TELEGEI

Home

Павел Александрович Флоренский. Ойдың айрықтарында

Павел Александрович Флоренский

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Павел Александрович Флоренский. Ойдың айрықтарында

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы: М. Әшімбаев, кеңес төрағасы Ә. Асқаров, жауапты хатшы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылды Құрасты...

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ОЙДЫҢ АЙРЫҚТАРЫНДА

П. А. ФЛОРЕНСКИЙ

(Аударған С.Е. Нұрмұратов)

Жолдар мен түйіндер...

Құрастырушы өзінің еңбегінің сенімді түсіндірмелісі емес, ол өзінің не жазғанын кейбір мұқият оқырманмен салыстырғанда сенімсіздеу деп айтуы мүмкін. Ол оқырман ретінде алдымен өзінің қуанышты толқуларын және оған қосылған ойларды ұмытып өзінің кітабына сырттай баға беруге тиісті болады. Ойлаған ойдың сәйкес жүзеге асуы үшін соған байланыстылардың бәрін жасаған адамнан туынды туралы мақсатсыз сұрақтар береді. Жазылған нәрсенің ашыла түсуі үшін жүздеген бетті жазған кісінің сенімі бойынша оларды екі сөзбен жеткізіп беру қиындықтар туғызады: олардың барлығына өзіндік таразыға салатын оқырманның өзі түсіндірмелерін берсін. Бірақ егер өзінің кітабы туралы туындыгердің сұрақтары мақсатсыз болса, онда кітапты қалыптастыру барысындағы оның көңіл-күйі туралы сұрау мүмкін пайдасыз нәрсе емес. Ол сөздік тұтастықтың қалыптасқан тұрпатының шығармашылық күштерін қалай іштей сезіне алады, және ол сырттай көрініс беруге ұмтылып тұрады. Бірақ мүмкін сөз стихиясына түсініксіз ендеген сырттайғы бақылау олардың іштейгі көмескі жылтылды тіптен байқай қоймайды. Кітапты жазушы оның мазмұнын емес, мағыналық екпіндерін белгілейді және сонысымен оның форма қалыптастырушы ырғағын анығырақ көрсетеді. Осы жазушылықтың өзіндік сезімдері туралы сұраққа ойдың айрықты салалары туралы жазғандардың жауап беруі тиімді деп есептейді. Міне, оның сөз туралы туындысының қандай болуы жөнінде төмендегідей болып сұранып түр /1/: ...бұл − біртұтас жоспармен толығымен біріктірілген және тығыз жапсарласқан бір ғана баяндау емес, бірақ ол әлі де толық жауабы жоқ және қойылуы мүмкін, бір-бірімен логикалық схемаларсыз байланысқан, бірақ музыкалық үндестік пен қайталаулар арқылы астасқан сұрақтардың гүл шоғы іспетті. Бұл ойлардың қайнауы және қайнаған күшке ие болған ойдың пайда болуы, бірақ ол әзірге өзіне арна таба алмаған күйде еді./2/ Жекелеген ойлардың байланыстары органикалық және маңызды; бірақ олар жайлап қана, көбінесе сұрақпен, олар көптеген, бірақ нәзік сызықтармен белгіленген. Жартылай жабылған, жартылай ізделетін бұл байланыстар кейбір құрылыстардың құрыштан жасалған тіректері мен бөренелері болып елестетілмейді, ал ол ойдан жақыннан алысқа дейін жететін сансыз талшықтар мен жіптерден құралған байланыстардан тұрады. Осындай ойша өрмелердің құрылымы бір сызықты, қатар-қатар келмейді, ол торлы, жекелеген ойлардың жұптасқан шексіз байланысы, сондықтан бұл тордың кез келген бастапқы нүктесінен бір айналым жасап, жолай басқа ойлардың кез келген комбинациясын кез келген бір ізділікпен ала келіп, біз қайтадан соған қайтіп ораламыз. имандық кеңістіктегідей кез келген жол бір өзіне келіп түйіседі, дәл осылай бұл жерде ойлардың шеңберлі баяндалуын алға әр түрлі жолдармен қозғалып, қайта-қайта бастапқы айдауларға ораласың. Бұл ойдың байланысының көптілігі мен әр қилылығы өрменің өзін мықты және икемді етеді, әрбір жеке талаптарға, ақылдың жеке құрылымына бейімделетін және ажырамас болып келеді. Одан әрі айтсақ: бұл торлы өрмеде оның әрбір жекелеген түйіндерінің барлық қатынастары бірден біліне қоймайды және барлық мүмкіндіктер мен ойдың түйінінің өзара қармаулары да байқала қоймайды: және кенеттен торлар арқылы бекітілген түйіндерден түйіндерге бағытталған жаңа тұрғылар ашылады, бірақ ол автордың анық ниетінсіз болады. Бұл − шеңберленген ойлау /3/, неге екені белгісіз бұл ойлау тәсілі шығыстық деп аталатын андаумен баяндау тәсілі. Басқа көптеген түрлермен салыстырғанда оған ағылшын ойлауы көбірек сәйкес келеді, немістер − азырақ келеді, дегенмен Гете, Гофман, Новалис, Баадер, Шеллинг, Беме, Парацельс және т.б. басқаша бағалаудың дәлелі болып аталуы мүмкін еді. Бірақ оған француз ойы мен жалпы романдық ойлау тұтасымен бөгде болып келер еді. Бұл кітаптан esprіt de systeme /4/ дегенді іздеу бекершілік екені анық. Оқырман ешқандай жүйені таба алмайды және оны сұрамай-ақ қойсын; кімге бұл рух ойдың өзіне жоғары болса, онда бұл кітапты тезірек басқа жаққа алып қойғаны жақсы. Ваккенродермен бірге қайталасақ, "Шынымен де, кім қандай да жүйеге сенетін болса, онда ол өз жүрегімен махаббатты қуып жібергені! Сезімдік төзімсіздік пайымның төзімсіздігіне қарағанда көтеру болатын нәрсе: Ырымшылдық Жүйеге сенімге қарағанда жақсырақ. "/5/. Иә, бұл жерде ешқандай жүйе берілген жоқ ... Бірақ ойдың тамырлары туралы төңірегінде көптеген сұрақтар бар. Әлем туралы философиялық ойлаудың алғашқы көкейкөздерінде (интуиция) алдымен қайнау, айналу, құйындар, иірімдер пайда болады, оған рационалдік жоспарлау тон емес және оны жүйеге ұқсатып гримдеуіміз жасандылық болар еді. Егер бұл әр уақытта vatіccіnіum post eventum /6/ емес, яғни ойдың жарық көруінен кейінгі ол туралы айтылуы; бірақ тәртіпті түрде таратылмағандықтан, саналып қалыптастырылмағандықтан, бұл ойдың қайнауы:

... оның әнінің бесік жыры,
Және жерден келген шуылдай
Олардың өзіндік қажеттіктері бар, өйткені олардың мәні өмірдің бастауы.

Олардан соңынан қатты тезистер мұз болып қатып шығады − пайда болған ойлардың иірімдерін зерттеу қажет, өйткені олар өздерінің тікелей дыбыстарында, олардың ашық түрдегі ғылымға дейінгілігінде, жүйеге дейінгілігінде шын мәніңде бар. Оларсыз, ойға дейінгі тереңдіктерден сыздықтап келетін ойдың бастауларынсыз үлкен жүйелерді бір-бір түсіну мүмкін емес, біз өзімізді онсыз түсінбеген болар едік. Мүмкін осылай ұсынылған нобайлар кейінірек қаттырақ, тығызырақ, сызықтау бірлестікке жалғасады, бірақ ол қазіргі тірі байланыстардың жоғалып кетуінің арқасында жүзеге асады; дегенмен ойдың бастапқы адасуы өзінің құндылығына ие болады, ал енді салыстырушылар болашақта білімнің ферменттеріне қызмет ету қабілеттерін жоғалтпайды. Бірақ, болашақта қандай болса да әзірге біз олар езімен өзі болмайынша ойдың жалғастырушы ағындарын құрастыра салуға болмайды, әрине оларды қоса салу қалдырудан гөрі, қалдыру үшін ер жүректілік керек, оның алғашқы көп орталықтығы, болашақсыздығы, кеңістіктік келісімсіздікті біртұтас көзқарасқа келтірілмегендігіндегі жалпы картинаны жасауды аяқсыз қалдырғандықпен салыстырғанда еліктіреді және оңай екені даусыз. Бірақ бұл ол барлық тәртіпті барынша жоққа шығарды деген сөз емес. Ойдың тәртібі органикалық түрде сорылып кетеді; дегенмен авторға оның түсінігінде ол өзінше болмаған жағдайында, ол оның өз замандастарының түсінігіндегідей болмаған жерде схеманы қинала ойлап табу ақылдың тіршілігіне зорлық мен философиялық шынайысыздық іспетті. Әйтеуір тәртіп болса екен деп оны ойлап таба салуға болмайды ғой... Сонымен, бұл жерде біртұтас құрылым берілмейді, тек нақты философиялық пайымдаудың, Гетеның рухындағы философиялық антропология болатын нақты метафизиканың кейбір түйіндері бекітіледі. Позитивизмнің қабыршағының астында пісіп жетілетін ол пайда болғанда, онда ұсынылған ескертпелердің кейбірі артық болмауы керек. Егер әлсіздікке берілсе, онда, тіптен, жақын маңдағы аяқталуға дейін әзір алыстау, білімнің толықтығының мүмкіндігіне және оның әрі қарай асып түспейтіндігіне сендіру қиын. Қазіргі кезеңде әзірге логикалық тұрғыдан келісімге келмейтін және бір-біріне бөтен сияқты жекелеген қырлардың соңынан қандай бірлестіктерге келетінін ескермеу мүмкін емес. Біздің ісіміз − алғашқы көкей көздеріміздің иірімдері аңғарғандарды бір жерге қуып келіп ұқыптылықпен нақты ойларды жинақтау, яғни дерекке сенімді серік болу. Бұл қордалану − біздің немерелеріміздің философиялық антропологиясына жол. Ежелгі аңыздың айтқаны шынжырдай шырмалғанда жалпы адамзаттық тәжірибесі толығымен ақталады. Бірақ /7/ схеманың логикалық бірлігі жоқ жерде басқа бірлік естілуі мүмкін, яғни ол жайдақ төселген және іштейгі байланыссыздықтың кембағалдығын және шашырап жатқан түсініктерді түгімен жасыратын теп-тегіс жоспарға қарағанда салыстырмасыз байланысы мықтырақ, өмірлік тереңдеу болып келеді. Оның ырғақтық бірлігі алыстағы жағалауға соққан толқынның шуылындай дауыс шығарады. Тақырыптар кетеді жөне қайта оралады және содан соң қайтадан кетеді және сосын қайта оралады, сөйтіп, өрі қарай әрдайым күшейе және байи түсіп, әрдайым жаңаша мазмұнмен және өмір нәрімен толыға түседі. Тақырыптар бір-біріне жүгіріп келеді, бір-біріне жетіп алады, бір-бірін итеріп тастайды, сөйтіп айтылып болып өзінің орнын басқа жаңа тақырыптарға береді. Бірақ жаңаларында ескілер, болып кеткендер дауыс береді. Әзірге естілмеген дамуларда пайда болып, өзара әр қилы астасып олар ағзаның өрмесі сияқты әр түрлі болып келеді, бірақ біртүтас денені құрайды: сөйтіп тақырыптар диалектикалық тұрғыдан өзінің байланыстарымен алғашқы аңдаудың бірлігін ашып береді. Тұтастықты құрастыруда әрбір тақырып қалайда басқа тақырыптармен байланысты болады: бұл өзара өтетін тақырыптардың ырғақты байланысы іспетті. Бұл жерде ешқайсысы жетекшілік етпейді, ешқайсысында бастапқы қайнар көзді іздеуге болмайды. Тақырыптартар бұл жерде қатар-қатар орналасқан жоқ, оның әрбір саласының more geometrіco/8/ дегені алғашқысынан туындайды. Бұл әрдайым бір-бірін қолдаған және әңгімені өзара бір-бірімен жүргізетін достықтағы қоғам. Байланыстық қатынастары бұл жерде көп түрлі, формалді қатынастарға қарама-қарсы. Бірақ, автордың ұмтылатын ойдың ырғағы көп түрлі және көп қырлы болып келеді және дегенмен олардың барлығында синархия байқалады. Осыған ұқсас нәрсе орыс өлеңі /9/. Музыкада бұрынғы екі көп дауысты стиль − Жаңа заманның гомофониясы, немесе басқа дауыстарды басып кететін үйлесімді стиль ашылған және Орта ғасырлардың полифонясы, немесе басқа дауыстарды бір-біріне бағындырған контрапунтикалық стиль. Бірақ симфонистер алдыңғы екеуін, оның ішінде орыстың халық әнін алдын алған үшінші стильге жатады. Адлердің терминологиясы бойынша, бұл гетерофония, барлық дауыстардың еркіндігі, бағынуға қарама-қарсы олардың бір-бірімен байланысы. Бұл жерде барлық уақытқа бекітілген, өзгермейтін хор "партиясы" жоқ. Хордың жаңа айтушысы келгенде оның әрбір айтушысына сәйкес келетін жаңа варианты пайда болады... Бірлік сыртқы ауқыммен емес, ол орындаушылардың ішкі өзара түсіністігімен орнайды Хор бөлектенген немесе жалпы унисоннан көп дауыстылыққа өтудің толық еркіндігі сақталады. Халық музыкасы контрапунтикалық стильдің готикасының қатып қалған қарама-қарсылығына қарағанда пайда болған сезімдердің таусылмас мұхитын қамтиды. Басқаша айтқанда. Орыс әні славянофилдердің орыс жұртшылығын арқа сүйеуге шақырған сол хормен байланысты бастаулардың жүзеге асуы деуге болады. Бұл юридизмге қарама-қарсы феократиялық синархия/10/. Орта ғасырлық батыстық пен Жаңа заманның ағартушылық абсолютизмі − ол империализм немесе демократия болса да олар үйлесімді стильге сәйкес келеді. Философияда бұл жерде автор орыс халқының жаны өлеңде жырланатын нәрсе келтіріледі деп айтқысы келеді / 11/. Бір мақсатқа бағытталған Summa беттерінде жазылған философиялық ұғымдардың жүйесін емес /12/ және қызметтік дүниелерді емес, ол бірақ тақырыптардың еркін "шығармасы" ретіндегі барлық ойлау өрмесінің қабатталуын білдіреді. Егер құрастырушы бұл жерде неге бұндай бақылаудың ауқымы байқалады деп мәселені кейбір кезде еркін түсіндіре алмайтын болса, немесе қанағаттандыратын жауапты таба алмайтын болса, онда ол оның бүл мәселелерді тастап, оны басқа жаққа итеріп тастады деген сөз емес. Жақын арадағы өткендегілермен салыстырғанда барлық тіршілік иелеріндегідей соңғысының тұтастыққа деген көзқарасы барлығын анықтайды ... "О, грамматик! Менің жырларындағы жолдарды іздеме, олардың түйінін ізде." /13/. Бұл ақынның өзі берген Поль Клодельді түсінудің кілті. Фарадей мен Максвелльдің еңбектері, Пиндардың одасы немесе каббалистика кітабы ойлаудың жүйесіне кіруге талаптанған адам оны мықты ұстауы керек/14/. Осы жерде ақынның сөзімен ойға байланысты төмендегілерді келтіруге болады: "Ол бірден барлық жағынан ақырғы мақсатқа қарай барады: бір жолмен аяғына жетпей-ақ оны тастайды және басқа жағынан екіншісін алыстан сол бағытта іздейді, өйткені орталық ой жалпылама шеңбердің радиусының ішінде орныққандай, бірақ оқырманның ойлары айтылмағандар арқылы жеткізілмейтін ұмтылыстар болып көрінеді және біртұтас күн барлық жолдардың аяғында кенеттен жарқ етеді жөне ол шағылысқан санаға жол болып көрінбейді, оның орнына ортаңғы жалынның сәулесінде әсер қалдырады" /15/. Барлық мәселе − ол ойлаудың объективтілігінде: танымның пәні жолдармен және дәлелдермен конструкцияланбайды, сондықтан субъективті ойлаудағыдай олардың ішінен қол жеткізілмейді, бірақ, керісінше, ол өзі талданған болмаса да басынан ойдың тірегі болып қызмет етеді және жолдар түйіндерден бастау алады. Олар шексіз көп болуы мүмкін, бұл − танылатын шындықтың ойыны; бүл жарқырауды ойшыл қадірлемейді, бірақ кейбір ойын шындықты саналы игеру үшін, шындықтың формасын түсіну үшін қажет. Ойынды шақыру − бұл танымның тәсілі болып табылады. "Кез келген тәсіл ырғақ", − дейді Новалис /16/ жөне шындықты игеру танылатынның ырғағына жауап бере отырып рухтың ұрғақты соғуы. Басқаша айтқанда, танымның тәсілі танылушы арқылы анықталады және кітаптың органикалық баяндалуында оның пәнінің органикалық формасы айтылады. Сондықтан шығарманы пәнге қарама-қарсы қою қиын: бұл біршама сипатта − белгілі шығарманың пәні не екенін музыкада сөздермен жеткізу қиын, ол түр мен мазмұнның қарама-қарсылығы мағынасындағы музыканың "формалділігінен" емес, олардың тығыз байланыстарының арқасында, сондықтан ол өз пәнін тікелей баяндаудан басталады және олардың арасына ешқандай аралық сөздерді қоюға болмайды. Бұл жерде ойдың бастауларын айқындау әрекетінде пән немесе түйіннің түйіні болып ең органикалық бірлік немесе платондық-аристотельдік идеализм мағынасындағы форма көрініс береді. Ол дегеніңіз − Ортағасырлық реализм /17/ және Гете, ол дегеніңіз басқа қырында Шеллингтің нақты идеализмі немесе Новалистің магикалық идеализмі, ол дегеніңіз басқа қырында қазіргі заманның витализмі және т.б. Әрине, ойдың бұл ағымдары бірдей нәрсе болып табылмайды; бірақ жазушының ой қозғаушы күштеріне бойлауға әдеттенген жан үшін жоғарыда аталған ойлар бір ғана тасбедемен қоректенетіндігі және бір ғана күнге ұмтылатындығы әдейі түсіндірусіз айқын. Бұл тарих бойында таусылмайтын ойшылдар тұқымын өсірді, бірақ ойлардың сәйкес келетін қоймасы бірде биіктегі шырақта лаулап жанды, немесе асыл ой ілімі ретінде жасырынды, тығылды. Жоғарыда аталған есімдер − тек бұл философиялық қанның аты шыққан және даңқты өкілдері, бірақ оларға ұқсастарды көптеп келтіруге болар еді. Ресейде бұл ағым негізінен Шеллингтен қоректенген болатын және қазіргі кезеңдегі форманы қорғаушыларды тексіз деуге болмайды, бірақ олар орыс шеллингшілдігінің орнықты идеялық дәстүрлеріне ие болған /18/. Сөз соңында, қазіргі барлық ой, жалпы да, арнайы да − психологияда, биологияда, физика мен математикада, сез бен тарих жайлы ғылымдарды айтпағанның өзінде нақтылықтың шығармашылық бастауы ретіндегі формаға қарай бағытталып, анық қалыптасуда және ойдың тарихшысына аналитикалық дүниетанымның болып өткен дағдарысы және платон-аристотелдік-гете-шеллингтік генеалогиялық ағашының жаңадан гүлденуі айқын. Түйін ретіндегі бұл форма категориясының маңайында осы кітаптың баяндалуы өрнектелген; бірақ бұл категория оның дайын және аяқталған-есептескен кейпінде қарастырылмайды, ол әр түрлі салалардан көтерілген булар іспетті, бірақ, дегенмен, ол мұқият қарай отырып белгілі бір құрамдағы қоректі өзіне іздеуші. Шығармашылық − тілде, техникада немесе тіршілік иелерінің органдарының құрылысында; тұтастық шығармашылықта көрініс берген түр ретінде; тұлға мен есім оның келбетін қалыптастырушылар сияқты және т.б. − осының барлығы бұл кітаптың түйіндері болып табылады. Олар әр түрлі, бірақ бір нәрсе туралы және бұл біреу мықты Тірек және онсыз жақын ой болашаққа қарай қадам баса алмайды. Бұл кітапта белгілі бір дүниені түсіну ұсынылмайды; бірақ тарихи сананың бетіне шыққан ойдың және оның болашақта шығатын әр түрлі ағымдарының жалпы негізі бұл жерде белгіленгенге жақын ойлау жолдарының міндетті түрде болатыны анық. Тұтастықтың, форманың, шығармашылықтың, өмірдің идеяларының бұл айрықтарынан тарихтың жаңа кезеңдеріне ой өрби түседі.

Түсініктемелер

1. Бұл үзінді барлық жұмыс біткеннен кейін 1922 жылы жазылуы ықтимал. Одан кейін 1918 жылы 8-9 желтоқсанда жазылған мәтін келеді. − 26. 2. Бұл жерде Ф.И.Тютчевтің "Ессіздік" деген өлеңдер шумағының соңғы қатарлары келтіріледі.- 27. 3. Флоренскийдің жазбаларында "Пушкиндегі мүшелену" деген бар және соларда "шеңберлі ойлау" деген зерттеледі. А.А. Томашевский. Пушкиннің шығармашылығындағы күздік толқыныстарды талдау тәжірибесі. − "Пушкиниана". Т.2, Птг., 1916, 196-198 бб. "Шеңберлі ойлау" термині Парменидтен басталады: болмыс шар секілді және болмыс біреу; сондықтан, ой шар тәрізді, шеңберлі. "Ақиқаттың қатты жүрегі оның жетілген шеңберінде" (С.Н.Трубецкойдың аудармасы), "Менің шеңберлі ақиқатымда қорқынышсыз жүрек" (М.А.Дынниктің аудармасы). − 27. 4. Жүйенің рухы (фр). − 27. 5. Ваккенродер В.Г. Об искусстве и художниках. < Размышления отшельника, любителя изящного. М., > 1914, 65 б. <, примечание 15, с. ІX > = нем. Текст, S/ 58. Прим. П.Ф. − 28. 6. Кейінгі санмен көріпкелдік (лат.) − 28. 7. Кейінгі мәтіндер 7 наурыз, 15 сәуір 1918ж. − 29. 8. Геометриялық тәсіл (лат.) − 30. 9. Ю.Энгельдің мақаласынан үзінділер келтірілген. Орыстың халық әні. − "Русские ведомости", 1910. 12 наурыз, N 58, Е.Э.Линеваның "Великорусская песня в народной гармонизации" жинағына рецензия болып табылады.Вып.2. Бұл мақаладан Флоренский Жаңа заманның гомофониясы, Орта ғасырлардың полифониясы және алғашқы дәуірлердің гетерофониясы туралы пайымдауларды алады. Веналық профессор Адлердің пікірінше соңғысы халықтың орыстың көп дауыстылығына сәйкес келеді. - 30. 10. Алғашқы варианттарында бұл жер төмендегідей редакцияда беріледі: "Бұл − теократикалық анархизм немесе теократиялық юридизмге қарама-қарсы орыстың православиялық самодержавие..." - 31. 11. Алғашқы варианттарда бұл жер төмендегідей редакциясы бар: "Бірақ біз философияда Қасиетті Русьтің жаны өзінің әнінде және Христос арқылы құдай берген әке ретіндегі патшаға деген сенімінде айтылатынды айтамыз". Бұл және өткен жолдарды Флоренский цензураның талаптары бойынша редакциялаған. Одан ертеректе төмендегілерді жазады: "Орыс халқының санасында самодержавие заң құқы емес, ол адамның шарттылығы емес Құдайдың мейірімі, сондықтан Патшаның самодержавиясы құқықтық ұғым емес, ол діни сенімге жатады және ол діннің сыртындағы қоғамдық және мемлекеттік пайдалардан шығарылмайды." (Хомяков маңында. Сергиев Посад. 1916, 26 б.) Бұл туралы қараңыз: Аверинцев С.С. Поэтика ранневизантийской литературы. М., 1977. 117 б. − 31. 12. Яғни жүйеленген трактаттарда (мысалы, Ф.Аквинскийдің Summa Theologіae) - 31. 13. Флоренскийдің материалдарында Пиндар мен Поль Клодельдерден композиция келтіріледі: Максималиан Волошин. Лики творчества. Книга первая. Спб., 1914 (Поль Клодель мақаласы). 118 б. Қараңыз: М. Волошин Лики творчества. Л., 1988, 726. - 31. 14. Қараңыз: "Строение слова" мақаласы. - 31. 15. М. Волошин Лики творчества. Спб., 1914, 118 6. Л., 1988, 72 б. - 31. 16. Новалис. Фрагменты. М., 1914, 16 б. П.Ф. жазбаларында: "Кез келген әдіс ырғақ болып табылады: егер кім әлемнің ырғағына иемденсе, онда ол әлемді иемденгені Әрбір адамның өзінің дербес жеке ырғағы болады. Алгебра деген поэзия. Ырғақтық сезім бұ данышпандық". − 32. 17. "Итоги" деген бөлімді де қараңыз, 341 б. - 32. 18. Флоренскийдің жұмысшы жазбаларында төмендегілер бар:

Ресейдегі Шеллингшілдер: 1. Д.М. Велланский (1774-1847) 2. М.Г. Павлов (1-1840) 3. М.А.Максимович (1804-1873) 4. А.Д.Галахов (1807-< >) 5. Н.Д.Курляндцев (1802-1835) 6. В.А.Андросов (1803-1841) 7. А.И. Галич (1783-1848) 8. И.И.Давыдов (1794-1866) 9. Н.И.Надеждин (1804-1856) 10. В.Ф.Одоевский (1803-1869) 11. Д.В.Веневитинов (1805-1827) 12. И.В.Киреевский (1806-1856) 13. А.А.Елагин (1790-1846) 14. М.П.Погодин (1800-1875) 15. С.П.Шевырев (1806-1864) 16. Н.А.Полевой (1796-1846) 17. К.А.Полевой (1801-1867) 18. А.А.Григорьев (1822-1864) 19. М.Н.Кареев (1818-1887) 20. П.Я.Чаадаев (1793-1836) 21. Ф.И.Тютчев (1803-1873) 22. В.Г.Белинский (1801-1848) 23. А.С.Хомяков (1804-1860) 24. И.Г.Михневич (1809-1885) 25. прот. И.М.Скворцов (1795-1863) 26. прот. Ф.Ф.Сидонский (1-1873) 27. прот. Ф.АГолубинский (1797-1854) 28. В.Д.Кудрявцев (1828-1891) 29. Вл.С.Соловьев (1853-1900) 30. кн. С.Н.Трубецкой (1862-1905) 31. С.Н.Булгаков <(1871-1944) > 32. Вяч. Иванов <(1866-1949) > Ресейдегі шелингшілдік дәстүр туралы қараңыз: Каменский З.А. Русская философия начала XІX в. И Шеллинг. М., 1980; Московский кружок любомудров М., 1980. Сахаров В.И. О бытовании шеллингианских идей в русской литературе. − Контекст-77. М., 1978. Сокулин П.Н. Из истории русского идеализма. Князь В.Ф.Одоевский. Мыслитель. -Писатель М., 1913, т.1, ч. І-ІІ. Литературные вечера и салоны. Первая половина XІX в. М.-Л. Академия, 1930. Колюпанов Н. Биография А.И.Кошелева. Спб., 1889, т. 1-й. Ахутин А.В. София и черт (Кант перед лицом русской религиозной метафизики) − Вопросы философии. N 1, 1990, 51-69 бб.-ЗЗ. П.А.Флоренский Пути и средоточия (вместо предисловия) / У водоразделов мысли. М.: Издательство "Правда", 1990. Том 2. С. 26-33, 372-375.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙