Мазмұнға өту
Home

Құлыяс Табыл І том

Табыл Құлыяс

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Құлыяс Табыл І том

Авторы: Табыл Құлыяс

Деректі хикаяттар

Құлыяс Табыл Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) Қ 72 ISBN 978-601-302-274-1 (Т.1) ISBN 978-601-302-273-4 Қ 72 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) © Құлыяс Т., 2015 © «Фолиант» баспасы, 2015 ҚР Мәдениет қайраткері, Б. Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың иегері, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, сатирик, жазушы, архив зерттеушісі Құлыяс Табыл Бекқазыұлы бұл кітабында аштық, қуғын-сүргіннің ауыр оқиғаларын мұрағат құжаттары мен дерек-дәйектерді пайдалана отырып, шынайы әрі көркем тілде кестелеген. Заманның тынысы, дәуірдің дауысы болған деректі хикаяттар көпшілік оқырманға арналған. ISBN 978-601-302-273-4 Т.1. Деректі хикаяттар. – 416 бет. ISBN 978-601-302-274-1 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

САМҒАЙ ҰШҚАН ҚАРШЫҒА... Бар әлем табиғатқа зер салып, көңілін оятады. Жақсылық бар жарылқайтын, жамандық бар долданып айпап-жайпап, бәрін жалмап жұтатындай алқынатын. Ұзақбай жұмысқа келе жатқанында да, үйіне қайтқанында да Алатаудың қарлы шыңына қарап, үмітінің болжамын жасайтындай еді. Сайтаннан басқа да үміт бар, сенім бар. Елдің өсіп-өрлеуі таудай биік болса дейді. Салыстырмалы түрде ойлайды. Ондайда жарқын жүзіне қуаныш үйіріледі. Өзін сырттай қарағанда бақытты сезініп, жаңа заманның қайырын көрсем дейді. Әзірге тамағы тоқ, көйлегі көк, орынтағы да ешкімнен кем емес. Ырғыз өңірінде алғаш кеңестік жұмысқа араласып, елдің дуалы аузына іліккенде бір қария: «Самғап ұшқан қырандарсыңдар ғой, бірақ қыранның да қанаты талады, қара дауыл қақпақыл ғып ойнайды, нендей күйге түсіреді, бәрі белгісіз. Сілікпе сүрең... Айлакер бар, айылын жимайтын қаскөй бар. Ешкім төтеп бере алмайтындай болады. Жалтарсаң жалп еткізеді. Сүйіндірген тірлік күйіндіреді, пенденің арасындағы қара дауыл – бақталастық болмай тұрмас, соған сақ бол», – деп алдау-арбауды көп көргенін мысалдап еді. Ұзақбай алға ұмтылғанда тәуекеліне сүйенгенін айтқан. – Тәуекелдің тиянағы – ақыл, болжамы берік бол­ са, – деп қария алысты шолып ой айтқан еді. Базарлы деп жүрген мезгілге көңілі толмады ма, ертеңіне сенбеді ме, сол қарияның көкейіндегі күмәнді Ұзақбай енді-енді аңғарғандай еді. Директива дейді, өл-тіріл, оны орында дейді, сын мен өзара сын дейді, коммунистер кемшілікке төзбейді дейді. Айырып жігін ашса, рухы жүдесе қалай сын айтады? Дискуссия дейді, айтыс-таласта билігі мықты жеңіске жетіп жатса, жөн істі айттың не, айтпадың не,

сөзің шығын. Зұлымдық дендесе қоғам арадай таланбай тұрмас. Жалғыз Ұзақбай емес, қазақ интеллигенциясы, қоғам қайраткерлері мұндай ойға беріліп ашық айтып алысып бақты. Не тапты? 1931 жылдың 13 ақпандағы республикалық жиында Голощекин баяндама жасап: «182 аудан астық дайындау жоспарын орындамады, ет дайындау майданында 700 000 тонна жоспары ақсап тұр, әр облыста 7-8 мың бас мал сойылады, тым аз, байлардың малын тездетіп жинап алмай жатырмыз. Мұндай кемшіліктер мен қателіктерді кешіруге болмайды, бұл қылмыс!» – деп сайраған. Елдің іргесіне тақалып құру деңгейіне жеткенімен шаруасы жоқтығын байқатқан. Соны түсінгендер, ауыл-елді көзімен көріп жүргендер: – Халықта мал қалған жоқ, байлар тәркіленіп бітті. Жұтаған жұртты барып көріңіз? – Орта шаруаларда мал бар емес пе? – Олар да тазартылды. Кедейлердің күнкөрісі қиындады. – Тауық асырасын! – деп Голощекин айқайға баспай ма? – Тауықты сауа алмайды ғой. Сиырдың сүтімен жүрек жалғап отырғандар аштыққа ұрынуы мүмкін. – Құлымбетовтың жоспарлауы қате, елде аша тұяқ қалмады деуі шындық емес, жала, қара күйе! – деп Голо­ щекин тағы да шүйіліп өтті. – Мен Ақтөбе, Ақмола облыстарында басшылық жұмыстарда болдым, ауылдардың жай-күйін жақсы білемін. Одан кейін республиканың басқа өңірлерін де жиі аралап жүрмін, есеп-қисап жұмыстарын саралап, бағытбағдардың шындығын жасыруға большевиктік арым жетпейді. 1920 жылдан лениндік партияның мүшесімін, Голо­ щекин жолдас, – деп Құлымбетов аштық қаупін айтып еді. Төзгісіз жағдайларды жұртқа білдіріп еді. – Отанды азық-түлікпен қамтамасыз ету – қасиетті міндетіміз, жоспарды орындамағандар, оған кедергі келтіргендер баспен жауап береді. Бастарың екеу емес шығар, – деп Голощекин әміріме ешкім төзбес дегенді байқатып қойды. «Есептен малын, астығын жасырғандар үкіметке қастандық ойлаушы, қылмыскер, ондайлар аты­ лады... Бұл – Ұзақбай Құлымбетовке ескерту!»

Бүлік басталғанын осыдан-ақ аңғаруға болады. Қазақ елін уысымда ұстаймын деп елірген Голощекиннің бүркемелі ойынының астарында зұлымдық қылаң бергенін бұрын да байқап жүрсе де, Ұзақбай Құлымбетов ҚазАССР Жоспарлау комиссиясының председателі, оған қоса Сауда халкомы қызметін де атқарып жүргеніндегі іскерлігімен санаспайды. Қирап бүлінгенді қалпына келтірудің амалын таппаса Голощекин кінәні басқаға аудара салады, бүлікші деуіне дәлел табады. Ұзақбай күндегісін күнде үйіне қажып оралады. «Капитализмнің тұрақтауы күнненкүнге шіріп, баянсыз болып барады», – деп Сталин айтты. Мына Голощекиндер социализмді баянды етіп көркейте ала ма? Жақсылық таба алмай, игі істің маңына бара алмай халықты сенделте ме? Жұрт ертеңін ойлаудан жаңылды, ризығынан қағылды, үнемсіз... босқын. Тірліктің берекесі шайқалды, қара қазан қақ айырылып жатыр. Қазан маңында қылжия кетіп жан тапсырған адам. Өлік, ады­ ра қалған мекендер. Әп-сәтте жұрттың жиған-тергені құрыды. Байлық сарқылды. Одақтан көмек жоқ. Алдау бар. «Бұған жауапты кім?» деген күдікті ойын ешкімге тіс жарып айтпайды. Қазақ елін қай бағытқа сүйрейді? Шаруашылықты, мемлекетті басқарудағы беталысы түсініксіз, күн сайын құлдырау. «Барды балама, жоқты са­ нама дегендей халықтың мойнына түскен салмақ ауыр», – деп дастархан үстіндегі бір үзім нанға май жағып жеп ойға шомды. Мемлекетке деп жинап алған мал етін пойызбен тасып үлгере алмай, борсып-шірігесін Қарағанды өңірінде тау-тау ғып үйіп, өртеп жатқанын айтқанда Голощекин «жалған, өтірік мәлімет» деп бажылдады. Бұл дүрмектің алды-артында, астарында саясаттың жылылығы емес, жамандығы жатқанын аңғарып, кемшілігін дөп басып айтушыларға еріседі. Халық жағдайын алдын ала ойлап байыптау қайда? – Әйіш, ас батпай отыр, – деп Ұзақбай жарына қарады. Дүркін-дүркін күрсініп алады. Дүдәмал, екіұшты ойлар жанын мазалайды. – Неге қабағың түсіңкі? – деді Әйіш. – Голощекин елдің малын тағы жинатып жатыр. Мал біткесін халық аштыққа ұрынады. Қазаққа жайсыз тиетін түрі бар.

– Қазақты жек көре ме? – Түсініп болмайсың. – Бас қосқан отырыстарда: «Қазақтың бауырсағының дәмі тіл үйіреді», – деп сайрайтын еді, неге жаны ашымай­ ды?! – деген Әйіш. – Мынау – құрт-ірімшік, елдің асы, алып отыр дегенде жүзі жылығандай болып: «Дәмі тәтті екен, қалай істейді?» – деді. Сүттен ондаған түрлі тағам дайындалады дедік: – Вот тебе казахский шикалад! – деп мәз болды. – Ал мынау тағамды жент дейді, түрлі азық қоспасы, қазақ еттің өзінен алпыс түрлі тағам дайындайды. – Жақсы, сүзбе, сүр еті!.. Қазақтар шебер, аштан өлмейді, мықтылық деді. Әйіш оның сөзіне иланып қалды. «Қазақ малсыз да өлмейді» деген Голощекиннің қаскөй ойын Әйіш естіп, екіжүзділік болады екен-ау деп толғанды. Ұзақбай замандастарының билікте жүргендері қанша қарсылық білдірсе де, Голощекин милицияларға тапсырыс беріп, халықтың малын, жиған-терген азығын тартып алып, қырғын аштыққа ұшыратты. Осы кезде ел азаматтары күндіз-түні жол жүріп, аштыққа ұрынған ба­ лаларды жинап үйлеріне әкеліп, ішіндіріп, киіндіріп бала­ лар үйіне тапсырып жатты. Әйіш киімдері алау-жалау, аш-арық талай баланы тамаққа тойындырып, киіндіріп, аналық мейірін көрсетіп бағып қақты. Мемлекеттік қордан азық-түлік алып, оны мігірсіз пісіріп ашты тойындыру оңай болған жоқ, аурусырқауы және бар. – Атың кім? – Бегімбет. – Жақсы жігіт боласың. Үкімет бағады, оқытады. – Сенің есімің кім? – Айжарық. – Тірлік жолың жарық болғай! – Әумин! Апа, оқысам деймін. Оқымағасын әке-шешем өліп қалды. – Оқып мықты азамат боласың. – Әкең есіміңді қалай атады? – Құндызбай.

– Е-е, мен Жұлдызбаймын! – деді сойдақ тісті қара бала мұрнын бір тартып. – Апа, мына көйлек маған құйып қойғандай екен. Сізге рахмет, өскесін еңбегіңді ақтаймын. – Еліңе адал қызмет етсең, жақсылықпен жарылқанасың. – Ешкімнің ала жібін аттамаймын, адал боламын деп әкем өліп қалды ғой. – Сенің болашағың бөлек, – деп Әйіш ойға батып, жетім қалып әр жерде қаңғыған балаларды болашақта қазақ елінің жұлдыздарындай көретін еді. Ақмола облысында шаруашылық басқарған Ахметхан Ниязбаев елу жетім ба­ ланы өзі бағып, өсіріп әрбірін үй етіп шығарды. Олардың бәрі де орыс, украин, қазақ, татар балалары еді, құжат аларда олар Ниязбаев деп атанды (қазірде үш жүзге жуық Ниязбаевтар Державин, Есіл аудандарында қызмет етеді). Әйіш ел басына қайғының қара бұлты төніп, халық аштан қырылып жатқанда жетім балаларды бағып оты­ рып: «Голощекиннің саясаты немене өзі? Қазақ топырағын басып, қазақ дастарханынан ас ішіп, киеден қорықпай қырғынға ұшыратуы түсініксіз. Мұны И. Сталин білмейтін шығар... «Малды, егінді үкіметке жина, түк қалдырма, қарсылық көрсеткендерді атып таста!» деп аласұруы неліктен?! Бұл сұмдықты Мәскеу білмейді, ә?» – деп алдағы күннен үміт үзетін еді. Балалар үйлеріндегі ірімшік, құрт, май, сүзбеге дейін милициялар мылтықпен қорқытып тартып әкеткенін айтады. Елге алдымен азық керек, социализмнің алды-артына ой жіберу үшін қарын тоқ болуы керек. Үкімет ертең жарылқайды деп алдапсулау немесе мылтық төсеп, жиған-тергенін тартып алып жатса, әр бұтаның түбінде жұрт қырылса, социализмді кім алқалап, қолдай қояды?! «Самғай ұшатын қырандай ұрпақ бақытты болар ма екенсіңдер?» деген оймен қиналатын Әйіш ерінің туған жері Ырғыз халқының да аштықтан өліп, әлдісі босып кетіп жатқанын естіді. Жан күйзелісі қатты болса да, ағайын-туысының қайғысын естіп езілсе де Ұзақбай білдірмеуге тырысып жүрді... Әйіш қазан-қазан көже асып жетім балаларды тойындырып, сауап алғанына қуанып, шаршағанын ұмытатын еді. Анасының «обал бо­ лады, ұят болады, жаман болады» деген сөзін таратып миы-

на құйғанын ұмытар ма? Ұлт басына төнген нәубет, ауыр салмақты үкімет мүшелерінің түсінетіні аз, түсінбейтіні өзімшіл, Мәскеудің айтқаны заң дейтіні көп шығар. Тар кезеңнің ауыртпалығын қайткенде де жеңуді ойлаған аналардың мол мейірі қайталанбайтындай ма екен? Ұзақбай күн көсем Сталиннің «Отар елдерде революциялық кризис асқынды» деген сөзін еске алып, «Қазақстандағы кризисті қалай атайды?» деп толғанса да есеп-қисабына көңілі көншитін түрі жоқ. Голощекиннің астыртын әрекеті байқалып тұрса да үкімет басшылығындағылар дәрменсіз. Жә, уақыт өтіп жатты. Қынадай қырылған халықтың төгілген қанының үстіне социализм баспалап шығып, саясатын қан жоса әрекетке байқатпай бұрған сықылды бол­ ды. 1920 жылдан басталған «тазалау» үдеп, атарын атып, түрмені толтыруға бағытталды. Осы кезде өлер жеріне дейін күліп баратын айтқыштар: Айналайын, үкімет, Бергеніне шүкір ет. Байлығыңды тартып ап, Бетіңе бір түкіреді. Айналайын, үкімет, Жақсылығы жарылқап, Тегін тамақ ішсін деп, Түрмелерге үкітет, – деп жырлап жүрді. Өйткені, 1932 жылы 7 тамызда ОАКнің қарарына Сталин қол қойып, кедей шаруаларды ұрлықтан тазалауға бағыттады. Оны «Позорные столбы», «показательные процессы» деп атап 50 мың адамды ұрлық жасады деп түрмеге қамаса, 2 мың адамды атып таста­ ды. Егін шаруасындағылар екі сабақ бидайдың дәнін үгіп алып, аш балаларын құтқарғысы келсе түрмеге жапты. Мұны егіншілер «бес сабақ бидайдың дәні – түрменің әні» деп келекелеп кеткен көрінеді. Қазақ даласында жүздеген мың балалардың аштыққа ұрынып қаңғып кетуіне себеп болған, Сталин қол қойған «Ұят баған» аталған қаулының қырсығынан талай адам тұзаққа түсіп, тіпті тоғыз жасқа толған балаларға дейін бір уыс бидайды қырманнан алға-

ны үшін Қарағанды түрмесінде отырған. Мұндай қасірет қоғам қайраткерлерін қанша ойландырса да, Сталиннің айтқаны заң еді. Одан кейін 1933 жылы 8 мамырда Мо­ лотов пен Сталиннің қол қойған «Барлық партия, кеңес қызметкерлерімен ОГПУ-дың барлық мекемелеріне, сот және прокуратураға» деген қаулыда елді мекендерде таптық шиеленіс болуы әбден мүмкін, сондықтан бай-құлақтардың тұқымын тазартып, түрмелер мен лагерь­ лерде Одақ бойынша 400 мыңдай қылмыскер ұсталып, үш, бес жылға үкім кесілгендер жазасын өтесін. Ал шындығында, түрмелерде 800 мың тұтқын, оның 30 пайызы контрреволюциялық қылмыскер делінгендер екен. Мұндай бет қаратпас сүргін қоғам қайраткерлерінің қай-қайсысын да ойландырып, жан сақтау амалы сарқылғандай сезінген де болуы... халықты тентірету тегін еместігін түсінді. Қорқыныш, үрей әр минут сайын пәлеге ұшыратып жатты. 1938 жылы Ұзақбай Құлымбетов «халық жауы» деп атылды. Қойын дәптеріндегі: «Жай-күйін біліп едім Ырғыздың, жоқшылық ойымды бұрғызды. Қалай жанын сақтар екенбіз, өсіп келе жатқан ұл-қыздың?! Жүрегімде ел азабы, мұңы бар. Шерлі, қайғы жазылмайтын түрі бар. Саясат құйыны, дауылы, шындығын түсініп, ұғып ал! Біз о дүниеде бақытты болармыз, келер ұрпақ, өмірдерегімізді біліп ал!» – деген ойтолғауы кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Өз қолымен құрысқан Кеңес үкіметі, сталиндік заң жау деп тұрса, оққа байласа не шара?! Газеттер де: «Үкіметімізді құлатпақ болған жегі құрттар, азғын топтар атылды!» деп жар салып жатты. Бұл айтақтау талай ұлт ұлыларының қара шаңырағын ойрандап тынды. Оны­ мен қоймай жанұясын, ұрпағын қаңғыту, әйелін түрмеде телмірту, зұлымдықтың не түрін ойлап тауып қорлау қанша ғасырлар өтсе де ұмытылмас, ешкім кешірмес. «Жауыздың балы ұртында, уы мұртында», – деуші еді бір ағамыз Сталиннің сүгіретіне көз қиығын тастап. Ұзақбай атылғаннан кейін Әйіштің де, оның ұрпағының да, жақынжуық туыс-туғанының да көрмеген қорлығы жоқ... Көз жастарын көл етумен өлімші болып тірісі өмір сүрді, өлісі социализмнің жендеттерін қарғап кетті... Арамзалардан,

қанқұйлылардан тұқым қалды ма екен, Ібіліске өлім жоқ деген бар, кім біледі?.. Тарихымыздың әр бетін ақтарған сайын қан жұққан құжаттар көз алдыңа келеді.

  • * Зұлмат жылдарда еңселі халық езілді, еңіреп жүріп ажалынан бұрын өлді. Даналар мен ұлттық тұлғалар арманына жете алмады, көбінен тұқым да қалған жоқ. Елім деп еміренгендердің, ойлылардың, ақылдылардың шаңырағына қайғы бұлты үйіріліп, бүлік салынды, зұлымдыққа бөгет болған жоқ. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, генерал-майор В.Ф. Некрасов «Ком­ сомольская правда» газетіндегі мақаласында 1921-1951 жылдарда 3 777 380 адам сотталса, оның ішінде 642 980 адам атылып, түрмелерде 2 369 220 адам отырғанын жаза­ ды. Сонда арада өткен алпыс жылдай мезгілде халықтың үш буынға жуығы алмасса, жазаланғандар мен өлгендерді үшке көбейт, әрбірінен үш ұрпақ қалды дегенде тағы үшке көбейтсең, қанша адамнан айырылдық, қаншама ұлылар мен даналар жанбай жатып сөнді, халықтың көшін бастайтын ақыл иелерінен айырылдық, қаншама жастар қыршынынан қиылды. Сталиндік қанды қырғынды жылдардың шаңға көмілген шындық тарихы шығып болды деп айту ертерек те шығар. Өйткені, түрмелер мен лагерьлердегі сотталғандардың нақты есебін дәлелдейтін кейбір құжаттарда қылмыскер санын азайтып көрсету де болмады деп ешкім айтпас. Қылмыс құпиясын әшкерелеу – ұрпақ міндеті. Бұл адамдардың сақтануын, сергектігін, еркіндігін, тәуелсіздігін құрметтеудің қажетіне жарайды... «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, сарғайдым ғой, сар даламды сағындым... Қарар болсаң тере­ зеден темірлі, көздеп тұрып күзетшілер атады», – деген ұлы ақын Мағжанның жазықсыз жүрегі қақ айырылып, ажалынан бұрын зұлым саясаттың құрмалы болды. Халықтың зар-мұңы әлі талай ғасырлар бойы ұмытылмақ емес... Кәне, Кеңес үкіметін, сталиндік саясатты ақтап алып көр!.. Үрейлі халықты басқару тиімді және оңай... Мемлекетті біреулер соғысу арқылы басқарады, кейбірі

халқын аштан қырып басқарады, біреу табындырып басқарады, қайткенде де халықтың ақыл-есін кемітіп, на­ дан, есалаң, көлеңкесінен қорқатын үргелекті басқару ең оңай тәсіл болар. Езілген қорқақта ес қалмайды... оның ұрпағы да милау, су ми боп жағыну мен табынудан басқаны білмей өседі... Түрлі зобалаңнан тірі қалған ұрпағына «Сталиннің «жақсылығы» осы болды-ау...» деп кейбір са­ насызды көрсең теріс айналып кете барасың...

ЖЫЛДАР КЕТТІ ЖЫРАҚҚА, ҰМЫТЫЛМАС ТАРИХЫМЫЗ БІРАҚ ТА – Құр сөзді оттай бермей жақсылықпен жарылқайтын ісіңді көрсет?! – деп Арыстан бір туысына ақыл айтты ма екен? Жетпістен асқан қартқа дүрқара маңдайын тыржи­ тып, сойдақ тісін ақситып күлгісі келді ме: – Басым толған идея... Оның бәрі орындалады... Табыну­ шы мен табындырушының заманы емес қой, идея орында­ лады... – Мықты қалталы бар қозғалысыңды бағып тұратын, тірегіне береммен жағып тұратын, саған жол бере қойса!.. Түйіні біледі, тірлік жолы қатал. Ақыл айту бар, тәлім алу бар, озық ой бар, тозық ой бар. Ақылдың күйреуі бар, кейде алға қарай сүйреуі бар. Місе тұтатын іс бар, аққұла еңбек болатын күш бар. Қоғамдық әр түрлі бұғау бар, оған ақылмен ғана шыдау бар. Тарихымызда қанды қасап бұғау болған, үрейлі күшпен сынау болған. Әлсіздердің көз жасы құрғамай ағыл-тегіл жылау болған. Өзіне сенетін адамға өткеннің де, бүгінгі өмірдің де айырмашылығы жоқтай көрінеді. Табиғатта азу да болады, адам өмірінде де мәнсіз, бапсыз өзгерістер, атап айтуға тұрмайтын кездейсоқтықтар болар. Оны түсінетін ақыл да табылар. Кейде біреуді асыра бағалаудың өкініші барлығын өзі де, өзге де қапелімде түсіне қоймас. Ал жағымпаздың да үстемдікті па­ налайтын бекінісі бар. Әр нәрседе, әр пендеде өзіне лайық атты үйлесім бар, тіпті біреулер айтатын қандауырдай қалжыңның да пайдасы бар, жалмауыздардың да қай за­ манда болсын жұрттан озған айласы бар. Ұғым қозғалыста

пенде әр уақытта түрлі-түрлі оқиғаға кезігеді. Өмір жолы ауыр ма, жеңіл ме, басына түскенде ғана сезінеді, – деп Арыстанның айтқанын қаңбақтай тиянақ таппаған інісі түсінер ме? Сосын Арыстан жай жымия күліп: – Компьютер, телевизор дегенің ақыл тұрған ыдысты сындырып түбіңе жетер. Сонда қайтер екенсің?! Сонда өгей оймен өкінгеніңді сезіп, тынысың тарылар, бәлем! – деді де орнынан тұрып, жеке кітапханасында қандай шығарма оқылмай қалды дегендей кітаптарды ақтара бастады... Ауыр ойы – жастар тарихын түгендей алар ма дегені. ТАРИХТАН БІР ҮЗІК СЫР Егемендік, еркіндік байсал тауып, тәуелсіздіктің орай­ лы болуы тарихымызды пайымдауға жол ашты. Ойсызға да сабақ болуы тиіс өткен өмірдің ащы-тұщысын дәл елестете аламыз ба? Міне, осынау сұраққа жауап іздеу – тірінің парызы, аруақ алдындағы қарызы. Сондықтан, ғасырлардың қойнауынан тірлік төркінін іздеуді ой­ лап, барыс-келісіміз жарасқан, бір кездегі Қазақ елінің алғашқы астанасы болған Орынбордан өткен тарихтың баршасына зейін қойып, біраз оқиғаның басын ашып, көп жайды түсінуге болады. Елікпей-желікпей шындыққа көз жеткізесің. Басараздықты да, өштікті де, қастықты да, қулық-сұмдықты да, үстемдіктің езгісін, отарлық дүлей күштің екпінін аңғаратын түрлі құжаттар архивтерде сақталған. Бас көтертпей баспалаған басқыншылықтың құйтырқы қимылының шындығына да көз жеткізгендей боласың. «Түйесі жоғалмағанның бәрі есті» дегендей, езіліп-жаншылып, үстемдіктің төзгісіз қорлығын көрсе де, жоғын жоқтауды, қақын қайтаруды талап ету, небір зұлымдықтан қорғауды қара халық билеушіден күтеді. «Сыр бойындағы Карпиннің 120 түйесін Бұқара байы ұрлаттырып алады... Әскери комиссариат іздеу салады» (ф.6. оп.10). Бұл қолымызға түскен бірінші папкідегі оқиға еді. Ел арасы ашылып, барымтаның басынуы, әлсізді әлдінің тонап-талап алуына, зорлық-зомбылыққа әскерилер басалқы ақыл айтып бітістірумен тынса ғой.

Жоқ, қарудың күшіне жүгініп, талай адамның өмірі қиылып тынады. «Казактан жолдасың болса, жаныңда ай­ балта жүрсін» деп сақтандырған қатыгез кезең еді. Әбілқайыр 1732 жылы (ф.6. оп.7.) Орынборға келіп, Ресеймен одақ боламыз деп сөз байласқасын заң жүзінде халқының өмірі, байлығы, тірлігі, құқы қорғалуын екіжақты шешуді мақсат еткен. Армияның заң жүзіндегі бағыт-бағдары екі елдің мүддесіне сай болуын заңдастыру шаруасы екен. ІІ Екатеринаның Орынбордағы басшы Ренсдаржуға жазған хатында: «Қырғыз-қайсақтармен тіл табыс, кінәсына қарай жазалауды түсіністікпен жүргіз!» – дегені де бар екен. Үстемдік оны ескере бере ме? Айта кетелік, Ресейдің архив мекемелері 94 853 ме­ кемелермен байланыс жасайды, оның 19 911 мекемесі мемлекеттік емес, жыл сайын 632 945 іс қағазы, түрлі құжаттар сақтауға өткізіледі. Ал архивтерде 5 миллион іс тұрақты сақталады. Қызметкерлері ұлан-байтақ жерді мекендеген халықтардың тағдырын баяндайтын дерек­ терге мән беріп, көздің қарашығындай сақтауға бастығып алған. Отар елдерді басқару, олардың шаруасына арала­ су қақындағы белгілі бір құжаттарда, яғни Орынбордың генерал-майоры Бахметовтың төмендегіше рапортында: «1798 жылы Кіші жүз ханы Айшуақтың жиналысқа келуін, оның аман-есен жүріп-тұруын бақылау қамтамасыз етілді. Сол сықылды 31 октябрьде өтетін сұлтандардың басқосу жиналысына қатысатындардың өмірі қауіпсіз болуына түрлі шаралар қолданылды (ф.6. оп.13. 71 іс)...» делінген. Әрине, отарлық үстемдік егесу, таласусыз-ақ билік жұмысында бәсеңдік танытпаса да, түрлі бейбастақтықтан сақтануы хақ. Бейқам көңілдің де, бейпіл сөздің де сұрауы болатынын аңғарудың тетігі де белгілі. Мысалы, жоғарыдағы түйені ұрлап барымталауды заңдылықпен шешуде отарлық үстемдік екі елдің немесе рулардың тартысынан да өз пайдасын шығарады. Езіпжаншу тәсілін пайдаланды. Ал түрлі шаруаны басқаруға да өздеріне жағымды адамдарды ғана тағайындады. Оны «Тургайская газетаны» оқып отырып байқағандай боласың. Газеттің 58-санында губерния секретарьлары Бубенов пен Тұяқовтың қол қоюымен орман шаруашылы-

ғын басқаруға Исақовты тағайындаса, «Красный крест» мекемесін басқаруға Ардашевті бекітеді. Газетте Ресей мен Қазақ елінің сауда қатынасы хақында да көптеген дерек­ тер орын алған. Ежелден қоңсы қонған көрші елдің өсіпөркендеуі, ықылым тірлігі сауда байланысына қатысты болса, оған газет белсенділік танытады. Жөнсіз билептөстеуден гөрі емін-еркін сауда қатынасының жөні бөлек десек, газеттің 1895 жылғы 62-санындағы мақалаларда 25 августтен бастап 25 сентябрьге дейін Темір қаласында жәрмеңке басталып, қала табысына 1 миллион рубль кіріс кіргені айтылса, оған Орск, Орынбор қалаларынан жәрмеңкеге адамдардың көптеп келуі, оларға 125 сау­ да нүктесі қызмет еткенін тілге тиек етеді. Бұл әрбір ұлт адамдарының көрші елдік қарым-қатынасының дәнекері деп түйіндейді. Газет дерегінде айтылғандай, барлық жер­ де статистикалық комитеттер құрылып, негізгі мақсаты белгіленіп экономикалық және әлеуметтік, мәдени жағдайларға байланысты жергілікті жерлерде есеп жүргізіле бастайды. Бұл қазақтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, өнерін, қолөнер шеберлерінің еңбегін басқа ұлттарға насихаттауға мүмкіндік берген. Осы мақсатта Торғай облысында да комитет құрылып, оны вице-губнернатор В.В. Бельгардтың өзі басқарып, ерекше істер жөніндегі аға чиновник Дербісәлі Беркімбаев және Мырзағұл Шы­ манов, С. Асауов, С. Нұрмағамбетовтер қазақ халқының тірлігін жан-жақты көрсетуді қолға алып, 1896 жылы Нижний Новгородта өтетін өндіріс көрмесіне қазақ жерінде өсіп-өнетін 72 түрлі жануарлардың тірідей көнектелген терілерін, одан жасалатын түрлі өнімдерді көрмеге жеткізеді. Сөйтіп, қазақ халқының қолөнері, зергерлік түрлі бұйымдары, мәдени саладағы толып жатқан жетістіктері, спорт, ат бәйгесі, күрес сықылды үлкен шеберліктері бүкіл ресейліктердің марапатына ие болады (Торғай облыстық статистикалық есеп, 1896 ж. – Оренбург, 1898. – 7-19-б.). Содан-ақ, Дербісәлі Беркімбаев Торғай облыстық статистикалық комитетінің мүшесі болып тағайындалыпты. Торғай облысына қатысты қандай дерек, құжаттарды қарасаңыз, біразында Дербісәлінің заманында тарихи тұлға екеніне шәк кел-

тірмейсіз. Патшалық Ресей әкімшілігі оны ұлтын қорғай білетін ақылды, шешімді, айлалы, аз сөйлеп, өзінің құнды пікірін жүзеге асыра білетін, халықтың рухани қазынасын өзгелерге бағалата алатын биіктен көрсетеді. Ол 1896 жылы ІІ Николайға императорлық тәж кигізу рес­ ми салтанатына, сондай-ақ бұрынғы император ІІ Алек­ сандрге арналған ескерткішті ашу салтанатына қатысқан екен. Мұны біреулер құлдық ұрушы деп бағалауы да мүмкін, екінші маңызды мағынасы қазақ ұлтын басқа халықтармен тең дәрежеде сыйлау десе де артық болмас еді. Елінің басшысын сыйласа, халқына көрсеткен құрметі емес пе! Мәселен, «Тургайская газетінің» 1896 жылғы 4 мамыр күнгі 74-санында Торғай губерниясынан Дербісәлі Беркімбаев пен Сейіт Нұрмұхамбетов императордың құрметті қабылдауында болғаны, ағайын-туыстарымен бірге театрға барып, Петров сарайында қонағасы берілгені, сол кездесулерде Дербісәлі императорға күмістен құйып жасалған түйе скульптурасын сыйлағаны жазылған. Кездесуде қазақтың зергерлік өнерінің әлемде жоқ үлгісі барлығын айтқан. Император бұған аса ықылас танытқанын мақаладан оқуға болады. Тағы бір мысал, 1896 жылы қазақ делегациясының құрамында 12 адам болса, соның бір-екеуі – Торғай об­ лысы әскери губернаторы жанындағы ерекше тапсыр­ маларды атқарушы аға чиновник Дербісәлі Беркімбаев, Торғай уезі Тосын болыстығының болыстық басқарушысы Дәуренбек Бірімжанов екен (Тургайская иллюстриро­ ванная газета. №27, 29 маусым, 1896 ж.). 1876 жылы «Ресей империясының құрметті дворяны» деген атағын алған Дербіләлі Беркімбаев Географиялық қоғамның Орынборлық бөлімшесіне және Орынбор Мұрағаттық Алқасына толық мүше болып сайланыпты (Труды Орен­ бургской Ученой Архивной Комиссии. Выпуск 1. – Орен­ бург, 1896. – С.7). Айта кетелік, «құрметті дворяны» деудің мағынасы «Патша сарайының сенімдісі» дегенге саяды. Демек, Дербісәлі заманында қазақ ұлтының жоғын жоқтаушылардың, өзге ұлттарға жақсылығын танытып насихаттаушыларының бірі болып, халқымыздың терең тамырлы тарихын, асыл қасиеттерін, ұлылығын өзге

ұлттармен тең танытуды қажет деп тауып, болашаққа бол­ жам жасап, таптық қайшылықтан сақтандырушылардың қатарында аталады. Қазақ жаратылыстағы шын болмы­ сынан кеммін деп айта алмайтынын үстемдікке жеткізе білген. Отарлық озбыр, басқыншылық саясаты бойын­ ша «бөліп ал да билей бер, әлсізді нанша илей бер» деген қаскөй пиғылын сабырға шақырып, көрші хақы татулық екенін Ресей патшалығына айта білген оны ақыл иесі деп тануға әбден болады. Оған мұрағаттарда сақталған құжаттар мен деректер айқын дәлел. * Бәрібір күшті күштілігін танытпай тұрмайды. Қазақта «Көп қорқытады, терең батырады» деген сөз қалған. Бағыну борышым деп түсінетін босаң бар, ашаңға айдаса, қуаңға қашатындай ақылы кем басшыға ерген ауыл-аймақ бар. Бөгденің сойылын соғып, өз туысын бөтенсінетін ақылсыз бар. Дігір салған дүлей күшке қарсы тұра алмай, дыраусығанның ашса алақанында, жұмса жұдырығында кететіндік – қоғамның дімкастігі. Ойлыда мақсат бар – жеткізе алмайды, ақылын көпке өткізе алмайды, көңілі талпынады – дәрменсіз, діттегенге жету жолы тар. Үстемдік иесі жөнсіз діңкілдесе әлсіз жым болады. Отарлық езгінің есалаң ететінін тарихтан діңкең құрып түсінесің. 1889 жылы Ахмет Кенесариннің қанын сорғалатып, отаршыл Ресей саясатын әшкерелеп жазған «Сұлтан Кенесары және Сыздық» шығармасы Ташкент қаласынан басылып шығып, жұртқа тараған екен. Оған қарап егесіп еркіндігін ала алар ма? Езілу мен езушіні түсінсе де дүлей күш бет­ тете қояр ма? Дегенмен, езушіні сәл де болса жібітетін кез туатыны сықылды болатыны тағы бар. «Дала уәлаяты газетінің» 1891 жылғы санындағы 18-құжатта Торғайда қыз балаларды оқытатын мектеп ашылып, онда біраз жастар білім алғаны туралы жазылған. Ал 1859 жылы Оралда Шалмұрат Құлыбеков орыс-қазақ мектебін ашады. Мектепті ұстауға 300 рубль күміс есебімен қаржы бөлінген. Мектепті ашуға, қажетті оқу құралдарын жабдықтаудың жай-жапсарына көмектесуге Ыбырай

2-0203 Алтынсарин Орынбордан арнайы өкіл етіп жіберіледі (ф.6. оп.10). Ыбырайдың талап етуімен осындай мек­ теп Ақтөбе, Орск қалаларында да сол жылдары шаңырақ көтеріп, қазақ жастарына білім бере бастайды. Әрине, мұндай жебеу жайдан-жай емес, ұлт ойшылдарының орынды талаптары, ұсыныс-пікірлері екені даусыз еді. Әйтпесе, езуші оңайлықпен жәрдем беріп көркейте қояйын дейді дейсің бе? Қанша ғасыр өтсе де халқына сіңірген еңбегі тарих бетінен еш ұмытылмайтын адамдар болады. Қазақ даласында Ыбырай жаққан шырақтың куәсіндей болып, 1841-1869 жылдарда қаншама мектеп­ тер ашылып, көптеген жастар білім алды. Бір ғана Орск уезінде 1913 жылы 62 мектепте 90 мұғалім дәріс оқыса, 16 оқу орны қазақ, орыс жастарын ғылымға баулыған. 1887 жылы 3015 адам сауатты болса, 1897 жылы мектеп­ тен білім алғандар саны 14 016 екен, 1910 жылы 21 803 адам білімді маман атанған. Бұл – Орынбор губерниясы халқының 20-44 пайызына тең. Ал Орскіде Ыбырай ашқан мектептерді бітіріп білім алғандар саны, яғни халқының сауаттылығы 26-24 пайызға жеткен. Орск халқының саны 1861 жылы 1800 адам болса, 1917 жылы 18 230 адамға көбейген. Заманының ойшылы В.И. Даль 1801-1872 жыл­ дары Орск, Орынбор қалаларын мекен етіп, сол жерде жұмыс істеген. Орскіні айтқанда Әбілқайыр хан еске түседі. Қазақ елі мен Ресейге ортақ әскери бекініс салуды қолға алған Әбілқайыр болды. Өлкелік музейде сарматтардың қару-жарағы, түрлі бұйымдар, мамонт сүйегі, тас дәуіріндегі адам бейнесі, домбыра, ыдыс-аяқ, қола айна, Әбілқайыр хан бейнесі, толып жатқан жиһаз-мүлік, қазақ ұлтына қатысты жәдігерлер жетерлік. Әбілқайырдың ұрпақтары, немере-шөберелері де осы өңірді ме­ кен еткен. Нұралы ханның әйелі Орын – Сырым батырдың қарындасы, Жалтыр сұлтанның шешесі екенін айғақтайтын дерек Орынбор мұрағатының қорында сақтаулы (ф.5. оп.1, 59 іс, 192-б.). Сол Орын туыс-туғандығын пайдаланып, Сырым мен Есім Нұралыны татуластыруға әрекет еткен. Бірақ, Сырым алған беттен қайтпай, ақырында сарбаздар Есім ханды өлтіріп тынған. Жазушы, зерттеуші, орыс ғалымы Левшиннің жазбасын-

да айтылғандай, Нұралы ханның 16 әйелінен 40 ұл, 35 қызы болған екен. Солардан тараған ұрпақ әлі күнге Орск өңірін мекендеп отыр. * Отарлық езгі жетесінде ақылы барды да, жетесінде саңылау жоқты да жеміріп, мысын құртпайынша тынбаған. Мына бір папкідегі деректе тама Жабалов, Кенізбаев және Үкібаевтар малына атақонысы жайылымдық жерін бермей, барымташыдан зәбір көріп отырғанын генерал-гу­ бернатордан өтінген. 1864 жылғы 21 қазан күнгі №6129 шағым қағазы бойынша дұрыс шешім қабылдау керек деп шешкен екен (ф.6. оп.6). Осы папкіде 1862 жылы Түркістан мен Бұқарадағы казак әскери құрамының бестен бірі қысқарып, қаржылық қиындықтың шеті көрінгенін байқатады. Дегенмен, Орынбор облысы бойынша 43 пұт алтын өндіріліп, жекешеден 84 пұт ал­ тын жиналғанын, сонымен қатар Қаратау, Донск кен орындарының жұмыстарын баяндайтын деректер бар. Бірақ осынша байлықтың жол-жөнекей кедергілерге ұшырағаны да айтылады. Езуші күйзеле бастаса езілушінің іргеге тақалып, шыр жұқпайтын арып-ашуға тап бола­ ры тағы да белгілі. Оған дәлел ретінде Орынбор, Орск қалаларының инженерлік құрылысын ұстауға жылына 16 932 рубль, қазыналық үйді ұстауға 4434 рубль қаралып, жаңадан құрылыс салуға мүмкіндік жоқтығы құжатқа жазылған екен. Ал 368-папкіде Жиембет тана Байтеміров Жайық жағасындағы атақонысын қайтарып алудың дауы шешілмей отырғанын әкімшіліктен сұрапты. Мұндай жер дауы кейбір құжаттарда кездесіп қалады. Бұдан Ресей патшалығының басты мақсаты – қазақтардың ме­ кендеген жерінен аластатуға, күшпен тартып алуға бағытталған әрекетіне наразылық байқалады. Сондай-ақ, ІІ Екатерина патшалық құрған кезеңде Кіші жүздің ноғай тобы Волга, Астрахань хандығын құрып, 1552 жылы Ресейдің қол астына кіргендігі туралы дерек бар (ф.6. оп.6.). Ал сенат заңдарының толық жинағының 574-бетінде 14 682 қалмақтың Ресейдің қарауындағы халық есебіне

кіргені жазылған. Осы заң құрастырмасының толық жинағының 257-бетінде: «...Қалмақтар Ақтөбе аймағын игерумен айналыссын. Екіншіден, қалмақ полкі, полк командирі, шені барлар, Астрахань және Оралдағы казактардың әскери армиясы, оның басқарушысы ге­ нерал-фельдмаршал Графа Паскевич-Эриванскийге бағынатын болсын», – деген жолдар бар. Мүның өзінен қазақтың кең-байтақ жерін отарлауды әскери күшпен де иліктіріп алудың жөн-жосығы, айқын бағыты көрініп тұр. Отарлаудың жоспарлы бағыты 1863 жылы Орынбордан бастау алып, Созақ, Түркістанмен сауда қарым-қатынасын жөн-жобалап, Түркістанға 5 рота, оның екеуі казактар­ дан жасақталған, 16 артиллерия жіберілген. Ал Хиуа хандығы мен Бұқара қалаларында да сауда қатынасын себеп қылып, казактар қару-жарағымен келіп орнала­ са бастаған. Бұл деректер де отарлау саясаты өз қанатын кеңге жайғанын дәлелдейді (ф. 6. оп.6). Оны азсынсаңыз, мынаған назар аударыңыз: 1756 жылғы патша жарлығы бойынша қазақтарға Жайық бойында қыстауға тыйым салынғаны турасында «ХV-ХVIII ғғ. қазақ-орыс қатынасы» атты папкінің 337-бетінде тайға таңба басқандай жазылған. Осы папкідегі Орынбор губернаторы И. Неплюевтің хатындағы: «...Сұлтан Барақты Орынборға шақырып байлардың қатарын көбейтуге, оған сенім гра­ мотасын тапсырып, бағалы сыйлық беріп, үлкен үміт ар­ тамын», – деген жазба пікірге сүйенсек, Әбілқайыр ханды өлтіртуге Неплюевтің қатысы бары аңғарылып тұрғандай. Сол құпия қимылды Әбілқайыр сезді ме, Орск бекінісінен кейін Орынборға соқпай, Неплюевпен кездеспей кеткенін де жазған. «На обратном пути встретились с Бараком, дрались немало... у Барака люди было больше, но Абульхайыр хан остался убит до смерти» (Казахско-русское отношение в ХVI-ХVIII веках. – с.398). Орыс-қалмақ қатынасына қатысты жазба деректің 147-бетінде Әбілқайыр ханның 1747-1748 жылдары ұлы Ералымен Торғай өңірінде қыстайтынын айта кетейік. Торғай аймағы ханға жайлы болғанға ұқсайды. Балаларын баулып Торғайды мекендеуге үйреткен сыңайлы. Сол арқылы үш жүздің татулығын қалыптастырғысы келді ме, әйтеуір ханның бір

жүйелі ойы болған-ау дейсің. П.С. Преображенскаяның жазбасына сенсек, Қаратау өңірін жайлаған арғындар «ақтабан шұбырынды» тұсында Торғай өңірінен қолайлы қоныс тапқан. * – Жаныңда жүрген адамдармен қанша сырлас, қызметтес болсаң да, олардың жақсылығы мен жамандығын толық ажырата алмайсың. Пенденің ішкі сарайында өзге түгілі, өзі түсіне бермейтін белгілі-белгісіз қалтарыстары, ой-пікірлері жетіп артылады. Арам ой жекенің ісі болса ештеңе емес, дүйім халыққа зиянды бол­ са, қайтіп кешіре аласың? – деді Арыстан ақиқатты бүкіл жұрттан тілегендей ниетпен. – Қазақтың «Бес саусақ бірдей емес, сабырлы бол» дейтіні тегін дейсің бе? Алайда жағадан алып, төске шапқан, кеудесін керіп басынғанды, шаңырағыңды ор­ тасына түсіріп, еліңнің іргесін сөгіп, берекесін қашырған бүлікшілдерді кешірмеген халықпыз. Досқа құшағын ашып ағынан ақтарылып, дұшпанын жер қаптырған мінез ата-бабадан қалған, – деп өткенді ойға оралттым. Сонау алыста қалған өмірлер елестейді... Екі жүз жыл бойы қазақтармен соғысқан қалмақтар қалай жан сақтады деп біреулер айтады. Оны дәлелсіз дей алмаймыз. Дәмдеспіз, жерлеспіз деп отырып себепсізденсебепсіз қан төксе, «таспен ұрғанды аспен ұр» деп қалай бітуажаға шақыра аласың?! Дау-жанжалға үйір қып, ме­ кендеген жерді қайткен күнде тартып алуға тырысса, қалмақтарды мұздай қаруландырып, ішіндіріп-киіндіріп, патша озбырлары айдап салып, қырғын салып отырса соғыс болмай қайтеді?! Қалмақтардан тұтас армия құрып, оларды әскери тәртіпке баулып, баскесерлерін даралап дайындап, далиып жатқан қазақ даласын еншіле десе, жұлдызы оңынан туатындай елірмей ме. 1848 жылы Астрахань қаласында қалмақтың ер балаларын дайындай­ тын училище ашылып, онда білім берумен қатар, әскери тәртіпті үйрету болғанын түрлі құжаттардан көріп-біліп отырмыз. Патшалықтың озбырлығы ұсақ ұлттарды бір-

біріне айдап салып, қырып, әлсіретіп ұпайын түгендеп отырған. Ресейдің әлемдік беделі жерін кеңейтумен байланысты деген қағида құпия сақталған екен. – Сөз құдіретін бағалаған халықпыз, «Жақсы сөз – жа­ рым ырыс» деген мәтел де тегін айтылмаса керек. Қызыл тіл жақсылығын да жарқыратты, түсінбегенді де отқа сүйреп салды, – деді Арыстан аққұба өңіндегі тереңдей бастаған әжімді бетін сипап. – Өмірдің өзі сөзбен өрнектелген болса, пенденің бірінші қажеті – газеттің орны ерекше екенін қай ғасырда да байқатқан болатын. Басылған еңсені көтеруге, ұйыққа батқан ойды оятуға, тәтті үмітті жалғауға құлақ асты­ ратын газеттерде өмір шындығы жатыр, – деп тарихтан сыр тарттым. Бытыраған мал – бөрінің жемі, ауызбірлігі кеткен ел ажалдың жемі болатындай, ұлт бірлігін сақтап, жұдырықтай жұмылуға үн тастаған «Қазақ» газетінің 78-санында, жалғасы 79-санында жарияланған «Россиядағы ұйымшылдық» атты мақала 1914 жылы Ресейдің үстемдік иелерін біраз абыржытса керек. Пәленің шетін басса ортасы былқылдап жататындай, «мұнда отар­ шыл саясатқа халық қарсы тұрсын деген пікір бар» деп газет редакторы Ахмет Байтұрсыновқа екі жыл мерзімге жер аудару үкімін шығарады. Сондай-ақ, 1914 жылғы 91-санындағы газет бетінде жарық көрген «Бұл қалай?» деген мақала үшін Ахметке екі ай түрмеде отыру үкімін шығарылады. Міне, отарлық езгінің былжырап батпаққа батып бара жатқандағы жанталасы осындай. Қазақ ұлылары не үшін арпалысып, басын бәйгеге тікті дейсің? Олар езгіден құтылудың айқын жолы білімде деп ұқты. Білімді адам ғана өзімсінген, танауын көкке көтерген дүлейдің алдында жөнсіз бәйек бола алмайтынын ұғынды, ұлтына солай түсіндірді. «1884 жылы Торғай облысы бойынша Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орын­ дарына 6422 жас оқуға түссе, Торғайда екі кластық 2 учи­ лище және бір кластық 11 орыс-қырғыз училищесі білім

беруде, онда оқушылар саны – 600», – деп жазады «Дала уәлаяты газеті» және «Известия общества Археологии, Истории и Этнографии» (т. 18, вып. 6. с. 556). Бұл құжаттар мен деректер Ыбырай Алтынсариннің ұлтына сіңірген орасан мол қызметін дәлелдейді. Өсіп келе жатқан ұрпақ бірін-бірі баулып, бірін-бірі оқуға тартқан үлкен үрдіске айналған. Қазан университетінде оқыған (1895-1899) бидің ұлы М. Жасмағамбетов, сұлтанның ұлы К. Арынғазиев және 1900-1903 жылдары Қазанның мұғалімдік семина­ риясын бітірген И. Қарабаев, М. Қарабаев, А. Көгербаев, Ю. Ниязғалиев, М. Тунганшин, М. Сатбаев – барлығы Торғай облысынан білім алып шыққан 10 маманның алтауы сұлтан ұрпағы екен (Интеллигенция. Власть. Народ. с. 276-277). Осылардың қай-қайсысы да туған жеріне, еліне, қазақ ұлтына заманында қызмет етті. Мысалы, «Алашорда» ұлыларының қатарында Қазаннан білім алған С. Аманжолов, А. Бірімжанов, Б. Маметов, В. Та­ начев, М. Бекімов, М. Боштаев, И. Қашқынбаев, С. Нұралыхановтар Халық Советінің кандидаттары болса, олардың құрамында А. Алдияров, А. Иманбаев, Г. Ибра­ гимов, И. Тұқберлинов, Б. Жанқадамов, Г. Бердиев, Т. Есенқұлов, С. Әжігереев, Р. Мәрсеков, С. Мангелдин сықылды жастар «Алашорда» жұмысына үлес қосқан екен («Жизнь национальности». 27. 02.09.1920). Ал Торғай облысы бойынша білім дамып, ұлт зиялыларының саны артқанын мына деректен көруге болады: «Тургайский областной съезд казахов (2-8 апреля 1917 года) высказался за демократическую, парламентскую и децентрализован­ ную Республику» (Мартыненко А. «Алаш-Орда». – Сб. до­ кументов, с. 27). * Арып-ашқан әлсіз елге не түрлі індет үйір болып жұтатып тастайды. Ондайды басынан талай кешірген қазақ: «Жұт жеті ағайынды, олақтықпен сегіз, салақтықпен тоғыз», – деп сақтандырған. Қанша қорғанып сақтанса да, шалғыдай орып түсетін оба, тырысқақ, күйдіргі, түйнеме, шешек, жегі, соз сықылды жұқпалы аурулар 18701880 жылдары малды да, адамдарды да жалмап кеткен.

Қазақ даласында миллиондаған мал қырылып қалған. Жегі, соз, сифилис, алапес ауруына шалдыққан адамдарды ертеде халық «Барсакелмес» аралына апарып тастаса, Ресей патшалығында жұқпалы аурумен күресу мақсатында арнайы комитеттер құрылып, жұмыс істеген. 1891 жылы Орал, Торғай, Ақмола облыстарында 29 малдәрігерлік пункт құрылып, 80 мал дәрігері және адам дәрігерлері қызмет істеген (Коропов В. История ветеринарии в СССР. – Москва, 1954 г.). Осы кезде Якут елінде ала­ пес ауруы шығып, халықты емдеуге торғайлық ірі ғалым Мұқамбетжан Қарабаев барып қызмет істеп, елге оралғасын Жанкелдин отрядында, одан соң Бурабай курортында дәрігер болып ұзақ жыл қызмет еткен. Ал Қазан қаласындағы малдәрігерлік институтының түлегі, 1877 жылы оқуға түсіп білім алған М. Ақтанов Торғай облысының тумасы екен. Сондай-ақ 1881-1887 жылда­ ры 15 студент малдәрігерлік мамандығын алып шығады. Атап айтқанда, Н. Рүстембеков, Ф. Имамбаев, У. Базанов, Т. Есенқұлов, К. Сермұхамедов сықылды би-сұлтандардың ұрпағы екен (69 ЦГА РТ, ф. 534. оп. 3. л.д. №2191, с. 4). Ғылым да, білім де қазақ даласына осылай аз-аздап жетіп жатты. Байлықтың бағыты білімге ауа бастады. Отарлық езгіге жаншылған ел озбырдың табанын жалаудан білім арқылы құтылып, қансорғыштықтан жан сақтаудың жолы ғылым-білім арқылы жалпақ жұртқа даритынын ұқты. Орыс, қазақпыз деп мың жерден бастас, қоныстас болса да, дүлейлерінің қорлығы бастан асып жатты. Одан қорғануға тырысып бақты. * – Билікке жөнсіз табынудың қандай екенін біліп жүрміз, саясатты терең түсінбей шатасып алданатындар аз ба? – деді Арыстан. – Ойсыздың ойына бой алдырып елітудің өзі сөкет, зия­ ны тас төбеден дейсің ғой. Бәрібір айбар, дүлей күш әлсізді бүрсең қақтырмай тұрмайды. – Бағындырушы қара халықты басқарудың оңтайлы амалын қайтсе де табады. Мемлекеттік машинаны тасталқан етіп, үлкен төңкеріс жасаған әрекетінің қатыгез,

қанды қырғынын, үлкен зобалаңын көзге елестетудің өзі қорқынышты ғой! – деп Арыстан алыстан ой тартуды күткендей еді... Рас, Ресей патшалығының билеп-төстеген, емін-еркін жұлымын қырыққан зарлы күндер өтіп, Қазан революция­ сы халқымызды жарылқайды деген үн қалың елдің үмітін оятты. Жұрт бейсаясат деген жоқ, ел-елдегі бишікештер атқа қонды. «Лениндік партия жасасын!» деп жаңғырықтыра үн қатып, биіктікке қол созғандардың мұраты болып жатты. Орынбор архивіндегі «Степная правда» газеті саясат бағытынан талай сырды ақтарып тастады. 1921 жылғы 8 тамызда шыққан бүкілодақтық ОАК мен СНК-нің қаулысына сәйкес 1921 жылғы 14 қарашадағы НКВД-ның №448 инструкциясы бойынша бай-кулактардың мүлкін тәркілеп, жерін, байлығын түгел тартып алу­ ды жүзеге асырған. Бай-кулактар бет-бетімен бас сауғалап қашып жатқан. Жаппай дау-жанжал, бетегеден биік, жу­ саннан аласа боп бұғып жүргендерін де аңдығандар алмай қоймаған кез-тін. 1922 жылдың 11 қыркүйегінде бүкіл қырғыздардың советтік съезіне 500 делегат қатысса, олардың 157-сі қазақ екен. Съезде аштыққа ұрынған адамдар саны 1 213 026 адам дегені 1921 жылдың желтоқсанындағы есеп болса, 1922 жылдың қаңтар айында ашыққан адам­ дар саны – 1 354 197, ақпанда – 1 625 386, наурыз айында – 1 714 327, сәуірде – 2 305 591 адам аштықтың қыл бұрауында екені айтылған. Денсаулық сақтау орындары бар болғаны – 9392, дәрігерлер жетіспейді, індет етек алу­ да делінген. Франция территориясына тең Адай губерниясында 270 000 халық есепте тұрады, бірақ медициналық көмек жоқ. «Степная правда» газетінің 1922 жылғы 17 қарашадағы санында: «1917 жылы Орал губерниясында адам саны 482 020 болса, 1922 жылғы аштық нәубетінен 247 457 адам қалған, яғни 48,8 пайызға азайған. Осы гу­ бернияда 1917 жылы мал саны 2 571 770 бас болса, 1922 жылы 307 535 мал қалған, яғни малдың 88 пайызы шығын болған, мемлекетке етке өткізілген. Бөкей губерниясында 1920 жылы 400 мың мал болса, 1921 жылы 195 000 мал қалған, аштықтан адам өлімі де көп. 1921 жылы осындай елдің күйзеліп аштыққа ұрынуына қарамастан, 400 мың

орыс эмигранты қоныстануға келген. 1922 жылы жетім қалған балалар саны 189 233-ке жетіп оларды орналасты­ рып, өмірін сақтауда қиындықтар жетіп жатты. Съезге қатысқан делегаттар 11 450 соғыс, түрлі қақтығыстардан жараланған мүгедектерді де қорғау, оларға азық-түлік тауып берудің шаруасын айтқан. Тарих ғылымдарының кандидаты Зәкіратдин Байдосұлы 1922-1923 жылғы аштықта қазақ ұлты кем дегенде 800 мың халқынан айырылды деп дерек келтіреді. Бұны нақты дей алмаймыз. Орыстың ақын қызы Татьяна Невадовскаяның «Қазақстан трагедиясы» өлеңін тарих бетінен ешкім өшіре алмас. Көктем туып, бар тіршілік оянған, Қаумалаған қалың ойдан жеріп көр. Жер де, міне, жасыл реңге боянған, Көз алдымда... мұз құрсанған өліктер. Кір-қожалақ, балақ биті басқа өрген, Бірақ оны елемеймін мен тіптен. Көрген сәтте сорлыларды босқа өлген, Ет жүрегім жүгірмей-ақ ентіккен. Киімім көк, ашығуды білмеймін, Аш-жалаңаш бәрі-дағы олардың. Әйел, кемпір... нанға зәру тілдей бір, Соны ойласам, көкірегіме толар мұң. Көрсетеді ол омырауын суалған, «Бір тамшы да сүтім жоқты» айта алмай. Құттай сәби құшағында қуарған, Сандалады ол үйіне бос қайта алмай. Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар, Айныдық па адамшылдық салтынан? Ашыққандар шөп-шаламды ақтарар, Табам ба деп, табам ба деп, жарты дән. Нөсер шайып, жел кеулеген қар кете, Шөмелелер аштың көзін арбаған.

Түк шықпайды, жеткенменен әл кете, Шірік масақ тышқаннан да қалмаған. Сорлы бала сабан астын ақтарып, Әлсіз қолға ілікті ақыр түйір дән. Қуаныштан өкіруге шақ қалып, «Сыбағаға» көз сүзеді бұйырған. Жазығы не? Кімдер бүйтіп қорлаған? Туған жері өз елінде емес пе?! Қыз бала-ай тумай жатып сорлаған, Теңселеді үп етіп бір жел ессе. Сүйектері шодырайған, тым арық, Іші деген кеуіп кеткен қампиып, Жас өскіндер түк көрместен қуарып, Кетіп жатыр өкінішті жан қиып. Күздік қаулап шөп өскендей тасқа да, Қиқулаған құстың үні тынбайды. Балалардың ашыққаны масқара, Шыр айналды бұ қазақты мың қайғы. Кім жіберді аштық деген пәлені? Кім жауапты? Білгім келер соны мен. Түйе мініп, атпен шапқан жан еді, Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен. Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен, Болады екен осындай да сұм айла. Бүкіл жұртты қырып-жою аштықпен, Керек пе еді Аллаға, әлде Құдайға? Азаптаудың ойлап тапқан нешесін, Есі ауысқан миғұла бір пақыр ма? Қойын-малын, киіз үйін, кесесін, Тартып алып отырғызғаны тақырға. Қазақ түгел диқан емес, бақташы, Біле тұра ешкім жағын ашпайды.

Үйсіз қыста жанын қалай сақтасын?! Өлімге де мойынсұна бастайды. «Қазақстан далалы өлке, тағы» деп, Табиғатқа жала жабу – мекерлік. Тартсаң да жұртшылыққа саны көп, Өнім-астық мол болды ғой, жетерлік. Алқаптарда қадау-қадау сар сабан, Маржан бидай жөнелтілген қиырға. Аш-жалаңаш жандар әбден шаршаған, Бос алқапты айналдырды шиырға. Малсыз қазақ – жансыз қазақ, қайрансыз, Аш-жалаңаш көрдік мүрдем қатқанын. Білмейді олар, Мәскеу жақта кей колхоз, Егін орып, астық жинап жатқанын. Аштық жайын еске алудың өзі мұң, Шаншу сұрақ мазалайды: Неліктен? Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің? Жер бетінде жүре алмайсың өліктен. Көз алдымда тұрып алды көлбеңдеп, Сәбилердің аянышты бейнесі... Шөмелелер түбінде аштан өлген көп, Жел жұлмалар өрім-өрім жейдесін. Аспан, міне, жарқырайды ап-ашық, Құстар сайрап, тырна қиқу салады. Аһ ұрғанмен арман, үміт адасып, Өз жолымен өмір көшіп барады, – деп орыстың дәрігері және ақын қызының жырлаған жүрекжарды зарлы үнін тарих еш уақытта ұмытпайды. – Осы өлеңнің өзі аштық туралы қайғылы кино ғой, қандай аянышты кезең, – деді Арыстан. – Ұлт болашағы – балалардың қырылуын әлемдік сотқа берсе, оған жүрегі дауалап, тәуекел ететін табылар дейсің

бе? – десем де, арғы жақтағы ішкі ойым «Ой, қойшы деп әр түрлі себеп табуы ықтимал. Өткен заман өтті, сауықсайранды кезең жетті, шүкір дер... Шүкіршілікпен ақылға жүгініп, кешірімді мінезді қуаттап келеміз...» деп басу ай­ тады. Жоғарыдағы жазба дерек бойынша 1 892 330 жетім баланың қаншасы өлді, есептеп үлгере алмаған да болар. Өйткені, аштық қырғыны алапат болса, Мәскеудегілердің иті май жемей жатты емес пе? Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдарда-ақ қазақ елінің аштыққа ұрынуының себептері жетерлік. Өндірілген астық шетелге техника, құрал-жабдық алуға шығарылып жатса, тұқым қорына дейін Отанға тапсырыс деп зорлықпен жинап алғандығы белгілі. Дүркін-дүркін оралған аштық қырғынын қарның тоқ, көйлегің көк, уайымың жоқ, жетіскен тұсыңда бір сәт ойға шомып көз алдыңа елестетіп көр? «1932-1933 жылдары аштықтан алты-жеті миллиондай адам өлді деуге негіз бар. Мұның үстіне 1,5-2 миллион кедей шаруалар масақ тергені үшін тұтқындалып кете барғаны, түрмеден өлі шықты ма, тірі қалды ма, толған сұрақты қосып көріңіз?» («Трагическая статистика». АиФ., №5, 1989 ж.) Жанымнан дәлелсіз шығарған дерек емес, құжаттардың құпия жазбасы осылай, – деп едім, Арыстан ойын толғап: – Міне, осындай зұлмат жылдарда Шахан Мусиннің: Қайран елім, қарапайым қазағым, Тарттың, міне, ауру, аштық азабын. Налыма, күт... кезең берген тағдырың, Сыйлар екен тағы қандай мазағын?! – деп зарыққанын тарих бетінен ешкім сызып тастай алмас. Ойды ойға осылай жалғайсың. Ертеректегі бір жолсапа­ рымда Кемерово қаласындағы архивтен біраз дерек тауып едім. Онда Батыс Сібір крайкомының бірінші хатшы­ сы Эйхоның Сталинге жіберген телеграммасында: «Сібір өңірінде аштықтан іскен, қаңғырған қазақтар қаптап кетті, не істеуіміз керек? Көмектесіңіз!» – деген хаты өзіне «халық жауы» атандыратынын білді дейсің бе? Эйхо та­

лай қазақты жұмысқа орналастырып, жатақхананы баспана етіп жанын сақтап қалғанын білеміз. Оны архив құжаттары да растайды. 1989 жылғы 19 қыркүйектегі «Правда» газетінде: «Аштықтың себебі басқада, атап айтқанда, мынада болатын: Сталиннің басшылығымен колхоздағы, жеке қожалықтардағы астық түгелімен сыпы­ рып алынды... Шетелге астық сату шектен тыс арттырыл­ ды. Колхоздар тұқым қорынсыз қалды. Сібірде, Поволжье­ де, Қазақстанда, Солтүстік Кавказ бен Украинада аштық басталды деген шындықты қалай жасырасың?! Ауыл, елдің арасындағы қан сасыған адамдар өлігін жинап, көміп үлгере алмағанды қариялар айтып отыратын. Қырғынды көзі көргендердің сөзін қайтіп ұмытасың?! Классик жазушы Жиенғали Тілепбергеновтің шығармаларында қызын бір табақ етке, бір бөлке нанға сатқанын егіліп оты­ рып жазып, өзі де аштан өлгенін ұмытамыз ба? «Степная правда» газеті 1921 жылғы 4 тамыздағы санында: «Кир­ Совет Орал губерниясына сұраныс бойынша 250 мың пұт астық бөлсе, 120 мың пұт астық әлі керек. Аштықпен күрес қорында 50 миллион рубль бар, Орал губерниясы бойынша 29 детдом бар, оларға 5 мың жетім бала орна­ ласты. Жымпиты ауданында 30 мың адам аш... көмек жетіспей жатыр...» – деп жазды. Бүкілодақтық ОАК мен СНК-ның (21.12.1922 ж.) қаулысы бойынша әрбір губер­ нияда тұқым қоры құрылған. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша 10 000 пұт тұқымның өзі жеткіліксіз делінген. Газеттің осы жылғы 29 қарашадағы санында Қостанай губерниясындағы мал саны туралы салыстырмалы мәлімет бар: 1920 жыл бойынша жылқы – 306 373, түйе – 105 139, сиыр – 195 468, қой-ешкі – 609 374 бас. 1921 жыл бойынша жылқы – 113 718, түйе – 77 308, сиыр – 100 776, қой-ешкі – 213 634 бас. Оны газет 1917 жылғы мал басы­ мен салыстырып, әрбір түлік түрі 80 пайызға азайғанын айтады. Қостанай губерниясында ғана осындай төзгісіз жай дейсің бе? Барлық губернияларда аштықтың аузын арандай ашқанын жеткізеді. Ал 25 800 шаруашылық, 49 мың шаруа қожалығы 1 500 000 гектар жерге егін егуге тиіс, оған тұқым қоры жетіспейді. Дүрбелең жайы қазақ елінде осылай қалың қайғы болғанын, Түркістан, Торғай

өңірлерінен тамақ іздеп Орынбор өңіріне шұбырған халықтың жолшыбай қырылып қалғанын түрлі деректерден байқайсың. Газет хабарында Лев Николаевич Толстойдың аштық туралы пікірі бар. Онда Ресейде 1898 жылы аштық болғанда, елдің азып-тозған кезінде не түрлі жұқпалы ауру тарағанын мысалдап, сақтандыруға меңзеп өтеді. Сол аштықта топырақты суға қайнатып, суын ішкендер аман қалыпты деседі. Газеттің 1921 жылғы 23 шілде күнгі санында Орынбор губерниясында тырысқақ жұқпалы дертімен 637 адам, барлық губерниялар бойынша 817 адам ауруға шалдыққанын тағы бір хабарда жазады. Ауыр жылдарда «Қазақ» газеті де үнсіз қалмаған екен. Газеттің 48-санында: «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зор мәселесі – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі, я өлі болу мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей, қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз», – деп ұрандаса, малы­ нан, жерінің билігінен айырылған 1921-1922 жылдардағы аштықтан қанша халық қырылды, дөп басып ешкім айта алмас. 1918 жылы «Тургайская газетаның» 16-санында: «...Облыстық әкімдерге сенім жоқ, олар өздерін тым еркін сезінеді», – деп жазады тілші В. Наурызбаев. Еркін сезіну, жөнсіз зобалаң көп жерде лаңға айналды. Мал-мүлкін, азық-түлігін тартып алу белең алған. Басқа республика­ лардан көшіп келген орыстілділер шовинизмдік қаскөй пиғылын таныта бастайды. Мысалы, Қостанай ауданының «Броневик» кеңшарында БК(б)П-ның мүшесі Кочура ашыққандарға көмек астығынан қазақтарға 300 грамм, орыстарға 600 грамнан бидай бергенін ашына жазған де­ рек бар (ф. 13, оп. 2. 31-бет). Саясаттың дүмпуі қатты, оны жүзеге асырамыз деген көптеген әкімдердің әділетсіздігі қиындықтан көзді аштырмай, өмір сүруге еркін қадам бастырмай жатты. Елде ақ байпақ киген, қару-жарағын асынған белсенділер халықтың соңғы үнеміне дейін қапысын та­ уып қағып түсіп жатқан кезде: «Бірден социализмнің жұмағына кіреміз десе, қария иегі кемсеңдеп: «Оған дейін бір жайлы болармыз, партия сәулетті болашақты орна­ тады дейсің-ау, сәулеті өзіңе бұйырсын, қолыңнан кел­

се нәубеттен құтқар. Бірді-екілі малымызды да үкіметке бердік, саясаттарыңа көндік, өлер жерімізге күліп баруға төндік. Құрманғазы айтыпты, патша жендеттері қырды не, табиғат апаты қырды не, қырылған қазақ қырылып жатыр деп. Енді отарлық езгіден өлдік не, партияның «рахатын» көріп өлдік не, өзекті жанға бір өлім екенін тездетіп көріп жатырмыз», – депті. Аштық он жылға со­ зылып, 1932 жылы тағы да күшіне енген. Бұл екі орта­ да партия семсерлері қулықты ойлап тауып «Союзхлеб» дегенді ұйымдастырып, 1929 жылы 6 маусымнан бастап егін піскен бойда қамбаға құйдырмай, «Қызыл керуен» атандырып Отанға деп жөнелте бастаған. Күн сайын 7 мың 463 вагон толы астық қиырдан-қиырға, одан соң шетелге кетіп жатқан. Егер жоспарлы астықты тапсырмаса «Контр степных гигантов» деген қаулы бойынша түрмеге жаба бастаған. 1928 жылы Ақтөбе облысының кеңшарлары бойынша әрбір елді мекенде 40-50 диқан қалып, олар 70-200 гектарға ғана егін салыпты. Бұл облыстағы егіс көлемінің 50-60 пайызы екен. Өйткені көп шаруашылықтарда тұқым қоры болмаған. Бай-кулакпен күрес қызып тұрғанда, тәркілеудің топалаң көрінісінде Акулов, Гориенко, Оги­ щенко және басқалары үкіметтің арып-ашыққандарына астық бергенше далада шіріп қалған астықты жасырған, олардан 5-6 тоннадан астық тартып алынған. Сол жылы 100 000 рубльге Жұрын элеваторы салынып, жиналған астықтың 80 пайызын Отанға жіберіп үлгеріпті. «Астық жинаудың мылтықсыз майданы жүріп жатыр», – деп жа­ зады «Степная правда» газеті (1929 жыл, №25 (252)). Ал сол газеттің 29 (286)-санында: «...На вечернем заседании сессии ВЦИК 21 ноября были заслушаны доклады замнар­ комфина т. Карпа, бюджет РСФСР на 29-30 годы составля­ ет 159 миллионов 450 тыс. рубль...» деп халыққа қаржы беріп жарылқап жатырмыз демей ме? Бұл кезде қызыл жағалы, жырық етектілердің өліп-өліп, өлім сарқытындай тірі қалған адамдарды түрмелерге жинап жатқанын Сталин сезді ме, болмаса оларға жігер-қайрат, айбат беріп желіктіре түскісі келді ме, газеттің 292-санындағы бас мақалада: «...В чистке Соваппарата неудивительно поэтому, что бур­ жуа всех стран питают к ГПУ животную ненависть. Нет та­

кой клеветы, которую бы не распространяли про ГПУ. А это значит, что ГПУ правильно отраждает интересы револю­ ций (Сталин)», – делінген. Көсем нұсқады, ГПУ айтқанын асыра орындады. Жоғарыдағы «Степная правда» газетінің 83 (290)-санында жазылғандай, терроршы кулактар үш ағайынды – Александр, Михайл, Андрей Пузанневті ОГПУ ұстап, он-он бес минут тексеріп, оларға Кеңес үкіметін құлатуға әрекет, астық дайындауға қарсы үгіт жүргізген деген айып тағып атып жіберген. Газеттің осы санындағы хабардың бірінде революциялық әскери кеңес басшысы Ворошилов жолдасқа «Астық майданы дайындаған вагон­ дарды Ақтөбеден Москваға жөнелттік» деген телеграмма да кездеседі. Бұл газеттің 1929 жылдың 15 желтоқсанында жарыққа шыққан саны болатын. «Хлебный фронт» бойынша әрбір бес күн сайын 67 395 пұт астық дайындалып, Отанға жөнелтіліп отырған. Елде халықтың аштығын еске­ ру назардан тыс қалғаны өзінен-өзі түсінікті. Аштықтың бұғауы бұғананы үзіп жатса, не түрлі жыртқыштық оқиға да қылаң береді екен. Оған ОГПУ басшысы Кемердің Ақтөбе крайкомының жиналысындағы есебінде: «Батбаққара ау­ данында 1932 жыл мен 1933 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта аштан 4781 адам өлген, өлім тыйылған жоқ. Азық жоқ. Аш адамдар көп. Ойыл ауданында 353 аштан өлген, 167 адам ашығып өлімші халде, шұғыл көмек ке­ рек. Ал Темір ауданында 566 жанұя адамдары аштыққа ұрынған. Көмек жетпеген. Торғай ауданының ауылда­ рында күн сайын 2-3 адам аштан өледі. Милициялардың тексеруі нәтижесінде үш адамды сойып, етін кашіге ара­ ластырып сатып тұрған жерінен Безматерный деген зұлым қолға түсіп, тергеу жұмысы жүріп жатыр. Батбакарин ау­ данында Қ. Абдрахманов, Ж. Ерғалиев дегендер қоймадан 160 пұт астықты ұрлаған. Ойыл, Табын, Темір, Ақтөбе, Ақбұлақ аудандарында үкіметке қарсы 107 бай, діншіл 10 адам елге іріткі салып жүр. Олардың 34 ұсталып түрмеге жабылды. Ақтөбеде Е. Қаналин «Союзплодовощта» қызмет істеп, ұрлық жасап екі рет сотталған, мекеме бастығы ком­ мунист Шілдібаев азық-түлік ұрлауға көмектескен. Олар да жазасын тартады», – делінген. Бұл есепке ОГПУ-дың облыстық бөлім бастығы Кемер және ОГПУ орынбасары,

СПО бастығы Бурдаков, Духовичтің қол қойған құжатын көресің (ф. 13. оп. 2. акт обкома 40391). 1921 жылдан бастап аштықта қырылған халықтың есебі туралы құжаттар сараң ашылады. Қызыл империя шу дегеннен улы тырнағын қазақ еліне батырып, онсыз да жартылай қырылған халықтың 1922 жылы жиналған жаңа егінінің 417 мил­ лион пұт астығын салық есебінде тартып алған екен. Ауыл айтқыштары: «Айналайын үкімет, ажал бергеніңе шүкір ет, бетімдегі бес тесік үшін, жаныма біткен екі қолым үшін, артымда қалған ізім үшін, үйдің мұржасынан қисық түтін шыққаны үшін, қызыл жағалының қадірін ұққаным үшін, бір үзім нан таба алмай көзімнің шыққаны үшін, сүрінсем өле кетейін деп тұрған арса-арса түрім үшін, іштен тына­ тын үнім үшін, көретінім күн емес, қап-қараңғы қауіпті түнім үшін», – деп зарлаған халықтан 277 миллион сом салықты алтынға балағанға теңгеріп жинап алды. Соны орындаушы қызыл жағалылар ырқ-ырқ күліп: «Дала­ да тышқан көп, соны аулап жесеңдер өлмейсіңдер, итті, мысықты жеп тауысыпсыңдар. Көлдің балығы үкіметтікі, оны ұстауды байқаңдар. Айтпақшы, мия тамыры, дән араластырған көк сабан, борық, доңызқоға түйнегін, тары кебегін, атқұлақты – бәрі-бәрін теріп жесеңдер, борсықтай аппақ боп семіресіңдер. Ақылды, іскер әйелдер адал шөп түрлерінен отыздан астам тағам дайындап, жанұясын аштықтан аман сақтап жүр. Өлмейсіңдер, ең бастысы, әлемді жақсылығымен жарылқайтын үкімет өлмеуі ке­ рек», – деп кейбірі үгіт айтпады деймісің. Сонда сақалын тарамдаған қарияның: «Далада тышқан құрыған. Тышқан аулау, терісін мемлекетке өткізу науқаны нені қойсын?!» – деген сөзінің жаны бар. «Актюбинская правда» газетінің (18 және 26 наурыз, №6, 12. 1932 ж.) сандарында: «Қазақстан 4 миллион штук тышқан терісін дайындауы ке­ рек. Әсіресе жеті ауданда тышқан мол. Торғай және Ақтөбе аудандарының құмды өңірлерінен тышқанды ерте аулап, жоспарды асыра орындауға болады», – дей келіп: «Облыста сүт өнімдерін дайындау наурыз айында 51 862 центнер ғана, бұл аз, сиыр қысыр қалған ба? Облыста көктем егісіне тұқым қоры 15 пайыз ғана, жұмысшы күші де жетпейді. Облыста 109 кеңшар бар, оларға Москва (РОСТА) 3-0203

дәнді дақылдың тұқымын жеткізуі керек еді, әлі күнге тұқым келген жоқ. СССР қаулысы бойынша Қазақстанға 107 000 тонна, оның 49 000 тоннасы бидай тұқымын Мәскеу жеткізуді жобалаған. Бірақ 5 наурызға жоспардың 5 пайызы ғана орындалып, шаруашылықтар тұқым қорынсыз отыр», – дейді. Міне, халықтың өзі өндірген азық өнімін үкіметке деп жинап алып, шаруаның қарбалас уақытында көмек болмаса аштықты әдейі ұйымдастыру демей не дер екенсің? Қатайған қатыгездік жасырын түрде, қанішер зұлымдық заңдастырылған белгісіз күйде жүргізіліп жатқанда, аққу ұшып, қаз қонатын көлде балық жоқ, даласында тышқан жоқ, туған жердің ыл­ диы мен өрі, сай-саласы, жазық даласы өлікке толды. «Жүдегенді демеп, жылағанды жұбататын үкімет қайда?» деген зарды қызыл жаға тыңдар ма? Тірлігіне үнемдеген азығын тонайды, алдымен заң осылай деп айтады. Үгітке көнбесе қызыл жаға мылтыққа жүгінеді. Бермесін тартып алады. Сорлы халық «Ажал тау сыртында деп жүрсек, ту сыртымызда, іштен шыққан ұрпағымыздан болғаны ма?» деп естен танады. Елдегі ақыл иесі қариялар: «Аштық: «Қайдан табайын?» – дейді. Қайғы: «Мұңымды кімге шағайын?» деп тынады. Тірісінде бір-бірінің етін жесе де, сүйегін далаға тастамайтын халық дала толған өлікті, қала толған өлікті жерлеп үлгере алмағанын естігенбіз», – деп отырушы еді. Осы қалың қайғыны Қазақстанның Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы әрі аш халыққа жәрдем ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы Сейітқали Меңдешев Бүкілодақтық Атқару Комитетінің төрағасы М.И. Калинин мен Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В. Сталинге халықты аштық қырғынынан сақтауды айтып үсті-үстіне хабарлап көмек сұрайды. Еділ бойындағы аштыққа ұрынған деп 23 миллион халықтың біразын қазақ жеріне қоныс аударуға шешім шығарып, олардың көшіп келіп кейбірі әлсіздерді тонап, талап зәбірлеп жатқаны, қазақ еліндегі аштықтың үлкен нәубетке айналғанын, кейбір ауыл түгелдей қырылып қалғанын, 460 мыңнан астам бала қамқорлықсыз қаңғып, біразы өліп жатқанын баяндайды. 1922 жылғы 25 шілдеде С. Меңдешев басқаратын комиссия атынан: «Қазақстанда

аштық ұлғайып шегіне жетті. РКФСР-дың орталық ор­ гандарынан ашыққандарға жәрдем көрсетуді сұраймыз, босқындарды қабылдауға мүмкіндік жоқ, келгендерін кері қайтарып алуды өтінеміз», – деп дабыл қаққанға ешқандай көмек болмаған. Бұл деректерді де тарих жоққа шығара алмас. Сол кезді есіне алған есті қарияның бірі: «Мәскеуде адамның қанына отырмаса дерті жазылмайтын антұрғандар отырған шығар!» – деп түңіліпті деседі. Әлді адам әлсіздің етін жеп жатқан оқиғаны жоғарыда айттық. Бүгін не ертең өзім де өлемін-ау дегендердің бір әулиеден жұмақ пен тамұқтың рахаты мен бейнетін сұрай берген соң: – Асықпасаң, жұмағының да, тамұғының да қызығын тездетіп өзіміз көрерміз, – депті. – Қан су емес, жас емес, жүрек сорлы тас емес, бірақ тарихта әрбір көсемнің өзгенің көзіне көрінбейтін жетекшісі болады. Егер ол тасжүрек Ібіліс болса, халықтың қаны судай шашылудан кенде болмас, – деп ақын жүректі әулие жер шұқыпты. Ел еңсесін көтертпей есалаң қалыпқа түсіріп, үрейлі халықты басқарудың жолын тапқан сталиндік заманның 1921 жылғы «Петроград жауынгерлік ұйымы туралы іс», осы­ дан кейін арасын суытпай «Эсерлер процесі», одан кейін мылтықты кеудеге тақап, қылмыскер жаппай атылсын деген ұрда-жық үнмен «Шахтинский процесі», «Пром­ партия ісі», «Меньшевиктер процесі», «Тухачевский ісі», «тексіз космополиттер», «соттан тыс органдар», «әйгілі үштіктің ерекше процесі», сайып келгенде, мұның бәрі тырс етсең тыраң еткізетін, кеңірдегіңді алмаспен қиып, о дүниеден қылаң еткізетін, қалың қайғы-қасіреттің зар­ дабы қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайды. Жоғарыдағы істерге байланысты деп ұсталғандардың көбін үштік он-он бес минут қана сұрақ-жауаппен істі жауып, атуға үкім шығарып, жазаны өтей салғандығы туралы дерек­ тер жетерлік. Сонымен, аштық отыз екінші жылдарға ұласты делік. Сол екі ортада Қазақстанда 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын конфискілеу ту­ ралы» декрет қабылданып, 630 бай тәркіленіп, олардан 140 000 бас мал тартып алынды. Сүргін кезеңдерінде 37 миллиондай малдан айырылу халықтың тірлігін обадай

опырып кетті. ОГПУ-дың 1933 жылдың 6 қыркүйектегі өлкелік кеңес хатшылығына тапсырылған хатта (ф. 13. оп. 2.): «Батбаққара ауданындағы 70 ауылдың 18-і қалған. Бәрі өлген. №1, 3, 5, 6, 7 ауылдарда адам етін жеу, өлген ит-мысықты жеп өлу фактісі бар. Темірде 30 адам өлген. Екінші ауылда ашыққандарға көмекке бөлінген астықты бай Айманқұловқа берген. Қылмыстық іс қозғалды... Ырғыз ауданында 60 адам аштан өлген, ашыққандарға дер кезінде көмек жетіспей жатыр... Екінші ауылда Дүрия Сүлейменованың төрт баласы бар, күйеуі өлген, бір қысыр сиыры бар, аштыққа ұрынған. Бір пұт тары бергіздік. Ол қаншаға жетеді?! Қарақұмдағы 35 шаруашылықты мекендейтін кедейлер аш, Жаңаталапта ТОЗ құрылыпты, бағымдарында 128 жылқы, 113 түйе бар, басқадай азық қоры жоқ. Сегізінші ауылда сельпо бастығы Ұзақбаев атқамінер, інілері – Танманбет, Бекманбет, Кеуімбет болып «біз үштікпіз» деп әлсіздерге зәбір көрсеткенін анықтадық. Ауылдардың бірде-біреуінде дәрігер жоқ. Ауру, түрлі індет бар», – делінген. Бұл – ОГПУ-дың бір ғана жолсапарындағы обкомға жазған құпия хаты. Бұдан талай ауыл-аудандарда аштық белең алған қалпынан тоқтау таппағаны байқалып тұр. * Ұлтымыздың ойшылдары, даналары, біліктілерінің қай-қайсысы болмасын, дербес мемлекет болуды, басқа республикалармен экономикалық қарым-қатынас арқылы дамуды көздеп, сол жолда күрескендігі де белгілі. Олар қырғыз-қайсақ деген сөзден құтылып, РКФСР құрамында болса да Қазақ Автономиялық КСР-ін құру мақсатында 1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша әкімшілік-аумақтық шекара, қаржы, техникалық құралдар, басқа да толып жатқан істер тетігін белгілеген болатын. Оған Т. Рысқұлов, С. Қожанов, А. Байтұрсынов және басқаларының құнды ұсыныстары, қосымшалары тапсырылған. Бұған И. Сталин көнер ме? Егер Кеңес Одағына, бір партияға, бір ұлтқа негізделіп құрылмаса, лениндік идея да жүзеге аспасы

белгілі. Сондықтан Сталин ұлтшыл, солшыл, оңшыл де­ ген сықылды саяси астар беріп басқыншылық тәртіпті нығайтпаса, онсыз да мешеу елдер бет-бетімен түйе айдағандай болады деп түсінбеді деймісің. Сондықтан Ста­ лин: «Қырғыз партия ұйымдары ұлттық саясат негіздерін жете меңгермеген және оны практикада бұрмалайды», – деп бір тәртіптеп алса, 1923 жылы ГПУ-ға Алашорданың қызметінде нендей шикілік барын тексеруді тапсырып табыстайды. Көсем айтты, жүз пайыз орындалады. «Степ­ ная крестьянская газетаның» 154-санында, 17 наурызда Орынбор қаласының облыстық съезінде: «...На съезде стоял вопрос о форме будущей власти. Комиссар г. Оренбурга Букейхан, призывал голосовать за конституционную мо­ нархию», – деген сықылды мәліметтерден Сталин хабар­ дар емес дейсің бе? Сөйтіп, Кеңес Одағында 1927 жылы қуғын-сүргін басталды да кетті. Онсыз да аштықтан еңсе көтермей, қырылып жатқан халықты осы кезде де түн ұйқысынан шошытатын үрей кезді. Ерлі-зайыптылар түнде ұйқыға жатар алдында таңға тірі шығамыз ба, жоқ па деген күмәнмен бақиласып жататын-ды. Тарих ғылымдарының кандидаты З. Байдосов 1922-1923 жылғы аштықта қазақтардың 800 мың адамы қырылып қалды деуі, қандай деректен алса да, тым аз деп жоғарыда айттық. Өйткені, ол кезде халық саны да нақты емес және далада босып, қырылып қалған адамды кім санап көмді дейсің?! Сондықтан екі-үш жылға созылған аштықта кем дегенде екі миллион адам аштан өлген болуы әбден мүмкін. «Степная правда» газетінің 1929 жылғы 48 (255)-санын­ да төмендегіше мәлімет бар: Ресей соғыстарда халқының екіден бір бөлігінен айырылды, 1 миллион 700 мың адам өлді, 300 мың адам жараланды, 500 мың адам шетел тұтқынында өлді. Германия 67 миллион халықтан 65 миллионға азайды, Австро-Венгрия 52 миллион халқынан 49 миллионға, Франция 39 миллионнан 35 миллионға азайды. Соғыстың үш жылында Англия, Франция, Герма­ нияда өлім 7,11 пайызға өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс зардабы осындай болуымен қатар, жер шарында испан тұмауы 12 миллион адамды жалмап кеткендігін газет жа­ зады. Мұндай адам шығыны қазақ елінде де болды ғой. Ис­

пан тұмауы да талай қазақты ажалынан бұрын о дүниеге әкеткенін бабаларымыздан қалған сөздер нақтылай түседі. «Жылың тұман болсын, ауруың тұмау болсын» деп қарғаса, енді бір сөзін «Тұманның соңы жұт, тұмаудың соңы құрт» деп түйіндеген. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде халық зарын шексе де тірілері болашақтан үмітін үзбеді. Кеңес үкіметі жарылқайды деген сенім мықты еді. Капиталистік қоғамнан көрген зәбірден түңіліп, буржуазиялық саясатқа жиіркенішпен қарады. Оған дәлел ретінде газеттің 1929 жылғы 22 тамыздағы санында жарық көрген М. Горькийдің «Если вспыхнет война» мақаласындағы: «Фашистердің «стальный шлем», «война родит героев», «бесстрашные люди» сықылды Американың сақтандыру ұйымы 1913 жылы ұрланған мүлік үшін 2 миллион доллар төлесе, 1927 жылы 17 миллион доллар төлеген. Банды мен ұрыларды мұндай ынталандыру, мемлекеттің сақтандыру қоры арқылы қаржыландыру буржуазияға тиімді әрі өте керек...» – деген ойын алға тартамыз. Демек, Кеңес үкіметі мұндай бандылар мен ұрыларға жол бермей, заңмен қатаң жазалайтынын санаға жеткізіп отыр. Газет 25 қарашадағы санында 33 кулактың 1000 пұт астықты халықтан жасы­ рып, тығып қойған қоймасы табылғанын жазады. Демек, ұрлықпен күрес бастау алғанын оқушы түсінеді. Аштан өліп жатқандар обалымызға бай-кулактар қалып отыр деп ұғынады. Көп ретте өзі солай болғаны анық та шығар. Өмір-тіршіліктегі, ғаламдағы, бүкіл әлемдегі түрлі-түрлі өзгеріс бір елден екінші бір елге ауысып, жаңарып неме­ се азып-тозып жатпай ма? Кеңес Одағы бірегей біртұтас әділетті мемлекет атанып, дүлегей айбарын әлемге танытқан тұста еркіндік аңсаған халықтың бас көтерулері жиі екенін газеттің хабарларынан білеміз. «Степная крестьянская газетінің» 1927 жылғы 30 тамыздағы 142-санында электр столына отырғызылып, өлім жаза­ сына кесілген Ванцетидің ұлы Саккоға: «Сенің әкең – қылмыскер емес, әлемдегі таңдаулы адамдардың бірі, еркіндік аңсаушы, адам құқын қорғауды заңдылықпен шешуді талап етуші. Әкеңнің адалдық жолындағы ісі жұмыр жердегі қорланушы халықты оятады! Сау болыңдар, еркіндік аңсаушылар, сау болыңдар, әйелім,

балаларым, достарым!» – деген сөзі бар. Кейін Сакко да электр столына отырғызылып өлім жазасын тартады. 28 тамызда әлемнің түкпір-түкпірінде Сакко мен Ванцетидің жерленген күнінде ереуіл толқулары болғанын жазады. Олардың есімімен талай көшелер аталады. Еркіндік туын көтергендерді өлім жазасына кескендерге қарғыс айты­ лады. Газеттің осы санында хабарланғандай, КСРО ОАКнің сессиясы 1927-1928 жылдың бюджетіне 6 миллиард 88 мың рубль қаржы бөледі. Бұл қаржы еркіндік аңсаған елдің қажетін өтеді ме, өтемеді ме, оны уақыт тарихтың қараңғы қойнауына жасырды. Ақпарат құралдарындағы хабарларда Арал балық зауыты 500 000 центнерден балық өндірсе, оның өнімі де аш-жалаңаштардың өмір-тірлігіне бұйырмай, Отанға жөнелтіліп жатқан көрінеді. Жоғарыда Еділ бойынан қазақ еліне 23 миллион халықтың біразы жер аударылуын Сталиннің бұйрығы екенін айттық. Оларға азық-түлік, үй жағдайлары құпия тапсырыстармен нәтижелі қаралса, жергілікті жерлерде олардың тарапынан үстемдік, тартып алу, тонау, түрлі ұрлық, зәбір көрсетулер байқалып жатқан. «Актюбинская правда» газетінің бір са­ нында: «Жетіқара ауданының РПС мекемесінің бастығы Молчанов: «Егер жұмыс істей алмасаң, аштан өл! Өлігіңді итіме жегізем!» – деп қазақтарды қорлады», – деген ақпар бар. Шовинизмдік көзқарас басқа жерлерде де байқалған. Аштық, зорлық-зомбылық, ар-намысты қорлау, өлімші ету, мазақ, түрлі жазалау сықылды дүмпуге шыдамаған халықтың наразылығы күшейіп, ақырында 1929-1932 жж. аралығында 372 көтеріліс болғаны аздап айтылады. Бұл толық зерттеуді, шындықты келер ұрпаққа ашық жеткізуді талап етеді. Орыстілділердің қазақ жеріне қоныс аударулары толассыз жүргізіліп отырған. Мәселен, Ақбұлақ ауданына 388 жанұя көшіп келісімен, билікті қолдарына алып, шаруашылықтардың азық-түлігін, малмүлкіне қожалық етіп, жергілікті қазақтарды шеттете бастаған (ф. 13. оп. 2. 31-бет). Осындай қорлық ереуіл, көтеріліс туғызбай қайтеді?! «Ұра берсең жылқы да шам шығарады» деп еркіндіктің нақты жолын аңсаған ұлт көсемдері Сакко мен Ванцетидің есімдерін тарихымызға алтын әріптермен жазу керек-ақ. Қызыл жендеттердің

жылтырақ саясатына малданғандар мен тесік құлқынын, орынтағын күйттегендердің шындық айтуға батылы жет­ пей, қайта ұлттың даналары мен ұлы тұлғаларын түрмеге тоғытып, атып, тіпті тұқымына дейін жойып жатты. Са­ ясаты қарапайым халықты қолдау емес, қорлауға ай­ налды. Оған дәлел сол, 1920 жылы елден аластатылған Әлихан Бөкейханұлы, Жаһанша Досмұхамбетұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы және барлығы 47 адамға сот болып әр түрлі жаза алса, 1937-1938 жыл­ дары «Алаштың» көш бастар көсемдері «халық жауы» деп атылып кетті. Халқымыздың данасы Ахметті жоқтаған ақын Уәлі Беспақұлы: ...Айдарлым түсті азапқа, Болатын тұтқа қазаққа. Ахметке қол салу – Көрсеткен бізге мазақ па? Кетсем де белден тозағым, Досыма қолды созамын! Ахаң мен Жақаң айдалды, Кімнен мен сірә озамын?! Өзіме-өзім оқ аттым, Өсекті қардай бораттым. Осылай жүріп мен сорлы, Абыройымды тонаттым, – деп зарлаған толғауы халық жадынан ұмытылар ма? Сталиндік зұлматты кешіре алар ма? Торғай екеш торғай да ұясын қорғайды, қорғанышынан айырылған ұяда не қалады?! Жылан жатады өз інінен безінген. Ұяға қайтып келіп қонақтайтын құсты аңдиды. Жылан ылаңы да құпия. Сол сықылды ессіздік, үрей, қорқақтық, сатқындық кеу­ делерге бір ұяласа, одан еркіндікті, азаттық ойды, ақылды сұраудың өзі қиянат. «Жатыпатар жалбаңбайым» деп іштен тынып күпіңді бүркеніп, ажал қашан келер екенсің деп бүк түсіп жатасың. Халық аузында «Сужүректік... түбіңе сол жетеді, өлім, үрей – ағайынды екеуі» деген

мәтелге айналған сөз қалды. Оны түсінгендер күрсінер, түсінбегендерге бәрібір. 1931 жылы Батбаққара ауданын­ да 46 246 жанұя болған, тәркілеу, тартып алу дүрілдеген тұста қару асынғандардан дірілдегендер малдарын сойып, етін жерге көміп, өзен-көлге тастап, қорқыныш-үреймен жаппай аштыққа өздері ұрынған. «Оқтаусыз мылтық та атылады, пышақты кезенбе» деп суық қару ұстамаған қарапайым халықтың өз ажалынан бұрын өлгендерінен 1932 жылы 12 884 адам тірі қалғанын, олардың иелігінде бар болғаны 8597 мал қалғанын айтып, аудан хатшы­ сы Ибрагимов пен аудандық кеңес басшысы Торғаев амалсыздықтан жұқарса, оны кім тыңдапты?! Қарапайым есепке жүгінсек, 46 246 жанұяның әрқайсысында 4 адам­ нан болды дегенде, 184 874 адамның аштан қырылғанынан қалғаны 12 884 болса, ажалынан бұрын өлген 171 990 адамның обалы кімге? Қызыл жендеттерге ме? Бәрібір бір өлім деп, қайраты барлар көтеріліс жасамай қайтеді?! Бұл бір аудандағы, бір кезеңдегі қанды қырғынның көрінісі болса, қазақ еліндегі көптеген аудандарда қаншама халықтың қырылғанын айтып жеткізу қиын шығар. Өйткені шындықты айту мылтықтың қарауылына іліндірген қауіп-қатерлі кезеңде әркімге жан тәтті. Бір күн болса да көрер жарықты қимау баршылық. «Кештік өмірің болса, түстік мал жи» деген қазақы пиғыл және бар. (ф. 13. оп. 2. 5 февраля, 1933 г.) Социализм, адамдарға жасалған қатыгез сынақ ерте ме, кеш пе, капитализмге айналып соғар деушілер де табылған шығар, ертеңін болжайтын естілер болмады деймісің. Голощекиннің нұсқауымен Сталиннің келісімі бойынша 1930 жылы 20 ақпанда Орталық Комитеттің: «Экономикалық жағынан артта қалған ұлт аудандарындағы коллективтендіру және кулактармен күрес туралы» қаулысын орындау мақсатында белсенділер жойқын зұлымдықты танытып, сүргінді бастаған. 1932 жылғы 7 тамызда Қазақстаннан қазақтарды тазарту үшін колхоз мүлкіне қол сұққан адам ату жаза­ сына бұйырылатын болған. Мұны естіп үрейленбей, зәрең зәр түбіне кетпей көрсін. Қостанай ауданының Қызылжар ауылдық кеңесінің бастығы Жармұхамбетовтің жанұясы да көппен бірге аштыққа ұрынса, үрейлілік емей

немене? Ал Шалқар ауданы хатшысының мына хаты: «Шалқар ауданының 18 ауылында 58 шаруа, 733 адам «Нан бер, тойындыр, жұмыс жасаймыз, егін егеміз!» деп отыр. Ауданға БК(б)П крайкомының және КСНК-ның 1931 жылғы қаулысы бола тұра ашыққандарға көмек, азық жеткізу бес-алты айдан бері болған жоқ», – деген мәтінмен обком хатшысы Жармұхамбетовке, облиспол­ ком бастығы Ивановқа тіреп жазылыпты (ф. 85. оп. 1. 41-іс, 1932 ж.). Мұндай зобалаң, топалаң қырғында алды­ мен кісілігі мықты, ажалдан бұрын адалдығын ойлайтын елдегі жақсылар өледі. Халық сүт бетіндегі қаймағындай ардақтыларынан айырылғасын, сұм-сұрқия, жағымпаз, қорқақ, сатқын, қаскөй ойлы, өсекшіл ойсыз, есалаң ессіздер, дәрменсіз дәлдірлер көбейіп, ұлттың қадірі кете ме деп ойлағандар да болған. Дағдарған елдің саналы адамдары бүйте берсе азғантай ұлттар да жойылып ке­ тер деп күмәнданбады деймісің. Көтерілістердің шығу себептерінің негізі «қарынның ашқаны емес, қадірдің қашқанына» тұяқ серпердей сұс көрсету болды ма? 1920 жылдары КГБ-ның қарамағындағы ғалымдар адам миындағы ақыл-есті, кісілікті жоюдың тәсілін тауып, тіпті адамның қабырғаларын титаннан жасатып, сезімсіз, тасжүректілікті құпия дайындап, іске асырып жатты. Қылмысым жоқ дегендерді ұрып-соғып, әбден қажытып, одан соң бір стақан химиялық қоспасы бар су ішкізіп, тергеуші не айтса соны қайталатқызып, қылмысы жоқ бол­ са да қылмыскермін дейтіндей амалды да жүзеге асырды. Ал ірі ғалым Иванов негр әйелдің жатырына маймылдың ұрығын жіберіп қолшоқпар, аяусыз адамды дүниеге әкелмектің жұмысымен айналысты. Мұның бәрі тек Кеңес Одағының халықтарын ғана емес, әлемді үрей арқылы жеңіл басқарудың жолдары, жоспарлары емес пе екен?! Білікті ұлыларымыз қырғынның себептерін болжап, одан құтылудың жолын таппай дал болғаны анық. Аштық қазақ елін бүтіндей қаусатып, үрерге ит, тігерге тұяқ қалдырмай жатқанын біле тұра, Мәскеудің тапсырмасымен көшіп келушілер тоқтамаған. Ақбұлақ, Қостанай және басқа елді мекендерге Ресейдің орта Волжский облысынан 3777 жанұя, былайша 13 427 адам

көшіп келген. Оларға бірден 3500 пұт астық бөлініп, үй жағдайына орналастырылған (ф. 13. оп. 1. 1932 ж.). Осы папкіде Тұрыстай, Жалмұрат, Бекмұрат Тынышбаев­ тар губернияның Адам ауданында тұрып, Орск қаласына көшіп кеткен байлар «Қазақстан керек емес, қорлау, өлу, не түрлі зәбірлеуге шыдамадық. Патша кезінде қалай жақсы тұрдық, Орскіде солай өмір сүреміз» деген сөз қалдырыпты. «Мал-мүлкін тәркілеуге үлгермедік», – де­ ген ОГПУ бастығы Титов пен СПО бастығы Духовичтің қол қойып, обкомға тапсырған мәліметі де, оған қоса «Торғай ауданында күніне 25 адам аштан өледі, Обаған ауданын­ да 300 адам өледі, Батбаққара ауданында – 585 адам, Се­ мизорда – 10-15 адам, Ойыл ауданында 181 адам аштан өлген. Меңдіқара ауданында екі айда халқының елу пайызы ісіп-кеуіп кеткен, өлім алдында», – деген ақпаратты да ОГПУ хатқа тіркеп көрсеткен. Азық көмегі жоқтығын айтқан. Мұндай хат-хабарлар Мәскеуге дейін жетіп жатқан. Бірақ тым-тырыс, үнсіздік, аштықтың лаңына тоқтау салып, көмек беруді Мәскеу қаперіне де алмаған. ОГПУ-дың шындықты айтып, шала бүлінуі де саясаттың мың қатпар қулығы деуге саяды. Өйткені, ашыққандарға көмек көрсету үшін адамдар жіберіп, жай-күйді нақты анықтадық, бай-кулактардың зымияндық әрекеті бойынша қылмыскерлерді түрмеге жауып, шара қолданып жатырмыз, социализмнің адал ісін бүлдіргіштерге жол бермейміз дейтін деректер көп. Айта кетелік, аштық 1934 жылға дейін тоқтамаған (ф.13. оп. 3. 1934 ж., 11-20-п.). «Ырғыз ауданында, – деп жазады аудандық партия комитетінің секретары. – 120 адам аштан өлді. Екі жетім балалар үйінде – 470 бала, Ырғыз интернатында – 300 бала бар. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтуға жоспар бойынша 419 039 рубль керек болса, алғанымыз 54 372 рубль. Тұрмыс ауыр, аш-жалаңаштыққа көмек жетпей жатыр... 1931 жылы 13 ақпандағы «Степная прав­ да» газетінде жарияланған Голощекиннің баяндамасында: «...Астық дайындау компаниясында республика бойынша 182 аудан жоспарларын орындай алмады. Ет өндіру майданында да кешірімсіз кемшіліктер жетерлік, 1 апрельден бастап 700 000 тонна ет дайындап Отанға

жөнелтуге тиістіміз», – делінген. Революцияға дейін әр үйде 40-50 мал болса, кедейленіп аштық ауырлығын тар­ тып, аман қалған үйлердің әрбірінде бірер бас мал қалғаны анық. Оны да белсенділер тартып алмай тынбаған. *

– Аймағамбет әкеміз түбінде бәрі жақсы болады деп, қиындықты сезінбегендей болушы еді. Күс-күс қолын уқалап отырып жалғыз биені аман сақтасам деп арман қып іштей тынатын. Сосын жаман-жұман киімдерін реттей бастайтыны әлі көз алдымнан кетпейді, – дейді Арыстан. – Ауылда өлім көп, жетісіне кемі екі адамды жерлейді. Қанша мұңайса да сыр білдірмейді. Жекендіде ірі тұлғалы, қайратты Айдос деген болды. Кісі өлсе сол қайрат көрсететін. Қыста жердің тоңы күрек бойынан асады, үштөрт адам қабір қазғанда қатты қиналады. Шаршағандары: «Біздің Айдос тоңның жігін біліп қопарады», – деп мақтап қояды, ақкөңіл Айдос соған мәз бола ма, тоңға лом темірді ұрып қадап, кіршілдетіп опырып береді. Әйтеуір бір жеті сайын кейде үш, кейде төрт адам өліп жатады, оны орап көметін мата да жоқ, кейбір әйелдер екі көйлегі болса біреуін береді. Өлікті қазақша жерлеу тәсілін үйренсін дей ме, көбіне ер балаларды молаға ертіп апарады, – деп Арыстан заман қайғысын булығып айтқанда ішім алайтүлей болады. Жұрт өліп жатыр екен, халықтың қырғыны көп екен деп уақыт бәрібір күтіп тұрмайды. Жаратқан өз билігін өзі біледі, тек адам баласы ғана қысқа ғұмырында өзгелермен қырқысып, пендешілікке салынады. Сүт бетіндегі көбіктей әр күн жоғалады, қайта оралмайды. 1932 жылы қазақ елінде бар болғаны еңбекке жарамды 657 000 адам делінсе, аштықтан қанша халықтың қырылғанын оп-оңай есептеп шығаруға болады. «Актюбинская правда» газетінің 1932 жылғы 4 қазан күнгі санында мектептерде – 927 000 оқушы, техникумдарда – 38 000, жоғарғы оқу орындарында – 9500 жастар оқыған деген дерек бар. – Ана дүниеге бала әкелді – ел қуанды, өлді – жер қуанды. Өмір мәнін осылай түсінер едің, бірақ зұлым күшті қайтесің? – деді Арыстан күрсініп.

– Бүлдіріп, тас-талқан еткен жаулықты жойып, жаңасын жайнатамыз деген ұран бар емес пе? КСРО Халық Комиссарлар Советі мен БК(б)П Орталық комитеті және КСРО Наркомземі 1932 жылғы 5 сәуірдегі қаулысында: «1480 совхоз ұйымдасты, онда 2,5 миллион ірі қара, 4,7 миллион қой-ешкі, 850 мың шошқа өсіріледі», – деп жа­ зады. Бұл жойылып кеткенді қаншалық жаңарта ала­ ды? Белгісіз. Ақтөбе облысы бойынша егістікке дән себу 9 пайыз орындалған, тұқым қоры жоқ, жұмысшы күші жетіспейді. Облыс бойынша 65 000 тонна ет дайындалып Отанға өткізілген. Елдің жаппай аштыққа ұрынуын ойлап, азық қорын сақтау мәселесі айтылмайды. Зұлымдықтар деректерден көрініп тұрса да, барлық пәле бай-кулактардан деп із кесіледі. «Жетіқара ауданындағы Ворошилов кеңшарының байы құл ұстаған, 300 ірі қарасы бар екен. Кеңшардың жылқысын ұрлап малына қосып алған, 20 центнер шөп, біраз астық ұрлаған фактілері анықталды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп, елден қашып көшіп кетпекші болған екен. Қылмыстық іс көтерілді», – деп жазыпты құжатта. – Пенде үстемдік иесі болсын, басқа болсын, көбі кінәкемшілікті өзінен іздемей сорлайды. Бір зауалдың, үлкен нәубеттің орны мың жылда да толмайды, қазақ ұлтын текті сапасынан айырған зор қайғы ұмытылар ма? Сегізінші ата­ дан бастап қыз беріп, қыз алатын бабалар заңы, тектілікті сақтау ғылымы – дала құдіреті болған бірлік көзден бұл-бұл ұшып, асылынан айырылып, жасығы қалған, сұм-сұрқиясы жалмауыздай жұтынып, «жатыпатарға» айналғанын еске түсірудің өзі ауыр. Қазақ еліндегі аштық қырғыны қолдан күштеп жасалғаны ұлтты жоюды мақсат еткені түрлі деректерден белгілі емес пе? – деді Арыстан. – Дұрыс айтасың, 1932 жылдың 28 қыркүйегінде өткен крайкомның төртінші пленумында: «Облыс бойынша Отанға астық тапсыру 31,7 пайызға орындалғанын кешіруге болмайды, – дей келіп Голощекин одан ары, – Развитие животноводства в ауле является задачей, которую нельзя изолировать от задач оцененных», – деп жиналғандарды жерге тірідей қазықтай қағып, зекіп өтпей ме. Жаны алқымға келген талайының аяқ-қолы дірілдеп,

малдың жоқтығын, егіннің шықпағанын дәлелдеп, бір ауыз сөз айта алды дейсің бе? Түсіністіктің болмағанын әрбір дерек айғақтайды. Құзғын-жалмауыздың үстемдігі жалындырады, тіміскілеуі түбіңе жетеді. Өмір мен өлім белдескенде өлім жеңеді. Аштықта жастығын қалдырған Ақан Ыбырайұлы былайша зарлап еді: Заман жаман ит боп қапқан балақтан, Имансыз ғып зұлымдарды жаратқан. Ар-ожданды санадағы кірлетіп, Адамдықты ит пен құсқа талатқан. Шайтан кеулеп, көкіректі күпті етіп, Аузымызды айға қарай қаратқан. Татар дәмі таусылғанда адамдар, Үміт күтті ме екен, дорақтан? – дегенін кім ұмытар дейсің... – Әлгінде тіміскілеу дедің. Ол да өзіміздің қорқақ адам­ дарымыз ғой, олардың ұрпағы өлмейді, тірі жүре береді, – деді Арыстан тағы бір ойдың шетін қозғап. – Тіміскілеудің сорақысы аштық нәубетімен бірге кел­ ген ойран 1927 жылы басталып 1953 жылға дейін Кеңес Одағында 40 миллион адамды қуғын-сүргінге ұшыратып, қазақ елінде 103 мың адам ұсталып, оның 25 мыңы табанда атылып кеткен. НКВД жанынан үштік, «Ерекше мәжіліс», «Әскери трибуналдар» құрылады, оның төрағасы НКВДның бастықтары, олар Мәскеуден арнайы дайындықтан өтіп, бұйрық бойынша «қылмысты істің» үкімін ғана оқып, оны тез орындайды. Қарапайым пікірлесудің керегі жоқ, жоспар уақыт күттірмейді. Мәселен, «Темірбек Жүргеновтің ісін 1938 жылы 14 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының көшпелі мәслихаты 15 минут қана қарап, ату жазасын бірден кескен. Ақтөбе облысын­ да 1789 адамның 30 пайызының қылмысты ісі осылай шапшаң қаралып, атылып кеткен», – деп жазады тарих ғылымдарының кандидаты З. Байдосов. Таң атады, күн батады, табиғат уақыт керуенімен өзгереді, жақсы-жаманды да көз көріп, құлақ естіп жатады.

Ажал түу алыста емес, дәл қасыңда екенін сез мейлің, сезбе мейлің, өзің түсін. Өлгенді жоқтағанмен шер көңіл басы­ лар дейсің бе? «Главгруппаның» №2 комбинат туралы про­ токол көшірмесін қарап көріңіз! «Варшава университетін бітірген «Қанды-ағаш – Гурьев» теміржолында қызмет істейтін Вацлав Антонович Богуцкийді 1938 жылы 10 қазанда «Польша тыңшысы» деп үштік ұстап, сол түнде-ақ атып жіберген. «Актюбнефть» тресінде студент-инженер Трампенау диплом жазып отырған жерінде ұсталып, де­ реу шетел шпионы деп атылған (ҚР ҰҚК архиві. №49 332, 28-том). Қазан айының 5-де Ырғыз ауданына жіберілген дабыл мынадай: «Аса қауіпті деп 1-категорияға – 21 адам (атуға – 3 адам), 2-категорияға 60 адамды ұстап, оның ішінде ұлтшыл-контрреволюционер – 40 адам, байлар – 20 адам, панисламистер – 15, шетел тыңшылары 5 адам деп тұтқындайсыздар! Бұл істерді жүзеге асыруды санк­ циясыз, ың-шыңсыз өткізіңіз!» Ақтөбе облыстық НКВД басқармасының бастығы Ф.П. Демидовтың бұйрығы осы. Ол жүз пайыздан асыра орындалады. – Оған Мәскеуден берілген бұйрық та осы бағытта бол­ ды. Әр облыстың, аудандардың үштігі осындай темірдей тәртіппен «қылмыскерді» ұстауға кірісті ғой, – деді Арыстан әңгіме өзегін одан ары жалғап. – Ойыл, Темір аудандарынан да талай жазықсызды о дүниеге аттандырып, қылмыскер деп таныған деректер жетерлік. Мәселен, ОГПУ-дың аса құпия делінген (ф. 13. оп. 2. 6 сентября, 1933 г.) дерегінде: «Карвинен Вильям Павлович – фин, 1915 жылы туған, НКВД СССР шпион болғаны үшін (2.04.38.) атты. Калашников Александр Ан­ дреевич – орыс, 1901 жылы туған, Орынбор қаласындағы бұрынғы НКВД қызметкері, НКВД-ның астыртын әңгімесін жариялап сөйлегені үшін сотталған. Қарабаев Жұма Орынбордағы астыртын ұйымға қатысы барлығы үшін сотталған», – делінген. – Бір ауданда тұрып бір ауыл мен екінші ауылды көрмеген бір ағамыз: «Мен не көрмедім, Ботагөз бен Шиліні де көрдім», – депті. Сонда ел мен елдің арасы қырықелу шақырым жер ғой, сондай ауылдың аңқау колхозшы­ сын да жапонның шпионы деп ұстаса не жорық?! Бірде

әкем Бақаевтың ат жаратып жүрген нағашысын айдала­ дан ұстап, үштік түрмеге әкетіпті. Сонда әкемнің күпісін шешіп, қамыға айтқан: «Мерекеге ат жаратуды қоям ба, қайтем?» – деген сөзі кей-кейде есіме түседі, – деді Арыстан... – Жоғарыдағы құжатта Жоғарғы соттың консультанты Нұртаз Байменшин, сондай-ақ Темір ауданының колхоз­ шысы Әбілғазы Қарағұлов контрреволюциялық үгіті үшін, Ойыл ауданы «Жаңа талап» колхозының колхозшысы Ха­ сан Қаражанов ұлтшылдық ұйым мүшесі болғаны үшін ұсталып, Хасан түрмеде өлген. Құлжанов Құсайын Ойыл өңіріндегі зиянкестік әрекеті үшін, Құспанов Жалғаспай контр әрекеті үшін, Мектепов Тұрнияз лаңкес, терроршы, Мұхтыбаев Жанар саяси сенімсіз, Лим И Габ – кәріс жер ауып келген, шпиондық әрекеті үшін, осы сықылды толып жатқан адамдар 1937 жылдың 25 қарашасында үштіктің шешімімен атылғаны бар, түрмеге қамалғаны бар. Ал ОГПУ-дың 1933 жылғы 13 мамырдағы (ф. 13. оп. 2. 46-б.) жазбасында ОГПУ бастығы Бурданов пен СПО бастығы Ду­ хович: «Бай-кулактар 30 центнер астық ұрлаған, 10 адамды жауапқа тарттық. Тамды МТС-ында 70 адам астық ұрлаған, оларды түрмеге жаптық. Ақбұлақ ауданында 2 аш кедей 40 кг астық ұрлаған, астығын тартып алдық. Аштан өлетінін айтып жылады. Көмек берілмепті. Ырғыз ауда­ нында Досанов, Баймұратов егін даласынан астық ұрлаған, оларды да түрмеге жаптық. Ақтөбе ауданында қойма күзетшісі Омаров 7 пұт бидай ұрлаған, үйін тінттік, азық жоқ, аштыққа ұрынған. Батбаққара ауданында Тәкібаев, Нұғыманов, Көшенов, Елемесовтер 2 ат, 2 өгіз, 4 сауын сиырды ұрлаған. Қылмыстық іс қозғадық. Ұрылардың қолына кісен салынды. Жетіқара ауданында Бойко, Чер­ нуха дегендер байдың атын, сиырын ұрлап, байды атып өлтіріп, әйелін жаралаған. Қылмыстық іс қозғалды...» – деген. Демек, аштық зобалаңы 1934 жылы да тоқтамаған. Бір таңғаларлығы, қазақ халқының аштықтан қырылып жатқанын әлем білген, сөйте тұра «Қызыл крест» қоғамының көмек көрсетпеуіне Сталиннің ықпалы болды ма деген күмәнді сұрақ мазалайды. Тіпті теміржолмен жо­ лаушылап жүргендердің 129 адамы аштан өлсе, не сұмдық

дерсіз?! Ал (9 сәуір, 1934 ж., №1 папкі) Ақтөбе обкомының секретары Досовтың Мирзоянға жазған хатында облыс бойынша құрқұлақ ауруынан 150 адам өлгенін, дәрі-дәрмек жетіспейтінін айтып, аштықтың тоқтамағанын, қосымша азық керектігін, Торғай, Жетіқара, Ырғыз, Шалқар ау­ дандарына 450-455 центнер азық жеткізілгенін жазады. – Аштық қырғыны «халық жауы» деген қырмен сабақтасып жатты ғой, – деді де Арыстан ойын одан әрі жалғады. – Елге жолым түскенде мола басына барып құран бағыштап, дұға оқимын. Сонда ұрпағына туыстуғанының, ата-анасының моласы қалғанына да шүкір дейсің, ал зұлмат жылдарда қазақтың сүйегі айдалада ша­ шылып қалды ғой. Соны ойлағанда көкірек қан жылайды. Бауыры бүтін пенде жоқ, сүйген жарым ерте дүние салды. Одан кейін ұлымды Астанада қаражүрек қаскөйлер өлтіріп кетті. Бәрі еске түскенде суға түскен қанттай езілесің. Қазақ тарихы қанмен жазылған деп іштен тынасың. – Егер Сталиннің саясатымен халқымыз қырылмағанда, бұл күнде, ең кем дегенде, қазақтың саны жиырма алты миллионға жетіп, бәлкім одан да асып кетер ме еді?! Көсемнің қанды қырғынды саясаттандырып жасауына, қан теңізіне халықты білдірмей батыруына ойлап тапқан қулық-сұмдығының ептілігіне найза бойламас. Өзек өртейтін өкінішті жұртқа жариялап, кеңінен танысты­ рып, «кеше кім едік, бүгін кімбіз?» деуде де салақтығымыз баршылық. Ұрпақ өсті, аспан асты тыныштық, бірақ жара­ лы жүректер ата-анасының қайғысын ұмытпайды. Сонау жетпісінші жылдарда Ізмұқанмен әкесі бір Сақыпкерей Мәжитұлы Құрамысовтың әйелі Қанапия, оның анасы Зылиқаны да көрдім, дәмдес болдық. Кейуана бұйығы, тым-тырыс күйінде отырады да, терезе алдында тоқтаған машинаның дыбысы шыққан бойда есікке тұра ұмтылады. «Қара машина... аман-сау қайта әкелген шығар. Қатты сағындым ғой, жүзіңді бір көріп өлсем арманым жоқ», – деп күбірлейтін. Сексеннен асқан кезде екі арысын іздеп: «Ізмұқан мен Сақыпкерей үйді таба алмай жүр ме?! Біз мұндамыз, Жамбылда», – деп көшеге шығып кететін еді. «Біздің бұл қалаға көшіп келгенімізді, ұлы Шапайдың басшылық қызметте екенін қайдан біледі. Ұлды өсірдік, 4-0203

немерелерін көрсін. Нағима деген келініміз адал сүт ем­ ген енесін де, мені де өбектеп бағып отыр», – деген бо­ луы мүмкін-ді. Сол ана қара жерге жамбасы тигенше «Ізмұқан мен Сақыпкерей тірі жүрсе келеді, түсім жақсы, олар келеді, көремін, сүйіп мауқымды басамын» деуменақ о дүниелік болды. Әйтеуір 1957 жылы ақталғаннан кейін адамдардың жүзіне ұялмай қарайтын болдым, – дейтін Сәуле Құрамысова. Ал Қанапия жан күйігіне шы­ дай алмай, көкірегінен өлең жолдарын да ағытатын еді. Сақыпкерей Шу ауданында бірінші хатшы боп жүргенде «халық жауының» тұқымы деп жазықсыз атылып кетті. Өкініштер қор көңілде тұрақтап, Жас сорғалап қара көзден бұлақтай. «Қара машинада» кеткендері келмеді, Таусылды үміт, сөніп қалған шырақтай. Тән қартаяр жан азабымен, Мезгіл өтті, жылт-жылт еткен сынаптай. Махаббатты қабірлерге әкетті, Қандыауыздар күндіз-түні құрғатпай, – дейтін өлең жолдары Сәуле мен Қанапия замандастарының қалың қасіретінің үніндей еді. Сол жылдарда Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшылығында отырған Сталиннің бажасы С.Ф. Реденстің қолынан 1938 жылдың 25 ақпан мен 13 наурыз аралығында қазақ бас­ шыларынан 560 адамды ату жазасына үкім шығарылған. Сталиннің саясаты міне осы, үштік кімді аяпты дейсің? Ұлтты жою, тірі қалғанын құлдық есепте үреймен өлмесе де, өлімші етіп ұстаудың бұдан асқан зұлымдығын адам­ зат тарихынан таппайсыз. «Халық жауының» әйелдері, ұрпағы қоғамдық ортадан аластатылды. Қайғы-қасіретіне дауа таппай толғанған әйелдер: Қарашада қан бүркіп жауған жауын, Азаматсыз қалып тұр біздің ауыл. Емшектегі перзентке үміт етіп, Қиналсам да көтердім қайғыны ауыр.

Қара арғымақ ариды бел кеткен соң, Туған елім жүдеді ер кеткен соң. Арнасынан өзендер асып барады, Кілең жесір көз жасын көлдеткен соң. Тербеймін әнге қосып бесігімді, Әкең аттап кетіп еді есігімді. Тыныштық деп атыңды атандырдым, Кем етпегей бір Аллаһ несібіңді! Таң қаламын ұйтқыған заманыма, Әкең келсе, балам-ау, таланыңа. Жылдар өтіп барады хабар күткен, Жүрек күпті, жан жаралы, қара мына, – деп зарлағанда аналардың қайғысы адамзат тарихында бұдан былай қайталанбаса екен дейсің. Тағдырдың жазғанынан озған кім бар деп жаны түршігіп отыратын аналар да төбе басына кетті. Олардың: «Әйелдің көреген көзі алысты болжамаса шаңырағын шайқалтпайтын міндетінен жаңылады, бауыр етің – балаларыңның бақытын ойла!» – деген сөзін аманат қып жүктеп алғандай сезінесің кейде... * Кейінгі ұрпаққа көргеніңді айтып жеткіз дегенді ұғып, сексеннен асқан Баян мен Гүлбайрам ой құшағында толғанып сөз бастар еді. Қалада жүрсе де даласын қимайды. Айнадай жарқырап жататын Ақкөлде қалдырған жастығын ойлайды. Пай-пай, Қанжығалы, Домбыра­ лы, Қыздың төбесі, Толағай, Қыран шыңы деп аталатын өңірлерде Ұлы Дала аңызына айналған Асан Қайғы болып­ ты. Көл бетіндегі қызғылтым сәуле күн жарығымен ойнап, жаныңды баурап әкетеді. Кербез табиғат жамандықты ой­ латпайын десе де, Баянның көзі көрген, өз басындағы және замандастарының өмірінен еш уақытта ұмытылмайтын қайғылы көріністер бар, аянышты үндер мен қуғынсүргіннің қасіретке толы ащы мұңы, шері тағы бар. Оны көлден ескен жел айтады, қыздың жиған жүгіндей қатпарқатпар тарғыл тастар айтады, жапырағы сыбдыр қаққан

қалың жыныс орман айтады. Елдің зары, ашу-ызасы, кет­ кен кегі, төгілген қаны, құнсыз еңбегі, жауыздықты кеше алмайтын аруақ үні ешкімді бейжай қалдырмас. «Әне, Ақкөлдің сыртындағы зират басынан ақ киімді, ақ сақалды қарт сарнап келе ме? Аштан қырылып сүйегі көмусіз қалғандарды жоқтай ма?» – деп Баян тірлік сүрлеуінен сыр ашты. Ақынжанды сол қария қарсы алдындағы қара мылтықты, қара киімдінің ажал боп көрінген үрейлі түрінен сескенбей термелей жөнелді: Ауданнан келген ақ байпақ, Үнем жоқты тұр байқап. Өлеңім – өлмес азығым, Қарайсың неге бас шайқап? Ауылдың тарқап базары, Сынғаны қашан назары?! Жөн айтқанға сірә да, Сегіз жыл үкім жазады. Адамнан совсем тазардық, Жаны барлар жазалы. Ауданнан келген ақ байпақ, Өле кетсем алдыңда, Көрімді кімдер қазады?! Тойған биттей быттиған, Сатқынның өтті мазағы. Дала қалды тазарып, Садақа қылып мал-жанды. Тарихқа жазалық, Кісі жегіштерді, қаралы. Қу бас толы жан-жағым, Асылдарым, ардағым, Ертеңім, елім қорғаным. Коммунизм деп жүрсең де, Статьямен сорладың. Заман неге тарылды? Өкіл біткен аш қасқыр, Қанға үймелеп жабылды. Түрмедегі қызымды Бір көруге сағындым.

Құрығы үштік ұзын-ды, Дегеніне бағындық. Қинайтын көрінеді лагерьде, Дүрен деген залымың. Жараттың Құдай адамды Ақылсыз ғып, надан ғып. Шошаңдатпа мылтықты, Ойлай көрме жамандық. Дымын қоймай тінткілеп, Сыпырып алдың адалды. Өкімет хабар берді ме? Аштан қыр деп халықты. Сталин айтты дегенің, Өтірік айтқан сөз бе екен? Қырылғандарды білмейтін, Жан-жағы толған ез бе екен? Күнде-күнде тінткілеу, Үрейленіп жалықтық. Шығындай сал оғыңды, Жақсылық күтіп тарықтық. О дүние жайлы екен, Жұмағы да қалыпты. Кеткендер бағы жаныпты, Кеңшілікті күтем деп. Жан қинадық, зарықтық. Өзің де көрге келерсің, Алдыңнан шығам, ұмытпа? Білтелі шамды жарық қып. Өлім күтіп өле алмай, Шықпаған жаным қор болды. Ақ байпақ киген белсенді, Құдайдан да зор болды. Байтақ дала қан сасып, Тарихта қалар сын болды, – деп аруақ үн қатқандай еді. «Өлгеннің құны сұраусыз, бетін де топырақпен жасыруға шамасы келмей ел тоз-тоз болған, жарылқаймын деп жанын алатын саясатты кім түсініпті?!» – деп Баян толғанса, Арыстанның айтқан мына сөзі еске түседі:

– Қаскөй адамның тірі жүргені өлімнен де қорқынышты. Әкелеріміз айтатын, кісі етін жегендердің көзі қанталап, беті сиырдың желін майындай іркілдеп тұрады деп. Түйсігі бұзықтан адамдық қасиет таппайсың, ондайлардың қолына билік тисе ажалдан бұрын өлтіреді дейтін. Баян сәл үнсіздіктен кейін: «Өткенге өкінбе деседі, бірақ ащы сабағын ұрпақтың құлағына құймасаң, тәуба мен шүкіршіліктен айырылып, бетімен лағып ке­ тер еді. Аспаннан аяғы салбырап түскендей есалаңдар тәубені білмейтіндер ғой», – деп бүгінгі бейбіт өмірдің, тыныштықтың, барлықтың сұрауы қатты болғанын есінен шығарар ма? – Жұрт біле бермейтін, білгендері ұмыта бастаған, қалың қазағым деп ар туын биікке көтеріп, намысын жыртқан талай боздақтың есімі архивтерде шаң басып жатыр. Көбі ұсталып атылған немесе түрмеде отырып, небір зымияндық қорлық көріп, өмірден өткен. Қ. Арғынғазиев, М. Атаниязов, Т. Жаманмұрынов, Ш. Хасанов, Н. Бермұхамедов, М. Сәрсенбаев, С. Хасанов, Ж. Арғынғазиева, М. Тұнғашин, А. Ақмұхамедов, Ә. Досов және басқалары елдегі қуғын-сүргінге, заңсыздыққа, ақ байпақтардың жаналғыштық әрекетіне қарсылық білдірмеді дейсің бе? Адамдар тағдырына араша түсемін деп жанын шүберекке түйіп тызақтағандардың өздері кінәлі болатынын тари­ хи құжаттардан енді көріп-біліп отырмыз, – деп Арыстан толғана сөйледі. Ақылға сыймайтын қырғынды көрген Баян да өткеннің бәрін сөге жамандап, тарихты кінәлағысы келмесе де, жақсылық та, жамандық та адамнан емес деп қалай айтсын?! Тасжүрек адам қан ішуді мақсат етсе, оған көнбеске амал қалмасы анық-тын. Құдағиы Баянның үнсіз отырғанына бір қараған Гүлбайрам ойын жүйеледі. «Кәкімжан бай деп танылып, мал-мүлкі тартып алынып, өзін атып тастады. Осы топалаңда жасырынып қашып шыққан Айдарбекті көрші орыс пешінің үстіне шығарып, жаман-жұман заттардың арасына жасырды. Содан аман қалған Айдарбек бала кезінде жүрегіне қорқыныш ұялатқан үрейлі көріністі есінен шығармай, кейде ұйқыда жатып шошитын-ды. Кейін оқыды, білім алды, прокурор болып қызмет атқарса да, 58-бапты көрсе әке-шешесі, ба-

уырлары көз алдына келе ме, әйтеуір қағаз арасынан орда­ лы жылан шығып, атылғандай сезінеді. Деректерді біледі, 1935 жыл мен 1941 жылдың 22 маусымы аралығының өзінде Одақ бойынша 19 миллион 840 мың адам «халық жауы» атанып сотталған. Оның жеті миллионы бірден атылып кеткен. Басқадай жазалылар тіптен көп. Түрмелер мен лагерьлерде өлгендерде есеп жоқ. Қылмыскерлер деп сотталғандарды түрмелерге сыйғыза алмай, мектептерді де түрмеге лайқаттапты. Сол жазықсыз атылғандардың ішінде Айдарбектің шаңырағынан он үш адам оққа ұшқан. Қазір олар тірі болса жүздеген Кәкімжановтар өмір сүрер еді, тірлікте адамын жоғалтқаннан артық қайғы бар ма?» – деп Гүлбайрам өзінің немерелерінің шат жүзіне толқи қарады. «Ақтан тіле, ұрпағым!» дегендей көкірек үні бар-тын. 1917 жылы Ахмет Байтұрсынов қазақтардың саны жеті миллионға жетті деп жүрекжарды қуанышын білдірсе, содан бері тоқсан үш жыл деп есепке шағып, жы­ лына екі жүз мың өсім болды дегенде, бүгінде 26 миллион қазақ болатын еді. Міне, бұдан кейін сталиндік қырғынды кешіріп көр, қан сасыған саясатын мойындап көр, оның үрейі әлемді теңселткенін, социалистік елдерде екі жүз миллиондай халық қуғын-сүргінге түсті деген деректі жоққа шығарып көр! «Кейде өткенге өксіп налудан пайда жоқ деп түйеміз», – деген Гүлбайрамның сөзі менің есіме «Қаракөл» кеңшарының бір айтқышы Берияның түрмесінде болып қайтқан туысына: – Түрме дей ме, қараңғы үй дей ме, әйтеуір қалай, жанға тыныш па? – деп сұрағанда, дым көрмегендей, дым білмегендей болған кінәлі: – Бір байқағаным, түрмеден гөрі қараңғы үйде уақыт шапшаң өтеді. Өйткені, таңның атқанын, күннің шыққанын, айдың, жылдың нешінші күні екенін, тоқсан нешінші жыл деп санап әуреге түспейсің. Бар білетінің – статьяңның тармағы, жазалаушылардың маңдайыңнан тиетін қару-жарағының, гүрзісінің ауыр-жеңіл салмағы, содан басқаға басың қатпайды. Сынған сүйектерің шор болып тез бітеді, кесілген сан етің тыртық болып қара қотырланады. Жаныңда өліп жатқанның сасық иісін

әтір иісіне балап, үйреніп кетесің, баланда деп аталатын дәмді тамағы қазы-қартадан кем емес, әкеміздің үйінде жатқандай шалжиып жатып ұйқыға батамыз. Тамақ түрмеден, ажалды ойласаң келіп тұрады үлгергенге. Шұжықтай боп семіріп, қара тасты да кеміріп, темірден де бал шығарып талшық табамыз. Адамдық жайбарақат тұрмыстан айырмашылығы сол, зікір салғандай тергеген­ де қаққан қазықтай қалшиып, тағы қай сүйегімді сынды­ рар екен деп ойлап тұрсақ та арымаймыз, тырнақ астынан ине жүгірткенде театрда отырғандай жанымыз рахат тауып кеңкілдеп күлеміз. Махаббатын аңсаған жүрек от боп жанады, сағыныштан жылағанда көзіңнен жас емес, қан ағады. Еркіндік деген түрмеде, айтпақшы, түрмеде төрт бұрыш болмайды, үш бұрыш, кейде көзіңе қос көрініп бес бұрыш болады. Сол бұрыштарда жаналғыштар бір-біріне допша лақтырып, сілікпеңді шығарғанда ақ құс боп ра­ хаттанып ұшып жүресің. Денең түрлі түсті бояуға еніп, умаждалған қағаздай күйге түскенде бір жұтым су бер­ се, сайрап қоя бересің. Жаусың ба десе – жаумын дейсің, террориссің бе десе – дәл солай, менің лаңкестігім әлемде жоқ дейсің. Қазақ елін шетелге сатқың келді ме десе – әрине, қымбатына сатып пайда тапқым келді дейсің. Жа­ пон шпионымысың десе – әрине, құмда ізім білінбейтін, суда жүзім көрінбейтін таңдаулы жапон шпионымын дейсің. Ал жалаңаш етіңе ыстық, қызған темір басқанда көзіңнің оты жарқ етеді, сосын «айналайын, жұмағым екенсің» деп жаныңда тұрған Ібілістерді құшақтап сүйіп аласың. Ленин де түрменің қорлығын көріпті дейді, біздің түрмеде көргеніміз оған қарағанда ойын-сауық мекені дегенді нендей пиғылда айтып отырғанын ұқпаған алаңғасарлау жігіт: – Бәсе, елдің тайлы-таяғы қалмай және өңкей ақылды дейтіндерді түрмеге әкетуші еді. Біз сияқты ашыққан елдің жұртында қалған сорлыға түрме бақытын көруді жазбас, – дегені есімізден кетер емес. – Ауылда еркек кіндікті тым аз қалды ғой. Әйелдер шаруаның қиындығын арқалап, алдаусыратқан саясатқа мәз боп жүре бердік, оның үстіне үрейліміз, – деді Гүлбайрам замандасы Баянға көз қиығын тастап... Түр-

медегілер ажал сағаты тақады ма деп түңілгенде адамдардың таза жүректі болуын Баян тілеген де болар. Қатал тағдырды жары Абдолбақи да басынан өткерген. Қуғынсүргін зобалаңында бір ағайыны түрмеден хат жазыпты: Басымнан бақыт құсы кеткен ауып, Қу тақыс жаусың дейді, жала жауып. Пендеде алакөздік көбейген соң, Әлділерден әлсізге төнді қауіп. Түс көрдім, осы жазда өлем шығар. Жалғызды бір Аллаға жарылқа деп, Тілегім аманаттап берем шығар, – дей келіп жалалаған замандасына арнап: Есенбісің, Тұрге? Өсіп едік бірге. Түрмеге жаптың-ау, Тірідей кіргір көрге, –

деп, ауыр ой үстінде өлеңді жатқа айтып, толғанып дом­ быра шертеді. Балаң жастығын жүрегі жылап отырып ай­ тады. «Жатыпатар» Тұрге араққа тұншығып өлді, әйелін әкесі Қорғалжындағы шалға бір шелек бидайға сатып жібереді. Тірліктің қара дауылында адамдар жыртқыш тәрізді болып кетеді екен, – деп іңгәлап жарық дүниеге келмей жатып әкесінен айырылғанын айтады. Одан соң бір үзім нан үшін, сәбиінің жанын сақтау үшін анасы Серікбаймен тұрмыс құрады. Бірақ о да сәтсіз, қайырсыз болады, тумаған баланы бақпаймын деп қыстың көзі қырауда үйінен айдап шығады. Зәре ана сегіз жасар ұлын жетектеп Ұялы ауылындағы туыстарына жаяу жол тарта­ ды. Ана жүрегі дімкас, оның үстіне ақтүтек боран баста­ лады. Ауылдың қарасы көрінді-ау деген кезде күртіктеп болдырып, баласын бірде арқалап, бірде жетектеп келе жатқан ана аз-кем ыққа тығылып дем алады. Үстіндегі бар лыпасын балаға жабады. Біраздан соң ана жан тапсыра­ ды. «Елге жет!» деген соңғы сөзі-тін. Ботадай боздап бала нағашысының үйіне жетеді. Нағашым көрші-көлеңмен

шұғыл жиналып анамды әкелуге кетті. «Түнде түсімде тонымның жағасы жыртылып жүр еді», – деп нағашым жы­ лап жүр. Сол жылау шындыққа айналды, анам о дүниелік болды, – деп отбасына келген зұлымдықты кешіре алмай­ тын еді. Сол қайғы ма, анасын жоқтап өлең шығарды. Анам түссе есіме, Ақын боп жырлап кетемін. Анам түссе есіме, Жаяулап елге жетемін. Жұмақта болғай тағдырың, Ұялы болды мекенің. Ақтүтек боран алдымнан, Шығар ма екен тағы да?! Рухың жүдеу жадымда, Тағдырға пенде бағынған. Үмітіңді үздің бе Қансорғышқа табынған?! Шикі жас едім, қайтейін?! Арқалап-ақ өтер ем. Ақтүтек сол бір ажалдан, Адаспай елге жетер ем. Өкініш болған өмірім, Анадан қалдым айырылып. Қаскөйліктің кәрімен, Қанатым қалды қайырылып. Анасы барлар жадымда, Отырар «айым, күнім» деп. Жетімдік жазды бағыма, Қайғырумен жүрдім тек. Жібектей жұмсақ үндерге, Анам дедім алаңдап... Жан жарым келіп жұбатты, Қарсы алатын күлімдеп. Ұрпағым өсті ұлағатты, Азамат болды біртіндеп. Аналар, тірісіңдер, Жарық бердің алау ғып! Қуанамын өздеріңе, Жүрегімді жалау ғып, –

деген Абдолбақидың Төлеген, Балқия, Жомарт, Ғайша, Абылай, Нұржамал, Өтеген, Наурызбай деген балалары сегіз шаңырақ болып, Баянның немере-шөбересі өсіпжетіліп, Астанада әр түрлі қызметте жүр. Абдолбақи Ақмола теміржолында машинист болып ұзақ жыл қызмет етті. Баян сексеннің сеңгіріне шықса да, ерінің өмірдегі жан қайғысына ортақ болғанын, сегіз перзент­ пен қуандырғанын айтып, ақылға сыймайтын зобалаң жылдардан көрген-білгенін ұрпағына жеткізіп, тәубесін естеріне салып отырады. Көкірегіндегі «Адамдар неге бірбірін жау көріп жалалады екен?» деген сұраққа әр түрлі жауап іздейді. Адамдар тарихының болмашысы жоқ, ұсақ-түйегіне дейін маңызды деп ойын түйеді. Аштық... қырғын... түрме... соғыс – бәрінде де қан теңізі жатты. Қара қарғалар қонатын адам қаны қалың еді... «Бірден атыңдар!» – Ойылда лаңкестер революцияны құлатамыз деп дүрлігіп жатыр. Контрлар толып жүр деген қауесет те болған көрінеді, – деген Арыстан айтар ойына одан ары салмақ сала сөйледі. – Бәрін де құжатпен анықтаған жөн, әйтпесе бетімен лағып сөйлеу қай кезде де болған ғой... – Құжат не дейді сонда? – Оның ішінде ОГПУ-дың деректері нендей өткір оқиғаны мөлдіретіп баяндайды. Милиция бастығына кірген қызыл жағаның бірі: «Елде қара қасқыр адам жеп жа­ тыр дейді. Қорқынышты, бірақ Құдай сақтар», – деп орыс­ ша айтпай ма. Әлгінің сөзін ауданға барғысы келмегенге жорыған бастық: «Құдайдың әке-шешесін айтып берші. Сол әке-шешесін айта алмайтындар көбейгесін Сталин көсем діншілдердің зиянды екенін айтқанын неге түсініп, ұғынбайсың? Үштікті қасқыр жемейді, оған оқ өтпейді. Суға батып, тереңге батып кетпейсің, қару-жарақ бар, ат арбамен зырлатып жетіп барасыңдар. Жоғал енді, көзіме көрінбей!» – депті. Сол зырлағандар Ақтөбеден шығып, күн-түн қатып Ойылға жетеді. Онда да үштік бар, онда да әр ауылда «жатыпатарлар» бар. Қылмысты тез табуға көмек беріп, атарын атып, түрмеге әкетеріне кідіріс болмас. Қара мылтықтың аузына кім ілікпейді? Мылтық тұрғанда бөгет жоқ. Неге кідіреді? Жолдары ашық. Ақ дегені алғыс бол­

майды, қарғысқа айналады. Кім жылап-сықтамай жатыр, ұсталғандар жылар, қарғар. Бәрібір. Аштықта азып-то­ зып, ісіп-кеуіп өлімші болғандар қарсы келмес. Жазған қағазға қол қой десең – қоя салады. Сосын ат, асып таста, өзің біл. Басты мақсат – жоспарды орындап, басшылықтан алғыс алу. Бәлкім, байрақ берер. Біреулер зобалаң дейді, қайдағыны айтады, бәрі заңдылықпен тәртіп бойынша істелетін істе қайшылық жоқ. Милицияның әрбіреуінің ойы осындай. Тәртіп, бағыну, бағындыру. Басқаның қажеті жоқ. Жұрт қырылып жатса да басы ауырмайды. Өлсе жер көтереді. Бағыт – мәңгілік социалистік қоғам, оны орна­ ту үшін адамдардың жан дүниесі, ақыл-ойы, ми қауашағы түп-түгел тазаруға тиіс. Ескіні түгел қиратып, жаңалықты дамытуға жанталас тұсында өзің де қатал талап қойып, өлімнен қорқу емес, жаңа адамдарды тәртіптеудің ама­ лын тауып ширыға түсуді міндетім деп түсінуге тиістісің. Аяушылықты ұмытып, мейірімсіздікті жан дүниеңе сіңіре білмесең, өзіңе қауіп төнеді, басың екеу емес. Қылыштай қиып түс. Қанды тізеден кешіп жүрсең де селт етпе! Өйткені сен – болашақтың халқын азат етушісің. Іс-әрекетіңнің бәрі де жұмыр жердегі бүкіл пенденің қараңғылықтағы сезімін оятып, жарық күн шапағатын дарытатын болады. Қырылып-жойылудың соңы үлкен жаңалықты туғызып, көрсоқырдың да көзін ашады. Сақаудың да тілін шығарып сайратады, таскереңнің де бітелген құлағының жарғағын жаңартып, жаңалықты естіртіп қуантады. Іріп-шірігендер құрып бітіп, күннің көзімен құлпырған кезең келеді. Со­ сын да халықтың аштықтан қырылуын заңды құбылысқа балайды. Сәулетті жолда тазалығымызға кедергіні табанда жойып тастауға тиістіміз. Ең қауіптісі, БК(б)П қатарына кіріп, революцияның жетістігін талқандауға әрекет етуші ұлтшылдарды тазарту қажеттігі жөніндегі құпия жұмыстарды анықтайтын Ақтөбе облысындағы ОГПУдың ерекше бөлімінің аса құпия (№2, 8.06.33 ж.) хабар­ лама жазбасындағы «Ұлттық-буржуазиялық, байлардың төңкерісшіл контрреволюциялық мақсатындағы қылмысының ашылуын» жаның шошымай оқи алмайсың. «Бұл ұйымның көптеген мүшелері алашордашылар, саясат­ пен қаруландырып, тұтқа-тірегі болып отырған, байдың

тұқымы, бұрынғы Жер басқармасы бастығының орын­ басары, Алашорда ұйымының мүшесі Қажығали Жұмабаев БК(б)П мүшелігіне өткенде контрреволюциялық ұйымды басқару үшін жасырын жұмысын білдірмеуді мақсат еткендігі, оған экономикалық құлдырауды, қайыршылықты, жаппай аштықты себеп етпек арам ойы болғандығы анықталды. Кеңес үкіметін құлату үшін халықтың басқа жаққа көшуін ұйымдастырып, елдегі ұжымдық бірігуге, шаруашылық құруға 1931 жылдан бастап қарсы үгіт жүргізген. Бұл кезде ол ауылдар бойынша хатшылық қызмет атқарған. Байларды тәркілеудің зиян­ ды екенін, соның кесірінен халық аштыққа ұрынды деп үгіт жүргізген. Жұмабаев өзінің қызмет бабын пайдала­ нып, партия, кеңес жұмысында жасырын жүрген алашор­ дашылар – Нәренов, Молдағұлов, Нұрпейісов, Көптілеуов, Жұмағалиевтарды қанатының астына алып, қорғап, үгіттеп халықтың жаппай елден көшіп, мал-мүлкін аман сақтауға тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң қадағалап отырған. Жұмабаевтың жауабының түрін қараңыз: – Төңкерісті дайындаудағы мақсатыңыз неде? – Халықты аштықтан аман сақтау қажет, басың істемесе, аяққа күш түседі, байлықты сақтауға да бас ке­ рек. Байларды тәркілеуге, жартылай көшпелі халықты бірден кеңшарға ұйыстырып, малды ортаға салып, ке­ дейлерге ерік беруге қарсымын. Кедей ұқсатымсыз, қор сақтай алмайды, бір күн ашықса көзіне көрінген азықты жеп қояды, ертеңін ойлауға миы жетпейді. Ортақ байлық деп жиналсын-ақ, бірақ сол ортаға түскен малды жоспар бойынша етке өткіз деп неге қыстайды, қайда әкетіп жа­ тыр? Малсыз қазақ өледі. Малдың өнімі ғана қандай жұттан да аман алып шыққанын білеміз. Әбілқайыр ханның қырық жылға жуық ел басқарған тұсында да жұт болған, халық малдың өнімін азық етіп аман қалған. Бас амандығына қатысты тәртіп-тәрбиені неге ұмытамыз?! Қазіргі саясаттарың бойынша бүкіл қазақ елі қайыршы, аштықпен қырылып жатыр. Мұны тоқтатпаса қазақ қалмайды, сондықтан шетелге қолынан келіп, күші жеткенін көшіріп, ұлтты сақтауымыз керек. – Мұның Кеңес үкіметінің саясатына, теңдік, еркіндік идеясына қарсылық екенін түсінесің бе?

– Идея жақсы, оны орындаудың жолдарында кешірімсіз қателіктер толып тұр, соның мысалы халықтың аштан қырылуы тоқтамай тұрғаны емес пе? Қайшылық көп, түсінік аз. Бағыт-бағдар тіл табысумен емес, қарудың күшімен, озбырлықпен жүріп жатыр, – деген Жұмабаевтың тер­ геу амалындағы жауабы ОГПУ-дың ызасын келтіреді. Одан кейін Табын ауданының бұрынғы райком хатшы­ сы Имандосовтың, одан соң мал дайындау мекемесінің бұрынғы бастығы, БК(б)П мүшелері Жұбанқұловтың жауаптары да қазақ халқының өмір сүруі, бүкіл тірлігі малға байланыстылығын айтып, малды ортаға жинап, жоспарлы түрде етке өткізіп құртуға қарсылықтарын ашық білдірді. «Кеңес үкіметінің саясаты қазақ халқы үшін жақсылыққа негізделмеген. Себебі, байлардың ма­ лын ортаға салып, оны түгелдей етке өткізіп, тартып алуы аштық қырғынын әкелді. Байлар қарсылықсыз ма­ лын ортаға салды, оларды атып, түрмеде шірітпей малды өсіруге ақылшы, кеңесшіесебінде ұстауға болмайтын ба еді? Халықтың мойнына түскен салық мөлшері шамадан тыс күйзеліске ұшыратқанын неге білмейсіздер?» – дей келіп Өтепбергеновтің: «Халықтың малын тартып алу – еуропалықтардың пайдасын ғана ойлау, басқа халықтың мұң-мұқтажымен санаспай қырғынды ұйымдастыруы екеніне көзіміз жетті. Көшіп келіп қоныстанғандарға сұраған малын береміз, үй-жайын қамтып, тіпті көмекке жеткен азықты оларға екі есе көп беріп жатырмыз. Отарлық езгінің шарықтау биігі адамдардың ажалынан бұрын қырылуына әкелді. Шындық осы, мұндай сұмдық қылмысты Сталин білмейтін болар, «оларға бәрі жақсы, «Кіші октябрь» жемісін беруде» деп Голощекиннен бастап хабар жеткіздіңдер, қанша халықтың аштан қырылғанын жасырып отыруға кім шыдайды?» – деген сөзін үкіметке қарсылық демей көр. Түсінік жазбасында Имандосов та, Өтепбергенов, Тілегенов те ауылдың айтқыштары жыр­ лап, жер қойнына кеткен мына өлеңді ішінде сақтайды: Атаңа нәлет Николай, Жал мен жая жегіздің. Айналайын үкімет, Шөп-шөңгені жегіздің.

Өлсең – орның қара жер, Жасасын көсем дегіздің. Әбілқайыр тұсында, Халқы тұрды тарықпай. Айналайын үкімет, Өтірікке жарытты-ай. Өзгертемін деп ит әлек, Тірлік еткен қалыпты-ай. Өліп жатқандар әнекей, Құс боп ұшты қалықтай. Өлгендер де жазықты, Төлей алмаса салықты-ай. Айналайын үкімет, Тынысты әбден тарылтты-ай, – деген қағытпада тарихи шындық жүректен-жүрекке жетіп, тірілердің құлағында қалды. Оны қызыл жағалы естісе де өлеңді кім шығарғанын таппай, еңбегі еш бол­ ды. Бос әуремен тынды. ОГПУ-дың қармағына ілінген Қырылдақов, Қолдыаяқов, Шопанов, Бекмағамбетов, Жұбанқұловтар тергеу жауаптарында Қарақалпақ және Түрікмен елдеріндегі Кеңес үкіметіне қарсы бандылық топтарды айтып, аштыққа ұрынған ауыл халқының жа­ нын сақтап, құтқарудың амалы таусылғанын, сол жаққа көшіп барудан басқа мүмкіндік жоқтығын ел арасында насихаттағанын растайды. Ал болыстық басқарманың ұлы, «Овцевод» кеңшарының бұрынғы директоры БК(б)П мүшесі Айсин «Кеңес үкіметі ұйымдастырған шаруашылықтарды қарулы көтеріліспен басып алып, малды, азықты ашыққандарға бөліп беру керектігін, онсыз халық түгел қырылады» дегенді айтыпты. Н. Шамғоновтың түсінігі бойынша, мал­ ды құртып, үкіметтің жинап алуынан қырғын басталды делінген. Кеңшарларды бандылық жолмен тартып алуға құрылған топта Бүребаев, Бекбауловтар Темір аудандық партколлегия хатшысы Есенғариннің туыстары екенін, «Олардың азғырғанына еріп топқа қосылуымды кінәлімін деп есептеймін, бұдан былай СССР-дың адал азаматы болуға ант етемін», – депті Айсин (5.06.33 ж.) қорытынды жауабында...

  • * Контрреволюциялық қозғалыстың дем берушісі, ұйтқысы өлкелік орталықтан басталғандығы анықталған. Оның құрамында БК(б)П мүшесі, бұрынғы Ойыл ауданының прокуроры Нұрпейісов, бұрынғы Алашорда ұйымының мүшесі, бұрынғы Ойыл аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары Жұмағалиев және байдың тұқымы, СССР Ішкі сауда жөніндегі Қазақстан бойынша өкілі Наренов Кеңес үкіметін құлатудың түрлі жолдарын қарастырған. Ерпейіс Нұрпейісов өзінің түсінігінде: «1932 жылдың қаңтар айының басында сот қызметкерлерінің Алматыдағы жиналысына барып, «Наркоматтан» Жұмағалиевті кездестіріп, бос уақытымызда Нареновтың үйіне бардық. Жұмағалиев аштық қыспағын айта келіп халықтың біразы Волга бойына, Башқұртстанға көшіп жатқаны, егер азық іздеп көшпесе қырылып қалатын түрі бар. Халық ет, астық тапсыру жоспарын орындаудан бас тартып отыр, мүмкіндік жоқ. Наренов көшіп кеткендердің елге қайта көшіп келмеуін ойластыру керек. Өйткені, түрлі жоспар, салық халықты қырғынға ұшыратып отыр (8.06.33 ж.). Осыдан кейін Наренов Табын ауданына келіп, Нұрпейісов, Көбеновтермен әңгімелесіп: «Біздің қазақ мы­ надай ауыр жағдайда тірі қалып, өмір сүре алмайды. Бандылардың жұрттан тартып алған малын қайтартып, бандиттік ұлттық саясатымызға жатпайды», – деп түсінік берген. Одан кейін Қожахметов Ойыл ауданының күйі барлары қашып көшіп жатқанын, Ыстыбаев басшылығындағы қызметкер астық тапсыру жоспарын орындаудан бас тартып, қоймадағы астықтың біразын рұқсатсыз ашыққандарға таратып бергені үшін партия қатарынан шығарылған... Одан кейін «Қожахметовтың үйінде Нұрпейісов, Медетов, Көпжасаров, Жұмағалиевтар жиналып, бас қостық. Мәселен, Қарақалпақ еліне жап­ пай қоныс аударудың жөн-жобасын талқыладық. Ал мен Қарақалпақ және Түркімен елінде кеңшарлар мен кооператив басшыларын, коммунистер мен активтерді бандылық топтар өлтіріп жатқанын естідім, мен ол жаққа

бара алмаймын», – деп Жайынов түсінік береді. Сондай-ақ үштіктің тергеушілеріне Д. Нұртілеуовтің жазбаша пікірі былайша екен: «Ойыл ауданының «Сартоған», «Күпсен», «Құмсай» ауылдарында Әлиев байдың баласы, арғы ата­ лары Әбілқайыр ханнан тарайды. Боранбаев кеңшарды құлатуға үгіттеп контрреволюциялық ұйымға мүше бол­ ды. 11 ауылда Ермұханов, Ажайықов сықылды байлар, молданың ұлы, қойма меңгерушісі Тілекешов, байдың ұлы, кеңшар хатшысы Дарыбаевтар көрші кеңшарлардың малын ұрлаумен айналысып, көктем егініне қажетті тұқым қорынан 50 пұт бидайды өз топтарының қажеті үшін жа­ сырды. Нұрпейісовтердің үгітімен екі жүзден астам жанұя басқа жаққа көшіп кетті. Қазір жұмысшы күші жоқтың қасы». Бұрынғы Ойыл ауданы «Колхозодақ» мекемесінің бастығы, БК(б)П мүшесі Хасен Жауынбаевтың түсінігі: «Ойыл ауданы орталығында контрреволюциялық топ жұмыс жасады. Оның құрамында Нұрпейісов, Қожахметов, Аманов, Алшынбаев, Шектібаев, Амантұрлин, Жұбаев, Ишанов, Жұмағалиевтер болып, олардың әрбір ауылда топтары құрылып, қажетті тапсырмалар алып тұрды (22.05.33 ж.). Темір аудандық партиясының бұрынғы хатшысы Абдуғали Акимовтың жазбаша куәгерлік сөзі: «М. Наре­ нов маған туыс болады. Туғанның айтқанын орындамасаң, қиянат деп түсініп байлардың малын тәркілеуден сақтадым. Оны мойындаймын. Басқадай Кеңес үкіметіне қарсы ісім болған жоқ (15.06.33 ж.). 8 ауылда 300 сауын сиырдан – 80, 210 жұмыс көлігінен 85-і ғана қалған, мал ұрланған, сойылған. 41 шаруашылықта тұқым қорын ұрлау орын алған. Ал Шалқар ауданының 3 ауылдық партиясының хатшысы Марқа Құбалдиннің түсінігі: «Кеңшардың қырманынан молда Нұртайға 21 қап астық берген. Бақбергенов хат жазып Кемелов арқылы Аралба­ ев, Шүкіров оқып танысқасын, Қарақалпақтағы бандылық топтың бастығы Бөлекбаев пен Дәрібаевқа тапсырылмақ еді. Мақсаты Бижан-Ханды қарумен қамтамасыз ету, ол үшін пойызды тонау, Жалғасов арқылы оқ-дәрі, қару ұрланғанын білемін, өзімнің оған қатысым жоқ». 5-0203

Сонымен БК(б)П-ге кандидат, облыстық соттың бұрынғы мүшесі Көптілеуовтің өтініш жауабы: «Өзімді жауаптымын деп түсінем, контрреволюциялық ұйымға Жауынбаевтың үгітімен қосылып кеткенімді мойындай­ мын. Кешірім өтінем (19 наурыз, 1933 ж.)». Облыстық ОГПУ бастығы Кемер, сосын Титов қол қойып, куәландырған (9.06.33 жылғы 988841-3) құжаты бойынша контрреволюциялық ұйымдардың қылмыстық ісі аяқталып, Табын, Темір, Шалқар, Ойыл, Ақбұлақ ау­ дандары бойынша және Ақтөбе облысының 6 ауданының орталығынан 45 адам тұтқындалғаны белгілі бола­ ды. Күрделі де қайғылы оқиға. Ұсталғандар атылды ма, түрмеден аман шықты ма, оны сөз етпегенде халықтың ағыл-тегіл төгілген қанының үстіне социализм қызыл жалауын желбіретіп, дым білмегендей, дым көрмегендей жып-жылмағай саясатты дамытып, көшті ілгері тарта жөнелді. Бүкіл Одақтың еңбекшілерінің ұлы көсемдері В.И. Ленин мен Сталиннің саясатына шаң жуытпай, «ком­ мунизм ана қырдың астында» деп тартып кеткен қазақ халқының жүрегіндегі шемен шерді қашанғы бүкпелейміз? * Ел аузында тарыққанда, ескіні аңсап зарыққанда әр түрлі сөз қалған. Бірі ханды жоқтаған, енді бірі патшаның жақсылығын айтып мысалдаған. Әбілқайыр бабамыз, «Қара қылды қақ жар», – деп, Айтқан оған Данамыз. Төле бидің ақылын Әбілқайырдан табамыз. Кеңес үкіметі жасасын! – деуге жетпеді ғой шамамыз. Аштан өліп барамыз, Жан шығар алдында, Хан-сұлтанды еске аламыз. Қансорғыштар көбейді, Қалай тірі қаламыз?!

Күн көсемге сиынып, О дүниеге барамыз! Бүйте берсек ақыры, Коммунизмге жетпей қаламыз, – деп тақпақтатқандар әр елде, әр ауылда айтқыштарға айналды. Әлсіз халық тірлік тұтқасын ұстап, тырмы­ сып бақты. Бірақ социализмнің рахман нұры жетпеді. Ажал өткелінен көбісі өтпеді. Ой бөлінді, опасыз саясатқа алданғандай сезінді. Сонымен коммунизмге жете алмай, капитализм­ де баспаған төбелер қалды деп қоғам жаңаша өзгеріске ұшырағанда да қиындық етектен алып, ұры-тонаушылар шығып, барды бүлдіріп, құртушылар да табылғанын көзімізбен көріп, әйтеуір еркіндігімізге ештеңе тең келмес деп шүкірлік еткен мезгілді де ұмыта қоймаспыз. Сонда деймін-ау, бұл күнде әлемде бір адам зәбір шексе не өлімге ұшыраса араша түсіп жататындар бар. Ал Сталиннің зама­ нында тұтас халық қырылып, жер бетінен жойылып кету қаупі туғанда әлемнен бір жылы үн шықпапты. Бұрқанып теңіздей толқып жатқан адамдардың төгілген қанына аяушылық болмағаны ма? Әлде сталиндік зұлмат жұмыр жердегі халықтардың бәріне үрей туғызып, жүректеріне қорқыныш ұялатып, іштей тұңғиық тереңге тартты ма екен? Орыстың ақын қызының қазақ елінің аштықтан қырылып жатқаны жайлы жазған өлеңі де шет тіліне ау­ дарылмапты. Су орнына қан ішіп, сусынын қандырған көсем саясатының қанды қасіретінің қалыңдығын әлі талай деректермен, құжаттармен масқаралауға бола­ тын шығар. Бірақ, оның бәрі жау кеткесін қылышыңды тасқа шаптың кері деп түсінсек, тарихымызды түгендеу қиынға түсері күмәнсіз. Қаралы заман саясатындағы күмән мен күдікті, жақсылық пен жамандықты, ескі мен жаңаны, белгісіз бен белгіліні, бар мен жоқты, тапқанымыз бен жоғалтқанымызды, өткен замандағы қанішер тасжүректердің ұрпағының кім болғаны, тағдыр оларға не сыйлады, бар етті ме, жоқ етті ме, қайғылы ма, қуанышты ма, жамандық неге тіреп, ұрпағының алды­ нан шығып өкіндірді ме, осындай сұрақтарға жауап та­

уып, халқымыздың тарихына қажеттілікті толықтыра беру үмітсіздің де үмітін жалғап, бір толқып ойға батырар еді. Тәуелсіздіктің мәнін түсінер еді. Қан қақсаған халық зары санасын оятар еді, ұлтым, қазағым деп сілкінер еді. Мейірімділік пен зұлымдықтың мәңгілік бітіспес арпа­ лысын жүрегімен ұғынар еді. Намысты таптаған езгіден құтылған кезде кейбір пенденің болдым-толдым деп тасыраңдауы қандай жиіркенішті! Кейбіреудің көңіліне ауыр тиіп қалды ма?.. Мейлі. Ұлтымның ұлылығына ешбір байлықты, ешбір мансапты, лауазымды, бақ пен тақты айырбастамаймын. Ұлы халықтың бір перзенті болғанымнан артық бақыт керек емес... Мен қырып-жойып өлтірем десе де өлмейтін қазақпын! Әлемге осылайша жар салуға еркін құқым бар!.. Асқақ үнім 2020 жылдары жапон­ дар Айға қала салам дейтін кезде де естіліп тұрады... Ал егер ұйқыға кетсем, Қазақ аспанынан төгілген таң шапағымен қайта оянам. Өйткені, көп күйзелдім, көп қайғы жұттым, енді Аллаһтың берген мейірімімен қуануға қақым бар. Қалың ұлтыңмен бірге қуануға не тең келуші еді! Оны, оқушым, өзің де түсінетін шығарсың... Адамның бір бақыты қуанышын сезінуі болса керек... Баяғыдай қанішерлердің «Бірден атыңдар!» деген сөзін ешкім естімей-ақ қойсын. Бәрің де тойға келіңдер деп қуанып жүрелік әрқашан... ТІРШІЛІКТІҢ ҚАЙҒЫЛЫ ПАРАҚТАРЫ Шаңқай түсте аптап күйдіріп барады, қаннен-қаперсіз бүкіл ауыл, әркім өз тірлігін күйттейді. Киім киісі, жүрістұрысына сырттай қарап, мұңсыз ел деп қаларсың. Ой түбінде бұғып жатқан арыстандай шер бастан өтсе де ешкімнің білдіргісі жоқ. Оқтай түзу көшелерге асфалть төселген, адамдардың тұрмыс-тіршілігі бірқалыпты. Ішпесті ішіп, киместі киіп отыр деуге болады. Шаруашылықтың экономикалық кірісі облыста алдыңғы қатарда. Кеңшардың еңселі биік кеңсесінде директор Сұлтан Насыров ауыл адамдарының ол-пұл сұранысын орындап, күнделікті шаруаны жайғап отыр. Ұзақ жыл басқару ісінде бастықтың қызметін атқарып келеді. Халық алдында беделі

жеткілікті, тұрмысы көзге шыққан сүйелдей елден ерек емес, халықпен бірдей, шағын үйде тұрады. Кеңшардың байлығы есебінен күн көруден аулақ, қажеті болса қаржысын кассаға төлеп жаздырып алады. Бастық таза болғасын, мамандары да тал шайнап, қыл жұтпайды деу­ ге болады. Жері жомарт, топырағы құнарлы, ағаш қазық қақсаң көктеп шығатындай дерсің. Егін шаруашылығы дамыған, мал өсімі байлық негізіне айналған. Ал осындай жомарт жердің байлығын біле тұра халқы қалай бұрын аштыққа ұрынды дерсіз... Өзен-көлдерде тайдай тулаған балығы, еркін жортқан аң-құстары асырамайтын ба еді? Өткен ел тарихының ақтаңдақ беттеріне нақты жауапты елдегі бірен-саран қарттар ғана айтар. Әйтпесе, жастар «байлығым бұрыннан баянды болған» деп өте шығар еді. Шындық бастарынан өткеріп, көзімен көргендердің ау­ зында ғана: – Аштық жөнінде басқа түскен, халыққа тап болған нәубет, зауал деп қысқа қайыра салуға болар. Бұл тура­ сында әркім әр түрлі бөсер де. Өмірде шындыққа не жетсін! – деп бір сәт терең ойланып алып, іздеп келген шаруамызды білгесін Жәпек қарт жан сарайын ашып әңгіме тиегін ағытты: – Байтақ даламызда теріп жегенге де, ұқсатып жегенге де ризық көп. Қолын қағып, кісен салмаса кім аштан өледі?! Өзен-көл жетеді. Мына іргеде тұрған кеңшарды «Қызыл жұлдыз» атандырды. Екі ел іргелес, қалың қазақ мекені. Қорғалжын өңірі. Қайырсыз жер жоқ, қайырсыз уақыт, зұлым адам болады, тірі жүргеніңді көпсінетін имансыз адам болады, олар беті күйсе заманды жамандайды, заман кінәлі емес, кінәлі өзі. Сұрағыңа қарай айтпағым, отыз екінші жылдың аштығы ғой, өлім аузында жатқандарды көрдік, олардың басын сүйейтін, аузына су құятын жан болмады. Осы жерде елуден астам жанұя бар еді, бар ма­ лын ортаға салды, әуелі ТОЗ, одан соң серіктес атанды. Мал балағынан өспеді, бәрі құрыды, етке өткізілді. Үкімет бұзау, қозы әкеліп берді. Ойша есептегенде үш жүзден астам адамның жұмырына жұқ болатын азық жоқ, қапқа да сыймайтын уәде жетіп жатты. Жұрт үнсіз, өлетін бала молаға қашады деп өлерде тіл байланады ғой. Аштық ел

шетіне келді. Азыққа деп жинаған ірімшік, құрт, сүзбе, майды милициялар тартып әкетті. Салық деп адал асты жинап алды. Аз-кем азығын жасырып қалғандар аштан адам өле бастағасын үреймен жалмап қойды. Үрейдің өзі өлім екен. Қазір сондай көргенімізді еске алудың өзі қорқынышты. Түсіме кіргенде талай шошып оянғанмын. Адамның арса-арса сүйегі, бақырайып ұясынан шыққан көзі, аңқиып жатқан ауызы, аяқ-қолының сіңірі тар­ тылып, кейбіреуінің ашылып-шашылып жатуын көру оңай емес. Есім кірген сегіз-тоғыз жастағы баламын, үйімдегі он жаннан аман қалған менмін. Анам «жаныңды сақтайды, анда-санда аузыңа салып сор» деп екі шақпақ тұз берген. Ауылда орыстар балық аулайды, солардың қасына барғанымда әйтеуір қиқымын, сүйек-саяғын, кей­ де аяп балық береді. Соны талғажау етіп жүрдім. Басыңды көп ауыртып қайтейін?! Айналасы бір-екі айда халықтың біразы қырылып қалды. Өліктерді көмуге үлгере алмаған соң суы тартылып қалған ескі құдыққа тастай бастады. Үш үйлі орыстар көшіп келіп қоныстанды, қазақтарға көп жолай бермейді. Оларға азық беріледі. Үйлерге орналасты. Әке-шешем, бауырларым өліп қалғасын, сол орыстардың жұмсаған жұмысын атқарам. Отын шауып, тасып әкелем. Адамдары өліп қаңырап қалған үйлердің тезек отынын тауып берем. Ауылдың басшылары, белсенділері халықтың дені өлгесін жүктерін тиеп басқа жаққа көшіп кетті. Иесіз үйлер құлап жатты... Бұралқы иттер қуыс-қуысын паналап еді, оларды да кейін ашыққандар жеп қойды... – Қазақтар неге балық ауламаған? – Молдалар айтыпты, көлдің құрты – балықты же­ ген адам о дүниеге барғанда ауыр соққыға тап болады. Балықты тірілт деп күрзімен қабырғасын күйретіп, денесін отқа қақтап тастайтын көрінеді дегенді молда айтты ма, қаскөйлер ойлап тауып зұлымдық жасады ма, малдан айырылғасын ажалды тып-тыныш күтіп алайын деген ғой. Тұяқ серіппей, онсыз да сақтаған азық-түлігін милициялар тінтіп әкеткесін ажалды күтіп жатпай ма. Аңғалдық, адалдық, ешкімнің ала жібін аттамаған бейкүнә мінез сол. Үйіміздегі он жан шетінен өле бастады. Әлгінде анам берді деген екі шақпақ тұзды аз-аздан сорып, шаңырақта бір өзім аман қалдым. Анамның тілегі де сол

еді... Тірі жүргеніңді көпсінетін қаскөйлер сұрқиялығын көрсетпей қалған жоқ, Жаратқан Иемнің құдіреті ғой, солардан тұқым да қалмады. Алайда құдықта денелері ашық-шашық жатқандардан бір артықшылығы – мола­ сы бар. Басына барып ит те симейді. Аштық адамдардың қастандығын, жыртқыштығын көрсетіп берді, – деп ора­ малымен жасаураған көзін сүртті. Көкірек кере күрсінді. Бойында қалған үрейді қабірге бірге әкететіндей ойын сездірмеді. Көкірегі шерге толып, көз алдындағы көрпекөпшік, төсеніш, кілем қып – қызыл қанға боялғандай көрінді ме, тұнжыраған күйі басын төмен салды... Біраздан соң терезеден төгілген күн сәулесіне қарап, сол жарықтан қуат алғандай боп: – Адамды әзәзіл шайтан азғырды ма?! – деп Қожабеков қарт азапты жылдарын есіне қайталап түсіргісі келмеді. Аштықтың себебін саясаттан көрмейді, адамды кінәлі деп таниды. Онысы да жөн шығар, бар байлығын қаруларын кезеніп келгендер тартып алды. Тонады, тала­ ды. «Үкімет жарылқайды, ешкімді аштан өлтірмейді» деп бұлбұлдай сайрады. Соңы бәлду-бәлду, бәрі өтірікке айналды да қазаққа ажал жетті. Қоғам өзгеріп, саясат құбыла бастағанда жалғыздан-жалғыз бұғып жүрген сұм-сұрқиялар жойқын күшін салып, өз пайдасын шығарып, мұралы болып қалады екен. Ел тарихын ерекше құрметтейтін Сұлтан Насыров Кеңес үкіметі құлағаннан кейін әкімшіліктегі әлдекімде: «Зейнет жасынан астың, ордендеріңді ал да, орныңды босат», – дей бергесін, туған жері Қимаға көшті де кетті. Облыстағы бірден-бір ірі әрі экономикасы нық шаруашылық нарықтың талапайына түсіп таланды, жүнін жұлған тауықтай жұтаған күйге түсті. Басшыдан соң басшы ауысты, байлықты, малды, техниканы, құрылыс материалдарын тынымсыз жанжаққа тасып жатты. Банкрот дегені қанкүрек болып, «Жапалақ келіп жалп етіп, жарымын ішіп ол кетті, сауысқан келіп саңқ етіп, сарқытын ішіп ол кетті», – деген сатиралық жырды шертті. Сол нарық басталған жылдар­ да ауыл сыртындағы молалар да көбейді, Жәпек қарт та мәңгілік мекеніне жайғасты. Бір ғасырдың қайғылы тари­ хын, шемен боп қатқан шерін денесімен бірге жер қойнына әкетті...

  • * О дүние демекші, отыз екінші жылғы аштық қырғынының себептері жетіп жатыр. Оны көзімен көріп, құлағымен естігендердің жазба дерегін саясат үрейі көп жерде қалдырған жоқ. Ақпарат құралдарының, заң орындарының дерек-құжаттарының шындығын он екі де бір нұсқасынан толық қалпында таба алмайсың. Саяси бас­ шылар түрлі жиындарда аштық туралы еш уақытта тіс жармады, абайсыз сөз айтпайтын. Ал милициялардың елді күн құрғатпай емес, ай сайын аралап тұратын көлігі жоқ, ауданның бірінші хатшысы ауыл басшысынан көлік сұрағанда: «Сіз түгілі милиция да жаяу кетті», – деген сөз қалған. Жер шалғай, қатынас қиын, елдің хабар-ошарын «жіп телефон», аздаған пошта тасушы ғана баршылық. Ел мен елдің арасы жүздеген, мыңдаған шақырымға со­ зылып жатса, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарын­ да Қазақ елінде 53 уезд, 1127 болыстық басқару, 8136 ауылдық кеңес, ондағы халық саны (нақты деуге болмас) 5 212 651 адам болса, сонша өзекті шаруаны, мұқтаждық пен кіріптарлықты көлікпен жүріп қамтып, жай-күйді бес саусақтай біліп тұруға мүмкіндіктің жоқтығын түрлі құжаттардан білесің. Дегенмен, «жатыпатар­ лар», пысықайлар үкімет орнына не түрлі оқиғаларды да жеткізіп тұрған. Өштік, қастық, кек сақтау, әлсізді басынып тұқырту, өзін белсенді танытып қалпағын қақырайтып көрсетуде көбіне шындық болды дейсің бе?! Қиян шеттегі елдерде халық аштан өліп жатыр ма, бірін-бірі сойып жеп жатыр ма, оны айына, жылына келіп-кететін өкілдердің жазба дерегінен іздей бастайсың. Бірақ, өзінің қу құлқыны мен бас пайдасына бола Мәскеуден осындай тапсырма бар деп, көлдің балығын аулауға, аң-құс қағуға лұқсат бермеген, елдегі мылтықты жинап алған сұмсұрқия қаныпезерлер еді. Бірде қаламгер ініміз Сәбит: – Мына Ереймен халқының біразын аштық жалмап кетті дегенге, кейде ойға қаласың. Қытайлар: «Қазақ неге қырылып жатыр, жерінде жусан көп, адал жусанды жесе өлмейді ғой», – депті деседі. Сол айтқандай, Күншалған таулы өңірі аң-құсқа бай, көлдері балыққа толы, шөбі де не түрлі дәрілік өсімдіктер ғой. Ашыққандар мал­

дан айырылғасын табиғаттың байлығын алуға, дәлірек айтсақ, балық аулап жер еді, құралы жоқ, аң қағар еді, мылтығы жоқ. Тіпті көсеу болар дейтін темірді де табу мүмкін емес. Егістік жерді ағаш соқамен жыртады. Тірлікке қажетті жылтыраған құралды милиция қағып әкетеді. Олар да өлшеп берген азыққа жарыды деймісің. Сонымен Айжарық деген аңшы жанұясын асырау үшін Күншалған етегін мекендейді. Аң қағады. Оның хабарын елдің тыңшыларынан білген милициялар аңдуға түседі. Себеп көп, үкіметке қарсы сөз айтты, бандылық топ құрып жүр десе қағаз көтереді. Бәрі сыйымды заңға жатады. Ең бастысы, өзін өлтіріп, жүйрік атын, қаруын, үй-мүлкіне қол салып, байдың тұқымы дейді, алтын-күмістерін то­ нап алады. Айжарық өзін милицияның аңдитынын біліп, жасырынатын орындарын алдын ала дайындап қойған. Содан не керек, Айжарықтың үйіне жақын келгенін милициялардың көзі шалып қалып, үйді, оның маңын тінте бастайды. Таба алмайды. Жер жұтқандай жоқ деп ойлаған милицияның бірі қазан астына от жағып жатқан әйелдің қасына келіп: – Айжарықтың кінәсі жоқтығын біліп, үкімет кешірді, «мал ұрлады, бандылық топта» дегені бекер болды, ақталды. Күйеуіңе айт, бізден құжаттарын алсын? – дейді. Сол кезде аңқау әйел дауыстап: – Айжарық, жасырынба, шық, үкімет ақтапты, ел ортасына барамыз, – дейді. Сол кезде от жанып жатқан қазандық астындағы шұқырдан атып шыққан оны ми­ лиция қақ маңдайынан атып түсіреді. Балаларын, әйелін қаңғытып, үйіндегі бар мүлкін, байлығын сыпы­ рып әкетеді. Міне, осындай дүлей күшті зұлымдардан үрейленген адамдар оққа ұшып өлгеннен «жайыма жа­ тып өлейін» деп өздеріне үкім шығарып ажал күтеді. Елді мекеннің аштыққа ұрынып осылай үні өшіп жатады... Кейде қанішердің ұсқынсыз суық түсін көргенде шошынасың. Елдің аузына азық тиіп, зар-мұң бәсеңси бастағанда, елуінші жылдарда Ойыл қаласында қара Василий деген жүрді, есі кіресілі-шығасылы. Тіл алмай тентектік жасаған балаларын жұрттың «милиция келе жатыр, қара Василий жеп қоямын деп келе жатыр» деп қорқытатынын еститінбіз.

  • * Аса құпия, Ақтөбе облысы, УНКВД, үштіктің кеңесі, №5 протоколдан көшірме. 3 қыркүйек, 1937 жыл. Баймағамбет Айназаровтың қылмыстық ісі. Ключевой ауданының Сазды елді мекенінде 1874 жылы туған. Байбанды, 1929 жылғы тәркілеуге ілігіп, 40 ірі қара малы, 10 жылқы, 4 түйе, 100 қойы ортаға салынған. Үкім жаза­ сынан жасырынып жүрген. 1932 жылы өзіне төрт адам­ нан топ құрып колхоздың екі жылқысын сойып жеген. Қылмысын мойындағасын сот 3 жылға үкім шығарған, денсаулығына байланысты 1933 түрмеден шығып тағы да мал ұрлайтын топ құрған, «Искра» кеңшарының екі өгізін, бір жылқысын сойып жеген. Ұсталды, түрмеге отырды, тағы да қашып кеткен. 1937 жылы екі өгіз, бір түйені ұрлап сойып базарда сатып тұрған жерінен ұсталды. «Кеңшарларда «колхоз ештеңе бермейді, азықтүліксіз аштан өлесіңдер, малды ұрлап сатып өздеріңе қор жасаңдар, сосын шетелге көшесіңдер» деп үгіт таратқан», – деген айыпты өзіне мойындатып, қолын қойдырып, бай-бандыны бірден атуға үкім шығарады. Одан кейін шұғыл түрде «Аса құпия» актісі бойынша Айназаров Баймағамбет Ақтөбе облыстық НКВД басқармасының үштік қаулысы бойынша 10 қыркүйек, 1937 жыл, сағат 3-те атуға деген үкім орындалды. Қол қойып құжатты заңдастырушылар мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің сержанты Молчанов, кіші лейтенант Ягунков және мили­ ция сержанты Ивченколер екен. Міне, тағы да бір қазақ 63 жасында қара жерге сыймай атылып кетті. Ойласаң, бұрынғының байы жиған мал-мүліктің құны бүгінгі ұрының «Джип» автокөлігінің құнына да тұрмайды. Кеңес үкіметі қалай тазартса да ұрлық тыйылмай, бүгінгі күнге де сыбайласа отырып танаулап жетіп үлгерді. Жә, әлемде жемқорлық тоқтар емес, сабыр сақталық. Одан бұрын Ай­ назаров өз өмірін өзіне көпсініп қылмыс жасауға өзі бар­ ды ма екен деген ойға қаласың. Бәрінен ауыры, алпыс жастағы әйелі мен екі ұлының тағдыры қыл үстіне ілігіп, жел айдаған қаңбақтай басымен қайғы болып кетпеді деймісің. Аштыққа ұрынып әлдекімнің жуындысын ішуге

зар болды ма екен, әрине, бұндай жағдайдан кейін оларға кең дүние тар болғаны анық... Ойнарсың ажалмен деп бармақ тістеп отырғаның сосын... * Тергеуші зілді сұрақ қойды. Онсыз да жанының амандығын ойлап қайғырып отырған Қабыш Алмағамбетов «жындандың ба?» деген дөрекі сөзге шыдамай: – Жұрт өлді деп өлуім керек пе? Мен атадан жалғызбын, ұрпақ қалдыруым керек. Соғыстың қырғынын өзің ба­ рып көрсең, қалай қашуды білер едің? Бір жыл соғысып жүрдім, қырғында, қалың өрттің ортасында тірі қалу некен-саяқ, – деп тергеушінің қаперсіз, түтіккен жүзіне таңырқап қарағандай болды. – Есің дұрыс емес... Отанын сатқан сатқын екеніңді мойындайсың. Бітті шаруа, не түрмеде шірисің, не майданның алдыңғы шебінде оққа ұшасың. Бітті шаруа. Үкімді күт! – Рас, қашып шықтым, қара шыбындай қырылған өліктің арасынан тірі қалған адам аз. Өлсем туған жерімде өлейін дедім. Және әйеліммен үйленгеніме бір ай толмай жатып соғысқа кеттім. Әкеден жалғызбын, аштықта бәрі қырылып қалған. Жүрегіңде әділдіктің тамшыдайы болса ойлашы, әйелімнің қасында жатып, бір ұрпақ қалдырсам деп армандап едім. Ұрпақсыз өтем бе деген қорқыныш шыдатпады, – деді де Қабыш көз жанарын төмен сала­ ды. Көзінен домалаған жас еденге тамып жатты. Оны кім ұғынып, ақтайды дейсің?! Қаштың бітті, мойындадың, тергеуші басқадай жауапқа тартып мазаламайды. Қорғаса теріс түсінетін, секем алатын басшылары бар. Сондықтан тергеуші әскери трибуналдың заңдылығына, тәртібіне көнеді. Сонымен Қабыш Алмағамбетов әскери трибунал шешімімен 197-статьяның 7-тармағы бойынша он жыл үкім алып, егер 1942 жылдан 1943 жылға дейін соғыста болғаны ескеріліп майданға кетуді сұранса алғы шеп­ ке жіберіледі (Аса құпия іс. №83, №6-0-2035). Сонымен қазақтың тағы бір қара шаңырағына қауіп төнді, отағасы соғысқа кетсе оққа ұша ма, түрмеге барса өлім құша ма, белгісіз. Тағдырдың күнілгері әзірлеп қойған ажалы ма,

бейнеті ме, одан қашып құтыла алмайсың. Еріксіздіктің, қырғынның қайғысы сіресіп жатқанда томашадай басыңды қорғар пана таппассың... * – Тыңда мені, жаның шықпай тұрғанда айтасың, бұл ауылда кімнің малын ұрлауға болады? – деген Данил ар­ тынша: – Өзің отқа қақтап не жеп отырсың? Ет пе? – Тышқан жеп... ашпын, қақпанға түсетін тышқан да қалмаған... – Қарныңды тойдырам, малды қай жерден, қалай ұрлауға болады? Тышқан жеп отырған әлсіз селт еткен жоқ. Шайнаңдап жұтынып алды да: – Бұл ауылда тышқақ лақ қалған жоқ, бәрін үкіметке тапсырды, – деп көз жасын тамшылатты. Данил аяп кетті. Адамды сойып жегендер бар деп естіді. Ашықса қайраты бар адам нені жемейді деп те ойлады ма? Қайткенде де аштықтың жаман түрінен шошыды. Сосын да қалайда қор жинауға бекінді. Егер күшпен қимылдап ұрлап, то­ нап қалмаса мынадай аштыққа ұрынудан жүрегі сезік алды. Зражевский Данил Ивановичтің туған жері Астра­ хань губерниясы еді, кулактардың бірі болды, малмүлкі тәркіленді, 1930 жылы Ойыл ауданынан жер ау­ дарылды. Байлығы есінен шықпайды, 50 сиыр, 150 қой, 5 ат, 6 түйесін екі кедей бағып, содан түскен қаржыға тарықпай өмір сүрді. Сол күндерін ойласа жүрегі шан­ шиды, өз-өзінен өгейлеп қалады. Мал-мүлкіне салық төлемеген деп 5 жыл еркінен айырған, сайлауға дауыс беруге құқығы жоқтық айыбы және бар. Ойыл өңірі аштықтың құрсауынан шықпаған, күнкөріс жоқ болғасын ұлдары Иван мен Григорийді ертіп мал ұрлау, мүлік тонау, кеңшарлардың астығын тартып алумен айналысты. Ойыл және Орынбор облысының «Бөрте» кеңшарының мал-мүлкін, азығын тонап қоймай, қарсыласқанның жанын қиды деді ме, «Кеңес үкіметі халықты аштан қырады» деп үгіт жүргізді деді ме, қылмысы жетерлік бо­ лыпты... Шетелге қашамыз, байланысым бар деп талай­

ды азғырғанын «жатыпатарлар» жеткізгенге ұқсайды. Байлығынан айырылғасын кешіре алмай, Кеңес үкіметінің ісін бұрмалап, қисық түсінік таратпай тұра ма?.. Сем­ сер пышақ бар, мылтық бар, күш бар, малынан айырылған ыза-кек бар. Мал ұрлығы, астық ұрлығы үстінде Орын­ бор облысының үштігі бұларды қолға түсіреді. Данилдің үлкен ұлы Иванды бірден атуға үкім шығарып, дереу жаза орындалады. Григорийді он жыл түрмеге қамайды. Ал 69 жастағы Данилді түрмеде өлмелі ауруға шалдыққасын алты айдан кейін бостандыққа шығарады. Міне, Ресейден жер ауып Ойылға қоныстанған Зражевскийдің шаңырағы 1937 жылғы 15 қарашадағы үштіктің шешімімен өлгені өліп, тірісі түрмеде жазасын өтейді. Жалпы айтқанда, жеке адамның, қоғамның мал-мүлкін ұрлап, түрлі қарақшылық қылмыс істегенді қай қоғам болсын, оны ақтай алмайды. Қазақтың ескі дала заңында жылқы ұрлаған ұрыны өлім жазасына кесу болған. Қалай ойласаң да, ұры-қарақшы, лаңкес, бұзақы, содырды бүріп түсетін заңға ешкім қарсы тұра алмас. «Ұры кісі басқаның малын жейді, өзінің арын жейді» дегенді түсінбегенге қай кезеңде де обал жоқ. Айта кетелік, Молотов пен Сталиннің қол қойған (8 ма­ мыр, 1933 ж.) қаулысы бойынша таптық тазартуда Одақ бойынша 12 мың кулактың жанұясымен басқа жаққа жер аударуға ілігіп келгендерінің қылмыс істеуден аман қалғаны аз шығар. Бір жерде қылмыс болса, алдымен со­ лардан күдіктену болмады деймісің... * Баста билік жоқтығын, әркімнің жанын аман сақтауына дәрменсіздігі болғанын айтпайын десең де, «халық жауы» атанып бірден атылғандар ұлттық алтын қор, мықты кадрларымыз екенін тарих біледі. Құжаттардан көресің. Үкімді де, тәртіпті де Мәскеу шығарады. Көбісі орыстілділер. Олардың «Ұлттық кадрларды атып тауы­ сар емеспіз, олардың орынтағына кім отырады?» деген сұрақпен шаруасы да болмаған шығар. Айла табылады, құтылып көрсін. Шап беріп ұстайды да атады, көбіне

қылмысыңды мойында деп қыстап та жатпайды. Алғыр ойлы, елдің өркендеу тұтқасына керек болар демейді. Ғалым болсаң да санаспайды. Қазақ даласының түрлі кен байлығын зерттеп, игеру жөніндегі жұмыстары Одаққа белгілі, Қазақ ССР жергілікті өнеркәсіптің халық ко­ миссары Қалменов Аташ Алпысбайұлы жұмыс орнын­ да тұтқындалып, сол күні 1938 жылдың 8 наурызында атылды. Үкімді КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясы шығарды. Қуынуға, қайта қарауға жатпайды. Ғалым екен демеді. – Не үшін жазықтымын, республикаға ғылым керек емес пе? – Ғылым керек, сен керек емессің! Ататегің таза емес, әкең Алпысбай Қалменов Ресей мемлекеттік думасының депутаты болып еркін ел, тәуелсіз мемлекет құрғысы келген. Бай болған, тәркіленген. Бәлкім, өзің де Орын­ бор арқылы Алматыға жер аударылған Л.Д. Троцкий мен Зиновьевтің үгітін тыңдап шетелмен байланысып жүрген боларсың. Кеңес үкіметіне қасақана ойың бар деседі, – деп одан әрі сөз шығындамайды, бір оқ жалынсын деп өлікті актілей салады (Қалменов ұрпағы – Арқалық боксит кенін ашушылардың бірі). Сол наурыз айының 2 жұлдызында Қазақ КСР совхоздар халық комиссариатының басқарма бастығы Нұрмағамбет Шамғоновты «Ет тапсы­ ру майданының жоспары неге орындалмайды? «Халық жауысың», – деп кабинетінде тұтқындайды. Оның жауа­ бы: «Елде мал қалған жоқ, аштық жылдарында қырылып қалды, тартып алынған мал етке тапсырылып кетті», – деп шындықты айту болса керек. «Ендеше өзің де жоқ боласың!» – деп КСРО Жоғарғы сотының әскери колле­ гиясы шұғыл үкім шығарып атып тастайды. Заңсыз тұтқындауға Қазақстан Орталық комитетінің дәрмені жоқ па дерсің. Оның ретіне қарасаң КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының тәртібі ешкімге бағынбайтынын көрсетеді. Әйтпесе, Қазақ КСР прокурорының аға көмекшсі Сабыр Қашин 41 жасында «халық жауы» атанып атылып кетпес еді ғой... – Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы» за-

ңына сәйкес заңсыз, дәлелсіз репрессияға ұшырағандар ақталды, – дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Еркін Құрманбек. – Басқасын айтпағанда, сол жылдары 1615 ақтөбелік атылып кет­ кен, ал контрреволюциялық үгіт-насихат жүргізгені үшін делініп 1378 адамға үкім шығарылып, түрмелерде отырған. Бұл – бір облыстағы асыра сілтеу, қырып-жоюдың қанды сойқан түрі. Міне, КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясы мен үштіктің өрттей жалмаған қырғынымен ойнап көр... Одақ бойынша 1921-1954 жылдарда 642 980 адам атылып кеткенін 1954 жылы Одақтың Бас проку­ ратурасы, Ішкі істер министрлігі және КСРО Юстиция министрлігінің Н.С. Хрущевқа берген анықтамасында көрсетілген деректі қате деп ешкім айта алмас. Дала қызыл қанға бөккен, әркімге жан қайғы болған кезеңнің қайғылы оқиғалары жетерлік... Оған қағаз парақтары да шақ келмес. Бүгінде халықтың өткен замандағы көрген азабы түс сықылды көрінеді. «Өлдім, құтқар!» деп ойбай­ лап жатқандардың зарлы дауысы естілсе жаның шошыр еді... * Саясат үйреншікті. Жебір әйелдің күніне жеті рет киінетініндей өзгеріп, құбылып, толығып, қым-қиғаш тіршілікпен ойын ойнап, той тойлап жатқандай болады. Оны біреулер саясат сайқал дейді, айта берсін, ауыз өздерінікі. Қайткенде халықты уысында ұстаудың амалын тауып, бұлтақтағанның сазайын тарттырып оңтайына түсіріп, тәртіп-тәрбиесімен тәж-тақтың беделін арттырып, ұтысқа шығып отыруға тиісті. Сосын ғой, көсемдер бір-бірімен кездесе кетсе сүйісіп амандасады. Ұсақ-түйек реніштері болса кешіріп, шешілмейтін істер де оңай шешіліп жата­ ды. Көсемнің жел жағынан шығып, қателігін айтқандар Тескентау асып қуылып жатты, қажет болса қанына қол бұлғанып жатты. Қан кешу де, жан кешу де саясатқа қызмет етеді. «Оу, Кеңес үкіметін аяғынан тік тұрғызып құрысам, оның қарсыласына кеудемді оққа төсегендей қатар тұ-

рысам», – дегендер бір сөзінен қателік жіберсе, олардың да шүлдікше ұшқан кезеңдері болғанға ұқсайды. Троц­ кий мен Зиновьевті халықтың бір тобы қайраткер болып­ ты деседі. Сөйте тұра бай-кулактарды жақтағаны қара табан кедей халыққа, пролетарларға ұнай ма? Ұнамайды. Өз пікірлерін арқалап елден қуылуы керек. «Социа­ лизм менің ісім емес екен», – деп өз кінәларын өздері біліп, еркімен кетсе кім қарсы тұрады?! Қай заманда, қай қоғамда да билікпен ой-пікірлері қабыспағаннан кім қайда кетпей жатыр? Сонымен социализмнің іргетасын қисық қалаймын дегендерді айыптап, Одақтың жержерінде, бұрыш-бұрышында у-ду көпшілік қатысқан жи­ налыстар өткізіліп, партия ұйымдары «арамызда жаулық пікірлі болмасын» деп хаттамалар мен даттамаларды толтырып іске тігіп жатты. Оны Мәскеу оқып, біліп жат­ ты. Керауыздылардың үнін өшіруге, Кеңес үкіметінің құрыштай күшін дәріптеуге газеттер қырағылық міндетті атқарды. Беделі де орасан өсті. Газетте сыналғандар басымен қайғы боп, құйын арасындағы шаңша ұшты. 1937 жылдың 25 қазан айында Шалқар аудандық партия комитетінің секретары Бермұхамбетов қол қойған бюро мәжілісінің қаулысында: «Аудандық газет сын мен өзара сынды өрістете отырып, ең бастысы ұлттық, фашистік көзқарасты әшкерелеу, партия мен халықтың жауларын тауып, олардың бет-жүзіне қарамай сынға алуға тиісті! Троцкийшілер большевиктік колхоздарды таратып, ша­ руаларды бай-кулактардың қолына бергісі келеді. Біз фашистік мұндай идеяға жол бермейміз!» – деп тапсыра­ ды. Мұндай жиналыстар, мәжілістер, құпия отырыстар Одақтың барлық жерінде өткені тарихтан белгілі. Содан-ақ жамандық ойладың ба, идеяға біте қайнасады, жақсылық ешқайда қашпайды, әуелі арамызды тазартып алалық. Тазарту кезінде қаламгерлердің де жаңсақ қадам басып, айшығы ауып, тіміскі кешірімсіз қатесін тауып жатқаны аз болды деймісің. Троцкийшілді табу керек деген тап­ сырыс және бар. Сонымен 1937 жыл-дың 4 қыркүйегінде үштік Паршин Иван Михайловичті қара тақтаға іліктіреді. Ол троцкийшілердің ұйымына дем беріп, А.П. Мельни­ ков, М.Ф. Богдановты мүшелікке тартып, түрлі листов­

калар таратуларын жөн көріп, Кеңес үкіметіне қарсы саяси жұмыстар жүргізген. Ол газет шығару жұмысында бұғып жүріп, жасырын пәлелі ойын жүзеге асыруды ұғып жүрген. 1919-1920 жылдары «Красная звезда» газетінде, 1920-1921 жылдары Псков губерниясында «Псковский набат» газетінде редактор, 1923-1924 жылдары «Степная правда» газетінде редактор болып қызмет істеп жүріп, Троцкийдің идеясын таратумен айналысқан. Үгіттеп талайдың құлағын сарсаң етіп, ұйымға мүше болуға ылықтыра білген. Сөйтіп, 1937 жылдың 20 қарашасында УНКВД үштіктің шешімі бойынша үкім шығарылып, үш күннен соң үкім орындалған... Ақтөбе облыстық КГБ мекемесінің бастығы, полков­ ник Шалтақбаевтың 1969 жыл, 26 мамырдағы №2005 анықтамасында: «Паршин тұтқындалғанда әйелі Юлия Паршина (қазір ІІ топтағы мүгедек), ұлдары: Юрий – 15 жаста, Владимир – 14 жаста, Анатолий 2 жаста болған. Паршинді тұтқындағанда дүние-мүлкі тәркіленген жоқ. Ал қылмыстық іс делосы мен жеке құжаттары сақталмаған», – деп жазылған. Демек, кейбір қылмыскер дегендердің тергеу құжаттарының сақталмай қалу деректері де болған. Бәрінен де ең қиыны, сотталғандардың жанұясында тірі қалған ұрпақ тас төбеден зәбір көріп, жан дүниесі ойрандалып жатты. Ал қылмысты делінгендердің шетел азаматы болса, түрлі құжат-деректері табыла бермейді. Бірер беттік үкім қағаздары тіркеліп қалатыны да кездеседі. Мына бір қылмыстық іс делосында Түркияның Измир қаласында туған, өмір сүру жағдайымен Ақтөбеде суретші-қолөнерші болып қызмет істеп жүрген Муссапиф Ниязнови ұсталып, «шпиондық қызмет ет­ кен» делініп 1938 жылы 17 қазанда үштік үкімімен аты­ лып кеткен. Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1989 жылы 23 маусымда қылмыстық ісі дәлелденбеген деп ақтаған екен. Демек, шетелге шпиондық қызмет етті деп бірқатар қылмыскерлерге тағылған айыптардың қатарында сейфуллиншіл, рысқұловшыл, есқараевшыл, троцкийшіл де­ ген саяси астар беру де кездесіп жатады. Айта кетсек, репрессия жылдарында Қазақстанға саяси сенімсіз делінген адамдар легі Ресейден, Украинадан, Молдавиядан көптеп 6-0203

жер аударылуының негізгі мақсаты жұмбақ. Ал кәрістер, шешендер, немістер «әлеуметтік қауіпті элементер» делініп мың-мыңдап Қазақстанға ағылуының себебі тарихтың қара көлеңкесінде шындығы әлі күнге толық анықталмай келеді. «Басқа республика жоқ па?» деген сұраққа нақты жауап белгісіздікпен тынады. Кім білсін, қателіктер қай кезде де, қай елде де болмады дейсің. Әйтеуір сол жер ауып келгендер қазақтармен бауыр басып, тар жолдарда бірігіп тірлік етіп, әй-шәй деспегеніне көңілің көншиді... – Адам өмірге келеді, кетеді, қауіп-қатерді басына түскенде ғана біледі, – деді бірде Қымыр. – Кейде қансорғыштық, түрлі-түрлі қулықтар да жаңарып оты­ рады... Оның бәрі халықтың тарихы, оған сақтықпен қарап, жөнін құрметтеп, жөнсізіне ойлылықпен ұғынып, түсіністік білдіру керек. Жазмыштың ырқына бағынбау қиын, тірлік алақұйын, – деп ойға шомады кейде. Күтетіні көп, бірақ барлық өткінші күндерін күйкі тірлікпен өлшегісі де келмейді... Кеңес үкіметінің іргетасын бұзбай, болаттан берік қалыпта деп ұстап тұрған кезде жұртпен бірге жұлқынып еңбек етті. Қариялардың сыбырлап қырғын өлімді айтатынын еститін, саясаты тереңге ба­ тырып тұрғанын білгесін дерек-дәйекті мысалдамай, тірі жүргенімізге шүкір ғой деп іштей тынатынын да көрді. Басшылықта ұят болса бәрі орнынан келер деп үмітін үзбейтіндерін аңғарды. «Ұят жоғалса пәле жолығады» деген сөз сол заманнан қалғаны анық. Қымыр бүгінде кейбіреулерден түңілсе, сол мақал есіне түседі. Ұят деген немене өзі, Бұйырмағанды алуға бөгет пе? Қызығып тұрса көзің, Ұяла қалу керек пе? Желігіп кетер сезім, Алмауға жетпес төзім. Ісі түскесін жұрт береді де, Алыс-беріске сенеді де. Орынтақты да сұрап алдым, Паралап тұрып, жылап алдым.

Орынтаққа қонжиып, Бергенімді басқадан ала алмасам, Құса боп ағаң өледі де... Қаржы небір істі жеңеді де! – деп Қымыр өмірдің қатыгез шағынан өткесін, қаржы басқарудың кезеңіне жеткесін қанға бөккен даламыздың өткеніне көбіне ой жүгіртіп ойлануға көбіміздің қолымыз тимей жатыр. Толғаныс болмаса да асқақтық бар, толғаныс болмаса да осыншама байлықты оп-оңай өзім та­ уып алдым дейтін тасқандық бар. Осыншама бейжайлық қаншаға дейін созылар екен? Жә, бәрі жүйесін табады дегенге сеніп мына бір оқиғаны еске алған дұрыс шығар. Аманғали ініміздің: «Талшық іздеп тентіреп кеткені бар, азыққа қолы жеткені бар, ажал құшып о дүниеге өткені бар. Тарихымыздың қайғылы парақтары жетеді ғой», – дегені бартын. ЦИКЛОН

Оңай тимей отырған, әлсізді опырып жатқан тірлікте екінің бірі кездесе кетсе оңаза ойларын ақтарып, кейбірі азық тапқанына мақтанып, өздерін-өздері жұбатады. Мына екеудің сөз төркіні жүдеу өмірдегі жүнжіп жүргендігін кімнен көрерін білмегендік сыңайлы еді. Тәтті ұйқысын қимайтын ұйқылы-ояу жүріп, жалқаулықпен құты қашқан деуге болмайды. Төстеп көтерсе таудай ауырды да қозғап, қақын төлесе апаратын жеріне жеткізе алатындай күштері бар сияқты. Ондай таусоғармын деп қарны тоқта айтатындар аз ба? Қазір бірі жауыр болған иығын зіл басқандай ауырсынады. Оған тесірейе қараған екіншісі: – Ей, кімге қитиып отырсың? Басқан ізіне шөп шықпайтын шық бермес Шығайбайыңды жоқтап тұрсың ба? Баяғыда байдың құны сұраусыз деп бір оқпен пашпыр­ тын бітірді. Бүгінгілерге оқ дарымайды, қамалы мықты алынбайды. Бермесе де керіле есінеуге тарылмайды. Сон­ дайларды ойлап шаршама. Одан да ойыңды жібер жұрт қостайтын басқаға?

– Заржақтанып қақсама. Қиынды-жиындыны бойыма сіңіріп, тегімнен жаңылып, жетелейтіннің жетегінен та­ былып, күлкіге қалып қағынып, қиын-қыстауда қалған шаңша ұшырып жіберген өмірімді қиялдап отырмын. Басыңа іс түссе, денеңе күш түседі, қымс етсе қия баса­ тын, бір тойынса көңілі тасатын, сұп-сұр бетім ызғар ша­ шатын, қатені өзімнен көрмейтін, гүжілдеп бой бермейтін, орынтақта одыраңдап сөйлейтін өзім де бір соқырмын. Кейде қасимын жан азабының қотырын. Біреулер бетіме түкіргесін есім кірейін дегені ме? Қызықпын... – Өйтіп құйтырқыланба! Түк бітсе қалтырайды жы­ лан да! Еркің бар, басыңда құндыз бөркің бар, орынтағың олқы емес, өткен елес, алдағыны ойлап қабырғаңмен кеңес. Сондықтан күңгірттенбей күлім қағып жүрмейсің бе? Кекейіп кімді мұқатасың? Бәрін уысыңда ұстайтын кімнің шікіресісің? Баяғыда бір тентек: «Атаңда жоқ арғымақ, анаңда жоқ арғымақ, қайда бара жатырсың қарқын ап. Жырық етегіңді желеңдетіп, жамбасыңа байлаған кәрі жілігіңді (пистолетті) жылтыңдатып, еліңнің шаңырағын дірілдетіп аспаннан аяғың салбы­ рап қай күні түсіп едің?» – депті. Оқтан өткір қазақта сөз қалған. Соны білсең, есіңе түсіріп күле білсең, торлаған қисық оймен мұқалмас едің, жөнсіз жұқармас едің. Өзіңеөзің мәздікпен келісті тірлікте кердең басып жүрер ең... Еркін өмір сүрер ең. Әттеген-ай, қайғы-қасіретін төндіріп тұрған, алпыс екі тамырыңның қанын байлап тастайтындай «адам тағдыры – ойыншық» деп дүлей жүр. Үміт етіп көр одан. Саясатты түсіндіреді. Көзін сығырайта қарап, аларын алып түседі. Адал асыңа дейін қағып түседі. – Саясатқа өкпелімін. – Оныңыз бекер. Содыр-сойқанды арам өлтіресің бе, олардың да бала-шағасы бар, саясат желіктірсе сұмсұрқия орасан мол пайдаға шығады. Саясат – біле-білсең циклон. Оңды-солды соғып тұрады. Байқамағандар өкініп санын соғады. Ығын таба білу керек, иесіне жаға білу ке­ рек. Періште емес, пенде ғой, айла-амалмен он орап, жүз шырмап ала білу керек. Сонда сан соқпайсың, біраз биікке барып тоқтайсың. Құласаң шатың айырып жақсылық таппайсың. Барар биікке жете алмасаң жігерің құм боп ты­

нады. Ар-ожданың шөлмекше сынады. Құлап құм қапқан күні жағымпазың желкеңе мініп кекетіп тұрады. Биіктен құлағанның өзі тірі өлім, оған жүрек жоқ тұратын шыдап. Тірлігің базарлы, өзің ажарлысың, жаман ойды, жаңсақ пікірді ұқпай-ақ қой, түсіңе де енбесін, тірлігіңе қажетті заңдылықты сақтап, тек жүрсең жетеді. Кең дүние бірде тарылып, бірде кеңіп басымыздан құйындатып өтеді. Ішкі істер басқармасы бастығына шаруасымен кіргелі отырған екі зейнеткер ескі заңның көнесін атқарып, тарихтың жаңғырығы ғана есінде қалып, кейде қайғы-шерді болдырмауға тырысса да, қолдарынан келер қайраны жоқтығын біліп қойыңыз. Ділмарсып қанша қағытқың келсе де, саясат астарымен жазылып қалған тарихқа жүгінесің. Сүрінді ме, сүрінді. Қанды оқиғалардан түңілді ме, түңілді. Біреулері жақсы аталды, біреулері жамандыққа басын матады. Қараңыз. Қазан төңкерісінің дүмпуі әлемді дүрліктірді. Езілген тап көзінің сорасы ағып, жыртық етігінің жұлымынан қан сорғалап тамып, қабырғаға жабысқан қарны бір тойынбай налып жүрген кедейлер саясат циклонынан пайдаға шығамыз, мемлекет қарық қылады, жақсылықты жақсылап ұғамыз деп, үлкен үміт күтті. Ығыр қылған, мойынын ырғайдай, битін торғайдай қылған капиталистік зорлық-зомбылықтан құтыламыз деп қуанғандардың жүрегі жарылып кете жаздады. Арқа еті арша, борбай еті борша болғандар бай-кулактарды құртамыз деп ұрандап шықты. Ілгергі тілегі игілігін көру еді. Сол жолда жан пида, өлуге барды. Сөйтіп, 1918 жылы 28 ақпаннан бастап, 2 наурыз аралығында Ақмолада бірінші уездік съезд ашылды. Көкірегі күпті, жауыздыққа дықты, үстемдікке кеткен еңбектің есесін қайтарам деп үміттенген шаруалар Кеңес үкіметі жарылқайды дегенге имандай иланды. Саясатшылар қолына нан ұстап ант бергендей сезінді. Байқамады ойнақшып тұрған көзін, тыңдап ұйыды сөзін. Үстем тап қирады. Ұран саясаты ескі қоғамды құртудың өткір семсеріне айналды. Онсыз жемістілік жоқ. Жорғалаған жыланның да аяғын көре алмаймыз, шашылған ырыздықты теріп жей ал­ маймыз. Ұранды жүзеге асырудың сара жолын табамыз, бай-кулактарды бақталастығын пайдаланып қырамыз,

байлығын олжа қыламыз. Ұзында өші, қысқада кегі кеткенді өшіктіріп, яғни өлмесе де өлімші болған кедей­ ге ерік беріп: «Капиталистер мен байларды талаңдар, тонаңдар, атыңдар, қарасын батырып, көзін жойыңдар!» – дегесін кім-кімді аяйды? Көкжиектен көтерілген сұсты бұлт қар емес, қан жауғандай циклонды пенденің басына қасіретімен арқалатты да қойды. Қара қарғалар қанға бір тойды. Кегімді аламын деп қуанып, екі иығын жұлып жегендей елірген кедейлерде ес жоқ. Дөңгеленген дүниеде белдеу жоқ, көз алды бұлыңғыр көрінеді елес көлбеу боп. Алдағыны аңғаратын көріпкел ақыл миға оңға ойлайтын етіп қонбаған. Ол да надандықтың белгісі. «Болсайшы көпшіл, болмашы кекшіл», – деген Абай сөзін кім тыңдап жатыр? Бәлкім тоқ адам кек сақтамас, ал аш-жалаңаштар, отарлық езгімен көзі ойылғандар нені тыңдайды? Босағада көрісеміз деп етек-жеңін қағынып безіп шықпай ма? Жаңа заманның ырқына көніп кегін қайтарып аптығын басып, көп нәрсені ұтпай ма? Ескілікті ойрандаған сайын сайрандау басталды. – Байдың бүгінін көп етіп, көзіне көк шыбынды үймелетеміз! – «Капиталистерді арам шөптей отап, үрім-бұтағын, тамырынан қырқып құртамыз. Олардың байлығын тар­ тып алып, олжалы боп ұтамыз!» – деп езілушілер өздерін бақытты сезініп, алдыңғы шепте алғыр болғаны да анық еді. Тіпті көзге күйік болмасын деп байлар отырғызған орманды да өртеп жіберді. Оған күлсең де, жыласаң да өзің біл. Болары болып, тарихқа бояуы сіңген. Сөйтіп, осындай дүрілдеген саясат кезінде уездік Ақмола қалалық милициясының комиссары болып Михайл Грязнов, көмекшісі Павел Шлюшенко тағайындалыпты. Бастық қазақ болмағаны құпия, Мәскеу ұлт кадрына сене бермейді, бұратана халыққа жоруын қоймаған. Қызылгвардиялық топты Авдеев басқарады. Мақсаттары дүрбелең алақұйын кезде қоғамдық тәртіпті сақтау болады. Қандайда қылмысқа жол бермеуді қарастырады. Өйткені, қоғамның екі дай кезінде, ескі саясат пен жаңа саясаттың арпалысы тұсында милиция араласпаса қантөгіс, сойқан болар еді.

Оның үстіне, әлем капиталистеріне социализмнің қауіптілігі аса қатерлі екені көрініп, жаулық сырттан да, іштен де лап ете түсті. Сібірді Колчак басып алып, қанатын кеңге жая бастады. Орынборда Дутовтың атты казактар әскері қырып-жойып, тіпті Орскі қаласын өртке орап, қанды қырғынға түсірді. 1919 жылдың 1 қаңтарында «Правда» газеті Кеңес армиясы Дутов армиясын талқандап, олардың жауынгерлері Қызыл Армия құрамына өткенін, Орын­ борда Дутовтың қан шеңгелді қарақшылары болған 250 казакты атқанын жазды. 1919 жылдың 22 қаңтарында түркістандық І армиясы дутовшылармен бірнеше күн атысып, ақырында Дутов әскерінің қалдығын қаладан қуып шыққан. Өліспей беріспейтін осы қырғында Сұлтан Жантуаров Байтұрарұлы Сүйіндік, Қайыңды, Құмақ бо­ лыстарынан құралған кедей қазақтар отряды асқан ерлік көрсеткенін, бұл отряд сол жеңістен кейін төтенше ко­ миссар Жангелдиннің армиясына қосылғанын тарих­ тан білеміз. Кеңес үкіметін орнатудағы ерліктері тура­ лы Жантуаров өзінің «Қолымызда қару» деген естелік кітабында айқын жазған екен. Орск қаласын дутовшылар өртке орағанда Қызыл Армияге Ақтөбеден қару-жарақ жеткізген София Бажанова, Дария Лопина ерекше ерлік көрсеткен. (Ұрпағы бар ма екен?) Кеңес үкіметінің тағдыры қиындап тұрған кезде, Атбасар, Мариновка селоларын ойрандап жатқан шақта Ирченко мен Белаш басқаратын халықтық әскердің штабы құрылып, оның құрамында 7000 қаруланған кедей үлкен ерлік көрсеткен. Атбасар, Көкшетау, Петропавл, Ақмола уездерін Колчак бандыла­ рынан тазартуда талайдың қаны төгілген. Қара халық ел мен жерін қорғады, саясатты жарылқайдыға сенді. Бұл қанкешулерді ерлікпен өткізген милициялар аз болған жоқ. Жиырмасыншы жылдарда милициялардың тәртіп бағдарламасы жарық көріп, міндеттері кеңінен қамтылды. Оны орындау, әсіресе 1921-1936 жылдардағы бандылар­ мен күресу оңай болған жоқ. Ишимде кулактардың қарулы көтерілісі бұрқ ете түсті. Жазықсыз халықты қырып салған. «Қолдарыңа қару береміз, үкіметті құлатуға қатысасыздар!» – деген тәртіптері болған. Халықты кенеше сорып байығандар құлдарын аясын ба? Милициялардан

құрылған отряд барып кішігірім соғыспен тыныштық орнатты. Қантөгіс Алексеев ауданының териториясын­ да да осал болған жоқ. Глазунов деген нағыз баскесерлер тобы селоларды өртеп, қарусыз адамдарды атып өлтіре берген. Осындай айқаста атбасарлық милиционер И. Пя­ теркии оққа ұшады, қаза болғандар жалғыз дейсің бе? Ойда да өлік, қырда да өлік, өзенде жайрап жатқан өлік, көлдің маңында толған өлік, тірі қалғандар оққа ұшып арманда кеткендерді жинап көміп үлгере алмай жатып­ ты. Айта берсе үкіметтің қызыл жалауы адам қанымен боялып, қан шашылған дала бөгіп, қара қарғалардың мықты тойынған кезі болса керек. Саясат циклоны талай­ ды құрбандыққа шалған, адамдардың тірлігін жойған, бұл да милицияның, Кеңес үкіметінің тарихы. Қуанышы аз, өкініші қалың кез. Қырғын тасқыны, айқай-қиқу, кімге сенерін, қай тасадан жан сақтарын білмей басы шыр айналғандар тыныштық тұсында: «Байдан кек алынып болды ма?» – деп жыларман боп тынады. Ел ел болғалы, адамдар өз қотырын өзі қасып өмір сүргелі, ұрпақ өсіргелі, тұс-тұстан тепсініп қаруын кезеніп, атып өлтіріп жатқан сұмдықты көрмегендер шынымен құрыдық па деп, екі қолын тас төбеге қойып қаңғып кеткендері де жетіп жат­ ты. «Мынау жер қан сасыды-ау», – деп қариялар үрейі ұшып, үргелектеніп жүрді. «Милиция алдымен халықты қорғайды, саспаңдар!» – деген сөзге қайғысын ұмытқандай болғандар да бар шығар. Елдің есін жиғызуға көмек үшін Одақта сол жылдарда милиция қызметкерлерін дайын­ дайтын 23 мектеп қызмет етсе, Ақмоладан Шаронин, Ви­ нокуров, Казакевич, Ғабдуллиндер сол мектепті алғашқы бітірушілер екен. Соғыс, қырғында адамдардың қаны су­ дай аққанын саясаттың құрбандары дейсің де тынасың. Ондай жеңіс болмаса бүгінгі өмір тұл болар еді. Тарихы­ мызда еңсе көтертпейтін қайғының оқиғалары қалды. Оның астарында ырықсыздық бар, бұйрық бар, сақтану бар, қорғану бар, мәртебе бар, қорлану бар. Үміттену бар, шошыну бар. Күдік бар, сенім бар. Кім қайсысын түсініпті, кімнің маңдайына не жазылыпты. «Көресіні көрмей көрге түспейсің» деген қазақ сөзі содан қалды ма екен?

Әлдеқандай тыныштықтың қуанышы сезіле бастағанда Екінші дүниежүзілік соғыс басталды да кетті. Суыт қимыл. Милициялардың күн-түн қатқан мігірсіз еңбегі. Ақмола әскери бөлімдердің жасақталатын орталықтарының біріне айналды. Осы жерден дайындалған милициялық жауынгерлер Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск және Украина, Белоруссия, Балтық жағалауы, Шығыс Еуропа, Берлинді азат етуге қатысып, асқан ерліктерімен танылды. Дәлел-дерек дейсің бе? Жетерлік. 1943 жылғы 6 ақпандағы «Правда» газетінің санында: «Қазақтар майданда ерліктің үлгісін көрсетсе, тылда да тамаша еңбектерімен көзге түсуде. «Жолымбет» кенішінің бұрғылаушысы Бақыт Жүнісов бүкілодақтық жарыс жеңімпазы атанды», – деп жазды. Мұндай марапаттау аз болмаған-ды. Ал соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіруде милициялардың сіңірген еңбегі аз емес, ондай тарихи кезеңге ешкім де топырақ шашпас. Сәулетті ауыл­ дар, қалалар, өндіріс орындары мен толып жатқан игілікті істерді ұры-қарыдан қорғауда өздерінің антын орындап, қызмет сіңірмесе өркендеу болар ма еді? Қайткенде де қоғам, оның саясаты түрлі өзгерістерге ұшыраса да, жал­ пы қалың халықтың тыныштығын сақтау, содырлардың бүлігінен қорғау кешегі әкелеріміз бен апаларымыздың бел шешпей тік тұрып, толарсақтан қиындық кешіп, не айлыққа, не асқа жарымай атқарған қызметіне, олардың бәрінің бірдей өмір тарихына сығырая қарауға қақымыз жоқ. Қоғам түгілі, әрбір жанұяның өзінде қателіктер, қырғиқабақтықтар өтіп жатады. Ал өмір заңдылығында қателеспейтін пенде жоқ. Бірақ қоғамдық саяси қате басқаша. – Табиғаттың алақұйыны, мезгілсіз тасыр-тұсырлаған қырсық құбылысы аз ба? – деп милиция генералы Өмірзақ Болсамбеков тарихты қаралағысы келетін кейбір індеттің байқаусыз қимылына таңырқайды. – Әкем Қапан, анам Сақып Баршын өңірі аштыққа ұрынып адамдарды өрттей кесіп жатқанда туыс-туғаны болып соңғы үнемдерін түйіп алып, жаяулап, қалың босқынмен бірге жол бойғы өліп жатқандарды көріп, Ақмолаға іліккен екен. Өндірістің

жұмысына орналасып адам басына беретін жүз грамм нанмен аман қалғанын білемін. Одақ бойынша аштық қырғынында 20 миллион адам өлді дейді. Олар тірі бол­ са бүгінде қанша миллионға жетер еді? Қатыгездікті кім ақтай алады? Қырғынға қойша айдап апарған тәрізді бо­ лады. Саясаттың қанға толы парақтары осы шығар... Шынында аш өзекке түсіп, ашаңға беттеген халықты қуаңға тықсырып ала жөнелетін қара дауылды әміршікөсем бастайды. Оны үкіметке орындатады. Былайша біреудің қолымен от көсесе, қолы күймейтіндей сезінеді. Осындай оқшаулыққа қаншалық айран-асыр қалсаң да үлкен топ амалсыздан саясаттың соңына ереді. Пиғылы қисық көсемнің қимыл-қыбырына, оның теріс болжамы мен қаскөй ойына жантайып жалбақтамаса әлсіздің күні не болмақ? Ондай індет дауылы оқтын-оқтын адамзат тари­ хында соғып, циклонға айналып тұрған. Саясатшылардың ызы-қиқы әміршілік мінезінің ыңғайына қарап, қиқуларына заңсыз елікпеуді айтуға көбіміз жасқанамыз. Бедел қуу, тәж бен тақтың абыройын ойлау, көбіне халықтың жағдайын бес саусақтай дер кезінде білгізбей жатады. Саясаттың тұңғиық құпиялы циклонына қарсы келетін тарихта күш болған жоқ. Пенденің шамына тиетін сімтігінен өзін арашалап қалуға халық қай кезде де сыл­ быр. Тыныштықпен асын ішіп, бойына сіңірсе жетеді. Басқа байлықты қажетсінбейді. Пенде өмірінің сүйретіліп өтіп жататын күндері түрлі оқиғаларға толы, оның бәрі қоғамға, саясатқа қатысты болмаса да тарихтың елеулі парақтары... Қанжардағы жазуда: «Қан төгуден артық қасірет жоқ», – деседі. Халқымыз ежелден «Білегі жуан бірді жығады, білімі мол мыңды жығады» деген... Мұны ұғатын ми керек, түсінетін саналы жүрек керек. Сонда қандай да циклоннан сақтана аламыз... Қымыр көз байланғанды көріп, тіл байланғанды сезіп, ақырының қайырын тілеп толғанды: Біріңді-бірің бөтенситін жөнің жоқ, Бүгінгі күн киім бүтін, тамақ тоқ. Ұлттық сана арзандалып барады, Тіршілікті өлшейтұғын ақша боп.

Адамдығым ақыл-ғылым делінген, Ойшылдарым жұрттан озып көрінген. Не боп кетті, ұрпақтары заманның, Өз тілінен, ататектен безінген?.. Тіл циклоны ұлт басына төніп тұр, Мәңгүрттердің айла-амалы жеңіп тұр. Өңеш созып басқа тілде сайрағыш, Қыл бұрауға өз еркімен көніп тұр. ЖАНСЫЗ САЛҒАН... Қия басқаныңды жатқа біліп тұратын, аузыңды ашсаң көкейіңді көріп тұратын, бір күндік өмірі қалғанша то­ басына келмей біреуді қараламаса іші ұлып тұратын, қылмыскер де жазықсызға қармақты іліп тұратын, түрменің бос орнына адал жанды да апаруға делдал боп жүріп тұратын, мейірі ешкімге түспейтін, елестей көлеңдеп жүріп жауыздығын істейтін жансыздар болған. «Құдайдан безген, жатып атар» деп қазақтар кімнің кім екенін айырса да, Жаратқан Иемнің алдында жаза­ сын өзі алар деп тынған. Біреудің қаны ағып өліп жатса, саусағын батырып, тілімен дәмін татқандай болатыны бар. Жансыз діншілдердің де соңына түскен. Қараңыз, «Қазақ» газетінің №230 санында 1917 жылы жарияланған мақаланы «Қара жүз қажы, яки «Қорғанский» деп атап­ ты. Демек, жансыздың ертеден басталғанының дерегін оқырман білсін деп жазбаны сол күйінде көшіріп алдым. Авторлары Жұмағали Тілеулин, Жанұзақ Жәнібеков, Ысмайыл Турин: – Бұл кісі басына шалма орап, қажылыққа барып, қалтасына бір кез таспиқ салып, жұрттың басы қосылған жерде екіленіп сөйлеп, қара халықтың көзіне дүние һәм ақырет ғылымдығын шеңгелдеген болып көрінетін еді. Түсін бояп жүргенді көп халық білмейтін еді. Бірен-саран білгендер ептеп айтса, қажекеңнің маңына шаң жуытпай­ тын еді. Турановтың сырына бармай, сыртына ғана мәз бо­ лып «қажылығына» жығылып алданған Қызылжар халқы енді адасып арашасы бола қоймас, болса – оңбасқа қарай

бет алғаны. Қажекең әлі де болса көлгірлігін қоятын емес. Абақтыдан Қызылжарға жазған хатында: «Жұртым үшін отырмын, арманым жоқ», – деп, жұртты мүлде ойыншық қылып отыр. Ата-анасының қойған аты Дүйсенбай бол­ са да, тыңшылық мекемесінің мойнына қарғы қылып таққаны «Қорғанский» деген аты өзіне бір сәнді ат деп жүрсе керек. Әзір Л.А. Кузнецов деген докторды көрсеткені мәлім болды. Қазақты да шарпымай қоймаған. Жұрт ісіне кіріскен азаматтарды, өзіне ләппай демеген ақсақал-мырзаларды жамандап қауіпсіздік бөлімшесіне хабар беріп тұрған. Жемге таласып, жемтіктес жолдасы­ нан жығылып қалғанда жұрттан жиған ақшамен Николайдың баласына тарту қылып «тұмар» апарған кісіге Қызылжар қазағы болысса, жаңа үкіметке жек көрінішті болуы анық. Бұрынғыдай жұрт жұмысы дегенде: «Дүйсенбай қажыдан басқа кім бар?!» – деуді Қызылжар қазақтары қоятын кезең келген шығар, – деп жазды. Кеңес үкіметі тазартуды ататегінен бастап кеп жібергенде діни адамдар қоғамға қастандық жасаушылар болып шетінен айыптала бастады. Тергеу құжаттарында «жатып атарлардың» пәленше қажы, түгенше молда, ана бірі әулие, бақсы деген сияқты нұсқаулармен қатар Мәскеу арқылы қажылыққа барғандардың тізімдері де кәдеге жарап жатты. Орыстардың шіркеуі бұзылды, мұсылмандардың мешіті талқандалды. Ойыл қаласының мешітінің басындағы алтынмен апталған айды аламыз деп дүрілдеген дүлей табанда жан тапсырыпты. Бұғалықтаған темір арқан үзіліп, миын талқан қылыпты десетін-ді. Та­ лай жерде мешітті бүлдірушілердің оңғаны болмапты, киесі ұрған көрінеді. Бірақ, әр ауылдағы «Қорғанскийлер» Аллаһқа қарсылық үгітін үдетіп жүрген-ді. «Ақ қойдың келдесі, қара қойдың келдесі, мен үкіметтің пендесі, жаңа заман құрамыз, коммунист қатарына енгесін. Аллаһқа қалай қарсылық сөз айттым, көзім ілінген бойда рухым жаныма жайғасып жатып, рахатқа батып, әкең-анаң осындай еді, өзіңді бәрі де жарылқайын деп жүр. Ұйқыңды аш, тездетіп тұр, діннен бездір адамдарды, жақсылыққа жетіп қалсын, сәулелі ғұмырдың тамашасын көріп, өзін бақытты етіп қалсын. Тірлікте шырағың сөнбейді, саған

ажал төнбейді. Жоққа жалынғанша партияға табын, ашыққанды тойындырасың, демі біткенге дем бересің, дәрменсізге әл бересің, заман сенікі, армансыздың ауылындасың деп рух аян бергенін шын ниетіммен айтып отырмын», – дейді екен. Халықтың бір тобы жансыздың жақсылық ісіне осылай иланып, атылып кеткені бар, түрмеде азап шеккені бар, бірақ «жатып атарға» жаза бола қоймаған кез еді. Оған кінә тағуға ешкімнің өресі де жете бермеді. Сан алуан айламен сырғып жүріп жат­ ты. Естіменен егескен, көкірегінде жынның желі ескен, есебі – оңай олжа, шайтанымен тілдескен Дүйсенбай Аллаһты ұмытты. Жазықсызды жазғырған ол Қожа Ах­ мет Иассауидің: «Сақина тілеп алса сау басына, түспесе адал жолда тәубасына, сене бер Аллаһ нұры жаумасы­ на», – дейтінін түсінді деймісің? Азаматынан айырылып күңіренгендердің қарғысы да дари қоймады. Талайлар жанын сақтау үшін үрейден қорқып діннен безді. «Жа­ тып атарлар» қайдағы-жайдағыны ойлап тауып, жұртты пәлелей бастады. * Партиялық тазалаудың өзен жарына соққандай асау толқынды күшін тоқтатар дәрмен қайда? Тазалаудың құпия мақсаты қазақ ұлтын түп тамырымен жойып жіберуді көздеген жоқ па? Мыңдаған сенімсіз ұлттарды осында әкелді. Аштық қырғынын ұйымдастырды. Одан бертін келе атам бомбасының сынағын өткізді. Л. Берия 1949 жылдың 30 тамызында «аса құпия» деп белгі соғып атом бомбасын жарған сынақты нәтижелі екенін Сталин­ ге жазбаша мәлімдеді. Сол Семей даласын ойрандаған 752 атом жарылысының қасіреті әлі талай жылдарға со­ зылар. Ойлап қарасаң, қара жамылып, қайғы шегетін, қан кешуде ғұмыры өтетін қазақ даласынан басқа жер құрып қалды ма? Осындай қуғын-сүргін бас сауғалап босу жылдарында өзбек елінде – 620 мың, Ресейде – 518 мың, түрікмен елінде – 80 мың, қырғыз елінде 27 мың қазақтар мекендесе, Қытайда – 840 мың, Моңғолияда – 70 мың Ауғанстанда – 5 мың, қазақтардың жалпы саны – 7,5 млн. делінген дерек бар (Турчанинов Н.В. Население

Азиатской России: Статистический очерк. Т.1. – СПб, 1914). Атом дегеннен шығады. Семей жерін таңдаудың мәнісі шығыстан соққан жел қазақ аспанына түгелдей жайылып радиация қалың жұртты құртады делінді ме екен? Американың соғысқұмарлары жұмыр жерде бо­ лып көрмеген сұмдықты бастап, 1945 жылы 6 тамыз­ да, таңертеңгі сағат 8-ден 14 минут өткенде Хиросимаға атом бомбасын тастап, жазықсыз халықты қас қағымда қырып салғанын қалай естен шығаруға болады?! Б-29 самолетінің ұшқышы Клод Изерли тастаған қуаттылығы 12,5 килотонна атом бомбасынан 78 150 адам өліп, 13 938 адамның белгісіз жоқ болғанын, 37 427 адамның мүгедек болып қалғанын әлем тарихы ұмыта алар ма, сірә?! Іле сала Нагасаки қаласына қуаттылығы 22 килотонналық тағы бір атом бомбасын тастап, көзді ашып-жұмғанша 23 753 адамды тағы қырып салған жоқ па?! Қазақтардың қан кешуде қырылғандары жапон еліндегі өлгендерден аз ба екен? Даламыздың әрбір бұтасының түбінде адамның қаны жатыр. Оны әлемге жариялауға сталиндік саясаттың құзғындығы жол берді ме? Қара сандықта құжаттары құпия сақталып енді-енді шындық ашыла бастағанына шүкіршілік етесің... «Коммунизмде ақшасыз өмір сүреміз, бәрі тегін болады. Барлық ұлт жойылып, бір ұлт боламыз, бір тілде сөйлеп, төлқұжатымызды «Кеңес Одағының азаматы» деп аламыз!» – деген желөкпелердің желіккен кездері де болды. Сөйтіп, тасқұдайдай табынғандар Әмір Темірдің мына сөзін есіне алды деймісің: «Шын патшаның құзырына уақыт ғана бағынбас. Өйткені ол – Адамның ұлы, Құдайдың құлы. Жаратушы Ием маған да сондай тағдыр сыйлаған. Қарамағымдағы халық қармағымдағы балық емес. Қарызым да, парызым да, өмірім де, сол пенделердің пешенесіне жазылған. Қиямет-қайым күні солардың тым болмаса біреуінің етегіме жармасып, қайыр тілеп, қарғыс айтып қалмай қойғанын қаламас едім...» – деген екен. Осы сөздерді ойлап тұрып И. Сталиннің пешенесіне қырғынды жазған ба? Көсем амалсыз, Одақ бойынша елдердің экономикасы тым әлсіз. Дамуға пәрменсіз. Оның үстіне, капитализмнің бай капиталистері, ішкі-сыртқы жаулары анталап, қалаларды, елді мекендерді өртеп, бүл-

діріп, адамдарды қырып-жойып жойқын күшін қарсы қойды. Отан басына төнген қасіреттен құтылып көр... Қоғам төңкерісі оңай емес. Амандықтың амалын тауып көр. Адамдық парызды да, қарызды да алақұйын тұсында қалай ұмытпайды. Одақтың тірегі де, тіренері де үрей деуге тоқтады ма екен? Қанды қырғыннан құтылудың басқадай жолы жоқ деп ұқты ма екен? Кремльдегілердің де пікір алысында берік тоқтам қырып-жою болды ма? Көсемнің қасындағы пәтуасыз пасық ойлылардың да жетегі болмады деймісің. Аштан өлгендер де, түрмеде өлгендер де, соғыста өлгендер де соңғы сөздерінде: «Сталин білмеді ғой, онда кінә жоқ, көсемге жаулық ойлаушылардың қиянаты, Ста­ лин жасасын!» – дегенінен жұрт айнымаған. Қырғынды да, тазалауды да, жазалауды да НКВД-ға тапсырып, республикамызда 18 мың милицияның біразы көсемнің саяса­ ты жолында қолын қанға батырған екен. Ақиқат алдында сүрін, одан ақтал, азабын өзің тарт, жазықсыздың көз жа­ сын өзің арқала, обал-сауапты айыра алмаған бәріне кінәлі – Адамның өзі. Жауластырған – Ібілістің жетегі... Жан­ сыз да, «жатып атар» да шайтанның құлы болды.... ҚҰЙЫН ҚАҚҚАН – Қалпақ киіп қақырайған ессіздер бүгінде толып кетті, – деп Тымыр Өндіріс ауылына барып келгендегі көрген-білгенін баяндады. – Кеше кешкісін ауданнан келген өкілге жанына батқан жарлылығын айтуға барған Кәжік ағамыз қазақша сөйлеп, дырауды түсіндіре ал­ май қорланыпты. «Ақылсыз басқа адырайған көз бітеді, бақыты қайтқан тұқымға ез бітеді, дуасыздың аузына өгей сөз бітеді» деп ренжіпті. Әжептәуір орынтағы бар басшы бір ауыз қазақша білмейді екен, саңырау-сақау адамдай, дым деместен тыңдауға шебер екен. «Подумаем старик» деген жырын айтып, басқалай шаруасының ыңғайы болмайты­ нын танытқан. Бейқам отыратын мәңгүрттің қайырымы жоқтығына налыған Кәжік үйге кірген бойда кемпіріне: – Шай қойшы, таңдайым кепті? – деп ескі диванға оты­ ра кетеді. Бүгежеңдеген бүкір кемпірі:

– Күн қағу, неғып шөлдейсің? – дейді. Онысы – мезгілсіз ішетін асқа тарымшылығы. – Не сұмдық, мемлекет қызметінде жүріп, қазақ шаңырағынан өсіп-шығып тілін білмеуіне пәлекет неменің ұялмауын-ай! Намыссызға ұят тұрмайтын бедірейген бет бере береді екен-ау. Осындайды көрсе ағаларымыз «Құйын қаққан» деп шошқаның қорсылын естігендей тыжыры­ нып қалатын еді. Құйын қағып ауырғандарды көзі көрген, аузы-мұрны қисайып, тілін жұтып алғандай тұтығып сөйлей алмай қор боп жүретін-ді. «Құйын адам түгелі самолетіңді де алып ұрады, жын құйынға дауа жоқ» деп аяйтындар да болатын-ды. Тіл дағдарысы да құйын ішінен аман шығуы кейбіреулерге оңайға соқпас. Тілімді құтқара көріңдер деп жалынғаннан не шығады, мидың үш бөлігі сықап тұрған өзге тіл, қазақшаға орын жоқ. Дағдарыстың құйын қаққанның қайғысы сол... – Дағдарыс әлемнің қайырын күтемін деген жұмысын қайырсызға айналдырып, дамуды тежеді. Капитализмнің құрсағында бола беретін дағдарыс «ауруы» талай елді шарпыды. Қазақтар дағдарысқа қалай қарайды, беретін бағасының жобасы нешік? – деді Қымырдың ескі танысы орынборлық Иван Красин. Көкейінде кекесін бар сияқты көрінді ме, Қымыр езу тартты да: – Біз тәуелсіздік алғанша 260 жыл ақ патшаның, со­ сын кеңес басқыншылығының дағдарысында тұрып, әбден шынығып, біраз буын бекітіп тынығып, талай қым-қиғаш саясатқа ұрынып, бір тұрып, бір жығылып, қаскөй пиғылдыны тез танып, түсініп, ерекше ұғынып қалғанымыз бар емес пе? Жолында жүк қалдырмайтын нар емеспіз бе? Иығымызға зілмауырдай жүк түссе де, дағдармай көбіне қуанып қаламыз. Таппайтынды тауып, алмайтынды алып, барымызды базарлап, шүкірлігімізді анттай айтып, байлыққа жарып қаламыз. «Жоқ деме, жоғаласың», – деген баба сөзіне нанып қараңыз?! Қанша жоғалдырғысы келсе де басымыз аман, малымыз түгел. – Қоғам құлағаннан кейінгі талапайдан да амансыңдар ма? – Шығын шықпай, кіріс кірмейді. Мал – бас садақасы, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Сөзімді бөлме, айтайын

дегенім, айналайын ақ патшаның да, садағаң кетейін со­ циализм, ерте ме, кешпе бір айналып соқпас па екенсің дейді көкейім. Кеңес үкіметінің қызыл жендеттерін де бауыр басқандай мәпелеп, әке-көкелеп, еншісі алынбаған емшектестей өбектеп едік. Біздің жүрек тілейді кеңдік! Одан кейін демейін күн көсемдеріміз Ленин мен Сталинның алақұйын саясатына жылынып, бірақ жүрмеп едік құрынып, өлгендерді көме білдік жұлынып, сол кездің дағдарысына кейде жылап көріскендей кейбіріміз жан алыстың қайғысын тарих таразасына салып қараса дейсің. Ей, маңдайға жазғанды көреміз, қиындықтың қандайын да білек сыбанып жіберіп жеңеміз, – деді де Қымыр өзіміз сықылды ақ жарқын, шовинистігі жоқ Иванға қарап, – кеңестік саясаттың бәрінен бұрын тірідей өлтіргені қиындау болды. «Арқасына ер батса ат аяңшыл» деп жанымызға батқан мазаққа да шыдадық. Кісі есебіне санамай, ақыл-ойымызды бағалап қарамай «тузем­ цы» десе бір шовинист, екіншісі аузы-мұрны қисаймай кеңкілдеп күліп «қырғыз-қайсақ», «инородцы» деп кеуде басқысы келген зәлімдік зәбірі ит орнына шошқа үргендей мазақ еді. Ар-ожданды талқандап азап етті. Тілді, дінді, ділді кескілеп, құпия түрде орыстың отымен кіріп, күлімен шығатын есалаң құлына айналдырудың түрлі амалын қолданды. Басқаны айтпағанда, милиция қорғаның дейтін қызыл жағалылар тобырын бір қазақ басқарып па? Жоқ. Неге? Қазақ сенімсіз ұлт деп таныл­ ды. Шовинистер зымияндығының түрлі айласына дәлел жетерлік... 1911 жылдың 21 қыркүйегіндегі №995 құпия нұсқауда Ресейдің қазақ еліндегі ұлт саясатының негізгі ережесі бойынша орыс патшасының өкілі: «Біз бұратана халықты мұсылман дінінде болса да, оларды жақын ара­ да орыс шаруасына айналатын материал есебінде қарастыруымыз қажет. Сондықтан оларды орыс дегеннің бәрін жаны қалмай жалбақтап, сыйлап құрметтейтін рухқа жеткізуіміз керек», – деп жазғанын оқыдым. Он тоғызыншы ғасырда жер ауып келген орыс тілділердің жоғарыдағы кулак Говцель, Ходяков сияқтылар мыңдап саналды, 770 ауыл құрап, 550 187 қазақ мекен еткен Ақмола өңіріне 1900 жылға дейін патша әмірімен 1 мил­ 7-0203

лион орыстар келіп қоныстанса, олардың біразы әлсіздің жонынан таспа тілетін казактар болса, заңға бағынар ма? Олардың бәрі Мәриям Жагорқызы емес қой. Қазақтың тілін, ділін, дінін меңгеріп, қазақ ақыны боп өткен Мәриям қыздарына: «Моңғол шежіресінде келіннің үш күйеуі бо­ лады деседі. Алғашқы күйеуі – алтын елі; екінші күйеуі – ар-намысы; соңғы күйеуі – алған жары. Қазақ жерінде ту­ дым, еліме адалдығымды сақтап өтем», –деп «үш күйеуі» алдында да кіршіксіз тазалығымен дүниеден өтіп, Жантай қажының қорымына Дүйсен Үкенұлының ата-бабасының зиратына жерленді. Немере-шөберелері ұлтымыз қазақ деп Мәриямның өсиетін орындады, мәңгүрттеріміз Мәриямды білер деймісің, – деп Қымыр өзін ауыр сезініп ойын бөліп еді. Жанында тыңдап тұрған Тымыр: – Мәңгүрттердің рухы орысша емей немене? Олардың ұрпағында да қазақи рух, ар-намыс болмайды. Тілі кесілгендерді қарғыс қана атады. Тіл дағдарысы –ұлттың қалың қайғысы. Заң керек, тілді жақтамастарға жаза ке­ рек. Зұлымдықты о баста рухты өлтіруден бастамақтығы шовинистердің жүрекке бірден қанжар сұққандай екенін түсіну керек. – Кеңес үкіметі патшалық қылмыстан қалысты ма, қазақ мектептерін жауып, банкрот деп тауып миға бомба қойған жоқ па? Қазақ тілінің бақытсыз боп, соры арылмай қалғанының түп тамыры тереңде. Ұлтты жою үшін түрлі нәубетке ұрындырып, тіпті ашығып жүргендердің бала­ ларын сатып алуды, әр баланың бағасы 75 рубль болғанын Дальдың жазғанынан да көргенбіз. Жазбаны оқыңыз: «В.И. Дальдің «Северная пчела» журналына 1834 жылы, 101-санындағы жазбасында: «Шекара бойынша қазақтар осы қыста тағы да өз балаларын сата бастады. Жақында мен 75 рубльге сатып алынған төрт ер баланы көрдім», – десе отарлаудың езгісін, оның шынжырлы бұғауы халықты жүдетіп құртып тұрғанын көрсетеді. Ресей 1737 жылдан бастап 85 жыл құл саудасы іскерлігімен айналысуын фа­ шизм үлгі тұтты ма, Одақтың басып алған жерлеріндегі балаларды, тіпті қара топырағына дейін еліне тасыды. Отарлық езгінің сұрқия қылмысын, соғыстың, аштықтың қырғынын тарихтан ешкім сызып тастай алмайды,

ұмытуға да қақысы жоқ, тәубеміз үшін керек. Сақтану үшін керек. Пенде жайсыз пікір, жаманшылықты өз басынан өткермесе, біреудің жағдайын біле бермейді. Орыс шовинистері көкірегіне нан пісіріп, әлсізге қасірет шектіруді мақтанға балады. Қысқасын айтқанда, казактары кедей қазақты ұрып-соқса, атып өлтірсе, мүлкін тартып алса рахатқа кенелгендей болмады деймісің? Казактардың негізгі мақсаты – өз пайдасы жолында бүлдіру, құрту, өлтіру, жою. Кәдімгі Теккерей шығармасындағы Бекки Шарптың құзғындық бейнесі тәрізді.Тымыр: – Философ Эрнст Кассирер: «Біз өркөкірек өзімшілдігімізден күнәға батамыз, сол үшін де табиғат жазасы жылдам... Тіл, көркемөнер, миф, дін кездейсоқ, дербес жаратылмаған, бәрінің тамыры бар», – дегенін кері түсінген өркөкіректер қазақ жерін отарлауда ұлттың тілінен, дінінен, ділінен айыруды, сонда орыстану нәтижелі болады­ ны бірінші кезекке қойып, маңызды шаруаға айналдырғанды. Оған тағы бір дәлел 1887 жылдың 11 қарашасында Ма­ кинский деген шенеунік Далалық генерал-губернаторға жолдаған хатында төмендегідей тұжырымды білдіреді: «Әкімшіліктің басты шаруасы даладағы қазақ жұртын біртіндеп орыстандырып, мақсатқа жету үшін, ең басты­ сы қазақ тұрғындары мен орыстарды мидай араластырып, қазақ даласының белгілі мекендерін отырықшы орыстар арқылы отарлау болып табылады», – деген екен. – Төбеңмен жүргірдің зіркілі, арам ойы қандай зұлымдыққа толы? – деп Қымыр пенденің басына түсетін бақытсыздық тікелей үреймен қабаттаса келетінін ойлады. Халық азасы қандай ауыр, қандай қатты еді? Қасірет пен қан шашқан зұлымдықтың соңында не қалды? Жамандық қана... – Қазақ ұлты үшін кешегі Хрущев заманының қайғысы қабырға қайыстырмады ма? «Ресей патшалығы қаншама жылдар бойына Қазақстанды отарлауды нақты жүргізе алмады, мен тың игеру саясаты арқылы белден бастым, орыс тілділердің жаппай қоныстануына есікті айқара аш­ тым», – деп Одақ мінбесінен бөсті. Тың игереміз, әлемдегі қазақтарды жинап беремін деуге аузы келіспеді. Бірінші

басшы шовинист болған соң басқасынан не үміт, не қайыр? Қазақ жеріне түрмедегілерге дейін ағыл-тегіл келіп, талайдың ажалына жетті, күңіренген қайғылы үн толас тапқан жоқ, – деді Тымыр. – Ұйғыр халқында «Көп картоптың ішіндегі пияз күйіп кетеді» деген мәтел бар. Сол айтқандай, күйіп кетудің аз-ақ алдында тұрдық. Үрейлі күш дегенін істеді. Өзбек ағайындар: «Орыс болу үшін алдымен қазақ болып ал», – деген әзіл-оспақ сөзінің зілі қандай аянышты екенін сез­ гендер бар, өзі үшін ұйықтап, біреу үшін түс көргендей болатын елден безгендер бар. Жанына үңіліп: «Не болып барамыз?» – деуге дәрменсіздікпен ес жиюға күш таппаған қазақтардың ақыл-есі шатасып, орыс тілінсіз күн көру қиындығын түсінді. Тірлік бірінші қажеттілікке байла­ нысты деп ұғынды. Орыстарға үстемдік берілді, тірлік мүмкіндіктері жоғары болды. Қазақ онсыз да қырсықтан арылмай, шырқы бұзылып әр нәрсеге сескене қарайтыны Ф.И. Голощекин басқарған (1925-1933) жылдардағы қынадай қырған қалың аштықтан кейін тірі қалғандар бас амандығын тілеумен тынды. «Үкіметтің жауысың» деп итере салудың лаңын көргендер сәл нәрседен қорқа бастай­ тыны және бар... Күн көсем деп жатпай-тұрмай сыйлаған В.И. Лениннің билік қолына тиген бойда: «Тұтқында, қажет болса атып жібер!» – деген қағида тың игеру жылдарында да маңызын жойған жоқ. Коммунистердің жүрегіне дем беретін, айба­ рын нықтайтын қаталдық болса керек. Ленин томдарын оқығандардың есінде болар, өз қолымен жазып, 1918 жылғы 21 ақпанда жарық көрген «Социалистік отанға қауіп төнді» деген Совнарком декретінің 8-бабында: «Дұшпан агенттері, алыпсатарлар, баукеспелер, бұзақылар, керітөңкерісші үгітшілер, герман тыңшылары қылмыс жасаған жерінде қолма-қол атылсын!» – делінген емес пе? Бұйырушы кінәлі болса, бұйырушының үкіміне иілуші де кінәлі емес пе?! Бір есептен заңға бағынуды түсінсе, тәртіп нығайса, жақсылықтың жолы болғаны, ал зиянды жағы қылмысты дегеннің анық-қанығын нақты тек­ сермей, жаппай қуғын-сүргінге ұласты да кетті. Ле­ нин бастап берді. Оны Сталин көсем идеясына адалды-

ғын танытып жаңартып, жалғастырды. «Жапон шпионы», «Отанын сатқандар» деген сияқты тараулармен заңды орындау, үкімді билеу әскериленгендердің шұғыл әрі қатаң жазалауына тапсырды. Осындай үрейлі кезде қазақтар қорғансыздың күйін кешіп, ұлттық қасиеттен қол көтеріп, үстемдіктің қыл бұрауын шыбын жаны шырқырап қабылдады. Жөнін айтуға оқталса, «ұлтшыл» деген жаза дайындығын біліп, бармақ тістеп қала барды. Сұмдық қырғын, қатыгездікті мойындағысы келмегендер түрмеден орын тапты. Орыстың зерттеуші ғалымы В.Н. Земсков «Аргументы и факты» журналында ГУЛАГ-қа қатысты 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері, кәмелетке жетпегендердің 50 колоннасы лық толып тұрғанын жаза­ ды. Жалпы тұтқындардың 30 пайызы саяси «адасқандар» депті. Құйын қаққандар топтасып алып қуғын-сүргінді қолдан жасады ма деп қаласың. Мысалға айтқанда, 1919 жылдың 10 қаңтарыдағы РКО Советінің қаулысы бойынша: «Темір жол жабдықтарын қаскүнемдікпен қиратушылардың жауапкершілігі қылмыскер деп қолға түскендер ұсталған жерінде атылып, ал күдікті-ау деп сезікті болғандар кінәсі айғақталмай-ақ соғыс уақытының заңымен 24 сағатта сотталуы тиіс», – делініп тергеусіз, сотсыз үкім орындала берген. Осы заңның үрейінен шошығандар темір жол маңында шашылып жатқан керексіз бұрауды да алмай, күні кешеге дейін аман сақталуға қол жеткізілді (Қазір вагон тонау, жемқорлық, банкрот болды деп ауыл шаруашылығы зауыттарының құрал-жабдықтарын кесіп-кесіп Қытайға жөнелтіп, же­ келеген тонаушылар пайдасын көріп жатқанына қынжылып, баяғы заңның қажеттігі келді-ау деп қаласың). Сұмсұрқияның опырып жеп, ойрандауына соттың қағазы шақ келер ме екен? – Сабыр ет, – деді Тымыр. – Ескіні қайтіп жоқтайсың? Қалтырап қорқып жүргенді басыңа бермесін... – Мына бір деректі қараңыз, генерал-майор, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.И. Некрасов «Комсо­ мольская правда» газетіне жазған «Десять железных нар­ комов» деген мақаласында 1921-1954 жыл аралығында Одақ бойынша 3 777 380 адам қуғындалып, оның 642 980

атылып кеткенін жазады. Ал Дмитрий Волкогонов 1929 жылдың наурызынан бастап, 1953 жыл аралығында СССР бойынша 21,5 миллион адам қуғын-сүргіннің зәбірін шеккенін жазады. Бір деректе 40 миллион адам айыпталды дейді. Әйтеуір, аз емес. Осындай деректер­ ге сүйенсек, жазаланбаған жанұя, айыпты аталмаған адамдар өздерін бақытты сезінген шығар. Қан теңізіне, теңізге құйылған көздің жасына құйын қаққандар кінәлі десе, оны қариялардың кейбірі Ібілістің қылмысы дейтін еді. Мұншалық қыспақ, қазақпын деуге жүрексіндірмей қояр ма? Көсемнің атын білсе де көкесінің атын айтуды ұмытқандар құса болып күн кешті. «Сталин салған сара жол – коммунизмге жетер дара жол!» – деп тас құдайға табынғандар кісіліктің бәрін ұмытты. Тәуелсіздікке зорға шыққанда о заманды ойлау да ауыр. Көсемнің жетекшісі сайтан ба, Ібіліс пе, неміс ғалымдары сықылды тексерсе шындығы шығып қалар... Адам қаны киелі... Қанішерге кесілген үкім ақталуға жатпайды... Көрдік біз обырлар мен жалмауызды, Тасжүрек тебіренбес қанды ауызды. Қырылған адамдардың қайғысына, Жер қайысып тыңдады-ау жоқтауыңды. Сезген болар аруақтар, көсемім деп, Тірлігіңде жақсылыққа соқпауыңды, Ессіз шулап барып, әншейін тоқтауыңды... ГИТЛЕР МЕН ШАЙТАН Бұл Берлин түн атасына тып-тыныш, үнсіз өлі тірлік, жүдеулердің қанша жұлқынса да кеудесінде қысар теңсіздіктің қайғысы бар. Әлсіздердің жұлдызы сөнгені қашан, сосын қыбыр етпей ұйқыға кетеді. Мәнсіз меңіреулік таң ата қыбыр-жыбырға қайта ұласып, жөндем жұмыс тауып азыққа қолы жетсе – тірлігінің жетіскені, әркімнің өз өмірінің жаңа парағы сәтті ашылғаны. Ашық аспаннан көтерілген күн сәулесінің шашылғаны. Алдымен шіркеулер маңында жетім-жесірлер жүреді, сыбыр-күбірі

қолының молдыққа жетуіне Құдайдан көмек бола ма деу ғана. Құлшылық етіп табынып, адамдардың әрқайсысы өзінің қара көлеңкеге батып бара жатқан мұңын шағады. Қайырлы жақсылық тілейді. Жуас пенделер шоқынған сайын денесін жеңілдетіп, қатыгездіктің меңдеткен ауырлығынан құтылғандай болады. Адольф Гитлер барша жұртпен бірдей қиыншылықты басынан өткізді. Тірлігі түп-түгел сәтсіздікке құрылғандай тауға-тасқа басын соғып, әбден қажып, жүрегі қан жылап жүрген кезі-тін. Жоғарғы мектепте оқып жүр еді, қандай қылығы жақпағанын өзі түсінсе де, қателестім дегісі келмейді, жаңсақ қадамын кім мойындағысы келеді. Бірбеткей мінезі жақпаса, байқаусызда ашу қысып ау­ зынан балағат сөзі шығып кетсе, белгілі біреудің шамы­ на тисе, мектептен қуылады. Жұрттың алдына түсіп бап табу қиын. Кеу-кеулеген туыстары жазықсыз еді, бір шай­ тан азғырды деп көңілсіздікпен іштен тынатын-ды. Одан соң Гитлер өнер акедемиясын жағалап, жанын жалдап, көз майын тауысып, ой-сезімі өнер құдіретіне ауысып, есі кетіп ынтықса да екі дүркін сынақтан өтпей қалды. Қиындыққа қаны қарая бастады ма, жұртты дүрліктіріп жеңіл-желпі қылмыс істеді ме, шайтанның құйрығын тістеді ме, бауыр басайын өзіңе деп күштеді ме, бір елеске бойы балқып, түсіп тұрған мол мейірді байқағандай бол­ ды. Сол тәтті елес ізін бағып еліктірді, күндіз есінен, түнде түсінен шықпады. Балапандай бауырына басып, қауіпқатерден сақтап бақылауын күшейтті. Жын соқты не, мың соқты не, түрмеде отырды деген жаман атақпен тірі жүрсе де, өмірдің бағасын түсінді. Үстемдік иесінің қасқабағына бағынышты боп, қараудың ауырлығын ұқты. Алды-артын байқап, қайткенде де дүлей күш иесі болуды армандады. Миы үстемдікке әккіленгендей еді. Ой-санасы сан саққа сүйреп, шым-шытырық тірлікті бағалатты. Мұның қайратына да, айбатына да ешкім төтеп бере ал­ мады. Күлетін жерде күлдіріп, бүлдіретінді бүлдіртіп, сынаққа салып жүрген шайтаны семірді. Ұқтырды бұған сұрқиялық өмірді. Бұрын-соңды өзінен басқа жұмыр жерде күш-құдірет болмайтындай әдісқойлықты тапты. Өзі ғана әлемді уысында ұстайтындай дәреже-биліктің

тізгініне жабысатынын шайтаны сендірді. Бұрынғыдай емес, Елес шайтан жанына жақын келіп: – Жұрт қабырғасымен кеңеседі, шаруасын келте тын­ дырады, назарын босқа сындырады, сен миыңмен кеңесе біл. Әлем байлығы өзіңдікі ғой, қорықпа, ала біл!? – деп ақ халатты Елес шайтан әуелі құлағына өктемдікпен сыбыр­ лайды. Гитлер миының барлық бөлігі, ондағы қан тамыр­ лары жыбырлап, денесін қыштап, аруақ ұстағандай он екі мүшесін қыздырып ысытып, ерекше күш дарып, өмірге құлшынып бір қылықты бастағандай, қанат бітіріп жұмыр жерді шарлатып тастағандай сезінеді. Оның жойқын күшін байқаған Шайтан ақ халатының қалтасынан алтын сапты кездігін шығарып теріс қарап тұрған адам сықылдыны бауыздап, ыдысқа құйылған қып-қызыл қанды әуелі өзі ұрттап, сосын Гитлерге ұсынды: – Түрмеден жүрегің қара тастай қатты, енді мына қанды ішіп аздап жібітіп ал. Бұл аяушылық сезімді өлтіреді. Өмірлік азығың, еліңнің байлығы жалпақ жұртты жау­ лап алуыңа байланысты. Жұмыр жердегі халық азып-то­ зып, керексіз адамдар көбейіп кетті. Ондай қоғамға басы артық пендеге шара керек. Өкпе құрт, сифилис сықылды жұқпалы ауруды емдеп азаптанудың керегі қанша? Жұрт алдына шығарып дарға асып асып өлтірт. Әлсіз, ауру-сырқау, шөп басын сындырмайтын жалқау, өлімтік адамдардың барынан жоғы жақсы. Олар – мемлекет маши­ насына тежегіш, ілгері бастыртпайды. Құрт бәрін. Әлем билігін қолыңа алу алдында жолыңа кедергіні қырып сал. Осы заңдылықты орындасаң құдірет күш қолыңда болады. Байлық, табыс, алтын теңізі аяқ басқан сайын жолыңда болады! – деп әр сөзін қадап Елес шайтан ұйыта сөйледі. Гитлер ыдыс толы қанды сіміріп салып, көзі шайдай ашылса да абыржып: – Қалай, қалайша мемлекет басқарамын?.. Тірлігім сәтсіздікке толы... Ең үстіңгі, бірінші билікке жоғарылаудың жөн-жобасы қиын. – Қадамыңды үнемі қадағалап сынақтан өткізіп жүрген менің қызметіме сен. Тұр, айнаға қара. Өзің сықылды екінші бейне жетекшіңмін. Қалың халықты соңыңа ерітетін, жай көзге көрінбейтін, миллиондардың бірі, ақыл-

ойы әлемдік биіктен де жоғары. Құдайдың сүйген адамы, бірен-саран киелілер жетекші бейнені (двойник) байқауы мүмкін. Басқалары түгіне түсінбейді, – деп Шайтан шын сөзін құбылтып жүрегіне құйып тастады. – Келістім... Орынтақ қайда? – Асықпа. Алдыңдағы қолымда билік бар деп қопайып жүргендерді біріндеп ұйқыда жатқан жерлерінде бауыз­ дап таста. Ештеңеден жасқанба. Өзіңді тәрбиелеп, саяси күш беретін ұстазыңнан бастап өлтір. Қайырымдылықты қатыгездік қалай жеңетінін жұрт білсін! – Ойлану керек екен. – Несіне ойланасың? Ешкімнің маңдайына бақыт, орынтақты тұрақты жазып қойған жоқ. Мүлт кетсе мұрттай ұшады және жанындағы сенетін адамы құртады. Айтпақшы, қалың қара мұртты, үнемі етік киіп жүретін бәсекелесің бар. Олар қан теңізіне қайықты он алты жыл бұрын салып еркін жүзіп барады. Жұмыр жерді басқарудан үмітсіз емес. Оның жетекшісін Ібіліс атапты, талай дананың сазайын тарттырып, жолына кедергіні тазартып бітірер емес. Бас көтеретіннің басын қырқып, алғыр ойын кескестейтіннің кеңірдегін қиып, саясатын мойындағысы келмегеннің мойнын үзіп, ұрыншақты ұрып өлтіріп, көбін түрмеде телміртіп тастады. Көсем құдіреті – үрейге байланысты. Сталиннің жойқын күресінен сен де қалыспайсың, қайта асырып жібер. Оның Ібілісі шебер, әскери қолбасшыларды да түрмеге тығып жатыр. Соғыссаң жеңетін бұл да өркенді жолыңа тиімді екенін түсін, – деп меңзеді. – Мен әлемді қайтіп үрейлендіре аламын?! – Оған асықпа, Герман елін 7-8 жылда тазартып, бұлтақтағандары табаныңды жалайтындай билік биігіне шық. Бағыныштың кірпік қағысыңнан зәресі зәр түбіне кетіп тұрсын. Ешкім жақсылықтың үмітін күтпесін, ажал күтсін. Өзіңнің білгеніңді емес, өзімнің айтқанымды істе, – деп Елес шайтан 1933 жылдың қаңтарында Гитлерді мемлекет басқару тағына отырғызып, келісімшартқа қол қойғызыпты.– Түрлі жұқпалы аурулар дарға асылды. – Дұрыс, дені сау таза тұқым өсуі керек, – делінді. Ғылым-білімнің биігін меңгергендерді өлтіріп, көптеген кітаптарды кері үгіт насихаты деп өртетті. Білімсіз

надандарды басқару оңай деп есептеді. Орынтағына тіміскілеп көзін салатын бәсекелсетерді құртты. Қалың жұртқа нан керек. Пенде – өңештің құлы. Әскери зауыт­ тарды көбейтіп неше түрлі қару-жарақ қорын жасауды қолға алды. Жұрт нан табу үшін уақытпен шынығып санаспай еңбек етті. Қару жасаудың небір шеберлері жұлынып шықты. Халық айлық алып, асқа тойынғасын, соңына еріп айтқанын екі етпейтін сенімге кенелді. Гитлер әлемдегі адамзатты басқарудың амалын түсінгендей болды. Елес шайтан басқару бағытын аңлағанға жұмыр жерді дүр сілкіндіруге мықтап кірісетінін байқап: «Бәсекелесің Сталиннің алдына түспесең жаның қорланады. Азаптанасың. Сондықтан өзгенің қайғы-қасіретінен де қуаныш тауып тарихта есіміңді қалдыруың керек. Оған шартымыз бойынша 13 жылға мұрсат бердім... Бір елді жаулап алсаң, олардың қару-жарағын, жауынгерлерін екінші, үшінші, төртінші елдерді ойрандап жаулауға саласың. Өз әскерің сақтықта тұрады...» – деді. ...Сөйтіп, дүниені билеп-төстеуге бағытталған бұрынсоңды болмаған соғысты бастаушы Гитлер Елес шайтан­ мен 30-40 жылдары қол қойып жасасқан келісімшарттың түпнұсқасын Портал Кредо Берлиннің шеткі көшесіндегі ескі үйдің сандығынан тауыпты. Шайтанның шарты тым қатал екен. Гитлердің 1945 жылы өзін-өзі өлтіргені де, ал­ ды-артында жүретін пенденің бәрінің көзін байлағандай жұмбағы шешу таппайтын өлімді байқатады. Шайтанның адамзат түсіне бермейтін сиқырлы жазба дерегі азып-тозса да, оқуға болады деп неміс ғалымдары қалалық тарих институтына тапсырыпты («Ел-бесік». 49-б). Шайтанмен одақтасып Екінші дүниежүзілік соғыста елу миллиондай адам қырылды десе, олардың тірі қалған жанұясындағы кемінде екі жүз миллиондай халықтың қара жамылып, қайғыдан көкірегі қарс айырылып соғысқа лағынет айтып қарғаумен дүниеден өтті. Қазақта: «Шай­ танмен ымы-жымы бар адамнан безе біл, біссімілдаңды айтқан сайын шайтан өлімші болатынын сезе біл. Ібіліс, жын-шайтан кеудеңе мінсе оңдырмайды, басыңа бақыт құсын қондырмайды», – дейтінін дала ойшылдарынан та­

лай тыңдап едік. Жұрттың біразынан имандылық кеткен кезде, дінсіздер бес жылдығы талайды түрмеде өлтіріп, өлімші еткен кезде Сталин Ібіліс сезіміне еріп, діннен бездірген кезде, шайтанға өлім келмейтін, адам қаны төгілген сайын сайран салып қым-қуыт жамандыққа шайтан жол бастаған-ау. Әлі тыным таппай қиянаты мол жерлерді ойрандап, ислам дінін жамылып террор­ шы, лаңкес талайдың шаңырағын ортасына түсіріп жүр. Шайтанның жер бетіндегі ойраны қашан тоқтар екен. Белгісіз... – О дүниеде орның жұмақта, қират, бүлдір, өлтір! – деп ақымақтарды сықылықтап күліп азғырады. Ілгері кеткендерді: «Бүкіл дүниенің байлығы өзіңдікі!» – деп ақылынан адастырып, жанын жазғырады. Небір жемқор, жалмауыз, қанішер, сұм-сұрқияның қасында келісімін жасап оңтайына түскенді оңбайтын жолға бастап жын жүр... «Бұл тірлікте шайтаннан басқа өледі, адалдықтан адаспа», – деп әулие қарттар қақсап жүр. Шайтанмен келісімшарт жасасып, жұмыр жерді қанға бөктірген фашизмнің көсемі Гитлердің қылмысы әлі талай құжатпен делелденер... Тыныштық баяны мәңгілік болғай... Тастай қараңғы тап-тар үйімізде тыныш ұйқы қайда? Төсегінде дөңбекшіп жатып әкем: «Інілерім-ай, соғыстан қашан аман келесіңдер!?» – деп жынданып шығатынын ұмытармын ба? Бұл қайғы менің замандастарымның бәрінің басынан өтті... ҚАЙДАСЫҢ, МӘДІ? Сұрапыл соғыс жылдарын: «Жылан жылы – қатты жыл, атақты майдан атты жыл», – дейді. Киімге де жару жоқ, ескі-құсқыны иыққа іле саласың. Түрлі-түсті жамаулы болса да ешкім күлмейді. Өзінің үстіндегі киімі оңып тұрмаса қайтіп күледі? Кім несіне жетісіпті? Біреуі дөрекі сөйлесе: «Атаңда жоқ арғымақ, анаңда жоқ арғымақ, маңдайын отыр ұрғылап. Нең артық менен? Алды-артыңа қарамай жұмысыңа жөнел», – деп қоятындар да бар.

Бекқазы әкемнің дөң мінезінен көбі қаймығады. Сол жылдары күн тұтылды. Жұрт дүрлігіп: «Ақырзаман келіп қалды, жер аспанға, аспан жерге айналып, тірі жан орта­ сына қыстырылып құрып кетеді», – деп гулеуде. «Пенде біткенді аждаһа-тажал жалмап жатқанда Мәді деген алып апаттан құтқарады», – дейді... Бекқазы у-шуды тыңдап тұрып: – Оу, тажал деп тұрғаның қанды қырғынды бастаған Гитлер шығар, жер орнында, аспан орнында, кім өлсе соның басында ақырзаманы, – деп ойының деңгейін білдіреді. – Ары таза адамды аждаһа жұтпайды. Әне, қырғын соғыста өлгендердің дәмі таусылып, көрер жарығы бітсе ақыр заманы... Бір тайпа ел едік, тірі қалғаның қанша? Бәрі қырылды... Елде де қабір қазудан қолың босамайды. Біз кімге тұтқа боламыз? Әр шаңырақта қалған бірер бозөкпе балалар ауру-сырқау, аш-жалаңаш... Бекқазы шикі жасында тырысқақ ауруынан қырылып қалғандарды біледі. Әкесі тұз ішкізіп аман алып қалыпты (Рас, тарихта қалған дерек бойынша 1892-1893 жылда­ ры Қазақ даласының бүкіл аймағына тараған жұқпалы аурумен ауырған 20722 адамның 13127-сі өлген. Қаз.мем. архиві Ф-25, Рп-1, 1833-і, 29-бет). Оба, тырысқақ ауруы көршілес Орынбор облысында да екі дүркін 1848 жылы және 1892 жылы біраз халықты жалмап кеткен. Ал соғыс жылдарындағы жұқпалы індет, әсіресе балаларға аса қауіпті болып тұрды. Бекқазы үш шаңырақта қалған жалғыз ұлының амандығын ойлайды. Бойындағы ашу мен ақылы тайталасса, көбіне ашуы жеңеді. Бойына сіңген сол мінезі түрмеге отырғызып келді. Бәрібір ба­ сынан сөз асырмайды, кеудесін ешкімге бастырмайды. Қорқатыны үкімет қана. Қорқытатыны – «жатып атар». Басқасынан тайынбайды. Күштімсіп сөзі өтсе тіресіп жағасынан ала кеттіні білетіндер байқап сөйлесіп ашуына тимейді. Жоқтық асқынып тұр, ас-су – тірінің қайғысы. Ауыл тозды, аштан өлуден құтқаратын – бірер сиыры мен көлдің адал шөбі, балығы. Бірыңғай ет жеп, су іше бер­ се, ісіп-кебеді, ауыл нанға балап тары жейді. Бидай егісінің көлемі аз, орып жинаған бойда бір дәнін қалдырмай отанға өткізеді. Келдек теріп қолға түскені сотталып

кетеді. Сүтін таңдайға тататын сиырларын соқаға жегеді, табан ет, маңдай тердің қайтарымы жоқ. «Бәрі майдан үшін!» Кеңшарда отыз-қырық өгіз бар еді, оны Қонғанбай әулиенің мешітіне қамап қырып алды. Әулиенің ұлы Хамза соғыстан жаралы болып келді. Егін, мал шаруа­ сында жұмыс істейді. Топырақ құнарлы, жаңбыр там­ баса да бидай өсіп-өнеді. Астық науқаны – мылтықсыз майдан. Еңкейген кәріден бастап, балаларға дейін еңбек етеді. Нанды өндіреді, бірақ жеуге болмайды. Сосын да болар Бекқазы Қожакөлдің көзге түспейтін, тіміскілер таба алмайтын үй орнындай жеріне көң шашып, айырмен қопарып тары егеді. Су жақын болғасын айналасындағы жас құрақтай жайқалып өседі. Жеке адамға егін салуға рұқсат жоқ, қоғам жерін ұрлаған боп есептеледі. Тары піскен кезде ай жарығымен орады, оның үстін құрақпен жасырып үйге жеткізеді. Науша анамыз келдектеп тоқпақпен соғып, екі-үш қапшық тарыны бір бөлменің ірге тасынан суырдың ініндей қазған тесік арқылы өтетін ұраға салады. Тышқаннан қорғап екі-үш қақпан құрып тастайды. Сөйтіп, Бекқазы аштықтан аман қалудың бар ама­ лын өзінше алады. Ел азаматтары майданда, шал-кемпір, балалар жұмыс істейді. Бригадаир әр күнге таяқша толтырады. Ауырып жұмысқа шықпай қалса, бригадир ұрып-соқса да ешкім үн қатпайды. «Енесі тепкен құлынның іші ауырмайды» деп ағайын ғой деу емес, соғыс заңы қатал. Маңдайынан бақ тайып, күш-қуаты кетсе де Бекқазы: – Соғысқа үш бірдей азаматымызды әкетті, ең болмаса біреуін қалдырмай ма екен? Тұқымды сақтауды ойламайды, – десе, белсенді манаурап паңсып: – Жөнсіз, қылмыстық сөзді айтасың, тіліңді қырқу оңай! – деп қорқытады. Бекқазы бұрылып жөніне кетіп бара жатып: «Екеудің бірі өлсе бірі қалар, жалғыздың өзі өлсе несі қалар» деген. Артында қалған ұрпағы жоқ, Кенжеғали, Мұса, Қуан інілерімнің тұқымы құри ма?» – деп жаман ойға беріледі. Бойжеткен қызы Оңай кеңшардың есеп жұмысын жүргізеді. Кейде тұла бойы дел-сал бола ма, әйтеуір, іштей толқып: «Қожакөл Шоңқайлымен қосылады, шуылдап желмен бірге басылады, әскердегі

ағаларды ойлағанда, көзімнен жас тамшылап жосыла­ ды», – деп күпті көкірегін басқандай болады. Ағиба апасы тұрмысқа шыққан, жарынан қара қағаз келгесін қызын төркініне тастап, Аманқос деген ұлын қолынан жете­ леп келіп еді. «Әйел қырық шырақты» деп әйелі өлген Мырзағалиға тұрмысқа шығып, Бекбике өндірісіне кетті. Мұның бәрі – Бекқазы мен Наушаның жан күйігі, қайғысы. Оны азсынсаң, келіндері Қалила, Мәнет, Меруеттің ерлері соғыста. Қалиланың ері Тұрсынғали түрмеде. «Есімханның бас биі, жыршы-ақыны, әскери қолбасшысы болған. Жиембеттің тұқымы» деді ме, «Жапонияның тыңшысы, үкіметті мойындамайды» деді ме, он жыл үкіммен соттал­ ды. Хат-хабар үзілген. Меруеттің ері Кенжеғали соғыста (06.06.1942 ж. өлген). Мұса мен Қуан да майданда, ха­ барсыз. Осындағы елу үйдің талай боздағы соғыста жүр. Меңіреу ауыл, өлі тірлік, рахым етер, жылы сөз айтар өздіөзі болмаса ешкім жоқ. Бәрінің қайғысы ортақ. Екі жүздей жесір әйел, бойжеткен қыздар бар. Ал бастауыш мектепте қырықтан астам бала оқитын-ды. Олар да азайып барады. Неше түрлі ауру жабыса кетіп, жалп еткізеді. Ашқұрсаққа дерт табылады. Үміт жібі үзілуге тақаған тәрізді. Мұсадан, Қуаннан қара қағаз келді. Ағыл-тегіл жылау. Бекқазының онсыз да шытыр мінезі өршіді, біреу жұбатқысы келсе өзөзінен: – Шаңырағымызда үш бірдей ақырзаман. Қайда әлгі құтқаратын Аллаһтың Мәдісі? Қайдасың, Мәді? – деп еңкілдеп жылайды. Оңай егіліп отырып майданнан келген хаттарды оқиды: Қаракөл жері қандай-ды, Көргендер қағар таңдайды. Жұмағы осы дейтұғын, Іргесі берік елтұғын. Жібек жел сипап маңдайды. Сағыныш сезім қозғайды. Туған жерім қандай-ды. Амандығын тілеймін. Отанды қорғау борышым, Отан десе самғаймын.

Фашистер жолы болмайды, Ақ ниетті біздерді Жаратқан Ием қолдайды. Соғысшыл құзғындар Екі дүниеде оңбайды, – деп жазған Мұсаның хатын төсіне басып тебіренгеннен басқа не қалды? Тірі пенденің ажалды мойындамасына амалы жоқ. Қайтеді, ауылдан киініп, екі жеңін сұғынып майданға аттанған жүз жігіттен он-он бесі ғана жаралы бо­ лып елге оралды. Қалың қайғымен жылап-сықтап жүріп елдегілер де біріндеп о дүниеге аттанды. – Қайдасың, Мәді? Біздің ауылда ақырзаман деп тағдырдың мұқатқанына мұңайып, қайғы-шердің зілін көтере алмай Науша, Бекқазы, Оңай, Ағибалар да дүниеден өтті. Ортасына түскен бес шаңырақтан ошақ оты сөнгесін жалғыз өзім қалдым... Өлмегенмен өлімшіліктің азабын замандастарым сықылды аз тартпадым... Күнмен тілдескендей болсам, мұңсыз пенде жоқ дейді. Аймен тілдес, мұңсыз адам жер бетінде болмаған дейді. Жел ызыңдаса шерді қоғайды. Дала күрсінгендей болса, қан теңізін ауырлығын көтерер емеспін дейді. Өткен өмірдің парақтарын ақтарсаң: «Қайдасың, Мәді?» – деген мола жақтан үн шығады. Ол үнді төрт құбалам тең, бақытты да сатып алам деп шіренуші тыңдамауы мүмкін... Қан теңізі қорықсыздардың түсіне де енбес, енбей-ақ қойсын. Қырғындарды көргендердің соңы біз болайық!.. Өмір болды қаталдығына көндірген, қапастан да шығасың деп сендірген. Күйінсең де талайыңа тоқтау бар, шемен шерді өлгеніңше жоқтау бар. Үстемдікке қарсы тұрмау, мінезім бар болымсыз, сұрқияның сөзі болды қонымсыз дей келіп, қабір басында тұрып ой толғайды екенсің: Қаламыма қу тірлікте тыным жоқ, Жамандықпен арпалыстым жыным кеп. Сұм-сұрқия қаулап өскен заманда, Ата салар көк тиындық құның деп. Періште емес, менің-дағы күнәм көп, Тарихымды отырамын түгендеп.

Ағайынның араздығы кесапат, Аяғыңнан шалады ғой, жығам деп. Жауыздардың ұсқынсыз-ау мүсіні, Қулығына көзің жетпес түсініп. Тірлігіңді жүрер ылғи мүйіздеп, Дүрдиеді қанішерлер ісініп... Шындық іздеп жан дүнием шаршады, Жалғаншылар ұйытып тұр баршаны. Шындық таққа нығыздалып отырса, Ашық болар еді, адамзаттың аспаны. Қара дауыл соғып тұрса шошынам, Адал ойды айтуға да тосылам. Өтіріктің боданы боп жүргесін, Кісі атына қалайша бір қосылам. Адам емес дейді жұрт бетке қарап, Көп сатқынның біріне жүр ме балап. Ессіз басым ұмытты мұң мен шерді де, Шындық дейді отырған қаржы санап. Шындық іздеп таба алмадым, қажыдым, Жасым жетпей ақылымнан алжыдым. Әлсіздігім жалғаншыға жалбақтап, Кәне, ажал, жанымды ал, кел бүгін. Мәңгірді миым, жынды болған шығармын, Туған топырақ – бойымдағы тұмарым. Өтірікші жоқ дейді о жақта, рас-ау, Бақытымды өлген күні сынармын! – деп бүгін кемеліңе келсең де, парасатсыз надандардың елге салған бүлігінің арнасы толар ма? Молалардан шыққан зарлы үн соны айтады... Бекер өмір сүрдік дей ме екен? Езіліп табанда сұлап жатса да аяныш білдіретін кім бар дейсің?.. ТҰТҚЫН – Қызылқоға өңірінен нендей өзгеріс көрдің, – деді Сансызбай сабырлы қалпын сақтап. Елге, жерге, адамдарға құрмет көрсетуі ерекше, өткен-кеткен өмірдің жақсылықтарын білуге құштарлығына көзім жеткен оған:

– Райымның жолы оңғарылып бабаларының туған жерімен кеңінен танысты, көкірегін қуаныш кернеп, азаматтық борышын өтеді. Туған жерге ықылас-ниет – ерліктің белгісі, пайдасын тигізу – зерденің ісі. Ескі сүрлеу жолда талай өмір хикаясы бар ғой. Түрлі ойлар билейді. Сағым сыртынан тарих парағын оқығандай боласың. Бердештің Тұрбегінің әулиелік көзқарасы, сонау Бекет атадан бергі ұлылық жолдың тамыр тартуынан хабар береді. Білгің келіп әрекеттенесің. Шым-шымдап көкірегі ашыла түседі. Соған қуанасың... – Е, Бекет ата мектебінен түлеген Хасан қазірет мешітінің орынын, басына қауіп төнгенде көмген араби кітаптарын екі жыл демалысымда бел баласы Ахметбек екеуіміз шарқ ұрып іздегенбіз, таппадық. Әулиелік адам өмірін сақтаудың дауасы да, дұғасы да Хасан қазіреттің бойында болыпты, – деп Сансызбай оның ұлы Ахметбек көп пікір айтатынын меңзеді. «Аты аңызға айналған Ха­ сан қазіреттің жақсылық шапағаты Күнбаев әулеті, оның замандастарына дарыған шығар. Әлемнің мұсылмандары алдында Қызылқоға өңірінен шығып ағылшын тілінде тұңғыш рет философиялық ой толғаған Хасан қазірет екен. Заманында бірнеше ұлттың тілін білген Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбаев және басқаларының ұлылығы, мәңгі өлмес шығармалары ислам өркениеті арқылы ашылғаны белгілі. Хасан қазіреттің елге қалдырған ісінің маңызы діни білгірлігінде болғаны анық». * Ахметбек аман-саулықтан кейін сәл бөгеліп қалды. Әдетте көлденең көк атты күліп отырып, ашық сырла­ сып отырып шатағын тастап, тұнық суды лайлағандай қапаландыратынын талай көрген. Өмірінде өліп көрген жоқ, өлімшіліктің небір зұлымдық түрін бастан кешірді. Қылаусыз көңіл, адал ниеттінің аздығын біледі. Сәл үнсіздігі содан болар. Кісіні зерттеу қасиеттілігі – өмір көргендігі. Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан де8-0203

генді есінен шығармағандығы. Бозбала кезінде әкесін тұтқындаушылар: «Өзіміз ғой, есік аш?» – деп келген екен. Қару-жарағын асынып, «жаусыңдар» дей бастады. Сол үрей есте. Қойын дәптерін ұсынды. «Мені өлім қорқыта алмайды. Менің ақындық және адамдық рухым менің опа­ сыз денемнен әлдеқашан бөлініп кеткен. Ол анда, менің кітаптарымның беттерінде, әрбір жолдарында қалды. Ал мұнда – менің өлі қабығым, тұлыбым, көлеңкем», – деген Мағжан Жұмабаев сөзі жазылған. Оның ойлы жүзіне қарап отырып: – Шынында да елге өлі қабығыңыз келді ме? – деп Ахметбектен сұрауға болар еді. Сексеннен асса да тым ширақ, өзін қазақи тәртіпте ұстай білетін, еңсесі түсіп езілмеген, қартпын деп қақалып-шашалуы сезілмеген оның әңгімесін ұрпақ алдында шындығын айтудан бастауды өтіндім. Өлім зауыты, адамның сүйегі, еті, терісін пеште өртеп қорғасын құйып жатқан, бас сүйегінен түрлі бұйым істеп, өлекседен бөлініп шығатын газдан граната жасап соғыс өндірісіне пайдаланған фашистік зұлматты көзімен көргендердің бірі болғасын меңзегенімді ұғынып, шындықты жаны қалайтыны, оның тым ащылығын білетіні, соны айтуға көбіне жүрексінетіні байқалды. Бірақ қанағаты да өмірбаяны болғасын күмілжімей сөз тұрқын жастығынан бастады. – Туған жерім Қызылқоға, әкемнің он шақты сиыры, он шақты түйесі бар-тын. Кәсібі молдалық еді. 1901 жылы Бұқар қаласындағы жоғарғы діни оқу орнын бітіріп, араб философиясын меңгерген. Діни ағартушы, қайраткер атанған. Қызылқоға, Ойыл тіпті Батыс Қазақстан өңіріне білім шырағын жағушылардың алғашқысы, ада­ ми тәрбиенің құндылығына үйреткен ұстаз, – деп бір күрсініп алды. Әкесі Хасан қазірет тарихы ұмытылғандай болғанына өкінеді ме? Бұл – мыңдардың, миллиондардың өкініші, бүгінгі арақ «соғысының» тұтқыны боп діннен безгендердің қалың қасіреті. – Кеңес үкіметі дін адамы десе әзірәйілді көргендей, мемлекетті құлататындай қатал жыртқыштықпен жаза­ лай бастады. Әкеңіз сол зұлымдықтың азабын тартқан шығар?

– Ол – бөлек әңгіме. Өкініштісі, ұрпағына да оңай тимеді ғой. Сырттай жылмиып монтансығандар ізімізді бақты, түрлі пәлесін жапты. Шынжыр бұғаудан құтылып көр, – деп Ахметбек әңгіме бетін бұрғысы келді де, – әкем Қызылқоға мешітін ашып бала оқытқан. Дін сірә да ұрпақты тазалыққа, басқасын айтпағанда өтірік-өсек, сұмсұрқиялық, басбұзарлық, түрлі қиянаттан аулақ болуға тәрбиелейді. Оны Кеңес үкіметінің мұндарлары түсінбеді. Дін иесіне заразап көрсетті. – Неге түсінсін? «Дін – қараңғы ін» деп саясаттанды­ рып, шулатып жатса. Сөйтіп, Хасан қазіретті Атырау түрмесінде ұстап, одан соң босатып, қылмыс құрсауын алыстан құрып жатпай ма? Тәркілеуге де іліктіреді. Ақтау қағазында бай деп көрсетілмеген, салық төлемеген деп айыптауы және бар. Ақырында Ойылға жер аударады. Алғашқы үкім осылай кесіледі. – Әкемнің бай кітапханасы бар еді. Мен естияр баламын, сол кітаптарды арбаға тиеп апарып таса жерге көмдік. Мал-мүлікті, үкімет белсенділері сыпырып алды. Сосын Көкжарға мүсәпірлік жағдайда көшіп келдік. Жанұяда тоғыз баламыз. Күнкөріс қиындады. Ауыртпалық – азықтүлік жоқтың қасы. Әбден зарықтық. Бір-екі сиырдың сүті асырады. Мүсіркейтін ел де күйсіз. Үй-жай шаруасын тығырыққа тірегесін, жылы орыннан бездіргесін абыржу, қорқыныш байқалмай тұрмайды. Үнемі жүзі жұмсақ, жаны жайдары жүретін әкемнің мінезі күрт өзгерді. Тірліктің қатал сыны өз алдына, кітаптарын жерге көмгенде көзіне жас үйіріліп, бүкіл ақыл-есінен айырылғандай күй кешкен-ді. Ұлт имандылығы, мейірі, ақыл-есін жоғалтқандай ойқанды. Жер шұқып, бар бақыты қайтып, мақсат-мүддесі, қуанышы, көңіл жұбанышы таусылғандай селсоқтанды. Қылта тірлікте қылғынғандай өзек жара өкінді. Білімді шын құрметтеуді сол әке мінезінен көрдім, – деп Ахметбек алыста қалған жылдардан мағлұмат бергендей болды. – Дұшпандары тасадан сынай қарап өзіне сол керек деп әдейі кекетуі де мүмкін ғой. – Кім білсін, бас қайғы болған тұста және балалықпен көп нәрсені байқамадық. Ішімізден әкенің соншалық

қайғылануын ғана аяп, ақырында Ойылға келгесін де бұрынғы бақытты өмірді жоғалтқандай аштық апшы­ ны қуырды. Аштықта інім, екі қарындасым дүние сал­ ды. Терезеден батып бара жатқан күнге әкем үнсіз қарап бақытсыздықтың себебін ойлай ма, әлде өмір сүруге ықыласы жоқтай күй кеше ме? Құпия толқуы жұмбақ еді. Рухы жүдеп, мәнсіздікке жорыса да, ұрпағы үшін қабағын түйген күйі біраз тұнжырап: «Бір реті болар, ақырының қайырын күтелік», – дейтін күбірлеп. Өмір сүруге құмар, адамдармен сөйлесуді жаны қалайтын. Стамбул, Ресей қалаларынан газет-журналдарды алдырып үзбей оқитын Хасан қазірет басына үйірілген қайғының уын жұтып ертеңіне сенімді жоғалта бастаған тұста «отыз жеті» ойра­ ны да бұрқ ете түсті. Жан сырын сыртқа шығарудан қалып тұйықтық па,жасқанып үрейлену ме, жанұяда ашылып сөйлеуді қойды. Сол бір қарғыс атқан түн, – деп Ахметбек сөзін сабақтады. – Қара киімділер үйге қару-жарағын асы­ нып сұсты жүзімен тіріні қуырып кіріп келген-ді. – Сіз тұтқынсыз. – Үкімет жауы, – деп аузы-мұрны қисаймай сөйлеп тұрған өзіміздің қазақтың шен-шекпенділері. – Қазіргі заманда Ленинді, оның ұстаздары Маркс пен Энгельсті пайғамбар деп айтуға болады деп халыққа түсінік бергенімнен жазықтымын ба? – деді Хасан қазірет. Еңсесі биіктігі, білгірлігі, азап алдында жүні де жығылмағаны әулиелігі, небір қаскөйлікке қарсы шыдас беруі қазақи ұлылықтың қанында сақталуы еді. Оны саясаттың жал­ даптары ұқсын ба? Итаршыға сөзі де шығын еді. – Пайғамбар деген дін сөзі, көсем деуге аузың келіспеді ме? – деп қарасұр шәңк етті. – Міне, діни кітаптар, – деп екіншісі үй ішінің астанкестенін шығарып өлермендене тінтіп жатты. – Шырағым, ана кітапқа тиіспе. 1359 жылы шыққан Ахмет Хорезмидің «Махаббат кітабы», – деп әкем қызыл жағалының қолына жармасып еді. Анау бетбақтырмай: – Дін насихаты, – деп әкемді өңменінен итерді. Со­ дан соң алтын-күмістен істелген зергерлік бұйымдарды төсіне тыққылап, ұлттық өрнек бар деп жымысқыланды. Олжалау мен зұлымдықтың өктем үні. Мұншалық зәбір,

қорлау балалардың жүрегіне қатты әсер етіп, қорқыныш үрей, түн атасына шошу, ондай өксікті басу қайда? Жауыз адамдардың мүлде күтпеген жерден қасірет төндіретінін кім ұмытады. Қабірге бірге кететін қайғы. Әсіресе, ағайынның өктемдігі естен шығар ма? Әкем кетерінде: «Ұлым, жақсы оқы, адам бол, адалдығыңнан жазба, – деді. Сосын бір дұғалық қағазды беріп, – бас киіміңе тігіп ал, аман жүресің», – деді. Білім, төзім, адамдық... Сол жан түршігерлік минуттар Ахметбектің өмірге көзқарасын қатты өзгертеді. Саясаттан адамгершілік, жақсылық күтпейді. Басқасын айтпағанда, адамдығын сақтау қиынға түсетінін байқайды. Зұлымдық болатты да сындырып, темірді де тоздырып, шегіршін ағашты тамы­ рынан қопарып жатқандай еді. Өңкей сүргін, пәле өрбіту, қисынсыз жала, ел басына төнген қатерлі кезде Күнбаев әулеті де бұтаға қонған торғайдай пана іздеп тұс-тұсқа бо­ сып кетті. Бірін бай десе, екіншісін діндар деді, орташа­ ларды да тықсырып басымен қайғы етіп жатты. Аштықта қырылғаннан қалған халық қара мылтықтың қарауылына ілініп, Қызылқоға,Ойыл өңірі, бүкіл Қазақ даласы қан түкіріп жатты... * Өлімші күндер, шерменде жылдар. Қара жамылдырған уақыт ауыр өтті. Ахметбек жүрегінде әкеге берген ант­ тай уәде бар. Тойынып ас ішпесе де, бүтін киім кимесе де, жоқтық қуалай соғып қуырса да әке аманатын орындауға белді бекем буған. Ойылдықтардың көбісі басымен қайғы. Ессіз кезеңде Ахметбек әкесінің атын өзгертуге мәжбүр болды. Өйткені, «Амандықтарыңды ақылмен сақта», – де­ ген әке сөзі бар. ...Жалған дүние өтерінде шындық бар, жақсыда да мұңдық бар, дауылдан кейін тымық бар. Сәнсізде де сән бар, көркөкіректе де ән бар, тіршілік түбі сұраулы, есебі жұмбақ мән бар. Көріксізде көрік бар, адамдықта да жамандық бар, күлдіре білген өмір, жылататынын ұмытпа. Жауыздық ойлы жанын Аллаһқа тапсыра алмай жатады. Қиянат о дүниеге кетпей азабы жанына бата­ ды. Сол қанішерлер мен зұлымдарда ұрпақ қалған жоқ.

Соның өзі – Жаратқанның жазасы. Қиянаткердің азабы о дүниеде артады. Кеңшілік көрген тірлігің, кейде жаман жолға тартады. Не нәрсенің де қайырын тілеген атамыз. Қаскүнемге берген теріс батаны. Күншіл болса ағайын, қабырғаны қақыратады. Бәріміз де наданбыз. «Атымды адам қойған соң, қалай надан болайын?» – деп Абай да зар­ лап өткен. Тілеп алып жүреміз-ау кейде азаптану шатағын. Кешірімсіз надан кісі қанын жүктеген, дүние-мүлкіне зорлық жасап үптеген. Қара жүрек адамдар, толып жүрді қанжұтпалы кезеңде. «Өкімет кедей шаруалардікі», – деп өршілену өрттей өріп жатты. Абайдың: «Өршілдікпен лағынетке болған душар», – деген қайғылы кезеңі басқа жарымаған қазақтың басын да алды. Өсер елдің ұрпағы аман қалсын демей, бозөкпе жасын да қыршынынан қиып кетті. Соның бәрін Ахметбек замандастары көзімен көрді. Шерлі көкірек қайғыны көтерді. Әр қасіреттің өз жұбанышы бар.

Адамда сан жетпес шығын, Кім ұмытар қырғынды жылын. Тиынға тұрмаған құның. Қасірет толы кезеңді айтып, Үзіле жаздайды жұлын. Әлі де жер басып жүр, Қарақшы, соғысшыл зұлым... – десем, Ахметбектің жан азабын жеңілдете алармын ба? Кеткен келмеді, өлген тірілмеді. Оның жүзінен сексен алтыға келсе де қасірет-қайғының азабы көрініп тұрғандай еді. Рух мықтылығы өжеттікпен тамыр тартып, зерделі ойы басын аман сақтағанын танытады. Кісілік келбеті жоғалмаған. Ойыл орта мектебінің бірінші түлегі екенін айтты. Бірге оқыған замандастарын мақтанышпен еске алды. Андіров, Сәлиев, Қабдешов төртеуі алтын медальға ие болыпты. Мұндай жетістік мектеп тарихында кездесе бермеген. Кейінгі жылы Қуатов Ғабдолдар үздік оқығаны, сол кездегі жастардың білімге ерен құмарлығын мысалда­ ды. – Сәлиев деген досым ойшыл, қиын есептерді тез шығаратын-ды. Ленинградтан Кировтің өліміне байла­

нысты жер ауып келген ұстазымыз оған «Болжау құдіреті» дейтін. Фазыл Андіров адамгершілігі мол, пара­ сатты, спортшы еді. Данил деген досымыз да ешкімді жатырқамайтын. Анасы атақты пианист, әкесі ұстаздық етті. Елазаровтар Ойылға салт басты, сабау қамшылы де­ гендей, дүние-мүліксіз келген. Байлығы тәркіленген. Әйтеуір, үйі толған кітап еді. Осылар туған жерінен, байлығынан айырылып, қылмыскер атанып, намысына өшпес таңба қапасын салғанға өкінішін білдіре бермейтінді. Қайта батыл, өмір сүруге іңкәр, қазақша тез меңгеріп, бәрін жеңеміз деген сенімді білдіретін-ді. Сары уайым байқалмайды. Үстемдік алдында пыштай болмаған, еркін. Ауырлық қажыта алмаған. Ойылда ешкімді танымаса да, кейбіреулер салқын қабақ танытса да, өздерінің қара ниетті еместігін, адалдығын, кінәсіздігін білдіретін еді. Жұрттың пыш-пыштаған қаңқуын Ахметбектің жанұясы да құлаққа ілген жоқ. Көкірекке ұйыған дін ғылымымен рухтанып өмір сүру жолында батылдық танытты. Дүлей күш сағын сындыра алмады. – Данил Василеевич, – деп Ахметбек сөзін жалғады. – Бірге оқығасын кейде бізді үйіне апаратын еді.Сонда ана­ сы Елазарова бар дәмін ұсынумен қатар, үйіндегі кітаптарын оқы деп беретін. Содан кітапқұмарлық басталып, жүректегі шемен шерді ұмытып, сілкіндік. Өкінішке орай Данил досымыз соғыста оққа ұшты. Ұстаздарымыз сол кезде аса мейірімді. Әсіресе, ленинградттық Усова сабақ беру тәсіліне еркін еліктіріп, бір ауыз орысша білмейтін бізді тез орыс тілін меңгерттірді. Украинадан жер ауып келген К. Илдишев математикадан сабақ берді. Ғылымның зәулім биігіне шыққандай, әрбір тақырыбы жаңалыққа толы еді. Тәртіпті болуды қалайтын. Қазақтардың білімге алғырлығына қайран қалатынын айтатынды. Бірде Бақытжан онымен Мәскеуде кездесіпті. Сонда біздің атыжөнімізді ұмытпай сұрағанын айтты. Ұстаздың адамгершілік құдіреті сол. Олар бізге сұрапыл жылдардың өзінде адамды қадірлеуді, өмірді қорғай білуге, тату болуға үйретіп, қанымызға сіңіріп тастады. Жүректегі қайғыны ұмытып, рухты қылаусыз таза, биік ұстауға, білімге берілуге қалыптастырды.Оныңыз қалай естен шығады.

Замандастарымда Абай айтқан: «Санасыз, ойсыз жа­ рым ес, өз ойында ар емес» дейтіндер болмағанына мақтанам. Ондай байлық ұстаздар арқылы санаға сіңді... * Айбар төккен жасырын саясатты көбіне жастық жігер ұмыттырады емес пе? Қабдеш пен Фазыл Саратовтағы жоғарғы оқу орнына, Ахметбек Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Оқы деген әке аманаты жүрегінде анттай еді. Студенттік қызулы шақ, білімге жан құмарлығы ерекше өскен тұста Ахметбек Кеңес Ар­ миясы қатарына шақырылады. 1941 жылы Украинада әскери міндетті орындап жүреді. Ақымақты да, бұзықты да тәртіптеп, тәрбиелейтін, Отан деген ұлы сезімді меншіктеген кез. Ахметбек артиллериядағы шеберлігімен әскерилер арасында беделін өсіріп адалдығын, ұлттық намысының жоғарылығын танытса да әкесінің тұтқындық тағдыры жүрегінде құпия жататын еді. Жүрек түпкірінде сағыныш үн бар, оқуға түскенін, азамат болғанын әкем көрсе қуанар еді деген ой бар. Өзіңді ойлап жүргенде Түсіме, әке, енбейсің. Ақ батаңды ақ жолға Аманаттап бергейсің, – деп толғанғанда жауынгерлер үні: « Мұрат-мақсат ортақ», – дейді. – Дұрыс екен. – Коммунистік идея салтанаты. – Жөн ғой, – дескен сөздер, бәлкім ертең айтыла ма, жоқ па, беймәлім тағдырлы кезең еді. Ахметбек ешкіммен пікір таластырмайды. Айтысып шала бүлінбейді. Шалқақ мінез танытпайды. Замандастарынан оқығанының молдығы, жігерлі қимылы, әскери жаттығудағы шеберлігі таңғаларлық болғасын шен-шекпенділерді де ойландыра­ тын еді. Қазақи ұлттық жетістікке түсініп, отандық бо­ рышты адал атқаратынына тілекшілер жетіп жататын-ды.

Рухани тазалығына күмәнділер тергеп-тексергенде болар, оны Ахметбек біле бере ме? Білсе де шарасыз. – 1941 жылдың мамыр айында «тревогамен» шырт ұйқыдан оятып казармамыздан алып шығып жолға баста­ ды, – деп Ахметбек тарих парағын ақтара бастады. – Ар­ тиллерияшылар түгіне түсінбедік. Ақырында еліміздің Батыс шекарасына орнықтырды. Саясатшыларымыз соғыс болмайдыға әбден сенулі сияқты еді. Кейбіреуде шүбә да бар шығар. Арада уақыт өтіп жатты. Қаралы күн әлі есте. Командиріміз сасқалақтап, жыламсырағандай жетіп келді. «Соғыс басталды, соғыс», – дейді. Сол сөз жанымызға қандай ауыр тиді. Соғыстың жа­ уабы өлім мен өмірдің қырқысуы екені белгілі. Қырылуды айтпай-ақ түсінесің. Шегініс басталды, неге екені жұмбақ. Бақсақ, бізді фашистер қоршап алыпты. Қоршаудың ішінде бір айдай арпалыстық. Оқ таусылды. Бұзып-жарып шығудың мүмкіндігі болмады ма, көмек келе ме, жоқ па, бәрі белгісіз. Бір күні полк командирі бәрімізді жинап: – Ертең жаудың қоршауын бұзып шығуға күш сала­ мыз. Көмектің келетін түрі жоқ, – деді. Сөйтіп, таңғы бестен атыс басталды. Амал не, оқ бітті. Қолдағы винтов­ кадан қайран жоқ. Қырылып қалдық, менің командирім белорус жігіті Стержинский еді, қарны жарылып, ішегі жерге түсіп ойбайлап жатыр. Дәрігер де оққа ұшқан, сол қырқысуда қырық шақты адам тірі қалыппыз. Содан полк командирі: – Менің соңғы сөзім, берік болыңдар, жеңіске жетеміз, тажал жау жеңіледі, – деді. Соның арасынша фашистер тірілерді тұтқындады. Шені барларды бөлек алып кетті, біздің қатарымызға мыңдаған қарапайым тұтқындарды әкеліп жатыр. Оқ тиіп әлсірегендерді фашистер көзімізше атып тастайды. Су жоқ, ашпыз, аптап кептіріп барады. Вагонга тиеді. Бес күннен кейін Польшаға әкелген-ді. Маған 45980 деген қолыма номер берді. Біле беріңіз қанша мың адамдарды соғыстың алғашқы айларында фашистер тұтқындағанын. Фашистік лагерьде ас-су жоқ. Тамаққа жақындасаң атып тастайды. Тәулік бойы жұмыс, тамақ кездессе қолымыз жеткені ұрлаймыз. Не басыңды ауыр­ тайын өлімші күн, тағылық зәбір. Сөйтіп, желтоқсан айында:

– Түркістандықтар, бөлек шығыңдар! – деді лагерь қожасы. Мұсылмандар ілініп-салынып бөліндік. Бәрімізді пойызбен әкете барды. Екі-үш күннен кейін Польшаның тағы бір қаласына түсірді. Баракқа қамады, төсегіміз ағаштың ұнтақ жаңқасы, жамылғы жоқ. Монша көрмей аздық. Бес жүздей адамның тең жартысы осы жерде өлді. Біреу өлсе өзіміз көмеміз, қақаған қыс, жерде тоң бар, күрек ұстауға күш аз. 1942 жылдың көктеміне дейін өлік көмумен болдық, әрі фашистердің жұмысын атқарамыз. Тамақ іздеп фашистердің итіне таланып өлгендер қаншама? Қашып шығуға талай оқталдық. Темір тор, күзет, қабаған иттер тырп еткізер ме? Арпалыс. Шықпаған жан бар. Көктемде ептеп тамақ бере бастады. Бірде ас ішіп отырып: – Соғысты кім бастайды? – деді бір тұтқын қалың қасіреттен ақыл-есі ауысқандығы байқалып. – Соғысты қорқақ, әлсіз, адамның құбыжығы бастайды. Өзінше кісі еместігіне даңқ алу үшін қан төгеді, үрейлендіреді, – деді екіншісі. – Соғыста әділдік бола ма? – Кісіні қыру, жазықсыз пендені өлтірудің қай жерінен әділдік іздейсің? Қорқақ жиіркенішті Гитлер соғысын әлемге үлгі етіп ұсынғысы келеді. – Сталин ше? – Құзғыннан жерін қорғайды. Осындай тұңғиық сыр­ лы сөздер кейде айтылып қалады. Фашистер жүздеген, мыңдаған еврейлерді шалбарын шештіріп, сүндеттелген болса газкамерасында өртеп жатты. Қосақ арасында түсі ақшыл, көзі көк сүндеттелген мұсылмандар да өлім за­ уытында кеткенін Мұстафа Шоқай біліп, Гитлерге айтып тұтқын мұсылмандарды оқшауландырғанын олардың бірде-бірі білмейді. Бір күні Ахметбектің түсіне әкесі енді. «Шыда, төз, жаныңды сақта. Әкең етінен ет кескенде, де­ неме біз сұққылағанда, басымды жарғанда да осалдық та­ нытпадым. Мұстафа Шоқайдың «Бәрінің ақыры бар, төзім керек, мойымау керек, езіліп, уайымдап, үргелектенбеу жаныңды сақтайды. Ұлтымызға қорқақтық жараспай­ ды» дегенін есіңде ұста?!» – деп саусағының арасына ине шаншығаннан қаны сорғалап тұрғандай көрініс, сосын

жарқабақ басында дұғасын оқығандай сағым арасында кете барды. Сол түсін жақсылыққа жорыды. Мұсылмандарды оқшаулауы Мұстафаның әсері ме дейін десе сөзі келіспейді. Еріні кеберсіп әлсіз жыбырлайды. Тұтқындық қорлыққа әбден жаншылып сілкінейін десе де дәрмені аз. Жұмысқа салады, тәуліктің жиырма сағатына дейін еңбек етеді. Тұтқындардың өлімі, жан түршігерлік азаптан аман қаламын деу қиын-ды. – Фашистік лагерьде, – деді Ахметбек. – Өңкей мұсылмандар Кеңес Армиясының киімін өзгертіп, түрме киімімен алмастырды. Осы жерде ойылдық Есқайыровты кездестіріп қатты қуандық. Өлсек дұға оқып жөнелтер деген ой ғой. Айлар, жылдар өтіп жатты. Тірі қалғандарымызды Италияға жеткізді. Бұл жерде атыжөніміз, ұлтымыз, туған жеріміз туралы құжаттар тол­ тырылды. Жорамалымыз әртүрлі. Әрине, тұтқындардың еңбегін одақтастарға сатып жататынын біліппіз бе? Әйтеуір Италияда тамаққа тарықпадық. Мұстафа Шоқай түрмелердегі қаншама қазақты аман сақтап қалды. Қаншасын түрік жеріне өткізді. Теңдесі жоқ ерлік еді. Уақыт, айлар, жылдар, тұтқынсың, тыныс тар. Қашқың келеді, дәрмен жоқ. Жұмыр жерде тұтқыннан артық бақытсыз жан жоқ шығар. Адам бәрібір өлгісі келмейді. Өзіне төніп тұрған ажалмен арпалысады. Олай емей неме­ не, тік тұрып жан тапсырғандарды көресің. Арпалыс сол, тірі жүруді қиялдайды. Тұтқын да тәтті ойға беріліп, ма­ хаббатын тапқысы келеді. Ұрпақ өсіруді аңсайды. Бірде елшіліктен бе, КГБ-дан ба, әйтеуір жаны ашығансығандар келіп: – Соғыс бітуге айналды, елге қайтыңдар, қираған қала, өртенген елді қалыпқа келтіруге жұмысшы күші керек, – деп қояды. – Кім едің, қай жерденсің, әке-шешең бар шығар? – дейді. Сымпың қаққанның сынақ сөзіне сену қиын, сенсең де үнсіздік қажет. – Түрме, азап, тұтқындық қорлыққа сынбаған екенсіңдер, – десе де, ым қағып жайыңа отырасың. Сұңғыла қулардың жүзі бірде жылы, бірде суып тұрмай ма? Лагерьде ондайдың талайын көрдік. – Біз фашистердің концлагеріндегі тұтқынбыз, қашайық десек қаша алмай, өлейік десек өле алмай жүр-

генімізбен кім санасады? Сатқынсың деп соттайды, – дейтіндер де болды. – Атады. – Өлім жазасына бұйырады, – десе кейбірі сөзге арала­ сып: – Біз соңғы оғымызға дейін атыстық, фашистерге өз еркімізбен берілген жоқпыз. Кінәміз қанша, қоршауда қалдық, құтқаратын көмек болмады. Қарусызбыз, құр сүлдерімізбен қандай қайран қыламыз? Осылай қан жұта айтса да, біразы елге қайтуды ой­ лады. «Туған-туысымен сағынысып бір көріп өлсек ар­ мансызбын», – деді. Жазмыштың бұйрығына дауа жоқ. Ахметбек, одан басқа жиырма адам елге қайтатын боп шешті де, ағылшын кемесіне отырды. Жүрек туған жерді асыға күткендей. Отанымызға келгенде дүние есігін жаңа ашқандай болғанын айтарға сөз жетпес. Қуанышта шек болмаған шығар. – Бірақ, – деді Ахметбек бір сәт тыныстап тағдыр соқпағы күтіп тұрғанын айтуға жүрексінгендей сыңай та­ нытып. – Зұлымдық атаулының шексіз екенін білдірді. Кеңестік түрмеге кемеден түскен бойда күтіп алды. Концлагерьден кемдігі жоқ, азап, тергеу, тексеру, көмір шахтасындағы ауыр жұмыс. Арада екі жыл өткесін Ахметбек ҚазМУ басшыларына хат жазып, оқуын жалғастыруға рұқсат алады. Сөйтіп, түрмеден босанып Ойылға келеді. Сондағы көз жасының төгілгенін көрсең... Қуаныш ұзаққа бармай, қуғын-сүргін басталып кетеді. Күн демей, түн демей қызыл жағалы тергеп есін шығарады. Құрқылтайдың ұясындай шағын бөлмедегі әкесіз жетім іні-қарындастарымда зәре жоқ. Жыламсыраған қос қарашықтардағы қайғы, жүректеріндегі мұң өлең болып өрілетіндей еді. Әкенің зары өтті ғой, Қасірет-қайғы жетті ғой. Сталиндік қиқу саясат Кәріге, жасқа епті ғой. Ашығып халқы қырылды, «Тазала жауды», – депті ғой.

Көздің жасын көлдетем, Надандар бізде көп екен. Жақыннан шықса жауыздық, Қатерлісі мол екен. Ошағының оты өшті Алғыр ойлы талайдың. Иесіз қалған жұртыма Қимай-қимай қараймын, – деп күңіренген бауырлар Ахметбек соғыстан келгенде әкесіндей тірек көріп еді. Сол тіректі де тентірете бастады. Тергеу есін шығарды. – Кәне, Нұрманов Кеңес үкіметін фашистерге қалай сатқың келді? Шпиондық топқа кімдер басшылық етті? – дейді Жансейітов. – Соғыста екі-үш ай болдым, полкіміз қоршауда қырылып қалды. Қайдағы шпиондық топ?.. – Сен неге амансың? Қандай дәлел, қандай негізге сүйенесің? – Өлтіріп үлгере алмады. Полк командирінің жауабын оқыңыз. – Мойында. Шпиондық әрекетіңді біз біліп отыр­ мыз. Жазаң жеңілдейді, мойында?! Шоқайдың құйыршықтарысыңдар... Фашистерге қызмет еттіңдер. Әскери шенін берген шығар, Мұстафа Шоқай нендей ақыл берді? Мойында, жазаң жеңілдейді. – Нені, концлагерьде болғанымды ма? Ақырында Жансейітов шақыруын қойды. «Отанын сатқан опасыз» дегенге дәлел таба алмай шаршады дей көрмеңіз. Арада біраз уақыт өткесін бір қолын фашистердің жерінде қалдырып келген мүгедек ағамыз екеумізді ар­ найы ұшақпен Ақтөбеге әкетті. КГБ-ның кеңсесіне келдік. Өзін Тоқсанбаев деп таныстырғаннан кейін: – Қалай, келдіңдер ме? – деп бауырсырағандай үн қатты. – Тұтқындап әкеліп отыр ғой. – Е, солай ма? Тіліңнің қыршаңқылығы бар, ә? Біз бала кезіңізден кім екендеріңді білеміз. Әкеңді апрель­ де алдық, сендерді де апрельде алып отырмыз. Әскерден қашыпсыздар. Ол рас қой енді...

– Концлагерьден қашыпсыздар демейсіз бе? – Мұсылмандар бөлініп жаулық ойлағыларың келді. – Әскери құжаттарды қараңыз. Көп жағдай көрсетілген. – Қылмыстан бас тартып, ештеңені мойындамауға төселгенсіздер. Ол білімді адамға дұрыс емес қой... Тұтқынның күні құрысын. Күндіз де үрей, түнде де үрей, ешкімді де сендіре алмайсың. Қуаныш жоқ, күлкі жоқ. Бойыңа ас батпайды. Ойласаң күнәң жоқ, сатқындық жоқ. Фашистердің қолына түскенше өзіңді-өзің атып тастамаған екенсің деп өкінесің. Соңғы оққа дейін жауға ат деген соң атасың. Әскери басшы бұйрығы – қырқыс алаңында заң. Қарапайым жауынгер, шынын айтқанда, тәртіпке бағынышты. Әйтпесе, фашистердің жаралы­ ларды атып кетуі ештеңе емес, басын кесіп лақтырғанын көріп тұтқынға түсер ме еді. Адамдық сезімді жоғалтқан жыртқыштардың талай қорлығы аз дегендей Тоқсанбаевтың тергеу азабы жан шыдатар ма? Жоныңнан таспа тілгендей азап. – Бұлардың тіміскілігінің сұмдығын ағам қатты тартты. Жарымжандығына аяушылық білдірмей: «Сен білесің, Мұстафа Шоқаймен әкең байланыс жасаған. Үйіңде болыпты, көзіңмен көрдің. Не айтты? Құлағыңмен естігеніңді айт?» – деп соққыға жығып қорлық көрсеткен. Расында кейін сұрасам ағам Мұстафаны білмейді екен. Тарихи құжаттарда әкем Хасан 1917 жылы Мәскеуде өткен мұсылмандар съезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқаймен ашық сөйлесіп, пікірлері ортақ болыпты. Оны кейін білдік қой. Содан тергеу біткесін Арқабаев Базардың, Шираев Бәшірдің түсінігі және соғыста қоршауға түскендіктің себебін көрсеткен құжаттар бар екен, бәрін оқып шықтым. Кінә жоқ, бәрі дәлелді. Ағайды соттатуға жалған жала жазғыштар «үкіметті жамандады» деген сықылды. Соғыстың басынан аяғына дейін қан кешіп келген ағама он жыл үкім шығарды. Әлгіндей жалалаушылар қанша жазықсыз адамға сатқындық жасады, шындықты іздесе бәрі табылар еді. Коммунистік басқыншылық әр мекеме түгілі, әр адамның ізін бағатын «жатып атарларының» өтірікті шындай етіп көрсеткендерінің кесірінен талай

арыстар көресіні көрді ғой. Және саясатымыз демократия дегенге күлкің келеді. Соғыс, қырғын, сатқындық демо­ кратиямен үш қайнаса сорпасы қосылмас... Ахметбек ауыр күрсінді. Итсілікпе тірлікті одан әрі ойлағысы келмеді ме? АҚШ жұмыр жерде демократия орнатамыз деп, Жапонияға соғыстан кейін екі атом бом­ басын тастап, 240 мың адамды қырды. Ұшқыштары Эно­ ло Гей мен «маленький мальчик» бомбасын тастаған ка­ питан Гатанец не ойлады? Демократия мақсаты қырғын емес, тыныштық, адалдық, адамдық дей алды деймісің? Саясатқа ықтады. Амалсыз. Жұмыр жерде соғыс әлі тоқтаған жоқ, надандықтың ең сорақысы осы. – Коммунистік қоғам нағыз әділ, біз демократтармыз, қылмысты ісіңізді шындыққа негіздеп тексердік, – деді тергеушілер. – Сонымен, сізге неше жыл үкім шығарды? – 25 жыл, – деп Ахметбек буыны босағандай сыңай та­ нытты. – Елге қай жылы оралдыңыз? – 1956 жылы Хрущев заманында елге оралдым. – Түрмені қай жерде өткіздіңіз? – Қиыр Шығыста. Тұтқындар жер қайысатындай, күнде пароходпен тасып үлгере алмай жатты. Қорлық, зәбір. Тамақ жоқ, мазақ қылғандай тұздалған шабақ береді, сосын бір стақан су – күндік қорек. Ұрып-соғудың айтары жоқ. Тамақ ішпей ашыққанда жағың қарысатынын фашистердің концлагерінде көріп едік. Қолымда талайдың ашығып өлген сүйегі шашылып қалды. Адам өлімнен қорықпайды. Жаныңды ине сұққылап шабақтағандай қорлықтан қорқады. Жарық сәулені қимай қиналады. Кейде рухтың мықтылығы ажалдан алып шығатынына сенеді екенсің. Рухы әлсіздер өзін-өзі өлтіруі де кездесті. Мұсылман тәртіп-тәрбиесінде Аллаһ өзі берген жанын өзі алады деген ұғым болғасын өзіңе қол сала алмайсың. Тұтқындардан байқағаным, ажары сөніп, қуқыл тартқан жүзі өлімге бет алса да жылағаны сирек шығар. Жылау түгілі күрсініп көп мүжіле бермейді. Ермегі – жұмыс, күн санау. Сосын бір-біріне қайырымшыл, татулығы мықты, маған үйренгесін бе солай көрінді.

Бәрі де тірі қалуға тырысады. Титықтатқан ауырлыққа төзеді. Пайдасыз әрекет жоқ. Айта берсе түрме өмірі қаны сорғалаған, төбе шашыңды тік тұрғызар, қасіреті қалың кітап қой. Елге келген соң да түсімде талай шошып ояна­ тын едім. Әкемнің амандығыңды сақта, білімді бол деген өсиеті, дұғасы талай ажалдан сақтап қалды. Бірақ әкем 1956 жылы түрмеде көз жұмған екен. Өлгеннен кейінгі ақтау қағазын алдық, ол әке болар ма? Ахметбек елге келгесін Мәскеу, Орал қалаларындағы жоғарғы оқу орындарын бітіріп ұстаздық жұмыспен зейнетке шыққан. Адалдығы, өнегесі биіктікпен рухы жасымаған оның өмірді жан-тәнімен жақсы көруі талай зұлымдыққа төздіргеніне қайран қаласың. Тірлігінің көбі ақмылтық боранда өтсе де, қажымағаны аруақ берген қайсар қайрат еді. КӨКЖИЕККЕ СІҢІП БАРАДЫ Қымырдың есіне әсерін қалдыратын оқиғалар аз емес-ау. Соның бірі ежелгіге айналған Нұралы ханның кіндігінен тараған 75 ұрпақтың өсімін есепке салып жоба­ лап білгісі келетінін қайтерсің. – Шындығы шықпайды, бос әуре, – деп Тымыр жеңістік бермейді. – Жұқаруың жөн, нақты есеп бола қоймас. Дегенмен, оймен шолып, өсіп -өнудің жобасын байқап бәрі бірдей жуа­ дай солмаған деу керек. Опасыздық, зұлымдық көрмегенде қаншасы тірі жүрер еді деудің қандай оғаштығы бар? Орск қаласының маңында Нұралы тұқымы баршылық қой... Мысалы, 75 ұрпақтан төрт буында 300 адам болса, оның өсімін әр жанұядағы төрт реттік санға көбейтсек, кем де­ генде 1200 ұл мен қызы жарық дүниеде жер басып жүреді екен. Жобайы келсе одан да көбірек болуы әбден мүмкін. Бірақ қас-қабағынан қан жауғандар кеңестің зұлым саяса­ тымен жойқын күш қолданып: – Тыпыр етпе, ханның тұқымысың, үкім кесіледі. Ату ма, түрме ме, тағдырың шешіледі, жиған-тергенің бізге бұйырады. Алшаң-алшаң басып едіңдер, дүние кезек,енді абыржып сасып көріңдер! – деді.

– Рас, бабаларымыз хан болған, халқын өсірген, жазықсызға тиіспейтін заңы болған. Тәртіп-тәрбиесі маңыз болған. – Ол сөзің тыңдалмайды. Тағы қандай туыстарың бар? – Қазақтың бәрі туыс. Туғанды өздерің тауып алыңдар, – деп үреймен жуаси тіл қатады. – Жүрген жерін, мекенін айтпайсың ба? – Қасірет есін жиғызбағасын басының амандығын сақтау үшін тұс-тұсқа тарап кеткен. Жағасы жыртылмаған, жері қайысқан ел едік... – Сонша көп пе? – Жүздеген, мыңдағандарының күніне ұрпақтары дүниеге жамандықты көрем-ау деп жылап келіп жатыр. – Өтірік айтасың. – Шындыққа да, өтірікке де сот бар ғой. Өтірікті кім көп айтса, сол бақытты. Зұлымдықты кім көп жасаса, сол абыройлы бола бермей ме? Өтірікшінің бойы жеңілдеп, шалқыған шаттық көңіл деп жүрмей ме? Армансыз өмір сүрмей ме? – Сөзің біртүрлі. – Сіздің сұрағыңыз да сан түрлі. – Түрмеге отырасың, атыласың. – Бүкіл тұқымды құртып бола алмассыңдар. – Жекелеп құртамыз. – Қиянатсызды да құрта бересіздер ме? Жасым жетпістен асты, моламды қазып өзім де ажал қашан келесің деп, есікті ашып қойып сағына күтіп отырмын. – «Ханның тұқымына, байларға рахымшылық жоқ. Олар жер басып жүруге тиісті емес», – деген Кеңес үкіметінің заңы бар. – Дала заңымен өздерің де өсіп-өніп едіңдер. Шайтанның қарны емес, адамның қарнынан шыққандарыңды ұмыттыңдар ма? Жауаптаспай-ақ атқың келсе, ата сал. Жүгенсіздікке жүрек сірә де шыдамас, біздің байлығымыз қайырлы дәулет боп өздеріңе құралмас, – деп қабырғада ілулі тұрған Нұралының алтын сапты қылышына көзін салды. «Қаскөйлеріңді қиып тастайтын қайратым жоқ», – де­ гендей ойда болды ма? Жауығу дейсің бе, аштық дейсің 9-0203

бе, ханның тұқымынан қаншасы қырылды? Соғыстан оралмағаны нешеу? Тірісінің жүрегіне қалың қайғысымен қанын төгіп Ор өзенінде елесін қалдырып, Қызыл тау сілемінен іліккен сағымды көкжиекке сіңіп бара жатқан оқиғалы өмір. Тұқым сапасының құрдымға кетуінің дәлелі десек жетеді. Сол сұрапыл соғыста теңдесі жоқ ерлік жасағандардың біразы тектілердің тұқымы, батырлықтың қанында ойнауы. Кектілік. Жауына мейірімсіздік. Оған мысал жетерлік. Өртке оранған ұшағымен фашистердің топтасқан танкісіне құлап, күлін көкке ұшырған теңдесі жоқ ерлік иесі Маслов экипажының бір ұшқышы, кіші лейтенат Бақтыораз Бейсекбаевтың әкесі тәркілеудің зәбірін көрген. Қуғын-сүргіннің қасіретін жұтқан Шәмпектің ұлы сегіз жасынан талшық іздеп тентіреп жүріп, ақыры балалар үйінен оқып, білім алғаны түрлі дерек-құжатпен дәлелденіп отыр. Бақтыораздың батырлығы аңызға айналды. Кек, ыза, ұлттық намыс ерлік туғызды. Әкесінің абыройын сақтады. Осындай ерлік иелерінің өмірбаянында жалалаған жаулық, қаралаған қастандық, өсектің қызыл өрті кездеспеді деймісің. Әскерилердің қатаң заңы жеті атасына дейін тексеріп жат­ пады деймісің. Соғысқа Қазақ елінен кеткендердің 602 939-ы қанды қырғында ерлік туын ұстап: «Жасасын, Ста­ лин!» – деп оққа ұшты. Егер осылар қыршын кетпей өмір сүріп жүрсе, қазірде үш буынға таяп қалғанда ағалардың әрбірінің шаңырағында үш перзенттен өсті дегеннің өзінде 3,5 миллионнан астам адам қазақ елінде өз бақытын өзі та­ бады екен. Тектілерден талай озық ойлылар өсіп-өнер еді. Фашистердің әлемдік ойранында Кеңес Одағында 1 710 қала, 70 мыңдай село, жүз мыңнан астам кеңшарлар талқандалып, қаншама халық қырылды. Үш миллион­ дай жауынгер Мәскеуді қорғау, Курск доғасы, Польша­ ны фашистерден тазартуда өлсе, жоғарыдағы қалалар мен селолардың халқының қырылуын есепке салсаңыз, қаншама миллион болар еді? Осындай қан кешуде талайдың ерлігі ауызға іліге алмай, зұлмат саясаттың жымысқылық қатпарында елеусіз қалды. Қайдағы бір қорқақтардың, окопта басын қорғап бұғып жатқандардың

атаққа ие болғандары жоқ деймісің? Кейбіріне: «Байдың, ханның, діншілдің, үкіметтің жауының тұқымы», – де­ ген өсек өмірдерегіне жапсыра салынды. Кеңес саяса­ тында күні кешеге дейін жоғарғы награда Еңбек Еріне бір орынға екі адам ұсынатыны, ататегін құпия сүзгіден өткізгенде біреуіне түрлі сенімсіздік себеп табылуы мүмкін екендігінен болатын-ды. Неткен теңсіздік! Неткен үрей! Ауылда жаны күйзелген қариялар: «О, жасаған-ай, үстемдіктің қолына қаратқанның азабы о дүниедегі тамұқ азабынан да ауыр шығар», – деуші еді. Сол айтқандай, та­ лай ерлер есімі саясаттың қара көлеңкесінде көкжиекке сіңіп бара жатқанына қынжылып, қалың бұлт арасындағы жұлдызды жарыққа, ашыққа шығаруды мақсат еткен Айгүл Кемелбаеваның «Сұрмерген» шығармасын оқып, аруақты еске алудың сауабына не тең келер дейсің...

СҰРМЕРГЕН Елдің атын ер шығарады. Бала кезімнен есімде, Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деу болатын. Алайда соғыс тарихының ақтаңдақ парақтары мұның да жел сөз екенін ауық-ауық жаңғыртып жадымызға салады. «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы» атты 1985 жылы Мәскеуден жарық көрген соғыс энциклопедиясында бұл кісінің есімі мүлдем жоқ. Нағыз қаһарманның әлі күнге өз еліне елеусіз, белгісіз солдат болып қала бермегі қалай? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы соғысын қасиетті соғыс деп атап: «Жеңістің біз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін бәріміз де жақсы білеміз», – деп жазады. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған «Панфилов­ шылар» атты кітапта Т. Әбдібековтің есімі жинақтың ең соңындағы – «Құраманың ескерткіш күнтізбесі» атты соғыс хроникасында екі жерде жай ғана аталынып өткен: Т. Әбдібеков 400 фашисті жойды; және қаза тапқаны ту­

ралы дерек. Панфиловшылардан 34 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған. Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен аты шыққан бұл адамның туысымыз екенін бұрыннан білетінмін. Бірақ етжақын туыс екенін «Страна и Мир» газетінде (№7. 18.02.2000.) орыс тілінде жарық көрген «Снайпер Тулеугали» атты деректі мақаладан өз ата-бабамның нақты есімдерін оқып білгенде қайран қалғаным рас. Авторы – тарих ғылымдарының докторы Тілеу Көлбаев: «О Тулеуга­ ли Абдыбекове на всех фронтах ходили легенды, фашисты боялись его и называли «черной смертью». За свои ратные подвиги он должен был стать трижды Героем Советского Союза». Т. Әбдібеков батыр мәртебесін қатарынан үш мәрте алуға лайық ерлік көрсетсе де, белгісіз солдат тағдырын құшып, есімі әлі жабулы күйінде жатыр. Сол алапат соғыс біткеніне 65 жыл таянса да марқұмның рухы қапаста жа­ тыр. Т. Әбдібековтің асқан атқыштығы аңызға айналып, немістер оған қарсы ең үздік мергендерін салатын. Соңына мықтап түскен қарсылас жақтың атқыштарын жасы­ рын жекпе-жекте Төлеуғали бір-бірлеп құртып отырған. Аңдысқан жау алмай тынбайды, ол 1944 жылдың 23 ақпан күні 26 жасында қаза болған, сүйегі Калинин облысының Новосокольнический ауданының Насва станциясының түбінде жерленген. Рас, әлсін-әлсін 9 мамыр күні қарсаңында қасиетті Ұлы Отан соғысының ең үздік мергені туралы мақалалар шоғыры жарық көре бастайды: В. Гущин. О снайпере Тулеугали Абдыбекове («Иртыш» газеті, 7.05.1994); Ж. Ашуұлы. Мергендердің мергені («Егемен Қазақстан» газеті, 21.03.2009); С. Әмірбекұлы. Атақты мерген неге атаусыз қалды? («Айқын», №56. 2.04.2009); А. Мұсаұлы. Сұрмерген. («Сарбаз» газеті, 7.05.2009); т.б. Ал Тілеу Көлбаев былай деп жазады: «Жауынгерлік ерліктері үшін Әбдібеков Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен, Отан соғысының 1-дәрежелі орденімен, Ленин орденімен марапатталды. Командование оны Кеңес Одағының Батыры атағына өмірбаяндық анкетада Төлеуғали өзінің немере ағасы Кемелбай Насырханов репрессияға айдалып кетке-

нін жасырмай жазғаны үшін ғана ұсынбаған». Сталиндік саясаттың қылышынан қан тамған кезеңі, халық жауының інісі саналған соң оны көпе-көрнеу бағалағысы кел­ меген. Мерген жас қыздарға 10 шақты дұшпанның көзін құртқаны үшін өлгеннен соң батыр атағын берген. Ал 1937 жылғы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарының бірі, жала­ дан итжеккенге ұсталып кетіп, Магаданның су түрмесінде сүйегі қалған атам Кемелбай өзі үшін немере інісі күйетінін әсте білген жоқ. Саяси мүдделердің құрбаны, туған елі мен жерін фашистік басқыншылардан азат ету жолында ғұмырын қиған, соңында жоқтайтын ұрпағы қалмаған қыршын батырдың деректерін Подольскідегі әскери ар­ хивте сақтаулы тұпнұсқа құжаттар арқылы алудың ама­ лын қарастырып, осы іске көмегі тиеді-ау деген адамдарға хабардар қылуды енді өзіме парыз санадым. Белгілі жа­ зушы Медеу Сәрсеке полковник Төлеуғазы Жылтыровқа Т. Көлбаевтың «Снайпер Тулеугали» атты мақаласын бер­ ген екен, ол кісі шындық жарыққа шығып, жоқтаушы керегін іздеп табудың жолын қағазға ыждағаттап жазып беріпті. «Архив арқылы сөйлеу керек. Москва жасан­ ды дүниеге, өтірікке әбден уланған, беталды сенбейді, шынның өзін дәлелдеу оңай емес. Нағыз қаһарманды шығара алмайсың. Сондықтан нақты құжаттар қажет. Жасым 80-де, менің бұл іске араласуға халім жоқ», – деп шынын айтқан ақсақал арада бір-екі жыл өткен соң дүние салды. Әскери тәртіпті бес саусағындай білетін полковниктің нұсқауын қаз-қалпында беруді хош көрдім (ол кісі орысша жазған екен): «Факты об Абдибекове Тулеугали фантастические... Легендарный снайпер Зайцев уничтожил 255 фашистов, стал Героем Советского Союза, его ежегодно чествуют на Малаховом Кургане Сталинграда. 1. Главное, найти в архивах представления к награж­ дению этими орденами. Все документы искать в архивах Минобороны и Наградного Управления Верховного совета тех лет. 2. Ехать в Москву в архивы Министерства обороны СССР и Государственный архив СССР и найти хотя бы наградные листы (снять копии).

  1. Поискать и найти публикации в газетах «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Красная звезда» и сделать фотокопии. 4. Общественное мнение нужно... 5.Составить краткий хронологический список о подви­ гах героя со ссылкой на источники публикации и на авто­ ров (если они есть). Кратко, всего на одной странице. Без официальных документов добиться ничего невозможно. Это аксиома. Нужны официальные документы и только до­ кументы» деп 18 ақпан 2006 жылы қол қойып, Медеу аға арқылы маған беріп жіберген екен. Әдетте мергендер екеу болып қимылдаған, нысананы көздеудің дәлдігін арттыратын оптикалық көздеуіші бар винтовкалармен қаруланған. Қорғану шебінің алдыңғы шебінде, қолайлы орында мұқият жасырынып, біреуі жою­ шы, екіншісі бақылаушы болған. Мергендердің жұптасып отыратын бір себебі, дұшпан жағына шығып кетіп, ту сырт­ тан атуы мүмкін екенін де ойлаған. Мергендік қозғалыс 1941-1942 жылдары Кеңес әскері жаппай шегініп, қорғаныс ұрыстарын жүргізуге мәжбүр болған Ленинград үшін шайқастарда туған. Тек қыздардан жасақталған мергендер бөлімі 12 000-нан аса дұшпан солдаттарын жер жастандырған. Соның бірі – өзіміздің Әлия Молдағұлова. Мергендерден В.Г. Зайцев, Н.В. Ковшова, М.С. Поливанова, Л.М. Павличенко және т.б. Кеңес Одағы Батыры атағын өлгеннен соң алған. Солардың ішінде Ф.А. Смо­ лячков 125, В.Г. Зайцев 255 жауды жойған. Т. Әбдібеков 395, яғни бір батальон жауды құртқан. Бірақ оған саяси қитұрқы себептермен ресми атақ еш бұйырмаған. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы 2007 ж. қазан айында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери мұрағатына сұрау салып, 12.03.2008 жылы жауап алды. Подольск әскери мұрағаты екі мұрағаттық анықтама салған, гвардия аға сержан­ ты, мерген Т. Әбдібековтің соғыс деректерін растаған. Ж. Ашуұлы мақаласында былай деп жазады: «Мұрағат деректері қолмен көшіріліп, наградалардың қандай ерлігі

үшін берілгенін тізіп шығып, соңында: «Прославленный и непревзойденный снайпер. Хитрый, осторожный, вы­ держанный, хорошо знающий повадки врага довел свой снайперский счет до 395 уничтоженных гитлеровцев. Под­ готовил 32 снайпера... Умер от ран в медсанбате 23.2.44 г.» деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Қол қойылған, мөр басылған, бәрі заңды түрде рәсімделген. Даңқты жерлесіміздің соғыстағы асқан ерлігін дәлелдейтін бұдан асқан қандай құжат керек? Ал біздің қандасымыз Төлеуғали Әбдібековтен асқан бірде-бір мерген жайында дерек кездестірмедім». Жастар отансүйгіштік қасиетті туған елі өз ерлерін ардақтай алмаса қайдан тапсын? Рух сөнбесін. Мен белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтан де­ рек көздерін сұрағанда 16.02.2006 ж. жазған мына жа­ уапты алдым: «...Тілеу Көлбаевтың «Снайпер Тулеу­ гали» атты мақаласында 1944 ж. шілдеде Қазақстанға жіберілген делегациядан мергеннің №2916 винтовкасы елге жіберілгені, оның қазір Орталық мұражайда тұрғаны баяндалған. Бұған қарағанда дивизияның 3 жылдығы қарсаңында Төлеуғали Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған болуы тиіс. Дивизия елге делегация жібергенде қолдарына Қазақстан үкіметіне арналған хат ұстатады. Батырлыққа дивизия ұсынады. Содан кейін ол құжат Мәскеуге кетеді. Дивизияның Қазақстанға жазған хаты Алматы архивтерінің бірінен табылуға тиіс. (1944 жылы майданнан дивизия делегациясын басқарып келгенімде біз дивизияның хатын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне тапсырғанбыз). Жұмабек Ашуұлы Саяси қуғын-сүргін қауымдастығы атынан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының экс-президенті В.В. Путиннің атына Т. Әбдібековке батыр атағын сұрап ресми өтініш жолдаған болатын. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қазақтың іздеуі жетпеген ер ұлының таудай атын жарыққа шығарып, ұлттық мәртебемізді асқақтатады де­ ген үкілі үміт сөнбейді. Сонда ғана өлген тіріліп, өшкен жанады.

ШАЛЫС ЕСЕП – Мен бір нәрсенің басын аша алмай дал болдым, – деді де Қымыр автокөлігінің есігін жауып Тымырға жақындады да ашық қабақпен: – Ертеде ауыл айтқышы: «Шама, шамадан артық емес, Жайықтың су бір бөшкі. Есеп есеп­ тен артық емес, өтірік айтып қайтейін, түсінерсіңдер то­ лып жүрген кіл есті, толып жүрген жер үсті, тоғыз айдың перзенті... басқа іс түсті, көшті, қонды, өлді, жітті, бәрі де жақсылықты сағына күтті», – деген екен. – Есілдің арғы беті, бергі беті, Астананың құлпырған күн келбеті, талай қиын-қыстауда кең байтақ даланы ер­ лер қорғады, – деді Тымыр. – Басынғысы келгеннің басы кетті, өзі қазған қабіріне өзі жетті, – дейсің ғой. – Әрине. – Бақабас жауыз, фашист құзғынына атқан оғым қате кетпейді, туған жерімнің киесімен оқтағам. Зұлымдық ұясын талқандауға батыр бабалардың аруағына сиынам, фашистерге атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалған, елімнің намысын қорғап қалуға ант еткенмін десе кең байтақ жері еске түспей ме? Әркімнің бағытбағдары бойынша бағзы заманнан бері туған жеріне ештеңе тең келмейді. «Туған жеріңе туыңды тік» деген сөз қалған. Сол Қазақ АКСР-нің 1-құрылтайшы съезінің әкімшілік мәселелері бойынша 1920 жылдың 12 қазанындағы қарарында: «Қазақ ССР-ның территориясы 2753,8 мың шаршы метр, бұл көлемде 16 облыс және республикаға бағынышты – 21 қала, 15 қала ауданға бағынышты, 203 аудан, оның 109 қала типті, 2672 село бар», – делінген. Ал 1936 жылғы 5 қазанда республикалардың қайта құрылымы бойынша: «Қазақ ССР-ның территориясы – 2717, 3 мың шаршы метр, адамдар саны – 15842,1 мың, (есеп­ те қанша ұлт бар, олардың ұлттық құрамының көрсеткіші көрсетілмеген) олардың қалаларда тұратыны – 9044,7 мың, селоларда тұратыны – 6797,4 мың, 19 облыс бар, ау­ дандар саны – 222, қалалық типтегі аудандар – 35, сондайақ 83 қала болған» делінеді (Издат. Москва. 1947 ж. 1 қаңтар). Жауынгерлер бұл есепті бөліп-жармаса да

Отан ортақ деп жандарын шүберекке түйіп гитлерлік фашистерден қорғады. Тыныштық заманға ештеңе теңгермеді. – Сонда айтпағыңды түсінбей қалдым? – деді Тымыр ойына кідіріс беріп. – Статистикалық есеп бойынша халық саны – 15842,1 деп көрсетілуі, онда қазақ қанша, орыс қанша, басқа ұлттардың саны неге көрсетілмеді? Құпия. Аштан қырылғандардың есебін жасыру. Кеңес саясатының бұл деректеріне сену екіұшты көрінеді. Сергей Залесскийдің тарихи зерттеу мақаласында: «3,5 миллион адам сенімсіз деп танылып Қазақстанға жер аударылды. Олардың 27 пайызы қоныстанған жерінде қайтыс бол­ ды. Сондай-ақ, 4,8 миллион адамды жер аударып, еріксіз жұмысқа салды. Он сегізінші ғасырдан Поволжьяны ме­ кен еткен халықты және Қызыл Армияны орналастыру мақсатында деп жүк вагондарына тиеп қазақ даласына төгіп салды, орналастырды...» – деп төбе шашың тік тұратын деректерді жазған-ды. Күрделі-күрделі оқиғаның бетін ашады. Демек, аштықта қырылған қазақтардың санын сенімсіз ұлттар деп жер аударылғандармен толықтырып тұрғаны айтпаса да түсінікті десек қателеспейміз. Қанша халық аштан өлді. 1917 жылы 7,5 миллион қазақ болған дедік (құжатта көрсетілген). Сонда төрт миллион қазақ өлді, оның орынына түрмедегісі бар, лагерьдегісі бар, жер ауып келгені бар сегіз миллиондай адаммен халық саны толықтырылды. Көрдің бе, жымысқы саясаттың күштілігі. Соғыс та, талай қырғында да саясат алдымен халықты дүрліктіреді. Сол байтақ даламызды, қайғысын ішке бүккен жерді күн-түн демей қорғау ерлердің қасиетті ісіне айнал­ ды. Мәскеуді қорғаудың өзінде бір жарым миллион қызылармияшылар мерт болса, Польша жерін фашистер­ ден азат етуде алты жүз мың адам оққа ұшқан, олардың қатарында қазақстандықтар да бар еді. Оған дәлел сұрапыл соғыс жылдарында республикада әрбір төртінші адам майдан даласына аттанды. Қан кешті. Еврейлер алты миллион еврей қырылды десе, соғыста бүкіл Одақ бойын­ ша өлгендердің санында шындыққа күмән туады. Сталин соғыс бітіп, жеңіске қол жеткеннен кейін: «Немістерден

қанша шығын болған, соны алдын-ала біліп, одан кейін біз аз шығынмен жеңіске жеттік», – деуіміз керек деген сы­ бысты естігенбіз. Жә, оған жұқармайық, тарих шындығын табар, күллі әлемдік соғыстың нақты есебі шығар, әйтеуір тілерсектен қан кешіп жүріп ағаларымыз, апаларымыз болашақ ұрпақтың тыныштығы жолында жан пида деп бүгінгі күнге қол жеткізді. Кеңес үкіметі қазақтарды төртінші сорт деді ме, кісі қатарына қосуға қомсынды. Қазақ мемлекеті деуге аузы келіспегендер толып жүрді. Шовинистер әкесінің түнеп шыққан төбесін біздің жер деуге дейін барды. Ұяттан безгендерге дауа жоқ. – Асқақтама, бауырым, аяғыңның астында қанға бөккен жер бар, төбеңде аспан бар. Бір үзім нанды аузыңа апарарда аруаққа тие берсін деуді ұмытпа, – десек артық емес. Тымыр майданнан оралмаған ағаларын есіне түсірді ме, мұңайып қалды... * – Тымыр, мен бір аңыз айтқым келіп аузым жыбыр­ лап тұр, – деді Қымыр Есілдің арғы бетінен баспалап көтерілген күнге қарап алыстан ой тартты. – Аталарымыз жер киесін қадірлеп, «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат» депті. Адамның құзғын жаманы Гитлер жұмыр жерді ойрандаса, ерте, ерте, ертеде қан жұтпаса көзіне ине тірелгендей ұйқы көрмейтін хан болыпты. Оның жарлығы бойынша 60 жастан бір күн асқан бойда әкесін ұлы арқалап биік құздан құлатып өлтіретін болған. Хан құзырын орындамауға жұрт дәрменсіз, шардақ, былқ ете алмай­ ды. Содан бір күні алпыс жасты толтырған әкесін арқалап шыңға көтеріліп келе жатқан жігіт шаршап тарғыл тастың үстіне отырады. Сонда әкесі: «осы тастың үстіне мен де отырып, әкемді шың басынан құлатып едім. «Атаңа не қылсаң, басыңа сол келеді»деген осы», – депті. Содан ұлы ойға қалып, тобылғы, шеттік, шеңгелдің қысқарған көлеңкесіне әкесін жатқызып: – Әке, мен өзіңді шыңнан құлатпаймын. Мына тобылғы-шеңгелдерді кесіп, соған орап үйге отын арқалап қайтқандай боламын. Сосын үйдегі кебежеге жасырып, жан баласына көрсетпей бағамын, – депті.

Күндердің күндерінде, жылдардың бірінде хан көрші елді жаулап, мал-мүлкін, сұлу қыздарын әкелуге әмір береді. Жігіт көзінен жасы сорғалап, зар илеп тұрып ке­ беже ішіндегі әкесінен ақыл сұрайды. Сонда әкесі: «Хан жарлығы екі етілмейді, оған ешкім қарсылық жасауға қақысы жоқ. Мені кебеже ішінде жатқан күйімде бірге ала кет», – дейді. Жігіт әке сөзіне тәк тұрып соғысқа кете бара­ ды. Содан көзге түртсе көргісіз меңіреу түнде сарбаздардың арбалары қиқалаңдап жүре алмай тоқтап қалады. Жұрт аң-таң. Қария баласына: «Осы жерге түнеңдер, бұл тас емес, алтын!» – дейді. Оны жігіт қолбасшыға айтады. Таң атады. Сарбаздар күн көзімен шағылысып мың құлпырып көздің жауын алған алтын тауын көріп қуанады. Арба­ ларына тиеп-тиеп алады. Қазына белгілі, одан әрі тағы көрші ханның еліне жол тартады. Оларды жаулап сұлу қыздарын, үйір-үйір жылқыны, басқа да байлықты әкеліп ханға тарту етеді. Бас сарбаз ханға жолшыбай құм дауылы қуырған шөлге қамалып қалғанын да, одан аман құтылуға жас сарбаздың ақылы болғанын да айтады. Сарбаздың кебеже ішінде әкесі болыпты: «Өгіздерді қамытынан бо­ сатып жіберіңдер, суды табады», –дейді. Ақырында не керек, алтын тауын тауып, шөлден аман құтылып, көрші хандықты жаулап еліне үлкен олжа салған жас сарбазды хан шақырып алып: – Осыншама ақылды қайдан таптың? – дейді. Бас сарбаздың сөзіне сенбегендікпен. Ханға өтірік айтуға құқы жоқ жігіт оқиғаны бүкпесіз нақты айтады. Содан зұлым хан райынан қайтып, шындықты көзімен көріп, қолымен ұстағандай болғасын: – Қарты бар ел қазыналы екен, енді адамдар өз ажалы­ мен өлсін, – деп жарлық шығарады... Сол аңыздағыдай елден майданға аттанған азаматтар қариялардың ал­ дында тізесін бүгіп, батасын алып, ақылын тыңдағанын көргенбіз. «Ажал алдында да абыржып-саспаған адам ерлік жасайды», – деген дала даналарының сөзін естігенбіз, – деп майдангер Ерғали Мұқанов соғыстағы тағдырының өкінішке толы тұсын баяндап еді. «1956 жыл, 21 қазан, СССР-дың Әскери Жоғарғы сот коллегиясы Ерғали Мұқановты ақтайды...» деген сөйлем жазылған

№023757 құжат қолына тигенше ол өзінің жер басып жүргенін, тірі екенін, не өлі екенін сезбегендей еді. Осы бір жапырақ қағаз тағдыры болатын-ды. №0233757 ҚҰЖАТ «№023752 құжат». Бір жапырақ қағаздағы осы сөздерді оқығанда Ерғали Мұқанов еңкілдеп жылай берді. Буыны босап, ес-түсінен айырылды. «Құдайымай, мұндай қуанышқа жетемін деп пе едім? Жаратушы жарылқайтының бар екен-ау», – деп күбірлейді де жы­ лайды. «Еркінмін, кінәсіз, тазамын. Ақтығымды көзім тірісінде білдіргеніңе мың да бір рахмет!» – деп үй ішіндегі балаларын құшырлана сүйді, әйеліне қайталап айта берді. Ағайын-туыстарына жар салды. Әйтеуір, қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздады. Қайтеді, «Әне атылам, міне атылам, әлде мәңгілік түрмеде шіримін бе? Сүйегім дала­ да қалатын болды ма?» – деп көлеңкесінен де үрейленім жүретін-ді. Көз алды – қараңғы тұман, еңсесін басқан – қапырық үрей, қызыл жағалыны көрсе жердің жарығы болса кіріп кете жаздайтын-ды. Түн ортасында ұйқыдан шошып ояну, адам болып кісі бетіне тура қарай алмау, артық сөз айтпау, қаншалық толып жатқан зәбірмен жанын жеп, тым мүжіліп бітіп еді. Міне, жоғарыдағы құжатты қолына ұстағанда Ерғали 38 жаста еді, арада сегіз мың түн мен күн, қайғыру, қамығумен өтті. Төсіне екі қолын айқастырып, үйдің төбесіне қарап іштей егіліп жататын уақытты ұмытар ма? Ағайын-туыстарының өзі есен-саулық сұрағанда: «Фашистерге өзің сатылып кет­ кен жоқсың ба? Біреулер күдіктенеді, шын ба?» – дейтін сыңай танытатындай көретін. Адам болып рахаттана күле алмайды. Пенделікпен орынды жерінде қуана алмай­ ды. Сүлесоқ, әйтеуір тірі жүр деген атақ еді. Күбір-күбір сөздерді тыңдағысы келмейді. Ақталар еді, куә қайда, құжат қайда? Басына түспеген, көзімен көрмеген адам басқа біреудің жан азабын, бейнетін, қасіретін, көңіл күйін ұға алар ма? Бала кезінде отбасындағы тыныштықты ұзағынан бере көр деп тілейтін ата-анасы: «Ұйқыларың тыныш

болсын!» деп жатарда тілек тілейтіннің терең сырын біле бермейтін-ді. Ойлап қараса, түн атасына елдің бас көтерер азаматтарын тиеп әкетіп жататын қан кешулі 1937 жылдың үрейі екен-ау. Ата-анасы жоқ-жұпынылықтан қалай құтылам демейді. Арманы – адамдық. Өйткені, қалың елді бір тарының қауызына сыйғызып дүрліктірген «жаусың»деген қасірет ұйқы түгелі күлкіні де бұзатынын басынан кешірді. Ержетіп, ат жалын тартып мінісімен соғыс деген үрейлі үнді естіді, қалың ел қан жұтқандай күрсінді. Көкті торлап сірескен қара бұлт ажал оғын сепкендей еді. Адамдардың тіл қатысқаны да ауыр салмақ, зіл батпан қайғымен ара­ ласты. Көкшетаудың Құрөзек өзені бойындағы «Ұялы» кеңшарындағы Мұқанның қара шаңырағынан ағайынды үш жігіт майданға аттанды. Жауды жеңеміз, аман келеміз деп кетті. Үміттерін күйретіп абыржыған жоқ, «Батырлар аруағы қолдасын!» деп ата-ана ақ батасын беріп, дұғасын оқып арнады. Ешкім шошынған жоқ, өлеміз, денеміз бейтаныс жерде қалады деген бірі де жоқ. Қылт еткен мұң да жасырылды, ақ жолға кедергі деп көз жастарын да көрсеткендері де некен-саяқ еді. «Елмен бірге көрген қасірет, қайғы, ұлы той», – деп кейбірі жігерлерін жаны­ ды. Мақсат-мағынасы фашистерді жер бетінен аластатсақ тамаша өмірге қолымыз жетеді деу еді. Бұл кезде Ерғали Зеренді аудандық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген-ді. Көзі ашық, көңілі ояу, надан емес, адамшылығы мол, өзін емес өзгені бақытты етсем дейтін. Құпия тазарту­ дан да өткен. Бір басына оқыған-тоқығаны жетерлік, отба­ сынан алған имандылығы, шүкіршілігі жастығына жара­ сым тауып жататын. Оқу бөлімінің меңгерушісі Данилов өзі майданға сұранып бара жатып: – Ерғали, броньмен қалсаң қайтеді? Мектептер иесіздікке ұшырамас еді, – деген-ді. Тылға да мұғалім ке­ рек, адамдар білімге мұқтаж. Алғашқы да Ерғали ой­ ланып қалды. Ел әлсіресе майданда да күш азаяды, аштықтан қырылып ауырлықты бастан өткізе бастаған да... 1935 жылы астық жақсы шықты, бірақ ындыны кепкен кедейлікті жарылқай алмады, бірден мемлекетке

жөнелтілді. Келдек теріп астық қорын жасағысы келген­ дер сотталып кетті. Енді елге үрейдің үстіне соғыс үрейі қосылды. Жо-жоқ, Ерғали броньмен елде қала алмады. Тайқұлындай тебісіп бірге өскен достары аудандық газеттің редакторы Ж. Рахымжанов, Е. Қабиболин, С. Мұқанов, барлығы 50 жас жігіт майданға кетеміз деп тілек білдірді. Сөйтіп, олардың 31-і Ақмола қаласында байланысшылар курсында оқыды. Оны бітіріп 1942 жылдың наурыз айында майданға аттанып кете барды. Қазақстаннан жасақталған Жандосов басқаратын 106-дивизия жауынгерлері Сталин­ град бағытымен қара жамылған соғыс өртінің ішіне енді. Содан Харьков түбінде фашистердің қоршауында қалды. 6-Қызыл Армия жаудың бетін қайтарып, тезінен көмек бере алмай қалды. Бірақ бұларға көмекке ұшақтар, танктер келмекші еді. Қоршауды бұзып шығатын бағыты да анық болатын-ды. Соғыста нендей кесел аяқ астынан тап болып жататынын қарапайым жауынгерлер біле бере ме? Оның үстіне, жаралы, ауру, сырқау жауынгерлер жетіп жатты. Армия дәрігері кірпік ілместен: «Днепропетровскінің ка­ зармасына жетсек, бір тыныс алар едік», – дегені есінде. – Аты-жөнін білмейсіз бе? – Сол дәрігер мені ажалдан алып қалды. Есімі – Иван, әкесінің атын ұмыттым. Алматыдан еді. Тірі ме екен. Оны қанша іздедім, кездестірмедім ғой. Өлі мен тірінің арасы... – деп Ерғали жасаураған жанарын сипап ойға қайта шомды. Тұтқында жау қолында қалды, алтыншы армияның жауынгерлерін фашистер қоршап алып, қарусыздандырды. Дені сауларын Екатерина салдырған түрмеге қамады. Жаралы, ауру-сырқауларын бір шұңқырға апарып лақтырып тірідей көміп жатты. Ерғалиды да зембілмен әкетіп құртпақ еді. Дәрігер: «Бұл адам емделіп жазылады!» – деп қарсылық білдіріп жібермеді. Ажал аузынан алып қалды. Бірақ шектен тыс көретін зәбірден құтқара алмады. «Менің Қазақстаным... Сені тірідей көмдіріп өзім аман қаламын ба?» – деп қалай ойламайын. «Өлсек бір шұңқырда бірге жатқым келді». Дәрігердің сөзі осы еді. «Өмірге екінші рет әкелген лебізді өлсем ұмытамын ба?»

Қиратуды, өртеу, опан-топанын шығарып жою, өлтіру, сұмдық қанқұйлылықты Ерғали айтып тауыса алар ма? Өліктердің үстінен қан жосытып, мейлінше зәбірмен тұтқындарды Львовқа әкелді. Аяқтарында ағаш бәтіңкі, тұтқындар бірін-бірі қолтықтасып сүйеген болады. Әрбір жүз адамның жанында қасқыр иттер, сәл қимылдасаң жарып салады. Адамдық қасиет ұмытылған, күнәсіз тұтқындардың әлсірегенін сол бойда атып тастайды. Адам тағдыры шыбын ғұрлы емес. Пенде ауыр минуттардың өзінде жарық күнді қимайды екен, үміті үзілмейді екен, жеңіске жетеміз деген сенім жоғалмайды. Бұлдыр сағым арасынан еркін өмір қол бұлғап шақыратын тәрізді. Оққа байланып тұрғанда да тірлік қымбат. Әлде әлемде бұрынсоңды болып көрмеген патриоттық сезім күші ме? Дұрысы сол шығар. Ұлтымыздың намысы, имандылығы дер шағындағы кезең еді. Мыңдардың тілегі – ерлік, адам де­ ген атына кір келтірмеу, шын арманы – намыс, адалдық. Қаймағы бұзылмаған қазақи қасиет жаралы көкіректерде күмбірлеп тұрды. Сатқындықты білген жоқ. Оны өліммен бірдей деп есептеген-ді. Бір күндері Иванов деген екеуі қуысқа тығылып қашып кетуді ойлады. Амал не, фашистер тауып алды. Соққыға жығып жұмысқа қосты. Содан тұтқындарды Польшаға әкелді. Әрбір тұтқынның мойны­ на темірден номер байлады. Бұрынғы әскери киімдерін шешіндіріп алып, жыртық-жыртық киіммен алмастыр­ ды. Барлық тұтқынның ішінде екі жүздей ғана қазақ қалды. Көбі өлді, атып тастады. Содан Ерғали Мұқанов, Байділ Қожықов, Балдер Әбішев және басқаларын Фран­ ция жеріне неміс армиясының жұмысына апарды. Үлкен қорғаныстар қазды. Тәулігіне жиырма төрт сағат бойы жұмыс. Жерорта теңізінің маңында фашистердің ДЗО-тын салды. Күндердің бір күні жоғарыдағы үш жігітті асха­ нада тамақ пісіруге қалдырған кезде күзеттегі немістерді өлтіріп қашып шығады. Содан түнделетіп Францияның партизандарына өліп-талып қосылады. Оларды Бессеж деген қаланың маңынан табады. Әрине, бұл үшеуін олар шпион деп біраз тексереді. Ақырында командирлерінің алдында Интернационалды айтып сенімге ие болады. Ал Валанс, Лион қалаларында америкалықтар тұрады. Со­

нымен Ерғалилар екінші майданға қатысып, Франция жеріне орналасқан фашистердің ұясын талқандайды. Мар­ сель портында америкалықтармен бірігіп, екінші майдан­ да жүрген қазақтармен танысады. Зеренділік Құрманқожа Ысқақовты көріп, туған жерінің қасиетті топырағын сүйгендей болғанын айтсаңшы. Олардың киім-кешегі, жағдайлары тәуір екен, жақсы киімдерін беріп жарылқап тастайды. – Туыстар, 1944 жыл аяқталып қалды. Фашистер жеңілді. Бірақ сіздер елге оралмаңдар, барсаңдар соттай­ ды, құртады. Одан да Америкада қалайық, – дейді Құманқожа. – О не дегенің, біз француз коммунистерінің басшылығымен фашистерге қарсы соғысып біраз қаланы тазарттық, ол ерлігімізді ескермей ме? – Ай, қайдам... Сталиннің «Отанын сатқан опасыз» деген қағидасы шырмап тастамаса? Дегенмен, қатты ойланыңдар, саяси бағытты байқаңдар. – Франция партизандарымен бірігіп фашист құзғындарының талай ордалы жыландай болған құзғын ұясын талқандап, кек қайтты. Оны Отан ескерер. Сонымен соғыс аяқталысымен Франция жеріндегі 24 партизан қазақтар елге оралады. Оларды Одесса түбінен КГБ күтіп алады. Содан сот, әскери трибунал, Мага­ дан түрмесінің азабын маңдайларына жазады. Ерғали Мұқанов қатардағы жауынгер болғандықтан атылу жаза­ сынан аман қалғанымен, 11 жыл түрменің есігін тозды­ руы, қуғын-сүргін, туған-туыстарының жазықсыз жапа шегуінен артық тірі өлім бола ма? Жоғарыдағы құжат қана үбірлі-шүбірлі болып тоқсанның белесіне көтеріліп, оның отыз жылын Алексеевкіде орман шаруашылығында қызмет етуімен жалғасты. Алып тұлғасы тік, жүрісі де ширақ. Немерелерін ерітіп серуендейді. Ара-тұра оларға француз тілінде есінде қалғандарын айтып оқ пен өрттің ішінде өткен өкінішті жастығын ойлайды. Сөйтеді де, тыныштыққа ештеңе теңгермейді. – Бар бол, қуғын-сүргіннің, қан кешудің талайынан аман өткен аға! –дейсің. Төгіліп тұрған тірі тарих дегеннің

құдіреті осы. Бір арнаға құйылатын шындық көз көрген, құлақ естігеннен басталады. ҚЫСАСЫ КЕТКЕН Жылы-жұмсағын тарықпай жеген халық, бары­ на Пайғамбар да риза деп, қанағатын қанға сіңірген ел адамдары еді. Жалпақ жұртқа қаныпезерлер қанқұйлы қастандық жасайды деп ойлап па? «Социализм қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын алтын заман орна­ тады», – деп даурыққанға үміт артуы, көрініп тұрған ауылдан көрінбеген бұлт жақын дегенді сезді деймісің. Үкімет аузыңнан ақ май ақтарады, ақ бөлкеге тойынып ақ маржандай құлпырып шығасыңдар, малдарыңды бермесеңдер атылып кететіндікті ұғарсыңдар дегесін тышқақ лақ қалдырмай санап берді. Бәлду-бәлду бәрі өтірікті, аштық қысқасын бір-ақ білді. Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы С. Меңдешов: «3 миллионнан астам адам аштыққа ұрынды. Қазақстанда аштық басталып күшейіп барады. РКФРО-ның орталық органдарынан ашыққандарға шұғыл жәрдем көрсетуді сұраймыз?» – деген арнаулы хатқа Сталиннің құлақ аспағанына қандай қысасы кеткенін кім білсін? Құжатта 1921 жылдың төрт айының өзінде әке-шешесі аштан өлген 480 022 бала қаңғып қалғандығы, Орал губкомының баяндамасында айтылып: «1921 жылдың қыркүйек айында губернияда аштық кеңінен етек алды. Мұны жөндеуге мемлекет көмегі жетпеді. Губерния халқының әлдісі өлмеуі үшін адам жеуге дейін барды. Тек қана төрт уезде үш жүз елу адамды сойып жегені, төрт жүз отыз жеті мүрдені тамаққа пайдаланғаны тіркеуге алы­ нып, анықталып отыр. Губерниядағы халықтың бес­ тен бірі, яғни 48 802 адам аштан өлді. Елде мал қалмаған», – делінген баяндамада. Мұны Сталин де, Калинин де, Свердлов та білді. Хат-хабарды оқыды, жұтты қолдан ұйымдастырудың алғашқы нәтижесіне көңілдері толды ма, 1922 жылдың 26 қаңтарында Сталин мен Калинин қол қойып құжаттандырған деректе «Бір ғана Еділ бойынан 10-0203

23 миллион адам аштыққа ұшырады... Бұл апаттан халықты құтқару үшін ашыққандарды Қазақстан мен Түркістан республикасына қоныс аударылсын» деген қаулысын оқысаң Еділ бойынан көшірілгендер қазақтарды сойып жесе де өлмейді деу ме? Өйткені, көшірілгендерге қанша азық жеткізіледі, үй-жаймен қамту айтылмаған. Көшсін, бітті шаруа. Жоғарыдағы дерек бір ғана губкомның төрт уезіндегі аштық қырғыны, ал республикада 16 об­ лыс, 21 қала, 203 аудан, 2 672 ауылдық кеңестегі аштан өлгендердің есебін шығарсаң миллиондаған халықтың қырылғанына көз жеткізер едіңіз (Тарихшылар бұл есепті компьютермен нақты шығарып алады. – Т.Қ.). – Ойыл қаласының көшелерінде аштан өлген адам қырылған қара шыбындай еді. Комсомолдар жинап, көміп үлгере алмайды да, Сегізсайға адам қаңқаларының арасына тастай салады. Бауыздап өлтіргендер, етін кесіп, сүйегін қалдырғандарды көргенде жаның шоши­ тын еді, – дейтін қарттар. Бұл аштық ұзаққа созылды, бәсеңсіген жоқ. Аштық қырғыны, ату, түрмеге қамау заңдандырылып жүзеге асырылды. Оған дәлел 1932 жылы 7 тамызда ВЦИК пен Совнарком «Мемлекеттік кәсіпорындарын, колхоз, кооперация мүліктерін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» қаулыны Сталиннің нұсқауымен қабылдап, қоғам мүлкіне қол сұққандар оққа ұшты, атылды. Түрмеге жабылды. Саясат үрейі осылай дамыды. Аштық жұты өрттей өршіді. 1933 жылы ауданның «Тамдыкөл» мұнайын бұрғылау басталып, онда геологтар Жолмағамбетов, Балмағамбетов, Құтмағамбетовтер мұнай көзін бұрғылайды. Олардың бұрғылау станоктары германиялық фирмадан шыққан «Ганэль-МОЭГ» маркілі болған. Шет елге астық, ет өнімдерін беріп алынған құрал-жабдық, техника осы­ лар ғана деймісің. Экономикасы мешеу Одақ өндірісін өркендету үшін өз халқының аштан өлуін қайтеді. Гео­ лог Қалиханның күнделігінде: «Анамның аштарға ас пісіруден қолы босамады. Мұнайшыларға азық-түлік беріліп тұрды. Айлық ақша да аламыз. Тарыққан жоқпыз. Бірақ ашыққандарды, олардың өліп жатқандарын көрудің өзі жаныңа үлкен азап әкеледі екен. Көңілің босап,

аяйсың. Көз нұры тайған, алба-жұлба киімді, денедегі еті тартылған, әбден арыған, кейбірінің беті ісінген, сөйлеуге тілі келе бермейтінін, қолын жайып, аузын ашып тамақ сұрайтындар босып жүрді. Өмір сүруі көмескі-күңгірт, соңғы арманы бір тойыну тәрізді. Бір үзім нан іздегендер, босып жүргендер, бұралып жолшыбай өліп жатқандары қаншама? Тіл жоқ, үнсіз өлім, жан тапсырғандары да кінәні ешкімге артпайды... Үнсіз... Құлай кетеді, жан тап­ сырады. «Тамдыкөлден» жолаушылап Ойылға бара қалсаң жолшыбай құзғын құстар үймелеп жатқан жерде толған өлік...» – деп жазылыпты. Бірде әкесі Жолмағамбетке танысы кездесіп: – Аштықта алдымен кімдер өледі? – дейді. – Әлсіздер, ақылдылар, адал ойлы, ешкімнің ала жібін аттамаймын деп қазан қайғысынан ұлттық қасиетті артық бағалайтындар. Бұлардың күнкөрісіне жиғанын жау­ ыз ойлы дүлейлер тез тартып алады, не алдап, не ұрлап алып тақыршаққа отырғызады. Шамалы күнкөрісі барлар жұтап бітеді, ажалды күтеді. Ашықтырудың ретін, жөнін, жағдайын білетін қуларға дауа жоқ. Саясаты белгілі, заңы түсінікті. – Обал-қиянаттың жамандығын білмей ме? – Өзі аман қалуы үшін зұлымдыққа барады. 1922 жылы Атырау өңіріндегі елге Кеңес үкіметін орнатамын деп облыстық милицияны басқардым. Жаңа үкіметтің ішкі-сыртқы жауы аз болған жоқ. Егес, өліспей беріспеу. Арамдық, жауыздық жасырын, аңғару қиын бүркеліп қалған. Толстовтың казактарынан құралған бандылары, Орынборда біразын атқаннан кейін ызалы бір тобы Аты­ рауда бүлік-ойранды салды. Адамдарды өлтірді, ауылелді тонады, әйелдерді зорлады, кеңестік мекемелерді өртеді. Колчактың құйыршықтары бандылық топтың қанқұйлыларын жоюда оңайлық болған жоқ. Қарияларды, балаларды айуандықпен өлтіргенін кім кешіреді? Қырғын қақтығыспен жауды құрттық. Жеңдік, Кеңес үкіметінің жұмысы жолға қойыла бастады. Ал аштық қырғыны неге тоқтамады? Мәскеуден азық-түлік жеткізіледі деген уәде бар, сөз көп, нәтиже жоқ. Аз-кем келген азықты ұрылар, жымысқы топ талап алады да, жалпы халыққа жетпей

қалады. Жанұяма азыққа рұқсат қағаз береді, адам ба­ сына өлшеулі, тарыға бастағасын милиция жұмысын тастап мұнай өндірудің барлау геологиялық экспеди­ циясына басқарушылық жұмысқа ауыстым. Білім бар, үш ағайындының балалары да ер жеткен шағы. Сөйтіп, «Асанкеткен» кенішіне тұңғыш рет бұрғы салып едік, мұнай қоры көптігін біліп едік, – деп Жолмағамбет інілері Еркеқара, Ғалымжан, Мәтжанды және балалары Қасқырбай, Қалихан мұнай жұмысына кірісіп кетті. – Қатпар-қатпар, бүрме-бүрме жер қыртысындағы мұнай көлемін нақты есептеп шығарудың шеберлігі табиғаттың бүккіш құпиясын білу аса аңғарымпаздықты қажет етеді, – дейтін Жолмағамбеттің мұнайшылық жолы, Отанға қызметі, халқына адалдығы ұзаққа бармаса керек. Бір күні кешкісін қара машина есік алдына тоқтайды.Үш адам түстері ызғарлы төрге енеді. – Жоғары шығыңдар, кешкі асымызды ішейік деп отырмыз. Дастахан жаюлы... Дәмнен үлкен ешкім жоқ, – дейді Жолмағамбет. – Біз үштікпіз. Сіз тұтқынсыз! – Ау, Отанға мұнай керек емес пе? – Ауқатты Бөлекбай атаңыздан енші алыпсыз, байларға арыз жазып беріпсіз. – Енші алу ұлтымыздың заңы емес пе? Сауатсыз адам арыз жазып бер десе, ол бай ма, кедей ме, ішіне кіріп шығыппын ба? – Еншіге нендей байлық алдыңыз? – Көк ат пен көк алақан дойыр алдым. Сол көк ат, сол көк дойырмен бандыларды ұстадым. О да байлық болып па? – Ататегіңізде Көпберген деген бай болыпты. Оны неге жасырасыңдар? – Өліп қалған, көр жасырды. Балалары барлық түйесі мен қойларын үкіметке тапсырды, өздері аштан өлді, тұқым жоқ. – Балаларымның бетінен сүйейін. Тоғыз баланы кім бағады?.. – Үкімет бағады. Жолмағамбет он жылға сотталып кете барды. Ажалы түрмеде болды. Мұнайшылар тірлігі жалғаса берді. Соғыс

жылдары түрлі ауыртпалық, індет, «халық жауының» тұқымы деп көзге шұқу зәбірі өлшеусіз. Ағайындылардың иығына түскен зіл, көкіректеріндегі шер-мұң езіп-жаншитын еді. Бертінде Қасқырбай Жолмағамбетов Еңбек Ері атағына ұсынылды ма, әлде басқаша ма, әйтеуір Ле­ нин орденін омырауына тағып әке есімін ақтағандай қуанышты болды... Қазірде үш ағайындыдан тараған отыз шақты ұрпақ Атырау мұнай өндірісі саласында еңбек етеді. Жүздері ашық, емін-еркін, баяғыдай кейбіреу кекетіп: «Аяз, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл» деген кім екеніңді білеміз», – деп намысқа тиетін ешкім жоқ. Мұнайшылар өмірінде де осындай сталиндік заманның қиқуы өтіп жатқан-ды... Бабалардың ауыр кезеңдерден көрген иттігі өзімен кетсін дейікші?! АСПАННАН ТҮСКЕН ЖАСЫН-ДЫ... Құс тұмсығы өтпестей қалың жыныс орман қара дауыл соқса қайғылы жандай сыңсиды екен? Дүн-дүние зары ма, дің қарағай қай заманның сырын шертпек. Пенденің басы­ на келіп кеткен күндерде не болмады? Адам жел айдаған қаңбақ, дүр еткен дүрбелең жайсыздық етсе, қаңыраған жер қалады, иесіз ел қалады. Ағаш жапырақтары қалтырағанмен кезіккен апатқа дәрменсіз. Кәрі тарих дұрыстығын да кешең айтады. Пенде сәтінде неге душар болғанын айтып үлгере де алмайды. Діңкесі құрып тына­ ды. Сол дүр еткен дүрбелең алдында 1905 жылы Құлынды даласында 13 ауыл болған өзін-өзі асырауға ебдейлі қауым болған. Табиғатымен емін-еркін «сырласқан» 187 жанұяда бабалар тірлік тазалығына елтіген болар. Өлмес күнін көрген болар. Қайырлы жердің нәрін емген болар. Жаз жайлауы ың-шыңсыз Таулы Алтайға дейін (Алтай қазақ сөзі ғой), қыс-қыстауы Керей көлі маңы екен. Бай-манабы түтін түтетіп, жерді жерлеп, суды сулап, ертеңін байқап, бүгініне байламды тірлік еткен. Көші-қонуына жайлы табиғаты ғаламат өңірде ендей қоныстанып байсал тапқан. Қысыр қалатын жылқысы болмағасын ба, қазақтар тұтас шұрайлы өңірді Құлынды атаған. Жер атын қоюда та­

лай аңыз бар, оған тоқталмай-ақ қоялық. Өмір сүрудің қолайлылығына байланысты бертінде Белағаш болысы деп байы бар, байсымағы бар бірауыздан ұйғарым жасаған мезгіл де болған-ды. Еркін іс, еркін күш ортақ десе керек. Отарлық езгідегі халықтың аңсағаны еркіндік болмай қайтеді? Қайран ер көңіл-ай! Өмір болғасын бағынысу бар, бағындыру бар, сұс көрсету бар, жым болу бар. Бағытбағдарды түсінген бар, енжарлықпен түсініксіз өткен бар. Бақытқа қолы жеткен бар, маңдай терін рәсуа еткен бар, құлша жүріп рахатын көрмей өмірден баз кешіп кеткен бар. Есті, епті, барын базарлай білетін Байдәулет байда 1800 жылқы болса, одан қалыспаймын деген Самайбайда – 900 жылқы, Исада – 500 жылқы, Мұздыбай, Қазанғап, Құдабай, Сағындықтарда – 100-150-ден жылқы бо­ лыпты. Ірі қара, қой-ешкіні мал екен деп есептеп қағазға түсірмегенге ұқсайды. Жылқының еті, сүті жанға дәрі, қысы-жазы ерттеулі аты, қару-жарағы елінің түрлі дұшпаннан қорғаны. Жарлысы байға жетемін десе де жете алмай, ырыздық, байлық өлшеулі деп тынған да бо­ лар. Шыр етіп жерге түскенде маңдайға жазған перзент те, байлық та құралуынан, бәрі өлшеулі деп түсінбеді деймісің? Олардың қай-қайсысы да иегінің астын­ да тұрғандай жердегі Обь өзенін игерудің 1542 жылы жиһанкез ғалым Антония Вида жасаған картасынан хабар­ дар бола қоймаған шығар. Бірақ «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген сөз қалдырған ғой. Әр кезде, әр қилы тірлік, әрі-беріден соң бүгінгі ұқсамаған өміріне өкіну, ертеңіне күмәндану бастан өтпей ме? Мың жылғысын айна-қатесіз біліп, болжайтын пенденің бәрі әулие емес қой. Қазақ бірақ: «Үш күнгісін ойламаған әйелден без, үш жылғысын ойламаған еркектен без», – деп ұрпағының құлағына құйып отырғаны бар ғой. Оны жадына кім тұтты, сол тірлігінде ұтты. Тірлікке әрекет етіп жүріп келешекке қаншалық әсері тиеді, оның пайдасы мен зиянын байқау көптің ойына кіріп-шыға бере ме? Орыс ғалымдары мың жылғысын, одан да әрісін ойлап жайлы қонысы, байлығы мол мекен іздесе, қазақтар әншейін күнделікті тірліктен аспай, жылқы санына місе тұтатын байларымыз да болған. Бірақ халқының тамағын аш етпей, киімін жыртық етпей,

жесірін жатқа жібермей, жетімін жылатпай әлсіздерінің жай-күйіне қарасып жақсылықтың жолын салып отырған. Сол байлар мен кедейлер ұрпағы 1920 ауылдық кеңеске Рақымсадық Дауытовты бірауыздан сайлап алса, Кеңес үкіметі жарылқайды деген көп тілегі, сенімі болған. Кейбір жырық етік белсенділердің залымдығын байқай қоймаған. Сөйтіп 1926 жылы Керей ауылдық кеңесін Есләм Досымбеков басқарып ел шаруасын саясатқа икем­ деп, қабат-қабат келіп жатқан ұсыныс-бұйрықтар бойынша жүргізе бастайды. Одан соң үлкен дүрлігумен ТОЗ құрылады, оның шаруасын жан-жақты жүргізуді жалпы жиналыстың пікірімен санасып Сағат Жансергеновке тап­ сырады. Қаймағы бұзылмаған ұлттық намыс бар, ұят бар, арлылық бар, көрші шаруашылықтардан қалыспауды ойлайды. Елде тамағын асырай алмайтын әлсіз бар, аурусырқау бар. Аштықтан аман шыққаны елдің татулығы болса, «Сақтықта қорлық жоқ» деп өздерінше қор ұйымдастырып, жұмыла жұмыс істеп, үкіметтің тапсыр­ маларын орындап елеулі табыстың есігін айқара ашады. Өлке бойынша біріншілікке ілігіп 1939 жылы №77314 куәлік беріліп, Мәскеудегі Бүкілодақтық көрменің «Құрмет кітабына» жазылады. Демек Алтай өлкесі бойынша екі бірдей аштық әл бермей, жай соққандай жай­ пап тұрғанда, жұрт жұтап әл үстіне іліккенде Құлынды халқын басқарушылардың әлібі түзу, халқым аман болғай деп еңбек еткені күмәнсіз еді. Әділшілік әдібі түзу бол­ са, түйсігі бөлектің түтіні бөлек делінбесе, түгін тартсаң майы шығып тұрған, сыңсыған орман іші жеміс-жидек, адал өсімдіктері мол және өзен-көлі балық, аң-құсқа жеткілікті жерде қолы қимылдаса, аузы қимылдап, аштан өлу мүмкін емес екені белгілі еді. Бірақ, аштықтың өрттей жалмауының себебі әр алуан және құпия жүргізілді емес пе? Қызғаныш, егес, көре алмаушылық, зұлымдықтың не түрі аяқтан шалды ғой. Ең ауыры, бес күндік беделді орынтақта деп ойлайтын басшыларға Мәскеуден түсіп жатқан лимит, түрлі қиянатқа толы нұсқау, бұйрықтарды орындау амалсыздыққа тіреді ме екен? Басшы өзімшіл болмаса жұрт аман болар еді. Қарақан басты сақтау үшін арпалыста бірлік-тірек болмаса кім жай тасындай жал­

тылдап шындық деп суырылып алға шығады дейсің? Бір жайды айта кетелік. Құлынды өңіріне белгілі Байдәулет сықылды байлар Кеңес үкіметінің тәртіп-заңын алдынала түсініп, ың-шыңсыз мыңғырған малдарын ағайынтуыстарына, дос-жарандарына бөліп беріп, одан артығын ортаға ұйыстырып кедей қалпына түсіп жан сақтағанға ұқсайды. «Байлық – қолдың кірі, жусаң кетеді. Ағайынтуыстың амандығына не жетеді? Жігітке қырық жыл дәулет – қырық жыл бейнет. Феодализм байлығын да ұстадық, бірақ құс болып ұшпадық, социализмнің жап­ пай кедейлігін де көрелік, сөзімізге берсе болды төрелік. Жұрт капитализм жақсы болды дейді, ұрлайтыны көп болған-ау, шамасы. Не жетеді дейсің елдің соңына сөз қалдыратын данасына делік те, бір нәрсеге ұрынар көп желіккен, әр нәрсеге еліккен деп тыналық. Жаппай кедей болып шығалық!» – деп ұйғарымды ақылдылар айтып, долы күшті де елмен бірге жеңерміз деген ақылға келгенау. Долбар солай, едіреңдеген белсенділердің алдында пыштай болып есінен айрылығысы жоқтығын егжейтегжейлі ойластырса керек. Маңдайға жазған байлықты да көрді, енді жұртпен бірге кедейліктің күйін кешіп туған топырақта адал ниетімен өлудің өзі бәрінен де қымбат. Ке­ дей болсын, бай болсын, пенденің жақсысы бар, жаманы бар. Әркімнің қарнына бір аяқ кеспе көже сыяды. Кімнен кімнің несі артық?.. Ойлысы бар, ойсызы бар. Тірлігіңде еліңе қадіріңнің кетпегеніне ешбір байлық тең келмейді. Кер ауыздының қаңқуынан құтылып, заманға билігін де, мал-мүлкін, байлығын да бере білді. Өйткені, кедейлердің қоғамы біз байлыққа иеміз деп діңкеге тиіп жүргендерді көріп ақылға салған өнегелі қариялар шешімі елді тоналу­ дан сақтап, жұрттың аман-саулығын қорғаған сықылды. Өйткені 1920-1921 жылы Алтай өлкелік соты 34 адамның қылмыстық ісін қарап, 1 адамды атуға, 2 адамға 5 жыл мерзімге үкім шығарса, революциялық әскери трибу­ нал 525 қылмыстық істі қарап, 15 адамды атуға жылдам үкім шығарған екен. Жүре-бара бұдан да зоры болатынын байқатып тастайды. Әйтеуір, Құлынды өңірінен бірдебір адам қылмысты делініп жанұясы зарлап қалмаған

(Ф. 204. Оп 2.Д. 10). Бұл ел ақылдыларының ертеңіне жіті көз жеткізуі еді. Қоғам өзгерісінің ауыр-жеңілі болмай тұрмайды. Пенде ескі тірліктен айниды, жаңа жарылқайды деп үміт етеді. Айла-тәсіл өзгереді, айт-үйт деп ұйтқытушылар өз пайда­ сын шығарады. Түрлі айқас, барымталы басқыншылық, қарапайым халықтың миы жете бермейтін қулық-сұмдық анталап шыққанда амалсыздыққа кім ұрынбайды? Осындайда қоғамның аужайын байқап аужар айтуға да шеберлік, көрегендік керек. Аумалы-төкпелі 1922 жылдың тұсында Поволжьяда 1 миллион адам аштыққа ұрынады. Кеңес үкіметі бұл хабарды естіп, 12 миллион пұт астық көмек бермек болады, бірақ 500 мың пұт астық жеткізіледі де кулактарды, үкіметке сенімсіз көзқарастағы адамдары тазартып Қазақстанға көшіруді нұсқайды. «Қазақстанда аштық басталды, босқындарды қабылдауға мүмкіндік жоқ!?» – деп С. Меңдешовтің батыл түрде Сталинге хат жазуы осыдан басталады екен. Мәскеудің өзімшілдігі мен теріс пиғылы кесірінен Глазовскінің 37 елді мекенінде аштан өліп жатқаны, өлімші боп әлсірегендері түрлі шіріген ас қалдығын жеп түрлі жұқпалы ауру тарап жат­ са, кейбір елді мекенде әлділері әлсіреген адамды сойып жеудің сұмдығы кездескен. Бұзылық уезінің Ефимовка селосында ашыққан шаруа өзінің қызын сойып жеген (Ф. 169. Оп. 1. Д.1). Осы сияқты төмендегідей жазылған жан түршіктірер сөйлем бар: «В селе Андреевке голода­ ющими съеден труп женшины... В селе Любимовке но­ чью раскапываются могили умерших, из трупов варится пища», – деген мұрағат дерегін оқығанда төбе шашың тік тұрып, аштық қырғынында мал-мүлкін тартып алып, жер аударып тірлігінен бездірген кім дер едің? Орал губерния­ сында әлділер әлсіреген үш жүз елу адамды сойып жегенін жоғарыда айттық. Аштықтың авторы кім? Әзірге бет пер­ де сыртында тұра тұрсын. Мұрағат-мұражайлардың талай дерегінен кейін оқушы өзі түсінеді. Бөрік астында жатқан бөлтірік те көрініп қалмай ма? Бір өкінтерлігі, Кеңес үкіметінің халқы аштан қырылып жатқанда Америка, Канада тұтынудан артылып қалған астықты төгіп-шашып, өртеп құртып жатса, Аргентина

паровоздарына астық жағып жүргізгені тарихи шындық еді ғой. Демек шетел Кеңес үкіметіне капитализмді тамы­ рынан жұлып, социализмнің туын желбіреткеніне жаны ашыған жоқ, қаны ұйыған жоқ, қайта кектенгенге ұқсайды. Бұқпантай пікір жаңа үкіметі құласын деу ме? Аразқұраз болмаса да арғы-бергіні ойлайтын пенделік арамза пиғыл іште бұ-йығып жатқаны болар. Әйтпесе, аштықтың қыл бұрауынан аман шығуға көмектескен болар еді. Мына бір дерек ойға қалдырады. «Жизнь Сибири» журналының 1922 жылғы №3 санында Сібір өлкесінде қоныстанған 6 105 254 адам, бұлар 14 ұлт өкілдері, 200 мыңнан астам қазақ болған. 1918 жылғы есепте Уранхай өңіріндегі елде 4 508 ірі қара, 1 360 жандық, 750 жылқы, 1 348 марал өсірілген. Алтын өндірумен айналысатын Уранхай-Усинск жылына 700 тонна алтын өндіріпті. Сон­ дай қаржылық байлық арқасында Ачинск-Абақан темір жолы тартылып халыққа қызмет еткен. Демек, өндіріс орындары Кеңес үкіметінің алас-қапасында біршама жұмыс атқарып Одақ қазынасын нығайта бастаған. Солай бола тұра 1921 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында халыққа қажеттілік ұнның бар болғаны 27 пайыз мөлшерінде ғана жеткізілген. Ал 1922 жылғы наурыз айындағы есепте өндіріс орындарына жан сақтауға жан­ таласып қоныстанушылар 8 703 249 адамға жетіп, мем­ лекет азық-түлік көмегін беріп үлгере алмай, Сібірде аштықтың басталуының бір себебі осы болса керек. Журнал дерегінде 40 000 бала аштыққа ұрынып қаңғып қалған, өлген, ісіп-кепкен, ата-анасы өлген. «Алтынкүміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деп зарлау басталған. Былшыл батпақ сөз ас болсын ба? Қабақ қағу қиындап, аштан бұралған тұста: ...Аспаннан түскен жасын-ды, Қорғай алмаспын-ау Томашадай басымды. Былдыр-былдыр былығу, Саясат дауыл басынды. Ажырата алар емеспін Досым менен қасымды.

Жинап алып, жеп жатыр, Ажал келіп еріксіз, Елге сыйлы асылды. Орынтаққа қонжиттық Сұрқия мен масылды. Аспаннан түскен жасын-ды, Байлық қайда шашылды? Үрейсіз ішер емеспін Аз-кем адал асымды. Сұмдығы мол белсенді Айласын әбден асырды. Өліп жатқандарды Мәскеуден неге жасырды? – деп зарлап өлгендер де болған. Өлу қабақ қағудай сәттік кезде қаланың ұн тарту кооперативіндегі жұмысшы Лу­ кьян Черкасов ауырып өледі. Асқа жарымағанға не түрлі ауру тап болады. Содан кедей жанұяның қожасын жер­ леуге 5 рубль көмек көрсетуге мекеме бастығы бұйрық шығарады. Есепші шот тасын біресе олай, біресе бұлай қағып, Лукьянның баласының қолына 9 тиын ұстатады. Басқа ақша өлген әкеңнің берешегіне ұсталды деп есепшотын тарс еткізеді. Міне, біреу өліп жатқанда, екінші жымысқының жымқыратын қулығын «Степ­ ная правда» газетінің 17 қазан 1925 жылғы санынан оқып қаламгерлердің қай кездерде де халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтағанын танисың, білесің. Өліні де жеп қалудың ұятсыздығына өкіне күлесің. Шындықты шы­ райландырып батыл жазған қаламгерлердің кейбірі жаза­ сыз қалмағаны белгілі. Ондайда «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегенге де үкім бар-тын. Олардан да ел аузын­ да сөз қалған, бір үзім нанға жарымай жүрсе де, айтарын тайсалмай айтқандар кездескен. Заманым мұнша неге қиын болды, Тірлігім алай-дүлей құйын болды. Қымс етсең қимылдатпай қиып түсер, ОГПУ жан алатын ұйым болды. Қалғыдым қашан жаным шығар екен, Қақ шекеден соққымен ұрады екен.

Бірегей түрмесінде қалшитқанда, Жөн сөзді қақас қылып тұрады екен. Үштігің қайғы-шерді білер ме екен? Соңыңда кісі ілесіп жүреді екен. «Жатып атар» кіндіктес туысың да, Кінәсізге кінә қойып күледі екен. Күн сайын құпиялы жиын болды, Қолыңа кісен салған сыйың болды. Аузыңа темір қақпақ орнатып ап, Бұралқы сөз айтуға тыйым болды. Дақпырттың біреу көріп пайдасын-ай, Бір күні ғапыл кетіп қалмасым-ай. Дариға дархандықтан айырылғасын, Дау-жанжал тексіздікте болмасынба-ай. Дорба сақал долданып отыр екен, Жазықсызды жазғырған қоқым екен. Төбеден жай түскендей толықсисың, Арманым ізгілікке қашан жетем? Өмірден дәл осылай құтым қашты, Жалмап жатыр халықты қалың аштық. Жалпақ жұрт сенімінен айырылғасын, Ажалдың есігін де айқара аштық, – деген зар үн тарихтың әрбір парағында жазылғандай елес береді. Билік иіріміне иілу бар, көбінде күйіну бар екенін сезесің. Имансыз деп қаскөй ойлыдан безесің. Ол төбеде отырса қайтесің? Бас изеп қойып басыңды жұтатындар неге иландырмады? Жоқтан өзгенің бәріне дәлел таба білді. Пәлесін өліге де жаба білді. Газеттің осы санында «Қарасу» кооперативінің шаруасы Щербинин тарығып жалғыз сиырын саудагер Якутинге сатады. Арада екі-үш күн өткеннен кейін Якутиннен коопреатив басшысы ым­ дасып-жымдасып екі есе бағаны артық төлеп ортаға сатып алады. Саудагер ұтады, шаруа ұтылады, адамның қақын адамның жеуі бар, делдалға да дем берушісі бар. Құпия келісім заңсыз делінбейді. Адалдығын жарастыратын иман жүзді бар, иіні келгенде іліп түсетін қара ниетті бар. Ондайлар: «Құдай аямағанды адам аяуға тиісті емес», – деп ой түйеді. Тірліктің қай кезде де дұрысы бар, зиянды

бұрысы бар. Ұлы дүбірге ілесу бар, оның жөнсіз тұсымен өзінше күресу бар. Бәрі де адамдардың тарихына жата­ ды. Бірақ қоғам, үкімет халықтың ара-жігін ажыратпай пиғылынан табатын пендені бөлектемей, қайткенде де азықпен асырауға амал тауып ойластыруға тиіс десек, осы «Степная правда» газетінің 21 қазандағы санында Ал­ тай өлкесінің халқына 1 500 000 пұт астық дайындаудың керектігін жазса, СССР бойынша бюджетке қардарлық жоқтығын, шаруашылықтар 550 миллион рубль қаржыны жұмсауға мүмкіндігі барлығын айтып, бұл жоқшылықтан құтқаратынын білдіреді. 1-округтік Советтер съезінің де­ легаты, Родин ауданы, Вознесенко селосының депутаты П.А. Сучкова: – Әр жұмысшыға 3 пұттан астық бердік, кедейлерге 350 пұт астық үлестірдік. Халқымыз аштықтан қорғанатын шығар деп жазады. Шіркін, түсінгенге кедейліктің де, байлықтың да өзіндік қайғысы жетіп артылады екен ғой. Әсіресе, қысылшаң кезде бәрі айқын көрініп қалады. Бұл кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандату үшін Мәскеу, Ленинград, Харьков қалаларында 44 миллион рубльдің зайымын тарату жүріп жатқаны қақында да га­ зетте хабар берілген. Газет деректері мен құжаттарында Одақты қамту назардан тыс қалмаған. «Тульск губерниясы 1925-1926 жылдары 12 миллион рубльге 65 мың ат сатып алып жұмыс көлігіне қардарлықты жойды десе, Одақта 17 мың трактор, 19 мың соқа, 1 620 мың дискі, тырма, 900 тұқым сепкіш, 1 500 шөп шабатын машина, оған қосымша ауыл шаруашылығына 10 миллион рубль несие берілді», – деп жазады. Ал Америка Кеңес Одағы саудасы бойынша 10 мың трактор Қаратеңіз арқылы жеткізіліп, оны РСФСР мен Украина алады. Америка алпауыттары, әрине, техниканы тегін бермесі белгілі болса да, барлық республи­ каны астықпен қамтитын Одақтың мешеулігі халықтың аштыққа ұрынуының бір себебі десек, салық қыспағы, кулактар мен байлардың социализмге теріс көзқарасы, саясаттың осал тұстары азып-тозуға соқтырғаны белгілі. Тоталитарлық басқыншылық шындықты жасырып пендені басымен қайғы етуінің зұлматы және бар. Табынды­ ру мен табыну жақсылыққа бастаған жоқ. Мұндай кезде

қылмыс түрлері де белең алып ажал оғын кезеніп жатады. «Степная правда» газетінің бірінші ноябрьдегі санында Екатеринаславскі соты тәртіпке шақырған милицияны ұрып өлтірген қылмыскерлер Ражков, Конченконы ату жазасына үкім шығарады. Газеттің әрбір санында келеңсіз оқиғалар жұртқа жарияланып тұрған... Біреулер: «Алтай өлкесінде аштық болуы мүмкін емес. Аяқ-қолы аман, дені сау адам табиғат байлығынан өлмесі үшін азығын таба біледі», – дейді. Нанымды сөз. Кежегесі кейін тартпаса, ешкімге сенбесе, өзіңді асырау билігі өзіңде десе кім ашығады? Үкіметтің жері, үкіметтің байлығы деп тыйым салу болмады деймісің? Тазалаудың үрейі басымдық көрсетіп, кулактардың кедергісі, өштігі, зұлымдығы жетіп жатқан да болар. Жұрттың кейбір тобы кедейшіліктен қорықты. Өндірілген астықты үкіметтің жинап алғанына күмәнді болды. – Славгород ауданының халқына арналған 5,5 мил­ лион пұт астық қорымыз бар, бірақ бұл жеткілікті емес, әр адамның қажетсінуін қанағаттандырмайды, – дейді округ басшысы Бекболатов «Хлебпродукты» мекемесінің басшысына өтініш хатында. Демек, азық-түлікті Кеңес үкіметінің жеткізу қажеттігіне мұндай сұраныс-білдірмелер бола тұрса да, Одақтың сөзбұйдалыққа салынуы бірден байқалады... «Кейінірек қарық қыламыз», – деп ысыра салу болғандығы анық-тын. Кедейшілік – пенденің соры. Бас мүлгігенде, аяқ сүрініп, балақтағы бит басқа шығып, банды, зұлым, сұмсұрқиялар екі аяқты бір етікке тығып езіп жанши бастайды десек, Алтай өңірінде Карман Чугурековтің бандылық тобы ойранды салған көрінеді (Ф. 949, Оп. 2. 191-25 г.). Олардың Кеңес үкіметі ғана емес, жазықсыз халықты қыруы, тонауы, өртеп бүлдіруі шектен шыққан. Банды тобы Пермск дивизиясындағы қызыл армияшылардың кейбірімен келісіп, әскерилердің құпиясын да пайдаланған. 1919 жылғы ВЦИК РСФСР-дың 12 сәуірдегі Декреті бойынша революциялық трибунал (Ф.109, Оп. 1,95, л.3) негізінде дивизияның жауынгерлері М.А. Литвинов пен Т.Р. Шумалин бандыларға әскери құпияны хабарлағаны үшін ауыр жазаға тартылады.

Қарапайым халық қабырғасы қайысып, қиындыққа майысып күйзелген кезде кеудемсоқ қаскөй, зұлым кез келген жерден бас көтеріп, әлсізді басынуы кездеспей тұрмайды. Сібірде Кеңес үкіметіне жаулық ойлаған, көзқарасы, кейіп-кескіні келіспеген, өліспей беріспеген, тосыннан киліге кетіп бүлдіруге дайын тұрған, ызалы, кекті 209 мың кулак есепте болыпты. 1918 жылы 40 губер­ ния, 365 уезд бойынша ВЧК құрылып, ол Алтайгубчека боп аталып, Алтайгуборгбюроның РКП(б) қаулысы бойынша 1919 жылы 26 желтоқсаннан бастап жұмысқа кірісе бастайды. Олар шүу дегеннен 25 мың кулактың мал-мүлкін, иелігіндегі жерін, кәсіпорындарын, бар байлығын тар­ тып алып, басқа республикаларға, Қазақстанға тездетіп көшіруді қолға алады. «Сен кулаксың, халықтың қанын сордың, енді капиталистік қоғам болмайды, кедейлердің мемлекеті әлемді билейді», – деп кеңескенге көнбесең сұс көрсетіп, қарсыласқанды нанша илейді, көзге шұқып жаңа қоғамның көзайымы екенін мәлімдейді. Аяушылық білдіргендей байлығын жалаңаштаған ортаға салғанына қарамай, 44 мың кулакты уақытша отырған мекендерін тастатып өлкенің басқа аудандарына күштеп көшіреді. Қарсыласқандары болса әскери жаза қолданылып көзіне көк шыбын үймелеуге де рұқсат бар. Байлығынан, жиғантергенінен айырылып, қу тақырға отырғандай кедей­ ленген елу мыңдай кулак қоймадағы азық-түлік қорын өртеп, байлығын құртып, қарауындағы халқының аштан қырылуына жаны ашымады, бақастығы Кеңес үкіметіне қастандық деп есептеді. Жөнсіз күш көрсету деп ұғынады тағы. «Мал ашуы – жан ашуы» деген қазақ мақалы күшқайраты мұқалғандағы ыза-кек тәрізді ғой. Тартып алу­ ды, тәркілеуді кулактар кісі төзбес қастандық деп түсінді. Кішігірім бас көтеріп, қарсылық көрсету кулактардың өлім жазасына соқтырды. Русанов Петр Фокеевич 1889 жылы туған, орыс, Тизек станциясын мекендеген ку­ лак. Оны Родинск ауданындағы үштік тұтқындап, малмүлкін тәркілеп мемлекетке өткізді. Өзіне 58-11 УКкВМН статьясы бойынша үкім шығарылып, 1930 жылдың 3 қыркүйек күні Славгорд қаласында атылды. Кулактың қарауында-ғы жұмысшы құлдары аңырап қалды. Бірі:

«Еңбекақым кетті», – деп сан соқса, енді біреулері: «Азықтүліктен айырылдық, бізді енді кім асырайды», – деп жер соқты. «Адам сияқты есеп айырысу неге болмады?» – деп күңіренгендер адыра дүниеге түсінбей аза тұтып жатты. Айқай-шу, дүрліккен оқиға қалың жұртқа құлақтанып жым болатыны жым болды, «жатып атарлар» кімнің нен­ дей байлығы барын сыбырлап айтатын ым болды. «Менде ондай байлық жоқ», – деп орта ауқаттылар да ақ безер де көк безер болып бұлтақтай алмай қалды. Кезек кімдікі дейсіз ғой? Скворцов Павел Федоро­ вич 1901 жылы туған, ерекше үштік тергеп-тексеріп, тұтқындап, 1931 жылы 31 қаңтарда Новосібір қаласында атуға бұйырылған үкімді орындаған. Сонымен қатар Тор­ бенко Андрей Корнеевичті кулак болып шаруалардың қанын сорған, аса көп байлық жиған деп ерекше үштік ұстап айыбын мойындатып, байлығын үкіметке өткізіп атуға шығарған үкімді шұғыл орындаған. Айып тағу да оңай, оны орындау да оңай, пролетариаттан артық дүние-мүлкің болса қылмыстысың. Үштікке ақыл айту, қарауындағы адамдардың қақымен есептессін деу, шағымдану, оны тыңдау деген бола бермейді. Тазарту да, тазалау да шұғыл жүргізіледі. Пендеге кәрін тіккен заң бар, Мәскеуден келіп түсіп жатқан, оны орындамауға болмайтын, басыңмен жа­ уап беретін лимит бар. Сосын да болар халықты азықпен асырайтын диқандар да жазасыз қалмаған. Данилин Борис Абрамович – «Аврора» кеңшарының бригадирі, егін өсірудің төселген маманы. 1922 жылғы аштықта шаруалардың азық-түліктен тарықпауына қызмет еткен. Әрбір килограмм астықтың жиырма пайызын халыққа қалдырып, сексен пайзын үкіметке өткізудің орнына, сексен пайыз астықты кеңшар халқына үлестіріп бер­ ген. Әрине, еңбеккүн есебіне қарай. Одан кейін 1932 жылы егін алқабаның өнімі ойдағыдай болмағанға ұқсайды. Өзінің жауабында: «Көрші кеңшарларға асықтай бұлт шықса жаңбыр құйып өтеді. Бізге Құдай уақтында жаңбыр бермеді», – десе керек. Сөйтіп, егін шығымының төмендігі бар, Құдайды ауызға алуы бар, әйтеуір көпжақты кемшілік табылып, қылмысты делініп 10 жыл үкім кесіледі. Одан тірі келді ме, өлді ме, белгісіз

қылмыстық ісі дәлелсіз делініп, 1958 жылы ақталады. «Переможец» кеңшарының колхозшысы Деркач Яков Петрович, «Земледец» кеңшарының колхозшысы Жар­ ков Николай Науымович үштіктің шешімі бойынша аты­ лып кеткен. Ауылда бір айтқыш: «Пенденің маңдайына жазылып, салымына түскен алакөздікті, алауыздықтың кесапатын еске түсіріп қайтем? Кісі-місінің кісі-місіге ісі түсіп тұр, алақұйында әлсіздің көкірегін үрей қысып тұр, тәйт десе иманы ұшып тұр, місінің мылтық кезеніп кімді атамын деп алқаны қышып тұр. Аласапыранның кісі төзбес қанды оқиғасы осындай, тірлік етіп көр жаның шо­ шымай, аңдушы алып түседі, басыңды допша домалатып қағып түседі. Шен-шекпен киген місі апшыңды қуырып, жаныңды кеңірдегіңнен теп-тез суырып алады, үкіметтің бас-көзіне баскесер деп айта алмайсың, статьяңды арқалап алдына түсіп байпаңдайсың», – деп кекетуші еді. Кісі қайғысына қайғыра білмейтін тасжүректік пайда болған кезде «Трусова» кеңшарының тұрғыны Л.А. Жарков «халық жауы» аталатын қылмыстық ісімен 1931 жылы атылса, әйелі А.Е. Жаркова ОГПУ-дың 58-8,11УКк статья­ сымен 5 жылға сотталып кетеді. Балалары болса жетімдер үйіне тапсырылады, тірі деген атағы болмаса, өмір бойы жаудың баласысың деп бетіне баттитып айтатын жаладан құтыла алмайды. Ішкені ірің, жегені желім боп көзтүрткі тірлік кешеді. Ондай жетімге бауырсырап маңдайынан сипайтын ағайын-туысы да болмайды. Өйткені, жандары тәтті, қорқады. Мұндайлардың қаншасы тірлігінен безіп жүрді. Ал Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты кіршіксіз таза адамдарды дайындау болғасын, тырнақ астынан кір іздеу Мәскеуден басталып, шап-шағын ауылмен аяқталып, бір сәтке де бәсеңсімей жүріп отырады. Капиталистік қоғамның кулактардың, байдың, орташалардың мінезқұлқының мазмұнында: «Қансорғышсыңдар, ұры, тонаушысыңдар, безбүйрексіңдер, кісі еңбегін жедіңдер, сұмсұрқиялықпен байыдыңдар, қара халықты алдап, табан еті, маңдай терінің қақын бермеген обырсыңдар, алдауыш, алаяқсыңдар, зұлымдықпен байыдыңдар, енді жиған байлықтарың үкіметтікі болады, қайырын жаппай кедей­ ленген теңдік алған халық көреді», – деген қағида бар. 11-0203

Қалың халық социализмнің біртұтас адалдығынан үміткер, сенімдері нық-тын. Бірі бай, жүздеген, мыңдағаны күнін әзер көретін кедейлікті түсінулі-тін. Ортаға жиналған бірыңғай байлық ортақ игілігіміз дейтұғын. Бала кезімізде облыстан, ауданнан дөкей бастық келгенде қой сойып, қонақасы беру үшін колхозшылардың жиналысын ашып бір бас қой союға да қаулы шығаратын еді. Жұрт аштан бұралып жүрсе де, қой үстіне бозторғай ұя салатын комму­ низм келеді деп үміттенуші еді. Оның үстіне тоталитарлық темірдей тәртіпті Сталин өзі ғана ұстағанына, әсерлі саясаты жарылқайтындай болғанына аса мән беруші еді. «Кулак атылды ма, ерлі-зайыпты сотталды ма, жаулық пиғылы барлар түрмеге кетті ме, олардың туған-туысқаны қалай тірлік етеді?» – деген сұрақтарға ешкімнің басы ауырмайтын еді. Ұсталдың ба, заңнан қайырым күтпейсің. Мойыныңа қара тас байлап қара тереңге тастаса да арашашы жоқ. Тағдырыңды бір оқпен шешеді. «Жалмауыз патшаның жанындағы қолшоқпарлары қанды ауыз бо­ лады», – деп қариялар қоңырайып отырушы еді. Өйткені, тас құдайды пенде өзі қолдан жасап ала ма? Құдайсығанға құлдық ұру сойқаны кімді тыңдасын? Заң қолында түймедей кінәң болса түйедей ғып пәлелей салу қиын ба екен? М.Ф. Полетаева 1894 жылы Финляндияда туып­ ты, Яков Яковлевичпен жанұя құрыпты. Күндердің бір күнінде Яков Полетаев шетел шпионы деп аталып, тайып тұр о дүниеге деп атылады. Әйелі Кеңес үкіметінің жауы­ мен тұрмыс құрып, бала тапқаның үшін деп 5 жылға үкім кесіліп түрмеге айдалады. Міншіл үштік Мәскеуден келген міндеттеуді орындайды. Мәскеуден ыммен де, құпия қағаз телефондық дүммен де жетіп, әйелдер өсек айтады, біразы түрмеде отырсын деген тәртіп және бар. «Аштан қырылатын шығармыз, бұрынғы күніміз күн-ақ екен. Кулак оң көзімен қараса оңалып қалушы едік», – деген «Қызыл тіл қыршын басты желге ұшырар» деп, балаларын өсіріп үй шаруасында отырған Д.М. Поршиева 3 жыл үкімді арқалап түрме қайдасың деп кете барады. Пенде болғасын оқшау сөз, бірін-бірі зиянсыз қағытуы, әзіл-қалжың, омыртқамен ойласып, қабырғамен кеңесетін тіршілік қақындағы пікір

айтылмай тұрмайды. Біреу кулакты оңдырмай сынап отырып, Кеңес үкіметі қашан жарылқар екен деп қалса, оны мың құбылтып жеткізе қоятын жанындағы досжолдасы, туыс-туғаны үштікке жеткізе қояды. Кәдімгі ордалы жыланның ұясын тапқандай сендіреді. Ондайда шындықты анықтауға беттестіру үзілді-кесілді болмайды. Бір адамның растаған бір жапырақ қағазы жетіп жатады. Басқа құжаттарды жалғандықпен реттеп сөздің астарын­ да қоғамның қадірін кетіру, капиталистік қоғамды аңсау бар, саясатқа кір жұқтырып, басқаларды теріс үгітке тар­ ту бар деп түрмеге жөнелте салады. Бұл жалпы халықтың бір-бірінен секем алып, кісілік қасиеттен жұрдайлыққа еріксіз апарғаны еді. Халықта әр нәрсеге селқос қарап, пәлеге де, жалаға да мойынсұнып, өмір сүру дағдысынан айырылып селт етпейтін есалаңдық пайда болғандай еді. Қоғамның жыртқыштық түрінен қауіптенгендер аяу­ лы, адал туысы қылмысты атанып жатса да, мейлі сеспей қатсын деп қарақан басының амандығын тілеуден басқаға дәрменсіздік қалың көптің санасына орнағаны Кеңес үкіметін басқаруды оңайлатты. Аузы дуалы, халқының алдында беделі бар, қоғамның бағыт-бағдарын жақсы білетіндерді атарын атып, ажалсызын түрмелерге сығылыстырып қылмысты деп жинап қойды. «Статьяң суып қалмасын, тезірек жет!» – деп ОГПУ шұғыл шешімдерін күн-түн қатып шығарып жатты. Ел болсын, ау­ дан болсын, облыс болсын көпке сөзі өтімді кім бар деп, шен-шекпенін сілкіп-сілкіп киіп, лимитті орындаған сайын құрметін алып, сыйақысын қалтаға салып, бұйырған жұлдызын пагонға тағып, жемтікке семіретін құзғындай жұлқынып жатқандар да жетерлік емес дейсің бе? Олар Мәскеу не айтса соны орындауға тиісті, сол жолда ант бер­ ген. Антты бұзу – өзінің басын жұтумен бірдей. «Ажалды шақырма, өзі келеді» дегендей, «Киров» кеңшарының колхозшысы М.П. Свиридова, Плешковск селосының тұрғыны Е.С. Холодова, «Черная курья» кеңшарының шаруа әйелі П.Е. Пелегая үштіктің тексерісімен ұсталған. Шетелшіл болды ма, Отанға опасыздық етті ме, Кеңес үкіметін балағаттады ма, түрлі құжат дайындалды да 5810,11 УКкВМВ шешімі бойынша атылып кетті. Оның ба­

лаларын Ежов баға ма, Берия ер жеткізіп, тәрбиелеп бере ме? Әйелдерді атқан Кеңес үкіметінен басқа жұмыр жерде мемлекет болды ма екен? Сұраққа тарих кешігіп, нақты жауапты уақытында бере алмайды (Ф.П.4. Оп. 4. Д. 28. л.13 об., Ф.П. 4. Оп. 3.224). Ғасыр солай, мылтық үні тынымсыз гүрсілдеп нысанаға іліккен адамын құртып жатқан (Мәскеуден кел­ ген Одаққа белгілі ірі ғалым Жұмахан Күдриннің қызы, мұрағат-мұражайларды зерттеуші Ларисаның айтуынша, кітаптарында көрсетілген аштық жылдарында статистика есептерінің бірінде үш миллион қазақ қырылды делінсе, алты миллион адам аштық, түрлі жұқпалы індеттен өлді делінеді дегенді айтты). Сол аштық Алтай өлкесінде де болғанына күйініп айтылатын сөз де есепте. «Есуастың екі мың түрі бар» дегендей, жала да жабылады, айтпағаның айтылған болып, сатпағаның сатылған болып, өлшемнен асқан кінә қоғамға, күн көсем Сталинге зиян екенін тәптіштеп түсініп, істің ақ-қарасын нақты анықтауға ешкімнің басы ауырмаса керек. Халық үрейден қорқып, дәрменсізденіп дәліп жүрсе, социализм тез орнайды де­ ген түсініктің қиын кезінде кім кінәлі, кім кінәсіздігін айыру бейнеті де аз болмаған шығар. Кімнің ішіне кім кіріп шыққан, басты мақсат – әлсізді табындыра білу керек, үндейтіннің үнін өшіріп, ешкімнің ешқашан да үнін шығармай, жағын қарыстыра білу керек. Сталиннің үрейінен қорқып, Берияның қанды қақпанына түспес үшін өтіріктің де өркендеген кезі еді-ау. Ауылда бір айтқыш: «Жайсыз жылда мал жұтар-ау, бірақ кеңшар бастығының өтірігі жұтамас», – деген сөз қалдырған-ды. Оқтаулы мылтық минут сайын атылып жатқасын бастыққа да жан керек. Қымс еткенде ажал, түрлі жаза арнап жатқан сүргін жылдардың өтірік жаланы біліп қарсылық білдірді ме, дереу жазалайды. Алтай өлкесінде 1938 жылы 30 про­ куротура қызметкері қылмыскер атанып жазаланған екен. Оның ішінде Бас прокурор Н.Я. Позняков та бар. Оған да себеп табылған, 1938 жылғы 17 желтоқсандағы Сталин мен Калинин қол қойған №00447 қаулысы бойынша тазарту жүргізілген. Тазарту жайлы И.А. Гриду­ нов пен В.Н. Разгонның №227 баяндама мақаласында:

«Прокуратураға түскен арыз-шағым 1940 жылдың тоғыз айында Алтай өлкесі бойынша 27 253-ке жеткен. Оның біразы қуғын-сүргінге түскендердің үкімі жөнсізге саяды. Кеңес үкіметіне ашыну бар. Шағым кешігіп қаралады. Әрбір прокурор күніне 7-8 арыз-шағымнан артық қарамапты, заңдылықты сақтап үлгере алмаған. Соның сал­ дарынан 4 194 арыз қаралып болмаған, себебі түсініксіз деген сықылды кінәрат тағыла кетеді. Жаза дайын, Ста­ лин мен Калининнің қолын қойған қаулыға селқостық болған деп Мәскеуге құпия түрде хабарланып тұрған. Демек, Сталиннің әр сөзі, әрбір нұсқауы жоғарыдан төменге дейінгілердің алқымынан алып, тұншықтырып жатқанын осыдан-ақ көруге болады. Кәне, көсемді ақтап көр. Алуан түрлі зұлымдығын кешіріп көр. Мақтайтын да, кешіретіндер де табылар, онда шаруамыз жоқ. Осы сапар­ да Өлкелік прокурорының аға көмекшісі Давидова Елена Юрьевнадан: «Заңгерлердің тағы қандай жазаланғандары бар, олар ақталды ма?» – деп сұрағанымызда: «Қуғын-сүргінге түскен прокурорлардың қылмысты делінгендерінің ісі қаралып, барлығы дерлік ақталды. Жанұясындағы ұрпақтарының қолына ақталу қағазын бергенде олар қуаныштан көздеріне жас алды. Ал қиянаты мол жылдардың бүкіл дерек-құжаттары, қылмыстық іс қағаздары сараптан өткізіліп, егжей-тегжейлі зерттеліп болысымен мұрағатқа тапсырдық. Ақпарат құралдары арқылы жұртқа хабар берді. Қазір қуғын-сүргінге тап болғандардың ұрпағы күн сайын мұрағатқа барып тиісті мәліметін алуда», – деді. Алтай өлкесі бойынша сұрапыл жылдардың жазалы болғандары жайлы бес томдық кітапты қала қаржысының демеушілігімен шығарыпты. – Бұл кітапта кейбірінің фотосуреттері, қолмен жазған қағаздары да қамтылды. Бұл ұрпағына ата-анасының бейнесін көріп, көңілдегі шерін жеңілдетуге сеп болуда, – деді КГУГААК-ның бас мұрағатшысы Тюленова Татьяна Григорьевна (Бұл – Қазақ елінің тиісті орындарының да есінде болатын шаруа. Көршінің жақсы ісінен үлгі алудың артықтығы жоқ). Өйткені, осындай кітап заңдылық сүзгіден өтіп шықса зобалаң жылдарда аяулыларын жоғалтқан ұрпақ хабарын біліп, әкесі ме, анасы ма, туыс-

туғаны ма, өмірдерегінің шындығын аңғарып көңілі тын­ шу табар еді. Жетім көңілді жұбатқанға тірлікте не тең келуші еді? Сол сұрапыл жылдары Қызыл империяның жарлығы қатал, айтылды орындалуы тиіс, бірін-бірі қайта-қайта тексеріп отырады, бірін-бірі аңдып жүреді. Жатпайтұрмай өсек аңдуға, өтірік айтуға, жала жабуға жаттығып себеп тапқыш-ақ. Біреу дабы көйлек киіп көлектесе де күндесі табылады, пенде емес пе? «Пәленше байдың құйыршығы ғой», – деген қызғаншақтың аузынан сөз шығады, оны жатып атары қағып алады. Сұмырайдың бір көзі мың көзге топырақ шашады. Қараңыз 1930 жылы 30 қаңтарда ЦКВКП(б) Саяси бюросы бекіткен кулак­ тарды жер аудару жайлы №10 ОГПУ қаулысы бойынша концлагерьге 60 000 адамды отырғызу 15 000 кулакты 15 сәуірге дейін үкімін шұғыл кесіп: «Сібір өлкесінен Қазақстанға жанұясымен жер аудару жүзге асырылсын. Әрбір кулактың жанұя мүшесіне өте аз мөлшерде 500 рубль жол шығынына ғана берілсін. Бұл жұмыстарды қапысыз қамданып атқаратын бірегей күш ОГПУ-дың 800 адамы, сол сықылды әскерилердің күш көрсетуі үшін 1000 штык, жеткілікті етіп қылыш қарулары берілсін!» – деген бұйрық орындалмай көрсін (История компар­ тия совсоюза. – М., 1971.Т.4. Кн.2. ст.54). Кулактармен бітіспес күрестің беті ашылды, оларды аштық шырмауы­ нан құтылмай өліп-өшіп жатқан Қазақстанға жіберетіні белгілі болды. Кулактардың бүкіл байлығын тартып алып, 500 рубль берілетіні және көрсетілді. Бұл қаржы кімнің жұғынына жұқ болады? Жер ауып барған жерінде үйжай, азық болатыны айтылмаса, аштан бұралғанда көзіне көрінгенін жейді, әлсіз адам болса оны да сойып жейді. Міне, Қазақстанда адамды адамның сойып жеу сұмдығы осылай пайда болған екен. ОГПУ жоғарыдағы бұйрықты орындамайтын амалы жоқ, әркімнің басы екеу емес қой. Алғашқы күндердің өзінде халықты барлап жүріп, осының жүріс-тұрысында бір шикілік бар-ау деп 6 113 адам­ ды тұтқындап тезінен түрмелерге жөнелткен. Онда тегін жұмыс жасайды, азық-түлік шығыны мардымсыз. Тұтқын еңбегі қоғамға таза пайда әкеледі. Көсем айтқан Кеңес

Одағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен елу, жүз жыл кейін қалып, оны он жылда қуып жетеміз деген қағидасы бойынша қан кешу теңізіне социализмнің қайығын салып әркелкі пікірліні тазартып, Горбачев заманына дейін әлем таңғалған Одақ болғанымыз, бүкіл жеңістерімізді баянды еткенімізді неге ұмытамыз? Тарихтың табысты беттерін ашық қалдыруға қақымыз жоқ. Бірауық ақылға тоқтап өткенімізді, бүгінгімізді ой елегінен шынайы қалпында өткізген ұрпаққа өмір-мектебі емес пе? Аталарымыздың «Мың қайғыны бір қуаныш ұмыттырады» деп айтаты­ нын еске алған артық па екен? Сонымен, бірді айтып бірге кетпей, мұрағаттың мына бір дерегінде Бийский ауданы ОГПУ-дың 1930 жыл, 12 ақпандағы қаулысында: «Тал­ дин селосының кулактары П.О. Тесленко, Н.Ф. Сарычев, Ф.А. Смагин, И.М. Ащеулевтер астық жинау науқаны кезінде контрреволюциялық үгіт жүргізген. Халыққа үндеу тастап: «Хлеб государству не сдавайте, все забира­ ют... Это не советская власть, а грабители, все имущество забрали, всех разорили» деп шу шығарады», – деп жазылған. «Қасқыр дөң асқанша, ұры түн асқанша» дегеніндей байлығымызда қиянат жоқ, адал еңбегіміз деп зарлайды, тәркілеудің ауыр тигеніне шамданады. Тірегі халық болатындай көріп атойлайды. Осындай үкіметке қарсы үгіт таратқандарды дереу құжаттандырып 58-11 ст. УК дайындап дереу үкімді орындайды (ОСД. УАДАК Ф.р.-2. Оп. 7. Д.19300 Л.33-35 ст). Астық дайындау майда­ ны аштық зауалымен күресу екені, бұл бірінші маңызды міндет деп түсінсек, 1932 жылы Одақта 467.485.5 мың центнер астық жиналса да, бұл халықтың жан басына шаққанда жетпейтін еді. Астық өндірушілер халқына жетерлік қор құрай алмай үкіметке өткізіп, арып-аша­ тынын ойламай, жоспарды қиқумен орындады. Содан 1933 жылы Сібірде аштықтан 220 мың адам өлген, бұл 1928 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өлім екен. Біз 1922 жылы Одақта басталған аштық қырғынының ұзақ жыл жүріп отырғанын тарихымызға енгізіп, сараптап болған жоқпыз. Аштықтың астарындағы қулықты да біле бермейміз. Мәселен, кеңшарларда 34582 еңбеккер болса, оған әрбіріне күнкөрісіңе деп өлшеп 84 килограмм азық

берілсе, оныңыз кімнің жұмырына жұқ болады? Оны аз десеңіз, әр отбасына ақшалай, астықтай, ет және басқа да түрлі салық салынып тартып алу өмір мен өлім арпа­ лысына соқтырмай тұра ма? Айта кетелік, 1932 жылы Қазақстанда 1 килограмм өндірген астықтың еңбеккүнге шаққанда 22,4-57,4 пайызы ғана халыққа қалдырылып, артығын үкіметке жинап алған. Міне, аштыққа ұрындырудың қалың қайғысы осылай басталған-ды. Осы кез­ де Қазақстанда 278.2 мың ірі қара, 549.4 мың қой-ешкі, 63.5 мың жылқы,48.9 мың шошқа, 16.6 мың түйе бол­ са, тонналаған үкіметке ет тапсыру мылтықсыз майдан есебінде жүрген емес пе (Ф. 141. Оп. 9. Л.65-64,69)? Ежелден қоңсы қонған Ресейдің Алтай өлкесінің қазақ елімен қарым-қатынасы, бір-біріне қам жасауы қалыптасқан. Алыс-берісі әркімнің басына түскен ауырлық кезінде әлсірей бастайды. Қоғамның зұлымдығы пендені жуасытып, есінен адастырады. Өйткені, жанжағында қансорғыш бар, қанау бар, жоқтықтың қамытын кию бар, үстемдікке басын июі бар, қан жылау бар, қан жылатушы бар, қанағаттық шүкірлік қалған. Тірлік ал­ дану болған, қаны қарайған бар, дорбасын арқалап қайыр тілеп қаңғырған бар. Қанды қасапта қаскөй бар, қатыгез тірлікте қолайы келсе әркім амандығын ойлайды. Ұрпағын сақтауды армандайды. Одан басқаға лаж жоқ. «Алдауарбаудың құрбаны болдық-ау», – деп кімге шағынады? Айтса да тыңдаушы жоқ. В.С. Познанскийдің түрлі деректердің қыбын тауып зерттеу кітабында 1920-1930 жылдардағы Сібір өңірі халқының бастан кешкен аяулы да, ауыр тағдырын тарихи дерек-құжаттармен баяндаған екен. «Сібірде 1920 жылы ақпан айында 100 миллион пұт астық қор қамбасында болса, ол Омбы, Алтай, Томск, Енисей губернияларының халқының жан басына шаққанда түк емес, жетпейді. Аштықтан құтқара алмайды. Одақтың жарылқаймыз де­ ген құр сөзі ас болмайды. Алдын-ала сақтанып, халықтың амандығын қорғау мақсатында көкек айының алты­ сында Сібірревкомның жиналысында М.И. Фрумкин жекелеген шарауашылықтардың азық-түлік саудасын тоқтатуды сұрап: «Әскери бұйрық бойынша тексерісте

кулактарда 70 пайыздық азық молшылығы барлығын, оны Продкомиссариат 5 күн ішінде бір орталыққа жинап алу керектігі кезек күттірмейтін тығыз шаруа екенін ай­ тамын», – деп түйген. Оған арқа сүйер заңды себеп бар. 1920 жылы В.И. Ленин мен А.Д. Цюрупа қол қойған декреттердің міндеттеуі бойынша: «Сібір халқын аман сақтау үшін әлі де 110 миллион пұт астық, 6,7 миллион пұт ет және басқа азық түрлерін кулактардың қоймасынан тездетіп өндіріп алуымыз – басты міндет», – деп көрсеткен. Алтай Одаққа алтын-күміс басқа да түсті металл өндіріп отырған тірек өлке екені түсінікті. Қуыс-қуысқа жасырған кулактардың астығы оңайлықпен қазына қамбасына құйыла қойса? Сөйтіп, 1921 жылдың қаңтарында басталған аштықтың алдын алу пәлендей нәтижелі болмағанға ұқсайды. Бәрібір кенеуі кеткен тірлікте аштық жан-жақтан қусырып ала жөнелгенде, әлсіреген халық арасында оба, тырысқақ, іш сүзегі, тағы басқа жұқпалы аурулар Сібір, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Самар, Са­ ратов, Қазақстанның тағы да басқа қалаларында қауға түскен өрттей дүр ете түспей ме? Жол қатынасы жөніндегі санитарлық дәрігер Б.И. Иоффаның күнделігінде Омбының өзінде бір күнде 400 адам тырысқақ, оба ауруы­ мен тіркелгенін жазады. Ал 1933 жылдары эпидемиолог С.А. Арбеньевтің күнделігінде жұқпалы аурумен 200 000 адам ауырғанын құжаттап тіркеген. Құты қашқан ауыр жылдар қыбырлаған пендеге ажал құштырып жатқанына дерек жетерлік. Мәлімсіз тірлік өлі түске ұрындырып бей­ нетке де, ажалға да мойынсұндырады. Шындықты айтып Одақтан көмек сұрағандар қуғын-сүргінге ұшырап, ба­ сымен қайғы болады. Құбылған саясатты көсем бастады, пайдасын сұрқиялар көрді, халқым деген шыншылдарды түрмеге тықты, атты, зәбірмен өлімші етті. Үрейлі жұртты басқарудың мызғымас көпірі тұрғызылды. Қорқақ, надан­ дар үштікке жағынып, үстемдікке теп-тез бағынып жан сақтау, кесер кеңірдектің амалын тапты. Жаны қорланған ел ақыны : Қыдың-қыдың етесің, Түбіме өзің жетесің.

Жау дегенді жапсырып, Мазақ етіп кетесің. Құты қашқан тірліктің Жайын сұрап не етесің? Құтырынған кезеңде Статья берді есесін, – деп өзін-өзі асырауына басында билігі жоқ, қолы қысқа жұрт құлазыған елде ошақ отын сөндіріп жатты. Өйткені, 1920 жылы Одақ бойынша астық дағдарысы 30 пайызға құлдыраған кезде Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы ел­ дерден 50-100 жыл артта қалдық, 10 жылда міндетті түрде алға шығуға тиістіміз!» – деп халықты сендіріп, шындықты мойындап, аштық сұмдығының кінәсі өзінен еместігіне дәлел айтып тынады. Одақ бойынша халықты асырай алмайтындықты білгесін саясатқа негіздеп та­ зарту, қара тақта, қызыл тақта дегенді ойлап тауып талайдың көзінен сорасын ағызып, жеті атасына дейін дүрліктіре тексеріп сілкілеу «Халық жауы» деп талайды атудың басты баспалдағы еді. Оған тағы бір себеп 1920-30 жылдары құрылған коммунаның жұлымы қырқылып, өміршең болмағаны, халықтың қолын молдыққа жеткізбей, кері кеткізгені де шындық. Ауыл шаруасының қолында техника жоқ, ағаш соқа, митың-митың өнімсіз іс кімді жарылқайды? Тірілер мұңды-зарлы, өлілердің қаңқасының үстімен қан кешу теңізіне батып бара жатқандықты байлықтың мұрагері кулактар мен бай­ ларды құртып, қалың халық мұқтажын өтей алмай, тал қармаған суға кетердей қиянкестіктің торына түскені де аян еді. Мол астықты жинап үлгере алмай, артығын теңізге төгіп-шашып жатқан капиталистік мемлекет­ тер социализмді көзге шыққан сүйелдей көріп қитығып, кірпіше жиырылып көмек қолын созбай, қырылған халықты мүсіркей алмады. Қайта жығылғанға жұдырық деп, мырс-мырс күлген де болар. Сталинде де көкірек бар, капитализмнің мысын құртқысы келмеді деймісің. Әйтпесе, мыңдап трактор берген Америка астық сұраса мырзалық танытуы кәдіксіз еді. Нансыз қалдық деп наз

айту да намысқойға ыңғайсыз-ау. Науқас қоғамның азықтүліксіз халқын қаңғытып алуы талайдың наразылығын туғызды. Нәубет қайғысы қалыңдағанда үстемдікке нәлет айтып, обалсынбаған билік басындағыларды қарғап-сілесе де Сталин есіміне шаң тигізбеді. Көсем аштықты естімей жатыр деп көз жұмды. Қара жер жұтқанынқайтармайды. Аштан өлгендерге қаупиып тұратын моланың топырағы да бұйырмаған-ау... Пенденің жанына бататыны сол қайғы... Халықтың өлі-тірісін біліп отырған Ф.П. Грядинский мен РСФСР совнаркомы Д.Е. Сулимовтың шындық жай­ лы жазба сөздері Қазақстандағы аштық өрттей күшейіп тұрғаны, Батыс Сібір өлкесінің балалар үйі қаңғып жүрген 1 500 баланы, жер аударылғандардың 2 500 балаларын, 1000 жас сәбилерді ата-аналары аштан өлгендіктен бағуға орналастырғанын айтады. Сол жетімдердің әкелері өлер алдында ұрпағының аман қалуын тілеп зарлады ма екен? Обырлардан обығып күшім тайды, Ұрпағымды сақтау болған қайғы. Белсенділер нысапсыз тонап алды, Өлсең мейлі, ешкімнің жаны ашымайды. Озбырлықтың елдегі түрі жаман, Ойран-топыр үрейлі, басылмайды. Өлгендер көп есігі ашылмайды. Опасыздар тұс-тұстан анталады, Кім көріпті, зұлымдық осындайды, – деп өксігенін үкіметтің оң көзімін деп тақта отырғандарға жеткізе алды деймісің. Өткен қоғамның жақсылығы да, жамандығы да өз тарихымыз болғасын ақыл айтудан аулақпыз. Өмірге қара дүрсін қарамай әр кезде сақтық болса деу ғана. Кейде қапас-түнек мезгіл дейміз, бірақ революцияға дейін халқын бағып отырған кулактар мен байларды социализм ісіне қызмет еткізіп, өрескелдікпен қырып-жоймағанда өңкей кедей аштыққа ұрынбас па еді деген долбар ғана. Қазақ ауылында бір ақылды қария азық-түлігін тауып, бір ақылды ана әйелдерді тәртіптеп, тәрбиелеп отырғанын еске алмай тұра алмаймыз. Кулак­ тар мен байларға сонша өшігіп, жанұясына күнелтетін

қаражат та бермей қаңғытқасын әлі барында адамды сойып жеуге дейін барған сұмдық оқиға адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған да шығар. Адамның құнсызданғаны соншалық, ұрпағын аман сақтау қиынның қиынына айналып, 1933 жылы Батыс Сібір өлкелік атқару комитеті жетім балалар үйіне 11 500 балаларды орналастыруға, Нарымск округіне 2 000 балаларды қабылдатып, оларды бағып-күтуге 6 650 рубль (бұл жоспарланғаннан екі есе көп) қаржы бөліпті. Одан кейін 1 200 ересек балаларды ФЗУ-ға орналастырып түрлі мамандық алысымен қаладағы өндіріс орындарына, кеңшарларға жұмысқа жіберуді діттеген екен. Осы жасөспірімдердің біразы Қазақстаннан барған жетімдер, 1933 жылы басталысымен 1 312 ересек қазақ балалары бұрынғы есептің үстіне қосылған. Сосын да өлке басшысы Эйхоның тапсыруы, қамқорлығымен қазақша 5 арнайы балалар үйі және Ново-Омск, Славгород, Бийск, Алейск, Покровскіден 480 балаға арналған қосымша орын бөлініп жұмысқа кіріскен. Сондай-ақ, қазақ балалары­ на арналған қосымша екі балалар үйі ашылған. Мұндай шексіз қамқорлық өлке басшысы Эйхоның кісілік ісі болған. Қазақстаннан шұбырып барған жетім балалардың көбейгені соншалық, 1933 жылдың мамыр айында 13 мыңға жеткен. Бәрі де үкіметтің жетімдер үйінен пана та­ уып аман қалған. Ал балалар яслилерінде 1 079 бүлдіршін есепте болса, олардың 62-сі сәбиді далаға тастап кеткен жерінен тауып алынғандар екен. Осының бәрін Сібір өлкелік партия хатшысы Эйхо өзі қадағалап отырған. Неткен мейірімділік. Міне, халықтың үреймен реңі қашып, рухы түсіп сал сүйектенудің қабырға қайыстырған қалың қайғысы. Қазақ еліндегі аштық күшейгені соншалық, Голощекин үкіметі адамдардың қайда қаңғып кеткенін білгісі де келмеген. Сталинге жағдай жақсы деумен ты­ нуы ұлтты жоюдың құпия зұлымдығы емес пе? Сібірдің денсаулық орны мамандары РСФСР-ға дабыл қаққан: «Станцияларда дорбалы қайыршылар қаптап жүр. Бәрі ашыққандар, жұқпалы ауру асқынып тұр, шұғыл көмек керек. Қазақстаннан босқандар аштықтан, аурудан өліп жатыр», – деп жеделхаттар беріп жатқан.

В.С. Познанскийдің архивтік және басқа мемлекеттік орындардың нақты құжаттары бойынша зерттеу еңбегінің (224-бет) бір парағында: «Карповск селосында 1000 жанұя түтін түтетеді. Көше, үйлер маңы қоқысқа толы, адамдардың ішетін асы шіріген, борсыған қалдық, басқа тамақ жоқ. Адамдар көлеңке сықылды жүреді, есуастанған, ештеңе ойламайды, қабақтары түсіп кет­ кен. Сөйлескісі де келмейді, ұйықтайды, тоңады, қалтырайды, аштық есін алғандар көп. Жұмысшы К. Си­ дельников кеңшардың еңбек озаты екен, төрт баласы бар, олар аштықтан ісінген. Үйі лас, едені, үй қабырғасы ылғалмен көктеп, иістеніп кеткен... Оған көрші отырған Ф. Бородиннің бес баласы бар, әйелі ауру, пештің жанын­ да жатыр, қасында үш баласы отыр. Олар аш, жылайды, ісінген, қу сүйектері тамырға ілініп тұр. Көздерінің нұры тайған, бір-екі күнде өледі. Кеңшарда үздік еңбек жасап 650 еңбеккүн тапқан жанұяның бәрі қырылмақ. Бұдан екі күн бұрын арам өліп далаға тасталған шошқа торайының бұзылған етін жепті. Басқадай адал ас татпаған», – деп дәрігер аудандық партия комитеті мен аудандық кеңес басшысына жазбаша мәлімдеген екен. Іле-шала басшы­ лары И.П. Жуков пен Б. Силаев, Ф.Д. Шугеев: «Аштық мәселесін шешуге өлкелік басшылық көмектеспей отыр, ауданда қуаңшылық болып астық шықпады, біздің ауыр жағдаймызға шұғыл көмек керек», – деп өздерін қорғау мақсатында И.В.Сталинге хат жазып, көшірмесін Батыс Сібір өлкелік комитетіне жөнелтеді. Дереу өлкелік бюро мәжілісі шақырылып: «Көсемге шағым жазу коммунистік этикаға жатпайды. Аспанға ұш, жерден қаз, халқыңды өзің азықпен асырауың керек!» – деп арыз иелерін жа­ залайды. Бұл жеке адамға табынудың Мәскеуден баста­ лып, терең тамыр тартқанының дәлелі еді. Өл, тіріл үн шығарма деу Одақтың барлық жерінде қалыптасқанын көрсетеді. Халық қорғансыз, кем-кетігін айта алмайды. Босып кетеді, үреймен өледі, амандық жөнінде үкіметтен әрекет жоқ. Егер дәрігер елді аралап қайғылы оқиғаларды аудан басшыларына жазбаша мәлімдемесе, ауданның да, өлкенің де басшылары бейхабар болып, құлақты мақтамен тығындағандай отырар еді. Демек, қай шаруашылық-

та қанша адам аштықтан, қаншасы аурудан өлді нақты дерек уақытында болмағанға ұқсайды (Бүгінде 1922 жыл­ дан басталған аштық жылдарында төрт жарым миллион қазақ аштан өлді деген дерек, кей есептерде алты миллион өлді деп айтылуы сондықтан). Адам тағдырына кейбір елді мекенде селсоқ қарау болғаны, ондай төзгісіздікті шұғыл білуге телефон байланысы, түрлі көліктің жеткіліксіздігі тағы бар. Ел аузында: «Райком түгілі ауылға мили­ ция да жаяу келіп, жаяу кеткен, көлік жоқ», – деген сөз қалған. Сол Сталинге жазылған хат Эйхоның төбесінен қара бұлт үйірілмеді деймісің. Жеке күн көсемге табыну зұлматы шындықты айтуға тыйым салып, басшы алдын­ да тайлықтырып тастамай ма? Зұлымдыққа бетпе-бет келіп кім батылдық таныта алады дейсің. Талан-тараж та­ лапайды да, қырылып өлуді де талқыға салып, талап ету партиялық тәртіпті бұзу деп үстемдікке тәуелді етсе не жорық? Айта кетелік, 1921 жылы басталған аштық зардабы негізінде кулаксың, орта шаруасың деп халықтың жиғантергеніне қол салып, азық қорын тартып алғаннан кейін жұрт ішер асқа жарымай, екі саусағын мұрынға тығып сымпиып қалған. Кей жерде ыза-кекті халық көтеріліс те жасаған. Қараңыз: «Кремль. Ленинге, көшірмесі Азықнаркомы Брюхановке. Омбы. 9 мамыр, 1921 жыл. Аса құпия делінген жеделхатта : «600 мың пұт астықты Но­ вониколаевка уезінің қоймасында сақтап, Орталыққа жібермек едік. Шаруалар, әйелдері балаларымен қойманы күндіз-түні күзетіп, маңына жан жолатпайды. Қызыл армияшыларға күш берер емес, темір жол бойы әскери жағдайда. Қауіптісі Мәскеуге қатысатын темір жол қатынасын тоқтататын түрі бар. Сібір ревкомының бастығы Смирин». Міне, шаруалар кулактарды тап ретінде жойып, тәркілеуді тоқтатуды талап еткені де, Томскінің Азық комиссары К.А. Данилов халықтың тәртіпсіздігіне жол бергені үшін қызметінен босатылғаны да құжатта айтыла­ ды. Сондай-ақ, «Темір жол станцияларында, Челябинскі станциясында – 2 000, Петуховада – 900, Лебяжьяда – 850, тағы басқа станцияларда дорбалы қайыршылар то­ лып жүр, олардан тырысқақ, оба, іш сүзегі аурулары тарап

жатыр», – деп Сібір денсаулық бөлімі бастығы Гречишев дабыл қағып, РВСР №2115 бұйрығы бойынша бүкіл темір жолда жұқпалы аурулармен күресті күшейтуді талап етеді. Одақтан көмек керектігін жазған... ҰЛЫЛЫҚТАН ҰЛАҒАТ ҚАЛҒАН Тарих деректері бойынша, Құлынды өңіріне қазақтардың табаны тиіп мекендей бастағаны 1542 жылы Ан­ тония Виданың Обь өзенінің картасынан көрініс тапқан. Демек, Алтай өңірінде халық тірлік еткені белгілі ғой. Ауыр-жеңіл өмір болған. Өткенін ойлап, ертеңін болжай­ тындардан сөз қалған. Байтақ дала – ырысым, Жұртымның өлең-жырысың. «Құлынды», – десем әр кезде, Ашылып кетер тынысым. Замандар өтті әр кезең, Саясаттың құлысың. Пендені бірақ жарылқар, Аллаһтың берген сыйысың. Алтайдан соққан самалға, Кеудемді керіп тұрысым. Әркелкі Адам, әркелкі, Жамандық ойлау құрысын! – деп қаракөз қыздар ән салды ма екен? Өмір бастауы әріде деп ой салды ма екен? Жалпы Құлынды аймағы ХVІІІ ғасырдан бастап қағазға түсіріліп зерттеле бастайды. Вида картасында Каспий теңізі, Еділ, Жайық өзендері көрініс тапқаны және бар. Рейн қаласында туып өскен жиһанкез суретші Видадан кейін, неміс географы Себестьян Мюнстер өзінің «Космография» шығармасында Виданың сызбаларын пайдаланса, негізгі деректерді Ресей­ ден Польшаға кеткен Иван Васильевичтен алғандығы анық делінеді. Шығармаларда түрлі ұқсастық болса да, Обь өзенін зерттеу «Московии» картасын толықтыруда

австралиялық маман Сигизмунд Герберштейн Ресейге екі дүркін келіп, 1546 жылы картаға түсіргенде төменгі Обь өзені Ресей мемлекетіне өтеді. Ал жоғарғы Обь өзенін мекендеушісі күңгірт көрініс береді. Жазбасында: «Обь өзені басын Қытай көлінен алатынға ұқсайды, жағасында қара нәсілді, қысық көз адамдарды көрдім. Ертіс қорғаны бар, оған таяу Қытай көлі... Көл маңындағы адамдардың сатымға дайындаған тауарлары көп, асыл тастар бар, түрлі металл бұйымдарын сатуға шығарады екен», – деп жазылған. Ал орыс ғалымы М.П. Алексеев Обь өзені бойындағы қорған маңында сауда шаруасымен айналы­ сып толып жүрген адам қара қытайлықтар, моңғолдар, индустар, бұхарлықтар, жалпы бұл өңірге азиялықтар көптеп орналасқанын айтады (В. Кордт. 1906 г. Кар­ та Х1Хв.) Қытай көлінің оңтүстігінен үлкен өзен Орта Азияға ағып жатады, оны «зиг» (Сырдария) деп атаған. 1562 жылы толықтырып жасаған Дженкинсон картасын­ да көрсетіліп, Арал теңізіне де орын берілген. Ал 1683 жылы Джиакомо Кантелли жасаған картада Ертіс өзені Сібірге қарай бұрылысында Обь, оның жағасында қала көрініп, Обьтың жоғарғы бас алуында «Изсеро злоте» көл атауы Алтын (золотое озеро) пайда болса, Зайсан (аудар­ масында – Бизилбаш) көрініс тапқан. Қара қытай, индус, моңғол дегендердің арасында алтайлықтар ма, қазақтар ма, Таулы Алтайдың Катунь өзені бойындағы Чепаль ауданында алтайлықтар және маялықтар тұрады екен. Олар Алтайды жер кіндігі деп дәлелдесе, біз Байқоңырды атамзаманғы атауы бойынша «Жер кіндігі» деуіміздің ара қатысы жақындай түсуіне ұқсайды. Әлем ғалымдарының ой-пікірі, түрлі тұжырымдарына тоқтай келіп, сенатор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов мақаласында: «Ғалым И.Ф. Никоновтың пікірінше, түркі тектес халықтардың жақындығын лингвистикалық дәйектерге кезінде «Азия – Берингия – Америка» атты монографияда арнайы тоқталып, жеткілікті материал берген болатынбыз. Олардың басты-бастысын айтқанда байырғы америкалық «үндістердің» азиялық, археологиялық, палеонтологиялық, генетикалық, лингвистикалық және басқа ғылымдар тұрғысынан жан-жақты сарап­

талды. Кезінде Христофор Колумб ашса да, атауы ұлы жиһангердің өзіне бұйырмай, жаңа әлем немесе Амери­ ка атанып кеткен алып құрлықтардың сыры шындықтан мүлде аулақ жатқан еуроцентристік көзқарастан аршы­ лып, оларды мекендеген түбі түркі халықтар орнықтырған ұлы өркениеттің тарих пирамидасынан алатын заңды оры­ ны ең соңғы ғылыми деректермен түйінделді. Ең басты­ сы, о баста, бағзы замандарда да, Алтайдан басталған ұлы көштің тек Батысты ғана нысанаға алмай, кезінде Қиыр Шығыстағы екі алып құрылысты жалғастырып жатқан, кейін су астында қалған жермойнақты басып өтіп, жаңа әлемге де алғашқылардың бірі болып ат ізін салғаны бұлтартпайтын ғылыми айғақтармен дәлелденді», – дегенді автор мысалдап өтеді (Е.Қ. 22 мамыр, 2010ж.). Сонымен, Алтай өлкесін ертеден мекендеген Құлынды өңірінде жиырма мыңнан астам қазақтардың тарихи деректері ХVIII ғасырдан бастап зерттелген екен ( Ф.Р. 1. Оп. 1. Д. 100. Л. 2,5). Әуелде Павлодар облысы бойынша 15 қазақ Ертіс бойын мекендеп, көшіп-қонып жүреді. Табиғаттың ұңғыл-шұңғылын байқап, қонысқа лайқаттысын таңдап ұлтанды жерге қоныстанады. Үме са­ лып, асарлап баспана көтереді. Үр жаңа үйлерде ойын-тойын жарастырып тірлік еткен 1 089 қазақтың жанұясында 3539 ер адам деп есептеліп, 1907 жылдың 5 тамызында орыс империясының жарлығымен Сібір өңірі бойынша Ресейдің құрамына өтеді (проект №06-01-00504). Еу­ разия құрлығының тең жарымын уысында ұстап басып алған, отарлықтың шынжырымен бекіткен адам санын анықтап, бас көтере қалса қаншалық күш керектігін ал­ дынала білу емес пе? Сөйтіп, 1909 жылғы есепте Құлынды өңірінің адам саны 100 мыңға дейін өседі. Оларға жан ба­ сына шақтап жер бөліп иеленуді қатаң бақылайды. Халық аз-кем бөлінген меншікті делінген жеріне егін егіп, мал өсіріп, тарықпай тұрсаң өмір әдемі деп, ақырында Кеңес үкіметін орнатуға қатысады. Жұрт жаңа қоғам қайырлы болады деп сенеді. «Тұтас кедейлер боламыз, үстемдік қысым болмайды, езгіден құтылдық, көзіміз ашылды», – деп қол-аяғын еркін жазғандай болады. Даңқымыз аспан­ дар деген есек дәмемен ілгері тілекті меншіктеп 1937 жылы 12-0203

28 қыркүйекте аудан аталады. Ауданға 62 елді мекен қарайды, шекарасы белгіленеді, кәсібі егіншілік және мал шаруашылығы екен. Сібір өңіріндегі табысты аудандардың қатарына бірден ілігіп, бірден орташадан ойып орын алып ел елденіп, шаруа жөнделе бастайды. Жұрттың қасқабағы ашылып, қуанышымыз ұзағынан болғай деп тілек тілеп жүргенде 1930 жылдың 2 наурызындағы Сталиннің «Табыстан бас айналу» деген мақаласы дүбір туғызбай тұрмайды. Саясаттың қатаңдығы байқалады. Асыра сілтеп жіберді деп бәкенеден пәле өргізетіндей кемшіліктер мен кедергілер сын мен өзара сын арқылы заңдылық та­ разысын тартыла бастайды. Тірліктері де, шаруа ша­ масы да қарайлас Ключевск ауданы таратылып, атқару комитетінің бастығы сотқа тартылады (Ф.Р. 443. 0п.1. Д. 60. Л. 196). Осы тұста Құлынды ауданы «Сақтықта қорлық жоқ» деп асыра сілтеуден қарадай қалтыраса да, аман қалады. Байлар ызғындай малын ауылдастарының басбасына бөліп бергесін бе, болар-болмас өкпе-наз сақтап, қызыл жағаға сыбыр жеткізу сап тыйылған-ды. Аштықта аздаған жүдеушілікті де ауылда болса ауызға тиедімен өткізді. Босқын қайыршыларға да қайырым, азыққа тойындыру болған. Бірәлі деген арып-ашыққан босқынның бірі осы ауылда біраз болыпты. Ақынжанды, домбырашы екен. Бір аяқ ас алдына келгенде алдымен домбырадан «Аштық» күйін төгілдіріп отырып: Үкіметтің құлқы неге тарылды, Кім тыңдайды мына менің зарымды? Бір үзім нан жүрек жалғар болмады, Жинап алды құмыққандар барымды. Құмай құйын көз көрсетпей барады, Тәркілеуші құмардан шығып қарады. Ойда, қырда қырылғандар жетерлік, Өліктердің шыға қоймас санағы. Жайлау қалды малсыз жұтап қаңырап, Голощекин саясаты сандырақ. Тарихта ұмытылмай қалса екен, Аштық қырғыны жайлы ән бірақ, –

деп бір аяқ көжені қолына ұстай бере булықпа жөтелмен жанын қинады. Әркімнің бұйымтайын сұрап, мейманын жылы қабылдап, құрметпен шығарып салатын қазақи қалыпты халықтың өткенінде талай оқиғалар қалды. Тыныштық аспанында орыстардан қалыспай жастары жоғары оқу орындарынан білім алды, мектептерде қазақ ұлтының салт-дәстүрі, өнері ұлағатты тәрбиесі бір пән есебінде оқытылды. «Бұл қалай?» – деушілерге: «Лениннің «Әр ұлт өз тілінде оқып, өз тілімен сөйлеп, мемлекеттік жұмысты атқарсын!» дегеніне қарсы емес шығарсың?» – деп айтып ықтыра салады. – Бай, кулак жоқ па? – Біз – бірыңғай кедей халықпыз. Бұзаулы сиыр, қозылы қойдан артық дәулет керек емес, – деп шығарып салады. Милиция келсе қазанда бір жілікті бүлкілдетіп, табақ тартып бүйірін шығарып, асқа тойындырады... Қызара бөрткесін: «Соседний район... Там кулак жад­ ный...» – деп әр түрлі әңгімемен сайрайды. Расында, көршідегі көзі жерге түспей жүрген күшті кулактар Е.Е. Балки, Я.Е. Сидеренко, М. Разгон астық дайындау майданына қарсы әрекеті үшін мал-мүлкі тәркіленіп, сотталған. Кулактардың бас-басында 3-тен үйі, шошқасы, ірі қарасы, қойы, егін шаруасына 5-тен құл ұстаған. Бірақ, құлдарын асқа тойындырып, әдемі киіндіріп, мұңмұқтажын өтейді екен. Жанұясының да ішіп-жемі мол, киім-кешегі жеткілікті көрінеді. Сол Ключевск ауданында 8 510 шаруаның 917 кулак тізіміне ілінген, орта шаруала­ ры да тәркіленген (Ф.П. 38-06. Д. 44. Л. 29). Ал Құлынды өңірінде де бай да, орта шаруа да болған шығар. Бірақ олар ақсақалдар ақылымен артық мал-мүлікті тәркілеу дүбірі басталысымен ағайын-туысына бөліп бергенге ұқсайды. Үкімет өз халқын мұнша қыса бермес... Іштен шыққанды жау көріп шайқасып жақсылық таппайды ғой. Мұндайда сақтанбаса, жазықтының отына жазықсыз күйіп кетеді. Шаңырақ шайқалмағай. Бір тайпа ел едік, тілігіміздің бірлігінен айырмасын деген... Көрші-қолаңның шай-суы ортақтықтан жаңылмасын... Шала бүлінбей, сабыр сақтап қазақи қалыпты қанға сіңіре білген. Шарасыздықтан да шаршамай өтіп ұрпағын аман өсірді. Жесірі қаңғып,

жетімі жылаған жоқ. Көптің ақылы елдің амандығына қорған болды. Саясаттың түтек бораны жоғарыдағы көрші ауданның парткабинетін басқарушы Т.Ф. Суслова, екінші хатшы С.М. Розенблом, үшінші хатшы Р.Я. Андрен (Суслованың ері), Серебропольский МТС-нің директоры Ленков барлығы 16 адам партия қатарынан шығып оның сегізі «халық жауы»деп атанып және 30 адам «Отанға жат пиғылды эле­ мент» делініп қатаң жазаланса, арада біраз уақыт өтісімен 88 адам №58 статьямен атылатыны атылып, түрмеге сыйғаны қамалады. Оны азсынсаң, 1938 жылы 441 адам қылмысқа тартылып, әр түрлі жазаны мойынға іліп шығады. Заң бұғалығы бұғананы сындырғанының нақты себебін жұрт түсінбесе де, үнсіз қалады (Ф. 484. Оп. 4. Д. Л. 13.). Ал Құлынды ауданының 18-ші ауылында ежелден қоныстанған 3 308 немістердің біразы тұтқындалды. Ал Алтай өлкесі бойынша туып өскен, жерін жерлеп, суын сулаған немістердің 21 пайызы атылып кеткен (Жертвы политических репрессий в Алтайском крае. – Т.4. ст.13). Міне, Сталиннің табыстан бас айналуының масқаралағы өз халқын қырып-жоюға ұласқанының бұлтартпас дерегі. Саясат былғанышы «Бүгінгі тірлік ертең бар ма, жоқ па? Үштік ата ма, екілік, бестік ата ма, өліміз бе, тіріміз бе?» – деген мәлімсіз үрейге толы боп жатқан. Бұл үрейден Құлындыны жайлаған халық кенде болды дейсіз бе? Бөлежара қаскөйлік ой ойламаса да, бір ауыл, бір бауыр боп той тойласа да, Алтай өлкесінің бір бөлшегі атанса да, көштен қалмаса да, үреймен естен тана қоймаған. «Бөрі жоқ деме, бөрік астында» деп сақтана білуді ұмытпаған болар. Бықпырт тигендей бүліну кездесіп, алақұйын етсе де қарапайым халық төзе білді. Сыр шашпады. Тарихын сақтаудан жаңылған жоқ. * Барнауылдың өлкелік кітапханасының кітап қоры 3 миллион дана боп есептелсе, С.Н. Южаковтың редак­ циясымен шыққан «Большая энциклопедияда» Барна­ уыл қаласының деректері молынан қамтылған. Дәлірек

айтқанда өсу, өрлеуін де дәріптей білген. Барнауыл Томск губерниясына қараған тұста Ресейдің өндіріс маманы Акин­ фия Демидов алтын-күміс өндіретін зауытын 1745 жылы ашып, Пимен Старцев өңір картасын, оның қазба байлықтарын көрсетсе, Сібір губернаторы М.П. Гагарин үлкен демеушілік көрсетіп қаржыландыра білген. Кар­ таны сөйлеткенде Оңтүстік Сібір орыс қорғаны аталады. Красноярск-Кузнецк, Бийскіге майор Лихарев шекара қорғандарын орнатып Ресей игілігін заңдандырады. Одан кейін Өскемен, төменгі Ертіс, Тары, Алтай, Құлынды, Ямышевская, Железинская, Омбы, Таулы Алтай шека­ ралары белгіленіп 1725 жылы жоңғардың оңтүстігін, қазақ елінің батысын шекаралық белгілермен бекітеді. Қара дүрсін жұмыс емес, ғасырларға кететін Ресейдің отарлық езгіні заңдандыруының тапқырлық амалы еді. Одан кейін Алтайдың зауыттары орыс империясын ХVIII ғасырда алтын-күміс қорымен байытып жатқандығынан шекаралық қызмет нық, қауіпсіз болуын қажет еткен. Алтын-күміс өндіруде талантты ғалымдар А. Порошин, Г. Качки, В. Чулков, купецтер Пуртов, Сухов, Морозов, Кұлмаметовтер екпінді түрде қызмет атқарған. Олардың есімі тарихта алтын әріптермен жазылып, бүгінгі Барнауыл қаласында көшелер сол ұлы тұлғалар есімімен аталады. Негізінен Сібір тарихы әріден бастау алса, 1701 жылы толық картасы жасалып, ғалымдардың талқысынан өтеді. 1717 жылы Телту князы татар Манза Байдонов Барнауыл қаласын игеруге қатысады. Ал 1730 жылы Демидов алтынкүміс өндіретін зауыттың іргетасын қалап, жұмысын жүргізуге Алтай өңірінен 200 шаруаны жұмысқа тар­ тып, 1735 жылы Екетеринбургтен 500 адам, Иркутскіден А. Бутреев, В. Попов басқарған 300 адам зауытты шұғыл көтеруге еңбек сіңіреді. Сөйтіп, 1750 жылы зауыттың 17 пеші іске қосылып 694 пұт күміс, 55 пұт алтын өндіріп, таза пайда 586 248 рубль 45 копеекке айналады. Табыс молайғасын газет-журналдар жарқырап шығып, 1859 жылы Г.Н. Потанин «Русская слава» журналына өндіріс орнының болашағы ғасырларға кеткенін мақтанышпен жа­ зады. Мұнда шығыстанушы В.В. Радлов 1837-1918 жыл­ дары түрік тілі тәсілін үйретумен тірлік етеді. Бұл түрік

тектес халықтың мол болғанын айтса керек. Ал 1874 жылы Санкт-Петербургке 109 302 пұт күміс жөнелтіледі. Сондайақ, Колыв-Воскресенский зауыты 20-40 пұт алтын өндіріп, «Ең бақытты зауыт атанса», бұл Санкт-Петербургте әуелі Тау-кен училищесін, одан кейін Тау-кен кадет корпусын ашуға мүмкіндік береді. Күміс өндіру зауытында кара­ ванды басқаратын И.И. Ползуновтың іскерлігін бағалап, Ломоносов инженер-капитан шенін береді. Өнертапқыш, жаңашыл Ползунов кен қорыту машинасын жаңартып, оны «от машина» атандырады. Өлкетанушы ғалым Н.С. Гуляев: «Тірі Ползунов – Ресейдегі емес, Алтайдағы өлмейтін есім», – деп бағалайды. 1905 жылғы қаңтардағы халық санағында қалада 33 600 адам болса, оның ері –16 600, әйелі 17 000 болыпты. Осыншама халық үшін А.А. Ершов «Алтайская жизнь» газетін шығарады. Бұл кезде қалада адамдардың дені өндіріс орындарында жұмыс істеп, тұрмыс тірліктері биікке көтеріледі. Қай жерде табыс бар, байлық бар, сол жерге халық құлақтанып, ағыл-тегіл келіп жатады. 1911 жылы қала халқы 52 075-ке жетіп, оларға 5 кітапхана, 5 баспахана, 5 театр, 4 аурухана, 6 дәріхана, 4 банк, 9 өндіріс мамандарын дайындайтын училище қызмет етеді. Капиталистік заңдылық бойынша бәрі жекеменшік, қожалары – атақты көпестер, өндіріс алпауыттары. Олардың ұрпағы, туыс-туғандары кулак болмағанда қайтеді? Халқын киіндіріп, ішіндіретін де сол кулактар, алпауыттар. Қоғамның жай-жапсары 1919 жылы өзгеріп, басқаша дамуға әрекет басталады. Қалаға батыс губернияларынан қуғын-сүргінмен жазықтысы бар, жазықсыз қосақ арасын­ да босқа жазықсыз кеткені бар 27 232 адам қоныстанады. Оларға дайын тұрған үй-жай жоқ, дайын тұрған азықтүлік жоқ. Жайғасқаны жайғасып, айқасқаны айқасып, өндіріс орындарына қара жұмысқа кіріседі. Әрі айтып, бері айтқанда Алтай өңірі өндіріс орындарының тари­ хымен мақтана алады. Ұлылықтардан ұлағатты тәртіптәрбие білімдарлық жұғысты болып, небір қиын кезде де төзімділігімен танылады. Әлемнің біраз ғалымдарының қолтаңбалары, еңбектері де осында жанып-сөніп, әртүрлі өмірді бастан өткергені байқалады. А.В. Беэр швед

ғалымы, 37 жыл алтын өндірісінде қызмет еткен (СПб, 1908. с.12-13). Михаил Федорович Розен – швед генералы, инженер-геолог, Балтық, Белого, Баренцева, Каспий, Арал теңіздерін зерттеуші әлемге танымал ғалым. Бір өкінерлік жайы, Киров өлімінен кейін «Отанға сенімсіз адам» деп ОГПУ-НКВД 1924 жылы әкесімен екеуін тұтқындайды. 1942 жылы Алтай өлкесіне жер аударады. Осы өңірде «Ве­ селый» руднигін ашып, алтын кенінің жаңа көзін табады. 1953 жылы ғалым ақталып, қуанышы қойнына сыймай бүкіл ақпарат құралдарына: «Алтай табиғаты ерекше, мұндай байлығы мол, табиғаты ғаламат өңір жер шарында сирек, мұнда ғылыммен шұғылдануға мол мүмкіндік бар», – деп жазады. Ұлы ғалым 1989 жылы дүниеден өткен. * «Мұндай таза табиғат еш жерде жоқ», – дегенді естігенде Қымыр келді де: – Алтайлық көршілеріміз саф алтындай өңірдің тұнба, жанға жайлы, жұпар ауасын ешкімге айтып дабыра қылмай, рынокта бүкіл өндіріс орыны жұмыс жасап, азықтүлігін, киім-кешегін өздері жеткілікті өндіріп жарқырап жарастықпен өмір сүруі де бөлекше әңгіме екен, – деп еді. Жолсапарласы жазушы Қайырлы жұмсақ күлкісін жариялап: – Біздің Катонқарағайда болмаған екенсіз, ауасының өзі тойындырады, жасыңды ұзартады. Өз басым аштық заманында да аштан өлгендер көп болды дегенді естіген жоқпын. Табиғаттың құдіретті жасауы осы өңірде, Жаратқан Ием мырзалық жасап бере салған. Орманы, өзені, көлі – таусылмас қазына, ала білгенге, еңбек ете білгенге құнарлы азық, – деді. Қымыр тірліктегі ішер асын жөнімен табуды тайғанақ кез, сұрапыл тұста, басында билігі болмағасын бармағын тістеп өл десе өліп, тіріл десе тіріліп, үстемдіктің дүлей күшіне шыдамай, жел айдаған қаңбақтай сүйектері ай­ далада шашылып қалды. Сталиннің темірдей тәртібімен кімді тентіретпеді, зар-нала ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүректерінде шемен шер боп жазылмастай орнап,

өзінің халқын қырып салған Сталинді ақтаймын деп желігетіндерге лағынет деп ауылдағы ақынжанды ағаның: Темір тәртіп қатты ғой, Көзімнен қан ақты ғой. Сұм-сұрқия еліріп, Не пәлені тапты ғой. Сталин берген бұйрық бар, Тергеусіз-ақ атты ғой, Талай асыл ойлылар, Жер жастанып жатты ғой. Аспаннан түскен жасынды, Тасқа соқтым басымды. Толарсақтан қан кешкен, Маңдайға жазды ғасырды, – деп топалаң тигендей өткен ғасырдың жаншошырлық оқиғаларына топырақ шашып, енді қайтып еске алмауға бекінді. Өйткені, Барнауылда зобалаң жылдардың кінәлі, кінәсіз жауапталған адамдардың ісін түрлі сүзгіден өткізіп том-том кітап етіп мұрағатқа орналастырып тыныштық тауыпты. Көрші заңгерлердің бұл қызметінен үлгі алып, Сталиндік замандағы Қызыл империяның қалың терро­ рында жазықсыз жазаланғандардың ақ-қарасын анықтап, кітап етіп шығарса, әкесінің, анасының, туыс-туғанының өткен қоғамдағы тірлігінің себебін түсініп, торыққан көңіліне тоят табар еді... Талай ұлыларымыздың қара сандықта құпия қалған өмірдерегінен, түрлі еңбегінен ұлағат алуға жол ашылар еді... «КІМ ӨЗІ? АТЫЛСЫН!» – Теріскейден соққан өкпек желіндей саясат дірдек қақтырып күшейіп барады? Заңдылық па? – деді қария. Шоқша сақалын тарамыстанған саусағымен сипады. Қарияның сөзіне жиналғандардан ешкім үн қатқан жоқ. – Өкпек жел ештеңе емес, көз аштырмас қара дауыл ғой, – деп тағы бірі күңк етті. Белсенділер теріс қарап

ұнатпағандық танытты. Тетігі ауызындағы жыртық көйлекті, тері шалбар киген ақ сақалды қария жүресінен оты­ рып жер шұқыды да: – Қазақ халқын асырап отырған байларды құрттық. Ортаға жинаған малды «үкіметтің ет майданына ке­ рек» деп қан сасытып сойып салдық. Мал құрығасын тас кемірсін бе, аштан өлді қалың жұрт. «Кіші қазанмен» отырықшылыққа отырғызып, шаруасын жаңартып, жағдайларын бірқалыпты тегістеймін деген Голощекин­ ге тегеурін болмай түбімізге жетті. Қазақтар Мырзажан деп әндетіп жүрген Мирзоян не дейді?.. Айтпақшы, әлгі Троцкий кулактар мен байларды тәркілеуге қарсы болды дегенді естіп едік. Алматыға да келіп кетіпті ғой. Мейлі... Ендігі таянышымыз – үкімет. Тастай түйініп, саясатқа сүйініп, жағдайсыз қиқулаған белсендіге күйініп, іштен тынып еңбек етіп жатырмыз. Салық көп... Еңсені езіп ба­ рады. Айшығымыз ауды, төлей алмасақ дейді жау ғып. «Тұяқ салығы, түтін салығы, ауыз-мұрын салығы» деп қырып барады. Кезек дүние... Жұмыс істеген жүдеулер де түбінде теңелер... Жыртық тақия киген, сойдақ тіс, бәкене бойлы қаба сақалды әндетеді: «Апыр-ай, мына аптаптың қатаңын-ай, түрмеде шыриып жатамын-ай. Туған жер сағынғанда есім шығып, көз жастың теңізіне батамын-ай. Жаусың деп жалалайтын ағайын жүр. Отарлық езгіден за­ пыс болған жұрт зар-мұңын айта алмайды. Сатқындық, дым білместің шатағын-ай», – деп есі ауған адамдай сақсақ күледі. Шамасы, түрмеде отырып келгенге ұқсайды. Ақылы ауысқан деп ақтаған болар. Жә, күтпеген сөздерге белсенділердің бірі де жауап берген жоқ. Таршылықты біліп тұр, көріп тұр, көзі жетіп тұр. Есқараев аштық жылдарында бес жүз мыңдай әкешешесі өліп, жетім қалған балаларды панасыздар үйіне орналастыруға, олардың бағым-күтімін қадағалауды жол сапармен қайда барса да есінен шығарған жоқ. «Жерде жетім налыса, көкте періште қайғырады» деген бабалар сөзін жүрегінде түйген. Жұрт көзі көреген деп білген. Халықтың ауыр тұрмысын көріп жүйкесі құрып жүрген-ді.

Қазақстанның заң жөніндегі тұңғыш халық комисса­ ры және прокуроры болғасын барған жерінде заңдылықты қатаң талап етеді. Билік басындағы белсенділердің қатесін көрсе кешіре қоймайды. Неше түрлі кесір бар, жөнсіз бірін-бірі қаралау бар. Анық-қанығына жетіп, тәртіпке шақырады. Ал қателіктің себебі белсендіге байланысты болмаса, үкімет алдына мәселе қойып шұғыл көмектесудің амалын айтады. Кеңес үкіметінің болашағы үшін күн-түн қатып еңбек етеді. Сосын да халық алдында беделі өсті. Жастардың дарынды жетекшісі Ғани Мұратбаевпен пана­ сыз балалардың жағдайын көргенде, олардың күлкісіне ештеңе теңгермей: – Болашақтың нағыз мықтылары осылар болады әлі! – дейді екен. – Дегенмен, жетімкөкірек бақытты болса... Жеген нанның ауырлығын сезініп өссе, әдепті ұрпақ ер жеткенде әділдік жолдан таймас, – деп Ғани толғанбады деймісің. Ондайда Сүлеймен ой қозғап: – Жоқшылық, жетімсіздік кезеңі де өтер. Бірақ шындықты тарих кешең айтар-ау... Анасын ойлайтын бала­ лар... «Совет әйелдерінің намысына тиіп, адамшылығын қорлағандарды қатаң жауапқа тарту қажет», – деген ЦКП бесінші съезінде сөз бар. Ал анасының аштан өлуіне себепкерді аяп қаламыз ба? Талай жағдай құпия, оны дер кезінде ашып айтуға болмайды. Жоғарыдан түсіп жататын тапсырманың өзі бас көтертпейді, – деді ме екен. Қоғамның жегі құртындай әлсіз адамдарға килігіп қастандық ойлаушыға, жемқор, алаяқ, ұры, тонаушыға қаталдық мінезі де болған. Адамды адам аштықта сойып жеді, қызын бір табақ етке сатты. Оны білмейді деймісің. Қоғамдық қылмысқа кешірім жоқ. Жұрт оны қатал дейді, оны өзі де сезеді. Біреуді біреудің заңсыз басынуына, әлсізді зәбірлеуге жол бермеу – кісілік борышы. Ал өзім деген адамына өзегін үзетіндей жаны жылы, қабағы ашық, жүрегі жұмсақ екенін көбісі байқап біле бермесе керек. Кісілігі молдығын классик жазушы Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» кітабында: «Есқараев мені өз пәтеріне жатқызды, бірақ маған алданар уақыты жоқ, үнемі күзет шабуылда жүреді», – деп жазғаны оның ой-санасы

жоғары, жүрегі кең екенін, Кеңес үкіметіне беріле жұмыс жасап, болашағына сенімді болғанын дәлелдесе керек. Тарымшылық кезде тарыққанға қара шаңырағы пана бол­ ды, бір үзім нанды бөліп жеді. Оның қызмет істеген кезеңі тартысқа толы, керісу, дауласу, сенім мен күмән арпалысы, тырнақ астынан кір іздеудің сүреңдігі. Таласа қалса бірін-бірі түтіп жердей ашыну бар, талап ету, үміт етудің жолы – қым-қиғаш, дүдәмал тірлік. Әркім әр түрлі демені меңзеп орынсыз даурығу, біреудің адасуы, екіншісінің жалалап қаралап, есесі кеткеннен кек қайтарғандай бо­ лып қалатын қатаң кезі. Қоңыр төбел тірліктің өзі жайсыз күйде. Бір сапарда Жамбыл қаласындағы жетім балалар үйіне бөлінген азықты, қаржыны қымқырып базарға са­ тып жас ұрпақты аштыққа ұрындырған оқиғасы бар-тын. Тексерілді, өзі басы-қасында жүріп бақылады. Кінәлі жазаланды. Бұл біреуге ұнаса, кейбірі ішін басып, қатал кетті-ау деп қалмай ма? Қоғамда азық-түлік тақыл-тұқыл боп тұрғанда ұрлық қылмысы, жетімдердің қақын жеуі, обал-сауапты білмеудің одан өткен масқаралығы болар ма? Оны кім ақтап алады? Кінәлі өз отына өзі күйеді. Қазақстанда 480 022 жетім балаларды ұлтымыздың басшылық орнындағылар қорғай білді. Қаншасын үйлеріне алып, бағып-қақты. Есқараев замандастарының осын­ дай қайырымдылығы болмаса ұлт болашағы тығырыққа тірелер еді. Бірде Сібір өлкелік Прокурорынан телефон шалып: «Ата-анасы өлген, бағусыз жетім қалып, далада қаңғып жүрген қазақ балалары өлкемізде көбейіп кетті. Өлке басшысы Эйхоның тапсырмасымен оларға бюжеттен қосымша ақша қаралып, екі қазақша жетім балалар үйін аштық. Төрт-бес мыңдай қазақ балаларын үкімет үйлеріне орналастырдық. Ең ауыры, темір жол вокзалдарында 20 мыңдай қайыр сұрап босып жүргендер түрлі жұқпалы ауру таратуда. Ашыққан халықты бақылауға алуды білмей отырсыңдар ма?» – дегенін бір жиында Голощекинге айтқанынан не шықты? – Қазақтар «Кіші Қазанды» түсінбей көшіп-қонып жүретін ескі дағдысымен босуы, революцияны мойындағысы келмейтінін Сталинге түсіндіргенмін. Партияның жаулары ұққысы келмей отырғанын да айтқанмын, – деп

бетбақтырмады емес пе? Аштық қырғынына талайлар үн тастап, жария етсе де Голощекиннің ішкі қаскөйлік ойы, арам пиғылы, зәлімдігі қазақ жерін қазақтардан тазарту­ ды көздегенге ұқсайды. Өйткені, 1920 жылдан бастап қазақ даласын мекендегендердің кім екенін, олардың өмірдерегі қақында «қара тақта», «қызыл тақта» аталып тазала­ уы тоқтаусыз жүргізілген еді. Ал байларды тәркілеуден түскен талай алтын-күміс, ұлттық қымбат мұраларды Голощекин Ресейге, туыс-туғандарына жіберіп жатпа­ ды деймісің. Оған себеп тәркілеуде алынған мүліктердің актілерін ешбір мұрағат-мұражайдан таппайсың. Жер жұтып кеткен жоқ, Ресей асты. ОГПУ дейсің бе, НКВД дейсің бе, жалпы үштіктің құпия есептері, түрлі дерек, дәйек, хабарламалары облыстар, ау­ дандар бойынша жинақталып, Мәскеуге, ЦК және ЦИКке хабарланып халыққа танымал басшылардың атқарған ісі, қателіктері болса айрықша көрсетіліп бақылауға алынғанын Есқараев біледі. Өзіне де қауіп барлығын сезеді. Тірлік тарылса алдау-арбау күшейіп, еріксіз елірме қауіп-қатерді төндіруде. Әйелін, балаларын аман сақтау мақсатында құпия есіктен шығып қашып шығуын ой­ ластырып қойған. Өйткені, жаламен жазаланғандарға да талай рет араша түскендігі баршылық. Мысалы, қоғам қайраткерлерін әбден сүзгіден өткізіп басшылық жұмысқа бекітеді, көп ұзамай «жаусың» деп атып тастай­ ды. Түсініксіз. Шындық түйіні шешілмейді. Бәрі асығыс, адамды жазалау үстірт қаралады. Байқа дер еді, ондай ақылды кім тыңдайды? Тап беріп ұстайды, үкімі дайын. Мәскеудің әскери сотының бұйрығына дауа таппайды. Жөнді-жөнсіз деп айтуға да құқылы емес. Үкім Мәскеуден дайындалып келіп оқылады, жазасы кесіледі. Өйткені, Берия кімді қалай жазалаудың тізімін жасайды, Сталин кейде оны қарайды. Рұқсатын береді. Лимит Одақ бойынша әр республикаға жіберіледі, олар облыс-аудандарға аса құпия деген белгімен табыс етіледі. Мысалы, Барна­ уылда 30 прокурордың бірден жазалануының себебі бар. Кейбір милиция жазықсыз, тіпті көшеде жүрген адам­ дарды ұстайды. Шап беріп тергеуге әкеледі. Немесе үштөрт адам ас ішіп сөйлесіп отырса жанына жетіп барып:

«Үкімет саясатын жамандап отырсыңдар», – деп жала жабады екен. Түрмеге салады, ұрып-соғып мойындатады екен. Бұл дұрыс емес деп прокурорлар қарсылық білдірсе, үштік өре түрегеліп Мәскеуге хабарламай ма? Қазақстанда да үштіктің тәсілі көрші Барнауылға ұқсас. Одақ бойынша солай. Кейде үштік емес, екілік құжат толтырып қылмысты делінгенді жазалай бастайды. Заңсыздық белең алса, прокурорлар жөнсіздікті айтпай тұра ма? Осы­ дан Кеңес Одағындағы барлық прокурорларды тазарту қаулысы қабылданып, жазалай бастаудың науқаны жүріп кетеді. Оны Есқараев Мәскеу хабарламасынан алдын-ала оқып, танысқан-ды. Міне, сол сықылды қаулыларға байланысты ма, әлде басқадай сұрқиялықпен бе, алғыр ойлы, талантты заңгер, ірі қоғам қайраткерлерінің бірі Сүлеймен Есқараев 1937 жылы тамыз айында кешкі мезгілде қара машина мінген қарулы топпен тұтқындалады. Үш баласы мен әйелі қашып кетеді. Мараты әкесінің мойынын қысып жібермейді, баланың қолын жаналғыштар да жаза алмай­ ды. «Әке менікі, әкеммен бірге өлемін!» – деген Мараттың егіле жылаған көз жасын аяп, ескеру сезімі Берияның дайындығынан өткен баскесерлерде болмайды. Қандай қорқынышты. Өмірін заңдылыққа бағыш еткендегі көрген рахаты осы ма? Тергеуші едірейіп: «Жау екенсің!» – дейді. – Мен кінәсізбін. – Қоғамға қауіптісің. – Марксизм-ленинизм ілімін меңгеріп, заңдылықты қоғамда атқарғаным үшін бе? Заң ғылымына бағалы пікір, ұсыныс айтқаным теріс болғаны ма? – Троцкий сөзін насихат еткен ауыл адамына қатаң жаза қолданбағансың. Демек, оның саяси көзқарасын жақтап, төңкеріс жасауға жоспар құрып, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин және басқаларымен байланыста болғансыз. Оларды қорғадың, қылмыстарын жасырып бүгіп қалғың келді, әрекетің қоғамға қауіпті, – демеді деймісің. – Былшылды айтпаңдар. Менің мақсатым, өмірлік қасиетім – принципиалдық, партиялық, лениндік идея. Ленин өзін атқан адамды емес, оны ұйымдастырғандарды табыңдар, жазықсыз ешкім жазаланбасын деген жоқ па? Заңдылықты сақтауға Ленинше күрескер болуым

жақпай ма? – деп қанша айтса да ерекше үштік ескере қоймас. Бағыныштыны кім тыңдайды? Сүлеймен басы аман қалмайтынын түсініп, төрт баласының тағдырын ойлап жүрегі қан жылады. Түрменің күзетшісі Ма­ ратты шығарып жібере ала ма? Түн атасына шошып, ұйқы көрмеген баланы қазақша ем-доммен елге барса сауықтырып алар ма екен? Сүлеймен түрмеде қарап жат­ пай Сталинге де хат жазар еді, оны кім табыстар дейсің. Үлкен қызы Әлия он жаста, Мариям тәтесі екеуі жалынып жүріп НКВД-ның рұқсатымен сәл уақытқа кездескен де еді. Қан иісі шыққан, ауасы тыныс тарылтатын күңгірт бөлмеде өң-түс жоқ, алау-далау, беті көк ала, көзінің алды ісік, жақ сүйегі шодырайып, өлімші күйдегі Сүлеймен: «Мариям, балалар өзіңе аманат. Тірлік оңайға соқпас. Өсек-аяң, жаланың қасіретін тарттым. Білімсіздік... Бір езу... Тапсырыс. Сірә, аяғы жақын шығар. Қызым, өмірде адалдыққа да жаза болады екен. Жанымдағылардың жала­ сы күйдіріп барады. Әкең өлгенімше ақ жолдан таймас деп еді. Жазығым адал қызмет ету еді, заңдылықты қорғауды талап ететінмін. Небір сорақылықты көзім көрді. «Жа­ пон шпионын ұстау керек» деген Мәскеудің тапсырма­ сына бола, вокзалда қайыр сұрап жүрген өлермен шалды ұстап әкеліп төпелеп, зәбірлеп жатса жөнсіздікті тоқтат демей тұра алмадым ғой. Тіпті баламмен бірге атпақ бол­ ды ма? Қайран Маратым-ай!» – деп жүрегі егілсе де сы­ бырмен сөйлейді. Жан-жағында жендеттер бағып тұр. Қоғамның түрін-ай, сотын, прокурорын осылай қорласа... Осындайға ұқсас талай қылмыстар, жазасызды жазалы етуге жыртқыштық күш көрсетуге қарсылық білдірмеді деймісің. Тергеу, тексеруде туралық болмаса, миға қонбайтын заңсыздықты талайға ұғындырса да ұғынушы аз еді, оны да мына әйелі мен қызына айта алмайды. Кез­ десу кезінде ешкімге де қағаз-қалам берілмейді, жақын отырғызылмайды. Әр сөздері есепте, бақылауда. Уақыт та санаулы. Тірі өлім. Тәртіп темірдей. Сүлейменнің айтары көп еді, бәрі ішінде кеткен. Халықтың мұңын шындық ай­ дынына шығарып шерін тарқата алмады. Көп білетіндерді жоғарыдағы қылмыскерлер куә етіп қалдыра алмай­ тынын өзінің басына түскен зұлымдықтан іші сезеді.

Еңсесі түсіп өкінеді. Амалы жоқ. Билік Мәскеуде... Әділдікті аңсады, Мәскеу әділ болмаса, басқасы далбаса. Десе де Лениннің айтқанын Троцкий, Вышинский, Ста­ лин тыңдады ма? Ұзақ жыл түрмеде отырған соқыр Ка­ плана Ленинді атты деп жариялады, бірден атты, сүйегі жойылды. Дәлел, дерек қалмады. Оны Есқараев нақты білмесе де: «Лениннің қастандық жасауға жұмсағандарды табыңдар! Мені атқан адамды емес, қаруды кім берді, кім жұмсады, терроршы топты анықтаңдар? Соны тауып ба­ рып қылмысты істі қозғаңдар!» – дегенін Есқараев есінен шығармайтын еді. Көсем өтінішін тыңдамағанға күмәні жоқ деймісің. Мемлекеттік террор басталды... Қоғамды та­ залауды Сталин қолға алысымен үрей баса-көктеп қалың елге еніп кеткен-ді. Бас прокурордың түрмеге түсерін ал­ дын-ала хабардар еттік, енді түрлі оқиғаларға маңыз беріп шегініс жасалық. * Қандайда пәле-жаланың мән-маңызын анықтап, ең ал­ дымен оқиғаның себептерін көріп-білмей тұрып жазалай беруге қарсы-тын. Адам – қоғамның теңдесі жоқ байлығы екенінен айырылып қаламыз. Өртке салатын өсек бар, біреуге пәле жабыстырса кегі қайтып, рахаттанатындай «жатып атар» бар. Ондайға нанып қылмысты іс қозғау масқаралық, сорақылық деп талай айтты. Ал Ақтөбе об­ лысы Қобда ауданының дүкеншісі жасанды ақша жасау­ мен айналысқан. Қылмыс үстінде ұсталып, прокурорлық рұқсат беріп, өзі бірге қатысып үйіне тінту жүргізгенде жа­ санды ақша жасайтын құралы табылды. Бұлтартпайтын мемлекеттік маңызы бар қылмыс ашылып айыпты жа­ засын алды. Тәжірибелі заңгер: «Бәрін осылай тексеріп пайымдап, аңғарымпаздықпен іс атқару керек», – деп әріптесіне ақыл айтқан да шығар. Кейбіріне Сүлеймен: – Жапон шпионы дейсің, Қазақстанда бір жапон адамы жоқ, ұсталған қазағың жапонша түгілі орысша екі сөздің басын қоса алмайды. Картадан Жапонияның қайда екенін де білмейді, ауылда жүріп, облыс орталығын да көрмепті. Қылмысты істі бұлайша жүргізу келер ұрпақ алдында

күлкіге, мазаққа қалу деп ойламайсыздар ма? – демеді деймісің. Ондайда үштік қарап қалмай: – Шпион дегенің бейшара тәрізденіп, пұшайман күйге түсіп, Кеңес үкіметіне зұлымдығын білдірмей аяғын мысықша басып жүрмей ме? Ретсіз ешкімді де тұтқындамаймыз, – деп ақталып қалар еді. Өзіне қатал талап қоя білетін Есқараев өзгелерге де қатаң талап қойды. Заңдылықты бұлжытпай сақтауды талап етіп жүруі, әріптестеріне де, Мәскеуге де ұнамады. Оны өзі де сезді. Іштей ойқанып зиялы, алғыр ойлы, қоғам жұмысын алға сүйрейтін оқымыстылардың жап­ пай жазалануына қарсы пікірде болмады деймісің. Мұндай сүргіннің аяғы немен тынар екен, жақсылық бола қоймас деп ойын түйіп жүретін еді. «Бекерден-бекер пәле жапқаннан Тәңірім безер», – деуші еді. «Қап, бәлем сазайыңды тарттырамын» деп кіжініп жүрген, әншейінде дос, жолдаспыз деп ақылдасатын әріптесі Мәскеуге түрлітүрлі пәлені қарша боратып, қанды шеңгелге ұстатып бергенін Есқараев түрменің тар қуысында аңғарды. Бірақ амалы қанша? Сонымен 1938 жылдың наурыз айында газетте Қазақстанның таңдаулы, ойлы, елім дейтін 19 қоғам қайраткерінің аты-жөні жазылып, оған қоса, жексұрын, сұмырайлар, нағыз жауыздар деп қаралағандарының бірі С. Есқараев еді. Артында ботадай боздап төрт баласы Әлия, Марат, Мариэтта, Ерігі қалды. Үй мүлкі тәркіленіп, бала­ ларды жетімдер үйіне тапсырып, әйелі Марияны «халық жауының әйелі» деп 8 жыл үкіммен Ақмоладағы әйелдер лагеріне жіберді. Осылай түйіндеуге де болар еді. Жоқ, шегініс жасап қоғамдық зауалды барынша түсіндіре кетелік. Алшаң басатын қаскөй жоқ деп қалмаңыз? «Күндестің оты да күндес» деген сөз қалған. Бақ талас, тақ талас бар. Саясатты жамылып аласұру бар... Үрей басым, тірі қалу қайғы. Әркімнің адамынан айырылған мұңы жетерлік. Бүгін бар адам, ертең жоқ. Тастай батып, сеңдей ағып жатыр. Жау деген үкімді тағып жатыр. Жанымызда жүрген сұрқиялар өз пайдасын тауып жатыр. Сүлеймен жүрегі жырлайды:

Мені жоқтап заңгерлер жыламайды. Қабірімді: «Қайда?» – деп сұрамайды. Бір шұңқырда шашылған сүйегімді, Қайтадан Адам етіп құрамайды. Ұрпағым іздеу салар өлгенінше, Ісімді айтып жүрер білгенінше. Көсем де құлап түсер қазған орға, Зұлымдық жағы талмас үргенінше. Адалдық айнымайтын амалымнан, Ажал келді өсекшіл жаманынан. Кезеңнің құрған торы заңсыз болса, Құтылу бола қоймас зауалынан. Бұзу жоқ үштік құрған қамалды да, Саясаттың мың түрлі амалы бар. Қолына жазатайым түсе қалсаң, Қан құйлы ататұғын адамы бар, – деп ақырғы демін алғандай күрсінді. Ақыретін де бұйыртпаған зұлымдықты айыптады. Байлық талас, бақ таластың қасіретін әлі талайлар көрер деп күбірледі.

  • * Демек, пайдаға деміккендер: – Осындағы тәуір үйлердің бірі генпрокурордың үйіне мен кіремін. Үй-мүліктерін иеленемін! – деп жанталасқан санасыз да бар-тын. Оған дәлел жетерлік. Қоғам қайраткерін құрттық, ендігі билік өзімде деуші де табылғаны анықтын. Өзі жұтынып жүргендерді де байқайтын. Дәреже, даңқ – у. Оның дәмін татқан мансапқор жойқын күшке айналып маңындағыны жойып тынады. Ешқашан да ісім жолсыз демейді. Бұл – мемлекеттік қылмыстың жасырын түрі, ең қауіптісі. «Көңіл тарлығы – қорлық, одан күтіп жүргейсің зорлық», – деп Есқараевты аттырғаны, қорлағаны аз­ дай заңгерлер бірін-бірі ұстауы үшін немесе басқа да қылмыстық іс қозғау мақсатында небір қылмысты саясаттандыру үшін Республиканың барлық жерінде НКВД-ның іс қағаздарында түрлі шаруашылықтар мен 13-0203

кәсіпорындарда арнайы жиналыс өткізіліп оған қатысушылардың қолын қойдырып: «Халық жауы, мемлекет­ ке қауіп төндіруші есқараевшыларға аяушылық болма­ сын! Біз Сталинмен біргеміз!» – деген жиын қаулылары мұрағат, мұражай құжаттарында жетерлік. Күлкің келеді. Өкінесің, күйіктің күлкісі. Өйткені, бір қолын балға баты­ рып, бір қолын қанға батырудың жалмауыз қимылы. Ақтөбе мұрағатының тәжірибелі қызметкері Қалила: «Қуғын-сүргіннің сұрапылдығы соншалық, әйелдерді жауапқа тартса серебряковашыл деген пәлелу қаулылары бар. Сонда ол әйел балаларын өсіріп отырған неме­ се шаруа, сауатсыз, кімді танып-біліпті? Соған қарамай ойсыздықпен: «Отанына опасыз», – деп қаулы қабылдайды. «Сейфуллиншіл, есқараевшыл, троцкийшілдер, көсеміміз Сталинге қастандық ойлаушылар, Кеңес үкіметін құлатуды көздегендер, оларға қатаң жаза қолданылсын» деген сөздер жазып, саяси мән берген болады, – деді сөзін жалғап, – Троцкийшіл-зиновьевшіл, белсенді қайраткерлер саяси кәззаптар, саяси екіжүзділер болып шықты», – деген емес пе БК(б)П тарихында сұрапыл жылдардың кейбір мәліметтерінде. Ал бір-екі жылдық үкіммен айып­ ты болғандардың іс құжаттары сақтала бермеген де болар. Егер ондай аз мерзімді жазаланғандарды есептесе тым көбейіп кетуі де мүмкін. Көптеген қылмыстық іс құжаттары Есқараевтың қолынан өтті. Жазалы делінгендердің бірде-бірі кінәні Ста­ линге жаппайды. «Бұл сұрапылды Сталин білмейді, білсе өз халқын қырып-жойып қорлатпас еді, Сталин жасасын!» деушілер мыңдап, миллиондап саналған шығар», – деп Есқараев талай толғанды. Кейде өзімсініп шындығын ай­ тушылар: «Көсемнің жанындағы сұрқиялардың көксегені халықты зар қақтырып, бар байлығын тартып алып өз мүддесіне пайдаланудың иттігі тәрізді. Қастандық, зұлымдық жасап саясатқа қара күйе жағудың жасырын қимылы. Кейбіреу біреуге кектенсе немесе қыжағы бол­ са жаламен қылмыскер атандырып, пәлелеп бағындырып табындыруға мәздіктің иттік тірлігі. Райком хатшысының столының үстінде тұрған көсем бейнесін асығып отырып, газет-қағаздарды аударыстырып отырып жерге

түсіріп алады. Соны көріп тұрған екінші хатшы, бөлім бастығы үштікке арызданып: «Көсем бейнесін лақтырып қорлады», – депті. Содан бірінші хатшы сотталды да кетті. «Бұл не қыжақ? Орынтаққа таласу емес пе?» – деушіні де естіп, мұңын шаққанына да байқап жауап беретін еді. Есқараевтың ел арасында түрлі қылмыстарды тексерістерде көріп-білетіні – арыз, арыздарды оқығанда байқайтыны – жұртта күдік басым. Әбігер, үрей бар. Қанды өктемдік байқалады. Мазасыздықтың басқа төнген қатерінің негізгі сырын білуі де баршылық еді... Қариялар қойдың жасындай жасым қалды деп толғанады. Қысқа айтса да нұсқалы сөз айтады. Тұрмысы күйсіз болса да ой­ лары өткірлер де бар. Оралды аралап жүргенде бір қария: Қонақ үйге алдымен ас келеді, Сыйлысына арналған бас келеді. Қорадағы малымды тартып алған, Мәскеуден кім жіберді таскенені, – дей келіп, – інім, үкіметтің жоғын жоқтаушы, қоғам мүлкін көздің қарашығындай сақтаушы екенсің. Халықтың мал-мүлкін кім қорғайды? «Алаш» партиясының мүшелері малдан айырылса халық өледі деп еді, жаусың деп түрмеге әкетті, – дегенде Есқараев жұрттың малынан айырылып іргеге тақалғанын көзімен көріп білсе де, сөзден тосылып қалып та жүрді. Қария Голощекинді меңзеп отыр. Оның жеке билігіне Сүлейменнің сөзі өтпейді... Жазықсыз жазаланғандар бар, оларды Есқараев жақсы біледі. Амалсыз. Мұңын шаққанына да байқап жауап беретін еді... * Әрі айтып, бері айтқанда қуғын-сүргінді ойлап тапқандарда, қаныпезерлікпен ататынын атып, түрмеге қамайтынын қамап жатқандар да Сталинге халықты қарсы қойғысы келген зәлімдер деп жұрт түсінгені анық. Оны Есқараев ұққан. Бірақ, үнсіз. Ішкі сырды ашып айтпайды. Ауыздан шыққан сөзді бағушы көп, аңдушы

жетерлік. Өзінше өлшеп-пішіп кейде жанын азаптайды. Әділдіктің, жақсылықтың әлсіздігі ме? Солай сезінеді. Орынтағына, тұрмыс-тірлігіне қолым жетсе дейтіндер де табылады. Алайда қылмысты деп ұсталған Одаққа белгілі ірі қоғам қайраткерлерінің қызметін, атақ-даңқын әлденеше ой елегінен өткізіп, «іскер, адал басшы» деп ұйғарым алысымен «халық жауы» дей салу қандай қисынға келеді? Есқараев қалай ойласа да, шындығы – жұмбақ. Сол жұмбақты тарих кешең айтқанын көріңіз. «Репрессияға ұшыраған адамдардың 398 тізіміне ең қатал жаза қолдануға рұқсат етіп, Сталиннің жеке өзі қол қойған екен. Ал бұл тізімдердің әрқайсысында жүздеген фами­ лия болған», – деп ғалым Х. Маданов жазады («Лениншіл жас», 23 қараша, 1988 жыл). Қара сандықтағы мұндай құпия деректі кезінде ешкім білмейді, оны Есқараев түгілі Сталиннің жанындағылар түсінді деймісің. «Қылмыстық іс хатталды, шұғыл шара алынды. Бұл қалай?» – деуге ешкімнің қақы жоқ. Мемлекеттік машина билігіне қарсы тұру қайда? Ләм деспей ығына жығылып тынады. Ойлы пікір айтылмайды. Есқараевтың білетіні, кейбір қылмыстық іс құжаттарының қолынан өтетін деректері көрсеткендей, зобалаң жылдарда Қазақ еліндегі екі жүзден астам аудан болса, кейбір ауданның басшылары түгел қылмыскер атанып, басшылық таратылып кетсе, басты кінә жоспардың орын­ далмауы делінсе, Республикада наркомдық орынтаққа отырғандар Мәскеудің талай кадрды іріктеу сүзгісінен өтіп, республикада бекіп социализм орнатуға ерекше еңбек етіп жатқан қайраткерлер деп бағаланған. Кенет олардың қылмыскер атанғанына қайран қалмай-ақ қойыңыз. Өмірдеректі бағдарлауда әркімнің жасы, денсаулығы, мамандығы есепке алынып, қылмыс көтерілген кезде ататы­ нын атып, қалғанын Одақтың өндіріс орындарында тегін жұмысқа қосады. Олар күндіз-түні жұмыс істеп, талай зауыт-фабрикаларды тік тұрғызады. Сондықтан Қазақстанда да ауылдан бастап республика басшылығында ақыл-ой ай­ татын, жөн сөйлеп қызметті адал атқаратын, коммунистік саясатты мойындаған, жұртты жаңа істерге жұмылдыра білетін бірде-бір азаматтарды қалдырмай түрлі жаламен

түрмеге жинап жатқанына деректер Есқараевтың қолынан өткен. Тәлкекке түскен тағдырларды ойлау оңай болған жоқ. Кейде заңсыздық дей алмай, тілі байланғандай үнсіз қалады. Сондай сәттерде Сәбит Дөнентаевтың: «Бұл заман байқағанға күштінікі, азулы, тырнақты мен тістінікі», – дегені көкірегінде сайрап кетеді. Азу өткір талғамай жұтады, тырнақ улы жер қаптырады, тіс қылыштай қиып түседі. Қайсарлығы, алғыр ойлылығы кектендіреді. Бірақ дүлей күшке қарсы тұрар дәрмен жоқ. Мәскеуден тәртіп боп жеткен, әскери сот шұғыл орындап кеткенін білсе де ұқпайтыны бар-тын. Халыққа кім жау? Сұраққа жауап таба алмайды. Бәлкім қоғамның қылмысын жасы­ ру ма? Түсініксіз. Парасаттының өкініші көп қашанда. Заман осы, шаш ал десе бас алған. Бас сауғалап жүнжіп жүрген бар адам... * Голощекиннің «Кіші Қазан» даурықпасының қырсығынан аштан қырылған қазақтардың санын кейбір ғалымдар 1 млн 750 мың десе, екіншілері 2 млн 200 мың деп айтып жүр. Бәлкім 4 миллион болар, сол за­ манмен салыстырсақ адам санағында нақты дерек жоқ. Қазақ балаларының санын, малының санын дәл айтпай­ ды. Бұл – бір. Екіншіден, санақшылардың жаяу-жалпы жүріп, үй-үйді, ауыл-елді аралайтын көлігі жоқ. Жол қатынасы қиын, барар жеріне бара алмаған санақшы жобамен қағазға сүйкей салады. Сондықтан 1922 жылы басталған 1932 жылы жалғасқан аштық қырғынында кемінде 4-4,5 млн қазақ өлгені шындыққа келер еді. Бұған бірден-бір кінәлі Голощекин екені анық. 1923 жылдың тамыз айынан Қазақстанды басқаруды қолға алғанда Қазақ АССР-інің V съезінің мәліметтерінде дәнді дақылдар 92 миллион пұт, мал басы 1922 жыл­ мен салыстырғанда екі есе өсеге өсіп, тауар айналымы 4 есеге артқаны айтылса, халық неге аштан қырылады? Демек, бар жиған-тергенді үкіметке өткізіп жіберген. Түркістаннан Орынборға азық іздеп босқандардың жол­ шыбай қырылуы, Ақмола, Көкшетау, Қарағанды, жал­

пы солтүстік аймақтан Сібір өлкесіне босқандар жолжөнекей аштан өліп қалуына деректер жетерлік. Бұл не? Себеп неде? Қазақстанды қазақтардан тазартудың құпия тетігі, айла-амалы ма? Барлық қылмысын Голощекин Кіші Қазан қозғалысына сыйғызып өзін даралап көрсетіп, ақталғысы келді. Оған Сталиннен қолдау тапты. Екі сөзінің бірінде: «Көсеммен сөйлескен едім, менің саяса­ тымды қолдады», – деумен алдына ешкімді шығармауға тырысты. Оған дәлел қазақтың ірі ғалымдарының бірі Манаш Қозыбаевтың «Голощекиннің саяси портреті» (Нәубет. – Алматы: Жалын, 1990., 74-б.) шығармасында: «Ауылда Қазан болған жоқ, тап тартысы байқалмайды, кедейлер комитеті де, кулактардың мал-мүлкін ортаға салу да болған емес, тіпті ауылда коммунистер атымен жоқ», – деп жар салды. Беті шімірікпей өтірікті соқты, дауырықты. Сөзін Мәскеуге тыңдатты, қолдау тапты. «Өтірік айтқан өрге құлаш сермейді» деп, республикадағы 31 910 коммунист барлығын есінен шығарды. Әдейі сөйтті. Негізгі мақсаты қырғын жолындағы айланы байқат пай, қылмысты жасырып негіздеу еді. Сталинге жазған хаты бәрінен де сорақы-тын. «Қазақтар босып жүретін халық екен. Табиғаты – тағылық. Таза киім киюді, үй са­ лып, оған терезе қондыруды, от жағатын мұржа орнату­ ды да білмейді. Топ-топ болып, табақ-табақ етті қолымен жейді, қасық ұстамайды. Аяқ-табақтары кір, лас, оны жумайды. Бұл ауылда жүргізілетін үлкен саясат болып та­ былады, қиындығы көп екен (VI Всеказахстанская кон­ ференция ВКП(б), стенографический отчет Кзыл-Орда, 15-23 ноябрь, 1927 г. стр. 94). Мұны естігенде Есқараевтың және басқа да ұлттың бас­ шы азаматтарының жаны қаншалық күйзелмеді дейсің. «Аузыңды жап, өтірік айтпа!» – деушіге Сталинмен пікірлескенмін деп қайта-қайта жекіре айтуы жұрттың үрейін алуы еді. Оның тарихи деректер түбінде шындығын айтатынын қаперіне алмағаны қылмыскердің қылмысына айызы қанатыны ма екен? Сақталған құжаттар кімнің кім екенін айтады. Міне, Манаш Қозыбаев Сталиннің Голощекинге берген жауабын сөзбе-сөз келтіреді: «Това­ рищ Голощекин, я думаю, что политика, намеченая в на­

стоящей записке, являевся в основном единственно вер­ ной. И.Сталин». Міне, осыдан артық Голощекин мен Сталиннің тікелей ұйғарымымен Қазақстандағы аштық қырғыны талайлардың шаңырағын ортасына түсіргеніне дәлел ке­ рек емес. Көптеген тұқым жойылып кетті. Әуелі қазақтың малын тартып алды, сосын жанын шығару қиын еместігін білді. 1929 жылғы тәркілеуде 40 миллион бас малдың 1933 жылы 4 милионы ғана қалса, малмен тірлік ет­ кен қазақтар қырылмай қайтеді? «Ет тапсыру майда­ ны» деп жариялап малды жинап алып, сойып пойызбен Мәскеуге уақытын-да жөнелте алмай, шіріп-бүлінген ет тау-тау боп үйіліп, Жезқазған өңірінде мұнай өнімін құйып өртегенде бір жыл бойы жанып жатыпты. Бұл жалғыз Жезқазған өңірінде емес, талай темір жол стан­ циялары маңында шіріген етті өртеу болды деседі. Мәскеу және басқа қалалар ет таситын вагондарды уақтылы бере алмауының қылмысын темір жол басшыларынан көріп, талай жазықсыздар сотталып, кейбірі атылып кеткендігін Есқараев жақсы білетін еді. Білсе де Мәскеудің әскери көшпелі сотына ештеңе айта алмайды. Табындыру мен бағындырудың қылмысы қалыңдығын Есқараев зерттеді, ой елегінен өткізді. Голощекин астық тапсыру майданында жоспарды орындады, ет тапсыру­ ды орындады, белсенділер маймаң қығып оның сөзін екі етпеді, күш көрсетті, қару кезенді. «Қайдан тапсаң, одан тап. Қаптың түбін қақ», «Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды» деген ұран қандай жан шошырлық еді?! Бұл қырылуды, дүлей күштің заңсыздығы қалың қайғы екенін жиындарда ел басшылары ашып айтып дабыл қақты. Бірде Есқараев Жамбыл қаласын аралады. Көшелерде аштан қырылып жатқан халықты көзімен көрді. Өлілерді жинап жүрген комсомол жастармен сөйлескенде күн сайынғы осындай қайғыны баян етті. Жаны күйзеліп Сталиннің: «Совет өкіметі өндірістік қатынастардың өндіргіш күштер сипатына міндетті сәйкестігінің экономикалық заңына сүйенеді», – десе, «Басты байлық Адам, өндіргіш күш осылай қырылып жатса, мұның аяғы неге душар етеді?» – деп Есқараев толғанбады деймісің. Жиын­

дарда дерек-дәйектеп айтпады деймісің. Кеудемсоқ Голо­ щекин қан кешіп отырғанына неге алаңсыз? Бір жиында Егіншілік наркомының қызметкері, азамат соғысының жауынгері З. Төреғожин: «Жолдастар, жол сапарлар­ да бәрің де көріп жүрсіңдер, түрлі мәліметтерден біліп жүрсіңдер, аштық қырып жатыр. Бұл не қылған кесел? Құлақ керең, көзіміз соқыр ма? Одақ неге көмектеспейді? Халық басына төнген аштықпен күрестің амалы қайда? Мәскеуге хабар тимей отыр. Неменеге именеміз, шындықты одақтық басшыларға жеткізбес болар ма?» – деп айтқанына Голощекин дауылдатып: – Бәрі өтірік, коммунистік саясатқа жала жабу, Сталиннің ісіне қарсылық, аштық жоқ. Өлсе өлгендер пешенесіне жазылған ажалы болар. Мына Төреғожин нағыз оппортунист, өзінің айналасына топ құрып социализмге қастық ойлауда екен! – дегенінде үштік стенографиялық есепті сақтай білді. Есқараев пікірін іште тұншықтырды. Голощекиннің сол конференцияда, – Маған диктаторсыз деулерің жөнсіз. Сталин Қазақстанды жеке-дара биле деп ерік берді. Оны біліп қойыңдар... Сондай-ақ, Зиновьевтің: «Қазақстан Голощекиннің жеке билік құруы үшін басы­ байлы берілді» дегенін білсеңдер, маған қарсы пікірлі кезкелген топтың күлі көкке ұшады. Оны естеріңде ұстаңдар! – деді. Троцкий мен Зиновьев Алматыда ең таңдаулы сана­ торийде жатып, мотоциклдерімен шарқ ұрып жүргенін Есқараев біледі. Бұлардың жүріс-тұрысын бақылау жөнінде Мәскеуден хабар түскен жоқ. Соңында қандай зіл бар. «Жер аударылды десе де бір құпия есеп жоқ па?» деп Есқараев кейде ойлап қалатын еді. Енді Зиновьевтің биік мінбеде Голощекинге беріп тұрған бағасы, есімін дардитып көрсетуі әлгіндей. Сонда қалай, жеке биледі, ұлт болашағын жойды, қырды, тоз-тоз етіп тынды. Иесіз далаға басқа жақтан халықты көшіріп әкеле ме? Зұлымдығы құпия. «Капитализм қансорғыштарының түрлі зәбірінен құтылып, енді социализм теңсіздерді теңейді, еркіндігіміздің жолы кеңейді, тарықпай өмір сүреміз, еңбегіміз қаналмайды, байлығымыз тоналмайды» деген халықтар сенімі қайда? Саясаттың ажал майданы інге

тығып, бір тарының қауызына сыйғызып жан сауғалатып, қайғы бұлтын төндіріп тұр. Есқараев қоғамның кірісі кәрлі, сәтсіздігі көп зәрлі екенін ұғып жүр. Сөйтсе де бәрі уақытша деп өзін-өзі ақтайды... Өлім тоқтаса деп күпті көкірек тоқтамға келеді. Шегініс жасалық ендеше? * Мақаш Тәтімовтің дерегінде: «1937 жылы да халық санағы болған еді. Сталин ол санақтың нәтижесін дұрыс емес дегенді сылтау етіп, оны мүлдем жойып жіберуге тікелей нұсқау берген. Өйткені, санақ қорытындысы коллективтендіру нәубеті мен репрессия қасіретінен бүкіл еліміз бойынша 10 миллион адамнан айырылып қалғаны көрінген. Мәселен украиндардың – 14 пайызы, қазақтардың 50 пайызы кеміп кеткенін санақ нәтижесінен көруге болады», – десе, мұндай қалың қайғыны көзімен көріп, жан дүниесі қопарылған Есқараев қоғамдағы өрескелдікке жеңіл қарамай, мінбелерден талай айтқан да болар. Қоғам өзгерісінде тұнық лайланып, бақа-шаян, неше түрлі жыртқыш, аждаһаның қаскөйлігі оңғарылып, қылмыс түрі көбейетінін Сүлеймен біліп, келешекке сеніммен қараса да күдік-күмәні көп. Іштен тынады. Иілетін жерде иілмей, заңсыз деп түйілетіні және бар. Өйткені, «Новосібір, Омбы станцияларында қазақтар аштан көп өліп жатыр», – деген сөзді айтушылардың өзі жауапқа тартылып жатқан масқарасына шыдар ма? Бірақ, бұл сұмдықты Сталиннің кеңесімен СССР НКВД-сының айрықша кеңесі әй-шайға қарамай жазалап жатқанына Есқараев пікір айтуға, араша түсуге құқы жоқ. Сібір өлкелік прокурорының босқындар мен қазақ балаларының аштыққа ұрынғанын телефон шалып өтініш еткенін айтса да, Мәскеу тәртібі тыңдамайды. СССР-дың Бас прокуро­ ры Вышинскийдің тергеу амалындағы: «Шындығыңды айтпасаң өлесің, із-түзсіз жоғаласың. Ит өлімінде өлгеніңе актілей салынады. Ешкім іздеп таппайды. Ақтауға жат­ пайды... Контрұйымды кім басқарды? Мақсаты үкіметті құлату ма? Мүшелері кімдер? Бәрін мөлдіретіп ай­ тып берсең, бәлкім тірі қаларсың. Өмір қымбат, жарық

күннің несін айтасың? Өз басыңның амандығын ойла», – дейтініндей қорқынышты тергеулер. Қисынсызды қиыстырып, жаусың деуге түрлі сөйлемді сыйыстырудың ама­ лын айрықша қимыл көрсетушілер табады, бет қаратар емес. Осылай ойлап Есқараев тебіренбеді деймісің. Сталин­ нен бастап, Ежов, Берияның қолдауымен құрылған СССР НКВД-сының айырықша кеңесі дейсің бе, әскери соты болсын, олардың құпия жұмысының көбін Есқараев біле де бермейді. Дереу қимыл, зіркіл, зәбір-жапа. Одан зәуде бір құтылып амандығын сақтау мүмкін де емес... * Сүлеймен Есқараев кейде оңаша ойда қалғанда Сәбит Мұқановтың әңгімесіндегі сөзді есіне алады: «Тас жауса таңдайдан, мұз жауса маңдайдан» деген, шындық жолы тым ауыр. Оны жастық жігер жеңетін болар», – деді. Қалай жеңеді? Тірлікте пенденің бірді-бірге ай­ дап салып шағыстыруы бар, опасыздық бар. Әлек салу бар. Жаңа қоғамның тасқынында жаншылу бар. Жөнін білмей жаны шығуы және бар. Құтырынған бүлік бар, ерегес бар, текетірес бар. Бәрі-бәрінің себеп-салдарын біліп, жамандықтан бойыңды аулақ сала біл демеді деймісің. Жазушы зерттелген ұлылардың ойынан хабар береді. Жымысқы жыртқыштан сақтандырады. Сәбитпен пікір ортақтастығы болды. «Адасқандар» романының кейіпкерлері Бүркіт пен Бәтес махаббаты, ағайындардың туыстық жақындығы болуынан қарсылығы, тартыстың шиеленісіп кісі өліміне дейін баруының себептері, қоғамдағы түрлі түсінбеушілік, бәрі-бәрі де заңгерлердің қылмыстық істі тергеу амалдары бойынша жазылған шығармада Сүлейменнің де ой-пікірі, дерек-дәйек жағдайлары болған да шығар. Замандастары сықылды Есқараев та әдебиетті қадірлегені кәдіксіз. «Бесік жырынан» бастап сөз өнерінің киесін бағалаған кезең ғой. Бірде Сәбитпен әңгіме үстінде: – Қазақ әдебиеті, ауыз әдебиетін жер-жерден жинап алуға «Соцалистік Қазақстан» газеті арқылы үн тастағаның құптарлық екен. Оған үлес қосамыз, жүрген жерімізден

халықтың қолында нендей шығарма бар сұрастырып жүреміз, – деп Сүлеймен қуана айтпады деймісің. – 1934 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші съезі қарсаңында талай жазушылардың шығармалары жарық көретініне сенемін. Аштықты көрдік. Сананың аштығы бәрінен де ауыр екен, отарлық езгі алдымен сананы жан­ шыды, – деп Есқараев сөзін үзіп ойға берілді ме екен. Онысы 1922 жылғы аштықта Төтенше комиссия дерегінде Қазақстанда 417 500 адам аштыққа ұрынды десе, солардың бәрі дерлік өліп қалғаны күмәнсіз. Мемлекет көмек бере алмаған, әскерилердің қоршауына келіп ас сұрап үздіккендерді атып өлтіріп, оқ тимегендерін қуды, ұрды зәбірледі деген қылмысты оқиғаны да Сүлеймен білмеді деймісің. Сібір өлкесіне ашыққандардың ағыл-тегіл ба­ руы, Кемерова қаласының өзіне он бес мыңдай аштар бар­ са, жолшыбай өлгендерінің санын дәл айту қиын. Әлсіздер аштықты тілеп алып па? Мал-мүлкін, азығын тартып алды. Кезенген мылтық, дүлей күшке қарсы тұратын кім бар? «Ұлы Ұрымға, қызы Қырымға кетті» деген астарлы сөз босқындық, үрейлі халықтың үрерге иті де қалмай азық іздеп азып-тозуын ұқтырмай ма? Әлемде артта қалған ел екені де түсінікті. Көсемнің соған мазасы кетуі де жөн. Қалың халықта қысасы кеткендей лаңдатуға себеп қайсы? Сталин: «Азық-түлік өнімдерін керексіну, өнеркәсіпке шикізатты керексіну өсіп отыр», – деп амалсыздықты да білдірген-ді. Осындай ауыр мезгілде кері тарту үгіті, жаулық ойлау ниеті, қастандық, не түрлі зымияндық та бой көтерді. Расында, мұныңыз – қоғамдық қылмыс. Оның зілкөтерем салмағы халықтың мойнына түседі. «Былай жүрсең арба сынады, олай жүрсең өгіз өледі» деген сөз қалған. Жан сақтау қиындайды, керкіл, жан­ жал, топтасып барды тонау, бүлдіру сықылды қастандық ес тандырады. Қорқау қасқырлар болар ма, қорқытып үрейлендіру белең алады. Тонаушы кердеңдейді, тоналған әлсіз ербеңдейді. Реңі қашқандарда рақымдық білінбейді. Сырт көзге күлкілі тірлік. Күйіктің күлкісі, өкінудің белгісі. Жойымпаз бірін-бірі мадақтап, кәдімігі батырлар­ дай шіренеді, түбі тесік шелектің даңғыры дерсің. «Сүрінген жығылғанға күледі, жығылған құрынғанға күледі, жұғысқан тұрысқанға күледі, тұрысқан бет жыр­

тысып ұрысқанға күледі» деп қазақ өлер жеріне дейін күліп барып жатқаны аздай, саяси түрленудің түрткісі де басталмай ма? 1935 жылы Ленинград, Мәскеу және басқа қалаларда «таптық жағынан жат» элементтерді жер ауда­ рып, қуғын-сүргіннің науқаны жаппай басталып кетеді. Айналасы екі-үш жылда 5-7 миллиондай адам қуғынсүргіннің құрбандықтары болды. Осыншама адамдардың 1 миллиондайы партия мүшелері болған екен. Ал олардың 80 пайызы революцияға дейін партияға өткен алғыр ком­ мунистер және басым көпшілігі Кеңес үкіметі кезінде қызметі жоғарлатылған партиялық-мемлекеттік және шаруашылық белсенділері, әскербасылар, зиялылар өкілдері-тін. 1937-1938 жылдары тұтқындалғандардың 1 миллиондайы ату жазасына кесілді... Жалпы зорлықпен көшірілген мұсылмандар саны – 3 миллион адам. Жер аудару науқаны кезінде 1 миллиондай балалар, әйелдер, қарттар мен науқастар қайтыс болған. Бұл не? Байтақ кеңістік, жер аумағы адам иланғысыз өлікке толы. Сөйте тұра өрлеп келеміз, серпілдік деп кергиміз. Сана сарғайды, барынан айырылып жер соғып қалған қазаққа мал қайғы, ұмытамыз ба мұң-шерді. Қалың халық үрейлі, майдан үдеп барады. Кеңестің кеңшілік заңында кепілдік қайда? Желпінгенді үстемдік жерге тығып жатыр. «Қазық қылып қағамын, құдіреті жетеді қызыл жағаның» деп қалшылдау бар. Жалпы алғанда, сталиншілдік құрбандығына ұшырағандардың ұзын саны – 40 миллион адам («Трагическая статистика», АИФ, №5, 1989 г.). Сталиннің ақырғы демі шыққанша зұлымдық тоқтаған жоқ. Асқа тойыну жоқ, өмірден баз кешіп жойылу оңай болған ауыр кезеңді тарихтан білгенде төбе шашың тік тұрады. Адалдықты айтуға ауызды аштырмаған үрейлі мезгіл. Құзғын құстар адам өлігіне тойынып, кенелді. Семіріп, «қанатын қағуға ерінді». Ақылды қариялар: – Жанықпа, аяғыңды аңдап бас, аяғыңның астында адамның өлігі жатыр, – деп кейде сақтандырады. Жаңарған қоғамның жаңғырығы оны тыңдатар ма? Дала­ дан аптап ыстықта адам қанының күйген иісі шығады. Қырғын дерегі жерге сіңіп, ауаға тарап бара жатыр. Осы­

ны білсеңіз, мұқым жұрттың зары құлағыңызға келгендей болса дұрыстықты айтып: – Сталинді әділетті еді деп ақтап көр. – Саясатының әдісқойлығына түсініп көр, ұйып тыңдап көр. – Әрине, аяқтан шалғыштар, жатып атқыштар әлденіп, көкіректері желденіп тіршілікті әлем-тапырақ еткені қылмыскер қоғамға жағып тұрды. Сұрқиялар кемеліне келіп, аларын алып, барар жеріне барып, мылтық кезеп то­ нап олжасын алып тұрды. Иә, жоғарыдағыдай деректерді Сүлеймен Есқараев жақсы білді. «Әу» дегенді жау дегізетін қисынсыз тұтқындалғандарды босатып жіберуге де күш салды. Әулеттіні тонап, дүние-мүлкін жөнсіз, заңсыз талап алу деректеріне де жол бермеді. Бірақ, көптеген құжаттар әскери бөлім, ерекше бөлім, әскери сот арқылы: «Лимитті орындаймыз!» – деп жазықсызды қылмысты атандырып әшкерелеп жатты. Орал губерниясындағы әлділер әлсіздерді сойып жеудің жыртқыштық қылмысын тексеруге де қатысты. Адамның етін базарда сиырдың еті деп сатылған дерегін анықтады. Каннибализм сұмдығы аштықтың зардабы еді. Мал құлағы саңырау, пенде басына түскен қыл бұрау. Қоғам неше түрлі қылмысқа кезікті, кәніккен қылмыскер бұғып жүрді. Әлсіз тұсты ұғып жүрді. Кісі етін жеген сұмдық жұмыр жерде болған ба? Болған, бағзы заманда... Кеңес үкіметінде адамды сойып жеген жыртқыш болды дегенге нанбассыз. Кәне, мына деректі оқыңыз? Жиркенішті, ә?! Солай болған... «...Ата мен ана балаларын жеді, балалар атасы мен ана­ сын жеді, үй иелері қонақтарын жеді...» (С.М. Соловьев. История России. - Т. 2. -740-742 б.) Сәбит айтқандай, Есқараев уақытпен санаспай күнтүн қатып жолсапарларда жүріп, жаңа қоғамның түрлі қылмысымен күресті. Партиялық саясатты насихатта­ ды. Қылмысты делінетін істі қолмен қойғандай, көзбен көргендей, бұлтартпайтын деректермен дайындаудағы өзінің тәжірибесін заңгерлерге үйретуден жалыққан жоқ. Талай қанды оқиғаларға күйінді, көңілі жүдеп, бармағын тістеп, үнсіз өлі түске ұрынып жүрді. Онысы қоғамнан болған, шалағай басшы шатастырған жөнсіздікті байқағыштығы еді.

Бірде СССР Бас прокуроры Вышинскийге 9-15 жас аралығындағы балаларды қырманнан бір уыс бидай ұрлағаны үшін қылмысты деп Қарағандыдағы бала­ лар колоннасында жазасын өтетіп жатқаны, болашақ ұрпақты түрмемен тәрбиелудің зияны көп сықылды. Жасөспірімдер адамды адам сойып жегенді, неше түрлі қанішер, зұлымдықты естиді, көреді. Содан қаны қараяды, бұл олардың өміріне зиян дегенді де айтпады деймісің. Өйткені, осы колоннадан сотталғандардың ішінде пионерлер бар көрінеді. Қамай береміз бе деп Қазақстан басшыларына, прокуратураға хаттар жазылғанын айт­ ты. Және ондағы бес барактың әрбірінде 100 баладан орналасқан, жағдай мәз емес. «Нан, бидай, келдек ұрлады деген ұсақ қылмысқа үкім кесу жасөспірімдерді қорлау, тым ауыр жаза емес пе?» – деп Есқараев араша кешірім сұрамады деймісің. Жас баланың мамалап жылғанын көріп жүрегінің қатты ауырғаны еді. Ойын үзді. Шыдаңыз, оқиға кейін жалғасады. Кәмілдікке жету үшін қылмыстық істі қарап көріңіз. Ақиқатқа қоғам жеткізе ме, адам жеткізе ме? Жылап-еңірегеннің кінәсі ауыр ма, жеңіл ме? Көптеген тергеуші көзіне қарады деймісің. Заңға жүгіну алдамын арыңа байланысты. Ал осы ба­ лаларды соттатып жүргендер – өз туыстары. Алауыздық, бір-біріне кектенудің қалың қырсығы. Өсек былығын түсінді ме, Қазақстанның басшы қайраткері Л.И. Мирзоян: «Қазақтар-ау, бір-біріңнің тірі жүргеніңді көпсініп, елге сыйлы, халыққа қадірлі ардақты азаматтарыңды, ойлы, ұлағатты даналарыңды жөнсіз қаралап құрта салуды қашан қоясыңдар?!» – дегенін Есқараев өз құлағымен естіген-ді. Жұрт аузында «Мырзажан» деген сөз осындай­ дан қалды ма екен? Тоқтап қал, «Бал тамған тілден у да тамады» деген қазақи қағида, өнегелі ой бар. Сөйткен Мирзоян Қазақ елін басқару билігі өзінің қолында тұрғанда Сүлеймен Есқараевты қорғай ала ма? «Есқараевты жау десеңдер, мен де жау болғаным», – деп жоғарғы мінбеден көптің алдында айта ала ма? Мемлекет басқарған адамға батылдық, шешімділік, ақ пен қараны айырғыштық қажет-ақ. Бірақ, «Мәскеудің тапсырма­ сына төтеп беру қайда?» – дейсің де тынасың. Көсемге

табынудың үрейі ешкімді батырсындырмайды. Үстемдік алдында жым боласың. Есқараевтың жазалану оқиғасын білетін Ғабиттің төмендегі сөзін оқып көріңіз («Нәубет», 165-166 б). – Сүлеймен Есқараев бұрын республика прокуроры болған. Қызылорда-Қазалы жігіті. 1937 жылы Қазақ ССР Совнаркомы председателінің орынбасары еді. Қазақстан Компартиясының сол жылғы бірінші съезінде оны халық жауларымен байланысты деп айыптап жат­ ты. Тұтқындағылардың жауаптары оқылды. С. Есқараев: «Мұны тексеріңдер, бұл өтірік, жала. Комиссия құрыңдар, комиссияны Л. Мирзоян, не О. Исаев жолдастардың біреуі басқарсын», – деп тұрып алды. Орталық партия комитетінің екінші секретары Садық Нұрпейісов басқарған комиссия құрылды (Демек, Мәскеудің лимитін орындаудың амалы, алдын-ала дайындалып, ақталуға жатпайды деп ұйымдастырудың тәсілі. – Т. Қ.). Мен орталық комитеттің бөлім меңгерушісімін. Мені де комис­ сия құрамына қосты. Сүлейменді қасымызға алып, оны тұтқындағылармен беттестіргелі, мойындаттырғалы НКВД-ға бардық. Сүлейменді бізден бөліп, сөйлескен да­ уыстары естілмейтіндей бір қара көлеңке, бірақ шамы жанып тұрған бөлмеге алып барды («Біз сөздерін естиік немесе стенографияға жаздыр, жұртқа шындықты жа­ риялаймыз», – деп Нұрпейісов айтпаған-ау. – Т. Қ). Көріп тұрмыз, арғы жақтан біреуді әкелді. Сүлейменмен тілдестірді. Біріне-бірі бірдеме дейді (Бәлкім, Есқараев: «Менің орынтағым, үй-жайым керек болып қаралап, жала жауып тұрсың ба?» – деді. – Т. Қ). «Сен мені танисың ба? Білесің бе?» «Иә, танимын, білемін», – дейтіндей. Біз екеуінің сөзін естігеміз жоқ. Сүлейменді қасындағылар арғы ішке алып кетті. Бір кезде оны беттестірген шені бар милиция бізге келіп: «Ұйымда бар екенін Есқараев мойындады, ол тұтқынға алынды», – деді (Еріксіздік, үрей, комиссия мүшелері беттестіргендегі сөзін естімесе, алдын-ала келісіп Есқараевты құртудың айласы емей, неме­ не? Комиссияны басқарған Нұрпейісов: «Біз екеуінің сөзін неге естімедік?» – деп айтпаса, бұл – жазықсызды жазалы етудің құпиясы. – Т. Қ.).

«Қалайша жау болады? 19 мемлекет қайраткерінің өмірдерегін өзім қайта-қайта оқып сүзгіден өткізіп, сұрастырып едім. Бұл мүмкін емес», – деп биік мінбеден Мирзоян да аузын ашпайды. Өзінің жаны тәтті. Кім жа­ нын далаға тастай алмай жүр дейсің. Сталин уақыты кел­ генде өзін де «халық жауы» деп аттыра салатынын сезбеді ме екен? Араларынан қыл өтпейтіндей, пікірі жарасқан, қызғыштай қорғап: «Іскер талант иесі, ақылды мемле­ кет басқарушысы Қазақстанды тазартып жатыр», – деп құдіреттей көрген Голощекинді 1941 жылы «халық жауы» деп аттырғанда Сталин кімді аяйды дейсің. Қоғамның өз кадры, өз адамдарының бес тиындық құны жоқ деп осыдан-ақ түсіне бер. Тоталитарлық басқыншылық тәртібі солай. Табынғаннан жаның қалса табынып көр! * Сонымен, жоғарыда шет-жағасын айтқан қара ма­ шина Есқараевтың да үйінің астан-кестенін шығарып тінтіп жатты. Суық түстілер сазарып, күні кеше «Сіздің ақылыңызға, іскерлігіңізге борыштымыз» дейтіндер ақ мылтық борандай түтігіп: – Әйелің, балаларың қайда? – дейді. – Еліне кеткен шығар. Жоғалтқандарың – мен, алдарыңда тұрмын. Қару-жарақты тапсырдым... – Мына баланы... Осы кезде Марат әкесінің мойнынан қолын тарақтап жібермегенін милициялар да босата алмады. Әрі-бері жұлқылап еді, Есқараев ызаланып: – Тиіспе балаға, өздеріңде де бала бар шығар. Оларғада бір зауал боларын ойла. Өмір – дөңгелек ойыншық... Дүбірмен айнала береді... Баламмен өлсек бірге өлеміз, балалар лагеріне жіберетін қылмысы жоқ. Ұждан сатыл­ майды, өлімге де бас ұрмайды, қорқау болатын қорқақтар ғана. Сөйтіп, Есқараевты қан иісі шыққан тас камераға салды. Әйтеуір, атылатындардың камерасы емес. Тергеушілері Богданов па, Бабкин бе, әлде Бектеміров пе, кім болса да, олар тұтқын бұрынғы генпрокуроры Есқа-

раев екенін біледі. Концлагерьге талай келіп, қатал тәртібінен қалтырап тісін қайрап жүргені болса, ыза-кекпен аяушылық етпейді. Ойланды: «Өмір преферанс ойыны емес, бірде ұтып, бірде ұтылатын. Түрме кісі екеніңмен есептесе бермейді», – дегендей болып еді. Бір мили­ ция ұлына бір стақан су әкеліп берді. Марат ерні кезеріп шөлдесе де, әкесінің жүзіне қарап рұқсат сұрағандай бол­ ды. Кісі көзіне қарап жалтақтап, үрейлене бастау түрменің қуықтай тар бөлмесінде басталғандай сезінген Сүлеймен: – Іше ғой, ұлым. Сендер бақытты боласыңдар. Еңсеңді ешкімге бастырма. Әкелеріңнің адал қызметін сонда бағалай аласыңдар, – деді. Су ішіп алғасын Марат: – Әке, «жаусың, жаулық ұйым» дейді. Нендей жаулық істедің? – Өмірде өтірік, жала жабу кімнің жанын жемейді? Мен адалдықты, шындықты талап еттім. Дұшпанға, сұмсұрқияға ол ұнамайды. Оның үстіне менің орынтағым, үймүлкім, бүкіл жиған-тергенімді тартып алуы керек. Мен адалмын, ұлым. – Түсіндім, әке. Тәуекел, өлсек бірге өлеміз. – Жоқ, өлмейміз... Сен анаңа, бауырларыңа қосыласың. Олар Әжібек нағашыңның үйінде. Сосын мені қорғап алып шығасыңдар. – Түрме жаман ғой, темір есік, сасық бөлме. – Адал адамды қаралау одан да жаман. Шындықты ұқпайтын, заңды түсінбейтін зұлымдықпен кәніккен қаныпезер, тасжүректер бір күні осындай зәбірді көреді. Дүниеге неге келдім, обал-сауапты білмей арам өлдім деп өкінеді. Аңғарымпаз бол, пайымдылықты жүрегіңде сақта. Жанымда дұшпан күліп жүріп бір күні жаулық ойлайты­ нын білсем де, ақыл-ойыма салып дер кезінде тиянақтай алмаған екенмін. Есуастың қолынан не келеді деп қате түсініппін, – деді Сүлеймен ұлының бетінен құшырлана сүйіп. – Ауылда туысқандар бар, нағашыларың Әжібек, Нәкеш бар. Келіп сені әкетсе, анаңа айтасың, Сталинге тездетіп хат жазсын! Сосын менің кінәсіз екенімді ақтап шығарады... Қайткенде де Маратын құтқарып, қорғауды ойлады. Бала түнде өксіп шошиды, сол минуттарда болаттай берік, 14-0203

қайсар болса да Сүлейменнің көзіне жас келеді. Құшағын жазбай жатқан ұлын сүйген сайын буыны босайды. Осы кезде камераға қайыстай қара, бұжыр бетті тергеуші келіп: – Біз «халық жауы» екеніңді білсек те жақсылық жа­ сап карсетке қамамай мына бөлмені бергенімізді ұмытпассың. Құтырынған жаулар карсетте аласұрып жатыр, ажа­ лы жақын тынышталады ғой, – деп қыбыжықтап келіп кетті. Сүлеймен тіл қатқан жоқ. Ұлымен құшақтасқан күйі ажал уақытын күтіп отырды. Әлгінің сөзі жүрегін ал­ маспен тілгендей болса да дәрменсіз. Содан келесі күндер өтіп, түннің бейуағында ұлына су, нан әкеліп беріп, қайырымдылық танытқан түрме күзетшісі Сүлейменді оятып: – Елден Нәкеш деген нағашысы едім, баланы әкетемін деп келіп тұр, – деді. Сүлеймен оған: – Осындай жақсылық жасағың келетін өзің кімсің? – деді. – Сізге қарыздар адаммын. Менің есімім – Танай, інім бар Жанай есімді. Соны ана жылы «Жапон шпионы» деп ұстағанда, «Орыс тілін де білмейді, сауатсыз, мал бағып жүрген адам шпион бола ма?» – деп босаттырып жіберіпсіз, – деді. – Жұмысыңа кесел келмей ме? – Оған саспаңыз, қорғаушым бар. Балаңызды оятыңыз, тез шығарып жіберейін, – деді. Әкесі мен баласы ұзақ сүйісті. – Әке, сағынам тез кел... Анама айтып Сталинге хат жаздырамын, – деген Марат әкесінің құшағында соңғы рет болғанын, соңғы рет әкенің сүйгенін қайдан білсін. Нәкеш нағашысы түйе жүнінен тоқылған шекпенге Маратты орап, арқасына таңып алып құстай ұшып, мұңлы-зарлы даланың таса-тасасымен, күн-түн жаяулап жүріп ұлды анасына, бауырларына қосты. Көзінің сорасын сүрткен Нәкештің әкесі Мараттың бетінен сүйіп: «Қайыры жоқ за­ маннан қорқам, кісілігі жоқ адамнан қорқам, мүсәпірсіген пасық наданнан қорқам, сатқындықпен пайда табатын жа­ маннан қорқам, қан ішкен сайын мейірі қанатын зұлым бар, мейір-шапағатты ұмытқалы тұрған ұл-қызың бар, жа­ зылмайтын шемен шерім бар, келмеске кеткен дана ерім

бар, мына менің де қазулы тұрған көрім бар, – деп күбірлеп күңіренді. Зарлы жыры көмейден төгілді: Жүректі қайғы қозғайды, Боз дала желмен боздайды. Бозарған үміт алыстап, Жамандықтан жазбайды. Зұлымдық толы айналам, Жақсылық неге озбайды? Көгімде құзғын құстар жүр, Жүрегім көріп мұздайды. Баянды бақыт тұрмайды, О да тірлік заңы ма? Қайғыма ешкім қыңбайды. Қоғам неге тарылды, Зұлымдар жүр қағынды, – деп Сүлейменнің суретін төсіне басты. Күн санап, жыл са­ нап, жол қарап теңселіп жүрді қария. Сүлейменді жоқтауы еді. Лаңдатып жатқан ауыр кезеңнің себебін білмесе де жаны күйзелуі еді. Ақыл ай­ тар, көш бастар кімім қалды деп өкінуі еді. Пенденің бірбіріне жауығып қырын қараған қасиетсіздігіне күйінуі еді. Дұшпаны жаза бастырды, 19 қоғам қайраткерлерімен бірге аты-жөні жазылып, атылғанын айтып 1938 жылдың наурыз айындағы газетте хабар жарияланды... «Генпрокурордың еңселі үйіне қолым жетті», – деп үймүлкін олжалағандар той тойлады ма, кім білсін? Әйтеуір, үштік дамылсыз ізге түсіп, әйелі Марияны: «Халық жауының әйелі», орның түрмеде тұр», – деп 8 жылға үкім кесіп Ақмоладағы әйелдер лагеріне жібергенін жоғарыда айттық. Онысының құпия есебі үй-мүлкін дауламасын деуі ме? Әрине, солай. Тірі куәні қалдыруға болмайды. Мария адамын жоғалтып, еріне құт болмаған дүниемүлікті, үйді қайтсін? Қалған өміріндегі тілегі төрт бала­ сын аман өсіру еді... Тасжүректер оны да қимай балаларын тірідей жетім етіп қорлауы бұрын-соңды әлемде болмаған зұлымдық шығар... Лагерьде күніне 40 бау қамыс орып жазаланып тарығып жүрсе де, күніне төрт-бес тұтқын

әйел өліп жататынын көрсе де, балаларына қосылуға үміт үзбей, «Сталиннің суретін кілемге тоқып салып, хат жазып Мәскеуге жіберсек кешірім етер» деудің далбаса екенін қайдан білсін? Әйелдер сәл босаса жанын жалдап кілем де тоқыпты... Кілем де, хат та Сталинге жетер ме? Түрменің басшыларына олжа болады. Талай жазықсыздың зарығып өткен қайғылы күндерін ойлаудың өзінен жаның шошиды. Залымдықтың біте қайнасқан зардабы тарих бетінен өшпек емес... Әйтеуір, сталиндік қым-қуыт кезеңде Берияның бол­ сын, Ежовтың болсын, Вишинскийдің болсын, халық басына төндірген зұлымдығын тарих кешіре алмас. Ұлт ұлылары, қоғамдық қайраткерлер түп-түгел атылып кетуі Мәскеудің тарих алдындағы қылмысын жасыруы жолындағы айла-амалы тәрізді. Тірі куә қалдырмаудың құпиялы жағдайы... Сөйтіп, Сүлеймен Есқараевтың қылмысы жоқтығы анықталып, ақталды... Бірақ жазықсыз атылғаны, балалары мен немерелеріне әке, ата болар ма? Қайғысы көкіректен кетер ме?.. * Шегініс жасап, өткенге өкінгенде, бүгінгі тәуелсіздік арқасында кеткеніміз келіп, тарихымыздың беттері түгенделіп жатыр. Қазақ елінің Бас прокуратурасы Есқараев атындағы жүлде ұйымдастырып, ең үздік заңгерге Есқараев бейнесі бейнеленген төсбелгісімен марапаттап тұрса, артық болмас еді. Ескерткіш орна­ тып, көшелерге есімін беріп, мұрағат-мұражайлардан орын берсе үстемдікке езілгендерді қорғаған ерлік іс жоғалмас еді. Сүлейменнің әке-шешесі аштан қырылған жетім балаларға тигізген жәрдемі, қамқорлық жасаған үлкен адамгершілігі, адал заңгерлігі ұмытылмақ емес. Ал Мәскеуге тайсалмай айтарын айтқан, заңдылық жөніндегі құнды пікірлері терең зерттеуді қажет етеді. Мәскеуде Берияның: «Кім өзі? Атылсын!» – деуі аса та­ лантты, ұлтшыл, білікті заңгер, қоғам қайраткері, ірі тұлғалардың бірі екенінен құты қашып сескенуі деуге де болады... Бериялық қан кешуде кәніккен әккі топ, ананы

жесір, балаларды жетім етудің ауыр қайғысын ойлаған жоқ. Жылап-еңіреген халықты тасжүрек елер ме? Әкесін сағынып зарыққан балалар қайғысы... «Жетімдерге жасаған жақсылығымыз ғасырларға кетеді, еңбегіміздің ұйытқысы, мәйегі – ұрпақтың есінде қалуымыз», – деуші еді Ғани Мұратбаев. «Арып-ашып жүздеген шақырым жол жүріп тарыққаның да қиындықтарға жолыққаның да қоғамның жақсылығына атқарған қызметің де, еркіндік, тәуелсіздігімізбен ақталады», – дейтін Сәбит Мұқанов. «Өмірде бәрі ұмытылады, тірлік алақанға қонған шаң тәрізді жел соқса ұшып кететін. Адам – жел айдаған қаңбақ, қай жерде тоқтап тынарын білмейді. Сөйте тұра пенде бірін-бірі күндейді, өш-қастық, кек жинап жүрегін күпті етеді. Кім болса да жаны бар, өмір сүргісі келетіндер үрейден қорқады. Жасып есінен айырылады. Өзінің қара басын діттеп сатқандыққа барады, қылмыс жасайды. Соның көбі білімсіз надандықтан өрбиді. Ел аралап жүріп халық қазынасы билер сөзін, жырларды жинап едім. Сәбиттің қолына тапсыра алмадым... Мария жеткізер. – Есқараев үкім қағазын қолын ұстап санаулы минуттарды күтті... – Заман келер, қоғам өзгерер сонда жанымда оты­ рып көзіме қайта-қайта назарын салған, беттестіруге апа­ ра жатқанда да жаныма жылулық бергендей болған Ғабит Мүсірепов, қос қарашығым да әділдіктің маздаған шуағын түбінде жазар, халқыма жеткізер... Ай, қайдам... Адам саясатпен ықтай береді... Пенде басына шындық айтатын билік тиер деймісің? Қазір мені де атады... Атылғандар соңғы сөзіңіз десе: «Сталин жасасын, мына жауыздар көсем абыройына кір келтіріп тұр!» – дегенін талай естіген-ді. Ал қазір өзі има­ нын үйіріп Аллаһтан тілегі өз иманын өзіне бұйыртуды ғана тілейді. Ар-намысым адал, оң иығымда періште, сол иығымда періште. Қыршын өмір. Е, ажал адамды зұлымдықтан құтқарар... Жамандықтарды көп көрдім, әбден мезі болдым... шаршадым. Қатыгездік, мейірімсіздік бәрібір таусылмас. Одан ажал пендеге бұйырғаны... Әттең, кісі қолынан жазықсыз өлуің ғана өкінішті... Қазір атады. Дәм таусылды. Дабыра жұрт не десе, о десін. Өлі денеге бәрібір. Соңғы тілегім – ұрпағымның амандығы».

«ӨЛСЕ ӨЛЕР ТАБИҒАТ...»

Біздің көз алдымызда өркениет өліп бара жатыр. Пауло Коэльо

Түс ауып барады. Терезеден сынып түскен күн сәулесі мың құбылады. Тірі жан жарықтың сөнбеуін тілейді. Түн қараңғылығы сіресіп қарсыласса да күн шығуын қоймайды. Жаны бар табиғаттың «тойы» – күн жарығы. Сапырылысып жатқан қыбыр-қыбыр тірлік. Жарықты то­ сып, шымырланып түлеуде бар, азып-тозып жүдеуде бар. Алысып-жұлысқан да бар, жамандық жолда мен атайын, сен тұр деп тұрысқан да бар. Өтірікті өрген, оның рахатын көрген де бар. Шындығын шырайлы етіп, жақсылығын жұртқа берген де бар. Өмір – қас пен көздің арасы, адалдықпен тұратұғын жарасып. Оған пайым қылмай, жалғаншылар әдейі таласып күледі. Қақы желінген пақыр бәріне ызаланады. Жөн айтсаң да, теріс айтсаң да, булығып тұрғасын балық торсылдағындай жарылып кетуі әбден мүмкін-ді. «Ашу қысқанның алдында тұрма, тебеген аттың артында тұрма» деген ойдағылар бәріне аң-таң. «Тірліктің қулық-сұмдығына әбден кеңірдектеп тойдым-ау, осымен бітетін шығармын», – деп талайлар булығып, терезеден түскен жарыққа мөлие қарап жалба­ рынды. Кім-кімнің ойындағысын тап басып сезеді дейсің. Сонда да ауыр күрсініп, зәбірінің ұшығын шығарып сарғайған мұңын ашады. Шәміл басшы болғасын, келушінің наласын шағып айтқанын тыңдап, қолдан келген көмегін заңды түрде аяған жоқ. Алғыспен жаны көркейе берді. Сондай сәтте Өтемістің 102 жасаған анасының: «Жетім-жесірге, арып-ашқанға күн-түн қатып жақсылық жасай бергенімнен үйіп-төгілген алғыс алып едім, содан шығар көп ғұмыр кешуім. Қылдай қиянатым болса, Алла кешпес еді-ау. Көзімнің жеткені, анамның есім кіргеннен «қызым, қарғыс алма, алғыс ал, өмірің ұзақ болады» деуші еді», – дегенін есіне түсіріп, өзі де сек­ сен жыл жер басып жүруі күннен құйылып жататындай дала даналарының, ұлт жақсыларының жанына дарытқан жақсылығы, ұлағатты өнегесі деп түсінді Шәміл толқып.

Осы жасында әккі зұлымның да қаншама түр-түрін көрді. Быттиған беттің тасасында обыр бет сынасып тұратынын да байқады. «Сәті түссе пайдама жаратармын дегендей сухитып жүретін сұмпайыларды да аңғарды. Күйген терідей бырысқан, жұдырығын түйген күйі болса да сы­ пайы сөйлеуге тырысқан, көзі қанталаған, күші жеткенді жарып тастауға дайын тұратын, зәлімдер де алдынан өтті. Ондайлар әлсіздің жүрегіне салған мұз қайғыны елеуді білмей, шеттеп тұрып, дараланып, қипақтап, ептеп тіл қатады. «Ыза да бір, мұз да бір, жылулық жетпей жібімес» деген ұлт даналығын сезбейді, жамандық жолы өзіне тура, абай­ лап тұрып опыра салуды көздейді. Ібілістің қыр соңынан қалмайды, алдайтынын алдайды, жалмайтынын жал­ майды, содырдан сойқан туады, обырдан шайтан туады, әке жолын қуады. Әкелеріміз күңіреніп: «Дүние өтерінде шыр айналды, бай болу, кедей болу құдайдан-ды, қанды ауыз адалдықты жоймаса тұра алмайды. Зұлымдар қақ қасыңда толып жүрсе, айтқаны екі етілмей болып жүрсе, әлсіздер өмір сүріп оңалмайды. Қанішер өлтірсе де адам­ дарды, рухы тірі қалып жоғалмайды. Майыспайтын шар­ болат асау мінез, қызыл қаны көлдетіп төгілсе де, шындық семсерінен ауытқып шыға алмайды. Ондайды ақ шел көзді пітіне қара ниет өліп тірілсе де ұға алмайды. Тайқып кетіп тайраңдай береді», – деуші еді. Шәмілдің томашадай кәрі жүрегі таңмен бірге атып, күн сәулесіне құмартып толғанады. Көкірегіндегі сіресіп қалған мұз ерімек түгілі, жібімейді. Ұзақ жылдардан бері орныққан қайғысы бар. Тағдырласын көзіне қарап таны­ са да, шешіліп айта алмайды. Әркім өзінің шыбынын қаға алмай жүргенін біледі. Қазақтың «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп жоқтайды» дегені және бар. Шіркін, ақылды сөздің әлемдік жарысы болса, қазақ біріншілікті жанға бермес еді деп тоқтайды. Мұз, шер. Егер өзін өзгеге білдіргісі келсе, жұрт қатарлы еңбек еткеніне, ұрпақ өсіргеніне, жүздеген адамдарға жақсылық істегеніне оның қатысы жоқ. Көкірегінде жасырынып жатқан қамырық шер өзіне ғана, жанұясына ғана тән. Тірлігінде өліп көрген жоқ, басқадай қым-қуытты көре-көре әбден тойды. Бір

әкенің кіндігінен жеті ағайынды еді, үшеуі шикі жасын­ да жұқпалы індеттен көз жұмды. Жарты әлемді жалмаған испан тұмауы дейсің бе, сүзек, безгек, қызылша, шешек дейсің бе, жүдеу халықтың өмірін қиды. Адам өмірге өлу үшін келмейді, ұрпақ қалдырып, бақытты болу үшін келеді. «Әтеген-ай, қыршын жас кетті, ұрпақ қалмады. Ажал кәрі ме, жас па, талғамайтын болды», – деп туыс-туғандар қатты қайғырса да, амалсыз. Айтарын айтып қояды, күресуге дәрменсіз. Ертеңгі өміріне көзі жететін ешкім жоқ. Кейбір қара шаңырақтың түтіні біржолата өшті. Тұяқ қалмады деп тағдырға налып күйінсе де, мүжіліп іштен тыну бар. Қу бас атанып өмірден кеткендер қаншама? Осын­ дай шемен-шерді Шәміл жұмыс уақытында ойына алмауға тырысатын-ды. Қалың жұрттың басына түскен қасірет деп тынатын. Қазақ кейде ондайды күрсініп отырып «Көппен бірге көрген ұлы той» деп кекетіп қояды. Біреу өліп жат­ са, екіншісі күліп жататын тойыңа болайын. Қаншалық жабыққанда да кімге мұңын шағып жеңілдетеді, «Әр алуан қайғы-қасірет жұмыр жерді теңселтіп тұр» дей бергенде алдына келгендер биліктің тепкісінен көрген зәбірін айтып шағынады. Кейбір дәрежелілер маңына жуытпайтынын, арызына мән бермейтін дөрекілігін ай­ тады. Солардың біразының оқиғасы көз алдына орала­ ды. Ана жылдары алдына келген қисық мұрын, бітік көзді, жағына пышақ жанығандай жүдеу біреу өлердегі сөзін ақтарып айтты. «Автобаза директоры «Әкең халық жауы болыпты, саған жаңа автокөлік беруге болмай­ ды. Ескі-құсқыны құрастырып жүргізіп, жоспарды орындамасаң сотталасың» деді. Бес баламды қалай асы­ раймын деп жалынғанымды құлағына да ілмеді. Жұрт біледі, пара алғандарға су жаңа автокөлік беріледі және ол жүргізуші өзінің берген қаржысын ақтағанша мекемеге көк тиын пайда түсірмейді», – деп мұңайып, тығырыққа тірелген тірлігін айтты Қорғалы: «Рас, әкем сотталған. Қара шаңырақта менен басқа ешкім жоқ, анам қоғам жұмысының отымен кіріп, суымен шықты. Зарыққанда «екеудің бір өлсе, бірі қалар, жалғыздың өзі өлсе, несі қалар» деп жылай-жылай дүниеден өтті. Бойымдағы бар

кемшілігім басшылыққа жағына алмаймын, жиындарда кемшілікті айтып салатын жаман әдетім бар. Шыдамай кетем, күйіп кетем. Шындықты айтқан көпке жақпайды ғой, өзіңнен көмек күтем, құтқар мына азаптан!» – деді естүсінен айырылғандай болып. Шәміл түсінді, автобазаның қиқуынан бейхабар емес-тін. Тергеушілер көз қырына алған-ды. – Әуелі теріңді сүрт, көзіңе құйылар. Ол қол орамалын алып: – Өмірім де осы төгілген тердей қадірсіз. Сүртіліп жа­ тыр. Сымпиып барымнан айырылдым. Алдауыштың да жемі болдым. Әбден шаршадым, тірлік мезі етті, өтемі жоқ маңдай терді ойлап қайтем.. – Тынысыңды аш, ентігіңді бас. – Ентік басылар-ау, тыныс тарылып біткен. Әлсізге қырсық үйір, жүдеуге жел де қарсы. – Немене, сонша адам сияқты тірлік етпей? Басыңа не түсті, құтқара көр деп жалынардай? – Жоғарыда жағдайдың шет жағасын білдірдім ғой. Әбден шаршап-шалдыққан адам жалынбай қайтеді? Өтілін тыңдата алмаса, безінбей қайтеді? Суға батып бара жатқан адам жыланды да құтқарушы көреді деп. Жалғыз мен емес, жұрттың көбінің сенімі өзіңізді айта­ ды. Автобазадағы парақорлық, жемқорлықты облыстың бірінші хатшысына да жазғандарға шара қолдануды ме­ кемеге жіберіп, көптеген дерегі анықталмады, кейбір кемшілікке шара алынды деп жауап береді. Бірде кәсіподақ басшысы кемшілікті тергеп-тексеру дұрыс жүгізілмейді деп қарсы пікір білдіріп еді, арада біраз уақыт өткесін жалғыз қызы жоғалып кетті. Облыстық советтің басшы­ сы Күшеновтің баласымен бірге той тойлап кетіпті дейді. Содан жоқ қой, әкесі милицияға да хабарлады. Қыздың өзі де бір пәлеге ұрынбаса, пенде байқас болуды ұмыта береміз. Жоққа сенеміз, сол сеніммен өлеміз. Мекемемізде шағым да, домалақ арыз да көп. Соның бәрі өтірік емес шығар. Шындықты шығарудың амалы өтірікті жете зерт­ теуге байланысты болмай ма? Бізде мынаның мынаған қатысы жоқ, мынаны анау қорғайды деп қарау етек алған. Бастығымызға жағдайымды айтып шағынғаннан жазалы

болып, көз түрткіге айналдым. Автобазадан кеткім келеді, басқа мекемеден жұмыс табылса. Басқасы құрып кетсін, басымның амандығы керек. Сөзге онша әуестігім жоқ еді, қорлыққа шыдай алмағасын. Қамшылай берсе жылқы да шам шығарады ғой, біз жылқы мінездіміз, айрықша таза болатынымыз да содан. Осал тұсымыз – шындық іздеу. Арызданушының көрген-білгенін тыңдаған Шәміл автобазаның күдікті істері тексеріле бастағанын есіне алды да: – Шағымыңды жазбаша қалдыр, – деді. Ал ол бойын жинап, жақсылықтан үмітін үзгісі келмесе де сәл абыржып: – Мені өштесіп құртады ғой. – Өзіңнің кінәң жоқ болса, неден қорқасың? Өзіңнен басқаның да біраз деректері бар, бәрі тексеріледі. Ешкім кедергі келтіре қоймас. – Ұмытып барады екенмін, – деді Қорғалы тілімен кезер­ ген ерінін бір жалап, – басқа тартсаң аяққа, аяққа тартсаң басқа жетпейтін жоқшылыққа шыдамай, кассирден жүз рубль жаздырып алып едім. Бастықтың тіміскішілері сұмдық, кассирді қорқытып ақша алыпсың, қылмыстық іс көтереміз деп шүйлігіп, бүркітше бүріп жатыр. «Оу, айлығымнан ұстайды» десем бет бақтырмай, «Автокөлігің бұзылып тұр, табысың жоқ, қоғам кассасына кассирді қорқытып қол салғансың, сондықтан түрмеге отырасың, балаларың әкем түрмеде отырған, оның әкесі де «халық жауы» болыпты деп сүтке тиген күшіктей етеді. Кассир қорқытты деп қол хат берді, енді өзің қылмысыңды мойында деп бастықтың кабинетінде отырған қорғаушы ми­ лициясы қағаз толтырып, қол қой деп жағамнан алды. – Қол қойдың ба? – Жоға! Алысып, жұлысып қашып шықтым. Не деген сұмдық, тірі өлім. Сойылын соғар тергеушісінің беті былш етпейді, кассирді беттестір десем, сотта беттесесің деп кергиді. Бастықтың түрі, тергеушінің түрі әлгі. Басыма үлкен қауіп төніп тұр, сосын да басқа жұмыс болса, авто­ базадан кетер едім. – Тергеуші ақ қағаздай таза болып, өзгеден тазалықты талап етеміз деді ме?

– Қашаннан да лас, қоқыс, зәлім, жемқордың, парақордың өздері де минөтінде сүттен ақ, судан таза бола қалмай ма? Қақы желінгендер, қорланып, түңілгендер шындық шын өлген деп айтса, шындық өлмес деп ерісемін. Бірақ тоқтау табар тобыр емес. Шындық өлгенге пара-пар. Жоғарыдан қолдаушысының пәрмені мықты. – Рас, ондайлар ебін тауып есебін шығарады, кеңесе де біледі, келісе де кетеді. Құжаттарды мінсіз қатырып жасай алады, есеп қағаздары тап-тұйнақтай, тергеп, тексеріп көрсең қателік таппай, басыңды шайқайсың. Жұртқа мәлім қағаз бәрін көтереді, жасыратынын жасы­ рады. Күндеп, айлап жүріп талан-тараждың құпиясына жете алсаң жақсы, жете алмасаң жөнсіз пәлеледі деп қыр соңыңнан қалмайды. Ұрлыққа белден батқандарды шындық айдынына шығару оңай емес, – дей келіп Шәміл қылмыскердің беталды құла дүзде емес, қасымызда екенін білетінін сездірмесе де, Қорғалыға қарап, – туыстуғандарың бар ма? – деді. – Әкемнің жалғыз немере інісі бар еді. 1945 жылдың қаңтарында соғысқа кетті. Австрия еліндегі ұрысқа кірдім деген бір-ақ рет хат келген, содан соң хабарсыз. Жалғыз жігіттен ұрпақ қалмады, шын өлім деген сол. Анасының жылай-жылай көзі ағарып, ақырында ауруға шалдығып, өмірден озды. Тірі болса келер еді, опат болған шығар. «Бауыры бүтін пенде жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» де­ ген, азаптанып көнесің. («Австрия аумағындағы қанды қырғында фашистердің соңғы демі біткенше жанталасуы­ нан 30 мыңнан астам қызыл армияшылар қаза тапты» деп мәлімдейді Австрия Республикасының Федералдық ішкі істер министрі Мария Фектер. Қаза болған қазақтарды зерттеген Петер Секел 500 адам шамасында дегенмен, ізденіс нәтижесінде ол көрсеткіш екі есе артып шықты. Ісшаралар әлі жалғасуда десе, Қызылорда облысының өзінен Алилев Абякар, Аманжолов Қожабек, Баймағамбетов Сексен, Бекенбек Әкежан, Ысқақов Садуақас, Құлғарин Жармағамбет, Мергімбаев Маратбай, Нұрпейісов Бегімбай, Нұрмаханов Аманжол, Османов Бештай және басқалары «хабарсыз кеткендер» есебінде жүрсе, Австрия жерінде қаза тауыпты. – Т.Қ.)

Адамын жоғалтқандардың қайғысы басы жерге жеткенше ұмытылмайды. Соғыс деген ащы сөзді естісе Шәмілдің жүрегі қан жылайды, жас кезінде әкесін бір көруді армандаса, ержеткесін әкенің моласына зар болып, арман­ даумен зарығып қалады. Аз уақытқа толқып отырғанын Қорғалы сезді ме, ойын бөлгісі келіп: – Өлгендердің сүйегі әлемде шашылып қалса да рухы туған топырағына оралған шығар. Бүгінгі қара ниеттілер соғыстың жазылмайтын жарасын қаперінен шығарды. Төрт құбыласын тең санап, құдайдан да кем еместей асқақтап барады. Алпамыс жырындағы Мафия деген әйел қос үйді қатар қондырмай, қонғанын оңдырмайтын жал­ мауыз болыпты дегенін оқып жағамды ұстап едім. Бүгінгі сұм-сұрқиялардың мұрнына адалдықтың иісі бармайды, олжалап, тонап, барды жоқ етіп жәукемдеп тастайды. Ештеңеден сезіктенбей, заң бар екен деп именіп тайын­ бай, аяғын алшаңдап басады, көзі жерге түспейді, ойына келгенін істейді. Қазақтың «Қорғаушысы мықты мұраға ие» дегені осы ма? Өздерінің опырып жегенін ұмытып, менің қарызға жаздырып алған жүз рубліме қылмысты іс көтермек. Бәрінен бұрын абыройымды төкпек. Олжа­ ны бөлісе қалатындар ұтарында ұтып, жұтарында жұтып, қаржыны тарбиған саусағымен қағып алады. Заңсыз жер­ де заңдылықты тауып алатындар қоғам байлығын үптемей ме? Биіктен нұсқау түсіп, қылмыс түрін түптемей ме? – Рас, ондайлар есебін білсе түк демейді, берген перде бұзадымен тарта береді, – деп Шәміл жік-жапар болған ашылып, ашынып сөйлесе де біраз қылмысты істің жоба­ сын жазбаша қалдырған Қорғалыға аяр көзбен қарап, – бәрін түсінемін, бес бала өсіріп отыр екенсің, жаман атаққа ұрынып қалудан үрейленесің. Жүз рубль беремін, тездетіп мекеме кассасына өткізіп, түбіртегін маған әкеліп бер. Арызыңа қосып қоямын, одан кейін жұмыс жағдайын көрерміз. Шағым жалғыз өзіңнен емес, заң орындары тексеріп болсын, шындық шықсын. – «Пәленің шетін бассаң, ортасы былқылдап жатады» деп тергеу, тексеру басталса зәбір көргендер өре түрегеліп, талай кемшіліктердің құпиясын ашып, қылмыскерлердің бетін аймандай етер еді. Ондай күн келер ме екен?

Әйтеуір, ақылымыздан танар болған үрейден құтылсақ. Темір адамбыз деп шіренетіндер тұтылса. – Айтпақшы, өзіңді қысымға алған тергеушінің атыжөнін арызыңа кіргіз. – Басымды қатерге тіккен адаммын, енді аянарым жоқ, аты-жөнін жазамын, – деп Шәмілдің жүзіне қуана қарады. – Көкірегімдегі ызамды тарқаттым, жүз жаса, Шәміл, жақсының жанына бар, жылу аласың деген осы ғой. Қарапайым халық зәбірге бұйығып, көніп, қорғана алмай жанын азаптайды. Ондайда жылы сөзге зар бола­ ды. Қоғамдағы заң бізді іздейді, біз заңды іздей алмай, қорғанатын саңылау таппай, сандалып қаламыз. Өзіңе жұрт сенгесін келгенім жөн болды. Әрине, қандай да қоғам халқын жүз пайыз жарылқап, олардың мұң-шерін қорғап үлгере алмай жатады. Жоғарыдағы билік ырық бермейді көбіне. Шәміл ана жыл­ дары бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарғанда талай адамның басына төнген қауіп-қатер заңсыздықтан қорғады. Талай қоғам мүлкін талан-таражға салушының жазалануына әділ үкімін айта білді. Өйткені бүкіл заң орындарының жұмысын халықтық бақылау комитеті мүлт жібермей қатаң түрде қадағалап отырды.

  • * Шәміл таң атып, күннің жарығы үйге ене бастағанда ұйқысы шайдай ашылып, ұшып тұратын қалыптасқан әдетінен жаңылмайтын. Әрбір күнгі таң сәулесі жүрегіндегі әкеге деген сағыныш мұңын жібіткендей жылы хабар күтеді. Жұмыс орнында да тағдырлас адамдардың талайы кездеседі. Жұрттың көбі бір көргеннен пікірлерін ашылып айта алмай, көбіне көкірегін қысқан саясат өктемдігінен қорқып, сақтанып қорғалақтайды. Оның тамыры тереңде, кімнің басынан аштық, қуғын-сүргін зұлматы өтпеді дейсің. Одан әрірек отарлық езгі және бар. Ана құрсағынан, қаршадайынан билік алдында өзіндік пікірін айта алмағандар жалтақ болмай қайтеді. Оның бәрін Шәміл түсініп, кейбір келушіні балалығы, жастық кезеңіне байланысты, ата-анасының қызметі, өмірін әңгімелеумен

емін-еркін сөйлесіп, арыз-шағымының мән-жайын айрықша анықтап алады. Бұл елде өскен, халық өмірін толық білетін асқан ақылдылықты көкірегіне түйгендіктің белгісі еді. Шаруасымен келгендерді өңменінен итермей, басына түскен әлек-шәлегінің себептерін өзінің көзімен көргендей анықтап бұлтартпайтын деректерді ұдайы мұқияттап қаттайтын-ды. Бірде елуді еңсерген қос жа­ уырыны қақпақтай, өткір шегір көзді кісі қабылдауына келді. Аман-саулықтан кейін бас киімін шешіп Шәмілге сынай бір қарады да: – Өзіңді жұрт аңыз етеді, қабылдауы жеңіл, шағымыңды ойдағыдай тындырады, көмегі көп, нағыз адал да, ақылды дегесін келдім. Менің шаруам саясатқа да, қоғамдық басшылыққа да соқпайды. Заңнан да, өкіметтен де қорқатын жағдайым жоқ. Бағымымдағы қой аман, төлі көп. Шопанмын. Қарын тоқ, киім көк, әлгі айта беретін коммунизм менің отарымнан басталатындай сезінемін. Он шақты балам бар, бәрі де малсақ. Екі әйелім, балала­ рым болғасын сақманшы, тағы басқа көмекшіні керек етпеймін. Шаруам таза пайдаға құрылған. – Өте жақсы екен. – Енді өте жамандығын айтайын, – деді де бір жөткірініп алып жымиып күлді. – Ауылымызда қуғын-сүргін жылдарында Өшпек деген қастасса қағып түсетін, ізіңді бағып түсетін атақты жатыпатар болған-ды. Біраз жыл бұрын марқұм қайтыс болды. Жаназасына бірен-саран адамдар ғана барды. О дүниеде қалай қарсы алғанын кім білсін, бұл жарық дүниеде екі болған жоқ, жаназасына да жан келмеді. Қатыбас туыс-туғаннан суыса кім қайғырсын. Жә, өз күнәсіна өзі күйсін. Соның баласы Тықыр, бақа болғыр, төбесін көрмей кеткір неменің шағымының түрі: «Жетпісбайдың әкесі соғыс жылдарында егіншілікте соқамен жер жыртып жүріп тұқым астығынан бір-бір уыстап үйіне тасып, аштыққа ұрынбапты. Таза адам емес, халық жауы деуге болады. Баласы Жетпісбай әкесіне тартады, тіпті деймін-ау, жетпістегі шал бала тудыра ала ма? Күмән көп, өкіметтің азығын тоя жегесін қуаты тасып кеткені ме?» дегенді айтып, жатыпатар әкесі Өшпектің былғары сөмкесіндегі жазуды мысалдап: «Бүгінде сол Жетпісбай

партияға өткен жоқ, екі әйелі бар, әрбір бесжылдық сайын орден, медальдар алады. Жаудың тұқымы неге масай­ райды, совхоз бастығы қорғайтын болар. Менің әкем таза өкімет адамы бола тұра мен қошқар бағып сорлап жүрмін» дегенді жазып, облыстың басшысына тапсырыпты. Осын­ дай жағдайды өзіңізге тәптіштеп айтып отырғаным, арыз тексерілер, өзім қалай қорғана аламын, өзіңізден ақыл сұрай келдім. – Екі әйеліңнің бары рас па? – Рас болғанда қандай. Екеуінен он төрт балам бар. Өкіметтің ең мықты байлығы адам емес пе? Адам өсіріп отырмын. – Әйелдерің арызданудан аман ба? – О не дегеніңіз? Бірі үйдің шаруасын оқсатса, екіншісі мал бағысады. Күн ұзаққа мігір таппай малдың қамы, оның таусылмайтын шаруасын атқарамыз. Мұның бәрі қоғамға пайда, басқадай шығын шықпайды. Ер жеткен ба­ лаларым үйленіп, өз алдына отарға ие болмақ. – Расында коммунист емессің бе? – Әкем жатыпатардың жаласымен Берияның түрмесінде бес жыл отырып жазасын өтеп келген-ді. Партия қатарына өтпекші болып барғанда құжатта әкең сотталған ба, шет елде туыстарың жоқ па деген сұрақтардан шошып, арыз жазбадым, табанымды жалтыратып шығып кеттім. Қоғамға ең қажеті де, маңыздысы да – адал еңбек етсем жетпеген бе дейтінмін. – Әйелің екеу екен, олар зәбір көрдім деп шағынып жатқан жоқ. Жұмыс көрсеткішің мықты. Табан астында тап қазір облыс басшысына жазылған арызды кім қалай тексереді, қандай жауап болатынын білмеймін. Деген­ мен, ондағы жігіттермен жазғыштың арызын нақтылап оқып көрейін. Менімше, өзіңізге келетін жаза болмас, жазғыш қанша қараласа да, өткен қоғамдағы адам шошырлық оқиғалар ескірді ғой. Өшпектің баласы әдейі көре алмаушылықпен тәлкек етпек қой. Өзің де солай ойлай­ тын шығарсың. – Әрине, солай. Қазақтың «Ит үреді, керуен көшеді» дегені осындай зәлімдерге арналған ғой. Зәлім біреуді қапқара ғып жалаламаса, ішкен асы бойына батпайды. «Екі қолы жерге жетпегір» деген қарғысқа тап болғандар солай.

– «Екі қолы жерге жетпегір» деген қарғыстың мәнісі қалай? – Емеуірмен айтқаны, өліп кет дегені. Өлген адамның қолы етегіне жете ме? Іштарлық, көре алмаушылық қаннан қанға тарап жалғасып жатады. Оған бола апшымас едім, иттен ит туады, қозы тумайды деп тынар едім. Өзінің түрі, сиқына қарамай, кейде кездескенде түк білмегенсіп ыржия күліп сөйлескісі келіп амандасады. Сәлемнің садақасы кеткір деймін-ау. Қағаз жазатын қолың таза ма десем, аңырая қарап өтірік күле береді. Жорта күліп ал­ дайтындар сойқан зәлімдігімен талайдың шаңырағын ортасына түсіріп еді. Нақақ бәлелегіштерге өлім болмас. Шәке, бұл жәй ашуым ғой. Кектенуге тұрмайтын адамға кектеніп, реніш білдіруім де артық. Жатыпатар әкесінің тәрбиесінде жоқтық көрмей өсті, тұяқсыз тұқым болса да өкінуді де білмейді. Жұрт аштан өліп жатқанда жатыпа­ тар күліп жүрді, «өзіне сол керек, о дүниеде бақытты бо­ ларсыздар» деп кекеп мошқаудан басқа кісілікті білді ме? Рауаят айтар ақылы миында емес, көзінде сорлының, – деп ызасын тарқатқандай сыңай білдірді. – Рас айтасыз, ғасырлардағы тарихымыз ауыр. Өткен қоғамның бәріне жирене қарау да жараспас, – деп Шәміл көре алмаушы, ішмерездің тұзағына түскен Жетпісбайды шығарып салды. Домалақ арызшылардың мезі қылғанына да кім төзбеді дейсің. Шәміл өткен тарихты есіне жиі алатыны да бар. 1921 жылғы басталған аштыққа ұрынған адам саны қазақ елінде 1213026-дан айналасы төрт ай ішінде 2305591-ге жеткен екен. «Авангард красного вос­ тока» журналының 1-7 санында 1917 жылы Қазақстанда мал саны 2571770 бас болса, оның 1922 жылғы есепте 88%-ы өкіметке тапсырылып жойылған екен. Аштық өрті өршіп тұрғанда 1921 жылы 400 мың орыстар қазақ жеріне қоныстануға жер аударылғаны және бар. Шындыққа бұлтартпастан жақындайтын деректерді білгендер ішінде құпия сақтады. Коммунистік қоғамға тап-таза пейілмен еңбек сіңіруден басқаға алаңдауға рұқсат та жоқ еді. Сонда да ауыл, елде айтқыштар «Рахымсызды сыйлап «рахмет» күтпе, қисая кет молаңа уһ деп» дегенді ащы мысалмен санаға жеткізіп отырды. Жер бетінде

қаншама адам бар, солардың көбі жақсылық күтіп, жар­ дан ұшқанын да аңғармай қалатын еді. Өлгені өліп, тірі жүргені қазақша сөзінен айырыла бастады. Жер тарихын, ел тарихын ұрпағының құлағына құйғандар жоғарыдағы жатыпатарлардың қудалау, өрескел азабын аз шеккен жоқ.

  • * Туып-өскен жері, білім алған құт мекені Сарбиеде де екі Керей болды, жұрт бірінің лақап атын «жазғыш Керей» десе, екіншісін «айтқыш Керей» деп жүрді. Жұрт абайлап сөйлейді, аяқтарын аңдап басады. Жазғыш Керейді көрсе сескеніп, маңынан қашқақтап, қасына жуымайды. Үштөрт ауылды қамтитын ауылдық кеңесте Аманғали деген милиция бар. Егін орағы кезінде, астық піскен бойда ми­ лиция көзінің шырымын алмайтын шығар, бір уыс кел­ дек дейсің бе, бір уыс бидай дейсің бе, ешкімге ұрлатпай, қырманнан «қызыл керуенді» өзі басқарып, жатыпатар­ ларына қатты тапсырып жатады. Жазғыш Керей жұртың күңкіл-сыңқылын да, бір сабақ бидайды кім жымқырды – бәрін біліп, милицияға жеткізіп, жазалатып отырады. – Түрің құрсын өлік сияқты болған! – Жауыздың көзі алайып кеткен бе? Ордаңдап жүрісі бұзылыпты. – Адамның қанына тоймай жүрген шығар, – деп сыбыр-күбірмен айтылған ащы сөздің өзі адам кейпіндегі құбыжықтардың кім екенін түсіндіретін еді. Саясат үрейлендіре түскен сайын адамдарда мейірім азайып, қатыгездік күшейе түсетінін түп-түгел жұрт қатты ұғынған. Жоқ нәрседен қылмысты атанып, жатыпатардың құрбаны болғандардың туыс-туғандары жер соғып, қарғап жатады. Қара ниет залымдар оған қыңбайды. Жұрттың үрейленгенінен масайрап шығады. Қызыл жағаның да, жатыпатардың да айтқаны жүріп, түкірігі жерге түспей тұрғанда жұрт аузында, «милициядан байым болсын, үнділік шайым болсын, тыныш жататын жайым бол­ сын, қоспасыз қанға қоса адал арым денеме сіңсін, келер ұрпақ шындығымды айтып жүрсін» деп әндетеді. Тоқсан 15-0203

шықырымдық Сарыбиеге сирек қатысатын көлікпен ан­ да-санда келетін райком өкілдері ауданға қайтарға көлік сұраса, райком түгілі, милиция да жаяу кеткен деп сөзді тікесінен қайырып жатады. Ел жүдеу, ондайға сын-мін тағылмайды. Соғыс жылдарындағы аштық, жоқтық та­ лайды іргесіне тақаған-ды. Сонда да жұрт аспай-саспай, шаруаны ретімен түгендеп, жақсылықтан үмітін үзген жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін жүректерінде ұйытқан «Бәрі де майдан үшін!» деген ұраны болды. Өңірдің жүздеген азаматтары сұрапыл соғыста жүрді. Солардың бірі Нұрымгерей еді. Майданнан анда-санда хат келеді, ұрпағы, туыс-туғаны өзі аман кел­ гендей қуанысады. Осы кезде жылқышылар Қилаш пен Қашет майданға сәйгүліктерді дайындап, өздері жеткізеді. Жұрт: «Елден кеткендердің тақымына құт болып, жауды жеңсін!» деп шын пейілмен тілеп жатады. Қашет мақау, бірақ оның қайраты сұмдық, бесті асаудың құлағына қолы жетсе тырп еткізбейді. О да үрейден сескене ме, ми­ лицияны көрсе қорқып тұрады. Үрейдің қолшоқпары, жағына да білетін, табына да білетін жатыпатардың тағы бірі – есерлеу Тырбық ештеңеден сескенбейтін ерлігін көрсеткісі келіп, Қашеттен де қайраттымын деп, алды­ на барса тістейтін, артына барса тебетін жирен асау атқа жабысқанда, тепкіден ұшып, жан тапсырды. Оны естіген әйелдер «Бидай ұрладың деп ышқырымызды тінтетін жалмауыздан құтылдық» деп қуанып жатты. Тостағандай ауылдағы қулық-сұмдыққа төзсең төздің, төзбесең түрмеге кетіп өлдің. Ауылдың кеңесті басқаратын, ақсақ болғасын соғысқа жарамаған Құттығали қырманнан «Төрт балам аш отыр» деп жұрттың көзінше бір тостаған бидай алған әйелді қорғайды. Ұрыны көрер көзге Құттығали жақтады, қылмыскерді сақтады деп милицияға көрсеткен әлгі Тырбық еді. Кеңес басшысы «халық жауы» делініп, сегіз жылға сотталды. Елге жазған хатында: Арнадым адал достар, құрдасыма, Елдегі қатар өскен сырласыма. Жата алмайтын аунап-қунап мамық төсек, Қара жер қатты батты жамбасыма, Тақымдаған тақсірет зіл боп түсті бір басыма, –

деп зарланғаны ел жадында жүрді. Жан баласына жамандық жасауды білмейтін қалың көптің мұң-шерін түсінген боларсыз. Мылқау-соқырға дейін үрейден шошыса да, сарғайып жақсылық күтті. Жүздері сынық, қайғы тұр ұлып, жаны мұздай, көрмеді жылып. Билікке кімнің өресі жетеді, қоғам солай, тірі болсақ көрерміз деп тынады. Өйткені тірілер түгілі, өлілер шошитын үрей беттетпейді, жүректерді мұздай қариды. Шәміл замандастарының елдегі тағдыры осылай уақытпен алмасып жатты. Қырық жамау киім, тойып тамақ ішу ұмытылған, балалық сезім жоқтықпен кірігіп, сабақтан бос уақытта шаруашылықтың жұмысын атқаруға арналған ауыр кезең. Еститіні әйелдердің зар үні: Қамысы Қожакөлдің желмен шулап, Жүрегім соқты қатты неге тулап?! Майдандағы ағалар еске түссе, Көз жасым омырауға ағып тұрмақ, – деп әндетеді. Періштедей пәк апалардың қайғысы. – Оның бәрін ағыңнан жарылып еске алудың өзі жаныңды ауыртады, – деп Шәміл өлімшілікпен күн кешкен кезді тереңдеп айтуға көбіне құлықсыз. Бірақ жүрегіндегі мұз боп қатқан әкені жоқтау жадынан шыққан емес. * Шәміл көп оқыды. Бос уақытында қолынан кітап түспеді. Білігі, білімі адамдарға шарапаты тисе жетер еді. Кейде саясат тірлікті мүлдем танымастай өзгертіп жата­ ды. Ондайда ойын ерте дүние тарихына тастап, жәй жы­ мия күлді де: «Грек пен Рим мифологиясында сиынатын, табынатын құдай аз болмағанға ұқсайды. Гея мен Уран­ нан өсіп-өнген, биікке жеткен 12 құдайды ерекше атай­ ды. Жаны қысылса, соларға жалбарынып іздей бастайды. Онсыз көр қараңғылықтан шыға алмайтындай сезінеді. Ең күштісі Атлас болса, ақылы асқаны Прометейді аңызға айналдырады. Әр түрлі әуресі көп қоғамда қалың көпті тірлік сүрлеуіне түсірдің деседі, табынса өмір сүруі

жаңарып шыққан сияқты түсінеді», – деп толғанды. Бірде «Құдайдың басқа салғанын күтіп алдық, дүлейсіз де күн көрерміз» деген Кәжен ақсақалға қамшысын үйірген Бек­ бол бригадир: – Қайдағы жоқ құдайды айтасың аузыңды ауыртып, қазіргі құдайымыз Ленин, Сталин, Маркс, Энгельс емес пе? Бұл сөзіңді менен басқа біреу естісе түрмеде шірисің, білдің бе?! – деп тұқырта сөйледі. – Е, жаңа білдім, дұп-дұрыс сөзің, өзің айтқан құдайларға жатсам-тұрсам сыйынамын. Осылардың есімін атамасам, ішкен қатықсыз көжем бойыма жұқпайды, шақшадай басы түскір тірлік етуді ұқпайды, онсыз шиқ етіп жаным да шықпас әлі. Пенде болғасын арамыздағы құдайсынғандардың арасында бір қайшылық бар ма деп күмәнданып қалатынымды өзің сезген нағыз кереметсің. Біліп қой, олай-бұлай кейде ойқастайсың, өте дұрыс, мен болсам Ленин, Сталин есіміне сүйсініп, құдайдай көріп атасам болды, жүрегімдегі атамзаманғы қатқан мұз ептепептеп жіби бастайды. – Қайдағы мұз?! – Е, немере інім-ай, сені туғанда анаң ұлды болдым, елдің қорғанын өмірге әкелдім деп қуанып еді. Жарайсың, қоғам мүлкін қорғап жүрсің, алуан түрлі бастықтың қасына ердің, жарайсың. Бірақ, менің бір жарамайты­ ным, әнеу күні соқаға жегіп жүрген тарғыл өгізім арам өлген жоқ па? Қатты қызылсырап, аузымның суы аққанда жасық болса да еті бұйырмады. Өкіметтің өгізі, оны бауыздауға жатпайды, жау атанасың дегесін қорқып, де­ нем құрыстап, белгісіз жын ұстап, ақыры оңбай қамығып, содан жүрекке мұз қатты. Бірақ сол өлген өгізді қоймаға сүйреп кеткені несі? Мейлі не болса, о болсын, ит-құсқа не желінбей жатыр. – Байқап сөйлеңіз, сөздің кесірі көп. – Кейде кесірлігім айтқыш Керейге тартқаным шығар. Құлағыңды қойып тыңда! Керей ағамызды НКВД-шылар қолын байлап, тәңірдің талтүсінде алып кетеді. Атақты банды Құныскерейді ұстадық деп өздері мәз болып, Ойыл түрмесіне жабады. Тергеушілері алма-кезек ауысып жауап алады. Керей үнсіз, біріне де тіл қатпайды. Қағаздарын

умаждап қайта-қайта жыртады. Өйткені Керейге өздері жазған қылмысты сөздерге қол қой десе, жұмырығын ашып қалам ұстамайды. Қарысқан қолын күштеп аша ал­ май қамап тастайды. Бөлмеде аяқ-қолын бауырына алып тоңқайып жатады. Онысы ұрсаңдар, құйрығым сендерге садақа дегені болар. Үштіктің соты жүпелдемде ғой. Со­ дан сотқа апарады. Нетүрлі жабылған жалған жаланы тергеуші сотта судыратып оқып береді. Ақырында сот Ке­ рейге соңғы сөзіңді айт дейді. Ыңғайлы сәтін тап басқан Керей «Өздерің білесіңдер, Ленин мен Сталинді патшаның түрмесінде отырған деседі. Түрме киіндіреді, ішіндіреді, кісілігіңді қалыптастырады, мәпелеп күтіп, ақылсызды ақылды етеді. Онда біраз халық бар, солардың ішінде бол­ сам деп ықыласым ауады кейде. Жансызың бар, қызыл жағалы бар, қорқып, қалтырап өмір сүргенше, түрмеде еркін тірлік еткеннің несі жаман? Дегенмен мені ұстаған милициялар Құнысын таба алмай, Керейін қылмыскер деуін түсінбей ұйқым қашып, есімнен тандым. Кеңес өкіметінің мөрі өтірік құжатқа басылмайды, туған жы­ лым, аты-жөнім Құныскерейге ұқсамайды, сот жолдас, мына құжатты оқып көріңіз» деді. Жұрт сот процесі кезінде басымен қайғы болып абдырап тұрса, Керей өзінің қылмыскер еместігін дәлелдеп берді. Осы кезде прокурор Төлей ұшып тұрып, «Бұл не деген сұмдық? Үш милиция Құныскерейді атын шідерлеп, айдалада ұйықтап жатқан жерінде қамшымен түртіп оятады. Шап беріп ұстамайды. Анау тұрып атының шідерін алып, атына мініп, «жігіттер, менде шаруаларың болмаса кеттім» деп зытады. Енді бүгін Кеңес өкіметінің дайындаушы жұмысын атқарып жүрген Керейді бандысың деп сотқа тартады. Бұл бір оқиға емес, анада мерекеге ат дайындап жүрген адамды Алаш екен, жа­ пон шпионы екен деп, Жапония түгілі, Ақтөбені көрмеген адамды соттатып жібереді. Мәскеудің лимитін орындай­ мыз деп ешқандай қылмысқа қатысы жоқ жазықсыздарды жазалауға болмайды. Милицияның жауапсыздығы біріненбірі өтіп, тіпті кімді аңдып, кімнің қандай қылмысы барын түптеп тексермеуі, шалағай іс атқарғанды, заңды мазаққа қалдырғанды жазалау керек дейді. Міне, осыдан кейін үштіктің арасында Төлей жөнінде пікір өзгеріп, бандыны,

шпионды қорғады дейтіндей «екіліктің» ұйғарымы бола­ тынын сезіп, ол тұрған үйінің есігін ашып, мал-мүлкін тастап, отбасымен сытылып елден кетеді. Үрейлі сая­ сат Төлейді өлтірейін десе де, шын өлген жоқ, ұлы Аман Төлеевті Кемеров халқы өлгенінше губернатор етіп сай­ лап алды, Ресейдің белгілі қоғам қайраткері, ұрпағы бар. Керей де өлген жоқ, ұрпағы қалды, сөзі қалды. Дегенмен Керейдің қырсықтығы милицияның әрбір ісіне екі шұқып, бір қарап, жазықсызды жазалаудан сақтандырады. Жұрттың бәрі біліп, отбасында әңгімелейтін оқиғаны есіне алып тұрып бригадирге қадала қарап: – Ақиқатты білетін адамның көзі ашық, байқап сөйлейді. Жаманның зияны жеті жұртқа тиеді деп кесірімді ешкімге жуытпай, көкірегімде сақтаймын, інім. Бәсең бол, шалқақтау жараспайды, – деген Кәжендер аш-жалаңаш жүрсе де адалдық ауылынан табылып жүрді. Шәміл ауыл өмірінің кейбір сәттерін есіне алып, сол бір сұрапыл жыл­ дарда кімнің қара шаңырағы ортасына түспеді деп өкінді. Нұрымгерейдің кіндігінен өрбіген жетеу едік. Үшеуі түрлі жұқпалы аурудан жастай өмірден озды ғой. Адам өмірге бақытты өмір сүру үшін келеді, тірліктің сыржырын түсінбей жатып, былайша жанбай жатып сөнуіне қоғам кінәлі десек артық емес. Өйткені, аштық, түрлі індет, зәбір, қорлықтың түр-түрі мезгілсіз ажал арна­ са, не шара?! Аш-жалаңашты, денесіндегі еті сіңіріне іліккен әлсізді төңіректеп, қара жерге жұтуға ажал дайын тұратынын қайтерсің. Қайша анам үш бірдей перзентінен айырылғасын, зәресі қалмай тымаумен түшкіріп жүрсек, қатты секемденіп, қабырғасы қайысып, көз жа­ сын сығатын-ды. Жұмыстан қалт еткенде аз-кем асты өзі аузына алмай, бәпектеп оқып жүрген төртеуіміздің қарнымыз аш қалмауын ойлайды. Бірде көлеңкеде май­ дангерлерге қолғап, шұлық тоқып отырған анамның қасына келген айтқыш Керей: «Қалған төрт балаңды тарықтырмай жеткізу сенің міндетің. Майданнан әкесі келгенше қарынын аш қылма. Әйел сезімтал келеді, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ, үш баланың қайғысына езіліп кетпе. Олар жастай өлгенімен, жаны тірі ғой, әкесін, анасын, бауырларын ойлайды, шыр-пыр

боп тызақтап жүреді ғой. Дене өлсе де, жаны ешқашан да өлмейді. Періште болып өмірге келіп, періште боп кетті. Нұрымгерей оқымысты еді, балалары да білімді болып елді қуандырар деуші едім. Кеңсеге жұмысқа бара жатыр едім, өзіңді көріп әдейі сәлем беруге бұрылдым. Майдандағы ерің, қолдағы балаларың аман болса, бірте-бірте қайғы ұмытылар, қандай да қайғыны қуаныш ұмыттырады дейді ғой. Қуануды да, қайғыруды да білмейтін жатыпатар­ лардан сақтасын. Басқан іздері өртеніп, елді ауық-ауық дүрліктіріп қояды иттер. Олардың да көрер жарығы, та­ тар дәмі таусылар. Әттегенесі, солардың түп-тұқиянына дейін зәлімдікті кәсіп етпесе жарар еді. Егінші әйелдерге шүйіліп, уыстап бидай ұрлайды деп кеше кеңседе екіленген жазғыштың сыбағысын бердім. «Майдангердің жанұясына тиіспеңдер!» деген Сталиннің сөзіне қарсы шығып жүрсің, өзің сотталасың!» дегенде жым болды», – деді. «Әлсіздерді, жетім-жесірлерді қорлауға күштері жетіп тұр ғой, – деп, ел адамдарының нені ойлап, нені қоятыны, бар тілегі амандық, майданда жеңіске жету екенін ана білдірді. – Бәрібір ел болғасын қалың жұрттың анда-санда шырқы бұзылып, өш-қастық қылаң беріп жатады. Шындап кел­ генде, қазақтың бұрын-соңды тегінде болмаған сүрең бар. Жұрт тыныш жүріп, тылсым қауіптен үрейге шырмалды. Екіден бір нұсқасы жоқ, өтіріктері өрге басып, қырлардан қырлар асып тұрған есірік, өрлік бар. Содан ертеңге деген наным жойылады. Іштен толқып, Нұрымгерей тез келсе деп кіжінемін». Шәміл әкесінің елге сыйлы болғанын, халыққа білім беріп, ақыл-кеңесін аямағанын Керей сықылды ағаларының аузынан талай естіп, әкең нағыз адам еді деген сайын марқайып қалатын-ды. Кейде Керей айтатын жан тірі, сағынғанда түске ене ме деп ойлайды. Бірде әкесі қалың өрттің ішінде ақ боз атпен қылышын жалаңдатып шауып бара жатады. Ондай түс көргенде «сағындым, әке, тез кел!» деп шырт ұйқысынан оянады. Сол түстен де жүрегі жібіп, уайымды ұмытып, қуанады. Әкенің хатын қайталап оқи береді. Иә, ел адамдары аштыққа да, ауыр бейнетке де төзе білді.

Ауылдағы жасы үлкендер мектепке бара жатқанда немесе келе жатқанда көре қалса қосарлана тәк тұрып: «Нұрымгерей талайға жақсылық жасап еді, соның ба­ лалары, тіл-көзден аман болыңдар. Тілегіміз сіздердің амандығың», – деп маңдайынан сүйіп, арқасынан қағып жатады. Елдестердің мол мейірі әкенің білімдар болғаны, қалың көпке жаққаны біртүрлі еркелетіп жіберетінін Шәміл ұмытар ма? Естіді, білді, талай тіміскілер қаншама сұқтанып жау атандырғысы келсе де, нақты дерек тап­ пай, білгірлігіне, іскерлігіне тоқтаған. «Жұрттың көбі қорқақ болғасын бекер айтып, жала жабуға шебер келеді. Шындық – ақ алмас, оны ұстауға жүректілік керек. Ле­ нин, Сталин шыншылдықты қалайды, оның сөзін қорқақ дұрыс түсінбей, идеясын бұрып ойран салғысы келеді деп талайды ақылға шақырмады деймісің. Бәрібір базбіреулер түн жамылып аласұрып, кейде жынды адамша өзімен-өзі сөйлеп, ел ішінен жау іздеп әбігерленіп жүреді. Өйткені, мезгіл-мезгіл түннің бейуағында ауданнан, әрісі облыстан қара машина келіп, есігін қағып, тиын-тебен беріп, азығын ұсынып, Мәскеудің лимиті бойынша молда бар ма, жапон шпионы бар ма, қоғам мүлкін бүлдіруші бар ма деп қыздырмалап, тыныштық таптырмайды. Көзге түрткісіз түн қараңғысын жамылып, көрші-көлем жетілік керосин шамның жарығымен ас ішіп отырса болды, есік қағып кіреді де: «Өкіметті жамандап отыр екенсіңдер, те­ резеден тыңдап естідік, жаусыңдар!» – деп қара машинаға тиеп әкетеді. Сол кеткенінен жазықсыз ерлер қайтып келе қоймайды. Өлі-тірісі белгісіз. Сотталғандардың ұрпағы да қайғы-қасіретті аяусыз шегеді. Жеті жылдықты бітірісімен комсомолға өтерде сотталғанның баласының ал­ дынан құжаттағы сұрақтар: «Сотталдың ба?» деген жазба маңдайыңа сарт еткенде: «Е, сотталдым» дейді мазаққа басып. – Қай жердің түрмесінде отырдың? – Анамның қарынындағы қараңғы үйде тоғыз ай, тоғыз күн сотталып отырдым. – Өкіметті кекетесің, комсомолға өтпейсің. Бітті шаруа. Қоғамдық үрейдің саясаты аса шебер ұйымдастырылғаны соншалық, жазықсызды жазаға

байлап, адалдықты адамзаттың қас дұшпаны етіп, оның ұрпағына дейін мұң-шерді көкірегіне ұялатып, пендені ауыз аштырмай тұншықтырып, қоғамға қызмет еткізудің себебін түсіну қиын-ды. Ал бірен-саран көреген ойлы, түсінігі молдар опасыздыққа қол соқпаса да, жүздеріне таңырқаумен қарап, бетіне түкіре алмай, іштей мүжіліп тынатын-ды. Үрейлілер топ-тобымен жиналып, бір-бірін қуаттап, орағыта сөйлеп, қол соғып жатады. Шәміл оқыған-тоқығанын, елде жүріп көріп-білгенін жүйелесе Сарбиенің сары желі ерте замандағы пенделер тірлігін жеткізер ме? Талай батырдың жаны, рухы тірі жүр. Адал жандардың түсіне еніп, болашағына нұсқау белгісін беретіні баршылық. Бұл өңірге адамдар сармат дәуірінен, тіпті одан әріректен бе қоныстана бастаған сыңайлы. Адамдар жер бетіне бірінші аяқ тигізгені Афри­ ка болғанға ұқсайды. Ниеті бұзықтар жақсылық көрген жерін бүлдіруге, қиратып талқандауға әуес келетіні байқалса, Африканың сапырылысқан халқының тарихта көрмеген теперіші бар ма? Ала бөтен арам ойлылар дар­ хан мінезді, көңілі дариядай жомарттарды бұқтырып, обал-сауап дегенді елемей, жүнше түтіп жатпай ма? Жаз­ ба деректерде Африкамен еуропалықтар 1500 жылы та­ нысып, білісіпті деседі. Ал одан арғысына күмәнданады. «Бабыр мырзаның шағатай тілінде жазғанында қазақтың сөзі бар» дейді орыс тарихшысы О.Ю. Сенковский. Бұған қайран қаламыз ба, қайранбыз. Қазақтардың алғысының бірі: «Жақсылыққа үйір екенсің, жер тұрғанша тұр!» деп бата беруі де тегін емес. Ал Левшин жазбасында «Каспийден – Алтайға, Оралдан – Тянь-Шаньға дейін қазақ рулары» десе, Міржақып Дулатов Арыстан патша зама­ нында 400 мың әскері болғанын айтады. Әскер болғасын, демек, іргесі берік мемлекет қалыптасқаны даусыз. Та­ рихты алдау қиын, алдағысы келетіндерге қарсыласуға да шыдам керек. Тілін безеп орайсыз сөзді орғытып оты­ ратындар қай кезеңде болмады дейсің. Пікірлерді ай­ нытпай қайталап ойлап көрсек, 940-1020 жылдары өмір сүрген Фирдоусидің тарихи жазбасында қазақ жұрты болғаны, олардың хандары болғаны, билік құрғаны кездеседі. Соғыса кеткенде алдымен найза ұстаған, әскери

құрамында қыпшақ, керей, дулат, наймандар болған. Осылар Айса пайғамбардан бұрын өмір сүргені ықтимал. Еділ-Жайық, Жошы елі, Жошы ұлысы аталған халықтар өмір сүрген дегені бұрынғылардың тарихын көзімен көріп, жазбаша қалдырғаны ғаламат емес пе? Сарбие жөнінде жұрт бар білгенін құлазыған көңілін көтергісі келіп: «Бірінші ғасырдағы екі иығына екі кісі мінгендей бабала­ рымыз болыпты, түске еніп, неге ұсақталып барасыңдар деп ұрысқанынан шошып ояндым», – деп әзілдеп, мысал­ дап отыратын. Шәміл Сталинград майданында жүрген әкесін, оның замандастарын жауын жапырып бара жа­ татын батырлардай сезінетін-ді. Қызыл іңірде батыс жақ қып-қызыл өрт боп көрінетіні – Ойыл өңірі Сталинградқа пәлендей қашық емес қой. Сол өрт ішінде ерлік жасау ба­ балар рухының мықтылығы, ендеше неге ұсақталады? Түс қой. Дегенмен бұл тегін емес. Рухтың сұрауы ма? Әлде пендені жаратқанның жебеуі ме? Тірлігі игілікке толы пен­ де неден жазықты? Адам бағыныштылықпен құлшылық еткен сайын, бірін-бірі жақсы көріп ықыластанған сайын, кең пейілі дархандыққа толған сайын жақсылықпен неге жарылқана алмайды? Неліктен? Кенет төсегінде терезеден түскен жарыққа құмарта қарап жатқан Шәмілдің ойына ой түсті. Әлемде құпия көп, білгенінің бәрін миына қабылдап, ұғынғысы келді. Соғыстан бұрынғы жылда­ ры Жақсыкөл елді мекеніне жарқыраған үлкен табақтай, көлемі киіз үйдей түсініксіз бірдеме қонып, ішінен түскен әйел Барбол деген шопанның далаға шыққан жігіт бола бастаған баласымен қой қорасының түпкірінде құшақтасып, некелі адамдардай біраз жүріпті. Ақырында содан ұл бала дүниеге келіп, оны әлгі әйел тастап кетіпті. Бет-бейнесі адам шошырлық, екі көзі тостағандай, оның өзі құлағына жақын орналасқан, үйрек тұмсығы иегімен бітіскен, ауызы, тісі түсініксіз сол жігіт соғыстан кейінгі жылдарда Жекенді өзеніне қой тоғытып жүргенде суға кетіп өліпті. Қазіргі ұшқыш тарелка дегеніміз сол болса, ерте дүниеден орныққан Ойыл өңірін басқа әлемдіктердің зерттегісі келгені ме? Шәміл жүрегін түрткілеген жұмбақ құбылыстардың сырын білу қиын екеніне басын қатырғысы келмеді. Десе де археологтар Қарауылтөбеден

ерлі-зайыптының қаңқасы екі жарым метрге дейін жететінін теледидарда көрсетіп қалды. Сонда басқа әлемдегілер Ойыл өңірінің тарихын зерттегісі келгені ме деп таңғаласың. Қисық ағашты тез түзетеді, қисық адамды көр түзетеді деп, бұл дүниеде болмаса, о дүниеде жаның азаттыққа жетсе, пенде тілегінің орындалғаны болар. Тірі жанға бұйыратыны тартыс, арпалыс шығар. Қалың ел не көрсе де, нені білсе де жұртқа дабыра етпей іштен тына­ ды. Кезең солай. «Ой түпкіріндегіні анықтап білудің ауыр мезгілі-ай», – деп күбірледі де Шәміл нағашысын есіне алды. Қазақ «Адамның үш жұрты бар, туған жұрты – міншіл, қайын жұрты – сыншыл, ең абзалы – нағашы жұртың» деседі. Неткен ғаламат тәртіп, тәрбие! * Керей айтқан сұм-сұрқиямен арпалыс, тартысты нағашым Дүзелбай Жұмабайұлы аз тартпаған еді. Түрлі құжат, деректерін Атыраудан іздеді, тапты. Атырау об­ лысы бойынша жиырма төрт байдың бірі болып мал-мүлкі тәркіленген екен. Белсенділер, қызыл жағалылар қара мылтығын шошаңдатып: – Мал керек пе, жан керек пе, қансорғыш? – Мен де өкімет адамымын, қансорғышқа теңеме. Қансорғыш маса, сона, таскене болады. Әр нәрсенің атауымен айтпайсың ба? Жұрт қатарлы малымды ортаға беріп жатырмын, қарсылық көрсетуден аманмын. Әрине, со­ нау сармат дәуірінен бастап бабаларымыздың босағасына біткен байлықты өзің болсаң көзің қияр ма? – Енді бәрін де о дүниеден табасың, Құдайыңа сыйына бер. Діншілдігің мықты деседі. – Асқақтамай абайлап сөйле, дін – ғылым. Лениннің «Оқы, оқы» дегені де сол ғылымды құрметтегені, білгені. – Құдай жоқ, дін жалған деді ғой. – Басқалардың қосып айтқаны шығар. «Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады» деген Хазіреті Әли. Өзің тірімін деп діңкілдеп, мылтығыңды шошаңдатып сүкініп тұрсың. Ұйқыдағы адамдар көбіне не айтып, не қойғанын білмейді. Көрген-баққаны ұрып-соғу, тауалы қайтқан

әлсіздің дүние-мүлкін тартып алу. Қиянатына арлануды да білмейді. – Кеңес өкіметінің адамы қиянат жасауды білмейді, жаңа қоғам, кедейлердің мемлекетін құрып жатқанымызды білесіз бе? – Білгенде қандай, баскесер дейсің бе, қолшоқпар қанішер дейсің бе, осы тәрізділерді түсініп болдық. Ал енді мал-мүлкімді қарсылықсыз алдыңдар, жанымызға тиіспеңдер. Біз де қоғамның адамымыз. Тірінің ісі Аллаға аян. Лұқман сүресінде «Күмәнсіз Алла Тағала барлық нәрсені толық естуші әрі көруші» депті. Әкелеріңнен, аталарыңнан ондай сөзді де естіген шығарсыздар. Бүгінгі еліргендер бұған қанша қайран қалғанымен, о дүниеде бәрі алдарынан шыққанда қатесіне өкінеді, қиянатынан қорлық көреді. Адам екенсіңдер, адамды қорғауды ойласа, қорлауды ұмытса дейсің. – Атақты байсың, 824 бас малың болды, алтын, күміс бұйымдарың өз алдына. Құлдарыңды қорлаған жоқсың ба? Екі әйелің бар екен. – Бірін әкем әперді, екіншісін өзім сүйіп алдым. «Сүймей алған сұлудан сүйіп алған сумұрын артық» деп екеуі де жарыса туып, өкіметке адам өсіріп отыр. Мал – бір жұттық, адамнан артық байлық бар ма? Қазақ әйелді сыйлаған, бірі де зәбір көрген жоқ. Қарауымдағы халқым – бәрі де туған-туыстарым. Малдың арқасында ішпесті ішті, киместі киді, Араб, Парсы, Үнді, Иран, Грек және басқа елдермен сауда жасады, өнер, оқу, білім қатынасын жалғастырды. Кімнен кем өмір сүріпті. Өздерінен сұрап біл. Ақымақ болып қалған бірі жоқ, – деп Жұмабайұлы ау­ зын жиып болғанша үш жігіт кіріп келеді. Қара мылтығын қозғап қойған шықшыты шығыңқы, салпы ерінді милиция әлгі үшеуіне тесірейе қарап: – Мына бай қожаларың еңбектеріңді елемей, қақтарыңды жеп қан қақсатыпты ғой. Сол рас па? – деді үстемсіп талтайып тұрып. – Дүниені билеп-төстеп тұрғандай сұрақтарың айдап салу ма? Осындай да айлакерлік, зәлімдік болады екенау. Бір қазаннан ас ішіп, бір жайлауда бірігіп малымыз­

ды өсірдік. Байлығымыз бәрімізге ортақ. Кеңес өкіметі барлық малды түп-түгел алмай, қырық шақты үйміз, еншімізді заңдандырып берсін. Ортаға жинаған малды да өсіретін адам керек шығар. Ұзын құлақ сөзіне қарағанда, малды жинап алып, сойып Мәскеуге жібереді деседі. Ал Жұмабайұлы Дүзелбай болса қарауындағыларды өзінің ішінен шыққан балаларынан кем көрген жоқ. Біз үнді еліне дейін барып өнерімізді танытып, керек-жарағымызды алып тұрдық. Қайсыңның ағаң ба, әкең бе үнді еліне барып па? Екі милиция сөзді естімегендей саусақтарын сипап, пұшайман күйде үнсіз қалды. Бар тапқандары тәркілеудің қағаздарын толтырып, шаруашылыққа ұйысады деген басшыға бір жапырақ қағазды есептеп берді де, Дүзелбайды қара машинаға отырғызып, Атырауға әкете барды. Дүзелбай балаларын бетінен сүйіп, ағайындарына «Бақыл болыңдар» деп ұзаққа кететінін білдірді. Әкесіне ілесіп Меккеге екі рет қажылыққа барған сайран өмірі, халқына жасаған жақсылықтары өңірдегі қабырғалана сусып көшкен құмдай бірте-бірте ұмытыларын іші сезеді. Бақас адамдар үдеп, басынудан ел жүдеп, мүкі-тақы тірлік ажалға тіреп қояр деп өкінді. Көкірегі күмбірлеп дұғасын оқып, «Мен ажал жетсе өтірік өлем, ұрпағым қалды, елге сіңірген қызметім қалды, Алла жолына арнаған ісім қалды» деп ойлайды. Қызылқоға ауданының құм белдеріне дейін қимай қоштасқандай болды. Бір кез­ дескенде айтқыш Керейдің: «Саясат – дауыл-құйын, оның саябыр табарын өзің көрмесең де, ұрпағың көрер. Адам – құйынның тұтқыны, сілейтіп тастар мықтыны. Беталды бұрқылдамай, ақырын күтіп, ауыздан аңлаусыз сөз шығармаған жанын сақтар, бәлкім», – дегені көрегендік екен деп жорыды. Ауданнан тұтқындалған Байтілеу Көмесаев, Демеу Меңдалиев, Әлжан Игіліков, Жұмағұл Жұлдызов, Бабас Елубаевтар 1928 жылдың 27 тамызындағы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдардың шаруашылығын кон­ фискациялау мен жер аудару туралы» декреті бойынша мал-мүлкі, байлығынан айырылып, отбасымен бірге жер

аударылып кете барды. Дүзелбай сол кеткеннен Петро­ павлск қаласында табаны күректей он жыл жазасын өтеп, өкіметке тегін қызметін атқарып, Қызылқоғаға үлкен ұлы Оңғардың қолына оралады. Өкініші көп, қуанышы аз, ештеңені жасырып-бүкпей ашық сөйлесуші жоқ, өлгені көп, көптің бірі болып еленбей жүруші жетерлік, сақау адамдай сорлылардың бар арманы жазадан құтылу ғана. Жазалылар тірі жаннан жақсылық ықыласын күтпейді, басшының үнін тыңдайды, ымына дейін түсініп, атқаратын жұмысын біледі. Дәрменсіз, кәдімгі ұйқыдағы өлік тәрізді тіршілік Дүзелбайды қажытса да ақтарылып ештеңе айта қоймайды. Көкірекке қатқан мұз, ыза белгілі бір уақытқа дейін бе, әлде басы жерге жеткенше өзінің денесімен қара жерге бірге сіңе ме, бәрі белгісіз еді. – Кедейлердің өкіметіне байдың керегі жоқ, көзіне көк шыбын үймелеп, байлықтың рахатын көріп едің, енді ажалын көресің, – деген тергеуші куәгерлер сөзі ұмытылмайды. – Өкіметтің халыққа беремін деген азаттығы қайда? – О дүниеге тездетіп барсаң азаттық емей немене? – деп қызыл жаға өлтіргенінше асығып еді. «Сонда рахаттанып күліп тұрып, «Қазақ өлер жеріне дейін күліп барады» деген едім. Солар аман келгенімде ұялмады ма екен?» – деп Дүзелбай жәй жымиятын да қоятын еді. Қиындықты күліп жүріп жеңгеніне ештеңе теңгермейтіндей болатын. Күлгенің – өмірің, тірлігің, дұшпаныңа сесің деп түсіндіргені есте. Ауылдасы Сағи Ермұхановтың өлең жолдарын ойына оралтты. Уақыт өтті, күлдірсін! Жақсы, жаманды кім білсін. Ел ортасында жүргенді Аман-сау деп бір білсін. Тәсі қайтып зәлімнің, Ішін өртеп күйдірсін! Әттеген-ай, арамызда Жүргендер бар көлгірсіп. Досым, досым, дос кісі, Таңменен күліп жүрмісің?

Тірлік толған күлкі, Түсінбей қалма білгішсіп, – дегеніне сөзді қадірлей білетіндер тоқтайтын еді. Рас, адамдар көбіне-көп өзін аңғара алмайды. Бағдары әлсіз, болжауы мәнсіз. Кісіліктің сан түрлі қасиетін түсіне ал­ май, бұлыңғыр сезімнің жетегіне еріп, кескін-келбетін өзгертіп, әуре-сарсаңмен бейшаралық күйге түседі. Қалың тобырдың мақсатын алдын ала түсіну қайда, алтыншы сезім, үшінші көреген көз жүйелеуді ұмытады. Көзді ақ шел басқандай түк көрінбей, түнектенуге арсыз шайтан кіріседі. Шайтан не үшін жаратылған? Елді адастыра­ тын ондай азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа бара­ тынын біле тұра ол неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді? Алланың құдіретімен шайтан да періштелердің арасында болса да Алланың сынағынан қатты сүрініп, бұйрықты орындамай, нағыз қырсық шалған, нәпсінің құлы болғандықтан қуылды. «Шайтанның азғыруына ерсең, басыңды жұтарсың» деген қазақ. Соған қарағанда шайтанның зұлымдығы арқылы адамдар сақтана білуге, жақсылық жолдан ауытқымауға, ой-санасының кемелденуіне, жан тазалығын сақтауға мүмкіндік туды. Кеңес өкіметінің бірден саясаты дінді жоюға бағыт ұстағаны шайтанның түрлі зұлымдығын нажағай ойнай­ тын сұсты қара бұлттай түнеріп, халықтың басына қалың нәубет зілін салды. Пендені түрлі қасірет шегуіне еріксіз мойынсұндырды. Үрей көз аштырмады. Сол тергеушіге Дүзелбай: – Пендені тергеп-мінеу оңай, ертеңгіні болжау қиын, қазақ «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» деген. Оны құлағыңның тосабы болмаса естіген шығарсың. Абай бол, – деген. – Ақылыңыз өзіңізге, ондайды тыңдамаймыз, біз ком­ мунизм адамымыз. – Кім болсаң да жаратылысты ұқпай ма екен? – деп Дүзелбай күңірене ойланып, тарттыратын жазасын күліп отырып, қабақ шытпай қабылдауды ұйғарып еді. Қызылжарда өзімен жылдастар да табылды, сырласатын жазалылардың тілектері бас амандығы еді. Өндіріс

орындарының құрылысын салуда күн-түн қатып жұмыс істеді. Ресейден жер ауып келген кулактармен де сөйлесті. Олардың қолында мал-мүлкін тәркілегенде ал­ тын бағасымен сәйкестендірілген рубльге шаққандағы қаражаты көрсетіліп, акт берілген. Иван Сергеев де­ ген кулак кісі жатырқамайтын, адамдармен жанасып сөйлескісі келіп тұрады екен. Сол айтып еді: «Ажалдан бәріміз де қорқамыз. Ол түсінікті ғой. Егер өле кетсек адал еңбекпен жиған байлығымыз ұрпаққа бұйырар деген үміт бар, тәркілеудегі түрлі құжатты балаларыма мұқияттап түсіндіріп тастадық», – дегені бар-ды. Ал Дүзелбайдың қолына түк құжат берген жоқ. Байлығынан біржола тоналғаны ма? Шынымен ақ адал байлығы ит-құсқа жем боп кете бере ме? Жиған-тергенін бұйыртпауды қазақтың маңдайына жазған ба? Саясат та, өмір, тіршілік те алма-ке­ зек ұйытқып, бірде қазанға салған тарыдай қуырып, бірде шыққан күндей жадырап қалмаушы ма еді. Ей, тыртысып жан беріп, жан алып жиған мүлік, байлық қайда қалмаған? Жартқаннан тілейтінім, ұрпағым шайтан мінезділерге қысылып-қымтырылып көзін сатпай, жағынып, табынбай өмір сүрсе екен. Билік басындағының табалдырығын тоз­ дырып жағымпазданбаса екен. Ерлік мінезбен көкірегін ешкімге бастырмаса болғаны. Әй, қайдам. Көзге түскенін қолма-қол ұстап, байдың тұқымысың деп итсілікпелеп зәбірлемесе өз тірліктерін көрер еді деп ойлануға да мұрсат бермейтін қызыл жағалы діңкілдеп: – Тездетіп жұмыс істеңдер! – деп қызынып дауыстап жатады. Сілесі қатып құлағаны болса тепкінің астына алады. Жазалы адамдар өлсе де, оны қорлаудың шектен шыққанын көрсетсе де ешкім тергеп, тексеріп жатпай­ ды. Өлгендерін бір шұңқырға лақтыра салады. Әркімнің күйініш, күйігін, жәбір-жапасын ешкім елемейді, бәрі сұраусыз. Бүкшеңдеп жүріп тапсырған жұмысын атқарасың. Осының бәрі өлгенінше санасынан өшер ме? Тұтқын, жазалы, тыныш ұйқы жоқ, күлкі жоқ. Көз ал­ дында сұлап жатқан өлі денелер, біріндеп тулақша сүйреп әкетеді. Аяныш сезім жойылған, қанталаған көздер оларға ештеңе айтуға болмайды. Адам құнсыз. Соның бәрін елге келгесін Дүзелбай ұрпағына да айтып олардың жаны-

на жара салғысы жоқ, көрген, баққанын жүрегінде сақтайды. – Ақтарылып айтса шері тарқар еді. – Жоқ, олай емес, ешкімді шошытқысы келмейді. Өзінің өмірі, өзгеге білдірмеуге шыдайды. Жазалы болғанда көргендерін қылқылдап сұраса, «Жұртпен бірге жұмыс атқардық. Әр түрлі істі, шаруа­ ны меңгердік, ол жаман ба?» деп Дүзелбай өзінің қанына біткен тазалығынан тынбай. «Болаттай беріктік, мінез сынбайды. Өлгендер тіріліп, өмір сүретін мезгіл келер де­ ген айдауда жүргендегі үмітін жоғалтпайды. Қаншалық қорланса да, қаншалық зәбір шегіп, жүрегіне кек мұз боп қатса да от-жігер төзімділігін танытудан жаңылған жоқ. Алла жолына адалдығын сақтады», – деп Шәміл жанжүйесін босатты. * Дүзелбай кіндік қаны тамған жерге, қайратының ба­ рында айбатымен кедейлерін үбірлі-шүбірлі етіп теңестірген еліне келгеннен бері ұйқысынан ерте оянады. Ара­ да өткен он жылда біраз өзгерістерді байқады, лақтырған таяғын әкеле алмайтын сорлылар атқа мініпті. Жалпыл­ дап шауып, бір қолымда мылтық, бір қолымда кеңестің мөрі деп жер астынан жарып шыққандай зікір салып жүр. Көздері аспандап, көкірек желі дауылдатып, екі иығын жұлып жердей ащу шақырып, «Жаусыңдар ма, жұмысқа шығыңдар» деп ақырып сөйлейді. Ешкімнен жасқанбайды, тым тасынып кеткен. Өйткені қарсы тұрғанның қарасын батырып дәніккен. Ойыл өзенінің тұнық суындағы таңғы самалы ғана жанға жылылық сыйлайды. Басқасы озбырлық қиянат еңсеңді басатын, шындыққа ырық бермей дүрілдеген үрей үдеген мезгіл. Сезеді, көп ұзатпай ізіне түседі. Кіммен сөйлеседі, қайда барады – бәрін аңдуға алады. Жалаланып бұлай тергелсе, әуелгі он жылдан да ауырлап кетеді. Әйтеуір маза бермесі анық. Белсенділердің аужайын байқады. Көрдім, білдім деген көп сөз, қылмысты деуге жарайтын дөп сөз, білмедім деген бір сөз деген жұртта үрейлі ой қалған. Меңіреу маң, 16-0203

айғай-шу, белсенділер қиқуы соншалық дүлейлене түскен. Әлсіз халық мал, егін шаруасын атқарады, үнсіздікпен ымырт үйіріліп, қас қарайғанда жатаған үйіне оралып пеш түбінде қорқыныштан жүрегін тоқтатып, өзіне әзер келіп, аманбыз ба деп бәдіктене күбірлеседі. Бесікте жы­ лап жатқан бала болса, «милиция келіп қалады, үніңді шығарма» деп қорқытып тастайды. Қуғын-сүргіннің зұлмат зілі жас сәбидің де ұйқысын бұзған, ажал арбаған қатал кез. Адамдар үрейі ұшқан кезде абдырап күлуді де ұмытады екен. Кейбірі тілін жұтқандай ерінінің ұшымен аман­ дасады. «Көріп тұрсың, Дүке, біздің жағдай осылай, бір түйір тарының қауызына сый деді, сыйып кеттік. Тіріміз ғой, өлмеспіз әзір» деушілер Қызылқоға аспа­ нын сирек бүркейтін сұсты қара бұлтқа қарап, ләм де­ местен телміреді. Қимас достары неге екені белгісіз, солқылдап жылап, «Сағындық қой, аман-сау келдің бе?» деп күңіренеді. Онысы елде өлімнің аз болмағаны, қуғынсүргінмен сотталғандарды жоқтауының үнсіздікпен білдірген белгісі. Ал белсенділер болса қарсы келіп кезде­ скенде қабағы қатып, әкесін өлтіргендей кектілікпен: – Жаулық ойың жоқ шығар, жазаңды толық өтедің бе? Өліп қалды деп естіп едік. Тірі екенсің. бізге мешает етпе, өйітсең қараңғы үйден бір-ақ шығасың, – деп мықтымсып, пәлені қалай жабыстыруға болатынын, сотталып келген таза емес деуге дайын тұрған арамдығын бетіне тура қарап біледі. Онысы әбден түсінікті. Дүзелбайдың шамалауы со­ лай. Байқаусызда қолға ұстаған айырын немесе күрегін аңдаусызда сындырса, өкімет мүлкіне жаулық әркет деп байбалам салады. Бағымы келіспей мал өлсе, өкімет жауы жасырын барып қарнына қара пышақ сұққан деген сықылды жалалап қылмыс көтеруге белсенділер оңтайланып төселіп алыпты. Көп ойланып, бас қатырып, обал-сауап­ ты ескеріп жатпайды, жатыпатарлары бәкенеден де пәле өргізудің сан түрлі сұрқиялық жолын меңгеріп, шаруалар­ ды бір шыбықпен айдаудың тәсілін әбден игеріп, ешкімнің аузын аштырмайды, тырп еткізбейді. Колхоз шаруасы осылай дамып жүріп жатыр. Басшылар жиындарда «Өмір бақи жетпеген жетістікке жеттік, социализм қара халықты

жарылқады, жасасын Сталин!» деп өтірік-шыны аралас мәліметті пысықайлары толтырып, жоғарыға жөнелтіп жатады. Жазба дерекке иланбай көрсін. Арғы тегі бай болған, құл ұстаған, елді қанаған деп әупірімдеп соттата салу оңайланған. Басшылық Дүзелбайды жылы қабылдай қойған жоқ, оқты көзбен атып, тірі келгенің түсініксіз дегендей зіл білдіреді. Осындай сәттерде Дүзелбай еркін күліп: «Айтқыш Керей «адамды адамның сыйлағаны жақсы, бірақ қорқып сыйлағанға ештеңе тең келмейді» депті. Көкірегімді шалған жазалы деген қылауды адал еңбегіммен ақтармын деген сертім бар еді», – десе түрлене бастаған тобыр түксиген қалпы үнсіз қалып жүрді. Көзге көрінбейтін жау, айқастың белгісізденуі тым қауіпті. – Осындайда адамдардың қатты өзгерісіне, ағайынтуыстың мінезінің мың сан құбылуына жылауға көзіңнен жас шықпайды, есесіне қарқылдап күлесің. Мазақ күлкінің өзі оқтан өткір, түсінгенді жерге тығып жібере жаздайды, – деп Шәміл қиюы қашқан қилы заманды ой­ лап өзінше баға беріп көрді: «Дүзелбайдың туған жеріне, ағайын-туыстарына жаман ойы болған жоқ. Бірақ, қоғамның ықпалымен өзгерген сұм-сұрқиялар тірлік жо­ лын кес-кестеуге әбден тырысып бақты. Кейбірі кергіп тәсілқойлана «Жат жердің тамағы дәмді ме екен, оңалып келіпсің»деп кекете бастағанда «Жақсы адамға қай жерде де бір орын бар және құрметтеліп тұрады, ақылсыз жаманға орын жоқ, тірлігі тар қапас, масқаралап күлкіге айналды­ рады. Өзіңнің түріңді көргенде ішегім түйілгенше күліп қуанып тұрғаным-ай. Менің күлгенім ұйқының батпағына батқаныңды байқап, сезіміңді оятсам, тағы да күле берер едім» дегенде әлгі әрлі-берлі сенделіп, күйіне ойқанып бетімен кете барады. Тіпті кейбірі Дүзелбаймен бірге егін, мал шаруасында бірге жүруге сезіктенетіндей сыңай та­ ныта бастаса, өзінің туған жерінде болған-болмағанын ұмытқандай назалы күйге түседі. Өйткені өмірінде көрмеген сұмдықтарды көріп, жанын қинағаны аздай, елдегі дос-жарандарының да кейбірі жалт бұрылғанына күлкімен ғана жауап береді. Бірде бірге өскен жолдасы Сәдір шопаның үйіне барды. Киіз үйінің алдында төбет итін қыңсылатып ұрып жатыр.

– Оу, не болды, өзгеге әлің жетпегесін иттен өшіңді алып жатырсың ба? – Бұл ит бұзылған, менің үйімнен асқа тойынады да, анау-у ақ боз үйдегі бастықтың інісі шопанның үйіне әдейі барып үреді, – деп басын шайқайды. – Ит иттігін жасайтын шығар. – Неткен жағымпаздық. Күшік күнінен асырап асқа тойындырып бағып, күттім, еңбегімді, жақсылығымды неге ит басымен түсінбейді? – дегенде Дүзелбай оған қарады да: – Итмінез адамдар да да бар емес пе? «Ит те иесіне тартпай тұрмас» деген, елдің иесіміз дейтін ожарлараға бейімделе бастағаны ғой. Ұрып түзете алмайсың, одан да «күшім, күшім» деп күліп қайта тәрбиеле. Қайта тәрбиелеуге көнбейтіндер қалпағын қақырайтып, аяғын алшаң басты. Сөйтіп, Дүзелбай ескі досының қонақасын ішіп, біраз әңгіме-дүкен құрып, өткен өмірлерін еске алып, ішінде жатқан оқиғаларды ақтарып бір жасап қалып еді. Арада біраз уақыт өткесін Сәдір шопанды кеңсеге шақырып бастық: «Сотталған адамды жақсы құрметтепсің, сенің де қоғамға жаулық ойың болып жүрсе жақсылық күтпе!» – деп әмір етіпті. Осындай сұмдықтардан кейін Дүзелбай қарапайым туыс-туғандырыма кесірім тимесін деп буынып, түйініп, жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деп әлденеше толғана ой­ лап, ақыры Қазалыға көшіп кетуге бел байлады. Бірер ағайынына «Мені өледі деп ойламаңдар, Алланың берген жасын жасаймын, басқадай таудай қиындық болса да күліп жүріп жеңемін» деп қоштасты да, ата-баба қорымына ба­ рып дұға тигізіп, туған жер топырағын маңдайына ба­ сып, «Қазалы, қайдасың?» деп тартып отырады. Сәдір до­ сын қимай тұрып: «Ар кірлесе, айыптаушының не керегі бар?» – депті. Басшылардың қауырт қимылдарына, то­ сын тәсілдеріне арымды кірлетпей, ешкімге залалымды тигізбей, жер кең ғой, бір пана табылар. Өлді деп ойлай көрме! * Нағашымның «Мені өледі деп ойламаңдар» дегені еске түскенде Қырым ханы Жәнібек Гирей (1477-

  1. уәзірлеріне әрқашан да жорықта жүргенде «Мен қастарыңда тірі жүремін, өлді деуге қақыларың жоқ ешқайсыңның» депті деседі. Сол сықылды әлдекімдердің қолындағы ойыншығы бола алмай, көзтүрткіден шыда­ мы таусылып, басқа жерге қоныс аударып кетсе де, досжолдастарымен «Әрқашан да қасыңнан табылармын» деп төс түйістіріп, саулық тілесіп, Қызылқоғаның құмдауыт топырағын қимай кеткен-ді. Жанындай сүйген ата-баба мекені, киелі босағасы кімнің көзінен бұлбұлдай ұшпады дейсің. Басқыншылықтың шешімі жоқ қиын түйіні кімді тентіретпеді. Дала толған мұң-шер, қалың қайғы. Құбылай хан (1216-1204) – Шыңғыс ханның немересі ата жұрты Моңғолия мен Қытайға дейін билік жүргізіп жүріп: «Байқаңдар, денем өлсе де, билігім, тарихым өлмес. Шын өлудің де, өтірік өлудің де маңызы, құндылығы, тәсілі бар» депті. Алланың ісін толық аңғаруға кім-кімнің де қабілеті толық жетпейтін шығар. Пенде күнделікті көрген, баққанына риза боп жайбарақат күй кешеді. Осы жағдайға анық-қанықпын деп ештеңені кесіп-пішпес. Үзілмейтін үміт қайда, азбайтын, тозбайтын ақыл қайда? Ақылға ақыл қосатын алғырлық қайда? Жалпы пенде өмірге қаталдау қарап, тапқырлықты, болашақты болжағыштықты нақтылау жағынан кемдік көріп жатамыз. – Жаратқанның жарылқауын күттіңіз бе? – Бәрі де Аллаға аян, кімнің жаны таза, жаны ағарғанның ақтан тілегені елеусіз қалмаған. Егер үмітінен, сенімінен айырылған адам от көбелек боп ажалды да, бейнетті де өзі тілеп алады. Пенде өзін кінәлаған сөзді өз құлағымен естімесе, опық жеп өкінер. Онда тұрған не бар, әркім періштемін деп ойласа да, періште емес. Кейбіреудің қателігі шашынан көп шығар. Өйткені қандай қоғамда өмір сүрсе де жоғарыдан дауылдатқан сұрау түсіп, мазалап жатады, ал төменгілер ақылмен, тапқырлықпен іс атқаруға мән бермейді де, есесіне суайт­ тар мен парақор, жалақор, нетүрлі зәлімдер киіп-жарып пайдалы істің де тас-талқанын шығарады. Ертедегі түріктердің мемлекеттік тәртібінде шонжарлар кедейлерді зәбірлесе, мырзалардың мүлкін тәркілеп, тіпті өлім жаза­ сына кесуге құқық берілген. Қазір де үстемдік иесі кімді

зәбірлемей жатқаны айдай анық-тын. Оны күн құрғатпай алдына арызбен келгендердің түрлі дерегі көрсетеді. Пар­ тия комитетінде қызмет атқарған жылдарында талайдың қорлық көрген оқиғасы көз алдынан өтіп жатты. Бірде кеңшардың дөйт, дүлей айқайшыл директоры шопанды «Дұрыс құрметтемедің, араққа тойғызбадың» деп соққыға жығып кеткен. Бюро талқыға салып қатаң ескерту берді. Одан әлгі басшының ұрда-жық мінезі өзгере қойды дейсің бе? Адам қырық жасына дейін жүрген жолым, тірлік ету дағдым дұрыс десе, содан таймайды. Қазақтың «Ер жігіт қырыққа толып, қырқасына шыққасын ойланады» деуі тегін емес. Ауылда айтқыш Керей жастарға: «Жігіт ата­ нып, қырқадан асқан сайын артыңа бір қарап, өмірден көрген жақсылық пен жамандықты түгендеп, күшқуатыңды жақсылық жолына таңдап-талғап қуалай салып отыр», – дегенін құлаққа құйып едік. Ақыл – қазына миыңа бірден қона қалмайды, арып-талып іздеп табасың. Ұлттық өнеге, қасиетті жанкештілікпен игересің. Иге­ ре алмасаң басыңды тауға, тасқа соғып, өзің қорлық көресің. Көңілдің аласы да бар, шаласы да бар, дәлірек айтқанда, уақ-түйек дейтін кикілжің ірі қылмысқа кей­ де ұрындырады. Осылай ойлайтыны, халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған соң алдына кімдер келмеді. Бірде орта бойлыдан биіктеу азамат есік қағып кірді де, сәл бөгеліп, қалтасынан арызын суырып Шәмілдің алдына тастайды. Шағымның мазмұны нағашы ағасы салып жатқан қора құрылысына көмектеспегені үшін сойылға жығыпты. Оны милиция тексермепті, ауыр қылмыстыларды тергеп үлгере алмай жатырмыз деп кабинетінен қуып шығыпты. – Рас нағашың ба? – Әрине, рас. Туған нағашым. – Оның басқа адамдармен де төбелесетін әдеті бар ма еді? – Басынан сөз асырмайды, жұмырығын түйіп, кіжініп қаһарына мініп шығады. «Іздегенде табылмаған төбелес» дейтін мәтелі бар. – Таяқ жегендері милицияға бұрын шағынып па? – Өшіктіргісі келмей жанынан ұдайы қашып жүреді.

– Жиенім деп жылы шырай көрсетіп, еркелеткен кезі болды ма? – Арақ ішпесе «жиенжан» деп бауырына тартады. Со­ сын «дүкеннен жүгіріп барып бір жарты әкеле ғой» деп жұмсайды. Тілін алмасам, жағымнан бір тартады. Өзі қызық адам, сосын «ауырып кеткен жоқ па?» деп бетімнен сүйеді. – Менің де нағашым бар, кейде ұрып-соққанын қатты сағынамын. – Нағашыңның жұмырығы жұмсақ шығар. Менің нағашым осы сапарда кеспелтек таяқпен ұрып, басымнан қанды бұрқ еткізді. Адамның қанын көрсем шошимын, түнімен көзімді ілмей жылап шықтым. Сізбен ақылдасып, осы арызымды енді сотқа бергім келеді, – деп әлсін-әлі көзін жыпылықтатты. – Көзің неге жыпылықтайды, өтірік айтып тұрған жоқсың ба? – Оллаһии, шыным, – деп тәмпек танауын сипады. – Нағашы-жиендінің, өтірікшінің арызын сот қарамайды. – Енді қайтіп кегімді қайтарамын быдық немеден? – Нағашыңа қарқылдап күліп барып құшақтап, менің ауырмайтын құйрығыма ұруды білмей, дорақ емессің ғой. Ашу шақырғаныңды айтсаң, алдыңа жақындамайтын едім, басымды қатты ауырттың. Ендігәрі өйте көрме, нағашы, жиенім деп басқа біреудің басын жарып, сотталып кетсең, түрмеге тамақ тасып шаршап, қатты қорланамын ғой деп жынды адамша қарқылдап күле бер. Сосын сенің мазағыңды түсініп тиіспес. – Өзі жалғыз нағашым. Анам өліп, тіріліп шаң жуыт­ пайды. – Кім бауырын жек көреді, сенің де бауырың «Енесі тепкен құлынның іші ауырмайды» деп өзіңе елден ұят, нағашысымен сыйыспай соттасып жүр деп, қатар құрбыңның мазағына қаласың. Ондай абыройсыздық жаза сот жазасынан да ауыр. Енді түсіндің бе? – Түсіндім, рахмет! – деп орнынан тұрып күлімсіреп шығып кетті. Шәміл осы оқиғадан соң қорытынды ойға берілді. Өзінің кіндігінен тараған төрт ұрпағына «Ұлтыңды сүй,

адамдарды құрметте, нағашы жұртыңды ардақтай біл» деп шикі жасынан тәрбиеледі. Шындығында, қазақ әйелдері үш жүздің бірлігін сақтауда әлем тарихын­ да болмаған қызмет атқарды. Қазақтың нағашы, жиен, аға, іні, апа, қарындас, келін, ене, әже, ата деген сөздері ешбір ұлт тіліне аударылмайды. Орыстар болса брат, сестра деп өте шығады. Ұлт татулығының мұндай оқиғалары Шәмілге бала күнінен қанық. Жоғарыдағылардың басқарушылығындағы үлкен сәтсіздігі, қалың көптің көңілін суытқаны, тіпті кейбіреулерді өмірден баз кештіргені ұлттың қалыптасу жүйесіндегі құдіретті қасиеттерді елеусіз қалдырып, бірді бірге шағыстырып, үрейлендірумен мақсатты орындаймыз деуі қандай қателік. Сүттей ұйыған татулыққа жік салып, талайды азап­ тандырды. Содан күні үшін біреулері жағымпазданды, кейбірі сатқындықтан есебін тапты. Бас аман болсын деп өмірге қатал, қатыгездікпен қарау қалыптасты. Жалпақ жұрты ойлаудың орнына өзімшілдіктің азғындық мінезі қалыптасты. Ұлттық құндылықты сақтап ұтып шығу ұмытыла бастады, зорлықпен ойдан шығарылған ортақ қазына, жақсылыққа жаппай халық жетеді, барлығымыз бірдейміз деген саясат желі ұйытқыды, бұл ұлттық қадір, қасиетті тіпті де салыстыруға келмейтін еді. Ел айтқыштары «Социализмде бір қазаннан ас ішіп, бір көрпенің арасынан өріп жатамыз, рахатқа батамыз» деп сайқымазаққа айналдырды. Тегін білмейтін тексіздер өзге жұрттан ерекшеленіп, бәрін де саясат шешеді деп желікті. Шындық ұмытылып, жалғандықтың айтқаны екі етілмеді. Жақсылық күткендер жалықты, зарықты, санамен сарғайды. Ақиқат, шындық жоқ деп мұңданды. Одан сайын әлемді шырмайтын жамандық үрейі үдей түсті. Басшы адам қалың қауымның сырына қанығып, алдағы тірлікті болжап, бағдарлап, айтқанын, нұсқауын жұртшылық құлақ қойып қолдады ма, жоқ па зерттеліп жатпады. Бірақ Шәміл өзіне ерекше және қатаң талап қоюы билеушілердің тапсырысын мүлтіксіз орындауы ғана емес, екі иығында тұратын зіл жүрегіндегі мұз-шерге сабақтас еді. Зіл деуі – кейбіреулер Ойылдың азаматы ұқсатпады деуден, екінші иығындағы зіл Ойылдың азаматы алым алады, дүниеқор

ғой деуден қатаң түрде сақтануы еді. Біздің қазақ талай жамандықты кешірер, бірақ тегіне тіл тигізгенді кешіре бермейді. Ал көкірегін кернейтін, бір тыныш таппайтын қайғысы әкесінің өлі-тірісін анықтап білуіне зарығуы еді. Отбасында қанша бала болса да, солардың біреуі әкені ерекше жақсы көретінін балалы болғанда түсінген-ді. Өн бойындағы ізгі мінез-құлық, алғырлық, қабілеттілік, арам пиғылсыз өмір сүруі әкенің қанынан дарыған деп ұғады. Сол игіліктің бәрі алған білімі, ұшқыр қиялымен, еңбекқорлығымен қалың жұрт алдында абырой, атаққа бөледі. Кейде пенденің мың жақсылығын бір жамандығы оқыстан жуып-шайып кететіні де бар. Сондықтан қымқиғаш тірлікте ақиқатын жарқыратып көрсеткенге не жетсін. Игілікті еңбек етіп, мейірімділігінен жаңылмай, қоғам мүлкін, адамдар тағдырын қорғап, сақтауда халықтық бақылау комитеті орасан мол жұмыстар атқарды, заңгерлердің ісін де бір жүйеге келтіруге үлесін қосты. Бірде Бүкілодақтық Минитрактросельмаш министрліктің жобасындағы Қызылордадағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығаруды қолға алған болатын. За­ уыт құрылысын тездету туралы 1980 жылы 6 наурызда №209 санымен шыққан КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің қаулысында көрсетіліп, қаржы бөлінген құрылыстың бірінші кезегі 1981 жылы іске қосылуға тиісті еді. Қажетті 2 миллион сом қаржының 350 мың сомы ғана жетті де, жұмыс мешеулеп қалды. Осындай жауапсыздық салдарынан бір миллион сомның түрлі станоктары ашық алаңда шашылып азыптозып жатты. Мұндай қырзыдықты бақылау комитеті дер кезінде тексеріп, тергеп, Мәскеуге дейін дабыл қақты. Осындай жағдайға назар салып көріңізші, егер уақытында мәселе қозғалмаса, қаржы да, қымбат мүліктер де игілікке жарамай, жауапсыздықпен жоқ болар еді. Шәміл өзі басқарып қызмет істеген кезінде жоғарыдағыдай талай қиын шаруаларды жүзеге асыруға мұрындық болды. Игілікті шаруаның орындалуы мүмкін еместей көрінген көптеген өндіріс орындарының мәселелерін шешіп, сыр­ тынан қуанғандар Ойылдың азаматы деп құрметтеп жа­ татынын да естігенде туған жерінің атағы көрініп, өзінің

абыройы өскендей сезінетін-ді. Өзгелерге көп ұқсамайтын тазалық қасиеті талайдың алғысына да бөледі. Рас, біреулер қатал көреді. Онысы да бар. Өйткені, кейбір пенде жамандығын ой тұңғиығына жасырса да аңғарып қалып, жиреніп, өз отыңа өзің күй деп төтесінен қайырады. Дүниеқоңыздықтың пәлесі де жетеді. Қарнына пышақ айналмайтын қызғаншақтар да табылады. Туа біткен тентек болмайды, жамандықты қуа-қуа еті үйренген тен­ тек болады. Елдегі айтқыш Керейдің: «Бостандық пен еріксіздікті шатастырып, шыншыл тілдінің шырайлы бетіне қарай алмай жүрмесек жарар еді», – деп отыраты­ ны Шәмілдің есіне оралса, кейбір басшының сөзі жасанды, айтқанына есеп бере алмайтынын да талай көріп, білген-ді. Басшының әрбір сөзі ақылға негізделіп, істі зеректікпен байқағыштығы көпке танылса, ешкім Мәскеуге дейін шағымданбас еді. Сосын да халықтың жалғыз-ақ үміті тыныштықты тілеумен тынады. Мұнша торығу ерте ме, кеш пе әрі-сәрі күйге ұшырауы әбден мүмкін-ді. Бірде коммунист шопанды мал басы кем деп аудандық бюро мәжілісінде мәселесін қарамай ма? Бюро қорытындысымен партиядан шығарып, ісін сотқа бермекші. Содан шопан сөз алып: «Айналайындар-ау, шындық малшыға ғана жара­ сып қалды. Басқаларыңа ай дер ажа, қой дер қожа жоқ па? Төрт көздерің түгел отырғанда ойлаңдаршы, ауданнан, об­ лыстан келген өкілдердің бәрінің де машинасының артына бір-бір қой салып бермедім бе? Кәне, қайсың ауылдан тегін қой алып жемедім деп айтып көріңдерші, нанбасаңдар қойын дәптерімдегі кімге қай күні қой бергенімнің тізімін оқиын ба?» – дегенде бюро мүшелерінің бастары сал­ бырап, бір-біріне қылмыскердей жасқана қарап, сәттік үнсіздіктен кейін бірінші хатшы «Бәрің де боссыңдар» деумен тынған кездер де болған. Шындық қылмысқа белшесінен батқанның қандайын да әрқашан аямайды. Халықтық бақылау комитетінің негізгі мақсаты түрлі жамандықтың жолын бірден кесу еді. Шыншылды еркінен айыру зұлымдықтың түр-түрін бойға сіңіріп, жазылмай дертке ұшыратады. Сондықтан да Шәміл асыл сезімін, ар-намысын тек қана адалдықпен көркейте білді, қоғамға да мол пайда тигізді, мемлекеттің игілігіне өзіндік үлесін

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙