамдарға тән орындалуы керек болған әрекеттерді шығаратын қолданбалы ақылпарасатта жатады. Сондай-ақ, жанды күштерге ойлы ақыл-парасат жатады. Оның арқасында жан субстанциясы кемелдікке жетіп актуалды ақыл-парасат субстанцияға айналады. Бұл ақыл-парасаттың өз дәрежелері бар: бір жағдайда ол материалды ақыл-парасат, екінші жағдайда иегер ақыл-парасат, ал үшінші жағдайда ие болған ақыл-парасат болады. Ақыл арқылы қабылдайтын бұл күштер жай субстанция іспетті денелі болмайды. Бұл субстанция потенциалды қалыптан актуалды қалыпқа өтіп, материядан ажыраған ақыл-парасаттың арқасында кәміл ақыл-парасатқа айналады. Дәлірек айтқанда, бұл құбылыс оны актуалды қалыпқа келтіретін әрекетшіл ақыл-парасаттың арқасында іске асады. Ақылмен қабылдау нәрселері бөлінетін бір қалыпта немесе бір жағдайға ие қалыпта бола алмайды. Жан субстанциясы материядан ажырап өмір сүрмейді: ол дененің өлімінен соң қалмайды және онда ыдырайтын күш жоқ. Ол - бірлік субстанциясы, ал адам оның шынайы түрінде: оның қуаты мүшелерге тарайды. Оны қабылдай алатын нәрсе пайда болғанда барып оны формаларды беруші жаратады.
Бір нәрсе дегеніміз - дене: ол бар болғанда осы субстанция келеді. Ол - тән әрі жан оның мүшелерінің біріне орныққан дәлірек айтқанда, оның орнығатын жері жүректің гөрі. Жан Платон айтқандай тәннен бөлек өмір сүре алмайды, дәл сол сияқты жанның ауысуы туралы ойды жақтаушылардың пікірі сияқты жан бір денеден екінші денеге қона ал¬майды. Тән өлген соң жан рақатты да, қайғыны да сезеді. Бұл жағдай түрлі жандарда өздеріне лайық әр түрлі болды. Және мұның барлығы әділеттілік пен қажеттілік арқылы айқындалады. Мысалы: аурудың денеге келукелмеуі адамның өз тәнінің саулығына жақсы қарауына байланысты және кім сол үшін жаратылған болса, сәттілік сонымен бірге. Алланың ойлағаны бүкіл нәрсеге қатысты. Ол әрбір бірлі-жарым нәрсемен байланысты және әрбір нәрсе Жаратушының тағдыры мен шешіміне бағынады. Дәл сол сияқты кесапаттық та оның тағдыры мен шешіміне жатады, яғни олар зұлымдық туатын нәрсемен қоса жүреді. Бұлар пайда болуға және жойылуға жататын нәрселермен ұшырасады. Бірақ, кесапаттық дегеніміз акцидентальді түрде мақтауға лайық себебі, булар [кесапаттық, зұлымдық] болмаса көптеген нығметтер ұзақ болмас еді. Егер де нәрселердің құрметін арттыратын ұлық нығмет аз ғана зұлымдықтан қашқақтайтын болса, онда зұлымдық одан әлде қайда басым болар еді. Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. Алма-Ата: Наука, 1987.-С. 227-250.
КАТАГУРИЙАС" КІТАБЫ НЕМЕСЕ "КАТЕГОРИЯЛАР" ІІ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Универсалийлердің екі түрі бар: (1) өзінің мәнінен тыс қандай болса да иегерлері жөнінде ешқандай білім бермей тұрып, олар барлық өзінің иегерлерінің мәні жөнінде білім беретін, универсалийлер - бұл субстанция универсалиі; (2) олар өзінің кейбір иегерлерінің мәні жөнінде және өзінің мәнінен тыс басқа иегерлері жөнінде білім беретін, универсалийлер - бұл акциденция универсалиі. Индивидтер де (солай) екі түрлі болады: (1) өзінің иегерінің мәні жөнінде ешқандай білім бермей, олар өзінің иегерлері мәнінен тыс бірдеме жөнінде білім беретін, индивидтер - бұл акциденция индивиді; (2) олар қайсыбір иегерінің мәні жөні жөнінде де, оның мәнінен тыс әлдене жөнінде де ешқандай білім бермейтін, индивидтер - бұл субстанция индивиді. Жалпы алғанда субстанция - ол өзінің мәнінен тыс қайсыбір жалпы иегері туралы ешқандай білім бермейтін әлдене нәрсе. Осындай қасиеті бар, олар екі түрлі болып келеді: бірі өзінің барлық алып жүрушілері жөнінде бір мезгілде білім беретін әлдене - бұл субстанция универсалиі, басқасы әлдебір оның алып жүрушісінің мәні жөнінде де, өзінің мәнінен тыс бірдеме жөнінде де ешқандай білім бермейді - бұл субстанция индивиді. Жалпы алғанда акциденция - бұл сол, не жеке алып жүрушінің мәнінен тыс әлдене туралы білім беретін. Ол екі түрлі болып келеді: бірі басқа субстанцияның мәні туралы білім береді - бұл акциденция универсалиі, басқасы - қайсы бір алып жүрушінің мәні туралы ешқандай білім бермейді - бұл акциденция индивиді. Ол жөнінде осында әңгіме болып отырған акциденция, бұрын ол туралы әңгіме болғанға қарағанда /2/, жалпылау сипатқа ие, өйткені олар үшін ол тектік ұғым сияқты болғандықтан, бұрын еске алған өзіндегі белгі мен акциденцияны осы берілген акциденция сол уақытта (өзіндік белгі мен акциденция), олардың бірі өзінің тектік ұғымының есімімен аталатын, оның екі түрі болып табылатыны (сияқты) /3/. Бастауыштың мәні жөнінде білім беретін, өзінің бастауышы туралы айтатынында болса, соны Аристотель әмбебапты баяндауыш деп атайды, ал қайсыбір бастауыштың мәнінен тыс бірдеме туралы білім беретінді - әмбебапты баяндауыш, не бастауышта болатын деп айтады. Нәрселердің арасында біреулер, ешқандай бастауышта болмай-ақ, қайсыбір бастауыш туралы айтады, - бұл субстанция универсалиі, басқалары онда болмай-ақ, бастауыш туралы айтады - бұл акциденция универсалиі, үшіншілері бастауыш туралы айтпай-ақ бастауышта болады, - бұл акциденция индивиді, төртіншілері бастауышта болмайды да, бастауыш туралы айтпайды да - бұл субстанция индивиді. Субстанция - бұл, неге аралық тектік ұғымдар бағынатын, жоғары тектік ұғымдардың ішіндегі біреуі. Әрбір аралық текке түрлер бағынады - және осылай олардың соңғы түріне дейін, олардың арасындағы әрқайсысы жеке нәрселерді көлемдейді. Әрбір соңғы тур, ол оны тағайындайтын айырушы белгіге және оны бөлетін айырушы белгіге, ие. Акциденцияларға (қалған) тоғыз жоғарғы тектер жатады, олардың әрқайсысына аралық тектер бағынады. Аралық тектердің әрқайсысы, соңғы түрлермен анықталатын, төмендейтін қатарға ие. Соңғы түрлердің әрқайсысы, оны тағайындайтын айырушы белгіге, ие. Әрбір аралық тек, ол оны тағайындайтын, айырушы белгіге және оны бөлетін, айырушы белгіге ие. Жоғары тектің барлығы он, атап айтқанда: субстанция, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жай, күй, әрекет және әрекетке төзімділік. 1. СУБСТАНЦИЯ ЖӨНІНДЕ ПАЙЫМДАУ
Субстанция әлдеқашан сипатталған. Оған, мысалы, аспан, жұлдыздар, жер мен оның бөліктері, су, тастар, өсімдіктердің әр түрлері, жануарлардың әр түрлері, әрбір жануардың мүшелері жатады. Мысалы, осы және осыған ұқсас нәрселердің көмегімен қамтылатын, жоғары текті, атап айтқанда дене немесе сол, не істелгенді, немесе сол, не дене болғанды алайық. Денелер қоректенетін және қоректенбейтін болады, қоректенетін денелер түйсінетіндер және түйсінбейтіндер болады. Жануарлар ақылды және ақылды емес болады. Ақылды жануар - бұл адам, ал ақылды емес жануарларға жануарлардың басқа түрлері, мысалы жылқы, бұқа, есек және оларға ұқсастар, ал қоректенбейтін денелерге - аспан, жұлдыздар, су, от, тастар және басқа оларға ұқсас нәрселер жатады. Бөлек нәрселер - бұл субстанция индивидтері, ал олардың тектері мен түрлері - субстанция универсалийлері. Субстанция индивидтері - булар "бірінші субстанциялар" деп аталатындар, ал субстанция универсалийлері - булар "екінші субстанциялар", өзінің болмысында ол басқа бірдемеден өзіндік мәнімен артығырақ және тәуелсіздеу болғандықтан, осы қатынаста субстанция универсалийлеріне қарағанда, олар болмысы бойынша көбірек жетілгендіктен, олар субстанция индивидтеріне жатады. Өйткені, олар бастауышта және де болмағандықтан, онда ол туралы (субстанция индивидтері) өзінің болмысында ешқандай да бастауышты қажет етпейді. [Субстанция] универсалийлеріне келсек, онда олар өздерінің бар болуы үшін субстанция индивидтеріне мұқтаждық етеді, себебі олар бастауыш туралы баяндайды, ал олардың бастауышы өз мәнісінде субстанция индивидтері болады. Және бәрі сол, неде олар бастауышқа мұқтаж болғанымен, оларға субстанциялар болуға ол кедергі келтірмейді, өйткені олар тек өздерінің бастауыштары туралы баяндайды, осы бастауыштардың мәні жөнінде білім береді және де қашан бұл универсалийлерді білгенде, онда осы бастауыштардың мәнісі таңылатындықтан, осының арасында ол оймен аңғарылатын болады. Сонымен, оймен аңғарылатын болуы үшін, сол субстанция универсалийлері бар болуы үшін, субстанция индивидтерін керек етеді, өйткені, соңғылары болмаса, онда олар жанға келгендей болатын, универсалийлер ойдан шығарылған, жалған болып шығар еді, ал сол, не жалған болса, ол бар болмайды. Универсалийлер, осылай индивидтер арқасында бар болады, ал индивид тек универсалийлер арқасында оймен аңғарылады. Міне сондықтан субстанция универсалийлері тағы "субстанция" деп аталады. Субстанция универсалийлерінен басқа, субстанциялар да өзіндік өмір сүруі үшін, бірінші субстанциялардың басқа баяндауыштарына да мұқтаждық етеді, себебі олар бастауышта орын алады. Әйтсе де, олар бастауышта бар болса да, олардың бастауыштары бірінші субстанциялар болып, және бұл (баяндауыштар) субстанция болмысының мәнісі туралы білімдер бермейді. Сондықтан олардың ұғымдары субстанция болып табылмайды және оймен аңғарылатын бөлу үшін, субстанциялар бұл баяндауыштарды керек қылмайды. Дәл осылай бірінші субстанцияның түрлері де, олардың тектеріне қарағанда, коп шамада субстанцияға жатады. Өйткені олардың тектерінен гөрі, түрлері бірінші субстанция мәнісі жөнінде жекелеу және толықтау білім береді. Сондықтан бірінші субстанцияның түрлік ұғымдары,. олардың тектік ұғымдарынан гөрі көбірек мөлшерде субстанция ұғымдары болып табылады, тепе-тең түрде (субстанция) тектері, тек бар болу үшін, субстанция индивидтеріне мұқтаждық қылады, осыдан, бар болу үшін, бірінші субстанцияның түрлері де дәл өзіндей бастауыштарды аз мөлшерде, ал олардың, тектері - коп мөлшерде қажет етеді. Сонымен олардың тектеріне қарағанда, (субстанция) түрлері оз болмысында басымдылық танытады. Тектер де, түрлер де субстанциялар болып табылады, бірақ, осылай, субстанция түрлері, олардың тектерінен гөрі, көп мөлшерде субстанцияларға жатады. 2. САН ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Сан - бұл барлық ненің тұтастығы оның бөлшектерімен өлшене алатын сол. Осындайлар, мысалы, сан, сызық, дене беті, тән, уақыт та осындай, сөздер мен айтылымдар да осындай. Шынында да, егер кез келген санды алсақ, онда (бүкіл осы санды) немесе оған әлдебір тепе -теңді өлшейтін
бөлікті табуға болады. Мысалы, бес, оның санын бес рет алынған бірмен өлшейді. Кез келген сан не тек бірмен өлшенеді, мысалы, бес, жеті, не бір және тағы басқа санмен өлшенеді, мысалы, алты, оны алты рет бірмен, үш рет екімен және екі рет үшпен өлшейді. Дәл осы, шынтақпен өлшенетін сызыққа қатысты, ал шынтақ сызықпен не бөлігімен, не бірдемесімен оған тең болып табылады. Тура осылай, кез келген дене бетінде, қайсыбір кішілеу бетті алып, онымен одан үлкен бетті өлшеуге болады. Тура осы денеге де қатысты. Уақытпен де мәселе осылай тур, бір сағатты аласың да, онымен сөткені өлшейсің, күнді аласың және онымен айды өлшейсің, айды аласың және онымен жылды өлшейсің. Сөздер де сан (категориясына) жатады. Тұтастық ретіндегі «әрбір сөз оның бөлігімен өлшенеді, өйткені сөздерде, шынтақ - ұзындыққа қалай болса, оларда да солай қатынасатын бірдеме бар. Сөздер дыбыстардан турады. Дыбыстар дауысты және дауысты еместер болады. Дауыстылар— булар, мысалы "өліп", "уау", "ие". Дауыстылар созылыңқы болады - "әліп", "уау", "ие" осындайлар және қысқа - "фатха", "дамма", "касра" осындайлар. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесуін "буын" деп атайды. Олар созылыңқы және қысқа болады. Созылыңқы буын - бұл сол, неде созылыңқы дауыс бар, мысалы, "ла", "лу" немесе "ли", ал қысқасы - неде қысқа дауысты бар, мысалы, "ла", "лу", "ли". Оларға дауысты дыбыстарды қосқанда, буындар созылыңқы буындарға ұқсап кетеді, мысалы, "лан", "лун", "лин", басқалары да солай бірдей уақытта айтылады. Буындардың екі түрі де қосылғанда, мысалы, қысқа буындар алынғанда және оларға созылыңқы немесе соған ұқсас буындар қосылғанда - "мала" немесе "малаз" ж.т.б. (үйлескеніндей) айтылады, немесе созылыңқы буын алынып және отан қысқасы қосылғанда - "мана" немесе "мине", (үйлескеніндей) айтылады, немесе тіл мүмкіндіктеріне сәйкес тағы қайсы бір қосындылар құрастырылғанда, буындар немесе оларға ұқсас әлденелер емес, ал олардан басқа бірдеме пайда болады. Буындардың қос түрлері бір-бірімен әр түрлі қосындыларда біріктіріле алады, ал бұл соңғыларды, осыдан, бұрынғыға қарағанда тағы бірдеме, үлкендеу бірдеме шығатындай етіп, бірбірімен оларды үйлестіруге болады. Немен сөз өлшенетіннің ең азы - бұл буындар, олардан кейін, неден осы және басқа түрдің буындарынан туратын, сол жалғасады. Сөздің нағыз жетілген өлшемі болып созылыңқы буындар және соларға ұқсастар табылады. Сөздер және қысқа буындармен де өлшенеді, бірақ осындай өлшеу толық және жетілген емес. Буындардың үйлесуінің арасында, оларда алдымен қысқа буын орналастырылған және оған созылыңқы (немесе соған ұқсасы) қосылған, мысалы, қашан біз "мала" немесе "малаз" деп айтқанымызда, осындайлар кездеседі, мұндай үйлесімдерді озгерту үшін ең жетілгендері және оларға қысқа буындар қосылғандары керек болады. Көптеген айтылымдар, бұл біреу осы айтылымды толық аяқтайтындай етіп, осы біреулердің арасындағы біреумен өлшенеді. Көбі де (басқалары) олардың біреуімен таусылмайды, оларды екі немесе одан да коп бірліктер өлшеуіне мұқтаждық етеді, осыған ұқсас ұзындықпен де орын алады. Ұзындықтың бір шынтақпен өлшенетіні және онымен бітетіндігі кездеседі, бірақ былай да бола алады: ол бір шынтақпен таусылмайды және өзінің өлшемі үшін, айталық, екі шынтақты керек етеді. Не туралы біздің айтқанымыз, сол барлық тілдерде орын алады. Біздің араб тілінде нені байқайтынымызды мысал ретінде келтіруіңе болады. Бұл тілдің білгірлері қысқа буынды "қозғалмалы дыбыстар", созылыңқы және оған ұқсас буындарды - "байланыстырушылар", ал олардың тілінде не сол және басқа түрдегі буындардан құрала алса, онда оны -"қазықтар"деп атайды. Содан кейін, олармен, мысалы, "фа 'илун", "муфа 'илун", "мустаф 'илун" сияқты, өздерінің бірқалыпты сөздерімен айтылымдарын олар өлшейтін, үлкен өлшеушілерді осы жолмен тағы құрастыра отырып, олар бір буындарды басқалармен үйлестіреді. Сонымен, кез келген сөз тіркесін немесе созылыңқы буынмен, немесе оның үйлесуімен өлшеуге болады, олармен сөз тіркестерін өлшеуге болады, буындар ең аздау бөліктер болып табылады, ал
үйлескен буындар - олардан көбірек. Соз тіркестеріндегі осының бәрі ұзындықтағы шынтаққа ұқсас. Сан үздіксіз және бөлек болады. Үздіксіз сан - бұл сол, ненің ортасына әлдебір меже немесе шекті долбарлап қоюға болатын, осы долбарланған шектің екі жағына орналасқан, қайда бұл заттың бөлшектері біріне-бірі жанаса алатын, осыдан бұл шек екі бөлек үшін ортақ болады. Мысалы, сызықпен істің мәнісі осылай болып тур: отан оның екі жағынан орналасқан сызықтың бөліктері біріне-бірі жанаса алатындай, оның ортасында нүктені жобалауға болады, сондықтан бұл нүкте, осы және басқа бөлік үшін, ортақ шек болып табылады. Тура солай жазықтық ортасында болады, сызықтың бұл және басқа жағында орналасқан бет бөліктерін ортақ шек ретінде қабылдауға болатын, сызықты жобалауға болады. Дәл сондай денеге де қатысты, мысалы кубқа: кубтың ортасында оны кесіп өтетін жазықтықты долбарлауға болады, бұл жазықтықтың осы және оның басқа жағында орналасқан, кубтың бөліктері қай жерде біріне-бірі жанасатыны ортақ шек болып табылады. Дәл осы түрде уақытта да сызықтың нүктесіне ұқсас әлденені табуға болады, атап айтқанда, ол өткен және болашақ уақыттың арасында ортақ шек бола алатын, "қазір". Бөлек сан - бұл сол, ненің ортасында, оны құрастыратын бөліктер үшін ортақ болатын, шек ретінде оны қарастыруға болатындай, ешқандай межені табу мүмкін емес. Тек солай, мысалы, он санымен мәселе болып тур: оның бөліктері болып табылатын, екі бестіктердің арасында, не олардың бірліктерінен, не олардың бірліктерінен ерекшеленетін, қайда олардың бірліктері жанасатын, жалпы шек сапасында нені қарастыруға болатын, сондай ештеңені табуға болмайды, ал сол кезде бір сызықта біз осындай шекті таба аламыз. Тура солай, осы бестіктердің бірде-бір бірліктерін немесе олардың бірліктерінің бірліктерін, бұл бестіктер өзінің тепе-тендігін сақтайтындай етіп, олардың ортақ шегі ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені, егер сен осы және басқа бестіктерден бірін бәрінен бөліп алсаң және оны ортақ шек ретінде қарастырғың келсе, онда қалдықта төрт болады және (осы) бестік оз бірліктерін сақтамаған болып шығады. Дәл сондай басқаларына да катысты, мысалы, ол жұп немесе тақ сан болсын. Дәл солай әңгіме сөздермен де болып тур: дыбыстардың арасынан, оны екі дыбыстар үшін ортақ шек ретінде қарастыруға болатын, ешқандай межені табу мүмкін емес. Тура осылай, қайсыбір дыбысты да, ол сөзде немесе айтылымда болсын, соз тіркестерінің екі бөлігіне ортақ шек ретінде оны қарастыруға болмайды, өйткені қарсы жағдайда, сөз тіркестері бөліктері арасындағы біреуінің бір дыбысы жетпей қалушы еді, сондықтан және бұл сөз тіркесі өзгеріп кетер еді және басқа бірдеме болар еді. Ары қарай, бір сандар, біріне-бірі қатынаста белгілі бір жайы бар, бөліктерден тұрады, ал басқалары, біріне-бірі қатынаста анықталған жайы жоқ, бөліктерден тұрады. Сонда, біріне-бірі қатынасы бойынша анықталған жайы бар бөліктерден тұратында, барлық бөліктер бірге өмір сүреді; олардың әрқайсысының жайы осы сан бағытының біреуінде анықталады; ол дене қимылы немесе сөзбен белгілене алатындай болып, бүл бағыттың өзі осылай анықталған. Онымен осы бөлік көрші болатын немесе жанасатын, осы сан басқа бөліктерінің қайсысымен оның жанасатындығы және қосылатындығы белгілі болғандай етіліп, тепе-тең түрде анықталған. Сонымен, олардың бөліктері торт (саналып өткен) шарттарға жауап беретіндердің барлығы, олар бір-бірімен қатынаста белгілі бір санға не болатын, осындай бөліктерден тұрады. Бұл бәрінен айқын әр текті бөліктері бар денелерде байқалады, мысалы, адам сияқты мыналарда: оның барлық бөліктері бірге өмір сүреді; оның қайсы бөлігін сен алсаң да - айталық, басты, -және тәнге қатысты қайсыбір бағыттағы оның жайын, онда ол белгіге ие алатындай болып анықталады - (мысалы, бас туралы мынаны айтуға болады), бүл оның жоғарғы бөлігі, сонымен бірге, оның қайсыбір (басқа) бөлікпен қатар болатынын және қосылатынын біз біле аламыз - (бас жөнінде біз) оның мойынмен қосыла алатыны жөнінде айта аламыз. Тура солай, әр текті бөліктері бар, денелермен де мәселе осындай болып түр, мысалы, алтынмен, өйткені, (осындай денеде) сен оны белгілейтін және бөліп көрсететін бөлік басқа ұқсас, оның жайы табиғатымен анықталады,
осылай, алтынның қайсыбір жағынан сен оның белгілі бір бөлігін бөліп қарастыра аласың, сен оны жоғарыда, төменде немесе қайсыбір басқа жақта орналасқандай етіп белгілей аласың: оған қоса саған, алтынның басқа жақтарымен ол, оң немесе сол жағында орналасуының арқасында қосыла алатыны белгілі болады. Және осы сызыққа, жазықтыққа, денеге қатысты: ол да, басқасы да, үшіншісі де саналған төрт шарттарға жауап береді. Уақытқа қатысты сен осының (бәрін) анықтай алмайсың: уақыт бөліктері бірге бола алмайды, өйткені уақыт ағында болады. Тура осы соз тіркестерінің бөліктеріне қатысты: сен қайсыбір дыбысты айтып болғаныңша, ол енді өтіп кеткенге жатады, олардың бірде-бір жұбы бірдей бар бола алмайды. Не санға қатысты болса, онда оның ешқандай жақтары жоқ, сондықтан ол жалпы қайсыбір жерде тұра алмайды. Осыған сәйкес олардың бөліктері де, бір-бірімен қосылмай және жанаспай, біріне-бірі жалғаспайды. Уақыт бөліктері, сөз тіркестері мен сандар, олар жай шарттарына жауап бермегенімен, - жайға, не бәріне, не оларың кейбіреулеріне ие емес. Санның басты ерекшеліктері осында. (Бұрын айтылғандай), сан не үздіксіз, не бөліктен тұрады. Үздік сандарға сол, не ода болатын бөліктерден немесе, оларда белгілі орын алатын, оның ішінде сол, ненің бөліктері бір-бірімен бір бағытта орналасқан, атап айтқанда сызық болатын бөліктерден тұратын жатады; ары қарай, оған сол, ненің бөліктері біріне-бірі екі бағытта орналасқан, атап айтқанда жазықтық және де сол, ненің бөліктері біріне-бірі үш бағытта орналасқан, атап айтқанда дене жатады, үштен артық бағыт болмайды. Не белгілі орны бар бөліктерден тұратынды, математиктермен "ұзындық" деп аталатынды және олармен ешқандай ені жоқ ұзындыққа, атап айтқанда, сызыққа, енімен бірге ұзындыққа, атап айтқанда жазықтыққа және де ені, тереңдігі немесе қалыңдығы бар ұзындыққа, атап айтқанда денеге, ол бөлінеді. Оның бөліктері белгілі орын алмайтын, үздік сан, уақыт болып табылады. Дене беті, сол денеге жататын болса, - бұл оның шегі және оған ол бөтен болатын және осы денені барлық жағынан қамтып отырып, дененің өз бетіне орналасатын бүл, Аристотель бойынша, оның орны болып табылады. Бөтен бет - бұл, оның денесін қамтитын, басқаның атауы. Ыдысқа құйылған судың орнын ыдыстың оймасы емес, ал, ойманы көлемдейтін, бостық пен кеңістік алады, бүл бостық пен кеңістік болып және де қалыңдық табылады, ол ештеңемен толтырылмаған және кез келген сападан айырылған деп кейбіреулер ойлайды, сол шақта ол судың қалыңдығы, суықтық және тағы басқа сияқты сапаларға ие. Дәл осылай (дейді олар), егер судың орнына ауаны немесе осы сападағы тағы бірдемені алсақ, мәселе осындай болады. Судың қалыңдығы, деп ойлайды олар, соңғысы ыдыста пайда болғанда, барлығы бүкіл бостық бойынша таралады және су мен бостық бірдей болғандықтан, біріншісінің беті мен тереңдігі, екіншісінің беті мен тереңдігіне сәйкес келеді. Кез келген, сезіммен қабылданатын дененің және бүкіл әлемнің қасиеті осылай болады деп, пайымдай отыра, кейбіреулер әрбір сезіммен қабылданатын дене туралы осылай ойлайды. Сондықтан, бұл және басқа көзқарас бойынша, не дененің өзіндік бетіне сәйкес келетін басқа бет болып табылатын, не (дененің) өзіндік қалыңдығына сәйкес келетін, басқа қалыңдыққа жататын орын, үздіксіз санға жатады. Сондықтан, бостықтың оның кейбір бөлігімен толық өлшене алатындығы түсінікті. (Қарастырылған) көзқарастардың ішінде қайсысы ақиқат екені - бұл физика ғылымында (шешіледі). Бөлінген сан әлде бөліктерден - бұл сан, әлде дыбыстардан - бұл сөйлеу, турады. Өзіндік мағынасындағы және өзімен өзі бойынша сан - бұл жоғарыда қарастырылғанның түрлері. Барлық қалғаны, нені сан ретінде қабылдайтыны, өздігімен өзі бойынша сан болып табылмайды, ал тек сандарға осы оның түрлері арқылы қосылып есептелінеді. Мысалы, түспен, қозғалыспен (әсіресе орын ауыстырумен), ауырлықпен, жеңілдікпен және тағы басқалармен мәселе осылай болып тур. Мысалы, оған ие болушы дене беті қаншама жайылып жататындай немесе бүкіл оның бойымен таралғандай, кез келген түс, осының себебінен, соншама жайылады, бет немесе дене мөлшеріне
тәуелді мөлшерге ие болады, бет немесе дене өлшеуімен және де өлшенеді. Дәл осылай, орын ауыстыратын (нәрсе) өтетін қашықтық пен уақыт ұзақтығының мөлшеріне тәуелді, орын ауыстыру үлкенірек бола алады, осының себебінен орын ауыстыру қашықтық пен уақытты өлшеу арқылы өлшенеді. Оған ұқсас ауырлық та бүкіл дене бойында толық таралады және басқа дене түрлеріне тәуелді бұл басқа бола алады (дәл осы жеңілдікке де қатысты). Ауырлық өлшеу үшін пайдаланылады және оның көмегімен көптеген денелер өлшенеді. Сусымалы денелерге не қатыстыны алсақ, онда олардың бәрі - ыдыстар, олардың көмегімен сусымалы денелердің өлшенуі жүргізіледі. Осы өлшемдер сапасында, Аристотель бойынша, оның ішіндегісіне сәйкес, ыдыстардың ішкі тегі осындай қызмет атқарады немесе басқалардың негізі бойынша өлшенетін денелердің көлеміне сәйкес келетін және оның бойында таралатын, бостықтың көлемі оның орны болғандықтан, ол осыған жатады. Денелер де, сол және басқа көзқарас бойынша, олардың орны ерекшеленетіндіктен бірінен-бірі көлемдері бойынша асып түседі және де олардың орындары бір мөлшері болғандықтан, сондықтан олар бір мөлшерлі болады. 3. САПА ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Жалпы сапа - бұл, олар қандай екендігі жөнінде, индивидтер туралы осы арқылы айтуға болатын форма, сол, не кез келген индивидке катысты қойылған "ол қалай?" деген сұраққа жауап беретін нәрсе. "Индивидтер туралы" біздің сөздерімізде (білдірілген) шартпен, оның сипаттамасы шектеледі, өйткені оларды айырушы белгілерден ажырату қажет, себебі соңғылары - олар да сапалар, олар арқылы түрлерінің қалай екендігі жөнінде айтуға болады, себебі булар - формалар. Жоғары тектердің бірі болып табылатын сапа, торт аралық тектерге бөлінеді. 1) қасиет және күйжай; 2) табиғи қабілеттілік және табиғи қабілетсіздік ретіндегі жөнінде не айтылатын; 3) ырықты сапалар және ырықсыз күй-жайлар; 4) тап мұндай, санға тән сапа. Қасиет пен күй-жай бұл жандағы және тап мұндай жанды (денелердегі) барлық формалар. Жандағы бір формалар мұндай болғандықтан, жігері немесе әдетімен қабылданады - бұлар ғылымдар, өнер, кісілік сапалар, ал басқалары - адамда туа біте қалыптасқан, мысалы, алғашқы шарттарды білу сияқты табиғи білімдер, адамда және біршама жануарларда туа біте болатын кісілік сапалар, сонымен бірге көптеген жануарларда байқауға болатын, мысалы, өрмекшілердің кейбір түрлерінде кездесетін тігіншілік сияқты табиғи жайлар, өнерлер, яғни табиғи формалар. Олар жанды (денелерде) болатын, сол формаларға қатыстыға келсек, мысалы, денсаулық және сырқаттану, онда қасиеттер ретіндегі олар туралы, қашан оларды алып тастау қиын болғандықтан, олар соншама нығайғанда, сонда олар айтылады, ал күй-жайлар жөнінде (бұл жерде оларды қасиет деп мүлдем айта алмайсың) - қашан олар бекімегенде және жылдам алып тасталынатын болғанда айтылады. "Күй-жай" сөзін Аристотель және де, олар бекіп үлгерген, білімдерді белгілеу үшін және әлі белгіленбегендері үшін де қолданады, сондықтан ол бұл жерде оларға ортақ тек ретінде көрініс табады, оның екі түрінің бірі "қасиет" деп аталса, ал екіншісі өз тегінің атауына ие. Не табиғи қабілеттілік және табиғи қабілеттілік емес ретінде айтылатын болса, сол қарамақарсылықтардың түрлеріне ие, олардағы қарама-қарсылықтардың біреуі қабілеттілік жөнінде не айтылатынға, не басқасы - қабілетсіздік жөнінде не айтылатынға жатады, тап мұндай, мысалы, қаттылық және жұмсақтық, қаттылық - "табиғи қабілеттілік" (тегіне), ал жұмсақтық - "табиғи қабілетсіздік" (тегіне) бағынады. Сол, табиғи қабілеттілік жөнінде не айтылатын болса, - бұл, олардың, арқасында денелер іс-әрекетті жеңіл жасайтын және олардың әсеріне қиындықпен түсетін, осындай табиғи бейімділіктер. Ал сол, табиғи қабілетсіздік жөнінде не айтылатын болса, — бұл, олардың себебімен денелер іс-әрекетті қиындықпен жасайтын және олардың әсеріне жеңіл көнетін, осындай бейімділіктер. Taп мұндай, мысалы, күш және әлсіздік. Күш - бұл ісәрекетті жеңіл жасауға және оған қиындықпен көнуге арналған табиғи бейімділік, ал әлсіздік -бұл, іс-әрекетті қиындықпен жасауға және оған жеңіл көнуге бағытталған табиғи бейімділік. Адам тәнінде тура осылай бар болатын күресу, жұдырықпен соғысу, жүгіру сияқты белгілі әрекетті жасауға деген табиғи бейімділік қайсыбір табиғи қабілеттілік болып табылады. Нені дағды
күшімен ол қабылдайтын, күрестегі ептілікке, жұдырық сайысындағы үстем болу өнеріне және жүгіруге қатыстыға келсек, онда мұның бәрі (табиғи қабілеттілік) тегіне емес, ал "күй - жай және қасиет" (тегіне) жатады, өйткені булар - оларды жаттығу арқылы қабылдайтын өнер және форма. Дәл осылай, егер адам осыған табиғаты бойынша және туа біте бейімделген болса, онда белгілі бір өнерде дене алдын ала орналасуына сай, әрекеттерді өте жақсы орындауға бейімділігі бойынша "табиғи қабілеттілік" тегіне жатады, соның арқасында өнердің (өзі) "күй-жай және қажет" (тегіне) жатады. "Cay" айтылымымен де мәселе осылай болып тур; ол кейбір табиғи қабілеттіліктерді білдіреді, себебі "cay" дегенмен белгілі бір әрекетке қиындықпен көнуге бағытталған белгілі бір бейімділікті түсіндіреді, ал сонда "сырқатты" сөзі әсерге жеңіл көнетін, осы арқылы түсіндірілетін бейімділіктен болатын табиғи қабілетсіздікті белгілейді. Ырықсыз сана екі түрлі болады. 1) Не денеде орын алады - бұл, сол түс, дәмдік сапалар, иістер сияқты сезілетін сапалар. 2) Не денеде орын алады - бұлар табиғи аффектілер, ашу, аяу, үрей және тағы басқалары. Олардың арасында, не жылдам өтетін болса, оны "ырықсыз күй-жай" деп, ал, не бекіп алып, баяу өтсе немесе мүлдем өтпей қойса, сол оз тегінің атауымен, яғни "ырықсыз сапа" деп аталады. Әйтсе де, Аристотель, олардың жылдам немесе баяу өтетініне тәуелсіз, көптеген жерлерде осы барлық сапаларды "ырықсыз күй-жайлар" деп атайды. Денеде бар, ырықсыз сапалар сезіммен қабылданатын сапалар болып табылады. Олардың кейбіреулері, оларды біз түйсінгенде және бағалағанда, мүшелерде ырықсыз күй-жай мен әсер қалдыратын кезде, олардың себебімен қабылданатындықтан, "ырықсыз" деп аталады. Taп мұндай, мысалы, дәмді сапалар: олар тіл және тілшікте нақтылы бір ырықсыз күй-жайлар мен әсерлерді шақырады. Ауызды қуыратын тамақ тілге, мысалы, қармаушы эсер етеді, ал ащысы - о да ащылық (түйсігін) қоздырады. Мысал ретінде, ми мен танауда құрғақтылық және ылғалдылық (түйсіктерін) шақыратын иістерді, және де, кесетіндей әрі күйдіретіндей эсерлер туғызатын иістерді алуға болады. Жылы және суықпен де мәселе осылай болып тур: сол кезде, қашан біз оларды сезіну арқылы түйсінгенімізде, олар арқылы қабылданған сол мүшелерде, олар жылылық және суықтық (түйсіктерін) шақырады. Бұл сапалар, сезіну орындарында ырықсыз күй-жайды шақырғанынан, "ырықсыздар" деп аталмайды, ал сондықтан, осы денеде бұрын болған, ырықсыз күй-жайлардың артынша болғандықтан, олар осылай аталады. Мысалы, ұ1ятты сезіне сала, адам қызарады; ұят бүл жерде оның артынша денеде (белгілі бір түс пайда болатын), жанда пайда болатын аффектіге жатады. Осы үрейден болған бозарыңқылыққа да қатысты. Денеде қайсыбір кезде табиғи жолмен кейбір ырықсыз күй-жайдан - жылылықтың, суықтықтың немесе басқа бір ырықсыз сезімдік күй-жайдың пайда болуы мүмкін, ал бұл ырықсыз күй-жай кейін денеде белгілі бір түсте пайда болады. Егер жан аффектілеріне келсек, онда олар "ырықсыз сапа мен ырықсыз күй-жай" (тегіне) бағынады, ал "қасиет пен күй-жай" тегіне олардың қатысы жоқ, себебі аффектілер кісілік сапалар болып табылмайды. Олар белгілі бір дәрежеге жеткенде, сонда олар кісілік сапаларға айнала алады; бүл жағдайда олар "қасиет және күй-жай" (тегіне) бағынышта болып шығады. Жанда пайда болып, жануар денесінде ырықсыз сезімдік күй - жайларды тудыра алғандықтан, мысалы, мынадай: бозарыңқылықты тудыратын үрей, қызаруда шақыратын ұят және, онымен қамтылған (адамда) қызулық пен бозарыңқылықты әкелетін ашулану пайда болса, олар "ырықсыз сапалар" деп аталады. Төртінші тек - бұл, тап сондай санның жеке түрлеріне тән сапа, мысалы, (жалпы) сызықтағы туралық пен қисықтық, қисық сызықтардағы дөңестік пен иместік және осылай қосылғанымен, тура сызықты құрастырмайтын, сонымен бірге фигура және оның түрлері: шеңбер, үшбұрыш, квадрат және жазықтықтағы басқа фигуралар. Белгілі бір фигура болып табылатын табиғи форма да (осыған жатады), мысалы, не тірі жан денесінің сыртқы бетіне тән, сол, және де, (мысалы), жұп және тақ - олар да тап осындай санның жеке түрлеріне тән сапа тегіне жатады.
Кедірлі - бұдырлық пен тегістікке қатысты - олар "күй-жай" (тегіне) ме, әлде осы сапа тегіне ме бағынатындығы жөнінде күмән тууы мүмкін. Өйткені кедірлі - бұдырлы (дененің) бөліктерінен тұратын, олар оның бетінде, біреулері - жоғары, басқалары - төмен тұратындықтан, олардың біреулері ұзындау, басқалары қысқалау болатындықтан, осының нәтижесінде олар әртүрлі жазықтықтарда орналасады. Оның бетінде орналасқан, тегіс (дененің) бөліктерінің бәрі өзара тепе-тең болып келеді, осының салдарынан олар бірден-бір жазықтықта тұтас орналасады. Кейбіреулердің ойынша, міне осында кедірлі-бұдырлық пен тегістіктің мәнісі түр және де сол себепті бұларды "мекен-жай" категориясына жатқызады. Шар немесе дөңгелек түріндегі тегіс (дене), оның ортасынан оның бетінің басқа Екі ара қатысты нәрселер болмысының мәнісін, оларды бір-бірімен салыстыра және байланыстырушының демеулік шылауының бірін қолдана отырып белгілесек, және де осылай болады. Алайда бұл нәрселерді анықтауда тек осы суреттеумен шектелуге болмайды, өйткені олардың әрқайсысының болмыстық мәнісі бар, себебі ол басқа текке бағынған. Ол басқа текке енетін болғандықтан, мүмкіндігінше оған жататын, олардың әрқайсысының болмысының мәнісін, оған онымен ара қатысты нәрсе болмысының мәнісімен салыстыра отырып, белгілеуге болады және сонда, оларды осындай болмысының мәнісімен алғандықтан, олар енді ара қатыстылар санатына жатпайды. Сондықтан осындай екі нәрселер, қашан олардың әрқайсысының болмыс мәнісі сол немесе басқа қатынас түрінің иегері ретінде болса, оларды бір-біріне салыстыра отырып, бірдемені белгілейтінін айту қажетті. (Тек) бұл жағдайда ғана, Аристотель айтқандай, ара катысты нәрселердің анықтамасы жеткілікті қанағаттандырарлық болады; қашан бұл нәрселердің өмір сүруі қалайда бір түрде ара қатысты болу екендігін білдіретіні көрсетілгенде, сонда осыған жетуге болады; яғни болу мәнісімен олардың өмір сүруі, оларда сол немесе басқа түрдегі қатынастардың бар екендігін білдіреді; қарсы жағдайда олар ара қатысты болып табылмайды. Қатынастың белгілі түрінің иегері ретіндегі бірінің есімі басқасының есіміне қарама-қарсы, (екі осындай) нәрселер ара қатысты болады; тап осындай, мысалы, "әке", және "бала", "құл" және "қожайын". Кейде (осындай) нәрселердің есімдері бірдей болады, мысалы, "жолдас", "дос", "ағайын". Кейде олардың біреуінің есімі сол есімінен туынды болып табылады, мысалы, "танымнан" шығатын "танылатын". Кейде, ол қатынастың екі иегерлерін белгілеу үшін қолданылатын, тек жалғыз байланыстың есімі бар, сондықтан, осы байланыс арқылы бір-бірімен ара қатыстырылған, осы екі нәрселердің есімдері байланыс атауынан туынды бола алады, - мысалы, "иегер" және "иеленілген" "иеленуден" бірдей туынды, сол себепті "иелену" осы қатынастың атауы болады. Бірақ былай болуы мүмкін, олар қайсыбір ара қатысты етіп белгілейтін, осы ара қатысты нәрселердің біреуінде де жалпыға белгілі есімі жоқ. Адамдар бұл жағдайда, оларға байланыс бөліктерінің біреуін қоса отырып, оларды басқа бір текке жататындай әлдене ретінде білдіретін, олардың сол есімдерін пайдаланады. Мысалы, "қол - бұл адамның қолы" /4/ айтылымы тап осылай, өйткені қалай "адам", солай "қол", бұл нәрсені ара қатыстыдай етіп белгілейтін есімге жатпайды. Қашан, оны әлдебір ара қатысты ретінде белгілейтін, ара қатыстырылған нәрселердің (тек) біреуінің ғана есімі болмаса, сонда ол соған ұқсас қылып істеледі; бүл жағдайда, оны басқа текке енетін әлдене ретінде білдіретін, оның есімі алынады, және де, осы қатынасты белгілейтін оның есімі бар, онымен ара қатысты нәрсе байланыстырылады. Жиі ретте, (қатынасты) белгілейтін есім, екі ара қатысты нәрселерде бар, бірақ сол, кім оларды ара қатыстырады, зейінсіздігі немесе ұқыпсыздығы бойынша, бұл есімдерді емес, ал сол есімдер оларды басқа текке жататын әлдене ретінде белгілей алады. (Жоғарыда қарастырылған) үш (жағдайларда) әңгіме (өзіндік) ара қатысты нәрселер туралы іс жүзінде болып отырған жоқ, тек әңгіме сол туралы болып отыр деген пікір ғана тууы мүмкін. Оларда жалпыға белгілі есімдері жоқ нәрселер үшін, оларды ара қатысты әлдене етіп белгілейтін, есімдерді құрастыруға Аристотель кеңес береді, қатынасты белгілейтін есімдер бар болса, онда тек оларды зейінсіздік пен
ұқыпсыздықты жібермеу үшін алуды ұсынады. Міне сонда осы нәрселер жөнінде ешқандай күмән тумайды, олар ара қатыстылардың қасиеттеріне ие болады және олар туралы ешқандай адасу тумайды. Ара қатыстылар ерекшеліктерінің біреуі сонда, не айтылымдағы ара қатысты нәрселер бір-бірімен өзара айналымдық қатынаста болатындығында тұрады, мысалы: "бала - бұл әкенің баласы" және "әке - бұл баланың әкесі" айтылымдарында. Не біреуінің өмір сүруі басқасының өмір сүруін пайымдайтын және не оны барлығына тән пайымдайтын, және не барлығына тән бір-бірімен ажырамас байланыста болатын, не оларды ара қатысты әлдене ретінде белгілейтін шынында ара қатысты нәрселердің жұбы болатын, сол қатынас (атауынан) құрастырылады; немесе осындай атау, оны ара қатысты әлдене ретінде белгілейтін, оның ерекше есімі жоғы үшін, бүл есімдер (олардың арасынан) ойланылып табылады. Егер де сол, кім қатынастарды тағайындайтын, ұқыпсыздық жіберсе, онда (бұл есімдер) шатасқан болып шығады, мысалы "құл - бұл адамның құлы" айтылымында, өйткені бұл жерде енді: "адам - бұл құлдың адамы" деп айтуға болмайды; "тұтқа - бұл кеменің тұтқасы" дегенмен де мәселе осылай болып түр, өйткені былай айтуға болмайды: "кеме - бұл тұтқаның кемесі". Бірақ кеме үшін, оны тұтқамен ара қатысты ететін, әлденемен белгіленетіндей есім құрастырылса, онда айналу сондықтан бұл жерде (мүмкін) болады, себебі "тұтқамен басқарылатынның тұтқасы" және де, мысалы, былай айтылса: "тұтқа - бүл тұтқамен басқарылатын кеменің тұтқасы", осыған ұқсас басқа жағдайларда да дәл осылай болады. Бір-бірімен ара қатысты нәрселердің (тағы) бір ерекшелігі, олардың бірге өмір сүретіндігінде болып тур. Шынында да, олардың бірде-бірі басқасынан кейін өмір сүрмейтіндей, құл мен қожайын бірге (өмір сүреді); әкесі мен баласына қатысты да дәл солай. Егер нәрселер шынында ара қатысты болса, яғни, жоғарыда сол туралы айтылған, олардың ара қатыстылығының шарттарына олар сай келетін болса, онда олардың біреуінің өмір сүруі басқасының өмір сүруін білдіреді және де олар бір-бірімен ажырамас қатынаста болады. Шарттардың бірі оларды бірдей қатынаста алу керек екендігінде тур, яғни тек қос қатысты нәрселер де потенциялды әлдене ретінде, не актуалды әлдене ретінде алынуы тиіс, қашан олардың бірі потенциалды әлдене ретінде, ал басқасы актуалды әлдене ретінде алынса, онда актуалды (нәрсе) потенциалдыдан кейін өмір сүретіндей болып шығады. Сонымен, таным және танылатынмен де мәселе осылай болып тур. Сол, және басқа міндетті түрде бірге өмір сүруінен және танылатын оған катысты танымнан, (айталық) сезіммен қабылданатын - оған катысты қабылдауға дейінгі сияқты бұрын бола алады деп, кейбіреулер пайымдайды. Қашан танымалды потенциалды танылатын ретінде алынғанда, тек сонда осыған ұқсас бола алады: бұл жағдай біздің ол туралы актуалды білімімізден бұрын болады; алайда ол біздің потенциалды білімімізден бұрын да, кейін де өмір сүрмейді. Тепе-тең түрде потенциалды сезіммен қабылданатын біздің оны актуалды қабылдауымыздың алдында болады, бірақ ол біздің потенциалды қабылдауымыздан бұрын да, кейін де өмір сүрмейді. Қашан осы нәрселердің бірі - потенциалды әлдене, ал басқасы актуалды әлдене ретінде алынса, және де керісінше болса, онда олар енді шынайы ара қатыстылар болып табылмайды. Бірақ егер екеуі не потенциалды, не актуалды алынса, олар нағыз ара қатыстылар болып табылады және сонда олардың біреуі де басқасынан не бұрын, не кейін өмір сүрмейді. Егер олардың бірі жеткілікті түрде танылса, онда басқасы да қажетті түрде жеткілікті болып танылатындықтан, ара қатысты нәрселердің (тағы) бір ерекшелігі осында болады. Басқаша айтқанда, қатынастар иегерлеріне кейде басқа категорияларға жататын екі қайсыбір түр, ал кейде - екі индивид жатады. Егер бұл екі индивид болса, онда олар сол немесе басқа түрлі қатынаспен белгіленеді, ал егер бұл екі индивидтер болса, онда олар әлдебір жеке қатынаспен белгіленеді. Қашан (қатынас) иегерлерінің екі түрде атауы бар болса, және ол олар қатынасының түрін
белгілесе, және олардың бірі осы атаудың арқасында белгілі болса, онда онымен ара қатысты басқа түр де қажетті белгілі болуы керек. Тура осылай, егер (қатынастың) екі иегерлері, басқа категорияларға жататын, индивидтер болып табылса, онда, егер олардың әрқайсысының, олардың жеке қатынасын белгілейтін есімі бар болса және олардың бірі осы есімі арқылы белгілі болса, онда, онымен ара қатысты басқа индивид, осы сияқты қажетті белгілі болуы керек. Бұл көңілден тайқып кетеді, өйткені жеке қатынастардың осындай қатынастарды жеке қатынастар ретінде белгілейтіндіктен, олардың есімдері жоқ. Осының негізінде соған, кім олардың арасында қатынастар орнататынға, оларға осы қатынас түрінің не тегінің атауын беретінге, оларды белгілеуге тура келеді. Соңғы жағдайда индивид не одан басқа, немесе жеке қатынаста болатыны сияқты, белгілі бола бастайды; ал сол, не осы қатынастың түрі немесе тегі арқылы белгіленетін болса, онда ол жеткілікті емес түрдегі әлдебір ара қатысты ретінде танылады. Ал солай болса, онда онымен ара қатысты нәрсе міндетті емес түрде белгілі бола алады. Қашан (қатынас) иегері ретінде, басқа категорияларға жататын, екі түр шықса және олардың қатынастарының түрі ешқандай атауларға ие болмаса, онда мәселе тағы да солай болып тұр. Осының салдарынан соған, кім олардың арасында қатынас орнататын оларды осы қатынас тектерінің есімдерін бере отырып, белгілеуге тура келеді. Соңғы жағдайда ара қатысты (түр), ол мүмкіндігінше қатынастың тегі арқылы белгіленген болғандықтан, жеткілікті емес түрде танылады. Ал солай болса, онда онымен ара қатысты тур (де) белгілі болуға міндетті емес. Қашан олар басқа текке жататындықтан, сондықтан олармен аталатын, қашан нәрселердің осы есімдері алынғанда, мәселе тура солай болады. Жалпы белгілі есімдері бар көптеген ара қатысты нәрселермен дәл осылай болады; бұл жағдайда олар бір-бірімен ара қатысты емес деп, ал көптеген ара қатысты емес нәрселер - олар бір-бірімен ара қатысты шығар деп ойланылады. Сапаның түрлері мен шектеріне жататын көптеген нәрселердің арасында қатынастар бар болғандығынан, мәселе осында тур. Ара қатысты нәрселерге жататындықтан, сапаның осы түрі мен тегінің есімі оның есімі болғандықтан осылай да болады, сол шақта, оны сапа ретінде белгілейтін есім онда жоқ. Осының салдарынан, оны ара қатысты нәрселерге жататын әлдене ретінде белгілейтін есім, оны сапа ретінде белгілейтін деп қарастырылады; және сонда осы тек түрлерінің есімдері, олар бұл түрлерді ара қатысты нәрселерге жататын әлдене түрінде емес, ал сапа ретінде белгілейді. Сол кезде осы түрлердің тегі сапаға емес, қатынас категориясына жатады және оның түрлері қатынас емес, ал сапа (категориясына) жататын тәрізді деп ойланылады. Және сонда бұл жерде күмән туады, және олар таң қала бастайды: "қалай?" тек қатынас (категориясына) жатады, ал оның түрлері басқа категорияға бағыныңқы болады. Себеп бұл жерде, оны ойлап тапқанның, бұл атауға енгізген шатастыруынан шығып тур /5/. Егер де бұл текте екі атау болса - бірі, оны сапа ретінде белгілейтін, және басқасы, оны әлдебір ара қатысты етіп белгілейтін бар болса және егер тура осы оның түрлерінде орын алса, онда ешқандай күмән тумас еді. Солармен осыған ұқсас әлдене орын алатын, мысалы, субстанция, жай және басқа осылар сияқты басқа категориялармен де, мәселе тап осындай. 5. "ҚАШАН?" КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ "Қашан?" - бұл, нәрсенің болуыменен қоса жүретін және оның шектері оның бар болуының шектерімен бірдей болатын нәрсенің, уақыттың бір бөлігіне немесе оның бір бөлігі, нәрсенің өмір сүруінде орын алатын, осындай уақыттың белгілі бөлігіне қатынасы. "Қашан?" тап осындай уақытты да, субстанция мен уақыттың үйлесуін де, кейбіреулер ойлағандай білдірмейді. Бұл сөйлемшені адамдар әдетте, оның (өмір сүруінің) белгілі уақытына қатысты және сол немесе басқа нәрсе туралы қойылатындықтан, адамдар оны сұрақ ретінде пайдаланады. "Қашан?", ол арқылы нәрсе туралы қойылған: "қашан ол болды, немесе болады?", деген сұраққа жауап беруге болатындықтан, әлденені белгілеуге болатын есім ретінде қарастырылады.
Белгілі уақыт – бұл, не "қазірден" өткенде, немесе болашақта алыс тұратындықтан, соған сәйкес анықталған сол немесе, сол арқылы белгілі және оның өткен шақта, және болашақта "қазіргіден" қаншама алыс туратынын көрсететін, есім арқылы (өткен шақта, мысалы, "кеше", "кешеден бұрын", "өткен жылда", "өткеннің алдындағы жылда", "жыл бұрын", "екі жыл бұрын"; болашақта мысалы, "келесі жылы", "ертең", "бір жылдан соң"), немесе, ол "қазірден" қаншама сол арқылы алыс тұратыны белгілі оқиғадан (мысалы, "Геракл патша кезінде", немесе "пәленше соғыс кезінде") сияқты, ол осылай анықталады. Оның бойында өмір сүретін нәрседегі нақтылы бір уақыт, немесе біріншісін өзіне қосып алатын, екінші бола алады. Бірінші уақыт бұл сол, не нәрсенің өмір сүруінде серік болады, онымен сәйкес келеді және одан ажырамайтын болады. Нәрсе (өмір сүруінің) екінші уақыты - бұл, бірінші уақыт оның бөлігі болатын, үлкен уақыт, осылай, мысалы, шайқас пәленше жылдың пәленше айындағы пәленше күнде болады және оған алты сағат серік болды; бүл сағаттар тура оның бірінші уақытына жатады, ал күн, ай және жыл - екіншісіне жатады. Сондықтан шайқас туралы, ол пәленше жылы орын алды, өйткені ол пәленше жылдың пәленше айында өтті делінеді. Осы айдың пәленше күні ол болғандықтан, сондықтан ол осы айда болды; өйткені оның ұзақтығы бүл күннің алты сағатымен бірдей болғандықтан, сондықтан ол бүл күні өтті. Қорытып айтқанда, ол осы үлкен уақыттың бөлігі бойында өмір сүретіндіктен, сондықтан ол белгілі бір үлкен уақытта өмір сүретін болады деп нәрсе туралы айтылады және ары қарай, ол оның өмір сүру (ұзақтығынан), аспайтындықтан, оның шектері осы нәрсе өмір сүруі шектерінен аспайды делінген. "Қашан?" сұрағы нәрсе шектеріне қатысты да қойыла алады, сондықтан бұл сұраққа жауап ретінде не (нәрсе өмір сүруінің) бастамасына, мысалы, "қашан пәленше туды?" деген сұраққа: "сол уақытта" деп жауап беретіндігі, не оның аяғында, мысалы, "қашан пәленше қайтыс болды?" деген сұраққа: "пәленше уақытта" деп жауап беретіндігі көрсетіледі. Бұл және бұларға ұқсастар, "қашан?" деп аталатын түрге олар бағынатын, түрлерді құрастырады. Нәрсе өмір сүруі уақытына серік болу - бұл, оның өмір сүруі уақытын өлшеумен бір нәрсе емес. Нәрсенің өмір сүруін өлшейтін уақыт сан (категориясына) жатады. Мысалы, "пәленше қанша өмір сүрді?" деген сұраққа "жүз жыл" деп жауап береді, соңғы, (бүл адамның) өмірін өлшейтін, уақыт ретінде көрініс және де табады. Нәрсе өмір сүруінің ұзақтығымен тура келетін уақыт оның бар болуын өлшеу үшін де қолданыла алады, өйткені, мысалы, ол сонда болған, сол жылдың пәленше айларына дейін соғыс созылды деп те, айтуға болады. Тура келетін және өлшейтін (уақыттардың) арасындағы айырмашылық, тура келетін (уақыт) оған қоса уақыт шектері қызметін атқара алатындығында, ал өлшеуші тек қана жай уақыт бола алатындығында тұр. Тура осылай және ілесетін уақыт тек уақыт бола алады, өйткені ілесетін және өлшейтін уақыттар бөліне алады; тура келетін уақыт бөлінбейтіндей де бола алады, (себебі) уақыт шектері бөлінбейді. 6. "ҚАЙДА?" КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ "Қайда?" - бүл дененің оз орнына қатынасы. Бұл орын да емес және де денелер мен орындардың үйлесуі де емес, ал сол арқылы әлдене нәрсе жөнінде "ол қайда?" деген сұраққа жауап беруге болатын, мысалы, "бөлменің ішінде" деп біз айтқан болсақ, онда"қайда?" бөлменің езі емес, ал сол, не "бөлменің ішінде" сөйлемшесімен ойланылып тұр. Кез келген табиғи денеде сол немесе басқа түрдегі "қайдасы?" бар; ол адамда да, және жануарлардың басқа түрлерінде де, және де өсімдіктер мен тастардың әртүрлі түрлерінде, және дүниеде бар болатын басқа түрлерде бар. Бірақ әртүрлі "қайданың?" арасында тек кейбіреулері бірден аңғарумен айқындалады, көпшілігі тек дәлелдеу мен пайымдау арқылы түсініледі. Әрбір денеде, тек оған тән "қайда?" бар, және ол оны басқалармен бірге бөлінісетін кейбір "қайдалар?" бар және олардың арасында біреуі кіші және алғашқы "қайдаға?" жақын, ал басқасы одан үлкен және алыс бола алады. Тап осындай, мысалы, Зейд, кімнің бірінші "қайдасы", ол сол
жерде болатын, сол бөлменің ауасында пайда болған, қуыстықты көрсетеді. Яғни, ол бұл үйдің белгілі бөлмесінде, бұл қаланың және белгілі үйінде, бұл елдің және белгілі қаласында, және мекенделген әлемнің бір бөлігін құрастыратын, белгілі елде, және жердің мекенделген бөлігінде, әлемнің бір бөлігін құрастыратын жерде, және, ақырында, бүкіл әлемде бар болады. Бұның бәрі - бірдей емес "қайдалар?"; және де, ол көбінесе жекелеуде болатындықтан оның ең нағыз жеке орнына кейін, атап айтқанда: ол онда мекендейтін, онымен тең көлемді бөлменің бөлігінде, оған тиесілі оның бетімен тура келетін, сондай ауадағы қуыстық болып табылатындықтан, сондықтан (Зейд) көбірек жалпылауда бола алады. "Қайда?" түрлеріне жататындары солар, не өзімен өзі "қайда?" болып табылатын және де сол, не әлденеге қатынасы бойынша "қайда?", болып табылатын. Сол, не өзімен өзі "қайда?" болып табылатын, - бұл, мысалы, сол "үйде", "бөлмеде" деп айтқанда, не еске алынып тұрғандар, ал сол, әлденеге қатынасы бойынша "қайда?" болып табылатындар, - бұл солар: "үстінде", "астында", "жоғары", "төмен", "оң", "сол", "алдында", "артында", "айналасында", "ортасында", "қасында", "жолында", "ода", "оған" және т. б. деп айтылғанда, не еске алынып тұрғандар. Бірақ егер денеде өздігімен өзінше "қайдасы?" болмаса, онда әлденеге катысты "қайда?" да ода жоқ. 7. ЖАЙ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Жай - бұл, қашан дененің белгілі бір бөліктері орынның белгілі бір бөліктеріне қарсы тұрғанда, ол сонда болатын, немесе олармен қосылып кететін жағдай. Жай кез келген орынды алады, өйткені әрбір дененің сол, немесе басқа жайға сәйкес "қайдасы?" бар. Сонымен, адам көптеген түрлердің жайын ала алады: мысалы, түрегеп тұру, отыру, тік тұру, белінде жату, шалқая отыру, етпетімен жату, шалқасынан жату. Бас, арқа, иық және басқалары сияқты тәннің және де бір белгілі бөліктері әрқайсысы бөлек, қайда адам тұратын немесе онымен тура келетін, сол орынның кейбір бөліктеріне қарсы тұра, осындай ұқсас жайлардың қайсы бірінде бола алады; ал оның жайы өзгергенде, дәл сол бөліктер орынның басқа бөліктеріне қарсы тұратындар болып шығады. Орын ауысады, ал жай өзгермейді және солай да болады. Бұл жағдайда дененің бөліктері, қайсыларына олар бұрынғы орнында қарсы тұрған болса, сондай бөліктерге жаңа орында да қарсы тұрады. Басқа жануарлармен де, өсімдіктермен де тура осындай, біртекті бөліктері бар денелермен де, дәл осылай болады. Кеңістікте белгілі жай алу - бұл, кеңістіктегі оның жайы басқа денеге қатынасы бойынша емес, ал өзімен өзі бойынша анықталатындықтан, осы дене басқа денеге қатынасты қайсыбір жайға ие болады дегенді білдірмейді. Егер басқа денеге қатынасты оның орнына келсек, онда ол осы басқа денеге қатынаспен, олар туралы сан жөніндегі пайымдауда әңгіме болған, ал атап айтқанда: егер олар бірге бар болса, егер де олардың бірі басқа денеге қатынасты белгілі бір бағытта болса; егер осы бағыт - оны ишарат білдіруімен немесе сөзбен белгілеуге болатындықтан анықталған болса, және егер, оған қарсы тұрған дене анықталған болса, осы төрт шартқа жауап бере алмағанда анықталады. Кеңістікте жай алатындардың бәріне, басқа денелерге қатысты әлдебір жай алу тән, өйткені, бірбірімен жақындай немесе алыстай отырып, әлемдегі нәрселер тұтастық ретіндегі осы әлемнің бөліктерін құрастырғандай болады. Олар бір-бірімен қатысты орын алатындықтан, сол орындар дәрежесіне сай бір-бірімен қатысты денелер орналаса алады. Дәл солай әрбір дененің бөліктері де олардың денедегі дәрежелеріне сай бір-бірімен қатысты орналаса алады. Және сонда жай, оны дене жеке өзіне ала алатын болғандықтан, сол туралы әлденемен ол ара қатысты деп айтылатындықтан, оның сол "қайдасында?" оған тән болады. Жуық арада орындар екі түрлі болып келетіндіктен, сондайларға не өзімен өзі өмір сүретіндерге және сондайларға, не басқамен ара қатысты болып өмір сүретіндерге бөлінеді, сондықтан осыған сәйкес жай да екі түрлі болып келеді: сондай, не өзімен өзі өмір сүретін, және де сондай, не әлденемен ара қатысты болып өмір сүретін. Егер дене өзімен өзінің жайын алмаса, онда ода басқа әлденеге қатысты жай да жоқ. Сол
себепті орын әлденеге қатынасты емес, ал өзінен-өзі өмір сүретіндіктен, екі түрге ие - 1) тек бүл денеге тән, (орын), және 2) басқа денелермен бөлісуге тура келетін, (орын) - сонда оның жайы да, немесе тек біріншімен, оған тән орнымен, немесе, әлемнің шектеріне дейін, басқа денелермен ол бөлісетін, екіншісімен ара қатысты болады. 8. ИЕЛЕНУ КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Иелену - бұл, оған, немесе бөліктеріне қосылатын, сонда бірінші дененің орын ауысуымен екіншісі де орын ауысатын, бір дененің басқасына осындай қатынасы бар нәрсе: мысалы, киім, аяқ киім кию, қаруды алып жүру. Киім кию, оның келбетіне қосылатын, сонда бірінші дененің орын алмасуымен екінші дене де орын алмасатын, бір дененің кейбір басқа денеге осындай қатынасын белгілейді; аяқ киім кию, ол дененің бір бөлігіне ғана қатысты болғанымен, денелердің арасындағы осындай қатынасты белгілейді; қаруды алып жүрумен де мәселе тап осындай. Иелену түріне және де табиғи иелену - осылай, қашан әңгіме жануардың терісі немесе ағаштың қабығы болып тұрғанда және де еркін - мысалы, киім кию жатады. Не ыдыстың ішінде судың орналасуында және белгілі бір орында белгілі бір дененің жалпы болуына қатыстыға келсек, онда бұл енді "иелену" категориясына жатпайды, өйткені ыдыс оның ішіне құйылған судың орын алмасуымен бірге орын алмастырмайды, мәселе қайта керісінше болып тур, өйткені су ыдыстың орын алмасуымен бірге орын алмастырады. Местегі шараппен және торсықтағы сумен де мәселе тап осылай болып тур, себебі, осы екі жағдайда біз иелену категориясын емес, ал "қайда?" категориясын алып турмыз. 9. ӘРЕКЕТКЕ УШЫРАУ КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Әрекетке ұшырау - бұл субстанцияның бір әлденеден басқа әлденеге өтуі және оның бір әлденеден басқа әлденеге айналуы. Әзірше субстанция осы екі "әлдененің" арасында үздіксіз қозғалысты жалғастыра берген сайын, ол туралы әрекетке ұшыраған деп атайды. Осындай қозғалыс бір сападан басқасына қарай өте алады. Мысалы, дененің қаралықтан ақтылыққа өтуімен яғни ағаруымен, немесе оның суықтықтан жылылыққа өтуімен, яғни жылуымен мәселе осылай болып тур - мұның бәрі "әрекетке ұшырау" тегіне жатады. (Әрекетке ұшырауда) сол, не субстанция басында болса, онда ол біртіндеп, аз-аздан жоғала бастайды және бұл, субстанция қозғалысы әзірше тоқтағанға дейін, үздіксіз жалғаса береді. Субстанция әрекетке ұшырайтын бүкіл уақыт бойы, ол содан, не ода пайда болатыннан және содан, не ода жоғалатыннан, соның анықталмайтын бөліктерінен тұрады. Сонымен, егер жылынатын әлденені алсақ, онда оның жылыға айнала бергені сайын, онда жылының бөліктері бірінің артынан бірі пайда бола береді және суықтың бөліктері бірінің арты бірі азая береді. Бірақ әзірше әрекетке ұшырау жалғаса бергенде, ода жылының қай бөлігінің пайда болатынын және оның көлемінің қандай екендігін де, суықтың қай бөлігінің ода жоғалғанын және оның көлемінің қандай екендігін де, бұл жерде анықтау мүмкін емес. Өйткені әрбір рет, онда пайда болып үлгерген жылының сол бөлігін, немесе онда жоғалып кеткен, суықтың сол бөлігін және оның аумағын, дәл анықтағың келсе, онда сен, бүл бөліктің және бұл өлшемнің, ода жоқ екендігін тауып аласың. Және де осылай, әзірше бұл әлдене түпкілікті күйжайға жеткенше және қозғалыс тоқтағанша бола береді; және міне сонда, (онда жылының) қай бөлігінің пайда болғанын және оның өлшемінің қандай екендігін, сен анықтай аласың. Біз "әрекетке ұшырайды" немесе "өзгереді" және "қозғалады" деп айтқан болсақ, онда ешқандай айырмашылығы жоқ, осы тектің түрлері қозғалыс түрлері, атап айтқанда: пайда болу, жойылу, өсу, кему, айналу, орын алмастыру болып табылады. Пайда болу - бүл денемен болмаудан денемен қалыптасуға, немесе субстанциямен болмаудан субстанциямен қалыптасуға ауысу, ал жойылу -
денемен болудан субстанция емес болып қалыптасуға ауысу. Мысал ретінде, үйдің қалай пайда болатынын, қалай ол біртіндеп, аз-аздап, бөліктерінен соң бөліктері үздіксіз салынатынын және де бұл үй (түбінде) салынып біткенше, әзірше жүретінін алуға болады. Тура осыны кеме, әйнек немесе және басқа нәрселер туралы айтуға болады, олардың әрқайсысында, (неден қозғалыс басталатын) сол алғашқы аз-аздап, үздіксіз жоғала береді, және сол, не (дене болып табылатын), пайда болады, сондықтан бұл дене аз-аздап, үздіксіз жүретін қозғалыста болады. Өсу - бұл дененің оның барлық бөліктерінде аз мөлшерден коп мөлшерге қарай өзгеруі, ал кему - оның барлық бөліктерінде коп мөлшерден аз мөлшерге қарай өзгеруі. Айналу - бұл бір сападан екіншісіне қарай, мысалы, суықтан жылыға, немесе қаралықтан ақтыққа қарай өзгеруі. Орын ауыстыру - бұл бір "қайдадан?" басқа "қайдаға?" қарай өзгеру, мысалы, "төменнен" "жоғарыға" немесе "оңнан" "солға" және басқа бағыттарда өзгеру. Әрекетке ұшырау түрлерінде қарамақарсылықтар әрекет етеді. Айталық, төменге қарай қозғалыс жоғарыға қозғалысқа қарама-қарсы, ал суықтықтан жылылыққа қозғалыс жылылықтан суықтыққа қарай қозғалысқа қарама-қарсы. Дәл солай кему өсуге, ал жою пайда болуға қарама-қарсы. 10. ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Әрекет сонда, неде әрекетке қатыстырылған нәрсе пайда болған, бір қатынастағы нәрселердің бөлігінен басқа қатынастарға әрекет етушінің үздіксіз ауысуында тур. Өйткені әрекет етуші - бұл сол, ненің арқасында әрекетке ұшырайтын денеде аз-аздап, бөліктен соң бөліктен үздіксіз пайда болатын , неге әрекетке ұшырайтын әлдене ауысатын бола алады. Әрекет етушінің кез келген пайда болатын бөлікке қатынасы, сондықтан, оның басқа бөлікке қатынасынан ерекшеленеді, себебі ол олардың әрқайсысы үшін әрекет етуші ретінде көрініс табады және үздіксіз қатынастардың бірінен, не әрекетке ұшырайтынның, басқа қатынастың сол бірінші бөліктеріне ауысады, сонымен бірге әрекетке ұшырайтын, не ода пайда болатынның, сол бір бөліктерінен басқаларына ауысады. Солай, қашан жылынатын дене соны, не жылытуға ұшырайтынды жылытса, сонда бұл дене не жылытылып жатқанда, сондағы жылудың бірнеше бөліктеріне белгілі бір қатынаста болады. Қалай жылытушы жылудың бір бөлігінен екіншісіне үздіксіз ауысатындай, солай жылынатын да жылудың бірінші бөлігіне бір қатынастан оның екінші бөлігіне қатынасқа ауысады, оның үстіне ол бір қатынастан басқасына үзіліссіз өтеді, және сондықтан оның қозғалысы, оларда ол жылу бөліктерінде болатын, қатынастар арқылы не жылытылған болса, сол жылу бөліктері арқылы қозғалыс тоқтағанда ғана үзіле алады. "Әрекет" тегі, қаншама "әрекетке ұшырау" тегінде болса, соншама түрлерге не болады, себебі өзгеріс пен қозғалыстың әр түрінде өзгеріске ұшырау мен қозғалысқа әкелудің белгілі түрі сәйкес келуі бар: қашан біреуі жылытқанда, басқасы жылынады; қашан біреуі тоңазытылғанда, басқасы тоңазытылады; қашан біреуі алып жүргенде, басқасы алып жүріледі; қашан біреуі өсіргенде, басқасы өсіріледі, қашан біреуі пайда болуды шақырғанда, басқасы пайда болады; қашан біреуі жойғанда, басқасы жойылады... Дәл осылай мәселе төменгі түрмен болып тұр: қашан біреуі салғанда, басқасы салынады; қашан біреуі кескенде басқасы кесіледі; қашан біреуі өртегенде, басқасы өртенеді. Қалай қарама-қарсылықтар әрекетке ұшыраушының түрлерінде өмір сүрсе, дәл солай олар әрекет түрлерінде де өмір сүреді: қалай "қиратылуға тиісті" "салынуға тиістіге" қарамақарсы болса, солай "қирату" "салуға" қарама-қарсы, қалай "жылытылуға тиісті" "мұздатылуға тиістіге" қарама-қарсы болса, солай "мұздату да" "жылытуға" қарама-қарсы. Және де дәл осы басқа осыған ұқсас түрлерге тән. Барлық сезіммен қабылданатын нәрселерді қамтитын, жоғары тектер тап осындай. Бұлар - сезіммен қабылданатын нәрселердің ең жалпы ұғымдары. Бұл тектерді және олардың әрқайсысына бағынатын түрлерді сезіммен қабылданатын нәрселердің ұғымдары ретінде және соңғылардың адам жанындағы нұсқалары ретінде қарастыруға болады.
Қашан олар тап осылай қарастырылғанда, олар (жай ғана) ақылмен танылатын, бірақ логикалық емес әлдене болып табылады. Қашанда оларды, сезіммен қабылданатын нәрселер туралы білім беретін және де соны, не сөйлемшелермен белгіленетін сияқты, әмбебапты ұғымдар ретінде алғанда, онда олар логикалық болып табылады және "категориялар" деп аталады. Бұл жағдайда бар нәрселердің ұғымдарында екі қатынас орын алады: бірі - индивидтерге, басқасы - айтылымдарға арналады және де осы екі қатынас арқасында олар логикалық бола алады. Осыған сәйкес қашан оларды, бір-біріне қатынасы бойынша олар жалпылау әлдене және жекелеу әлдене болып көрінетін ретінде алғанда, немесе қашан оларды баяндауыш ретінде алғанда, немесе қашан оларды бастауыш ретінде алғанда, немесе қашан оларды жоғарыда аталған тәсілдерімен бірімен бірін анықтаушы ретінде, яғни соған, не осы нәрсе және ол қалай болатынына анықтама беруші тегінде алынса, онда олар логикалық болып табылады. Қашан да оларды, өмір сүріп тұрған заттардың ұғымдары ретінде қарастыра отырып, бүкіл бұл анықтамалардан тыс дерексіздендіре алса, онда олар физика ғылымына, геометрияға немесе басқа қайсыбір оймен пайымдалатын өнерге жатады және оларды "категориялар" деп бұл жағдайда айтпайды. Бұл жерде /6/, не категориялармен байланысты болса, сол туралы бірдеме айту керек: табиғи түрдегі бастауыш жөнінде және табиғи түрдегі баяндауыш жөнінде; не мәнді және не акциденталды сол жөнінде; бір-біріне қарсы жататын нәрселер туралы; басқа бірдемеден шығатын, бірдеме жөнінде, "болып өткен", "кейін болатын" және "бірге болатын", сол жөнінде айту керек. Табиғи түрдегі баяндауышқа біз қашан субстанциядан басқасын жоғары тектер және олардың түрлері болатын субстанциялар, субстанциялардың түрлері немесе жеке субстанциялар ретінде алсақ, ал субстанция, субстанциялардың түрлері немесе жеке субстанциялар пайымдауларда қалған категорияларға бастауыш ретінде алынса, мысалы, қашан біз былай деп айтқандағы сияқты: "адам ақ" ж.т.б., сонда оған ие бола аламыз. Табиғи емес түрдегі баяндауышқа, қашан субстанция немесе оның қайсыбір түрлерінің бірі, немесе жеке субстанция қалған жоғары тектердің, олар түрлерінің немесе оларға жататын индивидтердің баяндауышы болғанда, мысалы, қашан біз былай айтқанда: "ақ - бұл жануар" немесе "бұл тұрған - Зейд" сияқты болса, біз оған ие бола аламыз; немесе, қашан әлдебір әмбебапты үшін баяндауыш индивид ретінде алынғанда, мысалы, біз былай деп айтқанда: "адам - бұл Зейд", сонда біз оған ие бола аламыз. 11. "МӘНДІ" ДЕГЕН НЕ, "АКЦИДЕНТАЛЬДЫ" ДЕГЕН НЕ, СОЛ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ "Әлдене мәнді" қайсыбір нәрседе, ол үшін, сол үшін, ода және онымен бірге - қашан не бұл"әлдененің"табиғатында - осы нәрсемен ара қатысты болуы бар болса, не бұл нәрсенің табиғатында - онымен жоғарыда аталған қатынастардың бірінде болуы бар болса немесе оның және соның бірге алынған табиғатында бар болғандықтан осылай деп, сонда айтылады. "Акцидентальды" деп, қашан "әлдене" осы нәрсемен жоғарыда аталған қатынастардың бірінде болғанда, сонда айтылады, бірақ бұл не осы "әлдененің", не осы нәрсенің табиғатында жоқ болса, бүл онда тек тура келумен ғана орын ала алады. Мысалы, қашан жануарды сойғанда және бұл (уақыты бойынша) найзағайдың жарқ етуімен немесе күннің атуымен тура келгенде, мәселе дәл осылай болады, өйткені жануардың өлгені жөнінде, ол "кесуде", "кесу арқылы" немесе "кесуден", тап солай "күннің атуы кезінде", немесе "найзағай кезінде", немесе "кесуден кейін" болды деп айтылады, дегенмен кесуден, кесу кезінде, кесу арқылы ол мәнді, ал найзағай немесе одан кейін дәл сондай кезінде, күннің атуы кезінде немесе одан кейін, - акцидентальды болып келеді. 12. БІР-БІРІНЕ ҚАРСЫ ЖАТАТЬШ НЭРСЕЛЕР ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ
Олар бірден-бір иегерде бірден-бір қатынаста бірден-бір уақытта бола алмайтын, осындай екі нәрсе қарсы жатушылар болып табылады. Бір-біріне қарсы жататын нәрселердің торт түрі бар: 1) ара қатысты нәрселер, 2) қарама-қарсы нәрселер; 3) айырылу және иелену, 4) мақұлдау және терістеу. Ара қатысты нәрселер - мысалы, әке мен бала сияқтылар - бір қайсыбір адам бір және сол уақытта бір және сол қатынаста, біреудің әкесі және баласы болу үшін - әрі әке, әрі бала бола алмайтындықтан, сондықтан бір-біріне қарсы жатыр. Тағы құл және қожайынмен, басқа ара қатысты нәрселермен, мәселе тап солай болып тур. Ал сол ара қатысты нәрселер және олардың қажеттерінің қандай екендігі жөнінде түсінетіндігіміз жоғарыда айтылып өтті. Олар болмаса бірбірінен барынша алыс туратын және олардың әрқайсысы, басқасынан ерекшелене тұрып, оған қатысты ең шеткі жайды алатын, оның үстіне осындай қос нәрселер бірден-бір текке бағынатындықтан және екеуіне де жалғыз сол иегер сәйкес келетіндіктен, осындай екі нәрсе қарсы жататындар болып табылады. Қарама-қарсылықтар екі түрлі болып келеді: бір жағдайда олардың арасында ешқандай орташа жоқ, мысалы жұп және тақ, ал екінші жағдайда - олардың арасында орташа әлдене бар, мысалы ақтық пен қаралықтың, жылылық пен суықтықтың арасында. Оның үстіне, олардың арасында орташа әлденесі бар, сондай қарама - қарсылықтар табиғи бір нәрседе ғана өмір сүргендіктен, бірақ басқаларында қашанда бола алмайтындықтан, мысалы, жылы мен суық тап осындай, себебі жылы қашанда - отта, ал суық - мұзда бар, соның арасында таста, темірде, немесе суда олар кейде болмайтын, немесе белгілі нәрседе тек кейде бар болатын - мысалы, тұру мен отыру, әділеттілік және әділетсіздік, тап осындай болады. Олардың арасында әлдене орташа бар, екі қарамақарсылықтардың арасында аралық (буындар) қос шектен шыққандардан ерекшеледі. Аралық(буындар)ерекше есімдерге ие бола алады, мысалы,ақпен қараның ортасындағы аралық түстер "жасыл", "қызыл", "боз", "көк - боз" сияқты есімдерге ие бола алады. Бірақ оларда ерекше есімдердің болмауы да мүмкін және сонда олар екі шектен шыққандарды терістеу арқылы білдіріле алады. Кейде олар екі шектен шыққандарды қосу арқылы да білдіріле алады, себебі аралық (буында) екі шектен шыққандардың әрқайсысында, бірақ ол бүкіл толығымен емес, аздаған бірдеме бар. Қайда сен қос шектен шыққандарды терістесең, сонда олардың әрқайсысы толық терістеледі, ал қайда сен оларды мақұлдасаң, сонда сен олардың әрқайсысының бірдемесін бекітетін боласың. Екі шектен шыққандардың арасында аралық (буын) - сол да бір, екі қарама-қарсылықтардың арасындағы әлдебір орташаның өмір сүруі, басқа шектен шыққан сонда орналасқаннан ерекшеленетін, кейбіреулер ойлағандай, бір шектен шыққан дененің белгілі бір бөлігінде болатындығын мүлдем белгілемейді. Өйткені қашан шектен шыққандар (дененің) екі әр түрлі бөліктерінде орналасқанда, соңғылары әр түрлі иегерлер ретінде көрініс табады, және, бәрі бір, олар бір немесе екі денеде ме екендігіне қарамай, олар әр түрлі болып қала береді, себебі олар бір-біріне жақын немесе алыс орналасты ма - айырмашылығы жоқ. Егер де қайсыбір нәрседе қажетті түрде сол, не екі қарама-қарсылықтардың арасында орналасқанда, қашан қос шектен шыққандар оның екі әртүрлі бөліктерінде орналасатын болғанда, онда тоғыз саны, мысалы, жұп та, тақ та емес, ал тақ пен жұптың арасындағы орташа әлдене болар еді, өйткені тоғыздың бір бөліктері алдымен жұп, ал қалғандары тақ болып шығатын еді, қашан, олардың ортасында аралық (буын), екі нәрселерге жататын әлдене бар болғанда, осы екі нәрселер де онда болғанда, осы екі нәрселер де онда, мысалы, олардың әрқайсысы (қайсыбір) сан болуға тиісті жұп және тақ сияқты болуы керек. Олардың ортасында аралық (буын) бар, қашан екі қарама - қарсылықтардың біреуі бойындағы қайсыбір иегерге тән болмаса, онда соңғы олардың екеуінен де айырыла алады, осылай, мысалы, су, себебі ода суық пен жылыну қашанда болу міндетті емес, ол кейбір жағдайларда ол жылы да емес, суық та емес болады және де оған олардың арасындағы орташа бірдеме тән. Бірақ қашан
олардың бірі кейбір иегерге табиғатынан (осылай, мысалы, ылғалдылық - суда, суықтық - мұзда, және жылылық - отта) тән болса, ол ешқашан олардан айырылмайды. Кейде қарама-қарсылықтардың жақындау тектердің біріне осылай, мысалы, "түс" (тегіне) бағынатынына ақтық пен қаралық жата алады, ал кейде - бір текке бағынатындықтан, осылай, мысалы, әділеттілік және әділетсіздік: әділеттілік "игілік" - (тегіне), ал әділетсіздік - "жамандық" (тегіне) жатады, соның арасында игілік пен жамандық "қасиет" (тегіне) де қатысты, бұлар аралық түрлер болып табылатын, осындай екі қарама-қарсылықтар тегіне жатады. Айырылу бірнеше түрде болады. Егер иегерде, онда не сол уақытта болуға тиісті, сол болмаса, және, алайда, мүмкін, ол иегерде кейінгі бір сәтте, мысалы, байлық пен кедейлік тәрізді пайда болатын болса, онда біз бір түрдің жағдайын көріп отырмыз. Егер иегерде, онда не сол уақытта болуға тиісті, сол болмаса, және де, егер, алайда, оның болмысы болашақта мүмкін болмаса, мысалы, мәселе соқырлық пен таздық сияқты болып отырғандай, онда біз басқа түрдің жағдайын көре аламыз. Егер иегерде, онда не сол уақытта болуға тиісті, қашан, атап айтқанда дәл осылай болуға міндетті жоқ болса, мысалы мүшелердегі қылилықпен сияқты мәселе болып отырғанда, біз тағы бір басқа түрдің жағдайын көріп отырмыз. Осындай қарама-қарсылықтар біріне-бірі қарсы жатады, себебі олар бір иегерде сол бір уақытта сол бір қатынаста сиыспайды. Көру мен соқырлық, кедейлік пен байлық сияқты, айырылу, ауқаттылық немесе иеленумен де мәселе осылай болып тур. Біріне-бірі қарсы жататын мақұлдау және терістеумен де, мәселе дәл осылай. Олар сол бір бастауыш пен сол бір баяндауышқа ие, олар туралы мен қайшылықтар жөніндегі тарауда атап өткен жайттардағыдай, олар және де сауалдарға (жауап береді), өйткені бірден-бір иегері туралы қарапайым пайымдауда мақұлдау мен терістеу сол бір қатынаста және сол бір уақытта сиыспайды. Осылай, мысалы, "ақ" және "ақ емес" сол бір индивидке, мысалы Зейдке, тән бола алмайды немесе ол туралы сол бір уақытта сол бір қатынаста әлдебір ақиқатты ретінде мақұлдана алмайды. Соған сәйкес, сан көрсетілмей, айқын емес түрде алынған, әлдебір жалпы жөнінде "ақ" немесе "ақ емес", қашан қайсыбір ақиқатты ретінде айтылса, онда олар осы жалпыға қатысты тек бір мағынада ғана, айталық, мысалы, "адам ақ" және "адам ақ емес" сияқты сөйлемшелерде ғана, олар ақиқатты бола алады. Ақиқат ретіндегі айқын емес терістеуші пайымдау, іс жүзінде сондықтан ода екі бастауыш болатын, ол жөнінде оған сәйкес айқындалмаған мақұлдаушы пайымдау ақиқатты ретінде білдіретін, оның басқа бөлігі туралы ештеңе айтпайтын, өз бастауышының бір бөлігі жөнінде білдіреді. Ақиқат ретіндегі қос түпкі қарсы пайымдаулардың айтылымы мен де, мәселе тап осылай болып тұр: бұл қос пайымдардың терістеушісінде, ақиқат ретіндегі ол туралы оған сәйкес мақұлдаушы пайымда айтылған, оның басқа бөлігі жөнінде ештеңе айтылмай-ақ, өзінің бастауышының кейбір бөлігі туралы ақиқат ретінде айтылады. "Кейбір адамдар ақ" және "кейбір адамдар ақ емес" сияқты пайымдауларда, мысалы дәл осындай пайымдауларда, мәселе дәл осылай болып тур: "ақ" деген ақиқат ретінде адамдардың бір бөлігіне қатысты, бірақ олар туралы ақиқат ретінде "ақ емес" деп айтылатын, басқа бөлігі туралы емес, сол жөнінде айтылады. Қайшылық және қарама - қарсылық пайымдауларындағы неге қатыстыға келсек, онда бұлар және солар қарсы жататындар болып табылады, себебі олар да, солар да олардың бастауыштары арасындағы қайсыбірі жөнінде ақиқат ретінде айтылғанмен сиыспайды. Қашан да мүмкін туралы қос қарама-қарсы пайымдаулар жалған болса, бұл олардың бірінің басқасына қарсы жатпайтынын білдірмейді, егер солай болса қарсы жатқан (белгілердің) арасында, олардан бастауышы айырылып қалғандары да кездеседі, атап айтқанда, қашан, олардың арасында әлдене орташасы бар, екі өзара бірін-бірі шығарып тастайтын терминдер болған жағдайда, осылай болады. Олардың бір мезгілде бар болуы, олардың бірі басқасына қарсы жатады дегенді тағы да білдірмейді. Қарама-қарсы пайымдаулардың әрбір жұбында бірі - мақұлдаушы, ал басқасы терістеуші болғандықтан, бұл осы және басқа пайымдауларда аталған шарттар орындалатындығы және бұл пайымдаулар біріне-бірі қарсы жататындығы түсінікті. Ара
қатысты нәрселермен және біріне-бірі қарсы жататын нәрселердің арасындағы айырмашылық мынада тұр: егер ара қатысты нәрселердің бірі бар болса, онда міндетті түрде басқасы да бар, - егер, мысалы, бала бар болса, онда қажетті түрде әкесі де болуы керек, - соның арасында басқа біріне-бірі қарсы жататын нәрселермен, мәселе басқаша болып түр. Егер (мүмкін) қайсыбір иегерде ақтық бар болса, онда осыдан қаралықтың бұл немесе басқа иегерде бар болуы міндетті түрде шықпайды, басқа қарама-қарсылықтармен де мәселе тап осылай болып тұр. Тура осы иелену мен айырылуға да, мысалы, көру мен соқырлыққа, білімсіздік пен білімге, ауқаттылық пен кедейлікке қатысты. Солай егер қайсыбір жануар соқыр немесе көзді болса, онда осыдан басқа бір жануардың көрмейтіндігі қажетті түрде шықпайды. Мысалы, көртышқан атпен белгілі жануар туралы, себебі ода көз болмағандықтан, оны (жалпы) соқыр деп.айтуға болмайды; өйткені айырылу шартына сол, не иегерде, оған табиғаты бойынша тән емес, нәрсе жоқ болуы жатады, ал көртышқанға көздің бар болуы тән емес, сондықтан, ода болатын жай-күй, ол соқырлық деп аталмайды. Тура солай көруден айырылу, жануардың көзді екендігінен міндетті түрде шықпайды. Бір-біріне қарсы жататын пайымдаулармен де, мәселе дәл осындай, өйткені мақұлдаушы пайымдаудың ақиқаттылығынан терістеуші пайымдаудың ақиқаттығы қажетті түрде шықпайды. Бұл жалғастырушы және қайшы пайымдауларда, ал сонымен Бірге, қашан бұл пайымдау қажеттілік және мүмкін еместік туралы болғандығы түпкі қарсыларда анық көрінеді. Егер мүмкіндік туралы (пайымдауларға) қатыстыға келсек, онда алдымен, "кейбір адамдар ақ" сияқты мүмкін пайымдаудан, олардың кейбіреулерінің ақ еместігі шығатындай болып көрінеді. Бірақ (іс жүзінде) бұл мүлдем қажетті емес, өйткені "адамның барлығы ақ емес" сөйлемшесі кейбір адамдардың ақ екендігін бекерге шығарады, ал басқа адамдар жөнінде бұл жерде ешқандай пайымдау - мақұлдаушы да емес, терістеуші де емес айтылмайды және оларға ақтылық, немесе қаралықтың тіркелетіні де белгісіз. Не кейбір адамдарға қатысты ақтылықты терістеуден оны басқа кейбір адамдарға тіркеп қоюдан оның қажетті түрдегі ақиқаттығы шықпайтынын, олардың жиынтығына қатысты ақтылықты терістеу ақиқатты болатын, сондайларды адамдардың арасынан егер біз бөліп алатын болсақ, онда осыны дәлелдеуге болады. Солай, мысалы, эфиоптарға қатысты біздің айтқанымыз ақиқат болады, себебі бірде-бір ақ эфиоп өмір сүрмейді және "эфиоптардың барлығы ақ емес" немесе "кейбір эфиоптар ақ емес" деген сөйлемшелер, жалпы терістеуші пайымдаулар сияқты, ақиқат болады. Және де егер "кейбір эфиоптар ақ емес" деген сөйлемшеден, олардың арасында ақтары да бар деген, қажетті түрде шықса, онда бұл (соңғы пайымдау) жалпы терістеуші пайымдаудан өзгеше ақиқат болмас еді; себебі жалпы терістеуші пайымдау, ол жеке терістеуші пайымдаудан шығады деп ұйғарылатындықтан, жеке терістеушіге қайшы келеді. Айырылу мен қарама-қарсылықтардың арасындағы айырмашылық, бір-біріне қарама-қарсы нәрселердің әрбірі өмір сүретіндіктен, сондықтан олардың бірі иегерден алынып тасталса, онда оның орнына соңғыда оның қарама - қарсысы пайда болатындықтан және аталған қарамақарсылықтардың бірін алып тастау оның орнына екіншісінің шығуымен байланыстырылады. Егер айырылуға келсек, онда ол, не (онда) алынып тасталатынды, иегерде соны ауыстырмайды. Бұл - оны басқа бірдемемен алмастырмай-ақ иегерден әлденені жоғалту және алып тастау, мысалы, ауқаттылықпен, кедейлікпен, таздықпен ж.т.б. мәселе осылай болып тұр. Біріне-бірі қарсы жатқан мақұлдау және терістеумен, бір жағынан, және басқа да біріне-бірі қарсы жатқан нәрселердің - екінші жағынан, арасындағы айырмашылық көзге анық. Терістеу қалай болса, мақұлдау солай өздерімен пайымдауды, яғни оның құралы сөйлемнің құрамымен бірдей және олардың әрқайсысы не ақиқат, не жалған болатын сөйлемшелерді көрсетеді. Басқа бірінебірі қарсы жататын нәрселерге не қатыстыға келсек, онда олардың арасында, не ақиқат немесе жалған болатындай, ештеңе жоқ, себебі олардың әрқайсысы әлдебір жеке болып табылады, ал әрбір жеке, ол ақылмен түсіндірілетін әлдене ме немесе созбен білдірілетін әлдене ме екендігіне
қарамай, не әлдебір ақиқат ретінде мақұлдана да, не әлдебір жалған ретінде терістеле де алмайды. Біріне-бірі қарсы жататын басқа нәрселер әрбірінің жекелігі, олардың бірі басқаларына қарсы жатпайтындығын білдірмейді. Осылай, мысалы, мәселе ақтылық пен қаралық туралы болып түр: олардың әрқайсысының жекелігі, олардың біріне-бірі қарсы жатпайтындығын білдірмейді, тура осы көру мен көрмеуге, ал, егер олар әлдебір құрамдас болса, сол жағдайда ғана біріне-бірі қарсы жататындар болады. Біріне-бірі қарсы жататын нәрселерден туындаған, осыған ұқсас түрдегі нәрселердің өздері біріне-бірі қарсы жатады, мысалы әкелік пен балалыққа қатысты сайып келгенде, қашан олар екі жеке нәрсені, не екі жеке сөзді көрсететін болса, сонда мақұлдау және терістеу енді біріне-бірі қарсы жататындар болып шықпайды. Және сол да, басқа да ақ және қара - осылай мәселе қарама-қарсылықтарға қатысты болып отыр, соқыр және көретін - солай мәселе иелену туралы болып отыр және әке мен бала - солай мәселе ара қатысты нәрселер жөнінде болып отыр. Бірақ бұл жағдайда да (саналып өткен) нәрселердің өздерінде ешқандай не ақиқат, не жалған жоқ, өйткені бұлардың бәрі - бөлік сөздер мен жеке нәрселер. Ары қарай, біріне-бірі қарсы жатқан пайымдаулардың арасында, олардың бірі ақиқат, ал басқалары жалған болып табылатындары кездеседі, сол кезде басқа біріне-бірі қарсы жатқан нәрселердің арасында, олардың бірі ақиқат, ал басқасы жалған болатын, нәрселердің бір жұбы да жоқ, себебі олардың бірі жеке нәрсе болып табылады. Алайда пайымдаулар, олардың баяндауыштары ретінде басқа біріне-бірі қарсы жататын нәрселер көрінетіндіктен, міндетті түрде не ақиқат, не жалған болады. Мысалы, мына сөйлемшелер, тап осындай: "Зейд-ақ", "Зейд - қаралау", "Зейд - соқыр", "Зейд - көретін", "Зейд - әке", "Зейд - бала", (барлық бүл сөйлемшелер) біріне-бірі қарсы жататын, мақұлдаушы немесе терістеуші пайымдаулармен ұқсас. Қашан бұл (пайымдаулардың) бастауыштарын әлдебір жалпы ретінде алғанда, мысалы, "адам қара", "адам ақ" сияқты сөйлемшелерде, сонымен қоса біріне-бірі қарсы жататын нәрселер туралы сөйлемшелерде де, мәселе осыған ұқсас болып түр. Қашан осындай бастауыштарды қарамақарсылықтармен үйлестіргенде, мысалы "әрбір адам ақ" және "әрбір адам қара", "кез келген от ыстық" және "кез келген от суық" сияқты сөйлемшелерде, сонымен бірге мынадай сөйлемшелерді үйлестіргенде: "әрбір адам ақ" және "кейбір адамдар қара", "кейбір оттар ыстық" және "кейбір оттар суық" сияқтыларда, мәселе тағы да осылай болып түр, сондықтан олар сен үшін қарама-қарсылық пайымдауларымен, ал бұлар - қайшыларымен ұқсас болады. Осыған ұқсас түрінде түпкі қарсы пайымдаулармен мынадай сөйлемшелер: "кейбір адамдар қара", "кейбір оттар ыстық" және "кейбір оттар суық" ұқсас болады. Осы пайымдаулардың әрбір түрінің ақиқат пен жалғанды ажырата білу қабілеттілігі оларға ұқсас, біріне-бірі қарсы жататын мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулардың осындай қабілеттілігімен тепе-тең деген пікір тууы мүмкін. Мысалы, "Зейд ақ" және "Зейд қара", "Зейд ақ көңілді" және "Зейд жауыз" сияқты сөйлемшелер ақиқат пен жалғанды қалай бөлгендей болса, солай оларды біріне-бірі қарсы жатқан жеке мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулар: "Зейд ақ" және "Зейд ақ емес", "Зейд ақ көңілді" және "Зейд жауыз" сияқты болады. Бірақ іс жүзінде мәселе бұлай емес: егер олардың бастауыштары - бар нәрселер болса, онда өздерінің баяндауыштары ретінде қарама-қарсылықтарға не, жеке пайымдаулар сол жағдайда ақиқат пен жалғанды ажыратады; егер де олардың бастауыштары бар нәрселер болмаса, онда бүкіл осы сөйлемшелер жалған болып шығады. Солай, мысалы, "Зейд ақ" және "Зейд қара", "Зейд ақ көңілді" және "Зейд жауыз" сияқты біздің айтылымдар, егер дәл осы Зейд өмір суретін болса, онда бұл жағдайда олар ақиқат пен жалғанды ажырата алады; егер де ол өмір сүрмесе, онда бүкіл бұл пайымдаулар жалған болып шығады. Не "Зейд ақ көңілді" және де "Зейд ақ көңілді емес" сияқты біздің сөйлемшелерімізге қатыстыға келсек, онда, Зейдтің бар немесе жоғынан тәуелсіз, олардың бірі ақиқат, басқасы жалған болады. Біріне-бірі қарсы жататын басқа жеке мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулармен де мәселе дәл осындай болып тур. Тура осы, олар қайшы
пайымдаулармен ұқсас, баяндауыштары ретінде қарама-қарсылықты пайымдауларға ие болатындарға сай келеді. Мысалы, қажетті және мүмкін емес жөніндегі айтылымдар осындай: "әрбір от ыстық", "кейбір оттар суық" және мүмкін жөнінде: "әрбір адам ақ" және "кейбір адамдар қара". Егер олардың бастауыштары - әлдебір өмір сүретіндер болса, онда осы барлық (жоғарыда келтірілген) пайымдаулар ақиқат пен жалғанды ажырата алады: егер де олардың бастауыштары өмір сүрмейтін болса, онда барлық осы пайымдаулар жалған болып шығады. Осы қайшы келетін пайымдаулармен ұқсас келетін, мақұлдаушы және терістеуші пайымдауларға не қатыстыға келсек, онда олар, өздерінің бастауыштарының бар немесе жоғынан тәуелсіз, ақиқат пен жалғанды ажыратады. Қашан біз солай деп айтқанда: "әрбір от ыстық" және "оттың ыстығы әрбірі емес", "әрбір адам ақ" және "адамның ағы әрбірі емес", мәселе тап осындай болып тур. Егер әлем болмаса, онда "әлем жаратылған" және "әлем мәңгі" айтылымы жалған болып шығады, ал "барлық әлемдер жаратылғандар" және "барлық емес әлемдер жаратылғандар" айтылымдарының ішінде, әлем жаратылған ба, әлде жоқ па екендігіне қарамай, олардың бірі ақиқат, ал басқасы жалған болып шығады. Оларда баяндауыш ретінде қарама-қарсылықтар көрініс табатын, қарама-қарсылықты пайымдарға ұқсас келетін пайымдаулармен, мәселе дәл осылай болып тұр. Мысалы, "әрбір от ыстық" және "әрбір от суық", "әрбір адам ақ" және "әрбір адам қара" айтылымдары, олар қажетті және мүмкін емес туралы қарама қарсы мақұлдаушы және терістеуші пайымдауларға ұқсас болып келеді. Олардың арасында біреулеріне - ақиқат болу, ал басқаларына жалған болу тән, бір жағдайда, қашан олардың бастауыштары өмір суретін бірдеме болмаса, олардың жалғандығы, ал басқа жағдайда, қашан олардың бастауыштары өмір сүретін бірдеме бола алмаса да, олардың бірі ақиқат, ал басқасының жалғандығы да тап осылай. Мысалы біз былай деп айтқандағы: "кейбір оттар ыстық" және "кейбір оттар суық", "кейбір адамдар ақ" және "кейбір адамдар қара" сияқты түпкі қарсы пайымдауларға ұқсастарда да, мәселе тура солай болып тур. Егер олардың бастауыштары - өмір сүретіндер болып табылмаса, онда барлық осы пайымдаулар жалған болып шығады. Тура осы айқындалмаған пайымдауларға да қатысты. Кейбір қарама - қарсылықтардың ерекше қасиеттері осылай: мысалы, сандарға тән жұп пен тақ, ал сызықтарға тән - туралық және қисықтық сияқтылар болып табылатын, тек белгілі бір иегерлерге олар тән. Өйткені, егер олар өздері үшін жат иегерлерде алынса, онда сәйкес пайымдаулар, егер иегерлердің өздері, мысалы "әрбір ақтылық жұп емес" және "әрбір ақтылық жұп" немесе "бірде-бір ақтылық жұп емес", ал сонымен қоса "әрбір жылылық - қисық" және "әрбір жылылық - қисық емес" сияқты айтылымдарда бар болса, тіпті бұл жағдайда олар жалған болып шығады. Қашан олар мақұлданса немесе терістелсе, (соған сәйкес пайымдаулар) солай, мысалы, "әрбір ақтылық жұп емес" және "әрбір ақтылық жұп еместерге жатпайды", немесе "бірде-бір ақтылық жұп еместерге жатпайды", сонымен қоса "әрбір жылылық - қисық"және "әрбір жылылық - қисық емес" сияқты пайымдаулар ақиқат пен жалғанды ажыратады. Олардың арасында орташа бірдеме бар болса, онда қарамақарсы терминдер өздерінің иегерлеріне қатынасты барлығы да жалған бола алады, себебі соңғыларда, осы терминдердің ортасында бола алатындардың ішіндегі әлдененің кездесуі мүмкін. Сондықтан егер осындай мақұлдаушы пайымдаулардың бар екендігі белгіленсе, олардың баяндауыштары, біріне-бірі қарсы жатқан мақұлдаушы және терістеуші айтылымдардың күшін алатын, қарама-қарсы терминдер болып табылатыны айқындалмаса, онда бұл қарама-қарсы терминдерді, олардың ерекшеленетін қасиеттері болып олар табылатын, сол иегерлері үшін алу қажетті, ал иегерлердің өздерін, ол оларға тән, олардың бірде-бірі сол қарама-қарсылықтардың арасындағысыз болмайтындай етіп, өмір сүретіндей алу керек. Және егер бұл жағдайда біріне-бірі қарсы жатқан мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулардың ұқсастарын алсақ, онда олар өзінің орнын алады және қай жерде біріне-бірі қарсы жатқан мақұлдаушы және терістеуші айтылымдар ақиқат ретінде мақұлданатын және жалған ретінде терістелетін болғандықтан, қай жерде соңғылары оларды ажырататын болғандықтан, сонда ақиқат пен жалғанды осылай
ажырататындықтан, олар ақиқат ретінде мақұлданады және жалған ретінде терістеледі. Мысалы, "кез келген сан - жұп" және "кез келген сан - жұп емес" сияқты айтылымдарда, мәселе осылай болып тур. Бұл екі пайымдаулар, оның көрінісімен соңғы қос пайымдау сияқты, жалған болып шығатын, "әрбір сан жұп" және "бірде-бір сан жұп емеске жатпайды" сияқты айтылымдардағыдай, сондай күшке ие бола алады. "Барлық үштіктер - жұп емес сандар" және "барлық үштіктер - жұп сандар" айтылымдарының арасында, егер үш бар болса, онда бірі ақиқат, ал басқасы - жалған; "барлық үштіктер - жұп емес" және "бірде-бір үштік жұп еместерге жатпайды" айтылымдары да дәл осылай. "Кейбір сандар жұп емес" және "кейбір сандар жұп" айтылымында, егер сол, не олардың баяндауышы түрінде (белгіленетін) бар болса, онда олар, "кейбір сандар жұп емес" және "кез келген сан жұп емес" айтылымдарындай, тагы да ақиқатты. "Кейбір үштіктер жұп емес" және "кейбір үштіктер жұп" айтылымдарында бірі ақиқат, ал басқасы жалған болып келеді, "кейбір үштіктер жұп емес" және "олардың кейбіреулері жұп еместерге жатпайды" сияқты айтылымдарда да, іс тағы осындай. Ал "әрбір сан жұп емес" және "кейбір сандар жұп" айтылымдары бірі ақиқат, ал басқасы жалған болады, "кез келген сан жұп емес" және "кез келген емес сан жұп емес" сияқты айтылымдары да тағы осылай. Біріне-бірі мақұлдаушы және терістеуші ретінде қарсы жатқан айтылымдар, олардың баяндауыштары сапасында қарама - қарсылықтар алынғандықтан, олар біріне-бірі қарсы жататын, олардың ұқсастарына қарағанда, көбінесе жалпылау болып табылады, өйткені біріншілері олардың бастауыштарын белгілей ме, әлде жоқ па, олар анықталған ба, әлде анықталмаған ба екендігіне қарамай, олардың бірі ақиқат, ал басқасы жалған болатындықтан осылай болады. Сондықтан мақұлдау мен терістеудің қарсы жатуы, олардың баяндауыштары қарамақарсылықтарды (белгілейтіні) мақұлдаушы пайымдаулардың қарсы жатуынан жетілгендеу болып табылады. Сонымен, біріне-бірі қарсы жататын айтылымдар қарама-қарсы және тіпті қайшылықты баяндауыштары бар мақұлдаушылар ретінде ұйғарылуы қажетті емес. Оларды "қарсыдан шығу" силлогизмі түрінде алу да - жалғыз-ақ кімде-кім оларды қолдануға мәжбүр болмаса, себебі олар біріне-бірі қарсы жататын мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулардың қуатына, олар біз атап өткен үш шартқа жауап бере алатындықтан, осының көрінісімен ене алатындықтан, мысалы, "бұл әлде кіші, әлде үлкен, әлде тең көлемді" деп біз қашан айтқанымыздай, олар геометрияда алынатындай, соған ұқсасқа ие болады. Біз нені суреттегендей, айырылу және иелену сол бәрінде қарама-қарсылықтардың күй-жайы екендігін, егер тек, айырылу мен иеленудің белгілі бір иегері бар екендігін және, өзінің иегерлері бар қарама-қарсылықтармен олардың ұқсас екендігін есептемегенде, осының бәрін сен білуің қажет. Егер біз, олар біріне-бірі қарсы жататын мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулардың қуатына ие болсын деп тілек білдірсек, онда, олар туралы қарама-қарсылықтарға арналған білімде айтылған, басқа шарттарға да олардың жауап беруі қажетті, ал атап айтқанда: олардың иегері шынында бар және оларға тән және оған олардың бірі міндетті түрде жататын болуы қажет. Олар біріне-бірі қарсы жататын мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулардың қуатына не болуы үшін, осындай да шарттарға және ара қатысты терминдер де сәйкес болуы керек. 13. БІРІНІҢ АРТЫНАН БІРІІЛЕСІП ЖҮРЕТІН НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ Ол қашан басқаның бар болғандығы арқасында бар болғанда, бірі бірінен шығады. Осындай ілесіп жүру акцидентальды, мысалы: "Қашан Зейд келгенде, Амр кетті" сияқты айтылымдар солай бола алады, егер бүл тура келуден болса, себебі Амрдың кетуі Зейдтің келуімен тек акцидентальды ілесіп келсе, сол кейде - оның мәні бола алады. Сол, не бірдемеден мәнді жалғасатын болса, онда ол жағдайлардың көпшілігінде бірінің артынан бірі ілеседі, мысалы: "Қашан Сириус таң атауымен шыққанда, ыстық күшейеді және жауын тоқтайды" тәрізді біз айтқанда осылай болады, себебі бүл Сириустыц шығуымен жалғасады, бірақ тек көпшілік жағдайларда ол қажетті болады. Егер ол қашанда ілесіп жүретін болса және өзі не арқылы өмір
сүретінмен ғана бар бола алатыннан бөліп алуға болмайтын жағдайда болса, бірінің артынан бірі қажетті түрде ілесіп жүреді: қашан бірдеме бар болса, онда не одан шығатын да, қашанда бар болады және бір сәтте ол онсыз болмайды. Бірінің артынан бірі ілесіп жүруі екі түрлі болады: толық және толық емес. Толық ілесу, егер екі нәрсенің бірі - қайсысының айырмашылығы жоғы - бар болса, онда осы арқылы басқасы да қажетті бар болатындығын білдіреді. Қашан біріншісі бар болса, қажетті түрде екіншісі бар болады, және, қашан екіншісі бар болса, қажетті түрде біріншісі бар болады - демек, бүл да сол. Толық емес ілесу, егер екі нәрсенің бірі бар болса, онда қажетті түрде екіншісі бар болады, бірақ екіншісі бар болса, онда осыдан қажетті түрде біріншісінің бар болуы шықпайтындығын білдіреді. Бұл - олар өмір сүрудегі ілесудің тең қуатты емес осындай екі нәрсесі. Мысалы, адам мен жануар тап осындай: егер адам бар болса, онда жануар да міндетті түрде бар болады, бірақ егер жануар болса, онда осыдан адамның міндетті түрде болуы шықпайды. Өмір сүрудегі ілесудің тек қуатты емес екі нәрселерінің бірі, атап айтқанда не ілесіп жүретін, қашан алып тасталатын болса, сонда басқасы да алынып тасталады, атап айтқанда, неден оның өмір сүруі шығады. Мысал ретінде (тағы да) адам мен жануар қызмет атқарады: егер жануар жойылатын болса, онда міндетті түрде адам да жойылады, өйткені егер де жануар жойылса, ал, жойыла алмаған адам өмір сүре бергендей болса (ал адам өмір сүрсе, демек жануар да өмір сүреді), онда осыдан, жойылған жануардың қашан ол өмір сүрмегенде, осы уақытта өмір сүре бергендігі шығады, сондықтан бірде бір нәрсе бір мезгілде және бірден-бір қатынаста әрі болатыны, әрі болмайтыны шығар еді, бұл мүмкін емес. Дәл солай, егер екі нәрселердің бірі, қайсысы екендігі бәрібір, өмір сүруде бірінің артынан бірінің ілесуі тең қуатты жойылса, онда қажетті түрде екіншісі де жойылар еді. Тура осылай сиыспайтын нәрселер де екі түрлі болады: солар, нелер толық сиыспайды. Толық сиыспайтын нәрселер - булар осындай екі нәрселер, егер олардың бірі, қайсысы екендігі айырмашылығы жоқ, бар болса, онда басқасы алынып тасталады және егер олардың бірі, қайсысы екендігі айырмашылығы жоқ, алынып тасталса, онда осыдан басқасының қажетті түрде бар екендігі шықпайды. Сондықтан (толық) сиыспайтын нәрселерді айналдырылған түрде, олардың бірін алып тастап, екіншісінің бар болуынан ілесіп жататындай, тура осылай соңғысының бар болуынан біріншісінің жойылуы ілесіп шығатындай етіп қарастыруға болады. Бірінің артынан бірі ілесіп шығатын терминдер - бұл солар, нелерден шартты - қосушы пайымдаулар туатындар, ал біріне-бірі қарсы жатқызылған терминдер - бұл солар, нелерден шартты-ажыратушы пайымдаулар туатындар. Олардың ілесіп жүруі толық болатын, сол нәрселерде, қашан алдыңғы немесе кейінгі, олардың қайсысы екендігі айырмашылығы жоқ, олардың бірі алынып тасталса, ал басқасы ілесіп шықса және қашан олардың біріне қарсы жатқан әлдене алынып тасталса, осыдан басқаға қарсы жататын әлдене қажетті түрде ілесіп шығады. Олардың ілесіп шығуы толық емес, сол нәрселерге қатыстыға келсек, онда, силлогизм шығуы үшін, олардың не алдыңғыны, не кейінгіге қарсы жататынын алып тастау қажетті. Егер олардың әрбір жұбы сол бір бастауышқа тіркелетін болса, онда біріне бірі қарсы жататын терминдер сиыспайды.және шартты - ажыратушы (пайымдауды) құрастырады. Егер де олар екі бастауышқа тіркелсе, онда олар бірінің артынан бірі ілесіп шығатындар емес, ал ара қатысты терминдер болып қалады, себебі егер олардың бірі бір нәрсеге тән болса, онда осыдан, басқасының кейбір басқа нәрсеге тән екендігі қажетті түрде ілесіп шығады, мысалы, бұл әке мен бала жағдайында орын алады: егер Зейд - бала, онда осыдан, оның әкесі бар екендігі қажетті ілесіп шығады, ал егер Амр - әке, онда осыдан, оның баласы бар екендігі қажетті ілесіп шығады. Сондықтан ара қатысты терминдер, қашан олар екі тең нәрселерге тіркелетіндей және олардан шартты - қосушы (пайымдаулар) құрастырылатындай болса, олар бірінің артынан бірі ілесіп шығатындай болып қалыптасады. Егер де олар бір нәрсеге тіркелетін болса, онда олардан шартты - ажыратушы (пайымдаулар) құрастырылады. Бірінің артынан бірі ілесуін бір әлдене бар болуының басқа әлдене бар болуынан қажетті ілесіп шығатын ретінде қарастыру міндетті емес; ол
және бір әлдене бар болмауының басқа бір әлдене бар болмауының ілесіп шығатыны ретінде және бір әлдене барлығының басқа бір әлдене болмауынан ілесіп шығатыны ретінде де, ол (қарастырыла алады). Сондықтан, егер екі сиыспайтын терминдер өз болмысы бойынша қарамақарсылықтар ретінде қарастырылатын болса, онда олардан шартты - қосушы пайымдау алына алады, мысалы, мына айтылымдағыдай: "егер бұл сан - жұп, онда ол - жұп емес" және тағы сол сияқтылар. 14. "БОЛЫП ӨТКЕН" ЖӘНЕ "КЕЙІН БОЛАТЫН" ДЕГЕН НЕ ЕКЕНІ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ "Болып өткен" жөнінде коп мағынада айтылады: уақытта бұрын болған ретінде, табиғаты бойынша болып өткен ретінде, дәрежесі бойынша алдында болған ретінде, жетілуі бойынша бұрын болған ретінде, бірдеменің себебі ретіндегі болып өткен жөнінде. Қашан әңгіме өткен шақ туралы болып отырғанда, уақытта болған ретінде сол, ненің уақыты "қазірден" алыс тұратыны айтылады, ал соз болашақ туралы болғанда, - сол, ненің уақыты "қазірге" жақын тұратыны жөнінде айтылады. Уақыттан кейін болатын жөнінде мәселе қарама - қарсы түрде болып отыр: қашан әңгіме өткен туралы болғанда, осындай болып, ненің уақыты "қазірге" жақыны айтылады. Табиғаты бойынша болып өткен, бар болудың ілесіп шығуында тең қуатты емес, екі нәрсеге қатысты. Олардың арасындағы не ілесіп шығатын туралы, қашан сол, неден ол ілесіп шығатын, оның өмір сүруіне қатынасы жоқ болғандықтан, ол өзінің ілесіп шығатынының алдында болады және табиғаты бойынша өткенге жатады, мысалы, тап осылай адам және жануармен болады, ал оған қоса екеуімен және біреуімен /8/ осылай болып отыр. Өйткені олардың арасындағы бұрын солай болған, егер ол алынып тасталса, онда қажетті түрде басқасы да алынып тасталады, ал егер ол бар болса, онда осыдан қажетті түрде басқаның бар болуы ілесіп шықпайды. Ол басқадан шығатын бар болуда ілесетін екі тең қуатты емес нәрселердің бірі туралы, мәселе тап осындай: ол басқа бір нәрседен, онымен бар болуда тең қуатты емес болғандықтан, қажетті түрде ілесіп шығады және бірінші нәрсе алынып тасталуымен басқасы да алынып тасталады, соның арасында екіншінің алынып тасталуымен бірінші алынып тасталмайды. Солай, адаммен өмір сүруде ілесіп шығуда тең қуатты бола алмайтын жануар, не адамнан ілесіп шығады, және сол болып табылады, және адам оның жойылуымен жойылады, сол шақта оның өзі адамның жойылуымен бірге жойылмайды. Сонымен, табиғаты бойынша болып өткен ретінде мұнда жануар, ал кейін болатын ретінде адам көрініс табады, дәл осылай екі - кейін болатынға, ал бір - болып өткенге жатады. Дәрежесі бойынша бұрын болған - бұл сол, не қайсыбір белгілі бастамаға, ол кеңістік те, тіл де немесе тағы бір бірдеме болсын, ол жақын болатын кеңістікте, мысалы, сен былай деп айтқанда: "Зейд сенің алдында (тур)" деген сөзде - қашан кітаптың немесе әңгіменің кіріспесі оны баяндаудың алдында тур дегенде де осылай болады. Жетілуі бойынша болып өткен - бұл екі нәрселердің ішіндегі, ол ғылым, өнер немесе тағы бір әлдене болсын, көбірек жетілгені мен жақсысы. Осылай, мысалы, дәрігерлік өнерде көбірек жетілген, екі емшінің бірі жөнінде, кім оған орын беретіннің, ол алдында тұр деп айтады. Және екі ғылым немесе өнердің түрлері, философия мен би өнері сияқты, тура осыны айтуға болады, өйткені философ туралы, (оған көрсетілетін) құрметі бойынша, ол бишінің алдында тұрады деп айтылады. Себеп түрінде болып өткен – бұл сондай себеп, не бір-бірімен, мысалы, күннің шығуы және күндізгінің кемуімен мәселе болып отырғандай, екі нәрсе байланыстырылады; сол және басқа өмір сүрудегі ілесіп шығуда тең қуатты, бірақ күннің шығуы күндіздің келуінің себебі ретінде көрініс табады және оның жалғыз себебі түрінде алынатын болады. Жалпы кез келген себеп, не сол арқылы өмір сүрсе, соның алдында болады. Оның үстіне, себеп уақыты бойынша да ол арқылы өмір сүретіннің алдында болуы әбден мүмкін. Мысалы, құрылысшы және қабырғамен мәселе тап осылай болып тур: (құрылысшы) өзінде екі түрлі
алдында болуды үйлестіріп тур: себеп ретінде және уақыты бойынша. Бір әлдене басқа бір бірдемемен бір қатынаста оның алдында болып және басқа бір қатынаста оның артынан ілесіп жүруімен, дәл осылай бола алады. Мысалы, солай, екі емшілердің арасында, жасы жағынан ол екіншісінен кіші болғанымен, емшілік өнерде одан жетілген бола алады, ол бұл жағдайда үлкенінен жетілуі бойынша алдында жүріп, уақыты бойынша оның артынан ілесетін болар еді. 15. "БІРГЕ" ДЕГЕН НЕ ЕКЕНІ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ "Бірге" деп әртүрлі мағыналарда айтылады: 1) уақытта - қашан, олардың өмір сүруі, бірден-бір "қазірге" жататын екі нәрсе туралы және олар өткен шақта да, болашақта да осы "қазірден" бірдей алыс туратын, осындай туралы соз айтылатында; 2) табиғаты бойынша - қашан, екі тең қуатты нәрселер бар болуы туралы әңгіме болып отырғанда, олардың ішінен біреуі басқасының бар болуының себебі бола алмайды, осылай, мысалы, қос және жарты жөнінде мәселе болады; 3) қашан олар орындарының саны бойынша бірдеймен көлемденетін, екі осындай нәрсе туралы соз болғанда. Егер, мысалы, екі дене орындарының саны бойынша бірдей болса (айталық, егер Зейд және Амр сол бір үйде немесе сол бір қалада болса), оның үстіне (бірдей орында болу) екі түрлі болып келеді: немесе, осы нәрселер жақтарының арасында ешқандай аралық үзіліс мүлдем болмайтын (және осыған ұқсас нәрселерде орынға қатысты бірге болу ең жоғарғы дәрежеде тән) сияқтылар, немесе олардың ортасында белгілі бір аралық үзіліс орын алатын сияқтылар; ал не "бірінші орынға" қатыстыға келсек, онда ол, кім екі нәрсенің біріне-бірі толық ене алатынын және толық тура келетінін мүмкін деп ұйғарғандардың, тек солардың пікірі бойынша, екі денені қамти алады /9/; 4) олардың қайсыбір анықталған бастаудан қашықтығы, дәрежесі бойынша бірдей болатын, екі нәрсе туралы соз болып отыр, бұл орын немесе айтылуы туралы болсын, бәрібір, мысалы, "Зейд және Амр өздерінің лауазымы бойынша патшаға қатынасты мәжілісте бірдей орын алады" деп айтылғандағы орны бойынша; ал айтылуы бойынша, мысалы, (қашан), олар бірдей жайды оларға бөлінетін тек арқылы алатын, қатаң бағыныңқы түрлер туралы айтқанда осылай болады. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата: Наука, 1975. - С. 153-244.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Интеллект сөзінің мағынасы жайында 1. Бұл шығарма түп нұсқасында "Мақала фи ма' ани л' акл" - "'акл [деген сөздің] мағынасы жайындағы пайымдама" деп аталған. Ма'на деген сөзді "мәні" немесе "магына" деп аударуға болады. Біз екіншісін алуды дұрыс көрдік. Бірақ бүл трактаттың тақырыбы мен мазмұнын тіпті де - тек 'акл - интеллект деген сөздің әр түрлі мағыналарының тізімі деп қарауға болмайды. Бұл сөздің әр түрлі мағынасына белгілі бір мақсатпен талдау жасау әл-Фарабиге діни концепцияңа қарамақарсы өзінің ойлау концепциясын ұсынуға мүмкіндік береді. Бүл трактаттың тағы да бір басқаша жазбасы бар. Онда, жоғарыда келтірілген мәтіннен басқа, интеллект әл-Фарабидің идеалистік космологиясымен - эманациялық теорияның ерекше бір вариантымен - байланысты қарастырылады. Пифагор жаңа платондық негізде туған бүл теория басқа трактатта да келтіріледі. "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа" берілген № 3, 4, 5, 6, ескертулерді қараңыз. 2. Мутакаллимдер - мұсылмандардың калама деп аталатын догматикалық діни ілімін жақтаушылар. Әл-Фараби төменде оларды қайшылығы үшін кінәлайды. Сөз жүзінде олар тәжірибе арқылы жинақталған адам интеллектінің тәуелсіз болуын жақтайды, іс жүзінде "жалпы қабылданған посылкаларды, яғни діни догмаларды қолданады. 3. Ал-бурхан - "Дәлелдеме". Әл-Фараби "Екінші Аналитиканы" осылайша атаған. Бүл шығармасында (І тарау) Аристотель ғылым мен дәлелдеменің бастамасының өзі әлі ғылым да, дәлелдеме де емес, бұған сол ғылым мен дәлелдемені байқаусыз, тәжірибе арқылы, индукция арқылы жинақтайтын ақыл арқасында жетуге болады дейді. 4. Ат-та' ккул - интеллекциялық акт. Әл-Фараби ақыл иесі адам туралы, оның ниеттері мен әрекеттерінің этикалық сипаттамасын қамтитын, жалпы жұрт қабылдап жүрген, жалпы адамзатқа ортақ түсінікке сүйенеді. Екі тірек - мұндай түсінікке негіз болатын жақсылық пен ақиқатты біте қайнастыра ұштастыру, әл-Фарабидің пікірінше Аристотельдің "Никомах Этикасы" атты еңбегінің VІ кітабында дамытқан пайымдауына мағынасы жағынан жақын келеді. Аристотель қайырымдылықта ниет пен себепке сын көзімен қарай алатын парасаттылық болады деп есептейді. 5. "Никомахтың Этикасын" қараңыз. Аристотель мұнда практикашылдықты, практикалық ақылды алға тартады. Мұндай ақыл не ана, не мына шекке ауытқушылықтың ортасын (мәселен, сараңдық пен шашпалықтың ортасындағы жомарттықты) тандап алатын "ақылға негізделген дианоэтикалық" қайырымдылықтай емес, этикалық қайырымдылықпен байланысты. Практикалық ақыл дағдыға сүйенеді және жүре келе пайда болады. 6. 'Акл би-л-кувва - "потенциалды интеллект". Мағынасы жағынан, бүл ақылдың немесе мүмкін ақылдың және бәйекшіл парасаттың Аристотель берген анықтамасына сәйкес келеді. Мүмкін ақыл - индивидтің пайымдау, бүкіл болмыстыға ұқсау қабілетіне берілген сипаттама. "Мүмкін ақыл белгілі түрде өзіне ой заттарын қамтиды, бірақ шындығында, ойламай тұрғанда ол болмайды" (Аристотель "Жан туралы". 96 бет). 7. Ноумендерта гюуцегж (грекше), "іntellіgіbіlіa (латынша), ма'кулат (арабша) мына сөздерден; иоо<;: (грекше), іntellectus (латынша), 'акл (арабша) деген сөздерден құралған, бұл сөздер "интеллект" деген мағынаны береді. 8. Яғни, осы заманғы терминология бойынша екі немесе үш түрлі өлшем.
9. Яғни, көне замандағы ұғым бойынша үш өлшем. 10. 'Акл би-л-фи'л - "актуальды интеллект". Бұл мағынаға Аристотельдің "ойлауды - ойлау" деген ұғымы сай келеді. Мұнда әл - Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы диалектикасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды. Субъект жағынан интеллект, әлі өзін дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі - затқа ой жүгіртуге, оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды - "интеллекция объектілерін" пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуальды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. 11. Сонымен алуан түрлі категориялық сипаттамалардың бәріне зат тек материяның арқасында тана ие болады. Заттардың формалары, ақылмен пайымдалатын интеллекция объектілері ретінде, тек жан дүниесінде өмір сүреді оларда өзіндік болмыс жоқ. 12. Ал- 'акл ал-мустафад - "бойға дарыған интеллект. Бұл, субъектің көзқарасынша, оны сыртқы заттар формаларын пайымдау, оларды өзінің меншікті формаларына айналдыру қабілетін іске асыру түріндегі актуальды интеллект. 13. Ал- 'акл ая-фа"ал - "әрекетшіл интеллект заттардың "парасатымен" (формаларымен) және индивидтің интеллектімен жанаса жүреді. Әрекетшіл парасаттың аристотельдік ұғымы - қызу идеологиялық күрес туғызатын күрделі ұғым. Онда, әсіресе, Платонның ықпалы ерекше көрінді. Әрекетшіл парасаттың мәңгілігі мен сірі жандылығы тіпті де дара жанның мәңгі жасауы емес, әл - Фараби ұғымындағы әрекетшіл интеллект Ибн Рошдтың барлық адамдарда болатын жалпыға бірдей парасат туралы ең соңғы концепциясына негіз болды. 14. Тексте ишфаф (мөлдірлік) деген соз тур. Оны контекстке байланысты осылай аудару керек те. Дитерицидің Sehfohіgkeіt - "көру қабілеті" деп аударуын сәтті деп айтуға бола қояр ма екен. ӘРІПТЕР КІТАБЫ І бөлім. Бөлшектер мен категориялардың атаулары 1. Араб және парсы тілдерінде қысқа дауыстылар жол үсті және жол асты таңбаларымен анықталады. Бұл жерде айтылып отырған дауысты "и" (касра) және дауысты "а" (фатха) әріптері. 2. Яғни бұл жерде әл-Фараби өзінің "Категория" атты трактатын қарастырады, ол жерде "орын" категориясы мекен - жағдаймен үйлесімді қарастырылған. 3. Кейбір категориялардың атаулары бөлшектің атауына байланысты туынды болып келеді, "кайфа" - "қалай?", қасиеті, "кам" - "қанша?", формалары болмайды, мәселен уақыт категориясы сұраулы "қашан?" деген бөлшек арқылы таралады. 4. Аристотельдің түсіндіруіндегі "Абсолюттік мағынадағы арақашықтық", "алғашқы және сөзсіз ойдағы маңыздылық", - бұл жерде ешқандай бастауыш та жоқ, болмайды да. Топтық және түрлік түсініктер екінші маңыздылыққа жатады. 5. Антисфен - (б.э.д.4 ғ)- ежелгі грек ойшылы, Сократ пен Платонның шәкірті. Әл-Фараби оны алмастыру мәселесіне байланысты ескереді, яғни шексіздікке ауысу, осыған орай бірақ адам санасының қалыптасуында жалғандығы. 6. Ол алғашқы объектіге бүкіл іс-әрекет пен бұйымды жатқызады. Ол категорияға қатысты немесе қатыссыз бола алады.
7. Бұл жерде категорияның оз атауының жасалу процесіне ену мәселесі қарастырылады. Көбінесе алғашқы ұқсастықтан туынды формалардың қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Алғашқы ұқсастықтан олар өзінің құрылымы жағынан, мәні жағынан ерекшеленеді. Бірінші ұқсастықтан әлФараби сөздің қалыптасуының негізін түсінген. 8. "Ол не?" сұрағы арқылы жеке затқа деген білім жүйесі арта түскен, "ол адам", "ол ат". 9. Масдар - етістіктен жасалған атау. Араб грамматикасында етістіктен жасалған атау көбінесе етістіктің орнына жүреді. 10. Құрылымына байланысты туынды екенін анықтауға болатын осы үш сөздің формасын қай тілге жатқызатынымыз мәтінде көрсетілмеген. 11. "Байланыс" - "қарым-қатынас категориясының" бір түрі. 12. Бұл категорияны Аристотель "қатысты" деп атаған. Әл-Фараби мен Аристотельде "қатысты" категориясын "қарым-қатынастың" түрі етіп қарастырады. 13. "Бұл зат қайда?" сұрағы "мекен" немесе "жағдай" категориясына меңзейді. Бұл мәтінде осы категорияны әл-Фараби "қатысты" категориясына түрдің байланысы мен қарым-қатынасы арқылы ұқсастығын көрсетеді. Аристотель сынды әл-Фарабиде бұл категорияларды атауына байланысты анықтайды. 14. Категориялардың саны, байқағанымыздай, әр адамда қарым-қатынас байланысының түріне байланысты әр түрлі болып келеді. 15. Бұл жердегі бастауыш грамматикалық бастауышты білдірмейді, шынайы тура мағынасын "астында жату" дегенді білдіреді, оның мәні осылай. 16. Динарлар мен дирхемдер - әрине алтын және күміс тиындар, орта ғасырда Араб халифатында күнделікті қолданысқа ие болған. 17. Кездейсоқ белгіні, сырттан келген сынды әл-Фараби пән мен әрекеттің құндылық мәселесіне байланысты қарастырады. 18. Аристотельдің терминологиясы бойынша субстанция - мәнділік, белгілі бір нәрсені, мәселен "жеке адам", "бөлек ат", бұл алғашқы маңыздылық, ал екінші мәнділікке түрі мен типі жатады. 19. Аристотельдің анықтамасы бойынша, заттың болмысты мәні ол біздің білетініміз, "ол бар", мәселен "адам дегеніміз не?", "от дегеніміз не?". Болмыстың мәні заттың формасы, арқылы. өмір сүру мәніне байланысты анықталып отырады. 20. Субстрат - заттың материалды негізі немесе мәні. Бірақ Аристотельдің анықтамасы бойынша - "субстрат" - басқалардың бәрінің айтқаны, бірақ ол өзі басқалар жайлы ештеңе айтпайды. 21. Соңғы субстрат, дегенменде ол өздігінен заттың мәні емес болғандықтан, санына байланысты емес, типі де емес, бірақ оған абсолюттік мағынада субстанция болуға тиесілі. 22. Бұл бөлімде маңыздылықтың мәні - заттың мәні. Заттың мәнін қарастыра отырып, ең алдымен оның мәнділігіне не жататынын анықтап алу қажет және ондағы кірме бейнелерді анықтау үшін. Заттың мәнін оның анықтамасы арқылы ажыратуға болады. 23. Тіршілік етуші, баршылық - әл-Фарабидің метафизикасында болмысты білдіретін термин, белгілі бір материя мен формалардан тәуелсіз,арнайы өзіне тән себептерден тыс. Өзінің мәнділік жайлы бөлімін әл-Фараби бір модельді қалыптасу арқылы жасалатын, "нақты", "бар болу", "тіршілік ету" сөздерінің этимологиясын түсіндіру арқылы бастайды. Дегенменде әл-Фараби
"нақты", "тіршілік ететін" деген терминдерді қоғамның түсінуіне және қабылдауына байланысты өнердің теориясына қолдануға сескенеді. 24. Бұл жерде етістіктен жасалған туынды ретіндегі "нақты", "бар болу" термин сөздері әл -Фараби тіршілік ету етістігіне жатқызып және де субъект пен предикаттың арасындағы байланыста ауқымды қолданылатынын айтады. Анықтылыққа толығымен жету үшін әл-Фараби мысал ретінде грек, парсы, Сирия, Соғды тілдерін қарастырады, ондағы етістіктер араб тілінде мүлдем кездеспейтінін анықтайды. "Ерекше бөліп қарамау" деген оймен әл-Фараби бұл жерде жалғау ретінде "тіршілік ету" термині субъектің пікірінде, предикатында анықтай алмайтынын түсінеді. 25. Аспап ретінде "құралды" әл-Фараби - ол логикада айту элементі ретінде қолданатын жалғау деп түсінеді. 26. Силлогизмнің термині: үлкен, кіші, орташа. Силлогизмдегі ең үлкен термин - предикат деп аталады, ал ең кіші термин деп ең аз жөнелтімді айтады. Ал орташа силлогизмнің термині деп - силлогизмнің қорытындысына енбейтін, екі жөнелтімге де ортақ болатынды айтады. Кейде әлФараби үлкен терминді бірінші, кіші терминді екінші деп те атай береді. 27. "Рухтан тыс", "рухани" терминдері "табиғатта шынайы объективті мағлұмат" және сол шынайылықты сана арқылы түсінудің нәтижесінде белгіленеді. 28. Әл-Фарабидің ақиқатты логикалық пікір арқылы түсіндіруі, ол экзистенциялды қалыптасу емес. 29. Әл-Фарабидың қарастырып отырған "нақтылық" категориясы дара және күрделі, өзекті және потенциялды, бастапқы және жалғастырушы болып табылады бүл категориялар белгілі бір нәрсенің тіршілік ету негізін дәлелдеуге қолданылады. Бұл жерде "бастапқы және жалғастырушы" категориялар жайлы айтылады, яғни нақтылықты белгілі бір сатысы бар, керемет етіп талдауды бұйырады. Кейбір нақтылық - кемел, ал кейбіреулері - төменірек. 30. Әл-Фарабидің талдауындағы потенциялды және өзектілікті іс әрекетпен себебіне байланыстырады. 31. Батыс Европалық ғалымдар "Герменевтика" деп Аристотельдің "талқылау жайлы" трактатын жатқызады. Бұл жерде әл - Фараби өзінің бір атты трактатын көрсетеді. 32. Осылай талқылай отырып, әл-Фараби қарапайым ауқымды қоғам лексикасы мен ғылыми түсінікті игерген, ерекше ынталанған философтардың лексикасының арасындағы шекараны анықтайды. 33. Мелисс Самосский - (б.э.д.5г)- ежелгі грек философы, элей мектебінің соңғы өкілі. 34. Заттың астарынан зат немесе құбылысты табиғи не жасанды екенін анықтауға болады. Олар түрі, типі, байланыс қасиеті, жағдайына қарай ажыратылады. 35. Элейлік Парменид (б.э.д. 5г) - элей мектебінің негізін қалаушы, "Табиғат жайлы" поэманың авторы. 36. "Не үшін болса, сол" - мақсат категориясы, ал жақсылық, бастау, іс-әрекет форма ретінде қарастырылады. ІІ бөлім. Сөздің, философияның, діннің шығуы
1. Капам - ортағасырлық мұсылман әдебиетінде ауқымды түрде әрқилы діни -философиялық тақырыптағы пікірді білдіретін термин, ал арнайы мағынасында - спекулятивті тәртіпті, ислам догматтарына діни абыройға емес, ақылға сүйене отырып талқылауға мүмкіндік беруші. 2. Мұсылман құқығы - әлеуметтік норма мен тәртіптік заңын, соның ішінде құқықты заңды білдіретін исламдық доктрина. 3. Пікірдің бастауы - ортақ қабылданған көзқарас. 4. Мутакаллим-каламның ізін жалғастырушы. 5. Яғни бұл жерде философ жайлы айтылады. 6. Ортақ білім - ол алғашқы білім яғни эмпирикалық білім. 7. Риторика немесе риторика өнері - әл-Фарабиде адамды сендіру өнерімен байланысты. 8. Поэзия өнерін немесе поэтиканы, немесе риториканы әл-Фараби силлологиялық өнерге жатқызады, оның негізінде 2 пікірдің қорытындысы жатыр. 9. Мұсылмандардың жыл санауы енгізілген, 622 жыл Мухаммедтің Меккеден Мединаға ауысуы. 10. Сауд Аравиясының ортақ бөлігінде өмір сүрген Арабтық тайпалар ұзақ уақыт бойы өз тілдерінің тазалығын сақтап қалуы. 11. Устукус - грек тіліндегі элемент . 12. Унсур - араб тіліндегі элемент. 13. Хайула - алғашқы материя (араб сөзі). ІІІ тарау. Сұраулы бөлшектер 1. Алғашқы форма, немесе бастапқыда соз арқылы, сезім арқылы қабылданатын әр зат анықталып отырады, ақылға негізделген мәнділік: адам,аппақ,т.б 2. "Не?" деген сұраулы бөлшекті біріншіден, әл-Фараби жеке заттың оның идеясы ретінде аталуымен, екіншіден, сол заттың типі мен түріне нұсқауынан анықтайды. Бұл әл Фарабидың сыни мәтінінде "не?" деген сұраулы бөлшекті қолдана отырып заттың іс-әрекетімен негізін анықтайды. 3. Ал "қандай?" деген сұраулы бөлшек болса заттың сапалы біліміне қол жеткізіп, "не?" деген сұрақ сынды белгілі бір нәрсені типі және түрі арқылы біледі. 4. Ал "қалай?" деген сұраулы бөлшек болса берілген заттың болмысты мәнін анықтап, соған қатысты нәрселерді қатыстырады. 5. Ал "ма?", "солай ма?" деген сұраулы бөлшектерді әл-Фараби қарсы сындарда қалай пайдаланса солай қабылдайды. 6. Ал "не үшін?" деген сұраулы бөлшекті заттың тіршілік ету себебін анықтау мақсатында қолданады. 7. Сұраулы бөлшектерді әл-Фараби философиялық және ғылыми деп бөледі. Философиялық сұрақтар өздері білгісі келген, бүкіл силлогиялық өнерде анықталады. "Ол не?", "Ол неден?", "Не үшін?" т.б. 8. Хиры тургындары көбінесе өздерінің пікірлерінде софистикалық өнерді қолданған.
9. Протагор (б.э.д. 4 г)- ежелгі грек философы - софист. 10. Ғылыми сұрақ дегеніміз оның жауабын білу мақсатында, дәлелді қажет етеді. 11. Ал "ма?" ортақ сұрақ болып табылады, оны кең мағынада ғылыми ізденісте, ал аз мағынасында диалектикалық сайыс пен софистикада қолданады. Берілген сұрақ заттың тіршілік ететінін анықтау мақсатында қолданады. 12. Әл-Фарабидің бұл арқылы айтқысы келгені риторика мен поэтика сұрақ қоюсыз - ақ бола береді. Өйткені заттың өмір сүру немесе сүрмеуін олар бейнелі мысал арқылы көре алады. Теология 1. Әл-илм әл-иләһи-иләһи ғылым немесе теология. Әбу Наср әл-Фарабидің "Теология" трактаты жайында орта ғасыр библиографиялық баспаларда айтылады: Ән-Нәдим "Фиһрист" Ибн Әбу Усейбиа "Уюн әл-Анбага фи табақат әл-атибба" және Ибн әл-Кифти "Ихбар әл-улама би ахбар әлХукама". Әл-Фарабидің "Теология" атты трактаты Плотиннің Құдайы болмыстың Бірінші бастауышы, зерде, жан және материя мен форма жайындағы білімі баяндалған, көптеген зерттеушілер жалған түрде Стагиритке жатқызатын Аристотельдің бір есімді шығармасының әсерімен жазылған болуы мүмкін. Трактат мазмұнының негізі неоплотондық "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" трактаттың Бірінші мәннің мәселесін ашатын тиісті бөлімдерін толық қайталайды. 2. Әл-агқл - ақыл, зерде. Бүл арада айтылып отырған зерде көне грек түсінігіндегі "Нус" пен теңесіп отыр. 3. Әл-Мадда әл-эууаль-Бірінші негіз, әл-Фараби Алланы осылай атайды. Бірақ, бұл жайында зерде де, бірінші негіз де және бірінші нәрселер құдайлық субстанцияның көріну мәні, олар ақиқат. 4. Әл-анасыру (унсур-бірліктүрі)-эл-Фараби қарапайым сезімді денелерді белгілейтін -элементтер. Термин Аристотельден алынып езінің мәнін сақтаған: "әуелгі түрде бөлінбейтін имманетті негізгі бөлім" (Метафизика, 1014а 25). 5. Әл-Мустақасат - грек сөзі (устукус - элемент), араб тіліндегі сөздің құралу ережесіне сәйкес пайда болған. 6. Әл-хайлулә - бірінші материя. Грек тілінің негізінде Аристотель философиясынан алған арабтардың термині. Бірінші материя - төрт элементтің мәні. (Метафизика, 1049а 25). 7. Әс-сура - форма. Болмыстың торт (архе) "себептерінің" бірін білдіретін Аристотельдің термині. Ол заттардың "бір бүтіндігі" мен "бөлінбеушілік" синтезін көрсететін форма мен материяны заттардың элемент теориясына қосады. Олардың ара-қатынасы мынадай: материя форманың потенциясы, ал форма белсенділігін материяда жасайды. Бұл шығарманың барысында әл-Фараби жан мәселесі жайында, оның құрылуын, пайда болу әдісін деген мәселелерді қарастырады нәтижеде, ойшылды "формалардың Формасын" яғни, "формалардың жаратушысын" мойындауына алып келеді. 8. Зәлика әл-алам уа хаза әл-алам-ана әлем мен мына әлем. Әл - Фараби бұл сөздердің астарында ай астындағы интеллектуалды салалары мен материалды заттардың болмыс әлемі. 9. Бұл жерде неоплатондық Құдайды тану формасындағы Онымен оқшаулану айтылып отыр: "Өзіңді танысаң Құдайды танисың". 10. Әл-Фагиль - әрекет қылушы немесе әрекет субъектісі. Мұнымен әл-Фараби әлемнің жаратылыс актісін, бірінші әрекеттің ниетпен байланысын, тыным мен қозғалыстың арақатынасын байланыстырады.
Мәселелер мәні 1. Трактат қазақ тіліндегі нұсқадан бұрын орыс тілінде А.В. Сагадеевтің аудармасымен жарық көрген. Аль-Фараби. Естесвенно-научные трактаты. /Перевод с арабского.-Алма-Ата: Наука, 1987. Еңбек 21 бөліктен тұрады. Әл-Фараби әр бөлікте шағын түрде білімнің негіздерін, оның құралу жолдарын, Бірінші мәнді, ақыл-парасатты, аспан әлемін оның пайда болу жолын т.б. көптеген мәселелерді баяндайды. Трактаттың қолжазба сипаттамасымен танысуға болады: Өзбекстан Республикасы, FA Шығыстану институтындағы Қазибердов А.Л. Әбу Насыр әл-Фарабидің қолжазба шығармалары. Ойшылдың трактаттағы алғашқы сөздері: "Білім жалпы елеске бөлінеді. Мысалы, адам өзіне күнді, айды, ақыл-парасатты, жанды көз алдына елестеткен жағдайы және растаумен бірге жүретін елеске бөлінеді: мысалы, аспан бірінің ішінде бірі орналасқан сфераның мәні екендігі немесе әлемнің жаралғандығының расталғаны сияқты" - деген пайымдаумен басталады. Сөйтіп, әлФараби зерттеушіні елестердің түрімен және оларға тән қасиеттермен таныстырады. Мысалы, кейбір елестер өзінен бұрынғы елестерге мұқтаж болатын болса, енді бір елестер оған мұқтаж емес. Сонымен қатар әл-Фараби адамға кейбір пікірлерді түсіндірместен алдын басқа пікірлердің түсіндірілу қажеттігін айтады, болмаса адам бұл ойды түсінбеуі мүмкін. Мысалы ретінде "Әлем - жаралған" пайымдауын алып оны талдауға кіріседі. Әлемнің жаралғандығы турасында айтуды қалаған жағдайда әуелі әлемнің құралғандығын, ал барлық құрама - жаратылатын дүние екенін сендіруіміз қажет. Осыдан соң барып "Әлем - жаралған" пікірін түсіндіруге болады. Әл-Фараби болуы мүмкін нәрселердің барлығы міндетті түрде бір қажетті нәрсеге дәлірек айтқанда, Бірінші мәнге келуі керек деп айтады. Ал қажетті - мәнді дегеніміз мынадай: "Егер оны жоқ деп елестетін болсаң сөзсіз шалағайлыққа ұрынасың. Оның болмысының себебі жоқ, яғни оның бар болуы басқа бір нәрсенің арқасында емес. Ол - нәрселер болмысының Бірінші себебі. Осыдан барып қажетті - мәндінің бар болуы болмыс бастамасы және Ол қандай да болсын кемшіліктен пәк болуы керек. Оның болмысы жетілген. Ол - материя, форма, қозғалыс пен мақсат себептерінен бос, анағұрлым жетілген болмыс", - деп Бірінші мәннің дәрежесін анық етіп көрсетеді. "Катагурийас" кітабы немесе "Категориялар" 1. Түп нұсқасында "Шарх китаб ал-Макулат" деп аталатын осы жұмыс Аристолель категорияларының парафразасы (астарлап айтылғаны) болып табылады. Аристотельге бүкіл "Категориялар" кітабының немесе, тым болмаса, оларда қосымша баяндауыштар немесе "постпредикаменттер" түсіндірілетін, оның сол тарауларының жататындығы жөнінде күмән бар. Сонда да, бұл шығарма тіпті Аристотель тарапынан жазылмаса да, онда баяндалатын концепциялардың Стагириттің өзіне жататындығы анық. Осы парафразадан әл - Фарабидің, жеке "Органонның" мазмұнын құрастыратын, мәселелерді тікелей қарастыруға кірісетіні көрінеді. Бұл жұмыстың негізіне Исхак Ибн Хунайнаға тіркелетін, не терминологияның тура келуімен ғана емес, сонымен бірге Аристотель сол немесе басқа қағидаға көрнекілік ретінде келтіретін, мысалдарды білдіру үшін аудармашы және комментатор қолданатын, сипатты сөздер мен сөйлемшелердің тура келуімен де дәлелденетін, "Категориялар" (китап ал-Макулат) аудармасы жатқызылды, парафразаның араб мәтінін және оның ағылшын тіліне аудармасын Д.М.Данлоп ("The Іslamіc quarterly", 1957-1958, vol. W, №3-4, vol. №1-2), Стамбулдағы Хамадийе кітапханасында сақталған, қолжазба бойынша жариялады. Шығарма мәтіні, әл-Фарабидің логикалық шығармаларына Ибн Баджие түсіндірмелерінде бар, сілтемелермен салыстырылды.
2. Оларды әл-Фараби "Эйсагоге", немесе "Кіріспе" кітабында қарастыратын, өзіндік белгі және акциденция (кездейсоқ белгі) туралы сөз болып отыр. 3. Яғни бірден-бір термин "арад" кең мағынадағы акциденцияны, ал атап айтқанда, субстанция категориясымен ілесіп жүретін, тоғыз жоғары тектердің әрқайсысы және де кездейсоқ немесе өткінші белгі ретіндегіні - тар мағынадағы акциденцияны белгілейді. 4. Бұл айтылымда араб тіліндегі, барыс септігін белгілейтін және бір нәрсенің басқасына жатуын көрсететін сөз алдынан келетін көмекші сөз (немесе демеулік шылау) "ба, бе, па, пе" қолданылады. 5. Ортағасырлық мұсылман Шығысында зат атауларының пайда болуы жөнінде бірнеше көзқарастар, жеке алғанда олар, сөздер және олар белгілейтін нәрселердің арасында табиғи сәйкестіктің барлығын мойындайтын, натуралистік теорияға;заттарға шарттық атауларды адамдар келісім бойынша берді деп ұйғарған, конвенционалистік теорияға; адамдағы сөйлеуді ойлап табушы Алла болды деп жариялаған теорияға сүйенді. Әл-Фараби айтылымдары атаулардың жасанды пайда болғанын білдіреді. Әл-Фараби осыдан конвенционалистік көзқарасты ұстанды деп қорытынды шығаруға, егер оның жұмысының түсіндірмелік сипатта болғанын ескерсек, жеткілікті негіз жоқ. Алайда, біздің философ жоғарыда аталғандардың соңғы теориясының қарсыласы болды деп, сенімді түрде айтуға болады: кім заттарға атау ойлап табушы болса, сол едәуір шатасушы' болды деген оның мәлімдемесі, тіпті түсіндірмелік сипаттағы шығармалар үшін де күпіршілік болып саналар еді. 6. Д.М.Данлоп атап өткендей, осы сөздерден басталатын парафраза мәтіні қолжазбада "Үшінші бөлім" деп аталған, әйтсе де алғашқы екі бөлімдер туралы онда еске алынбайды. Ортағасырлар дәу ірінде қалыптасқан "Категорияларды" үш бөлікке болу дәстүрінен шыға отырып, әл-Фараби парафазасында екінші бөлім "Субстанция туралы пайымдаумен" ашылады деп ұйғаруға болады. 7. Мәтінде "ат-таркиб әл-мунфасила", Д.М.Данлоп аудармасында - "ажыратушы үйлесу" деп белгіленген. Бірақ бұл сөйлемше грамматикаға қайшы және оған араб тіліндегі терминдердің тура келетіні жоқ. Біздің оқуымыз - "шартты ажыратушы" - көшіріп жазушының "ат-таркиб және ашшартийа" сөздерін жазудағы ұқсастықтан жіберген қателігі деп ұйғаруға мүмкіндік береді. "Ашшартийа әл-мунфасила" термині шартты - дизъюнктивтік пайымдау мағынасында осы бөлімде бірнеше рет кездеседі және Д.М. Данлоптың бүл терминді алғаш рет әл-Фараби енгізгендігі мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды деген ескертпесімен жалғасады. 8. Осында және мәтін аяғында "әл-инсан ус-я-уахид" Д.М.Данлоп аудармасында - "адам және біреу" деп белгіленген. Біздің оқуымыз "екі және бір", бүл бойынша көшіруші "әл-ин-сан және әлиснам" сөздерінің жазылу ұқсастығынан жіберген қателік және бүл Ибн Сина келтірген ұқсас мысалында құптау табады: "Табиғаты бойынша алдында болу сол, егер сен біреуді жойсаң, онда басқасы да жойылады, бірақ мүмкін, егер сен оны да, соны да жойсаң, онда бірінші жойылмайды. Мысалы, бір және екі. Егер сен бірді алып тастасаң, онда және екі жоғалады, ал егер екіні алып тастасаң, онда бірдің жоғалуы міндетті емес" (Ибн Сина Даниш намә,. Сталинабад, 1957, 165-166 бб.). 9. Араб философиясында осындай көзқарасты мутазилит Әл Наззам айтқан.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру