Əлемдік педагогикалық ой-сана 1 том
Такир Балықбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Он томдық «Педагогикалық ой-сана» басылымының алғашқы томы көне дəуірдегі тəлім-тəрбиелік ой-пікірлердің дамуына арналған. Ерте заманнан бастап адамзат тарихының іргетасын қалаған, оның дамуына қомақты үлесін қосқан Таяу жəне Қиыр Шығыс, Азия жəне Еуропа континенттері маңызды тəрбиелік мұраларға бай. Бұл өркениеттер өз заманында жоғары деңгейге көтеріліп, адамзаттың рухани қазынасына көлемі кең, тəлімдік мəні мол құн
«Мəдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша
шығарылып отыр
«МƏДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.А.
Аяған Б.Ғ.
Əбусейітова М.Қ.
Əжіғали С.Е.
Əлімбай Н.
Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.
Досжан А.Д.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.
Қошанов А.
Құл-Мұхаммед М.А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сейдімбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – бас редактор
Балықбаев Такир Оспанұлы – бас редактордың орынбасары
Нысанбаев Əбдімəлік Нысанбайұлы
Беркімбаева Шамша Көпбайқызы
Құнанбаева Салима Сағиқызы
Пірəлиев Серік Жайлауұлы
Көшербаева Əйгерім Нұралықызы
Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы
Ахметова Гүлназ Кенжетайқызы
Қожахметова Клара Жантөреқызы
Дүйсебек Əділхан Төлегенұлы
Қабдолова Қарлығаш Лекерқызы
Қонақова Клара Өмірзаққызы
Успанов Кəкімхан Сұлтанұлы
Қалиев Серғазы Қалиұлы
Қалиева Күлəнда Махаметжанқызы
Маженқызы Райхан
1-ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ:
Балықбаев Т.О.
Көшербаева Ə.Н.
Түрікпенұлы Ж.Т.
Құрастырушылары Əбдірейімова К., Қабекенов Ғ., Қонақова Г.
ІSBN 9965–806–96–9 (1-т.) ІSBN 9965–806–95–0 © «Таймас» баспа үйі, 2008 © Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2008 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі ББК 83.3 Қаз Ə52
Əлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дəуір / Жетекшісі Ə.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. ІSBN 9965–806–96–9 Ə52 Он томдық «Педагогикалық ой-сана» басылымының алғашқы томы көне дəуірдегі тəлім-тəрбиелік ой-пікірлердің дамуына арналған. Ерте заманнан бастап адамзат тарихының іргетасын қалаған, оның дамуына қомақты үлесін қосқан Таяу жəне Қиыр Шығыс, Азия жəне Еуропа континенттері маңызды тəрбиелік мұраларға бай. Бұл өркениеттер өз заманында жоғары деңгейге көтеріліп, адамзаттың рухани қазынасына көлемі кең, тəлімдік мəні мол құнды шығармаларды əкелді. Томның ерекшелігі – педагогика саласындағы белгілі басылымдарда бұрын жарияланбаған шығармалардың енгізілгенінде. Кітап ғалымдар мен ізде нушілерге, мұғалімдерге, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған. ББК 83.3 Қаз А 4603020000 – 26 00(05)–08 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті 017 «Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы АЛҒЫ СӨЗ «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Ресубликасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылып жатыр. Сол бағдарламаның бір саласы ретінде 2008–2009 жылдардан бастап, қазақ тілінде 10 томдық «Əлемдік педагогикалық ой-сана» антологиясын дайындап шығару қолға алынып отыр. Ғылыми жағынан аса құнды жəне білімді дамытудағы алар орны бөлек бұл жоба көне дəуірлерден бастап, қазіргі заманға дейінгі əлемдік педагогикалық ақыл-ойының тарихын қамтымақ. Бұл ғылыми жобаның мақсаты əлемдік педагогиканың аса көрнекті өкілдерінің мұраларын терең зерделеп, жаңа ой-сана парадигмасы аясында оларды ғылыми түрде жүйелеу жəне ғылым-білім жүйесіндегі педагогикалық антологияның орнын анықтау. Педагогикалық ой-пікірлер антологиясы мате риалдарының құрылымы, мазмұнының құндылығы, оларды таңдау жəне жинақтау ұстанымдары тұрғысынан қазақ халқының ұлттық қазынасына айналатындай, əлемдік мəдениеттің алтын қорына енетіндей мəртебеде жасалынбақ. Əрбір елдің рухани мəдениеті, тұрмысы, тыныс-тіршілігі, өмірден алған, көрген-түйген тəжірибесі, дүниетанымы ең алдымен сол елдің өзіндік ерек шелігінен байқалады. Өйткені барлық шындық, ақиқат дүниенің бейнесі адам санасында сол өмір сүрген кезең шындығы арқылы қалыптасып отырады. Көп томдық басылым құрылымын негізінен Шығыс-Батыс континентальдық ерекшеліктер бойынша жүйелеу жоспарланып отыр. Мұндай жобалау педа гогикалық ой-сана материалдарын жүйелеуді тек тұтастықжүйелілік, тарихи-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, өркениеттікмəдени принцип негізінде іске асыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар əлемдік ой-пікірдің тарихын біртұтас жүйе есебінде қабылдай отырып, диалектикалық тұрғыда ақыл-ой елегінен өткізіп бағамдаудың мүмкіндігі жасалады, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен үрдістердің сабақтастық байланыстары айқындалып, этно-мəдени бет-бейнесі мен рухани үндестігі айшықталып көрсетіледі. Педагогикалық ой-сана жинағының ерекшелігі əр елдегі көрнекті ойшыл педагогтардың орны мен мұраларын əлемдік деңгейде бағалауға, шығармашылық мұралары педагогикалық ілімнің ілгерілеп дамуына Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Ұлттық білім беру академиясының ғылыми кеңесі ұсынған Пікір жазғандар: Сейталиев Қ.Б. – педагогика ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры. Ильясова А.Н. – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.
үлес болып қосылған əрбір ірі тұлғаны əлемдік өркениеттің ажырамас құнды бөлшегі есебінде көрсету мүмкіндігін тудыруында. Қорыта айтқанда, сіздерге ұсынылып отырған басылымның ұста нымдары, мақсаты мен міндеті осындай. Əлемнің əр түпкірінен алынған асыл маржан секілді құндылықтарды дəл түпнұсқадағыдай мінсіз етіп беру мүмкін емес. Сондықтан да қолдарыңыздағы кітаптың жетпей жатқан тұстарын толықтыруға, мазмұнын арттыруға пайдасы тиетін пікірлер мен кеңестердің, сын-ескертпелердің пайдасы өте зор дей отырып, осындай ірі, аясы кең, құндылығы жоғары, республикамызда тұңғыш рет жарық көргелі отырған еңбекке үлкен сəттілік тілейміз. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы КІРІСПЕ XXІ ғасырдың туындысы жаһандану идеясымен сəйкес келіп тұрған, өмірдің талабымен ұштасатын озық идеяның бірі – атабабадан келе жатқан ұлтымыздың өлшеусіз құнды мұрасын басқа елдің жетістіктерімен бір деңгейде көрсете білу. Сонымен қатар, бүгінгі күннің ұрпақ тəрбиесін болжалдау өткен тарихты шолумен жүзеге асады. Осыған орай көпшілік қауымға, əсіресе оқытушыларға, тəлімтəрбие мəселелерімен айналысып жүрген жастарға, студенттерге ұсынып отырған «Əлемдік педагогикалық ой-сана» көп томдығының бірінші томы ежелгі өркениеттердің мəдениетіне, сол уақытта өмір сүрген атақты даналардың ой-пікірлеріне арналған. Томның құрылымы ерте заманның өзінде-ақ тамырын тереңге жайған, адамзат тарихының іргетасын қалап, біртұтастығын көрсете білген, оның дамуына қомақты үлесін қосқан, маңызды тəлімдік идеяларға бай мынадай əлем өркениеттерінің ескерткіштерінен тұрады: 1. Ежелгі Таяу Шығыс 2. Ежелгі Азия 3. Ежелгі Қиыр Шығыс (Қытай) 4. Батыс өркениеті (Ежелгі Греция, Рим). Бұл өркениеттер жоғары деңгейге көтеріліп, адамзаттың рухани қазынасына көлемі кең, тəрбиелік мəні мол құнды шығармаларды əкелді. Жоғарыда аталған принципке негіздеп, құрастырушылар тобы томды құрастыруда шығармашылық қабілетімен бірге креативті көзқарастарын білдірді. Атап айтсақ, педагогика саласындағы антологиялық басылымдарда болмаған ірі жəне маңызды шығармаларды таңдап, оның негізгі тəрбиелік ойларын іріктеп алуы. Əр бөлім қысқаша кіріспе сөзден, шығарма туралы мəліметтен басталып, оқырмандардың қызығушылығын тудыратын, нақты бір оқиғаны баяндайтын немесе мазмұнын тереңдететін мифологиялық суреттермен нақтыланған. Шығарма үзіндісі аяқталған соң, пайдаланған кітаптың аты, түп нұсқасынан аударған аудармашының аты-жөні келтірілген. Шығармаларды жинақтауда құрастырушылар үзіндінің тəрбиелік құндылығымен жəне тəлімдік сипатымен ерекшеленетін, оқырмандардың дүниетанымын, білімін кеңейтуге бағытталған көне халықтардың салт-дəстүрлерімен, əдет-ғұрыптарымен таныстыратын тарихи, жүйелілік ұстанымдарын сақтап отырды. Сондықтан олар кітапқа белгілі аудармашылардың қолынан шыққан шығармаларды ұсынғанды жөн көрді. Мысалы, Ежелгі Азия бөліміндегі Дхаммапада, Рамаяна, Махабхарата шығармаларының үзінділерін қазақ оқырмандарына үнді философиясының классиктерін аударып жеткізуге өмірін арнаған белгілі үндістантанушы, Падма Шри сыйлығының иегері Əубəкір Дастанұлы Нілібаев мырзаның түсінігі мен аудармасында ұсынып отыр. Сондай-ақ Ежелгі Қиыр Шығыс бөлімінде əлемге
танымал қытай халқының ғұламасы Конфуцийдың шығармаларымен таныстыруда Мұхтар Мағауиннің жəне салыстырмалы тұрғыда Кемел Мырзагелдінің тəржімалары қатарынан беріліп отыр. Мұндай қадам оқырманның дүниетанымы мен білімін тереңдетуге, талғамын ұштауға бағытталған. Бірінші томның Ежелгі Таяу Шығыс тақырыбындағы алғашқы бөліміне Месопатамия өркениетінен мынадай шығармалар жинақталды: «Гильгамеш туралы дастан», «Ежелгі Шумерлердің мектеп өсиеттерінен», «Ортаассириялық заңдар», «Хаммурапи заңдары» т.б. Бұл шығармаларды тереңнен түсінуде олардың шыққан жерінің тарихын, мəдениетінің дамуы туралы айтқан жөн. Ежелде «Таяу Шығыс» деп аталатын аймақ батыстан шығысқа қарай қазіргі Тунис, бұрын ежелгі Карфаген, бүгінгі Қытай, Жапония, Индонезияға дейін; ал оңтүстіктен солтүстікке қарай қазіргі Эфиопиядан Кавказ таулары мен Арал теңізіне дейін созылған. Үлкен географиялық аумақта, адамзат тарихында атын қалдырған көптеген мемлекеттер өмір сүрді. Тигр мен Евфрат өзендері арасында б.з.д. 3 мыңжылдықта пайда болған бұл мемлекеттердің тұрақты мəдениеті болды, астрономия, математика, жазу өнері, музыка жазу жүйесі сəтті дамыды. Түрлі өнер салалары өркендеді. Өздерінің саябақтарымен, көркем бульварларымен, арықтарымен, көпірлерімен, ауқатты адамдардың əсем салынған үйлерімен көңіл аударатын сол мемлекеттердің бірі – Месопотамия. Месопотамия мəдениеті б.з.д. ІV–ІІІ мыңжылдықтар шамасында жазудың пайда болуы арқасында алға басады. Месопотамия халқына жазудың көмегімен күнделікті өмірдің сан-алуан фактілерін қағазға түсіріп, кейінірек ойды жеткізу жəне мəдени жетістіктерді мəңгілік қалдыру мүмкіндігі туындады. Əр үйде дерлік мектеп болды. Оқу орындары (б.з.д. үшінші мыңжылдыққа дейін) қоғамдағы хат танитын адамдар – жазу түсірушілердің қажеттігінен пайда болды. Ең алғашқы жазу түсірушілерді (писцы) дайындайтын – «тақтайшалар үйі» еді. Мұндай үйлер алғашында отбасында жазу түсіретін адамдары бар үйлерде, кейіннен ғибадатханалар мен сарайларда ашыла бастады. Бала тəрбиелеуде негізгі рөл атқаратын отбасы болғандықтан, бұл үйлер ағарту орындарына айналды. Кейінде олар жекешеленіп, олардың ішінен кітапханалар да ашылды. Бұл мектептердегі негізгі əдіс – ол үлкендердің үлгі-өнегесі. Мектептегі өмір мен оқу отбасындағы салт-дəстүрмен ұштасып отырды. Оқу үрдісі негізінен жазу түсіруді үйретуге бағытталған. Оқушылар көшіруге көп машықтанды. Оқу əдістері бірнеше мəрте қайталау, сөздердің, терминдердің, мəтіндердің легін механикалық түрде есте сақтауға бағытталған. Оқушылар алғашында жазуды, оқуды үйренді, сонан соң түрлі мəтіндерді жаттауға машықтанды. Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар астрономия, грамматика, математика саласынан да білім алатын. Мектепті бітіруші арифметиканың амалдарын, жазу өнерін, əн салу мен музыканы жақсы меңгерген, өз ойын негіздей алатын, жер өлшеп, мүлікті бөле алатын, маталардың түрлерін, өсімдіктерді, металдарды жақсы айыра білетіндігімен шектеліп отырды. Осы кезеңде оқу-əдістемелік əдебиет пайда бола бастады. Алғашқы дүниежүзілік өркениеттің жəне қала мəдениетінің орталығы Месопотамия болса, осы мəдениетті жасаушы шумерлер еді. Олардың жетістіктерін үйреніп, əрі жалғастырған вавилондықтар мен ассириялықтар болды. Шумерлер жазу өнерін өркендетуді қызмет ету дəрежесіне дейін көтерді. Алғашқы шумер жазуы жекелеген заттарды сурет түрінде бейнелеу, яғни пиктографиялық жазуға бейімделді. Осындай жазумен өрнектелген көне мəтіндер б.з.д. 3200 жылдарға жатады. Алайда пиктографиялық жазумен шаруашылық өмірдегі өте қарапайым фактілерді ғана жеткізу мүмкін еді. Бірте-бірте ұзақ та күрделі дамудың нəтижесінде пиктография сөздікбуындық жазуға айналды. Пиктографияның жазуға айналуының бірденбір жолы суреттің сөзбен қабылдануы еді. Осылайша сурет жазудың ғасырлар бойы жетілуі нəтижесінде сына жазуы пайда болды. Дегенмен, шумерлер де, олардан осы жазуды қабылдаған басқа халықтар да бұл жазуды əр белгі бір дауысты не дауыссыз дыбыс беретін алфавит дəрежесіне дейін жетілдіре алмады. Шумер жазуындағы көбінесе ребусқа ұқсайтын күрделі мəтінді оқушы дұрыс түсінуі үшін, сына жазушы ағаштан жасалған құрал-саймандарды, мамандық атауларын, көптеген өсімдік атауларын түсіндіретін арнайы детерминизмдер қолданды. Мұндай детерминативтер сəйкес сөздердің алдына қойылды. Мысалы, мамандық атауын түсіндіретін суреттің алдынан «лу» белгісін қойса, «ұста» сөзі танылады. «Тин» белгісі екі мағынада «өмір» жəне «құрылысшы» мағынасын білдірді, егер алдында детерминатив болса «құрылысшы», ал детерминативсіз болса «өмір» деп оқылады. Аккад тілінің Оңтүстік Месопотамияда (б.з.д. үшінші мыңжылдықтың бірінші жартысында) жергілікті тұрғындар, шумерлердің сына жазуын қабылдап, күнделікті өмірде қолдана бастағаны расталды. Осы уақыттан бастап шумер жəне аккад тілдерінің өзара сіңісуі нəтижесінде бір-бірінің сөздік қорын толықтырды. Негізгі тілдің басым қайнар көзі шумер тілі еді. «Стол, соқа, егінші» секілді жəне тағы басқа сөздер аккад тіліне шумер тілінен кірді. Б.з.д. үшінші мыңжылдықтың соңғы ширегінде екі тілді (шумер-аккад) сөздіктер құрастырылды. Шумерлік сына жазуы Сирия аумағындағы көне мемлекет – Эбледе қолданыста болған. Эбледен мыңдаған қыш кітаптары бар мұрағаттар мен кітапханалар табылды. Олар шумер тіліндегі көптеген мəтіндер, сондай-ақ оннан астам шумер-эблит тілдерінің сөздігі еді. Таяу Шығыста б.з.д. екінші мыңжылдықтың бірінші жартысында сарайлар мен ғибадатханалардағы білім үйлері негізгі рөл атқарды.
Қолөнершілер мен саудагерлердің жекеменшік оқу орындары пайда бола бастады. Мұндай білім үйлерінің оқу бағдарламасында философия, əдебиет, тарих, геометрия, құқық жəне география пəндері болды. Олар балаларды емшілікке де үйретті жəне ауқатты отбасыларының қыз балаларын оқытатын білім үйлері де ашылды. Оқушылар жазуды, дінді, тарихты, математиканы үйренді. Вавилон жəне Ассирия мəдениетінің негізгі қол жеткен табы - сы – кітапханалар еді. Ура, Ниппура жəне басқа қалаларда б.з.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ғасырлар бойы жазу түсірушілер ғылыми жəне əдеби мəтіндерді жинап, нəтижесінде жеке үлкен кітапханалар пайда бола бастады. Ежелгі Шығыс еліндегі барлық кітапханалардың ішіндегі танымалы Ассирия патшасы Ашшурбанапал патшаның Ниневиядағы сарайында аса ыждахаттылықпен жинаған кітапханасы еді. Осы кітапхана үшін жазу түсірушілер бүкіл Месопотамиядан кітаптардың көшірмелерін дайындап, кітаптар жинады. Сонымен бірге осы кітапхана дүниежүзіндегі жүйелі түрде жинақталған ең бірінші кітапхана болды. Бір мезетте бірнеше оқырман пайдалана алу үшін кітаптардың екі жəне онан да көп көшірмелері жасалды. Кейбір үлкен мəтіндер 40-тан 100 тақтайшаға дейін жазылғандықтан кітапханада көп орын алды жəне əр «бет» нөмірленіп отырды. Негізінен, 90 жылға таяу уақыт патша резиденциясы болған Ниневияның көркею дəуірі б.з.д. 669–633 жылдары басқарған Ашшурбанипал патша тұсында болды. Ашшурбанипал патша тұсында соғыссыз, «жер беті түгел бейбіт үйдей» болды да, Ашшурбанипал патша бос уақытын өзінің кітапханасына бөлді. Кітапхананы патша үнемі жүйелі түрде ертедегі «кітапхана ісіне» сəйкес ыждахаттылықпен жинады. Оның кітапқа деген құштарлығын мына сөзден байқауға болады: «Бұл кітаптарды алып кеткісі келгендер Ашшур мен Бэллиттің қаһарына ұшырасын. Ал, олардың ұрпақтарының есімі бұл елде ұмыт болсын». Патшаның ойынша, дəл осындай зілді ескертуден кейін ешкімнің батылы барып Ниневия кітапханасынан кітап ұрлауы мүмкін емес еді. Ешкім əрине, ұрлыққа бармады. Патша жарлығын, мемлекеттік, шаруашылық құжаттарды Ассирияның бұрыш-бұрышына жеткізу үшін қанша мəрте жазып, сонша рет көшіру қажет еді. Бұл істі тездету мақсатында ассириялықтар тақтайшаға қажет жазуды ойып түсіріп, олардың оттискісін саздан жасалған тақтайшаларға басып көшіріп отырған. Бұл нағыз баспа станогі секілді еді. Сол себепті де ассириялықтарды алғашқы баспа ісін бастаушылар деп есептеуге болады. Ниневия кітапханасында кітаптар қатаң ережелер бойынша сақталған. «Қыш кітап» тақтайшасының төменгі жағында кітаптың толық аты жазылып, жанына беттің нөмірі көрсетіліп отырған. Көптеген тақтайшалардағы жазудың соңғы жолы келесі тақтайшаның басында қайталанып отырған. Кітапханада кітаптың аты, тақтайшадағы жол саны, қай ғылымға жататыны, бөлімнің аты жазылған каталог та болған. Əр сөреге дəл бүгінгі кітапханалардағы секілді бөлімнің аты көрсетілген саздан жасалған кішкене биркалар ілініп қойылған. Бұл жерден тарихи тақырыптағы мəтіндерді, заңнамаларды, медициналық анықтамаларды, шумер тілін буынға бөлу, грамматикалық формалар тізімі берілген сөздіктерді, сонымен қатар, Ассирия мемлекеті алдыңғы Азияның барлық елдерімен дерлік байланыста болғандықтан шет ел сөздерінің сөздіктерін де табуға болатын еді. Ниневия кітапханасының барлық «қыш кітаптары» ең жоғары сапалы саздан жасалған тақтайшаларға жазылған. Сазды ұзақ уақыт илеп, олардан көлемі 32х22 сантиметр, қалыңдығы 2,5 сантиметр брикеттер дайындаған. Тақтайша дайын болғанда мəтін жазушы адам үшбұрышты таяқшамен əлі кеппеген саз тақтайшаға жазу түсіріп отырған. Ниневия кітапханасындағы кітаптардың біразы жеңілген елдерден əкелінген, біразы жеке адамдардан, басқа қалалардағы храмдардан сатып алынған. Кітаптардың пайда болуымен байланысты оқырмандар да, кітапқұмарлар да пайда бола бастайды. Ашшурбанипал патшаның өзі де кітапқұмар, коллекционер, өз заманының өте білімді адамы болды. Бұл ежелгі Шығыс елі патшаларының ішінде сирек кездесетін құбылыс еді. Ашшурбанипалдың əкесі Асаргадон ұлының жоғарғы абыз болғанын қалады. Сол себепті де Ашшурбанипал жас кезінен сол кездегі ғылымның бəрін оқып үйренді. Кітаптарға деген сүйіспеншілігін өмірінің соңына дейін сақтап, патша сарайының екінші қабатынан бірнеше бөлмені арнайы кітапхана үшін бөлген. Осындай тұлғалардың көсемдігінің арқасында Таяу Шығыста кітапханалар дамып, көптеген шығармаларды сақтап, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Шумер тіліндегі шығармалардың көпшілігі мектеп өмірі жайында ақыл-кеңес болып келсе, біразы ұстаздар туралы сын, əзіл-оспаққа толы. Мысалы «Ақымақ ұл» туралы шығармада жазушы өзінің ұлына «Көшеде бос қаңғырмай, жақсы оқушылардан үлгі ал, сабақты дұрыс оқы», –деп жазады. Басқа бір шығармада мектепте нашар оқитын, күнде ұстазынан таяқ жейтін ұлының өтініші бойынша əкесі мұғалімді қонаққа шақырады. Қонақты төрге отырғызып, алдына дəмді тағам қойып, қымбат сый жасағаннан кейін ұстаз өзінің нашар оқушысын мақтай бастайды. Келесі бір шығармада: қаршадайынан бастап, ер жеткенге дейін оқыса да ештеңе үйрене алмаған шəкірт ұстазын кінəлайды. Ал ұстазы «Қартайдың да, дегенмен енді біраз тырысып, күндіз-түні оқысаң, жазуды үйренуге мүмкіндігің бар», – деп жауап береді. Шумер əдебиетінің негізін қалаған көптеген поэмалар, лирикалық шығармалар, мақал-мəтелдер жинағы, мифтер, аңыз-əңгімелер, эпикалық шығармалардың ішінде шумерліктердің тамаша ескерткіші – Гильгамеш батыр туралы эпикалық аңыздар циклы ((шамамен б.з.д. V мыңжылдық). Жырдың неғұрлым толық сақталғаны – Ашшурбанипал кітапханасынан
табылған аккадтық түрі. Бұл – шын мəнінде Ежелгі Месопотамияның теңдесі жоқ əдеби шығармасы. Шумер патшалары тізімінде Гильгамеш батыр Ұрық қаласының бірінші əулетінің патшаларының бірі ретінде көрсетіледі. Хаммурапи заңының мəтіні аккад тілінің бабыл диалектісі таңбаларымен төрткүл базальт бағаналарға басылыпты. 1907 жылы «Хаммурапи заңының» құрақ-құрақ мəтінін француз археологтары тауып, заңды бас-аяғы 282 бапқа жүйеледі. Əуелде заңның бағаналарға басылған 247 бабы ғана табылған (анық оқылған). Кейіннен Ашурбанипал патшаның кітапханасы болған жерде жасалған археологиялық қазба жұмыстары нəтижесінде əуелгі мəтінде көмескіленіп қалған баптар да қалпына келтірілді. Жыл санауға дейінгі 1792 жылы Бабыл мемлекетіне Хаммурапи басшы болады. Ол кезде бұл мемлекет Бабыл қаласы мен оны жағалай қоныстанған ауылдардан құралған еді. Ол аймақтың байырғы тұрғындары шумерлер мен аккадтар болатын. Хаммурапидің жеңісі жорықтарының нəтижесінде Бабыл Тигр мен Евфрат атты қос өзен (Месопотамия) аймағындағы алып мемлекетке айналып, дəуірлеген дəулетті елге айналады. Ел тұтқаның ерендігі сол, 1750 жылы Хаммурапи көз жұмғанға дейін Бабыл елінің іргесі сөгілген жоқ. Заңның беташарында Хаммурапидың Күн құдайы Шамаштың алдына тізе бүгіп, оның қолынан заң орамасын алып тұрған сəті бейнеленген. Бұл көрініс заңның құдай тарапынан ұсынылғандығын білдіріп, оның қасиетті саналатындығын айғақтайды. Заң құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен жəне қорытынды бөлімнен құралған. Мұндай құрылым «Хаммурапи заңына» дейінгі қос өзен аймағының əуелгі басқа да құқықтық құжаттарына тəн. Айталық өз заманында дəуірлеген Шумер мен Аккад мемлекеттерін 2093–2046 жылдары билеген Шүлгі патшаның заңында кіріспе бөлім болғандығы белгілі. Хаммурапи заңының преамбуласында бабылдық қоғамдағы жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктерді, бай-шонжарлардың қанауезгісінен қорғау жайлы сөз болған екен. Ежелгі дүние мəдениеті дінмен тығыз байланысты болған ғой. «Хаммурапи заңы» да діннің əсерінен сырт қалмаған. Діннің ықпалымен түзілген баптар заңда баршылық. Ежелгі Бабылда патша сарайынан бөлек жергілікті аймақтар ғибадатханалар (храм) төңірегіне ұйысты. Храм абыздары патша билігінің тірегі саналды. Олар патша алдында өзгелерге қарағанда артықшылықтарға ие болған. Надан халық абыздарға бас ұра табынған. Абыздар мемлекеттегі ең білімділер санатында болатын. Абыздық лауазым атадан балаға мирас ретінде ауысып отыратын. Елдің бас ғибадатханасы (храм) – Мəртөк (Мардук) храмы болды. Бұл елдегі аса ірі əрі сəулетті ғимарат еді. Хаммурапи заңының ширек бөлігі, яғни заңның 128–193 баптары неке мен отбасыға арналған. Заңның 194 жəне 195 баптары да осы салаға жатады. Неке мен отбасы саласы қылмыс пен жазаға арналған баптар арқылы мемлекеттің ерекше қамқорлығында болғандығын байқаймыз. Яғни осы бабылдық низамда отбасы қоғамның маңызды бөлшегі ретінде ерекше қорғалды. Сонымен, Бабыл халқының əдет-ғұрыптары, күнделікті тəжірибедегі сот шешімдерінің жазбаша нұсқалары жəне сонымен қоса қоғам өміріне реттілік шырай бергісі келген ел басшының өз тарапынан жасаған заңнамалық толықтырулары қамтылған Хаммурапи заңы – əлемдік құқық тарихындағы құнды жəдігер. Ежелгі Таяу Шығыс бөліміне сондай-ақ мысырлықтардың пирамида мəтін дерінен Тот ертегілері, Нефертитидің сəуегейлігі, Ғибадат, ди дак тикалық мəтіндерден Ахтой тəлімдері, Израиль патшасы Дəуіттің ұлы Сүлеймен өсиеттері сияқты көркем шығармалары кірді. Деректердің айтуынша, мысыр халқы көптеген пірлерге табынған. Солардың ішінде назар аударатыны Тот ғибадаттары. Себебі, онда мысырлықтардың ғылымға, мəдениетке, ақыл-ойға үлкен мəн бергендігі байқалады. Сондықтан да болар, осындай ізгі түсініктің кепілдігі ретінде мысыр мəдениеті бізді орасан зор нəтижелерімен таңғалдырады. Мысырлықтардың даналық пірі жайында тағы да басқа көзқарастары болған. Онда Тот ғылымның екі түрін кейіптеген: рационалды, яғни ғылым мен техниканың көрінісі деп қабылдауға болса жəне мистикалық, басқаша айтқанда, санадан тыс көріністерді байқатады. Мысыр елінде мистикалық ақыл мен рационалды ақыл тең таразыланған. Ежелгі Мысыр халқы қажет жерде ақыл-ойды жоғары дəрежеде пайдалана отырып, ақылға сыймайтын нəрсені діни сеніммен қабылдауға қалыптасқан, яғни олар білімнің шегін сезе білген. Шығыс өркениетінің ұлы тұлғаларының бірі – Соломон (Сүлеймен) патша. Осынау есім, міне үш мың жылдан бері адамзат баласын тамсандырумен келеді. Соломон туралы бізге жеткен мəліметтер көп жəне соның бəрі бір ізбен жүйелі баяндалады. Сондай-ақ оның есімі иудейлердің қасиетті кітабы – Торада, Библия мен Құранда да аталып, дана патшаның ғибрат-тағылымы хақында көптеген мысал келтіріледі. Сүлеймен патшаның сиқырлы сақинасы деген сияқты аңыз-əфсаналары қазақ арасына ежелден мəшһүр. Ол əйгілі Давид (Дəуіт) патшаның баласы; біздің дəуірімізге дейінгі 960–935 жж. Израиль мен Иудеяда билік құрып, Иерусалимдегі Яхве храмын салдырған. Өткір ой, тапқырлығымен, əділ билігімен өз заманында даңққа бөленіп, «Данышпан Соломон» атанды. Аңыз бойынша, Соломон патшаның сақинасы болыпты; сақинаның бетіне «Бəрі өтеді», – деп жазылыпты. Басына ауыртпалық түсіп қапаланған сəтте сол жазуға қарап сабыр шақырып, сабасына түседі екен. Бірде үлкен бақытсыздыққа ұшырап, қатты қайғырса керек, ақылды сөз көңіліне медет берудің орнына одан сайын жүйкесін қажап, жынын қоздырады. Ашу үстінде сақинаны саусағынан жұлып алып, жерге лақтырып жібереді. Кенет Соломон еденде дөңгелеп бара жатқан сақинаның іш жағындағы бір жазуды көріп қалады да, не екен деп оқыса:
«Бұл да өтеді» деп жазылыпты. Бұрын-соңды болмағандай көрінген бұл қасірет адамзаттың басына талай келіп, талай кеткенін түсінген патша амалсыз езу тартып, сақинасын саусағына салыпты. Содан қайтып өлеөлгенше қолынан тастамаған деседі. Ұлы Дала төсінде небір кемел ойлы кемеңгерлер дүниеге келіп, көшпенділер өркениетінің гүлденуіне құнды үлес қосты. Өкінішке орай тарихта белгілі Дала данышпаны Анахарсис, хунну тəңірқұты Мөде, адамзат тарихындағы айбынды қолбасшы Алып Ер Тоңға, скифтің «жауынгер қызы» Томирис, батыр бақташы Ширак, «сұлулар қолбасшысы» Зарина т.б. көптеген тұлғалардың ой-пікірлері бүгінгі күнге дейін сақталмады. Дегенмен олардың ерлігі мен Отаны үшін істеген жанқиярлық істері мен Азия тарихында өте маңызды орын алып, кейінгі ұрпақтар үшін үлкен мұра болып келетіндігі анық. Ежелгі Азия бөлімінде көшпенділер өркениетінің атақты тұлғаларының бірі Анахарсистің (б.з.д. VІ) ой-пікірлері мынадай құрылымда берілген: ұлы скиф туралы мəлімет, Анахарсистің хаттары, Анахарсистің афоризмдері мен ойлары, Анахарсис туралы естеліктер. Соңғы мəтіндегі Аристотельдің «Никомахов əдебі» еңбегінен көрініс тапқан екі ғұламаның ойларының үйлесімділігі, антика философтары Платон, Эфор, Лукиан, Диоген Лаэртский, Плутарх, Эзоптың Анахарсис туралы естеліктері оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп, білімін тереңдетуге бағытталған. Осындай мақсатпен көне парсылар дінінің негізін қалаушысы, реформатор жəне дəруіш, «Авестаның» ең көне бөлігін құраушысы Зардуш туралы да тиісті ақпарат мынадай мəтіндер арқылы беріледі: Зардуштің сөздері, Зардушт осылай дейтін Ф. Ницшенің кітабынан алынған үзінділер, Авеста – парсылардың қасиетті кітабы, Күнге əнұран, Митраға əнұран. Ұлы дала ойшылдарына арналған бөлім Шамандық мəтіндерден алынған үзінділермен аяқталады. Бұл жердегі Н.Катановтың «Шаманские песнопения сибирских тюрков» деген мəтініндегі аудармада баталар мен өсиеттер келтірілген. Ерте дəуірдегі мəдени құбылылыстардың бірі – сансыз шығармалар Ежелгі Азия жерінің əр түрлі аймақтарында пайда болып, адам баласының жоғары деңгейде тəрбиеленуіне үлкен ықпалын тигізуде. Осы екінші бөлімде арнайы осы тұстағы өркениеттердің рухани қазынасына айналған жазба мұралары да беріліп отыр. Олар Оңтүстік Азия жəне Орталық Азия деп екіге бөлгенімен, негізінде бір өркениет ретінде беріліп отыр. Бұл қадам тегіннен-тегін емес. Мұны Əубəкір Нілібаев мырзаның мынадай ойымен түсіндіруге болады: «Үндістан мен Орталық Азияны біріктірген жолдар алуан түрлі тəжірибелердің қайнар көзі болғандықтан, екі қоғамды жақындастыруда зор үлесін қосты. Бүгінгі таңда Азияның қайта құрылуы осы күрделі өзара байланысқа тамырын жайған тарихи процесс болып табылады. Осыдан екі мың жыл бұрын адамдардың Орталық Азиядан Үндістанға қоныс аударуы, Жібек Жолы деп аталған жолдың бойында сауда мен идеялардың ағылуы, біздің ортақ қуанышымыз болып саналатын мұраға ие болуға мүмкіншілік тудырды. Жібек Жолының бойында сатылған заттардан гөрі, ортақ кеңістікте кең өріс алған идеялар мен инновациялар өте маңызды болды». Осыдан, екі үлкен аймақта көп ұлттардың тілі, діні, наным-сенімдері тығыз қарым-қатынастың арқасында өркендеп жатқанын айқын көруге болады. Сондай елдердің бірі ғана емес, бірегейі, кең байтақ даласы жəне миллиардтан астам халқы бар Оңтүстік Азиядағы ғана емес, əлемдегі ең үлкен елдің бірі – Үндістан. Оның тарихы өте ерте заманнан басталады. Үнді жерінің біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықта барынша гүлденіп, көркеюі мəдениеттің дамуына зор ықпал етті. Бұл жағдай рухани дүниелерге бай, əдет-ғұрып құқықтарын жинақтаған, тəлімдік жағынан құнды мұралардың тарихи аренаға шығуына үлкен себеп болды. Солардың қатарында: түпнұсқасы пали тілінде жазылған, будда дінінің əйгілі нақыл сөздер жинағы, осы дін канондарының ең негізгі бас кітаптарының бірінен саналатын Дхаммапада, ежелгі Үндістандағы тарихи, философиялық, педагогикалық ойларды жырлаған, дүние жүзіндегі ең көлемді дастандардың бірі Махабхарата (б.з.д.V ғ. – ІІ ғ. б.з.). Сонымен бірге оқырмандардың қызығушылығын тудырып, тəрбиенің жан-жағын камтитын, үнділердің ұлы эпосының рухани негізі Бхавадгита –Құдіретті жырынан, Данышпан ақын Валмики жазған, 48000 өлеңнен құралған Рамаяна дастанынан (б.з.д. VІ ғ. – ІІ ғ. б.з), əлемге танымал, арилердің дүниеге деген көзқарасын қалыптастырған Ригведа мен Упанишадалардан (б.з.д. ІІ ғ. – І ғ.), ежелгі үнді қоғамының ең маңызды жақтары туралы мəлімет сақтаған, үнді əдебиетінің ең белгілі ескерткіші Ману заңдарынан (б.з.д. ІІ – б.з. ІІ ғ.), мемлекеттік құрылым туралы ғылым болған, қоғам, саяси жəне шаруашылық құрылым туралы құнды мағлұмат беретін, ертедегі үнді елінің саяси-экономикалық трактаты Артхашастра, немесе саясат ғылымынан (б.з.д. І ғ – б.з. І ғ). т.б. үзінділер келтірілген. Көне үнді педагогикалық идеяларының негізін құрайтын шығарманың біреуі – «Бхагавадгита» («Бхагавата туралы əндер»). Гита поэмасында даналар көзқарастары кеңінен келтіріледі, түрлі дəстүрлер жинақталынып, сабақтастыра беріледі. Поэманың əр бөлімінде жоғары кастаға тəн ашкөздік, қазымырлық, ызақорлық, арамдықтың адамның түбіне жететіні тізіп көрсетіледі. Тек ізгі істер ғана адамды «аспандық əлемге» көтермелейді. Оны қарапайым əншілер мен əңгімешілер ел арасында жиі айтып, еркін таратқан. Оған ұйтқы болған екі маңызды жайға көңіл аударған жөн. Дүниенің болмысы мен адамның өмірдегі орны – əңгіменің таусылмас арқауы. Сондай-ақ əңгіме ұстаз бен шəкірт, құдай мен адам, патша мен дана, еркек пен əйел арасындағы сұхбат ретінде жүргізіледі. Сөйтіп поэма халықтық мəдениеттің бөлінбес құрамына айналады. Айта кететін бір жағдай, шығарманың негізгі бөлімі Гитаның шығу тегі туралы пікірталас əр түрлі нұсқада айтылады. Неміс Р.Гарбе, Р.Отто жəне басқа да батыс ғалымдары шығарманы көне діни трактатқа жəне
ведалық ілімді мадақтайтын кейінгі мəтіндерге бөледі. Олар бұл кезеңдер арасындағы ұқсастыққа баса назар аударады. Ал Л.Валле – Пуссен, Э Ламотт жəне т.б. керісінше, бұл əдеби ескерткіштің құндылығын түрлі діни-педагогикалық бағыттарды топтастыруынан іздейді. Олар поэманы бағдарламалық тұтас негізі бар шығарма ретінде қабылдайды. Р.Зенер шығарманың, əсіресе, оның кіріспесінің əрқашан өңделіп, толықтырылып отырғанын дəлелдеп берді. Қалай десек те, шығарманың негізгі идеясының, ішкі мағынасының сақталғанына күмəн тудырушылар жоқтың қасы. Көне үнді өркениетінде діни жəне мистикалық сипат басым деген көзқарас ұзақ уақыт бойы біржақты қалыптасты. Пікір негізсіз де емес. Мұны таратқан батыс ғалымдары арасында діни-педагогикалық трактаттар ғана əйгілі еді. ХХ ғасырдың бас кезінде үнді ғалымы Р.Шамашастри «Артхашастра» («Саясат ғылымы» немесе «Пайдаға жету туралы ғылым») атты трактатты тауып, баспадан шығарғанда, мұның өзі батыста үлкен жаңалық тудырды. Трактат б.з.д. ІV ғ. маурия патшасы Чандрагуптың министрі Каутильяға (немесе Чанакьиге) жатады деген болжам айқын. Осы «дана саясаткердің » өмірі мен тапқыр ісəрекеттері туралы аңыздар ХІ–ХІІ ғғ.дейін кеңінен таралып, тіпті Үндістанның шеңберінен шығады. «Артхашастра» трактаты мынандай сөзден басталады: «Саясаттың бұл біртұтас қағидасы бұрын-соңды ұстаздардың жерді иемдену жəне қорғау мақсатында жазылған көптеген саяси қағидаларын басшылыққа ала отырып жасалынған». Трактатта Каутилья заманынан бұрын болған 15 саяси қайраткердің аты кезігеді. Бұдан трактат бұрынғы көптеген варианттарға негізделген деген біржақты ой туындайды. «Артхашастра» трактаты немесе «кітабы» мемлекет құрылымы мен саясаттың түрлі астарын қамтитын 15 бөлімнен тұрады. Ол идеалды мемлекет туралы жалпы түсініктердің жиынтығы. Солардың ішінен оқырманға тəлім-тəрбиелік мəні зор үзінділер келтіріледі. Əлемдік кеңістікте өзінің нақты орнын белгілеген Қытай ойшылдары еді. Ежелгі Қиыр Шығыс бөлімі Қытай елінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен ерекшеленеді. Лао-цзы (б.з.д. VІ – V ғғ.), Конфуций (б.з.д. 551–479 жж.), Мао-цзы (479–400 жж.) трактаттарының мазмұнынан қытайлықтардың ерте замандардан-ақ өзіндік мəдениетін қалыптастыра білген халық екенін байқауға болады. Б.з.д. ІV мыңжылдықта қытайлықтардың астрологиялық зерттеу тəжірибелері ерекше дамыды. Олардың ертедегі императорлары көптеген шөптердің емдік қасиеттерін тани білді. Қытай халқы өзінің бүкіл қоғамдық жəне мемлекеттік өмірінде отбасылық қалыптың аясынан шыға алмады. Отбасында балалары қалай əкесінің айтқанынан шыға алмаса, халық та дəл солай императордың құзырында болды. Үкіметтің қол астындағыларға қатысты құқығы жəне керісінше – шенеуніктердің, ата-аналардың, ерлі-зайыптылардың, балалардың құқықтары жатталды. Бұлардың барлығы көне оқулықтарда жазылған. Негізгі үш күш: аспан, жер, адам; жылдың төрт мезгілі жəне əлемнің төрт бұрышы; бес негізгі элемент; бес жақсы (қызығушылық, əділдік, əдептілік, даналық, шыншылдық); нанның алты түрі; жеті құмарлық (махаббат, жек көру, ашу, қуаныш, уайым, ынта, ыза, қорқақтық); музыкалық ноталар; міндеттер (қоғамдық рөлі) оқылды. Қытайда дін де, білім де мемлекеттің билігінде болды. Туысынан əр адам бір-бірімен тең, сол себепті əркім білімге құқықты деп есептелді. Ежелгі Қытайдың педагогикалық дəстүрлері негізінде тамырын тереңнен алатын – отбасылық-қоғамдық тəрбие жатыр. Барлық отбасындағы өмір ұлттық салт-дəстүрлермен байланыстырылды. Қытайлықтардың сенімінде əр үйде өзінің тəртібін, еңбекті, үйдегілердің ынталарын қорғаушы, қамқоршысы болады делінген. Оларда ғасырлар бойы көп оқыған, білімді, сыпайы, өзін-өзі ұстай білетін, өз ішіне үңіле алатын, ішкі дүниесінде үйлесімділік тудыра біледі дейтін адам тəрбиесін қамтитын педагогикалық идеал қалыптасқан. Тəрбиенің негізіне кішінің үлкенді сыйлауы алынған. Педагогикалық ойдың дамуына көп əсер еткен Лао-Цзы мен Конфуций жəне оның ізбасарлары еді. Лао-Цзы əр түрлі формалардың қозғалысы, мəңгілік өзгеруі, тұрақты дамуы барша құбылыстың негізі болып табылады деп ойлады. Оның көзқарастарына ерекше стихиялық диалектика тəн еді. Көп қырлы дао (даму жолы, өмір, қозғалыс, калыптасу, эволюция) ұғымы Лао-цзы іліміндегі ең іргелі ұғым болып саналады, ол кейін тұтас алғанда дəстүрлі қытай философиясында айтарлықтай маңызға ие болған. Дао жөне даосизм проблемалары əділетті түрде «дүниежүзілік синология үшін барынша күрделі проблемаларға» жатады. Ежелгі қытай əдебиетінде «дао» философиялық санаты шамамен жаңа заманның бірінші мыңжылдығының ортасында пайда болған деп есептеледі. Лао-цзы ілімінің негізгі мағынасы – адамды жəне тұтас алғанда адамзатты ғарыштың табиғи ырғақтары мен заңдарына терең бойлауға, оларды түсінуге, оларға қосылуға, бағынуға бағдарлау. Лао-цзы нақты мысалдар мен жалпы ережелер арқылы ғарыш эволюциясының ішкі үрдістерін ашуға жəне адамдардың өздерінің ғарышпен болмай қоймайтын, тежеусіз жəне ең ақырында алдын ала болжайтын байланысының қажеттігін көрсетуге тырысады. Шын мəнінде, Лао-цзы мен даосизм адамзат тарихын жəне жеке адамның өмірін ғарыш құбылыстары ретінде сатылы стихиялық өзін-өзі кемелдендіру, өзін-өзі тану жəне жүзеге асыру ретінде ұғынуға үйретеді. Лао-цзы идеялары ежелгі қытай қоғамының мемлекеттілікті қалыптастыру, бір дəуірден келесі дəуірге өткенде рулық қатынастардың бұзылуы кезеңінде өзінің қоғамдағы орны бойынша кедей, күйзелген, езілген немесе өте орнықсыз əлеуметтік топтарының енжар қарсылық көрсетуін бейнеледі. Сонымен қатар, Лао-цзы жалпы адамзаттық құндылығы бар бірқатар адамгершілік идеяларды, ізгілік пен əділеттілік принциптерін уағыздады. Ол аспан даосының жұрттың бəріне
бірдей қарайтынына жəне ол қашан да қайырымды адамдардың жағында екеніне сенімді болды. Қытай халқының ұлы ғұламасы Конфуций (б.з.д. 551–479 жж.) тəр бие саласында өзінің мектебінің негізін қалады. Конфуцийдің идеяларының негізінде амандық-саулықтың бірден бір шарттары жəне адам өмірінің басым факторлары – жалпыфилософиялық жəне əлеуметтік тəрбие, адамгершілік жағынан даму, өнегелілік қабылданды. Еуропалықтар Конфуций деп атап кеткен Кунцзы біздің эрамызға дейінгі 551 жылы дүниеге келген. Оның əкесі төменгі аристократтар тобына жатқанымен қоңыртөбел күн кешкен, əскери қызметте болған. Əкесі өзінің ержүректігімен, адалдығымен, мемлекет ісіне берілгендігімен көзге түскен. Шежіренің айтуынша, Кұңфудзының үш мың шəкіртінің ішінде жетпістен астамы ілімді толық игеріпті, ал бес-алтауы Ұстазына жетеқабыл даналыққа жеткен дейді. Ең үлкен сабақ, ұлағатты дəріс – Кұңфудзының өзінің уағыздары болған. Толғаған мың сан уағызынан біздің дəуірге жеткені де осы тұрпаттағы үзік-үзік нұсқа – ғақлия сөздері ғана. Бүгінде, дүниеден өткеніне екі жарым мың жыл өтсе де, Конфуций ілімі ұмытылмақ емес, қайта жаңарып жасара түсуде. Оның мына сөздері күні бүгін де арттағы ұрпақтарына де жол көрсетіп тұрғандай: «Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса – жасырынып қал. Еліңде көрініп тұрған жол болса, кедей жəне елеусіз болып қалудан ұял, егер жол болмаса, онда бай əрі көрнекті болудан ұял». Қиыр Шығыс бөлімі Лао-цзы мен Конфуцийдың шығармаларынан басқа қытай елінің белгілі ойшылы жəне саяси қайраткері Мао-цзыдың трактаттарының үзінділерімен толықтырылған. Бірінші томның соңғы бөлімі Антика өркениетінің ғұлама-ғалымдарының еңбектеріне арналған. Солардың қатарында аса көңіл бөлетіні – ежелгі грек ойшылдары. Гректер біздің дəуірімізге дейін жетіп, архитектурада, мүсін өнерінде, музыкада, əдебиетте сұлулықтың эталонын сақтап келген жəне мəдениетті қалыптастыруға əсер еткен, тəрбие мəселесіне ерекше көңіл бөлді. Грек мемлекетінің дамуына Платон, Аристотель, Сократ секілді философтар жəне соларға жақын, біздерге математик ретінде танымал Пифагор, Евклид, Архимедтердің ықпалы зор болды. Өнер, ғылым, спортты грекиялық тəрбие жүйесінде бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес еді. Б.з.д. VІІІ–ІV ғасырларда өткізілетін спорттық ойындар, театрлық жəне діни сахналық көріністер қамтылған. Олимпия ойындары эллиндік рухты іске асыру көзі болатын. Ежелгі Греция – бірнеше шағын құл иеленуші мемлекеттен тұратын ел. Олардың ішіндегі ірісі Спарта атты қаласы бар Лакония жəне Афина қаласы мен Аттика еді. Осы шағын мемлекеттердің əрқайсысында спартандық жəне афиналық деп аталатын өзіндік тəрбие жүйесі қалыптасқан. Бұл тəрбие жүйелерінің айырмашылығы экономикалық, саяси дамулары жəне мемлекеттердің мəдени жағдайының қалыптасуымен ерекшеленді. Ежелгі грек ғалымдары өз еңбектерінде оқу-тəрбие мəселелеріне байланысты бағалы ойлар айтады. Мысалы Аристотель адамның бірбірінен айырылмайтын жаны мен тəнін материя жəне форма ретінде қарастырды. Тəрбие мəселесінде дене тəрбиесі, ой тəрбиесі жəне адамгершілік тəрбиесі бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек. Аристотельдің пайымдауында, мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматтарға бір деңгейлік тəрбие беру жəне мемлекет осы тəрбиеге үнемі қамқорлық көрсетуі керек. Оларда отбасылық жəне қоғамдық тəрбиенің бір-бірімен тығыз байланыста болуы қарастырылған. Ғалым отбасылық тəрбие туралы кеңес беруде 7 жасқа дейін бала отбасында тəрбие алуы тиіс. Баланы өз жас ерекшелігіне сəйкес тамақтандыру, дене қимылдарын жасау жəне шынықтыру керек. Жеті жастан бастап бала мемлекеттік мектепте білім ала бастайды. Ұл балаларды гимнастикаға үйрету керек жəне бастауыш білім алу кезінде гимнастикамен бірге баланы оқуға, жазуға, грамматикаға, сурет салуға, жəне музыкаға үйреткен абзал. Ұл балалар əдебиет, тарих, философияны, математиканы, астрономияны оқып, жақсы білім алулары керек. Қыз балалардың табиғаты ұл балалардан өзгеше болғандықтан, олар дəл ұл балалардай білім алмайды. Аристотель жалпы еркін, іскерлік бастауларды қарастыратын, адами дағдыларды қалыптастыратын адамгершілік тəрбиеге көп көңіл бөлді. Оның адами дағдыларды, əдеттерді қалыптастыратын арнайы жаттығулардың қажеттігі жайында ойлары құнды болып келеді. Ол адамгершілік тəрбиенің негіздері отбасында қалыптасатынын, отбасы тəрбиесінің зор маңызын ерекше атап көрсетті. Аристотельдің көзқарасы антикалық педагогиканың дамуына үлкен əсер етті. Греция тақырыбына Гомердің (б.з.д. XІІ ғғ. – б.з.д. VІІ ғғ.) Иллиада мен Одиссея шығармаларынан, идеалист-философ, өзінің тегіне қарамастан жергілікті консервативті ақсүйектердің идеологы болған Сократтың Тəлімдік өсиеттерінен, оның шəкірті, объективті идеализм теориясын жасаушысы, философ Платонның (б.з.д. 427–347 жж.) Мемлекет жəне Заңдар еңбектерінен, əлемге белгілі Аристотелдің (б.з.д. 384–322 жж.) Никомахов этикасы мен Риторикасынан, «Эзоптық» мысалдың негізін салушысы, атақты Эзоптың Оқиғаларынан, ежелгі грек философы, Антисфеннің оқушысы, киниктер мектебінің негізін салушысы Синопскийдің (б.з.д. 412 ж.) Көзқарастарынан, Лукианның (б.з.д. 120–18 жж. шамасы) Шынайы оқиғаларынан үзінділер енгізілді. Философтардың еңбектері де тəлім-тəрбиелік мəселелерді жан-жақты қарастырып отырды. Алғашқы христиандық қауым І ғасырда пайда болып, бүкіл Рим империясына таралды. Тəрбие жұмыстары христиандық тəрбие дəстүрлері негізі салынған Ескі Өсиет (Ветхий Завет) (б.з.д. XІ ғ.) жəне тəрбиенің мақсаты мен мазмұны көрсетілген Жаңа Өсиеттен (Новый
Завет) (І–ІІ ғғ.) құралған канондық шығармалар жинағы – Библия негізінде құрылды. Жаңа Өсиетті (Новый Завет) жазған авторлар барлық адамдарға деген махаббат жəне əлемді құтқару үшін əркімнің өзін-өзі жетілдіру қажеттігі идеясын берген. Сенімді білімнен, санадан жоғары қою, оқуды діни тəрбиемен сабақтастыру, еңбекпен тəрбиелеудің үлкен маңызын бекіту – христиандық тəрбие тəн. Христиандық оқудың өзегі жалпы адами құндылықтар. Идеалдары: өзара көмек, бойұсыну, рухани еркіндік. Христиандық оқуда тəрбие негіздерін «Өлтірме. Ұрлық жасама. Жаныңдағыны жақсы көр» деген секілді тағы да басқа адамгершілік бағыттар құрайды. Дегенмен, тұлғаны қалыптастыру əдістемелері ежелгі антикалық қағидаларды есепке ала отырып жасалған. Мұны рим əдебиетінің көрнекті өкілі Цицеронның (б.з.д. 106–43 жж.) Шешендік сөздерінен, Римнің саяси қайраткері, атақты шешен, заңгер Марк Порций Катон Цензардың (б.з.д. 234–149 жж.) Тəлімдік өсиеттерінің педагогикалық құндылығы жоғары үзінділерінен байқауға болады. Рим империясында ІV ғасырда ашылған риторикалық мектептер рим тілін, əдебиетін, математиканы, астрономияны, құқық негіздерін, философияны оқытуға бағытталды. Сабақтарда диспуттар жиі қолданылды. Бұл мектептерде Рим империясының мемлекеттік машинасы үшін заңгерлерді дайындады. Сонымен қатар, озық педагогикалық ойпікірлер де дамыды. Бұл ойлардың қалыптасуында эллиндік дəстүрдің ықпалы болды. Аса ірі ойшыл Плутарх тəрбие жəне отбасында оқыту мəселелеріне көп көңіл бөліп, баланы қатал жазалауға қарсы болды. Педагогикалық ойдағы жарқын тұлға Квинтилиан өз идеяларының негізін Гомердің, Софоклдің, Еврипидтердің еңбектері секілді грек-рим мəдени мұрасынан ала білді. Оның негізгі еңбегі «Шешендікке үйрету» деп аталды. Трактаттың 12 кітабының ішіндегі танымалысы – «Ұл баланың отбасындағы тəрбиесі» жəне «Риторикалық оқу туралы». Адам табиғаты туралы ой бөлісе отырып, адамның мінезінің жағымды негіздері туралы айтады. Жағымсыз қылықтарды тəрбие арқылы түзету қажет дейді. Жақсы нəтижеге жету үшін адам табиғаты мен тəрбиені біріктіру керек. Квинтилиан еркін адамды тəрбиелеу мəселесін көтерді. «Бала – ұқыптылықпен, қастерлеп қарайтын қымбат құты секілді», – деп жазды ол. Квинтилианның ойынша отбасылық тəрбие баланың психикасын сақтауы керек. Плутарх секілді Квинтилиан да баланы жазалауға қарсы болды. Қорыта келгенде, жүйелі, тəрбиенің жан-жағын қамтитын ғұламағалымдардың еңбектері бүгінгі ұрпаққа қайталанбас мұра. Оны оқып, танып игеру – қазіргі заман адамдарының мақсаты. Осындай көзқарас басылымды дайындаған авторлардың негізгі ұстанымы болып отыр. Кітаптың соңында түсініктемелер мен пайдаланған əдебиет тізімі берілген. Көшербаева Ə.Н., педагогика ғылымдарының докторы, профессор. БІРІНШІ БӨЛІМ ЕЖЕЛГІ ТАЯУ ШЫҒЫС Таяу Шығыс деп аталатын мекен батыстан шығысқа қарай қазіргі Тунис, бұрын ежелгі Карфаген, бүгінгі Қытай, Жапония, Индонезияға дейін; ал оңтүстіктен солтүстікке қарай қазіргі Эфиопиядан Кавказ таулары мен Арал теңізіне дейін созылған. Осы үлкен географиялық аумақта адамзат тарихында өз іздерін қалдырған көптеген мемлекеттер өмір сүрді: атап айтқанда, Ұлы Мысыр патшалығы, Месопотамия жеріндегі бірнеше ірі мемлекеттер (соның ішінде Вавилон мен Ассирия патшалығы), Хетт патшалығы, Урарту мемлекеті, Мидия жəне əлемдік Парсы монархиясы (оның құрамына бүкіл Таяу жəне Орта Шығыс жерлері жататын), Индостандағы Маурья мен Гупта патшалығы, Қытайдағы Цинь мен Хань империялары мен жəне басқа да мемлекеттік əулеттер. Ежелгі Месопотамияның тарихы қазіргі уақытта б.з.д. ІІІ–І мың жылдықта жасалған екі миллион сына жазулары арқылы айқындалып келеді. Өткен тарихтың мұндай дəлелдерінің көптігі шумер мен аккадтықтардың саз балшықтан жасалған тақтайшаларда жазып, оны күйдіргендіктен мəңгілік болып сақталып қалған. Б.з.д. ІІ мың жылдықта Месопотамия мəңгілік саз балшықты тақтайшалардан пергамент пен папирусқа көшкендіктен бізге жеткен жазулардың саны азайып қалды. Таңғаларлық жағдай, б.з.д. ІІ мыңжылдықтың жазуларына қарағанда б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың жазуларының көбісі бізге жеткен. Ежелгі Месопотамияның тарихы көптеген қайнар көзге бай. Жүздеген қалалар мен елді мекендерде археологиялық қазбалар жүргізу арқасында ассириологтар миллиондаған жазбалы мəтіндер мен материалды ескерткіштерді пайдалана алады, əсіресе, қатты материалдарда – тас, темір, саз балшықты тақтайшалардағы қалған жазбаларды көруге болады. Мысалы, саз балшықты тақтайшалардағы «Гильгамеш туралы дастан», Хаммурапи заңдары жазылған стела тек материалды ескерткіш емес, сол уақыттағы жазудың қайнар көзі. Ежелгі Мысырдың көне папирустары да сақталған, олардың ең біріншілері б.з.д. ІІ мыңжылдыққа жатады. Табылған деректер арқылы білетініміз мысыр халқы көптеген пірлерге табынған. Солардың ішінде назар аударатыны Тот ғибадаттарын айтуға болады. Себебі, онда мысырлықтардың ғылымға, мəдениетке, ақылойға үлкен мəн бергендігі байқалады. Сондықтан да болар, осындай ізгі түсініктің кепілдігі ретінде мысыр мəдениеті бізді орасан зор нəтижелерімен тəнті қылады.
Мысырлықтардың даналық пірі жайында тағы да басқа көзқарастары болған. Онда Тот ғылымның екі түрін кейіптеген: рационалды, яғни ғылым мен техниканың көрінісі деп қабылдауға болса, жəне мистикалық, басқаша айтқанда, санадан тыс көріністерді байқатады. Р.Антееның пайымдауынша, қазіргі уақытпен салыстырғанда Мысыр елінде мистикалық ақыл мен рационалды ақыл тең таразыланған. Ежелгі Мысыр халқы қажет жерде ақыл-ойды жоғары дəрежеде пайдалана отырып, ақылға сыймайтын нəрсені діни сеніммен қабылдауға қалыптасқан, яғни олар білімнің шегін сезе білген. Таяу Шығыс өркениетінің ұлы тұлғаларының бірі – Соломон (Сүлеймен) патша. Осынау есім, міне үш мың жылдан бері адамзат баласын тамсандырумен келеді. Соломон туралы бізге жеткен мəліметтер көп жəне соның бəрі бір ізбен жүйелі баяндалады. Сондай-ақ оның есімі иудейлердің қасиетті кітабы – Торада, Библия мен Құранда да аталып, дана патшаның ғибрат-тағылымы хақында көптеген мысал келтіріледі. ГИЛЬГАМЕШ ТУРАЛЫ ДАСТАН (Месопатамия. Шамамен б.з.д. V мыңжылдық) «Бəрін білген (Бильгамес) жайлы» Синликиунниннидің, Абыздың аузымен айтылған Гильгамеш тарихы «Біздің алдымызда – əлем эпопеяларының тұңғышы, хронологиялық жағынан емес, негізінде солай деп топшылауға болады. Ол осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған немесе құрастырылған. Оның мəтіні Ашшурбанипал патшаның атақты кітапханасында он екі тақтайшаға жазылып, сақталып қалған. Тақтайшалардың саны кездейсоқ емес, баяндаудың астрологиялық тəртібіне сəйкес келеді ... Менің өз басым осы вавилондық кітапта бəрі де жазылып қойылған дер едім. Оның беттері мына жарық жалғандағы ең көне дүниенің алдында бойыңды мұздатып, сөйтіп Уақыттың байлаусыз баянсыз жүрісін аңдатады». (Хорхе Луис Борхес) Гильгамеш туралы дастан – ежелгі шығыс əдебиетінің ғажайып туындысы. Тым бағзы өркениеттердің бірінен саналатын, кейінгі бүкіл поэтикалық дүниелердің айнасы іспетті шығыстың бұл ұлы поэтикалық мұрасы бүгінгі оқырманды өзінің көркем-пəлсапалық ойының аса биік деңгейлігімен ғана емес, бізге белгілі көлемді поэмалардың ішіндегі ең бағзылығымен де қызықтырады (ол «Иллиададан» мың жылдан астам көне). Гильгамеш туралы дастанның тағы да бір қызықты ерекшелігі сол – оның дамуына ұзақ уақыттардың кеткенін тарих ізінен байқауға болады. Өйткені дəл осы кейіпкерлерге арналып, бір-бірінен мың жарым жылдай алшақ жатқан эпикалық əндердің жазбалары бізге жетіп отыр. Эпикалық шығармалардың мұндай араға ұзақ ғасырлар салып дамуын зерттеп білу мүмкіндігінің өзі, əрине, тіпті бүкіл эпикалық поэзияны теориялық зерттеу жағынан анағұрлым маңызды. Гильгамеш туралы əндер қыш «кестелерге» шығыстың ежелгі шумер, аккад, хуррит жəне хетт тілдерінде түскен. Осының ең ескісі – шумер тіліндегі жырлар. Дастанда философиялық ой лар, мифтік тамаша оқиғалар мен детальдар, бүгінгі əдебиетке бергісіз озық үлгілер тұнып тұр. Ондағы отырықшы халықтар мен көшпенділер проблемасы, діни тар тыстар, өлім мен өмір туралы тұңғиық түсініктер, этникалық көріністер ғажап. Бізге жеткен жазбалардың жасы 800 жылға «жастау» болса да, Гильгамеш туралы шумерлік батырлар жыры, шамасы, тіпті біздің дəуірімізге дейінгі ІІІ мыңыншы жылдықтың бірінші жартысында-ақ шыға бастаған. Б.з.д. ІІІ мың жылдықтың соңғы онжылдығынан жеткен жазбалар сол уақыт қа сəйкес келеді. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың басында Шу мерде оңтүстікте – Урук жəне солтүстікте Киш қала-мемлекеттерінің маңызы үлкен еді. Екеуі де əскери одақ тардың орталықтарына айналып, Уруктың патшакөсемі, кейін Гильгамеш аталған, Бильгамес (Бəрін білген) Киш патшасы Эн-Менбарагестің ұлы Аккаға бағынбай, Уруктың құрамдас екі елді мекені Куллаб пен Эаннды дуалмен қоршап, жеке билік еткен деседі. Гильгамеш – Уруктың абызы əрі қолбасшы көсемі, тарихта болған, б.з.д. 2800–2700 жж. өмір сүрген адам. Күн құдайын шумерлер Уту, ал аккадтар Шамаш деп атаған. Сол Шамаштың сүйіктісі Гильгамеш туралы бұл дастаннан басқа «Гильгамеш жəне Акка» (мұнда Аккамен соғысы жəне жеңісі жайлы айтылады, бұл дастанға кірмеген),«Гильгамеш жəне Тірілер тауы» (поэманың негізгі идеясы – дүниенің фəнилігі туралы, сондықтан да «мəңгілік атын» қалдыру үшін Хумбабамен алысатын бұл эпизодтар ІІІ–V кестелерде бар. «Гильгамеш жəне аспан бұқасы», «Гильгамеш жəне мəжнүнтал» (Əйел құдай Иннин орынтақ пен ағаш төсек жасауға пайдаланғысы келіп отырғызған ағашты құбыжық иеленіп алып, оны Гильгамеш қуып шығып, Иннин үшін орынтақ пен ағаш төсек дайындайды, есесіне құдайдан сый-тартуға Урук тұрғындарын жұмысқа шығуға Шумер тіліндегі қыш «кестелері». (б.з.д. XXІІ ғ.)
шақыру үшін даңғыра мен даңғыра таяқшасын
алады. Алайда əйелдердің қарғысынан даңғыра
тамұққа түсіп кете ді, оны алып шығуға
Энкиду тамұққа түсе ді. Бұл көріністерде
діни салт-дəстүр мен тамұқ, өлімнің болмай
қоймайтыны баяндалатындықтан, XІІ кесте-
ге алынды) дастандары да аккадтық нұсқаға
түбірлес. Бұлардың барлығында да тірі пенде-
нің өлетіндігі, дүниенің фəнилігі, сондықтан да
адамдарды бəрібір де өлімнің теңестіре ті ні
пəлсапалық тұрғыдан тұжырымдалады.
Дастанды зерттеген Дьяконов И.М. əлем
ғалымдарының пікірлерін қорыта келе, əр
нұсқадан (əндерден) жасалған поэманың ұлы
жобасын төртке бөліп, əрқайсысын жеке талдайды.
1. «Энкидиада» – жабайы-кейіпкер жəне оның мəдениетке бет
бұрып, бой түзеуі туралы. 2. Хумбабаға (Хуваваға) қарсы жорық. 3. Иштармен (шумерлерше Иннинмен) бол ған эпизод жəне таубұқамен
соғыс. 4. Гильгамештің өлмес өмірді іздеуі.
ГИЛЬГАМЕШ ТУРАЛЫ ДАСТАН
(үзінді)
Қыш кітаптың ІІ кестесі
Энкиду ер отырғанда оның келіп алдына,
Шүберекті қақ айырып, кигізді оған біреуін,
Ал, бірімен киінді өзі, берді құдай тілеуін.
Сөйтті-дағы ұлындай-ақ жетектеп ап жөнелді,
Малы у-ду, бақташылар ауылына алып келеді.
Ал, малшылар жинала қап, қоршап алып оларды.
Сыбырласып, сынай қарап, ылғи сөзшең боп алды:
«Мынау сырттай Гильгамешке ұқсағанмен түк бірақ,
Одан бойы биік емес, тек сүйегі мықтырақ.
Сірə, бұның Энкиду-ау, сар даланың ұланы,
Барлық елде оның күші басым түсіп тұрады.
Ану құдай сарбазындай қуатты боп жаралған:
Жабайы аңды еміп өсіп, ақ сүтінен нəр алған!»
Бақташылар алдына əкеп қойған нанға ер əйгі,
Аң-таң болып абыржиды, түк түсінбей қарайды:
Ер Энкиду өмірінде тіпті нан жеп көрмеген,
Боза да ішіп үйренбеген, жабайы аң боп желдеген.
Жезөкше айтты Энкидуға алғыс-нұрға жарығыр:
«Же, Энкиду, мына нанды – тірлігіңнің мəні бұл,
Іш бозаны аянба сен – бейбітшілік əні бұл!»
Ер Энкиду жеді нанды тойғанынша жығыла,
Бозаны да ішті өлгенше– жеті бірдей құмыра.
Жаны тулап көк теңіздей бойына қан сыймады,
Шаттық толып жүрегіне, шырайланды дидары.
Ол өзінің түкті тəнін ұстап көрді тартына, –
Зəйтүн майын жағып тарап, келді адамның қалпына.
Киім киіп, еркекке ұқсап, шыға келді жарқырап.
Мұздай болып қаруланып арыстанмен алысты –
Бақташылар тыныш тауып түнгі ұйқымен табысты.
Қасқырлардың жынын қақты ол, арыстанды таптады,
Ұлы деген бақташылар тыныш ұйқы тапты, əні:
Ер Энкиду – күзетшісі, ұйқы көрмес мақтаны.
Бір адам кеп Гильгамешке айтты сырын ақтарып.
(Əрі қарай бірнеше жол сақталмаған)
* * *
Күліп-ойнап жезөкшемен Энкиду ер тұрған-ды,
Көкжиекті көзбен шолып, көріп қалды бір жанды, –
Жезөкшеге айтты:
«Шамхат, шақыр анау адамды!
Неге келді ол? Атын оның біліп алсам болар-ды!»
Ал, жезөкше айқай салып əлгі адамды шақырды,
Жақындады ол, қарады оған ер Энкиду ақылды.
«Оу, батырым, қайда асықтың? Сонша ауыр-ау сапарың?»
Жолаушы айтты Энкидуға сəндеп дауыс мақамын:
«Ауыр, ауыр... Адамдарға шымылдыққа жол да жоқ,
Тек оларды табыстырған –
көкті тыңдау «қолда!» – деп!
Қала жұрты себеттермен кірпіш тасып шаршаған,
Құмарын тек жəлептермен қандырып жүр қанша адам, –
Тас дуалды Уруктың тек патшасына туды сəт,
Шымылдығын желбіретіп қатын сүйсе – рұқсат,
Тас дуалды Уруктың тек Гильгамеші ұлға ұсап,
Шымылдығын желбіретіп қатын сүйсе – рұқсат,
Тек сол ғана тағдыр қосқан қалыңдығы бар əсем –
Бұрын сөйтті ол, бірақ алғы күндерге де қара сен:
«Құдайлардың кеңесімен нақ солай боп шешілген,
Маңдайына жазылғаны кіндігімен кесілген!»
Құп-қу етті мына адамның сөздерінің дерегі...
Алда – Энкиду, ал соңында жезөкше де келеді.
Гильгамеш Ашшур құдайы -
ның символы – қанатты дискіні
сүйемелдеп тұр.
Рельеф, б.з.д. ІX ғ.
Жеделдетіп жеткен кезде ол Урукқа тас қамалды,
Жанына оның жұрт жиналып қоршап алды оларды.
Көшелердің ортасында тұрғанда сол Уруктың,
Жиналған жұрт ол туралы сыбырласып тұрыпты:
«Мынау сырттай Гильгамештің өзі-сынды тіпті нақ,
Одан бойы биік емес, тек сүйегі мықтырақ!»
Жан-жағынан анталасып, адам біткен қамалған:
«Барлық елде оның күші басым болып жаралған:
Жабайы аңды еміп өсіп, ақ сүтінен нəр алған!»
Қуанысты еркектері: «Батыр пайда болды!» деп,
«Енді Урукқа мəңгілікке бақыт құсы қонды!» деп –
Айдай жүзі даңқты ердің ел-жұртына жағымды,
Құдай-сынды Гильгамештің қарсыласы табылды!
* * *
Ишһара үшін құрметтеп аппақ төсек салынды,
Төсекке оған көтерілді ер Гильгамеш арынды,
Бірге өткізіп түнді онымен, Ишһараң да танылды.
Сыртқа шықты Энкиду ер, жолын тоса береді,
Гильгамешке күш-қуатын көрсеткісі келеді.
Сол жабайы еркегіңді Гильгамешің көреді,
Арқасында бұйра жалы дудыраған немені.
Қарсы алдына тұра қалып, жақындап кеп төнеді.
Кең көшеде кездесті олар екеуі де ер еді –
Энкидуың есікті кеп аяғымен кереді,
Гильгамешті кіргізгісі келмейді сол керегі.
Ұстаса олар кетеді де, бұқаларша сүзісіп,
Қабырғалар дір-дір етті, жақтаулардың жүзі ұшып.
Энкиду мен Гильгамеш ер ұстасады, бұқаларша сүзісіп,
Қабырғалар дір-дір етті, жақтаулардың жүзі ұшып.
Тізелерін ер Гильгамеш жерге, міне, тіреді,
Басып əрең ашуын ол, тынышталып жүрегі.
Жай тапқанда жүрегі оның, Энкиду ер сөйлейді:
«Жалғыз сенін анаң ғана тапқан екен сендейді,
Тас қамалдық Ана-Сиыр, Нинсунға ол тең!» дейді.
«Еркектерге басшы болып биікке ұштың таза ұқтым,
Эллиль саған билік айтар патшалықты жазыпты!»
(Əрі қарай 10 шақты өлең жетіспейді)
Бұлай жасау керектігін қажетсіндің неге сен?
Сүйісті олар, қол алысып дос болысты тамаша ең.
(Əрі қарай 40-тан аздау өлең жетіспейді)
Ер Гильгамеш анасына сонда былай тіл қатты:
«Таудан түскен міне, мынау досым менің қымбатты,
Бар əлемде жоқ-ау оған күш иесі тең келер,
Нақ Анудың сарбазындай теңей алсам жөнді егер, –
Маған бауыр болсын десең батаңды бер, жөнге кел!»
Сонда анасы Гильгамештің жалбарынып,
құдайына өзі тіл қатты,
Сонда Нинсун – Сиыр-Ана жалбарынып,
Гильгамешке тіл қатты:
Ер Гильгамеш Анасына сонда былай тіл қатты:
«Иығымнан түсті менің ауыр күнəм тым қатты,
Ол есікке келді-дағы, күш-қуатын ұқтырды,
Құтырғаным үшін менің, қатты жылап тік тұрды.
Энкидудың жоқ ешқандай əкесі де, досы да,
Ешқашанда қиылмаған желпілдеген шашы да,
Түзде туған, ешкім одан күшін алмас асыра».
Сол маңайда тұрды Энкиду, тыңдады оның сөздерін,
Ренжіді, отыр жылап, бəлкім, ойын сезді оның,
Мөлт-мөлт етіп ыстық жасқа толды оның көздері:
Іссіз отыр, сондықтан да күш-қуаты безгені.
Міне, екі дос құшақтасты, қатарласа отырды,
Қол ұстасты бауырлардай, бірге туған секілді.
Энкидуды аяп кетіп, Гильгамеш ер тіл катты:
«Неге сенің жасқа толды жанарларың, қымбаттым,
Қайғы басып жүрегіңді, күрсінгенің тым қатты?»
Энкиду да Гильгамешке былай жауап қайырды:
«Құр ойбайым, досым менің, өңешімді айырды,
Іссіз қалдым, күшім қашты, білсең етті жайымды».
Энкидуға былай деді Гильгамешің сонда ұлы:
«Досым менің, алыс жақта бар Ливанның таулары,
Самырсынды сол таулардың қалың өскен орманы,
Сол орманда сүреді өмір мейірімсіз Хумбаба.
Кел еңдеше, соны екеулеп өлтіріп бір тынайық,
Жер бетінен зұлымдықтың барлығын да қуайық!
Самырсынның қырқам бəрін – басып қалған тауды олар –
Мəңгілікке қалдырамын есімімді таңқалар!»
Гильгамешке айтты былай өз толғамын сонда ол да:
«Сірə, мен де, досым менің, сол тауыңда болғанмын.
Жабайы аңмен бірге кезіп жүргенімде сол маңда:
Қалың орман айналасы, мың майдан ғой сұрама, –
Кім батылы барып, орман ортасына кіре алар?
Хумбабаның дауыл дерсің айқайлаған дауысы,
Аузын ашса жалын шашқан, өлім ал – дем алысы!
Неге сонша колыңа алдың атқаруға бұл істі?
Хумбабаның тұрағында тең болмайды ұрыс та?»
Энкидуға Гильгамеш ер сонда былай деп еді:
Сол тауларға көтерілу маған нағыз керегі,
Сол орманға ылғи менің бойлап енгім келеді,
Хумбабаның тұрағына, тауларына Ливанның!
Айбалтамды жаныма ілем, солай қарай жиналдым, –
Сен артта жүр, ал, алдына өзім түсем иланғын!»
Ер Энкиду Гильгамешке былай деді сол маңда:
«Қалай ғана барамыз біз самырсынды орманға?
Ей, Гильгамеш Сарбаз – оның сақтаушысы, тұрақты,
Күндіз-дағы, түнде-дағы көз ілмейді, қуатты!
Шамаш Құдай Хумбабаны берік қылған болаттан,
Адду оны қайтпас, қайсар, ержүрек қып жаратқан.
Самырсынды хас орманын қорғау үшін басқа ұлдан,
Оған пенде үрейін де Эллиль сеніп тапсырған.
Хумбабаның – дауыл дерсің айқайлаған дауысы,
Теңіз толқып, Жер шайқалып, күңіренер тау іші,
Дүлей желдей ұйтқып соғып бір шайқасты бастар-ды,
Аққан селдей əлем елін ойран ғылып тастар-ды –
Жан ашуы құйынға ұқсас сарбаз дерсің ол асқан:
Аузын ашып, лебіз айтса – дірілдеген көк аспан,
Тау-тас біткен күңіреніп, шайқалады заңғар да,
Кеудесінде жаны бардың бəрі қашар аңғарға,
Аузы жалын, дем алысы – ажал сепкен бар маңға!
Есіткенмін, жолдың ауыр екенін сол орманға,
Кім өте алар қалың жыныс ортасына жалғанда?
Самырсынды хас орманын қорғау үшін басқа ұлдан,
Оған пенде үрейін де Эллиль сеніп тапсырған,
Сол орманға кірген жанның қорқынышы асқынған».
Энкидуға Гильгамешің айтып былай жарасты:
«Досым менің, кімнің даңқы аспанменен таласты?
Мəңгі жасар күнмен бірге тек құдайлар шын ұлы,
Адамдар ше – адамдардың санаулы ғой ғұмыры,
Не істемесін олар мейлі, – бəрі-дағы желге ұшқан!
Сен де қорқып тұрсың, міне, өлім деген болмыстан, –
Қайда сенің күш-қуатың, қайсарлығың қайда ұшқан?
Мен – алдыда, сен – артымда: «Қорықпа, бас!» деп сал
айғай,
Мен құласам Тəңір жазып, даңқым кетер талайға:
Дер «қатыгез Хумбабамен шейіт болды майданда!»
Үйде қалған балаларым ержеткен соң ойлар да,
Жүгініп кеп дəйім саған «білгеніңді айт дер олар,
Бізге – əке, сенің досың, қай ерлікке барабар?»
Сен оларға айт даңқымды, тек ойыңнан кұрамай,
Жүрегімді ездің-ау сен сөздеріңмен мынадай!
Қол көтерем, қырқамын мен самырсынды жол болар,
Мəңгілікке қалдырамын есімімді таң қалар!
Міндеттейін, досым, жина ұсталарды бар мұнда,
Қару құйсын көк темірден көзіміздің алдында».
Ұсталарды жұмсауға мақұлдасты.
Ұсталар отыра қап ақылдасты.
Сөйтті де құйды алып-айбалталар,
Жəне үш талант салмағы жай балталар.
Үп-үлкен қанжарларды қарап, көрді,
Алмастың əрбірі екі талант болды.
Отыз миндік – екі жаққа екі айырылған тірегі,
Отыз миндік саф алтыннан – балдағы да ірі еді –
Екеуі де он таланттан көк темірге малынды.
Қақпасынан Уруктың жеті белтемір алынды.
Болған жайды естіп-біліп, көп жиналды халық тым,
Көшесінде топырласты қорғанды алып Уруктың.
Жұрт алдына шыға келіп ер Гильгамеш алға асты,
Қорғанды Урук қарттары да басын қосып жайғасты.
Сонда оларға айтты былай ер Гильгамеш арынды:
«Қорғанды Урук қарттары, ей, сөзге құлақ салыңдар,
Қорғанды Урук тұрғындары, ей, сөзге құлақ салыңдар,
Даңқымен-ақ дір қақтырған дүниенің елің бар,
Сол мұндарды көрсем деген сөзімді қаперге алыңдар.
Сол мұндарды жеңсем деймін самырсынды орманда,
Урук ұлы – қуатты ем ғой, даңқым кетер жалғанда!
Қол көтеріп самырсынға, қиратқаным жөн болар,
Мəңгілікке қалдырамын есімімді таң қалар!»
Қорғанды Урук қарттары да ақсақалды, Құдай-ай,
Гильгамешке жауап қатты сөздерімен мынадай:
«Ей, Гильгамеш, жүрек не айтса, көнген соған баласың,
Білмейсің ғой, қандай істі қолға алғансың, қарашы!
Есіткенбіз, – дию тектес Хумбабадай мұңдарды, –
Қылышына мойнын тосып оған қарсы кім барды?
Қалың орман айналасы, мың майдан соң, сұрама,
Кім батылы барып орман ортасына кіре алар?
Хумбабаның дауыл дерсің айқайлаған дауысы,
Аузын ашса – жалын шашқан, өлім, ал – дем алысы!
Неге сонша қолыңа алдың атқаруға бұл істі?
Хумбабаның тұрағында тең болмайды ұрыс та!»
Кеңесшілер сөзін естіп ақылдарын қылған еш,
Жан досына мойын бұрып күлді біздің Гильгамеш:
«Ал, енді не айтсам екен, шындығында жан досым,
Қорқам одан, қатты қорқам жынды атағы болғасын:
Өзіңменен бірге барам самырсынды орманға,
Қорықпау үшін – өлтіреміз Хумбабаны сол маңда!»
Қарттары айтты Урук кенттің Гильгамешке былай деп:
«Ұмай-Ана жебеп бірге, жар болғай-ды Құдай тек.
Сапарыңды сəтті қылып, жорт бөріше жолда аман,
Оралуға қайта Урукке жазсын дəйім, жан балам!»
Гильгамеш кеп тізерледі Шамаш құдай алдына: «Ақсақалдар берген бата жүрегіме қонды да – Аттанамын сапарыма, бірақ саған қол жаям: Жарылқай гөр алдымнан сен, барлығынан бол да аян! Урук сынды баспанама оралуға жаз маған, Пана бол да, қанат берші арманыма маздаған!» Энкидуды шақырып ап: Гильгамеш бал ашады. Айтқан кезде болжамын ол – ...................................... ...................................................көздің жасын шашады. Гильгамештің бет-дидарын жасы жуып барады. «Жолдармен жүремін мен баспаған еш табаным, Өзім білмес жолдарменен сапар шегем тағы əлі. Осы мəрте шыныменен қабыл болса тілегім. Өз еркіммен аттанғанда сапарға алыс, білерім – Сенің, Шамаш, аспанға атып даңқыңды ел атынан, Сен табынған Құдайларды дастарқанға шақырам!» Алдарына екеуінің қару-жарақ қойылды – Айбалталар, қанжарлар да – үлкен, көзге тойымды. Садақ пенен қорамсақ та – алдарына келтірді, Балтаны алды ол, жебеменен қорамсағын толтырды, Иығына асып алды аншандық ол садағын, Өткір қанжар – білегіне іліп алды тағы оны, Дайындалып сапарға алыс күн қабағын бағады. VІІ кесте «Досым менің, не жайында кеңесті ұлы құдайлар? Түнде көрген түсті тыңда, мұнда қандай сыңай бар: Ану, Эллиль жəне Шамаш ақылдасты өзара, Эллилге Ану былай деді бірінші боп сөз ала: «Хумбаба мен бұқаны олар неге өлтіріп ұшынған?» Ану айтты: «Кім болса да тиісті ажал құшуға – Таудың ұрлап самырсынын, тыныштығын ұшырған!» Мыңқ етті Эллиль: «Онда Энкиду өле берсін, тегінде, Тек Гильгамеш тиісті емес ешқашан да өлуге!» Шамаш сонда жауап берді Эллиль жанын қамшылар: «Хумбаба мен сол бұқаны өлтірткен де сен шығар? Жазықсыздан өлу керек неге Энкиду, қарашы?» Сонда Эллильдің ашу-кəрін тыңдап бақты Шамашың: «Оның ол ма, күнде олардың достарына барасың!» Гильгамештің алдына кеп Энкиду ер жығылды. Гильгамештің жүзінен жас тарамдана жүгірді: «О, бауырым! Сүйікті інім! Өмірімнің мақтаны, Сені ақтаудың орнына олар неге мені ақтады!» Жəне тағы: «Рухыммен неге отырам бұл маңда, Күзетумен басқа рухтың есігін сен тұрғанда! Неге ешқашан өз көзіммен бауырымды көрмейін? Неге ешқашан мен сүйікті бауырыма сенбейін?» Айтты Энкиду Гильгамешке соныменен хош делік: «Келші, досым, есімізге түсірейік, не істедік: Самырсынды қырықсақ біз – бұйрық болды Шамаштан, Самырсыннан ағаш есік жасап шықтық сəні асқан! – Бар қырсықты ағаш есік əкелді сол о бастан!» Энкиду ер көтереді төсегінен жанарын, Есікпенен сөйлеседі тапқандай бір адамын: «Есік ағаш, қарап тұрсам мағына жоқ, мəн де жоқ, Бозторғайдай миы да жоқ, санасы жоқ əлдене, Сен үшін мен жиырма майдан ағаш іздеп өлгенше Жүріп өттім, зəулім биік самырсынды көргенше – Ол ағашқа тең ағаш жоқ əлемде егер теңгерсе! Биіктігің алты гардай, кеңдігің де – алты гар, Белтемір мен ілгешегің, ысырмақ та – алты гар, Дайындадым, сені əкелдім, жарқыраттым Наппурда, ал, Білдім бе, есік, қайтарымы мұның бұлай боларын, Білдім бе мен маған мұңдай себеп-салдар қонарын, – Білгенімде балтаны алып, шабар едім жаңқалап, Ал, орнына қояр едім алашаны қалқалап! Əлгі ісімнің өзін кешпей Ану, Иштар қаралы – Неге сені, жасап, əкеп, Ниппурда мен боядым? Еһ, болашақ патша қолы саған жетсе, қолға алып, Құдай сені дайындаса қақ ашылар жарма ғып, Сүртіп тастап есімімді, жазса өз атын толғанып: …………………….». Оның сөзін есітті де, бірден күйіп жылады, Энкидудың сөзін естіп, Гильгамеш жас бұлады, Гильгамеш ер Энкидуға былай деп жүз бұрады: «Құдай саған тарту еткен терең жүрек, сөз бағын, Сен ақылды адамсың ғой, – қайдағыны қозғадың! Неге, досым, ойлайсың тым бұлыңғыр толғаммен? Нақ болжам ғой бұл түсің, үрейі көп болғанмен! Үрейі көп болғанмен, түсің – болжам сен көрген, Тірілерге Құдайлар жабығуға жол берген, Жабығуды тіріге алдыруды жөн көрген! Сыйынуға бет бұрам Құдайларға ұлы, айбын, Қайырымды тілеймін, Құдайыңнан сұраймын: Құдайлардың əкесі – нұрын төксін Ануың. Эллиль аяп, Шамаш та қорғай көрсін жан ұлын, Алтынменен аптайын мен олардың тəңірін!» Естіп мұны Шамашың Гильгамешке тіл қатты: «Сол тəңірге жұмсама алтын, о, патша кымбатты, –
Айтқан сөзді құдайлар өзгертпейді, болмайды,
Айтқан сөзді қалдырмас, оны қайтып алмайды,
Жеребені тасталған, сірə, қайтып алмайды,
Тағдыр деген өтеді, баянды зат болмайды!»
Толғамына Шамаштың жауап қатты Энкиду,
Тоқтата алмай көз жасын, алдында оның толқиды.
«Шамаш, болжам – тұс жібердің – сорым ба,
Сен не жазсаң сол болады соңында,
Бірақ менің кегім қайтпай қалмасын,
Шамаш, менің тілегімді орында!
Белгіле аңшы пешенесін дəл қылып,
Мына əлемде таусылмайтын мəңгілік!
Олжасын құрт, əлсіздендір қолдарын,
Өз алдында оңбаған қыл жолдарын,
Қашып кетсін безіп оның аңдары,
Орындалмай қалсын жүрек арманы!»
Қозғады оның жүрегін, қарғады ол Шамхатты:
«Кел, жезөкше, олжаңды белгілейін салмақты,
Мына əлемде сан ғасыр таусылмайтын толғақты.
Онда саған қарғыстың көрсетейін көкесін,
Көрсетейін, ертең-ақ іздеп табар төтесін:
Ылықсаң да қаншама, оның қабыл болмасын,
Өз ұрпағынды өзің сүй, жəлеп басың оңбасын,
Қатын-қалаш өсектеп, көзге түртсін қор қылып,
Қарға тышып үйіңе, жолдас болсын сорлылық,
Айналма қой сияқты қиға тұмсық батырып,
Ит сияқты жылынып пеш түбінде, жат үріп,
……………………………сол ғой ол!
Үйіңді де өрт шалып, шаңырағың лауласын,
Баспанаң боп жолайрық, қорлап кетсін ойнасың,
Төрт қабырға қаңырап, көлеңкелер сөйлесін,
Аяғыңа ақымақ басың тыным бермесін,
Ұры-қары аямай ұрып, тартсын жағыңнан,
Сүймеңдетсін соңынан қайыршы да қағынған,
Саған берген нəрсенің қайтып алсын бəрін де,
Аш-жалаңаш зарығып, азап көрсін тəнің де, –
Өйткені сен мені де үйіп-төге қарғадың,
Шабуыл мен қалың сор маған сен де жолдадың!»
* * *
Шамаш бəрін естіді де – сөзін оның қасқарған,
Тыңдап алған бойдан оған айқайлады аспаннан:
«Неге Энкиду, жезөкшені – Шамхатты сен қарғадың,
Тосқан саған құдайларға лайықты бар нанын,
Тосқан саған құдайларға лайықты зəмзəмін,
Сені ұлы киімге орап, даңқыңды алыс ұшырған,
Мейірімді жолдастыққа Гильгамешті ұсынған?
Енді, міне, сол Гильгамеш, жолдасың да бауырың,
Сені табыт-төсекке əкеп жатқызады ол һəм ұлы,
Төсекке əкеп құрметті жатқызады ол қамығып,
Сол жағына, қаралы үйдің, қояр табыт тəуірін:
Бүкіл патша аяғыңды өбіп, жылап сарқыла,
Жоқтау айтсын деп бұйырар бүкіл Урук халқына.
Əйелдерге тапсырылар қара кию салты да.
Ал, өзі оның сенен кейін алба-жұлба, сары ала
Аң терісін жамылып ап, қашар шөлейт далаға.
* * *
Шамаш-батыр сөзін естіп ер Энкиду табынды –
Ыза буған жан-жүрегі тыныштыққа бағынды,
Ашу тұнған бауыры да ұялатты сабырды:
«Кел, жезөкше, белгілейін басқа тағдыр саған шын,
Сені тастап кеткендердің бəрі қайта оралсын,
Билеуші мен патшалар да сүйсін сені соншалық,
Көрген адам сымбатыңа аң-таң қалсын тамсанып,
Бұйра шашын сілкіп батыр төсіңде əсем мақтансын,
Сенен шыққан жанның бəрі əмиянын ақтарсын,
Көк гауһар мен алтындарын шашып саған бақ – қонсын!
Жауларыңнан кек алуға біз мүмкіндік берелік –
Ошағы өшіп оның, татар дəмі азайсын, көрелік!
Құдайлардың мешітіне абыз сені бастасын,
Жеті ұлы бар қатын байын бір сен үшін тастасын!»
Энкидудың жан-жүрегін дерт жайлады қырсығып.
Төсегінде түннің жалғыз жатқан кезде тұншығып,
Жан досына қасіретін төкті ол түнде күрсініп:
«Досым менің, бүгін түнде бір түс көрдім зобалаң,
Көк бақырып, улап-шулап, жауап берді Жер оған,
Көз түрткісіз қараңғыда жапа-жалғыз тұр едім,
Адам көрдім бір бейтаныс – қайғы басқан түр-өңін,
Алай-дүлей дауылдағы құсқа ұқсайды түрі оның.
Қанаты оның – кұс қанаты, тырнақтары – тегеурін,
Мен алыса бастап едім – жеңді ол мені не дермін,
Мен қорғана бастап едім – қарғып мінді ол иыққа,
Қара жерді қақ айырып батырғандай сұйыққа,
(Əрі қарай 8 шақты өлең сақталмаған)
Маған солай жанасты да, айналдырды мазаққа,
Иығыма құс қанатын кигізіп, салды азапқа:
Қарап шығып Иркалланың қараңғы үйіне, ал, міне,
Алып кетті, кірген адам қайта шықпас мəңгіге.
Жолға салды, мүмкін емес түскен кері қайырылар,
Үйге əкелді, мекен қылған жарық нұрдан айырылар,
Тұрғынының ішкені – құм, жегені – саз қамырдан,
Киімдері құстікіндей, қанат-киім жамылған.
Жарық көрмес, бірақ-тағы қараңғыда қармасқан,
Ал, есіктің ілгегі мен есіктерін шаң басқан!
Аяқ басқан Өлілердің үйінде сол, қайғырған
Патшаларды көрдім біраз тəждерінен айырылған,
Көрдім тəжді ұлықтарды, болған бұрын жерге ие,
Олар Ану, Эллиль нұры, – оларға ет берді де,
Қуырдақ та жеткізілді, салқын сусын – мол дүние.
Өлілердің үйінен сол мен кірген
Абызды да, киелі мен шырақшыны көрдім мен.
Тұрады онда діндарлары Құдайлардың ең ұлы,
Этана мен Сумуканның сонда өтуде өмірі,
Тұрады онда Эрешкигаль – Жер патшасы, сенімі.
Белет-Цери – шежіре-қыз, алдында оның тізерлеп,
Тағдырлар кестесін ап, оқиды оны жүз өңдеп.
Кенет басын көтерді де, көріп мені, салмақты:
– Бұны-дағы, – деді, – ажалдың құрығы ұзын қармапты!»
(50 шамасында өлең сақталмаған)
Тіл қатты да баяндады ер Гильгамеш кəрі үстем:
«Соншалықты жақсы көрген жан досым-ау, келіскен,
Энкидуым, досым менің, сүйемін ғой сені іштен
Басқа түскен қиындықтың бəрін бірдей бөліскен, –
Есіңе алшы бар жорықты, оралған біз жеңіспен!
Досым менің орындалмай қоймайтын бір түс көрді,
Келді сол түс, ер Энкиду құлағандай іс болды!»
Бірінші күн, екінші күн жатты Энкиду төсекте,
Үшінші күн, төртінші күн жатты Энкиду төсекте,
Бес, алтыншы... жеті... сегіз... оныншы күн, есепте,
Тəнін сырқат жайлап алды Энкидудың жүректі,
Желдей есіп он бірінші, он екінші күн өтті –
Жатты Энкиду төсегінде тағдырдың мұңы өтті.
Гильгамешті шақырып ап, айтты сосын былай деп:
«Досым менің, мені, сірə, қарғаған-ау құдыретті Құдай тек:
Урукте біз сөйлескенде жүректі шын тербетіп,
Мен шайқастан корыққан едім, барғым келмей кер кетіп,
Досым менің, шайқаста өлген – даңқты да дара, ұлы,
Ал, мен қорықтым өліміңнен, қара бет боп барамын».
(Əрі қарай 10–25 шақты өлең сақталмаған)
VІІ Кесте. «Бəрін көрген жайлы» – Гильгамеш тарихы.
VІІІ кесте
Таң сібірлеп атқан кезде,
Гильгамеш сыр ақтарды өзге:
«Ей, Энкиду, досым менің, сенің анаң киік-ті,
Əкең болса – құлан еді, сені солар туыпты,
Сені өсірді тəрбиелеп мақұлықтар құйрықты,
Жануарлар даладағы, жайлаудағы сүйрікті,
Балқарағай орманында Энкидудың жолдары,
Жоқтау айтып күндіз-түні өзіңді іздеп зарлады,
Жылап жатыр қайғырумен қамалды Урук қарттары,
Өзіңді іздеп артымыздан созған қолын тартпады,
Жылап жатыр аңғарлары орманды анау таулардың,
Біз екеуміз бір кездері көтеріліп барған мың,
Бейне анандай тасбеделер еңірейді топтанған,
Самырсын мен кипаристер шырын-жасын ақтарған,
Бір кездері арасынан əзер өтіп, боқтаған.
Жылап жатыр аю, қорқау, жолбарыс пен барыстар,
Таутеке мен сілеусіндер, таусиыр мен арыстан,
Дала аңы мен малдары да, елік, бұғы қалыспай,
Жылап жатыр долы Евлей, жағасында біз жүрген,
Жылап жатыр Əл-Фұрат та, мөлдіріне жүздірген.
Жылап жатыр қамалды Урук еркектері ақылман,
Бұқаны біз өлтіргенде көзі көрген қатындар,
Эредудай абыз жылап, атағыңды асырған,
Данышпан да Эа алдында бақ-даңққа бас ұрған,
Жайлаған жан көңіліңді нанын беріп – жылауда,
Майлаған жан жұпарменен аяғында – жылауда,
Саған шарап ұсынған жан көздің жасын бұлаған,
Жезөкше де сені зəйтүн майыменен сылаған,
Шымылдықта жылап, əні, келіншектер зар қаққан,
Сенің ақыл-кеңесіңмен өздеріне жар тапқан.
Қарындас пен бауырларың жоқтап салып əніне,
Қайғыменен шашын жұлып, жылап жатыр бəрі де!
Əкесі мен шешесіндей жүрген көшіп қырда алыс,
Энкидуды мен де жоқтап шығарайын мұң дауыс.
Құлақ салып тыңдаңдаршы, ей, еркектер, мəрт бəрі,
Құлақ салып тыңдаңдаршы, ей, қамалды Урук қарттары!
Энкидуды, жан досымды, іздеп жасым төгейін,
Бейне əккі жоқтаушыдай еңіреймін, не дейін,
«Жарқыраған айбалтам, пана болар орманым,
Тіліп түсер қанжарым, қалқаным мен қорғаным,
Тойға киер қамқам-ды, етек-жеңі жайылған, –
Зұлым пері оны да менен бүгін айырған!!!
О, бауырым, ілбісін, тау құланын қайырған,
Энкидуым, ілбісін, тау құланын қайырған,
Бəрін де біз жеңіп ек, тауға шығып тең тұрдық,
Екі жақтан қармап ап, бұқаны да өлтірдік,
Көзің жойдық Хумбабаның самырсынды орманда,
Саған енді не болған, бойыңды ұйқы алған ба?
Күңгірт тартып барасың, естімейсің сен мені!»
Ал, ол болса, басын да көтермеді, сөнді өңі!
Тыңдап еді жүрегін – ол да белгі бермеді.
Бетін жапты досының, келін бетін жапқандай,
Қыранға ұқсап шүйлігіп, айналып жүр тоқталмай,
Торға түскен күшігі жолбарыстай ол да енді,
Айбар шашып ырылдап, əрлі-бері сенделді.
Жүн түткендей бейне бір шашын жұлды ол күйініп,
Қасыретті жандайын дал-дұл қылды киімін.
Таң ағарды енді-енді, қараңғылық сөгіле, –
Ұран салды Гильгамеш тыныш жатқан еліне,
Тас, мыс, темір ұстасы, мүсіншідей серіге.
«Досым менің, тұрғызам тас бейнеңді зерлеген,
Досына ешкім ондайды жасатып та көрмеген:
Жан досымның бойы мен бейнесі одан көрінер,
Аяқ жағы – тас-дағы, көктас – шашы төгілер,
Бет-əлпеті – ақ гипс, тəні алтыннан өрілер».
(Əрі қарай 20-ға жуық өлең сақталмаған)
* * *
– Енді, міне, мен сенің бауырың да, досың да, –
Бесікке ұлы жатқыздым лайық сендей хас ұлға,
Құрметті төсекке қойғыздым мен зор қыла,
Сол жаққа əкеп қойғыздым, дамылдайтын орнына.
Аяғыңды өбумен бүкіл қаған сыйынды,
Сені Урук халқына жоқтауға мен бұйырдым,
Көңілдіге сен қара жамыл деп мен үйірдім,
Досымнан соң өзім де алба-жұлба киіндім,
Арыстанның терісін жамылдым да сыйындым,
Қаштым, міне, далаға, соңына ердім құйынның!
Таң ағарып енді-енді, қараңғылық қашады,
(Əрі қарай 70-тей астам өлең сақталмаған)
Таң ағарып енді-енді, қараңғылық қашады,
Гильгамеш ер сар саздан бір мүсінді жасады,
Үлкен ағаш үстелді алып шығып, əрқилы
Қызыл тастан істелген құмыраға бал құйды,
Көкшіл тастан істелген құмыраға май құйды,
Қуыршақты əсемдеп, Шамашқа əкеп, əл жиды.
(Əрі қарай 50-ге жуық өлең сақталмаған)
Құрбандығына батырдың жиналды да Құдайлар,
Гильгамешке Эллиль кеп айтқан еді былай дəл:
«Баяғыдан, Гильгамеш, адамдарға бұйырған –
Диқан орған егінін, жер тырмалап қиырда,
Малшы менен аңшы да қоректенген аңменен,
Киім қылып терісін, етін жеген, дəмдеген.
Ал, сұрайсың сен болсаң, нəрсені ойға қанбаған,
Менің желім, су қуған күннен бастап болмаған».
Қайғыланды Шамашың, пайда болды алдына,
Гильгамешке тіл қатты, мұңға батып алды да:
«Гильгамеш ер! Сен қайда ұмтыласың, жоқтайсың
Сен іздеген өмірді ешқашан да таппайсың!»
Былай деді Гильгамеш сонда Шамаш-батырға:
«Мен əлемде қаңғыған күннен бері, мақұлда,
Тыныш тауып қара жер келіп пе еді ақылға?
Көрініп тұр, сол жылдар жатқан екем мен ұйықтап, –
Бірақ көзім тойсын ба, күн нұрына, жарыққа!
Қараңғылық бос екен, қандай қажет жарық нұр?
Өлген адам көрер ме күн сəулесін, жарықтық!»
(Əрі қарай, сірə, 20-ға жуық өлең сақталмаған болу керек)
Қосымша
Тамұқтағы Энкиду
XІІ кесте
«Даңғырамды егер мен саңғыраған күйінде,
Тастап кеткен болсам ғой ағаш ұстасы үйінде!
Ағаш ұстасы əйелін өз анамдай сыйлар ем,
Қарындасым сияқты ұста қызын сыйлар ем!
Жерден бүгін даңғырамды кім жеткізем деп тілер?
Даңғырамның таяқшасын тамұқтан кім жеткізер?»
Гильгамешке ер Энкиду айтты былай тілегін:
«Оу, Гильгамеш, неге жылап, неге мұңлы жүрегің?
Даңғыраңды жерден бүгін жеткізем мен, қорықпа,
Даңғыраңның таяқшасы қалып қоймас тамұқта!»
Энкидуға ер Гильгамеш айтты бəрін құп алып:
«Түсер болсаң егер де жер астына мынаны ұқ;
Айтар ақыл-кеңеске құлағыңды бұр анық:
Таза киім киінбе, сөзімде бұл маңыз бар,
Екеніңді жатжерлік біліп қояр жауыздар.
Құмырадан жуынба құйып зəйтүн майын да,
Жинар бəрін иіс май, біліп қояр, пайымда.
Жерге шолақ найзаңды тастамауға тиіссің:
Онда сені қоршайды сол найзадан өлгендер.
Қолыңа аса таяқ та ұстамауға тиіссің:
Онда сені сиқырлар елес болып келгендер.
Аяғыңа шабата киме осы жолда əйгі –
Тамұқта шу ешқашан шығаруға болмайды.
Өзің сүйген қатынды, сүймеуге енді тиіссің,
Қатыныңды жек көрген ұрмауға енді тиіссің,
Жақсы көрген балаңды сүймеуге енді тиіссің,
Ал, балаңды жек көрген ұрмауға енді тиіссің:
Қара жердің қарғысы жұтып қояр, тыныш тұр.
Ниназудың-ананың қалың ұйқы үйірген
Иықтары тап-таза, жабылмаған киіммен,
Кеуделері кеседей, жап-жалаңаш күйінде ең».
Кеңесіне мырзаның құлақ түрмеді Энкиду,
Таза киім киінді, сөзді ұқпады маңыз бар –
Ол жатжерлік екенін біліп қойды жауыздар.
Жуынды ол ыдыстан құйып зəйтүн майын да –
Жиналды да жұпарға, біліп қойды ол жайында.
Жерге шолақ найзаны лақтырып тастады –
Қоршап алды оны енді сол найзадан өлгендер.
Қолына аса таяқты ұстаудан да қашпады –
Сиқырлады оны енді елес болып келгендер.
Аяғына шабата киді осы жолда əйгі –
Сондықтан да тамұқта шу шығарып сорлайды.
Жақсы көрген қатынын – сүйіп алды ол енді,
Жек көретін қатынын – сабап ала жөнелді.
Жақсы көрген баласын – сүйіп алды ол енді,
Жек көретін баласын – сабап ала жөнелді:
Қара жердің қарғысы жұтып қойды сол ерді.
Ниназудың-ананың қалың ұйқы үйірген
иықтары тап-таза, жабылмаған киіммен.
Кеуделері кеседей, жап-жалаңаш күйінде ең.
Қара жерден Энкиду көтерілмек болғанда, –
Ұстаған жоқ Намтар да, ұстаған жоқ пері оны,
Күзетшісі қатыгез ұстаған жоқ Нергаддың –
жібермеді жер оны!
Шайқас болған жерде де жығылмай ол қалған-ды, –
жібермеді жер оны!
Дəл сол кезде Нинсунның ұлы-дағы келеді,
Энкидудай құлын ол жоқтап жылай береді.
Экураға, Эллильдің мешітіне, ол келеді:
«Эллиль баба, жер жұтты даңғырамды бүгінде,
Даңғырамның таяғы қалды жердің түбінде!
Алам деп ед Энкиду, ұстап қалды жер оны,
Ұстаған жоқ Намтар да, ұстаған жоқ пері оны!
Ұстаған жоқ қатыгез күзетшісі Нергалдың –
жібермеді жер оны!
Шайқас болған жерде де жығылмай ол қалған-ды,
жібермеді жер оны!»
Эллиль баба үн-түнсіз, ештеңе де демеді,
Мешітіне Синаның тағы жалғыз келеді:
«Оу, Син баба, жер жұтты даңғырамды бүгінде,
Даңғырамның таяғы қалды жердің түбінде,
Алам деп ед Энкиду, ұстап қалды жер оны!
Ұстаған жоқ Намтар да, ұстаған жоқ пері оны,
Ұстаған жоқ қатыгез күзетшісі Нергалдың –
жібермеді жер оны!
Шайқас болған жерде де жығылмай ол қалған-ды –
жібермеді жер оны!»
Син баба да үн-түнсіз, ештеңе де демеді.
Мешітіне Эаның тағы жалғыз келеді.
«Эа баба, жер жұтты даңғырамды бүгінде,
Даңғырамның таяғы қалды жердің түбінде.
Алам деп ед Энкиду, ұстап қалды жер оны!
Ұстаған жоқ Намтар да, ұстаған жоқ пері оны –
Ұстаған жоқ қатыгез күзетшісі Нергалдың –
жібермеді жер оны!
Шайқас болған жерде де жығылмай ол қалған-ды –
жібермеді жер оны!»
Бұл сөздерді Эа сол естіген бойында-ақ
Былай деді Нергалға, қайсар ерге пайымдап:
«Оу, Қайсар ер, Нергалым, құлақ салшы, аңғара:
Қара жерден саңылау ашсаң ғой тек сəл ғана,
Энкидудың рухы кұшып көктің заңғарын,
Бауырыңа өзіңнің ұқтырар ең жер заңын!»
Нергал болса, қайсар ер, тыңдады оны толғана,
Қара жерден саңылау ашып еді сəл ғана,
Энкидудың рухы шықты жерден жел бола.
Құшақтасты екеуі, отырысты қосыла,
Ақылдасып, кеңесіп, айтты əңгіме жосыла:
«Айтшы маған, жан досым, айтшы маған, жан досым,
Көрген өзің жер заңын, айтшы бəрін, толға шын!»
«Айта алмаймын, жан досым, айта алмаймын, жан досым,
Өзім көрген жер заңын айтсам егер, ол да шын, –
Көл болар-ды көз жасың!» – «Мейлі, болсын көл – жасым!
«Досым менің, жан-тəнім, өзің жұлқып, қуанған, –
Көне көйлек секілді, құрт жеп қазір қуарған!
Тəнім менің сен ұстап, жан-жүрегің нұрланған, –
Құрт жеп жатыр, бүгінде түп-түгел ол күл болған!»
Былай деді Гильгамеш, айтты былай жер құшып,
Айтты патша Гильгамеш, былай деді жер құшып: «Ұлды болған пендені көріп пе едін?» – «Көргенмін, Жер жастанып жай тапты ол, нанын жеуде ол да енді». «Үш ұл тапқан пендені көріп пе едің?» – «Көргенмін, Жер жастанып жай тапты ол, су ішуде ол да енді», «Төрт ұл тапқан пендені көріп пе едің?» – «Көргенмін, Асырауда оны əбден, жүрегі шат сол болды». «Бес ұл тапқан пендені көріп пе едің?» – «Көргенмін, Мейірімді сарбаздай бүйірі ашық талайға, Жер жастанып жай тапты ол, кірді барып сарайға». «Алты ұл тапқан пендені көріп пе едің?» – «Көргенмін, «Жеті ұл тапқан пендені көріп пе едің?» – «Көргенмін, «..................ұл тапқан пендені көріп пе едің» – «Көргенмін, Құдайлардың гүліндей тоқ көңілді ол, сəнге енді. (Əрі қарай 25 өлең сақталмаған) «Көріп пе едің желкеннің діңгегінен өлгенді?» – «көргем-ді, Тартқан бойда Жер оны ол, қазық суыруды жөн көрді». «Көріп пе едің .........өлгенді? – «көргем-ді, Түн-төсекте жай тауып, білмейді оның шөлдеуді. «Көріп пе едің майданда шайқасумен өлгенді?» – «көргем-ді, Əкесі мен шешесі оны аялап тербер-ді. Ал, əйелі иіліп, басына кеп төнген-ді». «Көріп едің мүрдені лақтырған, көмбеуді?» – «көргем-ді, Рухы оның жер бетін кезіп, мəңгі сенделді». «Көріп пе едің рухы құрметсіз өлгенді?» – – «көргем-ді, Құмырада сарқыт пен нан қиқымы, көр-жер де Лақтырған көшеге, ол байғұсқа жем болды». XІІ Кесте. «Бəрін көрген жайлы» – Гильгамеш тарихы. Аударған М.Қайыңбаев. Ежелгі Шумердің мектеп өсиеттері (шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдық) Шумер мектебінің негізгі міндеті – күрделі жазу өнеріне үйрету. Бірақ шумер мектебінің оқушылары жай ғана таяқшаны меңгергеннен гөрі көбірек үйреніп шығатын. Археологиялық қазбалардан көрінгендей, көп мектептердің түлектерінің бір бөлігі ғана, Шумерде үлкен беделге ие, қоғамның таңдаулы тобын құрайтын хатшылыққа қолы же тетін. Шумерде əр түрлі оқу бағдарламалары бар көптеген мектептер болатын. Кейбір зерттеушілер сияқты, шумерлік мектептерде тек қана жазуға, ойлар мен оқиғаларды тіркеуге ғана үйретеді деп санау жаңсақ тық болар еді. Мысалы «Егіншінің күнтізбегі» деп аталатын əдеби мəтінінде түпнұсқаның авторы агротехниканы оқып үйренбеген адам екенін елестетудің өзі қиын. Дəл солай, үлкен ғибадатханалардың құрылысына жетекшілік еткен адамдардың математика мен архитектура салаларынан қажет білім алмағанын ойлаудың өзі ақылға сыйымсыз. Оқушының қабылеті мен еңбекқорлығына, бейімділігіне жəне сонымен қатар оқудың ақысын төлей алу мүмкіндігіне оның өзінің білім алуын қай кезеңде аяқтайтыны тəуелді болатын, яғни тек мəтіндерді көшіріп жазумен тоқтай ма, əлде заң жағынан хабары бар сот хатшысы бола ма, əлде аспан денелерінің қозғалысын түсінген ғибадатханадағы абыз бола ма, немесе адам ағзасына шөптер мен минералдардың əсерін оқып білген дəрігер бола ма. Солай бола тұрса да Шумерде тез, əрі əдемі жаза алу жоғары бағаланды, сондықтан ол шумер мектебінің негізгі міндеті болды. Мына сөзден көрінгендей «Нағыз хатшының қолы ауыздан шыққан сөзден қалыспайды». Шумерде мектепте білім беру тарихы, сол елдің өзінің тари хындай кө не. Мектеп мəтіндері деп аталатындар ең көне жазба ескерткіш тері мен бір мезгілде пайда болған Ура күресінінен табыл ған, шамамен б.з.д. XXVІІІ–XXVІІ ғғ. жататын жазба тақ тай шаларының ішінен жүз де ген, сабақ кезінде оқушылар орындаған жаттығулары бар оқу мəтіндері шықты. Көптеген, құдайлар, əр түрлі балықтар мен өсімдіктер тізімі жазылған оқу тақтайшалары табылды. Этнографиялық деректердегі бұл құжаттардың салмағы өте үлкен, оған куə, мысалы, Берлин музейі коллекциясының, Шуруппактан қазып алынған, ІІІ мыңжылдықтың алғашқы жартысына жататын 235 тақтайшаның 80-і «мектеп мəтіндері» екені. Оларда, құдайлар тізімі де, қызмет, атақ атаулары да, жабайы жəне үй жануарларының, балықтар мен құстардың аттары да бар. Шуруппактан табылған тақтайшалардың тағы бір құндылығы, олардың көбінде кестені жасаған адамның аты көрсетілген. Ғалымдар 43 есімді оқыды. Адамзат тарихындағы алғашқы оқулықтардың авторлары адамдар есінде ғасырлар бойы сақталған. Бірнеше жүздеген жылдардан кейін жасалған бұл мəтін дердің көшірмелерінде оларға сілтеме жасалған. Шумер мектептерінің оқушыларының көпшілігі, оқу ақысын төлей
алатын, шаруашылықтарын балалардың қатысуынсыз жүргізе алатын дəулетті отбасынан шыққан. Неміс ғалымы Николаус Шнейдер мыңдаған шаруашылық жəне əкімшілік тақтайшаларын зерттеген, оларды жазғандар, өзінің атын, өз атының жанына əкесінің атын, оның кəсібі мен айналысатын қызметін қоса сызған. Шнейдер, жазғандардың əкелерінің билеушілер, «қала əкелері», сарай маңындағылар, ғибадатхана меңгерушілері, əскербасылар, кеме капитандары, жоғары салық шенеуніктері, абыздар мен əртүрлі дəрежелі шенеуніктер, хатшылар, қолөнершілер, саудагерлер жəне т.б. болғанын анықтады. Өкінішке орай, жазғандардың бəрі бірдей өзі туралы егжей-тегжейлі мəлімет бермеген, сондықтан көпжылдық оқудың толық курсын бітіруге қаражаты жетпегендердің «төменгі категориялы», яғни кəсіби деңгейі төмен хатшы болып қалғандары жоққа шығарылмайды. Мектептің күнделікті өміріндегі оқу үдерісі саз тақтайша мен талдан таяқша жасау техникасын меңгеруден басталатын. Содан кейін барып алғашқы таңбаларды игеру кезеңі келетін. Бізге жеткен тақтайшалардың көпшілігі «бірінші сыныптағылардың» əлсіз каллиграфиялық тəжірибесімен жасалған. Кейінірек оқушылар біз дінтану, тілтану, ботаника, минералогия, зоология, география, астрономия, математика, ихтиология, сонымен қатар грамматика жəне стилистика деп атайтын салалар бойынша білім ала бастайтын. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысында, Аккад семиттері Шумерді жаулап алып, Шумер «қостілді» мемлекетке айналған кезде, сөздіктер жасауға қажеттілік туды. Қазба кезінде көптеп табылған алғашқы сөздіктер пайда болды. Бұл «сөздіктердің» шумер мəтіндерін оқып, түсінудегі маңызы зор болды. Ураның үшінші династиясы кезеңінде шумер мектептерінің оқушыларының көпшілігі елдің шумерлік емес бөлігіне жататын, оған мына сөз куə: «Бұл шумер тілін оқып отырған қызметші». Бұл сөз мынадай қорытындыға əкеледі: шумер мектептерінде тек дəулетті адамдардың балалары ғана оқымауы мүмкін. «Эддубалар» («тақтайшалар үйі») – мектеп басшылары – «уммиалар» – ұстаз жəне оның көмекшісі – «аға» болды. Мектеп жетекшісіне, жəне «педагогтарға», сонымен қатар, «қамшы ұстағандарға» (мектептегі тəртіпке жауап беретін сақшы болар), оқушыларға қамқорлық жасау ісі тапсырылды. Оқу ісі ұзақ жылға созылатын, бала үлкен кісіге айналатын, бірақ қабылетін көрсетіп, бəріне шыдағандар ғана жоғары қызмет, құрмет пен байлыққа қол жеткізетін. Шумер мектептері туралы əңгімелер бізге бірнеше нұсқада жетті. Солардың біреуінде оқушы өзінің ұстаздарын оны конфигурациясы əртүрлі аудандарды есептеуге үйреткені үшін осының арқасында ол үй тұрғызуға, канал қазуға қажеттің бəрін қиналмай есептей алатыны үшін жəне т.с.; өмірде белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін қалай ұстауы керек екенін білетіні үшін мадақтайды. Басқа нұсқада бұрын еш жерде кездеспеген оқудан бос күндер туралы қызық мəлімет берілген. Сол фрагментті келтірейік: Міне менің мектептегі бір айымның есебі: Əр айда үш күн демалыс жəне əр айда үш күн мереке, əр айдың жиырма төрт күнін мен мектепте өткіземін, жиырма төрт ұзақ күндер. Өкінішке орай, ай сайын не қылған үш күн мереке екені белгісіз. Ол «жаңа айды» салтанатты қарсы алумен байланысты ма, əлде басқа бірнəрсемен байланысты ма, белгісіз. Тек бір нəрсе күмəнсіз: шумер мектептерінің оқушылары осы алты бос күнге қатты қуанған. Бұл мəтінді ежелгі Шумерде кең тараған оқушы жұмысы дей алмаймыз. Бұл оқу тақтайшасы – оқуға арналған, онымен шумерлік оқушылар оқуды, жазуды жəне мектепке, ұстаздарға жəне ғылымға құрметпен қарауды үйренетін мəтін болар. Шумерлік шығармалардың біразында «педагогика» мен мектеп өмірі мəселелері қозғалған. Бізге дейін жеткен, мысалы, сақшы мен хатшының пікір алмасуынан, «мектеп адамдарының» бір-бірін жаман сөздермен ғайбаттағанынан, «Хатшы жəне оның жүгермек ұлы» деген ізгілікке үйрететін əңгіме мазмұнынан, шумерліктерге жасөспірімдерді тəрбиелеу, оларды қоғамдық тəртіп пен ережелер шеңберінде ұстаудың оңайға соқпағанын көреміз. Əдеби шығармаларға қарасаң, əкелер ізгілікке үйретуден аянбаған. Мысалы, Шуруппак, осылай аталатын қаланың билеушісі, аты аңызға айналған Зиусудраның əкесі, «даналық сөздерді айтатын» данышпан, кейінгі ғалымдар «Шуруппактың ұлы Зиусудраға ұлағаты» деп атаған үлкен шығармасында былай дейді: Ұлым менің, мен саған ұлағат айтқым келеді, Менің ұлағатыма құлақ сал, Зиусудра, менің саған айтқан сөздерімді ыждаһатпен тыңда; менің өсиетімді құр қалдырма, менің айтқанымды бұзба, əкеңнің өсиеті құнды, осыны миыңа құй... Əрі қарай Шуруппак ұлына басқа адамдармен жанжалдасуға жəне екіжүзді болуға болмайтынын айтады; басқа біреудің меншігіне қол сұғуға болмайды; үлкен ағаң мен апаңды əкең мен шешеңдей құрметтеу керек; жалғыз саяхатқа шығуға жəне күңдеріңмен жыныстық қатынасқа түсуге болмайды... Бұл мəтінде, егер оған түсініктеме дұрыс жасалған болса, практикалық кеңестер де, ізгілік «ережелері» де берілген. Шуруппак өтірікшілер, байлар, бүлікшілер туралы пікірлерін айтады, ол сүйіспеншілік пен өшпенділік туралы, жақсы мен жаман туралы да айтады.
Хатшының жүгермек ұлымен əңгімесінің «Шуруппак ұлағатынан» айырмашылығы, бірнеше сюжеттік бағыты бар. Бұнда дəстүрлер мен ізгілік идеалдары, жəне сонымен қатар, нақты педагогикалық ұстанымдар туралы сөз қозғалады. Диалог түрінде қысқа кіріспеден кейін, ұлы əкесіне оның өсиеттерін ыждаһатпен тыңдап, есіне сақтап отырғанын білдіру үшін, оның əр сөзін қайталайды. Əкесінің ең басты қайғысы ұлының мектепке барғысы келмейтіні. Əкесі оны жақсылығын бағаламағаны үшін айыптайды: оған оқу үшін барлық жағдай жасалған, ал ол оқудың орнына көше кезіп, бос əуреге уақытын сарп етуде. Əкесін ұлының дəстүр жəне құдайлар салған жол бойынша, əкесінің ісін жалғастырып, одан жазу таяқшасын мирас қылып, хатшы болғысы келмейтіні ызаландырады. Ғылыммен, рухани құндылықтармен ешқандай материалдық байлықты салыстыруға болмайды ғой. Əкесі баласына оның материалдық дəулетінің егер ол одан ешкім тартып ала алмайтын ғылым мен білімге сүйенбесе берік болмайтынын ескертеді. Бұл шығарма жасалған кез бен біздің арамызда төрт мың жыл жатыр. Адамдар – əкелер де, балалар да осы қырық жүзжылдықта қалай аз өзгерген! Кемел даналық пен еркін, асау, бəріне бірден қол жеткізгісі келетін жастық арасындағы диалог əлі жалғасуда. Біздің шумерлік хатшымыз, ашу мен ызаға толы сөздерін үмітпен, бата берумен аяқтамаса, əке болар ма еді. Шумер мектебінде оқу ұзақ болды – жазу өнерін игеру оңай болмады. Алғашқыда тұтас сөз бір таңбамен берілді, олардың саны 2000 – дайға жетті. Таңбалар фонетикалық мəнге ие болған кезде, олардың саны 600-дей болды. Жазудың неге арналғаны, оның сипаты, жазуға қолданылған материалға байланысты сыналық жазу таңбаларының шамасы да əртүрлі болатын – Гудеа мүсінінде көргеніміздей тасқа қашап жазылған монументтіктен, үш-төрт сантиметрлік саз тақтайшаға сыйып кететін шаруашылық мазмұндағы мəтіндер жазылған кішкентай таңбаларға дейін. Шумерлік хатшылардың шеберлігінің деңгейін олардың кеңдігі 1см саз тіліміне үш жол мəтінді сыйғыза алатыны көрсетеді. Жазу, оқу жəне санау өнерін меңгерген «мектеп ұлдарының» ең қабілетті, ең табандылары мамандық деуге болатын сатыға өтетін. Біреулері өздерінің білімін стилистика мен грамматика саласында тереңдетіп, əдебиетті танып, өздері əндер мен гимндердің, эпикалық поэмалар мен афоризмдердің, мысалдар мен тарихи тізбелердің авторы болды. Біреулері, математика құпиясын меңгеріп, өздерін құрылыс ісі мен сəулет ісіне, кеме, канал құрылысына арнады. Үшіншілері əкімшілік қызметпен айналысып, елдің шаруашылығын басқарды. «Хатшы мен оның ақымақ ұлы» (үзінді) ... – Сен қайда бардың? – Мен ешқайда барған жоқпын. – Егер ешқайда бармасаң, неге бос жүрсің? Мектепке бар, «мектеп əкесінің» алдына бар да, берілген сабақты айт, өзіңнің мектеп сумкаңды аш, өзіңнің тақтайшаңды жаз, «ағаң» саған жаңа тақтайша жазып берсін. Сабақты аяқтап, ұстазыңа көрсеткен соң, маған қайтып кел, көше кезбе. Саған не айтқанымды түсіндің бе? – Түсіндім, қайталай аламын. – Қайтала. – Қазір қайталаймын... Ұлы бəрін қайталаған соң əкесі ұзақ, монолог айтты: – Тыңда мені, еркек болсаңшы. Алаңдарда тұрма, бақтарда қыдырма. Көшемен келе жатып, жан-жағыңа қарама. Сыпайы бол, ұстазыңның алдында мүлəйім бол. Ұстазың сенің көзіңнен қорыққаныңды көрсе, ол сені жақсы көреді... Адам толы алаңдарда жұмыссыз кезіп жүрген сен, табысқа жеткің келе ме? Онда саған дейін болған буынға қара. Мектепке бар, ол саған жақсылық əкеледі. Ұлым менің, аға буынға қара, олардан ақыл сұра. Тікбақай, мен сені көзімнен таса қылмаймын, – бір ұлыма қарай алмасам, əке болмай кетейін, – мен əулетіммен ақылдастым, мен туыстарымды салыстырдым, олардың арасында дəл сендей ешкім жоқ. Менің қазір саған айтатыным, көр соқырды дана қылады, жыланды сиқырлағандай тоқтатады... Сен менің жүрегімді сыздаттың, сонан соң мен сенен алыстадым да, сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым; жоқ, мен сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым. Мен сенің кінə таққаныңа қарай, саған ашуландым, я мен саған ашуландым. Сен өзіңді адам құсап ұстамайтындықтан, менің жүрегімді мұз қарығандай болды. Өзіңнің асаулығыңмен сен мені молаға жеткізе жаздадың. Мен өмірімде бір рет те саған қалың шөптің арасынан ағаш жинатқан емеспін. Сен жас балалар мен бозбалалар таситын бұтаны ешқашан тасыған емессің. Мен саған ешқашан: «менің керуенімді қара!» деп айтқан емеспін. Мен сені ешқашан жер жыртуға жіберген жоқпын. Мен сені ешқашан менің егісімді өңдеуге жұмсаған емеспін. Мен сені ешқашан егісте жұмыс істеуге жұмсаған емеспін. Өмірімде ешқашан саған: «Бар жұмыс істе, маған көмектес!» деген емеспін. Басқа, сен сияқты балалар, ата-анасына көмектеседі. Егер сен туыстармен сөйлессең, егер оларды бағаласаң, олардан озуға тырысар ең. Олардың əрқайсысы 10 кур тары өсіреді, олардың ең жасының өзі əкелері үшін 10 кур тары өсіреді. Олар əкелерін тарымен, маймен,
жүнмен қамтамасыз етеді. Ал сен болсаң, сен қырсықтығың жағынан ғана еркексің, ал олармен салыстырғанда сен тіпті де еркек емессің. Əрине, сен олар сияқты еңбек етпейсің, себебі олар ұлдарын жұмсайтын əкенің балалары ғой, ал мен сені ешқашан жұмысқа жұмсаған емеспін. Қырсық, мені ашуландырып отырған, – қандай адам өз ұлына шын ашуланады? – мен туыстарыммен сөйлесіп, осыған дейін байқамаған бірнəрсені көрдім. Мен саған қазір айтатын сөзімнен қорық жəне дұрыстап тыңда. Сенің əріптесің, сенің мектептесің – сен оны бағаламадың. Неге сен одан озуға тырыспайсың? Сенің досың, сенің жолдасың – сен оны бағалай алмадың. Сен неге одан озуға тырыспайсың? Өзіңнің ағаңа жетуге тырыс. Біздің еліміздегі Энки (өнер мен қолөнер құдайы) жасаған барлық кəсіптің ішінде хатшылықтан қиыны жоқ. Тек əн (поэзия) болмаса, ал əн жүрегі теңіз бен алыс канал жағалауларындай қашық, – сен менің кеңесімді тыңдамас едің, мен де əкемнің даналығын саған жеткізе алмас едім. Энмиль адам тағдырын осылай жасаған: ұлы əкесінің ісін жалғастыруы керек! Мен күні-түні сен үшін қиналамын. Сен күндерің мен түндеріңді лəззат қуып өткізіп аласың. Сен көп қазына жинадың, сен үлкен болып, толыстың, күшті, маңғаз болдың. Бірақ сенің бүкіл əулетің сенің басыңа іс түскенін күтіп отыр, олар соған қуанады, себебі сен адам болуға тырыспайсың. Соңғы бөлімі əкесінің батасымен аяқталады. Сені саған жамандық тілеген дұшпаныңнан сенің құдайың Нанна құтқарсын. Саған шабуыл жасағаннан сенің Құдайың Нанна құтқарсын. Сені адамгершілік сергітсін, ол сенің басыңа да, жүрегіңе де енсін! Сені қаланың даналары естісін, Сенің қалада тек жақсы атың шықсын. Сені Құдай бақытты атпен атасын. Саған Нанна құдайдың мейірі түссін. Саған Нингаль тəңірше батасын берсін! «Ақиқат-ең жақсы…» Ежелгі шумерлік данышпан Шуруппактың өсиеті (үзінді) Өткен заманда Бұрынғы өткен заманда... Шуруппактың өсиеті Өткен күндерде, бұрынғы өткен күндерде Өткен түндерде, бұрынғы өткен түндерде Өткен жылдарда, бұрынғы өткен жылдарда, Сол заманда бір данышпан, сөз қадірін білетін, Шумер тұрғыны, Шуруппак ұлына өсиет айтты, Шуруппак, Убартуту ұлы, өзінің ұлы Зиусудруға өсиет айтты. 10. Ұлым менің, кеңес бергім келеді, кеңесімді тыңда, Зиусудра, менің айтқанымды дұрыстап тыңда.Менің кеңесімді жерге тастама. Менің сөзімнен аттама. Əкеңнің айтқанымен жүр. Ақырғыш есекті алма– айқайы төбеңді тесер.Жолдың жанына егін салма, таптап кетер. Есектің жолына егін салма – құртады. Алқаптың ортасынан құдық қазба – су басады. Үйіңді көшеге ентелетпе – қатарда тұрсын. 20. Біреуге ісіңді артпа – тəуелді болмайсың. Ешкімнің ісін мойныңа алма – ол ақылсыз.Куə да болма. Адамды оның қаласы біледі. Дау шыққан жерге барма. Дау куəсі болмайсың.Жақсысы даудың өзі өшкені. Өзің дау шығарма. 30. Дау да, өрт те – өзі тұтанбайды. Даудан қашық бол. Ұрлама – өзіңді құртпа. Біреудің үйіне басакөктеп кірме, біреудің қазанына көзіңді мөлитпе. Ұры – арыстан, ұсталса – құл. Балам менің, ешкімді өлтірме! Балтаны өзің көтерме! (...) Күйеуі бар келіншекпен мылжыңдаспа, өсектен қашып құтыла алмайсың. О, балам менің, күйеуі бар келіншекпен бір бөлмеде қалма. 40. Жанжалды бастама, өзіңді төмендетпе. Өтірік айтпа, бас пен мойынды ажырата біл. Сөзіңді ұста, сенің сөзің – сенің тірегің. Сөз қайтарма, зұлымдықты шақырма. Ұрланғанға қызықпа, Қолыңды былғама, Көп олжалы болмайсың. Шын емес сөзді айтпа –
– кейін оған өзің шырмаласың.
50. Өрістегі танымайтын қойды қуалама.
Сенімсіз жерді өгізге айдатпа.
Сенімді болсаң – жолың да сенімді.
Қара жолды таңдама, зұлымдыққа жолығасың.
Дала есегін сатып алма – соңынан қуып əуре боласың.
Күңіңмен жатпа – тіліңді алмайды.
Ашу үстінде қарғама – өзіңе қайтады.
Суды қолыңмен қармама – бос əуре боласың.
Қатты лақтырған нəрсең, сонан соң сені лақтырады.
Қарыздарды қинама – жауыңды көбейтесің. (...) 70. Батыр – біреу, ол адамдар арасында жалғыз. Күн – біреу, ол адамдар арасында жалғыз. Батырдың жанында тұру – мəртебе! (...) 187. Кішкентай қала патшаға өгіз береді, Үлкен қала үй салады, канал қазады. 192. Кім үйді қиратса, үйдің астында қалады, Кім көпке қарсы шықса, оған көп қарсы шығады. Кім үлкен өгізді арқалап алса, Ол өзеннен өте алмайды. Өз қалаңның күштілеріне қосылсаң, Балам менің, сен де жоғары көтерілесің.(...) 210. Батырлық пен билік – мырзалардың қорғаны. Батырлыққа сен бас иесің. Билігі барға бағынасың. Балам менің сонда сені зұлымдық ала алмайды.(...) 258. Анаңның сөзі мен сақтаушы – құдайдың сөзіне қарсы келме. 260. Ана – күн құдайы Уту сияқты, ол адамды туады. Əкең – құдай сияқты, жарық береді. Əкең құдай сияқты, оның сөзі берік. Əкеңнің кеңесін есіңнен шығарма.(...) Аударған Г. Адаева. ОРТААССИРИЯЛЫҚ ЗАҢДАР (шамамен б.з.д. ІІ мыңжылдық) (үзінді) Ортаассириялық заңдар (ОАЗ) оларды растайтын шаруашылық жəне заң құжаттарымен бірге б.з.д. ІІ мыңжылдықтың үшінші ширегіндегі ашшур қауымының əлеуметтік-экономикалық өмірі бойынша маңызды дерек болып табылады. 1903 жəне 1914 жж. қала қауымының (оның ішінде жеке меншіктің де) заң ережелерін кодтаудың нəтижесін көрсетеін 14 кесте мен заң бөліктері табылды; оларды жариялағанда А-дан О-ға дейінгі үлкен латын əріптерімен белгілеу қабылданды. Заңдар ең болмағанда Ашшура қаласының архивінде жəне қаланың қамқоршы тəңірі Ашшура ғибадатханасында сақталған болуы тиіс. ОАЗ-да Ашшуралық «номолық» мемлекет дамуының ерекше кезеңі көрініс тапқан, бұл оның жоғарғы басшысы «патша» қауымдық «номалық» олигархиядан бөлініп, кəдімгі таяушығыстық сарайдың басшысы ретінде үстінен қарай бастаған кезеңде болатын. Негізінен сыртқы басқыншылықтың ықпалымен Ашшура «номалық» мемлекетінің Ассирия империясына айналуы жəне патшаға басып алған аймақтарда үлкен мемлекеттік сектор жасауға мүмкіндік беруімен бұл үдеріс Ассирияда аяқталды да, мүлдем басқа кезеңді бейнелеген ОАЗ қолданыстан шығып қалды (олардың б.з.д. XІ–XІ ғғ. əлі де көшірмесін жасаған, бірақ б.з.д. І мыңжылдықта көшіріліп, оқыла бастады, – бөтен, вавилондық болса да, сол кездегі Ассирия сияқты орталықтанған империяның өмірін бейнелейтін). § 1. Егер əйел – біреудің əйелі ме, əлде біреудің қызы ма, ғибадатханаға кіріп, одан киелі жердің бірнəрсесін ұрлап алып, ұрланған затымен ұсталса, оның кінəсін не ант арқылы мойнына қояды, немесе басқа əдіспен дəлелдейді де, оның ұрлағанын алып қойып, тəңірден сұрау керек. Ол əйелге не жаса десе, соны қолдану керек. § 2. Егер əйел – біреудің əйелі ме, əлде біреудің қызы ма – құдайды ғайбаттайтын немесе басқа бір жаман сөз айтса, онда осы əйел ғана жазаға тартылады. Оның күйеуіне, ұлдарына немесе қыздарына кінə тағылмауы керек. § 3. Егер адам ауырып, қайтыс болса, ал оның əйелі оның үйінен бір нəрсені ұрлап алып, оны бір адамға, немесе əйелге берсе, онда ол адамның əйелін де, оның затын алған адамды да өлтіру керек. Ал егер дені сау адамның əйелі, өз күйеуінен бір нəрсе ұрлап алып, басқа адамға, немесе əйелге, немесе кез келген біреуге берсе, күйеуі ант арқылы əйелінің мойнына қойып, оны жазалауы қажет, ал күйеуі бар əйелден зат алған адам ол затты қайтаруы қажет, жəне күйеуі əйеліне тартқызған жазаны ол адам да тартуы қажет. § 4. Егер құл немесе күң күйеуі бар əйелдің қолынан бір нəрсе алатын болса, құл мен күңнің мұрны мен құлағын кесу керек, ал ұрланған затты олар қайтаруы тиіс. Адам өз əйелінің құлағын кесуі керек, егер ол əйелінің құлағын кеспей, босата салса, онда құл мен күңнің де құлағы мен мұрнын кеспеуі тиіс, жəне олар ұрланған затты қайтаруға міндетті емес. § 5. Егер адамның əйелі басқа адамның үйінен бірнəрсе ұрлап алса, жəне ол бағасы 5 мин қалайыдан жоғары тұратын зат алса, ұрланған заттың иесі: «Мен оған, бұл затты алуға рұқсат берген жоқпын!» деп ант беруі керек, немесе «Менің үйімді тонады» деуі керек. Егер күйеуі əйелін сатып алғысы келсе, ұрланған затты қайтарып беріп, оның құлағын кеседі. Ал егер күйеуі əйелін сатып алғысы келмесе, онда ұрланған заттың иесі əйелді өзіне алады (күңдікке) жəне оның мұрнын кеседі. § 6. Егер адамның əйелі бір нəрсені бір жерге тығып қойса, алушы ұрлық ретінде жауапқа тартылады. § 7. Егер əйел еркекке қол көтерсе жəне онысы мойнына қойылса, ол 30 мин қалайы төлеуі керек, жəне оған 20 дүре соғылуы керек. § 9. Егер адам күйеуі бар əйелге қолын көтерсе, немесе қолын жүгіртіп, шымшыса, ол мойнына қойылса, онда оның саусағын кесу керек. Ал егер ол əйелді сүйіп алса, онда оның астыңғы ернін балтаның жүзімен кесіп тастау керек. § 10. Егер еркек болсын, əйел болсын адамның үйіне кіріп, еркекті
немесе əйелді өлтірсе, кісі өлтірушілерді үй иесіне беру керек. Ол оларды өлтіруіне болады немесе олардың бар мүлкін алып, құн төлетуі мүмкін. Ал олардың үйіне алатын ештеңе болмаса, олар ұлын немесе қызын береді... § 11. (Сынған) § 12. Егер күйеуі бар əйел көшеде келе жатып, оны еркек ұстап алып, оған: «Сені білейінші!» десе – ал əйел оған келіспей, қорғанса, бірақ ол оны күшпен зорласа, оны осының үстінде ұстап алса, немесе куəлар оның əйелді зорлағанын растаса онда оны өлтіру керек, ал əйелге жаза жоқ. § 13. Егер күйеуі бар əйел үйінен шығып, өзі еркек тұратын үйге барып, еркек онымен оның күйеуі бар екенін біле тұра, ойнас жасаса, еркекті де, əйелді де өлтіру керек. § 14. Егер адам күйеуі бар əйелмен оның күйеуі бар екенін біле тұра, күркеде болсын, көшеде болсын ойнас жасаса, күйеуі əйеліне не істегісі келсе, ол адамға да соны істейді. Егер ол əйелдің бар екенін білмей ойнас жасаса, онда ол босатылады да, ал күйеуі əйелінен кінəлі екеніне ант алады да, не істегісі келеді, соны істейді. § 15. Егер адам бір еркекті өз əйелімен ұстап алса, ант жүзінде оны мойнына қойса,онда екеуін өлтірсе де, оған кінə жоқ. Ал егер ол оны ұстап алып, не патшаға, не сотқа əкелсе, ұстап алғанына ант етсе, онда ол əйелін өлтіруіне де, ол еркекті өлтіруіне де болады. ... Ал егер əйелін босатып жіберсе, онда еркекті де босатуы керек. § 16. Егер адам күйеуі бар əйелді өзін жаман сөздермен ғайбаттағаны үшін зорласа, онда еркекке жаза жоқ. Күйеуі əйелін қалай жазаласа да еркі.1 Ал егер əйелді күшпен зорласа, ол мойнына қойылса, онда əйелге қандай жаза қолданды, оған да сол жаза қолданылуы керек. § 17. Егер бір адам басқа адамға: «Сенің əйеліңмен бəрі болады» десе, ал куəлар жоқ болса, онда олар Рекаға баруы керек.2 § 18. Егер адам өзіне тең адамға құпия түрде, немесе жанжал үстінде, елдің көзінше: «Сенің əйеліңмен барлық еркектер болады» десе, жəне: «Мен осыған ант беремін» десе, бірақ ол антын орындамаса, оған 40 дүре соғылуы керек; ол бір ай бойы патшаның жұмысын тегін жасауы керек; оған таңба басылып, ол бір талант қола айып төлеуі керек. § 19. Егер адам өзіне тең адамға «Сенімен болады» деп жала жапса, немесе «Мен өзім осыған ант беремін» десе, бірақ антын орындамаса, бұл адамға 50 дүре соғылуы, ол бір ай бойы патшаның жұмысын жасауы, оған таңба басылып, 1 талант қалайы айып төлеуі тиіс. § 20. Егер адам өзімен тең адамды зорласа, ол мойнына қойылса, оның өзін зорлау керек. § 21. Егер адам бір адамның қызын ұрып, осыдан ол түсік тастаса, ол мойнына қойылса, онда ол 2 талант 30 мин қалайы айып төлеуі, оған 50 дүре соғылуы, жəне ол бір ай бойы патшаның жұмысын жасауы тиіс. § 22. Егер күйеуі бар əйелді əкесі емес, ағасы емес, ұлы емес басқа бір еркек өзімен жолға алып шықса, оның күйеуі бар екенін білместен, онда ол ант беріп, əйелдің күйеуіне 2 талант қалайы төлеуі тиіс. Егер ол əйелдің күйеуі бар екенін білсе, айып төлеп, былай ант етуі тиіс: «Ант етемін, мен оған тиіскен жоқпын!» Ал егер күйеуі бар əйел: «Ол мені зорлады» десе, онда ол айып төлеп, міндетті түрде Рекаға баруы керек. Егер ол Река сынағынан өткісі келмесе, əйелдің күйеуі əйеліне не қылса, оған да соны қылады. § 23. Егер күйеуі бар əйел өз үйіне басқа күйеуі бар əйелді əкеліп, оны басқа еркектің қолына берсе, ол оның күйеуі бар екенін біле тұра ойнас қылса, күйеуі бар əйелді зорлаған ретінде қарау керек, ал табыстырған əйелмен күйеуі əйеліне не істесе соны істеу керек. Егер күйеуі əйеліне ештеңе істемесе,онда еркекке де, табыстырған əйелге де ештеңе істемеуі керек. Ал егер күйеуі бар əйел ештеңе білмеген, жеңгетай оған еркекті алдап, кіргізген болса, əйел оны зорлағанын айтуы керек, онда əйелді босатып, еркек пен жеңгетайды өлтіруі керек. Егер əйел ештеңе айтпаса, күйеуі оны қалай жазаласа да еркі, ал зорлаған еркек пен жеңгетайды өлтіруі керек. § 24. Егер күйеуі бар əйел күйеуінен өз бетімен кетіп қалып, басқа ашшуралықтың үйіне барып кіріп, сол үйдің əйелінің жанында 3-4 рет түнесе, бірақ ол үйдің иесі өз үйінде басқа бір күйеуі бар əйел тұрып жатқанын білмесе, ол табылғаннан кейін, кетіп қалған əйелдің күйеуі оны кескілеп тастап, қайтып алмауына болады. Ал əйелін тұрғызған басқа күйеуі бар əйелдің құлағын кесуге болады. Егер қашып кеткен əйелдің күйеуі келіссе, үйдің иесі 3 талант 30 мин қалайы төлеп, оның əйелін алып қала алады... Ал үй иесі үйінде күйеуі бар əйел тұрып жатқанын білген болса, онда үш есе көп айып төлейді. Егер ол оны теріске шығарса, «Мен оны білген жоқпын» деп, онда Рекаға баруы керек. Ал үйінде күйеуі бар əйел тұрып жатқанын білген үй иесі Река арқылы сынақтан өткісі келмесе, ол үш есе көп айып төлейді. Ал əйелі кетіп қалған адам, Река сынағынан өткісі келмесе, онда үй иесі айыптан босатылады да, айыпты күйеу бүкіл сынақтың шығынын толтыруы керек. Ал егер кетіп қалған əйелдің күйеуі өз əйелін мылжаламаса оны өзіне қайтарып алса, басқаларға да ешқандай жаза болмайды. § 25.Егер əйел өзінің əкесінің үйінде тұрып жатса, күйеуі қайтыс болған болса, оның бауырлары мұраны бөліспеген болса, ол əйелдің ұлы болмаса, ол əйелге күйеуінің берген барлық неке сыйлықтарын, жоғалып кетпесе, күйеуінің бөлініп кетпеген бауырлары алады. Басқа туралы олар үй тəңірлерінің алдында айтып, талап етіп, алып қоюларына болады. Оларды ант беруге де, Рекаға баруға да мəжбүр етуге болмайды. § 26. Егер əйел өзінің əкесінің үйінде əлі де тұрып жатса, ал оның күйеуі қайтыс болса, онда оған күйеуі кигізген барлық неке сыйларын оның күйеуінің ұлдары болса, солар алады. Ал күйеуінің ұлдары болмаса, ол өзі алып кетеді.
§ 27. Егер əйел əлі өзінің əкесінің үйінде тұрып жатқан болса, ал күйеуі оған ылғи келіп тұрған болса, күйеуі оған сыйлаған барлық сыйлықтарын алып кете алады, бірақ əйелдің əкесінің үйіне ешқандай талап қоя алмайды. § 28. Егер жесір əйел басқа адамның үйіне келсе жəне өзімен алғашқы некесінен ұлын ала келсе, ол бала əйелді алған адамның үйінде өссе де, егер оны бала қылып алғаны туралы тақтайша жазылмаса, ол оны өсірген адамнан мұраға үлесі болмайды жəне оның қарыздарына жауап бермейді. Ол өзінің нағыз əкесінің үйінен өзіне тиіс үлесін алуы керек. § 29. Егер əйел өзінің күйеуінің үйіне келсе, оның жасауы мен əкесінің үйінен əкелгеннің бəрі, жəне қайын атасының осы үйге келгенде бергенінің бəрін ұлдары пайдалана алады. Қайын атасының ұлдарының оған ешқандай таласы жоқ. Ал егер əйелді күйеуі қуып шығатын болса, ол оның мүлкінен ұлдарына не берсе де еркі. § 30. Егер əкесі ұлының қайын атасының үйіне неке сыйын əкелсе, бірақ əйел əлі оның ұлына берілмеген болса, ал оның əйелі əлі əкесінің үйінде тұрып жатқан ұлы қайтыс болып кетсе, əкесі қайтыс болған ұлының əйелін басқа ұлына алып бере алады. Ал сый алған, қыздың иесі, өзінің қызын бергісі келмесе, сый берген, ұлдың əкесі, өзінің келінін алып кетіп, басқа ұлына бере алады. Немесе, əкелген сыйының бəрін, жеуге жарайтыннан басқасын, қалайы, күміс, алтынның бəрін əкете алады. Жеуге жарайтынды қайта талап ете алмайды. § 31. Егер адам өзінің қайын атасының үйіне неке сыйын берген болса, бірақ сонан соң оның əйелі қайтыс болса, егер қайын атасының басқа қыздары болса, өлген əйелінің орнына қайын атасының басқа бір қызын ала алады, немесе берген күмісінің бəрін қайтып алуына болады. Оған дəн де, қойлар да, жеуге жарайтындар қайтарылмайды, ол тек күмісін ғана қайтара алады. §32. Егер əйел əлі өз əкесінің үйіне тұрып жатса, бірақ оған сыйлықтар берілген болса, ол қайын атасының үйіне қабылданды ма, қабылданбады ма, оған қарамастан күйеуінің қарыздары, күнəлары жəне қылмыстары үшін жауап береді. §33. Егер əйел əлі өз əкесінің үйінде тұрып жатса, ал күйеуі қайтыс болған болса, егер ол əйелдің ұлдары болса, ол қалаған ұлының үйінде тұруға ерікті. Егер оның ұлдары болмаса, қайын атасы оны өз ұлдарының қалаған біреуіне беруге ерікті, ал ол (ұлы) оны қайын атасына əйелдікке бере алады.3 Егер əйелдің күйеуі де, қайын атасы да қайтыс болса, ұлдары болмаса, онда əйел – жесір, ол қайда барамын десе де ерікті. § 34. Егер адам өзіне неке шартынсыз жесірді алған болса, ол оның үйінде екі жыл тұрған болса, онда ол – оның əйелі, ол кетпеуі керек. § 35. Егер жесір бір адамның үйіне кірсе, оның өзімен əкелгенінің бəрі күйеуінікі болып табылады. Егер адам жесірдің үйіне кірсе, оның əкелгенінің бəрі əйелдікі болады. § 36. Егер əйел өз əкесінің үйінде тұрып жатса, немесе күйеуі оны басқа бір жерге тұрғызса, жəне күйеуі басқа бір жаққа кетсе жəне оған май да, жүн де, киім де, тамақ та ештеңе қалдырмаса да, бұл əйел күйеуін бес жыл күтуі тиіс, оған басқа еркекпен тұруға болмайды. Егер оның ұлдары болса, солар жалданып, қаражат тапсын, əйел күйеуін күтуі керек, басқа еркекпен мүлдем тұруға болмайды. Егер əйелдің ұлдары болмаса, ол күйеуін бес жыл күтуі керек. Алтыншы жылға айналғанда қалаған күйеуіне кетуіне болады. Оның бұрынғы күйеуі қайтып келсе, əйелін кейін қайтара алмайды, ол екінші күйеуге тиюге ерікті. Егер ол бес жылдан артық кешіксе, бірақ өз еркімен емес, ауырған болса, немесе ол кешіруге мəжбүр болса, немесе оны ұры деп жаңсақ ұстаған болса, қайтып келген соң ол осыны дəлелдеп, орнына басқа əйел беріп, өз əйелін қайтып алуына болады. Ал егер оны басқа елге патша жұмсаған болса, жəне ол бес жылдан кешіксе де əйелі оны күтуі керек, ол басқа күйеумен тұра алмайды. Егер ол бес жыл болмай тұрып, басқа күйеумен тұрып, бала туса, оның күйеуі қайтып келген соң, ол келісім бойынша күтпей күйеуге тиіп кеткендіктен, əйелін заңсыз туған баласымен қоса қайтарып ала алады. § 37. Егер адам əйелін талақ қылса, оған бір нəрсе беруге де ерікті, бермеуге де ерікті, онда əйел құр қол шығады. § 38. Егер əйел əлі əкесінің үйінде тұрып жатса,ал күйеуі оны талақ қылса, ол оған əперген əшекей бұйымдарын алып кете алады. Неке сыйын ол кейін қайтара алмайды, ол əйелге қалады. § 39. Егер адам күйеуге өз қызын бермеген болса, оған дейін оны əкесі қарызының орнына кепілге берген болса, енді кепілге беруші келсе, ол күйеуге бергеннен əйелдің құнын ала алады. Егер ол құнын бере алмаса, ол күйеуге берушінің өзін алып кете алады. Егер əйел «тірілген» болса, ол өзін тірілтуші үшін еркін. Ал əйелді əйелдікке алған кепілдікке берушіні əйелдің құны бойынша қанағаттандырса –ол (жаңа қарыз туралы) құжат жазды ма, немесе оның талабын басқаша қанағаттандырды ма – онда əйелді күйеуге берген еркін. § 40. Əйелдер, күйеуі бар болсын, жесір болсын, көшеге шыққанда бастарын жауып жүруі керек. Адамның қыздары ... жамылғы болсын, киім болсын, жауып жүруі керек, олар бастарын ашық ұстамасын, жаппай – ақ қойсын, бірақ жалғыз көшеге шыққан кезде, олар жауып жүруі керек. Өзінің ханымымен көшеде жүрген қызметші, жабық болуы керек... § 41. Егер адам өзінің кəнизəгін «жапқысы» келсе, ол 5–6 қауымдасын шақырып, солардың көзінше: «Ол – менің əйелім» деп барып, жабуы керек. Осыдан кейін ол – оның əйелі.Куəлардың көзінше жабылмаған күйеуі: «Ол – менің əйелім» демеген кəнизəк жұбайы емес, кəнизəк. Егер адам қайтыс болса, оның «жабулы» əйелінен ұлдары болмаса, кəнизəгінің ұлдары – оның ұлдары, олар мұрадан үлестерін алады. § 42. Егер адам майлайтын күні адамның қызының басына май құйса, немесе дəм əкелсе, ол қайтарылмайды.4
§ 43. Егер адам біреудің қызының басына май құйса, немесе дəм əкелсе, ал əйел əпермекші болған ұлы қайтыс болып кетсе, немесе жоғалып кетсе, ол əйелді басқа 10 жастан бастап, ең кішкентайынан ең үлкеніне дейінгі ұлдарының кез келгеніне алып бере алады. Егер əкесі де, баласы да қайтыс болып кетсе, қайтыс болған ұлдың 10 жасар ұлы қалса, əйелді сол алады. Егер қайтыс болғанның 10 жастан жас болса қыздың əкесі, қаласа қызын солардың біріне береді, немесе алған сыйын қайтарады. Ұлы жоқ болса, күйеудің əкесі жеуге жарайтыннан басқасының бəрін қайтарып ала алады, бірақ жеуге болатынды қайтармауы керек. § 44. Егер ашшуралық еркек немесе əйел біреудің үйінде толық бағасына алынған кепіл ретінде тұрса, онда кепілге алушы оларды ұрып – соғуына, шашынан сүйреуіне, мүгедек қылуына немесе құлағын тесуіне болады. § 45. Егер əйел күйеуге тиген болса, бірақ оның күйеуі жау қолына түссе, қайын атасы мен ұлы болмаса, ол күйеусіз екі жыл отыруы керек. Егер осы екі жылда азықсыз болса, ол осы туралы барып айтуы керек. Егер ол сарайға тіркелген (??) болса, онда ... (бастығы)5 оны асырауы керек, ал ол оған жұмыс істеуі керек. Егер ол хупшудың6 əйелі болса, онда (командирі) оны асырауы тиіс, ал ол оған жұмыс істеуі керек. Ал егер оның күйеуі өзінің қауымында үйі мен егісі үшін міндетті болса, онда, əйел сотқа барып: «Менің азығым жоқ!» деуі керек. Соттар қауымның ақсақалдарына, егер оның күйеуі бұл қауымда міндетті болған болса, онда екі жылға əйеліне үй де, егіс те берілуі керек. Ол үйде əйел тұруы керек, жəне оған тақтайша жазылып берілуі керек. Екі жыл өткен соң ол басқа күйеуге тиюіне болады, онда оған жесір ретінде тақтайша жазып берулері қажет. Егер оның күйеуі қайтып келсе, күйеуге тиген əйелін қайтып ала алады. Бірақ ол əйелі жаңа күйеуінен туған балаларды талап ете алмайды, оларды əйелдің жаңа күйеуі алады. Əйел өзін асырау үшін сатқан үй мен егісті,ол сол бағаға қайтадан сатып ала алады. Егер ол қайтып оралмаса, бөтен елде қайтыс болса, патша оның үйі мен егісін қайда жіберсе де еркі. § 46. Егер күйеуі өлген əйел, күйеуінің өлімінен кейін ешқайда кетпей өз үйінде тұрып жатқан болса, бірақ күйеуі оған ештеңе жазып қалдырмаған болса, ол ұлдарының қалаған біреуінің қолында тұра алады. Күйеуінің ұлдары оны асырауы керек, оған сүйікті келіндері ретінде олар оның ішіп-жемі туралы келісім жасау керек. Егер ол екінші əйелі болса, өз ұлдары болмаса, күйеуінің ұлдары бірігіп оны асыраулары тиіс. Егер оның өз ұлдары болса, ал күйеуінің ұлдары оны асырағысы келмесе, ол өз ұлдарының қалағанының қолында тұра алады. Өз ұлдары оны асырауы керек, ал ол оларға жұмыс істеуі керек. Ал күйеуінің ұлдарының бірі оны алса7, сол алған адам оны асырайды, ал өз ұлдары асырауға міндетті емес. § 47. Егер адам немесе əйел сиқырлайтын шөп дайындаған болса, оны олардың қолдарынан ұстап алса, ант беріп, мойнына қойса, мұндай сиқыршыны өлтіру керек. Сиқыр шөпті жасағанын көрген немесе, соны көрген адам: «Мен өзім көрдім» дегенін естіген куə патшаға келіп айтуы тиіс. Егер көрдім деген адам сөзінен танса, хабарлаған адам Өгіз құдайдың, Шамаштың ұлы, алдында: «Ол маған айтқанына ант беремін!» десе, ол босатылады. Ал оны көрген, кейін айтқанынан танған адамнан патша дұрыстап жауап алып, оның түпкі ойын білуге тырыссын. Ал қорғаушы – абыз тазарту жасайтын күні ол адамды сөйлетуге тырысуы керек жəне оған былай деуі керек: «Патша мен оның ұлы атынан сені анттан ешкім босата алмайды, бұл антқа сен таңулысың, сен патша мен оның ұлы атынан мына тақтайша сөздерімен таңулысың». § 48. Егер адамның үйінде оның қарыздарының қызы қарыз кепілі есебінде тұрып жатса, ол адам оның əкесінен қызды күйеуге бере алатындығын сұрауы керек, егер əкесі келіспесе, күйеуге бере алмайды. Егер əкесі қайтыс болған болса, оның ағаларының біреуін сұрауы керек, ол басқа ағаларына айтуы керек. Егер бауырларының бірі: «Мен қарындасымды бір ай ішінде босатамын» десе, бірақ бір ай ішінде босата алмаса, кредитор қызды қарыздан босатып, күйеуге бере алады. § 49. (Қатты бүлінгендіктен, түсініксіз). § 50. Егер адам біреудің əйелін ұрып, осыдан əйел түсік тастаса, оның əйеліне де соны істеу керек. Əйелдің ұрығы үшін ол өмірге өмір қайтаруы керек. Ал əйел өліп кетсе, адамды өлтіру керек, ал ұрық үшін өмірге өмір қайтарылуы тиіс. Ал əйелдің күйеуінің ұлы жоқ болса, ал ол тастаған түсік ұл болса, ұрған адамды өлтіру керек, ал егер ұрық қыз болса, өмірге өмір қайтаруы керек. § 51. Егер адам бала өсірмейтін əйелді ұрып, түсік тастатса, онда жаза мынау: 2 мин қалайы төлеуі керек. § 52. Егер адам жезөкшені ұрып, түсік тастатса, ол адамға соққыға соққы қайтаруы керек, жəне ол өмірге өмір қайтаруы керек. § 53. Егер əйел өзі əдейі түсік тастаса, ол ант беріліп, мойнына қойылса, оны істікке отырғызу керек жəне жерлемеу керек. Егер ол осы түсік үстінде өліп кетсе, бəрі бір оны істікке отырғызып, жерлемеу керек. Егер ол əйелдің түсік тастағанын жасырып, патшаға айтпаса... § 54. (Сынған). § 55. Егер адам, өз əкесінің үйінде тұрып жатқан, əлі құда түспеген, пəк, күйеуге шықпаған, ол туралы əкесінің əулетіне ешқандай талап қойылмаған қыздың, қаланың ішінде болсын, сыртында болсын, түнде көшеде болсын, қоршаудың ішінде болсын, мейрам кезінде болсын, күшпен зорлап, абыройын төксе, қыздың əкесі оның əйелінің абыройын төге алады. Əкесі қызының абыройын төккен адамға күйеуге бере алады. Егер ол адамның əйелі болмаса, онда қызға берілетін күмісті үш есе көп төлейді, абыройын төккен оны əйелдікке алып, оны талақ қыла алмайды. Егер əкесі қаласа, онда үш есе көп күміс алып, қызын басқа біреуге күйеуге бере алады. § 56. Егер қыз адамға өз еркімен берілсе, ол туралы адам ант берсе,
онда оның əйеліне тиісуге болмайды. Қыздың абыройын төккен үш есе көп күміс төлейді де, əкесі қызын не қылса да өз еркі. § 57. Ұрып-соғу болсын, адамның əйелі... болсын, тақтайшада жаза ретінде жазылған болсын, сот алдында жүзеге асуы қажет. § 58. Барлық жазаның түрі туралы, ол адамның əйелінің бір жерін жұлып алу болсын, кесіп алу болсын, ол тақтайшада жазылғандай, каллабызға хабарлануы жəне ол келуі тиіс. § 59. Адамның əйелін жазалауының тақтайшада жазылғанынан басқа, адам əйелін ұруына, шашынан сүйреуіне, құлағын тесіп зақымдауына болады. Ол үшін кінə тағылмайды. Аударған Г. Адаева. ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫ (Вавилон. Б.з.д. XVІІІ ғ.) Эламитяндардың Вавилонға кезекті шапқыншылығы кезінде Сузаға апарып тасталынған базальт бағанасындағы классикалық ескі вавилондық тілде жазылған мəтінді 1901 ж. француздық археологиялық экспедициясы тапқан. Б.з.д. XVІІІ ғ. ескерткіші қазіргі кезде Лувр(Париж) музейінде сақталып келеді. Стелада беткі жағынан үстіңгі бөлігі Шамаш күн құдайының ал - дын да оның қолынан төре шілдік аса таяқты алып тұрған Хаммурапи рельефті түрде əше кейленіп суреттелінген. Элам пат шасының бұйыруымен бұл алып кетілген олжаның кей жолдары сүртіліп оның орнына өзінің атын жаздырмақшы болған делі неді. Бірақ заңның көп бөлігі (282-ден 247 баптары) сақ та лып қалынған. Кейі ні рек Ашшурбанипал кітап хана сын да заңның кей бө лім дерінің көшірмелері та бы лып, сүртіліп қал ған жерлері толығымен қалпына келтірілді. Вавилон VІ патшасы Хаммурапидің династиясының заң - дары (б.з.д. 1792–1750 ғғ.) – Ежелгі Шығыстың тарихындағы құн ды қай нар ларының бірі. Оның бап тарында, кіріспе мен қорытындысында вавилондық құл дық қоғамы суреттелген. Бөл шектеніп сақталған ерте шумер заң дарына қарағанда бұл Заң толық күйінде сақталған ежелгі заңдардың бірі. Патша Хаммурапидің заңдарының кодексі (үзінді) (§124) Егер біреу біреуге күміс, алтын немесе басқа дүниелерді куəлар алдында сақтауға тапсырса, ал қабылдап алған адам кейін мұны мойындамаса, бұл адамды əшкерелеп, мойындамағанының бəрін екі есе көбейтіп, қайтарып беруге тиіс. (§125) Егер біреу дүниесін сақтауға тапсырса, сол дүние үйдің астын қазғанда немесе үй құлағанда үй иесінің дүниелерімен бірге жоғалса, өзіне тапсырылған дүниеге құнтсыз қарап, жоғалтып алған адам оның орнын толтырып, дүние иесіне қайтарылуға тиіс; үй иесі ұрыны іздеп тауып, дүниелерін қайтарып алуына болады. (§126) Егер ештеңесі жоғалмаған біреу: «Бірдеңем жоғалды» деп бүкіл орам тұрғындарын жинаса, орам тұрғындары оның ештеңесі жоғалмағанын тəңір алдында əшкерелегенде, ол талап еткенінің бəрін екі есе көбейтіп, орам тұрғындарына беруге тиіс. (§127) Егер біреу энтумға немесе басқа біреудің əйеліне қолын шошайтса, бірақ оны əшкерелей алмаса, бұл адамды судьялар алдында сабап, шашының жартысын қырып тастау керек. (§128) Егер біреу алған əйелімен шарт жасаспаса, бұл əйел – оның əйелі емес. (§129) Егер біреудің əйелі басқа бір еркекпен жатқан үстінде ұсталса, оларды қоса байлап, суға тастау керек. Егер əйелдің иесі əйелін аяп өлтірмесе, патша да құлына рақым ете алады. (§131) Егер күйеуі əйелін айыптаса, бірақ əйел басқа бір еркекпен жатқанда ұсталмаса, əйел тəңірі алдында ант беріп, үйіне қайта оралуына болады. (§132) Егер біреудің əйеліне басқа еркекпен жүреді деген айып таңылса, егер ол басқа еркекпен жатқан үстінде ұсталса, өз күйеуі үшін ол өзенге түсуі тиіс. (§133) Егер тұтқынға түскен адамның үйінде тамақ болса, оның əйелі күйеуі босанғанша тəнін таза сақтап, басқа үйге кірмеуге тиіс. Егер бұл əйел денесін сақтай алмай, басқаның үйіне кірсе, оны əшкерелеп, суға тастау керек. (§134) Егер тұтқындағы кісінің үйінде тамақ болмаса, əйелі басқа үйге кіргенімен айыпты болмайды. (§135) Егер тұтқынға түскен адамның үйінде тамақ болмаса, ол оралғанша əйелі басқа үйге кіріп, бала туса, бұдан соң оның күйеуі қайта оралып, еліне келсе, əйел жұбайына қайта қосылып, балалар өз əкелеріне баруға тиіс. (§ 136) Егер елін тастап, қашып кеткен адамның əйелі басқа біреудің қолына кірсе, егер əлгі адам қайтып келіп, əйелін қайтарып алғысы келсе, елінен безген қашқынның əйелі күйеуіне қайтып бармауы керек.
(§ 137) Егер біреу бала туып берген шугетумды1 əлде өзіне баласын берген надитумды тастағысы келсе, оның жасауын қоса қайтарумен бірге егістік жерінің, бағы мен мүлкінің жартысын беруі керек: əйел бұған балаларын асырайды, балалары өскен соң əйелге мұрагерлердің бірі ретінде мүліктің бəрінен балалары алған еншімен бірдей сыбаға берілуге тиіс, бұдан соң əйелді оның көңілі қалаған еркек əйелдікке алуына болады. (§ 139) Егер қалыңмал төленбесе, ол əйелді тастағаны үшін бір мина күміс беруге тиіс. (§ 140) Егер ол мушкенум болса, əйелге 1/2 мина күміс беруге тиіс. (§ 141) Егер бір адамның үйіндегі əйелі кеткісі келіп, қаражат жинаса, өз үйін жұтатып, күйеуін қорласа, күйеуі мұны дəлелдеп: «Сені тастаймын» десе, тастайды, əйелдің жол қаражатына ештеңе бермеуіне болады. Егер оның күйеуі: «Оны тастаймын» десе, басқа əйел алуына болады, ал тастаған əйел күйеуінің үйінде күң есебінде жүруге тиіс. (§ 142) Егер əйел күйеуін жек көріп: «Маған жолама» десе, оның ісі оның орамында қаралуға тиіс, егер əйел бойын таза сақтап, күнə жасамаса, ал күйеуі жеңіл жүріске салынып, оны қорласа, ол əйелде айып жоқ: əйел жасауын жинап алып, əкесінің үйіне кете алады. (§ 143) Егер əйел бойын таза ұстамай, жеңіл жүріске салынса, үйін жұтатып, күйеуін қорласа, ол əйелді суға тастау керек. (§ 144) Егер біреу надитумды əйелдікке алса, сол надитум күйеуіне күң алып беріп, балалы болуға септігін тигізсе, ал сол адам шугетумға үйленгісі келсе, оған шугетумға үйленуге рұқсат етпеу керек. (§ 145) Егер біреу надитумды əйелдікке алса, сол əйел ұл тумаса, еркек шугетумға үйленгісі келсе, бұл кісі шугетумға үйленіп, үйіне кіргізіп алуына болады: бұл шугетум надитуммен теңестірілмеуі керек. (§ 146) Егер біреу надитумды əйелдікке алса, сол əйел күйеуіне күң алып берсе, күң бірнеше ұл туса, бұдан соң күң өзін бəйбішемен теңестірсе, ол бірнеше ұл туғандықтан бəйбіше оны күміске сата алмайды, оған күңдік таңба басып, күңдер қатарына қосады. (§ 147) Егер күң ұл тумаса, оны бəйбіше күміске сата алады. (§ 148) Егер біреудің алған əйелі алапеске шалдығып, ол басқа əйел алғысы келсе, алуына болады, бірақ алапеске шалдыққан əйелін тастамауы керек,əйелі оның өзі салған үйінде тұра береді,əйелдің көзі тірісінде оны күйеуі асырауға тиіс. (§ 149) Егер сол əйел күйеуінің үйінде тұруға келіспесе, күйеуі оның əкесінің үйінен алып келген жасауын қайтарып беруге тиіс, əйел содан соң кетуіне болады. (§ 150) Егер күйеуі əйеліне егістік жер, бақ, үй немесе мүлік сыйлап, мөр басылған құжат берсе, əйелдің күйеуі өлген соң балалары əйелден осының бəрін алу жөнінде талап қоя алмайды, ал ана дүниесін өзі сүйетін ұлына тапсырады, төркініне бере алмайды. (§ 151) Егер күйеуінің қолында тұратын əйел күйеуінің несиешісі2 өзін ұстамайтынына сендірген құжат алса, егер бұл кісінің мойнында осы əйелді алғанға дейін өсімді қарызы болса, күйеуінің несиешісі əйелді ұстай алмайды, егер осы əйелдің күйеуінің үйіне келгенше өсімді қарызы болса, несиеші оның күйеуін ұстай алмайды. (§ 152) Егер əйел күйеуге шыққаннан кейін өсімді қарызға тап болса, несиешіге күйеуімен бірдей жауап беруге тиіс. (§ 153) Егер əйел басқа бір еркек үшін өз күйеуін өлтіруге жол берсе, бұл əйелдің артына қазық қағу керек. (§ 154) Өз қызына жақындасқан адамды елден аластау керек. (§155) Егер əкесі баласына қалыңдық таңдаса, баласы оған жақындасқан соң əкесі келінінің қойнында жатқанда ұсталса, оның қол-аяғын байлап, суға тастау керек. (§ 156) Егер əкесі баласына қалыңдық таңдаса, баласы қалыңдығына əлі жақындаспаған кезде əкесі келінінің қойнынан шықса, келініне 1/2 мина күміс төлеп, əкесінің үйінен алып келген дүниесінің бəрін қайтарып берген соң оны əйелдің өзі ұнатқан күйеу əйелдікке алуына болады. (§ 157) Егер баласы əкесі өлген соң шешесінің қойнынан шықса, екеуін де өртеу керек. (§ 158) Егер баласы əкесі өлген соң бұрын бала туған өгей шешесінің қойнынан шықса, əкесінің үйінен аластатуға тиіс. (§ 159) Егер қайынатасының үйіне кəделі сыйын жіберіп, қалыңмалын төлеген күйеу басқа бір қызды ұнатып, қайынатасына «Сенің қызыңды алмаймын» десе, қыз əкесі одан алған дүниесін қайтарып бермейді. (§ 160) Егер қайынатасының үйіне кəделі сыйын жіберіп, қалыңмалын төлеген күйеуге қыз əкесі: «Саған қызымды бермеймін» десе, күйеуден алған дүниесінің бəрін екі еселеп қайтаруға тиіс. (§ 161) Егер күйеу қайынатасының үйіне кəделі сыйын жіберіп, қалыңмалын төлеген соң онымен жағдайы бірдей басқа біреу бұдан да көп сыйлық алып келсе, қайынатасы күйеуіне: «Менің қызымды алма» десе, күйеуден алғанының бəрін екі еселеп қайтаруға тиіс, ал күйеумен тең адам оның əйеліне үйленбеуі керек. (§ 162) Егер біреудің алған əйелі бірнеше ұл туған соң қайтыс болса, əйелдің əкесі оның жасауын қайтып беруді талап ете алмайды: əйелдің жасауы тек оның балаларына тиесілі. (§ 163) Егер біреудің алған əйелі бала көтерместен қайтыс болса, қайынатасы күйеудің төлеген қалыңмалын қайтып берсе, күйеу əйелінің жасауын қайтып беруді талап ете алмайды: əйелдің жасауы тек əке үйіне тиесілі. (§ 164) Егер оның қайынатасы қалыңмалды қайтарып бермесе, күйеу əйелдің жасауынан қалыңмалдың құнын алады да қалғанын əйелдің əкесінің үйіне қайтарады.
(§ 165) Егер біреу өзі ұнатқан мұрагеріне егістік жерін, бағы мен үйін сыйлап, мөр басқан құжат жазып берсе, əкесі өлген соң балалары əкесінің дүниесін бөліске салғанда əлгі бала əкесінің сыйлығын алады, бұған қоса олар əкесінің үйіндегі дүниені тең бөліп алуға тиіс. (§ 166) Егер біреу балаларының бəріне əйел алып беріп, кенже баласын аяқтандырмаса, бұл баланың ағалары əкесі қайтыс болған соң əкеден қалған дүниеден інісіне берілетін еншіге қоса қалыңмалға қажет күміс бөліп, үйленуіне көмектесуге тиіс. (§ 167) Егер біреудің алған əйелі бірнеше бала туған соң қайтыс болып, күйеуі басқа əйел алса, ол да бірнеше бала туса, бұл балалар əкесі өлгеңде шешеге бөлінбей, аналарының жасауын бірдей бөліп алуға, əке мүлкін де өзара тең бөлісуге тиіс. (§ 168) Егер біреу ұлынан безгісі келіп судьяларға: «Мен ұлымнан беземін» десе, судьялар оның ісін қарауға тиіс, егер баласы əкесін мұрагерліктен айыратындай түк ренжітпеген болса, əкесі баласын мұрагерліктен айыра алмайды. (§ 169) Егер баласы əкесін мұрагерліктен айыратындай қатты ренжітсе, бірінші рет судьялар оған кешірім жасауына болады, егер ол əкесін екі рет қатты ренжітсе, əкесі баласын мұрагерліктен айырады. (§ 170) Егер біреудің зайыбы (бəйбішесі) бірнеше ұл туса, оның күңі де бірнеше ұл туса, əкесі көзі тірісінде күңнен туған балаларына: «Менің балаларым» десе, оларды бəйбішесінен туған ұлдарына теңегені, əкесі өлген соң бəйбішенің ұлдары мен күңнің ұлдары əкесінің мүлкін тең бөлісіп алуға тиіс, бөліскен кезде мұрагер – бəйбішеден туған ұл өз сыбағасын таңдап алуына болады. (§ 171) Егер əкесі көзінің тірісінде күңнен туған ұлдарына: «Менің балаларым» демесе, күңнен туған балалар əкесі өлген соң əке мүлкін бəйбішенің балаларымен бірдей бөліспеуге тиіс, бірақ күң мен оның балаларына бостандық беріледі, əрі бəйбішенің балалары күңнің балаларынан құлдықты талап ете алмайды. Бəйбіше өзінің жасауы мен күйеуі сыйға тартып, құжатта жазған сыйлықты алып кетуіне, күйеуінің үйінде тұра беруіне болады. Көзі тірісінде ол мұны пайдаланады, бірақ күміске сата алмайды. Ол өлген соң бұл тек оның ұлдарына тиесілі. (§ 172) Егер күйеуі əйеліне сыйлық ұсынбаған болса, əйелдің жасауын қайтып береді, əйел күйеуінің үйінен бір мұрагер есебінде сыбағасын алады. Егер əйелдің ұлдары оны үйден қумақ болып тықсыра бастаса, судьялар əйелдің арызын қарап, балаларын жазаға тартуы керек, ал əйел күйеуінің үйінен кетпеуге тиіс. Егер əйел кеткісі келсе, күйеуінің сыйлығын балаларына қалдырып, əкесі берген жасауды өзі алады, өзінің көңіліне ұнаған күйеуге тиюіне болады. (§ 173) Егер осы əйел жаңа күйеуінен бірнеше ұл тапқан соң қайтыс болса, оның жасауын екі күйеуінен туған балалары бөлісіп алады. (§ 174) Егер əйел жаңа күйеуінен ұл тумаса, оның жасауын тек бірінші күйеуінен туған ұлдары алады. (§ 175) Егер сарай құлы, əлде мушкенумның құлы толық құқықты адамның қызын əйелдікке алса, əйел бірнеше ұл тапса, құл иесі толық құқықты адамның қызының балаларынан құл болуды талап ете алмайды. (§ 176) Егер сарай құлы немесе мушкенумның құлы толық құқықты адамның қызын алса, ол алған кезде қалыңдық сарай құлының немесе мушкенумның құлының үйіне əкесі берген жасаумен келсе, олар қосылған соң үй салып, дүние жинаса, кейін сарай құлы немесе мушкенумның құлы қайтыс болса, толық құқықты адамның қызы өзінің жасауын алады, ал күйеуімен екеуі қосылғаннан кейін жинаған дүние-мүлікті тең бөліседі, жартысын құл иесі, жартысын толық Құқықты адамның қызы балалары үшін алады. Егер толық құқықты адамның қызы жасаусыз келген болса, оның күйеуімен екеуі қосылғаннан бері жинаған дүние-мүлкі тең бөлінеді, жартысын құл иесі, жартысын толық құқықты адамның қызы балалары үшін алады. (§ 177) Егер ұлдары əлі жас жесір екінші күйеудің қолына шыққысы келсе, судьялардан рұқсатсыз шықпауға тиіс. Əйел екінші күйеуінің қолына шыққан кезде судьялар оның бұрынғы күйеуінің үйі туралы мəселе қарап, оның бұрынғы күйеуінің үйін келесі күйеуіне бергізуге, сондай-ақ құжат жасатуға мəжбүрлеуге тиіс. Олар сол үйді алып бөбектерді өсірсін. Дүние-мүлікті олар күміске сата алмайды. Жесірдің балаларының мүлкін сатып алған қардар3 күмісінен айырылады, əрі мүлікті иесіне қайтаруға міндетті. (§ 178) Егер угбабтумға, надитумға немесе зикрумға4 əкесі жасау беріп, құжат жазса, сол құжатта қызы қайтыс болғанда оның жасауы кімге берілетінін көрсетпесе, мұны өз бетінше орындауға рұқсат етпесе, əкесі қайтыс болған соң əйелдің егістік жерін, бағын əйелдің төркіндері алады, əйелдің үлесінің шамасына қарай олар оған астық, май жəне жүн беріп, оның көңілін табуы керек. Егер төркіндері əйелге астық, май жəне жүннен тиісті мөлшерде сыбағасын беріп, көңілін таппаса, əйел егістік жері мен бағын өзі қалаған егіншіге береді, сол егінші оны асырайды. Əкесі берген егістік жерді, бақты, барлық мүлікті əйел өзінің көзі тірісінде пайдаланады, бірақ мұны күміске сатуына болмайды, басқа адамның талабын қанағаттандыра алмайды, оның мұрасы тек төркіндеріне тиесілі. (§ 179) Егер угбабтум, надитум немесе зикрумға əкесі жасау беріп, мөр басқан құжат жазса, қызына арналған осы құжатта қызы дүние салғанда артында қалған мүлікті қалаған адамына бере алады, көңілі қалағанын істейді деп жазса, əкесі қайтыс болған соң қызы өз мүлкін қалаған адамына береді, қыздың төркіндері оған қарсы талап қоя алмайды. (§ 180) Егер əкесі абыздық жолында оқшау тұратын қызына жасау
бермесе, қызы əкесі өлген соң мұрагердің бірі ретінде əкесінің мүлкінен сыбағасын алып, оны көзі тірісінде пайдалануына болады: өзі қайтыс болған соң бұл оның төркіндеріне тиесілі. (§181) Егер əкесі надитум, кадиштум5 əлде кульмашитумды6 тəңі рге тапсырып, оған жасау бермесе, əкесі қайтыс болған соң қыз мұрагер ретінде əкеден алатын өзінің еншісінің 1/3 бөлігін алып, көзі тірісінде пайдаланады: өзі қайтыс болған соң бұл оның төркіндеріне ғана тиесілі. (§ 182) Егер əкесі Вавилонның Мардук7 құдайының абыздығы жолында жүрген қызына. жасау мен мөр басқан құжат жазып бермесе, əкесі өлген соң қыз төркіндерімен бірге еншісінің 1/3 бөлігін алады, ол борыштануға міндетті емес: Мардук құдайдың абызтайы артында қалған дүниесін қалағанына беруіне болады. (§ 183) Егер əкесі өзінің күңнен туған қызына жасау беріп, күйеуге ұзатса, мөр басқан құжат жасаса, əкесі өлген соң қызы əкесінің мүлкін бөлісуге қатыспайды. (§ 184) Егер біреу өзінің шугетум (күңнен туған) қызына жасау бермесе, қыз күйеуге шықпаса, əкесі өлген соң төркіндері оған əкесінің мүлкінен тиесілі жасауын беріп, күйеуге ұзатуы керек. (§ 185) Егер біреу жас баланы асырап алып, мəпелеп өсірсе, бала жөнінде ешкім дауласа алмайды. (§ 186) Егер біреу жас баланы асырап алған соң асыранды бала өз əкесі мен өз анасын тапса, туған əкесінің үйіне қайтуына болады. (§ 187) Азбанқұл8 асырап алған ұлға немесе абызтай асырап алған балаға ешкім дауласа алмайды. (§ 188) Егер кəсіпші жас баланы асырап алып, өз кəсібін үйретсе, асыранды балаға ешкім дауласа алмайды. (§ 189) Егер ол оған кəсібін үйретпесе, тəрбиеленуші туған əкесінің үйіне қайтып кете алады. (§190) Егер бір адам жастайынан асырап алып өсірген баланы өз балаларының қатарына қоспаса,балаөзəкесініңүйіне қайтып кете алады. (§ 191) Егер біреу жас баланы асырап алып, мəпелеп өсірсе, бала оның үйінде жұмыс істесе, кейін əлгі адам өз балалары болған кезде өгей баладан құтылғысы келсе, өгей баланы құр қол жібермей, үй мүлкінен оған тиесілі еншінің 1/3 бөлігін беруі керек, содан соң өгей бала кетеді, ол оған егістік жерден, бақтан жəне үйден ештеңе бермеуіне болады. (§ 192) Егер азбанқұлдың асырап алған баласы немесе зикрумның асырап алған баласы өзін тəрбиелеген əкесіне, өзін тəрбиелеген шешесіне: «Сен менің əкем емессің, сен менің шешем емессің» десе, оның тілін кесу керек. (§ 193) Егер азбанқұлдың асырап алған баласы немесе зикрумның асырап алған баласы өз əкесінің үйін тауып, өзін тəрбиелеген өгей əкесінен, өзін тəрбиелеген өгей шешесінен безіп, өз əкесінің үйіне кетсе, оның көзін шығару керек. (§194) Егер біреу өз баласын емізуші əйелге берсе,сол бала емізуші əйелдің қолында шетінесе, емізуші оның əкесі мен шешесінің рұқсатынсыз оны басқа баламен ауыстырса, емізушіні əшкерелеп, əкесі мен анасының рұқсатынсыз баланы ауыстырғаны үшін оның емшегін кесу керек. (§ 195) Егер ұлы əкесін ұрса, оның қолын кесу керек. (§ 196) Егер біреу біреудің баласының көзін шығарса, оның да көзін шығару керек. Аударған З. Сақиұлы. ТОТ (Ежелгі Мысыр. Шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдық) Тот, Джехути мысыр аңызында айдың, ақылдылықтың, жазу мен санның, ғылымның, жазу шылардың, қасиетті кітаптардың, күнтізбенің жасау шысы құдай болған. Тоттың əйелі Маат шындық пен тəртіптің құдайы болған. Тоттың қасиетті жануары тырна құтан болды, сондықтан құдай əрқашан тырна құтан басты адам кейпінде суреттелген. Тырна құтан – Тоттың ұшып келуін мысырлықтар Нілдің мезгілдік тасуымен байланыстырған. Тот мысырға Тефнутты (не месе кей аңыздарда Хатхор деп те аталады) қайтарған кезінде табиғат жайнаған екен. Тотты аймен теңестірген, Ра құдайының жүрегі, түнгі орынбасары болып есептеліп жəне Ра – күнінің артында суреттелген. Тотты Мысыр елінің барлық интеллектуалды өмірінің қалаушысы деген. «Уақыт əміршісі» – Тот жылдарды, айларды, күндерді бөліп олар бойынша есеп жүргізіп отырды. Ақылды Тот адамдардың туған күні мен өлген күндерін жазып, сол бойынша шежіре жазған, жəне жазуды ойлап тауып мысырлықтарды санға, жазуға, математикаға, медицинаға жəне т.б. үйретті. Оның əйелі – жазбаның құдайы Сешат болғаны белгілі; Тоттың атрибуты – жазушының палеткасы болды. Оның қарамағында барлық қорлар жəне əйгілі Гермолдің кітапханасы болды. Құдай «барлық тілдерді басқарған» жəне өзі тілдің құдайы Пхата болып саналды. Жазудың құдайы мен уəзірі болған Тот Осиристің сотына қатысып, өлгеннің жанын таразыға тартқанын жазған. Тот Осиристің ақтағанына қатысқандықтан, оның денесін бальзамдауға бұйрық беріп, кез келген мысыр адамының жерлеу салтына қатысып, оны өлгендер патшалығына апарған. Осының негізінде Тотты грек хатшысы, рухани қалыпта «жанды жүргізетін» гермес құдайымен теңестірген. Тотты əрдайым өзінің қасиетті жануарының бірі павианмен суреттеген. Тот құдайы Хоремхеб құлпытасының барельефі
ТОТ ЕРТЕГІЛЕРІ Хатхордың Нубияға қашуы (Күннің Көзжанары туралы аңыз) Ұлы құдай Ра-Хорахте өзінің қызы Хатхорды өте жақсы көрді де, соның белгісі ретінде оны өзінің Көзжанары қылды. Бірақ бір күні Хатхор əкесіне өкпелеп, онымен ұрсысып қалды да, жабайы мысық түріне еніп, Нубияға қашып кетті. Ра-Хорахте сағынып, қайғыра бастады; қызына ашуы тарқады да, оны қайткен күнде Мысырға қайтарғысы келді. Ол өзіне Тот тəңірді шақырып алып, оған Нубияға барып, ол жақтан Хатхор-Тефнутты тауып алып, оны өкпесін ұмытып, қайтуға үгіттеуін бұйырды. Əлем билеушісінің бұйрығын тыңдап алған Тот, кішкентай павиан бейнесіне еніп, Нубия шөліне аттанды. Көп ұзамай ол қашқынды тауып алды: Хатхор – Тефнут жабайы мысық болып, елік аулап жүр екен. Тот тəңіршемен амандасып, оған құрметпен тағзым етіп, былай деді: – Нубия Мысығы! Сенің əкең Ра-Хорахте қатты қайғырып отыр. Менің кеңесіме құлақ сал. Жүрегіңді жібіт, өкпеңді ұмытып, Мысырға қайт. – Кішкентай бейшара павиан! Жоғал! – деп асқақтай сөйледі тəңірше, – Мен сені тыңдағым келмейді. Кет, ал егер сен менің мазамды ала берсең, мен сені талап тастаймын! Мен ең күшті тəңіршемін ғой; менің тырнақтарым өткір, тістерім аямайды. Тот Тефнуттың ашуына қарсы тұрар ешқандай тоқтау сөз жоқ екенін білгеннен кейін, оны мақтаудың көмегімен жібітпекші болды. Бірақ ақылды құдай сақтық сақтады: ол Тефнуттың ескертуін есіне сақтап, оның бос сөзбен мазасын алуға қорықты. – Маған тиісе көрме, Нубия мысығы! – деді кінəлі түрмен, жəй ғана.– Сенің тəңіршелердің ішіндегі ең сұлуы да, ең күштісі де екеніңді білемін. Сен мені талап тастай аласың. Бірақ кез келген зұлымдық ұлы Ра тарапынан қарымта қайтару арқылы жазаланады. Егер тыңдағың келсе, Бар дүниенің билеушісі антын бұзып, біреуді өлтіргені үшін қырғиды қалай жазалағанын айтып берейін. Тефнут бұл хикаяны естігісі келді де, павианға: – Айта бер, – деді. – Ол былай, – деп бастады ақылды құдай, – ағаштың ұшар басында бір қырғи өмір сүрді. Қалың жапырақтар арасына ұя салып, балапан шығарды. Бірақ балаларына азық əкелу үшін ұясынан ұшып кетуге қорықты, себебі таудың етегінде күшіктерімен мысық тұратын, ол ағашқа өрмелеп шығып, қырғидың балапандарын қылқындырып тастауы мүмкін еді. Бірақ мысық та інін тастап кетуге қорқатын, оның балаларын қырғи алып кетуі мүмкін еді. Бір күні қырғи мысыққа былай деді: – Жақсы көрші болайық! Ұлы Ра атымен, біреуіміз балаларымызға азық іздеп кеткенде, екіншіміз оларға тиіспейміз деп ант етейік. Мысық қырғидың ұсынысын қуана қабылдап, Күн құдайын куəға тартып, ант етісті. Бірақ бір күні қырғи мысықтың күшігінен бір тілім етті тартып алып, өзінің бір балапанына берді. Бұны білген мысық ашуланып, қайткен күнде кек қайтаруды ойлады. Ол қырғидың ұясынан ұшып кеткен кезін аңдып отырып, ағаштың басына шықты да, қырғи балапанына тырнағын сұғып, ысылдады: – Мына етті қайдан алдың? Оны əкелген мен, бірақ саған əкелген жоқпын! – Мен кінəлі емеспін, – деп шырылдады байғұс балапан. – Мен сенің күшіктеріңе ұшып барған жоқпын ғой! Егер сен менің бауырларымнан кек алатын болсаң Ра сенің өтірік ант еткеніңді көреді де, сені жазалайды: сенің ұрпақтарың қырылады! Анты есіне түскен мысық ұялып, уысын жазды. Өзін ешкім ұстап тұрмағанын сезген балапан қорқыныштан ұядан секіріп кетіп, қанаттарын қақты да жерге құлап түсті: ол ұшу үшін əлі тым жас еді; оның қанаттарының қауырсындары да əлі жетілген жоқ-тын. Балапан ағаштың жанындағы жерде жата берді. Қайтып келген қырғи, ағаштың түбінде жатқан балапанын көріп, қатты ашуланды. – Мен кек қайтарамын!– деп демікті ол, – оның күшіктерін өзіме жем қыламын! Ол мысықтың əр қадамын аңдып, кек қайтаруды ойлаумен болды. Күндер өте берді. Бір күні мысық аз уақытқа інінен шығып кеткен кезде, қырғи ағаштан түсіп келіп, мысықтың күшіктерін ұрлап əкетті. Зұлым оларды ұясына əкеліп, өлтіріп, онымен балапандарын тамақтандырды. Қайғыдан жанын қоярға жер таппай мысық Күн құдайына жалбарынып, былай деді: – О, Ра! Біз саған қасиетті ант беріп едік, сен қырғидың оны қалай бұзғанын көрдің ғой. Бізді төреле! Бар дүниенің билеушісі оның жалбарынғанын естіді. Ол өзіне Қарым таны шақырып, ант бұзушының басына жазалардың ішіндегі ең сорақысын түсіруді бұйырды. Қарымта, қырғи көмірге тау құрын қуырып жатқан сириялықты көретіндей қылды. Аш қырғи отқа ұшып келіп, бір тілім етті бүріп алып, етке жабысқан көмір шоқтарын байқамастан, ұясына алып келді. Қырғидың ұясы лапылдап жана бастады. Балапандардың көмек сұрап жалынғаны босқа кетті – ұя да, оның артынша ағаш та түгі қалмай жанып кетті. Мұны көрген мысық күлдің үйіндісіне келіп, былай деді: – Раның атымен ант етемін, сен менің балаларымды ұзақ аңдыдың, Тот құдайы.
сатқындықпен бас салып, оларды өлтірдің. Ал мен сенің балапандарыңа олар жақсылап қуырылса да, жоламаймын! – Осыны айтып ол тəңіршеге тағзым етті. – Ра атымен ант етемін, мен сені жəбірлемеймін, кішкентай павиан!– деді толқып кетіп Тефтун. Алғашқы табысына риза болған Тот күлкісін жасырып,қайғырған кейіпке еніп, былай деді: – Ұлы да, сұлу тəңірше! Сенің жұбайың Шу сені сағынып жүр. Маған зиян жасама, Нубия мысығы! Тефнут Тотқа тиіспеймін деп екінші рет ант етті. – Қайырымды тəңірше, саған рахметімді айтамын! – деп елп ете қалды Тот. – Мен сені керемет жұпар иісті дəммен тамақтандырғым келіп тұр, одан ауыз тисең болды, басқа тамақ атаулыға қарағың да келмейді. Ал оны дайындау құпиясын өзің кетіп қалған Мысырда ғана біледі. Осындай сөздермен тəңіршенің алдына асты қойған Тот оны мақтай жөнелді: – Сенің көркем жүзің үшін, – деді салтанатты дауыспен жағымпаз павиан, – сенің сымбатты денең үшін, сенің нұрлана қарағаның үшін, мен айтқан дəмнен ал... Жер жүзінде бұдан дəмді тамақ жоқ! Хатхор-Тефнут дəмге жақындап, одан ауыз тиді де, оны татқандар не сезінеді, соны сезінді. Оның жүзі жарқырап, жанары нұрланып кетті. Ол Тотқа жымия қарады. «Мен сені ауыздықтаймын, асау тəңірше!» – деген күлкісін жасырып, Тот былай деді: – Сен өз жүрегіңді жеңдің, Раның қызы, ашуын ақылға жеңдіре алатын адам ұлы да дана.Сен енді мені тыңда: Дүниеде не бар, бəрінен сүйіктің – туған жерің. Крокодилдың өзі қартайғанда жат жерден кетіп, өзінің туған тоғанына келіп өледі. Негізі басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол! Хатхордың өзін ыждихатпен тыңдап отырғанын көрген Тот тіпті шабыттанып кетті: – Сен қашып кеткеннен бері таңымыз атпайды! – деп қолын көкке көтеріп, көзін төңкерді, – Сенің күйшілерің ішекке қолын тигізгенмен, олар дыбыс шығармайды, сенің əншілерің мұңды, сенің сүйіктілерің қаралы. Жас та, кəрі де сенің кеңесіңді күтуде, елдің барлық билеушілері мен сұлтандары қара жамылды; сен кеткелі Мысырда береке жоқ, сенің мерекелерің аталмайды, Атум ғибадатханасында – зарлы жоқтау. Сенің храмдарыңда салтанаттар жасалмайды,еркектер мен əйелдер қайғыруда, сұлу əйелдер күлкілерін тыйды. Тефнуттың жүрегі аяныштан сыздап кетіп, қабағы түнеріп, көзіне жас келді. Тоттың қырағы көзі оны байқап қалды.Бірақ кішкентай павиан өзінің қуанышын білдірген жоқ; керісінше бұрынғыдан да қайғылы кейіпке еніп, қызбалана сөйлеп, былай деді: – Ал егер сен оларға бетіңді бұрсаң, Ніл суға толып, суға қанған алқаптар көгерер еді. Сенің сілекейің бал сияқты. Аузың сенің жайқалған алқаптан көркем. Кішкентай павианның мақтап-мадақтағанынан басы айналған Хатхор көңілі босап, тез арада Мысырға қайтпақшы болды. Өзінің шешімін Тотқа айтпақшы болып,аузын аша берген ол кенет қалшиып қалды. Тəңіршені қатты ашу қысты. Қалайша! Ол отанына қайтпайтындығы жайлы ант ішіп еді ғой! – ал мына бір кішкентай бейшара павиан келіп, оны антын бұзғыза жаздағаны былай тұрсын, шешендігімен оның көңілін босатып, жылата жаздады. Оны, Тефнутты, айбарлы, жеңімпаз арыстанды! Бұл ойдан тəңірше ызаға булықты. Ол Тот– павианның қан-жынын шығарып, талап тастағысы келді. Ол тырнақтарын шығарып, атылмақшы болып дайындалды. Тек соңғы сəтте ғана Тотқа берген уəдесі есіне түсіп, ашуын басты. «Мен оған тиіспеймін, – деп ойлады ол, – бірақ бұл кішкентай павиан менен үстемдігін асырдым деп мақтанбасын. Мені Мысырға ол əкелмейді – жоқ! Мен өзім қайтамын! Ал ол менің кім екенімді біліп, есінен шығармай жүруі үшін мен оған өзімнің бар айбарым мен күш– қуатымды паш етейін!» Тефнуттың ақырғанынан шөл дала дірілдеді. Ол ызалы арыстанның кейпіне еніп, жалын дүрдитті.Оның түгі жалтылдады. Арқасына қан жүгіріп, маңдайы күнге жарқырап, көзі от шашты. Өзінің тұла бойы жарқырап кетті. Кішкентай павиан қорқыныштан қалтырап, бүрісіп, бақа құсап қалды. «Маған зиян жасамаймын деген антын алып алғаным қалай жақсы болған», – деп ойлап үлгерді. Тоттың түрі тəңіршенің күлкісін келтірді. Оның ашуы біртіндеп барып басылды. Қорқыныштан əзер есін жиған Тот Хатхорға жақсылық пен жамандық туралы басқа бір ертегіні айтып берді. Күшті əлсізді жеңеді, бірақ бірде-бір əділетсіздік қырағы Радан жасырын қалмайды. Заңсыздық жасағандар күн құдайы тарапынан жазасын алады. Нубия мысығы күліп жіберді,кішкентай павианның сөздерінен оның жүрегі қуанышқа бөленді. Ол оның жақсы сөздеріне бола Мысырға бет бұрды. – Мен саған дос боламын деп уөде беремін, Раның қызы! – деді Тот шаттана.– Мен сені ешқашан жаманшылықта қалдырмаймын.Егер сен бір бақытсыздыққа кез болсаң, немесе саған бір қатер төнсе, мен сені құтқарамын. – Қалай! – деп ыр ете қалды арыстан, – Сен?! Сен, кішкентай,əлсіз павиан, мені, айбынды, жеңімпаз тəңіршені қорғаймын деп тұрсың ба? – Сен күштісің, – деді Тот, – бірақ əлсіз ақылды да, тапқыр болатын болса, ең күшті де əлсізден жеңілуі мүмкін. Міне тыңдашы. Бір заманда тауда бір арыстан тұрыпты, сол аймақты қорқыныштан қалтыратып, барлық жануардың билеушісі болыпты.Бір күні ол аң аулап жүріп,
қабыланды жолықтырыпты. Қабыланның терісі жырым– жырым, жүні түте-түте болып салбырап тұр екен. – Саған не болған? – деп сұрады таңқалған арыстан, – Кім сенің теріңді жыртып, əдемі түгіңнің түте-түтесін шығарған. – Бұны адам жасады, –деді қабылан. – Адамнан айлакер ешкім жоқ. Ешқашан оның қолына түсуші болма! – Онда біліп қой: мен оны тауып аламын да, кек аламын! –деп көзінен от шашып, азуларын ақсита ырылдады арыстан. Ол адамды іздеуге аттанды. Көп ұзамай оған ат пен есек жолықты. Жануарлардың бастарында жүген, ауыздарында ауыздық бар. – Кім сендерді байлап-матап, бостандықтан айырған? – деп сұрады арыстан, өз көзіне өзі сенбей. – Ол біздің төреміз, адам, – деп бір ауыздан жауап берді есек пен ат. – Адам сонда сендерден күшті ме? – Ол біздің иеміз, – деді есек, – адамнан ақылды ешкім жоқ. Оның қолына түсуші болма! Адамға одан əрі өшіккен арыстан, ақырып, жалын дүрдитіп, жолға шықты. Көп ұзамай оған сиыр мен өгіз кездесті. Олардың мүйіздері кесілген, танаулары тесілген, мойындарында қамыттары бар. Бұны кім жасағанын сұраған арыстан, тағы да сол жеккөрінішті, бұл іздеп жүрген адам екенін есітті. Ызаға булыққан орман əміршісі бұрынғыдан да əрі жұлқыныспен іздей бастады. Біраздан кейін оған аю жолықты. Аюдың тырнақтары кесілген, тістері жұлынған. – Сонда адам сенен де күшті ме? – деп сасып қалды арыстан. – Иə, күштірек, себебі ол қулау, – деді аю. – Бір кезде ол менің қызметшім болған, маған тамақ əкелетін. Бір күні адам маған былай деді: «Шын мəнінде сенің тырнақтарың тым ұзын, олар саған мен əкелген тамақтарды алуға бөгет жасайды. Ал сенің тістерің өте əлсіз, осыдан барып сен жегің келген тамақты жей алмайсың. Маған сен оларды жұлғыз, сонда мен саған екі есе көп тамақ əкеліп тұрамын.» Мен оған сендім, ол менің тырнақтарым мен тістерімді жұлып алып, көзіме құм шашып жіберіп, қашып кетті. Ал менде оны ұстайтын ештеңе жоқ еді. – Мен одан кек қайтарамын! – деп жындана ақырды арыстан. – Мен оның быт-шытын шығарып бөлшектеп тастаймын да, жеп қоямын! Міне, сонда көреміз кімнің күшті екенін, ол ма, мен бе? Арыстан тағы да адамды іздеп жөнелді. Көп ұзамай табанын ағаштың ортасынан жарылған діңгегі қысып қалған басқа бір арыстанды көрді. – Сен қалай мұндай жағдайға душар болып жүрсің? – деп сұрады келген арыстан. – Бұны істеген адам, – деді ауру мен дəрменсіз ызадан қалшылдаған басқа арыстан. – Одан сақ бол жəне оған сенбе: адам өте айлакер! Мен оны кездестіріп, сұрадым: «Сен қандай кəсіппен айналысасың ?» «Менің кəсібім –кəріліктің алдын алу – деп жауап берді ол. – Мен саған бір тұмар жасап берейін, сонда сен ешқашан өлмейсің. Мен ағашты кесіп, оған бір сиқыр сөздер айтамын, сонан соң сен осы таңғажайып тұмарға денеңді тигізесің. Осыдан кейін сен мəңгі өмір сүретін боласың!» Мен сеніп, оның соңына ердім. Адам мені мына тау ағашына əкеліп, оны кесті де, діңгегін сынамен ашып, былай деді: «Мына жерге табаныңды қой!» Мен табанымды саңылауға салдым. Ол сол сəтте сынаны суырып алды да, көзіме құм шашып жіберіп қаша жөнелді. Келген арыстан əбден күліп алды да, былай деді: – О, адам! Егер сен менің қолыма түссең, мен сенің аңдарға көрсеткен барлық жəбіріңді алдыңнан шығарамын. Арыстан əрі қарай кетті. Ол бір күні байқамай бір тышқанды басып кетті. Арыстан оны жаншып тастап, жемекші болып еді, тышқан жалынды: – Мені өлтірмеші, тақсыр! Егер сен мені жесең, бəрібір тоймайсың. Жібере салсаң, одан аштығың күшеймейді. Егер маған өмірімді қисаң, мен саған алғысымды білдіріп, əйтеуір бірде жамандықта қол ұшымды берер едім. – Не-е? – деп арыстан əбден күлді, – Сен мені, аңдардың ішіндегі ең күштісін құтқармақсың ба? Ха-ха-ха! Жарық дүниеде менімен ешкім күш сынаса алмайды жəне маған жамандық жасай алмайды! – Сонда да, – деп келіспеді тышқан, – сен үшін де қаралы күн туар. Арыстан тышқанға сенбеді, бірақ оның сөздері оны көңілдендіргені сондай, оны аяп, босата салды. Əрі қарай адамды іздеуін жалғастыра берді. Аңдардың жолына тор құрып, аулап жүрген бір аңшы дəл арыстанның жолына ор қазып қойған болып шықты. Тау əміршісі сол орға түсті де кетті. Таңертең аңшы келіп, арыстанды тормен орап, белдіктермен мықтап байлап тастады. Байланған арыстан өзін құтқару үшін тұяғын да қимылдата алмай жерде жата берді. Ол өзінің демі таусылғанына сенімді болатын. Бірақ Тағдыр тышқан əзілінің шындыққа айналғанын қалады. Тағдыр арыстанның өркөкіректене сөйлегенін күлкі қылғысы келіп, оған тышқанды əкелді. – Сен мені танымай тұрсың ба? – деп аңдардың əміршісіне қарап шиқылдады тышқан. – Сен маған өмірімді сыйлап едің, міне, мен жақсылыққа жақсылық жасауға келдім. Сен адам қолына түстің, ал мен сені құтқарамын. Тышқан бір-ақ сəтте шикі былғарыдан жасалған белбеулерді кеміріп тастап, арыстанды тұсаудан босатты. Сонан соң өзі арыстанның жалына жасырынып, екеуі тауға қайтты... Кішкентай тышқан туралы ойлан! – деді екпінмен, əңгімесін аяқтай беріп Тот. – Ойлан, тəңірше, тауда тұратындардың ішіндегі ең əлсізі туралы да, аңдардың ең мықтысы туралы да!
Нубия мысығы кішкентай павианның сөзіне қатты қуанып, Мысырға жол тартты, ал оның алдында əн-бимен көңілін көтеріп, кішкентай павиан келе жатты. Отанына келген Хатхор-Тефнут қалаларға салтанатты шеру жасады. Халық мəз болды: Ұлы мəртебелі Бугем жерінен қайта оралды, Мысырдың Нілін, туған жердің таңғажайыптығын қайта көру үшін. Оған құрбандыққа өгіз де шалынды, қаз да шалынды, Тəңірлер оған систрада ойнап, тəңіршелер би биледі. Оған шарап құйып, май əкелді, Басына алтыннан тəж кигізді. О, сенің қуанғандағы, қайта оралғандағы келбетің қандай көркем еді. Сенің əкең Ра сені көргенде мəз болатын болды. Ұлы тоғыздық құдайлары да қуанып, мадақтайды. Маймылдар да ұлы мəртебелі алдында шаттана билеуде. Бес тəңірлері даңғыра қағып,сен үшін О, əмірші, систра тартуда. Хатхор – Тефнут ең соңында өзінің əкесі Ра құдаймен кездесті. Ра өзінің қызының қайтып оралғанын білгенде ерекше қуанып, билей жөнелді. Ол өзін қайта туғандай сезінді. Ра тəңіршені қарсы алып, Мемфистегі Сикомора əміршенің үйінде– Хатхордың мемфистік ғибадатханасында той жасады. «Фараонның жазым болуы тиіс ұлы» Дүниеге фараонның ұлы келді. Сол сəтте-ақ нəрестеге Жеті Хатхор келіп, болашағын болжапты: – Ол не жылан шағып өледі, не оны крокодил алып кетеді, не түбіне ит жетеді. Баланың жанында болғандар мұны етіп, фараонға жеткізеді. Ұлы мəртебелі қатты қайғырады; бірақ тағдырға қарсы тұруға бел байлап жəне болуға тиіс жағдайдың алдын алу үшін, өзінің ұлына арнап шөл далаға кең сарай салғызды. – Сарайды биік дуалмен қоршаңдар, – деді фараон. – Биіктігі сондай, бірде-бір тірі жəндік кіре алмайтын болсын. Менің ұлым осы сарайда тұрсын. Ал, сендер, қызметшілер оның барлық тілектерін орындаңдар. Тек қана оны сарайдың сыртына қанша сұраса да жібермеңдер. Бəрі солай болды. Бала есейіп, сымбатты бозбалаға айналғанша қамауда өсті. Бірақ бір күні балконда серуендеп жүріп, алыста жолмен кетіп бара жатқан адамды көреді, оның соңында төртаяқты жүндес бірдеңенің жүгіріп бара жатқанын көреді. Таң қалған бозбала қызметшілерін шақырып, бұл қандай жануар деп сұрады. – Бұл – ит, – деп жауап берді оған қызметшілері. – Маған ол ұнап қалды, – деді бозбала. – Маған да осындай əкеліп берсін. Қызметшілер бұл тілекті фараонға жеткізді. Ұлы мəртебелі қинала отырып, былай деді: – Жазмыштан озмыш жоқ деген. Оған күшік сыйлаңдар! Жас жігітке күшік əкеліп берді; ол оны асырады, бақты-қақты, күшік көп ұзамай үлкен итке, жас патшаның адал досына айналды. Арада біраз жыл өтті. Бір күні фараонның ұлы қамаудан əбден жалығып, қызметшілерінен əкесіне мынаны жеткізулерін сұрады: – Менің сарайда босқа отырғанымнан не пайда! Мен бəрібір жазым болуға тиіспін ғой: үш бірдей тағдыр қауіп төндіріп тұр. Мен қалған ғұмырымды қалай өткізгім келеді, солай өткізейін. Ал менің саяхаттағым келеді, дүниені, басқа адамдарды көргім келеді. Мен сарайдың қабырғаларынан басқа ештеңе көрген жоқпын ғой. Фараонның жүрегі қан жылап тұрса да, ол ұлының тілегіне, ойлана келіп, қарсы болмады. Жазмыштан озмыш жоқ! Бозбаланы саяхатқа даярлады, оған қару-жарақ, ат-арба беріп, шығыс жағалауға шығарып салып, былай деді: – Қайда барғың келсе де жолың ашық! Бозбала солтүстікке бет алды. Көп ұзамай ол Нахаринаға келді. Нахарина астанасының алаңдарының бірінде оған бір топ жас жігіт кездесті. Олар патшаның əскербасылары мен сарай маңындағылардың балалары еді. Олар бозбаланы үйлеріне шақырды, қонақ қылды, бала ұйқысы қанып оянғанда, одан кім екенін, қайдан келгенін сұрады. – Мен Мысырдағы бір жауынгердің баласымын, – деп жауап берді бозбала. – Менің анам қайтыс болды да, əкем өзіне басқа əйел алды. Бірақ өгей шешем мені жеккөрді, мен сондықтан үйден қашып кеттім. Ал сендер кімдерсіңдер? – деп сұрады фараонның ұлы өз кезегінде. – Біз сұлтандардың балаларымыз. Біздің елдің билеушісі өзінің қызын биік мұнараға қамап қойған. Ол айтты: «Кім мұнараның терезесіне дейін секіре алса, менің қызымды алады». Міне біз күн сайын секіруден жарысамыз, бірақ патша қызының терезесіне қолымызды жеткізе алмай қойдық. Күн өтіп, түн келді. Бəрі ұйықтауға жатты. Ал келесі күні фараонның ұлы өзінің жаңа достарымен мұнараға келді де бірінші рет секіргенде-ақ терезеге жетті: Бұл туралы сол сəтте-ақ Нахарина патшаға хабарлады. – Мен өз қызымды мысырлық бейшара қашқынға беремін бе? Бұл маңайдан жоғалсын, мен оны ұстап алып, басын кесіңдер деп бұйрық бермей тұрғанымда.
Патша қызы жылап жібереді: – Ра-Хорахтенің мəңгі екенімен ант етейін, егер оны менен алып қойса, мен тамақ ішуден бас тартып, аштан өлемін! Патша амалсыз той жасады. Бозбала мен оның жас əйелі сарайға қоныс аударды. Олар ойын – сауықпен, аң аулауға шығып, бір мамыражай өмір сүрді. Олардың бақытына ешкім көлеңке түсіре алмайтындай еді. Бірақ бір күні фараонның ұлы əйеліне сырын ашты. – Менің түбіме не крокодил, не жылан, не ит жетеді. – Онда итіңнің көзін құртсаңшы! – деп əйелі қорқып кетіп, айғай салды, бірақ оған фараонның ұлы қарсы болды: – Жоқ. Мен күшік кезінен алып, өсірген итімді өлтіре алмаймын. – Жарайды, – деді əйелі. – Мен сені қорғап жүретін боламын. Сен бұдан кейін жалғыз өзің ешқайда бармайсың. Бозбала Мысырдан шыққан күні тағдыр жазған крокодилдың соңынан ере шыққанын білмеп еді. Крокодил Нахаринаға келіп, патша сарайына жақын жердегі бір тоғанға қоныс теуіп еді. Сол тоғанда судың рухы да тіршілік ететін, ол фараонның ұлын қорғамақшы болып шешті де, крокодилды судан шығармай қойды. Крокодил мен су рухы күнде төбелесетін, бірақ бірбірін жеңе алмай қойып еді. Ал бозбала ойын-сауықпен қайғы-мұңсыз күн өткізумен болды. Бір тойда ол мас болып қалып, ұйықтап қалды, сол кезде тағдыр жазған жылан сарайға жорғалап кірді. Ол бұраңдап бозбалаға жақындай бастады. Бірақ оның назарын шарап иісі аударды. Жылан шарап құйылған ыдысқа келіп, дəмін татпақшы болып, жалап көрді. Шарап дəмі оған қатты ұнап, ол ыдыстың түбіне дейін жалап қойды. Сол сəтте оның көзі кілегейленіп, жылан аударылып түсіп, ұйықтап кетті. Ұйықтап жатқан жыланды көріп, əйел күйеуін оятып, айқайлап жіберді: – Ананы қара! Құдайлар сенің қолыңа үш тағдырыңның біреуін беріп отыр! Олар қалған екеуінен де қорғайды! – Осы сөзбен ол қолына балта алып, жыланды қаққа бөліп тастады. Фараонның ұлы Ра-Хорахтеге алғысын айтып, оны күнде дəріптеп, сараңдық жасамай, құдайларға арнап құрбандық шалып тұрды. Осы оның өмірін сақтаған. Бірнеше күн өтті. Бір күні бозбала өзінің итімен серуендеуге шықты. Олар сарайдан алыстаған кезде, кенет ит жүнін дүрдитіп, ырылдай бастады: – Мен сенің тағдырыңмын! Ол жігіттің тамағына жабыспақшы болып, атылды. Фараонның баласы иттің тісінен əзер құтылып, қаша жөнелді. Бірақ ит тезірек жүгіретін еді, ол енді болмаса талап тастар еді, бозбала, иттен құтылу үшін амалсыз суға секіруге мəжбүр болды. Осы жерде оны крокодил ұстап алды. Крокодил бозбаланы алып кетіп, су түбінде су рухы қоныстанған үңгірге əкелді. Осы жерде ол аузын ашып, бозбаланы босатып, былай деді: – Мен сенің тағдырыңмын. Су рухы болмағанда мен сені баяғыда өлтіретін едім. Мен су рухымен күнде төбелесемін. Егер сен су рухы келгенде онымен төбелесіп, оны өлтірсең, мен сені босатамын. – Жоқ! – деп асқақтай жауап берді фараонның ұлы. – Мен өзім өлсем де, сатқындық жасамаймын. Мен өзімді қорғағанға қолымды көтермеймін! – Онда судың рухын мен өзім өлтіремін, сонан соң сені өлтіремін! – деп крокодил ашуланды. – Сенің тағдырың болсын! Бірақ бұл сөздерді жағада тұрған ит естіді. Ол сарайға жүгіріп барып, бозбаланың əйелін тоғанға алып келді. Бұл кезде су рухы да ұшып келген еді. Нахарина патшасының қызы оған былай деді: – Крокодилмен төбелес! Сен оны су бетіне шығатындай қылсаң, мен оны балтамен өлтіремін. Менің күйеуімді құтқарсаң, мен сені крокодилден құтқарамын. Су рухы артық сөзсіз суға қойып кетті. Судың беті бұрқылдап, көпіріп, соғысқан дауыстар естілді, көп ұзамай жағалауға жақын қамыстар арасынан төбелесіп жатқандар да көрінді. Осы сəтте патшаның қызы балтасын сермеп, крокодилды өлтірді. Су рухы құтқарылған бозбаланы əйеліне əкеліп берді, ал əйел былай деді: – Құдай сені екінші тағдырыңнан құтқарды, ол сені соңғысынан да қорғайды. Фараонның ұлы Ра-Хорахтеге тағы алғысын айтты. Арада бірнеше жыл өтті, Нахаринаға бөтен ел шабуыл жасады. Дұшпан əскері елді түгелдей жаулап алып, патшаны тұтқынға алып, одан мынаны сұрады: – Сенің қызың мен оның мысырлық күйеуі қайда жасырынып отыр? – Олар шөлге аң аулап кеткен, – деп жауап берді тұтқындағы патша. – Жарайды, біз оларды іздеп табамыз, – деді бөтен елдің əскербасылары. – Біз шартарапқа адам жібереміз. Кім қашқындарды тапса, мысырлықты өлтіріп, əйелін өзіне алсын. Бұл сөзді су рухы естіп, бірден фараонның ұлына ұшып жетті. – Қашыңдар! – деп ескертті ол. – Сендерді бөтенелдіктер іздеп жүр. Мен сендерге крокодилды өлтіріп көмектескендей көмектесе алмаймын. Себебі, менің құрлықта ешқандай күшім жоқ. Судың рухына алғыс айтып фараонның ұлы мен оның əйелі тауға барып, үңгірге тығылды. Үңгірге олармен бірге ит те тығылды. Үшінші күні тауға бөтенелдіктер келді. Олар үңгірді байқаған жоқ. Барлық жерді тіміскілеп болып, енді қайтпақшы болғанда, кенет ит қатты үріп қоя берді. Жауынгерлер үңгірге ұмтылды, фараонның ұлын көріп, оған найзаларын лақтырды. Бірақ Нахарина патшасының қызы күйеуін кеудесімен қалқалап қалды. Ол найза қадалып, құлап түсіп, өліп кетті. Ашуланған бөтенелдіктер қылыштарын суырып алып бозбаланы,
оның артынан оның итін шауып тастады. Өліктерді үңгірден алып шығып, жабайы аңдардың талауына тастады. Өздері кетіп қалды. Бірақ болған жайды Ұлы тоғыздық құдайлары көрді. Ра-Хорахте былай деді: – Бұл бозбала адал өмір сүрді, дəстүрді сақтады, құрбандықтар шалды, құдайларды құрметтеді. Оны адалдығы үшін марапаттайық! Оны мен əйелін тірілтейік. Тағдырына жазылған болды ғой. Тоғыздық Ра-Хорахтемен келісті. Фараонның ұлы мен оның əйелі тірілді. Олар ең алдымен құдайлардың рахымына құлдық етіп, құрбандық шалды. Осыдан кейін бозбала əйеліне айтты: – Мен саған өзімнің кім екенім туралы шындықты айтқан жоқпын. Енді тағдырыма жазылған болып қойған соң, мен саған шынымды айтамын. Мен Мысыр тағының билеушісі, фараонның ұлымын. Сен мені жəй қашқын ретінде сүйдің, енді сен билеушінің əйелі боласың! Фараонның ұлы мен оның əйелі, Нахарина патшасының қызы Мысырға жол тартып, фараонның алдына келді. Фараон Жеті Хатхордың айтқанына қарамастан, жалғыз ұлының тірі екеніне қатты қуанды. Оны өзімен қатар билеуші қылды. Бірнеше жыл өткеннен кейін фараонның ұлы көп əскер жинап, оны өзі бастап Нахаринаға барып, бөтен елдің əскерін талқандап, елді босатты. Сонан соң ол Мысырға келіп, Ра мен Тоғыздық құдайларына құрбандық шалып, осыдан кейін туған жерінде əйелімен бақытты өмір кешті. Фараон Хуфу жəне сиқыршы Джеди Бір күні фараон Хуфу, Джеди атты кəрі сиқыршының жасайтын таңғажайыптары туралы естіп, сиқыршы өзінің өнерін көрсетсін деп оны сарайға алып келуге адам жіберді. Джеди алдына келгенде фараон: – Джеди, бұл қалай, мен бұрын сені неге ешқашан көрмедім? – деп сұрады. – Шақырған адам ғана келеді, билеушім менің, денің сау, ғұмырың ұзақ болғай! – деді Кəрі Джеди. – Сен шақырдың – міне, мен келдім. – Сенің сиқыршылығыңның күштілігі сондай, кесілген басты денеге қайта жалғайды деседі, осы рас па? – Иə, солай, тақсыр, денің сау, ғұмырың ұзақ болғай! – шал тағы тағзым етті. Фараон қолын соғып, қызметшілерін шақырды. – Маған зынданда жатқан, өлім жазасына кесілген тұтқынды əкелсін! – Жоқ, билеушім, денің сау, ғұмырың ұзақ болғай, мен мұны адамға жасай алмаймын! – Джеди қарсылығын білдірді. – Себебі бұндайды Ұлы Ра мен құдайлардың қасиетті құлдарымен жасауға болмайды. Сонда Фараон қазды əкелуге бұйырды. Қызметшілердің бірі қаздың басын пышақпен кесіп алды. Джеди сиқырлы сөзін айтып еді, қаздың бассыз денесі жерден тұрып, фараонның төрүйінің қызметші басын лақтырып жіберген келесі басына дейін теңселе басып барды да, мойнын созып еді – бас қайтадан орнына келді. Қаз сілкініп, қаңқылдап жіберді. – Жақсы – деді фараон, – менің елдің айтқанының шын екеніне көзім жетті: сен шынында ұлы сиқыршысың. Сен айтшы: Тоттың құпия ғибадатханаларының санын білесің бе? – Жоқ, – деп жауап берді Джеди, – бірақ мен ол ғибадатханалардың жоспарлары қайда сақтаулы екенін білемін. – Яғни, сен оларды маған əкеліп бере аласың ғой? – Əкеле алмаймын, – деп жауап берді Джеди. – Тағдырдың жазуы бойынша, оны саған, аса мəртебелім, денің сау, ғұмырың ұзақ болғай, қазір Раджедеттің жатырындағы үш баланың үлкені əкеліп беруі керек. Бұл Раджедет – ұлы құдай Раның абызының əйелі. Маат, оған оның балалары Екі Жерді де билейтінін болжаған. Фараонның беті түтігіп кетті де, Джеди асыға мынаны қосты: О тақсыр, қапаланба! Алдымен сен патша боласың, сонан соң– сенің ұлың, сонан соң– сенің ұлыңның ұлы, содан кейін таққа Раджедеттің ұлдарының бірі отырады. – Ол қашан босануы тиіс? – деп сұрады фараон Хуфу. – Жаңа айдың он бесінші күні. – Бұл кезде каналдар құрғап қалады, – деді фараон ойлана. – Яғни, Раджедетке кемемен бара алмаймын. – Қам жеме, тақсыр, – деді Джеди. – Егер, бұйырсаң, мен каналдар суға толатындай ете аламын. Осымен Хуфу мен сиқыршы Джеди қоштасты. Ал жаңа айдың он бесінші күні болғанда, фараон кəрі сиқыршыны шақырып алып, былай деді: – Мен Гелиопольға барайын деп едім, сен менімен баруың керек. Сен құрғап қалған каналдарды суға толтырамын деп уəде беріп едің ғой. Джеди тағзым етіп, фараонмен бірге кемеге отырды да, кеме Мемфис жағалауынан солтүстікке бет алды. Көп ұзамай фараонның көзіне құрғап қалған канал шалынды. Мысыр билеушісі сиқыршыға қарап, бұйырды: –Уəдеңді орында! Джеди сиқыр сөзін күбірлеп еді, сол сəтте канал суға толды. Ескекшілер ескектерін жұмыла сермеді, бірақ кеме каналдың аузынан өткені сол еді, барлық су жер астына кетіп, кеме өзен түбіндегі құмға табан тіреді. (Ертегінің соңы сақталмаған. Бұдан соңғысы əртүрлі зерттеушілердің қосымша деректерінің негізінде толықтырылған). – Бұл не!? – деп фараон Хуфу ашулана айқайлады. – Джеди, сен каналды сумен толтырамын деп ант етіп едің ғой!
– О, тақсыр, денің сау, ғұмырың ұзақ болғай! – деп жауап берді кəрі сиқыршы. – Мен саған келешектің құпиясын аштым, ал сен оны өзгерткің келді. Бірақ ешкім ұлы Мааттың жазуын өзгерте алмайды. Ол саған: «Кейін қайт, сенің аузың Раджедеттің балаларына тимейді!» дейді. – Құдайлардың дегені болсын! – деді ақылды Фараон, осы сөз аузынан шығуы мұң екен, канал сол сəтте суға толды да, Хуфудың кемесі Мемфиске қарай бет бұрды. – Джедидің көріпкелдігі келді: алдымен Фараон Хуфу патшалық құрды, сонан соң – оның ұлы Харро (грекше Хефрен), сонан соң – Менкаура (грекше Микерин), Хафраның ұлы, Хуфудың немересі, осыдан соң барып Мысыр тағына абыз Раджедеттің ұлдарының бірі отырды. Аударған М.А. Хамитова. ПИРАМИДА МƏТІНДЕРІНЕН (шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдық) «Пирамида мəтіндерінің» мағынасы Ежелгі Мысыр танушылардың пайымдауынша, кейбір «Пирамида мəтіндері» Гор құдайының құлшыларының дəуіріне барады, бірақ сол мəтіндердің ішіндегі бөлімдер біртұтас мысыр мемлекеті құрылар алдындағы Солтүстік жəне Оңтүстік патшалығы қалыптасу дəуіріне жатады. Екінші жағынан, «Пирамида мəтіндерінің» көпшілігі тек пирамида құрылысшыларының дəуірінде құрастырылуы мүмкін деп анықталған. Кейбір тараулар Пиопи ІІ патшалық құрған заманының соңында жазылуы мүмкін. Сонымен, əрбір зерттеуші «Пирамида мəтіндерінде» екі мыңжылдық бойы құрастырылған діни шығармашылық нəтижесінің жиынтығын таба отырып, ұлы халықтардың бірінің сенім-нанымы бірізді дамуын оныңөркениеті енді қалыптаса бастаған кезеңінен бар күш-қайраты өркендеу мезгіліне дейін бақылай алады. «Пирамида мəтіндері» арқасында алғашқы дін болмаса да, біздің зерттеуімізге қол жетерлік уақыт дінімен танысуымызға болады. Осыдан да түсінікті болар, олар тек мысыр тарихын зерттеушілерге ғана емес, сонымен қатар антрополог, этнолог, салыстырмалы мифтанушылар үшін де үлкен қызығушылық туғызады. Адамзат діні дамуының алғашқы кезеңі мен шығу тегі немқұрайды қалдырмайтын мəселелердің бірі болғандықтан, «Пирамида мəтіндерін» білмеу əрбір ғалымның білім кемістігі деп саналады. Мысыр танушы«Пирамида мəтіндерінің» мағынасын түсінуге бір жағдай кедергі болады, себебі олар Мысырдың бір түпкірінде емес, оның əр түрлі жерінде құрастырылған. Бұл ежелгі Мысырдың əр түрлі жердің діни сенім-наным ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Пирамида мəтіндері» мысыр өмірінің басқа жағына да, сол заманның саяси жағдайына, ежелгі мысыр халқының ғылыми деректеріне де тұспалдау жасайды. Осиристің тірілуі Исиданың жылағаны Нефтиданың зары Құдайларды Осириске келтірді. Олар саған Осирис, былай дейді: «Кетсең де арамыздан, келетініңе сенеміз! Ұйықтап кетсең де, оянарсың! Өлсең де, тірілерсің! Тұр да көр, Ұлыңның сен үшін жасағандарын! Оян да есті, Хордың істегендерін! Сені өлтіргенді ол өлтірді. Сенің сандалыңды жауыңның төбесіне қойды. Сенің ұлың Хор жеңді жауыңды. Көзін алды да Саған берді. Сонда – сенің жаның Сонда – сенің күшің! Тұр! Хорға берген қолың Жасады бəрін, сен үшін. Осириске кірді жан, Шаршаған құдай оянды! Тұрды да денесіне енді жаны, Көтерілді Осирис! Тəңір таңдауы жоғары! Құдайлар атасы – Атум риза, Риза Шу жəне Тефнут, Геб те риза, Нут та Көктегі бар құдай қуанды, Жердегі бар құдай қуанды. «Кел арамызға» – деді олар Кел, үлкен ағамыз, Əкесінің тұңғышы шешесінің үлкені «Кел, Осирис, кел» – деді құдайлар.
«Арыздасып-қоштасу» Адамдарға зұлымдық жасамадым. Малға зиян қылмадым. Адалдық болған жерде күнə жасамадым. Еш жамандық қылмадым... Зымияндық жасамадым, Əлсізге қол көтермедім. Құдайлар алдында арамдық жасамадым. Иесі алдында құлын қыстамадым. Көз жасының Аурудың себепшісі болмадым. Ешкімді өлтірмедім Өлтір деп бұйрық та бермедім. Еш жанның қайғысына себепші болмадым. Ғибадатханалардағы тамақ қорын тауыспадым. Құдайлардың асын бүлдірмедім. Өлгендердің нанын жемедім. Ешкімді ғайбаттамадым. Өлшемнен артық ештеңе қоспадым жəне алмадым Ешкімді алдамадым. Өлшемнен (кірден) алдамадым Балаларды сүттен айырмадым. Қозы, лақты өрістерінен қумадым. Құстарды торға қамамадым. Арықтан балық ауламадым. Ағын суды тоқтатпадым. Жалын отты сөндірмедім. Құрбандық шалдым. Құдайлардың малдарын үркітпедім. Құдайларға бөгет жасамадым Мен тазамын, адалмын, мен тазамын, мен тазамын! Аударған М.А. Хамитова. Нефертитидің сəуегейлігі Сəуегейлік иератикалық папирустық бет жағына жазылған, ол Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы (№ІІІ6В). Бұл салыстырмалы түрде кейінгі (б.з.д. ХVғ.) көшірмесі, ол шығарманың өзі Орта патшалық дəуірінің аяғында (б.з.д. XVІІІ ғасырдың орта шенінде) пайда болған. Жоғарғы жəне Төменгі Мысырдың ұлы мəртебелі патшасы Снефру марқұм бүкіл елдегі патшалардың бəрінен де артық болған. Осы күндердің бірінде астананың бетке ұстар қызметкерлері фараонға келіп, оның ұзақ ғұмыр сүруін, аман-сау болуын тілеп, [оған] сəлем беріп кетті, күнделікті салтты сақтады. Мəртебеліге денсаулық тілегендердің арасында қазына қызметкері де болған еді. Фараон оған: «Бүгін маған сəлем беріп, осы жерден кеткен астана қызметкерлерін алдыма тез жеткіз, іске кіріс!» – деді. Бағыныштылар сол сəтте келтірілді. Олар тағы да етпеттерінен жатып, ұлы мəртебеліге ұзақ ғұмыр, денсаулық тіледі. Тақсыр сонда: «Адамдар, бері қараңдар, менің сендерді шақыртқаным, мен үшін дана ұлыңның есімі немесе ойлау қабілеті күшті аға-інінің, яки өнегелі іс тындырған досыңның есімі қажет, олар маған ерекше таңдалған бірнеше ізгілікті сөз, шешендік толғаулар айтып, тыңдағанда тебірентуі, жан-дүниемді рухтандыра түсуі тиіс!» – деді. Келгендер тағы да етпеттерінен жатып, ұлы мəртебеліге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі! Олар: «Исид1 жанының ұлы кұдіретті сиқыры дарыған адам бар, тақсыр, біздің билеушіміз, оның есімі Неферти. Ол неджес2, оның қол қауқары керемет, өзінің саусақтары жазуға соншалықты бейім, білімі ғажап, ал ділмəрлықтан, айтқыштықтан алдына жан салмайды, соны көрсеңіз мəртебелім!» – деп иілді. Мəртебелінің «Оны маған тез жеткізіңдер!» деген тапсырысы шапшаң орындалды. Ол да келісімен етпетінен жатып мəртебеліге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, өзгермеушілік тіледі! «Менің досым, Неферти, бері кел. Сен маған əбден сұрыпталып екшелген бірнеше ізгі сөздер айтасың, сөйтіп, тыңдағанда менің құлақ құрышымды қандыратын боласың». Неферти сонда: «[Не туралы айтуым керек], өтіп жатқан жайлар туралы ма, əлде өтіп кеткендер туралы ма, тақсыр, менің билеушім?»– деп оған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі! – «Өтіп жатқан жайлар туралы айтсам, ол бүгінде сізді жанай іске асырылып жатыр». Ұлы мəртебелі осы сəтте [жазу үшін] қолын созып, жазба құралдарын алды. Ол Шығыс данышпаны, шығыстағы3 «Исид жаны» атанған, Галиополь номының əулетінен шыққан құдіретті Неферти не айтса, соны жазып алды. Ол елдегі болып жатқан жағдайға қайғырды. Шығыстан төнетін қауіп-қатерге мəн беріп, азиаттар өз күшімен келгенде, егістікте, пішен шабуда жүргендерге қысым жасап, жүректерін мұздататынына алаңдады. Ол былай деді: «Менің жүрегім дір етті. Сен [патша]өткендегі жолың үшін бұл ел туралы жылайсың. Үнсіздік – бұл жауыздық! Байқа, мен ол [ел] туралы айтқанда зейін қойып тыңда. Сен өткен елдегі ақсүйектер құлайтын болады. Бекін. Байқа, бұл сенің көз алдыңда өтеді. Сен салыстырмалы түрде берік бол. Елде4 ақсүйектердің басынан өткендей бұрын болып көрмеген жайлар қалыптасады. Таң атысымен қылмыс басталады; елде дым калмайтындай қырылу болады, оның тағдыры5
туралы жазбалар қалады. Елдегі зиянкестік туралы қайғырылмайды, айтылмайды, ешкім жыламайтын да болады. Күннің нұры адамдарға көрінбейтін, түспейтін жағдайда елдің шырқы бұзылмай ма? Төңіректі бұлт басса, [адамдардың] бəрі жарық сəулесіз қалай өмір сүреді? Мен нені көрсем6, соны айтамын. Мен көргенімді айтудан жаңылған емеспін. [Ніл] өзені Мысырды кұрғақшылыққа душар етеді. Судан жаяу өтетін кез болады, кеме жүзетін су кезікпейді, ол жағада қаңырап калады, жаға судың рөлін атқарады... Оңтүстіктің желі солтүстікке соғады. Аспан бір ғана желмен7 тынбайды. Төменгі Мысырдың таптаурынында бөтен құстар балапандайды, бұл қалалықтардың жүретін жері батпаққа айналғанда пайда болады. [Тамаққа] жарымаған адамдар құстарға тояды. Бұрынғы толықсыған құс пен балық желге айналып, игілік атаулы құрып бітеді. Азық-түліктің8 [жетіспеуінен] ел бақытсыздық күйге түседі. Азиаттар – көшпенділер, бейғам жатқан Мысырға шығыстан жаулар келеді. Бұл елді [Мысырды] жан-жақтан талап, талан-таражға9 салады, сонда есі шыққан тұрғындар не болып, не қойғанын10 білмей де қалады. Мұндайды көрмеуге, естімеуге бет11 шыдай ма? Мен саған сырқатқа қайғырған ауру елді көрсетіп отырмын, енді бастан кешпегенді жайды келешекте кешетін болады. Қолына əскери қару-жарақ алған адамдар, бүліншілікке ұшыраған ел, мыстан12 жасалған садақтар, ашаршылыққа тап болған тұрғындар, бақилық болғандарға13 жылай да алмайтын жағдайлар, өлімнен14 үрейленіп, ұйқысы қашқандар көз алдына елестегенде қандай күйге түсесің?... Біреуді біреу өлтіріп жатады. Аға ініні, іні ағаны жау санайды. Ұлы əкесін өлтіретін сұмдыққа барады. Бəрінің аузында «Есіркеші мені!» деген жалбарыныс естіледі. Адамдардың заттары көшедегілерге15 тартып əперіледі. Мен саған өзінің дүние-мүлік16 жоғалтқандарды, бөгделердің дандайсығанын, еңбек етпегендердің біреудің адал еңбегін аяққа таптайтынын, бұларды ауызашпауға, үнсіздікке17 итермелейтінін, «Мені өлтіре көрмеңіз!» деген сөзді айтқандар таяқтың астына алынатынын айтып отырмын. Күн адамдардан қашатын болады. Бір сағат қана жарық түсіреді. Көз судан18 суланбайды. Күн аспанда ай сияқты қалқиды, ата-баба19 кезіндегі жағдайлар елес береді... Мен саған ауру-сырқауға ұшыраған елді көрсетемін. Əлсіз қол əлді қолға20 үстемдік етеді. Адамдар молаларда түнейтін болады. Өлмес үшін қолына не іліксе, сонымен қоректенеді. Гелиопольдық ном орнында болмайды. Оңтүстіктен, Алдыңғы елден*, Жоғарғы Мысырдан шыққан патша келеді. Ол ақ тəжді қабылдап, қызыл тəжді қояды, сөйтіп, қос тəжді біріктіреді. Ол Гор* мен Сет* сүйіспеншілігін əспеттейді. Құдай (?)21 бейнесінде қалқан ұстап, алқаптарды аралайды. Оның кезіндегі адамдар қуаныңдар! Ұл əкесінің есімін қадір тұтады. Бүлдірушілікті ойлайтындар өз сөздерінен қайтып, қайғы-қасірет əкелу бұлтын сейілтеді. Азиаттықтар иілетін болады. Ливиялықтар тайпа алдында бүгіледі. Бүлдірушілер де, арам ойлылар да оның ұлылығын мойындап, урей21 сияқты жат пиғылдылардан арылады. Азиаттарды Мысырға өткізбес үшін «билеушінің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын!»22 деген қабырға тұрғызады. [Азиаттықтар] малдарын суару үшін су сұрайтын болады. Шындық өз орнын тауып, жалғандық табанын жалтыратады. Патшаның соңына еріп, онымен жүздескендер қуанышқа бөленеді. Менің айтқандарымның шындыққа айналғанын көрген данышпан маған арнап құрбан шалады. Дүниеде осындай жайлар болады23. Жазған [Мех]... ЕЖЕЛГІ МЫСЫРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ (шамамен б.з.д. XXІІ ғ. – шамамен б.з.д. XX ғғ.) Ежелгі Мысырдың мектеп өсиеттері əдеби-дидактикалық шығармасы болып танылатын көпшілігі ежелгі патшалық заманында қалыптасқан жəне əкеден балаға дəстүрлі əдеби түрінде берілген өсиеттер. Ежелгі патшалық өсиеттері (Орта патшалық көшірмелері түрінде бізге жеткен) жоғары лауазымды төрелерге немесе атақты даналарға жатқызылады. Мысалы, Присс папирусында перғауын Хуни (ІІІ əулет) жанындағы уəзір өз баласы Кагемниге жəне Птахотеп (V əулет кезеңі) уəзірі өз баласына өсиет айтады. Басқа кейінгі мəтіндерде Имхотеп (ІІІ əулет кезеңі), Джедефхора (ІV əулет кезеңі), Каирес (мерзімі белгісіз) ежелгі патшалық даналарының өсиеттері бар. Птахотеп өсиеттерінде жоғары лауазымды қоғамда дұрыс мінез-құлық көрсету ережелері туралы айтылған, оларды білу мысыр бюрократиясының иерархиялық сатысы бойынша көтерілуге қажет. Мұнда ізгілік пен мейірімділікті таныту, бағыт сілтеу, тəкаппарлық пен менмендіктен сақтандандыру, биліктің маңындағы адамдарға зиян келтірмеуіне тырысу жəне т.б. өсиеттер бар. Кейінгі дəуірде перғауындардың өз мұрагерлеріне жазған өсиеттерінде (Х əулеттің белгісіз перғауыны, мүмкін Ахтой ІІ, өз баласы Мерикарэға жəне Лменсмхет І перғауынның өз баласына) саяси тұрғыдағы қызықты нұсқаулардан басқа, түрлі қоғамдық лауазымға ие болған кісілердің өсиеттері пайда болды. Əсіресе жазғыштардың шəкірттеріне арналған түрлі өсиеттері кең жайылған, онда жазғыштардың қоғамдағы ерекше орны айтыла келе, бұл кəсіптің басқаға қарағанда зор артықшылығы баяндалған. Осындай
ақыл-өсиеттің алғашқысы Орта патшалық заманына жатады жəне ғылымда ол «Дуау ұлы Ахтой І өз баласы Пепи (Пиопи) айтқан өсиеті» деп танылған. Ани (ХХІ əулетінің каир папирусында сақталған) жəне Аменемопе (ХХІ–ХХІ І І əулеті заманы немесе одан да кейін) өсиеттері ерекше орын алады. Бұлардан басқа да Британ музейінде сақталған (Болонскийдікін қоспағанда) XІX–XX династиялар кезеңіндегі иератикалық папирустарындағы:. 1. Честер Битти ІV папирусы. 2. Саллье 1,6,9-7-9. 3. Анастази V. 15,6–17,3. 4. Анастази ІІІ.3,10. 5. Болонский 1094,3,5. 6. Анастази ІV. 11,8. 7. Анастази V. 17,5 8. Анастази V. 22,8 мəтіндер бəрі мектеп өсиеттеріне жатқызылады. Болашақ хатшыларды ежелгі мысыр мектеп терінде 5 жастан 16 жасқа дейін оқытатын, 12 жастан бастап мекемелерде хатшылардың жұмысын атқаратын. Алғашқы жазуларын қыш ыдыстардын сынықтырында жазғызатын. Жазуды толық меңгерген оқушыға ұзын жіңішке (16 см) папирусында жазуға рұқсат ететін. Оларға іс құжаттарының үлгілері, хаттар, əдеби шығармалармен бірге, қызметтеріне лайық жүріс-тұрыс ережелері жəне таңдап алған мамандықтарын дəріптейтін өсиеттер де берілетін. Сондықтан біліп, қайта жазу үшін болашақ хатшылар қолтаңбаларын жақсартулары, орфографияны меңгерулері жəне талғамдарын жетілдірулері керек болатын. Шын мəнінде, ежелгі мысырлық деспотия жағдайында хатшы қызметі оларды өмірге қажеттің бəрімен қамтамасыз ететін: материалдық дəулет, салыстырмалы билік жəне жеке басының тəуелсіздігі. Хатшы кəсібінің артықшылығына қарсы қолөнер, жер өңдеу жəне əскери қызметпен байланысты ауыртпалықтар тұрды. Құл иеленушіліктің, жеке меншіктің жəне айырбастың дамуы, дүние мүліктің қызметкерлер мен əскери ақсүйектің қолында жинақталуы құқықсыз шаруалар, қолөнершілер мен қатардағы əскердің жағдайын тым ауырлатып жіберді, бұның бəрі, кейде əсірелей, төмендегі мектеп тəлімдерінің үзінділерінен көрініс тапты. Мектеп тəлімдерінен (үзінді) 1) Хатшы бол! Ол міндеттерден босатылған, ол шалғыдан да, кетпеннен де қашық. Сен себет көтермейсің, ескек есуден де құтыл ғансың. Ол ауырлық атаулыдан алыс. Сен толып жатқан мырзалар мен сансыз бастықтардың аяқ астында болмайсың. Бар лық іс пен міндеттердің ішнде хатшы – бірінші. Хатшы Жоғарғы жəне Төменгі Мысыр ға салық салады; ол олардан алым алады, ол кез-келгеннің мүлкін санайды. Барлық солдаттар оған бағынады. Серлерді патшаның алдына кіргізіп, бəрін оның аяғына жығатын да – ол. Ол барлық жерді билейді, ол барлық құндылықтардың басында. Хатшы бол! Оның дене мүшелері тегіс, сенің қолың да жұмсақ болады. Сен ел алдына шыққанда жақсы киінесің, сені көтермелейді, сарай маңындағылар саған жалынады. Қолынан іс келетін адам іздесе – сені табады. Ештеңе білмейтіндер ғалымды іздейді. Ол өзінің жақсы мінез-құлқы үшін мадақталып сер атағына дейін көтеріледі. 2) З фараонның құжаттар қазынасы күзетінің басшысы Амо-немикт өзінің хатшысы Пентауруға былай дейді: «Саған бұл хатты əкелгенде, мынаны біл!» Хатшы бол! Ол міндет атаулыдан босатылған, ол барлық жұмыс атаулыдан қорғалған... Адам өз шешесінің ішінен шыққан сəттен-ақ, ол өзінің 4 басшысына бағынады. Ол бала кезінде əскердің қызметшісі болады, ал бозбала кезінде-рекрут. Ол ересек адам болғанда, оны егінші қылады, ал кедейді атшы қылады. Ат қораның бастығы міндетін атқаруға кеткенде, оның ат арбасы егін алқабында қалады, дəн шашу оның əйеліне қалады, ал қызы – тоғанда. Ал оның ат арбасы қашып кетсе, оны жаяу əскерге жібереді. Жауынгер Сирияға таяқсыз, байпақсыз жетеді,ол жабайы арыстанға бола өзінің тірі екенін де, өлі екенін де білмейді.Шөп ішінде дұшпан жасырынады, жау соғысқа дайын, ал жауынгер тек өзінің құдайына жалбарынады: «маған келе көр, мені құтқара көр!».. Наубай нан пісіріп тұрғанда, ол нанды пештің ішіне қоярда, оның басы пештің ішінде болады. Оның ұлы оны аяғынан ұстап тұрады, егер ұлының қолынан сырғып кетсе, ол пештің ішіне құлайды. 3) Маған сен хатты тастап, сауық құрып кеткеніңді, сен егіс алқабында жұмыс істеуге бет бұрып, жазуды қойғаныңды айтты. Сенің астығына салық салынғандағы егіншінің түрі есіңде жоқ па, егісінің жартысын құрт жеп, құс жеп, мал жеп құртатыны. Егіншінің соры – торғайлар. Одан қамбаға түскен қалдығы ұрланады.Малдан да құн кетті. Өгіздер жер айдап, егін салғанда зорығып өледі.
Хатшы астыққа салық салу үшін жағалауға жақындайды, күзетшілер шыбықтарымен, нубийлер таяқтарымен жəне бəрінің айтатыны: астық əкел! Ал астық жоқ, олар егіншіні сабайды, оны байлап-матап, құдыққа лақтырады, ол суға батады, оның əйелі де байлаулы, балаларының аяғы тұсаулы, көршілері оларды тастап кеткен – олар қашады, олардың астығы құрыған! Тек хатшы ғана бəрін басқарады, тек хатпен айналысатынға ғана салық салынбайды,оның берешегі жоқ. Осыны біл. 4) Өз қолыңмен жаз, өз аузыңмен оқы жəне өзіңнен көп білетін адамнан сұра.Бір күніңді де сауықпен өткізбе, əйтпесе сені сабайды, баланың құлағы оның арқасында, ол өзін сабағанын естиді. 5) Тəрбиесі жоқ санасыз адам болма! Сені күні-түні тəрбиелейді, оқытады, бірақ сен ешқандай өсиетті тыңдамайсың, ойыңа не келсе, соны істейсің. Арыстанды да үйретеді, атқа да бас білгізеді– ал сендей адам бүкіл елде жоқ. Осы есіңде болсын! 6) Маған сенің оқуды тастап кетіп, лəззат қуып кеткеніңді, сыраның соңында көше кезіп кететініңді айтады... Ал сыра адамдарды бұзады, ол сенің де көңіліңді бұзады... Сен құдайы жоқ мінəжатханаға, наны жоқ үйге ұқсайсың. Сені флейтада ойнауға үйретеді... Сен қыздың алдында отырсың, оның жұпар иісіне елтисің. Сенің гүлден жасалған алқаң мойныңда ілулі тұр. 7) ...Егер сен көше кезетін болсаң, мен сенің аяғыңды байлаймын, гиппопотамның қамшысымен сабаймын. Орныңа бар! Кітаптар сенің жолдастарыңның алдында жатыр. Көйлегіңді жəне аяқ киіміңді жөнде ... Кітапты дұрыстап оқы... Бір күніңді де сауықпен өткізбе, əйтпесе сенің денең азап шегеді ! 9) Өз қолыңмен жаз, өз ауызыңмен оқы, өзіңнен көп білетіндермен ақылдас. Қолыңды қусырып отырма, бір күнің де іссіз өтпесін, болмаса сенің тəнің қиналады.Өз ұстазыңның ақылына жүгін, оның өсиеттерін қабылдай біл, жаза біл. «Ахтой тəлімдерінен» Тəлімдердің бас жағын Дуауұлы Ахтой деген адам өзінің ұлы Пиопиға арнап, оны тектілердің балалары оқитын хатшылық мектепке бермекші болып, оңтүстікке қарай астанаға жүзіп келе жатып жасалған. Ол оған былай деді: «Мен соққы көргем, мен соққы көргем. Мен зорлықпен жұмыс істеуден бос адамды көрдім, – байқа, кітаптан жоғары ештеңе жоқ. Сен одан мынадай сөз табасың: «Егер хатшы қалада бір қызметке орналасса болды, ол қайыршы болмайды». Шіркін, мен сені кітапты анаңнан да жақсы көретіндей қылсам ғой, оның барлық сұлулығын көрсете алсам ғой. Бұл барлық қызметтен артық.... Ол əлі бала болса да, оған сəлем береді. Оны тапсырмалар орындауға жібереді жəне ол алдына алжапқыш байлау үшін қайта қайтпайды. Мен мүсіншінің немесе зергердің елші болғанын көрген жоқпын, бірақ жезшінің пеш жанында жұмыс істеп жатқанын көрдім. Оның саусақтары крокодилдың терісіндей екен, ал өзі балықтың уылдырығынан əрмен сасиды. Кескішпен жұмыс істейтін кез келген қолөнерші егіншіден əрі шаршайды. Оның алқабы – ағаш, еңбек құралы – темір. Түнде, бос кезінде, ол қолдары жасайтын жұмыстан да көп жұмыс істейді. Сондықтан ол түнде шам жағады. Тас қалаушы барлық қатты таспен істейтін жұмысты іздейді. Ол жұмысын аяқтағанда оның қолдары салбырап, өзі əбден қажиды. Ол солай тізесін жаза алмай, арқасы бүкірейіп іңірге дейін отырады. Сақалқырғыш кешке дейін сақал қырады. Ол қырынатын адамды іздеп көше кезумен болады. Ол өз еңбегін жеп қоятын балара сияқты, асқазанын толтыру үшін қолдарына салмақ салады. Мен саған тағы да құрылысшы туралы айтайын. Ол əрқашан желдің өтінде болғандықтан, аурудан шықпайды. Лотосқа (яғни, колоннаның лотос пішінді төбесіне) байланып қойғандықтан, ол əзер қимылдайды... оның киімі жамау-жамау... Ол бір-ақ рет шомылады.... Тапқан нанын ол үйіне береді, оның балалары соққы көрген. Егіншінің киімі мəңгілік. Оның дауысы «абу» құсыныкіндей жіңішке. Ол шаршайды... Арыстанның астында жатқан адам қандай мамыражай болса, ол да сондай мамыражай. Ол аурудан шықпайды... Ол кешке үйге келе салысымен қайта қайтуы керек. Тоқымашы үй ішінде болғанымен, оның жағдайы əйелден де қиын. Оның аяқтары ылғи асқазанының үстінде. Ол ауа жұтпайды. Егер күніне қажетті мөлшерде мата тоқымаса, ол батпақтағы лотостай байланады. Ол жарық дүниені көру үшін күзетшіге нанын береді. Шабарман басқа бөтен елге шығарда, арыстандар мен азиаттардан қорыққанынан бар мүлкін балаларына мирас қылады. Егер Мысырға қайта оралса, оның кешке қарай үйіне, бағына жете бергені сол екен, оған қайта жолға шығуы керек. Бояушының саусақтарынан өлген балықтан шыққандай сасық иіс шығады... қолдары ешқашан тоқтамайды. Етікшінің жағдайы тіпті нашар, ол ылғи қайыр сұрап жүреді. Өлген балықтардың арасында отырған жан қандай жайбарақат болса, ол да сондай жайбарақат.Ол тері шайнайды. Кір жуушы жағалауда крокодилдың жанында жүріп кір жуады. Сенің жұмысың əлдеқайда тыныш қой. Оған, егер сен кірді уақытында əкелмесең, аузыңды бұзамын дейді. Мен саған тағы да балықшы туралы айтайын, оның жағдайы басқа кəсіпшілердің бəрінен қиын. Байқадың ба, ол өзенде крокодилдермен араласып жүріп, жұмыс жасайды ғой.
Байқасаң, хатшының қызметінен басқа бастықсыз қызмет жоқ, себебі, ол өзі бастық. Кітап білетін адамға: «бұл саған жақсы» деседі. Мен саған атап шыққан кəсіптердей емес. Хатшыға:«мына адам үшін жұмыс істе» деп ешкім айтпайды. Байқасаң, мен мұны оңтүстікке қарай астанаға жүзіп келе жатып, жасап отырмын. Байқасаң, мен мұны сені жақсы көргендіктен жасап отырмын. Сен үшін мектептегі əр күнің пайдалы, ондағы жұмыс таулардай мəңгі... Байқап көр, патшаның есігінен күн көрмейтін хатшы болмайды....Міне, мен саған жəне сенің ұрпақтарыңа көрсеткім келгені осы». Гераклеополитандық патшаның өзінің ұлы Мерикар патшаға өсиетінен Өзінің ұлы Мерикар үшін (Жоғарғы жəне Төменгі Мысыр патшасы Ахтой жазған өсиеттің басы) ...Бүлікке итермелеуші – ол зиянкес, оны ат, өлтір, атын өшір, жақындарының көзін жой, оны мен оны жақсы көрушілер туралы ескерткіштерді құрт. Тынымсыз адам – ол қалалықтардың іріткісі, ол жастар арасында екі партия құрады... Сен құдай алдында таза боласың ... Сөзге шешен бол... сонда сен жеңесің, себебі, тіл бұл... патшаның қаруы. Сөзден күшті қару жоқ... Данышпан – ол сұлтандардың панасы, оны жеңе алмайды, оның көзінше өтірік айта алмайды, себебі оған ақиқат, ата-бабамыздың сөзі сияқты, дайын күйінде беріледі. Өзіңнің əкеңнің, өзіңнің ата-бабаңның жолын қу... міне, жазулардағы солардың сөзі – аш та оқы, өсиетін қолдан, оқып-білгеннен өнерпаз шығады. Зұлым болма, байсалды бол, өзіңе өз махаббатыңмен ескерткіш қой, қалалықтарды ... байыт, сыйыңа алғыс айтады... сенің рақымшылығыңды мақтайды, сенің денсаулығыңды тілеп жалбарынады. ... Жерді заңсыз басып алу қылмыс. Біреудің қолындағыны қызғанатын – ақымақ, жердегі өмір қысқа, өтеді де кетеді, өзінің жақсы атын қалдырған – бақытты ... Мəңгі өмір сүретін адам бар ма? Сұлтандарыңды көтермеле, сонда олар сенің қаулыларыңды орындайды. Кім өз үйінде қамтамасыз етілсе, ол – жайбарақат, себебі ол бай, оған ештеңе қажет емес. ... Өз үйіңде шындықты айт, сонда сұлтандар сенен қорқатын болады. Шындықты шығар, сонда сен жер басып жүресің. Жылағанды жұбат, жесірді шеттетпе, адамды атамұрасынан айырма, сұлтандарды дəрежесінен айырма. Өлтірме – оның саған пайдасы жоқ, бірақ дүрелеп, қамап жазала, сонда осы жердегінің бүлікшіден басқасының бəрі көркейеді, ал бүлікшінің пиғылы анық, оны құдай көреді де, күнəсі үшін қанын төгіп, жазалайды. Бірақ жақсылығын білетін, онымен бірге жазуларды айтып, əн салған адамыңды өлтірме. Тектінің баласы мен қара халықтың баласын бөлектеме, адамды ісіне қарап бағала, сонда барлық кəсіп дамиды. Солтүстіктегі бекіністеріңді күшейт. Бекіністі ала алмайды... Құрбандықты жиі шал, құдайға сыйын. Бұл əлсіздік деме, бос жүрме, тынбай еңбектен... Дұшпансыз адам жоқ. Екі жағалаудың билеушісі дана, сұлтандары бар патша надан емес, ол ақылды болып туған, құдай оның миллиондаған адамдардан айбынын асырсын. Сен менің аузымнан шыққан сөзден жамандық көрмейсің, себебі мен саған патша туралы ережелерді бердім. Жүзің жарқын болсын, бойыңды тікте! Сені ешкім кінəламағанын көргенде, мені түсінесің. Жақыныңды өлтірме... Бүкіл елдің сүйіспеншілігіне бөлен. Қайырымды болсаң – ол сенің ескерткішің! Мен өзімнің ең жақсы ойларымды айттым, соны мықтап есіңде сақта. Аударған Г.А. Адаева. СҮЛЕЙМЕН (СОЛОМОН) (Ежелгі Израиль. Б. з. д. ІX ғ.) Сүлеймен (Соломон) – ежелгі Израиль мемлекетінің үшінші жəне соңғы патшасы. Ол əйгілі Давид (Дəуіт) патшаның баласы; біздің дəуірімізге дейінгі 960–935 жж. Израиль мен Иудеяда билік құрып, Иерусалимдегі Яхве храмын салдырған. Өткір ой, тапқырлығымен, əділ билігімен өз заманында даңққа бөленіп, «Данышпан Сүлеймен» атанды. Өзі билік құрған заманда атына заты сай болып, елде тыныштық орнайды, соғыстан титықтап қасырет шеккен халық бейбіт, мамыражай тірлікке көшеді. Сүлейменнің патшалық құрған алғашқы кезеңі туралы тарихшы Иосиф Флавий: «Байырғы барды нығайтып, Иерусалим дуалының аумағын ұлғайтты, сөйтіп елге берекелі тыныштықпен билік жүргізді, – деп жазды. – Жастығына қарамастан өте əділ, заңды қатаң сақтап, əке өсиетіне барынша адал болды. Бірақ жасы əлдеқайда үлкен, өмірлік тəжірибесі бай тісқақты, кексе адамдай барлық іске аса сақ, байыппен қарады». Сүлеймен – əділ патша болумен қатар, адамзаттың ақыл-ойына өшпес із қалдырған даналардың бірі. Мыңға тарта өлеңнен тұратын «Тəмсілдер», «Экклезиаст», «Құдіретті жыр» деп аталатын туындылар жазған. Ол айтқан мəтел-нақылдардың көбі əлемдік афористиканың алтын қорына енді. Сүлейменнен қалған сондай даналық сөздердің кейбір нұсқасы төмендегідей: • Бəрі – тозаңнан жаралып, тозаңға айналады. • Көп сөйлеп ұятқа ұрынар кей кісі • Аузын баққан – ақылдының белгісі. • Құдайдың қолындағы істі адам біліп бола ма?
• Адамзат келеді, кетеді, тек қара жер мəңгілік. • Дүниеге келмеген, мына өмірдегі зұлымдықты көрмеген адам қандай бақытты! • Тым əділ болма, өте ақылды болма – жүрегіңді ауыртып қайтесің. • Ұйқың қашар алтын жисаң құмартып, Құдайдан қорық, қанағат қыл – сол артық. • Ерліктен ақыл артық деуші едім, бірақ кедейдің ақылын менсініп ешкім құлақ аспайды екен. • Ор қазба – өзің түсесің, өрге қарай тас домалатпа – астында қаласың. • Ұмтыламыз билеушінің көңілін табуға, • Ал адамның тағдыры тек Құдайдың қолында. • Құсығына қайта оралған төбеттей, • Ақымақ өз қылығын қайталайды кеп өтпей. • Доңыздың мұрнына таққан алтын шығырдай, • Ақымақ əйелдің ажарынан пайда не. • Құдай адамды тура жүрсін деп жаратқан, ал пенде неше түрлі айла іздейді. • Ертеңгі күнмен күпінбе – ол күн не даярлап тұрғанын қайдан білесің. • Болған нəрсе бола береді, істелген нəрсе істеле береді. • Күн астында жаңа ештеңе жоқ. Сүлейменнің ғақлия-нақыл, тəмсілдерінен басқа, оның даналығын дəріптейтін аңыз-əфсаналар да көп. Олар иудейлер мен христиандар арасында, бүкіл ислам еліне кеңінен тараған. Көне еврей аңыздарындағы түбі бір бұл оқиғаларды əр жұрт сəл өзгеріспен өздерінше баяндайды. Қай-қайсысында да Сүлейменнің есімі даналықтың баламасы іспетті, ұтқыр ой, тосын шешімімен тəнті қылады. Байырғы араб əдебиетінде, ислам дінін тұтынған иісі түрік дүниесінде, оның ішінде біздің қазақтар да Сүлейменді бағзыдан бері Сүлеймен деп атайды. «Су иесі Сүлеймен», «Сүлеймен патша күллі аң мен құстың тілін біліпті...» деп басталатын əл-қисса əңгімелер əлмисақтан атам қазақтың құлағына сіңісті. Тіпті оған қатынасты уақиғаларды өзіміздің би-абыздарымызға теліп жүрген мысалдарымыз да аз емес. Бабаларымыз оны əулие тұтып қастерлеп, ақылды, дана болсын деген ниетпен перзенттеріне «Сүлеймен» деп ат қойған. Жастайынан зейінді, алғырлығымен танылған Сүлейменге патшаның айрықша ықыласы түседі. Əкесі билік айтқанда бала Сүлеймен ылғи қасында отырады екен. Бірде жанжалдасқан екі адам патшаның алдына жүгінуге келеді. Бірі: – Мына кісінің қойлары менің атызыма кіріп кетіп, таптап тастады! – дейді шағынып. Давид қойдың иесіне қарайды: – Қойыңның таптағаны рас па? – Рас, тақсыр! – Ендеше атыздың иесі шеккен шығыны үшін қойларыңды алсын! Сонда Сүлеймен тұрып: – Дат, тақсыр! Мен басқаша кесім айтқан болар едім! – дейді. – Айт! – Қойдың иесі атызды алып қалпына келтірсін, ал атыз бұрынғы қалпына келгенше иесі қойды сауып, сүтін пайдалана тұрсын. Содан соң атыз өз иесіне, қой өз иесіне қайтарылсын! Баласының əділ қазылығына риза болған Давид патша: – Менің дəуренім өткен екен. Қартайып қаусағаным осы. Сен кемеліңе келіпсің. Аузымдағы сөзді, алдымдағы дауды енді сен ал! – деп баласына алтын тағын беріпті. Баяғыда бір патшаның ақылды уəзірі болыпты. Патша айрықша жақсы көреді екен. Бірде оған: – Не тілегің бар, айт. Бəрін орындаймын, – дейді. Уəзір ойланып: «Алтын, күміс сұрасам ғой, патша береді. Гауһар, меруерт десем де қолымнан қақпайды. Одан да патшаға қызыңды бер дейін. Қызын алсам, дүние-байлық өзі-ақ келмей ме!» дейді. Сол сияқты Сүлеймен бір күні Жаратушы түсінде аян беріп: «Не қалайсың, сұра!» дегенде, «Маған ақыл-парасат бер!» дейді. Сонда Жаратушы: «Сен басқалар сияқты өзіңе ұзақ ғұмыр, байлық, жауынды жер түбінен ықтырар айбат сұрамай, ақыл-парасат сұрадың. Сондықтан мен саған сұрағаныңды беремін, оған қоса сұрамағанынды да беремін!» депті. Сөйтіп, даналықпен бірге Сүлеймен патшаға бақдəулет, абырой-даңқ өзі келіп қоныпты. Израиль патшасы Дəуіттің ұлы Сүлейменнің өсиеттері (үзінділер) Сүлеймен (Соломон) өсиеттер кітабының негізгі мазмұны: Өсиет жинақтарының мақсаты, бозбалаларға ғибрат айту. Парасатты ақылды іздеу қажеттілігі. Жақынына сүйіспеншілік таныту. Ізгілік жолы мен арсыздық жолы туралы. Ұятсыздық пен қарызға бату қарсы ескертпелер. Жалқаулық, зұлымдық, тəкаппарлық пен басқа да жағымсыз қылықтардан сақтану туралы. Кітаптың 1-ші бөлімінен – 22-ші бөліміне дейін Сүлейменнің өсиеттерінен құралған. 22, 24, 34 бөлімдері сол заманның даналарының өсиеттері, 25ші ден – 29-шы бөлімге дейін қайтадан Сүлейменнің өсиеттері айтылған. 30-шы жəне 31-ші бөлімдерінде дана Агур мен Лемуилдың өсиеттері. 1. 2. Даналық пен ақылды тану, парасаттың нақылын ұғыну.
3. Естілік, əділет, сот жəне ақтың ережелерін меңгеру. 4. Қарапайым жанға зеректік, жасөспірімге білім мен ақыл. 5. Данагөй құлаққа құйып – білімін молайтады, есті де жөн кеңесін табады. 6. Өсиет пен тəмсіл сөзді, дананың сөзі мен олардың жұмбақтарын ұғыну жөн. 8. Тыңда, ұлым, əкеңнің ақылын, анаңның өсиетін түйіп ал. 10. Ұлым менің! Күнəһардың жетегінде жүрме. 2. 1.Ұлым менің! Сөзіме тоқтап, менің өсиетімді ұға біл: 2. Тұла бойыңа даналық дарып, ақыл-ойды жүрегіңмен қабылдасаң; 3. Білім нəрімен сусындап, парасатпен пайымдасаң; 4. Соны асыл тас, қазына деп білсең; 5. Тəңіріңе табынып, Құдай туралы түсінігің артса, 6. Жаратқан ием парасат береді, ол білім мен ақыл ұрығын себеді. 7. Ол шыншылды қорғайды; Ол – пəкке, тазаға қалқан; 8. Ол ақиқаттың жолын қорғайды, өз əулеттерінің сүрлеуін сақтайды. 9. Сонда сен ақиқатты, əділдікті, турашылдықты, ізгі бағытыңды табасың. 10. Жүрегіңнің түкпіріне даналық қонса, жаның біліммен рахат табады. 11. Сол кезде ақыл мен парасат сені қорғайтын болады: 12. Жауыздың жолынан, өтірікті айтатын адамнан; 14. Жауыздықты жасауға үйірлерден, азғындыққа тамсанатындардан; 15. Жолы қисық, адасқандардан сақтайды. 3. 1. Ұлым менің! Өсиеттерің жадыңда болсын, жүрегіңе ұяласын. 7. Өз-өзіңді данагөймін деп санама, Құдайдан қорқу керек, жауыздықтан алшақ жүр. 8. Бұл сенің тəніңе салауат, сай-сүйегіңе азық болмақ. 13. Даналықты меңгерген адам, ақылға кенелген адам, шаттыққа кенелмек. 14. Өйткені, оны меңгерген адамның пайдасы мол, пайдасы шаш етектен. 15. Ол асыл тастан да қымбат; (ешқандай жауыздық оған қарсы келмек емес). 16. Ұзақ ғұмыр – оның оң қолында, ал сол қолында – байлық пен даңқ. 17. Жолы оның жайсаң, бағытының бəрі – бейбітшілікке негізделген. 19. Құдай тағала даналық пен жерді жасады, аспан əлемін парасатпен көмкерді. 20. Оның даналығымен тұңғиықтар пайда болды, бұлт пен шық астасты. 21. Ұлым менің! Оларды қалт жіберіп алма; парасат пен ақыл-ойға жүгін. 23. Сонда сенің жолың ақ болмақ, жоқ жерден сүрінуден сақтанарсың. 24. Ұйқыға кетерде үрей билемейді, ал ұйқы құшағына енгенде, жақсы түс көрерсің. 27. Қолыңнан келіп тұрса, қайырым жасаудан қашпа. 29. Қаннен-қаперсіз сені пана тұтып жүргенде, жақыныңа жауыздық жасама. 30. Саған кінə артпаса себеп-салдарсыз дүрдараз болма. 35. Парасатты даңққа бөленбек, ақымақтар атаусыз қалмақ. 4. 14. Опасыздық жолына түспе, жауыздық жолымен жүрме; 15. Шаң қаптырға жолама, бұғып қал жəне ойланып өт; 16. Жауыздық жасамай, олардың ұйқысы тыныш болмайды; 17. Өйткені, олардың жеген наны һарам, ішкен шарабы ұрлықы; 18. Шыншылдың жолы жарық, ілгері жүрген сайын шуағын шаша бермек. 19. Опасыздың жолы қараң, олар неден сүрінетінін де білмейді. 5. 2. Парасат пайымын білу, білім-ілімді санаңа ілу үшін керек (Жарамсақ əйелдің жетегінде кетпе). 3. Өзге əйелдің сөзі шырын, айтқаны бал татуы мүмкін; 4. Бірақ, оның салдары ащы, алмас-қылыштай өткір болуы мүмкін; 8. Сондықтан аулақ бол, ол тұратын үйдің маңына жолама; 9. Сонда деніңнің саулығы өз иелігіңде болмақ, азап пен тозақтан қашық боларсың; 10. Құдірет-күшіңе сен, сонда еңбегің еш кетпес; 18. Қайнар-бұлағың баталы болсын, жастығыңды жан жарыңа арна. 20. Басқада нең бар, кеудесін өбіп қайтпексің? 21. Адам құдайдың көз алдында, жəне де Ол жолыңның бəрін өлшеп қойған. 6. 1. Жалқауға құмырсқаның илеуін, іс-əрекетін көру керек, сөйтіп бойыңа даналықты дарыту керек. 8. Жаз тағамын сайлаған араның тірлігін көр, еңбексүйгіштігін көрмеймісің (жұмысы қандай құрметті, еңбегі қандай елеулі). 9. Ерініп, ұйқыдан көз ашпасаң, тұрғаныңда не болмақ? 11. Там-тұмдап жүріп, кедейшілік қамытын киерсің. Жалқаулықтан безінсең, жоқтық қашар безілдеп, наны келер алдыңа. 12. Харам адам, арсыз адам азғындықтан айнымас,
14. Жүрегін зұлымдық билеген, ауызы өтірікпен былғанған. 15. Кенеттен жер құшар оны, талқаны таусылып, беймезгіл бақилыққа аттанар. 18. Қатыгездікті ойлайтын жүректің аяғы зұлымдыққа тез жетеді. 8. 14. Менде кеңес пенен шындық бар; менде ақыл, менде күш бар; 17. Мені сүйген пендені мен де сүйемін, іздегенде табылармын қасыңнан. 20. Ақиқаттың жолымен жүремін, əділдікті ту етермін. 34. Менің сөзіме құлақ асқан адам шаттыққа кенелмек, күн сайын сергектікті серік етер. 35. Өйткені, мені тапқан адам өмірдің мəнін ұғады, Құдайдың рақымын алады. 36. Маған қарсы күнə арқалап келген өз жанын жаралайды, мені жек көретіндер ажалды жақсы көреді. 9. 7. Қорлық көрген адамға ақыл айтқан адам елеусіз қалмақ, арсызды əйгілеген атаусыз қалмақ. 9. Дана адамға ащы айтсаң, одан сайын дана болар, шыншылды үйрет, ол білімді телегей етер. 10. 1. Сүлейменнің өсиеттері. Парасатты ұл əкесін қуантар, ал ақылсыз ұл анасын жылатар. 4. Еріншектің қолы кедейшілікті шақырады, ал ұқыпты қол байытады. 5. Жаз бойы маңдай терін төккен ұлдың ақылы бар, ал орақ кезінде ұйқыны серік еткен – парықсыз бала. 6. Ақылды өсиетті жүрегімен ұғар, ал ақымаққа шайнап берсең де жұта алмас. 9. Адалдықты медеу тұтқанның жолы қауіпсіз, ал жолын шимайлаған жан жауапқа тартылар. 12. Өшпенділік іріткі уытын себер, сүйіспеншілік күнəні жуыпшаяр. 11. 1. Таразың тең болмаса Құдай алдында жексұрын боларсың. Ол тура тарызыны құп көреді. 4. Ашу шақырған күні байлық та жəрдем бере алмас, ақиқат ажалдан арашалап қалмақ. 9. Екі жүзді жақынын жарға жығар, ақылды тыныш жатып, үнсіз қалар. 10. Сопылар берекеге кенелсе қала шаттанады, опасыз арам адам қаза болса да салтанат болуы мүмкін. 11. Сопының батасымен қаланың іргесі беки түседі, ұждансыздың сөзі іргені ірітеді. 15. Тасадағы біреуге кепілдік берген өзіне зиян келтіреді, ал кепілдік бергенді жек көретін адам қауіпсіз болмақ. 16. Көргенді əйел даңққа кенеледі, еңбексүйгіш əйел байлыққа кенеледі. 17. Қайырымды адам жанына ізгілік сыйлайды, тасбауыр тəнін тұншықтырады. 18. Опасыз адам сенімсіз тірлік жасайды, ал шындық десе шырылдайтын адамның алдында сыйлық күтіп тұр. 22. Шошқаның танауына алтын сақина кигіздің не, ақылсыз əйелдің сұлулығы не? 24. Қолы ашық адамға жомарттық жасайтындар көп, шектен тыс құнтты адам кедейлене түспек. 12. 1. Ақылды тыңдайтын – білімді жақсы көреді,ал жүрегін азғындықпен улағанды жұрт жек көреді. 9. Өз нанын тауып жесе де қарапайым жандікі жөн, ал кеуде керіп білімдімін деп бір түйір нанға жарымағанға не жорық? 11. Соқа салып жер игергеннің дастарханында нан болады, ал тойлатып, думандатып жүргеннің ақылы таяз. 17. Өзі білетін нəрсені айтатын адам шындықты айтады, ал өтірікке куə болғанның айтқаны – жалған. 23. Ақылды білімін текке шашпайды, ал ақымақ орынсыз айтпайды. 13. 7. Өзін бай етіп көрсеткісі келетіннің артында дымы жоқ болуы мүмкін, ал өзін кедей етіп көрсеткісі келетіннің қазынасы мол болуы да мүмкін. 13. Сөздің парқын білмейтін өзіне зиян келтіреді, парыздың қарызынан қорқатынға Құдай береді. 17. Ақылды өзінің білімімен əрекет етеді, ақымақ өзін нақұрыс етіп көрсетеді. 21. Даналармен сырлас – дана болады, ақымақпен мұңдас адасады. 24. Кедейдің алқабында да астық көп болуы мүмкін, бірақ ретсіздік ысырап етеді. 14. 1. Ақылы бар əйел өз үйін ретке келтіреді, ақымақ əйелдің үйі астанкестен. 6. Парықсыз ақыл таппай зар болады, ақылдының білімі жанында.
7. Түйсігі жоқ ақымақтан аулақ жүр. 15. Ақымақ сөздің бəрін шын қабылдайды, ақылды – таразылайды. 23. Кез келген еңбектен пайда бар; ал боссөзділік – шығын əкелер. 31. Кедейді кемсіткен Жаратқанға тіл тигізгенмен бірдей, ал Құдайға құлшылық ететін – қайырым жасайды. 15. 3. Құдайдың көзі – көреген: жақсыны да, жаманды да ажыратады. 22. Кеңескеннің ісі ілгері кетеді, кеңеске немкеттінің тірлігі оңбайды. 29. Арсыздан – Құдай да қашады, ал құлының дұғасын Құдай естиді. 31. Тəлім алуға құмар жанның араласатын адамдары да – ақылды. 16. 3. Тірлігіңді Құдайға сеніп тапсыр, ісің алға басады. 6. Қайырым жəне ақиқат күнəңді тазартады, Құдайға құлшылық етсең, зұлымдық аулақ жүреді. 7. Тура жолды таңдаған адамға Құдай жауын жақын етеді. 17. Сопының жолы – зұлымдықтан аулақ жол: ол тəнін – жанын сақтайды, тура жолды таңдайды. 24. Жақсы сөз – жарым ырыс; 29. Ниеті қара адам өзінің жақындарын тура жолынан адастырады; 32. Шыдамдылық – батылдықтан да жақсы, ұстамдылық басқыншыдан жақсы. 33. Жеребенің бəрін Құдай шешеді. 17. 1. Қора-қопсысы мал толы үйдің берекесіздігінен, бір түйір нанды бөліп жеген үйдің тыныштығы артық. 2. Ақылы бар құл жетесізге əмірлік етіп, ағайындармен мұрасын бөліседі. 7. Ақымақтың миына аңызды əңгіме кірмес, ақылдыға жалғандық жуымас. 10. Ақымақты соққан жүз тоқпақтан, ақылдыға берілген сөгістің салмағы ауыр. 12. Түйсігі жоқ ақымаққа жолыққаннан гөрі, қанжығаны жоғалтқан аюға кезіккен артық. 14. Ұрыстың басталуы – судың арнасынан тасығанымен бірдей; ұрыс ушығып кетпей тұрғанда кетіп қалу керек. 15. Арсызды ақтағанда, сопыны кінəлағанда – екеуі де Құдайға жасалған қиянат саналады. 20. Жүрегі зұлым жақсылық таппас, қу тіл қырсыққа кезігер. 28. Үнсіз жүрген ақымақ та дана болып көрінуі мүмкін, тілін тартып сөйлейтін де ақылды боп көрінуі мүмкін. 18. 1. Бір беткей іске аспайтын тілек айтып, күллі ақылдыға қарсы шығар. 2. Ақымақ білімді жақсы көрмейді, ал ақыл айтуға келгенде, бəледей. 4. Адамның ұртындағы сөз – терең су, дананың қайнары – сарқырама. 6. Ақымақ ұрты – жанжал, сөзі оның – Ұрыс. 10. Жұмысына салақ адам – ысыраптың ағайыны. 14. Тыңдамай жатып жауап берген адам ақымақ, ұятқа қалар. 22. Өлім мен өмір тіл ұшында, қайсысын жақсы көрсең жемісін татарсың. 19. 17. Кедейге қайырым жасаған Құдайға қарыз бергенмен бірдей, ал Ол өз кезегінде жарылқап тастайды. 24. Жалқау кесені ұстағанымен, оны ауызына апаруға ерінеді. 26. Əкесін шығынға батыратын, шешесін үйден қуатын ұл арсыз жəне надан. 20. 7. Сопы таза жүреді, ал оның балалары – шаш-шадыман. 13. Кедей болып қалмас үшін ұйқыны тый, көзің ашық, көкірегің ояу болса – аш қалмассың. 15. Алтын, гауһар – тас, ақыл – қазына. 22. «Кекпен қайтарам» деме, ол Құдайдың ісі – аман қаларсың. 29. Жасөспірімнің даңқы – күшінде, ал қарияның сəні – ақ самайы. 21. 17. Думанды жақсы көретін кедейлікке душар болады, шарапқа дəніккен байымайды. 29. Арсыз адамның жүзі де дөрекі, ал сопының жолы түзу. 30. Даналық жоқ болса, ақыл да жоқ. 31. Арғымақты ұрыс күні сайлайды, ал жеңісті Құдай ғана шешеді. 23. 12. Білімді жүрегімен қабылда, ақылды кеңеске құлақ қой. 13. Жасөспірімді жазасыз қалдырма, шыбықпен дүре соқсаң – өлмейді. 14. Шыбықпен дүре соғып жазаласаң, оның жанын тозақтан сақтайсың. 15. Ұлым менің! Жүрегіңе даналық қонса, менің жүрегім қуанғаннан жырлайды. 16. Оңды нəрсе айта бастасаң, менің бүкіл жан-дүнием қуанады.
20. Шарап ішіп құмарлықтан шаттанба, алдыңдағы еттен əсіре тойма. 21. Өйткені, маскүнеммен əбден тойған адам қу тақырға отырады, ұйқы меңдеп алады. 25. 5. Арсызды патшадан аласта, тағы мығым болып, ақиқатқа бет бұрар. 8. Дау-шарға асығыс барма, қарсыласың сүріндірсе не істерсің. 9. Қарсыласыңмен айтысып-тартыссаң да басқаның құпиясын айтпа. 17. Досыңмен тым жақын да бола берме, бір-біріңнен жалықсаңдар, табалап та кетуі мүмкін. 26. 3. Арғымаққа қамшы керек, есекке ауыздық керек, ақымаққа таяқ керек. 4. Ақымақтығын салық қылып, ақымаққа жауап берме, өзің де сондай болып көрініп қалуың ықтимал. 20. Отыны таусылған үйдің ошағы сөнеді, арызқой жоқ жерде жанжал өшеді. 21. Ағаш от үшін, көмір жылу үшін, қазымыр адам ұрыс-керіс үшін. 24. Дұшпан жылы сөйлеп өзін көлегейлейді, ал жүрегінде зұлымдық жатады. 25. Жылы-жылы сөйлесе де сенбе, ар жағында не жатқанын кім білер? 27. Ор қазған өзі түсер сол апанға, тасты өрге домалатқанға тас қайтып айналып келеді. 27. 1. Ертеңгі күнмен мақтанба, өйткені, ол күннің саған не əкелетінін білмейсің. 2. Өз-өзіңді мақтағаннан безін, басқа біреу айтса бірсəрі. 3. Тас та, құм да ауыр, ақымақтың ашуы бəрінен де ауыр. 10. Досың мен əкеңнің досын тастап кетпе, бауырыңның үйіне бақытсыздық күніңді арқалап апарма, алыстағы бауырыңнан, қасыңдағы қоңсың артық. 12. Ақылды қауіп-қатерді алыстан ажыратады, ал тəжірибесіз адам қаннен-қаперсіз алға ұмтылып, опық жер. 14. Өзінің досын таңертеңнен мадақпен көпіртетін адам – өсекшіл. 18. Інжірді күте білетін оның жемісін жейді, өз мырзасына ықылас танытатын абыройлы болмақ. 28. 1. Арамза оны ешкім қумаса да қаша береді, ал сопының тірлігі батылдыққа негізделген. 2. Заңды айтпаған елдің басшысы да көп, ал мұқтаждықты білетін іскер басшының елінің ертеңі бар. 17. Адамның қанын төккен, оның моласына дейін қаша беретін болады. 20. Адал адам – батаға бай, байлыққа асыққан адам жазасыз қалмас. 21. Қыңырлық – жақсы əдет емес, мұндай адам бір түйір нан үшін арамзалыққа барады. 22. Байлыққа ұмтылған – күншіл адам, кедейлік те оған ұмтылып жатқанын аңдамайды. 26. Тек өзіне ғана сенетін адам ақымақ, ал жаны даналыққа жақынның діні аман болмақ. 27. Кедейге қол ұшын берген кедейленбейді, ал көз жұма қарағанды лағынет атады. 29. 7. Сопы кедейді мұқият тыңдайды, ал арсыз адам істің мəнін ұқпайды. 8. Опасыз адамдар қаланы дүрліктіреді, даналары ереуілді басады. 11. Ақымақ өз ашуын ашық білдіреді, дана үндемейді. 16. Арсыздар мен опасыздар көбейген кезде, заңсыздық белең алады, алайда сопылар оның құлағанын көреді. 21. Құлды – бала кезінен тəрбиелесең, өскенде саған құл болғысы келеді. 26. Көпшілгі мейірімді өмір тапқысы келеді, əйткенмен адам тағдыры Құдайдың қолында. Аударған Ж. Түрікпенұлы.
ЕКІНШІ БӨЛІМ ЕЖЕЛГІ АЗИЯ ДАЛА ДАНАЛАРЫ Ежелгі ескі заманнан бастап, кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге дейінгі ұланғайыр мерзім-мезгілдер аралығында Ұлы Дала төсінде небір кемел ойлы кемеңгерлер ғұмыр сүріп, көшпенділер өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Жалпы адам баласына өткен тарихымыз бұлдыр, жалпылама ұғым емес. Кез келген халықтың ұлт ретінде қалыптасып, өсіп-өну жолында өз басынан өткергені, кешкен тыныс-тіршілігі, яғни өзіндік беталысы, бағдары бар дүние екендігі баршаға мəлім. Үшмыңжылдық дəуірді, дəуренді, оның сырларын қойнауына бүгіп жатқан бұл далаға тіл бітсе, Олжас ақын жырлағандай, «момын қырдың бетіне былшбылш ұрып» арқыраған арғымақтар тұяғының дүсірі мен сарнай ұшқан садақтар жебесінің зуылы, айға шағылған ақ найзалар мен айбалталар жарқылы жадында жаңғыра сес беріп, жапан түздер түкпірінен жасанған жауға қарсы күн астына күңіреніп жортқан баһадүр жасақтар сұсы бой көтере түрегелер еді. Мемлекеттің шаңырағы бірде тікейіп, бірде құлап, скифтердің тұңғыш патшасы Тарғытайдың қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі, оғыз– қыпшақ ұрпақтары ұзақ-сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес, ақылпарасат күшімен де аңыз-əпсаналарына айшықтап кеткен. Ендеше, ұлттың ұлы тұлғаларын білу – тарихи тамырыңды тану, сол арқылы бүгінгі күнге деген өзіндік көзқарасыңды, отансүйгіштік, азаматтық, патриоттық санасезіміңдіқалыптастыру деген сөз! Сол себепті де осындай дарабоз даналарымызды ұлттық Руханият ұстыны тұтып, ұлықтап отыру біздің азаматтық парызымыз болуы керек. Олар ұлы Əуезов сөзімен айтқанда, «бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына: өз тұсына көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып кеткен туымен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен енді бел ғана емес, биік тұрғы боп, асқар тау боп көрінеді...Бұлар анық қадірмен қымбаттылар. Өздері некен-саяқ, бірақ бір десе, бағыланың дерсің!» Дала данышпаны Анахарсис, хунну тəңірқұты Мөде, адамзат тарихындағы Аттила, айбынды қолбасшы Афрасиаб, скифтің «жауынгер қызы» Томирис, батыр бақташы Ширак, «сұлулар қолбасшысы» Зарина... т.б. артына қалдырған ерлігі мен Отаны үшін істеген жанқиярлық істері кейінгі ұрпақтар үшін үлкен мұра болып қалары анық. Ендігі кезде бұлардың «тастап кеткен жол үлгісін», аманат тағылым-ғибратын зердеге түймейінше, елдік руханиятымыздың төрт құбыласы түгел болмайды. Азияның шексіз даласында мыңдаған жылдар көшпенді өмір кешіп, еркін өсіп-дамыған қазақ халқының уақыт пен кеңістікке ерекше, ешкімге ұқсамаған өркениетті дамытуы ерекше құбылыс сияқты. Ашық мұхитта еркін жүзген кеме сияқты, көшпенділердің де ТяньШань тауларынан Сібір даласына, Оралдан Волгаға дейін кең-байтақ кеңістікте еркін қозғалып, көшіп-қонуына еш кедергі бола алмады. Көшпенді халықтың осы еркіндікті қалайтын мінезі, жеріне, атақонысқа деген ерекше сүйіспеншілігі, өмір-салты ерекше өркениеттің дамуына əсер етіп, Азия тарихында өте маңызды орын алды. Тек Азия тарихына емес, сонымен қатар Ресей жəне Батыс Еуропа халықтарының тағдырына да өте көп əсері болды. Көшпенділер ата-бабаларының атының тұяғы, табаны баспаған жер қалмаған сияқты. Египеттің аптаған ыстық құмдары, Месопотамия мен Палестина далалары, Үндістан, Ресей мен Орталық Еуропаның далалық аймақтары, Шалон, Франциядағы Каталуния кең байтақ даласы, Эллада, Рим империясы халқының мəдениетіне, тағдырына мол əсері болған біздің қазақ халқымыздың ата-бабасы болған сақтар мен массагеттер, ғұндар мен қыпшақтар, құмандар мен печенегтер, аландар жəне т.б. Батыста норман тайпалары қалай халықтың тіліне, тұрмысына, дəстүріне əсер етсе, дала көшпенділері де Азияға соншалықты əсер қалдырды. Көшпенділер өркениетінде ерекше орын алған халықтың қалаулы басшылары, батырлары, данышпен қолбасшылары ерекше орын алады. Өмір салтының ерекшелігі тұлғаның ролінің зор болуын тудырады. Бұл өркениетте тек ер азамат тұлғалары ғана емес, сонымен қатар көшпенді өмірдің бар ауыртпалығын көтеріп, халқының мəдениетін ұрпағына сіңіре білген, сол ұрпағын қанаттыға ілдірмей, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғаған жеке дара əйел-ана образдары да тарихтан ерен із қалдырды. Жазба деректердің сақталмауына байланысты, аттары аңызға айналған, халқының дастандарында бүгінгі күнге дейін маңызды орын алатын, дүние жүзі халықтарының тарихындағы келелі бетбұрыстарға əсер еткен ерекше тарихи тұлғалардың тағдырына қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдік. Бұл тұлғалардың артынан ағартушылық, пəлсапалық
сөздер сақталмаса да, олардың өмірі, халқына, отанына жасаған қызметі қазіргі ұрпаққа сөзсіз өнеге болатынына сенеміз. Көшпенді өркениетіндегі сом тұлғалардың бірі – Афрасиаб – Сасанидтерге дейінгі Тұранды басқарған айтулы басқарушы (Тұран – Түркістанның парсылық атауы). Афрасиаб б.з.б. VІІ ғасырда өмір сүрген. 624 жылы Афрасиаб парсылармен соғыста тұтқынға түсіп, Иран патшасы Кей Құсраудың бұйрығымен өлтіріледі. Фирдоусидің атақты патшалар тарихы туралы «Шахнаме» поэмасында сол кездегі Иран мемлекетінің жауы болғанТұран патшалығының тұрғындары түркілер туралы да жазылған. «Сақтардың ирандықтар Афрасиаб деп атаған белді көсемдерінің бірі Алып Ер Тоңа» – деген жазу бар. Кейбір деректерде оны Франграсйан деп атаған. Қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын ғұндардың басшысы Мөде Афрасиабтың оныншы ұрпағы болып табылады. Афрасиаб Бұқара мен Самарқандтың негізін қалаушы болып саналады. Қазіргі Өзбекстан, Кавказ, Кіші Азия (Бактрия), сондай-ақ Ауғанстандағы кейбір тұрғылықты жерлер атақты Афрасиаб жəне оның ұрпақтарының есімдерімен аталады. Бұрынғы замандарда Қазойын қалашығы түркілер жерінің шекарасы болып есептелген. Бұл жайлы деректерді Махмұд Қашқари бірнеше тарихи новеллалардан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» деген белгілі еңбегінде береді. «Қазойын төңірегінде Афрасиабтың қызы Қаз Франқыз аң аулаған Құм бекінісі бар. Афрасиаб Мары қаласын да тұрғызған. Қазіргі Жаркент қаласының түбінде Дизроин немесе Мыс қамалының қалдықтары сақталған. М. Қашқаридың айтуынша, Қаз Франқыздың жұбайы Сияуыш осында өлтірілген. Шамасы осы Дизроин атақты əділдік қаласы Сияуышкент болса керек. Дүние жүзінде қайырымдылық пен əділдік орнатпақ болған парсы патшасы құрылысын бастап, аяқтай алмай, зұлымдықпен өлтірілген. Түркілер кейінгі уақытқа дейін жыл сайын осында бас қосып, жазықсыз өлтірілген Сияуыш пен Франқыздың аруақтарын еске алу Күнін өткізген. Мұны олар рəсімге айналдырып, құдайы құрбандық шалған. Ежелгі Қытай ғалымдары Баныгу мен Сыма Цянь ғұн билеушілерінің ең ежелгі уақыттардан бастап орта ғасырға дейін əулеттік жолмен жалғасқанын айтады. В.В. Бартольдтың «Афрасиаб үйі» деп жазғаны Кіші Азиядағы, Скифиядағы, Соғдиянадағы, Бактриядағы түркі билеушілерінің əулеті болуы əбден мүмкін. Афрасиабтың өзі туралы – «Алып Ер Тоңғаның» жоқтау жыры, оның мəтіні ежелгі түркілерден бізге жеткен көне поэтикалық шығармалардың бірі дей аламыз. Х ғасырда Мауренахрда Саманидтер əулетін ауыстырған түркілер арабтар мен ирандықтар Афрасиаб ұрпағы болып табылады. Афрасиаб түркілер арасында Алып Ер Тоңға деген атпен белгілі болды, оның мағынасы – барыс секілді күшті дегенді білдіреді. Афрасиабтың негізгі дұрысырақ аты – Алып – Тоңға – Ер (алып – күшті, алпауыт болып аударылса, ер-еркек, батыр болады), осылайша ол қазақ мифологиясында да сақталған. Шамамен оның Домбаул деп аталатын зираты Орталық Қазақстанда, Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының зиратымен қатар жатыр делінеді. Парсы мифологиясынан Афрасиаб туралы келтірілген үзіндіде (Франграсйан): «Франграсйан көшпенділер қолын бастаған, иран патшасының қолын бұзып, Ирандағы билікті қолға алған. Ажи Дахак секілді Хварнаны басып алғысы келеді, тіпті Ворукаш мұхитына да түседі. Алайда киелі Хварна оған төтеп береді. (Кейбір деректемелерде Фраграсйан оның кей жерлерін басып алған. Орта Азияда оны мифологиялық патша мен батыр деп есептеген). Манушчихр Саманың (Керсаспа) көмегімен басып алушыларға қарсы күресті жандандыра түседі. Ақырында екі жақ өзара келісім жасасады. Ирандықтардың садақшыларының ең мықтысы тау басына шығып өз жебесін атуы қажет болады, оның жебесі түскен жерден бастап Иран шекарасы өтуі тиіс болады. Ең үздік садақшы шығып, бар күшін сала отырып жебесін атып жібергенде, оның жебесі алысқа солтүстікке ұшып кетеді. Ал садақшы болса бар күшін осы атуға жібергендіктен сол жерде мерт болады. Манушчихрадан кейін де бірнеше патшалар басқарады. Соңғысы өз артынан ешқандай ұрпақ, мұрагер қалдыра алмайды. Міне, сол кезде əулие Хварна Кави Каватаны алады, ол кезде олар Кейянидтер əулетін құрып жатқан болатын (Шахнамэ бойынша Рүстем батыр Кей Кубаны, Фаридунның ұрпағын Албурз тауынан тауып алыпты)(Хара Березайти). Жаңа əулеттің мықты да ақылды басшыларының бірі Кави Усан (Кей Кавус) болыпты. Ол көптеген перілердің көзін құртып, Хара Березайтиға орналастырыпты. Онда ол жеті таңғажайып сарай салыпты – біреуі алтыннан, екеуі күмістен, үшеуі болаттан, жастықты қайтаратын жаһұттан екеуін салыпты. Шахнамеге сəйкес, жоғарғы басшы пері Айшма патшаға өтірік ойлар салып, ойына көкіректікті ұялатыпты. Кей Кавус тірі күйінде аспанға кетуді шешіпті. Ол бүркіттерді бостандыққа шығармай баптап ұстайды, сосын оларды өз тағына байлап, тағының жанжағына ет бөлшектерін ілуді тапсырыпты. Ашыққан бүркіттер етке тап бергенімен, күштерінен айрылып, патшаны көкке алып кете алмапты. Оны Рүстем тауып алып құтқарып алады. Кейін зұлым пері жыршы кейпінде сарайға еніп теңдесі жоқ бай патшалық Мазендаран туралы айтып, оның делебесін қоздырады, оған сеніп қалған Кей Кавус сол жаққа шабуыл жасайды. Алайда оған қарсы алып Ақ пері шығады. Бұлт кейпіне енген Ақ пері күннің бетін жауып тастайды. Иран əскерінің үштен екі бөлігі соқыр болып қалады, ал патшаның өзі тұтқынға түседі. Кей Кавусты тағы да Рүстем батыр құтқарып алады. Рүстем Ақ періні жеңіп, оның қаласының быт-шытын шығарып, бұзып тастайды.
Рүстемнің Тұранға жасаған жорықтарының бірінде жергілікті патшаның қызы одан оның ұлын Сухрабты дүниеге əкеледі. Ол өз əкесін білмей өседі. Он бес жасқа келген кезде жеңілмей келе жатқан патша Кей Кавусты жеңбек болады. Сөйтіп Тұран əскерін бастап Сухраб Иранға соғыспен аттанады. Онда ол бүкіл иран батырларын жеңіп тастайды. Шешуші айқаста əкесі Рүстеммен кездеседі. Алғашқы екі шайқаста Сухраб жеңіп шығады, тек ақтық айқаста Рүстем айлаға басып, өлімнен өзін аман алып шығады. Үшінші айқаста қарт батыр өз қарсыласын өлімші етіп жаралайды, сонда оның тұмарына қарап өз ұлын таниды, алайды Сухраб өз əкесінің тізесінде бұл мезетте өліп кеткен еді. Кей Кавустың ұлы Сиявуш өте тартымды, ақылды жігіт еді, бірақ оның зұлым тағдыры бар еді. Оның өгей шешесі Судаба оған ғашық болып, Сиявушқа қолқа салады, ал ол оған көнбеген кезде Судаба оны əкесіне масқаралап жамандайды. Алайда Сиявуш өзін əкесінің алдында ақтап ала алады. Кейінірек Афрасиаб Иранға тағы жорығын бастайды. Сиявуш оған қарсы шығып, өз əскерін бастап келеді. Қорыққан тұрандық билеуші достасуды ұсынып, оған көп тұтқындарын береді. Сиявуш мəңгілік достастыққа уəде береді. Алайда Кей Кавус тұтқындарды жазалап, қайтадан жаңа соғыс бастайды. Сонда Сиявуш өз еркімен Тұранға қуғынға кетеді. Афрасиаб оны жоғары бағалап, Канг қамалын тұрғызуға рұқсат етеді, тіпті оған өзінің қызы Ференгисті қалыңдық етіп береді. Сөйтіп оны өзінің мұрагері жасамақ болады. Алайда көңілін қызғаныш қаумалаған Афрасиабтың бауыры оны Сиявушты Тұран əміршісінің алдында жамандыққа үгіттей бастайды. Ханзада қаза табады. Ференгис болса Сиявуштың ұлы – Кей Хосрауды (Кави Хаосрава) дүниеге əкеледі. Осы кезеңдерде Рүстем Кей Кавусқа əйелі Судабаның арам қылықтарын көрсетеді. Судаба жазалауға ұшырайды. Сосын Сиявуштың кегін алмақ болып батыр Тұранға шабуыл жасап, Афрасиабты Чин теңізіне дейін қуып тығады. Сиявуштың ұлы Иранға келеді, сөйтіп қамыққан Кей Кавус немересіне тағын ұсынады. Таққа отырған Хосрау Афрасиабқа соғыспен аттанады, оны жеңіп, басын алады. Біршама уақыт жаңа патша өз əміршілігінде жаңа билік жүргізеді. Алайда Кей Хосрау мұнымен тынышталмайды, өйткені оның қанында Афрасиаб қанының ағып жатқанын білген ол тыным таппайды. Шах билікті ағайынды ағасы Лухраспаның қолына береді де, өзі батырларымен тауға кетеді. Сонда Хосрау мəңгілікке жоқ болады, ал оның əскері қарлы боранда үсіп өледі. Ширак (шамамен б.э.д. 558–518 жж.). Кир əскерін жеңгеннен кейін сақтар үшін жақсы заман орнай қалған жоқ. Сақтар осы соғыста өздерінің көптеген жақсы, батыл жауынгерлерінен айрылды, отбасы саны айтулы түрде қысқарып қалды. Мемлекеттік басқару да бірыңғай болмады. Сақ мемлекеті үш хандықтан тұрған. Үш ханның аттары: Омар, Тамыр (Тамир), Сакесфар. Оның үстіне бұл хандықтардың арасында өзара келіспеушіліктер болды, ауызбіршілік болмады. Кир қаза тапқан соң оның тағына оның ұлы емес, оның қолбасшысы Гистасптың ұлы – Дарий отырды. Енді ол өз жерін кеңейтуді шешіп, сақтарға қарсы шығуға бел буады. Осы үшін ол барлық жоспарды алдын-ала жақсылап ойластырып алады. Алдымен ол Сырдарияның төменгі жағына өз əскерінің қиналмай өтуі үшін көпір салдырады. Сондай-ақ оның жоспарына Парсыға болат тасу да кірген еді. Б.з.д. 518–517 жж. ол сақтарға қарсы жорыққа шығады. Оның əскерінің нақты қанша болғаны тура емес, бір дереккөздерде 300 мың, ал екінші біреулерінде 700 мың деседі. Дарий сақтардың арасынан тыңшылар тауып алады, олар онда не болып жатқаны туралы оған хабар жеткізіп тұрады. Сақ əскерлерінің ауызбіршілігі болмағандықтан, парсылар сақтарды біртіндеп өлтіріп, олардың киімдерін киініп, қалған əскерлерін өлтіре бастайды. Сақтар қатары сирей бастайды. Сақтардың үш ханының жиналыстары еш нəтиже бермейді. Жауларының бел алып бара жатқанын, егер осылай жалғаса берсе барлығы Дарийдің тұтқыны болатынына көзі жеткен Ширак өз жоспарын ұсынады. Кейбір дереккөздерінің мəлімдеуінше, ол бақташы болыпты, сондықтан сақ жерін өзінің бес саусағындай біліпті. Ол үш ханның алдына өз шартын қояды. Олар өз қоластыларына қамқорлыққа Ширактың балаларын алулары керек болады. Оның бұл шартын хандар тез арада қабыл алады. Жоспар бойынша Дарийдің əскерін Ширак қатты жараланған болып қарсы алуы қажет. Үш ханның біреуімен арадағы болған қатты ұрысты көрсетіп, сақтардың жатқан жеріне Дарийдің қолын бастап алып келуі керек болады. Сонымен қатар оларға Ширак құдықтағы су мен жоңышқаның уланғанын да ескертуі тиіс. Əбден келіскеннен кейін Ширак хандарға өзін қатты жаралап тастауды айтады, бірақ оған ешкімнің қолы бармайды. Сол кезде Ширак өзінің құлағын кесіп, бетіне қатты соққы салып, жауы келе жатқан жолға барып жатады.Солай болды да. Жаулары оның айтқанына сеніп, сақтардың əскерін қапыда қолға түсірмек болып, қысқа батпақты жолмен жүреді. Бұл жол өте ұзақ болады. Əскер сусыз, ассыз, аттары болса шөпсіз қатты шаршайды. Батпақты жолда Дарийдің əскері күшінің жартысын жоғалтады. Қалғандары шөлден өле бастайды. Олардың сақтармен шайқасуға күштері жетпейді. Сол кезде Дарий Ширактың қулығын түсініп оның басын шауып тастайды. Өлер алдында Ширак басқа елге жаман пиғылмен келуге болмайды дейді. Мұның арты жаманмен аяқталып, өздерің жат жерде өлулерің мүмкін дейді. Өзін жаулары өлтіріп тастаса да, ол өз жерінде қалмақ. Ал Дарий болса төрт жағынан қоршалып, тек осы батпақтан шығу үшін Қызыл
күнге жалбарынады, егер осы жерден аман шықса сақтарға тиіспеуге, қайта еліне кетуге уəде береді. Ол ішу үшін құдайдан аз ғана су сұрайды. Тенгри болса, оның жалбарынышын естіп жауын жіберіпті. Шаршаған əскер суға қанып, батпақтан шығыпты. Алайда еліне оралған соң ол таулы аймақ Бехистунда үш тілде мына жазуды жаздырады: «Мен теңіздің арғы жағында болдым, онда шошақ басты бас киім киетін сақтар бар, оларды жеңіп, көпшілігін тұтқынға алдым, кейбіреулерін маған аяқ-қолдарын байлап алып келді, ал олардың басшысы Скунха тұтқынға түскен кезде менің алдымда басын иді. Ал екінші басшыларын мені ұнатқаннан кейін басқару үшін аман қалдырдым». Осылайша, Ширактың ақылдылығының арқасында сақ даласы Дарий Аполлонның əскерінен аман қалыпты. Дарий енді қайтіп ол елге аяқ баспаймын деп уəде береді. Ал халқы өз батырын бостандық пен еркіндікке бастап алып барар «жарығымыз» деп атайды. Сақ дəуірінің атақты əйел қолбасшыларының тағы бір сом тұлға сы – Зарина (шамамен б.з.д. 558–518 жж.) өмір сүрген. Зарина (Сара) – сақ билеушісінің қызы, Мурмур қолбасшының əйелі. Ол Роксанаки қаласының патшайымы болған. Бұл қала Сығанақ қаласынан онша қашық емес, Сырдарияның жағалауында орналасқан. Заринаның тек қыздардан құралған «Сұлулар əскері» деп аталған əскері болған. Сақ заңы бойынша қыз он үшке толған кезде ол əскери жаттығуларға үйретіле басталуы керек: садақ ату, найза лақтыру т.б. Бірақ бұл жаттығуларды ешқашан ер адам жүргізбеген. Əрине, көшпенді халық өмірі жеңіл болмаған, өз тыныштықтарын ерлермен қоса əйел адамдар да қорғаулары керек болған. Сонымен қатар қыздар өздерінің ар-намыстарын қорғауы да қажет еді. Соғыс кезінде олар əскерді етпен қамтамасыз етіп тұрған. Естеріңізде болса, сақ мемлекетінің басты жауы парсылар болған. Мемлекет арасындағы бітпейтін соғыстар екі жақтың да халқын қатты шаршатады. «Сұлулар əскері» дем алған сəтте Зарина оларды алып аң аулауға шығады. Жақын арада аулайтын аң болмаған-ды, өйткені олардың барлығы алғашқы болған соғыстарда қырылып қалған еді. Сол себепті сұлуларға ауылдық жерден алысқа баруларына тура келеді. Зарина аңды қуамын деп жүріп өз əскерінен тым алысқа кетіп қалады, сөйтіп ол жаулардың үлкен əскеріне жолығады. Зарина сақтардың батырларының киімін киіп алғандықтан оны жаулары артынан қуа жөнеледі. Оның аяғына садақ жебесі тиіп, жараланады. Сол кезде жүйрік атымен жау басшысы Мидии сақ патшайымын қуып жетеді. Батырды қолына түсірген парсы ханзадасы оның басын шауып тастамақ болады. Батыр орнынан тұрған кезде оның бас киімі басынан түсіп қалады да, Заринаның ұзын, сұлу шаштары арқасына төгіле кетеді. Оның əйел екенін көрген ханзада өлтірем деген райынан қайтады. Бұл Мидия ханзадасы, Стриангей еді. Ол да мұнда аң аулауға, өз əскерін демалдыруға келген еді. Ол сақтың əдемі əйеліне ғашық болып қалады. Зарина да кең иықты сымбатты ханзаданы ұнатып қалады. Олар мұнан кейін де аң аулау кезінде кездесіп тұруға уəделеседі. Зарина мен ханзада Стриангей арасындағы терең достық жəне адал махаббат екі ел арасындағы тыныштықтың орнауына өз септігін тигізеді. Ғашықтар бір-біріне екі мемлекет арасындағы тыныштықтың сақталуын қадағалауға уəде береді. Сақтардың əскери қолбасшысының əмірі тек əскер мен соғыстан түскен олжаға жүріп қана қоймайды, сонымен қатар тұтқындарға да жүретін еді. Тыныштықтан шаршаған Мурмур, сонымен бірге Зарина мен Стриангей арасындағы қатынастардан секем алып жүрген ол оны тұтқынға түсірмек болады. Келесі жолы да ханзада Заринамен уағдаласқан жерге сақ шекарасынакелген кезінде Мурмур оны тұтқынға алып Роксанакиге алып келеді. Бірақ бұл кезде Стриангей Заринаға берген сөзінде тұрып өз əскерін тастап кетеді. Стриангейдің өз əскерін еліне қайтарып жібергенін естіген Зарина күйеуі Мурмурға оны босатып жіберуін, оның екі ел арасындағы тыныштықты сақтауға көмектескенін айтады. Алайда Заринаның күйеуі ханзаданың өз тұтқыны екенін, сондықтан онымен не істесе де өзі білетінін айтады. Тыныш өмірден гөрі ол табысты соғысты қалайды. Сол кезде Зарина оған оның əйелі ретінде емес, патшайым ретінде əмір етеді. Ол күйеуіне тұтқынға қатысты ешнəрсе істемеуін, өзінің тыныштықты жақтайтынын, бір адамның ермегі үшін қан төгістің болғанын қаламайтынын айтып, барлық істі тоқтатуын бұйырады. Бірақ Мурмур патшайымның айтқан сөзін тыңдамай, ханзадаға қарсы қылышын көтере бастайды. Сол мезетте Зарина қарауылдарға оны тоқтатуды бұйырады. Мурмур қатты қарсыласамын деп жарақаттанып қалады. Ол сол уақиға болған жерде қансырап жатып жан тапсырады. Сол кезде Зарина халқына қарап, былай дейді: «Жүздеген, мыңдаған адамдар өлгенше, ұстамсыздық танытқан бір қолбасшы ғана қаза тапсын. Ол менің күйеуім, бірақ маған менің елім қымбатырақ. Мидияның ханзадасын босатыңдар». Стриангейді босатып жібереді. Ол құлан-таза айығып кеткенше осы елде қалады. Өз еліне кетіп бара жатып патшайымның қолын сұрап, мемлекеттерді бірігіп басқаруды өтінеді. Патшайым бұл жайында бір жылдан кейін сөйлесуді өтінеді. Дей тұрғанмен патшайым егер ханзаданың ұсынысын қабылдаса, екі мемлекеттің бірігіп кететінін түсінген-ді. Бір жыл өткен соң екі жақ шекарада өз əскерлерімен кездеседі. Зарина өз елінің бостандығының өзі үшін өте маңызды екенін айтады. Бірақ екеуінің арасында туындаған махаббат – екі ел Сакия мен мидия арасындағы достықтың белгісі болады. Ол өз сүйіктісі үшін күйеуін құрбан етеді, ал сүйіктісінен өз отаны үшін бас тартады. Томиристен басқа антикалық авторлар тағы басқа да жауынгер əйелдер туралы жазбалар қалдырған. Ктесий Диодорды жеткізу барысында сақтарда жауынгер, айбынды Зарина есімді билік
жүргізген əйелдің болғанын айтады. Жалпы бұл елдің əйелдері өте өжет жəне соғыстың барлық қауіптерін күйеулерімен бірге бөліседі. Зарина көптеген жерлерін мəдениетті қалыпқа келтірген, көптеген қалалар салғызған». Зарина қайтыс болғаннан кейін оның қызметшілері «оның қайырымды істері мен жасаған жақсылықтары үшін» басқалардікінен асып түсетін мазарын жасайды. Ең төбесінде алтын жалатылған мүсіні орнатылған пирамида типтес мазар тұрғызады. Осы жерде айта кеткен жөн патшайымның атының аудармасы «алтын», «алтыннан» деген мағынаны білдіреді. Дүние жүзі халықтарының ұлы қоныс аударуына себеп болған, батыс Еуропа мен Азия халықтарының тарихында үлкен із қалдырған атақты ғұндардың ұрпақтарының бірі – Мөде (шамамен б.з.д. 230–174 жж., қытай тарихында оны Модэ деп те атайды)ғұндардың əміршісі еді. Оның əкесі Тұман – ғұн мемлекетінің негізін қалаушы. Қарамақарсылыққа толы тұлға, алайда өз елінің қазіргі өмірі мен болашағы үшін барлық қолынан келген нəрселерді жасаған. Егер ғұндардың арасында Мөде сияқты тұлғалар болмаса, тарих ондай тайпа, ел туралы білмеген де болар еді. 24 тайпадан құраған көшпенді халық (ғұндар, үйсіндер, иузицылар, ауарлар жəне т.б.) жиналып, өз əміршілерін «тенгрикуты» деп атаған. Бүкіл аймақты ұтымды басқару мақсатында (Алтайдан Алатауға дейін, Алатаудан Арал теңізіне дейін, Аралдан Қырымға дейін) екі əмірші болған: Батыс бөлік əміршісі жəне Шығыс бөлік əміршісі. Олар Тенгриге сенген, яғни Күн мен Аспанға табынған. Уақыт өте келе мемлекетті басқару мүмкін болмайды, біріккен тайпалар арасында ауызбіршілік болмай, араздасу басталады. Сол кезде билікті ғұндардан шыққан Тұман өз қолына алады. Содан бастап бұл мемлекетті ғұндар мемлекеті деп атай бастады. Ол мемлекетті 30 жылға жуық басқарады. Алайда Тұман өз мемлекетін ең мықты мемлекет ете алмады, оның басқаруының аяқ жылдарында мемлекетте 54 хандық пайда болған еді. Қытайлықтар оған түрлі сыйлықтарды бере отырып, одан аздап ғұн жерлерінен аумақтар сұрап, оған қоныстанып, астыртынтыңшылық жұмыстарын жүргізе бастайды. Тенгрикуттың өзі орта жасқа келген кезде қытайлық бір қызға үйленеді. Істің ақыры б.з.д. 220 немесе 214 жж. 100 мыңнан астам əскер жасақталып Қытай қамалынан шығады. Əскерді ақылды, білімді де батыл, тəжірибелі қолбасшы Мен Тань басқарады. Қытай əскері тек ғұндар жерін емес, сонымен қатар олардың көршілерін де таптап тастайды. Ордос тұсында жеңіліс тапқаннан кейін Тұман қытайлықтардың жер аумағының көлемін ғұндардың жері есебінен 5,5 мың кв.км-ге кеңейтуге мəжбүр болады. Оның екінші əйелі таққа өзінен туған ұлы отырса екен деген арманы болады. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Тұманның алғашқы əйелі мен оның балаларынан құтылады, тек үлкен ұлы Мөде ғана аман қалады. Ғұндар мемлекетін сол қытай əйелі өзі билейді, сарайда тек қытай дəстүрін ұстанады, сонымен қатар Мөдені өлтіру үшін қам жасап, тіпті əкесін де көндіреді. Олардың Мөдені өлтіру жоспарлары жүзеге аспай, ол қақпанға Тұманның өзі түсіп қалады. Осылайша ғұндардың өмірі тағыбір ғасырға аман сақталынып қалады. Б.з.д. 209 ж. Мөде таққа келіп отырады, ол үшін өз өгей шешесі мен одан туған баласын да өлтіреді. Мөде екі жыл ішінде ғұн мемлекетін тұтас бір мемлекет етіп біріктіре алады. Тəртіпке келтіріп, əскерилер үшін жаңа заңдар шығарады. Əрқашан дайын болып тұратын əскер жасағын дайындайды. Ғұндар əскері 100 мың жауынгерден тұрады. Ең алдымен, ол ғұндардан алыстап бөлек кеткен тайпаларды қайта қосады. Мен Тань жаулап алған ғұндардың жерін қытайлықтардан тазартады. Мөденің əскері Хань патшаның Хинань қамалын кесіп өтеді, ол үшін олар қытай əміршілерінің өзара араздасуларын ұтымды пайдалана алады. Бұл уақытта оның əскерінің саны 300 мыңға жетеді. Б.з.д. 208–206 жж. Ғұндар мен иузицылар арасында соғыс басталады, аяқталған кезде олар Мөдеге бағынуларына тура келеді. Ғұн мемлекетінің құрамына мына тайпалар енген еді: дінлілер, қаңлылар, юсбандар жəне т.б. Қағанат бұл кезеңде мықты, тұтас болады. Б.з.д. 200 ж. Мөде əскері Хан Лю Бан əулетінің патшасын жеңеді. Алайда, шынын айту керек, ғұндар алғашқы жоспарларына жете алмайды, яғни ғұндар аумағын кеңейте алмайды. Қытай династиясының патшасы өзінің жеңілгенін мойындап, соғысты ары қарай жалғастырмауды ұсынады. Соғыс нəтижесі бойынша екі жақ бейбітшілік туралы келісім шарт жасайды, ол шарт бойынша қытайлықтар əр жыл сайын салық төлеуге келіседі. Бейбітшілік келісімін бекіте түсу үшін қытай патшасы Мөдеге ханшайымды əйелдікке береді. Б.з.д. 177 ж. ғұн мен қытай шекарада тұрған жауынгерлерінің арасында қақтығыс болады. Б.з.д. 174 ж. Тенгрикут қытайлықтармен тату бітімгершілік қатынастар орнатады. Ол əрқашан көрші мемлекеттермен тату тұруды көздейді. Б.з.д. 174 ж. Тенгрикут ғұндар мемлекетінің əміршісі 56–57 жасқа келген шағында қаза табады. Оның тағына ұлы – Кыза Лауша отырады. Ғұндардың атақты қолбасшысы, Рим империясына ғұндарды мойындатқан – Аттила (Еділ) (шамамен 410–453 жж.) өмір сүрген. Аттила есімі адамзат тарихында Александр Македонский, Юлий Цезарь қандай орын алса, солармен тең орынға ие. Ол Италиядағы, Грециядағы, Франциядағы, Румыниядағы, Венгриядағы жəне басқа біріккен хандықтардағы құлиеленушілік қатарды бұзады. Орта ғасырлардың өзінде оның істеген істері, ерліктері жайлы деректер ағылшын жəне француз тілінде жарық көреді. Өзінің этникалық шығу тегіне қарамастан, өз қасына ренжулі, жаққан адамдарды жинай алады. Француз драматургиясының əкесі Пьер Корнельдің 1967 ж. «Аттила» атты қойылымы қойылады. Вернера Цахариастың «ғұндар патшасы Аттилла» трагедиясында Рим империясындағы құлиеленуші
құрылыстың құлдырауы жайлы айтылады. Еуропада оны Аттила, Атиль, Эмиль деп атайды. Түркітілді халықтар Аттила жайлы оны білікті қолбасшы Еділ ретінде біледі. 434 ж. Биледи (Биледа) туысын өлтіріп, Еділ ғұндардың алтын тағында 19 жыл отырады. Еділдің атасында үш ұл болады: Ругала, Мынзыка, Актара. Еділ – Мынзыктың ұлы. Биледи билеген жылдары ғұндар мемлекеті əлсіреп, тарауға тақау қалады, кіші бөлшектерге бөлінуді жөн көреді. Сондықтан да Аттила қатаң шешім қабылдауына тура келеді, бұған оны Рим империясының остготтары мен вестготтар итермелейді, олар ақырындап жылжып Дунай маңына келіп қалған еді. Нəтижесінде Еділге туысы Биледиді өлтіріп, өзінің таққа отыруына тура келеді. Бұл кезеңдерде ғұндар Волга мен Рейн өзендерінің арасындағы аумақты алып жатыр еді. Еділдің келуімен ғұн империясы күшті, айбынды мемлекетке айнала бастайды. 430 ж. Бастап Византия жыл сайын салық төлеп отырады, салық құны жыл сайын арта береді. V ғ. 30-жылдарында Батыс Рим ғұндардың игеріп алулары үшін Паннонио ауылын береді, олар мұнда жергілікті халықтардың өзіне де өз биліктерін жүргізеді. V ғ. ортасында ғұндар мемлекеті белді мемлекетке айналады. 447 ж. Аттила Византияға қайта жорығын бастайды, нəтижесінде Балқан түбегі ғұндардың билігіне көшеді. Ғұндардың қарсыласының аспанына қара бұлт төнеді, Византия келісім шартқа қол қойғаннан кейін Дакия толығымен ғұндарға көшеді. Еуропада Еділ туралы шыншыл, батыл деген сөздер айтылып жүрді. Енді ол Батысқа баратын жорықтарына дайындала бастайды. Сол кездерден белгілі болғанындай, француз, неміс, грек патшалары өз қолбасшылары мен бекзадаларын жеңілістері үшін жəне қандай да бір қарсы тұрғандары үшін қатты жазалайтын еді. Реніштілері Еділ жағына өте бастайды. 435–436 жж. Еділ патша Бургунд королі Гундахарды жеңіп, тізе бүктіреді, содан кейін Рим империясымен бейбітшілік туралы келісім шартқа қол қояды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін шайқастар қайта басталады. Херсонс түбінде Рим империясы жеңіліске ұшырайды. Алайда Еділ рим империясының астанасына шабуыл жасамайды. Олай етуінің бір себебі, тіпті римдіктердің өздерінің айтуына қарағанда, ел ішінде оба ауруының болуы болыпты. 448 ж. Рим империясы ғұндар еліне өздерінің бітімгерші тобын келісім шарт жасасуға жібереді, олардың мақсаттары не салық төлеуді тоқтататын бейбітшілік келісімі не ғұндар патшасын умен өлтіру болады. Рим елшілерінің арасында римдік тарихшы Приск болады. Оның жазбалары бойынша олар Еділдің ұстазын өз шəкіртіне қарсы шығара бастайды. Рим делегациясы екінші мақсаттарын жүзеге асыра алмайды. Делегация кеткеннен кейін өз ұстазынан олардың пиғылы туралы сұрап білгеннен кейін Еділ қатты ашуланады. Ол кек алу үшінтиімді уақытты күтіп жүреді. 451 ж. Патша Батысқа жорығын бастайды. Рейнді кешіп өтіп Мецті алады. Орлеанға жетеді де, Лауруды жаулап алады. 452 жылы Солтүстік Италияға аттанады, мұнда оған бірнеше қалалар бағынышты болады. Олардың ішінде Милан да бар. Осы жылы қайғылы шайқас та болады, нəтижесінде екі жақтан 165 мың жауынгер жер құшады. Бұл шайқас тарихта «каталундық шайқас» деген атпен сақталып қалады. Ол шайқаста Рим империясы құлайды. Немістер, бургундтар, француздар бас бостандықтарын алады. Құлдар көтерілісі Галлияда, Бельгияда, Лютецияда (Парижде), басталады, осылайша құлиеленуші құрылыс құриды. Жеңістен кейін ол Гонорияға – Рим императоры ІІІ Валентиннің əпкесіне үйленді. Осылайша көптен күткен ғашықтардың үйлену тойы да болып өтеді. 453 ж. Бургунд королі өз қызы Илдионаны Еділге тұрмысқа береді. Үйлену тойы болған түні Еділ өз əйелі Илдионаның қолынан қаза табады. Гонория өз сүйіктісі үшін кек алып, оны өлтіреді, Еділ былай істеуді сұрамағанымен ол өз бетінше кекті солай алады. Еділдің тағына оның ұлы Еллак келіп отырады. ТҰМАР ПАТШАЙЫМ (ТОМИРИС) (шамамен б.з.д. 570–520 жж.) Тұмар патшайым (Томирис) – скифтіктердің билеушісі Ишпакайдың ұрпағы. Мадийдің шөбересі, (Спаргапис) Сыпыра патшаның қызы не немересі. Томирис жастайынан жылдам, епті болған. Есейген кезінде де мейлінше арық, бірақ денесі сымбатты болған. Б. Жандарбеков «Томирис» рома нында Томиристі былайша суреттейді үзінді: «..атта отырғаны қандай! Жіңішке, иілгіш беліне былғары тартпасын тартынып...» Ол сол сияқты қылышты да өте жақсы қолдана алған. Жауынгерлермен қылышпен сайысқа түсіп, оларды аяусыз жеңіп отырған. Томириске мұның бəрін əкесі үйрететін болған. Оның шешесі жас кезінде қайтыс болғандықтан, əкесі шешесінің орнына шеше де бола білген.» Оның балалық шағы қылыш үнін естумен өткен. Қаншама рет қуғыннан əкесінің артына арық қолдарымен жабысып алып, жүрегі көкірегінен шығып кетердей болып, қашып құтылуға тура келді. Бес жасынан бастап-ақ небір асау аттарға отыруды үйренді. Ол аттың жалына биттей болып жабысып алып, жазық далада қаншама рет шапты екен... алты жасында қолына ауыр ақынақты (сақтардың, парсылардың қысқа қылышы) алды. Əкесі онымен қалжыңдасып, қылыштаспақ бола бастайды да, сол мезетте киізге жата кетіп күлетін. Оның кішкентай бала бетінде түйілген қасы мен от шашыратқан көздері соншалықты күлкілі көрінетін. Ол шаршайтын, ал Томирис болса түсінбей, екі көзінен жастар парлап қоя беретін. Ал төрт жылдан кейін ол қызының
шабуылына шындап төтеп беруіне тура келгенін байқайды». Томиристің күйеуі Рүстем болды, батыр, алып денелі, атақты... «алып, сырт көзге өз денесін бұра алмайтын, тез қозғала алмайтындай болып көрінетін. Алайда шайқаса кеткенде оны тану мүмкін болмайтын. Массагеттік батырларды күрегіне салып лақтыратын..» Томирис – скифтердің ең атақты «жауынгер қыздарының» бірі. Жауынгер қыздар туралы ең бірінші болып Гомер (б.з.д. VІІІ ғ.) жазған. Оның атақты «Илиада» поэмасында: «күйеулері секілді жауынгер қыздар да шайқасқа түсті» деген жолдар бар. Оның мұнда жауынгер қыз деп отырғаны Арес пен Афродитаның Термодонт, Скифиядағы өзен бойында өсірілген қыздарын айтады. Біршама авторлар Термодонтты Кубаньмен теңестіреді. Көне грек драматургі Еврипид (б.з.д. 480–406 жж. шамамен) поэтикалық формада Гераклдың «Меотиданың жағалауына» қалай барғанын айтады: Ол жауынгер қыздарды Қатарласа тұрған Ессіз аңшылықта Варвар қыздан Арес тұсында Алтындалған белдік Шайқаста ұтып алыпты. Белдік ирантілді тайпалардың барлығында да жауынгердің жоғарғы көрсеткіші болып саналған. Ал егер белдік жай емес, алтындалған болса, ол тек көрсеткіш қана емес, сонымен бірге оның тегінің жоғары, белді екенін де көрсететін болған. Сондықтан да Геракл шайқасуға шақырған қыз да сондай болуы тиіс (Арес қызы – скифтердің соғыс құдайының қызы). Жауынгер қыздар туралы бұдан басқа да мəліметтерді Геродот ортақтастырып, жинақтай білген. Оның мəлімдеуінше, жауынгер қыздардың басым бөлігі солтүстік Азов жағалауында болған. Олар сонда тұрып жатқан скифтіктермен араласып, соның нəтижесінде сарматтар пайда болған. «Сол кезден бастап савроматтардың əйелдері қолдарына қару алып күйеулерімен бірге атқа қонып, күйеулерінсіз де аңға шыға беретін болған. Сонымен қатар олар да күйеулері сияқты соғысқа баратын болған, олар қандай киім кисе, əйелдері де сондай киім киетін болған. Савроматтардың тілі скифтік, алайда кезінде жауынгер қыздар дұрыс үйрене алмағандықтан бұл тілде қате сөйлейді. Үйлену мəселесі де қызық шешілген, егер күйеуге шықпаған қыз жауының əскерінен біреуді өлтірсе, тек сонда ғана күйеуге шыға алған. Олай істей алмағандары күйеуге шықпаған күйі өлетін болған.» Осыған ұқсас дəстүрлер массагет тайпаларында да болса керек. Исседеондар туралы жазып кеткен Геродот «олардың əйелдері күйеулерімен тең құқылы» дегенді баса айтқан. Массагеттер туралы тарауда ол мына мəліметтерді енгізген: «массагеттерде күйеуі қаза тапқан соң оларды əйел басқарған. Оның аты – Томирис. « Ол массагеттердің əскерін парсы патшасы Кирге қарсы алып шыққан. «Шайқасуды қойып, өз еліңе кет, сонда өз билігіңді жүргізе бер, сен біздің бағыныштыларға қалай қарайтынымызды көріп тұрсың» – деп хат жіберіпті. Массагеттердің үшінші əскерін патшайымның ұлы Спаргапиф басқарыпты. Парсылар оны алдап тұтқынға түсіреді. Сол кезде Томирис қайта Кирге барады: «Менің сөздеріме жақсылап назар сал, мен саған жақсы кеңес беріп отырмын, менің ұлымды өзіме қайтар да, өз еліңе кет. Мен сені жазаламаймын. Сен массагеттердің үшінші əскерімен қалай болғаныңды көрсем де ешнəрсе айтпаймын. Егер сен осылай менің айтқанымды істемесең, мен сені қанға тойдырамын, алайда сен тойымсызсың ғой. Мен саған Күнмен, массагеттер Əміршісімен ант етемін» – дейді. Алайда Спаргапиф тұтқыннан гөрі өлімді қалайды. Ол Кирге қолын босатуды өтінеді, қолы босаған мезетте бірден өзіне қол жұмсап, өзін-өзі өлтіреді.» Томирис бүкіл қолын жинап Кирге қарсы шығады. Антикалық жазушылардың айтуынша бұл шайқас сол дəуірдегі болған ең сұмдық шайқас болыпты. Алдымен екі жақ садақпен атысыпты, жебелері таусылған кезде қанжарларымен, қылыштарымен жалаң қолмен шайқасуға кірісіпті. Шайқас ұзаққа созылғанымен екі жақ та беріскісі келмейді. Ешқайсысы да қашып кетуді намыс көріп, орындарынан тапжылмайды. Ақырында массагеттіктер жеңіп шығады. Парсылықтардың басым бөлігі сол жерде өлтіріледі, Кир патшаның өзі де сол жерде қаза табады. Тұмар патшайым Кирдің басына жиіркенішпен қарап тұрып: «Қан ішкің келіп еді ғой. Іш енді», – деп тойымсыз Кирдің басын қан толы бөшкеге батырады. Бұл шайқас көне жазушылардың көпшілігінің еңбектерінде көрініс тапқан. «Массагеттіктер, – дейді осы жайлы Страбон, – өздерінің басым екенін Кирге сол шайқаста көрсете білді. Ол туралы көпшілік айтады.» Алайда біз қазір бұл əңгімелердің əдеби тұрғыдан өңделген түрімен ғана таныспыз. В.И. Абаевтың пікірінше, Геродоттың деректемелеріне ауыз əдебиетінің элементтері тəн дейді. Геродот айтып кеткен əңгіме күдіктер туғызғанымен, оның негізінде нақты тарихи оқиға бар екенін көру қиын емес. Тұтас алғанда Томирис туралы сюжет скифтік эпос фрагменті болып табылады. Сондықтан бізді қызықтырған сюжет тек иран тілді немесе алыс ұрпақтарына ғана тəн емес, сонымен бірге басқа этникалық орталарда да болатыны анық. Ауыз əдебиеті мамандары осы Томирис есіміне қатысты он шақты вариантын тапқан. Бір қызығы, барлық кезде де əңгіме патшайымдар туралы болған. Барлығы да жауынгер, батыр болған. Томирис есімінің жайылуы Арал өңірінен Шығыс Жерорта теңізіне дейін созылады. Бұдан басқа архаикалық жағдаяттарда да əңгіме жырау, əулиелер туралы болған. Мамандардың пайымдауынша, Томирис лексемасы Азия
халықтары үшін құдай, өнім беру құдайы атымен байланысты болған. Осы атпен құдайға қызмет етушілердің аттары да аталып отырған. Томирис өз кезегінде иілгіш, епті қорғанушы бола білген, өз ауылында құрметке бөленген, оның қазасынан кейін мемлекетті үш ханның билеуі осыны көрсетсе керек. Халық арасында сақ патшайымы Томиристің ерлік істері туралы көптеген аңыз-əңгімелер кездеседі. Егер отбасында қыз дүниеге келсе қолбасшының құрметіне орай Томирис деп ат қоюға тырысқан. Сақтан тараған массагет тайпасының тұңғыш əйел патшасы; Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дəуірімізге дейінгі 529 – жылы жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш əйел қолбасы (үзінді) Массагеттер – саны көп батыл тайпа. Олар күншығыс бағытында, Аракс өзенінің ар жағындағы исседондарға қарсы өңірді мекендейді. Кейбіреулер оларды да скиф тайпасына жатқызады... 204. Сөйтіп, батысында Каспий теңізі Кавказбен шектеседі, ал шығысында күншығыс бағытында көз жеткісіз шексіз жазыққа ұласады. Бұл ұлан-ғайыр жазықтың айтарлықтай бөлігін жоғарыда айтылған массагеттер жайлайды, Кир соларға қарсы соғыс ашуға ниеттенеді. Бұл жорыққа Кирді итермелеген бірнеше маңызды себеп болды. Ең алдымен – оның өзін ең құдіретті адам санауы, содан кейін – барлық соғыста желі оңынан тұрған жолы болғыштығы. Өйткені Кир кəрін төккен бірде-бір халық оған қарсылық көрсете алмады ғой. 205. Массагеттерді марқұм болған патшаның əйелі билеп тұр еді. Аты Томирис болатын. Кир оған құдалыққа елші жіберіп, өзіне үйленгісі келетіндігін білдіреді. Алайда Томирис оның өзіне емес, массагет патшалығына қызығатынын түсініп, күйеуге шығудан бас тартты. Қулықпен ештеңе шығара алмаған Кир енді массагеттерге қарсы ашық соғыс жариялады. Өзеннен (Аракс) əскерін өткізу үшін, патша қалқымалы көпір салуға, ал көпір болған кемелерден мұнара тұрғызуға бұйрық берді. 206. Кир əскері осы жұмыспен айналысып жатқанда, Томирис Кирге жаршы жіберіп, мына сөздерді айтқызды: «Мидия патшасы! Ойға алған бұл ісіңнен бас тартқаның жөн. Бұл көпірді тұрғызу саған пайда əкелеріне əлі көзің жетпейді ғой. Мұны қойып, өз мемлекетіңе ғана билігіңді жүргізе бер, біздің де өз жерімізге билік құруымызға қызғаныш етпе. Алайда сен, əрине, бұл кеңесіме құлақ аса қоймассың, қалайда өз дегеңіне басып, бітімге көнбейсің. Егер де сен массагеттерді шабуға соншалықты құмартсаң, онда өзен үстімен көпір салу жұмысына əуре болма. Өзеннен жайбарақат өте бер, ал біз бұл жерден үш күндік қашықтыққа жылжып кетеміз. Ал егер біздің сендер жаққа өтуімізді қолай көрсең, онда сендер де сөйтіңдер». Бұл сөзді естіген Кир парсы шонжарларын кеңеске шақырып, не істеу керектігін сұрады. Бəрі бірауыздан Томиристі əскерімен осы бетте қарсы алуды жөн деп тапты. 207. Кеңеске қатысып отырған лидиялық Крез ғана бұл шешімді қостамады. Ол өз қарсылығын білдіріп былай деді: «Патша! Мен бұрын да (Зевс мені сенің қолыңа түсірген кезде) сенің үйіңе қауіп төне қалса, көмектесуге уəде берген едім. Менің көрген қайғы-қасіретім маған сабақ болды. Егер де сен өзіңді жеңілмейтін əскерді басқаратын ажалсыз адаммын деп есептейтін болсаң, менің пікірімнен саған пайда жоқ. Ал егер сен өзіңнің кəдімгі адам екеніңді жəне қол астыңдағылар да ажалды пенде екендігін мойыңдасаң, ең алдымен мынаны есіңде сақта: өмір деген алма-кезек, тек бір адамдардың ғана үнемі желі оңынан тұра бермейді. Сондықтан бұл істе мен сенің шонжарларыңның ойын құптай алмаймын. Егер сен өз жерімізге жау табаны тиюіне мүмкіндік берсең, бізге мынадай қауіп төнеді: сен жеңілген жағдайда, бүкіл державаның да түбіне жетесің. Өйткені сені жеңген массагеттер дереу кейін қайта қоймайды ғой, бүкіл иелігіңді жаулап алады. Ал енді жауды сен жеңген жағдайда да сенің жеңісің массагеттерді өз жеріңде жеңіп, қашқан жауды дүркіретіп қуғандай даңққа бөлене қоймайды. Мен сенің жəне олардың артықшылықтарын салыстыра қараймын: жауды қирата жеңіп, сен Томирис иелігіне баса-көктеп енесің ғой. Əрі Камбис ұлы Кирдің əйел талабына бас иіп, өз еліне аяқ басуына мүмкіндік беруі сүйекке таңба салар ұят нəрсе болар еді. Сондықтан, меніңше, бізге өзеннен өтіп, олар мүмкіндік берген жерге дейін ілгерілеу керек те, мынандай тəсілмен жеңіске қол жеткізу керек. Менің білуімше, массагеттерге парсылардың өмір салты, жанға рақат тұрмысы мүлдем жат. Сондықтан, менің ойымша, біздің қонысымызда олар қызығатындай ағыл-тегіл дастарқан жасап, қойды аямай сояйық, күшті шарап толы ыдыстарды да молынан қояйық, тəтті-дəмділермен де түрлендірейік. Осыдан кейін аз ғана əскер қалдырып, қалың қолмен өзенге қарай шегініп кетейік. Менің сезімім алдамаса, мұндай көл-көсір тағамды көрген жау қарап тұра алмаса керек. Ал бізге ұлы жеңіске оп-оңай қол жеткізуге мүмкіндік туады». 208. Сөйтіп, кеңесшілер пікірі екіге жарылды. Кир алғашқы пікірден бас тартып, Крездің ақылына ден қойды. Патша өзінің өзеннен өтуге бел байлағанын айтып, Томиристің шегініп кетуіне жарлық берді. Өзінің уəдесіне сай Томирис (əскерімен) кейін жылжып кетті. Осы жерде Кир Крезді өзінің орнына тағайындаған ұлы Камбиске тапсырады. Патша өзінің ұлына Крезді құрметтеуді жəне қамқор болуды (өзеннен өту жəне массагеттер еліне жорық сəтсіздікке ұрынған жағдайда) атап тапсырды. Осындай аманатпен Кир Камбис пен Крезді жолға шығарып, Персияға аттандырып салды, ал өзі əскерімен өзеннен өтуге кірісті.
АНАХАРСИС (б.з.д. VІ ғ.) Анахарсис – б.з.д. VІ ғ. атақты, ұлы скиф пəлсапашыларының бірі. Ол скифтік, Гнурдың ұлы жəне Кадуифтің, скиф патшасының ағасы, анасы тарапынан эллиндік, сондықтан да екі тілді қатар меңгерген. Аристотель өзінің «Никомахов əдебі» еңбегінде Анахарсиске сүйене отырып, оның көзқарастарына қолдау білдіріп, дұрыс деп тапқан, сондықтан да жай ойын-сауық өмірдің мəні, мақсаты болып табылуы мүмкін еместігін баса айтқан. Платонның айтуы бойынша Салонның ықпалының арқасында Анахарсис өз өмірін пəлсапаға арнаған. Геродот жəне Страбон оны «жеті ғұламаның» бірі деп есептеп, солардың қатарына қосқан. Ол қоғамдық түзіліс сұрақтарымен көп айналысқан. Пəлсапашы пікірінше, əділ өмірдің орнауы, болуы үшін жақсы заңдардың болуы жеткіліксіз, онда сонымен қатар сол заңдардың қорғаушыларының болуы да маңызды деп есептеген. Қызметіне, қоғамдық ортадағы орнына, мансабына қарамастан заң алдында барлық адамдар тең болуы қажет деген. Халық жиналысының жұмысын бақылап тұрып бірде Анахарсис таң қалғандығын жасырмастан былай депті: «Элладдықтар өте қызық екен, олар өте ақылды сөздер айтқанымен, барлық маңызды сұрақтар мен мəселелерді ақымақтар шешеді екен». «Адам қандай да бір маңызды іске кіріспестен бұрын өз жүйкелерін тəртіпке, қалыпқа келтіру үшін өз көңіл-күйін көтеруі тиіс. Күрделі, үздіксіз жұмысты атқару үшін демалыс керек». Адам бойындағы жақсы мен жаман нəрсе не деген сұрақты қоя отырып, өзі оған былай жауап береді: «Тіл». Анахарсис саны бар сапасыз достарға ие болғанша, аз да болса нақты, өзің сенім арта алатын шынайы бір досыңның болғаны артық деп тұжырымдаған. Нарық, оның пікірінше, адамдардың бірін-бірі алдап, арбауы, тонауы, ұрлық жасауы үшін арналған орын. Ал ол алдап-арбау өлі адамдарды ма, жоқ тірі адамдарды ма деген сұраққа Анахарсис сұрақпен жауап береді: «Ал қайықтағыларды қай топқа жатқызуға болады?». «Көре алмаушылық жəне қорқыныш адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі: қызғаншақтық адамның өз достары мен таныстарының кірісін санауға əкеліп соқтырса, қорқыныш адам бойына үмітсіздікті ұялатады». Геродоттың Анахарсис туралы қалдырған мəліметтеріне көз жүгіртіп көрелік: «Анахарсистің тағдырынан» көргеніміздей скифтер өзге елдердің салт-дəстүрлері мен əдеп-ғұрыптарын қолданудан мақсатты түрде бас тартып отырған. Ол көптеген елдерді аралап, түрлі мəдениеттермен, салт-дəстүрлермен танысып, көріп-білгеннен кейін ақырында өз еліне қайта оралып отырған. 559 ж. өзінің шынайы досы, өмірдегі ұстазы Салон қайтыс болғаннан кейін Анахарсис өз отанына қайтып оралған. Геллеспонт арқылы жүзіп отырып, Кизикке келген кезінде кизиктіктердің Аналар құдайының құрметіне жасап жатқан мерекелерінің үстінен түседі. Анахарсис сол жерде Анаға уəде етеді – егер өзіне қайтып оралса, құрбандық шалуды дəл осы жердегідей етіп жасауға сөз етеді. Ол Скифияға қайтып оралған кезде Гилеяға тереңінен бой ұрып, барлық құдайларға арналған əдеп-ғұрыптарды, бағыштамаларды жасап, соларды орындай бастайды. Ол өзі Кизикте көрген мерекелеуді өз елінде де дəл солай етіп жасайды. Ол ғұрыптарды жасау барысында Анахарсис өз денесіне құдайлардың кішкене етіп жасалынған бейнелерін тағынып, тимпандарды (мыс ыдыстар) соғады. Анахарсистің мұндай іс-əрекеттерін көрген скифтіктердің біреуі дереу ол туралы Савлияға жеткізіп барады. Мұны естіген Савлия дереу Анахарсис болған жерге келіп, оны өз көзімен көрген кезде садақпен атып өлтіреді. Сондықтан да қазір біреу-міреу Анахарсис туралы бір нəрсе сұрайтын болса, ол өзге елдің əдет-ғұрыптарын, салт-дəстүрін қолданғандықтан ешкім ол туралы еш нəрсе білмейтіндіктерін айтады. Анахарсистің тек Геродотқа ғана емес, сонымен қатар басқа да қазіргі заманғы оқырмандарына да белгілі болғандығын Понт Эвксинскийдің жалпы сипаттамасында келтірілген мына сөйлемдерден көруге болады – «Понттарда өз ақылдылығымен көзге түсетін бірде-бір тайпа жоқ, сондай-ақ скиф тайпасынан шыққан Анахарсистен асатын білімді, ғұлама ер адамды да білмейміз». Диоген Лаэртскийдің «Пəлсападағы атақтылардың ілімдері мен өмір сипаттамалары» атты еңбегінде «Скиф Анахарсис» деген арнайы тарау бар, онда скифтік ғұлама туралы нақты мəліметтер мен ақпараттар берілген. Онда мынадай мəліметтерді оқуымызға болады: «Скифтік Анахарсис Гнурдың ұлы жəне скиф патшасы Кадуидтің ағасы. Оның анасы грек болғандықтан, ол екі тілді қоса меңгерген. Ол скифтік жəне эллиндік мəдениет, олардың əдеп-ғұрыптары туралы, өмірдегі құнсыздықтар жайлы, сонымен қатар сегіз жүз əскери істер туралы өлең жазған. Өзінің мəнерлі де шешен сөйлеуінің арқасында «скифтік өмір сүру салты» туралы мақалдардың пайда болуынасептігін тигізген». Кейінірек біз Анахарсистің шамамен б.з.д. 594 ж. Афинға келіп, атақты ғұлама пəлсапашы Солонмен кездескенін білеміз. Гермипптің айтуынша, ол Солонның үйіне келгеннен кейін оның бір үй қызметкеріне Солонға Анахарсистің келіп тұрғандығын, оның қонағы болып, өзін көргісі келіп тұрғандығын жеткізуді өтінеді. Солон оған қонақжайлық қатынастардың оның елінде баршаға бірдей дəрежеде көрсетіліп, байланысты болатындығын айтады. Оның бұл сөзіне Анахарсис Солонның өз елінде тұрғандығын, сондықтан өзімен қонақжайлық байланыс орнату қажеттігін айтып жауап береді. Осы сөздерден кейін Солон оны қабылдап, өзінің ұлы достарының бірі етіпті. Анахарсис Грецияда Солон б.з.д. 559 ж. қайтыс болғанға дейін отыз жылдан астам өмір сүреді. Осы аралықта ол Лесбоста, Фивада,
Коринфіде, Фокиде, Беотияда, Сицилияда, Мысырда, Персияда болады. Антикалық зерттеу көздерінің ақпараттарына сүйенсек, Анахарсистің өз ақылдылығымен, тапқырлығымен, ғұламалығымен аты шыққандығы соншалық, ол Грецияның жоғары басқару ұйымының – Ареопагтың мүшесі болғандығын көруге болады. Ол Олимпиадалық ойындарда сөз алып, бірнеше мəрте марапаттауларға ие болған. Анахарсис өлімінен кейін оның бейнесін мадақтау, əспеттеу бастау алған. Ақырындап антикалық əдебиетте өзінің варварлық шығу тегіне қарамастан, гректің атақты ғұламаларымен бір сапта тұра білген скиф ғұламасының бейнесі пайда болды. Оның бейнесінің жаңғыртылуы б.з.д. ІV ғ. көне грек тарихшысы Эфордың есімімен тығыз байланысты. Анахарсис антикалық жазушылардың тырысуымен сақталып қалған бай да құнды мұра қалдырған. Бұл мəліметтер мен ақпараттар тек пəлсапашылар үшін ғана құнды емес, олар сонымен қатар тарихи жəне этнографиялық материалдарға бай, сол дəуірдің өмір салты мен сəнімен таныса білуге, толығырақ түсінуге, скифтердің күнделікті тұрмыстіршілігімен, тұрмыстық құрылымдарымен жете таныса білуге, рухани жəне моральдық құндылықтар ұстанымдарын, адам психологиясымен таныса білуге өз көмегін тигізеді. Атақты ғұлама туралы қалдырылған, бізге жеткен негізгі мəліметтермен танысалық. Б.з.д. ІІ ғасырды атақты сыншысы Лукиан Самосатский бізді Анахарсистің Афиныдағы алғашқы қадамдарымен таныстырады. «Скиф немесе қонақ» деген əңгімесінде ол Анахарсистің скифтің өзге атақтысы – Токсариспен кездесуі туралы айтады. «1. Анахарсис Афиныға эллиндік сауаттылықпен білімділікті біліп, көруге келген бірінші скифтік емес. Одан бұрын ақылды, керемет пен əсемділікке ғашық, терең де тың білімге құштарлығымен ерекшеленетін, алайда патша отбасынан емес, қарапайым скиф отбасынан шыққандығымен оқшауланған Токсарис келген. Бұл Токсарис кейін Скифияға қайтып оралмаған, ол сонда Афиныда қайтыс болған, біраз жылдар өткен соң оны батыр деп тапқан; афинылықтар оны өзге жұрттық Дəрігер деп танып оған құрбандық шалады, бұл атты ол Батыр болып табылған соң алады». Токсарис Анахарсис Пирейден шығып Афиныға келе жатқан кезеңінде тірі болған. Ол өзін жат жұрттық жəне варвар ретінде не істерін білмей, біраз дағдарып қалады. Ол өз тілінде сөйлейтін бір де бір адамды таба алмай, сонысына көңілі қапаланып, Афиныға келгеніне өкініп, оны көре салып кері өз Отанына оралуға бел буады. Оның осындай қиналып жүрген кезінде оған шынында да мейірімді ғұлама Токсарис Керамикте кез болады. Алғашында оны өз елінің киімі назарын аударады, кейінірек ол скифтік атақты руынан шыққан Анахарсисті де тану қиынға соқпайды.» Лукиан Самосатскийдің басқа «Анахарсис немесе гимнасиялар туралы» деген əңгімесінде Анахарсистің Солонмен кездесуі, екеуінің əңмімелері туралы айтылады. Екі ғұлама пəлсапашылар мына жайттар жайлы əңгіме-дүкен құрады. 6. Солон: Анахарсис, гимнастикалық сияқты істермен айналысу, сонымен қатар скифтік əдет-ғұрыптарға ұқсамайтын салт-дəстүрлер саған жат көрінетіндігі табиғи заңды нəрселер. Сондай-ақ эллиндіктерге де қызықты да түсініксіз болып табылатын іс-əрекеттер де сендерден табылатындығы рас... 11. Анахарсис: Бізде, скифтерде егер кімде-кім өзімен тең, жасты адамды ұрып, немесе оған шабуыл жасап, оны жерге құлатқан болса, оның көйлегін жыртқан болса, ауыл ақсақалдары ол үшін сол адамды қатаң жазалайтынболған, бұл кездесол іс-əрекет аз ғана куəгерлер көз алдында өтілгені де есепке алынбайды... 14. Анахарсис: Бірақ, Солон, менің осынша үлкен аумақты шөлейттерден өтіп, Эвксиндік Понт арқылы өтіп Скифияға келуімдегі негізгі мақсат ол эллиндік заңдарды оқып-біліп жəне сіздердің салтдəстүрлеріңізбен танысу... 18. Анахарсис: қалада ешқашан тұрып көрмеген, арбада өмір сүріп, бір елден екінші елге көшіп жүрген көшпенді жан мемлекеттік құрылым туралы қайдан пікір айтсын, өз жерлерінде осынша жыл өмір сүріп келе жатқан отырықшы халықты қайдан үйретсін?.. «Бұл əңгімелесуден Анахарсистің эллиндер еліндегі мемлекеттік құрылым мен сол елдің заңнамаларымен танысып, оқығандығын көруге болады. Заңнамаларға қатысты тарихшы Евнапийдің мəліметтеріне сүйенсек скифтік ғұлама оларды «өрмекші торынан да əлсіз жəне жіңішке» деп атағандығына көз жеткіземіз. Лаэрций Анахарсисті пəлсапашы Мисонмен, бағалау бойынша скифтіктен кейін тұратын, кездескен деген пікір айтады. Пифия (жорамалдаушы) скифтіктің өзінен ақылды адам бар ма деген сұрағына былай жауап береді: «Мисон – Стримонның ұлы – саған қарағанда өткір де ұшқыр оймен қаруланған жан.» Сондықтан да скифтіктің ғұламаны тез көріп, сынап, тексеруге асыққандығы, оның үстіне соның елінде Хенге ауылына (Этея немесе Лакония) келіп, шама бойынша сол жерлерде эллиндермен əңгімелесу, пікірлесу болғандығын Геродоттың мəліметтері бойынша түсінуге болады. Жаздың ортасында Анахарсис Мисонды пəлсапашы-жер жыртушының шөп ормай, шалғыға сүйеніп тұрған кезінде жолықтырады. – Қазір уақыт, Мисон, жер жыртатын кез емес қой! – Дегенмен жер жыртуға дайындалатын дəл қажетті уақыт, – деген тұрмыстық қам жеген жауап естіледі. Мұны кез келген ресейлік «Шанаңды жаз дайында» деп жалғастырары анық. Анахарсис дəуіріндегі ғұлама пəлсапаның ол кезеңін экономикалық жүйелерге келіп жанасатын қалыпты халықтық ғұламалылықтың антикалық ойшылдарға керемет күш-қуат
бергендігімен ерекшеленетінін айтып өтеді. Бұл ойшылдар халық даналығын шеттеткен емес – скифтік мақал-мəтелдер сол кездің өзінде анти дəуірінде атақты болған, сондықтан олар оны толықтырып, дамытып отырған, өз сөздерінде үнемі қолданып, сөздерінің дəмін келтіріп отырған. Б.з.д. І ғ. Диодор Сицилийский Крез патшасына пəлсапашылар елшілігін бастап алып барған дəл сол Анахарсистің өзі деп есептейді (қазіргі Түркия өңірі). Пəлсапашы жолдастары Биант, Солон жəне Питтак оның жəне патшаның сөздеріне тоқтаған. Скифтік аналогтар өз атауларына ие. Патша ұлы ғұламалар мен ойшылдарды жиындар мен мерекелерде атап, қымбат та бағалы сыйлықтармен марапаттап отырған. Анахарсис Крезбен сөйлесіп əңгіме жүргізу ретінде бірінші болып таңдалынып алынған. – Тірі нəрселер ішіндегі ең күштісі қайсысы? – Крез жауап ретінде адамдардың атақтылығын, олардың байлықтарын айтады деп күтеді. – Ең жабайысы, – деп жауап беріпті скифтік, – өйткені тек солар ғана өз бостандықтары үшін нағыз ерлерше күресіп өледі. Крез оны тағы сынамақ болып басқа сұрақ береді: – Ал жаратылыстағы ең əділі кім? – Ең жабайысы, – деп қайталапты скифтік. – Тек солар ғана заң бойынша емес, табиғат бойынша өмір сүреді. Табиғат – Құдай жаратқан жаратылыс, ал заңдар – адам орнатқан нəрселер. Сондықтан да адам ашқан нəрсемен емес, Құдай жаратқан нəрсені қолдану əділірек болады. – Сонда жануар ма жаратылыстағы ең ақылдысы?! – Ең ақылдысы, – деп келісіпті Анахарсис. – Шындықты заңның табиғи шыншылдығына қатысты тексеруді қабылдау барлық тірінің ақылдылыққа қатыстылығын көрсетеді. Крез мұндай жауапты солтүстіктік «жабайы аңдар тəртібі» нəтижесінен пайда болған деп қабылдайды. Алайда Анахарсис айтқан жауап тұрақтылық пəлсапасының ұстындарын жеткізудің бір жолы болып табылады, оның өзі адам санасын табиғи тұрғыдан басқара білу, қарсы тұру жəне Құдайға бағынбаушылықпен байланысып жатады. Бұның өзі маңызды экономикалық-экологиялық позиция болып табылады. Антикалық əдебиет дəстүрі Анахарсиске тəн деген он шақты хатты біздің дəуірімізге дейін жеткізген. Бұл хаттардың барлығы киниктердің пəлсапалық ойларымен ұштасып жатыр, зерттеушілердің пайымдауынша бұл б.з.д. І ғ. кинизмнің қайта өркендеу дəуіріне жатады. Қалай десек те, бұл хаттар Анахарсиске тəн болуымен жəне Скифияға қатысты тың да қызықты мəліметтермен, олардың салт-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары жəне танымдары мен қызығушылықтары туралы ақпараттарымен қызықты əрі құнды. Сонымен қатар бұл хаттардың барлығы Анахарсистің өз аузымен айтқан əңгімелерімен, уағыздарымен, нақты да шынайы ақпараттарға негізделгенін айта кеткен жөн. Анахарсистің хаттары Анахарсистің өзі жазған «Афиндықтарға» деген хаты: «Сіздер менің тіліме, грек əріптерін нақты да айқын айта алмағандығым үшін күлулеріңіз мүмкін. Анахарсис афиндықтар арасында, ал афиндықтар скифтіктер арасында дұрыс сөйлей алмайды. Адамдар бір-бірімен тілімен емес, эллиндіктер сияқты бір-бірінен қалай ерекшеленсе, олар да өз ойлауымен ерекшеленіп, атақ-даңққа ие болады. Спартиат аттик тілінде таза да түсінікті сөйлемегенімен, өз іс-əрекетімен даңқты, атақты болады. Скифтіктер мəні жоқ сөйлеуді дəріптемейді, сонымен қатар өз мақсатына жетпейтін, мақсатсыздықты да мақтамайды... «басқа бір келесі «Медокка» деп аталынған хатта былай делініпті: «Көре алмаушылық жəне қорқыныш арсыз, таза емес жанның дəлелдемесі, көре алмаушылық əсерінен сізді əрқашан өз достарыңыз бен жолдастарыңыздың табысын, жетістіктерін көре алмау, қызғану қаумалауды, ал қорқыныш сіздің көкірегіңізде жай, бос сөздерге деген үмітті оятады. Скифтіктер мұндай адамдарды еш қолдамайды, олар басқалардың жетістіктері мен табыстарына қоса қуанып, өздері жетпеген жетістіктерге жетуге тырысады; жек көрушілік пен зұлымдық, көре алмаушылық жəне тағы да басқа көптеген адамға арам ой ұялататын құмарлықтарды өз бойларынан аластауға тырысады.» Анахарсистің «Аннонға» деп аталынған хатта құмарлықсыз өмір туралы ұстындар жазылған: «Маған киім ретінде скифтік жамылғы, аяғыма аяқ киім ретінде – менің аяқтарымның терісі, төсегім ретінде – бүкіл жер беті, түстігім мен таң ертеңгілік асым ретінде – сүт, ірімшік, қуырылған ет, сусыным ретінде – су қызмет етеді. Жəне осының өзі маған жеткілікті...» «Терейге» делінген хатта Тракияның басқарушысына, автор өзінің басқару ұстындарына деген көзқарасы туралы пікірлерін білдірген: «Əрбір жақсы басқарушы өз қол астында қызмет етушілерді өлтірмейді, оларды қолдауы тиіс, ал жақсы бақташы өз қойларына жақсы қарауы тиіс... Егер сіз өз қол астыңыздағы қызметкерлерді кешіріп, оларға қайырымды бола білсеңіз өте жақсы болар еді. Өйткені егер сен өз билігіңді дұрыс қолдана білсең, сенің мемлекетің де нық, күшті болмақ.» Ал келесі «Патша ұлына» деген хатта автор адамның ішкі бостандығы жайлы ой бөліседі. «Сенде флейта жəне əмиян, ал менде садақ пен жебе. Сондықтан, сенің құл екенің айдан анық, ал мен боспын, еріктімін, сенің қаптаған жауларың бар, ал менің бір де бір жауым жоқ. Егер де сен өз бойыңдағы күмістеріңді лақтырып тастап, садақ пен жебе асынып, скифтермен бірге тұратын болсаң, сенде де осылай болмақ.»
Анахарсистің афоризмдері мен ойлары «1. Анахарсис жүзім сабағы үш бөліктен тұратындығын айтқан: біріншісі – қанағаттану, лəззат алу үшін, екіншісі – масаю үшін, үшіншісі – жек көру үшін. 2. Оны эллиндер елінде суретшілердің өзара сайысқа түсулері, оларды бірақ суретші емес адамдардың бағалаулары қатты таң қалдырған. 3. Қалай мас болмауға болады деген сұраққа ол «егер көз алдыңда мас адамдардың істеп жатқан сорақы істерін көріп отырсаң», – деп жауап беріпті. 4. Оны тағы бір таң қалдырған нəрсе ол эллиндіктердің біреуді ренжіткендерге қарсы заң шығара отырып, бірін-бірі соғатын атлеттерді мадақтаулары. 5. Кеменің қалыңдығы 4 саусақтай екенін білген ол онда жүзушілердің өлімнен соншалықты алыстағандарын айтады. 6. Ол майды жындануға арналған құрал деп санайды, сондықтан да май жағып алған атлеттер бір-біріне жынданған адамдарша тап береді. 7. Ол өтірік айтуға тыйым салатын адамдардың өздерінің дүңгіршектерінде ұялмастан қалай өтірік айтады дейді? 8. Ол сондай-ақ, эллиндіктердің мерекелеу басында кіші тостағаннан, ал кейін əбден тойғаннан кейін үлкен тостағаннан ішетіндеріне де таң қалады. 9. Оның бейнесін былай елестетуге болады: тілді, асқазанды, дененің барлық мүшелерін тыйып ұстау. 10. Скифтіктердің флейталары бар ма деген сұраққа ол былай жауап береді: «оларда жүзімдік те жоқ (мұның мəні олар ішімдік ішпейтіндіктен флейталары да болмайды, ал егер ішімдік ішу жоқ болатын болса, онда жүзім де жоқ деген сөз)». 11. Қандай кемелер қауіпсіз деген сұраққа, «жағаға алып шығарылғандары» деп жауап береді. 12. Оның айтуы бойынша эллиндіктердің оны таң қалдырған істерінің бірі олардың түтінді тауда қалдырып, отындарды қалаға алып кетулері болыпты. 13. «Тірілер көп пе, өлілер көп пе» деген сұраққа ол «ал жүзіп жүргендерді қайда жібересіз?» – дейді. 14. Аттикалық азаматтан өзінің скифтік шыққан тегі үшін жəбірлік көргені үшін ол оған былай дейді: «менің масқарам – менің шыққан тегім, сенің масқараң – сен өз еліңе масқара болып жүргенің». 15. Адамдардың бойындағы жақсы мен жаман не? деген сұраққа ол «Тіл» деп жауап беріпті. 16. Ол саны бар сапасы жоқ, дарынсыз, көп достан гөрі көпке тұрарлық, шынайы бір досыңның болғаны артық депті. 17. Алаңды ұлы ойшыл бірін-бірі алдау мен арбау орны деп атапты. 18. Белгілі бір мерекеде жас бозбаладан зəбір көрген ол : «Жас бозбала, егер жас кезіңде шарапты көтере, іше алмайтын болсаң, қартайған шағыңда тек су ішетін боласың» – деген екен.» Анахарсистің ұтымды да дəлелді жауаптары туралы Плутарх та айтып кеткен екен. Оның «Салыстырмалы өмірлік суреттемелер» деген еңбегінде «жеті ғұлама мерекесі» деген тарау бар. Мұнда скиф ойшылы екі сюжеттен көрінеді. Бірінші жағдаятта ол флейтаны ойлап тапқан Гефес Құдайдың ұлы Ардалмен əңгімелескен болса, екінші жағдаятта мысал жазушы Эзоппен пікірлеседі. Онда мына түрдегі əңгімелесу жүзеге асыпты: «5. ... Ардал Анахарсиске қарап, одан скифтік əйелдердің ішінде флейтада ойнай алатындары бар ма деп сұрапты. Оған ол бірден онда тіпті жүзімдік те жоқ деп жауап беріпті. Сонда Ардал одан «Бірақ скифтіктерде Құдайлар бар ғой?» – деп сұрапты. Анахарсис оған: «Əрине. Бірақ олар адам тілін түсіне алады; өздерін скифтіктерден əдемі сөйлейміз деп ойлайтын, Құдайлар ғана сүйектен жəне ағаштан жасалған құралдардан əуен тыңдайды деп санайтын эллиндіктермен салыстырғанда өзгеше...» 12. Осы іспетті əңгімелесу аяқталғаннан кейін мен оларға, яғни ғұламаларға үйді қалай ұстау керектігі туралы да айтуды ұсындым: «өйткені патшалықтар мен қалаларға кім көрінгеннің қолы жете бермейді, ал үй, отбасы деген бəрімізде бар». Бұл сөздерге Эзоп күле, былай жауап беріпті: «Сен олардың қатарына Анахарсисті қосатын болсаң, қателесесің. Өйткені оның ешқандай үй, тұрағы жоқ, ол тіпті сонысымен мақтанады да, ол арбада өмір сүреді, күнге ұқсап дөңгелектің екі жағында айнала жүріп, бір күні аспанның бір жағын, екінші күні екінші жағын аралап өмір сүреді.» «Сондықтан да, – деп қарсыласыпты Анахарсис, – күн Құдайлардың ішіндегі ең еркіні, азаты, жеке дербес өмір сүріп, барлығының үстінен өз əмірін жүргізіп тұр. Бірақ сен оның дөңгелегінің қаншалықты əсем де келбетті екенін, қаншалықты үлкен екенін ұмытып кеттің, олай болмаған жағдайда сен оны біздің дөңгелектермен тіпті күлкі үшін де салыстырмаған болар едің, – дейді.» Анахарсистің қанатты сөздері, афоризмдері, мəнді сөздері, ұтымды жауаптары осы іспеттес болып келеді. Мүмкін бұлардың барлығы бірдей скифтік ойшылға тəн емес те шығар. Бірақ олардың басым бөлігі сол дəуірге тиесілі, сол дəуірдің, сол кездегі скифтіктердің салтдəстүрлерімен таныстырып өтеді. Кейінгі жеткізілген Анахарсистікі болып табылатын хаттар (б.з.д. ІІІ ғ.) оған жақын ойшылдардың пікірлерінің ұштасатындығын көрсетеді. Аңыз бойынша, Анахарсис айналатын шеңбер мен желкен жəне тіреуіш ойлап тауыпты деседі. Геродоттың айтуы бойынша Скифияға оралған соң ол өз отандастарын эллиндеуге кіріскен, оларға антикалық мəдениетті уағыздауға кіріседі, алайда сонысы үшін өзі қаза табады. Оның өлімі туралы Геродот мəлімдейді (ІV, 76–78).
ЗƏРДҮШТ (ЗАРАТУСТРА) (б.з.д. 10 жəне 6 ғ. І-жартысы) Ежелгі Иран дінінің негізін қалаушы реформатор жəне дəруіш Зороастризм деген атқа ие болған. «Авестаның» ең көне бөлігін құраушы. Зороастр, көне парсылар дінінің негізін қалаушы, мездеизм деген атпен белгілі, жартылай мифтік тұлға деуімізге болады. Тарихта ол алғаш рет парсылардың ең атақты, ұлы патшаларының бірі Дарий Гистасп тұсында пайда болғаны көрінеді (VІ ғ. аяғы мен V ғ. басы). Ол парсы державасының бөлшектеніп кеткен бөліктерін жинақтап, бір тұтас етуге атсалысқан. Зороастр дінінің қабылдануы Дарий патшалығының ең маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Зороастр үш рет некелескен, оның үш əйелінен үш қызы жəне үш ұлы болады. Үш ұлының ұрпағынан жыршылар, əскерилер, жер игерушілер мен батырлар шығыпты деседі. Зороастр өлімі туралы көп мəлімет жоқ. Грек тарихшыларының айтуынша, Зороастр аспан отымен өлтіріліп, сосын аспанға кеткен дейді. Шығыстық жазушылар болса оның қарапайым түрде 77 жасқа келгенде қаза тапқанын айтады. Зороастр ілімі жүз жыл өтсе де, өз шəкірттерін шыншылдыққа, əділдікке, сенімділікке, ерлікке, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, сондайақ таза жолмен жүруге жəне ары тазалыққа үйреткен. Зəрдүшт осылай дейтін... (үзінді) Зəрдүшт жалғыз қалғанда жүрегіне сүңгіп, былай деді: Мұны қалай түсіндік? Бұл əулие ақсақал өз орманында жүріп Тəңірінің өлгенін естімепті ғой. Орман сыртындағы ең жақын қалаға келіп, Зəрдүшт онда базар алаңына жиналған көп халықты көрді,себебі олар аспанда аспабын керген арқан бишісін қызықтауға келген еді. Сонда Зəрдүшт халыққа былай деген: Мен сіздерге дейінгі асқан тұлға туралы айтамын. Адам дегеніміз асып түсуге жаралған бір тылсым. Онда асып түсу үшін сіздер не жасадаңыздар? Осы уақытқа дейін əрбір мақұлық өзінен асқан бір нəрсе жасаған; ал сіздер осы ұлы толқынның пəс шегінісі болғыларыңыз келеді, жəне де адамнан асып түсуден гөрі хайуан ахуалына қайта енуге жақынсыздар. Адаммен салыстырғанда маймыл дегеніміз не? Əжуа құрбаны жəне азапты масқаралық. Міне, асқан тұлға үшін адам да дəл осылай əжуа құрбаны жəне азапты масқаралық. Сіздер құрт-құмырсқадан адамға дейінгі жолды өттіңіздер, бірақ əлі де құрт-құмырсқа деңгейінде қалып қойғансыздар. Кезінде сіздер маймыл болғансыздар жəне қазір де осы күнге шейін адам – маймылдан өткен маймыл. Сіздердің араларыңыздағы ең данышпандарыңыздың өзі өсімдік пен елестің кереғарлығы мен қосындысы ғана. Бірақ мен сіздерге елес пен өсімдік бол деп өкім еткен жоқпын ғой. Аңғарыңдар, мен сендерді асқан тұлға туралы үйретемін. Асқан тұлға – жердің мəн-мағынасы. Ендеше,сіздердің жүрегіңіз айтсын: «Асқан тұлға əрқашанда жердің мəн-мағынасы болсын!» – деп. Мен сіздерге жалбарынамын, ағайыным мені, жерге адал болыңдар жəне жерден биік үміттер бар деген адамдарға сенбеңдер. Олар оны білсе де, білмесе де, у берушілер. Олар өмірді місе тұтпайды, əлгі өлімшілер жəне өз өзін улағандар: жердің өзін шаршатқан, жоқ болсын ол сүмелектер! Бұрын Тəңірді ғайбаттау ең ұлы күпірлік болатын; бірақ Тəңірі өлді жəне де онымен бірге ғайбаттаушылар да өлді. Енді жерді ғайбаттау дегеніміз ең сұмдық қылмыс, танымы жоқ мəністі жердің мəнмағынасынан жоғары қою да солай. Кезінде жан тəнге мүсіркей қарайтын жəне ол кезде осы мүсіркеуден биік ешнəрсе жоқ еді: ол тəнді арып-ашыған, азып-тозған, ұсқынсыз күйінде көргісі келді. Осылайша ол тəн мен жерден қашып кетем деп ойлады. Бірақ, осы жанның өзі одан да арып-ашыған, азып-тозған, ұсқынсыз еді жəне осы жанның құмары қатыгездік болатын. Əйтсе де, əлде де, ағайындарым менің, айтыңыздаршы: сіздің тініңіз жаныңыз туралы не дейді? Сіздің жаныңыздың байғұстық һəм сор-батпақ жəне де бейшара түрдегі өз-өздеріңе сүйсіну екені рас емес пе? Расында да, адам дегеніміз сор-батпаққа толы ағын. Сор-батпақ толы ағынды өзіңе қабылдап, оған былғанбау үшін, теңіз болу қажет. Аңғарыңдар, мен сендерге асқан тұлға туралы үйретемін: ол сіздердің ұлы мүсəпірлігіңіз батып кететін əлгі теңіз. Сіздер бастан өткізген ең биік сəтіңізді атай аласыз ба? Ол ұлы жиіркеніш сəті! Осындай сəтте сіздің бақытыңыз, ақыл-ойыңыз жəне адамгершілігіңіз де, өз – өзіңізге жиіркенішті көрінеді. Осындай сəтте сіз былай дейсіз: Менің бар бақытым осы ма? Ол байғұстық жəне былғаныш һəм бейшара пендеуи көкіректік. Менің бақытым бүкіл тірліктің құнын көтеруге тиіс еді! Осындай сəтте сіз былай дейсіз: Осы ма менің бар ақыл – парасатым? Өз нəпақасын қуған арыстандай ол білімді көксеп көріп пе еді? Ол байғұстық жəне былғаныш һəм бейшара пендеуи көкіректік. Осындай сəтте сіз былай дейсіз: Осы ма менің бар адамгершілігім? Ол мені əлі естен тандырған жоқ. Мен өзімнің жақсылығымнан да, жамандығымнан да шаршадым. Мұның бəрі – байғұстық жəне былғаныш һəм бейшара пендеуи көкіректік.
Осындай сəтте сіз былай дейсіз: Осы ма менің бар əділеттілігім? Мен əлі от пен жалынға айналмаған сияқтымын. Ал əділеттілік дегеніміз от пен жалын! Осындай сəтте сіз былай дейсіз: Осы ма менің бар мейірбандылығым? Мейірбандылық дегеніміз адамзатты сүйетін əрбір адам өзін өзі шегелеп тастайтын керме ағаш емес пе? Бірақ менің мейірбандылығым керме ағашқа таңылған емес. Сіз осылай айттыңыз ба? Сіз осылай аһ ұрдыңыз ба? Еһ, шіркін, сіздердің осылай аһ ұрғандарыңызды естісем ғой. Сіздердің күнəлəріңіз емес, сіздердегі пендеуи мақтанымпаздық аспаннан жаза күткендей; сіздердің күнəһəрлығыңыздың ергежейлігі аспаннан жаза күткендей! Еһ, шіркін, сіздерді тілімен осып өтер бар ма екен найзағай? Сіздерді үйіріп əкетер бар ма екен есалаңдық? Аңғарыңдар, мен сіздерді асқан тұлға туралы үйретемін: əлгі найзағай сол, əлгі есалаңдық сол. Зəрдүшт осылай сөйлеп тұрғанда топ ішінен біреу айқайлады: Біз арқан бишісі туралы көп естіп едік, енді соны тамашалайық! Сөйтіп, барша халық Зəрдүшті күлкіге айналдырды. Ал арқан бишісі болса бұл сөздерді өзіне қабылдап, ісіне кірісіп кетті. Зəрдүшт халқына қарап қайран қалды. Сосын ол былай деді: Адам хайуан мен асқан тұлға арасында керілген арқан, шатқал арасының арқаны. Өту қауіпті, жолға шығу қауіпті, үрейлену мен тоқтау қауіпті. Адамдағы ең маңызды нəрсе оның нысана емес, көпір болуы. Адам ұғымы өту мен өлуден тұрады. Бұл адамға деген үлкен сүйіспеншілікке жетелейтін ұғым. Зəрдүштің сөздері. Үш өзгеріс туралы Мен сіздерге рухтың үш өзгерісін атаймын: рухтың қалай түйеге, түйенің – арыстанға жəне, ақырында, арыстанның сəбиге айналатынын. Рух үшін, терең қастерлеуге қабілетті, мықты рух үшін, қиын нəрсе жеткілікті, себебі оның күші ең ауыр жəне қиын нəрсеге талпынады. Ауыр деген не нəрсе? – деп сұрайды төзімді рух, сосын шөгіп өзіне жақсылап жүк арттырады. Төзімді рух өзіне ең ауыр жүкті тиетеді. Сосын жүк артқан түйеге ұқсап өзінің шөл даласына асығады. Бірақ ең жапан түзде ол екінші мəрте түрленеді: бұл арада рух арыстанға айналып, өзіне еркіндік талап етеді, ол өз жапан түзінің иесі болғысы келеді. Ол мұнда өзінің соңғы иесін өздейді, ол оған жəне өзінің соңғы тəңіріне жау болғысы келеді, жеңіс үшін ол ұлы айдаһармен соғысқысы келеді. Рух оны ие мен тəңірі деп атағысы келмейтін ол қандай ұлы айдаһар екен? Ол айдаһардың аты «Сен міндеттісің». Бірақ арыстанның рухы «Мен болғызамын деп айтады». «Сен міндеттісің» деген қабыршақты хайуан, алтыннан ұшқын атып оның жолында жатады жəне оның əрбір қабыршағында алтын сынды «Сен міндеттісің» деп жазылған. Бұл қабыршақтарда мыңжылдық құндылықтар жарқырайды жəне барлық айдаһарлардың ең мықтысы былай деп сөйлейді: «Барлық заттардың құндылықтары менде жарқырайды». Барлық құндылықтар жасалып болған жəне əрбір жасалған құндылықтың ішінде мен бармын. Сондықтан «Мен болғызамын» деген болмау керек. Айдаһар осылай дейді. Бауырлар-ау, адам рухында арыстанның қай қажеті бар? Жүк артуға жаралған төзімді жəне кішіпейіл жануардың қай жері кем? Жаңа құндылықтарды жасау – бұл арыстанның хұзырында емес шығар, бірақ жаңаны жарату үшін өз-өзіне еркіндік беру – бұған арыстанның күші жетеді. Өзіне бостандықты жаулап алып, тіпті, борыштың өзіне «Жоқ» деп бет қаратпау, бұл үшін, бауырларым, арыстанға айналу қажет. Жаңа құндылықтар үшін өзіне хұқылық жаулап алу – төзімді жəне кішіпейіл рух мұндайға бара алмайтын болар. Бұл оған тонау жəне жыртқыш аңның ісі боп көрінер еді. «Сен міндеттісің»-ді кезінде ол ең қасиетті əулиесіндей сүйіп еді, енді өз махаббатынан босану үшін ол осы қасиетті нəрсенің өзінен тек алдамшы арман мен кездейсоқ көріністі көруге тиіс: міне, осы үлесін жібермеу үшін ол арыстанға айналуға тиіс. Əйтсе де, бауырларым-ау, сəби, арыстанның хұзырында жоқ не нəрсені жасай алар еді? Жыртқыш арыстан тағы да неге сəбиге айналуға тиіс? Сəби дегеніміз бейкүнəлік жəне ессіздік, жаңа бастама, ойын, өз – өзінен дөңгеленетін дөңгелек, алғашқы қозғалыс, бар қылудың қасиетті сөзі. Ия, бауырларым менің, жаратушылықтың ойыны үшін бар қылудың қасиетті сөзі керек. Мен сіздерге рухтың үш өзгерісін: рухтың түйеге, түйенің арыстанға жəне, арыстанның сəбиге айналғанын атадым. Зəрдүшт осылай дейтін. Аударған Ə.Қодар. АВЕСТА – ПАРСЫЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ «Авеста» – парсылардың қасиетті кітабы (зороастризм) бізге дейін екі түрлі нұсқада жеткізілген. Алғашқы редакциясында авеста тілінде жазылған табынушылыққа арналған өлеңдер жинағы берілген. Олар ерекше авеста əліпбиімен жазылған. Бұл табынушылық өлеңдері қазіргі күндерде де парсылық (зороастризм) шіркеу қызметкерлердің құдайға құлшылық ету кездерінде қолданылады.
(«Ясна», 30). Ал енді мені тыңдаушыларға қараймын.... Өз құлақтарыңызбен жақсылықты тыңдаңыздар Екі сенімді дұрыс түсінуге тырысыңыз Үкім шығарылатын күні əркім өз қалағанын алады Екі рух та басында егіз секілді болған Қазір де біздің барлық ісімізде Зұлымдық пен мейірімділік мəні көрінеді Осы екеуінен дұрыс таңдау жасалынды Ол – зұлымдық ойлаушы емес Екі рух кездескен кезде Олар оның бастамасын салды өмір мен өлімнің, өмір соңына жақындаған сəтте алдаушылардың жазасы болар еді – ең жаманы əділдері – ең жақсысы осы екі рухтан ол өзіне таңдап алды қуы – зұлымдықты, шыншылы – өзі үшін қасиетті рухты таңдап алды, оның келбеті – аспандық. («Ясна», 44) О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Менің сені мадақтап жатқаныма сый бола ма? Сен мен сияқты досыңа ашыла аласың ба? О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Ең жақсы өмірдің негіздері қалай салынбақ? О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Артаның (От рухының) туылған кездегі алғашқы əкесі кім болған? Күн мен Жұлдыздарға кім жол салған? Кім Айды шығу мен батуға міндеттейді? О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Мен дұрыс айтып жүрмін бе? Малдар кім үшін жаратылған? Ұлына əкесін сыйлауды кім үйреткен? Үйрету мен сөз шындығының ілімдерін қалай үйренуге болады? О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Жақсы тəртіп орнатқаным үшін мен сый ала аламын ба? Он бие, құлын, жəне түйе, О, Мазда... Сен берген менің денсаулығыма, өмірлік күшіме қажет О, Ахура, мен сенен сұрап тұрмын, тек шыныңды айт маған! Кім бір нəрсені алуға лайықты болып, кім соны бермесе, өз сөзімде тұрып, осы төлемімді құқық бойынша дедім оны қандай жаза күтіп тұр? Өйткені оны Ақырында не күтіп тұрғаны белгілі! Күнге əнұран 1. Біз Күнге табынамыз, Аттары ұшқыр Мəңгі Жарыққа Күн жарық шашқанда, Күн жылу төккенде, Жүздеген, мыңдаған тəңірлер Мазда берген жерге, Барлық нұрлы əлемге бақытты жиып, бақытты береді бақытты сыйлайды, Ақиқат өлмесін деп. 2. Күн шыққан кезде, Мазда берген Жер нұрланады, Барлық сулар нұрланады, Ағатын сулар да, Бұлақтардың көзі де, Тұратын сулар да, Теңіз суы да, Қасиетті Рухтың жаратуымен бəрі нұрланады. 3. Егер Күн шықпаса, Жердегінің бəрін Дэвалар құртады, Аспан тұрғындары дене əлемінде тұра алмайды. 4. Кім күнге табынса, Аттары ұшқыр Мəңгі Жарыққа Түнекпен күресу үшін, Дэваларға тойтарыс беру үшін, Түнектен туған Қарақшылармен күресу үшін, Жезтырнақтардан, Ұмытылудан корғау үшін Маздаға табынады Əулиелер мен Өлмейтіндерге, Өз жанына
Жер мен көктегі Тəңірлерді риза қылады, Кім күнге табынады, Аттары ұшқыр Мəңгі өлмес жарыққа. 5. Митраға табынайық, Кең жайлаулары бар, Мың құлақты, Көздері мерген, Дəл соғады Дэвалардың басынан. Барлық байланыстар арасындағы Ең жақсы байланыс Күн мен Ай арасындағы Байланысқа табынайық. 6. Бақыт үшін табынамын Бар дауысыммен Аттары ұшқыр Мəңгі өлмес Күнге, Аттары ұшқыр Мəңгі өлмес Жарыққа. Хаома шырынымен Аяқтаймын сөзімді. Сөзіммен де, ойыммен, Ісіммен де, шын сөзіммен Мен Күнді құрметтеймін. «Ахура Мазда жақсы дегендерге Табын дегендерге Табынамыз». 7. «Ең жақсы Тəңір...» (екі рет) Табынамын, мадақтаймын Қуат пен күш сұраймын Ұшқыр атты, мəңгі өлмес Жарық күнге. «Ақиқат-ең жақсы…» Аударған Г.А. Адаева. Митраға əнұран1 (10 яшт. «Миқыр-яшт») Шаттансын Ақұра-Мазда ... Жайылымдары кең шалқар Митранға һəм шалғындары тамаша Раманаға шаттық, тəу ету мен мадақ, қуаныш пен даңқ. «Қараүзген Жаратушыдай...» І 1. Ақұра-Мазда үн қатты Іспійтама-Заратуштраға: «Мен жараттым Митраны, Өрісі оның кең байтақ, Ол да сонша лайық Табыну мен мадақтауға Мен, Ақұра-Маздадай. 2. Күйретер елді арамза, Кім сөзінде тұрмаса, – Жүз малғұннан ол жаман Тақуаларды құртатын. Берік ұста келісімді Берген болсаң, Іспійтама, һəм антқор жат діндарға2, Һəм сенімді ізгілі арға, – Келісім сөзі өйткені Жатады ғой екі жаққа: Антқорға да тақуаға. 3. Митра берер жүйрік аттар, Өрісі оның кең байтақ, Берік болса сөзіне кім. Сыйлық етер ең тіке жол Оты Ақұра-Мазданың3 Берік болса сөзіне кім, Ал əулие аруақтар Һəм қайратты пірабастар4* Ұрпақ сыйлар қайырымды Берік болса сөзіне кім. 4. Табынам мен бақыт үшін Дауыстап оған дұғаны, Тəу етем Митраға беріп құрбан, Өрісі кең байтақты, Тəу етеміз Митраға, Өрісі кең байтақтыға, Сыйлайтұғын рахатшылық, Елдеріне арилердің тыныштық.
5. Келсін де бізге көмекке, Келсін байтақ жер үшін, Келсін бізге демеуге, Келсін де бізге рахымға, Келсін бізді емдеуге, Келсін бізге жеңіске, Келсін де бізге бақытқа, Келсін дағы ар ізгіге, Жеңімпаз, ең қуатты, Алдауларға берілмес, Мадақтарға лайықты Бар əлемде – Митра, Өрістері кең байтақ. 6. Табынам мен Митраға қуатты, Жаратылғандардың ең күштісі5, Құрбанқұя келтіріп, Мадақтаймын қастерлеп, Табынамын дұғамен зор дауыстап Һəм тəу етем Митраға, Өрісі кең байтақтыға. Қастерлейміз Митраны, Өрісі кең байтақтыны, һəм сүт қосқан қаомамен, Һəм барысман шыбықтармен, Һəм қызыл тіл өнерімен, Шапағатты нақылдармен, Сөздермен һəм істермен, Құрбанқұю орындап, Һəм ақиқат сөздермен Сөздерімен шындықтың. «Келтірдік дұға соларға, Кімді тапса тəубе ет деп Ақұра-Мазда берекеттеп». ІІ 7. Қастерлейміз Митраны, Өрісі оның кең байтақ, Сөзі оның ақиқат,– Мыңқұлақты, сымбатты, Көздері оның қисусан, Қуатты да һəм биік, Бар кеңісті шолады, Ол ұйқысыз, көз ілмес. 8. Елдердің алдиярын шақырады Оған, шайқасқа бет алғанда, Иық тірескен шептерге қарсы Қанқұмар жаудың лəшкерлері Жауласқан екі ел арасында. 9. Кім бірінші мадақтап Бар ынтамен сенсе оған Ниетімен, һəм күшпен, Соған қарай бет бұрар, Дем берер оған Митра, Өрісі оның кең шалқар, Жеңімпаздық Желменен Һəм Жеңістің құдайымен6. ІІІ 10. Құрметтейміз Митраны... 11. Митраға шақырады шоралар, Жалына аттың еңкейіп, Денсаулық тілеп өзіне, Жегілген атқа күш тілеп. Сұрайды сондай қабілет, Көруге жауды қашықтан, Соныменен жеңуге Бір соққаннан жауларын, Бар қастарды жауласқан Жəне əрбір дұшпанын. Табынам мен бақыт үшін... ІV 12. Біз Митраны құрметтейміз... 13. Бірінші болып бəрінен Бар құдайдан көктегі Қараның шығып үстіне Өшпейтін Күннің алдына, Аттары оның желғабыз7*, Бірінші боп ол жетеді Алтындайын сымбатты Шыңдарынан көреді Бар арилер өлкесін. 14. Алдиярлар жаужүрек Тоғысады шайқасқа; Биіктегі тауларда, Оңаша, толған өрісте, Мал жайылған еркімен; Толқындары көлдердің Шыңыраудай серпінген Кеме жүзер өзеннің
Ағындары айдынды Жұлқынтады ағысын Һəм Парұттық Ішқатқа, һəм Қарайбтық Меріпке, һəм Соғдылық Ғабыға, Хорезімге əлде аққан8. 15. Шығысқа һəм Батысқа, Қос жағына солтүстік, Қос жағына оңтүстік һəм тамаша қарышбарға, Тұрғындары өте кеп Отырықшы–Қыбанираталықтарды9– Митра күшті көзін тігіп қарайды 16. Бар қарышбар үстінен Ұшады ол, көктің құдайы, Бақыттар да сыйлайды. Бар қарышбар үстінен Ұшады ол, көктің Құдайы, Билікті де сыйлайды. Ол нығайтар жеңістерін Ақиқатты танығанның, Тəу етіп оған, келтіргеннің, Құрбанқұю шартымен. Табынам мен бақыт үшін... V 17. Құрметтейміз Митраны... Оны ешкім ешқашан Алданышқа сала алмас: Отауда – от ағасы, Əулеттегі – ру ағасы, Ұлыстағы – жетекші, Барлық елге – алдияр. 18. Антқор болса егер де Отауда – от ағасы, Əулеттегі – ру ағасы, Ұлыстағы – жетекші, Барлық елге – алдияр, Бір дегенде жоқ қылады Митра Ашуланып, ызамен, Сол отау мен əулетті, Ұлысты да, елді де: Жоқ етеді отаулардың отағасын, Əулеттердің – ру ағасын, Ұлыстардың – жетекшісін, Елдегі – алдиярды, Елдердегі – əмірді. 19. Сол жағынан тез төнген, Қаһарланса Митра, Қай жағынан ол антқор, Келер деп ешбір күтпеген. 20. Тартпайды алға аттары Митраға қарсылардың, Орнында қалар, шапса да: Апарары бармайды, Тасығаны жетпейді. Ұшады найза тек кері Лақтырса антқор ілгері, Дуалардан өшіккен Сөзін өзі бұзғанның. 21. Лақтырғанмен оңтайлап Тигізсе де басқаға, Еш зиян оған келмейді, Дуасынан өшпенді Сөзін өзі бұзғанның. Жел ықтырар найзасын, Лақтырған оның дарытпай, Митраға қастасқан, Дуасымен өштескен Сөзін өзі бұзғанның. Табынам мен бақыт үшін... VІ 22. Құрметтейміз Митраны... Ол бəледен құтқарар, Ол өлімнен сақтайды, Жалғандық оған айтпаса. 23. Қырсықтардан кұтқар бізді, Бəлелерден құтқар бізді, Митра, Жалғандық оған айтылмас. Осылай сен құтын ал Келгендердің Митраға қарсылас, Адамдардың келісімді сыйламас: Қуатын алдың қос қолынан Олардың, қаһарланған кезінде, Беріктігін қос аяқтың аларсың, Жанар қалмас екі бірдей көзінде, Қос құлақтан кетер дыбыс сезу де. 24. Ұшталған өткір найзалар, Қашықтан жетер жебелер
Жақыннан да дарымас сол Адамға, келсе оған Көмекке дана Митра, Құдіретті һəм білгіш, Қисусан оның көздері, Жалғандық оған жасалмас. Табынамын бақыт үшін... VІІ 25. Құрметтейміз Митраны... Ең күшті əміршіні, Игілік келтірушіні, Ардақтыны, шешенді, Дұғаларға игі ниеттіні, Асқарлыны, дананы, Құдай Сөзін Қондырғанды өзіне, Құдіретті сомдаушыны, Ізгілі, қуат қолдыны. 26. Диюлардың кəллəларын жарушы Һəм беруші жазасын, Шарт бұзушы антқордың Пенделерге аяусыз; Сыйқырларды тығушы мазарына, Барлық елді келтірер Мол ғажап берекеттің базарына, Жасалмаса оған жалғандық, Барлық елді келтірер Жеңістердің жеңісіне, Жасалмаса оған жалғандық. 27. Бас имеген ел болса Ақ жолынан тайдырар, Бақытынан қайырар, Жеңістерден айырар, Қорғансыз етіп береді Қисусан рет соққыны, Бəрін білер құдірет, Қисусан оның көздері, Жалғандық жасамайтынға. Табынамын бақыт үшін... VІІІ 28. Құрметтейміз Митраны... Тіреушіні Зəулім үйлер діңгегін Һəм бекітіп есігін, Сол үйлерді сыйлайды Табындар мен елімен, Табынған болса оған кім; Басқаларын қиратар, Қатуланған шақтарда. 29. Боласың ашулы да мейірімді Сен, Митра, ел үшін. Боласың ашулы да мейірімді Сен, Митра, жұрт үшін. Сен бейбітпен һəм соғыспен Ел-елдерді басқарасың, Митра. 30. Бересің сен сымбатты əйелдерді Һəм ғанибет күймені, Төсектер мен жастықты Ұлы үйлерге, Митра. Сен əйелдің елгезегін, Митра, Һəм күйменің жақсыларын, Төсектер мен жастықтарды Бересің зəулім үйлерге, Тақуалар дұғасымен, Атынды сенің атаған, Құрбандығын құюмен, Шақырған саған, Митра. 31. Атыңды сенің атайтын Дұғамен саған табынам, Құрбандығымды құюмен, Шақырам саған, Митра, Ырғағымен дауыстап, Атыңды сенің атаған Тəу етем саған дұғамен, Құрбандығымды құюмен Саған, ұлы Митра, Жалғандық жасалмайтынға. 32. Зейін сал біздің дұғаға, Ырза бол, о, Митра, Дұғамызға дары-ен, Жақында құйған құрбанға, Өзіңе арнап əкелген, Қабылда оны дəм етіп, Ал оны Мадақ Отауға10. 33. Сəттілік сондай бергейсің Бізге, о, қуатты Митра, Өтінеміз өзіңнен Сеніммен айтар сөзіңнен:
Қуат жəне жеңіс бер, Ізгілі өмір, шыншылдық, Ізгілі мадақ, мəрттілік, Ғалымдық, нұрлық, білімдік Құдайлыққа тəн етіп, Һəм үстемдік Ақиқатта, Айтылуы нақпа-нақ Қасиеттен нақылдап. 34. Шамамыз болғай, жақсылық, Ізгілікті, мейірман, Дəмеліміз, шаттықпен Бар қарсыны жеңуге; Шамамыз болғай, жақсылық, Ізгілікті, мейірман, Дəмеліміз, шаттықпен Бар дұшпанды жеңуге; Шамамыз болғай, жақсылық, Ізгілікті, мейірман, Дəмеліміз, шаттықпен Шығуға жеңіп қастандығын Жаулардың – адамдар мен диюлардың, Сиқырлар мен мыстандардың, Һəм езуші-кабилердің, һəм ызақор қарапандардың. Табынам оған бақыт үшін... ІX 35. Құрметтейміз Митраны... Қайтарар əділ қарымын, Жетекшісін қолдардың Мың ақылдың иесін, Нарттардың алдиярын11. 36. Өзі бастар зор шайқас, Ол шайқастан еш қайтпас, Шыдас беріп айқаста, Жаудың шебін бұзады; Бар шетінде омалар12 Шайқаспақшы шоралар, Орта тұсы қалтырар Жендеттердің қанішер; 37. Оларға келтіреді өктем сұмдық, Оларға келтіреді өктем үрей, Жан-жаққа шашад кəллəсін Пенделердің, сөз бұзған; Жан-жаққа ұшар кəллəсы Пенделердің, сөз бұзған; 38. Жоқ етер баспанасын, Жұртта қалған қияуынІ3, Бұрын тұрып кетсе дағы Антқорлар, Өлтіруші кəззаптар, Нағыз адал жандарды; Шаңды жолмен қуады Антқорлардың Сыйырларын мол өрістен Жеңіл арба соңынан, Сорасына тұншыққан, Тұмсығынан жосыған. 39. Бекерге ұшар жебелер, Бүркіт қауырсындылар, Серпінді садақтарынан Зақым келмес тигенмен, Танымай оны кеткенге, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. Найза ұшы қылпыған Ұзын саппен ұшқанмен Қолынан антқор бекерге, Зақым келмес тигенмен, Танымай оны кеткесін, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. Тастары ұшқан сақпаннан Кетеді бекер қолынан, Зақым келмес тигенмен, Танымай оны кеткесін, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. 40. Лақтырғанмен пышағын Тессін деп басын адамның Келтіре алмас еш зақым. Танымай оны кеткесін, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. Балталары олардың Сілтенсе де сəтімен Келтіре алмас еш зақым Танымай оны кеткесін, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар.
41. Тудырар үрей Митра, Рашнаға сұмдық үйіріп, Ал Сыраоша, Аша досы14, Оларды қуар аулаққа, Ал қорғаушы-құдайлар Кетеді саптарынан əскердің, Танымай оны кеткесін, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. 42. Шулайды олар: «О, Митра, Өрісі оның кең шалқар, Аттарымыз тартады бізді Митраға, Һəм бұл қолдар құдіретті Кездікпен бізді кеседі!»15 43. Аударар Митра оларды, Өрісі оның кең шалқар, Ол қырады бір жүзін Елу рет соққанда, Жүз соққанда – бір мыңын, Мың соққанда – қисусан, Қисусан соқса – шексіз сан, Танымай оны кеткенге, Қаһарланса Митра, Өрісі оның кең шалқар. Табынамын бақыт үшін... X 44. Митраны құрметтейміз... Тұрағы оның Бүкіл жерді қамтыған, Тəннен тұрған бұл дүние, Көлемі – шексіз, Сəулелі, жалтылдаған, Жайылған жалпағынан. 45. Сегіз оның көмекшісі Барлық шыңдар басында, Барлық жақтан бақылап, Қадағалар əржақтан Өзінің сөзін бұзғанды. Аңғарады оларды, Айырады оларды, Алғаш рет болса да Келісімін бұзғандық. Ізіне түсіп алады, Бұзушының өз сөзін, Екіжүзді антқордың, Тақуаларды соғатын. 46. Тақуаларға Демеу берер Митра, Өрісі оның кең шалқар, Қарауылдап соңынан, Алдынан да, бар жақтан, Билік бермес алдауға, Бəрін ерте білетұғын Митра Көмекке келед оларға, Көреген бəрін һəм күшті, Қисусан оның көздері Ешкім оны алдамас. Табынамын бақыт үшін... XІ 47. Құрметтейміз Митраны... Желғабыздары азынап От орнындай тұяғы, Құстай ұшып шептеріне жауыздар Арасында тығыз қанша болса да, Шайқасушы елдердің. 48. Ұмтылғанда Митра Құстай ұшып шептеріне жауыздар Арасында тығыз қанша болса да, Шайқасушы елдердің. Антқор болған адамдардың, Артынан ұстап қолдарын, Көздерін оның жабады, Керең қылып құлағын, Буынын алып аяқтың, Карсыласар күш бермес. Елдерді де, жауларды, һəм антқорларды, Осылай етер Митра, Өрісі оның кең шалқар. Табынамын бақыт үшін... XІІ 49. Құрметтейміз Митраны... 50. Мекен-жайын Құрған оған Ақұра-Мазда Биік Қара үстінен, Көп салалы, сəулетті, Еш түнексіз, еш түнсіз,
Суық та жоқ, аптап жоқ, Аурулар жоқ қазалы, Залалдар жоқ диюлардан, – Һəм мұнар да ұшпайды Қарата биік үстінен16. 51. Өшпейтін Шапағаттылар Сол мекен-жай жасаған Алдын болжап, сеніммен, Барлық Күнді, толық тең, – Митра биік Қарадан Көреді барлық тəндік əлемді. 52. Шыға келсе суырылып Залым, тудыратын зұлымдық, Арбаға жеңіл құйындай Митра жегер желғабыздар, Өрісі оның кең шалқар, Құдіретті Сыраошамен Һəм ғажап Нарьиə-Санқамен, Антқорды құртар ілəйім17, Сап-сапымен келсе де, Жекпе-жекте шықса да. Табынамын бақыт үшін... [Авестадан И. Стеблин-Каменский аударған «Митраға əнұранның» 53–146 шумақтары бұл аудармаға енген жоқ. Бірақ, олардың ішінен, аудармашының пікірінше, өте маңызды деген төмендегі шумақтар алынды.] XVІІ 67. Құрметтейміз Митраны.. Басқаратын күймені Ең үлкен доңғалақты Аспанды, ұшып өтер Шығыс жақтан Тамаша қарышбарлар үстімен, Һəм сəулетті – Қыбанаритадан, Һəм бақыт, Мазда берген, Һəм онымен жеңімпаздық Ерген оған серік боп. 68. Оныменен басқарады күймені Асқақты біткен Аши, Ал Мазданы дəріптейтін Сенім18 Жол салады алдынан һəм көктегі желғабыздар, Жалтылдаған, сəулетті, Нұрын шашқан, аппақ мөлдір, Оларда жоқ көлеңке, Кеңістерде қалқи тартқан Көк төрінде ол күймені, Ал құдайы Жеңістің Жіберер оны қиянға, – Үрейленер онан Мүмкін деген диюлар Һəм күнəһар антқорлар:19 69. «Түспесін біздің басымызға Қаһары қатал əміршінің, Мың соққыны Беретұғын жауларға, Қисусан оның көздері, Құдіретті, бəрін білер, Жалғандыққа көнбейтін!» Табынамын бақыт үшін... .......................................... XІX 73. Құрметтейміз Митраны… Шаттыққа енген сəт сайын, Көтеріп көкке қос қолын, Жаратушы Ақұра-Маздаға Дегенде былай табына: «Шапағатты Рух, Жаратқан Əйгілі тірлік тəндерін! 74. Адамдар менің Атымды атап шақырса Дұғаменен құрметтеп, Табынғандай дұғамен, Аттарын атап шақырғандай Құдайларға басқа да, Сонда мен қонсам адамдарға Тақуа болып Ақиқатпен Кесімді уақыт кезінде Өшпейтін өз ғұмырымнан.» 75. Сақтаймыз біз мекен-жайды, Мекен-жайдан кетпейміз! Үйлерден де біз кетпейміз, Һəм рулардан кетпейміз, Халықтан да біз кетпейміз, Немесе елден кетпейміз, – Бəрінен біз кетпейміз, құдіретқол20 Көп қастардан сақтайды! ......
ШАМАНДЫҚ МƏТІНДЕР (үзінді) ХАКАС САРЫНДАРЫ ӨСИЕТТЕР 52. Бозбалаға Бай болғанша, Кедей бол! Қыдырып жүріп сен босқа, Ащы шарап ішкенше, Мал бақ та, Тырыс ішуге, Айраныңды ащы өзіңнің – Бақытты бол! 53. Бозбалаға Сөгісіне қалма, Жаман ауыздының! Соққысына қалма, Жұдырықтының! Сен бесеуге əл берме, Ал алтауды жеңе біл! Сен бол батыл, Арасында батылдардың, Батыр бол, Арасында батырлардың! 54. Баталар Ғұмырың сенің, жолың сенің игі болсын! Болмысың сенің, рухың сенің мəңгілік болсын! Өмір сүр, қара шашың сенің ағарғанша! Өмір сүр, ақ қатары тістеріңнің сарғайғанша! Өмір сүр қадірлі, болсаң да жалғыз сен! Өмір сүр, күлкі-келемеж болмау үшін сен! Біл: жалғыз балқарағай желден қорқады; Біл: жалғыз адам тобырдан қорқады! Өмір сүріп, ақыл-есіңнен айырылма; Өмір сүріп адамдармен, жол берме күнəға! Кімнің ащы тілі бар, сол сені қараламасын, Кімнің ұзын қолдары бар, сол сені ұрмасын! Қандай да қасірет болса да, Қандай да бақытсыздық жабысса да, Өмір сүр, мен сүргендей: тағдырыңмен үйлесімділікте! Өмір сүр: сенімен бірге Құдай – құт беруші! 55. Нені ұстайсың сен күн астында, Сол жарқырасын күміспен! Нені ұстайсың сен ай астында, Сол кез алдыңа елестесін алтындай! Шапаныңның алғы етегінде Топырласын балалар сенде, Шапаныңның артқы етегінде Топырласын малдар сенде! Сендер өмір сүріңдер – жинауға Түк болмаса да, жинақтаңдар! Сендер өмір сүріңдер – татып алуға Түк болмаса да, тойыныңдар! Мен саған сиыр бердім, Айранды болуың үшін сен! Мен саған күркеңді беремін, Тойларға баруың үшін сен! 56. Жасың сенің ұзақ болсын! Өз табиғатың сені бағаласын! Кімнің ұзын қолдары бар, Соның жəбірлері сені айналып өтсін! Кімнің жаман аузы бар, Соның сөздері сені айналып өтсін! 57. Өмір сүр,шаштарың сенің, Сол өмірден ағарғанша! Өмір сүр,тістерің барлық сенің Сол өмірден сарғайғанша! Кім өмірден кетсе, соларға, Үлкендік жаса! Кім өмірге келсе, соларға, Кішілік жаса! 58. Кім жаяу жүрсе, Соған сен атыңды бер! Кім жалаңаш жүрсе, Соған сен мерекелік шапаныңды бер!
Шаршамас та маңғаз, Қадамың сенің жылдам болсын! Жұдырығың сенің қатты да жылдам, Дұшпандарың үшін болсын! 59. Киіз үйің, ақ сенің, Сəулесіне айдың оранған, Жарқырасын тағы алтынмен! Киіз үйің, ақ сенің, Сəулесіне күннің толған, Жарқырасын тағы күміспен! 60. Сенің жаққан отың, Қызу да шоқты болсын! Сені қоршаған су, Таза да ағынды болсын! Өмір сүр сен ақ тістерің, Үгітілгенше, сарғайғанша, Жүніндей кəрі сусардың, – Осы сөздімен айтқан, есте сақта сен! Барлық сенің табындарың, Қоңды да семіз болсын! Барлық сенің қаптағандарың, Есепсіз болсын! Жанған сенің ошағың, Қызыл шоқтарға толы болсын! Ал суы сенің бұлақтарыңның, Ағынды болсын! Баулары бесіктің берік болсын! Нəрестеде болсын, əрі ағайын: Үлкен де одан, кіші де одан, Ағалары мен апалары оны қоршасын! Көйлегінің алдыңғы етегін оның, Мал, көбейе, тұяғымен бассын! Көйлегінің артқы етегіне оның, Балалар, көбейе, аяқтарымен тұрсын! Ол мен сияқты ұзақ өмір сүрсін, Қазір менікіндей оның, Қап-қара самайлары ағарғанша, Ал тістері аппақ, сарғайғанша. Сен жаққан от, Əрқашан қызу мен жарық берсін! Су, үйдегілердің шөлін қандыратын, Əрқашан таза болсын! Бұрын аппақ болған тістерің, Кəрі кəмшат жүніндей, Соңғысына дейін сарғайғанша, Сен өмір сүр! Қайыңның қатты бұтақшаларындай, Жүр нық қадамдармен! Сезілгендей олардан темір, Соққылармен дұшпанды жық! Өмірің ұзақ болсын! Ал ниеттерің қашанда биік болсын! Басың қарадан таза ақ болғанша, Өмір сүр молшылықта! Ақ тістерің сары болғанша, Бақытты өмір сүр! Жіберетін бір күні нысанаға, Оғың құламасын, не орнына оралмасын, Не досыңа сенің тимесін! Ешқашан сені кінəламасын Аузына не келсе соны айтатындар! Мен – хан Челбірмін, меңгергенмін сиқырлықты, Жəне мінемін қара-күрең атты, Ал өзім мекендеймін бас жотаны! Ағаш діңгегі қаншама берік болса, Табаның соншама берік болсын! Болғанша басың сенің ақ, Жылдар өте, көктемгі аққудай, Болғанша тістерің сенің сары, Жылдар өте, терісіндей кəмшаттың, – Сол кезге дейін, мен тілегендей, Күн мен ай сəулесін түсірсін, Саған, сенің отбасыңа, сенің алқаптарыңа! Ешқашан өшпесін сенің ошағың, Араздықпен жанаспасын сенің жастығың, Үрей мен мұқтаждықты білмесін балаларың! Астында аппақ ай сəулесінің толсын, Киіз үйлерің сендердің таза алтынға! Астында аппақ күн сəулесінің толсын, Киіз үйлерің сендердің таза күміске! Ұрпағың сенің алдыңда өсе берсін, Арқаңда табындарың сенің көбейе берсін! Алпыс тарам сенің ағайыныңның Бəрі қастықтан қорғалсын! Жетпіс тарам сенің ағайыныңның
Бəрі қас рухтардан сақталсын! Қолдау ет менің тілектеріме Ұлы Құдай – біздің қасиетті Жаратушымыз! 3. Жас жұбайларға бата Өмірде сендерге бақытсыздық жоламасын, Бəле-қырсық сендерді айналып өтсін, Қайғы мен қасірет сендерге келмесін, Жылау мен өксік сендерді азаптамасын, Ешқашан мұқтаждық сендерді қажытпасын, Бəле-сырқат сендерге жабыспасын, Өлім мен қайғы есігіңе келмесін, Қуаныш пен шаттық сендермен болсын, Бақыт пен сəттілік сендермен болсын, Төбелеріңде мəңгі күн сөнбесін! Алтай баталары 1. Сенің күміс айлы шымылдығың, Алтындай көрінсін саған; О, біздің қызымыз, еріңнің киіз үйінде Бəрі туғаныңдай болсын саған! Сенің шуақты тамаша шымылдығың, Күмістей көрінсін саған; О, біздің қызымыз, еріңнің жүрегінде Махаббатқа орын болсын саған! 2. Өмірің сенің ұзақ болсын, Жылдарың сенің шексіз болсын, Ақылың сенің шат-шадыман болсын, Ойың сенің таза болсын! Талдай, өс те бұтақтан, Көпсабақты тарыдай бол! Құрдай не саулықтай, Бала-шағалы бол, бақытты бол! 3. Қара беттіге өзіңді өсектетпе, Иықтыға өзіңді ұрғызба, Қайсарға тарпа бас салдырма! Ішіп-жегенің құт əкелсін, Таусылмасын ас-суың, Ескірмесін көйлегің сенің, Киімдерің сенің көп болсын! Шаршама шабуға сəйгүліктерде, Жүйріктер шаршауды білмесін, Сырқырағанды тəнің ешқашан білмесін, Қолтығың сенің сыздамасын! Өсіп-өнсін сенің отбасың, Сұлу бол сен – ортасында, Тағдыр сыйлаған балаларыңның! Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Жиырма томдық. 1-том. Астана, Аударма. 2005 ж. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН Кең байтақ даласы жəне миллиардтан астам халқы бар Оңтүстік Азиядағы ғана емес, əлемдегі ең үлкен елдің бірі – Үндістан. Үндістан тарихы өте ерте заманнан басталады. Ежелгі дəуірдегі əдеби, тарихи бай мұрасының əлемдік руханиятта өзіндік орны бар екендігі ақиқат. Біздің дəуірімізгі дейінгі кезеңнің өзінде жазба мұраларымен қатар ел аузында сақталған аңыздардың көптігін атап өтуге болады. Ертедегі Үндістан мəдениеті біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықта барынша гүлденіп, көркеюі елдегі мəдениеттің дамуына зор ықпал етті. Бұл жағдайды, əсіресе буддизмнің кең таралуынан байқауға болады. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мың жылдықта «Веда» деп аталатын индустардың қасиетті кітабының діни, тарихи жəне тəрбиелік маңызы ерекше. Веда іліміне қатысты «Ригведа» деген кітабында қоршаған дүние, заман, адам, тəрбие, этикалық құндылықтарға байланысты көптеген деректерді қамтыған. «Махабхарата», «Рамаяна» үнді халқының əлеуметтік-тарихи тұрмыс жағдайын, мəдени-рухани деңгейін жырлайтын көркем поэтикалық шығармалар. Үндістанда əдет-ғұрып құқықтарын жинақтаған құнды мұралардың бірі – «Дхармасшастра», «Ману заңдары» ежелгі Үндістандағы саяси-экономикалық трактат жəне заңдар жинағы болып табылады. «Артхашастра» саяси ойлар мен көзқарастарды жүйелейтін саяси ғылым ретінде танылады. Дхаммапада Ежелгі Үндістан елінде көптеген мəдени-рухани мұралар сақталып, біздің дəуірімізге жетті. Өз дəуірінде Үндістан əр түрлі бағыттағы ілімдер жүйесін жинақтаған рухани дүниелерге бай мемлекеттердің
бірі болды. Адамдардың Орталық Азиядан Үндістанға қоныс аударуы, Жібек жолы бойындағы сауда жəне мəдени байланыстарды дамытып, мемлекет келешегін тəрбиелейтін адамгершілік, ізгілікке негізделген педагогикалық ойларға толы туындыларды дүниеге əкелді. Жібек Жолының бойында орналасқан мемлекеттер үшін сауда-саттықтан гөрі, руханимəдени мұраларды ортақтастырған ойлар мен аса құнды ілімдер өте маңызды болды. Зерттеушіғалымдардың айтуынша, буддизм мен суфизмнің идеялары Жібек Жолының бойындағы ең маңызды ықпалдардың бірі еді. Гаутама Будда – (біздің жыл санауымызға дейінгі 563–483 жылдар), «Сакьямуни» деген атпен белгілі болған, қырық бес жыл бойына Үндістанды аралаумен күн кешкен, дін негізін салушы рухани тұлға. Ол Үндістанда туған буддизм философиясын Азияға таратты. Буддизм философиясы Жібек Жолының бойынан солтүстікке қарай жылжыды – Орталық Азия, Қытай, Монғолия, Корея мен Жапонияға қарай тарап, кең өріс ала бастады. Дхаммапада – будда дінінің əйгілі нақыл сөздер жинағы. Дхаммападаның түпнұсқасы пали тілінде жазылған. Бұл будда діні канондарының ең негізгі бас кітаптарының бірінен саналады. Дхаммапада екі сөзден құралған. Мұның мағынасын қазақ тіліне аударсақ, «дхамма» – ғылым, білім, ілім деген сөзге жақын келеді, ал «пада» – жол, бағыт, із деген сөздерге жақынырақ келсе керек. Сонда оны «ғылым жолы» деп аударсақ, түпнұсқадағы мағынасына жақындайды деуге болады. (А.Нілібаевтің түсініктемесі бойынша.) І тарау (үзінді) ҚОС ЖОЛДАР Істің мəнісіне жетпей жалтақтап тұратын, мəнсіз нəрседен өзінше мəн шығарып жүретін адамдар ешқашан істің шын мəнісіне жете алмайды, өйткені ондайлардың үлесіне жалған ниет қана тиесілі. Мəндіні мəнді деп, мəнсізді мəнсіз деп, істің мəнісін шынайы түсінетін адамға шынайы ниет тиесілі. Төбесі жаман жабылған үйге жаңбыр өтіп кететіні сияқты, нашар дамыған ақылды да тиымсыз көрсеқызар құмарлық билеп алады. Төбесі жақсы жабылған үйден жаңбыр өтпейтіні сияқты, жақсы дамыған ақылды көрсеқызар құмарлық билей алмайды. Бұл өмірде зарлап жүрген адам ол дүниеде де зарлап қалады. Ісі арам адам екі дүниеде де зарлап қалады. Ол өзінің істеген зұлымдық ісі үшін іштей азап тартады, зарлап жүреді. Бұл өмірде жайнап жүрген адам ол дүниеде де жайнап жүреді. Істегені тек жақсылық болған адам екі дүниеде де жайнап жүреді. Ол өзінің жақсылық істерін көріп қуанады да, жайнап жүреді. Бұл өмірде азап тартқан адам ол дүниеде де азап тартады. Зұлымдық істеген адам екі дүниеде де азап тартады. «Зұлымдықты мен істедім» – деп азап тартады. Ал, басына іс түскен күні одан əрі азап тартады. Бұл өмірде шаттанып жүрген адам ол дүниеде де шаттанып жүреді. «Жақсылықты мен істедім» – деп шаттанып жүреді. Ал, бақытқа қолы жеткен күні одан əрі шаттанады. Егер бір адам Кітап сөзіне қатты иланып, бірақ үнемі мұңды күйде жүрсе, оны өзі жайып жүрген сиыры басқанікі деп ойлайтын бақташыға баламаған жөн. Ол адам қасиетті адам қатарына жатпайды. Егер бір адам Кітап сөзіне аз қарап, бірақ дхамма жолымен жүрсе, нəпсіге бой алдырмаса, күншілдік пен надандықтан аулақ болса, тек шынайы біліммен, асыл ақылмен қаруланып, бұл дүниемен де, ол дүниемен де ісі жоқ болса, міне осы адам қасиетті адам қатарына жатады. ІІ тарау ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ Салмақтылық – мəңгі жасаушылыққа апарар жол. Жеңіл ойлылық – өлімге апарар жол. Салмақты адам өлмейді. Жеңіл ойлылар өлілерге ұқсас.
Осыны ұққан ақылдылар – салмақтылар. Салмақтылықтан олар өз қуанышын табады. Мейірімділік мəресінде масайрайды олар. Ойлылар, табандылар қашанда бекем, кемеңгер. Олар ешкімнен тəуелсіз, еркін, теңдессіз, сондықтан ондайлар Нирванаға жетеді. Кімде-кімнің қайнаған қуаты болса, теңіздей телегей ойлы, сұңғыла, өзін-өзі əр нəрседен тыя білетін, іс-əрекеті кіршіксіз таза, дхамма жолымен өмір кешкен жан болса – сол зор даңққа бөленбек. Шіркін, данышпан жан күш-қайратымен, парасаттылығымен, ұстамдылығымен һəм өзін-өзі шектей білуімен ешқандай зор ағын талқандап кете алмайтын өзіне бөлек бір арал жасап алсашы. 26. Надандар мен əумесерлер жеңілтектікке жақын тұрады. Ал, данышпандар салмақтылық пен парасаттылықты ең қымбат қазынасындай сақтай біледі. Жеңілтектіктен аулақ болыңдар, нəпсі мен құштарлықтан сақтаныңдар, өйткені, тек салмақты жəне ойлы жан ғана ұлы бақытқа жете алады. Мұңсыз данышпан жеңілтектікті жанына жолатпаса, даналықтың шыңына шығады да, тау басынан жазыққа жанар қадап, мұңды адамзатқа данышпанның наданға көз тастағанындай тебірене қарайды. Жеңілтектердің арасындағы салмақты жан қалғып отырғандардың жанында ояу адам тұрғанындай, жүзден жалғыз қара озып келе жатқан шын жүйріктей жеке дара тұрады. Махгаван құдайлардың ішінде біріншілікке салмақтылықтың арқасында ие болған. Салмақты жан мақталмақ, жеңілтек жан датталмақ. Салмақтылықтан өзіне қанағат тапқан немесе жеңілтектікке жаны шоши қараған Бхикшу небір үлкен-кіші бұғауларды бұзып жанатын от тəрізді, өзіне даңғыл жол салады. Салмақтылықтан өзіне қанағат тапқан немесе жеңілтектікке жаны шоши қараған Бхикшу құлауға бейім емес, өйткені, ол Нирванға жақын тұр. ІІІ тарау ОЙ ТУРАЛЫ Бейне-бір садақшы мерген тəрізді, данышпан адам да өз ойын тебіренген, қапаланған, жеңіл жəбірленген, өзін-өзі зорға ұстап тұрған азапты ойға қарай арнайды. Бейне бір аудан шығарылып, жағаға лақтырылған балықтай жанталасқан жалынды ой тек Мараның қанды шеңгелінен сытылып шығып кетуге тырысар. Көп сүрініп, мың сан жаққа бұрылып, буырқанған бұла ойды асқан сабырлылықпен ауыздықтау – игі іс. Ауыздықталған асау ой бақытқа жеткізеді. Бірден түсінуге қиын, жүз сырланып, мың қырланған, жең түрініп, көп сүрінген күрделі ойын данышпан тұңғиық тереңде сақтасын. Тереңдегі тебіреністі ой бақытқа жеткізеді. Алыста асқарлардан асып, жалғыз жортып жүрген жүректе ұялаған ойын асылындай аялаған асыл жан Марадан ада болмақ. Кімде-кімнің ойы тұрақсыз болса, шынайы дхамманы біле алмаса, кімнің сенімі құбылмалы болса, ондай жан даналыққа жетпек емес. Кем-кетігі жоқ, абыржуды білмейтін, жақсылықтан да, жамандықтан да бас тартатын ой ешнəрседен жасқанбайды. Осынау тəннің жүдеу жүзін аңғарып, осынау ойды берік бекініс етіп, ол даналықпен қаруланып Мараға шабуыл жасап көрсін. Ол сонда жеңіске жетіп, мақсатына қол артар болар. Амал қанша! Осынау сезімсіз, пайдасыз, қураған дөңбектей дөңкиген тұл дененің жер бетінде қамшының сабындай-ақ қысқа ғұмыры қалдыау. Жауына жауы не істесе де, күншіл күншілге не істесе де, оларға ара түсетін арам ой бұлардың жайын одан ары нашарлата түспек.
Шешесі не істесе де, əкесі немесе басқа бір туысқаны не істесе де, əйтеуір шын пейілді адал ой жас жанның жағдайын жақсарта түсері хақ. V тарау (үзінді ) АҚЫМАҚТАР ТУРАЛЫ Егер ақымақ өзінің данышпанға қатысы бар екенін өмір бойында бір сəт білсе, тіл көженің дəмін білетін қасық сыпатты болмақ. Егер данышпан өзінің данышпанға қатысы бар екенін білсе, тіл көженің дəмін білгені сияқты дхаммамен тез біліспек. Ақылдан жұрдай, ақымақ адам теріс іс істеп, өзіне өзі жау болғанын білмейді де сезбейді. Ал, арам адам ісінің ащы дəмін өзі татады. Артынан ащы дəмін татқызып, көзді жасқа толтыратын, зар еңірететін қате іс– қатерінен аулақ жүрген жөн. Артынан тəтті дəмін татқызып, көңілді қуанышқа толтыратын игілікті іс жемісті де жеңісті-ау. Зұлымдық, пісіп жетілгенге дейін ақымақ оны балға балайды. Кейін зұлымдық пісіп жетілгенінде ақымақ зар еңіреп, өкініш көкірегін қарс айырады. Ақымақ ай сайын кус шөбінің жапырағына салып тамақ ішсе де, бəрібір дхамманы білетін адамның он алты бөлігінің бір бөлігіне де тұрмайды ғой. Сүт бірден ұйып кетпейді емес пе, арам ойлы іс те бірден өз нəтижесін бере қоймайды, күлдің астында бықсып жатқан от тəрізді ол да ақымақтың артынан ереді. Егер ақымақ адам өзінің бақытсыздығын білімімен бүркемек болса, онда сəті түсіп тұрған сыбағасынан айрылып, өзінің басын жарақаттайды. Ол өзінің жағдайын пайдаланып, қолынан келместі көксеп, бхикшудың ішінде біріншілікті, монастырь билігін алуға, басқа тайпалардың арасында құрметті болуға тырысып бағады. «Барлық адамдар, тіпті қаңғыбас дуаналар да осының бəрі менің істеген істерім деп ойласын. Барлық іс, барлық жағдай маған байланысты деп ойласын», – міне, ақымақтың ниеті осы, оның тоғышар тəкаббарлығы мен ниетінің топастығы күннен-күнге арта түседі. Өйткені, бір жағдай байлыққа ие болуға қарай апарса, басқа бір жағдай нирванға апарады. Осыны біле отырып, бхикшу, Будданың шəкірті құрметке қуанбайды, бірақ жалғыздықты сүйеді. VІ тарау ДАНА АДАМ ТУРАЛЫ Кімде-кім өзінің кемшілігін көрсетіп айтқан дана адамды көрсе, қазынаның қайнар басын көрсеткен сол дананың соңынан ерсін. Осындайлардың соңынан еру жамандыққа емес, жақсылыққа жеткізеді. Ол бізге кеңес берсін, тағлым таратсын, сұмдықтан сақтап қалсын. Ол жақсыға сүйкімді, зұлымға сұсты боп көрінетін көрікті жан ғой. Жалған достың жанына ешкім де жоламасын, арам жанды ешкім де жақсыға баламасын. Жақсымен сырлас бол, жомартпен сыйлас бол. Дхамманы бастан кешкен жан – бақытты болып өскен жан. Ақылы кіршіксіз кемеңгер дхамманы мақтан етер, жақсылықты жақтап өтер. Диқан егінге суын салады, садақшы оғын жонады, шебер адам ағашын сайлайды, ал дана болса өзін өзі қайрайды. Биік құз жартас желге мұжылмайды, дана адам мақтасаң да, даттасаң да бұзылмайды. Дхамманы жадына түйген дана адам қайнар бастаудың мөлдір бұлағындай тап-таза қалпында қала береді, ешқашан лайланбайды.
Абзал адам кез келген жағдайда да алған бетінен қайтпақ емес. Парасатты жан көп сөйлеп көпірмейді. Дана кісі күйініште де, сүйініште де бір қалпынан өзгеріп, сыр бермейді. Шын данышпан өзіне де, өзгеге де не мəнсап, не байлық, не ұл бала тілемейді. Заңсыз жолмен табысқа жетуді көздемейді. Сондай саңлақтар рахымды болсын, даналықтан, даралықтан аумасын. Адамдардың ішінен біразы ғана арғы жағаға өте алады. Ал, қалғандары өз жағасын таптаумен ғұмыр кешер болар. Дхамманың жолын қуған, оны жақсы меңгерген жан ғана ажалды аттап өтіп, арғы жағаға жетпек. 87–88 Даналар ғана түнек басқан дхаммадан түңілмей өтіп, жарық айдынды жанымен аялай алар. Үйден безген, қатын-баласыз, баспанасыз, жапанды кезген бишара бекзат іңкəр болған лəззатын өзгеден тапсын. Байлықтан бас тартып, биліктен безіп, өз нəпсісіне өзі тыйым салған данышпан ақыл-парасатын сұрқия сұмдықтан, мəнсіз мінез-құлықтан да өзін таза ұстасын. Ешкімге жағымсынбай, тек оқымыстылыққа, білім-ғылымға сүйенген ақыл, еркіндікке жеткеніне қуанып, ешқандай арманды аңсамай жайнап жүрсе, сондай ақыл бұл дүниеде нирванға жетеді. VІІ тарау АРХАТТАР ТУРАЛЫ Əлемді кезген саяхатшының, ешнəрсені ойламайтын мұңсыздың, барлық жағынан еркін адамның, барлық бейнетті үстінен сыпырып тастай алатын жанның бойында ешқандай құштарлық дерті болмайды. Дана адам жеке жүргенді жақсы көреді, оның үйде отыра беруге ықыласы жоқ. Көлін тастап ұшып кеткен аққу сияқты, ол өз мекенін тастап жеке жүре береді. Дана адам өзі үшін дүние-мүлік жинамайды, оның тамаққа деген ықыласы да жоқ. Оның еншісі – ұсақ-түйек арман, тілек емес, еркіндік, азаттық. Аспандағы құстың жолы сияқты оның жолы қиын да түсініксіз. Оның арман-тілегі жойылған, тамаққа да зауқы жоқ. Оның еншісі – азаттық, қандай бір тілегі, шарты да жоқ. Аспандағы құстың жолы сияқты оның жолы тайғақ кешу, ұғуға қиын. Оның сезімі салиқалы, салмақты. Бейне бір ауыздықталған ат сияқты ол. Тəкаппарлық дегенді ол білмейді, алдына қойған мақсаты да жоқ. Мұндай жанға құдайдың өзі де қызығады. Ол жер сияқты сабырлы, асып-сасу, тасу дегенді білмейді. Ол бейне бір Индираның діңгегі тəрізді мығым, берік, рахымшыл. Ол жарқырап жатқан мөлдір көл сияқты. Мұндай жанда сансар да болмайды. Оның ойы да парасатты жəне сөзі сыпайы да жігерлі. Ондай адамның сенімі жоқ, жаратылмағанды да біледі, алданатын ермегі де жоқ, өмірдегінің бəрінен қол үзген, ол шын мəніндегі мархабатты адам. Архаттарға ауыл да, орман да, жазық жер де, тау да, қай жерде жүрсе де оларға бəрі де ыңғайлы. Оларға орманның іші де ыңғайлы. Жай адамдарға ыңғайлы, жайлы емес жердің бəрі де ыңғайлы, жайлы. Олар ешқаңдай сезімінің қанағаттануын тілемейді. VІІІ тарау МЫҢ ТУРАЛЫ Керексіз сылдыр судан құралған мың сөзден гөрі жүрекке жетіп жататын бір сөз əлдеқайда артық. Керексіз сылдыр судан құралған мың ауыз өлеңнен гөрі жүрекке жететін жалғыз жол өлең əлдеқайда артық. Ешқандай мағынасыз, пайдасыз жүз ауыз өлеңді жатқа айтып тұрғаннан гөрі, естісең көңілің жай болатын жарты ауыз өлең артық.
Егер біреу мың жауын мың рет жеңсе, ал енді екінші біреу жалғыз өзін ғана жеңсе, соңғының жеңісі алдыңғыға қарағанда нағыз жеңімпаздың ұлы жеңісі болмақ. Шынында да адамның өзін өзі жеңуі, өзіне өзі тұрақты түрде тыйым сала білуі, өзін өзіне көндіре білуі басқа біреуді жеңуден əлдеқайда артық. Шындығында өз ісіне берік, істің мəн-жайын жетік білетін адамның жеңісін Марамен бірге Брахма да, тіпті Құдайдың өзі де жеңіліске айналдыра алмайды. Кейбір адам жүз жыл бойы ай сайын мың реттен құрбандық шалсын, ал басқа біреу жалғыз сəтке болса да оған құрмет көрсетсін, бірақ өзінөзі жетілдіре түссін. Міне, осы соңғының өзі алдыңғыдан немесе жүз жылдық құрбандық шалудан əлдеқайда артық болмақ. Кейбір адам орманда жүз жыл бойы отты өшірмей сақтаса да, өзінөзі жетілдіре түскен адам оған жалғыз сəтке құрмет көрсетсін, бəрі-бір осындай құрметтеу жүз жылдық құрбандық шалудан артық. Бұл дүниеде кейбір адам жыл бойы қайырымдылық көрсетіп, шапағатын төксе де, кейде мұның өзі көк тиынға тұрмауы да мүмкін. Өмірдің əділ жолына бастаған адам бəрінен де артық. Кімде-кім үлкенді сыйлай білсе, өзі жұртқа қадірлі болса төрт дхаммаға қолы жетеді. Олар: өмір, сұлулық, бақыт, қайрат. Мархабатты да рахымды, өзімен өзі болып, ой тереңіне үңілген ғибратты ғұламаның бір күнгі ғұмыры бұзылған һəм бейбастақ жанның жүз жылғы ғұмырынан əлдеқайда артық. Даналықтың дариясына ден қойған һəм өзімен өзі болып, ой тереңіне үңілген ғибратты ғұламаның бір күнгі ғұмыры надан əрі нас адамның жүз жылғы ғұмырынан əлдеқайда артық. Қайнаған қайраты бар қуатты адамның бір күнгі ғұмыры еріншек те босбелбеу былжырдың жүз жылғы ғұмырынан əлдеқайда артық. Өмірдің басы мен соңын оймен білген өнегелі өреннің бір күнгі ғұмыры өмірдің басы мен соңын ойына да алмаған əумесердің жүз жылғы ғұмырынан көп артық. Мəңгіліктің жолын көрген кемеңгердің бір күнгі ғұмыры мəңгіліктің мəнін түсіне алмаған наданның жүз жылғы ғұмырынан көп артық. Жоғарғы дхамманы көзі көрген көреген жанның бір күнгі ғұмыры жоғарғы дхамманы көре алмаған көрсоқырдың ғұмырынан көп артық. ІX тарау ЖАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ Ол біреуге жақсылық жасауға тырыссыншы. Өзінің ақыл-ойын жамандық жасаудан аулақ ұстасыншы. Біреуге жақсылық жасауға асық паған адамның ақылы жамандықтан, яғни жамандық жасаудан лəззат алады. Егер адамдарға жамандық жасаған болса, ол жамандығын басқаға да қайта-қайта жасай берсін. Бұл қылығынан ол жақсы бір үміт күтпей-ақ қойсын. Жамандық көбейген жерде қасірет тұр. Егер адамдарға жақсылық жасаған болса, ол жақсылығын басқаға да қайта-қайта жасай берсін. Бұл қылығынан ол жақсы бір үміт күтсін. Жақсылық түбі – қуаныш. Зұлымның өзі де, сол зұлымдығы пісіп-жетілгенше, бақыт көргісі келеді. Зұлымдығы əбден пісіп-жетілгенде оның көретіні – зұлымдық. Тіпті ізгіліктің өзі де ізгілігі пісіп-жетілгенше зұлымдықты көруі мүмкін. Ізгілігі пісіп-жетілген соң оның көретіні ізгілік. Зұлымдық жөнінде: «Зұлымдық маған келмейді» – деп жеңіл ойлама. Қолыңдағы ыдысыңның өзі де тамған тамшыдан су болып толады ғой. Надандар өзінің зұлымдығы қалай көбейіп кеткенін аңғармай қалады. Жақсылық жөнінде: «Жақсылық маған келмейді» – деп жеңіл ойлама. Қолыңдағы ыдысыңның өзі де тамған тамшыдан су болып толады ғой. Ақылды адам өзінің жақсылығы аздап жақсылық жасағанынан көбейгенін аңғармай қалады. Байлығы көп, бірақ серігі жоқ бай адам сияқты, хауіпті жолда
зұлымдықтан аулақ жүрсең, кей адамның өзі өмірінде уды көксеген сияқты болмасын. Егер де қолында бірде-бір жара болмаса, уды қолымен ұстап жүре беруіне болады. Жарасы жоқ жерге у зиян тигізбейді. Кімде-кім зұлымдық жасамаған болса, оған зұлымдық жоламайды. Кімде-кім кіршіксіз, кінəсіз таза адамды ренжіткен болса, ондай наданға, желге қарсы лақтырған шаңның өзіңе зиян тигізетіні сияқты, оның арты жамаңдық болып, өзіне оралады. Кейбіреулер өзінің анасының аясына оралады, зұлымдық жасағандар тамұққа, тозаққа түседі, əділдік жасағандар аспанды паналайды, арманына жете алмағандар Нирванға жетеді. Ақырында зұлымдықтан арылса да, ондай жан өмірге шын сіңісіп, кірігіп кете алмаса, аспаннан да, мұхиттың ортасынан да, тіпті, жердің жарығынан да өзіне пана таба алмайды. Өлімді де өз санасымен жеңе алмаса, өмірге шын сіңісіп, кірігіп кете алмаса, ондай жан аспаннан да, мұхиттың ортасынан да, тіпті жердің жарығынан да, жер бетінен де өзіне мекен таба алмайды. XІІ тарау ƏР АДАМДАҒЫ «МЕН» ТУРАЛЫ Əркімнің өзінің «мені», əрине, жақсы нəрсе. Əркім оны қырағылықпен сақтағаны дұрыс. Данышпан адам өзінің үш қорғанының бірі ретінде оған риза болуы керек. Ол ең алдымен өзін тиісті жағдайға келтірсін. Содан соң басқаны үйренуіне болады. Дана адам алған жолынан аумайды. Басқаны қалай үйретсе, өзі де солай үйренсін. Өзін бəріне толық көндірген адам басқаны да соған көндіре алады. Шын мəнінде өзін-өзі бəріне де көндіру қиын іс. Əркімнің өзіндегі «мен» өзінің қожасы. Оған өзінен басқа кім қожа болуы мүмкін? Ең қиын нəрсе – өзіндегі «менді» толық тауып көндірсе, ол өзінің қожайынын тапқаны болмақ. Өзінен-өзі туған, өзінен-өзі пайда болған жамандық та болады. Ал жақсылық болса, өткір алмас тасты тілетіні сияқты, надандықты да жеңеді. Кімнің мінезі шəлкес болса, онда ол өзінің жауы қалағаныңдай іс істейді. Ондай адам сал ағашын орап, шырмап алатын манува өсімдігін еске түсіреді. Адамға зиянды əрі жаман іс – істің жеңіліне əуес болу. Ал жақсы да пайдалы іс – қашан да ең қиын нəрсе ғой. Теріс көзқарасы бар надан адам архат іліміне күдікпен қарайды. Дхаммаға байланысты өмір сүретін рахымшыл, игі ниетті адам каттхака бұтасына ұқсас, пісіп-жетілген соң жемісін береді де, өзі жойылады. Кей адам жамандық іс істейді де, өзін өзі қор етеді. Жамандық істемеген адамның өзі де таза болады. Тазалық пен ластық бір-бірімен байланысты. Бірін-бірі тазалай алмайды. Өзінің ізгілікті ісі бола тұрып, басқаның да ізгілікті ісін жоққа шығармауы жөн. Өзінің ізгі ісін тани отырып, жоғары деңгейдегі ұлы істерге ұмтыла бергені дұрыс болмақ. XІV тарау (үзінді ) АҒАРТУШЫ ТУРАЛЫ Шынайы адам болу аса қиын, пенде болу да қиын, нағыз дхамманы есту де қиын, ағартушы болып туу да қиын. Жамандыққа жоламау, жақсылыққа жету, өзіңнің ақыл-ойыңды таза ұстау – ағартушының ілімі міне, осылар. Ұстамдылық, терең төзімділік – ең жоғарғы аскетизм, ең жоғарғы Нирвана, – дейді ағартушы адам, өйткені, басқаға қиянат жасау – тақуалық емес, біреуді өкпелету – аскет емес.
Біреуді масқараламау, қиянат жасамау жəне Практимокшаның келісімімен ұстамдылық көрсету, тамаққа қанағатшыл, жеке жүру, асқақ ойға беріле бас ию – міне, ағартушы адамның ілімі осы. Тіпті аспаннан сел боп құйған алтын да нəпсіні қанағаттандыра алмайды. Нəпсіні ауру деп санайтын, одан қуаныш та көрмейтін адам ғана данышпан адам. Ол аспандағы асқақ лəззаттан да қанағат ала алмайды. Толық ағартушылық жолына ұмтылған шəкірт нəпсісіне тыйым салғанына қуанады. Қорқыныштан үрейленген адам тау-тастан, орман ішінен, ағаш арасынан, бейіттен, барлық жерден өзіне баспана іздейді. Мұндай баспана да мүлдем хауіпсіз бола алмайды, мұндай мекеннің де ешқандай артықшылығы жоқ. Мұндай мекен, баспана тапса да, ол адам барлық қасіреттен құтыла алмайды. Тек Буддадан, Дхаммадан жəне Сангхадан пана тапса, шынайы білімді болса, сол ғана төрт шынайы шындықты көре алады. Жамандық, жамандықтың арғы тегі, жамандықты жою жəне ізгілікті сегіз жол, осылар ғана жамандықты жоюдың жолы болмақ. Міне, осындай баспаналар хауіпсіз, мұндай баспана – ең жақсысы. Осындай баспанаға қолы жеткендер барлық қайғы-қасіреттен ада болады. Жақсы адамдарды іздеп табу оңай шаруа емес, ондай адам əр жерден табыла бермейді, əр жерде тумайды. Дана адам туған жердің туғантуысқандары да бақытты болмақ, гүлдене бермек. XVІ тарау (үзінді) ЖАҒЫМДЫ ІС ТУРАЛЫ Ұсақ-түйекпен босқа əбігер болып, өзін терең ойға арнай алмаған, өмірде алдына қойған үлкен мақсаты жоқ, болмашыдан лəззат алған адам ой үстінде, өзімен-өзі болып жүрген адамды жақтырмайды. Жағымды іске де, жағымсыз іске де ешқашан түгелдей берілме. Жағымды істі ғана көріп, жағымсыз істі көрмеу – жамандыққа ұрындырады. Сондықтан тек жағымды іс істеме, жағымды істен айрылу қиын екенін тағы да естен шығарма. Жағымды да, жағымсыз да ісі жоқтың дəнекері де жоқ болмақ. Жағымдыдан мұң туады, жағымсыздан үрей туады. Жағымсыздан азат болғанның мұңы да жоқ. Сонда үрей қайдан келеді? Бейімділіктен мұң туады, бейімділіктен үрей туады. Бейімділіктен босағанның мұңы жоқ, оған үрей қайдан келеді? Əбден берілушіліктен мұң туады, əбден берілушіліктен үрей туады. Берілушіліктен босағанның мұңы жоқ, сонда үрей қайдан келеді? Құштарлықтан мұң туады, құштарлықтан үрей туады. Құштарлықтан құтылғанның мұңы жоқ, соңда үрей қайдан келеді? Тілектен мұң туады, тілектен қорқыныш туады. Тілектен босағанның мұңы жоқ, соңда үрей қайдан келеді? Адамгершілігі мол, зерделі, дхаммаға берік, тек шындықты ғана айтатын, өзінің парызын орындайтын адамды халық парасатты кісі деп санайды. XІX тарау (үзінді) ДХАММАНЫ САҚТАУШЫЛАР ТУРАЛЫ Ол көп сөйлегендігі үшін дана емес. Сабырлы, көре алмаушылықтан ада, қорқуды білмейтін жанды дана адам деп атайды.
Көп сөйлегенімен, ол дхамманың білгірі емес, кімде-кім дхаммаға менсінбей қарамаса, тіпті ол аз оқыған адам болса да, өзінің жан-тəнімен оны сезінсе, сол адам шынында да дхамманың білгірі болмақ. Басындағы шашы аппақ болғанымен, ол бəрінен үлкен емес шығар. Ол жасы келіп қалған қарт адам. Бірақ, оны «ештеңе бітірмей қартайған адам» деп санайды. Оның бойында шын мəнінде дхамма болса, күш көрсетпеу, кеуде көтермеу, өзін тежеп ұстау, бұйығы, ары кіршіксіз, ойшыл дана болса, соны үлкен адам деп таниды жұрт. Қызғаншақ, күншіл, жалтарғыш, қу адам өзінің қызыл сөзділігімен, əдемі өңімен кісіні өзіне тартып тұратын сүйкімді жан бола алмайды. Кімде-кім өзінің бойынан жоғарыда айтылғандай жағымсыз нəрселерді сылып тастай алса, кім ақылды болса, көре алмаушылық мінезден құтылса, сондай адамды «жақсы кісі» деп атайды. Ешкімді тыңдамайтын, өтірікші адам басындағы шашын қырып тастағанымен дəруіш бола алмайды. Өзі сараң əрі нəпсісін тия алмайтын адамнан қандай дəруіш шықпақ? Кімде-кім үлкен болсын, не кішкене болсын, зұлымдықты өзіне бағындыра білсе, ондай жанды дəруіш деп атайды, өйткені, ол зұлымдықтың арам ойын тізгіндей алады ғой. Басқа біреуден мейірім сұрағаны үшін бхикшу емес. Барлық дхамманы меңгеріп алып барып қана ол бхикшу бола алады. Мынау дүниеде жақсылық пен жамандықтан биік тұрып, немесе кінəсіз да кіршіксіз өмір сүрсе, өзінің білімін көтерсе, осындай адамды ғана «бхикшу» деп атайды. 268–269 Тірліктің тыныштық тəртібін сақтаса да, ессіз надан дана бола алмайды. «Ақылды адам жақсыны жақтап, жаманды даттап, таразылай білсе, сол дана болмақ. Бұл дүниеде осылардың бəрін ақылмен аңғара білсе, сол дана адам деңгейіне жетеді. XXІV тарау (үзінді) НƏПСІ ТУРАЛЫ Ойсыз, алаңсыз адамның нəпсісі малува шөбі сияқты өсімтал болады. Ол – өзіне қорек іздеген маймыл тəрізді, күннен күнге жалғаса береді. Кімде кімді дүниеге құштарлық жеңсе, жемісі өсімтал бирана шөбіне ұқсап, оның мұңы да өсе береді. Кімде кім бұл дүниеде, өте қиын болса да, өзінің нəпсісін жеңсе, біріне бірі лотостың жапырағынан су тамшысы ұшып кететіні сияқты, оның басынан мұң да кетеді. Менің сіздерге айтарым: Осы жиналып отырған бəріңе игілік тілеймін. Усирудың жұпар иісті тамырын табу үшін бирана шөбін жұлып тастайтындарың сияқты, нəпсілеріңді де тамырымен жұлып тастаңдар! Ағын қамысты ағызып кете алмайтыны сияқты, сендерді де Мара жеңе алмайды. Нəпсінің қызығына берілген адамдар қорыққан қоян сияқты өзінөзі айналып жүгіре береді. Сондықтан бхикшу егер өзінің құштарлық қылығын жойғысы келсе, нəпсісін бойынан қуып шықсын. Байлық басқа жағаны көксеген адамды емес, наданды мерт қылады. Байлық көксеген надан басқаны да, өзін де мерт етеді. Арамшөп егіндікті былғайды, нəпсі адамды былғайды. Сондықтан нəпсіден тыйылған адамның ісі жемісті болмақ. XXV тарау (үзінді) БХИКШУЛЕР ТУРАЛЫ Көруге ұстамдылық – жақсы, естуге де ұстамдылық – жақсы, иіске де ұстамдылық – жақсы, тілге де ұстамдылық жақсы.
Тəнге ұстамдылық – жақсы, сөзге ұстамдылық – жақсы, барлық нəрсеге ұстамдылық – жақсы. Барлық жайға ұстамды болған бхикшу барлық мұңнан ада болады. Қолын басқарған, аяғын басқарған, сөзін басқарған адам кемелдікке жетеді. Өйткені, іштей қуанышты, бірбеткей, басқалардан оңаша болса, міне сондай адамды бхикшу деп атайды. Сөзге ұстамды, ақылмен толғайтын, кішіпейіл, дхамманың маңызын түсіндіре білетін бхикшудің айтқан сөзі де мəнді болады. Дхаммадан лəззат алатын, дхамманы мақтан ететін, дхамма туралы ғана ойлайтын, дхамманы еске сақтайтын адам – шынайы дхаммадан басқа жаққа бұрылмайды. Ол өзі қол жеткізген нəрсеге астамшылықпен қарамасын, ол басқа біреуге көре алмаушылық қылық көрсетпесін. Өйткені, біреуді көре алмаған бхикшу парасаттылыққа жете алмайды. Егер бхикшу өзі қол жеткізген нəрсесіне астамшылықпен қарамаса, кіршіксіз таза, шынайы өмір сүрсе, құдай оның даңқын асыра түседі, жарылқайды. Кім-кімде аты мен түрін теңестіру мүлдем жоқ болса, кімде-кім ешнəрсеге мұңаймайтын болса, міне осындай адамды бхикшу деп атайды. Достықта өмір сүретін, будда іліміне сенетін бхикшу бақытын, жайлы орынын тапсыншы. Сонда санкхар да тиылады. О Бхикшу! Мынау кеменің ішін босат, өзіңді де ауыр жүктен босат, сен жеңіл қимылдайтын боласың. Көрсеқызарлық пен көре алмаушылықты жоя білсең, сен Нирванға жетесің. Бесті босатып жібер, бестен бас тарт, бестен биік тұр! Бес бөгетке үйір болмай, оларды бұзып шыққан адамды «ағыннан өтіп шыққан» деп атайды. О бхикшу, ойлан, жеңіл ойлы болма, ойыңды сезімді қанағаттандыру ағынына айналдырма, көп нəрсе парық қыла бермейтін сені жұмыр темірді жұтуға, отты жануға, «Азап шеккенім-ай!» – деп жан даусыңмен айқай салуға душар етпесін. Ешнəрсені білмейтін адамда ой жоқ, ойы жоқ адамда білім жоқ. Ал аты да бар, білімі де бар адам шын мəнінде Нирванаға жақын. Сабырлы ақылы бар бхикшу оңаша жалғыз кетіп, таңғажайып лəззатқа бөленеді: ол дхамманы ап-анық көреді. Əрбір кезде ол элементтердің пайда болуы мен қирауын толық танып, осынау мəңгілікті біледі де қуаныш пен бақытқа бөленеді. Дана бхикшу үшін сезімді бақылайтын, Пратимокшаның келісімімен қанағаттану жəне ұстамды болу ісін іске асырудың басы, міне, осы жерде. Таза да жақсы өмірге бастайтын досыңның артынан ер. Адамның мінез-құлқы өмірге һəм əділдікке бейім болсын. Ондай адам сор-бейнеттен құтылып, қуанышқа тап болады. О бхикшу, вассика өзінің қураған гүлін үстінен сыпырып тастайтыны сияқты, сен де көре алмаушылық пен көрсеқызарлықтан босануға міндеттісің. Сөзі салмақты, тəні тұрлаулы, ойы терең жан біртоға болып, өмірдің былық-шылығынан қашық тұрса, бхикшу деп сондай адамды айтамыз. Өзіңді өзің мазала, өзіңді өзің тексер. Өзін-өзі қолға алған, өзіне өзі ие бхикшу бақытты өмір кешпек. Аударған Ə. Нілібаев. МАХАБХАРАТА (б.з.д. VІ – ІІ ғ.б.з.) «Махабхарата» ежелгі Үндістандағы тарихи, философиялық, педагогикалық ойларды жырлаған дүние жүзіндегі ең көлемді дастандардың бірі. Дастанда патшалар мен патшайымдардың, ханзадалар мен ханшалардың өмірлері жайында, данагөй қарттар мен қарапайым халықтың ерлік істері туралы жазылған. Виаса деген ақын бұл дастандарды құрастырып, жинаған. «Махабхарата» дастанында Нала мен Дамаянти махаббаты, Савитри адалдығы, Кришнаның атақты жорықтары, Хиндидің ұлы дұға кітабы «Бхагавад Гитадан» басқа санскрит тілінде жазылған «Кауравас пен Пандавас» деп аталатын тарихта болған оқиғаны сипаттайтын əңгімелер бар. Хастинапурада, яғни қазіргі Дели қаласында, Бхатара патшаның екі мұрагерлері Пандуда мен Дхритараштра деген адамдардың таққа таласы жайында баяндалады.
МАХАБХАРАТА
ӨЗЕННІҢ ҰЛЫ МЕН БАЛЫҚШЫ ҚЫЗ
САТЬЯВАТИ МЕН ШАНТАНУ ПАТША ТУРАЛЫ ЖЫР
Ганганың уəдесі
Айтқан сөзі ақиқат, шайқаста ер жеңетін,
Махабхиша айбынды билеуші ел сенетін.
Сан сəйгүлік жылқыны таңдап жинап алыпты,
Индраның құрметіне құрбандыққа шалыпты.
Риза болып Индра оны қолдап жүріпті,
Өмірі оның ұзақ боп, мəңгілік өлмей тұрыпты.
Құдайлар мен патшалар салтанатты, көрікті,
Бірде қатал, сабырлы Брахмаға келіпті.
Бəрі келіп жиналып, Брахмаға жолықты.
Көппен бірге сондағы Махабхиша да болыпты.
Сұлу дария Ганга да осылардың ішінде,
Бабасына келіпті сүйкімді, сұлу мүсінде.
Сол сəт кенет шығыстан бір қатты жел соғады,
Сұлудың түріп көйлегін, ыңғайсыз жай болады.
Құдайлар сонда қымсынып, бəрі төмен қараған,
Махабхиша тек қана өзін батыл санаған.
Жел көтерген көйлекке қарады ол сұқтанып,
Қарғады сонда Брахма, айтқан сөзін ұқты анық.
Туып ең жай пендеден, қайта орал сол жаққа,
Ажал алар бір күні, кəдімгі адам болмаққа.
Махабхиша еске алды өзінің өткен кездерін,
Қайырымды дана патшаны, оның асыл сөздерін.
«Пратипа, – деді ол, – менің əкем болады,
Əділ патша атанып, басына даңқ қонады.
Ганга сұлу бұл сəтте Махабхишаны көреді,
Шын жүректен көңілі ауып, құштар боп жаны төнеді.
Осы шақта батуға күн жақындап қалады,
Ганганың шығып алдынан сегіз васу қарады.
Жол үстінде тұрды олар, үсті-басы шаң болып,
Ганга сонда тіл қатты оларға аң-таң болып:
«Бишара мынау сіздерді біле алмадым шын ұғып,
Бұрынғы қайда салтанат, бұрынғы қайда ұлылық?»
«О, Ганга! – деді васу сонда ерекше мұңданып,
Қарғыс тиді біздерге, өксіктен ішім тұр жанып.
Болмашы бір іс үшін тарттық қой жан азабын,
Васиштханың атып қарғысы, көтердік соның мазағын.
Қасиетті адам құпия дұға оқып отырса,
Қасына жақын барыппыз, ағаттық жасап осынша
Əлгі сопы қарғады аузынан атып қаралы үн,
«Ажал тапсын сендерді құрсағында ананың!»
Веданы білгіш сопыға қарсы дау айта алмаймыз,
О, ұлы дария, өзіңе тілегімізді жолдаймыз.
Бізге ана болыңыз, Сізге осы лайық,
Жерден емес, аспанның құрсағынан қайта туайық!
Ганга сұлу жарқылдап, күндей бейне тұр жанып,
«Жарайды!» – деді ап-анық, кетті сонда нұрланып.
Келесіздер дүниеге құдіреттің тəнінен,
Кімді əке дейсіздер? Маңызды іс бұл бəрінен.
Васулар сонда бүй деді: «Адамзаттың тегінен,
Əкені таңдап аламыз мархабатты ерінен.
Пратипа ұрпағы, Шантану аты өзінің,
Əділ, тура, қайырымды, бəрі шындық сөзінің».
Ганга айтты: «Түгел бəріңді құтқарамын азаптан,
Бəріңе берем шат күлкі, қуаныш, бақыт, азат таң!»
Васулардың үміті жарқырап алдан жанатын,
Айтты олар: «О, Ганга, үш əлемде бірдей ағатын.
Аспанда тусақ, біз сіздің көңіліңізді шат қылып,
Жібереміз бəрімізді суға қарай лақтырып».
Ганга айтты: «Сізді бөлейін, сөйлейін жүрек жандырып,
Кездесем мен онымен, ұмытпасын мəңгілік.
Мен оның болам зайыбы, құлақ салсын мұңыма,
Шантану деп ат қоям мен ең соңғы ұлыма».
Васулар сонда үн қатты: «Біздерге бақыт қонады!
Бəріміз де өзіңе қол ұшын берсек болады.
Сіз туасыз құдіретті ұл, бар əлемді билейтін,
Адамдықты қолдайтын, арамдықты сүймейтін.
Аты оның жетер жер-көкке ауыздан түспес əн-жырдай,
Бірақ ол өтер өмірден, артына ұрпақ қалдырмай».
Васулар Ганга – өзенмен осылай сұхбаттасыпты,
Шаттықта өмір кешіпті, абыройлары асыпты.
Шантанудың тууы
Пратипа баршаға атақ-даңқы тараған,
Ганга-өзенді шын сүйіп, ғашық боп оған қараған.
Гангаға ол баратын, жағада дұға оқитын,
Мархабатты істерін жүрегіне тоқитын.
Бірде оның жанына күндей жайнап, нұрланып,
Жас сұлу келді күлімдеп, бір ұшқындап, бір жанып.
Махаббаттың дəл бейне тəңіріндей мəңгі жас,
Ганга келді жарқылдап, ерке қылық, нəзік наз.
Жас жүзінен бақыттың нұры есіп тұрғандай,
Патшаның келді қасына, сұлу еді бұл қандай!
Көркем көркі гүл жайнап, батыл басып ентелей,
Оң тізесіне патшаның отырды келіп еркелей.
Пратипа тіл қатты: «Бар еді қандай тілегің?
О, жас сұлу шыныңды айт, не тілейді жүрегің?»
«Бар тілегім – өзіңсің, айтамын ақыл-санаммен,
Тілегімді бергейсің, шын құштармын саған мен».
Жауап қатты Пратипа: «Сенер болсаң, шырағым,
Сен түгіл өз жарымның жанына жатпай шыдадым...
Көріп тұрмын тағы да кастадансың мен білмейтін,
Сертім бар мұндай əйелге қарамайтын, тимейтін».
О, билеушім, ғапу ет, болсам да басқа кастадан,
Құштар боп келдім өзіңе, керек жоқ маған басқа адам.
Менің жас, көркем тəнімді құшқанда көзің жетеді,
Рақатқа батасың, безбесең менен не етеді?»
Пратипа қайтадан жауап қатты сұлуға,
«Хақым жоқ менің ешқандай, дəстүрлі заңды бұзуға.
Оң тіземе отырдың, сондықтан жолың болмайды,
Қателестің аңқау қыз, тілегің орындалмайды.
Оң тіземе келіңдер, отыратын қыздарым,
Сол тіземе отырмай, дəстүрді өзің бұзғаның.
Енді өзің ешқашан бола алмайсың маған жар,
Ұғарсың осы сөзімді, басында ой-санаң бар.
Одан-дағы келін бол, балама алып берейін,
Осы менің шын сөзім, одан басқа не дейін».
Жас сұлу оған тіл катты: «Көпті көрген данасың,
О, тақуа қарт адам, сертіңе берік боласың.
Олай болса, балаңмен бас қосуға əзірмін,
Қасиетті сен өсірген болайын жары əз ұлдың.
О, ұлы сопы, Бхараттың нəсіліне адал боп,
Өмір кешсем жарар-ды сенің келін балаң боп.
Өзің қайнар басысың бар бақыттың, ырыстың,
Даңқыңды арттыруға шын жүректен тырыстым.
Бірақ менің шартым бар, енді соны айтайын,
Сұрамасын балаңыз келініңіздің мəн-жайын.
Сұрамасын руымды, менің шыққан тегімді,
Басына бақыт боп қалам, жары болам сенімді.
Менен туған ұлдарға əділетті, рақымды,
Қайырымдылықпен қарап, əке болсын ақылды».
Осыны айтып жас сұлу көзден ғайып болыпты,
Ұлым болар деп Пратипаның көңіліне үміт толыпты.
Нағыз батыр жауынгер көрсеткен талай ерлікті,
Қос жұбайдан ұл туар деп үмітпен ел күтті.
Пратипа рақымды, еңбекпен күн көреді,
Қос жұбайдан ұл туып, қуанышы мол еді.
Жаңа түрмен Махабхиша дүниеге келіпті,
Айтқаны келіп сұлудың, сөйтіп патша ұл көріпті.
Пратипа ақкөңіл, істері тек мархабат,
Əлгі туған ұлына Шантану деп қойған ат.
Батыр болсын əлемге атағы кең жайылған,
Заң-дəстүрді бұзбасын, болсын артық қай ұлдан.
Ер жетті ұлы шынында, ел қатарлы адам боп,
Əке ақыл айтар ұлына, болашағына алаң боп.
«Балам, тыңда сөзімді, мен талай жай көргем-ді,
Бір сұлу қыз ертеде алдыма менің келген-ді.
Сол сұлу қыз саған да келуі мүмкін, жақында,
Махаббатқа адал сондай жан аз болар əйел затында.
Келсе егер сұлу, айтарым: мəн-жайын түгел сұрама,
Махаббатынан лəззат ал, құшағына ыстық құла да.
Сұрама, балам, жарыңның ішіндегі сырларын,
Екеуіңнің болады алтын асықтай ұлдарың.
Сүй оны шын жүректен, махаббатқа адал бол,
Ол да сені шын сүйер, қор етпес сүйген адамды ол».
Осылай деп Пратипа, ұлына ойлап жақсылық,
Патшадай сылап-сипады, соңғы сөзін тапсырып.
Ақ жүрек, адал, асыл жан терең оймен толғанды,
Орманға кетіп оңаша, көзден ғайып болған-ды.
Ганга мен Шантанудың ұлдары
Шантану мерген садақшы тынымсыз аң аулайды,
Аң аулап жан сақтайды, басқаға көңілі аумайды.
Ізіне түсіп қуады бөкен менен киікті,
Мергендік осы өнері өзіне болды сүйікті.
Аң аулайды жас мерген Ганга өзенін жағалап,
Бір адамға кез болды орманды жүріп аралап.
Даусы əсем əн салса, жан балқиды сөзіне,
Келбетінен күн күлген, құдайдың дəл өзі ме?
Көзін салса көркіне Шантану таң қалады,
Нəзік жанды жас сұлу өзіне тартып барады.
Сұлулығы көзді арбап, лала гүлдей жайнаған,
Көрген жанның көңілі ауып, арманы іште қайнаған.
Меруерттей аппақ тістерін, бейне зергер қалаған,
Құштар болып көркіне, сұқтана қарар əр адам.
Туған айдай толықсып, мың құбылған наз қылық,
Гүл-гүл жайнап жас өңі, көңілді, жайсаң жаз қылып.
Қарай берді Шантану жас сұлуға таңданып,
Жас жігіт тұр толғанып, сан өртеніп, сан жанып.
Жақындады сұлу қыз жас жігіттің жанына,
Кетті тулап сол шақта Шантанудың қаны да.
Жігіт те сонда жақындап, көркем кызға қарады,
Екеуі де құштарлық, ғашықтықтан жанады.
Қыз да қарап жігітке, тіпті көзін алмайды,
Үнсіз, тілсіз екі жас қос жүректі жалғайды.
Шантану айтты: «О, жас қыз. Қайдан келдің сымбатты?
Апсара əнші сенбісің көкте тұрған қымбатты?
Данависың ба, жылансың ба, қайдан келдің, қарағым?
Адамсың ба? Құдайсың ба? Өзгеше ғой жанарың?
Перісің бе көктегі? Арусың ба жердегі?
Əйтеуір маған жар болшы, тілек осы мендегі».
Мұңды үнін естіп жігіттің ешбір қалжың, əзілсіз,
Васудың шартын орындап, жар болуға əзір қыз.
Патшаның сөзін тыңдады да ол, мол лəззатқа кенелді,
Ақылды, сұлу əлгі қыз сонда сөйлей жөнелді:
«О, Шантану, мен сенің адал жарың болайын,
Əміршім, сенің қолыңа бақыт құсы боп қонайын.
Бірақ саған шартым бар, не істесем де көнесің,
Дауласпайсың менімен, осыған қол бересің.
Егер мені қорласаң, өмірден өксіп өтемін,
Онда саған жар болман, сол сəтте-ақ сенен кетемін.»
«Келістім» деді Шантану, қуаныштың жоқ шегі,
Айтқаныңа түгел көнемін, қинай берме көп мені.»
Міне, осыған келісіп, екі жас қол алысты,
Көп қызыққа кенеліп, лəззат балын қана ішті.
Жігіт белін байлады: «Еш нəрсе одан сұраман,
Сұлу жарсыз осындай өмірде қалай тұра алам?»
Сөйтіп, патша Шантану көңілі толды жарына,
Мінсіз сұлу жүзіне, кірсіз аппақ арына.
Екеуі де осылай қойған шартқа келісті,
Махаббаттың лəззатын екеуі тең бөлісті.
Бұл сұлу жар – Ганга өзен махаббаттың құдайы,
Үш əлемнің өзегін жарып аққан ұдайы.
Кейпіне келіп адамның, сымбатты əйел бола алды,
Сұлулықтың құдіреті, даңқы əлемге таралды.
Өзен Ганга осымен жар болды бір сүйікті.
Шантану патша жұбайы, атақ-даңқы биік-ті.
Патшаға ол лəззат береді, сүйкімді нəзік қылықпен,
Мың бұралып билейді керсетіп өнер, жүріп тең.
Алақанында аялап, патша оны еркелетеді,
Сұлу да сан мың қылықпен өзіне ентелетеді.
Ғашығын құшып Шантану бақыт-күн бастан кешеді,
Асыл жар тауып ардақты, көңілі таудай өседі.
Осындай думан қызықпен зымырап күндер өтеді,
Бір шаттык өтсе басынан, тағы бір шаттық жетеді.
Сырғи да өтіп айдан ай, жаз артынан күз келді,
Аруды асыл құшқалы, мінеки, сегіз жыл толды.
Сегіз жылда сегіз ұл тапқан екен сол жары,
Бірақ... бірақ... Амал не... Біреуі де аман болмады.
Туа сала баланы өзенге сұлу лақтырған,
Бұза алмай сертін Шантану, ішқұса боп аһ ұрған.
Амал не, берген серті бар, əйелге бір сөз айта алмай,
Өртенді сонда Шантану... Күн өтіп жатты байқалмай.
Сегізінші ұлы туғанда Шантану терең тебіренді,
Тəуекелге бел буып, ойға кетті не бір енді.
Ашуланды айқайлап: «Соқтықпа бұл балаға!
Қайдан келдің? Сен кімсің? Балаға енді жолама!
Өлтірсең енді бұл ұлды жазаңды əділ аларсың!
Лақтырсаң тағы баланы, өзің де жоқ боларсың!»
«Жарайды» – деді сонда ару, – тиіспеймін ұлыңа,
Көріпсің жақсы ұлыңды, ризамын мұныңа.
Лақтырмаймын баланы. Осыған серт етемін,
Бірақ, мүлдем қайырылмай, мен сенен енді кетемін.
Қайта туған Жахнудың мен бір асыл нұрымын,
Мен – Ганга атты өзенмін, ырыспын, сен мұны ұғын
Мақсаты үшін құдайдың мəңгілік өлмей тұратын,
Өмір кештім сенімен, осы болды мұратым.
Кездестім сегіз васумен, сегіз күшті тəңірі,
Қарғысы тиді өзіме, каһарлы оның өмірі.
Васшихта да қарғады, лағынет айтты маған да,
Паң құдайларды қарғады айналсын деп адамға.
О, билеушім Шантану, үмітпен саған қарадым,
Тек өзің ғана лайықты əке болуға жарадың.
Мəңгілікке жасайтын абыройы, атағы,
Мен жар болдым адамға, ана болдым, иə, тағы.
Сегіз ұлға əкесің! Сегіз құдірет тудырдың,
Сен құдайсың жер-көкке, сен басысың күн-нұрдың.
Сенімен көрдім мен шын лəззатты жар құшқан,
Васуларды құтқардым тəңірі айтқан қарғыстан.
Мен əрқашан бұлжытпай айтқан сертте нақ тұрдым,
Өзім тапқан баланы өзім суға лақтырдым.
Енді сенен мəңгіге кетем мүлдем, ұрыспа,
Тосып тұр өзен, мен құдай, барғаным солай дұрыс та.
Шантану, мына ұлыңды сақтай гөр сен қас қақпай,
Ер жүрек батыр, дана боп, даңқы шығар асқақтай.
Гангадатту аты оның, Ганга сыйға тартқан ұл,
Болаттай асыл болады, адал да болар антқа бұл!
Сегіз Васудың істері
Патшалардың патшасы сүйгенінен сұрады:
«Мəңгілік өлмес васулар əлемді билеп тұрады.
Васиштхта неге оларды сонша қатты қарғады?
Ажалды пенде етем деп неге сонша қорлады?
Васиштхта деген кім өзі, ашулы һəм қаһарлы?
Құдайларды неге ол пенде етем дейді ажалды?
Гангадатту не үшін адам ұрпағына айналды?
Неге ол ауыр жаза алды? Мұнда қандай жай бар-ды?
Осылар жайлы əңгіме айт, сөйлеп көрші дана сөз».
Ганга сонда сөйледі: О, падишам танакөз,
Ұлы жансың қаһарман. Айтайын саған бұл жайды,
Су иесі Васиштха Варунадан туған-ды.
Ол сопы болып кеткен-ді бұл дүниеден оңаша,
Оңаша ол күн кешті бір аймақта тамаша.
Мару тауы бауырында күн кешті ол сопылық,
Өз сенімін сақтайтын ол оңаша отырып.
Осы таудың бөктері жазиралы, нулы аймақ,
Қаптаған жан-жануар, алуан құстар тұр сайрап.
Ал, даласы кілемдей мың түрлі гүл құлпырған,
Қысы-жазы көк, жасыл, бейне жұмақ нұр тұнған.
Орман ішін аралап ағып жатыр мың бұлақ,
Толған жеміс-жидегі, бұлбұлдары үн құрап.
Қасиетті осы өлкеде, сопы үйінің жанында,
Сұлу, сүтті сиыр жүр мөлдір бұлақ маңында.
Дакши атты құдайдың қызы еді ол сүйікті,
Тал бойына жинаған жомарттық, мейірімділікті.
Оның сүтін сопы өзі күнде сауып алатын,
Ауруларға, нашарға емге алып баратын.
Иен жайылып жүретін қалың орман ішінде,
Бұзау менен сиыр жүр паң, тəкаппар пішінде.
Бір күні осы орманға гүл жайнаған, жері кең,
Құдіретті васулар келді əйелдерімен.
Олар мынау ғажайып жерді көрді аралап,
Жасыл орман, көк шалғын, құбылып тұр бар алап.
Бір васудың əйелі көріп қалды сиырды,
Жақын барып көрейін деп еріне бұйырды.
Жібек көгал үстінде сиыр жүр, гүл бар маңы,
Оның сүтін ішкеннің орындалар арманы!
Сиырды көріп əлгі əйел, жанына жақын барған-ды,
Ері екеуі оңаша сиырға қарап таңданды.
«О, Дьяус! – деді əйел, – қасиетті сиыр бұл деген,
Қасиетті екенін мен неғып бұрын білмегем.
Қандай ірі тұлғасы, көзінің қандай қарасы!
Желініне сүт толып, тырсылдап тұр, қарашы».
Дьяус айтты: «Сүйіктім, сөзіңнің жоқ жалғаны,
Сиыр сүтін ішкеннің орындалар арманы.
Сиыр деген əлемде теңдесі жоқ жануар,
Құлақ қойып тыңдасаң, бұл сөзімнің жаны бар.
Бұл сиырды сопы адам – Варунаның баласы,
Асырайды қолға ұстап, еңбекқорын қарашы.
Сүтін ішсе сиырдың адам мəңгі қартаймас,
Жап-жас болып тұрады, жүзінен оның əр таймас.
Көтеріңкі көңілі, қайғы-мұңды білмейді,
Жасай берер сан мың жыл, жасарып қайта гүлдейді!»
Дьяустың бұл сөзін естіп тұрды жан жары,
Естіп тұрып бұл сөзді жай отыра алмады.
Тал шыбықтай бұралып, Дьяусқа тіл қатты:
«Адамзатта ханыша Жинавати досым қымбатты,
Сымбатты, сұлу көркі бар, қарақат көзі күледі,
Даңқты адам əкесі, əлем оны біледі.
Жақсылықты аямас сенің жомарт жүрегің,
Менің осы досыма жақсылық істе, тілегім.
Құдіретімен ғажайып бір іс етсең болмас па,
Бұзауымен сиырды жеткізіп бер сол досқа.
Адамзатта ол бірінші сүтті ішіп ерекше,
Ұқсамайтын ешкімге жан болсыншы бөлекше.
Білмесін ол ешқашан ауру менен қарттықты,
Бір бақытты жан болсын тек білетін шаттықты.
О, əміршім, өзіңнен тілер сол, жаным,
Бақытты болса ол досым, бақытты менің болғаным».
Қыпша белді, күлімкөз жарының сөзін тыңдады,
Наз қылығына жаны еріп, Дьяус сабыр қылмады.
Сүйгенінің тілегін жерге тастау қиын-ды,
Інісін ертіп барды да, əкелді айдап сиырды
Қасиетті сопының сиырын, сөйтіп, ұрлады,
Бұл істің арты не болар, оны ойлап тұрмады.
Қаһарлы, қатал сопы өстіп сиырынан айырылды,
Кешке таман алаңсыз сопы үйіне қайырылды.
Арқасына көтерген қап толы жеміс-жидегі,
Келгеннен соң қараса – сиыры жоқ үйдегі.
Көзі жетті сұмдыққа – шынымен сиыр жоғалды,
Қайда оны əкетті, қандай ұры оны алды?
Іздеді түгел əр сайдан, кезді түгел орманды,
Қарап шықты, таппады. Қарап шықты бар маңды.
Тебіреніп сол шақта, көреген көзі шалыпты,
Қолды етіпті васулар, Дьяус ұрлап алыпты.
Ашу қысып қаһарлы, васуларды ол қарғады:
«Сегіз васу, сегіз сұм арам, қара ар, жаны.
Сиырымды сүтті ұрлады, күміс құйрықты, сымбатты,
Дүниеде мен үшін сол еді ең қымбатты.
Қасиетінен айырылып, өлмей мəңгі қалатын,
Адам боп кетсін васулар бір күні ажал алатын!»
Осылай қатты ашумен, құдай атынан қарғады,
Құрсағына ананың адам боп бітсін деп зарлады.
Орманда жатқан оңаша қарғысынан қорқып сопының,
Васулар келді сол қартқа, кешірім сұрап өтініп.
Бас иіп васу келсе де, қарт ашуын баспады,
Сұраса да васу кешірім, үміті іске аспады.
Қаһарлы екен қайтпайтын, қабағын қарт ашпады,
Терең ойда отырып, былай деп сөз бастады:
«Жеті іні, тыңдапсың үлкен аға сөздерін,
Кешірейін сендерді, болыңдар аман өздерің
Ал, Дьяус ағаңды ұрлық қылғаны үшін де,
Ажал келіп алатын қалдырам адам пішінде.
Бірақ адам пішінде даңқы оның зор болар,
Алғанда ажал, артында ұрпақ қалмай, қор болар.
Ол қайтадан туады құрсағынан ананың,
Əр ғылымнан нəр алар, ісін істер дананың.
Күллі əлемге құрметті адам болар ол деген,
Бірақ, болар ол еркек əйел затын көрмеген.
Солай деп оқып дұғасын, карт сопы ойға тым батты,
Васулар келіп сол шақта, маған былай тіл қатты:
«Болыңыз ана біздерге, тілегіміз сол ғана,
Жерден емес затыңыз, көктен болсын зор, дана.
Туғаннан соң біздерді суға лақтырып тастаңыз,
Сонда көкке оралып, боламыз заты басқа біз!»
Қарғысынан құдайдың құтқарам деп өзгені,
Алдыңа келдім əйелің боп, Шантану, түсін сен мені.
О, Дьяус сен жəне Гангадатту балаңыз,
Ерлігі ерен, ал оның істеген ісі дəл аңыз.
Арасында жүріп адамның даңқы арта береді,
Дəл осындай болуға ол лайықты ер еді.
Осыны айтып ханыша көзден ғайып болыпты,
Баласын да алып кетіпті, Шантану санын соғыпты.
Шантану түсіп қайғыға, айырылып жардан, баладан,
Астанасына келіпті, қайырылып сонда даладан.
Шантану өзінің сегізінші ұлын тауып алады
Адал да əділ Шантану, ақыл-ойдың асқары,
Сөзінен де ісінен ғибрат алды жас, кəрі.
Даңқына оның бас иді құдайлар да, адам да,
Ормандағы оңаша сопылар да, ғалым да.
Қайсар, жомарт, сабырлы əр сөзінен сыр ұғып,
Заңғар ақыл тұр биік – бойға біткен ұлылық.
Қамқор болып бəріне, пана болды, сақтады,
Бхараттарға тірек боп, үміттерін ақтады.
Өмір кешті əрқашан жақсылық ойлап басқаға,
Ақ ниеттен аумады, көп үшін от боп жанса да.
Кең иықты, денелі, атан санды ол кісі,
Шамырқанса шайқаста пілдей жойқын зор күші.
Пайдакүнем, ашкөзді адам деп те санамай,
Əділ жанды білген ол көтере көкке бағалай.
Патшалар мен көсемдер, шешендер мен даналар,
Тең келмеген ешкімі, болмаған оғанпара-пар.
Кемеңгерлер, білгірлер, көп оқыған ғалымдар,
Биік тұрды ол бəрінен, күндей бойда жалын бар.
Патшалар да, көсем де кеңес алды өзінен,
Ғибрат алды барша ел терең мəнді сөзінен.
Ұстаз тұтып əрбір жан ақыл-ойлы, саналы,
Тəлім алды түгелдей төрт кəсіптің адамы.
Дін жолындағы абыздар оның ізін қуыпты,
Жауынгерлік шайқаста ерлікке бел буыпты.
Диқандар да үйренген ерінбеудің өнерін,
Ал, құлдар да біліпті қожайынға не дерін.
Хастинапур атты астана, жарқыраған нұр қала,
Басшысы тұрды даңқы асып, аспаннан шығып күн дара.
Басқарды əділ ойлы адам, елі де өзге түрге енді,
Ырысқа бөгіп тұрыпты мұхиттар қоршап бұл жерді.
Еліне жапа шектірмей, арамдықты қуып арадан,
Айдай толып тұрды ол, қызыға қарап əр адам.
Кінəлілерге қаһарлы, ажал тəңірі Ямадай,
Өзіндей жердің төзімді, мейірімді ыстық анадай.
Ол тұрғанда ешбір жан қорықпайтын өлімнен,
Жүгірген аң, ұшқан құс еркін болсын делінген.
Ол тұрғанда ешқандай қара күшке жол жоқ-ты,
Жан-жануар, бар адам еш жамандық көрмепті.
Басқарады əділ халықты, болды елдің қорғаны,
Адамдардың арманын, тілектерін қолдады.
Бақытсыз бен нашардың болды өзі тірегі,
Жетім менен жесірге əке болып жүреді.
Жомарттықты өмірдің шын негізі деп ұқты,
Əділдікті ту етіп, жақсылыққа молықты.
Аруларды аялап, қызық күн кешті тамаша,
Есейіп, жасы жеткен соң орманға кетті оңаша.
Əкесіндей ұлы да əділ боп ел басқарды,
Гангадан туған сол бала мұрагері боп қалды.
Ол кездегі аты оның Гангея еді белгілі,
Адамдардың ішінде əйгілі болған ерлігі.
Жауынгер, мерген, садақшы алдына жан салмайтын,
Ер жүрек еді тым өрен, қамал жоқ ол алмайтын.
Бұғы аулап жүріп бір күні Ганга өзені бойында,
Көріп қалды біреуді, жоқ еді ешнəрсе ойында.
Шантану тұрған жағада арыла алмай бір ойдан,
«Өзеннің суы азайып кетіпті-ау» деп мұңайған.
Ол да көрді біреуді, жас жігіт, көркем, иықты,
Индраға ұқсаған, сырт бейнесі де сүйікті.
Бойшаң, батыл, ер, өжет, жас жігіт қолда садағы.
Атып қалды өзенді оттай жайнап жанары.
Қақ жарылып сонда су, бір бөгеу бөлек бөлінді,
Шантануға мынау іс ғажайып болып көрінді.
Өзен суы сарқырап, қалың орман жан-жағы,
Өз ұлын сонда Шантану бірден тани алмады.
Ал, жас жігіт бір қарап, əкесін тани қалыпты,
Əкесін туған көргенде жүрегі от боп жаныпты.
Тани қалып əкесін жігіт дереу тығылған
Ол туған ұлы екенін Шантану сонда ұғынған.
Əкесі айтты Гангаға: «Əкел шапшаң ұлымды!
Менен қашып, əне, ұлым сонау жерге тығылды.»
Сол сəтте Ганга кəдімгі əйел боп жақсы киініп,
Шантанудың келді алдына, сəлем беріп иіліп,
Оң қолынан баланың ұстап алып келіпті,
Шантану сонда балаға таңдана қарай беріпті.
Шыттай болып киінген өз əйелін танымай,
Тұрғанын біліп Ганга айтты: «Танымадың ба,
жаным-ай?
Əкеліп тұрмын, мінеки, сегізінші ұлыңды,
Үйіңе апар, мауқың бас, құшақтап сүй гүліңді.
Жеңіске жетер жауынгер, асқан мерген жасынан,
Васиштхадан өнеге ап, веданы түгел оқыған.
Егер қиын шақ болса, ер жүрек батыр қол бастар,
Бар ғылымға жетілген, ғалым адам ойлы асқар.
Сен үшін мен туып ем шарласын деп аты ғаламды,
Ал, Шантану, қабылда сегізінші балаңды!»
Сегізінші ұлын құшақтап, Шантану сонда шаттанды,
Қуаныштан көркейіп, астанасына аттанды.
Шантану балықшы қыз Сатьяватиге үйленеді
Əсем қала сəулетті, бейне Индра тұрағы,
Осынау үлкен шаһарда көптеген халық тұрады.
Бақытты еді Шантану да, шаттанып сонда тұрады ер,
Баласы да болды өзіне шын лайықты мұрагер.
Патшаның ұлы кішіпейіл, ақылды да білімді,
Оның өрен ерлігі де еліне əбден білінді.
Төрт жыл өтті мінеки, бақыт қонды жалпыға,
Патша ұлына риза болды əкесі де, халқы да.
Шантану бірде жүрген-ді ұлы өзенді жағалап,
Бір иіс жарды мұрынды, жұпар боп кетті бар алап.
Өзен жаққа көз салып Шантану сол сəт тұрғанда,
Бір жас сұлу қайықпен келген екен бұл маңға.
Шантану айтты: «Сұлу қыз, қайдан көзге көріндің?
Қайдан келе жатырсың? Айтшы, аты-жөнің кім?»
Қыз айтты: «Патшам, айтайын, балықшының қызымын
Балықшымын өзім де, аулаймын балық күн ұзын.
Балықшылардың патшасы əкем менің бұл жерде,
Балықшымыз бəріміз, балық аулап күн көрген.»
Күн келбетті көркем қыз, жеткізе алмас тіл айтып,
Сол ғажайып сұлу қыз патшаны кетті мұңайтып.
Балықшылардың патшасына Шантану келіп тіл қатты:
«Жар етем, патша, өмірлік, қызыңды бер сымбатты
Балықшылардың патшасы отырды үнсіз ойланып,
Содан кейін бүй деді терең оймен толғанып:
«Дəстүр бар ғой ежелден, жат жұрттық қой қыз бала,
Қызымды сұрап келіпсіз, адамсыз ғой сіз дара.
Шын құлап менің қызыма, рас болса сүйгенің,
Бір ойым бар айтатын, ішіме менің түйгенім.
Жалғыз ғана шартым бар, орындасаң болады,
Сонда сенің қолыңа қызым құс боп қонады».
Шантану айтты: «Тезірек айтшы қояр шартыңды,
Орындаймын қайтсем де, өзімнің бұзбан салтымды.
Орындай алмас іс болса, қазір-ақ айтам ашығын,
Еш нəрсемді бүкпеймін, сырым менің жоқ жасырын».
Ол айтты: «Қызым ұл тауып, қалдырар ұрпақ артына,
Сенен соң сол ұл патша боп, билік етсін халқына».
Қабылдамады бұл шартты, Шантану қайтты от болып,
Қайғыға батты аһ ұрып, жүрегіне өрт толып.
Құштарлық жанын жандырып, ойға батып тұңғиық,
Болды патша қасіретті, бойын өртеп бір күйік.
Гангея сонда патшаның қасына келді уайымды,
«Білейін деп ем жан əке, жүдеп жүрген жайыңды.
Бүкіл халқың, о, патшам, қабағыңа қарады,
Қандай қасірет бар сенде, жүрегің неге жаралы?»
Шантану сонда риза боп балаға дана ақылды,
«Шынымды саған айтамын,» – деп жанына шақырды.
«Балам-ау, Бхарат нəсілінен сенсің жалғыз қалатын,
Сұм ажалдың заңы ғой сені бір күн алатын,
Жүз ұлдан өзің артықсың сен үшін асыл, жан балам,
Халқымыз, өлсең, ұрпақсыз қалады-ау деп дал болам.
Қалсын десең артқа ұрпақ, үйленуім керек тағы да,
Ал, екінші рет үйлену оңай ма мынау шалыңа.
Ескі салтты тыңдасақ – былай дейді, қарағым,
«Жалғыз ұлы бар жанды баласыз деп санағын».
Отқа май құйып, құдайға жалбарынудан не пайда?
Оның бəрі артқа ұрпақ қалдыруға жарай ма?
Ал, сен болсаң ер жүрек, батылсың да өжетсің,
Жапырып жауды жеңесің, ерлікке мұндай не жетсін.
Қаңғыған бір оқ алайда жас ғұмырыңды жоя ма?
Бір күні өлсең, халқымыз ұрпақсыз қалып қоя ма?»
Түсініп енді патшаның ішінде жүрек жарасын,
Ой басты ауыр сол шақта Гангея – Ганга баласын.
Кеңесшісіне патшаның ол келіп айтты бұл жайды,
Ақ бас шалдың бүкпесіз ашқан сырын тыңдайды:
«Бұл неке шарты тым қиын, патшаға ауыр тиеді,
Бірақ та, патша, амал не, балықшы қызды сүйеді».
Ханзада сонда өзінің нөкерін жинап алады,
Балықшыға құда түсіп, салтанатпен барады.
Салт бойынша балықшы қарсы алды бұларды,
Бүкпей айтып тілегін, бар сырын сыртқа шығарды:
«Бала болсаң да əке үшін құда түсіп келіпсің,
Əкеңді сыйлап, қарағым, қиындығына да көніпсің.
Қуаныш, құрмет біз үшін, оны несін жасырам,
Шынымды айтам, Шантанумен туыс болуға асығам.
Қай қалыңдық осындай бақытты бастан өткерсін,
«Патшаға əйел болуды» қандай қыз неге жек көрсін.
Бірақ-тағы, амал не, бір жайға көңіл толмайды,
Қызымнан туған ұл оған мұрагер бола алмайды.
Бхараттардың ішінде азулы азбан, өрен ер,
Ханзадам, ғажап жас дана, қандай жан саған тең келер!
Құдайлар менен диюлар алдыңда сенің қалтырар,
Сеніменен егесіп қарсы боп қандай жан тұрар.
Мен қысқасын айтайын: бақыт күн кешіп тұра бер,
Таласы жоқ ешкімнің өзіңсің заңды мұрагер.»
Қамын ойлап əкенің, ойламай өзін ол дана,
Балықшыға тура айтты кесімді сөзін толғана.
«Сөзімнің жоқ жалғаны, айтқан ойым анық-ты,
Əкемнен соң немерең патша боп билер халықты!»
Тілегі орындалған соң, балықшы шексіз шаттанды,
Жүрегіңде лаулатып, үміт отын жаққан-ды,
«Мен сенемін сөзіңе, патшаның сенсің қорғаны,
Опасыздық сенен күтпеймін, не айтсаң – сол болғаны.
Сатьяватиға да сенімді қорған бола білгейсің,
Сенемін саған, қарағым, қамқор болып жүргейсің».
Күдікті ой сезіп сөзінен, балықшының тұрды да,
Сөйлеп кетті жас жігіт оған мойын бұрды да:
«Мына тұрған нөкердің алдында ант етемін,
Ант етпеймін, ант етсем – мен сөзіме жетемін.
Болуға патша құмартпан, басу артамын бүтіннен,
Таққа отыруды қаламан, сүймеуші едім бұрын мен.
Үйленбей, бойдақ өтермін бұл дүниеден оңаша,
Сүюге де баланы құмартпаймын мен аса.
Даналардан ғибрат ап, ой кешуді қалаймын,
Өмір кешуді осылай өзіме мақсат санаймын».
Балықшылардың патшасы қуаныштан шаттанды,
«Қазір-ақ қызды алып кет!» – деп бар сырын ақтарды
Осы сəтте құдайлар, періштелер қанатты,
Қуанышты бұл жайды бар дүниеге таратты.
Құрбан етті ол өзін, асты абырой, атағы,
Ханзаданы ел Бхишма – «Айбатты ер» деп атады.
Ханзада айтты: «Сатьявати, құрметті біздің анамыз,
Отырыңыз күймеге, патшаға алып барамыз!»
Міне, сөйтіп, Бхишма айтқан сөзде тұрыпты,
Шантануға əкеп қалыңдық, той-думанын құрыпты.
Бхишманы патша да бағалап тым жоғары,
«Айбатты ер» деп ардақтап, бүкіл ел қол соғады.
Шантану айтты: «Шынымен ризамын мен саған,
Қолдан келмес қиын іс орындап келдің, жан балам.
Баға жетпес дүниеде сыйлығым болсын ол менің:
Қашан ажал жеткенше еш жамандық көрмегін».
Бхишма қыздарды алып қашады
Шантану көп күн той жасап, Сатьяватиға үйленді,
Сұлуға осы ғашық боп, шынында құлай сүйген-ді.
Бекзада сұлу ұл тапты алтын асықтай нұрлы ерен,
Адамзатта дəл мұндай асыл затты ешкім білмеген.
Читрангада аты оның, халықтың болды ардағы,
Аңыз етіп ерлігін, ақындар жырын арнады.
Екінші ұлы туғанда Вичитравирья деп атады.
Өжет болып ер жетті, оның да шықты атағы.
Оның мергендігіне ешкім де тең келмеді,
Ерлерден де озып төселген, бас бəйгені бермеді.
Ерекше туған ер еді, өжет еді расында,
Бірақ əкесі Шантану қайтыс болып жасында.
Читрангада сол шақта билікті алды қолына,
Жас батырдың еш адам тұрмады қарсы жолына.
Қалың əскер, қол жинап, күшейе түсті жас өрен,
Тегеурінді оның екпіні, тең келмеді осы əлем.
Құдай, патшаны қуғындап, көз алартып əр тұсқа,
Өзі аттас патшасы, Ганухварвтармен түсті тартысқа.
Осы елмен үш жыл соғысты, халық тартты азапты,
Соғыс деген қан қырғын, соғыс деген тозақ-ты.
Тағы бір қанды шайқаста, нөсер құйып тұрғанда,
Жан ұшырып қарсы жақ, небір айла қылғанда.
Қоршауда қалып қапыда, тап болды басы қылышқа,
Читрангада арыстан мерт болды солай ұрыста.
Халық оны, қалайда, қайтпас, қайсар ер деді,
Жас батырды арулап, салт бойынша жерледі.
Ал, Бхишма сабырлы, кең пейілді һəм мұңды,
Патша орнына жас бала Вичитравирьяны қалдырды.
Патшалық ғылым-өнерге баулыды жас баланы,
Атасына лайық болса деп ой, талабы.
Інісіне кішкентай Бхишма қорған болады,
Ал, інісі бұлжытпай аға тілін алады.
Ақылды ана Сатьявати Бхишмамен бірлесіп,
Жас баланы баулиды, жігіт болды ол күнде өсіп.
Жігіт болды Вичитравирья, уақыт шіркін қоймады,
Ал, ағасы Бхишма үйлендіруді оны ойлады.
Каши деген патшаның даңқы əлемге жететін,
Үш сұлу қызы бар дейтін бірінен бірі өтетін.
Сваямвар салтымен үш қыз жігіт таңдайды,
Таңдағанына шығады, басқаға қыздар бармайды.
Осыны естіп Бхишма солай қарай жол жүрді,
Сол елдің дəстүр-тұрмысын, мінез-құлқын ол білді.
Салтанатпен киініп, сауыт-сайман асынып,
Баранаси қаласына келді ол сəнін асырып.
Келіп жатыр жан-жақтан дəмелі қызға адамдар,
Қалай ма екен мені деп əрқайсысы алаңдар.
Жарияшы əркімнің айтады атын, мəн-жайын,
Патша, мырза екенін, өз еліңде қандайын.
Бхишма шулы бұл тойда тəуекелге басады,
Ретін тауып бір сəтте үш қызды алып қашады.
Алып қашып барады, айқайлап жар салады,
Оның айтқан сөзіне барша жұрт жалт қарады.
«Қыз ұзату əр елде əр түрлі боп келеді,
Кейбіреу қызын жігітке жасауымен береді.
Екіншісі қыздарын береді жақсы көргенге,
Жақсы көріп, жəне де екі сиыр бергенге
Үшіншісі – қыз, жігіт бір-бірін сүйіп табады,
Төртінші біреу қыздарды күшпенен тартып алады.
Бесінші біреу өзгеше, бəрін де қабыл алмайды,
Сваямвара салтымен жігітті қыз таңдайды.
Қалыңдықтың ішінде бір қалыңдық жоғары,
Алып қашып əкелген қыз абыройлы болады!
Алып қашып барамын қыздарыңды, халайық!
Батылдарың шық бері! Күш сынасып қарайық!»
Отырғызып үш қызды күймесіне, қол бұлғап,
Тосып тұрды Бхишма, келсе ол кімді оңдырмақ!
Тісін қайрап, кек қайнап, барша жұрт дүр сілкінді,
«Тарттырыңдар сазайын, ұстап алып шіркінді!»
Патша сөйтіп жар салды қаһарланып халыққа,
Талтүсте мұндай қорлыққа патша шыдай алып па?!
«Аттаныңдар қанеки, батырларым, барлығың,
Анау қуды жоқ етіп, орында патша жарлығын!»
Жабылды жалғыз батырға сонда жалпақ ел болып,
Бхишма тап берді деп, «қызды қолдан бермелік!»
Сөйтіп, ұрыс басталды күре жолдың үстінде,
Бхишма көппен алысып, дес бермеді ешкімге.
Бхишмаға мың-мыңдап оқ атылды жан-жақтан,
Дарымады оған біреуі, аман қалды сонша оқтан.
Төніп қою қара бұлт, нөсер құйды сел болып,
Жеңе алмады батырды бүкіл қалың ел болып.
Құйып тұрды сел жаңбыр, құйып тұрды қалың оқ,
Қарсы шапты Бхишма көкірегінде жанып от.
Жалғыз ерді жеңе алмай, қалың қол босқа сандалды,
Қайратына батырдың дұшпандары таң қалды.
Бірден атып үш оқтан, көпті жалғыз жапырып,
Ерлерін баудай түсіріп, ұмтылды алға ақырып.
Көзден атып көп қырды, Бхишма мерген əр үнді,
Жойқын күшке шыдамай, қалың қол кейін шегінді.
Теңдесі жоқ шайқаста көрсетті ол ерлік ғажайып,
Жау жеңіліп, қатары қалды тіпті азайып.
Шалва елінің көп қолы кенеттен қаптап келеді,
Қорықпады Бхишма, жүрек жұтқан ер еді.
Атып жатты көп жауды алдынан да артынан,
Пілдей бəрін жапырды, айнымай ерлік салтынан.
«Қатынжанды қу неме, ұрладың неге қыздарды?!»
Деді шалва басшысы, даусы тіпті ызғарлы.
Оттай жанды бұл сөзге, Бхишма жүзі өртеніп,
Қарсы шықты көп қолға, жауар бұлттай ол төніп.
Қараса енді бір сəтте қолбасшы Шалва келеді,
Қарсы жүрді Бхишма өзіне-өзі сенеді.
Екі батыр айбатты, азбандай даусы, өкіріп,
Бір-біріне жақындап, бір-біріне жекіріп.
Бір-біріне жақындап, екі ер келе жатқанда,
Шалва мерген кенеттен Бхишмаға оқ атқанда.
Қуанды қалың қол тұрып, Бхишма енді өлді деп,
Алып қашқан қыздары қайтып қолға келді деп.
Сваямвара тойына келген Шалва патшасы,
Бəрі соны мадақтап, бас иеді кəрі, жасы.
Бхишма батыр – Ганга мен Шантанудың ұрпағы,
Қаһарланып жауына, кек кернеп бойын тұр тағы.
Арбакешке бұйырды, Шалваға қарай жүр, – деді,
Əуселесін көрейін, ол мені жақсы білмеді.
Шын батырға кезікпей жүрген болар талтаңдап,
Гаруда жылан сияқты өлтірейін оны мен таптап.
Шамырқанып тұрып ол, күймесін оның бір атты,
Дарытпай оқ патшаға, төрт атын бірдей құлатты.
Айырылды Шалва аттардан, не істесін ол енді,
Алды-артына қарамай кейін қаша жөнелді!
Бхишма, Шалваға тиіспей, кешірім жасады,
Сөйтіп, жойқын өреннің бəрінен күші асады.
Ешкім маған тең келмес дейтін Шалва батыры,
Иығы түсіп, шын жасып, еліне қайтты ақыры.
Сваямвара тойына келген мырза, патшалар,
Үйлеріне қайтысты атанып қорқақ, пəтшағар.
Ал, Ганга ұлы Бхишма, үш сұлу қыз олжасы,
Еліне қайтты даңқы асып, ер қаһарман қолбасы.
Вичитравирьяның үйленуі мен өлімі
Орман кезіп, тау асып, сай аралап, сараңдап,
Бхишма келді еліне, көңілі тасып, жайраңдап.
Əкелді ол еліне келіндерін, қыздарын
Ағасындай аялап, білдірмей көңіл ызғарын
Ісіне олжа əкелді, Бхишма жомарт дана еді,
Бет біткеннің сұлуы, əкелді үш қыз əдемі.
Қалың қолмен айқасып, тендессіз ерлік көрсетіп,
Жалғыз түсіп майданға, інісі үшін от кешіп.
Əкелді үш қыз, үш сұлу аққудайын таранған,
Əдеп-салтын аттамас, ар-ұяттан нəр алған.
Сатьявати анасы риза боп көріп бұл істі,
Бхишмамен кеңесіп, той жасауға кірісті.
Үлкені Əмбе үш қыздың, сонда тұрып сөйледі:
«Мен шынымды айтайын, мазалар бір ой мені,
Таңдап өзім сүйіп ем шалва патшасы Шалваны,
Бұл ойыма жігіттің өзі де қарсы болмады.
Əкем Каши осыған ризалығын білдірген,
Кенет істің дəл мұндай болатынын кім білген.
Шалваның сол патшасын сүйемін мен, ұғыңыз,
Босатыңыз басымды, ұмытпас болсын сыйыңыз.»
Мұңайып айтқан қыз сөзі – тым бекер сөз емес-ті,
Сарайдағы мырзалар, брахмандар кеңесті.
Заң адамдары жəне де білгіштер терең веданы,
Жиналып кеңес құрады, ортаға ойды салады.
Бас қосып ақылдасқанда бір шешімге келеді,
Əмбенің сонда басына бостандығын береді.
Əмбикеге бостандық мұндай болмайды,
Інісіне əйел болады, айтылған шешім сондай-ды.
Вичитравирья жас батыр қос сұлуға қарады,
Қызығып көз алмайды, қуаныштан жанады.
Қараторы, орта бой, қара көзі – шам жанған,
Аппақ меруерт тістері, қызыл ерін – қан тамған.
Ойнақы жүзі күлімдеп, қыпша белі бұралған,
Қос алмасы дірілдеп, көзді арбап тұр алдан.
Қою қара шаштары, қос бұрым жерге төгілген,
Қос сұлу, міне, келіп тұр Ай мен Күндей көрінген.
Екі қыз да жас патша Вичитравирьяны ұнатты,
Бізге лайық жігіт деп көңілдері құлапты.
Ал, жас жігіт таң нұрлы, көңілді көркем етеді,
Құдаймен де теңдесер, жанып тұрған от еді.
Өңді əрі ер жүрек, еш міні жоқ өзінің,
Бозбала ол əйелдің билеп алар сезімін.
Жеті жыл тұрды жас патша қайғы-қасірет білместен,
Амал не, бір дерт жабысып, ауру болып, мұң кешкен.
Қандай дəрі берсе де оған шипа болмады,
Осы елдің патшасы, сəнді, шіркін ол-дағы.
Ақ арулап жерлеуге Вичитравирьяны жұрт жиналды,
Інісінен айырылып, Бхишма қатты қиналды.
Сатьявати зар жылап, айырылды қайран ұлынан,
Осылай болар ақыры, өмір деген ұлы заң.
Өмірде дəл бұған тең ұлы өкініш болмады,
Амал не, ол жас кетті, артында ұрпақ қалмады.
Сатьявати сорлы ана Бхишмаға айтты зар-мұңын,
«О, балам, өзің болып ең бақыт, ырыс – барлығым.
Шантанудың, сен, балам, үміт күткен ұлы едің,
Жалғастырар ұрпақты, сен болып ең тірегім.
Өзің болып едің ғой патшаның сүйеу, қорғаны,
Орындалар деуші едім əкеңнің түгел арманы.
Батыр едің мұзбалақ, алған беттен қайтпайтын,
Адал едің арыңа, ешқашан екі айтпайтын
Бауырың өлді қапыда, жүрегімді жандырды-ай,
Кете барды тым ерте, артына ұрпақ қалдырмай.
Артында қалды қос сұлу, екі жесір зарлана,
Мен отырмын, мінеки, айырылып ұлдан, сорлы ана.
Бхишма, балам, анаңның тыңда тілек-арызын,
Жесірлерге үйлену – сенің енді парызың.
Патшаның арты шынымен ұрпақсыз қалып қоймасын,
Үйленуің керек, жан балам, осы жайды ойла шын.»
Біртоға мінез жас батыр, орындар сөзін айнытпай,
Анасына сол шақта жауап берді қаймықпай
«Анашым, айтқан сөзіңнің бəрі рас, нұр шындық,
Біздің басқа түсіп тұр бір қиын іс, бұл сұмдық.
О, анатай, ал, менің берген ауыр антым бар,
Өзіңізге белгілі, бұлжытпас антты салтым бар.
О, анатай, сол антқа не болса да көндім ғой,
Сондықтан да қос қызды ініме əкеп бердім ғой...
Сатьявати анашым, сеніңіз айтқан сөзіме,
Патшалық, байлық, еш нəрсе қажет емес өзіме.
Берген антты бұза алман, не болса да шыдадым,
Бəрінен қымбат шындық қой, соны сақтап тұрамын.
Жер жоқ болып кетсе де, суалып теңіз қалса да,
Күн де бірде өртеніп, өз нұрына өзі жанса да.
Жел соғуын қойса да, дүние мүлгіп тұрса да,
Жарық түспей əлемге, қараңғылық тұнса да.
Дүние мылқау болса да, қойса да дыбыс шығуын,
Еш нəрсені жаға алмай, от қойса да жылуын.
Жойса да Индра игі ісін, жойса да ажал зор күшін,
Мен сертімнен тая алман, өмірлік сол болды ісім».
Толқи тыңдап отырып, Сатьявати тіл қатты:
«Мына жағдай қарағым, шымбайыма тым батты.
Ол рас, берген антың бар, сөзіңде тұрғың келеді.
Басқа түссе бұл адам неге болсын көнеді.
Анттан қайтсаң себеппен, ешкім де қарсы болмайды,
Аталарың риза боп, сені жебеп, қорғайды.
Тілімді алсаң қайтеді, о Бхишма, арысым,
Бақыты үшін халқыңның, жалғасар ұрпақ қамы үшін.
Берген анттан таюға анасы себеп болар ма?
Ана тілін алмаған адам деп өзін санар ма?»
Ганга ұлы тебіренді, жауап берді анаға:
«О, анашым, тағы да бір сөз айтсам бола ма?
Ер жігіттің сөзінде тұрғаны абырой болады,
Тұра алмаса сөзінде, қураған шөптей солады.
Ондай адам болса егер, ауыр жаза тартады,
Қалатұғын артында қара күйе бар тағы.
Ал, айтайын анашым, жазатын жан жарасын
Бір себеп бар Шантанудың ұрпағын сақтап қалатын.
Мұндай ауыр іс үшін асығыс болмайық,
Үй-іші боп оңаша, тағы бір терең толғайық».
Аударған Ə. Нілібаев.
РАМАЯНА (б.з.д. VІ – ІІ ғ.б.з.) Арилердің дүниеге көзқарасы Веда мен Упанишад кітаптарында жазылса, олардың Үндістанды жаулап алу жорығы жəне осы елге тұрақтану хикаясы «Рамаяна» жəне «Махабхарата» деп аталатын екі үлкен дастанда баяндалды. Бұл эпопеялар аңызға айналып кеткен шын оқиғалар мен ертегілерден тұрады. Данышпан ақын Валмики жазған «Рамаяна» дастаны 48000 өлеңнен құралған. Бұл дастанның негізгі желісі мынадай: Баяғы өткен заманда Айодхиа (қазіргі Файзабад) қаласында өмір сүрген Дасарата деген патша Үндістан жерінде билік құрыпты. Оның төрт баласы болыпты, Үлкен ұлы Рама бірінші əйелі Каусалиадан, одан кейінгі ұлы – Бхарата Кайкеуи деген екінші əйелінен, ал ағайынды Лакшмана мен Шатручхна Сумитра деген əйелінен туған екен. Рама суейамвара деп аталатын үлкен мерекеде күш сынасу жарыстарына қатысып, бəрін жеңіп шығады. Ол заманда суейамварада қыздар өздерінің келешек зайыптарын таңдап алатын. Рама Видеха билеушісі Джанаканың қызы Ситаның көзіне түседі. Екеуі бір-бірін ұнатып, үйленеді. Үйлену тойынан кейін Рама Ситамен Айодхиаға қайтады. Раманың озық шыққанын көре алмаған Кайкеуидің іші күйеді. Ол өз баласы Бхаратаны таққа отырғызу амалын іздестіре бастайды. Бұдан біраз уақыт бұрын соғыстан жараланып келген Дасарата патшаны күтіп, емдеп, өлім аузынан алып қалған болатын. Сол еңбегі үшін патша оған кез келген тілегін орындауға ант берген-ді. Кайкеуи патшаның сол антын есіне салып, Бхаратаны мұрагер етіп тағайындауды, ал Раманы он төрт жылға жер аударуды сұрайды. Дасарата басында келіспесе де, антын бұза алмай, Кайкеуидің тілегін орындауға мəжбүр болады. Кəрі патша өзі көп ұзамай, үлкен ұлын жер аударған құсасына шыдай алмай қайтыс болады. Ал ағасын жақсы көретін Бхарата патша болудан бас тартады. Ол ағасының кебісін тақтың үстіне қояды да, Раманың орынбасары ретінде билік жүргізеді. Бұл кезде Рама мен Сита жəне оларға ілесіп кеткен Лакшмана Виндхиа тауында өмір сүріп жатты. Бір күні пері Ракшини Раманы кездестіріп, оған ғашық болады. Рама онымен сөйлескісі де келмейді. Бұған ызаланған Ракшини Ланка аралының патшасы оның басты ағасы Раванаға Ситаны ұрлап əкет деп əмір етеді. Равана олардың күркесіне жабулап безендірілген əдемі бұғы жібереді. Сита бұғыны қолға үйретуге ынтасы кетіп, Рамадан оны ұстап əкелуін сұрайды. Рама көпке дейін оралмаған соң, Лакшмананы іздестіруге жібереді. Ситаны орманда жалғыз қалдыруға қорқып, Лакшмана оның айналасына сиқырлы шеңбер сызады да, сыртына шықпа деп ескертеді. Ол кетісімен-ақ, қайыршы болып киінген Равана ауру бола қалып, су сұрайды. Сита оған жаны ашып, сиқырлы шеңберден шыға бергенде, ұшқыш арбасына салып алып Ланкаға ұшып кетеді. Жолай Сита Рамаға белгі болсын деп, өзінің əшекейлерін шашып отырады. Рама құс патшасы Джатаюдан Ситаның қалай ұрланғанын біледі. Лакшмана екеуі маймыл патшасы Хануманнан көмек сұрап, оның əскерімен Ланкаға аттанады. Олар Үндістанның шетіне жеткен соң, маймылдар теңізге үлкен тастар лақтырып, Ланкаға өтетін көпір жасайды. Хануман өз құйрығынан от тұтатып Равана астанасын өртеп жібереді. Равана жеңіліске ұшырайды. Осы уақытта олардың жер аударылу мерзімі де біткен еді. Рама, Сита жəне Лакшмана Равананың ұшқыш арбасына отырып, Айодхиаға қайтып оралады. Бхарата Раманы қошеметпен қарсы алып, таққа отырғызады. Айодхиа тұрғындары Сита Равана елінде тұтқын емес, оның əйелі болған деген өсек таратады. Сита тəн тазалығын дəлелдеу үшін лаулаптұрғанотты жарыпөтеді.Бірақөсекаяң тоқтамады. Ақыры Рама оны жер аударып жібереді. Сита ну орманға кетіп, «Рамаяна» дастанын жазған ұлы ақын Валмикидің үйінде тұрады. Мұнда ол Лава жəне Куша деген екі ұл туады. Ақын олардың қамқоршысы болып, түрлі өнерге баулиды. Оларды Ведамен таныстырып, бүкіл «Рамаяна» дастанын жаттатқызады. Бір күні Лава мен Куша əкесі мен шешесі туралы əн салып отырғанда, олардың əнін Рама патша естіп, өзінің балалары екенін біледі. Сөйтіп ол Ситаны жəне балаларын сарайына алдыртады. Бірақ Айодхиадағы зұлым адамдардың өсек-аяңы қайтадан басталады. Сита бұл қорлыққа шыдай алмай жер анаға бұл ұяттан құтқар деп жалбарынады. Сол кезде жер екі айрылып, Ситаны жұтып əкетеді. БІРІНШІ КІТАП Балалық шақ... Қасиетті де қадірлі діндар, əрі шешен де өрен ақын Вальмики парасатты Нарададан «асқан ер жүрек, əрі мейірбан, түсі жылы, келбетті де көрікті, кесек тұлғалы, ыждаһатты да білімдар адам кім?» – деп сұрайды. Сонда Нарада оған Дашаратха патшаның ұлы, Икшвакур руынан шыққан Рама деген тамаша жігіт туралы айтып береді. Рама сол сəтте Валмикиді шақырып, батырлардың ерлігі жайында жалпыға түсінікті, əндетіп айтуға ыңғайлы, терең мағыналы жыр жазуды ұсынады.
Ойға батқан Вальмики шəкірттерімен бірге серуенге шығады. Сонда ол күтпеген жерден екеу-ара қызыққа батып ойнап жүрген кулик-краунч деген екі құсты көреді. Махаббат қызығына елтіп ойнап жүрген қос құс сұр мергеннің баспалап өздеріне жақын келіп қалғанын аңғармайды. Аңшының оғы тиген еркек құс құлап түседі. Ал ұрғашы құс шырылдап, еркегін айналып, зар еңірейді. Осыны көрген ақын Вальмики қатты тебіренеді. Сөйтіп, ол қос ғашықты зар жылатқан аңшыны іштей қарғап, терең толғанысқа түседі. Сол сəтте оның көкірегінен белгілі бір өлшеммен ұйқастырылған жыр нөсері өзінен-өзі төгіле береді. Аздан кейін Вальмики есін жиып, өзінің өзегін жарып шыққан нөсерлі жыр-шлоктар екенін түсінеді. Сонда оның көз алдына құдіретті құдай Брахма келеді. Оның ойы бойынша Рама туралы жыр шлок өлшемімен жазылу керек екен. Сөйтіп, Брахманың бұйрығымен, өз жүрегінің ұйғаруымен Вальмики төмендегідей тамаша дастанды жазған екен... Дашаратха патшалығы мен оның астанасы Өр толқыны бұрқанған Сарайю өзен жағасында. Кошала деген ел болған даңқы асқан дəл асында... Аталады Манау деп елдің ата-бабасы, Айодхью сəулетті бұлардың басты қаласы. Тура он екі йоджанға созылып жатыр бұл қала, Əр көшесі даңқты гүл жайнап тұр нұрлана. Жүретін патша жолдардың шаңын сүртіп тұрады, Жол бойына өскен гүл жұпар иісі шығады. Дашаратха ер патша астананы басқарған, Индрадай құдіретті ол, қуат алған аспаннан. Қаланың əрбір қақпасын қаруменен қорғайды, Қақпаның сыртын өрнектеп, шеберлікпен торлайды.. Тұрғызды екен əр үйді қандай асқан шеберлер, Шулы базар, көп халық, мол қызыққа кенелді ел Міне осы қалада Машаратха патша тұрады, Магадхадан келген əншілер сауық-сайран құрады. Желбірейді жалаулар əр мұнара басында, Терең ормен қоршаған, əр күзетші қасында. Арам ойлы біреулер кірмек болса қақпадан, Дайын тұрар соққысы арналғандай нақ соған. Хош иісті бау-баққа оранып тұр астана, Жасыл желек оранған, бұған жетпес еш қала. Мұнда есепсіз жиналған піл мен аттар, түйелер, Сан түрлі зат мұнда бар, дүние-мүлік, күй, өнер. Дашаратха патшаға əр раджа сый əкелген, Бəрі келіп бас иіп, пана табар осы елден. Сарайлардың іш-сырты алтын, алмас, жайнап тұр, Жұмақтай бұл астана, мың көзбен көрсең ойлап бір. Əшекейлі, өрнекті, сегіз қырлы тас, Асқан шебер жасаған, қызығы айтсаң таусылмас. Аспандағы патшалар жасаған ба ғажайып, Сəулетті алтын сарайлар, суреттеп қалай жазайық.. Сəнді көше, сан түрлі үй көздің жауын алады, Көрген кісі қаланы таң-тамаша болады. Қаладағы диқандар өсірер көптеп күрішті, Шали деп мұны атайды, тындырып істер бұл істі. Астананың қамбасы ақ күрішке толып тұр, Қант та өсірер диқандар, таңданасың көріп бір. Неше түрлі шарап та өндіреді тұрғындар, Таңданбасқа шара жоқ, нені естіп тұрсыңдар. Жұмақтай осы қаладан лəззат тапқан əр адам, Дəруіштей саяқтар бақытты өзін санаған. Астанада атақты өңкей ерлер тұрады, Ешкімге оқ атпайды, адамдық өшпес шырағы. Жолбарыс, қабан аулаған ну орманның ішінен, Олар аңға шыққанда жан түршігер түсінен.. Əскери күйме мінгені, өңшең мерген, көрікті ер, Аңды қырып əкелер, бұларды жақсы көріпті ел.
Кошаланы билеуші, асып-тасқан дəулетті,
Мыңдаған əскер қолы бар, астанасы сəулетті.
Ведаларды жатқа айтқан брахмандар мекені,
Құдайменен тілдескен даналар мұнда жетеді.
Осы жерде тұрады қайта туған даналар,
Кемеңгер өңкей ойшылдар, мархабатты жəне олар.
Құрбандық отын өшірмей жағатұғын сол жандар,
Қасиетті отқа май құйып, шын қамқоршы болғандар.
Айодхья қаласы
6-бөлім
Айодхья тұрғындары əр нəрсенің білген жөнін,
Ақылменен іске асырған ойға екшеп түйгендерін.
Патшасы оның Дашаратха өз парызын сезінетін,
Икшвахру руы оның, көпке сыйлы көрінетін.
Қорыққанды білмейтұғын ол ер жігіт болатұғын,
Жауына айбын, досына Ай, Күн, алдын оймен шолатұғын.
Ой, сезімін өзі билеп, айдарынан жел есетін,
Парасаты Индрамен, дəулеті Куберамен теңесетін.
Айодхья асыл қала ұйытқысындай бейбіт өмір,
Манудайын даналығы, оймен қарар жайға небір.
Сан мыңдаған тұрғыны бар, əділеттің жанашыры,
Амараватадай жұмақ еді, Индрадай даналығы.
Еш сезімнің жалғаны жоқ, сан ғасырлар гүл жайнаған,
Бақытты еді əр тұрғыны, таппассың сен мұндай қала.
Айодхья адамдары алдау-арбау білмейтұғын,
Арам жолға түспейтұғын, бөтен елге тимейтұғын.
Қаладағы ешбір адам мақтануды сүймейтұғын,
Адамдықты ардақтайтын, нұрлы астана гүлдейтұғын!
Арамдықтар, ашкөздіктер бұл қалаға жоламайтын,
Надандықты, құдайсызды мұнда адам деп санамайтын.
Өрісі бар малға толы, астығы бар қамба толы,
Мемлекеттің дəулеті асқан, көрер болсаң алған оны.
Еркегі де, əйелі де инабатты, даңқты еді,
Адамдықты ардақтайтын, бұл сөзімнің анық тегі.
Дхармадай даналығы əрбір іске əділетті,
Жаны сұлу, жарқын жүзді, дұрыстыққа əмір етті.
Пəк жүректі, касиетті тақуа еді əрбір адам,
Алтын жүзік, асыл алқа, күміс, жауһар жалтыраған.
Əркімнің-ақ қолында алтын білезігі болатұғын,
Онда əркім өз билігін қолына өзі алатұғын.
Тамақтанар алдында əркім қолын əбден жуатұғын,
Əркім дəрет алатұғын, тап-таза боп тұратұғын.
Хош иісті майларымен əркім үстін майлайтұғын,
Онда əркім ақылды еді, əркім терең ойлайтұғын.
Құдайға əркім құрбан шалып, құдайға бас иетұғын,
Қасиетті отты жағу дəстүрін де білетұғын.
Надандық та, ұрлық тағы бұл қалада болмайтұғын,
Айырылысу, заңды бұзу дегенді ойға алмайтұғын.
Ойшылдар мен данышпандар веданы жатқа айтатұғын,
Оқымысты брахмандар ойын əр күн байытатұғын.
Сыйлықты олар қабылдайтұғын, игілікті қолдайтұғын,
Өзін-өзі меңгеретін, болмайтын мінез алдайтұғын.
Айодхья қаласында бірін-бірі қинамайтын,
Өтірік, өсек болмайтұғын, артық дəулет жинамайтын.
Жылдар бойы көшесінде арам жандар жүрмейтұғын,
Пасық, кемтар, құдайсыздар дегенді ешкім білмейтұғын.
Айодхья жігіттері шын ер жүрек, ел көретін,
Алты түрлі даналықты бəрі түгел меңгеретін.
Жəне олар мархабатты, нағыз батыр, қыран еді, Ал арулар бəрі сұлу, толған айдай тұрар еді. Жүрек жұтқан батырлары, Құдайға адал көрінетін, Варнаға олар лайықты, халқы төртке бөлінетін. Əрбір үйде мейірімділік, мəңгі достық болып тұрды, Əрі əйелге адал болды, жастарға да соны ұқтырды... Сайыпқыран батырларды диқандар да құрметтейтін, Шеберлер мен саудагерлер, мұны бəрі білмек дейтін. Жауынгер, брахман, саудагер, дана, барлығы да, Үш варнаға қызмет етіп, бағынатын жарлығына. Үңгірлерде арыстан көп, əскер толы бұл қалада, Қорғанысқа дайын тұрды шайқас болса кең далада. Камбоджадан əкелінген тұқымы асыл сəйгүліктер, Бахлийден əкелінген өңшең тұлпар бар жүйріктер. Пілдер-дағы дайын тұрды бейне таудың жотасындай, Гималайдың пілдері тұр бар пілдердің атасындай. Бұл пілдердің арғы тегі қасиетті саналады, Анджаннан, Айраватадан əкелінген одан əрі. Ваманадан, Махападман əкелінген тағы да бар, Жыландардың патшалығынан пілдер көздің жауын алар. Бхарийдің, мандрийдің, бригийдің нəсілі бар, «Екінші рет су ішетін» тұқымының асылы бар. Айодхья жаулары даңқынан осы қорықты, Пілдердің бір өзі алынбас қорған болыпты. Ұлы астана осындай алыстан, көз тартады, Нұрына халқы бөленіп, күн санап даңқы артады. Батырлары қаһарман дұшпанның мысын басады, Аспанда айдай жарқырап, жұлдыздай нұрын шашады. Астананы міне осы парасаттылықпен басқарған, Құдайдай бейне мың көзді, найзағайды ұстар асқар жан. Бірақ жасы жетіп қартайған Кошала патшасы Дашаратха бір перзентке зар еді. Ол Құдайға күндіз-түні мінажат етіп, о құдай, маған бір бала берсеңші, мен өстіп ұрпақсыз өтем бе бұл дүниеден, – деп жалынып-жалбарынып Құдайдан бала сұрайтын. Құдайлар оның бұл тілегін орындауға келісті, келіскенде көптен бергі Дашаратхаға жақсы қарайтындығынан емес, оның жын-пері-ракшастарға жетекшілік ететін Ланка патшасын, Равананың өктемдігін кирата алатын жойқын күштілігі үшін келісті. Бағзы бір кезде Равана қадірлі діндар болған еді. Оның ерлік даңқы үш дүниеге – құдайлар арасына, жын-пері ракшастар һəм адамдар арасына кеңінен жайылды. Брахманның өзі оның рухының күшіне бас иіп, оған дүниедегі кез келген зор сыйлықты ұсынды. Сонда Равана бұл сыйлықтың ішінен ракшастар мен құдайларға басымдық көрсетуді таңдады. Ал адамдарды ол қарсыласуға тұрмайтын бірдеңелер деп, тіпті менсінген де жоқ. Содан бері бұл дүниеде тыныштық болмады. Равана жақсылықтың бəрін қиратып, жойып, жамандыққа үстемдік береді. Құдайлар енді-енді жерге орналасуды ұйғарды. Өйткені, тек жердегі ер жүрек адамдардың ғана Равананы жеңуге қабілеті жететін еді. Сөйтіп, Вишну деген сақтаушы-құдай адам кейпіне келіп, Дашаратхаға төрт ұл тауып беретін болды. Басқа құдайлар маймыл кейпінде болашақтағы ракшаспен шайқаста көмекшілік ісін атқаратын болды. Вишну Құдай Дашаратханың үйіне құдіретті тағам ретінде келетін болды. Патшаның ең үлкен бəйбішесі Каушалья əлгі құдіретті тағамның жартысын жейді, екінші, ең сүйікті əйелі Кайкейи – сегізден бір бөлігін, ал Сумитра деген ең кіші əйелі қалған бөлігін жейді. Сол күні-ақ үш əйелдің əрқайсысы балаға жүкті болды. Каушалья түңғыш бала – Раманы, Кайкейи – Бхаратаны, Суммитра егіз бала Лакшмана мен Шатругхнаны тапты. Ханзадалар күннен-күнге өсе берді. Олар сарбаз-кшатрийлерге тиісті ерлік өнеріне, елді басқару өнеріне үйренді. Олар өздерінің ақыл-естерін ұлғайтып, парыз бен сенім деңгейлерін жетілдірді. Сөйтіп, бұларға тіпті брахман-абыздардың өздері де жете алмайтындай деңгейге дейін көтерілді... Лакшмана ағасы Рамаға өте үйір болды. Шатругхна əсіресе Кайкейидің ұлымен достасып алды. Бір күні əйгілі діндар, қасиетті Вишвамитра Дашаратхаға келіп, одан еркінсіп кеткен ракшастардан орманын қорғау үшін Рама деген баласын сұрайды. Жас Раманы қолдан шығару патшаға қиынға соғатын еді. Бірақ амал жоқ, ол Вишвамитраның қаһарынан да қауіптенеді. Сонымен, Рама жəне онымен бірге Лакшмана Гималай тауының етегіне қарай жолға шығады. Олар Ганга өзенінен өтеді. Бұларды осы жерде ұлы тақуа дуана Ганганың қасиетті өзеннің суымен үшкіріп, дуалайды. Ол жас ерлерге
жер бетінде даңқты болуға, аспанда да ардақты болуға батасын береді. Қалың жыныс орман ішіндегі бір тұрақта Рама мың пілдің бейнесіндей айбаты бар, зұлым да өрен мықты ракшасаны өлтіреді. Вишвамитра Рамаға құдіретті де сиқырлы қару сыйлайды. Ол қаруды ұстаған адам ұрыс даласындағы шайқаста жеңіске жетеді екен. Осы тұрақты қорғай жүріп, Рама Марича жəне Субака деген екі орасан күшті ракшасаны да жеңеді. Вишвамитра Рама мен Лакшманадан өзімен бірге Матхилға баруды сұрайды, онда Джанака деген билеуші ұлы құрбандық шалатын еді. Олар сөйтіп сапарға шығады. Ал Вишмаитра жүрген жерлері туралы əңгімелеп отырады. Бұлар Митхила патшасының сарайына келеді. Оларға Джанака Шиваның құдіретті садағы туралы əңгімені айтып береді. Шиваның қайын атасы Дакша бірде аспанда құрбандық беру ырымын жасайды. Бұған күйеу баласынан басқаның бəрін шақырады. Осыған аса қатты ашуланған Шива тойға жиналғандардың бəрін қырып жіберу үшін аса үлкен ғажайып садағын ала келеді. Бірақ құдіретті құдайлар оның ашуын бəсеңдетеді, содан соң ол өзінің сиқырлы ғажап садағын Жанакалардың ұрпағы жердегі патша Деваратаның қолына сақтап қоюға келіседі. Сөйтіп, ендігі жерде əлгі садақ Жанакалардың қолына көшеді. Жанакада да бала жоқ еді, ол құдайға мінажат етіп, бір перзент бер деп сұрайтын, ол қасиетті соқамен жер жыртып жүргенде оған жер астынан оның қарсы алдынан бір сұлу қыз шыға келеді. Жанака оны өзіне қыз етіп асырап алады да, атын Сита деп қояды. Сита кəмелетті жасқа жеткенде Жанака Шиваның қасиетті сиқырлы садағын кім мойнына асып алса, Ситаны сол кісіге беремін деп жар салады. Бірақ ешбір адам садақты мойнына аспақ түгілі орнынан да қозғалта алмайды. Сонда Жанака Рамаға сен күшіңді сынап көрші деп ұсыныс жасайды. Аударған Ə. Нілібаев. ВЕДА ІЛІМІ РИГВЕДА (б.з.д ІІ– І ғғ.) Ежелгі Үндістандағы киелі саналатын кітаптар Риг-веда, Яджурведа, Сама-веда жəне Атарва-веда деп аталады. Арилер басқа да жаулап алушылар сияқты, өздеріне бағындырған халықты жек көрді. Олар дравидтерді пұшық мұрынды дасюстер деп кемітті. Кейінгі жазылған ведаларда арилер өздерін мадақтап, жауынгерлері – кшатриастарды қошеметтесе, дасюстерді қараңғы халық деп сипаттайды. Келе-келе мұндай кемсітушілік оларды тек малайлыққа жарайды деген түсінік қалыптастырады да, осылайша Үндістанда касталар пайда болды. Каста бойынша халық төрт жікке бөлінді. Ең жоғарғы кастаға дін қызметкерлері мен оқыған адамдар кіріп, олар брахмандар деп аталды. Кшатриастар, əкімдер мен əскер жасақтары екінші кастаны құрды. Вайшиаздар, көпестер мен дүкен иелері үшінші кастаға жатты. Төртінші каста судраздардан, яғни малайлардан құралды. Ал қоғамнан қуылған, елі, тегі жоқ адамдар қоғамның мүшесі деп те есептелінбеді. Дегенмен, ол кезеңде бір кастадан басқа кастаға өтуге мүмкіндік бар еді. Егер төменгі кастаның мүшелері жоғарғы каста мүшелерінің дəрежесіне көтеріле алып, олардың жұмысын істесе, жоғарғы кастаның мүшесі бола алатын. Керісінше, жоғарғы каста мүшесі өз жұмысын атқара алмаса, оның касталық дəрежесі төмендетілетін. Кейінгі кездері жоғары каста адамдары қоғамдағы өз дəрежесін сақтап қалу үшін каста жүйесіндегі ауыспалылықты жою бағытында күрес жүргізе бастайды. Сол заманның дана ойшылары Упанишадтар деп аталатын жүздеген кітаптар жазды. Оларды кейде «Орман кітаптары» деп те атайды. Кітаптар мазмұны орман ішінде тұратын риштердің қатал да əділ өміріне арналған. Бұл кітаптардың ішінде он үші ең маңыздысы болатын. Ертегі, əңгімелерден тұратын Упанишадтар кітаптарының мазмұны өмір мен өлім хақында, адамның тіршіліктегі орны жайында болып келеді. Сондай-ақ бұл кітаптарда жаратушы туралы терең ойлар айтылған, жастарды адамгершілікке, адалдыққа, ақиқатқа жетуге тəрбиелейтін еді. Бұл философиялық ағымға жүгінсек,тек қана бір тəңірбар.Олжербетіне тіршілікберіп, əлемді жаратты. Адам жаны құдайды сүюге талпынып, оның бір бөлшегі болуға тырысуы керек. Оған дейін адам аң немесе адам ұрпағы кейпінде қайта-қайта өмірге келе береді. Егер адам өмірінде көптеген жақсы істер атқарса, оған енді қайта туудың қажеті болмайды, сөйтіп адам жаратушының бір бөлшегіне айналады. Ол заманда өмір, жаратылыс туралы осындай терең ойлар айту адамзат үшін үлкен жетістік еді. РИГВЕДА, ІX, 112 4. (Сома гимні) 1. Адамдарда тілек пен ниет ажырасар сіресе, Ұста – сынық, емші – ауру, брахман сығар соны тілесе. Индра үшін (сомның) тамшылары толар біресе!.
3. Мен – жырау, əкем – емші, анам шырқ айналдырар диірмен тасын, Əркім сиырға ерген бақташыдай байлық қуар өз жолымен Индра үшін (сомнын) тамшылары басылмасын! 19. (Шындық пен жалғандық ) 12... Праджапатиден туылған құдайлар мен асураларда (өз) əкесінің мұрасын, шындық пен жалғандықты, ақиқат пен өтірік сөзді бөлісуге жиналды. Олар, құдайлар мен асуралар бірдей шындық пен жалғандықты айтты. Олар ұқсас сөздерімен бірдей болды. 13. Құдайлар біртіндеп шындыққа үйіріліп, жалғандықтан бас тартты. Асуралар шындықтан шеттеп, жалғандыққа шүйілді. 14. Асурадағы шындық былайша ойланды: «Нағыз құдайлар шыңдықты іріктеп, жалғандықтан бас тартты. Менің соңда барғаным дұрыс болар»! Шындық құдайларға келді. 15. Құдайлардағы жалғандық та ойланды: «Асуралар, расында, жалғандықты жағалап, шындықтан бас тартты. Менің сонда болғаным дұрыс болар!» Жалғандық асураларға келді. 16. Содан құдайлар бүкіл шындықты, асуралар жалпы жалғандықты айтты. Шындықты əдейі айтқан құдайлар əлсіз əрі, кедей болып көрінді. Сондықтан шындықты əдейі арнап айтқандар əлсіз де, кедей болып қалды. Бірақта шындықты айтқандар ақыры қуаттанды, өйткені құдайлардың өздері ақыры күшіне енді. 17. Дегенмен, жалғандықты əдейі айтқан асуралар біртіндеп күшейді, ылғалды сортаң жердей құнарын арттырды. Сондықтан кімде-кім жалғандықты əдейі айтса, ол күшейеді, сортаң жердей байымақ. Бірақ ол түбінде жеңіліске ұшырайды, өйткені асуралар ақыры жеңіліске ұшырады. 20. (Көру жəне есту). Шатапатха-брахмана, XІІ, 7, 2 4. Көру – Ашвиндердің нағыз қос жанары, бұл сəуле. Ашвиндер құрбандық шалған кезде, (абыз) алдымен (кұрбандық шалушыға) көз шынарын, осы сəулені, соңына естуді енгізеді, өйткені көру мен есту тең. 6. (Адам) 3. Бұл адам – теңіз, ол қалған күллі дүниеден жоғары тұр. Ол не нəрсеге қолы жетсе де, олардан жоғары тұруға тырысады. Егер ол əлемнің ауа кеңістігіне жетсе, онда одан да жоғары болғысы келеді. Егер ол сол дүниеге жетуді діттесе, одан да жоғарылауды армандар еді. Бұл адам бес құрамдас бөлшектен тұрады. Оның жылуы – жарық. Тесіктері – кеңістік. Қан, шырыш жəне ұрығы – су. Денесі – жер. Тынысы – ауа. Ауа бес бөліктен – прана, апана, вьяна, самана, уданадан тұрады. Көру, есту, ой, сөйлеу сияқты құдіреттер прана мен апананы құрайды. Өйткені олар тыныспен бірге сыртқа шығады. Ауа сөз бен тыныс қосындысына айналып, құрбандықтың мəн-жайын құрайды. Құрбандық рəсімі де бес бөліктен тұрады. Бұл – агнихотра, əрбір төрт айдағы жаңа ай мен толған ай кезінде шалынатын құрбандық, жануарларды сомаға арнап құрбан шалу. Сомаға құрбандық шалу – құрбандықтың ең қасиетті түрі. Өйткені онда оның осы бес түрі де кезігеді. Жөн-жаратылысына қарай құрбандық шалу – біреу, одан кейінгі құймасы – үшеу, бесіншісі – құрбандықтың соңғы түрі. Упанишадтар 1. (ОМ буыны) Чхандогья-упанишада, І, 1 1. ОМ. Бұл буын удгитха деп оқылуы керек, өйткені ОМ (буынынан) басталатын əндер айтылады. Оның түсіндірмесі (мынандай): Бар нəрсенің шырыны – жер. Жердің шырыны – су. Судың шырыны – өсімдіктер. Өсімдіктердің шырыны – пуруша. Пурушаның шырыны – сөйлеу. Сөйлеудің шырыны – риг. Ригтің шырыны – саман. Саманның шырыны – удгитха. 3. Шырындардың шырыны, оның жоғарғысы жетілгені, сегізіншісі – удгитха... Удгитха – ОМ-ның буыны. 8. (Ой) Чхандогья-упанишада, ІІІ, 18 1. Ойды Брахмандай марапаттау керек. Бұл Атманға да қатысты. Енді құдайларды қарастырсақ, Кеңістікті де Брахмандай марапаттау абзал. Атман мен құдайларға қабаттастыра үйретушілік осындай. 2.Ой – төрт панададан тұратын Брахман: панаданың бірі – сөз, панаданың бірі – тыныс, панаданың бірі – көру, панаданың бірі – есту. Бұлар атманға байланысты.
(Ой, тыныс, сөйлеу) 5.1. Бойға сіңетін ас үшке бөлінеді: сасық қиы – нəжіске, орташа түрі – етке, ең нəзігі – ойға айналады. 2. Суларды ішкен кезде, олар да үшке бөлінеді. Оның лас бөлігі – сідікке, орташа қорытпағы – қанға, ең нəзігі –тынысқа айналады. 3. Қызуды сіңіргенде үш бөлікке бөлінеді. Оның қатқыл түрі – сүйектерге, орташа түрі – етке, ең нəзігі – тынысқа айналады. 4. «Қымбаттым менің, тамақтан – ой, судан – тыныс, қызудан – сөйлеу нəр алады». – «Мырза, мені тағы да үйретіңізші». – «Жарайды қымбаттым» – деді ол. 6.1. «Қымбаттым! Сүт піскенде, оның көбіктеніп жоғары көтерілгені майға айналады. 2. Дəл осылайша, қымбаттым, тамақтың нəрін бойға сіңіргенде, ол жоғары көтеріліп майға айналады. 3. Қымбаттым менің! Судың да таза бөлігін ішкенде, ол жоғары көтеріледі де тынысқа айналады. 4. Ыстықтың нəзігі бойға сіңгенде, ол жоғары көтеріледі де сөзге айналады. 5. Қымбаттым, ішкен тамақтан – ой, судан – тыныс, ыстықтан – сөз туындайды». – «Мырза, мені тағы да үйретіңізші». – «Жарайды, қымбаттым» – деді ол. 7.1. «Қымбаттым, адам он алты бөліктен тұрады. Он бес күн тамақ ішпе. Қажетіңе орай су ішкін. Судан тыныс құралады; су ішкенде де тыныс тарылмайды». 2. Ол он бес күн бойы дəм-тұз татпады. Содан соң ол оған келді де айтты: «Мен нені айтуым керек?» – «Қымбаттым, риг (өлеңдерін), яджус (дуасын), саман (өлең-жырларын)» – деді ол. «Олар менің басыма əйтеуір кірмейді». 3. Ол оған айтты: «Қымбаттым менің! Үлкен оттан қалған шоқ шаласындай ұзақ жанбайды, сол сияқты, қымбаттым, сен денеңнің он алты бөлігінің біреуі арқылы Веданы есіңе түсіре алмайсың. Тамақтан! Соңынан менен тағы да есітесің». 4. Содан кейін ол (Шветакету – ред.) тамақтанды. Соңынан ол оған келді. Ол не сұраса да, оған жауап алды. 5. Ол (Уддалака – ред.) оған айтты: «Лапыл оттан қалған шоқтай көмірді шөп-шалам арқылы тұтандырып жағуға болады жəне ол ұзақ маздап жануы да ықтимал. 6. Дəл осылайша. қымбаттым, қолыңдағы он алты бөлшектен қалған жалғызды тамақ арқылы жебелеуге болады. Енді сен сол арқылы Веданы еске түсіресің. Өйткені, тамақтан – ой, судан – тыныс, ыстықтан – сөйлеу құралады». Мұны ол (Шветакету – ред.) одан біліп алды. (Ұйқы. Аштық. Шөлдеу) 8.1. Аруинның ұлы Уддалака өзінің баласы Шветакетке айтты: «Қымбаттым, түс туралы менен білерсің. Адам ұйықтаған кезде, қымбаттым, ол өзіне шоғырланып мəнге жетеді, мұны мəн деп айтады. Сондықтан ол туралы өзі өзіне жетіп ұйықтап жатыр дейді. 2. Жіпке байланған құс қонарға жер таппай, бір орыннан екінші орынға ұшып қонса, ой да, қымбаттым, дəл солай, тұрақтар нұсқау таппай шоршиды да, тынысқа оралады. Өйткені ой дем алыста тыныстайды. 3. Аштық пен шөлдеу туралы да, қымбаттым, менен білерсің. Адамның қарны ашқан кезде, сулар (оның) ішіп-жеген тамақ қалдықтарын жуып-шайып кетеді. «Жол бастаушы сиыр», «жол бастаушы ат», «жөн айтушы адам» демекші, су туралы да оны тамақ айдар арна деп айтады. Сондықтан, қымбаттым, бұл (аштық – ред.) – өскен көшеттей, түп тамырсыз болмайтынын ұғарсың. 4. Оның қоректенбейтін тамыры бола ма екен? Қымбаттым, көшетке дəл түп-тамыр болатын тамақ арқылы суды ізде. Көшеттік ылғал арқылы, қымбаттым, ыстықтың түбірін ізде. Ыстықтың қайнар көзі арқылы, қымбаттым, мəннің түйінін ізде. Қымбаттым, мəн – күллі жасалынғанның түп тамыры, мəн – олардың тұрақтауы, мəн – олардың тірегі. 5. Одан кейін. Адам шөлдегенде, ыстық (оның) ішкен-жегенін бойға тартып сіңдіреді дейді. «Жол бастаушы сиыр», «жол бастаушы ат», «жөн айтушы адам» демекші, дəл солай, ыстықты судың қайнары деп айтады. Сондықтан, қымбаттым, біліп қой, бұл (шөлдеу – ред.) – өніп-өскен көшеттей, ол түбірсіз болмайды. 6. Сусыз жерде оның түбірі болуы мүмкін бе? Бұлақ қуған судан, қымбаттым, ыстықтың қайнар көзін іздерсің. Ыстықты бойлаған көшеттен, қымбаттым, мəннің түп тамырын ізде. Мəн – күллі жасалынғанның түптамыры, қымбаттым, мəн – олардың тұрақтауы, мəн – олардың тірегі. Осы үш құдіреттің əрқайсысы адамға жеткенде қалайша үш қайтара қайталанатыны туралы, қымбаттым, бұрынырақ айтылған болатын. Олар адамның сөзі – ойға, ойы – тынысқа, тынысы – ыстық лепке, лебі – құдіреттің жоғарысына айналады. 7. Бұл нəзік бөлім (бəрінің «түбірі» – ред.) тұтас дүниені құрайтын, ол – шындық, ол – атман, ол – Шветакет, өзіңсің». – «Мырзам. Мені тағы да əрмен қарай үйретші!» – «Жарайды, қымбаттым» – деді ол. (Ішкі атман) 9.1. Аралар қымбаттым, балын жасау үшін əртүрлі ағаштардың шырынын қалайша бір тұтасқа жинайды.
2. Жəне де бұл (шырындар) қалайша бөлінбейді: «Мен – мына ағаштың шырынымын», «Мен – ана ағаштың шырынымын» (деп айтпайды), дəл сондай-ақ, қымбаттым, бұл жаратқандардың бəрі де (түсінде) мəнге ене: «Біз мəндікке енеміз» (деп айтпайды), расында мұны білмейді де. 3. Олар (оянғасын) тағы да бұл дүниедегі баз қалпына келеді. Олар арыстанға, жолбарысқа, қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға немесе масаға айналады. 2. Бұл нəзік бөлім дегеніміз бүкіл осы дүние, бұл – ақиқат, бұл – атман. бұл сен, Шветакету». «Мырза, мені тағы əрмен үйретші!» – «Жарайды, қымбаттым менің» – деді ол. 10.1. «Қымбаттым. мына өзендердің шығыстағылары шығысқа, батыстағылары батысқа ағуда, олар теңізден теңізге құйылады. Олардың өздері теңізге айналады. Мұны олар білмегендіктен: «Мен – мына (өзенмін)», «Мен – ана (өзенмін)» деп айтпайды. 2. Дəл сол сияқты қымбаттым, барлық бұл жасақтар мəннен шықса да, оны біле бермейді: «Біз біртұтас мəннен шығамыз» деп (жəне айтпайды). (Оянғасын) олар бұрынғыша бұл дүниедегі – арыстанға, жолбарысқа, қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға немесе масаға айналады. 11.1. «Егер де үлкен ағаштың тамырынан шапса, онда, қымбаттым, өсіп тұрған сол ағаштан шырын ағады. Егер де өсіп тұрған ағаштың ортасын шапса, онда да шырын ағады. Егер оның сабақтарын кессе, онда да өсіп тұрған ағаш шырынын шығарады. Осылайша тірі атман сіңген ағаш ырғалады. 2. Егер өмір оның бір-ақ бұтағын қалдырса, ол қурайды. Егер қараусыз екінші бұтағын қалдырса, ол тағы қурайды. Осылайша үшіншісін қалдырса, үшінші де қурайды. Егер бəрін де (күтімсіз) қалдырсаң, онда бүкіл (ағаш) қурайды. 3. Қымбаттым, есте болсын, – деді ол, қараусыз қалған нəрсе шыныменақ қурайды, (бірақ) өмір жойылмайды. Осы нəзік нəрсе дегеніміз тұтас дүние, ол – шындық, ол – атман, ол – сен өзің, Шветакету». – «Мəртебелім, мені əрмен үйретші!» – «Жарайды, қымбаттым» – деді ол. 13.1. «Мына тұзды суға сал да, таңертең маған əкелерсің». Анау айтқанды істеді. Ол оған айтты: «Мұнда кеше кешкісін суға салған тұзды əкеле ғой». Анау тұзды іздеді, бірақ судан таппады: тұз мүлдем еріп кеткендей». 2. «Суды ұрттап көрші. (Дəмі) қандай екен?» – «Тұзды». – «Ортасынан ішіп көр». «(Дəмі) қандай?». – «Тұзды». – «Басқа шетінен ішіп көр». «(Дəмі) қандай?». – »Тұзды». «Мұны төк те, маған кел». Анау айтқанды істеді. Əрқашан осылай болады. Соңынан ол анаған айтты: «Мұндағы бар нəрсе нағыз мəн, сен оны байқамадың. Қымбаттым, бар сыр осында. 3. Осы нəзік нəрсе дегеніміз тұтас дүние, ол – шындық, ол – атман, ол – сен өзің, Шветакету». – »Мəртебелім, мені одан əрмен үйретші!» – «Жарайды, қымбаттым» – деді ол. (Адамға ұстаз керек) 14.1. «Қымбаттым, егер гандхар елінен көзі байлаулы адамды айдалаға əкеп тастаса, сондай-ақ мұнда əкелген адамның көзін де байлаулы күйде қалдырса, онда ол қайда барар еді, – шығысқа ма, батысқа ма, əлде оңтүстікке ме, солтүстікке ме; 2. Егер де тіпті (оның көзінен) байламды алып: «Мына жақта гандхарлар тұрады, сол жаққа барғын!» деп айтса, онда ол хабарланған жəне түсінігі бар адам ретінде елді аралай жүріп гандхарларға өзі-ақ жетер еді. Мұны дəл солай ұстазы бар анау да біледі: «Мен мұнда (білмейтінімнен) арылғанша қалып қояр едім де, сүйтіп (мəнге) жетер едім». 3. Осы нəзік нəрсе дегеніміз тұтас дүние, ол – шындық, ол – атман. ол – сен өзің, Шветакету». – «Мəртебелім, мені одан əрмен үйретші!» – «Жарайды, қымбаттым» – деді ол. (Сөйлеу) «Пайымдасақ, сөйлеу атаудан артық. Сөйлеу арқылы Ригведа, Яджурведа, Самаведа; төртіншіден, Атхарваведа; бесіншіден, аңыздар мен əңгімелер, (тағы да) Веданың Ведасы, ата-бабаны құрметтеу рəсімі, есепті, болжау өнері, жыл санауы, пікірталас өнері, мінез-құлық ережелер, құдайлар туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, əскери өнер, жұлдыз жылнамасы, жыландар туралы жəне құдіреттің жасағандары туралы ілім, тағы да аспан мен жер, жел мен кеңістік, сулар мен ыстық, құдайлар мен адамдар, малдар мен құстар, шөптер мен ағаштар, жыртқыш аңдар мен құрт-құмырсқалар, шыбын-шіркейлер, əділдік пен əділетсіздік, ақиқат пен жалғандық, ізгілік пен зұлымдық, жағымдылық пен жағымсыздық танылады. Расында, сөйлемесек, онда əділдік пен əділетсіздікті, ақиқат пен жалғандықты, ізгілік пен залымдықты, жағымдылық пен жағымсыздықты тани алмас едік. Сөйлеу расында, мұның бəрін танытқыза алады. Сөйлеуді құрметтей біл! 2. Кімде-кім сөзді Брахмандай құрметтесе, онда ол сөз қамтитын (шеңберде), сөйлеуді Брахмандай құрметтей (өзінің) еркінше əрекеттене алады». – «Мырзам, сөзден артық нəрсе бар ма?» – «Шынымен-ақ, сөзден де артық, терең нəрсе бар ғой!» – «Мырзам, сол туралы айтып берші!» (Ой) 3.1. Пайымдасақ, ой сөзден асып түседі. Жұдырықтай жұмылған қол амалақ немесе ақша немесе қол өсімдіктерінің қос бірдей жемістерін ұстай алады, сол сияқты ойда сөз бен атауды қамти алады. Егер кімде-кім:
«Мен мантраны оқимын!» деп ойланса, ол соны оқи алады. (Егер кімдекім): «Мен қимыл-əрекет жасаймын!» деп ойланса ол соны істейді. (Егер кімде-кім); «Мен өзіме ұлдар мен мал тілеймін!» деп ойласа, ол соларды тілейді. (Егер кімде-кім): «Мен өзіме бұл жəне о дүниені тілеймін!» десе, ол соларды тілейді. Өйткені ой дегеніміз атман. Өйткені ой – дүние. Өйткені ой – Брахман. Ойды құрметтей білгін! 2. Кімде-кім ойды Брахмандай құрметтесе, сол Брахмандай құрметтеген ойдың шеңберінде (өзінше) əрекеттене алады». – «Ойдан артық нəрсе бар ма, мəртебелім?» – «Расында, ойдан артық нəрсе бар сияқты!». – «Мəртебелім, маған (сол туралы) айтып беріңізші!» (Ниет) 4.1. «Пайымдасақ, ниет ойдан асып түседі. Егер біреу (бірдеңеге) ниеттенсе, ол ойланады, сөйлесуге ыңғайланады, сөзбен атауды атайды. Мантраның бірлестігі атауға оралады, мантраға болса, рəсімнің (бірлестігін құрайды). 2. Олар шынымен-ақ ниетке топтасады: ниет – олардың атманы, ниет – олардың тіреніші. Аспан мен жерде, жел мен кеңістікте, сулар мен ыстықта райына келді. Олардың райына қарай жаңбыр жауды: жаңбырдың ыңғайына қарай азық өнеді: азықтың түріне қарай прана тірілді; прандардың ниетіне орай мантралар сергіді, мантраның ниетіне орай салттар етек жайды, салттарға орай дүние топтасты: дүниенің ыңғайына орай бəрі де ойланады. Ниет осындай. Ниетті құрметтей біл! 3. Кімде-кім ниетті Брахмандай құрметтесе, ол расында өзіндей бекем, өзі сүйенетін, өзіндей мызғымайтын, əйтеуір өзіне ұнайтын дүниеге жете алады. Кімде-кім ниетті Брахмандай құрметтесе, ол сол ниет қамтыған шеңберде (өзінше) əрекеттене алады». «Мəртебелім, ниеттен артық нəрсе бар ғой?» – «Шындығында, ниеттен артық нəрсе бар ғой . «Мəртебелім, (сол туралы) айтып берші!» (Ақыл) 5.1. Пайымдасақ, ақыл ниеттен тереңірек. Егер де біреу ақылды болса, ол толғанады, ол ойланады, ол сөйлесуге тырысады, ал сөзден атаулар туындайды. Атауларда мантралар ұқсастық табады, мантраларда рəсім ұқсастығы табысады. 2. Олар түбінде ақылда тоғысады, ақыл – олардың атманы, ақыл – олардың тіреніші. Кейбіреу көп біліп, бірақ ақылды болмаса ол туралы айтады: «Ол не білсін, (ақылды) емес. Егер де ол шынымен-ақ білгір болса, ол соншалықты ақылсыз болмас еді». Егер аз білетін ақылды болса, оны тыңдайды. Өйткені олардың бəрі де түбінде ақылда тоғысады, ақыл олардың атманы, ақыл – олардың тіреніші. Ақылды құрметей біл. 3 Кімде-кім ақылды Брахмандай құрметтесе, ол шындығында өзіндей мекем, тіреніші бар, өзіндей мызғымас парасатты дүниеге көтеріледі. Ақылды Брахмандай құрметтеген адам ақылдың шегінде (өз) еркімен əрекеттенеді «. – «Мəртебелім, ақылдан артық нəрсе бар ма екен?» – «мəртебелім, маған ол туралы айтып беріңізші!» (Ойлану) 6.1. «Ойлану расында ақылдан басым. Жер тыныш ойланатындай, ауа кеңістігі тұнық ойланатындай, аспан баурап ойланатындай, сулар толқып ойланатындай, таулар мызғып ойланатындай, құдайлар мен адамдар терең ойланатындай. Сондықтан бұл дүниенің артықшылығына жеткен адамдар ғана ойланудың осы үлестерін иемденеді. Ұсақ адамдар ашушаң өсекшіл жəне зұлым келеді. Құдіреттілер ғана ойлану үйлесін арттырады. Ойлануды құрметтей біл! 2. Кімде-кім ойлануды Брахмандай құрметтесе ғана, сол ойлану шеңберінде (өз) еркімен əрекеттене алады. «Мəртебелім ойланудан басым нəрсе бар ма?» – Аңдасақ, ойланудан да жоғары нəрсе бар». – «Мəртебелім, маған (ол туралы) айтып беріңізші!» (Таным) 7.1. «Таным расында ойланудан басым. Өйткені таным арқылы расында Ригведа, Яджурведа, Самаведа, төртіншіден, Атхарваведа, бесіншіден, аңыздар мен əңгімелер танылады; Веданың Ведасы танылады; ата-бабаларды құрметтеу рəсімдері, есеп-қисап, болжау өнері, уақыт жылнамасы, пікірталас өнері, мінез-құлық ережелері, құдайлар туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, əскери өнер, жұлдыздарды жорамалдау, жыландар жəне жаратушының жасағандары туралы, тағы да аспан мен жер, жел мен кеңістік, сулар мен ыстық, құдайлар мен адамдар, мал мен құстар, шөптер мен ағаштар, хайуан аңдар мен құртқұмырысқалар, əділеттілік пен əділетсіздік, ақиқат пен жалғандық, ізгілік пен зұлымдық, жағымды жəне жағымсыздық, тамақ пен ұйқы, бұл дүние мен о дүниелер танылады. Барлығы да таным арқылы танылады. Танымды құрметтей біл! 2. Кімде-кім танымды Брахмандай құрметтесе, ол шынымен-ақ танымға толы, білімдерге толы дүниелермен жанасады. Кім танымды Брахмандай құрметтесе, ол таным қамтыған шеңберде (өз) ниетіне орай əрекеттене алады». – «Танымнан артық нəрсе бар ма?» – «Расында,
танымнан басым нəрсе бар ғой». – «Мəртебелім, маған (сол туралы) айтып беріңізші!» (Күш) 8.1. «Күш расында танымнан басым. Бір күштінің жүз танушыны дүрліктіре алатыны мəлім. Егер біреу күшейе қалса, ол жоғарылай түседі. Көтерілген – ел кезгіш (дана) келеді. Ел кезгіш ұйып тындағыш келеді. Ұйып тыңдаушы көргіш келеді, есіткіш келеді, ойшыл келеді, түсінгіш келеді, əрекетшіл келеді, танығыш келеді. Байыбына барсақ, жер күш арқылы тұр, ауа кеңістігін құрастыратын күш, аспанды ұстайтын күш, тауларды көтеретін күш, құдайлар мен адамдардың құдіреті де – күш, малдың қуаты – күште, құстарды, шөптерді ағаштармен қатар шайқайтын да – күш, жыртқыш хайуандармен бірге шылаушыларды да тірілтетін– күш, шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқаларға қуат беретін де күш. (Тыныс) 15.1. «Тыныс расында үміттен тереңірек. Аңдасақ, доңғалаққа қадалған шабақ сияқты тынысқа барлық нəрсе телінген. Тыныс тыныстан қозғалады. Тыныс тынысқа дем береді. Тыныс – бұл əке, тыныс – ана, тыныс – аға, тыныс – қарындас, тыныс – ұстаз, тыныс – бұл брахман. 2. Егер біреу əкесіне, немесе анасына, немесе ағасына, немесе қарындасына, немесе ұстазына, немесе брахманға əлдебір былапыт сөз айтса, онда оған айтады: «Ұятың бар ма! Сен аянбай əкеңді өлтіресің, сен аянбай анаңды өлтіресің, сен аянбай ағаңды өлтіресің, сен аянбай қарындасыңды өлтіресің, сен аянбай ұстазды өлтіресің, сен аянбай брахманды өлтіресің». 3. Егер де ол адамдардан бөлінген прандарды темір таяқпен үйсе жəне оларды өртесе, онда оған ешкім де: «Сен əкеңді өлтіруші», «сен анаңды өлтіруші», «сен ағаңды өлтіруші», «сен қарындасыңды өлтіруші», «сен ұстазды өлтіруші», «сен брахманды өлтіруші» деп айтпайды. 4. Расында, тыныс – бəрінің демі. Кім мұны көре білсе, ойласа, таныса, ол пікірталаста жеңіп шығады. Егер оған: «Сен айтыстың жеңімпазысың» деп айтса, онда ол: «Мен айтыстың жеңімпазымын» деп айта қойсын». Ол мұндай сөзге таласа қоймасын. (Шындық) 16.1. «Кім ерегісті шындық арқылы жеңсе, сол расында айтыста діттегеніне жетеді». – «Мəртебелім, мен шындық арқылы айтысты жеңгім келеді!» – «Ондай болса шындықты тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, шындықты тануға тырысамын». (Шындық жəне таным) 17.1. «Егер кімде-кім дұрыс таныса, сол шындықты айтады. Танымаған шындықты айта алмайды. Таныған ғана шындықты айтады. Бірақ та шындықты тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, мен шындықты тануға тырысамын». (Таным жəне ой) 18.1. «Расында кім ойланса, сол таниды. Ойланбай танымайды. Ойланған таниды. Сондықтан ойды тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, мен ойды тануға тырысамын». (Ой жəне сенім) 19.1. «Расында кім сенетін болса, сол ойланады. Сенбеген ойланбайды. Сену арқылы ойланады. Сондықтан сенімді тануға талпыну керек». «Мəртебелім, мен сенімді тануға тырысамын!» (Сенім жəне беріктік) 20.1. «Расында, кім берік болса, сол сенеді. Берік болмаған сенбейді. Тек берік адам ғана сенеді. Сондықтан беріктікті тануға талпыну керек» – «Мəртебелім, мен беріктікті тануға тырысамын». (Беріктік жəне əрекет) 21.1. «Расында, кім əрекеттенсе сол берік. Кім əрекеттенбесе, ол берік емес. Əрекеттенген ғана берік болады. Сондықтан əрекетті тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, мен əрекетті тануға тырысамын». (Əрекет жəне бақыт) 22.1. «Расында бақытқа жетемін деушілер ғана əрекеттенеді. Кім бақытына талпынбаса, ол əрекеттенбейді. Тек бақытына ұмтылғандар
ғана əрекеттенеді. Сондықтан бақытты тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, бақытты тануға тырысамын». (Бақыт жəне шексіз кеңшілік) 23.1. «Расында, (шексіз) кеңшілік бақыт ғой. Таршылықта бақыт жоқ. Тек (шексіз) кеңшілік қана бақыт. Сондықтан (шексіз) кеңшілікті тануға талпыну керек». – «Мəртебелім, мен (шексіз) кеңшілікті тануға тырысамын». (Шексіз кеңшілік пен ұсақтық) 24.1. «Егер де ешнəрсені көрмесе, ешнəрсені есітпесе, ешнəрсені танымаса, мұнымыз (шексіз) кеңшілік. Егер де бір нəрсені көрсе, бір нəрсені есітсе, бір нəрсені таныса, онда мұнымыз ұсақтық. (Шексіз) кеңшілік – бұл нағыз мəңгілік. Ұсақтық – ажалды». – «Мəртебелім, (шексіз) кеңшілік не нəрсеге сүйенеді?» – Өзінің айбынына. Немесе айбынсыздыққа ма? 2. Бұл дүниеде үлкен деп сиырды, атты, пілді, алтынды, құлды, əйелді, егістікті жəне үйлерді айтады. Мен бұлай демеймін, мен бұлай демеймін! – деді (Санаткумара). Өйткені бірі біріне сүйенеді. Мундака-упанишада 1,1 (Білімнің екі түрі) 1. Брахма Құдайлардың арасында дүниені жаратушы жəне қорғаушысы ретінде бірінші пайда болды. Ол өзінің Брахман туралы білгенін үлкен баласы Атхарванға барлық білімнің арқауы ретінде түсіндіреді. 2. Брахма Атхарванға үйреткен Брахман туралы білімін алғашында Ангирасқа мирас етеді. Ангирас білімді Бхарадваджидің баласы Сатьявахқа қалдырады. Бхарадваджидің баласы Анигирасқа (білімнің) жоғары жəне төменгі түрін (жеткізеді). 3. Шаунака үлкен үйдің иесі ретінде Ангирасқа жақындап, одан сұрайды: «Мырза, мұның бəрі нені танудың барысында танылды?» 4. Анау оған былай жауап берді: «Брахманды білушілер айтпақшы, білімнің екі (түрін) – жоғарғы жəне төменгі үзіндісін танып-білу керек. 5. Төменгі таяз (білім) дегеніміз Ригведа, Яджурведа, Сама веда, Атхарваведа, сөздің дыбысы туралы ілім, рəсім-жораны сипаттамалау, өлең құрастыру жəне жұлдыз жорамал. Жоғары дегеніміз тұрақтылықты танытатын білім. 6. Көрінбейтін, сезілмейтін, тегі де, варнасы да, көзі де, есітетін мүшесі де, аяғы да, қолы да жоқ, мəңгі, бəріне енетін, бəрінде кезігетін жұқа да жіңішке нəзіктердің бəрінде өзгермейтін тұрақты дейміз. Даналар одан (барлық) нəрселердің қайнар көзін көреді. 7. Өрмекші жіңішкелеп өретін шырмауық та жəне өзіне жинайтын өрмегі де, жерден өскен өсімдіктер де, адамның басында (өсетін) шаштар да, дүниедегі мұның бəрі де тұрақтылықтан құралады. 8. Брахман тапас арқылы ұлғаяды. Содан тамақ туындайды. Тамақтан – тыныс, (тыныстан) – ой, (ойдан) – ақиқат, (ақиқаттан) – дүниелер, ал қимыл-əрекеттен – шексіздік туындайды. 9. Бұл Брахман, атау, келбет жəне тамақ кім бəріне қанық жəне бəрін білетін, оның тапасы білімнің жетілуіне мүмкіндік ашатын болса, содан туындайды. Мундака-упанишада ІІ, І. 2. (Пуруша) 1. Қымбаттым менің, шындық мынада: лапылдаған оттан бір-біріне тең мыңдаған ұшқындар таралса, сол сияқты алуан жасалынған нəрселер тұрақтылықтан пайда болады жəне соған қайта оралады. 2. Пуруша құдіретті жəне денесіз, ол сырттан не іштен тумайды, тыныссыз жəне ойсыз болса да жоғарылап тұрақтаса, тазара да жоғарылай бермек. 3. Одан күллі нəрсе – тыныс, ой жəне бар сезім, кеңістік, ауа, жарық, су жəне жер тарайды. 4. От – оның басы, күн мен ай – оның көздері, жарық əлемі – оның құлақтары, оның тілі – Ведалар аян беретін мəліметтер, ауа – оның тынысы, дүние – оның жүрегі. Оның аяғында жер (пайда болды), ол барлық нəрселердің нағыз атманы. 5. Одан күннен тұталатын от (пайда болады), айдан жердегі жаңбыр, өсімдіктер (пайда болды). Еркек ұрығынан əйелдікі ұрықтанады. Пурушаның жасампаздығы осында. 6. Одан риг, саман жəне яджас, арнау жоралғылары, құрбандық шалу түрлері, құрбандық əкелу рəсімдері туындайды, сондай-ақ ай толатын, күн (жарқырайтын) дүниеде құрбандық шалу рəсімі таралды. 7. Одан əр түрлі құдайлар, құдайсыздар, адамдар, малдар, құстар, тыныс алу жəне тыныс шығару, күріш пен арпа, тапас, сенім, шындық, ұстамдылық пен заң туындады. 8. Одан жеті пран, жеті от, (олардың) жанар майы, жеті құрбандық шалу рəсімі, мына жеті дүние, ондағы жүрек қатпарында жасырын тіршілік ететін прандар (туындады). 9. Одан барлық теңіздер мен таулар (туындады), одан күллі өзендер ағады; барлық өсімдіктер мен олардың шырыны, солармен бірге алғашқы бастамалар арқылы ішкі атманды құрайтындар (туындайды).
10. Пуруша дегеніміз қимыл-əрекет те, тапас та, Брахман да, осының бəрі де. Ол – өлімнен де жоғары. Қымбаттым менің, жүректің қатпарындағы құпияны да білуші, бұл дүниедегі білімсіздіктің түйінін шешуші де сол! Аударған Ж.Молдабеков. МАНУ ЗАҢДАРЫ (Б.з.д. ІІ ғ. – б.з. ІІ ғ.) Ману заңдары (Б.з.д. ІІ ғ. – б.з.ІІ ғ.) – ежелгі үнді қоғамының ең маңызды жақтары туралы мəлімет сақталған– ежелгі үнді əдебиетінің ең белгілі ескерткіші. Ескерткіште көрініс тапқан дəстүр оның жасалуын адамдардың аңыздық ілкі атасы Мануға телиді. «Ману заңдары» Ганга жазығында, ол жерде рулық-тайпалық институттарды жаңа жағдайға бейімдей бастаған жаңа мемлекеттердің пайда болған кезінде жасалған. Қарапайым құқық пен ауызша дəстүрлер мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын болып еді. «Құдіретті ашылуға» (Веда бойынша) негізделген жазбаша құқық ережелерінің жинақтары – дхармасутралар пайда болды. Дхармасутраларды мемлекеттік басқару органдары емес, діни мектептер жасады. Бұлар күнделікті құқық ережелерін қолдануға берілген нұсқаулар жинағы еді. «Ману заңдарын» алғаш рет санскриттен ағылшын тіліне 1794 ж. В.Джонсан аударған болатын. 1917 ж. Петербургте «Ману заңдарының» С.Д.Эльманович жасаған аудармасы шықты. Ежелгі үндінің материалдық, рухани өмірінің жағдайы жəне қоғамдық қатынастары өзара қатты ерекшеленетін, сондықтан ол кездің қоғамдық-саяси терминологиясы да күрделі болатын. Көп жағдайда терминдердің қазақ тіліне дəл аударылуы мүмкін емес, сондықтан орыс басылымдарында дхарма, гуру, снатака, млеччха, дасью, риши, шастра, мантра жəне т.с.терминдердің пайдаланылуы заңды жəне өзін ақтайтын құбылыс. Мысалы, «дхарма» сөзі тек «заң» деген мағына бермейді. Ол адамның ізгілігін анықтайтын құқықтық, моральдық, этикалық жəне тағы басқа нормалардың жиынтығын, сонымен қатар оның қоғамда алатын орнына байланысты өмірлік ережелерін білдіреді. Дхармашастралар болып табылатын «Ману заңдары» заңның негіздері ғана болды, олар пəрменді заңдардың баптары емес. Бұл қоғам мүшесіне арналған, орындалуы сол кезде үстем еткен көзқарастар мен дін тұрғысынан ізгілік болып саналатын нұсқаулар жинағы болатын. Жас ұрпақты құқықтық тəрбиеге баулуда құнды, көне еңбектердің бірі болып саналады. МАНУ ЗАҢДАРЫ VІІ тарау 101. Ол өзінде жоқты күшпен табуға, тапқанын – сақтауға, сақтағанын – өсіріп көбейтуге, көбейткенін лайық адамға сыйға тартуға тырыссын. 102. Əрқашан соғысқа, жаудың күшін іздеп табуға, құпиясы мен осал жерін ашуға дайын болуы керек. 103. Бүкіл дүние қашан да соғысқа дайыннан қорқады, себебі барлық тірі жанды тек күшпен бағындыруға болады. 107. Сондықтан, жаулап алуға ұмтылушының қандай қарсыластары болмасын, оларды төрт құралмен, келіссөз жəне тағы осындай жолдармен бағындырсын. 108. Егер оларды алғашқы үш құралмен бағындыра алмаса, оларды біртіндеп күшпен бағындырсын. 109. Төрт құралдан – келіссөз жəне басқалар – ғалымдар елдің көркеюі үшін келіссөз бен күшті ұсынады. 110. Жер өңдеушінің арам шөпті жұлып дəнді қорғайтыны сияқты, патша да жауды құртып, елді қорғасын. 111. Өзінің ақылсыздығынан бүкіл елді қинайтын патша, өзінің туыстарымен бірге тез арада елден де, өмірден де айырылсын. 112. Денесін қинағаннан адамдардың өмірі қиылғандай, елді қина - ғаннан патшалардың өмірі қиылады. 113. Елді басқарғанда ылғи да мына ережені орындау керек: елді дұрыс басқаратын патша, елдің жағдайын жасайды. 124. Патша, еңбекшілерден зұлымдықпен ақша талап ететін қызметшілердің мүлкін тартып алып, өздерін қуғындасын. 125. Патша қызметіндегі əйелдерге, сонымен қатар жалпы барлық қызметшілерге жұмысы мен дəрежесіне қарай күнделікті өміріне қажет қаражат бөлінсін. 133. Патша өліп бара жатса да, Веданың білімпазынан салық алмауы керек: оның елінде өмір сүретін Веда білімпазы аштан өлмеуі керек. 134. Қай патшаның елінде Веданың білімпазы аштан өлсе, сол патшаның елі сол аштықтан өледі. 135. Ведаға лайық мінез-құлқына көз жеткізген соң, оған дхармада көрсетілген қаражат бөлінсін, жəне əкесі туған ұлын қорғағандай қорғасын. 136. Патшаның күнделікті қорғауында ол қандай дхарма жасамасын, осының арқасында патшаның өмірі де, дəулеті де, елі де өсіп-өнеді. 143. Өз адамын жаудың əкетіп бара жатқанын, оның көмек сұраған даусын қызметшілермен бірге ести тұра, оны қорғауға ешқандай əрекет жасамаған патша – тірі өлік.
144. Кшатридың жоғарғы дхармасы – халқын қорғау, яғни ай тылған Жемістерді1 татқан патша дхарманы орындау міндетін де өзіне алуы тиіс. 145. Таң атпай тұрып өзін тазалау рəсімін жасап, ойын жинақтап, отта құрбандық шалып, брахмандарға ізет көрсетіп барып, салтанатты жиналыс залына кірсін. 158. Жауыңның көршісі, əрі жақтасын жауым деп, жауыңның көршісін досым деп, осы екеуінен басқасын бейтарап деп санау керек. 159. Бұлардың бəрін келіссөзбен жəне басқа да жолдармен, жеке-жеке немесе бірге, ерлікпен жəне саясатпен өзіңе бағындыру керек. 160. Əрқашан саясаттың алты түрін ойластыру қажет: бұлар одақ, соғыс, жорық, күту, əскер бөлу жəне көмек іздеу. 168. Көмек2 екі түрлі болады: жау тықсырып келе жатқанға қол ұшын созу жəне жақсылардың арасында белгілі болу үшін (қамқорлық көрсетуші күшті билеуші ретінде). 169. Егер ол əзірше əлі жетілмеген, бірақ келешекте болатын табысын біліп тұрса, ал қазір зиян онша көп болмаса, бейбіт келісімге ұмтылу керек. 170. Бірақ, халқының риза, өзінің əжептəуір күшейгенін сезінген кезде, соғысты бастау керек. 171. Егер ол өз əскерін рухты, əрі күшті, ал жауды керісінше күйде деп санаса, дұшпанына жорық жасауы керек. 172. Егер ол өзінің əскері мен жүк таситын күштерінің əлсірегенін сезсе, жауды жайлап тыншытуға тырысу керек. 173. Егер патша, дұшпаны барлық жағынан күшті деп санаса, əскерін бөлу арқылы мақсатына жетсін3. 174. Жаудың əскерінен жеңілетіндей жағдайда, ол қуатты, əрі ізгі патшаның қамқорлығын іздеуі қажет. 177. Патша өнерлі саясатшы, өзінің одақтастары, бейтарап мемлекет басшылары жəне жаулары өзінен күшті болмауына барлық жолмен жетуі керек. 178. Өткеннің бəрінің жақсысы мен жаманын, қазіргі мен келешектің барлық іс-əрекетін егжей-тегжейлі ойлауы қажет. 179. Өзінің келешек іс-əрекетінің жақсысы мен жаманын білетін, қазіргі сəтте тез шешім қабылдай алатын, өткен істің қорытындысын білетін еш жаудан жеңілмейді. 180. Бəрін оны одақтастары, бейтараптар жəне жаулары жеңе алмайтындай етіп жасау керек: саясаттың мəні осында. VІІІ тарау 42. Алыстағы, тек өз ісімен ғана айналысатын адамдардың өзі халыққа керек. 63. Сот ісіне барлық варнадан барлық дхарманы білетін, сараңдықтан ада, сенімге лайық куəлар ғана жіберілуі керек, ал қарама-қарсы қасиеттерге иелерден қашу керек. 127. Əділетсіз жаза абыройыңды төгеді, ел алдында атыңды былғайды, ал ана дүниеде аспаннан айырады, сондықтан бұдан қашық болған жөн. 128. Егер патша жазаға лайық еместерді жазаласа, жазаға лайықтарды жазаламаса, абыройдан айырылып, тозаққа барады. 335. Əке де, ұстаз да, дос та, ана да, жар да, ұл да пурихита да жазасыз қалмау керек, егер дхарманы орындамаса, патша үшін оның атауының еш мағынасы жоқ. 336. Егер бір қарапайым адам каршапана айып төлесе, дəл сондай қылмысы үшін патшаның мың каршапана айып төлеуі керек: ереже сондай4. «АРТХАШАСТРА, НЕМЕСЕ САЯСАТ ҒЫЛЫМЫ» (б.з.д. І ғ. – б.з. І ғ.) (Мемлекеттік құрылым туралы ғылым) – Ертедегі Үнді елінің саясиэкономикалық трактаты. Ертедегі Үнді қоғамының мемлекеттік, саяси жəне шаруашылық құрылымы туралы құнды мағлұмат береді. «Артхашастра»-ны, үнді дəстүріне сəйкес брахман Каутилье (Чанакья атты есіммен де мəлім болған) жазды делінеді, дегенмен, қазіргі тарих ғылымдарының деректеріне сүйенсек, «Артхашастра» елдің ертедегі ойшылдарынан жеткен мұра уақыт елегінен өтіп, ғасырлар бойы біздің заманымызға дейінгі І ғасыр мен біздің заманымыздың І ғасыры аралығында жазылған еңбек. Мазмұны мен маңызына қарай «Артхашастра» мемлекетті басқарудағы негізгі басшылық құжат қана емес, сонымен қатар, Ертедегі Үнді елінің саяси, экономикалық, дипломатиялық, заңнамалық, философиялық жəне əскери ісі туралы ойларының ескерткіші жəне сол дəуірдің энциклопедиясы болып табылады. Сондай-ақ тəлім-тəрбиелік ғибратқа толы даналық ойларды негіздейтін педагогикалық тəрбиеге бағытталған еңбектер жинағы. Ғылымға «Артхашастра»-ның мəтіні алғаш рет 1905 ж. Үндістанның танымал ғалымы Р. Шамашастри осы əдеби шығарманың ағылшын тілінде жекелеген фрагменттерін аударып бастыра бастағанда танылды. Бүгінде бұл трактат көптеген сыннан өтіп, бірнеше рет басылып шықты.
Жау жақтағы сенімді жəне сатқындыққа жақын тұратын адамдардың тобын айқындау 14-ші тарау Ел ішіндегі сенімді жəне сатқындыққа жақын тұратын адамдар тобын айыра білу мəселесі айқындалады. Жау жақтағы сенімді жəне сатқындыққа жақын тұратын адамдардың тобын айқындауды қарастыру. Материалдық жағынан табыс табудағы уəдеге сеніп, алданғандар, екі бірдей тамаша қызметкердің өзі, немесе атқарған қызметі дұрыс еленбей қалғаны, кезінде танымал, сыйлы болып, кейін елеусіз қалғандар, пара беріп бірақ, қызмет ала алмағандар, өзіне тиісті құқығын пайдалана алмаған немесе тиесілі мұраны ала алмаған адам, құрмет пен қызметтен айрылған адам, шетке қағылған адам, жазықсыз түрмеге түскен немесе əйелі зорланған адам, жаманшылық ойын іске асыра алмаған адам, дүниемүлкінен айрылған, қамаудан шаршаған, туысқандарынан айрылғандар – наразы немесе ызалы адамдар тобына жатады. Өзінің қателігінен жапа шеккен адамдар, жамандық істері əшкере болып қалғандар, жерінен айрылған адамдар, өзіне тиісті емес қызметтегі адамдар, арамдықпен байлық жинағандар, жаза алып сағы сынғандар, патшаның (басшының) туысқандарының байлығынан дəмелілер, патшаның жек көретін адамдары жəне өздері патшаны жек көретіндер қорқақ болып келеді. Өз абыройын жоғалтқандар, байлықты көп жинағандар, көк тиын артық жұмсамайтын сараңдар, өте қатерлі істерге бара алатын адамдар – сараң адамдар тобына жатады. Өзін өзгелерден жоғары санайтындар, қарсыласына көрсетілген құрметті көре алмайтындар, қатал адамдар, өзгеге зорлық жасай алатындар, адамгершілігі төмен адамдармен қарым-қатынас жасайтын жəне үнемі қолда барға риза болмайтындар – өркөкірек адамдар тобына жатады. Осылардың ішінен сатқындыққа жақын адамдарды патша тілсіздердің көмегімен азғырсын. Уəде беріп, келісім-шарт жасасқандарын патша өзінің тілсіздерімен бірге мүмкіндігінше іске тартсын. Жау жақтан сатқындыққа жақын адамдарды сый-сияпат көрсету арқылы ал, сатқындыққа бармайтындарын қорқыту арқылы немесе күшпен тіпті болмаса олардың патшаларының қателіктерін бетке басу арқылы көндірсін. Бөлім 11 Кеңес өткізудің маңызы Тарау 15 Өз адамдарынан жəне қарсылас жақтан топтар құрып алған патша енді істі қалай бастауды ойластыруы керек. Əрбір жаңа іс кеңесуден басталады. Кеңес өткізетін орын сыртқа сөз естілмейтін жəне құс та тұмсығын сұға алмайтын жабық болуы тиіс. Кеңес өтетін жерге бөтен адам жіберілмейді. Кеңесте болған əңгімені сыртқа шығарушы – өлім жазасына кесіледі. Кеңес жасырын болуы тиіс, кеңесте қабылданған мəселе шешімін тапқанша оған қатысты адамдар үнемі бақылауда болады. Не істелуге тиісті екенін ешкім білмеуі тиіс жəне кеңес шешімін орындаушылар іс басталғанда ғана немесе аяқталғанда хабардар болады. Кеңесте əр адамның пікірі тыңдалады. Дана басшы тіпті баланың сөзін де мұқият тыңдауға тиіс. Істі бастау тəсілі, кеңесті өткізуге қажетті құжаттар, деректер жəне қажетті адамдардың болуы, өткізілетін уақыт пен орнын дұрыс айқындау, сəтсіздіктерге қарсы шара қолдана білу жəне істің сəтті аяқталуы – кеңестің негізгі бес элементі болып табылады. Бұл мəселелер туралы патша əр кеңесшіден жеке-жеке жəне бəрімен бірге сұрауы керек. Əрқайсысының жеке сараптауын түсінуге тиіс. Істің мəн-жайын ұғынса, көпке созбасын. Кімдерге соққы беруге тиіс болса, оларды қорғамасын жəне олармен ұзақ кеңесудің қажеті жоқ. Мемлекет негіздері туралы Тарау 1 Мемлекеттің негізгі элементтері – үкімет басы, министр, ауылдық аймақ, бекіністі қалалар, мемлекеттік қазына, əскер жəне жақтастары болып табылады. Үздік үкімет басының төмендегідей қасиеттері болуы тиіс. Текті жерден шыққан, тағдырынан бақытты, ақылды, жағымды қасиеттері көп, тəжірибелі жəне қарт адамдардың ақыл кеңесіне көңіл бөлетін, шыншыл, əділ, екі сөйлемейтін, жомарт, жігерлі, созбалыққа салынбайтын, ерікжігері мықты, маңында жағымсыз жəне тез келісе салатын адамдарды ұстамайтын қасиеттері болса, адамдарды өзіне тарта алады. Ол білуге құмар, оқуға, қабылдауға, есте сақтауға талапты, танып
білгенді, оқып-тоқығанды сараптай алатын, қажетсізді қабылдамай, тереңге бойлай білетін болуы тиіс. Оның іскерлігін байқататын қасиеттері: батылдық, алған бетінен қайтпайтын табандылық, шапшаңдық жəне ұшқырлық. Тілге шешен, тапқыр, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, күшті, терең ойлайтын, өзін ұстай алатын, талғамы жоғары, əскерді басқара алатын, жақсылыққа да, қастыққа да жауап бере алатын, ұяты бар, опат жағдайға қарсы шара қолдана алатын, қол астындағыларын қорғай алатын, көріпкел, адам күшін қажетті жерінде тиімді пайдалана білетін, бейбітшілікті, соғысты таңдауда немесе тығырыққа тірелген жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алатын, көңілді, күліп жүретін, тура қарайтын, қызғаншақ, ашушаң немесе өркөкірек емес, өтірікке қас болуы тиіс. Мемлекеттік қазына үкімет басының өзі немесе оның ата-бабалары заңды түрде жинаған болуы тиіс жəне Мемлекеттік қазынаның негізін ұзақ уақыт опат жағдайда елді сақтай алатын алтын, күміс, əр түрлі жəне ірі көлемдегі бағалы тастар, ақша құрауы тиіс. Таңдаулы əскер. Таңдаулы əскер кезінде Ел басының арғы аталарына қызмет еткен, тұрақты, тəртіпті, əскери шерулерде шыныққан, қасіретті көтере білетін, ауруға төзімді жəне əскерилер мен олардың əйел, балалары ризашылық жағдайда болуы керек. Əскерилер құрамы негізінен кшатрилерден тұратын, бес қаруды жетік меңгерген, тəжірибелі, қиыншылықта да, қызықта да ел басымен бірге жəне оған берілген, адал болуы тиіс. Сенімді одақтастар. Одақтастар кезінде Ел басының арғы аталарымен қызметтес болған, тұрақты, ел басына бағынатын, сенімді, мықты жəне көмекке тез келетін болулары керек. Қандай қарсылас (жау) тиімді. Олар патша тұқымынан болмаса, жанындағы кеңесшілері топас, қол астындағы қызметшілері жек көретін, əрдайым дұрыс əрекет жасамайтын, сылбыр, тағдырына мойын ұсынған, əлсіз жəне басқаларға үнемі жəбір көрсететін жау тиімді болып келеді. Жақсы қасиеттерден ада, ұстанымы берік емес басшы, қанша бай болса да, не қарсыласының ырқында кетеді немесе өзінің қол астындағылардан ажалын табады. Шағын жері ғана бар, бірақ нағыз басшыға тəн қасиеттері бар, мемлекет негіздерін меңгерген, басқару əдістерін білетін, басшы еш жапа шекпей, барлық жерге билігін жүргізе алады. Бейбіт өмір жəне еңбек туралы. Бейбіт өмір жəне еңбек амандық-саулықтың негізі болып табылады. Еңбек дегеніміз – басталған істің нəтижесін көру үшін күш жұмсау. (Ішкі) Саясаттың алты тəсілі (əдісі). Саясаттың алты əдісінің қысқа мазмұны. Құлдырау, тоқырау жəне даму түсініктері. Саясаттың факторлар шеңбері – алты əдісті (тəсілді) қолданудың негізі. Ұстаздардың пайымдауынша, алты əдіс: бейбітшілік, соғыс, ыңғайлы сəтті күту, шабуылға шығу, көмек іздеу жəне екі жақты саясат жүргізу. Ватавьятхи екі əдіс қана бар, олар – бейбітшілік жəне соғыс деп пайымдайды. Каутилья түрлі жағдайға байланысты туындайтын əдістердің алты түрін атайды. Оның түсіндіруі бойынша бейбітшілік дегеніміз – екі жақты байланыстыратын келісім-шарт жасау, соғыс – зиян келтіру, ыңғайлы сəтті күту – бей-берекет жағдайда болу, шабуылға шығу – жауға қарсы шара қолдану, одақ – басқалардан қорған, көмек іздеу, екі жақты саясат – жағдайға қарай бейбіт жағдайды да, соғыс жағдайын да өз пайдасына пайдалана білу. Саясаттың негізгі алты əдісі (тəсілі) осылар. Əлсіз жақ келісім-шарт жасауға тырысады. Басым жақ соғыс жариялай алады. «Олар мені жеңе алмайды, мен де оларды жеңе алмаспын», – деп ойлайтындар – ыңғайлы сəтті күтеді. Басым жəне мүмкіншілігі мол жақ соғыс бастауға тиіс. Мүмкіншілігі шамалы жақ өзіне одақтастар іздейді. Істі одақтастардың көмегімен шешу мүмкіндігі туса, екі жақты саясат жүргізген абзал. Əдістерді осылай анықтаса болады. Егер басшы осы əдістердің біреуін таңдап алса жəне оны іске асыра отырып, өз аумағында бекініс, суару жүйесін, сауда жолдарын салып, ен далаға пілдер жайылатындай ағаштың түрлерін өсірсе, ал осы істерді жауының іске асыруына бөгет бола алса, жеңіске жетеді. Егер осы басшы өзі таңдаған əдісінде нəтижеге жетпесе жəне өзінің жауына зиян келтіре алмаса, ол əдістің тек құлдырауға соқтыратынын білуі керек. Егер басшы өзінің құлдырауы баяу түрде ал, қарсыласының құлдырауы тез болатынын, немесе өзінің құлдырауы көркею мен дамуға ұласатынын ал, қарсыласында керісінше жағдай боларын көре білсе, ол өзінің уақытша құлдырауына төзімді болуы керек. Таңдалған əдіс-тəсіл нəтижесінде құлдырау да, даму жолы да байқалмаса, ол тəсіл тоқырауға əкеледі. Өзінен мықты одақтастан көмек іздеу туралы. Көмек қажет болған жағдайда – бір-бірімен достық қарым-қатынастағы екі басшының қайсысы дос жəне өзі туралы жақсы көзқараста болса, сол басшыдан одақтас іздеу керек. Одақ құрудың дұрыс тəсілі осы.
Өзімен тең, өзінен күшті жəне əлсіз қарсыласқа саясаттың тəсілдерін қолдану Əлсіздер үшін бейбіт келісім-шарт жасау тəсілі. Жеңуге құштар жақ өзінің күшіне сəйкес саясаттың алты тəсілін қолдануы керек. Күш жағынан өзімен тең жəне өзінен күші басымырақ қарсыласпен бейбіт қатынаста болуы керек. Өзінен əлсізбен соғыса алады. Өзінен күшті қарсылас соғыс жарияласа, əлсіз жақ пілді əскерге қарсы тұрған жаяу əскер іспеттес. Егер күш жағынан өзімен тең қарсыластар соғысса, бір-біріне ұрылған екі күйдірілмеген қыш құмыраның сынғаны секілді. Өзінен əлсізбен соғысқан ғана жеңіске жете алады, бұл – қыш құмыраға ұрылған тас секілді. Егер күшті қарсылас бейбіт келісімге келгісі келмесе, оның күшіне бағынатын кейіп таныту керек, немесе өз күшіңді жетілдіргенше қулық тəсіл қолдан. Күш жағынан өзімен тең қарсылас бейбіт келісімге келмесе, өзі қанша зиян келтірсе, оған да соншалық зиян келтіру керек. Егер от балқытпаса, қатты қызбаған темір басқа металмен бірікпейді. Егер əлсіз қарсылас өзінің бағынуға икемдігін білдірсе, онымен бейбіт келісім-шартқа тұру керек. Себебі көрген азабы үшін кек алу мақсаты – орманға тиген өрт секілді күш алып кетуі мүмкін. Аударған М.А. Хамитова. ҮШІНШІ БӨЛІМ ЕЖЕЛГІ ҚИЫР ШЫҒЫС (ҚЫТАЙ) Ежелгі ескі заманда Қытай елінің көрнекті өкілдерінің өмір сүріп, бүкіл адамзаттың өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Адамзат қауымдастығы үшін тарих дегеніміз тіпті де жалпылама бұлдыр ұғым емес. Əрбір халықтың ұлт ретінде қалыптасу, өсіп-өну жолында өз басынан өткергені, кешкен тыныстіршілігі, яғни талайғы тағдыр-талайы, соқпақ-сүрлеуі бар. Солардың бірі, бірі болғанда бірегейлері Қытай халқының ұлы кемеңгерлері Лао Цзы, Кун Фу Цзы, Мо Цзы, Чжуан Цзы жəне т.б. Ендеше əрбір халықтың ұлы тұлғаларын білу, олардан қалған ұлағаты мол, тəлімтəрбиелік сөздерін кейінгі ұрпақ еншісіне қалдыру – тарихи тамырыңды тану, сол арқылы қазіргі заманға лайықты көзқарасыңды, отаншылдық сана-сезіміңді қалыптастыру деген сөз. Олай болса, төменде келтіріліп отырған үзінділерді Ханзу халқының ұлттық ұлылығына ұйтқы болып отырған ұлы ойшылдардың нақыл сөздерімен таныстықтың басы деп біліңіздер. ЛАО-ЦЗЫ (Б.з.д. VІ – V ғғ.) Қытайдың алғашқы философы ретінде Лао-цзы мифологияда қытайлардың ата-бабасы Хуандиге жақындайды. «Дао дэ цзиннің» «Хуанди кітабы» деп аталуы кездейсоқ болмаса керек. Кейін оны автордың есімімен «Лао цзы» деп, одан соң – қазіргі атауымен атайды. Кейбір өзгерістерге ұшыраған деген жорамалдарға қарамастан, «Дао дэ цзиннің» мəтіні түпнұсқа деп танылады. «Қосымша жазулар мен құрастырулар енгізілген көп ғасырлар ішінде, – деп атап көрсетеді А.Е. Лукьянов, – оның пішіні өзгеріп, мəтінінің бағыттары біршама шатасқан болуы мүмкін.
Сонда да... оның негізі сақталып, осы мəтіні даос көнелігінің шынайы ескерткіші ретінде сенім туғызатын болар деп үміттенеміз (осы ескерткішті қалпына келтіру жөніндегі қытай ғалымдарының ұлы еңбегін мойындау керек)1. Даосизм ілімінің негізін қалаушы Лао-цзы екінші ғасырда құдай ретінде танылады, даостар оны «бейне», немесе «дене», дао ретінде қарастырады. Аңызға сенсек, Үндістанда буддизмнің пайда болуының негізін сонда қоныс аударған Лао-цзы уағыздары қалаған. Аңыздардың бірі қытай ақылгөйін Сиддхартхи Гаутаманың (Будданың) іс жүзіндегі əкесі ретінде тани отырып, Лао-цзы мен Будданы туыстық шежіре жағынан байланыстырады2. Лао-цзы Конфуцийдің жасы үлкен замандасы болды. Лао-цзымен алғашқы кездесуінен кейін Конфуций, аңыз бойынша, үш күн сөйлемей қойған. Одан осы кездесу жөнінде əлде нені білгісі келген шəкірттерінің сұрақтарына жауап бермеген. Конфуций өзінің сұхбаттасына таң қалған. Ол сөйлей бастағанда, оқушылар: «Сіз Лао-цзыға қандай қарсылық білдірдіңіз?» деп сұрайды. Бұл сұраққа Конфуций: Лао-цзыны кездестіргенде біресе көзге көрінбей, тұманға айналатын, біресе бұлттардың үстінде қалықтап, инь жəне ян аспан сəулелерімен тыныстайтын айдаһарды кергендей болдым деп жауап берген. Бұдан əрі Конфуций: «Мен əлде бір қарсылық білдірмек түгілі, оның алдында аузымды аша алмадым»3 деген. Конфуций, бəлкім, өзінің шəкірттеріне Лао-цзы талқыланатын проблемалар жөнінде адам ойлауының барлық деңгейінде керемет ойланып, толғана алатынын бейнелі түрде жеткізген болар: Əлем, қоғам құбылыстарын жəне оның тарихын жинақтайтын барынша абстрактілі деңгейде, санаттар мен шегіне жеткен абстракциялардың ойдан шығарылған деңгейінде, сондай-ақ жаппай үйреншікті сананың практикасы мен тəжірибесінің мысалдарын пайдаланатын қолданбалы деңгейде ғажап ойлана алған. Лао-цзы ілімін баяндайтын «Дао дэ цзин» кітабының негізгі идеясы мынада: көзге көрінбегенімен,объективті өмір сүретін дао заңы, жолы сайып келгенде күллі нəрсені, оның ішінде əміршілер мен бағыныштылардың мінез-құлқын да басқарады. Кемеңгер əміршілер мен бағыныштылар өз əрекеттерінде даоны ұғына отырып, оған сəйкес əрекет ететін жағдайда ғана көздеген мақсаттарына жете алады. Данышпан əміршілер көктасқа, саз тақталарға, ағаш тақтайшаларға ойып жазатын, жібекке түсіретін заңдардың барлық мəтіндерінің терең мағынасы – адамдарды даоны танып-білуге жақындату. Олар іс жүзінде ешқандай жаңалық қоспай, мұны нақтылап, басқаларға жеткізеді. Күллі нəрсе даода өмір сүріп, оған сіңіп кетеді. Лао-Цзының өз елін тастап, сусиырға мініп, Үндістанға кетуі «Кім шектен тыс тырысқақ жəне икемді болса, ондай адам өзгені айыптауды жақсы көреді, кім тоқтаусыз сөзшең болса, ол өзгелерде өшпенділік туғызып, өзін қауіпке итермелейді, бірақ ұл боп туған адам тек өзі туралы ғана ойламауы керек». Бұл сөзді Лао Цзы Конфуциймен кездескенде айтыпты деседі. ДАО ДЭ ЦЗИН Б. з. д. VІ – V ғғ. §1 Сөзбен айтылатын дао, тұрақты дао емес. Атауға болатын есім, тұрақты есім емес. Аспан мен жердің атаусыз негізі бар4, ол – барлық заттардың анасы5. Сондықтан құмарлықтан ада адам, керемет құпияны [даоны] көреді, ал құмарлығы бар адам оны тек ақырғы түрінде көреді. Бұлардың екеуінің шығу тегі бір, тек əр түрлі аталады6. Оларды біріктіргенде тұңғиық деп атайды. Бір тұңғиықтан келесі тұңғиыққа [өту] – күллі ғажайып дүниеге апаратын қақпа.
§2 Аспан астындағы жұрттың бəрі əсемдіктің əсемдік екенін білген кезде кейіпсіздік басталады. Жұрттың бəрі ізгінің ізгі екенін білгенде жауыздық пайда болады. Сондықтан, болмыс пен оның жоқтығы бірінбірі туғызады, қиын мен жеңіл бірін-бірі жасайды, ұзын мен қысқа өзара арақатынаста болады, биік пен төмен өзара айқындалады, дыбыстар қосыла келе, үйлесімділік табады, бұрынғы мен кейінгі бірінен соң бірі келеді. Сондықтан кемеңгер адам іс жасағанда əрекетсіздікті артық көреді; ілімді жүзеге асыра отырып, сөздерге бой ұрмайды; заттарды өзгерте отырып, [ол] оларды өзі атқармайды; жасай отырып, [жасалғандарды] иеленбейді; қозғалысқа келтіре отырып, бұған күш жұмсамайды; [бір нəрсені] ойдағыдай аяқтай отырып, тəкаппарланбайды. Ол тəкаппарланбайтындықтан, оның еңбегі елеусіз қалмайды. §3 Егер кемеңгерлерді құрметтемесек, халық арасында дау-жанжал да болмайды. Егер сирек кездесетін нəрселерді бағаламасақ, халық арасында ұры-қарылар болмайды. Егер күншілдікті туғызатын нəрсені көрсетпесек, онда халықтың жүрегі уайымдамайтын болады. Сондықтан [елді] басқара отырып, кемеңгер [қол астындағылардың] жүрегін қуыс, ал қарындарын – тоқ етеді. [Оның басқаруы] олардың ерік-жігерін əлсіретіп, сүйектерін қатайтады. Ол ұдайы халықтың білімі мен құмарлығы болмауына, ал бар білімінің қолданылмауына ұмтылады. Əрекетсіздікті жүзеге асыру қашан да жан тыныштығын əкеледі. §4 Дао іші бос болғанымен, қолданыста сарқылмайды. О, тұңғиық дүние! Ол күллі нəрсенің ата-бабасы секілді. Оның көрегендігін мұқалтсақ, оны ретсіздіктен ада етсек, оның жарқылын бассақ, оны шаң-тозаңға ұқсастырсақ, онда ол айқын өмір сүретіндей болып көрінеді. Мен оның неден пайда болғанын білмеймін, оның аспан əміршісінен бұрын əрекет еткенін [ғана білемін]. §5 Аспан мен жерде адамды ұнататын қабілет жоқ, олар күллі жандыға өз өмірімен тіршілік етуге мүмкіндік береді7. Кемеңгерде де адамды сүю қабілеті болмайды, сондықтан ол халыққа өз өмірімен тіршілік етуге мүмкіндік береді. Аспан мен жер арасындағы кеңістік ұстаның көрігіне ұқсамай ма? [Оның] қуысы қаншама көп болса, [ол] соншама ұзақ жұмыс істейді, [оның] қозғалысы қаншама күшті болса, [одан] соншама [жел] шығады. Көп сөйлеген адам бəлеге ұрынады, сондықтан əр нəрсенің өлшемін сақтаған жөн. §6 Көзге көрінбейтін [дао] шексіз өзгеріске түседі. Дао – аса үлкен өмір қақпасы. Ол – аспан мен жердің тамыры. [Ол] таусылмас жіп секілді [мəңгі] өмір сүреді, сондықтан оның əрекеті сарқылмайды. §7 Аспан мен жер мəңгі өмір сүреді. Олардың мəңгі болатын себебі – олар өздері үшін өмір сүрмейді. Міне, сондықтан олар мəңгілік болады. Сондықтан кемеңгер адам өзін басқалардан кейінгі орынға қояды, осының арқасында ол басқалардың алдында болып шығады. Ол өз өмірін ескермейді, осы арқылы оның өмірі сақталады. Бұл оның жеке [мүдделерін] ескермеуінен емес пе екен? Керісінше, [ол] өзінің жеке [мүдделеріне] сəйкес [əрекет етеді]. §8 Аса ізгі адам суға ұқсайды. Су күллі жандыға пайда келтіреді жəне [олармен] күреске түспейді. Ол адамдардың болғысы келмеген жерлерінде кездеседі. Ол сондықтан да даоға ұқсайды. [Су секілді, ізгілікке ие адам] жерге жақын қоныстануға тиіс; оның жүрегі ішкі сенімдеріне бағынуы тиіс; адамдармен достық қарымқатынаста болуға тиіс; сөздері шынайы болуы тиіс; [елді] басқаруда дəйекті болуға тиіс; істерді мүмкіндіктеріне қарай атқаруы тиіс; əрекет етуде уақытты ескеруге тиіс. [Ол] су секілді, нəрселермен күреске түспейтіндіктен, [ол] қателік жасамайды. § 9 Бір нəрсені толтыруға ұмтылғанша, еш нəрсе істемеген жақсы. Егер [əлде бір] өткір нəрсені [үнемі] пайдалансақ, ол өзінің [өткірлігін] ұзақ сақтай алмайды. Егер зал алтын мен яшмаға толы болса, оларды ешкім сақтай алмайды. Егер байлар мен атақты адамдар тəкаппарлық жасаса, олар бəлені өздері тілеп алады. Шаруа аяқталған соң адам шеттеуі [тиіс]. Аспан даосының заңы осында. §10 Егер жан мен дене бірлікте болса, оны сақтауға бола ма? Егер рухты мамықтай жұмсақ етсек, жаңа туған бала секілді [əділ] болып қалуға бола ма? Егер пайымдау таза болса, онда адасу мүмкін бе? Даналыққа жүгінбей-ақ халықты сүюге жəне басқаруға бола ма? Егер жұмсақ тықты ұстанатын болсақ, табиғатта өзгерулер болуы мүмкін бе? Егер табиғаттағы бүкіл өзара қарым-қатынасты танып-білетін болсақ, əрекетсіздікті жүзеге асыру мүмкін бе? Жарыққа шығару жəне [барды] тəрбиелеу; жарыққа шығара отырып,
[оны] иеленбеу; қозғалысқа келтіре отырып, оған күш-жігер жұмсамау; басшылық жасай отырып, өзін əмірші ретінде есептемеу – тұңғиық дэ дегеніміз, міне, осы8. §11 Отыз сым шабақ бір күпшекте бірігіп, [доңғалақ түзеді], алайда доңғалақты пайдалану [сым шабақтардың] арасындағы қуыстарға байланысты. Саздан ыдыстар жасайды, алайда ыдыстарды пайдалану олардың қуысына байланысты. Үй жасау үшін есік-терезелер салады, алайда үйді пайдалану ондағы қуыстарға байланысты. Соңдықтан [əлде бір нəрсенің] пайдалылығы оның қуыстарына байланысты. §12 Бес түс көзді қарықтырады. Бес дыбыс естуді мүкістендіреді. Бес дəм түйсігі дəм сезуді əлсіретеді. Тез жүру мен аңшылық жасау жүректі толқытады. Асыл заттар адамды қылмыс жасауға итермелейді. Сондықтан кемеңгер адам əсем заттарды иемденуге емес, өмірді мəн-мағыналы етуге ұмтылады. Ол əсемдіктен бас тартып, мəн-мағыналы өмір кешумен шектеледі. §13 Даңқ пен масқаралық қорқыныш тəрізді. Атақтылық өмірдегі асқан бақытсыздық тəрізді. Даңқ пен масқаралық қорқыныш тəрізді деген не? Бұл төменгі сатыда тұрған адамдар даңқты қорқынышпен алып, одан қорқынышпен айрылады дегенді білдіреді. Даңқ пен масқаралық қорқыныш тəрізді деп осыны айтады. Атақтылық, өмірдегі асқан бақытсыздық тəрізді дегеніміз не? Бұл мен асқан бақытсызбын, өйткені мен өзімді-өзім [қадірлеймін] дегенді білдіреді. Мен өзімді-өзім қадірлемейтін кезде, бақытсыздықтан құтыламын. Сондықтан халқына аянбай қызмет еткен атақты адам олардың арасында өмір сүре алады. Иманды адам адамдарға аянбай қызмет ете отырып, олардың арасында өмір сүре алады. §14 Бетіне қарап тұрсам да оны көрмеймін, сондықтан оны көзге көрінбейтін адам деп атаймын. Тыңдап тұрсам да оны естімеймін. Оны ұстап алғым келеді, қолым жетпейді, сондықтан оны өте ұсақ деп атаймын. Бастау туралы мұны білуге ұмтылудың керегі жоқ, өйткені бұл біртұтас. Оның үстіне жарық түсірілмеген, төменгі жағы қараңғыланған. Ол шексіз, сондықтан оны атауға болмайды. Ол қайтадан болмыстың жоқтығына оралады. Сондықтан оны пішінсіз пішін, жансыз бейне деп атайды, сондықтан оны көмескі жəне бұлыңғыр деп атайды. Онымен кездессем де, оның келбетін көрмеймін, соңынан ілессем де, оның арқасын көрмеймін. Бар заттарды иемдену үшін ежелгі даоны ұстану арқылы ежелгі бастауды ұғынуға болады. Ол дао принципі деп аталады. §15 Ежелгі заманда ғалымдыққа бейімділігі бар адам өте ұсақ жəне өте жұқа [заттарды] білген. Басқаларға олардың сыры беймəлім еді. Ол беймəлім бол-ғандықтан [мен] [оларға] сипаттаманы өз бетімше беріп отырмын: олар қыстың күні суды кешіп өтетін адамдай жасқаншақ еді; олар өз көршісінен қорқатын адамдай батымсыз еді; олар қонақ сияқты маңғаз еді; олар еріп бара жатқан мұз үстімен жүріп бара жатқан адамдай сақ еді; олар жонылмаған ағаштай қарапайым еді, олар жазық даладай құшаққа сыймайтын еді; олар лай судай ешнəрсе көрсетпейтін. Бұлар, байсалдылық сақтап ласты таза жасай алатын еді. Бұлар, өздеріміз қозғалысты мəңгілік тоқтатпайтын қабілетімен байсалдыларға өмір сыйлады. Олар даоны ұстанды жəне артық нəрсені керек етпеді. Олар артық нəрсе керек етпегендіктен бармен қанағаттанды, жаңа жасамады. §16 Мүмкіндігінше [өз жүрегінді] адал жасау керек, əрқашан сабыр сақтау қажет, сонда ғана заттар өзгеріске өздері ұшырайды, біз олардың қайтып оралғанын ғана көріп отырамыз. [Əлемде] неше түрлі заттар бар, ал [олардың бəрі] өздерінің бастапқы күйіне оралады. Бастапқыға оралу тыныштық деп аталады, ал тыныштық мəнге оралу деп аталады. Мəнге оралу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылықты білу айқындыққа [қол жеткізу] деп аталады, ал тұрақтылықты білмеу тəртіпсіздікке əкеледі, ол [өз кезегінде] бақытсыздыққа əкеледі. Тұрақтылықты білген адам өте жетіледі; кім жетілсе сол əділ болады; ал əділдікті бойына сіңірген адам патша болады. Ал патша болған адам аспан жолын қуады. Аспан жолын қуған адам дао жолын қуады. Ал, дао жолын қуған адам мəңгілік, [ондай патша] өмірінің аяғына дейін қауіп-қатерге ұшырамайды. §17 Бар екенін халық тек біліп қана жүрген басшы ең жақсы басшы. Өзін жақсы көріп, дəріптеуді талап ететін басшы одан нашарлау. Халық қорқатын басшы одан да нашар, ал халық жек көретін басшы – ең нашары. Сондықтан да, сенімді ақтамаған басшы, [халықтың] сеніміне ие бола алмайды. Кімде кім ойлы сөйлеп сабыр сақтаса ісін табысты жасайды, халық оның ісін орынды деп айтады. §18 Ұлы даоны жолдан тайдырып еді, «адамзатты сүю» мен «əділеттік» келді. Ал, ақылгөйлік келіп еді, ұлы екіжүзділік пайда болды. Ағайынды алтау араз болып еді, «ұлдың ізеті» мен «əке сүйіспеншілігі» пайда болды. Мемлекетте тəртіпсіздік жайласа, «адал малайлар» пайда болады.
§19 Ақылгөйлік пен білімпаздықтан арылса халық жүз есе бақытты болады; «адамзатты сүю» мен «əділеттік» кеткеннен кейін халық ұлдардың ізеті мен əкелер сүйіспеншілігіне оралады; қулық пен оңай олжаның тамырына балта шабылса ұрылар мен қарақшылардың көзі құриды. Бұл үш нəрсенің барлығы білімнің аздығынан [болады]. Сондықтан да адамдарға олардың қарапайым да əдепті болуы, нəжісін шектеуі жəне құштарлықтан арылуы тиіс екендігін айту керек. §20 Білімділік жойылғаннан кейін уайым да болмайды. Уəде мен жағымпаздықтың арасы қанша жақын болса, жамандық пен жақсылықтың арасы соншалықты алыс. Адамдар қорқатын нəрседен аулақ болу керек. Ой, [дүние] неткен астан-кестен, онда əлі тəртіп орнаған жоқ. Адам дардың бəрі көңілді, кəдімгі бір салтанатты дастархан басында отырғандай немесе көктемді қарсы алып тойлап жүргендей. Тек мен ғана сабыр сақтап өзімді тасада ұстап жүрмін. Мен, дүниеге əлі келе қоймаған бала сияқтымын. Ой, мен безіп келем! Мен аялдай алатын жер жоқ сияқты. Адамдардың барлығында тілек бар, тек мен ғана ешнəрсені керек етпейтін адам сияқтымын. Мен надан адамның жүрегімін. Ал, ол – қуыс. Барлық адамдар нұр шашады. Тек мен ғана қапасқа түсіп кеткендеймін. Барлық адамдарда құмарлық бар, тек мен ғана селқоспын. Мен, қай жерге тоқтарын білмей əлемді шарлап жүрген адам сияқтымын. Барлық адамдар қабілетін көрсетуде, тек мен ғана топас, бейшараға ұқсаймын. Менің басқалардан ерекшелігім сол, мен тамақты қадір тұтамын. §21 Ұлы дэнің мазмұны тек даоға ғана бас иеді. Дао тəнсіз. Дао күңгірт жəне айқын емес. Бірақ оның күңгірттігі мен айқын еместігінде бейнелер бар. Ол терең де қараңғы. Бірақ оның тереңдігі мен қараңғылығында өте майда бөлшектер жасырынған. Бұл майда бөлшектерде нағыз шындық пен ақиқаттық бар. Атам заманнан осы уақытқа дейін оның аты жоғалған емес. Тек соның ізіменғана барлық нəрсенің бастауын білуге болады. Барлық нəрсенің бастауын біз қалай біле аламыз? Тек соның арқасында. §22 Бұрындары айтатын: «Кем жетіледі, қисық түзеледі, қуыс толады, ескі жаңарады; азға ұмтылсаң көпке қолың жетеді; көпке ұмтылсаң адасасың». Сондықтан өте ақылды адам осы өсиетті ұстанады. Аспанасты еліндегілер осы жолмен жүруі тиіс. Өте ақылды адам өз көргенін ғана қанағат тұтпайды, сондықтан ол көп нəрсені айқын көреді; ол тек менікі ғана жөн демейді, сондықтан ол ақиқатты біледі; ол өзін мадақтамайды, сондықтан ол даңққа ие; ол өзін дəріптемейді, сондықтан ол басқалардан биік тұрады. Ол ешнəрсеге қарсы тұрмайды, сондықтан оны Аспанасты елінде ешкім жеңе алмайды. Бұрынғылардың: «Кем жетіледі» – дегені бос сөз бе? Ол адамға [нағыз] жетістікке апаратын жол көрсетеді. §23 Табиғилықты сақтап аз сөйлеу керек. Ертең ерте тұрған қатты жел түске дейін созылмайды, қатты жаңбыр күні бойы жаумайды. Мұның бəрін кім істейді? Аспан мен жер. Аспан мен жер бірдемені мəңгілік жасай алмайды, оны адам қалай жасасын. Сондықтан ол даоға бас иеді. Кім даоға бас исе, сол даомен теңдеседі. Жоғалтқан адам жоғалтқанына теңдеседі. Кім даомен теңдессе, сол даоға ие болады. Кім дэге теңдессе, сол дэні иемденеді. Кім жоғалтқанына теңдессе, жоғалтқанын табады. Күдік қана сенімсіздік тудырады. §24 Аяғының ұшымен тұрған адам [ұзақ] тұра алмайды. Үлкен қадам жасаған [ұзақ] жүре алмайды. Өзін өзі көрсеткен адам жарқырап көріне алмайды. Өзін өзі мақтаған адам даңққа ие бола алмайды. Шабуыл жасаған табысқа жетеді. Өзін өзі дəріптеген басқалардан биік тұра алмайды. Егер даоға сүйенсек, мұның бəрі артық тілек жəне пайдасыз іс-əрекет деп аталады. Мұндайларды барлық адамдар жек көреді. Сондықтан да, даоны иемденген адам олай жасамайды. §25 Мына міне, астан-кестен де жер мен аспаннан пайда болған нəрсе! Ол үнсіз! Онда ұсқын жоқ! Ол дара тұр, өзгермейді. Əрекеті көп, оған еш тосқауыл жоқ. Оны Аспанасты елінің анасы деуге болады. Мен оның атын білмеймін. Иероглифпен белгілеп, оны дао деп атадым; оған өз қалауымша ат беріп, оны ұлы деп атаймын. Ұлы – шексіз қозғалысты. Шексіз қозғалыстағы ешқандай шекке жете алмайды. Шегіне жете алмаған соң [өз бастауына] қайтып оралады. Сондықтан да дао ұлы, аспан ұлы, жер ұлы, сондай-ақ, басшы да ұлы. Ғаламда төрт ұлы бар, олардың біреуі – патша. Адам жер [заңдарын] қолданады. Жер аспан [заңдарын] қолданады. Аспан дао [заңдарын] қолданады, ал дао өзін-өзі басшылыққа алады. §26 Ауыр жеңілдің негізі болып табылады. Қозғалыстың мəні тыныштықта. Сондықтан да, аса ақылды адам күні бойы жүргенде жүгі ауыр [арбадан] алшақ кетпейді. Оның тұрмысы тамаша болғанмен ол оған бой алдырмайды. Өзімен-өзі болатын он мың арба əміршісі неге дүниеге менсінбей қарайды? Менсінбеушілік оның тұғырын бұзады, ал оның асығыстығы оны биліктен айырады.
§27 Адымдай білген із қалдырмайды. Сөйлей білген оғаш сөйлемейді. Санай білген санағыш аспап пайдаланбайды. Есікті жаба білген ілгек қолданбайды, мықты жапқан есікті ашу оңай емес. Түйін түйе алған жіпті керек етпейді, [бірақ соншалықты мықты түйеді], оны шешу мүмкін емес. Сондықтан да аса ақылды адам əрқашан басқаларды құтқарады, оларды көзден таса қылмайды. Ол тірілерді əрқашан құтқара алады, сондықтан оларды тастап кетпейді.Мұны аса даналықдеп атайды. Сонымен, рахымшыл қайырымсызға ұстаз, ал қайырымсыздар оның сүйенері болады. Егер [қайырымсыздар] ол ұстазын бағаламаса жəне рахымшыл өз сүйенерін жақсы көрмесе, онда олар, [өздерін] ақылдымыз деп санағанмен ешнəрсені көре алмайды. Міне, осы – маңызды да терең мағыналы. §28 Егер, адам, өзінің ержүрек екенін біле тұрып қарапайымдылығын сақтаса, онда ол елде тау бұлағы [сияқты] [басты] нəрсеге айналады. Кім елде бастыға айналса, ол ешқашан тұрақты дэні тастамайды, сəби күйіне қайта оралады. Кімде кім мерекелік жағдайды біле тұрып қалыпты жағдайда қалса, ол басқаларға үлгі болады. Кім басқаларға үлгі болса, ол тұрақты дэден қол үзбейді, бастапқы күйге қайтып оралады. Егер біреу өзінің даңқты екенін біле тұра тасадан шықпаса, ол елдегі басты тұлғаға айналады Кімде-кім елдегі басты тұлғаға айналса, ол тұрақты дэде кемеліне жетеді, табиғилыққа қайта оралады. Ал, табиғилық кеткенде, ол аса дана адамды көсемге айналдыратын құралға айналады, ұлы тəртіп бұзылмайды. §29 Егер кімде-кім елді күшпен иемденгісі келсе, ол өз мақсатына жете алмайды. Ел жұмбақ сауыт сияқты, оған қол тигізе алмайсың. Егер кімдекім [оған] қол тигізсе, ол сəтсіздікке ұшырайды. Егер кімде-кім [оны] ұстай алса, онда оны жоғалтады. Сондықтан біреулер жүреді, біреулер олардың артына ілеседі, біреулер гүлдейді, біреулер қурайды; біреулер нығаяды; біреулер əлсірейді; біреулер құрылады, біреулер күйрейді. Сондықтан аса дана адам артық нəрсені керек етпейді, шашып төгу, ысырапшылыққа жол бермейді. §30 Халық басшысына дао арқылы қызмет қылатын адам басқа елдерді əскермен бағындырмайды, себебі ол өзіне кесірін тигізеді. Əскер жүріп өткен жерге шеңгел тікен өседі. Қырғын соғыс болған жерді қалай да ашаршылық жайлайды. Білгір [қолбасшы] жеңеді, сонымен тоқтайды, ол ары қарай зорлықзомбылыққа бармайды. Ол жеңгенмен өзін дəріптемейді. Ол жеңеді, бірақ шабуыл жасамайды. Ол жеңеді, бірақ мақтанбайды. Ол жеңеді, себебі оны жеңуге мəжбүрлейді. Ол жеңеді, бірақ ол жау сұраған емес. Қайратты адамнан күш кетіп қартайса, оны даоның [жоқтығы] деп атайды. Даоны сақтамаған адам, ажалынан ерте өледі. §31 Жақсы əскер – қасірет [əкелетін] құрал, оны ешкім жақсы көрмейді. Сондықтан, даоны ұстанған адам оны қолданбайды. Мейірімді [елбасы] бейбітшілік кезде [көрші елдерге] кешірімділік танытады, тек соғыс кезінде ғана күш қолданады. Əскер дегеніміз – қасірет құралы, сондықтан мейірімді [елбасы] оны пайдаланбауға тырысады, ал пайдалануға жағдай мəжбүрлейді. Ең бастысы – сабырлылық сақтау, ал жеңе қалған жағдайда өз даңқыңды өзің көтерме. Жеңістен даңқты болу – адамдарды өлтіргенге қуану деген сөз. Адамдарды өлтіргенге қуанған адам елде қолдау таппайды. Сыйластық бар жерде аман-саулық болады, зорлық-зомбылықтан қасірет орнайды. Сол қанатқа əскери басшылар тұрады, оң жақта қолбасшы тұрады. Оларды жерлеу шеруімен қарсы алу керек дейді. Егер көп адамды өлтіріп жатса дауыстап жылау керек. Жеңісті жерлеу шеруімен атап өту керек. §32 Дао мəңгілік əрі атаусыз. Ол болар-болмас болғанмен, оны əлемде ешкім өзіне бағындырып ала алмайды. Егер атақтылар мен патша оны сақтай алса, онда басқалардың барлығына тыныштық орнайды. Онда жер мен аспан құшақ жая қосылады, рахат заман орнайды, ал халық бұйрықсыз-ақ тынышталады. Тəртіп орнаса аттар пайда болады. Аттар пайда болғандықтан, [оларды пайдалану] шегін де білуге болады. Шегін білу қауіптен арылуға мүмкіндік береді. Əлемде дао бар болса, [барлық нəрсе оған ықпал етеді], ол тау бұлағының өзендер мен теңіздерге қарай аққаны сияқты. §33 Адамдарды білетінде ақыл бар. Өзін-өзі білетіннің көзі ашық. Адамдарды жеңетін күшті. Өзін-өзі жеңетін құдіретті. Қанағатты білетін адам бай. Кім табандылық көрсетсе, онда – қажырлылық бар. Өз жаратылысын жоғалтпаған ұзаққа барады. Өлсе де ұмытылмаған мəңгілік. §34 Ұлы дао барлық жаққа жайылады. Ол оң жақта да, сол жақта да болуы мүмкін. Одан барлық нəрсе туындайды жəне ол [өзінің өсуін] тоқтатпайды. Ол ерлік жасайды, бірақ даңқ іздемейді. Барлығын сүйіспеншілікпен
тəрбиелеп өсірсе де, ол өзін олардың əміршісі санамайды. Оның еш уақытта өз қалауы болмайды, сондықтан оны өте мардымсыз деп атауға болады. Барлығы оған қайтып оралады, бірақ ол өзін олардың əміршісімін деп санамайды. Оны ұлы деп атауға болады. Ол ұлы бола алады, себебі ол өзін ондаймын деп ешқашан санамайды. §35 Кімде-кім [даоның] ұлы бейнесін көрсетсе, оған барлық халық келеді. Адамдар келеді, ал ол оларға зияндық жасамайды. Ол оларға бейбітшілік, ты-ныштық, əуен мен тағам əкеледі. Тіптен жасаушы да оған бұрылып тоқтайды. Дао ауыздан шықса, ол татымсыз, дəмсіз. Оны көре де, ести де алмайсың. Оның əрекеті таусылмайды. §36 Бірдемені сығымдау үшін оны алдымен үлкейту керек. Бірдемені босаңсыту үшін оны алдымен нығайту керек. Бірдемені жою үшін оның гүлденуіне мұрша беру керек. Біреуден бірдемені тартып алу үшін, оған алдымен оны беру керек. Мұны терең шындық дейді. Жұмсақ пен əлсіз қатты мен күштіні жеңеді. Балықтың тереңдіктен шыға алмайтыны сияқты, мемлекет те өзінің жетілген [басқару] əдісін адамдарға ақтара алмайды. §37 Дао əрқашанда қозғалыссыз, бірақ оның істемейтін нəрсесі жоқ. Егер атақтылар мен патша оны сақтаса, онда барлық нəрсе өзінен-өзі өзгеріп сала береді. Егер ол өзгергендер қандай да бір əрекет жасағысы келсе мен оларды аты да жоқ қарапайым тұрмыспен жаншып тастаймын. Аты жоқ қарапайым тұрмыс өзіне ешнəрсені керек етпейді. Керек етпегендік тыныштық əкеледі, елде тəртіп өзінен-өзі орнайды. §38 Жоғары дэге ие адам игі іс істеуге ұмтылмайды, сондықтан ол мейірман; төменгі дэге ие адам игі іс істеуге əрқашан дайын тұрады, сондықтан ол рахымшыл емес; жоғары дэге ие адам əрекетсіз, əрекетсіздікті жүзеге асырады; төменгі дэге ие адам əрекетті жəне оның əрекеті əдейі жасалады; адамзатты өте сүйетін адам əрекетсіздік арқылы əрекет етеді; аса əділетті адам əрекетті, оның əрекеті əдейі жасалады: барлық салтты сақтайтын адам [өзара ілтипатқа үміттеніп] əрекет етеді. Егер ол өзара ілтипатты көрмесе, жазаға жүгінеді. Сондықтан да дэ тек дао жоғалған соң ғана көрініс табады; адамзатты сүю – дэні жоғалтқаннан кейін; əділдік – адамзатты сүюді жоғалтқаннан кейін; салт – əділеттікті жоғалтқаннан кейін. Салт – сенім мен берілгендіктің жоқ екендігінің белгісі. [Салт та] – бүліктің басы. Сыртқы көрініс – ол даоның гүлі, надандықтың басы. Сондықтан [ұлы адам] елеуліні алады, ұсақ-түйекті қалдырады. Ол дəнін алып гүлін қалдырады. Ол біріншіні алады, екіншіден бас тартады. Ежелгі заманнан бері бірліктегілер – осылар. Бірліктің арқасында аспан – таза, жер – мызғымас, рух – сезімтал, алқап – гүлденген болды, барлық нəрсе пайда бола бастады. Бірліктің арқасында атақтылар мен патшалар үлгі аларлықтай болды. Бірліктің құдіреті осыңдай. Егер аспан таза болмаса ол шытынап сынады; егер жер солқылдақ болса ол жарылады; егер рух сезімтал болмаса ол жоғалады; егер алқап гүлдемесе ол бетпақ далаға айналады; егер заттар пайда болмаса, олар құрыйды; егер атақтылар мен патшалар мейірмандылықтың үлгісі болмаса, олар төңкеріледі. Атақсыздар атақтылар үшін негіз болады, ал төменгі жоғарғыға негіз болады. Сондықтан да атақтылар мен патшалар өздерін «жалғызбыз»; «жетімбіз», «бақытсызбыз» деп атайды. Бұлай болатын себебі, олар қара халықты өздерінің негізі деп қарамайды. Бұл – жалған жол. Егер арбаны бөлшектесең, одан ешнəрсе қалмайды. Өзіңді маржандай «құндымын» деп санама, қара тастай қарапайым болу керек. §40 Қарама қарсылыққа айналу даоның əрекеті, əлсіздік даоның қасиеті. Дүниеде барлық нəрсе тұрмыста пайда болады, ал тұрмыс ғайыпта туады. §41 Ғұлама адам даоны білген соң оны жүзеге асыруға ұмтылады. Орта деңгейлі білімдар адам даоны бірде сақтайды, бірде бұзады. Білімдарлығы төмен адам, даоның не екенін біліп, оны күлкіге айналдырады. Егер оны күлкіге айналдырмаса ол дао да болмас еді. Сондықтан мынадай сөз бар: кім даоны таныса – қараңғыға ұқсас; кім даоға енсе – шегінгенге ұқсас; кім даоның шыңында болса адасқанға ұқсас; аса мейірман адам қарапайымға ұқсас; аса көзі ашық адам жек көрініштіге ұқсас; шексіз мейірман оның кемшілігіне ұқсас; мейірімділіктің таралуы оны талантараж жасағанға ұқсас; нағыз шындық оның жоқтығына ұқсас. Ұлы шаршыда бұрыш болмайды; үлкен ыдыс ұзақ жасалады; қатты дыбысты ести алмайсың; ұлы бейнеде пошым болмайды. Дао [бізден] жасырын, онда ат болмайды. Тек сол ғана [барлық нəрсеге] көмектесе алады жəне оларды жетілдіре алады. §42 Даодан бір туындайды, бірден екі туындайды, екіден үш туындайды, ал үштен барлық нəрселер туындайды. Барлық нəрсенің бойында инь мен ян9 бар, цимен толтырылған10, олар үйлесімділік құрады.
Адамдар, «жалғыз», «жетім», «бақытсыз» деген аттарды жек көреді. Алайда, гундар мен вандар11 өздерін сол [аттармен] атайды. Сондықтан да барлық заттар бассаң көтеріледі, ал көтерсең – басылады. Адамдар неге үйретсе, мен де соны оқытамын: күштілер мен қатыгездер өз ажалынан өлмейді. Мен өз оқытуымда осыны басшылыққа аламын. §43 Аспанасты елінде ең əлсіздер ең мықтыларды жеңеді. Ғайып (небытие) барлық жерде, əрқашан да бар. Сондықтан да мен əрекетсіздіктен пайда көрем. Аспанасты елінде сөзге жүгінбейтін іліммен жəне əрекетсіздіктің пайдасымен салыстыруға болатындай ешнəрсе жоқ. §44 Даңқ керек пе, өмір керек пе? Өмір қымбат па, байлық қымбат па? Тапқанды немесе жоғалтқанды бастан кешіргенде, қайсысы ауыр? Кім көп сақтаса сол көп жоғалтады. Кім көп жинақтаса сол көп шығынға ұшырайды. Кім шамасын білсе, онда оның жолы болады. Кім шегін білсе ол қауіптен аулақ болады. Ол мəңгілік болады. §45 Аса жетілгендік жетілмегенге ұқсас, бірақ оның əрекетінің бұзылуы [мүмкін емес]; аса толықтық бос кеңістікке ұқсас, ал оның əрекеті бітпейді. Өте тік қисыққа ұқсас; аса тапқырлық ақымақтыққа ұқсас; аса шешен кекешке ұқсас. Жүріс суықты жеңеді, тыңыштық ыстықты жеңеді. Тыныштық дүниеде тəртіп орнатады. §46 Елде дао болса жылқы жерге қыйын шашады; елде дао болмаса жауға шабар аттар жайылып кетеді. Өз құштарлығының шегін білмегеннен артық бақытсыздық жоқ, [байлықты] иемденуге ұмтылудан артық қауіп жоқ. Сондықтан, кім қанағат ете алса, ол əрқашан [өз өміріне] риза. §47 Ауладан шықпай-ақ əлемді тануға болады. Терезеден қарамай-ақ табиғи даоны көруге болады. Ұзақ жүрген сайын білерің де азаяды. Сондықтан аса ақылды жүрмейді, бірақ [бəрін] біледі. [Заттарды] көрмейақ, ол олардың болмысына үңіледі. Əрекет етпей-ақ табысқа жетеді. §48 Кім оқып жүрсе, ол күн асқан сайын [білімін] арттырады. Кім даоға қызмет етсе, ол күн асқан сайын [нəжісін] азайтады. Ұдайы азайтып [адам] əрекетсіздікке дейін жетеді. Əрекетсіздік жасай алмайтындай ешнəрсе жоқ. Сондықтан да Аспанасты елін иемдену тікелей əрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Кім де кім əрекет етсе, ол Аспанасты елін иемдене алмайды. §49 Аса ақылдыда тұрақты жүрек болмайды.Оның жүрегі халықтың жүрегінен жаралған. Жақсыларға жақсылық жасаймын жəне жамандарға да жақсылық жасаймын. Мейірман адам осылай тəрбиеленеді. Шынын айтатындарға мен сенемін, шындықты жасырып қалатындарға да сенемін. Шынайылық осылайша тəрбиеленеді. Аса ақылды өмірде тыныштық сақтайды, ол өз жүрегіне халық пікірін жинақтайды. Ол халыққа өз баласына қарағандай қарайды. §50 [Жаны бар] туады, өледі. Он адамның үшеуі өмірге қарай, үшеуі өлімге қарай [жүреді]. Əр он адамның ішінен тағы бір үшеуі өз іс-əрекетінен өледі. Неге олай? Себебі олардың өмірге деген құштарлығы өте күшті. Жерде жүріп өмір сүре алатын мүйізтұмсықпен де, жолбарыспен де шайқасқаннан, қарулы жауынгерлермен де соғысқаннан қорықпайды деп естідім. Мүйізтұмсық оған мүйізін тыға алмайды, жолбарыс оны тырнай алмайды, жауынгер оған найзасын шанша алмайды. Себебі неде? Оның себебі – ол үшін өлім деген жоқ. §51 Даодан [нəрселер] туындайды, дэ [оларды] қоректендіреді. Нəрселер ресімделеді, пошымдары қалыптасады. Сондықтан да даоны қастерлемейтін, дэні бағаламайтын нəрсе жоқ. Дао қастерлі, дэ бағалы, себебі олар бұйрық бермейді, табиғилық сақтайды. Даодан [нəрселер] туындайды, дэ [оларды] қоректендіреді, оларды қайтарады, оларды тəрбиелейді, оларды жетілдіреді, оларды қатайтады, оларға қарайды, оларды қолдайды. Жасау жəне иемденбеу, істеу жəне мақтанбау, үлкен болсақ та жұмсамау – терең дэ деп осыны атайды. §52 Аспанасты елінде бастау бар, ол – Аспанасты елінің анасы. Ананы тани алсақ, оның балаларын да тануға болады. Оның балалары белгілі болған жағдайда олардың анасын қайта еске түсіру керек. Мұндай жағдайда өмірінің аяғына дейін [адамға] қауіп төнбейді. Егер [адам] құштарлықтан арылып, өз ырқына бой алдырмаса, ол өмірінің соңына дейін шаршағанды білмейді! Егер ол құштарлыққа ерік берсе жəне өз істерінен артылмаса, ол сəтсіздіктен құтыла алмайды. Өте ұсақты көру қырағылық деп аталады. Əлсіздікті сақтау қуаттылық деп аталады. [Дао] нұрына шомылған оның терең мағынасына жетеді, [адамдарға] қасірет əкелмейді – тұрақтылықты сақтау деген осы.
§53 Егер менің білімім болса үлкен жолмен жүрер едім. Менің қорқатын бір-ақ нəрсем бар, ол – жалғызаяқ жол. Үлкен жол үсті айнадай, бірақ халық жалғыз аяқ жолды ұнатады. Егер сарай сəулетті болса егін алқабын арамшөп басады, қамба қаңырап бос қалады. [Атақтылар] қымбат киім киеді, өткір қылышпен жүреді, [қарапайым] тағамға қанағаттанбайды, артық дүние жинайды. Мұның бəрі қарақшылық, мақтаншылық деп аталады. Бұл – даоны бұзғандық. §54 Кімде кім мықты тұрса, оны төңкеріп тастау қиын. Сүйене алатынды жыға алмайсың. Ұлдары мен немерелері оны мəңгілік естен шығармайды. Кімде кім [даоны] іштей жетілдірсе, оның мейірімділігі шынайы болады. Кімде кім даоны отбасында жетілдірсе, оның мейірімі мол болады. Кімде кім даоны ауылда жетілдірсе оның мейірімі кең болады. Кімде кім [даоны] патшалықта жетілдірсе оның мейірімі бай болады. Кімде кім [даоны] Аспанасты елінде жетілдірсе оның мейірімі жалпыға ортақ болады. Өзің арқылы басқаларды танисың; бір ауыл арқылы басқаларын танисың; бір патшалық арқылы басқаларын танисың; бір ел арқылы Аспанастын түгелдей тануға болады. §55 Кімде кімнің бойында жетілген дэ болса, ол жаңа туған нəрестеге ұқсас. Улы жəндіктер мен жыландар оны шақпайды, жыртқыш аңдар оған шабуыл жасамайды, жыртқыш құстар оны шоқымайды. Оның сүйегі жұмсақ, бұлшық еті əлсіз,бірақ ол [даоны] мықтап ұстайды. Ол екі жыныстың одағын білмесе де тірі тудыру қабілетін игерген. Ол өте сезімтал. Ол күні бойы айқайласа да, дауысы бір өзгермейді. Ол өте үйлесімді. Үйлесімділікті білу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылықты білу даналық деп аталады. Өмірді байыту бақыт деп аталады. Сезімді басқаруға ұмтылу табандылық деп аталады. Қуаты қайтпаған жанды нəрсе қартаяды, оны даоның бұзылуы деп атайды. Кімде кім даоны сақтамаса ол ажалынан бұрын өледі. §56 Білген сөйлемейді. Ал, сөйлеген білмейді. Тəбетін тыйған құштарлықтан бас тартады, ынталылығын тежейді, өзін шырмаудан босатады, жарқылы басылады, түйіршіктей болып қалады, бұрынғыдан терендейді. Туыс болу үшін оны жақындатуға болмайды; оны елемеу үшін оны жақындатуға болмайды; оны пайдалану үшін оны жақындатуға болмайды; оны дəріптеу үшін оны жақындатуға болмайды; оны қорлау үшін оны жақындатуға болмайды. Сондықтан да ол Аспанасты елінде қадірлі. §57 Елді əділеттік басқарады, соғыс айламен жүргізіледі. Аспанасты елін тікелей əрекетсіздік арқылы иеленеді. Мұның бəрін мен қайдан білемін? Міне, мынадан; елде тыйым салатын заңдар көп болса, халық кедей болады. Халықта өткір қару көп болса, елде қобалжу туады. Елде шеберлер көп болса, зергерлік бұйымдар көбейеді. Заңдар мен бұйрықтар көбейсе ұрылар мен қарақшылар көбейеді. Сондықтан аса ақылды былай дейді: «Егер мен əрекет етпесем халық өзінен-өзі өзгереді; егер мен тынышталсам, халық өзі түзеледі. Егер мен енжар болсам, халық өзінен-өзі байиды; егер мен құштарлық жасамасам халық ақкөңіл болады». §58 Үкімет тыныш болса, халық ақкөңіл болады. Үкімет белсенді болса, халық бақытсыз болады. О, бақытсыздық! Ол бақыттың сүйеніші. О, бақыт! Онда бақытсыздық бар! Олардың шекарасын кім біледі? Оларда тұрақтылық жоқ. Əділеттік қайтадан қулыққа, жақсылық жамандыққа айналуда. Адам көптен бері адасуда. Сондықтан аса ақылдынікі дұрыс, ол ешкімнің ешнəрсесін тартып алмайды. Ол пайда қумайды, ешкімге зиян келтірмейді. Ол əділ жəне ешкімге жамандық жасамайды. Ол жарық, бірақ жарқырағысы келмейді. §59 Адамдарды басқарып, аспанға қызмет қылғанда, бəрінен де ұстамдылықты сақтау керек. Ұстамдылық басты мақсат болуға тиіс. Ол дэні жетілдіру деп аталады. Жетілген дэ бəрін жеңеді. Бəрін жеңетінде сарқылмас күш болады. Сарқылмас күш елді иемденуге мүмкіндік береді. Елді басқаруда көмек ететін бастау мəңгілік жəне терең жəне берік, мəңгі жасайтын дао деп аталады. §60 Үлкен патшалықты басқару майда балықтармен тағам дайындау сияқты. Егер даоны сақтай отырып Аспанасты елін басқарса, [өлгендердің] жаман рухы əсер етпейді. Жаман рухтардың еш əсері де болмайды, адамдарға зиянын да тигізе алмайды. Тек олар ғана емес, тіптен аса ақылдылар да адамдарға зиянын тигізе алмайды. Анау да, анау да адамдарға зиянын тигізе алмайтындықтан, олардың дэлері бірімен-бірі қосылады.
§61 Ұлы патшалық – өзеннің сағасы, Аспанасты елінің түйіні, аналық басы. Аналық бас əрқашанда міз бақпастан аталық басты жеңе алады, өзінің мізбақпастығы жағынан аналық бас одан [аталық бастан] төмен тұрады. Сондықтан ұлы патшалық өзіне кішкентайды икемдейді, себебі өзін одан төмен қояды, ал кішкентай патшалық ұлы патшалықтың ілтипатын одан төмен тұрғандықтан жеңіп алады. Сондықтан не төмен тұрғандықтан, не өзін-өзі төмен қойғандықтан өзіне тəнті етеді. Ұлы патшалық халықтың бəрі бірдей тамақтанғанынан артық ешнəрсе тілемесін, ал кішкентай патшалық адамдарға қызмет етуден басқаны тілемесін. Сонда ғана екеуі де қалағанын алады. Ұлы патшалық төменде болуы тиіс. §62 Дао – барлық нəрсенің терең [негізі]. Ол жақсы адамдар қазынасы жəне жаман адамдардың қорғаны. Əдемі сөздерді кемшіліктің алдында айтуға болады, жақсы мінез-құлықты адамдарға дарытуға болады. Жаман адамдарды тастап кетуге бола ма? Онда неге мемлекетке басшы сайлаймыз, неге оған үш кеңесші тағайындаймыз? Патша мен кеңесшілердің қымбат тастары болғанмен, арбамен жүргенімен оларға да даоны сақтаған жөн болады. Бұрындары даоны неге бағалаған? Ол кездері адамдар байлыққа ұмтылмаған жəне қылмыс кешірілген. Сондықтан Аспанасты елінде дао қымбат бағаланған. §63 Əрекетсіздікті жүзеге асыру, тыныштық сақтау жəне дəмсізді жеу керек. Ұлы кішкентайдан, көп аздан тұрады. Жек көргенге жақсылықпен жауап бер12. Қиынды жеңу жеңілден басталады, ұлыны жүзеге асыру кішкентайдан басталады, себебі өмірде қиын жеңілден, ал ұлы кішкентайдан құралады. Сондықтан аса ақылды ұлыдан бастамайды, сөйтіп ол ұлылық жасайды. Кім көп уəде берсе, сол сенімнен шықпайды. Жеңіл іс көп жерде ауыр іс те көп. Сондықтан аса ақылды істерге қиын деп қарайды, сол себепті ол қиындық көрмейді. §64 Тыныштықтағыны сақтау оңай. Өзінің нышанын керсетпегенді бағыттау оңай. Осал нəрсені бөлу оңай, Майданы шашып жіберу оңай. Тəртіпті астан-кестен басталмай тұрып орнатқан жөн. Əрекетті əлі жоқ нəрседен бастау керек. Үлкен ағаш шыбықтан өседі, тоғыз қабат мұнара бір уыс топырақтан көтеріледі, мың ли13 саясат алғашқы қадамнан басталады. Кім əрекет етсе сəтсіздікке ұшырайды. Біреуде бірдеме болса, онысын жоғалтады. Сондықтан да аса ақылды əрекетсіз, сол себепті онда сəтсіздік болмайды. Онда ешнəрсе жоқ, сондықтан ол ешнəрсе жоғалтпайды. Қандай да бір іс жасаған табысқа, асықса, сəтсіздікке ұшырайды. Өз ісін абайлап аяқтаған, бастағанда да солай бастаса, онда əрқашан да сəттілік болады. Сондықтан аса ақылдыда құштарлық болмайды, қиын өндірілген заттарды бағаламайды, кімде білім болмаса содан үйренеді, басқалар жүріп өткен жолмен жүреді. Ол нəрсенің табиғилығын қалайды, [өз бетінше] əрекет еткенге батылдығы жетпейді. §65 Баяғыда, даоға ерген адам, халықтың көзін ашпаған, оны қараңғы қылған. Халықтың білетіні көп болса, оны басқару қиын болған. Сондықтан да, білімнің арқасында халықты басқару елге бақытсыздық əкеледі, ал оның көмегінсіз бақытсыздыққа бастайды. Кімде-кім бұл екі нəрсені білсе, сол басқаға үлгі болған. Бұл білімді білу – аса терең дэ. Аса терең дэ, ол терең де алыс. Ол барлық нəрсеге қарама-қарсы, бірақ оларды [өзімен] толық сəйкестікке келтіреді. §66 Өзендер мен теңіздердің жазықтықты билей алатын себебі, олар төмен қарай аға алады. Сондықтан олар жазықтықты жайлап алады. [Аса ақылды] халықтан жоғары болғысы келсе, ол өзін басқалардан төмен қоюға тиіс. Егер ол басқалардың алдында болғысы келсе, ол өзін олардан кейін қоюы керек. Сондықтан, ол халықтан жоғары тұрса да, оның халыққа салмағы түспейді; ол халықтың алдында болса да, халық оған зияндық жасамайды. Сондықтан халық оны қуана-қуана ұсынады жəне одан теріс айналып кетпейді. Ол күреспейді, сондықтан оны əлемде ешкім жеңе алмайды. §67 Барлығы да: менің даом үлкен, ол кішіреймейді дейді. Егер ол кішірейетін болса, онда ол ұзақ уақыт өткен соң кішкентай болып қалар еді. Ол кішіреймейді, себебі ол – ұлы. Менің көз қарашығындай сақтайтын үш қазынам бар: бірінші – адамзатты сүю, екінші – үнемділік, ал үшіншісі – менің алдыда болуға батылдығымның жоқтығы. Мен адамзатты сүйемін, сондықтан батыр бола аламын. Мен үнемдімін, сондықтан жомарт бола аламын. Менің басқалардың алдына шығуға батылым жетпейді, сондықтан мен ақылды көсем бола аламын. Кімде кім адамзатты сүймей батыр, үнемді емес жомарт, соттағыны итеріп тастап алдыға шықса, сол құрыйды. Кімде кім адамзатты сүйіп соғыс жүргізсе – жеңеді, оның тұрғызған қорғаныс шебін ешкім ала алмайды. Аспан оны құтқарады, адамзатқа сүйіспеншілігі оны қорғайды.
§68 Ақылды қолбасшы жаусырамайды. Айлакер жауынгер ашушаң болмайды. Дұшпанын жеңе алатын шабуылға шықпайды. Адамдарды басқара алатын өзін төменге түсірмейді. Онымен күрестен қашатын дао деп атаймын. Бұл – адам басқарудағы күш. Бұл [даоның] жаратылысына жəне ежелгі бастауына еріп кету дегенді білдіреді. §69 Əскери шеберлік былай дейді: мен бірінші бастай алмаймын, мен күтуге тиіспін. Мен бір қарыс алдыға шабуыл жасай алмаймын, ал артқа қадамдап шегінем. Бұл – əрекетсіздік арқылы əрекет ету, күш жұмсамай соққы беру деп аталады. Бұл жағдайда дұшпан болмайды, мен жауынгерлерсіз-ақ күн көрем. Дұшпанды менсінбегеннен артық бақытсыздық жоқ. Дұшпанды бағаламау менің қымбат қазынам [даоға] зиянын тигізеді. Шайқастың нəтижесінде қайғыға батқандар жеңіске жетеді. §70 Менің сөздерімді жеңіл түсінуге жəне жеңіл іске асыруға болады. Бірақ адамдар түсіне алмайды жəне іске асыра алмайды. Сөздерде бастау бар, істерде басты бар. Адамдар оларды білмегендіктен олар мені де білмейді. Мені неғұрлым аз білген сайын мен қымбатпын. Сондықтан аса ақылды қап матаға киініп, өзінде асыл тас ұстаған адамға ұқсайды. §71 Білімді адам өзін білмейтін адам сияқты көрсетсе сол басқалардан жоғары тұрады. Білімі жоқ болса да білетін адамның кейпін келтірген адам – ауру. Ауру болғандықтан өзін аурумын деп санаған адам ауру емес. Аса ақылды ауру емес. Ауру болғандықтан өзін аурумын деп санайды, сондықтан ол ауру емес. §72 Халық қуаттыдан қорықпаса, оған қуат бітеді. Оның тұрғын үйін тарылтпаңдар, оны өмірі жек көрмеңдер. Кімде кім халықты жек көрмесе, [халық та] оны жек көрмейді. Сондықтан аса ақылды, өзін біле тұрып, өзін көрсетуге тырыспайды. Ол өзін жақсы көреді жəне өзін дəріптемейді. Ол өзін жақсы көруден бас тартады жəне көтерілмегенді дұрыс көреді. §73 Кімде кім батыр жəне жаусұраған болса қаза табады, кімде кім батыр, бірақ жаусұраған емес болса – тірі қалады. Бұл екі нəрсенің біреуі пайданы, екіншісі – зиянды білдіреді. Аспан [жаусұрағандарды] неге жек көретінін кім біледі? Аса ақылдының өзіне оны түсіндіру қиын. Аспан даосы күреспейді, бірақ ол жеңе біледі. Ол сөйлемейді, бірақ жауап бере алады. Ол өзі келеді. Ол байсалды жəне [заттарды] басқара алады. Табиғат торы сирек,бірақ ешнəрсені өткізбейді. §74 Егер халық өлімнен қорықпайтын болса, оны өлтірем деп қорқытудың қажеті қанша? Кімде кім адамдарды өлімнен қорқуға мəжбүрлесе жəне онысын қызық деп санаса, оны ұстап алып жоямын. Кімнің олай істеуге батылы барады? Өлтіріп, өлім таратып жүрушілер əрқашан да кездеседі. Егер оны біреу алмастырса ол ұлы шеберді алмастырғандық болады. Кімде кім ұлы шеберді алмастырып [балтамен] шапса, өз қолын жарақаттайды. §75 Өкімет салықты көп салғандықтан халық ашығады. [Халықтың] ашығу себебі осы. Өкімет аса белсенді болса халықты басқару қиын. Басқарудың қиындық себебі осында. Халық өлімді жек көреді, себебі оның өмірге деген құштарлығы күшті. Өлімді жек көру себебі осы. Кім өз өміріне мəн бермесе, сол өз өмірін бағалайды. §76 Адам, алғаш туғанда нəзік əрі əлсіз, ал өлгенде қатты əрі мықты. Барлық тірі жəндіктер мен өсімдіктер туылғанда нəзік əрі əлсіз, ал өлгенде құрғақ жəне шіріген. Қатты мен мықты – ол өлетіндер, нəзік пен əлсіз – өмірді бастайтындар. Сондықтан қуатты əскер жеңбейді, мықты ағаш шіриді. Нəзік пен əлсізде бар артықшылық күшті мен қуаттыда жоқ. §77 Аспан даосы тартылған садақты еске түсіреді. Оның жоғарғы жағы төмен түскенде төменгі жағы көтеріледі. Ол артықты алып қояды, ал алып қойғанын оны керек қылғанға береді. Аспан даосы байлардан алып, ол алғандарын кедейлерге береді. Ал, адам даосы керісінше істейді. Ол кедейлерден алып, алғандарын байларға береді. Барлық артығын басқаларға кім береді? Мұны тек даоға ергендер ғана жасауы мүмкін. Сондықтан аса ақылды істейді жəне істегенін пайдаланбайды, ерлік жасайды, бірақ өз даңқын жоймайды. Ол өзінде құштарлық жоқ екеніне қуанады. §78 Су – дүниедегі ең жұмсақ жəне ең əлсіз нəрсе, бірақ қатты мен мықтыны жеңуде оған тең келетін жоқ, оны жеңу мүмкін емес. Əлсіздер мықтыларды жеңеді, жұмсақ қаттыдан басым түседі. Оны бəрі де біледі, бірақ адамдар оны жүзеге асыра алмайды. Сондықтан аса ақылды былай дейді: «Елді жоюды өз мойнына алған патша болады, елдің қасіретін өз мойнына алған əмірші болады». Шын сөздер өздерінің қарама-қарсы жағына ұқсас.
§79 Үлкен қобалжу басылғаннан кейін қалайда оның зардабы қалады. Қалайша оны игілік деп атарсың? Сондықтан аса ақылды ешкімнің бетіне баспаймын деп ант береді. Ақкөңіл адамдар келісімге, ал қара ниет адамдар қорқытып алуға тырысады. Аспан даосы барлығына бірдей қарайды, ол ақкөңіл адамдар жағында. §80 Мейлі, мемлекет кішкентай, ал халқы сирек болсын. Егер [мемлекетте] əртүрлі қару болса, оны пайдаланбау керек. Адамдар, өмірінің соңына дейін, [өз орындарынан] алыс кетпесін. Егер [мемлекетте] қайық пен арба болса, оларды пайдаланбау керек. Əскерлер болған күнде де оларды шығармау керек. Халық қайтадан түйін түйсін, оларды хат орнына пайдалансын. Олардың тағамы дəмді, киімі сəнді, тұрағы жайлы, ал өмірі қуанышты болсын. Көрші мемлекеттер біріне-бірі көз жүгіртсін, біріндегі əтештің шақырғанын жəне иттің үргенін біреуі тыңдасын, ал адамдар əбден қартайғанша жəне өлгенше біріне-бірі бармайды. §81 Рас сөздер жұмсақ емес. Əдемі сөздерге сенім жоқ. Ақниетті тілмар емес. Тілмар ақниетті болмайды. Білетін дəлелдемейді, дəлелдеуші білмейді. Аса ақылды ешнəрсе жинақтамайды. Ол барлығын адамдар үшін жасайды жəне барлығын басқаларға береді. Аспан даосы барлығына пайдасын тигізеді, оларға зияндық етпейді. Аса ақылдының даосы дегеніміз – күрессіз əрекет. Аударған С.Ж.Əжібаев. КУҢ ФУД ЗЫ (КОНФУЦИЙ) (Б.з.д. 551–479 жж.) Еуропада Конфуций деген атпен мəлім болған Куңдзы (Куң-фу-цзы, Куң-цзы) – ханзу (қытай) жұртының ұлы ойшылы. Жаңаша жыл санау есебінен бұрынғы 551–479 жылдарда жасаған. Ол заманда бөлшектеніп отырған. Ежелгі Қытай жұртының Лу патшалығында, кедейленген бек əулетінде туыпты. Кəмелетке толғаннан соңғы заманда отыз жыл бойы ел аралап, жер танып, əрқилы бектердің сарайында əр түрлі дəрежедегі қызметтер атқарады да, өмірінің соңғы кезеңінде, шəкірттерімен бірге, өз ілімін түпкілікті насихаттау жолына түседі. Дəстүрлі шежіренің айтуынша, Қуңдзы ханзу тарихындағы, біздің эрамызға дейінгі 722–481 жылдарды қамтитын «Чунь-дзю» («Көктем мен күз») атты жылнаманы құрастырған, «Шицзин» («Жыр кітабы»), «Шуцзин» («Тарихи аңыздар кітабы») дейтін атақты жинақтарды жүйеге түсірген. Куңдзының ең соқталы еңбегі шəкірттерімен, əр түрлі жандармен əңгіме; сұхбат тұрғысында құралған «Лүңиүй» – («Кеңес пен толғам») атты кітап. Бұл еңбек Куңдзы ілімінің негізгі ұстыны болып табылады. Ежелгі дəуірдс қалыптасып, екі мың жылдан астам ұзақ заман бойы Қытайдың ұлттық мемлекеттік идеологиясы болып келген Куңдзы ілімі ханзу жұртының ой-санасын, дүние танымын, моральдық, этикалық қағидаларын айғақтайды. Əлбетте, мемлекеттік тарихы – бес мың жыл, бүгінгі саны – бір миллиард, мəңгілікке жалғас ханзу жұртының ұлттық ұлылығына ұйтқы болған Кұңфудзыны танып, білу – кез келген ұлттық руханият үшін жаңа өріс, үстеме тыныс. Сонымен қатар, аса күрделі құбылыс. Кұңфудзының айрықша зерделі, ең сүйікті шəкірті Хуій (Иəн Иуəн) айтыпты: «Ұстаздың білігі ойлана қарасаң – биіктей береді; үңіле қарасаң – тереңдей береді; қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрғандай. Ұстаз бірден ашылмайды, қызықтыра баурап əкетеді... Тартынайын десем де тоқтай алмаймын. Міне, бар күшім сарқылған сияқты, ойдағы межеге тақаған сияқтымын, ұмсынам – тағы да жете алмаймын» (ІХ–11). Əлемдік тарихнамадағы ең ұлы тұлғалардың бірі Сыма Циəн айтыпты: «Аспанхақта патшалар да көп болды, тұлғалар да көп болды, олар тіршілігінде дəурен сүрді, ал өлгеннен соң ұмыт қалды. Қарадан шыққан Кұңфудзының есімі, міне, он ата өтті, жұрт аузынан түсер емес. Оқымыстылар оны өздерінің түп тамыры деп санайды. ЖерҰйтқы патшалығында Аспан ұлы мен бектерден бастап, алты өнер туралы толғанады, шындық іздегенде Ұстазға жүгінеді. Мен оны ең жоғарғы даналыққа жеткен кісілердің ішіндегі ең ұлығы деп білемін»1. Бұл сөздер айтылғаннан бері де екі мың жылдан астам уақыт өтті – шамамен жетпіс ата. Кұңфудзының атақ-абыройы аспаса, кеміген жоқ. Керісінше, өз отанының шеңберінен шығып, бүкіл адамзаттық тұлғаға айналды. «Кісіні зерделеп, күрсіні таныдым» дейді Кұңфудзы (ХІV–35). Күрсіні
тану үшін Кұңфудзының өзін зерделеу керек. «Мені Аспан алқаған!» дейді тағы бір сөзінде (VІІ–23). Нық сенген жəне сол сенім арқалатқан мұрат жолына бар ғұмырын бағыштаған. Ұлы Адам осындай болыпты. КЕҢЕС ПЕН ТОЛҒАМ І тарау Оқу2 Ұстаз3 айтыпты: – Оқу-тоқу жəне үнемі кемелге ұмтылу – қуаныш емес пе? Достарың жүздесуге алыстан жетсе – жұбаныш емес пе? Жұрт танымады деп түңілмеген ер – мəрт емес пе?! Иүу4 мұғалім айтыпты: – Əкені тыңдайтын, үлкенді сыйлайтын кісінің əміршіні мезі қылуы – шетін жағдай. Əміршіні мезі қылудан тартынған кісінің бүлікке бейім тұруы əсте мүмкін емес. Дегдар адам əр істің түп негізін ойлайды; түп негізі тиянақталса, Ақ Жол да тартылады, əкеге – құрмет, ағаға ықылас та болады – адамдық мəні осы емес пе! Ұстаз айтыпты: – Кісілік қасиет шешен тілмен, мүлəйім жүзбен сəйкесе бермейді. Зің5 мүғалім айтыпты: – Күніге үш қайтара толғанамын: халқыма қалтқысыз қызмет атқардым ба? – деп; достармен риясыз қатынас сақталды ма? – деп; оқыған-тоқыған жадымда берік жатталды ма?– деп. Ұстаз айтыпты: – Бір мың əскери арба жасақтай алатын ұлысты билеу үшін: іс-əрекет – іждағатты, əмір-жарлық – əділ болсын, адамға – жанашырлық, қазына-байлыққа – үнемшілдік болсын, һəм жұртын маусымына орай, мəнді іске жұмылдырсын. Ұстаз айтыпты: – Жеткіншек үйде ата-анаға қайырлы, түзде үлкендерге жұғымды болсын, іс-əрекетінде байсалды, сөйлер сөзінде шыншыл болсын, жалпы жұртқа мейірбан, кісілігі зорға жақын болсын; осының бəрін атқара алса ғана өнер-білімге ұмтылсын. Зысə6 айтыпты: – Тəн лəззатынан жан мейірін артық санаған, ата-анасына аянбай қызмет жасайтын, патша ғұзырында өзін құрбанға шалудан да тартынбайтын, достарына адал лепестен танбайтын кісіні, егер ол «Жыр-нама»7 мен«Тауарих-наманы»8 оқымаған болса да, ғұлама деп бағалар едім. Ұстаз айтыпты: – Азамат ердің
– мінезі босаң болса,
– тұлғасы қораш болса,
– ол ілімді де берік ұстана алмайды.
– ең бастысы –
– адал бол,
– шыншыл бол,
өзіңнен өресі кем жаманмен жұғыспа
жəне қателігіңді түзеуден қорықпа.
Зің мұғалім айтыпты:
– Өлігін құрметтесе,
бабасын қастерлесе,
халықтың қасиеті бұрынғы қалпына түседі.
Зыжиң9 Зыгүңнен10 сұрапты:
– Ұстаз қай елге барса да,ондағы билік жүйесі туралы біледі.
Бұл деректерді өзі іздеп таба ма, əлде біреу беріп отыра ма?
Зыгүңнің жауабы:
– Ұстаз –
Мейірбан, қайырымды, кішіпейіл, құнтты, көнбіс,
сондықтан тиесілі дерек өз аяғымен келіп жатады;
ізденіп табуда
басқа жұртқа қалай ұқсасын?!
Ұстаз айтыпты:
– Перзент
əкесінің тірісінде оның мақсат-мұратын таныса,
өлгенінде оның іс-əрекетін байыптаса,
марқұмның жолынан үш жыл бойы айнымаса,
атасын сыйлаған ұл деп бағалануға тиіс.
Иүу мұғалім айтыпты:
– Рəсім шарттарының ішіндегі ең мəндісі – үйлесім.
Үйлесім ежелгі патшалар жолына салтанат береді,
ал бұл жол ұлық істе де айнымас үлгі.
Бірақ үйлесім үнемі оңтайға келмейді,
егер Рəсім аясында жарастық таппаса,
оның өмірлік əсері де бекерге саяды.
Иүу мұғалім айтыпты:
– Риясыздық əділетпен үйлес болса,
уəде орындалмақ.
Ізет-құрмет рəсіммен үйлес болса,
ұят, масқара аулақ тұрмақ.
Тірек тұтқаның шын жанашыр болса,
ісің тиянақ таппақ.
Ұстаз айтыпты:
– Дегдар азамат
дастарқан басында қарын кептіруді ойламаса,
үйде отырғанда жан бағуды ойламаса,
істе елгезектік танытса,
сөзде байып танытса,
Ақ жолдағы жұртпен жақындасып, жақсылыққа ұмтылса,
оқуға ынтызар деп аталуға лайық.
Зыгүң сұрапты:
– Жарлы кезінде жағынып көрмеген,
байыған соң астам жүрмеген кісіні
қалай бағалар едіңіз?
Ұстаз айтыпты:
– Тəуір,
бірақ ол –
кедей кезінде тарынбаған,
байыған соң Рəсімнен жаңылмаған кісімен
теңдесе алмайды.
Зыгүң тағы да сұрапты:
– «Жыр кітабында» айтылған ғой:
«Қалыпта тұтқан, қашалып шыққан,
Егеуі жеткен, өңделіп біткен», – деп.
Сіздің айтып тұрғаныңыз осы емес пе?
– Иə, Зы, – депті Ұстаз. –
Сенімен Жыр туралы кеңесуге болады екен:
айтқан сөздің ұшығын қапысыз тануға жеттің.
Ұстаз айтыпты:
– Жұрт мені білмейді деп қамықпа,
өзіңнің жұртты білмегеніңе қамық.
ІІ тарау
Əмірші
Ұстаз айтыпты:
– Кісілікті тұтқан əмірші
Темірқазық жұлдызы сияқты –
табаны таймайды,
ал қалған жұлдыздар байланады да,
айналады да жүреді.
Ұстаз айтыпты:
– «Жыр кітабындағы» үш жүз өлең:
«Теріс емес пиғылы» – деген
жалғыз-ақ жолға сыйып тұр.
Ұстаз айтыпты:
– Заңмен басқарсаң,
Жазамен жасқасаң,
халық тітіреп тұрады,
бірақ ұятын ұмытады.
Кісілік жөнімен басқарсаң,
Рəсім орайымен жасқасаң,
халық елбіреп тұрады,
һəм арын сақтайды,
құлдық ұрады.
Ұстаз айтыпты:
– Он бесімде оқуға пейіл еттім,
отызымда кəмелетке жеттім,
қырықта күмəн-тұманнан арылдым,
елуде Аспанның əмірін таныдым,
алпыста құлағым ашылды,
жетпісте жүрегімнің қалауын таптым,
бар ісім байыпқа түсті.
Дзыю перзенттік парыздың мəнісін сұрады.
Ұстаздың жауабы:
– Қазір перзенттің ата-анаға қарызы
асырап, бағумен ғана шектеліп жүр.
Малды да күтеді.
Риясыз қадыр-құрмет болмаса,
содан айырмасы қанша!?
Ұстаз айтыпты:
– Өткенді əспеттей отырып,
жаңаның мəнісін ұққан кісі ғана
мұғалім бола алады.
Ұстаз айтыпты:
– Ойсыз оқу – бекер,
оқусыз ой – қатер.
Ұстаз айтыпты:
– Иу! Білік деген не екенін ұқтырайын ба?
Білгеніңді білім сана,
білмегеніңді білместікке бала.
Білік дегеніңіз осы болады.
Мұңды Зейін бек сұрапты:
– Халықты қайтсе бағынышты ұстау мүмкін?
Қуңдзының жауабы:
– Адалды асқақтатып, арамды билігіне берсең,
жұртың бодан болады,
арамды асқақтатып, адалды табанына салсаң,
жұртың жаман болады.
Əлдекім Куңфудзыдан сұрапты:
– Ел басқару ісіне неге қатыспайсың?
Ұстаздың жауабы:
– Кітапта айтылған ғой:
«Ата-анаңа мейірбан бол,
аға-ініге бауырмал бол,
сонда барлық игілікке жетесің! – деп».
Ел басқарған деген осы, қызметке жегілу шарт емес.
Ұстаз айтыпты:
– Бөтеннің аруағына табынған –
Жарамсақтың ісі.
Ақ жолда əрекеттен тартынған –
қорқақтың ісі.
ІІІ тарау
Лу уəлаятының аға күйшісімен саз өнері туралы кеңескенде,
Ұстаз айтыпты:
– Күй əуенін түйсікпен танисың.
Əуел баста – үйлесті түр,
бойлап енгенде – тұнық əуез, төгілген нұр,
ақыр соңында –
көңілмен астасқан, сезімге жалғасқан терең сыр.
Ұстазбен кездесуді қалаған И шебінің əкімі:
– Осы уақытқа дейін мұнда болған дегдар кісінің
бəрімен де кездесудің сəті түсіп еді, – депті.
Шəкірттер тілегін орындапты.
Шыққан соң айтқан сөзі:
– Дүниенің қиюы кетті деп қам жемеңдер. Аспан
астындағы Ақ Жол көмескі тартып еді, енді Жаратушы
көп ұзамай-ақ Ұстазды қоңырауға айналдырады!
Ұстаз «Көктемгі əуен»11 туралы:
Əуезі əсем, сөзі сырлы, – депті; ал «Жаугершілік
сарын»12 туралы:
– Əуезі əсем,
сөзі солғын, – депті.
Ұстаздың кейісі:
– Билікте алды тар,
Рəсімде кірнесі бар,
қазада қайғыдан тыс əміршіге
мен қалайша ықылас білдірмекпін?
ІV тарау
Кісілік бар жерде
Ұстаз айтыпты:
– Кісілік бар жерде – келісті көрік бар.
Ақылды адамның
сұлуды сүймеске, ырқымен жүрмеске əдді қайда?
Ұстаз айтыпты:
– Кісілігі кем адам
кедейлікте – шыдамсыз, көпке бармайды,
байлықта – тағатсыз, ырыс қонбайды;
кісілігі мол,
жұпыны адамның өмірі – игі,
ақылды адамның өмірі – нұрлы.
Ұстаз айтыпты:
– кісілігі мол пенде ғана
адамды сүйе біледі,
һəм одан жирене біледі.
Ұстаз айтыпты:
– Кісілікке ұмтылған –
кеселді мінінен арылады.
Ұстаз айтыпты:
– атақ пен байлық –
оған ұмтылмайтын кім бар,
бірақ дегдар азамат арам жолмен жетуді қаламайды;
кедейлік пен кемшіндік
одан қашпайтын кім бар,
бірақ дегдар азамат
амалсыз тап болса, қорланбайды.
Дегдар азамат
адамдықтан аттап қалайша абырой алмақ?
Ол кісіліктен дастарқан басында да қол үзбейді.
Асығыс опалаң кезінде де,
қатерлі топалаң кезінде де
абыройын сақтайды.
Ұстаз айтыпты:
– Ізгілікке сүйінер
жəне де арамдыққа күйінер кісіні
əзірге ұшыратқан жоқпын.
Ізгілікке сүйінген – кемел;
арамдыққа күйінген – ізгі,
əм қаталдықтан аулақ.
Ұзақ күнге ізгіліктен аумайтын кісі бар ма?
Бұған əдді жеткен жан көрмедім.
Мүмкін, бар да шығар,
бірақ маған ұшыраспады.
Ұстаз айтыпты:
– Əркімнің оғаштығы – жан құмарына қатысты.
ісінің қателігіне қара – кісілігін танисың.
Ұстаз айтыпты:
– Азанда Ақ Жолды таныған адам,
іңірде армансыз өледі.
Ұстаз айтыпты:
– Ақ Жолды таңдай тұра,
киімнің жүдеуін,
тамағының жадауын намыс көрген кісімен
кеңес құру қажетсіз.
Ұстаз айтыпты:
– Аспан астындағы əрбір істе
асқаралы азаматтың
айнымас асылы да жоқ,
аямас жасығы да жоқ,
əділетті Ақ Жолы ғана бар.
Ұстаз айтыпты:
– Дегдар кісі ізгілікке ынтығады,
күйкі кісі тіршілік пайдасына ұмтылады;
дегдар кісі жол-жораны сыйлайды,
күйкі кісі қара басын ғана ойлайды.
Ұстаз айтыпты:
– Пайданы ғана ойлаған –
пəлені көбейтеді.
Ұстаз айтыпты:
Рəсіми ымыра низамы бойынша ел басқара алсаң, қиындықтың не
бөгеті бар?
Ымыра низамы бойынша ел басқара алмасаң,
Рəсімнің өзінің не керегі бар?
Ұстаз айтыпты:
– Мансапты болмадым деп қамықпа,
кемеліме толмадым деп қамық; жұртқа танылмадым деп жабықпа,
даңққа жеткізер дабыралы іске жанық.
Ұстаз айтыпты:
– Шəн! Менің Жолым –
жалғыз-ақ арқаумен жалғасып тұр.
Зің мұғалім бұл сөзді мақұл көрді.
Ұстаз шығып кеткен соң шəкірттер сұрады:
– Əлгі кептің мəнісі не
– Зің мұғалім айтты:
– Ұстаздың Жолы –
Жүйке-жүрегіңмен сезінетін
Жанашырлық деген жалғыз сөздің аясына сыйып тұр.
Ұстаз айтыпты:
– Дегдар кісі
əділет жолына жетігеді,
күйкі кісі
əбілет жолына жетігеді.
Ұстаз айтыпты:
– Кемел кісіні көрсең –
биікпен теңесуге ұмтыл,
– күйкі кісіні көрсең –
өз ішіңде не барына үңіл.
Ұстаз айтыпты:
– Ата-анаңа қызмет қыл, ілтипатпен ақыл қос;
айтқаныңды алмаса,
əдебіңнен азба, құрметіңнен танба;
мазаңды кетірсе, күңкілдеме кейіме.
Ұстаз айтыпты:
– Ата-анаңның көзі тірісінде
тым алысқа ұзап кетпе,
кетсең,тұрақ-жайың мағлұм болсын.
Ұстаз айтыпты:
– Дүниеден өткен əке жолынан
үш жыл бойы айнымаған ұл
адал атануға лайық.
Ұстаз айтыпты:
– Ата-анасының ұлғайған жасын ойламас ұл жоқ,
бұл əрі сүйініш,
əрі уайым.
Ұстаз айтыпты:
– Бұрынғының кісісі
бейсауат сөйлемепті,
айтқанды іске асырмау – намыс депті.
Ұстаз айтыпты:
– Байсалды жанның байқаусыз қатесі азырақ.
Ұстаз айтыпты:
– Мəрт азамат мəнерсіз сөйлейді,
мəнімен іс тындырады.
Ұстаз айтыпты:
– Ізгілік жеке-дара қонбайды,
қасында қоңсысы болар.
Зыйүу айтыпты: – Патшаны мезі қылсаң,
қорлыққа ұшырайсың,
достарды мезі қылсаң,
жалғыздыққа ұшырайсың.
V тарау
Гүңиə Чəң
Ұстаз
Гүңиə Чəң13 туралы:
– Міне, лайықты күйеу.
Рас, абақтыда отырды,
бірақ кінəсі жоқ еді, – депті.
Сөйтіп, оған қызын ұзатыпты.
Ұстаз
Нəн Жұң14 туралы:
– Ұлыс ұлағатты кезде
санаттан қалған жоқ,
ұлыс кінəратты кезде
жалаға таңған жоқ, – депті.
Сөйтіп, оған ағасының қызын ұзатыпты.
Ұстаз
Зызиəн15 туралы:
– Міне, нағыз дегдар!
Лу уəлаятында марғасқалар жоқ еді,
бұған мəрттік қайдан келген, – депті.
Зыгүң сұрапты:
– Мен қандай кісімін?
Ұстаздың жауабы:
– Сен құмырасың.
– Қандай құмыра?
– Құрбан асын салатын қымбатқұмыра.
Ұстаз
өзін қызметке тұруға үгіттегенде,
Зидиау Кай16 айтыпты:
– Бұл істе мен əзірше өзіме сене алмай тұрмын.
Ұстаз риза болыпты.
Ұстаз айтыпты:
– Жол-жосықсыз...
Салға мінем,
теңізден-теңіз кешем,
Иүу менімен бірге жүзер ме екен?
Бұл сөзді естіген Зылу қуанып қалды.
VІ тарау
Дзай Уо сұрапты:
– Бір ізгі адам құдыққа құлап кетті деген оқыс хабар
жетсе, мейірбан адам соңынан секірер ме еді?
Ұстаздың жауабы:
– Өйтіп не көрініпті?
Алып ер ажалға қарсы шабудан тайсалмайды,
бірақ парықсыз өлімнен бой тартады;
Алыпты алдауға болар,
ақымақ қыла алмайсыз.
VІІ тарау
Ұстаз айтыпты:
– Қара нан жеп, қара су ішем,
құс мамық орнына қарымды жастанып ұйықтаймын, –
осының өзінен қуаныш табам.
Былық жолмен жеткен байлық, мансап –
маңып көшкен бұлт сияқты көрінеді маған.
Ұстаз айтыпты:
– Аспан тағы бірнеше жыл ғұмыр берсе, елу жасымда «Өзгеріс
кітабын»17 зерделеп оқыр едім,
қайсы бір қиғаш қателерге ұрынбас едім.
Ұстаз
үлгілі тілмен сөйлейтін.
Жыр, Кітап, Дəстүр
төңірегінде толғанса,
тек үлгілі тілді ғана қолданушы еді.
Шə бек18 Зылудан Кұңфудзы қандай адам деп сұрапты.
Зылу жауап қатпайды.
Ұстаз айтыпты:
– Сен неге былай демедің:
«Бұл кісі
қамығып қайраттанса, ас-суды ұмытады,
қуанып шаттанса, қайғы-шерді ұмытады
уақыт озса да, қарыдым деп арымайды,
бар қасиеті – сол ғана!»
Ұстаз айтыпты:
– Туа біткен білім жоқ менде, ескілікке емсеген соң, қажырлы
құмарлықпен ұмтылып жеттім.
Ұстаз
ғажайып туралы,
қара күш туралы,
бұлғақ туралы
сөз қозғамайтын.
Ұстаз айтыпты:
– Жолай ұшырасқан екі кісінің бірін
үлгі тұтамын:
жақсы жағынан үйренем,
жаман жағынан жиренем.
Ұстаз айтыпты:
– Мені Аспан алқаған!
Хуəн Түй19 қалайша қысас қылмақ?!
Ұстаз айтыпты:
– Шəкірттерім,
Əлденендей қате жасасам бітті, жамиғатқа мағлұм болады.
Ұстаз
жұртпен бірге əнге саларда,
əуен айрықша ұнаса,
басынан қайыра айтуды өтінетін,
содан соң ғана қосылатын.
Ұстаз айтыпты:
– Білімдарлықта
ешкімнен кем түспеймін,
бірадарлықта
бар кемелге жеткем жоқ.
Ұстаз айтыпты:
– Менде кемеңгер даналық,
кемел кісілік бар деп айтуға
қалай ғана батылым жетпек?
Ұлағатқа үздіксіз ұмтылам,
қалған жұртқа қажымай үлгі айтам,
бойдағы бар қасиетім сол ғана.
Ұстаз қатты сырқаттанып қалғанда, Зылу дұға түсіруге рұқсат
сұрады.
Ұстаздың сауалы:
– Солай жасаушы ма еді?
Зылудың жауабы:
– Жасайды. Дұға-намада айтылған ғой:
«Сен үшін Көк рухына, Жер рухына Дұға түсірем», – деп.
Ұстаз мақұл көрмеді; айтты:
– Мен баяғыдан бері дұға оқып жүрмін.
Ұстаз айтыпты:
– Ысырапшылдық – кепиетке ұласады,
үнемшілдік – кеселге ұласады,
бірақ кеселден кепиет жаман.
Ұстаз айтыпты:
– Дегдар азамат байсалды, байыпты болар
күйкі кісі күйгелек, кейісті болар.
Ұстаз
еркелете білетін, бірақ мінезі қатал,
айбарлы көрінетін, бірақ қаһардан тыс,
құрметі риясыз,
қызметі байсалды жан еді.
VІІІ тарау
Ұлы тұңғыш
Ұстаз айтыпты:
– Ұлы Тұңғыш20
дарқандардың дарқаны атануға лайық.
Үш мəрте жолын берді –
тақты мұрат етпеді,
масаттанған жамиғат мақтауына жетпеді.
Дзэң мұғалім айтыпты:
– Білімдар кісінің
қатаң əрі шешімтал болмас жөні жоқ,
өйткені оның жүгі ауыр, жолы алыс.
Арқалаған жүгі адамгершілік парызбен өлшенеді –
ауыр деген осы емес пе!
Жүрген жолы өліммен ғана шектеледі –
алыс деген осы емес пе!
Ұстаз айтыпты:
– Халықты зорлықпен бодан ұстау мүмкін,
Зорлықпен білімге нұсқау мүмкін емес.
Ұстаз айтыпты:
– Оқы –
жоғыңды іздегендей ынтызарлықпен,
барыңнан айрылардай қатер-қауіппен.
ІX тарау
Ұстаз парықсыз төрт міннен таза болды:
өсіріп айту,
келтесінен кесу,
қиқарлық, менмендік.
Ұстаз су жағасында тұрып айтты:
– Өтпелі өмір –
аққан өзен тəрізді,
күндіз-түн демей тынымсыз жылжып барады.
Ұстаз айтыпты:
– Кейде бүр шығады – гүлдемейді,
Кейде гүл шығады – мəуе бермейді.
Ұстаз айтыпты:
– Кішіні де сыйлаған жөн.
Қайдан білесіз,
дəл өзіңіздей кісі болып шығар.
Бірақ қырыққа келіп құтаймаған,
елуге келіп еленбеген адамнан
артық үміт күту де бекершілік.
Ұстаз айтыпты:
– Қарағай мен құрманың қайсысы төзімді екені
суық соққанда білінер.
X тарау
Қуңдзы өз аулына барғанда
жүрісі жұпыны, сөзі сыпайы болар еді,
ал патша сарайы мен бабалар ғибадатханасында
жай жүрісі салмақты, аз сөзі ұтымды болар еді.
Əміршінің дəргейіне барғанда
мансабы кішілермен іштарта сөйлесіп,
мансабы үлкендермен қатқыл тұратын.
Əмірші алдында
құрметке толы тəкаппар кейіпте көрінер еді.
Ұстаз жұқа, жабайы матадан тігілген қамзол киюші еді;
салқында қаракөлден тігілген қаптан,
оның сыртынан
марал қодығының терісінен тігілген ақ жақы
немесе түлкі елтірісінен тігілген қызыл ішік киетін.
Үйде етегі ұзын, оң жеңі шолақ елтірі халаты болатын.
Ұйықтағанда
бойының жарымын ғана қамтитын
қысқа көрпе жамылушы еді.
Отырғанда
түлкі иə жанат елтіріден құралған кілем төсенетін.
Аза аяқталғанда
белбеуіне барлық ілгешектерін тағынатын.
Салтанатты Рəсімнен тыс уақыттың бəрінде
құрақ матадан тігілген белдемше киетін.
Көңіл айтуға барғанда
қаракөл қамзол һəм қара бөрік кимейтін.
Əманда, жылдың алғашқы күні
салтанатты киімімен Сарайға келетін.
Ғибадат ұстағанда
əмсе, таза, кенеп жейде-дамбал киетін;
ішіп-жемі əдепкіден өзгеше болатын,
үйде əдепкіден басқа жерде отыратын.
Күріш жармағынан, ұсақталған еттен бас тартпайтын.
Ашыған күрішті, босаған балық, борсыған етті жемейтін.
Сасыған, көгерген асты татпайтын.
Нашар пісірілген, мезгілсіз келген дəмді аузына салмайтын.
Теріс мүшеленген етті жемейтін.
Тиесілі тұздықсыз ас ішпейтін.
Ет қанша мол болса да, күріштен асырып жемейтін.
Шарапты ғана шектемеуші еді, бірақ мас болмайтын.
Базардан алынған шарап пен еттен бас тартатын
Зімбірсіз ас ішпейтін.
Тамағы тақыл еді.
Бектің құрбан асына қатысқанда
сыбаға етін ертеңге қалдырмайтын;
одан бөтен жағдайларда үш күннен артыққа сақтамайтын;
үш күннен озған құрбан асын жемейтін.
Асты үнсіз ішетін;
ұйқыға жатқанда сөйлемейтін.
Алдына жұпыны, жөндем ас тартылғанның өзінде,
құрбан ырымын жасайтын
жəне сол сəтте қатаң құрмет кейпінде көрінер еді.
Қисық төселген бойраға отырмас еді.
Өз ауылында тойға бара қалса,
ақсақалдар түгел тарағаннан соң ғана қайтар еді.
Басқа уəлаяттағы біреуге сəлем жолдаса,
аттанып бара жатқан адамды шығарып салғанда
екі қайтара тағзым етер еді.
Мейірбан ұлық беріп жіберген дəріні тағзым жасап қабыл алып:
– Ем-домының жайын білмеймін,
пайдалануға дəтім жетпейді, – депті.
Өзі жоқта атқорасы өртеніп кеткенде:
– Ешкім жапа шеккен жоқ па? – депті.
Малдың жайын сұрамапты.
Ауырып қалса,
біреу көңілін сұрай келсе де,
басын шығысқа қаратып,
үстіне орда киімін жапқызып,
оның үстіне салтанат, белбеуін салып қояр еді.
Бек жарлықпең алдына шақыртса,
арнайы ат жегілуін күтпей,
жаяу жүре берер еді.
Бас Ғибадатханаға кіргенде,
онда не болғанын тəтпіштеп сұрар еді.
Досы өліп, көметін кісі табылмағанда:
«Мен жерлеймін», – депті.
Өзіне тəбəрік тартқан достарына,
мейлі ат сыйласын, мейлі арба сыйласын,
құрбан асынан басқа қандай нəрсе болмасын,
тағзым жасамас еді.
Төсегінде
өлексе құсап жатпайтын,
өз отының басында мейман қабылдаған кейіпте отырмайтын.
Ұстаз
аза киіміндегі адамға ұшырасса,
мейлі, ол өзінің жақын досы болса да,
ықылас-пейіл танытатын;
салтанатты бас киім киген кісіге
немесе зағип басырға ұшырасса,
мейлі, олар күнде көріп жүрген таныстары болса да,
сыпайы ізет білдіретін; күймеде келе жатқанда
аза киіміндегі кісілерге ұшырасса,
құрмет үшін алдымен тəжім ететін;
маңызды мемлекеттік құжат əкеле жатқан жаушыларға да
өстуші еді; дастарқан түрлі дəмге сыңсып тұрса,
ықыласты кейіпте бой көтерер еді.
XІ тарау
Дзылу аруаққа құрмет, құдайға ғибадат туралы сұрапты:
Ұстаз айтты:
– Тірі кісімен сыйласа алмасаң,
өлі аруақ пен құдайға қалай құрмет жасайсың?
– Сонда, өлімнің өзі не нəрсе болды? – деді Дзылу.
– Өмірдің не екенін білмесең,
өлімнің мəнін қалай ұғарсың?
Ұстаз айтыпты:
– Кемелге тақаған Хуэй білімге жетік –
кедейліктен тірідей өліп отыр.
Аспан алқамаған Дзы бақай есепке жетік –
байлыққа белшесінен бөгіп отыр.
Кенже əулеттен шыққан Зижəн сұрапты, Жұң Иүу мен Жəн Зүйуді
қасиетті қарашылар деп атауға бола ма деп.
Ұстаздың жауабы:
– Сіз менен мəндірек бірдеңе сұрай ма деп едім.
Иүу мен Зүйу туралы сұрадыңыз.
Қасиетті қарашы патшасына қалтқысыз қызмет етеді,
көңіліне көлеңке түссе, аулаққа кетеді.
Иүу мен Зүйу – пайдалы қарашы деп айтуға болады.
– Яғни олар іждағатты ғой?
– Патшаны өлтіруге, əкесін өлтіруге
олар да аттап баспайды, – депті Ұстаз.
Зылу – Зыгауды Би ауылының əкімі етіп тағайындағанда21
Ұстаз айтыпты:
– Біреудің баласының обалына қалдың.
Зылу келіспепті:
– Онда да жұрт бар,
жер ғибадатханасы, егіндік пұтханасы бар.
Білгір атану үшін оқу шарт емес қой.
Ұстаздың жауабы:
– Жел сөз, жезтаңдай мылжыңды
жаным жаратпайтыны осы емес пе!
Зылу, Зің Си22, Жəн Иүу, Гүңси Хуа қасында отырған шақта
Ұстаз айтыпты:
– Жасымның үлкендігін ұмытыңдар.
Сендер үнемі: «Бізді бағаламай жүр», – деп күңкілдейсіңдер.
Егер əлдекім бар қасиеттеріңді бағалай қалса, қайтер едіңдер?
Əуелгі асығыс жауапты Зылу айтты:
– Егер мен
бір мың əскери арба жасақтай алатын иелікке əкім болсам,
мейлі, ол күшті патшалардың аралық қыспағында тұрсын,
мейлі, жау шапқынынан күйзеліп, аштықтан тарығып отырсын,
айналасы үш жылда
жұртым түгел батыр болып, саналы болып шығар еді.
Ұстаз
жымиып күлді де, Жəн Зүуден сұрады:
– Ал, Зүу, сен не айтасың?
– Егер мен
аумағы алпыс та жетпіс,
тым құрса, елу де алпыс ли тұратын иелікке əкім болсам,
айналасы үш жылда
жұртым түгел дəулетке жетер еді; ал Рəсімді бекітіп, Əн-күйді
таратуды
дегдар азаматқа тапсырар едім.
Ұстаз
Гүңси Хуадан сұрады:
– Ал, Чи, сен не айтасың?
– Қолымнан келеді дей алмаймын,
үйренер едім, үйренсем,
бабалар ғибадатханасындағы толық рəсімдер кезінде
қызмет жасау үшін
салтанатқа жауапкер кіші хажиб болар едім.
Ұстаз Зің Сиден сұрады:
– Ал, Диəн, сен не айтасың?
Сырлы əуен тоқталды, ішектің соңғы толқыны басылар-басылмаста
сазын былай қойып, Зің Си айтты:
– Менің мұратым бұлардан басқа.
– Онда тұрған не бар? – деді Ұстаз. – Əркім өз мұратын айтады.
XІІ тарау
Сыма Ниу кейіс білдіріпті.
– Осы жұрттың бəрінің ағасы бар, інісі бар, мен ғана
жалғызбын.
Сонда Дзыся айтқан екен:
– Менің естуімше былай.
Өмір мен өлім Көктің жарлығында,
нəсіл мен байлық Көктің ықыласында.
Алып ер
құдыретке құрметінен таймаса,
кісіге кішіпейілдігінен айнымаса,
төрт теңіздің шегіндегі адам атаулы
соның бауыры емес пе!
Ендеше туғаным жоқ деп жабығудың орайы бар ма?
Дзыгүң мемлекет басқарудың қандай алғышарттары барын сұрады.
Ұстаз айтыпты:
– Азық-түлік мол болса, қару-жарақ жеткілікті болса жəне халықтың
сенімі болса.
– Мəжбүрлік туса, осы айтылған үшеудің қайсысын қатардан
қалдыруға болар еді? – деп сұрады Дзыгұң.
– Қару-жарақты қатардан қалдырыңыз.
– Ендігі кезекте қалған екеуінің қайсысын санаттан шығарамыз?
– Азық-түлікті.
Ақыр түбі пендесін ажал алмай қоймайды,
Ал жұртың сенімнен айрылса,
Ешбір ісің оңбайды.
Дзыгүң достықтың мəнісі турасында сұрады.
Ұстаздың жауабы:
– Ақыл қосқанда адал бол
Һəм жақсылыққа үнде.
Егер кеңесіңді тыңдамаса, зорланба,
өз басыңды кемітесің.
XІІІ тарау
Дзылу əмірші болудың мəнісін сұрады.
Ұстаз айтыпты:
– Өзіңнің іждағатыңмен
жұрттың ынтасына жетекші бол.
Дзылу одан ары бажайлап ұғындыруды өтінгенде
Ұстаз айтыпты:
– Тыным таппа,
Тыныштық іздеме.
Ұстаз айтыпты:
– Егер ісің оң,
қимылың жөн болса,
жұртың
жарлық бермей-ақ жаныңнан табылады;
егер ісің қақас,
қимылың қораш болса,
бақырсаң да басыңды сыйламайды.
Уэй сапарында Ұстаздың күймесінде Жəн Иу көшір болып еді.
Ұстаз таң қалыпты:
– Кісі қандай көп! Жəн Иу сұраған екен:
– Кісі көп болғанда оларды не істеу керек?
Байыту керек, – депті Ұстаз.
Жəн Иу тағы да сұрапты:
– Ал байытқан соң не істеу керек?
– Оқыту керек, – депті Ұстаз.
Ұстаз айтыпты:
– Қандай да бір əмірші мені қызметке шақырса,
əуелгі жылы ісі оңалады,
үш жылдан соң əбден жырғалады.
Ұстаз айтыпты:
– Қалт кетпес хақ сөз бар:
егер елдегі билік
жүз жыл бойы абзал адамдардың ғана қолында тұрса,
зорлық-зомбылық
өзінен өзі кетер еді,
жазаға тартпай-ақ жақсылыққа жетер еді!
Ұстаз айтыпты:
Ғаділ патша билікте отырған күннің өзінде,
бір ұрпақ дүниеден көшпей,
жұртқа кісілік бітпейді.
Ұстаз айтыпты:
– Өз мініңді түзеуге дəтің жетсе,
жұртқа өкім етуге басым жетпес деме.
Өзіңді міней алмасаң,
Жұртыңды қалай түзейсің?
Шэ бек мемлекетті басқару айғағы неде деп сұрады.
Ұстаз айтыпты:
– Жуықтағы жұрт сүйінсе,
Жырақтағы жұрт жиылса.
Шэ бек Куңдзыға айтыпты:
– Біздің ауылда бір турашыл кісі болды. Əкесі қой ұрла-
ған екен, үстінен түсіпті.
Куңдзының жауабы:
– Біздің ауылдағы турашыл кісілер сіздікінен бөлегірек.
Балалары əкесінің артын ашпайды,
əкесі баласының абыройын шашпайды.
Турашылдық деген – осы.
Ұстаз айтыпты:
– Мəрт кісілер
келіспей жүрсе де үйлесті жарастық табады;
нəмəрт кісілер
келісімде отырса да айнымас алалықта қалады.
Ұстаз айтыпты:
– Мəрт кісіде кішіпейіл кеңдік бар,
күйкі кісіде кекірт көңіл мендік бар.
XІV тарау
Ұстаз айтыпты:
– Қарны тоқ,
қамсыз өмірді ғана ойлаған адам
ғалым болмақ емес.
Ұстаз айтыпты:
– Кедейдің кекшіл болмауы қиын,
ал байдың кердең болмауы оп-оңай.
Əлдекім сұрапты:
– Жамандыққа жақсылық жасаса қайтеді?
Ұстаз айтыпты:
– Онда жақсылықты немен өтейсің?
Жамандыққа əділ қарымтасын қайтар,
ал жақсылыққа жақсылық жаса.
Ұстаз айтыпты:
– Елінің рəсімін сүйген əмірші
жұртын да еркін билемек.
XV тарау
Ұстаз айтыпты:
– Алыстан ойламаған
жақыннан уайым табар.
Ұстаз айтыпты:
– Бəрінен түңілдім!
Тақуа кісілікті
тəн лəззатымен тең көретін жан жоқ екен!
Ұстаз айтыпты:
Өзіне қатал,
өзгеге мейірбан адам
жұртына жұғымды болмақ.
Ұстаз айтыпты:
– Алып ер өзінің кемісін біліп мұңаяр,
атым шықпады деп қамықпас.
Дзыгүң сұрапты:
– Ғұмыр бойы үлгі тұтып, өсиет ұстар сөз бар ма?
Ұстаз айтыпты:
– Бар – «жанашырлық» деген сөз.
Өзіңе тілеместі
басқаға жасама.
Ұстаз айтыпты:
– Жұрттың бəрі жек көрген кісінің
зəбірлігі күмəнді;
жұрттың бəрі еп көрген кісінің
тəуірлігі күмəнді.
Ұстаз айтыпты:
– Қайта түзелмес қапыл іс қана
қателік деп саналуға тиіс.
Ұстаздың мойындауы:
– Күндіз ас ішпедім,
түнде ұйқыдан бездім,
ойландым, толғандым – бəрі пəс;
ақылдың мəйегі – оқу екен.
Ұстаздың байыбы:
– Жолы бөлек –
жоспарын бірге жасамас.
Ұстаз айтыпты:
– Сөздің көркі – əуезінде.
XVІ тарау
Кұңфудзы айтыпты:
– Аспан астында Ақ жол болса,
Рəсім, Əн-күй, жазалау жорықтары
Аспан ұғлынан бастау алады; Аспан астында Ақ жол болмаса,
Рəсім, Əн-күй, жазалау жорықтары
бектерден бастау алады.
Бектерден бастау алған биліктің
он атадан асқаны некен-саяқ,
ұлықтардан бастау алған биліктің
бес атадан асқаны некен-саяқ,
ұлыс тағдыры көлденең нөкердің қолына түссе,
үш атадан асқаны некен-саяқ.
Аспан астында Ақ жол болса,
ұлықтар ұлан-асыр билік алмайды;Аспан астында Ақ жол болса,
бұқара жұрт былжырақ сөзге бармайды.
Кұңфудзының айтқаны:
– Міне, бес ата болды,
бек əулетінің беделді билігі жоқ,
төрт ата болды,
төрелік – қарашының қолында.
Тірек бектің үш əулетінің ұрпағы
ұсақтауы содан.
Кұңфудзы айтыпты:
– Пайдалы үш дос бар
һəм зиянды үш дос бар.
Пайдалысы –
əділ дос, адал дос жəне білгір дос;
Ал зияндысы –
жарамсақ дос, аяр дос жəне мылжың дос.
Кұңфудзы айтыпты:
– Пайдалы үш қуаныш бар,
зиянды үш жұбаныш бар.
Рəсімді əуенін тапқан əн-күйге құмарлық,
келісті жарасым тапқан əдет-мінезге құмарлық,
дегдар адаммен достыққа құмарлық –
пайдалы қуаныш; Мақтаншақ даңғойлық,
еріншек маубастық,
тойшыл бозбастық –
зиянды жұбаныш.
Кұңфудзының ескертуі:
– Əміршінің маңында жүргендер
үш түрлі қателікке ұрынады:
сөз қонағы жетпей сөйлейді,
бұл – ұшқалақтық;
сөз орайы келгенде үнсіз қалады,
бұл – бұғыншақтық;
бектің бет-шырайына қарамай, албаты кетеді,
бұл – көрсоқырлық.
Кұңфудзы айтыпты:
– Мəрт азамат
өзіне үш нəрседен тежеу салар:
жасында – дем ыстық, қан қызу шақта
əсіре лəззаттан тартынады; кемелінде – дем екпінді, қан қуатты
шақта
дау-жанжалдан тартынады; қартайғанда – дем əлсіз, қан ауыр шақта
құлқынқұмар, ашкөзділіктен тартынады.
Кұңфудзы айтыпты:
– Дегдар адам үш нəрседен қаймығады:
Көктің құдыретінен,
ұлылардың болмысынан,
даналардың сөзінен.
Бəкене кісі
Көктің құдыретін түйсінбеген – кердең,
ұлылықтың болмысын түсінбеген – дөкір,
даналардың сөзін ұқпаған – тасыр,
сондықтан ештеңеден қорықпайды.
Кұңфудзы айтыпты:
– Адамның асылы – туа біледі,
оған тетесі – оқып, танып, жүре біледі,
одан соңғысы – мəжбүрліктен үйренеді;
ал қажетінің өзіне оқымаған, тоқымаған –
адамның азғаны, талайсыз, тексізі.
Куңдзы айтыпты:
– Мəрт азаматтың тоғыз тарау пайымы бар:
қарағанда – анық көріп тұрмын ба деп ойлайды;
тыңдағанда – дұрыс естідім бе деп ойлайды;
өңім – мейірбан ба,
қимылым – ізетті ме,
сөзім – риясыз ба,
ісім – орынды ма, деп ойлайды;
көңілін күмəн жайласа – кеңеспекке ойлайды;
бойын ашу кернесе – ақырғы зардабын ойлайды;
несібе, олжа көрсе – обалын ойлайды.
XVІІ тарау
Ұстаз айтыпты:
– Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат,
алыстататын – болмыс, ғадет.
Ұстаздың ескертуі:
– Ешқашан өзгермейтін –
асыл даналық
һəм топас шалалық.
Дзичжаң Ұстаздан кісіліктің мəнісін сұрайды.
Қуңдзы айтыпты:
– Аспан аясындағы
бес асыл қасиетті бойына жиған адам – кісілікті деп танылмақ.
– Нақты қандай қасиеттер екенін айтсаңыз?
– Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зияндылық, мейірбандық.
Сыпайылық – сыйыңды арттырады; кеңдік – құрмет туғызады,
шыншылдық – сенімге жеткізеді,
зияндылық – табысқа бастайды,
мейірбандық – билікке жол ашады.
Ұстаз сұрапты:
– Иу! Сен алты түрлі қасиеттің
алты түрлі кінəратқа ұласатыны туралы естігенің бар ма?
– Естімедім, – депті.
– Онда отыр. Мен айтайын.
Кісілікті мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат ақымақтыққа жетелейді;
ақыл-парасатқа жетуді мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат кекірт топастыққа апарады;
шыншыл болуды мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат зарарға айналады;
турашылдықты мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат дөкірлікке əкеледі;
ерлікті мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат бұлғаққа ұрындырады;
қайсар болуды мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
бұл кінəрат есерлікке ұласады.
Ұстаз айтыпты:
– Дақпыртқа жел берген жан
адамдықтан азды деп біліңіз.
Ұстаз айтыпты:
– Əміршінің ғұзырында
нəмарт кісімен қатар қызымет атқару мүмкін бе?
Əуелде шенге жетуден басқа қамы жоқ.
Жеткен соң, содан айрылып қалмаудан басқа қамы жоқ.
Шенге жетуден,
одан айрылмаудан басқа қамы жоқ кісі
қандай қақас істен де тартынбайды.
Дзылу сұрапты:
– Мəрт азамат ерлікті артық бағалай ма?
Ұстаз айтыпты:
– Мəрт азамат əділдікті артық бағалайды.
Жайсаң адам ер туып, əділдіктен шет қалса,
бүлікші болады;
жаман адам ер туып, əділдіктен шет қалса,
қарақшы болады.
Ұстаз ескертіпті:
– Ең қиыны –
əйел затымен жəне күйкі жандармен тіл табысу.
Жақындатсаң – басыңа шығады, алыстатсаң – кек тұтады.
Ұстаз айтыпты:
– Қырық жасына дейін жаманаттан аспаған кісіде
болашақ жоқ.
XІX тарау
Орта Суннан шыққан Үшінші Жаугер өз сөзінде
Чжуңниді сөгеді.
Сонда Дзыгүң айтыпты: –
– Бос əуре. Чжуңниге жаманат жұқпайды.
Басқа жұрттың қасиеті –
төмпешік пен төбешік – қадамың жетеді,
Чжуңнидің қасиеті –
ай мен күн – қарымың жетпейді.
Əлдекім тəрік етсе,
одан ай мен күнге не зарар?
Əлін білмегеннің əлегі ғана.
Сыма Цянь шежіресінен
Ұлық бек ел билеудің шарты не деп сұрағанда
Ұстаздың айтқан сөзі:
– Əмірші – Əмірші болса,
қызметші – қызметші болса,
əке – əке болса,
бала – бала болса.
Ұлық бек айтыпты:
– Тамаша! Ол рас
əмірші – əмірші болмаса,
қызметші – қызметші болмаса,
əке – əке болмаса,
бала – бала болмаса
алдымда тұрған астың өзі маған бұйырар ма еді?
Келесі күні тағы да биліктің тетігі туралы сұрағанда
Ұстаздың айтқан сөзі:
– Биліктің тетігі –
байлықты орнымен жұмсауда.
Шэ бек биліктің белгісі не деп сұрағанда
Ұстаздың айтқаны:
– Биліктің белгісі –
алыстағылар таныса,
жақындағылар табынса.
Лу бегі Мұңлы Зейін биліктің беріктігі неде деп сұрағанда
Ұстаздың айтқаны:
– Биліктің беріктігі –
нөкер таңдай білуде.
Кенже əулетінен шыққан Мейірбан биліктің сыры туралы
сұрағанда
Ұстаздың айтқаны:
– Түзіктерді көтеріп,
бұзықтардан жоғары қойсаң,
қисықтың өзі тура жолға түседі.
Мейірбан өз патшалығындағы ұрлық-қарлық туралы қамыққанда
Ұстаздың айтқаны:
– Өзіңіз ынсап сақтасаңыз,
нөкеріңіз де ұяттан аттамайды.
Аударған М. Мағауин.
Біз Конфуций деп атайтын ұлы Кун Фу Цзы кейде көне замандағы заң шығарушы ретінде, кейде діннің негізін қалаушы ретінде қаралатыны жиі кездеседі, бұл – үлкен қателік. Кун Фу Цзы салыстырмалы түрде айтсақ, ең алғашқы діндерден кейін өмір сүрген. Ол ешқандай табынарлық нəрсе жасамаған, жаңа рəсім шығармаған, өзін ешуақытта Құдай өкілі немесе пайғамбар деп атамаған, ол тек адамгершіліктің көне тəртіптерін бойына жинаған, жүйелеген, өзінен кейінгілерге жеткізген. Конфуций соңына көптеген еңбектер қалдырған. Соның ең көрнектісі жоғарыда келтірілген «Лүңиүй» – «Кеңес пен толғам» М.Мағауиннің аудармасымен, ал төмендегі мəтін «Луньюй» – Кемел Мырзагелдінің аудармасында «Қанатты сөздер» деген атаумен беріліп отыр. Оқырмандардан бір кітапты неге екі рет беріп отыр заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі: біріншіден, екі аударманың мағынасы жақын болғанмен, стилі екі түрлі; екіншіден екі кітаптан да тəлімдік ой-пікірлерге байланысты ойлар іріктеліп алынып отыр. Біріншісінде алынған ойларды екінші кітапта алғамыз жоқ. Енді сол кітаптың ішінен теріліп алынған маржан сөздерге құлақ түріңіз. Құрастырушылардан Ұстаз айтты: Сан құбылған мəнермен, күлмеңдеп сөйлеуге құмарлардың адамгершілігі аз болады. Ұстаз айтты: Тізгін ұстар болсаң, мыңдаған əскери күшің болсын, істе мұқият бол, əділ бол, адамның қамын ойла, қаржыны үнемді жұмса жəне адамдарды тиімді еңбекке жұмылдыра біл. Ұстаз айтты: Егер кімде-кім ізгілікті сезімнен биік қойса, əке-шешесіне беріле қызмет етсе, патшаға қызмет жолында өзін құрбан етуге дайын тұрса, достарына адал болса, сауаты болмаса да, оны ғалым десе жарасады. Ұстаз айтты: Егер жақсы кісі тамақ үстінде қанағатшыл болып қалайда асқазанды толтыруды мақсат тұтпаса, өз тұрмыс жағдайы үшін көп бас қатырып, дүниеқоңызданбаса, істі шебер де шапшаң бітіріп тастауға ұмтылса, абайлап сөйлесе жəне өзін-өзі түзете жүрсе, істің шешілу жолын іздесе, оны жетілуді сүйетін кісі деуге болады. Ұстаз айтты: Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден артылған уақытта кітап оқысын. Ұстаз айтты: Адалдық пен туралыққа ұмтыл, өзіңе тең көрмеген адаммен достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа жəне тартынба. Ұстаз айтты: Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады. Ұстаз айтты: Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Ұстаз айтты: Баланың ата-анасын сыйлауы оларды заттай қамтамасыз ету ғана деп түсінетіндер бар. Бірақ, жануарды да қамтамасыз етеді ғой. Үлкенге құрмет дегенде осы айырмашылықты білген жөн.
Ұстаз айтты: Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Ұстаз айтты: Ой болмаса, оқудың керегі жоқ. Оқусыз ой қауіпті. Ұстаз айтты: Өзгенің айтқанына көзсіз еру зиян келтіреді. Ұстаз айтты: Білетініңді білім деп ұқ, білмейтініңді білім деме. Білім дегеніміздің өзі осы. Халықты қалай бағындыруға болады деген сұраққа ұстаз айтты: Егер адал адамды көтермелеп, арамзаларды басшылықтан аластатсаң, халық бағынады. Егер арамзаны басшы етіп, адал адамдарды аластатсаң, халықты бағындыра алмайсың. Халық қайткен күнде билікшіні құрметтейді, беріле қызмет етеді жəне көтеріңкі көңіл-күйде болады деп сұрағанда ұстаз айтты: Халқыңа байсалды бол, сонда ол сені құрметтейді, ұл мен əкенің парызын ұстан, сонда ел саған беріле қызмет етеді, қабілеттіні көтермеле, қабілетсізге үйрет, соңда ел көтеріңкі көңіл-күйде болады. Ұстаз айтты: Көбірек тыңда, түсініксіз сөзді алып таста, қалғаны жайлы сөйле, сонда сені айыптай алмайды. Көбірек бақыла жəне қауіптен қаш, басқасында асықпай əрекеттен, сонда аз өкінесің. Егер сөзің үшін сирек айыптаса жəне əрекетің үшін аз өкінсең, бұның қайтарымы бағалы. Ұстаз айтты: Басқаруға араласқың келсе, ата-анаңды қалай құрметтесең, туыстарыңа қалай сүйіспеншілікпен қарасаң, соның бəрін ел басқарғанда еліңе пайдалан. Ұстаз айтты: Адам əділетті болмаса бола ма? Бұлай болуы мүмкін екенін түсіне алмаймын. Арбаға жегілген атқа арбаның үлкен-кішілігіне қарамай мойынтұрық керек қой, онсыз арба жүре ме?! Он ұрпақтан кейінгілердің не көретінін болжай аласыз ба деген сұраққа ұстаз айтты: Ұрпақтан – ұрпаққа, əкеден – балаға не қалып жатқанын дəл білсек, оныншы емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес. Ұстаз айтты: Əділеттілікпен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Ұстаз айтты: Халықты айтқаныңды мүлтіксіз орындауға зорлап көндіруге болады, бірақ əлдебір нəрсені үйренуге зорлап көндіре алмайсың. Ұстаз айтты: Адамгершілік бар жер жанға да жайлы. Ақылды кісі таңдау бола тұрып оны таңдамауы мүмкін бе? Ұстаз айтты: Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді. Ұстаз айтты: Əрбір адам өзінің əділеттілігіне қарай қателеседі. Адамның қатесіне үңіліп қарасаң оның қаншалықты əділ екенін білуге болады. Ұстаз айтты: Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей боп қалмас, бірақ мол байлыққа да кенелмейді. Адамдық қасиеті бар кісіге адамгершілік – рақат, ал ақылды кісіге ол пайдасын тигізеді. Ұстаз айтты: Жақсы адаммен кездесе беру қиын. Мінезі тұрақты кісіні кездестірсең де жетерлік. Кімнің сөзі тұрақсыз болса, ол жоқты іздейді, босты толы дейді, қажеттілікті асып-төгілгенмен теңгергісі келеді. Ұстаз айтты: Күші жетпегендер бастаған ісін орта жолда тастап кетеді, бастамағандарды қайтеміз? Ұстаз айтты: Білу деген қалау емес, қалаудың бəрі рақат емес. Ұстаз айтты: Үлкенге демалыс, досқа түсіністік, кішіге мейірім керек. Ұстаз айтты: Ізгі кісі адамдарға жəрдемді олар бай кезінде емес, кедей кезінде береді. Ұстаз айтты: Ортадан жоғарырақ тұрған адамға жоғары туралы айтуға болады, ал ортадан төмен адаммен жоғары туралы айтып əуре болма. Ұстаз айтты: Үндеместен есте сақтасам, талмастан оқысам, шаршамастан үйретсем – осы үшеуінің қайсысы менде бар. Ұстаз айтты: Мінезін жақсартпағандарды, оқытқанды ұқпағандарды, парызды ұмытқандарды, кемшілігін жоюға тырыспағандарды көргенде қайғы шегемін. Ұстаз айтты: Білгір білмегенмен ақылдасса, дарынды дарынсыздан сұраса, өзінде
бар кісі ештеңесі жоқтай түр көрсетсе, толы нəрсені бос десе, ренжітсе жауап қайтармаса – кісі сол, менің бір досым солай жасайтын. Ұстаз айтты: Нағыз адам қолжаулық бола алмайды. Ұстаз айтты: Шашып төгуге құмарлық бағынбауға ниеттендіреді, үнемділік – жүдеулікке. Бірақ жүдеулік бағынбағаннан жақсы. Ұстаз айтты: Ізгі кісі үш нəрсені ұстанады: Құр сыртқы пішін, мінез дөрекілігі мен салдыр-салақтықтан аулақтық; Бет пішіннің сенім келтірердей байсалдылығы; Сөз сөйлегенде жалғандық пен ластықтан қашу. Ұстаз айтты: Жетім-жесірге қарайтын, үлкен отанымыздың тағдырын сеніп тапсыруға жарайтын, парызын сатып кетуге итермелегенмен көнбейтін кісіні ізгі кісі дейміз. Ұстаз айтты: Ғалым кісі табанды əрі тиянақты болмаса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр жəне жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол бар ма?! Ұстаз айтты: Мен кеңес беруді бір тұтам сүр ет берген кісіден бастаймын. Ұстаз айтты: Қайырымдылық бар жерде береке бар. Ұстаз айтты: Қайырымы жоқ кісі жарымайды. Олар қуаныш дегеннің не екенің шындап сезіне алмайды. Мейірімді кісі өзі де мейірім көреді. Ұстаз айтты: Сабырлы адам сирек қателеседі. Ұстаз айтты: Тек қана өз басының қамын ойлаған адам жеккөрініш туғызады. Ұстаз айтты: Қайырымды кісі зұлым бола алмайды. Ұстаз айтты: Ата-анаңды аяла, олардың бетінен алма. Олар сенімен келіспесе, қарсылық көрсетпе. Бұл жолда шаршасаң да төз. Ұстаз айтты: Мансабым жоқ деп қайғыланба, өмірден өз орнымды таба алмадым ба деп қайғылан. Ұстаз айтты: Ақылды азамат сөзге сараң, іске жомарт келеді. Ұстаз айтты: Табиғатынан тəрбиелілігі басым болса – жай адам. Тəрбиелілігі табиғатынан басым болса – ғалым адам. Табиғаты тəрбиесімен тең түсіп тұрса, нағыз ақылды азамат сол. Ұстаз айтты: Алдыма бір табақ ет əкеліп қойса да, қолымдағы кітабымды тастамаймын. Ұстаз айтты: Жауға қарсы аттанар болсам, жолбарысқа қарсы шауып мерт болатынды; өзеннен қайықсыз өтемін деп суға кететінді емес, іске ойланып, есеппен, сақтықпен кірісетінді; алдын-ала жүрер жолының жөн-жобасын барлап алатын байсалды кісілерді алар едім. Ұстаз айтты: Ештеңе оқып, үйренбей-ақ іс тындыруға болады дейтіндер бар. Мен ондай емеспін. Көп тыңдап, қалағанымды, көңіліме қонғанын таңдап аламын. Көп байқап, қалағанымды, жаным ұнатқанды ойыма сақтаймын. Білімге жету дегеннің өзін осылай түсінемін. Ұстаз айтты: Адам өзі жүріп келе жатқан жолын ұлы ете алады, ал жол адамды ұлы ете алмайды. Ұстаз айтты: Ең алдымен өзіңді дұрыс ұста, сонда ел сенің артыңнан ешбір бұйрықсыз ереді. Егер өзіңді дұрыс ұстамасаң, бұйрық берсең де елің бағынбайды, бет-бетімен кетеді. Ел басқарудың мəнісі қалай дегенге ұстаз айтты: Патша –патша, құл – құл, əке – əке, ұл – ұл болсын. Ұстаз айтты: Патша болу қиын. Құл болу да оңай емес. Ұстаз айтты: Егер мемлекетте дұрыс та əділ мақсат іске асырылып жатса, онда ойыңды ашық айт, ашық əрекеттен. Егер мемлекетте дұрыс та əділ мақсат жүзеге аспай жатса, онда ашық əрекет жасауға болғанмен, сақтықпен сөйлеген жөн. Ұстаз айтты: Егер сен қарау əрі қызба болсаң, басқа жақсы мінезіңнен не пайда?! Ұстаз айтты: Үш жыл жалақы жөнінде ойланбай оқып-үйренуге талаптанған адамды табу оңай емес. Ұстаз айтты: Өзіңді оның орнына қойып ойлана алмасаң, өзгенің ісіне араласып əуре болма.
Ұстаз айтты: Іздегеніңді таба алмайтындай, тапқанынды жоғалтып алатындай болып ізден. Ұстаз айтты: Тамақты аз жеп, бірақ құдайыны мол берсе, күнделікті киімді қарапайым киіп, діни рəсімдер күні жарқырай киінсе, нашар үйде тұрып, ауылын топан судан қорғайтын тоған мен арық қаздыруға ақшасын аямаса, ондай кісіден кемшілік іздеме. Ұстаз айтты: Үйде əкем мен ағаларыма, түзде патша мен билікшіге қызмет етсем, өлілерді ұмытпасам, шарапқа мас болмасам – осылардың үдесінен шығу менің бойымда сақталса – өзіме талабым осы. Ұстаз айтты: Төбе жасамақ болып топырақ үйіп, оны бітіру үшін тек соңғы зембіл қалғанда тоқтасам, бұл тоқтау маған байланысты. Немесе, тегіс жерде төбе жасау үшін бірінші зембілді төксем, бұл ілгері жылжу, ол да маған байланысты. Ұстаз айтты: Менімен əңгімелескенде өзгені ойлап отыратындарды көріп қиналамын. Ұстаз айтты: Көктеп шыққанмен гүлдемейтін, гүлдегенмен өнім бермейтін ағаштар бар. Ұстаз айтты: Адам баласы жанымыздан ағып өтіп бара жатқан өзен суы сияқты: біздің жанымыздан өтіп кеткенмен күндіз-түні өзінің жүрісін тоқтатпайды. Ұстаз айтты: Əділ сын айтса, неге келіспеске? Бұл орайда өзіңнің жөнделуің де маңызды. Сыпайы айтылған ақылға неге қуанбасқа. Бірақ бəрінде де оның мəнісін түсіну керек. Келісе тұрып, өзін жөндемеген жəне істің мəнісін түсінбегендерге мен көмектесе алмаймын. Ұстаз айтты: Бастысы ─ адал əрі əділ болу, өзіңе тең болмаса достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа. Ұстаз айтты: Қарағай мен кипарис күн суыған сайын қатая түседі. Ұстаз айтты: Ізгі кісі адамдағы ең жақсы қасиеттер жеңіп, нашар қасиеттер жеңіліс тапса дейді. Нашар адам керісінше жасайды. Ұстаз айтты: Білетін кісі күмəнданбайды, адамгершілігі бар уайымдамайды, батыр кісі қорықпайды. Ұстаз айтты: Бірге дəріс алған адамның бəрі бірге жол жүруге жарай бермейді, бірге жол жүрген кісіңнің өзімен жеме-жемге келгенде ойың бір жерден шыға бермейді, ондай кісінің өзімен кей жағдайларда бірге қимылдай алмайсың. Ұстаз айтты: Өзіңнен кішіні құрметтеу керек. Оның сенен озып кетпейтінін қайдан білесің. Бірақ 40–50-ге келгенше айтарлықтай ештеңе жасамағандар құрметтеуге лайықсыз. Ұстаз айтты: Қалауын шектей білетін адам, сыйлық берсең де ұрлық жасамайды. Ұстаз айтты: Адамгершілік деп нені айтамыз? Егер кісі өзін-өзі ел ішінде жүргенде мықты бір ұлықты күтіп алуға жүргендей болып ұстаса, өзіне қаламағанды өзгеге жасамаса, ел ішінде бүлік салмаса, үй ішінде де ұрыс-керіске себепкер болмаса, онда ол – адамгершілік иесі. Ұстаз айтты: Біреулер жақсы көрсе оған өмір тілеп, жек көрсе – өлім тілейді. Біреуге өмір не өлім тілеу екеуі де – адасқандық. Өлім деген не? – дегенге ұстаз айтты: Өмірдің не екенін білмей тұрып өлімді білуге бола ма?! Ұстаз айтты: Жиырма пайыз салық алсам да жетпей жатыр, биыл өнім де нашар болып тұр деген князьге, Ю Жо айтты: – Онда он пайыз салық ал. Халыққа жетсе Сізге де жеткені. Халыққа жетпей тұрса, Сізге қалай жетпек? Ұстаз айтты: Басқару мүмкіндігі қолында тұрған адам өзі жақсы істермен айналысса, бүкіл халқы да жақсы іске ұмтылады. Ізгі кісіге ізгілік – жел, нашар кісіге ол – желге иілген шөп. Ұстаз айтты: – Ұлы деп айлалылықтан аулақ əрі турашыл, əділдікті сүйетін, адамдардың айтқанын зерделейтін жəне олардың бет-жүзін барлайтын, өзін өзгелерден төмен қоюға тырысатын кісіні айтамыз. Ол өз елінде ғана емес, өз үйінде де көрнекті. Цзыгун сұрады: Мемлекетті қалай басқаруға болады? Ұстаз айтты: – Біріншіден – мемлекетке жеткілікті азық-ауқат болсын. – Екіншіден – мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын. –Үшіншіден –халық өз патшасына сенетін болсын. Сонда Цзыгун: Егер осы үшеуінің біреуін құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын құрбан етуге болады?
– Онда қару-жарақты құрбан ету керек. – Қалған екеуінен біреуін құрбан етуге тура келсе ше? – Онда азық-ауқатты. Себебі, азық-ауқатсыз ашығып қиналғанмен, патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды. Ұстаз айтты: – Басқару дегеніміз – жөнделу. Кім де кім жөнделгісі келмесе Сіз өзіңіз қашан жөнделесіз. Ұстаз айтты: – Адамгершілік деген не? – Адамдарға махаббат. – Білім деген не? – Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың. Ұстаз айтты: Біреуге дос болу үшін оған кеңес бергенде əділ бол. Егер ол тыңдамаса, тыңдауды талап етпе, көңілің қалады. Ұстаз айтты: Ізгі кісі достық байланыстар жасағанда өзінің біліміне сүйенеді, ал достық байланыстар оның адамгершіл болуына жəрдемдеседі. Ұстаз айтты: Ұстамсыз бен тəртіптінің екеуінің ортасында жүргендер, орта жолда келе жатқан кісіні таппадым демесін. Ұстамсыздарда мақсаттылық, тəртіптілерде ұстамдылық бар. Ұстаз айтты: Қай елді жүз жыл бойы жақсы кісі басқарса, сол елде зорлық пен кісі өлтіру болмайды. Ұстаз айтты: Мені қызметке шақырған билікшінің ісі бір жылда оңала бастайды, үш жылда жетістіктерге жетеді. Ұстаз айтты: Билікші рəсімдерді сақтайтын болса, халықтың оған құрметпен қарамауға батылы бармайды; билікші əділеттілікті сүйсе, ешкім оны тыңдамай кетпейді; билікші шындықты сүйсе, ешкім адалдықтан аттамайды. Осылай болса бұл елге жан-жақтан балаларын арқалаған адамдар келіп қоныстанады. Сонда билікші егінді өзі ормайды. Ұстаз айтты: Қарамағыңдағыларға үлгі бол, оларды аз ғана кемшілігі үшін айыптама, лайықты əрі қабілеттілерді қызметте жоғарылат. Ұстаз айтты: Өзіңді жөндесең, басқаруың жеңілдейді. Өзіңді жөңдемесең, өзгені қалай жөндейсің? Ұстаз айтты: Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама жəне аз табысқа елікпе. Асықсаң – мақсатқа жете алмайсың, азға қанағаттанып қоя салсаң, үлкен жетістікке жете алмайсың. Ұстаз айтты: Мемлекетті басқарудағы жетістік дегеніміз жақындағылар қуанып, ұзақтағылардың жақындауы. Ұстаз айтты: Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкендерге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, əрекеті батыл адамды айтамыз. Ұстаз айтты: Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады. Ұстаз айтты: Кім табанды, тəрбиешіл, алдамайтын болса жəне ойланбастан іс қылмаса, ол адам адамгершілікке жақын. Ұстаз айтты: Білімдар адам деп насихат бере алатын жəне тілектес бола алатын кісіні айтады. Ол досына насихат беріп, туысына тілектес бола алады. Ұят деген не деп сұрағанға ұстаз айтты: – Елде ілгері жүрер жол көрінбей тұрған кезде жалақы алу. Ұстаз айтты: Жеті жыл оқу оқытқан кісіні дауға жіберуге болады. Ұстаз айтты: Ізгі басшының қолында қызмет ету оңай, бірақ оның көңілін табу қиын. Көңілін таппаған соң көңілінен шығуға тырыссаң, ол – бұрыс жол. Ондай басшы əркімнің дарынына қарап бағалайды. Ортақол басшының қолында қызмет ету қиын, бірақ оған жағу оңай. Ондай басшы дарынға қарай бағаламайды, ұсақ ескертпелер жасауға құмар. Ұстаз айтты: Білімді кісі тоқ жəне жайлы өмір көксемейді. Ұстаз айтты: Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи ізгі бола бермейді. Ұстаз айтты: Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бəрі адамгершіл емес. Ұстаз айтты: Ізгі кісінің де адамгершілігі кем болып кездесетіні бар, бірақ нашар адамның адамгершіл болып кездесетіні болмайды. Ұстаз айтты: Кедейдің өшпенді болмауы қиын, байдың озбыр болмауы оңай. Ұстаз айтты: Жетілген кісі деп əділдікті өз пайдасына жеңдірмейтін, қиын кезде
өзін қиюға аянбайтын, бірақ, ұзақ қиыншылықтың өзінде мойымайтьн, уəдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба? Ұстаз айтты: Уақытын тауып сөйлесе, оның сөзінен ешкім шаршамайды; көңілді кезде күлсе, оның күлкісі ешкімнің ызасын туғызбайды; адал жолмен меншік иесі болса, онда оның меншігін ешкім қызғанбайды. Жамандыққа жақсылық жасау керек пе деп сұрағанға ұстаз айтты: Онда жақсылықтың төлемі қандай? Жамандыққа əділдігіне қарай төлем жаса, жақсылыққа – жақсылық жаса. Ұстаз айтты: Жасында тəртіпсіз болып үлкенді тыңдамағандар, үлкейгенде ұрпағына қалдырарлық ештеңе жасамағандар, қартайғанша солай жалғастыра беретіндер – қарақшылар. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды. Ұстаз айтты: Сөйлесуге тұратын кісімен сөйлеспесеңіз дарындыны жіберіп аласыз, сөйлесуге тұрмайтын адамға сөз айтсаңыз, оған айтқан сөзіңіз босқа кетеді. Ақылды кісі мүмкіндікті де жіберіп алмайды, сөзін де босқа шығындамайды. Ұстаз айтты: Көне заманда өзін жетілдіру үшін оқушы еді, бүгінде біреуге ұнау үшін оқиды. Ұстаз айтты: Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Ұстаз айтты: Біреулерге баға бергіш адамды жетілген кісі деуге болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Ұстаз айтты: Ізгі адам тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып кетеді. Ұстаз айтты: Ойы биік адамдар жəне адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін қия алады. Ұстаз айтты: Егер сіздің сөзіңіз адал əрі əділ болса, ісіңіз ізгі жəне құрметке толы болса, сіз жауыздар елінде де өзіңізді көрсете аласыз. Ал сөзі жалған болса жəне əділ болмаса, ісі ізгі жəне құрметке толы болмаса, ондай адам өз елінде де өзін көрсете алмайды. Тұрған кезде сіз ойша алдыңызда өзіңізді көріңіз, арбада бара жатсаңыз, жақтауға сүйеніп отырған өзіңізді көріңіз. Сонда ғана өзіңізді танисыз. Ұстаз айтты: Ұзағынан ойлай білмейтін кісі жақын реніштерден құтыла алмайды. Ұстаз айтты: Уəде қиындықсыз орындалмайды. Ұстаз айтты: «Қалай ету керек?», «Қалай ету керек?» деп өзінен қайта-қайта сұрай білмейтіндерді қалай етуге болатынын мен білмеймін. Ұстаз айтты: Күні бойы ақылды сөздер айтып, əділдік туралы ештеңе айтпау қандай қиын! Ұстаз айтты: Ізгі кісі əділдіктің мағынасын əсерсіз қабылдайды. Рəсімдер ісқимылыңды соған теңгеру үшін керек, көндігу – рəсімнің мағынасы ашық көрінуі үшін, шыншылдық – рəсімде жетілу биігіне шығу үшін керек. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өзінің жетілмегендігі үшін қайғырады, адамдарға белгілі еместігі үшін қайғырмайды. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өлген соң өзінің аты атақты болмай қалады-ау деп уайымдамайды. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өзіне талапшаң. Нашар кісі өзгеге талапшаң. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өзінің ақылы асып түрғанын біле тұра оны өзгеге көрсетпейді, ол адамдармен тез тіл табысып кетеді, ешкімді алаламайды. Ұстаз айтты: Ізгі кісі біреуді сөзі үшін көтермелемейді, бірақ біреудің сөзін кім айтқанына қарап қайтарып тастамайды. Өмір бойы ұстанатын бір сөз бар ма? – деп сұрағанға ұстаз айтты: Өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме. Ұстаз айтты: Егер мен біреуді жұрт алдында мақтасам, тек əбден тексерілген кісіні мақтадым. Ұстаз айтты: Мүлтіксіз сөз ізгі істі көлеңкелеуі, азғана төзімсіздік ұлы жоспарларға зиян келтіруі мүмкін. Ұстаз айтты: Кімде-кімді бəрі бірдей жек көрсе, оны тексеру керек. Кімде-кімді бəрі бірдей жақсы көрсе, оны да тексеру керек. Ұстаз айтты: Жөнделмегенді ғана қателік дейміз. Ұстаз айтты: Ізгі кісі ұсақ істерде бағалы емес, бірақ ол барлық ұлы істерді игере алады; жай адам ұлы істі ешуақытта игере алмайды, бірақ олар ұсақ істерде бағалы.
Ұстаз айтты: Адамгершіл болу мүмкіндігінде өзіңнің ұстазыңа да кезек берме. Ұстаз айтты: Өзіне талапшаң өзгеге кешірімді адамға өшпенділік бағытталмайды. Ұстаз айтты: Ізгі кісі өз пікірінде тұра біледі, бірақ қасарыспа болмайды. Ұстаз айтты: Жолың бір болмаса, бірге жоспар жасама. Ұстаз айтты: Бағалы асыл заты болып тұрып елінің жолдан адасқанына жайбарақат қарап отырған адамды адамгершіл дейміз бе? Жоқ. Іске кірісуге ұмтыла тұрып, соны жасамаған адамды ақылды дейміз бе? Жоқ. Күндер мен айлар өтеді, сонымен бірге біздің өміріміз де өтеді. Ұстаз айтты: Адамгершілік адамдар үшін от пен судан да маңыздырақ. От пен судан өлген кісіні көрдім, бірақ ешқашан адамгершіліктен өлген адамды көрмедім. Ұстаз айтты: Көп күндер мен түндерде тамақ ішпей жəне ұйықтамай ойланып едім, сөйтсем, пайдалысы – оқу екен. Ұстаз айтты: Ізгі кісі пікірді ашық айтпай, оған дəлел табуға тырысатындарды жақтырмайды. Ұстаз айтты: Мемлекетті немесе белгілі əулетті басқарып отырған кісіні байлықтың жоқтығы емес, оны дұрыс бөлмеу, халықтың аздығы емес, оның əл-ауқаты тынышсыздандырғанын көрдім. Шаманы білетін жерде кедейлік жоқ, үндестік болса кемшілік болмайды, əл-ауқат жақсы болса, наразылық тумайды. Ұстаз айтты: Биік ақыл мен ең үлкен топастық қана ешуақытта өзгермейді. Ұстаз айтты: Сырттай қатал көрініп, өзі ұяң болса, оны бір нашар адаммен салыстырсаң, ол қабырғадан ойық ойып тұрып, қабырғаға ұрынатын ұрыға ұқсамай ма?! Ұстаз айтты: Табиғат адамды өзгелерге жақындатады, əдет оларды бір-бірінен алыстатады. Ұстаз айтты: Кім өсек таратса, ізгіліктен ажырағаны. Ұстаз айтты: Нашар кісімен бірге патшаға қызмет етуге бола ма? Ондай адам əлі мақсатына жетпей тұрып, оған жетуге мазасызданады. Жетіп алған соң оны жоғалтып алмауды уайымдайды. Жоғарыға жетіп алуға уайымдап ол бəріне баруға əзір. Ұстаз айтты: Көне замандарда адамдарда үш кемшілік болмаған. Біздің заманымызда оны табу қиын. Бұрынғылар өз пікірі болғандықтан бағынбаушы еді, қазіргілерде ол бейбастактықтан болатын болды, бұрынғыларда паңдық ұстамдылықтан болушы еді, қазір ызадан, бұрынғылардың ақымақтығы туралықтан болса, қазіргілердікі өтірікшіліктен. Ұстаз айтты: Əйелдермен жəне нашар адамдармен сөйлесу қиын. Олар жаныңа тым жақындап кетсе əдепсіз бола бастайды, кері ысырсаң өшігеді. Ұстаз айтты: Нашар адам қателескенде ылғи ақталарлық себеп табады. Ұстаз айтты: Ізгі кісі бəрінен де əділеттілікті жоғары бағалайды. Кім батыл болып, əділ болмаса, онда ол бүлік туғызады. Ұстаз айтты: Бір оқиға тап келгенде қандай мінез көрсету керектігін мен алдын-ала болжамаймын. Ол пиғыл менде дайын. Ұстаз айтты: Ізгі кісі лайықты адамдарды құрметтейді, өзгелердің бəріне төзімділік танытады, жақсыларды мақтайды, қолынан іс келмейтіндерді аяйды. Цзыгун сұрады: – Ізгі кісі біреуді жек көре ала ма? Ұстаз айтты: – Жек көре алады. Өсекшіні, жоғарыдағыны жамандайтын төмендегіні, батыл болғанмен қиқарларды. – Сен Цы кімді жек көресің? – Мен өзгенің ақылымен өмір сүретіндерді, бағынбауды батылдық, сөз тасуды туралық деп түсінетіндерді жек көремін. Ұстаз айтты: Жеңіл істі лайықты бітіру де дұрыс іс, бірақ ізгі кісі үлкен іске бет алғанда көп еңбектенеді, жеңіл істе онша көп күш шығындамайды. Ұстаз айтты: Оқуды сүйетін адам деп өзінің жетілмегеңдігін күніге ұғатын, үйренген нəрсесін айына бір рет есіне түсіріп тұратын кісіні айтады. Ұстаз айтты: Оқымыстылық, ұмтылыстың табандылығы, ізденгіштік, барлық жақын дар үшін қамқорлық. Адамгершіліктің өзі осы. Ұстаз айтты: Ізгі кісі үш жағдайда əртүрлі көрінеді: ұзақтан үлкен болып көрінеді, жақыннан сүйкімді, ал сөзі қаталдықпен ерекшеленеді. Ұстаз айтты:
Қызметіңнен бос кезде оқы, оқудан бос кезіңде қызмет ет. Ұстаз айтты: Ізгі кісінің қателігі күн мен айдың тұтылғаны сияқты. Ол қателессе – жұрттың бəрі көреді, қатесін жөндесе – жұрттың бəрінің беті оған бұрылады. Ұстаз айтты: Ел басқару үшін ізгі кісіге мынадай бес қасиет керек. Ол шапағаттылық көрсетсе де шығындамайды, яғни өзіне түскен пайданы халыққа үлестіреді; адамдарды жұмыс істетсе де оларда өшпенділік тумайды, өйткені əркімге шамасы келетін іс береді; оның тілек-мақсаттарына дүниеқоңыздық жат, өйткені ол тілектер адамгершіл, мақсат – биік; ол маңғаз, бірақ өркөкірек емес, өйткені ешкімге менсінбегендей етіп қарамайды; ол айбатты, бірақ мейірімсіз емес. Сонымен бірге мынадай төрт кемшілікті жою керек: Өлімге айдалатын себебі белгіленбеген кісіні өлтіру – қаталдық, орындауды алдын-ала ескертпей, орындалуын талап ету – озбырлық, бұйрықты кешіктіріп, оның орындалуын асықтыру – қиындыққа итер мелеу, адамдарды бір нəрсесінен айыра тұрып, қараулық таныту – ойсыздық. Ұстаз айтты: Айтқан сөзін түсінбей, адамның кім екенін білу қиын. Ұстаз айтты: Кəсіпшілер өз ісін орындау үшін шеберханада еңбектенеді, ал ізгі кісі өз ісін орындау үшін оқиды. Ұстаз айтты: Ұстамды адамның кателігі аз болады. Ұстаз айтты: Тек пайда көздеген адам өшпенділікті өсіреді. Ұстаз айтты: Менің орным қайда деп өкінбе, өзіңнің жетілмегеңдігіңе өкін. Мені білмей қалатын болды деп өкінбе, мен өзгелерді жете білмедім деп өкін. Ұстаз айтты: Ізгі кісі парызды ойлайды. Төмен адам пайда ойлайды. Ұстаз айтты: Өзіңнен жоғарыға қарап, соған жетуге ұмтыл, өзіңнен төменді көріп, өз ішіңе үңіл. Ұстаз айтты: Ізгі кісі қарапайым адамдардың сеніміне кірмей істі орындауға мəжбүр етпейді, өйтсе ол зорлықшы көрінер еді; сенімге кірмей ол насихат бермейді, өйтсе оны жалақор деп қабылдауы мүмкін. Ұстаз айтты: Билікшімен келіспесең көрген күнің қиындар, достарыңмен келіспесең достықтан айрыларсың. Ұстаз айтты: Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама жəне аз табысқа елікпе. Асықсаң – мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң үлкен жетістікке жете алмайсың. Ұстаз айтты: Мемлекетті басқарудағы жетістік дегеніміз –жақындағылардың қуанып, ұзақтағылардың жақындауы. Ұстаз айтты: Ұстамсыз бен тəртіптінің екеуінің ортасында жүргендер, орта жолда келе жатқан кісіні таппадым демесін. Ұстамсыздарда мақсатгылық, тəртіптілерде ұстамдылық бар, орта жолды ұстанғандар оның екеуінен де тəлім алғандар. Ұстаз айтты: Адам əкесі өлген соң үш жылға дейін əке жолын ұстанса, онда əкесінің аруағын құрметтей алғаны. Ұстаз айтты: Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады. Ұстаз айтты: Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкендерге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, əрекеті батыл адамды айтамыз. Ұстаз айтты: Үш пайдалы жəне үш зиянды қуаныш бар. Пайдалысы – рəсіміне музыкасы сай болса, адамдардың жақсы ісі туралы сөз болса, достасқандарыңньң көбі лайықты адамдар болса. Зияндысы – өзімшілдікке, ештеңе істемегенге жəне отырысқа қуану. Ұстаз айтты: Үш пайдалы дос болады, үш зиян келтіретін дос болады. Пайдалысы – əділ дос, шыншыл дос жəне көп білетін дос. Зиян келтіретіні – əділетсіз дос, екіжүзді дос жəне көп сөйлейтін дос. Ұстаз айтты: Алты адасуға апаратын алты себеп: Адамгершілікке ұмтылып, оқығысы келмесе, бұл адасу ақымақтыққа алып барады. Ақылды екенін көрсетуге ұмтылып, оқығысы келмесе, ол өрескелдікке алып келеді. Əділ болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, зиян əкеледі. Туралыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, дөрекілікке алып келеді. Ержүрек болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, бүлікшілікке алып келеді. Қажымастыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, онда ол аңдамаушылыққа алып келеді. Ұстаз айтты: Ізгі кісінің жанында үш қателікке жол беріледі: сөйлемейтін кезде
сөйлеу – асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу – бұл тұйықтық, жəне əріптесінің бет-əлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу – көрсоқырлық. Ұстаз айтты: Ізгі кісі үш жағдайда тебіреніс сезінеді: Аспан Өмірін естігенде; Жай адам Аспан əмірін түсінбейді, ұлылар əміріне, ұлы кісілерді көргенде жəне биік ақыл иелерінің сөзін естігенде құрмет сезімі болмайды жəне биік ақыл иелерінің сөздерін қабыл алмайды. Ұстаз айтты: Төрт нəрседен бойыңды аулақ сал: – өнбес ойға берілу; – үзілді-кесілді болу; – айтқанынан қайтпайтын қыңырлық; – жеке басын ғана ойлау. Ұстаз айтты: – Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады: – қараған кезде анық байқады ма; – естіген кезде дұрыс естіді ме; – өзінің бет-əлпеті тартымды ма; – сөзі шыншыл ма; – іске дұрыс көңілмен қарай ма; – күмəн туса ақылдасуға дайын ба; – ашуланса соңы теріске айналып кетпей ме; – қандай жетістіктерге болса да жеткенде онысы əділетті бола ма. Ұстаз айтты: «Жақсыға ұмтыламын, одан айрыльп қаламын ба деп қорқамын, жаманнан күйіп қалатындай болып қиналамын» – дегендерді кеп естідім. «Жүрегім неге ұмтылса, соны табу үшін өмір сүремін: əділ істі ғана жасаймын, солай етіп өз жолымды табамын» –дейтіндерді кездестірмедім. Ұстаз айтты: Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады. Ұстаз айтты: Ұлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейінгісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды. Ұстаз төрт түрлі нəрсеге үйретті: Бірінші – кітапты түсініп оқуға; Екінші – адамгершілікті сақтауға; Үшінші – Отанға адалдыққа; Төртінші – əділдікке. Аударған К. Мырзагелді. МО-ЦЗЫ (Б.з.д. 479–400 жж.) «Мо-цзы» трактатының авторы қытайдың белгілі ойшылы жəне саяси қайраткер Мо-цзы (Мо Ди) (б.з.д. 479–400 жж.). Моистер мектебі б.з.д. ІІІ ғ. аяғына дейін қызметін жалғастырды. Оның идеясы «қызметкер» топқа жəне жер өңдеушілерге, қолөнермен жəне саудасаттықпен шұғылданушыларға арналған. Моистер осы орташа топтың мүддесін жақтады, сондай-ақ кунфуциялық ілімге, яғни ақсүйектердің билігі өзгермейді деген көзқарастарға қарсы идеялық күрес жүргізген ағым. Б.з.д. ІІ ғасыр кезінде 71 тараудан тұратын осы кітап жинақталған сияқты. Мо-цзы аспанға жəне оның еркіне сенген Кун Фу-цзы идеясын қабылдайды, бірақ оны өзінше түсіндіреді. Мо-цзы аспанның еркіне табынуға болады дейді. Ол үшін аспанға деген жалпылама сүйіспеншілік пен аспан астындағылардың өзіндік пайдасын іздеу абзал. Мо-цзы аспан еркіне сыни тұрғыдан қарап, аспан тағдырын қабылдамайды. Содан үстем таптардың артықшылығын жоққа шығарып, қарапайым адамдардың еркіндігін бекітуді қолдайды. Мо-цзы құрбан шалу рəсіміне, рух туралы бұрынғы наным-сенімдерге қайта оралып, олардың əділеттілікке қызмет етуі жоқ дейді. Мо-цзы: «мəртебелі маңғаздардың мəңгі беделді болмауы, қара халықтың еңсесі мəңгі басылмауы керек» дейді. Ол билік саласында туыстық арқылы мұрагерлікке жол берілуіне қарсы болды. Қытай тарихында ол тұңғыш рет мемлекеттің құрылу теориясын жəне адамдардың жалпылама келісімі бойынша билікті жүргізу шартын ұсынды. Келісім бойынша билік адамның шыққан тегі бойынша емес, қайта «ең дарынды, даналардың» қолына тиетін болды. Мо-цзының бұл ойлары Платон, Эпикур жəне Лукрецияның идеяларымен үйлесіп жатты. Мо-цзының «жалпылама сүйіспеншілік» қағидасы адамдардың теңдігін, қаралардың еркіндігін қорғайтын,олардың қоғамның саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін құқықты жақтайтын бағытқа жол ашты. Егер аспан астында жалпылама сүйіспеншілік болмаса,
онда күштілер міндетті түрде əлсіздерді бағындырады, байлар кедейлердің намысын таптайды. Қысқасы, жалпылама сүйіспеншіліксіз əділеттілік орнықпайды. Олар мысал ретінде сүйіспеншіліктің діни дəстүріне, аспанның космостық (ғарыштық) еркіне жүгінді. Адамның бəрі бірдей екі құдіретке табынды. Тек соңғы моистер ғана «жалпылама сүйіспеншіліктің» діни астарынан арылуға тырысты да, оны адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жоғары нормасына айналдыруға күш салды. «Жалпылама сүйіспеншілік» бағдарына талданбаған басқа принциптер негізделінді, одан келіп, елді əділеттілікпен басқару талабы туындады. Таным процесі туралы Мо-цзының көзқарасы Кун Фу-цзының ілімінен өзгешелеу. Мо-цзы адам білімін зерттеу арқылы, өз бақылауын басқалармен салыстыру арқылы, өткен ұрпақтардың тəжірибесін, даналар мен кітаптың үлгісін игеру арқылы жетілдірді. Адам санасы мен ойлану процесі арнайы философиялық ізденістің проблемасына айналды. Мо-цзы үшін танымның мəнісі құбылыстардың (гу) себептерін ашу, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, заттарды түріне қарай жіктеу арқылы айқындалынбақ болды. Мо-цзы мен моистер қытай философиясы тарихында алғаш рет таным процесін арнайы қарастырады, білімінің өлшемі туралы, білімнің қайнар көзі туралы, қоршаған орта мен адамның өзін-өзі тану жолдары туралы мəселені көтерді. Олар білімнің мақсаты мен практикалық маңызы туралы, ақиқаттың өлшемі туралы мəселелерді логикалық тұрғыдан саралады, оларды шешу жолдарын іздестірді. «Мо-цзы» трактатынан үзінділер Патшалықты басқарғанда қызметкерлерге қам-қарекет жасалынбаса, онда ел тозып кетеді. Дананы кездестіріп, (оның ақыл-кеңесін) пайдалануға асықпау – əміршінің қамқорсыздығы. Егер де даналарға теріс қарап, олардың кеңесін пайдалануға ықылас танытпай, мемлекеттік қызметті атқаратындарды қабылдамаса, онда мемлекеттік істерді жетілдіру туралы кеңесті ешкімнен ала алмай қалады. Даналарды тартуға қамқорсыздық танытқан жəне мемлекет қызметкерлерін ұмытқан əміршінің өз патшалығын сақтарлық жайы əлі тұрақтаған емес. Вэнь-гун (жазалаушы) жорыққа шығып, (жергілікті басқарушыларды) тыныштандырды да, Аспан астын басқарды. Хуан-гун қарамағындағы басшы-қосшыларға өзінің үстемдігін (мойындату) үшін жорықтарға шығып тұрды. Юе патшалығының əміршісі Гоу Цзянь кемел де мейірімді басқарушыны ұстаған У патшалығының əміршісінен үятқа қалады. (Əйтседе) бүл үш қайраткерлер қару-жарағымен ұсталынып, өздері үлкен қиыншылыққа ұшыраса да, Аспан астында орнын тапты жəне өздерінің аттарын шығарды. (Сондықтан) олар жеңіліске ұшырамады, тіпті алдында сүрініп, жеңіліске ұшыраса да, кейіннен жеңіске жетті; (бұл əміршілер) өзінің адамдарын пайдалана білді. Тұрақты мекен-жайсыз қалған (адамдар) жоқ болса да, мен өз жүрегімді жұбата алмаймын, деген олардың сөздерін есіттім. Байлықтың кемтарлығын басынан кешпеген (адамдар) жоқ болса да, менің жүрегім қанағатты сезінбейді. Оның себебі, бекзат кісі қиыншылықтың бəрін өз мойнына алады да, өзгелерге жеңіл (істерді) қалдырады, оның үстіне тобырдан шыққан адамдар жеңілге жармасады да, қиынды басқаларға қалдырады. Бекзат адам ілгеріге ұмтылса да, өз мақсатынан көз жазбайды. Жағдай туралы ойланып-толғанады. Халықты бақытты ету қиын болса да, (халық) əйтеуір жүрегінде ашуланғанын сақтамайды. (Егер əмірші елдің қиын істерін шешсе), ол міңдетті түрде мақсатына жеткізетін өзінің сенімін арттырады. Бірақ жан-тəнімен қызмет етушілерді ығыстырып, бекзат адамдардың меселін қайтарып, төмендегілерді жолдан тайдырып, жоғарыдағыларға зиян келтіргендердің бірде-бірі апаттан арылып, діттегеніне жетіпті дегенді есітпеппін. Бекзат əмірші міндетті түрде ынталы, тура сөзді қызметкерлерді ұстауы керек. Егер ұзақ талқылауда (кеңесшілер мен əміршілердің) пікірлері үйлеспесе, онда (əмірші) шындықты көзге айтқандарды ілтипатпен тыңдау керек. Осындай жағдайда ғана (əмірші) ұзақ өмір сүретін болады жəне елді сақтайды. Егер де төменгі шендегілер (əміршінің қасыңдағы) лауазымды кісілерге жағынайын деп немесе одан үрейленіп жайды дұрыс баяндамаса, онда жақындағылар (шьндықты) жасырады, ал жамағайындар (бүлінген тəртіпке) ренжумен əлек. Егер де ашу-ыза халықтың жүрегіне үймелесе, ал азғындар мен өсекшілер əміршінің қыр соңынан қалмаса, онда ақ ниеттен шыққан ақыл-кеңестер (əмірші жолындағы) бөгетке батады да, патшалық қауіп-қатерге ұшырайды. Цзе мен Чжоу Аспан астындағы ықпалдан айырылып, қол астындағы лауазымдылардың қолдауынсыз қалған жоқ па? Содан айтпағым: егер елдің бүкіл байлығын жинастырсақ та, олар даналар мен мемлекет қайраткерлерінің құңдылықтарымен теңеспейді. Тесетін құрал-сайман ның бес түрін алып көрелік. Мысалы, шанышқыны алалық. Шебер шанышқыны пайдаланғанда, алдымен оның шеберлік өнері əлсіремейді, шанышқысы мұқалады. Əйтпесе пышақтардың бес түрін алып көрелік. Олардың құндылығы өткірлігіңде. Алдымен өткірлік мұқалады. Сонымен таяз құдықтың суы алдымен тартылады, ұзын ағаш алдымен кесіледі, ірі бұғы мен тасбақа алдымен ұсталынады, үлкен жылан алдымен кебеді. Себеп те осында, мысалға Би Гань күресте өзінің ымыраға келмейтіндігі үшін өлтірілді, Мэн Бэнь жалтартпас ерлігінің құрбаны болды, Си Шидің көркемдігін көре алмағандар оны суға батырды, У Ци мемлекеттік істерді шешудегі табыстарына бола азапталынды. Өздерінің
керемет қадір-қасиеттері үшін өлмеген адамдардың кемде-кем болуының себебі де осында. Өйткені артық нəрсені сақтау қиын. Əмірші қаншалықты рақымды жəне ақылды болса да, ол қасындағы еңбегі сіңбегендерді ұната бермейді. Əке баласына аталық сезіммен қараса да, бəрі бір сандалбай баласын жақтырмайды. Сонымен, (өзінің абырой-атағымен) осы орынға сəйкес келмесе де, сол жұмыспен шұғылдана берсе, онда ол бұл қызметке лайықты емес, ал (абыройы) лауазымына сəйкес келмесе де, тиесілі жалақысын алып жүрсе, онда бұл жалақы оған арналмаған. Жақсы садақты тарту қиын, бірақ одан атылған жебе биікке ұшады жəне терең батады. Жақсы атты үйрету қиын, бірақ ол ауыр жүгіңді алысқа апарады. Керемет талантты табу қиын, десек те, білгір əміршіге кеңес беріп, оның абыройын бағалай алады. Сондықтан да үлкен жəне орташа өзендер өзіне қүйылған кішігірім бұлақтар мен таулы бастаулар арқылы толықсып, үлкен арнаға айналады. Бекзат адам істен тартынбайды, заттардың (табиғатын) бұзбайды, сондықтан ол Аспан астындағы (бар даналықты бойына сіңірумен) оның үлгісіне айналады, тіпті үлкен де орта өзендер бір емес алуан-алуан қайнар көзден бастау табады, мың дорбалық (астықта) көп уыстардан құралады, əміршінің тоны да түлкінің бір емес, көптеген сирақ терісінен тігіледі. Онда (ендігі əміршілер) не себептен серіктестерін іздестірмей, тек өзінің жеке пікірімен келісетіндерді тыңдайды жəне өздеріне жақындатады. (Мұның) өзі жалпылама сүйіспеншілік тудыратын билеушінің жолы емес. Үлкен жер жарқылдамайтын, алып су айдыны мөлдіремейтін, лапылдаған от жарқырамайтын сияқты əмірші мыңнан артық болса да, оның ізгілігі айбынды емес. Оның туралығы садақтың жебесіндей тік, қайрақтай əділ болса да, мұның өзі мəн-жайды билеуге жеткіліксіз. Мұның өзі тау шатқалында тез бітелетін, тез тартылатын ұсақ бұлақтың арнасындай. Үйілген тастар құнарсыз, онда мол өнім өсіруге болмайды. Егер де əміршінің адамгершілігі жоғары қылықтары оның ордасынан тыс жерде əйгілі болмаса, елді басқаруда нақ сондай табыстарға қол жетпеген болар еді. (Егер даналарды басқаруға жақындатпаса), онда əміршінің іс-əрекеттері елде еліктеушілік пен таратушылық тудырмайды. Тарау. «Үлгілерге еліктеу» Ұстаз Мо-цзы айтты: «Аспан астындағы істерді тиянақтағанда үлгіге еліктемей болмайды. Үлгіге еліктемей бірде-бір іс тыңғылықты болған емес. Тіпті данагөй мемлекет қайраткерлерінің өздері – болашақ қолбасшылар немесе əміршінің кеңесшілері бəрі бірдей белгілі бір тəсілге сүйенген. Күллі қолөнерінің озат шеберлері де төсші болған. Қолөнерінің шеберлері квадрат жасау үшін бұрыш өлшеуішті қолданған; шеңбер сызу үшін циркульді пайдаланған; түзу сызық жүргізу үшін шой балғаның бауын пайдаланған; затты тіке орнату үшін тіктеумет қолданған; майталман шебер мен қарапайым өнерпаз өздерінің жұмысыңда осы төрт затты əрдайым тəсіл ретінде қолданған. Майталман шебер бұл тəсілдерді өте жетік меңгерген, ал мұндай өнерді толық меңгермеген маман жұмыстың тəсілдерін толық игере алмаса да, үлгіге еліктеу арқылы өзінің шеберлігін əрдайым жетілдіре түскен. Сондықтан əрбір қолөнерін өлшейтін (өзіндік) əдіс қалыптасқан. Енді Аспан астын билейтін даңқты адамдардың, тіпті жеке патшалықтарды басқаратыңдардың істерін өлшейтін (өздеріне) лайықты тəсілдері болмаса, оңда оларды жүздеген қолөнерінің шеберлерімен салыстырудың ыңғайы да келмес. Мұндай жағдайда басқару үлгісі ретінде нені алуға болады? Өзіңнің əкең мен шешеңді үлгі тұтуға болады ма? Аспан астында əкелер мен аналар көп-ақ, бірақ олардың арасында адам сүйетіндер аз-ақ. Содан, өз əке-шешелерімізді əйтеуір үлгі ретінде алатын болсақ, онда адамды сүймеушілікті үлгі ретінде қабылдамақпыз. Адамды сүймеушілік еліктеудің үлгісіне жата алмайды. Мүмкін, ұстазыңды еліктеудің үлгісі ретінде алуға болатын шығар? Аспан астында адамды оқытатындар мың сан, бірақ адамды сүйетіндер некен-саяқ. Сондықтан ұстаздарға еліктейтін болсақ, онда адамсүймейтін қылықтарды қолдамақпыз. Адамды сүймеушілік еліктеудің үлгісіне жата алмайды. Мүмкін, əміршіңді еліктеудің үлгісі ретінде алуға болатын шығар? Аспан астында əміршілер көп, бірақ олардың арасында адамсүйгіштік аз. Сондықтан əміршінің (қимыл-əрекетін) əйтеуір үлгі ретінде алатын болсақ, – онда адамсүймеушілікке еліктеу деген сөз. Бірақ адамсүймеушілік үлгі бола алмайды. Сондықтан, əке мен шешені де, ұстазды да, əміршіні де (елді) басқаратын үлгіге жарамайды деп есептеймін. Мұңдай жағдайда басқару үлгісі ретінде нені қарастыруға болады? Жауап берейін. Аспанды үлгі ретінде алудан басқаның ыңғайы келмейді. Аспанның қимыл-əрекеттері шексіз жəне риясыз. Ол жомарт жəне өзінің абыройымен (мақтанбайды), оның жарығы ұзақ жəне сөнбейді. Сондықтан жетік білгір вандар аспанға еліктеді, яғни оны өнеге тұтты. Іс-əрекетке дайындалуда, өзіңнің қылықтарыңды аспан (райымен) салыстыру қажет. Аспанмен ыңғайласты істеу керек, аспанмен ыңғайласпағанды істеуге тыйым сал. Бірақ та аспан нені қалайды жəне нені қаламайды? Адамды тұтықтыратын мəселе. Аспан қашан да адамдардың өзара сүйіспеншілігін жəне бір-біріне пайда өкелуін қалайды, ал егер де адамдар бір-біріне зұлымдық жасаса, бірін-бірі алдаса, ондай қылықтар аспанға жарамсыз.
Əйтсе де адамдардың өзара ұнатуын, бір-біріне пайда əкелу керектігін аспанның қалайтыны, ал адамдардың бір-біріне зұлымдық істеуін жəне бірін-бірі алдауын оның қаламайтыны қалай мəлім болмақ? Сыр мынада: аспан жалпылама сүйіспеншілікті қолдайды жəне бəріне де пайда əкеледі. Аспанның жалпылама сүйіспеншілікті қолдайтындығы жəне бəріне пайда əкелетіндігі қалай білінеді? Мұнысы аспанның біртұтастығынан, оның бəрін асырай алатындығынан туындайды. Аспан ендігі патшалықтарды үлкен жəне кіші деп бөлмейді, олардың бəрі де аспанның тетіктері. Аспан кішілер мен үлкендерді, əйгілілер мен арамдарды ажыратпайды; барлық адамдар – аспанның құлы; (адамдар) аспанға қошаметпен қызмет ету үшін əркім енеке мен ешкі өсіреді, шошқалар мен жабайы қабандарды семіртеді, шарап ішкізеді, мол астық береді. Мұның өзі аспанның жалпылығын көрсететін жайлар емес пе? Расында, аспан бəрін де асырайды емес пе? Егер жалпы сипаттағы аспан бəріне де сүйіспеншілікпен қарап, бəрін де асыраса, онда ол адамдардың бірінбірі сүйгендігін, бір-біріне пайда əкелуін қаламайды деп қалай айтуға болады. Түйіндерім мынау: адамдарға кімде-кім жалпы сүйіспеншілікпен қараса, кімде-кім пайда əкелсе, аспан оларды міндетті түрде бақытқа жеткізеді. Ал кімде-кім адамдарға зұлымдық жасаса, адамдарды алдаса, аспан оларды міндетті түрде жазалайды. Тағы да айтарым: кінəсізді өлтірген азапта өтеді. Əйтсе де, аспан бірін-бірі өлтіретін адамдарды жазалайды, сүйтіп адамдардың бірін-бірі сүйетінін жəне бір-біріне пайда істейтінін əйгілі етеді десек те, бірақ оның табиғатына адамдардың бір-біріне зұлымдық жасауы жəне бірінбірі алдауы қарсы келеді деген дəлелдер бар ма? Бұрынғы жетік білгір əміршілер – Юй, Тан, Вэнь, У, – бəрі де Аспан астындағы жүздеген тайпаның адамдарына бірдей сүйіспеншілікпен қарады, аспанды құрметтеді жəне рухтарға қызмет етті. Олар адамдарға көптеген пайда əкелді. Аспан оларды бақыт нұрына бөледі, бала етті, содан патшалықтың күллі билеушілері оған құрметпен қызмет етті. Бұрынғы Цзе, Чжоу, Ю, Ли сияқты мейірімсіз əкімшілер Аспан астындағы жүздеген тайпаларға зұлымдықты жаппай таратты, аспан (əмірін) ескермеді жəне рухтарды алдады. Олар адамдарға зұлымдықты көп жасады. Сондықтан аспан оларды жазалады, патшалықтан қуып шықты, өмірден жəне ұрпағынан айырды, олардың Аспан астындағы абыройы төгілді. Ұрпақтар оларды осы уақытқа дейін қарғайды. Сонымен, рақымсыздықты жаза күтеді. Оған Цзе, Чжоу, Ю, Ли өмірлері айғақ. Кімде-кім жаппай сүйіспеншілікте болса, адамдарға пайда əкелсе, (аспан) оларға бақыт сыйлайды. Оған Юй, Тан, Вэнь, У өмірлері үлгі болады. Адамдарға жаппай сүйіспеншілігімен жəне пайда əкелуімен бақытты болған немесе адамдарға зұлымдық жасап, оларды алдап, жаза тартқан басқа мысалдар баршылық». Тарау. «Жеті қырсықтар» «Егер құдықтан су алып жатқан ана арқасыңдағы баласын құдыққа түсіріп алса, онда ол баласын құтқару үшін ойланбай-ақ суға секіреді. Егер егінсіз жыл болса, онда адамдардың аштығы мен аштықтан жол жағасыңда қырылғандар құдықта тұншыққан баланың қазасынан да ауыр жаза болып көрінеді. Мұны түсінуге болмайды ма? Ойландыратын себеп – жылдың берекелі немесе берекесіздігіңде. Егер де өнімді жыл болса, онда адамдар ізгілікті жəне рақымшыл келеді. Егер жыл егінсіз болса, онда адамдар рақымсыз, мейірімсіз келеді...» Тарау. «Даналықты құрметтеу» Екінші бөлім Ұстаз Мо-цзы айтты: «Қазіргі адамдардың үлкен қауымдастығы – вандар, гундар – халыққа үстемдік етеді, жердің иелері, елді басқарады. Егер де олар ұзақ уақыт (елді) сақтағысы жəне (билікті) жоғалтпағысы келсе, онда неге олар даналықты мемлекетті басқарудың негізі ретінде пайдаланбайды? Даналықты құрметтеу мемлекетті басқарудың негізі екені қайдан мəлім? Жауап берейін: егер де бекзат жəне дана кісілер ақымақтар мен арам ниеттілерге билігін жүргізсе, онда тəртіп орнатылады. Егер де ақымақтар мен арам ниеттілер бекзаттар мен даналарға үстемдік етсе, онда былық болады. Осыдан даналықты құрметтеу елді басқарудың негізі екенін білеміз. Сондықтан ежелгі жетік білікті вандар даналықты құрметтеушілерді жоғары бағалаған, қабілеттілерді қызметке алған, туыстарынан бөлек топ жасамаған, ақсүйектер мен байларға бас ие бермеген, сыртқы көрініске əуестенбеген. Біліктілерді лауазымға тартты, бай жəне беделді етуге жағдай жасады, департамент бастықтығына тағайындалды. Егер адам қабілетсіз болса, ван оларға қырын қарады, тіпті оны қашықтатқан, кедей жəне мүсəпір еткен, құл ретінде жұмсаған. Сондықтан қара халық ванның құрметінен шығуға тырысты, оның жазасынан қорықты. Олар жақсы істерде бірін-бірі қолдады. Осыдан мемлекетте біліктілер көбейе түсті, ал қабілетсіздер мен нашар адамдар азайды. Осылай істеу – даналықты құрметтеу деген сөз. Осыдан жетік біліктілер даналардың сөздеріне құлақ түреді, олардың қимыл-əрекеттеріне қарайлады, оның қабілеттерін зерделеді жəне осы негіздерді бетке ұстап, оны сақтықпен қызметке тағайыңдады – мұның өзі қабілеттілерді (қызметке) тарту еді. Кім елді басқаруға икемді болса, ол ел басқаруға тағайындалынды; кім департаментті басқаруға қабілетін танытса, ол департамент
бастығы болып тағайындалды; кім мекенжайдың тұрғындарымен тіл табысуға бейімділік танытса, ол елді мекеннің (ауылнайы) етіп тағайындалынды. Кім елді немесе департаментті, немесе мекенжайды басқаруға тағайыңдалса, ол данагер адам деп есептелінді. Данагер, елді басқаруда, таң шапағымен бірге тұрады да, үйге кешкі ымыртта оралады. Ол арыздарды тыңдап, нұсқаулар беретіндіктен, мемлекетте тыныштық, ал жазалар дұрыс орындалады. Егер данагер департаменттің бастығы болса, онда ол демалуға кешқұрым қайтады жəне алакеуімде тұрады, базардың алым-салығын жинайды, тауды, орманды, су қоймаларын, каналды пайдалану үшін қаражат қоры жиналады. Осындай əрекеттен кейін қазынаның қоймалары азық-түлікке толды, қазына берекесі мен байлықтар шашылмады. Егер данагер жұртты басқарса, ол ерте тұрады, демалуға кешқұрым оралады. Даладағы егіндік жұмыстарды басқарады, егін жəне бау-бақшаны күтуді бақылайды, жеміс-жидек пен астықты жинатқызады. Осындай талпыныстан кейін (қазынаның қоймасында) жемістер де, азық-түлік те мол, ал халықтың тамағы тоқ. Содан ел тыныш, ал жазалау мен басқару дұрыс (жүргізіледі). Егер қазына қоймалары толық болса, оны адамдар бай, жоғарыдағылар көк Аспан мен рухқа құрбандық жасау үшін хош иісті шараптар мен тазаланған ірі күрішті пайдаланады. Сыртқы істерге қажетті терітерсектер, көрші əміршілерге айырбастайтын жəне оларға сый-сияпат ететін сəйгүліктер (жеткілікті түрде) қорланады. Ішкі іс-əрекетте барлық адамдарды тамақтандыруға, аш-жалаңаштың қажетін өтерлік азықтүлік жəне Аспан астындағы данагерлерге қамқорлық ететін (тəртіп), шаршағанға тыныштықты орнықтыратын (тəсілдер) жасалынды. Сонымен, жоғарыда аспан мен рухтар ванды бақуатты етті, патшалықтың əміршісі онымен байланысты үзбеу үшін сыртқа ұмтылды, ел ішінде барлық адамдар оған жақындауға тырысты, білікті адамдар оның төңірегіне топталды. Осыған орай, ванның ниеттері (қолдау) табады, егер (ван) бір істі басқарса, ол жүзеге асады. Оның елінің қамалы берік. Егер (ван) жазалаушы жорыққа шықса, оның əскері қаһармаңдық көрсеткен. Өткен үш дəуірдегі вандардың жетік біліктілері Яо, Шунь, Юй, Тан, Вэнь, У не себептен көк Аспанды басқара алды жəне патшалар əміршілерінің арасында бас рөл атқарды десек, олар (даналықты құрметтей) алды. Егер жақсы əдіс болса да, оны қолдану тəсілін білмесең, оның нəтижесі ешнəрсе болмағаңдай білінбей қалады. Сондықтан үш негізді ұсыну қажет. Үш негіз дегеніміз не? Жауап берейін: егер (данагөйлерге) жоғары лауазым берілмесе, онда халық оларды сыйлай бермейді; егер данышпанға аз жалақы төленсе, онда халық (бұл шенді маңызды) деп қабылдамайды; егер оның қарамағына адамдар бөлінбесе, онда халық одан сескенбейді. Ежелгі жетік білгір əміршілер соңдықтан данышпандарға жоғары шен тағайыңдаған, үлкен жалақы төлеген, қызметке алған, қарамағына адамдар бөлген. Мұның бəрі өзінің қызметкерін марапаттау үшін істелінді дейсің бе? Жоқ, бұл (жетік білгір вандардың) істері табысты болсын деген ниетпен жасалынған. «Ши цзинде» айтылған: Сендердің мұңдарыңды ашып айтам, Өзіңе данышпанды біліп тартсаң. Алақанның ыстығын кім жеткізбес, Суға малған қол күші болса теңдес. Сонымен, бұл сөздер де патшалықтың бұрынғы əміршілері рақымшыл шенеуніктерді өздерінің кеңесшісі мен көмекшісі ретінде пайдаланып, оларды жоғарылатуға мəжбүр болғаны, мұнысы ыстық нəрсені қолға алардан бұрын оны суға салып, өз қолының жайын жеңілдеткенге ұқсайды. Иə, бұрынғы жетік білікті əміршілер данышпан адамдардан қолдау тапты. (Олар) данышпандарды қызметке тартты, марапаттады, оларға жоғары лауазым атақ беріп, əйгілі етті, жерді бөліп оларға үлестірді, осылайша данышпандарды өмір бойы қасында ұстады. Тек данышпандар ғана бекзат қайраткерлердің ниетін түсінді жəне жүзеге асырды. Данышпан əміршінің тапсырған ісін орыңдауға бар күш-қуатын аямады, əрі өмір бойы (іс-əрекеттерде) шаршап жүйкелеуді білмеді. Егер (данагер) ізгілікті (адамды) кезіктірсе, ол туралы ойын жоғарыдағыларға жеткізді, одан ізгілік артты да, зұлымдық пен жақтырмаушылық басылды, ығыстырылды. Данагер əміршінің қуаныш пен тыныштықта өмір сүруіне барын аямады да, қайғы-мұңды өзіне адды. Сондықтан ежелгі жетік білікті вандар билікті жоғарыда айтқандай жүргізген. Енді əйгілі адамдар – вандар мен гундер – бұрынғылардың даналықты құрметтеткізетін тəсілдерін үйренгісі келді, қызметке тəртіпті сақтауға қабілеттілерді тартуға тырысты. Олар (данагерлерді) тіпті жоғары лауазымға тартса да, бірақ оларға жалақы төлемеді. Не десек те, егер де жоғары лауазымға лайық жалақы болмаса, онда адамдар (мұны маңызды шен) деп сенбеген. Мұндай адамдар айтады: «Бұл маған деген нағыз сүйіспеншіліктің нышаны емес, ван мені пайдаланбақ сыңай білдіреді, сондықтан мен қарапайым халықты басқаратын (адам) ретінде сезінемін». Осындай күймен данагерлерді жоғарыдағыларға жақындатуға болады ма? Содан шығар бұрынғы вандар айтыпты: «Билікке тоймайтындар басқару қызметін адамдар арасында бөлісе алмайды, байлыққа ашкөздер адамдарға жалақы бермейді. Мұндай жағдайда істер орындалмайды, ал жалақы бөлінбейді». Осыдан кейін кім əйгілі адамдарға – вандарға, гундерге өзінше жақындағысы келетінін, аспан астындағы данышпандардан сұраңызшы. Егер де данагерлер əйгілі топтардың – вандар мен гундердің қасында
болғысы келмесе, мұңдай жағдайда оларды жауыз да нашар адамдар қоршайды. Егер жауыз адамдар оны қоршап алса, онда олар даналыққа жатпайтын нəрсені істейді, əрі қылмыскер еместі де жазалайды. Егер əйгілі топтар – вандар, гундер елді басқаруда осы рəсімге ұрынса, онда данагер еместер де марапатталынады да, жазалауға қатаң еместер де ұшырайды. Сонымен данагер еместер марапатталынып, ал мейірімділер жазаланса, онда мұндай келімсіздік данагерлікті қолдамайды, ал мейірімсіз жандарға кедергілік жасамайды. Озбырлық шырмауында (мұндай адамдар) өз үйінде əке-шешесін құрметтемейді, өзге адамдармен достықты жалғастыра алмайды, үлкендерді тұрғылықты сыйламайды, тіпті кішілер мен əлсіздерге қамқорлық жасамайды да. Отбасында рəсім тəртібі əрқалай ығысады, ал əміршінің жүріс-тұрысы өлшемге де, заңға да үйлеспейді, еркек пен əйел арасындағы айырмашылық ескерілмейді. Департамент пен қазынаны басқаруға ұрылар мен қарақшылар жұмсалынды, қаланы қорғау сатқындар мен бұзақыларға жүктелінді. Егер бекзат кісі жамандыққа ұшыраса, (оны құтқару үшін) ешкім де өлімге бармайды; егер əмірші елді тастап кетуге мəжбүр болса, оны ешкім де шығарып салмайды. Егер де (ырың-жырыңда) үкім шығарылса, онысы заңдарға сəйкес келе бермейді; байлық тең бөлінбейді; (билеушілер) қажет кеңес ала алмайды; орындауға тиісті істер дер кезінде істелінбейді; астананың қорғаны берік болмайды; егер ван жауды жазаламақ жорыққа аттанса, оның əскеріне (қажетті) күш жетіспейді. Міне сондықтан өткен үш дəуірдің Цзе, Чжоу, Ю, Ли сияқты мейірімсіз вандар өз елдерінен айрылды, олардың үрім-бұтақтары тарап кетті, олардың таққа деген құқығы жойылды. Мұның бəрі де əлгі себептерден туындады. Заттардың ұсақ-түйегіне үңілдірген, ал бас құндылығына көз аштырмаған бұл қандай ұстаным еді. Ендігі үлкен топтардың – вандардың, гундардың киімге кездемесі болса да, оны өздері тіге алмағасын сырттан жақсы шеберлерді шақырады; тіпті өгізі немесе қойы болса да, оларды вандардың өздері бауыздай алмай, жақсы қасапшыны жалдады. Бұл екі жағдайды дұрыс пайдаланды. Бірақ үлкен топтар – вандар, гундар елді данагерлердің билейтінін түсінбеді. Еліне əйтеуір тəртіпсіздік үйірілгенде, таққа қауіп төнді, сондайда данагерлер елді тəртіпке шақырып, қауіпті төндірмейтінін олар біле бермеді. Олар қызметке тек өздерінің туыстары мен таныстарын тартып, еңбегі сіңбесе де соңғыларды бай жəне атақты етті. Сырт көрінісі сүйкімділерді жоғары лауазымға тағайындап, оларды еңбегі сіңбесе де бай жəне атақты етті. Егер лауазымды қызметке көрінісі көрікті адамдар тағайындалса, оңда мұндайлар білім мен даналықты міндетті түрде меңгере алады ма? Егер ондайға ел басқаруды тапсырса, ақымақ едді басқара алмайды да, ақыры мемлекетті былыққа батырады. Мұны (келесі мысалдан) көруге жəне түсінуге болады. Егер үлкен топтар – ваңдар, гундар – жоғары лауазымға сырт көрінісіне көңілі ауған адамдарды, олардың ақыл-парасатын (алдын-ала) жүректен өткізбей, ұсынса, оңда жүздеген адамдарды басқара алмайтындар қарамағында мыңдаған адамдары бар департамент бастығы етіп тағайындалады. Кейде тіпті мың адамды басқара алмайтыңды ондаған мың адамдарды басқаратын департаментке қызметке тартылды. Неге осылай болды? Жауап берейін: департамент қызметіне былайша тартылған еді: əдемі көркі үшін жоғары шен жəне үлкен жалақы берілді, тек сол үшін қызметке алынды. Содан мың адамды басқара алмайтын кісіге ондаған мың адамды басқаратын департамент қызметін тапсырды. Соңғы қызмет оның қабілетінен он есе басым түсті. Соңдықтан жұмыстағы күн бойыңдағы қыбыр-жыбыр оның басқару тəсілін құрады, ал бұдан жұмыс күнін он есе ұзартуға болмайды ғой. Жұмыстағы істер адамның өз білімінің көлеміне орай басқарылатыны айғақ. Оның білімі он есе өспесе де, қызметтегі жұмыс қарқыны он есе артты. Ол он жұмыстың біреуін ғана істей алды да, тоғызы аяқсыз қалдырды. Егер де шенеунік департамент жұмысымен күндіз-түні үздіксіз айналысса да, онымен ешкім шұғылданбағандай, бұл жұмыстар бəрібір бұрынғыша аяқсыз қалды. Мұның себебі неде? Осалдықтың түбірі мынада: үлкен топтар – вандар, гундар – (мемлекеттік) істерді басқаруда даналықты құрметтей отырып, қабілеттілерді оған тарту керектігін түсіне бермеді. (Ертедегі жетік білгір вандар) данагерлерді құрметтеді, елді басқаруға қабілеттілерді тартты, (содан мемлекетте) тəртіп орнады. Ол туралы алдында толығырақ айтылды. Даналықты құрметтемеу, қызметке қабілетсіздерді тағайындау, соның барысындағы елдегі былықтар – мұның бəрі де əлгі айтылған тоқтамның айғағы. Егер де қазіргі үлкен топтар – вандар, гундар – шынымен-ақ өздерінің мемлекеттерінде берік тəртіптің болуын қаласа, тақты сақтағысы келсе жəне қарапайым халықты (қолдаудан) тартынбаса, оңда даналықты құрметтеу – басқарудың негізі екенін олар неге зерттемеген? Оның үстіне, даналықты құрметтеу басқарудың негізі екеңдігі тек бір ұстаз Мо-цзының ғана сенімі ме? Бұл – жетік білгір ваңдардың жолы, ол туралы ертедегі кемел дана вандардың кітаптарында жазылған. «Чжуаныда» айтылған: «Өзіме жəрдемші болатын данагер адамдарды іздеудемін». «Тан шиде» жазылған: «Ұлы да, жетік біліктілерге қарайлағын, олардың күш-қуаты мен біртұтас жүрегі арқылы Аспан астын реттеуге талпын». Даналықты құрметтеген, (елді) басқаруға қабілеттерді тағайындаған жетік білгір вандардың осындай сенімдері (Аспан астындағы) тынысты тарылтпады.
Сондықтан ертедегі жетік білгір вандар даналықты құрметтеу дəстүріне еріп, (елді) басқаруға қабілеттілерді алдымен (қалай) ұсынуға болатындығын іздестірді. Бұл ниетті ешнəрсемен шатыстырмады. Оны басқарудан бүкіл Аспан асты пайда тапты... Мұның себептері неде? Алдымен ұсақ-түйек адамдар қызметте жоғарылатылды, əйгілі болды. Алдымен кедей көтерілді жəне байлығын (өсірді). Мұның себептері мынада: Үлкен топтар – вандар, гуңдар даналықты құрметтеу арқылы дұрыс басқаруды іске асыруға болатындығын анық түсіңді. Халық арасыңда аштар азықсыз, жалаңаш пен тоңған киімсіз, шаршаған демалыссыз, адасқандар нұсқаусыз қалмады. Осыдан ертедегі жетік білгір вандар даналықты құрметтеу арқылы мемлекетті (байсалды) басқару ісін жəне аспан үлгісін қолдануды дұрыс бағалай алды. Аспан сияқты байлар мен кедейлерді, беделді мен белгісіздерді, алыстағы мен жақындағыны, туыстар мен бөгделерді ажыратпады. Егер данышпанды көрсе, оны жоғарылатты жəне құрметтеді, ал əлсіз адамдарға ван қисық қарады, оларды қызметінен кетірді. Байлық пен беделді сый ретінде алған данышпандарды мысал ретіңде келтіре аласыз ба? Кім солай істей алды? Жауап берейін: мысалы, өткен үш дəуірдің жетік білгірлері – Яо, Шунь, Юй, Тан, Вэнь, У – олардың бері де осылай істеген. Соңдықтан олар (аспанның) рақымына бөленді. Неге? Жауап берейін. Өйткені, олар Аспан астын басқару арқылы (сондағы адамдарға) жалпылама сүйіспеншілік танытты, сөйтіп оларға пайда əкелді. Оның үстіне, Аспан астындағы адамдарға жетекшілік жасай отырып, көк аспанды жоғары құрметтей қадірледі, рухтарға табынды, бүкіл халықты сыйлады, оларға пайда əкелді. Сондықтан аспан мен рухтар оларды марапаттады, оларға аспан ұлдары деген атақ берілді, халықтың əкесі мен шешесі деп кабылданды, ал бүкіл халық олардың соңына ерді, мұндай вандарды мадақтады, оларды жетік білгір вандар деп ардақтады жəне жетік білгір вандар туралы даңқ күні бүгінге дейін жойылған жоқ. Мұның бəрі данагерлер бай жəне ақсүйек болғанда, (оның өзін) марапат ретіңде қабылданғанда тамыр жайды. Мынандай жағдайда, жауыз адамдар байлық пен атақты иемденіп, (мұндай) қылмысты марапаттау деп ұғынушылықта болды. Кім осылайша істеді? Жауап берейін: мысалыға, бұрынғы үш дəуірдің қатыгез вандары – Цзе, Чжоу, Ю, Ли (осылайша істеді). Олардың осылай істегендері қайдан мəлім? Жауап берейін. Олар Аспан астында билік жүргізгенде бəрін де жек көрді, сөйтіп адамдарға зиянын тигізді. Оның үстіне, олар Аспан астындағы халықты билептөстеп қана қоймай, аспанға тіл тигізді, рухтарды қорлады, көптеген адамдардың көзін жойды. Сондықтан аспан мен рухтар олардың жазасын берді: олар дарға асып өлтірілді, олардың балалары мен немерелерін қаңғыртып жіберді, олардың үйлері мен ордалары күйретілді, (шыққан тегі) жойылды, содан олардың рухына құдайы беретін жан қалмады. Бүкіл халық оларды қарғады, мұндай вандарды жауыздар деп атады, сол қарғыстар күні бүгінге дейін жетті. Мұндай озбырлықтың орын алу себебі, қылмыстары марапатталынған қатыгез (адамдардың) байлық пен атақты иемденуінде жəне (олардың бəрін) сый-құрмет деп қабылдауыңда еді. Қылмыс жасағаны үшін туысқанына жақсылық жасамаған мынандай жəйттер де болған. Мұны кімдер істей алды? Жауап берейін: мысалға, бұрын патшаның үлкен ұлы Бо Гунь (таққа мұралыққа) жарамайды деп (жарияланды), соңына күн сəулесі де түсе бермейтін Юшань тауының өңіріне жер аударылды. (Бо Гунь патшаның баласы болса да) император оны сүймеді. (Мұның өзі) туысқанына да жақсылық жасамағанның айғағы. Өйткені ол қылмыс жасады. Кімнің қабілетті екенін Аспан көрсеткен мысал да бар. Ондай үлгілікке кім жарайды? Жауап берейін: мысалға, бұрынғы Юй, Цзи мен Гао-яо – мұның бəрі де осы айтқанымызға дəлел. Мұның осылай болғаны қайдан мəлім? Ол туралы ежелгі вандардың «Люй син» кітабында жазылған. Оңда Хуан-дидің өзі халықпен кеңескен делінген. Халық мяо тайпасын өте жек көрген. (Патша) айтты: (Мяо-ның) жергілікті билеушілері қарамағындағы елдердің адамдарын қамап қояды, онда данагерлерді қолдаудың тұрақты тəртібі жоқ. Жесірлер мен жетімдердің сүйкімі болмады. Тек өнегелі билік құрметке бөленді, (тек) жоғары өнегелілік алыстан жарқырайды. (Данагөй патшалардың) үш бірдей мұрагерлері өздерінің ынта-ықыласымен халықтың құрметіне бөленді жəне осындай жарлық қалдырды. Бо И өнегелі үлгі көрсетті. Ол халықтың өсиеттерін жазалау шараларымен дөп ұштастырды. Юй жердегі су тасқынымен күресті. Таулар ме өзендерге атау берді. Цзи (адамдарды) егін егуге үйретті, егіншілер болса дəнді дақылдар өсірді. (Данагөй патшалардың) үш бірдей мұрагерлері адамдардың игілігін көтермелеуді ойлады, содан еңбектері жанды. Дəл осылайша бұл үш жетік білгірлер əрекеттенді: сөздерін пайымдап айтты, мінез-қылықтарына сақ болды, (өз қимыл-əрекеттерін) терең жəне мұқият ойластырды, Аспан астындағы лезде істелінетін жұмыстарды жəне қолдан шығарған пайданы анықтады, сөйтіп аспанға аянбай қызмет етті. Аспан болса олардың ізетіне сыйды үйіп-төкті, халыққа рақымды болды, халық одан өмір бойы таусылмайтын пайда тапты. Сондықтан бұрынғы вандар айтыпты: «Мына ұстанымға (еріңдер), оны аспан астындағы ірі істерге байыппен қолданыңдар, сонда Аспан астында тəртіпсіздік болмайды. Егер тəртіпті ұсақ-түйектен бастасақ, онда қиыншылықтар азаймақ. Егер халық осы рəсімге жету қабілетін
үнемі жетілдірсе, онда ол өмір бойы таусылмайтын пайда табатын болады». «Чжоу Одалары» хабарлайды: Білгірдің жетік ізгісі – Аспанның шоқты үлгісі. Кеңейсе жердің күші, Түрленер Аспан түсі. Жұмыр жерді бекемдеу, Асқар тауды ерендеу, Шіріктердей құламас, Күн нұрына құрамдас. Айдай толып жарқырар, Мəңгілікке талпынар. Жетік білгір адамдардың ізгілігі туралы, ізгіліктің айқындылығы мен айбындылығы туралы, төзімділігі мен өзгермес мəңгілігі туралы осылай айтылған. Сондықтан жетік білгір адамның ізгілігі күллі дүниеге тарайды. Егер еңдігі үлкен топтар – вандар, гуңдар – Аспан астын билемекші болса, чжу-хоуды бағынышта ұстағысы келсе, оңда əділдік (даусына) құлақ аспай, қалайша мұның бəріне қол жеткізеді? Олар шексіз билікті пайдаланып, патшалық əміршісі мен халықты үрейде ұстағысы келеді. Ендігі үлкен топтар – вандар, гундар – халықты өліммен қорқыту арқылы билік пен бағынушылықты қатар орнатуды ойдан шығармайды. Халық үлкен ниетпен өмірге келеді де, өшпес кекшілдікте өледі, өйткені ол тілегеніне жете алмайды, тек үнемі жек көрушілікке ұшырайды. Ежелгі дəуірден күні бүгінге дейін Аспан астын зұлымдық жолымен басқарған, патшалықтың əміршілерін əрдайым бағынышта ұстаған бірде-бір (мысал) болған емес. Əйтсе де ендігі үлкен топтар – вандар мен гундар – Аспан астын билеткізетін, патшалықтың əміршілерін бағынышта ұстатқызатын, таққа отырғызатын, өздерінің атақ-даңқын ұрпақтарына ұластыратын басымдыққа тырмысуда. Олар неге елді басқарудың негізі данышпандарды құрметтеу екенін білгісі келмейді, сол туралы ойланбайды? Мұның өзі жетік білгір адамдар қылықтарының жоғарғы (өлшемі) болды. Тарау. «Бірлікті құрметтеу» Бірінші бөлім Ұстаз Мо-цзы айтты: «Адамдар алғаш пайда болған ертедегі дүниеде ешқандай жаза болмаған, əйтсе де əділеттілік туралы əркімнің өзіндік түсінігі болған. Біреудің – бір, екеудің – екі, онның – он түсініктері болған. Адамдардың саны көбейген сайын, əділеттілік туралы түрлітүрлі түсініктер қалыптасты. Əркім өз көзқарасын дұрыс деп есептеді де, басқалардың көзқарасын жоққа шығарды, содан адамдар арасында дау мен жаугершілік күшейді. Отбасында əкелер, балалар мен ағайындылар бірін-бірі жаратпай жəне жиіркене қарады, тыныштықта бірге өмір сүре алмағасын, олар бір-бірінен бөлініп кетті. Аспан астындағы адамдар отты, суды, уды пайдаланып, бір-біріне зиян келтірді, күштілер əлсіздерге жəрдем бермеді, ешкім де артық байлығымен бөліспеді, артықты талан-таражға ұшыратты, ақылдылар тəжірибесіз адамдарды үйретпеді, олардан өз білімін жасырды. Аспан астындағы былық жабайы аңдар арасындағы ретсіздікке ұқсады. Былықтың бас бұйдасы басқару мен төреліктің жоқтығынан екенін түсінгенде, адамдар Аспан астындағы нағыз ізгілікті жəне біліктілерді таңдап, оларды аспанның ұлындай құрметтеді... Тек аспан ұлы ғана оның астында əділеттіліктің бірдей үлгісін жасай алатынына үміт артты, сондықтан Аспан астында тəртіп орнады... Данагөй əмірші нені дұрыс десе, басқалары да соны дұрыс деді; əмірші нені сөксе, басқалары да соны сөкті. Адамдар жаман сөздерден қашқақтап, елдің данагөй əміршісінің рақымды сөздерін есте сақтауға тырысты, жағымсыз қылықтарынан қашқақтап, данагөй əміршінің ізгілікті əрекет-қылықтарына еліктеуге тырысты... Тарау. «Бірлікті құрметтеу» Екінші бөлім Ұстаз Мо-цзы айтты: «Ертеде адамдар пайда болғанда басқару мен жазалау болмаған-ды.., содан Аспан астындағы тəртіпсіздік жануарлар арасындағы ығы-жығыдай еді. (Адамдар) былықтың себебі билікті басқарушының жоқтығынан екенін түсінді. Содан Аспан астындағы дана мен лайықтыны таңдады, сөйтіп оны Аспан астындағы іс-əрекеттерді басқаратын жəне тұтас бірдей əділеттілік орнататын көк аспанның ұлы етті...» Енді Аспан астында мемлекеттік қызметті атқаратын жəне мейірбанды ұлы адамдар – вандар мен гундар – өз елін байлыққа бөлейміз, халқын көбейтеміз, билік пен жазалауды реттейміз, өз тағын күшейтеміз десе, бірлікті құрметтеуі керек... «Жалпыға бірдей сүйіспеншілік» Бірінші жəне екінші бөлімдер Егер жетік білгір адам Аспан астында тəртіпті реттеуді өзінің міңдеті деп есептесе, онда ол тəртіпсіздіктің неге пайда болатынын зерттеуі керек, сонда ғана ол тəртіпті туралай алады. Егер де ол тəртіпсіздіктің неге пайда болатынын зерттемесе, онда ол Аспан астында тəртіп орната
алмайды. Мұның өзі адамның сырқатымен күресетін дəрігер сияқты. Дəрігер əр сырқаттың неге асқынғанын білсе ғана, оны емдеуге кіріседі, егер де ол аурудың не себептен пайда болғанын білмесе, онда сырқатпен күресе алмайды... Мо-цзы айтады: «Елдегі тəртіпті реттеу үшін жөнсіздіктің себебін білу керек. Егер тəртіпсіздіктің себебін біліп, оны болдырмай қойсаң, онда ел гүлденеді жəне тыныштыққа бөленеді; егер жөнсіздіктің түбірін таппасаң, онда елге тəртіп ендіру мүмкін емес...» Егер тəртіпсіздік неден басталады дегенді қарастырсақ, адамдар бірін-бірі ұнатпаған кезде тəртіпсіздіктің ұшқындайтыны байқалынады. Ондайда қызметші мен ұл патшаны да, əкені де құрметтеуден қалады. Тəртіпсіздік дегеніміз не? Ол дегеніміз бала өзін жақсы көріп, əкесін ұнатпауы, содан ол жеке басының пайдасы үшін əкесіне зардабын тигізеді; інісі өзін сүйеді де, ағасын жақтырмайды, сөйтіп өзінің бас пайдасын қамтамасыз ету үшін ағасына зиянкестік жасайды... Ендігі патшалықтың билеушілері өзінің патшалығына деген сүйіспеншілікті ғана біледі де, басқа патшалықты ұнатпайды, содан елінің бар күш-қуатын басқа елге соққы бергізуден тартынбайды. Ендігі отбасы басшылары өз тегіне деген сүйіспеншілікті ғана сезінеді де, басқаларды ұната бермейді. Сондықтан отбасының бар қиқарлығына ұрынып, ешнəрседен тартынбай, өзге отбасыларын ұрлап, тонауға ұмтылады. Егер адамдар арасында өзара сүйіспеншілік болмаса, онда бір-бірін жеккөрушілік міндетті түрде өршиді; егер əмірші мен оның қарамағындағылар өзара ілтипат танытпаса, онда рақымдылық мен сенім нəр алмайды; егер əке мен баланың арасында өзара сүйіспеншілік болмаса, онда əкелік сүйіспеншілік те, əке-шешені құрметтеушілік те болмайды; егер ағайындар арасында татулық болмаса, олардың арасыңда келісушілік болмайды; егер Аспан астындағы адамдар арасында өзара ілтипат болмаса, онда күштілер əлсіздерді міндетті түрде бағындырады, байлар əрдайым кедейлердің намысына тиеді, ақсүйектер қарапайым адамды міндетті түрде менсінбейді, қулар қарапайым адамды үнемі алдайды... Тарау. «Жалпылама сүйіспеншілік» Үшінші бөлім Мо-цзы айтты: «Аспан астыңдағы адамдарды жек көретін зұлымдар жалпылама немесе жеке сүйіспеншіліктің қайсысына іш тартады? Жауап берейін: əрине, жеке сүйіспеншілікті. Сонымен, жеке сүйіспеншілікті қолдаушылар Аспан астында əрдайым таусылмас зұлымдық тудырады. Сондықтан жалқының жеке сүйіспеншілігіне ұрынбаған жөн...» Жалпылама табыс, жалпылама сүйіспеншілік ақырында Аспан астына үлкен пайда əкеледі; жеке бастың жалпы табыстан алмақ олжасы Аспан астыңдағылар үшін сұмдық қиянат. Ақиқат жалпы пайдаға жол ашады... Жалқы сүйіспеншілікті, жеке бастың олжасын жалпылама сүйіспеншілікпен, өзара пайдамен алмастыру қажет... Адамсүйгіш жан міндетті түрде Аспан астына пайда əкелу үшін жəне онда зұлымдықты құрту үшін қызмет етеді... Ой-пікірлер дұрыс, қимыл-əрекеттер нəтижелі болуы керек, ойпікірлер мен қимыл-əрекеттерді үйлесімді етуге тырысу жөн, ол тіпті шығындарды үнемдеуге сəйкес келуі шарт... «Шапқыншылыққа қарсы» Екінші бөлім Өткенге қарап болашақты танимыз, айқындыққа сүйеніп жасырынды танимыз... Қарапайым адамдардың сансыз өлімі – жоғарыдағыны да, төмендегіні де түгел қамтитын үлкен апат, жаулаған патша адамы жоқ қаңыраған жерге тап болады. Осылайша, онсыз да жетіспейтіннен арылады, қосымша артық нəрсеге қайтадан батады... «Шапқыншылыққа қарсы» Үшінші бөлім Мо-цзы айтты: «Соғыстың қоқан-лоқы жолымен мемлекеттер арасындағы саяси айтыс-тартыстарды шешпек, сөйтіп құдірет пен атаққа бөленбек үміт – о да Аспан астындағылардың түрлі ауру-сырқаттарын емдеуге бір дəрі-дəрмекті, тіпті ол төрт-бес адамға ғана пайдалы болса да, күштеп ішкізушілікке ұқсайды...» Шабуылға шыққан жақтың армиясы басқа мемлекеттің жеріне басакөктеп кіреді, оның егінін таптайды, орманын шауып өртейді, қалалар мен елді мекендерді тас-талқан етеді, оның су қоймалары мен тоғандарын бұзады, малдарын қуып, талан-таражға ұшыратады, ұрпақтары табынатын киелі орындарды қол тигізіп қорлайды жəне бүлдіреді, халқын өзіне жұмыс істеуге мəжбүрлейді, бөтен тайпалардың ақсақалдары мен əйелдерін жəбірлейді, жаулаған патшалықтың байлығын бет-бетімен тасиды... Мыңдаған қолды əскерлер жорыққа шығады да, қайта орала бермейді. Мыңдаған отбасы шаңырақсыз, тірексіз қалады, жесір əйелдер мен жетім балалар көбейеді, халықтың күллі байлығы толық талан-таражға ұшырайды... Аударған Ж.Молдабеков.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ БАТЫС ӨРКЕНИЕТІ (ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ, РИМ) Ежелгі Грециядағы білім мен тəрбиенің дамуын төмендегі кезеңдерге бөледі: Критомекендік кезеңі (б.з.д. 4 мыңжылдық – б.з.д. 12 ғ.) – адам тағдыры Олимп құдайларының қолында, олардың тағдырын солар шешеді деп есептелген. Предполистік кезең (б.з.д. 11–9 ғғ.) қалалар қалыптаса бастаған кезең. Архаикалық кезең (б.з.д. 8– 6 ғғ.) Классикалық кезең (б.з.д. 5 ғ. бірінші жартысы мен 4 ғ.). Предполистік кезеңде мифологиялық жүйе негізі қаланған. Б.з.д. 4 ғасырға дейін грек тілі болмаған. Осы кезеңдерде эпостар пайда бола бастаған. Эпикалық мəдениет тарих туралы қабылдаулардың пайда болғанын көрсетеді. Моральдық жəне əлеуметтік нормалар қалыптасқан. Б.з.д. 7 ғасырда əдебиет пайда бола бастайды, мысалдар жазылып, лирика, драмалар да көрініс бере бастаған. Грецияда, Критте жəне Эгей теңізінің басқа да аралдарында өзіндік жазуы бар мəдениет пайда болады. Ежелгі Греция кезеңінде де тəрбие мен білім беру саласына өзгерістер енгізілген. Гректік мұралар римдік білім берудің дамуына үлкен үлес қосқан, себебі Ежелгі Грецияда ғылым мен мəдениет өте ерте кезеңнен бастап дамыған, римдік өркениет солардан мұраға алды десе болғандай, ол олардың үйлесімді дамуы жəне де əрине оған қосымша көптеген жаңа белгілер мен ерекшеліктер қосты. Римдік білім беру негізінде алғаш рет ғылыми ойлау сатысы пайда болды жəне əрі қарай дамыды. Ежелгі Римнің шешендік өнердің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да нақ сол педагогикалық ойлары жаңа заман педагогикасының пайда болуында жəне оның дамуында маңызды орын алды. Жалпы алғанда атақты римдік тəрбие теоретиктерінің педагогикалық көзқарастары осыдан барып əлемдік педагогиканың ары қарайғы дамуының негізі болып табылады. ГОМЕР (б.з.д. ХІІ ғ-дан – б.з.д. VІІ ғасырға дейін) Гомер (гректік хронологиялық кезең бойынша оның өмір сүрген кезеңін б.з.д. ХІІ ғасырдан VІІ ғасырға дейінгі кезеңді айтамыз) – айтулы, атақты көнегректік ақын-жыршы. «Илиада» мен «Одиссеяның» авторы. Оның отаны деп таласушылар саны жеті қалаға жеткен: Смирна, Хио, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афина. Гомердің аты да ерте антикалық дəуірлерде аз талқыланбаған, қазіргі уақыттарда оны «тұтқын» немесе «соқыр» деп атайды. Көптеген эпостардың жырлануы тұрғысынан оларды Гомердің туындылары деп қабылдау бар. Кейінірек антикалық сыншылар Гомердің өзіндік төл туындылары деп екі поэманы ғана бөліп шығарады «Илиада» мен «Одиссейді», сонымен қатар бірнеше шағын шығармалар да ақынға тиесілі («гомерлік гимндер», күлкілі поэма «Маргит» жəне т.б.). Гомер туындыларын автордыкі деп табу, оларды талдау туралы мəселелер гомерлікті тануға қатысты сұрақтардың əлі де болса өз шешімін таппағанын көрсетеді. Антикалық əлем туралы жаңа мəліметтер, оңтүстік славян халықтарының эпостарын салыстырмалы түрде зерттеу жəне стилі мен өлшемінің бөлшекті сараптамасы плюралистердің алғашқы жорамалдарын жоққа шығарды, даулы мəселелер тудырды, сонымен қатар унитарийлердің көзқарастарынқиындата түсті. Илиада мен Одиссеяның тарихи-географиялық жəне тілдік сараптамасы оның жазылу мерзімін б.з.д. VІІІ ғ. деуге мүмкіндік бергенімен, оны сондай-ақ б.з.д. ІХ немесе VІІ ғ. жатқызуға болады. Олар, біздің шамалауымызша, Грецияның кішіазиялық жағалауларында орналасқан болуы мүмкін, онда ионий тайпалары қоныстанған, не болмаса осыларға жақын орналасқан аралдардың бірінде болуы да ықтимал. Гомердің осы екі «Илиада» жəне «Одиссея» поэмасын жастар жатқа айтқан, өйткені ол білім беру саласында маңызды жəне оқылуға тиісті болатын. Гомердің поэмалары өнердің айтулы шығармасы болғандықтан ғана үлкен маңызға ие емес, сонымен қатар оларға мемлекеттік, əлеуметтік, адамгершілік тұрғыдан маңыз берілгендіктен де маңызды болған. Бұл поэмалар адамдардың ара қатынастары, зұлымдық пен мейірімділік, адамдық пен арсыздық, бостандық пен тағдырлар туралы. Барлық уақытта да бұл шығармалар қазіргі заман туындысындай оқылған. Поэма адамдарды өлімге деген көзқарасты қарапайым қажеттілік секілді қабылдауға үйретеді. Ол үшін көптеген құнды бақылаулар жасалған. Мысалы, күшті сезім екі жақты болады: қайғы ажырастырады жəне жақындастырады, жылау тазаруды, дұрыс жолға түсуге де итермелеуі мүмкін жəне т.б. Барлық грек ілімдерінің азаматтар үшін беретін білімдерінің олардың болашақта қоғамдық істерді қолдануларына көмегін тигізетін істерге
үйрету болып табылатыны қызықты-ақ. Бұның барлығы қандай да бір білгіш, əмбебап адамды тəрбиелеп шығаруға емес, нағыз тұлғаны тəрбиелеп шығаруға негізделген. Гомерлік əнұрандар. Гомердің антик дəуірінде атышулы болғандығының арқасында «Гомерлік əнұрандар» деп аталатын, гекзаметрмен жазылып, сақталып қалған 33 өлеңді ақындыкі деп таниды. Ал қазіргі кезде Гомерді олардың авторы емес деген көзқарас бар, ал авторының кім екені – белгісіз. Гимнəнұрандардың шығу мерзімі б.з.д. VІІІ–VІІ ғғ. деп жорамалданады. Олар Зевске, Герге, Посейдонға, Аполлонға, Ареске, Гермеске жəне Олимптің басқа да мекендеушілеріне, сонымен қатар Олимпке жатпайтын құдайлар: Диониске, Аналар Құдайына, Гейге, Селенге, Гелиосқа жəне басқаларына да арналған. Бір əнұрандар бес жүз жолдан тұратын ұзақ, ал кейбіреулері 10–20 жолдан ғана тұратын қысқа. Бұлардың мазмұны тек құдайларды ғана мадақтап қоймайды, сонымен бірге олармен байланысты мифологиялық тарих та баян етіледі. Мысалы, Деметрге арналған əнұранда Персефонның ұрлануы, Деметрдің оны іздеп, жолға шығуы, Элевсиндік сиқырдың негізінің қалануы жырланады. Гермеске арналған əнұранда Аполлонның сиырларының ұрлануы қоса жырланады. Кейбір «Гомерлік əнұрандар» хорлардың құрылуына, гректердің хорлық лирикасының дамуына өз үлесін қосқаны байқалады. ОДИССЕЯ Екінші жыр Шықты Эос жарқырапТаң сұлуы сəулетті; Тұрды сонда төсектен Одиссейдің перзенті, Асыл семсер асынды киімінің сыртынан, Аяғына байлады əсем ұлтан-кебісін, Құдай тектес кескіні пəнде көрмес кемістік. 5. Сыңғыр көмей, сырбаз үн – жыршыларын шақырды. Ұзын шашты ахейлер –жинадеді халқымды. Олар сонда жар салды – алаң жұртқа толғасын, Жұрт алдында шықты ол – мыс найзасы қолында Жалаңдаған жəне де қос иті бар соңында. 10. Афина оның бейнесін ғажап нұрға бөлеген, Есі танды ел жұрты оның көркін көргеннен. Ақсақалдар серпілтті, орын беріп ортадан, Əкесінің тағына отырды кеп шалқайып. Ең бірінші сөз алды Египтий ер марқайып. 15. Көпті көрген кісі еді еңкіш тартқан еңсесі Баласы оның Антифонт – найзагерлер еркесі, Көп жылқылы Тронға патша Одиссей екеуі Бірге барған ер еді өр тұмсықты кемемен. Өлтірді оны Полифем – келгенінде жеме-жем. 20. Тас қаранғы үнгірде кешке жақын жеу үшін Қалды шалда үш бала – толтыруға кемісін Бірі оның – Еврином күйеулермен соғысқан Енді екеуі шаруада əкесіне болысқан, Өлген ұлын қайғырып, қабырғасы қайысқан. 25. Жасын тыймай байғұс шал. Күйреп тұрып сөйледі: «Сөз тыңдауға шақырам, Итакидің ерлері; Жиналмадық біз ұзақ патша Одиссей кеткелі – Кемесімен зымырап;жинап тұрған кім бізді ? Жинаттырған не мұқтаж? Жігіт пе екен жұлдызды! 30. Əлде елдің ері ме жылдар өтіп ержеткен? Əлде жұрттың маңызды пайдасына жиды ма? Əйтеуір адал азамат: даңқы болар зор адам! Зевс оны жеткізсін мақсатына ойлаған». 35. Одиссей ұлы бұл сөзге керемет қатты қуанды. Ел алдына ол да бір сөз айтпаққа ойланды; Шықты алға содан соң Певсенеор жаршысы – Ақылшысы қолына патша асасын ұстатты; Алдымен ол жаңағы шалға қарап тіл қатты: 40. «Уа, қадірлі ақсақал, кім жинады – дедіңіз Жинаған – мен өзіммін. Қапалы бір кезіміз Естігенім жоқ əзір келе жатқан жау бар – деп; Халықтың да пайдасын айтайын деп тұрғам жоқ Қырсық шалды үйімді, айтпасыма мұршам жоқ. 45. Екі қырсық бар менде: бірі – əкемді жоғалттым, Ол сендердің қайырымды патшаларың болатын Ол сендерді алаңсыз баласындай сүйетін. Екінші қырсық – жаныма одан да ауыр тиетін – Үйіме менің күн туды түгі қалмай күйрейтін. 50. Ол – бұзақы күйеулер мазасын алған анамның, Балалары сіздей игі – жақсы адамның. Икарийдің үйіне – əкесіне шешемнің Барып құда түсуге, сосын ол қарт еркімен Кімді ұнатса, сол жанға қызын берсін көркімен. 55. Деген сөзге көнбейді біреуі де бұлардың. Оларға тек керегі – басылмауы думанның, Қой, ешкі ме, өгіз бе – бас салып кеп сояды, Шарапқа да қану жоқ, төбелесу аяғы. 60. Үйімді əбден аздырды – Одиссейдің жоғынан.
Иесіз үйдің, əрине, не келеді қолынан?
Бара – бара қорғансыз жайымыз бар қалатын
Күшім болса – өзім-ақ сыбағасын берер ем:
Бастан асты қорлығы күннен күнге үдеген.
65. Тыю бар ма бұларға? Арларыңа тимей ме?
Естіп мұны көрші елдер көзін ашып күлмей ме?
Қорқуларың керек қой құдайлардан тым құрса?
Зевске айтам көктегің, Фемида жалынам –
Мəслихаттың құдайы, – арызымнан арылам!
70. Солай енді достарым, өз қайғыммен өзімді
Қалдырыңдар оңаша, тауыстым мен сөзімді.
Не айтыңдар, əйтпесе, ардақты əкем барында
Жез табанды Ахейге болып па еді кінəсі,
Кек алғыларың келді ме – қалды екен – деп мирасы.
75. Онандағы өздерің тонасаңдар болмай ма,
Енді қалған не мүлік соны алсаңдар болмай ма?
Ол жағдайға біздерде қалар еді соңғы үміт –
Көше аралап кетуге көрінгенге жалынып
Бір кездерде алғанын бергенінше қайырып?
80. Бізді жеген қазіргі – үмітсіздік қайғысы»
Деді ол асаның жерге қадап қылды ұшын;
Көзінен жас шұбырды: ел жүрегі шерленді;
Қозғалмастан тым-тырыс отырысты бəрі де
Одиссейдің ұлына жауап қатпай бірі де.
85. Айқай салып сол кезде шықты алға Антипой:
«Уа, тентекбас Телемах, мұның сенің танту ғой!
Əрі сөгіп, əрі сен кінə бізге тақпақсың?
Жоқ, əсте сен біздерді – күйеулерді емес, алдымен
Пенелопаны кінəла келген айла-шарғымен.
90. Ахейлердің алдында. Үш жыл өтіп арада
Төртіншіге ауысты алдағалы баладай
Ойын ойнап, əркімге бөлек-бөлек уəде етіп,
Сəлем айтып əдемі, ойлағаны бəлені –
Қандай бəле еді ол – айтайын мен енді
95. Алып өрмек құрып ап бөлмелеріне өзінің
Біздерге айтқан жиып ап, түрі мынау сөзінің:
«Жас жігіттер – күйеулер, Одиссейден үміт жоқ
Мынау мата тоқылып болғанынша шыдаңдар.
Лаэрт шалға кебіндік тоқуымда бір мəн бар.
100. Жасы келген адам ғой, кете қалса көз жұмып,
Қою менің борышым – тəрбиелеп ақ жуып.
Ахейлердің қатыны жүрмеу үшін өсектеп,
Бай, дəулетті кісі еді, бұйырмады көнсек – деп.
Сөйлеген соң, қаулы алдық бұл сөзіне көнсек – деп.
105. Не дейсің кəсібі? Тоқығаның күндізгі
Дереу түнде тарқатып,алдауменен кіл бізді
Үш жыл өткен арада. Төртінші жыл дегенде
Қызметші бір əйел сырын ашты жұмбақтың,
Жіп тарқатып отырған үстінен түстік бір-ақ түн.
110. Амалы жоқ содан соң ол жұмысын доғарды.
Осының бəрін өзің-ақ білетұғын жөн бар-ды.
Енді сенің алдында, Ахейлердің алдында
Біз айтатын бір-ақ сөз: шешеңді сен аттандыр.
Əкесіне, таңдасын күйеу біздің топтан бір.
115. Не өзі ме, не қызы – қисын дереу некесін.
Ахейлердің ұлдарын енді тəлкек етпесін.
Афинанның өзі оны мол ақылға ие еткен;
Қолөнерін ғана емес, айланы да көп білген
Ахейлердің əйелі бұрын естіп көрмеген.
120. Баяғы өткен Алкмене, алтын бұрым Тиро да,
Патша қатын Микене – білмей кеткен бір о да
Неше түрлі айланы Пенелопа шығарды
Сорымызға біздердің. Бірақ өнбес одан іс;
Біздер сенің үйіңді талауымызды қоймаймыз.
125. Егер шешең əлі де бұл кəсібін тыймаса;
Құдайлардың өздері осы ақылды сыйласа –
Аратар, бəлкім, даңқы оның; бірақ сенің дəлелің
Шашыларын біліп қой. Ешқайда да бекер біз
Пенелопа күйеуді таңдағанша кетпейміз».
130. «Уа, Антипой, - деді оған Одиссейдің баласы, –
Ешкім қумас үйінен өзі туған анасын,
Асыраған сүт беріп; əкем алыс жақта жүр;
Өлі ме, əлде тірі ме – ол арасын білмеймін.
Икарий шалмен есебім қиын болар ғой деймін
135. Пенелопаны үйімнен əсте зорлап кетірсем.
Əке рухы кектенер, қарғар мені өз шешем,
Эринилерді қаһарлы жазалауға шақырып.
Боларым жоқ масқара, мен ондай сөз айта алман,
Ер болсаңдар егер де – айнымаған ант – арман
140. Босатыңдар үйімді, басқа жерге тойлаңдар.
Ез болсаңдар егер де – тонауларың қоймаңдар
Жалғыз үйдің дəулетін. Шақырамын онда мен
Бүкіл құдай əулетін. Зевс маған болысып,
Қаһар төгер басыңа, онда сендер соғысып
145. Өзді-өзіңмен – өлерсің, ажал тауып тегіңнен.
Түк қалдырмай тонаған шыға алмастан үйімнен»
Деді солай Телемах. Сол мезетте күркіреп
Найзағай Зевс жіберді қос бүркітті биіктен.
Əуелі олар жел айдап, қалпыменен шүйліккен
150. Қатар ұшып жүрді де, қанаттарын кең жайып,
Дауылдатып келді олар, көздерінен от шашып,
Беріп қырсық хабарын, содан кейін бір-бірін
Шоқып, тістеп, қырқысып, оңтүстікке кетті ұшып.
155. Таң қалған жұрт құстарды тұрды көзбен ұзатып,
Жаман ырым белгісін көп көңілі өзі айтып.
Алиферс қария – баласы ер Мастордың
Алға шықты, қашанғы қатарында алғыр, зор
Құстың тілін болжайтын енді қалған айтқыр сол.
160. Кемеңгер ойдың иесі келістіріп ой айтты:
«Тыңда мені халайық, Итакидің əз халқы,
Келтірейін əуелі күйеулерді ақылға
Қырсық төнер басыңа, алыс емес, жақында,
Көп қалған жоқ Одиссей үйінің дəмін татуға.
165. Жасырынып келді ол осы таяу бір жерге.
əзірленіп жатыр ол кек алатын күндерге.
əлек болар əлі-ақ тез Итакидің жұртына.
Ақыл салып көрелік көндіруге бұларды;
Жə, болмаса өздері бітісер де тынар – ды.
170. Пайдалысы сол болар. Сөйлемеймін тегін мен,
Талай болжап айтқаным тапжылмастан келінген.
Ахейлердің кемесі аттанғанда Трояға
Кеткен кезде Одиссей, сонда да бір болжағам
Болар ауыр жағдайды – көрініп ед ол маған.
175. Серіктерін жоғалтып, жат киімін жамылып,
Жиырма жылдың жүзінде, оралады сабылып
Ол үйіне – білемін. Осы айтқаным – ақиқат»
Жауап берді Евримах – Полибидің баласы:
«Ертекшіл шал, үйіңе қайтқаның дұрыс шамасы,
180. Əулиелігіңді айтарсың балаларыңа өзіңнің.
Сенен гөрі Пайғамбар мынау істе – өзіммін.
Көк аспанның жүзінде, Гелиос нұры астында
Ұшқан құсты көп көрдік – бəрі соның –
Ал патша Одиссей – қайтып келер құс емес,
185. Айдалада өлген ол. Сен де өлуің керек ед.
Сонда келіп біздерге сөз айтпас ең керемет.
əлденені шатасың, Телемахты қоздырып.
Онсыз да өзі құтырған, əлденені дəметіп
Тұрсың ба əлде антұрған – ас қылуға дəметіп?
190. Алайда сен тыңдап ал, келеді дəл айтқаным, –
Ескі-құсқы ойыңмен айналдырып баққаның,
Бұл баланың басына жабыспасын сор болып,
Кек алам – деп жүргенде – өзі кетіп қор болып
Жүрмесін тек – жалғыз ол түк бітірмес зор болып.
195. Ақылсыз шал, өзіңе бəле тілеп аласың.
Сандалтамыз сені біз, тозағыңа жанасың,
Телемахқа жақсы ақыл: шешесіне айтсын ол,
Үйіне барсын – əзірлеп қалыңдықтың жасауын
Қарт Икарий қойсын тез – тілер болса бас сауын.
200. Дегеніміз болғанша – бəрібір маза бермейміз
Үркеді деп ойлама Телемах айтқан сөзге біз
Пайғамбарлығың өзіңе бас ауыртқан қарт мылжың;
Ол үйдің бар дəулетін асқа, тойға шашамыз
Құда түсіп тынғанша көңіліміз қашан біз.
205. Бірімізді таңдап ол уəдесін бергенше,
Тұрады өзге қалыңдық таңдау кезек келгенше»
Одиссейдің ақылды баласы айтты жайымен:
«Уа, Евримах, жəне өзге белгілі бекзат күйеулер,
Айтып болдым сөзімді, барлық жайды біледі ел.
210. Сендер маған кемемен жиырма ескекші сайлаңдар,
Теңізбен тез жүзетін əбден əккі мамандар.
Спарт пенен Палсқа барып қайтқым келіп тұр.
Қандай хабар бар екен менің сүйікті əкемнен.
Не қауесет естимін алыстағы жат елден?
215. Не дер екен абыздар Зевс сөзін əмəнда
Жеткізетін қайталап жердегі бар адамға?
Тірлігі мен аман-сау ораларын естісем,
Бір жыл күтем мен оны, қиындыққа төзем де;
Кеткен болса таралып өлді деген сөз елде
220. Ата-баба мекенге дереу қайтып оралам,
Табыт-Төбе үйем де, ас беремін мен оған.
Пенелопаны күйеуге ти – сонда көндірем»
Деді дағы үнсіз ол орнына кеп отырды.
Сол уақытта ер Ментор жұрт алдына кеп тұрды.
225. Мінсіз патша ежелгі Одиссейдің серігі ол.
Лаэрт қартты тапсырған кетерінде сеніп ол
Бар ақылын жиып ап, əлеуметке сөйледі:
«Сөз тыңдауға шақырам, Итакидің ерлері;
Асылы таяқ ұстаған бұдан былайғы жердегі
230. Ешбір патша момақан болмасы белгілі,
Жүрегінен шындықты қуып шығып ендігі
бар білгенін істесін, заңсыздыққа бассын ол,
Одиссейдей бола алмас, халық сүйген қайрымды,
Ұмытсаңдар амал жоқ, ұмытқандай Ай, Күнді. 235. Күйеулерді бұзақы айыптайтын жайым не,
Билеп-төстеп тыюсыз жалмап жатқан бəрін де.
Бастарымен ойнаған, жаман пиғыл ойлаған
Одиссейді өлді – деп. Ал сендерді халайық,
Итакидің ел-жұрты ұялтуым лайық.
240. Отырсыңдар түк демей, бостан босқа жиналып
мынау бұзық аз топқа амал таппай қиналып»
Эвенордың баласы айқай салды Пеокрит:
«Алакулік акылсыз Ментор – қалай сөйлейсің?
Жуасытпақ ойың бар көпшілікке көн – дейсің.
245. Бірақ оларда біздерге қой дейтұғын шама жок.
Той үстінде дау-шарға басатын салт жəне жок;
Итакиді билеуші – Одиссейің кенеттен
Бізді қуса келе сап, тойлап жатқан үйінде,
Əйеліне де оншама абырой болмас тегінде:
250. Өз асылын табар ол, мұнша көппен айқасса;
Текке ақымақ сөз айтып акылыңнан алжаспа.
Ал көпшілік, тарқаңдар шаруаларыңды істеңдер.
Алиферс Ментормен Одиссейге адал-ақ,
Телемахты сапарға дайындасын солар-ақ,
255. Бірақ, менің ойымша, хабар күтіп кұр жатыр,
мүмкін іске аспауы ол ойлаған бұл сапар».
Деді де ол өзінше билеп елді тарқатты,
Бірте-бірте алыстап, жұрт үйіне тарқаған;
Одиссейдің үйіне күйеулер келді қайтадан.
260. Жағасына теңіздің жалғыз келді Телемах
Қолын шайды тұз сумен, Афинаға сөз арнап:
«Үйіме келдің кеше сен, тұманды теңіз өріне
сапарға шық деген ең, өлі-тірі хабарын
жақсы əкенің біл – деп ең, сенсің ақыл табарым.
265. Құдай қызы, жəрдем ет. Жол бөгемек ахейлер,
Əсіресе, күйеулер күш көрсетіп кеу-кеулер»
Осыны айтып болғанша, ашып көзді жұмғанша
Жетіп келді Афина, қос қанатты періште
Көрген қалпы кешегі Ментор кескін келісте.
270. Əрі ақылды, Телемах, əрі батыл баласың,
Сөзіңмен де ісіңмен толысасың, толасың
Бейне өзіңнің əкеңдей ойлағанын істеген
Мақсатыңа жетесің, оң болады сапарың,
Бірақ менің бар еді саған ашық айтарым.
275. Одиссей мен егер сен Пенелопадан тумасаң,
Онда үміт жоқ. Бұл ісің жол болады құр сарсаң,
Сирек тартар əкеге ұл. Көбі кем боп туады,
Аз-ақ болар артығы. Дегенменен туады Телемах,
Ақыл менен батылдық саған түбі келер-ақ.
280. Одиссейдің күшінен құралақан емессің
Бастаған істің аяқтар көрем сенен дəмесін.
Мейлі саған күйеулер ойлай берсін арамдық.
өз обалы өзіне, көздеріне қан толған
көре алмайды шындықты кілең дүлей антұрған.
285. Сыбағасы алдында – тартатұғын сазайын;
Сапарыңды қамда да тез арада бол дайын;
Дос болған соң əкеңмен əзірлеймін кемеңді
Ерем сенің соңыннан; күйеулерге барғайсың,
Жол азығын əзірлеп, сусындарын қамдасын;
290. Шарап аузын тығындап, тері қапқа ұн салсын,
Теңізшінің тамағы азбайтындай құнтталсын.
Ескекшілер тобын мен өзім тандап жинаймын;
Итакиде сушыл ел. Ескі, жаңа кеме көп;
Таңдап алам ішінен, оған уайым жеме көп.
295. Дереу соны əзірлеп, түсіреміз теңізге»
Зевс қызы Афина осыны айтып лезде
Жағалаудан Телемах кете барды кідірмей.
Жүрегіне шер толып, үйіне келсе оралып,
Ешкілерді күйеулер жатыр сойып, қолға алып.
300. Енді бірі шошқаны отқа қақтап пісірген,
Келді жақын Антипой кекесінді пішінмен
Атын атап, қолын ап, оған сонда сөйледі:
«Ашуланшақ жас жігіт, ащы тілді Телемах,
бетімізге біздердің сөзбен, іспен келмей бақ.
305. Бұрынғыдай одан да, ойна да күл, сайранда,
талабыңды ахейлер екі еткізбей орындар,
ескекші де, кеме де – бəрін таңдап аласың.
Тез жетесің Пилоска, білесің əкең хабарын»
Одиссейдің ақылды баласы сонда назарын
310. Төмен салып сөйледі: «Жоқ, Антипой сендердей
Жосықсыздармен отырып, алмаспын мен серуендеп,
Мен жасыма жеткенше тонағандарың жетеді
Мүлкімді шашып ең жақсы; Енді міне ержеттім.
Ақылын алып үлкеннің, тартты бойым сергек тым.
315. Жаза иесі – Таркты мойындарына мінгізем,
Барайын мейлі Пилосқа, мейлі осында қалайын.
Бір амалын табармын. Жүруім, бірақ тағайын
Үлессем де біреумен; Өйткені сендер арнайы
320. Қырсықтырып қойдыңдар – Ескекшіні, кемені»
деді дағы қол тартты, бойын ыза кернеді. Ол заматта күйеулер, ас-тамаққа тойып-ап, Əрлі-берлі сөйледі, жүрегін оның жаралап, Жаудырып оның басына сөгіс, ғайбат, балағат. 325. Шынымен бізді құртпаққа сайланыпты Телемах; Пилосқа барып, бəлкім, ол көмекші алып келер-ақ. Спарттан əкелер, ойы оның қауіпті; Шалғайдағы Эфирдің бай жеріне барар ол Адамдарды қыратын уды да тауып алар ол; 330. Сөйтіп біздің біржола көзімізді жояр ол» Десе бірі, екінші біреулері жəне зор Кекесінге басады: «Кім біледі, əкесі Одиссейдей өлер ол теңізде жұрты қаңғырып, Тағы бізді азаптап, басымызды даң қылып. 335. Олай болған күнде біз барлық мүлкін бөлеміз, Үйін таңдаған күйеуімен Пенелопаға береміз» Десті шулап күйеулер; Тұрды дағы Телемах Əкесінің барды ол қазына сарай үйіне, Бəрі де онда бар еді алтын, жезді дүние. 340. Иіс майлы киімдер, қос-қос шапан тіктірген. Талай жылғы шараптар, орын алған түкпірден, Сазды салқын құмыралар, Одиссейдің əдейі Келеріне сақтаған, алыс жолдан азапты, Қос есікпен жабылған – беріктігі ғажап-ты. 345. Сол сарайдың қос кілті. Кілтшісі де талапты тəжірибелі жан еді, күндіз-түні қарайды жіті көзбен сығалап, барлығы да тəртіпті. Певсенорий Опстың Евриклея қызын сол Шақырып алды Телемах: «Құтыларға етіп мол 350. Шарап толтыр аңқыған, ешкім əлі татпаған Келеді – деп – Одиссей баяғыдан сақтаған. Он екі амфор ыдысты толтыр дағы тас бекіт, Сосын тері қапшықты дайында көп жақсы етіп. 355. Ұнмен толтыр оларды, əрқайсында жиырма өлшем Мұның бəрін өзің біл, ешкімге сыр берме сен. Бір тасаға үйіп қой; Кешке келіп əкетем Пенелопа жататын бөлмесіне кеткенде; Спарт пенен Пилосқа, алыс жатқан шет жерге 360. Сапар шегу ойым бар білуге əке хабарын» Евриклея күтуші жаспен жанарын Қоя берді еңіреп: «Неге ғана, қарағым, Мұндай ойды кылдың? Жалғыз біздің жұбаныш. Кім ед сені айдаған жат жеріне тым алыс. 365. Сол алыстан үйіне оралмаған əкең де. Қаза тапты ақыры жау жерінде, жат елде. Сен алыста жүргенде, мұндағылар үлесіп Байлығыңды əкетер, жақсы еді ғой қалғаның; Текке азапқа түскенше – дауыл, теңіз жан-жағың». Аударған М.Қайыңбаев. ИЛИАДА XVІІ тарау І. Қан майданда Менелайдың лезде көзі шалғаны Патроклдың трояндар қолынан мерт болғанын. Батыр патша Менелайдың мұздай темір құрсанып Тұра ұмтылды. Тұла бойы тұңғышына мұншалық Бəйек болмас жас ана да – Патроклдың маңына Жан жолатпай, мыс қалқан мен көк сүңгіге табына, Жүр айналып. Кім келсе де сұсымен-ақ, жасқамақ Бұйра шашты ер Менелай жайратып-ақ тастамақ. Сонда Эвфорб найзагердің елге шыққан атағы Патрокл ер мүрдесіне таяу келіп кідіріп Батыр патша Менелайға былай деп тіл қатады; «Қол бастаған сен, Атрид, түлегісің Зевстің, Бұл мүрдеден тез аулак, кет, байлауыма келіскін! Трояндардың һəм одақтас сарбаздардың күллісі, Менше толғап, Патроклға дарытқан жоқ сүңгісін! Мүрде қалса – трояндарға мақтан қылып жүрер ем, Ал, көнбесе – жаныңды мен жəһаннамға жіберем!» Ашуланды ер Менелай, Атридтің ұрпағы: «Ант етейін Зевспенен, тым күбініп, бұрқадың! Бөспеліктен шендеріңе, сірə, жуық барар кім, Панфой шалдың бұл найзагер ұлдарына қабанның Азбаны да тең келмес-ау қанша дүлей болса да! Арыстан да, жолбарыс та ажыраймас соншама! Гиперенор сарбазың да ат үстінде күпсиген, Жастығына масайраған, өзеуреген, түксиген, Ең жексұрын, данасың деп, өрекпіген мастығып, Шайқастан соң желбуазың қалған дереу бастығып. Ол да шалқып шыққан шөптен. Жас жары бар ағайын Мəз болмаған шығар. Кəне, кел, жыныңды қағайын!
Ақылымды тыңда, бірақ! Ісінбесін алқымың!
Ізіңше қайт! Қалың қолға сіңіп, батыр қараңды!
Көрсоқыр да өлер жерін сезер болар, жарқыным!»
Менелайға Эвфорбтың мынау болды айтқаны:
«Қанға – қан!» – деп қасарысты, бір бетінен қайтпады.
Бауырымды өлтірдің де сен қанішер боп шықтың.
Жаңа түскен жарын жесір қалдырдың да өксіттің
Душар қылдың қасіретке абзал ата-анасын;
Жұбатамын мен оларды серпіп көңіл наласын,
Табыс етіп, шəһит ердің қанды сауыт-сайманын,
Фронтиса aнамызға. Панфойға – сол байламым!
Бұл шайқаста тамам болар осыменен ойының,
Мен шекіспей бекіспейтін кескекті ердің сойымын!
Деп ұрандап. Менелайға сонда атой салғаны,
Мыс қалқанды түйрегенде – тез майысып қалғаны
Найзасының. Ер Менелай дабылдатып жер үстін
Тұра ұмтылды жалбарынып құдіретіне Зевстің;
Падишаңыз көк сүңгісін құрыш қолда ойнатты,
Ə дегенше форбтын өңешіне бойлатты;
Ақсауыты сақырлаған, мұрттай ұшты дұшпаны,
Тілге келмей Эвфорбтың сол сəтте жер құшқаны;
Саф алтынмен, күміспенен көмкерілген сəнімен
Бұрқыраған бұйра шашы сорғалаған қанымен
Күрең тартты. Шаңқан гүлі көз тартатын жарқырап,
Іргесінде асау бұлақ арындайтын арқырап,
Ерке самал аялаған, аймалаған, желпіген
Қанатын кең жайған зəйтүн оған толқып, елтіген,
Бағбан қанша баптағанмен оқыс дауыл соғатын
Тамырымен қопарып-ап, сұлатып-ақ салатын,–
Дəп осылай Эвфорбты, ер перзентін Панфойдың,
Сұлатып сап Менелайдың көңілі бір марқайды.
Тау тағысы – арыстан да, көрмеген еш жасқанып,
Табын малдың ішіндегі ең семізін бас салып
Жайратып сап, апыл-ғұпыл жұлмалайтын тісімен,
Қанын жалап, ішек-қарынын жарып алып ішінен;
У-шу болар сол қыстақтың халқы мен бар төбеті.
Бірақ оған батыл етіп кім бар таяу келетін
Иманы ұшар, арыстанның шошынып түр-түсінен.
Сол сияқты Трояның сарбаздары ішінен
Менелайға қарсы ешкім шыға алмады топ жарып;
Панфой ұлы сауытын да кетер ме еді олжа ғып
Ер Атрид – іштарлық қып, Фебті тұлан тұтқаны:
Арей тəңрі сипатты ер Гектор қарсы шыққанын
Мақұл көрді, кон əскербасы Мент боп келгені.
Келе салып Феб Гекторға кеңес беріп: «Сен,– деді,–
Гектор, бекер əуре болдың – Пелид ердің аттарын
Қуалаумен көп сандалдың – еш абырой таппадың.
Кіл асауға жай пенденің келе қоймас шамасы,
Үйрете алар тек Ахиллес – өлмес ана баласы.
Патроклдың мүрдесі еді Менелайдың баққаны.
Өзің жоқта соныменен шайқасып ер жауынгер –
Панфойулы Эвфорбтың оқыс қаза тапқаны.
Бұдан кейін құдіретің қан майданға ойысты.
Ал Гектордың қасіреттен қабырғасы қайысты;
Шола қарап айналаға қалың əскер сапына,
Көрді кенет қыршын ердің қанға беккен қапыда
Күллі сауыт-саймандарын тонамақшы батырды,
Көре салып тұра ұмтылып, арыстандай ақырды,
Жарқ-жұрқ етіп, бейне Гефест алауына бөленді.
Айқай-сүрен жетті дереу Атрейдің ұлына;
Сонда Атрид тұра қалды, ойға шомды ол енді:
«О, қасіреті Аргивяндар білем пісіп-күйерін
Егер қазір жан сауғалап – шəһит болған мен үшін
Тастай қашсам Патроклдің ақ сауытын, сүйегін!
Қорықпасам. тайсалмастан Гекторға ұрыс салармын,
Ұрыс салып, қалың жаудың арасында қалармын.
Онда Гектор дулығасы жарқылдап қол бастайды.
Бірақ неге қобалжимын, болғаны ма бас қайғы?
Құдай өзі жар болғанға қарсы барса кімде-кім,
Айдан анық, шын сазайын тартады деп білгенің.
Жо-жоқ, мені аргивяндар мазақтамас шын қорлап.
Шарам қайсы бұл Гекторға – құдай өзі тұр қолдап.
Ал, сəті кеп, ер Аякс ұшырасса – жөн басқа,
Тізе қосып, жау сапына қайта шапсақ болмас па.
Тіпті, құдай қаламасын, уайым емес ол-дағы,
Сүйекті тек Ахиллеске жеткізе алсақ болғаны».
Осылайша отырғанда ойша шомып налып тым,
Трояндар қолын бастап Гектор таяп қалыпты.
Менелай да шегінді енді, лажы жоғын білгесін,
Жалтақтаумен кетті тастап Патроклдың мүрдесін.
Маңыстайтын мал қорадан жұрт ит қосып қуғанда,
Сұсты арыстан айбат шегіп, бойын ашу буғанда
Сəл сескеніп көк найзадан; бұл да маң-маң басады
Соған ұқсап. Қайтып келіп тапты данай жасағын.
Бұйра шашты Менелайдың шолып жасақ тізбегін
Теламонның асып туған Аяксін іздеді.
Көп ұзамай ол батырға кезікті сол қанаттан
Рух беріп, сарбаздарын өз аузына қаратқан;
Аңғармады құдіреттің кəрін төгіп жатқанын.
Аяксқа жетіп келіп Менелай тіл қатқаны:
«Достым, шəһит Патроклға, кеттік, тұрмай бекер біз!
Ақ сауытын тонаса да Гектор сұм-тым болмаса,
Бəлки, Пелей ұланына сүйегін ап жетерміз».
Мұны ести сап ер Аякс каһарланды, сұстанды,
Менелайдай досын ертіп бетке алады дұспанды.
Гектор болса Патроклдың басын кесіп алмақ боп,
Ал денесін иттеріне талапайға салмақ боп,
Жатыр екен; Көкірегін жапқан бейне қорғандай
Аякстің қалқанын тек көре салып, жан қалмай
Жалт берді де жасағына, желкүймеге тез қонды,
Сəтте мысы басылыпты, Гектор лезде өзгерді,
Жарлық берді: бұл ақсауыт Илионда сақталсын,
Ғажап ерлік ұрпақтардың жүрегінде жатталсын.
Теламонид Менетидті дəу қалқанмен қорғалап,
Тұрды үнсіз, түр қабағын қап-қара бұлт торлап ап.
Аңшы көрсе, балаларын қалқалайтын тезінен,
Хас арыстан тұрар солай ұшқын атып көзінен
Қара орманда. Аякс тұр Менетидтің сүйегін
Қорғап солай. Менелай да үнсіз қабақ түйеді.
Ол досының қасында тұр міз бақпастан, аңдатып,
Қалғандығы қасіреттен жүрегіне қан қатып.
Осы кезде Гипполохид, микийліктер қолбасы,
Гекторға кеп шүйілгені, болса-дағы жолдасы;
«Гектор! Ылғи батырсынып дүрдиесің сандырап,
Əмбеге аян, барып тұрған сужүрексің сен, бірақ!
Қайтсе ғана күл-талқаны шықпай шаһар, қамалың
Қалар екен, жасағыңмен ойлас соның амалын.
Бізге келсек – бір микиян данайларды шаппайды,
Құр нақақтан қан төккенмен еш барқадар таппайды.
Мен құдайдың құтты күні – мына сендей саппастың
Жауларымен шайқасқаннан түбі кəміл жақпаспын.
Дос мейманың – Сарпедон кеп жау қолына түскенде
Сен жалт бердің! Енді сенен жəрдем күтпес еш пенде...
Найсап неме, қылаяғы ит құрлы да болмадың,
Дос басына күн туғанда – итті де үркіте алмадың.
Өзіңе де, шаһарыңа ол көп көмек берді анық...
Тыңдар болса – қайтып кетем жасағымды елге алып.
Трояның сарбаздары рухтары өр болса,
Елім десіп, өлімдесіп кескілесер ер болса.
Патроклге қулық жасап, біз серпіліп, сетінеп,
Илионның қамалында қолға түсіретін ек.
Тұтқын болып Приамның мынау патшалығында
Сол қыршын ер, сəтіменен қолға түскен шағында,
Ахейлер де Сарпедонның түгел сауыт-сайманын
Өздері əкеп беретін ед, осы менің байламым!
Аргивянның бас батыры, досы түтқын болған соң
Қайтар еді райынан; жауды солай тойтарып
Сарпедонды Илионға алушы едік қайтарып.
Теламонның ер ұлына, Аякстей батырға
Қарсы келу қайда мына сен сияқты пақырға!»
Гектор түтеп тіл қатады дулығасы жарқылдап:
«Ей, Қолбасшы, сөз сөйлейсің пайымдамай барқылдап!
Ақылы асқан данасы деп, байтақ микий есінің
Ойлаушы едім сені, оған кəміл еді сенімім;
Сөйтсем өрең тар екен тым; тұрсың күйіп, налып та,
Маған қарсы шықпадың деп Аякстей алыпқа.
Пырағының ойқасынан, шайқасынан сескеніп
Тұрғаным жоқ! Кронидтің кеңесін тек ескеріп
Бөгелгенім. Жетпес оған ақылы еш пенденің,
Соған ғана байланысты жеңілгенің, жеңгенің.
Сең қасымнан қалмай енді маған ғана ергейсің.
Батыр ма екем, қатын ба екем – өз көзіңмен көргейсің,
Əуселесін басқан кезде буырқанған данайдың!
Патроклдың сүйегі үшін шайқасуды қалаймын!»
Деп ұрандап рух берді ол троялық ерлерге:
«Троялық, микий, дардан, жар саламын сендерге!
Айбаттана түсіндерші еркек болсаң, достарым!
Аруақты ер Ахиллестің ақ сауытын киейін.
Патроклдан тартып алғам! Жауға еркін тиейін!»
Осыны айтып, атойлаумен шықты Гектор нұр жайнап,
Дулығасы жарқ-жұрт етіп күн нұрымен тұрды ойнап.
Өңгерісіп Ахиллестің сауыт-сайман, жарағын
Илионға кеткендерге лезде жетіп барады;
Сауыт-саймандарын шешті, достары сəл бөгелді,
Содан кейін іліп алып, Илионға жөнелді.
Мəңгі өлмейтін ер Пелидтің сауытын ол иемденді,
Оны Пелей батырына кұдайлары берген-ді
Пелей қария оны сый ғып баласына байлаған.
Ұлы болса қылшылдаған жас болатын жайнаған
Ұрысқа енбей, оңашада ақсауытын Пелидің
Киіп алып кұдіреттенген Гекторыңды көргенде
Олимпте дана Зевс ойға шомды бір демде:
«Қырсық шалған, білсең таяу қалғанын сен ажалдың!
Хас дұшпаның қалтыратқан ақ сауытын көкжалдың
Киіп алдың! Өлтірдің де аңғал, батыр жан досын
Ер сайманын алдың шешіп – шын пасықтық болды осы!
Дегенменен, кəміл мұның хиуазы қайтары,
Қан майданнан оралғанда акиқатты байқарсың.
Қан майданнан оралғанда ақиқатты байқарын,
Ақ сауытты олжалаумен əсте жолың болмайды,
Оны өзіңнің Андромахаң құптап, қабыл алмайды!»
Кронион айтты – бітті – қара қасын қаққаны.
Сауыт киіп өрекпіген Гектор тыным таппады,
Өн бойында жігер оты жалын атып лапылдап,
Буырқанды, қалың қайрат жанартаудай атылмақ.
Илионның шоң достарын ұран тастап сергітті
Ұлы Ахиллес қаруының құдіретімен жес бітті;
Рух беріп аттандаумен сапты аралап жүр тағы:
Месфл, Мелон, Ферсилохты, Гипполохтың ұрпағын,
Гиппофойды, Дезинорды, Астеропей батырды
Хромий, Форк һəм Энномды, құстың тілін білетін
Көсемдердің бəрін үндеп, əруағын шақырды:
«Ал, тыңдаңдар, жер қайысқан коңсыларым, достарым.
Қасиетті Трояға бастарыңды қосқаным.
Жер түбінен, сан шаһардан жинағанда, əлеумет,
Құр қараны көбейтсін деп ойлағам жоқ маған кеп.
Троялық, аналар мен пəк сəбиге қалайда
Сендер қорғап қалсын дедім соғысқұмар данайдан.
Тартуым мол. Жырып алып аузынан өз халқымның,
Сый-құрметпен рухыңды көтеруге талпындым.
Қиқу салып майданға кір, айылыңды жимағын!
Ата жаумен айқасқанда кім өлері бимəлім!
Патроклдың мүрдесін кім келсе мұнда қайта алып,
Ерлік етсе – Теламонид бетін мүлде қайтарып.
Онда сыйды тең бөлеміз, жария ғып жалпыға,
Ортақ болмақ екеумізге атағы да, даңқы да».
Гектор сөзін ести сала, қалың қол лап қойғаны,
Данайларды көк сүңгімен жайратуды ойлады,
Патроклдың сүйегін тез Аякстай батырдан
Тартып алмақ. Қыршын кетті небір боздақ ақырған.
Сонда Аякс Менелайды мəслихатқа шақырған:
«Менелай дос, Зевсұлы! Қанша адам жан қиғанын
Көрдім, бізге бұл сапардан есен қайту – бимəлім!
Өлген ердің жайын қазір тұрған жоқпын мен болжап,
Ол бишара Трояның ит-құсына жем болмақ,–
Екеуміздің басымыздың амандығын уайымдап
Тұрмын. Гектор ештеңеден сыңайы жоқ тайынбақ!
Шақыр дана батырларын, шегінбелік жасқанып.
Келер, бəлки. Əйтпесе, біз қалармыз жер жастанып».
Сарғыш шашты ер Менелай жау жасағын қапталдап,
Данайларға жау мұндалап айғай салды аттандап:
«Ер данайдың көсемдері, ел билеген достарым,
Атрейдің ұландары – сайранда бас қосқанын.
Думандарда бал шараптың дəмін бірге татып ең,
Халық қамын жеген дана, Зевс шапағатымен!
Аттарыңды түгел атап жатар жай жоқ, анық бұл:
Хал мүшкілге айналғаны – жау жағадан алып тұр!
Ер намыспен тез жетіңдер, жөндерің жоқ кешірер
Жем болмасын ит пен құсқа Патроклдей есіл ер!»
Көрді Аякс; Менелайдың аттандаған ашына
Даусын естіп, топты жарып, Оилей келді қасына;
һэм Девкалид патша жетті, Ə дегенше болмады
Жансерігі ер Мерион ере келді, ол-дағы
Эниалийдей айдынды еді өңкей көкжал шіркіндер
Анталады-ай, – бəрін тізіп түгел айту мүмкін бе?
Гектор – алда, трояндар қайыстырып жер үстін
Лап қойысты! Асау өзен құдіретімен Зевстің
Құйған кезде көк теңізге, тау толқындар айлақта
Күркірейтін, тітірейтін тау-тас, күллі аймақ та –
Құдды солай трояндар аспан астын шайқады;
Бірақ, олар данайлардың беріспесін байқады –
Болат қалқан Менетидің болды берік корғаны.
Жарқылдаған дулығалар... Лезде түнек орнады.
Менетидтің құдайларға жазған жері жоқ-тұғын,
Эакид – ерге қызмет кылып өткерген-ді көп күнін:
Сол себепті құдай жар боп, жəрдем берді достары
Иолионның төбетіне жем қылуды қоспады.
Əп дегенде жауын жайпап, көңілдері жайланған
Трояндардың – өлікті тез тастап қашты майданнан
Қыран көзді ахейлерің. Трояндар басынып
Сүйекті алып кетсе-дағы, сыр бермеді ашынып
Ер данайлар. Көп кешікпей Теламонның баласы
Өрлігімен, ерлігімен дем бергенін қарашы
Аргивянның баршасына. Жар болды да жаратқан.
Аударған Қ.Жұмағалиев.
СОКРАТ (б.з.д. 469–399 жж.) «Əрбір адам, дарындысы да, дарынсызы да, өзі жеткісі келген жетістікке жетуі үшін оқып, жаттығуы тиіс» Сократ Оның басты дидактикалық жетістігі деп «кіндік өнерді» атауға болады. Бұл диалектикалық пікірталас, онда ұстаз алдын ала ойластырып қойған сұрақтары арқылы ақиқатқа жетелейді. Сократтың педагогикалық ойларының түп негізі адамның негізгі өмірлік мақсаттарының ішіндегі негізгісі – өзін-өзі адамгершілік жағынан жетілдіруге арналуы керек деген тезис. Сократ бойынша адам жақсылық пен ақиқатқа бағытталған ақылды санаға ие, бақыт жеке жəне қоғамдық тірліктің арасындағы қарама-қайшылықты кетіруден тұрады, ал жеке қызығушылықтарына назар аудару, өз жақындарыңның қызығушылықтарына қарама-қарсы қою рухани жүдеулікке əкеледі, қоғаммен үйлесімсіздікке əкеледі. Сократ адамның жақсы табиғаты туралы ілімнің негізін салушы. Сократ адамның табиғи бейіміне мойындай отырып, адамның барлық дарынының ашылуы оның өзін-өзі танып білуіне байланысты екендігін құптаған: «Кім өзін білсе, өзіне не пайдалы екенін біледі жəне анық түсінеді нені істей алатынын, нені істей алмайтынын». Адамның табиғи қабілеттерін Сократ білім алу құқығымен байланыстырады. «Егер рухы мықты адамдар білім алса, онда керемет қайраткерлер болып шығады». Оның алдында өмірін сақтап қалу ма əлде педагогикалық əрекеттерін жалғастыру ма деген таңдау тұрған кезде, Сократ цикутаның уын ішіп алады. Сократ өз ілімін кез-келген аудиторияда жүргізе беретін. Ол диалектиканың ақиқатты жетекші сұрақар қою арқылы танудың əдісі – сократтық əдісі ретіндегі негізін салушылардың бірі. Ұстаздың негізгі міндеті – оқушының мықты рухани күштерін ояту. Сократтың əңгімелері – оқушы санасында ақиқаттың «өзін-өзі тудыруға» бағытталатын. Ақиқатты табуда оқушы мен оқытушы бірдей жағдаяттарда болуы керек: «Менің білетінім, менің ештеңе білмейтінім». Сократтың əңгімелері оқушылардың эмоциялық жəне интеллектуалдық шабытын шақыратын. Сократтық индукция, жетелейтін сұрақтарға негізделген сократтық ирония да қолданылған. Сократ тəрбиелеудің жолдарын – өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көрді. Тəрбиелеудің мақсаты – өзінөзі тану. Сократ бойынша шынайы əділдік – бұл ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білумен қатар адамға не пайдалы, оның рахаттануына, өмірлік бақытқа ие болуына себепкер затттарды білу. Сократ төмендегілерді үш негізгі рақымшылық деп есептеді: 1) Сабырлылық (өз құштарлықтарын қалай ұстауды білу) 2) Ерлік (қауіп-қатерді қалай жеңуді білу) 3) Əділдік (құдайы жəне адами заңдарды қалай сақтауды білу) Тек «мейірбан адам» ғана білім алуға үміткер бола алады. Сократтың тəлімдік өсиеттері: Мейрамсыз өмір – бұл ат шалдырып демалатын ауласы жоқ ұзақ сапар. Заңдар жақсы адамдарға да, жаман адамдарға да пайдасыз: біріншілері заңдарды қажет етпейді, екіншілері олардан жақсы болып кетпейді. Медицина – философияның əпкесі. Біз достардың көмегіне зəру емеспіз, біз олардың көмегін аламыз деген сенімге зəруміз. Ақымақтардың ұстазы сөз емес, бақытсыздық. Барлығында надан болмас үшін, барлығын білуге ұмтылма. Адам тəнінің ауыратыны секілді, өмір сүру салтының да ауруы болады. Əкелердің жақсы, жаман əдеттері балалардың кемістігіне айналады. Досыңнан құпияны білген соң, ешкімге тіс жарма: дұшпанға айналып сен дұшпаныңа емес, достыққа соққы бересің. Əдемілік үлкен еңбекпен, көп оқығандықтың арқасында келеді, ал жаман нəрсе өзімен өзі еш күш салмастан қалыптасады. Еркін деп мен, ешнəрсеге үміттенбейтін, ешнəрседен қорықпайтын адамды есептеймін. Əйел ой толғамай-ақ қойсын: бұл сұмдық. Қалауы кедей адам, нағыз бай адам. Ешбір зат себепсіз пайда болмайды, бірақ кез келген зат белгілі бір себептермен, қажеттілігіне қарай пайда болады. Ерлік – істің басы, жағдаят – істің соңы. Еш нəрсе шынайы емес, немесе шынайы бізге беймəлім. Жақсы күйеубала кездестірген адам, ұлды болды, жаман күйеубаланы кездестірген адам – өз қызынан да айырылды. Заттардың себебін іздеу, шексіздіктің басын іздегенмен тең. Сөз – істің көлеңкесі. Кедейлік пен байлық – қажеттілік пен асып кеткендікті білдіретін сөздің мағынасы. Сондықтан, қажеттілікті сезініп тұрған адам бай емес, ал қажеттілікті сезінген адам – кедей деген сөз емес. Жоқ нəрсені ойлап қайғырмай, бар нəрсеге қуанышты адам – есті адам.
Жаман адамдар тығырыққа тірелген кезінде берген сөзін тығырықтан шыққан соң орындамайды. Байлық қолға түспей тұрғанда оған деген құштарлық шаршатады, қолға түскен соң əуресі көп, ал келмеске кеткен соң сағындырады. Бақыт – шалқыған дастарханды тарту етсе, естілік – жеткілікті дастарханды тарту етеді. Айналаңда қоршаған əділетсіздіктен қорғана білу – ақылдың белгісі, өкпелегенің үшін кек қайтаруға құштар болмау – сезімсіздіктің белгісі. Егер көп нəрсе қаламасаң, аз нəрсенің өзі көп болып көрінеді. Ақшаға қанбайтын қызғаныш, қажеттіліктен де жаман, себебі қалауың өскен сайын, олар қажеттілік тудыра бастайды. Ессіз, ұстамсыз, жаман өмір сүру – бұл жаман өмір сүру емес, бұл баяу өлу деген сөз. Төлемді ойына ұстаған адам шын рақымшыл емес, жақсылық жасағысы келген адам шын рақымшыл. Өзіңді өзің мақтағаннан, ел мақтағаны дұрыс. Аз қаражатты ұстап жүріп, жақсы көңіл күйде жүрген адам – бақытты. Көп қаражатты ұстап жүріп, жан қуанышын сезіне алмаған адам – бақытсыз. Асқазан рахатына батып, тамақты, шарапты есеппен жемеген, махаббат рахатын есепсіз көрген адамдардың көбінде олардың рахаты бір сəттік, ұзаққа созылмайды. Ал сол рахаттар нəтижесінде келетін қайғы-қасіреттер көп əрі ұзақ болады. Пайдалы емес əрбір рахаттан бас тарт. Ақжарқын əрі салмақты қарт сүйкімді. Рахаттардың ішінен ең жақсысы, сирек болатыны. ПЛАТОН (б.з.д. 427–347 жж.) Антикалық педагогикалық ойдың дамуындағы маңызды рөлді Сократтың ең танымал оқушыларының бірі – Платон (б.з.д. 427–347 жж.) атқарды. Ол идеалист болды. Тəрбиелеу мақсаты: адам жанында жақсылықты нығайту. Платон тəрбиелеудің кең бағдарламасын ұсынып, қоғамдық құрылыс пен тəрбие арасындағы байланысты ашты. Оның «Диалогтар», «Мемлекет», «Заңдар» атты трактатында педагогикалық проблематика көтерілген. Афиныда Платон негізін салған Академия оқу орны мың жылдан аса жұмыс істеді. Платон бойынша білім алу дегеніміз – адам содан шыққан жəне сонда баратын тəнсіз идеялар əлемін еске алу процесі. Осы процесте өзін-өзі тануға басты назар аударылды. Платон тəрбиелеуді адам өміріндегі ең маңызды іргетас ретінде бағалады: «Адам қандай бағытта тəрбиеленсе, оның болашақ жолы сол бағытта болады». Тəрбиелеуді кішкене күннен бастау керек. Тəрбиелеу бұл – тұлғаны қалыптастырудың мықты əдісі болғанымен, ғаламат əдісі емес. Тəрбиелеуші жақсылық пен жамандықтың қарама-қарсылығын ескеруі керек. Тəрбиелеу оқушыны идеялар əлеміне кедергісіз кіруді қамтамасыз етуі керек. Платон барлығының жан-жақты тəрбиеленуін талап етті. Мемлекет (үзінді) Бесінші кітап. Бұл жаманды күлкілі емес басқаны күлкілі санайтын адам – бос адам екенін көрсетті. Ол бір нəрсені келемеж етуге тырысқанда ол ақымақтық пен ақаулықтан күлкіні көрмейді, өзге нəрсені көреді. Ал, əдемілікке ұмтылғанда басты мақсат рақымшылық емес, өзгеден табады. Осылайша жаны парықсыз адамдар өздерін қыдырыстап жүргенде былай жұбатады: олар қалаған нəрсені əлі қалай жүзеге асыратынын білмейді, бірақ, өздерін оймен қинамас үшін, қалаған қолына алғандай болады, одан əрі кетіп, қуаныш пен одан кейінгі іс-əрекеттерін ойластырады. Онсыз да бос кеуделері енді тіптен парықсызданады. Мемлекеттерді философтар билемейінше немесе патшалар мен билік басындағылар рақымды əрі негізді фəлсапаламайынша, осының бəрі бір арнаға құйылмайынша мемлекеттік билік пен философия жəне міндетті түрде билікке немесе философияға жеке-жеке ұмтылған адамдардың көзі құрымайынша мемлекетке күл-қоқыстан арылу қиын. Құрметті Главкон, жоғарыда біз суреттеген мемлекет құрылысы адамзат баласына мүмкін болмайды. Главкон айтты: – Сократ, сен бізге сондай сөзбен ой салдың, енді саған көптеген, əрине, жаман адамдар жабыла кетеді... Сократ: Кімде кім əдемі заттарды бағалап, əдеміліктің өзін бағаламаса, онда ол танымға жетелеген адамның артынан ізін басуға жарамсыз. Осындай адам айтшы қайда өмір сүреді, түсінде ме, əлде өңінде ме? Өзің ойла: түсінде қиялданғанда ма, əлде өңінде қиялданғанда ма затты ұқсатуын, сол затты ұқсағаны емес затты өзі деп санау емес пе? – Əрине, мен мұндай адам қиялданып отыр деп айтар едім. – Ары қарай, осыған кереғар, кім бір нəрсені өзінен-өзі əдемі деп, оны жəне оған қатысы бар заттарды бірін біріне шатастырмай зерделей алса, бұл адам өңінде өмір сүре ме, түсінде өмір сүре ме? – Əрине, өңінде.
– Оның ойлану жағдайын біз тану деп атар едік, себебі ол таниды. Ал біріншісі ккүмəнданады, себебі ол тек күмəнданады. Осылайша бізге, бір нəрсені қай жағынан қарастырсақ та, бар нəрсені танып білуге болатыны, ал жоқ нəрсені танып білуге болмайтыны жеткілікті. Сондықтан таным бар нəрсеге бағытталған, ал танымау жоқ нəрсеге бағытталған, кімге осы екеуінің аралығындағы орташа керек болса, онда оған білу мен білмеудің арасын іздеу керек, егер мұндай бар болса. ... Яғни білім өзінің табиғатынан болмысқа, оның қандай екенін танып білмекке ұмтылады Сонымен қатар болымсызды бір нəрсе емес, ештеңе деп тура атауға болады. ... Сондықтан біз болымсызға білместікті, ал болмысқа танымды жатқыздық. ... Сонда, күмəндану – бұл білім емес, білмеу ... Сонымен, олармен тура келмей, өзінің айқындылығымен білімнен асып, ал айқынсыздық – білместіктіктен асып кетпей ме. – Жоқ, екі жағдайда да асып кетпейді. – Яғни сенің көзқарасың, пікірің білімге қарағанда күңгірт, ал білмеуге қарағанда жарқын ғой? – Бірнеше есе. – Иə. – Иə, бірақ ол оның шекарасынан асып кетеді? – Яғни ол олардың арасындағы орташа нəрсе ғой? – Дəл солай. – Біз жоғарыда айтқанымыздай, егер бар нəрсе мен жоқ нəрсе бірге келе қалса, олардың орны таза болмыс пен болымсыздық арасында болады ғой, жəне оған білім емес, білімсіздік те бағытталады. Бірақ тағы да сол білу мен білмеудің аралығында болады? – Бұл, рас. – Ал енді сол ортада біз күмəн деп атаған зат қалады.. Бізге бəлкім, болмыс пен болымсыздыққа бірдей қатысты, бірақ таза күйіндегі анау деп те, немесе таза күйіндегі мынау деп те нақ айта алмайтын нəрсені табу қалған шығар. Яғни біз жалпы қалыптасқан, көпшілік пайымдауында қатысты түрде əдемілік деп аталған мен оған ұқсайтынды таза болмыс пен болымсыздық арасында теңселіп тұрғанын таптық . Осыдан келіп, кімде кім əдеміні көп аңғарып, бірақ сол əдеміліктің өзін көрмей, соған ере алмаса жəне де кімде кім көп əділдікті аңғарғанымен əділдіктің өзін көре алмаса. Яғни көп керемет байқайтындар туралы, бірақ өз-өзімен кереметті көрмейтін жəне өзінің жетекшісіне ере алмайтын, сонымен қатар көп əділетті іс-əрекеттерді байқайтындар туралы, бірақ өз-өзімен əділетті емес жəне т.б. туралы. Біздің айтатынымыз, осының барлығына олардың пікірлері бар, бірақ өздері не пікір айтқандарын білмейді. Бұл болмыстарды зерделейтіндер, үнемі өз-өзіне сəйкес келтіретіндер туралы не айтамыз? Олар тек күмəн келтірмей оларды біледі ғой. – Бұл қажет. – Жəне біздің айтатынымыз, бұлар білетіндерін, ал аналар күмəн келтіретіндерін құрметтейді, жақсы көреді. Олар біздің сөйлегенімізді, дыбыстарды, əдемі гүлдерді жəне т.б. ұнататындары жəне байқайтындары біздің есімізде. Бірақ оларда өз-өзінің керемет өмір сүруі туралы ой қалыптаспайды. – Иə, бұл біздің есімізде. – Сондықтан оларды даналықты ұнататындардан гөрі пікір айтуды ұнататындар деп айтсақ қателеспейміз бе? Ал өз-өзімен өмір сүретіндерді бағалайтындарды күмəнді жақсы көрмейтіндер, даналықты жақсы көретіндер деп атайды. – Сөз жоқ. Сегізінші кітап. Мынадай жағдай жиі болып тұрады, күнге күйген арық адам, соғыс кезінде көлеңкелі салқын жерде өскен ағаш секілді байдың қасына келіп қалса, онда абыржып қалатыны бар. Онда сеніңше бұл кедейге ойына осы байлар тек кедейлердің арқасында ғана байиды деген ой келмей ме? Басқа ешкім көрмей тұрған кезінде ол басқа кедейге «Біздің бастықтарымыз, ештеңеге тұрмайды екен ғой» деп айтпайды ма? Ауру денеге ауырып қалу үшін сырттан бір түрткі жеткілікті болғандай, мемлекет те сондай халде болғанда, кішкентай себеп болса бітті соғыс ашып кетеді. Меніңше, демократия кедейлер жеңіске жетіп, өзінің қарсыласын қиратқанда, кейбірін қуғынға ұшыратып, ал қалғандарының құқығын теңестіріп, қызметтерін ауыстырғанда ғана (бұлардың бəрі жеребе арқылы белгілі болады) жүзеге асады. Демократиялық мемлекетте басқару қабілетің болса да, саяси басқаруға араласу міндетті емес, қаламасаң үкіметке бағыну да, басқалар соғысып жатқанда соғысқа қатысу да, бейбітшілікке ұмтылмасаң, бейбіт өмір үшін жанып күюге де міндетті емессің. Тағы да айтатынымыз, егер қандай да бір заң басқаруға немесе соттауға тыйым салса, сен сонда да, егер қаласаң, басқара немесе сорттай аласың. Бір қарағанда мұндай өмір жақсы ғой? Бұл ерекшелік демократияның кішкене бөлшегі емес, керісінше, бұдан біз мемлекетімізді құрғанда асыл деп есептеген нəрсенің бəріне деген немқұрайлы көзқарасты байқауға болады. Кішкене кезіңнен, ойында да, сабақта да, əдеміге құмартпаған сияқты, адам ұлылыққа ие
болмаса, ол ешқашан мейірбан бола алмайды. Демократиялық құрылыс, осы қасиеттерін бойына жинап алып, мемлекеттік іс-əрекеттің қандай болу керек екендігіне бас ауыртпайды. Адам топ ішінде өз орнын таба білсе болды, үлкен құрметке ие болады. Осы жəне осыған ұқсас ерекшеліктер дұрыс басқару жолы жоқ, алайда көңілге қонымды демократиялық құрылысқа тəн. Мұнда тең құқылық бар. Осындай ерекшеліктердің жеке адамға қалай əсер ететінін көрейік. Жөнді тəрбие көрмеген жас бозбала өсіп, кенеттен бал арасының балының дəмін татып, оған түрлі рахат сыйлай алатын қауіпті аңдардың арасына түсуін – олигархтық түрдің демократиялық түрге ауысуымен салыстыруға болады. Бозбаланың жанын босатып, тазартқаннан кейін онымен түрлі құпиялармен бөлісіп, оны үлкен хордың көмегімен: бетсіздік, тым еркінсіну, рухсыздық, ұятсыздық арқылы белгісіз жерге жетелейді. Бетсіздікті олар көрегендік, тым еркінсінуді – тəуелсіздік, рухсыздықты – керемет сезім, ұятсыздықты – батырлық деп түсіндіреді. Осылайша керексіз қалауларға еремін деп адам құлқы бұзылады емес пе. Бірақ егер бағы жанып, бұл жағдай ұзаққа созылмаса, бала оған дейін есейіп, барлық күмəн артта қалады, бірақ əлде де болса, бұрын ұмыт қалған əдеттеріне қайта оралады, алайда бұрынғы үйретушілеріне толық ермейді, оның өз көзқарастары, өз жанында теңдік пайда болады: əр кез ол өз қалауын толық қанағаттандыруға тырысады, одан кейін – кейін барлық қасиеттер теңдей етіп бөлінген басқа қалауына еріп кете береді. Күннен күнге адам өзінің қалауынша өмір сүреді; біресе ол флейтаның үніне таңданады, біресе құр су ішіп, өзін қинайды, біресе қызық жаттығулармен шұғылданады, енді кей кездерде тіптен жалқауланып жатып алады. Кей кездерде өз уақытын сабақтарда өткізеді. Көбінесе ол адам қоғамдық жұмыстармен айналысады. Оның өмірінде белгілі бір тəртіп жоқ, оның өмірінде « қажеттілік» деген жоқ; ол осы өмірмен қолдана отырып, оны еркін, керемет, тəтті өмір деп атайды. – Сен еркін адамның тең құқылы өмірдегі өмірін өте жақсы көрсеттің. – Осындай адамды біз демократиялық деп атай аламыз ба? – Солай айтып көрейік. – Бірақ бұл жақсы мемлекеттік құрылыс пен жақсы адамды жақсылап қарау керек. Бұл – тирания мен тиран. Олигархтан демократия пайда болды, осылайша демократиядан тирания пайда болмай ма? Олигархия болған кезде байлық та орнатылған жоқ па?... Ал байлыққа тоймаушылық, ашқарақтық олигархияны өлтірді... Сонда демократия нені анықтаса, неге ұмтылса, соңында сол нəрсенің өзі демократияны бұзады. – Сенің ойыңша демократия игілік ретінде нені анықтайды? – Бостандық пен еркіндікті. Сен тек демократиялық мемлекетте ғана еркіндік, керемет бостандық деген сөзді ести аласың жəне өзінің табиғатынан еркін адам ғана осындай мемлекетте өмір сүре алады. Сонымен осындай бір нəрсеге деген тоймаушылық жəне басқаға деген немқұрайлылық тиранияға қажеттілігін оятады. Сондай жерде үкіметті тыңдайтын жай азаматтарды түкке тұрмайтын құлдарындай жамандайды. Ал үкімет басшыларына ұқсас тəуелділерді жəне өзінің тəуелділеріне ұқсас үкімет басшыларын мақтайды. Бірақ мұндай мемлекеттегі сатылған құлдар өздерін сатушылардан еркіндікті кем сезінбейді. Осындай мемлекетте əйел мен еркек арасында жəне еркек пен əйелдік арасында қандай еркіндік пен теңдіктің болатынын ұмытып кете жаздадық. Өздеріне жол бермегендерге аттар мен есектер өздерін еркін ұстап, əбден өнер көрсетулерін əдет қылған. Досым менің ,міне, осындай мемлекеттен тирания деген шығады. Олигархияда пайда болған осындай ауру олигархияның өзін өлтірді жəне одан да күшті қарқынмен ол мынадай мемлекетте өседі. Шынында да, қандай нəрсе болмасын, тіптен ол табиғат болсын, өте көп мөлшерде кенет өзгерісті тудырады. Мемлекеттік құрылымдарда да дəл осындай жағдай болуы мүмкін. Тым көп еркіндік, тіпті жеке адам үшін де, мемлекет үшін де ең қатаң құлшылыққа əкеліп соқтырады. Сонымен тирания айдаладан емес, демократиядан пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, тым көп еркіндіктен қатаң жəне үлкен құлшылық пайда болады. Мен бұл ауруға адамдардың ерекше тобын – ысырапшы, əрбір жеңілдікке еріп кететін адамдарды айтар едім. Олардың артынан соншалықты батыл да емес, біз оларды бал арасына ұқсаттық. Бұл бал арасының кейбіреуінің бізі бар, кейбіреуінің бізі жоқ. Бұл деңгейлердің екеуі де кез келген мемлекеттік құрылымға кесірін тигізеді. Мемлекеттік заң шығарушыға осының алдын алатын іс-шаралар қолдану керек: тəжірибелі ара өсіруші сияқты– бал араларына зақым келмес үшін алдын ала шаралар ойластырады, тіпті зақым келгеннің өзінде бал ара ұясының зақымданған жерін ойып алып тастайды. Ойша демократиялық мемлекетті 3 бөлікке бөлейік: шын мəнінде де солай. Бір бөлігін бал ара сияқтылар құрайды, осында олар олигархтық құрылымдағы секілді өздігінен болса да пайда болады. Мұнда олар қадірлі емес,керісінше оларды отырған қызметінен босатады. Сондықтан да олар күшейіп үлгере алмайды.Ал демократияның кезінде олар тіпті мемлекет басына дейін көтерілуі мүмкін: бал аралары сөйлейді де,əрекет жасайды,ал қалғандары жақынырақ отырып алады да,ызылдап, басқа адамдардың басқаша сөз сөйлеуіне мүмкіндік бермейді. Сонда осындай мемлекеттік құрылыста барлығын дерлік басқаратын осы адамдар ғой.
Кəсіпкерлер ішінен тек табиғатынан ойы жинақы адамдар ғана байлыққа қол жеткізе алады. Бал аралары міне осылардан өз балын жинағанды жөн көреді. – Ештеңесі жоқ адамнан қалай бірдеңе ала аласың? – Мұндай байларды көбіне, бал арасының пайдакөзі деп атайды. Үшінші дəрежеге – халықты жатқызамыз, олар өз қолымен еңбектенеді, жұмыстан безу оларға жат қылық, байлығы да көп емес. Олардың саны көп, əрі демократиялық құрылымның кезінде халықтың əсер ету күші де жоғары, əсіресе халық бір адамдай жұмылған болса. – Иə, бірақ тəтті болған өз үлесін алып отырмаса, халықтың жұмылуға еш құлқы болмайды. – Олардың үлесі əрқашан болады емес пе? Себебі үкімет біреудің байлығын алып,халыққа жаратуға сонымен қатар байлықтың көп бөлігін өзіне алып қалуға құқығы бар емес пе? – Өз үлесін олар дəл осы жолмен алады. – Ал халық бір адамды ерекшелеп, құрмет тұтып, соны ұлықтандыруды жақсы көрмейтін бе еді? – Иə, жақсы көреді. – Сонда, тиранның қалай пайда болатыны түсінікті болды: ол дəл осы түптеп алғанда халықтың қалаулы адамы ретінде болады екен ғой. Ол жеке меншікке ие адамдарға қарсы шығатын адам. Егер ол сəтсіздікке тап болса, қуғынға ұшыраса, содан кейін – өз дұшпандарына ерегесіп қайта келсе – онда ол нағыз тиран болып оралады. Алғашқы кезде ол күлімсіреп, өзін тиран емеспін деп сендіргісі келеді, халқына көп уəде береді, халықты салықтан босатып, оған жер таратады. Ол өзін осылай мейірімді етіп көрсеткісі келеді. Ол өз дұшпандарының біреуімен достасып, біреуін өлтіруге бұйырған кезде, оның ең алғаш мақсаты– халықты соғысқа шақыру болып табылады. Себебі халық өз қолбасшысын білу керек, оның үстіне салықтан басын көтере алмаған халық кедейленіп, өз басшысына қарсы бірдеңе ойластыруға қауқары қалмайды. Ал егер ол біреуді еркін ойлау мен өзіне қарсы шығып, оның басшылығын мойындамаған жағдайда, тиран мұндай адамдарды жауға сатылды деген айыппен өлтіреді. Осы үшін тиран үнемі өз халқын соғыспен қорқытып отыруға мəжбүр... ... Бірақ мұндай іс-əрекеттер оны азаматтарға күннен күнге жек көрінішті етеді. Айта кету керек, оның таққа көтерілуіне көмектескен елге құрметті адамдардың кейбіреуі оған өзінің қарсы пікірін білдіре бастайды. Өзінің билігін сақтап қалу үшін тиран барлығын құртуы керек, сондықтан да аяғында оның ешбір досы да қалмайды, қасы боларлықтай да ешкім қалмайды. Яғни, тиран кім ер, кім бай, кім мейірімді, кім ақылды екенін жіті бақылап жүруі керек. Тиран болу бақыты да үлкен екен. Ол еріксіз түрде осы адамдармен қас, оларға қары түрлі шырмаулар құрып, олардан мемлекетті арылтуға тырысады. – Керемет сезім, айтарлық ештеңе жоқ! – Иə, ол дəрігерлер қолданатынға қарама-қарсы: олар адам денесінен барлық жаманды алып тастаса, мұнда іс басқаша. Оның игілігі туралы оның алдында тұрған таңдауда айтады немесе өзіңді жек көретін барлық оңбағандардың арасында өмір сүру, немесе керісінше өмірмен қоштасу. Ол қаншалықты жек көрінішті болса, ол соншалықты оқ қағарларды, өзін қорғайтын адамдарды көбейтетіні шындық емес пе? – Əрине. – Ал оған кім адал? Оларды қайдан алады? – Оларға ақша төлесең болды, олар көп болып қаптап кетеді. – Ант етейін, олар тағы да бір бөтен ортасы туралы айтып кетті. – Бұны сен дұрыс ойладың. – Онда тиран əскеріне қайта оралайық, оның əсерлі көп алабажақ, өз құрамын өзгерте беретін əскеріне қарап, оны қандай қаражатқа асырып отырғанына келейік... Түсінемін: егер халық тиранды тудырған болса, халық оны жəне оның жақтастарын бағуы керек. Ал егер халық бас көтеріп үлкейген ұлы əкенің арқасында өмір сүрмеуі керек, керісінше əкесі ұлының арқасында өмір сүруі керек, əкесі баласын сол үшін асырап аяғынан тұрғызады, үлкен балаларын бағу өз құлдарыңа құлдыққа түсумен бірдей емес пе? Керісінше халықтың өкілі осылай десе, халық байлардан, былайша айтқанда құрметті адамдардан арылуға сенетін еді; енді халық оларға мемлекеттің шекарасын тастап кетіңдер деп талап етіп, əкесі баласын мас құрдастарымен қуғандай қуып жібереді. – Зевспен ант етемін, халық онда, өздері қандай құбыжықты сүйіп тəрбиелегенін көретін еді, онда олар өз күштерімен жаншыған адамдардың қандай күшті екеніне сенетін еді. – Мақал бойынша, «түтіннен қорқып, отқа түсесің» солайша халық еркін адамдарға бағынудан деспоттық билікке қызметке түседі жəне өзінің бостандығын ең ауыр жəне қайғылы нəрсе – құлдықтың құлдығына айырбастайды. Заңдар. 2 кітап Афиняндық. Мен бірінші балалық сезімдер – бұл рахаттану мен қайғырудың арқасында адам жанында игілік пен ақаулық пайда болады
деп білемін. Ал ақылдылық туралы жəне басқа шынайы пікірлер туралы айтатын болсақ, осы сезімдер ең болмаса қартайған кезінде пайда болса, ол адам бақытты. Рахаттану мен қайғыруға қатысты басынан аяғына дейін жеккөруге үйрететін игіліктің бөлігін жек көру керек, ал жақсы көруге үндейтін бөлігін жақсы көріп, оны тəрбиелеу деп атауға болады. Сонымен, дұрыс бағытталған рахат пен қайғырулар тəрбиені құрайды; алайда адам өмірінде олар біршама күшсізденіп, қайтып қалады. Сондықтан да құдайлар адам баласына жанашырлықпен қарап, құдіретті мейрамдарды белгілеп, Аполлонды, Музаларды сыйлаған, осы мейрамдардың жетекшісі Дионисті берген, ол тəрбиеде жіберілген ақаулықтарды құдайлардың көмегімен түзетіп отырған. Сол құдайлар бізге үйлесімділік пен ырғақ сезімін берді, ол рахатпен ұштасады. Осы сезім арқылы бізді би мен əндердегі айналуларымызды басқарады. Алғашқы тəрбие Аполлон мен музалар арқылы жүзеге асады. Адамның қылықтары, іс-қимылдары, оның өмірге деген көзқарасы, оны не қуантып, ненің ренжітетіні, адам нені əдемі жəне керемет санайтыны – осының бəрі өнер арқылы көрініс табады. Бірақ дене қимылдары мен өлеңдерге деген қуаныш адамдарға белгілі бір зияндық əкелмей ме? Керісінше қарама-қарсы нəрселерден рахаттанған адам олардың пайдасын көрмей ме? Бұзылған, зұлым адамдармен араласатын адамдармен үнемі араласатын адам өзі де сондай бола бастамай ма? Ол олардан бас тартпайды, керісінше оларға қуанады, олар оған ұнайды; егер ол оларды жек көрсе, тек қалжыңдап қана қояды, сонда өзінің түкке де тұрмайтындығы тек түс секілді. Бұл жағдайда өзі оларды мақтауға ұялса да қуанушы еріксіз түрде өзі қуанған адамдарға ұқсап кетеді. Мемлекеттерде керемет өлеңдер мен керемет дене қозғалуы жастарға əдет болуы керек. Мусиндық өнер өлшемі – лəззат. Алайда ең керемет Муза деп мен бірінші кездескенмен емес, бірақ жетерлікті жақсы тəрбие алған өзінің мейірімділігімен жəне тəрбиелігімен ерекшеленетін адамға лəззат алып келеді. Қарт жəне ең құрметті адамдармен бұл дұрыс деп қабылданған жəне көзі жеткен тəрбиенің өзі осындай ойларға балаларды баулиды. Балалардың жаны адам мен заңға қарсы қайғыру мен қуануға үйренбей, тек қарт сияқты баланың өзінің қуанышы мен қайғыруына еруден өлеңдер пайда болады. Негізінде біз оны жанды жаулап алатын деп атаймыз. Оларда маңызды мақсаты бар, ол – біз айтқандай үйлесімділікке жету. Жастардың жаны салмақты нəрселерге шыдай алмағандықтан оны көңілді ермек деп атап, оларды тек өлең түрінде орындау керек, себебі ауру адамдарға да пайдалы нəрселерді дəмді тағамдармен немесе сусынмен əкеледі ғой... Мен заң шығарушы болсам, ақындар жəне жалпы тұрғындар үшін мынандай шара қолданар едім, яғни кімде-кім біреудің өмірі нашар бола тұрып, өмірі керемет, жақсы тұрады деген өз көзқарасын білдірсе, сондай адамдарға мен ауыр жаза қолданар едім. Кімді бақытты адам деуге болады – əділ өмір сүруші ме, əлде, жанға жағымды өмір сүрушінікі ме? Жанға жағымдылықты əділдіктен ажырата алмайтын ғалым, ақындар басқа тұрғындардың өз-өзіне бақытты жəне əділдікті тілеп, өмір сүруді сендіре алады. Еш адам басқаға өз еркіндігімен бақытқа қарағанда, жамандықты əкелетін істі орындауға сендіре алмайды ғой. Ал заң шығарушы, менің ойымша, осындай ойды жоққа шығарып, əр адамның өзінің көзқарасының қалыптасуына көмек беру керек. Əр адам үлкен не кіші болсын, құл не еркін адам болсын, əйел не еркек болсын, барлығы өздері үшін көңілге жағымды өлең айтуы керек жəне осы өлеңдерде біз жоғарыда айтып кеткен мəселелердің барлығы көрініс табуы керек. Айтушылар қанағатты сезіну үшін осы өлеңдердің құрылымын əрқашан өзгертіп отыруы керек. Оларға əрқашан құштар болу үшін, рахат сезіну үшін əрқашан өлеңдердің түрін өзгертіп тұруы керек. Қырыққа жеткендер тойлауына болады. Дионис шарапты кəріліктің дəрісі ретінде бергендіктен жəне біз қайта жасарып, өзіміздің жаман көңіл күйімізді ұмытамыз, қатты мінезіміз тура отқа салған темірдей икемделеді, жұмсарады. Біз айтқан емес пе едік? Мұндай жағдайда ішетін адамдардың жаны отпен оранады, тура балқыған темірдей, жұмсарады, жасарады, содан кім тəрбиелеп құрастыра білсе, соның қолында көңілді болады. Мұндай мүсінші сол баяғы – жақсы заң шығарушы. Бұл заңға көмек көрсететін қорғаушылар тұйық немесе мас емес болуы тиіс, тек солар ғана ішкендердің бастығы болады. Егер де мастық пен ойын-сауық осындай болса, онда тойлап жүргендер одан тек пайда алып, одан жау болып қайтпай, алдыңғысынан да бетер дос болып қайтар еді. Дионисті жаман деп, оның берген бүкіл байлығын сауып тастап, ол мемлекет құрамына кіруге сай емес деп айта алмаймыз. Менің білуімше бір де бір жан жаңа туылған кезінде, кемел кезіндегідей ақылға ие болмайды. Ол жан оған тəн ақылмен, еш байланыссыз сөздерді айтады, аяғынан тұрған соң еш мақсатсыз секіре бастайды. Біздің ой қорытуымыз бойынша, дəл осы жерде музыкалық жəне гимнастикалық өнерлердің бастауы жасырынып жатыр. 6-кітап Афиндік. Келесісі: заң шығару кез келгенге түсінікті екендігі белгілі. Егер жақсы құрылған мемлекет жақсы қалыптастырылған заңдарға іске
алғысыз билікті қойса, бұл заңдар еш пайда əкелмейді, жəне өте қызықты жағдай туындайды; оның үстіне бұл мемлекетке үлкен зиян əкеледі де, оны құрдымға кетіреді. Сондықтан да заң жүзінде билік басындағы қызметтерде отырған адамдар кішкентай кезінен бастап бүгінгі күнге дейін тек игі істермен айналысқандығын жеткілікті дəлелдеуі керек. Өз кезегінде болашақ дауыс берушілер заң бойынша жақсы тəрбиеленген болуы керек, себебі мойындаумен керге шығару жолдары арқылы, немесе əр сайлаушының қызметіне байланысты. Осындай жолмен өткізілетін сайлаулар, монархиялық жəне демократиялық құрылымдардың арасындағы орынға ие. Себебі құлдары өз қожайындарының достары бола алмайды, сонымен қатар қызметтік деңгейі бір тəрбиелі достар бола алмайды. Себебі тең еместер үшін, егер қажеттілік өлшемі сақталса. Бірақ кез келген адамға нағыз ақиқатты керемет теңдікті, жəне бұл Зевс пайымдаулары адамдарға ол мүлдем аз бөлінеді, адамдарға аса көп көңіл бөлінбейді, себебі назар мемлекетке жəне жеке тұлғаларға ауған. Үлкенге – үлкен, кішіге – кіші, яғни əркімге өз табиғатына лайық затты сыйлайды. Теңізде жүзіп жүрген кеменің күндіз-түні қарауылдауды қажет ететініндей, мемлекет те өз бағытын осылайша анықтайды, өзге мемлекеттердің қыспағында тұрып, көп тəуекелге барады. Сондықтан да билік басындағыларды билеушілер, ал қарауылдарды қарауылдар шаршамай ауыстырып отыруы керек. Тобыр еш уақытта бұған жете алмайды. Елде дұшпан үшін еш нəрседен өте алмайтын, ал дос үшін барлық жағдай жасалған болуы керек. Бұрын біреудің билігінде болып көрмеген адамнан мақтауға тұрарлық жақсы əмірші шықпайды; сондықтан жақсы басқару, жақсы бағынудан, яғни ең бірінші заңдарға бағынудан туындайды. Ал жеңіл-желпі қарағаннан əдетте қиындықтар туындайды. Тəртіп пен заңға байланыстының бəрінен мемлекеттік игілік туындайды. Ал тəртіпсіздік, көбіне, қалған жақсы игіліктерді жояды. Əрбір адам ең болмағанда, адамзаттың бастамасы мүмкін мүлдем болмаған шығар (сондықтан да оның ақыры да жоқ болуы мүмкін), немесе адамзаттың пайда болғанына сан жетпестей соншалықты ұзақ уақыт өтіп кеткені туралы бір сəт болса да ойлануы керек. 8-кітап Афиндік. Шын мəнінде, рух пен дене бірлігі олардың жекелеген формасына күрделі нəрсе емес. Сондықтан да біздің мемлекет, əрбір жеке адам сияқты, бақытты өмір сүруі керек. Ал бақытты өмір сүргендер мүмкіндігінше бірін-бірі ренжітпеуі керек жəне басқаларға да өкпелемеуі керек.Сонымен жағдай осылай болған жағдайда, əркім соғысқа соғыс кезінде емес, бейбітшілік кезде дайындалуы керек. Сондықтан əрбір ақылды мемлекет соғыс қимылдарын кемінде əр айдың бір күнінде дайындалуы керек, көбірек болса, тіпті жақсы, суықтан да, ыстықтан да қорықпау керек. Сонымен бірге дайындық соғыс шын соғыс секілді түрде үйретілуі керек. Əрбір жеке сайыс үшін марапаттау мен сыйлықтар даярлау керек. Азаматтар бірін-бірі құрметтеп, мақтауға бөлей бастайды. Бүкіл мемлекетте белгілі бір жерге ие болу үшін адамдар бір-бірімен күресіп, шын соғысқа ұқсатып амалдар ойластыруға мəжбүр. Олар тіпті оқ пен садақ атып қолдануға болады, сонда жағдай шындыққа жуықтап, қорқыныш пайда болады, сонда ғана кімнің бойында жоғары рух бар, кімде мұндай қасиет жоқ екенін білуге болады. Алғашқылары құрметке, кейінгілері абыройсыздыққа ұшырайды. Осылайша, бүкіл мемлекет өзінің өмір сүруі барысында соғысқа əрдайым дайын болады. Егер мұндай жағдайда біреу байқаусызда өмірінен айырылса да, өлтіруші айыпсыз деп есептеледі. Заң шығарушы да аз адамның өлімінің орнын жаңа туылғандар басады деп ойлайды. Егер қорқу болмаса, онда жақсы мен жаман адамды қалай айырамыз, ал бұл мемлекет үшін өте қауіпті. Байлыққа құмарлықтың арқасында адамдар өз басының несібесін ғана ойлайды. Мемлекет не үшін осы аталған əдет-ғұрыптарды енгізуге жол бермеуінің бірден-бір себебі осы. Алтын, күміс секілді асыл тастарға құмарлығының арқасында кез келген адам жақсы болсын, жаман болсын айла-тəсілдерге жүгінеді. Бұл іс-əрекет игі болса да, теріс болса да адамдар тек баюды, жақсы тамақтануды, рахатқа бөленуді ғана ойлайды. Демек, менің айтып отырғаным – мемлекеттің игі қасиеттерін, соғыс өнерін дамытуға мүмкіндік бермейтін бірден-бір себеп. Табиғатынан жақсы адамдарды ол саудагер, кеме жасаушы, өзге де қызметкерлер етіп өзгертеді; ал ерлерден – қарақшылар, құдайға қарғыс айтушылар, қабыр қазушылар, соғысушылар, тирандар; келесі жолы олар одан да жаман, бірақ олардың сəті түспеді. Бұның себебі мемлекеттік құрылым: демократиялық, олигархиялық, тирандық, алайда анау да, мұнау да, үшіншісі де мемлекеттік құрылым емес, мұның барлығы өзара қырқысулар болады, себебі бұл құрылымдардың ешқайсысы ерікті емес, əрқашан өз қоластындағы бағыныштылардың еркін басып, қорқытып ұстау арқылы тұр. Əмірші (қожайын) өзінің қол астындағыларға құрмет, атақ, даңқ пен байлықты жайдан-жай бере салған жоқ. Барлық жамандықтың ең басты екі себебі де осы еді. Дегенмен біз сөз ететін жəне ол үшін, заң қабылдайтын мемлекеттер үшін бұл екі себептің де қатысы жоқ. Ол елдің тұрғындары ұлы əңгімелерді сөз етеді, олар бір-біріне ешқандай тəуелді болмайды; мұндай жағдайда олар тіптен болмайды. Осы себептерден де
қазіргі таңдағы мемлекеттердің ішінде осы көтерілген мəселелерге жауап бере алатындары ғана дұрыс тəрбие бере алады. Ол үшін осы күнде бізге ашық, мемлекет пен азаматтарға байланысты, мемлекет ішіндегі қарым-қатынастар жайлы ойын ашық, батыл айта алатын өжет адам керек. Ол барлығына да қарсы тұра білуі керек, оған ешкім де көмекке келмейді, ол жалғыз өзі өз ойларын дəлелдей білуі керек. Құмарлық пен лəззатқа жол беріп, оған қарсы тұра алмаған адамды кез келгені сөгуге даяр тұрады. Жəне де əрине əйел образына ұқсауға тырысқандарға барлығы мін тағады. Олар үлкен күресте жеңіске жету үшін түрлі құмарлықтарына қарсы тұра алады, осыдан келе біздің ұрпақ сияқты жеңіске жету үшін қолдарынан келгенін жасамай ма? Бұл жеңістің керемет құдіреттілігін кейіннен аңыздар мен өлеңдерден көрсетеміз. Клиний. Бұл жеңіс қандай? Афиндік. Өмірді игі жасайтын лəззаттарды жеңу; ал оларға жол беру олардың өмірін тіптен керісінше өзгертеді. Нəпсіқұмар адамдар табиғатына өздеріне-өздері қарсы тұра алмағандар – бір топты құрайды. Қалған азаматтардың үш бөлігі соларды жан-жағынан қоршап, заңды бұзбауларын қадағалайды. Кейде көршілердің арасындағы болар-болмас ренжулер үлкен соғысқа əкеліп, көршілес болудың өзін ащы, жаман қарым-қатынастарға алып келеді. Сондықтан əрбір көрші екінші бір көршісінің өзіне өшігуіне ешқандай себеп тудырмауы абзал. Біреуге жамандық жасау оңай, əркімнің қолынан келетін іс, ал көмек көрсету, əркім үшін оңай емес. Мемлекеттің жоғарғы басшысы мұндай майда-шүйде істер үшін заң қабылдауды талап ету қажет емес. Аударған З.С. Ахтамбердиева. АРИСТОТЕЛЬ (б.з.д. 384–322 жж.) Оның отаны Эгей теңізінің солтүстік-батыс жаға лауында орналасқан Фракияның Стагир қаласы. Аристотельдің əкесі Никомах ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дəрігерлер əулетінен шыққан, македон патшасы Аминт ІІІ-де қызмет еткен. Аристотель балалық шағын Аминтаның баласы, өзінің құрдасы Филиппен, яғни болашақ македон патшасы Филипп ІІ-мен бірге сарайда өткізген. Аристотельді көрген адамдардың айтуынша, ол бала кезінен аса көрнекті болмаған. Арық, аяқтары шидей, көздері кішкентай, ақырын сөйлейтін. Алайда киінгенді жақсы көретін, бірнеше қымбат жүзіктерді тағып, ерекше шаш үлгісін қоятын. Б.з.д. 40 жылдардың соңында Филипп ІІ, өзінің ұлы он үш жасар Александрды тəрбиелеу үшін Аристотельді Македонияға шақырады. Аристотель Македонияға көшеді. Александрды тəрбиелеу төрт жылдай созылады. Кейіннен ұлы қолбасшы былай дейді: «Мен Аристотельді əкемдей құрметтеймін, егер əкеме өмірім үшін қарыздар болсам, Аристотельге өміріме құн беретін заттар үшін қарыздармын» – дейді. Тəрбиелеудің мақсатын үш түрлі бастау анықтайды: тəни, еркіндік, саналы. Аристотель Афиныда Ликей деп аталатын оқу орнын ашты. Бұл философтың болашақ əрекетінің символына айналды. Аристотель бақыттың идеалын адамның əлем негізін тануға бағытталған қызу жұмысынан көрді. Аристотель білімді жалпы білім беретін жүйенің ішіне енгізу идеясының авторы. Философтың көзқарастары «Саясат» атты трактатында берілген. Аристотель əлеуметтік жəне биологиялық тəрбиелеудің үйлесімділігі туралы айтқанда, тек жақсы ата-анадан жақсы ұрпақ пайда болатынын айтады. Екінші жағынан табиғат əдетте осыған ұмтылғанымен, оған жете алмайды. Қоғамдық, мемлекеттік (кемел мемлекеттің еркін азаматтарын теңдей тəрбиелеу) тəрбиеге ерекше орын беріледі. 7 жасқа дейін əкесінің жəне мемлекеттік шенеуніктердің қарауымен үйде тəрбиелеу. Аристотель ата-аналарының балалар тəрбиесіне араласпауын жөн көрмейді. Бұл жерде 5 жастан 7 жасқа дейін алдын-ала тəрбиелеу жүреді. 7 жастан бастап балаларды мемлекет тəрбиелейді. Бастауыш оқытудың бағдарламасына грамматика, гимнастика, музыка, сурет салу кірді. Тəрбиені денені күтуден, содан кейін барып жанды баптаудан бастайтын. Аристотель Спарталық қатаң физикалық жаттығуларды сынға алады. Музыкаға ерекше орын берілетін. Аристотель антикалық кезең мен мұсылмандыққа да ерекше ықпал еткен жан. Іс бойынша сөйле. Бір адам Аристотельге ұзақ, іш пыстырарлық əңгімесін айтып қоймайды. Соңында ол үндемей отырған философтан: – Мен сізді шаршатқан жоқпын ба? – деп сұрайды. Ол болса: – Жоқ, мен тыңдаған жоқпын, – деп жауап береді. Айтуды үйренбей тұрып, тыңдауды үйрен. Бір күні Аристотельге тəрбиелеуге өте сөзуар жас жігітті əкеледі. Көп əңгімеден кейін жігіт ұстазынан қанша ақша алатынын сұрайды. – Сенен екі есе көп – дейді философ. – Неге? – деп таң қалады анау. – Себебі сенімен екі есе жұмыс жасауға тура келеді: əуелі сөйлер алдында, саған үндемеуді үйретуім керек – дейді философ.
НИКОМАХ ЭТИКАСЫ (үзінді) Бірінші кітап (А) 1 (І). Кез келген өнер, кез келген ілім, яғни əрекет жəне саналы түрдегі таңдау, белгілі бір игілікке ұмтылу болып табылады. Яғни игілікті барлығы ұмтылатын зат деп сəтті анықтаймыз. Алайда мақсаттарында белгілі бір айырмашылықтар табылады. Себебі бір мақсаттар – бұл əрекеттер, келесілері – белгілі бір олардан бөлек нəтижелер. Белгілі мақсаттар əрекеттерден бөлек болған жағдайларда, əрине нəтижелер əрекеттен артық болып шығады. Себебі ғылымдар мен өнердің əрекеттері көп. мақсаттар да көп болады. Емдеуде – бұл денсаулық, кеме жасауда – бұл кеме, əскерде – бұл жеңіс, шаруашылықта – байлық, бұл заттар (ғылымдар мен өнерде) қатарында белгілі бір ептіліктерге, қабілеттерге байланысты болғандықтан, мəселен жүген жасау өнері секілді т.б. ат əбзелдеріне қатыстылар атты басқару өнеріне бағынған. Ал ол өзі əскери істегі басқа да істер секілді əскерді басқару өнеріне жатады. Осылайша өзге өнер түрлері де өзге өнер түрлеріне бағынышты. Қай жағдайда болмасын өнерді басқарушылардың мақсаты құрметтеуге тұрарлық. Бұл жағдайда əрекеттер – істің мақсаты ма, жоқ, мақсаттар – олардан бөлек заттар ма бəрібір. (ІІ). Егер біз жасаған бір нəрсенің өзінен-өзі қалаулы белгілі бір мақсаты болса, жəне өзге мақсаттар сол үшін қалаулы болса, біз барлық мақсаттарды таңдап алмаймыз, ал дəл сол мақсатты ғана таңдап аламыз, осы игілік (tagathon) болады, ең жоғарғы игілік (to rіston) болып табылады. Оның танымы өмір сүру салтына əсер етпейді ме? Бағыт нұсқайтын таяқтар секілді көз алдымыздан нысананы көре тұрып, керегімізге тура жетпейміз бе? Егер олай болса, біз ең болмаса жалпы нобайын елестетіп, бұл не, қай ғылым, қай білім түріне қатысы бар екенін анықтауымыз керек. Ол негізінен барлығын басқаратын басты ғылымның кіріспесі болуы мүмкін екенін мойындауымыз керек. Ал мемлекет туралы ғылым сондай болып елестейді. Ол мемлекетке қандай ғылымдар қажет екенін, əркім қандай ғылымдарды, қандай көлемде оқуы керек екенін анықтайды ғой. Біз жақсы білетін қабілеттер: əскер басқара алу, шаруа жүргізе алу, қызыл тіл – барлығы осы ғылымға бағынышты екенін көреміз. Мемлекет туралы ғылым өзге ғылымдарды құрал ретінде пайдаланып отырғандықтан, заң шығару қандай істерді жасауға болатынын, қандай істерге бармау керектігін белгілеп беріп отырғандықтан оның мақсаты өзге ғылымдардың да мақсатын өз ішіне кіргізеді. Бұл мақсат адамдар үшін ең жоғарғы игілік болады. Егер бір адам үшін игі іс, мемлекет үшін де игі іс болса, онда ең маңыздысы мемлекет игілігі, оған жету оны сақтау. Бір адамның да игілігі қалаулы əрине, алайда халық пен мемлекеттің игілігі керемет, құдіретті. Сонымен аталмыш ілім мемлекет туралы ғылым осыны өзіне мақсат етеді. 10. (ІХ). Осымен байланысты: «Бақыт оқудың, үйретудің, жаттығудың нəтижесі ме, ол бір құдіретті енші ретінде беріле ме, əлде кездейслқ па?» – деген сұрақ қояды. Əрине егер құдайлардың сыйы болатын болса, құдайлар адамға сый ретінде береді деп ойлау дұрыс, оның үстіне ол адамның ең керемет игілігі ғой. Бірақ аталмыш сұрақ басқа бір зерттеуге жататын болса керек; соған қарамастан, бақыт адамдарға құдайлардан жіберілмейтін болса, өз мейірімділігінің жемісі болса, жəне жаттығулар мен білімдердің өзіндік қалыптасқаны десек те ол құдіретті заттарға жатады, себебі игілікті істің сыйы мен мақсаты ең жоғарғы игілік. Сонымен қатар (бақыт) – бұл көптеген адамдар үшін ортақ нəрселер, оқыту мен тырысудың арқасында ол барлығына тиесілі болуы мүмкін. Егер бақытты болсаң кездейсоқ бақытқа ие болмай, өнерге жəне себептеріне сəйкес, табиғатқа сəйкес ең керемет жай-күйді бастан кешіруге болады. Ең керемет, ең ұлы жай-күйді кездейсоқтыққа салып қойып қарап отырған өте ағат болар еді. Зерттеп отырған мəселе біз бақытқа қандай анықтама беретінімізге де байланысты, себебі бақыт дегеніміз – бұл белглі бір сападағы жанның игілікке сəйкес əрекеті. Өзге игіліктер оған қажеттіліктер (бақыт үшін) ретінде берілген, ал өзгелер өз табиғатынан қосалқы əрі пайдалы құралдар болып табылады. Бұл басында айтылғандармен үндесетін болса керек: біз мемлекет туралы ғылымның мақсаты ең жоғарғы игілік дедік, себебі дəл осы ғылым өзгелерге қарағанда белгілі бір сападағы яғни мейірбан, жақсы істер істейтін азаматтарды қалыптастыруға, ең көп көңіл бөледі. Біз бұқаны, атты немесе тағы басқа бір жануарды бақытты деп атамаймыз, себебі олардың бір де біреуі бұл əрекетке қатысы жоқ. Сол себепті бала да бақытты болып табылмайды, себебі ол жас бойынша бұндай əрекеттерге бара алмайды, ал балалардың арасынан біреуді бақытты деп атаса, оны болашағына байланысты айтады. Бақыт үшін біз айтқандай мейірбандылықтың бүтіндігі, өмірдің бүтіндігі керек қой. Ал өмір бойында өте көп өзгерістер болады, тағдыр тəлкектері болады, троялық аңыздарында Приам туралы баяндалғанындай ең жақсы өркендеген адамды қарт кезінде ұлы бақытсыздықтар күтіп тұруы мүмкін; Тағдырдың мұндай тəлкектерін көріп, өмірін жаман аяқтаған адамдар туралы ешкім бақытты деп айта алмайды. 11 (Х). Онда адам тірі кезінде ешкімді де бақытты деп санауға болмайтын шығар, Солон бойынша өмірінің соңына қарап анықтау керек шығар? Егер шынымен осындайды мойындасақ, онда адам өлгеннен
кейін бақытты болады ма? Жоқ бұл барлық жағынан алғанда дұрыс па екен, əсіресе бақытты – белгілі бір əрекет деп анықтап отырған біз үшін? Егер біз өлген адамды бақытты деп атамасақ, Солон бұл жағдайда мұны айтқысы келген жоқ, əйтпесе қателігі жоқ адамды бақытты деп тек барлық бақытсыздықтары басынан өткеннен кейін ғана атауға болады ма, бұл жағдайда біздің талқылауымыз біршама таласты болып келеді. Өлген адам үшін белгілі бір зұлымдық пен игілік бар деп есептеледі ғой, онда ол тірі үшін асығыс, ештеңе сезбейтін кезде; бұл мысалға ар мен арсыздық, балалар мен жалпы ұрпақтардың игілігі пен бақытсыздығы. Бірақ мұның өзі өте ауыр сұрақты қояды. Шынымен қартайғанша, тіпті өлгенше шат-шадыман өмір сүрген адамның ұрпақтарымен түрлі өзгерістер болып жатады, ұрпақтарының бірі жақсы болып керемет өмірге қол жеткізсе, кейбіреулері керісінше. Жəне ұрпақтары ата-бабаларымен түрлі туыстық қатыста болуы мүмкін. Алайда өлгеннің ұрпағымен бірге өзгерістерді басынан өткізіп бірде бақытты, бірде бақытсыз болуы ақылға сыйымсыз, дегенмен ұрпақтар іс-əрекеті ата-бабаларына еш уақыт бөлігінде еш əсер бермейді деу де дұрыс емес. Төртінші кітап Сонымен, ұлылық – бұл мүмкін ізгілердің сəні, себебі, оларға ұлылық беріп, оларсыз өмір сүрмейді. Сол үшін шынайы ұлы болу қиын, себебі бұл үшін рухани кемелдік (kaіokagathіa) керек. Ұлы бірінші кезекте ар жəне арсыздықпен кездеседі. Бұл жағдайда оның жақсы адамдардың беретін ұлы тағлымдарынан алатын лəззаты тиісті немесе одан да аз болғандай орташа болады: себебі барлық жағынан ізгілік кемелдігіне жететін ар жоқ; сонда да ол бұл құрметті қабылдайды, себебі оған бұдан артық беретін ештеңе жоқ. Кездейсоқ адамдардың болымсыз себептерге берілетін құрметін ол қабылдамайды. Бұл оған лайық емес. Осылайша, ол арсыздыққа да қарайды, себебі шынымен де бұның оған қатысы жоқ. Сонымен, ұлы жоғарыда айтылғандай, арға қатысты, сонымен қатар байлық, билеуші күшіне, жəне жеңіс пен жеңіліске қатысты өзін осылай орташа, жеңістерге аса қуанбай жеңіліске аса қынжылмайды; билеуші күшін де, байлықты да құрмет үшін иеленеді, ең болмаса соларға құрметті болғысы келеді. Сол үшін ұлылар намысшыл болып келеді. 8. Сəтті жағдай ұлылыққа себеп болады деп есептеледі. Шынымен де, құрметке қайырымды билеушілер осындай адамдарды құрмет тұтады. Шынымен де, құрметке қайырымды билеушілер мен байлар ие болады, себебі олар басымдылыққа ие, ал басымдылық құрметтеуге тұрарлық деп есептеледі. Сол үшін осындай адамдарды құрмет тұтады. Бірақ шынайы ізгі адам ғана құрметтеуге тұрарлық, ал екеуі де болса (ізгі ниет те, сəтті жағдай да), онда одан да құрметке лайық. Ал негізгі ниеті болмай, сəтті жағдайға ие болған адам өзін ұлыға лайық есептейді, əрі ұлы деп аталуы дұрыс емес, себебі барлық жағынан мінсіз ұлы болу мүмкін емес. Тəкəппар мен арсыз болатын да осы сəтті жағдай иелері, себебі ізгіліксіз жеңістерді басынан өткізу оңай емес. Басынан өткізе алмайтындар, əрі өзгелерден өзін биік санайтындар өзгелерді жек көреді, ал өздері болса түрлі іс-əрекет жасайды. Олар тек ұлыларға еліктейді, жəне өздері істей алатын, яғни жек көру əрекетін жасай отырып еліктейді. Ұлының жек көруге хақы бар, себебі оның көзқарасы шынайы, ал көпшіліктікі кездейсоқ. Ұлы өзін тегіннен-тегін басын қатерге тікпейді, өте аз нəрсені құрмет тұтқандықтан қауіп-қатерді жақсы көрмейді. Бірақ ұлы іс-əрекеттер үшін қауіп-қатер төнгенде өмірі үшін қорықпайды жəне тірі қалуды арсыздық деп есептейді. Ол ізгі істер жасай алады, бірақ қабылдаудан жасқанады, себебі алғашқысы – оның басымдығының, кейінгісі – өзгенің басымдығының бейнесі. Ізгі іс үшін ол одан да өзге іс жасайды, сол кезде ізгі іс жасаушы оған қарыз болып қалады. Ұлы адамдар кімге ізгі іс жасағанын есте сақтап, оларға ізгі іс жасағанын ұмытады (ізгі іс қабылдаған – жасаушыдан төмен, ал олар басымдылыққа тырысады), ұлылар өздері жасаған ізгі істер туралы естуді жақсы көріп, өздеріне жасалғанын ұмытпайды. Міне сондықтан Фетиданың өзі Зевске жасаған жақсылықтарын ескертпейді, лаконяндықтар да – афиндіктерге жасаған жақсылықтарын ескертпейді, алайда өздеріне біреудің жасаған жақсылықтарын ұмытпайды. Ұлылықтың белгісі – еш нəрсеге зəру емес, бірақ ылғи өзгелерге қызмет көрсетіп отырады. Тоғызыншы кітап. (І) 1 (І). Барлық достық түрлерінде, пропорционалдық, достықты теңестіріп сақтап тұрады. Мысалы мемлекеттік (достықта) етікші ектіктерінің құнына сай сыйақы алады, тігінші де сол сияқты. Бұл жағдайда жалпыға бірдей өлшем –тиын бар, бəрі сонымен өлшеніп, соған теңеледі. Махаббат жағдайында – ғашық адам кейде достық үшін қажет ешнəрсе жоқ деп жалынса, оған ғашық болған адам айтады – басында сүйіктім бəрін беріп еді, енді ештеңе де орындамайды деп. Мұндай жағдай екі ғашық қанағат табу үшін немесе пайда үшін дос болған кезде болады. бірақ екеуінде де бір-бірінен күтетін нəрсесі жоқ. Демек, осындай мақсатты көздеген достықтың тез аяқталуының себебі – екі адам бірінен-бірі достықты түсінетін, күтетін пайданы ала алмайды. Яғни достар бір-бірін емес, сол адамда бар нəрсені сүйеді. Бірақ адамгершілікті достық – тұрақты. Келіспеушіліктер – күткен нəрсе емес, басқаға қол жеткен кезде де болуы мүмкін. Себебі көзделген мақсатқа жетпеу ештеңеге жетпеу емес
пе? Мысалға айтатын болсақ, неғұрлым жақсы айтса, соғұрлым үлкен сыйақы беремін деп уəделескен патша мен кифаред жағдайы. Бірақ ертеңгі күні патша сыйақы орнына: «рахат əкелгенің үшін сен толық қанағаттандырдың» – деп айтады. Егер əркім тілеген нəрсесін алса, онда олар (екі жақ) толық қанағаттанар еді. Бірақ, егер біреу – шаттық тілеп, екіншісі – ақша талап етсе, жəне де біреуі тілегенін алып, екіншісі алмаса, мұндай қарым-қатынастардан аяғында түк шықпас. Себебі адам өзіне қажет нəрсесін алу үшін бəрін беруге болады. Дегенмен екі жақтың қайсысына баға қоюымыз керек: кім бірінші шығынданса, соған ба, əлде кім бірінші алса, соған ба? Себебі, өзінің бергенін бағалауға бірінші ұсынады. Бұны Протагор жасаған дейді: əрі жаңа мағлұмат берген, жаңа білім берген сайын, ол оқушылардан сол алған білімді бағалауын талап еткен жəне сол ақыны алатын болған. Мұндай жағдайларда кейбіреулері «қанша сұраса, сонша алып алып, кейін айтқанын істемейтіндер, сөзінде тұрмайтындар – айналадағылардың сөзіне қалады. Софистер, осындайды істеуге мəжбүр болған секілді. Себебі, олардың білімдері үшін ешкім ақы бермес еді. Яғни, ақы алған ісін кейін орындамайтыны үшін софистерді ұнатпаған болуы керек. Достары үшін бірінші болып шығынданатындар – сөзге қалмайды. Себебі адамгершілікті достық талабы солай. Бұл жердегі сыйақы, бірінші берген адамның саналы таңдауына сай болуы керек, яғни дос үшін саналы таңдау – дос пен ізгі ниетті адамды ажыратады. Бұлай келісімді, байланыса философиямен айналысқан (мұғалімдер мен оқушылар) адамдарда болуы керек. Себебі мұнда ақы ақшамен есептелінбейді, мүмкіндікке қарай беріледі, ата-аналар мен құдайға қатынаста сияқты. Егер, өзара алмасу, бұндайда болмаса, бірақ қайтып алмасу болса, онда екі жақтың сол алмасуды қажет дəрежеге теңгере білуі керек. Бұл жағдайда бірінші болып көмекті алуға келіскен адам, сол көмектің ақысын, бағасын анықтауы қажет. Шынында да көмекті алған адам, алған қанағаты үшін қанша беруге келіссе, берген бірінші адам, ақы ретінде сонша алады. Сондай нəрсе сату-сатып алуда да болады, кейбір жерде еркін келісімдерді соттың қарастыруына болмайды. Бұл жерде сенім білдірген кісімен, келісім қандай қарым-қатынаста басталса, сондай жолмен бұзылуы керек. Шын мəнінде, бағасын ұсынушы емес, бұны жасауға мүмкіндік берілген адам орнатса – бұл əділірек болар еді. Көп заттарға иелері мен сатып алушылар дұрыс бағасын қайталайды, себебі өзінікі жəне берілетін ңəрсе əркімге қымбат сияқты. Бірақ бағасы сатып алушының қойған бағасымен тең. Бəрібір бағаны сатушы емес, сатып алушы қойған дұрыс. Ең бірінші кімді құрметтеу керек, өзіңді ме, əлде басқа біреуді ме? – деген сұрақ та күрделі. Шынымен, өздерін жоғары тұрғыдан жақсы көретін адамдарға кінə тағып, төмендетіп, оларды «өзін сүюшілер» деп атады; жəне бұл тектес адамдар бəрін тек өзі үшін істейді деп есептеледі, ал жомарт адам болса, барлығын керемет үшін, дос үшін жасайды, көбірек жасаған сайын, күштірек бола түседі. Істе болып жатқан нəрсе, бұл тұжырымдармен сəйкес келмейді, бұл түсінікті де. Шын мəнінде бірінші орында құрметті ең жақын досың тұру керек, ал ең жақын дос бұл біреуге игі жақсылықтар тілей отырып, оны дəл сол адамға тілейді, тіпті бұны ешкім білмесе де. Ал ондай қасиеттер достықты анықтайтын басқа да қасиеттер сияқты өзіне осындай көзқарастағы адамдарда болады. Достық көріністері адам өзіне-өзі қандай қарым-қатынаста болса, басқаларға да сондай болып таралады. Көптеген мақал-мəтелдер де осымен үндес: «жан жанға», «достарда бəрі ортақ», «теңдік бұл достық», «өз жейдең кеудеңе жақын» жəне т.б. Осының бəрі бірінші орында осындай көзқарастағы адамдарда болады. Əрине кімнің соңынан еру керектігін шешу қиын, себебі екі ой да үлкен сенімділік береді. Сол себептен де бұл ойлардың қайсысы шындыққа жанасымды екенін білу үшін оларды сараптап, саралау керек. Егер де біз өзін-өзі сүю дегенге, кім қандай ұғым беретінін білсек, барлығы да өзінен өзі айқындалады. Яғни мұны мін тағу үшін енгізгендер, «өзін-өзі сүйетіндер» деп өздеріне заттық тұрғыдан көп үлес бөлетін, құрмет пен лəззат алуды сүйетіндер, ал бұған адамдардың көпшілігі-ақ құштар, бұл бір биіктердің биігі секілді, сол себептен де кейде олар бірбірімен төбелеске дейін барады. Мұндай сəтте өзімшілдер құмарлық пен құштарлыққа кездеседі, ал ол ақыл-ойға жат болғанымен де, ондайлар көп-ақ, яғни бұл сөздің шығуы да таңғаларлыққа жақын, яғни шынымен де «өзін өзі сүйетіндерге» мін тағу заңды болып табылады. Сондықтан да көпшіліктің өзін өзі сүйетіндер деп өздеріне жоғарыда айтылғандарды жанастыратындар шынында да ең алғашқы болып дұрыс, ақылға сыйымды істерді істеуге асығатын немесе өзінен кейін əдемі із қалдыруға тырысатындарды ешкім «өзін-өзі сүюге» кінə тақпайды. Инабаттылықтың тағы бір сипаты сол, ол көптеген істерді достары, отаны үшін жасайды жəне солар үшін керек болса өледі де: өзінен кейін тек жан сұлулығын қалдырады; ол негізінен ұзаққа созылған лəззатқа қарағанда, бір ғана сəттік зор лəззатты сезінуді дұрыс көреді, ұзақ жылдар бойы мінсіз ғұмыр кешуге қарағанда, бір жыл болса да толыққанды əрі керемет өмір сүруді, көптеген көзге көрінбес іс-əрекетке қарағанда бір ғана ұлы істі жасауды таңдады. Бəлкім бұл өздеріне ұлылық пен сұлулық белгісі іспеттес жандар үшін жанын пида етуге даяр тұлғалардың ұстанатын қағидалары шығар. Олар қолда бардың бəрін өз достарына үлестіріп беруден де танбайды, себебі достары дүние-мүлікке ие болып шаттанғанда, олар жан сұлулығына қол жеткізіп, тегінде осы əрекетінен
достарына қарағанда өзінің молырақ пайда табатынына сенген. Сонымен қатар бастықтардың да шені мен мəртебесі өз достарына берілгенде де – тамаша əрі мақтан тұтарлық іс болмақ. Əрине, адамгершілігі мол адамды атаймыз. Ал, өз досына жақсы іс жасауына жол беру – сол істі өз жасағанынан да ұлырақ əрі көркемдеу болып табылмақ. Сөйтіп біз адамгершілігі зор адам мақтан тұтарлық іс-əрекетті жасау барысында, көбінесе өзіне тиесілі жан сұлулығына зор мəн берген. 9 (ІХ). Сонымен бірге, бақытты адам шын мəнінде достарға мұқтаж ба əлде жоқ па деп пікірталастыруда. Кейбіреулердің айтуынша, өздерінде бəрі жеткілікті адамдарға достардың керегі жоқ, себебі қажетті заттардың бəрімен қамтамасыз етілген. Демек, оларға қосымша ешнəрсені қажет етпейді; дос дегеніміз екінші мен ретінде адам өзінен өзі ала алмайтын нəрсені береді; осыдан келіп: «Шайтан жақсылық жасағанда, досқа қажеттілік жоқ!» Бірақ дос болу секілді сыртқы дүниедегі ең үлкен бір игілік деп саналатын ғанибетті, яғни бақыттыға бар игіліктерді тели отырып, оған дос бермеу бұл шатасуға ұқсайды. Дегенмен, бұл жалған пікір секілді. Бақыт ол өзінше бір əрекет екені о баста айтылған болатын, жəне де ол тек өмір сүре қоймай, пайда болып тұрады. Бақытты болу – өмір сүру жəне əрекет жасау; мейірімдінің жақсы ісəрекет жасауы арқылы қанағатқа бөлену; ал туысқандық – ол да қанағатқа бөлейтін сезімдердің бірі, егер мейірімді адамдардың жəне олардың достарының жағымды іс-əрекеттері оларға қанағат сыйласа, онда сол мейірімді адам, расында да сондай бақытты жəне рахатқа бөлейтін достарының қалауында болады. Сонымен қатар, бақытты адам өмірден лəззат ала отырып өмір сүру керек деген пікір айтылады. Алайда, жалғыз адам үшін өмір сүру қиын, өйткені өз-өзіне əрекет ету қиын, дегенмен өзгелермен қатынаста жалғыз адам үшін ол əрекет оңайға соқтырады. Əрекет, өздігінен рахатқа бөлеуші, үздіксіз болады, дəл осы үлгідегі əрекет рахаттанушыны бақытқа бөлейді. Расында да, мейірімді адам өзінің жақсы іс-əрекеттерінің мөлшеріне сай қанағаттану жолдарын біледі, жəне ұятсыздық пен жамандықтан бас тартады. Жамандықты, ол музыканттың жақсы əуенінен лəззат алып, ал жаман əуеннен қиналатынын негізге ала отырып сипаттайды. Бұл ғашықтардың бір-бірін күнде бірін бірі көруі – олар үшін ең үлкен қуаныш екені рас айтылған емес пе? Осы сезімді, олар айналадағы барлық нəрседен артық көреді, себебі ғашықтықтың пайда болуының өзі ең алдымен осы сезімге байланысты ғой? Сол секілді достар да барлығын бірігіп істейді. Себебі достық өзіне өзі қандай қарым қатынаста болса, достарына да сондай қарым-қатынаста болады. Өзімізге деген көзқарас таңдамалыны қалайды, ол сезім біздің достарымызға да қатысты болып келеді; өмірде ол сезім достарымен байланысу арқылы пайда болатындықтан, əрине достар, сол сезімге тартыла бастайды. Дегенмен, адамның көзқарасы қандай болса да, өмірдің қалауын білмесе де, ол уақытын достарымен өткізгісі келеді. Сондықтан да кейбіреулері қосылып əн айтса, басқалары сүйек ойнап, енді біреулері гимнастикамен, аңға шығып, философиямен айналысады; əр адам өз күндерін достарының арасында өз уақытын өз қалауынша өткізеді. Өйткені достарымен байланысты өмір сүруді қалай отырып, өмірдің мəн-мағынасын түсіне бастайды. Сөйтіп жаман адамдарда достық берік болмайды, олар бір-бірінің жаман қасиеттерін екшей отырып, достықты бұзады; ал жақсылардың достығы жай əңгімеден де берік бола бастайды, ұлғаяды. Өйткені олар бір-бірімен байланысу жəне кемшіліктерін жөндеу арқылы, жан достарға айналады. Бір –бірінен өзіне ұнаған қасиеттерін сіңіре бастайды: «Жақсылардан жақсылық алады». Аударған З.С. Ақтамбердиева. РИТОРИКА Кітап І. І бөлім (үзінді) Риторика – диалектикаға сай келетін өнердің бірі. Осыған байланысты 2 өнерге қатысты, өйткені кейбіреулерге талқылау, ақтауға əлде жазалауға біреудің ойын қолдау керек. Кейбіреулер өздерінің дарындылығы арқылы, кейбіреулері өздерінің дамыған əдеттері арқылы амал жасайды. Осы екі жол да мүмкін болуы тиіс. Өйткені жүйеге енгізу мүмкіндігі бар. Кейбір адамдар əдеттері арқылы аяқ астынан амал жасайды. Əлі де шешендік өнердің жүйесін құрастырғандар, өздерінің азғантай міндеттерін жасады, өйткені шешендік өнердің аумағында деректердің белгілері болады, бұл нəрсе шешендік өнерге тəн қасиет, ал қалғандарын құралдары деп те атауға болады. Сонымен қатар жүйе авторлары дəлелдің өзі болып табылатын энтимемалар жайлы тіл қатпайды. Бірақ мəселеге қатысы жоқ жайлар туралы көп сөз сөйлейді. Шынымен де: жала, жанашырлық, ашу-ыза жəне т.б.жан құбылыстар сот мəселесіне емес, судьяның өзіне тəн. Сонымен, егер барлық жерде сот жүргізілуі мемлекеттік құрылымның дамуымен ерекшеленген елдерде сияқты болғанда, онда теоретиктер үн қата алмаушы еді. Мұндай тəртіп дұрыс, өйткені ашу, қызғаныш, жанашырлық секілді сезімдерін оятудың қажеті жоқ. Бұл əрекет біреудің өзі қолданатын сызғышты майыстыруымен тең болады. Сонымен қатар, мəселенің маңыздысы – сотталушының несі бар, несі жоқ екенін, орны бар ма, жоқ па екенін дəлелдеуде екені анық. Ал оның маңызы болуы, əділетті болмауы жайлы мəселелер жайында, яғни заң шығарушымен ескертілген жағдаяттар жайында судьяның өзінің жеке
ойы болуы тиіс. Сондықтан, шығарылған заңдар барынша көп мəселені қамтуы тиіс, яғни судьяларға мəселені өзінше шешуді жүктеуі тиіс. Біріншіден аз да болса əділ үкім шығаруға жететін, заң шығара алатын, үкім жасай алатын бірегей адамды табу оңай болар еді. Оның үстіне, заңдарды адамдар ұзақ уақыт толғанудың нəтижесінде шығарады, ал сот шешімдері тез шығарылады. Сондықтан да əділдікті шығарып отырған адамдар əділ əрі пайдалы үкім шығаруы тиісті. Ең бірінші себеп, заң шығарушының үкімі жекелеген жағдаяттарға қатысты емес, бірақ жалпылық сипатта, сонымен қатар соттар дəл осы шаққа қатысты, жеке дара жағдайға байланысты шешім шығарады. Бұл жағдаяттармен кейде махаббат сезімі, кейде жек көру, кейде өзінің пайдасы тиуі мүмкін деген сезімдер байланыстырып тұрады. Сондықтан да олардың өзінің қанағаттану жəне қанағаттанбау сезімі оларға кедергі келтіреді. Сонымен, біз айтқанымыздай, судьяға мүмкіндігінше еркіндік беруіміз керек; ал сұрақтарға келсек, тиісті дерек орындалады ма,жоқ па десек осы сұрақтардың шешімін толығымен судьяларға қалдыру керек, себебі заң шығару жеке жағдаяттарды алдын-ала қарастыра алмайды. Олай болса, өз талқылауларында басқа сұрақтарды талқылайтындар, мысалы алғысөздің, баяндаудың немесе басқа да бөліктерінің мазмұны қандай болуы керек деген іске қатысы жоқ сұрақты қарастыратын болса, онда авторлар судьяларды белгілі жағдайға əкеліп қана қоймай, техникалық дəлелдеулерді айтпағанның өзінде, осылайша ғана энтимема жасауға болады. Мұның нəтижесінде барлық халыққа арнап сөйлеулерде судьялар пайдаланатын бір əдіс болады, мемлекеттік көзқарас бойынша жекелеген тұлғалар арасындаға сөздердің бірінші тегі жақсырақ, сонда да олардың əрқайсысы соттардың сөздері туралы толғануға тырысады. Оның себебі бірінші тектегі сөздерде іске қатысы жоқ пайдалы заттар туралы айтылса, бірінші тек зұлым софистика үшін аз орын қалдырады да, көбірек ортақ қызығушылыққа ие болады, мұнда судья өзіне етене жақын заттарды қарастырады, сондықтан ол істің дəл шешеннің айтқанындай ма, соны ғана дəлелдейді. Сот сөздерінде бұл жеткіліксіз, алайда тыңдаушыны өз жағыңа өткізу де пайдалы, себебі мұнда іс сотқа мүлдем бөтен, сондықтан да соттар соттағанымен, істі екі жақты талқылаушыларға қалдырады да бақылай отырып, өз пайдасы үшін тынып тыңдайды. Осының салдарынан, көптеген мемлекеттерде, біз айтқандай, заң іске қатысты заттарды айтуға тыйым салады, онда соттардың өзі осыған күш салады. Риториканың пайдалылығының бір себебі ақиқат пен əділдік өз табиғатынан қарама– қарсы, ал егер үкімдер керек деңгейде шешілмесе, онда ақиқат пен əділдік əдетте өзінің қарама-қарсылығымен жеңіліс табады. Оның үстіне егер біз нақты білімдерді алсақ, онда осы білімнің арқасында адамдарды сендіру оңайырақ, себебі білімге негізделген сөзді бағалау оңай, бұл білім берудің ісі, бұл жерде ол – мүмкін емес нəрсе. Бұл жерде біз міндетті түрде дəлелдеулер мен талқылауларды барлығына түсінікті жолмен айтуымыз керек, біз осыны тобырға қатысты «Топикте» айтқанымыздай. Оның үстіне қарама-қарсыны силлогизмдегі секілді дəлелдеп үйрену керек, себебі жаман нəрсені дəлелдеп үйренбеу керек, себебі оны біреу мұны ақиқатқа жатпайды деп дəлелдемекші болса, керіге де шығара алу керек қой. Өзге өнерлердің ешбірі де қарама-қарсы сілтемелерді дəлелдеуге тырыспайды; тек диалектика мен риторика ғана екеуі бірдей дəрежеде қарама-қарсылықтармен ісі бар. Бұл қарама-қайшылықтар өз табиғатынан ұқсас, алайда ақиқат əрқашан да ой қорытындысына тез көнеді жəне сендіру күші көп. ІІ бөлім. Риториканың мағынасын ашып алайық. Риторика – бұл əрбір затқа қатысты иландыру, сендіре білу мүмкіндіктерін таба білу, жəне мұнда басқа өнер түріне қатысты мақсат-міндеттер кірмейді, өйткені əрбір затқа ғылым тек қана өз шеңберіндегі құбылыстарды түсіндіріп, сол құбылыстарға нандыра алады. Мысалы, дəрігерлік өнер – денсаулыққа немесе ағзаның ауруына қатысты; геометрия өлшемдердің арасындағы өзгерістерге; арифметика – сандарға қатысты құбылыстарды түсіндіре алады. Басқа өнер мен ғылым түрі сияқты риторика ғылымы да иландыру көздерін таба алады. Белгілі бір жеке бір ғана құбылысқа қатысты емес, əрбір құбылысқа, əрбір затқа қатысты нəрселерге қол жеткізу тəсілдерін таба біледі. Көз жеткізу тəсілдері техникалық жəне техникалық емес болып бөлінеді. Техникалық тəсілдер емес деп бұрыннан белгілі тəсілдерді айтамыз, оған мыналар жатады: куəгер, куəлік ету, азаптау арқылы куəлік алу, жазбаша келісім т.б. техникалық тəсілдер дегеніміз біздің айла-əрекетіміз бен мүмкіндіктерімізден туындаған тəсілдерді айтамыз, сондықтан ең алғашқы дəлелдерді ғана қолданып, соңғыларын алдынала тауып қою керек. Сөзге иландыра білу əдісінің үш түрі бар: біріншісі сөйлеушінің мінез құлқына байланысты, екіншісі тыңдаушының көңіл-күйіне байланысты, үшіншісі – айтылатын сөзге байланысты. Бұлар шынайы немесе шындыққа ұқсас дəлелдер келтіруді қажет етеді. Дəлелдеме сөйлеушінің адамгершілік мінез-құлқы арқылы жүзеге асады: ол үшін сөйлеуші тыңдаушыны өзінің сөзі арқылы сендіре, нандыра білуі керек, өйткені адамдар көбінесе, жақсы адамға, адал адамға сенуді қалайды. Бұл сенім сол сөйлеушіге деген бұрыннан қалған жақсы
пейілдің нəтижесі емес, қазіргі айтылып жатқан сөздің əсері, нəтижесі болуы керек. Риторикалық өнердің негізі – шешеннің шынайылығында, шешеннің сөзі шынайы деп қарастыру əбестік. Дəлелдеменің жүзеге асуы сөзге əсерленіп отырған тыңдаушыларға байланысты, себебі біз өз шешімдеріміздің белгілі бір қалыпқа: сүйсіну мен жиіркену, махаббат пен жек көру сияқты қалыпқа байланысты екенін білеміз. Бұл нандыру əдісі сөз өнеріне қатысты, олардың əрқайсысын біз ынтық, құштарлық туралы айтқанда жеке-жеке қарастырамыз. Ал ақыры бізді сендіретін нəрсе – бұл шешендердің сөзі, шынайы келтірілген дəлелдері. Мұндай иландыру əдістерін тек қана өзі пайымдаулар жасай алатын, мінез-құлықты зерттей алатын, жақсылық, құштарлықтың не екенін айыра алатын адам ғана қолдана алады. Сондықтан да риториканы диалетиканың бір саласы, мінез туралы ғылым немес саясат деуге болады. Соның нəтижесінде риторика саясатпен ұштасады жəне риторикамен айналысатын адамдар өздерін əлде надандықтан ба, əлде өздерін алдаусыратқандықтан ба, т.б. адамның табиғатына тəн себептермен өздерін саясаткерміз дейді. Шын мəнісінде, біз жоғарыда айтып өткендей, риторика – бұл диалектиканың бір саласы іспеттес əдістердің қай-қайсысы болса да, бір затқа ғана қатысты емес, солай болса да олар дəлел келтіретін əдістер ғана. Осымен біз ғылымдар жəне олардың арақатынастары туралы жеткілікті айтқан сияқтымыз. Үшіншісі, яғни шынайы немесе шынайы секілді дəлелдеулер келтіру əдісін алсақ, диалектикада нұсқау сияқты, бұл жерде де силлогизм жəне силлогизм іспеттену бар, себебі энтимема мысалы – силлогизм іспеттену. Мен энтимема деп риторикалық силлогизмді атайтын, ал мысал деп риторикалық нұсқауды атайтын, барлық шешендер өз ойын мысал арқылы жеткізеді. Аударған З.С. Ақтамбердиева. МЕТАФИЗИКА (үзінді) Бірінші тарау Адамдардың бəрі де табиғатынан білімге ұмтылады. Оған дəлел – сезімдік əсерлерге ойысатындығы: олардан пайда бар ма, жоқ па, оған қарамастан оларды өздігінен бағалы деп қарайды, əсіресе көру əсерлері, өйткені бір нəрсе істеу үшін, тіпті ешнəрсе істемесек те, көруді біз бəрінен де артық санаймыз. Оның себебі көру біздің танымымызға бəрінен де үлкен ықпалын тигізеді жəне көп айырмашылықтарды аңғарады. Көру əсерлеріне жануарлар табиғатынан қабілетті, ал оның негізінде біреулерінде жады пайда болмайды, ал екіншілерінде пайда болады. Сондықтан да, жадысы қалыптасқан жануарлардың ойлауы жақсығырақ, əрі түсінігі бар, ал жадысы жоқтарында олар болмайды; оның үстіне түсініктерінде де дыбысты ести алмайтындарында бір нəрсеге үйрену болмайды, мысалы, аралар, басқа да осы сияқты жануарларды алайықшы. Жадысымен қатар есту қабілеті барлары ғана бір нəрсені үйрене алады. Басқа бір жануарлар елестері мен еске түсірулерін пайдалана алады, бірақ оларының тəжірибеге қатысы шамалы; адамзат тұқымы олардан басқа өнер мен пайымдауға сүйенеді. Тəжірибеге адамдарда жадының жоғары түрі – естің арқасында пайда болады; атап айтқанда, бір ғана нəрсе туралы есте қалғандардың бір ғана тəжірибе ретіндегі мəні бар. Жəне тəжірибе өнер мен ғылымға бара-бар тəрізді көрінеді. Ал ғылым мен өнер адамдарда тəжірибе арқылы туады. Өйткені Пол дұрыс айтқандай тəжірибе өнерді, ал тəжірибесіздік – кездейсоқтықты туғызады. Тəжірибенің негізінде пайда болған ойлардан ұқсас заттарға бір ортақ пікір қалыптасқанда өнер туады. Мысалы, Каллийне мынандай ауруға шалдыққанда мынандай дəрі көмек берді, сол сияқты Сократқа да, жəне де сондай жағдайда жеке-жеке көп адамдарға көмек тиеді десек, – бұл тəжірибенің ісі; ал егер осы дəрі белгілі бір аурудан айығуға белгілі бір ерекшелігі бар барлық адамдарға (мысалы, енжар немесе өктем, безгек ұстағанда т.т.) пайдалы əсер етеді десек, – бұл енді өнердің ісі. Іс-əрекетте тəжірибенің өнерден ешбір айырмасы болмайтын болу керек; ол ол ма, жалпы білімі ғана барлардан гөрі тəжірибесі барлар озып жүреді. Оның себебі, тəжірибеге – жекелік туралы білім, ал өнер – жалпылықтың білімі, қандай да болмасын əрекет, қандай да болмасын бір нəрсе дайындау жекелікке қатысты. Тəуіп жалпы адамды емес, кірмелік түрінде болмаса, Калийді немесе Сократты, немесе белгілі бір есімі бар – бірақ жалпы адамдыққа кірме түрінде қатысты біреуді емдейді ғой. Сондықтан да жалпы білімі бар, бірақ тəжірибесі жоқ, жалпы, ортақ нəрселерді танып, бірақ жалпылықтарда бар жалқы нəрселерді білмейтін кісі көбінесе емдеу ісінде қателеседі, өйткені жалқылықты ғана емдеуге тура келеді. Бірақ, сонда да болса, біз білім мен ұғыну тəжірибеден гөрі өнерге жақын деп ойлаймыз жəне де өнердің иесін тəжірибенің иесінен гөрі даналар (біліктілер) деп санаймыз, өйткені кімде де болмасын, даналық білімге көбірек тəуелді, олай болатыны біріншілер себептілікті біледі, екіншілерде ол жоқ. Шындығында, тəжірибесі барлар «не» дегенді біледі, бірақ, «неге» дегенді білмейді: өнерді білетіндер «неге» дегенді, яғни себепті біледі. Сондықтан да біз əр істе ұстаздарды қолөнершілерден артығырақ құрметтейміз, өйткені олар да өнершілерден көбірек біледі əрі даналырақ... Сонымен ұстаздар, өнерпаздардан іскерлік жағынан емес, жасалатын нəрсенің себебін білгендіктен даналырақ. Жалпы алғанда білгірдің
ерекшелігі – үйретуге (білдіруге) қабілеттілік, сондықтан да өнер, ол – тəжірибеден гөрі негізінде білім. Жалқылықтар жайында қаншалықты бағалы білімдер беріп жатса да ешқандай сезімдік əсерді даналық деп санамаймыз, өйткені олар не жөнінде болмасын оның «неге» екендігін көрсете алмайды, мысалы от неге ыстық екенін, тек оның ыстықтығын ғана көрсетеді. Сондықтан да, кəдімгі сезімдік əсерлерден асып белгілі бір өнерді алғаш тапқан кісі адамдарда оның бір пайда келтіретіндігі үшін ғана емес, даналығы, басқалардан соншалықты басымдығы арқылы таңданусезімін туғызады. Ал кейін көптеген өнерлер ашылып дүниеге келгеннен кейін – кейбіреулері бір мұқтаждықтарды өтеу үшін, ал басқалары – уақыт өткізу үшін – біз осы соңғыларын алғашқыларынан гөрі айрықша құрметтей бастадық, өйткені олардың тапқырлығы тек пайда табу үшін ғана керек емес қой. Олай болса, барлық осындай өнерлер табылғаннан кейін, сонда ғана білімдер тек рахаттылық үшін емес, белгілі бір мұқтаждықты қамтамасыз етуге ғана емес, өздері үшін жəне адамдардың сол үшін бос уақыты бар жерлерде жасала бастады. Сондықтан да математикалық өнерлер ең алдымен абыздарға сондай мүмкіндік берілген Египетте пайда болды. «Этикада» өнер мен ғылымның жəне оған қатысты тағы басқа нəрселердің айырмашылығы жөнінде айтылған болатын: ал мұндағы пайымдаудың ендігі мақсаты – даналық дегеннің жалпы түсінігі бойынша түпкі себептермен жəне бастаулармен шұғылданатынын көрсету. Осылай болғандықтан, жоғарырақта айтылғандай, тəжірибесі бар адам тек сезімдік əсерлерді білетіндерден, ал өнерді игергендер тек тəжірибені игергендерден, ұстаз өнерпаздан, ал ақылмен көруге ғана болатын нəрселер жасампаздық өнерлерден жоғары деп саналады. Сонымен, даналық дегеніміз белгілі себептер мен бастаулар жөніндегі ғылым екендігі айқын. Екінші тарау Себептер мен бастаулар туралы ғылым даналық болатын болса, онда солардың өзі не нəрселер екендігін қарастыру керек болады. Егер даналық жөніндегі айтылған пікірлерді қарастырсақ, мүмкін сонда бір айқындыққа қолымыз жетер. Біріншіден, біздің ойымызша, дана кісі əрбір жеке нəрсені білмесе де, ол қаншалықты мүмкін болғанына қарай бəрін біледі. Екіншіден, дана кісі ең қиын, адамның түсінуіне ең күрделі нəрсені де (ал сезімдік əсер əркімге-ақ тəн ғой, сондықтан ол жеңіл жəне онда ешқандай даналық жоқ) тани алады. Үшіншіден, əрбір ғылымда кім ең дəл жəне себептерді табуға неғұрлым қабілетті болса, сол дана, жəне, төртіншіден, ғылымдардың ішінде қайсысы оның бірдеңе үшін пайдалы болғандығынан емес, өз өздігінен жəне таным үшін қажет болса, сонысы даналық болады, ал бесіншіден, көмекшілік қызмет атқаратыны емес, қайта басқаларға бастаушылық ықпал ететіні – дана кісі нақыл сөзді қабылдау емес, қайта нақылдылықты сол айтуы керек, ол біреуге бағыну емес, оған нақылға орай бағынуы тиіс. Сонымен тоқтам да, даналық жəне кісі туралы пікірлер де осы. Осы көрсетілгендерден шығатын нəрсе: ең жалпы нəрселер туралы білетін адам барлық нəрселер туралы ең көп білетін адам, өйткені ол сол жалпыға кіретін нəрселерді де белгілі бір мағынада біледі. Бірақ, адамға осы неғұрлым жалпы нəрселерді ең қиыны болар, себебі ол сезімдік əсерлерден ең алыста тұрған нəрсе. Ең алғашқысы бастаулармен айналысатын ғылымдардың ең қатаң дəлдіктігі: неғұрлым аз алғышарттарға сүйенетіндері солғұрлым қатаң, ал жаңа нəрселерді қосу жолымен қалыптасатындарының қатаңдығы кемдеу (мысалы, геометрияға қарағанда арифметика қатаңдау). Себептерді зерттейтін ғылым көбірек нəрсеге үйрете алады, өйткені олар əр нəрсенің себебін көрсете алады. Білімді тек білімінің өзі үшін білу жəне түсіну сол үшін неғұрлым лайық ғылымдарға тəн, өйткені білуді тек білу үшін ғана ұнататындар ең жетілген ғылымды, ал мұндай ғылым білу үшін ең лайық нəрсе туралы болады. Ал білуге ең лайық нəрселер, олар – алғашқы бастаулар мен себептер, өйткені тек солар арқылы, əрі солардың негізінде қалғандарының бəрі танылады, оларға бағынышты нəрселер арқылы емес. Жəне бəрінен бастысы, жəрдемшілерінен бастырағы, ол əрбір жеке нəрседе сол үшін ғана əрекет болатын мақсатты зерттейтін ғылым; əрбір нақты жағдайда ол мақсат белгілі бір игілік, ал бүкіл табиғатта – ең жарамдысы. Сонымен, айтылғандардан шығатын нəрсе – атауды бір ғылымға жатқызу керек: ол алғашқы бастаулар мен себептерді зерттейтін ғылым болуы керек: өйткені игілік те, əрі осы «бəрі сол үшін» дейтініміз де себептердің бір түрі ғой. Ал мұның жасампаздықтың өнері емес екендігін алғашқы философтардың өзі-ақ түсіндірген. Өйткені қазір де, бұрын да таңырқаушылық адамдарды философиялық ой кешуге ынтықтырған, ал əуелде тікелей түсінбестік туғызатын нəрселерге таңырқаған, содан кейін ғана бірте-бірте ілгерілей отырып, олардан гөрі маңыздырақ нəрселер туралы, мысалы айдың, күннің, жұлдыздардың орын ауыстыруы, əлемнің пайда болуы жөнінде өздеріне сауал қоя бастаған. Бірақ, таңырқаушы өзінің білмейтіндігін біледі (сондықтан да мифті жақсы көретіндер де белгілі мағынада философ, өйткені миф те таңырқаушылықтың негізінде туады). Егер осылай философиялық ой кешу жалғаса берген болса, ол білмеушіліктен құтылып, білуге құмартудан, тек бір пайданы ғана көздеушіліктен емес. Өмір ағымының барысы осыны көрсетіп отыр; өмір ағымының барысы осыны көрсетіп отыр; атап айтқанда: өмірге қажетті нəрселердің бəрі де жəне өмірді жеңілдететіндер де дайын болған кезде, сонда ғана оны ұғынуды іздей бастады. Сондықтан да біз оны тек бір мұқтаждық үшін іздемейміз. Басқа біреу үшін емес, өзі өздігінен
өмір сүретін адамды еркін деп атайтынымыз сияқты, осындай өзі үшін болатын ғылым да еркін, себебі біз оған тек өзі үшін ғана ұмтыламыз. Сондықтан да мұндай ғылымды иемденуді де адамдық мүмкіншіліктен жоғары деуге болар еді, өйткені көп жағдайларда адамдардың табиғаты құлшылық, жəне де соншалықты, оны Симонидтің айтуынша «мұндай тарту тек құдайларға ғана лайық болар еді», ал адамға өз деңгейінен жоғары нəрсені іздеу лайық болмас еді... Жалпы жұртшылыққа ортақ пікір бойынша, құдай себептерге жатады, ол бір бастау, ал айтылғандай ғылым құдайға тəн болуы табиғи. Сонымен, басқа барлық ғылымдар бұл ғылымнан қажеттірек, бірақ бəрінен де жақсысы осы. Сонымен бірге осындай ғылымды игеріп алу оған алғашқы итермелеген қалпамызды, яғни таңырқаушылықты, жоғалтқан болар еді... Аударған А. Сағиқызы. ЭЗОП Эзоп – осы адамның есімімен аталған «Эзоптық» мысалдың негізін салушы. Ежелгі деректер бойынша, ол Христоc туғанға дейінгі VІ ғасырдың ортасында өмір сүрген, самостық Иадмонның құлы болған жəне Дельфде зорлықпен өлтірілген. Кейіннен оның отанын Кіші Азия деп таныған, бұл шындыққа жанасымды да, себебі есімінің сипаты онымен сəйкес келеді де. Оның Дельфдегі өлімі аңызға айналдырылып жіберілген. Оны Аристофан жəне Геродот жазбалары бойынша жəне кейінгі деректер негізінде қайта жаңғыртуға боларлықтай. Аристофан кезеңінде (V ғасырдың соңы) Афиныда Эзоп мысалдарының жазбаша жинағы болған деген болжам жасауға негіз бар. Ол жинақ бойынша мектепте балалар оқытылған. «Сен масыл, жалқау, əуелі Эзопты жаттамағансың!» – дейді Аристофанның бір кейіпкері. Оқиғалары Тілді қолдана біл. Бір күні Эзоптың қожайыны Ксанф, бүгін оның үйіне достары түскіге қонаққа келетіндігін, сол себептен Эзоп өзі жасай алатын тағамдардың ішінен ең тамашасын дайындауы керектігін ескертеді. Эзоп шошқаның тілдерін сатып алып, қуырып, қонақтарға тартады. – Бұл сеніңше ең кереметі ме? – деп ашуланады Ксанф қонақтардың ең арзан тағамға разы болмағанын көріп. – Иə, – дейді Эзоп – дəл осындай болып табылады тіл, онсыз мына əлемде ештеңе істеу мүмкін емес: сөйлей алмайсың, бұйыра алмайсың, бере алмайсың, ала алмайсың, мемлекетті де құра алмайсың, тəртіпті сақтайтын заңдарды да шығара алмайсың, барлығы да тілдің арқасында жүзеге асады, əуелі сенің философияң да Ксанф! – дегенде барлығы да Эзоппен келісулеріне тура келеді. Келесі күні Ксанф тағы да достарын шақырып, Эзопқа енді базардан ең жаман нəрсені сатып алып дайындауды бұйырады. Эзоп тағы да тіл əкеліп қуырып береді: – кеше тілді ең керемет нəрсе деп танбап едің, енді ол бір күннің ішінде ең жаман нəрсеге айналыпты ғой – деп табалайды Ксанф. – Тілден асқан жаман нəрсе жоқ өмірде, себебі тілдің арқасында соғыстар басталады, ол өтіріктің дəнін себеді, қызғандырады, ұрыстырады, соғыстырады, адам өліміне əкеледі, қазір сен Ксанф тіл арқылы мені ұрсып тұрсың – дейді Эзоп. Тапқыр кеңес. Бір күні сиракуздың Дионисий атты тиранына бір адам келіп, бүліктерді ашудың жолын тапқанын жəне оны оңашада өзіне айта алатынын айтады. Тиран келісіп, олар оңаша қалады. Келуші Дионисиге: – Бізді көрген, естіген адамдардың алдына келгенде, сен олардың көзінше маған жүз алтын талант бергізуге бұйрық бер, сонда олар сен сол тəсілді білген екен деп қорқып жүретін болады. Дионисий қонақтың тапқырлығына таң қалып, шынымен сыйға ақша бергізеді. Қыран мен түлкі. Қыран мен түлкі дос болуды ұйғарып, достықтарын нығайта түсу үшін, көрші тұруға келісіпті. Қыран биік ағаш басына ұя салыпты, түлкі сол түптің астында күшіктепті. Бір күні түлкі аң аулауға шығыпты, ал қыран қарны ашып, түлкінің күшіктерін өз балапандарымен жеп қойыпты. Түлкі келіп не болғанын түсініп, күшіктерінен айырылғанынан əрі кек қайтара алмайтындығынан қынжылып қайғырыпты. Сондықтан да алыстан қарғап тыныпты: күші жоқ, əлсіз, енді не істесін? Алайда қыран өзі таптаған достығы үшін жауап беруге тура келді. Біреу далаға құрбандыққа шалуға ешкі əкелген екен. Қыран құрбандыққа ұшып келіп, жанып жатқан ішек-қарнын жұлып алып кетеді. Енді оны ұясына əкелгенде, қатты жел соғып, ұяның жіңішке шырпылары тұтанып кетеді. Күйген балапандар жерге түседі, əлі ұша алмайтын еді. Сондықтан түлкі жетіп келіп қыранның көзінше балапандарын жеп қояды. Мысал бойынша достықты сатқандар оларға ренжігендердің кегінен құтылғанымен, құдайдың қаһарына бəрібір ұшырайды. Қыран, ұзақ жəне қойшы. Қыран биік таудан құлдилап ұшып келіп, отардан қозыны əкетеді, ал мұны көрген ұзақ, қызғанып кетіп, дəл соны қайталамақ болады. Қатты дауыс шығарып, қойға ұмтылады. Бірақ тырнақтары жүніне ұйысып, жоғары көтеріле алмай, қойшы келіп не болғанын аңғарып,
ұстап алмайынша, қанатын қаға береді. Қойшы қанатын кесіп, кешке балаларына береді. Балалары мұның не құс екендігін сұрайды. Сонда қойшы: – Мен ғой мұның ұзақ екенін білемін, ол өзін қыранмын деп есептейтін болса керек – дейді. Жоғары тұрған адамдармен жарысу ештеңе əкелмейді, тек күлкі ғана тудырады. Қыран мен қоңыз. Қыран қоян қуып жүрген. Қоян еш жақтан көмек келмейтінін білген соң, жанынан кездескен жалғыз қоңызға жалынады. Мұны құптаған қоңыз қыранға өзінен көмек сұрағанға тиіспеуін сұрайды. Қыран мұндай қарсыласқа бет бұрып та қарамастан, қоянды жеп қояды. Алайда қоңыз бұл ренішті ұмытпайды. Əрқашан қыранның жұмыртқалағанын күтіп жүріп, қыранның жоқ кезін пайдаланып, биікке көтеріліп, жұмыртқаларын ұядан құлатып, жарып тастап отырады. Ең соңында еш жерден тыныштық таппаған қыран Зевстің өзіне келіп, балапандарын басып шығару үшін тыныш жер бөлуін сұрайды. Зевс өз қойнына жұмыртқалауға рұқсат береді. Мұны көрген қоңыз қиды дөңгелетіп алып Зевстің үстінен тастап жібереді. Жиіркеніп кеткен Зевс атып тұрып үсті-басын қаға бергенде жұмыртқалар жерге дөңгелеп түсіп жарылып қалады. Сол кезден бастап қи қоңыздары жүрген кезде қырандар жұмыртқа салмайды екен. Мысал ешкім де ешкімді жек көрмеуі керек, себебі өзі үшін кек қайтаруға қауқарсыз ешкім жоқ дегенге үйретеді. Бұлбұл мен қаршыға. Бұлбұл биік еменде əдеттегіше əндетіп отырады. Мұны көрген қаршыға шүйлігіп келіп, оны ұстап алады. Бұлбұл болса қаршығаға: асқазанын толтыруға өзінің тым кіші екендігін айтып, егер қаршығаға жейтін басқа ештеңе жоқ болса, онда ірірек құсты ұстауына кеңес береді. Алайда қаршыға бұған қарсы келеді: «қолында тұрған олжаны жібере салып, көзге көрінбейтін олжаны қуатындай есімнен адасқан жоқпын» – деп жауап береді. Мысал қолда бардан бас тартып, одан да көп нəрсеге қол созатын адамдардан ақымақ адам жоқ дегенді түсіндіреді. Қарыздар. Афиныда бір адам біреуге қарыз болады. Қарыз берген адам қарызын қайтаруды талап етеді. Ақшасы жоқ болған қарыздар адам, оған біршама уақыт беруін сұрайды. Содан кейін өзінің жалғыз шошқасын базарға алып барып, қарыздар адамның көзінше сатады. Сатып алушы келіп, шошқасы жақсы шошқалайтындығын сұрайды. Қарыздар адам: «О, қалай шошқалайды десеңші! Əуелі Мистерияларға шошқа, ал панафинеяларға қабандар əкеледі» – деп жауап береді. Сатып алушы бұл сөздерге таңданып тұрғанын көрген қарыз беруші: «Неменеге таңданасың, ол əуелі Диониси мейрамына лақ туып береді» – дейді. Мысал көптеген адамдар өз пайдасы үшін кез келген сандырақ үшін өтірік серт беретіндігін көрсетеді. Жабайы ешкілер мен қойшы. Қойшы өз ешкілерін жайылымға шығарады. Олар жабайы ешкілермен бірге жайылып жүргенін көрген қойшы, кешкілік барлығын үңгірге айдап кіреді. Келесі күні күн бұзылып, жайылымға шығара алмағандықтан, барлығын үңгірде қарайды, жəне өз ешкілеріне жемді аз беріп, елдікін үйретіп алу үшін көптеп береді. Күн ашылып ешкілерді жайылымға қайта шығарғанда, жабайы ешкілер тауға қашып кетеді. Қойшы олардың жақсылықты білмей қашып кеткендігіне налиды. Ешкілер қайырылып: «Біз сенен қашқандағы себебіміз: сен ескі ешкілеріңді ұмытып жаңа ешкілеріңе жақсы қарадың. Яғни саған тағы басқа жаңа ешкілер келсе, сен оларға бізден де жақсы қарайсың» – дейді. Мысал ескі достан жаңа досты артық көргендер, жаңа дос табылғанда ескісін ұмытып кететіндігін көрсетеді. Мысық пен тауықтар. Мысық тауықтардың ауласында тауықтар ауырып қалғанын көріп, емші болып киініп, дəрі-дəрмегін алып келеді. Табалдырықта тұрып, жағдайларын сұрайды. «Керемет! Тек жанымызда сен жоқ кезде» – деп жауап береді тауықтар. Адамдардың ішінде де ақылдылар жақсы болып көрінгісі келген жаман ойлы адамдарды тез таниды. Эзоп кеме жасайтын орында. Мысал жазушы Эзоп бір күні кеме жасайтын орынға келеді. Кеме жасаушылар оны келемеж етіп, күле бастайды. Сонда Эзоп: «алғашында əлемде хаос жəне су болған. Содан кейін Зевс жердің болуын қалайды. Ол жерге суды үш жұтым ішуін бұйырады. Жер жұтуын бастайды. Бірінші жұтымынан жерде таулар пайда болады. Екінші жұтымынан жазықтар пайда болады. Үшінші рет жұтпақшы болғанда, сіздердің шеберліктеріңіз ешкімге керегі жоқ болып қалады» – деген екен. Мысал жаман адамдар жақсы адамдарға күле отырып, тек өзіне ғана жамандық жасап жатқандарын сезбейтіндігін көрсетеді. Түлкі мен теке. Түлкі құдыққа түсіп кетіп, шыға алмай, еріксіз сонда отырады. Шөлдеген теке құдыққа келеді. Түлкіні көріп: «Су жақсы ма?»– деп сұрайды. Түлкі болса, суды мақтап, текені астына шақырады. Ештеңені сезбеген теке құдыққа қарғып түседі. Суға қаныққан соң түлкімен бірге қалай шығуды ойластырады. Түлкі: «Сен алдыңғы тұяғыңмен құдық қабырғасына сүйеніп тұр, ал мүйізіңді əрі еңкейтіп тұр, мен сенің үстіңнен жүгіріп өтіп, шығып аламын да, сені де шығамын» – дейді. Теке келісе кетеді. Түлкі текеге қарғып мініп, мүйізіне аяғын қойып, құдықтан шығып, аулақ кетеді. Теке оның уəден тайқып кеткенін айтып, ұрыса бастайды. Түлкі қайтып келіп: «Сақалыңда қанша түк болса, басыңда
сонша ми болса ғой, сен кірер жерден қалай шығатыныңды алдымен ойлайтын едің» – деп жауап береді. Сол секілді ақылды адам да алдымен не шығатынын ойластырмай жатып, іске кіріспеуі керек. Түлкі мен арыстан. Түлкі өмірінде арыстанды көрмеген екен. Оны ең алғаш кездестіріп қалған кезде, соншалықты шошып, əрең жаны қалады. Екінші рет кездестіргенде қорыққанымен, алғашқы шошығандай шошымайды. Үшінші рет көргенде ерленіп, қасына барып сөйлесіп кетіпті. Мысал қорқыныштыға да үйренуге болатындығын көрсетеді. Балықшы. Бір балықшы сырнай тартудың шебері болған екен. Бір жолы сырнайы мен қармағын алып теңізге келеді де, жартастың шетіне тұрып, сырнайын тарта бастайды. Ол осы əсем əуезге балықтар өзі келеді деп ойлайды. Қанша тыраштанса да, олай болмайды. Сонда ол сырнайын тастап теңізге ау салып, неше түрлі балықтарды тартып шығарады. Балықтардың жағада тырбыңдап жатқанын көріп: «оңбағандар – сендерге əн ойнағанда, билемедіңдер, енді қоя салып едім билеп жатырсыңдар» – депті. Мысал барлығын керісінше істейтін адамдарға арналған. Түлкі мен барыс. Түлкі мен барыс кім сұлу екендігіне таласып жатады. Барыс өзінің керемет теңбіл терісімен мақтанады. Бұған түлкі: «терің теңбіл болған сенен, жаным ажарлы мен сенен қаншалықты сұлуырақ екенімді түсінемін» – деген екен. Мысал тəн сұлулығынан, жан сұлулығы артық екендігін көрсетеді. Балықшылар. Балықшылар ау тартады. Ау салмақты болады, олар олжалы болғандарына қуанады. Тартып шығарғанда, балық аз, ал ауыр болып тұрғандығы тас пен құмның арқасы екендігін көреді де балықшылар қатты қайғырады. Олар олжаның аз болғандығына ғана емес, үміттерінің ақталмағанына қынжылады. Олардың арасында бір қарт балықшы бар екен, ол: «Жетеді, достар: қуаныш пен қайғы бір-біріне əпкелі-сіңлілілер, қанша қуансақ, сонша ғана қайғырайық» – деген екен. Біз де өмірдің аумалы-төкпелілігіне қарап, жолымыз болса, мəңгілік секілді шаттанбауымыз керек: қаншалықты жарқыраған күннің артынан да, күннің бұзылатынын ескеруіміз керек. Түлкі мен маймыл. Түлкі мен маймыл жолда бірге келе жатып, кім танымал екендігіне таласып кетеді. Əркім өзі туралы көктеп айтып келе жатқанда, бір қабірлерді көреді де маймыл қатты күрсіне бастайды. «Не болды?» – деп сұрайды түлкі. Маймыл болса: «Қалайша күрсінбеймін! Мұнда қабірлердің басындағы ескерткіштер менің ата-бабаларымның құлдарынікі ғой» – дейді. Түлкі бұған: «Өтірігіңді қанша айтқың келсе, сонша айта бер. Бəрібір олардың ешбірі сенің өтірігіңді шығару үшін қайта тіріліп келмейді ғой!» – дейді. Адамдарда да солай, өтірікшілер олардың өтірігін шығаратын ешкім жоқ кезде əсіресе бөсе береді. Түлкі мен жүзім. Аш түлкі салбырап өсіп тұрған жүзімнің сабағын көріп, алып жемек болады. Қанша талпынса да, жете алмайды. Кетіп бара жатып: «Ол əлі піспеген екен!» – дейді өзіне. Адамдардың да кейбірі жетістіктерге жетпегеніне өз күшінің жетпегенін емес, жағдаятты кінəлайды. Мысық пен əтеш. Мысық əтешті ұстап алып, сылтауратып жеп қоймақ болады. Əуелі оны адамдардың мазасын аласың деп, кейіннен ол түнде айқайлап адамдарға ұйқы бермейсің деп кіналайды. Əтеш мұны солардың қамы үшін жасайтынын, оларды күндізгі жұмыс үшін оятатынын айтады. Мысық: «Сонымен қатар сен адал емессің, табиғатыңа қарсы келіп сен анаңды жəне əпкелеріңді жабасың» – дейді. Əтеш мұны да қожайындары үшін, олардың жұмыртқалары көп болу үшін тырысатынын айтады. Сонда сасып қалған мысық: «Сонда бəріне сылтауың табылып тұрса мен сені жемейді деп ойлайсың ба?» – дейді. Мысал жаман адам ойына келген арам істі жасау үшін сылтау болса да, болмаса да ашық жасай беретіндігін көрсетеді. Құйрықсыз түлкі. Түлкі бір тығырыққа тығылғанда құйрығын жоғалтып алыпты да, мұндай масқара жағдайда өмір сүруге болмайды деп ойлапты. Сондықтан да ол өз мүкістігі көрінбес үшін, өзге түлкілерді де осындай халге душар еткісі келіпті. Барлық түлкілерді жинап алып, құйрықтарын шауып тастауға көндірмек болыпты: біріншіден, олар əдемі емес, екіншіден ол тек ауыр салмақ қана. Бірақ бұған бір түлкі «Ей, сен! Егер сенің өзіңе пайдалы болмағанда, бізге мұндай кеңес бермес едің» – депті. Мысал айналасындағыларға шын көңілден емес, өз пайдасы үшін кеңес беретіндерге арналған. Балықшы мен балық. Балықшы ау лақтырып, кішкентай бір балық ұстап алыпты. Балық əлі кішкентай екендігін, ал үлкейгенде ұстап жесе, одан пайданың көбірек болатындығын айтып жалыныпты. Балықшы болса: «Қолымдағы олжаны жібере салып, бос үмітті қуаласам, ақымақ болғаным ғой» – деп жауап беріпті. Мысал осы күнгі кішкене пайда, болашақтағы үлкен пайдадан артық екендігін көрсетеді. Түлкі мен тікенді бұта. Түлкі дуалдан өтпекші болып жүргенде, құлап қала жаздайды, сондықтан тікенді бұтадан ұстай алуға мəжбүр болады. тікендері түлкінің
терісін сырып, денесін қатты ауыртып кетеді. Сондықтан ол өзі көмек сұрағандағы тікенді бұтаның қылығына налып, оны ұрса бастайды. Алайда тікенді бұта: «Менен ұстаймын деп қателескенсің, қарағым, мен өзім кім көрінгеннен ұстап үйренгенмін ғой» – деп жауап береді. Адамдардың арасында тек ақымақтар ғана табиғатынан зиян келтіргеннен басқаны білмейтіндерден көмек сұрайды. Түлкі мен қолтырауын. Түлкі мен қолтырауын кім танымал деп таласыпты. Қолтырауын өз атабабаларының даңқы туралы көп сөйлеп, соңында олардың гимнасиархтар болғанын айтыпты. Түлкі бұған: «Тіпті айтпа, əуелі сенің теріңнен-ақ, сенің гимнасияда өте көп еңбектенгенің көрініп тұр» – депті. Осылайша шындық өтірікті əшкерелейді. Балықшылар Балықшылар балық аулауға барады. Алайда қанша талпынса да ештеңе түспей, көңілсіз өз қайықтарында отырады. Сөйтсе бір балық жанынан шолпылдатып қашып бара жатып, өзі секіріп қайыққа түсіп қалады. Ал олар оны ұстап алып, қалаға апарып, сатып жібереді. Осылайша бізге өнер сыйға тарта алмағанды кейде бір сəт сыйға тартады. Түлкі мен отын жарушы. Аңшылардан қашып келе жатқан түлкі отын жарушыны көріп жалынады. Отын жарушы өз үйіне кіріп тығылуына болатындығын айтады. Кішкенеден кейін аңшылар келіп, түлкіні сұрайды. Отын жарушы көрмегендігін айтқанымен, қолымен түлкі тығылған жерді көрсетіп тұрады. Аңшылар оның ымын түсінбей, сөздеріне сеніп кете береді. Түлкі аңшылар кеткен соң, тығылған жерінен шығып ақырын кете береді. Отын жарушы оны «рахметсіз» деп кіналайды. Сонда түлкі: «Сенің қолыңның істегені мен сөзің қабысқанда мен саған рахмет айтар едім» – деп жауап береді. Бұл мысалды жақсы сөздер айтқанымен, жаман қылықтар жасайтын адамдарға қолдануға болады. Əтештер мен құр. Бір адамның əтештері болыпты. Бір күні базардан қолға үйретілген құрды көріп, оны сатып алып келіп, əтештеріне қосып бақпақшы болыпты. Алайда əтештер оны бөліп, қуа бастапты. Құр олардың тегінен болмағандығынан қуғынға ұшырап отырмын деп қайғырыпты. Алайда сəл кейінірек əтештердің өздері бір-бірімен қызыл кеңірдек болып қырылысып жатқанын көріп, ойлапты: «Жоқ, енді мен өзімді ұрды деп жалынбаймын, себебі олар өздерін де аямайды екен» – дейді. Мысал ақылды адамдар əуелі өз туғандарын да аямайтын көршілерінің ренжіткендеріне онша өкпелей қоймайтынын көрсетеді. Семірген түлкі. Аш түлкі ағаштың тесігінде қойшылар қалдырып кеткен ет пен нанды көреді. Ол тесікке кіріп тамақты жеп алады да, қайта шыға алмай, аһылапүһілей бастайды. Қасынан өтіп бара жатқан екінші түлкі оның дауысын естіп, не болғанын сұрайды. Не болғанын білгеннен кейін: «Енді қандай болдың, сол қалпыңа қайта келмейінше осында отыруыңа тура келеді» – дейді. Мысал қиын жағдаяттар уақыт өте келе өзімен өзі жеңілденетінін көрсетеді. Балықшы құс. Балықшы құс – бұл жалғыздықты сүйетін, ылғи теңізде өмір сүретін құс. Ол құс аулаушылардан тығылу үшін өзіне ұяны жағалаудағы жартастарға салады. Жұмыртқалайтын кез келгенде ол бір мүйіске келіп, жағалаудағы бір жартасқа ұя салады. Бірақ, бір күні өзіне жемтік іздеуге кеткенде, теңіз қатты желден толқып, балықшы құстың ұясына дейін жетіп, балапандарды батырып кетеді. Қайтып келген құс не болғанын көріп: «Байғұс-ай, байғұс-ай! Құрғақтағы қауіптен қорқып, теңізден көмек сұрап едім, ал ол жерден де жаман екен» – деп егіліп жылайды. Кей адамдар да осылайша өз дұшпандарынан сақтанып жүріп, өз достарынан жапа шегеді. Балықшы. Балықшы өзеннен балық аулайды. Ол ағыспен жағалауды бөліп өз ауын тартып қояды. Содан кейін қорыққан балық ауға түсіп қалсын деп, жіпке тасты байлап, сонымен суды ұра бастайды. Жергілікті тұрғындардың бірі оның бұл қылығын көріп, суды лайладың деп ұрса бастайды. Балықшы: «Егер мен өзенді лайламасам, онда мен аштан өлемін ғой!» – деп жауап береді. Осылайша мемлекеттердегі демагогтар да өз отанында ылаң тудырған кезеңде жақсы өмір сүреді. Түлкі мен бетперде. Түлкі мүсіншінің шеберханасына кіріп кетеді де, бар нəрсені аралап шығады. Осы кезде оған трагедиялық бір бетперде көзіне түседі. Жоғары көтерген түлкі: «Қандай бас, ал миы жоқ» – дейді. Мысал тəні керемет, жаны санасыз адамға қатысты. Өтірікші. Бір кедей тіптен əлсіреп, өзін жаман сезінгеннен кейін, егер өзін жақсы сезінсе, құдайларға құрбандыққа гекатомба əкелуге ант етеді. Құдайлар оны сынамақ болып сəл жеңілдік жіберіп, ауыруынан жазады. Ол төсегінен тұрып, өзінің шын бұқалары жоқ болғандықтан, майдан жүз бұқаның мүсінін жасап: «О, құдайлар, берген антым бойынша, құрбандығымды қабыл ала көріңдер» – деп, оларды өртеп жібереді. Құдайлар өтірікшіні жазаламақ болып, оған түс жібереді. Түсінде ол теңізге баруы керек болады, ол жерден мың драхма тауып алатыны аян етіледі. Адам қуанып кетіп, теңізге қарай жүгіреді. Алайда ол қарақшылардың қолына түседі де, олар оны құлдыққа сатып жібереді. Осылайша ол өзінің мың драхмасын тапқан екен. Мысал өтірікші адамға қатысты.
Көмірші мен шұғашы Көмірші бір үйде жұмыс істеп жүріпті. Оған шұғашы келіпті, көмірші оған осы үйде қалуды ұсынады: бір үйде тұрса бір-біріне үйренісіп кетеді, əрі арзан түседі. Шұғашы бұған келіспейді: «Жоқ, бұл мүмкін емес: мен ақтаған жерді, сен қап-қара етесің» – деп. Мысал ұқсамайтын заттар, үйлеспейтінін көрсетеді. Кеме апатына ұшыраған жан. Бір бай афиндық кісі басқа біреумен теңізде жүзіп келе жатады. Қатты дауыл тұрып, кеме аударылып кетеді. Өзгелердің барлығы да малтып кете береді, тек афиндық қана Афинаға жалбарынып, аман құтылса түрлі құрбандықтар шалатынын уəде етуін тоқтатпайды. Сонда бақытсыздықта жолыққан жолдасы: «Афинаға жалбарын, өзің де қозғал» – дейді. Сол секілді бізге де құдайға жалбарыну керек, сондай-ақ өзіміз туралы өзіміз ойлауымыз керек. Аударған З.С. Ахтамбердиева. ДИОГЕН СИНОПСКИЙ (шамамен б.з.д. 412 ж.) Ежелгі грек философы, Антисфеннің оқушысы, киниктер мектебінің негізін салушы. Адам бақытты болуы үшін барлық құралдары бар деп есептеген Диоген. Алайда көптеген адамдар бақыт деген байлық, танымалдылық, атақ-даңқ деп түсініп, қиялмен өмір сүреді. Ол осы қиялды қирату өзінің басты міндеті деп санаған. Диоген математика, физика, музыка, жалпы ғылымның пайдасыздығын айтады, ол адам өзін-өзі, тек өзінің қайталанбас тұлғасын тануы керек деп есептеген . Диоген туралы мəліметтердің негізгі дерек көзі – Диоген Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі, оқуы, айтқан сөздері туралы» трактаты. Диоген Синопскийдің қозқарастарында жүйелік жоқтығына, жалпы ілімінің жоқтығына сендіре отырып, Диоген Лаэртий Сотионға сүйене отырып, Диогеннің 14 шығармасында («Рақымшылық туралы», «Жақ сылық туралы») философиялық еңбегі де бар екенін айта кетеді. Диоген Лаэртий бойынша Диоген Синопский Александр Македонскиймен бір күнде қайтыс болған. Оның қабірінің басына ит пішініндегі ескерткіш қойылып, былай деп жазылған: Уақыттың билігімен мыс ескірсін – бірақ Сенің даңқың ғасырларға ұласады – Диоген: Сен бізге барға қанағат етіп өмір сүруді үйреттің, Сен бізге ең оңай жолды сілтедің. Көзқарастары Бір күні философ Аристип базарда көкөністердің қалдығын тазалап жүрген Диогеннің жанынан өтіп бара жатса, оған Диоген кекете былай дейді: – Егер сен мыналармен тамақтана алатын болсаң, онда тирандардың ауласында тіленіп жүрмес едің. – Ал егер сен адамдармен араласа алатын болсаң, сен бұлармен тамақтанбас едің дейді Аристип. Маржанды шашудың қажеті жоқ Бір күні Диоген қаланың алаңында философиялық лекциясын оқи бастайды. Оны ешкім тыңдамайды. Сонда Диоген құсша сайрай бастайды. Жанына аузы ашылған жұрт жиылады. – Міне, афиндіктер сіздердің ақылдарыңыздың жеткені, мен ақылды ойлар айтқанымда тыңдамай, ақымақ құс секілді сайрағанымда, сендер ауыздарыңды аңқитып тұрып тыңдайсыңдар – деген екен. Анекдоттар Бір күні əбден шал болған Диоген кішкентай баланың суды алақанымен алып, ішіп жатқанын көріп, өз сумкасынан шөмішін алып: «Бала мені, қарапайым өмірмен басып озды», – деп, лақтырып жіберген екен. Ал бір баланың ыдысын сындырып алғандықтан бөкпені нанның қыртысына салып жеп отырғанын көріп, өз ыдысын лақтырып жіберген екен. Диоген өзін «жоққа үйрету үшін» ескерткіштен қайыр сұраған екен. Диоген біреуден қарыз сұрағанда «маған ақша беріңдерші» деп емес, «менің ақшамды беріңдерші» деп сұраған екен. Александр Македонский Дельфге келгенде, өзгелер секілді ол да атақты «маргиналмен» танысқысы келеді. Ол Диогенді Кранийден (Коринфтің маңындағы гимназия), күнге қыздырынып жатқан жерінен табады. Александр жанына барып, «Мен – атақты патша Александрмын» – дейді. «Ал мен – ит Диогенмін» – дейді Диоген. «Не үшін сені ит деп атайды?» – деп сұрайды Александр. «Кім бір нəрсе тастаса, қутыңдаймын, кім ештеңе тастамаса, үремін, кім зұлым – соны қабамын» – дейді. «Ал менен қорқасың ба?» – дейді Александр. «Ал сен жақсылықсың ба, жамандықсың ба?» – деп өзінен қайта сұрайды Диоген. «Жақсылық» – дейді Александр. «Онда жақсылықтан кім қорқады?» – дейді Диоген. «Менен, қалағаныңды сұра» – дейді Александр. «Былай тұршы, сен күнді көлеңкелеп тұрсың» – деп сұрайды Диоген. Александр «Егер мен Александр болмағанымда, Диоген болар едім» – деп айтқан екен, мыс. Афиндіктер Филипп Македонскиймен соғысқа дайындалып жатқанда қаладағылар əбігерге түсе бастайды. Диоген өзі тұратын бөшкесін көшелермен дөңгелете бастайды. Не үшін бұлай істеп жүргенін сұрағандарға: «Барлығы да іспен шұғылданып жатыр, мен де» – деп жауап берген екен. Диоген «Грамматиктер Одиссейдің бақытсыздықтарын зерттеп, өздерінікін көрмей жатыр; музыканттар лираның құлақ-күйін кел-
тіргенімен, өз қылықтарын түзей алмай жатыр; математиктер ай мен күнді бақылап, аяқтарының астындағыны көрмейді; шешендер – жақсы сөйлеуді үйреткенімен, жақсы қылықтарды үйретпейді; ал қызғаншақтар ақшаны бəрінен де асыра жамандағанымен, өздері барлығынан да жақсы көреді» – дейді. Күн жарықта адамдар арасында «Адам іздеп жүрмін» деген Диоген шамы сол антикалық заманның өзінде-ақ хрестоматиялық мысалға айналған. Моншадан шомылып шығып келе жатқан Диогеннен моншаға енді бара жатқандар: «Диоген, халық көп па екен?» – деп сұрайды. «Толы» – дейді Диоген. Осы жерде жəне басқа таныстары кездесіп қалады: «Көп адам шомылып жатыр ма?» – дейді олар. «Адамдардан – ешкім жоқ» – дейді Диоген. Олимпиядан келе жатқан Диоген «ол жақта халық көп пе екен» деген сұраққа, «Халық көп, ал адамдар аз» – деп жауап берген екен. Бір күні алаңға барып, «Ей, адамдар» – деп айқайлайды. Халық жиналып қалғанда: «мен оңбағандарды емес, адамдарды шақырдым» – деп таяқты алып қуа жөнеледі. Диоген елдің көзінше қол көтерумен айналысатын: «Диоген, бізде демократия, не істегің келсе соны істейсің, ал сен болсаң асыра сілтеп жатқан жоқсың ба?», дегендерге: «Аштықты да қойдыруға болар еді»- деп қарнын сипайды екен. Платонға үлкен сəттілік əкелген: «Адам екі аяқты, қауырсынсыз хайуан» деген сөзін естігенде Диоген тауықтың жүнін жұлып, мектепке əкеліп: «Міне Платонның адамы» деген екен. Платон болса өз сөзіне «жалпақ тырнақты» деп толықтыруына тура келіпті. Біреу өзінің ұзақ шығармасын оқып жатқанда, ораманың соңы көрініпті, Диоген: «Ерленіңдер, жағалау көрінді» – деп айқайлаған екен. Өз үйінде «Мұнда Зевстің ұлы Геракл тұрады, жəне жамандықпен күреседі» деп жазып қойған жаңа үйленгеннің сөзіне Диоген «Бірінші соғыс, содан кейін одақ» – деп қосып қойған екен. Философ Диоген өз бөшкесінде жасымық ботқасын жеп отырады. Керемет арба мінген философ Антипа оған келіп, «Міне, Диоген егер сен императорға жағынуды білсең, жасымық ботқасын жемес едің» – дейді. Оған Диоген: «Егер сен жасымық ботқасын жеп үйренсең, императорға жағынып əуре болмас едің» – дейді. Тəлімдік өсиеттері: Вельможалармен оттың жанындағыдай қарым-қатынас жаса. Өте жақын да, өте алыс та тұрма. Достарға қол созып тұрып, жұдырығыңды түйме. Кедейлік өзі философияға жол салады. Философия елге сөзбен түсіндіргісі келгенді, кедейлік оны іспен көрсетеді. Жамандау жабайы аңдардың ішіндегі ең қатерлісі. Жағымпаз – қолға үйретілген аңдардың ішіндегі ең қауіптісі. Философия мен медицина адамды ең ақылды жануар етіп жасады. Ал астрология мен бал ашу – ең ақымақ. жануар етіп жасады. Мал ұстаған адамдар, малдары оларға қызмет етіп емес, олар малдарына қызмет етіп жатқанын мойындау керек. Өлім – зұлымдық емес, себебі мұнда арсыздық жоқ. Философия тағдырдың түрлі бұлтақтарына дайын болуға шақырады. Аударған З.С. Ахтамбердиева. САМОСАТТЫҚ ЛУКИАН (б.з.д. 120–180 жж. шамасы) «Самосаттан келген Лукиан» деген атпен танымал болған гректің сатирик-жазушысы (б.з.д. 120–180 жж.шамасы). Самосатта (Сирия) дүниеге келген. Оның əкесі қарапайым кəсіпші болған. Лукиан жалпы жəне шешендік білім алған, Антиходияд адвокаттық тəжірибесі болған, көп саяхат жасаған (Грекия, Италия, Галлияда болған), Афинада заңды меңгерген; өмірінің ақырында Египеттегі лауазымды прокуратор қызметіне ие болған. Ол өз сөздерімен тек Сирияның қалаларында ғана емес, Рим, Афинада да баяндаулар жасаған. Өзінің алғашқы шығармаларында Лукиан риторикаға маңыз береді («Шыбынға арналған мақтаулар», «Түс» жəне т.б.), кейінірек ол риторикалық «Даналықты» күлкіге айналдырады, философияны меңгеруге көңіл қояды. Батыс Еуропаның əдебиетінің дамуында əсіресе Ренессанс жəне Ағартушылық дəуірі де Лукион үлкен рөл атқарды. Оның сатирасына Рабле, Ульрих фон Гуттен, Эразм Роттердамский мен Свифт шығармашылықтары үлкен əсер етті. Рабле мен Свифтің романдарындағы фантастикада Лукионның «Шынайы оқиғалар» еңбегіне тікелей баламаларды табуға болады. Шынайы оқиғалар (үзінділер) Бірінші бөлім 1. Өз денесінің саулығы мен күшіне күтім жасайтын атлеттер мен адамдар тек физикалық жаттығуларға ғана назар аударып қоймай, сонымен қатар уақтылы демалысқа шығып, оны дұрыс, салауатты өмір сүрудің маңызды жағдайлары деп есептейтіндер сияқты ғылыммен айналысатындарға да, меніңше, күшті ақыл-ой жұмыстарынан кейін ақылға демалыс беріп жəне оны алуға тұрған жұмыстар үшін күшейтіп алған дұрыс.
2. Демалудың ең жақсы тəсілі тек өткір пікір жəне қызықтығымен ерекшеленетін кітапты оқу ғана емес, сонымен қатар нақышты ойлары бар өсиеттерді де оқу. Осы аталған менің шығармам айтылғанға ұқсас оқу түріне келеді деп ойлаймын. Онда оқырманды ойдың əсемдігі мен мазмұнның өзіндік ерекшелігі, пікірлердің сан алуандығы, шындыққа үйлесімдіжəне көзді жеткізетіндей тілмен баяндауы ғана қызықтырып қоймайды, сонымен қатар əңгіменің əрбірінің көне ақындардың біреуіне, шындыққа қатысы жоқ кездейсоқ нəрселерді көп жазған тарихшы мен философтарға сəл-пəл емеуріні бар, егер өзің оқи отырып кімге емеурін танытып отырғанымды таба алмайтын болсаң, мен олардың аттарын айтып бере алар едім. 3. Мысалы, оларға книдиялық Ктесий (Ктесий – жазушы, тарихшы б.з.д. ІV ғ., ол Үндістанға сипаттама берген, оны ғажайыптар елі деп суреттеген) жатады, ұлы Ктесиоха – Инд елдері жəне олардың өмірі жөнінде жазған, бірақ өзі ол жақта ешқашан болмаған да, олар туралы ешбір шындық деректерді естімеген. Ямбул (1) ол да ұлы теңізде өмір сүретіндер туралы көптеген ғажайып нəрселерді жазған; осының барлығының ойдан шығарылғаны туралы бəрі де білетін, əйтсе де оның ойдан шығарған əңгімелері қызықсыз да емес еді. Басқа көптеген адамдар тіпті бұлардан асып түсті, өздерінің сапарлары мен жорықтары, аңдардың үлкендігі, адамдардың жабайылығы мен салттарының ерекшеліктері туралы сипаттады. Осы тектес шындыққа жанаспайтын əңгімелерді айтуға үйренген Гомердің Одиссейі еді, ол Алкинойда құлдық қызметін атқарғаны, желге жұмыс жасағаны, бір көзді, адам жегіштер жəне басқа жабайы адамдар, көпбасты тіршілік иелері, сиқырлы жүздердің шақырған спутниктерінің басқа нəрсеге айналғаны жəне тағы басқалар жөніндегі əңгімелерімен Одиссей тез сенгенін фэактардың басын қатырған. 4. Мен бұл кісілерге ойдан шығарған əңгімелері үшін аса кінə тақпаймын, өйткені мен өздерінің айтуы бойынша уақыттарын философияға ғана арнадым дегендердің жазушылықпен айналысқанын көрдім. Бар нəрсе мені үнемі таңғалдырды: ойдан шығарған əңгіме байқалмай қалады деген сенімділік. Шындығы басқа жазушылардан артық та емес, кем де емес болса да, өз артымнан қандай да бір шығарма қалдыру деген мансаптық тілегім оянған (менің өмірімде басқаларға өсиет қылатындай еш нəрсе де болған жоқ) мен ойдан шығару тəсіліне басқаларға қарағанда игілікті түрде келгім келеді. Бір нəрсені шын айтамын: мен өтірік жазамын. Менің осы мойындауым басқаларға ауыр болғандай менен өзім айтып тұрғандай ешнəрсе жөнінде шындықты айтпайтыным үшін кінəны түсірер. Сонымен, мен көрмеген, сезінбеген жəне ешкімнен естімеген жəн де шын мəнінде жоқ, болуы да мүмкін емес нəрселер туралы жазамын. Сондықтан төмендегі оқиғалардың біреулеріне де сенудің қажеті жоқ. 5. Жүзуге бой ұрып жүріп мен Геракл бұғаздарын айналып өттім. («Геркулес бұғаздары» – Гибралтар жағалауы.) жəне самал желдің ығымен батыс мұхиттан бірақ шықтым. Менің саяхатымның себебі бір жағынан танымға деген сүйіспеншілік болса, екінші жағынан барлық кездейсоқ жағдайларға деген құмарлық мұхиттың қай жерде аяқталып, оның арғы жағалауында кімдер тұрады екен деген сұрақтарға жауап табу еді. Сондықтан үлкен көлемде қор жинап алып, жеткілікті мөлшерде су алып мен өзім сияқты ойдағы елу жолсерік таңдап алдым, қажетті деген қару-жарақтардан алып алдым, еңжақсы аспазды көп ақша төлеп жалдадым жəне өз кемемді – бұл жақын да ұзақ теңіз сапарларына арналған жеңіл желкенді қайық еді – құрал– жабдықтың бəрімен қамтамасыз еттім. 6. Күні-түні біз желдің ығымен жер көрінгенше, баяу жүзіп отырдық. Келесі күннің шығуымен жел күшейе бастады, толқындар үлкейді, қараңғылық басты жəне желкендерді жинауға еш мүмкіндік болмады. Сөйтіп өз өмірімізді желдің ырқына беріп біз осылайша жетпіс тоғыз күнді басымыздан өткердік, ал сексенінші күні кенеттен шыға келген күннің жарығынан биік ағаштармен көмкерілген жағалауды көрдік, айналасына толқынның гуілі естілмей тұрды. Боранның да күші қайта бастады. Жағалауға жақындап келіп қайығымыздан түсіп өзіміздің үлкен зардаптарымыздан кейін ұзақ уақыт жерде жаттық. Орнымыздан тұрғаннан өз ортамыздан отыз адамды кемеде қарауылдықты қалуды сайладық, қалған жиырмасы менімен жағалауды барлауға аттандық. 7. Орманға теңізден үш шақырымға жуық жүргеннен кейін біз бір мыс бағананы көрдік, ал онда өшірілейін деп қалған түсініксіз грек жазуын көрдік: «Осы жерге дейін Геракл мен Дионис жеткен». Жартастардың жанынан біз екі із көрдік, біреуі үлкен, екішісі кішірек, сөйтіп мен кішкентайлау із Дионистікі, алғашқысы Гераклдікі деп шештім. Оларға тіземді бүгіп құрметімізді көрсеттік те ары қарай жүріп кеттік. Аз ғана жүріп үлгерген жоқпыз шарап болып ағып жатқан, өзі хиос шарабына өте ұқсайтын өзенді көріп таңырқап қалдық. Өзеннің арнасы кең де терең екен, сондықтан ол кейбір жерлеріндегі кемелге лайықты. Дионис саяхатының айқын дəлелін көрген бағанағы жазудың шын екеніне одан сайын көзімізді жеткіздік. Мен өзеннің бастау алған жерін қарағым келіп, біз ағыстың бойымен жүре бердік, ал оның орнына біз көптеген жүзім сабақтарын көрдік. Əрбір сабақтың тамырында шараптың мөлдір тамшысы тамып тұрды, осы тамшылардың шағылысуынан үлкен ағыс пайда болып жатыр. Судан дəмі мен түсі шарапқа келетін көп балықтар көрінеді. Біз бірнешеуін аулап алып жұтып жібердік те бірден мас болып қалдық: оларды тіліп жіберіп қарағанда олардың іші шарап тұндырмаларына толы екенін көрдік. Кейінірек бізге осы балықтарды жай судағы балықтарға араластырып шараптың уытын азайту деген ой келді. 8. Өзеннің таяз жерлерін аралап жүргенде біз керемет жүзім шоқтарына кездестік: оның діңгегі жерден басталып тұрды, жас та толық екен, ал жоғарғы жағы əйелге айналып кетті, ол əйелдердің бөксесіне
дейінгі жерлері кəдімгідей толысып дамыған, – яғни, біз көріп жүрген Аполлонның Дарфаны ұстап алайын деп жатқанда оның ағашқа айналып кетуі туралы суретке ұқсас. Саусақтарының ұштарынан түгел жүзім шықтары төгілген бұтақтар өсіп тұр. Əйелдердің бастарында шаштың орнында жүзім шашақтары, жапырақтары жəне сабақтары. Біз оларға жақындағанда олар бізге сыпайы қарсы алып қолдарын ұсынды; олардың біреулері медия тілінде, біреулері үнді, көпшілігі эллин тілінде сөйлейді. Олар бізді еріндерімізден сүйді. Олар қолды сүйіп қалса, сол масайып, ақыл-ойынан адасты. Бірақ олар жемістерін жұлуға рұқсат етпеді, ал егер біреулер сабақтарын жұлып алса, аурудан қиналып шыңғырып жатты. [Ары қарай Лукян осы əйелдердің жолдастарымен болған махаббатын айтып жатты] 9. Оларды артқа тастап біз өз кемемізге қарай жүрдік, онда қалған жолдастарымызға барлық болған жағдайларды, жолдастарымыздың жүзім шоқтарына айналғанын айтып бердік. Бірнеше құмыра алып біз оларды сумен жəне өзендегі шараппен толтырдық. Біз түнді өзенге жақын жағалауда өткіздік, ал таңертен аса қатты соғып тұрмаған желдің ығымен сапарымызды əрі қарай жалғастырдық. Түске қарай, жағалау көрінбей қалған кезде кенеттен кемемізді құйын айналдырып, кемені 3 мыңдай биіктікке көтеріп төмен түсірді, бірақ теңізге емес, керісінше ауаға тастап кетті. Жел желкенге соғып бізді одан əрі қуып əкетті. 10. Жеті күн жеті түн біз ауамен жүздік, сегізінші күні үлкен жарқыраған жəне шар секілді, жарқын сəуле шашып тұрған үлкен бір жағалауды көрдік (2). Сол жерге жүзіп келген соң зəкірлерімізді түсіріп тоқтадық. Бұл елді шолып қарай жүріп біз бұл жердің тұрғылықты жер екенін білдік өйткені түгел өңделген екен. Күндіз біз барлығын түгел жақсы қарай алмадық, ал түн келгенде жақыннан басқа да көптеген жағалаулар көріне бастады, кейбірі үлкендеу біреулері шағындау, бірақ бəрі от тəріздес төменнен біз басқа бір жерді көрдік, ал онда қалалар мен өзендер, теңіздер, ормандар мен таулар көрінді. Сөйтіп біз төмендегі жер біз өмір сүріп жатқан жер екенін түсіндік. 11. Біз ары қарай жүре беруге шешім қабылдадық та, бір кезде аткезқұйрықтарды кездестірдік, олар осылай аталады екен, бізді тұтқынға алды. Осы аткезқұйрықтар күшігенді ерттеп мініп алып, оларды ат сияқты құрықтайтын еркектер сияқты екен. Осы күшігендер үлкен алыптардай жəне бəрінде үш бастан бар. Олардың алыптығын қағатын қанаттарындағы əрбір қауырсынының тауар кемесіндегі мачталардан жуандығынан ұғынуға болады. Аткезқұйрықтар елді ұшып аралап, шетжерліктерді кездестірсе патшаларына алып баруға міндетті екен. Бізді де олар ұстап алғаннан кейін патшасына алып барды. Ол бізді көрген кеде киімімізден білген болу керек, былай деп сұрады: «О, шетелдіктер, сіздер эллинсіздер ме?» Біз оған нақтылай жауап бердік. «Сіздер, қалайша, – деп жалғастырды ол, – ауа арқылы жол салып осылай келдіңіздер? «Біз оған басымыздан кешкен барлық нəрсе туралы айтып беріп едік, ол да өзінің Эндимон атты адам екенін, ұйықтап жатқан кезде жерден алынып кетіп, осында келген соң елді басқарып жатқанын айтып берді. «Ал бұл жер деп айтты ол, сізге жоғарыдан жарқырап тұратын Ай». Эндимион бізге ешқандай қауіптің жоқ екенін, қорықпауымызды айтты жəне бізге қажетті нəрсенің бəрімен қамтамасыз етуге уəде берді. (12–19. Күннің тұрғындары Селениттер мен Гелиоттардың соғысы). 20. Гелиоттар өз одақтастарымен Селениттің одақтастарымен бірге төмендегідей шарттар бойынша бейімге келуге келісім жасасты. Гелиоттар өздері салған бекіністі бұзуға, енді ешқашан Айға шабуыл жасамауға жəне жеке төлемақыға əрбір тұтқынды қайтаруға міндеттенеді, Селе ниттер болса, өз жоғынан, басқа жары берушілердің автономиясын бұзбауға, Гелиоттарға соғыс ашпауға, ал басқа жақтан шабуыл болған кезде оларға көмекке келуге міндеттенеді. Ары қарай, Селениттердің патшасы Гелиоттар патшасына жыл сайын шыққа толы он мың құмыра түрінде алым төлеп отыруға жəне өз тарапынан он мың тұтқын беруге міндеттенеді. Таңғы жұлдыз шебіндегі жағдайға келсе, олар оны мəлімдей отырып құруы керек жəне басқа ниеті барлар оған қатыса алады. Осы келісімшарт янтарь бағанаға жазылып екі мемлекет арасында ауаға қойылуы керек. Гелиоттар жағынан баяндалған мəселелердің дұрыстығы жөнінде Оттық, ұшқыш жəне жалынды ант берді; Селениттер жағынан – Түндік, Айлық жəне Көпжарқырауық ант берді. 21. Əлем жағдайлары осындай еді. Бекініс сол мезетте бұзылды, ал бізді əскери тұтқындарды босатты. Біз айға қайтып оралған кезде, жолдастарымыз бен Эндимионның өзі бізді қуанышпен, көздеріне жас алып қарсы алды. Патша бізден жаңа шепке қатысуға жəне маған əйелдікке өз ұлын (оларда əйел жоқ) беруге өтінді. Мен қалуға келісім берген жоқпын, оның барлық сөздері мен нақты дəлелдеріне қарамастан бізді тағы да төменге, теңізге жіберуді өтінді. Өз сөздерімен бізді көндіре алмайтынына көзі жеткеннен кейін, Эндимион бізді жеті күн қонақ етіп күтті, кейін жіберді. 22. Енді мен Айда біз болған уақытта байқаған барлық таңғажайыптар туралы айтқым келеді. [23–26. Селениттердің дəстүрлері мен əдеп-ғұрыптары туралы айтылады.] 27. Патша жəне оның төңірегіндегілермен қоштасқаннан кейін біз кемеге мініп жолға шықтық. Эндимион маған сый-сияпаттар да жасады: екі шыны хитон, қасқырдың құмалағынан жасалған бес мыс жəне бронея берді. Бұлардың бəрін кейін мен китта қалдырдым. Ол бізбен бірге мыңдаған аткезқұйрықтарды жөнелтті, олар бізді бес жүздей шақырымға дейін шығарып салды. 28. Өзіміздің сапарымыз кезінде көптеген мемлекеттерді жүзе отырып,
біз жақыннан бері колонистер мекендеп жатқан Таңғы жұлдыздан түстік. Алыс жолға жүріп бара жатып біз ол жерден су қорымызды толықтырып алдық. Одан кейін біз Зодиакқа ендік жəне Күнді тығыз жанай отырып, оны сол жағымыздан қалдырып кеттік. Біз ол жерде жолдастарымыз қанша қалғысы келсе де тоқтамадық; тоқтау бізге қарсы жел соғып тұрғандықтан мүмкін болмады. Бірақ біз Гелиоттар елінің өркендеп, гүлдеп, құнарланып, жақсы суарылатынын жəне барлық игіліктерге толы екенін байқадық. Кенет бізді Бұлт Кентарлары, Фаэтонның жолдамалылары байқап қалды да біздің кемемізге тап берді, бірақ біздің одақтастар екенімізді біліп ары кетті. 29. Енді бізбен аткезқұйрықтар қоштасты. Барлық уақыт біз төменге қарай жол ұстай отырып, қалған күн мен түн жүздік, ал кешке қарай жарықшам қаласы деп аталатын жерге келдік. Бұл қала ауадағы Гияда жəне Плеяда дегендердің арасында, бірақ Зодиактан едəуір төмендеу. Жерге түскенде біз ешқандай адамды кездестірмедік, бірақ көптеген жарықшамдарды көрдік, олар жан-жақтарға жүгіріп жүрді жəне базарларда, гаваньда бір нəрселермен айналысып жүрді. Олардың барлықтары кішкентай жəне кедей болып көрінді, үлкендері мен атақтылары аз екен, оларды жарқылы мен айқындығынан ажыратуға болады. Олардың əрқайсысының жеке үйі мен шамдары бар. Адам сияқты əрбір жарықшамның аты бар жəне дауыстары бар. Олар бізді еш ренжітпесе де, керісінше өздерінің үйіне қонаққа шақырса да, біздің бəріміз олардан қорықтық, олардың үйінен түнеуге де, тамақ ішуге де батпадық. Олардың қалалық басқармасы қаланың орталығында, жəне сол жерде түнімен қала старшинасы болады да олардың əрбірін атымен атайды. Егер кімде-кім шақырғанда келмесе, оны қашқын ретінде өлім жазасына кеседі, яғни, жарықшамды өшіріп тастайды. Біз осы жерде тұрып, барлық болып жатқан нəрселерді бақыладық жəне шамдардың ақталып, өздерінің кешігу себебін айтып жатқандарын естідік. Осылардың арасынан мен өзіміздің үйдегі шамды да таныдым; онымен сөйлесіп үйдің жағдайы туралы сұрадым, ол маған бар білгенін айтып берді. Түні бойы жарықшам қаласында болып, біз таңда жолға шықтық жəне бұлттардың жанынан жүзіп өттік. Сол жерден өткенде біз Бұлткөкек қаласын көріп қатты таңғалдық, бірақ желдің кедергі келтіргенінен тоқтай алмадық. Елдің айтуынша, онда Корон, Коттифионның ұлы патшалық құруда. Осы кезде мен дана да əділ Аристофон ақынды есіме түсірдім, оның əңгімелеріне ел бекерге сенбейді. Үшінші күні біз мұхитты анық көрдік, бірақ біздің жер əлі де байқалмайды. Төртінші күні түс ауа, жел жұмсарып жəне кішкене тоқтаған кезде, біз теңізге түстік. 30. Біз қайтадан суға жақындаған кезде қандай сезім баурап, қалай қуандық. Қалған қорларымыздан жақсылап дастархан жасадық, кейін суға түстік, өйткені қайтадан тыныштық орнап су тұп-тұнық бола қалды. Бірақ жақсы нəрсенің бола қалуы үлкен азаптардың басы болады екен. Екі күн біз жақсы жүздік, үшінші күні күн шыққан кезде, біз кенет көптеген құбыжықтар мен киттерді көрдік, олардың арасындағы біреуі тіпті өзінің үлкендігімен ерекшеленеді: оның ұзындығы мың жарымға жуық ұзындықта еді. Ол бүкіл теңізді қозғалтып жəне көбік шашқызып, азуын айқара ашып бізге қарай тез жүзді. Оның жалаң тістері фаллдардан үлкендеу, найзағай өткір, өзінің ақтығы жағынан піл сүйегін еске түсірер еді. Біз бір-бірімізбен мəңгілікке қоштастық, құшақтасып ақырын күтіп тұрдық: кит бізге жақындап келді де, кемемізбен қосып жұтып қойды (3). Бірақ ол бізді өзінің тістерімен шайнап тастай алмай қалды, біздің кемеміз саңылау арқылы оның ішіне сүңгіп кетті. 31. Ішіне енгеннен кейін біз басында ештеңені көре алмадық, өйткені тұтас қараңғылық басып тұрды, бірақ кит қайтадан аузын ашқан кеде біз он мың қала тұрғындарымен қоса сыйып кететін өте кең де биік қараңғы жартаста тұрғанымызды көрдік. Жан-жақтың бəрінде үлкен-кішкентай балықтар, мылжаланған малдар, кемелердің желкендері мен зəкірлері, адам сүйектері мен кеменің жүктері шашылып жатты. Жартастың ортасында мен төмпешіктермен жасырынған жерді көрдім, менің пікірім бойынша, ол кит жұтқан балшықтардан пайда болған. Осы жерді түгел арман басқан, түрлі ағаштар мен көкөністер өсіп тұрды, жалпы өңделген топырақ сияқты көрінді; айналасында екі жүз қырық шақырымдай жер болды. Теңіз құстары, шағалалар мен балықшы құстар ағаштарға ұя салып жатты. 32. Бастапқыда біз көп жыладық, бірақ кейін мен достарымызды батылдандырдым; біз қайығымызды байладық, от жақтық, алау тұтатып балықтантамақ жасадық, балық деген жан-жағымызда толып жатты. Таңғы жұлдыздан алған суымыз əлі де бар еді. Келесі күні оянып, біз арасында үзіп-үзіп кит аузын қалай ашқаннан, біресе таулар, біресе тек аспан, жиірек жағалауларды көріп, соның негізінде кит барлық теңіз кеңістігінде тез қимылдайтын жануар деген шешімге келдік. Біз өзіміздің келген мекенімізге үйрене бастағанда, мен өзіммен бірге жеті жолсерігімді алып жан-жақты бағдарлау үшін орманға аттандым. Біз бес шақырым жүріп үлгерген жоқпыз, біз шіркеуге келіп тірелдік, оның жазуына қарағанда, ол Посейдонға арналған. Жақын жерде мүрделердің тұтас қатарын көрдік жəне жанында мөлдір судың бастауы ағып жатты. Иттің үргені естілді, алдымыздан үй көрінді, сөйтіп біз осылайша белгілі бір тұрақты жерге жететінімізді түсіндік. 33. Біз тез басып ілгері жүре бердік те, бақшада тынбай жұмыс істеп жəне оған бастаудан су кіргізіп жатқан қарт пен жас жігітті көрдік. Бір жағынан қуанып, бір жағынан қорқып біз тоқтадық. Олар да біз сияқты не істерлерін білмегендей тұрып қалды. Біраз уақыт өткен соң шал былай деп айтты: «Сіздер кімсіздер, жатжұрттықтар? Теңіз құдіреттерісіздер ме не бізбен мұңдас адамсыздар ма? Біз де адамдар едік, жерде өмір сүрдік, қазір болса теңіз тұрғынына айналып мына құбыжықпен бірге жүземіз.
Біз өз жағдайымыз туралы нақты ештеңе білмейміз: бір жағынан, біз өліп қалған сияқтымыз, бірақ басқа жағынан – біз əлі өмір сүрудеміз деген сенім бізден кеткен жоқ». [Шал баласымен киттің құрсағында нашар тұрып жатқан жоқ екен: мұнда балық та, құстарда бар, көкөніс өсіруге болады, тамаша су ағып жатыр. Тек өмір сүруге кедергі тигізіп отырған көршілері – Тұздаушылар, Тритономеялар, Шаяндылар екен. Бұл халықтар өз арасында соғысып жатыр. Олардың біреуіне шал ұлымен бірге салық бес жүз теңіз устрицалары түрінде төлейді екен.] 1. Осы уақыттан бастап киттің ішіндегі өмір мен үшін төзгісіз болып көріне бастады; осы жердегі барлық нəрседен жалыққаным сондай, мен біздің босауымызға септігін тигізетіндй құрал ойластыра бастадым. Алдымен біз киттің оң жақ бүйірін қазып қашамыз деп шештік те, сол мезетте іске кірістік. Бес шақырымдай жерді қаздық та ісіміздің өнімсіз болатынын біліп, біз бұл жұмысты доғардық жəне орманды жағуға бел байладық. Ішінде болып жатқан өрттен кит өлуге тиіс еді де, біздің босануымыз ешқандай қиындық туғызбаған болар еді. Біз іске кірісіп құйрығынан бастап орманды жақтық. Жеті күн, дəл сондай жеті түн өтті, ал кит өртті байқамағандай, бірақ сегізінші жəне тоғызыншы күндері, ол ауырғандай сыңай танытты, өйткені өзінің аузын жай ашты, ал ашқан кезде қайтып шапшаң жауып алды. Оныншы жəне он бірінші күндері оның ақыры таяп келе жатқанын байқауға болды, себебі одан жағымсыз иіс шыға бастады. Он екінші күні біз бақытымызға қарай, егер біз ол аузын ашқанда бір нəрсе тығып алмасақ, өзімізге киттің өлі денесінде қалып қойып, солайша қаза табатынымызды түсіндік. Сөйтіп, біз оның аузына ірі бөренелерді тығып тіредік те кемемізді дайындай бастадық, оны сумен жəне қажеттілердің бəрімен мүмкін болғанша көбірек жабдықтадық. Скинфар біздің аспазымыз болуға келісті. 2. Келесі күні таңда кит өлді. Сол уақытта біз кемемізді жоғарыға итердік, оны барлық саңылаулар арқылы өткіздік, киттің тісіне бекітіп теңізге жайлап жібердік. Содан соң біз киттің арқасына шығып Поссейдонға құрбан шалдық жəне трофейдің жанында үш күн өткіздік, тыныштық орнады, ал төртінші күні жолға шықтық. Лукианның тəлімдік өсиеттері □ Кітапты оқи отырып түсінбеген библиофия құдіретті лираның даусы естіп түк түсінбейтін есекке ұқсайды; көп кітап та оны ғалым қылмайды, мақалда айтылғандай, – маймыл алтын алқа тақса да маймыл болып қалады. □ Бала бағушылар өз тəрбиеленушілері туралы оларды мектепке беру керек деп айтады: егер олар онда жақсы бір нəрсеге үйренбесе де əйтеуір мектепте жүрген соң ешқандай жаман іс жасамайды. □ Отаныңның түтіні жат жердің маздаған отынан жарық. □ Римдіктер өмірінде бір рет қана шындықты айтады – өз өсиеттерінде. □ Өмір қысқа, ал ғылым ұзақ. □ Бірде ақы үшін кез келгенге бал ашып тұрған көріпкелді көріп, Демонакт блай депті: Мен түсінбеймін, сен не үшін ақша аласың: егер сен маңдайға жазылғанды өзгерте алатын болсаң, қанша сұрасаң да ол аздық қылады; егер барлық нəрсе құдіреттің жасағанындай болса, – сенің көріпкелдігіңнің не үшін қажеті бар?» □ Жалғыз нағыз бақыт – көңіл-күй байлығы, ал қалғандарында қуаныштан гөрі қайғы басымырақ. Ауқатты да бай адам деп өз меншігіндегі нəрселерді игере алатын адамды айту керек. □ Жақындардың қайғысы біздердің қайғыларымыз кезінде жұбатады. □ Қажеттіліктері бойынша балалар үлкендерден, əйелдер – еркектерден, аурулар – саулардан асып түседі. Қысқаша айтқанда, қашан да, қай кезде де төмендегі жоғарыдағыға қарағанда көбірек мұқтаж болады. Міне сол себепті де құдайлардың еш нəрсеге мұқтаждықтары жоқ, ал кім құдайларға жақын болса, солардың қажеттіліктері азырақ болады. □ Өзіңнің жеке мүлкіңді – өлуге тиіс адам ретінде пайдалан, ал байлығыңды – ұзақ өмір сүретін адам ретінде сақта. Осыны есте сақтап, сараңдық пен жомарттық арасындағы ортаны ұстай алатын адам ақылды. □ Демонакт моншада жуынып жатып, бірде ыстық суға түсуге дауаламай тұрады. Біреу оны қорқақ деп кіналапты «айтшы, мен мұны отан алдында істеуім керек пе?» – деп қарсыласыпты Демонакт. □ Тойда не болғанын есте сақтайтындарды жиі көремін. □ Бидегі əрбір қимыл даналыққа толы, сондықтан ешбір мағынасыз қимыл жоқ. Сол себепті митилендік Лесбонакт бишілері «данақолдылар» деп атаған. □ Азамат соғысында əрбір жеңіс жеңіліс болып есептеледі. □ Біреу Демонакттан жан мəңгілік пе деп сұрапты. «Мəңгілік, – деп жауап беріпті ол, – бірақ қалғандарынан көп емес». Аударған З.С. Ахтамбердиева. МАРК ПОРЦИЙ КАТОН ЦЕНЗОР (б.з.д. 234–149 жж.) Римнің саяси қайраткері, əскербасы, атақты шешені жəне заңгері. Лациядағы Тускул қаласында туылған, салт аттылар тегіне жатқан. Өмірінің барлық кезеңін Катон өз білімін жетілдіруге арнаған. Толысқан шағында грек əдебиетінің ең ең жақсы үлгілерімен танысу үшін ол грек тілін меңгерген. Тарихшы Фукидид пен Демосфен шешенді
ол өзінің ұстаздары деп санаған. Катон еңбектеріне əскер ісі, құқық жəне ауыл шаруашылығына арналған бірнеше еңбектер жатады. Өз сөздерін жариялауды алғаш болып бастаған Катон еді. Катонның басты шығармасы 150 жылдан бері қаланған Рим қаласының тарихы суреттелген «Бастаулар» еңбегі болып саналады. Катонның педагогикалық көзқарастары Катон өз қолымен баласы үшін үлкен əріптермен Рим тарихын жазып шығады, əрине өзінше баяндаған, ал ұлы кішкене өскен кезде оған өмірдің практикалық даналығын баяндайды (Praecepta adfi lіum). Алғашқы рим энциклопедиясы болып барлық жерде мойындалған бұл шығарма ауыл шаруашылығы, риторика жəне медицина жөніндегі өсиеттерден тұрады. Барлық нұсқаулар моральдік тенденциялармен берілген, бұл «шешендік өнерді меңгерген əділ адам» болып табылатын оратордың анықтау үлгілерінен көрінеді. Ұлына өсиеті ұрпақтардың бірқатары үшін жақсы оқу құралы жəне басшылық болып табылды. Ол ауыл өміріне мəн берді жəне оны мадақтады, жер шаруасымен айналысу өнегелі күшті азаматтар мен отанның жақсы қорғаушыларын дайындауға ықпал етеді дейді.Педагогикалық шығарма ретінде оның əдеп туралы өлеңдерін де тануға болады. Өнегелі күйеу мен əкенің атағын ол жақсы сенатордың барлық ізгіліктерінен жоғары деп есептеді. Өз үйін ол қатал ұстаған, бірақ əйелі мен балаларын ұратын адам жер бетінде кездесетін, адамдар үшін қызмет ететін адамдарға арналған барлық қымбат қасиеттердің бəріне кір келтіреді деп есептеді. Катонды Цицерон сияқты алғашқы рим теориялық тəрбиесінің теоретигі деп атайды. Тит Ливии Катон Цензор туралы: «Ол ақылының қуаты мен энергиясымен, атақты шыққан тегі болмаса да өздеріне жол сала алатын адамдардың қатарына жатады. Ол саясатты да, ауыл шаруашылығын да жақсы түсіне отырып, өз жеке ісін де, мемлекеттік істерді де қатар мінсіз жүргізе алған. Атақ-дəреже шыңына кейбіреулер құқықты білуі арқылы, біреулері – көркемсөз арқылы, біреулері – əскери ерлік даңқы арқылы шығады; Катон болса осы айтылған əрбір салада теңдей табысты болған. Ол не нəрсені қолына алмасын, сол нəрсе үшін туылғандай етіп жасаған. Қатардағы жауынгер сияқты, ол көптеген соғыстарда зор ерлік көрсеткен, ал кейінірек, əскери басшы ретінде полк басшысының шексіз талантын көрсеткен. Ол кез келген заң мəселелерінің қыр-сырын меңгерген ірі заңтанушы жəне түрлі жанрлардағы шығармаларда мəңгілікке басылған көркемсөздерімен белгілі шешен ретінде де танымал. Оның көптеген кіна тағатын жəне ақтайтын сөздері сақталған: ол өз қарсылықтарын тек кіналаған кезде емес, қорғана отырып та түбіне жеткізе алған. Оның көп қарсылас дұшпандары ізіне түскен, ол да қажымастан оларға дəл солай жауап беретін болған, сонымен жоғарғы қауым оған көп кедергі келтіріп, жамандық жасаса, ол да оларға дəл солай жауап берген. Оның ауыр мінезді, тым ашық та тік сөзді адам болғанын, десе де сатып алу мен жағымпаздыққа берілмегені, өте адал болғанын мойындау керек. Үзіліссіз жұмыс пен қауіптерге шыңдалған Катон шындығында мықты денсаулық иесі болған, оны тіпті кəрілік те жеңе алмаған. Корнелий Непот Катон Цензор туралы: «Барлық жерде ол сөз жоқ дарындылық танытқан, білікті жер өңдеуші, тəжірибелі құқықтанушы, ұлы қолбасы, мінсіз шешен, ынталы жазушы болған. Оқуға деген құмарлық онда егде тартқан кезінде пайда болған, бірақ ол сабақтардан соншалықты үздік үлгерімді болған, ол білмейтін грек немесе италия тарихынан қандай да бір оқиғаларды тауып беру қиындық туғызған. Жас кезінен-ақ өлең құрастырған, қартайған шағында тарихи еңбек жаза бастаған, олардың бəрінің саны жетеу». Катонның тəлімдік өсиеттері. 1. «Құлағы жоқ асқазанмен сөйлесу қиын!» 2. «Қызық, өгізден гөрі балыққа ақыны қымбат төлейтін қала əлі қалай тұр!» 3. «Барлық жерде əйелдерді еркектер билейді, тек біз ғана барлық еркектерді билейміз, ол əйелдер бізді билейді». 4. «Кім жамандыққа қарсы тұра алып оның алдын алмаса, сол соған айдап салушы деп есептеледі». 5. Жас адамдардың жақсысы дейді ол, ағарып кететіндері емес, қызарып кететіндері. 6. Билеушілердің ең жаманы, дейді ол, кім өзіне билік жасай алмаса сол жаман. 7. Ең алдымен адам өзінен өзі ұялу керек: адам өзінен-өзі ешқайда қашып құтыла алмайды. 8. «Мен туралы адамдар Катонға неге ескерткіш қойылған дегеннен гөрі, неге ескерткіш қойылмаған деп сұрағаны жақсы». 9. Əділетсіздік, дейді ол əділетсіздіктің өзін жасағандар үшін болмаса да, барлық қалғандары үшін жоюшы нəрсе. 10. Кəрілік онсыз да кейіпсіз, оны енді күнəмен көркемдеудің еш қажеті жоқ. 11. Қызғаныш, өз бақытын парасатты да сабырлы пайдалатындарға қатысты емес: бізді емес, айналамыздағыларды қызғанады. 12. Бір дам өзінің теңіз жағалауындағы үйін сатқанда, Катон жасанды таңғалып, былай депті: «Ол теңізден күштірек, ал осы жағалауды жұта берді, жұта берді, ал сосын алды да бірақ рет қылғыта салды». Аударған З.С. Ахтамбердиева.
ЦИЦЕРОН (б.з.д. 106–43 жж.) Цицерон (б.з.д. 106–43 жж.) – рим əдебиетінің көрнекті өкілі. Цицерон өз шығармаларында тəрбиенің мəні мен міндетіне ерекше көңіл бөледі. Ол адамдарды саналы тіршілік иесі ретінде танып, тəрбиеге қабілетті деп санайды. Ол адамда осы жақсылыққа шақыратын жəне жамандықтан қашыратын бір күш бар екенін айтқан. Бұл күш бүкіл адамзат қоғамымен көне емес, ол тіпті аспан мен жерді билейтін жəне күзететін құдіретке де жаңа. Өйткені сана Құдайдың маңызды қасиеті, осы құдіретті сана бізде не дұрыс не дербес екенін анықтайды. Сондықтан рухыңды көтер жəне есіңде сақта, ажалды сен емес, дене. Тəрбие табиғат сыйлаған адам қабілеттерінің соңғысы жəне оның қажеттілігі көбірек, ізгіліктердің сүйеніші сана, рухтың жоғары сапасы мұқият дамытуды қажет етеді. Ұстаз өз шəкірттеріне тиісті қаталдықпен, əділдікпен қарауы керек. Тəртіп тым қатал да, тым жұмсақ та болмауы керек. Кіна мен жаңа бірдей, бір мезетте болуы тиіс. Ашуланған кезде ешқашан жазаламау керек. Басқа құралдар тиісті нəтижесін бермеген кезде кейде ғана жазалау керек. Тəрбиені ерте кезден бастау керек. Балаларға жақсы тəртіппен үйлесетін ойындарды ойнауға ғана рұқсат беру керек. Баланың кейінгі дамуында оның ақыл-есінің дамуы үшін аса көңіл аудару керек. Бұл үшін Цицерон грек жəне рим жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқуды ұсынады, жасөспірім бала ержеткенде оған өзінің табиғи қабілеттеріне сай кəсіп табиғатқа қайшы келетін нəрселерді жасамау. Табиғаттан алған дарынымыз көбірек болған сайын, соны таңдаған ісімізге айналдыруымыз керек. Əркім мүмкіндігінше өз мінезіне, өзі не адал болып қалуы керек, кемшіліктеріне емес, ерекшеліктеріне. Өз табиға - тына қарсы қабылдаған нəрсе алға жылжымайды деген Цицерон. Жас адамдар ретсіз нəрселерден сақтануы керек, өздерін өнегелі ұстауы керек, үлкендерді сыйлап, олардың ішінен өздеріне ең жақсысын, əділін сайлап алып олардың кеңестеріне құлақ асу керек жəне солардың басшылығында болған жөн. Бұл жаста сезім лəззаттарынан бас тартқан дұрыс, рух пен жанды сабырлылыққа, шыдамға, күш салуларға үйрету керек. Болашақ шешен өзін-өзі жетілдіру үшін сөзді дұрыс айтуға, түрлі пікірлерді білдіруге жаттығулары керек. Табиғи қабілеттер мен өсиеттерден басқа шешенге ғылымның барлық басқа салаларынан қор жинау керек, ең бірінші кезекте заңтануды, тарих пен философияны меңгеру керек. Ұлы үлгілерге қарай отырып, олар өз ақылдарын дамыту, биіктету керек, жанды ізгілікке толтырып, ерікті құрықтап жəне биік мақсаттарға бағыттау керек. Шешендік өнері туралы трактаттардан біз шешендік өнерді қалыптастыру жолдарын ғана көрсететін емес, сонымен бірге оқытушыға қажетті құралдарды да беретін Цицеронның көптеген құнды пікірлерін кездестіреміз. «Міндеттер туралы» трактат – Марк Тулий Цицеронның соңғы философиялық шығармасы. Ол оның бірден бір танымал философиялық шығармаларының бірі. Шешен Цицерон 1. Цицерон Шешен өз аты үшін талай мазаққа ұшыраған, содан оның достары оған атыңды өзгерт деп кеңес берген көрінеді, ол былай жауап берген екен: «Жоқ: Цицерон («бұршақ») атымды мен атақтырақ жасаймын, басқа біреулердікімен салыстырмай-ақ қояйын, Катон деген сияқты («мысық»), катул («күшік») немесе Скавр («семіз табандар»). 2. Құдайларға күміс табақтарды сыйға тарта отырып, ол алғаш рет өзінің екі атын оған əріптермен жазған да «Цицеронның» орнына бұршақты ойып салыпты. 3. Қатты сөйлейтін ораторлар жөнінде, олар əлсіздіктерінен айқайлайды, олардың айқайлары атына мінерде айқайлайтын ақсақтардың тірлігі. 4. Ұлы өзінің пəктігін жас күнінде сақтай алмаған Веррес, Цицеронды кіналап, оған кинед деген ат берген. «Сен білмейсің бе, – деген Цицерон, – сенің балаларыңның жаман қылықтары туралы есікті жауып ұрысқан дұрыс». 5. Метелл Непот оған айтқан екен. «Сенің қорғаушы ретінде құтқарғаныңнан, куə болып құртқан адамдарың көбірек». Цицерон жауап беріпті: «Демек мен шешен адамнан гөрі, сенімдірек адам болдым ғой». 6. Метеллдың сұрағына: «Осы сенің əкең кім?» – дегенде, оның жауабы: «Сенің шешеңнің арқасында, соған осындай сұрақтарға жауап беруің маған қарағанда қиынырақ болар». Шынында, Метеллдың шешесі жеңілтектігімен белгілі, Метеллдің өзі жеңіл мінезді, сенімсіз адам болған. 7. Метелл өзінің риторикадан берген ұстазы Диодоттың қабіріне қарғаның тас-мүсінін қойғанда Цицерон айтыпты: «Түсінікті: ол Метеллды – сөзге емес, ұшып-қонуға үйреткен екен». 8. Өзінің дұшпаны жəне өте нашар адам Взатиния туралы ол өліпті, ал сосын – сол шынында тірі екен деп естіпті. «Осындай қатаң өтірік үшін ол қатал өліммен кету керек еді!» – депті Цицерон. 9. Түріне қарасаң тегі Афирикадан сияқты бір адам оның сөзін ести
алмаған сыңай танытыпты. «Ал сенің құлағыңның тесіктері бір екен ғой!» – депті Цицерон. 10. Бірде ол сотта не қабілеті жоқ, не лайықты білімі жоқ болса да өте құқықтанушы болғысы келген Котте Попилияны куəгерлікке шақырыпты. «Ештеңе де білмеймін», – депті Котте. «Мен сенен рим құқықтарын сұрап отырғаным жоқ қой!» – депті Цицерон. 11. Веррестен қызметі үшін өзінің күміс сфинкісін сыйлыққа алған Гортензий шешен Цицеронға бірде оның бір түсініксіз сөзін айтып беріпті: «Мен жұмбақ шешуші емеспін». – «А сенің үйіңде сфинкс бар ғой» – деп жауап беріпті Цицерон. Міне «Тускулан əңгімелерінен» бір үзінді. – Сонда менің азаптарым саған не үшін керек? Мен көркемсөздігіммен Платонның өзінен асып кете аламын ба? Оның «Жан туралы» кітабын мұқият оқып шық, сонда сен басқа ешнəрсені де қаламайсың. – Мен оны оқыдым жəне бір рет қана емес; бірақ əрқашан мен оқып отырғанда бəрімен келісемін, ол кітаптың бетін жапқанда өзім де жанның мəңгі екендігі туралы ойлай бастаймын, сол кезде келісімім жоқ болып кетеді. – Сонда не болғаны? Жан өлімнен кейін келетін немесе өлім келгенде қаза табатынын сен мойындайсың ба? – Əрине, мойындаймын! – Ал егер олар келсе, не болады? – Онда, менің ойымша, олар қасиетті. – Ал, егер өлсе? – Онда олар, тым құрығанда, бақытсыз емес, себебі енді тірлік етпейді, мен жаңа ғана сенің табандап тұрып алған əңгімелеріңе бағынып мойындадым ғой. Цицеронның тəлімдік өсиеттері: Əрбір адам адасуы мүмкін, бірақ адасуда табандап тұрып алатын адам тек ақымақ қана. Өзіңді таны. Көргенсіздік – ақылдың қараңғы түні, айсыз, жұлдызсыз түн. Жомарттықтың шегі болмайды. Пара алғыштар, егер тек өздеріне қажетті саланы ғана ұрысса дірілдеп отырулары керек. Олар басқалармен бөлісу үшін жеткіліктілікті көлемді ұрласа, онда олар ештеңеден қорықпаулары керек. Не ексең, соны орасың. Өзің қорқатын адамды, өзіңнен қорқатын адамды сүюге болмайды. Шіркін замандар! Шіркін талғамдар! Қарттық бізді жұмыстарға икемсіз қылады деп айтуға бола ма? Қандайларына, атап айтқанда? Жастарға тəн, күшті қажет ететіндеріне ме. Қарт адамның ақылды санасымен жəне əлсізденген денесімен жасайтын ешнəрсенің болмағаны ма? Əдет – екінші келбет. Қағаз қызармайды. Сонша ұзақ өмір сүріп өлімді лағнаттауға үйренбеген қарт аяныш ты. Аударған З.С. Ахтамбердиева.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Ортаассириялық заңдар 1 Яғни əйел өзі қылмыңдап, күйеуі бар екенін айтпай, зорлауға қарсылық көрсетпеген. Бұл жерде əйел «зорлыққа итермелеуші» ретінде жазаланады. 2 Яғни, қысым көрсетуші Река құдайының сотына тартылуы тиіс. 3 Яғни, толық күңдікке алынған болса. 4 Мемлекет отбасылық жазалаудың қаталдығын сот алдында өтуін талап ету арқылы, жұмсартқысы келеді. 5 Күйеуі бойынша болуы мүмкін. 6 Сөзбе-сөз «сапер». Əскерде қызмет ететін «патша адамы» болуы мүмкін. 7 Əйелдікке, көңілдестікке немесе жай асырауға. Хаммурапи заңдары 1 Шугетум – күң немесе абызтай 2 Несиеші – несие, қарыз беруші: кредитор. 3 Қардар – сатып алушы. 4 Угбабтум, зикрум – абызтайлар. 5 Кадиштум – «əулие». Толық мағынасы белгісіз. 6 Кульмашитум – абызтай. Толық мағынасы белгісіз. 7 Мардук – Вавилонның пірі, бас құдайы. 8 Азбанқул – піштірілген құл (көп əйел алған патшалардың, əкімдердің, байлардың əйелдерін азбанқұлдар күткен). Нефертити сəуегейлігі 1 Исид’ жанының сиқыршысы – мысырлықтың болжамынша, Сириус ты бақылайтын ғалым абыз – исид құдайдың жаны. 2 Неджес – «кішкентай», қарапайым мысырлық топтың өкілі. Нед жестер Көне патшалық дəуірінің аяғында орталық билікке қарсы күресте жергілікті билеушілерді қолдаған. ІX–XІІ əулеттердің жаңадан бірігуі жолындағы күресі кезеңінде олардың рөлі ерекше болған, неджестер жауынгерлердің негізі саналған. Орта патшалықтағы халық көтерілісі кезінде олар үстем тапқа айналып, «неджестер» жəне «күшті неджестер» болып, өзара екіге бөлінген. Бұл туралы неджес Неферти айтқандай, Ипусер Ділмарлығында баяндалғандай: «О, тоба, маған не істеу керек!» депті неджес». 3 Шығыстағы «Исид жанына» жататын адам – бəлки, Сириусты бақылау бойынша өзінің абыздық қызметін атқарған шығыс номының біреуі болу керек. 4 Елдегі сүреңсіздікке ұқсас күйге түскен ақсүйектер. 5 Сөзбе-сөз: оның тағдырына орай, жазба тақтаны аяқтау қалды. 6 Сөзбе-сөз: көз алдында не болса, соны айтамын. 7 Мысырда жыл бойы дерлік солтүстіктен жел соғып, қолайсыздық туғызады. Оңтүстік жел туралы Нефертидің сəуегейлігі келді, үлкен қасірет туғызды. 8 Сөзбе-сөз: сол тағамнан. 9 Яғни тонайды. 10 Гиксостардың шабуылға шығу дайындығын байқатса керек. 11Саңырауға зорлап естіртуге болмайтыны сияқты, кейбір кездейсоқ жағдайды сөзбен айтып жеткізу де қиынға түседі. 12 Мыс ұшты жауынгерлік садақты білдіреді. 13 Сөзбе-сөз: Өлім үшін жыламайтын болар. 14 Біреулердің өлімінен кейін лағып кетпейтін болар. І5 Сөзбе-сөз: кім сырттай тон пішсе. І6 Сөзбе-сөз: жоғалтқан. 17 Сөзбе-сөз: қалалықтарды сөйлеттірмеуге зорлап мəжбүрлеу үшін құрал ретінде пайдаланады. 18 Немесе ашық күнге үңіле қараса көзге əсер етеді. 19 №25224 Каир мұражайының жазба тақтайшасында «Неферти сəуегейлігінің» бірнеше жолдарының мазмұны сақталған, сонымен бірге түсініксіздеу «27-ші күн» деген қосымша бар. Бəлки, бұл басқа мəтіннің қалдығы болар. 20 Яғни кедейдің де байлыққа қолы жетер. 21 Қандай да бір күшті патшаның таққа отыру салтанатына қажеттінің бəрін жасау. Урей патшаның жауларын жек көреді деп саналған. 22 Шығыстағы Дельт қорғаныс қару-жарағы желісінің атауы. 23 Осымен хикаятымыздың соңы сəтті аяқталды. Митраға əнұран 1 МИТРАҒА ƏНҰРАН – «Миқыр-яшт» [орысшасында «Михр-яшт»] – Авестаның ең белгілі жəне көлемді əнұрандарының бірі. Оның ескі бөлімдері кемінде б.з.д. І-і мыңжылдығының ортасына, тіпті онан да ерте уақытқа кетеді. Митра үнді-ирандық (арилық), б.з.д. ІІ мыңжылдыққа кететін кездердегі құдайлардың пантеонына (қатарына) жатады. Алғашында Митра тайпалардың арасында жасалған (мысалы, жайылымдар немесе малды суға жығатын жерлер туралы) келісімдерінің орындалуын бақылайтын келісім құдайы деп қаралған. Кейіннен ол келісім бұзушыларға қарсы жасалатын соғыстарды жақтайтын соғыс құдайы деп, алдаушылар мен адалдарды айырып (олардың өлгеннен кейін рухына да үкім шығаратын), əділ үкім шығаруға көмектесетін сот-құдай деп те, сонымен бірге Күннің көктегі жүрісіне кемектесетін күн-құдайы деп те есептелген. Кейіннен «Митра» аты «Миқыр», «Мира» деген иран тіліндегі тек «Күн» дегенді білдіретін мағынада Күнге табыну дінінің атына айналған. Осы нұсқада оны римдік легионерлердің құпия – митраизм дініне айналып, Батыс Еуропа елдеріне кең тарап, ұзақ уақыт христиан дінімен бəсекеде болған. «Миқыр-яшт» өзінің поэтикалық көркемдігімен, аңыздық жəне мəдени-тарихи деректерге өте бай болуымен зерттеушілердің назарын өзіне көп аударғанымен, оның мəтінінде əлі айқын емес, құпия жерлері өте көп. 2 Антқор – жымысқы, сатқын, яғни өтірікші. 3 От – Ақұра-Мазданың баласы деп есептелген, ол Өтірік пен Ақиқаттың арасын ашудың ең сенімді құралы деп есептелген. «Тіке жол» деп Ақиқатқа апаратын жол деп есептеледі. Сондықтан отқа жағу арқылы берілетін садақа Ақұраға тікелей барады деп есептелген. 4 Пірабасы [Фраваши] – адамның туғанына дейін болатын жəне адам қайтыс
болғаннан кейін де бөлініп шығатын жаны; аруақтардың прабасы-жандары сақтаушыперіштелер сияқты адамдарға көмектесе алады, сондықтан адамдар оларды көмекке шақырады. 5 Мəтіннің бұл жерінде сөзбе-сөз «жаратудың бейнесі» дегенге жақын мағына бар. Ол Жеңістің құдайы – Бертрағна (Вертрагна) туралы болуы мүмкін. 6 Мəтінде сөзбе-сөз «жаратушы бейнесі (кейпі)» деген сөз қолданылған, оны Жеңіс құдайы – Вертрагна деп біледі. 7 Қара [Хара] – таудың аты. Желғабыз – ескі қазақи-түркі тілде, «көз ілеспейтін жүйрік», «жел көтеріп отыратын жүйрік» дегенді білдіреді. 8 Ішқата [Ишката] – шамамен, парұттар (парталар?) тұратын таулы елдің аты; Ғаба – шамасы, Соғды елінің бір бөлігі; Қарайба [Харайва] – шығыс Ирандағы, Герируд (Арея) өзенінің бойындағы, қазіргі Герат қаласы маңындағы облыс. 9 Бұл шумақта жеті қарышбарлар [каршвары] (ауа райы, климат): Арəзақи[Арэзахи] – Шығыс, Сабаһи [Савахи) – Батыс, Пірададабышу [Фрададафшу] – СолтүстікШығыс, Бидадабышу [Видадафшу] – Солтүстік-Батыс, Борубарəштій [Ворубарэшти] – Оңтүстік-Шығыс, Боруджарэштій [Воруджарэшти] – Оңтүстік-Батыс жəне Қыбанирата [Хванирата] – орталық, əлемнің ең қолайлы жəне адамдар тұратын бөлігі. 10 Мадақ Отауы, Мадақтар Отауы [Дом Хвалы, Дом Восхвалений]– зороастрлық жұмақтын аты. Ақұра-Мазда сондағы ізгілік құдайлары мен өмірден өткен аруақты тақуалардың жандарының арасында тұрады. 11 Нарт – би, басқарушы, əскербасы. 12 Омалған деп, омбы қарда жүре алмағандай, қорқып ілгері жүруге бата алмауды айтады. 13 Қияу – отырықшылардың қыстауы, тұрағы, мекені. 14 Рашну – Рашн(у) реттілік пен əділеттіліктің құдайы: адам өлгеннен кейін оның жанынан адамның өмірдегі игілікті ойлары, игілікті сөздері жəне игілікті істері таразыға салынып, мөлшерленіп əділ сот үкімін шығарады. Сыраоша – «Тыңдау», тəртіптілік, ықылас қоюдың құдайы. Аша – қасиетті «Ақиқат» аты, оған «Ақиқат – асқан игілік...» деп басталатын дұға арналады. 15 «Шулайды олар» деп жау əскерлері айтылса, «құдіретті қолдылар» деп Митра, Рашну жəне Сыраошалар айтылып отыр. 16 Қара(й)та [Харата] – Қара [Хара[ – Жерді шеңберлеген аңыздық таулар. «ҚараБəрəзайтій» деген сөзбе-сөз «Биік Қара» дегенді білдіреді. 17 Нарьиə-Санқа [Нарья-Санха] – Ақұра-Мазданы құрметтейтін ғажап сұлу келбетті құдай. Антқор деп ескі қазақи тілде «ант суын ішкіш, өтірікші, екіжүзді, жымысқы, сатқынды» атаған. 18 Аши ізгілікті тағдырдың Құдайы («Ашиға əнұранды» қараныз) жəне Сенім (зороастрлық дінде оны Даена-Маздаяснада [Даэна-Маздаяснада]) Митраның екі қыз бауыры болып көрсетіледі. 19 Аши басқарған жəне Сенім (Даена) жол салатын, Митраның күймесінен барлық «мүмкін деген» деп жалпы адамның ойына келуі мүмкін [орысшасында «мыслимые» деп берілген] диюлар деп авесталық, яғни зороастризмдік түсінікте «идеалды, елестетуге болатын, заттық емес, табиғидан жоғары [«сверхъестественный»]» құбылыстар айтылған. «Күнəһар антқорлар [«лжецы»]» деп Барныдан тыс елдердің немесе күнəһар ететін ынтықтық пен көңілдестікті айтуға да болады. 20 Құдіретқол деп бұл жерде, əрине, Митра айтылып отыр. Ману заңдары 1 Қол астындағылардан жинайтын салық деген мағынада. 2 Бұл саясаттың алтыншы түрі. 3 Патшаға əскерін тастап, азғантай отрядпен бекіністе жасырынуға кеңес беріледі. 4 Яғни патшаның, жоғарғы дəрежесіне байланысты іс-əрекетіне жауапкершілігі мың есе күшті. Комментаторлар бұл мəтінді сөзбе-сөз қабылдайды да, патша штрафты суға лақтыруы немесе брахманға беруі керек деп түсінеді. Лао-Цзы 1 Лукьянов А.Е. Лаоцзы (Философия раннего даосизма). 137-б. 2 Торчинов Е.А. Лао-цзы //Китайская философия: Энциклопедический словарь, 159-бет. 3 Ян Хиншун. Древнекитайский философ Лао-цзы и его учение. 38-бет. Ойшылдар кездесуі болды немесе болған жоқ деген əртүрлі дəлелдер туралы. Қараңыз: Пероломов Л.С. Конфуций: Лунь юй / Зерттеу қытайшадан аударылған, «Лунь юя»- ның факсимильдік мəтіні түсініктемесімен. Чжоу Си.М., 1998. 60–61-б. 4 Дао Аспан мен Жерге бастау беретін деп танылған. 5 Басқа аудармаларда «(тұрмыстың) бар екендігі» басқа жақта бастапқы «(ғайыптың) жоқ екендігі» сияқты деп айтылған. Қараңыз: Мысалы: Лао-цзы. Трактат о пути и потенции (Дао-дз цзин). 23-б. 6 Алдыңғы абзацта айтылған «аты жоқ» жəне «ат иемденген» ұғымдарының өзара толықтыра алатындығы жəне ішкі бірлігі айтылған. 7 Осы тұста аудармашы Ян Хин-шун мынадай ескерту жасаған: «Түпнұсқада чу гоу-дің екі иероглифі бар, олар бір комментарийде (Ван Би жəне басқалар) «шөп» жəне «ит» деп айтылады, ал басқаларда ─ «сабан ит» деп айтылады, ал ол ежелгі қытай дəстүрі бойынша адам жерлегенде қолданылады, артынан лақтырылып тасталады. Екі жағдайда да чу гоу өміріне аспан да, жер де, аса ақылды да араласпайтын жаралғанды білдіреді». Қараңыз: Древнегреческая философия. 1-т. 312-б. 8 Дэ туралы ескерту жоғарыда берілген. 9 Инь жəне янь санаты – Қытай философиясында негізге алына тындардың бірі, ол əлемнің дуализмін жəне қарама-қарсылардың бірлігін көрсетеді. 10 Цидің этимологиялық мəні ─ қайнап жатқан күріштің (құдайы тамаққа) үстіндегі бу. Циде көп мəн бар ─ эфир, қуат, өмір күші, рух т.б. Ци сападан тыс алғашқы зат деп танылған, одан шым-шытырық күйінде Əлем жаралған Инь мен ян цидің түзілуінің алғашқы нысаны ретінде қаралды. 11 Яғни билеушілер мен княздер. 12 Алғашқы христиан дінін уағыздаушылардың идеялары осы оймен үйлесімде болды. Бірқатар басқа қағидалар қатарында бұл ой əсіресе, Л.Н.Толстой идеясына сəйкес келді. 13 Ли – Қытайдағы 0,333 м-ге тең ұзындық өлшемі.
Куң Фуд Зы (Конфуций) 1 Қытай тарихнамасын негіздеуші, мпилəдиге дейінгі ІІ–І ғасырлар шегінде жасаған. «Тарихи жазбалар» атты еңбегінен үзінді. 2 «Кеңес пен толғамның» əрбір тарауы шартты түрде түпнұсқадағы əуелгі сөзбен аталады; мысалы І тараудың алғашқы сөзі – оқу. 3 Ұстаз – Куңфудзы. «Ұстаз айтыпты...» – Куңфудзының өзіне ғана тиесілі сөздердің дəстүрлі бастауы. 4 Иүу мұғалім – Куңфудзының шəкірті Иүу Жо, білімдарлығы, тəлімгерлігі үшін ол да Ұстаз деп аталған (Куңфудзыдан айырым үшін біз Мұғалім деп бердік). 5 Зің мұғалім – Куңфудзының шəкірті Зің Шің; басқа шəкірттерден дараланып, Мұғалім (Ұстаз) атанған – Иүу Жо екеуі ғана. 6 Зысə – Куңфудзының шəкірті Бу Шаңның екінші есімі; Ежелгі Қытайда кəмелет жасы саналған жиырмаға жеткен соң, кісіні құрмет белгісі ретінде екінші есімімен атайтын болған; «Кеңес пен толғамда» Куңфудзы шəкірттерінің барлығы да екінші есімімен көрінеді. 7 «Жыр-нама» («Жыр кітабы», Жыр) – ежелгі ханзу поэзиясының Куңфудзы қалыпқа түсірген антологиясы («Шидзин»). 8«Тауарих-нама» («Тарихи деректер кітабы», Кітап) – ежелгі патшалардың, олардың ақылгөйлерінің нақыл сөздері, жарлық, нұсқаулардың жинағы («Шудзин»). 9 Зыжиң – Куңфудзының замандасы Жің Каң; Куңфудзының шəкірті саналады. 10 Зыгуң – Куңфудзының сүйікті шəкірттерінің бірі Дуəнму Зының екінші есімі. 11 «Көктемге əуен» («Шау») – əпсана бойынша аңыздағы Шүн дəуірінде туған сарын; бұл кезде патшалар лайықты мұрагерге тақты өз қолынан береді екен. 12 «Жаугершілік сарын» («У») – əпсана бойынша аңыздағы Ууаң патшаның тұсында шыққан, Ууаң тақты өзінен бұрынғы жарамсыз əміршіден тартып алған. 13 Гүниə Чəң – Куңфудзының шəкірті . 14 Нəн Жүң – Куңфудзының шəкірті Нəнгүң Ко. 15 Зызиəн – Куңфудзының шəкірті Ми Бучидің екінші есімі. 16 Зидиау Кай – Куңфудзының шəкірті . 17 «Өзгеріс кітабы» («Шидзин») – тағдыр, жазмыш туралы, балгерлік сыпаттағы кітап, ежелгі мəдениет ескерткіші; кейінде Куңфудзы ілімінің негізгі тұрғыларының біріне айналған. 18 Шə бек – Чу ұлысындағы Шə деген жердің əкімі. 19 Хуан Түй – Сұң ұлысының əскербасы, Куңфудзыға қастандық жасаған. 20 Ұлы Тұңғыш (Тай Бо) – əпсана бойынша мұрагерлік хақысынан бас тартып, інісі – болашақ Жоу əулетін негіздеген жаугер патшаға ата тағын нəсіп еткен. 21 Бұл кезде Зылу Кенже əулеттің қызметінде болған. 22 Зің Си – Куңфудзы шəкірттерінің бірі. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Хрестоматия по истории Древнего Востока. М., Высшая школа, 1980, с. 60–74. 2. «Библиотека Всемирной Литературы», том 1. Поэзия и проза Древнего Востока. М., «Художественная Литература», 1973 . 3. «Хрестоматия по истории Древнего мира» под ред. В.В. Струве. Том І. Древний Восток. «Учпедгиз», Москва, 1950 г. 4. Вайман А. А. Шумеро-вавилонская математика ІІІ–І тыс. до н. э., М., 1961. 5 . Крамер С. Н. История начинается в Шумере, [пер. с англ.], М., 1965. 6. Нейгебауер О. Точные науки в древности, пер. с англ., М., 1968. 7. Струве В. В. История Древнего Востока, [2 изд., М. – Л.], 1941. 8. Авдиев В. И. История Древнего Востока, 2 изд., [М.], 1953. 9. Дьяконов И. М. Образ Гильгамеша, в кн.: Труды Гос. Эрмитажа, т. 2, Л., 1958. 10. Эпос о Гильгамеше, пер. с аккадского, М. – Л., 1961. 11. Қайынбаев М. Гильгамеш туралы дастан. // Əлем əдебиеті. – 2008. – №1. 153– 221-б. 12. Лосева И. М. Искусство древней Месопотамии, М., 1946. 13. Выгодский М. Я. Арифметика и алгебра в древнем мире, 2 изд., М., 1967. 14. Дандамаев M. А. Вавилонские писцы. М., 1983. 15. Древнекитайская философия. Собрание текстов. В 2 тт. M, 1972–1973. 16. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965 17. Афанасьева В.К. Гильгамеш и Энкиду. Эпические образы в искусстве. М; 1979. 18. Афанасьева В.К. Шумеро-аккадская литература // История мировой литературы, т.1. М; 1983. 19. Вайман А.А. Шумеро-вавилонская математика. М; 1961. 20. История Древнего Востока. Т.1. Месопотамия. М; 1983. 21. Поэзия и проза Древнего Востока. М; 1973 (БВЛ). 22. Антология мировой философии. М., изд. «Мысль», 1969. 23. Хаммурапи заңдары // Орысшадан ауд. З. Сақиұлы// Əділет министрлігінің хабаршысы. 1995. №3. 26–33-б.; №9. 57–60-б.; №10. 57–61-б. 24. Сказки Древнего Египта (Под ред. Г.А. Беловой и Т.А. Шерковой). М., 1998. 25. Фараон Хуфу и чародеи. Сказки, повести, поучения древнего Египта (Пер. и комментарии И.С. Кацнельсона и Ф.Л. Мендельсона). М., 1958. Рецензия: Коростовцев М.А. // Проблемы востоковедения, № 2, 1959. С. 215– 217. 26. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант», 2005. Т.1.: Ежелгі Шығыс. 2005. 472 бет, суретті. 27. Книга Притч Соломона, ЭКСМО-Пресс, Антология мудрости, 2000. 28. Агубнов М.В. Путешествие в загадочную скифию. М. Наука, 1989 г., с. 112– 120. 29. Граков Б.М. «Скифы». – М. изд. МГУ, 1971. 30. Золин П.М. Анахарсис – экономист. .. // «Академия Тринитаризма», М., 2007. 31. Н.М. Карамзин. История государства Российского. Том 1. См. Первую главу «О народах, издревле обитавших в России. О славянах вообще». 32. Бойс М. Зороастрийцы. Верования и обычаи. М.: Главная редакция восточной литературы издательство «Наука», 1988. 33. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Жиырма томдық І том. Астана: Аударма, 2005. 496-б.
34. «Жүз тұңғыш». Жинақ. 1-кітап. Жалын, 2005. 35. Фридрих Ницше. Сочинения в двух томах. – М.:Мысль, 1990. Т.2. М., 1990. С.8–9, 18–19. 36. Сто великих людей мира. Зороастр. Будда. Конфуций. Магомет. Киев. МП «Муза», 1991. 37. Н.Д. Спирина, Н.Е. Гребенникова, А.П. Юшков. «Светочи мира». Новосибирск: Сибирское Рериховское Общество, 1994. 38. Мифология древнего мира, – М.: Белфакс, 2002. 39. Мифы и легенды Древнего Востока, – М.: Норинт, 2002. 40. Мифологический словарь / Гл. Ред. Е.М. Мелетинский. – М. Советская энциклопедия. 1990 г. – 672 с. 41. М.Б. Ладыгин, О.М. Ладыгина. Краткий мифологический словарь. – М.: Издательство НОУ. «Полярная звезда», 2003. 42. Дорошенко Е.А. Зороастрийцы в Иране (Историко-этнографический очерк). М., 1982. 43. Дрезден М. Мифология Древнего Ирана. – В кн.: Мифология Древнего мира. М.: 1977, с.337–365. 44. Дьяконов М.М. Очерк и истории Древнего Ирана. М., 1961. 45. Махабхаратта: Үнді эпосы. Алматы. Өлке. 2002. 46. Мұқанов Д. Көне үнді дастандары мəтіннің қазақ тіліне аударылу мəселелері. Алматы, Қазақ ун-ті. 2004. 47. Амандосов Т. Үнді елінде. Алматы,1962.76-б. 48. Мүлік Радж Ананд. Үндістан туралы əңгімелер. Алматы. Мектеп. 1989. 49. Дхаммапада / Қазақ тіліне аударған Ə.Нілібаев. Алматы: үнді мəдени орталығы, 2006. 50. Елизаренкова Т.Я. Ригведа – великое начало индийской литературы и культуры // Ригведа. Мандалы І–ІV. М., 1989. 51. Законы Ману (Памятники литературы народов Востока). – М.,1960. 52. Лао Цзы. Книга пути и благодати. – М.: АиФ Приат, 2004. – 316 с. 53. Лао Цзы. Дао дэ цзин. Қытай тілінен аударған Ян Хин шун.–Алматы: Жеті жарғы, 2003. 54. Конфуций даналығы / Жобаның авторы Кемел Мырзагелді. – Астана: Аударма, 2002. – 56-б. 55. Конфуций и его школа/ Сост. В.В.Малявин. – М.: Ил. Ш.Амонашвили, 2002. – 176 с. 56. М.Мағауин. Кунфудзының даналық дəрістері // Жұлдыз. 1999, №5. – 164– 168-б. 57. Конфуций. Кеңес пен толғам. Аударған М. Мағауин. Алматы. Қайнар, 2001. 58. Ежелгі шығыс философиясы. Алматы. Жазушы, 2005. 59. Казимеж Куманецкий. История культуры Древней Греции и Рима. М., «Высшая школа», 1990. 60. Лев Любимов. Искусство Древнего Мира. М., «Просвещение», 1971. 61. История Европы, т.1. «Древняя Европа». изд. «Наука», 1988 г. 62. Андре Боннар. «Греческая цивилизация», изд. «Искусство», 1992 г., І–ІІІ книги. 63. В.С. Нерсянц. «Сократ», изд. «Наука», 1984 г. 64. А.Ф. Лосев, А.А. Тахо-Годи. Из серии «Жизнь замечательных людей» – «Платон, Аристотель», изд. «Молодая гвардия», 1993 г. 65. Кессиди Ф.Х. «От мифа к логосу», М., 1972 г. 66. «Мифы народов мира» энциклопедия. гл.ред. С.А. Токарев. М., 1993 г. 67. Рассел Б. История западной философии. Кн.1–2., Новосибирск, 1994 г., с.106. 68. Поппер К. Открытое общество и его враги. т.1. Чары Платона, М., 1992 г. 69. Андреев Ю.В. Спарта как тип полиса// Античная Греция. т.1. Становление и развитие полиса. М., 1983 г. 70. «Античные писатели. Словарь.» СПБ. Изд. «Лань», 1999. 71. Гомер. Зарубежные писатели. Библиографический словарь. 72. Тренчени-Вальдапфель И. Гомер и Гесиод. М., 1956. 73. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1981. 74. Гесиод. Труды и дни. Земледельческая поэма. Пер. В.В. Вересаева. О происхождении богов. М., 1990. 75. Античная басня. М.: «Художественная литература», 1991. 76. Эзоп. Заповеди. Басни. Жизнеописание, 2003 г. 288 с. 77. «История античной философии» в конспективном изложении. А.Ф.Лосев. Москва. «Мысль»: 1982. 78. «История философии в кратком изложении» Москва. «Мысль»: 1991. 79. «Сократ, Платон, Аристотель, Сенека». Жизнь замечательных людей, биографическая библиотека Ф.Павленкова. Москва. «Республика»: 1995. 80. «106 философов. Жизнь, судьба, учение», Симферополь, «Таврия»: 1995. 81. Анатомия мудрости. «Энциклопедия афоризмов», Минск, «Современный литератор», 1999. 82. Энциклопедия афоризмов: в мире мудрых мыслей. Э.Борохов. – М. ООО «Издательство АСТ». 2001. 83. С.Л.Лурье. Демокрит: тексты, перевод, исследования. Л., 1970. 84. С.Л.Лурье. Очерки по истории античной науки. М. – Л., 1947. 85. Антикалық əдебиет хрестоматиясы. 2 том. Жоғары оқу орындары үшін. 1 том. Н.Ф.Дератани, Н.А.Тимофеева. Грек əдебиеті. М., Прос вещение, 1985. 86. Ф.Зелинский жəне Б.Богаевскийлердің редакциясымен толық ауд.емес.: Лукион, Шығармалары, І т., М., 1915. 87. Грек əдебиеті тарихы, С.И.Соболевскийдің ред. (жəне т.б.) 3 т., М., 1960, 219– 24-б. 88. Соловьевтің аудармасы бойынша. Антикалық əдебиет хрес томатиясы. 2 том. Жоғары оқу орындарына арналған. 89. Н.Ф.Дератани, Н.А. Тимофеева. Рим əдебиеті. М., «Просвещение», 1965. 90. Тит Лукреций Кар. Заттар табиғаты жайлы. Аударған Ф.Петров ский. М., 1998. 91. Антикалық жазушылар. Сөздік Спб. «Лань» баспасы, 1999.
МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ ...........................................................................................................................................7 КІРІСПЕ ...............................................................................................................................................9 БІРІНШІ БӨЛІМ. ЕЖЕЛГІ ТАЯУ ШЫҒЫС Гильгамеш туралы дастан .........................................................................................................24 Ежелгі Шумердің мектеп өсиеттері ........................................................................................42 Хатшы мен оның ақымақ ұлы .............................................................................................47 Ежелгі шумерлік данышпан Шуруппактың өсиеті...........................................................48 Ортаассириялық заңдар ..............................................................................................................50 Хаммурапи заңдары ....................................................................................................................58 Тот ................................................................................................................................................65 Тот ертегілері ........................................................................................................................66 Пирамида мəтіндерінен ..............................................................................................................78 Осиристің тірілуі .................................................................................................................79 «Арыздасып-қоштасу» .......................................................................................................80 Нефертитидің сəуегейлігі ...................................................................................................80 Ежелгі Мысырдың дидактикалық шығармалары ....................................................................83 Мектеп тəлімдерінен ..........................................................................................................85 Ахтой тəлімдерінен ..............................................................................................................86 Гераклеополитандық патшаның өзінің ұлы Мерикар патшаға өсиетінен ......................88 Сүлеймен (Соломон) ..................................................................................................................89 Израиль патшасы Дəуіттің ұлы Сүлейменнің өсиеттері .................................................91 ЕКІНШІ БӨЛІМ. ЕЖЕЛГІ АЗИЯ Дала даналары ...........................................................................................................................100 Тұмар патшайым (Томирис) .....................................................................................................111 Анахарсис .................................................................................................................................116 Анахарсистің хаттары........................................................................................................121 Анахарсистің афоризмдері мен ойлары ...........................................................................122 Зəрдүшт (Заратустра) ...............................................................................................................124 Зəрдүшт осылай дейтін .....................................................................................................124 Зəрдүштің сөздері. Үш өзгеріс туралы ...........................................................................126 Авеста – парсылардың қасиетті кітабы ..................................................................................127 Күнге əнұран .....................................................................................................................129 Митраға əнұран .................................................................................................................131 Шамандық мəтіндер ................................................................................................................144 Ежелгі Үндістан .......................................................................................................................149 Дхаммапада................................................................................................................................149 Махабхарата ...............................................................................................................................167 Рамаяна ......................................................................................................................................196 Веда ілімі ...................................................................................................................................204 Ману заңдары ............................................................................................................................218 ҮШІНШІ БӨЛІМ. ЕЖЕЛГІ ҚИЫР ШЫҒЫС (ҚЫТАЙ) Лао-Цзы .....................................................................................................................................227 Дао дэ цзин ...............................................................................................................................229 Куң фуд зы (Конфуций) ...........................................................................................................248 Кеңес пен толғам ................................................................................................................250 Мо-цзы ......................................................................................................................................299 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. БАТЫС ӨРКЕНИЕТІ (ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ, РИМ) Гомер .........................................................................................................................................317 Одиссея ...............................................................................................................................318 Илиада .................................................................................................................................327 Сократ .......................................................................................................................................334 Сократтың тəлімдік өсиеттері ..........................................................................................335 Платон .......................................................................................................................................336 Мемлекет ............................................................................................................................337 Аристотель ................................................................................................................................348 Никомах этикасы ................................................................................................................350 Риторика .............................................................................................................................357 Метафизика ........................................................................................................................360 Эзоп ...........................................................................................................................................364 Оқиғалары ..........................................................................................................................364 Диоген Синопский ....................................................................................................................372 Самосаттық Лукиан ..................................................................................................................375 Шынайы оқиғалар ..............................................................................................................375 Марк Порций Катон Цензор ...................................................................................................383 Цицерон ....................................................................................................................................386 Түсініктемелер .........................................................................................................................390 Пайдаланылған əдебиеттер ......................................................................................................395
Ғылыми басылым ЕЖЕЛГІ ДƏУІР Құрастырушылары Əбдірейімова Күлмесхан, Қабекенов Ғабит, Қонақова Гүлшара Редакторы Р. Асанбай Техникалық редакторы Г. Сəбитова Көркемдеуші редакторы С.Бахретдинов Компьютерде беттеген С. Өтенова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген ИБ № Басуға 16.11.09 ж. қол қойылды. Пішімі 60х841/16. Офсеттік басылыс. Офсеттік қағаз. Əріп түрі «Tіmes New Roman». Баспа табағы 25. Шартты баспа табағы 24. Есептік баспа табағы 25. Таралымы 3000 дана. «Таймас» баспа үйі» ЖШС. 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 155, 22-офис. Тел.: 2 500 995.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру