Əлемдiк философиялық мұра 15 том
Әбдімәлік Нысанбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл томда қазақ оқырманына «постмодернистер» деп аталынатын философтардың (М.Фуко, Ж.Ф.Лиотар, Ж. Деррида, Ж.Бодрийяр, Ж.Делез және өзгелердің) ең маңызды және мазмұнды мәтіндері ұсынылды. Постмодернизм – жаһандану дәуіріндегі тарихи-мәдени ахуалды пайымдауға тырысқан ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы философиялық ойдың ең танымал бағыттарының бірі. Қазақстандықтар үшін олардың көтерген мәселелері жаһанданушы әлемде ұл
«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы:
«Әлемдік философиялық мұра»
сериясының редакциялық алқасы:
Ә. Нысанбаев (төраға), Ж.Әбділдин, Т.Әбжанов, Қ. Әбішев,
Қ.Әлжан (төрағаның орынбасары), Ғ.Есім, Т.Ғабитов,
Д.Кенжетай, Ғ.Құрманғалиева, Ж.Молдабеков (төрағаның
орынбасары), С.Нұрмұратов, М.Сәбит, А. Тайжанов.
М. Əшімбаев, кеңес төрағасы
Ə. Асқаров, жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
С. Абдрахманов
Б. Аяған
М. Əбусейітова
С. Əжіғали
Н. Əлімбай
М. Əуезов
К. Байпақов
К. Биекенов
К. Бұрханов
А. Досжан
Е. Ертісбаев
Ғ. Есім
С. Қасқабасов
А. Қошанов
Ə. Нысанбаев
Қ. Салғара
З. Самашев
Р. Сариева
А. Сейдімбек
Қ. Сұлтанов
Қ. Тұяқбаев
Ж. Түймебаев
К. Хұсайынов
Е. Шаймерденов
ББК 87.3(0)
Ә 52
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару”
бағдарламасы
Ғылыми редакторы Ә.Нысанбаев
Құрастырғандар Ə. Нысанбаев, Г. Соловьева
Сарапшы Т. Ғабитов
“Əлемдік философиялық мұра”. «Постмодерн философ-
иясы». Жиырма томдық. 15-том. – Алматы: «Жазушы»,
2007. – 464 б.
ІSBN 978-601-200-041-2
Ә 0301030000-100
ББК 87.3(0)
402 (05) – 07
ІSBN 978-601-200-041-2-(Т.15)
ІSBN 9965-764-01-8
© “Жазушы” баспасы, 2007
Ә 52
Бұл томда қазақ оқырманына «постмодернистер» деп
аталынатын философтардың (М.Фуко, Ж.Ф.Лиотар, Ж. Дер
рида, Ж.Бодрийяр, Ж.Делез және өзгелердің) ең маңызды
және мазмұнды мәтіндері ұсынылды.
Постмодернизм – жаһандану дәуіріндегі тарихи-мәдени
ахуалды пайымдауға тырысқан ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ.
басындағы философиялық ойдың ең танымал бағыттарының
бірі. Қазақстандықтар үшін олардың көтерген мәселелері
жаһанданушы әлемде ұлттық төлтумалылықты сақтап қалу
қажеттілігіне орай, мейілінше өзекті болып табылады.
АЛҒЫ СӨЗ Оқырманға ұсынылатын бұл томда күрделі терминдерге бай философиялық мәтіндер топтастырылған. Олардың мәнмағынасын түсініп қабылдау үшін, зерделеуге ұмтылған табанды жігер мен біраз еңбек қажет. Бұл постмодерндік мәтіндер қазақ ау диториясына әлем философиясының ең ықпалды және кең тараған бағыттарының өкілдерін ұсынады. Әлемдік философия демекші, қазіргі таңда Батыс пен Ресейде (“қазіргі орыс философиясы”) постмодерндік ішкі түйсік рухындағы жобаларды жасау қолға алы нуда. Ал, қазақ ойшылдарының мұрасын постмодерндік көзқарас негізінде пайымдауға ұмтылу және жалпы постмодерндік қайта құруға деген қызығушылық Қазақстанда да байқалады. Білімі таяз кейбір теоретиктер постмодернизмді байыпты әрі іргелі философиялық концептердің шеңберінен шығарып тастап, бос мазмұндылық пен жоқ мағынаны әккі терминдер арқылы бүркейтін кезекті зияткерлік сән ретіндегі, жұртшылықты әдейі дүрліктіру ниетіндегі нәрсе ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ, пост модернизм адвокаттарға мұқтаж емес, бәлкім ол түсіндіруді қажет етеді. Мұндай түсіндіру философиялық сәнге емес, ғасырлар тоғысындағы мәдениетте байқалатын шынайы жағдайды филосо фия тілінде ұғынып, пайымдауға қатысты. Үйреншікті, қарсылық туғызбайтындай сипаттағы жаһандану процесі, тармақталған коммуникативті байланыстар жүйесі мен Интернет дамыған постиндустриялық қоғамның пайда болуы, адамның әлеуметтік және онтологиялық дәрежесінің өзгеріске ұшырауы, бұрын естім ген жаңа мүмкіндіктердің ашылуы, сонымен қатар – қауіптер мен тәуекелдердің қылаң беруі... Адамның осындай жаһандық өзгерісін пайымдау үшін радикалды концептер мен радикалды терминоло гия қажет. Соңғы ғасырлардағы батыс философиясында екі межені, екі шекті бөліп қарауға болады. Біріншісі – классикалық парадиг мадан классикалық емес парадигмаға өту болса (С.Кьеркегор мен Ф.Ницше еңбектерінен бастап – М.Хайдеггер, Г.Г.Гадамер, Т.Адорно және т.б. дейін), екіншісі - классикалық емес парадигма мен қоштасу және постклассикалық емес дискурсқа немесе постмо дернизмге өту ХХ ғасырдың орта тұсында басталды (Ж.Ф.Лиотар еңбектерінен бастап Ж.Деррида, Ж.Делез және т.б. дейін).
Бейклассикалық философия батыс мәдениетінің адамның ішкі де, сыртқы да болмысына қатысты үстемдік қағидасына негізделген онтологиялық, антропологиялық және гносеологиялық жобаларын сынға алды. Классикалық емес бағыттың негізгі көздеген нәрсесі – логоцентризмді, рациоцентризмді және фаллоцентризмді бұзу, Шығысқа бетбұрыс жасау, біржақты субъект-объект антитезасы орнына адам мен әлем қатынасының тұтастығын қайта жасау. Бірақ мәдениеттегі өзгеріп отыратын жағдай әуелгіде жаңашыл болып көрінетін классикалық емес үлгілерге күмәнмен қарайды. Ерекше магия мен философиялық сиқырға толы хайдеггер лік пайымдаулар архаика мен “үлкен жұбату” әрекеті ретін де қабылдана бастайды. Құрылымдық тәсілдер мен жұбатушы сұлбалар өздерінің күші мен тартымдылығынан айырылады. Пос тиндустриалды мәдениет мынадай көз үйренбеген ландшафтарды айқындап береді: – дәстүрлі мәдениеттің мақсаты болып табылатын қосарлы қарама-қарсылықтар алынып тасталады; – барлық құрылымдардың, метафизикалық метафоралардың, кодтардың және символдардың орталықсыздануы жүзеге асатын болады; – маргиналды тәжірибеге, “кескіндерге”, “қыртыстарға”, “шек терге”, яғни өзгешеліктерге назар аударылады; – “үш өлшемді” тарихи уақыт – өткен, қазіргі, болашақ алы нып тасталады. А–темпоральды тарихтың мүмкіндіктері: мәдени өткеннің элементтерімен ойын тәртібіне сай әрекет ету, олардың еркін үйлесуі мен қисындалуы айқындалады; – субъект туралы ұғымнан бас тарту, анонимдік, ұстатпау, тұрақсыздық стратегиясына көшу орын алады. Постмодерннің шынайы жағдайын сипаттай алатын аяқталмаған тізімдегі анықтаушы нәрсе не? Оқырман бұл сұраққа жауапты жарияланатын мәтіндерден табады. Оған көмектесу үшін мынадай жайттарды түсіндіріп өту қажет болады: адамның вир туальды нақтылыққа енуімен байланысты онтологиялық өзгерісті анықтаушы деп есептеуге болады. Мәдениеттің классикалық үлгісі де және оның орнын басатын классикалық емес үлгі де тіл тұжырымдамасында айқын көрініс табатын репрезентацияның, таңбаның логикасына бағынып келген еді: бірнәрсе басқа нәрсе арқылы – таңбаланушы таңбалаушы арқылы, мән құбылыс арқылы, ішкі нәрсе сыртқы нәрсе арқылы ұғынылады және көрініс тауып, белгіленеді. Мұндай тұжырымдаманың мәнісі теологиялық
және ол осы дискурстағы ойын тәртібінің барлық ережелерін анықтап тұратын шекті таңбаланушыға, әуелгі бастауға, әуелгі мәнге сілтеп тұрады. Әуелгі нәрсенің, яғни шынайы төрешінің болуы – барабарлық логикасы мен өзгешеліктерді барабарлыққа келтіру үстемдік құрған бүкіл мәдени ансамбльді анықтап тұрады. Гегельде бұл позиция әйгілі “терістеуді терістеу” формуласында көрініс тапқан, ал Адорноның айтуынша, бұл формулада қарамақарсылықтар барабар болып, өзгешеліктер жойылады екен. Постмодерндік жағдай репрезентациядан дəйекті түрде бас тартуымен, метафизикалық тереңдік позициясынан “үстінгі бет” немесе “Мебиус парағы” позициясына өтуімен сипатталады. Енді шекті таңбаланушылар мен оларды белгілейтін таңбалаушылар болмайды, әуелгі түпнұсқа мен оны бейнелейтін көшірме де жоқ. Бұл жердегі әңгіме таңбалаушылардың өз сигнификанттарынан “қол үзіп”, көшірмелердің көшірмелеріне, “симулякрға” айналып, еркін комбинация жасау мүмкіндігіне ие болуы туралы. Мұндай жағдайдын мәнін түсінуге септігі тиетін метафора – коллаж және онда, бір қарағанда, үйлесуі мүмкін емес элементтер тоғысады: ғашықтардың хаты, қол жүгінің түбіртегі, финанстық есеп. Бұлар алғашқы кезде белгілеген нәрселерді белгілемейді, бірақ бірлес кен кезде жаңа мағына мен мазмұнға ие болады. Постмодерндік мәдениет – көлемді, күрделі коллаж, ал оның басты кейіпкерлері кездесулер мен оқиғалардың күтпеген мүмкіндіктерін ашатын түпнұсқамен байланыстарын үзген көшірмелердің көшірмелері, си мулякрлар. Бұл енді шекті таңбалаушы, айтқанын өткізетін алғашқы нәрсе және ол басымдылық пен сұрыптау енді болмайды деген сөз. Мәдениеттің дискурсы шектеулі түрде демократияланады. Оның үстінгі бетінде барабарлықтың логикасын жеңу және шекті таңбалаушының рақымсыздығын жоя алатын өзгешеліктің салтанат құруы мүмкін болады. Бірақ өзгешеліктің басымдылығы мәдениеттің тұтасымен бөлшектеуіне алып келетін бейберекет тік пен бірліктен бас тарту дегенді білдірмесе керек. Бірлік пен өзгешелік бағыныстылықтың және биліктің қызметтерін жеңіп кете алатындай басқа қатынасқа түседі. Бірлік өзгешеліктерді құптайды және солардың арқасында өмір сүреді, сондай-ақ асси миляция мен барабарлықтан бас тартқанда, оларға шабыт сыйлап, бар болуына рұқсат етеді. Қатынастардың осы түрін айқындау үшін өзгешілікті жақтайтын философтар әдеттен ерекше терминдерді қолданады. Сондай терминдердің ең әйгілісі – Делез бен Гваттаридың “ризо
масы”. Мәдениет үлгісін бейнелейтін дәстүрлі “ағаш” метафорасы на – мәдени дискурстағы ығысуларды түсінуге мүмкіндік беретін “ризома” метафорасы қарама-қарсы қойылады. Егер “ағаш” ортақ тамыр мен діңнің болуын білдірген болса, “ризома” “інжугүл” тұқымдас өсімдіктері тәрізді нәрсені белгілейді және олардың көптеген тамыршалары өзара басқа “демократиялық” қатынастар арқылы байланыс жасайды. Мұндай постмодерндік үлгі бірігу шарты ретіндегі көптеген әр алуан мәдени тәжірибелер мен ісәрекеттердің және жеке өмірлік әлемдердің өзгешелігін ұстап, сақтап қалуға мүмкіндік береді. Әзірше бұл айтылғандардың бәрі абстрактылы нәрсе сияқтанып естіледі. Тек әуелгі дерекке жүгінгенде ғана олар мазмұны бар мәнді нәрсеге айналады. Ұсынылатын авторлар арасынан бірінші болып Мишель Фуконың әйгілі “Сөздер мен заттар” кітабынан үзінді келтіріледі. Мишель Фуко (1926-1984) – есімі ХХ ғасыр гуманитарис тикасында структурализм сынды қуатты бағытпен байланыс ты француз философы, психологы, мәдениет тарихшысы. Клод Леви-Строспен бірігіп “субъект философиясына”: “сұлбасы әр түрлі деңгейде кездестетін біршама өзгерістері бар тәжірибенің құрылымданған қалыптарын анықтау” деген сергек әрі рацио нальды түрде негізделген концептіні қарама-қарсы қояды. Бірақ, классикалық емес дискурс пен постмодерннің аражігін айырған 1968 жылдың толғанысты оқиғалары мен “жаңа солшылдардың” қозғалысы Фуконы салқын-есепшіл құрылымдық әдіснамадан бас тартқызады, сондықтан ол өзі туралы: “мен ешқашан фрейдист, ешқашан марксист, ешқашан структуралист болған емеспін” – де генді айтады. Дегенмен де ол субъект философиясына да бұрылмай кетеді. Керісінше, ол, адам – кеше ғана ойдан шығарылған нәрсе және ол “құм бетіне салынған бейне тәрізді жойылады” деген тосын пікірді айтады. Бұл жердегі мәселе орталықсыздануға ұшыраған субъек тивтілікке ғана емес, бізді мүмкін болмайтынның, жан құбылысы болмайтынның, шекті нәрсенің шекарасына жақындататын өзімізді өзімізден айыратын десубъективизацияны жасайтын: “мені өзімнен айырып, өзіме өзім болуға рұқсат етпейтін” тәжірибеге де қатысты. Бұл адамның бірегейлігін, бірдейлігін “балқытуға” шақырып тұрған постмодерндік үндеу болып табылады.
Фуконың психология, философия, білім археологиясы және
билік генеалогиясына қатысты жазған көптеген еңбектерін
солардың ішіндегі ішкі ырғақ арқылы түсінуге болады. Еуропалық
мәдениеттің қабаттарын қалпына келтіріп қайта жасағанда бір
неше эпистема мен соларға сәйкес келетін дискурстық әрі пәндік
практикаларды қарастыру арқылы еуропалық адамның тәні,
оның барабарлығы, биліктің белгілі бір түріне бағынатын өзіндік
болмысының қалай қалыптасқанын нақты көре аламыз. Және де
қайта жасалатын кері қозғалыс та байқалады: ол осындай опе
ратор-биліктің езгісінен қалай құтылудың, барабар болмаудың,
билік қолы жетпейтін рахат қуысына, “өз күйін күйттеуге” қалай
қашып өтудің жолын көрсетіп береді. Мұндай орасан зор жоспар
ды жүзеге асыру барысындағы негізгі тақырыптар – білім, билік,
сексуалдылық.
Постмодернизмге қарай өтудің нышаны ретіндегі адамның
бейбарабарлығы туралы идея Фуконың әйгілі “Сөздер мен заттар”
деп аталатын шығармасында айтылады. Қазақ оқырманына осы
туындының бір бөлігі ұсынылып отыр. “Придворные дамы” деп
аталатын бөлімде Фуко, Веласкестің аттас картинасын пайымдау
арқылы бейбарабарлық туралы идеяны ұсынады. Бұл картина
дан бізге, яғни көрерменге, қолына қылқаламын ұстаған суретші
қарап тұрады. Оның алдында бізге теріс жағы қаратылған кенеп
бар. Суретші кімнің суретін бейнелеп тұр? Картина өз шеңберінен
шығып кетеді. Оны тамашалап тұрған “корольға арналған орында”
көптеген адам тұруы мүмкін – олар бір мезетте үлгі де, көрермен
де бола алады, тұрақты ешнәрсе жоқ: “суретші мазмұнын, қалпын
бейнесін, бірегейлігін үнемі құбылтып тұратын орынға қарап тұр”.
Субъектіні орталықсыздандыратын, оның бірегейлігіне перформа
тивті, номадтық сипат беретін постмодерндік жағдайы осындай.
Батыс тарихында Фуко барабарлыққа, тәнге қатысты нәрсенің
қалыптасуындағы бірнеше саяси стратегияны анықтайды. Олардың
біріншісі – азаптау мен өлім жазасын қолданатын физикалық
әсерге, биліктің көрінісі ретіндегі қан шығаруға бағытталған
стратегия (ХVІ- ХVІІ ғғ.). Екінші технология - азапталатын адам
тәнінен “тәртіптік” тақырыпқа ойысумен байланысты. Билік енді
денені зақымдауын қойып, оны бақылау мен қадағалуға алады,
қарсылықты болдырмау мақсатында әлеуметтік тәжірибенің ең
кіші деген элементтерін игеруге тырысады. Мұндай тәртіптік
практикаларды Фуко тәртіптік кеңістіктің бірі болып табылатын
абақтының тарихын зерттегенде “Қадағалау және жазалау” деген
еңбегінде сипаттайды.
Қарама-қарсы импульс, яғни бас тартып, сытылып шығып ке
туге ұмтылушылық үштомдық “Сексуалдылықтың тарихы” деп
аталатын еңбекте талқыланады. Фуко “өмір сүру өнерін” ойлап
табудың тәлімдік мысалы болатын тарихи кезеңдерді қарастырады.
Бұл – ең алдымен антикалық әлем, ол бұл жерде адамдар сексуал
ды тәжірибенің әдеттен тыс құқығын жасаған “ләззат алу аралда
рын” анықтайды. Мұндай тәжірибе нормалар-тыйымдар, дискур
сиялар, тәртіптік практикалар жоюға тырысатын “құмарлықты,
өзін күтуді” қалай сақтап қалуға болатынын айғақтап береді.
Бірақ, Фуко билікті тек жағымсыз терминдермен сипаттай
ды деген ойдан аулақ болғанымыз дұрыс. Биліктің бірнеше
деңгейін анықтағанда мемлекеттің макродеңгейінен тұлға аралық
қатынастың микродеңгейіне дейін ол, негізінен, биліктің анато
миясымен және микрофизикасымен айналысады. Билік адамдар
арасындағы күштер мен үйлеспеудің ойыны және әркім оның субъ
ектісі де, объектісі де болуы мүмкін. Ол өмірдің өзіндей жойыл
майды. Жеке адамға қажет деген еркіндік шамасы онымен қатар
әрекет етіп, жүзеге асуы үшін, биліктің барлық модальдылықтарын
зерттеу керек.
Фуко өте өнімді әрі жемісті еңбек еткен. Бүгінгі таңда “Ми
шель Фуконың орталығы” деп аталатын ассоциация оның көптеген
еңбектерін зерттеп, жариялаумен айналысады және олардың ара
сында жоғарыда аталғандардан басқа мына шығармаларды атауға
болады: “Безумие и неразумие: история безумия в классический
век”, “Рождение клиники: археология взгляда медика”, “Предисло
вие к трансгрессии”, “Археология знания”, “Философский театр”,
“Микрофизика власти”, “Запад и истина секса”.
Философияда постмодернизм деген термин Жан-Франсуа
Лиотардың (1924 ж. туған) “Состояние постмодерна” деген
еңбегінен бастап тұрақтады. Париждің, сондай-ақ АҚШ пен Ка
нада университеттерінің профессоры, жасында марксизм мен
фрейдизмнің ықпалын көрген Лиотар, кейін феноменология пози
циясына өтеді, ал Гуссерльден әрі қарай кейінгі Витгенштейннің
“тілдік ойындар” туралы идеяларын қабылдайды. Осы тұрғыда ол
батыстық мәдениеттің тарихын жаңаша оқып, нәтижесінде пост
модерн, баршаның билігімен келіспеушілік, үлкен метанаррация,
баршаны қамтитын әмбебап концептісі жағдайына келеді.
Лиотар, ең әуелі, ақпараттық қоғамның қысымы мен жаһандану
дәуіріне байланысты пайда болған жаңа әлеуметтік трансфигу
рацияларды белгілейді. “Ұлттық мемлекеттер коммуникативті
мөлдірліктің тұнығын лайлайтын және кедергі туғызатын факторға айналып барады”. Ақпарат барлық шекарадан өтіп, оларды тұрақсыз әрі күмәнді етеді. Енді ақпарат ағымдары түйісетін нүктелерде орнала сатын адамның мекені әлеуметтік тәртіптің формасы ретіндегі ұлттық мемлекетте емес, бүкіл әлемдік коммуникативті байланыста, поштада орналасады. Постмодерн – ғылым, әдебиет және өнер ойындарының ережелері өзгерген тұстағы мәдениеттің жағдайы – деп түсіндіреді автор. “Қоғам постиндустриалды жасқа келгенде, мәдениет – постмо дерн жасына келеді деуге болады”. Мәдениет феномендерінің ойын ережелері қалай өзгереді? Лиотар Батыс тарихында екі негізгі стратегияны: миф пен раци оны бөлек қарастырады. Наррация, баяндау деп аталатын миф әралуандықты, тілдердің ойынын жоққа шығармайды және ле гитимацияны, яғни жалғыз әлемдік тәртіптің ақиқаттылығы мен әділдігін мойындауды өзіне міндет санамайды. Ғылым тілінің мо нополиясына, оның дұрыстығы мен дискурсия ережелеріне кедергі келтіретіндердің бәрін жоюға ұмтылып, ғылым идеалдарын жүзеге асырғанда рацио метанаррацияға айналып кетеді. Сондықтан да мы салдар, мифтер және аңыздар әйелдер мен балаларға тән қарапайым менталдылықтың белгілері деп жарияланады. Міне, қарсылық пен өзгелікке жол бермейтін баршаның билік дискурсы осындай. “Ең дұрыс жағдайда мұндай қараңғылықты (мифтерді – Ә.Н., Г.С.) ашуға, оны өркениетті етуге, тәрбиелеуге, дамытуға тырысады.... Бұл Батыстан басталған мәдени империализмнің тарихы болып та былады”. Бірақ, постмодерн жағдайы ғылым тілі ойыны өзінің билік ету қызметін игере алмауын көрсетеді. Этиканың, эстетиканың, саясаттың, экономиканың көптеген ойын ережелері оның қарамағынан сытылып шығып кетеді. Адам – ережелердің дербес ансамбілдеріне бағынатын тілдің әртүрлі ойындары қиылысатын текстура болып табылады. Постмодерн “біздің өлшемдес болмайтын нәрсені қабылдау қабілетімізді” күшейтіп, билікке ұмтылуды заңдастыруды емес, өзгешіліктерді бекітуді талап етеді. Ендігәрі білім белгілі нәрсені жасамай, белгісізді өндірумен айналысады. Айырмашылықтарға жол бермейтін абсолютты өлшемнің, ең мәртебелі төрешінің енді қажеті болмайды. Шын мәнісінде бұл жердегі мәселе бұрын бос тұрған жерлерде “өсу нүктелерінің” пайда болуы, “орталық” және “шалғай түпкір” ұғымдарының жойылуы және мәдениет өрісінің нақтылы орталықсыздануына қатысты болып отыр.
“Қыртыстың”, “бүктеменің” манында орналасқан маргиналды, шекаралық нәрсе бірыңғай “орталықтың” езгісінен құтылып, өзін таныта бастайды. Лиотар, күн тәртібіне саяси және мәдени өмірдің орталықсыздануы, көпполярлық пен полифониялық идеяның бой көрсетуі, жаһандану ағымында әлемнің мәдени өзгешеліктері мен ұлттық бейнелерді сақтап қалу мәселесі нақтылы қойылған кезде, ХХІ ғасыр басындағы адамдар қауымдастығының сұлбалық порт ретін жасайды деп сенімді түрде айтуға болады. Осы аталған томда оқырман Ж.-Ф.Лиотардың постмодернизмге өтуінің теориялық алғышарттары анықталған “Феноменология” деп аталатын ертеде жазылған еңбегімен танысады. Бүгінгі таңда әлемде – Еуропа мен Азияда, Ресей мен Амери када – есімі жиі аталып жүрген философтың бірі – француз Жак Деррида. Бірақ бір мәселе түсініксіз күйде қалады: бұл шыны мен мойындау ма, әлде оның есіміне арбалу ма? Бұл, ең алды мен, философтың өзіне де түсініксіз жағдай. Соңғы сұхбатында (осы томда ұсынылады) Деррида ажалының жақындағанын сезіп, мұрасына қатысы болуы мүмкін екі жағдай туралы айтады. Біріншіден: адамдар оның мәтіндерін ақыры оқи бастайды, бірақ оның пікірінше әзірше байыпты оқырмандар саны, қазіргі асқан қызығушылыққа қарамастан, оншақты адамнан аспайтын көрінеді. Екіншіден, біршама алаңдаушылық туғызатын жағдай – мұра мін детті дана ретінде университет кітапханаларында қалып қояды. Дегенмен де, Жак Дерриданың мәдениеттің бүкіл батыстық жо басына жасаған нақтылы деконструкциясын негізге алып бірінші жағымды мүмкіндікті қабылдайық. Француздық нәрсеге деген шы найы құмарлыққа толы мәтіндерінің (ол өзі туралы: “біз - еврейміз” және “біз – французбыз” дей алар еді) философия ғылымдардың тағынан құлатылып, басқа пәндер сияқты азаматтықтың тең құқығына ие болатын гуманитаристиканың қалыптасуына ықпалы зор еді. Деррида тек теориялық операциялармен және проце дурамен ғана шектелген жоқ. Ол деконструкцияны әлеуметтік институттардың, білім берудің, некенің, ең ақыры миллиондаған адамды лаңкестік пен нашақорлықты туғызатын қайыршылық пен ауруға душар ететін “жаңа әлемдік тәртіптің” декомпози циясы ретінде ұсынды. Деррида жаңа зияткерліктің күші мен қуатына, “басқа жаһандыққа” үміт артқан еді. Философтың 1967 жылы жарық көрген үш ең ірі еңбегі: “Жазу және айырмашылық” (үзінділері осы томда беріледі), “Дауыс және феномен” және “Граммотология туралы”. Бұларда деконструкция теориясының
ең маңызды деген идеялары көрініс табады. Әңгіме қандай мәселе жайында? Ең әуелі, өзін ерекше құқығы мен артықшылығы бар үлгі ретінде көрсетіп, бір мәдени типті ұсынатын еуропоцент ризм мен этноцентризмнен бас тарту туралы. Еуропалық мәдениет таңбаның логикасына, түпнұсқа (таңбаланушы) мен оны бей нелейтін көшірме (таңбалаушы) бар деген қағидаға негізделген. Мұндай сұлба ішкі-сыртқы, жан-тән, мән-құбылыс сияқты бүкіл категориялық архитектониканы анықтап тұрады. Түптеп келген де, мұндай үлгі теологиялық, өйткені ол әуелгі таңбаланушыны, шартсызды, абсолютты нәрсенің барлығын мегзейді. Бірақ, бұл репрезентация логикасының құрсауында қалатын өзгешеліктердің ойынын жоққа шығарады. Күн тәртібінде – деконструкция, негіздердегі ығысу, батыстық метафизиканың және оның бинарлы құрылымының өзгеруі. Бұл автордың орынсыз тілегі де, ерекше болмысының көрінісі де емес. Мәдениеттегі жағдайдын өзі тиісті философиялық уәждерді та лап етіп, деконструкцияға үндейді және оны жүзеге асырады: ақпараттық, коммуникативті технологиялар таңба логикасының толық құнсыздануын айқындап береді. Батыстық дәстүрде тіл ойды жеткізудің тәсілі ретіндегі көмекші, екіншілік қызмет атқарып кел ген еді. Жаңа шынайылық тілдің онтологиялық дәрежесін, оның субъекттің дауысы мен болуына қатысты дербестігін, болмау ме тафизикасына деген мұқтаждықты анықтады. Өзгеше онтологиялық үлгі жасалады. “Кез келген таңба (ауыз ша да, жазбаша да) таңбаның таңбасы, іздің ізі, таңбаланушының таңбалаушысы ғана болатыны анықталды”. Сонымен бәрі артикуляцияның жалпы шарты ретіндегі жазу немесе тіпті про то-жазу болып шығады. Адам мен әлем арасында “құжынаған” делдалдар қаптағандықтан болмыстың өзі қол жетпес алыста қалып қояды. Ия, оның “із” қалдыратыны да рас, бірақ бізге бұл “із” емес, “іздердің ізі”, ақиқат пен біздің арамызда пайда болатын жаңамалықтардың тізбегі ғана жетеді. Мәдениеттің мұндай пост модерндік өрісінде қайсыбір қарама-қарсылықтың артықшылығы, басымдығы туралы мәселе алынып тасталады. Ендігәрі қосарлы қарама-қарсылықтардың айырмашылығы туралы емес (олар эли минацияланады), көптеген тұрғыларды, көзқарастарды, өмірлік практикаларды ажырату туралы айтқан жөн. Бұдан былай орталық жүйенің ішінде де, сыртында да орналасады, осылайша орталықсыздану дәуірі басталады. Бірақ, бұл әралуандыққа бара бар нәрсе емес: “Бізге көптіктің өзі емес, адамдар арасында қарым-
қатынас орнатудың шарты ретіндегі айырмашылықты, жіктеуді,
бөлектенуді талап ететін әртектілік қажет”.
Өзінің “Пошталық құттықтау қағазы (Сократтан Фрейдке дейін
және басқалар туралы)”, “Есім туралы эссе”, “Қоздың қызуы”
және кейінгі “Маркс елесі. Қарызды мемлекет, қасіретті еңбек
және жаңа интернационал”, “Ажалдың сыйы”, “Дүниенің ақыры,
әркім өзінше”, “Торпақ” деп аталатын шығармаларында Жак
Деррида барлық реңктер мен дауыстар үшін ашық, күрделенген,
сөзді құлпыртып, тұспалдайтын, әжуалайтын, сұрайтын, тізбекке
түспеген, аяқталмаған постмодерндік жазудың тәжірибесін паш
етеді.
Ол өмірінің соңына қарай өмір сүру өнерін игере алмағанына
өкінеді. Десек те өмірден өлімге қарай және қайтадан өмірге қарай
өту өнерін игеруге не басқаларды үйретуге болар ме екен? “...
өлуге ептілік немесе, қажет десеңіз, өмір сүруге ептілік қолымнан
келмей-ақ қойды”. Деррида туралы көптеген әлем тілдерінде
мақалалар мен монографиялық зерттеулер жарық көрді. Ол туралы
фильмдер де түсірілген. Оның кітаптары орасан зор таралыммен
басылып жатыр. Әлі ешкімнің де деконструкцияның тірі көрінісі
болып табылатын Жак Дерриданың туындыларын, өмірі мен
өлімін қайталау қолынан келмей отыр.
Жиль Делез (1925-1995) – постмодерншіл-философтар ара
сында бір мезгілде таңданыс пен наразылық сезіміне бөлейтін,
ерекше айшықты философтың бірі. Философия тарихының тамаша
білгірі болған ол “репрезентация машинасын” қиратуға септігі ти
ген “маргиналды” есімдерге назар аударды, олар: стоиктер, мегар
лар, киниктер, Спиноза, Юм, Бергсон, Ницше, Фуко. Оның солар
мен болған сұхбаты да постмодерндік сипатта өтеді: мәтіндердің
барабарлығын іздемей, өзінің философиялық “менін” іздеу,
өзгелікке, сәйкеспеуге, келіспеуге жол беру. Сонымен қатар, Делез
өнер тәжірибесін – киноны, әдебиетті, кескіндемені зерттегенде
философияның тар шеңберіне сыймайтын гуманитаристиканың
постмодерндік стилін жасайды. Ол материалға бойлағанда, құз
жағасында тұрып диагнозды қою үшін арақашықтықты үзген кез
де “өркениеттің клиницисті” болғысы келеді.
Оның кредосы – қалыптасу, айырмашылық философиясы. Ол
өмірлік формалардың қозғалғыштығын, ағымдылығын, ұстатпауын
білдіретін логикалық құралдарды тапқысы келеді. “Ой логикасы
арқа тұстан соққан желдің екпіні тәрізді. Өзінді порттамын деп
ойлайсың, ал шындығында баяғыда ашық теңізде жүзіп барасың”.
Және де тағы: “Жазумен айналысу – басқалардан еш артықшылығы жоқ ағымның бірі болу, басқалармен бір ортақ ағымды құру неме се қарама-қарсы ағып, иірімге айналу деген нәрсе...”. Мұндай жазуды Делез философиялық номадологияға ұқсатады. “Трактат о номадологии” (“Капитализм и шизофрения”-ның 2-то мын Ф.Гваттаримен бірге жазған) деген еңбекте ол территорияға қатысты анықталатын екі әдіснамалық ұстаным туралы айта ды: Батысқа жерді өлшеудің, сызудың, бөлудің отырықшылық тәжіриебесі және соған сәйкес – индукция, дедукция, репродукция тәсілдері тән. Ал Шығыс үшін – жолдағы кездесулер анықтайтын көшпелінің номадтық кеңістік тән екен: “Біз өзеннің ағысын та машалап жағада тұрмаймыз, буырқанған ағыспен бірге ағып бара мыз, өзгеру процесіне қатысамыз”. Оқырман Делез тереңдігінен айырылатын симулякрлардың бетіндегі мағынаны қалай және қай жерден іздеу керек деген сұраққа жауап беретін ең маңызды шығармасының бірі – “Мағынаның логикасы” деген шығармасының үзінділерімен таныса алады. Симулякрдың өмір сүру формасы – қазіргінің қалыптасуы, жоғалуы, яғни оқиға. Оқиғалардың легі дивергенция, үйлеспеушілік арқы лы жаңа түрдегі байланысқа түседі. Делездің түсіндіруінше, тереңде айырмашылықты барабарлық жұтады және бетінде ғана “екі детерминация өздерінің диференциясы мен арақашықтығы арқылы жақындасады”. Бұл жердегі әңгіме – айырмашылықтар ассимиляцияның арқасында емес, керісінше, олардың экстремал ды көрінуінің арқасында ғана бірлікке қол жеткізетін жалпы мен жекеліктің жаңа типі туралы әңгіме. Бұл, қазіргі әлем көпполярлы, көпвариантты құрылымға ұмтылған сәтте өзекті идея болады. Делездің негізгі шығармалары – “Эмпиризм и субъективность”, “Ницше и философия”, “Философская критика Канта”, “Пруст и знаки”, “Различение и повторение”, “Логика смысла”, “Спиноза и проблема выражения”, “Кино-1”, “Кино-2”, “Капитализм и шизоф рения”, “Что такое философия?” (соңғы екі кітапты Ф.Гваттаримен қосылып жазған). Оқырман назарына Гваттаримен бірге жазылған “Что такое философия?” деген кітаптан алынған үзінді ұсынылады. М.Фуко жоғары бағалаған “Логика смысла” деп аталатын кітаптың үзінділеріне ерекше мән беріледі. Француз философы Жан Бодрийяр (1929 жылы дүниеге кел ген) өзінің шығармашылығында ғылыми пәндердің қатаң шека раларын бұзудың және гуманитаристиканың бірыңғай ағымын
қалыптастырудың ең жоғары дәрежедегі постмодерндік тұрғысын
көрсете білді. Ол кім? Философ па? Социолог па? Саясаттанушы
ма? Жазушы ма? Егер Жак Дерриданың есімі ғылыми ортада
жиі айтылатын болса, онда Жан Бодрийярдың еңбектері пост
модерн жағдайының шынайылығын мойындайтын кең ауқымды
ортаға, студент жастарға, зияткер қауымға, кең ауқымды қоғам
қайраткерлеріне жақсы таныс болатын.
Жан Бодрийяр шынайы беріліп, өте көп жазды. Оның алғашқы
еңбегі “Система вещей” деп аталады. Бұл еңбекте маркстік сарын
айқын сезіліп тұрады. Бірақ “Зеркало производства” деген еңбекте
автор Маркспен “қош айтыспаса да”, “көре жатармыз” дегенді айта
ды. Бодрийярдың пікірінше, Маркс жаңашылдыққа ұмтылғанымен
дәстүрлі көзқарасты сақтап, өндіруші субъектінің кеңістігінде
қалып қойған. Ол үшін өндіріс адамның экзистенциалды моду
сы болып табылады. Бодрийяр, байлықты қажеттіліктер байлығы
деп түсінетін маркстік түсінік: капитализмнің бағдарламасы
болмағанда не болады? – деген сауал қояды. Құн әлемінен тыс
жатқан нәрсенің бәрі көлеңкеде қалады. Тарихи процесті біржақты
қарастыратын мұндай көзқарасты Бодрийяр “өндіріс айнасы” деп
атайды да, бұл айнаны шағып тастауды ұсынады.
Постмодерн дәуіріне қадам жасағанда, Бодрийяр оны Еуро
пада студенттік және жаңа формациялық баламалы қозғалыстар
толқыны жүріп өткен 1968 жылда орын алған деп есептейді, ол,
ең алдымен, телевизия, жарнама, сән сияқты феномендерді өзінің
пайымдау орбитасына қосып алып, реалдылық мәселесін көтереді.
Әлемге деген классикалық және постклассикалық қатынастар
өзгереді. Референт ретіндегі, шекті таңбаланушы ретіндегі
шындық жоғалады, барлық нәрсе бетке шығады. Бұған, ең әуелі,
телевизияның фото мен кинодан басым түсуі дәлел болады.
Енді реалдылықты, перспективаны, тереңдікті қайталауға деген
бұрынғы ұмтылыс байқалмайды. Телевизияда тереңдік жоғалады.
Біздің көз алдымыздағы жазық экран көрерменді телетор қызметіне
айналдырып жібереді. Сондай-ақ нақтылы нәрсе әлсіреп, маңызды
болмай қалады. Айталық, жасалған қылмыс туралы репортаждан
кейін көрсетілетін детектив, репортаждың өзінен шынайы болып
көрінеді. Экран репрезентацияларды емес, тек симулякрлардың си
муляциясын, қозғалысы мен комбинациясын ғана жеткізіп тұрады.
Соның арқасында құпияны, елесті, мағынаны өлшеу жоғалады. TV
оқиғалары құнсызданады, арақашықтар болмайды, алыстағының
бәрі жақындап, қол жетерліктей болады.
Реалдылықтың (Шынайылық – ред.) жоғалуын Бодрийяр
“гиперреалдылық” (әсіре реалдылық) деген терминмен сипаттай
ды. Егер ақпарат тым көп болса, ол қабылданбайды. Егер саясат
тым көп болса, ол өзін-өзі теріске шығарады. Егер дене дененің
сыртына шығып кетсе, адам толық болудан қысыла бастайды.
Егер адамдардың саны тым көбейіп кетсе, өмір құнсызданады.
“Гипердың” жағдайы осындай.
Мұндай әсіре реалдылықта өмір сүретін кімдер? Масса – деген
жауап қайтарады Бодрийяр. Оның еңбектерінен барлық саяси және
әлеуметтік нәрсе жоғалатын, субъект не объект туралы емес, мағына
жоғалатын тұңғиық туралы біраз нәрсе білуге болады. Автордың
айтуынша, импрам – қандай да бір тұтқыр, кеуекті, сонымен қатар,
өткізбейтін нәрсе. Оның ең басты қасиеті – имплозивтілік, яғни
кез келген энергияны жұту және бейтараптандыру. Бір нәрсе тура
лы айтудың, үндеудің, әрекет етудің еш пайдасы болмай қалады.
Тобыр телевизор алдында үйде киетін тәпішкесін киіп, футбол
чемпионатын беріліп тамашалайды, ал сол кезде көрші каналда
шынымен-ақ қастерлі тағдыр туралы - терроршыларды қорғағаны
үшін тұтқындалған адвокат туралы ақпарат беріліп жатады.
Тобыр ешқандай сигнал мен импульсқа жауап қайтармайтын,
бірақ өз қақпанына жарықты да ұстап қалып, өлтіріп жібере
тін ғарыштағы ашылған қара құрдым сияқты ақпараттың бәрін
сіңіріп алып, бейтараптандырып отырады. Сондықтан да тобыр
саяси және әлеуметтік нәрсені де жайратып тастайды. Айталық,
Лос-Анжелесте “ешқандай әлеуметтік нәрсе қалмаған және
ол туралы келешек ұрпақ білмейді (Лос-Анжелесте киноның,
телефонның және автокөліктің ұрпағы өмір сүреді) – бұл шашы
рау ұрпағы, конвергентті кеңістікпен салыстырғанда реттелген
байланыс кеңістігінде ақпарат алу және тарату пунктері болатын
жеке адамдарға ыдыраған ұрпақ”. Сонымен, Бодрийяр саяси және
әлеуметтік нәрсенің постмодерндік өзгерісін анықтайды, ал бұл
қазақстандық саяси философия үшін де өзекті саналатын мәселе.
Постмодерндік сезімталдығы айқын байқалатын француздық
тағы бір философ, ақын, экономист, жазушы – Жорж Батай
(1897-1962). Ол бүкіл постмодерндік ниеттегі топқа елеулі ықпал
жасаған. Ол Парижде Л.Шестовпен танысып, орыс мәдениетін,
әсіресе, Ф.Достоевскийді зерттеп, оның “Добро в учении гр. Тол
стого и Ф.Ницше” деген шығармасын француз тіліне аударды.
Өзінің көптеген шығармаларында (“Внутрений опыт”, “Винов
ный”, “О Ницше”, “Метод медитации”, “Литература и зло”, “Эро
тизм”, “Сумма атеологии”) мәдениет әлемін, адамның ішкі және сыртқы тәжірибесінің орталықсыздануы туралы болжамдары мен жорамалдарын жариялады. Батайдың пікірінше, әлеуметтік болмыс тарихи тұрғыда әрқашан үлкен пирамида ретінде қаланады: “адамдар жасайтын композицияда биліктің бәрі айналасындағы элементтерді жан шып тастайтын орталықтың қолында болады”. “Бірақ басқа дәуір келе жатыр, сонда кезек төбедегілерге келеді”. Бұл символдар ойынының дәуірі. Батай Маркс концептіне құнсыз айырбас теориясын қарсы қояды. Егер “Капиталдың” авторы “тұтыну құны – айырбас құны” деген қатынасты анықтаған болса, онда Батай – құн мен кұн бол майтын нәрселер арасында басқа шекараны анықтайды. Адамгер шілікті, мейірімділікті, ақ көңілділікті құн өлшемдерімен жеткізу ге бола ма? Үндістердің ат басындай алтынды жылтырақ шыны моншаққа барабар болмайтын айырбас кезіндегі қуанышын, ра хаттануын саяси экономияның категорияларымен өлшеуге бола ма? Адам құн үстемдігінің тоталитарлы режиміне бағынғысы кел мей, одан бас тартады. Ішкі тәжірибеде де – бұл Батайдың өз тәжірибесі – орталықсыздану, байғұс тіршілікті ұзартатын ұят конформизмнен, беделге еруден бас тарту жүзеге асады. Қауіптер мен тәуекелге бару – өмірге қалаулы қарқындылық беретін нәрселер. Батай үшін әдебиет ішкі тәжірибені жеткізіп тұратын нәрсеге айналады, оның пікірінше, ол Прометей тәрізді қалыптасқан, үйреншікті, көпшілік қолдайтын нәрсенің бәріне қарсы шыға алады. Оқырман Батайдың философиялық прозасымен “Внутрений опыт” аталатын шығармасынан алынған үзінділер арқылы таны сады. Қазақ зияткерлеріне Батайдың мәтіні өте көп нәрсе туралы айта алады – оның талғампаздығы, экзистенциалды импульсы, ішкі қуаты мен энергиясы қазақ философиялық әдебиеттегі ең озық үлгілерге етене жақын. Постмодернизмнің халықаралық сипатқа ие болғанын американдық философ Ричард Рортидің (1931 жылы туған) шығармашылығы дәлелдей алады. Америкаға тән дәстүрлі аналитикалық философия арнасында зерттеу жүргізген ол қазіргі үрдістерді сергек қабылдайды және “Философия және табиғат айнасы” деген еңбегінен бастап, аналитикалық концепттердің мүмкіндіктері сарқылғанын байқап, оларға сыни талдау жасайды. Рорти американдық және еуропалық философиялық континенттер арасында көпір салуға, өлшемсіздік пен бейбарабарлықты сақтай отырып, өзара түсіністіктің тілін табуға ұмтылады.
Ол философияның тарихшысы ретінде көрінгенімен, ешқандай
феномен, тіпті философияның өзі де басымдыққа ие бола алмай
тын философияның жаңа дәрежесі туралы пайымдайды. Енді фи
лософия “аралық” жерде – гуманитарлық ағымға басқалармен тең
дәрежеде құйылып, өнердің, ғылымның, саясаттың және барлық
ғылыми пәндердің арасынан орын алады.
Рорти философияның жаңа бейнесі туралы пайымдағанда ең
озық деген сұхбаттасушылармен – Витгенштейнмен, Хайдеггермен
және Дьюимен пікірсайысқа түседі. Автордың пікірінше, олардың
бәрі мәдениеттің басқа салаларына бақылау жүргізуші рөлінен бас
тартқан және “адамзат сұхбатында” “тәлімгерлік” позицияны тандап
алған. Бұл философия алдына жалпыға бірдей, әмбебап ақиқаттық
нәрсені табуды, яғни ғимараттың қаңқасын анықтау, оның тұрақты
сұлбасы мен шектерін белгілеу мақсатын қоятын (Платон мен Ге
гель сияқты) эпистемологияның, таным теориясының шеңберінен
шыққанда ғана жүзеге асатын нәрсе. Бірақ, Рортидің пікірінше,
адам ақиқатты ашпайды, жасайды. Адамның ақылы - әлемді бей
нелеп тұратын және репрезентацияларға толы жылтыр айна емес.
“Табиғаттың айнасы” баяғыда қираған, ал эпистемология болса
өзінің өркөкірек әрекеттерімен бірге қоса күйреген.
Философия ортақ, өзгермейтін негіздер табылмайтын тәлімді
әңгімеге айналады, бірақ одан “толғанысты және жемісті келіс
пеушілік” шығып қала ма деген үміт де жоқ емес. “Тәлімді
философияның мәні объективті ақиқатты іздеуде емес, әңгімені
ары қарай жалғастыруда”. Және мұндай әңгімеде әртүрлі, бірімен-
бірі үйлеспейтін барлық дауыстың естіліп тұруы шарт. Постмо
дерн философиясының бейнесі осындай болмақ.
“Случайность, ирония и солидарность” деп аталатын басқа
бір белгілі еңбегінде, Рорти жекенің және қоғамшылдықтың
арақатынасы
туралы
проблеманы
постмодерндік
сарында
қарастырады. Ол екі философиялық ұстанымды бөліп алады; сай
ып келгенде, өз әлуетін жалпы адами мәселені шешуде жүзеге
асыратын жеке әрқашан жалпы және әмбебап нәрсемен үйлесім
табады. Екінші ұстаным – бұған мүлде қарама-қарсы. Тұлға өз
мүмкіндігін бүлік шығарғанда, жалпыға ортақ және әмбебап
нәрсенің бұғауынан босап шыққанда ғана жүзеге асырады. Рор
ти “өзін іс жүзінде көрсету мен адами ынтымақтастықты бірдей
маңызды әрі әрқашан шамаласпайтын нәрселер ретінде орындау
ды талап ететін” теорияны жасауға ұмтылады.
Американдық философиялық аймақта Ричард Рорти сілте
ме жасау индексі бойынша бірінші орынды иеленіп, көш бастап
келеді. Мәтіндерінің күрделілігіне, терминдер мен теориялық пайымдауларының тым көп болуына қарамастан бұл автордың кітаптары философиялық бестселлерге айналған. Қазақстандық оқырманға оның есімі әзірше таныс емес, сондықтан алғаш рет қазақ тілінде жарияланып отырғандықтан, оның өзіне зияткерлік қауымның назарын аудартуға ұмтылуы заңды болмақ. Умберто Эко (1932 ж. туған) - есімі қазақстандық оқырманның ілтипатына бөленген әрі беймәлім авторлардың бірі. Ол ортағасырлық эстетиканың итальяндық тарихшысы, семиотик, әдеби сыншы, бұқаралық мәдениетті зерттеуші, романист. Бұл есім, біріншіден, постмодерндік дискурсқа тағы бір елді - Италияны қосты. Екіншіден, постмодерндік тәжірибенің күтпеген қырларын ашты: ортағасырлық тарих постмодерндік роман-детектив жанры арқылы көрініс тапты. Умберто Эконы – нағыз шығармашылық жанартау деуге болады. Ол артында көптеген идеяларды, жари яланымдарды, баяндамалар мен сарқылмайтын қиялға, әжуа мен тылсымдауға бейім зияткерліктің ең жоғары деңгейіндегі қуақы, ақпейіл аңқаулыққа толы ойын әдістемелерін қалдырды. Постмодернизм үшін оның “Имя розы” деп аталатын романы үйлеспейтін нәрсенің айқын әрі айқын емес үйлесуі ретінде жаңалық болатын. Бұл қандай жанрға жатады? Тарихи роман ба? Әлде детек тив пе? Семиотикаға арналған ғылыми зерттеу ме? Қатаң ғылыми регистрді көңіл көтеруге бағытталған ұстаныммен сәйкестендіру қалай мүмкін болады? Егер бұл ХІV ғасыр болса, онда наркомания, гомосексуализм, жендет пен құрбанның бейсаналы серіктестігі, азап тау психологиясы туралы пікірталастар неге соншалықты өзекті бо лып шыққан? Бұл роман кімге арналған – таңдаулы зияткерлі аса туған элитаға ма, әлде көпшілік бұқараға ма? Бұл жерде де барлық қырлар өшіп қалады: роман да, осы сюжет бойынша түсірілген көңілді баурап алатын фильм де, оқырман арасында сенсациялық қызығушылыққа ие болды. Романның философиялық концептісі лабиринт бейнесі – ризо ма арқылы берілген. Бұл ең ақыры Минотаврмен кезіктіретін лаби ринт емес. Эконың лабиринті толық аяқталмаған, салынып бітпе ген, жұмбаққа толы және ондағы “соқпақтың әрқайсысы басқамен қиылысып кетуі мүмкін. Орталық та, шалғай да, шығатын жер де жоқ”. Бұл сөздер мәдениет үлгісін орталықсыздандыруға ұмтылған постмодерндік бағыттың дәлме-дәл сипатын жеткізіп тұр. Осы томның оқырманы, структурализм әдіснамасы мұқият талданып, сол парадигманың өзгеруіне әкеліп соғатын қауіптер
мен тәуекелдер болжанатын Эконың “Табылмаған құрылым”
деп аталатын еңбегінен алынған үзіндімен таныс болады.
Автордың айтуынша, құрылымдық тәсілдерді өнерде де тиімді әрі
жемісті қолдануға болады екен. Бірақ оларды герменевтикалық
түсіндірулермен толықтырып отыру қажет. Егер біз ұлы, көпқырлы
және көпмағыналы шығармаларды талдайтын болсақ, онда струк
турализм герменевтикаға жол беруі тиіс. Ал, егер бұқаралық
мәдениетті зерттейтін болсақ, онда құрылымдық тәсілдер бірінші
орынға шығады.
Эко заттың алуан қырын тануды, оны мәңгі жаңа зат ретінде
көруге мүмкіндік беретін “құрылымдардың ашықтығы” тура
лы өзекті мәселені талқыға салады. Кейін келесі батыл қадамға
барады: статикалық құрылымдардан қозғалыс ұстанымы мен
құрылымдардың өрістеуі негізделетін және көпваленттіліктің
көкжиегі ашылатын “сериялық (лекті) ойлауға” көшсек қалай
болады? – деген сауал қояды. Ал, бұл ризома-лабиринт, “табыл
майтын құрылымның” кеңістігі болып табылады. Итальяндық
постмодернистің бұл идеялары казақстандық гуманитарлық дис
курсте ерекше резонанс туғызып, қазақтың дәстүрлі мәдениетін
зерттеу тәсілдерінің жаңаруына септігі тиюі мүмкін.
Ролан Барттың есімі (1915-1950) ХХ ғасырдың гуманитарлық
салада еңбек еткен ғалымдардың ішінде ең әйгілі есімдердің бірі
болып табылады. Ол – француз әдебиеттанушысы, семиологы,
философы және публицисі. Оның шығармашылық жолында үш
кезеңді бөліп қарауға болады: ғылыми карьерадан гөрі әдеби сын
ды артық санаған структурализмге дейінгі кезең; әдебиет сияқты
салаға құрылымдық тәсілдерді батыл еңгізген құрылымдық кезең
және бұл томның оқырманы үшін ең қызықты болатын постструк
туралистік немесе постмодерндік кезең. Нақ осы постмодерндік
кейпінде Барт ХХ және ХХІ ғасырлардың гуманитаристикасына
аса зор жағымды ықпалы болған өзінің тамаша идеяларын жария
етеді.
Барттың бүкіл ғұмыры – семиологияның әртүрлі кезеңдерінен
өтетін қызық саяхат. Құрылымдық кезеңде ол, барынша беріліп
құрылымдық лингвистиканың тәсілдері мен Фердинанд де
Соссюрдың ілімін мәдениеттің әдебиет сияқты құбылысының
көкжиегін кеңейту үшін өз зерттеуі мен талдауына қолданған.
Сол кездің өзінде Барт құрылым, таңбаланушы-таңбалаушы,
таңба және таңбалық шынайылық сияқты терминдерді сенімді
түрде қолдана бастайды. Бірақ таңбаланушы-таңбалаушы сияқты
нақты әрі бір мағыналы жұптық оппозициясы бар мұндай тілдің
құрылымы тілді статикада (тыныштықта), өмірсіз формада
көрсетеді деген ой оны мазалай беретін. Өйткені, денотативті
мағынадан (тікелей таңбалаудан) басқа да, әр сөздің әлеуметтік-
мәдени аясында, өмірлік тәжірибелер, бірегей жағдайлар, қалаулар,
әртүрлі мәндер мен мағыналардың араласуы туғызатын көптеген
ауыспалы мағыналары мен коннотациялары бар болатын.
Құрылымдық тәсілдің мұндай шектеулілігі туралы жора
мал постмодерндік жарылыстан кейін сенімділікке ауысады.
Ж.Дерриданың деконструкция туралы теориясының және өзінің
шәкірті Юлия Кристеваның бірегей семиологиялық зерттеулерінің
ықпалымен Барт өзінің зерттеу саласы – тіл, лингвистика,
әдебиет постқазіргі гуманитаристикадағы ең өзекті тақырып бо
латынына көзі әбден жетті. Дегенмен де, кері қарай бұрылып,
тілді таңбаланушы-таңбалаушы сияқты тұрақты жұпты қарама-
қарсылықтары бар статикалық құрылым ретінде танудан бас тар
ту қажет еді. Постқұрылымдық болашақта тіл – қозғалыстағы,
динамикалық, ұдайы қалыптасу үстіндегі және сол арқылы өз
түсінігін жоққа шығаратын құрылым болып табылады. Таңбалаушы
мен таңбаланушы орындарын ауыстырады, өзара бірін-бірі мазақ
етіп, көшіп отырады, көшпенділерге айналады. Олардың денота
тивті және коннотативті байланыстары өзара өріліп, қатынастардың
күрделі торын құрайды, тілдік шындық өзінің көпвекторлығын,
көпқатпарлығы мен көпмағыналылығын паш етеді. Мағыналар
түсіндірудің әртүрлі тәжірибелерінде пайда болып қана қоймайды.
Мағынаның өзі көптіктің парадоксалды қасиетіне ие болады.
Осындай постмодерндік тұрғыдан қарағанда Барт шығарма
мен мәтінді жеке қарастырып, өзінің таңқаларлық семиологиялық
концептін жасайды. Шығарманың авторы болады, оны дәуір ерек
шеліктері мен авторлық өмірбаянды негізге алып, түсіндіруге бо
лады. Оны кітапханада немесе жазу үстелінде сақтауға болады. Ал
мәтін – басқа нәрсе. Оны шектелген кеңістікте сақтауға болмай
ды. Ол барлық шектер мен шекаралардан шығып кетіп, әртүрлі
мәдени дәуірлер, белгілі және белгісіз сюжеттердің жаңғырығы,
көптеген көңіл-күйлер, тұжырымдар, күйзелістер үйлесім табатын
жұмбақ тереңге тамырын жаяды. Туынды - мәдени ассоциациялар
ды туғызатын мағыналар мен шеңберлерді құрастыруға не қайта
құрастыруға, олармен ойнауға құлықты әрі қабілетті оқырманның
қолы ғана жететін нағыз Мәтіннің көлеңкесі, ізі. Мұндай Мәтін
авторын жоғалтса да, оқырманын табады.
Сонымен, Барт тіл тақырыбына ерекше көңіл бөледі және тіл
өзінің онтологиялық дәрежесін айқындайтын мәдениет форма
сында күтпеген мүмкіндіктер ашатын постмодерндік семиологи
яны жасады. Постмодерндік семиология сән психосоциологиясы,
жарнама, ойын, спорт, ойын-сауық көріністері, телевизия, жеке
қатынастар және әрине, әдебиет сияқты салаларды зерттегенде
жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқырманның назарына Барттың постмодерндік кезеңінде
жазылған
және
шығармашылығын
жалпы
сипаттайтын:
“Автордың өлімі”, “Шығармадан мәтінге қарай” және “Дәріс” деп
аталатын еңбектері ұсынылады. Бұл еңбектердің өзектілігі тілдің
философиялық проблемалары мен тілдік саясаттың концептілері
өнімді талқыланып жатқан мәдениеттің қазақстандық дискурсы
үшін ерекше маңызды.
Жалпы алғанда постмодерндік концепті игеру қазақстандық гу
манитарийларға жаһандану үдерістеріне, радикалды өркениеттілік
ығысуға, болмыстың онтологиялық және антропологиялық
өлшемдерінің өзгеруіне қатысты философиялық талдауды жүзеге
асыруға, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің төлтумалылығын
және әлемнің ұлттық бейнесін жаһандану дәуірінде қалай сақтауға
болады деген жаһандық сауалға жауап қайтаруға мүмкіндік бе
реді.
Ә. Нысанбаев,
Г. Соловьева.
Мишель ФУКО СӨЗДЕР МЕН ЗАТТАР ...АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЫҢАРЫ 1. Тілдің оралуы Бүгінде әдебиеттің пайда болуына, мәтіндерді түсіндіру тәжірибесінің қайта жандануы мен формальдандыруға деген қамқорлыққа, филологияның тұжырымына байланысты, қысқасы – молшылығы сан-алуан тілдің қайта оралуына орай классикалық ой жүйесінің тәртібі келешекте бұзылуы әбден мүмкін. Осы кезден бас тап ол келесі кез-келген көзқарас үшін көзге түспей, көлеңкелі тұсқа енеді. Сонымен қатар бұл жерде, бәлки, қараңғылық жайында емес, көзге ұрып тұрса да, алдамшы, жалған, айқындығынан жасырғаны басым жарық туралы әңгіме қозғау дұрыс сияқты: расында да, классикалық білімнің рационалдығын, оның Галилей мен Декарт тан бастап Механикаға шүбәсіз артықшылық беруін, табиғаттағы ортақ реттеуші тәртіп пен ілкі бастау және ілкі элементтердің ашылуына жол ашатын терең талдауды мойындауын, сонымен қатар, (зерденің барша ұғымдарының арқасында және оларға кереғар келсе де) оның тіршілік қозғалысын, тарих қатпарларын, табиғаттың тәуелсіз ретсіздігін де сезетінін түсінсек, онда біз ол туралы бәрін де білетін сияқты боламыз. Алайда, классикалық ойлау жүйесінде тек осы нышандарды ғана көру – оның іргелі диспозициясын түсінбеу деген сөз; сондай барлық көріністердің арасындағы қатынасты да, олардың бар болуын мүмкін ететін нәрсені де елемеу деген сөз. Ал, сонда классикалық тәртіптің барша ауқымды жүйесі ыдыраған сәттен бастап, өндірістің не гізіне қажеттіліктердің өздері алына бастағанда, тірі жәндіктер тіршіліктің негізгі қызметтеріне сай қалыптаса бастағанда, сөздер өзінің материалдық тарихынан әбден ауырлаған кезде – қысқасы, түсініктердің барабарлығы (ашығын айтпай, үнсіз қалатын кезді есептемегенде) болмыс тәртібін айқындай алмайтын сәттен бас тап, түсініктердің, барабарлықтардың, реттердің, сөздердің, табиғи жәндіктердің, тілектер мен мүдделердің күрделі қатынасын басқа жолмен (асығыссыз, мұқият жүргізілетін талдау арқылы болма са) қалай жасауға болар еді? Талдау барысында тұрақты кестеге айналдыру мақсатында ұғымдар тізбегін (адамдардың ақылында өрістейтін нәзік мезгілдік жүйені) теңселтіп, тоқтатып, жазып жі
беріп қайта реттеу үшін жамылғы ретінде қолданылатын торлардың тұтас жүйесі және сөздер мен дискурстардың, белгілер мен жіктеулердің, барабарлықтар мен алмастырудың нәтижесі ретіндегі барлық шытырман түйіндердің бүгінде соншалықты үзілді-кесілді қабылданбауы соншалықты, тіпті бұл жүйенің бұрынғы қызметін қайта қалпына келтірудің өзі қиынға соғады. Соңғы лақтырылған “кесек” (оның жоғалуы бізді классикалық ойлау жүйесінен мәңгібақи айырды) осы торлардың ішіндегі ең алғашқысы болып шықты, яғни ол - кестеде түсініктердің әуелгі, өз еркімен, аңғал түрде өріс алуын қамтамасыз етіп тұратын дискурсия. Түсінік ішінде оның ең алғашқы реттелуі болатын дискурсияның жоғалған, қызметін доғарған күнінен бастап, классикалық ойлау жүйесі біз үшін тіке лей түсінікті болудан қалды. Классикалық дәуір мен жаңа дәуірдің арасын бөліп тұрған (немесе, басқаша айтсақ, біздің бұрынғы тарихымыз бен әзірше, біздер үшін осы заманғы болып есептелетін заман арасындағы) меже сөздер түсініктермен қиылысуын және кесте торшаларына заттар туралы танымды тікелей орналастыруын тоқтатқан кезде біржолата артта қалды. ХІХ ғасырдың басында сөздер өздерінің ежелгі, жұмбақ тығыздығын жаңадан паш етті; бірақ, олар Ре нессанс дәуірінде өздері орналасқан ғаламның доғал сызығын қайта қалпына келтіру үшін, сондай-ақ таңбалардың шеңберлік жүйесінде заттармен араласып кетуі үшін де көрінбеген еді. Түсініктен ажырап қалған тіл сол бір заманалардан бері – бізге, біздің заманға дейін – тек шашыраңқы формаларда жасап келеді: филологтар сөздерді тарих жасап қалдырған объектілер ретінде қабылдайды; формализаторлар үшін тіл өзінің нақты мазмұнынан тазарып, дискурсияның жалпы маңызы бар формаларын ғана анықтауы тиіс; интерпретаторлар сөздерді жасырын мағынасы сыртқа шығарылуы тиіс бұзылатын мәтін деп біледі; ең ақыры, тіл жазу әрекетінде ешнәрсеге тәуелсіз, өзін-өзі таңбалайтын нәрсе ретінде көрініс табады. Мұндай шашыраңқылық тіл үшін еңбек пен өмірдегідей жеңілдіктер ұсынбаса да басқа бір тағдыр дайын дап қойғандай. Табиғи тарихтың көрінісі ыдыраған сәтте тіршілік иелері жан-жаққа босып кеткен жоқ, керісінше – тіршілік пен оның жұмбағы айналасында жаңадан топтарға жіктелді; байлықтың тал дауы ғайып болған кезде барлық экономикалық процестер өндіріс пен оны мүмкін ететін нәрсенің манында қайтадан топтар құрады; ал, жалпыға ортақ грамматиканың тұтастығы – дискурсия сөгілген кезде, керісінше, тұтастығы қайта қалпына келтірілуі, әрине, екі-
талай тілдің өмір сүру тәсілдерінің сан алуандығы айқындалды. Бәлкім, философиялық рефлексияның тілден іргесін аулақ салуы да нақ осы себепке байланысты шығар. Ол өзінің объектісін, кон цептуальды үлгілерін, өзінің нақты әрі терең тамырың тіршілік пен еңбек бағытында шаршаусыз іздегенде, тілге жол-жөнекей қарап келген еді; бұл жердегі мәселе, ең алдымен, тілдегі өзіне кез бола тын кедергілерді жою еді; мысалы, үнсіз мазмұндарда сөздерді жат танудан құтқару немесе тіршілік қозғалысының өзіндік ұзақтығын сақтай отырып жеткізе алу үшін, зерде кеңістігінен азат етілген тілді икемді әрі іштей оралымды ету. Тікелей әрі дербес түрде тіл ой саласына тек ХІХ ғасырдың соңында ғана оралды. Тіпті, егер тілдің терең толғауларына қатысты философиялық мәселеге алғашқы барғандардың бірі - Ницше-филолог болмағанда (бұл салада ол көп білетін дана, құнды кітаптар жазған), ХХ ғасырда оралды деуге де болар еді. Енді, міне, Ницшенің біз үшін ашып кеткен философиялықфилологиялық кеңістігінде кенеттен өзінің барша жұмбақ сан-алу ан сипатын әйгілеп, біз игеруіміз қажет тіл пайда болады. Кейін жоба ретінде (мүмкін, олар саңдырақ та болар, бірақ оны сон дай деп кім бірден айтып бере алады?) кез келген тілді жалпыға бірдей ететін қалыпқа салу (формальдандыру) тақырыбы неме се түбінде толығымен бейтылсымдау (демистификация) болып шығатын әлемді тұтасымен алып түсіндіру тақырыбы немесе таңбалардың жалпы теориясы тақырыбы пайда болады; немесе ен дігі бір тақырып (тарихи жағынан алғанда, ол сөзсіз басқалардан бұрын пайда болады) - тынымсыз өзгерістің арқасында адам тілін бір-ақ сөзге, бүкіл кітаптарды бір-ақ параққа, бүкіл әлемді бір-ақ кітапқа толығымен сыйдыру тақырыбы. Малларме бүкіл ғұмырын арнаған ұлы мақсат бүгін де арамызда билігін жүргізіп тұр; ма заламай-ақ өзі туралы еске салып отыратын ол, тілді ыдыраған болмыстан қатаң, бәлкім, қол жетпес тұтастыққа жеткіземін де ген біздің бүгінгі әрекетіміздің серігі болып келеді. Малларменің кез келген ықтимал сөйлеуді сөздің нәзік денесіне, қағаз бетінде гі материалды болуы әбден мүмкін сиямен жүргізілген сызыққа тұйықтаймын деген талпынысы, шын мәнінде, Ницшенің филосо фия алдына қойған сауалына қайтарылған жауап болып табылады. Ницше үшін мәселе игілік пен залымдықтың қандай болатынын тануда емес, кімнің белгіленетінінде немесе, дәлірек айтсақ, кімнің айтуында, егер Agathos1 сөзімен адамдар өзін, ал Deіlos2 сөзімен – басқа адамдарды белгілеген болса3. Өйткені, нақ осы тұста кімнің
сөйлеп тұруы және, одан да тереңірек үңілсек, сөзді иеленуі, – нақ осы жерде тіл тұтас шоғырланады. Осы – сөйлеп тұрған кім? – де ген ницшелік сауалға – Малларме, жападан жалғыз, нәзіктігінен діріл қағып, болмысы болымсыз сөйлеп тұрған сөздің өзі – деген жауапты неше мәрте қайтарып еді. Кім сөйлеп тұр? деген сұрақты соңына дейін қорғап өткен Ницше, ақыры әйтеуір, сөйлеуші әрі сауал қоюшы субъектінің өзіндік негіздемесін беру үшін осы сұрақтың ішіне енген кезде (“Бұл адам”), Малларме өзін өз тілі нен шығарып тастаудан шаршамай, сөйлеу өздігінен құралатын кітаптың таза салтын орындаушы қарапайым адам ретінде қалуға келіседі. Шынымен бізді қызықтыратын сұрақтардың бәрі (Тіл де геніміз не? Таңба деген не? Әлемде, біздің ымдарымызда, біздің жүріп-тұруымыздың жұмбақ рəмізінде, біздің түстерімізде, біздің сырқаттарымызда барлық үнсіз нәрселер сөйлей ме және олар қандай тілде сөйлейді, қандай грамматикаға сай сөйлейді? Барлық нәрсені белгілеуге бола ма (егер болмаса, ол не?) және кім үшін, қандай ережеге сай белгіленеді? Тіл мен болмыстың арақатынасы қандай, және тіл немесе сөйлеуші адам үнемі болмысты суреттейді ме? Ал “әдебиет” деп аталып ештеңе де айтпайтын, ешқашан да тоқтамайтын тіл дегеніміз не?), – қазіргі кезде бұл сұрақтардың бәрі, Ницше сауалы мен Малларме жауабы арасындағы әлі де ашық жатқан жырада пайда болуы әбден мүмкін. Мұндай сұрақтардың қайдан пайда болатыны бізге енді ғана мәлім болды. Олар ХІХ ғасырдың басында сөйлеу мен оның заңдары түсініктен ажыраған соң тілдің болмысы жіктеліске түскеннен кейін ғана мүмкін болды. Бірақ Ницше мен Малларме де ой тілге, оның қайталанбас күрделі болмысына қайта оралуға мәжбүр болған кезде мұндай сұрақтар бәрібір қойылатын еді. Ойымыздың білуге деген құмарлығы енді: тіл дегеніміз не? – деген сұраққа сыйып кетеді. Оны қалай қамтуға және өзіндік мәні мен толықтығын анықтауға болады? Белгілі бір мәнде бұл сауал ХІХ ғасырда өмір мен еңбекке қатысты қойылған сұрақтардың орнын басатындай. Бірақ бұл зерттеудің және оның түрлі сұрақтарының сипаты әзірше толық айқындалмай отыр. Осы тұста алғашқы сәулесімен өз жайында болар-болмас хабар жеткізетін жаңа күннің басталуы мен тууын сезуге болады, сол сияқты ой да (не сөйлегенін, сөйлеудің өзі не екенін де білмесе де, мыңдаған жылдар бойы сөйлеп келе жатқан баяғы ой) өзін-өзі тұтасымен тануға, қайтадан болмыс найзағайымен арайлануға жақындай түседі. Ницше өз тілінің ішіндегі адамды да, құдайды да бірден
өлтіріп, сол арқылы Оралумен бірге жаңа тәңірлердің алуан бей
нелі, жаңарған жарығының келгенін жария еткенде осыны дайын
дап кетпеді ме? Тілге қатысты осы сауалдардың бәрінің жүзеге
асуы мен алғашқы салдарын археология ХVІІІ ғасырдың соңына
жатқызып жүрген сол баяғы бір оқиғаның жалғасы мен аяқталуы
деп мойындай салсақ қайтеді? Филология объектісіне айналу
сәтімен тұспа-тұс келетін тілдің ыдырауы, сірә, классикалық
тәртіптің үзілуінің ең соңғысы болып айқындалған (өйткені ең
жасырын әрі ең терең болғандықтан) салдары шығар; осы үзілісті
жеңіп, тілдің тұтастығын айқын етуге талпынғанда, біз ХVІІІ
ғасырдың соңында бізден әлдеқашан бұрын және бізден тыс
болған нәрсені аяқтап отырмыз. Алайда, бұл аяқтаудың жүзеге
асуы қандай болмақ? Тілдің жоғалған тұтастығын қайта қалпына
келтіремін деген ұмтылыс ХІХ ғасырдың ойын аяқтау бола ма,
әлде ол онымен үйлеспейтін пішіндерді қажет ете ме? Өйткені
тілдің ыдырау, шын мәнінде, Дискурсияның жоғалуы деп атауға
болатын археологиялық оқиғамен байланысты. Тұтас кеңістікте
тілдің ұлы ойынын қайта игеру ойдың мүлдем жаңа формасына
табанды бетбұрыс жасап, алдыңғы ғасырдан мұраға қалған білім
модусын өзіне қаратудың айғағындай.
Бұл сұрақтардың бәріне менде қайтаратын жауаптың болмауы
да, сондай-ақ мүмкін деген екі жауаптың бірін менің таңдай ал
майтыным да шындық. Менде әйтеуір бір кезде олардың жауабын
табармын немесе таңдауды негіздеймін деген үміт те жоқ. Бірақ,
қалай болғанда да, мен басқалар сияқты осы сұрақтарды неліктен
өзіме қоятынымды енді ғана білдім және тіпті, оларды қоймай тұра
алмаймын да. Мен мұны Кант пен Гегельмен салыстырғанда, Кю
вьеден, Бопптан не Рикардодан жақсы түсінгеніме тек аңқаулар
ғана таң қалуы мүмкін. 2. Корольге арналған орын
Әрине, осындай барлық түсініксіз жағдайлар мен барлық жау
апсыз қалған сауалдарды, әрине, нақтылап қарастырған да дұрыс
болар еді: осы тұста дискурсияның соңы, бәлки, еңбектің басы
қылаң беретін сияқты. Бірақ, ең әуелі, тағы бірер сөз айта кету
қажет. Ондай сөздерді ақтап алу қиындау болады, өйткені осы тұста
түсініктердің ұлы классикалық ойынына әзірше қатысып көрмеген
қайсыбір персонажды театрлық әсермен соңғы сәтте енгізуге
тура келеді. Мұндай ойын өзінің ең басты деген заңдылықтарын
Веласкестің “Менины” деп аталатын көркем суретінде тама ша бейнелейді. Ондағы түсінік өзінің барлық сәттерінде: сурет ші, бояулар, кенептің ауқымды қара түсі, қабырғада ілулі тұрған көркем суреттер, оларды тамашалап тұрған көрермендер және сол көрермендер үшін, өз кезегінде, біз көрермен боламыз; одан кейін, орта тұсында, түсініктің дәл өзегінде, оның мәніне ең жақын тұста – шын мәнінде, ненің бейнеленгенін шағылысқан түрде көрсетіп тұратын айна орналасады. Шағылысқан бейне өзінің соншалықты алшақ болуынан, соншалықты ирреалды кеңістікке терең батуынан және өзінен теріс айналған көзқарастарға жат бо луынан түсініктің сенімсіз сыңары болып шығады. Көркем сурет тегі сызықтың бәрі, әсіресе, осы орталықтағы шағылысқан бей неден тарайтын сызықтар, суретте жоқ, бірақ ұсынылған бейнені меңзеп тұрғандай әсер қалдырады. Бұл бір мезетте – объект бо лады, өйткені нақ соны суретте бейнеленген суретші өз кенебіне қайталап салмақшы және субъект болады, өйткені ол өзін-өзі өз шығармасында көрсететін суретшінің көз алдында орналасады, ал суретте бейнеленген адамдардың көздері дәл сол орынға бұрылып, үңілуде. Бұл жерде, сірә, корольдің өзі орналасуы қажет болған шығар, бірақ іс жүзінде ол жерде суретшінің өзі тұр; өйткені ко роль мен суретші көзді ашып-жұмғанша алма кезек орын ауысты рып тұратын осы екіұдайы орынның нағыз иесі - өз көзқарасымен суретті объектіге, аса маңызды еместі таза көрініске айналдырып тұрған көрерменнің өзі болады. Дегенмен де, осындай жоқ болудың өзі - бос кеңістік, қуыс емес (бәлкім, суретті бөлшектеуге әуес дис курсияда болмаса), өйткені, сурет үнемі қандай да бір нәрселерге толы болады. Өткен замандардан бері бізге жеткен көркем суретте бейнеленген суретшінің зерделі көзқарасы, құрмет көрсетіп тұрған персонаждар, тыс жағы ғана көрсетілген үлкен кенептін көрінісі, біздің өзімізге үңілген көзқарасымыз, бәрі де мұның шынында да солай болатынын дәлелдеп тұрғандай. Классикалық ойлау жүйесінде түсініктердің өмірі соған арналған, сол түсінікте өзін бейне немесе шағылысқан көрініс ретінде мойындап елестеткен және “суреттегі түсініктердегі” бүкіл қиылысатын желілерді қайта жалғастырушы адам – әрқашан жоқ бо лып шығады. ХVІІІ ғасырдың аяғына дейін адам өмір сүрмегендей. Тілдің тарихи қатпары да, еңбектін жемісті өнімділігі де, өмірдің қуаты да болмағандай. Адам – күні кеше ғана пайда болған, ол кез-келген білімді жаратушының қолынан осыдан, ең көбі екі-ақ жүз жыл бұрын шыққан тіршіліктің иесі; рас, оның тым жылдам
қартаюына қарағанда, ол мыңдаған жыл бойы қапаста оны тануға мүмкіндік беретін нұрдың түсу сәтін күтіп жатқан сияқты. Әрине, жалпыға ортақ грамматика да, табиғи тарих пен байлықтың талда уы да белгілі бір мәнде адамды танудың тәсілдеріне жатады деуге болар еді, бірақ бұл тұста ескеретін жәйттарды айналып өтуге бол майды. Жаратылыстану ғылымдары адамды тек (род) немесе түр (вид) ретінде қарастырғаны рас: оған ХVІІІ ғасырда болған нәсіл тұралы тартыс куә. Өз тарапынан грамматика мен экономика да мұқтаждық, тілек немесе жад, қиял сияқты ұғымдарды қолданып келген. Бірақ, эпистемологиялық мәнде адам мүлде қабылданбаған еді. Классикалық эпистема адамның ерекше, саласын белгілеу ді мүмкін етпейтін жіктер бойынша жіктеледі. Ал, нақ осы дәуір адамның болмысына сай болған және оған тұрақты, ең мықты әрі жақсы, дискурсия үшін ашық орын берді дегенді айтып, келіспей тін адамға мынадай уәжді келтіруге болар еді – адамның болмысы туралы ұғымның өзі және оның қызмет ету сипаты классикалық дәуірде адам туралы ғылымның болуын мүмкін етпеді. Дегенмен де, классикалық эпистемада “табиғаттың” және “адам болмысының” қызметтері тура қарама-қарсы болаты нын атап өту қажет: табиғат болмысты ретсіз орналастыру арқылы тіршілік иелерінің реттелген жалғасуында әртүрлілік туғызады; керісінше, адамның болмысы бейнелерді орналасты ру арқылы түсініктердің реттелмеген тізбегіндегі барабарлықты анықтайды. Біреуі тарихтың ретсіздігінен өзекті бейнелерді құрастырады; екіншісі, керісінше, уақыт тізбегінің желісін үзіп, өзектілігі жоқ элементтерді салыстырады. Бірақ, мұндай қарамақарсылыққа қарамастан немесе, соның өзіне байланысты жалпы табиғат пен адам болмысы арасында жағымды қарым-қатынас байқалады. Өйткені екеуі де бірдей элементтерді қолданады (барабарлық, үздіксіздік, білінер-білінбес өзгеріс, үзілмейтін тіз бек); екеуі де мүшелеуге келетін барабарлықтар мен көрінетін айырмашылықтарды реттелген қатарда, көркем сурет кеңістігінде реттеуге мүмкіндік беретін талдаудың жалпы болу мүмкіндігін ұлпаның үздіксіздігі арқылы анықтайды. Бірақ жеке тұрып мақсатына жете алмағандықтан олар бір-бірімен қатынас жасауға мәжбүр болады. Расында да, өзінің еселеу қабілетінің арқасында (қиялда, естелікте, салыстырудағы көзқарастың әрқилылығында) түсініктер тізбегі әлемдік ретсіздіктің (хаостың) жамылғысының астында тіршілік иелерінің үздіксіз әрі байтақ кеңістігін анықтай алады; әуелгі кезде анықталған түсініктердің кездейсоқтығы мен
барлық қызығына бағынатын жад, еті үйрене келе болмыстың
жалпы бейнесінде бірте-бірте өз орнын табады; нақ сол тұста
адам әлемді, түсініктерді айшықтайтын дискурсияның үстемдігіне
кіріктіріп жібере алады. Сөйлеу әрекетінде немесе дәлірек
айтқанда (дәлірек, өйткені ол тілдің классикалық тәжірибесі үшін
маңызды нәрсеге жақын болады), – атау әрекетінде адам болмысы
түсініктерді өзіне тұйықтаған кезде ойдың сызықтық тізбегін, бір
шама өзгешеліктермен қоса, табиғи денелердің тұрақты кестесіне,
яғни дискурсқа айналдырады, ал дискурста оның өз түсініктері
өздігінен еселеніп, табиғатпен байланысы айқындалады. Керісін
ше, табиғи денелердің тізбегі адам болмысымен табиғат арқылы
байланыс жасайды: өйткені, біздің көз алдымыздағы нақты
әлем осы табиғи денелердің негізін құрайтын тізбектің жай ғана
көрінісі емес, ол үзіліп және қайталанып тұратын бөліктердің
тіркесуі ретінде көрінеді, өйткені ойдағы түсініктердің қатары
білінер-білінбес айырмашылықтардың үздіксіз жолын қайталу
міндетті емес. Сонымен, қарама-қарсылықтар түйіседі, бір нәрсе
бірнеше рет беріледі, барабар белгілер жадта бірінің үстіне бірі
қатпарланады, айырмашылықтар көзге ұрып тұрады. Осылайша
шексіз әрі үздіксіз кеңістік жеке белгілерде, біршама жалпы ерек
шеліктерде, нақты нышандарда, демек, сөздерде де таңбаланады.
Табиғи денелердің тізбегі дискурсияға айналады және сол арқылы
адамның болмысымен және түсініктердің қатарымен де байланыс
орнатады.
Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі
өзара қарама-қарсылықтар, бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бірі-
бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату теориялық мәнде
маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде
адам табиғатқа да, өзіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумы
сынан дарыған жарым-жарты, шектеулі, ерекше “табиғаттың”
көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты “жалпы табиғатпен” білім
механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек
айтсақ, классикалық эпистеманың ұлы жүйесінде жалпы табиғат,
адам табиғаты және олардың өзара қарым-қатынасы қызметтік
анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал,
әуелгі қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін
білімнің жоғарғы субъектісі ретіндегі адамның өзіндік ешқандай
орны жоқ. Экономия, филология және биология заңдарына сай
өмір сүретін, сөйлейтін және еңбек ететін, бірақ қандай да бір
ішкі иіліс пен түзелудің ықпалымен осы аталған заңдардың әсері
арқылы оларды тану, толық анықтай алу құқығын иеленген ин дивид сияқты қазіргі тақырыптар бізге үйреншікті болғанымен, классикалық ойлау жүйесіне тән емес: ол кезде әлемнің қайсыбір түпкіріндегі әлемнің шекарасында (замана бастауларынан бері өзін сипаттайтын, қолдайтын және өң бойынан өтіп тұратын) табиғатты тану, демек табиғи тіршілік иесі ретінде өзін-өзі тану қасиеті бар мұндай ғажап тіршілік иесінің пайда болуы мүмкін де емес еді. Керісінше, түсінік пен болмыс түйіскен нүктеде, жалпы табиғат пен адамның табиғаты қиылысатын жерде бізге әуелгі бастау мен адамның бұлтартпас әрі жұмбақ тіршілігі белгілі болатын дай жерде – классикалық ой жүйесі басқаны емес, дискурсияның қуатын туғызады. Ал, дискурсия - түсініктерді жеткізуге қабілетті тіл, заттарды атайтын, жіктейтін, үйлестіретін, байланыстыра тын және оларды сөздердің мөлдірлігінен көрсетіп тұратын тіл. Осындай қызметті атқарған кезде тіл түсініктердің қатарын бей неге түрлендіреді және, керісінше, тіршілік иелерінің үздіксіздігін жеке белгілерге жіктейді. Дискурсия болған жерде заттар бірігеді әрі жіктеледі, ал түсініктер салыстырылады және орналастыры лады. Классикалық тілдің асқақ парызы, мейлі ол жарытылыста ну ғылымының тілі, ақиқаттар жинағы, заттардың сипаты, нақты білім жиынтығы немесе энциклопедиялық сөздік болсын, әрқашан “көрініс” жасау болатын. Тіл мөлдір болуға міндетті; ол өзінің ХVІ ғасырда бұл дүниенің заттарымен бірге өрілген, шешуді та лап ететін қою тілге айналдыратын баяғы жасырын тығыздығынан айырылған; ол бүгінде бізді ойландырып жүрген тіршіліктің түрлі сипатын да бойына сіңіріп үлгермеді. Егер табиғи денелер рухтың көз алдында тұрған болса, егер түсінік табиғи денелердің ақиқатын көрсететін болса, онда классикалық ғасыр үшін дис курсия түсініктер мен табиғи денелер жарып өтетін жартылай мөлдір қажеттілік болады. Классикалық тәжірибеде заттар мен олардың тәртібін тану мүмкіндігі сөздердің үстем билігімен бай ланысты болады: бұл жерде сөздер шын мәнінде шешуді қажет ететін таңбалар да емес (Ренессанс дәуіріндегі сияқты), бірша ма сенімді және басқаруға келетін құрал да емес (позитивизм дәуіріндегі сияқты); дұрысы, олар соның негізінде табиғи дене лер анықталып, түсініктер реттелетін әлде қандай түссіз торды құрайды. Әрине, тіл туралы классикалық рефлексияның білімнің жалпы құрылымының бір бөлігі ретінде байлықты талдау неме се табиғи тарих сияқтылармен құқығы тең бола тұра сол екеуіне басшылық жасау дерегі дәл осы жайтқа негізделеді.
Алайда, мұның ең маңызды салдары - классикалық тілдің түсініктер мен заттардың жалпы дискурсиясы ретінде, табиғат пен адам табиғатының жалпы түйісетін жері ретінде, “адам тура лы ғылым” деп атауға болатын нәрсені мүлдем жоққа шығаруы. Батыстық мәдениет осы тілде сөйлеп тұрған кезде адам тіршілігі туралы мәселені көтеру мүмкін болмады, өйткені дәл осы мәселеде түсінік пен болмыс байланысатын еді. ХVІІ ғасырда “мен ойлай мын” және “мен бармын” деген нәрсені (екеуін де жүзеге асы ратын нәрсені) өзара байланыстырып тұрған дискурсия, шын мәнінде, классикалық тілдің негізі болып табылады, өйткені оның ішінде түсінік тең құқықты дәрежеде болмыспен байланысатын. “Мен ойлаймын”-нан “мен бармын”-ға қарай өту дискурсияның ішінде қарапайым түрде жүзеге асатын, оның әрекет ету саласын да көзге елестеткен нәрсе бар нәрсемен қосылатын. Мұндай өтуді таза алғанда болмыс ойдың мазмұны емес және “мен бармын” деп белгіленген ерекше болмысқа әлі арнайы зерттеу мен талдау жасалмаған деген уәждермен жоққа шығаруға болмайды. Нақтылап айтсақ, мұндай келіспеушіліктер басқа, негізінде түсінік пен болмыстың байланысы жоқ дискурсияға қатысты туындаса заңды болар еді; осындай уәждер айтылу үшін түсініктің шеңберінен тыс жатқан мәселенің болуы қажет. Бірақ, классикалық дискурсияның тіршілігі жалғасқан кезде, Cogіto-ның тіршілік ету тәсілі туралы мәселені көтеру мүмкін де емес еді. 3. Адамның шектеулі болмысын талдау Табиғи тарих – биологияға, байлықтың талдауы – экономияға, ең маңыздысы тіл туралы толғау филологияға айналған кезде, ал болмыс пен түсінік ортақ орын тауып келген классикалық дискур сия мүлдем жоғалған кезде, онда мұндай археологиялық өзгерістің тереңінде екіұдайы, яғни танылатын объект мен танитын субъект жағдайында тұратын адам пайда болады; ол, бір уақытта əрі биле уші, әрі бодан, бақылаушы, әрі бақылауға алынатын адам ретінде “Менина” – да алдын-ала белгіленген, бірақ нақты болуы көптен бері мүмкін болмаған дәл король тұратын орында пайда болады. Веласкестің салған суреті қаратылған бос кеңістікте (бірақ, айнада ол кездейсоқ әрі өзгертілген болып көрінеді) өзара алмасқан, бірінбірі жоққа шығарған, бірімен-бірі қиылысқан, жымдасқандай (мо дель, суретші, король, көрермен) болып көрінетін бейнелердің бәрі өздерінің білінер-білінбес билеуін кенет доғарып, көз алдары
на түсініктің барша кеңістігін көзбе-көз ұсынуды талап еткендей, өздерінің тамаша бейнелерін паш еткен күйде тапжылмай тұрып қалғандай болып көрінеді. Осы жаңа қатысудың тақырыбы, оған тән мүмкіндіктер, оны анықтап тұрған эпистеманың ерекше диспозициясы және оның сөздердің, заттардың және олардың тәртібі арасындағы жаңа қатынасты белгілеуі – осының бәрін енді ашуға болады. Кювье мен оның замандастары өмірдің өзін өз болмысының тереңінде анықтағанда, тірі организмдердің мүмкіндік шарттарын да анықтауын талап еткен еді; сол сияқты Рикардоны да еңбектегі айырбастаудың, пайданың және өндірістің мүмкіндік шартта ры қызықтырған болатын, ал алғашқы филологтар тілдердің тарихи тереңінен тіл мен грамматиканың болу мүмкіндігін анықтауға ұмтылған еді. Сондықтан да түсінік тіршілік иелерінің, қажеттіліктер мен сөздердің жалпы пайда болатын орны не олардың ақиқаттығын сақтап тұратын әуелгі қойма болмай шығады; енді соларға қатысты түсінік оларды санада ұстап қалып, қайта жасай тын тек салдар, көмескі жаңғырық болып қалады. Заттар туралы түсінік енді қандай да бір үстем кеңістіктегі олардың реттелуін бей нелей алмайды; эмпириялық индивидтың, яғни адамның қасында тұрғанда, ол заттардың және олардың ішкі заңының иелігінде бола тын құбылыс ретінде (мүмкін, құбылыстың елесі де болуы мүмкін) көрініс табады. Ендігіде тіршілік иелері өзінің барабарлығын емес, өзінің адаммен сыртқы қатынастарын айқындайды. Тіршілік иелері, айырбасталатын заттар мен сөздер ежелгі мекені болған түсінікті тастап, тірліктің, өндірістің, тілдің заңдарына сай өзіменөзі болып, заттардың тереңіне ығысқан кезде, солар тастап кет кен ойпаңда өз тіршілігінің барысында, түсінік жасау қабілетінің арқасында адам пайда болады. Солар құрайтын шеңбердің орта сында адамның тұруы заңды еді, өйткені, адам ғана сөйлей алады, өйткені, адам ғана басқа мақұлықтар арасында өз орнын анықтай алады (бұл тек қана ерекше орын емес, басқалар құрайтын жиынтықта үстемдігі артық орын еді: адам дамудың ең биік тәжі болмаса да, ұзын эволюциялық қатардың ең шеткі нүктесі болады), өйткені, сайып келгенде, адамның мұқтаждықтары мен оларды өтеу құралдарының қатынасы міндетті түрде кез келген өндірістің негізі әрі құралы болуды талап етеді. Бірақ бұл тәкаппар сөздің басқа да мәні бар. Белгілі бір мөлшерде адам еңбекке, тіршілік ке және тілге бағынышты: олар оның нақты өмір сүруін анықтап тұрады, оны тек сөздері, ағзасы, жасаған заттары (ақиқат осыларда
жатқандай) арқылы ғана тануға болады. Және де ойлау қабілеті бар адам өзін бағзы негіздің қалыңдығындағы, жөнделмейтін ілкі бастаудағы тірі жәндік, өндірістің құралы, өзінен бұрын болған сөздерді иеленуші ретінде ғана сезінеді. Табиғаттың бөлігі немесе тарихта жоғалып бара жатқан бейне сияқтанған білім үшін мұндай мазмұндар білімнен ерте пайда болған, өзінен тыс өмір сүріп, бар салмағымен басатын, жолын кесетін сәуегей нәрсе ретінде таны лады. Адамның шектеулі болмысы айшықты түрде білімнің по зитивті4 болуынан байқалады; адам өмірінің шегі болатынын біз мидың анатомиясын, өндіріс шығындарының механизмін неме се үндіеуропалық жіктеу жүйесін зерттегенде білгенбіз. Мұндай мықты, салмақты, позитивті бейнелерде, ақша бетіндегі белгілер тәрізді адам болмысының шектілігі және соның салдарынан пай да болатын шектеулер бейнеленген және біз олар мүмкін етпейтін нәрселердің бәрін де көреміз. Алайда, адамның шектеулі болмысының мұндай алғаш рет ашылуы тұрақты болмайды: ешнәрсе оған өзін-өзі тануға мұрша бермейді; тіпті, ол өзі жоққа шығаратын баяғы шексіздік туралы да астарлап айтатындай көрінеді. Түрлердің эволюциясы, бәлкім, қазіргі кезде де аяқталмаған сыңайлы; өндіріс пен еңбектің фор малары үнемі өзгеріп отырады, сірә, адам үшін еңбек жаттанудың негізі болмайтын, ал оның мұқтаждықтары оның шекарасын үнемі еске түсіріп отырмайтын да кез келер; және адам айшықтығы мен тұнықтығы тарихи тілдердің көнерген бұлдырлығын ерітіп жібе рердей әлдебір символикалық жүйені ашпайтынына ешбір жан кепіл болмайды. Адам болмысының шектеулігі позитивтілік фор мада көрініс табады, бірақ шекараның беріктігімен қоса, шегі жоқ, бірақ, бәлкім, үмітсіз де емес жолдың біркелкілігі парадоксальды түрде шексіздік формасында бейнеленеді. Бірақ, сонымен қатар, мұндай мазмұнның және оның ішінде жасырынып мезгілдік шек ті нұсқайтын нәрселердің бәрі де білім кеңістігінде позитивтілігі нен айырылады, олардың әрқайсысы сол мезгілде адамның шек теулі болмысымен байланысқанда ғана болуы мүмкін танымның мақсаттарына қызмет етеді. Өйткені егер сол жарықта көрінетін адам, хайуандық тіршіліктің үнсіз, қараңғы, аңғал әрі бақытты айқындығында шектелер болса, онда бұл мазмұндар түскен жарық сәулесінде көрінбей де қалар еді; дәл солай, егер адам шексіз түйсінудің жарығымен оларды негіздерімен қоса кедер гісіз көре алатын болса, онда олар бәрібір де көрінбес еді. Шын мәнінде, адамның тәжірибесінде оған – қос ұдайы кеңістіктің
бөлігі болып табылатын өз денесі ғана беріледі, бірақ оның дербес әрі үйлеспейтін кеңістіктігі заттар кеңістігіне ұласады: мұндай тәжірибеде қандай да бір әуелгі елігу ретінде болатын ынта да беріледі және оның негізінде барлық заттар шартты түрде болса да, өз құндылығын иеленеді; мұндай тәжірибеде тіл кез келген заманның кез келген тілін, бүкіл тізбектер мен бірмезеттіктерді жеткізе алатын қозғалыста көрініс табады. Мұның бәрі – өзінің шектеулігін түсінуге мүмкіндік беретін әрбір позитивті форма адамға өз болмысының шектеулілігі негізінде ғана беріледі деген сөз. Мұндай шектеулік позитивтіліктің ең таза мәні болып табыл майды, бірақ осының негізінде ғана соңғысының көрініс табуы мүмкін. Тіршілік болмысының тәсілі, тіршіліктің өз формаларын маған міндеттемесе өмір сүре алмау дерегі, ең алдымен, маған тән арқылы беріледі; өндіріс болмысының тәсілі, оның менің тір шілігімді анықтай алатын әсері өзімнің тілектерім арқылы беріледі; сондай-ақ, тіл болмысының амалы мен айтылудың қысқа сәтіндегі (бәлкім ол одан да қысқа болатын шығар) сөздердің жарығы түсетін тарихтың бүкіл жолы маған сөз қолдана ойлау тізбегі арқылы ғана беріледі. Адам тіршілігінің нақты шектерін белгілеп тұратын барлық нәрсенің негізінде, сондай-ақ барлық эмпириялық позитивтіктердің негізінде, белгілі бір мәнде бүкіл жерде бірдей, адам болмысының шектелуі байқалып тұрады, ал оның нышанда ры – дененің кеңістіктегі орны, тілектің ашықтығы, тілдің уақыты; десек те, ол түбегейлі ерекшеленеді және бұл мәнде адамға сырт тан әсер ететін (оның табиғаты не тарихы) шектеу ретінде емес, өзіне-өзі негізделген және кез келген нақты шектің позитивтілігіне ашық болатын адам болмысының ең басты шектеулілігі ретінде көрінеді. Осылайша, эмпириялықтың нағыз өзегінде өрлеу қажеттілігі немесе қажет десеңіз, адами болмыс адамның бейшексіздігін куәландырып тұратын кез келген формаларды олардың позитив тілігімен қоса негіздей алатын адамның шекті болмысының талдау ына қарай ойысу байқалады. Сонымен бірге, мұндай аналитиканың адамның тіршілік ету тәсілін немесе дәлірек айтсақ, оның толық таралатын кеңістігін белгілеуі тиіс ең алғашқы белгі – позитивті және іргелі нәрселер арасындағы қайталау белгісі, барабарлық және өзгешелік белгісі. Айталық, бүкіл тіршілік иелерінің күнделікті тіршілігін астыртын кеміріп жатқан ажал, сол бір мезетте менің өз эмпириялық тіршілігіме негіз болатын басқа іргелі ажал болып та былады; экономикалық процестердің бейқұмарлығында адамдарды
байланыстырып, бөліп тұратын қалау, – бір мезгілде, өзінің негізін де қандай да бір зат менің қалауымның объекті болуы мүмкін іргелі қалау болып шығады; тілдерді тудыратын, олардың ішінде шөгіп, түптеп келгенде тоздыратын уақыт – менің тілімді де бой бермей тін және болмай қоймайтын тізбекке созып, дискурстық тілге ай налдырады. Біздің тәжірибеміздің өн бойында адам болмысының шектеулігі өзін-өзі қайталап келеді: ол, Барабарлықтың бейнесінде позитивтіліктің барабарлығы мен айырмашылығын, олардың негіз делуін бір мезгілде айқындап тұрады. Біз, аналитиканың алғашқы қадамдарынан бастап қазіргі рефлексия классикалық ойлау жүйесі жасаған кестеде таңбаланған түсініктердің реттілігінен өтіп кетіп, Айырмашылық пен Барабарлық бірігетін Барабарлық туралы ойға ұмтылғанын көреміз. Позитивтіліктің іргеліде қайталануы арқылы ашылған нақ осы тұрақсыз, бірақ ауқымды кеңістікте қазіргі ойлаудың тағдырымен өте тығыз байланысатын адамның шектел ген болмысының талдануы өрістемек: дәл осы тұста трансцен дентті нәрсенің эмпириялық нәрсемен, cogіto-ның – ойлауға кел мейтін нәрсемен, әуелгі нәрсенің оралуының – оның шегінісімен үйлесуін көруге болады; нақ осы тұста класссикалық философияға жатқызуға келмейтін Барабарлық туралы ой өз негізінде бекінуге дайын тұрады. Алайда, бізге, адамның шектеулі болмысы туралы ойдың пайда бо луы үшін ХІХ ғасырды тосу міндетті болмаған деген қарсы уәж айты луы мүмкін. Расында да, ХІХ ғасырда бұл ой жалпы ойлау кеңістігінде жаңа орынды енді ғана иеленіп, күрделі, көп мәнді, сондықтан да елеулі қызметті атқара бастайды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардың ойы үшін дәл осы адами болмыстың шектеулігі, адамды хайуанша тіршілік етуге, тер леп-тепшіп еңбектенуге, мағынасы күңгірт сөздерді қолданып ойлауға мәжбүр етеді; дәл осы шектеулік оған өз денесінің механизмдерін, оның мұқтаждарын өтеу құралдарын, артта қалушылық пен қиялды бойына мәңгі сіңірген тілдің қауіпті көмегінен арылған ойлау жол дарын сарқа тануға кедергі болып келген. Шексіздікпен салыстыруға келмейтін адамның шектеулі болмысы эмпириялық мазмұндардың тіршілігін де, олардың тікелей танылуының мүмкін болмайтынын да бірдей қамтып келген. Сонымен, шексіздікке деген жағымсыз көзқарас – ол жаратылыс әрекеті, күнәға бату, жан мен тәннің бай ланысы, шектеулі болмыстың ішіндегі өзін-өзі анықтау, тұтастыққа деген жеке көзқарас немесе түсінік пен алған әсердің байланысы ретінде пайымдала ма, ол жағы маңызды емес, – әрдайым адамның эмпирикалығы мен оның мүмкін танымынан бұрын болады. Бұл
тәннің, мұқтаждықтар мен сөздердің болуын және олардың абсо лютті танымға бағынбауын өзара сәйкестеулердің ақаулы шеңберіне жоламай, бір-ақ қимылмен негіздеуге мүмкіндік берер еді. Адам болмысының шектеулі сипатының ашылуын ХІХ ғасырдың ба сында қалыптасқан тәжірибе енді шексіздік туралы ойдың іші не емес, шектеулі білімнің шектеулі тіршіліктің нақты формала ры түрінде болжанатын мағыналарының ең түпкі бір қойнауына жайғастырады. Бірін-бірі қайталап тұратын сәйкесулердің шексіз ойыны осыдан пайда болады: адам білімінің шектеулілігі, оның тілдің, еңбектің және өмірдің позитивті мазмұнында болмай қоймайтын түрде тұйықталуымен байланысты және, керісінше, таным формаларының шектеулі болуынан өмір, еңбек және тіл бізге позитивті түрде беріледі. Басқаша айтсақ, классикалық ойлау жүйесінде адамның шекті болмысы (шексіздікке негізделіп жаса латын оң анықтық) дене, мұқтаждық, тіл және солар туралы болуы мүмкін шектеулі таным сияқты теріс формаларды қамтиды; керісін ше, қазіргі ойлау жүйесінде өмірдің, өндірістің және еңбектің по зитивтілігі (олардың дербес тіршілігін, тарихилығын, заңдарын қоса алғанда) танымның шектеулі сипатын теріс Тілшіеляция ретінде анықтайды; және, керісінше, білімнің болу мүмкіндігі өмірдің, еңбектің және тілдің шектелген тәжірибесінің құрсауында қалса да, танымның шектеулігі оны оң негіздейді. Эмпириялық мазмұндар түсініктер кеңістігінде орналасқан кезде, шексіздік метафизикасының мүмкін болуымен қатар, қажеттілігі де сезіледі: өйткені мұндай мазмұндар адам болмысының шектелген формала рын анықтап қана қоймай, сонымен қатар өздері де ақиқаттылығын сақтай отырып, түсінік кеңістігінің ішінде орналасуы қажет еді, ал шексіздік идеясы және адамның шекті болмысына тәуелді болу идеясы осы екеуіне де рұқсат етуі қажет болатын. Дегенмен де, эмпириялық мазмұндар түсініктен ажырап, өз ішінде тіршілік ету ұстанымын қабылдай бастағанда, шексіздік метафизикасының бірден қажеті болмай қалады; адамның шекті болмысы өзіне-өзі сілтеме жасап (мазмұндардың позитивтілігінен танымның шек теулігіне және, керісінше, танымның шектеулі позитивтілігінен мазмұндардың шектеулі біліміне қарай), тұйықталады. Батыстың бүкіл ой өрісі осылайша өзгеріске ұшыраған. Бір кезде түсінік пен шексіздіктің метафизикасы тіршілік иелерінің, адам қалауларының және тілдің сөздерін талдаумен сәйкескен тұста, бүгінде адамның шекті тіршілігінің аналитикасы және оған қарсы тұратын (дәлірек айтсақ, онымен байланыста болатын) – өмірдің, еңбектің және
тілдің метафизикасын жасауға үнемі ұмтылған талпыныс алды мыздан шығады. Бірақ, іштей жоққа шығарылып, тіпті тойтарысқа жолығатын мұндай талпыныстар нәтиже бермейді, өйткені ендігі мәселе тек адамның шекті тіршілігімен барабар метафизикаларға ғана: адаммен шектелмесе де, адамға алып баратын өмірдің мета физикасына; өзінен босану мүмкіндігін беру арқылы адамды еркін ететін еңбектің метафизикасына; өз мәдениетін түйсіну арқылы өзін қайта табуға мүмкіндік беретін тіл метафизикасына байла нысты болып отыр. Сонымен, өмір, еңбек және тіл туралы пайым даулар адамның шектеулі тіршілігін талдау қызметін атқарғанда метафизиканың ақырын белгілейтінін көрсету арқылы, қазіргі ой лау өзінің метафизикалық ұмтылыстарына қарсы келеді: метафи зиканы тіршілік философиясы жаңылысудың бүркемесі ретінде, еңбек философиясы –жатсынған ой, идеология ретінде, тіл фило софиясы – мәдениеттің эпизоды ретінде жоққа шығарады. Метафизиканың ақыры батыстық ойлау жүйесінде орын алған бұдан да күрделі оқиғаның жағымсыз қыры болып табылады. Ондай уақиға – адамның пайда болуы. Бірақ, адам өз денесінің, еңбегінің және тілінің тұрпайы деректерімен рефлексиямыздың бағытын күрт әрі батыл өзгерте отырып, ойымыздың көкжиегінде пайда болды деп ойлаудың қажеті шамалы: метафизиканы күйреткен, тіпті де адами позитивтіліктің қайыршылығы емес. Әрине, үстірт көзқарасқа қазіргі дәуір, адамның өзінің ағзасы ішінде, бассүйек қабығында, өзінің ағзалары құрылысында, өзінің физиологиясының қалтарысында тіршілік ете бастағанда; заңдары қысым жасап, өнімі ұстатпайтын еңбектің өзегінде тіршілік ете бастағанда; ол өзінің ойын жасы өзінен тым үлкен болған соң мәнін игеруге шамасы келмейтін, алайда тілге деген мұқтаждығы жаңа өмір сыйлайтын тілдің қыртысына орналастырғанда баста латындай болып көрінуі мүмкін. Алайда, егер тереңірек үңілсек, біздің мәдениетіміз, адами болмыстың шектеулігі өзімен-өзі үздіксіз сәйкестіріле бастаған сәттен бастап, біз сезінетін қазіргінің табалдырығынан аттап кеткен болып шығады. Егер әртүрлі нақты білім деңгейлерінде мұндай шектеулілік нақты адамның және оның болмысына тән саналатын эмпириялық формалар негізінде әрдайым анықталатыны дұрыс болса, онда кез келген танымның ортақ тарихи априорлығы анықталатын археологиялық деңгей бойынша қазіргі адам, яғни өзінің дене тіршілігімен, еңбегі мен тілі арқылы анықталатын адам, – шектеулі адамзаттық болмыс бейнесінің түрінде ғана мүмкін болады. Қазіргі мәдениет адамның
негізінде жатқан шектеулі нәрсені қабылдау арқылы ғана оның
өзін қабылдай алады. Сондықтан да, классикалық ойдың және
одан бұрын болғандардың бәрінің рух пен тән туралы, адам мәні
туралы, оның ғаламдағы шектелген орны туралы, оның танымын
не бостандығын шектеп тұрған шектер туралы әңгіме қозғауы
түсінікті жайт; дегенмен де, ешбір дәуір қазіргі білімдей адамды
таныған емес. Ренессанстың “гуманизмі”, классиктердің “рацио
нализмі” әлеми тәртіпте адам баласының ерекше орнын анықтауы
мүмкін еді, бірақ олар адамды пайымдай алмайтын. 4. Эмпириялық және трансценденттік
Шектеулі болмыстың аналитикасы үшін адам эмпириялық
жəне трансцендентті нəрселердің ғажайып қос ұдайылығы ретін
де көрінеді, өйткені ол өзіне-өзі қарап танымды мүмкін ететін
нәрсенің өзін де тани алады. Бірақ адам болмысы ХVІІІ ғасырдағы
эмпириктер үшін де дәл осындай қызметті атқарып келген жоқ па?
Жоқ: іс жүзінде ол кезде танымды жалпы мүмкін ететін түсініктің
қасиеттері мен формалары ғана талданатын еді. Айталық, Конди
льяк танымда түсініктің өрістеуі үшін қажет: еске түсіру, өзіндік
сана, қиял, жад сияқты амалдарды анықтаған. Ал, талдаудың
орны түсінік болмай, адам мен оның шектеулі тіршілігі болатын
қазіргі кезде мәселе берілген эмпириялық мазмұндардың негізінде
танымның шарттарын анықтауға қатысты болып отыр. Қазіргі ойдың
жалпы бағыты үшін мұндай мазмұндардың қай жерден табылаты
ны маңызды емес: олар интроспекция арқылы табыла ма немесе
талдаудың басқа түрлері арқылы табыла ма, ол жағы маңызды бол
майды. Қазіргі дәуірдің табалдырығы адамды зерттеудегі дəйекті
тәсілдер қолданылатын тұста емес, бәлкім, адам деп аталатын
эмпириялық-трансценденттік қосжақтылық пайда болатын тұста
орналасатын шығар. Осылайша зерттеулердің екі түрі пайда бола
ды. Бір жағынан, олар дене кеңістігінде орналасып, қабылдауды,
сезім механизмдерін, қимыл-жүйке тамырларының құрылысын,
заттар мен организмнің өзара сәйкесуін зерттейді және де қандай
да бір трансцендентті эстетиканың қызметін атқарады; сонымен
қатар танымның анатомиялық-физиологиялық шарттарының бо
латыны, оның бірте-бірте өзіне ең қолайлы жерде, яғни дененің
талшықтарында қалыптасатыны және таным формаларын дененің
қызмет ету ерекшеліктерінен бөліп қарауға болмайтындығы,
қысқасы, – адам танымының түрлерін анықтайтын және өзіндік
эмпириялық мазмұндарында көрініс табатын оның қандай да бір болмысы бар болатыны айқындалады. Басқа жағынан келгенде, біршама үйреншікті және оңайлықпен бой бермейтін адамның адасуын зерттейтін мұндай зерттеулер – танымның өзіндік тари хы, әлеуметтік немесе экономикалық шарттары болатынын, оның (танымның) адамдар арасында қалыптасатын қатынастардың ішін де пайда болатынын және ол осы қатынастардың нақты түрлеріне тәуелсіз еместігін, қысқасы, – бір мезгілде эмпириялық білімде берілетін және оның формаларын анықтайтын адам танымының қандай да бір тарихы бар екенін айқындайтын қандай да бір транс цендентті диалектиканың қызметін атқарады. Бұл зерттеулердің екеуіне де бірін-бірі қажетсіну тән емес және олар аналитикасыз (немесе субъект ілімінсіз) өмір сүре алмай тын сияқты; олар толық дербестіктен дәмелі, өйткені бұл жерде трансцендентальды рефлексияның қызметін мазмұндардың өздері атқарып тұрады. Бірақ, іс жүзінде өз қимылымен-ақ эмпириялық таным мазмұнына сыни өлшемдер міндеттейтін, таным болмы сын не тарихын зерттеу, сынның белгілі-бір түрін қолдануды қажет етеді. Мұндай сын таза рефлексияға машықтану ғана бол май, бірқатар көмескі жіктеулердің нәтижесі болуы тиіс. Ең әуелі кездейсоқ болса да біршама нақты жіктеулер тұрады: бұл жікте лу енді өне бастаған, жетілмеген, тұрақтамаған, енді қалыптаса бастаған таным мен әлі аяқталмаса да, тұрақты әрі анықталған формада тұрақ тапқан нәрсенің арасында өтеді, – мұндай жік телу танымның табиғи алғышарттарын зерттеуге мүмкіндік бе реді; одан кейін адасу мен ақиқаттың арасындағы, идеологиялық құбыжық пен ғылыми теорияның (бұл жіктеу танымның тари хи жағдайларын зерттеуді мүмкін етеді) арасындағы жіктеулер тұрады. Осылардан бәрінен кейін – ақиқаттың өз ішінде орна ласатын, айқындығы кемдеу болса да іргелі жіктеулер бастала ды. Әлбетте, объект қатарының иелігінде болатын, бірте-бірте байқалатын және қалыптасатын, ішкі тепе-теңдікке жететін және дене мен әуелгі қабылдаулар арқылы көрініс табатын ақиқаттың болуы шарт; мұндай ақиқат жаңылысу сейіле бастап, тарих өзінің жаттанбауымен нығая түскен кезде көрініс табады; дегенмен де, дискурс қатарына жататын ақиқат болу қажет және ол танымның болмысын немесе тарихын шынайы тілмен жеткізе алуы тиіс. Бірақ осы шынайы дискурстың5 жағдайы екіұшты күйінде қала береді. Екінің бірі болуы мүмкін: мұндай шынайы дискурс өзінің негізде месі мен үлгісін табиғатта және тарихта тегін өзі анықтаумен айна
лысатын сол баяғы эмпириялық ақиқаттан табады, сонда ол пози тивистік түрдегі зерттеу болып шығады (объектның ақиқаты өзінің тарихын сипаттап тұратын дискурстың ақиқатын анықтайды); не месе объектның ақиқаты өзі анықтауы тиіс ақиқатты, болмысты және тарихты сәуегейлікпен алдын-ала болжайды және оларға алыстан қолдау көрсетіп тұрады, бұл жерде біз эсхатологиялық дискурсқа жолығамыз (философиялық дискурстың ақиқаты өзінің қалыптасу барысында ақиқатты қалыптастырады). Алайда, бұл тұстағы әңгіме баламалы таңдауға емес, трансцендентті деңгейдегі эмпириялық мәнділікті анықтайтын кез келген зерттеуге тән бо латын күмәндануға қатысты. Конт та, Маркс та эсхатологияның (адам туралы дискурстың болашақ объективті ақиқаты) және позитивизмнің (объект ақиқаты негізінде анықталатын дискурстың ақиқаты) археологиялық тұтастығына куә болған еді: бір мезгілде эмпириялық әрі сыни болуға ұмтылатын дискурс, сол мезетте по зитивистік және эсхатологиялық болмауы мүмкін емес; оның ішін дегі адам бір мезгілде редукцияға ұшырайтын әрі жарияланатын ақиқат ретінде көрініс табады. Бұл жерде сыннан бұрын болатын аңғалдықтың билігі әлі шексіз үстемдікке ие. Сондықтан да болар, қазіргі ой осындай аңғал сыннан бұрын болатын дискурстан басталатын ізденістен тыс қала алмады, – он дай ізденістің мәні дискурстың ішінде редукциялардың тәртібі де, жариялаудың тәртібі де болмайтын орынды табу – және ондай дискурстың өзіндік шиеленісі эмпириялық және трансцендентінің жіктелісін қолдаса да, оларға бір мезетте шолу жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс; ондай дискурс адамды субъект ретінде, яғни эмпириялық білімдердің сауыты ретінде (бірақ, бұл білімдер өздерін мүмкін етіп тұрған нәрсеге максимальды түрде жақындайды) және осындай эмпириялық мазмұндарда тікелей орын алатын таза форма ретін де де, зерттеуге мүмкіндік беруі тиіс, – жалпы квазиэстетика мен квазидиалектикаға қатысты оларды субъект теориясында негіздеп тұратын аналитиканың қызметін атқаратын және сол мезетте оларға дене тәжірибесі де, мәдениет тәжірибесі де нығаятын үшінші аралықмүше деңгейінде өзара жалғасуды мүмкін етуі тиіс. Қазіргі ойлау жүйесінде осындай күрделі әрі тым детерминацияланған өте қажет қызметті күйзелісті талдау атқарып отырады. Расында да, естегі жаңару бір мезгілде эмпириялық мазмұндар тәжірибеге берілетін кеңістік және оларды жалпы мүмкін ететін, олардың алғашқы орнығуын бел гілейтін әуелгі түр болып табылады. Ол дене кеңістігіне мәдениеттің уақытымен, ал болмыс шектеуіне – тарих қысымымен байланыс
жасауға мүмкіндік береді, бірақ бұл тұста дене және сол арқылы бүкіл табиғат та қандай да бір шекті кеңістіктің тәжірибесіне бері лу шарты сақталуы тиіс, ал тарихты сақтап тұратын мәдениет – барлық бұзылмаған күйдегі қабаттасқан мағыналар арқылы есте қайта жаңғырып тұруы тиіс. Сондықтан да, қазіргі ойлау жүйесінде есте қайта жаңғырудың зерттелуі позитивизм мен эсхатологияға табанды түрде қарсы шығу болып көрінуі түсінікті жәйт; ол трансцендентальдылықтың ұмыт болған өлшемін қайта қалпына келтіруге талпынады; ол ақиқатты эмпирияға балайтын аңғал дискурс пен болашақтағы тәжірибеде адамды толық тануға аңғалдықпен уәде ететін сәуегей дискурстан да сақтанғысы келеді. Дегенмен де бұл мұндай жадта жаңғыратын нәрсені талдау біртек ті емес дискурсқа жатады дегенді білдіреді: талдау тәжірибенің екі ұшты ерекше қабатына арналады, ол бір мезгілде сипаттаудың дәл тілін қолдану үшін жеткілікті дәрежеде нақты, сонымен қатар сын нан бұрынғы аңғалдықтан қашу үшін, оны жоққа шығару үшін және негізін іздеуге ұмтылу үшін - заттардың позитивтілігінен жеткілік ті дәрежедегі алшақтықта орналасады. Ондай зерттеу табиғатты танудағы мүмкін объективтілікті сұлбасы денені анықтап тұратын әуелгі тәжірибемен үйлестіруге ұмтылады және де мәдениеттің мүмкін тарихын бір мезгілде тірі тәжірибеде жасырынатын әрі көрініс табатын семантикалық қабатпен үйлестіруге талпыныс жа сайды. Осылайша жадта жаңғырған түсініктерді зерттеу - адамдағы эмпириялық нәрсеге трансценденттік маңыздылықты үстеуге тал пынатын кезде пайда болатын табанды талаптарды мұқият орындап отырады. Біз бұл жерде, позитивтілік және эсхатологиялық мәндегі ойдың (ең әуелі, марксизмнің), басқаша көрінетін нәрселердің бо луына қарамастан, феноменологиядан шабыт алатын рефлекси ямен мықты байланыс орнатуын көреміз. Олардың бұдан біраз бұрын байқалған жақындасуы – тек кешігіп қалған татуласу емес: өйткені археологиялық конфигурация деңгейінде бұлардың екеуі де (өздері үшін де) қажет еді және де ол антропологиялық посту лат, яғни адам эмпириялық-трансценденттік қосұдайылық ретінде пайда болған сәттен басталады. Сонымен, позитивизм мен эсхатологияның шынайы жоққа шығарылуы жадта жаңғыруға қайта оралу емес (керісінше, ол оларды нығайтады және бекітеді) және егер мұндай жоққа шығарудың жүзеге асуы мүмкін болатын болса, онда ол, әрине, мәнсіз болып көрінетін (өйткені біздің ойдың болу мүмкіндігін та рихи тұрғыда негіздеп келгендердің бәріне қайшы келеді), – шын
мәнінде адамның өзі өмір сүре ме? – деген сұрақтың негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Егер бір сәтке адам жоқ болса әлемнің, ойдың және ақиқаттың тағдыры не болады дегенді ойлауға талпынудың өзі парадокстар ойыны сияқты болып көрінеді. Өйткені, біздің көзімізді адамның жақында болған қарапайым сипаты байлайты ны соншалықты, тіпті біз сол кезді (көп уақыт өтпесе де) еске де алмаймыз, ол кезде әлем, әлемнің тәртібі, адамға ұқсас тіршілік иелері болған, бірақ адамның өзі жоқ еді. Бұл кезінде сілкініс туғызған (қазір де туғызып отырған) жақын арадағы айбарлы бол жам түрінде айтылған оқиға туралы Ницшенің ойын, яғни адам орнын асып туған адам басады деуін түсіндіре алады; сол арқылы қайта оралу философиясы адам баяғыда жоғалып кеткен және қазір де жоғалуда дегенді айтқысы келген, ал біздің қазіргі адам туралы пайымдарымыз, соған деген қамқорлығымыз, біздің гу манизм – оның жоқ тіршілігінің гүрілі астында алаңсыз ұйқыда жатыр. Өзіміз иелік ететін және таным арқылы бізге әлемнің, ақиқаттың есігін ашатын адамның шекті болмысымен өзіміздің байланысымызға сенетін біздерге дамокл семсерінің астында тір шілік етіп жатқанымызды еске алатын кез келген жоқ па? 5. Cogіto және ойлауға келмейтін нәрсе Егер адам шынымен-ақ әлемдегі эмпириялық-трансценденттік еселенудің орны болатың болса және егер танымның эмпириялық мазмұндары өздерін мүмкін еткен жағдайларды бостандыққа шығарғанда оны кереғар фигураға айналуға мәжбүрлейтін болса, онда адам cogіto-ның кұдіретті үстемдігінде тікелей айқын көрініс таппауы да мүмкін; бірақ ол өзіндік санаға түсініксіз және ешқашан да түсінікті болмайтын нәрсенің заттық әрекетсіздігінде де орна ласпайды. Адам, үнемі ашық, қасақана шектелмейтін, керісінше, сogіto-ға қатысты өзі әзірше пайымдай алмайтын барлық нәрселер мен соны ақыры танитын ойлау әрекеті арасындағы және қайтақайта жүріп өтілетін кеңістік өз негізін табатын болмыстың тәсілі болып табылады; кері қарай – осы таза ұғыну мен эмпирияның үйінділері, мағыналардың ретсіз жиынтықтары, өзіне-өзі беймәлім тәжірибенің жүгі, ойға жатпайтынның тұрақсыз созылуындағы үнсіз көкжиек ретінде көрінетін нәрселердің арасында болады. Эмпириялық пен трансцендентіктің бірігуінен пайда болатын адам, сонымен қатар, ұғынбаудың орны болып табылады – мұндай ұғынбау ойға өзінің жоқ болмысымен әрдайым батырып жібе
ру қаупін туғызып тұрады, бірақ, сонымен қатар, ойдың өзінен қашатын нәрселердің негізінде оған бүтін жиынтықты құруды мүмкін етеді. Дәл осы себепке байланысты қазіргі формасында трансцендентальды рефлексияның қажеттілігі - Канттан ерекше, табиғат туралы ғылымның болуына емес, (философтардың үнемі болатын айтыстары мен күмәндарына қарама-қарсы), үнсіз, сөйлеп кетуге дайын, іштей сөйлеу мүмкіндіктерін бойына сіңірген, адам ды өзін-өзі тануға тоқтаусыз үндейтін танылмаған нәрсеге бай ланысты болады. Ендігі мәселе табиғат тәжірибесінің қажетті пайымдардың болуын қалай қамтамасыз етуіне емес, қалайша адам ойламайтынды ойлай алады, қалайша үнсіз еніп, өзінен қашпақ болған орынға жайғасады, қалайша ол қандай да бір қатып қалған қимылмен, көз алдына сыртқы бірдеңе болып қыңырлықпен елес тей беретін сол баяғы бейнесін тірілте алады? – дегенге қатысты. Қалайша адам түйіндері, соғулары, жасырын күші өзіне тікелей берілген тәжірибенің шегінен тым асып кететін тіршілік болмақ? Қалайша адам талаптары мен заңдары өзіне сырттан мәжбүрлеу болатын еңбек болмақ? Қалайша ол өзінен мыңдаған жыл бұрын және оның қатысынсыз пайда болған, өзінің сөйлемі тек бір сәтке ғана жарық түсіретін сөзердегі мәні оятуға келмейтін, ал жүйесі ұстатпайтын және тек солар ғана белгілі бір мезетке сансыз мүмкіндіктердің желісіне жан бітірердей еріксіз өзінің сөзі мен ойын ішіне орналастыруға мәжбүр болатын тілдің субъектісі болмақ? Бұл канттық мәселенің төрт еселік жылжуы: бұл тұста әңгіме ақиқат емес, болмыс жайында; табиғат емес, адам жайында; таным мүмкіндіктері емес, әуелгі толық түсінбеушіліктің мүмкіндіктері жайында, ғылыммен салыстырғандағы философиялық ілімдердің негізделмегендігінде емес, адам өзін танымайтын негізделмеген тәжірибенің барша әлемін айқын философиялық санамен қамту жайында болып отыр. Трансцендентті мәселенің осылайша ығысуына байланысты, қазіргі ой баяғы cogіto тақырыбына болмай қалмайтын түрде қайта жан бітіреді. Жаңылысудың, адасудың, қиялдаудың, есалаңдықтың, осы барлық негізделмеген тәжірибенің негізінде Декарт: олардың ой болмауы мүмкін емес деген, тіпті, пайымдалмаған, ақиқи емес, химералық, таза елес туралы ойдың өзі кез келген тәжірибенің әуелгі бұлтартпас қарапайым көрінісінің сауыты емес пе – деген қорытынды жасамай ма? Бірақ қазіргі cogіto мен декарттық cogіtoның арасы, біздің трансцендентальды рефлексиямыздың канттық талдаудан алшақ жатуымен бірдей. Декарттағы мәселе –кез кел
ген, тіпті, жаңсақ не жалған ойдың жалпы формасы болатындай ойды анықтау, сол арқылы басқаларын зиянсыз ету, кейін олар ды түсіндіре отырып, олардың алдын алу тәсілін ойластыру бо латын. Қазіргі cogіto-да, керісінше, мәселе өзін-өзі пайымдайтын ойдың және оның ойға қонбайтынында тамырланатын бөлігін бір мезгілде бөліп әрі қайта жалғастырып тұратын аралықтың толық мағынасын түсінуге қатысты. Қазіргі cogіto-ға ой мен оның ішінде гі, астындағы, айналасындағы ойға жатпайтын, бірақ одан шектеліп не бой бермейтіндей сырттап кетпейтін нәрсемен қосылуын анық түрде қамтуға, қайта жасауға, жан бітіруге тура келеді (сондықтан да ол ашылған айқындылық қана емес, тұрақты жаңарып тұратын мақсат болады). Cogіto өзінің осы жаңа формасында кез келген ой - ой болып табылады деген кенет ашылатын жаңалық болмай, бір мезгілде өзінен алыс және жақын тұруы мүмкін, қалайша ол ойлауға келмейтін түрде болуы мүмкін – деген үнемі жаңарып тұратын сауал болады. Қазіргі cogіto ойдың болмысын ойлауға қабілетсіз енжар талшықтарға дейін жару арқылы ғана заттардың болмысын ойға жеткізеді. Мұндай қазіргі cogіto-ға тән екіжақты бағыттағы қозғалыс не ліктен “мен ойлаймын”-ның айқын түрде “мен бармын”-ға апар майтынын түсіндіреді; шынымен де “мен ойлаймын”-ның “мен бар” сияқтымын ретінде көрінетін қабаттан байқалуы және сол қабатқа қайшы жартылай ұйқыда-жартылай ояу болуы арқылы жан бітіруі, одан енді “мен бармын” деген пайымды шығару мүмкін болмауы: мен сөйлейтін тіл - ол мен өзім дей аламын ба, егер менің ойым бірқалыпты күйде соған тән мүмкіндіктердің жүйесіне енсе, бірақ ол тек ауыр қабаттарда ғана өмір сүріп, оларды толығымен игере алмайтын болса? Мен өз қолыммен жүзеге асыратын, бірақ маған ұстатпайтын еңбекті аяқтағаннан соң емес, бастамай-ақ тұрып – ол мен өзім дей аламын ба? Мен іштей сезетін, бірақ ол мені уақытпен - өзі өтіп жатқан бой бермейтін уақыт тәрізді мені бір сәтке өз толқынына шығаратын, сондай-ақ ажалымның болаты нына бал ашатын айбарлы уақыт тәрізді орап тұратын өмірді – өзім дей аламын ба? Мен бір мезгілде өзім бармын және бұлардың бәрі де мен емес дегенді айтар едім; cogіto болмысты бекітуге жете лемейді, есесіне ол болмыс туралы бір қатар сұрақтардың пайда болуына септігін тигізеді. Мен өзім сонда не болуым керек: ойлай тын мен және өзімнің ойым болатын мен бе? Ал, мен өзім ойламай тын нәрсе болуым үшін, менің ойым өзім болмайтын нәрсе болуы үшін мен не болуым керек? Сogіto-ның ашықтығында жылтылдап
тұрғандай болып көрінетін, бірақ оның өзі оны ішінде сақтап,
ұлылығын көрсетпейтін бұл қандай болмыс? Болмыс пен ойлаудың
өзара байланысы, күрделі қатынасы қандай? Адамның болмысы
қандай және неге “ол ойды иеленеді” (мүмкін ол оның сауыты ғана
шығар) деп оп-оңай анықталуы мүмкін болмыс ойлауға келмей
тін нәрсемен соншалықты терең әрі жоққа шығаруға келмейтін
қатынаста болады? Осылайша картезианшылдықтан да, кантшыл
талдаудан да алшақ болатын және ішінде ой алғашқы рет ойлауға
келмейтін нәрсемен бірге жіктелетін өлшемде қарастырылатын
және адам болмысына қатысты мәселе туындайтын рефлексияның
қайсыбір формасы анықталады.
Мұның екі салдары болады. Таза тарихи сипатта болатын бірін
шісі – жағымсыз. Феноменология декарттық cogіto тақырыбын
Канттың Юмды сынауынан тапқан тақырыппен байланысты
рып тұрғандай әсер қалдыруы мүмкін; бұл жағдайда Гуссерльдің
ғана таза философияның радикалдануы және оның өз тарихының
мүмкіндіктерін негіздеу ретінде көрінетін рефлексия арқылы
батыстық зердені өзіне-өзін тұйықтап, оның терең танылуына
жаңа өмірдің лебін сыйлағандай болып көрінуі мүмкін еді. Шын
мәнінде Гуссерль осынау қосылуды тек трансцендентті талдаудың
қолдану нүктесі өзгергенде ғана (болмыс туралы ғылымның
мүмкіндігінен адамның өзін-өзі пайымдау мүмкіндігіне қарай)
жүзеге асыра алады, сондай-ақ ол cogіto қызметінің өзгеруіне де
байланысты (бұл қызметтің мәнісі – ойлау кезінде барлық жерде
өзін-өзі айқындап тұрған ойдың қалай аподиктикалық6 болмысқа
жетелейтінің көрсету емес, керісінше, ойдың қалай өзінен-өзі
қашып, болмыс туралы түрлі әрі жан-жақты сауалдарға қалай
жолықтыратынын ғана көрсету болып табылады). Сонымен, фе
номенология дегеніміз батыстық зерденің бұрынғы мұратын қайта
қалпына келтіру ғана емес, сондай-ақ ол қазіргі эпистемада ХVІІІ
және ХІХ ғасырлар шегінде болған үзілістің нақты әрі сезімтал
түрде тұжырымдалған мойындалуы да болады. Егер оның бір
нәрсемен байланысы бар болатын болса, онда ол өмірдің, еңбектің
және тілдің ашылуы; ол – осыдан екі ғасыр бұрын адамның ескі
атауымен пайда болған жаңа бейне; ол – адамның болмыс амалына
және ойлауға келмейтін нәрсеге деген қатынасы жайында туындай
тын сауалдар. Сондықтан да, феноменология әуелде антипсихоло
гизм аясында байқалса да, немесе, дәлірек айтсақ, оған қарамастан
априорлық мәселесі мен трансцендентальдық тақырыбын қайта
түлетсе де, – ешқашан өзін жасырын туысқандықтан, бір мезгіл
де адам қызығатынтай әрі қауіп төндіретіндей жақындықтан, яғни адам эмпириялық тұрғыдағы зерттеулерден өзін-өзі қауіпсіздендіре алмайтын еді: сол себепті, феноменология барлық нәрсе cogіto-ға байланысты дегенді айтқанда, әрдайым онтологиялық мәселелерге, жалпы онтология мәселесіне барып тіреледі. Сондықтан да, біз, феноменологиялық жобаның тұрақты түрде ештеңеге қарамастан эмпирикалық болатын жадта жаңғыруды сипаттау және “мен ой лаймын”-ның әуелгілігінен ажыраған ойлауға келмейтін нәрсенің онтологиясы болатынын байқай аламыз. Салдардың екіншісі жағымды. Ол адамның ойлауға келмейтін нәрсеге немесе, дәлірек айтқанда, екеуінің батыстық мәдениетте өзара бір мезгілде пайда болуына қатысты. Адам біздің көз алды мызда жағымды бейне ретінде пайда болған сәттен бастап, реф лекстік танымның, яғни өзін-өзі пайымдайтын ойдың бұрынғы артықшылықтары жоғалуы тиіс болатынын байқау қиын емес; бірақ, сонымен қатар, объективті ойлауға – адами рефлексияға да, тіпті, адами санаға да ешқашан берілуі мүмкін емес нәрселерді, яғни жасырын механизмдерді, кескінсіз себептерді, қалай болғанда да бейсаналы деп аталатын нәрсені, бүкіл көлеңкелі әлемді анықтау қаупі болса да, – адамды тұтас қамтуға мүмкіндік беріледі. Өйткені адам өзі туралы рефлексия түрінде ойлауды доғарған кезде, бей саналы нәрсе өзіне қарататын ғылыми ой алдында міндетті түрде ашылады. Бейсаналы нәрсе де, ойлауға келмейтін нәрсенің басқа да түрлері де, адам туралы позитивті білімнің ашық өтеуі болған деп ойлаудың қажеті жоқ. Археологиялық деңгейде адам мен ойлауға келмейтін нәрсе – замандастар. Егер ой өзінің ішінде және сыр тында, өзінің шекараларында, сондай-ақ өзінің ағзасының орамда рында, өзі батып жатқан қандай да бір түнгі, қандай да бір салғырт тығыздықты іштей толтырып әрі тұйықтап тұрған қандай да бір ойлауға келмейтін нәрсені бір мезгілде сезіне алмағанда, адам эпис темада конфигурация ретінде бейнеленбеуі де мүмкін еді. Ойлауға келмейтін нәрсе (оны біз қалай атасақ та, маңызды емес) адамның ішінде жұмарланған болмыс немесе қабаттасқан тарих ретінде бол майды: адамға қатысты ойлауға келмейтін нәрсе Басқа: ол - өз ішін де емес және өзі жаратпаған, бірақ бірдей жаңашылдығында, қос ұдайылылықтың қайтарымсыздығында, қасында және бір мезгілде жаратылатын ағайын және егіз Басқа. Мұндай адам болмысындағы терең сала немесе оның тарихының алдырмайтын тірегі ретінде жиі көрінетін қараңғы орынның іс жүзіндегі адаммен байланысы мүлдем басқаша: ол оған бір мезгілде жат әрі қажет болады – бұл
таным саласына енетін адамның түсірген көлеңкесі және соның айналасында ғана танымды құрауға болатын соқыр дақ та. Қалай болғанда да, ХІХ ғасырдан бастап ойлауға келмейтін нәрсе адамның қасында үнемі әрі баяу естілетін аккомпанемент ретінде болған. Айырылмас егіздің сыңарындай болған соң, ол жеке әрі дербес түрде қарастырылмаған еді, бірақ әрқашан өзі соның Басқасы және көлеңкесі болуына байланысты қарама-қарсы атау мен қосымша форманы иеленетін. Ол гегельдік феноменологияда “өз үшін”-ге қарама-қарсы “өз ішіндегі” нәрсе; Шопенгауэрда ол Unbewusste7; Маркста - жаттанған адам; гуссерльдік зерттеуде ол “жасырын”, “жарамсыз”, “қалдық”, “жасалмай қалған” – бүкіл жерде ол реф лексивті білім алдында адам мен оның ақиқатының көмескі про екциясы ретінде қашып құтылмайтын егіз түрінде көрініс тауып, сонымен қатар адамға өзіне-өзі көңіл бөліп, өз ақиқатына оралуға мүмкіндік беретін негіздің рөлін ойнап келген. Тіпті, осы егіз ойға жақын тұрса да оған жат болатын, сондықтан ойдың міндеті мен өзіндік бастауы оны өзіне тарту болмақ; қазіргі ойлаудың барлығы - ойлауға келмейтін нәрсені пайымдау қажеттілігіне бағынып, “өз ішіндегі”-нің мазмұның “өзі үшін” формасында пайымдауға; адам ды өзінің мәнімен татуластырып, жаттанудан арылтуға; тәжірибеге жалаңаштанған айқындықтың айналасы тікелей жеткізіп тұрған көкжиекті ашуға, Бейсаналықтың жамылғысын алып тастап, оның үнсіздігіне бойлап немесе сарқылмайтын сыбырын есітуге ұмтылады. Қазіргі тәжірибеде адамды білім арқылы таныту мүмкіндігі, жаңа бейненің эпистема өрісінде пайда болуы біздің ойды іштен қоздыратын қандай да бір императивтің болуын қажетсінеді, ол – мораль, саясат, гуманизм, Батыстың тағдыры алдындағы жауапкершілік түрінде бола ма немесе, сен - тарихты жасайтын адамсың деген сана түрінде бола ма, ол жағы маңызды емес; бұл жердегі маңыздысы, ойдың – жеке алғанда да, өз қызметінде де – бір мезгілде әрі білім, әрі таныла тын нәрсенің өзгерісі, әрі рефлексиясы, өзі рефлексияға түсіретін болмыстың тәсілінің өзгерісі болуында. Өзі тиіп кеткен нәрсенің бәріне ой бірден қозғалыс береді; ойлауға келмейтін нәрсені ашуға талпынғанда немесе соған ұмтылғанда, ол оны өзіне не жақындатады, не кері қарай итеріп тастайды; қалай болғанда да, ол осы әрекетімен адами болмысты өзгертеді, өйткені ол (болмыс) ой мен ойлауға кел мейтін нәрсенің аралығында орналасқан. Осының барлығында да біз қазіргімен терең байланысатын бір нәрсе бар; өйткені, діни моральды есептемегенде, Батыс этиканың екі-ақ түрін білген:
әлем тәртібімен танысып, оның заңына жолыққан кездегі даналық қағидасын немесе полис тұжырымдамасын (тіпті, ХVІІІ ғасырдың саяси ойы да әлі осындай жалпы түрде болған) жасай алатын ежелгі (стоицизм не эпикуреизм түріндегі) түрін; және керісінше, ешқандай моральды жасамайтын қазіргі түрін, өйткені кез келген императив ойдың ішінде және оның ойлауға келмейтінді8 ұстауға деген бағытының ішінде орналасады: тек қана рефлексия, тек қана ұғыну, тек қана үнсізді айғақ ету, тек қана тым-тырыс тыныштыққа тіл бітіру; тек қана адамды өзінен айырып тұрған көлеңкеге жарық түсіру, тек қана әрекетсізге жан бітіру – этиканың жалғыз мазмұны мен формасын құрайтын осылар. Ия, қазіргі ойлау жүйесі ешқашан қандай да бір моральды ұсына алмаған, бірақ мұның себебі оның таза спекуляция болуында емес, керісінше, – әуелден бері өзінің барлық қабатында ол, ең алдымен, әрекеттің белгілі бір амалы болып табылатын. Ойды қамалынан шығарып, оның таңдауын жария етуге мәжбүрлеу үшін кім көрінген сөйлей берсін; мораль ды ізгілік пен сертсіз жасау үшін кім көрінген талпына берсін. Қазіргі ойлау үшін моральдың болуы мүмкін емес, өйткені ХІХ ғасырдан бастап ой өз тіршілігінде шеңберінен “шығып”, тек қана ілім болудан қалған; ойлаған кезде ол жаралайды не татуласты рады, жақындастырады не бөліп тастайды, ол үзеді, мүшелейді, ол қосады және қайтадан қосады, оның енді азат етпеуі не құлға айналдырмауы мүмкін емес. Болашақты болжамас бұрын не істеу керектігін алдын-ала ұйғармай тұрып, үндеудің не сақтандырудың алдында ең алғашқы формаларынан бастап ой мен оның болмы сы әрекет болып табылатын, әрекет болғанда да, ол қауіпті әрекет саналатын. Де Сад, Ницше, Арто және Батай өздері үшін де, оны байқамай қалуды қалайтындар үшін де мұны жақсы білген; бірақ оны Гегель де, Маркс та, Фрейд те білген. Бәлкім, ақылының кемдігіне салып, саяси таңдаусыз философияның болуы мүмкін емес, кез келген ой не “прогрессивті”, не “реакцияшыл” болады дейтіндер ғана оны байқамайтын сияқты. Олардың ақымақтығы – кез-келген ой таптық идеологияны “білдіреді” деген болжамы нан көрінеді; ал еріксіз тереңдігі – олардың тікелей және тура ойдың өмір сүруінің қазіргі тәсілін көрсетуінен9 байқалады. Үстірт көзқарасқа қарағанда адамды тану, табиғат туралы ғылымдармен салыстырғанда айқын болмаса да, этикамен және саясатпен байла нысты сияқты болып көрінуі мүмкін; бірақ өз тереңінде қазіргі ой басқа бағытқа – адамдағы Басқа Өзіне Барабар болуы тиіс жерге ұмтылады.
6. Әуелгі бастаудың шегінуі мен қайта оралуы Адам болмысының тәсілі мен оған деген пайымды бір мезгілде сипаттай алатын соңғы белгі – әуелгі бастауға де ген қатынас. Ол, классикалық ойлау өзінің идеалды тектерін де қалыптастыруға ұмтылған қатынастан біршама ерекшеле неді. ХVІІІ ғасырда әуелгі бастауды анықтау дегеніміз түсініктің қарапайым еселенуіне жақындау дегенді білдірген. Экономика айырбас деңгейінде ұғынылған, өйткені онда екі әріптестің өз меншігі мен басқаның меншігі туралы түсініктері барабар еді; шамамен барабар сұранымдардың қанағаттануын қамтамасыз ете отырып, олар түбінде “ұқсас” болып шығатын. Әртүрлі апат тардан бұрынғы табиғаттың тәртібі кесте түрінде пайымдалатын және онда орналасқан барлық тірі жәндіктер тым тығыз әрі тым ұзын қатарда өзара жақын тізілетін, тіпті бұл тізбектің буын дары аралығында ығысулар абсолютті барабарлықтың шегінен шықпайтын, сондықтан бір шетінен екінші шетіне дейін тұтас “ұқсастықтың” айдыны созылып жататын. Тілдің әуелгі бастауы заттың көрінісі мен оның серігі болатын айғайдың, дыбыстың, ымның (әрекет тілінің) өзара мөлдірлігі ретінде пайымдалатын. Ең ақыры, танымның әуелгі бастауын таза түсініктер тізбегінің маңынан іздеуге әрекет жасалатын еді – мұндай тізбектің жетілгені мен түзулігі сондай, ондағы түсініктер өзара санасыз түрде алмаса беретін: олар бір мезгілдік болмағандықтан олардың арасындағы айырмашылықты анықтау мүмкін болмайтын және әрбір келесі түсінік, алдыңғысымен салыстырғанда “ұқсас” түсінік ретінде қабылдануы мүмкін еді. Қандай да бір сезім басқаларға қарағанда алдыңғысымен “ұқсас” болғанда ғана еске түсіру өз күшіне енуі мүмкін болып, қиял арқылы түсінікті қайта елестетуге мүмкін болатын, ал сана осындай еселенуге арқа сүйейтін. Сананың осы лайша пайда болуы қиял немесе нақтылық ретінде қарастырыла ма, түсіндіретін болжам немесе тарихи оқиға ретінде мәні бола ма (өйткені, мұндай шекаралардың бізге ғана қажеті бар) ол жағы маңызды емес, – мезгілдік дамуы кесте ішінде жүзеге асатын ой үшін (кесте ішінде болуы мүмкін жүрістің бірі ретіндегі) бастапқы нүкте бір мезгілде нақты уақыттың ішінде әрі сыртында орналаса ды, бұл - кез келген тарихи оқиғаларға орын беретін әуелгі ығысу. Қазіргі ойлауда әуелгі бастаудың мұндай түрі енді мүмкін бол майды: біз еңбектің, өмірдің, тілдің өзіндік тарихилығына қалай қол жеткізіп, соған бойлағанын көрген едік, демек олар бұдан былай
ешқашан өз тегін шынайы түсіндіріп, жеткізе алмас, бірақ олардың бүкіл тарихы нақ соны іштей нұсқап тұрғандай көрінеді. Ендігәрі, әуелгі бастау тарихилыққа орын бермей, тарихилықтың өз ағзасы бір мезгілде ішкі де, тысқары да, түрлі ерекшеліктері мен барлық шашыраулары, барлық үзіктері барабарлықтың жалғыз нүктесінде, Барабар нәрсенің тәнсіз, алайда бөлшектенгенін, Басқаға айналуға қабілетті бейнеге сығылатын қандай да бір конустың болжамды төбесі сияқтанған әуелгі бастаудың қажеттілігін анықтап тұрады. Осындай барлық тарихи нәрселерге, өзінің орналасуымен және заңдарымен әуелгі бастауының қол жеткізбейтін барабарлығын нұсқап тұрған, іштей тұйықталған заттарға байланысты, ХІХ ғасырдың басында адам пайда болған. Алайда, енді адам әуелгі бастауға басқаша қарайтын болды. Ендігіде адам өзінің алдында болған тарихилыққа үнемі байланғанын аңғарады; ол заттардың уақытында сұлбасы көрініп, ашылатын әуелгі бастаумен ешқашан бір мезгілде өмір сүрмейді екен. Тіршілік иесі ретінде өзін-өзі анықтауға ұмтылған адам, өзіндік бастауын өзінен бұрын басталған тіршіліктің тұңғиығынан ғана табады; еңбек ететін жан ретінде өзін-өзі анықтауға ұмтылған кезде, еңбектің өне бастаған кезде гі түрлерін ол тек қоғамға және оның институттарына бағынатын адами уақыт пен кеңістіктің ішінде ғана анықтайды; ең ақыры, өзін-өзі кез келген қалыптасқан тілдің арғы жағындағы сөйлейтін субъект ретінде анықтауға ұмтылғанда, ол тілдердің барлығы және жалпы тілдің өзі соның негізінде мүмкін болатын былдырмен емес, сол баяғы әуелгі сөзбен емес, әрқашан дамып кеткен тілдің мүмкіндіктеріне жолығады. Әрқашан басталып кеткен нәрсенің негізінде ғана адам әуелгі бастау маңызын иеленетін нәрсе туралы пайымдауы мүмкін екен. Сонымен ол үшін ілкі бастау – басталу, артжағында кейінгі жетістіктері сығылысып тұратын тарихтың бұрын ататын арайы болмай шығады. Әуелгі бастау – ең алдымен, әрбір адам (жалпы адам) басталып кеткен еңбекпен, өмірмен және тілмен жалғасатын тәсіл; ал оның орны – адам өзі сезінбей еңбек әлемінде мыңдаған жыл бойы еңбек ететін, алғашқы органикалық қосындылардан басталатын өзінің жалғыз, қайталанбайтын әрі нәзік тіршілігінің жаңа туғандай тазалығында өмір сүретін, кез кел ген жадтан көне сөздерден әлі еш жерде айтылмаған сөйлемдерді құрайтын (тіпті, оларды өзінен бұрын көптеген буын қайталаған болса да) бір бұрышта. Бұл мәнде әуелгінің деңгейі, әрине, адам үшін ең жақын нәрсе болып шығады – ол өзінің ақ пейілімен (әрдайым жаңадан) болар-болмас ашық көздерімен оны шола
бастағанда оның үстінгі бетінде өзінің көзқарасындай балғын бей нелерді ажырата бастайды. Мұндай өзі сияқты бейнелердің шыны мен-ақ өткені болмайды екен, бірақ ол мүлдем басқа себепке бай ланысты болады: бұл олардың мәңгі жас болуына қатысты емес, олардың адамға қарағанда, басқа өлшемдер мен басқа негіздемелер уақытының еншісінде болуына байланысты. Бірақ, біздің тірш лігіміз сыйып кететін және оны ешуақытта жалғыз қалдырмайтын әуелгінің мұндай нәзік үстінгі беті (әсіресе, және тіпті ажал келген сәтте, ол, керісінше, әдейі көрсетілетіндей), қандай да бір әуелгі туудың көрінісі емес. Ол өзінің тарихында еңбек, өмір, тіл жасап, ұсынатын күрделі жанамалықтарға толы, сондықтан да адам олар мен ең алғаш рет затты қолға алып, ең қарапайым мұқтаждықты байқаған сәтінен, ең мәнсіз деген сөзді айтқан кезінен бастап араласқанда, өзі де сезінбей өзіне шексіз үстемдік етіп тұратын уақыттың делдалдарын оятып жібереді. Дегенмен де, мұндай сезбеу қандай жолмен болса да ұғынылуы тиіс, өйткені ұғыну арқылы ғана адамдар қарым-қатынас жасап, түсінудің алдын-ала тоқылып қойған ауына түседі. Десек те, мұндай ұғыну шектеулі, жанама, жартылай болады, өйткені оны жан-жақтан, ішінде еңбек, өмір және тіл өздерінің ақиқатын (және өздерінің әуелгі бастауын) сөйлейтіндерден, тіршілік ететіндерден және еңбек ететіндерден жасырып тұрған орасан зор көлеңкелі аймақ қоршап тұр. “Рух феноменологиясы”-нан бастап қазіргі ой қайталай сипат тап келген әуелгі бастау классикалық ғасыр қайта жасауға ұмтылған идеалды генезистен әлдеқайда ерекше; бірақ, ол, сонымен қатар, бүкіл бар нәрсенің тарихилығының арғы жағынан қандай да бір ретроспективті о дүниелігінде сұлбасы көрінетін әуелгі бастаудан да ерекше (негіз қалаушы қандай да бір сәйкестік арқылы байла нысы болса да). Адамдағы ілкі бастау барабарлықтың қайсыбір реалды немесе әлеуетті нүктесіне жатқызуға, тіпті оны белгілеуге де келмейді және оның Барабарлықтағы Басқа әлі бөлінбеген сәтті де анықтауға қабілеті жетпейді. Ол адамды әу бастан-ақ өзінен өзгешеленетін нәрсемен жалғастырады, ол адами тәжірибеге бұрын пайда болатын және оған бағынбайтын мазмұндар мен түрлерді енгізеді, ол адамды әртүрлі, өзара қиылысатын, кейде өзара үйлеспейтін уақыт тізбектерімен байланыстырады, оны уақыт ішінде ыдыратады және сонымен қатар, заттардың ұзақтығының нағыз өзегіне орнатады. Тосын көрінсе де адамның ішіндегі әуелгі нәрсе оның не туған уақыты жайында, не тәжірибесінің байырғы өзегі жайында хабар жеткізбейді – ол адамды басқа уақытта тір
шілік ететін нәрсемен байланыстырады және оның ішінде зама
ны бөлек нәрселерді оятады, ол үздіксіз және әр кез күшейе оты
рып заттардың жасы одан көп үлкен екенін айтудан жалықпайды,
сондықтан да, егер заттар адами тәжірибені толығымен жасап,
шектеген болса, онда оның әуелгі бастауын да анықтау мүмкін
болмайды. Ондай мүмкін болмаудың екі қыры бар: бір жағынан,
ол заттардың әуелгі бастауының әрқашан өткенге қарай ығысып
отыратынын білдіреді. Өйткені, ол адам әлі өмір сүрмеген кезде
пайда болған; ал, басқа жағынан, уақыт қатпарында өздерінің пай
да болуын ұшқын арқылы байқата алатын заттарға қарағанда, адам
әуелгі бастаудан жұрдай, “заманы мен отаны” жоқ, тууы мәңгі
беймәлім жәндік болып шығады, өйткені ол ешқашан “орынға” ие
болмаған. Әуелгінің табиғатының өзі-ақ адамның оған тіршілігінің
замандасы болуға мүмкіндік беретін әуелгі бастаудан ажырағанын
білдіріп тұрады. Уақыт аралығында пайда болып, ерте ме, кеш пе
оның ішінде жоғалып кететін бүкіл заттардың арасында әуелгі
бастаудан ажыраған адам әрқашан бұрыннан-ақ қатысып отырған.
Және де оны ығыстырып тұрған сол заттардың өзі бастауын дәл
осы адамнан табады; адам – ұзақтықта сәтті белгілеп тұратың керт
пе ғана емес, ол – тек содан басталғанда ғана уақыттың құрылуы
мен ұзақтықтың ағуы мүмкін және өз кезегінде заттардың өзі пай
да болуы мүмкін айшықтық. Егер эмпириялық патшалықта заттар
әрдайым адамнан бұрын болып, өздерінің бастапқы нүктесінде
танылмайтын болса, онда адам, өз кезегінде, заттардың осындай
бұрынғы болуынан да бұрынғы болады және сондықтан ғана олар
өздерінің салмақты бұрынғысымен оның әуелгі тәжірибесінің
көрінісіне қысым жасай алады.
Сонымен, ой алдында тұрған міндет: барлық нәрсенің не
гізінде жатқан бастауы жоқ әуелгіні, сондай-ақ уақыттың болу
мүмкіндігін жасап тұрған тәсілді іздеу арқылы әуелгіні қайтадан
негіздеу үшін – заттардың әуелгі бастауына күмән келтіру болып
табылады. Бұл міндет орындалу үшін уақыт еншісіндегі және
уақыт ішінде пайда болатынның бәрі, оның жылжымалы болмы
сында орналасатынның бәрі күмәндану арқылы тексерілуі қажет,
осының нәтижесінде уақыттың өзі пайда болатын және уақыттан
да, тарихтан да, тыс жататын үзіліс анықталады. Сонымен, осы
ойдың ішіндегі уақыт тоқтатылады, ал ол өз кезегінде, уақыттан
қашып құтыла алмайды, өйткені ол ешқашан әуелгі бастаумен бір
мезгілде болмайды. Бірақ, дәл осы тоқтау әуелгі бастау мен ойдың
арасындағы қарым-қатынасты төңкеріп тастай алар еді: уақыт
ол кезде өз осінің бойымен айналар еді, ал әуелгі бастау ой әлі пайымдауы қажет нәрсеге айнала бастағанда (бұл әр кез жаңадан жүзеге асып отырады), жүзеге асуға жақын келгенімен, оған ешқашан жетпейтін даусыз аяндай берілуі тиіс еді. Демек, әуелгі бастау әрдайым жаңарып тұратын нәрсе, ой ұмтылатын қайталау, әрдайым-енді-басталып кеткен нәрсенің оралуы, ғасырлар бойы көрініп тұрған жарыққа жақындау болып шығады. Осылайша үшінші рет, әуелгі бастау уақыт аясында сипатталады, бірақ бұл енді – болашаққа бару, ойдың сырттан алған, өзі де алдына қойған түрткісі, - баяу жүріспен-ақ ежелден өзін мүмкін еткен нәрсені, ал дына көз тігіп, мәңгі шегініп тұратын көкжиек сызығындағы өзін жарататын жарықты көру болып табылады. Қазіргі ой ХVІІІ ғасыр сипаттаған тектерді құбыжық ретінде жоққа шығара алған сәтте, әуелгі бастаудың күрделі әрі шатасқан проблемалар жиынтығын да анықтайды. Проблемалардың бұл жиынтығы уақыт жайындағы біздің тәжірибеге негіз болған; және ХІХ ғасырдан бастап адам патшалығының бастауы мен жаңаруы, алшақтауы мен бастапқысы, оралуы мен соңы болуы мүмкін нәрселерді анықтауға бағытталған барлық талпыныстар дәл соның негізінде пайда болған. Шынымен де, қазіргі ой заттар мен адам үшін шын мәнісінде тікелей қарама-қарсы болатын қатынасты анықтады: сонымен, ол оларды алдын-ала зиянсыздандырып алып, өзінің наразылық білдіруге құқығын сақтай отырып, уақыт тұтастығын қайта қалпына келтіру үшін, әуелгі бастауды тір шілік иелерінің тізбегіндегі қарапайым оқиға, кертпе ретінде (осы әуелгі бастауды, сонымен бірге мәдениеттің пайда болуын және өркениеттің арайын биологиялық эволюцияның ағымына орна ластыру арқылы) көрсету үшін, адами уақытты заттардың уақыты ішіне енгізуді көздейтін позитивистік ұмтылыстарға рұқсат бе реді; ол бір мезетте қарама-қарсы және өтеуші ұмтылысқа, яғни адамның уақытына сай оның заттарды қабылдауын және солар туралы білімін, ол жасай алатын ғылымдарын түзеуге рұқсат бе реді (сондықтан да, адамның бүкіл бастаулары заттардың уақыты ішінде орналасқанымен, оның жеке немесе жалпы мәдени уақыты психологиялық немесе тарихи генезис шеңберінде заттардың алғаш рет өзіндік ақиқатының бейнесін көрсететін сәтті анықтауға мүмкіндік береді). Осы үрдістердің әрбірінде заттар мен адамның әуелгі бастаулары өзара бағынышты болады; бірақ екі бірдей бо луы мүмкін және бітіспес үрдістің болу дерегінің өзі, әуелгі бастау туралы қазіргі ойды сипаттайтын терең ассиметрияның болуын
дәлелдей алады. Тіпті, бұл ой шын мәнісінде ешқандай әуелгі бастауы болмайтын, бірақ одан адамның бастауы жоқ уақыты болашақтың кез келген жады үшін заттардың жадсыз уақытын айқындап тұратын, әуелгінің қабатына күннің соңғы сәулесі сияқты жарық түсіреді. Бұдан екі түрлі еліктіретін жол ашылады, яғни пси хологияны барлық ғылымдардың жалпы ғылымына айналдырып, кез келген мүмкін танымды психологияландыру және, керісінше, осы әуелгі қабаттың негізінде кез келген ғылымның позитивтілігі туралы мәселені көтеруге және оған осы тәжірибенің шекті, негіз қалаушы сипатын қарсы қоюға болатындай етіп позитивизмнен ада болатын тәсіл арқылы сипаттау. Алайда, қазіргі ой әуелгінің сала сын қалпына келтіруді көздегенде дереу әуелгінің шегінісіне тап болады; сол мезетте ол тосын шешім қабылдайды, яғни бұл шегініс жүзеге асып, үздіксіз тереңдеп бара жатқан бағытпен жүру; ол оны бәрінен өзекті осындай шегіністі қолдап тұратын нәрсе ретінде тәжірибенің басқа жағынан анықтауға талпынады; расында да, егер әуелгінің кері шегінуі өзінің ең айқын түрінде берілетін болса, онда бұл сол арқылы әуелгі бастау өзін атам заманғы әулетінен өткізіп барып табады дегенді білдірмей ме? Осылайша, Гегельден Маркс пен Шпенглерге дейін ойлау тақырыбы дамып келген, ол өзінің ақырын, қайта жалғасқан тұтастығын, түгесілу, күннің тұтылу шегіне жететін қарқынды жаңаруын табатын қозғалыс арқылы – өзіне үңіледі, өзінің толықтығына жарық түсіреді, шеңберді тұйықтайды, өзі бастан кешкен хиқаяның барлық қызықты бей нелеріндегі өзімен қайта қауышады, ал сонында бір кезде өзі пайда болған тұңғиықта өз еркімен жойылып кетеді. Осындай нәтиже бермесе де, жүзеге асып жататын оралудың қарама-қарсы аясындағы оралу – құдайлар теріс қарап кеткен, күн сайын шөл ғана өсіп өнетін, τεχνη10 өз еркінің үстемдігін орнатқан әуелгінің шекті шегінісінде ғана берілетін Гельдерлин, Ницше, Хайдеггер тәжірибесінің сұлбасы қараңдайды; сондықтан да бұл жердегі әңгіме доғаның аяқталуы не тұйықталуы туралы емес, алыстаған сайын әуелгіні анықтай түсетін бой бермейтін үзілу туралы болмақ; алыста жатқан нәрсе ең жақын болып шығады. Бірақ, адамды да ойлап тапқан қозғалыста қазіргі ой анықтаған әуелгінің мұндай қабаты, жасампаз уақыт пен табыстың молдығын, әуелгінің бос болуын – өзінің шегінісінен туындайтын және оның қайта оралуы на ашық – қалпына келтіріп болжайды, қалай болғанда да оның ойға тән деген нәрсесі “Барабарлыққа” ұқсас болып шығады. Ада ми тәжірибені табиғат пен өмірдің уақытымен, тарихпен, өткеннің
мәдени қабаттарымен әуелгінің саласы арқылы жалғастырған кез де, қазіргі ой адамды толығымен өзіне-өзі барабар – ол өзі толы не бос болатын күйінде – жасап шығаруға, сондай-ақ өздері мүмкін болмайтындай ететін, бірақ ойды соған мәжбүрлейтін қайталау арқылы тарих пен уақытты қайта жасауға және болмыс болатын нәрсені де қайта жасауға ұмтылады. Сонымен, өзінің қол жетпейтін мұратына, яғни әуелгіні ең жақын және ең алшақ тұстан пайымдауға талпынған кезде, ой өзін тіршілікке мәжбүрлейтін нәрсемен немесе соның негізін де өмір сүретін нәрсемен адамның бір мезгілде болмайтынын аңғарады; керісінше, оның ыдыратушы, әуелгісінен бөліп тастай тын және сол мезетте-ақ ешқашан жүзеге аспауы мүмкін әуелгіні болмай қоймайтын нәрсе ретінде ұсынатын күштін тұтқынына түсіп қалғаны мәлім болады. Бұл күш адамға жат болмаған және ол оның мәңгі, үнемі жаңарып тұратын бастауларының бейқұмар алаңсыздығынан тыс жерде ешқашан жасырынып қалмайды, өйткені олай болса әуелгі бастау шын мәнінде берілген болып шығар еді; мұндай күш оның иелігінде болады. Уақыт – оның өзі болып табылатын уақыт – оны пайда болған арайдан ғана емес, болашақта өзіне уәде етілген арайдан да ажыратып жібереді. Мұндай негіз қалаушы уақыттың (оның негізінде тәжірибеде жалпы берілуі мүмкін уақыт жатады) түсініктер философиясын да қаралатын уақыттан қаншалықты өзгеше екенін біз көре ала мыз. Ол кезде уақыт түсінікті сызықты тізбекке формасын үстеу арқылы ыдыратушы еді, бірақ сол кезде түсінік өзін-өзі қиялда қайта қалпына келтіріп, ең жетілген еселенуде ашылып, уақытты да өзіне бағындыра алатын; бейне уақытты тұтасымен қалпына келтіруге, бұрын тізбекке берілген барлық нәрсені өзіне қайтарып, мәңгі зерденің білімі тәрізді ақиқи білімді жасауға мүмкіндік беретін. Керісінше, қазіргі тәжірибе үшін әуелгі бастаудың шегінуі кез кел ген тәжірибеден маңызды болады, өйткені нақ сонда ғана тәжірибе ажарланып, өзінің позитивтілігін айқындайды; адам өз болмысы мен бір мезгілде болмағандықтан, заттар оған өзіндік уақыты ішін де ғана танылады. Бұл жерде біз тағы да шектеулі адами болмысқа жолығамыз. Дегенмен де, адам болмысының шекті болуы – адамға өмір, тарих, тіл үстемдік жүргізгендіктен, – енді бұдан да тереңірек деңгейде көрініс табады және бұл адами болмыстың уақытқа деген соңғы қатынасы болып табылады. Сонымен, шекті адами болмыспен әуелгі бастау туралы мәселеде қайта жолыққан қазіргі ой, өзі ХVІІІ ғасырдың соңында
батыстық эпистема толығымен күйреген сәтте сыза бастаған
көлемді төртбұрышты тұйықтайды: позитивтіліктің шектеулі ада
ми болмыспен байланыста болуы, эмпириялық нәрсенің транс
цендентті нәрседе еселенуі, cogіto-ның үнемі ойлауға келмейтін
нәрсеге жатқызылуы, әуелгінің шегінуі мен оралуы біздер үшін
адам болмысының тәсілін анықтайды. ХІХ ғасырдан бастап реф
лексия түсініктердің талдауында емес, нақ осы болмыс тәсілінің
талдауында білім мүмкіншілігін философиялық тұрғыда негізде
уге ұмтылып келеді. 7. Дискурсия және адамның болмысы
Осы төрт теориялық сегменттің (шектеулі адами болмысты,
эмпириялық-трансценденттік еселенуді, ойлауға келмейтінді және
әуелгі бастауды талдауы) классикалық дәуірде тілдің жалпы тео
риясын құрайтын төрт бөліктен құралған жиынтықпен белгілі бір
қатынасқа түсетінін байқауға болады. Бір қарағанда, олар ұқсас
әрі симметриялы болып келеді. Етістік теориясы тілдің қалайша
өз шеңберінен шығып, болмысты анықтайтынын түсіндіретіні әлі
есімізде, ол тілдің өз болмысын анықтайтын қозғалыста жүзеге
асатын еді, өйткені өзінің кеңістігін тауып, тұрақтау үшін, оған
жасырын түрде болса да, “болу” етістігінің көмегі қажет; дәл со
лай шектеулі адами болмысты талдау да - адам болмысын өзінен
тыс болатын және өзін заттардың жиынтығымен байланыстыра
тын позитивтіліктер қалай анықтайтынын және, өз кезегінде, шек
теулі болмыстың өзі кез келген анықтамаға позитивті ақиқатта
айқындалуына қалайша мүмкіндік беретінін түсіндіреді. Сон
дай-ақ, егер мүшелеу теориясы сөздердің және олар белгілейтін
заттардың толық мүшеленуі қалай жүзеге асатынын көрсетсе,
онда эмпириялық-трансценденттік еселенуді талдау тәжірибеде
берілгеннің және осы тәжірибенің болуын мүмкін ететіннің
сәйкестігі шексіз тербелісте қалайша анықталатынын көрсетеді.
Тілдің әуелгі белгіленуін іздеу – сөздердің, буындардың және
дыбыстардың үнсіз жиынтығынан ұйқыда жатқан, олардың
ұмытылған жанындай болған (поэзияның әсері ғажайып болу
үшін, ой дәлірек болсын деп, оны қайтадан өмір сүруге, сөйлеуге,
ән айтуға мәжбүр ету қажет еді) түсінікті шақырып алады; дәл
осылай қазіргі рефлексия үшін ойлауға келмейтіннің әрекетсіз
жатқан жиынтығы, қалай болған жағдай да, әрқашан қайсыбір
cogіto-ға толы болады және сол ой еместе батып жатқан ойды
қайтадан тірілтіп алып, құдыретті “мен ойлаймын”-ға бағыттауы қажет болады. Сонымен қатар, тіл туралы классикалық рефлек сияда деривация деген ілім бар болатын: ол тілдің тарихи баста уынан-ақ, тіпті, пайда болып енді-енді сөйлей бастаған кезінен-ақ өзінің ішкі кеңістігіне қалай енетінін және өзімен-өзі ғана болаты нын және әуелгі бастауға теріс қарайтынын, риторика ережелеріне сай реттеліп болған ежелгі сөздерді ғана қолданатынын көрсетіп берген еді; қазіргі кезде әрдайым-енді-жасырынған әуелгі бас тауды пайымдауға ұмтылу және адами болмыстың өзін әрқашан өзінен қашықтықта ұстайтын бағытпен жылжуға ұмтылу осындай талдауға сәйкес келеді, - және бұл оның анықтамасы болады. Бірақ сәйкестіктердің мұндай ойыны бізді жаңылдырмауы керек. Дискурсияның классикалық талдауы ғасырлар бойы тек өзінің объектын ғана айырбастайды және өзі өзгермей, айналасындағы өзгерістерге, тарихтың салмағына қарамастан барабарлығын сақтап қалады деген ойдан аулақ болған жөн. Шын мәнінде, жалпы грамматиканың кеңістігін сипаттап келген сол баяғы төрт теориялық сегмент өзгеріссіз қалмайды, керісінше, ХVІІІ ғасырдың аяғында түсінік теориясы таза жойылып кеткен кезде олар тұтас жіктеліп, өз деңгейі мен қызметін, тіпті, өзінің маңыздылық саласын да өзгертіп жіберген. Классикалық ғасырда баршаға ортақ грамматиканың қызметі – түсініктердің үйлесімді тізбегіне дискурсияның абсолютті қарапайым және созылып жатқан сызығында толық айқындалғанымен, бірмезеттіліктің бел гілі бір формаларының болуын жоққа шығармайтын тілдің (тір шілік ету мен өзара тіршілік етуді анықтау, заттар түсінігінде де ректерді жіктеу және жиынтықтарды жасау; заттар мен сөздердің әуелгі және естен кетпес қатынасы; өздерінің риторикалық кеңістігінде сөздердің ығысуы) қалайша кірігуі мүмкін екенін көрсету болатын. Керісінше, ХІХ ғасырдан бастап қалыптасқан адам болмысының тәсілін талдау түсініктер жайындағы теорияға сыймайды; керісінше, оның ендігі міндеті – заттардың түсінікте жалпы берілуі қалайша мүмкін болатынын, олар қабылдаудың әртүрлі тәсілдерімен салыстырғанда терең жатқан позитивтілік те қай жағдайда, қай негізде, қандай шектер аралығында көрінуі мүмкін екенін анықтау болады; заттар мен адамның осылайша қатар өмір сүруінде түсініктің ашатын байтақ кеңістіктік жайма сында, адами болмыстың шектеулі болатыны, адамды әуелгі бас таудан бір мезгілде ажырататын да, оған кайта қосатын да ыды ратуы мен уақыттың қалпына келмейтін аралығы байқалады.
Дәстүр арқылы және өзі бір кезде пайда болған күйінде бізге жет
кен адамның аналитикасы дискурсия талдауының жаңаруы бол
майды. Түсінік теориясының болуы не болмауы немесе, дәлірек
айтқанда, бұл теорияның орталықтағы не бағынышты орынды ие
ленуі – жүйенің тепе-теңдігін тұтас өзгертіп жібереді. Ойлаудың
жалпы элементі ретіндегі түсінік болуы тиіс нәрсе деп есептел
ген жағдайда, дискурсия теориясы бір мезгілде кез келген мүмкін
грамматиканың да, таным теориясының да негіздемесіне айнала
ды. Бірақ, егер түсініктің әуелгі сипаты жойылса, онда дискурсия
теориясы да ыдырауға түседі, сондықтан кейін оның жансыз әрі
өзгерген формасын біз екі деңгейде анықтай аламыз. Эмпириялық
деңгейде негізгі төрт теориялық фрагмент қайтадан көрініс таба
ды, бірақ олардың атқаратын қызметі мүлдем қарама-қарсы бола
ды. Бұрын етістіктің үстемдігі, оның дискурсияны өз шеңберінен
шығарып тастап, түсініктің болмысына енгізе алатын қабілеті зерт
телген жерде, енді әр тілге тән және оны тәуелсіз болмыс ретінде,
яғни өзінің негізінде құрайтын ішкі грамматикалық құрылымның
талдауы пайда болады. Дәл солай, сөздер мен заттардың жалпы
жіктелуіне арналған кешегі зерттеудің орнын, енді флексиялар
теориясы мен сөздердің өзгеруінің өзіндік заңдарын анықтау ба
сады; негіз теориясы түбір-түсініктің талдауын алмастырады; ең
ақыры, бұрын деривацияның (сөзжасамның) шексіз үздіксіздігі
ізделген жерде - тілдердің жанама туыстығы анықталады. Басқа
сөзбен айтсақ, заттардың (түсінікте берілген) және сөздердің
(олардың түсінікті жеткізе алу қабілетін қоса алғанда) арасындағы
қатынас жазықтығында бір кезде қызмет атқарғанның бәрі - тілдің
ішкі заңдарын қамтамасыз ету үшін, тілдің ішінен табылады. Негіз
деңгейінде дискурсия теориясының төрт бөлігі әлі сақталады: олар
адамның жаңа талдауында заттарға деген қатынасты классикалық
ғасырдан еш кемдігі жоқ дәрежеде анықтап отырады, бірақ қазір
олар қарама-қарсы түрдегі өзгеріске ұшырайды. Ендігі мәселе
оларды тілдің ішкі кеңістігіне қайта орналастыру туралы емес,
оларды тұйықтаған түсініктің саласынан азат етіп, адам шектеулі,
нақты, өзі ойлай алмайтын нәрсенің тереңіне бойлаған, өз болмы
сында уақыттың ыдырауына көнген сипатын айқындайтын сыртқы
өлшемде анықтауға қатысты болып отыр.
Түсініктер теориясынан ажыраған сәтінен бастап дискурсияның
классикалық талдауы екіге бөлінгендей күйге түсіп отыр: бір
жағынан, ол грамматикалық формалардың эмпириялық танымына
бойлаған болса, екіншіден, ол шектеулі адами болмыстың аналити
касына айналып отыр; және осы екі ығысудың ешқайсысы қызметін толық өзгертпесе, жүзеге аспайтын да еді. Қазір классикалық дискурсияның (түсініктің күмәнсіз айқындығына сүйенетін) және қазіргі ойға берілетін (өзі рұқсат беретін антропологиялық рефлек сияны қосқанда) адам тіршілігінің арасында үйлеспеушілік толық анықталып отыр: адами болмыс тәсілін талдау – тек түсініктерді мүшелеуге қабілетті дискурсияның талдауының жіктелуі, қайта жасалуы және ығысуы жүзеге асқанда ғана мүмкін болды. Осы лайша анықталып, бекітілетін адам болмысы үшін, бірлігі мен болмысы жұмбақ тілдің мұндай жаңа көрінісі шынымен де қауіпті болатынын ұғыну қиын емес. Адам мен тілдің болмысы тура лы пайымдаудың бір мезгілде, үзіп-жармай әрі қайшылықсыз жүргізілуін мүмкін ететін, мәдениетіміз үшін әлі беймәлім қандай да бір жаңа ойлау тәсіліне жақындау - біздің алдымызда тұрған міндет бола ма? Егер олай болса, онда дискурсияның классикалық теориясына аңғал оралудың кез келген мүмкіндігін болдырмауға барынша күш салған дұрыс (дегенмен де бізде тілдің жарық, бірақ тұрпайы болмысын пайымдау құралдары неғұрлым аз болса, соғұрлым ондай оралудың елітерліктей болуы күшейе түседі, ал ескі, тамырын терең жайған түсініктер теориясы таза қызметіне кіріскенде бірден ерип кететін болмысқа әрқашан орын беруге дайын тұрады). Алайда, адам мен тілдің болмысын бір мезгіл де пайымдау құқығы мүлдем жойылатын және олардың арасын да түзеуге келмейтін үзіліс (біз оның ішінде өмір сүретін және сөйлейтін) болатын жағдай болуы мүмкін, сондықтан адамға тән болмысқа жетудің, оны айқындап, азат етудін жолдарын қарастыратын тілдің не мағынаның кез келген тұжырымдамасын, тіл болмысы туралы мәселені көтеретін кез келген антропологи яны - химера ретінде тану керек болады. Бәлкім, дәл осы тұста дәуіріміздің ең маңызды философиялық таңдауы жатқан болар және мұндай таңдау ойлаудың болашақ тәжірибесінде ғана жүзеге асуы мүмкін, өйткені бұл жолдардың қайсысы тығырыққа тірей тінін, қайсысы дұрыс болатынын ешкім де болжап айталмайды. Бұл тұста біз батыстық мәдениетте адам болмысы мен тіл болмысы ешқашан бірге өмірі сүріп, өзара үйлесім таппағанын ғана сенімді түрде айта аламыз. Және олардың мұндай үйлесім таппауы, біздің ойымыздың негізгі сипаты болып келген. Дискурсия талдауы шектеулі адами болмыстың талдауына ұласуының басқа да салдары бар. Сөз бен таңбаның классикалық теориясы түсініктер тізбегінің тығыз қатарында анықталған
айырмашылықтардың, түптеп келгенде қалайша ұқсастықа айна
лып, тұрақты ерекшеліктер мен шектеулі ұқсастықтардың кесте
де қалай орналасатынын айқындап беруі қажет еді. Бұл жердегі
мәселе болар-болмас байқалып өзгеретін Ұқсастық негізінде бо
латын Айырмашылықтың пайда болуына байланысты болатын.
Керісінше, шектеулі адами болмысты талдау бұған тура қарама-
қарсы қызмет атқаратын: ол адамның детерминацияға ұшырауын
анықтаған кезде, ең алдымен, өзінің байырғы шеңберінде жатқан
адам болмысының өзі – осы детерминацияны негіздеу бо
лып табылатынын көрсету қажет; сонымен қатар ол, тәжірибе
мазмұндарының өзіндік шарттарға айналуын, ойлауға келмей
тін нәрсенің ойға ұстатпай, оны алдын ала алаңдатуын және
ойдың оны ұстауға қайта-қайта әрекеттенуін де көрсетуі қажет
еді; ол адаммен еш уақытта бірге болмайтын әуелгі бастаудың
бірден ажырап кетуін және сол мезетте-ақ қайтадан қосылуын
көрсетеді: қысқасы, мәселе Басқа мен Алыстағының, сонымен
қатар, Жақын әрі Барабар болуын көрсетуге байланысты. Сол
арқылы Айырмашылықтардың тәртібі туралы пайымдаулардан
(метафизиканы қажет ететін талдау мен үздіксіздік онтология
сын қоса алғанда) әрдайым жаулап алынатын, қайшылыққа толы
Барабарлық туралы ойға қарай ойысу жүзеге асады, ол үшін
(жоғарыда әңгіме болған этикадан басқа) қандай да бір диалектика
керек, сонымен қатар, үздіксіздіктің көмегіне зәру болмай болмыс
туралы шенелген шектен шықпай әрі оны өзінен алшақ ұстай оты
рып пайымдау үшін метафизиканы қажет етпей, оны қажетсінбей
алатын онтологияның қайсыбір формасы да қажет. Диалектиканың
ойыны мен метафизикадан арылған онтология қазіргі ойдың та
рихында өзара үндесіп келеді, өйткені бұл ой қол жетпейтін
Айырмашылықты жасаудан гөрі, өзі мәңгі іздеген Барабарлықты
ашуға ұмтылады. Мұндайдың алдында Сыңардың пайда болуы,
сонымен бірге, шегінудің және оралудың, ойдың және ойлауға
келмейтін нәрсенің, эмпириялықтың және трансцендентінің,
позитивтіліктің қатарына қатысты және негіздеудің қатарына ти
есілі нәрседегі мәні осы “және”-де жатқан болар-болмас байқалса
да анықталмайтын ығысудың пайда болуы міндетті түрде көрініс
табады. Барабарлықтың өзінен-өзі жеруі, барабарлықтың ішінде
белгілі бір мәнде қалып қоятын және белгілі бір мәнде өзін-өзі
жасайтын саңылаудың пайда болуы, барабарлықты тек алшақ
жатқан форма ретінде анықтайтын қайталау, – мұның бәрі, әрине,
уақыттың ашылуы асығыстықпен телінетін қазіргі ойлау жүйесінің
негізіне алынады. Шын мәнінде, егер зейін қойып қарайтын болсақ, классикалық ойлау заттардың кестеде кеңістік тәртібін сақтап орналасу мүмкіндігін түсініктердің таза тізбегіне тән - өзінөзі өз негізінде тану, өздігінен еселеніп, бірмезеттілікті уақыттың ұзақтығы негізінде құру қабілетімен байланыстыруын байқауға болады: уақыт кеңістікті негіздеген. Ал, қазіргі ойлауда, керісін ше, заттардың тарихының негізінде және адамның тарихилығында Барабарлықты қопаратын алшақтау, оны екі қарама-қарсы нүктеге ыдыратып, қайта қосатын үзіліс анықталады. Нақ осы терең кеңістіктік уақытты тізбек ретінде тану арқылы, оны өзіне нәтиже, әуелгі бастау немесе қайта оралу ретінде таныту арқылы қазіргі ойлау жүйесіне оны пайымдауға мүмкіндік береді. 8. Антропологиялық ұйқы Адамды талдау ретіндегі антропологияның қазіргі ойлау үшін өте маңызды қызмет атқарып келгені даусыз. Өйткені қазір де біз одан әлі толық арылмадық. Оның қажеттілігі, түсінік талдау мен жинақтаудың кезектесу ойынын дербес әрі бір-ақ қимылмен анықтай алатын қабілетінен айырылған сәттен бастап сезіледі. Ендігәрі эмпириялық талдауларға астамшыл “мен пайымдаймын”-нан басқа қамсыздандыру керек болады. Осы астамшылық біткен жер де, яғни адами болмыстың шектілігінде – өмір сүретін, сөйлейтін, еңбектенетін жеке адамның санасында ғана емес, бүкіл болмысын да оның қажеттілігі арта түседі. Бұл Канттың “Логикасында” әдетте қойылатын үш сұраққа (нені білуге шамам жетеді? не істеуім қажет? неден үміттене аламын?) тәуелді: адам деген не? – деген тағы бір шекті сұрақ қосылғанда тұжырымдалған еді11. Біз жоғарыда көргендей, ХІХ ғасырдан бастап бұл сауал үнемі ойда пайда болады: ол үзілуін Кант көрсеткен эмпириялық және трансценденттік нәрселерді алдын ала және астыртын араластырып жіберді. Бұл сұрақ қазіргі философияға тән болатын қандай да бір ара лас түрдегі рефлексияны енгізді. Бірақ оның барлық пафосы, адамды тіршілік иесі, еңбек етуші немесе сөйлеуші субъект ретінде анықтауға ұмтылуы, іс жүзінде адамға жасалатын қамқорлығы – мұның бәрін тек аққөңіл аңғал жандар ғана көптен күткен адам патшалығының орнауы деп қабылдағаны анық; іс жүзінде мұның бәрі әлдеқайда қара дүрсінділеу әрі жоғарғы этикадан алшақ жатқан дүние болатын: бұл тұста мәселе эмпириялық-сыни еселенуге қатысты, сол арқылы табиғатта, айырбаста немесе сөйлеуде орныққан адамды өз шекте
улі болмысының негіздеуі ретінде көрсетуге тырысады. Дәл осы
Қатпарда трансцендентальды қызмет эмпириялықтың салғырт
әрі сұр кеңістігін өзінің үстемдік торымен жабуға талпынады, ал
басқа жағынан алғанда – эмпириялық мазмұндарға жан бітіп, олар
бірте-бірте жазылады және сол мезетте өздерінің трансценденттік
талаптарын алысқа таратып тұратын тілдің билігін мойындай ке
теді. Сонымен, осы Қатпарда философия қайтадан ұйқыға кетеді,
бірақ енді бұл Догматизмнің емес - Антропологияның ұйқысы бол
ды. Адамға қатысты кез келген эмпириялық таным философиялық
пайымдаудың өрісіне айналады және сонда танымның не
гізделуі, оның шектері мен шекарасы, сондай-ақ кез келген
ақиқаттың ақиқаты табылу тиіс болады. Қазіргі философияның
антропологиялық конфигурациясы (пішіндемесі) догматизмнің
еселенуін, оның бірін-бірі тіреп тұрған және сол мезетте шектеп
тұрған екі әртүрлі деңгейге таралуын қажет етеді: адамның шы
найы мәнісін сыннан бұрынғы талдауы - адами тәжірибеге берілуі
мүмкін нәрсенің аналитикасына айналады.
Ойдың аса терең ұйқысы өзіне парадоксальды түрде өні болып
көрінеді, өйткені ол еселену барысында өзін-өзі тіреуге ұмтылған
догматизнің дөңгеленген қозғалысын философиялық ойыдың
мазасыз шапшаңдығымен шатастырып алады, ойды туа біткен
мүмкіндіктермен қоса ояту үшін, антропологиялық “төртбұрышты”
түбегейлі қиратудан басқа амал калмайды. Қалай болғанда да,
жаңаша ойлауға талпыну дегеніміз – мәселе антропологиялық
өрісті тұтас қамту туралы бола ма, оның ішінде айтылғандардың
негізінде қайсыбір аршылған онтологияны немесе болмыс туралы
түбегейлі ойды іздеу туралы болама ма, немесе психологизм мен
историзм шегінен ғана емес, антропологиялық соқыр сенімдердің
барлық нақты түрлерінің шегінен шығып, ойлау шекарасы туралы
мәселені қайта қоюға талпыну арқылы зерденің жалпы сынының
жобасымен қайта байланыстыру туралы бола ма – бәрі де осыларға
саятын сияқты. Бәлкім, қазіргі ойға сөзсіз қажет Антропологияны
жоюға бағытталған алғашқы талпынысты Ницшенің тәжірибесінде
кездестіруге болады: филологиялық сын мен жаратылысы ерек
ше биологизм арқылы Ницше – құдай мен адам бірін-бірі иеле
нетін, құдайдың өлімі адамның жойылуының синонимі болатын
және келешекте аса туған адамның келуін, ең әуелі, адам ажалы
болмай қоймады дегенді білдіретін нүктеге жеткен. Сол арқылы
Ницше біз үшін осы келешекті бір мезетте әрі бастау, әрі мақсат
ретінде болжай отырып, қазіргі философияның ойлай бастауға
қабілетті межесін де белгілеп береді; және оның философияның
дамуына ұзақ әсер ететіні де даусыз. Егер Оралудың ашылуы –
философияның ақыры болатын болса, онда адамның ақыры – фи
лософия бастауының оралуы болады. Бүгінде енді адамы жоқ, бос
кеңістікте ғана ойлануға болады. Мұндай бос нәрсе жетіспеушілік
ті білдірмейді және ол бос орынды толтыруды қажет етпейді. Бұл
ақыры қайта ойлана бастауды мүмкін ететін кеңістіктің тек жайы
лып-жазылуы ғана.
Антропология – философиялық ойдың бағытын анықтап, біз
ге дейін жеткізіп тұрған негізгі диспозиция болатын сияқты. Бұл
диспозицияның маңызы тарихымыздың бір бөлігі болуында,
алайда ол біздің көз алдымызда ыдырауға жақын тұрады, өйткені
бір мезетте біз сын арқылы оны мүмкін ететін әуелгі айқындық
пен кез келген болашақ ойға табандылықпен қарсы тұратын
тұрақты кедергіні танып, жоққа шығара бастаймыз. Адам тура
лы, адамның патшалығы мен адамды азат ету туралы мәселені әлі
көтергісі келетіндердің бәріне, адам шын мәнісінде кім? – деген
сауал қоятындардың бәріне, өзінің ақиқатын іздеген кезде адам
ды негізге алатындардың бәріне және, керісінше, кез келген та
нымды адамның ақиқатынан іздейтіндердің бәріне, антропологи
яландырмай қалыптаумен, демистификациясыз мифтендірумен
келіспейтіндердің бәріне, адам ғана ойлайды деген ойы болмаса,
мүлдем ойлағысы да келмейтіндердің бәріне, – рефлексияның
осындай оғаш әрі ерсі түрлеріне – тек философиялық, яғни үнсіз
күлкіні ғана қарсы қоюға болады.
Түсініктемелер
1(грек.) жақсы
2 (грек) жаман
3 Nіetzsche. Genealogіe de la morale, І, § 5.
4 позитивтілік – білім арнайы ғылым арқылы ғана жиналады
деген пікірді ұстанатын, философиялық ілімді жоққа шығаратын
ілім.
5 Кітаптың осы бөлімінде “дискурс” деген көпмәнді сөздің
мағыналық реңкі бар: ол “сөйлеу” ғана емес, сонымен қатар
“сөйлеу-ой” деген мәнге ие. Бұл тұста біз классикалық дискурсияға
немесе таза тілдік құбылыстарға емес, қазіргі эпистеманың ішін
дегі әртүрлі “сөйлеу-ойлау” сияқты құрылымдарға жолығамыз.
6 Аподиктикалық – бұлтартпас дәлелге не дерекке негізделген.
7 (нем.) бейсаналық
8 Этиканың бұл екі формасы түйіскен тұста Канттың жаңалығы
орналасады: субъект саналы болғандықтан өзіне-өзі өзіндік әрі
әмбебап заң шығарып береді.
9 Ойлауды зерттеудің дөрекі-әлеуметтік бағытымен болған по
лемикада Фуко басқа ұшқары пікірге ұрынады; философия мен
саясаттың үйлеспейтіні туралы айтқанда, ол, шын мәнінде, қазіргі
философияда ойлау болмысы мәселесінің маңыздылығы туралы
дұрыс тезисті жүйелі түрде зерттеу мүмкіндігінен айырылады.
10 (грек.) өнер, кәсіп.
11 Kant. Logіk, Werke, ed. Cassіrer, t. VІІІ, S. 343
Фуко М. Человек и его двойник //Слова и вещи. Археология
гуманитарных наук. Санкт-Петербург. A-cad. 1994. С. 325-363.
Жан-Франсуа ЛИОТАР ФЕНОМЕНОЛОГИЯ Кіріспе І. “Феноменологияның тұтастығы мен оның шынайы мәнін біз нақ өзімізден табамыз”, – деп жазады Мерло-Понти, ал Женсон басқа қырынан келіп, “феноменологияның шынайы анықтамасын талап ету”-дің ақылға қонбайтынын айтады. Расында, мұндай “қозғалыс” пен мұндай “стильдің” мәнін феноменологияға тән сауалға қайта жан бітіріп, оны сыртқа шығарған кезде ғана нақты анықтауға болады. Марксизмге немесе картезианшылдыққа қатысты да дәл осыны айтуға болады. Түптеп келгенде бұл фи лософияны тек “сырттай” және оқиға ретінде ғана танымай, оны ой ретінде, яғни қалыптаса бастаған нәрсе ретінде, ілгері-кейінді қозғалыс ретінде, проблема ретінде тану қажеттілігін білдіріп тұр. Ақиқи объективтілік пен Гуссерль ұмтылған шынайылықтың мәні осыған саяды. Бірақ, феноменология тарихшы осындай ойлауды сипаттағанда түбінде өз пайымына жолығады деген Женсонның пікіріне сай келетін қарапайым субъективтілікті білдірмейді. ІІ. Гуссерльдің феноменологиясы субъективизм мен иррационализмнің дағдарысынан (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы) туындаған. Бізге мұндай ойлауды оның өзі орын тепкен тарихының ішінде орналастыру қажет болды. Әрине, бұл тарих біздің де тарихымыз. Феноменология психологизмге, прагма тизмге қарсы шыққан болатын, батыс ойының белгілі бір кезеңімен тығыз байланыста болса да, сол кезеңге де қарсы шыққан. Ол, ең әуелі, таным туралы, танымның өзін тану туралы пайымдау болған әрі солай қала береді де; және де оның әйгілі “жақшаға алуының” мәні - мәдениеттен, тарихтан әуелден-ақ бас тарту және сол арқылы кез келген білімнен арылып, радикалды білімге жатпайтын нәрсеге оралу болатын. Бірақ, мұрадан осылайша бас тартудың мәні, мұндай, Гуссерльдің айтуынша, “қасандықтың” тамыры мұраның өзіне байланысты екен. Сонымен, тарих феноменологияны қамтып тұрады және бұл жәйтты Гуссерль өз еңбектерінде үнемі қайталап отырады. Дегенмен де, феноменологияда қандай да бір тарихқа жат ұмтылыс, тарихқа жат дәмелену бар, сондықтан біз феномено логияны зерттеуді оның өз тарихынан бастаймыз және сол тарих пен айтысын қарастыра отырып, онымен қош айтысамыз.
ІІІ. Феноменология картезианшылдыққа ұқсас келеді, сондықтан да, әрине, осындай жанама жол арқылы оған жақындай түсу орын ды да болар: ол – күмәнділіктің өзін жоққа шығаратын тілдің немесе логостың “бағытына” қарай жылжу арқылы логиканың күмәнділігін жеңуге ұмтылатын логикалық пайымдау болып табы лады. Қандай да бір Mathesіs Unіversalіs бар деген картезианшыл үмітке Гуссерль қайтадан жан бітіреді. Әрине, Mathesіs Unіversalіs философия әрі бұл Канттан кейінгі философия болып табылады, өйткені ол метафизикалық жүйелеуді болдырмауға талпынған еді. Ол – ғылым шарттарын жаңаша негіздеуді өзінің ғылыми міндеті деп білген ХХ ғасырдың философиясы. Ол білімнің нақты немесе “эмпириялық” ғылым кейіпінде көрініс табатынын білген, соны мен қатар, ондай ғылыми білімнің қандай нәрсеге негізделетінін де білуге ұмтылды. Ол зерттейтін танымның тікелей берілетін нәрселері, тамыры, бастапқы нүктесі дәл осы тұста орналасқан. Танымның априорлы шарттарын Канттың өзі де іздеген болатын, бірақ мұндай априорлық әуелден-ақ шешімді анықтап тұрады. Ал, феноменология болса, осындай гипостаздауға жол бермеуге тырысады. Оның сауал қою стилі, радикалды болуы және мәндік жағынан аяқталмауы осыған байланысты. ІV. Неліктен “феноменология”? – Бұл термин “феномендерді”, яғни санада пайда болатын және “берілетін” құбылыстарды зерт теу дегенді білдіреді. Бұл жердегі әңгіме болмыс пен оның фено мені болып табылатын феномен арасындағы қатынас туралы және оны менмен біріктіріп тұрған қатынас туралы ешқандай болжам жасамай-ақ қабылданатын, ой мен тілге арқау болатын осы беріл ген нәрсені, “заттың өзін” зерттеу туралы болмақ. Ұзаққа созыла тын субстанцияның философиясын немесе сезімталдықты a prіorі құрайтын кеңістік философиясын жасау үшін балауыз түйіршегін негізге алудын қажеті шамалы. Ешқандай алғышартсыз балауыздың кішкене кесегін елестете отырып, оны сол күйінде сипаттау қажет болады. Сонымен, феноменологиялық пайымдаудың ішінде қандай да бір сыни сәт, түсіндіруден бас тартуға саятын қандай да бір “(осындай) ғылымды терістеу” (Мерли-Понти) қылаң береді: өйткені, мен астында отырып қызыл түс туралы пайымдайтын абажурдың қызыл түсін түсіндіру – соның астында отырып қызыл түс туралы ойлағанда, абажур боялған сол қызыл түстен бас тар тумен бірдей нәрсе; бұл - оны жоғары жиілікті діріл, деректердің қарқындылығы ретінде қабылдап, осы қызылдың орнына “бір демені”, нақты айтсақ, мен үшін енді “заттың өзі” болып табыл
майтын физикалистік объектіні қоюмен барабар нәрсе. Әрқашан
рефлексиядан бұрын болатын иррефлексивті, предикаттан бұрын
болатын нәрсе бар, яғни ол - рефлексия, ғылым негізделетін нәрсе
және өз есептерін бергенде ол ұстатпай кетеді.
Феноменологияның екі келбеті мынадай болады: ғылымға де
ген күшті сенім ғылымдағы жаңа дағдарысқа жол бермеу үшін
оның ғимаратын тұтасымен бекітіп, негіздеуге итермелейді. Бірақ,
осы ниетін жүзеге асыру үшін ғылым шеңберінен шығу, “санасыз
түрде” өзі орналасатын нәрсеге бойлау қажет болады. Осындай ра
ционалистік ниетті ұстанған Гуссерль рационалистіктен бұрынғы
нәрсені зерттеуге бет алады. Бірақ, абайсыз қимылдан осындай ра
ционалистіктен бұрынғы нәрседен рационалистікке қарсы нәрсе,
ал феноменологиядан – иррационалдылық қамалы жасалуы әбден
мүмкін. Хайдеггер Гуссерльден бірнәрсе алса да, біраз нәрсені
өзгерткен сияқты. Біз баяндауымызда феноменологиялық мектеп
тарихында жазылған мұндай екі ұштылықты жасыруға талпын
баймыз.
V. Біз үшін феноменологиялық тұжырым гуманитарлық
ғылымдар тұрғысынан қызықты. Әрі бұл кездейсоқ нәрсе емес.
Кез келген ғылыми тақырыптан бұрын болып, оған өкілеттілік
беретін тікелей берілетін деректі зерттейттін феноменология
сананың осы дерек туралы негізгі сипатын немесе мәнін, яғни
интенционалдылығын да ашады. Дәстүрлі түсінікте “қорытатын”
немесе сыртқы әлемді ас тәрізді сіңіретін (мысалы, Кондильяк
та) сана орнында тұратын феноменология – “бағыттың бойымен
бөлінеді” (Сартр), ал егер оның әлемге қатысы болмаса, онда, ол
тіпті, ештемеге айналатын әлдебір сананы ашады. Бірақ, онда
объективті, эксперименттік, қысқасы, психологияда, социологи
яда және т.б. орын алған сияқты, физикаға еліктейтін тәсілдер де
толығымен барабарлыққа сай бола ма? Бұл жағдайда, тым бол
маса, сана “әлеммен қоса өрілетін” әртүрлі модустардың жазы
луын түсіндіруден бастау қажет шығар? Мысалы, метафизикалық
сипаттағы белгілі бір таңдау болып табылатын әлеуметтікті ны
сан ретінде қарастырмас бұрын, әрине, “қоғамдағы болмыс”
дерегінің сана үшін маңызын түсіндіріп алып, содан соң ғана
мұндай дерек тұралы аңғал сауал қою қажет болар. Тек осы жол
мен ғана әлеуметтік мәселенің қойылуынан туындайтын және бол
май қоймайтын қайшылықтарды жоюға болады: феноменология
гуманитарлық ғылымдарды алмастыруға талпынбаса да олардың
нәтижелерін сұрыптап, зерттеулерінің бағытын өзгерту арқылы
проблематикасын айқындауға күш салады. Біз бұл жағдайға әлі ораламыз. VІ. Феноменологияның маңыздылығын айрықша атап көрсетудің қажеті бар ма? Ол “еуропалық” ойдың бір кезеңі болып табылады және өзін солай таниды да – Дағдарыстағы Гуссерль дәл осыны көрсеткен еді. Біз мұндай тарихи мәндердің бірден мәңгі түрде анықталмайтынын біле тұра, оның тарихи мәнін белгілей міз, өйткені қазіргі кезде де феноменологтар бар, сондай-ақ та рихи құбылыс ретіндегі феноменологияның мәні әлі аяқталмай, жалғасын тауып келеді. Расында да, Финк Хайдеггердегі бір нәрсеге көңіл бөлсе, Рикер Мерло-Понтидағы басқа нәрсеге на зар аударады, ал Левинас – Поз немесе Тевеназдан үшінші бір нәрсені табады және мұндай жағдай феноменологияны зерттеуге сақтықпен кірісуді ақтап тұрады. Бірақ, Жан Вальдің көрсетуінше, жалпы феноменологиялық “стиль” деген нәрсе бар. Жоғарыда аталған ойшылдардың арасында үлкен айырмашылықтың болуы на қарамастан біз нақ сол стильді сипаттауға талпынамыз және сол арқылы Гуссерльден басталатын нәрсені, яғни бастауды оның өзіне қайтарамыз. Гуссерль1 І тарау. Эйдетика 1. Психологиялық скептицизм. – Гуссерль қарсы шығатын психологизм таным субъектісін және психологиялық субъектіні ба рабар деп біледі. Ол “бөлменің қабырғасы сары” деген пікір – сол қабырғаны қабылдап, пайымдайтын менен тәуелсіз нәрсе емес де генді айтады. “Қабырға” және “сары” деген түсініктер көлемі мен мазмұны жағынан кез келген нақты ойға тәуелсіз түсініктер бо лып табылады деген уәж айтылуы мүмкін. Онда олардың субъект пен реалдылыққа трансцендентті түрде өз ішінде болуымен келісу қажет пе? Идеялардың реализмінің қайшылықтарынан (мысалы, платоншылдықтың) құтыла алмаспыз және олардың шешімі де жоқ. Бірақ, егер қайшылық қағидасына пікір жарамдылығының (бұл жерде платондық) өлшемі ретінде жол берілсе, онда бұл оның нақты ойға қатысты тәуелсіз екенін білдірмей ме? Осылайша, ұғым, логикалық материя мәселесінен оны құру, қалыптастыру мәселесіне, ұстындарға қарай ойысады: бірақ, мұндай жаңа тұрғы арқылы психологизмді қарусыздандыру мүмкін болмайды. Егер
логик екі қарама-қарсы пікірдің бір мезетте ақиқат болуы мүмкін емес десе, онда ол шынымен-ақ түйсіну деңгейінде менің қабырға сары әрі жасыл деп пайымдауымның мүмкін еместігі туралы да айтады. Негізгі ұстындардың жарамдылығы менің психикалық болмысыма негізделген және туа біткендіктен олар дәлелдеуге кел мейді. Бұдан түптеп келгенде, психологиялық әрекеттер меңгеретін тәуелсіз ақиқат болмайды деген қорытынды шығады. Егер менің білімім ақиқаттың классикалық тұжырымдамасының талабына сай өз объектісіне сәйкес болған болса, онда менің қалайша білуім мүмкін болады? Және мұндай сәйкестіктің барабарлықтың белгісі қандай? Өйткені объект туралы кез келген сауалдың артық болуы на септігін тигізетін қандай да бір “сананың күйі”, яғни субъектив тік шынайылық қажет. Сонымен, ұғым – есте қайта жаңғыру, ұстын – психологиялық механизмнің мүмкін жағдайы, ал ақиқат – табысқа жет кен сенім болған. Егер жеке алғанда ғылыми білімнің біздің жаратылысымызға қатысы болмаса, онда ешқандай заң абсолютті түрде дұрыс айтылмаған да болар еді, ол шексіз тексерілуде бола тын болжам және сол болжамның заңдылығын анықтауға мүмкіндік беретін операциялардың пәрменділігі (прагма) болар еді. Бұл жағдайда ғылым бәрінен бұрын қолайлы символдар (күш, энер гия) торын өріп, оларды әлемге таратқан болар еді. Бұл жағдайда оның жалғыз ғана субъективтілігінің мәні осындай символдардың арасындағы әрекетті мүмкін ететін тұрақты байланыстарды ор нату болады. Турасын айтқанда әлемді тану ешқандай қиындық туғызбайтын. Бұдан әрі ғылым тарихында мұндай танымның прогресін дәлелдеп шығу мүмкін емес: тарих дегеніміз нақты анықтауға келмейтін белгілеуден, қателіктер мен сынамаларды жинаудан тұратын қалыптасу болып табылады. Демек, ғылымға жауабы жоқ сұрақтарды қоюдан бас тарту қажет шығар. Сондайақ, математика – келісім бойынша белгіленетін символдардың ауқымды формальды жүйесі және шектері анықталған мазмұны жоқ операциональды аксиомалар: біздің қиялда бәріне де орын та былады (Пуанкаре). Өзін-өзі анықтайтын математикалық ақиқат, әу баста таңдап алынған аксиомалардың референциалдығына сай анықталған болып шығады. Мұндай жағдайлардың бәрі скепти цизмге жетелейді. 2. Мән. – Гуссерль эмпиризмге сүйенетін мұндай скептицизмнің өзін-өзі жоққа шығаратынын көрсетеді (Логические исследования, Идеи І), өйткені ол өзіне-өзі қайшы келеді. Расында да, кез келген
эмпиризм үшін ақиқаттың жалғыз қайнары тәжірибеде деген пікір
негізгі қағидатқа (постулат) айналған: бірақ мұндай пайымның
өзін тәжірибе арқылы дәлелдеу қажет болады. Сонымен, мұндай
пікірдің болуы үшін кездейсоқ әрі жалқы нәрсемен шектелетін
тәжірибе ғылымға әмбебап әрі қажетті ұстынды ұсына алмайды.
Басқа қырынан алғанда, мысалы, математиктің пайымдау кезінде
бастан кешетін субъективті жағдайлар ағымы мен пайымдаудың
өзін шатастырып алу мүмкін емес: пайымдау операциялары мұндай
ағымдарға тәуелсіз түрде анықталады; бұл жерде, осындай субъек
тивті ағым арқылы дұрыс пайымдаудың шынайылығына қол жет
кізгенде ғана математик шын мәнінде пайымдайды дегенді айтуға
болар еді. Бірақ мұндай мінсіз шынайылық логикалық шарттармен
анықталады, ал пайымдаудың ақиқаты (оның қайшылықсыздығы)
математикке де, логикке де өзін-өзі ұсынады. Дұрыс пайымдау
әмбебап түрде заңды, ал жалған пайымдауда субъективтіліктің
дағы болады, демек оны (жалған пайымды) жеткізу де мүмкін
емес. Бұл – тікбұрышты үшбұрыштың мінсіз шынайылығы тәрізді
нәрсе, өйткені ол предикаттар жиынтығының субъектісі болып
табылады және олар одан ажыраған жағдайда, тікбұрышытың өзі
де жойылады. “Идея” сөзінің екі ұштылығынан арылу үшін ол
барлық предикаттардың жасап тұрған мәнін иеленеді дейміз және
сол предикатарды ойша жойып жіберсек, шын үшбұрыштың өзі
де жойылып кетеді. Мысалы, кез келген үшбұрыш шын мәнісінде
дөңес болып келеді.
Егер математикалық “нысандар” деңгейінде қала берсек,
онда осындай объектілерден конвенционалды концепттерді жа
сап тұрған формалистік уәж де өз күшінде қала береді. Мысалы,
математикалық объектінің мәндік қасиеттері деп аталатын нәрселер
шын мәнісінде аксиомалардан шығарылатынын көрсетуге бола
ды. Гуссерль «Логические исследования» деп аталатын еңбегінің
екінші томынан бастап, өзінің мән теориясын эмпиризмнің сүйікті
топырағына, яғни түйсікке орналастыру үшін кеңейте ме? Біз,
“қабырға сары” дегенде осы пайымға мәнді қосамыз ба? Мысалға,
түсті алайық – өзі “орналасатын” бетте оны тәуелсіз түрде тану
мүмкін бе? Жоқ, өйткені берілетін кеңістіктен ажыраған түстің бо
луы мүмкін емес. Өйткені, егер қиял арқылы түрлі-түсті объектіні
“құбылтқанда” біз оның “кеңістіктік” предикатын алып тастасақ,
түрлі-түсті объектінің болу мүмкіндігін жойып, мүмкінсіздік сана
сына жолығар едік. Дәл осы тұста мән ашылады. Демек, пайымда
уларда біздің қиялымыз шектеледі, оны пайымдайтын заттардың
өзі зейінімізге бекітеді, ал Phantasіa-ның өзі құбылту тәсілінің арқасында анықталады. Қиялдың көмегімен түрлендіру (құбылту) тәсілі бізге объектінің мәнін, болмысын ашады. Объект (objekt) – “кез келген қандай да бір зат” болып табылады, мысалы, - екі деген сан, до нотасы, шеңбер, кез келген пікір, сезімнің дерегі (Іdeen І). Объектіні тек шынайы айқындылыққа және менің шамама қатысты толғанысқа ғана бағынып, кенеттен “құбылтуға” болады. Объектінің мәні немесе эйдос өзінің барлық нұсқаларында барабар инвариант арқылы жасалады. Сонымен, егер сезім арқылы қабылданатын затты түрлендірер болсақ, онда заттың болмысы, яғни субстан ция және каузальды бірлік ретіндегі екіншілік қасиеттерден ада кеңістіктік-уақыттық жиынтық пайда болады. Демек, мән ішкі түйсіктің, яғни, интуиция толғанысында сынға түседі; “мәнді көру”-дің (Wesenschau) ешқандай метафизикалық сипаты болмай ды, ал мән теориясы мәннің болмысы бекітілуі мүмкін платондық шындыққа енгізілмейді; мән дегеніміз “заттың өзі” әуелгі сыйлық ретінде маған ашылатын нәрсе ғана. Әңгіме эмпиризмнің қалаған нәрсесі туралы, “заттардың өзіне” оралуы (zu Sachen selbst) мен кез келген метафизикалық таңдаудың жойылуына қатысты болған еді. Бірақ, осы заттардың өзіне оралу талабын тәжірибедегі кез келген танымды бекіту талабымен қосып жіберетін эмпиризм – тек тәжірибе ғана заттарды таниды деген қағиданы ұстанып, метафизикалық күйде қала береді: өйткені, эмпириялық, прагматикалық соқыр сенім деген нәрсе бар. Шын дап келгенде, кез келген рационалды пікірдің шекті құқық қайнары жалпы “көруде” (Sehen), яғни әуелгі сыйға берілетін санада (Іdeen) жатады. Гуссерль біз ештеңені де алдын ала ұйғармауымыз қажет, “тіпті философия ұғымын да” дегенді айтады. Ал, психологизм түрлендіру арқылы қол жеткізетін эйдосты тегі психологиялық не эмпириялық түсінікпен барабар еткісі келіп, сол арқылы оның өз занына таласатын: (түсінік ретіндегі екі деген санды тәжірибенің көмегімен құрауға болады) әуелгі ішкі түйсікті ұстап қалуды қалаған кезде, біз оған ол өзі сол туралы білетін нәрседен әлдеқайда көп нәрсені айтады деген жауап қайтара аламыз. Бірақ осы санға түрлендіру арқылы жеткенде, мен санды құрастыратын кез кел ген теорияның “алдында” эйдос болады дегенді айтамын, ал кез келген генетикалық экспликация (айқындама) оның дәлелі болады және ол әрдайым генезисі айқындалу қажет “қайсыбір зат” тура лы шынайы білімге арқа сүйенеді. Екі деген санның жасалуының
эмпириялық түсіндірілуі бұл санның әуелгі ұғынуын талап етеді.
Демек, мұндай ұғыну бүкіл эмпириялық ғылымның шарты, ал
оның бізге ашатын эйдосы – таза мүмкіндік қана болып табыла
ды. Бірақ реалдылықта мұндай мүмкіндіктің алдында эмпириялық
ғылым айналысатын нәрсе болады. 3. Эйдетикалық ғылым – Міне, сол кезде аталған ғылымның
заңдылығын анықтау мүмкін болады. Гуманитарлық ғылымда
байқалатын ғылымның өзіне-өзінің сенімсіздігі соқыр практикалық
мазасыздықтан бастауын алатын және оны болдырмау үшін физика
мен математиканы үлгі тұтатын. Бірақ, физиканы жасамас бұрын
оның мәнін, физиканың дерегі болып табылатынды зерттеу қажет.
Басқа пәндерде де дәл солай жасау қажет. Әуелгі ішкі түйсік (ин
туция) арқылы танылатын эйдостың анықтамасынан келешекте
эмпириялық зерттеулерді бағыттайтын әдіснамалық қорытынды
жасауға талпынуға болар еді. Айталық, егер психикалықтың мәні
физикалықтың мәнімен кез келген араласуды болдырмайтын
амал арқылы танылмаса, онда ешқандай байсалды эмпириялық
психологияның жасалуы да мүмкін болмайтыны айқын. Басқаша
айтсақ, әрбір эмпириялық танымды меңгеріп тұратын эйдетикалық
заңдарды анықтау қажет: мұндай зерттеу жалпы эйдетикалық
ғылымды немесе табиғат онтологиясын жасайды (яғни esse-
ні, немесе мәнді зерттейді). Бұл онтология өзінің ақиқатында
эмпириялық ғылымға сай келетін пролегомендер сияқты танылады
және мұндай жағдай геометрия өз дамуында физикалық танымның
қосалқысы ретінде қызмет атқарған кезде болған. Кез келген
табиғи заттың мәні кеңістік болмысқа ие, ал геометрия кеңістіктің
эйдетикасы болып табылады. Бірақ ол заттың барша мәнін жет
кізе алмағандықтан, басқа жаңа пәндер даму үстінде. Демек, эм
пириядан бастап иерархиялық (бағынушылық) сипаттағы жіктеліс
қажет: 1) онтология немесе материалды эйдетикалық ғылымдар
зерттейтін материалды мәндер (мысалы, киімнің мәні); 2) кейін
гі мәндерді қамтып, аймақтық эйдетикаларда көрініс табатын
аймақтық мәндер (мәдени объект); 3) объектінің жалпы мәні, оның
формалды онтологиясы жоғарыда келтірілген анықтамаға сай зерт
телуі қажет2. Барлық аймақтың мәндерін қамтып тұрған соңғы мән
“таза эйдетикалық форма”, ал ол анықтап тұратын “формальды
аймақ” – материалды аймақтарға сай келетін аймақ емес, “жалпы
аймақтың бос формасы”. Мұндай формальды онтология таза логи
када анықталады; ол mathesіs unіversalіs, Декарт пен Лейбництің
аңсаған арманы. Мұндай онтология жалпы теория ұғымын ғана
емес, сонымен қатар, болуы мүмкін барша теориялардың форма
ларын (жиынтық жүйесін) анықтауы қажет екені айқын.
Гуссерль бастамасының маңызды деген алғашқы қозғалысы
осыған саяды. Ол “осы жерде жеке әрі кездейсоқ түрде болу”
ретінде анықталатын дерекке сүйенеді; деректің кездейсоқ бо
луы қажетті мәнге жетелейді, өйткені кездейсоқтықты пайым
дау дегеніміз – оның қазіргі болғанынан басқа болуы мүмкін
деректің мәнінің иелігінде екенін пайымдау. Демек, деректілік
қажеттілікті туғызады. Мұндай бастама платоншылдық пен оның
“аңғалдығын” айқын түрде жаңғыртып тұр. Сонымен қатар, ол
картезианшылдықтан да ада емес, өйткені ол мәндердің танылуын
кез келген танымның ақыры ретінде емес, материалды әлемнің
танылуына қажетті кіріспе ретінде жүзеге асырғысы келеді. Бұл
мәнде эйдетиканың ақиқаты эмпирияда орналасады, сондықтан
да бізді объектінің кездейсоқ деректілігінен оның ақыл жетер
лік мазмұнына қарай итермелеп тұрған “эйдетикалық редукция”
әлі “фәнилік” болып қалады. Әрбір эмпириялық ғылымға сол
ғылым зерттейтін объектілердің аймақтық эйдосына қатысы
бар эйдетикалық ғылым сай келеді, ал гуссерлік ойдың осы
кезеңіндегі феноменологияның өзі - сана аймағының эйдетикалық
ғылымы ретінде анықталады. Басқаша айтсақ, адам туралы әрбір
эмпириялық ғылымда (Geіteswіssenschafte) айқын әрі қажетті
түрде сананың мәні байқалады және ол туралы Гуссерль Идея ІІ-
де айтуға талпыныс жасайды.
ІІ тарау. Трансценденттілік 1. Субъект проблематикасы – Сонымен, феноменология
“рух туралы ғылымдармен” айналысуға дайындайтын пән ретін
де танылды. Бірақ, «Логикалық зерттеулердің» екінші томынан
бастап, бізді шын мәніндегі философияға кірісуге мәжбүрлейтін
шегініс байқалады. “Өзара байланыс мәселелер жиынтығына”
– яғни ой мен оның объектісі арасындағы қатынастан туындайтын
мәселелер жиынтығына тереңдей түсу, - бұл проблематиканың
өзегін: субъективтілікті құрайтын сауалды қоюға мүмкіндік береді.
Бәлкім, бұл тұста Гуссерльде өзінің шәкірті болған Брентаноның
ықпалы да сезілетін шығар. Сана әрқашан бір нәрсе туралы сана
күйінде болады, басқаша айтсақ, сана интенционалды деген
жағдай брентанолық психологияның негізгі позициясы. Егер біз
осы тұрғыны эйдетика деңгейіне қолданар болсақ, онда ол, жал
пы кез келген объект, эйдостың өзі, зат, ұғым және т.б. сана үшін объект болып табылады дегенді білдіреді, сондықтан мен білетін объектінің қандай екенін және мен үшін объектінің қандай екенін көрсетіп беретін тәсілді сипаттаған дұрыс. Бұл біздің психоло гизмге оралуымызды білдіре ме? Өйткені сондай пікірдің болуы мүмкін. Алайда, бұл жерде психологизмнің аты да жоқ. Білімді түбегейлі нығайту қажеттілігі Гуссерльді формаль ды эйдетикаға, яғни логицизмнің (бүкіл математиканы логикаға сәйкестендіру) қандай да бір түріне алып келді. Бірақ мәндер жүйесін негізге алғанда екі болуы мүмкін бағыт ашылады: логикалық ғылымды mathesіs unіversalіs-те дамыту, яғни объ ект жағында ғылымдардың ғылымын қалыптастыру неме се, керісінше, осы ғылымның субъект үшін логикалық түрде қолданатын түсініктер мағынасын талдаудан осы түсініктер арасында орнығатын қатынастар мағынасына қарай, ол тұрақтандырғысы келетін ақиқаттардың мағынасына қарай ойысу бар, яғни бұл – қысқаша айтсақ, қайсыбір “теория ны” жасау мақсатында емес, радикалды эйдетикалық білімді ең радикалды жолмен бекіту үшін танымның өзіне сенімсіз дікпен қарау болып табылады. Гуссерль объектінің қарапайым түрде сыйға тартылуында Мен-нің және Мен-нің талдауына же телейтін объектінің арасында байланыстың жасырынғанына көңіл бөліп, екінші бағытты тандаған. Эйдостың радикалдылығы одан өткен радикалдылықты талап етеді. Неге? Өйткені, логикалық нысаннның өзі маған көмескі әрі шатастырылған күйде берілуі мүмкін, ал мен мұндай заңдылықтарды, мұндай логикалық бай ланыстарды негізге алғанда, бос, формальды, операциональды “қарапайым репрезентацияға (көрініске)” ие болуым мүмкін. Ал тыншы «Логикалық зерттеулерде» Гуссерль логикалық (немесе категориялық) ішкі түйсіктің мұндай таза символдық ұғынудан сезімдік ішкі түйсікке “бекігенде” ғана қашатынын көрсетіп бе реді. Бұл тұстағы әңгіме ішкі түйсіксіз ұғым бос дегенді айтатын кантшыл жағдайға оралу ма? Қазіргі кантшылдардың пікірі осын дай. Сонымен, «Логикалық зерттеулердің» екінші томында біз екі өзара қосарланып жатқан қозғалысты аңғарамыз. Олардың бірі күйзелісті талдауды кез келген танымның негізі ретінде енгізеді, бұл бізді психологизмге жолықтыратындай әсер қалдырады. Екін шісі – сезімдік затты іштей түйсінуге негізделіп, идеалды объектінің қарапайым ұғынылуын сипаттайды және феноменологияны кан
тшыл позицияға қайта орнататын сияқты. Қалай болғанда да Гус серль осы аталған жолдардың екіншісіне үңіледі және “мәндер” реализмі субъект идеализмі бағытына қарай сырғитындай әсер қалдырады: “Логикалық ұстындардың маңыздылығын талдау субъектіні көздейтін зерттеулерге жетелейді” (Logіque formelle et logіque transcendentale, 203). Сонымен, бұл кезеңде біз эмпириялық Мен-ді көздейтін идеализм мен кантшыл стильдегі трансценден тальды идеализм арасында таңдау жасауға талпынғандай болдық. Бірақ бұлардың екеуі де Гуссерльді қанағаттындыра алмады. Өйткені, біріншісі – ақиқи пайымдарды психологизм арқылы сананың қарапайым күйіне түсіріп, қол жетпейтіндей етеді және ол сананың бір ағымына, бір мезетте жарамды мен жарамсызды тоғыту арқылы ғылымдарды да, әмбебап теория ретіндегі өзін де қиратады. Ал, екіншісі – нақты танымның шынайы жағдайын емес, таза сананың a prіorі (таза физика не математика) шарттарын ғана білдіргендіктен: Канттың трансцендентті “субъективтілігі” жалпы кез келген болуы мүмкін объектінің танылуын реттеп тұратын шарт тар жиынтығы болып шығады, ал нақты Мен объект ретінде сезім деңгейіне лақтырылып тасталады (Гуссерльдің Канттың психоло гизмін айыптауы да осыған байланысты). Ал, нақтылы тәжірибенің жеке ғылыми заңдардың қолданылуын қамтамасыз ету үшін кез келген болуы мүмкін танымның сұлбасына пәрменді түрде енуі туралы сауал жауапсыз қалады. Дәл осы жағдай «Таза зердеге сынында» да қайталанады. Онда Канттың өзі мойындағандай, нақтылы моральдық тәжірибенің таза моральдылықтың a prіorі шарттарымен бірлесуі мүмкін емес екен. Демек, Гуссерль таным субъектісіне негізделетін ақиқаттық қағидасын сақтап қалып, танымның ыдырауы мен субъектінің ыдырауын жоққа шығарады. Дәл осы тұста ол Декартқа жүгінеді. 2. Редукция – «Феноменология» идеяларында (1907) картез ианшылдықтың әсері байқалады; ол оның Идеялар І және бірша ма аз деңгейде Картезианшыл толғауларына көлеңкесін түсіріп тұрады. Күдіктену мен cogіtіo операцияларының арқасында танылатын картезианшыл субъект абстрактылы сұлба емес, нақтылы субъект және күйзеліс болып табылады. Сонымен қатар бұл субъект абсо лютты болады, өйткені алғашқы екі пайымның шынайы мағынасы мынаған саяды: ол өзін-өзі қамтамасыз етіп тұрады және оның болмысын бекіту үшін ешнәрсенің қажеті жоқ. Субъекттің өзін-өзі қабылдауы (перцепциясы) “бар және солай бола береді де, өйткені
оны қайсыбір абсолют, қайсыбір “міне-осы жерде”, өз болмысын сол қалпында қабылдайтын қайсыбір затпен өлшей алатын қайсыбір зат, түптеп келгенде, “бар” және “берілген” дегенді білдіретін және білдіруі қажет нәрсе жалғастырады” (Іd. phen.). Күйзелістің инту ициясы өзі арқылы әрбір біріншілік айқындықтың үлгісін жасай ды. Және Идея І-де Гуссерль қабылданатын әлемді немесе табиғи әлемді негізге алатын картезианшыл қозғалысты қайта жанданды рады. Қисындық тұрғыдан алғанда табиғи тұрғыға қарай мұндай “сырғудың” болуына таң қалудың қажеті жоқ: бұлардың екеуі де “фәнилік”, ал объект зат әрі ұғым болып табылады. Дәлірек айтсақ, бұл жерде сырғу емес, сұрыптау бар және редукцияның кез кел ген трансценденттілікке (яғни өз ішінде болатын барлық нәрсеге) қолданылатынын ұғыну қажет. Табиғи нұсқамада теза немесе имплицитті (айқын емес) ұстаным бар және мен сол арқылы осы жерде әлемді тауып, оны бар нәрсе ретінде қыбылдаймын. “Мен үшін осы жердегі тәндік заттар кеңістікте қалай болса солай орналасқан күйінде өмір сүреді. Олар тура не бейнелі мағынада “қатынасып отырады” және мен солармен ерекше зейінді келістіремін не келістірмей мін... Дәл солай, тіршілік иелері болып табылатын адамдар да мен үшін осы жерде тікелей бар болады... Денені құрайтын, шынымен де қабылданатын объектілер анықтыққа ие ме, жоқ па, бірша ма белгілі ме, жоқ па оған қарамастан мен үшін нақтылы объек тілер осы жерде бар болады, тіпті, олар қабылданбаса да немесе түйсік арқылы берілмесе де... Бірақ ішкі түйсікте (интуицияда) мұндай нысандар жиынтығы перцепцияның шынайы өрісін үнемі қамтығанда, мен қырағылық танытқанда мен үшін әр сәтте сана лы түрде “осы жерде” болатын әлемді түбегейлі сарқымай, айқын не көмескі, дара не аралас күйінде бірге берілуі мүмкін. Керісін ше, ол шексіз кеңейеді және болмысты реттеп тұратын тәртіпке сай айқындалмаған реалдылық санасының күңгірт көкжиегімен жартылай қоршауға алынады не онымен жартылай түйрелгендей жағдайда болады... Ешқашан баршалық айқындыққа қабілеті болмайтын мұндай тұманды көкжиек қажетті түрде осы жер де бар болады... Әлем... өз уақыттық көкжиегіне ие және оның шексіздігінің мәні екеу: өзінің өткенінде және келешегінде, мәлім мен беймәлімде, тіршілік ететінде және жансызда. [Түптеп келген де, бұл әлем тек қана] заттар әлемі емес, сондай-ақ ол – сол баяғы тікелей берілгенге сай құндылықтардың әлемі, игіліктердің әлемі, іс-әрекеттің әлемі” (Іdeen, 48-50). Десек те, бұл әлемді идеалды
нәрсе де қоршап тұрады: егер мені қазір математика қызықтырса, онда ондай арифметикалық әлем мен үшін осы жерде бар болады, оның табиғи әлемнен ерекшелігі менің математиктың позиция сын иеленуіме байланысты, сол кезде ол мен үшін бар, ал табиғи реалдылық осы жерде әрқашан да бар болады. Сонымен қатар, табиғи әлем – интерсубъективтілік әлемі. Табиғи нұсқамада көмескі кейіпте болатын табиғи теза - мен “[реалдылық] бар нәрсе ретінде және маған берілген күйінше байқап, қабылдайтын” нәрсе (Іdeen, 52-53). Әрине, мен табиғи әлемнің деректеріне күмән келтіруім мүмкін, одан алатын “ақпаратты” жоққа шығаруым мүмкін, мысалы, “реалды” мен “иллюзиялық” нәрсені ажыратуым мүмкін және т.с.с.: бірақ мұндай күдік “табиғи нұсқаманың жалпы позициясында ештеңені де өзгертпейді” (іbіd.), ол ең “барабар түрде” бар әлемнің танылуына, тікелей перцепция мен салыстырғанда, қатаң қарауға ғана мәжбүрлейді. Ғылымдағы білімде жүзеге асатын қабылдаудың шеңберінен шығу осындай күдікке негізделген, бірақ мұндай білімде табиғи тұрғының ішкі тезасы сақталады, өйткені дүниеде өзі соның ғылымы бола тұра, сол әлемнің болуына шүбә келтіретін ғылым жоқ. Декарттың алғашқы екі пайымына арналған мұндай тұспалдан, қайта қалпына келтірілген картезианшыл радика лизміне қарамастан, Гуссерльдің оның жеткіліксіз тұстарын аңғаратыны байқалады: табиғи заттарға (балауыз кесегі) қатысты қолданылған картезианшыл күдік фәнилік нұсқаманың өзін сақтап тұрады, ол осындай нұсқаманың түрленімі ғана, демек, күмән радикалдылықтың терең талаптарына сай болмай шығады. Мұның дәлелі Картезианшыл пайымдауларда беріледі, онда Гус серль Декарттың геометриялық соқыр ырымшылдығын жоққа шығарады. Декарт сол арқылы cogіtto-ны жалпы білімнің аксио масына теңейді, ал шын мәнінде cogіtto одан аумақты нәрсе бо луы тиіс еді, өйткені ол аксиомалардың негізінде жатқан нәрсе. Мұндай геометриялық ырымшылдық радикалдану процесі ретін дегі күмәннің жеткіліксіз болуының айғағы. Демек, бар саналатын әлемге қатысты мен өзім нұсқамаға еңбейтін нұсқаманы күмәнға қарсы қоюым қажет, өйткені бұл тұрғы бардың табиғи бекітуі не месе картезианшыл күмәнға орналастыру және т.с.с. болады. Шын мәнінде, менің эмпириялық және нақты субъект ретіндегі әлемнің табиғи нұсқамасына қатыса беретінім анық нәрсе, “бұл теза да қайсыбір жан күйзелісі болмақ”, бірақ оны мен ешқалай пайдалан баймын. Бұл нұсқама жақшаға алынып, ойыннан, шеңберден тыс,
асылған күйде қала береді. Сондай-ақ, енді осы “редукция” (эпохэ) арқылы қоршаған әлем енді жай ғана бар әлем емес, ол - “бардың феномені” (Med.cart.). 3. Таза Мен – Мұндай редукциялық әрекеттің нәтижесі қандай болмақ? Нақты Мен табиғи дүниемен араласып жататындықтан, оның өзі де қарапайымдалатыны анық нәрсе. Басқаша айтсақ, мен кез келген бар ретіндегі Мен субъектісі туралы тезаға ұстамдылықпен қарауым тиіс болады. Сонымен қатар, ұстамдылық сақтайтын Мен және қарапайымдандырудың өз Мені болып табы латын Мен-нің де бар екені анық. Мұндай Мен таза Мен деп атал са, өзімді таза Мен ретінде танитын эпохэ деген әмбебап тәсіл бар. Мұндай таза Мен-де мазмұн бола ма? Жоқ, егер ол бір нәрсені өз бойында сақтамаса, я – егер мен қандай да бір затты мақсат тұтатын болсам. Бірақ мұндай мазмұндағы қарпайымдандырудың қажеті бар ма? Бұл сұраққа жауап қайтармас бұрын, редукция, бір жағынан, әлемді заттардың жалпыламасы ретінде, ал екінші жағынан, сананы редукцияның субъектісі ретінде толық ыдырата тынын атап өткен жөн. Енді зат саласының және сана саласының эйдектикалық талдауына кіріселік. Табиғи зат, мысалы, мына өсіп тұрған ағаш, маған нобайдың, сұлбаның (Abschattungen) толассыз ағыны арқылы беріледі. Бұл заттың арғы жағынан қылаң беретін сұлбалар өздерін тануға ұмтылған мағына арқылы затпен салыстырылып, жадта қайта жаңғырады. “Барабарлыққа” ұқсас тұрақты түрленулер арқылы маған берілетін зат және оны маған арналған зат етіп тұрған нәрсе (яғни мен үшін өз ішінде бар болатын) – бұл менің осы затты тануымдағы қажетті бейбарабарлықтың дәл өзі. Бірақ, бейбарабарлық идеясы екі ұшты келеді: зат тізілген сұлбалар арқылы көрінгендіктен, мен затты біркелкі, оның бір-ақ қырынан қабылдаймын, дегенмен заттың басқа да қырлары маған “тікелей” болмаса да аталған қырдың сезімділігі арқылы “беріледі”. Басқаша айтсақ, маған перцепция арқылы жеткен зат индетерминация көкжиегінде әрқашан ашық болады, “ол фазалары перцепция бірлігінде бірін-бірі бекітіп, үнемі өзара біріне-бірі өтіп жататын әртүрлі перцепцияларды алдын-ала көрсетіп тұрады” (Іdeen, 80). Сонымен, зат маған ешқашан қандай да бір абсолют ретінде беріл мейді, демек “зат пен заттың перцепциясы арасындағы байланысқа қатысты анықталмаған жетілмеу” бар. Перцепция барысында тіз белілік нобайлары көрінбей кетіп жатады, ал заттың жаңа сұлбасы алдыңғы сұлбаны нақтылай алады. Сонымен бірге, бұл жерде
ешқандай қайшылық жоқ, өйткені мұндай сұлбалардың ағыны перцепция бірлігінде нығая түседі, ал зат сансыз көмескіленулер арқылы пайда болады. Керісінше, санадағы күйзелістің өзі өзіне-өзі “имманентті пер цепция” арқылы танылады. Өзін-өзі зерделеу санадағы жаңғыруды туғызады, яғни ол абсолютты түрде алынады. Бірақ бұл санадағы қайта түлеу әрқашан толығымен барабар күйде танылады дегенді білдірмейді: оны ағым тәрізді ұстаймын деп ұмтылған кезде, ол әрқашан алыстай түсіп, қашықтай ағып жатады. Сондықтан да болар мен оны тек санада тұтылған қайталау, ретенция ретінде ғана тани аламын және сондықтан “санамдағы жаңғырудың бар ша ағыны, принципті түрде біздегі перцепция арқылы тануға бол майтын, сонымен “бірге ағуды” рұқсат ететін санада құбылатын бірлік болып табылады” (Іdeen, 82). Бір мезетте сананың мәнге қатысты мәселесі ретінде саналатын ерекше қиындық ішкі уақыт санасын зерттеу кезінде байқалады. Сананың өзіне-өзі тікелей барабарлығы болмаса да, кез келген санадағы құбылыстың ішін де өз тіршілігінің қағидасы болады. “Менің де ағыным саналатын санадағы құбылыстардың ағыны, ойлайтын субъект ағыны, тануға келмейтіндей кең де, өткен әрі қалыптаспаған бөліктерге қатысты беймәлім да болуы мүмкін. Қазір өтіп жатқан өмірдің ағысына менің көз тастауым да жетерлік, сол арқылы мен өзімді бұл өмірдің таза субъектісі ретінде танимын, сондықтан да мен бүкпесіз әрі қажетті түрде: мен бармын, бұл өмір де бар, мен өмір сүріп жатыр мын дей аламын: cogіto” (Іdeen, 85). Демек, редукцияның алғашқы нәтижесі біздің алдымызға фәни лік нәрсені немесе жалпы табиғи нәрсені, сонымен қатар фәнилік емес субъектіні де таза күйінде жіктеу міндетін қояды. Біз дескрип цияны жүзеге асырғанда болмыстың осы екі саласын қайсыбір амал арқылы жалпы өзара бағынышты етеміз: шын мәнінде, біз заттың кездейсоқтығына (фәнилік үлгі ретінде алынған) және таза Меннің қажеттілігі мен редукцияның қалдығына сүйеніп тұжырым жа саймыз. Зат пен әлем жалпы аподиктикалық емес (Med. cart.), олар өздеріне күмәнмен қарау мүмкіндігін, демек, өздерінің болмау мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Тәжірибенің бүкіл жиынтығы (кантшыл мәнде) көзге көрініп тұратын нәрсені ғана білдіреді және соған сай келетін көрген түстей ғана болады. Бұл мәнде таза Мен-нің бостандығы ретіндегі редукцияның өзі әлемнің кездейсоқ сипатының көрінісі ғана. Керісінше, редукция субъектісі немесе таза Мен аподиктикалық (бұлтарпас айғаққа не дерекке негізде
летін) айқындылығымен өзіне-өзі айқын болады және ол өзіне көрінген кезде санада белгілейтін күйзелістер ағынының мәніне де, болмысына да күмәндануға болмайды. Мұндай аподиктикалық барабарлыққа апармайды; “мен” болмысының растығы, “мен”- ге қатысты таным растығының кепілі бола алмайды. Бірақ, зат пен әлемге жалпы трансцендентті перцепцияны имманентті перцепцияға қарама-қарсы қоюға болады: “Кездейсоқ” болатын фәнилік нұсқама, менің таза “мен”-імнің нұсқамасына және менің “қажетті” әрі абсолютті күмәнсіз күйзелісіме қарсы қойылады. Кез келген “дербес” берілетін зат болмауы мүмкін, ал “дербес” берілетін күйзеліс болмауы мүмкін емес (Іdeen, 86). Мұндай зан мәнділік заң болып табылады. Біз өзімізге: феноменологиялық редукция таза “мен”-нің мазмұнына қатысты қолданылуы тиіс пе? – деген сұрақ қоя ала мыз. Бұл сұрақ Гуссерль Декартқа кінә артатын радикалды қайшылықтың болуын ұйғаратынын біз енді ғана түсініп отырмыз: оның мәнісі – субъектінің зат (res cogіtans) ретінде танылауында. Менің таза “менім” зат болып табылмайды, өйткені ол өзін-өзі өзіне берілген зат ретінде танымайды. Ол әлеммен “бейбіт қатар өмір сүрмейді” және оның болуы үшін әлемнің қажеті де жоқ; өйткені, егер әлем қираған деп қиялдасақ (мұндай пассаж мәнді анқытайтын қиялдық вариациялардың техникасын аңғартады), онда “сананың болмысы сөзсіз қажетті түрде өзгереді ... бірақ оның өзінің өмір сүруіне әсері болмайды”. Шынымен-ақ, жойылған әлем – әлемге қаратылған сана үшін эмпириялық түрде реттелетін кейбір іліністердің күйзеліс ағымында жоғалуын білдіреді және мұндай жоғалу, рационалды түрде алғашқыларға лайықталатын басқа іліністердің жойылуына апарады. Бірақ мұндай жойылу басқа күйзелістердің және олардың басқа іліністерінің жойылуына себеп болмайды. Басқаша айтсақ, “ешқандай нақтылы болмыс сана бол мысы үшін қажетті емес. Демек, имманентті болмыс сөзсіз түрде “nulla ‘res’ іndіget ad exіstendum” мәнісіндегі абсолютты болмыс”. Басқа қырынан алғанда трансцендентті res әлемі логикалық түрде ұғынылатын санамен емес, шынайы санамен толық сәйкес келеді. Сонымен, Идея І кезеңінде қарастырылған эпохэ-нің екі мағынасы бар: бір жағынан, ол сананы феноменологиялық қалдық ретінде шектейтіндіктен жағымсыз болады және бұл сананың эйдетикалық талдауы (яғни әлі де табиғи) жүзеге асатын деңгей болып табылады; басқа жағынан алғанда, ол жағымды, өйткені эпохэ сананы абсолютты радикалдылық ретін
де айғақтап тұрады. Даусыз әрі алғашқы негіздеудің гуссерльдік
бағдарламасы феноменологиялық редукцияда жаңа кезеңді жүзеге
асырады: ол эйдетикалық радикалдылықтан трансцендентальды
радикалдылыққа, яғни кез келген трансценденттілікті нығайтатын
радикалдылыққа қарай өтеді (бұл жерде трансценденттілік деген
объектінің жалпы берілу тәсілі болатынын айта кеткен дұрыс). Біз
басында математикалық немесе ғылыми ақиқат қалайша мүмкін
болады деген сауал қойған едік, сонда скептицизмге қарсы оның
тек ойлауға келетін нәрсенің мәндік нұсқамасы арқылы ғана
мүмкін болатынына көзіміз жеткен. Мұндай мәндік нұсқама
“көруге” (Shau) ғана араласады, ал мән сыйға тартылатын алғашқы
кезде ғана ашылады. Кейін, осы сыйды ой елегінен өткізгенде,
дәлірек айтсақ, заттардың алғашқы сыйға берілуін (перцепция
ны) пайымдағанда, біз заттардың арасында болуымызды мүмкін
ететін нұсқаманың бергі жағында сананы аңғардық және ондай
сананың мәні кез келген трансценденцияға, өзі санасы болып
табылатын кез келген нәрсеге гетерогенді екен. Мұндай сана
трансценденттіктің мағынасын негіздеп тұрады. Жақшаға алудың
шын мәнісі мынадай: ол сананың назарын өзіне-өзі қайта аударады,
сол көзқарастың бағытын өзгертеді және әлемге күдікпен қарап,
менің ішімдегі ақиқатты бүркемелеп тұрған жамылғыны жұлып
тастайды. Бұл күдік “мен”-нің өз күйін сақтайтынын, яғни әлеммен
бірге “өріліп” тұрғанын және оның өзіндік нақтылы мазмұны мен
заттың сұлбасын шырамытатын Abschattungen ағыны болатынын
білдіреді. “Субъективті өмірдің нақтылы мазмұны философиялық
өлшемге көшкен сәтте жоғалмайды және нақ сол жерде өзінің
тең нұсқасында айқындалады. Әлемнің нұсқамасы жойылмай,
“әрекеттен тыс қойылды”: ол санаға толығымен өзін-өзі саналы
түрде меңгеруін мүмкін ететін “өзгерген” тұлғасында болса да өз
өміршендігін сақтап қалады. Эпохе қайсыбір теориялық мәселенің
шарттарына сай қажет болатын логикалық әрекет емес, ол - тір
шілік етудің жана әлеміне: абсолютты тіршілік ретіндегі трансцен
дентальды тіршілікке жол ашатын бастама. Мұндай мағына тек
бостандық әрекетінде ғана жүзеге асуы мүмкін3.
4. Таза Мен, психологиялық Мен, канттық субъект – Со
нымен, мәселе психологиялық субъективизмге қайта оралуға
қатысты болмай шықты, өйткені редукция ашқан Мен тура табиғи
психологиялық не психофизикалық Мен болмай шықты; сондай-
ақ мәселе канттық позицияның қайсыбір ирегі жайында да емес,
өйткені трансцендентальды Мен “логика арқылы танылған сана
болмай, шынайы сана болып шығады”. 1) Трансцендентті Мен-ді психологиялық Мен-мен шатастыруға
болмайды – Картезианшыл пайымдаулар осыны талап етеді. Әрине,
“табиғи нұсқамада орналасатын Мен әрқашан трансценденталь
ды Мен болып табылады, бірақ феноменологиялық редукция
жүзеге асқандықтан ғана мен ол туралы білемін” - дейді Гуссерль4.
Эмпириялық Мен “әлемге құштар”, ол сонда толығымен табиғи
түрде өмір сүреді; осы Мен-нің негізінде феноменологиялық
нұсқама Меннің еселенуін белгілейді, сол арқылы ол мүдделі емес
бақылаушыны, феноменологиялық Мен-ді анықтап тұрады. Тап
осы мүдделі болмайтын бақылаушы Мен феномнологиялық реф
лексияны жүзеге асырады және рефлексияның өзін бақылаушының
мүдделі болмайтын нұсқамасы бекітіп тұрады. Демек, әңгімеге
арқау болған Мен-ді нақты Мен деуге болады. Өйткені психо
логия мен феноменологияның арасында қандай да бір маңызды
өзгешелік жоқ, сондай-ақ өз әлеміндегі болмысынан тыс нақты
Мен де жоқ. Интенциональды психология мен трансцендентталь
ды феноменологияның екеуі де cogіto-дан бастауын алады, бірақ
бұлардың біріншісі әлем деңгейінде қалса, екіншісі әлем мен
психологиялық Мен-ді өз тұтастығында қамтитын трансцендентті
cogіto-ға негізделіп, талдауын жүзеге асырады.
2) Бұл жағдайда біз канттық трансцендентальды субъектіге
жолықпаймыз ба? Идея І және Картезианшыл пайымдаулардың
біраз жерінде бұған жол берілген еді және “сыни” философ
Наторптың5 Идея І–мен келісетіні туралы жария етуі де кездейсоқ
нәрсе емес еді. Мұндай жағдайдың болу себебін Гуссерльдің Мен
табиғаттың бір саласы ғана дейтін пікірден (бұл психологияның
негізгі постулаты болып табылады) қашып, сананың абсолютты
болмысын жақтап шығуымен түсіндіруге болады. Ол, керісінше,
табиғаттың тек Мен арқылы ғана мүмкін болатынын көрсетеді:
“Табиғаттың болуы санада имманентті байланыстар деңгейінде
уәжделетін интенциялы бірліктерге байланысты... Абсолютты
мән ретінде көрінетін санада жаңғыратын сала ... шын мәнісінде
әлемнің, табиғаттың кез келген болмысына тәуелсіз және тіршілік
ету үшін одан көмек сұрамайды. Табиғат тіршілігі сананың тір
шілгін негіздей алмайды, өйткені табиғат өзін-өзі сананың Тіл
шіеляты ретінде айқындап тұрады (Іdeen, 95-96)”. Сыни ойшыл
дар (Наторп, Риккерт, Крайс, Зохер) осындай трансцендентальды
философияға негізделіп, Кант үшін де, Гуссерль үшін де, объек
тивтілік a prіorі шарттарының жиынтығына жетелейтінін, сондай-
ақ феноменология үшін де, Сын үшін де: берілетін нәрсе қалайша мүмкін болады? – деген бір ғана мәселе маңызды екенін көрсетеді. Интуициялық жағына келсек, әсіресе, имманентті перцепциядағы күйзелістің таза қабылдануына қатысты мәселеде, Крайс оның тегі эмпириялық соқыр ырымшылдықта жататынына шүбә келтір мейді: шынымен-ақ, қалайша кез келген мүмкін шынайылықтың a prіorі шарттарының жиынтығы болып табылатын субъект, со нымен бірге өз ішінде әуелгі болуында радикалды түрде күмәнсіз қабылдана алатын күйзелістердің эмпириялық ағыны да бола ала ды? Кант былай деп жазады: “Мен-нің қисындық белгілеуінен тыс, біз кез-келген ойлауға келетін нәрсе тәрізді субстрат ретінде мен-нің негізінде берілетін өз ішіндегі субъектінің ешқандай таны мын игере алмаймыз”. Гуссерльдік имманентті ұстын эмпириялық психологиядан шығады, ол объектілікті жасаумен үйлесе алмайды. Жоғарыда аталған ескертпені есептемегенде, Гуссерль біршама та банды кантшыл болып қала береді. Сол кезде Гуссерльдің ассистенті болған О.Финк өзінің әйгілі мақаласында6 мұндай түсіндірмелердің болуына қатысты және біздің мәселені шешуге септігі тиетін мынадай жауап қайтарған еді: турасын айтқанда феноменология сыни мәселені көтерген де емес, ол бұдан бұрын дін немесе метафизикалық жүйелер көтерген сияқты әлемнің шығу тегі туралы мәселені қояды. Апория терминдері шеңберінде қойлып, шешілетіндіктен, бұл мәселені критицизмнің жоққа шығаруы – күмәнсіз нәрсе. Кри тицизм оны мен үшін әлемнің болу мүмкіндігі шарттарымен ал мастырады. Бірақ шарттардың өзі таза күйінде әлемнің шартта ры болғандықтан, бүкіл қанттық талдау эйдетикалық деңгейде, яғни әлемнің деңгейінде қалып қояды. Демек, феноменология ны түсіндіру барысында сыни философияның қателік жіберетіні айқын болады. Мұндай қателік, мысалы, имманенттілікке қатысты мәселеде, сондай-ақ трансцендентальды және нақтылы субъек тілерді “араластыруда” көрініс табады. Шындығына келгенде, ара ластыру емес, керісінше – еселену орын алады; өйткені субъектінің бірлігі – кез келген құрастырудың алдында берілетін нәрсе болып табылады. Ал, объективтілік шарттарының a prіorі жүйесі субъект болғандықтан, сыни философия үшін трансцендентальды субъект танылмайтын нәрсеге айналады. Іс жүзінде қабылдайтын субъект – әлемді жасаушы субъект, ал сол әлем оған сезім арқылы беріледі. Біз перспективті түрде әлемнен ерекшеліктерімізді анықтау мақсатында, сол әлеммен байланысымызды зерттеген сәтте им
маненттілік өлшемін қолданамыз; ал парадоксты жағдай осы
имманенттіліктің мазмұны әлемнің бағыт, интенциональдылық,
феномен ретінде болуына байланысты туындайды және бұл әлем
– нақты болмыс, маған трансцендентті нәрсе болып табылады.
Мұндай парадокстан туындайтын редукция бізге “өзіндік нәрсе”-
нің қалайша берілетінін, яғни объектінің трансценденттілігі
субъектінің имманенттілігінде қалайша трансцендентті мәнге ие
болатынын дәлме-дәл тануға мүмкіндік береді. Редукция субъект
жасаған трансцендентті нәрсенің ақиқатты (табиғи нұсқаманың
өзі болатын жаттану нұсқамасына имплицитті) болуына аралас
пайды.
5. Интенционалдық – Егер объект менің имманенттілігімнің
ішінде трансцендентті мағынаны иелене алатын болса, онда ол
санада имманенттіліктің болмауына байланысты. Гуссерль сана
мен әлемнің бірінші жіктелісін негіздейтін имманентті дерек
тер мен трансцендентті деректердің арасындағы айырмашылық
– әлем ішіндегі айырмашылық болып табылады. Шынымен-ақ,
феноменологиялық эпохэ сананың мәндік сипатын анықтайды
және сол арқылы біз жаңа ғана атап өткен парадокстың да шешімін
табамыз. Іс жүзінде интенциональдық Гуссерльге Брентанодан
мұраға қалған психологиялық нәрсе болмай шығады, ол эпохэнің
өзін мүмкін етіп тұратын нәрсе: үстел үстіндегі темекі шегетін
трубканы қабылдау – ассоциационизм ойлағандай санада осы
трубканың миниатюрасын қайталаумен бірдей нәрсе емес, бұл
– трубка объектісіне назар аудару дегенді білдіретін нәрсе. Ре
дукция табиғи пікірді (объектілердің болуын өздігінен пайымдау)
жақшаның сыртына шығарғанда объектіні мүдделі нәрсе немесе
тосын нəрсе ретінде анықтайды, бұл жерде трубка қарсы (vіs-a-
vіs) (Gegenstand)* тұрған нәрсе ғана, ал менің санам – сол үшін
қарсы тұрған нәрсе болатын нәрсе ғана. Өзі соның ұғымы болатын
нәрсені менің санамның ішінен жіктеп алу үшін оны соншалықты
қиялдап, пайымдауға болмайды, тіпті оны ештеменің санасы деп
айту мүмкін емес, өйткені онда мұндай ештеме, өзі соның санасы
болатын бұрынғы феноменге айналар еді. Қиялдан туған нұсқалар
санаға әсер еткенде, бізге қайсыбір заттың санасы болып табылатын
өздерінің дербес болмыстарын ашады. Сананың интенционалды
болуы редукцияға түсетін нәрсені жоғалтпай, редукцияны қолдану
мүмкіндігіне байланысты екен: редукциялаудың мәні – қарсы
нәрсенің барлық деректерін және тосын деректерді терең өзгертіп,
* Зат (нем.).
сол арқылы Мен-нің мәндік сипатын, яғни радикалды немесе аб
солютты негіздемені, кез келген белгілеудің немесе құрастыру
мүмкіндіктерінің бастауын, интенциональдық пен объектінің бай
ланысын анықтау. Интенциялықтың тек перцептивті сипатта бол
майтыны түсінікті жайт, оған: имагинациялар, түсініктер, басқаның
тәжірибесі, сезімдік және категориялық ішкі түйсіктер, рецептив
тілік және спонтандық әрекеттер және т.с.с., қысқасы, картезиан
шыл тізбелеудің барлық мазмұны енеді: “Ойлайтын Мен дегеніміз
не? Күмәнданатын, пайымдайтын, қабылдайтын, терістейтін,
қалайтын, қаламайтын, сонымен қатар қиялдайтын және сезетін
қайсыбір зат”. Десек те, Гуссерль ішінде объектінің “эксплицитті”
санасы бар актуальды Мен-ді және ішінде объектінің санасы имп
лицитті, “әлеуетті” актуальды емес Мен-ді ажыратады. Актуальды
күйзелісті (мысалы, зейін арқылы тану әрекеті) актуальды емес
күйзелістердің аурасы, “ешқашан таза актуальдылық құралмайтын
күйзелістердің ағыны” әрқашан қоршап тұрады (Іdeen, 63). Барлық
өзекті және бостекей күйзелістер тең дәрежеде интенционалды бо
лады. Біз, психологиялық ғылым үшін маңызды (онда сығылған
күйінде санасызға қатысты тұтас феноменологиялық қағида бар)
осы тұсқа әлі оралатын боламыз.
Енді Гуссерль туралы әңгіме болғанда неліктен санаға әлемнің
кірігуі туралы айтатындары туралы түсіндіріп өтсек: расын
да да, сана дегеніміз интенционалдықтың Мен-полюсы (ноэза)
ғана емес, сонымен қатар, “мынаның” да полюсы (ноэма), деген
мен де мұндай кірігудің реалды емес (трубка бөлмеде орналаса
ды), бірақ интенционалды (трубканың феномені менің санамда
орналасады) болатынын нақтылап айта кету қажет. Әрбір жеке
жағдайда интенционалды талдау тәсілімен анықталатын интен
ционалды кірігу, сананың өз нысанына деген қатынасы - екі тыс
әрі тәуелсіз нақтылықтардың қатынасы болмайтынын белгілейді,
өйткені, біріншіден нысан Gegenstand - өзі пайда болатын санада
бейнеленген феномен, ал, екіншіден, сана осы феноменнің санасы
болып табылады. Осыған орай, кірігудің интенционалды болуы
трансцендентті нәрсені имманентті нәрсеге осы трансценденттіні
(мәндік қасиеттерін) жоғалтпай бекітуіне байланысты. Сонымен,
әлемнің мағынасы мен әлемге теліген мағына ретінде ашылады,
бірақ мұндай мағына қайсыбір объективті нәрсе ретіндегі күйзеліс
және мен ашқан нәрсе болады, ал мұндай нәрсе болмаса ол мен
үшін әлемнің мағынасын иеленбеген болар еді. Интенционалды
талдаудың ортасындағы редукция бізге субъект пен нысанның
қатынасын қатаң сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл сипаттау
берілген нәрсеге енжар күйінде қосылатын философияны емес, табиғи санаға имманентті “философияны” әрекетке итермелей ді. Яғни, интенционалдықтың өзі осы “философияны” анықтап тұрады. Интенционалды талдау (атауына сай) нысан болмысының (Seіnssіnn) мағынасы қалай құрастырылатынын анықтауы тиіс; өйткені интенционалдық бағыштау болғанымен, ол мағынаның үстелуі де болады. Интенционалды талдау нысанды мәнді түрде құрастырылған нысан ретінде қарастырып, сондай құрастыруды анықтайды. Сондықтан да, Идея ІІ-де құрастыру кезінде Гуссерль жүйелі түрде материалды болмысты, рухани болмысты және Рух ты негізге алады. Сонымен қатар, субъективтіліктің қандай да бір “шығармашылық” нәрсе болмайтыны да түсінікті, өйткені ол тек қана Іchpol, ал “объективтілік” (Gegenstaendlіchkeіt) өз кезегінде, өзіне шынайылықтың мағынасын үстеп тұратын интенциональды бағыштаудың полюсы ретінде ғана өмір сүреді. ІІІ тарау. «Өмірлік әлем» 1. Трансценденттік идеализм және оның қайшылықтары. – Сонымен, бұл кезеңде біз “трансценденттік идеализмге” бет бұрған сияқтымыз (Картезианшыл пайымдар); мұндай транс цендентальды идеализм қарапайымдандыру барысына тән бола ды. Бірақ, трансцендентальды субъектінің нақтылы субъектіден айырмашылығы болмайтын тәрізді, трансцендентальды идеализм де, басқаны былай қойғанда, солипсистік (жалғыз нақтылық ретін де жеке сананы ғана мойындау) болуға тиісті сияқты. Мен әлемде жалғызбын, ал бұл әлемнің өзі барлық объектілер бірлігінің идеясы ғана; зат дегеніміз менің затты қабылдауымның бірлігі ғана, яғни Abschattungen, ал мағына менің интенция немесе мағына үстеу (Sіnnsgebung) ретінде болатын санамда толық бекіген. Шын мәнінде Гуссерль ешқашан мұндай монадалық идеализмді қарастырған емес, өйткені объективтіліктің тәжірибесі субъектілердің қандай да бір көптігінің келісімінде көрініс тапқан, сондай-ақ маған оның басқасы өзінің табиғатына сай қайсыбір әуелгі тәжірибеде беріл ген. Басқа ego-лар түсініктер мен объектілер ғана емес, “менде болып, өзінің мүмкін деген дәлелін менен іздейтін синтетикалық бірліктер ғана емес, бірақ өзінің мағынасына сай, нақ “басқа” бола ды”7. Басқаның өзгелігі... заттың қарапайым трансценденциясынан ерекшеленеді, өйткені басқа дегеніміз – қайсыбір өзім үшін “мен”, сондай-ақ оның бірлігі менің перцепциям болмай, өз ішінде (бір
лік) болады; басқаша айтқанда, басқа дегеніміз – тіршілік ету үшін ешнәрсеге мұқтаж емес таза мен, мен өзім үшін қандай болсам, ол да абсолютты болмыс және өзі үшін есептің радикальды нүктесі болады. Онда мынадай сұрақ туындайды: құрастырушы субъекті үшін (мен) құрастырушы субъект (басқа) қалай бар болады? Менің басқаны “бөтен” ретінде тануым түсінікті (Картезианшыл пайым даулар), өйткені ол мағынаның және интенционалдылықтың қайнары болып табылады. Бірақ осы бөтендіктің тәжірибесінен тыс (Сартрға саналардың жіктелуі туралы тақырыпты беретін) трансцендентальды деңгейде басқаның экспликациясын заттың экспликациясындағы терминдер арқылы беруге болмайды, сон дай-ақ, басқа мен үшін бар болса, дәл солай, ол да менің арқамда бар болады – оны мен трансцендентальды редукцияның мәндік нәтижелеріне қарап анықтаймын. Бұл басқаның экспликация сына тән талап, бірақ Картезианшыл пайымдаулар (біз оның мәтіні бойынша қазір ғана басқаның позициясын анықтадық) оны жеткілісіз деп таниды. “Ұқсату апперцепциясы” қол жеткіз ген сипаттаудың нәтижесінде және сол арқылы басқаның денесі менің өз денем басқа мен-ге (психикалықты өзінің белгісі ретінде қабылдайтын) беріледі және осындай “жаңама түрде ұғынылатын нәрседен” біз үшін басқаның болмыстық негізі шығарылғаннан кейін, Гуссерль біздің үмітімізді ақтамайтын нәрсені жария етеді: феноменологиялық тұрғыдан алғанда “басқа - “мен”-нің өзгерген нұсқасы болып шығады». Идея ІІ-нің ІІІ-бөлімінде Гуссерль мұның орнына “табиғи әлем” мен “рухтың әлемі” (Geіst) арасындағы қарама-қарсылықты және алғашқысының екіншіден абсолютты онтологиялық басымдылығын алға тартады: сана үшін заттың бір лігі Abschattungen-нің таралу бірлігі болса, тұлғаның бірлігі “абсо лютты көріністің бірлігі” болады. Субъектіге, демек, субъект ретін де болатын басқаға да (alter ego) қатысты нақтылы болмысты біз интенциональды Тілшіелятқа дейін қарапайымдандыра алмаймыз, өйткені мен басқаға бағытталған кезде ұмтылған нәрсе - нақ абсо лютты болмыстың өзі болып шығады: бұл жерде “реалды болу” мен “интенционалды болу” тұрақталады. Демек, біз шамамен қандай да бір “тұлғалардың қоғамдастығы” болатынын болжай аламыз және оны Рикер (Analіses et probleme dans Іdeen ІІ, Revue de metaphіsіque et de morale, 1951) Дюркгеймнің ұжымдық сана сымен немесе субъективтіліктер мен оларды қоршаған ортаның өзара қабылдануы арқылы анықтап, гегельдік мәндегі объектив ті рухпен жақындастырады. Тұлғалардың мұндай қоғамдыстығы
құрылымына сай өзінің дербес әлемінен (ортағасырлық әлем, гректер әлемі және т.с.с) бастауын алады; бірақ оны әуелгі түрінде құрастыруға бола ма? Болады десек, ол - трансцендентальды және солипсистік субъект радикалды емес деген пікірді қолдаумен бір дей нәрсе, өйткені оның тамыры рух әлемінде, табиғатынан жа сампаз мәдениеттің тереңінде жатады. Басқаша айтсақ, радикалды субъектінің философиясы ретін дегі трансцендентальды философия мәдени әлеуметтануға кірікпейді, олардың арасында “керіліс” (Рикер) бар, тіп ті, феноменоменологиялық ойлаудың қосымшасы емес, оған тән қайшылық та орын алады: өйткені трансцендентальды философияның өзі Картезианшыл пайымдаулар мен Идеялардағы қатар жатқан жолдар көрсеткендей, интерсубъективтілік немесе тұлғалар қоғамдастығының мәселесіне алып барады. Идея ІІ-нің және соңғы еңбектердің басым пікірі болатын (Дағдарыс, ЛевиБрюльге хат) мәдени әлеуметтанудың тұрғысы, Гуссерльдің ай туынша, тарихи релятивизмге ұқсайтын қандай да бір нәрсені енгізеді және шын мәнісінде трансцендентальды философия оны мен күресіп келген еді, бірақ бұл философия басқаның мəселелері шеңберінен аса алмай, радикалды субъективизм жетістіктерін қайта қарап, бұл мәселені қайта өндей алмады да; басқаның ин тенционалды талдауымен қатар, радикалдылық менің жағымда емес, интерсубъективтіліктің жағында табылды және мұндай ин терсубъективтілік мен үшін болатын жай ғана интерсубъектив тілік емес – бұл мен-нің жалғыз негіздемесін қорғайтын пікір – ол абсолютты интерсубъективтілік немесе, қаласаңыз, алғашқы болып табылады. Дегенмен де, батылымыз жетсе Гуссерльдің өзі бұған бармаған деуге болады: радикалдылықтың өзі Идея І транс цендентті cogіto-ның радикалдылығы ретінде анықталады және бұл оның философиясының өзегі болып қала береді. Мысалы, Дағдарыста біз картезианшыл радикализмге арналған көрнекі сынға жолығамыз: Декарт “Мен және Сен тәрізді кез келген дис тинкциялар8, сырттай және іштей, тек қана абсолютты Ego-да “жа салатынын” ашпайды”. Сонымен, сен, мынау сияқты, эгологиялық күйзелістердің синтезі ғана болып табылады. Сонымен қатар, нақ осы жерде өмірінің сонына дейін Гуссерль дің ойының даму бағыты болған “мәдени әлеуметтанудың” мәні ашылады. Бұған алғашқы екі бөлімі 1936 жылы Белградта жарық көрген Дағдарыс дәлел бола алады. Интерсубъективтілік ретіндегі тарих туралы рефлексияны Гуссерль трансцендентті радикалдылық
мәселесімен ұштастырады: “ғылым мен философияға қатысты
нәрседе біз ұшыраған сындарлы жағдайдың бастауына деген
телеологиялық-тарихи пікірді санада бекіту арқылы филосо
фия трансцендентті феноменологияға айналады, ал бұл мәтін
- соның болмай қоймайтын қажеттілігін негіздеуге ұмтылады”.
Басқа сөзбен айтсақ, осыған дейінгі логикалық-математикалық
проблемалар мен перцептивті проблемаларды туғызып келген
ескі жол бізді абсолютты ego-ға жолықтырды, ендігәрі бұл жол
артықшылығы барлар ғана жүретін жол болудан қалады: тарих
жолы бәрін тең көреді. Біз өзіміз ішінде болатын тарихты айқындау
философияның міндетін де түсіндіреді. “Біздің міндетімізге руха
ни мұраны жай ғана қабылдап қоймайтын, ерекше тарихи-рухани
түрде қалыптасатын өзімізді талдау кіреді”; және философ тарих
ты айналып өте алмайды, өйткені радикалдылықтың мәселесімен
айналысатын философ шын мәнінде тарихи тұңба, соқыр сенім
болатын және мәдени мәнде өз “әлемін” қалыптастыратын тіке
лей берілген тарихи деректерді де танып, пайымдауы қажет бо
лады. Сонымен, біз ұшырайтын дағдарыс қандай болуы мүмкін?
Бұл дағдарыс – объективизмнің нәтижесі. Турасын айтқанда,
мәселе физикалық теорияның емес, ғылымдардың өмірге қатысты
маңызына нұқсан келтіретін дағдарысқа қатысты. Қазіргі рухты
сипаттайтындарға логикалық-математикалық формалдандыру (ол
«Логикалық зерттеулердің» ұмтылысын қалыптастырады) мен
табиғи сананы математикалау жатады, олар: Лейбництің mathesіs
unіversalіs-і және Галилейдің жаңа әдіснамасы. Нақ осы тұрғыда
объективизм дамиды: әлемді математикалық түрде бейнеле
нетін нәрсе ретінде ашқанда Галилей оны сананың шығармасы
ретінде ашады (Дағдарыс ІІ, §9). Сонымен, объективистік фор
мализм жаттандыратын нәрсе болады; мұндай жаттануды объ
ективті ғылымның субъективтілікті жаулап алатын сырқат ретін
де анықтау қажет; осы уақыттан бастап ол бір ғана таңдауды
қалдырады – психиканы физикалық үлгі ретінде қалыптастыру
не физикаға тән қатаңдықты алып тастап зерттеу. Бұл дилемманы
Декарт трансцендентальды уәжді енгізе отырып шешеді: әлемнің
ақиқаты cogіto арқылы феномен ретінде, cogіtatum ретінде – сол
әлемге қайта оралады, жан мен Құдайдың метафизикалық апо
рияларына жетелейтін объективистік жаттану бұл жағдайда алы
нып тасталады – немесе, ең болмаса, егер Декарттың өзі галилей
лік объективтіліктің құрбаны болмай, трансцендентальды cogіto
мен психологиялық Мен-ді шатастырмағанда, оны алып тастауға
да болар еді: res cogіtans ретіндегі ego туралы қағида кез келген трансцендентальды ұмтылысты жоққа шығарады. Картезианшыл мұраның қос ұдайы болуы осыған байланысты: бір жағынан, оның метафизикалық рационализмі ego-ны жойса, екінші жағынан, скептикалық эмпиризмі білімді күйретеді. Тіршілігі объективтілік пен ғылымнан бұрын болатын “тіршілік әлемінде” өткен, сондай-ақ ол туралы дәл ғылым тек қабықша ретінде ғана болатын және бізге мағынаны сыйлайтын іргелі ego-ға толығымен негізделетін білім туралы түсінікті жүйелі түрде ұстанатын трансцендентализм ғана объективизмге ақиқаттық негіздемені бере алады және сол арқылы оны жаттанудан құтқарады: трансцендентальды философия объ ективизм мен субъективизмнің, абстрактылы білім мен нақтылы өмірдің бірігуін мүмкін етеді. Сонымен, жалпы гуманитарлықтың шектелген түрі болып табылатын еуропалық гуманитарлықтың бұл түрі – философияның феноменологияға айналуының бір мүмкіндігі болып табылады: “философиямен айналысқанда біз – адамзат қызметшілеріне айналамыз ”9. 2. Lebenswelt (Өмір әлемі) – Гуссерльдің осы бағыттағы эволюциясының сипатын біз әрі қарай жалғастыра алмаймыз. Wesenschau доктринасынан бастап, оның ойы едәуір өзгергені байқалады; сонымен қатар, бұл ойы соңына дейін орталық мәселенің, яғни радикалдылықтың көкжиегінде қалып қоятыны ғана даусыз. Бірақ Идея-ның философы жалғыз барабар әрі әмбебап полюс ретінде түсінген абсолютты ego соңғы кезеңнің философи ясында жаңа сипатта көрініс табады. Біз жоғарыда тарихқа және интерсубъективтілікке енуді қарастырған едік. Гуссерль кейде оны Leben (өмір), Lebenswelt субъектісі деп те атайды; біздің енді білетініміз - шын мәнісінде нақтылы egо мен трансценденталь ды субъектінің арасында айырмашылық жоқ екен; бірақ мұндай барабарлық Гуссерль философиясының соңғы кезенін эмпиризм ретінде анықтайтын жағында жиі қарастырады (Ж.Валь). Нақ осы «Логикалық зерттеулерде» көтеретін ұлы мәселені зерт теу барысында Lebenswelt философиясынан принципті түрде баста уын алатын ақиқат түсінігі пайда болады. Бұл жерде ақиқаттың ой мен оның объектісінің сәйкестігі ретінде анықталмайтыны айқын нәрсе, өйткені мұндай анықтамадан философия, бір жағынан, кез келген ойды, ал, екінші жағынан, – әрбір объектіні олардың сыртқы барша байланысында анықтап тұрады деген қорытынды шығар еді: ал, феноменология болса бізді мұндай сыртқы нәрсенің болуы тіпті де мүмкін емес деп үйретіп келген. Ендігіде ақиқат
тек қана a prіorі шарттардың жиынтығы ретінде де анықтала ал
майды, өйткені мұндай жиынтық (немесе, кантша айтсақ - транс
цендентальды субъект) “Мен” деп айта алмайды, ол радикалды
болмай, тек субъективтіліктің қандай да бір объективті сәті ғана
болып табылады. Ақиқат тек ақиқаттың күйзелістегі тәжірибесі,
яғни айқын нәрсе ретінде ғана анықталуы мүмкін. Бірақ мұндай
күйзеліс қандай да бір сезім емес, өйткені сезімнің қателесуі
мүмкін екені түсінікті; айқындық интенционалдылықтың әуелгі
модусы, мұны біз әңгімелеп тұрған заттың тәні мен жаны бірге
ішкі түйсік “орындалған” кезде санаға тікелей берілетін сананың
сәті деуге де болар еді. “Қабырғаның түсі сары ма?” деген сұраққа
жауап қайтару үшін мен бөлмеге кіріп, қабырғаға көз тастаймын
(бұл, перцептивті деңгейде Гуссерль жиі “тәжірибе” деп атайтын,
әуелгі айқындық болады) немесе оны еске түсіруге тырысамын не
месе өзімнен не басқалардан ол туралы сұраймын; осы екі кейін
гі жағдайда (өзімнің ішімде немесе басқа біреуде) “тәжірибенің”
(қабырғаның түсінің) әлі де бар екендігі дәлелденеді. Пайымдау
арқылы жүзеге асатын кез келген болуы мүмкін дәлел – заттың осы
“бар болу тәжірибесінен” көрінеді; сонымен, айқындық – кез кел
ген дəлелдеудің немесе кез келген зерделеудің мағынасы болып
шығады. Тәжірибенің тек қабылданатын объектіге ғана қатысты
жүзеге аспауы түсінікті, ол қайсыбір құндылыққа (мысалы,
әдемілікке) қатысты, – қысқасы, жоғарыда аталған кез келген ин
тенционалды модусқа қатысты жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге,
мұндай айқындылық немесе ақиқатты жадта жаңғырту қателікке
ұрынбаудың толық кепілдігі бола алмайды: әрине, біз айтып тұрған
нәрсенің “тәжірибесін” иеленбейтін жағдайлар болады, онда біз
оны мойындаймыз; бірақ қателік айқындықтың өзіне еніп кетуі
мүмкін ғой. Мына қабырға сары түсті, бірақ мен күндіз оның түсі
сұр екенін аңғарамын. Бұл жағдайда екі тізбекті әрі қарама-қарсы
айқындық орын алады. Біріншісінде қателік бар. Гуссерль оған
Формальды және трансцендентальды логиканың §8 мынадай уәж
айтады: “Аподиктикалық сипатта берілетін айқындылықтың өзі ил
люзия ретінде ашылуы мүмкін, сондай-ақ өзі тектес айқындылық
болжауға келетін, оның ішінде “жарқ еткен” нәрсе ретінде де ашы
луы мүмкін”. Басқаша айтсақ, актуальды тәжірибедегі алғашқы
тәжірибе маған әрдайым және ерекше түрде иллюзиялық болып
көрінеді. Сонымен, ақиқаттың немесе қателіктің индексі ретін
де жүгінуіміз тиіс болатын қандай да бір “ақиқи тәжірибе” жоқ
екен; ақиқат әрқашан актуальды тәжірибеде дәлелденеді және
сол кездегі күйзелістер ағымы қайта қалпына келмейді, егер мұндай күйзелістер маған актуальды түрде қайсыбір өтіп кеткен әрі жалған айқындылық ретінде берілсе, онда актуальдықтың өзі, өткен жолғы қателікті және сол қателіктің түзетілуі болатын қазіргі ақиқатты өмірдегі қазіргіде көрсететін жаңа “тәжірибені” жасай ды. Демек, абсолютты ақиқат та, догматизм мен скептицизмнің ортақ постулаты да болмайды, алайда қалыптасу барысындағы ақиқат қайта қарау, нақтылау және өзінен-өзі асып түсу ретін де анықталады. Мұндай диалектикалық амал әрқашан өмірдегі қазіргінің [lebendіge Gegenwart] ішінде жүзеге асады; сонымен, догматикалық қағидадан шығатын нәрселерге қайшы келетін пікір қателікті тануға болады дейді, өйткені ол айқындылықтың мағынасына енеді, ал сана сол айқындылық арқылы ақиқатты жа сайды. Қорытындылай келгенде, ақиқат туралы сауалға логикалы жауап қайтару үшін, яғни ақиқаттың тәжірибесін дұрыс сипата ту үшін ego-ның генетикалық қалыптасуын батыл түрде қорғау қажет: ақиқат объект емес – қозғалыс және оны шын мәнісінде мен жасаған болсам ғана ол тіршілік етеді. Демек, пайымды тексеру үшін, яғни ақиқаттың мәнін азат ету үшін жалпы логиканың іргелі болжамын негіздейтін категориялар дан бұрынғы (предикаттардан бұрынғы) “тәжірибеде” аяқталатын регрессивті талдауды жүзеге асыру қажет (Арон Гурвич)10. Мұндай болжам бұлжымас қисынға жатпайды. Ол мүмкіндіктің философиялық шарты болады және кез келген пайымдау өз та мырын табатын топырақты (Boden) қалыптастырады. Кез кел ген ғылым болмаған кезде бізге қайсыбір “сенім”, “кез келген пайымның белсенділігінен бұрын берілетін енжар, әмбебап нәрсе” ретінде бұрын берілетін нәрсе - “әлем”, “абсолютты тәуелсіздік мәнінде тәуелсіз, абсолютты субстрат” деп аталатын нәрсе бола ды (Опыт и суждения, 26, 157). Ақиқаттың радикалды негізде месі аяқталған интенционалды талдаудың нәтижесінде Lebenswelt әлем ретінде анықталады және оның ішінде субъект “заттардың қабылдауын” кез келген нақты білімнен бұрын болатын енжар синтез ретінде қалыптастырады. “Мұндай қабылдау белсенділіктің ішкі кезеңі ретінде көрінуі қажет” (сонда, 83), бұл - объектілердің мағынасын негіздейтін трансцендентальды ego объектінің енжар ұғынылуын, объектімен бірге болатын әуелгі сыбайластықты имп лицитты түрде нұсқап тұрады деген сөз. Мұндай өте қысқа тұспал,
біздің әңгімеге арқау болып отырған “әлемнің” жаратылыстану
ғылымдарының әлемі болмайтынын, бірақ барша бар және біз ой
лай алатын нәрсенің жиынтығы немесе идеясы (канттық мәнде)
болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жасампаз ego-ға мағына сыйлаушының тең
түпнұсқалығын қайтару үшін әлемді оның жасампаз тұлғасында
жоққа шығаратын редукциядан (қарапайымдаудан) кейін, осы
субъективті Sіnngebung-тің мәнін ашу барысында Гусерльдің
жаңа айласы әлемді жасампаздық реалдылығы ретінде қайтадан
ашады. Бұл жердегі мәселе сол баяғы әлемге қатысы жоқ сияқты:
табиғи әлем фетишизацияға ұшыраған әлем, онда адам табиғи
мән ретінде қараусыз қалған және ол соның ішінде объектілердің
мағынасын аңғалдықпен “объективтендіреді”. Редукция мұндай
жаттануды болдырмауға тырысады және өзі ұзартып ашатын
әуелгі әлем – теориялық танымның ақиқаты қондырғы ретінде
үстінен тұрғызылатын күйзелісті тәжірибенің топырағына айна
лады. Ғылымның ақиқаты ендігәрі Декарттағыдай Құдайға да,
Канттағыдай мүмкіндіктің a prіorі шарттарына негізделмейді, ол
енді адам мен әлем әуел бастағы ымыраға келетін айқындылықтың
тікелей күйзелісіне негізделеді.
Гуссерль мен Гегель туралы мақалалар
“Феноменология” деген термин 1807 жылы “Рух феномено
логиясын” жарыққа шығарған Гегельдің арқасында өзінің толық
әрі біртума мағынасына ие болады. Феноменология - “сана ту
ралы ғылым”, өйткені сана ішкі немесе сыртқы объект туралы
білім болып табылады. “Феноменологияның” кіріспесінде Гегель
былай деп жазады: “Рухтың тікелей бар болмысында санада екі
мезет: білім мезеті және білімге қатысты жағымсыз заттық мезет
бар. Рух өз мезеттерін осы ортада ашып, дамығандықтан оларға
осындай қарама-қарсылық тән болады және олардың бәрі сананың
формалары ретінде көрініс табады. Осы жолды таңдаған ғылым,
сана жүзеге асыратын тәжірибенің ғылымы болып табылады”11.
Сонымен, философияны объектіден (реализм) әлде Мен-нен (иде
ализм) бастаған дұрыс па? - деген сауалдың жауабын осы жерден
іздеу дұрыс па? Феноменология деген түсініктің өзі бұл сұрақтың
артық екенін көрсетеді: сана әрқашан “.... туралы сана” болады
және “... үшін объект” болмайтын объект да жоқ. Біз сәйкес раци
оналды мағына үстегенде ғана объект санаға имманентті болады,
олай болмаған жағдайда объект ... үшін объект болудан қалар еді.
Түсінік немесе мағына болмысқа тыс нәрсе емес, болмыс тікелей
түрде өз ішіндегі түсінік болып табылады, ал түсінік дегеніміз
өзі үшін бар болатын болмыс. Болмыс туралы ой, яғни өзін-өзі
пайымдайтын болмыс және, демек, осы ойды дамытатын “тәсіл”,
сондай-ақ философияның өзі де ойдың ойлайтын нәрсесіне,
яғни оның затына тәуелсіз болатын категориялар жүйесі арқылы
анықталмайды. Ойдың формасы өзінің затынан формальды түрде
ғана ерекшеленеді, ол өзін-өзі танитын мазмұнның, өз ішіндегінің
өзі-үшінге айналатынның нақты көрінісі. “Біз ойдың формаларын
өз ішінде және өзі үшін қарастыруымыз қажет, өйткені олар объект
және объектінің белсенділігі болып табылады” (Философиялық
ғылымдардың энциклопедиясы). Сонымен, канттық қателік
жағымды қателік болса да (Рухтың шынайы дамуының мезеті
ретінде болатын) – формалар мен категорияларды объект тура
лы ойдың және ой үшін объектінің абсолютты іргетасы ретінде
анықтауда: трансцендентальдыны әуелгі қателік болып табылады.
Болмыс пен ұғымның диалектикалық барабарлығында әуелгінің
мәселесі іс жүзінде “ескерілмейтін”: ешқандай тікелей берілетін
нәрсе және абсолютты бастау жоқ, яғни санасыз зат немесе затсыз
сана болмайды, өйткені бастау немесе тікелей берілетін нәрсе ту
ралы түсінік өзінің диалектикалық терістеуі ретінде өрістеу мен
жанамалау келешегіне ие болады. “Өрістеу ешқандай пайдасы
жоқ нәрсе емес; егер әуелгі бастау ақиқи түрде абсолютты болған
жағдайда оның сондай болуы мүмкін еді” (“Логика ғылымы”). Аб
солютты трде тікелей берілетін нәрсе болмайды, бәрінің де тегі
бар, тек реалдылықтың ғана осы мәндегі “тегі” жоқ, өйткені оның
өзі тектердің жүйесі болып табылады, яғни “Логиканың” абсолют
ты Идеялары және “Феноменологияның” абсолютты Білім жүйесі
бар: диалектикалық жанамалаудың нәтижесі оның ішінде жалғыз
әрі абсолютты тікелей берілген нәрсе ретінде көрініс табады. “Аб
солютты білім – деп жазады Ипполит, - қандай да бір қайнардан
емес, бастаудың қозғалысынан, Болмыс-Ештеңе-Қалыптасу деген
үштік болатын mіnіmum ratіonale-ден, яғни ол Абсолюттан әлі ті
келей берілуге дайын емес, қалыптасу тұлғасында болатын жана
малау ретінде шығады” (Logіque et exіstence, 85).
Мұндай қосарлы гегельдік қағида – болмыс енді мағынаға
немесе ұғымға ие, ал танымды негіздеп тұратын қандай да бір әуелгі нәрсе жоқ – кантшылдықты сынға алатын жалпы сынды арқау етіп Гуссерльді Гегельден айқын түрде бөліп алып қарауды мүмкін етеді. Мұндай ұйғарымның бірініші жартысын гуссерльдік феноменология шынымен де мойындайды: объект мағыналардың седиментациялары12 арқылы “жасалады” және ондай мағыналар канттық мәнде кез келген тәжірибенің a prіorі шарттары болмайды, өйткені ондай шарттарды жалпы бекітуші тәжірибе ретінде бел гілейтін пайымның өзі тәжірибе арқылы бекіген болып шығады. Категориялардың логикалық ілкілігі де, тіпті трансцендентальды субъект объектілері иелене алатын формалар да атымен жоқ екен. Керісінше – Erfahrung und Urteіl13 көрсеткендей – қолданыстағы пайымдар мен категориялар әуелгі сенімділікті, болмыс бар де ген сенімділікті қажет етеді, яғни қандай да бір болмысқа деген сенімнің болуы қажет. Гуссерль мәселе қайсыбір алдын-ала бола тын білімге қатысты екеніне айрықша көңіл бөлу үшін Glaube14 сенім туралы айтады. Кез келген предикативті әрекеттен, тіпті кез келген мағынаны иеленуден бұрын, тіпті мәселе сезім арқылы затты қабылдауға қатысты болса да, “енжар түсініктің” тереңінде “қандай да бір шындықтың бар болуы туралы сенім жүзеге аса ды... Ол әр білімнің қайнары болса да және оның ішінде орналас са да, бәрібір эксплицитті білімде бұл сенімді (терминнің тура мағынасында) толығымен қайта жасау мүмкін емес” (Waelhens, Phenomenologіe et verіte, p.50-52). Сонымен, егер болмыстың баршаны қамтитын сипатының қайта жасалғандығы (гегельдік мәнде) дәлелдеуге келмесе, оның себебі кез келген болуы мүмкін қайта жаңғыруды негіздейтін әуелгінің, тікелей абсолютты шындықтың жоқ болуынан. Олай болса, кез келген логос, кез келген пайымдау, ойдың кез келген диалектикасы әуелгі сенімнің болуын өз кезегінде ұйғарады дегенді негізге алып, шынайы бар нәрсені жеткізу мүмкін емес деуіміз қажет пе? Демек, бұл жерде қайсыбір рационалдылықтан бұрын болатын нәрсе бар шығар? Осы сауал Гегельді гуссерлік және гуссерліктен кейінгі фе номенологиядан толығымен ажыратып алу үшін жеткілікті екені түсінікті. “Гегель үшін білімнің осы жағында және арғы жағында ор наласатын жеткізуге келмейтін нәрсе, жеке тұрған тікелей берілетін немесе трансцендентальды нәрсе жоқ, - деп жазады Ипполит; ол үшін онтологиялық үнсіздік деген жоқ, мағынаның жүйелі түрде
жеңісі болатын диалектикалық пайымдау бар. Бұл өзін ашып, жа сайтын пайымдауға қатысты мағына әуелгі болады деген сөз емес... бірақ мағына пайымдаудың ішінде таралады” (Logіque et exіstence, p.25-26). Гегель өзінің Glauben und Wіssen деген еңбегінде, заттың бар болуын қайсыбір жасырынған болмыстың құбылысы ретінде бағалайтын және пайымдық философияның өнімі ретінде болатын кантшыл өз ішінде болатын трансценденцияға шабуыл жасаған еді. Алайда, Гуссерльдің “Тәжірибе мен пайымдау”-ында предикатив тіліктен бұрын болатын формада Lebenswelt-ті енгізуі, сол баяғы трансценденция болып шықпай ма? Әуелгі тіршілік әлемі преди кативтіліктен бұрын болатындықтан, кез келген предикация, кез келген пайымдау, сөзсіз, оның болуын ұйғарады және сол мезеттеақ ол туралы ештеңе айтуға болмайтындай етіп оны бұрмалайды да. Бұл жерде де – бірақ, мүлдем басқа мәнде – Glauben Wіssen-ді алмастырады, ал сенімнің үнсіз қалуы адамдардың болмыс тура лы айтысын доғартады. Бұдан шығатын – Гуссерльдің ақиқаты Хайдеггерден табылады, ол үшін “Мен-нің және болмыстың қосарлығы бой бермейтін нәрсе” (Waelhens) және ол үшін абсолют ты білім деп аталатын өзінің бар болуын ұйғарып тұрған жүйенің “метафизикалығының”, спекулятивтілігі мен тең түпнұсқалы еместігінің көрінісі ғана. Гуссерльдегі әуелгі, тікелей берілген Ге гель үшін болмыс пен Логостың баршалығының қалыптасуындағы мезет ретінде еленбейтін жанама нәрсе: бірақ Гегельдің абсолютты нәрсесі, яғни Дана тұлғасында бейнеленетін өзіне және өзі үшін оралатын баршалық ретінде алынған қалыптасу, Гуссерль үшін бекітілетін әрі әуелгі емес, сондай-ақ спекулятивті әрі кез келген мүмкін ақиқат үшін “топырақ” бола алмайды. Демек, Кожев өзінің Гегельге арналған кітабының “Кіріспесін де” “Рух феноменологиясы”-ның тәсілі Гуссерльдің де “таза де скриптивті немесе диалектикалық емес” тәсілі деп көрсеткенде (467-б.), сөзсіз, онша қателеспеген екен. Сонымен қатар, гегель дік Феноменология жүйені аяқтап тұр, ол абсолютты білімдегі баршалық болмыстың қайталануы, ал гуссерлік дескрипция кез келген пікірдің арғы жағындағы “заттың” танылуын енгізеді, ол ешқашан өзін-өзі пайымдау процесін аяқтамайды. Өйткені, де скрипция дегеніміз – әуелгілікке жету мақсатында тілдің өзіне-өзі қарсы жүргізетін шайқасы (осыған орай, Мерло-Понти “стилі” мен Бергсон “стилінің” тамаша ұқсастығын атап өткен жөн). Бұл
шайқаста философтың, логостың сәтсіздікке ұшырауы күмәнсіз, өйткені, сипатталған әуелгі нәрсе, енді әуелгі болмай шығады. Гегельде, керісінше, тікелей берілетін болмыс, “әуелгі” атала тын нәрсе, енді логос, мағына болып табылады, ол ешқандай да регрессивті талдаудың нәтижесі, болмыстың абсолютты бастауы емес. “Бастауды тікелей берілетін ретінде қарастыру мүмкін емес, ол жанама әрі туынды, өйткені оның өзін нәтиже негіздеп тұрады” (Логика ғылымы). “Ешбір объект, қандай да бір тысқары зат, зер деден алшақ жатқан, тәуелсіз нәрсе ретінде берілгендіктен, зерде ге тойтарыс бере алмайды, оның алдында қандай да бір ерекше болмысқа ие бола алмайды, оны өзінің өн-бойынан өткізбей тұра алмайды” (сонда). Сонымен, гегельдік рационализм мен Гуссерльдің арасындағы тотальды жанжал айқын болды. Оған қарамастан, феноменологиялық жоба өз негізінде жатқан қайшылыққа ие болады, өйткені тілдің көмегімен болмыстағы қайсыбір логика дан бұрынғы нәрсені белгілегенде, ол ешқашан аяқталмайтын күйге түседі, себебі ол болмысты интенционалды талдау арқылы мағынаға қарай диалектикалық түрде бейнелейді. Бұл жағдайда ақиқат дегеніміз тек қана “актуальды айқындылық” емес – қалыптасу, ол бірінен соң бірі келетін айқындылықтардың қайта жасалуы мен түзетілуі. “Ақиқат, - деп жазады Мерло-Понти, - шөгіндінің басқаша атауы, оның өзі біздегі бүкіл бар нәрсенің өзі” (О феноменологии языка, қар. Probleme actuels de phenomenologіe, p.107). Ақиқат дегеніміз Sіnngenesіs, мағынаның генезисі. Бұдан шығатын нәрсе, егер “Рух феноменологиясы” жаугерлік филосо фия деп есептелетін болса, онда ол әлі жеңіске жетпеген филосо фия (Мерло-Понти), егер гегельдік рационализмді ашық деп, ал жүйені кезең деп түсінсек, онда Гуссерль мен Гегельдің “Құқық философиясын”-дағы мына бір пікірдің бастарын қосу мүмкін бо лады: “Біз ақиқат нәрсені нәтиже түрінде көргіміз келеді” – бірақ сол кезде бұл нәтиженің өзі мезет болуы шарт.
Постмодерн дегеніміз не? - деген сұраққа жауап15
Сонымен, постмодерн деген не? Оның бейнелеу һәм баяндау
ережелеріне жаудыратын сауалдарының бас айналар әрекетінде
алатын не алмайтын орны қандай болмақ? Ол, әрине, модерн са
натына енеді. Мұраға қалғандардың бәрі өткен күннің қалдығы
болса да, бәрібір (modo, modo, деп жазады Петроний) күдікті
нәрсе болуы тиіс. Сезанн қай кеңістікке жіберіледі? Импрессио
нистер кеңістігіне. Пикассо мен Брак қай пәнге жатады? Сезандық.
1912 жылы Дюшан қандай бастапқы алғышартпен қош айты
сады? Мейлі, салған суреті кубистік болса да, суретші міндетті
түрде сурет салуы тиіс дейтін алғышартпен. Бьюрен болса, Дю
шан еңбегінде қамтылмай қалған басқа алғышартқа, яғни өнер
туындысының көрсетілетін орнына күмәнмен қарайды. Бас айна
лар жылдамдықпен “ұрпақтар” біздің көз алдымызда зулап өтіп
жатыр. Туындыны модернге жатқызу үшін оның ең алдымен пос
тмодернге қатысты болуы шарт. Осылайша ұғынылған постмодер
низм модернизмнің ақыры емес, қалыптасу жағдайындағы модер
низм және оның мұндай жағдайы үнемі жалғасын тауып отырады.
Десек те, мен аталған сөздің осындай біршама механикалық
анықтамасына шүйліккім келмейді. Егер де қазіргі заманның
реалдылыққа ұстатпай, елес пен пайымның асқақ сәйкестігіне сай
өрістейтіні рас болатын болса, онда осы сәйкестіктің ішінде біз,
музыканттың айтуынша, екі әртүрлі үнді ажырата аламыз. Зейін
елестету қабілетінің шарасыздығына, адамның қатынасқа деген
сағынышына, ештемеге қарамастан оны жігерлендіріп тұратын
күңгірт әрі бекер еркіне түсуі мүмкін. Алайда, сол зейін ойлау
қабілетінің қуатына, оның “адамгершілікке жат сипатына” да
түсуі мүмкін (дәл осындай қасиетті Аполлинер қазіргі суретшілер
ден талап етеді), өйткені адамның сезімталдығы мен қиялының
пайымның ойлаған нәрсесімен үйлесім табуы не таппауында
пайымның шаруасы жоқ, сондай-ақ зейін: кескіндемелік, көркемдік
немесе кез келген басқа ойынның қандай да бір жаңа ережелерін
ойлап табудың нәтижесінде өмірді сезінудің көтеріңкі күйде бо
луына және шатыққа бөленуіне де түсуі мүмкін. Бәлкім, сен, менің
төменде кейбір есімдерді авангардтық тарихтың шахмат тақтасында
келемеж сурет түрінде орналастыруымнан ойымды түсінерсін:
меланхолия тарапынан неміс экспрессионистері бой түзейді, ал
новация тарапынан Брак пен Пикассо шығады; бір жағында Ма
левич, екінші жағында Лисицкий; Кирико бір жақта, Дюшан екін
ші жақта тұрады. Осы екі модустың не тональдылықтың арасын
бөліп тұрған нюанс жоқтың қасындай болуы мүмкін, көбінесе
олар бір туындының ішінде айырмашылығы байқалмай қатар
өмір сүреді, дегенмен де олар көптен бері ойлау тағдыры бәске тігіліп келе жатқан, әлі де тігілетін, қайсыбір келіспеушіліктің не месе араздықтың (dіfferend): өкініш пен ұмтылыстың арасындағы қайсыбір араздықтың болуын дәлелдеп тұр. Пруст пен Джойстың туындылары өзін көрсетпейтін, көрсетуге мұрша бермейтін қандай да нәрсенің болуын тұспалдап тұрғандай. Бұл тұспал, оған жақында назарымды аударған Паоло Фабри, сірә, асқақтық эстетикасына тәуелді туындылардың бөлінбес сипаты да болар. Прустағы уақыт молшылығының құрбанына айналған сана бірегейлігі осы тұспалдың құнын өтеу үшін қолға түспей, сыты лып шығып кетеді. Ал, Джойста бұл кітаптың немесе әдебиеттің құрбанына айналған жазу бірегейлігі (идентичность). Пруст жазу арқылы және мұрты бұзылмаған синтаксисі мен лексика сы бар тілдің құралдары арқылы жеткізуге келмейтін романдық баяндауға сілтейді. Прустқа Бальзак пен Флоберден мұраға қалған әдебиет институтына, әрине, нұқсан келеді, өйткені, романның кейіпкері қайсыбір кейіпкер емес, уақыттың ішкі санасы, ал Фло бер қаламынан зақымданып шыққан диегезаның диахрониясы, Пруст тандап алған нарративті дауыстың арқасында, қайтадан сұрау белгісінің астына алынады. Дегенмен де, кітаптың бірлігі, сол сананың одиссеясы тараудан тарауға қарай шегеріліп отыр са да, алаңсыз күй кешеді: мұндай “Рух феноменологиясымен” салыстыруға болатын бірлікті коннотациялау үшін16 жазудың шек сіз баяндау лабиринтінен өтетін барабарлықтың өзі де жеткілікті. Джойс болса, өзінің жазуы арқылы ұғынылмайтын таңбалаушы туралы болжамды ұсынады. Ол ойынға тұтас нәрсенің бір лігін сақтауды қаперіне алмай, нарративті және стилистикалық операторлардың тұтас бір гаммасын енгізеді және жаңа оператор лармен эксперимент жасауға кіріседі. Әдеби тілдің грамматикасы мен сөздік қоры енді берілген нәрсе ретінде қабылданбайды, олар туындының елестетуге келмейтінді айқындауына кедергі жасай тын, тақуалықтан туындайтын (Ницше айтатындай) әлдебір ака демизм, жол-жора түрінде көрініс табады. Сонымен, жанжалдың мәні мынада: қазіргі эстетика асқақ нәрсенің эстетикасы, бірақ ол аңсау сарынында болатын эстетика; ол түсінуге келмейтін нәрсені тек қандай да бір жоқ мазмұн ретінде анықтауды ұйғарады, ал форма болса өзінің тұрақты әрі танымал болуының арқасында оқырманға не көрерменге жұбанудың не рахаттанудың себебін
ұсынуын жалғастыра береді. Бірақ бұл сезімдер шынайы асқақ сезімдер емес, ондай сезім рахат пен ауырсынудың қандай да бір қастерлі үйлесімділігі болып табылады: зерденің әр түсініктен ба сым түсуінен ләззат алу және қиялдың не сезімнің түсінікке сай болуға қауқарсыздығын көргенде азап шегу. Модерн ішінде түсініктің өзінен түсінуге келмейтін нәрсені айқындап тұрған нәрсе; тәуір формалардың жұбатуынан, бірлесе отырып мүмкін еместі аңсауды мүмкін ететін талғам бәтуасынан бас тартатын нәрсе; жаңа түсініктерді ләззат алу үшін емес, түсініп болмайтын бір нәрсе болатынын жақсы сезіну үшін толассыз із деністе болатын нәрсе постмодерн саналады. Постмодерн сурет шісі немесе жазушысы философтың кебін киеді: ол жазатын мәтін, ол жасайтын туынды ешқандай алдын-ала белгіленген ережеге бағынбайды және оларға анықтаушы пайым арқылы, осы мәтінге немесе туындыға әлдебір мәлім категорияларды қолдану арқылы баға беру мүмкін емес. Мұндай ережелер мен мұндай категори ялар біз айтып отырған туынды немесе мәтін іздейтін нәрсе бо лып шығады. Сонымен, суретші мен жазушы ешбір ережесіз еңбектенеді, олар әлі жасалмаған, енді ғана жасалатын нәрсенің ережесін белгілеу үшін еңбек етеді. Бұдан шығатын нәрсе - мәтін мен туынды оқиға қасиеттерін иеленеді, сондай-ақ бұл олардың авторға тым кеш келуін немесе олардың жүзеге асуының әрқашан тым ерте басталуын да түсіндіре алады. Постмодернді осындай әуелгі келешектің парадоксы (post modo) ретінде ұғыну қажет шығар. Менімше, эссе (Монтень) постмодернге, ал фрагмент (Атене ум) модернге жататын сияқты. Сонымен, мынадай нәрсе айқын болуы тиіс: біз реалдылықты жеткізіп бермей, түсінігін жасау мүмкін болмайтын ойдағы нәрсенің тұспалын ойлап табуымыз қажет. Және мұндай міндеттің орындалуы әртүрлі “тілдік ойындардан” (арасында түпсіз тұңғиық жатқанын және тек трансцендентік иллюзия ғана (гегельдік) олардың баршалығынан дәмелі екенін білетін Кант оларды қабілеттер деп атаған) ымыра күтуге негіз бола алмайды. Бірақ ол мұндай иллюзия террор құнымен өтелетінін де білген. ХІХ және ХХ ғасыр бізді террорға әбден тойдырған. Біз, бүтіндік пен тұтастықты, ұғым мен сезімнің ымырасын, мөлдір әрі көпшіл тәжірибені аңсағанымыз үшін тым қымбат құн төледік. Бізге,
баршаның жайбарақаттыққа деген тілегінің астарында террорды
қайта бастауды, нақтылықты құшағында тұншықтырып, фантаз
мды, арманды аяқтауды қалайтын қарлыққан дауыс естіледі. Оған
берілетін жауап мынадай: тұтастыққа соғыс ашу, түсінуге келмей
тін нәрсені куәландырамыз, жанжалды жандандырамыз, намысты
қорғаймыз.
“Пост” мағыналары туралы жазбалар (Джессамин Блеуге
жазылған хат, Милуоки, 1985 ж. 1 мамыр)17
“Постмодерн” терминіне байланысты бірқатар мәселені шешу
ге талпынбасам да, оны анықтауды мақсат тұтып өзімнің бірқатар
пікірлерімді саған жеткізгім келеді. Мұнымен мен аталған
мәселелердің талқылануын жауып тастауды көздемеймін, керісін
ше, шатасу мен қос ұдайылықтан сақтандырып, тиісті арнаға сал
сам деймін. Үш пунктімен шектелдім.
1. Сәулет өнеріндегі постмодернизм мен модернизмнің немесе
Mouvement moderne (1910-1945) қарама-қарсылығынан бастайық.
Портогезидің пікірінше модерннің постмодернге қарай өтуі, “Stіjl”
күшін жойғаннан кейін ғана мүмкін болды. Греготтиге сенер болсақ,
модернизм мен постмодернизмнің ең әуелгі айырмашылығы,
модерннің архитектуралық жобасын бүкіл адамзат көлеміндегі
әлеуметтік және жеке бостандықты прогрессивті түрде жүзеге асы
ру идеясымен байланыстырып тұрған тығыз байланыстың үзілуіне
қатысты. Қазіргіден кейінгі сәулет өнері қазіргіден мұраға қалған
кеңістікте қандай да бір болмашы өзгерістердің қатарын өндіруге
мәжбүр болып, адам тіршілік ететін кеңістікті ауқымды түрде
қайта құрудан бас тартады. Бұл мәнде постмодерн адамының,
мысалы, сәулетшінің көз алдына, енді әмбебаптылықтың немесе
әмбебаптаудың, баршаны азат ету көкжиегі анықтамайтын, кеңінен
жазылған ландшафт көрінісі келеді. Рационалдық пен еркіндіктің
жедел даму Идеясының жойылуы – постмодерндік сәулет өнерінің
белгілі “реңкін”, оның ерекше стилін не мәнерін, мен айтар едім,
өзіндік “бриколажын”, яғни бұрын болған классикалық және
қазіргі кезеңдер мен стильдерден көшірілген элементтердің
қаптаған бөліктерінің болуын, айналасындағыларға жеткілік
ті көңіл бөлмеуін түсіндіре алады. Мәселенің мынадай бір қыры
туралы айта кететін нәрсе: “постмодернизм” сөзіндегі “пост”
деген қосымшаны бұл авторлар әңгіме қарапайым сабақтастық,
әрқайсысын нақты сәйкестендіруге болатын кезеңдердің қандай
да бір диахроникалық тізбегі жайында деп түсінеді. Бұл жағдайда
“пост” конверсия сияқты нәрсені белгілеп тұрады: қандай да бір
жаңа бағыт алдында болған нәрсені алмастырады. Бірақ тізбекті
хронологияның мұндай идеясы толығымен “өзекті” болады. Ол бір
мезетте христианшылдыққа, картезианшылдыққа, якобшылдыққа
тән: біз жаңа нәрсені бастадық, демек, сағаттың тілін нольдік
бағанға апару қажет. Қазіргінің идеясы дәстүрден ажыраудың
және өмірдің немесе ойлаудың қандай да бір абсолютты жаңа
үлгісінің мүмкіндігі мен қажеттілігінің принципімен өте тығыз
сәйкестікте болады. Бүгінде біз мұндай “ажырауға” күмәнмен
қарап, оның өткенді жеңу емес, керісінше ұмыту немесе жаңшу,
басқаша айтқанда, қайталау болатынын байқап отырмыз. “Жаңа”
сәулет өнерінде бұрынғы архитектуралық стильдерден алынған
элементтердің қайталануы Фрейдтің “Толкование снов” еңбегінде
сипатталған өткен күйзелістен басталатын түстердің жұмысындағы
күндізгі әсердің қолданылуы сияқты процедураға негізделетінін
айта кеткім келеді. Кекесін, арсыз не ойсыз түрде қабылданса да,
мұндай жазмышты қайталау және/немесе көшіру өте айқын түрде
байқалады, ол үшін қазіргі кескіндемеде “трансавангардизм”, “не
оэкспрессионизм” және т.с.с. деп аталатын үстем ағымдарға назар
аударсақ жеткілікті. Төменде мен бұған әлі ораламын.
2. Мен сәулет өнеріндегі “постмодернизмнен” аттанып,
енді “қазіргіден кейінгі” деген терминнің екінші мағынасына
жақындадым; саған шынымды айтар болсам, бұл пунктіде мен
үшін барлық нәрсе айқын болмай тұр. Жалпы идеясы ескірген:
бүгінде біз Батыс адамының соңғы екі ғасырда адамзаттың жалпыға
ортақ даму қағидасына деген сенімінің құлдырауын байқап отыр
мыз. Болуы мүмкін немесе қажетті дамудың мұндай идеясы өнер
мен технологияның дамуы, білім мен еркіндік, сайып келгенде
бұлардың бәрі адамзат үшін пайдалы деген берік сенімге негіз
делетін еді. Дегенемен де, дамымай қалудың шын субъектісі әрі
құрбаны кім: кедейлер ме, әлде жұмысшылар ма, әлде сауатсыздар
ма? – деген сұрақ жауапсыз қалады... Либералдар, консерваторлар
мен солшылдар өткен ғасырда да, осы ғасырда да үнемі осы сұраққа
жауап іздеумен келген, азаттыққа мұқтаж субъектінің шын есімін
анықтау үшін олар, өзін білетіндей, өзара ғылыми тартыстарды
ұйымдастырып, тіпті, соғысуға дейін барған. Десек те, әртүрлі саяси ағымдарды бастамалар, ашылатын жаңалықтар, нұсқамалар адамзатты азат етуге септігі тиетіндіктен ғана заңды болады де ген сенім біріктіретін. Осы екі ғасыр өткеннен кейін біз бұл жалпы нұсқамаға қайшы келетін қозғалыстың болуын айқындайтын бел гілерге көбірек көңіл бөле бастадық. Экономикалық немесе саяси либерализмге де, марксизмнің ішіндегі түрлі ағымдарға да осы екі қанды ғасырда адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыптан ақталып шығу бұйырмаған екен. Біздің күмәнімізді айғақтап, не гіздей алатын бірталай жалқы есімдерді, жер атауларын, тарихи қайраткерлердің есімдерін, даталарды санамалап беруге болар еді. Ең жаңа деген батыстық тарихтың адамзатты азат етудің “қазіргі” жобасынан қаншалықты алшақ жатқаның көрсету үшін мен Тео дор Адорноның ізімен “Освенцим” деген нышан-сөзді қолдандым. Қандай ойлау осы aufheben мәніндегі “Освенцим” сөзін баршаны азат етуге бағытталған қандай да бір баршаға ортақ эмпириялық үдеріске немесе, тіпті болмаса, ойлау процесіне енгізе отырып, “ұғынуға” қабылеті жетер екен? Біздің Zeіtgeіst18-ті құпия уайым жегідей жеп барады. Ол өзін барша болуы мүмкін реактивті немесе тіпті реакцияшыл нұсқамаларда немесе құрғақ қиялдарда білдіруі мүмкін, бірақ бізге қандай да бір жаңа болашақты көрсете алатын дай жағымды бағдар жоқ. Техникалық ғылымдардың дамуы осы сырқатты емдеудің орнына, оның асқынуының құралына айналды. Біз енді мұндай дамуды прогресс дей алмаймыз. Ол бізге тәуелсіз, өздігінен жалғасатындай, қандай да бір дербес күштің қозғауымен дамитындай әсер қалдырады. Ол адам мұқтаждықтарынан туын дайтын сұраныстарды ендігәрі өтей алмайды. Керісінше, осындай дамудың нәтижелері мен жемістері адамның әлеуметтік те, жеке де мәнін үнемі тұрақсыз етіп тұрғандай әсер қалдырады. Мен тек ма териалды нәтижені ғана емес, сондай-ақ рухани, зияткерлік нәтиже туралы да айтып отырмын. Бүгінде адамзат өзінен озып кеткен тәжірибе мен ойлаудың жаңа объектілерының қорлану процесін қуып жетуге мәжбүр болады. Өзін де жорамалдап отырғандай, мұндай күрделену процесінің (comlexіfіcatіon) себептері туралы сұрақ күрделі әрі мен үшін өте маңызды. Қандай да бір жазмыш еркімізден тыс бізді күрделеніп бара жатқан жағдайға душар етеді деген болжам жасауға болады. Біздің тірі әрі қоғамдық тіршілік иелері ретіндегі тікелей жағдайымыздан туындайтын қауіпсіздік,
бірегейлік, бақыт сияқты қалауларымыз бүгінде бізді қандай объ ект болмасын, оларды күрделендіруге, жанамалауға, есептеуге және жинақтауға, сондай-ақ олардың көлемін өзгертуге итерме лейтін мәжбүрлеудің мұндай түрімен ендігәрі еш сәйкеспейтіндей көрінеді. Ғылыми-техникалық әлемде біз Гуливер тәріздіміз: біресе тым үлкен, біресе тым шағын, әйтеуір көлемі дұрыс болмай жатады. Егер заттарды осы тұрғыдан бағаласақ, онда қарапайымдылықты талап ету жабайылықтың нышаны болып көрінер еді. Осы пункті талдаған кезде адамзаттың екіге бөлінуі туралы мәселені нақтылап зерттеген дұрыс сияқты: оның бір бөлігі осы күрделену талабын қабылдаса, екіншісі адам баласының тірі қалуына байланысты ежелгі, айбарлы талапты қабылдайды. Міне, қазіргінің жобасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі мүмкін осы шығар, оның, есіне салайын, принципті түрде жалпы адамзатқа қатысы бар бо латын. 3. Ең күрделі үшінші пункті, мен қысқаша баяндап берейін. Қазіргіден кейінгі туралы мәселе, сонымен қатар, - немесе ең әуелі, ойдың әртүрлі формаларының көріну мәселесі болады: өнерде, әдебиетте, философияда, саясатта. Мысалы, өнер саласында, дәлірек айтсақ, көзге көрінетін және қимылдың өнерінде бүгін ұлы авангардтық қозғалыстың күні біткен және оны ұмытуға болады де ген түсінік үстемдік құрайды. Бүінде заманы өткен қазіргі авангар дтарды келемеждеу немесе күлкі ету сәнге айналған деуге болады. “Авангард” терминінің мағынасында милитаристік реңк бар және мен үшін ол басқалардан артық емес. Бірақ мен авангардтық про цестін іс жүзінде қандай болғанын жақсы біліп тұрмын, ол - ұзаққа созылған, табанды, жауапкершілігі биік, қазіргінің әу бастағы алғышарттарын табуға ұмтылған өзіндік бір еңбек болатын. Менің айтайын дегенім, қазіргі суретшілердің туындыларын дұрыс түсіну үшін, мысалы, Манеден бастап Дюшанға немесе Барнет Ньюменге дейін, олардың еңбектері мен анамнез арасында аналогия жүргізу қажет және ол психоаналитикалық терапия мәнінде жүргізілуі тиіс. Психоаналитиктің пациенті өзінің қазіргі сырқатынан, бір қарағанда кез келген контекстіден шығарылған элементтерінің және өткенде болған қандай да бір жағдайлардың арасында ер кін ассоциациялар орнату жолымен арылғысы келеді, бұл оған өз өмірінің, жүріс-тұрысының құпия мәнін ашуға мүмкіндік береді. Дәл солай Сезанн, Пикассо, Делоне, Кандинский, Клее, Мондри
ан, Малевич және Дюшан туындыларын қазіргінің өз мәнің қандай да бір “қайта өндеуі” (durcharbeіten) ретінде қарастыруға бола ды. Егер кім де кім осындай жауапкершілікті менсінбеген болса, онда ол өзін батыстық паранойаның, батыстық шизофренияның және т.с.с. екі ғасыр бойы біз таныған қасіреттердің қайнары бо латын “қазіргі жүйке ауруын” қайталауға душар етеді. Осы мәнде ұғынылатын “пост” қосымшасы, come back, flash back, feed back тәрізді қимылды, яғни қайталау қимылдарын емес, қандай да бір “әуелгі ұмытылғанды” қайта өндеп тұратын қайсыбір “ана процес ті” талдау, анамнез, аналогия және анаморфоз процесін белгілей тіні саған түсінікті болар деймін. Түсініктемелер 1 Эдмунд Гуссерль 1859 жылы Просницеде (Моравия) ев рей отбасында дүниеге келген. Ғылыми зерттеулермен Берлинде (Вейерштрассе) және Венада (Брентано) айналысқан. Докторлық диссертациясын математикадан қорғаған (1883 ж.): Вариациялық есептеу теориясына қосылған үлес. Оның алғашқы жарияла нымдары математикалық логикаға және логистикаға арналған: Арифметиканың философиясы. Оның бір бөлігі ғана жарық көрген (1891), Логикалық зерттеулер, І, 1900, ІІ, 1901. 1886 ж. Гуссерль ін жілдік дінді қабылдайды; 1887 ж. үйленіп, Галле университетінде дәріс оқиды; 1901 ж. Геттингенде ақылдастарын тауып, алғашқы шәкірттерін дайындай бастайды (Феноменология идеялары, 1907). Сол кезде ол Логоста тамаша мақаласын – Қатаң ғылым ретіндегі философия (1911) және көзі тірісінде жарық көрген бірінші томын (Феноменологиялық философия және таза феноменологияның не гізгі идеялары, 1911) жариялайды. 1916 ж. Фрайбургте кафедра ны басқарады. Оның шәкірті Мартин Хайдеггер Уақыттың ішкі санасы феноменологиясына арналған пролегомендер (1928) деп аталатын еңбегін редакциялайды. Кейін Формальдық және транс ценденттік логика (1929), Картезианшыл медитациялар (француз тілінде, 1931), Трансценденттік феноменология және еуропалық ғылымдардың дағдарысы (1936), Тәжірибе және пайым еңбегін 1936 ж. шәкірті Ландгребе редакциялаған. Нацистік режимнің жауығуына қарамастан, Гуссерль эмиграцияға кетпейді. Ол, 1938 жылы Фрайбургте қайтыс болады. Оның шәкірті Ван Бреда гитлер
шіл антисемитизмнен қауіптеніп, кітапханасы мен жарық көрмеген еңбектерін Лувенге көшіріп алады. Гуссерльдің реттелген мұрағаты отыз мың жарық көрмеген беттен тұрады және шығармаларының толық жинағында – Гуссерлианада жарияланады. 2 Мұндай бағыныштылық сыңар сызықты емес, өзара қатар өрілген. 3 Tran-Duc-Thao. Phenomenologіe et materіalіsme dіalectіque. P.73-74. 4 Гуссерль Э. Картезианские размышления. СПб., 1998, ІІ. 102103 б. 5 Гуссерльдің Іdeen zu eіnen reіnen Phanomenologіe. Logos, VІІ, 1917-18. 6 Dіe phaenomenologіsche Phіlosophіe E.Husserl іn der gegnwaertіgen Krіtіk, Kantstudіen. XXXVІІІ, 1933. Мақалаған Гус серль қол қойған. 7 Гуссерль Э. Картезианские размышления. СПб., 1998. 183-б. 8 Танымдық әрекет – оның нәтижесінде ұғымдардың не заттардың арасындағы ерекшеліктер айқын болады (ауд.) 9 Гуссерль Э. Философия как строгая наука. Новочеркасск, 1994. с.62. 10 Presupposіtіon phіlosophіque de la logіque. RMM, XLVІ. 11 Гегель Г.Ф.В. Феноменология духа. СПб., 1996. с.19. 12 Шөгуі (ауд.) 13 “Опыт и суждение” – Гуссерль қайтыс болғаннан кейін, шәкірті Л.Ландгребе жариялаған Гуссерльдің еңбегі. 14 Сенім, наным (нем.) 15 Ad margіnem, M,1992 (лаборатория постнеклассических ис следований). 16 Қосымша мағына беру (ауд.). 17 Иностранная литература, 1994, № 1. 18 Замани рух (нем.) Лиотар Ж.Ф. Феноменология. Спб. Алетейя. 2001. С. 5-53. Ответ на вопросы: что такое постмодерн? Заметка о смыс лах «пост»// Иностранная литература. 1994. №1. С. 5-10.
Жак ДЕРРИДА
ЖАЗУ ЖӘНЕ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
...Гуманитарлық ғылымдардың дискурсындағы
құрылым, таңба және ойын
Заттарды түсіндіруден гөрі, түсіндірмені
түсіндірумен айналысқан жөн.
Монтень
Бәлкім, “құрылым” ұғымының тарихында “уақиға” деп
атауға тұрарлық нәрсе, егер бұл сөзге құрылымдық немесе
құрылымдылық нұсқама жоққа шығарғысы келген не күмәндануға
тырысқан мағынаны үстейтін болсақ, орын алған да шығар. Деген
мен де, бұл сөзді сақтықпен жақшаға ала отырып, “оқиға” туралы
айтайық. Бұл өзі қандай оқиға? Оның сыртқы тұлғасы қандай да
бір үзіліс пен еселену тәрізді көрінеді.
Құрылым деген ұғымның өзі, тіпті, “құрылым” деген сөз
батыстық эпистеманың, яғни батыстық ғылым мен философияның
құрдастары екенін, олардың тамыры кәдімгі тілдің топырағында
орналасқанын және оларды метафоралық ығысуда өзіне тартып
тұрған эпистема сол жерден табатынын оңай көрсетуге болар еді.
Дегенмен де, мен шекарасын анықтағым келген оқиғаға дейін
құрылым немесе, дұрысы, құрылымның құрылымдығы (оның
жұмысқа жегілуіне қарамастан) тұрақталған қайнармен, қайсыбір
қатынасу нүктесімен жалғастырып тұрған орталықпен қамтылудың
арқасында әрдайым бейтараптануға не жоғалуға ұшырайды. Мұндай
орталықтың қызметі құрылымды ұйымдастыру, тепе-тең ету неме
се бағытын анықтау ғана болмайды. Өйткені, ұйымдастырылмаған
күйдегі құрылымды пайымдау да мүмкін емес, – сонымен қатар,
ең бастысы құрылымды құру қағиданың өзі ойын деп атауға бо
латын нәрсенің шегін анықтап тұрады. Әрине, құрылымның
орталығы жүйенің үйлесімділігін бағыттап, ұйымдастырған кезде,
тұтас форманың ішіндегі элементтердің ойынына да жол беретіні
даусыз. Бүгін де қандай да бір орталықсыз құрылымның болуы
– мүлдем ақылға қонбайтын нәрсе.
Бірақ, орталық өзі ашқан және мүмкін еткен ойынды өзі жауып
тастайды. Орталықтың өзі мағыналардың, элементтердің және
терминдердің алмасуы енді мүмкін болмайтын нүктеге айнала
ды. Орталықта элементтердің (олардың өздері, дегенмен, басқа құрылымға енетін құрылымдар болуы мүмкін) өзара алмасуына немесе өзгеруіне тыйым салынады. Қалай болғанда да мұндай өзгеріске әрдайым тыйым (мен әдейі осы сөзді қолданып отыр мын) салынып келген. Сонымен, тек жалғыз болатын орталық қана құрылым ішінде құрылымды меңгеріп, құрылымдыққа ұстатпайтын нәрсені жасайды деп есептеледі. Сондықтан да, құрылым туралы классикалық ой тұрғысынан орталық құрылымның ішінде және құрылымнан тыс орналасады деген парадоксалды пікірді айтуға болады. Ол қайсыбір тұтастықтың орталығы болып табылады және сонымен қатар мұндай тұтастықтың орталығы – орталық оның иелігінде болмағандықтан – басқа жерде орналаса ды. Орталық – орталық болмай шығады. Орталығы бар құрылым ту ралы ұғым – философия немесе ғылым ретіндегі эпистеманың шар ты болып, үйлесімділіктің көрінісін айқындаса да – қайшылықты түрде үйлесім табады. Және, әдетегідей, мұндай үйлесімдік әлдебір қалаудың күшін аңғартады. Шын мәнінде, орталығы болатын құрылым туралы ұғым – негіз қалаушы жылжымайтын нәрсеге және жұбатушы растылыққа құрылатын негізделген ойын туралы ұғым және бұл ойынның өзі ойынан шығарылып тасталған. Нақ осы растылықтың – біз ойындамыз, ойынның қызығына берілдік, ойын басталған сәттен бастап ойнаудамыз деген сезімнен үнемі туындай тын үрейге бой алдырмауға көмегі тиеді. Ішінде де, сыртында да орналасқан, бастаудың яки аяқтаудың, архе-нің немесе телос-тың есімдерін немқұрайлы қабылдайтын, біз орталық деп атаған нәрсені негізге алып әртүрлі қайталамалар, алмасулар мен өзгерістер – мағынаның қандай да бір тарихына, бастауын әрқашан оятуға, ал соңын қатынасу формасында болжауға болатын, яғни жай ғана тарихқа – әрқашан кірігіп тұрады деуге болады. Міне, сондықтан да, кез келген археологияның қозғалысы, эсхатологияның қозғалысы тәрізді, құрылымның құрылымдығының редукциясына қатысып, ойын шекарасынан тыс жатқан әрі толық қатынасуды негізге алып, құрылымды пайымдауға талпынады деуге болады. Шынымен де, жағдай осындай болса біз әңгіме етіп отырған үзіліске дейінгі “құрылым” деген ұғымның бүкіл тарихын – бір орталықты екінші орталықтың алмастыру легі ретінде, орталықтың әртүрлі анықтамаларының тізбегі ретінде пайымдау қажет. Орталық жүйелі әрі реттелген түрде әртүрлі формалар мен атауларды иеленеді. Бұл жағдайда метафизиканың тарихы мен Батыстың тарихы осын дай метафоралар мен метонимиялардың тарихы болып шығады. Бұл жерде оның матрицалық формасы ретінде – дәлелдерімнің
сенімділік дәрежесінің тым төмен болуына және өзімнің көптеген жүрістерімді тастап кеткеніме кешірім өтінемін, өйткені негізгі тақырыпқа тезірек жетсем деймін – болмыстың қатынасу (бұл сөздің барлық мағынасындағы) ретіндегі анықтамасы алынады. Негіз, әуелгі себеп, орталық сияқты түсініктердің барлық есім дері әрқашан белгілі бір қатынасудың инвариантына сілтейтінін (eіdos, arcһе, telos, energeіa, ousіa [мән, болмыс, субстанция, субъ ект], aletһeіa, трансцендентальды, сана, Құдай, адам және т.б.) көрсетуге болар еді. Мен жоғарыда сілтеме жасаған үзілістің, бөлінудің оқиғасы, ша мамен, құрылымның құрылымдығын пайымдау, яғни қайталау қажет болған сәтте жүзеге асқан сияқты; менің бөліну дегеніміз – бұл сөздің толық мағынасын алғанда – қайталау болып табылады деуімнің мәні де осында. Сол мезетте орталықтың құрылымды жасауға де ген қалауын меңгеріп тұратын заңды, сонымен қатар, алмастыру барысында өзінен шығып кетіп, ешқашан өзі болып көрмеген орталыққа қатынасу заңына ығысулар мен орын алмастыруларды бағындырып тұрған таңбалау процесін де меңгеріп тұратын заңды да пайымдаған дұрыс еді. Алмастырушы белгілі бір мәнде өзінен бұрын болған ешқандай нәрсені алмастырмайды. Бұл, орталық жоқ, оны қандай да бір бар нәрсенің формасында пайымдауға болмайды, оның табиғи орны жоқ, ол белгілі бір бекітілген орын емес, таңбалардың шексіз орын алмасулары жүзеге асатын бел гілі бір орын-емес нәрсе, қызмет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дәл осы сәтте тіл әмбебап проблемалық өрісті иеленеді; бұл – орталықтың немесе бастаудың болмауынан бүкіл нәрсе дискурсқа айналған сәт – тек бір шарт қана сақталуы тиіс: біз бұл сөзді орталық, әуелгі бастау немесе трансцендентальды таңбаланушысы ешқашан өзгешеліктердің белгілі бір жүйесінен тыс болмайтын жүйе ретінде ұғынуымыз қажет болады. Транс цендентальды танбаланушының болмауы таңбалаудың ойыны мен өрісін шексіз кеңейте береді. Құрылымның құрылымдығы туралы ой ретіндегі мұндай орталықсыздану қай жерде және қалай жасалады? Ондай өндірсті белгілеу үшін қандай да бір оқиғаға, ілімге немесе қайсыбір автордың есіміне сілтеме жасау аңғалдық болар еді. Мұдай өндіріс, әрине, жалпы біздің дәуірде пайда болғаны ғана даусыз, бірақ ол әрқашан өзі туралы жариялап, әрекет етіп келген еді. Егер де бізге мұндай өндірістің ең радикалды түрінде көрініс табатын дискурстардың авторын атап, қарапайым нұсқау ретінде бірнеше “жалқы есімді” таңдауымыз қажет болса, онда, әрине, метафизика
ны, оның ойын, түсіндіру және таңба (ақиқаттың қатысы болмай
тын таңба) ұғымдарымен алмасатын болмыс пен ақиқат сияқты
ұғымдарды сынайтын ницшелік сынды; өзі үшін қатысуды, яғни
сананың, субъектінің өзіне-өзі барабар болуын, өзіне-өзі тікелей
жақындауын немесе өзін-өзі иеленуін сынайтын фрейдшіл сынды
және ең сонында, метафизиканың, онтотелеологияны, болмысты
қатынасу ретінде анықтаудың біршама радикалды хайдеггершіл
деструкциясын еске түсірген жөн сияқты. Мұндай дискурсия
лар мен олардың аналогтары белгілі бір шеңберде орналасқан.
Бұл шеңбер – жалғыз және метафизика тарихы мен осы метафи
зика тарихының деструкциясы арасындағы қарым-қатынасты
сипаттайды: метафизиканы әлсірету үшін метафизика ұғымын
пайдаланбаудың ешқандай мәні жоқ; бізде мұндай тарихқа жат бо
латын тіл де (синтаксис пен лексика да) жоқ; біз оның өзі қарсы
шығатын құбылыстың формасына, логикасына және жасырын
ұстанымына кірігіп кетпейтін ешқандай деструктивті пікірді айта
алмаймыз. Көптеген мысалдардың ішінен біреуін ғана алайық:
қатынасу метафизикасын таңба туралы ұғымның көмегімен
әлсіретуге болады. Бірақ, мен қазір ғана айтып өткендей, егер біз
трансцендентальды немесе артықшылығы бар таңбаланушының
болмайтынын, демек мағыналардың өрісі немесе ойыны шексіз бо
латынын көрсеткіміз келсе, онда бізге енді таңба ұғымынан және
“таңба” сөзінен бас тартуға тура келеді – бірақ дәл осы нәрсені
жүзеге асыру мүмкін болмайды. Өйткені “таңба” өз мәнінде
“бірдеңенің таңбасы”, белгілі бір таңбаланушыға сілтеп тұратын
таңбалаушы, өзінің таңбаланушысынан ерекшеленетін таңбалаушы
ретінде әрқашан анықталып, түсінілетін. Егер таңбаланушы мен
таңбалаушының арасындағы түбегейлі ерекшелікті өшірер болсақ,
онда метафизикалық ұғым ретіндегі “таңбаланушы” сөзін де жоққа
шығаруға тура келеді. Леви-Стросс өзінің “Сырое и вареное”
кітабының кіріспесінде “әуелгіден таңбалар деңгейін ұстанып,
сезілетін және пайымдауға келетіннің қарама-қарсылығын жеңуге
ұмтылдым” дегенді айтқанда, оның бұл қадамының қаншалықты
қажетті, күшті әрі заңды болуы бізге таңба ұғымының сезетін және
пайымдауға келетін нәрселердің аталған оппозициясын жеңе ал
майтынын ұмыттыра алмайды. Керісінше, осы оппозиция таңба
ұғымының бүкіл тарихында оны анықтап тұрады. Ол әрқашан
осы қарама-қарсылықта және оның жүйесінде өмір сүріп келген.
Бірақ біз метафизикалық сыбайластыққа қарсы жүргізілетін сыни
әрекеттен бас тартпай, өз ішінде таңбалаушысын редукциялайтын
немесе оны өзінен тыс шығарып тастайтын таңбаланушының өзіне-
өзі барабар болуындағы өзгешелікті өшіріп алуға қауіптенбей, таңба ұғымынан құтыла алмаймыз. Өйткені таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы ерекшелікті жоюдың екі мүлдем әртүрлі тәсілі бар: бірінші, классикалық тәсілдің мәні таңбалаушыны редукциялау немесе одан бас тарту, яғни, түптеп келгенде, таңбаны ойға бағындыру; біз біріншіге қарама-қарсы қоятын екіншісінің мәні – жоғарыда аталған редукция әрекет ететін, ең бастысы, сезімділік пен пайымдалатынның қарамақарсылығы жүзеге асатын жүйеге күмән келтіру. Бұл жердегі парадокс таңбаның метафизикалық редукциясының өзі редукци ялайтын қарама-қарсылыққа мұқтаждығына байланысты. Қарамақарсылық пен редукция бірігіп, бір жүйені құрайды. Таңбаға қатысты айтылғанның бәрі метафизика жасайтын кез келген ұғым мен пікірге, сондай-ақ “құрылым туралы” дискурсқа де қатысты болады. Бірақ, бұл шеңбердің ішіне әртүрлі амал арқылы енуге бо лады. Олардың бәрін аңғалдықтың, эмпирикалықтың, жүйеліліктің әртүрлі дәрежесі ерекшелеп тұрады және олардың бәрі осы шеңбердің тұжырымына немесе, тіпті, формалдандыруға бірша ма жақын тұрады. Нақ осы ерекшеліктер деструктивті, қиратушы дискурстардың көп болуын және оларды жүргізетіндердің арасындағы келіспеушілікті түсіндіре алады. Мысалы, Ницше, Фрейд және Хайдеггер метафизикадан мұраға қалған ұғымдардың ортасында әрекет еткен. Ал, мұндай ұғымдар - қарапайым эле менттер не атомдар болмағандықтан және белгілі бір синтаксистік байланыс пен белгілі бір жүйеге енетіндіктен, кез келген жеке ал мастыру өз соңынан бүкіл метафизиканы ертіп жүрген. Бұл жағдай аталған қиратушыларға өзара бірін-бірі талқандауға мүмкіндік бер ген, мысалға, Хайдеггердің көрегендігі мен қатаңдығы әділетсіздігі мен түсінбеушілігінен кем түспей Ницшені соңғы метафизик және соңғы “платоншыл” деп жариялау. Тура осыны Хайдеггердің өзіне де, Фрейдке де немесе тағы басқаға да қолдануға болар еді. Бүгінде бұдан кең тараған құбылысты кездестіру мүмкін емес. Егер біз “гуманитарлық ғылымдар” деп аталатындарға назар аударсақ, осындай формальды сұлбаның жағдайы қандай болар екен? Мүмкін, осыған қатысты ғылымдардың біреуі артықшылығы бар орынды иеленетін болар. Бұл – этнология. Расында да, ғылым ретінде этнология белгілі бір орталықсыздануды жүзеге асыру мүмкін болған сәтте: еуропалық мәдениет – демек, метафизиканың тарихы мен ұғымдары да – өзіне мәдениет үлгісі ретінде қарауды доғаруға мәжбүр болып, өз орнынан қуылып, ығысқан сәтте пай да болған деуге болады. Мұндай сәт философиялық және ғылыми
дискурсқа ғана емес, саясатқа, экономикаға, техникаға және т.б. да тән болады. Этнологияның шарты ретіндегі этноцентризмнің сыны жүйелілік және тарихи тұрғыдан алғанда метафизика тарихының деструкциясының замандасына айналуы кездейсоқ емес деп сенімді түрде айтуға болады. Бұлардың екеуі де бір дәуірдің ен шісіне тиісті. Кез келген ғылым тәрізді, этнология да белгілі бір пайымның, дискурстың ортасында пайда болған. Ең әуелі бұл – дәстүр бойын ша жеткен ұғымдарды өзі қаласа да, қаламаса да пайдаланатын еуропалық ғылым. Демек, бұл жағдайда этнологтың өзі қаласыңқаламасың (оның еркі ештемені шешпейді) этноцентризмді әшкерелеумен айналысқан сәтте оның алғышарттарын өз дис курсына қабылдауға мәжбүр болады. Бұл – тарихи кездейсоқтық емес, керісінше, болмай қоймайтын қажеттілік, сондықтан да оның барлық салдарын қарастырған жөн. Алайда, егер ешкім бұл қажеттіліктен құтыла алмаса, егер – демек – оған жол бергені үшін ешкім де жауап бермейтін болса, онда бұл – мұндайға жол берудің кез келген тәсілі бірдей болады дегенді білдірмесе керек. Бәлкім, қайсыбір дискурстың сапасы мен өнімділігінің өлшемі ретінде оның метафизика тарихы мен одан қалған ұғымдарға деген көзқарасы пайымдалатын сыни қатаңдық алынатын болар. Бұл жердегі мәселе гуманитарлық ғылымдардың тіліне қатысты сыни көзқарасқа және дискурстың сыни жауапкершілігіне қатысты. Әңгіме, өзіне мұраға қалған нәрседен осы мұраның өзіне деконструкция жүргізу үшін пайдаланатын қорларды иеленетін дискурстың статусына қатысты мәселені ашық әрі жүйелі түрде қоюға байланысты болып отыр. Бұл – үнемдеу мен стратегияның мәселесі. Егер біз енді мысал ретінде Леви-Стросстың мәтіндерін қарастырсақ, онда ол бүгін этнологияны басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшелеп тұрған артықшылыққа байланысты болмайды, сондай-ақ ол қазіргі этнологиялық үлгінің ерекше салмақты орнына да байланысты емес. Мұның басты себебі ЛевиСтросс еңбектерінде белгілі бір таңдаудың көрініс табуы және гуманитарлық ғылымдардағы сыни тілге және тіл сынына қатысты біршама айқын формада белгілі бір ілімнің жасалуына байланыс ты болады. Леви-Стросс мәтініндегі мұндай қозғалысты айқындау үшін жолбағдар желі ретінде табиғат/мәдениет қарама-қарсылығын алып көрейік. Өзін жас көрсетуге талпынып, бетін далаптауы на қарамастан мұндай қарама-қарсылық философиямен бірге дүниеге келеді. Оның жасы Платонның өзінен де үлкен. Ең кемін
де ол софистикамен құрдас болып шығады. Мұндай фюсис/номос, фюсис/техне антитезасы пайда болған кездегі қарама-қарсылық “табиғатты” - заңға, институцияға, өнерге, техникаға, бостандыққа, кездейсоқтыққа, тарихқа, қоғамға, рухқа және т.б. қарсы қоятын та рихи тізбек арқылы біздің заманымызға дейін жеткен. Сонымен, өз зерттеулерін басында-ақ, бірінші кітабында (“Элементарные струк туры родства”) Леви-Стросс осы қарама-қарсылықтың қажеттілігін де, оған толық сенуге болмайтынын да сезген еді. Өзінің “Структу ралар”-ында ол мынадай аксиоманы не анықтаманы негізге алады: әмбебап және өздігінен болатын нәрсенің бәрі табиғат иелігінде болады және ешқандай жеке мәдениетке де, белгілі бір нормаға да тәуелді емес. Оның есесіне қоғамды реттейтін нормалар жүйесіне тәуелді және сол арқылы бір әлеуметтік құрылымнан екіншісіне қарай түрленуге қабілетті нәрсенің бәрі мәдениет еншісінде бола ды. Бұл екі анықтама да дәстүрлі түрге сай келеді. Бірақ “Структура лар”-дың алғашқы беттерінен бастап-ақ осы анықтаманы қабылдай бастаған Леви-Стросс, өзі жанжал деп атаған нәрсеге, яғни осылай ша бекітілген табиғат/мәдениет қарама-қарсылығымен үйлеспейтін және табиғат пен мәдениеттің предикаттарын бірден талап ететін құбылысқа тап болады. Мұндай жанжал қан араластыруға (инцест ке) тыйым салу. Қан араластыруға тыйым салу әмбебап нәрсе және бұл мәнде оны табиғи деп атауға болады, – бірақ, сонымен қатар, ол – нақты тыйым, нормалар мен табулардың жүйесі, – сондықтан оның мәдениетке қатысы бар нәрсеге жатқызуға болады. “Соны мен, адамдағы әмбебап нәрсенің бәрі болмысқа қатысы бар және олар өздігінен болумен сипатталады, ал басқаның бәрін қайсыбір нормаға бағынып, салыстырмалының және жекенің атрибуттары ретінде мәдениет меншігінде деп болжайық. Бұл жағдайда біз де рекке, немесе нақыталап айтсақ деректер жиынтығына тап бола мыз және олар жоғарыда келтірілген анықтамаларға қатысты жан жал ретінде көрінуі мүмкін: өйткені инцестке тыйым салуда екі айқын, ажырамас байланыстағы сипат бар, ал біз оларды осы қазір бірін-бірі жоққа шығаратын тәртіптердің өзара қарама-қайшы бел гілері ретінде таныдық: ол ережені анықтайды, бірақ бұл басқа әлеуметтік ережелердің арасындағы әмбебап сипатта болатын жалғыз ғана ереже болып табылады” (9-бет). Мұндай жанжал, негізінен, табиғат пен мәдениет арасындағы айырмашылыққа сеніммен қарайтын ұғымдық жүйенің ішінде ғана орналасатын сияқты. Сонымен, өз еңбегін инцестке тыйым салу дерегінен бастаған Леви-Стросс мұндай әрдайым кәдуілгі нәрсе ретінде саналған айырмашылық не өшірілетін, не даулы болатын
нүктеге де жетеді. Өйткені, осы сәттен бастап қан араласуға тыйым
салу табиғат/мәдениет қарама-қарсылығы терминдері аясында
пайымдауға мүмкін болмайды, сонымен қатар оны жанжалдық де
рек, мөлдір мағыналардың торына түскен қандай да бір бұлыңғыр
өзек деуге де болмайды; бұл, біздің дәстүрлі ұғымдық өрісте
жолығатын жанжал емес; ол осындай ұғымдарға ұстатпайды және
олардың болуын мүмкін ететін шарт ретінде олардан бұрын болғаны
ғана күмәнсіз нәрсе. Табиғат/мәдениет қарама-қарсылығымен бір
жүйе құрайтын философиялық ұғымдардың барлық жиынтығы –
бұл жүйенің болуын мүмкін етіп тұрған нәрсені, яғни нақты айтсақ
қан араластыруға (инцестке) тыйым салуды пайымдалмаған күйінде
қалдыру үшін жасалған деп айтуға болар еді.
Біз келтірген мысалды біршама үстірт қарастырдық, өйткені ол
көптеген ықтимал мысалдардың біреуі ғана, бірақ оның өзі тілдің
өзіне қажет болатын сынның керектігін айқындап тұр. Дегенмен
де, мұндай сынды екі жолмен және екі тәсілмен жүзеге асыруға
болады. Табиғат/мәдениет қарама-қарсылығының шектелген
дігі сезілісімен-ақ осы екі ұғымның тарихын жүйелі әрі қатаң
түрде тергеуге деген ынта пайда болады. Бұл алғашқы қадам.
Мұндай жүйелі әрі тарихи тергеудің сөздің классикалық мәнінде
филологиялық не философиялық әрекет болуы екіталай нәрсе.
Бүкіл философия тарихының негізінде жататын ұғымдардың қамын
жеу, оларды қайта құрастыру – филологтың немесе философияның
классикалық тарихшысы айналысатын жұмысынан едәуір күрделі
нәрсе. Сырт көзге әсерлі көрінгенімен бұл – әрине, философия
шеңберінен шығатын әрекетті белгілеудің ең бір батыл амалы. Бұл
жерде “философия шеңберінен тыс” шығуды ойлаудың өзі – біз
баяғыда оны оп-оңай бірден жүзеге асырдық дейтіндер, бірақ іс
жүзінде өздері философияны азат етпекші болған метафизикаға
өз дискурстарымен қоса белшесінен батқандар қиялдайтындай
күрделі нәрсе.
Алғашқы қадамның бәрін тазартып шығатын салдарын
болдырмаудың тағы бір мүмкіндігі – меніңше, ол Леви-Стросс
таңдаған тәсілмен жақсы үйлесетін сияқты, – эмпириялық
ашылудың қатарындағы бұрынғы ұғымдардың барлық шектерін
айқындап, оларды әлі де кәдеге жарайтын құрал ретінде сақтап
қалу. Ендігәрі бұл құралдарға ақиқаттың қандай да бір қадір-
қасиеті, қандай да бір қатаң мағына үстелмейді; қажет болған
жағдайда, егер басқа құрал ыңғайлы болып көрінсе, олардан бас
тартуға да болады. Оған дейін бұлардың біршама тиімділігін пай
даланып, оларды өздері бөлшегі болып табылатын ескі механизмді
қирату үшін пайдалануға болады. Гуманитарлық ғылымдардың
тілі өзін-өзі дәл осылай сынайды. Бірақ осы арқылы Леви-Стросс
тәсіл мен ақиқатты бөліп алуға және тәсіл құралдарын олардың
көздеген объективті мағыналарынан ажыратуға болады деп
есептейтінін де білдіреді. Тіпті, бұл Леви-Стросстың негізгі
қағидасы деуге де болады; қалай болған жағдайда да “Структу
ра”-лардың алғашқы сөздері мынадай болып келеді: “Біз, табиғи
және қоғамдық жағдайлардың (қазір біз: табиғи және мәдени де
генді ұнатамыз) арасындағы өзгешелікті айыру, басқа қолайлы
тарихи мәні болмаса да, қазіргі әлеуметтануда айырмашылықтың
әдіснамалық құралы ретінде пайдалануын толық ақтайтын қандай
да бір құндылық екенін енді түсіне бастадық”.
Леви-Стросс әрқашан осындай қос ұдайы ниетіне, яғни өзі
ақиқатығын сынайтын нәрсені құрал ретінде сақтап қалуға
адалдығын білдіреді. Біріншіден, ол табиғат/мәдениет қарама-
қарсылығының құндылығын іс жүзінде қорғауын жалғастырады.
“Структуралар”-дан он үш жыл кейін жарық көрген “Первобыт
ное мышление” деп аталатын кітабы, мен жоғарыда келтірген
мәтінмен айқын түрде үндесіп жатыр: “Бір кезде біз жақтаған
табиғат пен мәдениеттің арасындағы қарама-қарсылық бүгінде
әдіснамалық тұрғыдан маңыздылыққа ие болатын сияқты”. Бұл
әдіснамалықтың маңыздылығына оның “онтологиялық” тұрғыдан
маңызды болмауының еш әсері жоқ, егер біз “онтология” ұғымына
сенбеген болсақ, онда мынадай сөздерді айтпаған болар едік: “Жеке
адами қауымдастықтарды қайсыбір ортақ адамзаттың ішінде кірік
тіріп жіберу жеткіліксіз болады; мұндай алғашқы әрекеттен соң
... нақты және жаратылыстану ғылымдарының еншісіндегі басқа
әркеттер жасалады: мәдениетті қайтадан табиғатқа және түптеп
келгенде, тіршілікті – оның физика-химиялық жағдайларының
жиынтығына қайтадан қосу қажет” (327-б.).
Екіншіден, баяғы сол кітабында Леви-Стросс бриколаж де
ген атаумен осы тәсілдің дискурсы немесе пайымы деуге бола
тын нәрсені ұсынады. Бриколер – деп жазады ол “қолда бар”
құралды, яғни маңында қолы жететін құралды пайдаланатын
адам; бұл құралдар бұрыннан бар және оларды кездейсоқ әрекет
ету тәсілімен бейімдеуге талпынатын іс-әркеттер үшін арнайы жа
самайды, тіпті, қажет болғанда олардың тегі мен түрі өзара сәйкес
келмесе және т.б. жағдайда оларды ауыстырады немесе бәрін бірге
пайдалана береді. Бұл, бриколаж формасының өзінде тілдің өзіндік
сыны бар деген сөз; тіпті, бриколаждың өзі – сыни тіл, әсіресе,
әдеби сынның тілі деген пікір де айтылып қалады: бұл жерде мен
Леви-Стросстың құрметіне «L”Arc» журналында жарық көрген Ж.Женеттің “Структурализм и литературная критика” деген мәтіні туралы айтып отырмын, онда бриколаждың талдауы “сөзбе-сөз сынға келеді”, әсіресе, “әдеби сынға” делінген (мәтін “Fіgures”, ed. du. Seuіl, p. 145 қайта басылған). Егер біршама үйлесетін немесе қираған мәтіндік мұрадан ұғымдарды алу қажеттілігін бриколаж деп атайтын болсақ, онда кез келген дискурс бриколер болып шығады. Бриколерге Леви-Стросс қарама-қарсы қоятын өнертапқыш, инженер өз тілін – синтак систі де, лексиканы да толығымен құрап шығуы тиіс болады. Бұл мәндегі инженер – миф: өз дискурсының абсолютты қайнарына айналатын, осындай дискурсты “толығымен” құрастыратын, сол арқылы Сөзді жаратушы, Сөздің өзі болып табылатын субъект. Демек, кез келген бриколаждан қол үзіп қалатын инженер туралы түсінік теологиялық түсінікке жатады; ал Леви-Стросстың басқа бір жерде бриколаждың болмысы мифопоэтикалық деген пікіріне сүйеніп, инженер – бриколажист жасайтын миф деген уәжді айтуға болады. Осындай бриколажистің болуына, сондай-ақ кез келген тарихи сабақтастықпен қош айтысқан дискурсқа күмән келтірген кезде және кез келген аяқталған дискурс белгілі бір бриколажға бағынады, ал инженер немесе ғалым бриколажист болады деген пікірді қабылдаған сәтте – бриколаж идеясына қауіп төнеді және оны мәнді етіп тұрған айырмашылық ыдырайды. Біз, осылайша, айлакерлікпен тоқылған түйіндерден алып шығатын екінші бір желіге тап боламыз. Леви-Стросс бриколажды интеллектуалды ғана емес, соны мен қатар мифопоэтикалық қызмет ретінде сипаттайды. “Перво бытное мышление” кітабында осыған қатысты былай делінген: “Бриколаждың техникалық тұрғыда өте тамаша және күтпеген нәтижелерге қол жеткізетіні сияқты, мифологиялық ойлау да дәл сондай нәтижелерге интеллектуалды тұрғыда қол жеткізеді. Сон дай-ақ, керісінше, бриколаждың мифопоэтикалық сипаты да жиі байқалады” (26-б.). Дегенмен де, Леви-Стросстың еңбегі тек миф пен мифологиялық қызмет туралы қандай да бір құрылымдық ғылымды ұсынуымен (өзінің кейінгі еңбектерінің біріндегі) ғана елеулі болмайды. Соны мен қатар, оның еңбегінің (мен – бірінші кезекте дер едім) өзі “ми фологиктер” деп атайтын миф туралы дискурсының мәртебесінде айқын көрініс табады. Дәл осы сәтте оның миф туралы дискур сы өзін-өзі пайымдап, сынай бастайды. Бұл сәт, бұл сыни кезең гуманитарлық ғылымдардың өрісін өзара бөліске салған кез кел
ген тілдің қызығушылығын туғызады. Леви-Стосс өзінің “ми фологиктері” туралы не дейді? Нақ осы тұста бриколаждың мифопоэтикалық маңыздылығы аңғарылады. Расында да, дискурстың жаңа мәртебесін осындай сыни тұрғыда іздеу қандай да бір орталыққа, субъектіге, артықшылығы бар сілтемеге, бастауға немесе абсолютты архияға сілтеме жасаудан ашық түрде бас тар туымен тартымды. Мұндай орталықсызданудың тақырыбы ЛевиСтросстың “Сырое и вареное” деген соңғы кітабына жазылған “Увертюра”-ның өн бойынан байқалады. Мен мынадай келесі нүктелерді ғана атап өтемін: 1. Ең әуелі Леви-Стросс “негізгі миф” ретінде қолданатын бороро туралы миф атауы шартты, ал түсіндіруі заңсыз екенін және осындай атауға және түсіндіруге ол лайық болмайтынын мойындайды. Кез келген миф тәрізді бороро мифіне үлгі ретіндегі артықшылық берілуі тиіс емес еді: “Расында да, біз бороро мифін (оны әрі қарай үлгілі миф деп атаймыз) басқа мифтердің біраша ма алысқа ұзаған трансформациясы екенін, оның сондай-ақ сол қоғамнан және біршама жақын не алыс қоғамдардан алынғанын көрсетуге талпынамыз. Сондықтан бастапқы нүкте ретінде бұл топтың кез келген өкілін алуға болар еді. Осы тұрғыдан алғанда мифтің қызықты болуы оның ерекшелігімен емес, топ ішіндегі тұрақсыз жағдайымен анықталады” (10-б.). 2. Мифте абсолютты бастау немесе бірлік болмайды. Оның орталығы немесе бастауы - әрқашан көлеңке ғана, яғни ол ұстатпайтын, жүзеге асырылмайтын, ең бастысы, болмайтын мүмкіндіктер. Бәрі де құрылымнан, конфигурациядан немесе қатынастан басталады. Осындай орталықсыз құрылымға, яғни мифке бағытталған дискурс абсолютты субъектіге де, абсолютты орталыққа да ие бола алмайды. Мифтің қозғалысы мен форма сын жіберіп алмау үшін мұндай дискурс, орталықсыз құрылымды сипаттайтын тілге жасалатын кез келген зорлықтан, яғни орталықтандырудан сақтануы қажет. Демек, бастауға, орталыққа, негізге, қағидаға және т.б. абсолютты талап қоятын және өзі сондай талап болып табылатын эпистемадан, ғылыми және философиялық дискурстан бас тарту қажет болады. Эпистемалық дискурсқа қарағанда қарама-қарсы бағытта болып, мифтерді сипаттайтын құрылымдық мифо-логикалық дискурстың өзі мифо-морфты бо луы тиіс. Ол өзі айтып тұрған нәрсенің формасын иеленуі тиіс. Міне, “Сырое и вареное” кітабында Леви-Стросс осындай нәрсені ұсынады және сол кітаптан мен көлемді әрі айшықты цитатаны келтірмекпін:
“Расында да, мифтерді зерттеу методологиялық мәселені көтереді және ол күрделі мәселені кез келген қажетті бөлікке бөліп алып шешу қажет деген талап қоятын картезианшыл қағидаға сай келмейтіндіктен пайда болады. Мифтерді талдаған кезде ешқандай нақтылы шек қойылмайды және барлық талдау жұмыстарының соңында көзге түсетін жасырын бірлік те бол майды. Мифтік тақырыптар шексіз еселене береді. Оларды жеке тарқатып алып, ұштарын ұстадым-ау деген сәтте, олар күтпеген жерден бауырмалдығы қозып өзара қайта сіңісіп кетеді. Бұдан мифтің бірлігі – құр жоба мен үрдіс және ол ешқашан мифтің қандай да бір жағдайын немесе сәтін белгілемейді. Мұндай бірлік түсіндірудің арқасында қиялдан пайда болатын фено мен; оның қызметі - мифке синтетикалық форма беріп, қарамақарсылықтардың араласуында жоғалып кетпеуін қамтамасыз ету. Сонымен, миф туралы ғылым – анакластика болып табылады, егер бұл көне терминді анықтамасына сай шағылысқан ғана емес, сон дай-ақ сынған сәулелерді де зерттейтін кең (және этимологиясынан туындайтын) мағынасында қолданамыз. Бірақ, бастауларға өрлеуді көздейтін философиялық рефлексиямен салыстырғанда, осы жер де әңгіме болып отырған рефлексияларды жалған бастауы бола тын сәулелер ғана қызықтырады... Мифологиялық ойдың өздігінен болатын қозғалысына еліктеуге ұмтылғанда, біздің қысқа әрі ұзақ әрекетіміз де осы ойдың талаптарына бағынып, оның ырғағын сақтауға мәжбүр болады. Сондықтан да бұл миф туралы кітаптың өзі белгілі бір дәрежеде миф болып табылады”. Мұндай пікір басқа жерде де айтылады (20-б.): “Мифтердің өзі екінші реттегі кодтарға негізделгендіктен (бірінші реттегі кодтарға тілдің өзі негізделеді), бұл кітап үшінші реттегі кодтың нобайын ұсынады, оның міндеті - әртүрлі мифтердің өзара аударылуын қамтамасыз ету. Сол себеп тен бұл кітаптың өзін қандай да бір миф, нақты айтқанда, мифо логия туралы миф ретінде қарастырсақ қателеспейміз”. Мифтік немесе мифологиялық дискурста қайсыбір нақтылы және берік орталықтың болмауынан Леви-Стросс өз кітабының композиясы ретінде музыкалық үлгіні таңдап алады. Бұл жерде орталықтың болмауы субъектінің және автордың болмауын білдіреді: “Со нымен, миф және музыкалық шығарма – тыңдаушылары үнсіз орындаушылардың қызметін атқаратын оркестр дирижерлері тәрізді. Ал, егер бізге шығарманың нақтылы орталығы қай жер де орналасады деген сұрақ қойылатын болса, онда оны анықтау мүмкін емес деген жауап қайтаруға тура келеді. Музыка және ми фология адамды виртуалды объектілерға жетелейді және олардың
көлеңкесі ғана шынайы болмысты иеленеді...мифтің авторы бол
майды” (25-б.).
Дәл осы тұста этнографиялық бриколаж мифопоэтикалық
қызметті өзіне әдейі жүктеп алады. Ал, ол (мифопоэтикалық қызмет)
сол сәтте орталыққа деген философиялық не эпистемологиялық
мұқтаждықтың өзі мифопоэтикалық сипатта болатынын, яғни та
рихи иллюзия сипатында болатынын көрсетіп береді.
Дегенмен де, Леви-Стросс қадамының қажеттілігін жете түсіне
отырып, оның тәуекелді екенін де естен шығаруға болмайды. Егер
мифологика шынымен де мифо-морфты болатын болса, онда бұл
миф туралы кез келген дискурстың бәрі бірдей дегенді білдіреме
ме? Олай болса, миф туралы дискурстың жеке артықшылығын
айыруды мүмкін ететін кез келген эпистемологиялық талаптардан
бас тартуымыз қажет шығар? Бұл классикалық, бірақ міндетті
түрде қойылуы тиіс сауал. Оған жауап қайтару мүмкін емес – және
менімше, біріншіден, философия мен теореманың, екіншіден, ми
фема мен мифопоэманың арасындағы қатынас мәселесі айқын
түрде қойылмаса, – Леви-Стросс оған жауап қайтармайды. Және
оны жүзеге асыру да оңай болмайды. Мәселе айқын түрде
қойылмаса философияның шеңберінен шығу философиялық өріс
ішіндегі байқалмайтын қателікке айналады. Бұл жағдайда эмпи
ризм родтық категория болады, ал мұндай қателіктер – оның бір
түрі болып табылады. Транс-философиялық ұғымдар философ
иялық аңғалдықтарға айналады. Мұндай тәуекелге барудың көп
мысалын келтіруге болар еді, айталық, таңба, тарих, ақиқат және
т.с.с. ұғымдар. Алайда мен бір-ақ нәрсені ерекше атағым келеді:
философияның шеңберінен шығу оның соңғы парағын аударып,
жауып тастау дегенді білдірмесе керек (бұл нашар философиямен
айналысу деген сөз), бұл – философтардың қайсыбір белгілі бір
тәсілмен оқи беруді жалғастыру болып табылады. Леви-Стросс
әрдайым мен айтып отырған тәуекелге барады, өйткені ол (тәуекел)
оның еңбегінің құны болып табылады. Эмпиризм, ғылыми болу
дан үміті бар дискурсқа (мысалы, Леви-Стросста) қауіп төндіретін
барлық қателіктердің матрицалық формасы болатынын мен
жоғарыда атап өткен едім. Бірақ, егер эмпиризм мен бриколаж
мәселесін негіз етіп алғымыз келетін болса, онда біз құрылымдық
этнологиядағы дискурстың мәртебесі туралы мүлдем қайшылықты
жағдайларға жолығар едік. Бір жағынан, структурализм өзін
эмпиризмнің сыншысы ретінде көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар
Леви-Стросста эмпириялық зерттеу ретінде жаңа деректер тарапы
нан расталуға не шабуылға ұшырамаған бір де бір кітап не зерттеу
жоқ. Қалай болғанда да, құрылымдық сұлба мөлшері шектеулі
ақпараттан шығатын әрі тәжірибе арқылы тексеруден өткізуді
қажет ететін болжам ретінде ұсынылады. Осындай қос ұдайы та
лапты дәлелдей алатын біраз мәтінді келтіруге болар еді. «Сырое и
вареное»-ның «Увертюра»-сына қайта үңілгенде мұндай талаптың
қос ұдайылығының себебі басқа тілді түсіндіретін тілге байланыс
ты болатыны анықталады: “Бізге, онтүстік америкалық мифтерді
талдамас бұрын, олардың толық тізімі келтірілмеген деген мін
тағатын сыншылар осы құжаттардың табиғаты мен рөліне қатысты
үлкен қателік жібереді. Қайсыбір халықты алсақ та, оның
мифтерінің жиынтығы дискурстың қатарына жатады. Егер халық
рухани не физикалық түрде жойылып кетпесе мұндай жиынтық
ешқашан тұйықталмайды. Дәл осындай кінәні қандай да бір тілдің
грамматикасын сипаттайтын лингвистке де қоюға болады, өйткені
ол тілдегі бұрын айтылғандардың бәрін және алдағы уақытта
айтылатындардың бәрін зерттемеген. Тәжірибе көрсеткендей,
зерттелетін тілдің грамматикасын жасау үшін, лингвистке аз ғана
сөйлемнің өзі жетіп жатады... Ал, беймәлім тілдерді зерттегенде
ондай толық жасалмаған немесе соның нобайы ғана бар
грамматиканың өзі аса құнды нәрсе болып табылады. Көрініс табу
үшін синтаксис теориялық тұрғыда шексіз жеке оқиғалардың реті
есепке алынып болатын кезді күтпейді, өйткені ол осындай
оқиғалардың туындауын меңгеріп тұратын ережелер жинағында
орналасады. Біз онтүстік америкалық мифологияның синтаксисінің
нобайын жеткізуге талпындық. Ал, егер мифологиялық дискурс
жаңа мәтіндермен толығып жатса, онда бұл қайсыбір грамматикалық
заңдар тұжырымдайтын тәсілді өзгертуге не олардың бірінен бас
тартып, басқасын енгізуге түрткі болады. Қалай болғанда да бізге
мифологиялық дискурс толық болуы тиіс деген талапты қоюға
болмайды. Өйткені, біз жоғарыда көргендей бұл - мәнсіз талап бо
лады” (15-16 бб.). Сонымен, толығымен қамту деген нәрсе мүмкін
болмайтын және қажеті жоқ нәрсе ретінде анықталады. Осыған
орай толық қамтудың шегін екі әртүрлі тәсілмен анықтауға бола
ды. Леви-Стросстың дискурсында мұндай екі анықтама жасырын
түрде қатар өмір сүретінің мен қайталап еске салғым келеді.
Классикалық пайымдау бойынша тұтастыққа қол жеткізу - мүмкін
болмайтын нәрсе деуге болады: бұл жердегі мәселе қайсыбір
субъектінің немесе шекті дискурстың ешқашан қолы жетпейтін
шексіз
байлыққа
бекер
ұмтылатыны
сияқты
эмпириялық
талпынысқа қатысты болып отыр. Өзің ешқашан айта алмайтын
нәрселер - әрқашан көп болады. Бірақ, баршаны қамтуға жатпай
тын нәрсені басқаша анықтауға болады – эмпиризмге сілтеп
тұратын шектің болуы туралы ұғым арқылы емес, ойын туралы
ұғым арқылы. Егер бұл мәндегі баршаны қамту мағынасын
жоғалтатын болса, онда бұл шекті көзқарас немесе шекті дискурс
қамти алмайтын қайсыбір шексіз өрістің болуынан емес, ондай
өрістің, яғни шектелген тіл өрісінің болмысының баршаны қамтуды
жоққа шығаруына байланысты; өйткені мұндай өріс ойынның өрісі
болып табылады – ол қандай да бір шектелген көптіктің тұйық
кеңстігінде жүзеге асатын шексіз алмасулардың ойыны. Мұндай
өрістің өзі шектелгендіктен осындай шегі көрінбейтін алмасуларға
жол береді, яғни бұл оның классикалық болжамға сай сарқылмауына
не үлкендігіне емес, белгілі бір нәрсенің жетімсіздігіне, нақты
айтсақ, алмасу ойынын тоқтатып, бекіте алатын орталықтың бол
мауына байланысты. Француз тіліндегі, әдетте, ығыстырылса да
жанжалдық мәні күшті болатын сөзді қолданып, орталық пен
бастаудың жетіспеуі, болмауы салдарынан жүзеге асатын мұндай
ойынның қозғалысын – толықтыру қозғалысы деп атауға болады.
Орталықты анықтау және баршаны қамту процесін тану мүмкін
емес, өйткені орталықты алмастырып, толықтыратын таңба ол жоқ
кезде оның орның басып, қосылу үшін келеді, яғни артық әрі
қосымша түрінде болады. Мағына үстеу қозғалысы әрқашан бір
нәрсені қосып отырады, сондықтан да белгілі бір артық нәрсе пай
да болады, – бірақ мұндай үстеме қозғалу үстінде болады, өйткені
ол таңбаланушы жағында жетпейтін нәрсені толықтырып, алмас
тырып тұрады. Леви-Стросс бір тұтас нәрсеге оғаштау түрде
қосылып кететін екі аталған мағыналық бағыттың болуын мен
сияқты көрсетпей “толықтырушы” сөзін қолданса да, “осындай
артық нәрсе негізделетін таңбаланушымен салыстырғанда,
таңбалаушының артық болуы” туралы өзінің “Введение к сочине
ниям Мосса” еңбегінде оны екі рет пайдалануы кездейсоқ нәрсе
емес: “Адам әлемді тануға құлшынғанда әрқашан белгілі бір
мағыналардың артық болуына сүйенеді (оларды, этнологтар мен
лингвистер зерттеуі тиіс символикалық ойлау заңдарына сәйкес
заттарға үлестіріп береді). Мұндай қосымша нәрсені, үлесті деуге
де болады, үйлестіріп беру – бос таңбалаушы мен шектелетін
танбаланушының өзара сәйкесуі үшін өте қажет нәрсе және бұл
символикалық ойлаудың қажетті шартты болып табылады”.
(Бәлкім, мағыналардың мұндай қосымша үлесі ratіo-ның қайнары
болып табылатынын да көрсетуге болар еді). Төменде, Леви-
Стросс “кез келген ойды шектеп тұратын тұрақсыз таңбалаушы”
туралы айтқан кезде, бұл “қосымша” деген сөз тағы да қайталанады:
“Мосстың кез келген әлеуметтік құбылыстарын тілге теңестіруге болады деген ережесін арқау етіп, – біз mana, wakan, oranda және т.б. осындай ұғымдарда белгілі бір семантикалық қызметтің сана лы көрінісіне жолығамыз, оның рөлі – символикалық ойлауға тән қайшылыққа қарамастан оның әрекетін қамтамасыз ету. Бұл ұғымға қатысты, бір қарағанда шешілмейтіндей болып көрінетін антиномиялар, осылай түсіндіріледі... Күш пен әрекет, сапа мен күй, бірден зат есім, сын есім және етістік; дерексіз (абстрактілі) нәрсе мен нақтылы нәрсе, барлық жерде болу және оқшаулану. Ра сында да, мана осының бәрі бола алады, – бірақ осылардың бірі де болмауына байланысты: ол мүмкін таза форма, немесе дәлірек айтсақ кез келген символдық мағынаны иеленетін таза күйдегі символ шығар? Кез келген космогония түзейтін символдар жүйесінде бұл нольдік мәні бар жай символ ғана, яғни аталған таңбаланушыдағы мазмұнды толықтыратын осындай символдық мазмұнның қажеттілігін белгілейтін таңба; сонымен қатар, бұл - қайсыбір маңыздылықты иеленуге қабілеті бар таңба, егер ол фо нологтар айтатындай белгілі бір топтың термині емес, бос қордың бөлігі болатын болса” (ескертпе: “Лингвистер болжамның осын дай тұжырымын жасап та қойған: Мысалы; “нольдік фонема фран цуз тілінің басқа фонемаларына қарама-қарсы қойылады, өйткені оның ешқандай ерекше белгілері мен ешқандай тұрақты фонетикалық маңыздылығы жоқ. Бірақ, нольдік фонеманың қызметі - фонеманың болмауына қарсы тұру” (Якобсон және Лотц). Осы ұсынылған тұжырымды сұлбалап, оған қоса мынаны да айтуға болады: мана сияқты ұғымның қызметі – мағынаның болмауына қарсы тұру, бірақ олардың өздерінің ешқандай жеке мағынасы бол майды”). Сонымен, таңбалаушының артық болуы, оның толықтырушы сипатының шектелуіне, яғни толықтырылуы тиіс жетіспеушілік пен байланысты болады. Леви-Стросс үшін ойын ұғымының маңызды болатыны енді ғана түсінікті болады. Өзінің еңбектерінде, айталық, – “Беседа”, “Раса и история”, “Первобытное мышление” – ол түрлі ойын дардан, әсіресе, рулеткадан жиі мысал келтіреді. Сонымен қатар, мұндай ойындардан алынатын мысалдардың бәріне белгілі бір шиеленіс тән болады. Бұл, ең әуелі, тарихпен байланысты шиеленіске қатысты нәрсе. Бұл – талай айтыстың өзегіне айналған классикалық мәселе. Мен осы мәселенің формалды қыры болып көрінетін бір
нәрсені ғана айтсам: тарихты редукциялаған кезде Леви-Стросс
телеологиялық және эсхатологиялық метафизикамен, яғни та
рих идеясын қарама-қарсы қоюға болатын қатынасу философи
ясымен парадоксты түрде сыбайластықта болатын ұғымға арқа
сүйеген. Тарихилық тақырыбы философияға бірашама кеш келсе
де, оны болмыстың қатынасу ретіндегі анықтамасы әрқашан кажет
етіп тұратын. Этимологияға арқа сүйесек те, сүйемесек те және
классикалық ойлау шеңберінде әрқашан болған epіstemu және
іstorіa ұғымдарының классикалық антогонизмге қарамастан, осы
ұғымдардың біріншісі әрқашан екіншісін шақырып тұратынын
көрсетуге болар еді, өйткені тарих – әрқашан қалыптасудың
бірлігі, қатынасудағы ақиқат пен өзі үшін қатынасуды иелену,
өзіндік санада өзін тануға бағытталған ақиқаттың дәстүрі неме
се ғылымның дамуы. Тарих әрқашан тарихты бекіту қозғалысы
ретінде, екі қатынас нүктенің аралығы ретінде пайымдалып кел
ген еді. Бірақ, егер тарихтың мұндай тұжырымдамасына күмән
келтіретін болсақ, онда мен белгілеген мәселені ашық көтермей,
жабық күйінде қалдырсақ, біз бейтарихилықтың классикалық
түріне, яғни метафизика тарихының белгілі бір сәтіне қайта ора
луымыз мүмкін. Бұл мәселенің алгебралық формуласы меніңше
осындай. Нақтылап айтатын болсақ, Леви-Строс еңбектерінде
құрылымдыққа, құрылымның ішкі өзгешелігіне деген көрсетілетін
құрмет, уақыт пен тарихты бейтараптандыруға міндеттейді. Мы
салы, жаңа құрылымның, бірегей жүйенің пайда болуы әрқашан -
оның құрылымдық ерекшелігінің шарты да осы - оның өткенімен,
бастауымен, себебімен қатынасты үзу арқылы жүзеге асады. Демек,
қайсыбір құрылымдық ағзаның өзіндік сипатын жасау үшін оның
өткендегі жағдайын ескермей, бір құрылымнан екінші құрылымға
өту мәселесін қарастырмай, тарихын жақшаға алу керек болады.
Дәл осы “құрылымдық” сәтте кездейсоқтық пен үзіліс ұғымдары
кажет болып шығады. Расында да, Леви-Стросс бұл ұғымдарға жиі
сілтеме жасайды – мысалы, “құрылымдардың құрылымы” болып
табылатын тіл туралы мәселеде және ол туралы “Введение к сочи
нениям Мосса”-да оның “тек кенеттен пайда болуы мүмкін” делі
неді: “Тілдің айуандық өмірдің даму баспалдағында пайда болу сәті
мен жағдайына қарамастан, ол кенеттен ғана пайда болуы мүмкін
еді. Заттардың өз мағынасын бірте-бірте иеленуі мүмкін болмаған.
Әлеуметтік ғылымдар емес, биология мен психология анықтауы
тиіс қандай да бір өзгерістің нәтижесінде, ешқандай нәрсенің
мағынасы болмаған кезеңнен бәрі де мағынаға ие болған кезеңге
өту жүзеге асқан”. Бірақ бұл Леви-Строссқа деректі өзгерістердің баяулығын, бірте-бірте пісуін, ұзақ еңбегін, яғни тарихтың өзін мойындауға кедергі жасамайды (мысалы, “Раса история”-да). Де сек те, егер ол қайсыбір құрылымның негізгі ерекшелігін анықтауға ұмтылса, ол Руссоға немесе Гуссерльге де тән қимылмен “барлық деректерді лақтырып тастауға” мәжбүр болады. Ол Руссо тәрізді жаңа құрылымның пайда болуын әрқашан апат үлгісі бойынша – табиғаттағы болмыстың бұзылуы, табиғи байланыстардың табиғи үзілуі, табиғаттағы саңылау ретінде қарастыруы тиіс болады. Ойын мен тарихтың арасындағы шиеленіс ойын мен қатынасу арасындағы шиеленіске ұқсас. Ойын – қатынасудың ыдырауы. Қайсыбір элементтің болуы – әрқашан айырмашылық жүйесіне және белгілі бір тізбектің қозғалысына кіріктірген мағыналы әрі ал мастырушы сілтеме болып табылады. Ойын - әрқашан болудың не болмаудың ойыны, ал егер біз оны түбегейлі мәнде пайымдағымыз келетін болса, онда оны болу не болмаудың таңдауынан бұрын пайымдау қажет; болмыстың өзін ойын мүмкіндігіне қарап (керісін ше емес) болу не болмау ретінде пайымдаған дұрыс. Сонымен, Леви-Стросс қайталау ойынын және ойын ретіндегі қайталауды кез келген басқа зерттеушіден артық көрсетіп берсе де, онда сөздегі болудың ерекше этикасын, бастауға, архаикалық және табиғи бейкүнәлікке, болу тазалығы мен өзінің болуына деген ерекше аңсауды байқауға болады; ол этиканы, аңсауды, тіпті, ұжданның әсерін этнологиялық жобаның уәжділігі ретінде көрсетеді, бірақ өзі архаикалық, яғни өзі үшін үлгілі болатын қоғамды зерттеумен айналысады. Оның мұндай мәтіндері жақсы зерттелген. Сонымен, жоғалған немесе мүмкін болмайтын болудың жоқ бастауына бағытталатын мұндай құрылымдық тақырып – үзілген нақтылықтың тақырыбы – ойын идеясының мұңлы, жағымсыз, аңсарлы, кінәлі руссошыл келбеті болып табылады, ал оның екінші қыры - ницшелік бекіту, әлем ойынын және қалыптасу бейкүнәлігін қуанышты бекіту, белсенді түрде түсіндірілуі тиіс күнәсіз, ақиқатсыз, бастаусыз таңбалар әлемін бекіту болып табылады. Бұл жағдайда мұндай бекіту орталық еместі орталықтың жоғалуы ретінде анықтамайды. Сонымен қатар, ол ешқандай сақтандырусыз ойнайды. Өйткені, бұл ойынға қарама-қарсы тұратын басқа сенімді ойын бар: ол бұрын берілген, болған және бар бөлшектерді алмас тырумен шектеледі. Абсолютты кездейсоқтықта тұжырым тектік белгісіздікке, іздің тұқым себуші оқиғасына бағынады.
Сонымен, кескіндеуді кескіндеудің, құрылымның, таңба мен ойынның екі түсіндірмесі болады. Бұлардың бірі қандай да бір ақиқаттың немесе ойын мен таңбаның тәртібінен қашатын бастаудың мағынасын ашуды армандайды, соған талпынады, сон дай-ақ бір нәрсені түсіндіру қажеттілігін қудалау деп қабылдайды. Екіншісі бастауға теріс қарап, ойынды бекітеді және адам мен гуманизмнің шеңберінен шығып кетуге ұмтылады, өйткені адам есімінің өзі – метафизиканың немесе онто-телеологияның бүкіл тарихында, яғни өзінің бүкіл тарихында болудың толықтығы, қандай да бір жұбатушы негіз, ойынның бастау мен мақсаты ту ралы армандаған тіршілік иесінің есімі. Бізге Ницше көрсеткен жолмен бара жатқан екінші кескіндеуді кескіндеу, Леви-Стросс қалағандай этнографияны (мен бұл жерде “Введение к сочинени ям Мосса”-дан тағы дәйексөз келтіремін) – қандай да бір “жаңа гуманизмге шабыт беруші” деп білмейді. Қазіргі кезде бұл екі кесіндеуді кескіндеудің (бұлар бір-бірі не мүлдем ұқсамайды, тіпті біз бір мезгілде солардың ішінде өмір сүріп жатсақ та, оларды қандай да бір көлеңкелі экономика да бітімге шақырсақ та) көптеген нышандарына қарап, олардың гуманитарлық ғылым деген даулы атауға ие нәрсенің өрісін өзара бөлісетінін байқауға болар еді. Өз тарапымнан, осы екі кескіндеудің айырмашылықтары көзге ұрып тұрса да, олардың өзара үйлеспеуі одан әрі ұшығып бара жатса да, мен таңдау жасайтын кез келді деген ойдан аулақпын. Өйткені біз таңдау категориясы өте жеңіл көрінетін, әзірше тарихилық саласы деп аталатын салада жүрміз. Сондай-ақ, бірін ші кезекте бізге осы кескіндеудің ортақ топырағы мен осындай жойылмайтын айырмашылықтарды ажыратуды пайымдауға тал пыныс жасау қажет. Бұдан басқа бұл тұста бітуін, қалыптасуын, көтеруін және толғатуын біз аздап қана болжай алатын тарихи сипаттағы мәселе пайда болады. Әрине, мен мұны туу барысын көз алдыма елестетіп айтып отырмын; сондай-ақ мен мұны өзі ту ралы белгі беріп жатқан, бірақ туу әрекеті жүзеге асқан кездегідей өзін түр-емес түрде, кемтарлықтың тұлғасыз, мылқау, нәрестелік және адам шошырлық түрінде ғана айғақтай алатын әлі атауы жоқ нәрсеге қараудан тартынатындарға, өзімді санатынан шығармаған қоғамда өмір сүретіндерге қаратып айтамын. Деррида Ж. Письмо и различие. Академический проект. Москва. 2000. С. 445-466.
ЕСІМ ТУРАЛЫ ЭССЕ
«Жанама тарту»
Көз алдымызға ғалымды елестетейік. Жол-жораны зертте
уге маманданған соң, ол осы шығармаға1 бірден жабыса кетеді,
олай болмаған жағдайда одан нені күтерін білмейтін адам дәл
осылай жасайтыны анық. Қалай болғанда да, ондай адам өзіне
керегін жасап алады, ол оның ішінен рәсімнің, тіпті литургияның
жоралық дамуын танығандай болады және бұл оның тақырыбына,
талдауының объектісіне айналады. Әрине, жол-жора әрекет са
ласын анықтамайды. Ол барлық жерде болады. Онсыз қоғам да,
институт та, тарих та жоқ. Жол-жораны талдаумен көрінген адам
айналысуы мүмкін, демек, – бұл мамандық емес. Ондай ғалым,
оны аналитик деп атайық, мысалы, әлеуметтанушы, антрополог,
тарихшы немесе қажет десеңіз, өнертанушы, әдеби сыншы, тіпті,
философ та болуы мүмкін. Ол - сіз немесе мен. Белгілі бір мәнде
өз тәжірибемізге сүйеніп біздің әрқайсымыз шамамен ерікті түрде
зерттеушінің не жоралар сыншысының рөлін атқаруымыз әбден
мүмкін: ешкім өзін осы мүмкіндіктен толық айырмайды. Десек те,
осы аталған шығармада жалпы қай жерде болмасын рөлді ойнау
үшін, жол-жораның логикасына кірігу қажет болады және сол ме
зетте өзін дұрыс ұстап, қателік пен бұзушылықты болдырмау үшін
белгілі бір дәрежеде оған сыни көзбен де қарау қажет. Нормаларды
түсініп, әрекет ету ережелерін түсіндіре білуі қажет.
Әрекет етуші мен талдаушы адамның арасындағы алшақтық
пен айырмашылықтың мөлшеріне қарамастан, оларды бөліп
тұрған шекара аса айқын болмайды және әрқашан өтуге кедер
гі болмайды. Біріншіден, талдауды, екіншіден – жалпыға бірдей
жоралыққа бағынатын тиісті мінез-құлықты мүмкін ету үшін бел
гілі бір дәрежеде сол шекараның бұзылу да қажет.
Бірақ, “сыни оқырман” (crіtіcal reader) талдау түрлерінің
бәрі бірдей барабар емес деген әділ уәжді алға тартуы мүмкін:
жол-жораны тиісті түрде орындаймын деп оның нормаларын
қарастыруы тиіс адамның жол-жораға бейімделуді мақсат етпей,
оны түсіндіруге, “шынайландыруға”, мәні мен мақсатын көрсетуге
талпынатын адамның арасында елеулі өзгешеліктің болмайтыны
қалай? Дәлірек айтар болсақ, олардың арасында сыни өзгешелік
бар шығар? Әлбетте, бірақ сыни айырмашылық дегеніміз не?
Егер қатысушы талдауға, оқуға, түсіндіруге міндетті болса, онда
ол сондай-ақ, қандай да бір сыни әрі белгілі бір дәрежеде “шы
найыландырып тұратын” позицияны да ұстануы қажет. Егер оның белсенділігі енжарлықпен, тіпті, құмарлықпен (passіon) жиі шек тесіп жатса да, ол бәрібір сыни және өлшемдік әрекетерге бара ды: жоралық процеске қатысушы адамға қатысты қатан жіктеу жүргізіледі (агент, тұтынушы, дін қызметкері, құрбандық беруші адам, аксессуарист-бутафор және, тіпті, бұралқы, құрбан, марги нал немесе өзі де құрбанға айналуы мүмкін pharmakos*, өйткені құрбан болатын нәрсе ешқашан жай зат болмайды, ол дискурс немесе дискурстың мүмкіндігі, символикалықтың кіріспесі). Жолжораға қатысушы адамның алдында таңдау, ажырату, бөлу, бағалау міндеттері тұрады. Ол қайсыбір krіneіn**-ді бастауы тиіс. Тіпті, “сырт көз” адам да (бұл жерде шығарманың ішінде не сыртында болатын оқырман) осы мәндегі тура осындай жағдайға тап болады. Сыншы мен сыншы емес адамды қарама-қарсы қоюдың орнына, сыни және сыни емес нәрсені, шынайылық пен оған қарама-қарсы нәрсені таңдаудың орнына, біріншіден, сыншылар арасындағы айырмашылықты белгілеп алу қажет еді, ал екіншіден, сыншы емес адамды сыншыға қарама-қарсы болмайтын, тіпті одан тыс болмай тын жағдайға қойған дұрыс шығар. Сыншы мен сыншы емес адам, әрине, бірдей болмайды, бірақ шын мәнінде олар – біртұтас нәрсе. Қалай болғанда да олар – сыбайластар. І Сонымен, бұл еңбек шынайлыққа ұмтылған талдаушыоқырманға ұсынылады (жеткізіледі, беріледі) деп елестетейік. Мұндай талдаушы біздің арамыздан шығуы мүмкін: бұл кітаптың кез келген салушысы немесе алушысы. Біз мұны, ондай оқырманға сенімнің мерзімсіз несиесін бермей-ақ, көз алдымызға оңай елес тете аламыз. Қалай болғанда да талдаушы (мен бұл сөзді Эдгар По2 үстейтін мәніне қарап, таңдадым) абайсыздықтан болар, өзінің алдындағы нәрсе – кодталған, болжамға көнетін әрі алдын ала ұйғарылған рәсімнің дамуы екеніне сенімді болуы мүмкін. Рәсім сөзі – оқиғаның барша ерекшелігін қамтитын ең дәл әрі ең бей нелі сөз екені даусыз. Бірақ мен де, сіз де, біз де, олар да қалайша рәсімшіл болмаймыз? Рәсімнің нақты субъектісі кім? Ал ендігі жерде жораның сипаты мен талдауында, оның мәнін ашуда немесе, қаласаңыз, оқылуында кенеттен бір қиындық, қандай * φαρμακοζ (гр.) – халықты күнәлардан тазарту үшін құрбандыққа шалынатын; (“козел отпушения”). ** κρινω (гр.) – бөлу, жіктеу, пайымдау.
да бір қызметтін бұзылуы пайда болады. Әлдекім оны дағдарыс – оқы: дағдарысты сәт деп атауы мүмкін. (Сірә, ол рәміздік процестің өздігінен болатын дамуын түсінген де болар). Бұл қандай дағдарыс? Оны болжауға бола ма, болмай ма? Жал пы оның дағдарысқа немесе қандай да бір дағдарысты нәрсенің ұғымына қатысы бар ма? Бұл шығармада біз үшін үйреншікті академиялық және баспалық процестер арқылы философтар бас қосты. Өзінің сіз дер үшін ашық болуына байланысты мүмкін болмайтын сыни бағдарды ерекше атауға болады; айтпақшы, осы жіктеу есімдігі туралы: “біз” деген кім, біз шын мәнінде кім боламыз? Бұл философтардың, әр елден келген оқытушылардың есімдері жұртқа белгілі және олар бір-бірін жақсы біледі; бұл жерде олардың толық жеке сипаттын, олардың типтік және жеке ерекшеліктерін, қай жынысқа жататынын (бұлардың арасында бір-ақ әйел бар), ұлтын, әлеуметтік-экономикалық мәртебесін, өмірбаянын, жа рияланымдарын, қалауларын және т.б. көрсетуге болар еді. Со нымен, бұлардың ішіндегі біреудің бастамасымен (ол адам кім көрінген емес, оның идеялары шынымен-ақ тартымды еді) олар шығарма жасау үшін бірігуге келіседі және ондай шығарманың орталығы (ол біршама белгілі, демек, белгісіз, - оны белгілі бір дәрежеде құпиялы деуге де болады, сонымен қатар дағдарыстың тым ашықтығы оны дағдарыс деп атауға құқық бермейді) қандай да бір нәрсе болады (ол біршама белгілі, біршама түрде қызметі, жарияланымдары, аты-жөні, қойған қолдары арқылы танымал. “Қойған қолдарын” көпше түрде қалдырайық, өйткені олардың көптігін, заңды түрде болса да жою әуелден-ақ заңсыз әрі мүмкін емес нәрсе). Айталық, егер бұл жағдайда дағдарысты қиындық туындап, жол-жора бағдарламасының немесе оның талдауының күрделену қаупі туындайтын болса, онда бұл қиындық міндетті түрде мазмұнмен, тұжырымдамалармен, қысқасы, көп жағдайда қайсыбір философтардың баяндалатын идеяларының сапасымен, олардың аталған шығарманың атауын, түпкі ойы мен тақырыбына деген өз көзқарасын қалайша аударғанымен немесе көрсетуімен, оң немесе теріс бағалауымен байланысты болмайды. Мұндай қиындық кітаптың негізгі өзегін құрайтын мәтіндерге болжал ды қол қоюшыдан (“менен”, солай емес пе?), оның әрекет етуге толық еркіндігі бола тұра кітапқа “ат салысуды”, яғни өз үлесін қосуды сұрауға, ұсынуға (талдауға келетін себептерге байланыс ты) қатысты нәрсе. Мұндай еркіндік дәрежесіне қатысты біздің
қосарымыз мынау – ол туралы біз төменде айтпақпыз: және соны
мен аталған мәселе тәмәм болады. Осы шығарманы шығарушы,
хаттамаға жауапты немесе рәсімнің басшысы Дэвид Вуд кітап
бірнеше бетті алатын және басқаларымен тікелей байланысы жоқ
мәтінмен ашылып, “Жанама тарту” (An oblіque offerіng) деген
көпмәнді атаумен аталауы тиіс деген ұсыныс жасады. Нені? Кім
нен? Кімге? (Әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады).
Бірақ, біз жоғарыда айтып кеткендей, жораның дамуына кенет
тен дербестігін жоғалтуы, яғни талдаушының әуелгі болжамына
сәйкес болмауы қауіп төндіреді. Екінші тағы бір болжам бар. Ол
қандай? Жүйенің қайсыбір жерінде оның бір элементі (өйткені
“мен”, тіпті, әрқашан болмаса да және “артық рәсімдерсіз3 де”
– бәрібір “мен” болады) одан әрі не істеу керек екенін білмей
ді. Дұрысы, ол қайшылықты және бірін-бірі жоққа шығаратын
нәрселермен айналысу керек екенін біледі. Өзіне өзі қайшы келу
немесе қарсы шығу – мұндай қос ұдайы міндет рәсімді сал етіп,
бұрмалауы мүмкін, тіпті оның сәтті аяқталуына қауіп төндіреді.
Алайда, мынадай сұрақ туындайды: егер барлығына ортақ бір қалау
болса немесе әрбір қатысушының өзіндік қайшылықсыз қалауы
бар болса деген болжам жасасақ, онда мұндай қауіптің мүмкін бо
луы қатысушылардың қалауына қайшы келе ме немесе, керісінше,
алдынан шыға ма? Өйткені, бір немесе бірнеше қатысушы неме
се рәсімді басқарушының өзі осы рәсімнің сәтсіздікке ұшырауын
қалайтын жағдайды қиялдауға болады ғой. Әрине бұл тілек бір
шама құпиялы болады; міне сондықтан да бізге құпияны ашпай,
ол туралы айтуға және нақты мысал арқылы жалпы құпия туралы
өзіміздің пайымдарымызы баяндауға тура келеді.
Құпия дегеніміз не?
Әрине, егер бұл шығарманың ешбір жері құпияға ұқсамаса, онда
оны рәсімге еш қатысы жоқ деп елестетуге болады, өйткені әрбір
рәсім – оның сипаты қандай ашық және қоғамдық болса да – әрқашан
қандай да бір құпиямен байланысы болады; тіпті, егер бұл құпия
құпияның жоқтығы немесе француздар айтатындай “Полишинель
құпиясы”, яғни ешкімге де құпия емес құпия болса да. Талдаушының
бірінші болжамына сәйкес рәсім жол-жораға сай қалыпты жағдайда
өтуі тиіс болатын; ол көздеген мақсатына сәтті аяқталуына кедергі
жасамайтын, тіпті оның нығаюына, тұрақтануына, өрлеуіне септігі
болатын, үміттену элементін енгізу арқылы (қалау, марапат, ойын
нан алатын рахатты дәмелену, яғни Фрейд Vorlust деп атайтын нәрсе
арқылы) оны тартымды етуі мүмкін ауытқу немесе үзіліс болса да
жетуші еді. Ал, екінші болжамға сай қандай нәрсе болуы мүмкін? Бәлкім, бұл сұрақты мен жауап ретінде әрі шексіз алғысымның бел гісі ретінде осы еңбекке өз үлесін аянбай қосқандарға бірінші кезек те қойғым келетін шығар. Достық пен сыпайылық қисындары қос міндеттеменің бо луын талап етеді: бірақ ол қандай жолмен болса да рәсім тілінен де, борыш тілінен де қашу болмай ма? Мұндай міндеттеменің қос ұдайылығы, сыңарлы болмысы 1+1= 2, немесе 1+2 сияқты белгілен бейді, бірақ шексіздік тұңғиығына тереңдей береді. “Достықтың” немесе “сыпайылықтың” ым-ишарасы рәсімдік ережеге жай ғана бағынатын болса, онда достықтың да, сыпайылықтың да белгісі болмас еді. Бірақ рәсімделген сыпайылықтың ережесінен жалтару міндеттемесін сақтау қажеттілігі, борыш тілінің аясынан шығып кетуге мәжбүрлейді. Борыш сезімін сақтап, достық пиғылда не месе сыпайы болу дұрыс емес. Қанттқа шүбәсіз қайшы осындай ұсынысты жасауға батылымыз барып отыр. Міндетке сай әрекет ет пеу міндеті: Канттың айтуынша, борышқа сай келмей (pflіchtmassіg), тіпті, борыш сезіміне сүйенбей (aus pflіcht) өмір сүруі мүмкін бе? Мұндай борыш, мұндай қарсы міндет бізді қандай нәрсеге міндет теуі мүмкін? Қандай нәрсеге қатысты? Кімге қатысты? Сауал түрінде айтылған мұндай болжамды шын қабылдасаңыз, басыңыз қатты дей беріңіз. Бұл бойды қалтыратып жібереді, тіпті, құз шетінде тұрғанда сал етуі мүмкін - сол жерде сіз жалғыз қалып, мүлдем жалғыз немесе басқамен жекпе-жек айқасқа түскен кезде; сол қарсыласыңыз сізді ұстап қалуға немесе түбі жоқ тұңғиыққа итеріп тастауға, құтқаруға не құртуға тырысқанда. Бұған қатысты бізде ешқандай таңдау қалмаған деген болжам жасау ғана қалады және біз оған әлі ораламыз. Мұндай айқындылықтың бізді қайда апарарын түсінбей қалу қауіпі болған соң, біз бастауға мәжбүр болған сауалға немесе болжамға кіретін қосарлы аксиоманы тұжырымдап көрелік. Әрине, белгілі бір әрекетті көз бояушылықпен қолдану сыпайылыққа жатпайды, мысалы, борыш сезіміне қарап, шақыруға жауап қайтарған кезде. Сондай-ақ, тек борыш сезіміне сүйеніп, досына жауап қайтару да достық пиғылды танытатын әрекет емес. Достың шақыруына немесе үндеуіне борышқа сай, pflіchtmassіg (борыш сезімінен сүйенуден гөрі, aus Pfіcht; және біз қайтадан үлгілі “сын шыл оқырманның” (crіtіcal reader), біз мұрагер ретінде қарыздар бо латын ұлы сыншы-философ Канттың “Grundlegung zur Metaphysіk der Sіtten” еңбегіне жүгінеміз) жауап қайтару да дәл осындай нәрсе. Бұл іргелі қиыншылыққа тағы да бір кемшілікті: ниет жоқ жерде көз
бояушылықпен айналысып, өзін мінсіз санауды қосар еді. Достыққа қатысты “қажет”, сондай-ақ сыпайылыққа да қатысты “қажет” деген нәрсе міндетті сипатта болмауы тиіс дегенді айту аздық етеді, соны мен қатар ол қандай да бір ереженің, әсіресе, жоралық ереже түрінде болмағаны дұрыс. Нақты жағдайда жалпы сипаттағы өкімді қолдану қажеттілігіне жол берілген кезде достықтың немесе сыпайылықтың ым-ишарасы өздігінен ыдырауға ұшырар еді. Ереженің, басқаша айтсақ, норманың қатаң түрде қайталануынан ол жеңіледі, қирайды және бұзылады. Бұл аксиомадан кез келген ережені бұзғанда және кез келген парызға қайшы келетін әрекетті жасағанда ғана достыққа немесе сыпайылыққа (айталық, достың шақыруына, өтінішіне не сұрағына жа уап қайтарған кезде) қол жеткізуге болады деген қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Қарама-қарсы ереже де ереже болып табылады. Бұл жерде достық пен сыпайылық ұғымдарын біріктіру, жолжораға лайықталған мінез-құлық ұғымынан бір ортақ сызықпен оқшаулау – сыншыл оқырманды тан қалдыруы мүмкін. Мәселе, сыпайылық туралы, осы құндылықтың қос ұдайы детерминциясы туралы болжамның (қайсыбір мәдени дәстүрге де тәуелсіз (батыстық немесе басқа)) норма шегінен, демек жол-жора шегінен де шығуды ұйғаратын нәрсеге қатысты болып отыр. Әрбір нормативті ұғым тәрізді, сыпайылық ұғымының ішкі қайшылығы оның ережелер ге мойынсұнуына және сол мезетте ережелерсіз суырыпсалмалық еркіндікті ұстануына байланысты болады. Оның ережесі – ережені бәрі білсе де, ешкім оны орындамайды. Сыпайы көріну үшін ғана сыпайылықты сақтау – сыпайы болмау деген сөз. Сонымен, бұл жер де біз ережеге жолығамыз, – және бұл ереже кейінді, құрылымдық, жалпы сипатта болады, яғни оның әрбір жеке жағдайында ерек шелігі болады, сондай-ақ ол өнеге жағдай (прецендент) қызметін де атқарып тұрады, – ал, мұндай прецендент аталған ереженің жолын ұстанғандықтан және, тіпті, соған негізделіп, оны құрметтегендіктен ғана әрекет етпеуге мәжбүр етеді. Турасын айтайық: мәселе парыз ұғымы туралы және оның мәдениет, мораль, саясат, құқық, тіпті, экономика (айталық, материалдық және адамгершілік парызға қатысты) саласында жа сайтын нәрсеге жалпы сенуге бола ма, егер болатын болса оның шегі қандай4 деген нәрсеге қатысты болып отыр; яғни парыз ту ралы ұғымның жауапкершілікке қатысты кез келген пікірдегі, логикадағы, риторикадағы кез келген жауапты шешім бойын ша кез келген жауапты пікірдегі ұйғаратын нәрсесіне сенімнің дәрежесі қандай болмақ. Жауапкершіліке қатысты жауапты пікір туралы айтқанда біз оның өзі айтатын ережелерге немесе заңдарға
бағынуы тиіс деген болжамды алдын ала жасаймыз. Мұндай им пликация шатастырса да, болмай қоймайтын сияқты: жауапкер шілік ешқашан қайшылықсыз әрі бір мағынада қабылданбайды, ал қандай да бір шешімнің өзін-өзі ақтауы мүмкін емес – апри ори және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты – өзіне жау ап бермейді дегеннің дәлелі болуға тырысатын логикалық пікірге қатысты жауапкершілік, жаупкершіліктің құндылығы немесе із гілігі дегендердің өзі қандай болуы мүмкін? Жоғарыда біз “турасын айтайық” – “n’y allons pas par quatre chemіns”* [крест бейнесімен, жол қиылысымен, төрт санымен не месе жол қиылысының айырмасымен (quadrіfurcum) байланысты және - тура, ауытқусыз, есепсіз және айласыз әрекет етеміз деген ді білдіретін, аударуға мүлдем көнбейтін француз тіліндегі айты лым] деген сөйлемді қолдандық, бұл жерде әңгіме ұғым […] және білім […] жайында болып отыр. Мұндай табанды үндеудің мәні нені білдіреді? Қайсыбір ұғымды немесе мәселені тура, төтесінен, айналыс амал іздемей қарастырудың қажеттілігі мен мүмкіндігі. Біздің алдымызда тұжырымдама немесе проблема (ананың не мынаның, айталық парыздың, бұл жерде ол аса маңызды емес) тұр деп шамалайық, яғни ол білім арқылы анықталатын (“бола ма...білу қажет”) және сіздің алдынызда тұрған нәрсе; ол – осы жерде, тура сіздің алдынызда (problema**), іn front of you. Бұдан – көздің, ауыздың, қолдың алдында тұрғанды (тіпті де сіздің арқа тұсыңыздағыны емес), шығыңқы (pro-posé) немесе ұсынылған (pré-posé) объект ретіндегіні, қаралуыға тиісті мәселе ретіндегіні демек, әрі сол мөлшерде – ұсынылатын сюжет (sujet) ретіндегіні, басқаша айтсақ, ұсынылған, сыйға тартылған сюжет ретіндегіні: өйткені ұсынылатын нәрсе әрқашан алдынғы жақтан беріледі – ті келей, жаппай әрі түбегейлі қарастыру қажеттілігі пайда болады. Problema сөзінің семантикасын қарастырғанда, әңгіме, теңіздегі пирс тәрізді немесе мүйістің5 шеті тәрізді, сауыт-сайман неме се қорғайтын киім сияқты әуелгі сюжетке (ob-sujet***) қатысты * Сөзбе сөз аударғанда: “біз оған (қандай да бір мақсатқа) бірден төрт жол арқылы бармаймыз”. – ауд. ** Грекше “προβλημα” – 1) алға қарай лақтырылған, алдына қойлған барлық нәрсе; 2) ұсынылған, проблема; 3) шығыңқы бөлік, шығыңқылық, мүйіс. Деррида өз талдауында “проблема” сөзінің осы үш мағынасын да қолданады. *** Бұл тұста Деррида неологизмді қолданады: екі сөзден құралған сөз, кем дегенде, төрт мағына береді. Бұл сөз “ objet + sujet ” – объект + субъект, екіншіден – “зат + сюжет”, бұл жерде “ұсынылған нәрсе”, “субъект-сюжеттың алдында орналасатын” және “субъектіге қосымша болатын” мағыналарға ие.
болмақ. Кейбір мағынада problema ақталу немесе жасырыну үшін алға тартылатын кешірім туралы өтінішті де білдіреді екен, деген мен де оның бізге қызықты болатын жағы да бар: метонимияға байланысты problema, француздардың айтуынша, біреудің жауап кершілігін өзіне алып, біреуге қалқан (couverture) болатын адамды немесе басқа біреу үшін сөйлеп, өзін басқа біреу деп көрсететін адамды, өзінің алдына қоятын немесе соның артына тығылатын адамды әшкерелеуге септігі тиеді екен. Филоктеттің құмарлығын, Улиссті, жанама (жалтарған) қатынасушыны, үшінші (terstіs) (бөтен тұлғаны), бірмезетте кінәсіз куәгерді, белгілі бір рольді ойнауға мәжбүрленген қатынасушыны (актерды – acteur – әрекет етуші және ойнаушы ретіндегі), құралды және өкіл ретінде әрекет етуші тұлғаны, нақты айтсақ, Неоптолем6 деген мәселесі күрделі сәбиді еске түсірейік. Осы тұрғыдан келгенде жауапкершілік кейбір жағдайда, мүмкін әрқашан да, бұдан да үлкен дәрежедегі шешілуі қиын мәселеге айналуы ықтимал. Өзіне, өзінің жеке аты на және басқалардың алдында (жауапкершіліктің ең классикалық философиялық анықтамасы) жүктелмейтін жауапкершілік, бірақ, басқа біреу үшін, біреудің орнына, басқа біреудің атынан неме се басқа біреу ретінде өзінің атына жүктелетін жауапкершілік - этиканың дау тудырмайтын мәні болып табылады. Біз жаңа ғана “бұдан да үлкен дәрежеде” деген сөйлемді қолдандық, бірақ одан әрі қарай баруымызға тура келеді: ол дәреженің жауапкершіліктің азаймай, керісінше, қосымша құрылымда пайда болуына байла нысты. Жауапкершілік әрдайым менің атымнан жүзеге асады, бірақ басқаның атынан-мыс және бұл оның жеке сипатына әсері болмай ды. Мұндай жауапкершілік осындай “мыс”-тың екіұдайылығы мен тым сенімсіздігінде екі ойлы болып тұрады. Егер де жауапкершіліктің тәжірибесі міндеттің немесе парыздың тәжірибесіне сәйкестірілмегенде; егер де “жауап беру” етістігі, жауапты болу мағынасында, “білу, бола ма...” концептінде енді пайда болмағанда; егер де мұның бәрі проблема кеңістігіне жалпы қыр көрсеткен болса және жауаптың пропозициялық формасының бергі жағында ғана емес, ой мен сөйлемнің сұраулы формасының да бергі жағында болса, онда біз ешбір жағдайда әлі немесе енді проблемалық немесе әлі анықталмаған, демек, сыни емес нәрсені (айталық, сот шешімін) тіке, тура, прожективті, тіп ті, тетикалық немесе тақырыптық түрде енді қарастыра алмайтын едік, қарастыруға тиіс те емес едік. Сондай-ақ: “бұлай жасамау”, “ешбір жағдайда болмауы тиіс” деген сөздер бізді мәселеден, ни
еттен, сауалдан, тақырыптан, қағидадан, сыннан алшақтатып жі беретіндей болып көрінсе де, ешбір жағдайда пайымдаудың қатаң әрі сенімді логикасында қате, кездейсоқ бос орындай болмаушы еді, керісінше, ол мүлдем қарама-қайшы нәрсе (дегенмен де, егер пайымдаудың ең қатаң деген қатаңдығының, strіcto sensu, табан ды қажеттілігі ешқандай сұрақ туғыза алмайтын шарты орындал са ғана7). Егер заңнамалық нормада немесе мәтіннің оқылуында бұзушылық орын алатын болса, онда ол, бәрінен де бұрын, “бұлайжасамау”, “ешбір-жағдайда-болмауы-тиіс” сияқтыларды қандай да бір философиялық немесе адамгершілік сот алдында, яғни бір мезгілде сыни әрі заңнамалық орында жауап беруге мәжбүрлейтін қалау туындаған жерде пайда болады. Тым турашылдықты, тым проблемалықты немесе тым тақырыптылықты талап ету, біз де өлшеу бірлігі бар деп ойлау - зорлық пен аңғалдықтың асқан шегі болып көрінеді. Мәтінді жасап тұрған айтылмай қалатынның үнемділігі мен ұстамдылығының және философты айыптауға бо лады деп есептелінетін жеткіліксіз тақырыптық түсіндірменің, тақырыпсыздықтың арасын қалай ажыратуға болады? ІІ Қайсыбір мәселені (немесе проблеманы) тікелей, турасынан қарастырудың орнына, бұл, әрине, мүмкін емес және орынсыз не месе заңсыз болар еді, біздің жанама түрде әрекет еткеніміз дұрыс болар? Мен мұны талай рет бастан кешірдім (мен “жанамалыққа”, шын есімін8 атап тұрып тікелей үндеген кездерім болған және оны өзім мойындаймын да). Кейбіреулер мұны парызға жасалған опасыздық деп түсінуі мүмкін, өйткені олар жанама нәрсенің бо луын шындықтың немесе турашылдықтың жетіспеуіне қатысты қарайды. Дәл осы болмай қоймайтын нәрсеге, яғни жанамалық дәстүріне менің кіріскеніме байланысты Дэвид Вуд мені осы шығармаға шақыру, қызықтыру немесе қатыстыру үшін маған осы бірнеше бетті “Жанама тарту (An oblіque offerіng)” деп атауды ұсынғаны ғана даусыз нәрсе. Ол, тіпті, мен аталған мәтіннің бірдебір жолын жазуға үлгермесем де – осы атауды, алдын-ала жалпы лама қолжазбаның мазмұндама жобасына енгізіп те қояды9. Бір кезде мұндай “тартудың” менікі екенін немесе оныкі екенін анықтау мүмкін бола ма? Ол үшін жауапкершілікті кім өз мойынына алар екен? Бұл сауал берілетін есімге не иеленетін есімге, біреуден ала
тын не өзіне-өзі беретін есімге жауапты болу сияқты өте күрделі әрі түсініксіз нәрсе10. Бұл жерде жайбарақат түрде нарцистік (өзіне деген сүйіспеншілік) деп аталатын нәрсенің шексіз парадокстары қылаң береді: айталық, Х деген біреу немесе бір нәрсе (қасиет, шығарма, институт, бала) сіздің есіміңізді, яғни сіздің атағыңызды иеленді деп шамалайық. Аңғал түсіндіру немесе әдеттегі фантаз мдар (қиялдар): сіз Х-ке өз есіміңізді бердіңіз дейді; демек, Х-тың иемденген нәрсесінің бәрі тура және жанама мәнде сіздің өзіңізге деген сүйіспеншілігіңіз үшін, сыйақы ретінде өзіңізге қайтады. Бірақ сіз өзіңіздің атағыңыз да, есіміңіз де болмағандықтан және Х, есім мен атақ сияқты, сіздің өміріңіз бен сізсіз-ақ тамаша өмір сүре алатындықтан, яғни бір нәрсе қайта оралатын нақты орынның болмауынан, өйткені кез келген қасиеттің, есім мен атақтың анықтамасы осыған байланысты болады – сіздің нарцистігіңіз a prіorі өзі иеленген немесе иеленем деп үміттенетін нәрсесінен құралақан қалады. Керісінше болатын нәрсені шамалайық: Х сіздің атыңызды да, атағыңызды да керек етпеді; қайсыбір себеп пен ол сіздің есіміңізден құтылады да өзіне басқа есімді таңдайды, сол арқылы әуелгі алып тастаудың қайта алып тастауын жүзеге асырады; онда сіздің екі рет жәбірленген нарцистігіңіз, осындай еселі алып тастаудың нәтижесінде, сол дәрежеде сыйақы алған болып шығады. Сіздің есіміңізді жамылып жүрген, жамылған және жамылатын адам, сіздің есіміңізге де, сіздің өзіңізге тәуелді болмай өмір сүру үшін жеткілікті дәрежеде ерікті, құдыретті, шығармашыл және тәуелсіз болып көрінеді. Сіздің есіміңізге, есіміңіздің құпиясына өзіңіздің есіміңізде жойылып кету мүмкіндігі ұсынылады. Өзіне-өзі қайтпау сыйдың (мысалға есімді алайық), сондай-ақ тұлғаның сыртқа бағытталған экспансиясының, кез кел ген өзін-өзі көтермелеудің, кез келген auctorіtas-тың шарты болып табылады. Осындай екіұдайы құмарлықтың екі жағдайында да ең үлкен ұтысты ұтылыстан ажырату мүмкін болмайды. Салдар ретінде нарцисізмнің қайшылықсыз және үйлесімді тұжырымын жасап, сол арқылы “мен” ұғымына жалқы мағыналық мән үстеу мүмкін болмайды. “Мен” ретінде және, Бодлердің айтуынша, “рәсімсіз” (sans facons) сөйлеп, әрекет жасау мүмкін емес. Фи локтет үшін садақтың немесе музықалық аспап шегінің (neura) құпиясы - осында; Филоктеттің түсінігі бойынша құмарлықтың құпиясы: бала – әрқашан да проблема, ақиқат осы. Пайымдап келгенде, жанама нәрсе мен осылайша топтастыруға талпынған барлық әрекет үшін ең жақсы үлгі болмайтын сияқты.
Мен бұл сөзді өте жиі қолдануыма қарамастан, әркез өзімді қанағаттанбағандай сезінетінмін, тіпті, оны – жағымсыз түрде жүзеге асырған кезде, оны ұсыну үшін емес, қирату үшін, ұстатпау үшін немесе қашу қажеттілігін айту үшін жасаған едім, сондай-ақ қақтығыстан немесе тікелей тайталастан, тікелей жақындасудан қашпау мүмкін емес екенін сезетін едім. Сондықтан да, мойын дау немесе өзіндік сын: ең арсыз (hybrіs*) деген гиперболалық болжамға, кез келген “сыншыл оқырман” (crіtіcal reader) түбінде “өзіне-өзі сын көзбен қарайтын оқырманға” (autocrіtіcal reader) айналады деп шамалап, әдемі жымия салуға болар еді (өзіне сын мен қарайтын ол, шындығында кімге сынмен қарайды? бұл жерде өзіндік форманың кімге қатысы бар?), яғни ондай оқырманның өзіне ғана қатысы болады, ол өзіне-өзі ғана сәйкес болуды көздейді және “мен”-ді еш қажетсінбейді және ондай “мен” кез келген сұрақ қою үшін немесе қандай да болмасын сыни ескертпелерге қарсы тұру үшін ешкімді де қажетсінбеуі тиіс. (Десек те, “Х: сыншыл оқырман” деген сөйлемнің синтаксисінде кім кімнің оқырманы екенін, кім мәтін, кім субъект, кім объект және кім нені – немесе кімді – немесе кімге ұсынатынын анықтау әрқашан қиын болады. Ендігәрі жанамада (немесе “қисық сызықта”) тағы бір нәрсені сы нау қажет болса, онда геометриялық фигураны (пішінді), жобаның, сызықтың, бұрыштың, диагональдың қарпайымдылығы, демек, вертикаль және горизонталь сызықтар арасында әлі де кездесетін мәмілені сынау керек болады. Жанамалық – ең қауырт нәрсемен, шамамен екі нүкте арасындағы ең қысқа аралықтан – тік сызықтан да, тікелей көзқарастан да дереу жалтару үшін геометриялық есепте умен айналысуға мәжбүр, әлі толық жасалып бітпеген стратегияның жабдығы болып табылады. Өзінің риторикалық тұлғасында және oratіo oblіqua деп аталатын нәрседе мұндай орын ауыстыру бұрынғыша тым тура, сызықты, жалпы үнемді, диагональды доғаға ұқсас келеді. (Бұл садақтың (arc)* кейде тартылатындығына және Филоктеттің құмарлығына қатысты тура тұспал болады; садақ тар тылып тұр (tendu) десек, контекстіге байланысты оның адырнасы тартылып, ажалды оқты атуға дайын тұр дегенді білдерді немесе бұл садақ біреуге беріледі, сыйға тартылады, қалады**, handed on, over to). Сонымен, жанама нәрсені ұмытайық. * υβρις (грек.) – тәкаппарлық, арсыздық, жәбірлеу, қорлау. * Фр. “arc”: “доға” не “садақ” (қару) дегенді білдіреді. ** Фр. “Un arc est tendu” контекстіге қарай, “Садақ тартылған” немесе “Садақ (біреуге) тартылған, ұсынылаған” дегенді білдіруі мүмкін.
Бұл Дэвид Вудтың және ол өкілі болатын басқалардың да
шақыруын жауапсыз қалдырудың амалы болуы мүмкін бе? Мен
оған жауап қайтаруға міндеттімін бе? Кім біледі? Шақыру деген
не? Шақыруға жауап қайтару деген не? Оған кім жауап береді және
ол қалай жасалады? Шақыру әрекет еркіндігін сақтап тұрады, олай
болмаған жағдайда ол мәжбүрлеу болады. Ол ешқашан да: сен ке
луге міндеттісің, бұл өте қажет деген мағынаны білдірмеуі тиіс.
Сонымен қатар, шақыру немқұрайлы емес, табанды болғаны ләзім.
Онда ешқашан: сенің келмеуге мүмкіндігің бар, ал егер келмесең,
ешнәрсе етпейді, ол маңызды емес деген түсініктің болмағаны
ләзім. Басқа біреуге бір мезгілде “кел” дейтін және әрекет етудің
абсолютты еркіндігін сақтап тұратын ықыластың түрткісі болмай
тын шақыру жоғалады және қонақжай реңкінен айырылады. Де
мек, ол бір мезгілде қосарланып, еселенуі қажет, бір мезгілде ер
кін әрі тәуелді етуі тиіс (қос соққы, еселенген соққы). Шақырудың
болуы мүмкін бе? Егер ол орын алса, біз жаңа оның болуы мүмкін
жағдайларын қарастырдық; бірақ, егер қолға тисе де ол шынымен
де осы сипатында бола ма?
Біз шақыру деп түсінетін нәрсе (кез келген үндеу сияқты)
жауаптың логикасын, шақыруға жауап қайтаруды және қарапайым
жауаптың болуын талап етеді. Қажеттілік, генеалогия, демек, жау
апкершілік ұғымының шекарасы туралы ойланған әрбір адам “жау
ап беру” сөзінің және мен француз тілінде біршама дәл баламасын
таппаған, ауыстыруға келмейтін “responsіveness” сөзінің мағынасы
туралы белгілі бір сәтте ойланбауы мүмкін емес. Сондай-ақ ол,
“жауап беру” етістігіне қарама-қарсы нәрсе туралы да ойланбауы
мүмкін емес және - егер дұрыс пайымға сенсек, – оның мәні жа
уап қайтармау болуы тиіс. “Жауап беру” мен “responsіveness”-ке
қатысты айқын түсініктің болуы мүмкін бе?
Қазіргі кезде адамгершілікті қалпына келтіруді және, ең басты
сы, осыған байланысты шынымен-ақ қам жейтіндерді жұбатуды
мақсат тұтатын тартымды әрі алаңдаушылық туғызатын әрекеттерді
барлық жерде байқауға немесе соларға қатысуға болады. Мыса
лы, кейбір адамдар Деконструкциядан (ол жекеше түрде ғана бо
латындай) адамгершілікке жат, бейморальды, жауапсыз нәрсенің
және т.б. қазіргі формасын көреді (әбден тозығы жеткен, бірақ ес
кірмейтін сөздер: білгенін айта берсін). Басқалары, олардан гөрі
байыптырақ, асықпайтындар, осы Деконструкцияға тілектес жан
дар бүгінгі күні қарама-қайшы пікірді жақтайды. Оларда, “этика”,
“мораль”, “жауапкершілік”, “субъект” және т.б. әдемі сөздермен
аталатын заттарға деген үнемі әрі шынайы, тікелей немесе жана
ма, қалай болғанда да күшейіп келе жатқан қызығушылықтың күн
өткен сайын көбейіп, үміт отын тұтандырар белгілер байқалады
(кейіде, шынын айтсам, өзімнің мәтіндерімде де).
“Жауап қайтармау” тақырыбына қайта оралмас бұрын қос
мәнділіктен тазарған қалпында қажет нәрсені, яғни парыз сезімі
мен жауапкершілік сезімін сақтап қалудың шарты – адамгершілікті
қайта қалпына келтірудің, деконструкцияның жаңа моральдығын
қосқанда, осы екі формадан бас тарту болатынын айта кеткен жөн.
Бұл жерде деконструкцияның жаңа моралдылығы, әрине, оның
қарсы болған нәрсесінен тартымды болып көрінеді, бірақ ол кез
келген сәтте өзін-өзі жұбату арқылы басқаларды да жұбатып, жаңа
қасаң қағидалық ұйқының бәтуасын (консенсусын) мүмкін етуі
ықтимал. Адамгершіліктің осы екі формасының қабылданбауы, ол
қандай дәрежеде көрінсе де тек одан гөрі биік жауапкершілік пен
моральдың ең қатаң талаптары үшін жаряланады деген тұжырым
жасауға асықпаған дұрыс. Әрине, кейбір шектен шығулар беки
бастаған сәттен бастап, адамгершілікті дәріптеушілерден қандай
да бір адамгершілікке жат нәрсені, тіпті, жасырын екі жүзділікті
болжау мүмкін болып отыр, бірақ мұндай болжам үшін ең
қолайлы есімдер мен түрлер: этика, мораль, саясат, жауапкер
шілік, субъект болатынына ешқандай нәрсе кепіл бола алмайды.
Десек те, парыз бен жауапкершілік сезімін иеленгендіктен мораль
заңдарына сай әрекет ету адамгершілікке немесе жауапкершілік
ке жата ма? Әрине, жоқ: бұл өте қарапайым, табиғи, болмыстың
өзі жасаған бағдарламаға сай болар еді; адамгершіл санаға ие
болғандықтан (адамгершілікті түсінгендіктен), заңның ұлықтығын
түйсінгендіктен және т.б. нәрсеге байланысты адамгершіл болу
оңша адамгершілікке жатпайды [Адамгершілік заңын “сыйлау”
мәселесі жақсы мәлім, оның өзі кантшыл пайымда сыйлауға
“себеп” болады және оған деген қызығушылық толығымен жан
күйзелісін (Gefühl) немесе сезімталдықты, онда жазылуы тиіс
емес нәрсені немесе тек осындай сезімталдыққа бағынуы тиіс
нәрселерді құрбандыққа шалуды ғана ұйғаратын нәрсені бейнелей
алмайтын, мораль тереңінде есте сақталатын парадоксқа негіз
делген; құрбан мен құрбан шалу кантшыл моральдың өзегіне алы
натыны және Opferung, Aufopferung ретінде анықталатыны мәлім,
мысалы, “Критика практического разума” кітабында (Кн.1, гл.3)
сияқты. Бұл жерде құрбандыққа шалынатын нәрселер әрқашан
сезімталдықтың оянуына түрткі болатын нәрселер және жасырын
“патологиялық” ұмтылыстардың қатырына жатады, Канттың ай
туынша, адамгершілік заңы алдында оларды “қорлау” қажет; құрбан
шалудың, демек, жалпы мәндегі сыйға тартудың мұндай түсінігі
кантшылдықтың “сыни” ажыратулары: сезімталдық/пайымдылық,
бейқұмарлық/өздігінен болушылық, іntuіtus derіvatіvus/іntuіtus
orіgіnarіus және т.б. барлық механизмінің болуын қажет етеді;
дәл осындайды құмарлық ұғымына да қатысты айтуға болады;
бұл жерде анықтауды қажет ететін құмарлық, меніңше, канттық
түсініктегі “патологиялық” ұғымға жатпайды].
Сонымен, осының бәрі мәселе шеңберінен тыс жатса да, ашық,
кейінге қалдырылған, шешілмеген, даулы күйінде, егер басқалай
тұжырымдайтын болсақ апориялық күйде қалады. Этиканың
этикалығы дегеніміз не? Адамгершіліктің адамгершілігі ше? Жа
уапкершілік дегеніміз не? Бұл жағдайда “бұл не” дегеніміздің өзі
не? және т.б. Мұндай сауалдар әрқашан қауырт болып, дереу жауап
қайтаруды талап етеді. Қайсыбір мәнде олар қауырт әрі жауапсыз
күйінде қалуы тиіс; қалай болғанда да жалпы әрі нақты жауапсыз,
жаңадан дәлелдеу кезінде шешімі жоқ, әркез ережелер мен ерік
тен тыс қабылдау дерегімен қызық байланысқан шешімнен басқа
болмайтын жауапсыз қалуы тиіс. Бұл сұрақтар немесе пайымдар
этикалық, адамгершілік пен жауапкершілікке тән және т.б. деп
атауға толық негіз бар қам жеуден туындайды деген пікірді айтуға
асықпаңыз. Әрине, бұлай деуіміз (“...пікірді айтуға асықпаңыз
және т.б.”) деконструкцияға белсеніп қарсы тұратындардың
қолына қару ұстатқанмен бірдей нәрсе; алайда, бәрін таразыласақ
бұл, баршаның арасында эйфория тудырғаннан гөрі немесе одан да
қауіпті - өздері сенетін және басқаларды да сендіретін, көрсеткен
қызметіне қанағаттанып, орындалған парыз сезімімен (немесе,
бұдан батылдау айтсақ, алдарында тұрған міндеттің ұлылығын
сезініп) бүкіл әлеммен этикалық сенімділігімен, таза ұжданымен
ымыраға келген деконструкцияшылдар қауымдастығын құрудан
гөрі, дұрыс нәрсе болар?
Сонымен, біз жауап қайтармауға жолығамыз. Шамасы, жауап
қайтармаудың өзі, әділін айтсақ, әрқашан жауап болып табыла
ды. Жауап қайтармау құқығы әрқашан болған және болуы тиіс те
және мұндай ерік жауапкершіліктің бір бөлігі болып табылады,
нақты айтсақ, ол әрқашан жауапкершілікпен байланыстырылатын
ерікке жатады. Үндеуге немесе шақыруға жауап қайтармау еркі
болуы қажет – бұл туралы еске салып отыру тиімді және мұндай
еріктің мәніне үнемі оралып отырған жөн. Жауапкершілік пен жа
уапкершілік сезімі – жақсы нәрсе, басты ізгілік. Ізгіліктің өзі деп ойлайтындар, сонымен қатар, әрқашан жауап қайтару керек деген ге (өзі үшін, біреуге, біреудің алдында немесе заң алдында) және жауап қайтармау әрқашан қашып құтылмайтын жауапкершіліктің ашық кеңістігінде анықталатын форма дегенге сенеді. Демек, жа уап-қайтармау туралы бұдан басқа айтатын ештеңе қалмады ғой? Оның пайдасы туралы және өзі туралы? Сіздерді тезірек иландыру үшін, ол ақталсын-ақталмасын бір мысал келтірелік. Ол қандай мысал? Міне, мынадай. Әрине, “міне мынау” дегенді айтқанда мен көп нәрсені және одан басқа да нәрсені айтып тұрмын, ол нәрсе tode tі-нің шеңберінен, осы үлгінің болмысынан шығып кетеді. Үлгінің өзі жалғыздығы мен бірдейлігінің шеңберінен шығып кетеді. Міне, сондықтан да, міне деген нәрсе бар болса да, үлгінің өзі жоқ; әрине, мен әртүрлі мы салдарды келтіріп, осыны жиі талап ететін едім. Үлгінің үлгілігі, әрине, ешқашан мысалдың үлгілігі бола алмайды. Мұндай бір кезде деконструкцияға қатысы бар болған философиялық және философиялық емес сипаттағы пайымдарды қолданатын тым көне баланың ойынына шектеу қойылатынына біз ешқашан сенімді бола алмаймыз, тіпті, мұндай ойын басталарда: “дәл осы мысалды алайық” деген сөз айтылатын сәтті қиялға жүгінсек те. Егер де, мысалы мен абыройымды өсіретін немесе достық көңілден хабардар ететін, өйткені олар менің кейбір бұрынғы жарияланымдарыма деген белгілі бір қызығушылықтың көрінісі болады, осы жерде ұсынылған мәтіндерге жауап қайтарар бол сам, онда ол жасаған қателікті көбейту, демек, жауапкершіліксіз мінез-құлықтың не өзіне-өзін жалған міндетті жүктеу үлгісі болып шықпай ма? Қателіктердің мәні неде? 1. Ең әуелі мен сол арқылы белгілі бір жағдайды ақтағандай бо лып, онымен келісер едім және бөлмедегі үстел басында “мен ту ралы” әңгімелеп отырған және “маған” қаратып сөз айтып отырған он екі адамның ортасында отырған сияқты, мұндай біртүрлі жағдайды дұрыс көріп, ал өзімді ыңғайлы сезінгендей болар едім. “Маған” деген адам осы топтың ішіне кіретін он екінші адам, көптің бірі, бірақ, сонымен қатар – қосарланған немесе еселенген адам, өйткені мен бұл он екі адамның қатарына жататын типтік үлгі емеспін. Осында отырған барлық еркектер мен мына әйелге бір мезгілде жауап қайтаруға оқталған менім бейнем қандай болар еді: осындағы он бір немесе он екі баяндауға тән ең жоғары дәрежедегі шебер әрі өзгеше, сондай кең пейіл әрі тым кіші пейіл, сондай ал
дын-ала анықталған стратегияны елемей жауап қайтара бастауға үміттенген кезде? Ең соңында, он екінші не он үшініші болып бір мезетте кіріспе әрі қорытынды болатын пікірді оқығанда мен ессіз тәуекелге бармаймын ба және осы отырған ғалымдардың бәріне шәкірт ретінде немесе, тіпті, олардың жартысы менің сүйіктілерім, ал қалғаны күшті әрі залым сатқындар болатын апостолдар ретінде қарап, өзімді керемет ыңғайсыз жағдайға қалдырмаймын ба? Бұл жағдайда қайсысы Иуда болар екен? Ал, ондай болғысы келмейтін және өзінің апостол (apostolos, Тәңірі елшісі) да, Иисус та, Иуда да еместігін (бірақ, оған қалай сенімді боласын және мұндай стерео типтерден қалай құтылуға болады?) білетін адам не істеу керек? Қатысып отырғандарды санап жібергенде олардың саны тура он екі адам болатынын көріп (тағы басқа кімді көргіміз келіп еді?) және Дэвид Вудтың хатында “oblіque offerіng” (жанама тарту), сондай-ақ “passіon” деген сөздерді байқап қалғанда, мен кеште болса Дэвид Вудты қандай да бір мистерияның (діни драманың) әзәзіл режис сері емес пе екен және шын мәнінде екеуімізге де бірдей жанама тартудың (“oblіque offerіng”) кекесін, мысқылдық, эвхаристикалық дәмі жоқ пе екен деп күмәнданып қалғаным бар (ешбір вегетари аншыл адам – шақырылғандардың ішінде мен ондайлардың екеуін білемін – ешқашан асқақтатушы тылсым канибализмнен бас тар та алмайды): “бұл сендер үшін берілетін Менің Тәнім; бұл мені еске алу үшін жасалады” деген сөздер – ең үлкен дәрежеде жанама болатын тартуды білдіріп тұрған жоқ па? Бір жыл бойы “Glas”- та немесе “басқа біреуді жеу” және “канибализмнің риторикасы” деген тақырыпта жуырда өткен семинарларда мен түсіндірумен айналысқан нәрсенің өзі емес пе? Жауап қайтармау үшін тағы бір сылтау. Бұл Тайная Вечеря емес және бізді жақындастыратын әжуалы достықтың мәні - оны мойындай отырып, сұмдық каниба лизм жаққа көз қиығын салу болып табылады. 2. Шындығында, жауап қайтарғанда мен өзімді жауап қайтаруға қабілетті адамның орнына қояр едім: оның барлық сұраққа жауабы дайын тұрады, ол өзін барлық адамға жауап қайтаратындай сезі неді, кез келген сұраққа, әрбір қарсылыққа немесе сыни ескертпе ге; осы жерде ұсынылатын мәтіннің әрқайсысының өзіндік қуаты, өзіндік логикасы, ерекше стратегиясы бар екенін ол көрмейді; ол, бәрін қайта оқу керектігін, шығармашылық процесті, әр нәрсеге түрткі болған уәж бен аргументті, дискурсивті дәстүрді және көптеген пайдаланылған мәтіндерді және т.б. қалпына келтіру қажет екенін түсінбейді. Осылардың бәрін орындауға үміттену
және оны бірнеше парақта жүзеге асыру арсыздық (hybrіs) пен шексіз аңғалдықтың нышаны болар еді, сондай-ақ, ең бастысы, басқаның айтқандарын, еңбегін және тартуын көзге ұрып тұрған сыйламаушылық болар еді. Бұл - жауап қайтармау үшін тағы бір сылтау. 3. Осы екі аргумент, қайсыбір жауап-қайтармау біз жоғарыда атап өткен ережесі жоқ сыпайылықтың және түптеп келгенде басқаға құрметпен қараудың, яғни басқаша айтқанда, жауапкер шілікті талап етудің дәлелі болатынына көзімізді жеткізеді. Бәлкім, мұндай жауап-емес нәрсе ең жақсы жауап та болар еді, мүмкін ол жауапкершіліктің тағы бір жауабы әрі белгісі болар? Мүмкін. Әзірше, күтейік. Қалай болғанда да, бізді жауап қайтаруға итер мелеп тұратын сол баяғы менмендік, сол баяғы өзін-өзі жоғары ұстау, сол баяғы қарадүрсін сенімділік туралы ой пайда болады, ал көргендік - ересек адам балаға қарап сөйлесе, оны сөксе де немесе ескерту жасаса да, яғни ешқандай сұрақ қоймаған кезде де оған француздық дәстүрлі мәнерге сай, “жауап қайтармауды” ұйғарады. 4. Ешбір жауап ешқашан құтыла алмайтын менмен өзін дәріптеушілік – біреудің айтқанымен өлшемдес болумен, оны оқшаулауға деген қабілетпен, оны түсініп, тіпті басқа біреу үшін және басқаның алдында жауап қайтарған кезде оның шекарасын анықтауға тырысумен ғана түсіндіруге келмейді. Жауап қайтарушы адам басқаға және басқаның алдында жеңіл әлі менмен жауап қайтара алуына сенімді болады, өйткені ол өзіне-өзі және жасайтын, жазатын немесе айтатын нәрсесіне жауап беруге қабілетті. Бұл жерде өзіне-өзі жауап беру – өзі жасайтын, айтатын немесе жазатын нәрсесін білуді, бұның бәрін қисынды әрі мазмұнды түрде жинақтауды, барлығын бір мөрмен (жанрға, орынға және датаға, көріну формасына, кон текстік стратегияға және т.б. тәуелсіз) бекітуді білдірер еді және бір ғана “менің ойымша” деген нәрсе – қайсыбір “мен” олар жайлы тұтас әрі бұрмаланбаған естеліктерді сақтайтын, барлық алғышарттар мен барлық салдарды білетін және т.б. “қағидалардың”, “тақырыптардың”, “объектілердың”, “баяндаулардың”, “сыни пайымдардың” немесе “бағалардың” өздігінен жүйелі, біртекті әрі субъективтелген ұлпасын жасайтын “менің” барлық түсінігімнің серігі болады деп шамалауды білдірер еді; сондай-ақ бұл деконструкция – өзі тұжырымы мен та рихын қайта жасайтын сын тәрізді нәрсені болжау дегенді білдіреді. Райынан қайтпас қасаңдық аңғалыдықтың көп болуына қарамастан, ол –жауап қайтармаудың, басқа үшін, басқаның алдында және өзі
үшін жауап қайтару мүмкін болатындай етпеудің тағы бір себебі!
Әлдекім қарсы уәж айтуы мүмкін: әрине, бірақ, онда бұл жауап-
қайтармау қайтадан жауап болып шығады, жауап болғанда да – өзі
үшін де, ақиқат үшін де – ең сыпайы, ең ұстамды, ең сақ, ең сыйлы
жауап. Мұндай жауап қайтармау жауапкершіліктің қырағы түрде
жүзеге асуының, сыпайылық пен қадірлеудің тағы бір бекзат түрі
болар еді. Қалай болғанда да бұл ешқашан ешкім жауап қайтармауға
борышты емес немесе жауап қайтара алмауға тиіс емес деген ойдың
дәлелі болар еді. Мүлдем жауап қайтармау мүмкін болмау қажет
және парыз да болмауы тиіс. Бұл жерде парыз бен мүмкіндік бірін-
бірі өзара қызық анықтап тұрады. Мүмкін. Әлі де тосайық.
Мен жоғарыда айтылған төрт уәжді басшылыққа алып, жау
ап қайтармаған кезде не іріктеп алып, жалтарып жауап қайтарған
кезде, қателіктерден (адамгершіліктің, сыпайылықтың және т.б.
қателіктерден) ада болуым мүмкін еді. Мен өзіме: ең жақсысы,
дұрысы, абыройлысы, сондай-ақ адамгершілікке сай болатыны -
жауап қайтару дегенді айта алар едім; бұл басқа біреуге қатысты
қадірлеу болар еді, сыни, әсіре сыни және әсіресе, ең кемі, қасаң
қағидалар мен долбарға жол беруді ұйғаратын “деконструктивті”
ойдың шартсыз талабы алдында жауапкершілік болар еді. Алай
да, мәселе мынада ғой: егер мен осы аталған изгі ойларға құлақ
асып, ең дұрыс жауап – жауап-қайтармау деп есептеп, жауап
қайтармаймын деген шешімді қабылдасам, онда мен бұдан да зор
тәуекелге жолығар едім. Ол қандай тәуекел?
1. Ең әуелі тұлғаларға (қатысушыларға, кейіпкерлерге) және
бұл жерде көрсетілген мәтіндерге жеткілікті дәрежеде байыпты
емес көзқарасты білдіру, соларға деген жол беруге болмайтын
рақымсыздықты немесе кешірілмейтін немқұрайлылықты таныту
– жәбірлеу немесе әділетсіздік болар еді.
2. Екіншіден, жауап қайтармау үшін “орынды себептерді” із
деу, үнсіз қалудың тағы бір стратегиясын қолдану деген сөз: жа
уап-қайтармау өнері немесе кейінге шегерілген жауап қайтару
соғыстың риторикасы, полемикалық айла болып табылады. Сы
пайы үнсіздік ең батыл қару және ең зәрлі мысқыл бола алады.
Байыпты жауапты дайындауды, яғни қайталап оқуды, ойлану
ды, пысықтауды (ол шынымен-ақ қажет болып, мәңгіге созылуы
мүмкін) желеу ететін, кейінге шегерілген немесе жалтаратын, тіп
ті мүлдем қысқарған жауап түріндегі жауап-бермеу әрқашан кез
келген орынсыз шабуылдарға берік тосқауыл бола алады. Бірақ,
басқаға және өзіне-өзі жауап қайтару мүмкіндігінің болмауын
сылтауратқанда біз, теориялық немесе практикалық түрде, шын мәнінде әлеуметтің (socіus) мәні болып табылатын жауапкершілік тұжырымдамасының беделін түсіріп алмаймыз ба? 3. Осындай уәждің бәрін қолданып, өзінің жауап-қайтармауын ақтаған кезде қайтадан ережелер мен жалпы нормаларға жүгінеді және сол арқылы сыпайыгершілік пен жауапкершіліктің қағидасын бұзады, ал оны біз жоғарыда келтірген едік - ешқашан өзін парыз бен толық есеп айырыстым деп ойламау, сондықтан тек ереже бойынша борышқа сай, тіпті, өзін қарыздар сезінуден, сондай-ақ “сыпайылықты сақтау” қажеттілігіне сай ешқашан әрекет жасамау. Бұдан асқан бейморальды және сыпайылыққа жат нәрсе жоқ. 4. Жеткілікті дәрежеде толық болмаса да, бәрібір адал, қарапайым, көнтерілі әрекеттің болуын куәландырып тұратын жауапты түбі көрінбейтін баяндамаға айырбастаудан жаман нәрсе болмас еді. Сол арқылы жауаптың не жауап-қайтармаудың орнына осындай барлық сұрақтарға, сұрақ-болмайтынға не месе жауап-болмайтынға қатысы бар біршама тиімді, біршама металингвистикалық перформатив ұсынылатындай әсер пайда бо лар еді. Мұндай әрекет толығымен негізді сынға ұшырайтын еді, ол өзінің тәнін ұсынар еді, өзінің ең осал деген денесін ең уәжді деген соққыға тосып, құрбандыққа бергендей тәнін берер еді. Өзінде еселі ақау болғандықтан, онда бір қарағанда, өзара қарамақайшы екі қателік байқалар еді: 1) бақылауға немесе жалпы шолуға (металингвистикалық, металогикалық, метафилософиялық және т.б.) ұмтылу; 2) үміттенген байыпты, ойлы немесе философиялық жауаптың орнына, мәтінді өнер туындысына (перформанс немесе әдеби перформатив, қиял, шығармашылық), қайсыбір дискурстың эстетшіл ойынына айналдыру. ІІІ Онда не істеу қажет? Бұған жауап қайтару мүмкін емес. Жауап туралы сұраққа жауап қайтару мүмкін болмайды. Біз өзімізге жа уап беру қажет пе немесе жауап қайтармау керек пе, оның қажеті бар ма, ол мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қоятын сауалға жауап беру мүмкін емес. Мұндай шексіз апория бізді екі жақтан матап трғандықтан (мен борыштымын және мен борышты емеспін, мен ... тиістімін, бұл қажет және мүмкін емес және т.б.), қоршауға түсіреді. Бір тұста, бір жүйе шеңберінде біз қолымыз байлаулы, шегеленген күйге тап боламыз. Енді не істеу керек?
Екінші қырынан мұның бәрі сөйлеуге, жағдайды сипаттай беру
ге, өзінді тыңдатуға талпыныс жасауға кедергі жасамаса, бұл өзі
не болғаны? Көзіміз жеткендей енді сұрақтың да, шекараларын
біз анықтаған, анықтауды жалғастырып жатқан жауаптың да ен
шісінде болмайтын тілдің болмысы қандай? Ешқашан құрбансыз
жүзеге аспайтын мұндай нақтылаудың мәні неде? Мүмкін оны азап
шегу, растау, өсиет ұғымдарымен шектеліп қалмайтын куәландіру
деп атаған дұрыс шығар? Сондай-ақ, әрбір куәландыру тәрізді оны
ешқашан тексермеу, қайта дәлелдемеу немесе ұсынбау, бір сөзбен
айтсақ, зерттеуге ұсынбау шарт болса ше?
Бастауға оралған кезде біз, талдаушының, яғни біз солай атаған
адамның – жол-жораның, сондай-ақ құрбан шалудың да бағдарға
сай дамуын әрі қарай сипаттауға немесе шынайландыруға шамасы
келметініне көзіміз жетеді. Құрбанның немесе құрбан шалушының
ролін ешкім де ойнағысы келмейді; әрекет етушілердің бәрі де:
(діни қызметкерлер, құрбандар, қатынасушылар, көрермендер,
оқырмандар) жай ғана әрекеттен бас тартпайды, тіпті олар тиісті
қимыл жасауға тілек білдірсе де өкімдердің қарама-қайшылығынан
оларға ондай мүмкіндік берілмейді. Сонымен, діни қауымдастықтың
ғана емес, философиялық қауымдастықтың да тұтастығына қауіп
төнеді, өйткені ол сұрақ пен жауаптың, үндеу тәртібінің болуын
(негізінен, айналмалы) талап етеді. Біреулердің айтуынша, осы
лайша ішкі байланыстардың үзілу қауіпі төнген қоғамдастық
қағидасының мәні де осында екен. Басқа біреулер мұндай қауіп
жоқ деседі, өйткені үзілу қауіпі діни немесе философиялық бай
ланыстар, жалпы әлеуметтік байланыс әрқашан ұйымдастырушы
немесе жасампаз бастау болатынын алға тартады: қауымдастық
сол осалдықтың арқасында өмір сүреді және соны қорек етеді
және бұл дұрыс нәрсе. Шынымен-ақ, егер талдаушы ғылыми шы
найыландыру жұмысының шектерін көретін болса, онда бұл әбден
қалыпты құбылысқа жатады: ол өзі талдауға ниет білдірген про
цесте мүдделі тарап ретінде көрінеді; ол виртуальды түрде (яғни,
еліктеп11) барлық рольдерді ойнай алады. Бұл шектер оның ойлау,
оқу және түсіндіру қабілетінің шартын жағымды түрде белгілеп
тұрады. Бірақ, бұл шарттың шарты қандай болмақ? Оның мәні
сыни оқырманның өзі тәжірибеге қатыссыз және шексіз түрде өзі
қандай да бір сыни түсіндіруге ұшырауында.
Айталық, қандай нәрсе құрбандық бақылаудан құтылып, сол
арқылы осы дискурстың кеңістігін қамтамасыз ете алады? Ешбір
сұрақ, ешбір жауап, ешбір жауапкершілік. Бұл жерде қандай да
бір құпия бар делік. Куәлік етеміз: бұл жерде құпияға қатысты бір нәрсе бар. Бүгін біз осындай пікірді ұстанамыз, бірақ сол тектес құпияның мәні мен болмысына жасалатын қайсыбір апофатикалық түрдегі жаттығуды жалғастыра береміз. Бұл жердегі апофатикалық нәрсе жағымсыз теологияны мүмкін етіп тұрса да, оған міндет ті түрде қатысы болмайды. Және біз сынағымыз келетін нәрсенің өзі мүмкіндік болып табылады, бірақ шын мәнінде, ол – қайсыбір куәладырудың: “...туралы куәлік етеміз” сияқты түрдегі және грамматикалық орамда өзін-өзі тексерудің мүмкін еместігі болады. Біз мазмұны жоқ, перформативті тәжірибесінен, перформатив ті сұлбасынан ажыратуға болатын (“оның нәтижелі сөйлемінен” немесе “оның пропозициялық дәлелдерінен” демейміз; біз, жал пы, перформативтілікке қатысты көптеген мәселелерді айналып өтеміз) құпия туралы куәлік етіп отырмыз. Сонымен: “бұл тұста құпияға қатысты бір нәрсе бар” дейік. Бұл жердегі әңгіме - бір адамның немесе бірнеше адамның иелігін дегі, мысалы, қайсыбір стиль, тәсіл, дарындылықтың табы неме се кемеңгерліктің нышаны: көпшілікке тән емес, жеткізуге кел мейтін, оқытуға және қайталауға келмейтін шеберлікке қатысты техникалық немесе көркемдік құпия жайында емес. Тіпті, әңгіме Кант трансцендентальды сұлбалық пен қиялға қатысты айтатын адам жанының тереңінде жасырынатын психофизикалық құпия, өнер (eіne verbogene Kunst іn Tіefen der menschlіchen Seele) жайын да да емес. Бұл жерде құпияға қатысты бір нәрсе бар. Әңгіме саналы субъект жасыратын құпия туралы емес, тіпті бейсана түсініктің мазмұны, моралист12 немесе психоаналитик мағынасын аша ала тын, басқаша айтсақ, бейтылсымдай алатын қайсыбір құпиялы мистикалық түрткі туралы да емес. Метафизика тарихы тұрғысынан бұл құпия толық ортодоксальды емес көзқарасқа сай абсолют ты субъективтілікке жатпайды және оны Кьеркегор тіршілік ке және тұжырымдамаға қарсы немесе гегельдік диалектиканы қирататындай, жүйені де қирататын барлық нәрсеге тән нәрсе деп білген. Бұл құпия Киркегор жеке қарастыратын бірде-бір кезеңге (эстетикалық, этикалық, діни “а” немесе “б”) де жатпайды. Бұл тұста құпияға қатысты бір нәрсе бар. Бірақ, біз қазір ғана шамалаған нәрсені ескерер болсақ, құпияның осы жердегіболмысының қатысы жекеге де, көпшілікке де бірдей. Бұл біздің ашуымыз, тәубеге келуіміз, ол туралы жария етуіміз қажет бола тын, басқаша айтсақ, ол үшін жұрттың көзінше жауап беруіміз
және тақырыптауымыз қажет болатын жекенің ішкі мазмұны емес. Тақырыптаудың нақты деңгейінің жетерлік шамасын анықтап бе ретін адам бар ма? Негізінен тақырыптық болып табылатын барлық нәрсенің есебін сұраудан, табанды түрде жауап талап етуден асқан зорлық бар ма? Мұндай құпия феномендеуге келмейді; ол фено менді де, ноуменді де емес. Дін сияқты, философия, мораль, саясат немесе құқық та, бұл құпияның шүбәсіз түрде сақталуын қабылдай алмайды. Бұл институттар соларға есеп беру үшін, яғни өзіне жүктеген жауапкершілікке жауап беру үшін арналып, жасалған еді. Әрине, олар кейде шартты құпиялардың болуына жол береді (тәубе құпиясы, кәсіби құпия, әскери құпия, өндірістік құпия, мемлекет тік құпия). Бірақ, осы жағдайлардың бәрінде құпия құқығы шарт ты, өйткені олардың ішіндегі құпияны жіктеуге болады және олар алғышарт арқылы шектеледі. Құпия жай ғана проблемаға айнала ды. Басқа жағдайда ол жариялана алады және жариялану тиіс те. Жауап пен жауапкершілік қажет болған жерде құпияның құқығы шартты болады. Құпия деген нәрсе жоқ, тек білім салалары үшін (оларға философия, ғылым және техника ғана емес, сондай-ақ дін, мораль, саясат және құқық та кіреді) проблема бар. Құпия бар. Оның ашық дін (нақты айтсақ, құмарлықтың сыры) дәріптейтін немесе аян ретінде беретін нәрсеге де, ғылыми біл местікке де (жағымсыз теология сияқты бірдеңені дәріптейтін христиандық қауымда), тылсым ғылыми ілімнің қоздыратын мазмұнына да (мысалы, пифагоршыл, платоншыл немесе неопла тоншыл қоғамдастықта) қатысы жоқ. Қалай болғанда да бұлардың бәрі құпия емес, өйткені ол олардың өмір сүруінің шарты. Онда тылсым сипат та жоқ. Құпия бар. Бірақ ол жасырынбайды. Жасырын, қараңғы, түнгі, көзге көрінбейтін, жасыруға болатын нәрсеге, яғни жалпы өзін көрсетпейтін нәрсеге жат болғандықтан, оны ашуға болмайды. Танылғандай болып көрінсе де, ол мызғымас күйінде қала бе реді. Ол туралы - кілті табылмаған кесененің ішінде немесе бар шаны жасырған жабудың артында мәңгі қалды дей алмаймыз. Ол “жабу/ашу”, “жасыру/табу”, “түн/күн”, “ұмыту/еске түсіру”, “жер/көк” және т.б. ойынның шеңберінен шығып кетеді. Демек, ол - ақиқатқа жатқызуға болмайды: homoіosіs немесе сәйкестік ретін дегі ақиқатқа да, жад ретіндегі ақиқатқа да (Mnémosynè, aletheіa), уәде етілген ақиқатқа да, қол жетпейтін ақиқатқа да жатпайды. Оның бейфеноменділігінің, теріс болса да, феномендікпен байла нысы жоқ. Оның ұстамдылығы – өте жақын және өзіндіктің, едәуір
терең пайымдарды (Geheіmnіs немесе, одан да бейнелі, сарқылмас Unheіmlіche) аңсап, қоректірендіретін барлық нәрселердің орнына құпиялы есептелетін жақындықтың саласына жатпайды. Әрине, мұндай құпияны тауып алсақ та немесе өзіміз атасақ та, басқа атаулармен де атауға болар еді. Алайда, бұл үнемі осылай бо латын нәрсе. Оны қалай атасақ та, ол бәрібір құпия болып қалады және бұл оны құпия етіп тұрған есімге келмейтін сипатын, тіпті, Августиннің ерекше пікірі бойынша, оған қатысты “шындық жа салып жатса да”, айқындап тұрады. Құпияның мәні - құпия атауын иеленетін және дәл өзі болмаса да барлық құпиямен байланыса тын, осы жерде құпия деп аталатын нәрсеге байланысты. Құпияны омонимия деуге де болар еді, ол омонимияның жасырын қоры ғана емес және омонимияның немесе мимезистің қызметтік мүмкіндігі де болар еді. Құпия бар. Ол туралы қанша айтылса да, бұл оны бұзуға жет кіліксіз болады. Ол туралы әр түрлі оқиғаларды баяндап, шексіз әңгімелеуге болар еді, ол түрткі болған әңгімелерді айтуға да, ол өзі бастайтын немесе аяқтайтын оқиғаларды айтуға да болар еді, өйткені құпия құпиясы бар оқиғаларды жиі еске түсіреді, тіпті оларға деген қызығушылықты да қоздырады. Құпия - үнсіз, хора тәрізді бейқұмар, кез келген Geschіchte немесе res gestal мәніндегі, кез келген кезеңге және кез келген дәуірге бөлуге жат, білім және тарихи баяндау (epіstémè, hіstorіa rerum gestarum) мәніндегі қиялға жат құпия түрінде қалады. Ол қайсыбір сөзді қорда сақтау үшін не месе шегіну үшін үнсіз қалмайды, ол сөздерге жат болғандықтан, – талғампаз синтагманы қолданып: “құпия – сөйлеуде сөзді жатсына тын нәрсе” деуге болар еді. Сөйлеудегі құпия – сөздерге жат нәрсе. Ол сөздерге жауап қайтармайды, ол: “Мен – құпиямын” дегенді ай тпайды, ол сәйкес келмейді, ол өзі үшін де, басқа біреудің алдында да, басқа нәрсенің алдында да жауап бермейді. Одан есепті немесе авансты талап етуге де, оны міндеттерден азат етуге де болмай тын, одан кешірімді немесе “жеңілдіктің берілуін” (“dіscounts”) қабылдауға болмайтын таза күйіндегі жауап-қайтармау, бұның бәрі – оны философиялық, этикалық, саяси, юридикалық және т.б. про цеске енгізуді үнемі мақсат ететін айла. Құпия ешқандай үдеріске орын қалдырмайды. Бұл тым болмаса “құпияның әсері” де емес. Ол оған орын бергендей болып көрінуі мүмкін (және ол әрқашан солай болады да), ол оған көнуі мүмкін, бірақ ешқашан одан жеңілмейді. Пікірсайыс этикасы құпияны әрқашан елемеуі мүмкін (бұл күрделі әрі қайшы болып көрінсе де, ол оны құрметтеуі тиіс; өйткені құпия
түсіндіруге келмейітін нәрсе), бірақ ол оның маңызын төмендете алмайды. Алайда, ешқандай пікірсайыстың құпиясыз басталуы да, әрі қарай дамуы да мүмкін емес. Оны ескерсе де, ескермесе де құпия бейқұмарлығын сақтап өз орнында, алшақ, қол жетпей тін жерде қала бермек. Осы себепті, қаласаң да, қаламасаң да, оны білсең де, білмесең де онынмен санаспау мүмкін болмайды. Бұл тұста енді орын да, уақытта жоқ. Қорытындылай келе қалтқысыз бір нәрсені мойындасам дей мін. Мүмкін, мен әдебиетке, дәлірек айтсам, әдеби жазуға деген мүддеммен (бәлкім, ол сөзсіз болар) жай бөліскім немесе оны бекіткім де келген шығар. Бұл менің, екі саладан да хабары жоқтар есептейтіндей, жалпы әдебиетті сүйетінімді, оны басқадан, мы салы, философиядан артық көретінімді білдірмесе керек. Бұл мен барлық нәрсені әдебиетке тірегім келеді дегенді білдірмесе керек, қалай болғанда да, мұның философияға еш қатысы жоқ. Шын мәнінде мен әдебиетсіз де өмір сүре аламын және мойын дау керек, бұл мен үшін қиындық келтірмейді. Егер мен қайсыбір аралда жалғыз қалатын болсам, онда мен бәлки олардан әдебиетті жасау үшін, егер керісінше болмаса, өзіммен бірге негізінен тек тарихи және естелік кітаптарды алып, оларды үйреншікті тәсілмен оқитын едім; дәл солай басқа кітаптарды да (өнер, фи лософия, дін, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, құқық және т.б.) оқитын едім. Әдебиетті жалпы мәнде және оның өзі үшін ғана ұнатпасам де, маған ондағы қайсыбір эстетикалық сапаға, формальды қанағаттың қайсыбір қайнарына жатпайтын нәрсе ұнайды, сол нәрсе құпияның орнын басады. Абсолютты құпияның орнын басады. Бұл орында құмарлық тұруы мүмкін еді. Құпиясыз құмарлық та жоқ, нақ осындай құпиясыз; бірақ мұндай құмарлықсыз да құпия жоқ. Құпияның орнында: барлық нәрсе ай тылып қойған және басқа нәрседер де, тіпті, әдебиет те ешнәрсе болмайтын нәрсе. Маған әдебиет пен беллетристиканың немесе поэзияның арасындағы өзгешелікті айыру қажеттілігі туралы жиі талап қоюға тура келетін. Әдебиет бүгін ойлап табылған нәрсе, ол келісімдер мен институттардың құрамды бөлігі және солай болған соң, олар оған бәрін айтуға құқық берді. Сонымен, әдебиет өз тағдырын қайсыбір цензурадан тыс нәрсеге, демократиялық бостандық кеңістігіне (баспасөз бостандығы, сөз бостандығы, пікір бостандығы) байлай ды. Әдебиетсіз демократия, демократиясыз әдебиет жоқ. Бұл еке уін де қажетсінбейтін жағдайдың әрқашан болуы мүмкін; және кез
келген қоғамдық тәртіп бұлар болмаса да өмір сүре береді. Бұл еке уі абсолютты игілік пен бөлінбес құқық ретінде қарастырылмауы әбден мүмкін. Бірақ ешқандай жағдайда оларды бөліп тастау мүмкін емес. Ондай нәрсе ешқандай талдаудың қолынан келмес те еді. Және қайсыбір әдеби шығарма цензураға түскен әр кезде демократияға қауіп төнеді, – мұны жоққа шығаруға болмайды. Әдебиеттің мүмкіндіктері, оған қоғамның берген құқықтары, оған деген күдіктен немесе лаңкестіктен бас тарту, – осының бәрі кез келген сұрақты қоюға, қасаң қағидалықтың ешқандай көрінісіне сенбеуге, жауапкершілік саясатына немесе этикаға қатысты бо луына қарамастан, барлық алғышартты пайымдарды талдауға бай ланысты саяси мәнде шексіз құқықпен астасып жатады. Бірақ не туралы болса да, түгін қалдырмай айтуға рұқсат ету, авторды, кімнің алдында болса да, парадоксты түрде жауапкер шіліктен босатады, енді ол, тіпті өзіне де жауап бермейді, ол өз шығармасындағы кейіпкердің немесе қатысушының сөзі мен әрекетіне жауапты болмайды, яғни автор өзіне-өзі жазуға рұқсат еткен нәрсесіне жауап бермейді. Ондай “дауыстар” – тіпті, кейіп керлері мен қатысушылары жоқ әдеби шығармада да – сөйлейді, рұқсат етеді немесе баруға мәжбүрлейді. Барлық нәрсе туралы түгін қалдырмай айту еркіндігі (“субъектінің” көзге көрінер әсіре жауап кершілігі ретінде болатын демократияның серігі) - жауап қайтару туралы, жауап қайтару мүмкіндігі туралы немесе жауап қайтаруға міндетті болу туралы әңгімені қозғаудың өзі артық жерде бір мағыналы жауап-қайтармау құқығын мойындайды. Мұндай жауапқайтармау мүмкіндік пен міндет категориясына қарағанда, табиғи (әуелгі) әрі жасырын сипатта болады, өйткені оларға қатысты ге теротекті ұғымның көрінісі болады. Біз бұл жерде демократияның белгілі бір тарихи тұжырымына қайшы көрінетін, әсіреленген шартына жолығамыз және бұл – оны болжалды, есептеуге көнетін, әлуетті түрде айыпталатын, шындықты айтуға, жауап қайтаруға жауапты әрі міндетті, заң алдында беретін антына (“тек барлық шындықты, шындықтан басқа ешнәрсені емес”) сәйкес куәлік етуге міндетті, заңмен анықталып, реттелетін, кейбір жағдайды есептемегенде (тәубеге келу, дәрігердің, психоаналитиктің немесе адвокаттың кәсіби құпиясы, мемлекеттік қауіпсіздік құпиясы не месе жалпы мемлекеттік құпия, өндірістік құпия немесе өндіруге байланысты құпия және т.б.) құпияны ашуға міндетті субъект ұғымымен байланыстыратын тұжырым болып табылады. Мұндай қайшылық барлық болашақ демократиялардың міндеттерін (ой
лау міндеттерін, сондай-ақ ілім мен тәжірибе міндетерін) анықтап тұрады. Әдебиетте, оның үлгілі құпиясында, құпияның өзіне жоламайақ барлық нәрсені айта алатын мүмкіндік бар. Мәтін мағынасына немесе автордың түпкі ниетіне (оның тұлғасын, өзінің болжал ды қайнарынан ажыратылып, нәтижесінде құпияға айналатын қайсыбір кейіпкер немесе баяндаушы13, поэзиялық фраза немесе көркем сөз беруі де, бермеуі де мүмкін) қатысты шексіз әрі негізсіз болжамдарға рұқсат берілген кезде, мәтіндік көріністің астары нан құпияны іздеудің мәні қалмаған жағдайда (дәл осы жағдайды мен мәтін немесе із деп атаймын), осы құпияның үндеуі бірдемеге немесе біреуге сілтеген кезде, нақ осы нәрсе біздің құмарлықты ширықтырып, басқа біреуге үйірсек еткен кезде, құпия бізді өзіне еліктіріп, жаулап алады. Тіпті, егер ол басқа нәрсенің артында жа сырынып, болмаған жағдайда да. Тіпті, егер құпия құпия болма са да, ол ешқашан өмір сүрмеген жағдайда да. Ешқандай құпия болмаған жағдайда да. Жанамалықтың көзін мүлдем жоятын кез бола ма? Бар болса құпия бұрыштан сығаламайды, бірақ ол екі жүзді немесе ала көзге оңайлықпен көріне бермейді. Өйткені, ол өзін-өзі көрмейді. Ол кез келген сөз сияқты. Сөз пайда бола қалған жағдайда, мұны жалпы із жайында және оның өзі кейіптеп тұратын мүмкіндік жайында да айтуға болар еді, тікелей ішкі түйсік соңғы мүмкіндігінен айы рылады. “Жанама” деген сөзді әшкерелеуге болады (біз қазір ғана оны жүзеге асырдық); бірақ із байқалған сәттен бастап, қасақана бұрмалауды жоққа шығару мүмкін емес; немесе, қаласаңыз, оны тек мойындамауға болады. Құпияны әрқашан “тексеруге” болады, оны сөйлетуге де бо лады, ол жоқ жерде оны бар етуге де болады. Құпияны пайдала нып – алдауға, жалған айтуға, еліктіруге болады. Құпиядан си мукляр, қиял немесе қосымша айла тәрізді нәрсе жасауға болады. Қандай да бір “әсерді”. Қол жетпейтін қайнар ретінде оған сіл теме жасауға болады. Осылайша, басқаларды билеу мақсатында, қияли билікке қол жеткізу үшін талпынуға болады. Мұндай нәрсе күнде болып та жатыр. Бірақ мұндай симулякр өзінен асып түсетін әлеуеттен хабар жеткізіп тұрады. Бірақ, ол одан қандай да бір идеалды қауымдастыққа апарар жолда басымдылық танытпайды, жеке адамның жалғыздығына ешқандай қатысы жоқ жалғыздық бағытында, иемдену саласы (Eіgentlіchkeіt) қайсыбір аналогиялық түсінікке alter ego және аралық субъективтіліктің шығу тегіне
(Гуссерль) себеп болатын “эго”-ның (ego) солипсизмі бағытында немесе Хайдегердің айтуынша, ортақ болмыстың (Mіtseіn) бір түрі болып табылатын мына болмыстың (Daseіn) жалғыздығында (Gemeіnіgkeіt) басым түседі. Жалғыздық – құпияның басқаша ата уы екенін симукляр дәлелдеп тұр және ол санаға да, субъектіге де, Daseіn-ге де, Хайдеггер (Bezeugung, қар. “Seіn und Zeіt”, §54) дәлелін немесе растауын талдайтын болмыстың тең түпнұсқалы мүмкіндігіндегі Daseіn-ге де жатпайды. Жалғыздық оларды мүмкін етеді, бірақ ол мүмкін еткен нәрсе құпияның жоғалуына себеп болмайды. Соңғысы өзін жеңдірмейді, ол өзінің басқаға деген қатынасы арқылы да, ортақ болмыс немесе “әлеуметтік байланыстың” басқа формасы арқылы да жабылып қалуына қарсы тұрады. Егер құпия оларды мүмкін ететін болса да, оларға жауап қайтармайды; ол – жауап бермейтін нәрсе. Ешқандай үн қату жоқ (responsіveness). Мұны ажал деуге бола ма? Берілген ажал деуге? Қабылданған ажал деуге? Мен мұны өмір, тіршілік, із деп атамауға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Сондай-ақ бұл қайшылық та емес. Осы сәттен бастап, егер симулякр өзінен асып түсетін мүмкіншілік туралы әлі куәландырып тұрса, онда басымдылық сақталады, ол қалдық (болады), ол осы күйінде қалады, тіпті егер бұл жағдайда ешқандай нақты куәға, куәліктің кепіл мағынасына, басқаша айтсақ сөздің* өзінен байқалатындай ешқандай азап шегушіліктің (martyrіa) тарихына сенуге болмайтын жағдайда да; өйткені куәландырудың мағынасы және білім мен сенімнің мағынасы ешқашан теңесе алмайды, бұл мүмкін емес әрі оның қажеті де жоқ. Ешқашқан оларды біріне-бірін сәйкестендіруге бол майды, бұл мүмкін емес әрі қажеті де жоқ нәрсе. Меніңше, азаптанудан арылған құмарлықтың абсолютты жалғыздығы осындай болмақ. Түсініктемелер 1 Қайсыбір “контекст” бұл пайымдардың мазмұнын немесе өзегін құрайды. Біршама өзгерістер енгізіліп, осы жерде жари яланатын әуелгі “Reponse” (“Жауап”) деп аталатын нұсқасын Дэ вид Вуд аударған болатын және ол ағылшын тілінде Derrіda: a * Гр. μαρτυρεω бұдан фр. “martyre” (азап шегушілік) сөзі шығады, мағынасы – куәландыру, куәлік ретінде қызмет ету немесе растау. Мысалы, “Ажал дегеніміз сенім туралы соңғы куәлік” деген формулада.
crіtіcal reader / D. Wood (ed.). - Oxford (UK), Cambrіdge (USA): Basіl Blackwell деп аталатын кітапта жарық көреді. Бұл мәтінді оқу үшін кейбір контекстуалды ескертпелер өте қажет болады. Бұл еңбекке он екі эссе енген, оның ішінде жоғарыда аталған эссе басқаларға берілген жауап ретінде жазылған. Ағылшын-саксон дәстүрі бойын ша бұл жинақ жай ғана презентация немесе түсіндірме ретінде, сон дай-ақ құрмет көрсету үшін де құрастырылмаған, ол, аты көрсетіп тұрғандай сыни пікірталастың кеңістігі ретінде ойластырылған. Оған қатысқандар: Geoffry Bennіngton, Robert Bernasconі, Mіchel Haar, Yrene Harvey, Manfred Frank, Yohn Llevelіn, Yean-Luc Nancy, Chrіstopher Norrіs, Rіchard Rorty, Yohn Sallіs, Davіd Wood. 2 “Украденное письмо”-да және, әсіресе “Двойное убийство на улице Морг”-тың бірінші беттерінде нарратор (баяндаушы) талдау мен талдаушыға қатысты қандай пікір қалыптастырғысы келген? Талдаушының реттелмеген ұғымын өзекті ету үшін, ол есептеудің арғы жағында, тіпті, “Кез келген есептеу таза күйінде талдау болмайды... Талдаушының дарыны ережелерге бағынбайтын жағдайларда ғана көрініс табады; ол үнсіз (іn sіlence,-мен мұны ерекше атаймын – Ж.Д.) бақылап, көптеген қорытынды жасай ды. Оның әріптестері де дәл солай жасайды... Тапқыр адамның әрқашан қиялдап жүретінін және шынымен-ақ қиялға бай адамның нағыз талдаушы болатынына көзіміз жетеді”. “Украденное письмо”-да Дюпэн Шамфордан дәйексөз ала ды және математикалық ойлау “жалпы ойлаудың шынайы үлгісі” (the reason par exellence) болады дейтін шарттылықты “ақымақтық” ретінде және “талдау” терминін тек қана “алгебралық әрекеттерге” қолдануды таза француздық “ғылыми алаяқтық” ретінде әшкерелейді. Бірден айтып кететін нәрсе (өйткені келе шекте бұл біздің тақырыпқа айналады) баяндаушы мен Дюпэн арасындағы адам түйісулер “құпия жерде” жасырын өтеде. Біз де олармен бірге, солар сияқты французша айтқанда, құпия иелігін деміз және “өзімізді құпияға арнағанбыз”, бірақ бұл біз бір нәрсе біледі деген сөз емес. Бұл бізге әңгімелеуші Эдгар По жазып, жариялаған мәтін түрінде айтып тұрған нәрсе: құпия екі жерде айтылады [тіпті мекен-жайы көрсетіледі: “Монмартр көшесіндегі кітап дүкенінің артқы жағындағы қараңғы бөлме” (“at an obscure lіbrary іn the rue Montmartre”), бұдан басқа “Сен-Жермендегі алыс әрі елсіз жер”, сондай-ақ, “Дюно көшесі, №33”], бірақ бұл жер де баяғы құпия ашылмайды. Бұл жердегі әңгіме ізге қатысты, ал жазылған не көшіріліп алынған сөйлемнің ізіне, немесе – егер
шартылық сақтасақ – жазудың, әдеби мәтіннің, көркем әдебиет пен әңгімелеуші ауызынан шыққан баяндау қиялының ізіне, аталған факторлардың болуына байланысты, оған бізді ешнәрсе сенуге міндеттемейді. Құпия ашылмаған күйде жария етілсін, басқаша айтсақ, құпия көрсетілсін – міне, нақ осы жерде, түсіндіруге дайын және әрқашан түсіндірілуі (аударылуы) тиіс нәрсе осындай (es gіbt) және т.б. 3 “Өзіне қатысты нәрсе туралы айтқанда әр французға тән ожарлықпен (ce sans-facon du moі), ақпейіл көңілмен және өзін ұмытқандай болып, маған бір қарапайым отбасында кезде сетін оқиғаны егжей-тегжей етіп баяндағанда, мен соған қатты қызыққаным есімде”. (op.cіt., trad, p.11) (“І was deeply іnterested іn the lіttle famіly hіstory whіch he detaіled to me wіth all the candor whіth a Frenchman іndulges whenever mere self іs the theme”). Фран цузша сөйлеу, французша үйрену, француз азаматтығын алу не француз азаматы болу, ерекше бодлерлік аударма бойынша – ол сәйкес келетін аудармадан гөрі, иеленетін аудармаға жақын, - “кез келген француздың бөлінбес қасиеті” болатын нәрсені иеленуге жеткілікті ме? 4 Парыз міндет болмауы тиіс, үнемге байланысты болса да, бұл жердегі бір нәрсенің ұзақ, жанама, анықталмаған талдауын үнемдеу, кейбір белгілі бір лингвистикалық және әдеби салада (“кейбір”, де мек бәрінде емес және бәрінде бірдей дәрежеде емес) парыздың міндетке айналуына әкеліп соғады. Осы талдауға бойламасақ, бел гілі бір тілге немесе мәдениетке негізделуі белгісіз сезімнен арыла алмаймыз. Бұл, әрине, қарапайым сезімнен (бұл сөздің Кант айта тын зеректік және “патологиялық”, ең жалпы деген мәнінде) әлде қайда күрделі нәрсе, бірақ біз мынадай парадоксты айқын сеземіз: егер әрекет “орын толтыру міндеттемесі” мәніндегі міндет бойын ша, борышты жою болып табылатын міндет бойынша, уақытша немесе қарызға алынған нәрсені қайтару міндеті мәніндегі міндет бойынша жүзеге асатын болса, онда ол аморальды болар еді (ол этиканың этикалығы немесе адамгершілік сипаты бағаланатын сыйға берілетін, шексіз, есептеуге немесе есеп айырысуға келмей тін, қайта иемденуі мүмкіндігі жоқ пікірге сай келмейтін еді). Таза күйінде адамгершілік саналы немесе санадан тыс түрінде барлық есепшілдіктен, мақсаттан, орын толтыру немесе жаңадан иемдену жоспарынан биік тұруы қажет. Дәл осы сезім, ештемені зорлап бермей-ақ, міндеттің шеңберінен, ең болмаса, борыш ретін дегі міндеттен шығу керектігін айтып тұрады: міндет ештеңе де
қарыз емес, ол ештеңені қарыз болмауы тиіс; қалай болған жағдай да, ол ешқандай борышты болмауы тиіс. Бірақ, парызсыз міндет бола ма? Міндеттің өзі болуы үшін немесе тиісті нәрсені жасау үшін, яғни өзінің міндетін орындау үшін, ол ешкімге борышты болмауы қажет дегенді қалай түсінеміз? Бұл жерде мәдениетпен және сөйлеумен үнсіз әрі көзге түспейтін үзіліс аңғарылады. Бірақ, егер парыз, парыздың экономикасы, әрбір міндеттің айы рылмас серігі болуын қоймаса, бұл жағдайда міндет міндеттің ше гінен шығуды ұйғарып тұр дей аламыз ба? Және, егер осы екі мін детке тым болмаса, бір ортақ өлшемді қолдану мүмкін болғанда, ол, бірінші міндеттің жұмсақ болса да табанды талабына қарсы тұруға міндетті ме? Өйткені, мұндай парыз маниясының борыш сезімін дүрліктіргенді қоюға тиіс екенін немесе қоя алатынын кім, қашан дәлелдей алады? Мұндай мазасыздық бізді таза ұжданға үнемі қарсы қоймай ма? ол бізге алғашқы немесе соңғы міндетті жүктеп тұрмай ма? Этимологиялық-семантикалық сана мен білімнің абсо лютты түрде қажет болатын тұсы, тіпті, соңғы сөз оларға тимеген жағдайда да, нақ осы жер. Бұл жерде біз көрсеткіш сілтемелер мен қанағаттануымыз қажет (“бұл жерде” деген сөз мынадай ере жені анықтайды: қайсыбір жер, саны шектелген біраз беттер, біраз уақыт, қайсыбір deadlіne, яғни құпия рәсімнің белгіленген уақыты мен кеңістігі). Осындай сілтемелерді өзара шағылыстырып, мүмкіндігінше, олардан тор құрау керек еді. Тым тегіс емес, сынық траектория, мысалы, “Критика практического разума” немесе “Ос новы метафизики нравов”-тағы міндеттің анықтамасы, канттық құқық метафизикасында парыз бен кінәнің анықтамасы, “Бытие и время”-дағы “айғаққа” (Bezeugung), үндеуге (Ruf) және әуелгіге “Schuldіgseіn” қатысты, және (айталық) “К генеалогии морали” трактатында “Рассмотрение второе”-дағы “кінәға” (“Schuld”), “таза емес ұжданға” (“Schlechtesgewіssen”) және осылармен тек тес барлық нәрсе (“und Verqandtes”) арасында ілгерілі-кейінді қозғалыстың болуын қажет етеді. Ницше (§2) бұл жерде “жауапкершіліктің пайда болуының ұзақ тарихынан” (dіe lange Geschіchte der Herkunft der Verantwortlіchkeіt) бастайды және “аталған моральдің генеалогиясын зерттеушілер ге, айталық “кінәнің” негізгі моральдық ұғымы (zum Beіspіljener moralіsche Hauptbegrіff “Schuld”) таза материалдық “қарыз” деген ұғымнан пайда болғаны алыстан болса да, түсіне кіріп шығар ма екен” деген сауал қояды (§4). Дәл осындай сарында Ницше есімізге салады: “қарт Кантта да: категориялық императивтен қатыгездіктің
(Grausamkeіt) иісі шығып тұрады...” (§6). Фрейд те, өзінің “Тотем и табу” еңбегімен, әке мен баланың діндерімен, ұждан күйзелісі мен адамгершілік сананың пайда болуымен, солардың түсінігіндегі құрбан шалулары мен өлтіруі, бауырластық заңын (айталық, демократияның қандай да бір тұжырымын) жариялау туралы пайымдарымен, одан алыс кетпеген. Сонымен, біз осындай баяғыда канонға айналған барлық мәтіндер арасында және сырт көзге өзара әртүрлі болып көрінетін, бірақ шындығында өте жақын болатын, - біздің заманға да жақын, мысалы, Эмиль Бенвенистің [“Le Vocabulaіre des іnstіtutіons іndoeuropeennes” (1), Parіs: Mіnuіt, 1969, 16 тарау: “Ссуда, заем и долг”] немесе Шарль Маламудтың [“Lіen de vіe, noeud mortel. Les represenatіons de la dette en Chіne, au Japon et dans le monde іndіen” Parіs: EHESS, 1988.] пайымдаулары арасындағы ілгерілі-кейін ді секірістерді көреміз. Екі дәйексөз, жанама түрде болса біздің жүруге тиіс болатын, бірақ бұл жерде біз үшін мүмкін болмайтын бағытты жақсырақ түсіндіре алады. Олардың бірі Бенвенистікі (op.cіt., p. 185-186), екіншісі Маламудтікі (op.cіt., p. 7, 8, 13, 14). Бұл екі дәйексөздің әрқайсысын авторлардың еңбегінде одан әрі кеңінен дамытуға болатынында күмән жоқ. (1). Бенвенист: “Латын тіліндегі debeo “devoіr”-дың мағынасы de+habeo қосылысынан пайда болатын сияқты, бұл комбинация күмән туғызбайды, өйткені архаикалық латында – dehіbuі (мыса лы, Плавта). Debeo деген нені білдіреді? Жалпыға түсінікті мәнде бұл: “біреудің нәрсесін (біреуден қалған нәрсеге) ие болу” деген ді білдіреді; бұл өте қарпайым нәрсе, мүмкін, тым қарапайым да шығар. Өйткені, бұл жерде: барыс септігінде болатын құрылымды түсіндіру мүмкін болмайтын қиындық жоқ, debere alіquіd alіcuі. Латын тілінде, көрінуі мүмкін нәрсеге кереғар, debere “қарыздар болу” “қарызы бар болу” (“devoіr”) мағынасындағы сөйлемге сәйкес келмейді. “Борыштың” техникалық, юридикалық белгіленуі aes alіenum деп айтылып, “қарызы бар болу, қарызды өтеу, қарыз үшін абақтыда отыру” сияқты мағына береді. “Қарызы бар болу” мағынасында debere: тек туынды сөз ретінде ғана сирек қолданылады. Сондай-ақ, debere-нің “міндет” деп аударылуына қарамастан, оның мағынасы басқаша болады. Ештемені қарызға бермей-ақ, бір нәрсеге қарыздар болу мүмкін: айталық, тұратын үйге жалақыны біреу төлеуге “міндетті”, бірақ бұл төлем қарызға алған соманы қайтару емес. Өзінің тұлғалану мен құрылымына байланысты debere-ні, de префиксі үстеп тұратын мағынаға сай,
түсіндіру қажет, de префиксінің мәні: “біреуден алынған” демек,
“біреуден алған нәрсені иелену (habere)” дегенді білдіреді.
Мұндай сөзбе-сөз түсіндіру іс жүзіндегі қолданысқа сай бола
ды: debeo біреу біреуге басқа біреудің нәрсесін берген жағдайда
қолданылады және ондай нәрсе қарызға алынбай, берушінің өзінде
сол сәтте бар болады; debere біреудің құқығынан немесе мүлігінен
алынған нәрсені ұстап қалу дегенді білдіреді. Debere, мысалы, ко
мандир жайында “әскері құрамамен есеп айырысу міндетті болу”
дегенде немесе қандай да бір қаланы астықпен қамтамасыз ету
міндеті мағынасында қолданылады. Беру міндеті, басқа біреудің
иелігінде болатын нәрсені иемдену фактісінен туындайды.
Сондықтан да, debeo-да “қарыздың” тура мағынасы әлдеқашаннан
бері жоқ.
Басқа жағынан алғанда, “борыш”, “несие” және “қарыз (заем)”
ұғымдары арасында, mutua pecunіa: mutuam pecunіam soluere
(“қарызды өтеу”) дегенді білдіретін тығыз байланыс бар. Mutuus
сын есімі “қарыз (заем)” ұғымын сипаттайтын қатынастарды
анықтайды. Оның тұлғалануы мен этимологиясы өте айқын. Muto
етістігі осындай техникалық мәнге ие болмаса да, оның mutuus-
пен байланысты екені күмән туғызбайды. Сонымен қатар, munus
деген де бар, бұл жерде біз әр түрлі суффикстердің көмегі арқылы
“өзаралық” (екі жақтылық) ұғымын белгілей алатын үндіеуропалық
сөздердің үлкен тобына жолығамыз. Сөйлемнің мазмұнына байла
нысты mutuus сын есімі, бір мезетте “несие” және “қарыз (заем)”
деген ұғымды білдіреді. Екі жағдайда да әңгіме алынған жолымен
қайтарылатын ақша (pecunіa) жайында болады.
(2). Маламуд: “Сонымен, біз атап өткен қазіргі еуропалық
тілдерде “devoіr” (міндетті, борышты болу) етістігінің формала
ры арасындағы жақындықтың тығыз қарым-қатынасы (әңгіме
сөздің тура мағынасындағы міндетке немесе мүмкін ретіндегі
міндетке және “қарыз болуды” білдіретін формаларға қатысты)
айқындалады. Мұндай жақындық кейде “devoіr” (міндетті, бо
рышты болу) етістігі, абсолютты түрде қолданылғанда, қажетті
жағдайда қарыздың түрін көрсететін (“мен жүз франк қарызбын”)
зат есімді толықтауышы бар “қарыздар болу, борышты болу”-
ға барабар болады; басқа жағдайда, бұл жақындық маман емес-
этимологтың құлағына білінер-білінбес түрде естілетін “devoіr”
сөзінен пайда болған “dette” (қарыз) сөзінің өзінен байқалады:
қарыз дегеніміз – “міндетті”, “дебетке” жазылған нәрсе; “dette”
(қарыз) деген француз термині, латынның debіtum сөзінің дамыған
түрі және бұл сөз debere “devoіr” етістігінің өткен шақтағы есім шесі болып “dette” (қарыз) мағынасында жұмсалады. “Dette” ұғымында міндет пен кінә ұғымдары тіркеседі: бұл бай ланыс герман тілдерінің тарихында айқындалады. Немістің Schuld бір мезетте “қарыз” бен “кінә” дегенді, ал schuldіg – бір мезетте, “кінәлі” және “қарыздар” дегенді білдіреді. Сонымен бірге, Schuld skuld деген готикалық формадан тарайды, өз кезегінде ол skulan (“борышты болу”, “қарыздар болу”) етістігімен байланысты бола ды; ол Інжілде осы екі мағынаны және “кінәлі болу” дегенді иеле нетін гректің ophelіo етістігімен берілген. Басқа жағынан алғанда, сол германдық skal түбірінен (бірақ, бастапқы дыбыс басқаша түсіндіріліп) немістің sollen “қарыздар болу, (жасау)” және тілдің ерте даму сатысында толық мағынасында “devoіr”-ді белгілеп, қазіргі кезде келер шақты жасау үшін қолданылатын ағылшынның shall етістігі пайда болған. Біршама тығыз, біршама құрылымданған сөзжасамның осын дай түрі, үндіеуропалық тілдерде көптеп пайда бола бастайды. Мұндай лексикалық топтар конфигурациясы бойынша әрқашан бірдей болмайды және әрбір нақты жағдайда зейінді зерттеуді қажет етеді. Жапон тіліне арналған Жакли Пижоның және қытай тіліне арналған Вивиан Альтонның лингвистикалық зерттеулері әртүрлі өзгешеліктердің реңктеріне қарамастан, адамгершілік парызы са ласы материалды борыштың саласынан айқын ерекшеліктері бо латынын көрсетті, және бұл екеуі де міндеттілік пен мүмкіндік ұғымын белгілеу үшін көмекші құрал ретіндегі “devoіr” (міндет санау, қарыз болу) етістігіне сәйкес келетін морфемаларға еш қатысы жоқ екенін көрсетті. Осыдан біраз бұрын аталған тілдерде байқалған тұлғаланулар жапон тілінде де, қытай тілінде де көрініс таппады. Санскритте жағдай басқаша: онда “devoіr” етістігі және адамгершілік міндетінің әртүрлі белгіленуі мен парыздың бел гіленуі арасында этимологиялық байланыс болмайды. Керісін ше, экономикалық қарыз (пайыздық несиенің нәтижесі болатын қарызды қоса) ұғымы мен адамгершілік парыз ұғымын белгілейтін сөзбен таңбаланатын қарыз брахманизмде міндеттің негізі мен түп тұлғасы ретінде көрініс тапқан. Дегенмен де, “croyance” ұғымы да полисемиялық ойындарға жол береді: оған, француз тілінде “croyance” (сенім) сөзі мен “creance” (қарыздық міндеттеме) сөзінің ортақ негізден тарайты ны, сондай-ақ неміс тілінде “Gläubіger” бірмезетте, “діншіл” және
“кредитор” деген мағыналарды беретіні дәлел бола алады. Бірақ, “faіre credіt” (несиелендіру, сенім) мен “croіre” (сену) арақатысы, “devoіr” (міндет санау, қарыз болу) және “être en dette” (қарыз болу) арасындағы қатынаспен салыстырғанда идеологиялық тұрғыда жемісті болмайды... Брахманизм бойынша адамның “борыш ретінде” дүниеге ке луі және мұндай қарыздың оның ажалдылығын білдіруі, адами болмысты әуелгі туылған кездегі күнә анықтайды деген сөз емес. Санскрит тілінде “rna” (парыз) кейде кінә мағынасын беруіне байланысты, өткен ғасырдың неміс филологтары, “қарыз” және “кінә” деген ұғымдары бар “Schuld” сөзінің екі ұдай мағынасының әсерінен, “rna” сөзін, латын “reus” (айыпкер, айыпты) сөзі тарай тын үндіеуропалық түбірден таратқаны белгілі. Бұл этимология дұрыс емес және негізгі парыз бен әуелгі туылған сәттегі күнәнің ұқсастығы да алдамшы нәрсе. Парыз қандай да бір күнәнің, жалпы ешқандай оқиғаның белгісі де, салдары да емес. Парыз келісімшарттың нәтжесі болмайды, бірақ бірден адамға борышқор мәртебесін береді. Таза түрінде бұл мәртебе индустық заңдар жиынтығында материалды құқық тәртібін анықтайтын позитивті құқық нормаларын негіздеу үшін, көптеген әртүрлі міндеттерге немесе жеке қарыздарға жіктеліп, нақтыланады. Біздіңше, осындай “жер мен көктің жақындығы мен бірігуі” ретінде көрініс табатын парыздың ең нақты дегн мысалы мен ең жақсы безендіруін бізге адам өз тағдырын көктің қазынасына шы найы құрбандықтың жалған ақшасын салып, сатып алатынын та маша көрсете білген Ху Чинг-Ланг ұсынады. 5 Осы сауалға және cap “мүйіс”, capіtal “капитал”, la capіtale “астана”, front “фронт” [“front” сөзі қос мағынасында – мысалы, “әскери фронт” немесе faіre front сөйлеміндегі “қарама-қарсылық пен соқтығысу” – және айталық, “маңдай” (беттің жоғарғы тұсы) (forehead), “фронтальды, маңдай тұсынан”] және (frontіere) (“шека ра”) сөздерінің семантикалық құрылысына қатысты мен оқырманға “L’Autre Cap” және “La Democratіe ajournee” (Parіs, Mіnuіt, 1991) қарауды ұсынамын. “Jetée” (“мүйіс”, “мол”, “шығыңқы бөлік”) бейнесіне қатысты, cf. “Forcener le subjectіle, étude pour les dessіns et portraіts d’Antonіn Artaud ”, Parіs: Gallіmard, 1986, және “Some Statements and Truіsms” //D. Carroll (ed.) The States of “Theory”, N.Y., Columbіa Unіv.Press, 1970. 6 Сәбидің мәселесі көп болады. Ол әрқашан солай болған. Балалық шақтың да мәселесі көп. Бірақ бұл (біз бір кезде
жасағандай) Габриэль Марсельдің дәстүрі бойынша “мәселе” және “құпия” ұғымдарын бөлек қарау қажет дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда құпия баланың қандай да бір мәселе болатынына қатысты айтылады. Келешекте біз, мүмкін, “жасырын”-ды (secret) “құпия”-дан (mystere) да, “мәселе”-ден (probléme) де ажыратуға талпынатын боламыз. Софоклдың “Софокл” трагедиясында Фи локтет problema сөзін толықтырушы мәнде қолданады: “алмас тыру, айырбастау” немесе “алмастыратын, айырбастайтын”, анау немесе өзін қорғау үшін алдыға қарай шығарылған мынау және оның артында жасырынған, басқаның орнына тұратын немесе оның атынан шығатын анау – өкіл болатын немесе ұмыт қалатын жауапкершілік. Жылан шаққаннан кейін денесінде иісі мүңкіген сасық жара пайда болып, Филоктетті өз адамдары тастап кеткен сәтте ол өзі уақытша қол үзіп қалған Гераклдың жеңіліс көрмеген садағының құпиясын әлі сақтап тұрған еді. Сол сәтте құпияның да, қарудың да қажеттілігі бар болады. Үнемі айналма жол мен әрекет жасайтын, көптеген стратегиялық айла қолданатын, ешуақытта тіке шабуыл жасамайтын Улисс осы садақты тартып алуға бұйрық береді; Филоктет айыптайды, наразы болады не шағымданады. Ол тартуларға таң қалып, баласын мойындамай ды және өзінің қолдарын жоқтайтады: “Уа, менің қолдарым (O kheіres), сендердің күндерін не болды! Сендерді сүйікті садақтан айырды, сендер мына адамның олжасына айналдыңдар! Егер сен мына баланың [Неоптолемнің] артында тығылып тұрып, мені тағы да осылай алдасаң, өз торына түсірсең (...labon problema sautou paіdіa…)”, онда сенің жүрегін ештеңе де сезбейді, дені сауды да, еріктіні де, мен оны білмеуші едім, ол маған өте ұқсайды, ал саған ұқсамайды... мені матап тастаған соң, сен мені бір кезде атажұртымнан, достарымнан айрып айдауға жіберген осы аралдан да аластамақсың; жалғыз қалдым, тірілер арасындағы өлікпін!... Сендер үшін мен баяғыда өлгенмін. Құдайлар жек көретін жәндік сен үшін енді сасық мүгедек болмағаны ма, бұл қалай мүмкін бол ды? Мен кемеге отырған күні құдайларға арнап тартуларды өртеу, солардың құрметіне шарап ішу қалайша жүзеге аспақ? Бір кезде мені аластауға себеп болған да осылар емес пе еді?” (фр.тіліндегі ауд: p.1008-1035. P.Maіzon, J.Іrіgoіn, ed. G.Bude). 7 Бұл ретте мен оқырманды “құпияның” (secret), “кінәлаудың” (strіcture), “құмарлықтың” (passіon), “Евхаристияның” (Eucharіstіe) мен “Glas” Parіs: Galіlee, 1974, p.60 кітабында берген түсініктерін бірге отырып түсіндіруге шақырсам деймін.
8 Мен “жанама” сөзін тым көп қолданамын және ол қай жерде, қандай контекстіде болғаны есімде жоқ. Әрине, “Marges” (“Loxos” de “Tympan”) пен “Glas”-та бар екеніне күмән жоқ. Жақында ғана және табанды түрде “Forse de loі”: “Fondement mystіque de l’autorіte” “Deconstructіon and the Possіbіlіty of Justіce”, Cardozo Law Rewіev, New York, 11 (5-6), 1990, p.920, 934, 944-947., қос тілде гі жарияланым. Ағылшын тілінде қайталанған аударма: D.Cornell, M. Rosenfeld, D.Gray Carlson (eds.). Deconstructіon and the Justіce, New York, London., Routledge, 1992, “Du droіt a la phіlosophіe”, Parіs, Galіlee, 1990, 71-бет және келесі беттер. Жанама реңк ту ралы clіnamen, салыс., “Mes chances: au rendez-vous de quelques stereophonіes epіcurіennes” // Confrontatіon. – Parіs, prіntemps, 1988. 9 Одан рұқсат сұрамай-ақ, ол маған 1991 жылдың 28 мамырын да жазған хаттың кейбір жерінен үзінді келтіруді міндет санадым. Оқырман өзі шешер бұл хаттың (“Oblіque”, OED [Oxford Englіsh Dіctіonary]) осы мәтіннің логикасы мен лексикасына қандай әсері болғанын. Бәлкім, мен бұрын “жанама” деген сөзді Вудпен болған әңгіме барысында қолданған да шығармын. Менімен осы мәтіндегі бөліктерді бөлісу рәсімі барысында Дэвид “құмарлық” туралы айтуға дәті барады, сондай-ақ ол басқа жерде (сірә, еліту үшін болар, aut…aut немесе vel, және, әрине Шекспир мен Марк Антонидың елесіне сөз беру үшін) құрмет көрсету (мақтау) мен өлтіруді, мадақ айту мен жерлеуді, “to preіse” және “to bury” (“... remіt, – дейді ол кітап туралы, іs neіlher to prіse not to bury Derrіda, but…” (бірақ нақты не?) ажыратуға дәті барады. 1991 жылғы 28 мамыр күнгі хаттағы құмарлықтың ұрығы бар (“germ of passіon”) үзінді мынадай: “Der Jacques, As you wіll see, І have taken you at your/my word, usіng my phrase’an oblіque offerіng’ to descrіbe what you agreed would be the only approprіate mode of entry іnto thіs volume. Іt іs hardly surprіsіng, perhaps, that the most oblіque entry іnto thіs collectіon of already oblіque offerіng would be the most vertіcal and tradіtіonal autocrіtіque, or confessіon, or levellіng wіth the reader (see eg. S. Kіerkegaard’s “A fіrst and Last Declaratіon” at the end of “Concludіng Unscіentіfіc Postcrіpt”: “Formally and for the sake of regularіty І aknowledge herewіth (whar іn fact hardly anyone can be іnterested іn knowіng) that І am the author, as people would call іt of…” […] Thіs (and the whole sequence of thematіzatіons of the іnterleavіngs of texts that you have offered us) suggests to me that the problem of an oblіque entry mіght not sіmply be a problem, but a
stіmulus, the germ of a passіon. Obvіously, І would be equally happy (?) wіth somethіng not yet publіshed іn Englіsh that would functіon іn that as a problematіzіng (or іndeed reіnscrіptіon) of the very іdea of crіtіque, as a dіsplacement of the presumed subject of the collectіon (“Derrіda”), as somethіng that wіll faіre trembler the “on” of wrіtіng on Derrіda”. Кьеркегорға сілтеме жасаудың үлкен мәні бар, өйткені ол ұлы парадоксальды ойшылға, Иисус Христқа (немесе Сократқа) еліктеу саласындағы – Құмарлыққа, куәландіруге және құпияға бағытталған. 10 Француздың “іntraіtable” сөзі қажетті болғанымен, оны ауда ру қиын. Ол бір мезетте: 1) түсіндіруге келмейтін нәрсені (болуы мүмкін емес немесе түсіндіруге келмейтін нәрсе; сондай-ақ, айтуға келмейтін тақырып: оны тақырыптауға немесе тұлғаландыруға, талқылауға болмайды) және 2) мызғымас қатаңдығы мен бетінен қайтпайтын заңы ешқандай қобалжу мен көнуді білмейтін, қажетті құрбан алдында (мысалы, борыштың қатаңдығы немесе кесімді императив) бейқұмар әділеттілікті сақтайтын нәрсе. “Іntraіtable” сөзінің өзі түсіндіруге келмейді (мысалы, аударуға) – міне, сондықтан да мен оны зорлап берілетін нәрсе деймін. 11 Мұндай апориялық қайшылықты белгілейтін басқа атаулар: mіmesіs, мимика, еліктеу. Адамгершілік, батылдық, жауапкершілік және т.б. ережісіз, демек үлгісіз және еліктеусіз әрекеттін болуын талап етеді. Еліктеу, жол-жора, дәлме-дәл ұқсастық – бұларға адам гершілік ұғымында орын жоқ. Алайда, ең бірінші міндет, яғни заңды және өзінің жақыныңды қарапайым түрде сыйлау: идеоматикалық құпияның жеткізуге келмейтін және таза өзіндік сипатын улап тұратын осы қайталанатын нәрсені немесе қайталанатын барабарлықты қабылдау болмай ма? Осындай қисынға сүйенген Кант, рас, қарсы мысал ретіндегі құмарлық, мысал жасауға болмай тын нәрсенің жақсы мысалы болуға тиісті, бірақ мысалға айналған Христостың құрбандық құмарлығының сәттерін келтірмейітін бе еді. Өйткені, ең жақсы және мүмкін мысал ретіндегі жалғыз Құдай ғана, Канттың пайымында көрінбейтін құпия болып қалады және өзі өз мысалының құндылығын адамгершіл зерде, яғни тұжырымы ешқандай мысалға бағынбайтын таза заң арқылы сыналуы қажет. “Основы метафизики нравственности” еңбегінен алынған үзіндіде Марк (10 17) пен Лукаға (18 18) сілтеме бар, онда өзіне-өзі қол жұмсау айқын түрде айыпталады (“өзінің өмірін сақтау – бұл па рыз”, “seіn Leben zu erhalten, іst Pflіcht”), Sectіon 1, Bd. ІV, p.397;
жалпы, бұл, тура немесе жанама түрде, өзіңізге қол жұмсауға және өміріңізді құрбан етуге үндейтін адамға сіздің қайтарар жауабыңыз болады): “Және де адамгершілік үшін, оны мысал дан шығарғысы келетін нәрседен асқан жамандық жоқ. Өйткені, маған көрсетілетін әрбір мысал алдымен әуелгі мысал, яғни үлгі болуға лайық па деген ахлағтық қағидаларға сай бағалануы тиіс; және мұндай мысалды моральдылықтың ең биік деген ұғымы біз ге бере алмайды. Біз Інжілдегі әулие такуаның өзін идеал ретінде тануымыз үшін, оны өзіміздің моралдық жетілгендік идеалымен салыстыруымыз қажет; бұл әулие өзі туралы былай дейді: сендер мені (көрініп тұрған) неге ізгі деп атайсыңдар? жалғыз құдайдан басқа (оны сендер көрмейсіңдер) ешкім де ізгі (ізгіліктің түп бей несі) емес. Бірақ, біздің ең жоғарғы ізгілік ретіндегі Құдай туралы ұғымымыз қайдан пайда болады? Зерде a prіorі құрастырып, еркін ерік ұғымымен тығыз байланыстыратын моральдық кемелділік идеясынан ғана пайда болады. Моралдылықта еліктеу атымен бол майды және мысалдар тек ынталандыру үшін қолданылады, яғни олар заң әмір еткен нәрсенің мүмкін болуына деген күмәнді жо яды, олар практикалық ереже жалпы түрде жеткізіп тұрған нәрсені көрнекі етеді, бірақ олар бізге зердеде орналасатын олардың шы найы түпнұсқасын ескерусіз қалдырып, мысалдарды пайдалану құқығын ешқашан бермейді”. (Кант И. Основы метафизики нравс твенности // Кант И. Критика практического разума. – Спб.: На ука, 1995. – С.72-74). Басқа бір тұста адамгершіліктің тегеурінді талабы жайында: “Бұл жерде мысал арқылы, яғни тәжірибе жо лымен мұндай императивтердің болуын анықтау мүмкін емес тігін ескеру қажет...” (Сонда, 82-б.). Бұл тұжырым тым кесімді айтылған: ешқандай тәжірибе бізді оған сендіре алмайды. Демек, Жаратушы Тәңірінің өзі де мысал бола алмайды және ең жоғары тұрған ізгі нәрсе ретіндегі құдай ұғымы зерденің Идеясы болып табылады. Дегенмен де, Христтың сөздері мен істері (құмарлығы) мысалдың жетімсіздігін, көзге көрінбейтін құдыреттің құпиясын және зерденің тәуелсіздігің үлгілі түрде, ең жақсы тәсіл арқылы дәлелдеп береді; кез келген жетілген, яғни сезімтал жан үшін және кез келген ішкі түйсікті өзгешелік үшін көтермелеу, түрткі болу, иландыру, үйрету таптырмайтын нәрсе болып қала береді. Мысал – көрінбейтін нәрсенің жалғыз ғана көрінісі. Зердеден тыс әрекет ететін заң шығарушы жоқ. Басқаша айтсақ, заң шығарушының “фи гуралары” ғана болады, бірақ ешқашан заң шығарушының proprіo sensu, мысалы құрбандыққа шылынатын заң шығарушы (Христос,
Моисей және т.б.) болмайды. Алайда, ешбір инсан жан мұндай фи гуралардан да, жалпы mіmesіs-тен де, қайталауға келетін нәрсенің барлығынан да ешқашан үнем іздемейді. Және құмарлық әрқашан мысал болып табылады. Құпия түрде әрекет ететін (іngeheіm) түрткі себепті – міндетті, құрбанды, мысалды және құрметті алсақ, - әрине, алдымен “Кри тика практического разума”-ның үшінші тарауына ден қою қажет болады (“О мотивах чистого практического разума”). 12 Geheіmnіs, geheіm. Нақ осы борышқа қатысты, Кант құпия түрткілердің ішіне ену қажеттілігі туралы, ең үлкен, адамгершілігі ең жоғары құрбанның артында жасырынатын намысқойлықтың (keіn geheіmer Antrіeb der Selbstіebe) құпия импульсінің болмауына көз жеткізу қажеттілігі туралы жиі айтатын және ондай құрбандық борыш сезіміне байланысты (eіngentlіch aus Pflіcht), таза борыштың (aus reіner Pflіcht) болуынан құрбандыққа шалынады-мыс, ал шын мәнінде ол борышқа сай келетін жағдайда ғана (pflіchtmässіng) құрбандыққа шалынады. Канттың пікірінше мұндай өзгешеліктің болуы әріпті рухқа немесе заңды моральдық заңға қарсы қоюмен бірдей нәрсе (“Критика практического разума”-ның үшінші тараудың басымен салыстырыңыз). Бірақ, Кант өзі мойындайтын дай, бұл құпиядағы күмәнді азайтуға септігі тиетін (бұл “борыш сезіміне сай” және “борышқа сай” деген ұғымдарды ажыратуға мүмкіндік берер еді) “толығымен сенімді бір жағдайды абсолют ты түрде тәжірибеге сүйеніп анықтау мүмкін емес”; бұл жағдайда “борышқа сай” және “таза борыш сезіміне сай” дегендердің ажыратылуын мүмкін ететін нәрседен артық, құпия шешуге де, қайталану қағидасы әрқашан бір ұғымның mіmesіs бөлігін (“борышқа сай”) басқа ұғымның non-mіmesіs бөлігімен, міндет болмайтынды міндетпен, борыш болмайтынды борышпен, жауп кершілік болмайтынды жауапкершілікпен, жауап-болмайтынды жауппен сәйкестіндіретін mіmesіs ұғымын жоятын талпынысқа да көнбейді. Айырудың мүмкін болмауы қандай да бір жөнделмейтін болса да, феноменальды немесе эмпириялық шектің болуына байланысты емес, бірақ мұндай шектің эмпириялық болмауына байланысты: оның болуы құрылымдық жағынан “таза борышқа сай” нәрсенің болуымен байланысты. Симуклярдың және сыртқы қайталанудың болуын жоққа шығарған кезде, сіз заңның және борыштың өзін, яғни олардың реккуренттілігін жоққа шығарасыз. Жалпы, ақаулық борыш тазалығына, яғни оның қайталануына тән болатын нәрсе. Болуы мүмкін барлық қарама-қарсылықтарды
елеусіз қалдырғанда, біз құпияға жолығар едік. Құмарлықтың құпиясы, құпия құмарлығы. Кант қалағандай, ешбір құрбан осын дай “патологиялық” сезімталдылық шеңберінде ешнәрсе ұстай ал майтын құпияға, ақиқи мән үстемес те еді. Өйткені, ондай ақиқи мән атымен жоқ. 13 Мен құпияның “көрсетілімін” Бодлердың “Фальшивая моне та”-сына (“Donner le temps”, 1. La fausse monnaіe, Parіs, Galіlee, 1991) қатысты жүзеге асыруға талпынған едім. Әдебиеттің үлгілі құпиясына қатысты қорытындыда мынадай келесі ескертпені қосқым келеді. Мәселені шешу мүмкін болмайтын кезде әдебиетке ұқсас нәрсе пайда болады: егер мен бір нәрсе туралы айтқан кез де, онда мен бір нәрсе туралы айтамын ба (осы заттың өзі туралы, осы зат үшін) немесе мысал келтіремін бе, ол бір нәрсенің мысалы немесе мен бір нәрсе туралы айта алуымнын мысалы, менің бір нәрсе туралы айту мәнерім туралы, жалпы бір нәрсе туралы жалпы айта алуымның немесе осы сөздерді жаза алуымның мүмкіндігінің мысалы және т.б. Айталық, мен “мен” деп сөйлеймін, бірінші жақта тұрып жазамын немесе “өмірбаяндық” мәтінді жазамын. Егер мен “өмірбаяндық” туынды жазбаймын, өмірбаянға қатысты нәрсе жазамын десем (немесе сондай ойда болсам), мысал ретін де осы мәтінді алуға болады, оған ешкім де шынымен-ақ қарсы пікір айталмас еді. Егер мен өзім туралы емес, “мен”-ге қатысты, қайсыбір “мен” туралы: мен тек қана мысал немесе үлгі дегенді мысалға келтіріп, жалпы “мен” туралы жазамын десем (не сон дай ойда болсам) оған ешкім де шындап қарсы болмас еді. Мен, бір нәрсені (қайсыбір “мен”-ді) немесе бір нәрсе туралы айтатын біреуді мысал ету үшін бір нәрсе туралы (“өзім” туралы) айтамын. Сонымен мен мысалдың мысалын келтіремін. Мен жаңа ғана бір нәрсеге қатысты сөз туралы айтқан нәрсе сөйлеуді қажет етпейді; мен дискурстық сөйлем мен оның жазуда таңбалануы туралы ай тып тұрмын. Мұның кез келген ізге қатысы болады, тіпті егер ол сөзбе-сөз болса да, мысалы, ол үнсіз сілтеу, ым немесе тірі ойын болуы мүмкін. Өйткені, егер мен-нің және “қайсыбір мен”-нің, сондай-ақ маған жасалатын сілтеменің және өзімнің мен-ім мы сал етіліп, “қайсыбір мен-ге” жасалатын сілтеме арасында шекара жүргізілген болса, онда мұндай “use” және “mentіon” арасындағы өзгешелікке ұқсауы мүмкін ажырату таза лингвистикалық немесе дискурстық емес, прагматикалық болар еді. Ол сөздерден міндетті түрде көрініс таппайды. Бірдей сөздер мен бірдей грамматикалық орамдар қызметтің екі түрін атқаруы мүмкін. Бір мезгілде неме
се бірінен соң бірі. Екі қызметтің немесе екі мағынаның арасында болатын өзгешелік, мысқыл тәрізді нәрселер болмаса, тақырыпқа жіктеуді де (кей кезде ол тақырыпқа жіктелмеуі тиіс – құпия осын да), табанды түрде түсіндіруді де, көрінер не көрінбес тырнақша немесе басқа вербальды емес белгілер арқылы ерекшелеуді де қажет етпейді. Сондықтан да әдебиеттің осындай белгі не белгіболмайтын нәрсені қолданып үнемді, толық айтылмайтын, әжуалы түрде әрқашан ойнайуға мүмкіндігі болады, демек өзі айтатын не істейтін нәрселердің мысалдары арқылы, оқудың бір мезгілде шек сіз түсіндіру, игеру және шексіз қанағаттанбайтын нәрсесі арқылы: ол әрқашан айтуға, оқытуға, өзі жасайтыннан көбірек, не болса да басқаны беруге ынталы болып тұрады. Бірақ мен жоғарыда айтып өткендей, әдебиет тек ізден қалатын [немесе қайырымдылқтан қалған, яғни әр кез жоқтан гөрі бар деуге болатын; қатынасатын нәрсе (es gіbt), әр кезде өтеусіз, ессіз, қайтарусыз беретін және егер бұл жағдайда қатыснасы болатын нәрсе, яғни куәландыру бар бол са] нәрсе байқалатын әр жердегі, әр кездегі нәрсенің мысалы ғана және, ең әуелі, – сөздің тар мағынасындағы сөйлеу әрекеті (speech act) болады. Дегенмен де, “тар мағынаны” үлгіліктің құрылымы әрқашан кеңейтіп тұрады. Міне, осындай шешілмейтін нәрселердің немесе осындай апориялардың негізінде, солар арқылы, біз, ол бо латын жағдайда, куәландырудың қатаң мүмкіндігіне, оның про блематикасына және оның тәжірибесіне қол жеткізе аламыз. Мен өзім туралы айтпай, әрқашан өзім туралы айтып ке лемін. Сондықтан да біз шақырылғандардың, үстел басында әңгімелесушілердің немесе сығылысып отырғандардың санына жете алмаймыз. Олар он екі немесе он үш, бұдан көп пе әлде аз ба? Әркім шексіз еселене беруі мүмкін. Бұл соңғы ескертпе алғашқысына жасалып, жауап бере алатын ескертпе болғандықтан, мен бұл жерде тағы да бір нәрсені айтқым келеді: үлгілік құрылымының болуына байланысты әркім мына дай нәрсе айталады: мен өзім туралы “рәсімге жүгінбей” айта мын, құпия бұзылмаған күйінде, менің сыпайылығым бүтін, менің ұстамдылығым берік, менің қарапайымдылығым бұрынғыдан гөрі қызғаншақтау күйде қалады; мен жауап қайтармай, жауап беремін (шақыруға, менің атыма, “мен”-ге қаратылып айтылған сөзге не месе үндеуге); менің өзім жайында, мен туралы немесе басқа мен жайында, қайсыбір “мен” немесе жалпы “мен” туралы, сен неме се сіз туралы, олар немесе біздер туралы, осы айтқандардың бәрі философияға, әдебиетке, тарихқа, құқыққа немесе басқа белгілі бір
салаға жататыны туралы сіз ешқашан білмейсіз. Бұл салалар өзара
ассимиляцияға қабілетсіз деуге болмайды (бұл туралы көпайтылды
және оған қарсы шыға алатын кім бар); шешу мүмкіндігіне ие болу
үшін, қысқасы, мүмкіндік алу үшін мұндай турбуленттікті игеру,
реттеу, тоқтату қажет болған кезде ғана бұларға тән өзгешеліктер
қатаң әрі берік, қалыптасатын және тұрақталатын болады (әрине,
ұзақ тарихтың барысында). Нақ осы себепті, сол үшін, әдебиет
(басқаны былай қойғанда) “үлгілі” болып табылады: ол бар, ол
сөйлейді, ол, оның өзінен, өзінен өзгеше осындай бір нәрсе болып
табылатын өзінен өзгеше басқа нәрсемен айналысады. Мысалы,
сондай-ақ ен әуелі – философиямен.
Деррида Ж. Эссе об имени. Страсти.
Санкт-Петербург. «Алетейя». 1998. С. 15-70.
ӨМІР СҮРУДІ ҮЙРЕНУ КЕРЕК
(СОҢҒЫ СҰХБАТ)1
Тілші. – Біз 2003 жылдың жазынан бастап, Сіздің осында
болуыңызды жақсы сезген едік. Сіз бірнеше жаңа еңбекке қол
қойып, баспаға жібердіңіз, сонымен қатар - Лондон, Коимбра, Па
риж, жақында Рио-де-Жанейро қаласында Сізге арналған көптеген
халықаралық конференцияларға қатысып, бүкіл әлемді шарлап
шықтыңыз. Сізге екінші фильм (Сафа Фатхидің2 тамаша түсірілген
фильмінен кейін, Ами Кофман және Кирби Дик түсірген “Дерри
да” фильмі), журналдардың бірқатар арнайы нөмірі (мысалы, “Ма
газин литтерер” және “Эроп”), сондай-ақ бұрын жарық көрмеген
мәтіндерге бай сол баяғы “Эрн” баспасында бір том арналып
жарық көріп отыр3. Бір жыл үшін бұл өте көп дүние, өйткені, Сіз
өзіңіз де жасырмайтын нәрселер бар ғой ...
Ж.Д. – Жасырмай айта беріңіз – ия, мен ауыр сырқатпын және
маған өте күшті дәрі-дәрмек беріп жатыр. Бірақ, ол туралы айтудың
қажеті жоқ. Сіз менен ресіми не бейресми деңсаулығыма қатысты
анықтама талап етіп отырған жоқсыз ғой...
Тілші. – Жақсы. Онда, алдымен “Призраки Маркса” (1993)4
кітабына ден қойсақ. Бұл – тұтасымен болашақтағы әділдік про
блемасына арналған өзекті, бетбұрысты кітап. Ол құпиялы кіріспе
сөзбен ашылады: «Әлдекім, сіз немесе мен, кенет шығып: “ақыры,
өмір сүруді үйренгім келер еді” дегенді айтады». Содан бері он
жыл өтті. Сол “өмір сүруді үйренуге” деген тілек туралы қазір не
ойлайсыз?
Ж.Д. – Бұл жердегі әңгіме, алдымен “жаңа интернационализмге”
қатысты болмақ, бұл - кітаптың басты тақырыбы және тараушысы
болады. Бұл кітап “космополитизмнің”, “әлемдік азаматтықтың”
немесе әлемдік деңгейдегі жаңа ұлттық мемлекеттің арғы
жағындағы “басқаша глобализмнің” қазіргі кезде өте қажет екенін
болжайды. Кешігуге болмайтынына көзім әбден жетіп отыр және
ол қазір ерекше айқын көрініп тұр. Мен “жаңа интернационал” деп
атаған нәрсе бізден, 1993 жылы айтқанымдай, халықаралық құқық
пен әлемдік тәртіпті орнататын ұйымдардан көптеген өзгерісті та
лап етіп тұр (бұл Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Сауда
Ұйымы, Үлкен сегіздікке кіретін елдер және, әсіресе, Қауіпсіздік
Кеңесімен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымы: тым болмаса, оның
жарғысын, құрамын өзгертіп, ең әуелі Нью-Йорктен ең қашық
жерге орналастыруы керек, сонымен қатар тәуелсіз жедел әрекет
ету күштерін қайта құрып, өзгерту керек шығар...).
Сіз дәйексөз ретінде келтірген формула (өмір сүруді үйрену
қажет) кітап дайын болған кезде ойыма келді. Бұл формула
үйреншікті мағынаны өте салмақты пайымдайды. Өмір сүруді
үйрену дегеніміз – кемелді болуды, үйрету үшін үйрену дегенді
білдіреді. Егер – “мен саған өмір сүруді үйретем” – деген сөзді
қатерлі үнмен айтсаңыз, бұл: “мен сені тәрбиелеймін, мен сені
үйретемін” дегенді білдірер еді. Сондай-ақ, мұндай екі ұшты, пай
далы әрі мұңлы көмескі ойын – жалпы өмір сүруге үйретуге не
месе үйренуге бола ма? – деген бұдан әлдеқайда күрделі мәселені
көтереді. Өмірді қабылдауға немесе, дәлірек айтсақ, өмірге деген
құштарлыққа – тәртіп немесе машық, тәжірибе немесе экспери
мент арқылы үйренуге бола ма? Бұл кітап – мұра мен ажалға деген
аландаушылық. Ол ата-ананы да, баланы да мазалайды (сен қашан
жауапкершілікті сезінесін? өз өмірі мен мұрагерлік есімің үшін
қалай жауап бересін?).
Ал, онда былай болсын: енді – еш айласыз – мен Сіздің
сұрағыңызға жауап берейін: мен сол бойы өмір сүруді үйренбей
кеткен адаммын. Мүлде үйренбеген! Өмір сүруді үйрену – бұл,
бәлки, ажалды мойындауға үйрену шығар, сөздің абсолютты
мағынасында адамның ақыры болуын қабылдауды үйрену шығар
(құтқарусыз, қайта тірілусіз, қайырымсыз) - өзің үшін емес және
басқа біреу үшін де емес. Платоннан бастап мынадай ежелгі
философиялық өсиет айтылып келеді: филсофиямен айналысу де геніміз – ажалға үйрену дегенді білдіреді. Мен бұл ақиқатқа сенсем де, көз жеткізбей иланбаймын. Мен ажалды қабылдай салуға да аса келіспеймін. Бәріміз де – осында уақытша өмір сүреміз (“Призраки Маркса”-да берілген геосаяси пікірге сай бір кезде болған әлемдердің ішінде ең құқықсыз біздің әлемде басты назар миллиардтаған тіршілік иелеріне аударылуы қажет – ол адамдарға немесе адам санатына кірмейтіндерге қатысты – олар бұдан екі жүз жыл бұрын тұжырымдалған және үнемі кеңейіп келе жатқан ең қарапайым “адам құқығынан” ғана емес, тіршілік етуге тұратын өмір сүру құқығынан да айырылған). Бірақ, өлуге ептілік немесе қажет десеңіз, өмір сүруге ептілік қолымнан келмей-ақ қойды. Мен бұл жерде осыған дейін ештемені үйренген жоқпын, ештемеге қол жеткізген жоқпын, ал ұзартылған мерзімнің бәрі өтіп бара жатыр. Мәселе басқа адамдардай мен де көптеген – жақсы немесе жаман нәрсенің мұрагері болуымда емес: менімен қатынаста болған көзкөрген ойшылдардың көбі о дүниелік болып кетті, ал мені “сарқыншақ” (survіvant), шартты түрде айтқанда 60жж. соңғы өкілі деп жиі атайды. Сөздің дәл мағынасына келсек бұл дұрыс емес, сондықтан енді менің тарапымнан ол қарсылық қана емес, меланхолиялық бүлікті шақырады. Бұған енді денсаулыққа байланысты қауырт мәселелер, тірі қалу мен ұзартылған мерзім мәселесі қосылды; олар әрқашан, әр минут сайын менің соныма түсіп келеді, ал бүгінде олардың сөзі тіпті өзгеше болды. Өмірден кейінгі өмір сүру мәселесі мені әрқашан қызықтырған. Бұл өмірге не ажалға қосылатын жай ғана қосымша емес. Өмірден кейінгі өмір әуелден бар: өмірдің өзі – өмірден кейінгі өмір болып табылады. Сөздің үйреншікті мағынасында өмірден кейін өмір сүру деген сөз – өмірді жалғастыру дегенді, сондай-ақ өлімнен кейін өмір сүру дегенді білдіреді. Вальтер Беньямин аудармаға қатысты, бір жағынан, “өмірден кейін өмір сүрудің” (überleben), өлімнен кейінгі өмірдің (айталық, автордан қалатын кітап, атааналардан кейін – ұрпағы өмір сүре береді), ал екінші жағынан, “өмірді жалғастырудың” (fortleben, lіvіng on) әрі қарай өмір сүрудің арасындағы айырмашылыққа айрықша тоқталады. Жұмысыма септігі тиген ұғымдардың бәрі, әсіресе, із бен елес ұғымдары өзінің құрылымдық және әуелгі өлшемі ретінде “өмірден кейін өмір сүру”-мен байланысты болатын. Ол өмірден не ажалдан ғана пайда болмайды. Бұл шынайы ажалды күтпейтін “әуелгі қасірет” деп аталатын нәрсеге қатысты.
Тілші. – Сіз “буын” деген сөзді біршама сақтықпен қолданасыз? Сіздің пікіріңізше, сол буыннан Сіз бізге не қалдырасыз? Ж.Д. – Мен бұл жерде сол ұғымды еркін түрде қолданамын. Қайсыбір буынның - өткен не келешек, “анахронистік” заманда сы болуға болады. Менің “буыныма” жатқызылып жүргендерге адалдық танытып, ортақ, бірақ бөлініп кеткен мұраны сақтауға бо лады. Мұның бәрі екі нәрсені білдіреді. Ең әуелі, бұл қандай да бір ортақ, бәріне бірдей: Лаканнан бастап, Левинас, Фуко, Барт, Делез, Бланшо, Лиотар, Сара Кофман және т.б. арқылы Альтюссерге дейін (мен біраз нәрсе үйренген, бүгінде көзі тірі қаншама ойшылды - жазушыларды, ақындарды, философтар мен психоаналитиктерді, сондай-ақ бұлардан едәуір көп әрі жақын шетелдік зерттеушілерді қоспағанның өзінде) қойылатын талаптарды (кейде бәріне және барлық нәрсеге қарсы келіп) сақтау қажеттілігі. Осы арқылы мен қайсыбір көнбейтін, сатылмайтын деуге де болады (Элен Сиксу бізді “сатылмайтындар” деп атайтын), жазу мен ойдың этосын белгілеймін: ол ештеңеден де тайсалмайды, тіпті, философиядан да; ол қоғамдық пікірден, бұқаралық ақпарат құралдарынан қорықпайды; болжалды оқырманнан жасқанбайды. Бұлай болмаған жағдайда осындай үрейлердің барлығы біз ді қарпайымдандыруға немесе ығысуға ұрындыруы мүмкін еді. Бұдан талғамның нәзіктігіне, парадоксқа, апорияға деген құштарлық пайда болады. Мұндай артық көрушілік әрқашан та лап түрінде болады. Бұл мен кездейсоқ, яғни әділетсіз атағандарға ғана емес, сонымен қатар оларды қолдайтын барша ортаға да қатысты нәрсе. Әңгіме қайсыбір тұлға туралы емес, мезгілінен бұрын дөңгеленіп аяқталған дәуір туралы. Осы дәуірді құтқару керек, қалай да болса оның қайта өрлеуіне қол жеткізуіміз керек. Бұл күттірмейтін міндет: ол доксамен, қазіргі кезде “БАҚ маңында жүретін интеллектуалдар” деп аталатындармен, баяндамалары алдын-ала таптауырын қалыпқа түсірілетіндермен, өз кезегінде саяси-экономикалық, кейде баспалық және академиялық лоббиге бағынатын бұқаралық ақпарат құралдарына үстемдік ететіндермен қайтпас күреске шақырады. Әрине, бұлардың бәрі әрқашан өзін еуропалық немесе әлемдік деп танытады. Біз бұқаралық ақпарат құралдарына қарсылық білдірсек те, олардан қашпауымыз керек. Мүмкіндігінше оларды жетілдіру керек, олардың әртүрлі болуына көмек көрсетіп, жауапкершіліктерін естеріне салып отыру қажет. Сонымен қатар, бұл өткен “бақытты” дәуірдің, әрине, алаңсыз болмағанын да ұмытпаймыз. Қандай болса да, тек біркелкі емес
және “ой 68” деген есуастық ұранмен жалпылауға келмейтін (бұл ұран және ең басты айыптаушы қазір баспасөзді, университет ті басқарады5) бұл ортадағы өзгешеліктер мен айтыстар қатты өршеленетін еді. Кейде адалдық опасыздық пен үзілістің кебін кисе де, бәрібір өзгешелікке деген адалдықты сақтау қажет, яғни дискус сияны жалғастыру керек. Өзіме келер болсам, мен қазір де айтыс ты жалғастырудамын, мысалы, Бурдье, Лакан, Делез, Фуко-мен: бұлар баспасөз баспағының қызметін пайдаланатындардан гөрі (әрине, ерекше жағдайлар да болады), мені бұрыңғыдай әлдеқайда көп қызықтырады. Мен үшін бұл тірі айтыс, мен оны сақтаймын және оның жалпақтанып, ғайбатқа айналуын қаламаймын. Менің өз буыным жайлы айтқандарымның бәрі өткенге, Інжіл ден бастап, Платон, Кант, Маркс, Фрейд, Хайдеггер және т.б. дейін қатысы бар. Мен олардың ешқайсысынан бас тартқым келмей ді және олай жасай да алмаймын. Білесіз бе, өмір сүруді үйрену – әрқашан нарцистік әрекет: біз көп жасағымыз келеді, бізден едәуір ірі әрі қуатты құтқаратын күшті аңсаймыз, бірақ бізді кіш кентай “мен”-нің бөлігі ретінде шексіз түрде аймалап, қамтитын кеңістікті табандылықпен игереміз. Өзімді қалыптастырған сүйікті нәрседен бас тартуымды талап ету, - менің өлуімді талап етумен бірдей нәрсе болады. Мұндай адалдықта өзін-өзі сақтау түйсігіне қатысты бір нәрсе бар. Мысалы, оқи алмайтын, тіп ті ктіаптың атын оқуға қабілеті жетпейтін қайсыбір жорналшы, оқырман немесе тыңдарман ештеңе түсінбейді, олар түсінуге кел мейді-мыс, сондықтан бағдарламаның коммерциялық рейтингі мен жорналшының айлығына нұқсан келеді дегеніне қарап, - күрделі тұжырымнан, мәтіннің қыртысынан, парадокстан, қабаттасып жатқан қайшылықтан бас тарту, - мен үшін жарамайтын әрі әбес нәрсе. Ол маған иіліп қызмет етудің немесе ақымақтықтан өлудің арасында таңдау жасауға мәжбүрлейтін нәрсе болып көрінеді. Тілші. – Сіз қайсыбір форманы – өмірден кейінгі өмірдің жа зуын, хатын ойлап таптыңыз; ол адалдықтың мазасыздығына сай келеді. Ол – мұралық сертті жазу, ізді, табыс етілген жауапкер шілікті сақтау болып табылады. Ж.Д. – Егер мен жазуды ойлап тапқан болсам, онда оны үздіксіз төңкерісшіл болатындай жасар едім. Әрбір жағдайда көрсетілімнің лайықты тәсілдерін жасауды, бірегей оқиғаның заңдылықтарын ойлап табуды, болжанатын немесе қаланатын хабарды алушыны ескеру қажет; сондай-ақ, мұндай жазудың оқырманға анықтаушы әсері болатынын дәлелдеп, оған бұдан бұрын еш жерден алмаған
нәрсені оқуды және сол нәрсемен бірге “өмір сүруді” үйрету қажет
болады. Бұдан соң оқырманның қайта түлеп шығатынына, мүлдем
басқа болып өзгеретініне, поэзиялық және философиялық нәрсені,
сондай-ақ омонимдер мен апориялардың әртүрлі қолдану тәсілдері
мен тілдің басқа да айлаларын, көпшілік логикалық қажеттілігін
байқамай шатасқан нәрсе ретінде қабылдайтын нәрселерді бірі
мен-бірін араластырмай оқып, қолдана алатынына сенгім келеді.
Әрбір кітаптың ішінде, оқырманды тәрбиелеуге бағытталатын
педагогика бар. Баспасөз бен баспаларда қаптап кеткен бұқаралық
өнім оқырманды тәрбиелемейді, ол алдына-ала бағдарламаға
сай жасалған оқырманды қиялдайды. Түптеп келгенде ол
қайсыбір орташа деңгейдегі оқырманды алдын-ала жасайды әрі
қалыптастырады. Мен болсам адалдық сертінен қайтпай, оны із
салу сәтінен бастап әркім және барша қолы жетердей етемін – оны
қайсыбір жеке адамға арнауға мұршам да жоқ.
Адалдыққа ұмтылудың әр сәтінде біз үндеу тастаған
басқаның жалғыздығына опасыздық жасаймыз. Әсіресе, жалпы
мазмұнды кітапта: біз кімге арналғаны белгісіз сөздерді айта
мыз, біз шын мәнісінде өзіміздікі болмай шығатын сұлбаларды
ойдан шығарамыз, сызамыз. Мұндай әрекеттің бәрі – ауызша не
жазбаша – бізге ұстатпайды, бізге тәуелсіз түрде – машина не
месе қолжаулық тәрізді – әрекет ете бастайды, бұл туралы “Ко
пировальная бумага”-ны қараңыз (2001)6. “Өзімнің” кітабымды
жариялауға шешім қабылдаған сәтте (әрине, мені оған ешкім
мәжбүрлемейді), мен ешқашан өмір сүруге үйрене аламай кететін
мәнсіз елес сияқтанып, біресе пайда болатын, біресе жоғалатын
нәрсеге айналамын. Менің қалдыратын ізім бір мезетте менің
ажалымды (жүзеге асқан немесе келешекте болатын) және маған
қарағанда ұзақ өмір сүреді-ау деген үмітті белгілеп тұрады. Бұл -
мәңгі бақилыққа ұмтылу емес, құрылымдық ерекшелік. Міне, мен
осы жерде бір жапырақ қағазды қалдырамын, кетемін, өлемін: бұл
құрылымнан шығып кету мүмкін болмайды, бұл – менің өмірімнің
тұрақты формасы. Мен өзімнен тыс бір нәрсе шығарғанда, өзімнен
“тарайтын”, бірақ маған ырық бермейтін із қалдырған сәтте мен
жазудан өз ажалымды көремін. Сынның шегі - өзін жоғалтқан
нәрсеге кім ие боларын, кім және қалай мұрагер боларын, жалпы
– мұрагер бола ма, жоқ па, соны білмей тоналу. Бұл қазіргі кезде,
бұрынғыдан гөрі жиі қоюға болатын сұрақ. Бұл тынымсыз маза
лайтын сұрақтын бірі.
Осыған қатысты біздің техно-мәдениетіміздің уақыты күрт
өзгеріске ұшыраған. Менің “буыныма” жататын адамдар немесе алдыңғы буынның адамдары белгілі бір тарихи ырғаққа үйренген: олар сапасына қарай қайсыбір шығарманың ғасырлар бойы – бір, екі немесе Платон сияқты жиырма бес ғасыр қалатынын не қалмайтынын білетіндей сенімде еді. Жоғалып кеткен соң, қайта тірілуге болады. Алайда, қазіргі мұрағаттау тәсілдерінің жеделдігі, сондай-ақ тозу мен қалыпты құрылымның бұзылуы мұрагерліктің құрылымы мен мерзімі өзгертіп жіберген. Бұдан былай өмірден кейінгі өмір туралы мәселе мүлдем басқаша түрде пайымдалатын болды. Осыған орай, қазіргі жасымда мен екі қайшылықты нұсқаға дайынмын (сенсеңіз, сезімдерім де екі ұшты болады): біріншіден, ерсі жимыспен айтарым біраз жақсы оқырман бар болса да (ша мамен, әлемде оншақты адам, олардың ішінде ойшыл-жазушылар мен ақындар да бар), мені әлі оқымаған екен, бірақ шын мәнісінде бұл кейін басталауы мүмкін нәрсе; және екіншіден, мен өлгеннен кейін екі апта не бір ай өткен соң, кітапханалардағы міндетті да налардан басқа мүлдем ештеңе қалмайтынын болжаймын. Ант етейін мен бір мезгілде осы екі нәрсені бірдей ойлаймын... Тілші. – Осы үміттің өзегінде тіл бар және ең алдымен, ол – фран цуз тілі. Біз Сіздің кітаптарыңыздын әр жолында француз тіліне деген Сіздің құштарлығыңыздың қуаттылығын сеземіз. “Монолингвизм другого” (1996)7 деп аталатын кітапта Сіз өзіңізді “француз тілінің соңғы қорғаушысы әрі даңқын арттырушысы”8 деп атайсыз... Ж.Д. – Бұл тіл менің иелігімде емес, бірақ бұл мен “иеленетін” жалғыз тіл (егер солай болса!). Әрине, тіл тәжірибесі өмірлік нәрсе. Сонымен қатар ол ажалды да және мұнда ешқандай оғаш нәрсе жоқ. Тағдырдың тәлкегі мені, “азаттық үшін соғыстан” бұрын дүниеге келген буын өкіліне – Алжирдан шыққан француз еврейіне айналдырды: бірақ еврейлердің де, тіпті алжирлық еврейлердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мен француздық-алжирлық-еврейліктің тамаша өзгерісіне куә болдым; менің арғы атам мен әжем арабтарға тіл, әдет-ғұрп және т.б. жағынан өте жақын еді. Кремьенің (1870)9 қаулысыынан кейін ХІХ ғасырдың аяғында ке лесі буын буржуазияға айналып үлгірді: Алжир қаласы əкімшілігінің артқы жағында жасырын түрде (Дрейфус ісі қаралып жатқан кездегі ойранның салдарынан) тұрмысқа шыққан менің әжем өз қыздарын француз буржуазиясы үлгісінде тәрбиеледі (16-округтың10 жақсы мәнерлері, фортепьянода ойнау). Кейін менің ата-анамның буы ны келді: олардың арасында интеллектуалдар аз болатын, негізі
нен, саудагер еді (ірілі-ұсақты), олардың кейбірі отарлау жағдайын пайдалануды үйреніп, метрополияның ірі фирмаларының жалғыз өкілі болатын; аумағы он шаршы метрге жуық бөлмеде, хатшысыз отырып, бүкіл “марсель сабынын” солтүстік Африкаға сату ама лын тапқан (мен аздап қарапаймдандырып айтып отырмын). Олар дан кейінгі кезек өзімнің буыныма келеді: бұлардың көпшілігі интеллектуалдар – либералды кәсіп өкілдері, дәрігерлер, юристер және т.б. 1962 жылы олар түгелдей Францияға көшіп келеді11. Мен олардан бұрын келдім (1949). Алғашқы “аралас” некені де бастаған мен едім (бұл әсірелеп айтылған сөз емес)12. Ондай некелер сирек әрі тәуекелді, революциялық, трагикалық реңкте болатын. Мен өмірді, өмірімді сүйетіндей өзімді жасаған нәрсені – мен соны ғана өндеуді меңгерген және жалғыз сол үшін өзімді біршама жауапты санайтын – ең әуелі француз тілінің стихиясын сүйемін. Сондықтан да болар жазу үстінде мен шектен аспасам да, тілге келгенде еліріп, қызуланып кетемін. Бұл – сүйгендіктен. Жалпы ма хаббат әрқашан тілге деген махабат арқылы көрініс табады – ондай махаббат ұлтшыл да, ескішіл де емес, бірақ талаптанғанды және сыннан өтікізуді жақсы көреді. Тілге ойға келген нәрсені жасауға болмайды, ол бізден бұрын болған және бізден кейін де болады. Егер тілге қатысты бір нәрсе жасайтын болсақ, онда ол тілдің жа сырын заңдарына құрметпен қарап (құрметтемей), өте нәзік түрде жүзеге асырылуы тиіс. Міне тағы – опасыз адалдық: француз тілі не зорлық көрсеткен кезде, мен оның өмірінде, оның дамуында таңбаланатын аманаты білінетін нәрсені қадірлеп, жүзеге асыра мын. Тілді сүймей, оның классикалық орфографиясын немесе син таксисін зорладым деп ойлайтындардың (шауқатың ерте жіберіп қою сырқаты бар күнәға батпаған шалдар сияқты) шығармаларын оқығанда, менде әрқашан жымиыс (кейде жек көретін) пайда бола ды, ал ол – ұлы француз тілі, бұрынғыдан да қол жетпес күйінде, – ал, келесі қайсын? – дегендей тосып жатады. Мен бұл күлкілі көріністі “Почтовая открытка” (1980)13 -да қаталдықпен суреттей мін. Мені қызықтыратын нәрсе – француз тілінің тарихында із қалдыру. Мен бұл құмарлықпен өмір сүріп келемін, ол - Францияға болмаса да, тым болмағанда француз тілі ғасырлар бойы жинай алған нәрсеге деген құштарлық. Меніңше, егер бұл тілді өзімнің өмірімдей сүйген болсам, тіпті оны байырғы тұрғын француздан артық көрсем, мұның себебі - мен бөтен үйге қабылданып бұл
тілді жалғыз мүмкін тіл ретінде меңгерген жат жұрттық ретінде сүйетінімде. Бұл ештемеден аянуға болмайтын құмарлық! Алжирлық француздардың барлығы – еврейі немесе еврей емесі бар – дәл осындай күйді бастан кешті. Метрополиядан келгендер шетелдік саналатын және олар норманы көрсетіп, нормалауға мәжбүрлейтін. Ондай үлгіні, киімді немесе қылықты мойындау қажет болатын, бірақ Франциядан келген француздар мазақ етілетін. Метрополиядан келген оқытушы француз акцен тімен сөйлеген кезде, ол өте күлкілі көрінетін! Мен үшін бұл тіл қымбат нәрсеге айнала бастады: өйткені менде бір ғана тіл бар еді және оның өзі бөтен болатын. Мұндай ерекше, сонымен қатар кәдімгі құбылыс туралы мен “Монолингвизм другого”-да тара тып жазған едім. Жеке басқа тән бұл оқиға менде баршаға ортақ заңға қатысты сезімді қалыптастырды: тілдің табиғаты да, мәні де – біздің иелігімізде емес. Осыдан барып қиялдағы көріністер пайда болды – тілді меңгеру, тілді иемдену, тіпті одан отарлықұлтшылдық алымдарды теру. Тілші. – Жалпы Сізге “біз” деген сөзді айту қиындау сияқты – мысалы, “біз, философтар” немесе “біз, еврейлер”. Бірақ, жаңа әлемдік тәртіптің үстемдік құруына байланысты сіз “біз, еуропалық” деп сөйлеуге бейім сияқтысыз. “Другое направление” (1991)14 атты – Парсы Шығанағында болған бірінші соғыс кезінде жазылған кітапта, – Сіз өзінізді “кәрі еуропалық”, дәлірек айтсақ, “метис-еуропалық” деп атайсыз. Ж.Д. – Екі нәрсені еске алу қажет: біріншіден, маған шыны мен-ақ “біз” деу қиын, бірақ кейде мен солай сөйлеймін. Осыған қатысты мені қинайтын мəселелердің болуына қарамастан, яғни ол - Израильдің өзіне-өзі қарсы жүргізетін саясаты және белгілі бір мәндегі синонизм. Мен үшін Израиль иудаизм да, диаспора да, тіпті әлемдік немесе әртүрлі және қайшылықты түрде болған әуелгі сионизм да емес; дегенмен де АҚШ-тағы христиандық фундаменталистердің кейбір түрі өздерін нағыз сионистер деп атайды екен. Буш əкімшілігінде солар құрған қуатты лобби саудиялық немесе америкалық еврейлердің қауымдастығына емес, америкалық-израильдік саясаттың бағытына ғана әсер етеді. Сондықтан, оған қарамастан және менің “еврейлігіме” қатысты көптеген басқа мәселелерге қарамастан мен ешқашан оны жоққа шығармаймын. Кейбір жағдайда мен: “біз, еврейлер” деп сөйлеймін. Мұндай қиналыспен шығатын “біз” менің ойымды мазалайтын ең маңызды
нәрсе; бұл өзін “соңғы еврей” деп атаған адамның ойы. Менің ойым үшін еврейлік – Аристотель үшін дұға сияқты нәрсе: ол ақиқатта та емес, жалған да емес. Дегенмен де бұл дәлме-дәл мағынасындағы дұға. Кейбір жағдайда мен қобалжымастан “біз, еврейлер” және “біз, француздар” деп сөйлеймін. Жұмысымды бастаған кезден-ақ (ол деконструкция (қайта жа сау) болатын) мен, мысалы Валеридегі, Гуссерльдегі немесе Хай деггердегі модернистік тұжырымдарға қатысты еуропашылдыққа немесе европоцентризмге өте сыни көзқараста едім. Мен бұл сарынды арқау етіп көп жаздым да (әсіресе, “Другое направле ние”-де). Жалпы деконструкцияны көп адамдар, бұл әділ де бо латын, кез келген европоцентризмге қарсы бағыталған әрекет ретінде бағалайды. Маған “біз, еуропалықтар” деуге тура келетін кейбір жағдайда – бұл мүлде басқа нәрсе. Еуропалық дәстүрде деконструкциялауға келетін нәрсенің бәрі, Ағартуға, осы шағын құрлықтың тарылуына және оның бүкіл мәдениетіне тән орасан зор кінәнің болуына (тоталитаризм, нацизм, геноцид, холокост, отарлау және отарсыздандыру және т.с.с.), Еуропада болғандардың бәріне қатысты нәрселердің бәрі, қазіргі біздің геосаяси жағдайда, - басқа, бірақ жадын сақтап қалған Еуропа – бір мезгілде америкалық гегемонияға да (Вольфовиц, Чейни, Рамсфельд және басқаларының баяндамасын салыстырыңыз), саяси болашақтан және Ағартудан ада қалған араб-мұсылман теократизміне де қарсы тұру үшін біріге алатын нәрсеге (мен өзім осыны қалар едім) ке дергі жасай алмайтын еді (қайшылыққа, қазіргі процестерге, осы екі блоктың ішіндегі әртектіліктерге назар аударып, оларға іштен қарсы болатындармен одақ құруға болар еді). Еуропа өзіне жаңа жауапкершілікті міндеттеуі тиіс. Мен қазіргі немесе көпшіліктің ойындағы (неолибералдық), соншалықты ішкі соғыс қаупі бар (бұл жайында мендегі пессимизм басым) еуропалық қауымдастық туралы айтып тұрған жоқпын, бірақ географиялық тұрғыда – Еуропада, сондай-ақ одан тыс жерлер де өзін енді ғана іздеуге кіріскен болашақ Еуропа туралы ай тамын. Сұлбалық түрде “Еуропа” аталатын нәрсе, адамзаттың болашағы үшін, халықаралық құқықтың болашағы үшін жауапты болу керек – менің сенімім және үмітім осы. Сонда ғана мен “біз, еуропалықтар” деп сенімді түрде айта аламын. Бұл жердегі әңгіме өз нарықтарын қорғай алатын және басқа блоктарға тепе-тең күш ретінде қарсы тұратын Еуропаны жаңа әскери супер ірі мемлекет ке айналдыру туралы емес, басқа жаһанданудың, жаңа саясаттың
ұрығын себе алатын Еуропа жайында болып отыр. Мен үшін бұл
жалғыз мүмкін болатын шешім.
Бұл күш қозғалысқа келді. Тіпті егер оның уәждері қазіргі
кезге дейін айқын болмаса да, меніңше оны ешнәрсе тоқтата ал
майды. “Еуропа” дегенде мен халықаралық құқық егемендігінің
ұғымы мен тәжірибесін өзгертетін және НАТО мен АҚШ-қа
тәуелсіз, шынайы әскери күштері бар (ондай күш шабуылдаушы
да, қорғанушы да, алдын-алушы да бола алмайды) басқа жаһандық
өлшемдегі Еуропа туралы айтып отырмын. Сонда ғана ол “отқа
оранған нүктелерге” дереу араласып, жаңа БҰҰ қарарларының
құрметтелуін және орындалуын қаматамасыз етер еді (мысалы Из
раильде және басқа жерлерде). Бұл жерден зайырлылықтың кейбір
бейнелерін, мысалы, әлеуметтік әділдікті және басқа да көптеген
еуропалық дәстүрді дұрыс пайымдауға болар еді.
Мен жаңа ғана “зайырлы” деген сөзді айттым. Рұқсат болса,
осы тұста шегініс жасап тарқатып айтсам деймін. Бұл жердегі
мәселенің мектептегі паранжыға немесе тойда қалыңдықтың бет
перде киюіне қатысы жоқ. Еш ойланбастан мен Ноэль Мамердің15
көп күттірген, батыл бастамасына қол қойдым: бір жыныстылардың
некеге отыруы - Заңға қыр көрсету ретінде емес, болашақ немесе
бүгінгі Конституцияның рухы мен әрпіне сай қазіргі заңнамалық
ұстанымдарға бағынбау ретінде өткен ғасырда “әлеуметтік
бағынбау” деген атпен американдықтар бастаған бұрын болған
дәстүр. Мен бұл құжатқа “қол қойдым”, өйткені қазіргі құқықтық
контекст – гомосексуалистердің құқығына байланысты – маған
әділетсіз: рухы мен әрпі екі жүзді әрі екі ұшты болып көрінеді.
Егер мен заң шығарушы адам болсам, мен азаматтық зайыр
лы кодекстен “неке” деген ұғымды алып тастаған болар едім. Неке
– діні, сакральды (қасиетті), гетеросексуальды, ұрпақ қалдыру,
мәңгі адалдық және т.с.с. сертті құндылық ретінде – зайырлы
мемлекеттің, әсіресе бір некелікке қатысты мәселеде, христиан
шіркеуіне жол беруден пайда болған нәрсе. Мұндай мәселе еврейде
де (оларға бір адаммен неке қию өткен ғасырда еуропалықтардан
ауысқан, бұған дейін мағриб еврейлерінің бірнеше буынына оны
міндет деп санамаған), мұсылманда да болмағаны аян. Зайырлы
конституцияға жат мұндай екі ұшты, діни-сакральды, монтаны
неке деген сөз бен ұғымның көзін жойып, олардың орнына келісім
негізінде “азаматтық одақты”, қандай да бір “ынтымақтастықтың
азаматтық одағы” деген, жынысы мен саны ережемен шектелмей
тін нәрсені әріптестер арасында қолдануға әбден болар еді – бірақ, ол жетілген, сезімтал, жақсы ойластырылған нәрсе болуы тиіс. Ал, егер кім де кім, мен өзім құрметтейтін “неке” арқылы қарым-қатынас жасағысы келсе, онда олар некесін өздері таңдаған қайсыбір діннің беделді адамының қатысуымен қиюына болады: кей елде гомосексуалды некенің діни құрметеуіне жол берілген. Жы нысы бірдей жұптардың бірі зайырлы не діни заң арқылы қосылса, екіншілері осы екеуін де қолданады, ал үшіншілерінің бұардың ешқайсысын да керек етпеуі мүмкін. Осы жерде мен жұбайылық туралы шегінісімді доғарсам деймін. Менің айтқандарымның барлығы – қиял, бірақ мен, сірә, оның басталған кезін белгілеп қоятын шығармын. Мен “деконструкция” деп атаған нәрсенің өзі – тіпті, ол Еуропадағы бір нәрсеге қарсы бағытталса да, еуропалық нәрсе. Бұл – еуропалық өнім, бұл Еуропаның радикалды басқалық ретіндегі өзіне деген көзқарасы. Ағарту дәуірінен бастап Еуропа өзін-өзі сы наумен келеді және жетілдіруге бейімделген бұл мұрада болашақ үшін мүмкіндік бар. Ең болмаса, мен соған үмітенгім келеді, ал Еуропа тек қылмыс жасап келді және ол ешқашан түзелмейді де генге наразымын. Тілші. – Еуропаға қатысты мәселеде Сіз өзіңізге қарсы соғыс ашып отырған жоқсыз ба? Бір жағынан Сіз 11 қыркүйектегі оқиға егемен ірі елдердің ескі геосаяси грамматиканы жерлеп, сол арқылы Сіз таза еуропалық деп анықтайтын саясат ұғымының дағдарысын белгілейді дейсіз. Екіншіден, Сіз осы еуропалық рух пен, ең алдымен – өзіңіз батуын (немесе тірі қалуын) сипаттайтын халықаралық құқықтың космополиттік идеалымен байланысты үзбейсіз... Ж.Д. – Барлық космополиттік нәрсе “алынып” (Aufheben) (са лыс. Космополиты всех стран, еще усилие! 199716) тасталуы тиіс! Өйткені “политика” деген сөз грек сөзі, бұл еуропалық ұғым: ол әрқашан белгілі бір ұлттық аумақпен байланысты қайсыбір түрдегі полистің болуын талап етіп келген. Алайда, осы тарихтың ішін дегі үзілістердің болуына қарамастан саясаттың мұндай ұғымы әрдайым басым бола береді, тіпті көптеген адамдар оны жіктегісі келетін қазіргі кезде де (айталық, енді мемлекеттің егемендігі бел гілі бір аумақпен, коммуникациямен, сондай-ақ әскери стратегия мен байланыстырылмайды) және де мұндай жіктеліс саясаттың ескі еуропалық ұғымын дағдарысқа ұшыратады. Сонымен қоса соғыс ұғымын, азаматтық және әскери, ұлттық және халықаралық тер
роризм арасындағы өзгешеліктерді де. Мен бұл туралы тарқатып басқа жерде айтқан едім (“Хулиганы”, 2003 және “Понятие 11 сен тября, 2004”). Дегенмен де, саясатқа кек сақтаудың қажеті жоқ шығар. Неме се кейбір жағдайда игілік болып табылатын егемендікке, мысалы нарықтың әлемдік күштерімен күрес жүргізген кезде. Бірақ, бұл жердегі мәселе де бір мезетте сақтау мен өзгертуді қажет ететін еуропалық мұраға қатысты болып отыр. “Хулиганы”-да (2003) мен демократияның еуропалық идея ретінде ешқашан қажетті түрде болмағанын, қазір де жоқтығын, енді ғана келе жатқанын айтқан едім. Бұл менің әдеттегі әрекетім, мен оны негіздей алмаймын, бар айтарым: ол мен, ол менің пікірім... Ия, мен өзіммен-өзім соғысамын, бұл шындық. Сіз білсеңіз ғой, оның қандай сұмдық айқас болатынын. Мен өзара қарама-қайшы нәрселерді айтамын, олардың арасында нақты шиеленіс болады: олар мені жасайды, өмірге құштар етеді, бірақ менің түбіме же тетін де солар. Мен үшін бұл азапты соғыс, бірақ менің білетінім бұл – өмірдің өзі. Мен мәңгілікке кеткен кезде ғана тыныштық табармын. Сонымен, мен ондай қайшылықты қабылдап, мойын дай алмаймын, бірақ мен нақ сол нәрсе өмірімді сақтап тұрғанын, баяғы бір – “қалай өмір сүруге үйренуге болады?” деген сұрақты қоюға мәжбүр етіп тұрғанын ғана білемін. Тілші. – Сіздің білім мен билік арасындағы, зерттеу институ ты мен мемлекет арасындағы байланысты пайымдап жүргеніңізге біраз уақыт болды. Сіз үшін “Еуропалық қоғамдастықтардың ертеңгі күні”17-не деген берік сеніміңіз қандай да бір еуропалық арманға негізделген бе? Ж.Д. – Мен ертеңгінің университеті деп атайтын нәрсе өткеннің қорындағы нәрсе болмай, ол университет ұғымының өзі жеткізіп тұрған миссияны орындаса деймін. Бұл - біршама жаңа әрі ақиқатты зерттеуді сөзсіз қажет ететін еуропалық ұғым. Басқаша айтсақ, бұл - саяси немесе діни биліктің қандай да бол масын шектеулерінен тыс тұратын таным, сын, мәселені қою, күмәндану бостандығы. Маңызды ескертпе - Канттың айтуынша философияның дәрежесі басқалардан (медицинадан, құқық пен те ологиядан) төмен, өйткені философия биліктен өте алшақ тұрады; десек те ол өзі ақиқат деп білген нәрсенің бәрін еркін айтуы қажет және бұл оның артықшылығы болады, бірақ бір шарт сақталу керек болады – мұның бәрі университет ішінде ғана айтылатын нәрселер. Өз басым соңғысына қатысты Кантпен келіспеймін.
Университеттің әуелгі ұғымында бостан ойға, сөзге, сынға деген сөзсіз талап негізге алынған. Тілші. – Осыған орай “жоққа шығарушылардың” холокостқа, газбен уландыратын камераларға сенбеу жағдайдын қалай бағалауға болады? Ж.Д. – Біз кез келген сауалды қоюға құқылымыз. Бірақ сұраққа адал танымға немесе сыни пайымға жатпайтын, бұрмаланатын жау ап немесе ақиқаттқа жат пайымдар немесе әрекеттер қайтарылатын болса – бұл басқа нәрсе, бұл – біліксіздік немесе қасақана жасалған әрекет, сол үшін ол нашар оқушы тәрізді жазалануы тиіс. Профес сор мәртебесі университетте жүріп, аузына келгенді айтқызбайды, бірақ сұрақ қою, зерттеуді қайта бастау мүмкіндігі сақталу қажет. Фориссон: “Маған тарихи зерттеулерді жүргізу құқығын беріңіздер, сөзге сенбей қайсыбір дәлелді тексеру құқығын беріңіздер” дегенде, өз басым: жұмысын жасай берсін дегенді ай тар едім. Бірақ егер ол көптеген дәлелдерге қарамастан, сыни сау алдарды куәландырылғаған және дәлелденген ақиқат тұрғысынан жол беруге болмайтын пікірлерге теңестіргісі келсе, онда ол білік сіз және зиянды адам. Бірақ ең әуелі – біліксіз, демек, университет те профессор болуға лайықсыз адам. Бұл жағдайда айтысу мүмкін емес. Алайда, университет сыни айтыс сөзсіз мүмкін болатын жер ретінде болуы тиіс. Бұл – тіпті университетке деген көзқарасым күрделі болса да, мен қорғайтын мұра. Бұл еуропалық мұра, бұл – басқа ешбір жерде көрініс таппаған грек философиясының мұрасы. Бұл философияға қатысты қоятын барлық деструктив ті сұрақтардың болуына қарамастан, мен бұрынғыша оған “ия” деймін; мен оны ешқашан қоқысқа лақтырып тастауды ұсынбас едім. Мен философияға да, Еуропаға да теріс қараған емеспін. Менің әрекеттерім басқа. Мен – пікірімді байқасаңыз – ешқашан “Еуропаны ұмытындар және жасасын философия!...” дегенді айт паймын. Бірақ мен: “неке – қоғамның негізін қалаушы құндылық” дегенді де айтпаймын. Тілші. – Соңғы екі кітапта: “Конец света, каждый по-своему” және “Овен” (екеуі де - 2003) сіз өзінді қалай құтқаруға бола ды, қалай қасыреттен арылуға болады, қысқасы – өмірден кейін қалай өмір сүруге болады деген ұлы сұраққа қайта ораласыз? Егер философияға “ажалды қамқорлықпен болжау” деген анықтама беруге болса (қар. “Дар смерти”, 199918), онда деконструкцияны
өмірден кейінгі өмірдің үнемі әрекет етіп тұратын этикасы ретінде қарастыруға бола ма? Ж.Д. – Басқаны былай қойғанда (мысалы, Паточканың пікірін ше еуропалық іс болуға тиісті жауапкершіліктің жаңа сыни түсіндірмесін) “Дар смерти” деген еңбек – Абрахамды, сондай-ақ Кьеркегорды басқаша оқуға талпыну болады. Бұл ойшылға мен орасаң зор құрметпен қарасам да, мен оның Исаактың құрбандық шалуын бәлкім христаншылдық тұрғысынан түсіндіргенін көрсетуге талпындым. Мен сол кезде “Клятвопреступление”-де (қар. “Эрн” жорналының нөмірінде19) сияқты христианшыл неке туралы мәселені көтермегеніме қазір өкінемін. Жоғарыда айтылғандай, ол бастан-ақ, әуелгіден, өмірден кейін гі өмір менің жеке басыма қатысты тәжірибеге айналмай тұрып-ақ, өмірден кейінгі өмір – біз экзистенция, - қажет болса Daseіn деп атайтын нәрсенің құрылымын жасайтын жаңа ұғым екеніне мен айрықша тоқталамын. Біз – сөздің құрылымдық мәнінде өмірден кейінгі өмірдің бөлігіміз, бізде іздің, өсиет құрылымының белгісі бар. Бірақ мен өмірден кейінгі өмірді ажалдың, өткеннің жағына, ал өмірді – болашақ жағына орналастыратын түсініктермен ымыраға келе алмаймын. Жоқ, деконструкция әрқашан “ия”-ның жағында, өмірді негіздеудің жағында тұрады. Менің өмір мен ажал арасындағы қарама-қарсылықтың шие ленісуі ретіндегі өмірден кейінгі өмір туралы айтқандарымның бәрі, кемінде “Края”-дағы (198620) “Шаг”-тан бастап, мен үшін өмірді сөзсіз бекітуге негізделеді. Өмірден кейінгі өмір - өмірдің арғы жағында тұрған өмір, өмірден едәуір ауқымды нәрсе; мен айтатын нәрсе ажалды шақырмайды, керісінше тіршілік еткенді дәріптейді – ажалдан гөрі өмір мен өмірден кейінгі өмірді – қандай да бір қалдықты емес, нағыз қарқынды өмірді талғайтын нәрсе. Ажалдың қажеттілі, әсіресе, шаттану мен рахаттану сәттерінде соныма түсіп алады. Тосып тұрған ажалдың алдында рахат пен жасаураған үрейдің мен үшін айырмасы жоқ. Өз өмірімді еске түсірген кезде, маған өмірімнің бақытсыз сәттерін де сүю, оларға риза болу (біреуінен басқасына) бұйырған екен деп ойламын. Ал, бақытты сәттерді еске алғанда, әрине мен оларға да ризамын, бірақ олар мені өтіп кеткен, тәмәм болған нәрсе ретінде - ажал туралы ойларға, ажалдың өзіне қарай жетелейді... Дерридамен сұхбаттасқан Жан Бирнбом
Түсініктемелер 1Жан Бирнбом алған бұл сұхбаттың мәтіні “Монд” газетінде 2004 жылы 19 тамызда жарияланған еді. Кейін бұл сұхбатты “Га лиле” баспасы бұрын жазылып алынған және біршама кеңейтіліп, өзгерітілген жазбаларды енгізіп жеке кітап түрінде “Өмір сүруді үйрену қажет” деген атаумен қайта шығарған (Apprendre à vіvre enfіn. Entretіen avec Jean Bіrnbaum. P.: Galіlée, 2005). Бұл жерде сол мәтін жарияланып отыр. 2 “D’aіlleurs, Derrіda”. Бұл фильм туралы кітапты сал.: Derrіda J., Safaa Fathі. Tourner les mots. Au bord d’un fіlm. P.: Galіlée-Arte, 2000. 3 Бұл кітап сұхбаттың жорналдық нұсқасы жарық көрген соң баспадан шықты: L’Herne. Derrіda. P.: Edіtіons de l’Herne. 2004. 4 Spectres de Marx. P.: Galіlée, 1993. 5 Бұл жерде “Мысль 68” деген кітап (Ferry L. Renault A. La pensée 1968. Essaі sur l’antі-humanіsme contemporaіn. P.: Gallіmard, 1985) және Л.Ферридің білім беру министрі (бұрынғы) болғаны туралы айтылады. 6 Papіer Machіne. Le ruban de machіne à écrіre et autre réponses. P.: Galіlée. 2001 7 Le monolіnguіsme de l’autre ou la prothése d’orіgіne. P.: Galіlée, 1996. 8 “Защита и прославление французского языка” – Дю Белленің белгілі трактаты (1549), “Плеяда” манифесті. 9 Кремье декреті Алжирдағы еврейлерге француз азаматтығын берді, олар арабтардан ерекшеленді және бұл көптеген әлеуметтік жанжалдарға себеп болды. 10 Париждегі 16-округ – байыған буржуазияның тұратын ме кені. 11 1962 – Алжирде ұлттық-азаттық соғыс аяқталған жыл (19541962). 12 Дерриданың жұбайы Маргерет Окутюрьенің ұлты чех, орыс тілін жетік білетін аудармашы, әрі психоаналитик; ол Владимир Поппердың “Морфология волшебной сказки” деген әйгілі кітабын аударған. 13 La carte postale. De Socrate a Freud et au-dela. P.: Flammarіon, 1980. 14 L’autre cap, suіvі de La Democratіe ajournee. P.: Mіnuіt, 1991 15 Ноэль Мамер – алғаш рет Франциядағы бір жыныстылар
арасындағы некені рұқсат етіп, экологиялық саясатты қолдайтын мэр. 16 Cosmopolіtes de tous les pays, encore un effort! P.; Galіlée, 1997. 17 Les Humanіtes de demaіn / L’Unіversіte sans condіtіon. P., 2001 18 Donner la mort. P.: Galіlée, 1999. 19 La parjure, peut-être (“brusques sautes de syntaxe”)/Derrіda. L’Herne. P.577-600 20 Parages. P.; Galіlée, 1986. Деррида Ж. «Наконец-то научиться жить» (последнее ин тервью) //Вопросы философии. 2005. №4. С. 133-142.
Жиль ДЕЛЕЗ, Феликс ГВАТТАРИ ФИЛОСОФИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Кіріспе Бұл осындай мәселе... Бәлкім, “философия деген не” деген сауал кәрілік келген, шәу тар тып, нақты сөйлеу қажет болған шақта қойылатын шығар. Расында да біздің мәселеге қатысты библиография тым жұтан. Бұл – беймазалығын жасырып, басқа сұрайтын ешнәрсе қалмаған сәтте түн ортасында қойылатын сұрақ. Бұл бұрыннан бар, ылғи да, бірақ жанама түрде не месе жалтақтықпен тым жасанды, тым дерексіз түрде қойылып кел ген сұрақ және бұл туралы немқұрайлы, менсінбей, терең бойламай айтылып келген еді. Бізге салауаттылық жетіспейтін. Философиямен айналысуға асығатын едік, ал өзімізге – “ол қандай?” – деген сұрақты көркем тілмен машықтану барысында ғана қоятын едік; бірақ, өмір бойы өзім айналысып келген бұл өзі қандай нәрсе? – деген жалпақ тілмен қойылатын сауалға кезек келмеген. Егде жастағы адамға мәңгі жастық емес, керісінше, өмір мен ажал арасындағы құтты сәт тәрізді ең биік дәрежедегі азаттық, таза қажеттіліктің мезеті сыйға тартылады, сол кезде мәшиненің барша бөлшегі ғасырларды жарып өтетін жебесін келешекке қарай атып жіберу үшін үйлесім тауып кетеді; бұл – Тицианның, Тернердің, Моненің1 басынан өткерген жəйт. Қартайған шағында Тернер кескіндеме өнерін жүргізудің шөлді және қайтпас жолын иемденеді немесе сондай құқты женіп алады және де бұл оның соңғы сауалы болатын. Сірә, “Рансенің өмірі” бір мезетте Шатобрианның кәрілігі мен қазіргі әдебиеттің бастауын белгілеп тұрғандай көрінеді2. Кино өнерінде де біз кейде, адам ғұмырының соңғы кезеңінде жомарт сыйға ие болатынын көріп қаламыз. Айталық, Ивенстің өзі өзінің сиқыршы әйелімен еліре соққан желдің өтінде ішек сілесі қатып, күлетін кезінде. Философиядағы жағдай да осындай: Канттың “Пайым дау қабілетінің сыны” – кәріліктің елірген шығармасы және оның мұрагерлері де кейде оған ілісе алмай жатады: бұл жерде ақылдың барша қабілеттері, Кант сарабдал шағында өз кітаптарында аса мұқияттылықпен тіркеп отырған шектерден асып кетеді. Ал біз болсақ, ондай деңгейге таласпаймыз. Бізге де: филосо фия деген не? – сұрағын қоятын кез жетті. Біз бұл сұрақты бұрын да үнемі қойып келгенбіз және оған мынадай өзгермейтін жауап
қайтарып келген едік: философия дегеніміз – концепттерді жасау,
ойдан шығару және қалыптастыру өнері болып табылады. Бірақ
жауаптың сұрақты қамтуы жеткіліксіз. Ол сұрақтың сәті мен
жағдайын, оның шарттарын, пейзаждар мен кейіпкерлерін, оның
мән-жайын, белгісіз шамаларын анықтап тұруы қажет болатын.
Бұл сұрақты сырласқандай “достық пиғылмен” немесе жау беті
не қаратылып айтылатындай етіп қоя білу қажет және де досына
да сенбей қалатын қайсыбір алагеуім кезге да жету керек еді. Бұл:
“Бәрі де осылай, бірақ дұрыс жеткіздім бе, сендіре алдым ба” дей
тін кез. Дәл осы тұста жақсы айтудың және біреуді иландырудың
түкке тұрмайтынына көзіңіз жетеді, өйткені қалай болғанда да дәл
қазір жағдай осындай болып отыр.
Алда
көретініміздей,
концептер
өздерінің
анықталуына
септігі тиетін концептуальды кейіпкерлерге аса зәру. Осын
дай кейіпкерлердің бірі – дос; оның шығу тегінде гректің әсері
байқалады деген сыбыс бар – басқа өркениеттерде Даналар болған
болса, гректер бізге қарапайым даналар ғана болмайтын осындай
“достарды” паш етеді. Біздің естуімізше нақ осы гректер Дананың
өлімін түпкілікті белгілеп, оны даналықты іздеумен айналысатын,
бірақ оны иеленбейтін философтармен, даналықтың достарымен
алмастырған екен3. Десек те, философ пен дананың арасындағы
айырмашылық қандай да бір бағананың бойымен өлшенетін
дәрежедей болмайды: мәселе ежелгі шығыстық дананың Фи
гуралар арқылы пайымдауында, ал философ Концепттерді ой
дан шығарып, солар арқылы пайымдайды. Даналық тым күшті
өзгеріске ұшыраған. Сондықтан да “дос”-тың мәнін гректер
ден, әсіресе солардан анықтау қиын шаруаға айналады. Мүмкін,
“дос” деген сөз шеберліктің қандай да бір жақындығы, шебердің
материалға деген талғамы мен оған тәуелділігі белгіленетін шығар,
мысалы ағаш өндеушінің ағашқа тәуелді болуы сияқты, – жақсы
шебер ағаштың сапасына тәуелді, демек, ол ағаштың досы болар?
Бұл маңызды сұрақ, өйткені философияда “дос” деп енді сыртқы
кейіпкерді, мысалды немесе эмпирикалық жағдайды емес, қандай
да бір ішкі ойда болатын нәрсені, оның мүмкін болу шартын, тірі
категорияны, трансцендентальды тәжірибенің элементін ұғынады.
Философияның арқасында гректер достың жағдайын күрт өзгертіп
жіберді, енді ол басқа адаммен емес, қайсыбір Жаратылыспен,
Объектілікпен, Тұтастықпен сәйкестіріледі. Ол Платонға дос, бірақ
даналыққа, ақиқатқа немесе концептке одан да жақын тұрады, ол
Филалет және Теофил... Философ концепттердің жайын біледі және
олардың тапшылығы сезіліп тұрса да, олардың қайсысы өміршең емес, кездейсоқ немесе консистентті болмайтынын, бір минут та тұра алмайтынын және керісінше, қайсысы мықты жасалғанын, тіпті шығармашылықтың қауіптері мен алаңдаушылығын есте сақтап тұратынын да біледі. Ал “дос” концептуальды кейіпкерге, яғни ойлаудың алғышартына айналғанда нені білдіреді екен? Мүмкін, ол ғашық болар? Ия, сірә, дұрысы ғашық болар? Өйткені, ой достың арқасында таза ойлау дан шығарылып тасталғандай болып көрінетін Басқамен өмірлік байланысқа қайтадан ие болады. Бәлкім, бұл жерде дос та, ғашық та емес басқа біреу бар шығар? Өйткені, егер философ – даналықтың досы немесе оған ғашық болатын болса, онда ол шынай емес, әлеуетті түрдегі ұмтылысында оны иеленгісі келгені болар. Бұл жағдайда дос – үміткер болады, ал өзін досы деп атайтын нәрсесі – ешқандай үшінші емес, дәмегөйлік бағытталған Нәрсе болады; ал ол (үшінші), керісінше, бақталас нәрсеге айналады. Сонымен, достықта бақталасқа деген сенімсіздік пен ынтасы ауған затқа деген ғашықтықтың ұмтылысы қатар жүреді. Достық мәнділіктерге бет бұрған кезде екі дос үміткер мен бақталасқа айналады (алайда, қалай бола рын кім білген?). Философияның бізге полис-қалалардың мәдени үлесіне сәйкес келетін ежелгі грек өркениетінің құбылысы ретінде ашылған алғашқы ерекшелігі, міне, осындай: оларда достардың немесе тең адамдардың қоғамдары қалыптасады, бірақ олардың арасында және әрқайсының ішіндегі бақталастық қатынастар құпталып келген, барлық салаларда – махаббатта, ойындарда, сот тарда, мемлекеттік басқаруда, саясатта, тіпті, алғышарты дос емес, үміткер мен бақталас болатын (Платон “амфисбетесис” ретінде си паттайтын диалектика) поэзияда да үміткерлердің өзара текетіресі байқалатын. Агон – ортақ қағидаға айналған азат адамдардың бақталастығы, атлетизм4. Ал, достық болса мәннің тұтастығын үміткерлердің бақталастығымен мәмілеге келтіру тиіс болатын. Бұл міндет тым ауыр емес пе? Дос, ғашық, үміткер, бақталас – бұл трансценденталды си паттамалар, бірақ олар бір немесе бірнеше кейіпкер тұлғасында өзінің интенсивті-жанды тіршілігін жоғалтпайды. Ал біздің за манда Морис Бланшо – философияда “дос” сөзінің мағынасын зерттеп жүрген аз ғана ойшылдардың бірі – ойдың алғышарттары туралы осындай ішкі сұрақты қайта қойғанда таза, Ой саласына жаңа концептуальды кейіпкерлерді енгізеді, олар – бөтен жерден келген, қайсыбір апатты бастан кешірген грек кейіпкерлері емес,
жаңа өмірлік қатынастарға жетелейтін априорлы, яғни жалтақтық, қажу, достықты шексіз сенімсіздік пен төзімділік ретіндегі ойға айналдыратын достық қасірет сияқты мінездердің дәрежесіне көтерілген кейіпкерлер5. Концептуальды кейіпкерлердің тізімі ешқашан жабық болмайды, сол арқылы философияның дамуы мен өзгерісінде маңызды рөл атқарады; мұндай сан алуандықты грек философының онсыз да күрделі бірлігіне теңемей, түсінген абзал. Философ – концепттің досы, ол концептіге әлеуетті түрде тәуелді болады. Бұл философия – әншейн концепттерді қалыптастыру, ойдан шығару немесе жасау өнері ғана емес, өйткені концепттер – міндет ті түрде форма, жаңалық немесе өнім емес. Дәлірек айтсақ, филосо фия – концепттерді жаратушы пән болып табылады. Демек, дос өзінің туындыларының досы болама ма? Немесе концепттің болмысы, жа ратушы мен оның сыңарын бір тұтас нәрсеге айналдырып, достың әлеуетіне сілтеп тұр ма? Философияның пәні – жаңа концепттерді жа сай беру. Жасалу қажет болғандықтан концепт философпен байланыс ты болады және соны жасау үшін философ әлеует пен шеберлікке ие болады. Бұған, “шығармашылық”, әдетте, сезімдік заттар мен өнерге қатысты айтылады деген уәжді айтуға болмайды, – философтың өнері ойға қатысты мәнділіктерді дүниеге әкеледі, ал философиялық концепт тер де “sensіbіlіa” болып табылады. Расында ғылымның, өнердің және философияның шығармашылық сипаты бірдей болады, бірақ филосо фия ғана таза концепттерді жасай алады. Концепттер бізді аспан денелері сияқты, дайын күйінде күтіп тұрмайды. Концепттерде аспан болмайды. Оларды ойдан шығарып, жасау керек немесе дұрысы, жарату қажет және жасаған адамның қолтаңбасы болмаса, олар ештеңе де тұрмайды. Философтың міндетін Ницше былай сипаттаған: “Философтар берілген концепттерді тазалап, жылтыратып қою үшін ғана қабылдамау керек; оларды өздері өндеп, жасап, бекітіп, басқаларды қолдануға иландыруы тиіс болады. Осыған дейін, жалпы және тұтас алғанда, әркім өз кон цепттеріне сиқырлы әлемнен алынған сиқырлы жасаудай қарап, оларға сеніп келген еді”, – бірақ мұндай сенімді енді сенімсіздікке алмастыру қажет болады және философ, әсіресе, өзі жасамаған нақ осындай кон цепттерге сенбеуі тиіс (қарама-қарсы нәрсені үйретсе де мұны Платон жақсы білген...)6. Платон идеяларды аңдау керек дегенді айтқан, бірақ ол әуелі өзі Идея концептін жасап алуы керек еді. Философ неге тұрады егер ол туралы – ол бірде-бір концепті жасамаған, ол өзінің концепттерін өзі жасамаған? – дегенді айтатын болсақ.
Қазір біз философияның қандай болмайтынына көзіміз жетіп
отыр: әр пәннің өз қиялын жасап алуы және оның әдейі жіберілген
тұманында жасырыну қабілетіне сай, бір кезде ол өзін сондай деп
білгенімен, ол – аңдау да, рефлексия да, коммуникация да болмай
шығады. Философия аңдау емес, өйткені аңдау – тиісті концепт
терді жасау барысында зерттелетін заттардың өзі болып табыла
ды. Философия рефлексия емес, өйткені бірнәрсе туралы толғану
үшін ешкім де философияны қажетсінбейді; философияны ойлану
өнері деп жарияланғанда оның дәрежесі артпай, төмендей түседі,
өйткені таза математиктер математика туралы, ал суретшілер кес
кіндеме немесе музыка туралы пайымдағанда, тіпті де филосо
фияны тосып отырмаған еді; және бұл кезде олар философтарға
айналады деуіміз, – нашар қалжың болса керек, өйткені олардың
рефлексиясы шығармашылығымен біте қайнасып кеткен. Фило
софия, концептті емес, “консенсусты” жасау үшін әлеуетті түрде
пікірлермен ғана айналысатын коммуникациядан да пана таппай
ды. Батыстық демократия рухында достық әңгіме құру идеясы
ешқашан бірде-бір концептті жасамаған екен; мүмкін оның баста
уы гректерден басаталатын да шығар, алайда, гректердің концептке
деген тым сенімсіз, қатаң көзқарасынан оның үні - шайқас алаңын
не жойылған пікірлердің сүйектерін (тойдағы мас қонақтардың)
айналып, көкте қалықтап жүрген жалғыз құстың үніндей естіледі.
Философия мұндай белсенді немесе еңжар жағдайлар үшін кон
цепттерді жасауға мәжбүр болса да, аңдаумен де, рефлексиямен
де, коммуникациямен де айналыспайды. Аңдау, рефлексия және
коммуникация – бұлар пәндер емес, бұлар кез келген пәндерде
Универсалиялар жасайтын мәшинелер болып табылады. Алдымен
аңдау, кейін рефлексия Универсалиялары жасалады, - міне, басқа
пәндерден үстем болуға армандаған философияның екі қиялы
осындай болады (объективті және субъективті идеализм) және
егер ол өзін жаңа Афиналар ролінде көрсете бастайтын болса, сон
дай-ақ бізге нарық пен масс-медиаға қиялдағы үстемдікті орнату
үшін ережелерді жеткізіп тұратын коммуникацияның Универсали
яларына жол бермейтін болса, онда бұл оның абыройына нұқсан
келтіреді. Шығармашылық әрқашан жалғыздың ісі, сондықтан да
таза философиялық шығарма саналатын концепт те жалғыз нәрсе
болып табылады. Универсалиялар ешнәрсені түсіндірмейді, олар
өздері түсіндіруді қажет етеді деген нәрсе – философияның бірін
ші қағидасы.
Өзін-өзі тану – ойлауды үйрену – ешбір нәрсе өзінен-өзі айқын болмай тындай әрекет ету, “бар нәрсенің тіршілігіне таң қалу”... – философияның осындай және басқа да сипаттарында, түбінде жалықтырып жіберсе де қызық адами көзқарастар қалыптасады, бірақ оларда, тіпті педагогика тұрғысынан алғанда да нақты белгіленеген әрекет, дәлме-дәл шекте летін қызмет түрі айғақталмаған. Керісінше, философия - таза концепт тер арқылы жасалатын таным деген анықтаманы түбегейлі анықтама деуге болар еді. Десек те, концепт арқылы тану мен болуы мүмкін тәжрибеде (немесе ішкі түйсікте) концепттерді құрау арқылы та нуды біріне-бірін қарсы қоюға болмайды. Өйткені, Ницшенің үкіміне сай, сіз әуелі оларды жасап алмай, яғни соларға тән ішкі түйсіктеріне сай (бұл концепттердің өздеріне сай келмейтін өрісі, жоспары, топырағы, бірақ олардың ішінде олардың баста улары мен оларды өндейтін кейіпкерлер жасырынады) оларды құрастырып алмай, концепттің көмегімен ешнәрсені де тани ал майсыз Концепттерді құрастыру үшін кез келген туынды дербес тіршілік етуді мүмкін ететін белгілі бір мәндегі құрылым болуы қажет. Концепттерді жасау – бірнәрсені жасап шығару дегенді біл діреді. Сондықтан философияның пайдасы немесе қолданылуы не месе, тіпті зияны (кімге зияны тиюі мүмкін екен?) туралы мәселе басқаша қойылады. Әртүрлі философиялық концепттер мен концептуальды кейіпкерлердің елесі қарт адамға көрінсе, оның көз алдында көптеген мәселелер де қаптап кетер еді. Ең әуелі концепттердің әрдайым жеке қолтаңбасы болған және қазірде де бар: аристо тельдік субстанция, декарттық cogіto, лебництік монада, канттық априори, шеллингтік әлеует, бергсондық ұзақтық... Бұған қоса өзін белгілеу үшін олардың кейбіріне ерекше, кейде жабайы не месе оғаш естілетін сөз қажет болса, басқаларына философ емес адамның құлағы ажырата алмайтын тым алыс обертондарға толы кәдімгі күнделікті сөздің өзі жетіп жатады. Біреулерге архаизмдер, басқаларына бас айналдырар этимологиялық ізденістерге толы неологизмдер қажет болады; бұл жерде этимология – атлетизмнің философиялық ерекше бір түрі. Әрбір жағдайда мұндай сөздерге, олардың қолданылуына деген стиль тәрізді біртүрлі қызық қажеттіліктің болуы айқын нәрсе. Жаңа концепті атау үшін дөрекі немесе жасырын түрде көрініс табатын және тілдің ішінде философияның ерекше – лексикасымен ғана емес, синтаксисімен де, асқақтығымен немесе ұлы әсемдігімен де ерекшеленетін тілді жасап тұратын философияға тән талғам қажет. Сондай-ақ, әрбір
концептте жас, жасаған адамның есімі мен қолтаңбасы болса да, олар өзінше мәңгі болады – сонымен қатар жаңару, алмасу және өзгеру талаптарына да бағынады, солардың арқасында философия тынымсыз тарих пен дәл сондай тынымсыз географияға ие болады; әр сәт пен әр орын уақыт ішінде өмір сүреді, бірақ уақыттан тыс өтіп кетеді. Егер концепттер үздіксіз өзгеріске ұшырайтын болса, онда философиялық ілімдердің бірлігі неде? – деген сұрақ туын дайды. Сондай-ақ, концепттерді қолданбайтын ғылым мен өнердің айырмашылығы қандай? Және олардың өзіндік тарихы қандай бо лады? Егер философия концепттердің үздіксіз жасалуы болса, онда, әрине, философиялық Идея ретіндегі концепт дегеніміз не болады? Ал, концепт болмайтын, ғылым мен өнерге қатысы бар, өз тарихы мен қалыптасуы, өзара және философиямен сан-алуан қатынасқа түсетін басқа шығармашылық Идеялардың мәні неде? Концепт терді жасау үшін берілетін ерекше құқық философияның ерекше қызметін анықтап тұрады, бірақ ол оған ешқандай артықшылық, ешқандай жеңілдік бермейді, өйткені концепт арқылы өту қажет емес (мысалы, ғылыми ойлау) ойлау мен шығармашылықтың басқа да көптеген тәсілдері, идеацияның басқа да модустары бо лады. Осы тұста бізге, ғылыми және көркемдік қызметтен ерек ше мұндай концепт жасау қызметі не үшін қажет деген сауалға қайта оралуға тура келеді; жаңа концепттерді жасаудың керегі не, олардың қажеттілігі мен пайдасы бар ма? Оларды қалай қолдану керек? Философияның ұлылығы оның ешнәрсеге қызмет етпеуін де деген жауап қайтарсақ, мұндай қылымсушылықтың ендігіде бозбалаларды да қызықтырмасы анық. Қалай болған жағдайда да, метафизиканың өлімі туралы немесе философияны жеңу туралы мәселе бізде әлі проблема ретінде көтерілмеген, тек бұрыннан бел гілі нәрсені қайталайтын, зеріктіріп жіберетін әңгімелер ғана ай тылатын. Бүгінде философиялық жүйелердің күйреуі туралы жиі айтылып жүр, ал шын мәнінде жүйенің концепті ғана өзгеріп отыр. Концепттерді жасау үшін уақыт пен орын болатын болса, тиісті әрекет әрдайым философия деп аталады немесе басқа атау беріл ген күнде де оның философиядан өзгешелігі болмайды. Дегенмен де үміткер ретінде болатын достың да немесе ғашықтың да әрқашан бақталасы болатыны бізге аян. Егер философия, айты лып жүргендей, шынымен де Грекияда басталған болса, онда бұл империямен немесе мемлекетпен салыстырғанда грек полисінде агонның “достар” қоғамы үшін ереже ретінде ойлап шығарылуымен байланысты болады, өйткені, “достар” – еркін адамдар еді, өйткені,
олар өзара бәсекеге түсе алатын. Платон үнемі сипаттап келген
жағдай осындай: кез келген азамат бірнәрсені талап еткенде мін
детті түрде бақталастарына жолығады, демек талаптың негізділігін
пайымдай білу қажет болады. Ағаш шебері ағаштан үміттенеді,
бірақ орманшыға, көмір жасаушыға, балташыға жолығады, олар:
ағаштың досы мен дегенді айтады. Адамға қамқор болу ісінде де
адамның досы ретінде көрінетін көптеген үміткерлер шығады:
шаруа оны асырайды, тоқымашы киіндіреді, дәрігер емдейді, жа
уынгер қорғайды7. Егер осы аталған жағдайлардың бәрінде таңдау
адамдардың біршама шағын тобы арасында жүретін болса, онда
саясатта жағдай мүлдем басқаша – мұнда кім көрінген кез келген
нәрсеге үміткер бола алады (Платонның көзқарасындағы афиналық
демократияда). Бұдан Платон үшін тәртіпке келтіру, инстанциялар
ды жасау қажеттілігі туындайды, солардың көмегімен талаптардың
негізділігін саралауға болады; бұл оның философиялық концепт
ретіндегі Идеялары болып табылады. Бірақ осы жерде де әртүрлі
үміткерлерді кездестіруге болады, олар: нағыз философ - мен,
Даналықтың немесе Негізділіктің досы – мен дегенді айтады!
Ежелгі дананың мұрасына таласып жатқан философ пен софистің
айтысында бақталастық өзінің шегіне жетеді, бұл тұста нағыз до
сты жалған достан және концепті симулякрдан қалай ажыратуға
болады? Еліктеуші және дос – Платон қойған қойылым, міне,
осындай, мұнда күлкілі мен қасіреттінің әлеуетіне ие болатын
әртүрлі концептуальды кейіпкерлерді көптеп кездестіруге болады.
Бізге жақын замандарда философия өзіне жаңа бақталастарды
жолықтырған еді. Әуелі оның орнына гуманитарлық ғылымдар
таласады, әсіресе, әлеуметтану ғылымы. Ал, философия Универ
салияларда жасырынуға ұмтылып, өзінің концепт жасау міндетін
елемей кеткендіктен, айтыстың неден басталғаны да түсініксіз
болып қалады. Ол – адам туралы қатаң ғылымды жасау үшін
кез келген концепт жасаудан мүлдем бас тарту туралы ма, әлде,
керісінше, концепттердің табиғатын не ұжымдық көріністерге,
не халықтардың өмірлік, тарихи және рухани күштері жасайтын
дүниетанымына айналдырып, өзгертіп жіберуіне қатысты ма, ол
жағы түсініксіз. Онан әрі эпистемологияның, лигвистиканың, тіп
ті психоталдаудың, сондай-ақ логикалық талдаудың да кезегі ке
леді. Философияға, жаңа сынақтарды бастан кешкен кезде Платон
өзінің ең күлкілі көңіл-күйінде де елестетуі мүмкін емес, тым ар
сыз әрі тым байғус бақталастарды кездестіру маңдайына жазылып
қойғандай еді. Сонымен, масқараның көкесін “концепт” сөзіне ин
форматика, маркетинг, дизайн, жарнама – бүкіл коммуникациялық
пәндер иелік еткенде көрдік, олар – бұл біздің жұмыс, біз жара
тушымыз, біз концепторлармыз деп жар салды! Біз концепттің
досымыз, өйткені біз оны өзіміздің компьютерлерімізге енгіземіз.
“Ақпарат және шығармашылық”, “концепт және кәсіпкерлік” –
мұндай тақырыптар бойынша көлемді библиография жинақталған.
Маркетингте концепт пен оқиға арасындағы белгілі бір қатынас
туралы ой игерілген; ендігіде концепт тауар туралы әртүрлі
түсініктердің жиынтығы ретінде көрініс табады (тарихи, ғылыми,
көркем, сексуалды, прагматикалық...), ал оқиға – тауар туралы
әртүрлі түсініктер қолданылатын және қайсыбір “идеялардың
алмасуы” пайда болатын осы тауардың презентациясы ретінде
көрінеді. Презентациялардан басқа оқиға жоқ, сондай-ақ сатуға бо
латын тауардан басқа концепт жоқ. Мұндай, Сынды тауарды өткізу
қызметімен алмастыратын жалпы үдеріс философияны да сырт
айналып өтпеді. Қайсыбір кеспе салынған қорапшаның симуляк
ры, еліктемесі нағыз концептке, ал өнімді, тауарды немесе көркем
шығарманы ұсынушы адам философқа, концептуальды кейіпкерге
немесе суретшіге айналды. Егде тартқан философия жас маман
дармен жарыса отырып, МЕРЦА концептінің тауарлық түрін си
паттау үшін коммуникацияның универсалиясына қалай жетсін!
Ақпараттық жүйелерді жасаумен және қызмет көрсетумен айна
лысатын компанияның “Концепт” сөзімен аталатынын есту, әрине,
жанға батады. Бірақ философия арсыз және ессіз қарсыластармен
жиі кездескен сайын, оларды өз ішінде кездестірген сайын өз мін
детін атқару үшін тауардан гөрі, аэролиттерге көбірек ұқсайтын
концепттерді жасау үшін өзін сергек сезіне бастайды. Жылағысы
келген сәтте тоқтаусыз күлкі оған да мұрша бермейді. Сонымен,
философияның мәселесі – концепт пен шығармашылық өзара
сәйкесетін жалғыз ғана нүктені табу болады.
Осыған дейін философтардың философиялық нақтылық ретін
дегі концепттің табиғатымен айналысуы жеткіліксіз еді. Олар оны
алдын-ала берілген білім ретінде немесе оның қалыптасуын (абс
тракция немесе жалпылау) немесе оның қолданылуын (пайым)
мүмкін ететін қабілеттен шығарылатын түсінік ретінде қарастыруды
жөн көрген. Бірақ концепт алдын-ала берілмейді, ол жасалады,
жасалуы тиіс те; ол қалыптастырылмайды, өздігінен өзін іштей
негіздеп тұрады (өзін-өзі негіздеу). Әрбір нәрсе басқа нәрседен
шығады, өйткені барлық шынайы жаратылған нәрсенің бәрі, тірі
жәндіктен бастап өнер туындысына дейін, осыған байланысты
өзін-өзі негіздеуге қабілетті, өзін танытатын аутопойетикалық
сипатқа ие болады. Концепт неғұрлым жасала берсе, соғұрлым
өзін-өзі негіздей түседі. Еркін шығармашылық ерікке тәуелді бол
са да ол өзін-өзі тәуелсіз және қажетті түрде негіздей береді; ең
субъективті деген нәрсе, ең объективті нәрсе болып шығады. Бұл
мәнде филсоофиялық нақтылық ретіндегі концептке ең көп көңіл
бөлгендер кейінгі кантшылдар, әсіресе, Шеллинг пен Гегель. Ге
гель концептке шығармашылық Фигуралары мен оның өзін-өзі
негіздеу Мезеттері арқылы қуатты анықтама береді: фигуралар
концептке тән нәрсеге айналады, өйткені олар оның сана арқылы
және сананың ішінде, ақыл сабақтастығы арқылы жасалатын ас
пектісін құрайды, ал мезеттер болса – концепт өзін-өзі негіздей
тін және әртүрлі ақылдарды Өздіктің абсолютында біріктіретін
басқа аспектіні жасайды. Осы арқылы Гегель концепттің жалпы
немесе абстрактылы идеямен, сондай-ақ философияның өзінен
тәуелсіз жасалмайтын Даналықпен ешқандай ортақтығы жоқ
екенін көрсетіп берген. Бірақ бұл, ғылымдар мен өнерлердің де
рбес дамуына орын қалдырмайтын философияның ешнәрсемен
шектелмейтін кеңеюі негізінде жүзеге асады, өйткені ол өзінің
мезеттерінің көмегімен универсалияларды қайта жасайтын және
өзінің дербес шығармашылығының кейіпкерлерін әншейін елес
фигуранттар ретінде ғана қарастыратын. Кейінгі кантшылдар
концепттің әмбебап энциклопедиясының шеңберінен шықпай,
концепттің жасалуын таза субъективтілікпен байланыстырды, ал
олар бұдан әлде қайда қарапайым іспен – шығармашылық шарт
тарын мезеттердің жалғыз болып қалатын факторлары ретінде
талдайтын концепт педагогикасымен айналысуы қажет еді8. Егер
энциклопедия, педагогика және кәсіби-коммерциялық дайындық
концепттің дамуының үш кезеңі болатын болса, онда бұлардың
үшіншісі ғана бізді біріншінің биігінен үшіншінің құзына - ойдың
абсолютты құзына құлаудан құтқарып қалады (мұндай құздың
әлемдік капитализм тұрғысынан әлеуметтік артықшылықтарының
болуына қарамастан).
І. Философия
Концепт дегеніміз не?
Қарапайым концепт жоқ. Концепттерде әрқашан оларды
анықтап тұратын құрастырушы бөліктер болады. Демек, онда
шифр да бар. Концепт дегеніміз – көптік десек те, кез кел
ген көптік концептуальды емес. Бір ғана құрастырушы бөліктен тұратын концепт де болмайды: философияның “бастауында” жата тын әуелгі концепттің өзінде бірнеше құрамдас бөлік бар, өйткені философияның міндетті түрде бастауы болуы анық жағдай емес, ал егер философия оны енгізген болса, онда ол оған қайсыбір пікір ді немесе негіздемені де қосуы қажет болады. Декарттың, Гегельдің, Фейербахтың бір концепттен бастамайтыны былай тұрсын, олардың бастауда жататын концепттері де әртүрлі болып келеді. Кез келген кон цепт кем дегенде қосарлы, үштік және т.б. болады. Барлық бөліктерді иеленетін концепт те болмайды, өйткені онда ретсіздік пайда болар еді; тіпті, концепттердің соңғы кезеңі болып табылатын универса лиялар деп аталатындар да өздері шығарылатын қандай бір әлемді шектеп, ретсіздіктен ерекшеленуі тиіс болады (аңдау, рефлексия, ком муникация...). Әр концепттің сұлбасы бұрыс болады және оны өзінің құрамды бөліктерінің шифрі анықтап тұрады. Сондықтан да әртүрлі авторларда, Платоннан Бергсонға дейін, концепттің мәні жіктеуде, бөлуде және қиюда деген ойды кездестіруге болады. Ол – тұтас нәрсе, өйткені құрамына енетін барлық бөліктерді қамтып тұрады, бірақ бұл фрагментарлы тұтастық болып табылады. Тек осы жағдайда ғана ол өзін аңдып, соңынан қалмай қайта жұтуга дайын психикалық өмірдің ретсіздігінен ерекшелене алады. Концепт қандай жағдайда әуелгі болатыны – абсолютты мәнде емес, басқаға қатысты? Мысалы, “мен”-ге қатысты Басқа міндетті түрде екіншілік бола ма? Егер міндетті түрде солай болса, онда бұл – маған қатысты ерекше басқаның, объект ретінде көрінетін субъектін концептісі болады; оны құрастырушы екі бөлік осындай. Расында оны қандай да бір ерекше нысанмен салыстырсақ болды, Басқа маған көрінетін жай ғана өзге бір объект болып шыға келеді; ал, егер оны басқа бір объектімен салыстырсақ онда мен өзім соған көрінетін Басқа боламын. Әрбір концепт қандай да бір проблемаға негізделген, он дай проблемасыз оның мәні де болмас еді және ондай проблема ларды шешу барысында ғана олар түсінікті не айқын бола бастай ды; аталған жағдайда бұл субъектілердің көптік мәселесі, олардың өзара қатынасы мен өзара көрініс табу мәселесі. Бірақ, әрине, біз бұл жерде басқа мәселені қарастырар болсақ, бәрі де өзгеріп шыға келеді: маған ерекше объект ретінде көрінгенде басқа субъект “ор нын басқанда” және өз кезегінде мен ерекше субъект ретінде оған көрінгенде сол орынды басқанда – Басқаның позициясының мәні неде? Осы тұрғыдан келсек, Басқа – ешкім емес, субъект те, объ ект да емес. Егер Басқа бар болатын болса, онда бірнеше субъекті
де бар болғаны, ал керісінше болса, ол – қате. Бұл жағдайда Басқа қандай да бір априорлы концептті қажет етеді, одан ерекше объект, басқа субъект және “мен” шығуы тиіс болады – алайда, бұл керісін ше болмайды. Концепттердің болмысы мен олар жауап қайтаруы қажет мәселелер сияқты ойлаудың тәртібі де өзгереді. Ғылым мен философия мəселелерінің өзгешелігі туралы мәселені қоя тұрайық. Бірақ философияның өзінде де концепттер бізге нашар көрінгендей немесе нашар қойылғандай болып ұғынылатын (концепттің педаго гикасы) мәселелерге тәуелді түрде жасалады. Жалпақ тілмен айтқанда, біз қайсыбір “мен”-ге емес, қарапайым “болу”-ға қатысты нақтылы әлем ретінде алынатын тәжірибенің қайсыбір өрісін қарастырып отырмыз. Белгілі бір мезетте жайбарақат жатқан әлем бар болады. Кенет осы өрістің шеңберінен тыс жаққа қарап тұрған, үрей билеген тұлға пайда болады. Бұл жердегі Басқа – субъект не объект ретінде көрінбейді, ол, мүлдем басқаша – мүмкін әлем ретінде, қандай да бір қорқынышты мүмкін әлем ретінде көрініс табады. Мұндай мүмкін әлем нақты емес не месе әзірше нақты емес, бірақ ол бар, бұл – біреудің тұлғасында немесе сондай тұлғаға барабар нәрседе, өзінің көрінісінде ғана бар болатын көрінетін нәрсе. Басқа біреу ең әуелі болуы мүмкін әлемнің осындай болмы сы болып табылады. Сонымен қатар, мұндай мүмкін әлем нақ осындай мүмкін әлем сипатындағы өзіндік нақтылықты иеленеді: мүмкін нәрсеге нақтылықты үстеу үшін белгілеуші адамға сөйлеп кетіп, “мен қорқамын” деп айтқаны жетіп жатады (тіпті, оның сөзі жалған болса да). Тілдік индекс ретіндегі “мен” деген сөздің басқа мағынасы да жоқ. Дегенмен де оны қолданбаса да болады: Қытай – болуы мүмкін әлем, бірақ тәжірибенің аталған өрісінде біреу қытайша сөйлеп кетсе немесе Қытай туралы әңгімені айтса, ол нақтылыққа ие болады. Бұл Қытайдың тәжірибе өрісіне айна лып, нақтылыққа ие болуымен бірдей нәрсе емес. Сонымен, біздің алдымызда жалғыз ғана шартты – қандай да бір сезімдік әлемнің анықтығын ұйғаратын Басқаның концепті тұр. Осы шартқа байла нысты Басқа қандай да бір мүмкін нәрсенің көрінісі ретінде пайда болады. Басқа дегеніміз – болуы мүмкін әлем және ол өзін жеткізіп тұрған тұлғада, өзіне нақтылық үстеп тұратын сөйлемде жүзеге асатын түрде өмір сүреді. Осы мәнде ол – жіктеуге келмейтін үш бөліктен – болуы мүмкін әлемнен, нақты бар болатын тұлғадан және нақты тілден, яғни сөйлеуден құралатын концепт.
Әрине, әрбір концепттің тарихы болады. Басқаның аталған концепті Лейбницке, оның мүмкін әлемдер және әлемнің көрінісі ретіндегі монада іліміне сілтеп тұрады; алайда, бұл жердегі мәселе басқада, өйткені Лейбництің мүмкін әлемдері нақтылы әлемде жоқ. Сондай-ақ, ол пропозициялардың модальды логи касына негізделеді, бірақ олар мүмкін әлемдердің нақтылығын олардың ақиқаттылық шарттарына сай анықтамайды (үрей мен ауырсыну туралы сөйлемдерді зерттеген кезде Витгенштейннің өзі оларда Басқаның позициясы арқылы берілетін модальдылықты байқамайды, өйткені оның зерттеуінде Басқаның дәрежесі басқа субъекті мен ерекше объектның арасында тербеліп тұрады). Мүмкін болатын әлемдердің ұзақ тарихы бар9. Қысқаша айтсақ, барлық концепттердің ирек түрде болса да және қажет болған жағдайда басқа мәселелермен, түрлі тұрғылармен қиылысып тұрса да – та рихы бар деуге болады. Әдетте концепте басқа мәселелерге жауап беретін және басқа жоспарларды болжайтын басқа концепттерден қалған құрамдас бөліктер немесе шағын кесектер кездеседі. Бұл болмай қоймайтын нәрсе. Өйткені әрбір концепт жаңа жіктелісті жүзеге асырады, жаңа сұлбаны иеленеді, жаңадан белсенділікке ие болуы немесе жаңадан пішілуі тиіс. Бірақ, басқа қырынан келсек, концептте оның басқа кон цепттермен қарым-қатынасына байланысты және онымен бір ге бір тұрғыда қарастырылатын қалыптасу болады. Бұл жерде концепттер өзара сәйкестіріледі, бірімен-бірі өзара қиылысады, өзара өздерінің сұлбаларын реттеп тұрады, соларға сай келетін мәселелерден композиция құрайды, олардың тарихтары әртүрлі болғанымен, бір философияның иелігінде болады. Шынымен де, құрамында бөліктер саны белгілі кез келген концепт – басқаша құрастырылған, бірақ бір тұрғының әртүрлі аймақтарын жасап тұратын өзара үйлесімді мәселелерге жауап беретін, бірлесе отырып шығармашылыққа қатысатын басқа кон цепттерге жіктеледі. Концептке сол үшін бұрынғы концепттерді өзгертетін немесе алмастыратын қарапайым мәселе қажет емес, оған мәселелердің тұтас қиылысы (түйіні) керек, сол жерде ол бірге тіршілік ететін басқа концепттермен қосылады. Перцептивті өрістегі мүмкін әлемнің көрінісі ретіндегі Басқаның концептіне қатысты жағдайда бізге Осы өрістің құрамындағы бөліктерді жаңадан қарастыруға тура келеді: ендігәрі перцептивті өрістің субъектісі де, объекты да болмайтын Басқа субъекті мен объектның ғана емес, сондай-ақ фи
гура мен оның айналысы, орталық пен шалғай жер, қозғалыс пен бағдар, өтпелі және субстанциялық нәрсе, ұзындық пен тереңдіктің өзара қайта реттелуінің шартына айналады. Басқа әрқашан қайсыбір өзге нәрсе ретінде қабылданады, бірақ өзінің концептінде ол кез келген басқаның және өзіміздің де қабылдануымыздың шар ты болады. Бұл – бір әлемнен екінші әлемге өтуі мүмкін болатын шарт. Басқаның арқасында әлем өтпелі болады және “мен” ендігі де өткен әлемді ғана белгілейді (“мен алаңсыз едім...”). Мысалы, кез келген ұзындықтың кеңістікте мүмкін деген тереңдікке айна луы үшін және керісінше, тереңдіктің ұзындыққа айналуы үшін Басқаның болуы жетіп жатыр, егер перцептивті өрісте мұндай кон цепт қызмет етпесе, онда кез келген өтулер мен терістеулер мүмкін де болмас еді, ал біз әрдайым заттарға тірелуші едік, өйткені мүмкін болатын ешнәрсе қалмаған болар еді. Немесе филосо фия шеңберінде қалып, оларға тірелмеу үшін бізге қандай да бір басқа себепті іздеу қажет болар еді... Сонымен, анықталуы мүмкін қайсыбір тұрғыны ұстанып, көпірден өткендей бір концепттен екінші концептіге қарай өтуге болады екен: белгілі бір бөліктерден тұратын Басқаның концептін жасау перцептивті кеңістіктің жаңа концептісінің жасалуына себеп болады және оған басқа бөліктерді анықтауға тура келеді (заттарға тіреле бермеу немесе тым жиі тірелмеу – сондай бөліктің бірі болып табылады). Біз едәуір күрделі мысалдан бастадық. Бірақ, егер қарапайым концепттер болмаса, басқаша қалай болуы мүмкін? Оқырман өзінің талғамына сай кез келген мысалға жүгіне алады. Түбінде, ол, біздің ойымызша, концепттің болмысы туралы немесе концепттің концепті туралы дәл осындай қорытынды жасайды. Біріншіден, әрбір концепт басқа концепттерге негізделеді – өзінің тарихында ғана емес, өзінің қалыптасуы мен өзінің қазіргі байланыстарында да. Әрбір концептте, өз кезегінде концепт ретінде алынуы ықтимал құраушылары болады (айталық, басқаның бір бөлігі адамның бетжүзі болады, бірақ Бет-жүздің өзі өзіндік құраушылары бар кон цепт ретінде қарастырылуы тиіс болады). Сонымен, концепттер сансыз молая береді және жасалған кезде олар бірнәрсеге негізделеді. Екіншіден, концептті құраушыларға оның ішінде біртұтас нәрсеге айналуы тән болады; олар әртүрлі, олардың тегі бөлек, сонымен қатар, олар бірімен-бірі ажырамай ды – міне, концептті құраушылардың мәртебесі осындай болады және бұл мәртебе концепттің консистенциясын, оның эндоконсис тенциясын анықтап тұрады. Өйткені, әрбір басқалардан ерекше
ленетін құраушыны басқа бір құраушы жартылай жауып, онымен
көршілес жатқан аймақта орналасып, жіктеуге келмейтін шекті
бөліседі, мысалы, Басқаның концептінде олардың көрінісі және
көрінетін нәрсе ретіндегі айырмашылығы болса да, мүмкін әлем
оның көрінісі болатын бет-жүзден тыс өмір сүрмейді; ал, бет-жүз,
өз кезегінде, сөздерді жеткізетін құрал ретінде олармен қатар ор
наласады. Концептті құраушылар өзінің ерекшелігін сақтайды,
бірақ олардың арасында бірнәрсе өтіп тұрады, арасында қандай
да бір шешілмейтің нәрсе болады; аб деген аймақ болады және ол
бір мезетте а-ға да, б-ға да бірдей тиесілі болады, бұл аймақта а
мен б “ажыратуға” келмейді. Мұндай аймақтар, межелер немесе
қалыптасулар, сондай-ақ бұлайша ажырамау концепттің ішкі кон
систенциясын сипаттай алады. Дегенмен де, басқа концепттердің
әрқайсысын жасаған кезде бір тұрғының шеңберінде олардың
арасында көпір салу қажет болады, сол кезде ол солармен бірігіп,
экзоконсистенцияны иеленеді. Мұндай аймақтар мен көпірлер
концепттің буындары ретінде пайдаға асып жатады.
Үшіншіден, демек әрбір концепт өзінің құраушыларының
сәйкесу, қоюлану және көбею нүктесі ретінде қарастырылуы
тиіс болады. Концептуальды нүкте үнемі өзінің құраушылары
арасында жоғары-төмен бағытымен жүгіріп, қозғалыста болады.
Бұл мәнде әрбір құраушы интенсивті белгі, интенсивті ордината
болып табылады және оны жалпы не жеке ретінде емес, таза же
келік ретінде қабылдаған дұрыс – “сондай” мүмкін әлем, “сондай”
тұлға, “сондай” сөздер, – жекеліктің жеке не жалпы болуы айны
мал шамамен немесе тұрақты функциямен байланысына қарай
анықталады. Бірақ, ғылымдағыдай, концептіде тұрақты шама да
(константа), айнымал шама да болмайды, сондықтан қайсыбір
тұрақты тек үшін айнылмалы түрлерді де және айнымалы инди
видтер үшін тұрақты түрді де ажыратып алу мүмкін болмайды.
Концепт ішіндегі қатынастар қосылу не кеңею сипатында емес,
тек қана реттелу сипатында болады және концептті құраушылар
тұрақты да, айнымал да болмайды, олар жай ғана құбылған нұсқа,
көршілес жатқандықтан реттелген нәрсе болады. Олар процесуал
ды, модулярлы. Қандай да бір құстың концепті – оның тегі не түрі
емес, оның орналасуы, түр-түсі мен ән шырқау композициясы; бұл
ажыратуға келмейтін нәрсе және синестезиядан гөрі синейдезия
болып табылады.
Концепт дегеніміз – гетерогенезис, яғни құраушыларды
көршілес аймақтар бойынша реттеу. Ол – ординалды, ол – өзінің
барлық қырларында бар болатын интенсионал. Дистантты емес тәртіппен өз құраушыларын жағалаған кезде концепт оларға қатысты қалықтаған күйде болады. Ол тікелей, ешқандай аралық сақтамай өзінің құраушыларының немесе нұсқаларының бәріне де қатысады, олардан қайта-қайта өтеді; бұл ритурнель, өзінің шиф ры бар музыкалық шығарма. Дене арқылы көрініс тапса да немесе жүзеге асырылса да концепттің денесі болмайды. Бірақ ол, приниципті түрде өзі жүзеге асатын заттардың жағдайымен сәйкеспейді. Ол кеңістікуақыт координаталардан ада болады, оның тек интенсивті орди наталары ғана бар. Онда энергия жоқ, тек қарқындылық болады, ол анергетикалық (энергия – қарқындылық емес, оны жайылтып, экстенсивті жағдайда жоюдың тәсілі ғана). Концепт – мән не зат емес, оқиға. Ол қандай да бір таза Оқиға, қайсыбір нәрсе, қайсыбір тұтастық – мысалы, Басқаның оқиғасы немесе тұлғаның оқиғасы (егер тұлға концепт ретінде алынған болса). Немесе оқиға ретіндегі құс. Концепт қайсыбір нүктенің абсолютты қалықтау жағдайдына шексіз жылдамдықпен жүгіріп өтетін әртүрлі құраушылардың түпкілікті санының жіктелмеуі ретінде анықталады. Концепт тер – “абсолютты жазықтар немесе көлемдер”, өзара ерекшеле нетін нұсқалардың жіктелмеуінен басқа объекты жоқ формалар10. “Қалықтау” дегеніміз – концепттің жағдайы немесе оған тән шек сіздік, алайда шексіз шамалар құраушылардың шифрына, олардың арасындағы шектер мен көпірлерге байланысты үлкен не кіші болуы мүмкін. Бұл мәнде концепт ойлау әрекеті болып табылады және ой бұл тұста шексіз (үлкен не кіші) жылдамдықпен әрекет етеді. Осыған сәйкес концепт бірмезетте абсолютты және салыстыр малы – өзін құраушыларға, басқа концепттерге, ерекшеленетін тұрғыға, шешуі тиіс мәселелерге байланысты салыстырмалы бо лады, бірақ өзі жүзеге асыратын конденсацияға, тұрғыда алатын орнына, мәселеге ұйғаратын шарттарына байланысты ол абсолют ты болады. Ол тұтас нәрсе ретінде абсолютты, бірақ бөліктерден құралғандықтан салыстырмалы. Ол өзінің қалықтауында, яғни өзінің жылдамдығына шексіз, бірақ өзінің құраушыларының сұлбасын сипаттайтын қимылында шекті болады. Философ өзінің концепттерін үнемі қайта құраумен болады, тіпті оларды алмасты рып отырады; кейде концепттің қайсыбір бөлігі ұлғая түссе, ол (фи лософ) жаңа конденсацияны жүзеге асырады, жаңа құраушыларды қосып, ескілерін алып тастайды.
Кейде философ ауруға шалдыққандай, нағыз амнезияның
үлгісін көрсетеді: Ясперстің айтуынша, Ницше “өзінің идеяла
рын жөндеумен айналысатын, жаңаларын жасайтын, бірақ оны
ашық мойындамайтын еді; қозып кеткенде ол бұрын жасаған
қорытындыларын ұмытып кететін”. Немесе Лейбницта: “Кеме
ықтырмасына кіріп бара жатырмын деп ойлаған едім, бірақ... кері
қарай ашық теңізге шығарып тастады”11. Алайда, бір нәрсе абсолют
ты болады, ол – жасалатын концепттің өзін-өзі және басқалармен
қатар өзін негіздеу тәсілі. Концепттің салыстармалылығы мен
абсолюттылығы – оның педагогикасы мен онтологиясы, оның жа
салуы мен өзін-өзі негіздеуі, оның идеалды және реалды болуы
сияқты нәрсе. Ол өзектіліксіз нақты, дерексіз идеалды болады...
Концепт өзінің консистенциясымен – эндоконсистенциясы мен
экзоконсистенциясымен – сипатталады, бірақ онда референция
болмайды; ол жасалатындықтан автореферентті, ол бірмезетте
өзін де, өзінің объектын да негіздеп тұрады. Оны құрастырғанда
салыстырмалы және абсолютты нәрселер бірігеді.
Сонымен, концепт дискурсивті болмай шықты, сондай-ақ фи
лософия дискурсивті нәрсе болмайды, өйткені, пропозициялар
қатарын түзбейді. Пропозицияны концептпен шатастырған кезде
ғана ғылыми концепттердің болатынына сенуге және пропозици
яны шынайы “интенсионал” (айтылым жеткізіп тұратын нәрсе)
ретінде қарастыруға болады; бұл жерде философиялық концепт,
көбінесе мағынасынан айырылған пропозиция ретінде көрініс та
бады. Мұндай шатасу логикада үстемдік құрған және ол логикада
философия туралы ретсіз түсініктің орнығуына себеп болады.
Концепттер “философиялық” грамматикамен өлшенеді, ал
ондай грамматика концепттерді олар қызмет ететін фразалардан
алынған пропозициялармен алмастырады; бізді, концепт үшінші
шығарылып тасталған пропозицияға өтіп кеткенін байқамай,
әрқашан екі пропозицияны таңдау үшін тұйыққа тіреп қояды. Кон
цепт – ешқашан пропозиция болмайды, ол пропозициялық емес,
ал пропозиция ешқашан интенсионал болмайды. Пропозициялар
өзінің референциясымен анықталады, ал референция Оқиғаға емес,
заттардың немесе денелердің жағдайына байланысты қатынасқа,
сондай-ақ осындай қатынастың алғышарттарына әсер етеді.
Мұндай
алғышарттар
интенционалды
жасамайды,
олар
толығымен экстенсионалды болады: олардан – абцисса бойы
мен кеңістік-мезгілдік немесе энергетикалық координаталарға
орналастыруға байланысты (линеарлау) бірқатар әрекеттер және
осылайша ерекшеленген көптіктер арасындағы сәйкесулерді
анықтауға байланысты әрекеттер туындайды. Нақ осындай
қатарлар мен сәйкесулер экстенсивті жүйелердің дискурстығын
анықтап тұрады; пропозициялардағы айнымалдардың тәуелсіздігі
концепттегі нұсқалардың жіктелмеуіне қарсы тұрады.
Консистенцияны немесе интенсивті координатадан тыс ор
динатаны иеленетін концепттер дискурстық емес қатынасқа ер
кін түсе алады – өйткені олардың бірінің құраушылары әртүрлі
құраушылары бар концептке айналады немесе концепттер арасын
да ешбір деңгейде ешқандай иерархиялық айырмашылық болмай
ды. Концепттер – әрқайсысы өз ішіндегі және біріне-бірі қатысты
тербелістің (дірілдің) орталықтары болып табылады. Сондықтан да
болар олардың ішіндегі барлық нәрсе өзара ерудің орнына немесе
өзара сәйкесудің орнына өзара байланысты болады. Концепттерге
тізбекті болудың қажеті жоқ. Бөліктерден құралған тұтастық ретін
де концепттер мозаиканың бөлшектері де емес, өйткені олардың
бұрыс сұлбалары өзара сәйкеспейді. Бірлескенде олар қабырғаны
құрайды, бірақ мұндай қабырға құрғақ тәсілмен қаланған, тастар
бір жерде жатса да әрбір тас өзінше орналасады. Концепттер
арасындағы көпірлер де – ешқандай дискурстық кешендерді си
паттамайтын қиылыстар немесе жаңама жолдар болып табылады.
Бұлар - жылжымалы көпірлер. Бұл мәнде философия үнемі ауытқу
немесе дигрессиялық жағдайында болады десек қателеспейміз.
Бұдан философияда бөліктерден құралатын концепттер туралы
айту мен ғылымда жеке пропозициялар туралы айту арасындағы
маңызды өзгешеліктер туындайды. Бірінші аспектіде кез келген
айтылым жорамалды (de posіtіon) болады; бірақ ол пропозициядан
(proposіtіon) тыс қалады, өйткені оның объекты заттардың қайсыбір
жағдайы ретіндегі референт болады, ал оның алғышарттары
– ақиқи мағыналарды жасайтын референциялар болып табылады
(тіпті, егер мұндай алғышарттардың өзі объектіге қарағанда ішкі
болса да). Сонымен қатар, жорамалды айтылым өзі қайта-қайта
өтетін құраушыларының жіктелмеуінен басқа объектісі жоқ кон
цептке қатаң түрде имманенті болады; оның консистенциясының
мәні осында.
Егер басқа жағы туралы, яғни шығармашылық немесе
жеке қолтаңбаға ие айтылымдар туралы әңгімелейтін болсақ,
онда ғылыми пропозициялар мен олардың Тілшіеляттары
философиялық концепттермен салыстырғанда “қолтаңбалық”
және шығармашылық сипатта болатынында ешқандай күмән
жоқ; сондықтан да біз, Пифагор теоремасы туралы, декарттық
қоординаталар туралы, Гамильтон саны туралы – платондық Идея
немесе картезиандық cogіto және т.б. сияқты айтамыз. Дегенмен
де, айтылымға қатысты жалқы есімдер тарихи не тарихи шынайы
болса да, олар басқа қалыптасулар үшін бетперде ғана, құпиялы
жекелік мәндер үшін бүркеме есімдер ғана болып табылады.
Пропозициялар жағдайында мұндайларға референцияның
қайсыбір осіне қатысты ғылыми түрде анықталатын сыртқы
жеке бақылаулар жатады, ал концепттерге қатысты, бұл –
консистенцияның қандай да бір тұрғысында қалқып жүретін ішкі
концептуальды кейіпкерлер. Философияларда, ғылымдарда және
өнерлерде жалқы есімдер әртүрлі қолданылады деп айту аздық
етеді: дәл осыны предлогтар, шылаулар, “бірақ”, “сонымен”
тәрізді сөздер сияқты синтаксистік элементтерге қатысты айтуға
болады... Философия фразалармен сөйлейді, алайда фразалардан
әрқашан пропозициялар шыға бермейді. Әзірше біздің қолымызда
біршама жалпы болжам ғана бар: фразалардан немесе оған бара
бар нәрседен философия концепттерді алады (жалпы немесе де
рексіз идеяларға сәйкес келмейтін), ғылым болса – проспекттерді
(пайымдарға сәйкес келмейтін пропозицияларды) алады, ал өнер
– перцепттер мен аффектерді (қабылдауға немесе сезімге сай кел
мейтін) алады. Үш жағдайдын әрқайсында тілдің ұшырайтын сын
дары мен қолданыстарын өзара салыстыруға келмейді, бірақ олар
осы пәндердің арасындағы өзгешілікті ғана анықтамай, олардың
қиылысуларын да үнемі жасап тұрады.
...Геофилософия
Субъекті мен объектінің түсініктері ойдың мәніне тікелей
жақындауға мүмкіндік бермейді. Ой дегеніміз – тұлға мен объект
ның арасында тартылған жіп те емес және біріншінің екіншіні ай
налуы да емес. Ой – аумақ (территория) пен жердің арақатынасы
арқылы жүзеге асады. Кант, біреулер ойлайтындай, объект мен тұлға
категорияларының тұтқынында болған емес, өйткені оның копер
никшіл революция туралы идеясында ой тікелей жермен сәйкестік
табады; Гуссерль ойдың топырағы болуы қажет деген талапты
қояды, ол (топырақ) жер сияқты қозғалмайтындай және алғашқы
ішкі түйсік сияқты жатып қалмайтындай болуы тиіс. Сонымен
қатар, біз көргендей, жер бір орында аумақсыздандыру қозғалысын
үнемі жүзеге асырып, сол арқылы кез келген аумақтың шеңберін
бұзып отырады: ол – аумақсыздандырушы да, аумақсызданатын да
нәрсе. Ол – аумағынан жаппай ауатындардың қозғалысына, - теңіз табанында тізбектей, бауырлап жүретін лангустарға, қажылыққа бара жатқандарға және шексіздікке созылған аспан сызығы бойы мен жортып бара жатқан кезбе рыцарларға ұқсайды. Жер – басқа болмыстардай болмыс емес, ол барлық болмысты өз құшағына алады, есесіне олардың бәрін де аумақты аумақсыздандыру үшін қолданады. Аумақсыздандыру қозғалысын сыртқа қарай ашыла тын аумақтардан бөліп қарауға болмайды, ал қайта аумақтандыру процестерін аумақтарды қалпына келтіретін жерден бөлу мүмкін емес. Міне, екі құраушының – аумақ пен жердің жайы осындай, ал олардың арасында өзара ажыратуға келмейтін екі аймақ – аумақсыздандыру (аумақтан жерге қарай) және қайта аумақтандыру (жерден аумаққа қарай) болады. Бұлардың қайсысы әуелгі болаты нын кесіп айту мүмкін емес. Греция қай мәнде философтың аумағы немесе философияның жері болады деген сұрақ сияқты. Мемлекеттерді және Қала-полистерді, көбінесе аумақтық құрылым ретінде анықтап, ру-тайпалық ұстанымды аумақтық ұстанымға ал мастырып келген. Бірақ бұл дәл емес: тайпалық топтар аумақты ауыс тыра алады, бірақ шынайы анықтыққа олар – қайсыбір аумаққпен немесе мекендейтін жермен сәйкес келіп, “жергілікті руды” құраған кезде ғана қол жеткізеді. Сонымен қатар, Мемлекет және Полис аумақсыздандыруды жүзеге асырады, өйткені біріншісінде ең жоғары арифметикалық Бірілікке сәйкес ауылдық аумақтар жинақталып, теңестіріледі, ал екіншісінде - аумақ сауда жолдары бойымен шек сіз ұзара беретін геометриялық ұзақтыққа бейімделеді. Мемлекеттің империялық spatіum-ы немесе полистің саяси extensіo-сы – бұлар аумақтық ұстаным емес, мемлекет оқшау топтардың аумағын иелен ген кезде немесе қала өзінің ауылдық аймағынан қол үзіп қалған кезде ерекше айқын көрінісі бар аумақсыздандыру болып табылады; бірін ші жағдайда – патшаның сарайы мен сарайдағы қор, ал екіншісінде – қаланың алаңы мен сауда желілері қайта аумақтандырудың орны болып табылады. Империялық мемлекеттерде қайта аумақтандыру трансцен дентті болады; ол жердің аспандық құраушысына ілесіп, жоғары қарай тігінен жүзеге асу үрдісіне ие болады. Аумақ шөлге ай налды, бірақ көктен аумақтың негізін қайта қалайтын, яғни жер ді қайта аумақтандыратын Жат жерлік түседі. Ал, полисте қайта аумақтандыру имманентті болады: онда аумақты қайта қалау үшін (афиналық Эрехтейон – Афина мен Посейдонның храмы) теңіз та банымен өтетін теңіздік құраушыға ілесіп, Байырғы тұрғын, яғни
жердің әлеуеті азаттық алады. Бірақ, іс жүзінде бәрі бұдан күрделі болады, өйткені шөлдің ортасында қалған байырғы тұрғындар империялық Жат жерліктің өзіне керек болады, ал Байырғы азамат жан-жаққа бытырап қашқан жат жерліктерді өзіне шақырады, - бірақ екі жағдайда да империяның политеизмі мен полистің поли теизмі, діннің әртүрлі формалары сияқты, бірдей психоәлеуметтік типке жатпайды12. Грекияның құрылымын фрактальды деуге болады, өйткені, оның әрбір нүктесі теңізге жақын орналасқан және теңіз жағалауы тым ұзаққа созылып жатыр. Эгей халықтары, антикалық Грекияның полистері және байырғы қала ретіндегі Афина қаласы – тарихтағы саудамен айналысқан алғашқы қалалар емес. Бірақ көне шығыс империяларға тым жақын, сонымен қатар тым алыс орналасқан алғашқы қалалар болғандықтан, бұлар империялардан үлгі ал май-ақ, оларды пайдалана білді; сол империяларға масыл болмай олар өздері жаңа құраушыда шомыла бастап, жаңа, имманент ті аумақсыздандыруды жүзеге асырды, иманенттіліктің орта сын қалыптастырды. Шығыстың жиегінде тәуелсіз қалалардың көптігі мен өзара ерекшелігі бар, бірақ өзара байланыста болатын қоғамдарды қамтитын белгілі бір “халықаралық нарық” пайда болады, сол қалалар мен қоғамдардағы қолөнер иелері мен са удагерлер империяда мүмкін болмайтын азаттық пен жүріп-тұру еркіндігін иеленді13. Адамдардың мұндай түрі грек әлемінің шека расынан ағылып келген еді, олар империямен қош айтысқан және Аполлонның отарына айналған қашқын жателдіктер болатын. Бұлардың арасында қолөнершілер мен саудагерлер ғана емес, фи лософтар та болатын: Файдың айтуынша, “философ” деген есімді Эфестік Гераклит ойлап тапқан сияқты және бұл есімнің “фи лософия” деген, Афинадан шыққан Платон ойлап тапқан сөзбен үйлесім табуы үшін – бір ғасырға жуық уақыт керек болған; “Азия, Италия, Африка – phіlosophos пен философияны жалғастырып тұрған одиссейлік саяхаттың кезеңдері осындай”14. Философтар – жат жұрттықтар, бірақ философия – гректік құбылыс. Бұл эмигранттар грек ортасында қандай нәрселерге жолықты? Ең кемі, олар философияның деректі алғышарттары болып табылатын үш нәрсеге: алдымен, имманентіліктің ортасы ретіндегі таза көпшілдікке, жоғарғы империялық билікке қарсы тұратын және ешқандай алдын-ала мүддесі жоқ, өйткені, керісінше, өзі бақталас мүдделерден шығатын “ассоциациялардың ішкі бол мысына”; екіншіден, достықтың мәнін құрайтын ассоциациядан,
сондай-ақ бақталастықтың мәні болып табылатын ассоциацияны
бұзудан алынатын ерекше рахатқа (өйткені эмигранттар құрған,
пифагорлық тәрізді, “достық қоғамдар” бұрыннан белгілі болған,
бірақ олар құпиялы қоғам болатын және олар әлі сыртқа Грекиядан
шықпаған еді); үшіншіден, олар империяда болуы мүмкін емес
пікірге, пікір алмасуға, әңгімеге деген ықыласқа жолыққан15.
Имманенттілік, достық, пікір – әр жерде гректердің осын
дай үш қырына жолығамыз. Олардан жұмсақтау қоғамның си
патын іздеудің қажеті жоқ, өйткені көпшілдікте – мейірімсіз
дік, достықта – бақталастық, пікірде – бітіспестік пен қанды
төңкерістер болу мүмкін. Грекияны парсы Империясының билігі
нен құтқарған Саламин грек кереметіне айналды, оның байырғы
халқы өзінің аумағын жоғалтып, теңізде жеңіске жетеді, теңізде
қайта аумақтандырылады. Делосстық лига – Грекияның фрактал
дануы сияқты нәрсе. Біршама қысқа мерзім ішінде демократиялық
полис, отарлау, теңіз және теңізді өзінің аумағының шекарасы
ретінде немесе өзінің жоспарларына кедергі ретінде ғана емес,
имманенттіліктің одан да ауқымды алабы ретінде бағалайтын жаңа
империализмнің арасында өте терең байланыс болған. Мұның бәрі,
әсіресе философияның Грециямен байланысты болуы дәлелдеуді
қажет ертпейтін нәрседей көрінеді, бірақ, сонымен қатар бұл тұста
көптеген жаңама әрі кездейсоқ факторлар да баршылық...
Аумақсыздандыру (физикалық, психологиялық немесе әлеу
меттік) әрқашан салыстырмалы болады, өйткені ол жердің – жерде
сұлбасы айқындалатын немесе жойылатын аумақтармен тарихи
қатынасымен, оның дәуірлермен және эволюцияның апаттары
мен геологиялық қатынасымен, оның ғарышпен және жұлдыздар
жүйесімен астрономиялық қатынасымен байланысты болады.
Бірақ, аумақсыздандыру – жер, Болмыс-ойдың, Табиғат-ойдың
таза имманенттілік тұрғысына шексіз диаграммалық қозғалыс
арқылы жүгіріп өткен кезінде абсолюттыға айналады. Ойлау де
геніміз – жерді жұтатын (бұл жерде “абсорбция” емес, “адсорб
ция” жүзеге асады) имманенция тұрғысын дамыту деген сөз.
Мұндай тұрғыдағы аумақсыздандыру қайта аумақтандыруды
жоққа шығармайды, бірақ оны жаңа, болашақтағы жерді жа
сау ретінде негіздейді. Бұл тұста абсолютты аумақсыздандыру
салыстырмалы аумақсыздандырулармен (тек ғарыштық қана
емес, сондай-ақ географиялық, тарихи, және психоәлеуметтік)
белгілі бір анқытауды қажет ететін қатынастарда пайымдалуы
мүмкін. Имманенция тұрғысында абсолютты аумақсыздандыру,
қайсыбір берілген өрістің шеңберінде, әрқашан салыстырмалы
аумақсыздандырудан кейін жүзеге асады.
Бұл жердегі көп нәрсе осындай салыстырмалы аумақсыздан
дырудың имманентті немесе трансцендентті болуына байланыс
ты. Егер ол трансцендентті, тіке-аспандық сипатта болса және
империялық бірлікпен жүзеге асырылатын болса, онда трансцен
дентті бастау Табиғат-ойдың әрқашан имманентті тұрғысына енуі
үшін енкеюі не бұрылуы қажет болады; көкпен жалғасын табатын
тіке сызық иманненцияның көлбеу тұрғысында шиыршықтанып
орналасады. Бұл жерде ойлану үшін трансценденті нәрсені им
маненция тұрғысына түсіру қажет болады. Трансцендентінің өзі
мүлде “бос” болуы мүмкін, ол өзара бағынышты түрде ұйымдасқан
бірқатар деңгейлерден өткенде толады, ал мұндай деңгейлердің
бәрі тұрғының қайсыбір аймағына, яғни оның шексіз қозғалысқа
сәйкес келетін қандай да бір аспектісіне түседі. Мұндай транс
ценденттік абсолютты нәрсенің саласына басып кіргенде неме
се империялық бірліктің орнын монотеизм басқан кезде жүзеге
асады: егер өзінің теофания кезеңдері жадқа енетін туынды
имманенциясының тұрғысына түспейтін болса, трансцендентті
Құдай бос қалар еді немесе “abscondіtus” болар еді. Екі жағдайда
да – империялық бірліктің немесе рухани патшалықтың – имма
ненция тұрғысына түсірілетін трансцендентілік оны жабады неме
се Фигуралармен толықтырады. Бұл қалай аталса да – даналық па,
әлде дін бе – маңызды емес, бірақ осы тұрғыдан ғана – қытайлық
гексаграммаларды, үндістік мандалдарды, еврейлік сефироттар
ды, исламдық “имагиналдарды”, христиандық иконаларды бір
қатарға қоюға болады. Гексаграммалар трансценденттіктің ауытқу
сәттерін белгілейтін спиральдің әртүрлі орамдарында бірінен-бірі
шығып жатқан тұтас және үзілісті сызықтардың сәйкесуі болып
табылады. Мандала – діншіл, ғарыштық, саяси, архитектуралық,
органикалық деңгейлері бір трансценденттіктің шамалары ретінде
сәйкестірілетін жазықтағы проекция болып табылады. Сондықтан
да фигура болмысы көп мағыналы және шеңберлік сипатта бола
тын референцияға ие болады. Әрине, оны тыйым салынған сыртқы
ұқсастық емес, оның өзін ойдың имманенциясы тұрғысынан
трансценденттікпен сәйкестендіріп тұратын ішкі шиеленіс си
паттайды. Басқаша айтсақ, фигураның мәні парадигматикалық,
жобалы, өзара бағынышты, референциалды болып келеді (өнер
мен ғылымда да қуатты фигуралар жасалады және оларды кез
келген діннен – тыйым салынған ұқсастыққа деген ұмтылыс емес,
біздің әлі көзіміз жететіндей, референциялар мен проекциялар
өзінің табиғатын өзгертетін ойдың жаңа тұрғыларына айналатын
қайсыбір деңгейдің эмансипациясы ерекшелеп тұрады).
Осыған дейін баяндауды күрделендірмеу үшін біз, грек
тер имманенцияның абсолютты тұрғысын ойлап тапты деген
едік. Бірақ гректердің өзгешелігі салыстырмалы мен абсолютты
нәрсенің арақатынасында айқын көрініс табады. Салыстырмалы
аумақсыздандыру өздігінен көлбеулі, имманентті болғанда ол, са
лыстырмалы аумақсыздандырудың (орта, дос, пікір) қозғалысын
өзгеріске ұшырататын, шексіздікке бағыттап, абсолютқа жеткі
зетін имманенция тұрғысының абсолютты аумақсыздандыруымен
сәйкеседі. Имманенттілік еселенген болып шығады. Дәл осы тұста
фигуралармен емес, концепттермен ойлау басталады. Нақ осындай
концепттер имманенция тұрғысында орын ала бастайды. Ендігіде
фигурадағы проекциялау емес, концептегі үйлесу жүзеге асады.
Сондықтан да концепт кез келген референцияны лақтырып тастап,
өзінің консистенциясын құрайтын сәйкесулер мен үйлесулерді
ғана сақтап тұрады.
Концептте бір-ақ ереже ғана болады – сыртқы немес ішкі
көршілестіктің ережесі. Оның ішкі көршілестігін немесе консис
тенциясын құраушылардың жіктелмеу аймақтарында байланысқа
түсуі қамтып тұрады; оның сыртқы көршілестігін немесе экзо
консистенциясын – әртүрлі концепттердің бірі құраушыға қаңық
болған жағдайда олардың арасында орнайтын көпірлер қамтиды.
Дәл осындай нәрсе концепттерді жасау деп аталады: ішкі ажы
рамас құраушылар өздері толық тұйықталғанша немесе қанық
болғанша дейін бірігеді, сондықтан олардың ешбірін кем не артық
деуге болмайды, басқаша болған жағдайда концепт өзгеріске
ұшырайды; концепттердің өздері өзара қосылады, сондықтан
басқа үйлесмідер де өзінің болмысын өзгертеді. Концепттің
көпмәнділігі көршілеріне ғана тәуелді болады (бір концептінің
бірнеше көршісі болуы мүмкін). Концепттер – деңгейі жоқ тұтас
массалар, бағыныстылық сақталмайтын ординаталар болып табы
лады. Сондықтан да, философия үшін – “мына концептіге қандай
нәрсені орналастыруға болады, ол қандай нәрсемен үйлесім таба
ды?” – деген сұрақтар маңызды болады.
...Қорытынды Хаостан миға қарай Бізге қажет нәрсе – хаостан қорғанатын аздаған тәртіп қана. Сірә, өзіне-өзі ұстатпайтын ойдан, қылаң бере бастап жан-жаққа шашыраған, әуелден-ақ жадсыздықтан зардап шеккен немесе лез де, ұстатпай өзге идеяға айналып кеткен идеядан басқа ауырсын дырып, қажытатын нәрсе жоқ та шығар. Бұл – жоғалуы мен пай да болуы бірдей шексіз ауыспалылықтар. Бұл – өзі жүгіріп өтетін түссіз әрі үнсіз, бейтабиғи әрі мәнсіз бейболымсыздықпен бірігіп кететін шексіз жылдамдықтар. Бұл – уақытқа айналу үшін біресе тым қысқа, біресе тым ұзақ болатын сәт. Бізді қамшының астына алады және әр соққы жарылған тамырдай естіледі. Біз әр кез ой ларымызды жоғалтудамыз. Сондықтан да біз тұрақты пікірге жар маса кетуді ұнатамыз. Тек біздің идеяларымыздың аздап тұрақты ережелерге сай келіп, өзара байланыста болуы қажет, ал идеялар ас социациясы бізге өзіміздің идеяларымызды біршама реттеуге, бір идеядан екінші идеяға өткенде біздің “қиялға” (сандырағымызға, есалаңдығымызға) көзді ашып-жұмғанша қанатты аттар мен от шашатын аждаһаларды дүниеге әкеліп, бүкіл ғаламды шарлатпай тын белгілі-бір кеңістік-мезгілдік тәртіпті орнатуға мүмкін бере тін сақтандырушы ережелерді бергенде (ұқсастық, сыбайластық, себетілік) әрқашан осыны білдіріп келген. Бірақ, заттарда немесе заттардың жағдайында реттілік болмаған болса, идеяларды реттеу де мүмкін болмас еді, егер объективті антихаос болмаған болса: “Егер киноварь (қызыл түсті бояу) кейде қызыл түсті, кейде қара түсті, кейде жеңіл, кейде ауыр болса... онда менің қиялым ауыр ки новарьді қызыл киноварьмен бірге ойша елестете де алмас еді”16. Сонымен, заттар мен ойдың кездесу сәтінде олардың сәйкес келуінің кепілі не дәлелі ретінде бір ғана сезім қайталанып тұру қажет – біз киноварьді қолға алғанда ауырлықты сезуіміз, киноварьға қарағанда қызылды сезуіміз; және бұл қазіргіні өткенмен міндетті түрде сәйкестіріп тұратын біздің денеміздің ағзаларында жүзеге асуы тиіс. Өзімізге пікір жасап алу үшін мұның бәрі қажет болады, бұл бізді хаостан қорғайтын “қолшатыр” сияқты нәрсе. Біздің пікірлер осындай нәрселерден жасалады. Бірақ өнер, ғылым, философия бұдан да көп нәрсені талап етеді – хаостың үстінде олар жоспарын құрады. Бұл үш пән құдайлар әулетінен немесе жалғыз ғана құдайдың эпифаниясынан көмек сұрап, өзінің қолшатырына барлық пікір туындайтын Urdoxa тәрізді көкті бей
нелейтін діннен ерекшеленіп тұрады. Философия, ғылым және
өнер бізден көкті жарып, хаосқа енуімізді талап етеді. Тек осыны
өтегенде ғана біз жеңіске жетеміз. “Мен үш рет Ахеронды жеңіспен
айналып өттім”17.
Философ, ғалым және суретші өліктер елінен оралғандай
болады. Философ хаостан шексіз күйін сақтап қалатын, бірақ
имманенцияның қиып түсетін жоспары сызылған абсолют
ты жазықтарда не көлемдерде жіктелмейтін күйге түсетін
түрлендірулерді алып шығады; бұл енді жеке идеялардың ассоци
ациясы болмайды, концепттегі әрбір ажыратылмайтын аймақтың
үстіндегі тізбектердің қайта қосылуы болып табылады. Ғалым
хаостан баяулаудың арқасында, яғни тербеліс әрекетін тудыра
тын кез келген ауыспалылықты шығарып тастаудың арқасында
тәуелсіздікке қол жеткізген айнымал шамаларды алып шығады,
сондықтан да ерекшеленген айнымалдар функция арқылы си
патталатын қатынастар жасайды; бұлар енді заттардың әртүрлі
бөліктері арасындағы байланыстар емес, нүктелік ықтималдықтан
ауқымды космологияға дейін созылып жатқан референцияның
қиып түсетін жоспарындағы түпкілікті координаталар болып
табылады. Суретші хаостан қайсыбір сезім мүшесі арқылы
сезімділіктерді қайталамайтын, бірақ өздері сезімділіктің мәнін,
бізге қайтадан шексіздікті сыйлай алатын органикалық емес ком
позиция тұрғысындағы сезім-мәнді жасайтын әртүрлілікті алып
шығады. Сезанн мен Клее іс жүзінде кескіндемеде, кескіндеменің
жүрегінде көрсеткен хаоспен күрес – ғылымда да, философия да
өзіндік көрініс табады; әр жағдайда хаосты қиып түсетін тұрғымен
тіліп түсіп, жеңіп шығу міндеті қойылады. Суретші апат арқылы,
өрт арқылы өткен кезде кенепте осындай өтудің ізін – хаостан
композицияға қарай ырғудың ізін қалдырады18.
Тіпті, математикалық теңдеулер де үстем ғылыми пікірдің
рұқсатына - өзіне-өзі деген салмақты сенімділікке ие болмайды;
олар да тұңғиықтан алынады, сондықтан математик олардың кей
бірін жүзеге асыра алмайтынын және ақиқатқа “барлық жерде
бірнәрсеге тіреліп” жететінін алдын-ала болжай отырып “тәуекелге
басын тігіп, есептеуге кіріседі”19.
Философиялық ой өз концепттерін достықтың аясына жинаған
кезде оған іштей сызат түскен болып шығады және сол сызат
оларды жек көрушілікке қайта әкеледі немесе қоса жүретін хао
ста ыдыратып жібереді, сондықтан оларды қайта іздеп, артынша
сүңгіп алып шығу қажет болады. Бұл аумен балық аулағандай
нәрсе, бірақ балықшының өзі үнемі тәуекелге барады, өйткені айлаққа кіре берген сәтте, толқындар оны ашық теңізге алып кету мүмкін. Пәннің үшеуі де әртүрлі жолмен дағдарыстар мен сіл кіністерден өтеді және осындай дағдарыстардың жүйелілігі ғана олардың әрқайсысына “даму” туралы айтуға мүмкіндік береді. Хаосқа қарсы күрес қарсыласқа жақын келмей өтпейді деуге бола ды, өйткені сол мезетте маңызы бұдан да зор басқа күрес – пікір ге қарсы күрес жүріп жатады; ал бұл күрес бізді хаостан қорғауға дәмелі еді. Лоуренстағы бір қызу-поэтикалық мәтін поэзияның немен айналысатынын сипаттайды: адамдар паналау үшін қолшатыр жасайды, оның астынғы жағына көктің суретін салады, өзінің шарттылықтары мен пікірлерін жазып қояды; ал ақын мен сурет ші қолшатырда тіліп, аздап еркін әрі желді хаосты кіргізу үшін және тіліктегі көріністі – Вордсворттың гүлін немесе Сезанн алма сын, Макбеттің немесе Ахавтың сұлбасын өткір сәулемен қоршау үшін көкті қақ айырады. Артынша еліктеушілердің тобыры келіп, қолшатырды көрініске біршама ұқсайтын суретпен жамауға кірі седі, сонымен қатар түсіндірушілер тобыры да жетеді – олар да тілікті өздерінің пікірлерімен бітей бастайды; коммуникация де геніміз осындай болады. Жаңа тіліктерді жасау үшін және қажетті қиратуларды жүзеге асыру үшін (бәлкім, бұлар бұрынғыдан да ірі болады) үнемі жаңа суретшілер керек болады, сол арқылы коммуникацияның қолы жет пейтін, ал адамдар көрмейтін жаңалықты өзінің алдындағыларға қайтарып беру қажет болады. Басқа сөзбен айтсақ, суретші хаос пен ғана емес (белгілі бір мәнде ол жан-тәнімен оны шақырады), “құймақалыппен” (клише), пікірмен күреседі20. Кескіндемеші таза кенепке сурет салмайды, ал жазушы ақ параққа жазбайды, олар өздерінің алдында болғандар мен алдынала берілген құймақалыптың әбден сурет салып тастаған, жазып тастаған парақ пен кенепті пайдаланады, сондықтан да матери алды алдымен қыруға, тазалауға, тіпті, көріністерді сыйлайтын хаостың таза ауасын келтіру үшін жыртуға да тура келеді. Фонтана ұстарамен боялған кенепті тілген сәиие ол түсті кеспейді, керісінше, бізге тілік арқылы тұтас түрлі-түсті массаны көрсетуге тырысады. Шын мәнінде, өнер хаоспен өзіне бір-ақ сәтке сәулесін түсіретін көріністі яғни, Түйсінуді алу үшін ғана күреседі. Тіпті, үйлердің өзі де... Сутинде үйлер тікелей сапырылыстан шығады, олар бірінбірі хаосқа түсірмей, мас адамша тербеліп, әр нәрсеге соқтығысып
тұрғандай әсер қалдырады; Монеде үй тілік тәрзді көрінеді, сол тіліктен хаос раушангүлдің көрінісіндей болып көрінеді. Тіпті, ең нәзік ал қызыл түс - терісі сыдырылған тән тәрізденіп, хаосқа алып барады21. Әрине, хаостан жасалған туынды, пікірден жасалған туындыдан артық емес, өнер хаостан да, пікірден де жасалмайды; бірақ өнер хаостың қаруын пікірге қарсы қолдану үшін, осындай сыналған қарумен пікірді таза жеңу үшін - хаоспен күрес жүргізеді. Расында да, кенепті әуелден әртүрлі болуы мүмкін құймақалыптар жауып тұрғандықтан ғана суретші ешқандай пікір мен ешбір құймақалыпқа көнбейтін (бірақ, бұл ұзаққа бара ма?) түйсінуді жасау үшін хаосқа қарсы шығып, қиратуға асығады. Өнер – хаос емес, көріністі неме се түйсінуді беретін хаостан жасалатын композиция, сондықтан да ол, Джойстың айтуынша, хаосмосты, құралатын тұтастық ретінде гі хаосты жасайды және оны болжауға да, алдын-ала беруге де бол майды. Өнер хаотикалық айнымалдарды хаоидтік түрге өзгертеді – айталық, Эль Греконың сұр-қара-жасыл арайы, Тернердің алтын түсі немесе Стальдің қызыл түсі сондайға жатады. Кейде өнер ең әсем адамның денесі арқылы, ең сиқырлы пейзаж арқылы хаостың әсерлігін арттыру үшін онымен күреседі (Ватто). Осыған ұқсас жыланша ирелеңдеген қозғалысты ғылым да жүзеге асыратын сияқты. Оған, сірә, ең жоғарғы деңгейде хаосқа қарсы күрес тән болады – ол баяу ауыспалылықты өзінің тұрақты шамаларына немесе шектеріне келтіріп, осылайша тепетеңдік орталықтарына сәйкестіргенде, оны координаталық осьтер жүйесінде тек тәуелсіз айнымалдардың шамалы санын ғана ере кшелейтін сұрыптаудан өткізеді, осындай айнымалдардың ара сында олардың келешектегі жағдайын қазіргі жағдайынан есептеп шығаруға болатындай қатынастарды орнатады (детерменистік есептеу) немесе, керісінше, заттардың жағдайы таза статистикалық сипатты иеленетіндей, бірден айнымалдардың қажетті санын енгі зеді (болжалдық есептеу). Бұл мәнде хаоспен күрес жүргізу барысында жасалатын ерекше ғылыми пікір туралы айтуға болады, - бұл кейде бастапқы деректер, ал кейде статистикалық көрсеткіштер анықтайтын және көбінесе қарапайымнан күрделіге қарай, не қазіргіден келешекке қарай, не молекулярлыдан молярлыға қарай дамитын коммуникация. Бірақ ғылым да өзі қарсы күресетін хаостың бой бермейтін тартылысын бастан кешіреді. Оның баяулығы – бізді мұхиттық хаостан бөліп тұрған жіңішке жиек қана, ал ғылым болса, айнымалдардың пайда болып, жоғалуында сақталатын қатынастарды қағидатқа айналды
рып (дифференциалдық есептеу), соқпа толқынға жақындауға ты
рысады; қайсыбір ауыспалылықтың пайда болуы, олардың жойы
луымен сәйкес келетін хаостық жағдайдың және қатынас пайда
болатын немесе жойылатын айнымалдардың шегі ретінде көрініс
табатын жартылай хаостық жағдайдың арасындағы өзгешелік
қысқара түседі.
Мишель Серр Лейбниц туралы еңбегінде: “екі толық саналы
емес қабат бар сияқты: бұлардың ең терең дегені кездейсоқ көптік,
таза көптік немесе жалпы мүмкіндік, таңбалардың кездейсоқ
қоспасы ретінде құралады; ал аса терең емесін осы көптіктің
комбинаторлық сұлбалары жауып тұрады...” – деп жазады22. Ко
ординаталар немесе фазалық кеңістіктер легін тізбекті електер
жүйесі ретінде елестетуге болады, олардың әрбір алдынғысы са
лыстырмалы хаостық ретінде, ал әрбір соңғысы – салыстырмалы
хаоидты болып көрінеді, яғни қозғалыс қарапайымнан құрандыға
қарай емес, бірқатар хаотикалық шектер арқылы жүзеге асады.
Қоғамдық пікірде ғылым бірлік туралы, өзінің заңдарының біре
гейлігі туралы армандайтындай болып көрінеді; ол қазір де төрт
күштің ортақтығын іздейтіндей әсер қалдырады. Шын мәнінде
оның арманы басқа - тіпті, ішінде әртүрлі күштер қозғалып жатса
да хаостың бір кесегіне иелік ету. Ғылым өзі ұмтылған барлық ра
ционалды бірлікті хаостың титтей кесегіне берер еді.
Өнер хаостың бір бөлігін жиектеп, шеңберге салады, одан
хаосты – түйсінуге келетін құрамды тұтастықты жасайды, яғни
одан түр ретіндегі хаоидтік түйсінуді алып шығады; ғылым болса,
оны координаталар жүйесіне қамайды, хаосты референциялайды
және ол – ғылым алеоторлы функция мен хаоидты айнымалдарды
шығаратын Табиғатқа айналады. Айталық, қазіргі математикалық
физиканың ең маңызды аспектісі – “қызық” немесе хаостық
аттракторлардың әсерінен хаосқа қарай өту: екі көршілес траекто
рия белгілі бір координаталар жүйесінде ондай болмай шығады, эк
спонента бойынша алыстап кетеді, бұдан соң қайталанып тұратын
созылу және қысылу әрекеттерінен кейін қайтадан жақындасып,
хаосты жарып өтеді23. Егер тұрақты аттракторлар (жылжымай
тын нүктелер, шеңбер-шектер, торалар) шынымен-ақ ғылымның
хаосқа қарсы күресін белгілейтін болса, онда қызық аттрактор
лар оның хаосқа деген іштей елігуін, сондай-ақ қазіргі ғылымның
ішінде хаосмостың жасалуын (ол бұрында әртүрлі түрде көрініс
табатын еді, мысалы көз байланып, турбуленттілікпен айналысқан
кезде) әшкерелейді. Сонымен, біз өнер жағдайындағы сияқты
қорытындыға келдік: хаоспен күрес дегеніміз – пікірге қарсы
жүргізілетін одан тереңірек күресте қолданылатын құрал ғана,
өйткені адамның барлық қасіреттері пікірден басталады.
Ғылым өзіне бірлік пен бірегейлікке деген діни тартылысқа
иландыратын пікріге қарсы көтеріледі. Бірақ ол өзінің ішінде де
кейде детерминистік сәуегейлік формасын (Лапластың Құдайы), ал
кейде – ықтимал бағалау формасын иеленетін (Максвеллдің демо
ны) өзінің ғылыми пікіріне (Urdoxa) қарсы шығады; бастапқы дере
ктер мен статистикалық көрсеткіштердің билігінен арылған кезде
ғылым коммуникацияның орнына ең кіші деген флуктуациялардың
жекелік әсерлері анықтайтын шығармашылықтын алғы шарт
тарын қояды. Шығармашылық хаостың ауыспалылығын жарып
өтуге қабілетті жоспарда пайда болатын эстетикалық әртүрлілікті
немесе ғылыми айнымалдарды жасайды. Егер пікірдің феномен
дерін зерттеуге тырысатын жалған ғылымдарға келетін болсақ,
онда олар пайдаланатын жасанды миларда, бұрынғыша ықтимал
процестердің үлгілері, тұрақты аттракторлар, жалпы форма
ларды ажыратудың логикасы қолданылып жүр, - оларға ойдың
неліктен пікірмен күресетінін және пікірдің ішінде оның неге
азғындайтынын (компьютерлердің даму жолдарының бірі - хаостық
немесе хаостандыратын жүйелердің мүмкін болуын мойындайды)
түсіну үшін енді хаоидтік жағдайлар мен хаостық аттракторларды
тану қажет болады.
Мұны біздің үшінші жағдай, яғни енді сезімдік әртүрлілік
пен функционалдық айнымал емес, философияда көрініс таба
тын концептуальды түрлену дәлелдейді. Өз тарапынан филосо
фия да жіктелмеген тұңғиық ретінде немесе ұқсамаудың мұхиты
ретінде болатын хаоспен күрес жүргізеді. Бірақ, бұл философия
пікірді жақтайды не оның өзін пікір алмастыра алады деген
ді білдірмесе керек. Концепт – пікір тәрізді ассоциацияланған
идеялардың кешені емес. Сонымен қатар, ол, әрі кетсе, қандай да
бір рационалданған Urdoxa-ны жасауы мүмкін дәлелдердің қатары
да, реттелген уәждердің тізбегі де болмайды. Концепті жасау үшін
құбылыстардың идеяларды немесе заттарды ассоциациялайтың
қағидаларға уәждерді реттейтін қағидаларға ұқсас қағидаларға
бағынуы жеткіліксіз болады. Мишоның айтуынша “кәдімгі идея
лар” үшін жеткілікті нәрсе, “өмірлік идеялар” жасалатын идеялар
үшін жеткіліксіз. Идеялар бейнелер ретінде ассоциацияланады,
ал реттелгенде – абстракциялар ретінде ғана реттеледі; концепт
ке жету үшін біз бұл екеуін де жеңуіміз қажет болады және дереу
нақты табиғи дене ретінде сипатталатын ментальды объектілерға жетуіміз керек болады. Кезінде мұны Спиноза мен Фихте көрсеткен еді: біз фикциялар мен абстракцияларды қолдануға мәжбүр бола мыз, бірақ бұл бізге - бір нақты табиғи денеден басқа табиғи денеге қарай жылжып отыратын басқа тұрғыға жету үшін және концепт терді жасаумен айналысу үшін қажет нәрсе24. Біз көргендей, мұндай нәтиже түрленулердің көршілестік не месе ажыратылмау аймақтарына сай жіктелмейтіндей деңгейге жетуіне байланысты болады; және де оларды енді қиялдың назы бойынша ассоциациялауға да немесе зерденің талабы бойынша ажырату мен реттеуге де болмайды, яғни олар шынайы концеп туальды блоктарды құрайды. Концепт – имманенция тұрғысында жасалатын не құрылатын жіктелмейтін түрленулер көптігі болып табылады, өйткені имманенция хаостың ауыспалылығын жарып өтіп, оған консистенцияны (нақтылық) үстейді. Сонымен, концепт – негізінен хаоидтік жағдай болып табылады; ол – консистентті түрде жасалып, Ойға, ментальды хаосмосқа айналған хаоспен бай ланысты болады. Егер үнемі хаоспен өлшеніп тұрмаса ойлаудың өзі не болар еді? Зерде өзінің шынайы келбетін “өзінің кратерінде гүрілдеп” жатқанда ғана паш етеді. Тіпті, оның ішінен бөлуге кел мейтін және өзін концепт етіп тұрған түрленуді шығармасақ, оны қолшатыр немесе пана ретінде қарастырудан бас тарпасақ, соған имманентті қайсыбір имманенттілікті болжауды қоймасақ, керісін ше, оның өзін өзінің иелігіндегі және ашық теңізге шығаратын им маненция тұрғысына орналастырмасақ – cogіto-ның өзі де тек қана пікір, әрі кеткенде – Urdoxa ғана болып қала береді. Жалпы, хаоста оны қиып өтетін тұрғылардан үш қызы бар: олар Хаоидтар: ойдың немесе шығармашылықтың формалары ретіндегі - өнер, ғылым және философия. Ал, Хаосты қиып өтетін тұрғыларда пайда бола тын нақтылықтар хаоидтық деп аталады. Ми – осындай үш тұрғының тоғысуы (бірақ, бірлігі емес) болып табылады. Әрине, белгілі бір функция ретінде қарастырылатын ми бірден өзара әсер етіп тұрған көлбеу жалғаулар мен тік бірігулердің күрделі кешені ретінде көрінеді; мұны церебралды “карталар” дәлдедей алады. Онда екі сұрақ туындайды: біріншіден, жалғаулар (коннекциялар) алдын-ала беріле ме немесе олар күштік өрістерде пайда болып, жойыла ма? Екіншіден, бірігу үдерістері оқшауланған бағыныстылық сақталатын орталықтар болып табыла ма, әлде олар өз тұрақтылық шартарын аталған орталықтың орналасуы тәуелді күштік өрісте иеленетін түрлер ме? (гештальттар ма)?
Осыған орай, гештальт-ілімінің құндылығы түйсіну түсінігімен
ғана емес, ми теориясымен де байланысы болады, өйткені ол
шартты рефлекстер теориясында пайда болған ми қыртысының
мәртебесі туралы түсінікке тікелей қарсы шығады. Бірақ, мұндай
өзгеше көзқарастардың болуына қарамастан ми қызметінің дайын
немесе енді ғана салынып жатқан жолдарының, механикалық не
месе динамикалық орталықтарының осыған ұқсас қиындықтарға
тап болуын көрсету аса қиын емес. Бірте-бірте жүруге лайықты
дайын жолдар қандай да бір алдын-ала берілген сызбаның болуын
ұйғарады, ал күштік өрісте тікелей пайда болатын қозғалыстар
кернеулердің бәсендеуінің көрінісі болады және олар да бірте-бір
те жүзеге асады (мысалы, көз түбіндегі шұңқырдың құрылымының
ми қыртысының қайсыбір өрісіне ұқсас келетін торлы қабыққа
түсетін жарық нүктесімен жақындаған кездегі кернеу); екі сұлбада
да мақсат немесе бағдарлама емес, бүкіл өрістің қалықтаған
бейнесі ретіндегі “жоспардың” болуы қарастырылады. Мұны ге
штальт-ілім түсіндірмейді, дәл солай механикалық ілім де премон
таж құбылысын түсіндірмейді.
Ғылыми нысан ретінде түсіндірілетін мидың пікірлер
ді қалыптастыру не байланыстыру мүшесі ғана болатыны
таң қалдырмайды; өйткені бірте-бірте әрекет ететін коннек
ция мен орталықтарға арқа сүйейтін интеграция танудың тар
үлгісінің билігінде қалады (гносиялар мен праксиялар – “бұл
куб”, “бұл қарындаш”...), яғни мидың биологиясы бұл тұста
ең қыңыр қисын ұстанатын қағидаттарды ұстанады. Пікірлер
гештальтпсихологиядағы сабын көпіршігі сияқты формалар болып
табылады, олар ортаға, мүдделерге, нанымдар мен кедергілерге сай
қабылданады. Бұл жағдайда философияны, өнерді, тіпті, ғылымның
өзін де “ментальды объект” ретінде, ми-объектда нейрондардың
бірлесуі ретінде қарастыру мүмкін болмайтын сияқты; өйткені,
танудың мәнсіз үлгісі бойынша мұндай объектілер doxa шеңберіне
алынған. Егер де философияның, өнер мен ғылымның (яғни
өмірлік идеялардың) ментальды объектілерда өзіндік орны бола
тын болса, онда ол – объективтенбейтін мидың жасушаларының
аралық қуыстар тереңінде, үңірейген тұстарында, уақыттан тыс
аралықтарда болады; соларға қарай өту – шығармашылықпен
айналысу дегенді білдіреді. Бұл қарқындылығында объектив
ті анықтамаға бағынбайтын қандай да бір нәрсе көрініс табатын
телевизиялық экранды реттеу сияқты болады25.
Басқа сөзбен айтқанда ой – өзінің ғылымдағы белсеңді фор
масында, органикалық коннекциялар мен интеграциялар кешені
ретінде миға тәуелсіз болады; феноменологияға сай, ол – адам
мен әлемнің қатынасына тәуелді және ми бұл екеуімен қажетті
түрде сәйкеседі, өйткені ол олардың өзінен шығады, яғни қозулар
сыртқы әлемнен, ал реакция – адамның өзінен алынады (тіпті,
олардың әлсіз және анықталмаған формасында да). “Ойлайтын
ми емес, адам”; алайда, мидың ту сыртынан әлемдегі-Болмысқа
қарай жетелейтін және механицизмді де, динамизмді де сынға ала
тын феноменологияның мұндай жаңа шабуылы бәрі-бір де бізді
пікірдің аясынан алып шыға аламайды; ол бізді әуелгі пікір немесе
мәндердің мәні ретіндегі Urdoxa-ға алып келеді26.
Бірақ, бәлкім, шешуші бетбұрыс – ми “субъектіге” айналатын
басқа жерде орын алатын шығар? Ойлайтын адам емес - ми; адам
тек церебральды кристалдану ғана болып табылады. Ми туралы,
Сезанн пейзаж туралы айтқандай айтуға болар еді: адам жоқ, ол
тұтасымен мида... Философия, өнер және ғылым – бұлар объект-
мидың ментальды объектілеры емес, бірақ ми субъектіге, Ой-миға
айналатын үш аспект; ол осы үш тұрғымен, үш салмен ми хаостың
тұңғиығына оны жеңу үшін сүңгиді. Әртүрлі екіншілік коннекци
ялар мен итеграциялар енді анықтамайтын мұндай мидың сипат
тамасы қандай болады? Бұл бірінші мидың арғы жағында болатын
басқа ми емес, бұл, ең әуелі дистантты емес қалықтаудың жағдайы,
жер бауырлап ұшу сияқты нәрсе болады, барлық тұңғиықтарды,
қыртыстар мен қуыстарды қалықтап, өзін-өзі айналып ұшу бо
лады. Бұл Рюйе анықтағандай, алғашқы, “шынайы форма”, – ге
штальт немесе қабылданатын форма да емес, бұл - онымен көздің
торлы қабығы немесе ми қыртысының жолағы байланысты бол
майтындай, ешқандай сыртқы нүктемен байланысы жоқ өз ішін
дегі пішін; бұл – қосымша кеңістік өлшемдерін қажетсінбей өзінің
үстінен айналып жүретін абсолютты консистентті форма, демек,
ол ешқандай трансценденттіліке мұқтаж болмайды; ол өзінің
өлшемдерінің санына тәуелсіз бір-ақ қырды иеленеді, өз детер
минанталарына жақындамай да, алыстамай да соларда болады,
оларды шексіз жылдамдықпен, шек қойылмайтын жылдамдықпен
жарып өтіп, оларға эквипотенциалдылық үстей отырып, бірақ
араластырмай, бөлінбей түрленетін нәрсеге айналдырады27. Біз
көргендей, концепттің мәртебесі – виртуальды нәрсенің нақтылығы
немесе таза оқиға болады. Әрине, концепттерді тек қана мимен
байланыстыруға болмайды, өйткені олардың әрқайсысы өзінің
“қалықтау саласын” құрайды және бір концепттің екінші концепті ге өзара өтуі де редукциялауға келмейді, бұл - басқа жаңа концепт келіп, өз кезегінде, олардың детерминанталарының өзара қатынасуы мен эквипотенциалдылығын қажет етпейінше жалғаса береді. Дәл солай, әрбір концепт ми болады дей алмаймыз. Дегенмен де, өзінің мұндай алғашқы абсолютты форма аспектісінде, шынымен де кон цептіге деген әлеуетінде, яғни оларды жасау әлеуетінде көрінеді, сонымен қатар ол мұндай концепттер орналасатын, орын ауысты ратын, өзінің тәртібі мен қатынастарын алмастыратын, жаңаратын және тоқтаусыз қайта жасалатын имманенция тұрғысын да кел тіреді. Ми дегеніміз – ақыл болып табылады. Концепт объектіге (туындыға, оқиғаға немесе шығармашылыққа), ал философия – ішінде концепттері бар және ми жасаған имманенцияның жос парына айналған сәтте, ми субъектіге айналады немесе Уайтхедтің айтуынша, “суперъект” болады. Сонымен, концептуальды кейіп керлер ми процестерінен туындайды. Ми “Мен” дейді, бірақ “Мен” дегеніміз – басқа біреу. Бұл енді ішінде ешқандай трансцендентті нәрсе болмаса да, екіншілік кон некциялардан және интеграциялардан құралатын бұрынғы ми бол майды. Және бұл “Мен” – философия-мидың “мен түсінемін” деген нәрсесі ғана емес, ми-өнердің “мен түйсінемін” деген нәрсесі болып табылады. Концепт сияқты, түйсіну де миды жасайды. Егер тек қана “қозу – реакция” нерв коннекцияларын және “қабылдау – әрекет” церебральды интеграцияларын қарастыратын болсақ, онда жолдың қай мезетінде және қандай деңгейінде түйсік пайда болады деген сұрақ туындамас та еді, – өйткені, ол әр уақытта болжалады және алыста тұрады. Мұндай “алыста” болу жағдайы – қарама-қарсылық емес, қалықтаудың сыңары. Түйсіну дегеніміз – қозудың өзі, бірақ бұл оның бірте-бірте өту арқылы тарап, реакцияға айналуына емес, оның сақталуына, яғни өзінің тербелісін сақтауына байланысты. Түйсінуде қоздырғыштың тербелісі қандай да бір нервтік алаңда немесе қайсыбір ми көлемінде қысылады; алдыңғы түйсіну жойыл май жатып, келесі түйсіну дайын тұрады. Осындай өзіндік тәсіл арқылы ол хаосқа жауап қайтарады. Түйсінулер өздігінен діріл қағып тұрады, өйткені оның ішінде тербелістер қысылып тұр. Ол өздігінен сақталады, өйткені дірілдерді сақтап тұрады, ол – Ескерт кіш болып табылады. Ол басқалармен үндеседі, өйткені оның ішін де обертондар үндесіп тұр. Түйсіну – сапаға, әртүрлілікке айналған қысылған діріл. Сондықтан да ми-субъект бұл жерде жан немесе күш деп аталады, өйткені тек жан ғана – материяның ыдырата
тын, яғни шашырататын, шашатын, шағылыстыратын, сындыра тын және жүзеге асыратын нәрсесін – қысылған күйінде сақтап қалуға қабілетті. Сондықтан да біз тек реакциялармен және оларда өз жалғасын табатын қозулармен, тек әрекеттермен және оларда бейнеленетін қабылдаулармен ғана шектелсек, онда түйсінуді тап паймыз; шын мәнінде жан (немесе, дұрысы, күш) Лейбниц жа зып кеткендей – ешнәрсе жасамайды және тіпті, әрекет те етпей ді, ол қатынасады және сақтап тұрады; қысу – белсенділік емес, таза әрекетсіздік, ол – алдыңғы нәрсе келесі нәрседе сақталатын аңдау28. Сонымен, түйсіну – механизмдермен, динамизмдермен және финалдармен салыстырғанда, басқа тұрғыда, яғни композиция тұрғысында орналасады, ал бұл тұрғыда ол – өзін құраушыларды қысу арқылы, сондай-ақ өзі қысқан басқа түйсінулермен бірі гу арқылы қалыптасады. Түйсіну таза аңдау болып табылады, өйткені қысу – тек аңдау кезінде, өзі пайда болатын элементтерді аңдау арқылы өзін-өзі аңдағанда ғана мүмкін болады. Аңдау – жа рату болып табылады, ал түйсіну – әрекетсіз шығармашылықтың құпиясы. Түйсіну композиция тұрғысын толтырып тұрады және өзі де оның аңдаған нәрсесімен толасады; ол “enjoyment” және “selfenjoyment”. Ол – субъект, дұрысы инъект болып табылады. Пло тинда заттардың барлығы аңдау ретінде анықталады – адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктерде де, жер мен тастар да. Біз кон цепт арқылы Идеяларды аңдамаймыз, түйсіну арқылы материяның элементтерін аңдаймыз. Өсімдік – жарық, көміртек және тұздар сияқты өзін құрайтын элементтерді ішінде қысу арқылы аңдайды, нәтижесінде өзі бояулар мен иістерге толады, бұлар әр жағдайда оны түр ретінде, композиция ретінде сипаттап тұрады; ол өз ішін дегі түйсіну болып табылады29. Гүл өзінің иісін сезетіндей, өзін құрайтын элементтерді түйсінетіндей, көру мен иіскеуге ең әуелгі рет талпыныс жасай тындай болып көрінеді, бірақ ол кейін, нерв жүйесі мен миы бар жәндік тарапынан қабылдау нысанына айналады. Әрине, тас пен өсімдіктің нерв жүйелері жоқ. Бірақ, егер нерв байланыстары мен ми бірлестіктері қайсыбір ми күшін тірі ағзалармен қатар тіршілік ететін сезіну қабілеті ретінде болжай ала тын болса, онда биологиялық түр ауқымында ұжымдық ми ретін де болатын эмбрионалды ағзалармен қатар тіршілік ететін сезіну қабілетін болжау да шындыққа жанасар еді; немесе дәл осындай қабілеттің “кіші түрлердегі” өсімдік ағзалармен қатар өмір сүруін
болжау да шындыққа айналар еді. Бірақ, химиялық жақындық не
месе физикалық себептілік өздерінің ұзын тізбектерін қысу жолы
мен немесе олардың бөліктерін сәйкестіру жолымен сақтай алатын
әуелгі күштермен байланысты болады; мұндай субъективті инс
танциясыз ең қарапайым деген себептілік байланысты да түсіну
мүмкін болмайды. Кез келген ағзада ми болмайды және кез келген
тіршілік те органикалық емес, бірақ барлық жерде микромиды, яғни
заттардың неорганикалық тіршілігін жасап тұратын күштер бола
ды. Егер Фехнер мен Конан Дойльдің бүкіл Жердің нерв жүйесі ту
ралы тамаша болжамының міндетті болмау себебі, онда қысу және
сақтау күші, яғни сезу күші, глобальды ми ретінде табиғаттың
әртүрлі салаларында ерекшеленетін және өзара біріне-бірі барабар
болмайтын әртүрліліктерді жасайтын тікелей қысылатын элемент
терге және қайсыбір қысу тәсіліне қатысты ғана сондай болып
көрінуінен. Бірақ, түптеп келгенде мұндай қарапайым элементтер
және “алыстан” әрекет ететін күш Ғаламның барлық әртүрлілігін
қамтып тұратын композицияның ортақ тұрғысын жасайды. Вита
лизмді әрқашан екі жақты түсіндіруге болатын – не әрекет етуші,
бірақ болмысы жоқ Идея мәнінде; бұл Идея сырттан танитын ми
тұрғысынан ғана әрекет етеді (Кант пен Клод Бернардың дәстүрі);
не бар болатын, бірақ әрекет етпейтін күш мәнінде; мұндай күш
таза ішкі Сезім болып табылады (Лейбниц пен Рюйе дәстүрі).
Біздіңше екінші түсіндіру әлдірек, өйткені қысуды сақтап
тұратын нәрсе әрқашан әрекеттен, тіпті қозғалыстан да тыс
тұрады және танымы жоқ таза аңдау ретінде көрінеді. Мұны
дағдыларды қалыптастыру мен үйрету сияқты күмәнсіз ми сала
ларында айқын көруге болады: бәрі белсенді байланыс пен бірігу
түрінде, тәжірибеден тәжірибеге қарай жүзеге асатындай болып
көрінеді, дегенмен де, Юм көрсеткендей, тәжірибелер, оқиғалар
және жағдайлар – әрекеттер мен танымға қатысты ерекше күйін
сақтай отырып, қайсыбір аңдайтын “қиялда” қысылуы қажет екен;
егеуқұйрықтың өзі де аңдау арқылы дағдыға ие болады. Сондықтан
да шулайтын әрекеттердің астарындағы ми пайдасына куәлік
ететін ішкі шығармашылық түйсінулерді немесе үнсіз аңдауларды
ести білуіміз ләзім.
Ми-субъектінің мұндай екі қыры немесе парағы, яғни түйсіну мен
концепт – едәуір тұрақсыз болады. Объективті дисконнекцияның
не дезинтеграцияның ғана емес, жай қатты шаршаудың өзі –
түйсінулердің тұтқырланып, қысылған күйінде ұстап тұру қиындап
кететін, өз элементтері мен дірілдерінен айырыла бастау үшін
жеткілікті нәрселер. Кәрілік те дәл осындай шаршауға жатады;
сол кезде адам кез келген композиция тұрғысынан тыс жатқан
ментальды хаосқа түсіп кетеді немесе суретші басқа айтары
жоқтығын, жаңа түйсінуді жасауға қабілетсіздігін, енді сақтау,
аңдау және қысу қолынан келмейтінін дәлелдейтін дайын клише-
пікірлерге жүгінеді. Философияда осыған ұқсас қажудың әсері
болса да, жағдай біршама басқаша; бұл жерде шалдыққан ой – им
маненция тұрғысында тұрақтай алмай шексіз жылдамдықтардың
үшінші түрін – өзінің интенсивті құраушыларына (консистенцияға)
концепттің қатынасын өлшейтін құйындарды көтере алмайды; ой
нүктеден нүктеге, идеядан идеяға, бір экстенсивті құраушыдан
екінші құраушыға қарай жылжитын және концептті қайта жасауға
қабілетсіз идеялардың қарапайым ассоциациялары өлшенетін тіз
бекті қозғалысқа қатысты салыстырмалы жылдамдықтарға қарай
кейін шегеріледі. Әрине, мұндай салыстырмалы жылдамдықтар
өте жоғары болуы ықтимал, сондықтан олардың абсолютты бо
лып көрінуі де мүмкін; дегенмен де, бұлар – ойының ұшқырлығы
үшін мақтау естіген қажымайтын боз балаларда да, жалғыздықта
босап қалған басындағы бұрыңғы концепттері туралы алыстап
кеткен естеліктерін күбірлеп айтып, хаосқа түбегейлі түсіп кет
пеу үшін соларға жармасқан, өзінің баяу пікіріне ілесе отырып,
қозғалмайтын пікірталасты жүргізетін қажыған қарияларда да –
пікірлердің, тартыстардың немесе “қағытпалардың” тек айнымал
жылдамдығы ғана болып табылады.
Әрине, себептілік, ассоциативті, интегративті пайымдар бізге
пікірлер мен нанымдарға иландырады және олар, Юмның айтуын
ша, бірнәрсені күтудің немесе танудың амалынан басқа ешнәрсе
де емес (мұндай “бірнәрсеге” “ментальды объектілер да кіреді”):
жуырда жаңбыр жауады, су қазір қайнайды, бұл ең қысқа жол, бұл
сол баяғы фигураның басқа түрі... Бірақ осындай пікірлер ғылыми
пропозицияларда жиі жасырынып тұрса да, олар олардың бөлігі
емес және ғылымда мұндай процестер танымның әрекетін құрайтын
және таным қабілетімен байланысты – алғашқы екеуі сияқты
шығармашылық сипаттағы ми-субъектінің үшінші парағымен –
байланысты басқа текті операцияларға бағынады. Таным – форма
емес және күш те емес, ол функция: “мен қызмет етемін”. Субъект
енді “экзъект” түрінде көрініс табады, өйткені ол, басты сипаты
өзгешелік, ажырату болатын: шектер, тұрақты шамалар, айнымал
дар, функциялар, ғылыми пропозиция мүшелерін құрайтын барлық
функтивтер мен проспектілерді – элементтерді алып шығады,
олардың Геометриялық проекциялардың, алгебралық алмасулар
мен өзгертулердің мәні - вариация қатарынан бірнәрсені тануда
емес, айнымалдар мен тұрақты шамаларды ажыратуда немесе,
айталық, шектердің қайсыбір қатарына ұмтылатын мүшелерді
дәлме-дәл межелеуде. Осыған сәйкес, ғылыми әрекетке тұрақты
шама енгізілгенде, мәселе әртүрлі оқиғаларды немесе сәттерді бір
бірыңғай аңдауға қысуға байланысты емес, оның мәні – тәуелсіз
күйдегі факторлардың арасында қажетті өзара байланысты ор
натуда. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, танымның ғылыми
қабілетінің іргелі актілері мынадай: шексіз жылдамдықтардан бас
тартып, референция тұрғысын жасауды белгілейтін шектерді не
гіздеу; осындай шектерге ұмтылатын лектерге ұйымдасатын айны
мал шамаларды анықтау; тәуелсіз айнымалдар арасындағы немесе
олардың шектері арасындағы әртүрлі функциялар тәуелді қажетті
қатынастарды белгілеу үшін тәуелсіз айнымалдарды үйлестіру
(сондықтан референция тұрғысы үйлестірудің бір тұтас қызметі
болып табылады); координаталармен сәйкесетін және функция
лар сілтеме жасайтын заттардың немесе қоспалардың жағдайын
анықтау.
Ғылыми таным операциялары мидың функциялары болып та
былады, сонымен қатар, мұндай функциялардың өзі таным (рефе
ренция) тұрғысында айнымалы координаталарды сызумен және
барлық жерге жартылай бақылаушыларды жіберумен айналыса
тын мидың иілісі болады.
Хаостың
референция
немесе
координация
тұрғысының
маңында ғана емес, оның әр кез жаңа бедерді қабылдайтын айны
малы жазығының иректерінде де жойылмайтынын куәландырып
тұратын тағы бір операция бар. Әңгіме тармақталу (бифуркация),
даралану операциясы туралы болып отыр: заттардың жағдайы
осыларға тәуелді және олардың өзі хаостан тікелей алып, ыдырау
немесе оралу қауіпі болса да, актуалдандыратын әлеуетінен ажыра
майды. Сондықтан ғылымның міндеті – таным субъектісі ретінде
болатын мидың бататын хаосын көрсету. Ми барлық кезде бірша
ма ұзақтыққа созылған ми өрістерінде айнымалдардың қызметін
анықтап тұратын шектерді жасайды; сондықтан осы айнымалдар
арасындағы арақатынастар (коннекциялар) тым анықталмаған әрі
кездейсоқ сипаттқа ие болады, бұл статикалық хаосты дәлелдеп
тұратын электр синапстарда және детерминистік хаоспен байла
нысты химиялық синапстарда да орын алады30.
Ми орталықтары бар деп айтсақ та, жеке пункттер де болады, бір
ми өрісінде олар шоғырланған күйде, ал екіншісінде – шашыраған
күйде болады; сондай-ақ “осциляторлар” – бір пункттен екіншіге
ауысып отыратын тербелістегі молекулалар да болады. Шартты
рефлекстердің тізбекті үлгісі шеңберінен шықпаса да, Эрвин Штра
ус ең маңызды нәрсе – аралықтарды, қуыстар мен бос кеңістіктерді
түсіну деп көрсетеді. Ағаштың діңі тәрізденген мидың парадиг
малары ризоматикалық фигураларға, орталығы жоқ жүйелерге,
түпкілікті автоматтар торына, хаоидтік жағдайларға жол береді.
Әрине, мұндай хаосты дағдының немесе тану үлгілерінің әсерімен
пікірлерді жасайтын тұрақты нерв белгілерінің қарқынды жұмысы
жасырып тұрады; егер, мысалы, керісінше, шығармашылық процес
терді және олар шамалайтын тармақталуды ескеретін болсақ, онда
ол айқын болар еді. Заттардың церебральды жағдайындағы дара
лануы бұдан да күшті функциональды сипатты иеленеді және онда
жасушалар айнымалдар қызметін атқармайды (өйткені олар үнемі
өліп, қайта қалпына келмейді), сондықтан ми тегіс жеке өлімдерге
айналады және солар арқылы үздіксіз ажал бізідң ішімізге енеді.
Даралану әлеуетпен байланысты және әлеует, әрине, қабылдау
анықтап тұратын байланыстарда, сонымен қатар – концепттерді,
түйсінулерді немесе функциялардың өзін жасағанда құбылатын
әсердің еркін ойынында жүзеге асады.
Әрқайсысында өзінің элементтері бар үш тұрғы: философиядағы
имманенция тұрғысы, өнердегі композиция тұрғысы, ғылымдағы
референция немесе координация тұрғысы; концепттің формасы,
түйсінудің күші, танымның қызметі; концепттер және концеп
туальды кейіпкерлер, түйсінулер және эстетикалық фигуралар,
функциялар және жартылай бақылаушылар өзара сәйкеспейді.
Әрбір тұрғының алдында ұқсас мәселелер бар: қайсыбір тұрғы қай
мәнде және қалай бірегей немесе көптік болады – бұл қандай бір
лік, қандай көптік? Бірақ, қазір біз үшін мида түйісетін тұрғылар
арасындағы
интерференция
мәселелері
маңызды
болады.
Интерференцияның бірінші түрі философ түйсіну концептін неме
се функцияларды жасауға талпынған кезде пайда болады (айталық,
римандық кеңістік үшін арнайы концептіні немесе иррациональды
сан үшін концептіні жасаған кезде...); немесе ғалым түйсіну функ
цияларын жасауға талпынады, мысалы, Фехнер немесе түр-түстің
не дыбыстың теоретиктері сияқты, сондай-ақ Альбер Лотман
математикаға қатысты көрсетіп бергендей концепттердің функ
циясын жасағанда, өйткені математикада виртуальды концепттер
жүзеге асады; немесе суретші концепттердің не функциялардың таза түйсінулерін жасаған кезде, мұны абстрактылы өнердің түрлерінен немесе Клееден кездестіруге болады. Осындай жағдайлардың бәрінде де ережеге айналған нәрсе мынау: интерференцияны жүзеге асыратын пән өз күшімен ғана әрекет етуі қажет. Кейде, мысалы, қайсыбір геометриялық фигураның, операцияның немесе дәлелдің ішкі әсемдігі туралы айтылады, бірақ мұндай әсемдікте ешқандай эстетикалық нәрсе жоқ, өйткені ол ғылымнан алынған өлшемдермен анықталады, – олар: үйлесімділік, симметрия, диссиметрия, проек ция, өзгеру; мұны Кант өте әсерлі түрде көрсеткен еді31. Егер функция тек қана шығармашылықтың ерекше тұрғысында, оны кез келген референциядан (екі қара сызықтың қиылысуы не месе Мондриандағы түрлі-түсті жолақтар; сондай-ақ Ноландта не месе Ширли Джеффта оғаш аттракторлардың түйсінулері арқылы хаосқа жақындау) бөліп тастайтын өнер құрастырған перцепт және аффект беретін түйсінуде қабылданатын болса, онда әңгіме басқа болар еді. Сонымен, мұның бәрі сыртқы интерференциялар болып шықты, өйткені әрбір пән өзінің тұрғысында қалады және өзінің элемент терін пайдаланады. Бірақ, интерференцияның екінші ішкі түрі бар, онда концепттер немесе концептуальды кейіпкерлер өздеріне сай келетін имманенция тұрғысынан шығып кетеді және басқа тұрғыдағы функциялардың және жартылай бақылаушылардың немесе түйсінулер мен эстетикалық фигуралардың арасына кірі гуге тырысады; және дәл осындай нәрсе, керісінше де жүзеге асып жатады. Мұндай өтулердің өте нәзік және ұстатпайтындай болуынан – мысалға Ницшенің философиясындағы Заратустраны немесе Малларме поэзиясындағы Игитураны келтіруге болады, – біз күрделі, сипаты қиын тұрғыларға тап боламыз. Сондай-ақ, жартылай бақылаушылар да ғылымға sensіbіlіa-ны енгізеді, олар кейбір тұста эстетикалық фигураларға қайсыбір аралас тұрғыда жақындай түседі. Сонымен қатар, оқшаулауға көнбейтін интерференциялар бо лады. Өйткені, әрбір басқалардан ерекшеленетін пән негативпен өзінше сәйкесіп тұрады: тіпті, ғылымның өзі де, оның әсерлерін бейнелеп тұратын ғылым-емес нәрсемен сәйкеседі. Өнердің мін деті – бізді (суретші еместерді) тәрбиелеу, біздің жанымызды ояту, сезінуді үйрету; философияның міндеті – бізді түсінуге үйрету, ал ғылымның міндеті – танымға үйрету деу жеткіліксіз бола ды... Мұндай педагогикалық міндеттер бір шарт орындалса ғана
мүмкін болады, яғни әрбір пән өзіне сәйкес “емес”-пен мәндік қатынасқа ие болуы тиіс. Философия тұрғысы префилософиялық болады, өйткені ол өзін толтырып тұратын концепттерден тәуелсіз қарастырылады; ал тұрғы хаоспен жолығатын тұста – философия емес нәрсе орналасады. Философияға өзін түсінетін философия емес нәрсе қажет, оған өнерге өнер-емес нәрсе, ғылымға ғылымемес нәрсе қажет болатындай, философиялық емес түсіну қажет болады32. Ғылым мен өнерге олар бастау ретінде немесе өз міндеттерін орындағаннан кейін жоғалып кететін соңы ретінде қажет емес, өздерінің қалыптасуы мен дамуы үшін олар әр сәтте қажет болады. Егер осындай үш “емес” ми тұрғысына қатысты әлі ажыратылатын болса, онда ми бататын хаосқа қатысты олар енді ажыратылмайды. Осындай бату кезінде хаостан - өнер де, философия да, ғылым да шақыратын “болашақ” халықтың, халық-массаның, халық-әлемнің, халық-мидың, халық-хаостың көлеңкесі шығарылатындай болып көрінеді. Барлық үш “еместің” тереңінде Клеенің концептуальды емес концепті сияқты немесе Кандинскийдің ішкі үнсіздігі сияқты пайымдамайтын ой жатады. Бұл жерде концепттер, түйсінулер және функциялар шешілместей өзара бірігіп кетеді, сонымен қатар, философия да, өнер мен ғылым да ажыратылмайтын күйге түседі; бұлардың үшеуінде де ортақ көлеңке болатын сияқты және ол олардың әртүрлі болмыстарынан өтіп кетіп, соңдарынан қалмай ілесіп жүреді. Түсініктемелер 1 Сал. L’æuvre ultіme, de Cézanne à Dubutter, Fondatіon Maeghr, кіріспесін жазған Жан-Луи Пра. 2 Barbérіs, Chateaubrіand, Ed. Larousse: “Рансе” – бұл кітап қол жетпейтін құндылық ретіндегі кәрілік туралы, кәріліктің билігіне қарсы жазылған бұл кітап - тек жазудың үстемдігі ғана дәріптелетін тұтас бір әлемнің күйреуі туралы”. 3 Kojeve, “Tіrannіe et sagesse”, p. 235 (іn Leo Strauss, De la tyrannіe, Gallіmard). 4 Қар., мыс., Ксенофонтта “Государственное устройство Спар ты”, ІҮ,5. Грек полисінің осындай қырларын Детьен мен Вернан арнайы қарастырған. 5 Қазіргі әлемде достықтың ойлау мүмкіндігімен байланысы туралы қар.: Blanchot, L’amіtіé et L’entretіen іnfіnі (екі қажыған адамның сұхбаты ), Gallіrnard. Сондай-ақ: Mascolo, Autor d’un
effort de mémoіre, Ed. Nadeau. 6 Nіetzsche, Posthumes 1884-1885, (Euvres phіlosophіques XІ, Gallіmard, p. 215-216 (“сенімсіздік өнері туралы”). 7 Платон, “Политик”. 268а, 279а. 8 Frederіc Cosutra, Elements pour la lecture des textes phіlosophіques, Ed. Bordas кітабында концепттің педагогикасы әдейілеп дидактикалық формада ұсынылады. 9 Лейбництен басталмайтын мұндай тарихтың түрлі эпизодта ры ретінде – мысалы Витгенштейнде тұрақты тақырып ретінде кездесетін Басқа туралы сөйлем (“оның тісі ауырып тұр”) немесе Мишель Турньеде Басқаны мүмкін әлемнің ілімі ретінде негіздеуі (“Пятница, или Тихоокеанский лимб”) алынуы мүмкін. 10 Қалықтау түсінігі, сондай-ақ нақтылы жәндіктер ретіндегі абсолютты жазықтар мен көлемдер туралы қар.: Raymond Ruyer, Neofіnalіsme, P.U.F., ІX-XІ тарау. 11 Лейбниц. “Новая система природы”, § 12. 12 Жат жерлік-негіз қалаушы мен Байырғы тұрғынның қарамақарсылығы туралы, бұл екі полярлы бастаулардың күрделі қоспалары мен Эрехтея туралы айтқанда бұл мәселеге терең әрі жаңа көзқарасты Марсель Детьен ұсынады: “Qu’est-ce qu’un sіte?” іn Traces de fondatіon des dіeux grecs, Hachette (Эрехтее – ХІҮ тарау, политеизмнің екі түрінің өзгешелігі туралы – Х тарау). 13 Chіlde, L’Europe prehіstorіque, Ed. Payot, p. 110-115. 14 Jean-Pіerre Faye, La raіson narratіve, Ed. Balland, p. 15-18. Са лыс., Clemence Ramnoux, іn Hіstoіre de phіlosophіe, Gallіmard, І, p.408-409: Сократтан бұрынғы философия “ҮІІ ғасырдың аяғы мен ҮІ ғасырдың басында отаршылдық сызып берген эллиндік аймақтың шекарасында пайда болып, дамиды және ол гректердің Шығыс патшалықтары мен империялары түйіскен жерлерде (суда не соғыс түрінде) пайда болады”, кейін “қиыр Батысты, сицилиялық және италиялық отар жерлерді басып алады, оған Иранның шапқыншылығынан туындаған көші-қон және саяси революциялар өзінің септігін тигізді...”. Nіetzsche, Naіssance de la phіlosophіe, Gallіmard, p.131: “Гректерге келген философты эмиг рант ретінде көз алдарына елестетіндерші; Платоннан бұрынғылар нақ солар. Олардың бәрі белгілі бір мәнде жат елге тап болған ше телдіктер”. 15 “Кез келген нақты мазмұннан төмен әрі биік” осындай таза көпшілдік туралы, демократия және әңгіме туралы қар., Sіmmel, Socіologіe et epіstemologіe, P.U.F., ch. ІІІ. 16 Kant, Crіtіque de la Raіson pure, Analytіque, “De la synthese de la reproductіon dans l’іmagіnaіon”. 17 Жерар де Нерваль, “El Desdіchado”, М.Кудиновтың аударма сы. Нервальда – “Мен екі рет...”.
18 Хаос туралы Сезаннда қар.: Gasquer, іn Conversatіons avec Cezanne; Клееде хаос туралы қар. “сұр нүкте туралы жазба”: Klee, Theorіe de l’art moderne, Ed. Gonthіer. Сондай-ақ, қар. Анри Маль дине зерттеулері: Henrі Maldіney, Regard Parole Espace, Ed. L’Age d’homme, p. 150-151, 183-185. 19 Galos, іn Dalmas, Evarіste Galoіs, p. 121, 130. 20 Lawrence, “Le chaos en poesіe”, іn Lawrence, Cahіers de l’Herne, p.189-191. 21 Dіdі-Huberman, La peіnture іncarnee, p. 120-123: тірі тән мен хаос туралы. 22 Serres, Le systeme de Leіbnіtz, P.U.F., І, p.111 (сондай-ақ, тіз бекті електер жүйесі туралы – р. 120-123). 23 Қызық аттракторлар, тәуелсіз айнымалдар және “хаосқа апа ратын жолдар” туралы қар.: Prіgogіne et Stengers, Entre le temps et l’eternіte, Ed. Fayard, ch.ІV: Gleіck, La theorіe du chaos, Ed. Albіn Mіchel. 24 Қар.: Gueroult, L’evolutіon et la structure de la Doctrіne de la scіence chez Fіchte, Ed. Les Belles Lettres, І, p. 174. 25 Jean-Cler Martіn, Varіatіon 26 Erwіn Straus, Du sens des sens, Ed. Mіllon, Partіe ІІІ. 27 Ruyer, Neo-fіnalіsme, P.U.F., ch. VІІ-X. Рюйе өзінің бүкіл шығармашылығында механикашылдыққа да, динамиқашылдыққа да (гештальтшылдыққа) феноменологиялық-емес сын айтып келген. 28 Юм “Трактат о человеческой природе” (ІІІ бөлім, 14 та рау) деген шығармада қиялды – ұқсас енжар аңдау-қысу ретінде анықтайды. 29 Плотинның аңдау туралы ең маңызды мәтіні “Эннеада”-ның басында беріледі (ІІІ, 8). Юмнан Батлер мен Уайтхедке дейінгі эмпирик-философтар бұл тақырыпты материяға қарай ойысып, әрі қарай дамытқан болатын; олардың неоплатонизмі осыдан шығады. 30 Burns, The Uncertaіn Nervous System, Ed. Arnold. Steven Rose, Le cerveau conscіent, Ed. Le Seuіl, p. 84: “Нерв жүйесі анықталмаған, ықтимал болып табылады, сондықтан да ол қызық болады”. 31 Кант. “Критика способности суждения”, § 62. 32 Франсуа Ларюэль философия еместі таным объектінің арғы жағында орналасатын “ғылымның шындығы” ретінде түсінуді ұсынады: Françoіs Laruelle, Phіlosophіe et non-phіlosophіe, Ed. Mardaga. Бірақ, онда ғылымның мұндай шындығы неге ғылымемес нәрсе болмайтыны түсініксіз. Делез Ж., Гваттари Ф. Что такое философия? Санкт-Петербург. «Алетейя». 1998. С. 9-22, 25-36, 110-117, 256-279.
Жиль ДЕЛЕЗ КАНТТЫҢ СЫНИ ФИЛОСОФИЯСЫ: ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ІЛІМ Кіріспе Трансценденттік тәсіл КАНТ ПАЙЫМЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ. Кант философияны “кезкелген білімнің адам зердесінің маңызды мақсаттарына де ген қатынасы туралы ғылым” ретінде; немесе “адам зердесінің асқақ мақсаттарына деген зерделі жәндіктің махаббаты” ретінде анықтайды1. Зерденің асқақ мақсаттары Мәдениеттің жүйесін құрайды. Келтірілген анықтамаларда екі бағыт бойынша: эмпи ризмге және қасаң рационализмге қарсы жүргізілетін күресті аңғаруға болады. Эмпиризм үшін зерде, нақты айтқанда, мақсат [қою] қабілеті болып табылмайды. Мақсаттар әуелгі жағдайға [affectіon] және олардың қойылуына жол беретін қайсыбір “болмысқа” сіл теп тұрады. Зерденің анықтаушы сипатының мәні осындай мақсаттардың адамға да, жануарларға да тән ерекше жүзеге асы рылу тәсіліне байланысты болады. Зерде – [мақсатқа жетудің] жанама тәсілдерін ұйымдастыру қабілеті болып табылады; ал, мәдениет – айла, есеп, айналма жол. Әрине, бастапқы құралдардың мақсаттарды өзгертуі, оларға әсер етуі күмәнсіз нәрсе; бірақ түптеп келгенде мақсаттар әрқашан табиғи болады. Кант эмпиризмге қарама-қарсы, мәдениетке және зерде ге тән мақсаттар болады дегенді айтады. Расында, зерденің мәдени мақсатын ғана абсолютты түрде түпкілікті мақсат ретінде сипаттауға болады. “Түпкілікті мақсат – оған [жетуге] жәрдемдесу үшін және оның идеясына сай оны туғызу үшін табиғат жеткілікті болатын мақсат емес, өйткені ондай мақсат негізделмеген”2. Бұл тұста Кант уәждердің үш түрін ұсынады: Құндылықтық уәж: егер зерде табиғи мақсаттарға жету үшін ғана қызмет ететін болса, онда оның құндылығының кәдімгі айуандықтан асып тұруын түсіну қиын болар еді. (Егер зерде бар десек, онда, сөзсіз, оның табиғи қолданысы мен пайдасы болуы тиіс; бірақ оның бар болуы өзінің құндылығы туындайтын ең асқақ қолданыспен байланысты болады).
Мәнсіздікпен байланысты уәж: егер табиғатқа қажет болса... (егер табиғат зерделі жәндіктегі қандай да бір нәрсені мақсат тұтып, соған жетуді көздесе – оның түйсігіне емес, зердесіне арқа сүйегендіктен ол құралға да, мақсатқа да қытысты қателесер еді). Қақтығысқа байланысты уәж: егер зерде құралдардың [қабылдау] қабілеті болатын болса, онда адамның ішінде мақсаттардың екі түрінің қалай қарама-қарсы күресетінін түсіну қиынға соғар еді. Өйткені, адам айуан және моральды жәндік ретін де көрінеді (мысалы: мен Табиғаттың көзқарасы тұрғысынан бала емеспін, өйткені, балалы болу қабілетін иемдендім, бірақ мәдени тұрғыдан мен әлі баламын, өйткені менде жұмыс жоқ және мен әлі көп нәрсені үйренуім керек). Өз тарапынан рационализм зерделі жәндіктің тек қана зерделі мақсаттарды қоятынын шынымен мойындайды. Бірақ, бұл тұста зерденің қандай да бір мақсат ретінде танитын нәрсесі, – өзіне қатысты қайсыбір сыртқы және асқақ нәрсесі болады: жігерді басқару үшін қабылданатын Болмыс, Құдай немесе Құндылық. Сонымен, рационализм мен эмпиризмнің арасында, біз ойлағандай аса үлкен ерекшелік болмай шығады. Мақсат – жігерді анықтайтын қандай да бір түсінік болады. Түсінік – жігерге қатысты сыртқы нәрсе болғандықтан, оның сезімге қатысты болуының немесе таза рационалды болуының аса үлкен маңызы жоқ; қалай болғанда да түсінік жігерді өзі ұсынатын “объектімен” байланысты болатын рахат арқылы анықтайды. Өйткені, түсініктердің сезімге қатысты болуына немесе рационалды болуына қарамастан, “рахаттану сезімінің арқасында заттар туралы түсінік жігердің анықтаушы негізін құрайды және мұндай рахаттану сезімі... – әрқашан эмпириялық жолмен танылуы мүмкін болғандықтан ғана емес, сонымен қатар, әрқашан бір ғана өмірлік күшке әсер етуіне байла нысты – бірдей нәрсе болады”3. Рационализмге қарсы шыққанда Кант ең биік мақсат – зерденің жалғыз ғана мақсаттары болмайтынын атап өтеді, бірақ оларды негіздегенде зерде өзінен басқа ешнәрсені негіздемейді. Зерденің мақсаттарына келетін болсақ, нақ осы зерде өзін өзінің мақсаты ретінде қабылдайды. Сонынмен, зерденің мүдделері бар, бірақ іс жүзінде зерде – өз мүдделерінің төрешісі ғана. Зерденің мақсаттары мен мүдделері тәжірибеде де, зердеден тыс не жоғары тұратын басқа инстанцияларда ла дәлелденуі мүмкін болмайды. Кант ешқандай, тіпті, олар ең жетілген болса да эмпириялық шешімдер мен теологиялық пайымдауларды мойындамайды: “бізге таза зер
де ұсынатын барлық түсініктер, тіпті, барлық сұрақтар да тәжірибеде емес, зерденің өзінде орналасқан... тек зерде ғана өзінің қойнауында осы идеяларды туғызады, сондықтан ол өзі олардың мағынасы тура лы және диалектикалық көрінісі туралы есеп беруі тиіс”4. Имманент ті сын – зерде өзінің төрешісі болған кезде – трансцендентті тәсіл деп аталатын нәрсенің ең басты негіздемелерінің бірі болып табылады. Бұл тәсіл мыналарды анықтауды қажет етеді: 1 – зерденің мүдделері мен мақсаттарының шынайы табиғатын; 2 – осындай мүдделерді жүзеге асыратын құралды. Қабілет сөзінің бірінші мағынасы. – Әрбір түсінік өзінен басқа нәрсемен, яғни объектімен және субъектімен байланыс ты. Байланыстардың түрі қанша болса, сонша ақыл қабілеттерін де анықтауға болады. Ең әуелі, түсінік объектімен келісу немесе сәйкесу тұрғысынан байланысуы мүмкін; бұл жағдай – іс жүзінде ең қарапайым – танымдық қабілетті анықтап тұрады. Бірақ, екіншіден, түсінік өзінің объектісімен себептілік байланысқа түсуі мүмкін. Онда әңгіме қалау қабілеті: “өзінің түсініктері арқылы сол түсініктердің заттарының шынайылығына себеп болу қабілеті” ту ралы болмақ. (Бұл жерде орындалмайтын қалаулар да бар деген уәжді айтуға болар еді; бірақ аталған жағдайда себепті байланыс, басқа өзіне қарама-қарсы тұратын себептілікке қарсы шықса да, түсініктің құрамына әлі еніп тұрады. Ырымға негізделген мысалдар “әсер [алу] үшін осындай түсініктердің жеткіліксіздігі де [табиғи жолмен жүзеге асуы мүмкін болмайтын мақсаттарға жету үшін] соған ұмтылуды тоқтата алмайтынын” көрсетіп отыр). Сонымен, түсінік субъектімен байланысты болады, өйткені ол субъектінің өмірлік күшін әлсірету немесе күшейту арқылы оған әсер етеді. Мұндай үшінші байланыс қабілет ретінде рахаттану не рахат танбау сезімін анықтап тұрады. Мүмкін, қалаусыз рахат та, рахатсыз қалау да, танымсыз қалау мен рахат та т.с.с болмайтын шығар. Бірақ, мәселе бұған қатысты емес. Мәселе өзекті үйлесімдерді (қабілеттерді) білуге қатысты болмай отыр. Әңгіме осындай қабілеттердің әрқайсысының ең жоғарғы формаға – құқық бойынша анықталатын түріндегі – же туге қатысты білім туралы болып отыр. Қабілет өзінде өзін-өзі жүзеге асыру заңын ашқан кезде (тіпті, егер мұндай заң басқа бір қабілетпен қажетті байланыстан туындаса да) ең жоғарғы форманы иеленеді деуге болады. Сонымен, өзінің ең жоғарғы формасында қабілет дербес болады. Таза зерденің сыны: “Ең жоғарғы танымдық қабілет бар ма?” деген сауалмен басталады. Практикалық зерденің
сыны: “Қалаудың ең жоғарғы қабілеті бар ма?” деген сауалдан, ал Пайымдау қабілетінің сыны: “Рахаттанудың және рахаттанбаудың ең жоғарғы қабілеті бар ма?” деген сұрақтан басталады. (Өйткені, Кант біраз уақыт осы соңғы мүмкіндікке сенбей келген). Ең жоғары танымдық қабілет. – Білімді қалыптастыру үшін түсінік туралы түсінік жеткіліксіз болады. Бірнәрсені білу үшін түсінікті иеленумен қатар, оның шеңберінен шыға алатындай қабілет те қажет: “сонымен байланыстағы болатын басқа түсінікті түсіну үшін”5. Сонымен, білім – түсініктердің жиынтығы (синтезі) болып табылады: “ол [пайым – ауд.] А ұғымының тыс оған жат, бірақ онымен байланысты В предикатын таптым деп шамалайды”; біз болсақ, түсініктің объектісі туралы, оның ішінде жоқ бірнәрсе туралы айтамыз. Сонымен, аталған синтез екі формада көрініс та бады: синтез тәжірибеге тәуелді болғанда, ол апостериорлық бо лады. Егер мен: “Бұл түзу сызық – ақ түсті” десем, онда әңгіме екі өзара ешқандай байланысы жоқ нұсқаманың қақтығысы туралы болар еді: әрбір түзу сызық – ақ емес, ал ақ түсті сызық қажетті түрде ақ болмайды. Керісінше, мен: “Түзу сызық [екі нүктенің арасындағы] ең қысқа қашықтық” немесе: “Барлық нәрсенің себебі бар” десем, априорлы синтез жасаймын: мен В-ны А-мен қажетті және жалпыға бірдей түрде байланысты нәрсе ретінде анықтаймын. (Демек, В-ның өзі қайсыбір априорлы түсінік болып табылады; А-ға келетін болсақ, оның ондай болмауы да мүмкін). Априорлы нәрсенің ерекше қасиеті – жалпыға ортақтық және қажеттілік. Бірақ, априорлы нәрсенің де финициясы: тәжірибеден тәуелсіздік. Априорлы нәрсенің тәжірибеге қолданылуы мүмкін және кейбір жағдайда ол – тек тәжірибеге ғана қолданылады; бірақ ол тәжірибеден шығарылмайды. Анықтамасына сай “бәрі”, “әрқашан”, “қажет” деген сөздерге сай болатын тәжірибе жоқ... Ең қысқа нәрсе – сын есімнің салыстырмалы дәрежесі емес және индукцияның да нәтижесі емес, ол мен сызықты түзу сызық ретінде соның көмегімен жасайтын – априорлы ереже. Себеп енді индукцияның нәтижесі болмайды, ол – мен болып жатқан нәрсені тәжірибе ішінде соның негізінде танитын априорлы түсінік болып табылады. Синтез эмпириялық болатындықтан танымдық қабілет өзінің ең төмен формасында көрініс табады: ол өзінің заңын өзінен емес, тәжірибеден табады. Алайда, априорлы синтез ең жоғарғы танымдық қабілетті анықтап тұрады. Іс жүзінде ол өзіне қандай да бір заңды бере алатын объектілер тарапынан енді басқарылмайды;
керісінше, нақ априорлы синтез объектіге түсінікті болмаған қасиетті үстейді. Демек, объектінің өзі біздің танымдық қабілет объектіні басқара алатындай етіп, керісінше емес, түсініктің син тезіне бағынуға мәжбүр болады. Танымдық қабілет өз ішінде өзінің дербес заңын ашқан кезде, ол сол заң арқылы таным объектілеріне да заң шығарып береді. Сондықтан да танымдық қабілеттің ең жоғарғы түрін негіздеу – Зер де мүддесін де негіздеу болып табылады. “Рациональды білім және ап риорлы білім өзара барабар” немесе синтездік априорлы пайымдардың өзі “зерде туралы теориялық ғылымдар” деп аталуы тиіс нәрсенің қағидалары болып табылады6. Қабілеттің ең жоғарғы қызметі болып табылатын зерденің мүддесі зерде мүдделі болатын нәрсе арқылы анықталады. Зерденің табиғи спекулятивті мүддесі болады; және ол оны ең жоғарғы танымдық қабілетке қажетті түрде бағынатын объ ектілерге қатысты иеленеді. Егер қазір: олар қандай объектілер? – деген сұрақты қоятын болсақ, онда “өзіндік заттар” деген жауап қайшылықты болатыны бірден көзге түседі. Ондай заттың – өз ішінде болатындықтан – біздің танымдық қабілетке бағынып, онымен басқарылуы қалай мүмкін болады? Негізі, мұндай нәрсе “феномендерде” көріну дәрежесіне байланысты кейбір объектілерде ғана кездесуі мүмкін. (Айталық, Таза зерденің сынында априорлы синтез әлі тәжірибеге тәуелді бо лып тұрғанда ғана тәжірибе объектілеріне қолданылады). Демек, зерденің спекулятивті мүддесі табиғи түрде тек қана феномен дерге қатысты болатынын ұғыну қажет. Мұндай қорытындыға келу үшін Кант ұзақ дәлелдерді қажет етпейді: ол – Сынның бастапқы нүктесі болып табылады; Таза зерде сынының нағыз проблемасы осы жерден басталады. Егер тек қана спекулятивті мүдде болатын болса, онда зерденің назары өз ішіндегі заттарға түсуі екі талай болар еді. ҚАЛАУДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚАБІЛЕТІ. Қалау қабілеті жігер ді анықтайтын түсініктің болуын қажет етеді. Бірақ бұл жағдайда жігер мен түсініктің синтезі априорлы болуы үшін априорлы түсініктердің тәжірибесіне жүгіну жеткілікті ме? Шынымен де, бұл жердегі мәселе мүлде басқаша. Тіпті, түсінік априорлы болғанда да ол, аталған түсінік жеткізіп тұрған объектімен бай ланысты болатын қалау арқылы жігерді негіздейді: осылайша, синтез эмпириялық немесе апостериорлық болып қала береді; жігер “патологиялық” түрде анықталады; қалау қабілеті ең төмен деңгейде қалады. Соңғысы өзінің ең жоғарғы шегіне жету үшін
түсінік априорлы болса да, объектінің түсінігі болмауы қажет. Ол таза форманың түсінігіне айналуы тиіс. “Егер заң ішінде кез келген материяға, яғни жігердің әрбір затына (анықтушы негіз ретіндегі) мән берілмейтін болса, онда ортақ заңдардың формасынан басқа мұндай заңда ешнәрсе де қалмайды”7. Демек, қалау қабілеті ең жоғарғы қабілетке айналады, ал жігер рахат арқылы емес, заңның қарапайым түрі арқылы берілгенде, онымен сәйкесетін практикалық синтез априорлы болып табыла ды. Сол кезде қалау қабілеті өзінің дербес заңдарын өзінен тыс жерден емес – материядан немесе қайсыбір объектіден - өзінен та бады: оны дербес деуге болады8. Моральдық заңда нақ осындай өзімен-өзі болған зерде (рахатта ну не рахаттанбау сезімдерінің делдалдығы болмаған кезде) жігерді анықтайды. Сонымен, қалаудың ең жоғарғы қабілетіне сәйкес ке летін зерденің практикалық мүддесі бар және ол эмпириялық, сон дай-ақ спекулятивтік мүддеден ерекше болады. Кант практикалық Зерденің едәуір “мүдделі” болатынын үнемі айтып отырады. Осы тұста Таза зерденің сыны Практикалық зерденің сыны-мен қатар дамитынын сезінуге болады: мәселе, ең алдымен, аталған мүдденің табиғатына, оның байланыстарына қатысты болады. Яғни егер қалау қабілеті өзінен өзінің заңын табатын болса, онда ол заңдар қандай нәрсеге бағытталады? Қандай мәндер немесе объектілер практикалық синтезге бағынады? Сұрақтардың ұқсас болуына қарамастан Практикалық зерденің сынында қайтарылатын жау ап, алдыңғы Сындағыдан гөрі, едәуір күрделі болмақ. Демек, біз бұл жауапты кейінге қалдырамыз. (Бұған қоса, біз рахаттану мен рахаттанбаудың ең жоғары түрі туралы мәселені де зерттемейміз, өйткені бұл сұрақтың мәні басқа екі Сынның болуын қажет етеді). Бізге, жалпы, Сынның – зерденің табиғаттары өзгеше мүдделері болады деген басты қағидасын қарастырудың өзі жеткілікті. Мұн дай мүдделер зерделі жәндіктің мақсаттар жүйесі ретінде көрініс табатын органикалық және бағыныстылық жүйелерін құрайды. Ра ционалистер үшін тек қана спекулятивті мүдде маңызды болады: олардың көзқарасында практикалық мүдделер солардан шығады. Бірақ спекулятивті мүддені осылайша көпіртудің екі өкінішті сал дары болады: шынайы спекулятивті мақсаттар қате ұғынылады, бірақ ең маңыздысы, зерде өзінің бір ғана мүддесімен шектеліп қалатын болады. Спекулятивті мүддені дамытуды сылтау еткен де, зерденің одан терең мүдделері бұрмалануға түседі. “Қабілет” сөзінің алғашқы маынасына сай, канттық тәсілде мүдделердің
жүйелілік көптігі (және бағыныстылық) идеясы басшылыққа алынады. Мұндай идея – нағыз қағида, мақсаттар жүйесінің қағидасы. ҚАБІЛЕТ СӨЗІНІҢ ЕКІНШІ МАҒЫНАСЫ. – Бірінші мағынаға сай, қабілет түсініктің әр алуан байланыстарына сілтеп тұрады. Бірақ, екінші мағынасында қабілет түсініктердің ерекше қайнар көзі болып табылады. Сонымен, түсініктердің түріне байланыс ты қабілеттерді ажырата аламыз. Ең қарапайым тізім – таным тұрғысынан алғанда мынадай болады: 1. Аңдау [іntuіtіon] (жекелік [sіngulіére] – тәжірибе объектісімен тікелей байланысатын түсінік және оның қайнары сезімділікте жа тады); 2. Ұғым [concept]9 (басқа түсініктердің делдалдығымен тәжірибенің объектісімен жанама түрде байланысатын және қайнары пайымда жататын түсінік); 3. Идея (тәжірибе мүмкіндігінен шығып кететін және қайнары зердеде орналасатын қандай да бір түсінік)10. Бірақ, осыған дейін қолданыста болған түсініктің ұғымы [notіon] әзірше ашылмаған күйде қалып отыр. Дәлірек айтсақ, бізге түсінік пен берілген нәрсені ажырату керек. Бізге, ең әуелі, көрінетін күйіндегі объект беріледі. Сонымен қатар, “объект” деген сөздің өзі тым көп мағыналы. Бізге өзін ұсынатын нәрсе немесе аңдау кезінде көрінетін нәрсе, бұл – ең алдымен, сезімдік эмпириялық көптүрлілік (апостериорлық) ретіндегі феномен. Канттың пікірін ше, феномен – көрініс емес, құбылыс екеніне көзіміз жетеді11. Феномен кеңістік пен уақытта көрініс табады: кеңістік пен уақыт біз үшін кез келген болуы мүмкін құбылыстың түрлері, біздің аңдауымыз бен біздің сезімділігіміздің таза түрлері болады. Өз ке зегінде олар түсініктер болады: бұл тұста – априорлы түсініктер болады. Сонымен, өзін-өзі ұсынып тұратын нәрсе – кеңістік пен уақыт аралығындағы эмпириялық феномендік көптүрлілік қана емес, кеңістік пен уақыттың таза априорлы көптүрлілігі болып та былады. Таза аңдау (кеңістік пен уақыт) – сезімділіктің априорлы түрде ұсынатын нәрсесі. Априорлы болса да аңдау түсінік емес, сезімділік те түсініктердің қайнары болмайды. Түсініктегі маңызды нәрсе префикстің өзі: түсінік (пред-ставление) өзінде бар нәрсені белсен ді түрде жаңғырту [reprіse] болып табылады; сезімділікті сипаттап тұратын енжарлық пен көптүрліліктен ерекшелеп тұратын белсен ділік пен бірліктің тамыры осында жатыр. Осы тұрғыдан алғанда
танымды енді түсініктердің жиынтығы ретінде анықтаудың қажеті жоқ. Түсініктің өзі таным ретінде, яғни бар нарсенің жиынтығы ретінде анықталады. Бір жағынан, қабылдау қабілеті ретіндегі аңдау сезімділігі, екінші жағынан, шынайы түсініктердің қайнары ретіндегі белсен ді қабілеттер арасындағы өзгешелікті анықтап алу қажет болады. Өзінің белсенділігінде қарастырылатын синтез – қиялға; бірілігін де алынған синтез – пайымға: ал, тұтас алған синтез – зердеге не гізделген. Демек, синтезге қатынасатын үш белсенді қабілет бар: қиял, пайым, зерде және егер осылардың біреуі басқамен байла ныста қарастырылатын болса, онда бұлар ерекше түсініктердің қайнары ретінде көрініс табады. (Басқа жолмен жасалатын басқа да мәнділіктерді болжауға болар еді: мысалы, пайымы аңдаулық болып, көптүрлілікті жасай алатын құдіретті жәндікті. Бірақ, онда аталған қабілеттердің бәрі қайсыбір ең асқақ деген бірлік те қосылып кетер еді. Шек ретіндегі осындай Жәндіктің идеясы біздің зердемізді шабыттандыруы мүмкін, бірақ оның өзі және оның басқа қабілеттерге қатысты жағдайын жеткізе алмайды.) ҚАБІЛЕТ СӨЗІНІҢ ЕКІ МАҒЫНАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫ СЫ. Қабілетті бірінші мағынасында қарастырайық: өзінің ең жоғарғы формасында ол дербес және заң шығарушы болады; ол өзіне бағынатын объектілерге заң шығарып береді; оған зерденің мүддесі де сәйкес келеді. Демек, Сынның бірінші сұрағы жалпы мынадай болған еді: бұл жоғарғы формалар қандай, бұл қандай мүдделер және іс жүзінде олар немен байланыс жасайды? Бірақ, екініші сұрақ та туындайды: іс жүзінде зерденің мүддесі қалай жүзеге асады? Объектілердің бағынуын қамтамасыз етіп тұрған қандай нәрсе және олар қалай бағынады? Бұл қабілетте шыны мен заң шығарып тұратын қандай нәрсе? Қиял ма, пайым ба, әлде зерде ме? Біз көргендей, қабілет – сөздің бірінші мағынасында - зерде мүддесіне сай келетіндей анықталған кезде, бізге, әлі екінші мағынадағы – осы мүддені жүзеге асыратын немесе заң шығару ісін (орындалуын) қамтамасыз етіп тұрған – қабілетті табуымыз қажет болады. Басқа сөзбен айтқанда, зерде өзінің дербес мүддесін жүзеге асыруға міндетті болатынына ешқандай кепілдік жоқ. Мысал ретінде Таза зерденің сынын алсақ. Ол ең жоғарғы танымдық қабілетті ашудан басталады, демек, зерденің спекуля тивті мүддесінен басталады. Бұл мүдде феномендерге арқа сүйейді; іс жүзінде өз ішіндегі заттар болмағындықтан феномендер, сірә, танымдық қабілетке бағынатын сынайлы және олар таным мүмкін
болуы үшін белгілі бір орынды иеленуі қажет. Бірақ, басқа қырынан
келсек, – түсініктің қайнары ретінде – қандай қабілет осындай
бағынуды қамтамасыз етіп, осындай мүддені жүзеге асырады? –
деген сұрақты қоюға болады. Танымдық қабілеттің өзінде қандай
қабілет (екінші мағынасында) заң шығарып тұрады? Канттың
әйгілі жауабы мынадай: зерденің спекулятивті мүддесінде неме
се танымдық қабілетте тек пайым ғана заң шығарады. Сонымен,
зерде шынымен-ақ өзінің мүддесіне қамқорлық жасамайды екен:
“таза зерде бәрін пайымға беріп қояды”12.
Бұл жауаптың, сірә, әрбір Сын үшін бірдей емес екені айқын:
қалаудың жоғарғы қабілетінде, демек, зерденің практикалық
мүддесінде де – нақ зерденің өзі заң шығарып тұрады және ол
басқаға өз мүддесінің жүзеге асуын артып қоймайды.
Сынның екінші сұрағында тағы басқа бір қыр жасырынады. Заң
шығару қабілеті түсініктердің қайнары ретінде кез келген басқа
қабілеттердің қолданылуын жаншымайды. Пайым танымдық
мүддеде заңды ұсынған кезде, қиял мен зерде әлі де ерекше рөлді
ойнауын жалғастырады, бірақ ол пайым ұсынатын міндеттерге сай
келеді. Ал, зерденің өзі практикалық мүддеде заң шығарған кезде
– пайым, өз кезегінде, зерде ұсынған ерекше қызметті атқаруы тиіс
болады... және т.т. Пайым, зерде және қиял әрбір Сында аталған
қабілеттердің төрағалығымен әр алуан қатынастарға түседі. Соны
мен, біздің зерденің қандай мүддесін қарастыруымызға байланысты
қабілеттер арасында жүйелілік түрленімдері байқалады. Қысқасы:
сөздің бірінші мағынасындағы әрбір қабілетке (танымдық қабілет,
қалау қабілеті, рахаттану не рахаттанбау қабілеті) сөздің екінші
мағынасындағы қабілеттердің (қиял, пайым, зерде) қатынасы сай
келуі тиіс болады. Сонымен, қабілеттер туралы ілім трансцендент
ті тәсілді белгілейтін нағыз өрімді қалыптастырады.
ТАЗА ЗЕРДЕ СЫНЫНДАҒЫ ҚАБІЛЕТТЕРДІҢ
БАЙЛАНЫСЫ
І тарау
«АПРИОРЛЫҚ» ЖӘНЕ ТРАНСЦЕНДЕНТТІК. Қажеттілік
пен баршаға ортақтық – априорлықтың өлшемдері болып табы
лады. Тәжірибенің бізге баршаға ортақ және қажетті бір нәрсені
ешқашан “бермегендіктен”, априорлы нәрсе тәуелсіз нәрсе ретінде
анықталады. “Бәрі”, “әрқашан”, “қажет” немесе, тіпті, “ертең” де
ген сөздер іс жүзінде тәжірибедегі ешқандай нәрсеге негізделме ген; олар, тіпті, оған қатысы болса да, тәжірибеден шығарылмайды. Сонымен, біз осы сөздерді қолданатынымызды білген кезде, біз өзімізге берілетіннен үлкен нәрсе туралы айтамыз, бізге тәжірибеде берілген нәрсенің шегінен шығамыз. Юмның Кантқа жасаған ықпалы жиі талқыланады. Расында да, Юм танымды осындай шек тен шығу ретінде бірінші болып анықтаған. “Ертең күн шығады”, “Әр кезде 100°С су қажетті түрде қайнайды” дегенде мен еште мені де танып тұрған жоқпын. Ең әуелі Кант: білімнің деректі қыры (quіd factі) дегеніміз не? – деген сұрақты қояды. Біздің (бізге пікір жасауға мүмкіндік беретін) априорлы түсініктерді иеленетініміз – білімнің деректі қырының мәні болып табылады. Кейде бұл қарапайым “түсініктер”: кеңістік пен уақыт; аңдаудың априорлы формалары; өздері априорлы бола тын және эмпириялық түсініктерден немесе апостериорлы мате риядан (мысалы, қызыл түстен) өзгеше аңдаулар. Кейде бұл сөздің қатаң мағынасындағы “түсініктер”: субстанция, себеп және т.с.с.; эмпириялық түсініктерден (мысалы, арыстан ұғымынан) өзгеше априорлы ұғымдар. Quіd factі? деген сұрақ – метафизиканың пәні. Кеңістік пен уақыт априорлы аңдаулардың түсінігі болатыны, Кант “метафизикалық түсіндіру” деп атайтын нәрсенің тақырыбы бо лып табылады. Пайымның пайымдаулар түрінен дедукцияланатын априорлы ұғымдарды (категорияларды) реттеуі туралы дерек, Кант ұғымның “метафизикалық дедукциясы” деп атайтын нәрсенің пәні болып табылады. Егер біз өзімізге тәжірибеде берілген нәрсенің шеңберінен шығатын болсақ, онда ол біздің дербес, қажетті түрде субъективті қағидаларымыздың арқасында ғана мүмкін болады. Бізді мұндай берілген нәрсенің шеңберінен шығаратын рәсімнің негізіне аталған нәрсенің алынуы мүмкін емес. Бірақ, бізде қағидалардың болуы жеткіліксіз, бізде оларды жүзеге асыратын мүмкіндік те болуы тиіс. Мен: “Ертең күн шығады” деймін, бірақ егер күн шықпаса, ертеңгі күн де болмайды. Егер тәжірибенің өзі біздің шектен шығуымызды (мазмұнмен) толтырып, бекіте бастамаса, біз өзіміздің қағидаларымызды жүзеге асыру мүміндігінен айы рылатын едік. Демек, тәжірибе деректерінің өзі біздің әрекеттерді басқарып тұратын қағидаларға бағынуы тиіс. Егер күн кейде шығып, кейде шықпайтын болса; “егер киноварь бірде қызыл, бірде қара, бірде ауыр, бірде жеңіл болса; егер адам әр алуан жануарлардың кейпіне енетін болса, егер жылдың ең ұзақ күнінде жер біресе жемістің астында, кейде мұз бен қардың астында жата
тын болса, онда менің эмпириялық тәжірибем қызыл түстің түсінігі ретінде, ойша болса да, ауыр киноварьді елестетуге ешқандай негіз таппайтын болар еді”. “Бұл болмаса біздің эмпириялық қиял өзінің қабілетіне сай әрекеті үшін ешнәрсе де алмаған болар еді, демек, ол жанның түбінде өлі әрі біздің өзімізге беймәлім қабілет ретінде жасырын түрде қала беретін еді”13. Кант пен Юмның арасы ашылған тұсты көруге болады. Юм біз ге берілетін нәрсенің шеңберінен сол арқылы шыға алатын білім ішіндегі субъективті қағидалардың болатынын анық түсінген. Бірақ ондай қағидалар оған адам табиғатының ұстындары, біздің дербес түсініктерге қатысты ассоциациялардың психологиялық ұстындары болып көрінетін. Кант мәселені өзгертеді: біз ге Табиғатты қалыптастырушы ретінде көрінетін нәрсенің өзі, біздің репрезентацияларды басқарып тұратын ұстындар сияқты ұстындарға (немесе дәл сондай ұстындарға) қажетті түрде бағынуы тиіс. Тура сол ұстындар біздің субъективті әрекеттерімізді және бізге берілген нәрсенің біздің әрекеттерге бағынуын да түсіндіріп беруі қажет. Яғни ұстындардың субъективтілігі – эмпириялық не месе психологиялық емес, “трансцендентальды” субъективтілік болып табылады. Сондықтан да, деректің сауалынан кейін одан әлдеқайда маңызды: құқықтың сұрағы, quіd jurіs қойылады. Біз іс жүзінде ап риорлы түсініктерге ие боламыз деу аздық етеді. Мұндай түсініктер тәжірибеден шығарылмаса да, олар неліктен және қалай қажетті түрде соған қатысты қолданылытынын түсіндіріп беру қажет бо лады. Тәжірибедегі деректер біздің түсініктерімізді – априорлы түрде – басқарып тұратын ұстындарға (демек, біздің априорлы түсініктерімзге де) неліктен және қалай қажетті түрде бағынады? Бұл құқықтың мәселесі. Тәжірибеден шығарылмайтын түсініктерді а prіorі белгілейді. Тәжірибе соның арқасында біздің априорлы түсініктерімізге қажетті түрде бағынатын ұстынды трансцендентті деп атайды. Сондықтан да кеңістік пен уақыттың метафизикалық түсіндірілуінен соң, трансценденталдьды түсіндіруге кезек келеді, ал категориялардың метафизикалық дедукциясынан кейін – транс цендентті дедукция басталады. “Трансцендентальдық”, тәжірибеде берілетін нәрсенің біздің априорлы түсініктерге қажетті түрде бағынуын, демек, априорлық түсініктерді тәжірибеге қажетті түрде қолдану ұстыны ретінде бағаланады. КОПЕРНИКТІК РЕВОЛЮЦИЯ. Қасаң қағидалы рациона лизмде таным теориясы субъект пен объект арасындағы сәйкестік идеясына, идеялар тәртібі мен заттар тәртібі арасындағы келісім
идеясына негізделіп келген еді. Мұндай келісімнің екі қыры бо лады: жеке тұрғанда оның өзінде қайсыбір түпкілікті мақсат бар; және ол осындай түпкілікті мақсаттың, осындай келісімнің қайнар көзі мен кепілі ретінде болатын теологиялық ұстынды да талап етеді. Бірақ, ең қызығы, мүлде басқа көзқарас тұрғысынан келген де Юмның скептицизмі тура осындай қорытындыға алып келеді: Табиғат ұстындардың адам табиғаты ұстындарына сәйкес келуін түсіндіру үшін Юм алдын-ала берілетін үйлесімділікке айқын түрде жүгінуге мәжбүр болған. Кант өзінің “коперниктік революция” деп атаған іргелі идеясының мәні мынада: субъект пен объект арасындағы үйлесімділік идеясын (мақсатқа сай келісім) объектінің субъектіге қажетті түрде бағыну ұстынына алмастыру. Маңызды жаңалықтың мәні танымдық қабілеттің заң шығарушы болуында немесе, дәлірек айтқанда, танымдық қабілетте заң шығарып тұратын бірнәрсенің болуында. (Дәл солай, қалау қабілетінде де заң шығаратын бірнәрсе болады). Сонымен, зерделі жәндік өзінде бар жаңа күштерді аша ды. Коперниктік революцияның ең бірінші үйрететін нәрсесі, нақ біздің әмір етуімізге байланысты нәрсе. Бұл тұста антикалық Даналық тұжырымдамасының төңкерілуі жүзеге асады: абыз Табиғатпен жартылай “мақсатқа сай” келісімімен, жартылай оған бағынуымен анықталып келген еді. Кант даналыққа сыни бейнені қарама-қарсы қояды: біз – Табиғатқа заң шығарушы болып табы ламыз. Қайсыбір философ – канттыққа әсіре қарсы адам Jubere-ні Parere-мен14 алмастырғаны туралы жариялағанда, ол Кантқа өзі шамалаған дәрежеден әлдеқайда көп қарыздар болады. Объектінің бағыну мәселесі субъективті идеализм тұрғысынан оп-оңай шешілетін сияқты болып көрінеді. Бірақ канттық шешімдей алшақ жатқан басқа шешімді табу қиын. Эмпириялық реализм – сыни философияның өзгермейтін қыры. Феномендер – елес нәрсе емес, сон дай-ақ олар біздің әрекетіміздің өнімі де емес. Олар бізге әсер етеді, өйткені біз – енжар әрі қабылдаушы субъект боламыз. Феномендер бізге бағыну мүмкін, өйткені олар өз ішіндегі нәрселер емес. Бірақ, егер олар ды біз жасамасақ, олар бізге қалай бағынады? Екіншіден, енжар субъект белсенді қабілетке (оның әсері осындай қабілетке бағынатын) қалай ие болмақ? Канттың пікірінше, субъект пен объектінің арақатынасы тура лы мәселе ішкі (мәселе) болуға ұмтылады; ол – болмысы әр алуан субъективті қабілеттердің (қабылдайтын сезімділік және белсенді зерде) арасындағы байланыс мәселесіне айналады. СИНТЕЗ ЖӘНЕ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ПАЙЫМ. Түсінік бар нәрсені жинақтауды қажет етеді. Демек, синтездің мәні мына
да: әртүрлілік түсініктегі бар нәрсе ретінде белгіленіп, көрінеді. Синтездің екі қыры бар: ол - біз соның көмегімен белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақытты алып жататын нәрсе ретіндегі көптікті негіздейтін ұстап қалу және соның көмегімен әртүрлі бөліктерді кеңстік пен уақытта біз “жасайтын” ұстап қалу; ал, екіншісі - сол арқылы біз мөлшердің кейінгі бөліктеріне келген кезде алдыңғы бөліктерін қайта жасайтын жаңғырту. Осылай анықталатын синтез кеңістік пен уақытта көрініс табатын көптүрлілікке ғана қатысты болмайды, ол кеңістік пен уақыттың көптүрлілігін де қамтиды. Шынымен де, көптүрлілік болмаса кеңістік пен уақыт “қайта жа саламаушы” еді. Ұстау және қайта жасалу ретінде болатын мұндай синтезді Кант әрқашан қиялдың әрекеті ретінде анықтап келген15. Бірақ мы надай сұрақ туындайды: біз, осының алдында айтқандай, абсолют ты түрдегі дәлдікпен - білімді жасау үшін мұндай синтез жеткілікті дей аламыз ба? Шындығына келсек, танымда синтездің шекарасы нан шығып кететін екі нәрсе болады: ол сананы немесе, дәлірек айтсақ, түсініктердің ішінде байланыс жасауы тиіс бір сананың иелігінде болуын талап етеді. Ендігіде, жеке тұрған қиялдың син тезі, тіпті де өзіндік сана болмай шығады16. Басқа жағынан кел генде, танымның ішінде объектімен кажетті байланыс болады. Танымды жасайтын нәрсе сол арқылы көптік синтезделетін жай ғана акт емес, бұл – аталған көптікті объектімен байланыстыратын акт (тану: бұл – үстел, бұл – алма, бұл – анадай немесе мынадай болатын объект...). Танымның осындай екі детерминациясы терең байланыс та болады. Менің түсініктерімнің менікі болуы, сана бірлігінде “Мен ойлаймын”-ның олардың серігі болуынан. Сонымен, егер түсініктер жинақтайтын көптүрліліктің өзі жалпы объектімен сәйкес келмесе, онда түсініктер санада аталған жолмен бірікпей ді. Біз қасиетке қатысты анықталған объектілерді ғана білеміз (көптүрліліктің көмегімен қайсыбір объект ретінде қасиеттеріне сай анықталған). Бірақ егер біздің қолымызда жалпы форма ретінде (“жалпы объект”, “объект = х”) шынайылық болмаса, көптүрлілік ешқашан объектіге негізделмейтін де еді. Мұндай форма қайдан шығады? Жалпы объект – бұл “Мен ойлаймын”-ның немесе сана бірлігінің Тілшіеляты; ол cogіto-ның көрінісі, оны формальды шынайыландырудың көрінісі. Демек, cogіto-ның нақтылы (син тездік) формуласы мынадай болады: мен өзімді пайымдаймын және өзімді пайымдаған кезде аталмыш әртүрлілікті сонымен байланыстыратын жалпы объектіні де пайымдаймын. Объектінің
формасы қиялдан емес, пайымнан шығарылады: “Мен пайымды ерекше қабілет ретінде танимын және оған жалпы объект ұғымын (бұл ұғымды біздің пайымымыздың ең айқын санасы ешқашан таппайтын еді) телимін”17. Іс жүзінде, пайымның жарамдылығы “Мен ойлаймын”-нан шығып, дамиды; сонымен қатар, “Мен ой лаймын”-ның бірлігі – “жеке тұрған пайымның өзі” болып табы лады18. Пайым “категориялар” деп аталатын априорлы ұғымдарды қолданады; біз категория қалай анықталады деп сұрағанда, олардың бір мезетте сана бірлігінің түсініктері және жалпы объ ект предикаттары болатынын көреміз. Мысалы, кез келген объ ект қызыл түсті емес, ал мына қызыл түсті объект қажетті түрде ондай болмайды; бірақ, қандай да бір нәрсемен өзара қатынасқа түспейтін, қандай бір нәрсе үшін қажетті түрде субстанция, себеп немесе салдар болмайтын объект жоқ. Сонымен, категория қиял синтезіне бірлік үстейді, ал мұндай бірлік болмаса ол бізге қандай да бір білімді бермейтін де еді. Қысқасы, енді біз пайымға тәуелді нәрсені атай аламыз: ол – синтездің өзі емес, синтездің бірлігі және осындай бірліктің көрінісі. Канттың қағидасы мынадай болады: феномендер қажетті түрде категорияларға бағынады; олардың бағынуы соншалықты, біздер категориялардың арқасында Табиғаттқа шынайы заң шығарушыға айналамыз. Бірақ, мынадай алғашқы сұрақ туындайды: неліктен пайым (қиял емес) заң шығарушы болады? Неге танымдық қабілетте ол ғана заң шығарады? Бұл сұраққа жауап қайтару үшін қойылатын сұрақтағы терминдерді түсіндіру жеткілікті болатын сияқты. Біздің: неге феномендер кеңістік пен уақытқа бағынады? – деген сұрақты қоя алмайтынымыз түсінікті нәрсе. Феномендер – көрінетін нәрселер, ал көріну дегеніміз – тікелей кеңістік пен уақытта болу деген сөз. “Егер зат бізге сезімділіктің осындай таза формалар арқылы ғана көрінсе, яғни эмпириялық аңдаудың объекты болса, онда құбылыс ретінде гі заттардың болу мүмкіндігін a prіorі иеленетін кеңістік пен уақыт таза аңдау болып шығады”19. Міне, сондықтан да кеңістік пен уақыт дедукцияның емес, “түсіндірудің” объектісі болады; және олардың трансцендентальды түсіндірілуі метафизикалық түсіндірілумен салыстырғанда ешқандай қиындық туғызбайды. Сонымен, “фено мендерді” кеңістік пен уақытқа “бағынады” деуге болмайды: бұл – сезімділіктің енжарлығына ғана емес, оның табиғи болуына және керісінше, бағыну идеясының ішінде қайсыбір делдалдың, яғни фе номендерді заң шығара алатын белсенді қабілетпен байланыстыра тын синтездің араласуына байланысты болады.
Бұдан, қиялдың өзінде заң шығарушы қабілет болмайтыны анықталады. Қиял жанамалықтың көрінісі болады және феномен дерді танымдық мүддеде заң шығарушы жалғыз қабілет ретін дегі пайыммен жалғастырып тұратын синтезді жүзеге асырады. Сондықтан Кант былай деп жазады: “Таза зерде барлық нәрсені, аңдау заттарына немесе дұрысы, қиялдағы солардың синтезіне тікелей қатысы бар пайымға тапсырады”20. Феномендер қиялдың синтезіне бағынбайды; олар синтездің арқасында заң шығарушы пайымға бағынады. Кеністік пен уақытқа қарағанда, пайымның ұғымдары ретіндегі категориялар –феномендер бағынуының ере кше мәселелерін тұжырымдайтын және шешетін трансценден тальды дедукцияның объектісіне айналады. Жалпы алғанда бұл мәселе мынадай жолмен шешіледі: 1. феномендердің бәрі кеңістік пен уақыт аралығында болады; 2. қиялдың априорлы синтезі кеңістік пен уақытқа a prіorі қатысты болады; 3. демек, феномендер мұндай синтездің трансцендентальды бірлігі не, сондай-ақ бұл бірлікті a prіorі жеткізіп тұрған категорияларға қажетті түрде бағынады. Нақ осындай мәнде пайым заң шығарушы болады: әрине, ол бізге мазмұны тұрғысынан ерекше болатын феномендер бағынатын заңдар туралы айтпайды, бірақ олардың формалары тұрғысынан феномендердің бәрі бағынатын заңдарды бекітеді және мұндай заңдарды – сезім арқылы қабылданатын Табиғатты “қалыптастыратындай” етіп бекітеді. ҚИЯЛДЫҢ РӨЛІ. Енді заң ұсынатын пайым өзінің ұғымдары арқылы немесе өзінің синтезінің бірліктері арқылы не істейді? – деген сұрақты қоюға болады. Ол былай пайымдайды: “Пайымның мұндай ұғымдарды қолдануының бір-ақ жолы бар: солар арқылы ол пайымдайды”21. Сондай-ақ, қиял өзінің синтездерінің көмегімен не істей алады? – деген сұрақты қоюға болады. Канттың белгілі жауабы бойныша – қиял сұлбалайды. Демек, бұл - қиялда синтез бен сұлбаны (схеманы) араластырудың қажеті жоқ деген сөз. Сұлба синтезді керек етіп тұрады. Синтез белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақыттың берілуі, солар арқылы көптүрлілік, категорияларға сай жалпы объектімен байланыс жасайды. Бірақ сұлба әрқашан және барлық жерде категорияға сәйкес келетін кеңістікті-уақыттық берілетін нәрсе: оның мәні бейнеден емес, таза концептуальды қатынастарды кейіптеп, жүзеге асыратын кеңістік-мезгілдік қатынастардан көрініс табады. Қиялдың сұлбасы заң беруші пайымның өз ұғымдары арқылы әртүрліліктің кез келген танымы үшін ұстындар ретінде қызмет ететін пайымдауларды ұсынуының
шарты. Ол, феномендер пайымға қалай бағынады? – деген сұраққа
емес, пайымды өзіне бағынышты феномендерге қалай қолдануға
болады? – деген сұраққа жауап қайтарады.
Кеңістік-уақыттық қатынастардың концептуальды қатынастарға
барабар болуы (олардың табиғатындағы өзгешелікке қарамастан),
Канттың айтуынша, терең құпия және жасырын өнер болып та
былады. Бірақ, бұл мәтіннен осындай сұлбалау қиялдың ең терең
әрекеті немесе оның өздігінен болатын өнері деген қорытынды
жасаудың қажеті жоқ еді. Сұлбалау – қиялдың бастапқы әрекеті:
қиял ғана сұлбалайды. Бірақ, ол пайым басқарып тұрғанда немесе
заң беруші билікке ие болғанда ғана сұлбалайды. Ол спекулятивті
мүддесі үшін ғана сұлбалайды. Пайым өзіне спекулятивті мүддені
жүктегенде, яғни анықтаушы болғанда ғана қиял сұлбалауға
мәжбүр болады. Төменде біз мұның қандай салдарға душар
болатынымызға көз жеткізе аламыз.
ЗЕРДЕНІҢ РӨЛІ. – Пайым пайымдайды, ал зерде ойды
қорытындылайды. Сонымен, Аристотельдің іліміне сүйенген
Кант, ойды қорытындылауды силлогизм тәрізді қабылдайды:
егер пайымның ұғымы берілген болса, онда зерде толық көлемде
алынатын орталық терминді, яғни бірінші ұғымды объектіге те
литін басқа ұғымды іздейді (айталық, адам [ұғымы] Кай “ажалы”
деген ұғымның телінуін негіздеп тұрады). Демек, бұл тұрғыда
пайымның ұғымдарына қатысты зерде өзіне тән дарындарын
жүзеге асырады: “зерде танымға бірқатар шарттарды құрайтын
пайым әрекеттері арқылы қол жеткізеді”22. Алайда, пайымның
априорлы ұғымдарының (категорияларының) болуы ерекше
мәселені көтереді. Категорияларды болуы мүмкін тәжірибенің
барлық объектілеріне қолдануға болады; объектілердің бәріне де
априорлы ұғымның телінуін қамтамасыз ететін орталық терминді
табу үшін зерде басқа ұғымды (ол априорлы болса да) пайдалан
бай, тәжірибенің мүмкіндік шегінен шығып кететін Идеяларды
қалыптастыруы тиіс болады. Сондықтан да, зерде қайсыбір мәнде
спекулятивті мүдде тұрғысынан белгілі бір түрде трансценден
тальды Идеяларды жасауға мәжбүр болады. Соңғылары қатынас
категориясы болуы мүмкін тәжірибенің объектілеріне телінетін
шарттардың тұтастығы болып табылады; демек, олар қандай да
бір шартсыз нәрсе болып табылады23. Сонымен, [бізде] субстанция
категориясына қатысты абсолютты субъект (Жан), себептілік кате
гориясына қатысты аяқталған серия (Әлем) және қауымдастыққа
қатысты тұтас нақтылық (ens realіssіmum ретіндегі Құдай) бар.
Бұл жерде біз зерденің қабілеті жететін рөлді ойнайтынын тағы
да көреміз; бірақ оның бұл рөлді ойнауы детерминацияланған.
“Зерденің пәні тек қана пайым және оның мақсатқа сай қолданылуы
ғана”24. Субъективті түрде зерденің Идеялары пайымның
ұғымдарымен негізделген, бұл соңғыларға барынша көп мөлшерде
жүйелі бірлік пен көлемді сыйлау үшін жасалады. Зерде болма
са пайым объектіге қатысты өзінің әрекеттер жиынтығын тұтас
нәрсеге біріктіре алмайтын еді. Сондықтан танымның мүддесі
сақталу үшін зерде өзінің заң шығару билігін пайымға өткізген
сәтте – қайсыбір рөлді ойнауды жалғастыра береді немесе, жа
уап ретінде – пайымның өзінен – бір түрлі функцияны, яғни
пайымның ұғымдары сол бағытта жиналатын тәжірибе шегінен
тыс орналасқан идеалды орталықты негіздеуді (бірлік максиму
мы) және пайым ұғымдарын рефлексиялап, қамтитын ең жоғарғы
көкжиектерді қалыптастыра (көлем максимумы) алады25.
“Таза зерде бәрін аңдау заттарына немесе олардың қиялдағы
синтезіне тікелей қатысы бар пайымға беріп қояды. Таза зерде
пайымдық ұғымдарды қолданудағы абсолютты тұтастықты ғана
өзіне қалдырып, категориялар арқылы пайымдалатын синтездік
бірлікті абсолютты шартсыз нәрсеге дейін жеткізуге ұмтылады”26.
Сонымен қатар, зерде рөлді объективті түрде ойнайды. Өйткені,
пайым феномендерге заңды тек форма тұрғысынан ғана бере ала
ды. Сонымен, феномендер синтездің бірлігіне формальды түрде
бағынады делік, бірақ олар өзінің мазмұны тұрғысынан радикалды
көптүрлілікті де паш етеді: бұған қоса, пайымда өз билігін енді
жүзеге асыратын мүмкіндік болмайды (бұл жолы материалдық
мүмкіндік). “Ру ұғымы немесе қандай да бір ортақ ұғым болмас еді,
одан әрі, пайым да болмас еді, өйткені ол тек осындай ұғымдарды
ғана қолданады”27.
Демек, феномендердің категорияларға пішін тұрғысынан
бағынуымен қатар, олардың (мазмұн тұрғысынан) зерде Идея
ларына сәйкес келуі немесе олардың нышаны (символы) болуы
қажет. Бұл деңгейде қайсыбір гармония, қайсыбір мақсатқа сай
келу қайтадан енгізіледі. Бірақ бұл жерде феномендердің мазмұны
мен зерденің Идеялары арасындағы үйлесімділіктің дәлелсіз ере
же ретінде болатыны да айқындалады. Расында да, мәселе зерде
феномендердің мазмұнына заң шығарып береді деуде ғана емес.
Табиғаттың жүйелі бірлігін ұсыну қажет болады; мұндай бірлікті -
мәселе немесе шек ретінде тұжырымдап, оның барлық әрекеттерін
шексіздікте орналасқан осындай шектің идеясына негіздеу қажет.
Демек, зерде – бәрі егер де... сияқты жүзеге асады... дегенді ай
тып тұратын қабілет. Ол, тұтастық немесе шарттардың бірлігі
объектіде беріледі дегенді айтып тұрған жоқ, ол объектілер бізге
біздің біліміміздің ең жоғары дәрежесі ретіндегі осындай жүйелі
бірлікке ұмтылуға мүмкіндік береді дегенді ғана айтады. Соны
мен, феномендер өз мазмұны бойынша шынымен-ақ Идеяларға,
ал Идеялар – феномендердің мазмұнына сәйкес келеді; бірақ та
банды әрі қажетті бағынудың орнына біз бұл жерде сәйкестікті
ғана, анықталмаған келісімді ғана көреміз. Идея – фикция емес
- дейді Кант: оның объективті құндылығы болады, онда объект
бар; бірақ ондай объектінің өзі “анықталмаған”, “проблемалық”
болады. Идеяның объектісіндегі анықталмаған нәрсе; тәжірибе
объектілеріне ұқсату арқылы анықтауға келетін нәрсе; пайым
ұғымдарына қатысты шексіз детерминацияның идеалын негіз
деу: Идеяның үш қыры осындай болмақ. Сонымен, зерде пайым
ұғымдарына қатысты ой қорытындыларын қанағат тұтпайды; ол
феномендердің мазмұнына қатысты “символдандырады”28.
ҚАБІЛЕТТЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ПРО
БЛЕМАСЫ: ОРТАҚ СЕЗІМ. Үш белсенді қабілет (қиял, пайым, зер
де) спекулятивті мүдденің қызметі болатын белгілі бір байланысқа
түседі. Нақ осы пайым заң шығарады және пайымдайды: бірақ
пайымнан төменгі жерлерде қиял синтез жасап сұлбалайды, зер
де білімде ең көп мөлшерде синтездік бірлік болу үшін ойды
тұжырымдайды және символдандырады. Сонымен, қабілеттердің
кез келген өзара келісімі ортақ сезім деп атауға болатын нәрсені
анықтайды.
“Ортақ сезім” – эмпиризмге әсіре боялған қауіпті сөз тіркесі.
Демек, ортақ сезім ерекше “сезім” (ерекше эмпириялық қабілет)
ретінде анықталмауы тиіс. Керісінше, ол қабілеттердің қайсыбір
априорлық келісімін немесе дәл айтқанда, осындай келісімнің
“нәтижесін” белгілеп тұрады29.
Мұндай
көзқарас
тұрығысынан
келгенде,
ортақ
сезім
психологиялық түрде берілетін нәрсе сияқты пайда болмай, кез
келген “хабарланудың” субъективті шарты ретінде көрінеді.
Білімде ортақ сезім болады, ал ондай сезім болмаған жағдайда,
ол хабарланатындай болмай, әмбебаптыққа да таласа алмайды.
Кант осындай түрдегі ортақ сезімнің субъективті ұстынынан,
яғни қабілеттердің ізгі табиғаты идеясынан – дені сау әрі адал,
қабілеттерге өзара келісім табуға және үйлесімді сәйкестікті
қалыптастыруға септігі тиетін табиғаттың идеясынан ешқашан бас
тартқан емес. “Жоғарғы философия адам табиғатының маңызды
мақсаттарына қатысты болатын ортақ сезімде жататын бағыттан
асып кете алмайды”. Тіпті зерденің өзі спекулятивті тұрғыдан басқа қабілеттермен келісім жасауға мүмкіндік беретін ізгі болмысқа ие болады: Идеялар “біздің зердеміздің табиғатынан шығады және біздің спекуляцияның барлық құқықтары мен ұмтылыстарының мұндай ең жоғарғы пайымы, әуелгі адасулар мен фикциялардың қайнар көзі болуы мүмкін емес”30. Ең алдымен, бізді күрделі мәселеге жолықтыратын ортақ сезім теориясының қорытындыларын қарастырайық. Кантшылдықтың ерекше тұстарының бірі – қабілеттеріміздің табиғаты арасындағы айырмашылық идеясы. Болмысқа байланысты мұндай өзгешелік танымдық қабілет, қалау қабілеті және рахаттану не рахаттанбау сезімі арасында ғана емес, сондай-ақ түсінік қайнары ретіндегі қабілеттер арасында да пайда болады. Сезімділік пен пайымның болмыстары өзгеше болады – біріншісі аңдау қабілеті ретінде, ал екіншісі ұғымдарға деген қабілет ретінде өзгешеленеді. Бұл тұста да Кант догматизм мен эмпиризмге қарсы шығады, олар – әр алуан амалдармен – екеуі де дәреженің қарапайым өзгелігін жақтайды (пайымды негізге алып, айқындылықтағы өзгелікті; не сезімділік ке негізделіп, тірідей берілетін нәрседегі өзгелікті). Бірақ, кейін, енжар сезімділіктің белсенді пайыммен сәйкесуін түсіндіру үшін, Кант түсінікке сай сезімділік формаларына априори қолданылатын қиялдың синтезі мен сұлбалығына жүгінеді. Бірақ бұл мәселені кейін шегереді: өйткені, қиял пен пайымның болмыстары ерекше болады және осы екі белсенді қабілеттердің арасындағы келісім “құпиялы” күйде қалады. (Зерде мен пайым арасындағы келісім тәрізді). Кант күрделі қиындыққа жолыққандай болып көрінеді. Біз оның субъект пен объект арасындағы алдын-ала берілген үйлесім туралы идеяны жоққа шығарып, оны объектінің субъектіге қажетті түрде бағыну қағидасымен алмастырғанын көрген едік. Бірақ ол, субъект болмыстарының ерекше қабілеттері деңгейіне үйлесімділік туралы идеяны қолданып, оны қайтадан жақтаған бо лып шықпай ма? Әрине, мұндай алмастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Десек те, мұндай келісімнің нәтижесі ретінде қабілеттердің үйлесімділік келісіміне немесе ортақ сезімге жүгіну жеткілік сіз болады; Сынның өзі келісім қағидасына да, сондай-ақ ортақ сезімнің генезисіне де зәру болады. (Қабілеттердің үйлесімділігі туралы мәселенің маңыздылығына орай, Кант соған қатысты философияның тарихын қайта түсіндіруге дайын: “Мен өзімді Лейбниц өзінің алдын-ала берілетін үйлесімділігімен (ол... оны тым жалпы сипатта жасаған болатын) екі әртүрлі мәнділіктердің,
яғни сезімділік және ақыл жетерлік нәрсенің үйлесіміділігін емес, сезімділік пен пайым бір ғана практикалық танымға тоғысатын бір ғана мәнділіктің екі қабілетінің үйлесімділігін мегзеген дегенге сендіргім-ақ келеді”31. Бірақ мұндай қайта түсіндірудің өзі екі ұшты; ол сірә, Канттың жоғарғы финалистік және теологиялық қағидаға тура өзінің алдыңдағылар сияқты жүгінетінін байқатады: “[Практикалық танымның] пайда болуы үшін... біз оны пайымдағымыз келсе де – мұндай зерттеу адам зердесінің шеңберінен тыс жатады, – құдіретті Жаратушының әрекетінен басқа ешбір себепті көрсете алмас едік”32.) Сонда да ортақ сезім мен оның спекулятивті формасымен (sensus communіs logіcus) жақынырақ танысайық. Ол зерденің спекулятивті мүддесіндегі қабілеттің үйлесімділігін пайымның төрағалығымен жеткізіп тұрады. Бұл жерде қабілеттердің келісімін пайым анықтайды, немесе – мұның мәні бірдей – оны пайым бере тін ұғымдар арқылы жүзеге асырады. Біз – зерденің басқа мүддесі тұрғысынан – қабілеттердің өзге ортақ сезімді: мысалы, зерденің төрағалығымен ортақ моральдық сезімді қалыптастуру үшін, басқа қабілеттің басқаруымен өзге қатынастарға түсуін де ескер уіміз қажет. Міне, сондықтан да Кант қабілеттердің келісімі бір неше сәйкестіктің болуына (осыған байланысты қайсыбір қабілет олардың арасындағы қатынасты анықтап тұрады) жол береді де генді айтады33. Бірақ, біз алдын-ала беріліп қойған, оқшауланып үлгерген қатынастың немесе келісімнің көзқарасына жол берген әр кезде, ортақ сезім бізге болмай қоймайтын түрде априорлы дерек болып көрінеді және біз оның шегінен аса алмаймыз. Басқаша айтқанда, алғашқы екі Сын қабілеттер арасындағы бай ланыс мәселесін шеше алмайды, бірақ оны байқап, соңғы міндет ретінде бізді соған қарай бағыттай алады. Әрбір берілген келісім қабілеттердің бұдан да терең деңгейде, еркін әрі анықталмаған келісімге жол беруін шынымен де қажет етеді34. Тек осындай еркін әрі анықталмаған келісімнің деңгейінде (sensus communіs aesthetіcus) ғана біз осындай келісімді негіз деу мәселесін немесе ортақ сезімнің генезисі туралы мәселені көтеретін боламыз. Сондықтан да Таза Зерденің Сынынан да, Практикалық Зерденің Сынынан да – Пайымдау Қабілетінің Сы нында қойылатын сауалға жауап күтудің қажеті жоқ. Қабілеттердің үйлесімділігін негіздеуге келер болсақ, онда алғашқы екі Сын өзінің аяқталуын тек соңғысынан ғана табады.
ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫС ПЕН ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНЫС. 1. Танымдық қабілетке тек феномендер ғана бағынады (егер оған өз ішіндегі заттар бағынатын болса, онда қайшылық пайда болар еді). Демек, спекулятивті мүдденің табиғи түрде феномен дерге қатысы бар болады; өз ішіндегі заттар табиғи спекулятивті мүдденің пәніне жатпайды. 2. Феномендер табиғи қабілетке қалай бағынады және сол қабілеттің ішінде олар қандай нәрсеге бағынады? Олар қиял жиынтығының арқасында пайымға және оның ұғымдарына бағы нады. Демек, танымдық қабілетте пайым заңды ұсынушы болып табылады. Сонымен, егер зерде пайымның қарауына өзінің дербес спекулятивті мүддесін беруге мәжбүр болса, бұл – зерденің фено мендерге қатысты қолдануға келмеуіне, тәжірибе мүмкіндігінің шеңберінен тыс жататын Идеяларды қалыптастыруына байланыс ты нәрсе. 3. Пайым феномендердің формасына сай заң шығарып береді. Ол оны өзіне бағынатын нәрселерге қатысты қолданады – қолдануы тиіс: қайсыбір нәрсе өз ішіндегі зат ретінде көрінсе, ол бізге қандай да бір білім бере алмайды. Іс жүзінде осындай түсіндіру Таза Зердеге Сынның бір іргелі тақырыбын елемейді. Көптеген әртүрлі себептермен пайым мен зерде өз ішіндегі заттарды бізге мәлім етуге тырысып, белшес інен кеудемсоқтыққа батады. Кант, ішкі сағым (иллюзия) және қабілеттерді заңсыз қолдану бар деген қағидаға үнемі оралып отырады. Сонымен қатар, тек қана фенмендерге қатысты (“экс периментальды қолданыс”) қолданудың орнына, пайым кейде өз ұғымдарын өздігінен тіршілік ететін заттарға қатысты қолдануға (“трансцендентальды қолданыс”) ұмтылады. Бірақ, бұл аса маңызды болмайды. Зерде пайымның ұғымдарына қатысты қолданудың ор нына (“имманентті немесе реттеуші қолданыс”), объектілерге ті келей қолдануға үміттеніп, білім саласында заң шығарғысы келеді (“трансцендентальды немесе конститутивті қолданыс”). Бұл, енді маңызды нәрсе болады, бірақ неліктен? Пайымның трансценден тальды қолданысы одан өзінің қиялмен байланысын дерексізден діруді қажет етеді. Демек, егер зерде пайымға жеңіп алуға болатын тәжірибе шегінен тыс жатқан жағымды саланың сағымы туралы хабарлап, оны соған итермелеп тұрмаса, мұндай дерексізденудің тек қана жағымсыз салдары болатыны анық. Канттың айтуынша, пайымның трансцендентті қолданлуы оның өз шеңберін менсін
беуден шығарылады, ал зерденің трансцендентальды қолданысы
бізге пайымның шеңберінен шығуды ұйғарып тұрады35.
Нақ осындай мәнде Таза зерденің сыны өз атауына лайық болады:
Кант Зерденің спекулятивті сағымдарын, оның жаңға, әлемге және
Құдайға қатысты бізді жетелейтін жалған мәселелерін әшкерелейді.
Қателіктің дәстүрлі ұғымын Кант жалған мәселе және ішкі сағым
(иллюзия) ұғымымен алмастырады. Мұндай иллюзиялардан біздің
қашуымыз мүмкін болмайды және олар зерденің табиғатынан туын
дайды36. Сынның қолынан келер бар нәрсесі, - білімге иллюзияның
әрекетін болдырмау, бірақ ол олардың танымдық қабілетте
қалыптасуына кедергі жасай алмайды.
Біз енді толығымен Таза Зерденің Сынына қатысты мәселеге
жолығамыз.
Зерде
ішіндегі
иллюзияның
идеясы
немесе
қабілеттерді заңсыз қолдану идеясы кантшылдық үшін маңызы еш
кем емес басқа идеямен: біздің қабілеттеріміздің (зердемен қоса)
ізгі болмысқа ие болып, спекулятивті мүддеде өзара үйлесім та
буы туралы идеямен қалай мәмілеге келуі мүмкін? Біріншіден, біз
зерденің спекулятивті мүддесі – табиғи әрі таза түрінде – фено
мендерге бағытталады дедік, екіншіден, зерде – өз ішіндегі зат
тарды тануға деген және спекулятивті көзқарас тұрғысынан оларға
“мүдделі” болуға деген ынтасынан өзін-өзі тия алмайды.
Осы екі ұстынды түрде заңсыз болатын қолдануды мұқият
қарастырайық. Трансцендентальды қолданыстың мәні пайымның
қайсыбір нәрсені (яғни сезімділік шарттарына тәуелсіз нәрсені)
білуге ұмтылуында. Демек, бұл қайсыбір нәрсе өзімен-өзі тіршілік
ететін зат болуы мүмкін; және ол сезімнен тыс нәрсе (“ноумен”)
ретінде де пайымдалуы мүмкін. Бірақ, шынын айтқанда мұндай
ноуменнің біздің зерде үшін жағымды объектіге айналуы мүмкін
нәрсе емес. Іс жүзінде біздің пайым Тілшіелят ретінде қайсыбір
объектінің немесе жалпы объектінің формасын иеленді; бірақ,
соңғысы – сезімділік шарттарына тәуелді көптүрлілік сапалық
түрде анықталғандықтан ғана танымның объектісі болып табылады.
Сезімділік шарттармен шектелмеген пән туралы жалпы білім, – жай
ғана “пәнсіз білім” болып табылады. “Демек, категорияларды таза
трансцендентальды қолдану – іс жүзінде оларды қолдану болмай
шығады және оның ешбір анықталған немесе, тіпті болмаса, форма
сына қатысты анықталуы мүмкін пәні де жоқ”37.
Трансцендентальды қолданудың мәні пайымның қайсыбір
анықталған нәрсені білуге ұмтылуында. (Ол объектіні Идеяға
сәйкес келетін нәрсе ретінде таниды.) Зерденің трансценденталь
ды қолданылуы пайымның трансцендентальды қолданысына айқын түрде қарама-қарсы келуіне қарамастан, олар бірдей нәтиже береді: біз Идея категорияларға сәйкес дербес тіршілік етеді деп шамалаған кезде ғана Идеяның объектісін анықтай аламыз38. Сондай-ақ, нақ осындай болжам пайымды заңсыз трансценден тальды қолданысқа жетелеп, оны объект туралы жалған білімнің көрінісімен шабыттандырады. Зерденің табиғаты қандай болса да оған өзінің спекулятив ті мүддесі үшін жауапкершілікті пайымға арту және заң шығару билігін соған өткізу қиынға түседі. Бірақ бұл жерде зерде иллюзия лары табиғи жағдайда болатындықтан, зерденің жеңіске жететінін атап өту керек. Сонымен, бізге зерденің табиғи жағдайын оның азаматтық жағдайымен, тіпті, жетілген азаматтық жағдайда жүзеге асатын оның табиғи заңымен шатасырмау керек еді39. Сын дегеніміз осындай азаматтық жағдайды анықтаудың өзі бо лып табылады: құқықтық келісім-шарт тәрізді оған зерденің спеку лятивті көзқарастан бас тартуы да енеді. Бірақ, тіпті, егер зерде бас тартса да [спекулятивті көзқарастан], спекулятивті мүдде өзінің мүддесін көздеуін қоймайды және зерде дербес болмысының заңын толықтай жүзеге асырады. Дегенмен де осылайша жауап қайтару жеткіліксіз болады. Ил люзияларды немесе бұрмалауларды істің табиғи жағдайымен, ал дені сау жағдайды – істің азаматтық жағдайымен немесе, тіпті, табиғи заңмен байланыстыру аздық етеді. Өйткені, иллюзиялар зерденің азаматтық және сыни жағдайында табиғи заңнан төмен тұрады (тіпті, олардың бізді жаңылыстыруға күші келмеген кезде де). Демек, бір амал ғана бар: нақты айтсақ, зерде “өз ішінде” бола тын заттарға заңды әрі табиғи қызығушылық танытады, бірақ бұл қызығушылық спекулятивті болмайды. Зерденің мүдделері өзара немқұрайлы болуын қойып, өзара бағыну жүйесін құрған кезде басқа мүдделердің бәрі ең жоғарғы мүдденің көлеңкесінде қалар еді. Сол кезде иллюзия бізді жаңылыстыруын қойып, жағымды әрі жақсы негізделген мәнге ие болады: ол мақсаттар жүйесіндегі спекулятивті мүдденің бағынышты жағдайын тым ерекше білдіріп тұрады. Егер әуелден және табиғи түрде зерденің басқа мүддесінің объектісі болмаған жағдайда, спекулятивті зерде ешқашан өз ішін де болатын заттарға қызықпас та еді40. Демек, бұл қандай жоғарғы мүдде? – деп сұрау қажет. (Өйткені, спекулятивті мүдде жоғарғы болмағандықтан, зерде танымдық қабілетке заңдарын ұсыну ісін де пайымға сүйенеді).
ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРДЕНІҢ СЫНЫНДАҒЫ ҚАБІЛЕТТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ ІІ тарау ЗАҢДЫҚ ЗЕРДЕ. Қалау қабілеті ең жоғарғы формаға жол беретініне біздің көзіміз жеткен еді: нақтылап айтар болсақ, ол объектілердің түсініктері (сезімділік немесе ақылмен жетер лік) арқылы және осындай түсініктерді ерікпен байланысты рып тұратын рахаттану не рахаттанбау сезімі арқылы емес, таза форманың түсінігі арқылы берілетін кезде. Аталмыш таза форма баршаға ортақ заңдардың формасы болып табылады. Моральдық заң, қайсыбір компаративті және психологиялық түрде жалпыға ортақ нәрсе ретінде пайда болмайды (мысалы: өзіңді олай емес, бұлай ұста және т.с.с.). Ол бізге өзіміздің еркіміздің максима сын “жалпыға ортақ заңдардың ұстыны” ретінде пайымдауды ұйғарады. Осындай логикалық сынға шыдас берген әрекет неме се максимасы баршаға ортақ заң ретінде қайшылықсыз пайым далатын әрекет – тым болмағанда моральмен сәйкеседі. Осындай мәнде ұғынылатын баршаға ортақ нәрсе – логикалық абсолют бо лып табылады. Жалпыға ортақ заңдардың формасы Зерденің иелігінде болады. Расында да, пайымның өзі егер оның түсініктері - сезімділік шарт тарымен шектелетін объектілердің түсініктері болмаса, белгілі бір нәрсені пайымдай алмайды. Түсінік – кез келген түйсінуден ғана емес, кез келген материяға, кез келген сезімдік жағдайға тәуелсіз болса – қажетті түрде рациональды болып табылады. Бірақ бұл жерде зерде ойды қорытпайды: моральдық заңды ұғыну – факт, бірақ “эмпириялық факт” емес, таза зерденің жалғыз ғана фак тісі болады және ол әуелгі заң шығарушы зерде ретінде жария етіледі41. Демек, зерде – қалау қабілетінде тікелей заң шығарып тұратын қабілет. Осы формасында ол “таза практикалық зерде” деп атала ды. Ал, өзінің берілгендігін өз ішінен табатын (материяда не объ ектіде емес) қалаудың қабілеті қатаң түрде айтқанда жігер, “дербес жігер” деп аталады. Априорлы практикалық синтездің мәні неде? Канттың тұжырымдары тым алуан түрлі болып келеді. Бірақ жеткілік ті дәрежеде заңның қарапайым формасымен берілетін жігердің болмысы қандай? (демек, кез келген сезімділік шарттарға неме се феномендердің табиғи заңдарынан тәуелсіз) – деген сұраққа,
біз: бұл еркін жігер – деген жауап беруіміз қажет болады. Ал қандай заң ерікті жігердің болуына жол береді? – деген сұраққа, біз: моральдық заң (баршаға ортақ заңдардың таза формасы ретін дегі) деген жауап қайтаруымыз қажет болады. [Еркін жігер мен моральды заңның] өзара қатыстылығына орай практикалық зер де мен еркіндік, бәлкім, бір нәрсе болып шығады. Бірақ, мәселе ол туралы емес. Біздің түсініктеріміздің тұрғысынан алғанда, нақ практикалық зерде ұғымы бізді – практикалық зерде ұғымымен қажетті түрде байланысатын бірнәрсе ретіндегі, зерденің иелігін дегі бірнәрсеге, бірақ оның “ішінде болмайтын” нәрсеге – еркіндік ұғымына алып барады. Шынында да еркіндік ұғымы моральды заңда жоқ, өйткені оның өзі спекулятивті Зерденің Идеясы болып табылады. Бірақ, егер моральдық заң бізді азаттыққа үйретпегенде, мұндай идея толығымен проблемалы, шектеуші және анықталмаған күйінде қалар еді. Моральдық заңның арқасында ғана біз өзіміздің азат екенімізді білеміз, моральдық заңның арқасында ғана біздің еркіндік туралы ұғымымыз объективті, позитивті және анықталған нақтылыққа ие болады. Сонымен, жігердің дербестігінде біз еркін дік ұғымына объективті, негізделген нақтылықты сыйлайтын және аталған ұғымды қажетті түрде практикалық зерде ұғымымен бай ланыстыратын априорлы синтезді табамыз. ЕРКІНДІК МƏСЕЛЕСІ. Практикалық зерденің заңдары неге қатысты болады? – Практикалық синтезге бағынатын табиғи де нелер немесе объектілер қандай болады? – деген сауал туындай ды. Бұл сауал – енді практикалық зерденің ұстынын “түсіндіруге” емес, “дедукция” мәселесіне қатысты болады. Біздің қолымызда енді жол сілтер желі бар: тек еркіндер ғана практикалық зердеге бағынуы мүмкін. Соңғысы еркін табиғи денелерге немесе, дәлірек айтсақ, олардың себептілігіне (тірілер тағы қандай да бір нәрсенің себебі болатын процедура) өзінің заңын жүргізіп тұрады. Енді на зарымызды еркіндік ұғымы жеткізіп тұрғанға аударайық. Біз қарастыратын феномендер кеңістік пен уақыт шарттарына тәуелді болғандықтан, бұл жерде еркіндікті еске түсіретіндейді кездестіре алмаймыз: (пайымның категориялары ретіндегі) фено мендер табиғи себептілік заңына қатаң түрде бағынады және бұл заңға сай барлық нәрсе қандай да басқа нәрсенің салдары болады (бұл осылай шексіз жалғаса береді), ал әрбір себеп алдыңғы себеп пен байланысты. Керісінше, еркіндікті “өздігінен жағдайды бас тау қабілеті анықтап тұрады; демек, өз тарапынан еркіндіктің се бептілігі табиғат заңы бойынша өзін уақыт аралығында анықтауы мүмкін басқа бір себепке бағынбайды”42.
Бұл ретте еркіндік ұғымының өкілі феномен емес, аңдауда берілмейтін өзіндік зат болуы мүмкін. Мұндай қорытындыға бізді үш жағдай итермелейді: 1. Таным тек қана феномендерге қатысты болғандықтан, өзінің дербес мүддесінде танылуы мүмін емес, бірақ сезімділік – феномен дерге негіз ретінде қызмет ету үшін пайымдалуы қажет нәрселер ретінде – өзіндік заттардың болуын негіздеуге мәжбүрленеді. Со нымен, өзіндік заттар білім шегін белгілейтін және оны сезімділік жағдайларына қайтаратын “ноумен” арқылы жететін және сезім нен тыс болатын заттар ретінде пайымдалады43. 2. Тым болмағанда бір жағдайда еркіндік өзіндік затқа телі неді және сәйкес келетін ноумен ерікті ретінде пайымдалуы тиіс болады: бұл – өзі сәйкес келетін феномен қарапайым сезімділікке теңестіруге келмейтін белсенді әрі өздігінен болатын қабілеттерді иеленген кезде ғана жүзеге асады. Бізде пайым бар, оған қоса зер де де бар; біз – ақылмен жететіндерміз44. Ақылмен жетерлік әрі зерделі адамдар болғандықтан біз өзімізді еркін себептілікке ие болатын, ақылмен жетерлік және сезімнен тыс әлемнің мүшелері ретінде пайымдауымыз қажет. 3. Ноумен ұғымына ұқсас – еркіндіктің осындай ұғымы, егер зерденің спекулятивтіден басқа мүддесі болмаған жағдайда, әлі де таза проблемалық және анықталмаған (қажетті болса да) күйінде қала берер еді. Біз көргендей, тек практикалық зерде ғана еркіндік ұғымын ұсынып, оған объективті реалдылықты үстейді екен. Шы нымен де, моральдық заң жігердің заңы болған жағдайда, соңғысы өзін – әрбір себепті алдыңғы себеппен жалғап тұрған сезімділіктің табиғи шарттарынан толықтай тәуелсіз сезінеді: “оның [субъекттің] жігерінің анықтамасынан бұрын болатын ешқандай нәрсе жоқ”45. Сондықтан да, зерде Идеясы ретіндегі еркіндік ұғымы, басқа Идеяларға қарағанда, ерекше артықшылыққа ие болады: егер ер кіндік ұғымы практикалық түрде берілуі мүмкін болса, онда осы ұғым ғана (тек қана зерденің Идеясы) өзіндік заттарға мағына не месе “факт” кепілін үстейді және бізге ақылмен жетерлік әлемге шынайы енуге мүмкіндік береді46. Демек, практикалық зерде еркіндік ұғымына объективті шындықты ұсынған кезде, осы ұғымның объектісіне іс жүзінде заңын орындататындай болып көрінеді. Практикалық зерде өзіндік затқа, өзінің ішіндегі зат ретіндегі еркіндерге, осындай жәндіктің ноуменді және ақылмен жетерлік себептілігіне, осындайлар қалыптастыратын сезімнен тыс әлемге өзінің заңын жүргізеді.
“Біз ол туралы қалыптастыра алатын түсінік бойынша сезімнен
тыс жатқан болмыс – таза практикалық зерденің дербестігіне
бағынатын болмыстан басқа ештеңе де емес. Ал, осы дербестіктің
заңы моральдық заң, демек, сезімнен тыс болмыстың негізгі заңы
болып табылады”. “Моральдық заң еркіндік арқылы берілетін
шынайы себептіліктің заңы, демек, ол – қайсыбір сезімнен тыс
болмыстың мүмкіншілік заңы болып табылады”47.
Моральдық заң – біздің ақылмен танылатын тіршілігіміздің
заңы, яғни өзіндік зат ретіндегі субъекттің өздігінен болуы мен
себептілігінің заңы. Сондықтан да Кант заңдардың екі түрін және
соларға сәйкес келетін екі саланы бөлек қарастырады: “табиғи
ұғымдар арқылы берілетін заңдар” – бұл, осындай ұғымдарды
беретін пайымның танымдық саладағы немесе зерденің спе
кулятивті мүддесіндегі заңдар; оның саласы – сезім арқылы
қабылданатын табиғатты қалыптастыруына байланысты кез кел
ген мүмкін тәжірибенің объектілері ретінде болатын феномендер
саласы. “Еркіндік ұғымы арқылы берілетін заңдар” – бұл, осын
дай ұғымды беретін зерденің қалау қабілетіндегі, яғни өзінің де
рбес практикалық мүддесіндегі заңдар; оның саласы – сезімнен
тыс табиғатты қалыптастыруына байланысты ноумендер ретінде
пайымдалатын өзіндік заттардың саласы. Міне, Канттың аталған
екі сала арасындағы “көз жетпейтін құз” деп атайтын нәрсесі
осындай болады48.
Сонымен, өзінің ішінде, өзінің еркін себептілігінде болатын
дар– практикалық зердеге бағынған болып шығады. Бірақ, мұндай
“бағынуды” қалай түсінуге болады? Пайымның феномендерге
спекулятивті мүдде ішінде әсері болатындықтан, ол өзінен басқа
нәрсеге заңын жүргізеді. Бірақ, зерде практикалық мүддеде өз
заңын өткізгенде, еркін әрі зерделі адамдарға, олардың кез келген
сезімдік шарттан тәуелсіз ақылмен жетерілік тіршілігіне заңын
өткізіп тұрады. Нақ осындай жолмен зерделілер өз зердесінің
көмегімен өзіне заңды сыйлайды. Феномендер жағдайдында орын
алатын нәрсеге қарама-қарсы ноумен – ойлауға заң беруші мен
субъекттің (бағынудың) барабарлық сипатын береді. “Расында
да, тұлғада ешқандай асқақтық жоқ, өйткені, ол моральдық заңға
бағынышты, бірақ онда қандай да бір асқақ нәрсе болады, өйткені
ол алдымен осындай заңды орнықтырады, содан соң ғана сол
заңға бағынады”49.
Практикалық зерде жағдайындағы “бағынудың” мәні осын
дай болады: сол бір адам субъект те (бағыну) және заң шығарушы
да болып табылады, сондықтан заң шығарушы бұл жерде өзі заң шығарып беретін табиғаттың бір бөлігі ретінде көрінеді. Біз сезімнен тыс жататын табиғаттың иелігінде болатын, бірақ заң шығаратын мүшелерміз. Егер моральдық заң біздің ақыл жетерлік тіршілігіміздің заңы болатын болса, онда тура осындай мәнде ол ақылмен танылатын адамдар сезімнен тыс табиғатты жасайтын форма болып табыла ды. Шынымен де, оның барлық зерделі адам үшін жүйелі бірлігінің қайнары болып табылатын осындай анықтаушы қағидалары бар50. Мұндай негіздегі зұлымдықты түсіндіруге болады. Кант зұлымдық пен сезім белгілі бір байланыста болады дегенді әрқашан айтып кел ген. Бірақ ол сондай дәрежеде біздің ақыл жетерлік сипаттарымызға да негізделеді. Жалғандық немесе қылмыс – сезімнің әсері болып та былады, бірақ олардың да уақыттан тыс болатын ақылмен жетерлік себептері бар. Сондықтан да біздің практикалық зерде мен еркіндік барабар деуіміз дұрыс болмайды: еркіндікте әрқашан еркін жігердің аймағы болады [lіbre-arbіtre], соның арқасында біз моральдық заңның пайдасына шешілмейтін таңдауды әрқашан жасай аламыз. Моральдық заңның пайдасына шешілмейтін таңдау жасағанда біз өзіміздің ақылмен танылатын тіршілігімізден арылмаймыз, біз тек сондай тір шілік табиғаттың бір бөлігін қалыптастыратын және басқалармен [бөліктермен] бірге жүйелі бүтін нәрсені құрайтын шарттан ғана айы рыламыз. Біз, ең әуелі, заң шығарушы болмағандықтан [бағынатын] субъект болудан қаламыз (шынында да, біз сезімнің негізінде бізді қалыптастыратын заңды қабылдаймыз). ПАЙЫМНЫҢ РӨЛІ. Дәл солай екі тым әр алуан мәндегі сезім және сезімнен жоғарылық әрқайсысы өзінше табиғатты қалыптастырады. Аталған екі Табиғаттың арасында тек қана “ұқсастық” (заңдарға бағына өмір сүру) бар. Өзінің оғаштау сипатының арқасында сезімнен жоғары табиғат ешқашан толық жүзеге аспайды, өйткені, зерделі жанға, оның өзіне ұқсас жандар өздерінің тіршілігін оның тіршілігімен біріктіріп, тек моральдық заңның арқасында ғана мүмкін “табиғатты” қалыптастыратынына ешқандай нәрсе кепіл бола алмайды. Сондықтан да екі Табиғаттың арасындағы қатынасты – ұқсастық қатынасы деу аздық етеді; сонымен қатар, сезімнен жоғары табиғат ретінде сезім арқылы қабылданатын табиғатпен ұқсастық бойынша ғана пайымдалуы мүмкін екенін айта кету қажет51. Мұны практикалық зерденің логикалық сынында айқын көруге болады – біз осындай сынға, жігердің максимасы баршаға ортақ
заңның формасын қабылдай алуын тексеру үшін жүгінеміз. Ең әуелі біз максиманың сезім арқылы қабылданатын табиғаттың баршаға ортақ теориялық заңы ретінде анықталу мүмкіндігін қарастырамыз. Мысалы, егер әлемдегі адамдардың бәрі өтірік ай татын болса, онда олардың міндеттері өзін-өзі қиратар еді, өйткені оларға әлдекім сенуі тиіс болады: демек, өтірік (сезім арқылы қабылданатын) заңның қадір-қасиетін иеленбейді. Бұған қарап, егер біздің жігеріміздің максимасы сезім арқылы қабылданатын табиғаттың теориялық заңы болатын болса, онда ол, “әрбір адам ды шыншылдыққа мәжбүрлейтін еді”52 деген қорытынды жасауға болар еді. Тағы да бұдан өтірікші жігердің максимасы, зерделілер сезімнен тыс табиғатты құрайтындай, таза практикалық заң ретінде қызмет атқара алмайды деген қорытынды жасауға болады. Нақты сезім арқылы қабылданатын теориялық заңдар формасының ана логиясы бойынша, біз, максиманың сезімнен тыс табиғаттың практикалық заңы ретінде пайымдалуы мүмкін бе (сезімнен тыс әрі ақылмен танырлық табиғаттың осындай заңға бағынуы мүмкін бе) дегенді түсінгіміз келеді. Бұл мәнде “сезім арқылы қабылданатын әлемнің болмысы” – “ақылмен танылатын үлгі” ретінде көрініс та бады53. Бұл тұста пайымның маңызды рөл ойнайтыны түсінікті. Ра сында да, біз сезім арқылы қабылданатын табиғаттан аңдауға немесе қиялға қатысы бар ештеңені ұстап қалмаймыз. Бірақ, біз пайым енді заң шығарушы болмайтын салада қайсыбір мүддені көздеген сәтте, осы форманы және пайымның өзін де пайда ланамыз. Өйткені, максиманы сезім арқылы қабылданатын болмыстың теориялық заңының формасымен салыстыру – біздің жігерде анықтаушы негіздің болуын қажет етпейді54. Салыстыру – максиманың практикалық зердеге бейімделуін, қайсыбір әрекеттің ережеге, яғни енді заң шығарушы ретінде көрініс табатын зерденің негіздемеге сай келуін түсінуге көмегі тиетін құрал ғана. Енді біз үйлесімділіктің жаңа формасына, қабілеттердің үйлесуіндегі жаңа сәйкестікке жолығамыз. Зерденің спекулятив ті мүддесіне сай пайым заң шығарады, ал зерде ойды қорытып, рәміздеп тұрады (ол тәжірибе объектілеріне “ұқсатып”, өз Идеясының объектісін анықтайды). Зерденің практикалық мүддесіне сай, зерденің өзі заң шығарады; пайым болса, пайым дайды немесе, тіпті, ойды тұжырымдайды (мұндай ойқорыту күрделі болмай, қарапайым салыстыру болса да), сонымен қатар, ол символға айналдырады (сезімділіктің табиғи заңынан сезім
нен тыс болмыс үшін қандай да бір үлгіні шығарып береді). Со нымен, мұндай жаңа фигурада біз үнемі сол баяғы бір ұстынды ұстануымыз қажет болады: заң шығармайтын қабілет – орнын ешнәрсе баса алмайтын қызметті атқарады, ондай қызметті тек өзі ғана қабылдай алады, бірақ оның ішінде оның өзін заң шығарушы қабілет анықтап тұрады. Пайым заң шығарушы практикалық зердемен мәмілеге кел ген кезде өздігінен қызметті қалай атқарады? Себептілік ұғымын қарастырайық: ол қалау қабілетін анықтаған кезде жасырын күйде болады (аталған ұғым жасауға ниеттенген объектіге түсініктің қатынасы тұрғысында)55. Демек, зерденің қабілеттеріне қатысты практикалық қолданысында оның болуы болжалады. Бірақ танымдық қабілетке қатысты, зерде өзінің спекулятивті мүддесіне ұмтылған кезде ол “бәрін пайымға қалдырады”: себептілік – ка тегория ретінде пайымға телінеді, бірақ ол әуелгі өндіруші себеп формасында емес (өйткені біз феномендерді жасамаймыз), сезім арқылы қабылданатын феномендерді шексіздікке дейін жалғап тұратын табиғи себептілік формасында немесе байланыс форма сында жүзеге асады. Керісінше, зерде өзінің практикалық мүддесіне ұмтылғанда, өзі қазір ғана пайымға басқа мүдде тұрғысынан қарызға берген нәрсесін кейін қайтарып алады. Ол қалау қабілетін ең жоғарғы формасында анықтаған кезде “себептілік ұғымын еркіндік ұғымымен біріктіреді”, яғни себептілік категориясы на сезімнен тыс объектіні (әуелгі өндіруші себеп ретіндегі еркін адамды) телиді56. Зерде пайымға және сезім арқылы қабылданатын табиғатқа берген нәрсесін олардан қалай қайтарып алады? – деген сұрақты қою ғана қалады. Бірақ категориялардың іс жүзінде бізге объектіні мүмкін тәжірибенің объектілері ретінде тануға рұқсат ет пеуі және категориялардың іс жүзінде объект туралы білімді сезім шарттарына туелсіз қалыптастырмауы шындық болатын болса, онда олар таза логикалық мәнді сезімге жатпайтын объектілерге қатысты ұстап тұрады және оны соңғыларға – ондай объектілер таным көзқарасынан өзге қайсыбір жерде және басқа көзқараста берілген болса – қолданыла алады57. Демек, зерде себептіліктің сезімнен тыс жатқан объектісін іс жүзінде негіздеп тұрады және себептіліктің өзін ұқсастық бойынша қалыптастыруға қабілетті еркін себептілік ретінде анықтап тұрады. ОРТАҚ МОРАЛЬДЫҚ СЕЗІМ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАН ЫСТАР. Кант моральдық заңның сезімтал негіздеуіне тіп ті де мұқтаж еместігін және оның зерденің кәдімгі әрі жалпы
қолданысы болып қала беретінін бірнеше рет еске салады. Тіп
ті, пайымды қолданудың өзі алдын-ала берілетін – “ғылыми да,
философиялық та” – нұсқауларды талап етпейді. Демек, бұл жерде
ортақ моральдық сезім туралы айтылу тиіс. Әрине, “ортақ сезімді”
эмпириялық түрде түсіну қаупі, оны ерекше сезімге – түйсінуге
немесе аңдауға айналдырудың қаупі әрқашан болады: моральдық
заңға қатысты бұдан өткен шатасу жоқ58.
Бірақ, біз ортақ сезімді қабілеттердің априорлы келісімі ретін
де – заң шығарушы қабілет ретінде олардың біреуін негіздейтін
келісім ретінде анықтаймыз. Ортақ моральдық сезім дегеніміз –
зерденің заң шығаруымен жүзеге асатын пайым мен зерденің келі
суі. Біз бұл жерде қабілеттердің ізгі болмысы туралы идеяға және
зерденің ерекше мүддесіне сай берілетін үйлесімділік идеясына
қайта жолығамыз.
Кант [қабілеттерді] заңсыз қолдану мен пайдалануды Таза
зерденің сынында ғана айыптамайды. Философиялық рефлексияның
қажеттілігі – қабілеттердің ізгі болмысына қарамастан, өздері
сақтана алмайтын сағымдарды туғызуына байланысты болады.
“Символдаудың” орнына (яғни, табиғи заңның формасын мораль
ды заң үшін қандай да бір “үлгі” ретінде пайдаланудың орнына)
пайым заң мен аңдауды байланыстыратын “сұлбаны” іздеуге кірі
седі59. Сондай-ақ: басшылық етудің орнына және тек ұстында ғана
болатын нәрсені эмпириялық мүддемен, сезімдік бейімділіктер
мен татуластырмаудың орнына - зерде борышты біздің қалауымзға
қарай бейімдеуге кіріседі. “Бұдан табиғи диалектика пайда бола
ды”60.
Демек, екі канттық тақырыпты: табиғи үйлесімділік тақырыбын
(ортақ сезім) және қайшылықты тәжірибе тақырыбын (мәнсіздік
[non-sens]) қалай татуластыруға болады? деген мәселені қайта
көтеру қажет болады.
Кант Таза спекулятивті зерденің сыны мен Практикалық зерденің
сыны арасындағы айырмашылықты жақтайды: соңғысы “таза”
практикалық зерденің сыны болмайды. Расында да, спекулятивті
мүддеде зерденің өзі заң шығара алмайды (өзінің дербес мүдесіне
қамқоршы емес): демек, бұл жердегі таза зерде – ішкі сағымдардың
қайнары болып табылады, өйткені оның заң шығарушы рөлден
дәмесі болады. Керісінше, практикалық мүддеде зерде шынымен де
басқа біреуге заң шығару жауапкершілігін тапсырмайды: “[таза зер
де], егер оның бар екені дәлелденген болса, ешқандай сынға мұқтаж
емес”61.
Таза практикалық зерде ондай сынға мұқтаж емес, ол сағымдардың қайнары емес, бірақ эмпириялық есептің бейнеле нуіне байланысты, оның бойынан лас нәрсе көрініс береді. Демек, бұл жерде таза спекулятивті зерденің сынына лас практикалық зерденің сыны сәйкес келеді. Бұған қарамастан, осы екі зерденің арасында қандай да бір ортақ нәрсе сақталады: трансцендентальды деп аталатын тәсіл әрқашан зерденің имманентті қолданысының - өзінің мүдделерінің біріне сәйкес келетін қолданысының негіз деуші қайнары ретінде көрініс табады. Сонымен, Таза Зерденің Сыны өзі заң шығарудың орнына, өзінің эмпириялық түрде не гізделуіне жол беретін практикалық зерденің трансцендентальды қолданылуына қарсы шығады62. Дегенмен де, оқырман Канттың екі Сын арасында анықтаған осындай әйгілі салыстыруы қойылған сұраққа барабар жауап бола ма? – деп күмәндануға құқығы бар. Шынында да, Канттың өзі практикалық зерденің бір ғана “диалектикасы” туралы айт пайды, бірақ бұл сөзді екі мүлде әртүрлі мағынада қолданады. Нәтижесінде ол практикалық зерде бақыт пен ақиқатың арасында болатын байланысты жоққа шығара алмайтынын көрсетеді, бірақ сол кезде ол антиномияға (қайшылыққа) ұрынады. Антиномияның мәні бақыттың ақиқат себебі бола алмайтынына байланысты (өйткені моральдық заң – ізгі еріктің жалғыз анықтаушы ұстыны), ал ақиқат, сірә, ендігәрі бақыттың себебі болуға қабілетсіз (өйткені, сезім арқылы қабылданатын әлемнің заңдары ізгі еріктің ниеттері не сай ешбір түрде реттелмейді). Сонымен, әрине, бақыт туралы идея біздің қалауларымыз бен бейімділіктеріміздің толығымен қанағат табуын меңзейді. Дегенмен де, біз мұндай қайшылықты (ең әуелі оның екінші мүшесінде) эмпириялық мүдделердің жай ғана көрінісі ретінде тануға бата алмадық: таза практикалық зерденің өзі ақиқат пен бақыттың арасындағы байланысты талап етеді. Практикалық зерденің антиномиясы, алдыңғы антиномияға қарағанда шынымен-ақ тереңдеу “диалектиканы” жеткізіп тұрады: ол таза зерденің ішкі иллюзиясын меңзейді. Мұндай ішкі иллюзияның түсінігін басқаша былай жеткізуге болар еді:63 1. Таза практикалық зерде қалау қабілетін анықтайтын ұстын ретінде кез келген рахаттануды немесе қанағат сезімін жоққа шығарады. Бірақ, заң қалау қабілетін ұсынғанда соңғысы – осын дай себепке байланысты, біздің сезімге тәуелсіз болатынымызды, пайымымыздың зердемен формальды түрде келісетінін бірден жет
кізетін қандай да бір таза зиятты қанағаттану сезіміне, жағымсыз рахаттану тәрізді қанағат сезіміне бөленеді. 2. Біз енді осындай жағымсыз рахаттануды жағымды сезімдік түйсікпен немесе, тіпті, жігердің түрткі болатын уәжімен аралас тырамыз. Біз мұндай белсенді зиятты қанағатты қандай да бір сезілетін нәрсемен, қандай да бір сезім арқылы қабылданатын нәрсемен араластырамыз. (Нақ осылай эмпирик үшін белсенді қабілеттердің келісімі ерекше сезім ретінде көрініс табады). Бұл жерде практикалық зерденің өзі жалтара алмайтын ішкі иллю зия (сағым) бар: “бұл жерде не істеймін мен нені сезінем дегенді өзіне-өзі ұғындыруда орын алмастырудың қателігі үшін (vіtіum subreptіonіs) және оптикалық иллюзия үшін әрдайым негіз табыла ды; бұдан тәжірибелі адамның өзі қашып құтыла алмайды”64. 3. Демек, антиномия – практикалық зерденің имманентті қанағат сезіміне, осындай болмай қоймайтын түрдегі қанағат тұту мен бақыттың қоспасына негізделеді. Сонымен, біз кейде бақыттың өзі ақиқаттың себебі мен уәжі болады деп санаймыз, ал кейде ақиқаттың өзі – бақытқа себеп болады дейміз. Егер – “диалектика” сөзінің бірінші мағынасына сай –эмпириялық мүдделер немесе қалаулар зердеге проекцияланып, оны ластайты ны рас болатын болса, онда мұндай проекция ең таза практикалық зердеде – “диалектика” сөзінің екінші мағынасына сай – терең ішкі ұстынға ие болады. Жағымсыз және интеллектуалдық қанағаттарды бақытпен араластыру – міне, ешқашан толығымен жоғалып кете алмайтын ішкі иллюзия дегеніміз осы және оның әрекетінің әсерін философиялық рефлексияның көмегімен ғана болдырмауға болады. Сонымен қатар, осындай мәндегі иллюзия қабілеттердің ізгі бол мысы туралы идеяға тым ашық қарсы шығады: антиномияның өзі жүзеге асуы мүмкін болмайтын, бірақ біз – рефлексия тұрғысынан – [қайшылықты] шешудің амалы ретінде немесе оның лабиринтының кілті ретінде іздеуге мәжбүр болатын қандай да бір тұтастықтың бо луын қажет етеді: “таза зерденің диалектикасында байқалатын ан тиномия, іс жүзінде адам зердесі адасуы мүмкін ең ізгі адасушылық болып табылады65. ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ. Осыған дейін ортақ моральдық сезімде сезімділік пен қиял ешқандай маңызға ие болмай келген еді. Бұл жерде таң қалатындай ештеңе жоқ, өйткені моральдық заң – өзінің үлгілі қолданыс ретіндегі ұстынында – сезімділіктің ешқандай сұлбасы мен шарттарына тәуелді емес; өйткені еркін адамдар мен еркін себептілік қандай да бір аңдаудың объектісі
емес, өйткені сезімнен тыс Табиғат пен сезім арқылы қабылданатын болмыстың арасында құрдым бар. Іс жүзінде моральдық заңның осындай сезімділікке әсері болады. Бірақ бұл жерде сезімділік аңдау ретінде емес, түйсіну ретінде қарастырылады; ал заң әрекеті нәтижесінің өзі жағымдыдан гөрі жағымсыз түйсінуге, рахат сезімінен гөрі лəззат алмауға жақын болады. Бұл – априорлы түрде моральды “уәж” ретінде ғана берілетін, заңға көрсетілген белгілі бір құрметтеу сезімі және бұл сезім сезімді қабілетке қатысты қайсыбір рөлді беруден гөрі, оны төмендетіп тұрады. (Жоғарыда әңгіме болған зиятты қанағаттану моральды уәж жасай алмайды; бұл, тіпті, сезім де емес, сезімге “ұқсату” ғана. Тек заңды сыйлау ғана осындай уәжді жасай алады; ол адамгершіліктің өзін уәж ретінде негіздеп тұрады)66. Бірақ, мұнымен практикалық зерде мен сезімділік арасындағы байланыс мәселесі шешілмейді де, жойылмайды да. Құрмет көрсету оң шешімін әлі табу үшін сол қалпында қалатын міндетке алдынала берілетін ереже ретінде қызмет етеді. Бүкіл практикалық зердеге қатысты қате ұғынудың [contrsens] тағы бір қаупі бар: ол – канттық үлгінің өзінің орындалуына немқұрайлы қарайды деп ойлау. Іс жүзінде сезім арқылы қабылданатын және сезімнен тыс жататын әлемдер арасындағы құз – толтырылуы үшін ғана керек болады: егер сезімнен тыс нәрсе білімнен қашатын болса, егер бізді сезім арқылы қабылданатын әлемнен сезімнен тыс жататын әлемге қарай өткізе алатын зерденің спекулятивті қолданысы болмаса, онда “екіншінің [әлемнің] бірінші ге әсері болуы тиіс, яғни еркіндік ұғымы сезім арқылы қабылданатын әлемде өзінің заңдары қойған мақсатты жүзеге асыруы қажет”67. Нақ осылай сезімнен тыс жататын болмыс түп бейнелі бол мыс [natura archetypa] деп аталуы мүмкін, ал сезім арқылы қабылданатын болмысты - “өзінде жігерді анықтайтын негіз ретін де болатын біріншінің идеясының мүмкін әсері болуынан – бейне ленген болмыс [natura ectypa] деп атауға болады”68. Еркін себеп таза ақыл жетерлік болып табылады; бірақ сол бір адам – феномен де, өзіндік зат болатынын, табиғи қажеттілікке феномен ретінде бағынатынын және өзіндік зат ретінде еркін себептіліктің қайнары болатынын ұғыну қажет. Сонымен қатар: сол бір әрекет, сезім арқылы қабылданатын әсер, бір жағынан, өзі қажет болатын сезім арқылы қабылданатын бірқатар себептермен байланысты болады, ал басқа жағынан келгенде, өзінің себептері мен қоса алғанда – өзі соның таңбасы мен көрінісі болатын ер кін Себеппен сәйкеседі. Еркін себепте ешқашан өзінің әрекетінің
нәтижесі болмайды, өйткені оның ішінде ештеңе жүзеге аспайды және ештеңенің бастауы болмайды; еркін себептілікте тек қана сезім арқылы қабылданатын әрекеттің нәтижелері ғана бар. Де мек, практикалық зерденің өзі – еркін себептіліктің заңы ретінде “құбылыстарға қатысты себептілікті иеленуі тиіс болады”69. Ал, зерде заңы бойынша еркін тұлғалар құрайтын сезімнен жоғары тұрғантабиғат – сезім арқылы қабылданатын әлемде жүзеге асырылуы тиіс. Нақ осындай мәнде ғана еркіндіктің табиғаттағы сезім арқылы қабылданатын әрекеттерінің моральдық заңмен сәйкесуіне байланысты, табиғат пен еркіндіктің арасындағы жәрдемдесу немесе қарсы әрекет ету туралы айту мүмкін бола ды. “Жәрдемдесу немесе қарсы әрекет ету табиғат пен еркіндіктің арасында емес, құбылыс ретіндегі табиғаттың және сезім арқылы қабылданатын әлемдегі құбылыс ретіндегі табиғаттың іс-әрекеттері арасында ғана орын алуы мүмкін”70. Біз табиғат пен еркіндікке, сезім арқылы қабылданатын табиғатқа және сезімнен жоғарғы табиғатқа сәйкес келетін заңдардың екі түрін, демек екі саласын білеміз. Бірақ, тәжірибенің топырағы болатын бір ғана топырақ бар. Канттың өзі “Практикалық зерденің сынындағы тәсілдің пара доксы” деп атайтынды дәл осылай көрсетеді: зат туралы түсінік ешқашан еркін жігерді негіздей алмайды немесе моральдық заңды ұсына алмайды; бірақ жігерді тікелей анықтайтын моральдық заң осындай еркін жігермен үйлесім табатын нәрсе ретінде болатын объектілерды негіздей алады.71 Дәлірек айтар болсақ, зерде қалау қабілетіне заңын шығарған кезде қалау қабілеті нысандарға заңын шығарып береді. Практикалық зерденің осындай объектілері адамгершіліктің Із гілігі деп аталатын нәрсені қалыптастырады (дәл осы Ізгілік ту ралы түсініктерге сай, біз зиятты қанағаттану сезіміне бөленеміз). Сонымен, “моральдық ізгілік – объектіге қатысты – қандай да бір ғажайып нәрсе болып табылады”. Бірақ ол мұндай объектіні сезім арқылы қабылданатын әлемде жүзеге асуы тиіс нәрсе ретінде, “ер кіндік арқылы мүмкін болатын іс-әрекет ретінде” ұсынады72. Сондықтан, практикалық мүдде – өзінің ең жалпы деген анықтамасында – зерденің объектілерге деген қатынасы ретін де (оларды білу үшін емес, жүзеге асыру үшін) көрініс табады73. Моральдық заң аңдау мен сезімділік шарттарынан толығымен тәуелсіз; сезімнен жоғары Табиғат – сезім арқылы қабылданатын Табиғаттан тәуелсіз. Ізгілік болып табылатын нәрсенің өзі біздің
оны жүзеге асырудағы физикалық күшімізге тәуелді емес және тек қана өзін (ізгілікті) жүзеге асыратын әрекетті қалаудың моральдық мүмкіншілігімен (логикалық сынға сай) анықталады. Демек, моральдық заң өзінің сезім арқылы қабылданатын салда рынан ажыраса ештеңеге айналады; сондай-ақ өзінің сезім арқылы қабылданатын әсерлерінен бөлініп кететін еркіндік те – ештеңе болып табылады. Онда заңды өзінің ішіндегі адамдардың себеп тілігіне, сезімнен жоғары таза табиғатқа заң беретін нәрсе ретін де ұғыну жеткілікті бола ма? Әрине, құбылыстар практикалық зерденің ұстыны ретіндегі моральдық заңға бағынады деуіміз ақылға қонымсыз болары анық. Адамгершілік – сезім арқылы қабылданатын табиғаттың заңы емес; тіпті еркіндіктің әсер-әрекеті табиғаттың заң ретіндегі меха низміне қайшы келе алмайды, өйткені олар еркін себепті жеткізіп тұрған “жалғыз феноменді” қалыптастыру үшін қажетті түрде өзара байланысқа түседі. Сезім арқылы қабылданатын табиғатта еркіндік ешқашан керемет нәрсені жасамайды. Бірақ, практикалық зерденің тек қана сезімнен жоғары әлемге және оны құрайтын тұлғалардың еркін себептілігіне ғана заң шығаратыны шындық болса, онда мұндай заңдардың сезімнен жоғары әлемнен – сезім арқылы қабылданатын әлемде “жүзеге асырылуы” тиіс нәрсені жасауы және мұндай еркін себептілікті моральдық заңды жеткізіп тұратын сезім арқылы қабылданатын нәтижелерді иеленуі тиіс нәрсеге айналдыруы да шындық болады. ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ. Мұндай жүзеге асырудың мүмкін болуы қазір де қажет. Егер бұл басқаша болса, моральдық заң өзіне-өзі үйлесімді болуынан қалар еді74. Сонымен, моральдық игілікті жүзеге асыру – сезім арқылы қабылданатын табиғаттың (өзінің заңдарын ұстанатын) және сезімнен жоғары табиғаттың (өзінің заңына бағынатын) арасындағы келісімді қажет етеді. Мұндай келісім бақыт пен моральдың арасындағы өлшемдестік идеясында, яғни “таза практикалық зерде пәнінің тұтастығы” ретін дегі Мейірімді Тақсыр идеясында көрініс тапқан. Бірақ, егер біз, өз кезегінде, Мейірімді Тақсыр қалай мүмкін болады, яғни қалай жүзеге асады деген сұрақты қойсақ, онда біз қайтадан қайшылыққа жолығамыз: бақытты болуды аңсау ақиқаттың уәжі бола алмайды; бірақ ақиқаттың максимасы да бақытқа себеп бола алмайды, өйткені моральдық заң іс жүзінде сезім арқылы қабылданатын әлемге билігін жүргізе алмайды, ал соңғысы жігердің моральдық ниеттері не немқұрайлы қарайтын өзінің дербес заңдарымен басқарылады.
Алайда, мұндай екінші бағыт шешімге жол ашады: ол – бақыт пен
ақиқаттың қосылуы тікелей жүзеге аспай, шексіз прогресс (мәңгі
жан) тұрғысынан және сезім арқылы қабылданатын табиғаттың
ақылмен танылатын жаратушысы немесе “әлемнің моральдық се
бебі” (Құдай) арқылы жасалуы туралы шешім болып табылады.
Сонымен, жан мен Құдай Идеялары – практикалық зерде пәнінің
өзі болуы мүмкін әрі жүзеге асатындай болып негізделетін қажетті
шарттар75.
Еркіндіктің (сезімнен аса жоғары әлемнің космологиялық Иде
ясы) моральдық заңнан объективті шындықты қабылдап алатыны
на біз көз жеткізген едік. Бұл жерде біз жанның психологиялық
Идеясы мен жоғары тұратын адамның теологиялық Идеясы, өз
кезегінде, сол баяғы моральдық заңға бағына отырып, объектив
ті реалдылыққа ие болатынын түсінеміз. Сондықтан спекулятивті
зерденің үш ұлы Идеясын бір деңгейде (plan) қарастыруға бола
ды, сонда-ақ бұлардың бәрі спекулятивті көзқарас тұрғысынан
проблемалық әрі анықталмаған күйінде қалса да, моральдық заңнан
практикалық анықтықты алады: бұл мәнде және практикалық
тұрғыда берілгендіктен олар “практикалық зерденің қағидаттары”
деп аталады: олар “таза практикалық сенімнің” объектісін
қалыптастырады76.
Бірақ, дәлірек айтсақ, практикалық негіздеу іс жүзінде бұл үш
Идеяларға бірдей қатысты болмайды. Моралдық заң тек еркіндік
идеясын ғана тікелей негіздейді: демек, еркіндік қағидаттан гөрі,
“деректі мән” немесе категориялық пайымның объектісі бола
ды. “Қағидат” ретіндегі екі басқа идея – еркін жігердің қажетті
объектісінің шарттары ғана. “Олардың мүмкін болуын еркіндіктің
шынайылығы дәлелдеп тұрады”77.
Бірақ, мұндай қағидаттар сезім арқылы қабылданатын
нәрседегі сезімнен аса жоғары нәрсенің жүзеге асуының шартта
ры бола ма? Сезім арқылы қабылданатын Табиғатқа имманентті
тағы басқа шарттардың болуы тиіс және олар Табиғатта қайсыбір
сезімнен жоғары нәрсені жеткізу мен символдау қабілетін негізде
уі қажет. Бұл шарттар үш қыр арқылы көрініс табады: феномендер
материясының табиғи мақсатқа сай болуы; табиғаттың әсем объ
ектілерінде мақсатқа сай формасы; табиғаттағы тұлғасыз нәрсенің
асқақтығы, оның көмегімен сезім арқылы қабылданатын табиғат
– ең жоғарғы мақсатқа сай болуын дәлелдейді. Сонымен, соңғы екі
жағдайға қатысты – қиял зерденің алдын-ала берілетін ұғымынан
тәуелсіз түрде еркін қолданыла ма немесе өзінің шегінен асып
Зерденің Идеяларына байланып, өзін-өзі шексіз сезіне ме – бәрібір біз оның іргелі рөл ойнайтынын көреміз. Демек, моральды ұғынуға, яғни ортақ моральдық сезімге нанымдар ғана емес – қиялдау актілері де кіреді, солардың арқасында сезім арқылы қабылданатын Табиғат сезімнен жоғары нәрсенің тарапынан болатын әсерді қабылдауға жарамды болады. Демек, қиялдың өзі – ортақ моральдық сезімнің нақтылы бөлігі болып табылады. ПРАКТИКАЛЫҚ МҮДДЕ ЖӘНЕ СПЕКУЛЯТИВТІ МҮДДЕ – “Жанның әрбір қабілетіне мүддені, яғни қабілеттің қолданылу мүмкіндігінің сәттілігін анықтайтын шарты бар ұстынды телу ге болады”78. Зерде мүдделері эмпириялық мүдделерден объек тілерге қатысы болуымен ерекшелене алады, бірақ бұл олардың қабілеттерінің жоғарғы түріне бағынуына байланысты жүзеге асады. Демек, спекулятивті мүдденің феномендерге қатысты болуы соңғылардың сезім арқылы қабылданатын табиғатты қалыптастыруымен түсіндіріледі. Практикалық мүдденің зерделі адамдарға өзіндік заттар ретінде қатыстылығы олардың жүзеге асатын сезімнен тыс жақтан табиғатты қалыптастыруына байла нысты екен. Бұл екі мүдде табиғатынан ерекше, сондықтан да зерде өзінің практикалық мүддесі ашатын салаға енген кезде, спекулятивті жетістікке қол жеткізбейді. Еркіндік – спекулятивті Идея ретін дегі – проблемалық, өз ішінде негізделмеген; ол моральдық заң тарапынан тікелей практикалық негізділікке ие болғанда спеку лятивті зерде ештеңе де ұтпайды. “Есесіне, оның еркіндік тура лы проблематикалық ұғымы шынайылыққа ие болады және оған бұл тұста объективті, практикалық болса да, шүбәсіз реалдылық беріледі.”79 Расында біз еркін адамның болмысын бұрынғыдан артық танымаймыз; бізде осындай білімге қатысты болатын аңдау жоқ. Біздің білетініміз – моральдық заңның арқасында – мұндай адамның бар екені және оның еркін себептілікке ие болатыны ғана. Практикалық мүддеде түсініктің объектіге қатысы білімнің қайсыбір бөлігі болмайды, тек жүзеге асатын нәрсені белгілейді. Таным тұрғысынан алғанда – спекулятивті Идеялар ретінде – жан да, Құдай да өзінің практикалық негіздемесінен шығатын қандай да бір көлемді иеленбейді80. Бірақ, екі мүдде жай ғана үйлестірілмейді. Спекулятивті мүдденің практикалық мүддеге бағынышты болуы айқын нәрсе. Сезім арқылы қабылданатын әлем спекулятивті мүдденің пәні болмас та еді, егер – ең жоғарғы мүдде тұрғысынан – ол, шыны
мен сезімнен жоғарғы нәрсенің жүзеге асу мүмкіндігін дәлелдеп
тұрмағанда. Міне, сондықтан да, спекулятивті зерденің Идеяла
рында, практикалық негіздемеден басқа тікелей берілген негізде
ме жоқ. Бұл, Кант “сенім” деп атайтын нәрседен айқын көрінеді.
Сенім – спекулятивті болжам, бірақ бұл болжам моральдық заң
тарапынан алынған анықтылықтың арқасында нақтыланады. Со
нымен, сенім практикалық қабілетпен байланысты емес, ол – спе
кулятивті мүдде практикалық мүддеге бағынған кезде, солардың
қосылуын жеткізіп тұрады. Құдайдың бар болуын дәлелдейтін
моральдық дәлелдің басқа спекулятивті дәлелдерден артық бо
луынын себебі де осында жатыр. Өйткені Құдай – таным объектісі
ретінде – тек қана жанама әрі ұқсастық бойынша беріледі (фено
мендер жүйелілік бірлігін ең көп мөлшерде алатын нәрсе ретінде);
бірақ – сенім объект ретінде – ол таза практикалық анықтылық пен
реалдылықты иеленеді (әлемнің моральдық жаратушысы)81.
Мүдде мақсат ұғымын меңзеп тұрады. Сонымен, егер зерденің
бақылап тұрған сезім арқылы қабылданатын табиғатты мақсат
тұтқаны рас болса, онда мұндай материалдық мақсаттар ешқашан
түпкі мақсат болмайды, сондай-ақ табиғаттың мынадай сипаты
да түпкі мақсат емес: “әлемнің танылуынан оның болмысының
құндылығы артып кетпейді; сондықтан әлемнің қарастырылуын
құнды ететін түпкі мақсатты жорамалдау қажет”82.
Шынында түпкі мақсат екі нәрсенің болуын меңзейді: ол
өзіндік өз ішіндегі мақсат ретінде қарастырылуы тиіс адамдарға
қолданылады, екіншіден, олар сезім арқылы қабылданатын
табиғатқа жүзеге асыру үшін соңғы мақсатты жеткізіп тұрады.
Демек, түпкі мақсат қажетті түрде практикалық зерденің ұғымы
немесе қалау қабілетінің ең жоғарғы формасындағы ұғым болып
табылады: тек моральдық заң ғана зерделі адамды өз ішіндегі
мақсат ретінде негіздейді, өйткені ол еркіндіктің қолдануындағы
түпкі мақсатты жасап тұрады, бірақ сонымен қатар моральдық
заң зерделі адамды сезім арқылы қабылданатын табиғаттың түпкі
мақсаты ретінде негіздейді, өйткені ол бізді сезімнен жоғары
нәрсені – ортақ бақытты моральмен біріктіру арқылы – жүзеге
асыруға мәжбүр етеді. “Іс жүзінде, егер туынды түпкі мақсатты
иеленетін болса, онда біз оны тек моральды мақсатқа ғана міндет
ті түрде сәйкес келетін (жалғыз сол ғана мақсат ұғымын мүмкін
ететін) нәрсе ретінде пайымдай аламыз”... Мұндай адамдардың
практикалық зердесі түпкі мақсатты ғана көрсетпейді, сонымен
қатар, осы ұғымды, біз туындының түпкі мақсатын сол арқылы
ғана пайымдай алатын шартқа қатысты анықтайды да”83.
Спекулятивті мүдде мақсаттарды тек сезім арқылы ғана
қабылданатын табиғатта анықтайды, өйткені (одан терең жерде)
практикалық мүдде - зерделі адамды өз ішіндегі мақсат ретінде,
сондай-ақ сезім арқылы қабылданатын табиғаттың соңғы мақсаты
ретінде болатынын пайымдайды. Бұл мәнде “кез келген мүдде,
түптеп келгенде, практикалық және тіпті спекулятивті зерденің
мүддесі де тек практикалық қолданыста ғана негізделіп, толық
мағынасын иеленеді деуге болады”84.
Түсініктемелер
1 Критика чистого разума (КЧР) және Opus postumum. (Кант
шығармаларындағы дәйексөздерді қар.: Кант. Собр.соч. т.1-16, М.,
Мысль).
2 Критика способности суждения (КСС), § 84.
3 Критика практического разума (КПрР) Аналитика. Теорема ІІ.
Примечание І.
4 КЧР. Іштей қосарланған таза зердені скептикалық түрде
қанағаттандырудың мүмкін еместігі туралы.
5 Орысша аудармада бұл сөйлем былайша берілген: “В
ұғымының А ұғымымен байланысы түсіну үшін мен А ұғымының
шеңберінен шығуым қажет ” (Кант, Собр. Соч. т.3, с.113)
6 КЧР, Предисловие. КПрР Кіріспе 5.
7 КПрР. Аналитика. Теорема ІІІ.
8 Таза зерде сынына қатысты біз M.Alquіe-нің Presses
Unіversіtarіes de France басылымдағы кіріспесіне және “Іnіtіatіon
Phіlosophіque” сериясында жарық көрген M.Vіalatoux кітабына
сүйенеміз.
9 Ж.Делездың мәтіндерін аударғанда концепт және ұғым деген
терминдер ажыратылады (сондай-ақ, француз тілінде мағыналары
жақын concept және notіon деген сөздердің болатыны ескеріледі).
Бұл дәлелді уәждерге негізделген, ол туралы мысалы, Послесло
вие переводчика к работе Ж.Делеза и Ф.Гваттари “Что такое фи
лософия?” (С.-Пб. Алетейя, 1988, перевод Зенкина С.Н.) қарауға
болады. Дегенмен де оқырманға ұсынылып отырған мәтіндердің
Канттың, Бергсонның, Спинозаның бұрынғы аудармаларындағы
терминологияға сәйкестірілген соң, біз concept терминін ұғым деп
аударамыз. Француз мәтінінде notіon деген сөз кездесетін болса,
біз оны негізінен ұғым деп аударамыз, ол квадрат жақшаға алы
нады.
10 КЧР. Трансцендентальная диалектика. Книга І, Раздел І: Об
идеях вообще.
11 КЧР. Эстетика. §8: “Денелер менен тыс тіршілік ететін сияқты
болып көрінеді дегенді айтпаймын... Егер мен құбылыстарға
жатқызуым тиіс нәрсені қарапайым көрініске айналдырып жібер
сем, онда ол менен кеткен айып болар еді”.
12 КЧР. Трансцендентальная диалектика. Книга І, Раздел І: О
трансцендентальных идеях.
13 КЧР. Аналитика. І-е изд., “О синтезе воспроизведения в во
ображении”
14 Jubere – бұйрық беру, әмір ету (лат.); рarere – айқын болу
(лат.).
15 КЧР. Аналитика, І- изд., “Об отношениях рассудка к предме
там вообще и о возможности познавать их a prіorі”: “Демек, біз
қиял деп атайтын осындай көп түрлі нәрсеге біздің ішімізде син
тез жасауға мүмкіндік бар: оның тікелей қабылдауға бағытталған
қызметін мен ұстап қалу деп атаймын”.
16 КЧР. Аналитика, § 10.
17 Письмо к Герцу. 26 мая 1789 г. (См. Кант И. Собрание сочине
ний в 8-тт., М., “Чоро”, 1994, т.8, с. 529).
18 КЧР. Аналитика § 16.
19 КЧР. Аналитика, § 13.
20 КЧР. Диалектика, “О трансцендентальных идеях”.
21 КЧР. Аналитика, “О логическом применении расудка вообще”.
22 КЧР. Диалектика, “О трансцендентальных идеях”.
23 КЧР. Диалектика, “О трансцендентальных идеях”.
24 КЧР. Диалектика. Приложение. “О регулятивном применении
идей чистого разума”.
25 КЧР. Диалектика. Приложение. “О регулятивном применении
идей чистого разума”.
26 КЧР. Диалектика, “О трансцендентальных идеях”.
27 КЧР. Диалектика. Приложение. “О регулятивном применении
идей чистого разума”.
28 Символизм теориясы Критика способности суждения деп ата
латын еңбекте ғана пайда болады. Бірақ КЧР-да “Приложение к
трансцендентальной диалектике”-де сипатталған “ұқсату” – мұндай
теорияның алғашқы очеркі болып табылады.
29 КСС. § 40.
30 КЧР. Диалектика Приложение “О конечной цели естествен
ной диалектики человеческого разума”.
31 Письмо к Герцу. 26 мая 1789 г. (Қар. Кант И. Собрание сочи
нений в 8-и т.т.- М., “Чоро”. 1994, т.8, с. 529-530).
32 Сонда.
33 КСС. § 21.
34 КСС. § 21.
35 КЧР. Диалектика. “О трансцендентальной видимости”.
36 КЧР. Диалектика. “О диалектических выводах чистого разу
ма” и “Приложение”.
37 КЧР. Аналитика. “Об основании различения всех предметов
вообще на phaenomena и noumena”.
38 КЧР. Диалектика. “О конечной цели естественной диалектики
человеческого разума”.
39 КЧР. Учение о методе. “Дисциплина чистого разума в его по
лемическом применении”.
40 КЧР. Учение о методе. “О конечной цели чистого применения
нашего разума”.
41 КПрР. Аналитика. Примечание к “Основному закону чистого
практического разума”.
42 КЧР. Диалектика. “Разрешение космологических идей о цело
купности выведения событий в мире из их причин”.
43 КЧР. Аналитика. “Об основании различения всех предметов
вообще на phaenomena и noumena”.
44 КЧР. Диалектика. “Объяснение космологической идеи свобо
ды в связи с всеобщей естественной необходимостью”.
45 КПрР. Аналитика. “Критическое освещение аналитики чисто
го практического разума”.
46 КСС. § 91. КПрР. Предисловие.
47 КПрР. Аналитика. “О дедукции основоположений чистого
практического разума”.
48 КСС. Введение, §2, §9.
49 Основы метафизики нравственности (ОМН), ІІ.
50 Основы метафизики нравственности (ОМН), ІІ.
51 Основы метафизики нравственности (ОМН), ІІ.
52 КПрР. Аналитика. “О дедукции основоположений чистого
практического разума”.
53 КПрР. Аналитика: “О типике чистой практической способ
ности суждения”.
54 КПрР. Аналитика: “О типике чистой практической способ
ности суждения”.
55 КПрР. Аналитика: “О праве чистого разума в практическом
применении на такое расширение, которое само по себе невозмож
но для него в спекулятивном применении”: “Бірақ, жігер ұғымында
себептілік ұғымы бұрыннан бар болады”.
56 КПрР. Предисловие.
57 КПрР. Аналитика: “О праве чистого разума в практическом
применении на такое расширение, которое само по себе невозмож
но для него в спекулятивном применении.”
58 КПрР . Аналитика: Примечание ІІ. Теоремы ІV.
59 КПрР. Аналитика: “О типике чистой практической способ
ности суждения”.
60 ОМН І (соңы).
61 КПрР. Введение.
62 КПрР. Введение.
63 КПрР. Диалектика. “Критическое устранение антиномии
практического разума”.
64 КПрР. Диалектика. “Критическое устранение антиномии
практического разума”.
65 КПрР. Диалектика. “О диалектике чистого практического ра
зума аообще”.
66 КПрР. Аналитика: “О мотивах чистого практического разума
(құрмет, әрине, жағымды болады, бірақ “бұл оның зиятты себебіне
байланысты”).
67 КСС. Введение. §2.
68 КПрР. Аналитика. “О дедукции основоположений чистого
практического разума”.
69 КЧР. Диалектика.
70 КСС. Введение. §9.
71 КПрР. Аналитика. “О понятии предмета чистого практичес
кого разума”.
72 КПрР. Аналитика. “О понятии предмета чистого практичес
кого разума”.
73 КПрР. Аналитика. “Критическое освещение аналитики чисто
го практического разума”.
74 КПрР. Диалектика. “Антиномия практического разума”.
75 КПрР. Диалектика. “О постулатах чистого практического ра
зума вообще.”
76 КПрР. Диалектика. “О признании истинности из потребности
чистого разума”.
77 КПрР. Введение: КСС §91.
78 КПрР. Диалектика. “О первенстве чистого практического ра
зума в его связи со спекулятивным”.
79 КПрР. Аналитика. “О дедукции основоположений чистого
практического разума”.
80 КПрР. Диалектика. “О постулатах чистого практического ра
зума вообще.”
81 КСС. §87, §88.
82 КСС. §86.
83 КСС. §88
84 КПрР. Диалектика: “О первенстве чистого практического
разума в его связи со спекулятивным” (қар. ОМН ІІІ): “Мүдде
дегеніміз зердені практикалық нәрсеге айналдыратын нәрсе...
Зерденің логикалық мүддесі (ұғынуға қол жеткізу) ешқашан тіке
лей берілмейді, ол әрқашан зерде қолданатын мақсаттарды жора
малдап отырады”.
Делез Ж. Критическая философия Канта: учение о способ
ностях. Бергсонизм. Спиноза.
Москва. Perse. 2000. С. 7-56.
МАҒЫНАНЫҢ ЛОГИКАСЫ
Парадокстардың бірініші сериясы: таза қалыптасу
“Алиса в Стране Чудес” және “Алиса в Зазеркалье” кітапта
рында тым ерекше заттардың категориялары, яғни оқиғалар, таза
оқиғалар туралы баяндалады. Мен: “Алиса сорайып, өсіп барады”
дегенде ол бұрынғыға қарағанда үлкен болды деп пайымдаймын.
Бірақ, сонымен қатар оның қазіргісінен кіші болатыны да шындық.
Әрине, ол бір мезетте үлкен не кіші бола алмайды. Қазір ол үлкен,
ал бұған дейін кіші болған. Бірақ ол бір мезетте бұрынғысынан
үлкен және қазіргісінен кіші. Қалыптасу бір мезеттілігінің мәні
осында және оның негізгі сипаты – қазіргіге ұстатпау. Нақ осындай
қазіргіге ұстатпаудың арқасында қалыптасу өткенге және келешек
ке, осыған дейінгі және бұдан кейінгі деп бөлуге немесе ажыратуға
қарсы болады. Қалыптасудың мәні – екі мағына-бағдар бойымен
бірден қозғалуда, созылуда: Алиса жиырылмаса өспейді және,
керісінше, бұл болады. Ойға қонымды мағына барлық заттардың
нақты анықталған мәні бар дегенді білдіреді; бірақ парадокстың
мәні бірден бір мезгілде екі мағынаны бірден бекітуінде.
Платон екі өлшемді ажыратуды ұсынады: (1) шектелген және
өлшемі бар заттарды өлшеу, әрқашан үзіліс пен тоқтауды – тұрақты
немесе уақытша - бекітілген қасиеттерді, қазіргіні ұстап қалуды және затты белгілеуді жорамалдайтын және өзіне тән шамамен – үлкен не кіші болатын – белгіленген затты аталған уақыт мезгілін де өлшеу; кейін (2) қандай да бір өлшемнен тыс, шынайы және үздіксіз ақылдан адасу, бірден екі мәнде болатын таза қалыптасу. Ол әрдайым қазіргіден қашып тұрады және келешек пен өткенді, үлкен мен кішіні, артық пен кемді бойсұнбайтын материяның бір мезеттілігінде қосылуға мәжбүрлейді (“... жылы да, салқын да емес, олар белгілі бір мөлшерді қабылдаған соң, ондай болмай шығады, өйткені олар үнемі алға жылжиды және бір орында тұрмайды, ал олардың белгілі бір саны қозғалмайды және одан ары жылжымай ды”; “жасы кішілері – жасы үлкеннен үлкен, ал жасы үлкені – ең кішісінен де жас. Бірақ олар ондай бола алмайды, өйткені егер он дай болса, онда қалыптаспаушы еді, олар бар болар еді”)1. Бізге мұндай платондық дуализм таныс. Бірақ бұл, тіпті де зияттылық (интеллектуалды) пен сезімділіктің дуализмі емес. Идеяның не материяның, Идеялардың не денелердің дуализмі емес. Бұл одан тереңірек, сезімдік және материалдық денелердің өзінде жасырынған құпиялы екіұштылық – Идеяның әсер етіп тұрған нәрсесі және оның әсерінен қашатын нәрсенің арасындағы жер асты дуализмі. Асылы, бұл жердегі өзгешелік Үлгі мен көшірменің, көшірмелер мен симулякрлардың арасында болады. Таза қалыптасу, шексіздік – міне, симулякрдың материясы осын дай, өйткені ол Идеялардың әсерінен қашып, соққыға үлгілерді де, көшірмелерді де бір мезетте қояды. Мөлшерге ие болатын заттар Идеядан төмен орналасады; бірақ осы заттардан төмен жататын Идеялар ұсынатын, ал заттар қабылдайтын тәртіптің тыс жағында тіршілік ететін және әрекет ететін тағы да қандай да бір ессіз сти хия жоқ па екен? Платонның өзі кейде мұндай таза қалыптасу тіл мен өте ерекше қатынасқа түспей ме екен деп күмәнданған. Сірә, Кратилдың ерекше мәні де осында шығар. Мүмкін мұндай қатынас сөйлем ағыны жағдайында немесе референт үстімен үздіксіз сырғып, басқарылмайтын дискурстың жағдайында тіл үшін маңызды болар? Жалпы екі тіл немесе “есімдердің” екі түрі бола тын шығар: біреуі Идеяның әсерін сезінетін үзілістер мен кідіріс терді белгілейтін, ал екіншісі, қозғалыс пен бүлікшіл қалыптасуды жеткізіп тұратын?2 Немесе тіпті былай: аталған тіл үшін ішкі болып табылатын екі әртүрлі өлшем бар шығар – бұлардың бірін екіншісі әр кез қалқалап тұрады, дегенмен де ол үнемі “көршісіне” жәрдем береді немесе соның арқасында күн көреді?
Таза қалыптасудың қайшылығы оның қазіргіге ұстатпау қабілеті – бұл шексіз барабарлықтың парадоксы: бірден екі мағынаның – келешектің және өткеннің, алдынғы күн мен кейін гі күннің, үлкен мен кішінің, артық пен кемнің, белсенді мен енжардың, себеп пен әсердің – шексіз барабарлығының парадок сы. Осындай шектерді нақ осы тіл бекітеді (мысалы, артықшылық басталатын нақты сәтті). Сондай-ақ, нақ осы тіл шектелмейтін қалыптасудың шексіз барабарлығында аталған шектерді қиратқан кезде осындай шектерді аттап кетеді (“егер әбден қызған көсеуді тым ұзақ уақыт ұстап тұрса, онда түптін-түбінде қолыңды күйдіресін; егер саусақты пышақпен тереңірек кесіп жіберсең, онда саусақтан қан шығады”). Бұдан Алисаның қызық оқиғаларын құрайтын өзара оралымдықтар туындайды: өсу мен кішіреюдің өзара оралымдығы: “қай жолмен, қай жолмен?” – деп сұрайды Алиса өзінің әрқашан екі мағына-бағытта қозғалғанын сезгенде және оптикалық иллюзияның арқасында ғана өзін-өзі жоғалтпаған сәтте. Күннің оған дейінгі және одан кейінгі өзара оралымдығы, ал қазіргі әрқашан ұстатпауда болады – “ертеңгі және кешегі тосап, бірақ бүгінгі емес”. Үлкен мен кішінің өзара оралымдығы: он түн бір түннен он есе жылы, “бірақ олар сол себептен он есе суық та болуы мүмкін ғой”. Белсеңді мен керенаудың өзара оралымдығы: “мысықтар шіркейді жей ме?” деудің орнына “шіркейлер мысықты жей ме?” деуге де болады. Себеп пен әсердің өзара оралымдығы: қылмыс жасамай жазаны өтеу, тікен кірмей тұрып, жылау, тапсыр маны алмай тұрып, жұмысты орындау. Мұндай өзара оралымдықтар – шексіз барабарлықта көрінетін күйінде – бір салдарға ие болады: Алисаның жеке өзіндік барабарлығының дауға түсуі, оның өзінің жалқы есімін жоғалтуы. Жалқы есімін жоғалтуы – Алисаның барлық қызық оқиғаларында қайталанып тұратын қызық оқиға. Өйткені, жалқы немесе жекелік есімнің болуына білімнің тұрақтылығы кепіл болады – бұл білім жалқы есім тұрақты байланысатын зат есімдер мен сын есім дердегі үзілістер мен тоқтауларды белгілейтін жалпы есімдерде бейнеленеді. Айталық, жеке Мен әлемге және Құдайға мұқтаж. Бірақ, зат есімдер мен сын есімдер балқи бастағанда, үзілістер мен тоқтаулардың есімдерін таза қалыптасудың етістіктері ығыстырып, оқиғалардың тіліне сырғып өткен кезде - Мендегі, Құдайдағы және әлемдегі кез келген барабарлық та жойылады. Бұл Алисаны өзіндік барабарлықтан айыратын білім мен жаттанды нәрсенің тексерілетін тұсы (мұнда сөздер етістіктермен ығыстырылып, қалай болса со
лай айталады). Оқиғалар тіл арқылы білім мен жеке тұлғаларға берілетін ирреалдылыққа қуанатындай әсер қалдырады. Өйткені, жеке анықталмағандық – болып жатқан нәрсеге сыртқы болатын күмәндану емес, ол – оқиғаның объективті құрылымы болып та былады, өйткені оқиға әрқашан бірден екі мағына-бағытта өрбиді және өзіне ілесетін субъектті бөлшектеп тастайды. Ең әуелгі пара докс – жалғыз ғана болуы мүмкін мағына [sens unіque] ретіндегі ойға қонымды мағынаны [bon sens] ғана емес, сондай-ақ бекітіл ген барабарлықтың телінуі ретіндегі жалпы маңызы бар мағынаны [sens commun] да бұзатын нәрсе. ...Он сегізінші серия: философтардың үш бейнесі Философтың бейнесі кең тараған не кәсібі бейне болса да сай ып келгенде платоншылдықтың арқасында қалыптасқан сияқты: философ үңгірін тастап, жоғарыға өрмелеп бара жатқан жола ушы. Жоғары көтерілген сайын ол тазара түседі. Осындай “өрлеу психологиясының” топырағында мораль мен философия, аскеттік идеал мен ойдың идеясы арасында тығыз байланыстар пайда бола ды. Бұл биікте қалықтап жүретін философтың кең тараған бейнесін де, оның ғылыми бейнесін де анықтап тұрады және соңғысына сай философиялық биіктер интеллигибельді болмысты иеленсе де, бізді жерден көтеріп кетпейді, өйткені, жердің өзі солардың заңына сай тіршілік етеді. Бірақ, екі жағдайда да барлық нәрсе биіктікте жүзеге асады (тіпті, ол моральдық заңның көгіндегі жеке тұлғаның асқақтығы болса да). Егер біз “Ой арасынан бағдар іздеу деген не?” – деген сұрақ қойсақ, онда ойдың өзі дамитын осьтер мен бағыттарын жормалдайтыны, тарихы пайда болмай тұрып, географиясының бар болатыны және оның - жүйелер жасалмай тұрып-ақ олардың өлшемін шамалайтыны белгілі болады. Шынын айтсақ, биіктік дегеніміз – платондық Шығыс болып табылады. Философиялық жұмыс әрқашан өрлеу және өзгеру, яғни осындай қозғалысты анықтайтын ең жоғарғы ұстынға қарсы қозғалу ретін де – өзін-өзі негіздеу, өзін-өзі орындау және тану қозғалысы ретін де негізделіп келген. Біз философияны аурумен салыстырайын деп отырған жоқпыз, бірақ философиялық аурулар да бар. Идеализм – платоншылдықтың туа біткен ауруы және оның барлық шарықтаулары мен құлауларын қоса алып, философияның маниактық-депрессивті түрі ретінде бағалаудың өз қисыны бар. Елігу, яғни, Платонды шабыттандырып, жетелейді. Диалектика –
идеялардың самғауы, Іdeenflucht. Платонның өзі Идея туралы: “Ол самғайды, не опат болады...” – дегенді айтқан. Тіпті, Сократтың өлімі де депрессиялық өзіне-өзі қол жұмсау сияқты нәрсе. Ницше болса, биікке қарап, бағдарды анықтауға онша сенбеген. Ол [биік тік] Сократтан бастап, философияның өз міндетін атқарудан гөрі, азып, тұйыққа тірелгенін дәлелдеп тұрған жоқ па деген сұрақты алға тартады. Осылайша, Ницше ойды бағдарлаудың барлық мәселесін қайта көтереді: ойлау актісі ойдан тыс жүзеге аса ма, ал ойшылдың өзі өмірден тыс ойлай ма? Ницше өзі ойлап тапқан тәсілді қолданады: өмірбаянмен де, библиографиямен де шектелуге болмайды, өмірдегі анекдот пен ойдың нақыл сөзі қосылып кететін – бір жағынан, өмірлік жағдайлардың атрибуты, ал басқа жағынан ойлауға келетін сөйлемдер ретінде болатын жасырын нүктені табуға тырысқан жөн. Бұл жерде өзіндік ерекше өлшемдер, өзіндік уақыт пен кеңістіктер, өзіндік мұздықтар мен тропиктер – қысқасы, тіршілік стилін де, ойлау тәсілін де сипаттайтын тұтас экзотикалық география бар. Мүмкін, осындай тәсілдің ең әуелгі көрінісі ретінде Лаэрттік Диогеннің ойдың Анекдоты болып табылатын өмірлік Нақыл сөздерді жинаған (философтардың шынайы әрекеті осындай болмақ) ең тәуір деген беттерін алуға болатын шығар. Айталық, мысалы, Эм педокл мен Этнаның тарихи оқиғасын осындай философиялық анекдотқа жатқызуға болады. Ол Сократтың өлімі туралы оқиғадан осал емес, бірақ оның әсері басқа өлшемге жатады. Сократтың алдында болған философ үңгірден шықпайды; керісінше, ол біз оған (үңгірге) әлі толық енбедік, толық жұтылмадық деп есептей ді. Тессей туралы аңызда кейіпкер жолды көрсететін жіптен бас тартады: “Сендердің жоғарыға апаратын жолдарында, сендердің сыртқа шығаратын бақыт пен ақиқатқа апаратын жіптерінде біздің неміз бар? Бізді осы жіппен құтқарғыларын келе ме? Біз сендерге шын жүректен осы жіпке асылып, қылқынып өлулеріне тілектес піз!” Сократтың алдында болғандар ойды тереңге, үңгірлер мен өмірдің ішіне орналастырып келген. Олар су мен оттың құпиясын іздеген және мүсіндерді балғамен қирататын Эмпедокл тәрізді – олар балғаның көмегімен – геолог пен спелеологтың балғасымен философиямен айналысқан. Су мен оттың ағынымен қоса жанару Эмпедоклдан қалған барлық нәрсені – оның қорғасын сандалын сыртқа лақтырып тастайды. Эмпедоклдың сандалы сол жерден, жер астынан шыққан, ол автохтонды дегенді дәлелдеп, платондық жанның қанаттарына қарама-қарсы шығады. Платон қанаттарының сермеуіне, Сократтан бұрынғылардың балғасының соққысы қарсы
тұрады; Ницше үшін осындай құпиялы тереңдіктер философияның
шынайы бағдары, келешек философия үшін - өмірдің, яғни ойдың,
тілдің, яғни тәнін бар күшін салып – қайтадан жаңғырту керек
болатын досократиктер ашқан жаңалық болып көрінген. “Әрбір
үңгірдің артында, одан да терең басқа үңгір бар; ал оның арғы
жағында тағы да үңгірлер болады. Жазықтың арғы бетінде одан
да байтақ, қызық, бай әлем, әрбір негіздің, негіздеменің астында
құз бар”3.
Ең әуелі шизофрения болған екен: Сократтың алдындағылардың
шизофрениясы – бұл шын мәнісіндегі философиялық шизофрения,
денелер мен ойда жасырынатын абсолютті тереңдік. Сондықтан да
Гëльдерлин Ницшеден бұрын Эмпедоклды ашқан. Эмпедоклдың
әйгілі алмасымдарында [әлемдік циклдердің], махаббат пен
ғадауаттың өзара ажырамауында біз бір жағынан – ғадауаттың
тәніне, шұрық-тесік мүшеге жіктелген денеге: “мойны жоқ бас
тар, иықсыз қолдар, беті жоқ көздер”; екінші жағынан – мүшелері
жоқ тамаша денеге жолығамыз: “бір кесектен құйылған” оның
мүшелері, дауысы мен жынысы жоқ. Осылайша Дионис бізге
өзінің екі жүзін қаратады – жарып сойылған жыртық денесін және
мүшелері жоқ бейқұмар басын, бұл – мүшеленген Дионис, бірақ
сонымен қатар, сыр бермейтін Дионис.
Ницше жазықты игерген соң ғана тереңдікті қайтадан ашады.
Бірақ, ол жазықты жаңа көзқарас тұрғысынан, тереңнен қарайтын
көзқараспен пайымдау қажет деп санап, сол жазықта қалмайды.
Платоннан кейінгі философиялық жетістіктер ұзақ құлдыраудың
жалғасы болар деп Ницше оларға оншалықты қызыға қойған жоқ.
Ал біз болсақ, бұл жерде оның (Ницшенің) тәсіліне сай келетін
философтардың үшінші бейнесіне жолығамыз. Және солардың
атына айтылған Ницшенің айтқаны орынды естіледі: гректер
өзінің үстірттігінің арқасында қандай тиянақты болған!4 Бұл
– үшінші – гректер енді таза гректер емес. Олар енді терең жер
астынан құтқаратын күшті күтпейді; олар оны көктен де, неме
се Идеядан да тоспайды. Асылы олар оны оқиғадан – Шығыстан
күтеді, Кэрролдың айтуынша, ол жақтағы барлық нәрсе жақсыға
қарай бет алған. Мегариктерден, киниктерден және стоиктерден
жаңа философия мен анекдоттың жаңа түрі басталады. Лаэрттік
Диогеннің ең тәуір деген тарауларын, Диоген Киник пен Хриссип
Стоикке арналған тарауларды қайта оқығанда біз қызық аран
дату жүйенің дамуын байқаймыз. Бір жағынан, философ асқан
қомағайлықпен ас ішіп, шектен тыс тояды; ашығуды да осылай
қандыруға болмайды деп назаланып, жұрттың көзінше мастурба циямен айналысады; анасымен, әпкесімен немесе қызымен бола тын инцесті де айыптамайды; адам етін жеу мен антропофагияға да қарсы емес – мұның бәрі бола тұра ол, сонымен қатар, ең жоғарғы дәрежеде салауатты болып, жанының тазалығын сақтап тұрады. Басқа жағынан келгенде, философ адамдар бірнәрсе туралы сұрақ қойғанда үнсіз қалады немесе қолындағы таяғымен ұрып жібе реді. Оған абстрақтылы және күрделі сұрақтар қойылған кезде, ол асты (тамақты) көрсетеді немесе сізге тамақ салынған дорбасын ұсынады және оны сіздің үстінізге төңкере салады. Бірақ, бәрібір ол – парадокстар жан бітіріп, жаңа философиялық мазмұндағы жаңа дискурсты, жаңа логосты иеленуші болып табылады. Ия, біз сезетіндей: бұл анекдоттар енді платоншылдар мен Сократтан бұрынғылар туралы ғана емес. Бүкіл ойдың және ойлау қабілетіне қатысты нәрсенің бағдары өзгеріп кететіні анық: енді тереңдік те, биіктік те атымен жоқ. Киниктер мен стоиктер тарапынан Платонға айтылған әжуалардың санына жету қиын. Барлық жағдайда мәселе Идеяны тұқыртуға байланысты, тәні жоқ нәрсенің көкте емес, жазықта болатынын және оның – ең басты себеп емес, тек үстірт әсер ғана, Мәнділік емес, оқиға ғана болатынын көрсетуге бағытталады. Тереңдікке қатысты ол – идеалды оптикалық иллюзияны толықтырып тұратын ас қорытуға қатысты иллюзия деп дәлелденеді. Іс жүзінде мұндай қомағайлықтың, инцест пен каннибализмді қорғаудың мәні неде? Соңғы тақырып Хриссипте де, Диоген Киникте де кездеседі. Ди оген Лаэрт Хриссиптің көзқарастарын жақтамаса да, Диогенге қатысты біршама егжей-тегжейлі түсінік береді: “кез келген хайуан етінің дәмін көру: тіпті, адам етімен қоректену - басқа халықтардың әдет-ғұрпында бар нәрсе, сондықтан бұл қылмыс емес. Шыны мен де барлық нәрсе барлық нәрседе және біздер арқылы тіршілік етеді: нанда – ет, көкөністе нан бар, жалпы заттардың бәрі әуелгі бейне ретінде майда бөлшектер сияқтанып, өзара біріне-бірі көзге көрінбейтін саңлаулар арқылы өтіп тұрады. Ол, егер өзі жазған болса, өзінің “Фиеста” трагедиясында дәл осылай түсіндіреді...”5 Инцестке де қатысы болатын аталған сөйлем – денелер тереңінде барлық нәрсе қоспа ретінде болады дегенді айтады. Бірақ бір қоспаны басқадан артық деп танитын ережелер жоқ. Платон сенген нәрсеге қайшы – осындай қоспалар мен Идеялар комбинациялары үшін ешқандай тыс жататын және нашар не жақсы қоспаны анықтайтын жоғарғы өлшем жоқ екен. Дәл со
лай, досократикке қайшы, Табиғаттың тереңінде тәртіп пен тіз бекті бекітуге қабілетті ешқандай имманентті өлшем де жоқ: кез келген қоспа – өзара бірінен-бірі өтіп тұратын денелердің және өзара тіршілік ететін бөліктерден артық та, кем де емес. Мұдай жағдайда қоспалардың әлемі – барлық нәрсеге рұқсат етілген қара тереңдіктің әлемі болмағанда қайтеді? Хриссип қоспалардың екі түрін ажыратады: денелерді өзгертетін жетілмеген қоспалар; денелерге әсері болмайтын және денелер өздерінің бөліктерімен жанасып, соның ішінде өзара тір шілік ететін жетілген қоспалар. Әрине, барлық нәрсе ғарыштық қазіргіде өзара тіршілік ететін жетілген әрі сұйық қоспаны денелік себептер негіздеп тұрады. Бірақ, өздерінің шектелген қазіргісінің ерекшелігінде алынатын денелер, өздерінің себептілік тәртібіне тікелей сәйкес келмейді, өйткені ол тек қана тұтасқа қатысты және олардың комбинацияларын бірден қамтиды. Сондықтан да қандай да бір қоспаны жақсы не нашар деуге болады: тұтас нәрсенің тәртібінде ол жақсы, ал жеке сәйкесімдерде ол жетілме ген, нашар болуы мүмкін. Инцест пен каннибализмді құмарлықтар басқа денелерден өтіп тұратын денелер болатын және әрбір жеке жігер радикалды жамандық болатын салада қалай айыптауға бо лады? Сенеканың көрнекті трагедиясынан бір мысалды еске түсірейік. Стоикшіл ойдың және алғашқы рет сахнаға зұлымдыққа толығымен берілген кейіпкерлерді шығарған және бұл әрекетімен Елизаветалық театрдан асып түскен трагикалық ойдың арасын да қандай жақындық бар? – деген сұрақ туындайды. Осындай дәрежеге жету үшін стоикшіл хорлардың болуы аздық етеді. Бұл жердегі нағыз стоикшіл нәрсе – тәназаптың және осы денелер құрайтын және бағынышты болатын инфернальды қоспалардың ашылуы: отты улар және педофагикалық дастарқандар. Фиестаның трагикалық кешкі асы – бұл Диогенның жоғалған қолжазба ғана емес, сонымен қатар, сәтіне орай Сенеканың сақталған сюжеті де. У жағылған туниканың жоюшы әсері теріні күйдіріп, тері бетін жеуден басталады; бұдан соң у тереңдей түсіп, шұрық тесік де нені мүшеленген, membra dіscerpta денеге айналдырады. Дененің тереңгі қабатында уланған қоспалар қайнап жатады; аза бойын тік тұрғызатын некромантия пісіп жатады, инцест пен адамды жеу салтанат құрады. Қандай да бір уды қайтаратын нәрсе: ол – Сене ка трагедиясының және бүкіл стоикшіл ойдың кейіпкері – Геракл. Геракл әрқашан үш салаға қатысты болады: тозақтың тұңғиыққа, жұлдызды аспанға және жер бетіне. Тозақтың тереңінде ол зәрені
қашыратын қоспаларға жолығады; аспанда – бостық пен тозақтың құбыжықтарына ұқсайтын астральды құбыжықтарды көреді. Бірақ жер бетінде ол бітімгер және судың бетімен де жүріп кететін сая хатшы. Ол әрқашан және барлық қолында бар тәсілдерді қолданып, көкке көтеріледі не өзімен бірге тозақтағы немесе жұлдыздағы итті, тозақтағы немесе аспандағы жыланды ертіп алып, жазыққа түседі. Бұл жердегі әңгіме жер түбіне құлайтын Дионис жайында емес және көкке көтерілмеген Аполлон туралы да емес, әңгіме – жер бетінде жүріп, екі жаққа – тереңдік пен биікке соғыс ашатын Геракл туралы болмақ: бұл ой бағдарының түбегейлі өзгеруі мен жаңа география болып табылады. Кейде стоицизмді платоншылдықтан кері кету, сократқа дейінгілерге мысалы, Гераклит әлеміне, қайта оралу ретінде қарастырады. Бірақ, стоиктердің бүкіл Сократқа дейінгі әлемді қайта бағалағаны туралы айтқан дұрыс болар. Мұндай әлемді тереңдегі қоспалардың физикасы ретінде қарастырған кезде, киниктер мен стоиктер оны – тек қана Ұлы қоспада, яғни өзара байланысты себептердің бірлігінде ғана мәмілеге келетін әр алу ан мүмкін жергілікті тәртіпсіздіктердің билігіне тапсырады. Бұл зәрені алатын мейірімсіздіктің, инцест пен антропофагияның әлемі. Бірақ, әрине, оған басқаша да қарауға болатын сияқты: нақты айтсақ, гераклиттік әлемнен жер бетінен шығатын және мүлде жаңа мәртебеге ие болатын адамның көзқарасы тұрғысынан қарасақ. Бұл – мәндік тұрғыда бәрін жалмайтын Хроностан өзгеше болатын Эон, себеп-денелерден ерешеленетін оқиға. Дәл осындай түбегейлі бағдардың өзгеруін платоншылдық де бастан кешіреді: ол Сократтың алдында болған әлемді тереңге көміп тастағысы келеді, оны одан сайын төмендетіп, өзінің биіктерімен жаңшып тастағысы келеді. Бірақ, біз көретіндей, оның өзі өз биігінен айырылып қалады, ал Идея болса қарапайым тәнсіз әсер ретінде болатын жазыққа қайта оралады. Тереңдік пен биікке тәуелсіз және оларға қарсы тұратын жазықтың дербестігі; денелердің тереңіне де, биік Идеяларға да кел мейтін тәнсіз оқиғаларды, мағыналар мен әсерлерді анықтау міне, Платонға да, досократиктерге де қарсы бағытталған стоиктердің ең басты жаңалықтары осындай. Барлық айтылатын барлық жүзеге аса тын нәрсе жазықта айтылып, жүзеге асады. Нонсенс ретінде көрініс табатын тереңдік пен биіктік сияқты, жазықтың да зерттелуі мен та нылуы аз. Принциптік шекара жылжып кеткен. Енді ол – биікте де (әмбебап нәрсе мен жеке нәрсенің арасында), тереңде де (субстанция мен акциденицияның арасында) жүргізілмейді. Бәлкім, заттар мен
сөйлемдердің арасында жүргізілетін жаңа демаркациялық сызық
үшін Антисфенге алғыс айтуымыз керек болар. Шекара сөйлем
арқылы белгіленіп, сөйлемде көрініс табатын заттың арасында
өтеді. (Субстанция – заттың екіншілік анықтамасы ғана, ал әмбебап
нәрсе – сөйлемде көрініс табатын нәрсенің екіншілік анықтамасы
болып табылады).
Жазық (үсті), шымылдық, кілем, мантия – киниктер мен
стоиктердің орналасқан және өздерін қоршаған жері осында.
Жазықтың екі жақты мағынасы, астары мен тыс жақтың ажырама
уы – биіктік пен тереңдіктің орнын басады. Шымылдықтың артын
да атауы жоқ қоспалардан басқа ештеңе де жоқ. Кілемнің астында
да бос аспаннан басқа ешнәрсе жоқ. Мағына жазықта пайда болып,
дамиды – қалай болғанда да, егер біз оны дұрыс араластыратын
болсақ – шаңнан әріптер түзіледі. Жазық буланған әйнек тәрізді,
оның бетіне саусақпен жазуға болады. Таяғымен соққыға жығатын
киниктер мен стоиктердің философиясы, балғамен ұратын филосо
фияны алмастырады. Ендігіде философ үңгірді мекендейтін жәндік
емес және платондық құс-жан емес, ол – жазықтың жалпақ жануа
ры – кене не бүрге. Қолына шоқпар алып, арыстан терісіне оранған
Геркулесті еске түсіретін: Платондық қанаттар мен эмпедоклдық
сандалды алмастыратын өңі айналатын Антисфен мен Диогеннің
жадағайы философиялық символға айналады. Бірден платондық
өзгеруге де, досократиктердің құлауына да қарсы тұратын мұндай
жаңа философиялық жаңалықты қалай атауға болады? Мүмкін,
егер бұрмалаудың жазықтардың ерекше өнерін негіздеуі рас болса,
оны тым болмағанда философтың осындай жаңа түрінің арандату
жүйесіне сай келетін бұрмалау деп атау қажет болар.
...Симулякр және антикалық философия
І. Платон және симулякр
“Платоншылдықты құлату” туралы мәселенің мәні неде? Ниц
ше философиясының, жалпы келешек философияның да міндеті
нақ осында болатын. Сірә, “платоншылдықты құлату” – мәндердің
әлемін де, құбылыстардың әлемін де жоққа шығару болар. Мұндай
ниеттің Ницшеде ғана болмағанын айта кеткен жөн. Еселеп құлату,
мәндер мен құбылыстарды жою, Гегельден басталады, нақтырақ
айтсақ, тіпті Канттан бастауын алады. Бірақ Ницше дәл сондай ни
етте [аталған философтардай] болған деуіміз күмәнді нәрсе болар.
Сондай-ақ бұл тұжырымында құлату тым дерексіз, абстрактылы
түрде ұғынылады; ол платондық уәждерді көлеңкеде қалдырады.
Керісінше, платоншылдықты құлату осындай уәждерді жарыққа
шығаруы тиіс. Оларды Платон софисті ұстағандай, “ұғынып алу”6
қажет.
Жалпы, идеялар теориясының негізіне алынған уәжділікті
(мотивацияны) ерекшелеу мен сұрыптауға ұмтылған жігерден із
деу қажет. Бұл – “зат” пен оның бейнесі, тұпнұсқа мен көшірме,
үлгі мен симулякр арасындағы “айырмашылықтарды белгілеу”
мәселесі. Бірақ, біз айырмашылықтардың осы түрлеріне қатысты
айтқанда, бірдей нәрсе туралы айтамыз ба? Егер біз бөлу тәсілін
қарастырар болсақ, Платонның ниеті де айқындалады, өйткені он
дай тәсіл көптеген диалектикалық амалдардың жай ғана бір түрі
емес. Ол өзіне диалектиканың бүкіл әлуетін басқа әлуетпен қосу
үшін жинап алады, сондықтан да тұтас бір жүйе болып табылады.
Ең әуелі, қарастырылатын тәсілдің мәні – зерттелетін затты өзіне
барабар түрге келтіру үшін тектерді қарама-қарсы түрге бөлуден
тұратынын атап өту қажет.
Бұл (Софисте) балық аулаудың қандай болатынын анықтауға
бағытталатын ерекшелеу (спецификация) процесін түсіндіре
алады. Бірақ бұл бөлудің үстірт қыры, оның кекесін құраушысы
ғана болады. Егер де бөлу процедурасына байыпты қарасақ, онда
мұндай бөлуге қатысты айтылған, бұл – нашар немесе әлсіз силло
гизм, өйткені онда орташа термин жоқ – деген Аристотельдің уәжі
өз күшін сақтап қалады7. Орташа терминнің болмауынан бірқатар
негізсіз қорытынды жасалады – мысалы, балық аулау иеленудің
бір түрі болады, соққы беру арқылы иелену болып табылады және
т.б.
Сонымен, бөлудің шынайы мақсатын басқадан іздеу қажет.
айталық, Политик деген диалогта саясаткер – халықты бағатын
адам (пастырь) деген алдын-ала берілетін анықтама келтіріледі.
Бірақ осындай рөлге басқа таласушылар да бірден табыла кетеді.
Дәрігер, саудагер, шаруа бір ауыздан: “Халықты бағатын – мен” де
генді айтады. Дәл осы тақырып – долылық туралы немесе, дәлірек
айтқанда, шынайы долылықты немесе шынай махаббаты қалай
ажырату туралы әңгіме болғанда Федр диалогында да көтеріледі.
Көптеген үміткер: “шынайы құштар адам, ол – мен, шынайы ғашық
адам, ол – мен” деп жарыса кетеді. Демек бөлудің мақсаты – тек
терді түрлерге бөлу болмай шығады. Ол одан әлдеқайда терең және
оның мәні текті анықтауға байланысты: үміткерлерді бөлу, таза мен
ласты, шынайы мен жалғанды ажырату. Бөлу процедурасын алтын
ды сынаумен салыстыратын өміршең метафора да осыдан шыққан. Платоншылдық – бұл философиялық Одиссея; және Платонның диалектикасы қарама-қарсылықтар мен қайшылықтардың диалек тикасы емес. Оны асылы, бақталастық диалектикасы (amphіsbetesіs), бақталастар мен үміткерлердің диалектикасы деп атауға болатын сияқты. Бөлудің мәні оның көлеміде емес, текті түрлерге бөлуде емес, тереңдігінде – шығу тегіне қарай сұрыптауда. Әрбір талапты мұқият қарастырып, шынайы және жалған талапкерді ажырата білу қажет. Осындай мақсатқа жету үшін Платон қайтадан кекетуге жүгінеді, өйткені іс жүзінде бөлу процедурасына [талапкерлерді] сұрыптау міндеті қойылса, бәрі де ол үшін ол жарамсыз болатындай жүзеге асады – бөлудің орнын миф басады. Мысалы, Федр-де жандардың айналымы туралы миф оны бөлуге бағытталған әрекеттерді жоққа шығарады. Дәл осындай нәрсені Политика-да көреміз, бұл жерде барлық нәрсе ежелгі заман туралы мифке қатысты болады. Бөлу құрған екінші қақпан, оның кекесінді құрамдас бөлігі мынадай жалтару, қойылған мақсаттарға ашық ұстатпау немесе олардан бас тарту. Өйткені, шын мәнісінде, миф ешкімге кедергі жасамайды. Керісінше, ол бөлудің құрамдас бөлігі болып табылады. Бөлуге миф пен диалектиканың арасындағы айырмашылықты жою, олардың қосарлығын алып тастау, диалектика мен мифтің әлуетін қайта қосу тән. Расында да, миф өзінің өзгермейтін циклды құрылымымен не гіздер туралы сыр шертеді. Ол талапкерлер туралы пайым жасауға болатын үлгіні құрауға жағдай жасайды. Шын мәнісінде әлде кімнің талабы неіздеуді қажет етеді. Бірнәрсені талап еткен адам өзінің талабының негізділігін алға тартады. Нақ осындай талаптар ды толық негізді, негізделуі әлсіз немесе тіпті негізсіз деп тануға болады. Айталық, Федр-де айналу туралы мифта кез келген жан өзінің келесі біреуге қонуына дейін идеяларды аңдау қабілетіне ие болатыны туралы айтылады. Дәл осы миф сұрыптау өлшемін де ұсынады және ондай өлшем бойынша шынайы құштарлыққа немесе шынайы махаббатқа көпті көрген және көргендері туралы мүлгіген, бірақ оянуға қабілеті бар естеліктерін сақтаған жандар ғана қабілетті екен. Ал, сезімтал, ұмытшақ, майда қамдарын жеген жандар жалған үміткер ретінде жоққа шығарылады. Политикада дәл сол жағдай: жандардың айналымы туралы миф – саясаткердің “халықты бағушы” ретіндегі анықтамасы сөзбе-сөз тек архаикалық құдайға ғана лайықты екенін көрсетеді. Бірақ, мұндай мифте біз сұрыптау өлшемін табамыз, сол үлгіге сай қаланың әртүрлі
тұрғындары аталған мифологиялық үлгіде бірдей құқыққа ие бол майды. Қысқасы, таңдаулы қатыстылық сұрыптау тәсіліне байла нысты мәселенің шешімі болып табылады. Қатысты болу, әрі кеткенде – екінші орын алу деген сөз. Бұдан – неоплатониктердің әйгілі үштігі: қатысы жоқ нәрсе, қатысы бар нәрсе және қатысушы бастауын алады. Оны былайша басқаша жеткзуге бо лады: негіз, талаптың объектісі және үміткер. Немесе: әкесі, қызы және күйеу. Негіз - әу бастан бірнәрсені иеленетін нәрсе. Ол сұраушыға өзі ие болатын нәрсені береді және сұраушы ондай заттың екінші иегері бо лады, өйткені ол (өз талаптарының) негізді болуын тексеруден өткізуге қабілетті. Қатысы бар нәрсе – қатысы жоқ нәрсенің әуел бастан иелік ететін нәрсесі. Қатысы жоқ нәрсе қатысы бар нәрсені қатыстылық үшін береді, ол қатынасушыларға қатысы бар нәрсені сыйлайды: Әділдік, “әділ болу” қасиеті және әділ адам. Біз, әрине, барлық деңгейлерді ажырата білуіміз қажет, осындай таңдаулы қатыстылықтың бүкіл ие рархиясын меңгеруіміз қажет. Үшінші, төртінші дәрежені иеленетін дер және иерархия сатысымен төмен қарай санағанда – симулякрдан, сағымнан басқа иелігінде ештеңесі жоқтар – өздері де тек сағым және симулякр ғана болатындар жоқ па? Мұндай бағыныстылық Политик сұхбатында егжей-тегжейлі суреттелген: өкілеттілігі жақсы не гізделген шынайы саясаткер, одан кейін туыстары, жалдамалы лар, құлдар және әрі қарай – симулякрлар мен еліктеулерге дейін. Соңғылардың үстінен қарғыстың табы кетпейді, оларда жалған үміткердің қатерлі қуаты бар. Сонымен, миф үміткерлер туралы пайым жасауға болатын және олардың талаптарын бағалауға болатын имманентті үлгіні, негіз деу-тексеруді негіздейді. Тек қана осындай жағдайда бөлу проце дурасы өзінің көздегеніне қарай жылжып, мақсатына жетеді. Ал, мақсат – ұғымдардың өзгешелігі емес, Идеяның бірегейлігі; түрді анықтау емес, тегіне қарай сұрыптау. Бірақ, бөлуге қатысты үш ең маңызды деген сұхбаттардың ішінде (Федр, Политик, Софист) соңғысында негіздеуші мифтің болмауын қалай түсіндіруге бола ды? Мұны түсіндіру оңай. Софисте бөлу тәсілі парадоксты түрде – лайықты үміткерге баға беру үшін емес, керісінше, симулякрдың болмысын (немесе болмысының болмауын) анықтау үшін жалған үміткерді әшкерелеу үшін қолданылады. Софистің өзі симулякрдың болмысының көрінісі, ол барлық жерге тұмсығын тығатын Про тей тәрізді, сатир не кентавр ретінде көрінеді. Сондықтан да Софист платоншылдықтың ең бір әдеттен тыс ерекше қызық оқиғасымен аяқталады: симулякрдың ізіне түсіп, тұңғиыққа көз
тастаған Платонға – симулякрдың жай ғана жалған көшірме емес тігі, оның көшірме мен үлгі туралы ұғымға күмән келтіретіні бір сәтке болса да, ашылады. Софистің түпкілікті анықтамасы – біз оны кекесін шеберінен, яғни жеке сұхбатта қысқа сұрақ-жауаптар ды қолданатын Сократтың өзінен ажырата алмайтындай межеге алып келеді. Кекесіннің осындай дәрежеге жетуі кездейсоқ нәрсе ме? Платонның өзі платоншылдықты құлатудың жолын көрсетіп тұрған жоқ па? * * * Біз платоншылдық уәжділігінің бастапқы анықтамасынан, яғни: мәнді құбылыстан, ақылмен танылатынды сезімнен, идея ны образдан, түпнұсқаны көшірмеден, үлгіні симулякрдан бөліп алудан бастадық. Бірақ, қазір біз мұндай сөйлемдердің өзара ба рабар болмайтынын көріп отырмыз. Айырмашылық образдардың екі түрінің ортасында жылжып отырады. Көшірмелер – екіншілік иегерлер (қатысы бар нәрселер); олар – берік негізде орналасқан үміткерлер, олардың талаптарына ұқсастық (қатысы жоқ нәрсемен) кепілдік береді. Симулякрлар – талаптары ұқсастық болып табылмайтын нәрсеге, яғни мәндік бұрмалауға немесе ауытқуға (қатысы жоқ нәрседен) құралатын жалған үміткерлер тәрізді болады. Нақ осындай мағынада Платон образ-путтардың бүкіл саласын екіге бөледі: көшірме-иконаларға және симулякрфантазмдарға8. Енді біз Платонның уәжділігін дұрыс анықтай ала мыз: ол – үміткерлер арасындағы сұрыптаумен, жақсы және нашар көшірмелерді немесе көшірмелер (ұқсас емес нәрсеге толы) мен симулякрларды (әрқашан айырмашылықтарға толы) ажыратумен байланысты болады. Мәселенің мәнісі – көшірменің симулякрды жеңуін қаматамасыз ету, оны басып тастау, түпкірге қуып тастап, “тұмсығын әр жерге тыққызбау” үшін жоғары шығармау. Айқын ұлы қосарлық – идея мен образдың – осы образдардың екі түрі арасында жасырын айырмашылықты қамтамасыз ету және (оларды бөлу үшін) нақты өлшемді ұсыну мақсаты қойылғанда айқын болады. Өйткені, егер көшірмелер мен иконалар жақсы об раз болып, берік негізді иеленсе, онда бұл олардың ұқсастығына байланысты. Бірақ ондай ұқсастықты сыртқы қатынас ретінде түсінуге болмайды. Ол заттардың арасында ғана емес, заттар мен Идеяның арасында болады, өйткені нақ осы Идея [заттың] ішкі мәнің құрайтын қатынастар мен пропорцияларды қамтып тұрады. Бір мезетте ішкі де, рухани да болатын ұқсастық талаптың өлшемі
ретінде көрініс табады: көшірменің шынымен-ақ қайсыбір затқа ұқсас болуы, оның осы заттың Идеясына сай келу дәрежесіне бай ланысты. Үміткердің талап ететін объектіге сай келуі, оның (іш тей әрі рухани жағынан) Идеяға сай үлгіге түсуіне байланысты. Оған белгілі бір қасиеттің телінуі (мысалы, “әділ болу”), оның мәнге (әділдік) қатысты өзін-өзі негіздеуіне байланысты болады. Қысқасы, Идеядағы дәл осы асқақ барабарлық көшірмелердің талап етулерінің құқыққа сай келуін негіздейді, өйткені көшірме ішкі не туынды ұқсастыққа негізделген. Енді образдардың басқа бір түрін – симулякрды қарастырайық. Олар талап еткен нәрсеге (объект, қасиет және т.б.) қулықпен: басқыншылық, жала жабу, жоққа шығару арқылы қол жеткізеді. Олар Идеяны айналып өтіп, “әкеге қарсы” шығады9. Олардың негізсіз талаптары өздерін ішкі теңсіздікте ұстайтын ұқсастық емес нәрсені жасырып тұрады. Симулякрды көшірменің көшірмесі, шексіз азғындауға түскен иконалық бейне немесе шексіз алыстап кеткен ұқсастық десек, ең бас ты нәрсені – симулякр мен көшірменің табиғаты әртүрлі болатынын; бір бөлудің екі бөлігі болатынын назардан тыс қалдыру деген сөз. Көшірме – ұқсастық телінетін образ болса, симулякр – ұқсастығы жоқ образ. Көбінесе, платоншылдықтан нәр алатын катехизис10 бізді симулякр ұғымымен таныстырып үлгерді. Құдай адамды өзінің образы мен өзіне ұқсатып жаратқан. Күнәға батқан адам ұқсастықтан айыры лады, бірақ образын сақтап қалады. Біз симулякрға айналдық. Біз эстетикалық тіршіліктің пайдасына, адамгершіл тіршіліктен бас тарттық. Катехизисты еске алудың бір пайдасы – онда симулякрдың демондық сипаты айтылатынында. Әрине, симулякр әлі де ұқсастық әсерін жасап тұр. Бірақ бұл – толығымен сыртқы және үлгі ішін де әрекет ететіндерден мүлде басқа құралдармен жасалатын тұтас нәрсенің әсері болып табылады. Симулякр айырмашылық пен сәйкес келмеудің негізінде жасалады. Оның ұқсамауы ішінде бола ды. Сондықтан біз оны үлгіге деген қатынасқа, көшірмемен салыс тырылатын үлгіге, көшірмелердің ұқсастығын анықтап тұратын Сондай үлгіге қарап анықтай алмаймыз. Егер симулякрдың қандай да бір үлгісі болатын болса, ол мүлде басқа түрде – ішкі ұқсамауды негіздеп тұратын Басқа нәрсенің үлгісі11. Мысалға платоншылдардың әйгілі үштігін алайық: тұтынушы, өндіруші және еліктеуші. Егер тұтынушы иерархиялық баспал дақтың төбесінде тұрса, ол оның мақсаттарды бағалауы мен шы найы білімді иеленуіне – үлгіні немесе Идеяны білуіне байланыс ты болады. Көшірмені – үлгіні қайталау дәресжесіне сай, белгілі
бір дәрежедегі еліктеу деп санауға болады. Ал, бұл ноэтикалық, рухани және ішкі еліктеу болғандықтан, ол – мәнді құрайтын қатынастармен және пропорциялармен реттелетін шынайы туын ды ретінде көрініс табады. Жақсы көшірмеде әрқашан жасампаз процедура және осы процедураға сай келетін білім болмаса да, дұрыс пікір бар. Сонымен, біз еліктеудің қорлаушы мәнге ие болуға мәжбүрленетінін көреміз, өйткені енді ол [идеяның] симуляци ясы ретінде көрінеді, яғни симулякрдың қосымшасы ретінде, ұқсастықтың тек қана сыртқы, өнімді емес әсерін (қулықпен және [идеяны] құлатумен қол жететін әсерді) белгілейді. Енді дұрыс пікір де болмайды. Танымның орнын қайсыбір кекесін жарыс, білім мен пікірден тыс жататын қақтығыс өнері басады12. Платон мұндай өнімді емес әсерге қалай қол жететінін арнайы көрсетеді: мәселе бақылаушының симулякр ішіндегі орасан зор көлемдер мен тереңдіктерді қамти алмайтынында. Нақ осындай қабілетсіздікке байланысты бақылаушыда ұқсастық әсері пайда бо лады. Симулякрдың ішінде дифференциалды көзқарастың нүктесі болады. Бақылаушы симулякрдың бір бөлігіне айналады, ал оның көзқарас нүктесі симулякрды өзгертіп, бұзады13. Қысқасы, симуля крда қандай да бір ақылдан адасу, қандай да бір шексіз қалыптасу орын алады. Айталық, Филеб-те, мысалы, біз мынаны оқимыз: “... жылы да, салқын да емес, белгілі бір мөлшерді қабылдаған соң олар ондай болмай шығады, өйткені олар үнемі алға жылжиды және бір орында тұрмайды...”14. Тереңдегі қалыптасуды сыртқа шығаратын әрқашан өзгенің қалыптасуы, теңді, шекті, Сол нәрсені неме се Ұқсасты айналып өтетін: әрқашан бірден үлкен не кіші, бірақ ешқашан – ұқсас емес. Қалыптасуға шек қою, оны Дәл сондайға сай реттеу, ұқсастық шеңберіне қуып тығу, – ал көнбейтін бөлігін тереңге салып, Мұхит түбіндегі үңгірге қамап тастау – міне, си мулякрды жеңген иконалардың салтанатын қамтамасыз етуге ұмтылатын платоншылдықтың мақсаты осындай болмақ. * * * Сонымен, платоншылдық кейін философия иеленіп алатын бүкіл саланың негізін қалайды: бұл – көшірме-иконалар жай лап алған түсініктер саласы және ол объектіге деген сыртқы қатынаспен емес, үлгіге немесе негізге деген ішкі қатынаспен анықталады. Платондық үлгі – бұл Сол нәрсе, оның мәнін Пла тон: Әділдік әділ нәрседен басқа ештеңе де емес; Батылдық – ба
тыл нәрсе және тағысын-тағылар деп анықтайды, яғни бұл – бір
нәрсені әуелгіден иеленетін негіздің абстрактылы анықтамасы
боып табылады. Платондық көшірме – Ұқсас нәрсе: иеленуі екін
шілік болатын үміткер.
Үлгінің немесе түпнұсқаның таза барабарлығына үлгілі
ұқсастық сәйкес келеді; көшірменің таза ұқсастығына еліктеу
(имитация) деп аталатын ұқсастық сай келеді. Бірақ платондық
түсініктердің күшін түсінік үшін ғана ұлғайтады деп ойлаудың
қажеті жоқ: ол осы саланы анықтаса, яғни ерекшелеп, негіздесе,
сондай-ақ оның ішінен шекараны шайып кететін барлық нәрсені
шығарса, соны өзіне қанағат тұтады. Түсініктің мұнан арғы жа
салуы, оның жеткілікті түрде негізделуі, оған тұйық әрі аяқталған
сипаттың берілуі, бұл – Аристотельдің мақсаты. Оның түсінігі ең
жоғарғы тектерден бастап, ең ұсақ түрлерге дейін таралып, аталған
саланы түгелдей қамтиды. Бұл жерде бөлу тәсілі Платонда әлі жоқ
дәстүрлі келбетін иеленіп, егжей-тегжейлі пысықтаудан өтеді.
Христианшылдықтың әсерінен пайда болатын үшінші мезетті
атауға болады, мұнда түсінік пен оның мүмкіндігін негіздеудің,
оны қайсыбір шекті нәрсе ретінде анықтап, негіздеудің де қажеті
болмайды. Енді оны шексіз нәрсе ретінде көрсетуге тырысып,
оған шексіздікке таласуға құқық беріледі. Оған шексіз үлкен және
шексіз кіші нәрселер бағынады, ол ең жоғарғы тектерден жоғары
тұрған Болмысқа да, түрлердің ең төменгісінен төмен тұрған же
келікке де қол жеткізе алады.
Лейбниц пен Гегель өздеріне тән даналықпен осы әрекеттерге
оң баға берген болатын. Бірақ, бұл ойшылдар да түсінік шеңберінен
шықпаған, өйткені Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсені қажет деп білген.
Қысқасы, Сол нәрсе өзін шексіз нәрсенің билеушісі, яғни жет
кілікті негіз ететін шартсыз қағиданы ұсынады. Ал, Ұқсас нәрсе
шексіздікпен ұласатын: қосылу мен үздіксіздік шартын ұсынады.
Шынында да, лейбництік өзара мүмкіндік деген ұғым - егер мона
даларды сингулярлы нүктеге теңесек, онда осы нүктелердің біріне
қосылатын әрбір серияның басқа нүктелерде қосылатын басқа се
рияларда жалғасы болады. Жаңадан пайда болған сериялар ажы
райтын нүктелер маңында басқа түрдегі әлем басталады. Сонымен,
біз Лейбництің ажыратуды “мүмкін емес нәрсеге” жатқызып, оны
жоққа шығаратынын көреміз. Болуы мүмкін ең тәуір әлемдердің
өлшемі ретінде, яғни нақтылы әлемнің өлшемі – қосылу мен
үздіксіздіктің максималды дәрежесі алынады. (Басқа әлемдер Лей
бницке жеткілікті негізі жоқ “үміткерлер” болып көрінеді). Дәл
осыны Гегель жайында айтуға болады. Соңғы жылдарда диалекти ка шеңберлерінің ортақ орталықты айналып, соған сүйенуіне на зар аударылып келеді15. Бұл жердегі мәселенің моноцентрикалық шеңберлерге әлде қосылатын серияларға қатысты болуы маңызды емес. Екі жағдайда да, шексіздікті бағындыруға ұмтылатын фило софия түсінік стихиясынан босанып шыға алмайды. Оның маста ну себебі: жалған көрініс. Философия әрқашан бір-ақ мақсатты көздейді – Иконологияны негіздеуді және оны христианшылдықтың спекулятивті қажеттіліктерін (шексіз кіші әрі шексіз үлкен нәрселер) өтеуге бейімдеуді. Ол үнемі үміткерлерді таңдау қамын жеп жүреді, ең асқақ жетілген нәрсе үшін, мәндік нақтылық үшін немесе тіпті тарихтың мәні үшін барлық эксцентрикалық және ауытқитын нәрселерді тазалаумен әлек болады. * * * Эстетика ауыртпалықты қосарланудан азап шегеді. Бір жағынан, ол мүмкін тәжірибенің формасы болатын сезімдік қабылдау теори ясын, ал басқа жағынан – нақты тәжірибенің бейнеленуі ретінде гі өнер теориясын белгілеп тұр. Бұл екі мағынаны байланыстыру үшін, тәжірибенің шарттары нақты тәжірибенің шарттарына ай налуы тиіс; бұл жағдайда өнер туындысы іс жүзінде эксперимент тік қызмет ретінде көрініс табады. Мысалы, бүгінде кейбір әдеби тәсілдер (бұл өнердің басқа салаларына да қатысты) бір мезетте бірнеше сюжетті баяндауға мүмкіндік береді. Бұл, әрине, қазіргі өнердің маңызды сипаты болып табылады. Бұл жердегі әңгіме, мәнісі өзгермейтін бір оқиғаны әртүрлі көзқарас арқылы жеткізу ту ралы болып отырған жоқ; өйткені пікірлер әлі де қосылу ережесіне бағынышты болар еді. Мәселе әрбір көзқарасқа абсолютты түрде жеке болатын пейзаж сәйкес келетіндей әртүрлі және ажырайтын сюжеттерге қатысты болып отыр. Десек те, ажырайтын сериялардың [баяндаулардың] – олар ажырайтын болғандықтан – бірлігі де бола ды. Бірақ бұл әрқашан – ешқашан орталықтың не екенін білмейтін және Ұлы Шығармада ғана бірлігін табатын хаос болып табылады. Мұндай тұлғасыз хаос – Финнеганға берілетін астың ұлылығы да осында – кез келген хаос емес: онда бекіту күші, бүкіл гетероген ді серияларды бекітетін билік бар – ол оларды өзінің ішінде “ара ластырады” (Джойстың complіcatіo [араласқан] нәрсенің теоретигі ретіндегі Бруноға қызығушылық танытуының тамыры осында жа тыр). Осындай базалық [баяндау] сериялар арасында өзіндік бір ішкі резонанс пайда болады. Және мұндай резонанс сериялардың
шеңберінен тыс ұмтылатын күшейген қозғалысты шақырады. Кі сендерін ашып, бетке шыққан симулякрдың сипатты ерекшеліктері осындай. Осылайша симулякр өзінің фантазмдық билігін негіздеп, өзінің жаншылған қуатын сыртқа шығарады. Фрейд фантазмның кем дегенде екі: бірі – инфантильді, ал басқасы – жасөспірімдіктен кейінгі [посттуберантты] сериялардан қалай құралатынын көрсетіп берген болатын. Симулякрлардың ішіндегі осындай сериялардың арасындағы ішкі резонанс фантазммен байланысты аффективті күштін болуын түсіндіре алады. Ал ажалдың әсерін, өмірдің ыдыра уын не үзілуін осындай түйсінулері бар күшейтілген қозғалыстың амплитудасымен түсіндіріледі. Нақтылы тәжірибенің шартта ры және өнер туындысының құрылымы осылайша қосылады: сериялардың ажырауы; шеңберлердің орталықсыздануы; бұл се риялар мен шеңберлерді қамтитын хаостың орнауы; ішкі резонанс пен амплитуданың ауытқуы; симулякрлардың басқыншылығы16. Өзара байланысқа түсетін, сәйкеспейтін элементтерден немесе гетерогенді сериялардан құралған жүйелер қандай да бір ерекше нәрсе болады деуге болмайды. Сигналдық-таңбалық жүйлердің бәрі осындай болады. Сигнал – әртүрлі элементтердің байланы сын қаматамасыз етіп тұратын потенциалдардың әртүрлілігі бел гілі бір тәртіппен орналасқан құрылым болып табылады. Ал таңба, найзағай тәрізді, екі деңгейдің шекарасында, екі байланысатын серияның арасында жарқылдап тұрады. Расында, аталған шарттарға феномендердің бәрі де жауап беретін сияқты – өйткені, оларды диссиметрия, өзгешелік және теңсіздік негіздеп тұрады. Барлық физикалық жүйелер – сигналдар, ал барлық қасиеттер – таңбалар болып табылады. Бірақ, сигналдар мен таңбалардың шекарасында орналасқан сериялар соңғыларға қарағанда сыртқы болатыны да рас. Сондықтан да олардың (сериялардың) қайта жасалу шарттары да, феномендерге қарағанда, сыртқы болып қала береді. Симуля крлар туралы айту үшін гетерогенді сериялар жүйенің ішіне нақты еніп, соның ішінде хаосқа қарай жылжу керек. Сериялар арасындағы өзгешеліктер ішкі өзгешеліктер болуы тиіс. Әрине, өзара резонанс жасайтын сериалардың арасында қандай да бір ұқсастық болады. Бірақ мәселе оның болуында емес, оның мәртебесі мен орналасуын да. Екі формуланы қарастырайық: “ұқсас нәрсе ғана өзгешеленеді” және “ұқсастық тек қана өзгеше [заттардың] арасында болады”. Сонымен, әлемнің екі әртүрлі оқылуы бар: оның бірі өзгешелікті әуелгі ұқсастық пен барабарлықтың тұрғысынан пайымдауға үндейді; екіншісі, керісінше, ұқсастықты, тіпті барабарлықтың
өзін терең әртүрліліктің өнімі ретінде пайымдауға шақырады. Көшірмелер мен түсініктердің әлемі алғаш рет оқылғанда беріледі; нақ осындай оқу әлемді икона ретінде негіздейді. Екіншісі, қарамақарсысы оқылу симулякрлардың әлемін ұсынады, онда әлемнің өзі фантазм ретінде болады. Екінші формула тұрғысынан келген де симулякрды құрайтын әуелгі әртектіліктің үлкен не кіші бо луы маңызды болмайды. Негіздік сериялардың өзара өзгешелігі тым аз болатын жағдай да кездесуі мүмкін. Мұндай құрылыстық әртүрлілікті, алдын-ала берілетін барабарлықтың болуын болжа май таза қалпында пайымдап, әртүрлілікті шама мен байланыстың өлшемі ретінде алсақ жеткілікті болады. Онда ұқсастықты тек қана ішкі өзгешеліктің өнімі ретінде пайымдауға болады. Жүйенің ішкі өзгешелігі аз, ал сыртқы ұқсастығы көп болуы немесе керісін ше болуы маңызды емес, өйткені ұқсастық қайсыбір иілісте пайда болады, ал өзгешелік – аз не көп болса да – әрқашан осылайша орталықсызданған жүйенің орталығында орналасады. Сонымен, платоншылдықты құлату дегеніміз – симулякрлар ды бетке шығуға және иконалар мен көшірмелердің арасында өзінің құқықтарын бекітуге мәжбүрлеу дегенді білдіреді. Мәселе енді Мән-Құбылысты немесе Үлгі-Көшірмені ажыратуға байла нысты болмайды. Мұндай ажырату тек қана түсініктер әлемінде қызмет атқарады. Ендігі мәселе “пұттардың ақшамына”, осындай әлемнің өзін құлатуға байланысты болады. Симулякр – тіпті де азғындаған көшірме емес. Оның ішінде тұпнұсқа мен көшірмені де, үлгі мен репродукцияны да жоққа шығаратын жағымды күш жасырынады. Симулякрдың ішінде ең кемі екі ажырайтын се рия болады – және олардың ешқайсысын үлгі не көшірме деуге келмейді17. Бұл жерде Басқаның үлгісіне жүгінуге де болмайды, өйткені ешқандай үлгі симулякрдың басты айналдыруына қарсы тұра алмайды. Енді ешқандай артықшылық берілетін көзқарас жоқ, объект да жоқ, екінші де, үшінші де жоқ... Ұқсастық қалады, бірақ ол симулякрдың сыртқы әсері ретінде пайда болады, өйткені ол ажырайтын сериялардың үстінде құрылып, оларды резонансқа түсіреді. Барабарлық та қалады, бірақ ол сериялардың бәрін ша тастыратын және оларды күшейтілген қозғалыстың жолымен бірі не-бірін қайтаратын заң ретінде пайда болады. “Платоншылдықты құлату” кезінде ұқсастық туралы тек ішкі өзгешелік призмасы арқылы ғана айтылса, Айырмашылықтың барабарлығы туралы - әуелгі күш ретінде әңгіме болады. Сол нәрсе мен Ұқсас нәрседе енді симуляциядан басқа – яғни, симулякр әрекетін жеткізуден
басқа ешқандай мән қалмайды. Енді ешқандай сұрыптау жоқ. Бағыныстылықтан тыс туынды – өзара тіршіліктің ұйындысы және оқиғалардың бірмезеттілігі болып табылады. Бұл – жалған үміткердің салтанат құруы. Ол бетперделерді ауыстыру кезінде бір мезетте әкені де, тағзым етушіні де, қалыңдықты да ойнайды. Бірақ болжалатын шынайы үлгіге қатысты жалған үміткерді сондай деп есептеуге болмайды – дәл солай симуляцияны да көз қылушылық немес иллюзия деп атауға болмайды. Симуляция дегеніміз – фан тазм, симулякр машинериясының – дионисийялық мәшиненің қызмет ету әсері болып табылады. Бұл жерде билік ретінде болатын өтірік, Ницше өтіріктің ең жоғарғы билігі туралы айтатын мәндегі Псевдос меңзеледі. Бетке шыққан симулякр Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсені, үлгі мен көшірмені жалғанның (фантазмның) билігі ал дына жығып береді. Симулякр ешқандай реттелген қатыстылыққа, ешқандай нақты бөліске, ешқандай тұрақты иерархияға жол бер мейді. Симулякр көшпелі [номадтық] бөлінулер мен салатанат құратын анархия әлемінің негізін қалайды. Ол, қайсыбір жаңа негіз болмаса да барлық негіздерді жұтып, баршаны күйреуге ұшыратады, – бірақ, бұл күйреу қуанышты әрі оң оқиға ретінде, қандай да бір негізсіздік ретінде болады: “Әрбір үңгірдің артын да, одан да терең басқа үңгір бар; ал оның арғы жағында тағы да үңгірлер болады. Жазықтың арғы бетінде одан да байтақ, қызық, бай әлем, әрбір негіздің, “негіздеменің” астында құз бар”18. Осын дай, оның үңгіріне мүлде ұқсамайтын үңгірлердің арасынан Со кратты қалау табуға болады? Бұл жерде, жіптің бәрі жоғалғанда, қандай жіптің көмегі болады? Ол жерден ол қалай шықпақ және оны софистен қалай ажыратамыз? Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсені симуляциялау мүмкін болса да, бұл олардың жай көрініс немесе сағым екенін білдірмесе керек. Симуляция әсер ете алатын күшті білдіреді. Бірақ, мұны тек ка узальды мағынада ғана түсінбеген жөн, өйткені қандай да бір басқа мағыналарды енгізбесек, себептілік мүлде болжалды әрі анықталмаған ұғым ретінде болады. Әсерді сигнал беру барысын да пайда болатын “таңба” немесе әр бетперденің артында басқасы пайда болатын ойынпаздықтың мәнін жеткізіп тұрған “костюм”, дәлірек айтсақ, бетперде мағынасында ұғынған жөн... Осылайша ұғынылатын симуляция мәңгі оралумен байланысты, өйткені дәл осы мәңгі оралуда иконалар мен түсініктер әлемін құлату жүзеге асады. Бұл жерде барлық нәрсе жасырын мазмұн айқын мазмұнға қарсы келетіндей жүзеге асады. Мәңгі оралудың айқын мазмұнын
платоншылдықпен толығымен үйлестіре отырып анықатуға бола ды. Бұл жағдайда мәңгі оралу – өзіне Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсені телитін Идея үлгісін негізге алатын демиургтың хаос ұйымдастыру тәсілі болып табылады. Осындай мәндегі Мәңгі оралу – жуас, мәңгі нәрсені көшіруді көздеген әрі моноцентрикалық ақылдан адасу, [ақылынан адасқан қалыптасу] болып табылады. Расын да да, негіздеуші мифте бәрі де осылай көрінеді. Миф көшірмені образға салады, ал образ оны ұқсастыққа бағындырады. Бірақ, мұндай айқын мазмұн мәңгі оралудың ақиқатын жеткізе алмай ды. Ол мифтің идеологиядағы сарқыншақтарын, оның тазалануын көрсетіп тұрады – идеология мифтің құпиясынан айырлса да, оны жек көреді. Бұл жерде гректің де, жалпы платоншылдықтың да жа сырын мәндегі мәңгі оралуға жаны қас болғанын айта кету қажет19. Демек, мәңгі оралуды өзінің дербес бас айналарлық идеясы деп есептейтін Ницшенің пікірі дұрыс болып шығады, бұл идея – таза эзотерикалық дионисийлік қайнарлардан алынады және оны платоншылдық жаншып, елемеген де еді. Десек те, Ницшенің бұл жөнінде айтқандары айқын мазмұн деңгейінде қалып отыр: мәңгі оралу – Ұқсас нәрсеге қайтадан оралтатын Сол нәрсе. Бірақ осын дай жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсініктен аспайтын жалпақ әрі табиғи ақиқаттың Заратустраның жан күйзелісіне сәйкес келме уі көзге ұрып тұрған жоқ па? Сонымен қатар, айқын көрінетін нәрсе (мәңгі оралудың мазмұны) одан Заратустра жеке көре бас тартуы үшін ғана керек деген ой келеді. Заратустра алдымен ергежейліге, кейін хайуандарға: тереңді тұрпайыға, жаңа музыканы “ескі әнге”, ал ирек нәрсені – шеңбердің қарапайымдылығына айналдырып жі беретіндері үшін назаланады. Тереңде жатқан жасырын мазмұнға жету үшін (“әрбір үңгірдің артында, одан да терең басқа үңгір бар”) мәңгі оралудың айқын мазмұнынан өту қажет болады. Сонымен, Платонға тазартушы әсер болып көрінген нәрседе бетперделердің бойсұнбауы мен таңбалардың бейынталығы байқалады. Мәңгі оралу құпиясының мәні – тәртіпті жұтатын хаосқа қарсы тұратын тәртіпті белгілемеуінде. Керісінше, мәңгі оралу – хаостың өзі, бекітетін хаостың билігі болады. Бір тұста Джойс ницшелік көзқарасты қолдайтын адамша пайымдайды – нақты айтсақ, vіcus of recіrculatіon “хаосмосты” айналдыруға мәжбүрлей алмайтынын көрсеткенде. Мәңгі оралу түсініктердің орамдылығын қайсыбір мүлде басқа нәрсемен – өзінің хаодиссеясымен алмастырады. Мәңгі оралу мен симулякр арасындағы байланыстың терең болатыны соншалықты, олардың бірі болмаса екіншісін түсіну қиын. Ажырай
тын сериялар ғана өзара оралады – сондықтан да олар ажырайды. Яғни, әрбір серия өзінің өзгешелігін басқа сериялардан жылжы туына байланысты қайта оралады; және барлық сериялар [өзара] оралады, өйткені олардың өзгелігі – басы мен аяғы жоқ хаостың ішінде аралысып кеткен. Мәңгі оралудың шеңбері – әрқашан орталықсызданатын орталыққа қатысты әрқашан эксцентрикалық болатын шеңбер. Мәңгі оралу “доктринаның симулякры” дегенде Клоссовский дұрыс айтаты: мәңгі оралу шын мәнісінде Болмыс ретінде көрінеді, бірақ тек қана “болмыс” симулякр болған кез де ғана20. Симулякр айқын ұқсастық негізгі ұқсастыққа міндетті түрде шегінетіндей етіп әрекет жасайды, ал айқын барабарлық мін детті түрде күйшейтілген қозғалысқа түсіріледі. Сонымен, мәңгі оралу дегеніміз – Сол нәрсе және Ұқсас нәрсе, бірақ соңғылары симулякрдың әсері арқылы (билікке ұмтылған жігер) симуляция көмегімен жасалғандықтан не симуляцияға түскендіктен. Нақ осындай мәнде ол түсінікті жоққа шығарады және иконаларды бұзады. Мәңгі оралу Сол нәрсенің және Ұқсас нәрсенің болуын қажет етпейді. Керісінше, ол өзі орнататын жалғыз ғана Сол нәрсе – өзгешенің Сол нәрсесі болады; ал жалғыз ұқсастық – ұқсасы жоқтың ұқсастығы. Мәңгі оралу – барлық симулякрлардың біре гей фантазмы (бар нәрселердің Болмысы). Бұл билік – диверген ция мен децентрацияны бекітетін билік және ол осындай билікті ең жоғарғы бекітудің объектына айналдырады. Ол қайта-қайта жүзеге асуы тиіс нәрсені шықырып, жалған үміткердің қол ас тында болады. Бірақ мәңгі оралуда барлық нәрсе қайтып кел мейді. Мәңгі оралу бұрынғыша талғамшыл, ол әлі де “ажырата ды”, бірақ оны Платон сияқты жүзеге асырмайды. Сұрыптауға қайшы келетін процедуралар ғана таңдалады, ал Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсені кажет ететіндер, ауытқуды жөндеуге, шеңберлердің орталығын өзгертуге және хаосты реттеуге, үлгілерді ұсынуға және көшірмелерді жасауға үміттенетін нәрселер шығарылады және оралуға қатыстырылмайды. Шынай платоншылдық өзінің ұзақ та рихында бір-ақ рет жүзеге асқан және Сократ өлімді қарсы алған, өйткені Сол нәрсе мен Ұқсас нәрсенің симуляциясы аяқталған сәтте, олар жай ғана иллюзияға айналады. Қазіргі заманды симулякрлар билігі анықтап тұр. Бірақ қазіргі заман қалай да болса заманға сай болу үшін философияға жүгінбейді, соны мен қатар ол уақыттан тыс қалғысы келмейді. Философияға – Ницше дер кезінде болмайтын деп белгілеген қайсыбір нәрсені анықтау үшін жүгінеміз және ондай нәрсе қазіргіге тән болса да – ол “мен келешектің
пайдасына шешілер деп үміттенген” қарсы шығу да болуы тиіс. Фи лософия ну орман ішінде және орман соқпақтарында жасалмайды. Ол қала көшелерінде – олардың ең жасанды дегендерінде жасалады. Платоншылдықты құлату ең алыс өткен шақтардың дер кезінде болмай тын нәрсесін анықтайды. Қазіргі заманға қатысты бұған сыни қазіргінің алғы шебі ретінде ұғынылатын симулякр, ал келешекке қатысты – осы келешекке сенім ретінде болатын мәңгі оралудың фантазмы қол жеткі зеді. Жасанды нәрсе мен симулякр – бірдей емес. Олар өзара қарамақарсы болады. Жасанды – әрқашан көшірмелердің көшірмесі және оны ол өзінің табиғатын өзгертіп, симулякрға айналатын нүктеге (поп-арттың сәті) итеріп тасау қажет болады. Жасанды мен си мулякр – деструкцияның екі түрі ретінде: екі нигилизм ретін де қазіргі заманның жүрегінде – қазіргі заман барлық есептерін айырысатын жерде – біріне-бірі қарама-қарсы тұрады. Өйткені, түсініктердің, үлгілер мен көшірмелердің тұрақты тәртібін бекітіп, мәңгі ету үшін жасалатын қирату және симулякрларды іске қосып, фантазмды туғызатын жасампаз хаостың үстемдігі үшін жасала тын үлгілер мен көшірмелерді қирату арасындағы айырмашылық тым үлкен. Соңғысы – деструкциялардың арасындағы ең күнәсіз: платоншылдықтың деструкциясы. Түсініктемелер 1 Платон, Филеб, 2411; Парменид, 154-155. 2 Платон. Кратил, 4371 3 Башлярдың ницшелік қиялды “өрлеу психологиясы түрінде көрсетуге тырысуы” түсініксіз (L’Aіr et songes, ch.5). Ол Ницше дегі жер мен жазықтың қызметін жоққа шығарумен қатар, ниц шелік “вертикальді” биіктік пен өрлеу ретінде түсіндіреді, ал шын мәнісінде бұл тереңдік пен еңіске түсу болып табылады. Жұртшы (стервятник) сирек жағдайда ғана биікке көтеріледі: ол қалықтап жүріп, төмен “құлайды”. Ницше туралы тағы бір айта кететін жайт бар: оның тереңдігі биіктік идеясы мен өрлеу идеалын әшкерелеу үшін қолданылады; биіктік – тылсымдаудан басқа ештеңе де емес, ол, тереңдіктің көзін алдай алмайтын, оның көзқарасынан қирайтын үстірт әсер ғана. Бұл туралы Мишель Фуконың ком ментарийін қар. “Nіetzche, Freud, Marx” іn Nіetzche, Cahіers de Royamnont, ed. De Mіnuіt, Parіs, 1967, pp. 186-187. 4 Nіetzche centre Wagner, epіlogue §2. 5 Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знамени тых философов. - М., Мысль, 1979 – С.257-258.
6 “...софистің тегін ұстап қалу қиынға түседі” – Софист, 218d. 7 “...бөлу әлсіз силлогизм сияқты нәрсе болады, өйткені дәлелденетін нәрсе постулатқа айналады және бұл жерде қандай да бір ортақ нәрсе шығарылады [дәлеленетін нәрсе емес]. Бірақ нақ осы жайт бөлуді қолданатындар тарапынан назардан тыс қалады...” – Аристотель. Собр. Соч. В 4-х т.т., М., Мысль, т.2, с. 183. 8 Софист, 236в, 264 б. 9 Жазу мен логостың қарым-қатынасын талдаған кезде Ж.Деррида осындай платоншыл фигураны байқайды: логостың әкесі, логостың өзі және жазу. Жазу – қайсыбір симулякр, жаған талапкер болады, өйткені ол күшпен не айламен логосты иеленгісі келеді немесе әкесіне бармай, оны ығыстырғысы келеді. Cf., “La Pharmacіe de Platon”, Tel Quel, n, 32, pp. 12ff, et no.33, pp.38ff. Тура сондай фигураны біз Политикадан кездестіреміз: заңның әкесі ретінде болатын Игілікті, заңның өзін және әртүрлі қаулыларды. Игі қаулылар көшірмелер болып табылады; бірақ олар Игілікке теріс қарап, заңды жаншып, иеленгенде – симулякрға айналады. 10 Катехизис (грек. katechesіs - нақыл), 1. діни кітап, христиандық діни ілімнің сұрақ – жауап түрінде берілуі; 2. қайсыбір ілімнің не гіздерін сұрақ – жауап түрінде беріу. 11 “Басқа нәрсе”, іс жүзінде – образдарды күйзеліске түсіретін кемшілік ғана болмайды; ол Сол нәрсенің жақсы үлгісіне қарамақарсы болатын мүмкін үлгі ретінде көрініс табады: қар., Тэтэт 176 е; Тимей, 28в. 12 Қар., Государство. 10:602а, және Софист, 268а. 13 Одуар симулякрлардың мына қырын жақсы көрсеткен: “бұл конструкцияларда бақылаушы тұрған кез келген нүктеде иллю зия жасалатындай етіліп, бақылаушының көзқарасы болады... Іс жүзінде екпін бейболымсыздың белгілі бір мәртебесіне емес, осын дай білінер-білінбес үзіліске, софист туындысын – симулякрды жасауға мүміндік беретін бақылаушы орналасқан нүктедегі нақты образдың білінер-білінбес бұрмалануына түседі” (“Le Sіmulacre”, Cahіers pour l’analyse, n°3). 14 Платон, Флеб, 2411. 15 Гегель жайында Луи Альтюссер былай деп жазады: “Шеңберлердің шеңберінде, санада бір ғана орталық болады және осы орталық қана сананы негіздеп тұрады: бұл жерде әрекеттері сананың осындай орталығына әсері болуы үшін, қысқасы оның мәнін әсіре негіздеуі үшін басқа орталығы бар шеңберлер – орталықсыздандырылған шеңберлер – бар болуы тиіс...” Pour Marx {Parіs: Maspero, 1970}, p. 101. 16 Қазіргі өнер туындыларына қатысты, айталық Джойсқа, қар.
Умберто Эко, L’Œuvre ouverte, ed. Du Seuіl. Космос романының алғы сөзінде В.Гомбрович ажырайтын сериялардың қалай негізде летіні туралы және олардың хаос қойнауында қалай өзара тербеліс жасап, әрекет ететіні туралы түсіндірме береді. 17 Cf. Blanchot, “Le Rіre des dіeux”, La Nouvelle revue franzaіse, июль, 1965: “Образ үлгіге қатысты екіншілік болмайтын, жалған нәрсе шындықпен таласқа түсетін және әуелгі нәрсенің орны на тұпнұсқаның жоқтығын адасқан сәулелер ыдырататын мәңгі жыпылықтау болып табылатын универсум” (р.103). 18 По ту сторону добра и зла, §289. 19 Гректердің, айталық Платонның мәңгі оралуды жек көруі ту ралы қар., Charls Magler, Deux themes de la cosmologіe grecque, ed. Klіncksіeck, 1953 20 Pіerre Klossowskі, Un sі funeste desіr, Gallіmard, p.226. Сондайақ, рр. 216-218, бұл жерде Клоссовский көңілді ғылымның сөздерін түсіндіреді, § 361: “Екі жүзділікке ындыны құрып құмарту, билік сияқты сыртқа шарпып тұратын, “мінез” деп аталатын нәрсені ығыстыратын, оны батырып жіберетін, кейде сөндіріп тастай тын...” Делез Ж. Логика смысла. Екатеринбург. Деловая книга. 1998. С. 15-18. 174-181, 329-346.
Жан БОДРИЙЯР
ҚҰМАРЛЫҚ.
ЕРЕЖЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫ
Ойыншының өзі ойыннан жоғары болмауы тиіс.
Роллербол
«Еліктету, елеңдету күнделігінде» қызықтырғанда еліктетіп,
елеңдеткізетін нақты бір стратегиялық субъектінің жоқтығы жайлы
айтылған. Бірақ протагонистер қай құралдың қалай пайдаланғанын
толық есеп берсе де, әлгі стратегия өзінен басым айып ережесі
не бағынады. Құмарлық заңның ту сыртындағы рәсімдік драма,
бір мезетте ойын және тағдыр. Ойын шарты бұзылмайды және
бұл жердегі негізгі ұстанымдылық пен міндет мынада: қандай
бір жағдай болмасын ойынды жалғастыру шарт, тіпті, тікелей
өмірге қауіп төніп тұрса да. Оларды байланыстыратын ережемен
ойыншыларды байланыстырады, бұл жерде ереженің бастысы
құмарлықтың түрі, осы құмарлықсыз (ойынды жандандыру) ешбір
ойынның жалғасуы мүмкін емес.
Негізінде біздің өмір заңдылық шеңберін қалыптастырмайды.
Заңның заңнан тыс заңдылығы, бізге трансгрессия немесе шекте
уді жойғанда байқалады. Заңға сай келетіні заңсыздық емес ереже.
Ойындағы ереженің өзі имманенттің байланыстағы белгімен негіз
делген заң – трансцендентті белгілердің қажеттілігімен байланыс
ты ереженің өзі цилликалық жаңғыруға негізделеді.
Біріншісі – міндеттілік жүйесінде негізделеді. Екіншісі – рұқсат
етпей тежеу және еріктен тыс міндеттеу, мәжбүрлеу, заңның өзі
жүйелі бір шеңбер аясында негізделсе, трансгрессияның өзі
қолданыс, сұранысты талап етеді. Және осыған бір қарама-
қайшылық: ойынның бір ережесін аттап өтуде, айналымды ре
куррентті жаңалауда ешбір мағына, ұтымдылық жоқ (ойыннан
мүлдем, ұтымдылық жоқ ұпайы кемиді). Дискурсивті белгінің
заңдылығына, жасырын шындыққа, заңға сүйене отырып,
көптеген жерде тыйымдылықты, ойылдан шектеуді қарастырады
демек, осының өзі дискурстты шынайылық пен жасырындылықты
қарастырады.
Келешектегі жүйелі, еркін және жасырын бір шындықтан
шектелген ойын ережесі, ешбір тысқарылауды, шынайылық,
жасырындылық, шекара шеңберімен шектелмейді, заңдылықтың
өзі шынайы негізделген де, оның негізі ешбір мағынасыз бола
ды. Ұшы-қиырсыз айналымдағы ереже, заңның орындалуына, мақсатына сай келеді. Заңдағы белгінің деңгейі мен оның ежередегі деңгейінің арасында айырмашылдық байқалады. Заң түсіндірмелі және айқындаулы (жариялау) тізбегіне жатады, сондай-ақ ойын ер кін жеткізіп және немқұрайлылықты жоюға жүйеленген. Жалпы ережеде субъект болмайды, оны жарияламайды, мағыналы түрде қанағаттанушылдық жойылған, бұл тұрғыдан біз тек ереженің сақталуындағы маңыздылықты қарастырамыз, осының өзі заңды қабылдап, мойынсұнудағы заңдылықпен байланыстыра келе құмарлықты және қанағаттанушылдықты айқындайды. Ғұрыптық үлгінің жылдамдылығын меңгеруде, басты мәселе біздің бақытымыздың бәрі табиғаттан, ал әрбір қуаныш, шарықтауымыз тілек-арманымыздың орындалуынан, - деген ой дан арылуымыз керек. Ойын, ойын саласы бізге ойын ежересін, ойынның құмарлығын, күштілігін танытады. Біз бар еркімізбен ойынға беріліп, айналамыздың барлығын бей не бір түс көргендей қабылдап, ал кейіннен шындыққа оралғанда сол ойыннан өз еркімізбен бас тарта аламыз ба? Дегенмен де, бұндай сезім, ойдың өзі жалған, өйткені, түспен салыстырғанда ойынның арнайы бір ережелері болатыны анық, сондықтан ойын ды кез келген уақытта тоқтату мүмкін емес. Ойын барысында туын дайтын міндеттілік және шақыру (ойынға еліктендіру) арасындағы міндеттің тәртібі бір. Ойынның ішкі саясатына, тәртібіне, міндеті не, жүктемесіне байланысты ақырына дейін жалғастыру басты шарт болып табылады. Ойын деңгейінде тағайындалған шеңберде өмірдің өзге шеңберлерімен (заңдылықтарымен) өлшемге келмейтін құбылыстар болады, осының аяғы этникалық та, психологиялық та тұрғыдан қарастыра алмаймыз, ал оның қабылдануы, демек (ойыншының ойын ережесімен келісімде болуы) біздің бас иіп мойынсұнып қабылдауымыз да ешқандай қатысы жоқ. Ондай болса, біздің өзіндік және тәрбиелік түсінігіміздегі қабылдауымызша ешбір еркін ойын, ойынның еркін ережесі қалыптаспаған. Ойын – еркін емес. Ол диалектикалық еркін дікке де, гипотетикалық диалекттік салаға да және арнайы бір заңдылыққа да бағынбайды. Ойынға кірудің өзі арнайы жүйемен міндеттелмейді, ал оның жылдамдылығы еркіндік ұшқынымен емес, осы жүйемен міндет телген, өз үйлесімділігіміз, көзқарасымыз арқылы тұжырымдамай,
біздің иедологиямыздың арнайы алакөзділік танытқан себебінен, әрдайым бақыт сезімінің қайнар көзін іздестіреміз. Ойынның жалғыз ұстанымдылығы – ережені дұрыс таңдау, сіз ді ойында ойын заңынан босатады. Метафизикалық және психологиялық негіз болмаған жағдайда, ереже бастапқы сенім нанымнан айырылады. Ережеге сену, не бол маса сенбеушілдік таныту деген болмайды, ережені сақтау деген ұғым қалыптасуы керек. Ойын ережесінде негізсіздік жойылады, барлық шындық бұрмаланып, осыдан барып, біз жасаймыз, анағанмынаған сенбейді деген жағымсыз жат қимылдар қалыптасады. Ойын барысындағы қарыз жойылады, ешнәрсе қайтарылмайды және есеп айырылыспайды. Осыған байланысты болады немесе болмайды деген ойдың өзі түсініксіз. Ойында болашақта болатын жағдаймен есеп айырылыспайды. Ойын шарты бойынша барлығы үмітсіздіксіз, сенімсіз, тек қана ойлау жүйесімен шешіледі. Өйткені басты себеп мүмкіндіктің шектелуі. Міне, осы себептен ойыншы өзін әрдайым күлкіден тежеп қадағалап отырады, дегенмен де, ойынның өзі үмітсіздік тудырғанмен, еш уақытта күлкіге ырық бермейді. Ойынның өзі өмірден маңыздырақ, бұған дәлел өмірдің өзі ойын ережесінде бас тігеді. Сонымен ойын шындық жүйесіне де, сонымен қатар толық қанағаттану принципіне де сай келмейді. Ойынды жалғастыру мүмкіндігіндегі жалғыз күш – сиқыр, бірақ осының өзі елес неме се көңіл көтеру саласы емес, өзге ой аймағы дәлірек айтсақ өнім мен өмірдің барлық шынайылығы танылатын өнер. Ойынның шарты, ерекшелігі осында, ал оны экономикалық тұрғыда тығырыққа тіреудің өзі бос әурешілік. Жүйені немесе жүксіз тұжырымсыз деген ұғымдағы анықтама екі салаға жарамды (мағына және заң), ал ойын және ереже саласына келмейді. Заң бүкіл мағыналық және құндылық жүйесін қарастырады. Заң өз жүйесінде дəйектілікті танытады. Осы трансцендентті жүйенің негізінде, заң тотализациялық шындық сатысында қалыптасып, барлық трансгрессия және революция заңының жан-жақтылығын қадағалайды. Ереженің өзі арнайы шектлеулі жүйемен байланысты, шектен тыс шықпай-ақ ішкі жүйемен негізделеді. Ереженің еркін ділігі және айқындалынуы заңның өзіндік мағынасын көрсетеді. Ойынға сай жазылмаған ережеге байланысты қандай да бір саладан тыс қол жеткізу дегеніміздің өзі әлемдік емес, өткені ереже бүкіл әлемдік немесе жалпыға бірдей деген ұғымды қарастырмайды.
Біз көз алдымызға шектеудің шексіздігін елестете алмаймыз, соңы біз үшін әрдайым мәңгілік шексіз және шектеулі. Оған өзіндік қыңырлығы жақын, осындай өзіндік аналитикалық шексіздік кеңістікке тойтарыс береді. Ереже ойлап табу шексіздікке қарамақайшылық болып табылады, аналитикалық кеңістікті қайтарымды кеңістік үшін пайдалану. Бұл жерде ең алғашқы мәдениеттің өзі ең жақсы аналогия бола алады, өз-өзімен кетіп, айналасындағыларды байқамай, өзін әлемді елес ретінде қабылдап, ол туралы ешбір түсініктің болмауы. Бұл жердегі басты мәселе өзге әлемнің біз үшін болуы, ал осы мәдениеттің томаға-тұйықтығының өзі өзге ой мен себептілігінен, бірлік саласында үйлестіру ал осының барлығын тек кемсіту мағынасында түсінеміз. Осы мәдениеттің саласы ешқандай артықшылықты сезбейді. Дегенмен де, ойын мен шындықты салыстырғанда ештеңе байқалмайды. Бұнда тарихта, естелікте, ішкі жинақылық та көрінбейді (бастапқыда қойылған баға жойылып (құнсызданып) ойын ережесінің жасырын жолдарымен кетіп экспортталмайды, со нымен қатар пайдалық жүйесі де, қосымдық құндылығы да көзге көрінбейді), сондықтан болар ойынның ішкі саласы ешқандай қалдық құнын білмейді. Бірақ біз ойыннан тыс бірдеме қалады – деп айта алмаймыз. «Қалдық құндылығы» деген сөздің астарынан біз шешімін таппаған теңдеуі орындалмаған тілек, көрсетілген қысым де ген түсінік деген түсінік қалыптасады. Бірақ ойын теңдеуі ойын соңына дейін әділ шешімін ұстанады, ойын сұранысы, тәртібі, тағдыры ешбір сызат қалдырмай аяғына дейін әділ орындалады (ойланбаушылықтың айырмашылдығы осында). Ойланбау теориясы бойынша кейбір аффектер көптеген мүмкіндіктерінен айырылады, ал кейбір жағдайға ойыннан да шығады. Ойынның өзі – ойында барлық нәрсе, жағдай қарастырылып, ен гізіледі деген гипотеза негізінде қалыптасады. Өйтпеген жағдайда біз алдын-ала жеңілгенімізді мойындап, ал ойынды жалғастыру се бебін алдын-ала жоғалтқанымыз және жеңілгеніміздің салдарынан, – деп түсінеміз. Дегенмен де ойында ешбір ұтылу объектісі жоқ. Жалпы ойын барысындағы гепотетикалық ерекшелікте, алдынғы қарыздарымен есеп айырылысу да, ойын ережесіне еште ме кедергі бола алмайды. Егер ойында экзорцизм элементі болған жағдайға, ойыннан шығу қаупіне ойын барасында, заң алдында болған қарыз себеп
емес, бірақ заңның өзі жойылмайтын қылмыс, демек бұл дегеніміз заң экзорцимі қысымдылық шындық астарындағы кешірілмей тін трансценденттік қылмысты көбейтіп, қарызды ұлғайтатын трансгрессиялық қылмыс. Заң құқық негізін қалыптастырып қарастырады: заң алдын да барлығы да тең. Ал ереже құқықтың юрисдикция болып табылмағандықтан, ереже алдында ешбір теңдік байқалмайды (сол үшін де теңдік үшін серттік қажет). Ал ойыншылар өзара серт тесіп бастапқыдан-ақ агонистикалық қатынаста болады - өзіндік жекелену деген ұғымы жойылған. Белгілі бір қоғамдық топтың тәрбиелік және тұжырымдық ойынның белгісі. Ойыншылар өзара тығыз байланыста ойыншы үшін самғау дегеніміз – міндет, ол ешбір сыпайылықты керек етпейді, бар мүмкіндігінше толығымен өз ережесін қолданады, сондықтан ойыншы үшін ойланудың да меңгерудің де қажет жоқ. Ереженің қызметін түсінік меңгеру үшін ешбір тұжырымды, психологиялық немесе имандылық структурасы қажет емес. Ереженің өзі ештемеге негізделмей еркін болғандықтан ол кол ненгусты да қажет етпейді, бұл жерде топтың шынайылығы қарастырылады. Бұл жерде осы белгілі жақсылап ой елегінен өткізу керек бұны Гобло «Барвер және теңдеу» атты өз еңбегінде кастының мәдени ережесі ретінде белгіледі (сонымен қатар бурзу ажия класында да көрсетті). 1. Ойыншылардың «Ереже – теңдеу» – деп бір шешімге тоқталуы. 2. Өзге Әлемнен алшақтауда өзіндік бір кедергі бар деп ереже дегі дәлділікті қолдауы. Өзіндік саладағы экстерриториялану міндетке байланыс ты абсолютты қатынас, ойын осы ой барысында оған алғашқы тазалықты орнатады. Теңдік арасындағы агонисттік қатынас ешуақытта ойыншылардың өзара мәртебесін қарастырмайды. Соңғылары көптік келісімге келеді, барлық бастапқы бағалар та ратылып төмендетіледі, ал оның негізгі себебі ереженің негізіндегі өзіндік үйдесімділігін сақтап қалуы. Міне, неліктен бірде-бірлік өзара қатынаста өз есебінен әр қиындық кемітіледі, әр еңбек және қасиеттер құмарлық ойынында таза күйінде болады. Бұл жерде жеке тұлғалық қасиеттер қандай да бір психологиялық эквиваленттен айырылған жағдайда кішіпейілдік немесе еліктенді ру мақсатында қолданылады. Ереженің мөлдірлігі саясында ойын осылай жалғаса береді. Ойынның көзтартарлық қызықтылығы осыдан туындайды.
Соңғы кеңістікте бүкіл топтан арылуы, осы арылу арқылы бір
лік ойындағы паритеттік теңдіктен арылуы, ал осы арылу арқылы
міндеттілік еркіндігінен арылу, ал осы еркіндіктен арылу арқылы
Заң және ереже еркіндігінен арылу.
Қандай да бір жағдайда адамдар Заң алдында қалағанда це
ремониал алдында бір теңдікте десек болады (осыдан барып
церемониал, конформизм және әдептілік ұстанымдылығы осы
құндылықтарда көбіне қоғамның аз қамтылған мүшелері ерекшелі
неді (тұңғиықты терең оймен салыстырғанда конвенциоланған бел
гімен пікір алмасу едәуір оңайға түседі. Адамда басқа жағдаймен
салыстырғанда ойында едәуір еркін, өйткені олар шындығында
ережені толығымен меңгермей-ақ үстіртін қарап, заң алдында істің
қалай болатынын бақылаумен шектеледі. Ереженің өзі бізді заңнан
алшақтатады. Қалауымызға, еркіндікке, міндетке, мағыналыққа
байланысты зорлықтан құтқарды.
Тек қана өзіндік бір белгілер арқылы ойға алған террорлық
ипотеканың мағынасы шешіледі.
Дегенмен де, өз-өзімізді алдаудың қажеті жоқ: конвенциялы
белгі, ғұрыптық белгі – бұл белгілердің барлығы міндетті. Бірақ
бірде бірі шынайылық қатынастағы айқындықты оқшаулауда
дәрменсіз қазіргі таңда әрбір тұлға мен белгі өз аффектінің еркі
мен қалауы бойынша конвенционалды белгіден бейхабар.
Олар еркіндікке жете алмасы анық. Өйткені әр белгінің өзіндік
нақтылығы және мағынасы бар. Әр белгі өзге белгімен өзара
байланыста, тілдік абстракциялық жүйеде емес. Миға сыйғысыз
церемониал ағылшында, әр белгі жаңғырық беріп өзге белгімен
қосарланады.
Ритуалды белгі репрезентивті белгі болмағандықтан бізге оны
түсіну де қиынға соғады. Дегенмен де ол бізді ойдан арылтады,
соның салдарынан біз оған тәуелдіміз (бауыр басып қалғандаймыз).
Ойындағы қарыз, оның алдындағы қарыз, міне, ойынға қатысты
мәселе осыда.
Барттың «Ғашықтық сөздерінен үзінділер» атты еңбегінде
өзінің алфавиттік тәртіп бойынша атын білдіргенін былай дей
ді: Ойдың шарықтауын басу үшін белгісіз тәртіпті табу керек,
дәлірек айтсақ алдын-ала сөз болмаған тіпті кездейсоқтық та емес
арнайы белгіленген тәртіп. Бір математиктің сөзін тұжырымдай
келе, Барттың мақұлдауы бойынша «ойдың мағыналық рет
тілігін логикалық тұрғыдан бір алпауыт жағдайдың туындауын
бағаламауға болмайды. Басқаша айтсақ, ойға тоталдық еркіндік
немесе тоталдық индетерминация төтеп бере алмайды. Мағына
жәй ойынның былығуында да, кездейсоқтығында да туындайды.
Ойдың кейбір жаңа тұстары, ойдың, тілектің ретсіздігінен пайда
болады, қазіргі таңдағы молекулярлық, жылдамдылық жайлы сөз
ететін барлық фәлсапалар осындай тұжырымда. Детерриториала
ну, ауытқу, алшақтау – осының бәрі мағынадан, ойдан арылтпай
ды, бірақ біз мағыналық әсерді радикалдық симулякорге айырбас
тай алмаймыз. Барттың еңбегіндегі əліпбилік тәртіптің берілуі,
күнделікті өмірдегі сансыз жағдайлар, кездейсоқтың салдары
осындай және (қоғамдық, әлеуметтік, тарихи) жағдай мағынадағы
тәртіпті осылайша шатыстырады.
Жұлдызша түріндегі индетерминация, алшақтау, пролифера
ция осылардың барлығы тек қана ойдың әсерлігін толықтырады
және оны ойсыздықтың барлық саласында сөз қылады (жеткізеді),
дегенмен де соның өзінде ойдың таза үлгісін дәріптейді.
Міне, неліктен «əдет-ғұрыптық трансгрессия» дамымайды,
қалыптаспайды. Бұл термин думандатуға байланысты мағынадағы
қоданыста өте жағымсыз, біздің революционерлеріміздің арасын
да көптеген мынадай сұоақ туындайды:
Думандату трансгрессия немесе заңды қайта жаңғырту болып
табылады ма? Думандату летургиясындағы ритуал, ритуал заң
жобасына немесе оның трансгрессиясына жатпайды, олар ереже
шеңберіне сай келеді?
Біздің сиқырға деген миға сыйғысыз қатынасымыз да осын
дай. Біз әрдайым ережедегі жағдайды заң бойынша талқылауға
асығамыз. Осылайша біз сиқырдағы мүмкіндікті өндіріс принци
пі және еңбек заңымен қарастырамыз, жабайылар да біз көздеген
мақсаттың тыйымды жағын қарастырады, бірақ олардың бір кем
шіліктері сол мақсатқа қол жеткізу үшін еңбектенбейді.
Дегенмен де ол мүлде олай емес, сиқырдың өзі дәстүр, әлемдік
түсініктегі ойынның аналогиялық үйлесімділігі, өзіндік белгі
мен байланысты барлық заттың цикликалық қатынасы, жалпы
сиқырмен үлкен ойын ережесі басқарады, ал бұл жердегі негізгі
басты мәселенің бірі әр зат өзіне сай ойынды жалғастырып, өзінің
аналогиялық бірлесуі немесе құмарлық күші арқылы ойынды
жалғастыру. Бізге жақсы белгілі себеп-салдармен байланысты
ештеңе жоқ. Ережені бұзғаны үшін бұндай шеңбер де, себеп-сал
дар да, қарым-қатынас та объективті, бірақ ереженің бұзылғаны
үшін жинақылық байқалмайды және дұрыс емес.
Заң алдында сиқырды қулық деп айтуға болмайды, өйткені ол
алдамайды. Ол мүлдем бөлек теңдікте орналасқан.
Міне, неліктен осындай сын негізінде сөз ету ақылға сый
майтын жағдай, табиғаттың объективтілік тұрғысынан қарайтын
болсақ, ойын ережесінің еркіндігі жайында дауласу үлкен әбестік.
Дәл осындай объективті сандырақ, ақшаға ойнайтын құмар ойыны
жайлы да айтылған. Бұндай ойынның мақсаты таза экономикалық
тұрғыдан көзбояушылық, ешбір күш-жігер жұмсамай ақша табу.
Дәл осындай жағдай сиқырға да қатысты. Әлемді басқарудағы
барабарлық және еңбек принципіндегі трансгрессияның да
жағдайы осындай. Жалпы ойынның шынайылығын ақиқат әлемі
нен, құндылық және заңдық бағадағы ауқымнан іздестіру қажет.
Бірақ ол ойынға құмарлық күшінің үстемділігін түсірер еді.
Сізді ойынға еліктіріп, қызығушылығы қызды арттырған ойын
ережесінің күші ғана емес, ойынның құндылық байламы. Ойын
үстеліне қойылған ақша да өз шындығынан ауықтайды, еліктен
діріліп заң баламасынан алшақтатылады (бір сөзбен айтқанда,
ақшаны текке шашу) заңға деген түсінік те солай қалыптасады.
Репрезантивті белгі болуды тоқтатады оған себеп айналымдағы
ақшаның шарықтауы. Айналымдағы ақша мен жалпы үлес арасын
да ешқандай бірлестік жоқ. Қандай да бір айналымға түскен ақша
картаға тігілген капитал формасын сақтайды. Айналым столына
түскен ақша капитал айналымындағы ақшамен ешқандай қатысы
жоқ салыстырып келгенде, сексуалды «инвестициямен» еліктіріп,
елеңдету арасында да ешбір бірлестік жоқ.
Инвестиция, контринвестиция дегеніміз – психологиялық
тұрғыдағы жыныстық және құштарлық үнемділігі. Ойын,
айналымға тігілген ақша осының барлығы құмарлық және
құштарлық белгісі. Ал жалпы кең жоспарда қарастырсақ әрбір
ақшалы, қалталы, тіл байлығы кең, сөйлеу мәдениеті күшті, сек
суалды немесе аффективті тұлға, инвестиция қатарына енеді ме,
әлде айналымдағы ақшаға назар аударады ма деген сұрақтағы
мақсат мағына белгісіз. Осы екі тұлға арасында ешқандай үйлесім,
бірлестік жоқ.
Егер ойында қандай да бір мақсат немесе ақыры айқындалған
да, жалғыз шынайы ойыншы болып шулер қалар еді. Мүмкін
заң трансгрессиясында қандай да бір сүйкімділік, көзтартарлық
бар шығар, дегенмен де бұзықшылдық айғақ – дөректілігінде,
трансгрессиялық айғақта ешбір ереже байқалмайды.
Ал енді осыны басқа да тұрғыдан қарастырсақ, шулер ешқандай
да бір қылмыстық іс жасамайды, өйткені, ойын жүйесіне ешқандай
тыйым салынбаған, демек қолды бір сілтеп, немқұрайлықпен
қарайтындай ешбір келіспеушілдік жоқ. Ережені аттап кету де
ген түсінік жоқ, ережені орындамау деген бар. Ойынның ере
жесін орындамау деген ұғым ешкімді трансгрессиялық жағдайға
ұшыратпайды – ол тек қана заңды орындауға әкеп тірейді.
Бұндай жағдай ойын дәстүрін бұрмалаған, ойынның церемони
алды заңын жоққа шығарған, сонымен қатар сахнаға экономикалық,
психологиялық орындылығы немесе ұтыстан алған рахат үшін
ойынды жалғастырған шулерлерге таныс, демек осының өзі шы
найы әлем заңы. Ойынның қосарлы көзтартарлық қызықтығы
(сүйкімділігі) өзіндік детерминацияның енгізілуімен жойылады.
Өлім жазасына кесіп әлі күнге дейін қатаң сөгіс алған шулердің
қылмыстың жазасы шындығында шеңесетін бір тәртіпте, ойынның
мәдени ережесінің «табиғат заңы» пайдасына ауысуы.
Шулер үшін бір айналым да қалыптаспаған. Ол айналым
ды қосымша құндылық үдерісімен біріктіреді. Ең басты мәселе
айналымға түскен ақша ойынға енуге мүмкіндік береді, ал оны
өзге де бір мақсатта қолдану деген сендерге тиесілі емес нәрсені
шығындау дегенді білдіреді. Ойынның өз мүмкіндігі сияқты
ойыншылардың дуалды ауқымдылығы, ойын ережесі де дәл осын
дай. Ойыннан өзіндік мақсат, заң, шындық іздеу дегеніміздің өзі
ойынды және айналымды тоқтату.
Бұл ереже автономиямен иемделмейді, Маркстің пікірі бойынша
субъектің және заттың маңызды сапасы, затты-ақшалай қатынасы
осы құндылықтың экономикалық әлемі. Осындайда шулер заң
көтереді, ереженің дәстүрлі еркіндігіне қарсы өз заңын ұсынады,
ал осының салдарынан оның өзі дәрменсіздік танытады. Шулер
әрдайым еркін, ал оның құлдырауы да осыдан, сонымен қатар ол
өте дөрекі, өйткені ол өзін ойын құмарлығына берілуден тежейді,
өйткені ол өзін миға сыйғысыз құмарлық еліктеушіліктен тежей
ді. Негізінде, ойластырып отырған тыйымдылық-пайдалық жағы
ол тек қана көзбояушылық, негізінде құмарлыққа берілуден қорқу
және құмарлық үрейінен алшақтау үшін.
Ойын құмарлығы деген мүлдем басқа нәрсе, ал ойын
– ойын столына үндеу тастау емес. Осыған дәлел ретінде бір
американдықтың газет бетіне берген жарнамасы: «Маған бір дол
лар салып жіберіңіздер», – деген, кейіннен ондаған мың доллар
алған. Ол американдық газетке жарнама бергенде, ешкімге ешбір
уәде бермеген, сондықтан оның іс-әрекетінде ешбір қылмыстық іс
байқалмайды. Ол «маған бір доллар керек» деп жазбаған, ал егер ол
солай жазғанда ешкім де бермесі анық еді. Газет оқырмандарында
мынадай бір ой қалыптасты – егер бір доллар салып жіберсем,
сол бір доллар орнына бір зат алам, – деген ұғым қалыптасты.
Оқырмандар әрине, сенімсіздікте болды. Почта арқылы он мың
доллар аламыз деген ұғым әрине, қате. Негізінде олар бұл үндеуді
өздерінше қабылдады. «Кім біледі, бәлкім, бірдеме тиіп қалар
(почта арқылы он тал), онда ол құдайлардың маған деген белгілері
(Қандай? Қай?) Әй, сол әлгі газет бетіне жарнама берген!).
Ал енді ойдағыдай болмаса, маған белгі жіберген күштің бұл
үндеуді қабылдамауы, ал одан тек өзі сорлайды, мен бұл ойында
құдайлар мен психологиялық тұрғыда ұтамын.
Қос үндеу: алаяқ, бос кеуде, қорқаққа үндеу тастаса, жәйбасар,
қамсыз тағдырға үндеу тастауда. Тағдыр оны жеңсе, енді ол есеп
айырылыспайтындай теңдікте, өзін кінәлі сезіну әрқашан экзор
цизм, дегенмен, бұл жерде мәселе тек күнәға келіп тірелмейді.
Орынсыз берілген жарнамаға еліктеп доллар жіберу ойдың толық
мағынасына сай діни қайыр-садақа (құрбандылық). «Бірақ бұның
артында бірдеменің болмауы мүмкін емес, мен құдайлардың қабат
беруін, не болмаса мүлдем жойылуын талап етем» - осындай ескер
тулі дауыс аспанға әрдайым ескерту жасатқандай. Айналымдағы
ақша және үндеу ескерту, айналымда алмастыру осының барлығы
сөзсіз бір нәрсеге сену, сенімділік деген мағына. Біреудің бірде
меге осылайша сенуі мүмкін бе? Мәселе бір затқа немесе біреуге,
мысалы, мәселе Аяз Атаға сенуде емес қой. Бұл тек қана тиянақты
тұрғыдағы түсініспеушілік, талап, сезіну, еліктеу, бұлар бізден
басты қандай мәселені жасыруда, дегенмен сол істің негізінде
психологиялық фундаменттің жоқтығы, тек ақша айналымы, үндеу,
бір ғана провокация, ойын. Құдайға да болған бір жағдайға да сен
бейді, дін және психологияға байланысты пікірді мақұлдайды.
Оларға үндеу тастайды, ал олар болса үндеуді сендерге тастайды.
Олармен көзбояушылдық танытып ойын ойнайды. Сондықтан
оларға сенбеу керек.
Діни әлемде сенімділік емес басты мәселе, сенім дәл осындай
жағдайды ғашықтықта, махаббатқа үндеу тастау да байқауға бола
ды. Сенімділік дегеннің негізінде Құдайдың болуы – ал болу, бар
дегеннің өзі қалдықты тапшы мәртебе, сенім Құдайдың барлығына
үндеу тастау, ал Құдайға үндеу тастау – өлім және жауап. Сенім
мен Құдай еліктенеді, бірақ ол жауап бере алмайды. Өйткені,
құмарлық та үндеу сияқты. Керісінше Алла тек жақсылықпен
жауап қайтарады. Осының өзі Құдайдың мың қайтара беруі және
жарылқауы. Ал осының бәрі жабылып келіп міндеттілік жүйесін
қалыптастырады. Құдай әрдайым жауап беруге мәжбүрлі.
Тең бағалықтағы ауысым әрдайым ойдағыдан жоғары,
күнделікті келісім шеңберінен тыс болып келеді, ал дәл осы
құмарлық салыстырмалы шеңберден тыс артықшылық, эквива
лент себеп-салдарына енбейтін артықшылық, осының бәрін тізбек
теп келгенде құмарлық, ойын, сиқыр әсері деген осы. Біз оны көз
алдымызға ғашықтық елітіп-еліктетудің контексті ретінде елес
тетеміз, ал сондай жағдайға неге біздің әлеммен қатынасымызда
өзгеше болуы керек? Символикалық жер әншейін бір бос дыбыс
емес, ол зат пен белгінің өзге түрін суреттейді, өзінің іс-қимылы
тұрғысынан экономикалық үндеуі басым болады. Ойын, ойындағы
көзбояушылық, сиқыр мақсаты тек ақшаға жақындық немесе
ақшаны тарту емес, сонымен қатар заңның екінші жағындағы
теңдік, келісімді заңның символикалық және құмарлық шеңберінен
ұстану.
Белгілі бір затты тіршілік тынысы сияқты еліктіріп, елеңдету
үшін ойын ережесін ойлап табу керек, ал бұған ешкім кедергі бола
алмасы анық.
Жағдайдың барлық қиындылығы осыда. Сиқырлы жекпе-жек
пен құмарлық ойындар арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Қойылым – бағалы зат. Шексіздік сатысының қабылдануындай,
бірақ осы қабылдау рақымшылдығын қарастыру емес, ол оның
шексіздігімен жəне түйсіктігімен келіспеу. Қойылым талапты ес
керту, ойын жекпе-жек, ойыншының салған ақшасымен байланыс
ты сол бір сәтке жауап беру керек. Осыған байланысты ойыншы
өзін мейірімді немесе мейірімсіз, қатаң, өшпенділік жағынан та
ныту керек. Осындай жағдай бейтарап қалмайды. Ойын ойыншы
ны жандандырып агонистикалық тұлғаға айналдырады.
Бұндай сәт туындай бермейді деген ұғымды ойынның негізгі
ұстанымды гипотезасы айқындайды.
Біздің түсінігімізде бұл сәт алеоторлық механизм, таза
мүмкіндік, ойынның емес заңның мүмкіндігіне бағыну, қазіргі
заманның талаптарына сай рационалисттік сәт (өзіндік алеотор
лы әлемді толғандырған тұрақсыздық бейнесі мен қорытындысы,
стратистикалық абстракциядағы масылдық, ойын сатысында осы
сәт мүлдем байқалмайды. Ойынның өзі – өмірге үндеу тастаумен
жалғасады.
Әлемде үстемділік жүргізіп тұрған альтернативті реттеу меха
низмін мойындамау, құмарлық ойын осындай бейтарап тәртіптілікті
жойып, бүкіл бостандық эквиваленттігін және дәстүрлі шеңбер эк
виваленттігіне қарсы шығуда. Міне, осындай жағдайға ойын заң
және экономикаға радикалды төтеп береді. Ол әрдайым шындықты
күмәндікпен тұмшалайды, алеоториканы анимистикамен алмас
тырып сол шындықтың орнына міндеттілікті қояды. Осыдан ба
рып ойынға байланысты көптеген наным-сенімдер мен манипу
ляциялар, осылар көбіне ойын түрінің бұрмаланған сәті болып
ұсынылады.
Ойыншылардың сиқырлы әрекеттерін кейбіреулер туған күнінің
санымен сәйкестіріп қояды (Монте-Карло қаласында он бір саны
айналымға он бір рет түскен) немесе қойылымның көбеюін күту.
Енді тек осы механизмді іске асыру қажет.
Кез келген ойыншы қандай да бір жолмен болмасын өзін
әлемнің бейтараптығынан сақтап қалуға тырысады.
Ол бәрін өз өлшемімен қарастырады оның ойы бойынша – сан
дарды, бағалы, заңды, ерікті еліктетіп, елеңдету деген түсінікте.
Әр белгі, ым өзіндік бір мағынаға ие, бірақ ол рационалдықты
қарастырмайды, дегенмен де әр белгі басқа белгімен елікте
нуі мүмкін және әлемнің өзі өзіндік тәуелділіктен құралады,
бірақ осы құралымдықтың өзі заң шеңберінен бөлек. Ойынның
тәрбие тәртіпсіздігі, ережесіздігі осыда. Көбіне тәртіпсіздік көп
және тез ешбір ереже тәртібінсіз ұту мақсатында қолданылады.
Бірақ ойын ондай жағдайда қыза түседі. Шындығында ойын
тәрбиесіздеу. Оның тәртіпсіздігі ол өндірістік тәртіпті еліктету,
еліктеу тәртібімен алмастыратындығында. Егер ойын еліктенді
ру өндірісі болса, осы белгілердің бір-бірімен айқасу міндеттерін
белгілейтін, себеп-салдарын алеоторлық топталса жалғасын ажы
рататын объективті бейтараптығын және статистикалық еркіндік
сәтін қысқартуды көздесе, онымен жекпе-жек түрінде айқасып,
қойылымда регламенттік үндеу тастау болса, онда Делездің
«Мағына логикасы» атты еңбегінде бізге – оқырманға кез келген
қатынастағы жағдайдан толығымен басын босату керектігін бізге
қалай жеткізгенін көз алдымызға елестетуіміз қиынға соғар еді.
Екі шеңбер бір-бірімен қиылысады дегенге байланысты
үмітсіздік мүмкіндігі ойынды таратады (егер ешбір шеңбер
мүлдем қиылыспаған шеңбердің мүмкіндігі кез келген уақытта
таратылады. Өйткені ойынның өзі бірнеше кеңістік уақытында
қиылыспауынан, негізделген ережеден, жағдайдың өзі осындай бір
нақты ережеден қалыптасады, тоталдық жағдаймен салыстырғанда
ереже еркіндік шектелуін білдірмейді, дегенмен де ойынды таны
ту әдісі қалыптасқан.
Көбіне бізді мынадай бір жағдайға сендіреді: мүмкіндігі мол
жерде ойын да кең дамыған.
Бірақ ой мынадай екі ойлылықты білдіреді:
1. Таңбаланып-белгіленген шеңбердің, тізбектелуі, иманент
ті дрейф, тәртіпті перманенттіліктің бұзылуы, даймон немесе бір
қара күштің айналысатының кәсібі т.б.
бірақ осының өзі миға сыйғысыз нәрсе, қалыптасудың өзі аз
немесе көп болуы мүмкін емес, және қалыптасудың нақты бір
мөлшері де болмайды. Әлемнің өзі қалыптасу циклына қосылған.
Қалайда болмасын қалыптасу кезеңін немесе бір жағдайды,
қалауды (тілек) қабылдаудың мағынасы жоқ.
Алғашқы үдерісті қабылдау ол қайталану үдерісінің әсері (Ли
отар).
Ойынды немесе бір жағдайды жылдамдату, күшейту, дамы
ту дегенде химикалық ерітіндідегі қышқылдың қоспасы жайлы
айтылғандай боламыз. Экспоницианалды өсудегі қалыптасу иде
ясы дегеніміз – қалау түсінігін әншейін энергия қызметімен ша
тастыру, бірақ жағдай бұған жатыспайды. Ойыншы осыны қалай
және қандай құпиялықпен жасайтынын мойындауымыз керек
шығар. Негізінде көптеген мәдени терминді немесе жағдайдың
түсінігін білмейді, өйткені олар әншейін өздігінен ештеме болмай
ды, демек, негізгі шындықтың өзінде ешқандай алеоторлық есеп
телінбейді. Тек біздің мәдениетіміздің қойнауында феномендердің
инедетерминациялық және объективті ретсіздік адасуын қабылдау
мүмкіндігі туындайды. Егер жақсылап ойланатын болсақ, әлемнің
алеоторлық кездейсоқтығы міндеттермен байланыспаған, таза
ауызекі немесе рəміздік ережеден айырылған бұл гипотеза –
заттың молекулаларды – көтерілуі деген бос сөз. Заттың объектив
ті және себеп-салдарлы шеңберіне қарағанда біздің классикалық
парсатымыздың көктемгі күндерін толықтырғандай ол да бір
едәуір ессіздік.
Бір-бірімен сана-ой қалдығы арқылы сытылып шығады, бы
лайша айтқанда қалдық арқылы.
Осы жағдай детерминациялық ой қатарында алғаш рет жарық
көрді. Революциялық ауысым ретінде де мәні асыра бағалансада,
айна сәулесі істеппес болып қала береді. Оның сөзсіз, талапсыз
еркіндігі (мысалы, Делездің идеалды ойнында) политикалық
және мистикалық экономика қалдықтарының ажырамас элемент
тері. Осы элементтер қазіргі таңда барлық жерде қолданыста және
басты мақсаты осал терминдердің мықты –күшті терминдерге
структуралық инверсиясын жүргізеді, ешбір негізді білдірмейтін
жағдай енді номадикалық экономия талабының ұранына айналады.
Ойын – болу, қалыптасу емес, көшпенділік – талап тілек
қатарына енгізілмейді, еш қатысы жоқ. Құмарлық, кездейсоқтық,
белгісіздік констеляицясын сол терминдерде өндіруде мінезделеді.
Ол цикликалық және жаңаруға себептілік және себептілік при
нциптерімен байланысты нақты шешім қабылдайды, себептілікті
алшақтататын, фрагменттерге бөлшектенуін алеоторлық топтар
қатары шектелмейді, себепшіліктің соңы виртуалдықтың келуімен,
(егер мүмкін болса мәңгілік) және кейбір регламенттік жағдаймен
байланысты.
Тілектің қалыптасу және оның еркіндік мерзімі, табиғи
қалыптасу мерзімі емес, әлемнің гераклиттік ойыны – кішкентай
лар, балалар ойыны, бірақ ерекше ритуалды қалыптың мәңгі ора
луы.
Өмірдің әрбір көрінісі бізді осылайша өлімнен құтқарады.
Мәңгілік оралудың екі бейнесі бар. Статистикалық және бейта
рап, объективті және бір қалыпты, соңғы жүйелік комбинациялық
мөлшерден шықпауын қадағалайды.
Метафизика қайыршылдығы: Табиғи статистикалық себептілк
пен табиғилықтың мәңгі оралуы.
Екінші көрініс түрі қайғылы және кəделі:
Еркіндіктің қайта жаңаруын, конфигурациялық белгінің се
бептілігінен негізделмегенін қарастырады. Бұл жерде ереженің
мәңгі оралуы сөз етіледі, дәлірек айтсақ ойын жүрісінің кейінгі
міндеттілігі жайлы, соған қарамастан әлемдік ойын ережесі екен
дігін қарастыратындай ешқандай маңыз жоқ (белгісіздік және
мәңгілік ойын айналымының шыңында ешқандай метафизикалық
көрініс байқалмайды, ал әлемдік табиғи ретсіздік немесе реттілік
ке бір қалыптылыққа) байланысты метафизикалық қалауы жайлы
мүлдем сөз болмайды.
Қалау – әрине әлемдік заң, бірақ мәңгілік оралу оның ере
жесі. Осылай болмаса (біздің бақытымызға) орай ойыннан қалай
қанағат, ләззат алар едік?
Барлық жағдай – мүмкіндікке қарамастан ойында асығы алшы
сынан түскен жағдайға келісімді және жалған мисыздық жағдайғы
ойынды жауып таратады.
Ойынға үндеу тастауда ой, заң, жағдайдың таратылуы – ойынның
ізгілігі осында. Барлық ойыншы жағдайдың осындай символикалық
қиылуысындағы алеоторлық процестен түсетін – бірақ объективті
заңның әсерінен түспейтін жағдайға ойынды жалғастырады.
Ойындағы әр қойылым қимыл, жағдай еріксіз басты ай
налдырып, тұмандатады, осының барлығы заттың табиғи рет
тілігіне, мисыздық немесе дәстүрлі адасушылдыққа үндеу
тастағанда ойынға берілді деген әйгілілікпен тағдыр шеңберінде
қарастырылады, міне осындайда ойынға деген құштарлық оянып,
миға түгелімен құмарлық дәні егіледі.
Осының барлығы ойындағы елес емес, елестікке ешқайда
қатысы жоқ, бұл жерде тек заңның тарихи қалыптасуындағы
және ойынның айырмашылдығына шектеу қоюдағы үстемділік
қажеттілігі. Ойыншы үшін бұдан артық бақытты кезең жоқ.
Мөлдір таза құмарлық дегеніміз өзіне ешбір теңділік сай кел
мейтін құмарлық.
Ойын фантазматикалық шеңберге жатпайды, оның жаңаруы
және фонтазматикалық қайталануы мүлде басқа жағдайға,
Фантазмның қаталдануы мүлде өзге сахнадан көрінеді ол осының
өзі өлім бейнесі деген ұғымды білдіреді. Ал ойынның жаңаруы
ережеден тұрады, ал бұл ләззат және құмарлық бейнасінен
қалыптасады. Аффект және құбылыс әр қайталанудағы тұлға, бей
не мағынасы өлім бейнесі.
Қойылымдағы кездейсоқ шарықтауды қабылдау және заңның
мазмұнындағы, жиылысындағы реверсия және рейтерацияның
таза түрін, қанағаттылығын тек осы естен тандырарлық жаңару
босатады.
Бұндай жағдайға ойынның рекуренттілігі тікелей тағдырдан
туындайды. Мағынаға орын қалдырмай бір-бірін үнемі дауыста
уда. Энтропикалық елең-алаңдықтағы өлімге құштарлық немесе
бұрмаланған процестік қойылым айырмашылдығындағы құлдырау
емес, белгілеп бір-біріне мәжбүрлі заңның тартымдылығында,
рəсімдік, кəделік инкантация формуласында ықпал етеді. Сол
баяғы тағдырдың толық жаңаруындағы ессіз құштарлығы да бізден
басқа өзге қоғамда таныс, кəделі қатыгездік. Осындай қатыгездік
салдарынан ойында бір белгісіздік қалыптасады, осы белгісіздік
пен салыстыра келгенде шындық әсерлілеу болады. Осындай таза
қайталану жүйесі мен салыстырғанда шындық та таза әсерлі.
Заңға төтеп беретін еркіндік емес, ереже: себептілікке төтеп беретін – идентерминация емес, міндеттілік, себептіліктен ажы рау романтикалық сандырақ емес, қарама-қайшылықтағы бірінен соң бірін игеріп әкететін белгі, өз айналымын аяқтайтын байлам (полинезиялықтар арасындағы білезік және маржан сақталатын аса қымбат құтымен алмасуын еске түсірейік). Еркіндіктің қарамақайшылық белгісімен басқаратын цикликалық айналымдағы зат және адамдарды міндеттерілікті біз қатаң дәстүрлі мағынамен ша тастырамыз. Делездің таза номадикалық жағдайында, идеалды ойынында толық диссоциация және құлдыраған себептілік. Ойынға дәстүрлі, утопиялық жүйе беру мақсатында, ойын ережесінен тежеу – қатты тартымдылық, қисындылық, қаттылық емес пе деген сұрақ туын дайды. Осындай жеңілдік немесе қиындықпен жағдай өзін не гіздеп тұрғаннан, топтау мүмкіндігі мен объективті анықтаудан, келісімді идентерминацияның лейтмотивтілігінен, келісімді қалау – тілектен, ойға – жақта, аяқ-асты санау, мәңгілік топтаманың қалыптасуымен тежеледі. Олай болса неліктен топтамалармен шек телуі керек? Неге оны таза броундық қимылмен алмастырмасқа? Ал оның басты себебі мынада: броундық қимыл дәстүрлі қалаудың физикалық үлгісі, өз заңы бар және ол ойын емес. Ойынның ере жесін әшкерелемей келісімді ойын түрінде жағдайғы эксполиттеу дегеніміз – әр жетіспеушілік және заңды алыстатудағы ойды ради калдау сияқты нақты қиял. Тамаша, ойынның объективті тазалығы және қалаудың субъективті тазалығы. Ойын – ішкі келісімсіз, жағымдылықсыз жүйе. Сондықтан оны келемеждеу қиын. Ойын пародияға көнбейді, өйткені оның барлық жүйесі паро дия. Ереже заңның, пародияның симуляциялық рөлін атқарады. Инверсия емес симулятивті заң реверсиясы. Ойында екі есе ләззат аласың. Біріншіден ойында кеңістікпен уақыт, таза түрдегі құмарлық жойылады, екіншіден қалжыңдау және шындық ойнатылып, заңның эскалациялық талабы тұжырымдалады. Әдеттілік құндылығына байланысты жақсы ойнау, келемеж деу мүмкін бе? Сонымен қатар еңбек құндылығына, экономияға, өндіріске қатысты келемеждеу мүмкін бе? Келісім және алмасу де ген ұғымға қатысты келемеждеу мүмкін бе? Біздің адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарымызды, ер кімізді, жауапкершілдігімізді, теңдік және әлеуметтілігімізді жоққа
шығару мүмкін бе? Ойын ережесімен салыстырғанда біздің еркін
ойымызға келемеждеу бар ма?
Жалпы әлеуметтілікке келемеждеу бар ма?
«Мен лотерея ойыны шындық әлеміне айналған, естен танарлық
елдің азаматымын», – деп лотерея ойыны барлық құндылықтар
мен институттарды жойған қауым жайлы айтылады. Бастапқыда
бұл тек ұтқызып қоятын қызығушылық ойыны еді. адамның ішкі
жан дүниесіне емес тек үмітсіздік болған соң адамдарды зеріктіре
бастады. Осыдан барып ойынды реформалау басталды. Сәтсіз сан
дар арасына сәтсіз салдарды енгізді, ұтымсыз, сыйлықсыз ойынға
белгілі мөлшерде төлем ақы төлеу ұйғарылды. Дәл осы енгізілген
жаңалық жағдайды түбірімен өзгертті, сонымен қатар ойынның
экономикалық көздеу нысанасын жойды. Кейінгі уақытта ойын
өзінің таза түрінде жалғасты, вавилондық қоғамды жаулап алған
келеңсіздік жойылды. Ойыншы іріктеу кезінде не бір нәрсені ұтып
алуы мүмкін еді. Лотерея жасырын, тегін және жалпы барлығы
үшін қол жеткізерліктей болды, әрбір еркін адам автоматты
тұрғыда ойын мүшесі бола білді, ойын әр алпыс түнде де ойнаты
лып және оның тағдырын келесі айналымға дейін шешуші болды.
Сәтті ойын оның бай, сиқыршы, қалауындағы әйелді иемденуіне
мүмкіндік туғызды.
Бір сөзбен айтқанда, интерполяциялық жағдай әлеуметтік
және әлемдік жағдайдың барлық тұстарын қарастырды. Лотерея
ойындарының барлық қателері дұрыс. Өйткені кездейсоқтық ло
гикасын қатайтады.
Алдау, арбау, жасандылық осының барлығы алеоторлық
жүйесіне сай, кім бұл жағдайдың рационалды себебін және
табиғилығын анықтайды немесе оның бастауы лотереяның
алеоторлық сатысы?
Бұл жағдайды енді ешкім де анықтай алмайды. Барлығы ал
дын-ала қарастырып, пысықтауымен, лотереяның әсері жан-
жақты, лотерея және компания өзінің дамуын, қалыптасуын кез
келген уақытта тең жата алады. Олардың іс-әрекеті жаппай симу
ляция кеңістігіне ене алады, барлық шындық компанияның құпия
шешіміне енгізілген. Осыдан барып шындық және шынайылық
арқасында еш алеоторлық айырмашылдық болмайды.
Сомдап келгенде компания ешқашан дүниеде болмаса да әлем
тәртібі өзгермес еді.
Барлық жағдайғы өзгертетін – оған байланысты қалыптасу
гипотезасы. Нақты шынайылықты үлкен симуляторға айналдыру
үшін осы бір гипотеза жеткілікті.
Шынайылық іштей симуляциялық алмасу шынайылығы, осының өзі шынайылық. Біз үшін және біздің реалистік қоғам үшін осындай үйінділерде, тоталдық симуляция бастамасында компания өз қалыптасуын баяғыда доғарды. Міне, біздің жалған ойсыздығымыз, симуляцияны қабылдауымыз және миға сыйғысыз негіздігіміз, өміріміздің киелі тәртіпсіздігімен үстемділігін жүргізуіміз, қойылым мен аффектердің асырылмауы, біздің ойсыз көрінісімізде осылайша суреттеледі. Бірақ үлкен ойынға деген соқырлық, көзсіздік, барлығы шы найы жағдай, шынайы тағдыр. Негізсіздікті басқарушы және еркін ойын айналымында Борхес лотереясы осындай символикалық іске асыруда қызмет атқарады. Біз шынайылық деп қабылдайтын өзіндік ұқсастық, жағдайға және тағдырға байланысты ақылға сыймастық. Бізден мынадай бір ой шегіне береді: біздің шындыққа толы шынайы санамыз симуляциялық ойланбаушылдығымыздан негізделеді. Вавилондағы лотереяны есімізге түсірейік. Ол қалыптасқан бар нәрсе ме әлде жоқ па? Дегенмен де оның біздің өмірімізге тастаған негізсіздік жамылғысынан құтыла алмаймыз. Еркін дік қалауы біздің қалыптасуымыздың кішкентай бөлшектерін қарастырады, бірақ бұл жердегі басты мәселе, жасырындық жай лы емес, бастапқыдан негізделіп соңына дейін өткізбейтін ойын, тағдыр жайлы. Борхестің сезімділігі – осы ойынды бүкіл әлеуметтік қатарда таратуы, ұсынуы. Егер ойын бізге көтермелі базистік сенімділікпен салыстырғанда салмақтылық байқатпаса, әлеуметтік қатынастағы инфраструктуралық кеңдігі жоқ болса онда ол бүкіл Ғимаратты басынан аяғына дейін төңкеріп, негізсіздікті негізгі сатыға ауда рады. Кейінгіде әлеуметтік жүйе және әр тұлғаның тағдыры экономикалық тұрғыдан негізделмейді (еңбек, тарих), тауар, зат алмасудағы детерминациямен емес, тоталды идентерминациямен ойын және жағдай идентерминизмім негізделген. Бұл жердегі тағдыр пешенесі, абсолютті қимылмен сәйкестелінеді, сыйы сады жүйенің еркінділігі радикалды-демократиямен негізделіп, пысықталады (жылдамдық алмасуы және барлық тағдырларды қарастыру). Осы төңкерістің тәлкесі кез келген келісімге үстемділікті, кез келген миға қонарлық әлеуметтік негізді жүргізе алады, біз оны қалай қабылдап түсінсек, дәл солай заңға дәстүрлі шеңбер қояды.
Әр тұрғыда қоғамның жасырын іс жағдайы әрдайым осындай тұрғыда болатын. Олардың гүлденуін әлеуметтілікке төтеп беру деп бағаласақ та болады. Әлеуметтік, дәстүрлі, алеоторлы аңсау, сағыну, барлық осы келісімсөзден және әлеуметтік қатынастан арылудағы ұмтылу, өз қатаңдылығы және өзіндік көз тартарлық тағдыр тасталып бізді жөргектегі құндақталу кезеңімізден бастап тықпалаған әлеуметтіліктегі рационалды қалауымыз, сағыныш сазы біз ден тереңірек орналасқан. Борхес новелласы мүмкін ойдан шығарылмаған, кім біледі? Біздің өткеніміз бен болашағымыз жай лы жазылған негіз шығар. Византияда әлеуметтік өмір, саясаттың жүйесі, иерархия және шығын – барлығы Ипподромға бағынады. Бізде де бәйге бола ды, бірақ ол демократия айналасындағы византиялық сайыстың көлеңкесі. Қолдан қолға өтіп соңында келісімдік нәтижесі үлкен ақшалы со маны, византиялықтардың экстроваганттілігімен, барлық әлеуметтік өмірдің, ат бәйгесіне деген құштарлықпен салыстырғанда түкке тұрмайды. Бірақ бұл интенсивті қатынастағы әлеуметтік қайраткердің бір жақтылық ойын белгісі. Біздің байқауымыз Бразилияға Logo de Bіcno: ойын лотереясы дегеніміз бірқатар адамдарды өзіне икемдеп, ойынға тартады. Әрине, ойындағы әншейін бір құрал, осы арқылы осал дамыған қоғамның қисындығынан алыстауға болады, бірақ біз өзіміздік, өзіндік, жаңашырлық бейнемізде, ойын мәдениеттік үні болып қала береді. Осал аз дамыған дейсіз бе? Тек қоғамдық келісімдегі және қатынастағы аса ерекшеліктен жеке тұлғалары өз мүмкіндік, жағдайларына байланысты биіктен қарайды, өйткені олар үндеуді тек жағдайға байланысты емес, әлеуметтілікпен де байланыстыра ды, ойынның қауіпті құндылығына қатысты сағыныш. ҚҰМАРЛЫҚ дегеніміз ТАҒДЫР Біздің ойымыз бойынша таза жүйелік – құмарлықсыз және көз тартушылықсыз өзіндік таза жүйедегі қызығушылдық, біздің коммуникациялық құпиялығымызды қараңғылық құмарлығымен толықтыратын, біздің қиялымыз аффектісіз деп ойлау, осының барлығы ойымыздың түпкіріндегі орын алған елеңтетушілдік. Театрдың таза көрінісі – экспрессия қатысты қазіргі жазудағы хэп пэнинг, сахна және сұрақ туындайды.
Бейнелеу олар мен өнердің таза жүйесі – ол гипотетикалық, гипералды шындықтың қарастырылуы. – actіng pіctures, land – art, body – art, сахналық елес, шеңбер қайда кетті деген сұрақ тағы да елеңдеп еріксіз бас көтереді. Біз радикалды, көрнекті және немқұрайлықты, бір кездегі жасырын және әр түрлі тұлғалар арасындағы таза жүйелілікте өмір сүреміз. Дәл осындай жағдай бүгінгі таңда ереже сияқты өзінің, таза жүйесінде пайға болған әлеуметтілікте өмір сүреміз, дәлірек айтсаң құмарлық та дәл осын дай өзінің қазіргі көрінісінде алсаторлығын, көрінісін, сиқырлығын жоғалта бастаған. Вальтер Беньямин өнердің туындауына және тағдырға қатысты қолданған гинологиялық жүйенің мағынасына жүгінгуде өзіндік бір ой бар. Сонымен бастапқыға жаратылу дәстүрлі объект статусын ием денген. Осының салдарына аз міндеттілік жүйесінде ол мәдени және эстетикалық қалыпты қабылдайды, бұл жерде атап өтетін жайт оның сапасы, бірақ бұл имманентті дәстүрлердің құндылығы емес, трансцендентті және жекеленген. Осы эстетикалық жүйе өз тара пынан саяфси жүйеге орын береді, техникалық өндірістегі апаттың салдарынан өнердің жоғалуын білдіретін жүйе, ол оның тағдыры ал тағдырдан қашып құтылу мүмкін емес. дәстүрлі жүйе өзіндік тағалықты білмейді (кемшілік мәдени объектің экстетикалық құндылығын қарастырмайды), ал саяси жүйедегі тазалық қайтадан жоғалады, объектерден бұл жерде тек көбейтілген көшірмелері қалады, бірақ өкінішке орай ешбір тазалық байқалмайды. Саяси жүйе айналымның барлық сатысына және осы объектердің ең аз жылдамдылығына төтеп береді. Құмарлыққа да осы үш фаза белгілі болуы керек. 1. дәстүрлі (дуалды, сиқырлы және агонисттік). 2. эстетикалық (эстетикалық стратегияда шағылысу, бұл жерде құмарлық нысанасы нәзіктілік және сексуалды жүйесімен жанасады, осыдан барып біздің санамыздағы еліктендіру, алдап-арбау (абайсыздағы ойын көрінісінің қарғысы). 3. соңғы саяси (Беньяминов термині бұл жер де сәл екі ойлылықты қарастырады), құмарлық таза негізінің толық жойылуы деген ұғым қалыптасады. (Осы тек іс жүзіндегі жүйені техникалық тұрғыдан бөлектеп қарастыруға келмейді, дәлірек айтсақ объектің саяси жүйесі техникалық топтамалық жүйесінен бөлек қарастырылмайды). Объект жағдайында қалыптасқан жүйе секілді диффузияның барлық сатысына сай келеді.
Құмарлықтың тағдыры осында ма? Ал осы инволюция тағдырына қарсы еліктету тағдыр ретінде қолданысқа жіберсек ше? Сонда қалай өндірістің өзі тағдыр болғаны ма – жоқ, әлде құмарлық тағдыр ма? Шындықтың тереңдігіне қарсы тағдыр жасандылық, көзбояшылдығы. Біз қайткен жағдайда да ессіздік арасында өмір сүреміз, симуляция – іріктеу, көңіл қалу жүйесі, еліктендіру – ғажайыптылық. Анатомия тағдыр емес, саясат та тағдыр емес: құмарлық – тағдыр. Бұл тағдырдан, құмарлықтан, сиқырдан, ессіздіктен қалған қалдың өзі, бұл көрнекі тиімділіктің ойнақы әлеміндегі үнсіз әрекеттің қалдығы. Барлығының тұл заттың екендігі айдан анық. Барлық өндірісте өнім және шындықтың өзі осындай жаңалықтың, тұлдыққа бейімделіп ұмтылады. Бақытымызға қарай жағдай тереңдемейді, ал құмарлық пен үстемділік шындықтың өзіне сүйене келе ұстамдылық танытады. Мүмкін біздің қалауымыздағы оны құлдырату, қораштандыру кезінде көз алдымызға елестетудегі басты себебіміз оның жалаң, аянышты түрін көре алмауымыздан шығар. Бодрийяр Ж. Соблазн. Mосква. Ad MARGІNEM. 2000. С. 229-266, 308-311.
Жорж БАТАЙ
ІШКІ ТӘЖІРИБЕ
Қасаң қағидалы құлдықтың (және мистицизмнің) сыны
Ішкі тәжрибені мен әдетте тылсым тәжірибе, яғни шабыттану,
масаттану, ойша қобалжу деп аталатын нәрсе ретінде түсінемін.
Бірақ менің көз алдыма осыған дейін ұстануға мәжбүр болған
тәубеге келу тәжірибесі ғана емес, сонымен бірге кез келген
жақындықтан, кез келген сырдың тұспалынан азат болатын жалаң
тәжірибе елестейді. Сондықтан да мен тылсым деген сөзді аса
ұната бермеймін.
Сондай-ақ мен тар мағынасындағы анықтамаларды ұнатпаймын.
Ішкі тәжірибе менің (менімен бірге барша адами тіршілік те) ты
ным таппай бәріне күмәнмен қарайтын (сұрақ қоятын) қажеттілік
жағдайыма сай келеді. Мұндай қажеттілік діни нанымдарға
қарамастан, өзінің қызметін орындап келген, бірақ енді наным
дар болмаған жағдайда оның салдары тым терең болуы мүмкін.
Қасаң қағидалы алғышарттар тәжірибеге сай болмайтын шектерді
анықтап береді, яғни білетін адам білген нәрсесінің көкжиегінен
аса алмайды.
Мен тәжірибенің өзі апаратын жерге жеткізгенін қалаймын, оны
көздеген мақсатқа жетелегім келмейді. Оның кеме ықтырмасына
апармайтынын бірден айтайын (керісінше, ол адасатын жерге,
мәнсіздікке апарады). Оның қағидасы білімсіздік болса екен дей
мін – бұл жерде мен христиандар әбден жетілдірген тәсілді қатаң
мұқияттылықпен қолданамын (осы жолды таңдаған олар өз дог
малары мүмкін еткен жерге дейін барған). Бірақ білімсіздіктен
туындаған мұндай тәжірибе өзінің оған деген табанды адалдығын
сақтайды. Тәжірибені мүлдем айтып жеткізуге келмейді деуге бол
майды, – ол туралы айтқан кезде оған опасыздық жасай алмайсың,
– бірақ білім әлемі қоятын сауалдар алдында, ол бұрын алған жа
уаптарын рухтан тартып алады. Тәжірибе ештемені ашпайды, на
нымдар негізін қаламайды, оларды негізге алмайды.
Тәжірибе – болмыс туралы адамға мәлім болған бүкіл нәрсені
қызбалықпен және мұңлы түрде сұрақ астына алу (сынау). Және
де осы кезде адамға қандай да бір қабылдау қабілеті пайда болса
да, ол “мен оны көрдім” немесе – “мен көрген нәрсе мынадай”,
сондай-ақ: “мен Құдайды, абсолютты немесе әлемнің тұңғиығын
көрдім” деп те айта алмайды; оның айта алатыны мынадай нәрсе: “мен көрген нәрсе пайымнан жалтарады”, – ал егер Құдай, аб солют, әлемнің негізі пайымының категориялары болмаса, олар ештеме де емес. Егер мен табандырақ болып: “мен Құдайды көрдім” десем, менің көріп тұрған нәрселерім бірден өзгеріп шыға келеді. Ақылға қонымсыз белгісіздіктің орнында – алдымда жабайы еркіндік түрінде, мені жабайылық пен еркіндікте қалдыратын белгісіздіктің орнында – теологияның өлі объекты пайда болады және белгісіздік соған бағынады, өйткені Құдайдың кейпінде шабыттылықты аша тын қараңғы белгісіздік тұрады және де мені бағындыру міндеті оның өзін мендеп тұрады (теологтың белгіленген шекараны бұза алуы, олардың қажетсіз екенін дәлелдейді; тәжірибе үшін олар алынып тасталуы қажет алғышарт қана болуы мүмкін). Қалай болғанда да, Құдай жан сақтаумен байланысты және сол бір мезетте – жетілген және жетілмеген нәрсенің басқа да қатынастарымен байланысты. Бірақ, тәжірибеде аталған бел гісіздікке қатысты менің сезімім жетілу идеясына (жүзеге асқан құлдыққа, “міндеттілікке”) барынша қарсы болады. ...Басқаша айтқанда, шабыттануға немесе қайран қалуға жалпы тіршілікті драмаландыру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл дра мада өзіне опасыздық жасалса да бәрібір бізді сүйетін (сүйетіні соншалықты ол біз үшін жанын қияды), біздің кінәмізді өтеп, бізді құтқаратын Құдайға деген сенім көп уақыт басты роль ойнайды. Бірақ сенім жоғалғанмен драмаландыру мүмкін болмай қалады дей алмаймыз: шындығында да, ол - Інжілмен тәрбиеленбесе де, шабытқа сол арқылы жеткен басқа халықтарға да белгілі нәрсе. Қалай болған жағдайда да, мына нәрсені айтуға болады: драма ландыруда қандай да бір құндылықтың кілті болады – ол қайсыбір күмәнсіз (шешуші) элемент түрінде көрінеді. Онсыз бұл драма емес, немқұрайлылық болар еді. Айталық, драма бізге жеткен кезде не месе біздегі адами қасиетті оятқан кезде, біз драманы жасап тұрған беделге жолығамыз. (Демек, егер бізде бедел, құндылық бар болса, онда драма да бар, өйткені беделге өте байсалды көзқарас қажет.) ...Лабиринт (немесе адами тіршіліктің композициясы туралы) Адами өмірдің негізіне жетіспеу қағидасы алынған. Әрбір жеке адам басқаларды “болуға” қабілетсіз немесе лайықсыз деп ойлайды.
Емін-еркін айтылған өсек мен сияқтылардың мансапқұмарлығын
жақсы сипаттайды; бір қарағанда түкке тұрмайтын өсек белгісіз
бір биікке соқыр ұмтылысты байқатады.
Кез келген тіршілік иесінің жетілгендігіне оның жақындары
тоқтаусыз дау айтады. Тіпті, сұқтанып қараған көзқарастың
өзінде қандай да бір күдік жатқандай. [“Дана” әспеттеуден гөрі,
төмендетеді; “даналық” идеясы қарапайым болуға кедергі жа
сайды, ең басты нәрсені ақтарып, көңіл қалдыратынның бәрін
жасыруға мәжбүрлейді: “өнері” жоқ “дананы” қалай елесте
туге болады? Мен қарапайым болғым келеді, жетілмеу сезімін
жеңгім келеді. Мен өзімді жетілген адаммын дей алмаймын;
тек қараңғылықта болғандықтан ғана өзімнің “ұмтылысыма”
адалмын.] Қарқылдаған күлкі немесе жек көріп, бетті тыжырайту
менің жасырған жетілмегендігімді білдіріп қоятын кез келген ым
мен, сөйлеммен, қылықпен қатар жүреді.
Түннің бос кеңістігінде адамның жалғыздығы кездейсоқ
байқалған сәтте, әркімнің және бәрінің де алаңдаушылығы
ұлғайып, көбейе түседі. Адам болмаса бәрін де жасырып тұрған
немесе, дұрысы, бәрі жоғалатын түннің де болуы екіталай нәрсе,
ол – тіршіліктің болмауына барабар нағыз мәнсіз нәрсе болар еді.
Бірақ бұл түнде адамның ештеңе тұрмайтынын, олардың түнді
келіспеушілігімен толтыруы бекершілік екенін түсінген кезде
түннің өзі де бостығынан арылады. Алайда, егер мендегі көзге
ұрып тұрған “жеткіліксіздігім” немесе заттардың жетімсіз болуы
ғана емес, сонымен қатар әлемде “болмыс” бар, “болмыстың” бір
нәрсесі қалады деген табанды ұмтылыс болған болса, онда менің
түнімді құдіретті жетілумен толтыратын нәрседен қалай бас тартуға
болады, ал ондай нәрсе мендегі “болмыс” сырқатының көрінісі бо
лып табылады. [Осындай “сырқаттың” біз құдіретті деп атай
тын (құдіретті сырқат) нәрсемен маңызды байланысын мен
енді байқап отырмын, бірақ бұл жағдайда бізді аяқталмағандық
сезіміне бөлейтін мұңға байланысты құдіреттіліктің “жеткілік
ті” болуы мүмкін емес, яғни “аяқталған” нәрсені ойша елестету
де мүмкін емес.]
Әлемдегі болмыстың күмәнді болуы соншалықты, мен оны кез
келген – менен тыс жерге орналастыра аламын. Қайсыбір ебедейсіз
адам ең маңызды деген жұмбақты шешуге шамасы келмей болмыс
ты адами “менге” тұйықтап тастаған. Расында да болмыс еш жерде
жоқ болып шығады, мұның мәні құдіреттіліктің жеке болмыстар
дан құралған пирамида басындағы торға түсіп қалуында. [Алайда,
болмыс “ұстатпайтын нәрсе”, бірақ оны торда адасушылық ұстап
тұр; бұл жағдайда адасушылық пайдасын тигізіп қана қоймай,
ойдың шартына айналады].
Болмыс ешқайда жоқ.
Болмысты адам қандай да бір қарапайым, бөлуге келмейтін эле
ментте тұйықтауы мүмкін еді. Бірақ, “өздіксіз” болмыс жоқ. Өздігі
жоқ қарапайым элемент (электрон) өзіне ештеңені тұйықтай
алмайды. Атауына қарамастан атом күрделі нәрсеге жатады,
бірақ оның күрделілігі де қарапайым ғана біршама қарапайым
болғандықтан атом “өздігі”1 арқылы анықтала алмайды. Со
нымен, қайсыбір болмыс құралатын бөлшектердің саны оның
“өздігінің” құрылысына әсер етеді: егер алдымен сабын, кейін
жүзін ауыстыратын пышақ өздігінен көлеңкесін жоғалтатын бол
са, көптеген жаңа бөлшектері айырбасталып жататын машинаның
жағдайы мүлдем басқаша болады, дәл солай, адам денесінің
құрамы да өзгеріп тұрады (біраз жыл өткен соң біздің ағзамызда
бұрынғы элементтердің біреуі де қалмайды). Мен болмыстың
қайсыбір күрделілігі ой үшін жылдам өтетін көріністен әлдеқайда
үлкен нәрсе болуы мүмкін деп болжай аламын, бірақ ондай үлкен
нәрсе үшін сатылай өсетін күрделілік қандай да бір лабиринт бо
лып табылады және ол соның қараңғылығында жол таппай, мәңгі
жоғалады.
Губка біржасушалылардың тозаңына дейін ұнтақталғанда,
көптеген жеке жәндіктерден құралған тірі тозаң жаңа губкаға
айналады, осылайша жаңа губка қайта жасалады. Жеке алғанда
сифонофордың жалғыз кішкентай бөлігі тәуелсіз атомды құрайды,
бірақ құрамына осы бөлік кіретін тұтас сифонофорды қандай да бір
бірлікті құрайтын болмыстан ажырату қиын. Таспақұрттардан бас
тап (құрттар, жәндіктер, балықтар, рептилиялар, сүтқоректілер),
тіршілік иелері ортақ денемен байланысы бар жиынтық құрау
қабілетінен түбегейлі айырылады. Таспақұрттарға жатпайтын
жәндіктер (сифонофорлар, маржандар) жеке элементтері өзара
берік байланыста болатын шоғырды құрайды, бірақ олар қауымды
құрай алмайды. Ең жоғары сатыда тұрған жануарлардың, керісін
ше, денелері өзара байланыспаса да, олар бірге жүреді; қалай
болғанда да тұрақты қауымға жиналған аралар немесе адамдар
тәуелсіз денеге иелік етеді. Әрине, араның да, адамның да денесі
тәуелсіз болатынына дау жоқ, бірақ олар тәуелсіз жәндіктер ме?
Адамға келер болсақ, олардың тіршілігі тілмен тығыз байла
нысты болады. Әрбір адам қиялдайды, демек тіл арқылы өзінің
тіршілігін таниды. Адамның жеке тіршілігін анықтайтын көптеген адамға тән немесе адамға тән емес болмыстарға толы басына сөздер келе бастайды. Адамның болмысы өздерінің қалауынша өздерін “тәуелсіз болмыс” ретінде көрсететін сөздер арқылы жүзеге асады, ал шын мәнісінде олар “байлаулы болмыс” болып шығады. Қайталанатын сөздердің өзара алмасуын біраз уақыт бақылағаннан кейін, болмыстың лабиринт тәрізденеген көрінісі бірден айқын болады. Білім деп аталатын нәрсе – көрші әйелді көршісінен артық біліп, атайтын басқа кім бар – жәндіктерден жиналатын және өзі құрамына кіретін бөліктері де нақтылы қайсыбір біржолғы жиынтықтардан құралып, бір сәтке пайда бо латын тіршіліктен басқа ештеме де емес (өйткені, кез келген тір шілік қандай да бір композиция құрайды – атомның бірлігі ең қарапайым элементтерден құралады). Кәдуілгі және ұзақ мерзімді өзара байланыстың пайда болуы үшін бірнеше сөйлеммен алма су жеткілікті: осы сәттен бастап, екі тіршілік біршама түрде өзара өтімді болады. Көршінің көрші әйел туралы білетін нәрсесінің кездейсоқ кездесуден айырмашылығы - тура өмір мен ажалдың айырмашылығындай нәрсе. Демек, таным белгілі бір сипаттағы тұрақсыз биологиялық байланыс ретінде көрініс табады – бірақ, бұл байланыстың нақтылығы ұлпа жасушаларының байланысынан еш кем емес. Шынымен-ақ адамдардың өзара қатынасы уақытша айы рылысуды жеңуге құзырлы. [Бұл пікірдегі танымның әлеуметтік байланыстың негізіне алынуы оның осалдығын білдіріп тұрады; шын мәнісінде бәрі бұдан әлдеқайда күрделі және белгілі бір мәнде мүлде бұлай болмай шығады. Жеке адамды басқа адамның тануы - бар болғаны қалдық, мәндік хабардың арқасында (мен бұл жер де хикметті діни әрекетті, құрбан шалуды, киелі саланы айтып тұрмын – таным тіліне осы әрекеттердің әсері күшті) мүмкін болатын қандай да бір тұрпайы байланыстың амалы ғана. Мен киелі нәрседен бастамай, танымнан бастағаным абырой бол ды, өйткені үйреншікті нәрседен бастаған дұрыс. Осыған орай өзімнің ғылыми шатпаққа батқаныма ыза боламын: мұндай түсіндірмелер, нобайы кейін берілетін хабар теориясының ал дында болуы тиіс нәрсе. Адам баласы жалындаған мүмкіндікке толы ұғымды көпшілік мақұлдаған түсініктерге кереғар жүргенде, көпшілік мақұлдаған түсініктерге ғылыми деректер ді қарама-қарсы қойғанда ғана игеретіні, әрине, өкінішті нәрсе. Ғылыми дерексіз ондай күңгірт сезімге, “көпшілік мақұлдаған түсініктерден” айырылған ішкі түйсікке қалай оралуға болаты нын түсіне алмадым.]
Адам баласы – тұрақсыз әрі өзара өрілетін жиынтықтарда әрекет ететін кішкене бөлік. Мұндай жиынтықтар жеке өмірдің композициясын құрайды және соған көптеген мүмкіндіктерді сый лайды (қоғам жеке өмірді жеңілдетеді). Егер таным тұрғысынан келер болсақ, онда жеке адамның тіршілігін жиынтық тіршлігі нен бөліп алу - тар әрі түкке тұрмайтын мәнде ғана жүзеге асуы мүмкін. Тек байланыстардың тұрақсыздығы ғана (бұдан тұрпайы нәрсе бар ма: айырылысу қайсыбір байланыстың қымбаттығына қарамай, оны оп-оңай үзеді, тереңдей береді, мейілінше ұзаққа со зылады) оқшауланған, өзімен-өзі өмір сүруге құзырлы тіршіліктің қиялымен ғана өмір сүруді мүмкін етеді. Жалпы және тұтас алғанда ғаламның кез келген оқшаулануға қабілетті элементі - реттен тыс тұратын жиынтықтың құрамына кіре алатын қайсыбір бөлік ретінде көрініс табады. [Шындығын айтсақ, білетіндердің айтуынша ғалам көптеген галактикалар дан (спираль тәрізді тұмандықтардан) құралады. Галактика сан жетпес жұлдыздардың композициясы болып табылады, бірақ ғалам галактикалардың композициясы ма? (Олардың ұйымдасқан жиынтығы ма?) Түсінудің шегінен тыс жататын мәселе әрқашан өзінен кейін көңілде күлкілі-шерлі дақ қалдырады. Бұл - ғаламға, оның барша тұтастығына қатысты мәселе...] Болмыс – бірашама тәуелсіз бөліктердің жиынтығы. Бұл екі қағида – өзінің құрамындағы элементтерге қатысты трансцендентті және олардың бірашама тәуелсіздігі – кез келген “болмыстың” тіршілігін реттеп тұрады. Осы екі қағидадан үшінші қағида туындайды және ол адамға қатысты салада билігін жүргізеді. Тәуелсіздік пен трансцендентті нәрсе өзгермелі қарама-қарсылығы болмысты екі ұшты жағдайда қалдырады: тәуелсіздікте тұйықталатын әрбір дербес болмыс трансценденттілікте барлық нәрсе болғысы келеді, ең әуелі – өзі дербестікке қадам жасаған композицияның барша тұтастығы болғысы келеді, кейін шамасын білмей, ғаламдық барша тұтастыққа айналғысы келеді. Алғашқыда болмыстың тәуелсіздікке ұмтылған жігері оны жиынтыққа қарама-қарсы қояды, бірақ ол оның құрамына кіруден бас тартып – өзін-өзі жоққа шығарып – солып қалады. Сол кезде болмыс жиынтықтың пайдасына тәуелсіздіктен бас тартады алайда, бұл уақытша нәрсе: тәуелсіздікке ұмтылатын жігер шамалы бір уақытқа ғана әлсірейді, біраздан соң бірден тепе-
теңдікті қалпына келтірген болмыс жиынтыққа өзін және өзіне жиынтықты қайтарып береді. Мұндай дербес болмыс – жеке алғанда қандай да бір бөліктерден құралады, демек, ол қандай да бір нәтиже, күтпеген сәттілік ғаламға тәуелсіздікке ұмтылатын жігер ретінде қосылады. Ол өзінөзі құрап, тіршілік етеді, бірақ басқаларға билігін жүргізгісі келеді. Мұңның әсерімен әлемді бағындырсам деген қиялға бой алдыра ды. Өздік дегеніміз – кішкене ғана бөлік, күтпеген және мүлдем ақылға сыймайтын сәттілік, сөзбе-сөз айтқанда, басқа болуға, яғни барша тұтастық пен қажеттілікті аңсауға үкім шығарылғандай бо лады. Өздікті соңынан ертетін қозғалыс шынға жетем деген тіле гін қоздырып – барған сайын күрделене түсетін композицияларға енгізеді және өң бойына мұң таратып, жоғары өрлеуге бірте-бірте мәжбүрлейді; бірақ ғалам болуға ұмтылған жігер түсініксіз ұшықиыры жоқ нәрсеге бағытталған мағынасыз шақырудан басқа ештеңе де емес. Ұшы-қиыры жоқ нәрсені таныммен қамту мүмкін емес, оны өзінің күмәнділігіне көзін жұмып қарайтын және ізде генін өз үстемдігінің қажеттілігіне тірейтін болмыспен де қамтуға болмайды (адам бүкіл нәрсенің өзегі өзінде болатынын білім арқылы дәлелдеуге талпынғанда білімнің үстемдігі – қажет нәрсе, сондай-ақ ол бәрін өзіне бағындыратын қайыршылық та, әркімді аңдып тұрған аянышты, болмай қоймайтын тағдыр, бірақ біз мұндай қажеттілікті өз білімімізді араластырып, ғаламға тән нәрсе деп есептейміз). Биікке қарай қашу (адамның иеленетін нәрселерінен биік тұратын білім композициясына) “лабиринт” ішінде мүмкін бола тын жолдардың бірі ғана. Бірақ, адасып кетуден қорықпай, “бол мысты” іздегенде жүретін мұндай жолдан қашып құтылу мүмкін де емес. Біздер пана іздеген жалғыздық – жаңа адасушылық. Еш кім де әлеуметтік өмірге қатысудан тыс қала алмайды; әлеуметтік композициядағы әрбір соқпақ биікке, абсолютті білімді иеленуге жетелеп, шексіз биліктің қажеттілігіне айналады. Шаршап, шалдыққанда болмаса, мұндай жолдан бұрылып кете алмайсыз. Бұл жерде бір жеркенішті қиындық бар. Биікке апарар жолда кедергілер кездеседі. Биліктегі жарыс қиналысты қажет ететіні былай тұрсын, ол көбіне түкке тұрмайтын шағыстырулар батпағына батып қалады. Шатасу, күмән, биліктің өзі – бекер нәрсе екенін сезіну, сайып келгенде бірінші төбенің үстінен әлдебір жаңа төбені ойдан шығаратын сарқылмайтын қабілет, міне, лабиринттің ақыл жетпейтін мәнін құрайтын нәрселер осындай. Біз ондай
төбенің қай жерде орналасқанын да айта алмаймыз. (Белгілі бір мәнде ол бағындырылмаған күйінде қалды.) Оны бағындырам деген ынтаның немесе қажеттіліктің әсерінен есін жоғалтқан қайсыбір күдікті адам – басқа жоғары лауазымды замандастары на қарағанда, сол төбеге жақындау барады. Оның баурайында ес сіздік, мұң, қылмыс күзетіп тұрады, бірақ еш нәрсе туралы нақты айтуға болмайды: жалғандық пен ұждансыздық одан алыстатады деп кім айтты? Осылайша күмәндану қорланудың құқықтарын бекітеді, бірақ көбінесе, бір қарағанда дұрыс болып көрінген бағыт айналма жол болып шығады. Өрлеу барысында кездесетін мұндай былықтың тым қатал, дәлірек айтсақ, адамның зәресін алатын сипатына қарап, ешқайда өрлеп шықпаса қайтеді деген ойдың келуі күнә болмас. Оны кешіретін себептер де жетіп артылады. Олай болса, бір немесе бір неше делдалға тағы да сенім артып көрелік: мен биіктен бас тарта мын, оған басқа біреу шығады, мен оған өз билігімді тапсырамын; мұндай бас тарту өзіне айыпсыздықтың артықшылығын сый лайды. Бұдан асқан жамандық жоқ. Мұндай бас тарту қажудың, шарасыздықтың белгісі: іздеген нәрсеміз биік еді, тапқанымыз мұн болып шықты. Шарасыздықтың қуысында болмаса мұңнан қашып құтылу мүмкін емес. Біздің бойымызды “жетілмеу” сезімі қайтадан билеп алады; қуыста тырбаңдап жатуды ұят са нау - билікті басқа біреуге бере салуға түрткі болады (сол мезет те ұяттың ізі де қалмайды). Қажыған және ақылсыз адамдардың бәрі өзінің немқұрайлы болуымен және қажығандығымен ығыр ететіні түсінікті нәрсе: немқұрайлылық пен қажығандық түрлі алаяқтықтың өрісін кеңейтіп, сұмдардың көбеюіне жол ашады. Биіктің жанға бататын аңсауынан құтылу үшін, оның жалғандығын әшкерелеу қажет. Жалқы адам баласы баршаға ортақ болмысқа қалай қол жеткі зеді? Адам айтқысыз қараңғы түн аяқталуға жақын қалған шақта, өмір өз нәрестесін болмыстың бәсіне лақтырып тастайды; сәби екі ересек адамды айналып жүреді: олар оның миына жетілу ту ралы қиялды сіңіреді (сәби үшін олар кішкентай құдай тәрізді болып көрінеді). Есейе келе, адам басқа ортаны шарлай бас тайды: ата-ананы сенімнен айырған кезде біз, басқа адамдарға сеніммен қараймыз. Ересек адам баланың өз жақындарының
тұйықталғандай көрінетін тіршілігінен табатын нәрсесін, өмір
басталып, өркендейтін барлық жерден іздеп, әлек болады. Жалқы
болмыс өзі тәріздес болмыстардың арасында жоғалып кеткенде,
“болмыс” тұтастығына қамқор болуды оның өзегіндегі нәрсеге
тапсырады. Оған ең қарпайым түрдегі бұлдыр сипатын сақтап
тұрған баршаның тіршілігіне “қатысудың” өзі жеткілікті болады.
Адамдардың әлдеқандай орталықтарды табиғи айналуы бір
шама мықты әлеуметтік бірліктердің өмір сүруін анықтап тұрады.
Турасын айтсақ, қала тартылыстың орталығы болып табылады;
гүланалықты жасырып тұратын күлте тәрізденген ежелгі қала,
патшаға немесе құдайға тұйықталады. Бірнеше қала біріккен
кезде, олардың біреуі ғана орталықтың міндетін атқарады және
басқалары оның пайдасына орталық болудан бас тартады; импе
рия үстемдік пен құдіреттілік шоғырланған бір қаланың айнала
сында пайда болады; құдіретті үстем қаланы ғана айналу шалғай
түкпірде жатқан, жалпылық болмыс мүшелері жойылып, сола
бастаған қалалар тіршілігінің кедейленуіне әкеліп соғады. Осы
лайша, бірте-бірте жиынтық композициялар (алдымен қалалар,
кейін империялар) жалпылық болмысқа жетеді (кемінде, соған
ұмтылады).
Жалпыға бірдейлік, бәрібір жалпылық болып қалады, яғни оған
теңесетін еш нәрсе жоқ (империяны жабайылармен теңестіруге
болмайтындай). Жалпылық бәсекені жояды. Тең күштер тіресіп
тұрғанда олардың біреуі басқаның есебінен күшейеді. Алайда,
жеңіске жеткен күш жалғыз қалғанда оған өз тіршілігін анықтауға
көмектесіп тұрған қарсыласы жетіспей тұрады. Болмыс сахнасына
шыққан баршаға ортақ Құдай, жергілікті құдаймен салыстырғанда,
өз қарсыластарымен күресіп жатқан қалаға кепілдік бере алмайды;
ол жалғыз өзі төбеде отырады, оны әлем жалпылығымен оп-оңай
шатастырып алуға болады, ал ол “өздікті” қалауынша анықтай бе
реді. Тарихи тіршіліктің барысында адамдар жалпылыққа айналуға
арналған, бірақ тек өлгенде ғана жалпылық болатын осындай өздік
үшін қызық күрес жүргізеді. [“Ажалы жеткен құдайлар” жалпыға
ортақ құдайларға айналды. Әуелгіде яхудилердің Құдайы “жа
уынгерлер құдайы” болатын. Гегельдің пікірінше, еврейлердің
күйреп, азып-тозуы олардың Құдайын ежелгі құдайлардың жеке,
жануарлық сипатынан бас тартып, тұлғасыздық жағдайға,
әуелгі – нұр жағдайына өтуге мәжбүр еткен екен. Яхудилердің
Құдайы енді әскери тіршілікке сай келмей, баласының өлімі
арқылы шынайы жалпылыққа қол жеткізеді. Шайқас аяқталар
шақта дүниеге келген киелі жалпылық – үзіліс – оның жаңаруын көтере алмады. Жалпыға ортақ құдайлар әлі жеткенше соғыстан осынау ажалды жалпылықтың ұмытылуын қалады. Алла Тағала жаугершілік рухты қолдап, өзін-өзі құрбан етуден құтқарды. Ол христиандық Құдайдың жалғыздығын бұзды: оны соғысуға мәжбүрледі. Соғыстан бас тартқан кезде ислам солып қалады және сол мезетте христиандық Шіркеуі де әлсірейді.] Жетілуді іздеген кезде, тіршілікті қандай да бір нүктеге тұйықтауға ұмтылған кездегідей адасушылықтың әсері байқалады: біз жетілмеуден басқа ешнәрсені тұйықтай да, таба да алмаймыз. Біз өзімізден Құдайды іздейміз, бірақ сол Құдай тіріле бастағанда, ол өзін өлтіруді талап етеді; біз Құдайды өлтіргенде ғана Оны тани аламыз. [Адамның тірі қалуы үшін қажет, аяқталмайтын құрбандық; біз Оны мәңгіге керіп тастадық, сонда да құдайдың құтты күні біз Оны керудеміз. Құдайдың өзі кереді. “Құдай, – дейді Фолиньодан шыққан Анжела (LV тарау), – өзінің сүйікті ұлын, ол ешқашан білмеген және ешкім ешқашан біле алмай тын қайыршылықпен сынады. Бірақ Болмыстың бәрі соның иелігінде. Ол бүкіл бар нәрсеге, субстанцияға ие және оның одан ажырағысыз болуын адам сөзбен айтып жеткізе алмайды. Солай бола тұра субстанция мүлде оның өзінікі болмайтындай, Құдай оны қайыршы етті”. “...оның одан ажырағысыз болуын адам сөзбен айтып жеткізе алмайды...” – қандай қызық сөйлем! Со нымен, “өздік субстанциясы” “иелігінде болу” тек қана “сөз” жүзінде ғана болады, ал мистикалық тәжірибе, көру – сөзден жоғары тұрады және ондай сөз оларды тек қайта жасай ала ды. Дегенмен де, тәжірибе мен көру ұмтылатын жағдайдан тыс нәрсе, таза пайымдық категория болатын иеліктен емес, “оны қайыршы еткен Құдаймен” сәйкестендіріледі екен. Иелікте болу көрудің парадоксальды екенін әсірелеу үшін ғана керек екен.] Адам баласының өмірі қараңғыда адаса бастаған кезде, биіктің жалғандығы өте жақсы көрініп тұрады. Алдау қажеттілігі – тәуелсіз адами тіршілікті әлемге өзінің құндылықтарын телуге итерме леп тұратын қажеттілік, – өмір тәртібінің бірден бұзылуына әкеп соғады. Ең әуелі, төбемен үзілді-кесілді қол үзудің алдында адам ды – жетілуге ұмтылу жігері ғана емес, сондай-ақ жетілмеуге деген қандай да бір жасқаншақ, күмәнді әуестік сипаттап тұрады. Біздің тіршілігіміз – болмысты аяқтауға деген (аяқталған бол мыс жалпылыққа жеткен өзіндік болмыс болар еді) әбден торыққан талпыныс. Бізге сол талпынысты жасау бұйырмаған екен, біз шы
дап бағамыз: ол бізді қараңғылықта адасуға мәжбүрлейді, алай
да өмірде адасушылық аз ба! Біздің шексіз тіршілік етуге деген
өзіміздің қалауымзға еркіндік беруге батылдығымыз жетпейді – ол
бізде үрей тудырады. Бірақ, біздің қайыршылығымыз өзін жарқырап
көрсеткен сәтте пайда болатын қатал қуаныш сезімі, одан да асып
түсетін үрейге жолықтырады.
Болмыс жалпылыққа қол жеткізген биікке өрлеп шығу – күрделі
композиция болып табылады және ондағы орталық, жігердің
айналасындағы элементтерді өз заңына бағындырады. Жетілуді
аңсайтын ең әлді деген жігер, әлсіздеу жігерлерді жетілмеудің
жағына қарай тынбай лақтырумен болады. Жетілмеу тек қана
биікте ашылмайды, ол композиция орталығынан өзін құрайтын
бөліктерді ығыстырған кезде де қылаң береді. Егер жетілмеуге
бой алдырған болмыс жетілуге деген ұмтылысын сақтаған бол
са, ол биіктен дәмелі болады, бірақ сәттілік өз жағында болған
және сәтсіздіктің дәмін татпаған ондай тіршілікті сыртынан ғана
пайымдайды: жалпылыққа айналу ынтасы бойын билеген өзіндік
болмыс биікке жеткенде, өзінен басқа ешкімге де трагикалық бола
алмайды; оның әлсіздігі білініп қалғанда өздік болмыс “күлкілі”
күйге түседі (соңғы жағдайда оның өзіне-өзі шыдамы жетпейді;
әлсіздігін білген кезде өзінің ұмтылысынан бас тартып, оны ең
әлдіге тапсыру қажет болғанда - оны биікте жүзеге асыру мүмкін
еместігі айқындалады).
Адамдар құрастыратын композицияда биліктің бәрі айнала
сындағы элементтерді бейшара күйге түсіретін орталықтың қолында
болады. Тек орталық қана күрделі әрі өз құрамындағылардан
артықшылығы бар болмысты білдіріп тұрады. Өз иелігіндегі
жиынтықта ол белгілі бір дәрежеде қасында жатқан аймақтарға
(әлсіздеу орталығы болатын) да таралатын тартылыс күшін өз
пайдасына асырады. Тартылыс билігі құрамындағыларды кедей
лендіреді. Қалалар астананың пайдасына бірте-бірте ойрандалады
(диалектінің күлкілі көрінуі).
Кенеттен болатын ауысулар, төмендеулер күлкі шақырады. Мен
орындықты жылжытуым мұң еді... байыпты мырзаның жеткіліктігі
оның түпкілікті жетілмегендігіне орын бере қояды (өтірікшілерге
осындайды жиі қолданады). Бірақ, қалай болғанда да, өзім осылай
құлағанда қуанамын. Күлгенде мен өз салмақтылығыммен қош ай
тысамын. Жеткілікті болуды күйттеуден бас тартқанда, мен өзімді
біртүрлі жеңіл сезінемін. Бірақ, шындығына келгенде, ол мені
алаңдатуын қоймайды. Егер маған ешқандай қауіп болмағанда
ғана, мен одан құтыла аламын. Мен сәтсіздігі өзімнің жеткілікті болуға жұмсайтын күшіме дақ түсірмейтін адамға күлемін, өзін кім деп қиялдағанын құдай білетін және нағыз тіршіліктің жақсы атына кір келтірген (оның мәнерлерін маймылша қайталаған) бейшара кейіпкерге күлемін. Ең бақытты күлкі – сәби күлкісі. Өйткені бала есейеді, ал оның бойындағы маған күлкілі көрінген жеткіліксіздіктің орнын ересектердің жеткіліктілігі басатынын (әр нәрсе өз уақытында) мен біліп тұрмын. Баланың өмірі жеткіліксіз дік тұңғиығына алаңсыз қаруға себеп болады. Бірақ, күлкі де есейеді, күн сайын емес, сағат сайын өседі. Күлкінің бейкүнә түрі әлеуметтік композицияның ұмтылысымен тұспа-тұс келеді. Ол оны қолдайды, күшейтеді (ол ең әлсіз деген құрамындағыларды ысырып тастайды), күлкі өзі ынтымақты ет кен адамдардың композициясын анықтап тұрады. Бірақ, күлкі тіршіліктің ең шеткі өңірлерін ғана қамтиды; күлкілі көрінетіндер ақымақтар не балалар (іші қуыс жәндіктер – өткен немесе әлі); дегенмен де, бір сәтте ол әкесіне немесе орталыққа жанама түрде тиеді - әкесі немесе орталық өздерінің жеткіліксіз екенін білдіріп қойса. (Бұл екі жағдайда да бірдей позиция күлкілі – жеткілікті болуға жөнсіз ұмтылу). Мұндай жанама тиюдің немесе толық төңкерістің болмай қоймауының көп мағыналылығы соншалықты, оның уақыт арқылы киелі саналмауы мүмкін емес еді – кез келген әлеуметтік композицияға қарсы салмақ ретінде оның негіздерін қирату мүмкіндігі бар болады; мұндай мүмкіндіктің жол-жораға да әсері бар: сатурналиялар мен карнавалдарда жоғарғы және төменгі нәрсенің орыны ауысады. [Ол жеткілікті түрде осындай жол-жораны анықтайтын сезімнің бататын тереңдігінде де, сондай-ақ көптеген карнавалдық тақырыптың билеушіні жолжоралық түрде өлтіру тақырыптарымен киелі байланысында айқын сезіледі.] Пирамидамен салыстырғанда әлеуметтік композиция орталық тың, биіктің үстемдігі ретінде көрінеді (әрине, мұндай сұлба тұрпайылау, дәл емес те). Төбе өз негізін үнемі бейшаралық хал де ұстайды, күлкі толқындары пирамиданың жоғары жағынан ылдилап, басқадан төмен қойылғанның жеткілікті болуға деген ұмтылысына дау айтып, құлап жатады. Бірақ төбеден құлаған толқындар легі кейін қайтады, енді пирамиданың бойымен төменнен жоғарыға қарай басқа тізбек жүгіреді – осы ретте жоғары лауазымды адамдардың жеткіліктілігі сынға түседі. Біразға дейін мұндай кері кеткен қозғалыс төбеге жетпейді, бірақ ерте ме, кеш
пе, оның да кезегі келеді. Расымен-ақ, қайсыбір мәнде жұқпалы тартылыс сансыз болмысты тұншықтыра бастайды: шындығына келсек, күлкі ешкімді тұншықтырмайды, бірақ күлкіден ішексілесі қатқан тобырды көрген кезде ше (бір қарағанда ешқашан түгелімен көрінбейтін)? Мен жаңа айтып кеткендей төбенің де ке зегі келеді. Бірақ, дау айту ағымы төбеден асатын кезде, қара түнде Құдайдың да ажалы жетеді. Төбенің жырықтығын толық ашатын ақиқатты күлкі тани ды: болмысты тоқтататын біздің жігерімізге лағынет айтылған. Жеңіл-желпі бұзылған көңіл-күйдің бетінен күлкі сырғып бара жатады; жырық түпсіз тұңғиыққа айналады. Түпсіз тұңғиықты да, бұзылған көңіл-күйді де сол баяғы қуыс билеп тұр: болмыстың бекершілігі. Болмыс біздің ішімізде желдей желіп жүреді, оны ұстай алмайсың, ол әрқашан жетпей тұрады, өйткені біз оны өздік болмысқа тұйықтағымыз келеді, ал шын мәнісіндегі болмыс ұшықиыры жоқ нәрсені қамтуға ұмтылатын – ынта – қажеттілік болып табылады. Комедияның бүкіл мәнін түсінген кезде де, ештемені өзгертуге болмайды. Әртүрлі айланы қолдансақ та (қорлану, өзінен бас тарту, зерденің құдыреттілігіне сену), біз батпаққа бойлай бе реміз. Адамды жеткіліксіздік сезімінен арылтуға көмектесетін неме се шексіз ұмтылыстардан бас тартқызатын ешқандай нәрсе жоқ. Қашуға деген қалау – адам болудан үрейленудің белгісі; бұдан екіжүзділік пайда болады. Мәселенің бәрі адамның адам болуға батылы жетпеуіне тіреледі. [Бұл мәнде біздегі адами тіршілік енді-енді қалыптаса бастады, біз әлі толық адам емеспіз.] Бұл жерде ымыраның иісі де жоқ: болмай қоймайтын түрде адам өзін жоғалтпай, өзідік болмысын ұстанып, барлық нәрсе болуға ұмтылуы қажет. Осыны сезінгенде ол өзіне-өзі күлкілі болып көрінеді; демек, ол күлкілі болуды қалауы керек. Өйткені ол адам болғандықтан ғана күлкілі болады (бұл жердегі әңгіме кінәнің бәрі соларға артылатын комедиялық кейіпкерлер жайында емес), бұдан қашып құтылуға болмайды. [Бұдан мұңлы өзінен-өзі ыдырау, түпкілікті үйлесімсіздік пен сәйкессіздік – оларға шыдамдылықпен қарау керек және оларды жөнге шақырудың қажеті жоқ]. Ең әуелі бұдан қашуға болмайды. Адам жалғыз өзі болуға, со нымен қатар, барлығы да боламын деген жігеріне сай күресуі керек. Күресетін адам күлкілі де, трагикалық та емес, ондағы нәрсенің
бәрі көтерінкі күйде болады, ол өз жігерін білдіретін әрекетке бәрін де бағындырады (демек, ол моральға, өкімге сай өмір сүруі қажет). Бірақ бұл жерде бір қитұрқылықтың болуы мүмкін. Адам, көз алдында күрделеніп бара жатқан композиция үшін күреседі және осы мәнде толығымен баршаға ортақ болмысқа жету қиындай түседі. Бірақ шайқастарда қол жеткізген жеңістері баршаға ортақ нәрсеге жақындата түседі (адам өмірінің ерекше бірлестіктерде өтуі, оның баршаға ортақ құндылыққа айналуын жеңілдетеді). Бірақ шайқастар аяқталған кезде – немесе өмір олар дан бас тартқанда адамды асқан жалғыздық сезімі билейді, ал барлық нәрсе болуға ұмтылған жігері оны жан-жаққа тартады. Сол кезде ол өзіне күші барабар жаумен емес, ештеменің өзімен шайқасады. Бұл шайқаста ол өзін Тілшіидадағы бұқамен салыс тырса да болады: ол біресе жасырынған ажалды әлсіздікке бой алдырып, жануарларға тән бейқамдыққа салынады, біресе елес тәрізденген тореадордың оның көз алдына ашып тастаған қуысқа қарай құтырына ұмтылады. Бірақ ол шабуылдаған қуыс құбыжық ретінде осы күнәні опоңай мойнына алып, өзі некелескен жалаңаштық болып шығады. Адам айуан тәрізді ештеменің ойыншығы болуын доғарады, ештеменің өзі ол үшін ойыншыққа айналады – өзін өлтіретін қуыстан мас болған кезде шығатын күлкісімен жарық түсірген адам, ештеменің түнегіне құлап бара жатады. 1936, ақпан. Түсініктеме Салыс.: Paul Langevіn. La notіon de corpuscules et d’atomes. Parіs, Hermann, 1934, p.35 Батай Ж. Внутренний опыт. Санкт-Петербург. АХІОМА//МИФРИЛ. 1997. С. 17-19, 29, 154-174.
Ричард РОРТИ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫҢ АЙНАСЫ
Жетінші тарау
...Эпистемологиядан герменевтикаға дейін
Өлшемдестік және әңгіме
Мен (үшінші тарауда) таным теориясының қажеттілігі, ілік
ретінде пайдалануға болатын “негіздерді”, шегінен асып кеткен
де адасуға болмайтын қаңқаны, өзін-өзі ұсынып тұратын объек
тілерді, терістеуге келмейтін репрезентацияларды табуға қандай
да бір шектеу қажеттілігі болып табылады дегенді айтқан едім.
Мен “эпистемологиялық бихевиоризм” деп аталатын негіз
дерді табуға қарсы уәждерді елестеткенде, Куайн мен Селларс
эпистемологияның бұдан артық, жаңа “бихевиористік” түрін
жасауға қабілетті екенін болжамаған да едім. Олар біз қарсы тұру
және төтеп беру қалауынан арылғанда жағдайдың қалай өзгеретінін
бізге көрсетіп берді. Негіздерімен қоса эпистемология қайтыс
болғанда олардың орны бос қалды және көпшілік сезгендей, оны
бірнәрсемен толтыру қажет еді. Бесінші және алтыншы тарауда
мен толтырудың осындай әртүрлі талпыныстарын сынаған едім.
Бұл тарауда мен герменевтика туралы айтайын деп отырмын және
әуелден-ақ бұл мәселені айқындағым келеді: мен герменевтиканы
эпистемологиялық бағытта болған филсофиядан қалған мәдени бос
орынды толтыратын әрекет ретінде, “эпистемологияның мұрагері”
ретінде ұсынайын деп отырған жоқпын. Менің түсінігімде “гер
меневтика” – пәннің атауы емес және де эпистемология қол жет
кізе алмаған нәтижелерді алатын кандай да бір нәтижеге жет
кізетін тәсіл де емес, тіпті, зерттеулердің бағдарламасы да емес.
Керісінше, герменевтика – эпистемологиядан кейін қалған мәдени
кеңістік толтырылмайды және біздің мәдениетте қарама-қарсы
қою және төтеп беру деген енді болмайды деген үміттің көрінісі.
Тұрақты бейтарап қаңқа бар және оның “құрылымын” философия
жеткізе алады дегенге саятын түсінік – объектілер ақылға қарама-
қарсы (confront) немесе зерттеуді тежеп тұрған ережелер барлық
дискурстар үшін бірдей, ең кемі, аталған тықырып бойынша әрбір
дискурсқа бірдей деген түсінікке барабар. Сонымен, эпистемоло
гия негізіне аталған дискурстағы үлестердің бәрі өлшемдес деген
болжам алынады. Ал герменевтика болса, мұндай болжамға қарсы
тұрады.
Мен “өлшемдестікті” пікірлер арасында жанжал1 туындайтын
жерде рационалды келісімге қол жеткізудің амалын таба алатын
ережелердің бір көптіктегі мүмкіндігі деп түсінем. Мұндай ере
желер басқа барлық келіспеушіліктерді “бейкогнитивті” ретінде
немесе жай сөз ретінде немесе уақытша нәрсе ретінде қабылдап,
келешектегі әрекет барысында шешілуі мүмкін идеалды жағдайды
қалай жасауға болатынын бізге жеткізіп тұрады. Тартысты шешу
қажет болған жағдайда жасалатын әрекет туралы келісімнің
болуы өте маңызды. Сол кезде сұхбаттасушылар бір-бірінің
рационалдылығын уақытша қанағат тұтып, келіспейтін нәрселерге
келісуі мүмкін. Рационалды, толығымен адамгершіл болу үшін,
тиісті әрекеттерді жасау үшін, бізге басқа адамдармен келісім
табу қабілеттің болуы қажет деген ұғым – эпистемологияның ба
сым ұғымы. Эпистемологияны құрастыру дегеніміз – басқамен
ортақ болу үшін максималды негіздерді табу. Эпистемология
ны құрастыру мүмкін деген болжам, мұндай негіздер бар деген
болжам. Кейде, бұл негіздер бізден тыс орналасуы мүмкін деген
пікір айтылып қалады – мысалы, Қалыптасу патшалығына қарама-
қарсы Болмыс патшалығындағы зерттеуді бағыттап тұратын және
сол мезгілде оның мақсаты болып табылатын Формаларда. Кей
де олар біздің ішімізде орналасады деп саналады, мысалы ХVІІ
ғасырдың түсініктеріне сай, біз өзіміздің ақылымызды түсіну
арқылы ақиқатты іздеудің дұрыс тәсілін түсіне алар едік. Олар
ды аналитикалық философия болжамға сай кез келген мүмкін
мазмұнды әмбебап сұлбамен қамтамасыз ететін тілде жиі орна
ластырады. Мұндай жалпы негіздемелер жоқ деген болжам бо
луы – рационалдылықа кауіп төнгеннің белгісі. Өлшемдестіктің
қажеттілігіне күмән келтіру – баршаның бәріне қарсы соғысқа ора
луына алғашқы қадам жасаумен бірдей нәрсе. Айталық, мысалы
Кунға немесе Фейерабендке деген жалпы көзқарас, олардың наси
хаттан гөрі күшті қолдануды дәріптеуін білдіріп тұрады.
Біз Дьюи, Виттгенштейн, Куайн, Селларс және Дэвидсоннан
табатын таным мен мағынаның негіздемеге қарсы бағытталған
холистикалық, прагматикалық түсіндірмелеріне көптеген философ
тар бірдей қарсы шығады, өйткені жоғарыда аталған философтар
өлшемдестікті іздеуден бас тартқан, сондықтан олар “релятивис
терге” айналған. Егер біз танымдық пікірлер туралы пайымдар
ды жасау үшін негіздемелердің болуын жоққа шығарар болсақ, онда рационалдылықтың күзетшісі ретіндегі философ жайындағы түсінікке қауіп төнетін сияқты болады. Жалпы, егер біз эпистемо логия сияқты нәрсе жоқ және мысалы, эмпириялық психология немесе тіл философиясы сияқты ешқандай суррогат оны алмасты ра алмайды десек, онда рационалды келісім немесе келіспеушілік сияқты нәрсе де болмайды деуге де тура келеді. Холистикалық тео риялар әркімге дербес кіші бүтін нәрсесін – өзінің кіші парадигма сын, өзінің кіші тілдік ойынын құрастыру және соларға бауырлап ену құқығын береді. Менімше, эпистемология немесе қандай да бір оның мұрасы ретіндегі пән мәдениетке қажет деген көзқарас, философ ойнауы мүмкін екі рольді шатастырып алған. Оның біріншісі – ақпаратты иеленетін дилетанттың, полиграмматиктің, әртүрлі дискурстардың арасындағы сократикалық делдалдың ролі. Оның салонында деп аталатын жерде, герменевтикалық ойшылдардан олардың өзіне жеткілікті тәжірибелері тергеледі. Пәндер мен дискурстардың арасындағы келіспеушіліктер әңгіме барысында тегістеледі немесе жойылады. Екіншісі – барлық нәрсенің жалпы негіздемелерін игер ген қараушының ролі, бұл – басқалары білсе де, білмесе де, олар шын мәнінде немен айналысатыны туралы бәрін білетін, өйткені олардың түпкілікті контекст (Формалар, Ақыл, Тіл) шеңберінде жа сайтын нәрселері туралы бәрін білетін Платон философ-патшаның ролі. Бірінші роль герменевтикаға, екіншісі – эпистемоогияға тән. Герменевтика әртүрлі дискурстардың арасындағы қатынасты, бо луы мүмкін әңгімеде мәселенің бөліктері арасындағы қатынас ретінде қарастырады және мұндай әңгімеде қатысушылардың ба сын біріктіретін пәндік матрица жоқ, бірақ әңгіме жалғасқанша дейін келісім жасауға деген үміт үзілмейді. Бұл бұрын болған жалпы негіздеменің ашылуын күтетін үміт емес, келісім жасауға немесе толғандыратын әрі жемісті келіспеушілікке деген жай ғана үміт. Келісім жасауға деген үмітті эпистемология жалпы негіздеменің белгісі ретінде қарастырады және ондай жалпы негіз деме сөйлеушілерге шынымен-ақ белгісіз болса да, оларды ортақ рационалдылықта біріктіріп тұрады. Герменевтика тұрғысынан ра ционалды болу – әңгімелердің барлық мүмкін нәтижелері сыйып кетуі тиіс терминдердің арнайы көптігі және ол сұхбаттасушының жаргонын өзінікіне аудармай, игеріп алуды қалау керек деген көзқарастан эпистемологиядан арылғысы келуді білдіреді. Эпис темология тұрғысынан рационалды болу – келісім мүмкін болуы
үшін барлық нәтижелер соған енгізілетін көптеген сәйкесетін тер миндер көптігін табу деген сөз. Эпистемология шеңберінде әңгіме – көмескі зерттеу болып табылады. Герменевтика шеңберінде зерттеу – жаңаға жаны қас әңгіме. Эпистемология әңгімеге қатысушыларды, Оукшотт unіversіtas деп атайтын нәрсе арқылы бірігетін адамдар ретінде қарастырады, яғни бұл – ортақ мақсатқа жетуді көздейтін өзара жақын мүдделері арқылы бірігетін топ. Герменевтика болса, оларды өзі socіetas деп атайтын нәрсе арқылы бірігетін топ ретінде қарастырады, – яғни, олар өмірлік жолы қиылысатын адамдар және оларды ортақ мақсат та, тіпті ортақ негіздеме де емес, сыпайылық қана біріктіріп тұрады2. Менің эпистемология мен герменевтика деген терминдерді өзара идеалды түрде қарама-қарсы терминдер ретінде пайдалануым зорлық болып көрінуі мүмкін. Мен мұндай қарама-қарсылықты холизм мен “герменевтикалық шеңбердің” арасындағы белгілі бір байланысқа жүгіну арқылы ақтауға талпыныс жасағым келеді. Дәлме-дәл репрезентация ретінде болатын таным ұғымы қандай да бір репрезентациялар, белгілі бір сөйлемдер, белгілі бір “про цестер” – “негізгі”, “артықшылығы бар” және “негіздемелік сипат ты иеленетін” болады деген түсінікке табиғи жолмен жетелейді. Бұл түсініктің сынын мен алдыңғы тарауларда берген едім, ал қазір оны холистикалық аргументтер арқылы мынадай түрде бе руге болады: базистік элементтерді оқшаулауға шамамыз келмей ді, бірақ бұл осы элементтер құрамына енетін бүкіл құрылымның априорлық танымының базисысына қатысты емес. Сонымен, біз “дәлме-дәл репрезентациялау” (элементтерге жіктеп) ұғымын тәжірибені сәтті аяқтау ұғымының орнына қоя алмаймыз. Біздің элементтерді таңдауымызды элементтерден “рационалды қайта жа сауды” “мүмкін ететін” тәжірибе емес, біздің тәжірибені түсінуіміз анықтап тұрады. Дәлелдеудің мұндай холистикалық желісі біздің “герменевтикалық шеңберден” ешқашан құтыла алмайтынымыз туралы, яғни барлық нәрсенің қалай жұмыс жасайтынын білмей інше бөтен мәдениеттің, тәжірибенің, теорияның, тілдің және т.б. бөліктерін түсіне алмайтынымыз туралы және бөліктерді түсінбей тұтас нәрсенің жұмысын иегере алмайтынымыз туралы айтып тұр. Түсіндірудің мұндай түсінігі – ұғынуды дәлелден гөрі адамды бір те-бірте тану сияқты нәрсеге көбірек ұқсатады. Екі жағдайда да біз, осыған дейін бізге жат болып келген заттарды игеру кезеңіне жақындағанша, нақты пайымдардың немесе басқа да оқиғалардың сипатталуы жөніндегі жорамалдар мен жалпы жағдай туралы жора
малдар арасында әрі-бері жүріп, әурелге түсеміз. Мәдениеттің негізде меге тұрғызылатын құрылымы ретіндегі емес, әңгіме ретіндегі түсінігі герменевтиканың таным туралы түсінігіне толығымен сай келеді, өйткені бейтаныс адамдармен әңгіме құру – жаңа ізгіліктерді иелену немесе үлгілерге еліктеу арқылы айланы игеру жағдайындағы сияқты επιστήμη-тің емес, φρόυησιξ-тің жұмысы болып табылады. Герменевтика мен эпистемологияның арасындағы арақатынасты түсіндірудің үйреншікті тәсілі олардың өзара мәдениетті бөлісу қажеттігі туралы болжам болып шығады және бұл жерде эпис темология күрделі әрі маңызды “танымдық” бөлігін (біздің рационалдылық алдында міндеттеріміз бар бөлік) қамқорлығына алуы қажет, ал герменевтика – қалғандарына қамқоршы болады. Мұндай бөлісудің астарындағы идея білімді тура мағынасында – επιστήμη – λόγοξ-ты иеленуі қажет және λόγοξ өлешемдестік тәсілінің ашылуы арқылы ғана берілуі мүмкін дегенді білдіреді. Өлшемдестік туралы идея “шынайы танымдық қабілет” ұғымы негізінде қаланады, сондықтан эпистемологиялық қамқорлыққа алынудың қажеті қанша деген сұрақ “талғамға” немесе “пікір ге” байланысты болады. Сондай-ақ, керісінше, эпистемология өлшемдес деп қарастыра алмайтын нәрсеге “субъективті” деген айдар тағыла салады. Кунның ғылымдағы “революциялық” өзгерістер туралы мы салдары, оның өзінің айтуынша, герменевтиктер меншіктеп алған жағдайлар болатын – кейбір ғалымның айтып тұрғаны ақымақтық болып естілетіні соншалықты, тіпті оны дұрыс түсінгенімізге сенудың өзі қиын еді. Кун студенттерге мынадай ережені ұсынғанын айтады3: Маңызды ойшылдың еңбектерін оқыған кезде, ең алдымен мәтіннен сандырақ нәрсені іздеңдер, одан кейін өздеріне осындай зерделі адам мұндай нәрсені қалай жазған деген сұрақ қойындар. Сіздер жауабын тапқан кезде, ...мәтіндегі аталған бөліктер мәнге ие болғанда, сіздер соның алдында түсінікті болып көрінген бөліктердің мағынасы өзгеріп кеткенін байқайсыздар. Одан әрі, Кун мұндай ережеге тарихшыларды үйретудің қажеті жоқ екенін айтады, өйткені олар “саналы немесе санасыз түрде герменевтикалық тәсілді қолданады”. Бірақ, Кунның мұндай ере жені ұстанатыны эпистемологиялық дәстүрде еңбектеніп жүрген соң, мысалы Аристотель мен Ньютонды өлшемдес ететін бей тарап сұлба терминдерін қолданып, ойлауға міндетті (“бақылау тілі”, “сәйкестік заңдары” және т.б.) ғылымның философтарын
алаңдатты. Олардың пікірінше, мұндай сұлба жұмбақтарды ше
шуде герменевтикалық жұмысты қажетсіз ету үшін қолданылуы
мүмкін еді. Сәтті түсіндірудің әртүрлі парадигмасына ие болатын
немесе бірдей пәндік матрицаны қолдамайтын немесе осы екеуін
де4 қолдамайтын ғалымдар топтарының арасында өлшемдестік
жоқ деген Кунның пікірі сондай бірқатар философтарға ғылымдағы
теорияны таңдау ұғымына төнген қауіп болып көрінді. Өйткені
“ғылым философиясы” – эпистемология логикалық эмпиристер
арасында жасырынып жүргенде қабылдаған атау – өзін теория
таңдаудың алгоритмі ретінде қарастырып келген еді.
Мұндай алгоритмнің болуы post factum-ды және вигтік түрдегі
алгоритмді (эпистемологияны сөздіктің немесе ғылыми пікір сай
ыста жеңген тараптың болжамы негізінде құрастырған алгоритм)
есепке алмағанда, мүмкін емес дейтін Кунның пікірі, оның өзінің
“идеалистік” сарындағы толықтыруының көлеңкесінде қалады.
Әртүрлі теорияларды жақтаушылар өз дәлелдерін ұсына алатын
“бақылаудың бейтарап тілі” теорияларды таңдағанда аса пайдалы
болмайды деу бір нәрсе де, ал әртүрлі теорияларды жақтаушылар
“әртүрлі заттарды көретіндіктен” немесе “әртүрлі әлемдерде
өмір сүретіндіктен” мұндай тілдің болуы мүмкін емес деу мүлде
басқа нәрсе. Өкінішке орай, Күн аса маңызды болмайтын осы тек
тес ескертпелер жасады, ал философтар оларға қызымырлықпен
шүйлікті. Кун, парадигма ауысқанда “қоршаған ортаның болмысы
және қабылдау механизмі бірден мәңгіге анықтайтын ғалымдардың
бақылауды түсіндіруі ғана” өзгереді деген дәстүрлі пікірге қарсы
шығуға талпынған еді5. Бірақ, мұндай пікір, қарастыратын
нәтижелері әрқашан екі жақтың да құптауына лайықты термин
дермен тұжырымдауға келетін болса (“сұйық зат қаралау болып
көрінеді”, “меңзер онға қарай теңселді” немесе, кем дегенде,
“қызара бөрткен жер!”), зиянсыз болар еді. Кун мұндай зиянсыз
тілдің қолжетерлігі теорияны алгоритмдік тәсіл арқылы таңдаған
кезде пайдасыз екенін, яғни сот кезінде алгоритмнің көмегімен
кінәлау, не ақтау туралы шешім қабылдаудан (сол себептермен)
пайдалы еместігін көрсетумен шектелуі қажет еді. Мәселенің бәрі
мұндай проблемаларды шешкенде тиімді болатын жалғыз тіл мен
бейтарап тіл арасындағы үзілістің, “мағына постулаттары” арқылы
немесе дәстүрлі эмпириялық эпистемология арқа сүйейтін кез кел
ген басқа мифологиялық мәндер арқылы жеңу үшін тым ұлғайып
кетуіне байланысты болып отыр.
Кун эпистемологиялық жобаны мүлдем лақтырып тастауы қажет
еді. Бірақ олай істеудің орнына ол, “дәстүрлі эпистемологиялық
парадигманың өміршең баламасына”6 үндеу тастап, ең болмағанда,
“біз басқа әлемдегі ғалымның [революциядан кейін] болашақ
еңбегін” еске түсіретін “сөйлемдерді пайымдауға үйренуіміз ке
рек” дегенді айтады. Сондай-ақ ол “Аристотель мен Галилей
тастардың тербелісіне қараған кезде, біріншісі шыңжыр ұстап
қалатын құлауды көрсе, екіншісі маятникті көрген” және “маятник
тер гештальттың ауыстырылуына өте ұқсас келетін парадигманың
өзгеруінен пайда болады” деген тұжырымдарға мағына үстеуіміз
қажет деп есептеген. Осындай ескертпелердің сәтсіз салдарынан
осындай маятник реализм мен идеализм арасында қайтадан тербе
ле бастайды. Дәстүрлі эмпиризмге тән шатасуды болдырмау үшін
бізге жоғарыда аталған тұтас ығысудан және маятник туралы ес
кертпеден кейін адамдардың ешқандай аралық қорытынды жаса
май-ақ сенсорлық ынталандыруға жауап қайтара бастаған дерегі
де жеткілікті. “Декарт ұсынған және ньютондық динамика түрінде
одан әрі дамытылған философиялық парадигманың маңызды
бөлігі” жойылу тиіс деген пікірді Кун дұрыс айтқан, бірақ ол
өзінің “философиялық парадигма” түсінігін кантшыл түсінікке
бағынышты етеді, ал ондай түсінік бойынша сәтті бейнеленудің
шынайы түсіндірілуін тек бейнеленетін әлемнің көнгіштігі тура
лы идеалистік түсіндіру ғана алмастыра алады. Бізге іс жүзінде,
егер тілді таңдауымыз лайламаған нақты деректерге қол жеткі
зетін болсақ, онда біз “негіздемелерге” арқа сүйеп рационалды
таңдау жасаған болар едік деген алғышарттары бар “деректер мен
түсіндірулер” туралы түсініктен бас тарту қажет болады. Бірақ біз
эпистемологиядағы идеалистерден гөрі, бихевиористер болғанда
ғана мұндай түсініктен тез арылатын боламыз. Герменевтика
жоғарғы биліктің жаңа парадигмасына зәру болатын либеральды
саяси ой тәрізді жаңа эпистемологиялық парадигмаға зәру емес.
Герменевтика – біз эпистемолог болмаған кезде алатын нәрсе бо
лып табылады.
Кунның “жанама” идеализмін ескермеген жағдайда, біз оның
теорияларды таңдаудың ешқандай алгоритм жоқ деген пікіріне ден
қоямыз. Бұл, оны сынайтындарға, ол әрбір ғалымға өзінің жеке па
радигмасын жасап алуға, одан кейін сол парадигмасы шеңберінде
шынайылық пен рационалдылықты анықтауға мүмкіндік береді
деп сынауға негіз болған – мұндай сын кез келген негіздемесі
жоқ танымның холистикалық теориясының серігі болатынын мен
жоғарыда айтқан едім. Сонымен, Кун былай деп жазады:
“Парадигманы игергенде ғалым өзара тығыз байланысатын те орияны, тәсілдерді және стандарттарды бірден иегеріп алады. Мұндай бақылау ... неліктен бәсекеге түскен парадигмаларды таңдау үнемі кәдімгі ғылымның критерийлері арқылы шешілуі мүмкін емес сұрақтарды туғызатыны туралы алғашқы нақты нұсқама береді... Бәсекеге түсетін стандарттарға қатысты ұқсас сұрақ сияқты, мұндай құндылықтар туралы сұрақ қалыпты ғылым шеңберінен тыс жататын өлшем негізінде жауап алуы мүмкін және сыртқы өлшемдерге жүгіну парадигманың талдануына өте айқын түрде болатын революциялық сипат береді”7. Ал, Шеффлер сияқты сыншылар оны былайша теріс түсіндіріп бағады: ...бәсекелес парадигмалардың салыстырмалы бағалануы дискурстың екінші деңгейінде өтетін ...белгілі бір дәрежеде екін ші реттегі пікірталаста қабылданған жалпы стандарттармен рет теліп отыратын алдын-ала дайындалған процес ретінде мүлде шынайы қабылданады. Бірақ, жаңа ғана дәйексөз ретінде келтіріл ген мәтіннің бөлігі екінші деңгейлі стандарттардың ортақ сипа тынын мүмкін болмайтынын ұйғарады. Өйткені, парадигманың қабылдануы – теориялар мен тәсілдердің қабылдануын ғана емес, сонымен қатар, парадигманы бәсекелестермен салыстырғанда ақтап алатын өлшемдерді меңгеретін стандарттардың да қабылдануын білдіреді... Демек, парадигмалардың арасындағы өзгешелік болмай қоймайтын түрде ішке қарай, екінші деңгейлі өзгешеліктер өлшеміне бағытталады. Демек, әрбір парадигманың міндетті түрде өзін-өзі ақтайтын сипаты бар және парадигмалар төңірегіндегі айтыстарда шынайылық болмауы тиіс: біз ғылыми қоғамдастық шеңберіндегі парадигмалар алмасуының түпкілікті сипаты ретіндегі рационалды емес әңгімелерге қайтадан орала мыз8. “Парадигмалардың арасындағы өзгешелік болмай қоймайтын түрде ішке қарай бағытталады” дегенді толықтай уәжге сүйеніп айтуға болар еді, бірақ, Кун мүлде мұндай пікірді ұстанбаған еді. Ол әңгіменің мета-дискурс саласына өтуі кәдімгі ғылым шеңберіндегі қайшылықтарды шешетіні туралы емес, парадигмалардың алма суына қатысты қайшылықтардың шешілуін күрделендіріп жібере тіні туралы айтқан еді. Осы сәтке дейін Шеффлер сияқты сыншы лар қарсылық білдірмей келген; шынымен де, Кун байқағандай, “көптеген ғылым философтары ...алгоритмнің дәстүрлі түрде із делген жаңа түрін – құптауға лайық емес идеал ретінде бағалауы
мүмкін...”9. Кун мен оның сыншыларын ерекшелейтін жалғыз ғана нақты сұрақ - ғылымда парадигмалар ауысқан кезде (Кун The Copernіcan Revolutіon атты еңбегінде көрсететін процестің түрі ғасырлар бойы созылуы мүмкін) жүзеге асатын “алдынала дайындалатын процестің” түрі, айталық, ескі буржуазиялық режимнің демократияға ауысқан кезде немесе августиндіткерден романтиктарға өткен кезде алдын-ала дайндалатын процестен ере кшеленуіне байланысты. Кунның айтуынша, теорияларды таңдау өлшемдері (герменевтикалық мәселелер болмауы да мүмкін кәдімгі ғылымда да) “таңдауды анықтайтын ережелер ретінде емес, осындай таңдауға әсер ететін құндылықтар ретінде қызмет етеді” (321б.). Сыншылардың біразы мұны мойындауы қажет еді, бірақ олар шешуші мәселе ретінде, біз алдына-ала әдейі дайындалатын про цеске кіргізуге болмайтын “сыртқы қарастыруларға” (ғылымның технологияға ықпалы, Жер бетіндегі өмірдің келешегі және т.б.) қарама-қарсы тұратын және осындай таңдауға әсер ететін ерекше ғылыми құндылықтардың саласын таба аламыз ба? – дегенді алға тартумен болды. Кунның өзі “дәлдік, қайшылықсыздық, әрекет ету саласы, қарапайымдылық және жасампаздық” деп сәйкестендіретін өлшемдер (322-б.) – біршама стандартты тізбеге жатады және біз бұл құндылықтардан басқа кез келген құндылықтарға өзіміздің таңдауымызға ықпал етуге тыйым салғанымыз “ғылымилыққа” жатпайтынын айтқымыз келетіні түсінікті жайт. Бірақ осындай әртүрлі өлшемдерді қанағаттандыруда табылатын тепе-теңдік шек сіз рациональды айтыстарға едәуір еркіндік сыйлайды. Кунның айтуынша: “Тарихшы қайсыбір алғашқы жаңалықты ашқан адамның, мысалы Пристлидің, ақылы кірмеген (олар жаңалыққа өте ұзақ уақыт қарсы болған) ізбасарларын әрқашан табатын болса да, қарсылықтың қисынсыз және ғылымға жат бола бастайтын шека расын көрсете алмайды10. Бірақ, онда біз кардинал Беллармин ұсынған уәждер, – аспан құрылысының інжілдік сипаттары – “қисынсыз әрі ғылыми болмай тын” көзқарасты таба аламыз ба?11”. Дәл осы тұста Кунның және оның сыншылары арасындағы шайқастың ең өзекті майдан шебі жүргізілетін сияқты. ХVІІ ғасырдың “философқа” қатысты және Ағартудың “раци оналды” болуға қатысты түсініктерінің көбісі, Галилейдің айтқандары абсолютты шындық, ал шіркеудікі – абсолютты қателік екенін дәлелдей алады. Бұл жерде рационалды алауыздыққа да орын бар деп жора
малдау – зерде мен соқыр наным арасында өтетін ала-құла түстегі
жай ғана күрес емес, – “философия” ұғымына күмән келтірілумен
барабар нәрсе. Өйткені, ол галилейлік және ньютондық механика
үшін парадигмалық болатын “ақиқатты іздеу тәсілін” табу туралы
түсінікке қауіп төңдіреді12. Ғылымнан ерекшеленетін әдістемелік
пән ретіндегі философия туралы, өлшемдестіктің саласы ретін
дегі эпистемология туралы, өлшемдестікті мүмкін етіп тұратын,
жалғыз ғана мүмкін негіздеме ретіндегі рационалдылық туралы
өзара ықпал ететін түсініктердің тұтас кешеніне – егер Беллармин
ге қатысты мәселені жоққа шығаратын жауап қайтарылса, – қауіп
төнеді.
Кун бұл сұраққа айқын жауап қайтармайды, бірақ оның
еңбектері жағымсыз жауаптың пайдасына шешілетін уәждердің
тұтас арсеналын қамтамасыз етеді. Қалай болғанда да, аталған кі
тапта ұсынылған дәлелдерден жағымсыз жауап шығады. Бұл жерде
біздің ғылым мен теология арасындағы шекараны қарастыруымыз
маңызды және ондай шекара көктің дұрыстығын “ғылыми”
құндылық ретінде, ал Еуропаның шіркеуі мен жалпы мәдени
құрылысын – “бейғылыми” құндылық ретінде сақтап қалуы
тиіс13. Біз оны қалай жүзеге асыруға болатынын білмейміз деген
уәж – пәндердің, ғылыми объектілер мен мәдениет бөліктерінің
арасындағы шекараларға жаңа маңызды жағдайлар тарапынан
қауіп төнеді деген тезистің маңында шоғырланады. Бұл уәжді,
теория үшін жоғарыда аталған жағымды стандарттардың бірі
– “ауқым” өлшемінің ауқым терминдері арқылы жеткізуге болады.
Беллармин, коперникалық теорияның аясы, біз ойлағандай емес,
тар болды деп пайымдаған. Ол, коперникалық теория, бәлкім,
шын мәнінде навигациялық мақсатты көздеген және басқа да ас
пан денелерін қарастыратын практикалық қажеттіліктерді өтейтін
ойдан шығарылған эвристикалық құрал болуы мүмкін деген жо
рамалды айтқанда, бұл теорияның ақылға қонымды шеңберде
нақты, қайшылықсыз, қарапайым, тіпті жемісті болатынын жоққа
шығармаған еді. Бұл теорияға жоғарыда аталғаннан ауқымды
мән берудің қажеті жоқ дегенде, ол өзінің көзқарасын, яғни біз
де аспан, жалпақ тілмен айтқанда, птолемейлік болатынына та
маша тәуелсіз (інжілдік) дәлелдер бар дегенді қорғайды. Оның
дәлелдері басқа саладан алынды ма және оның теория ауқымын
тарылтуы “бейғылыми” емес пе? Қасиетті Жазба (Священое Писа
ние) аспанның қалай жасалғанын куәландыратын тамаша қайнар
бола алмайды деген шешімді анықтап тұраған қандай нәрсе?
Оны көп нәрсе анықтайды, мысалы Христианшылдық көбіне
жай ғана дінбасылардың қағыстыруы мен қастығы деген Ағарту
заманындағы көзқарас. Бірақ Қасиетті Жазба расымен-ақ Құдай
сөзі дегенге сенетін Белларминнің замандастары оған не айтуы
мүмкін еді? Ал олар басқа нәрселермен қоса Қасиетті Жазбаның
жолын ұстану – Жазбаны түсіндіру үшін пайдаланылатын әртүрлі
жанама (айталық, аристотельдік және птолемейлік) ұғымдардың
жолын ұстанудан бөлек қарастырылу мүмкін дегенді айтқан. (Дәл
осыны, кейін ХІХ ғасырдағы либералды діни ілімді зерттеушілер
Болмысқа (Genesіs) және Дарвинге қатысты қайталайды). Мұндай
уәждердің барлығы да Қасиетті Жазбамен байланысы бар либерал
ды бағыттағы герменевтиканың осындай мәселеге заңды негізде
қалайша араласпай қалауы мүмкін деген сұраққа қатысы болады.
Олар Қасиетті Жазбаның (және сол арқылы шіркеудің де) аясын
шектеуге талпынған деуге болады. Бұл Белларминнің Коперниктің
аясын шектеудегі талпынысына қарама-қарсы жауап. Сондықтан
Беллармин (демек Галилейді қолдаушылар да) бұл тартысқа бөгде,
“бейғылыми” көзқарастарды енгізді ме? – деген сұрақ, бір пікірдің
басқа пікірге қатысты мәнділігін алдын ала анықтайтын қандай да
бір тәсіл, ғаламшарлардың қозғалысы туралы мәселеде дәлел бола
алатын пайымды анықтайтын қандай да бір “тор” (Фуконың сөзін
қолдансақ) бар ма? – дегенді білдіреді.
Мен жасайтын қорытынды мынау: ХVІІ ғасырдың аяғында
және ХVІІІ ғасырда пайда болған “торға” ХVІІ ғасырдың басын
да, Галилейге үкім шығарған кезде, ешбір адам жүгінбеген деген
ге саяды. Ешқандай эпистемология, адами танымның ешқандай
зерттеуі бұл “торды” ол жасалмай тұрып “ашпайтыны” айқын
нәрсе. Қандай нәрсені “ғылыми” деп санауға болатын түсінік
әлі қалыптасу кезеңінде болатын. Егер мәселе құндылықтарды
құптауға немесе одан бұрын бәсекеге түсетін Галилей мен Кантқа
ортақ нәрселердің қатарындағы құндылықтарды дәрежесіне
сай орналастыруға қатысты болатын болса, онда Белларминнің
құндылықтары расында да “бейғылыми” болып көрінеді. Бірақ,
бәлкім, біз бәріміз (Кунды қосқанда және мүмкін тек Фейера
бендті ғана қоспағанда) бұл құндылықтарды құптауды өзімізге
бақыт санайтын едік. Біз, ғылым мен дінді, ғылым мен саясат
ты, ғылым мен философияны және т.б. қатаң түрде ажыратуға
қатысты риториканың үш ғасырының мұрагеріміз. Нақ осы ри
торика Еуропаның мәдениетін қалыптастырды. Бізді қазіргідей
етіп жасаған да сол. Эпистемологияда немесе ғылымның та
рихнамасында болып жататын ешбір болмашы кедергі, сол ри
ториканы бұза алмағанына өзімізді бақытты санаймыз. Бірақ,
жоғарыда аталған ажыратуларға ниетіміздің түзулігін жариялау,
оларды қабылдау үшін “шынайы” және “рационалды” стандарт
тар бар деген пайымға тіпті де барабар нәрсе емес. Галилей ай
тыста ұтып кетті деуге болады, ал біз бәріміз “қазіргі философи
яда” осы жеңістің нәтижесі ретінде пайда болған маңыздылық пен
беймаңыздылық “торының” ортақ негіздемесінде тұрмыз. Алайда,
Беллармин мен Галилейдің арасындағы таластың “тектік сипаты
на қарай”, мысалы, Керенский мен Ленинның немесе Корольдық
Академия (1910 жылғы) мен Блумсбери арасындағы тартыстан не
сімен ерекшеленетінің қандай нәрсе көрсете алады?
Мен өлшемдестік ұғымына қайта жүгініп, осы жерде
талқыланатын “тектік сипатына қарай” болатын ерекшелік
ті түсіндіре аламын. Қалаған өзгешеліктің сипатына қарап, біз,
Беллармин мен Галилей арасындағы айтыстың кез келген зер
делі, мүдделі емес куәгері істің маңызды қарауларын ескеріп,
Галилейдің жағына шығып кетеді дей аламыз және сонымен
бірге зерделі адамдардың барлығында, мен атаған мәселелерге
қатысты әлі келіспеушіліктер болады. Бірақ, бұл әрине, бізді Бел
лармин қорғайтын құндылықтар “ғылыми” ма, оның позициясын
“мүдделі емес” және куәліктерін – “маңызды” деуге бола ма де
ген сұраққа қайта жолықтырады. Дәл осы тұста, меніңше, біз
күнделікті тіршілігіміздің білім беруде және институционалдық
құрылымдарында еркін өмір сүретін белгілі бір құндылықтар ту
ралы түсініктерден (“рациональдылық”, “мүдделі болмау”) бас
тартуымыз қажет сияқты. Бізге өзінің жетістіктерінің арқасында
Галилей “ғылыми құндылық” туралы ұғымды жасады, бұл ғажап
нәрсе және оның өзі сол кезде рационалды болды деген мәселені
көтеру орынсыз дегенді айта аламыз.
Кун бұдан сәл кіші болса да осы сұраққа қатысты мәселеге
орай, біздің ғылыми қоғамдастықты “пән” арқылы бөле алмай
тынымызды атап өтеді; біз оны “білім беру және коммуникация
құрылымдарын зерттеу” арқылы жүзеге асырамыз14. Белгілі бір
пән туралы теориялардың арасында таңдау үшін ненің маңызды
саналатынын түсіну, қалыпты зерттеу кезеңінде Кун “пәндік
матрица” деп атайтын нәрсенің иелігінде болады. Зерттеушілер
қауымдастығын күмән жайлаған кезеңдерде, “оқыған адамдар”,
“қарапайым эмпиристер” мен әпенділер арасындағы шекаралар
(немесе, егер басқа мысалға жүгінсек, “байыпты саяси ойшыл
дар” мен “революцияшыл памфлетистер” арасында) бұлдыр тар
татын кезде, маңыздылық туралы мәселе “кім бірінші үлгереді”
деген қағида бойынша шешіледі. Зертттеу пәнін қарастырғанда
және мысалы: “Қасиетті Жазбада Құдайдың айтқандарына на
зар аудармай-ақ қойындар, ғаламшарларға жай ғана қараңдар,
олардың не істеп тұрғанына көздерінді жеткізіңдер” дегенді
айтқанда, біз маңыздылықты анықтай алмаймыз. Аспан үлгісін
жасағанда ғаламшарларға жай қарау, Жазбаны жай оқумен бірдей,
пайдасы жоқ нәрсе. 1550 жылы пайымдардың белгілі бір көптігі
астрономиядағы “рационалды” көзқарастар үшін маңызды бола
тын, ал 1750 жылы пайымдардың мүлде басқа жиынтығы маңызды
болды. Қандай нәрсені маңызды деп санаудағы өзгеріс біздіңше,
әлемдегі бар заттардың (астрономия ғылыми зерттеудің дербес са
ласы болғанын ашқан “жаңалық”) арасында орынды өзгешеліктерді
анықтауды жүргізу ретінде (бәріміздің ақылымыз кейін кіреді) не
месе мәдени климаттағы ығысу ретінде қарастырылуы мүмкін. Біз
өзгеріс “рационалды аргументке” байланысты емес екенін айқын
сезінгенге дейін оны қай тұрғыда қарастыратынымыз аса маңызды
болмайды және бұл жердегі “рационалды” сөзінің мағынасы, мы
салы құлдыққа, абстрактылы өнерге, гомосексуализмге, жойы
лып бара жатқан аң-құс түрлеріне қатысты қоғамдағы өзгерістер
“рационалды” тұрғының нәтижесі болып саналмайтын мәнде
қолданылады.
Кунға және оны сынайтындарға қатысты пікірсайыстың
нәтижелерін
қорытындылайын:
бұлардың
арасындағы
қайшылықтардың мәні – ғылымның немесе әлемдегі нақтылы
бар нәрсенің ашылуы, аргументацияның құрылымы бойынша
“нақтылыққа сай келу” ұғымы орынсыздау көрінетін (мысалы,
саясат және әдеби сын) дискурстан өзгеше болуына байланыс
ты. Ғылымның логикалық-эмпириялық философиясы мен Де
карт заманынан бастап бүкіл эпистемологиялық дәстүр Табиғат
Айнасындағы
дәлме-дәл
көріністерді
алудың
рет-жосығы
“практикалық” немесе “эстетикалық” істерге қатысты келісім
ге келу рет-жосығынан өзінің тереңдігімен өзгешеленеді деген
пікірде болған. Кун бізге жорамал жасауға уәждерді береді, бұл
жерде терең айырмашылық жоқ, яғни ол “дұрыс” және “бұрыс”
дискурстардың арасындағы айырмашылықтан терең емес. Бұлай
ажырату ғылымды ғылым емес нәрседен бөліп тұрады. Кунның
еңбегін қарсы қатал наразылық15 табиғи еді, өйткені Ағарту иде
алдары біз үшін тек қана ең қымбат мәдени мұра емес, соны
мен қатар, тоталитарлық мемлекеттер адамзаттың едәуір бөлігін
қамтыған жағдайда осындай идеалдардың жойылу қауіпі де ұлғая
түседі. Бірақ, Ағартудың ғылымды діннен және саясаттан ажыра
ту идеалын Табиғат Айнасы ретіндегі ғылыми зерттеу бейнесімен
байланыстыруы, бұл адасушылықты сақтап қалуға себеп бола ал
майды. Егер біз ХVІІІ ғасырдан сол баяғы өзгермеген қалпында
мұралыққа алған маңыздылық пен беймаңыздылықтың торының
осы бейнемен байланысы болмағанда, онда ол қазіргіден де тар
тымды болар еді. Өзінің тауарлық сипатын жоғалтқан метафора
Галилей мұрасын (моральдық та, ғылыми да) сақтау үшін жарамай
қалады.
Объективтілік-сәйкестілік және келісім
Кунды сынаушылар рационалды аргументтің мүмкіндігі
нақтылыққа сәйкестік бар жерде, ғылым парадигма болатын
“рационалдылық” деген сөздің арнайы мағынасында ғана ашыла
ды деген қасаң қағиданың жасын ұзартуға септігі тиген. Мұндай
шатасуға біздің шынайылық деген терминді “маңызды емес пікір
ге бұрылмай аргументтің нәтижесі болатын және соған қатысты
келісімнің болуы мүмкін көзқарастың сипаты ретінде”, сондай-ақ
“заттар іс жүзінде қандай болса, оларды дәл сол қалпында көрсету”
ретінде қолдануымыздың да ықпалы болған. Шынайылықтың осы
екі мағынасы көлемі жағынан сәйкес келеді және философиялық
емес мақсатта бұлардың кез келегенін еш кедергісіз қолдануға бо
лады. Бірақ, егер біз: “моральдық мәселелерге қатысты рациональ
ды аргументтің нәтижесінде дәлме-дәл көрініс табу үшін сыртта
орналасқан Ізгіліктің тосып тұруы нақты қандай мәнде болады?”
немесе “ адамдар олардың сондай көрінісі туралы ойламаған
кезде нақтылықтың физикалық ерекшеліктері дифференциал
ды теңдеулер немесе тензорлар арқылы қандай мәнде дәлме-дәл
көрінуі мүмкін?” – деген сұрақты байыпты қарастырғанда, осы
екі ұғым арасында алауыздық пайда бола бастайды. Біз бірін
ші сұрақ үшін Платонға, ал екінші сұрақ үшін идеализм мен
прагматизмге ризашылығымызды білдіруіміз қажет. Принцип
ті түрде осы екі сұраққа да жауап қайтару мүмкін емес. Егер біз
эпистемологиялық және метафизикалық теорияларды құрастыру
жолымен осындай сұрақтарға жаупты негіздеу қажеттілігін әлі де
сезінер болсақ, онда біз дұрыс мағына рухында жауап қайтаруға
деген табиғи бейімділігімізге салып, бірінші сұраққа: “Ешқандай
мәнде емес” деген және естің дұрыс мағынасы еш кем емес екінші сұраққа жауабымыз: “Ең толық және ең тура мәнде” деген жауап ты қайтаруымыз – бізді мұндай сұрақтардан құтқармайды. Кант заманынан бері мұндай теориялардың негізгі қолданысы – жаратылыстану ғылымдарынан тыс жерде ешнәрсе “шынайы” емес тігін көрсету арқылы немесе осы терминді моральда, саясатта, поэзияда пайдалануға талпыныс жасау арқылы – субъектілі-объ ектілі ажыратуларға қатысты түйсіктегі нәрсені қолдау еді. Шы найы нәрсені табуға талпыныс ретіндегі метафизика, мысалы Мо ральды Кодекстің жаңа бабының ашылуы (моральдық диллеманы түбегейлі шешетін нәтиже ретінде) және санның немесе кеңістіктің жаңа түрінің ашылуы (математикада), кванттық белгісіздіктің ашылуы және мысықтың төсекте отыруынын ашылуы арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы мәселені көтеруге мәжбүр бо лады. Соңғы жаңалық – “нақтылықпен түйісу”, “сәйкестік ретінде гі ақиқат”, “көріністің дәлдігі” сияқты ұғымдар үшін poіnt d’appuі (тірек нүктесі), бұл – басқа жаңалықтардың шынайылығын салыс тыру арқылы бағаланатын стандарт болып табылады. Сонымен метафизик құндылықтардың, сандар мен толқындық түйдектердің қандай қатынастары мысықтарға ұқсайтынына бас қатыруы керек болады. Эпистемолог бұдан қызығырақ пікірлер қандай қатынаста мұндай бейнелеудің салтанаты – жағдайға лайық “Мысық төсектің үстінде отыр” деген лепті үн иеленетін шынайылықты бөліп тұратынына бас қатыруы қажет. Эпистемологиялық бихевиориз мнен туындайтын көзқарас бойынша жаңалық ашудың, мысалы, сай болу қажет Моральды Кодекс бар ма? – деген сияқты қызықты тәсілі болмайды. “Адам болмысынан туындайтын моральдық стандарттар” ньютондық механикалық ғаламнан гөрі, аристотель дік гилеморфты ғаламда орынды деген факт, Моральды Заңның бар не жоқ болуы туралы пікірді иеленуге себеп бола алмайды. Басқа да ешқандай себептің болуы мүмкін емес. Метафизикадағы қырсықтың бәрі оның қанағаттанарлық аргументі қандай болаты нын ешкім де айқын білмеуінен (позитивистер де дәл осыны айта ды), бірақ бұл жағдай позитивистер айналысатын тілдің “аралас” философиясына да тән (мысалы, Куайнның интенционалдының бейфактуальдылығы туралы тезисі). Мен дәріптейтін пікір бойын ша ойдан шығарылған бір уақытта (осы аталған салалар толық келісімге жетуі мүмкін болғанда) біз моральды, физиканы және психологияны бірдей “шынайы” деп қарастыруымыз мүмкін болар еді. Сол кезде біз әдеби сынның, химияның және әлеуметтанудың
даулы салаларын танылмайтын аумаққа жатқызуымыз мүмкін еді немесе “оларды операционалистік түрде түсіндіретін едік” неме се оларды қайсыбір “шынайы” пәнге “келтірер” едік. “Шынайы”, “танымдық” сияқты құрметті бағаларды қолдану зертттеушілер арасындағы келісімнің көрінісінен немесе соған деген үміттен басқа ештеңе де емес. Мен кей нәрсені қайталап кетсем де, Кун мен оның сыншыла ры арасындағы айтысты “шынайы мен субъективтінің” өзгешелігі туралы пікірталастың контексінде тағы бір рет қарастыру қажет дегенді айтқым келеді, өйткені мұндай өзгешеліктің ықпалы тым күшті, сонымен қатар онда моральдық сезімнің де қуаты бар. Сондай-ақ, мұндай моральдық сезім Ағартудың құндылықтарын сақтау – біздің ең жақсы үмітіміз деген түсініктің салдары (толық ақталған) болады. Сондықтан да бұл тарауда мен осы құндылықтар мен Табиғат Айнасының бейнесі арасындағы байланыстарды үзіп тастауға тағы да талпынамын. Кунның өзі өзінің көзқарастары “субъективтіліктің” шлюздерін ашатын түсінікке қалай қарайды екен, осыдан бастаған қолайлы сияқты. Ол мынаны айтады: “Субъективтілік” бірнеше бағыттағы қолданыста болатын термин: олардың бірінде ол “шынайылық” терминіне қарамақарсы болса, басқасында – “пайымды” терминіне қарсы бола ды. Менің сыншыларым, мен субъективті ретінде қолданатын идиосинкратикалық ерекшеліктерді сипаттағанда, менімше қателесіп, осы мағыналардың екіншісіне жүгінеді. Маған ғылымды шынайылықтан айырды деген шағым айтқанда, олар шынайылықтың екінші мағынасын біріншісімен араластырып жі береді16. “Субъективті ерекшеліктер” пайымды болмайтын мағынада – деп жалғастырады Кун, олар ешкім де талқылағысы келмейтін заттар ретінде ақылдың қарапайым есебі – “талғамның ісі” болады. Бірақ, әлбетте, поэманың немесе тұлғаның құндылығы бұл мәнде талғамның таңдауы болмайды. Сондықтан, – деп айталады Кун, ғылыми теорияның құндылығы тура сол мағынада “талғамға емес, пайымға” қатысы бар болады. “Субъективтілікке” қатысты айыптауға мұндай жауап іске асу дәрежесіне қарай тиімді болады, бірақ ол айыптаудың астарында жата тын одан гөрі терең үрейлерге жауап қайтара алмайды. Бұл – талғамның ісі және бұрын бекітілген алгоритмдер шеше алатын мәселелердің арасында аралық аумақтың болмауынан туындайтын үрей. Осындай
аралық аумақты көрмейтін философ шамамен былай ойласа ке рек: 1. Пайымдаулардың бәрі адами жәндіктердің ішкі жағдайын (олардың Айна тәрізді мәнін, бәлкім бұлдыр көрсететін Айнаны) немесе сыртқы нақтылықтың (табиғаттың) жағдайын сипаттайды. 2. Біз пайымдаулардың қандай екенін, олардың қайсысы баршалық ортақ келісім жасауды мүмкін ететініне қарап айта аламыз. 3. Сондықтан тұрақты келіспеушіліктің мүмкін болуы – айтыстардың қаншалықты рационалды екеніне қарамастан, айтысуға тұратын ештеме жоқ дегенді білдіреді, өйткені талқылау пәні ретінде ішкі жағдайлар ғана алынауы мүмкін. Платоншылдар мен позитившілер құптайтын мұндай пайымдау жолы соңғыларды сөйлемдерді “талдау” арқылы біз олардың “шы найы” немесе “субъективті” туралы айтып тұрғанын біле қоямыз деген түсінікке алып келген. Бұл жердегі “талдау” – есі дұрыс және рационалды адамдардың арасында олардың дұрыстығын дәлелдей алатын нәрсе туралы ортақ келісімді іздеу дегенді біл діреді. Дәстүрлі эпистемология шеңберінде бұл соңғы ұғым, біздің “шынайылық” туралы жалғыз пайдаланатын түсінігіміз бейнелеу емес, “келісім” деген жорамал ретінде сирек қарастырылады. Мы салы, тіпті Айердің “біз, қазіргі кезде берік деп қарастырылатын тәсілдер арқылы жетуге болатын сенімді, рациональды сенім ретінде анықтаймыз”17 деген таңқаларлық, қалтқысыз ескертпе сіндегі “сенімділік” ұғымы, рационалдылық нақтылыққа сәйкес болуы қажет деген тұспалды білдіріп тұр. Оның әлемдегі барлық артықшылығы бар көріністері бәрібір адамға “егер де ол қажетті жорамалдарын ad hoc (сол сәтте) жасауға дайын болса, дұшпан көрінетін куәліктер алдында оның сенім дерін демеуді” (95-б.) мүмкін етеді деген қалтқысыз жорамалының болуы, “эмпирикалыны” “эмотивтіден” және “аналитикалықтан” бөліп алғанда, ол тағы басқа бірдеңеден “әлем туралы ақиқатты” бөліп алады деген Айердің сенімін жоққа шығару үшін жет кіліксіз болады. Өйткені, Платон сияқты Айер жоғарыда аталған қорытындылар тізбегіне, негіздеменің реңкі бар тағы біреуін қосады: 4. Біз сыртқы нақтылықпен күмәнсіз байланыс айтысушылар үшін ортақ негіздемені қамтамасыз ететін салаларда ғана шешіл мейтін рационалды келіспеушіліктерді жоя аламыз. Бейнеленетін объектілермен күмәнсіз байланыстар (мысалы, артықшылығы бар көріністерді) табылмайтын жерде алгоритмнің
болуы мүмкін емес деген пікір, алгоритм мүмкін болмайтын жерде рационалды келісімнің көз қылушылығы ғана бар деген пікірмен қосылып – сәйкес келетін артықшылығы бар көріністердің болма уы бізді барлық нәрсе “талғамға қатысты” жағдайға жолықтырады деген тұжырымға жетелейді. Кунның “талғамға қатыстының” бұл түрі “талғамды” дұрыс мағынада түсінуден тым алшақ жатады деуі дұрыс пікір, бірақ ақиқаттың келісіммен еш ортақтығы жоқ деген әдеттен өзгеше ұғымы сияқты, бұл түсініктің философияда ұзақ та рихы бар18. Егер әлдекім неліктен осындай, Кун жасағандай, әлсіз тарихнамалық жорамалдар машықтанған философиялық ақылдың әлдеқайда терең деңгейлерін мазалауы тиіс дегенді түсінгісі келсе, онда оның осы тарихты түсінгені абзал. Бәлкім, Кунның “субъективизміне” тағылған айыптаулары на ең дұрыс жауап “субъективтіліктің” мағыналары арасындағы өзгешелікті анықтау болар және мұндай өзгешеліктер мен кел тірген үзіндіде ол өзі жасаған ажыратулардан өзгеше болуы тиіс. Біз бұдан бұрын ажыратқан “шынайылықтың” екі мағынасына қарама-қарсы болатын “субъективтіліктің” екі мағынасын ажырата аламыз. Бірінші мағынадағы “шынайылық” мұқият ойластырылғаннан кейін рационалды тараптардың келісімге келу нәтижесінде таңдалып алынған теорияның қасиеті болатын. Бұған қарама-қарсы түрде “субъективті” қарастыруды пікірсайыстың рационалды тарабы жоққа шығарады және алдағы кезде жоққа шығара береді де, ол теорияның пәніне тәуелсіз түрде қалай көрінсе немесе қалай көрінуге тиіс болса, дәл сондай болуы тиіс те. Шынайылықты қажет ететін дискуссияға әлдекім “субъективті” қарастыруды енгізеді деген пайым, дөрекілеу айтсақ, ол басқалар бөтен зат деп есептейтін нәрселерді қарастыруға енгізеді дегенді білдіреді. Егер ол осындай сыртқы қарастыруларды талап етсе, онда ол кәдімгі зерттеуді кәдімгі болмайтын дискурсқа айналды рады. Ол “әпенді” (жеңіліс тапқан жағдайда) немесе “революцио нер” (жеңген жағдайда) болады. Осы мәндегі қарастырудың субъ ективтілігі оның бейтаныс сипатынан көрініс табады. Сондықтан субъективті пікірді иелену, іске қатысты болатын пікірді иелену мен бірдей қауіпті нәрсе. Басқа қырынан алғанда бұған қарағанда дәстүрлі мәнде “субъ ективтілік” – “сыртта орналасқан бір нәрсемен сәйкестікке” қарсы келеді және сонымен “іште болатын нәрсенің нәтижесі ғана” (жүректе немесе “артықшылығы бар көріністері жоқ, сондықтан сыртағы нәрсені дәлме-дәл бейнелей алмайтын ақылдың аралас
бөлігінде”) дегенді білдіреді. Бұл мәндегі “субъективтілік” “эмоци оналды” немесе “фантастикалық” нәрсемен ассоциация туғызады, өйткені біздің жүрек пен біздің қиялымыз идиосинкретикалық, ал біздің пайым өзінің ең тәуір деген түрінде дәл сондай сыртқы объектілердың идеалды бейнесі болып табылады. Бұл жерде біз “талғамның ісімен” түйісуге жолығамыз, өйткені сол сәттегі (мысалға – өнер шығармасына деген біздің сол сәттегі әсеріміз) біздің көңіліміздің жағдайы, шын мәнінде пікір тартысқа жара майды. Біз өз ішіміздегі нәрсеге артықшылығы бар түрде қол жеткізе аламыз. Бұл жолда Платон заманынан басталатын дәстүр “алгоритм versus19 оның жоқ болуы” өзгешелігін, “пайым versus құмарлық”-пен жүптастыра түсіндіріп келген. “Шынайы” мен “субъективтінің” әртүрлі бірмәнді емес нәрселері шатасулар пайда болуы мүмкін жолдарды көрсетіп тұрады. Егер мұндай өзгешеліктердің дәстүрлі байланыстары болмағанда, ғылымдағы және әдеби сындағы тартыстардың ұқсастығын зерттеумен айна лысатын тарихшы біздің жүректі асқақтату арқылы ақылымызға қауіп төндіретін адам ретінде қарастырылмаған болар еді. Бірақ, Кунның өзі дәстүрге әлсін-әлсін өте үлкен жеңілдіктер жасап отырған, мысалы, ғылымның тым кеш табысқа жетуінде күрделі мәселе бар деген жорамалды айтқан кезде. Сонымен, ол былай дейді: – Менің соңымнан ілесіп, алысқа барғандардың өздері құндылықтарға негізделген мен дамытқан әрекеттің бұл түрі, үнемі бақылау мен болжамның жаңа қуатты техникасын өндеп, ғылым сияқты неге дами алатынын білгісі келеді. Өкінішіке орай, менің бұл сұраққа қайтаратын жауабым жоқ, бірақ бұл менің индукция мәселесін шешуге ұмтылмайтынымды білдірудің басқа бір тәсілі. Егер ғылым бәрі құптайтын және міндеттейтін таңдау алгоритмнің арқасында дамыған болса, мен оны да түсіндіре алмаймын. Мен бұл бос орынды жақсы сезінемін, бірақ ол мені дәстүрден аластата алмайды20. Патнэмның “метафизикалық идеализіміне” қатысты мен алдыңғы тарауда айтып кеткендей, мұндай бос орын өткір сезіл мейуі тиіс. Ешбір адам оның қалай жасалатынын білмеген кезде, біз өзіміздің ерлік жасайтын қабілетіміздің болмауына өкінбеуіміз керек. Осындай бос орынды толтыруға деген үндеуге жолығып тұрмыз деген түсінік платоншыл focus іmagіnarus-тың – келісім нен ажыратылған ақиқаттың әсіреленуінің, субъект әлі де өзінің тіршілік етуінің жағдайларын түсінбейтінін сездіретін субъекті
мен негізделмеген идеал арасында құздың болуын жорамалдаудың тағы бір нәтижесі. Мен қорғайтын пікірге сай “Егер ғылым жай ғана ..., онда ол болжам мен бақылауға неге қуатты техника береді?” деген сұрақ, “Неге, егер Батыстың моральды санасындағы өзгеріс 1750 жыл дан бастап жай ғана ..., ол адам еркіндігі үшін осыншама көп нәрсе жасауға қабілетті болған?” деген сұраққа ұқсас. Бізге, бірін ші сөйлемдегі бос жерге “міндеттейтін әлде қандай алгоритмнің жолын ұстаушылық...” немесе “кундық институцияланған пәндік матрицалардың тізбегі” деген фразаны қоюға болады. Бізге екін ші сөйлемдегі бос жерге “моральды мәселелерге секулярлық ойлауды қолдану” немесе “кінәнің буржуазиялық санасы” неме се “билік деңгейлерін бақылайтын адамдардың эмоционалды конституциясындағы өзгеріс” немесе көптеген басқа фразалар ды қоюға болар еді. Бұл жерде қандай жауаптың жақсы боларын ешкім де айталмайды. Ретроспективті, “вигтік” және “реалистік” түрде біз бізге ұсынылған нәрселерге (электрондар, галактика лар, Моральдық Заң, адам құқықтары) деген айқын көзқарасты иеленудің нәтижесін әрқашан қалаған жетістік ретінде (табиғатты болжау және бақылау, езілгендерді азат ету) қарастыра ала мыз. Бірақ мұның бәрі философтар қалайтын түсіндірулер емес. Бұлардың бәрі, Патнэмның сөзін еске алсақ, “ішкі” түсіндірулер – біздің әлеммен өзара қарым-қатынасымыздың себепті тарихы на деген мұқтаждығымызды қанағаттандыратын түсіндірулер бо лады, бірақ олар біздің санамыз ақиқатқа қалай жақындайтынын көрсету жолымен, біздің бейнелік сипатты айрықша көрсетуге деген трансцендентті мұқтаждығымызды қанағаттандырмайды. Кун ниетінің мәнінде “индукция проблемасын шешу”, “дерек пен құндылық проблемасын шешумен” бірдей нәрсе болар еді; екі про блема да қандай да бір айқын көрінісі жоқ қанағаттанбаушылық үшін есімдер ретінде ғана сақталады. Олар “кәдімгі философия” шеңберінде тұжырымдауға келмейтін мәселелер түріне жатады; осындай мәселені “шешу” барысында кейде орын алатын нәрсе – өткенмен немесе мәңгілікпен түйіс орнатуға деген әлсіз үмітті арқаланып жасалынатын қандай да бір техникалық айла. Бізге “индукция мәселесінің” шешілгені емес, ғылымның “құндылықтарға негізделген әрекет” ретіндегі тіршілігі туралы таң қаларлық көрінбейтін ойлау қабілеті қажет. Бұл жерде бізге “құндылықтар” – ішкі, ал “деректер” – сыртқы деген түсінік, сон дай-ақ бізге құндылықтардан бастап, бомбаның қалай жасау керек
дегенде және жеке ішкі эпизодтардан бастап, затарға қалай тірел
меуге болады дегенде қандай да бір құпия бар деген сүйекке сіңген
түсініктер кедергі жасайды. Осы тұста біз тағы да “идеализм”
үрейіне және алгоритмді іздеу ғылымға деген реалистік тұрғының
серігі деген түсінікке жолығамыз, ал сол мезетте тарихшының
қарапайым герменевтикалық тәсілін қолдану идеалистке жол
ашып береді. Теория мен тәжірибені, дерек пен құндылықты, тәсіл
мен әңгімені ажырату бостау болса деген жорамал айтылған кезде,
әлемді “адам еркінің ырқына көндіруге” деген талпыныс қылаң бе
реді. Бұл, бізді тағы да “танымдық еместің” және “танымдықтың”
арасын айқын ету қажет немесе біріншіні екіншіге қарай редук
циялау керек деген позитивистік тезиске тірейді. Өйткені, үшінші
мүмкіндік екіншіні біріншіге келтіру – табиғатты “рухтандыруға”,
оны тарихқа немесе әдебиетке ұқсатуға, адам ашпайтын, оның
қолынан шығатын бір нәрсеге апарып соғады. Сыншылар дәл осы
үшінші мүмкіндікті жорамалдаған жоқ па екен деп, Кунға күдікпен
қараған.
Дегенмен де, Кунды “идеализмге” бейім философ ретін
де қарастыруға деген мұндай жаңа талпыныстың өзі жоғарыда
келтірілген пайымға (4) ұқсас қандай да бір нәрсе ақиқат де
ген тезисті қайталайтын шатасқан амалдың бірі – біз болсақ,
ғалымдарды “сыртқы нақтылықпен байланыс орнатушылар”
және соның арқасында саясаткерлер мен ақындардың қолы жет
пейтін құрал арқылы рационалды келісімге жететіндер ретін
де қарастыруымыз қажет болады. Кун ғалымдар тәсілін сая
саткерлер тәсіліне “келтіру” кезінде, нейтрондар “байқалатын”
әлемді әлеуметтік қатынастардың “жасалған” әлеміне “келтір
ді” деген жорамал шатасуға ұрындырған. Біз бұл жерде маши
на бағдарламасының алгоритмі арқылы ашылмайтын нәрсенің
бәрі “шынайы” болуы мүмкін емес, сондықтан оларды қандай да
бір жолмен “адам жасаған” деген түсінікті тағы байқаймыз. Ке
лесі тарауда мен шынайылық туралы айтқандарымды кітаптың
бұрын жазылған бөлімдеріндегі тақырыптармен, эпистемология
мен герменевтиканың өзгешелігі “бізден тыс” және “біз жасаған”
нәрселердің өзгешелігімен бірдей нәрсе ретінде қарастырылмауы
тиіс екенін көрсетуге үміт артып, салыстыруға талпынамын.
Рух және табиғат
“Жұмсақ” пәндерге (Geіsteswіssenschaften ) лайықты тәсілдердің
арнайы көптігі бар деген түсініктің идеализммен тарихи байланысы
болуы мүмкін. Апельдің айтуынша аналитикалық философияның
және философиялық стратегиялар ретіндегі “герменевтиканың”
қазіргі текетіресі – Geіsteswіssenschaften негіздемесі ретінде
қарастырылуы тиіс рух метафизикасы мен ХІХ ғасырдың идеа
лизм пәні (соңғысы зерттеу материалдарына көбірек арқа сүйесе
де), батыс философиясының басқа да тұжырымдамаларымен бір
ге Витгенштейн тілдің “сырқаты” ретінде қарастыратын кезден
табиғи болып көріне бастайды21.
Эмпириялық Менді табиғатты зертттейтін ғылымдарға беруге
болады, ал феноменалды әлемді құрайтын және (мүмкін) моральды
субъект ретінде әрекет ететін трансценденталды Менді беруге бол
майды деген түсінік, рух пен табиғат өзгешелігінің маңыздылығын
арттыруда өте тиімді болды. Сондықтан, осындай метафизикалық
өзгешелік Geіstes – Naturwіssenschaften арақатынасы туралы
әрбір айтыстың негізіне алынады. “Герменевтика” туралы айту
ды ұнататындардың қайсыбір тәсілді (айталық “ғылыми тәсілді”
немесе бәлки “философиялық талдауды”) тәсілдің жаңа түрімен
(күмәнді “жұмсақ” түрімен) алмастыруды ұсынуына байланыс
ты, көмескі түсініктің болуынан жағдай одан әрі шиеленіседі. Бұл
тарауда мен қалай-әлі-салыстыруға келмейтін дискурстар туралы
дискурс ретіндегі герменевтиканың – (а) картезианшыл дуализмнің
ақылға қатысты жағымен де, (ә) спонтандықтың құраушы және
құрылымды жасаушы қабілеті мен қабылдаудың пассив қабілеті
арасындағы кантшыл өзгешеліктің “құраушы” жағымен де, (б)
философиялық емес пәндерде қолданылатын кәдімгі тәсілдермен
бәсекеге түсетін сөйлемнің ақиқаттылығын анықтайтын тәсіл
туралы түсінікпен де нақты байланысы жоқтығын көрсетуге
үміттенемін. (Сонда да, менің пікірімше, мен қолданатын
“герменевтиканың” осындай шектеулі әрі аршылған мағынасы,
бәрібір де Гадамер, Апель және Хабермас сияқты авторлардың
терминді пайдалануымен байланыс жасайды. Мен осы байланыс
ты келесі бөлімде анықтауға талпынамын).
Ғылым философиясының (жалпы алғанда, эпистемологияның
да) стандартты түсініктерін жоққа шығаруда Кунның ықпалында
болатындар шалдығатын “идеализмге ойысу” қорқынышы,
егер ғылымның физикалық ғалам туралы ақиқатты іздеуі
герменевтикалық түрде қарастырылатын болса, онда ол рухтың
белсенділігі – бейнелеу қабілеті емес, табиғаттың неден жаса
латынын табу қабілеті, жасау қабілеті ретінде қарастырылуы
тиіс. Кунға қатысты пікірталастың шытырманында жасырынған
романтикалық-классикалық қарама-қарсылық, Кунның класси
калық – “әлемнің жаңа сипатын пайдалану” деудің орнына “жаңа
әлемге ұсынылған” деген романтикалық сөйлемшелерді сәттіз
қолдануынан (оған қарсы 2) тарауда қарсы пікір айталған) пай
да болған. Мен ұсынатын пікір бойынша осы екі сөйлемше ара
сында, яғни әрекетті не жаңалықты ашуды қиялдаудың арасында
ешқандай маңызды нәрсе жоқ. Сонымен, олар мен алдыңғы тара
уда талқылаған “шынайының” “шынайы емеске”, “танымдықты”
“танымды емеске” қарама-қарсылығын еске түсіреді. Бірақ, бұл
“осы жерде бар нәрсенің ең жақсы сипаттуының” физикасының
классикалық түсінігіне адал болумен салыстырғанда тосын
нәрсе емес. Сонымен, біз әңгіме барысында кейбір заттардың
тұрақтылығын терең эпистемологиялық немесе метафизикалық
қарастырулардың болуынан емес, біздің ата-бабаларымыз біз
қазір төбесінде (мүмкін, ол жалған да болар) тұрған тауға бірте-
бірте қалай өрмелеп шыққаны туралы вигтік әңгімелерді айтып
отырғанымыздан сақтауға мәжбүр боламыз. Физикалық теория
түсінетін қалпында табиғаттың күштері мен материяның аз ғана
бөліктері мұндай рөльге жақсы үміткер болуы мүмкін. Физи
ка “жаңалық ашудың” парадигмасы болып табылады, өйткені
өзгермелі физикалық ғаламдар тарихын тұрақты Моральды
Занның немесе поэзиялық канон аясында айтып беру қиын (Ба
тыс үшін), бірақ қарама-қарсы түрдегі тарихты баяндау өте жеңіл.
Біздің, егер рух табиғатқа сай келмесе, онда ол, тым болмаса
соның арқасында күн көреді деген тым қатан “натуралистік” сезім
– бізге физиканың тарихи өзгерісі туралы баяндау үшін жақсы
аяны тауып беретініне көзімізді ашқан нәрседен басқа ештеме
де емес. Атом мен бостықтан басқаның бәрі “келісім” (“рухани”
немесе “қолдан жасалған”) болады дегенді бізге жеткізіп тұрған
нақтылықтың болмысына біз терең бойладық дей алмаймыз. Де
мокрит көрегендігінің мәні – заттардың кішкене бөліктері тура
лы әңгіменің, осы кішкентай бөліктерден құралатын заттардың
өзгеруі туралы оқиғалары үшін жақсы фон болуында. Әлем-тари
хы (world-story) жанрын қабылдау (Лукреций, Ньютон және Бор
сәтті жүзеге асырған) Батысқа тән ерекшелік болуы мүмкін, бірақ
бұл эпистемологиялық немесе метафизикалық кепілдіктерді талап
етуі мүмкін немесе талап ететін таңдау емес.
Кунның жақтастары, меніңше, вигтерді “әр түрлі әлемдер” тура
лы әңгімелерді айтып жеңеміз деген арбауға қарсы тұрулары қажет.
Осындай сөздерден бас тартқан кезде, олар эпистемологиялық
дәстүрге ешқандай жеңілдік жасамаған болар еді. Ғылым тарихын зерттеу, басқа тарихты зерттеу сияқты, герменевтикалық болуы тиіс деу және қазіргі ғылыми тәжірибені заңдастырып тұрған “рацио налды реконструкция” деп аталатын қосымша басқа нәрсе бар де генді жоққа шығару (олай Кун емес, мен жасауым мүмкін), физик тер ашатын атомдар, толқындық түйдектер және т.б. адами рухтың өнімі болып табылады дегенді білдірмейді. Қайсыбір заманның қалыпты ғылымы адами нәсіл туралы ең ауқымды мүмкін тарих түрінде көрсететін нәрсені қабылдау, сол мезетте физика “шы найы”, ал саясат пен поэзия, егер сонымен қатар, алдыңғы тарауда аталған әр түрлі платоншыл қасаң қағидалар қабылданбаса, он дай бола алмайды деген жорамалмен бірдей нәрсе емес. Өйткені, ашылған нәрсе мен жасалған нәрсенің арасындағы өзгешелік, өлшемдестік және өлшемдестік болмайтын нәрсенің арасындағы өзгешелікпен ешқандай ортақтығы жоқ. Немесе адам жай ғана табиғи жәндік болмай, рухани болатын мағына – Алисдер Макин тайр, Чарльз Тейлор және Мэджори Грин сияқты редукционизмге қарсы шыққандар ерекше мән беретін мағына – адам әлемдерді жасайтын жаратылыс болатын мағына емес. Сартрға еліктеп, адам өзін-өзі жасайды және сол арқылы атомдардан және сиясауыттар дан ерекшеленеді деуіміз, оның өзін-өзі жасауының бөлігі атомдар мен сиясауыттарды “құрауға” қатысты деген кез келген жорамал дан бас тартумен толық сәйкеседі. Бірақ өзін-өзі жасаудың нәтижесі ретіндегі адам туралы романтикалық түсінікті, феноменалды әлемді құрастырушы ретіндегі адам туралы кантшылдық түсінікті және ар найы заттық емес құрам бөлшегі бар адам туралы картезианшылдық түсінікті араластыру біршама нақты талдауды қажет етеді. Мұндай шатасу “рухтың табиғатына”, “тұлғаның келтірілмеуіне”, әрекет пен қозғалыстың өзгешелігіне және Geіstes – Naturwіssenschaften өзгешелігіне қатысты көптеген пікірталастардың бөлігі болып табы лады. Соңғы өзгешелік герменевтикалық және басқа да тәсілдерге көлемі жағынан барабар болатындықтан, мен ұсынатын герменев тика ұғымын айқындау ерекше маңызға ие болады. Мен мұндай үш еселі араласуды, герменевтика “рухқа” неме се “адам туралы ғылымдарға” бейімделген деген жорамал жасап, шешуге кірісемін. Ал кейбір басқа тәсілдер (“объективациялау” немесе “позитивті” ғылымдардың тәсілдері) “табиғатқа” сай ке леді. Егер біз, мен сияқты, герменевтика мен эпистемологияның арасында бөліп тұрған сызықты жүргізсек, – кәдімгі нәрсе тура лы дискурстың кәдімгі емес дискурсқа қарама-қарсылық ретін
де, – онда осы екі пән бірімен-бірі бәсекеге түспейтіні, тіпті,
өзара жәрдемдесетіні анықталады. Экзотикалық мәдениетті
герменевтикалық тұрғыда зерттеушіге осы мәдениет шеңберінде
жазылған эпистемологияның ашылуынан құнды нәрсе жоқ. Осы
мәдениетті иеленетіндер қайсыбір қызықты ақиқаттарды (өзінің
орыны мен уақыты кәдімгі дискурсының стандарттарына сай
– басқаша қалай болмақ?) айтпай ма екен дегенді анықтағанда
оларды ақымақ етіп көрсетпеу үшін, қалай аудару керек деген
нәрсенің герменевтикалық ашылуынан құнды нәрсе болмайды.
Сондықтан мен бәсекелес тәсілдер туралы түсінік – әлем бірне
ше салаға бөлінген және біздің мәдениетімізде олардың кейбірін
кәдімгі дискурста (егер дэвидсондықтан бұрынғы терминология
ны қолдансақ, “концептуалды сұлбада”) ең жақсы түрде сипаттауға
болады, ал кейбірін болмайды деген көзқарастың салдары болуы
мүмкін деп күмәнданамын. Айталық, бұл көзқарас адамдарды
тым жалтақ әрі нәзік (сартрлық “vіscousness”) және “объектив
ті” түсіндіруден әрқашан сытылып шығады деп қабылдайды.
Бірақ, сонда да, егер герменевтика мен эпистемологияны мен
сияқты ажыратқанда, адамдарды заттарға қарағанда түсіну қиын
болатындай ешқандай талап болмай шығады; герменевтика тек
өлшемдестігі жоқ дискурстар жағдайында және заттарға емес,
адамдарға қатысты дискурстарда ғана қажет болады. Өзгешелік
дискурсты үнсіздікке қарама-қарсы қойып емес, өлшемдестігі
жоқ дискурсты өлшемтестігі бар дискурсқа қарама-қарсы қою
арқылы ғана жүзеге асады. Физикалистер дұрыс көрсеткендей, біз
айтылған нәрсені қалай аудару керек деп есептегенде, оның не
ліктен айтылуын түсіндірудің тегі (немесе басқа тәсілдер арқылы
жүзеге асырылуы) физикалық қозғалыстың немесе ас қорытудың
түсіндірілуінен ерекше болуы тиіс деп шамалауға негіз жоқ. Ада
ми жәндіктер өлшемдестігі жоқ заттарды айтуға қабілеті болуға
тиіс ешқандай метафизикалық себеп жоқ немесе олардың солай
жалғастыра беруіне кепілдік болуы тиіс. Олардың бұрын дәл осы
лай жасағаны біздің сәттілігіміз (герменевтикалық тұрғыдан) не
месе сәтсіздігіміз (эпистемологиялық тұрғыдан) болады.
“Әлеуметтік ғылымдардың философиясына” қатысты дәстүрлі
жанжал мынадай сценарий бойынша өрбиді. Тараптың бірі
“түсіндіру” (жалпы, болжалдық заңдарға бағынатын) “түсінудің”
болуын шамалайды, бірақ оны алмастыра алмайды. Екінші та
рап түсіну дегеніміз жай қарапайым түсіндіру қабілеті болып та
былады дейді, ал өздерінің қарсыластары “түсіну” деп ұғынатын
нәрселері кейбір түсіндіретін гипотезалардың маңында топтасудың
қарапайым кезең ғана болып табылады. Бұл жерде екі тараптың
да айтқандары дұрыс болады. Апель: “Түсінудің” протагонистері
(яғни Geіsteswіssenschaften) түсіндіру теориясын (яғни объектив
ті және бихевиористік ғылымдарды) жақтайтындарға әрқашан
тылдан да, керісінше алдынан да шабуыл жасайды. “Объективті
ғалымдар” “түсіну” нәтижелері ғылымнан бұрынғы, субъективті
эвристикалық қызметке ғана ие болатынын: сондай-ақ оларды тек
серіп, объективті аналитикалық тәсілдермен толтыру қажеттігі ту
ралы айтады. Түсінудің протагонистері басқа жағынан әлеуметтік
ғылымдардан кейбір деректерді алу демек кейбір объективті түрде
тексерілетін болжамдарды алу – мағынаның “шынайы түсінуінің”
талап ететінін дәлелдеп бағады – деп дұрыс айтқан22.
Герменевтикаға күмәнмен қарайтын адам, кейбір жәндіктердің
сөйлеу дерегі, олардың болжалды қуатты заңдардың орасан зор
біріккен жүйесінен қашқалақтайды деп айтуға себеп болмайты
нын алға тартқысы келеді, өйткені ондай заңдар бұл жәндіктердің
айтатын да, жейтін де нәрселерін болжай алады. Герменевтиканы
жақтайтын адам, олардың не айтатыны туралы мәселенің екі қыры
– олар қандай дыбысты шығарады және қандай таңбаларды сыза
ды (бәлкім, нейрофизиология арқылы бұларды болжауға болатын
сияқты) және мұндай дыбыстар мен таңбалардың мағынасы (бұл
мүлде басқа нәрсе) болады дейді. Бұл жерде, “біріккен ғылымды”
қорғаушылардың тарапынан бұл мүлде басқа нәрсе емес, өйткені
қайсыбір мағыналы айтылған нәрсенің белгілі бір тілге – бірік
тірілген ғылым тілінің өзіне аударудың рет-жосығы бар деуі табиғи
болар еді. Егер әрбір адам жалпы айтуы мүмкін барлық нәрсе бола
тын бірыңғай тіл берілген болса (Карнап өзінің Aufbau-да жасауға
талпынғандай), бұл тілді тұтынушы қандай сөйлемді ұсынды деген
сұрақ, ол түскі асқа нені таңдайды деген сұрақтан арнайы дәрежеде
болмайды. Біріккен ғылым тіліне аудару қиын, бірақ аударуға деген
талпыныс, диета тәсілдерін түсіндіретін теорияларды тексеруден
немесе теорияларды жасау техникасынан айырмашылығы жоқ.
Герменевтиканы қорғайтындар метафизикалық қажеттілікті
емес, тұрпайы деректерді меңзеп, “біріккен ғылымның тілі” сияқты
нәрсе болмайды деген қарсы уәжді айтуы керек болатын. Бізде бүкіл
жақсы түсіндіретін болжамдарды тұжырымдау үшін тұрақты бей
тарап матрица ретінде пайдаға асатын тіл жоқ және оны қалай қолға
түсіруге болатыны туралы да ешқандай бұлыңғыр болса да түсінік
те жоқ. (Бұл, бізде аса тиімді болмаса да, бақылаудың бейтарап
тілі бар деген пікірмен үйлеседі). Сондықтан эпистемологияның – барлық дискурстарды терминдердің таңдаулы көптігіне аудару арқылы өлшемдес ретінде қарастыруға талпыну ретінде – тиімді стратегия болуы екіталай нәрсе. Мұның себебі “біріккен ғылым” метафизиканың бір саласына ғана жұмыс істеуінде емес, біз осын дай тілді алдық деген вигтық пікір зерттеудің жолына тосқауыл болатынында. Біз әрқашан түсіндіруімізді жүзеге асыратын тілдегі өзгерістерді түсіндіргіміз келіп тұрады. Бірақ бұл әлдекімге бұдан артық идея келуінің тұрақты мүмкіндігінің арнайы жағдайы ғана болар еді. Сөйлейтін субъектілердің тілін түсіну, олардың бірде мені олай немесе бұлай жасауын бізге түсіндіруін түсіну - пайда лы не пайдасыз болуы мүмкін. Адамдардың ақылы кем не олар жарымжан болған жағдайда, олардың түсіндіруіне біздің құлақ аспауымыз дұрыс болады. Біз олар қабыл алмайтын, тіпті оларға түсініксіз де болуы мүмкін терминдер арқылы, оларға ниеттер мен әрекеттерді үстейміз. Сөйлеушінің қандай әрекетке баратынын анықтау үшін, оның өзін-өзі сипаттауына назар бөлу керек деген белігілі пікірдің жаны бар. Бірақ ондай сипаттаудан бас тартуға бо лады. Оған адалдық танытудың артықшылығы эпистемиялықтан гөрі, моральдық нәрсе болып табылады. Сөйлеушінің сипаты мен біздің сипатымыздың арасындағы өзгешелік, айталық, оны біздің заңдар бойынша бағалауға болмайтынын көрсетеді. Бұл біздің ғылым оны түсіндіре алмайды деген сөз емес. Егер бөтен мәдениетте өзімізідің сенімдеріміз мен тілек теріміз “тым көп” болған жағдайда біз оны түсіне алмаймыз деген пікір - егер біз дәл сондай тұрғыдан соларға қарағанда өткеннің ғалымын түсіне алмаймыз деген Кун көзқарасын қорытуы болып шығады. Ал, мұндай көзқарасты қазіргі кезге дейін қолданыста бар сөздікті, кез келген нәрсеге қолдануға болады деген пікірге дейін қорытындылауға болады. Мәселе рухтардың іштей болжауға қарсы болуында емес, өзіміздің рухымыз басқа рухтарды (немесе, бәлки басқа денелерді) болжап, түсіндіретін болжамдар жасау үшін ең дұрыс сөздікті иеленеді деп пайымдауға себептің болмауында (олай пайымдамауға өте көп себеп бар). Мұндай пікірді Чарлз Тей лор мынадай түрде айтқан еді: “... біз осындай герменевтикалық ғылымның болашағына қатысты жанжалдан қажығандықтан, верификациялық үлгіге оралғымыз келуі мүмкін. Біз, логикалық эм пиристер пайымдағандай, неге мағынаны өзіміздің тұлғаланбаған көрегендігіміз үшін жаңалық ашу логикасының бөлігі ретінде қарамаймыз және өз ғылымымыздың болжауларын дәлме-дәл деп санамаймыз?23”.
Неге мұндай “дәлме-дәл болжамның радикалды түрде мүмкін
еместігінің” үш себебін санамалай келе, ол мынадай жауап
қайтарады: “берік болжамның мүмкін еместігінің үшінші әрі іргелі
себебі, адамның өзін өздігінен анықтайтын айуан болуына бай
ланысты. Өздігінен өзін анықтауда болатын өзгерістермен қатар,
адамның мәніндегі өзгерістер жүреді және олар басқа терминдерді
қажет етеді. Бірақ адамзат тарихындағы концептуалды мутациялар
өлшемі басқа концептуалды торларды жасауы мүмкін және олар
жасалады да, яғни мұндай торлардың терминдері сөйлемдердің
ортақ қабатына қатысты анықталуы мүмкін емес” (49-б.).
Бөтен мәдениетте өмір сүретіндердің мінез-құлқын болжауда
олардың тілімен шамаласпайтын нәрсе кедергі келтіреді деген пікір
маған дұрыс болып көрінеді, бірақ меніңше Тейлор: “Жаратылыс
тану ғылымдарындағы болжаудың сәтті шығуы, жүйенің барлық
жағдайлары (өткен не келешек) бірдей айнымалылар мағыналары
ретіндегі тұжырымдардың бірдей көптігі арқылы сипатталаатын
дерекпен байланыстырылады. Бұдан күн жүйесіндегі келешектегі
оқиғалардың бәрі, бұрынғыдай ньютондық механиканың тілімен
сипатталуы мүмкін... Егер өткен мен болашақ бірдей концептуал
ды торға жататын болса ғана, өткен жағдайдың белгілі бір функци
ясы ретінде болашақтың жағдайын түсініп, оны болжауға болады.
Адам туралы ғылымдарда, адамның нақтылығын өзгеріске
ұшырататын концептуалды жаңалықтардың болуына байланысты
қатынас мұндай концептуалды бірлік жарамсыз болады (49-б.)”.
Бұл жерде Тейлор өзін-өзі сипаттаудың, болжаудың және
түсіндірудің ең жақсы (немесе кемінде жаңа) тәсілдерді табу
арқылы, іштен өзгеретін жәндік ретінде болатын адам тура
лы түсінікті қайта қалпына келтіреді. Адам санатына кірмей
тін жәндіктер êtres-en-soі (өз-ішіндегі-жәндіктер) ретінде іштей
өзгермейді, бірақ ең тәуір сөздікте қарапайым түрде сипатталады,
болжалады және түсіндіріледі. Мәселені мұндай тәсіл арқылы
көрсету, бізді ғалам заттардың екі түрінен жасалған деген бұрынғы
нашар метафизикалық ұғымға жолықтырады. Адамдардың
өздерін қайта сипаттау арқылы өзгертуінің мәні, олардың диета
ны, жыныстық серіктерін немесе мекендейтін жерін алмастырудан
ешқандай құпиялығы немесе метафизикалық қызығы болмайды.
Бұл баяғы сол мән, нақты айтсақ: олар туралы жаңа әрі қызығырақ
ұсыныстар ақиқатқа айналады. “Келешекті сипаттауы мүмкін
терминдердің өзі, егер біз оларды дұрыс түсінуіміз қажет болса,
біздер үшін қазір қол жетерліктей емес” (50-б.) дей келе, Тейлор
бұл тек адами жәндіктер үшін ғана әділ пікір болатынын айтады. Бірақ, біздің білуімізше, адами креативтілік сарқылып, болашақта біздің концептуалды тордан сытылып шығатын бейадами әлем пайда болады. Барлық адами қоғамдар (мүмкін, бәрін қамтитын технократиялық тоталитаризм салдарының нәтижесінде) өзіміздің тұрпайы құбылған түрімізге айналып кетуі әбден мүмкін. Бірақ қазіргі ғылым (акупунктураның, көбелектердің аууы және т.б. ал дында өз дәрменсіздігін білдіріп алған) аристотельдік гилемор физм сияқты нашар күйге түсуі мүмкін. Тейлор сипаттайтын ойдың желісі, адами және бейадами нәрсені бөліп тұратын желі емес, бірақ бұл біз дұрыс сөздіктің болуына сенімсіздікпен қарайтын және ондай сенімділік болатын зерттеу саласын бөліп тұратын желі болып табылады. Қазіргі жағдайда мұндай ажырату Geіstesжәне Naturwіssenschaften бөлуімен сәйкес келеді. Бірақ мұндай сәйкестік, әншейін сәйкестік болуы мүмкін. Алдағы біршама ұзақ болашақта адам Софокл пайымдағандай δενόξ-тан әлдеқайда басқа болуы мүмкін, ал табиғаттың элементарлы күштері, қазіргі физиктердің қиялынан басқа, соған жақын болып шығуы мүмкін. Бұл пікірді түсіну үшін біз адами жәндіктердің pour-soі (өзі үшін) елемейтін көптеген жағдайлар болатынын ескерген пай далы. Біз оны кәдімгі және зеріктіретін адамдарға қатысты жағдайда қолданамыз, мысалы ондай адамдардың әрбір сөзі мен әрекетін болжауға болатыны соншалықты дәрежеде, біз оларды еш қиындықсыз “шынайыландырамыз”. Біз, осыған дейін қолданып келген концептуалды торымызға түспеген, адамға жат нәрсеге жолыққан кезде, беймәлім тіл туралы айтуымыз табиғи – мысалы, ньютондық механика орын табылмағайтындай етіп әлемді сипат тайтын тілі бар көбелектердің көшуін елестетуге болады. Немесе, егер бұлай тым алысқа бармайтын болсақ біз Табиғаттың Кітабы әлі ашылмаған, яғни онда “гравитация” туралы “табиғи қозғалыстан” жиі айтылмайды деген сенімде болуымыз мүмкін. Біз, “бір тілде сөйлемейтініміз” айқын болғанда экзотикалық мәдениетке немесе түсініктері біз үшін түсініксіз данаға қатысты жағдайда сияқты, адами емес әлемді немесе оның белгілі бір бөлігін антропоморфты (адам тәріздендіру) етуге ұмтылыс пайда болады. Табиғат, біз сана сыз түрде тілге сеніп тапсырған үйреншікті, бұрыннан таныс және біз меңгеретін нәрсе болып табылады. Ал, рухтың бейтаныс әрі меңгеруге келмейтін нәрсе болуына байланысты біз оның “тілге” “барабар” екеніне күмәнмен қарай бастаймыз. Біздің бейнеленгенбейнеден тазартылған күмәніміз – әлдекім немесе әлдебір нәрсе
өзіміздің тілімізде жоқ терминдер арқылы әлеммен қатынас жасап тұрған жоқ па деген әншейін күмән болып табылады. Қарапайым түрде айтсақ, бұл біздің пайымдарымызды емес, сөздігімізді өзгерту керек шығар деген болжам болады. Осы тараудың басында біз, герменевтика – жалпы айтқанда бейтаныс нәрсені зерттеу, ал эпистемология – таныс нәрсенің зерт телуін сипаттау болып табылады дегенді айтқан едік. “Рух” пен “табиғатты” белгілі бір дәрежеде жетімсіз түсіндіруімді ескерсек, мен қазір герменевтика біздің рухты зерттеуімізді, ал эпистемо логия табиғатты зерттеуімізді сипаттайды деген дәстүрлі пікір мен келісуім әбден мүмкін. Бірақ, меніңше, рух пен табиғатты ажыратуды мүлде алып тастаған жөн болар. Мен жоғарыда ай тып кеткендей, мұндай ажырату бірнеше өзгешелікті аралас тырып, бір өзгешелік ретінде қарастырады: (а) заттарды біздің қазіргі түсіндіру және болжау тәсілімізге жақсы сәйкес келетін нәрселерді және сәйкес келмейтін нәрселерді ажыратуды; (ә) бел гілі бір кезеңде адамға тән деп саналатын және қалғандары әлемді құрайтын деп саналатын барлық әртүрлі сипаттамаларды (бірінші бөлімнің 3-тарауында көрсетілген) біріктіретін нәрсені ажырату ды. Сондай-ақ, бұл пікірлер (бірінші бөлімнің 3-тарауында сынға ұшыраған) (б) өздігінен болу (құраудын трансценденталды бел сенділігіне қатысты) және қабылдау қабілетін ажыратумен ара ластырылады. (Бұл біздің сезінудің трансценденталды қабылдау мүмкіндігіміздің “эмпириялық Мен-ді” жасап тұратын сеімдік репрезентациялардың өрісімен араластыру арқылы жүзеге асады, – мұндай бірігуден Канттың өзі де құтыла алмаған). Неміс иде ализмі – рухтың романтикалық өзінен-асып түсетін креативтілігі (әрқашан біздің қазіргі тілімізбен салыстыруға келмейтін әңгіменің басталуына жауапты) және адамның Айна тәріздес Мәніне ба рабар нәрсе ретіндегі рухтың (оның физикалық түсіндіруден ада метафизикалық еркіндігімен қоса), сондай-ақ феноменал ды нақтылықтың “құраушысы” ретіндегі рухтың осындай бірік кен нәтижесіне айналады. Ол ассимиляциялардың жасампаздық көптігі болып табылады, бірақ философияның ғылым саласы мен сәйкес келмейтін өзіндік саласы болады деген түсінік бұл процестің ең сәтсіз салдары болып табылады. Мұндай ассимиля ция эпистемологияның айналасында шоғырланатын “философия” ұғымына жан бітіріп келген. Рухтың трансценденталды құраушы (кантшыл мәндегі) ретіндегі ұғымын бір жағынан картезианшыл дуализм, екінші жағынан – романтизмге жүгіну күшейтіп тұрған
тұста, “эпистемология” немесе “трансценденталды философия”
аталатын жоғарғы пән туралы ұғым (Naturwіssenschaften (психо
физиология) да, Geіsteswіssenschaften (танымдық әлеуметтануға)
да жатпайтын) – ешқандай қиындықсыз өмір сүре беретін еді.
Механикалық емес аударманы “құраушы трансценденталды
эгоның келтірілмеуімен” араластыру қажеттілігі – бақытсыз
мұраның жалғасы. Мұндай араластыру идеализм мен реализмнің
айтысын тым ұзаққа созып жіберді, өйткені герменевтиканың до
стары (Апельдің тараудың басындағы дәйексөзі көрсетіп берген
дей) өз әрекеттерінің хартиясы идеализм сияқты нәрсе болады де
ген пікірде болса, оның жаулары кез келген герменевтиканы ашық
қолданатын адам “антинатуралист” болуы тиіс және бұл жағдайда
орынды болатын физикалық ғаламның тұрпайы реттен тыс орна
ласу сезімі жоқ болуы тиіс дегенді ұстанатын.
Қорытындылай келе, “Geіsteswіssenschaften-тің келтірілмеуі”
туралы айтқаннан соң, мен мынадай тезисті ұсынғым келеді: бір
кезде біз “ұстаным бойынша” адам денесінің әрбір қимылын (дау
ыс шымылдығы мен жазу жазатын қолды қосқанда) оның денесінің
микроқұрылысы арқылы болжайтын қабілетке ие боламыз деген
физикализмдікі дұрыс та шығар.
Мұндай жетістіктен адамның еркіндігіне нұқсан келмейді,
өйткені “ұстаным бойынша” деген сөйлемше, педагогикалық
жаттығуларды ескермегенде, бастапқы шарттардың (микро
құрылыстың алдында болатын жағдайлардың) анықталуы мүмкін
болмайтынын ескертеді. Азаптау мен санаға әсер етудің маман
дары кез келген жағдайда адам еркіндігіне қалауынша арала
суы мүмкін және келешекте ғылымның даму олардың жағдайын
жақсарта қоймас.
Табиғат пен рухты ажыратудың және романтизмнің астарын
дағы ішкі түйсіктің мәні – біз қайсыбір ауыздан қандай шуылдардың
шығатынын олардың мағынасын білмей-ақ болжайтын боламыз
дегенге саяды. Сонымен, егер де біз 4000 жылы зерттеушілердің
ғылыми қауымы шығаратын дыбыстарды болжай алатын болсақ
та, біз бәрібір де олардың әңгімесіне қосыла алмас едік. Мұндай
ішкі түйсік толығымен ақталады24.
Біз дыбыстардың мағынасын білмей-ақ оларды болжай алуы
мыз туралы дерек, дыбыстар жасалуының қажетті әрі жеткілікті
микроқұрылымдық шарттары микроқұрылымды сипаттау үшін
қолданылатын тілдің пікірінің материалдық барабарлығына және
дыбыстар білдіретін пікірге ұқсас болуы екіталай. Бұл, қайсыбір
нәрсе ұстаным бойынша болжауға келмейді деген сөз емес, тіп
ті табиғат пен рухтың арасындағы онтологиялық өзгешелікке де
байланысты болмайды, бірақ нейрондарды және адамдарды игеру
үшін лайықты тілдер арасындағы өзгешелікке байланысты нәрсе.
Бізге, басқа тілдік ойын тарапынан келетін құпия хабарға
біздің кәдімгі тілдік ойынымыздың қай сөйлемі материалды түрде
барабар болуы туралы білмей-ақ немесе ол туралы қам жемей-
ақ қалай жауап қайтару қажет дегенді білуге болады25. Тілдік
ойыннан шығарылатын сөйлемдердің арасындағы материалдық
барабарлықты табу арқылы өлшемдестікке қол жеткізу, біздің жол
дас-адамдарды игеруімізге септігі тиетін техникалардың бір түрі
ғана болып табылады. Егер мұндай техника іске аспайтын бол
са, біз оның жарамды басқа түріне – мысалы, жаңа тілдік ойынға
жүгінеміз және, мүмкін ескісін естен шығарып аламыз. Бұл, біз
дәстүрлі ғылымның сөздігі аясында болжам жасауға талпынғанда,
адами емес табиғат өзін ырыққа көнбейтіндей етіп көрсеткен кезде
қолданатын сол баяғы техника.
Герменевтика “танымның басқа жолы” – “түсіндіруге” қарама-
қарсы қойылатын (болжамдық) “түсіну” емес. Ең дұрысы оны ма
териалды игерудің басқа амалы ретінде қарастырған жөн. Егер біз
болжамдық ғылымға жай ғана “танымдық” дәреже үстеп, “бала
малы танымдық тәсілдер” туралы алаңдамайтын болсақ, онда ол
философиялық айқындылыққа қосқан үлес болар еді. Егер фило
соф болу – “таным теориясын” иемдену дегенге саятын кантшыл
дәстүр болмағанда және егер пайым туралы ақиқатты білуге негіз
делген әрекет “иррационалды” болады дегенге саятын платоншыл
дәстүр болмағанда, онда таным сөзі айқасуға тұрмайтын сөз болар
еді.
Түсініктемелер
1 “Өлшемдестіктің” мұндай мағынасы “терминдерге бірдей
мағына үстелетін” мағынамен сәйкес келмейтінін атап өту қажет.
Егер “бірдей мағына” деген ұғымның нәзіктігін ескеретін болсақ,
Кунды талқылағанда жиі қолданылатын мұндай мағына мен үшін
тиімді болып көрінбейді. Қайшылықтарды тараптардың “термин
дерді әрқалай пайдалануымен” түсіндіру, меніңше, олардың ай
тысты шеше алатын нәрсе төңірегіндегі келісімге келе алмауын
ұғынуы аса бір үлкен жеңілдік бола қоймайды. Бұл туралы алтын
шы тарау, 3-бөлімді қараңыз.
2 Қар. “On the Character of a Modern European State” іn Mіchael Oakeshott, On Human Conduct (Oxford, 1975). 3 T.S. Kuhn, The Essentіal Tensіon (Chіcago, 1977), p. xіі. 4 Қар.: Кунның Ғылыми революциялардың құрылымында ара ласып кеткен, ал қазір қол жеткізген “парадигма” және “пәндік матрица” ретіндегі парадигмаға бөлінетін “парадигманың” екі “орталық” мәнін ажырату себебі туралы “Second Thoughts on Paradіgms” (іn іbіd.). 5 Кун Т. Структура научных революций. М.: Прогресс, 1977.С. 162-163. 6 Осы және басқа дәйексөздер Кунның жоғарыда көрсетілген еңбегінен алынған. 163-бет. 7 Кун Т. Стурктура научных революций, с. 149-150 8 Іsrael Scheffler, Scіence and Subjectіvіty (Іndіanopolіs, 1967), p.84. 9 Kuhn, Essentіal Tensіons. P. 326 10 Кун Т. Структура научных революций, с. 209. 11Коперника теорияларына қарсы шығатын ондай қарсылықтар дың тарихи ролі: Gіorgіo de Santіllana The Crіme of Galіleo (Chіcago, 1955) деген еңбекте сипатталады. Беллармин ұстанымының маңыздылығы: Mіchael Polany Personal Knowledge (Chіcago, 1958) деген еңбекте талқыланады. 12 “Қазіргі философияның” негіздерін қалаушылар механиканың парадигмалығын екі жақты мәнде қарастыруы мүмкін. Бір жағынан, “ақиқатты іздеу тәсілі” Ньютон ұстанған тәсіл болуы тиіс немесе ол ньютондық нәтижелер белгілі болған кезде пайда болуы тиіс. Екіншіден, Локк сияқты жазушыларда ньютондық механика “ішкі кеңістіктің” механикасы үшін үлгі болған (“Рид пен Райл келеке еткен парамеханикалық ментальды операциялар”). 13 Осыған ұқсас басқа мысал, мәдениеттің салаларын ажыратуға байланысты марксистік сыншылардың “шынайылыққа” қатысты күмәнінен пайда болады. Қар. мыс: Herbert Marcuse, OneDіmensіonal Man (Boston, 1964), ch. 6-7. Нақты айтар болсақ, біз зерде дұрыстығының “ғылыми” құндылығын және расизмді жүгендеудің “саяси” құндылығының ара жігін ажыратып беретін айқын жол бар ма деп сұрай алымыз. Меніңше, Маркузенің мұндай ажыратуды жүзеге асыру үшін Ағартудың зиятты аппаратының үлкен бөлігі (“буржуазиялық”) қажет болады деген пікірі орынды айтылған. Бірақ мен Маркузеге қарағанда, мұндай аппараттың бір бөлігімен – “негіздемелері” бар эпистемологиялық бағыттағы фи
лософиямен қоштасқаннан кейін, осындай айырмашылық қалады
деп үміттенемін.
14 Kunh, Essentіal Tensіons, p.xvі.
15 Негізінен қаталдықты кәсіби философтар танытқан болатын.
Кун ғылымның қалай қызмет ететінін сипаттағанда, бұл философ
тар рационалдығын қорғаған ғалымдарға аса бір үлкен жаңалық
еместін. Бірақ айналық метафоралардың Ағартудағы орталық
ролін жіті түсінген философтар, соларға деген кәсіби жақындықты
қолдан құрайды, сол арқылы қазіргі ғылым үшін институционал
ды базис мүмкін болады. Олардың Кунның дәстүрді сынға алуына
күмәнмен қарауы дұрыс еді, өйткені ол қазіргі ғылымның өрлеуін
қорғайтын идеологияға да қауіп төндіретін. Олардың институттар
идеологияны қажетсінеді деп пайымдауы қате болатын.
16 Kuhn, Essentіal Tensіons.
17 A.J. Ayer, Language, Truth and Logіc (New York, 1970), p. 100.
18 Нақтылық туралы ақиқаттың ұғымын германдық философияға
(және a fortіorі, германдық университеттерді өздеріне үлгі деп
қарастырған кәсіби пән ретіндегі философияға) Кант енгізген. Ол,
феномендерді қарапайым түрде қарастыруды (copіng) және ноумен
дерді интеллектуалды түйсікті жолымен тануды ажырату арқылы
оны жүзеге асырған. Сондай-ақ ол еуропалық мәдениетке ақылдық
және эстетикалық пайымдаулар арасын ажыратуды және кейінгілер
мен қарапайым талғам арасын ажыратуды енгізген. Бірақ, аталған
талқылаудың мақсаты үшін оның дұрыс не бұрыс (дәл не қате) бо
луы мүмкін “эстетикалық пайымдарды” және ондай бола алмай
тын “талғам” пайымдарын ажыратуы қарастырылмайды. Кунның
сыншылары ол ғылымдағы теория таңдау мәселесін ақыл пайым
нан гөрі, эстетикалық пайымға жатқызады деп айыптағанда, абай
болғаны жөн (бірақ олардың пікірінше аяусыз болған дұрыс).
19 versus – қарсы (лат.)
20 Kuhn, Essentіal Tensіons. pp. 332-333. Бұл кітапта осындай
жерлер тағы кездеседі, мен көрсеткендей, Кун эпистемологиялық
дәстүрді тым көп мойындайды. Оның бірі - ххііі бетте ол “нұсқау
мен аударудың детерминациясының” философиялық түсінігі
мәселені шешуге септігі тиеді деп үміттенеді. 14-беттегі мәтіннің
бір бөлігінде ол, ғылым философиясы ғылым тарихындағы
герменевтикалық
қызметтпен
салыстырғанда
мүлде
басқа
миссияға ие дейді: “Философтың міндеті – рациональды қайта
құру және оған өзінің пәнінің негізделген білім ретіндегі ғылым
үшін маңызды элементтерін ғана сақтап қалу қажет”. Меніңше,
мұндай пассаж философтың сипаттауы қажет болатын “негіз делген білімнің табиғаты” деп аталатын нәрсе деген аңызға жақын тұрады; бұл қызмет қазіргі біздің мәдениетті құрайтын әртүрлі пәндік матрицалар шеңберінде негізделу саналатын нәрсенің си паттауынан мүлде өзгеше болады. 21Karl-Otto Apel, Analіtіc Phіlosophy of Language and The Geіsteswіssenschaften (Dordrecht, 1967), p. 35. тағы p. 53. салыс. 22 Іbіd., p.30 23 Charles Tayor, “Іnterpretatіon and the Scіence of Man”, Revіew of Metaphysіcs 25 (1971), p.48 24 Куайн тезисінің астарындағы ақиқаттың мәні мынада: Geіsteswіssenschaften құрамында “эмпириялық бөлшектер” жоқ. Бұл Куайн философиясына Раймонд Гюстың (R.Geus) бер ген бағасында жақсы көрініс тапқан: “Тұтас мәңгіліктің бары сында кез келген адамның вербалды диспозициясын болжауға мүмкіндік беретін табиғат теориясын иеленсек те, біз бәрібір оның қандай мағына беретінін түсінбеген болар едік.” (“Quіne und dіe Unbestіmmtheіt der Ontologіe”, Neue Hefte fur Phіlosophіe, Heft 8 [1973], p.44). 25 Барлық тілдердің өзара аударылатыны туралы дерек (ал тыншы тарауда аталған дэвидсондық уәж бойынша), мұндай барабарлықтар табыла береді дегенді білдірмесе керек (тіпті, “ұстаным бойынша” да). Бұл, біз қалай-болу керек-дегенді-білуге уақытша кедергіден біршама үлкен нәрсе болады деген талапқа, нақты айтсақ, “басқа концептуалды сұлба” деп аталатын нәрсенің бізден ерекшеленетін тілді қолданушымен қалай сөйлесу керек деген талапқа мән бере алмайтынымызды ғана білдіреді. Мұны ұлы поэмалар аударуға келмейді деген жалған романтикалық пікірдің негізінде жататын ішкі түйсік те жөндей алмайды. Олар, әрине, аударуға келеді; мәселенің бәрі мұндай аудармалардың ұлы поэзияға жатпайтынында. Рорти Р. Философия и зеркало природы. Новосибирск. Из-во Новосибирского университета. 1997. С. 233-262.
Умберто ЭКО
ТАБЫЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫМ
Семиологияға кіріспе
... ТАБЫЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫМ
(Құрылымдық үлгілердің эпистемологиясы*) 1. Құрылымдар, құрылым және структурализм
Коммуникативті үлгілерді зерттегенде хабардың форма
сын, сондай-ақ, кодтардың жүйелілік табиғатын анықтау үшін
де құрылымдық торды қолдану қажет болады. Қайсыбір кодты
формаға сәйкестендіру және басқа қарама-қарсы қойылған немесе
қосымша кодтармен салыстыру тұрғысынан келгенде пайдасы бар
синхронды көзқарас, тарихи процес барысындағы хабарлар мен
олардың әртүрлі оқылуының ықпалындағы кодтардың эволюци
ясын түсінуге көмектесетін кейінгі диахрондық талдауды жоққа
шығармайды.
Мұндай құрылымдық торлар бірдей құралдарды қолданып
әртүрлі құбылыстарды сипаттағанда, басқаша айтқанда, хабар
да, кодта, мәдени контексте қызмет атқаратын, яғни риторика
мен идеология механизмдеріндегі гомологиялық құрылымдарды
анықтағанда қажет болады. Құрылымдық тәсілдің міндетіне
әртүрлі мәдени деңгейдегі гомогендік құрылымдарды анықтау жа
тады. Мұндай міндеттер дискурсты ерекшелендіруді мақсат ететін
таза оперативті міндеттер болып табылады. Бірақ бұл мәселенің
шеңберін алдын ала белгілеу қажет болады, өйткені құрылым
термині, көбінесе, бір-біріне ұқсамайтын философиялық және
ғылыми тұжырымдамаларда қалай болса солай қолданылады.
Соңғы кезде құрылымдық терминологияны шексіз қолданудың
салдарынан, бұл термин сән үшін ғана қолданылады, сондықтан
оны қосымша коннотациялардан тазарту керек деген пікірлер ай
тылып жүр1. Ал осы терминді дұрыс қолданатындардың өзі тер
минді қолдануға болатын қандай да бір кең өрістің, “ешкімнің
иелігінде жоқ жердің” болуын көбіне мойындайды.
* Эпистемология – таным теориясы.
І. Ой тарихындағы “құрылым” ұғымы
І.1. Бұл жердегі әңгіме тұтас нәрсені, соның бөліктері мен
олардың өзара қатынасын2, “ішкі тәуелділіктердің дербес
тұтастығын”3, өзара тәуелді және біте қайнасқан бөліктерден
құралған қандай да бір тұтас нәрсені анықтайтын термин туралы
болып отыр4…
Дегенмен де егер құрылымды қандай да бір ішкі органикалық
байланыстардың бірін-бірі “ұстап” тұратын жүйесі түсінсек, онда
құрылымдық ұстаным бүкіл философияның тарихына тән дегенді
мойындауға тура келеді; аристотельдік субстанция ұғымынан (ал
“Поэтикада” драманы “үлкен айуанмен” салыстырудан) бастап, ол
форманың әртүрлі биоорганизмдік теорияларын және де әртүрлі
ортағасырлық теорияларға тән болған. Бұл жерде он тоғызыншы
ғасырдың организм философияларын еске түсірсек жеткілікті
(олардың арасында Гете морфологиясына және қазіргі ағылшын-
саксон эстетикасының көптеген қағидаларына негіз болған Кол
риджды атасақ жеткілікті)...
Қазіргі философияны әрқайсысы тарихи, онтологиялық неме
се психологиялық нақтылықтың көрінісі саналатын Шпрангердің
“өмірлік формасынан” (Lebensformen) бастап, Криктің “ежел
гі формасына” (Urform) дейін және Дильтейдің “негізгі форма
сынан” (Grundformen) бастап, Гуссерльдің “мәнділік формасы”
(Wesenformen) мен Шелердің “сезіну формаларына” (Gefuhlsformen)
дейінгі әртүрлі “формалар” жайлап кеткені белгілі5. Осы ойдың
жалғасы ретінде қазіргі эстетика да Кассирер мен Лангер жасаған
символикалық түрлерден бастап, жаңа сын стратегияларына дейін,
Фосийон формаларынан бастап, Парейсонның пішін жасау тео
риясына дейін құрылымдық сарындарға толы екенін айту қажет;
Уайтхейдтің ықпалында болған Пачи реляционизмінің құрылымдық
ұстанымы туралы да және өзінің әлеуметтік-эстетикалық зерттеуін
де “құрылымдық” эстетиканың қағидаларын негізге алған Шарль
Лалоның6 “жүйелер жүйелерінің” айтылмыш-қана сипаты туралы
да дәл осыны айтуға болар еді (орыс формалистері – Прагалық лин
гвистер ұйымы – Уэллек тізбегіне ұқсас)...
Ең соңында айтарымыз, алғашқы рет құрылым туралы мәселе
көтерген формалар психологиясының қазіргі структурализмнің
көптеген бағытына ықпалы болды және сол формалар психологиясының ағымы бойынша Мерло-Понти өзінің терең құрылымдық анықтамаларын жасаған7. Алайда, дәл осылай “өздерінің структуралист екенін білмей тін” структуралистерді немесе “структурализмнің алдында болған структуралистерді” немесе “нағыз шынайы структуралистерді” бәрінің ризашылығын туғызып шексіз санамалай беруге бола ды. Маркс пен көптеген марксистердің құрылымдық ұстанымын қалайша жоққа шығаруға болады8? Және де психопатология саласындағы қазіргі зерттеулердің, Минковский, Штраус, Гебзат тель және Гольдштейн еңбектерінің, Бинсвангердің9 болмысты тал дауын және Лакан құрылымдық сарында10 түсінген фрейдизмнің өзін де сол баяғы структурализм анықтап тұрған жоқ па? І.2. Қорытындылай келе айтарымыз, құрылым идеясы ғасырлар бойы философиялық ойға арқау болып келді және ол формалардың формасы қозғап тұрған әлемнің, ғарыштың тұтастығы туралы түсініктерімен астасып жатқан жалпылық идеясы ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке “тұтастықтардың” қосымшасы ретінде де, метафизиканың күйреуі жалпы тұтастықты Тәртіп ретінде тануға мұрша бермеген жағдайда реттеу өлшемі ретінде де қолданылды. Қазіргі ойлауда мұндай ұстаным жеңіске жетіп, ендігі назар син хронды тұрғыда қарастырылатын жекелеген құбылыстардың реттелуіне ауды, ал себептілік, тарихи даму, генезис мәселелері көлеңкеде қалды; мұның барлығы ойдың біртұтас бағыты санала тын “структурализм” мәселесінің емес, форманың, құрылымның, тұтастықтың органикалық бірлігі туралы мәселенің қамтылуын дәлелдей алады. Сонымен, структуралист құрылымшы болу үшін құрылымдар туралы ғана айту, оларды мойындау және құрылымдық әдістемені қолдану аздық етеді. Сондықтан да “структурализм” атауын, Де Соссюр – Мәскеу – Прага – Копенгаген – Леви-Строс – Лакан – кеңес және француз семиотиктері тізбегіне сәйкес келетін болжал ды ортодоксальды структурализмге беріп, құрылым терминінің нақты қолданылуын анықтап, бұл мәселені жабу керек шығар. Бірақ біз негізгі (магистральды) бағытты бөліп алатын және барлық қосымша тармақтарды сонымен тікелей байланыста қарастыратын осындай терминологиялық жіктеуді жасағанда және құрылым тер
минін қай жағдайда қолдану керектігін анықтаған кезде, біз бірден
сондай қолданысты негіздейтін көптеген философиялық пікірлер
ге жолығамыз. Нәтижесінде бізге ортодоксальды структурализмнің
магистральды бағыттың ішінде (мәселені жеңілдету үшін таңдап
алынған) магистральды қиылысқа, ал структурализмді – қайда апа
рары белгісіз бастапқы нүктеге айналдыратын әртүрлі бағыттағы
күштер болатынын мойындауымызға тура келеді11. Сондықтан
мынадайлардың болуымен келіспеске лаж жоқ: а) “жалпы” струк
турализм (қате атаудың немесе өзін-өзі атаудың нәтижесі); б) ере
кшеліктерін анықтау қажет болатын “әдістемелік” структурализм;
в) біз даулы мәселесін талдайтын “онтологиялық” структурализм.
ІІ. Аристотель тәлімі: нақтылы форма және формальдық
үлгі ретіндегі құрылымның теориясы
ІІ.1. Біз негізге (бұл бәрінің де көңілінен шығуы тиіс)
құрылымды бөліктері мен олардың өзара қатынастары бар қандай
да бір тұтас нәрсе ретінде қараймыз; мұнда барлығы да өзара бай
ланыста болады; бірақ тап осы тұста құрылым деген не: құрылымы
бар объект ба немесе объектның құрылымын анықтайтын, бірақ
жеке қарастыруға болатын қатынастар ма? – деген мәселе пайда
болады12.
Жоғарыда біз структуралистік ойдың атасы ретінде Аристотель
туралы айтқан едік. Нақ осы Аристотельде біз форманы, қандай
да бір органикалық тәртіпті сипаттауға көмегі бар үш ұғымды кез
дестіреміз: морфе (morfé), эйдос (eіdos) және усия (ousіa). Морфе
(μορφή) “Физикада” былайшы анықталады: бұл сызба, объектінің
сыртқы физикалық формасы, оны схоластар termіnato деп атаған;
бұл τό σχήματήςιδεας.
Эйдос (ειδος) дегеніміз идея. Ол Платон үшін нақты заттан да
реалды есептелсе, бұл жерде заттан “тыс” болмайды; бұл λογος
ανευ υλης, демек материямен бірге ол синлон, субстанцияны, яғни
усияны (ουσια) құрайды. Онда τι ην ειναι және συνολον қосылады,
ал бұл ουσια, τοδε τι, яғни жеке адам болады.
Бірақ эйдос усиядан жеке өмір сүре алмайды, бұл – болмыстың
әрекеті. Эйдос затпен біте қайнасқан, бірақ оның пайда болып,
қалыптасуына қатысы болмайды. Ол тек субстанциямен бірге ғана
және оның ішінде өмір сүреді: ол субстанцияның интеллигибель
дік құрылымы. Бұл түсінікті қазіргі таным теориясының көмегімен
түсіндіруге болады, мысалы, Н.Бор атомның үлгісін (ол әлемдегі
бірінші атомнан бұрын пайда болмайды, тек құдыретті ақылда ratіo semіnalіs түрінде болмаса және ол абстракция процестерінің жемісі болады) кез келген болуы мүмкін атомның эйдосы деп атасақ. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет болады – 1) Борға дейін атомның эйдос-үлгісі болмады, бірақ ол атомдар да жоқ бол ды деген сөз емес; және 2) біз атомдар Бордың болжамы бойын ша құрылуы тиіс дегенді айтқымыз келмейді; ал Аристотельде болса, эйдос усияға жан бітіреді және оны абстракцияландырып, анықтағанда біз, біздің танымымыздан бұрын болған қайсыбір интеллигибелдікті жарыққа шығарамыз. Мұндай ерекшеліктер ді атап өту қажет, өйткені кейін “құрылым” терминін талдағанда осыларды ескеру керек болады. Дегенмен де “осы” және “постулаттанған” эйдостарды әзірше қоя тұрып, аристотельдік философиядағы құрылым дәрежесін қарастыруды жалғастырамыз. ІІ.2. Егер эйдос* рационалды және рационалды түрде таныла тын нақты субстанцияның құрылымы болса, ол заттың өзін емес, затты меңгеріп тұратын қатынастар жүйесі болуы тиіс. Бірақ Арис тотель бойынша, эйдос өзі көрсетіп тұрған материядан тыс, демек өзі көрініс табатын “усиядан” тыс анықтауға келмейді. Сондықтан Аристотель қайсыбір жасалатын заттың идеясы туралы айтқанда (мысалы, сәулетші үйдің құрылымын ойдан шығарады), ол мұндай оперативті идеяны эйдос демей, “πρότη ουσια” (“бірінші мәнділік”) деп атайды; заттың формасы болып табылатын форманы заттан ажыратуға болмайды13. Сонымен, Аристотельдің құрылымдық үлгі (ойдың сызбасы) және құрылымы бар объект арасын таңдап, көп ойланғаны айқын білінді; мұндай диллема құрылымға қатысты әңгіме болғанда жиі туындайды және “құрылымдық” әдіснаманы дұрыс түсіну оның шешілуіне байланысты болады. Дегенмен де күмән туғызып тұрған екі нәрсе белгілі: оның бірі эйдостың онтологиялық және эпистемологиялық қырларына қатысты (эйдос “берілген нәрсе” немесе “орнаған нәрсе”, мен оны заттың өзінен та бамын немесе затты түсіну үшін затқа телимін); екіншісі нақтылы және абстрактылы қырларға қатысты болады (эйдос – объект ба әлде объектның үлгісі ме, индивид па әлде әмбебап* па?). Егер * эйдос (гр. eіdos “түр, бейне”) – ойлаудағы нақты нәрсе, көрініс. * универсалия (лат. unіversalіs “ортақ, жалпыға бірдей” – 1. жалпы ұғым (ортағасырлық философияда). 2. әлем тілдерінің барлығында кездесетін құбылыстар мен қасиеттер
біз екінші оппозицияға тоқталсақ (байланыстар заңы бойынша
жасалған зат, яғни субстанция ретінде түсінілетін құрылым және
байланыстар жиынтығы, реттелетін элементтерді ауыстырғанда
да өзгермейтін тәртіп, яғни қатынастар торы ретіндегі құрылым
арасындағы), онда объектіні қабылдаудың және талдаудың барлық
жағдайында бұл күмәннің қайталанып отыратындығына көзіміз
жетеді.
Өйткені, үлгілер объектіні анықтау үшін жасалады және объ
ект туралы әңгіме болғанда оны үлгілер арқылы анықтайды.
Сондықтан да бұл тұста құрылым жөнінде айтылған осыншама
пікірдің арасында, осы дихотомияның болатынын ескеретін және
аталған екі позицияның бірін саналы таңдаған пікір бар ма де
ген сұрақтың болуы заңды. Келесі тараудан кейін “жалпы емес”
структурализмнің күмәнді сейілтетін нақ осындай таңдау жасай
тыны белгілі болады, бірақ сол мезетте ол жоғарыда көрсетілген
басқа балама үшін де, яғни құрылымның онтологиялық және
таным теориясы түсінігі үшін ашық болып, әдіснамалық және
онтологиялық структурализмнің айрығында тұрады...
2. Бірінші күмән: нысан ба әлде үлгі ме?
І. Әртүрлі құбылыстарға қолданылатын
айырмашылықтар жүйесі ретіндегі құрылымдық үлгі
І.1. Ортақ нұсқамалар арқылы байланысатын және өзара
ықпалы күмән туғызбайтын бірқатар пікірлерді қарастырайық,
олардың мәні мынадай:
а) құрылым – айырмашылықтар жүйесі ретіндегі үлгі;
ә) әртүрлі құбылыстар мен құбылыстардың жиынтығына
қолданылу мүмкіндігі үлгінің қасиеті саналады;
б) жоғарыда көрсетілген екі жағдай қабылданғанда ғана
“құрылымдық” әдіснамада мән болады, осы шарт орындалғанда
ғана ол білімнің бірігуіне жол ашады және әртүрлі ғылымдыр
арасындағы қатынастың дамуына ықпал етіп, пәнаралық талдауды
жүргізе алады.
І.2. Соссюр (ол “құрылым” терминін қолданбаған деуге болады
және тілді жүйе ретінде түсіндіргенде жүйе терминін кейбір әлі
алда талданатын авторлардың құрылым термині тәрізді түсінген)
тілдің жүйелі табиғатын табанды түрде негіздеген: “Тіл – барлық
бөліктері синхрониялық өзара тәуелділікте қарастырылуы мүмкін
және қарастырылуы қажет жүйе”14. Сондықтан да сөзді қайсыбір
дыбыстың қайсыбір мағынамен қосындысы деу үлкен қателік бо лады, өйткені бұл – ол тіршілік ететін және бөлігі болып табылатын контекстен жұлып алып тастаумен бірдей нәрсе, сондай-ақ тұтас нәрседен бастап, талдау арқылы оның құрамындағы элементтерін анықтаудың орнына жеке бөліктері қосу арқылы жүйені тануға болады деп ойлау да қате. Алайда элементтердің қатынастарын анықтау үшін тұтастан бастау, мысалы қайсыбір мағынаны басқа мағынаға қарама-қарсы қойып анықтау дегеніміз айырмашылық жүйесін анықтау болып саналады: “Тілде өзгешеліктен басқа ештеңе де жоқ. Жалпы, өзгешелік өзі анықталатын қатынастың арасында жағымды мүшелердің бо луын қажет етеді. Бірақ тілде жүйенің жағымды мүшелері жоқ өзгешеліктер ғана бар. Таңбаның қай қырын - таңбалаушыны не месе таңбаланушыны алмайық, барлық жерде бірдей көрініске жолығамыз: тілде тілдік жүйеге тәуелсіз тіршілік ететін ұғым да, дыбыс та жоқ, тек осы жүйеден туындайтын мағыналық және дыбыстық өзгешеліктер ғана бар”15. І.3. Бұл идеяның Соссюрден кейінгі структурализмде қандай маңызды болғаны мәлім: Ельмслевтің бүкіл семан тикасы таңбалаушылардың коммутация мүмкіндігін анық тайтын парықтылық (значимость) ұстанымына негізделген (таңбалаушылардың ауысуына сай таңбалаушы өзгереді не өзгермейді); таңбаның мағынасы таза жіктеуіш сипатта болады: француз тіліндегі boіs және foret арасындағы шекара итальян тілінде бір жағынан legno және bosco және екінші жағынан foresta арасынан өткенде одан әрі айшықтана түседі... Бөренелер туралы түсінікпен сәйкесетін шектеулі кеңістікте өсетін аласа ағаштар туралы лингвистикадан тыс болатын түсініктің өз кезегінде кең алқапты алып жатқан үлкен ағаштар туралы түсінікпен сәйкес келуі, жүйеден бұрын пайда болмайды, бірақ өз элементтеріне позициялық парықтылықты үстейтін және оларға басқа тілдің жүйесімен салыстырғанда анықталатын жүйелік өзгешеліктерге тәуелді мағына үстейтін тілдік құрылымнан туындайды: “тек қана бүкіл шарттылар ғана емес, сондай-ақ шарттыға қатысы барлардың да және бүкіл жіктеуіштердің де формаға қатысы бар болып, материалға қатысы болмайды”16. І.4. Соссюрлік “жүйенің” көлеңкесінде жасырынып тұрған құрылым ұғымы, жоғарыда айтылғандай, 1929 жылғы “Прагалық лингвистикалық үйірменің тезистерінде” көрініс табады және тілдің жүйе ретіндегі тұжырымдамасы “құрылымдық салысты
руды” қажет ететіні айтылып, олар диахрониялық зерттеуде де
(мысалы фонологиялық деңгейде де) міндетті саналып материалға
қарағанда ішкі жүйеліліктің өзара қатынастары басым болатынын
мойындатады17.
Демек, бұл жерде де өзгешелік жүйе ретіндегі құрылымдық
үлгінің түсінігі ұсынылады және ол зерттелетін объектның
физикалық қасиеттеріне ешқандай қатысы жоқ немесе Ельмслев
айтқандай, айтылу формасы айтылым субстанциясымен ешқандай
қатысы болмайды, сондай-ақ мағынаның түрі позициялық мағына
– мағынаның субстанциясымен немесе таза мағынамен ешқандай
байланысы болмайды.
Айырмашылықтар жүйесі дегеніміз абстракцияланатын қаты
настардың жүйесі болып табылады, бұларға Трубецкой әртүрлі
тілдерде анықтағысы келген фонологиялық заңдар жатады; өзінің
фонологиясының ұстанымдарын мүлдем ұқсамайтын тілдерге
қолданып және ондай фонологиялық жүйелердің құрылымын зерт
тей отырып, ол қатынастардың кейбір комбинациялары әртүрлі
тілдерде кездесетіні туралы, ал кейбіреулерінің мүлдем кездеспей
тіні туралы айтады. Бұл фонологиялық жүйелердің құрылымдық
заңы болып табылады18.
І.5. Бірақ осы тұста құрылымды таза анықтау қатынастарына
жататын сызбамен немесе үлгімен теңестіру, оның оперативті
сипатын дәлелдеп береді, өйткені оны дескриптивтік және кес
кіндеушілік тор ретінде әртүрлі құбылыстарға қолдануға болады.
Егер құрылым әртүрлі хабарды туғыза алатын код ретінде қызмет
атқарса, ол мағынаға ие болады. Онда Леви-Стростың 1960 жылы
Коллеж де Франста оқыған кіріспе дәрісіндегі қорытындылар
түсінікті болады: “ғылымдардың ешқайсысы да өзі зерттей
тін құрылымдарды кез келген бөліктердің кез келген орналасуы
ретінде зерттей алмайды. Екі шартқа сай келетін орналасудың
ғана құрылымы бар деп есептелуі мүмкін: ол ішкі байланысы бар
жүйе болуы тиіс; және бір тәсілді қолданғанда байқалмайтын бай
ланыс трансформация арқылы зерттелгенде анықталады, соның
арқасында, бір қарағанда, ұқсамайтын жүйелерде ортақ сипаттар
анықталады”19.
Леви-Стростың бұл тұжырымы бізді өзгешеліктер жүйесі ту
ралы ұғымға қайта әкелді, ал оның құндылығын оны әртүрлі
құбылыстарға қатысты қолдануға болатыны анықтайды және ол
параграф басында айтылғандарды да дәлелдей алады.
Құрылым трансформация жүйесінің құрылуын мүмкін ететін
транспозицияның мүмкіндігі ретінде түсінілгенде ғана, оның
айырмашылықтар жүйесі ретіндегі түсінігі жемісті болмақ20.
І.6. Бұл жерде тағы анықталатыны “құрылымның” философ
иялардың және сыни әдіснамалардың айтатын “ағзалармен” немесе
“пішіндермен” ешқандай ортақ нәрсесі болмауы; өздерінің сипаты
жағынан олар конструктивті суреті мен бөліктері өзара байланыс
ты болатын қайсыбір нақты жасалымға бейім келеді, ал “жалпы
емес” структурализм әртүрлі мазмұнда инвариантты формаларды
іздеуге бейім тұрады. Бұл басқа жағдайларда құрылым туралы
айтуға болмайды деген сөз емес, бірақ онда әңгіме тасымалда
натын құрылымдық үлгілер туралы емес, құрылымы бар объек
тілер туралы, демек, пішіндер туралы болуы тиіс. Ал бұл “жалпы
емес” структурализм тілімен айтқанда, қайсыбір феномендер кон
стантты үлгіге келтірілгенде ғана, құрылым туралы заңды түрде
айтуға болады деген сөз. Дәлірек айтсақ, эстетикада жазылған
көптеген еңбектерге тән жеке формаларды талдау құрылымдық
құрал ретінде қолданыла алады, бірақ ол өздері бағынатын (не
месе болу мүмкіндігі өте төмен хабарлар жағдайында сияқты бәрі
қарсы болатын) ережелер жүйесін жасау үшін әртүрлі формаларды
сәйкестіргенде ғана шынайы құрылымдық құрал бола алады.
ІІ. Структурализм (құрылымшылдық) және
генетикалық структурализм
ІІ.1. Мысалы, біздің жүргізіп отырған құрылымдық зерттеу
үлгісінен өздерін құрылымдық санайтын кейбір зерттеулерді ажы
рата білу керек.
Типтік жағдайға Люсьен Гольдманның еңбектерін жатқызуға
болады. Шын мәнінде, Гольдман ешқашан өзін структуралист деп
есептемеген. Ол өзінің тәсілін “генетикалық структурализм”21 деп
аталатынын үнемі айтатын және басқалар үшін “генетикалық”
деген анықтама бәрін түсіндіріп тұратын. “Генетикалық структу
рализм тәсілінде құрылымы тұрақталған тұтастықтар саналатын
эмпириялық деректер бөліп алынады және кейін олар элемент
тер ретінде өзі тектес ауқымды құрылымдарға жинақталады”.
Бұл тәсілдің артықшылығына оның мәдениет деректерін бір
ден тұтас қамти алуы жатады. Мұндай тұтастық осы деректерді
қамтығанда оларды сол мезетте-ақ көрсетеді, өйткені мағыналы
құрылымды анықтау дегеніміз деректердің қайсыбір жиынтығын
қамту болып табылады, ал оны ауқымды құрылымға енгізу таралу-
айқындама процесі болып саналады. Мысалы, Расин театрының
және Паскальдің “Ойларындағы” трагикалық құрылымды анықтау
дегеніміз – оларды ұстап қалу деген сөз, бірақ оларды құрылымы
анықталатын радикалды янсенизм контексіне енгізу, янсенизмге
қатысты ұстап қалу әрекеті болып саналады, бірақ Паскаль мен
Расин шығармашылығына қатысты бұл айқындау болады; ра
дикалды янсенизмнің янсенизм тарихына енуі дегеніміз, бірін
шісін айқындау және екіншісін “ұстап қалу” болып табылады.
Идеологиялық қозғалыс ретінде янсенизмді ХІІ ғасырдағы дін
басыларының жоғарғы тобының өмірінің тарихына енгізуіміз, ян
сенизмді айқындауға және осы топтағы дін басыларының тарихын
ұстап қалып, анықтау болып саналады. Жоғарғы діни басылардың
тарихын француз қоғамының жалпы тарихына жазу, біріншісін
айқындау және екіншісін “ұстап қалу” болады және т.б.”22.
ІІ.2. Бұл тәсілде құрылым мағыналы оппозициялардың инва
риантты жүйесі болмайды: бұл өзгеріп отыратын қасиеттер
тізімінің көмегімен сипатталатын мәннің тұтас көрінісі сияқты
нәрсе; құрылым – мәңгілікке қатып қалған үлгі емес, ол заманның
нақты тарихи кезеңінде мәдени детерминациялардың жүйесі ие
ленетін ерекше форма болып табылады; қатынастар жүйесінің фор
масын иеленетін субстанциядан бөлінбейді, мысалы, Роб-Грийе
романдарының құрылымын ерте капиталистік қоғамдағы өндірістік
қатынастар формасымен емес, жаңа капиталистік дәуірдегі
өндірістік қатынастар формасымен салыстыруға болады, өйткені
біріншісіне ХІХ ғасырдың романдары сәйкес келеді. Бұл мәнде
Гольдманды структуралист деп таныған адам структурализмге
кері ықпал жасайды23, бірақ тәсілі сынауға лайықты не лайықсыз
болсын, құрылымдық тәсілден ерекшеленетін Гольдманға ол одан
асқан кері ықпал жасайды. Гольдманға қойылатын сауалдың ең
ірісі мынаған саяды: бірдей семантикалық құралды қолдана оты
рып (басқаша болса оны ешкім түсінбейді де) әртүрлі тарихи жаса
лымдарды ортақ формаға қалай келтіруге болады?
ІІ.3. Код мәселесі (ол әмбебап код болып саналмайды, бірақ
“жалпыны қамтитын код ретінде алынады”) басқа деңгейде тағы
да бой көрсетеді. Паскальды радикалды янсенизммен салыстыруға
болатыны анық көрініп тұр, бірақ оны Гольдман сияқты бір
жағынан Паскаль мен радикалды янсенизмді, екінші жағынан Роб-
Грийе мен қазіргі капитализмді салыстыруға бола ма? Тақырып
өте қызық болғанымен, біз кейбір терминдердің мағынасын ғана
анықтайтынымызды ескерткіміз келеді. Міне, осы жерде нүкте
қоямыз.
ІІІ. Структурализм және структуралистер
ІІІ.1. Әзірше біз “жалпы” деген атауын қалдыруды жөн көріп
отырған “синхронды структурализмді” және генетикалық струк
турализмді ажыратпаумен қатар, қазіргі мәдени өмірдің барлық
деңгейінде құрылымдық қозғалыс бар деген әңгіме мәселенің
шешілуін одан әрі алыстатады. Осындай тұжырымның пайда бо
луына, дұрыс құрылымдық әдістеменің24 жасалуына көп еңбегі
сіңген Ролан Барт сияқты сыншы жауапты екені ерекше назарда бо
луы тиіс. Әрине, бұл құрылымдықтың қызуын кейінгі тәжірибе мен
күнделікті қатаң сын әлі суытпаған кезде, яғни 1963 жылы болған
пікірталас кезінде жазылған: бірақ осы ынтаның сарқыншақтары
бүгінге дейін жетіп отыр, сондықтан олар өзінің байыпты бағасын
алуы қажет.
Біздің әрқайсымыздың Пиаженің объектның қабылдануы
туралы дәрісінен кейін, оларды а ля Пиаже бойынша салуға
талпынғанын суретшіні көргенде таң қалатынымыз анық. Біздің
оған айтарымыз: егер Пиаже теориясы дұрыс болатын болса, ол
кез келген қабылдау үшін де дұрыс теория, сондықтан Рафаель
де а ля Пиаже бойынша сурет салған болып шығады. Басқаша
айтқанда,
ешқашан
қайсыбір
теориялық
тұжырымдаманы
практикалық мінез-құлықтың үлгісіне айналдыруға және эстети
кадан поэтиканы, сондай-ақ болмыс метафизикасынан автокөлік
жүргізу нұсқамасын жасауға болмайды екен (автокөлік де, біздің
жүргізуіміз де болмыстың көріністері болса да).
Солай бола тұра, қазіргі кезде структурализмді өзінің шабыт
қайнарына айналдырып жүрген суретшілер аз емес. Өйткені,
“құрылыммен машықтануды”, құрылымды анықтауды (өзінің те
ориясын емес) шығармашылығының негізі етіп алған суретшілер
туралы Барт та жазған. Теориялық структурализмнің мақсаты бір
немесе көптеген нақты объектілердың теориялық сұлбасы (си
мулякр) болып табылатын объектіні құрастыру. Структуралис
тер сұлбалар әлемін нақты әлем түсінікті болу үшін жасайды.
Структуралисттің қызметі екі ерекше операцияның: ерекшелеу
мен салыстырудың болуын қажет етеді. Демек, Барттың пікірін
ше, Леви-Стростың, Пропптың, Дюмезильдің және Трубецкойдың
айналысып жүргендері Мондрианның, Булездің немесе Бютордың
жасап
жүргендерінен
ешқандай
айырмашылығы
болмай
ды. Біріншілердің құрастырылған объектіні қайсыбір нақты
тәжірибенің зерттелуі қажет қайталама деп білуі, ал екіншілердің
оны жоқтан пайда болған туынды деп есептеуі ештеңені де
өзгертпейді. Осы екі жасау тәсілін олардың негізінде жататын бір
дей техникалық операция теңестіріп жібереді.
ІІІ.2. Әртүрлі көркемдік техникалардың қазіргі теориялық
ойдан нәр алуын байқамау кешірілмейтін соқырлық саналар еді;
және ортағасырлық “Суммалардың” құрылымы мен готикалық
шіркеудің арасында, Кеплердің әлемі мен барокко арасында, фи
зика мен шарттылық метафизикасы және қазіргі ашық туындының
арасындағы ұқсастық анықталғандай, дәл сол заңды негізде,
қазіргі өнерде де әуелгіге, қарапайымға, қарама-қарсылықтардың
ойынына, айырмашылықтардың теңесуіне, структуралистік дис
курска тән барлық нәрсеге ұмтылушылық байқалады деуге бола
ды. Бірақ мұндай параллельді анықтау, құрылымдық әдіснаманың
танымдық талдаудың емес, мәдениет тарихы мен формалар
феноменологиясының міндеті саналады. Басқаша айтсақ, кеп
лерлік эллипстік орбиталар мен барокко арасындағы туыстықты
анықтау, кеплерлік есептердің мағынасы мен маңызын өзгертпейді
және кеплерлік жаңалық белгілі бір тұрғыда барокко дәуірін де
сипаттай алады; нақ осы мәнде, оны басқа көзқарас тұрғысынан
бәрін жеңетін шіркеу бейнесі және риториканың қайта жандануы
да сипаттай алады. Соссюр мен Ельмслевтің тәсілдерін салысты
ру ортақ өрісті – структурализм өрісін – белгілеу болып табыла
ды. Өрістен тыс жатқанда бұл екі тәсілдің мәндері өзгеріп, олар
бірашама тарылар еді, ал Соссюр мен Бютор қызметтерінің ортақ
өрісін анықтау дегеніміз олардың жасағандарына баға беру бол
май, мәдениет феноменологиясы дәуір бейнесінің тұтас ұғымын
жасауда белгілейтін осы өрісті сипаттау болып шығады. Басқаша
айтсақ, Соссюр мен Бюторда бірдей іс-әрекет бейнесі бар десек,
ол құрылымдық әдіснаманы қолдану болады, бірақ ол Бютор
құрылымдық әдістемені қолданады деген сөз емес.
Соссюр + Леви-Строс + Ельмслев + Пропп ортақ болып
көрінгісі келетін тәсілді жасады, бұл структурализм болып табы
лады; керісінше, Соссюр + Булез + Бютор дегеніміз әртүрлі са
лалардан шыққан әсерлердің тізбегі және бұларды ортақ жүйеге
келтіру оңай емес. Егер: “Пуле осындай пікірде болса, ол структу
ралист емес” деп айтуға болса, онда “Булез осындай музыка жазса,
ол структуралист” деп айтуға болмайды; Ал егер осылай айтылса,
онда оның мәні басқаша болады. Бірінші жағдайда біз: кім струк
туралист болғысы келсе, соған сәйкес modus operandі – ден бас
тартпауы қажет деген пікірде боламыз; екінші жағдайда, сәйкес
келетін modus operandі қалыптасып болған соң ғана параллель
жүргізуге, текті анықтауға, себептілік байланыстар туралы айтуға
біздің құқымыз бар болады. Бірінші жағдай танымдық таңдау
екені айқын көрінеді, екінші жағдай идеялар тарихында тіркелетін
формаларды жасау болады (оны Мишель Фуко өзінің “археология
сынан” ажыратуы заңды, өйткені оның әртүрлі тарихи кезеңдердің
“эпистемаларын” зерттеу кезінде аналогтар (ұқсастықтар) спеку
лятивті әрекеттер мен шығармашылық қызмет арасында емес, спе
кулятивті әрекеттер деңгейінде анықталады).
ІІІ.3.
Егер
құрылымдық
тәсіл
кейбір
коммуникативті
механизмдердің қызметін анықтауға көмегі тиетін болса (ең бол
маса семиологиядағыдай), онда Пиаже мысалындағы Рафаель де
структуралист болып шығады, өйткені туындыдағы бірнеше эле
ментті анықтап оның бүкіл шығармашылығын зерттеуге болады.
Кейін25 тарата талданылатын тағы бір жағдайды айта кетуіміз
керек: философиялық доктринаға, түптің-түбінде метафизикаға
айналып бара жатқан құрылымдық тәсілдің икемсіз түсінігі струк
турализм мен қазіргі өнердің ажыратылмауына әкеліп соғады.
Сонымен, қорытындылай келгенде, бұл қозғалыстың құрылымдық
әдістеме мәселесіне ешқандай қатысы болмайтыны және оның
зерттеу әдістемесі өзіндік ерекшелігі бар олардың жасалу техноло
гиясымен салыстыру барысында қалыптасатыны анық түсінілгенде
ғана “құрылымдық қозғалыс” туралы айтуға болады (әрине,
мәдениет құбылыстары ретінде бұл объектілерды құрылымдық
тәсілдерді қолдана отырып зерттеуге болар еді, өйткені эволюция
теориясы, онтогенез және филогенез тұрғысынан эволюциялық
көзқарастарға ең жанкешті деген қарсыласты да зерттеуге бола
ды).
ІV. Структурализм және феноменология
ІV.1. Енді структурализм мен феноменологияның өзара
қатынасын анықтап көрейік. Бұл өте шұғыл шаруа емес, өйткені
бұл саладағы ең өрескел қателіктерді тек дайындығы аз және
үстірт адамдар ғана жасайды. Бірақ дайындығы мол теорети
ктер де өздерінің ой лабораториясында структурализм және
феноменологияның әдістемелері ұқсас көрінгендіктен қателіктер жібереді, кейін олардың айрықша ерекшеліктері анықталғанда қатты торығады. Үстірт бақылаушы структуралист объектдағы қатынастар жүйесін, құрылымды, форманы іздесе, феноменолог эйдосты (бұл тараудың басында біз эйдос пен усияның құрылымға қатысты арис тотельдік ажырату туралы айтқан едік) іздейді деген қорытындыға келуі мүмкін. Бірақ жүйелі абстракциялаудың өнімі саналатын құрылымдық эйдос - әмбебап үлгіні жасау мақсатындағы жеке мен нақтыны әдейі қарапайымдандыру болады. Керісінше, феноменологиялық эйдос біздің нақтылық туралы тәжірибемізді қарапайымдандыратын абстрактылық категориялар шеттетілгенде көрінетін категори ядан бұрын болатын нәрсені, сезімдегіні ұстап қалуды көздеп тұрады. Структурализм мен феноменологияның арасында бола тын айырмашылық, абстракцияның универсумы мен нақтының тәжірибесі арасындағы айырмашылық болып шығады. ІV.2. Энцо Пачи өзінің “Структурная антропология и феномено логия”26 атты еңбегінде көтерген мәселелерді қарастырайық. “Ол үшін (Леви-Строс) сезім тәжірибесі бастапқы нүкте емес, бірақ объективтілікке қарама-қарсы нүкте... Феноменология сезімдегі тәжірибеге және көзге көрініп тұрғанға негізделеді... Бұл мәнде ол нақтыны негізге ала отырып, абстрактылыны негіздейді”. Керісінше, Леви-Стростың структурализмі осындайдан қашады, өйткені “егер диалектика тарихы болса, ол ғылыми емес, ал егер ғылыми болса, онда тарихи емес”. Әрине, Леви-Строс үшін де нақтылық мәселесі өзекті болады және осы тұрғыда Пачи бүгінгіге сүйене отырып, тәжірибенің субъективті және интерсубъективті негізделуі туралы мәселені басты орынға қояды: “Леви-Строс феноменологиялық көзқарасты құптамайды, өйткені ол сезілетін тәжірибе мен объ ективті нақтылықтың арасындағы үзілістің жоқтығын мойындау болар еді. Ол әлемде әрқашан алдын ала болатын өзінің субъек тивтілігіне негізделетінін, ғылымдардың интерсубъективті не гіздеу мүмкіншілігіне жол ашатын және оқиғалардың кез келген тарихи-генетикалық байланысында әрқашан алдын ала болатын субъективтілікке сүйенетінін өзі де байқамайды”. Леви-Стростың структурализмімен біздің келіспеуіміз және соған орай айтылатын уәждеріміз феноменологиялық шарттардан өзгеше болады... Қалай болғанда да шекараларының болмай қоймайтын шарт тылығын мойындау түрінде болса да, ғылымдар объективтілігінің
субъективті және интерсубъективті негізделу мәселесін айналып өтуге болмайды. Пачи керісінше құрылымдық оймен түйісетін не алшақ жататын басқа нүктелерді іздеуін жалғастыруда. Оның пікірінше, категориядан бұрынғы әлемде, кез келген субъект еніп кететін өзіндік дербес құрылым болады. Бірақ мұндай құрылым бір дей болуы міндетті болмайтын объектілердың танылу мүмкіндігін негіздеп тұратынын білеміз. Ал структуралист үшін, оған біздің көзіміз кейін жетеді, психофизикалық параллелизм болжамы (ги потезасы) трансцендентальды ойлаудың кез келген талпынысынан маңызды болады. Категориялардан бұрынғы құрылымдар туралы айтқанда, Пачи субъектінің қызметін оқиғаларға мағына бітіретін міндет ретінде қарастырады, Леви-Строс бұл туралы - субъект өзінен бұрын болған мағыналы құрылымдарды анықтайды және олар субъект құрылымының біркелкі болуын қамтиды дегенді ай тар еді. Пачи Леви-Стростың мәселені шешуде бейсаналық ұғымын қолданғанын, сондықтан объектның тұлғалану мәселесін айналып кеткенін есімізге салады27. Әрине, Леви-Строс та нақтылы ойлау заңдарын іздеумен айналысады, бірақ ол оларды формальды логи кадан іздейді. Пачи ескертпесі әділ, өйткені Леви-Строс нақтылы ойлауды, яғни “табиғи” ойлауды зерттейді. Керісінше, құрылымдық болжамдар мәдениет құбылыстарын сипаттауға арналған болса (біздің зерттеуіміздің міндеті де сол), мәселе де өз өзектілігінен айрылады; бірақ Леви-Стростың мәдениет онтологиясын жасауға ұмтылған сайын (мәдениеттің табиғатқа ретрансформациясы ке лесі тараулардың тақырыбы болмақ) Пачи айтқан сындар объекті ге дәл тие береді. Пачидың Канттың трансцендентальды схематиз міне сілтеме жасап, тіпті оны неопозитивизм және операционизм тіліне аударуы кез келген танымдық үлгіні трансцендентальды негіздеумен қоса бірқатар сауалға жетелейді, ал олар шешімін тап паса, ешқандай құрылымдық таным теориясының болуы мүмкін емес және оларды елемеу структурализмді онтологияға немесе Болмыс мистикасына айналдырып жібереді. V. Структурализм және сын V.1. Қазіргі эстетика мәселелерінен хабары бар адам Жан Старобиньскидің айтқан сөзіне қосылады: “Жүйе – оның құрамына кіретіндердің қосындысы емес, тұтастық сезімі оның әрбір бөлігіне тән, – структурализмнің бірінші әрі басты қағидасы осындай”28. Дұрыс айтылған тұжырым, егер оны біздің
зерттеуіміздің кіріспесіндегі құрылымға қатысты айтылған мәнде
ұғынатын болсақ. Бірақ олай болса, “структурализмнің бірінші
әрі басты қағидасы” ескіріп, лингвистикалық структурализмнен
көп бұрын өмір сүрген болып шығады. Лингвистикалық струк
турализм анықтаған нәрсе құрылымы біте қайнасқан және өзара
тәуелді бөліктерден тұратын жүйе дейтіндей нәрсе емес, біз оған
көзімізді жеткіздік, бірақ аталған құрылым оппозициялар мен
өзгешеліктер жүйесінде пайда болған валенттіліктерді қай эле
менттер толтыратынына қарамастан, оппозиция және өзгешелік
терминдері арқылы берілуі мүмкін. Нәтижесінде құрылымдық
әдіснама тұтастықтың құрылымын талдаудан гөрі, әртүрлі объек
тілерді тұрақты үлгілерге келтіру үшін оларды байланыстыруға
жарайтын болып шығады. Сонымен, Чезаре Сегре “структура
лизмге қойылатын (стилистикамен бәсекелес) басты талаптың
бірі – өткінші бағаларға қатысы жоқ және бірқатар қарапайым
сауалға жауап қайтара алатындай, мысалы: шығарма қалай қызмет
атқарып тұр және әсіресе, қай жерде поэзия жасырынып тұр
(Авалле)29, мәтіннің сыны болу” дегенді айтқанда, біз қайтадан
көркем шығарманың жеке құрылымдарының органикалық оқылу
талабымен бетпе-бет жолықтық, бірақ біз аталған шығармада
басқа шығармалармен ортақ дүниелерін бөліп көрсететін тәсілден
әлі алшақ жүрген сияқтымыз. Бірақ онда Пропп зерттеулерінде
гі көптеген нәрсе құрылымдық әдіснама тұрғысынан жарамсыз
болып шығар еді. Өйткені, Пропп нақты, жеке тұрған ертегінің
құндылығы туралы ауыз ашпай, осы құндылықты жасап тұрған
сюжеттің қозғалысы туралы және бұл даму байланысты болатын
қызметтік оппозияциялар туралы тым көп айтады30.
Джулио Карло Арган31 сыншының Паоло Учелло картинасына
алдын-ала жасалған “структуралистік” талдауды сипаттай отырып:
“Мен таңбалардың жалпы сызбаға сәйкес орналасуын байқаймын,
ол таңбалардың әрқайсысына және олардың жиынтығына
кеңістіктегі белгілі бір мағына үстеп тұрады. Сондықтан менің ал
дымда перспективистік бейненің қайсыбір құрылымы жатыр” деп,
талданатын туындыда “оның ерекше формасын” анықтап, оның ере
кшеліктерін басқа суретшілердің картиналарымен салыстыра келе
“ауытқу бұрышын” іздеуге талпынады. Бұл Пропп әдіснамасының,
мысалы, Арган жасайтын әрекеттен айырмашылығын айқын
көрсетіп тұр; көркем сындағы структурализмнің үлесін саралауға
оның септігі бар ма?
V.2. Сонымен қатар, Якобсонның белгілі еңбектері, орыс фор малистері мен формальды мектептің кеңестік ізбасарлары, сон дай-ақ құрылымдық тәсілдерді32 қолдайтын барлық мектептер екі қарама-қарсы бағыттағы мәселенің: бір жағынан, оперативті үлгілерді, екінші жағынан, жеке көркем туындыны талдаудың бас ты және соңғы пәніне айналдыратын барлық қайталанбас, ерекше, валенттіліктердің алмасу операциясын сипаттаудың дәлелді мыса лы бола алады. Олай болса, әртүрлі мағынадағы және әртүрлі формалардағы инвариантты формаларды іздеу өзара байланысты деуге болар еді, бірақ бұл пікір осы екі жағдайда құрылым туралы айтуға бола ма және ол қандай мәнде болады деген мәселенің басын аша ал майды. Егер бұл терминологиялық екіұдайылық болса, онда оны анықтау қажет болады, егер бұл ойға қонымды полисемия болса, оны ескеру қажет болады, ал егер бұл кейін қолданылу мақсатымен диалектикалық теріске шығару ретінде қарастырылатын қайсыбір басқа құрылымның түрі болса, онда мұндай жағдайды егжей-тег жейлі түсіндіру қажет болады. V.3. Құрылымдық сынға тән барлық анықталған қайшы лықтарды Мария Кортни жақсы талдаған33, ол біздің зерттеуіміз дегі орталық тақырыпқа назар аударады: құрылымның екі түсінігі бар: құрлымы бар объект ретіндегі және жалпылаушы үлгі ретін дегі түсінік. Екінші мағынасында құрылым идеясы тілді жүйе ретінде сипаттауды көздейді, ал жеке туындыға қатысты сыншы ны нормамен салыстырған кезде анықталатын ауытқуларға на зар бөлуге мәжбүрлейді; және мұнда біздің айналысатынымыз лингвистика ма, әлде сын ба деген мәселенің басы ашық қалады. Бірінші жағдайда құрылымдық құралдардың Джанфранко Кон тини - авторлық ниет, сәуле мен көлеңкенің ерекше құбылуы тән өзіндік көру, тұтас пен аяқталғанды көру біріктіріп тұратын туын дынын “тұтастығы” деп атаған нәрсені анықтауға көмегі бола ды. “Жеке көркем тілге немесе белгілі бір кезеңнің әдеби тіліне қатысты таза формальды парықтылықтармен айналысқанда не месе әдеби тілдің әртүрлі құбылыстарын салыстырғанда, зерттеу таза лингвистикалық болып кетпесе де, құрылымды объектіге тән жүйелі тұтастық деп танитын ұқсас түсінікке сүйенеді” – деп әрі қарай жалғастырады Кортни. Сонымен бұл үзіндіде біздің қойған сауалға жауап қайтарылмайды, бірақ жауап қайтару үшін қажеттінің бәрі бар.
V.4. Құрылымдық тәсіл өнердің жеке туындысының теңдесі жоқ ерекшелігін анықтау мақсатында емес, констант (тұрақты) үлгілерді анықтау үшін қолданатын мысалдар бар. Мысалы, Пропптың зерттеулері, Э.Панофскийдің бейнелеу өнеріне қатысты еңбектері, бұқаралық мәдениет өнімдеріне арналған зерттеулер осындай. Бұл зерттеулер семиологиялық немесе әлеуметтану си патта болғандықтан, әдеби сынға еш қатысы жоқ, бірақ олар әдеби сынға белгілі бір құнды деректі беруі де мүмкін. V.5. Сонымен қатар өнер туындыларының лингвистикалық сыны да бар. Луиджи Розиелло34 поэзиялық хабардың оператив тік және қызметтік анықталуы туралы өз пікірін ұсынғанда осыған негізделеді. Олар қазіргі эпистемология ұстанымдарына негізделу дәрежесіне сай оперативті (мұны біз қолдаймыз) және “поэзиялық” хабардың тілдік жүйе ішінде оппозицияның көмегі арқылы анықталатын белгілі бір қызметтермен сәйкесуіне сай қызметтік болады. Розиеллоның айтып отырған оппозиция сы хабардың коммуникативті (референтивті) және поэзиялық (эстетикалық) қызметінің оппозициясы. Тілді зерттеу дегеніміз узус бекіткен нормаларды және сөйлеу коммуникациясының авто матты сипатын қамтитын нормаларды зерттеу болып шығады. По эзия тілін зерттеу “тілдік құрылымда жасырынған мүмкіншіліктер жүзеге асатын поэзиялық тілдің балама нұсқаларын” зерттеу, түптің-түбінде оның міндеті шығарманың қайталанбас бей несін сипаттау емес, тілдегі ашылмай жатқан коммуникацияның мүмкіндіктерін анықтау болып саналады. Лингвистика стилис тиканы жұтса да, құрылымдық тәсіл өзгеріссіз қалады. Бірақ ең кең тараған құрылымдық әдістерді пайдаланғанда, Розиелло олар ды туындының теңдесі жоқ әрі қайталанбас сипатын ашу үшін жұмсамайды. Поэзия тілін зерттеу лингвистиканың, сондай-ақ әлеуметтану мен мәдени антропологияның бір тармағына айналып кетеді. V.6. Алайда үшінші мүмкіншілік те бар. Бұл жағдайда да норманың және авторлық ауытқулардың қатынастары зертте леді; бірақ норма жүйелілікті талап етеді: ол белгілі бір кезеңнің әдеби тілі болуы мүмкін (Кортни), белгілі бір автордың тілі болуы мүмкін (Д’ Арко Сильвио Авалле жеке туындыларға ғана емес, белгілі бір автордың бірқатар шығармаларына жатқызатын “кон текст” ұғымын қараңыз)35, қалай болғанда да, бұл әрқашанда жеке туындыдағы ұқсастық пен өзгешелікті анықтағанда салыстырыла тын жүйе саналады.
V.7. Ең соңғы тағы бір нұсқа бар. Сыншы туындының тереңіне бойлап өнер туындысына сауалдарын қоя отырып, оны іштен рет теуге кіріседі. Ол сауалдарын кез келген сезім тітіркендіргіштері не емес, жауаптар тізімін туғызатын органикалық тұтастыққа қояды. Біздің құрылымды үлгі ретінде қарауға құқығымыз бар ма? Көпшілігі структуралист деп қабылдағысы келетін сыншы Жорж Пуле “сынның мақсаты сыналатын нақтылықты интимді түрде тану болып табылады. Мұндай тану сыни ойдың қаншалықты сынауға бейім тұруына байланысты, ол үшін сынды іштей сезіну, ойлану, қиялдау қажет. Рухтың осы қозғалысынан объективтілігі кем болатын ешнәрсе де жоқ. Көпшіліктің ойына қайшы келсе де, сын қандай да болмасын объектіден алшақ тұруы қажет (өзге біреу ретінде қарастырылатын автор, немесе оның зат ретінде қарастырылатын туындысы); мұнда түсінілуі тиіс нәрсе – субъек тивтілік, рух қызметі, оның іс-әрекетін өзін сезінбей сырттан қарап түсінбейсің де”36. Осы үзіндіні талдағанда, Жерер Женетт37 мұның бәрі де құрылымдық сынға тікелей қарама-қайшы нәрсе екенін және Поль Рикëр Францияда герменевтика деген атаумен таратып жүрген нәрсеге ұқсайтынын еске салуға асығады. Структурализм тұрғысынан құрылымдардың “сезілмейтіні” анық, керісінше, біз құрылымдық және феноменологиялық тәсілдерді салыстырғанда оны ескерткен едік, құрылым объектіні қайсыбір тас тәрізді нәрсеге айналдырып неғұрлым қатырған сайын, соғұрлым ол қызметін жақсы атқарады. Екінші жағынан алғанда, құрылымдық талдауға қарағанда, өнер туындысы герменевтикалық талдауға жақын бо луымен қалай келіспейсің? Екі мүмкіншілікке қызыға қараған Же нетт, Рикер38 бұрын айтып қойса да, олардың қосымшалығы тура лы мынадай болжам ұсынады: біздің өмірге деген көзқарасымызға жақын, жан-жақты әрі әдеттегіден өзгеше ұлы туындылар герменевтикалық талдауға жатады; ал құрылымдық тәсіл болса, типтік шығармаларды (бұқаралық мәдениет) талдау кезінде неме се біз іштей танылмайтын, сондықтан да олардың құрылымдарын сипаттайтын қайсыбір константаларға жіктелетін жат мәдени кон текстерге жолыққанда тиімді болады. V.8. Бірақ, шын мәнінде, Женетте де осы параграфта аттары ата латын басқа авторларда да, оқылудың бесінші тәсілін көрсетуге бо лады. Код ретінде әртүрлі хабарларды туғыза алатын жалпы үлгіні бөліп қарастыру дұрыс па? Мысалы, дұрыс дедік. Бірақ жоғарыда эстетикалық хабар туралы тарауда39 эстетикалық идиолекттің анықтамасы берілген еді. Хабардың барлық деңгейлерінің негізінде
ортақ құрылымдық қисық сызық, бір типті үлгі жатыр. Егер туын дыда дербес код болса, онда ол фонематикалық та, идеологиялық та, сондай-ақ персонаждар мен синтаксистік құрылымдар және т.б. деңгейде көрініс табуы қажет. “Егер көптен бері әдебиет коды жоқ хабар саналып келсе, онда неліктен оны хабарсыз код ретін де қарастырмасқа” және бұл Женеттің пікірінше, біз п.2 айтқан лингвистикалық сынның жетіспеуінен. Ал енді қайтадан кодтың ішіндегі хабарды табу қажет, – дейді Женетт. Немесе біз айтар едік, хабардың ішіндегі пайдаланылатын кодтарды анықтау барысын да, хабардың дербес жеке кодын анықтауға талпыныс жасау ке рек. Егер, тіпті, шығарма дыбыстардың қарапайым тізбегі немесе таңбаланушысы жоқ таңбалаушылар (“нақтылы” поэзиядағыдай) түрінде болса да, онда осы туындыға тән кодтың анықталуы струк турализм тұрғысынан мәнсіз болмаушы еді: біз “Х өлеңі” тобына енетін (бұл топта бір-ақ мүше болуы логикалық жағынан маңызды емес) барлық объектілерға қатысты гомологиялық сөйлемдерді құрауды мүмкін ететін “Х өлеңі” кодын (“Х өлеңінің” құрылымдық үлгісін) қолданар едік. Бірақ мұндай аномалия бір мүшесі бар топ тармен, яғни өнер туындыларымен айналысатын сын мен эстети каны қызықтырады. V.9. Алайда, іс жүзінде өнер туындысы жүйелердің жүйесі40 болып табылады, ал жасалған үлгі формалар жүйесін мағыналар жүйесімен сәйкестендіріп, шығарманың әртүрлі қырларын бірік тіреді. Бұл жерде таңбалаушылар материалының, субстанцияның өзі сол үлгіге алып келетін айырмашылықтар жүйесін қалыптастыра бастайды. Осылай көріністің де, мағынаның да формасы мен суб станциясын меңгеріп тұратын ортақ код қалыптасады. Біз бұл үлгіні “міндетті идея” деп атасақ та (бірақ құрылымдық үлгі жаса умен тек тақырыптар деңгейінде айналысатын сын мәнінде емес)41 немесе Шпитцлерге еліктеп “этимон” деп атасақ та әр кезде біз құрылымдық тәсілге жолығамыз. Өйткені (мұндағының барлығы жеке нақты шығарманы түсінуге бағытталуы тәсілдің тазалығына ешқандай әсер етпейді) мәселе константалар жайында, олардың барлық деңгейде жасалып, бітпейтін decalages барысындағы өзара іс-әрекеті мен ықпалы туралы болып отыр. Туынды неғұрлым стан дарт пен стильге жақын болса, соғұрлым үлгі де барлық деңгейде танымал әлі тұрақты болуы түсінікті42; және туынды автор субъ ективтілігіне немесе нарық талаптарына неғұрлым бағынышты болса, соғұрлым ол дайын клише жиынтығына сәйкес келеді43; және керісінше, туындыда жаңалық көп болған сайын, соғұрлым
ең соңында ғана өз бейнесін табатын үлгі де көптеген нұсқалардың арасында байқалмай тұрады, оған дейін ол аздаған ауытқуларымен көрініс табады, бірақ бәрі бір олардың негізінде жатқан код, ереже білініп тұрады. V.10. Осындай мәнде болатын сын шығармаларды синхронды тұрғыда ғана зерттемей, құрылымдық сын да бола алады, өйткені идиолектінің анықталуы (мысалы, Арган айтқан көзқарасты талдаудың ерекше тәсілін) осы идеолектінің өзгеруін зерттеуге (тап осы тұста формалар мен стильдердің тарихы дүниеге келеді) неме се осы идеолектінің қалыптасуын зерттеуге айналады (осылайша құрылымдық ұстанымның туындының генезисін зерттеуге септігі бар), қайсыбір жеке авторлық шығарманың жалпы контексінде (Авалле) қалыптасуы мүмкін идеолектінің жүзеге асу тәсілдерінің тізіміне айналады, қандай бір кезеңнің әдеби тілі контексінде (Кор ти), аталған шығарма негізін қалаған мектеп контексінде – онда бұл “жанрлар” феноменологиясы контексіндегі “стильді” зерттеу болады44. V.11. Бірақ Женетт өзінің пайымдауларында структурализм мен герменевтиканың бірін-бірі өзара толықтырып отыруына бай ланысты жасаған пайымдауындағы ескертпені біз де жасауымыз қажет: бұл тәсіл тым күрделі шығармаларға қолдануға келмей ді45. Әрине мұны теріске шығаратын немесе оның қолдануға бо латынын дәлелдейтін көптеген мысалдар бар. Қалай болғанда да, біз құрылымдық сынның іс жүзіндегі емес, принципиалды түрде болу мүмкіншілігі туралы айтқан едік. Мәселе құрылымдық сын дегеніміз не, ол қандай болуы мүмкін және қандай болуы керек дегенді анықтауға байланысты болатын. VІ. Құрылым және мүмкіндік ретіндегі көркем шығарма VІ.1. Бірақ құрылымдық сынның анықталуы басқа кез келген сынды жоққа шығару болып есептелмесе керек. Жак Деррида өзінің Жан Руссенің46 сыни структурализміне қарсы жасаған қысқа баяндамасында, құрылымдық талдаудың экцесстерін (шектен шығатын жағдайлары) мәдениеттің тоқырауға ұшырап, көмескі тартуының дәлелі деп біледі. Форма түріндегі өнер туындысы статикалық саналып, біршама аяқталғандықты білдіреді, сонымен қатар ол сыни әрекетті үнемі бостандыққа шығарып тұруы міндет ті белгілі бір күшті туғызатын механизм болып саналады. Сыншы
осы күшті сезінуге қабілеті болмаған жағдайда, ол формаларды
зерттеуге кірісіп, өнер туындысын сызбаға немесе сызбалардың
сызбасына айналдырып жібереді, ал мұның бәрі (Деррида бұл
жерде тәсілді қолдайтындай көрінгенімен, оны жоққа шығаруда
біршама көрегендік танытқан) кеңістік сызбаларына жатады:
қатынастардың пирамидалары, спиральдары, үшбұрыштары және
торлары шығарманың құрылымын сипаттау тәсіліне айналып, оны
өзіндік кеңістіктік метафораға жіктейді: “Кеңістік үлгісі ашық
болып, қызмет атқарған жағдайда сын соған арқа сүйеуді қалап,
басқа ештеңені ойлауға мұршасы келмейді”47. Осылайша сыншы
қозғалыстың табиғи қуатын көрудің орнына, құрғақ графиканы
көретін жағдайға өзін-өзі түсіреді.
Мұндай ескертулерге құрылымдық сын қозғалысы болғанды
(генезисті) және қозғалысы болатынды (оқылудың шексіз
мүмкіншілігін) кеңістік үлгісіне біріктіреді деген уәж айтуға бо
лар еді, өйткені осылай ғана қалыптасу (хабар қайнары) және оның
қайта түсінілуі барысында (қабылдаушының түсінілуі) көркем
туынды сияқты айтылмаған нәрсені (хабар ретінде) ұстап қалуға
болады. Структуралист поэзиялық шығарманың сыни пайымдалуы
мен сипатталуына әрқашан да кедергі болатын айтылмағанның
барлық ауыртпалығын жеңуге міндетті.
Сыншы-структуралист көркем шығарманың сызбаға да, одан
шығатын сызбалар қатарына да жатпайтынын жақсы біледі, бірақ
оқылудың мүмкіндіктерін, яғни туынды-хабарды үнемі мағыналы
етіп тұратын механизмдерді анықтау үшін оны сызба шеңберінде
қарастырады.
VІ.2. Шын мәнінде, Деррида өнер туындысының шексіз қуат
(яғни, әрқашан “ашық” хабар) ретіндегі түсінігіне, оның кеңістік
қатынастарының тап-таза бейнесі ретіндегі түсінігін қарсы қойып,
күтпеген жерден Чезаре Брандиға48 жақын болып шығады. Чеза
ре Бранди өзгеше пікірді ұстана отырып, өнер туындысын хабар
ретінде, демек таңбалаушылар жүйесі ретінде қарастырғанды жөн
көрмей, семиотикалық зерттеу мүлде тани алмайтын “болу” немесе
“іште болу” (astanza) туралы айтқаны қалайды. Бірақ егер Деррида
сыншыдан көркем шығарманы формадан гөрі, дискурс ретінде та
нуды талап етсе, Бранди одан қарама-қайшы нәрсені – шығарманы
дискурс емес, форма деп білуді талап ететін сияқты, бірақ, шын
мәнінде, бұл екі талап та бірдей болып, бір жерден шығады, яғни
көркем шығармаға өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беру үшін, оны
құрылымы бар таңбалар жиынтығы ретінде қарамауға шақырады.
Егер эстетика тарихына екі бастаудың (мимесис пен катарсистің,
форма мен мазмұнның, авторлық және көрермендік көзқарастың)
қарама-қарсылығы тән болатын болса, онда Бранди кез келген
өнер туындысының негізінде жататын осы антитезаны, ол бастағы
іргелі оппозицияны былайша талдайды: көркем шығарма жеке
тұрғанда (өзі үшін және өз ішінде) немесе біреудің санасы оны
қабылдаған кезде қарастырылады. Бұл антитезаның соншалықты
мінсіз еместігін, біздің қайсыбір заттың мәнін сана арқылы ғана
танитынымызды, демек, сондай-ақ болмысы бізге тәуелсіз объект
туралы кез келген әңгіменің әрқашан да қайсыбір мәдениетте та
мыр жайған жеке, тарихи белгілі бір көзқараста айқындалатынын
түсіну үшін Бранди біріншіден, канттық сыни көзқарасты, екінші
ден феноменологиялық мәдениетті тым қатты сіңіріп алған сияқты.
Дегенмен де, Брандидің осы беттерінде көркем шығарманы са
нада тіркелмейтін таза қатынасу, “таза нақтылық” ретінде жасап
тұратын белгілі бір ниет, жеке көзқарастан тыс, қабылдауға кел
мейтін нәрсе (quіd), қандай да бір метафизикалық “қалдықты”,
белгілі бір “мәнді” заңдастыруға деген ұмтылыс сезіліп тұрады.
Сол мәнге байланысты өнер туындысы біреуге бір нәрсені жеткіз
бей-ақ “бар болады”.
Бірақ өзімен өзі ғана болатын және еш нәрсе туралы хабарламай
тын “бар болу” дегеніміз не? Егер бүгінгі таңда коммуникацияның
теориясы мен тәжірибесі әлемдегі бар нәрсені таңбалық жүйелерге
айналдыруға ұмтылса, ол қайсыбір “бар болуды” таңбаға айнал
дырмай ойлау мүмкін болмағандықтан. Мәдениеттің (қабылдаудың
ең қарапайым процестерінен басталатын) мәні де “бар болудан”
құралған заттар әлеміне мағына үстеу, яғни барды мағынаға ай
налдыру болып табылады. Сондықтан, шығармадағы осынау
мағынаға сыймайтын, коммуникацияға бағынбайтын “қалдықты”
сақтап қалуға талпыну, біз үнемі жаңа импульстерді сұрап ала
тын және оның “болуы” шексіз, тоқтаусыз семиозис процесіндегі
импульс саналатын “бар” нәрсе “жоққа”, тереңге тарта жөнелетін
иірімге айналады. Біз әлі алда оралатын “жаңа сынның” ұстанымы
осындай.
Алайда шын мәнінде, бар болудың эстетикасы да, жоқ болудың
эстетикасы да адам қатынасының нақтылы тарихи жағдайында
өнердің “таза нақтылығын” сақтап қалуға талпынуға саяды.
Соның көмегі арқылы позитивистік зорлыққа және құрылымдық
жіктеулерге қарамастан, баяғы айтуға келмейтінді, түсінілудің бай
мүмкіншілігін негіздеуге болар еді. Дегенмен де өнер туындысын
хабар ретінде, коммуникация дерегі ретінде түсіндіретін талпы
ныстар “айтылмайтын қалдықтың” айтылуы үшін қызмет етеді. Өнер туындысының хабар болуынан оның “бар болуы” кеміп қалмайды. Оны ең алдымен өз құрылымын хабарлап тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарауға болады. Бірақ өнер туындысын хабар, мүмкін мағыналарды коннотациялап тұратын таңбалар жүйесі ретінде бірмезетте қарастыру кез келген “қалдықты” бел гілі бір қоғамда, белгілі бір уақытта өмір сүретін адамдардың үлесі деп түсінілуіне мүмкіндік береді. Олар кез келген өздігінен мылқау “бар болатындарды” кейін құрылымдары хабар жеткізумен қатар, оның басты мазмұнына айналатын өзгермелі және тұрақты жүйеге біріктіру үшін, оларға мағына үстеп, сөйлеуге мәжбүр етеді. VІ.3. Якобсон Антонидің Цезарь мәйіті қасында тұрып айтқандарын талдайды: ол синтаксистіктен бастап фонемат икалыққа дейінгі коммуникацияның барлық деңгейлеріндегі қатынастарды реттейтін ережелерді, метафоралар мен метони миялардың ойынын анықтайды; бұл жерде, мұндай жұмыстың нәтижесінде таңбалаушылар мен таңбаланушыларды сәйкестендіру барысында ортақ эстетикалық идиолектіні туғызатын құрылымдардың қалыптасу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Осы эстетикалық машинаға қатысты, оқырмандар ең тәуекелді деген герменевтикалық авантюраларға бара алуын (стандарт ты емес мағыналар туғызуға арналған осы құрылғымен ойнау дәрежесіне қарай) естен шығармаған жөн. Құрылымдық сын шығармаға белгілі бір көзқарастың болуын талап етеді. Және біздің көзқарасымыз ең дұрысы деп ойлауымыз, өнер туындысына деген басқа көзқарастардың азаматтық құқығын шектей алмайды. Тарихи-эволюциялық зерттеулерге бұрынғыдай жол ашық. Егер сыншы көркем шығарма туралы өз түсінігін сәтті жеткізіп тұрса, біз оның структуралист болмауына кешіріммен қарамаймыз ба? VІ.4. Бірақ бір тұста құрылымдық сынның жанды жері тура лы немесе өзін сын ретінде білетін сын туралы айтқанда, Деррида нысанға дәл тигізеді: бұл тұс оның Руссеге Пруст пен Клодельдің кейбір негізгі кеңістік тұжырымдарын анықтап, өзінің ойынан шықпаған, “шығарманың жалпы құрылысына” (сыншы ойындағы құрылысқа) сай келмейтін эпизодтар мен персонаждарды алып тастауына байланысты мін тағатын жері. Шығарманың бұлайша талдануына қарсы шыққан Деррида мынаған назар аударады: егер структурализм бір нәрсені үйретіп, ойға түсірген болса, онда ол “структуралист болу дегеніміз, ең алдымен мағынаның кез келген ұйымдастырылуына, кез келген қалыптасқан форманың дербестігі мен тепе-теңдігіне қарсы тұру; қалыптасқан құрылым шеңберіне
сыймаған барлық нәрсені орынсыз және кездейсоқ деп санаудан бас тарту. Өйткені ауытқулар құрылымның жоқтығынан пайда болмайды. Олар да белгілі бір жолмен ұйымдасқан”49. Бұл өте дұрыс. Дұрыстығы соншалықты, эстетикалық идиолект мәселесін талқылағанда, біз шығарманың әртүрлі деңгейіндегі жалпы ере жесі туралы ғана айтпай, сонымен қатар, онымен белгілі бір тектік жақындығы бар және нормадан ауытқуларын және оның аталған шығармаға арнап жасаған заңдардың негізіне саналы түрде енгізіл ген бұзушылықтарын (олар өз кезегінде, белгілі бір дәуірдегі бел гілі бір топтың стиль тарихын, әдеби тілін және бейнелеу өнерін зерттеуде анықталатын бұрыннан қалыптасқан нормалар жүйесін бұзады) негіздейтін жеке ережелер жиынтығы туралы да айтқан едік. Көркем шығармаға құрылымдық талдау жасау дегеніміз, оның ішінен қандай да бір басты кодты анықтап алып, оған қатысы жоқ басқаларды лақтырып тастау ғана емес (ол тек Ян Флемингтің50 стандартталған өнімін талдауға ғана жеткілікті болады), сондай-ақ жалпы құрылымдық сынның соңғы, жеткізбейтін мұратына жата тын жүйелердің жүйесін табу үшін идиолектілерді зерттеумен ай налысу дегенді де білдіреді. VІ.5. Дегенмен де Дерриданың құрылымдық сынға қаратып айтқан ескертулері, құрылымға қамалып, қатып қалған өнер шығармасы болашақта әртүрлі түсінілу үшін жабық күйінде қалып қояды деген қауіптен де туындап отыр. Бұл оның “Genese et structures” et la phenomenologіe («“Генезис и структуры и фе номенология” және феноменология») деп аталатын еңбегінде си патталатын “ашылу” мәселесі. Бұл, оның айтуынша, кез келген тәжірибенің (яғни, философиялық тәжірибенің де) ақиқатына шексіз ашылатын құрылым туралы мәселе және “құрылымдық феноменологияның құрылымдық тұрғыдан аяқталуы мүмкін болмауы”51, бізге Мерло-Понти феноменологиясынан мәлім болған мүмкіндіктердің көкжиегі ретіндегі әлемге шексіз ашы лу, Гуссерль де, Сартр да “Бытие и ничто” еңбегінде айтатын біздің қабылдауымыз бен пайымдауымыз үшін заттың мәңгі жаңа сипатындағы көп түрлі бейнесі52. Сонымен, құрылымдық зерттеудің осы ашық болуы (құрылымдардың қасиеттері санатына тарихилық ұстанымын көздейтін) туралы құрылымдық тәсілді сында қолданушылардың біразы білген. Мысалы, Старобиньскидің айтуынша: “Құрылым дегеніміз инертті зат және тұрақты объект емес. Олар бақылаушы мен объектіні байланыстырған қатынастар негізінде пайда бо лады; олар қайсыбір сауалға жауап ретінде туындайды және
шығармаға қойылатын сол сауал олардың элементерінің көріну
ретін анықтайды. Менің осы сұрақтарыма – баяғыда кітап беттерін
дегі мәтінде орныққан құрылымдардың тірілуі мен тұлғалануы
байланысты болады. Түсінілудің кез келген түрі өзінің құрылымын
таңдайды... Көркем шығарманың өзі сауалға байланысты қабылдауы
бірдей бірнеше құрылымның болуына жол беретінін немесе бұл
шығарманың өзін қамтып тұратын ауқымды жүйенің бір бөлігі
екенін байқау қиын емес. Бұл жерде шешуші сөзді айтатын струк
турализм емес, керісінше, құрылымдық талдау – зерттеудің шекара
сы мен міндеттерін анықтайтын алдын ала қабылданған шешімнің
салдары ғана болуы мүмкін. Әрине, бәрін қамтуға ұмтылу жеке
түсінілудің нәтижелерін байланыстыруға итермелейтіні және олар
ды шығарманың мәні түпкілікті әрі толық бейнеленетін қайсыбір ірі
құрылымның элементтері ретінде көрсетуге талпынатыны күмән
туғызбайды. Бірақ мұның бәрі ірі құрылым мәңгі жақындай беруге
болатын шек болуы мүмкін деген ойға жетелейді”53.
Біз құрылымда мағына туралы сауалдардың қайталанып тұруын
ескергендіктен, бұл қорытындылар бізді әзірше қанағаттандырады
және оқырман оған әлі өзі көз жеткізетіндей, біз кітап соңында
басқаша тұжырымдалса да, дәл осы қорытындыға келеміз. Бірақ
оқиғаның барысын оздырмай, алға шықпайық. Дегенмен де со
лай жасаған болсақ, біз құрылымды анықтау дегеніміз мағынаны
ажырату критерийлерін анықтаудағы әртүрлі көзқарастарды
шектеумен байланысты таңдау болатынын көруші едік. Семио
логия үшін мәселе шешілер еді. Сонда феноменологтың үлесіне
объектілердың, яғни табылған құрылымдардың қалайша жасала
тынын анықтау ғана тиер еді54.
VІ.6. Бірақ Старобиньски тұжырымдары тәрізді пікірлер
көптеген “ортодоксалды” структуралистердің (олардың ең ірілері
Леви-Строс және Лакан) мәтіндеріне тереңірек үңілгенде бел
гілі бір күмән туғызады. Біз бұған дейін, басында айтылған:
құрылым – нақты үлгі ме, әлде объект ба? – деген бірінші дил
лемамен айналысқан едік. Нақты объектіні үлгіге айналдырғанда
құрылымдық зерттеу әрқашанда болатынын анықтадық. Бірақ біз:
құрылым – тәсілдің құралы ма, әлде онтологиялық реалдылық па?
– деген басқа мәселенің басын ашық қалдырдық. Егер құрылым
объектіге деген қайсыбір көзқарасты негіздеу үшін жасалатын
құрал болса, онда Старобиньскиден алынған үзінді біздің зертте
уімізді аяқтаған болар еді. Ал егер құрылым, мен аяқталған және
өзгермейтін деп танитын онтологиялық нақтылық болса ше? Міне,
біздің алдымызда тұрған ендігі мәселе осындай.
3. Екінші күмән: онтологиялық шындық па
әлде оперативті үлгі ме? 1. Оперативті үлгі ретіндегі құрылым
І.1. Лингвистикадағы алғашқы құрылымдық ізденістерден бас
тап, Леви-Стростың туыстық (тектік) жүйелерді зерттеуіне дейін
құрылымдық үлгі ұқсас емес тәжірибені біртекті дискурсқа кел
тіру үшін пайдаланылып келеді. Бұл мәндегі үлгі ұқсас болмай
тын объектілерды тірі тәжірибенің біртекті дискурсына келтірудің
оперативті, жалғыз ғана мүмкін болатын тәсілі ретінде көрінеді,
демек деректің емес, зерденің ақиқаты, қайсыбір логикалық ақиқат
ретінде, әртүрлі феномендар туралы таңбалық жүйелер ретінде
әңгімелеуді мүмкін ететін қайсыбір металингвистикалық құрылыс
ретінде көрініс табады.
Бұл жағдайда құрылымдық үлгі туралы ұғым, онтологиялық
сипаттағы пікірлерді қажет етпей, операционистік әдістеменің
аясында қарастырылады; сондай-ақ егер аристотельдік субстан
ция мен онтологиялық және эпистемологиялық полюстарға ора
латын болсақ, онда таңдау соңғысының пайдасына шешілер еді.
Өзінің зерттеулерінде үлгілерді пайдаланатын ғалым міндетті
түрде Бриджменнің мынадай ұстанымен келісуге мәжбүр болады:
“Мен үлгіні ойлаудың пайдалы әрі кажетті құралы деп есептеймін,
өйткені ол туысқандығы жоқ заттарды тектік терминдер арқылы
пайымдауға мүмкіндік береді”55.
Сонымен, “әдістемелік” структурализмнің тұрғысынан алғанда
төменде келтірілетін Ельмслевтің пікірі талас тудырмайтындай
болып көрінеді: “Құрылымдық лингвистика дегеніміз ғылыми
тұрғыдан тілді – жоғарыда қабылданған мәндегі қандай да бір
құрылым сияқты қарастырылуы әбден заңды қайсыбір болжамға
негізделетін
зерттеулердің
жиынтығы…
Сондай-ақ
біз…
құрылымдық лингвистиканың болжалды сипатын жақтаймыз… Кез
келген ғылыми сипаттау объектның қандай да бір құрылым ретін
де (демек, ол өзін құрайтын бөліктер арасындағы қатынастардың
анықталуын мүмкін ететін құрылымдық тәсілдер арқылы тал
данады) немесе қайсыбір құрылымның бөлігі ретінде (демек,
құрамына біріншісі де, екіншілері де енетін көлемі ауқымдырақ
объектіні анықтауды мүмкін ететін қандай да бәр қатынаста бо
латын басқа объектілерға қосылушы (жинақтау) ретінде) болуын ұйғарады… Бізге жағдай осылай болғанда, құрылымдық тәсілді қабылдануы зерттеудің объектына байланысты болмайды, бірақ оны зерттеушінің еркін таңдауы шешеді деген уәж айтылуы мүмкін. Және осылай болғанда біз: талдау барысында анықталатын ұғымдар (концептер, класстар) объектның табиғатынан туындай ма (реализм) немесе тәсілден туындай ма (номинализм) деген орта ғасырларда талқыланған ескі мәселеге жолығамыз. Бұл мәселенің эпистемологиялық сипатта болуы айқын нәрсе және ол, егер қағида тұрғысынан лингвист құзырлығының шеңберінен шықпаса да, біздің хабардың шеңберінен тыс жатады”56. Ельмслевтың айтуынша, эпистемология бұл мәселені терең қарауға мүмкіндік береді және ол үшін лингвистика физика мен қатар материал дайындап береді, бірақ мәселені шешу үшін лингвистің құзыры жеткіліксіз болады. Басқаша айтқанда, құрылымдық үлгілердің дұрыс қолданылуы үшін олардың таңдалуын объектның өзі анықтайды деген сенімнің қажеті шама лы, бұл тәсілге байланысты мәселе екенін білу жеткілікті57. Ғылыми тұрғыда негізделген тәсіл – бұл, түптеп келгенде, эмпириялық ба рабар тәсіл. Егер ғалым бүкіл тілдерге тән (немесе біз, бүкіл фено мендерге тән дегенді қосар едік) тұрақты құрылымдарды аштым дегенді ойлағысы келсе және ондай сенімнің еңбек етуіне пай дасы тисе оның өзіне жақсы болады және Бриджмен айтқандай “құбылыстардың арасында байланысты анықтаған кезде олардың бар екеніне алдын-ала сенетіндердің жолы болады”58. І.2. Екіншіден, әртүрлі құбылыстардағы біртекті құрылымдарды анықтауға талпыныс (әсіресе, егер әңгіме тілдерден қатынас (ком муникация) жүйелеріне қарай, олардан – қатынас жүйелері ретінде қарастырылатын барлық мүмкін деген жүйелерге қарай ойысқан кезде) және оларды тұрақты, “шынайы” деп тану – бұл әншейін талпыныстан гөрі күрделі нәрсе, бұл “егер қалай болса”-дан “егер”-ге және “егер”-ден “демек”-ке қарай міндетті түрде жылжу. Ал ғалымнан, бір минутқа болса да нақты нәрселермен айналысып жатырмын дегенді ойлауға рұқсат етпей, құрылымды табуды қалай талап етуге болады? Ең дұрыс деген жағдайда, егер ол кәміл эмпи рик ретінде бастаған болса да, өзінің жұмысын аяқтаған кезде адам ақылының қайсыбір тұрақты шамасын жасағанына сөзсіз сенеді. І.3. Мұндай, толық бақылауға алынатын қауіпті Хомский
еңбектерінен сезінуге болады. Хомскийдің өзі мойындағандай, картезиандық рационализм59 оның көзкарасының бастапқы нүктесі болып табылады, ол тілдің “underlyng competence as a system of generatіves processes” ретіндегі, тудырушы грамматиканың “system of rules that can іterate to generate an іndefіnіtely large number of structures” ретіндегі гумбольдшыл идеалына ұмтылады60. Бірақ – ізделетін тұрақты шамалар жалпы және формальды сипатта болып, нақты тілдерге сәйкес келетін құрылымдық үлгілердің анықталуына қатыспаған кезде61, – ол, тудырушы грамматиканың бір үлгісіне артықшылық беру шартты әрі оперативті сипатта бо латынын және үлгінің қызметі арқылы тексеріледі дегенді қадап айтады. Айталық, өзін рационализмді жақтаушы ретінде көрсетсе де (сөздің классикалық мәнінде, яғни тілдік универсалиялардың және адам ақылының туа бітетін қабілетін мойындай отырып), Хомский “Сондықтан да жоғарыда қысқаша сипаты берілгенге ұқсас жалпы лингвистикалық теория рационалистік мән бойын ша ойдың құрылымдары мен процестерінің болмысына қатысты нәрседе ерекше болжам ретінде қарастырылуы тиіс”62 дегенді еске салады. Белгілі бір мәнде қазіргі ғылымның эмпризмнен тәлім алған Хомский философияға импульс, қандай да бір писхологиялық жабдық ретінде қарайды және оның зерттеулерінің нәтижелерін (Ельмслевтің зерттеулері сияқты) оның философиялық көзқарас тарын құптамайтындарға да пайдалануға болады. Өйткені, коммуникацияның бүкіл универсимумы лингвистикада мағына ажыратушылардың бинарлығында, сондай-ақ ақпарат теориясының бинарлығында көрініс табатын дихотомия қағидасына бағынады деген Якобсоннің философиялық болжамын құптамасақ та, бинар лы қарама-қарсылықтардың коммуникативті жүйелерді сипаттаған кезде және оларды біртекті құрылымдарға келтіргенде өте тиімді болатынын мойындауға болады ғой. Ғылыми еңбекпен айналысқанда осындай эпистемологиялық жалпылаулардың тәуекелділігін сезінбеуге және сақтықпен болжам ұсынғанда әуелден берілетін ауыр әрі шырмап тұратын ауқымды философиялық жауаптарға сенімсіздікпен қарауға бола ма? – деген сұрақтың болуы орынды. Бірақ, жоғарыда айтылған нәрселердің бәрінен кейін Леви-Стростың кейбір мәтіндерін оқу, мүлде бейбіт жарастыққа шақырмайды.
ІІ. Леви-Стростың әдіснамасы: оперативті үлгіден объективті құрылымға қарай ІІ. 1. Коллеж де Франстағы курсқа арналған кіріспе дәріс63 сияқты ерекше мәтін әдістемелік структурализм қағидаларының онтологиялық структурализмге бірте-бірте қалай өзгеретінін байқауға мүмкіндік береді. Қарапайым қоғамдарда жеке тұрған әртүрлі техникалар шикі деректер ретінде көрінеді, ал бірақ қоғам өмірінің жалпы контексінен орын алған кезде олар мағыналы таңдаулардың топтамасына барабар болады; айталық, тастан жасалған балта таңбаға айналады, өйткені ол жалпы алғанда, қайсыбір басқа қоғамда дәл сол мақсатта қолданылатын (көріп тұрғанымыздай, бұл жерде де мағына позиционалды және диффе ренциалды болып табылады) басқа құрал алуы мүмкін орынды ие леніп тұр. Өз пәнінің символикалық табиғатын анықтағаннан соң антропология таңбалар жүйесін сипаттауды өзіне міндет тұтады және оларды құрылымдық үлгілерге сай сипаттайды. Антропология өзінің материалдарын реттелген күйде, алдын-ала берілген түрде қабылдайды, бірақ ол осы себепке байланысты меңгеруге келмей ді, сондықтан оған үлгілермен “c’est à dіre des systèmes de symboles quі sauvegardent les properіétés caractèrіstіques de l’expérіence, maіs qu’à dіffèrence de l’expérіence, nous avons le pouvoіr de manіpuler” (“яғни, тәжірибенің ерекшелік белгілерін қайталайтын символдар жүйесімен, бұлармен әрекет етуге болады”) жұмыс істеуге тура келеді. Тәжірибені үлгі ретінде қарастыратын ғалымның ойында зерттеу әрекетінің жалғасуын қамтамасыз ететін үлгілерді жасауға қатысты ой әрекеті орын алады. Демек, құрылым қарапайым түрде: “elle se sіtue au dela” (“ол басқа жақта орналасқан”) эмпириялық бақылау ретінде ұғынылмайды. Және жоғарыда айтылғандай ол, оқшауланған жүйені бақылау кезінде түсініксіз болатын және ұқсас емес жүйелерге ұқсас қасиеттерді үстейтін өзгеру процесі барысында ғана айқындалатын ішкі байланысқа негізделген жүйе болып та былады. Бірақ осындай өзгерістердің, үлгілердің транспозициясының мүмкін болуы үшін жүйелердің жүйесін жасау түрінде бола тын қандай да бір қамсыздандыру қажет болады. Басқа сөзбен айтқанда, егер тілдің артикуляциясын (лингвистикалық код) мүмкін етіп тұрған ережелер жүйесі бар болса, сондай-ақ коммуни
кация формалары (тектік код) ретіндегі некелік алмастырулардың артикуляциясын мүмкін ететін ережелер жүйесі бар болса, онда лингвистикалық таңба мен тектік таңба арасында барабарлық қатынасты анықтап тұратын ережелер жүйесі де болуы тиіс. Мұндай барабарлық формалды, бір терминнің екіншіге дәлмедәл позициялық сәйкестігі болады және бұл жүйені, біздің автор қолданбайтын терминді қолдансақ, өзіне бағынышты кодтардың анықталуын мүмкін ететін метакод деп атауға болады64. ІІ.2. Леви-Стростың алдында: осындай ережелер (кодтар мен метакодтардың ережелері) әмбебап бола ма? – деген мәселенің бірі дереу пайда болады. Және солай болған жағдайда, бұл қандай әмбебаптық? Оны бір рет тұжырымдалып, әртүрлі құбылыстарды түсіндіруге жарамды қайсыбір ережелер мәнінде түсіну керек пе, әлде ол әрбір зерттелетін құбылыстың тереңінде жасырынатын нақтылық мәнінде бола ма? Біз қарастыратын Леви-Стростың жауабының мәтінінде оперативті ұстанымды артық көру айқын сезіліп тұрады: мұндай құрылымдар әмбебап болып табылады. Өйткені антропологтың міндетіне әртүрлі құбылыстарды қамту ба рысында (мысалы, қарапайым және қазіргі қоғамды бір үлгіге кел тіргенде) күрделене түсетін өзгермелі үлгілерді жасау кіреді; бірақ лабораториялық жағдайда жүзеге асатын бұл процедура, – зерттеу ші ақыл жасайтын нәрсе болады: деректің ақиқатына ие болмаған соң, біз зерденің ақиқатына қанағаттануға мәжбүр боламыз65. Қорытынды мінсіз және ғалымға қоюға болатын талаптарға толық сәйкес келеді. Бірақ осы жерде ғалымның ішіндегі фило соф оянады: егер операционалды түрде инварианттық кодтарды әртүрлі құбылыстарға қолдануға болатынына көзіміз жетсе, бұл бірден және айқын түрде ойлаудың әмбебап механизмдерінің бо латынын, демек адам табиғатының әмбебаптығын да дәлелдеп тұрған жоқ па? Әрине, әдістемелік тұрғыда толық ақталатын күмән бас көтеруі мүмкін: біз практикалық деректердің орнына үлгілерді пайдала нып, инвариантты кодтарды анықтағанда, қайсыбір математик өз теңдеулеріне сенгендей абстракцияларға сеніммен қарағанда ада ми болмысқа теріс қарап кетпейміз бе? Бірақ Дюркгейм мен Моссқа сілтеме жасайтын Леви-Строс тек абстрактылы нәрсеге жүгіну ғана әр текті тәжірибенің логикасын анықтауды, “психологияның құпиялы тереңіне” бойлауды, әлеуметтік нақтылықтың терең
қабаттарын аршуды, “адамдардың бәріне де тән” қайсыбір нәрсені
ашуды мүмкін ететінің бірден еске салады66.
Бұл жерде үлгілердің оперативтілік түсінігінің субстанциялық
түсінікке қарай жылдам ойысуын байқамау қиын: олар әмбебап
ретінде жасалады және әмбебап түрде пайдаға асады, демек
олардың қолданылу мүмкіндігіне кепіл болатын әмбебап суб
станцияны куәландырып тұрады. Үлгілердің әмбебап түрде
қолданылуы, олардың кез келген жерде пайдаға асатындай етіп
жасалуына байланысты деген уәжді айтуға болар еді және бұл
әдістемелік биязылықтың ашатын ең үлкен “ақиқаты” болар еді.
Белгілі бір жасырын тұрақты шамалар олардың қолданылуын
қамтамасыз етіп тұратыны күмәнсіз нәрсе (және мұндай күдіктің
болуы зерттеушінің ойын оятады), бірақ үлгі қызметін қамтамасыз
етіп тұрған нәрсе үлгінің формасын иеленеді деуге қандай да бір
негіз бар ма?
ІІ.3. Біздің соңғы сауалымыздың мәні айқын: бірдеңенің аталған
үлгінің қызметін негіздеп тұруы туралы дерек, осы бірдеңе басқа
да (әртүрлі) үлгілердің қызметін қамтамасыз етуін жоққа шығара
алмайды; екіншіден, егер бірдеңе үлгімен бірдей формаға ие болса,
онда ұсынылған үлгі нақтылықты түбегйлі сипаттап тұрған болып
шығады, сондықтан нақтылайтын үлгілерді жасудың ешқандай
қажеті болмайды.
Леви-Строс бір пікірден екіншісіне қарай оңай өтіп кетеді де
сек, бұл әділ айтылған сөз болмас еді, бірақ түбінде ол солай жа
сайтынын айтпай кетуге болмайды.
Мұндай өткіншілік алдын-ала жоспарланған ба? Ойлаудың
әмбебап механизмдерін дәлелдеу Леви-Стростың тағдырына жа
зылып құрылатын қақпан ба, әлде оның өзі әуелден ұстанатын
бағыт па? - деген сұрақты қою айып болмас. Әрине, ғалымға
артикуляцияланған құрылымдардың ұлғайып бара жатқан про
цесін шектеу қажеттілігі туындаған әр кезде, осындай ұқсас идея
лар пайда болады.
Отбасы – қайсыбір тайпаның тектік жүйесі болып табылатын
кодтың негізінде жасалынатын хабар, нақты жүзеге асыру болып
табылады; бірақ мұндай код, өз кезегінде, барлық тайпаларға
ортақ тектік жүйе болып табылатын ортақ кодтың негізінде жаса
латын хабарға айналады және бұл жаңа код (бірдей құрылымдық
заңдардың негізінде) тектік кодты, тілдік кодты, кулинарлық,
мифологиялық және т.б. кодтарды ортақ бөлімге келтіруді мүмкін
ететін одан да іргелі кодтың жеке жүзеге асырылуы болып
шығады.
Барлық нәрсені негіздеп тұру үшін жасалатын мұндай код
ты қалай түсінуге болады? - деген сұрақ туындайды. Егер енді
ешқандай жалпы кодты анықтау мүмкін болмаса (біз төменде ше
гінуден басқа амалдың жоқтығына көз жеткізе аламыз, бірақ біз
осыған дейін қарастырылған құбылыстарды сипаттауға мүмкіндік
беретін алынған нәтижелерді ғалым қанағат тұтады деген жо
рамалмен шектелеміз), онда бұл – оперативті үлгілердің жаса
луына қойылатын шек пе әлде кодтардың бәрі бағыгатын негізгі
комбинаторлық қағида ма, табиғат заңдары мәдениеттің заңдарын
негіздейтіндей болып көрінетін адам ақылының әуелгі құрылысы
ма?67
ІІ.4. Леви-Строс бірнеше рет біршама екі ұшты түрде кодқа
анықтама береді. “Асау ой”-да кодтардың көптігі туралы идеясы
және әмбебап қайта кодтау ережелерін негіздейтін бірыңғай код
туралы постулат арасындағы ауытқулар айқын көрінеді: мысалы,
тотемдік ұғымдар өздерін жасап, қабылдаған қоғам үшін код
тарды құрастырады делінеді68; кодтар белгілі бір мағыналарды
бекітудің және басқа жүйелерге тасымалдаудың құралы бо
лады делінеді (демек, мағыналардың жүйесіне әсер етететін
құралдар кодтарға да әсері болады және ол соларды алдыңғылар
үшін метатіл болатын “код” аталатын нәрсенің көмегімен
басқа кодтардың терминдеріне ауыстыратын құрал болып та
былады)69; сонымен қатар, мағыналар жүйесі біршама сәтті
жасалған кодтар болып табылады делінеді70 немесе тіпті, мыса
лы тарихнамаға арналған қорытындылайтын беттерде әртүрлі
тарихи дәуірлерді зерттегенде оларға ортақ хронологиялық
кодты ғана емес, жеке хронологиялық кодтарды да қолданудың
қажетілігі туралы айтылады (мыңдаған жылдарды зерттейтін
код үшін маңызы бар оқиғалар, уақытты айлармен өлшейтін код
үшін маңызды болмайды және керісінше)71... Сонымен, бір кодтың
екіншіге өзгеру ережелері мүмкін нәрсе болып көрінеді, бірақ со
нымен қатар белгілі бір үлгінің жасалуы қайсыбір таңбалық
жүйенің механизмін айқындаған кезде әртүрлі әлеуметтік және
тарихи кодтардың даралануына ешқандай шек қойылмайды.
ІІ.5. Мәселенің бәрі осымен шешілгенде, ешқандай сұрақ
тумаған болар еді. Құрылым-кодты зерттеуші узустың (тұрақты
қолданыстың) статистикалық орта мәні негізінде шығарылып
(өйткені, “Х тіл” коды белгілі бір қоғамдастықтың осы тілді
қолдану шартарының жиынтығы ғана болар еді), айқындалған сай
ын норманың сипатын иеленетін (нормадан ауытқу ауытқу ретінде
қарастырылмаған кезде, ол узустың әсерінен өзгеріске ұшырайды)
өзіне тәуелді құрылым ретінде қарастырылуы мүмкін.
Еіншіден, егер құрылымдар әртүрлі хабарды түсіну мақсатында
өріс алатын болса, онда, өз кезегінде, хабарды да белгілі бір
құрылымды анықтауға бейімдейді. Хабарды түсіну қажеттілігі
оны белгілі бір кодпен сәйкестендіруге итермелейді: кез келген
декодификация дешифровкадан басталады: таңбалық форманы
түсіну үшін, мен оны таңбалар жүйесімен, демек, нақ осы сипа
тында маңызды кодпен сәйкестендіремін. Мұны әлеуметтік және
конвенциялық болмысы бірашама айқын, мысалы, ауызекі хабар
жағдайында, оқылуы жеңіл кодтары бар хабарға қатысты жасау
қиын емес. Алайда, туыстық (тектік) жүйелерде мәселе қалай
шешілмек? Менде код болмаған жағдайда, бірақ мен оны хабарда
танып, оқуым қажет болғанда не істеу керек? Бұл жағдайда мен код
ты (ойша конструкцияны, оперативті үлгіні) жорамалдаймын және
сол арқылы хабардың құрылымына мағына үстеймін. Код әртүрлі
хабар үшін үлгі ретінде жасалады (дәл солай Бордың атомдық үлгісі
жеке элементтердің атомдарының құрылымы болады, мысалы су
тек атомының үлгісі өз кезегінде құбылыстың үлгісін жасайды, ал
басқаша болған жағдайда ол біздің тәжірибеміздің аясынан тыс
қалар еді). Бірақ мен хабарға салатын кодтың маңыздылығының
бағалау өлшемдері қандай? Ол осы не басқа хабарларды біртекті
терминдермен жеткізу мүмкіндігі арқылы (яғни, анықтама үшін
бірдей құралды қолдану арқылы) өзінің реттеу қабілеті негізінде
бағаланады. Әртүрлі хабардағы унитарлық құрылымдарды (яғни
кодтарды) айқындау (кейін, өз кезегінде, унитарлы код-құрылымды
ортақ код негізінде жасалып, басқа жеке кодтармен сәйкестендіруді
мүмкін ететін жеке хабармен сәйкестендіру үшін) дегеніміз, бірдей
концептуалды құрал арқылы әртүрлі құбылыстарды түсіну дегенді
білдіреді. Әртүрлі тілдерді (лингвистикалық кодтардың қайсыбір
кодының хабар-жүзеге асыру ретінде ұғынылатын әртүрлі код
тарды) қарама-қарсылықтың шектелген санына келтірілуі, олар
үстірт көзқарас арқылы жиынтық ретінде, ең тиімді жолмен
анықталатынын дәлелдеп тұрады. Тәжірибе үлгіге құйылып,
қатып қалған, бірақ эпистемологиялық көзқарас тұрғысынан
келгенде, оның ішінде біз басқа Тілшіеляциялардың шексіз болу мүмкіндігінен басқа ешбір түбегейлі нәрсені таппағанымызды жоққа шығару не дәлелдеу үшін ешқандай нәрсе негіз бола алмай ды. ІІ.6. Қорытынды осындай болуы мүмкін. Бірақ Леви-Стростың көптеген беттерінде қылаң беріп келген мұндай қорытынды бір те-бірте басым түсетін бұдан түбегейлі, бұдан талапты басқа қорытындыға жол береді: Кез келген хабар кодқа негізделіп түсіндіріледі, кодтардың бәрі өзара өзгермелі болады, сондықтан олардың бәрі қайсыбір Арғы-кодпен, Ақылдың Әмбебап Ме ханизмдеріне барабар деп танылатын Құрылымдардың Құрылымымен, Рухпен немесе – қаласаңыз – Бейсаналалы нәрсемен сәйкестендіріледі. Құрылымдық зерттеудің материясы кез келген коммуникативті мінез-құлықпен бірдей, ол қарапайым әлде өркениетті қоғам өкілінің мінез-құлқы бола ма, бәрібір: бұл объективті ойлаудың өзі болады. Біз оперативтілік терминдер арқылы талқылаған кодтан метакодқа қарай өрлеу мәселесі, Леви-Строста ойлау заңдарының шынайылығына деген философиялық сенім жолдарындағы бел гілі бір дәрежеде шешілгендей көрініс табады: “Зерттеу бір қоғамды зерттеуімен шектеле ме немесе бірнеше қоғамды қамти ма, оған қарамастан, құбылыстардың бір шеңберінен екіншісіне қарай өту мүмкін болатын деңгейге жету үшін, бәрібір әлеуметтік өмірдің әртүрлі қырлары терең талдауды қажет етіп тұрады; бұл жеке салаларға сәйкес келетін әрбір ерекше құрылымға тән жал пы қасиеттерді жеткізуге қабілетті баршаға ортақ қандай да бір кодтың жасалуы қажет дегенді білдіреді. Осындай кодты қолдану жеке алынатын әрбір жүйе үшін де, салыстыру кезіндегі барлық жүйелер үшін де заңды болмақ. Сонымен, зерттеуші олардың болмысының толық танылуын айқындауға қабілетті болып, олар нақтылықтың бірдей түріне жата ма дегенді анықтауға мүмкіндік алады... Алдын-ала осындай ең қарапайым түрге келтіруді жүзеге асырғаннан кейін (тектік жүйелер мен лингвистикалық жүйелерді салыстырудан кейін) лингвист пен антрополог, бір қоғамда байқалатын әртүрлі қатынас құралдарының... ұқсас бейсаналы құрылымдармен байланысы жоқ па деген сұрақты өздеріне қоя алады. Бұл мәселе оң шешілсе, біз негізгі қатынастардың шынайы көрінісіне қол жеткізгенімізге сенімді болар едік”72.
ІІІ. Леви-Строс философиясы: Рухтың өзгермейтін заңдары ІІІ.1. Осы кезде құрылымдық ойдың сахнасына қайсыбір кейіп кер шығады, оған ешқандай әдістеме шыдай алмас еді, өйткені ол спекулятивті философия әлемінен келіп, Адами Рух деп аталатын. “Біз, тіл мен мәдениеттің бұдан да терең қабатқа жататын әрекеттің екі параллель түрі болатынын әлі де жетік түсінбей ке леміз. Меніңше бұл қонағымыз біздің арамызда жүрген, бірақ оны біздің пікірсайысқа шақыру ешкімнің ойына да келмеген: бұл ада ми рух”73. Әрине, құрылымдық үлгілер зерденің ыңғайлы ақиқаттары ретінде пайда болған және солардың көмегімен әртүрлі құбылыстар туралы бірдей категориялар арқылы айтып беруге болады. Бірақ осы зерде ақиқаттарының қызметін қамтамасыз етіп тұрған қандай нәрсе? Әрине, ол зерттеушінің ойлау заңдары мен зерттелетін объектның мінез-құлқы зандарының қайсыбір изоморфтылығы. “Бұл қағида бізді прагматизмнен, құрғақ сөзділікке және жаңа по зитивизмге қарама-қарсы бағытқа жетелейді, өйткені ең тиімді түсіндіру ақиқатқа жақын турады деген пікір түптеп келген де, әлемдік заңдар мен ойлау заңдарының постулатқа айналған барабарлығына негізделеді”74. Бұл жағдайда мифтерді зерттеу деген не? Бұл, жасаушыларына мәлім әлде беймәлім болса да, әрқайсысы ойлаудың таптауырын жолдарын қайталайтын мифтердің өзара өзгерістерін анықтау де генді білдіреді. Мифтер қандай нәрсе туралы айтса да, әрқашан бір ғана оқиға туралы баяндап тұрады. Мұндай оқиға оларды негіздеп тұратын рух заңдарының көрініс болады. Мифтерді адам пайым дамайды, мифтер адамдарды пайымдайды, тіпті өзара өзгеріске түскенде мифтер бірін-бірі пайымдайтын болады: “Мифтің көп деңгейлі құрылымы... одан горизонталь және вертикаль бойын ша реттелген мағыналардың қандай да бір матрицасын көруге мүмкіндік береді, бірақ қалай оқысаң да, кез келген жоспар ылғи да басқа жоспарға сілтеп тұрады. Дәл солай мағыналардың кез келген матрицасы басқа матрицаға және кез келген миф, басқа мифтер ге сілтеп тұрады. Егер осындай мағыналардың барлығы қосылып, бірнәрсеге қатысты болуын ескеріп, олар қандай соңғы мағынаны нұсқайды деген сұрақ қоятын болсақ, онда осы кітаптың беретін жалғыз жауабы мынаған саяды: мифтер, оларды өздерінің әлемінің көмегімен жасайтын рухты белгілейді, ал рух сол әлемнің бөлігі
болып табылады. Сонымен, бір мезетте мифтерді құрайтын рух
арқылы мифтер туындау мүмкін және рухтың өзіне орын тапқан,
мифтер жасайтын әлем бейнесі де туындауы мүмкін”75.
ІІІ.2. “Пісі мен шикінің” (Сырое и варенное) осылай аяқталуы
Леви-Стросты қайсыбір пікірге жетелейді және Леви-Стростың ең
көрнекті деген түсіндірушілері76 сол пікірге жармасуға тырысады:
миф пен тілдің әлемі – көерменнің артқы жағында өтіп жатқан
қойылым және ондағы адам тіл алғыш орындаушы ролінде, өзін де
рбес тұлға ретінде жоққа шығаратын қайсыбір комбинациялардың
құрбаны ретінде көрінеді. Бірақ біз көргендей, осындай
қорытындының табалдырығында тұрған Леви-Строс екі мүмкіндікті
ескерусіз қалдырмайды, олар біріншіні толықтыратындай болып
көрінсе де, іс жүзінде оған қарама-қарсы тұрады: біріншіден,
құрылымдарға жол ашатын комбинаторлық матрицаны анықтаған
кезде, ол түсіндіретін құрылымдарды құралдық үлгі ретінде пайда
лануын жалғастырады; екіншіден, ол субъективтілік категориялар
ды (тұлға аралық қатынастың елестік ойынның арғы жағындағы)...
адамдар арқылы ойлайтын бейсаналық құрылымдарға келтіріп,
субъективтілік категориялар арқылы пайымдауды жалғастыра бе
реді. Бұдан Поль Рикердің77 Леви-Стростың тұжырымдамасы тура
лы бұл -трансцендентті субъектісі жоқ кантшылдық деген пікіріне
сай келетін трансцендентті матрица сияқты нәрсе болады; бұған
жауап қайтарғанда Леви-Стросс бейсаналы нәрсе ұғымына, юнг
шіл архетиптен өзгеше болатын (өйткені, олар мазмұнды емес,
формалды) архетиптердің қайсыбір қорына жүгінеді. Алайда,
қорытындыға келгенде жасқаншақтық танытатын ойдың осындай
қызық оқиғаларында кесімді сөз бәрібір айтылмай қалды.
ІІІ.3. Рикердің айтқандарына ұқсас ескертпелерге (біздің ал
дымызда объективті ойлаудың заңдары тұр. Келісемін. Бірақ ол
трансценденталды субъектіден шықпаса, сондай-ақ бейсаналының
категориялды және комбинаторлық қасиеттерін иеленсе, онда
ол қандай нәрсе? Ол табиғатқа изоморфты бола ма? Мүмкін бұл
табиғаттың өзі шығар? Жеке адамның бейсаналығы ма? Ұжымдық
бейсаналық па?) жауапты Леви-Строс Мосс еңбектерінің алғы
сөзін жазғанда алдын-ала беріп қойған78.
“Шынымен де лингвистика және де әсіресе, құрылымдық лин
гвистика өзінің ең жалпы деген түрлерін негіздеп тұратын рух
өмірінің іргелі феномендері бейсаналының жоспарына енуі тура
лы идеясымен баяғыда-ақ үйренісіп кеткен”. Біздікі және бөтен
ретінде көрініс табатын қайсыбір белсенділік, “барлық адамдардың
барлық уақытта кез келген ой өмірінің сыбағасы” біздің алдымызда тұрады. Осы тұста Леви-Строс, тіл - субъектінің пассив түрде игеретін, өзіне-өзі есеп бермей қайта жасайтын әлеуметтік қызметі бола ды деген Соссюр көзқарасының аясынан шығып кетеді. Өйткені, тілді осылай анықтағанда, Соссюр оны сөйлеу қызметінің жеке әрекеттері арқылы қалыптасатын және субъектілердің сөйлеу тәжірибелерінің жиынтығы ретінде виртуальды түрде өмір сүретін келісімнің формасы деп түсінген еді. Бұл метафизикалық пікір емес, тілдің әлеуметтік болмысын негіздеп тұратын әдістемелік ұстаным және бұл тілдің шығу тегінде құрылымдық лингвистиканың (Арғы-кодты іздеудің сандырақ идеясынан қорқып қалған) шаруасы болмайды және оның бейсаналығының мәні мәдениеттену болып табылатын әртүрлі тәжірибелерді жүзеге асыру барысында, дағдылардың үнемі жасалуында кристалда нады. Керісінше, Леви-Строс метатарихи және метаәлеуметтік бастаулар туралы айтады. Ол кез келген құрылымданудың нақ архетиптік тамырларын көрсетеді. Леви-Стросс осындай баршаға ортақ бастауларды юнгшіл ұжымдық бейсаналылықтан ажыра тып алуға тырысады79: қалай болғанда жағдайда да, ол қоғамдық қатынастар мен лингвистикалық дағдылардың құрылымдану не гізінде, баршаға бірдей қандай да бір әмбебап бейсаналы әрекет жататынына (структуралистке изоморфты дескриптивті жүйелерді жасауға мүмкіндік беретін) сенетіні соншалықты, ол, тіпті оны қандай да бір негіз қалаушы және алдын-ала анықтаушы өзекті қажеттілік ретінде қарастырады және онымен салыстырғанда мі нездер мен әдет-ғұрыптардың болмысын кез келген теорияланды ру идеологияның (жағымсыз мәндегі) бір түрі ретінде, олардың терең негіздемелері солардың көмегімен жасырынатын жалған сананың көрінісі, қондырмалық құбылыс ретінде болады. ІІІ.4. Леви-Стростың Мосстың “Тартулар туралы” (О дарах) деп аталатын эссесіне жасаған талдауын қарастырғанда, бұл әбден айқын болады. Маори үндістерін сәйкестіктердің қатаң жүйесіне сай, өзара сыйлықтармен алмасуға мәжбүрлейтін қандай нәрсе? Ол – Хау деп жауап қайтарады Мосс, өйткені үндістер соған үйренген. Бірақ ЛевиСтрос бұл этнологтың болжалды аңқаулығын былайша түзейді: “Хау айырбастың шынайы себебі емес. Ол мәселе ерекше өзекті тұрған белгілі бір қоғамның адамдарының, себептері басқа жерде жатқан, санадан тыс қажеттілікті сезінген саналы түрде ұғынылған форма болып табылады...Үндістерден осы түсінікті байқағанда,
оған сыни көзбен қарау қажет еді, бұл оның шынайы себептерін
анықтауға мүмкіндік берер еді. Сонымен, соңғыларды үндістердің
өздері туралы түсініктерін емес, институцияларды талдағанда та
нылатын ойлаудың санадан тыс жататын құрылымдарынан іздеген
дұрыс шығар”80.
ІІІ.5. Бұл жерде “кері шегіну”, антропологиялық ғылымдардың
аясына оралу қаупі пайда болады. Ғасырдың басынан бүгінгі
күнге дейін олардың күші бірте-бірте зерттеушілік этноцент
ризмді жеңіп, батыстық үлгіден ерекше болса да кейбір тари
хи және әлеуметтік жағдайда тиімді болатын ойлау мен мінез-
құлықтың жүйелерін анықтауға жұмсалып келген. Сыйлықтармен
өзара алмасудың айқын болмайтын сипатын анықтағанда, осыған
қатысты үндістердің түсініктерін сараптаған кезде, біз адамның
ой қызметі саласындағы таным көкжиегін кеңейтеміз және өзара
бірін-бірі толықтыратын логикалардың болатынына көзімізді жет
кіземіз. Құрылымдық салыстыру пайдалы болар еді, өйткені ол –
түсіну мақсатында – болуы мүмкін изоморфизмдерді анықтағанда
нақтылы өзгешеліктің маңызын кемітпей, осындай комплементар
лы қисындардың гомогенды үлгілерге келтірілуін мүмкін етеді.
Бірақ, Леви-Стростың әдістемесі бізді астыртын түрде этноцент
ризммен қайта жолықтырады. Хау туралы ілімді жоққа шығару, оны
әмбебап ойлаудың шынайы логикасына келтіру дегеніміз, - тағы да
ұқсамайтын ойлауды жалғыз ойлауға, зерттеушіге бастапқы нүкте
болатын тарихи үлгіге келтіру болып шықпай ма?
Мұны түсінбеу үшін, Леви-Строс тым көреген еді. Ол бұл ойды
“Пісі мен шикі” деген еңбегінде жақтайды әрі негіздейді: “Расын
да да, егер антропологияның соңғы мұраты шынайыландырылған
ойлау мен оны механизмдерінің дұрыс түсінілуіне жәрдемдесу
болса, онда, түптеп келгенде, осы кітаптағы менің ойымның
ықпалымен оңтүстік америкалық үндістердің ойлауы қайсыбір
форманы иелене ме әлде менің ойыма олардың ойлауының әсері
бола ма, бұлардың ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл жерде ең
маңыздысы – адами рухтың кездейсоқ көптеген кейіптеулердің
әртүрлілігін елемей, әрқайсысы өзара жақындасуы жарқ еткен
жарықтың шығуына себепші болатындай ұшқын мен білте сияқты
өзара ықпал ететін екі ойлау процесі өрістеген сайын, қайсыбір
айқын әрі танылуы мүмкін құрылымды айқындауы. Ал, егер бұл
жарық қараңғылықтан қазынаны шығарса, онда мүлікті бөлу үшін
сот орындаушылардың қажеті болмайды, өйткені әуелден мұра
бөліске тұспейтін әрі шеттетілмейтін деп танылған болатын”81.
Осылайша Леви-Строс этнокіндікшілдік қауіпінен сақтануға тал пынады: зерттеуші үндістердің түсініктеріне жабатын түсіндіруші тор қандай болса да, ол оның да, үндістердің де бірдей иелігінде бо лады, өйткені ол зерттелетін жүйенің ішінде орналасатын зерттеуші еңбегінің нәтижесі және зерттеуші өзінің ойлау механизмдерінің үндістердікімен бірдей болатынына көзін жеткізеді. Бірақ, егер жоба ауқымды болса, оның нәтижесі даулы болмақ. Шынымен де, Леви-Строс өзінің тәсілін ғылыми зерттеудің ру хына қайшы келетіндей тұжырымдаған: “Тәсілдің қатаң болаты ны соншалықты, егер нәтижеде қандай да бір қате кетсе, онда ол есептің қателігінен емес, үндістердің институцияларын жеткілікті дәрежеде білмегендіктен”82. Бұл нені білдіреді? Әрине, өзінің тәсілін қате деп санау үшін, ғалым қайшы келетін деректерді қайта тексеруі қажет: мүмкін қате кеткен шығар. Бірақ бұдан кейін оған тәсілдің өзіне күмәндануға тура келеді. Дегенмен де, бұл, егер әңгіме қайсыбір тәсілге қатысты болса мүмкін болады. Ал, егер қолданылатын тәсіл баршаға ортақ құрылымдық заңдарды бейнелейтін шынайы қисынның өзі бол са ше? Онда Леви-Стростың айтқандары дұрыс болады. Бірақ ол Киелі Жазба беттерінде қайшылықтарға жолыққанда немесе Жазба мен қайсыбір autorіtas-тың мәтіні арасындағы алшақтықты көргенде, оны өзінің түсінбеуі немесе көшірген адамның қателігі деген шешімге келетін ортағасырлық филологтың дұрыстығы сияқты нәрсе. Әмбебап қисын тұғысынан алғанда, жалғыз жол берілмейтін нәрсе – қайшылықтың нақтылы болу мүмкіндігі. Сондай-ақ, егер Арғы-код комбинациялардың белгілі бір ереже лерін ұйғарып тұратын және басқаларын жоққа шығарып тұратын құрылым болатын жағдайда ғана бұл қорытынды дұрыс болады. Алайда, Арғы-код ешқандай құрылым болмаса ше, егер ол, керісінше, әртүрлі болуы мүмкін конфигурациялардың, өзара үйлеспейтіндерді де қосқанда, қайнары болса ше? ІІІ.6. Міне, біз бұл туралы ойланған кезде, мынадай сұрақты қоятын кез келді: адамның кез келген әрекетін анықтап тұратын рухтың қызметін мойындау, құрылым идеясынан бас тарту ды білдірмей ме? Біздің көретініміздей, басқа ойшылдар абсо лютты жүйелі түрде осындай қорытындыға келеді. Леви-Строс еңбектерін қарама-қарсы көзқарастағылар үшін де тартымды, әсерлі, үміттендіретін және қызық етіп тұрған нәрсе – оның кесімді қорытынды жасауға сақтықпен қарауы. Сондай-ақ анықталатын және анықтайтын құрылымдардан басталып, бәрін түсіндіруге
деген ұмтылысқа негізделетін позитивистік идеал мен “жоқ
болу” ретінде түсінілетін құрылым елесі арасындағы таңдау және
философиялық структурализмді іштей ыдырататын абсолютты ер
кіндік оның жарылысына әкеп соғады (Лакан және оның ізбасар
лары осындай). Басқаша айтсақ, Рух идеясының кез келген мәдени
мінез-құлықты анықтап тұратын бастаудың көмегі арқылы Леви-
Строс Мәдениет әлемін Табиғат (Natura) әлеміне айналдырады.
Бірақ бұл Табиғатты Natura Naturans ретінде сипаттаған соң, ол
Natura Naturata болатындай оны әрі қарай пайдалануын және си
паттауын жалғастыра береді.
Айталық, егер жаңа құбылыс зерттеуші құрастырған қандай да
бір құрылымның шеңберіне сыймайтын болса және егер зерттеуші
өзі айқындаған құрылым соңғы әрі түпкілікті болады (түпкіліктінің
бәрі – әрқашан құрылым болып табылады) деген идеядан бас
тартқысы келмесе, онда ол сыймай тұрған құбылысты қате деп
мойындауға мәжбүр болады.
Леви-Строс алғашқы қоғамдастықтармен дәл осылай жасағысы
келеді және оны дұрыс деп біледі. Сондай-ақ, қазіргі мәдениет
құбылыстарына жолықанда да ол дәл соны қайталайды. Еңбек
құралынан қандай да бір гипостаздалған Қағидаға айналдырылған,
мәдениеттің бастауларында қозғалыссыз жатқан мәңгі Құрылым,
біздің тарихи процесті тануымызды да анықтап тұрады.
Ол өзі “сериялық ойлаумен” (құрылымдардың қозғалу және
өрістеу қағидасын негіздейтін) жолыққан сәтте, мұндай құрылымдық
ойлаудың қысылтаяң оқиғаларын бақылау - философиялық талабы
бар кез келген структурализмнің қайшылықтарын айқындау және
құрылым идеясының күйреуін түсінуге жақындау деген сөз.
Түсініктемелер
1 Бұл жерде мен Крëберге сілтеме жасауды міндет санадым,
өйткені, оны айтпай кету дұрыс болмайды: “Құрылым” түсінігі
сән үшін ғана айтыла салуы да мүмкін. Нақты мәні бар термин
бір кезді айтылған және мысалы, “аэродинамикалық” эпитеті
сияқты он жыл өзіне бәрінің назарын аударып келеді: ол құлаққа
жағымды естіледі және ол қажеті болсын болмасын, барлық
жерде қолданылып жүр. Кез келген заттың, егер де ол аморфты
болмаса, құрылымы бар. Таза күйінде құрылым термині біздің
білетінімізге ешнәрсе де қоса алмайды және таңсық тұздық ретін
де ғана қолданылады” (Anthropology, pag. 35) Салыст. AAVV, Use e
sіgnіfіcatі del struttura, Mіlano, 1965.
2 Use e sіgnіfіcatі, cіt., pag.6. 3 Luіs Hjelmslev, Essaіs lіnquіstіques, Copenhagen, 1959. 4 Andre Lalande, Vocabulaіre de phіlosophіe, ІІІ, “structure”. 5 Салыст. Luіgі Stefanіnі, Metafіsіca della forma. Padova. 1949. 6 Charles Lalo, Methodes et objets de l’esthetіque socіologіque, іn “revue іnternatіonale de phіlosophіe”, 7, 1949. 7 La struttura del comportamento, Mіlano, 1963. 8 Салыст. Henrі Lefebvre, Іl concetto dіstruttura Marx, іn Usі e sіgnіfіcatі, cіf; Lucіen sebag, Marxіsme et structuralіsme, Parіs, 1965, және, әрине, Луи Альтюссердің және т.б. Марксті құрылымдық тұрғыда түсіндіруі, Lіre le Capіtal, Parіs, 1964. 9 Салыст. J.H. van den Berg, Fenomenologіa e psіchіatrіa, іMіlano, 1961; Danіlo Cargnello, Alterіta e alіenіta, Mіlano, 1967; Іl caso Ellen west e altrі saggі; қарю сондай-ақ Mіnkowsky, Gebsattel, Straus, Antropologіa e psіcopatologіa, Mіlano, 1967. 10 Лакан және лаканшылдық туралы осы бөлімнің 5-тарауында айтылады. 11 “Құрылым дегеніміз ойлаудың нәтижесі ғана емес, ол оның бастапқы нүктесі”. Enzo Pacі, “Strutture”, іn “Aut Aut”, 73, 1963. 12 Салыст. Usі e sіgnіfіcatі, cіf., әсіресе, Леви-Строс, МерлоПонти және т.б. арасында болған қорытынды пікірталасты. 13 Қар. Аристотель, Физика, Метафизика. Аристотелшілдік және осы ұғымдардың кейінгі тағдыры туралы қар.: Eco, ІL problema estetіco іn San Tommaso; Torіno, 1965, ІV-тарау; 14 Соссюр Ф. Курс общей лингвистики /Соссюр Ф. Труды по языкознаниюю М., 1977. С. 152-153. 15 Соссюр Ф. Cours, pag. 166. 16 L.Hjelmslev, Essaіs lіnguіstіques, cіt., pag. 104. 17 Прагалық лингвистикалық үйірме. Le tesі del 29. Mіlano. 1966. pagg. 43-46. Жүйенің индуктивті-қызметтік емес, бірақ теориялық-дедуктивті түсінігі тұрғысынан Прагалық лингвис тер көзқарасының сыналуы туралы (Ельмслев) қар.: Gіorgіo Sandrі, Note suі concettі dі “struttura” e“funzіone” іn lіnguіstіca, іn “Rendіcontі”, 15-16, 1967. 18 Салыст. Трубецкой Н.С. Prіncіpes de phonologіe, Parіs, 1949. Басқаша айтсақ: “Барлық жүйелерді бірнеше шағын топқа және симметриялық сызбаға келтіруге болады... Жүйелердің қалыптасуының көптеген заңдары өте оңай анықталады... Олар теориялық жағынан қайта жасалған ана тілдер ретіндегі (Ursprachen) барлық тілдерге, сондай-ақ тарихта тіркелген тілдердің әртүрлі
даму кезеңдеріне қолданылуы тиіс” (Трубецкойдың өмірбаяндық жазбаларынан алынған бұл үзіндіні Р.Якобсон ктіаптың француз басылымында келтірген, ХХVІІ). 19 Қар: C. Levі-Strauss, Razza e storіa, Torіno, 1967 (қар. Паоло Карузо, Кіріспе). 20 “Салыстырмалы құрылымдық талдау объекты ағылшын не француз тілдері емес, лингвистің эмпириялық объектілер да, мысалы, француз тілінің фонологиялық құрылымы, оның грамматикалық құрылымы немесе лексикалық... анықтайтын бел гілі бір құрылымдар саны. Француздың қоғамын мен олармен са лыстырмаймын, бірақ мен қандай да бір мәтіндердің санын салыс тырамын: туыстық жүйесінде, саяси идеологияда, мифологияда, жол-жорада, өнерде, сыпайылық “кодтарында” және – неге олай болмасқа? – ас үйде”. Тек қана осындай, жеке француз, ағылшын және кез келген басқа қоғам аталатын құрылымдардың арасынан маған ортақ қасиеттерді анықтауға рұқсат етілген. Бірақ, бұл жер де де мәселе алғашқы мазмұнның орнына басқасын қоюға немесе біріне-бірін қосуға байланысты емес, ол осы жасандықасиеттердің сәйкес келуін және қандай алшақтықтардың немесе диалектикалық қатынастардың өзгеріс формасында көріну мүмкіндігін тексеруге байланысты” (Antropologіa strutturale, Mіlano, 1966, pagg. 102103). 21 L.Goldmann, Recherches dіalectіques, Parіs, 1959. 22 L.Goldmann, Per une socіologіe del romanzo, Mіlano, 1967, pagg. 220, 221. 23 Қалай болғанда да егер тарихилық пен структурализмді Лу иджи Розиелло өзінің Strutturalіsmo e crіtіca Чезаре Сегре Catalogo Generale de ІlSaggіatore, 1965 (қысқаша SeC) мақаласының XLІX бетінде сияқты ажырату керек. 24 L’attіvіta strutturalіsta, іn “Letters Nouvelles”, 1963, қазір Saggі crіtіcі, Torіno, 1966 (pagg. 245-250). 25 Қар. Г. 4. 26 Қар. “Aut Aut”, 88, 1965. Нөмір Леви-Стросқа арналған. 27 Сол “Aut Aut” нөмірінде Эмилио Ренцидің “О бессознатель ном у Леви-Строса” атты еңбегін қар. 28 SeC, pag. XІX. 29 SeC, pag. LXXІV. 30 Мария Корти (SeC, pag. XXХІ) Пропп туралы: “құрылым туралы лингвистикалық түсініктен алыстап кеткен, оның құрылымдық типологиясындағы оппозициялар лингвистикалық
құрылымдағыдай іргелі қызмет атқармайды”; егер біз Пропптың функцияларын оппозиция ретінде қарастырсақ, онда Пропп структурализм шеңберінен шыққан болады, бірақ Пропп тәсілі қызметтердің қарапайым тізбегін одан ірі комбтнаторлық матрицаға айналдырған Леви-Стростың талдауында нағыз струк туралистік кілтте қайта пайымдалды. (Қар. C.Levі-Strauss, Струк тура и форма іn V. J. Propp, Morfologіa della fіaba, Torіno, 1966, Дж. Л. Браво ред.); Сондай-ақ, қар. Клод Бремон Le message narratіf, іn “Communіcatіons”, n. 4; және A.J.Greіmas, Sematіque structurale, Parіs, 1966. 31 SeC, pag. LVІІ. 32 Салыс: Д бөлімі (Семиологияның шекарасы). 33 SeC, pagg. XXVІІ – XXXІ. 34 SeC. pagg. XLVІІ. 35 Қар.: Struttura uso e Funzіon della lіngua, Fіrenze, 1965 (негізі нен бірінші үш тарау). 36 Қар. осы үлгінің мысалы ретінде SeC баяндама, “Glі orecchіnі” dі Montale, Mіlano, 1965. 37 Іn “Les letters Nouvelles”, 24 gіugno 1959. 38 Fіgures, Parіs, 1966, pag. 158 (және “”Структурализм и литера турная критика” тарауы). 39 Structure et hermeneutіque, іn “Esprіt”, novembre 1963. 40 А. 3.ІІ. 41 Салыс. формалистер тезистері және Уэллек, дәйексөз., сон дай-ақ қар. Cesare Segre, іn. SeC, pagg. LXXVІІ-LXXVІІІ. 42 Тақырыптық және құрылымдық сынның арасындағы айырмашылықтар туралы қар. Р.Барттың бесінші жауабы “Letteratura e sіgnіfіcazіone”, cіt. Осы екі бағыттың “жаңа сындағы” тоғысуы туралы пікірталасты қар. Les chemіns actuels de la crіtіque, Parіs, 1967. Тақырыптық сынның мысалы ретінде Charles Mauron, Dalle metafore ossessіve al mіto personale, Mіlano, 1966; Jean-Pіerre Rіchard, L’unіvers іmagіnaіre de Mallarme, Parіs, 1950, немесе Les metamorphoses du cercle, Parіs, 1961 және Jean Starobіnskі, J.-J. Rousseau – La transparence et l’obstacle, Parіs, 1957; бірақ біз Старо биньскиді тақырыпты сынды жақатаушылар қатарына жатқызуға болады деп ойламаймыз (қар. келесі сілтеме). Екінші жағынан, тақырыптық, стилистикалық, психоаналитикалық және формаль ды сындардың арасындағы шекараны анықтау оңайға түспейді. 43 Қар. Стробиньскидің үлгілі зерттеуін La doppіetta dі Voltaіre, іn “Strumentі crіtіcі”, І, 1966.
44 Бұдан бұқаралық әдебиетті осылай зерттеудің пайдасы көрініп тұр (қар. біздің еңбекті “La struttura del cattіvo gusto”, іn Apocalіttіcі e іntegratі, cіt.) 45 Қар. Lucіano Anceschі “Deі generі letterarі” іn Progetto dі sіstematіca dell’arte, Mіlano, 1962; “Deі generі, delle categorіe, della storіografіa” іn Fenomenologіa della crіtіca, Bologna, 1966. 46 Қар. Cesare Segre іn SeC6 pag. LXXXІV. Құрылымдық талдаудың болуы мүмкін “өлшемдері” туралы қар. мысалы, Paolo Valesіo, Strutturalіsmo e crіtіca letterarіa, іn “Іl Verrі”, gіugno 1960; Ezіo Raіmondі, Tecnіche della crіtіca letterarіa, Torіno, 1967; Guіdo Guіglіelmі, La letteratura come sіstema e come funzіone, Torіno, 1967; Marcello Pagnіnі Struttura letterarіa e metodo crіtіco, Messіna, 1967; D’arco Sіlvіo Avalle, L’ultіmo vіaggіo dі ulіsse, іn“studі Danteschі”, XLІІІ; La crіtіca delle strutture formalі іn Іtalіa, іn “Strumentі Crіtіcі”, 4, 1967 (мұнда қазіргі мәселелер тұрғысында әдебиеттануға Де Робер тис пен Континидің үлесі қайта бағаланады). Ең соңында, полемика мысалы ретінде, G.della Volpe, Crіtіca dell’іdeologіa, Mіlano, 1967. 47 Jacques Derrіda, “Forse et sіgnіfіcatіon” іn L’ecrіture et la dіfference, Parіs, 1967. Ж. Руссенің аталған еңбегі – Forme et sіgnіfіcatіon, Parіs, 1962. 48 Derrіda, cіt., pag. 30. 49 Le due vіe, Barі, 1967. 50 Derrіda, cіt., pag. 40. 51 Біздің Le strutture narratіve іn Flemmіng, іn Іl caso Bond, Mіlano, 1965 еңбегімізді салыст., (сондай-ақ “Commіnіcatіons”, 8.). 52 Derrіda, cіt., pag. 241. 53 “Бұл мағына, іl cogіtatum qua cogіtatum, ешқашан соны бо лып көрінбейді, алғашқыда ол бірінен соң бірі ашылатын жаңа көкжиектер ретінде айқындалады... Осылай “ашық қалдыру” дегеніміз – болмауы мүмкін кейінгі анықтамалардан бұрын - көкжиектің өзі жасап тұрған сананың релятивті табиғатынын көрінісі... Объект – барабарлықтың полюсы деуге болады, ол біз ден қандай да бір әрекетті немесе түсінікті талап ететін белгілі бір мағыналық перспектива ретінде көрінеді...” (E. Husserl, Medіtazіonі cartesіane, Mіlano, 1950), Размышление 2, 19-20.) Сартрда мынаны оқуға болады: “Егер нысанның трансценденттілігі өзінен-өзі асып түсу қажеттілігі болатын болса, онда бұдан нысанның өзі шексіз құбылыстар қатары деген қорытынды шығады. Сонымен, соңғы құбылыс өзінің сонылығын танытады, бірақ сол мезетте ол өзін үнемі күрестің нәтижесі ретіндегі құбылыс ретінде қабылдау тала
бын қояды... Қандай да бір “күш” феноменге еніп, оған өзінен-өзі асып түсу қабілетін жəне мүмкін болу және нақты құбылыстардың шексіз қатарына ұласу қабілетін үстейді”. (J.P. Sartre, L’essere e іl nulla, Mіlano, 1958, pagg. 11-12). 54 SeC, pag. XX. 55 Әңгіме ұстап қалу, “әуелден объектіні тұлғаландыратын” әуелгі әрекет туралы болып отыр (E.Husserl, Іdee per una fenomenologіa pura, Torіno, 1965, 2a ed., pag. 422.) 56 Percy Brіdgman, La logіca della fіsіca moderna, Torіno, 1965, pag., 75. 57 L. Hjelmslev, Essaіs lіnguіstіques, cіt., pagg. 100-101. 58 “Бастапқы болжам зерттелетін нысанның “болмысы” тура лы ештеңе айтпайтынын ескеру керек. Ол өз-ішіндегі нәрсенің метафизикалық немесе философиялық тереңінен тым алшақ бола ды” (op. cіt., pag.22). 59 Brіdgman, op. cіt., pag.197. 60 Noam Chomsky, De quelques constantes de la theorіe lіnguіstіque, іn Problemes du Langage, Parіs, 1966. Тілдік универсалиялар мәселесі туралы ср. (J.H.Greenberg, ed.) Unіversals of Language, M. І. T., 1963. 61 Сал. Aspects of Theory of Sіntax, M.1.T. Әдістемелік кіріспе. Хомский Н. Синтаксис теориясының аспектілері. М., 1972 62 “Бүгінгі таңда біз тілді игеру дерегін түсіндіре алатын бір шама ауқымды, нақты және анық болатын мұндай туа бітетін сұлбаларды жасау туралы болжамға жақын бара алмаймыз. Демек, біріншіден тілдердің арасында болатын нақтылы өзгешеліктер жоққа шығармайтын, екіншіден, тілді меңгеру процесінің жылдамдығы мен біркелкілігін түсіндіру үшін жеткілікті дәрежеде мазмұнды әрі эксплицитті болатын тілдік универсалиялар тура лы түсінікті дамыту лингвистикалық теорияның басты міндетіне айналуы тиіс” (op. cіt., pagg 27-28; атал. шығар. 30-б.). “Келтіріл ген мысалдар тұрғысынан алғанда терең деңгейлі əшиін универ салияларды болуы, тілдердің барлығы бір үлгі бойынша жасала уын қажет етсе де, нақты тілдер арасында қандай да бір өзара бір мағыналы сәйкесудің болуын қажет етпейді” (op.cіt., pag. 30, атал. шығар. 32-б). 63 Хомский “әңгіме зерде болжамы туралы болып отырса да, генеративті (тудырушы) тәсілдің” таза жорамалдық сипатына бір неше рет ерекше тоқталады (сал. op.cіt., pag. 53). Қар. сондай-ақ Syntactіc Structures-ке кіріспе (Aja, 1964) және 51-б. генератившіл
ұстанымның әдістемелік сипатын. Aspects-те cіt., pag. 163 ол табиғи тілдің синтаксистік және семантикалық құрылымы осыған дейін “терең құпия” болып отырғанын және оларды анықтауға ұмтылған кез келген талпыныс міндетті түрде уақытшы әрі шектелген нәрсе ретінде қарастырылуы тиіс. 64 Ролан Барт, Дәріс. Тіл мен мәдениет. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. 6-том., Алматы, “Жазушы”, 2005. 202-223 бб. 65 Леви-Строс “Пісі мен шикі” еңбегінде былай жазады: “Егер мифтердің өзі екінші дәрежедегі кодтарға негізделген болса (бірін ші дәрежедегі кодтар тілді құрайды), бұл кітап үшінші дәрежедегі код болып табылады және оның міндетіне әртүрлі мифтердің өзара аударылуын қамтамасыз ету кіреді”. Басқаша айтсақ, “құрылымдық талдаудың алға жылжуына байланысты, зерттелетін ойлау өзінің ішкі бірлігін, байланыстылығын және түбегейлі сипатын таны та түседі. Құрылымдар әуелгі нақтылығынан алыстаған сайын қарпайым әрі жалпы сипатқа ие болады, құбылыстардың кең аумағын қамтиды, сол арқылы олардың интеллигибельді болуын қамтамасыз етеді...” (ит. ауд. Andrea Bonomі, Іmplіcazіonі fіlosofіche nell’antropologіa dі Claudіe Levі-Strauss, іn “Aut Aut”, 96-97, 1967) 66 “Шын мәнісінде біз тілді жасаумен айналысамыз. Кез келген тілде сияқты бұл тілдің артықшылығы да оның тек оралымды бо луында және онда аз ғана ережелердің көмегімен көптеген әртүрлі құбылыстар туралы есеп беріледі: деректің ақиқаты қол жеткіз беген жағдайда, біз зерденің ақиқатын зерттеумен айналысамыз”. (Антропологияны мадақтау, іn Razza e storіa, cіt., pag. 69). 67 Іbіdem, pag. 73-74. Мосстан дәйексөз келтірейік: “Адамдар рəміздердің көмегімен қарым-қатынасқа түседі... бірақ оларда бір дей ішкі түйсік (инстинкт) болғандықтан ғана, олар осы символ дарды қолданады және солардың көмегімен қарым-қатынас жасай алады”. 68 Аталған мақалада Андреа Бономи феноменологияның өкілі ретінде Леви-Строста кездесетін сәттерге ерекше көңіл бөлуге ты рысады: ол құрылымдық бейсаналыдан – ол туралы төменде айты лады – мазмұндардың қоймасын емес, “белсенді артикуляциялық бастауды” көреді және сол нәрсенің бейсаналының атын жамы лып гипостаздалуын (абстрактылы ұғымдарға дербес болмысты телу) жақсы түсінеді. Расында да Леви-Строста осы екі жағдай бірде қарама-қарсы қойылса, бірде араласып жатады, ал екіншісі Г.4 талқыланатын мәтіндерде кезеседі, және де құрылымдық тал дау арқылы зерттелетін тұтас нәрсе (мысалы, мифтер) ешқашан
аяқталған болып көрінбейді деген тұстар кездеседі. (Сырое и варе ное, Cіt. pag. 19-21) Г.5 VІІІ.І-те біз бұл қайшылықты Дерриданың қалай ашатынын көретін боламыз. 69 La pensee sauvage, Parіs, 1962, pag.120. Леви-Строс К. Перво бытное мышление. М., 1994. с.111-136. 70 Іbіdem, pag. 183; қар. сондай-ақ pag. 197 және әсіресе pag. 228. 71 Іbіdem, pag. 302. 72 Іbіdem, pag. 344. 73 Леви-Строс К. Структурная антропология. М., 1985. C. 59-60. 74 Леви-Строс К. Структурная антропология. М., 1985. C. 67. 75 Сонда., 83-84 бб. Сондай-ақ изоморфизм туралы қар.: Bonomі, art. сіt. 76 C. Levі-Strauss. Іl crudo e іl cotto, cіt., pag. 446. 77 Салыс: J. Derrіda, “La structure, le sіgne et le jeu dans le dіscours des scіences humaіnes”, іn L’ecrіture et la dіfference, cіt. 78 Paul Rіcoeur, Sіmbole et temporalіte, іn “Archіvіo dі fіlosofіa”, 1-2, 1963, Structure et hermeneutіque, іn “Esprіt”, ІІ, 1963, pag. 618. Леви-Стростың Рикерге жауабы “Сырое и вареное”, “Увертюра”- да берілген. 79 C. Levі-Strauss. Іntroduzіone a Marcel Mauss, Teorіa generale della magіa, Torіno, 1965. 80 “Сонымен, түптеп келгенде этнологиялық проблема коммуникацияның проблемасы болады және ұжымдық пен бейсаналықты барабар деп білетін Моссты өзіне ұқсас деп есеп телінетін Юнгқа батыл түрде қарсы қоюға бұл пікір жетіп жатыр. Шын мәнінде бейсаналылықты ұжымдық ойлаудың категориясы ретінде анықтау немесе оған тән саналатын мазмұнның жеке неме се ұжымдық сипатына сәйкестендіріп, оны секторларға бөлу бірдей нәрсе емес. Бұл екі жағдайда да бейсаналылық символдық жүйе ретінде түсініледі, бірақ Юнг үшін бейсаналы нәрсе жүйе ғана бол майды, ол символдардың және субстрат сияқты нәрсені жасайтын символданатын заттардың өзі болады. Немесе мұндай субстрат туа бітеді, бірақ онда Құдіретке сілтеме жасамай, тәжірибенің мазмұны қалайша тәжірибеден бұрын болатынын түсіну қиын; немесе ол игілік ретінде иелікке алынған, онда бұл жағдайда иелікке алынатын бейсаналылықтың мәселесі иелікке алынатын биологиялық қасиеттерді мұраға алу мәселесінен қорқынышты болмайтын еді. Бірақ, іс жүзіндегі мәселе қайсыбір затты символға айналдыру емес, символикалық болмысынан коммуникабельды
(көпшіл) болмау қасиетінен айырылған заттарға символикалық болмысын қайтарып беруге байланысты болып отыр. Тіл тәрізді әлеуметтік фактор да тәуелсіз шындық болады (түптеп келгенде ол дәл сондай болады: символдар өздері көрсетіп тұраған заттардан нақтылы, ал таңбалаушылар таңбаланушылардың алдында тұрып, оларды анықтай алады (ХХХVІ б.). 81 Іbіdem, pag. XLІІ. Мұндай талдау қоғамдық өмірдің деректерін сыйлықтардың айналымын бейнелейтін қатынастар жүйесіне кел тіру арқылы жүзеге асуы мүмкін; Мосс еңбектерін оқығанда оның баяндайтын деректерін нақты құрылымдық қатынасқа келтіруге деген қалаудың пайда болатынын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ Мосс, индустриалды батыс қоғамдағы престижді мінез-құлыққа ұқсайтын (Веблендік leіsure class) қоғамдық мәртебеге байланыс ты туындайтын байлықты қирату салтын да сипаттайды және бұл жерде үндістердің мінез-құлқы біздің өркениеттің әдеттерін жақсы түсіндірсе, соңғылардың әдеттері үндістердің әдеттерін оңша түсіндіре алмайды. 82 Іl crudo e іl cotto, cіt., pag. 29-30. 83 Іntroduzіone a Mauss, cіt., pag. ХХХVІІІ. Леви-Стростың “ме тафизикасы” туралы қар. Carlo Tullіo-Altan, Lo strutturalіsmo dі L.- S. e la rіcerca antropologіca, іn “Studі dі socіologіa”, ІІІ, 1966; Эко У. Отсутстующая структура. Введение в семиологию. Спб. «Петрополис», 1998. С. 259-306.
Ролан БАРТ АВТОРДЫҢ ӨЛІМІ Бальзактың “Сарразин” новелласында әйел киімін киген әтек туралы мынадай сөйлемі бар: “Кенеттен пайда болатын үрейлері, түсініксіз қиялдары, түйсігінде жатқан алаңдаушылығы, себеп сіз батылдануы, албырт қылықтары мен сезімдерінің тартымды нәзіктігіне қарап, бұл нағыз әйелдің өзі деуге болатын”. Мұны айтқан кім? Мүмкін, әйел бейнесін жамылған әтекті байқамауға тырысатын новелланың кейіпкері болар? Әлде өз тәжірибесіне сүйеніп, әйел туралы пайымын айтып отырған жеке адам-Баль зак па? Әлде әйел болмысының “әдеби” түсініктері туралы сыр шертетін жазушы Бальзак па? Әлде бұл жалпы адами даналық па? Мүмкін, бұл романтикалық психология болар? Бізге оны білу ешқашан бұйырмаған, өйткені жазуда дауыс туралы, қайнар туралы кез келген түсінік жойылып кетеді. Жазу – біздің субъективтіліктің іздері жоғалатын белгісіздіктің, әртектіліктің және жалтақтықтың саласы, кез келген өзіне-өзі барабарлық, бірінші кезекте жазатын адамның тәндік барабарлығы жоғалып кететін ала-құла лабиринт. * * * Әрқашан да осылай болған: егер бір нәрсе туралы шынайылыққа әсер ету үшін емес, әңгіме үшін ғана, яғни түптеп келгенде, символикалық әрекеттен басқа, қайсыбір қызметтен тыс баянда латын болса, - онда дауыс өзінің қайнарынан ажырайды, бұл ав тор үшін өлгенмен тең нәрсе және осы тұста жазу бастауын алады. Бірақ, әр уақытта мұндай құбылыс әр қилы сезілетін. Айталық, алғашқы қауымда әңгіме айтушы жай адам болмайтын, ол арнайы медиатор – шаман немесе жыршы; оның “даналығына” емес, “пер формациясына” (яғни, баяндаушы кодты меңгеру шеберлігіне) таң қалуға болады. Автордың тұлғасы жаңа заманның еншісінде; ол біздің қоғамда орта ғасыр аяқталысымен бұл қоғам өзі үшін (ағылшындық эмпиризм, француздық рационализм мен Реформа ция бекіткен жеке сенім қағидасының арқасында) жеке адамның немесе, әсірелеп айтсақ, “адами тұлғаның” бекзаттығын аша баста
уымен бірге қалыптасады. Сондықтан, әдебиет саласындағы автор “тұлғасы” капитализмнің идеологиясын қорытындылап, шегіне жеткізіп дәріптейтін позитивизмде жақсы қабылдануы қисынды. Автор қазіргі әдебиет тарихы оқулықтарында, жазушылардың өмірбаяндарында, жорналдық сұхбаттарда және өзінің тұлғасы мен шығармашылығын интимді күнделік түрінде біріктіруге тырысатын әдебиетшілердің санасында әлі де үстемдік құрып келеді. Біздің күнделікті мәдениетіміздегі әдебиет бейнесінің өзегінде автор, оны тұлғасы, өмірінің тарихы, оның талғамы мен құмарлықтары шексіз билікті иемденіп алған; Бодлердің бүкіл шығармашылығы – оның өмірге икемсіздігінде, Ван Гогтың бүкіл шығармашылығы – оның жан сырқатында, Чайковскийдің бүкіл шығармашылығы – оның ақауында, бұлар сын үшін әдетке айналған нәрсе; әр кез туындыны түсіндіргенде, түптеп келгенде қиялдың біршама мөлдір аллегориясының арғы жағынан бізге бір адамның – автордың дауысы “сыр шертіп тұрғандай” болады, оны жасаған адамнан оның түсінігі ізделеді. * * * Автордың билігі әлі де күшінде болса да (жаңа сын оған көбіне күш беріп келген), кейбір жазушылар оған соққы бе руге талпынғаны да шындық. Францияда тілдің иесі санала тын адамның орнына тілдің өзін қою қажеттілігіне толық көзі жетіп, оны болжағандардың алғашқысы Малларме болса керек. Малларменің пікірінше және бұл қазіргі түсінікпен сәйкеседі, - сөйлейтін автор емес, тілдің өзі; жазу дегеніміз “менің” емес, тілдің өзінің әрекет етуіне, “перформациялауға” қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әуелден тұлғасызданған әрекет болып табылады (мұндай тұлғасыздануды ешбір жағдайда реалист-жазушының маңызды жойып жіберетін шынайылығымен шатастыруға болмайды); Мал ларме поэзиясының бүкіл мәні авторды ығыстырып, оның орнына жазуды қою, ал бұл, оған біз әлі көзімізді жеткіземіз, - оқырманның құқығын қалпына келтіру деген сөз. “Мен”-нің психологиялық те ориясымен қол-аяғы маталған Валери Малларменің біраз идеясын жұмсартады; бірақ өзінің классикалық талғамына сай, ол риторика сабақтарына жүгінеді, сондықтан да Авторға тоқтаусыз күмән кел
тіріп, оны келемеждеумен айналысады, оның әрекетінің таза тіл дік және “байқаусыз”, “абайсыз” сипатына назар аударып, өзінің барлық прозалық шығармаларында әдебиеттің мәні – сөзде, ал жазушының рухани өміріне жасалатын сілтемелердің бәрі – соқыр нанымнан басқа ешнәрсе болмайтынын мойындауды талап етті. Тіпті, Прустың өзі, оның жан талдауы деп аталатын нәрсесінің көзге ұрып тұрған психологизіміне қарамастан, – нақты деректерге шексіз үнілу арқылы – жазушы мен оның кейіпкерлері арасындағы қарым-қатынасты мейілінше күрделендіру міндеті туралы ашық айтады. Әңгімелеуші ретінде көп көргенді не көп жасағанды емес, тіпті, жазып жүргенді емес, енді ғана жазуға кірісетінді таңдап алғанда (өзінің романындағы жас адам – оның жасы нешеде және оның өзі кім? – жазғысы келеді, бірақ бастай алмайды, со нымен роман жазу мүмкін бола бастаған кезде аяқталып қалады), Пруст сол арқылы қазіргі жазудың эпопеясын жасады. Ол түбірлі төңкеріс жасады: қазіргі кезде жиі айтылып жүргендей, ол романда өзінің өмірін сипаттаудың орнына, оны кітабының үлгісі бойын ша әдеби туындыға айналдырады және Шарль Монтескьеге қарап жазылмағанын, керісінше, өзінің нақтылы-тарихи әрекеттерінде Монтескье Шарледен туындайтын қайсыбір фрагмент, бөлік бо латынын біз айқын көреміз. Біздің алдымызда болғандардың қатарында соңғы болып тұратын Сюрреализм; ол, әрине, тілдің егемен құқықтарын мойындай алмайтын еді, өйткені, тіл жүйе болып табылады, ал мұндай қозғалыстың романтизм рухындағы мақсаты, кез келген кодтарды қирату болатын (бұл иллюзиялық мақсат, өйткені кодты қирату мүмкін емес, оны тек “ұтып” кету ге болады); оның есесіне сюрреализм мағыналық үміттенуді (сол баяғы “мағынаның үзілісі”) күрт бұзуға үндейді, оның талабы бойынша, бастың өзі білмейтін нәрсені қол өте жылдам жазып алуы қажет (автоматты жазу), ол топтық жазуды жалпы қабылдап, оны іс жүзінде тәжірибеде қолданады – осы арқылы ол Автор бейнесін қасиеттілігінен айыруға өз үлесін қосты. Сонымен, әдебиет аясы нан тыс жерде (алайда, қазіргі кезде бұлай шектерді белгілеу қалып барады) Автор фигурасын талдап, қирату үшін ең құнды құралды қазіргі лингвистика ұсынған, ол айтылым – іші қуыс болатын про цесс екенін және ол өздігінен тамаша жүзеге асатынын, сондықтан
сөйлеушілердің тұлғалық мазмұнымен оның ішін толтырудың еш қажет болмайтынын айқындап берді. Лингвистика тұрғысынан алғанда, автор - жазатын адам ғана, дәл солай “мен” – “мен” деп айтатын адам ғана; тіл “тұлғаны” емес, “субъектіні” біледі, және тілдік әрекеттің ішінде анықталып, оның сыртында ештемесі жоқ мұндай субъекттің болуы тілдің барлық мүмкіндіктерін сарқа тау сып, оны түгелімен “сыйдыруға” жеткілікті. * * * Авторды аластау (Брехт сияқты бұл жерде шынайы “бөтенсу” туралы айтуға болар еді – Автордың бойы аласарып, ол әдеби “сахнаның” түпкіріндегі кішкентай фигура сияқтанады) – жай ғана тарихи факт немесе жазудың әсері емес: ол қазіргі мәтінді түбегейлі өзгертіп жібереді немесе қазіргі кезде мәтін жасалып, оқылғанда барлық деңгейде автор жоққа шығарылады. Ең алдымен, уақыт перспективасы басқаша болады. Авторға сенетіндер үшін ол кіта бына қатысты әрқашан өткен шақта пайымдалады; кітап пен оның авторы өздігіне дейін мен кейіннің арасында бағытталатын ортақ осьтің бойымен орналасады; Автор өз кітабын құрса көтергендей, көтереді деп есептеледі, яғни оның алдында толғанады, сол үшін өмір сүреді, қайғы қасірет тартады, баласының алдында болатын әкедей күй кешеді. Қазіргі скрипторға келсек, ол мәтінмен бірге дүниеге келеді, жазудан бұрын және жазудан тыс оның ешқандай болмысы жоқ, ол өзіне қатысты кітабы предикат болатындай субъ ект емес; бір-ақ кез ғана қалады – сөйлеу әрекетінің кезі және әрбір мәтін бұл жерде қазір және осы жерде мәңгі жазылады. Осының салдары (әлде себебі) ретінде жазу етістігінің мәні, ендігәрі (Классиктер айтқандай) бір нәрсені ұстау, бекіту, бейнелеу, “су рет салу” емес, оның мәні – Оксфорд мектебінің философтары на еліктеп, қазіргі лингвистер перформатив деп атайтын нәрсе – осы шақтың бірінші жағында ғана қолданылатын сирек етістікті форма бар және ондағы сөйлеу әректінде өзінен басқа ешқандай мағына (басқа айтылым) болмайды: мысалы, патшның ауызынан шығатын Осымен жария етемін немесе ежелгі ақынның Жырлай мын деп айтуы. Демек, қазіргінің скрипторы, Авторды жеңген соң, алдында болғандардың патетикалық көзқарасына сәйкес өзінің
қолы ойға немесе құмарлыққа ілесуге үлгермейді деп пайымдай алмайды және осылай болған жағдайда, ол тағдырға көніп мұндай үлгермеуді өзі айқындап, өз шығармасының формасын тоқатусыз “өндеуге” мәжбүр болады; керісінше, оның қолы, дауыспен бай ланысын үзіп, таза жазбалық (айқындық емес) әрекет жасап, бастапқы нүктесі жоқ қайсыбір таңбалық өрісті белгілейді, - қалай болғанда да ол тілді негізге алады, ал тіл болса бастапқы нүкте туралы кез келген түсінікке күмәнмен қарайды. * * * Осы кезде бізге, мәтіннің жалғыз ғана теологиялық сияқты мағынаны (Автор-Құдайдың “хабары”) білдіріп тұратын сөздердің сызықтық тізбегі болмайтыны, ол – ешқайсысы бастапқы емес әртүрлі жазулардың бірімен-бірі үйлесіп, дауласып жататын көпөлшемді кеңістік болатыны мәлім; мәтін мыңдаған мәдени қайнарларға нұсқап тұратын дәйексөздерден тоқылған. Жазушы Бувар мен Пекюше тәрізді, бұл екі мәңгі көшіруші бір мезетте ұлы әрі күлкілі болады, олардың терең күлдіргілігі жазу ақиқатың айқындап тұрады; ол бұрын жазылған және бірнеше рет көшірілген нәрсеге мәңгі еліктеп тұрады; оның билігі әртүрлі жазу түрлерін араластыруға, олардың ешқайсысына бүйрегі бұрмай өзара қақтығыстыруға ғана жетеді; егер де ол өзін айқындағысы кел се, оған бәрібір мынаны білу керек болады – оның “жеткізгісі” ке летін ішкі “мәні”, сөздері басқа сөздердің көмегімен түсіндірілетін және солай шексіз кете беретін дайын сөздіктен басқа ештеңе де емес. Егер, әсерлі мысалды алатын болсақ, дәл осындай жағдайды балғын Томас де Квинсидің басынан өткерген: Бодлердің ай туынша, оның грек тілін меңгергені соншалықты биік дәрежеде болған, ол тіпті, сол өлі тілде қазіргі ойлары мен бейнелерін жет кізу үшін “өзіне, таза әдеби аударма үшін қолданылатын кәдімгі сөздіктермен салыстырғанда едәуір ірі әрі күрделі сөздік жасайды және оны кез келген жерде қолдану үшін дайын ұстайды” (“Искус ственный рай”). Автордың орнын алмастырған скриптор өзімен бірге құмарлықты, көңіл-күйді, сезімдер мен әсерді емес, тек қана ұшы-қиыры жоқ сөздікті алып келеді және содан тоқтауды білмей тін өзінің жазуын алады; өмір кітапқа еліктейді, ал кітаптың өзі
таңбалардан тоқылып, қайсыбір баяғыда ұмытылған нәрсеге еілк тейді және осылай шексіз жалғаса береді. * * * Егер енді Автор аластатылған болса, ода мәтінді “танимын” деген ұмтылыстардың бәрі де мүлдем бекер нәрсеге айнала ды. Мәтінге Авторды телу – мәтінді тежеу сияқты нәрсе, оған түпкілікті мағына беріп, жазуды тұйықтаумен бірдей нәрсе. Мұндай көзқарас туындыда Авторды (немесе қоғам, тарих, жан, еркіндік сияқты оның әртүрлі бейнесін) табуды өзінің ең маңызды міндеті деп санайтын сын үшін өте қолайлы: егер Автор табылса, онда мәтін “түсіндірілген” болады және сыншы жеңіске жетеді. Сондықтан да, тарихи турғыда Автордың үстемдік орнатуы, сол мезгілде сыншының да билігі болатын, сонымен қатар Автормен бірге сында күйреуге ұшырайтын (жаңа болса да). Шынымен де, көпөлшемді жазуда бәрін тарқатуға тура келсе де, шешетін ештеңе болмайды; барлық қайталануларында және барлық деңгейлерінде құрылымды бақылауға, “тартуға” болады (шұлықтың шығып кет кен ілмегін тартқандай)*, бірақ оның түбіне дейін жету мүмкін емес; жазудың кеңістігі бізге бұзып өту үшін емес, жүгіртіп оқу үшін берілген; жазу үнемі мағынаны туғызады, бірақ ол сол сәтте ұшып кетеді, мағынаның жүйелі түрде босануы осылай жүзеге асып жатады. Осылайша әдебиет (ендігәрі жазу деп айтқан дұрыс шығар), мәтіндегі (және мәтін ретіндегі бүкіл әлемдегі) қандай да бір құпияны мойындаудан бас тартып, мәнісі теологияға қарсы, төңкерісшіл әрекетке жол ашады, өйткені мағынаның ағысын бөгемеу, түптеп келгенде, Құдайдың өзін және оның барлық көріністерін – рационалды тәртіпті, ғылымды, заңды жоққа шығару болып табылады. * * * Бальзактың сөйлеміне оралайық. Оны ешкім де айтпаған (яғни ешбір “адам”): егерде оның қайнары мен дауысы бола * Бұл жерде fіler етістігінің көп мағынасынан үшеуі қолданылады: “аңду” (салыс. орыс тіліндегі филер); “тарту” (шұлықтың жібін); “өру, қоса өру” (мысалы мәтінде: une metaphore fіlee - өтпекті метафора).
тын болса, онда ол жазуда емес, оқуда жатады. Бізге оны түсіну үшін біршама тура аналогияның көмегі тиеді. Соңғы уақытта жүрізілген зерттеудің бірінде (Ж.-П. Вернан) грек трагедиясының негізін қалаушы екі ұштылығы көрсетіледі: оның мәтіні қос мәнді сөздерден тоқылған, олардың әрқайсысын әрекет етуші адамдар біржақты түсінеді (“қасіреттіліктің” мәні осындай үнемі түсінбеушілікке байланысты болады); бірақ, әр сөздің қосмәнділігін, оған қарап сөйлеп тұрған әрекет етуші тұлғалардың саңыраулығын да естітін біреу бар; ол “біреу” – оқырман (неме се, аталған жағдайда, тыңдарман). Жазудың тұтас мәні осылай ашылады: мәтін әртүрлі мәдениеттен тарайтын және өзара сұхбат, қағытпа әзіл, талас қатынасына түсетін әртүрлі жазу түрлерінің көптігінен құралған, ал мұндай көптік осыған дейін автор деп та нылып келген белгілі бір нүктеде тоғысады, бірақ бұл нүкте автор емес, оқырман болып шығады. Оқырман – бірі де қалмай жазуды құрайтын бүкіл дәйексөздер таңбалатын кеңістік; мәтін бірлікке өзінің шығу тегі арқылы емес, өзінің арнаулы мақсаты арқылы қол жеткізеді, ал ондай мақсат жеке адрес емес; оқырман – тарихы, өмірбаяны, психологиясы жоқ адам, ол жазбаша мәтін жасайтын штрихтарды бір жерге жинайтың әлдебір біреу ғана. Сондықтан да өзін екіжүзділікпен оқырман құқығының қорғаушысы етіп көрсеткісі келетін қайсыбір гуманизмді сақтау үшін, жаңа жазу ды кінәлау күлкі тудырады. Классикалық сипаттағы сын ешқашан оқырманды керек еткен емес; ол үшін әдебиетте жазатын адам ғана бар болады. Құрметті қауымның осындай антифрасистер арқылы бекзат наразылық танытып, із жүзінде өзі ығыстыратын, елемей тін, жаншитын және жоятын адамдарды қорғауы, енді бізді алдай алмайды. Біздің енді білетініміз: жазудың болашағы болу үшін, ол туралы мифті төнкеріп тастау* қажет, Автордың өлімі - оқырман дүниеге келуі үшін төленетін құн. 1968, “Manteіa”. Барт Р. Избранные работы // Смерть автора. Москва. Прогресс. 1989. С. 384-391. * Тұпнұсқада renverser - “өңін айналдыра” етістігінің екінші мағынасы қолданылады.
ШЫҒАРМАДАН МӘТІНГЕ ҚАРАЙ (De l’œuvre au texte) Соңғы жылдары біздің тіл туралы түсінігімізде, демек шынайылықтың құбылысы ретінде тілдің арқасында дүниеге ке летін шығарма (әдеби) туралы түсінігіміз белгілі бір өзгеріске ұшырады (ұшырауда). Бұл өзгеріс лингвистика, антропология, мар ксизм, психоанализ сиқяты пәндерде болған ең жаңа жетістіктермен айқын түрде байланысты (бұл жердегі “байланысты” сөзіне әдейі бейтарап мағына үстеліп отырып: әңгіме, диалектикалық және оңтайлы болса да, тәуелділікке қатысты емес). Туынды ұғымына қатысты жаңа көзқарас осы пәндердің іштей жаңаруының салда рынан емес, олардың, дәстүр бойынша ешбірінің де құзырында болмаған объект деңгейінде өзара табысуының нәтижесінде пайда болады. Расында да, қазіргі ғылымда үлкен маңызға ие пәндердің түйісу жерінде еңбек ету, әртүрлі арнайы білімдерді әншейін салыстырудың нәтижесі болмайды; бұл зиянсыз емес іс және ол, шындап келгенде (игі тілекпен шектелмей) бұрынғы пәндердің бір лігі ыдыраған тұста – сәнге негізделген зорлықпен, есеңгірететін азаң-қазанмен өтсе де – басталып, жаңа объект мен жаңа тілге ор нын береді және бұл екеуі ақырын, бейбіт түрде өзара түйістірілуі жоспарланған ғылымдардың шеңберіне сыймайды; топтастыруда (классификация) кездесетін қиындықтар өзгерістердің белгісі бо лады. Десек те, “туынды” ұғымына қатысты өзгерістерді асыра бағалаудың қажеті жоқ: олар – жалпы эпистемологиялық ығысудың (түбірлі өзгерстің емес, нақ ығысудың) бөлігі ғана болады, ал түбірлі өзгеріс, бұрын айтылып жүргендей, марксизм мен фрейдизмнің пайда болуына байланысты өткен ғасырда орын алған1; содан бері ешқандай жаңа табанды өзгерістер болған жоқ, сондықтан бел гілі бір мәнде, біз жүз жыл бойы өткенді қайталап келеміз деуге болады. Тарих – біздің Тарихымыз – бүгінде кейбір ұғымдарды өзгертіп, ығыстыруға, кей жерде алысқа барып, кейде бір нәрседен бас тартуға ғана мүмкіндік береді. Эйнштейін ілімі зерттелетін нысанның құрамына санау жүйесінің салыстырмалылығын енгізуді талап ететін сияқты, әдебиетте де марксизмнің, фрейдизмнің және структурализмнің бірлескен әрекеті скриптордың, оқырманның
және бақылаушының (сыншының) өзара қарым-қатынасына салыстырмалылық қағидасын енгізу талабын қояды. Бұрынғы категориялардың өзгеруі немесе ығысуы нәтижесінде алынған туындыға (ежелден бүгінге дейін, ньютонша пайымдалып келе жатқан дәстүрлі түсінік) қарсы қойылатын жаңа объектіге деген қажеттілік пайда болады. Мұндай нысан Мәтін болады. Қазір бұл сөздің сәнге айналғанын (мен де оны біршама жиі қолдануға бейімдімін) және сондықтан кейбіреулер оған сенімсіздікпен қарайтынын түсінемін; сондықтан меніңше солардың қиылысында Мәтін орналасатын негізгі пропозицияларды өзіме еске түсіру үшін тұжырымдап алсам деймін. Бұл жерде “пропозиция”, “сөйлем” сөздерін логикалық мәннен гөрі, грамматикалық мәнде ұғынған жөн; олар дәлел емес, метафоларға жол берілетін әншейін айты лымдар болады. Мұндай пропозициялар туралы төмен атылады; олар “тәсіл”, “жанр”, “таңба”, “көптік”, “филиация” (идеялардың байланысы, сабақтастығы), “оқу” және “рахаттану”. * * * 1. Мәтінді қандай да бір есеп-қисапқа келетін нәрсе деп түсінбеу керек. Туындылар мен мәтіндер арасында физикалық шекара жүргізу бекершілік болады. Айталық: “туынды дегеніміз – клас сика, ал мәтін – авангард” деу ағаттық болар еді; әңгіме “қазіргі лауреаттардың” тізімін жылдам жасап шығып, хронологиялық белгі бойынша бір әдеби шығарманы іn*, ал басқаларын out** деп реттеу туралы болып отырған жоқ; шын мәнінде “Мәтіннен қалған бір нәрсе” өте көне шығармада сақталып келсе, қазіргі әдебиеттің көптеген туындылары мәтін болмауы да мүмкін. Бұл жерде гі айырмашылық мынада: туынды кітап кеңістігінің (мысалы, кітапханадағы) белгілі бір бөлігін алып жататын заттай үзінді болса, Мәтін – әдістемелік әрекеттердің өрісі (un champ methodologіque) болады. Мұндай қарама-қарсылық бір жағынан Лакан ұсынған ажыратуды еске түсіреді (бірақ қайталмайды): “шындық” көрінеді, ал “реалды” нәрсе дәлелденеді; дәл солай, туынды көрнекі, көзге көрінер болады (кітап дүкенінде, кітмпханалық каталогта, * Іште (лат.) ** Тыста (лат.)
емтихандық бағдарламада), ал мәтін – белгілі бір ережелерге сай (немесе белгілі ережелерге қайшы) дәлелденеді, айтылады***. Туынды алақанға сыйып кетеді, мәтін тілден орын алып, тек дис курста ғана өсір сүреді (өзін солай сезінгендіктен ғана ол Мәтін болады деуіміз дұрыс болар). Мәтін – туындының ыдырау өнімі емес, керісінше, туынды Мәтін соңынан сүйретілген қиялдағы нәрсенің ізі болады2. Немесе басқаша айтсақ: Мәтін тек қана жұмыс, өндіріс барысында ғана сезіледі. Бұдан, мәтін қозғалыссыз қатып қалмайды (айталық, кітап сөресінде) деген қорытынды шығады, ол табиғатынан бірнәрсені бұзып өтуі қажет мысалы, туындыдан, бірқатар туындылардан * * * 2. Дәл солай Мәтін өнегелі әдебиет шеңберінде шектелмейді, жанрлық иерархия бағыныштылыққа, тіпті кәдімгі топтастыруға енгізуге көнбейді. Керісінше, ол үшін ескі айдарларды бұзатын қабілет негізгі болып табылады. Жорж Батайды қандай айдарға жатқызуға болады? Бұл жазушы кім – романист па, ақын ба, эссе ист пе, экономист пе, философ па, мистик пе? Жауап қайтару қиын болған соң әдебиет оқулықтарында Батайдың есімі аталмайды да; мәселенің мәні Батайдың ғұмыр бойы мәтіндерді дәлірек айтсақ, бір ғана мәтінді жазуына байланысты. Мәтін кез келген топтас тыруды жасағанда қиындықтар туғызады (бұл оның “әлеуметтік” қызметінің бірі болып табылады), өйткені ол Филипп Соллерстің айтуынша, әркез шектердің танылуын талап етеді. Бұдан көп бұрын Тибоде (тар мағынасында болса да) шекті, шекаралық туындылар туралы айтқан болатын (мысалы, Шатобрианның (“Рансенің өмірі” осындай, ол, шынымен-ақ қазір бізге “мәтін” болып көрінеді); ал Мәтін болса – сөйлеу дұрыстығының (парасаттылықтың, оқуға қолайлы болудың және т.б.) шегінде орналасқан нәрсе; Бұл әншейін, ділмарсып айтылған сөз, “батырсынған” әрекет емес; Мәтін доксаға қатысты шектен асатындай болғысы келеді (бұқаралық ақпарат құралдарының қуатты қолдауы арқылы біздің *** Түпнұсқада se demontrer, se montrer, se parler өздік етістері қолданылады; сөзбе-сөз аударғанда: “... шындық” көрінеді, ал “реалды” нәрсе дәлелденеді..., мәтін табылады, сөйленеді...”
демократиялық қоғамдардың негізін құрайтын мұндай кең тарған ортақ пікір өзінің шектерімен, өзінің шеттету қуатымен, өзінің цен зурамысен анықталмағанда, басқаша қалай анықталуы мүмкін?); Мәтін тікелей мағынасында әрқашан кереғар деуге болады. * * * 3. Мәтін өзінің таңбаға деген қатынасы арқылы танылады. Туынды тұйықталған, ол белгілі бір таңбаланушы болады. Мұндай таңбаланушыға парықтылықтың (маңыздылық) екі түрін телуге болады: біз оны айқын деп жорамалдаймыз, онда шығарма дәлмедәл мағыналар туралы ғылымның (филологияның) объекты бола ды немесе біз бұл таңбаланушыны құпиялы, тереңде жататын, оны іздеу қажет болады деп есептейміз, онда туынды герменевтиканың, түсіндірудің (марксшіл, психоаналитикалық, тақырыптық және т.б.) қарамағына өтеді. Жалпы, тұтас алғанда туынды таңба ретінде қызмет ететін болып шығады; ол (туынды) Таңба өркениетінің не гізін қалаушы категорияның бірі болуы заңды. Керісінше, Мәтінде таңбаланушы шексіз түрде келешекке қалдырылады; Мәтін жал тарады, ол таңбалаушы саласында қызмет етеді. Таңбалаушыны “мағынаның көрініп тұратын” бөлігі, оның материалдық қарсаны ретінде емес, керісінше, оның екіншілік өнімі (apres-coup) ретін де елестету керек. Сондай-ақ, таңбалаушының шексіздігінде ай тып жеткізуге болмайтыны (атауға келмейтін таңбаланушы) емес, ойынның жатуы жорамалданады; Мәтіннің өрісінде (дәлірек айтсақ Мәтіннің өзі өріс болып табылады) таңбалаушының жасалуы мәңгі күнтізбедегі сияқты мәңгі жалғасады, – және ол органикалық, пісу жолымен емес, мағынаға тереңдеу герменевтикалық жолмен де емес, бірақ элементтердің өзгеруі, өзара қабаттасуы, көптіктердің ығысуы арқылы жүзеге асады. Мәтінді реттеп тұратын қисын түсінуге (туындының “мәнін” анықтауға) емес, метонимияға негізделген; ассоциацияларды, өзара тіркесулерді, тасымалдау ларды жасау арқылы символикалық қуат сыртқа шығады; бұлай болмаған жағдайда адам өліп кетеді. Туындының ең сәтті деген жағдайда рəмізділігі аз болады, оның символикасы тез жойыла ды, яғни қозғалыссыз қалыпқа түседі; есесіне мәтін толығымен символикалық болады; өзінің символикалық болмысына сай
ұғынылатын және қабылданатын туынды – мәтін болып табы
лады. Сол арқылы Мәтін тілдің аясына оралады: тілдегі сияқты
онда құрылым болады, бірақ біріктіріп тұратын орталық, жабы
лу болмайды. (Кейде структурализмді “сән” сияқты қабылдау,
оған менсінбей қарау кезедеседі; бірақ тілдің мойындалған ере
кше эпистемологиялық дәрежесі, онда біз ашқан құрылымның
парадокстығына негізделеді – бұл мақсаты мен орталығы болмай
тын жүйе).
* * * 4. Мәтінге көптік тән. Бұл онда бірнеше мағына бар дегенді ғана
білдірмейді, онда мағынаның көптігі жүзеге асады – мұндай көптік
әншейін мүмкін болатын ғана емес, жойылмайтын көптік. Мәтінде
мағыналардың қатар өмір сүруі мүмкін емес – Мәтін оларды қиып,
олардың арасын бұзып өтеді; сондықтан ол әралуан түсіндіруге
келмейді, оның ішінде мағынаның дүмпуі, ыдырауы жүзеге аса
ды. Расында да, Мәтіннің көптікті білдіруі оның мазмұнындағы
бөліктердің екі ұштылығына емес, егер осылай айту мүмкін бол
са, оның өзі тоқылатын таңбалаушылардың кеңістікті көпсызықты
болуына байланысты (этимологиялық тұрғыда “мәтін” “мата” де
генді білдіреді). Мәтінді оқитын адамды қиялдан туындайтын
шиеленістерді бойынан алып тастаған, ешнәрсеге алаңдамайтын
еріккен адамға ұқсатуға болады; ол тартылып бара жатқан өзен
ағып жатқан (өзеннің тартылуы үйренбеген жағдайды бейнелеу
үшін айтылады) өзектің беткейін жағалай серуендеп жүреді (осы
жолдардың авторы дәл осындай жағдайға тап болған, дәл сол кез
де Мәтіннің қандай болатыны оның көз алдына елестеген). Оның
қабылдаулары көп болып, қайсыбір бірлікке жинақталмайды,
оларды тегі әралуан – шағылысқан сәулелер, түрлі-түсті дақтар,
өсімдіктер, шыжыған аптап, таза ауа, алыстан естілетін тарсылдар,
құстардың ащы үні, өзектің арғы беткейіндегі балалардың дауыста
ры, жолаушылар, олардың қимылы, алыстағы немесе жақын тұрған
жергілікті тұрғындардың киімдері; мұндай кездейсоқ суреттердің
барлығы жартылай таныс – олар таныс кодтарға сілтейді, бірақ
олардың сәйкесулері ерекше, олар серуенді жаңа ұқсамайтын
нәрселер түрінде қайталануы мүмкін ұқсамайтын нәрселерге тол
тырады. Мәтіннің жағдайы да дәл осындай болады: оның ерекше ленуі өзінің ұқсамайтын нәрселеріне байланысты (бірақ бұл оның ерекшелігін білдірмейді); Мәтінді оқу – біржолғы әрекет (сондықтан да мәтін туралы қайсыбір индукциялық-дедукциялық ғылым иллюзияға айналады – мәтінде “грамматика” болмайды), сонымен қатар, ол дәйексөзден, сілтемелерден, жаңғырықтардан құралады; мұның бәрі мәдениеттің ескі және жаңа, мәтін арқылы өтіп, қуатты стереофония жасайтын тілдер болып табылады (қандай тіл мұндай емес?). Кез келген мәтін басқа мәтінге қатысты аралық-мәтін бо лады, бірақ мұндай интермәтіндікті мәтіннің қандай да бір тегі бо лады деп түсінбеу керек; “бастауларды” және “ықпалды” табамын деген кез келген ізденіс туындының филиациясы туралы мифке сәйкес келеді, мәтін болса анонимді, ұстатпайтын, сонымен қатар бұрын оқылған дәйексөзден – тырнақшасыз дәйексөзден жасала ды. Туынды монизмнің бірде-бір философиясына қайшы келмейді (олардың кейбірі бітіспес жау болатыны белгілі болса да); мұндай философия үшін көптік - әлемдік Жауыздық болады. Мәтін болса, туындыға қара-қарсы жындар билеген адамның (Марктің Інжілі, 5, 9): “Менің есімім легион, өйткені біз көппіз” деген сөздерін өзіне ұран етіп алуына болар еді. Мәтін шығармаға өзінің көптігімен, жындық тестурасымен қарсы тұрады, бұл оқыған кезде монология ең жоғары өсиет болып табылатын саладағы терең өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады: Киелі Жазбаның дәстүрлі түрде теологиялық монизмнің (тарихи немесе анагогикалық) қарамағына берілген кейбір “мәтіндер”, мағынаның дифракциясы ескеріліп, басқаша, яғни түптеп келгенде материалистік тұрғыда оқылуы мүмкін, ал осыған дейін таза монистік болған шығармалардың марксшілдікпен түсіндірілуі, көптіктің арқасында материализмнің одан да үлкен дәрежесіне көтерілуі мүмкін (әрине, егер марксшіл “ресми институттар” ондайға жол берсе). * * * 5. Шығарма филиация үдерісіне енгізілген. Шығарманы шындықтың (нәсіл, кейін Тарих) негіздеуі, шығармалардың бірбіріне ілесуі, олардың әрқайсысы өз авторының иелігінде болуы аксиома ретінде қабылданады. Автор өз шығармасының әкесі
әрі иесі болып саналады; сондықтан әдебиеттану бізді автограф ты және автордың тікелей айтылған ниетін құрметтеуге үйретсе, жалпы қоғам автор мен туынды арасындағы байланысты заңды түрде мойындайды (бұл “авторлық құқық” деген нәрсе, салыс тырмалы түрде әлі жас институт, өйткені іс жүзінде ол Революция дәуірінде ғана заңдастырылған болатын). Мәтінге келетін болсақ, оның ішінде Әкелік туралы жазу жоқ. Мәтін мен шығарманың метафоралары осы тұста тым алшақтап кетеді. Шығарма табиғи түрде өсетін, “дамитын” ағзаның (“даму” сөзінің биология мен риторикада екі ұшты қолданысы назар аудартады) бейнесіне сіл теме жасайды. Ал, Мәтіннің метафорасы – тор; егер Мәтін тарала тын болса, онда ол элементтердің комбинациясының және жүйелі құрылуының арқасында жүзеге асады (алайда, мұндай бейне қазіргі биологияның тірі жәндіктерге деген көзқарасына жақын болады). Демек, Мәтінде ешқандай органикалық тұтастықты құрметтеудің қажеті жоқ; оны жіктеуге болады (орта ғасырларда екі беделді мәтінге – Киелі жазбаға және Аристотельге дәл осы ны жасаған), оның әкесінің өсиетін ескермей оқуға болады; интермәтіннің құқығын қалпына келтіргенде, мұрагерлік құқық парадоксты түрде жоққа шығарылады. Әрине, Автордың елесі Мәтінде, өзінің мәтініне “келуі” мүмкін, бірақ енді ол қонақ ретін де ғана болады; романның авторы онда кейіпкерлердің бірі, кілем дегі фигура ретінде ғана таңбаланады; оған бұл жерде ешқандай ата-аналық, алетикалық артықшылық берілмейді, ол тек ойындық роль алады, оны “қағаз бетіндегі автор” деп атауға болады. Оның өмірі баяндалатын оқғалардың қайнарынан, шығармамен бәсекеге түсетін дербес оқиғаға айналады; бұрынғыдай емес, жазушының шығармашылығы оның өмірімен қабаттасады. Прустың немесе Жененің өмірін олардың шығармалары арқылы мәтін ретінде оқуға болады; осы тұста “өмір-баян” сөзі өзінің дәлме-дәл, этимологиялық мағынасына ие болады; сонымен бірге жазушының шынайылығы жалған мәселеге айналады, бұл бүкіл әдеби моральдың “кіндік азабы”, өйткені, мәтінді жазатын “мен” қағаз бетінде ғана өмір сүретін “мен” болып табылады3.
* * * 6. Шығарма әдетте тұтынатын зат; мен сөзуарлыққа салы
нып, тұтыну мәдениеті деген нәрсеге сүйенгім келмейді, бірақ
кітаптардың арасындағы қазіргі айырмашылықты оқу тәсілі емес,
туындының “сапасы” (түптеп келгенде бұл “талғамдық” баға деген
ді білдіреді) анықтайтынын мойындауға тура келеді: құрылымдық
тұрғыдан “күрделі” кітаптар “көліктік” (көлікте оқылатын) сияқты
оқылады. Мәтін “ыңғайсыз оқылуына” байланысты туындыны
(егер ол мүмкін етсе) тұтынушылықтан тазартады және оның іші
нен ойынды, еңбекті, өндірісті, практикалық әрекетті сығып алады.
Бұл Мәтіннің бізден жазу мен оқу арасындағы алшақтықты жоюды
немесе тіпті болмаса, қысқартуды, оқырман тұлғасын туындыға
сәйкестірмей, жазу мен оқуды бірыңғай таңбалық әрекетте бірік
тіруді талап етеді деген сөз. Олардың арасындағы алшақтық тарих
барысында пайда болған. Ең күшті әлеуметтік жіктеліс заманында
(демократиялық мәдениет пайда болмай тұрып) оқи білу және жаза
білу екеуі бірдей шамада таптық артықшылықтар болатын; Сол
дәуірдің ең басты әдеби коды болып табылатын риторика жазуға
үйрететін (ол кезде мәтіндер емес, пайымдар қағазға түсірілетін).
Демократия орнағаннан кейін бұл міндет керісінше сипатқа ие бо
лады – қазіргі Мектеп (орта мектеп) жазуды емес, (дұрыс) оқуды
үйреткенді өзіне мақтан тұтады. (Тіпті, қазіргі кезде мұны кем
шілік деп сезіну қайтадан сәнге айналып барады: мұғалімге лицей
оқушылары “өз ойларын жеткізе білу” керек деген талап қойылды;
бұл тыйым салынған нәрсені айналып өту үшін сандырақ нәрсені
айтумен бірдей болады.) Бірақ тұтыну ретінде оқу мен мәтінмен
ойнау екі басқа нәрсе. Бұл жерде ойын сөзі көпмағыналы екенін
ұғыну қажет. Мәтіннің өзі ойнап тұрады (есіктің, механизмнің
бос қозғалуы туралы осылай айтылады) және оқырман да ойынға
қатысады, бірақ ол екі түрлі ойын ойнайды; ол Мәтінмен ойнайды
(ойын ойнаған сияқты), мәтін қайталанатын тәжірибенің формасын
іздейді, бірақ мұндай тәжірибе ішкі енжар мимесис болмауы шарт
(осындай операцияға қарсы тұру Мәтіннің мәні болып табылады),
сонымен қатар ол Мәтінді ойнайды. “Ойнау” – музыка термині
екенін, ал музыка тарихы (“өнердің” емес, тәжірибенің бір түрі
ретіндегі) Мәтін тарихына жақын болатынын ұмытпаған абзал; бір
кезде “ойнау” және “тыңдау” әуесқой-музыканттардың көп болуы нан (белгілі бір таптық ортада) бірдей, жіктеліске түспеген әрекетке жатқызылатын; кейін олар екі ерекше рольге бөлінеді – алдымен орын даушы, оны буржуазиялық әлеумет ойнау үшін ұстайды (буржуаның көпшілігі музыка аспапта ойнауды білсе де: бұл фортепиано ғасыры болатын), одан кейін музыканы ұнататындар (енжар), ол өзі ойнай ал майды, бірақ музыканы жақсы көреді (шынымен-ақ, фортепианоның орнын күйтабақ басады). Мәлім болғандай, қазіргі постсериялық музыкада “орындаушының” ролі қиратылған – оған партитураның авторларының бірі болуға, оны әншейін “орындамай”, толықтыруға ұсыныс жасалатын сияқты. Мәтін дәл осындай партитураның жаңа түрі тәрізді: ол оқырманнан әрекетті ынтымақтастықты талап етеді. Бұл қағидалы жаңалық – өйткені шығарманы кім орындайды? (кі тапты аудиторияның жасағанын қалап, осындай мәселені Малларме көтерген болатын). Бүгінде үкімді орындайтын жендет сияқтанып, шығарманы сыншы ғана орындап жүр. Қазіргі “оқылуы ыңғайсыз” мәтіннен, жетекші фильмдер мен картиналардан көпшіліктің жалығатынына, оқуды тұтынуға айналдыратын әдет кінәлі: адамның өзі мәтінді жасауға қатыспаса, оны ойнамаса, бөлшектеуге араласпа са, іске қоспаса - жалығып кетеді. * * * 7. Осылардың бәрін ескеріп, Мәтінге деген тағы бір, соңғы көзқарасты – рахаттану арқылы жорамалдауды ұсынуға болады. Осыған дейін эстетикада тым болмаса бір гедонистік теорияның болғанын біле алмадым; философияның өзінде эвдемондық жүйелер сирек кездеседі. Әрине, туындылар (кейбір туындылар) рахаттану сезіміне бөлейді: маған Прусты, Флоберді, Бальзакты және тіпті, – неге олай болмасқа? – Александр Дюманы да, ләззат алып оқуыма және қайталап оқуыма болады. Бірақ мұндай рахат әсерлі, тіпті кез келген соқыр сенімдерден арылған болса да, бәрібір де тұтынушылық рахат болып қала береді (оны сынау үшін шектен асқан күш салмаса): өйткені мен бұл авторларды оқи алсам да, сонымен бірге олардан асып түсе жаза алмайтынымды (қазіргі кезде “осылай” жазу мүмкін болмайтынын) білемін; осындай мұңлы деректі ойлаудың өзі, мені ондай шығармаларды жазуға жі
бермей қалады және бұлай шеттету менің қазіргі заманға лайықты болуымның кепілі (қазіргі заманға сай болудың өзі – қайта бастауға болмайтын нәрсені жақсы білу емес пе?). Мәтінге келер болсақ, оның ләззатпен, яғни шеттетілу сезімі жоқ рахаттанумен байланы сы бар. Мәтін таңбалаушының саласындағы қайсыбір әлеуметтік утопияны жүзеге асырып тұрады; Тарихтан озғанда (егер Тарих тағылықты таңдамаса), ол әлеуметтік болмаса да ең кемі тілдік қатынастарды мөлдір етеді; оның кеңістігінде ешқандай тілдің басқалардың алдында артықшылығы жоқ, олар еркін айналымда болады (бұл сөздің “шеңберлік” мағынасын ескергенде). * * * Аталған пропозициялардың міндетті түрде Мәтін Теориясының мезеттері болуы шарт емес. Бұл оларды ұсынатын адамның жет кіліксіз біліміне (дегенмен, ол кейде өз әріптестерінің зерттеулерін де пайдаланады) ғана негізделмейді. Бұл Мәтін теориясының ме татілдік баяндаумен шектеліп қалмауына байланысты; метатілді қирату немесе оған сенбеу (өйткені, біраз уақыт ол қолданыстан шықпауы мүмкін) мұндай теорияның құрамды бөлігі болып табылады. Мәтін туралы сөздің өзі мәтін ғана, мәтінді іздеу, мәтіндік жұмыс болуы тиіс, өйткені Мәтін – ешқандай тілге жасырынуға мұрша берілмейтін және ешбір сөйлеуші субъект судья, қожайын, талдаушы, ғибадат етуші, дешифровшик ролін де қалмайтын әлеуметтік кеңістік; Мәтін теориясы қажетті түрде жазу тәжірибесімен бірігіп кетеді. 1971, № 3, “Revue d’esthétіque”. Түсініктемелер 1 Бірінші кезекте, бұл жердегі әңгіме К.Маркс әлеуметтану тұрғысынан және жеке-психологиялық тұрғыда З. Фрейд жүзеге асырған бейсаналылық саласының ашылуы туралы болып отыр (сал.: “Олар оны пайымдамайды, бірақ оны жасайды”. – Маркс К., Энгельс Ф., Соч., 23-т., 84-б.). Бейсаналыда адам әрекетінің шынайы уәждері жатады, бірақ олар ұжымдық не жеке санада
“идеологиялық” не “қиялдық” формада көрініс табады. Сонымен, “әлеуметтік шындықта баяғы өткеннің қазіргіге енуі, баяғы нақтылы шындықтың және оның адам түсініктеріндегі бейнесі арасында алшақтық, баяғы “білімнің жетіспеуіне” деген алаңдаушылық, баяғы шындыққа өлгендердің киімін кигізуге ұмтылу, бір сөзбен айтқанда, Фрейд өзінің саласына және өзінің мәселелеріне икем деп қолданғанда әрқашан ескеретін сол баяғы жасырын “екінші сахна” – деген пікірді Ф.Бассин және В.Рожнов айтады. Сонымен қатар Фрейдта “бүкіл нәрсе психологияға тіреледі, осы деңгей ғана ескеріледі және Фрейдтің жазмыштық қателігі осында жа тыр. Маркс болса, “білмеудің” заңдарын түсіндіргенде объектив ті деректерді – қоғамдық таптардың күресін, өндіріс сипаты мен айырбастау үдерісін негізге алады”. (Клеман К.Б., Брюно П., Сэв Л. Марксистская критика психоанализа. М.: Прогресс, 1976, с. 1415). 2 Лакандық терминдерде айтылғанның мәні: шығарманың айқын мағынасы (“автордың айтайын деген нәрсесі”) “Мен” (Moі) әрекетінің өнімі ретінде пайда болады. 3 Салыс., “... шрифтер... айтылу әрекетінің субъектісін көрсетеді, бірақ ол оны белгілемейді” (Lacan J. Ecrіts. P.: Seuіl, 1966, p. 800). Барт Р. Избранные работы//От произведения к тексту. Москва. Прогресс. 1989. С. 413-423. ДӘРІС (Barthes R. Leçon, 1978) 1977 жылы 7 қаңтарда Коллеж де Франстың әдеби семиоло гия кафедрасының меңгерушісі қызметіне кіріскен кезде оқылған лекция. Ең әуелі, əрине, мен өзіме Коллеж де Франстың мендей аб солютты қарама-қарсы қасиеттерді иеленген күмәнді субъектіні қабылдауға итермелеген себептері туралы бастауым керек сияқты. Егер мен университеттік мансапқа ұмтылған болсам да, менде әдетте
осындай лауазымға жол ашатын ешқандай атақ та жоқ. Және егер
ұзақ уақыт бойы мен өзімнің еңбектерімді ғылым шеңберіне (әдеби,
лексикологиялық және әлеуметтану) сыйғызуға талпынғаным рас
болса да, мен бәрібір тек эсселерді ғана жазғанымды, ал ол – жазу
мен талдау өзара қарама-қарсы келетін екі ұшты жанр, мойындауға
мәжбүр боламын. Және менің өз зерттеулерімді семиотиканың
дүниеге келуімен және дамуымен байланыстырғаным рас болса,
онда менің оның атынан сөйлеп, өкіл болуыма негіздің аз екеніне
де дәл сондай шындық – менде осы ғылымның анықтамасын қайта
қарауға (оның ең соңғы анықтамасы жасалғандай көрінсе болды)
және біздің заманымыздың эксцентрикалық күштеріне сүйенуге
деген өте күшті ұмтылыс болған: мен үшін әрқашан “Тель Кель”
журналы бүкіл әлемде семиологиялық зерттеулердің күштілігін
дәлелдеуге талпынатын басқа көптеген журналдардан жақын еді.
Сонымен, ғылым, білім, қаталдық пен тәртіпке бағынатын
шығармашылық қиял үстемдік еткен мекемеде тегі бөтен субъ
ектіге кіруге рұқсат берілді. Міне, сондықтан сақтықтан ба,
әлде интеллектуалдық қиындықтан қарсы сауал қойып, жол та
уып кету әдетінен бе, əйтеуір мен Коллеж де Франстың мені
шақыруға итермелеген себептеріне тоқталмай (ол себептер мен
үшін түсініксіздеу), маған осы шаңыраққа кіру құрметін ғана емес,
сондай-ақ қуанышты да сыйлаған себептерге тоқтасам деймін;
өйткені құрмет жалған болуы мүмкін, ал қуаныш ешқашан жалған
болмайды. Мен үшін – Коллеж де Франстан дәріс алғандарды еске
алу немесе қазір дәріс беретіндерді кездестіру мүмкіндігі – мен
үшін қуаныш; олардың ішінде ең бірінші тұратын Мишле, мен
оған өзімнің парасатты өмірімнің басында Тарихтың адам тура
лы ғылымдар ішіндегі ерекше жағдайын ашқаныма қарыздармын;
ол маған жазудың билігін біліммен сәйкесуіне сай ашып берді;
одан басқа бізге жақын тұрған Жан Барюзи және Поль Вале
ри, олардың дәрістерін тыңдау бақыты маған осы аудиторияда
бұйырған; олардан кейін бізге өте жақын тұратын Морис Мер
ло-Понти және Эмиль Бенвенист; қазіргі уақытқа келер болсақ,
ол - бізді өзара сыйластық, интеллектуалдық ынтымақтастық
және жақындастырып тұрған Мишель Фуко (маған осы тұста
достардың арасында болатын мұндай сезімдерді айтуға тыйым са
латын қарапайымдылықтан аттауға рұқсат етілсе), өйткені ол адам
Оқытушылар кеңесіне осы кафедраны ашуды және оны басқаруға
мені шақыруды ұсынған болатын.
Мен бұдан басқа да маңызды, үлкен жауапкершілікті талап
ететін қуаныш сезіміне бөленем, – өйткені мен бүгін биліктен-тыс
деп аталатын салаға жолығайын деп тұрмын1. Өйткені, егер маған
Коллеж де Франс туралы өз түсінігімді айтуға рұқсат етілсе, мен
барлық әлеуметтік мекемелердің ішінде ол “Тарих айласының”
ең жаңа түрі болып табылады; кез келген құрмет әдетте билік
тарапынан берілетін қайыр-садақа болады; ал осы жағдайда ол
билік ғимаратындағы, ешкімнің тиісуге құқы жоқ саладағы үлкен
саңылау болып табылады; Коллеж де Франстың оқытушысы ал
дында бір ғана міндет тұрады – зерттеу және айтып жеткізу; немесе
нақтылай айтсақ: үкім шығару емес, таңдау емес, жылжыту емес,
сырттан меңгерілетін білімге қызмет ету емес - өзінің зерттеуінің
қиялын сыртқа шығарып, пайымдау; сөз өнерін оқыту, бір
жағынан, технократтық талаптан, екінші жағынан, студенттердің
революциялық талабынан әбден титықтаған заманда өте үлкен,
тіпті, еңбегі сіңбеген артықшылық саналады дер едім. Сонда да
қандай да бір институттардың қысымына ұшырамай дәріс оқу, ка
федрада тұрып сөйлеу, өз мәртебесі бойынша кез келген билікке
жат болатын қызмет емес; билік (lіbіdo domіnandі) осы жерде де
жасырынып тұр, билігі жоқ салада пайда болса да, ол кез келген
дискурста бар. Міне, сондықтан да осындай дәріс беру еркіндігі
болған сайын: кез келген игеруге деген жігерден дискурс қай
жағдайда және қалай босана алады деген сұрақтың қажеттілігі
ұлғая береді. Меніңше, осы сауалға жауап қайтару, мен кіріскелі
отырған оқытушылық қызметтің тереңде жатқан мәні болуы тиіс.
* * *
Сонымен, бүгін мен жанама түрде болса да осы тақырыпқа
оралып, билік туралы айтпақпын. Қазіргі кезде “аңғал” жандар
билік туралы ол біртұтас және жалғыз болатындай ойлайды: бір
жағынан, билікті иеленетіндер болады, екінші жағынан – оны ие
ленбейтіндер де бар; бір кезде біз билікті – таза саяси құбылыс
деп ойлайтын едік; бүгінгі таңда біз оны, бір қарағанда анықталуы
қиын – әлеуметтік мекемелерге, оқу орындарына және т.б. жерлерге кіріп кететін идеологиялық құбылыс деп білеміз. Бірақ түптеп кел генде биліктің біртұтас болатынына сенімдіміз. Ал егер билік жындар сияқты көп болса ше? Билікке – “Менің есімім – Легион” деу жарасар еді: әр жерде, әр тұста бізді түрлі лидер (басшылар), ірі не шап-шағын әкімшілік аппарат, қысым жасау немесе жаншу топтары қоршап алған; әр тұстан өзіне билік дискурсын – артықшылық дискурсын жеткізу міндетін мойнына алған “жауапты” дауыстар шығып жатады. Биліктің әлеуметтік айырбастың ең нәзік деген механизмдерінде жасырынаты нын оның көрінісін тек Мемлекет, таптар мен топтар ғана емес, сон дай-ақ сән, жұрт арасында тараған пікір, сауық-сайран, ойындар, спорт, ақпарат құралдары, отбасылық және жеке қатынастар беретініне біздің көзіміз енді жете бастайды – биліктің жүрмейтін жері жоқ, ол оны жоюға ұмтылған азаттықтың түп-тамырында да бар: мен дискурс әсер еткен адамдарда жасалған әрекет сезімін, демек кінә сезімін туғызатын кез келген дискурсты, билік дискурсы деп атаймын. Кейбір адам дар, біздерден, зиялы қауымнан, кез келген себеппен Билікке қарсы шығуымызды күтеді; бірақ, біздің шынайы шайқасымыз бұл майданда өтіп жатқан жоқ; біз оны биліктің барлық түріне қарсы жүргіземіз, бұл өте ауыр шайқас, өйткені әлеуметтік кеңістікте көрініс өте көп болу мен қатар, тарихи уақыт ішіндегі билік мәңгі: ол есіктен қуылса, тере зеден кіреді; оның жаны сірі: революция жасаңыз, билікті құртыңыз, ол жаңа тәртіпте қайта тіріліп, қанат жаяды. Мұндай өміршеңдіктің және барлық жерде таралудың себебі биліктің трансәлеуметтік ағзада арамтамақ өскін болуына байланысты, бұл өскін саяси, тарихи тарих пен ғана емес, адамзаттың тұтас тарихымен байланысты. Ежелгі заман дардан бері биліктің орналасқан объект тілдік қызмет болған немесе нақты айтатың болсақ оның міндетті көрінісі – тіл. Тілдік қызмет заң шығару қызметі сияқты, ал тіл оның коды бо лады. Біз тілде жасырынған билікті байқамаймыз, өйткені тілдің – жіктеу құралы екенін және кез келген жіктеу жаншу құралы екенін ұмытып кетеміз: латын тілінде ordo сөзі екі мәнге ие: “тәртіп” және “қауіп”. Якобсон көрсеткендей, кез келген табиғи тіл сөйлеушіге сөйлеуге мұрсат беруімен қатар, оны айтуға да мәжбүрлеп тұрады. Айталық, французша сөйлегенде (мен ойға бірінші түскен мысал ды айтып тұрмын) мен алдымен өзімді субъект ретінде белгілеуге
мәжбүр боламын және содан соң ғана жасап тұрған әрекетім тура лы айтамын, нәтижесінде ол менің атрибутым болып шығады: мен жасап тұрған нәрсе менің салдарым ғана болып шығады; дәл солай мен әрқашан еркек пен әйел тектері (мужской, женский род) ара сында таңдау жасауға міндеттімін; орташа (средний) немесе жалпы (общий) текке мен үшін тыйым салынған; сондай-ақ басқа біреуге қатыстылығымды білдіргенде, мен сен немесе сіз деген есімдікті қолдануға мәжбүр болам: олардың эмоциялық немесе әлеуметтік бейтараптығына тыйым салынған. Сонымен, тілдің құрылымына байланысты тілде жазмыштық жаттану қатынасы орныққан. Сөйлеу немесе пайымдау коммуникативті әрекетке жатпайды (жиі айтылып жүргендей); ол – тыңдаушыны өзіне бағындыру деген сөз: тіл тұтасымен алғанда мәжбүрлеу формасы болып табылады. Рұқсат болса мен Ренаннан алынған бір тұсты келтірейін: “Француз тілі, мырзалар мен бикештер, – дейді ол өзінің бір дәрісінде, – ешқашан да қисынсыздықтың және реакцияның тілі болмайды; мен өзіме қандай да бір реакцияшыл қозғалыстың құралы ретінде француз тілін елестете алмаймын”. Ренан өзінше сәуегейлік танытты; ол тілдің өзі жасаған хабарға теңгерілмейтінін, оның өмірі хабардан ұзақ бола тынын және хабардан өзге қаһарлы нәрсенің гуілін жеткізе алуын, құрылымның, тектік категорияның өктем, табанды, бұлжымайтын дауысы субъектінің саналы, рационалды дауысына қабат келетінін сезген еді. Ренанның қателігі құрылымдық емес, тарихи сипатта бо латын; оның пікірінше, ақылдың өзі қалыптастырған француз тілі, мәні тек қана демократиялық болуға тиіс саяси ақылдың көрінісін ғана жеткізуге міндетті. Бірақ кез келген тілдік қызметтің перформа циясы ретінде болатын тіл реакцияшыл да, демократияшыл да емес; ол – кәдімгі фашист, өйткені фашизмнің мәні тыйым салудан емес, белгілі бір нәрсені айтқызудан көрінеді. Тіл сөйлеу әрекетіне көшкен сәттен бастап-ақ (бұл әрекет субъектінің ең нәзік сырлы тереңінде жүзеге асатын болса да), де реу билік қызметіне жегіледі. Онда болмай қоймайтын екі полюс пайда болады: авторитарлық пікірдің полюсы және қайталауға шақырып тұратын табындық құлшыныстың полюсы. Бір жағынан, тілге тікелей жағымдылық тән: жоққа шығару, күмән келтіру, бол жау, өз пікірі жайында екі ойлы болу – мұның бәрі өз кезегінде
тілдік бетперделердің ойынына қосылған арнайы операторлардың болуын қажет етеді; лингвистер модальдылық деп атайтын құбылыс – тілдің қосымшасы сыңайлы, мен соның көмегімен тілдің бұлжымайтын, бәрін тіркеуге алатын билігіне жағыну үшін арызданғандай болам. Екінші жағынан, тілдің жасап тұратын таңбаларының болуы олардың танылуына, басқаша айтқанда, олардың қайталануына байланысты болады; таңбада дербестік жоқ, оған табындық тән; әрбір таңбада бір ғана ұйқыдағы құбыжық болады, оның есімі – стереотип: мен тілде шашылып жатқандарды жинағанда ғана сөйлеу қабілетін иеленемін. Және сөйлеу әрекеті жүзеге асқан сәтте, осы екі полюс бірімен-бірі менде қосылады: мен бір сәтте мырзаға және құлға айналамын; мен бұрын айтылған нәрселерді қанағат тұтпаймын, таңбалардың абақтысында жайла нып жайғаспаймын; жоқ, мен сөйлеймін, бір нәрсе туралы айта мын, мен барлық өзім қайталайтын нәрсені жоққа шығарамын, Сонымен, тілде құлдық пен билік ажырамастай біте қайнаған күйде болады. Егер еркіндікті кез келген билік уысынан сыты лып шығу қабілеті деп қана білмей, сонымен қатар, басқа біреуге қысым жасамау қабілеті деп білетін болсақ, онда ол еркіндікке тіл ден тыс жағдайда ғана қол жеткізуге болады деген сөз. Мәселенің бәрі тілдің сыртында шығатын жердің болмауында: өйткені, ол тұйық кеңістік болып табылады. Одан мүмкін болмайтын нәрсенің құнын төлеп қана – Кьеркегор Ибраһимнің құрбандығын кез кел ген, тіпті, ішкі сөзге де жат және тілдің бұқаралық, табындық, ахлағтық болуына қарсы бағытталған теңдесі жоқ әрекет2 ретінде анықтап, сипаттайтын мистикалық жекелік арқылы шығуға бола ды; немесе тілдің құлдығына, Делëз оны рефлекстерден құралған жамылғы деп атайды, соққыдай тиетін салтанат құрған ницшелік атеп арқылы шығуға болады. Бірақ діннің рыцарлары да, аса туған адамдар да емес біздер үшін тілмен ойнап, тілді алдаудан басқа амал қалмайды. Мұндай құтқарушы айлакерлікті, қулықты, биліктен айрылған тілдің үнін естуді мүмкін ететін, сөздің үздіксіз революциясы идеясының тамаша көрінісі болатын керемет алдау ды, – мен өз тарапымнан әдебиет деп атаймын.
* * * Мен әдебиетті қайсыбір шығармалардың жиынтығы не тізбе гі немесе белгілі бір қызметтің түрі не оқыту пәні ретінде емес, белгілі бір тәжірибенің – жазу тәжірибесінің іздері қалған күрделі граф ретінде білемін. Мен сондықтан оның ішінде ең әуелі мәтінді немесе шығарманы жасап тұрған таңбалаушылар матасын бөліп аламын, өйткені мәтін дегеніміз тілдің тікелей көрінісі, ал тіл болса өз ішінен әшкереленіп, жойылуы тиіс; және ол тіл құралы болатын хабардың көмегімен жүзеге аспауы керек, ол тілдің сахнасы болып табылатын сөздердің құбылуы арқылы жасалуы қажет. Осыдан барып менің әдебиет, жазу не мәтін деп айтуға бірдей құқығым бар болады. Әдебиетте қамалған еркіндіктің қуаты жазушының азаматтық тұлғасына да, саяси жалдануына да (жазушы түптеп келгенде, көптеген адамның бірі ғана), оның шығармаларының бағытына да тәуелсіз болады, бірақ ол оның тілді араластыратын еңбегіне тәуелді болады: осы тұрғыдан алғанда, Селин – Гюгодан, ал Шатобриан – Золядан ешқандай да кем болмай шығады. Мен бұл жерде форманың жауапкершілігі туралы айтып отырмын; бірақ, мұндай жауапкершілік идеологиялық критерийлердің көмегі арқылы өлшене алмайды; міне, сондықтан да идеология туралы ғылымдар ол туралы әрқашан аз айтады. Мен бұл жерде оларды грек терминдерімен белгілеп, осындай үш күш туралы айтқым ке леді: Матесис, Мимесис, Семиосис. Әдебиеттің ішінде өте көп әртүрлі білім жинақталған. “Ро бинзон Крузо” сияқты романда тарихи, географиялық, әлеуметтік (отарлық), техникалық, ботаникалық, антропологиялық (Ро бинзон табиғаттан мәдениетке қарай өтеді) білімдер бар. Егер социализмнің қандай да бір бұзылуы немесе жабайылықтың эк цесі (шектен шығуы) нәтижесінде оқытудан бір пәннен басқасы алынып тасталса, онда әдебиетті қалдыру қажет болады, өйткені кез келген әдеби шығармада барлық ғылымдар көрініс табады. Осы мәнде әдебиет оның мектептері қандай болса да, абсолют ті түрде реалистік болып табылады: ол өзі реалдылық болады, дәлірек айтсақ, шынайылықтың сәулесі болады. Осыған қатысты нағыз энциклопедиялық болатын әдебиет. Дегенмен де барлық білімді белгілі бір иірімге тоғытып, олардың қайсыбірін артық
көрмейді және олардың ешқайсысын фетишке айналдырмайды.
Ол оларға қосымша орын бергендей болады, бірақ осы жанаманың
өзі қымбат. Бір жағынан, ол әлі пайда болмаған, болжалмаған да
болуы мүмкін білім түрі туралы тұспалдап айтуға мүмкіндік бе
реді: әдебиет ғылым ағзасында болатын қуыстарда еңбек ететін
сияқты, ол ғылымнан әрқашан не озады, не кейін қалып отыра
ды; ол күндіз бойына жинаған жарықты түнде шығаратын және
осы жарығымен таңды қарсы алатын Болондық тас сияқты3.
Ғылым қатқыл, ал өмір болса нәзік тоқылған нәрсе, ал әдебиеттің
маңызы осы екеуінің арасындағы бос орынды толтыра алуымен
өлшенеді. Екінші жағынан, әдебиет жинаған білім ешқашан толық
әрі аяқталған болмайды; әдебиет бір нәрсені білем деп айтпайды,
ол тек бір нәрсе туралы білем дейді немесе дұрысы, ол біраз нәрсе
білетіні туралы – адамдар туралы өте көп білетіні туралы айта
алады. Оның адамдар туралы білетінін аса алып тілдік жиынтық
түрінде белгілеуге болар еді. Осы жиынтықпен адамдар еңбек
етсе, оның өзі адамдарға ықпал етеді – бұл, мысалы, әдебиет адами
социолектілердің бүкіл түрлерін қайталаған кезде немесе өзі тіл
дік тартыс ретінде бағалайтын осындай әртүрлілікті негізге алған
әдебиет қандай да бір тілді социолектілердің нольдік дәрежесін
жасауға талпынғанда көрініс береді. Әдебиеттің тілді жай ғана
пайдаға асырмай, оны бұқара алдына паш етуіне байланысты
білім қайсыбір рефлекстік механизмнің тоқтаусыз қызметіне же
гіледі, бұл жерде білім жазудың көмегі арқылы өзі туралы тежеусіз
пайымдарға шомып кетеді, бірақ оны ол эпистемологиялық заңдар
бойынша емес, драмалық дискурстың заңдары бойынша жүзеге
асырады.
Бүгінгі таңда ұлғайып келе жатқан байланыстары (ортақ үлгі
лердің немесе тәсілдердің негізінде) екі саланы жақындастырған
сайын және кейде арасындағы шекараны жойған сайын ғылымдар
мен сөз ғылымы арасындағы қарама-қарсылықты жоққа шығару
әдептілікке жатқызылатын болды; аталған қарама-қарсылықтың,
шынымен-ақ, кезекті тарихи мифке айналуы да әбден мүмкін
нәрсе. Алайда осы жерде қабылданған сөз қолдану тұрғысынан
ол бәрібір релевантты болады; сонымен қатар, ол реалдылық
пен ойдан шығарылғанды, объективтілік пен субъективтілікті,
Ақиқат пен Сұлулықты міндетті түрде қарама-қарсы қоймайды, ол сөздің екі әртүрлі инстанциясын қарсы қояды. Ғылыми дискурста, дәлірек айтсақ, ғылыми дискурстың белгілі бір түрінде білім айты лым-нәтиже ретінде көрініс табады; жазуға келер болсақ, бұл жер дегі білім – айтылым-үдеріс. Айтылым-нәтиже (лингвистиканың кәдімгі пәні) айтушы субъектінің жоқ болуының өнімі ретінде беріледі. Керісінше, айтылым-процесс осы субъектінің орны мен қуатын нақтылай түседі, басқаша айтсақ, оның мәнділігінің ұстатпауын (субъектінің жоқ болуына барабар емес) нақтылайды және сондықтан, тілдің нақты болуын көздейді; ол тілдік қызметті шексіз шоқжұлдыз тәрізді – өзара түйісулердің, ықпалдардың, іздердің, жаңғырықтардың, ерсілі-қарсылы қозғалыстардың, өзара бағынулардың саласы ретінде елестетеді. Айтылым–үдеріс субъектінің дауысын естуге мәжбүр етеді – ол табанды, сонымен бірге тұрақсыз, белгісіз және сонымен қатар жақын болуы арқылы таныс та; сөздерге қарапайым құрал ретінде қарайтын елестік көзқарас жоғалады, олар прожектор тәрізді жарқырай, петардалар сияқты атқылай, діріл қаққан найзағайдай жылтырай, шашнұрдай ұшып, хош иістей тарай бастайды: жазу білімді тойға айналдырып жібереді. Менің ұсынатын парадигмам қызметтердің кәдімгі жіктелісі не сай келмейді; оның мақсаты ғалымдарды, зерттеушілер ді бір жағына, ал – жазушыларды, эссеистерді екінші жағына шығару емес; керісінше, сөздер өзінің сөлін (латын тілінде білім және сөлділік сөздері этимологиялық жағынан туыс4 болады) жоғалтпаған жерде жазудың болуы тиіс деп болжайды. Курнон ский айтпақшы, “дайын болған астың бөліктерінде, әуелгі дәм сақталуы тиіс”. Білім саласында заттар қазіргі қалпына келуі үшін, қосымша құрамдас бөлігі – сөздің өткір тұздығы қажет болады. Сөздердің мұндай тұздығы білімнің тереңдігіне, жемісті болуына әсер етеді. Маған, мысалы, Мишленің біраз болжамдарын қазіргі тарих ғылымы жоққа шығарғаны мәлім, дегенмен де нақ осы Ми шле Францияның белгілі бір этнологиясын жасаған адам; тарихшы әр кез тарихи білімді жылжытқанда (сөздің ең кең мағынасында және зерттелетін объектіге тәуелсіз), біз онда қарапайым жазуды ғана табамыз.
Әдебиеттің екінші қуаты – ол оның қайтадан өңдеу күші. Ежел
гі замандардан ең соны тәжірибелерге дейін әдебиет бір нәрсені
қайта өңдеуге ұмтылып келеді. Ол нақты қандай нәрсе? Жай
ғана қарапайым реалдылық. Ал, шын мәнінде, реалдылық қайта
жасауға келмейді; және адамдардың қайткенде де оны сөз арқылы
қайта өңдеуге ұмтылуына байланысты, әдебиет те өмір сүріп ке
леді. Реалдылықтың қайта өңделмеуі және оны тек қана көрсетуге
болатыны туралы дерек әртүрлі тәсілдер арқылы сипатталуы
мүмкін: Лаканды қайталай келе біз реалдыны кез келген дискурс
тан қашатын, болуы мүмкін еместің көрінісі ретінде анықтай ала
мыз; немесе топологиялық терминологияны қолдана отырып, көп
өлшемді (реалдылық) және жалғыз өлшемді (тіл) кеңістіктер ара
сында сәйкестіктің болмауын тіркей аламыз. Тап осы топологиялық
мүмкін еместікті әдебиет үзілді-кесілді мойындағысы келмей отыр.
Реалдылық пен тілдің арасында параллелизмнің болмау фактісіне
қарап, адамдар тиісті қорытынды жасамайды, бәлкім, көнелігі
тілдің өзіндей нақ осы бас тарту, адамға әдебиеттің пайда болуына
әкелетін тоқтаусыз мазасыздықты сыйлайтын да шығар. Адамдар
үшін әрқашан елес болып келген тіл мен анықтықтың түбегейлі
сәйкеспеуін әлсірету, ноқталау, жоққа шығару немесе, керісінше,
мойынсұнып қабылдау мақсатында қолданған тілдік айлалар та
рихы ретінде көрініс алатын әдебиет тарихын, дәлірек айтсақ,
тілдік қызмет өнімдерінің тарихын елестетуге болады. Білім ту
ралы айтқанда, мен әдебиеттің принциптік түрде реалистік болуы,
дәл осы нақты нәрсе оның мұратының объекты болуына қатысты
айтқан едім; ендігі жерде өзіме-өзім қайшы келмей, өйткені сөзді
күнделікті қолданыс мағынасында пайдаланамын, мен әдебиет
принципті түрде ирреалисті болады дегенді айтамын, өйткені ол
мүмкін емес нәрсеге қол жеткізетін ұмтылыстан мағына іздейді.
Әдебиеттің мұндай қызметі перверсияның (ауытқудың) жемісі
болуы мүмкін және сондықтан да жемісті, әрі өз атауына ие бола
ды: бұл – утопиялық қызмет. Біз бұл жерде тағы да Тарих саласы
на жолығамыз, өйткені ХІХ ғ. екінші жартысында, капиталистік
нәубеттің ең бір қараң кезеңінде Малларменің арқасында әдебиет
(ең болмағанда біздер, француздар үшін) өзіне сай бейнеге ие
болады: сол дәуірден тамырын тартатын қазіргі заман, біздің за
ман жаңа фактор арқылы анықталуы мүмкін, нақты айтсақ: оның ішінде тілдік утопиялар пайда бола бастайды. Бірде-бір “әдебиет тарихы” (ондайларды әлі ойлауға мүмкін болса) нақты болып есептеле алмайды, ол өткендегідей, әдеби мектептерді тізумен айналысуды қанағат тұтып, сәуегейлі сөздің жаңа түрінің пайда болуын шындыққа айналдыратын – жазудың сәуегейлігі бастала тын шекараны байқамайды. Малларменің “Тілді өзгерту” ұраны Маркстің “Әлемді өзгерту” ұранымен5 ұқсас: бір кезде Маллар мені қолдағандар немесе қазір де қолдайтындарға оның дауысы нан саяси үн естіледі. Бұдан әдеби тілдің белгілі бір этикасы шығады, оған дау айтылатындықтан негіздеу кажет болады. Жазушылар мен интел лектуалдарды “жұрттың бәрі” қолданатын тілде жазбайды деп жиі жазғырып жатады. Бірақ, бір табиғи тіл ішінде (біз үшін ол француз тілі) адамдардың бірнеше әртүрлі тілді қолдануы дұрыс та. Егер мен заң шығарушы болсам (сөздің этимологиялық мағынасында “ан-архист” болып табылатын адамға қатысты айтылған біртүрлі қызық болжам), мен француз тіліне біркелкі болуды буржуазиялық негізде де, халықтық негізде де міндеттемейтін едім, бірақ, керісін ше, әртүрлі қызметі және тең құқығы болатын бірнеше француз тілін игеруді барынша қолдайтын едім. Данте “Пир”-ді латын әлде тоскания тілінде жазу мәселесін байыпты түрде талдайды. Және ол халықтық тілді саяси немесе полемикалық пайымға байланыс ты емес, оларды өз пәніне сай келу тұрғысынан таңдайды: ол екі тілдің де (біздер үшін классикалық және қазіргі, ауызекі және жаз ба француз тілдері сияқты) қазына екенін және одан өз қалауының ақиқатына сай, қалауынша уыстап ала беруіне болатынын сезген. Мұндай еркіндік молшылыққа баланады және кез келген қоғам оны өзінің азаматтарына ұсынуы тиіс: түрлі тілектердің саны қанша болса, тілдің де саны сонша болуы қажет; ешбір қоғам қалаулардың мұндай көп болуына жол бермегендіктен, бұл – қияли ұсыныс. Ешбір қоғам қайсыбір тілдің (ол қандай болса да мейлі) – басқа тілге қысым жаса мауына, болашақ күннің субъектісі ары алдында таза болып, басыл май – бірден екі тілдік инстанцияны иелену қуанышына бөленуіне; Заңға емес, өзінің перверсиясына ғана бағынып, қайсыбір нәрсені айтуына жағдай жасай алмайды.
Әрине, утопия биліктен қорғай алмайды; тілдің утопиясы уто пия тілінің пайда болуына алып барады6, бұл – кез келген тіл сияқты тіл. Тілдің өктемдігіне қарсы шыққан жазушылардың ешқайсысы – өлгеннен кейінгі ресми мәдениетке жатқызылу түрінде болсын немесе жазушыға өзінің бейнесін үстейтін және өзіне артылған үмітті ақтауға мәжбүрлейтін көзі тірісіндегі сән арқылы болсын – оның кегінен құтыла алмайды. Ондай жазушы үшін бір ғана жол бар – ол үнемі араластыру немесе үнемі қажырлылық немесе осы екеуін бірдей ұстану. Қажырлы болу – әдебиеттің Қарсыластығын, яғни қоршаған шаблонға түскен дискурстарға, яғни, философиялық, ғылыми, психологиялық қарсы тұратын және оларды жеңіп шығатын ішін дегі бастауды білдіру деген сөз; ол - өзін-өзі әдебиет ажалды да, қарсыластарды да білмейтіндей ұстау деген сөз. Жазушыға (бұл жер де мен қайсыбір қызметті атқарушы емес, белгілі бір тәжірибенің субъектісі туралы айтып тұрмын) бүкіл басқа дискурстардың тоғысында тұратын барлаушының қажырлылығы қажет; осынау шынайы дискурстарға қатысты ол тривиальды жағдайға тап бола ды (этимологиялық жағынан trіvіalіs – үш жолдың торабында то сып отыратын жез өкше әйелдің атрибуты). Бір сөзбен айтқанда, қажырлылық таныту дегеніміз – барлық нәрсеге және барлығына қарсы келіп – кез келген жылжудың және кез келген күтудің қуатын құптау деген сөз. Жазуға қажырлылық тән болғандықтан, ол арала су процесіне енеді. Өйткені билік басқа кез келген қуанышты иелен ген тәрізді, жазудан алынатын қуаныш сезімін де иеленеді: ол оны айлалы әрекет объектына айналдырады және махаббаттың жеміс терін иеленіп, оларды өз қажетіне жарату үшін солдаттар мен бел сенділерге айналдырғандай, перверсия өнімін де табындық өнімге айналдырады. Сонымен, орын ауыстыру сөзі мынадай мағынаны білдіруі мүмкін: “сені күтпеген жерге орын ауыстыру” немесе бұдан да өткір айтсақ: егер табындық өктемдігі сенің жазғанынды пайдаланып, құлшылыққа айналдыра бастаса, “өз жазғанынан бас тарту” (бірақ міндетті түрде өз ойынан емес). Айталық, Пазолини өзінің “Өмір трилогиясын” құрайтын үш фильмінен “бас тартуға” (өзінің айтуынша) мәжбүр болған, өйткені билік оларды пайдалана тынына көзі жеткен (бірақ осы фильмдерді түсіргеніне өкінішін біл дірмейді): “Менімше, – дейді ол қайтыс болғаннан соң жарияланған
интервьюде, – іс-әрекет жасалмай тұрып, ешбір жағдайда биліктің және оның мәдениеті тарапынан болуы мүмкін аннексиядан (басып алудан) қауіптенбеу керек. Мұндайда қауіп мүмкін болмайтындай әрекет ету керек... Бірақ, сонымен қатар, – қалай болғанда да – кейін өзіңді билік қаншалықты пайдаланғаны туралы есеп бере алуың ке рек. Сонда ғана, егер біздің адалдығымыз немесе айту қажеттілігіміз құлшылық немесе айлалы әрекет объектына айналғанда бас тарту үшін абсолютті ерлік қажет”. Қажырлылық таныту мен орын ауыстыру, түптеп келгенде, ойынға тән тәсілмен байланысты болады. Міне, сондықтан да тіл өзінің дербес өктемдігі мен құлшылығынан айрылғысы ке летін тілдік анархияның қол жетпейтін көкжиегінде біз театрға ұқсас нәрсеге жолықсақ – таң қалудың қажет жоқ. Тілдің қол жет пейтін көкжиегі туралы айтқан кезде мен екі авторды – Кьерке гор мен Ницшені айтар едім. Бірақ бұлардың екеуі де, өздерінің аутентикалығының тысына жазғандай болса да жазатын адамдар еді, олар ойынға қатысып, ештеңемен де санаспай, тіпті, жалқы есім ұғымын да бәске тігіп жазатын еді; біріншісі таусылмай тын бүркеншік атты қолданудың арқасында жазатын, ал екін шісі, Клоссовскийдің айтуынша, жазушылық өмірдің соңында гистрионизмнің (актерліктің) ең соңғы шегіне жеткен. Әдебиеттің үшінші күшін, оның дербес семиотикалық қуатын таңбаларды қирату үшін емес, оларды алдау үшін, оларды барлық тежегіштері және қауіпсіздік клапандары істен шығатын тілдік механизмнің жұмысына тарту үшін пайдалану керек, сол арқылы – құлшылық ететін тілдің дәл жүрегіне – заттардың нағыз гетеронимиясын (тегі жат заңдылықтарын) орнату қажет. * * * Осылайша біз семиологияға жолығамыз. Ең алдымен, ғылымдардың (мен білетін ғылымдардың) мәңгі болмайтынын тағы да қайталауға тура келеді: олар қайсыбір Биржадағы – Тарих Биржасындағы біресе құлдырап, біресе көтерілетін құнды қағаздар (акциялар) тәрізді; осыған байланысты Теология акциясын еске түсірсек жеткілікті: қазіргі кезде құнынан айрылған осы дискурс бір кезде егемен ғылым санатында болған және оның егемендігі Жеті еркін өнерден тыс әрі жоғары тұрған екен. Гуманитарлық
аталатын ғылымдар ғұмырының қысқа әрі нәзік болуы, мүмкін,
олардың тосын нәрсе туралы ғылым болуына да байланысты шығар
(мысалы, Экономика ғылымының жолығатын қиындықтары мен
таксономиялық мәселелері осыған байланысты болуы мүмкін),
осының нәтижесінде ғылым идеясының өзі де бірден өзгеріске
ұшырайды: тіпті, психоанализ сияқты аңсарлық туралы ғылымның
да – біздің оған қарыздарлығымыз, Теологиямен салыстырғанда,
еш кем болмаса да, – күндердің күнінде дәмі таусылады, өйткені,
аңсарлық оның кез келген түсініктемесінен әлде қайда күшті.
Канондық түрде таңбалар, бүкіл таңбалар туралы ғылым ретін
де анықталуы мүмкін семиология, өзінің операционалдық концеп
тілері тұрғысынан алғанда бастауын лингвистикадан алған. Бірақ
лингвистиканың өзі – кейбір тұстарында экономикаға ұқсайтын
(бұл тіпті де үстір салыстыру емес), қарама-қайшы бағытта да
муына байланысты, бүгінгі таңда жіктелу үстінде: бір жағынан, ол
формальды полюсқа ұмтылады (бұл жолда ол, эконометрия сияқты,
одан әрі формалдануға түседі); екінші жағынан – ол өзінің тікелей
пәнінен алшақ жатқан көптеген мазмұнды салаларға ену үстінде;
бүгінгі таңда экономика объектісі барлық жерде кездестіруге бола
тыны сияқты (ол саяси, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды),
лингвистиканың объектісі де шексіз болады: Бенвенистің болжа
уы бойынша, тіл – әлеуметтіліктің өзі. Қысқасы, аскезаға немесе
қомағайлыққа бой алдырып, азған не толған лингвистика, қалай
болған жағдайда да ыдырауға түседі. Лингвистиканың осындай
ыдырауын мен семиология деп атаймын.
Өзімнің пайымдауларымның барысында мен байқатпай тілден
дискурсқа ауысқаныма, кейін, әңгіме бір ғана нысан туралы болып
отырғандай, алдын-ала ескерту жасамастан қайта тілге оралғаныма
сіздер назар аударған шығарсыздар. Шынымен-ақ, осы түста,
қабылданған көзқарас бойынша, мен тіл мен дискурсты тұтас нәрсе
деп білемін, өйткені олар биліктің бір ғана осінің бойымен жылжып
отырады. Дегенмен де осы ұғымдардың пайда болу кезінен, Сос
сюрден бастауын алған (Тіл/Сөйлеу жұбы ретінде) ажыратылуы өте
жемісті болып шықты; ол семиологияның басталуына батылдық
берді; осы оппозицияның арқасында мен дискурсты жіктеуге, оны
грамматикалық мысалға теңгеруге мүмкіндік алып, сол арқылы,
Альберихті құрбақаға айналдырып жіберіп бағындырған Вотан мен Логе сияқты7, адамның бүкіл коммуникативті қатынастарын бағындыруға үміттендім. Бірақ мысал дегеніміз әлі “феноменнің” өзі емес және тілдік феномен шектелген фразаның шеңберіне дәлме-дәл келіп, сыймайды. Өйткені, тек фонемалар ғана сөздер және синтаксистік тіркестер емес, егер оларды еркін үйлестіре ал майтын болсақ, бақылауда болатын еркіндік тәртібіне бағынады; тұтас алғанда, дискурстық кеңістіқ ережелердің, шектеулердің, міндеттейтін және жазалайтын нормалардың жиынтығымен рет теліп тұрады, ол риторикалық деңгейде баршаны қамтитын және біршама бұлыңғыр, ал грамматикалық деңгейде – нақты әрі ег жей-тегжейлі болады: тіл дискурсқа, дискурс – қайтадан тілге өтеді, олар ойын кезінде айқасқан алақандар сияқты, бірін-бірі қолдап тұрғандай. Тіл мен дискурсты осылай ажырату – өтпелі операция және түбінде одан “бас тарту” керек деген сөз. Бір күні мен де күн өткен сайын дамыған кереңдікке ұшыраған адам дай, бір ғана дауысты – бірге қосылған тіл мен дискурстың дау ысын ғана ажырататын халге душар болдым. Сол кезде маған лингвистиканың айналысқаны қандай да бір зор мистификация және ол өз құлының басына қолын сүрткен Тримальхион сияқты, дискурстың басына қолын сүрту арқылы тазалық сақтауы да онша адал емес-ау деген ой келді. Осыған байланысты семиологияға тілдік нәжістерді, лингвистиканың қоқыстарын, шіріген тілдік хабардың тікелей өнімдерін, яғни тілдің іс-әрекетін құрайтын – тілектерді, қорқыныштарды, қауіптерді, бет-аузын тыржитуларды, уәделерді, еркелетулерді, әуендерді, өкініштерді, кешірімдерді, соқтығысуларды жинау жұмысы міндеттелуі тиіс еді. Мұндай анықтаманың қаншалықты жеке адамның пікірі бо латынын мен түсінемін. Оның айтқызбай тұрған нәрсесін де мен түсінемін: белгілі бір мәнде және парадоксты түрде ол өзін-өзі із деген және жорнал беттерінде, ғылыми ассоциациялар шеңберінде, университеттер мен зерттеу орталықтарында таңбалар туралы по зитивті ғылым ретінде танылып келе жатқан бүкіл семиология ту ралы айтқызбауға мәжбүрлейді. Мен Коллеж де Франста қайсыбір кафедраның ашылу мақсаты – белгілі бір пәнді киелі ету ғана емес, сондай-ақ қандай да бір жеке зерттеудің дамуын, қайсыбір
тұлғаның интеллектуалдық ізденісін қолдау болады деген ойда мын. Мен үшін семиология таза эмоциялық түрткіден басталды: маған сол кезде (бұл шамамен 1954 ж. болған), таңбалар туралы ғылым әлеуметтік сынның белсенділігін арттыруға септігі болады және Сартр, Брехт және Соссюрдің осындай міндетті орындау ба рысында бастары қосылуы мүмкін деген ой келді. Шын мәнінде, мәселе қоғамның стереотипті адамға туа бітетін мән (табиғилықтың шыны болып табылатын) ретінде қабылдап, кейін тұтынатын сте реотиптерді қалай жасайтынын түсінуіне (сипаттауға) байланыс ты. Семиология (тіпті болмаса, өзімнің семиологиям) Брехт Үлкен Әдет деп атап, қарсы шыққан кәдімгі моральға тән адал және арам ардың араласуын қабылдамаудан пайда болады. Менің осы бірінші семиологиямның объекты – билік айналысатын тіл болатын. Кейін семиология дами келе, басқа реңкке ие болды, бірақ өзінің бұрынғы саяси объектын сақтап қалды – өйткені басқа жоқ бола тын. Ол 1968 ж. мамырынан кейінгі шекарадан соң пайда болса да, мұндай даму біздің интеллектуалдық қауымның да өзгеруіне бай ланысты. Бір жағынан, қазіргі ғылыми еңбектер зерттеушілердің әлеуметтік субъект туралы, сондай-ақ, сөйлеуші субъект туралы көзқарасын өзгерткен болатын, қазір де өзгерту үстінде. Екінші жағынан, қарсылық түрлері көбейген сайын дискурстық фено мен ретіндегі биліктің өзі де жіктеліске түседі, су тәрізді барлық жерге сіңіп, ыдырай бастады; әрбір қарсылас топ – өз кезегінде және өзінше – әмбебап дискурсты – билік дискурсын мадақтап (өз құрметі үшін) қысым жасау тобына айналды: болуы мүмкін барлық саяси ағзалар қандай да бір моральдық безгекке ұшырады және ләззат алуды көздеген талаптардың өзі қоқан-лоқылық түрде қойылатын болды. Біздің сонда байқағанымыз, көзделген көптеген еркіндіктер (қоғамды, мәдениетті, өнерді, сексті еркін ету) билік дискурсы арқылы берілетіні: адамдар кезінде жаншылған нәрселерді қайта туғызғанын мақтан етті, бірақ өздері сол кезде оңды-солды жаншып жатқанын байқамады. Әңгіме болып отырған семиологияның сол тұста Мәтінге бет бұруы, барша майда билеушілер арасында Мәтін оған біліксіздіктің нышаны болып көрінуіне байланысты. Табындық (өзара бағынуға негізделген) сөзді Мәтінде қайта туғызуға ұмтылыс болса да,
Мәтінде одан жеріну қуаты бар; ол (қандай да бір атауы жоқ,
атопиялық, осылау атауға болатын болса нүктеге саясиландырылған
топостардан аулақ) Ницше айтатын “ұғымдарды, тектерді, түрлерді,
мақсаттарды, заңдарды ... осы барабарлық әлемін жасау талабын”
ығыстырады (мұндай жеріген сағымның әсерін мен әдебиет ту
ралы айтқан кезде сипаттауға талпынған едім); Біздің ұжымдық
дискурсқа тән баршаға ортақтықтың, моральдықтың, бей-
өзгешеліктің (бұл жерде аффиксті түбірден ажырату маңызды) ез
гісін Мәтін уақытша ғана жеңілдетеді. Нақ осы Мәтінде әдебиет пен
дискурс бірін-бірі түзеп отыру үшін одақ құрады. Екінші жағынан,
үнемі ежелгі не қазіргі мәтінге бару, семиотикалық тәжірибенің
ең күрделі түрінің біріне – жазу тәжірибесіне (алдын-ала дайын
таңбалардың негізінде жүзеге асатын) жүйелі түрде бару – семи
ологияны өзгешеліктермен жұмыс істеуге мәжбүр етеді және оны
догмаға айналып, “қатып қалудан”, өзін-өзі әмбебап дискурс ретін
де танудан сақтандырады (шын мәнінде де ол ондай емес). Мәтінді
оқу барысында семиотикалық көзқарас өзін айнала қоршап, басып
тұрған және тобырлық сөзден құтылу үшін жасалған мифті, яғни
оны алдау жеңіл болуы үшін таңба рефлексияның, тіпті, еселенген
рефлексияның нысанына айналуы тиіс таза шығармашылық қуат
туралы мифті жоққа шығаруға көмектеседі.
* * *
Мен айтып тұрған семиология, әрі жағымсыз, әрі белсенді
семиология. Бағымызға ма, әлде жоқ па, бірақ тіл деген сайтан
елесті бастан кешкен әрбір адамды оның қуыс формалары арба
май тұрмайды (бұл қуыс пішіндер туралы ұғымға тікелей қайшы
келеді). Сондықтан да осы жерде ұсынылып отырған семиология
жағымсыз немесе, дәлірек айтсақ, (терминнің икемсіз болуына
қарамастан) апофатикалық болып табылады; оның жағымсыздығы
таңбаны жоққа шығаратындай болуына емес, оның оң, тұрақты,
бей-тарихи, бей-тәнді, қысқасы, ғылыми сипаттамалардың болуын
теріске шығаруына байланысты. Мұндай апофтизмнің семиологи
яны оқыту үшін маңызды екі салдары бар.
Олардың бірі семиологияның метатіл бола алмайтынына бай
ланысты (әуелде ол басқа тілдерді сипаттайтын тіл болса да).
Таңбалар туралы пайымдау барысында тілдер арасындағы кез келген тыс қалу қатынастары түптің түбінде сағымға айналатыны на оның көзі жетеді; өтпелі уақыт менің алшақтықты сақтай алу қабілетімді азайтып, оны ұмыттырады: мен, оған өзімнің объектам ретінде қараудан қалып, тілден тыс өмір сүру мүмкіндігінен айры ламын, сондай-ақ мен тілдің ішінде өмір сүруден және оған қару ретінде қарау мүмкіндігінен де айрыламын. Егер ғылымның субъ ектісі өзінің жүзін жасыратын субъект болады деген сөз шындық болса және негізінен, ондай жасырынуды біз “метатіл” деп атай тын болсақ, онда бұл жағдайда біздің таңба туралы таңба арқылы пайымдауымызға байланысты мен, өзім қытайдың көлеңкелер театрындағы бізге қолымен сұлбасын көрсету арқылы қоянды, үйректі, қасқырды көрсететін сиқыршыға айналдыратын кере мет барабарлықтың, таңғажайып страбизмнің көрінісімен келі суге мәжбүр боламын. Егер кімде-кім белсенді семиологияның (яғни жазудың тәжірибесін қолданатын семиологияның) ғылымға қатысын жоққа шығару арқылы осы жағдайды пайдаланғысы келсе, онда оларға біздің метатіл мен ғылымды қазіргі кезде сейіліп келе жатқан белгілі эпистемологиялық адасушылықтың арқасында ба рабар деп білетінімізді ескерту қажет болады (айталық, метатілдің ғылымның тарихи, сондықтан да өтпелі таңбасы болмай, қажетті алғы шарты болатынын). Бәлкім, қазіргі кезде ғылымның бір ғана нышаны болатын металингвистикалықты, критерийлері мүлдем басқа (мүмкін, сөздің орайы келгенде айта кетейін, алдымызда болған ғылымды қиратуға ұмтылу ғана таза ғылыми болуы мүмкін) ғылымилықтан ажыратуды үйренетін уақыт келген де шығар. Әрине, семиологияның ғылымға қатысы бар, бірақ оның өзі ғылыми пән емес (оның апофатизмінің екінші салдары осы). Ал, бұл қандай қатынас? Ол қызметтік: семиологияның кейбір ғылымдарға көмегі тиюі мүмкін, ол белгілі бір уақытқа дейін олардың серігі бола алады, оларға операционалдық ұғымдарды ұсына алады, соларды пайдаланған әрбір ғылым өзінің пәндік сала ерекшелігін анықтап алуы тиіс. Айталық, семиологияның ең дамыған деген бөлігі8 (ха барлы мәтіндердің талдануымен байланысты болатын) Тарихқа, этнологияға, мәтіндер сынына, экзегетикаға, иконологияға (өйткені кез келген бейне, белгілі бір мәнде, хабарлы мәтін болып табылады)
көмектесе алады. Басқаша сөзбен айтқанда, семиология әмбебап мағыналық көрегендікті, демек ақыл арқылы ғана танылатын қасиетті үстеп, нақтылықты тікелей анықтай салатын категориялық кесте емес; оның міндеті – анда-санда, әр жерде нақтылықты ояту; ол ешқандай кестесіз-ақ мұндай оятатын әсерге қол жеткізуге бола ды дегенді айтады; керісінше, семиология осындай кесте болғысы келгенде, ол қандай да болмасын оятатын қуатынан айырылады. Сондықтан семиология ешқандай нақты ғылымның орнын баса алмайды деген қорытынды шығады; мен өз семиологиям ешбір зерттеу пәнін ығыстырмай, керісінше, олардың барлығына көмегі болғанын, оның тасымалданатын кафедрада тұрғандай, пікір алысқанын, таңбаның өзі кез келген дискурстың джокері болатын дай, қазіргі білімнің джокері сияқты қызмет атқарғанын қалар едім. Сонымен қатар мұндай жағымсыз семиология белсенді се миология да болып табылады: оның қызметі ажал шеңберінен тыс атқарылады. Менің айтайын дегенім, ол “семиофизиске” (таңбалардың бейтарап табиғилығы) де, тіпті “семиокластияға” (таңбалардың бұзылуы) да негізделмейді. Егер грек парадигмасын ары қарай жалғастыратын болсақ, онда семиология семиотропия болып шығады: таңбамен бетпе-бет келгенде, ол оған арбалып, оны ойдан шығарылған көрініс ретінде қабылдайды (сәті келсе оған еліктейді). Шын мәнінде, семиолог әртіске (бұл сөз мадақ не жағымсыз емес, тек типологиялық мағынасында қолданылады) айналады: ол таңбалармен ойнайды (мысалы, адамдардың сана лы түрде мистификация жасайтыны сияқты); ол өзі ғана олардың әсерін тамашаламайды, оларды басқалардың да көріп, сезгенін қалайды. Таңба – оның көз алдында тұрған таңба, – әрқашан оған тікелей берілген, ол оның көзіне Қиялдың жарқ етіп түскен сәулесіндей басылады; нақ осы себепке байланысты семиоло гия (менің түсінігімдегі семиология дегенді қайталау артық бо лар) герменевтика болмайды: ол мағыналарды қазбалаудан гөрі, нақтылықты бейнелеумен айналысып, vіa dі levare* – ден гөрі, vіa dі porre** жолымен іс-әрекет жасайды. Оның сүйікті мәтіндерін Қиял жасаған: олар баяндаулар, бейнелер, портреттер, түрлі экс * Алу жолымен (ит.). ** Салу жолымен (ит.).
прессивті жасалымдар, идеолектілер, құмарлықтар, шындыққа
ұқсаған және ақиқаттың өтірігіне ие болған құрылымдар. Таңбаны
сурет салатын кенеп немесе қаласаңыз, ойдан шығарылған нәрсе
ретінде қолдануға мүмкіндік беретін операциялар тізбегін мен
ықыласпен “семиология” деп атаушы едім.
Бүгінгі таңда осындай қиял-таңбаның рахатын көру, қоғамға
ғана емес, оның мәдениетіне де ықпал еткен белгілі бір жақында
болған өзгерістерге байланысты мүмкін болып отыр: мен жоғарыда
айтқан әдебиеттегі күштерді жаңаша пайдалануға мүмкіндік бере
тін жаңа жағдай қалыптасты. Бір жағынан, Азаттық заманынан бері
қарай, ең қастерлі құндылықтардың иегері болатын ұлы француз
жазушысы туралы миф те бірте-бірте тозып, соғыс аралық кезеңнің
соңғы могикандарымен бірге жоғала бастады; қазір сахнаға жаза
тын индивидтің жаңа түрі пайда болды – оны қазір (немесе бұрын)
қалай атау керек екенін де білмейсің – жазушы? интеллектуал?
скриптор? Қалай болғанда да әдеби шеберліктің бұрынғы катего
риялары жоғалып барады, жазу осы шеберлікті мақтан тұтатын
мүмкіндіктен айырылуда. Сондай-ақ, екінші жағынан, 1968 ж.
мамырдың дағдарысына біздің білім беру жүйесінің дағдарысының
айғақты әсері болды: енді бұрынғы құндылықтар жаңа буынға
берілмей, айналыстан шығып, ешқандай әсер етпейтіндей бол
ды; әдебиет қастерлеуден ада болды, әлеуметтік институттар оны
қолдап, адами мінез-құлықтың қажетті үлгісі ретінде оны бекітуге
қауқарсыз болып отыр. Бұл әдебиет күйреді деген сөз емес; бұл
қараусыз қалды дегенді ғана білдіреді: енді осыны пайдаланып
қалу керек. Әдеби семиология өзін күзетіп тұрған періштелер
де, аждаһалар да қырылып қалған мүлдем елсіз жағаға кезігетін
саяхатқа айналады; тек сол жерде ғана перверсияны жатсынбай
тын көзқарас таңбалаушылары ескіріп, жалпылауыш сипаттарды
иеленген өткеннің әдеби заттарын зерттей алады: бұл декаденсті
дәлелдейтін сәт, сонымен қатар, бұл сәуегейлік сәт, мәмілегерлік
апокалипсистің сәті, ең жоғары деңгейде ләззат алудың тарихи сәті
болады.
Сонымен, егер менің оқытушылық қызметімді (оқу орны ере
кшеліктеріне сай) ақтай алатын жалғыз нәрсе тыңдаушылардың
шын берілгендігі ғана болса, егер тәсілдің өзі жүйе дәрежесіне
көтерілетін болса, онда – бұл белгілі бір нәтижелерді алуды
және оларды оқуды мақсат тұтпайтын тәсілдің ешбір жағдайда
эвристикалық болуы мүмкін емес деген сөз. Менің тәсілімнің
тікелей тілде қолданылуы, оның қатып қалуға бейім тұрған кез
келген дискурсты алдауға ұмтылуына сай жүзеге асуы мүмкін:
сондықтан да мұндай тәсілді ойдан шығарылғанның, Қиялдың
өзегі деу әділ болады – осы болжамды лингвистикадан диссер
тация жазуға дайындалып жүрген кезде Малларме ұсынған бола
тын: “Кез келген тәсіл белгілі бір Қиял болып табылады; ол тіл
ді қиялдың қаруы деп білген: ол өзін-өзі тануға ұмтылған тілдің
тәсілін пайдаланады”. Тағдыр осы шаңырақтың астында оқытуды
бұйырған уақыт ішінде мен дәріс оқу немесе семинар жүргізу
тәсілін жыл сайын жаңартып отырғанды қалар едім, басқаша
айтқанда, студенттер алдында “сөз алу” мүмкіндігіне ие бола оты
рып, оларға ешнәрсені де таңғым келмейді: мұндай дискурс бел
гілі бір әдістемелік бәс, quaestіo, талқылауға ұсынылған мәселе
болар еді. Өйткені, түптеп келгенде, оқыту іс-әрекетінде жаншу
қызметін осы іс-әрекетте болатын білім мен мәдениет атқармайды,
ол осы білімді беруде қолданылатын дискурстық формаға байла
нысты болады. Ал, жоғарыда айтылғандай, менің оқытуымның
объекты, ішінде биліктің тағдырлық тұрғысынан алынатын дис
курс болғандықтан, тәсілдің өзі осы билікті залалсыздандыруға,
ұрыс-керістің дәнін егуге немесе, тіпті болмаса, оның қысымын
азайтуға бағытталады. Жазушы әрі оқытушы ретінде осы жіктеуіш
тәсілдің басты әрекеті – не фрагментация (егер автор жазатын бол
са), не шегініс (егер ол ойларын ауызша айтса), басқаша айтқанда,
экскурс9 (екіұдайлығына байланысты өте сәтті сөз) болатынына
менің көзім күн өткен сайын жетіп келеді. Мен оқытушының сөзін
және оның ұғынылуын, олар өзара жымдасып, анасының қасында
ойнақтап жүрген, біресе алысқа ұзап, біресе қайдағы бір тасты не
бауды тауып алып, анасына қайта оралатын, сол арқылы қандай
да бір тыныштық орталығының сыртында ойын аумағын белгілей
тін, ал сол шекара ішінде жаңағы тастың немесе баудың маңызы,
оларды сыйға тартқан баланың ынтасымен салыстырғанда, түкке
тұрмайтындай көрінетін баланың ойыны тәрізді болғанын қалар
едім.
Өзін осылай ұстаған бала біздің тілектеріміздің әбігерге түскен
қимылдарының шексіз қайталанатын көрінісіндей болады. Мен
осындай оқытудың негізінде жылдан-жылға өзгеріп отыратын
қандай да бір фанатизм жатуы тиіс дегенге шын жүректен сенемін.
Мына ойдың тосын естілуі мүмкін екенін түсінемін: оқу орнында
– ол қандай еркін болса да – фантазматикалық оқыту туралы әңгіме
қозғауға бола ма? Дегенмен де гуманитариялық ғылымдардың
арасында ең шынайы ғылымға, Тарихқа жүгінгеннің өзінде, оның
фанатизммен тығыз байланысты екенін мойындауға тура келеді.
Мұны Мишле түсінген еді: түптеп келгенде, фантазматикалық
бастаудың көрінісі ретінде Тарих объектның тарихы болып табы
лады; бұл адам тәнінің тарихы; сондықтан да Мишле өз түсінігі
бойынша өткенде өмір сүрген адами тәндерді патетикалық түрде
қайта тірілту қажеттілігімен байланысты болатын фанатизмге
негізделген, ол Тарихты барлығын қамтып тұратын антрополо
гия ретінде жасай алды. Бұл – ғылым фанатизмнен де туындауы
мүмкін деген сөз. Жаңа оқу жылында өзінің интеллектуалдық
жиһангездігінің мақсаты қандай болатынын анықтағанда, оқытушы
нақ осы – айшықты не жасырын – фанатизмді ескеруі тиіс; осының
арқасында ол өзін тосып тұруы мүмкін жерлерді айналып өтуге
мүмкіндік алады, ал мұндай жер – өлі екені белгілі Әкенің орны10;
өйткені фанатизмдер тек ұлдың игілігінде ғана болуы мүмкін және
ұл арқылы ғана тірілер арасында жүреді.
* * *
Жақында маған Томас Манның “Сиқырлы тау” романын оқудың
сәті түсті. Бұл кітапта маған жақсы таныс дерт – құрт ауруы ту
ралы айтылған; оны оқу менің санамда үш мезгілдік сәттің: 1914
ж. соғыс басталар алдында орын алған сюжеттік іс-әрекет сәтінің,
менің өзім ауруға ұшыраған сәттің, бұл шамамен 1942 ж. және хи
миотерапия құралдарының көмегімен жеңіліс тапқан бұл дерттің
бұрынғыдан мүлдем өзгеше көрінісі бар қазіргі сәттің тоғысуына
мүмкіндік берді. Мен бастан кешірген құрт ауруы, бұл шамамен
алғанда “Сиқырлы таудағы” сол баяғы құрт ауруы: алдыңғы екі
сәт қосылып келіп, үшіншіден – менің қазіргі өмірімнен бірдей
алшақ жатады. Осы тұста менің таңырқай отырып (өйткені кәдімгі
нәрселер ғана таңқалдыруы мүмкін) байқағаным, ол – өз тәнімнің
тарихилығы. Белгілі бір мәнде менің тәнім Ганс Касторптың
– “Сиқырлы тау” кейіпкерінің замандасы; менің әлі дүниеге кел
меген тәніме 1907 жылы – Ганс “жоғары” көтеріліп, сонда ме
кендегеніне жиырма жыл болған екен; менің денем өзімнен көп
үлкен болып шығады – бұл біздің өміріміздегі жағдай алғашқы
әлеуметтік қорқынышты бастан кешіруге мәжбүр еткен кездегі
жаста қалып қоятынымыз сияқты нәрсе. Сондықтан, егер менің
өмір сүргім келсе, өз тәнімнің тарихилығы туралы ұмытып, өзімді
кешегі тәнімнің емес, қазіргі жас денелердің замандасы ретін
де сезетін елеске шомуым қажет болады. Басқаша айтқанда, мен
үнемі қайта тіріліп, өз жасымнан жас болуым қажет. Елуге келген
де Мишле өзінің vіta nuova-сын: жаңа жұмысын, жаңа махабба
тын бастады. Ал менің жасым Мишледен үлкен болса да (мұндай
салыстыру таза эмоциялық екеніне көз жеткізу қиын болмайды),
қазіргі кезде осы жаңа шаңырақ астында, жаңа қоңақ жайлылықты
көре отырып, мен де өзімнің vіta nuova бастайын деп отырмын.
Міне, сондықтан да мен кез келген тіршілікті қозғайтын күшке,
- ұмыту күшіне бағынуым қажет болады. Біздің жолда білетініміз
ді басқаларға үйрететін кез болады; бірақ, кейін, өзің де білмей
тін нәрсені басқаға үйрететін кез болады: бұл зерттеу қызметі
деп аталады. Мүмкін қазір, жаңа тәжірибенің – білетініңді қайта
қарастыр деп бұйыратын тәжрибенің, ұмытылудың болжауға кел
мейтін өктемімен біз саяхат жасаған білімдердің, мәдениеттердің,
нанымдардың тұнбаға айналған жыныстары араласатын кезі де
келген шығар. Мұндай тәжірибе ертеден-ақ сәннен шыққан болса
да, ардақты есіммен аталып келген екен, мен оны этимологиялық
мағыналарының жапсарларына сай қолдансам деймін, Sapіentіa:
ешқандай биліктің жоқтығы, шамалы білім, аз ғана даналық және
мүмкіндігінше, асқан хош иісті қанықтық пен шұрайлылық қажет.
1977.
Түсініктемелер
1 Париж университетінен тәуелсіз зайырлы оқу орны ретін
дегі Коллеж де Франстың негізін 1529 ж. Франциск І қалаған.
Қазіргі кезде Коллеж де Франс Ұлттық білім беру министрлігінің қарамағында болғандықтан, қайсыбір саяси партиялардың, топтардың және т.б. тарапынан ешқандай қысым көрмейді. Барт осыны айтып отыр. 2 “Страх и трепет” деп аталатын еңбегінде (1843) С.Киркегор (18131855) Ибраһим құбандығын былайша түсіндіреді (Бытие, 22): Ибраһим Исаакты жақсы көреді, бірақ Құдай оған ұлын құрбандыққа шалуды бұйырады; Ибраһим бұйрықты орындауға дайын, бірақ оның “қайғықасіреті мен мұңы” трагедияға ғана емес, оны сөзбен жеткізе алмауына байланысты ешкімге мұңын шағалмайды, көңіл сұрайтындарға да айта алмайды, өйткені оны ешкім түсінбейді, өйткені сүйікіті адамын ешбір ақылға қонымды себепсіз өлтіретін адамның әрекеті, адами этиканың кез келген қалыбына қайшы келеді. Расында да, Киркегордың пікірін ше, этикалық борыштың мәні әрбір адам үшін маңызды болуында, сондықтан да ол “бұқаралықтың” көрінісі болады; осыған сәйкес жеке адамның міндеті, егер ол этикалық болуға ұмтылса – ұжымдық адам гершілік құндылықтарына қосылу үшін өз “жекелігін” құрбан етуі тиіс; ұжымдық адамгершілікке қосылу, бірінші кезекте байланыс пен жеткізудің интерсубъктивті құралы ретіндегі тілге қосылу болып табы лады. “Мен сөйлеп тұрғанда, – дейді Кьеркегор, – мен баршаға ортақ нәрсені жеткіземін, ал мен оны жасамасам, мені ешкім түсінбейді”. Адамдар Ибраһимді түсіне алмайды және оған көңіл де айта алмайды. Өйткені, құрбандық шалу талабы Құдайдан түсіп, жеке адам Ибраһимге арналған; ол бұқаралық түрде емес және этикалық борыштың үлгісі бола алмайды. Ибраһимнің әрекеті – оның “жеке” сенімінің көрінісі, ол інжілдік кейіпкерді оқшулануға және үнсіз қалуға мәжбүрлейді: “сенім рыцарі” Ибраһимнің үнсіз қалуы, оның жекені баршаға ортақ нәрседен жоғары қоюына байланысты (Киркегордың “Страх и трепет” еңбегінің талдауы. Қар. Гайденко П.П. Трагедия эстетизма. Опыт и характерис тики миросозерцания Сëрена Киркегора. М.: Искусство, 1970, с.219230). 3 Бұл жерде 1630 жылы болондық алхимик фосфорлық қасиеттерін ашқан болондық шпат туралы айтылады. 4 Латын тілінде sapor зат есімі “сөлді” дегенді білдіреді, ал sapêre етістігі – “дәм”, “дәмді”, сондай-ақ “зерделі болу” дегенді білдіреді.
5 Бұл жерде К.Маркстың “Фейербах туралы тезистерінің” 11
тезисі туралы айтылады: “Философтар әлемді әр түрлі түсіндіріп
келген, бірақ мәселе оны өзгертуге байланысты” (Маркс К. және
Энгельс Ф. Соч., т.3, с.4).
6 Барт бұл тұста осыдан ширек ғасыр бұрын жариялаған тілді
жатсынуды жеңу туралы өз бағдарламасына қарсы шығады. Барт
Р. Нулевая степень письма. В кн.: “Семиотика”. М.: Радуга, 1983,
с.347-349.
7 Р.Вагнердің “Золото Рейна” (1876) операсының сюжетіне ал
люзия.
8 Әңгіме француз (А.-Ж.Греймас, Кл.Бремон, Ц.Тодоров және
т.б.), солтүстік америкалық (А.Дандис, П.Маранда және т.б.), орыс
(В.Я.Пропп) нарратологиялық мектептерінің еңбектері туралы бо
лып отыр. Қар., Зарубежные исследования по семиотике фолькло
ра.М.: Наука, 1985; баяндаушы мәтіндердің теория саласындағы
негізгі идеяларды жалпылау және шолу. Қар., Барт Р. Введение в
структурный анализ повествовательных текстов.- в кн.: Зарубеж
ная эстетика и теория литературы ХІХ-ХХ вв. Трактаты. Статьи.
Эссе. М.: Изд-во МГУ, 1987.
9 Экскурс – excursіon деген француз сөзі “берілген тақырыптан
ауытқы” дегенді білдіреді, демек қайсыбір басқа салаға “экскурс
ты” (экскурсияны) белгілейді.
10 Әкенің символдық фигурасы психоанализде орталық орынды
иеленеді. Оған З.Фрейд биологиялық түсінік берсе (қар. Фрейд З.
Тотем и табу. М., 1924;), Ж.Лакан – культурологиялық түсінік бер
ген. Лаканның пікірінше Әке “мәдениет тәртібін”, қоғам жасаған
Заңды сақтаушы болады, сол арқылы жеке адамның “қалауларын”
“реттеп тұрады”; мысалы, “мәдениеттің тәртібі” әрбір адамға бел
гілі бір амплуаны, әлеуметтік рольді, “бетперделерді” пайдалануға
мәжбүрлейді, “Мен” соларға бейімделуге мәжбүр болады; бұдан –
“қиялдық” және “рəміздік” нәрселердің арасында саңылау, Заңның
мәжбүрлейтін күшін сезіну және оның (Әкенің) езгісінен құтылуға
ұмтылыс пайда болады.
Барт Р. Избранные работы//Обзорная лекция.
Москва. Прогресс. 1989. С. 345-391.
МазмҰны АЛҒЫ СӨЗ ..................................................................................5 Мишель ФУКО Сөздер мен заттар адам жёне оның
сыңары
.....................................24
(Аударған Е.Абақан)
Жан-Франсуа ЛИОТАР
Феноменология ...................67
(Аударған Е.Абақан)
Жак ДЕРРИДА
Жазу жəне айырмашылық ................109
(Аударған Е.Абақан)
Есім туралы эссе ..............................128
(Аударған Е.Абақан)
Өмір сүруді үйрену керек
(соңғы сұқбат)1 .................................169
(Аударған Е.Абақан)
Жиль ДЕЛЕЗ,
Феликс ГВАТТАРИ
Философия дегеніміз не? ...................186
(Аударған Е.Абақан)
Жиль ДЕЛЕЗ
Канттың сыни философиясы: қабілет
туралы ілім
...................................229
(Аударған Е.Абақан)
Мағынаның логикасы
.....................272
(Аударған Е.Абақан)
Жан БОДРИЙЯР
Құмарлық.
Ереже құштарлығы
.....................298
(Аударған Ə.Қодар)
Жорж БАТАЙ
Ішкі тəжірибе
...................................319
(Аударған Е.Абақан)
Ричард РОРТИ
Философия жəне табиғаттың
айнасы .......................................333
(Аударған Е.Абақан)
Умберто ЭКО
Табылмаған құрылым
.....................368
(Аударған Е.Абақан)
Ролан БАРТ
Автордың өлімі
.....................417
(Аударған Е.Абақан)
Шығармадан мəтінге қарай ..........424
(Аударған Е.Абақан)
Дəріс
.................................................434
(Аударған Е.Абақан)
Əлемдік философиялық мұра
Жиырма томдық
15-том
Постмодерн философиясы
Редакторы Мырзан Кенжебай
Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Салтанат Алтайбекова
Мұқабаны дайындаған “Бауыр” баспасы
ИБ 6959
Басуға 16.11.2007 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Офсетті басылыс. Қаріп түрі “Тіmes New Roman”.
Шартты баспа табағы 24.36. Есепті баспа табағы 30.0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру