TELEGEI

Home

Ақшаттың суы мөп-мөлдір

Серік Үсен

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақшаттың суы мөп-мөлдір

«Ақшаттың суы мөп-мөлдір» – жазушы Серік Үсенұлы Нұғыманның оқырмандарға ұсынып отырған кезекті жинағы. Кітапқа қаламгердің ілгерінді-кейінді жазылған көлемді хикаяттары мен қысқа әңгімелері топтастырылған. Хикаяттар негізінен жастар махаббатына арналса, оның алдыңғысы қалада оқып жүрген көкөрім студенттердің қым-қуыт тұрмысын терең қаузайды. Ал кейінгісінде ертегідей жайлау өмірін бас кейіпкердің сезім шарпылыстарым

Серік Үсен

АҚШАТТЫҢ СУЫ

МӨП-МӨЛДІР

(ӘҢГІМЕЛЕР МЕН ХИКАЯТТАР)

«Сөздік-Словарь»
Алматы

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-44 Н 80 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Үсен С. Н 80 Ақшаттың суы мөп-мөлдір / Серік Үсен.– Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014.– 240 бет. ІSBN 9965-822-89-1 «Ақшаттың суы мөп-мөлдір» – жазушы Серік Үсенұлы Нұғыманның оқырмандарға ұсынып отырған кезекті жинағы. Кітапқа қаламгердің ілгерінді-кейінді жазылған көлемді хикаяттары мен қысқа әңгімелері топтастырылған. Хикаяттар негізінен жастар махаббатына арналса, оның алдыңғысы қалада оқып жүрген көкөрім студенттердің қым-қуыт тұрмысын терең қаузайды. Ал кейінгісінде ертегідей жайлау өмірін бас кейіпкердің сезім шарпылыстарымен астастыра отырып қатар баяндайды. Түз тынысын жатырқап қалған кейінгі буын өкілінің туған жеріне қайта оралғанда тосын жайларға тап болып, қазақы болмыстың қалыптасуында айырықша орны бар дала тірлігін өзі үшін қайта ашып, оны терең тануға талпынған, қас сұлулыққа сұқтанған қызық кешірмесі қадала суреттеледі. Кітапқа енген қысқа әңгімелер де негізінен жастар өмірімен сабақтас. Жаңа жинаққа топтастырылған оқиғасы ширақ, тілі шұрайлы шығармалар түгел қалың көпшілікке арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-44 ІSBN 9965-822-89-1 © Үсен С., 2014 © «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014

ӘҢГІМЕЛЕР

АҚ ЖАУЫН

Көктем жаңбыры толассыз сіркіреген сол бір түн
мәңгілікке есте қалғандай еді!
Қайдан келген бақ екенін кім білген, күндіз ауа
алмастыру үшін ашылған терезе сол күйі ұмыт қалыпты

да, түнде соққан өкпек желмен тынымсыз тербелген
ол менің жеті қараңғыда тосын оянып, табиғаттың
таңғажайып құбылысын тамсана тамашалауыма себеп
болыпты. Көзімді ашып алғаным сол, кенет ішке лап

қойған күшті жарық абажадай кең бөлменің бұрыш-
бұрышын тініткілеп өтті. Осы бір қасқағым аралықта мен
үлбіреген жұқа перденің сырттан үрлеген салқын леппен
толқындана желбіреп, өзіме қарай ұшып тұрғанын

көрдім. Аз болмаса, майда етегі созылып келіп менің
жүзімді сипағандай еді.
Іле сырттан бір келкі сылбыраған жұмсақ сырыл ес-
тілді. Толассыз төпеген жаңбыр үні! Оның алдында не

болғанын қайдам, тосын назар аударып, құлақ түргенімде,
көктен үзілген мөлдір тамшылардың әлдеқашан айлапат
ақ жауынға айналғанын білдім. Жусап қалған жуас
дүниені бір ырғағпен сабаған сел нөсердің дыбысы, енді,

ғажап еді!.. Тыңдап жатып керемет әсерге бөлендім.
Бұрын болмаған бір ынтамен еңсеріліп, назар тіктім.
Қайдан келген құмарлық екенін, құлшына құлап,
құныға ден қойдым. Орнымнан қозғалсам-ақ болды,

сұмдық тәтті күй ұшты-күйді жоғалардай еді...

Жанымды бір рақат сезім биледі. Сырлы симфонияға ұқсайтын осы бір жаратылыс күйін бұрын бір естігендеймін. Бірақ, қашан, қай жерден екенін, қанша ойлансам да есіме түсіре алмадым... бәлкім, соның алдында бір жан тебіренткендей жағымды түс көріп жаттым... сірә, соның әлі тарқамаған әсері, кешікпей мен сұмдық сағыныштан елжіреп, ери бастадым... еметайым езіліп, балқып бара жаттым... Арада сәт өтті-өтпеді, мен өзімді әлгінде оянған орнымда емес, басқа бір жерде жатқандай сезіндім. О жақта да сылбырап жауын жауып тұрған секілді. Айнала көзге түртсе көргісіз қараңғылық... Іргеге қарап жантайған екем деймін, сәлден соң тырс-тырс тамған тамшы үні қаперіме келіп ұрыла бастады. Бір жақсысы, таяу жерге құлап, быт-шыт болған су ұшқындары менің бетіме шашыраған жоқ. Сірә, түскен бойда топыраққа сіңіп, жоғалып кетіп жатқан болар, тырсылдаған дыбысы ғана тірлігінен хабар беріп, тақау тұрды. Бір есептен, сонысы да дұрыс болды ма дедім. Әйтпегенде, суық сыздан бойым тітіркеніп, мазам қашар еді ғой. Соны ойлап, іштей шүкіршілік етіп үлгірмедім, оқыс «гүрс» еткен жойқын дыбыстан селк етіп, басымды көтердім. Артынан аңдадым, аспан астын басына көтерген әлгіндегі гүрсіл күннің күркірі екен. Соңғы жаңғырығы құлақ түбімде тұншығып, жер жұтқандай үзіліп бара жатты. Өз-өзіме келгенім сол, өзімнің аздың алдындағы жайлы орнымда жатқанымды білдім. Тыстағы ақ жауын әлі толастамапты. Таяу арадан бір келкі ырғағымен тағы да сылбырап қоя берді. Оны бұрын қайдан естігенім енді маған мәлім еді. Көз алдыма алыстағы жайлау, ондағы тұманды Ашылы сүзіле келіп елес берді. Өзімнің туып-өскен мекенімнің ескі суреті! Менің жадымда бала кезімнен қалған одан ыстық жер жоқ. Керек бола қалса, осы бір талайғы көрініс сол қалпы келіп кірпігімнің ұшынан көлбең етеді. Жер бетіне жақындай түскен бұлыңғыр аспаны, бүріскен боз үйді одан сайын бүрмендей түскен ақ жауынымен.

Міне, мен енді сол ұшпақтың төріндей көрінетін
Ашылының төрінде, алты қанат ақбоз үйдің іргесінде
жатырмын. Сірә, оң жақ бүйір болар, әлгінде жамылған
жағасы жайлау ауыр тон зіл салмағымен үстімнен баса

түсуде. Малмандай су болған киімдерім аяқ жақта қалған.
Бойыма жаңа жылу жүгіре бастаған мен кешікпей
былайғының бәрін ұмытып, керегенің балағынан, тоқыма
шидің аржағындағы туырлық етегінен сорғалаған мөлдір

тамшыларды санай бастадым. Артынша одан зерігіп,
арыдағы, біздің үйдің іргесінен басталып, далиып кете
беретін тұманды дүниеге көз тіктім. Кіреуке тұтқандай
бұлдыраған ен жазықтың келесі шеті тұңғиыққа барып

жұтылып жатыр. Сәлден соң сол бұлыңғыр мұнар
арасынан салт ат мінген әлдекім шыға келіп, себезгілеген
жауын астында сөлк-сөлк желіп, біздің үйге қарай таяп
келе жатты. Ұзамай іргеге тақала түскен ол, бұрылмақ

болған атының тізгінін қағып, мамаағаштың сыртын
жанай өтіп, маңдайын әлдеқайда түзеп, алыстай берді.
Бейсауат кісінің соңынан сұраулы көзбен қарап жатып
мен ішімнен, «ол қайда кетіп барады екен?» деп ойладым.

Бәрін кейін ұқтық қой, сөйтсек, тірі адамның тірлігінде
тепеңдеп бармайтын жері, баспайтын тауы болмайды
екен. Жауынды күні біздің үйге соқпай өткен суыт
жүргінші де соның бірі болса керек.

Атының суға шыланған сымпыс құйрығы екі тақымын
кезек соғып әлгі адам ұзай берді. Көрінбей кеткен соң, көз
алдым босап қалды да, мен жауып тұрған жауын туралы
ойлай бастадым. «Аспаннан қалай су төгіледі?» деп

сұрадым әуелі өзімнен. Сол екен, кенет есіме қиян шетте
қанаты талып ұшып келе жатқан алып қара құс түсті.
«Дұрыс, – дедім ішімнен. – Дұрыс! Селдеген жаңбыр –
жалғыз балапанына жер түбінен жем алып келе жатқан

Алыпқарақұстың сорғалаған көз жасы». Іле көз алдыма
қиян шетте далбақ қаққан алапат мақұлықтың нобайы
елестеді. Қанатының суылы, тіпті, еркін естілгендей..
Іштей сезем: ол жылда алысқа кеткенде жаңа қауыз

жарған балапанын айдаһар жұтып, зар қылатын сорлы

ана! Міне, бүгін де артта қалған перзентінің өлі не тірі
екенін біле алмай, қайғы жұтып келеді...
Ертеде естіген ерекше ертегінің ұзына жүлгесі жа-
дымда осылай жаңғырып, болған жайлар рет-ретімен

тізбектеліп жүре берді. Төбесі көк тіреген алып Бәй-
теректі көш жерден көргендеймін. Ұшар басында ұя,
онда жалғыз балапан бары аян. Ештеңеден хабары жоқ
аңқау немеге жанын сала иреңдеп жалмауыз жылан

өрлеп келеді. Ұзамай дауыл тұрып, нөсер басталады.
Ұзын ағаштың ұшы жерге неше тиіп, неше оңшалады.
Әлі жетіп үлгірмеген алып құстың тау теңселткен екпіні,
сорғалаған сорасы ғой ол. Соны білетін белгісіз батыр

жаны ашып, дарақ түбіне келіп, қорамсағына қол салады.
Қол салғанда, мол салып, мөңіретіп жебе тартады.
Айдаһар ыңырана мөңкіп, омақаса құлайды. Балапан
құс аман!.. Санасына жазылған таңғажайып оқиға қазақ

баласының таназарында жаңбыр жауған сайын осылай
жаңғырады. Әрине, менің де. Міне, мынау – сол. Бірақ,
әр жолы аржағымда бір түйіншек қалады. «Жаңбыр ғой
белгілі. Ал, әлгі Бәйтерек қайда?» Жауабы жоқ сұрақ.

Осы жолы да жауап таба алмай, бетім қайтып, абажадай
кең бөлмеме қайтып оралдым. Міне, енді, манағы жылы
орнымда бүк түсіп жатырмын. Ешқашан ескірмейтін
бала әсермен. Ғажабы, оған заман жылдан соң да қайта

оралып, тағы сондағыдай бастан кешуге болады екен.
Бір жағыма қарай аунап түстім. Сылбыраған бір
сыдырғы үн әлі толас таппапты. Мені өткенмен жалғап
тұрған жалғыз хиқмет сол емес пе, әлденеден дәмеленіп,

оған тағы да құлақ түрдім. Жаңбыр сыбырынан қуат
алып, кенет шалқып кеткен қиялым туған жерімнің ой-
қырын қыдырып және біраз жүрді де, бір кезде келіп
оқшау бір оқиғаның сорабына түсті.

Жоқ, бұл тым арыда емес, бертінде, есейіп қалған
естияр шақта болған елеулі жай еді. Содан болар, көп
нәрсе көмескі тартып тұратын санамда бірден бадырайып,
сұлбаланып жүре берді.

Жайлау үсті болатын. Бір күні үйде жатып зеріккен

соң, әлдеқалай аңсарым ауып, ауылдың желке тұсындағы
Бессала деп аталатын шұрайлы өріске бүлдірген теруге
шықтым. Ел шетінен алыс, оңаша болғандықтан, онда
ешкім отырмайтын. Тек ұзай өрген іріқара мал ғана

аяқ басып, еркін жүзетін. Сол себепті таяп барғанда
қыртысының айланып, тұнып тұрғанын көрдім. Сыны
кетпеген сұлу суретке қатты қуандым. Өрістің түгін
қырқып, тұяқкесті қылатын негізі ұсақ мал ғой. Олар

баспаған жер қашанда осындай... шүйгін, шұрайлы.
Бессала деген аты, сірә, сондағы көлденең түсіп жатқан
бес үлкен жыраға байланысты болар, бүйірлесе сұлаған
ұзын өзектер әлі сол былтырғы орнында екен. Көлбеу

құлаған теріс беткейлерде бүлдірген дегеніңіз жоса болып
төгіліп жатыпты. Етегіне іліне, үйден шыққанда мініп
алған өгізімді жайына жібердім де, құныға бас қойдым.
Дала жемісі бабында екен. Аз болмаса, мезгілі өтіп,

солып қалардай. Сабағына салмақ сала салбыраған
бармақ басындай қызыл бадана үзіп алып ауызға
салғанда, таңдайға тиер-тимей еріп кетеді. Шайнап
үлгірмей, таусап қана жұтасың. Көптігінде шек жоқ.

Қалай бұрылсаң, көретінің мөлдіреген қан қызыл
моншақ. Көздің жауын алады. Шетіне жеткенімді білем,
ары қарай бар дүниені ұмытып, еніп кетіппін. Басында
әуес қылып құлақ салған шегіртке шырылы да естен

шығыпты...
Бір кезде айналам бытыра тигендей бытырлап қоя
берді. Басымды жұлып алдым... Бүлдіргеннің қызығына
кіріп, байқамаған екем, бағана үйден шыққанда батыс

жақтағы Сарытаудың басына бір шөкім бұлт ілінгенін
көріп едім. Сол лезде жетіп келіп, ентелеп төгіле
бастапты. Қапелімде қайда тығыларымды білмей, сасып
қалдым. Жақын маңда тасалана қояр далда жоқ еді.

Алақтап тұрғанда, есіме өзім қапталына жармасқан
көлденең жалдың төменгі тұмсығында бір топ қарағай
бары түсіп, солай қарай жүгірдім. Белшеден келетін
қалың шалғынды омыраулай кешіп, еңіс құлдадым.

Суға малшынып, ауырлаған тау шөбі соның арасында

табан тоқтамас тайғанаққа айналыпты. Тік қапталмен
сойдақтата жүріп жеттім-ау бір кезде, межелі жерге
де табан тіредім. Келсем, қарағайдың түбінде құр ат
байлаулы тұр екен. Бірден таныдым, қыз мінуге арналып

әдейі жабдалған сәнді көлік. Құлама беткейге қолмен
отырғызғандай сап түзеп, қатар өскен қарағайлардың
шеткісіне тұмсық тіреп, сол беттен ұрған жаңбырға
сыртын беріп, бүрісіп тұр. Ердің үстіндегі қызыл кестелі

аткөрпе әлдеқашан малмандай болыпты. Қайсы ауылдың
қыздары екен дегенді ойлағаным сол, ту сыртымнан
сыңғырлаған күлкі үні естілді. Жалт бұрылғанда,
кішкене дөңнен бері асып, жүгіріп келе жатқан екі қызды

көрдім. Біреуі кішілеу де, ал, екіншісі кәдімгідей бой
жетіп қалған өрмешаш. Қолдарында көтерген шәугімдері
бар. Тағы бір қолдарының сыртымен бастарын қорғап,
көлегейлеп алыпты... тайғанақтай басып жүгіріп келеді.

Мені көрмеген күйлерінде далдаға кеп кірді. Біршама
ұзап кеткен болар, үсті-бастары шылқа су. Соған мәз
болғандай, бір-біріне қарап сықылықтап күліп қояды.
Қалқаға еніп, азкем демдерін алған соң, шәугімдерін

жерге қойып, балтырларына жабысып қалған етектерін
жиып, сыға бастады. Мені сол арлықта байқады. Әуелі
кішісі көрді. Жаңқалтасынан беторамалын алып, бетін
сүртіп, майысқақ саусағымен самай шашын құлағының

артына қарай қайырып, сыра бергенде, бері қарап тұрған
ол бірдеңе деп қалып еді, маған жалт қараған үлкені
іле жүзін ары бұрып әкетті. Еркін қалыптары демде
жоғалып, бір-бірене жақындап, тымпия қалды. Одан ары

қадалудың ретін таппай, мен де теріс айналдым ізінше.
Бейтаныс қыз сондай әдемі еді. Бір көргенде шоқтай
басылған жарқын жамалы жадымда қалды жарқырап.
Бұрын ешқайдан көрмеген жан. Сірә, біздің ауылға

туысшылап келген бойжеткен болар, дегенмен, жайлауға
жат кісі болмаса керек. Әйтпесе, атқа мініп, бүлдіргенге
шығар ма еді? Қездеспегені болмаса, ілкіде мұнда талай
мәрте болғандай.

Оның кім екенін білуге кенет аңсарым ауды. Алайда,

қалай білмекпін? Әлде жақындап барып танысып,
өздерінен сұрасам ба екен? Бірақ, ыңғайсыз ғой...
Ұзақырақ ойланып кетсем керек, әлден уақтан
кейін өзіме келгенде, шелектеп тұрған жаңбырдың сәл

толастап, саябыр тартқанын аңдадым. Артыма мойын
бұрғанда, қасымдағы қыздардың кетуге ыңғайланып,
шәугімдерін қолдарына алып, жиналып алғанын көрдім.
Аз-кемнен кейін үсті-бастарын түзеп, анандай жерде

тұрған аттарына қарай аяңдады. Жақындай бере кілт
бөгелді. Әлдене әуеспен көлікке қарағанымда, тосын
дағдарыстың себебін де шамалап үлгердім: аткөрпе
шылқа су екен. Екеуі бірдеңелерді айтып, күбірлесе

қалды да, артынша кішкенесі қолындағы шәугімін қоя
салып, маған қарай жүгіріп келе жатты. Бар әрекеттерін
бағып, қырындап тұрғам, мынаны көрген де, көктен
тілегенім жерден табылғандай қуанып кеттім. Бұл тіл

қатысып қалудың соңғы орайы еді.

– Аға, Гүлжан әпкем сізге аткөрпені аударып салып

берсін дейді, – деді өжет қыз дауысынан бала аңқаулығы
анық білініп. Өзі сондай сүйкімді екен. Соны айты да,
менен жауап күтпестен, қайта бұрылып кетіп қалды. Ана
қыздың есімінің Гүлжан екенін біліп, іштей бір қайталап

қойдым да, шақыра келген кісінің артынан ілбідім.
Аткөрпені жөндеп болғанша ту сыртымнан әлдекім
тесіліп тұрғандай болып, қарадай ебім қашып, тұла
бойым терге малшынды. Қолдарым дірілдеп, жүрегім

қақты. Сүйтіп жүріп бір кезде жұмысты да тәмамдадым-
ау, әйтеуір. Астарына су өтпеген екен, аударып салып
бердім.
Бұрыла бергенде:

– Рақмет! – деген жағымды үн естілді арт жағымнан.

Жазбай таныдым – Гүлжанның үні. Бұрылып қарауға
дәтім бармай, төменшіктеген қалпымда шегіне бердім.
Қыз баланы демеп, аттандырып қою деген жоралғы есіме
келмепті. Әлден уақтан кейін бір қарағанымда олар атқа

мініп алып, алыстап барады екен. Қарай-қарай ұзатып
салдым. Көп өтпей мінгескен екеу дөңнен асып, көрінбей

кетті. Тізгін ұстаған Гүлжан артына бір бұрылмай кетті.
Неге екенін, олар кете сала тау арасы маған бейтаныс
білініп, мағынасыз сезіле бастады. Тағы бір түсініксіз
сезім тезден кетуге асықтырды. Ойланып тұрмай-ақ, еңіс

құлап, құлдай жөнелдім.
Жүгірген күйі қарсы бетке шықсам, ешкім көрінбеді.
Іле төмен құдиып, өзен жағасына келдім. Әлгіндегі
өткінші жаңбар молайтқан сияқты, тау суы тасып

кетіпті. Арқырай аққан қара ботана жаяу-жалпыға жол
беретін емес. Еңістеп келіп, бір тұмсықтан айналсам,
екі қыз арғы жағада тұр екен. Менің көліксіз екенімді
ескеріп, күтіп тұрса керек, көре сала түсуге ыңғайланып,

көліктерін беткейге тартты. Алдымен Гүлжан түсіп, ер
үстіндегі кішкене қызға бірдеңелерді сыбырлап еді, ол ат
басын бері бұрып, маған қарай аяңдады.

– Аға, Гүлжан әпкем сізге мына атпен өтіп алсын дей-

ді, – деді өтіп келген соң тақылдап.
Мен әнтек іркілсем де, басқа шараның жоғын ескеріп,
ат жалына жармастым. Ерге емес, артқа міндім.
Кішкентай қыз батыр екен, омыраулай соққан арынды

толқындардан қаймыққан жоқ. Тайсалмаған қалпы
аяқтарын көтеріп алып, өтіп шықты.

– Аға, сіз Омар атамның баласысыз ба? – деді жағаға

жеткенде.

– Иә, – дедім мен басымды изеп.

Неге сұрағанын кім білген, ары қарай үндемеді.
Гүлжан сәл ұзап барып тұрған екен, серігі жанына
жеткен соң, қатарласып жаяу кетті. Тіл қатпаған
қалпымда мен қалдым соңдарында сопайып. Жақ

ашуға жүрегім дауаламады. Тіпті, рақмет айтуға да
жарамаппын. Әбес қылығым артынан есіме келгенде,
жүзім от болып күйді.
Сәлден соң алдыдағы бір жотаға шығып қарасам,

екеуі әлденелерді айтып, сыңғырлай күліп барады екен.
Әңгімелерінің өзегі, сірә, мен болармын, кішкене қыз
қайта-қайта бұрылып, артына қарай береді. Кешікпей
мен де еңістедім ылди қуып. Әлден уақыттан кейін тағы

бір мойын бұрғанда, олардың бір жатаған белдің үстіне
ілінгенін көрдім. Аз болмаса, ары асып, ғайып болғандай
екен. Тоқтай қалдым. Гүлжан сонда барып кері бұрылды.
Аралық аса қашық емес. Бәрін ап-анық көріп тұрмын.

Азкем тігіліп тұрған ол қолын көтеріп, бұлғап қойды.
Жүрегім шымыр ете түсті. Сірә, соңғы «Қош» дегені
болар, іле көзден тасалынып, көрінбей кетті. Жақындық
танытқан ишарасын іштей сезіп, басқа бір күйге ендім...

Сілейіп тұрып қалыппын. Содан қайтып көре алмасымды
білдім бе екем, жандүниемде бір қимастық оянып, аш
өзегімді белгісіз өкініш өртеді.
Айдалада қалғандай құлазып тұрғанымды әлден

уақтан соң аңдап, жолыма түстім.
Сол күні үйге түс ауа бірақ қайттым. Аспан ашылған
жоқ, ерте басталған себезгі жаңбыр кеш батқанша
үзілмей жауып тұрды. Су боп келген күйімде сырт

киімдерімді
шешіп,
атамның
үлкен

қара
ішігін
жамылдым да, үйдің бір бұрышына барып, бүк түстім.
Сонда жатып туырлықтың етегінен сыртта сылбырған

ақ жауын астындағы ен даланың жабырқау көрінісіне
ұзақ көз саттым. Қашанғы әдетім бойынша, неше түрлі
ойларға баттым. Қаперімде күндіз болған көріністер сан
мәрте қайталанып өтті... Гүлжанның өзіме жалт қараған

кездегі нұрлы жамалы... көзінің астымен қымсына
көз салғандағы қылықты бейнесі... соңғы рет артына
бұрылып, қол бұлғағаны... одан білектей қос бұрымы
арқасында бұлғақ қағып кетіп бара жатқаны... бәрі-

бәрі сол күйі елестеді. Қапияда тап болған, енді қайта
естен кетпейтін сұлу суреттер... Телміріп жатып, өмірі
болмаған тәтті сезімдерге кенелдім. Әлдекімді көргім
келетіндей, әлдебіреуді сағынатындай бір тағатсыз

хал кештім. Соның әсері болар, сырттағы жаңбыр үні
құлағыма мұңды күй болып естіліп, тереңімдегі нәзік
пернелерді басты... көңіліме көлеңке қаптап, жүрегімді
елжіретті... Сөйтіп жатып, қай уақ екенін білмеймін, бір

кезде талықсып ұйықтап кетіппін. Түс көрдім. Түсіме
көзге түрткісіз қараңғыда Гүлжанды іздеп жүрген жадау

жағдайым кіріпті... Ояна келе аңсарымның тағы да тауға
қарай ауып тұрғанын сездім. Асық адамда тағат-тыным
деген болмайды екен, таң атқан соң тартып отырдым
алыстағы арман маңға қарай.

Кездеспеді. Сонда да қоймай, қатарынан үш күн
шықтым. Үмітім ақталмады. Одан кейін де барар едім,
болмады...
Бұл менің жазғы демалыстан ойға, оқуға қайтатын

шағымның таяп қалған кезі-тұғын. Еске алуды онша
ұната бермейтін ұнамсыз мезгілдің жетіп келгенін мен
төртінші күні тауға бет түзердің алдында біліп, әнтек
тіксіндім.

Таңертең сыртқа шыққанда апамның есік алдындағы
ошақ басында күйбеңдеп жүргенін көріп, бұрылып едім,
бауырсақ пісіріп жатыр екен. Бір сәт қасында отырып,
отын жағып бердім. Әлден уақта апамның әлдеқайда

аңырып қалғанын байқап, қарасам, үйдің төмен жа-
ғындағы ат жолмен, әудем аралық тастап бір топ кісі
өтіп барады екен. Қызыл-жасыл киінген қыз-қырқыны
аралас жолаушыларды сұраулы көзбен ұзатып салған

апам бір кезде:

– Кім екен десем, жоғарғы Ошақбайдың кемпірі екен

ғой. Ауданда оқитын кенже қызын алып жүрген сияқты.
Бір-екі күннен кейін сен де кет, құлыным. Оқуыңнан
қалма. Тиын-тебен табылса, артыңнан жіберіп берерміз,

– деді өз жөніне бұрылып. Сөйтті де, алдындағы тегешті

қолына алып, екінші қолындағы кепсермен қазандағы
қызара піскен бауырсақтарды салып ала бастады. Мен
елең етіп, бетімді бұрғам, әлгілер соның арасында
біршама ұзап кетіпті. Көз ұшынан біреуінің мені көр

дегендей, әдейі артта қалып, арқан бойы аралық тастап
бара жатқанын байқадым. Гүлжан болар деп ойлағаным
сол, сірә, қимастық, әлде басқа бір пәле, тамағыма келіп
қап-қатты бірдеңеннің кептеле қалғаны. Алды-артыма

қарамай зымырай жөнелдім. Таяу жердегі қыр басына
шыққанда, киімінен таныдым, шынымен-ақ Гүлжан
екен. Биік тепсең үстінен төбелерінен телмірген күйі
ұзатып салдым.

Екі күннен кейін мен де кеттім қалаға. О жылы күзде
кездесудің сәті түспеді. Үміт келесі жазға қалып еді,
қырсық шалғанда, о жылы біздің үй жайлауға шықпай
қалды – жолығуға мүмкіндік болмады. Орта мектепті

тауысқаннан кейін мен орталықтағы жоғары оқу
орнына түстім де, ұзақ-сонар ізденіс жолы басталды.
Гүлжан да сөйткен шығар, неше жыл әдейілеп жайлауға
шыққаныммен, жүздесудің орайы тумады. Аралық

алыстай берді. Уақыттан өткен жемір бар ма жер бетінде,
мезгіл өте келе бір кездегі жылт еткен жылы сезім
біржола сөніп қалмағанмен, жанатын жағдайы болмаған
соң, әлсіреп, өлеусірей берді. Анда-санда еске түскенде

қынжылтқаны болмаса, бұрынғыдай күйіп-жандыруды
қойды. Бірте-бірте сәлдеп, төмендей берді.
Бес жылдан кейін мен оқуымды тауысып, қоғамға
шықтым. Тағдыр жазбаған іске не шара, жолымыз

тоғыспады. Ұшыраса алмадық. Жылыстаған осыншама
жылдар өтінде ол мені ұмытқан шығар деп ойлап едім,
жаңылған екем... оңбай қателесіппін! Енді болмаса өзім
де өңгеге бет бұруға бекіген былтырғы жылы одан хат

алдым. Ол кезде мен қалада емес, оңтүстіктің құмды
шөлінде, жаңа табылған қиранды қаланың орнын қазып,
жер шұқып жүр едім. Қазба жұмыстарына керекті
жабдық әкелуге қалаға кеткен қызметтесім ала келіпті.

Жеткен бойда бетіме қарап, жымың-жымың күліп алды
да, қолыма ұстатты.

– Кеңседе жатыр екен... біз білмейтін қалыңдығыңнан

келген болар деп ала келдім, – деді әзілқой жолдасым.

– Шынымен-ақ, солай болса, шүйінші беруді ұмытпа, –

деді соңынан.
Сыртына сәлем жолдаушының аты-жөні анық етіп
жазылған хатқапты ашып, ішіндегі ақ параққа үңілген-
де, мынандай сөйлемдерді оқыдым.

«Аяулы арман жігіт! Бармысыз? Бар болсаңыз, қайда
жүрсіз?
Бір күн болмаса бір күн келер деген үмітпен жолы-
ңызға қарай-қарай күн озды... күдерімнің күміс бауы

үзілуге таяу. Алғаш Бессаладан көргенде, ертектерде
айтылатын бекзадаға кездескендей есім кетіп, тағы
бір көруге құмар болып, ынтығып едім... адастырып
кеттіңіз. Жолы жіңішке қыз балаға біреуге аңсары

ауған қиын екен. Алдыны кесетін әдеп, жол бөгейтін
иба бар дегендей... соны біле тұра, не өзіңіз іздемедіңіз.
Қайтер екен деп, әдейі сынағандай қиын жағдайда
қалдырдыңыз. Сірә, бойыңызға тоғытпайтын шығар-

сыз... Онда ауылдас ретінде дос болып қалар едік қой...
неге сонша қашқалақтадыңыз... Әлде жабысып алар
деп жасқандыңыз ба? Көзге аса байсалды, әрненің
бағасын білер байыпты жандай көрініп едіңіз, тым сақ

екенсіз... әлде мен жаза басып, жаңылдым ба екем... тырс
етпедіңіз...
Қыз балаға жараспас қылығымды, бәлкім, сөгерсіз...
сонда да тәуекелге мініп, сыр ашуға бекідім. Алыстағы

ауылыңызда сізді деп қайта оралып, содан бері сіздің
көңіл кілтін ашар сәтіңізді күтіп, жол қарап жүрген бір
кісі бар деп біліңіз... тіл қатыңыз, арман жігіт!
Гүлжан».

Еш уақытта болады деп ойламаған тосын жағдайға
тап болған мен сілейіп тұрып қалыппын. «Не болды
саған?» деген дауыстан ес жиып, өзіме келгенде, хат
әкелген кісінің әлі қасымда аңырып тұрғанын көрдім.

Жабық сәлемнің не жайлы екенін білмек болып ұзамай
жүрсе керек, «Не болды?» деді тағы да тақауырлап. Өң-
әлпетімнің қаншалық қорқынышты кейіпке енгенін мен
содан біліп, «ештеңе... ештеңе болған жоқ» дей беріппін

жағдайсыз сипақтап. Алаңдап жүрмесін деп артынан
зорлана езу тартқан болдым.
Не айтуға болады?! Не деуге болады бұған?! Өзімнің
оңбай ақымақ болғанымды жаңа біліп, ашына сан

соқтым. Ақылым қандай аз еді менің? Осы уаққа дейін
тек кездейсоқ кездесуге ғана үміт артып, сағым қуып
келіппін ғой мен! Іздеу деген есіме келмепті. Қандай асыл
жан еді, алшақтап кеткен араны жақындатпақ алғашқы

қадамды да баяғысындай әуелі өзі жасап отыр!

Орнымнан атып тұрып, ауылға қарай тартып отырғым
келді. Бірақ... бірақ, болмас еді. Мойынға ілінген міндет
бар ғой... кетсем – жұмыс ақсайды. Ораты жарты айдың
алдында әрең келген осы бір оңды істі қанша жыл күттім

мен! Енді сәті туғанда орта жолда тастап кетсем, кім
болғаным... не деп ойлайды серіктерім! Жауапкершілік
қайда қалмақ... бара алмас едім. Қырын қараған дүниенің
қырсыққанда қиюы осылай қашады екен... не істедім

енді?
Асыл туған Гүлжанға іштей тәнті едім. Шексіз риза
едім. Ұмытып кетпегеніне ғана емес, ержүрек батыл-
дығына да. Қандай өжет... неткен ақылды еді! Соншама

уақыттан бері мені есінен шығармапты. Қара жердің
бетінде өзіңді шын сүйетін бір адам барын білгеннен
асқан қуаныш жоқ екен дүниеде! Мен бақытты едім.
Тосын келіп басқа қонған бақ деген, сірә, осы болар, өз-

өзімнен көңілім босап, жылағым келді... Бәсе, Бессалада
ойда жоқ ұшырасқанда шоқ боп жанған көзінен бөлек
бір ұшқын көріп едім, ол осы батылдық екен ғой. Үнсіз
кетсем де, әлі күнге күдер үзбепті. Мұқалмапты... үмітпен

күн кешіпті. Айналмайсың ба ондай қыздан! Садағасы
кетейін! «Бойыңызға тоғытпайтын шығарсыз» дейді...
Бәлкім, мен сенің теңің емес шығармын... жасық адам
жанып тұрған отқа қалай астар болсын, өртеніп өлейін

жалыныңа!
Мен, бәрі бір, бара алмадым. Иыққа артылған жүк бар...
заман жылда әрең келген кезегім... қанша бұлқынсам
да босана алмадым. Оның сыртында, ертеңгі ел қамы...

қандай шұғыл шаруа болса да, мұндағы уәзипаны тастап
кетуге болмас еді.
Мен, қырсыққанда, хат та жаза алмадым. Жоқ, жүрек
сырларымды арыла ақтарып, ақ қағазға асық арманымды

мөлдіретіп төктім... бірақ, оны иесіне жеткізе алмадым.
Құлан жорытпас қу даладағы қайдағы пошта... жұптаған
жауабым сол күйі тұншығып шабаданымның түбінде
қалды. Басқалардан беруге, алаңдадым... Содан... араға

сегіз айды салып, поштасы бар қалаға келіп түскенім –
кеше... шапағы сөнбеген таңғы шақ болатын.

Керекті жерге жеделхат жолдауға әрең үлгеріп,
осы қонақүйдің бір бөлмесіне кіріп құлағам. Сеспей
қатыппын. Содан сағынып қалған шулы мекеннің он
неше сағаттан кейін оқыс оятып алып, «салтанатпен»

қарсы алағаны – жаңа... жадыдан шығпас ғажап
жаңбырымен. Және сонысымен қай-қайдағыны ойға
салып, ескілікі дүниенің ернеуінен енгізіп жібергені...
ес таба алмар емеспін... тек енді-енді ғана арнама түсіп

келемін.
Бала кезімдегі жазбас дағдыма салып мен, міне, жып-
жылы төсегімде, тыстағы таңсық тысырға құлақ түріп
тып-тыныш жатырмын. Ерте көктемнің еңірей сіркіреген

төкпе жауыны, шынымен-ақ, мәңгілікке есте қалғандай
еді!
Аздан соң мен орнымнан тұрып, киімдерімді кие
бастадым. Артынша аяңдап сыртқа беттедім. Есіктен

шығып, төтелете тартып дәліздің тұйықталған жеріне
жеттім де, сол арадағы тар баспалдақпен тырмысып
жоғары өрледім.
Міне, зәулім ғимараттың үсті. Төбесі жабылған жап-

жарық алып самалдық. Алыстау бір бұрышына барып
тұрып, кең тыныстап еркін дем алдым. Бұл арадан
қаланың көз жетер жері тұтас көрінеді екен. Көктен
төгілген мөлдір тамшыларға армансыз шомылған биік

үйлер мұнтаздай болып жуыныпты. Иек астында шыттай
болып жарқырап тұр. Шам жарығында көшеден ары-бері
өткен жеңіл көліктер де анық көзге ұрады. Зауыттан
жаңа шықандай ыңсыз сусып әлдеқайда зымырап бара

жатады. Әйнектері жарқ-жұрқ етіп, сағымдай ағады.
Сәлден кейін шығыс көкжиектен сібірлеп таң атып
келе жатты. Дәл осы тұста арт жағымнан әлдекімнің аяқ
дыбысы естілді. Жеңіл басқан әйел өкшесінің тықыры.

Бір басып, екі басып таяп келеді. Жүрісінде ептеген
батылсыздық бар. Бірақ, жақындай бере қатайды.
Кімнің келгенін іштей шамалап, қуанып тұрмын.
1989 жылы. Құлжа қаласы.

МҰҢЛЫҚ

Жастық деген қандай қызық! Таңы тамашамен атып,
кеші думанмен бататын гүлдәуреніңнің шуақты күндері
басыңда сол күйі орнап, мәңгілікке қалып қоярдай
сезіледі екен ғой ол кезде... Ал, енді болса, соның бәрі

алыстан қол бұлғайтын асыл арман, көз алдыңда елесі
ғана қалған сарқылмас сағыныш...
Әлдеқашан бастан ауған сол бір бақытты шақтар
туралы

ойласам-ақ
болды,
тұтас
тұлғасы

нұрдан
жаралғандай толықси мөлдіреген ай сипатты арудың
әсем бейнесі көз алдыма сүзіліп келе қалады. Ашық та
әппақ, ажарлы жүзінен жандүниесінің тазалығы бірден

байқалатын мүләйім қыз әуелі сонадайдан қайтер екен
дегендей тесіле қарап аз тұрады. Артынша орнынан
қозғалып, маған қарай жақындап келе жатады. Әбден
таяп келіп, мені көргеніне қуанғандай әнтек езу тартып,

жымиғандай болады. Бірақ, онысы маған бір түрлі
жасандыдай сезіліп, жүрегім дір ете қалады. Кірпігімді
қағып жіберіп қайта қарағанымда, айтқандай-ақ, оның
ештеңені жасыра алмайтын аңғал жанарының түбінен

жуырманда тарқамас қалың мұң көргендей болам. Содан
есіме қай-қайдағылар түсіп, қамығып отырып ұзақ-ұзақ
ойларға берілемін.
Жадымда жалындаған жас күнімнің жаз дидары

қайта жаңғырады. Іле өткен уақытқа деген ынтам
артып, ынтыға түсем... мұң қайраңына мелдектей түсіп
бір кездегі сырлас серігімді аңсаймын. Еметайым езіліп
отырып оның нұрлы жамалын көргім келеді. Арада

зымырап қаншама жылдар өтті, оның қандай адам болып
өзгергенін білгім келеді... Бір замандағы басқаларға
сәл түсініксіздеу көрінетін, менен басқа көп ешкімге
жолай бермейтін ұяң мінезінің тал бойынан әлдеқашан

арылғаны аян. Ал, оған дейін жиі кездесе бермейтін сол
тосын болмысынан таяқ жеп, талай азап шеккені белгілі
еді. Бірақ, солай бола тұра, неге екенін кім білген, ол қай
кезде де сол баяғы үріп ауызға салғандай үлбіреген күй-

інде келіп, кірпігімнің ұшынан кескін көрсететін. Кеңістікте сұлбаланған сол сұлу кейпі менің іңкәр көңілімді одан сайын ынтықтырып, өзіне қарай асықтыра түсетін. Жан досымның таназарымда таңбаланған әдемі әлпетінің оның жеке өзінің ғана емес, соған қоса, менің жайдарман жастығымның жер түбінен сағым берген көркем бейнесі екенін мен, әрине, кейін түсіндім... мұнда білдім. Енді ойласам, мен сол үшін де оны ессіз ғашық болған кісідей үздіге аңсап, үзіле армандайды екенмін. Ертеде бір сусап келіп су ішкен бұлағымдай көріп, таңдайымда қалған тәтті дәмін тағы бір татсам деп, талыға дәмеленеді екенмін... Шынын айтсам, осы әңгіменің тиегі ағытылған алғашқы сәтте-ақ әлденеге шөліркегендей болып, кенезем кебе бастап еді, енді, мынадан соң... бұлақ туралы бейнелі сөзден кейін, таңдайымды тақылдатқан бір мұқтаж хал жан шыдатпас зарыққа айналып, қаталатып жүре берді... Ішімдегіні қырындысына дейін ақтарып, аршып тастамай, тынар емеспін. Бәрін тәптештеп басынан тарқатайыншы!.. Менің жалындаған жастығым... жоқ, жүрек төрімнен орын алған ол жалғыз досымның аты Айжамал болатын. Біз қысқартып Айжан дейтінбіз. Азан шақырып қойған есімінің кісінің өз жаратылысымен бір жасырын байланысы болатын шығар, Айжан десе дегендей, ай жамалды, әрлі қыз еді. Әлденеге қуанып, сәл езу тартқанда, тіпті, жүзіне сәуле үйіріліп, нұрланып кететін. Бірақ, оның ондай сәттері көп бола бермейтін. Өйткені, ол оңайлыққа ашыла қоймайтын, күлкісі сұраулы, бұйығы бойжеткен-ді. Бір қызығы, оны үнемі еске келе бермейтін тосын жайлар, тәбиғаттың сирек кездесетін шетін құбылыстары ғана тебірентіп, толқыта алатын. Онда да, маңында артық кісі болмаған, оңаша сәттерде ғана... мысалға алсақ, көп қабатты ғимараттың үсті – зау биікте, ұрланып шығып алған жерімізде біз қыбыла беттегі көркем көрініске таңдана қарап, аңырып тұрар едік. Көз ұшында ұясына кіруге тақап, біржола

өртеніп кеткен балқыма күн етегі көкжиекке малынып, екі бүйірінен істік шаншылғандай шашау шығып, құлақтана батып бара жатар еді. Одан бері таманнан қанатын кеңге жайып, екпеттеп жатып алған бір сызық шарбы бұлт көрінетін көлденең созылып. Аржағындағы алтын кірпіктене шашыраған кешкі арайға белшеден малынып, ал-қызыл түске боялған аспанның ақ ұлпа мамығы жанарымызды жадылап алғандай, назарымызды еш қайда жібермей, ұзақ ұстап тұратын өзінде... қашан соңғы шапағы сөніп, қалқаға сүңгіп, жоқ болғанға дейін. «Қандай ғажап көрініс!» дейтін дәл сол тұста ғана манадан үнсіз қалған Айжан даусы дірілдей тіл қатып. Мен мойын бұрып, оның кіршіксіз ақ жүзіне қарайтынмын. Бой босатар балқытпа сезімінің қай жерінен шығатынын кім білген, ол соның арасында бөлек бір күйге еніп, көзін алыстан алмай емірене елжіреп тұратын. Кірпігінің ұшына ілініп қалған мөлдір тамшы барын мен артынан байқайтынмын... Ауылда туып, қырда өскен адамның аңсайтын нәрсесі де қызық қой, ол кейде ұзақ-ұзақ ойлардың шырмауында отырып, әлден уақтан кейін кенет есіне келіп: «Шіркін! – дейтін санасында сәулеленген әлдене суретке толқи тебіреніп, – тас қараңғы түнде, айсыз аспанды қымтап алған жылтсыз қара түнекті Тәңірдің от қамшысы кенет осып өтсе! Іле тік төбеден шеңбектеп тұрған қалың бұлттың шеңбірек қарны аңдаусыз жарылып кеткендей, көк жүзіндегі іркінді су нөсерге айланып, ал келіп сіркіресе. Соның бәрін мен баяғы бала күнімдегідей түрулі керегенің астынан бағып, кірпік қақпай бақылап жатсам!.. О, онда қандай керемет болар еді?!.» дейтін алабұрта аптығып. Тақ бір сол ғажап көріністі дәл қазір көріп тұрғандай-ақ жүзіндегі сүйініш бояуы табан асты қалыңдай түсетін. Бәлкім, мінезіміз жақындау болғандықтан болар, біз алғаш танысқан сәттен-ақ жайымыз жарасып, тіл табысып кеттік. Содан қашан оқуымызды тауысып, ауылға қайтқанша жұбымыз жазылмады. Бір айта

кетерлігі, еш қайыссымыз тарапынан достыққа деген
саналы талпыныс болған жоқ. Барлығы өз ыңғайымен
өрбіп, тәбиғи өріс алды. Сондықтан да, арамыздан
ешқашан қыл өтіп, салқындық түсіп көрмеді. Әрине,

әкеліп қосақтай беруге болмайтын, өзімізге ғана тән жеке
әлеміміз де болды өз ішімізде. Бұл өте маңызды нәрсе
ғой. Кейде адамдар тоғыспайтын дүниені тоқайластырып
алып, соның соңынан бір-бірімен сиыспай, алыстап кетіп

жатады. Ал, бізде ол болған жоқ. Үнемі жұп жазбай
бірге жүрсек те, соның бәрінде бас түйістіріп алып,
ортақ істерді ғана қаузап, тар аяда шектеліп қалмай,
тыныс алған демдеріміз еркін естілер жақында отырсақ

та, көбінде өзімізбен өзіміз болып, өз кеңістігімізде
оңаша қалатынбыз. Қиялшыл кісінің қызығы ішінде.
Жалғыздықтан ешқашан жалықпайтынбыз. Бір есептен,
мұны жалғыздық деуге келе қоймас... қол созым ғана

жерде жаның қалайтын жақыныңның бар екенін сезіп,
әлденеге риза көңілмен жеке отырғанда, көңілге қаша
қояр қайдағы жалғызсырау...
Кейде бір ойлап, таң қаламын: Айжан өзінің әдемілігін

білмейді, не бағаламайды, бойындағы жанар арбағандай
жарқын сипатын көп көзіне жайып, көрсеткісі келе
бермейтін. Керісінше, жұрт назарынан қашып, қалқаға
бұғынатын. Ел арасынан алыс, аулақтау жүргенді

ұнататын. Ылғи да ауаша, тыныш болғанды қалайтын.
Қасында мен болсам, болды, артық тілегі болмайтын.
Қашанда ішкі әлемінің аясына қамалып, бұйығылау
күн кешетін. Сондақтан да, сыртқы дүниемен қарым-

қатынасы бір сыдырғы еді. Және бұл қалпынан арыла
қояр түрі де байқалмайтын. Дегенмен, мен қателескен
екем... оңбай жаңылыппын. Бұл адам болмысы дегеннің
қалтарыс-бұлтарысын қойсаңшы! Түбін көрсетпес тұң-

ғиық екенін біле тұра, дәл бұлай боларын, тіпті, ой-
ламаппын... Қайбір күні мен мүлде күтпеген жағдайға
тап болдым.

– Құдай ақы, Сәуле!.. Жаным, Сәулем... – деді бір күні

Айжан маған дауысы дірілдеп, ентіге тіл қатып. – Сен

байқайсың ба, осы... мен әлдебір сезімнің қармағына
ілінген сияқтымын? Құдай ақы, Сәуле!..
Екеуміз қаланың у-шуынан қашық, сонау шалғайдағы
тау қойнауында жүрген болатынбыз. Ол жүрек сырларын

ылғи да осындай оңаша сәттерде ақтаратын. Бүгін
де мына таптырмас орайды ғанибет біліп, жасырын
қоймасын ашыпты... Үні сәл аптыға шыққандай болған
соң, бұрылып қарап едім, ашық ажарында қып-қызыл

алау ойнап тұр екен... жанарында ұшқын. Жүзіндегі
лыпыған құбылмалы бояуды қыз балалардың іңкәрлік
отына алғаш шарпылғандағы қылықты қымсынысы,
әлде қуаныштың өртеп бара жатқан аптап жалыны

екенін ажырата алмай, бір сәт телміріп тұрып қалдым.
Тек сәлден кейін ғана ес жиып, ары қарай не айтар екен
деп артын бақтым. Шынына келгенде, бұл айта қалсын
жаңалық еді.

– Жоқ... мен ештеңе байқамадым, – дедім артынша

әлгіндегі сұрақ жайы есіме келіп.

– Өзім де білмеймін, Сәуле... Мен біреуді жақсы

көретін сияқтымын. Күндіз-түні жадымнан шықпайды...
ойлай берем. Саған айтпайын-­ақ деп едім, болмады.
Жүрегім жарылып кете жаздап тұр осы тұрысымда.
Қорыққанымды, не қуанғанымды білмеймін. Өзімнен

өзім дегбірім қашып, әлдененге асыға берем!..
Ол осыны айтып, қолымнан шап беріп ұстай алды.
Білезігіме жармасқан жұмсақ алақаны өрт шалғандай
екен. Бүрмендей сығып, уатып барады. Дүлей тегеу-

іріннің мына екпінінен әлдебір ессіз күштің көзсіз қуа-
тын қапысыз танығандаймын.
Іштей қайран қалдым. Расын айтсам, оның аузынан
мұндай сөз шығарын ешқашан күтпеген едім. Жө-

пелдемеде не дерімді білмей, тосылып қалдым. Досым-
ның әлдекімге өле ғашық болғаны анық еді. Оны
жамалындағы толқымалы, оңғақ құбылыстардан айқын
аңғаруға болатын. Дегенмен, аржағымнан қанша тілектес

болып, шын қуанып тұрсам да, не түрткенін қайдам, ары
қарай қуарлап, ештеңе сұрамадым. Құлғанаша қуып,

қазбаласам да, ол сол сәтте дәнеңе айтпас еді. Махаббат
қармағына жаңа ілінген ынтық бойжеткендер тұмса
сезімдерін қашанда жүрек түкпіріне жасырап, құпия
ұстайды емес пе... оны оқыған кітаптарымнан жақсы

білетін мен одан арыға бармадым. Дос тұтып, жылт еткен
бір ұшығын шығарғанымен, сенімім кәміл, маған болған
жайлардың бәрін қотарып, ақтармас еді. Сол себепті,
жанына жақын санап, жіп ұшын ұстатқанының өзіне

риза болып, естігендерімді ғана қанағат тұттым. Өзі
де одан артылып ештеңе айтпады. Қашанғы әдетінше
кірпіктерін қадап, қайтер екен дегендей мөлдірей қарап
аз тұрды да, іле қызарып кеткен екі бетін қос алақанымен

баса қалып, бұрылып кетті. Сол бойда жүгіре басып
жанымнан ұзай берді.
Бұл біздің соңғы курста оқып жүрген кезіміз болатын.
Күндер аялсыз өтіп жатты. Мен көпке дейін досымның

қандай бір бекзадаға ынтық болып, іштей өртеніп
жүргенін біле алмадым. Білгім келсе де, қалай білудің
амалын таппадым. Өзінен сұрауды ыңғайсыз көрдім. Әрі,
тартыншақ қыз жарытып ештеңе ашпас деп ойладым.

Дегенмен, мойындауым керек, басты себеп бұл емес еді.
Айтып жеткізгісіз бір түсініксіз түйткілдің құрсауына
ілініп,
жағдайсыз

бөгеле
бергенімді
жан-жүрегім
ептеп сезетін. Бәлкім, әзірге бейтаныс әлгібір бақытты

жігіттің досымның теңі болмай шығуынан алаңдаған
шығармын, әлде жан серігімді ешкімге теңгермейтін ішкі
қимастығымның қызыл өрті өршіп, аяғыма тұсау болды
ма екен... білмеймін, әйтеуір, табаныма тас батқандай бір

кібіртік хал кешкенім әлі есімде.
Арада тағы біраз уақыт өтті. Күндер жылжи келе мен
оның бөтен кісі болып, өзгеріп бара жатқанын байқадым.
Кейінгі кезде үнемі қиял кешіп, ой соғып жүретін

болған ол енді бұрынғысынан да тұйықталып, сыртына
сыбыс шығармас болған еді. Жүрекке түскен ғашықтық
күйігінен азап шегіп, іштей күйзеліп жүргені анық-тын.
Әуелде аз сөйлейтін қыз, сөйтіп, бірте-бірте демі ішіне

түсіп, тұншығып бара жатты. Былайғы дүниенің қызығы

селт еткізуден қалды. Ортамыздан аулақ, керек десеңіз,
жақынбыз деп жүрген менің өзіме көп жоламайтын жаңа
әдет тапты. Солайша, үміт пен күдік итжығыс түскен
азапты да рақатты алғашқы махаббат сарсаңына еніп,

тереңіне бата берді.
Не себеп болатынын кім білген, кей-кейде ғана жан
толқынысының әлсіз ұшқындары жанарынан жылтырай
қылаулап, күн шыққандай жадырай қалатын. Бірақ,

онысы ұзаққа бармайтын. Бір сәттен кейін білтесі тау-
сылған шамдай, көз аясы кіреукеленіп, қарашығының
терең түкпіріндегі ауыр мұң қайта зілденіп, еңсесін
баса түсетін. Кірпігін қағып-қағып қалса болды, иінін

көтертпей тұрған сол қайғы тамшыға айналап, саулай
жөнелердей көрінетін. Маған ең ауыр тиетіні де сол
еді. Ол тумысынан қам көңіл, жан әлемі желбезектей
үлбіреген тым нәзік қыз ғой, әлдеқалай ішкі арпалысқа

түссе, өзін тежеудің амалын таппай, бар болмысымен
ширатылып, ширығып кететін. Соны білгендіктен,
мен ылғи да Жаратқаннан, не себептен болсын оның
жылағанын, қиналыстан сорғалайтын сорасын көрсет-

пеуін сұрайтынмын. Сол әдетімнен жазбай, осы жолы
да жаман алаңдап, соқпа сезім көлденең тартқан мына
қиын өткелден аман өтуін тіледім. Басқа... қолымнан не
келмек?!.

Оның жағдайы айтарлықтай ауыр еді. Күн санап
құй тартып, батып бара жатты. Түп етектен алған зіл
қайғы санасына салмағын салып, бір күн болмаса,
бір күн жүрісінен жаңылдырары әбден мүмкін еді.

Шарасын көлеңке торлап, түбіндегіні танытпас болған
қарашығынан қуаныш ұшқынын қайта көре алмай мен
де біраз торығыңқы күйде жүрдім. Тіпті, оны басқа бір
дүниеге – ауытқығандар әлеміне ауып кете ме деп қатты

қорықтым. Алда­-жалда, солай болса, үлкен бақытсыздық
сонда басталар еді! Адам өмірінде іштей жоғалудан, тірі
күйінде жалған дүниенің алдамшы жарығынан жазып
қалудан асқан құрбандық бар ма, сірә?!. Мен соған

алаңдайтын едім. Оның дерт жайлаған жанына ем іздеп

шарқ ұрған, күннен күнге жүдеп, семіп бара жатқан
мүшкіл халін көргенде, жүрегім қан жылайтын. Бірақ,
құтқарып аларға қайраным тағы жоқ еді. Тек сырттай,
тереңінде жатқан арзу-арманын дос ретінде маған

ақтарып, сартап болған сары уайымынан бір сәт болса да
серпіліп, сергуін үміт етіп, алыста қала бердім.
Кейде өзімше бірдеңе істеп, қолқабыс еткім келетін.
Бірақ, әңгімені қайдан бастарымды білмей дал бола-

тынмын. Бас-аяғы білгісіз бүркеулі шаруаның күн өткен
соң бұлай түйіні шиеленіп, күрделіленіп кететінін кім
ойлаған, төбеден түскендей барып топ етудің ешбір жөні
болай, қарадай тарықтым сол күндерде. Қарамаққа

талайдан жұп жазбай жүрген сырластар емес, арамыз
әлдеқашан ашылып кеткен, ала ауыз жандар едік. Сыр
бөліспеген достықтың достық болып жарытпайтынын
мен сонда білдім. Сол кезде аңғарып, сонда түйдім

көкейіме. Бірақ, одан не пайда, не қайыр? Ең сорақысы,
мен оны немен алдаусыратып, қалай жұбатуды білмедім.
Батып бара жатқан түпсіз қайраңынан қайтіп суырып
алуды ұқпадым... Ең болмаса, сөз бастауға керекті,

қандай жігітке ынтық болып, кімге қол созғанын білсем
ғой, шіркін!.. Одан да хабарсыз едім!
Сол күндері ол маған лапылдаған қызыл өрттің ішінде
жүргендей көрінді. Жападан жалғыз. Кейде қазір де

көз алдыма сол аспандаған алау арасынан елес береді.
Әуелі, айналасын обырлана жалмап, жұтып бара жатқан
жалмауыз от келеді жалаңдап, содан соң, ұшқынды
жалын ортасынан жазмыштың жазуына қарсылықсыз

көніп, сілейіп тұрған досымның сұлбасы барандайды.
Өзін құтқаруды ұмытқан, тұяқ серіппеген, меңірейе
мелшиген күйінде. Иә, оны ауыр азаптан арашалау тек
Жаратқанның ғана қолынан келер шаруа еді. Аңғармай

жүріп шоқ басқан аңқау қызды алғашқы махаббат
сарсаңы солай салабаға салып, қиын шекке жеткізген-ді.
Жағдай шынымен қиын еді. Қиындықтың бір себебі,
тегі, біздің екі дүниеге айналып, бөлініп кеткенімізде

жатқан шығар, арамыз расымен де ашылып, алшақтай

түскен-тін. Анда-санда жанына барып, сөзге тартып,
қызық-қызық әңгімелер айтып, назарын бөлгім келеді-
ақ, бірақ, неге екенін, жолымды әлдене кескестегендей,
тосылып қала беретінмін. Бәлкім, мінезге қанық,

сыралғылық та осындайда адамға тұсау болатын шығар,
ішкі бір бөгетті аттап өте алмай, кідірістеп жүрдім. Не
ол өзі келіп, тіс жарып, тіл қатпады. Кейде отырып,
«қандай құпиялық болғанда да маған айтуы керек

қой... Біз деген доспыз. Ақыл қосуымыз керек. Жаман
болсын дейтін мен жоқ, білгенімді айтып, қолымнан
келгенін жасар едім. Талас жоқ, махаббатта басқадан
қайыр болмайды, дегенмен, сыр бөлісіп, пікір алмассақ,

желкеден басқан жүк сәлде болса жеңілдер еді ғой» деп,
өзімше ренжитінмін. Ал, оның қуаң тартқан жүдеңкі
жүзін көргенде, жүрегімді бір аяушылық билеп, жаңағы
өкпемнің қалай тарап кеткенін білмей қалатынмын.

Сонда барып өзімнің оған бұртия қарауымның орынсыз
екенін, ондай реніштің қолымнан келмейтінін сезіп,
жайыма кететінмін. Содан, тасыған өзен бір күн болмаса,
бір күн арнасын табар деген үмітпен әуелгідей тіс жарып,

тіл қатпаған күйімде қала бердім. Бірақ, кейін байқалған
бір жай оған жіті назар аударуға, көзден таса қылмауға
мәжбүр етті. Тіпті, қарап тұрып алаңдата бастады.
Кейін келе ол сабақтан түсе сала кітаптарын құшақтап

көзден таса болатын жаңа әдет тапты. Содан түннің бір
уағында қайтып оралатын. Қайда баратынын кім білген,
әйтеуір, тым кеш келіп, есіктен мысықтабандап енген
бойда шырақты жақпастан төсегіне шығып, ың-жыңсыз

жатып қалатын. Кейде, тіпті, киімін шешпеген күйінде
аунай салатын. Бұл іс менің көңіліме бөтен бір күдік
кіргізді. Ары қарай жалғаса берсе, түбі жақсылыққа
апармасы анық еді... Басқаны былай қойғанда, ол кешіккен

күні менде ұйқы болмайтын. Іздеу ойымда болғанмен,
қайда барып қарарымды білмей, жолым қиылатын.
Соңында оның амандығын бір Аллаға тапсырып, өз
аяғымен келуін күтіп, жайымда қала беретінмін. Бірақ,

көзім ілінбейтін. Қашан табалдырықтан аттап, орнын

тауып жатып, тындым болғаннан кейін ғана кірпіктерім айқасатын. Талай рет оған мұндай бейбастықтан тиылуын ескертіп, көнбесе, зекіп болса да бетін қайтаруға бел байлағаным бар, алайда, жеме-жемге келгенде, бәрі де орын болмай, далада қалып жүрді. Оны айтасыз, ол бізді оятып алмайын деп есікті еппен ашып, еніп келе жатқанда, одан төсегіне көтеріліп, көрпе-жастығын жөндестіріп, қисайып жатқанда өзімнің ояу екенімді білдіруге дәт ете алмайтынмын. Неге екенін, әйтеуір, ол туралы ойлаған ойларымның бәрі іске аспай қалып жүрді. Дегенмен, көп өтпей оны өзіне білдірмей мықтап бақылауға алуға бел будым. Достығымызға қиянат екенін біле тұра, сыртынан аңдып, түн жарымына дейін қайда болатынын, қандай іспен шұғылданатынын анықтауға бекідім. Көктемнің жасыл желекті жайсаң күндерінің бірі болатын. Кешке қарай сыныптағы түнгі пысықтауда өте көңілсіз отырған Айжан межелі мезетті әрең толтырып, қоңырауды соқтырды. Әлдеқалай бір қарағанымда, алдындағы қағаз-қаламын жиып, есіктен шығып бара жатқанын көріп қалып, өкшелеп ере жөнелдім. Сабақхана орналасқан алып ғимараттың алдынан ұзаған соң ол қақпаға қарай беттеді. Алғашында «Мүмкін, сыртта бір жерге барып, әлдекіммен кездесетін шығар» деп ойлап едім, олай болмады. Дарбазаға таяй бере бағытын кілт оңға бұрып, ілінбей қалың ағаштың ішіне енді де, жын жұтқандай ғайып болды. Жүгіріп барып, баспалай бақыласам, көзіме ештеңе шалынбады. Аспан бұлтсыз болғанымен, айнала бұлыңғыр еді. Ай әлі тумаған шақ. Оған жайқалған жапырақтар астындағы қою көлеңкені қосыңыз. Онсызда буалдыр перде ішінде мүлгіп тұрған бақ арасының неше қабат қалың мұнарға тұншығып қалғаны анық. Тұмсықтан ары танылмас түнекке айналған қорқынышты маң одан сайын сүркейлене түсті. Айнала апан аузына ұқсап қарауыта үңірейеді. Сұрқынан суық сұс өргендей... Әншейінде тықыр еткен дыбыстан орқояндай орғып, қолтығыма

келіп тығылатын Айжанның мына зымыстан араның
сұмдық қорқынышын елең қылмай, аяғын жітірмелете
басып, ұзап бара жатқанына бір тұрып таң қалдым. Енді
бір жағынан, қайтер екен, сонша ақыл-естен айрылғанда,

не істер екен дегендей бір таңсық сезім бүйірімнен
түртіп, қызығушылығым еселене түсті. Ондай кезде
аңырып қарап тұрмақ бар ма, лып етіп ілгері аттап,
аңдып басқан өкше тықырына мөлшермен ілесіп, алға

қарай тартып отырдым. Азкем жүрген соң, үй орнындай
ашық алаңқыға кез болдым. Басқа жолмен келгендіктен
басында аңғармай қалыппын. Артынан бажайласам,
бұл жаз күндері өзіміз жиі соғып, жағалай қойылған

арқалы орындықта көлеңкелеп отырып сабақ қарайтын
саялы алаңқай екен. Сәл артаманнан оқу орнының
жаңа салынған зертханасының ақ ғимараты көрінді
еңсе көтеріп. Артқы қабырғасын бері беріп әлгінде

ғана мызғап кеткендей тына қалыпты. Айжан екеуміз
талай рет келіп, қызық-қызық әңгімемен неше таңды
атырған ыстық жер. Бірақ, бұл жолы оның мұнда неге
қадам тастап, не іздейтінін түсіне алмай, дал болдым.

Алдыда келе жатқан ол алаңқыға өтті де, арғы жақтағы
зәулім үйдің үлкен терезелері анық көрінетін көлденең
орындыққа барып бөксе басты. Сол сәт «ол әлдекіммен
осы арада кездесуге уәделескен болар» деген ой келді

басыма. Ізінше жіті қимылмен тақала түстім де, таяу
маңнан оның әлдебір көрікті жігітпен құшақ айқастыра
қауышуын күттім. Тереңімдегі таса пиғылдың әсері
болар, кенет жүрегімнің өзінен-өзі атқалақтап соғып

кеткенін сездім. Әлден уақыттан кейін әрең басылғандай
болды кеудемдегі бұлқыныс.
Мезгіл зырлап өтіп жатты. Бұл аралықта оны іздеп
келген ешкім болмады. Қарсы алдындағы ақ шаңқан

үйден көз алмаған ол биіктегі жалтыр әйнектерге еміне
телмірген қалпы қыимылсыз отыра берді. Жан-жағына
елеңдеу, жалтақтау атымен болған жоқ. Әлдеқашан
ұйықтап қалғандай, қадаған жағынан қарашығын

алмаған күйі қыбырсыз қалды. Қорқу-үркудің санасынан

мүлдем шығып кеткені көрер көзге ап-анық ұрылып
тұрды.
Бір ауықтан кейін әлдеқайдан ағаш бастарын баяу
тербеп, жапырақтарды жеңіл желпіп жел есе бастады.

Көп өтпей тітіркеніп, өзімнің тоңа бастағанымды сездім.
Күн жылы болғанымен, көкектің соңы – түн салқын
еді. Әлгінде жатақханаға барып, қалыңдау бірдеңе киіп
алмағаныма өкіндім. Дегенмен, бүгін қалайда ақырына

дейін шыдауым керек еді. Соны қаперге алып, тісімді
тісіме басып, соңына шейін төзуге бекідім. Қол созым
жерде отырған Айжанға жаным ашыды. Өйткені, ол да
жалаң болатын, менен арман болып жаурағаны айдан

анық-ты. Бой тітіркеніп, бүрісе түскен бір әредікте, «оны
ертіп кетейін» деген бір ниетке келдім де, артынша өйт-
сем бүгінгі ішкі мақсатымның орындалмай қалатынын,
талайдан бері мазалап жүрген күрмеуі қиын түйткілдің

шешілмей қалатынын ескеріп, табанда айныдым.
Ал, ол болса, былайғы дүниені біржола естен шығар-
ғандай, қараған жағынан жүзін алмаған қалпы отыра
берді. Бет шарпыған шіңілтір сызға, тіпті, елең етер емес...

Содан көп өткен жоқ, ол тосын қозғалып, күтпеген қимыл
жасады. Біреу жамбасына біз сұғып алғандай, орнынан
атып тұрды да, алдына қарай бірнеше қадам аттап барып,
кілт тоқтады. Қарсы тарапқа жалт қарағанда көрдім:

зәулім ғимараттың төртінші қабатындағы көгілдір
перделі терезенің шамы «жарқ» еткен екен. Аржағында
жүрген әлдекімнің кеуде көлеңкесі шырақ жарығында
ары-бері өтіп қалбаңдады. Әлден уақыттан кейін

көлбеңдеген көмескі сұлба бері қарай жақындап келді де,
пердені сырып, артынша терезенің бір қанатын ашып,
білегін созып, еңкейе бере қолындағы әлденені сыртқы
жақтауға қойды. Сәп сала қарағында анық таныдым: ол

бір құмыра жаңа бүр жарған қызыл раушан гүлі еді. Дәл
басып ажырата алмағаныммен, мен бұл істің астарында
үлкен жұмбақ жатқанын айқын аңғардым. Шынымен де,
бұл онша қарапайым іс емес еді. Енді ғана шешек атқан

көркем өсімдіктің нарт түсті ашық қауашағы маған қиыс

төбеден түскен ақ сәуленің жарығында нұрға бөленіп,
одан сайын көз тартып, лапылдап жанып тұрғандай
көрінді. Менің ойымша, ол, сөз жоқ, әлемдегі барша
сұлулықты құшағына алған кіршіксіз махаббаттың

жалғыз-­қара нышаны. Сондай бір үзіле үздіккен іңкар
сезімді толық қалпында жеткізе алар айшықты белгі-
тін. Адам баласының барлығы бірдей гүлді сүйеді. Оның
нақты себебін мен анық айтып бере алмаймын... бәлкім,

әдемілігінен шығар... сұлулығынан болар... бірақ,
бұл жолы көрген гүлімнің ынтыққан ыстық көңілді
қарсылықсыз қабыл алған ізгі тілек рәсімі, соның анық
әйгісі еді. Неге олай болғанын кім білген, мен кенет

өз-өзімнен тебіреніп кеттім. Сол аралықта бағанағы
тітіркеніп, қарадай қалтырағанымды ұмытып кетіппін...
Әлден уақыттан кейін өз-өзіме келгенде, қалың ағаш
арасынан шығып, жатақханаға қарай сүйреле басып,

жалғыз келе жатқанымды білдім. Шамасы, әлгінде өз
көзіммен куә болған досымның шын бақытына қуана
сүйінгенде қобалжып, орнымнан тұрып кетсем керек...
Сол түні мен таң атқанша кірпік ілмедім. Менен

көп кейін келген Айжанның да аунақшып ұйықтай
алмағанын сезіп жаттым. Түннің бір мезгілінде ол
қыстығып жылады. Ерен қуанышын жүрегіне сиғыза
алмай, егіле өксіген болар... Артынан көрпесімен басын

бүркеп, дымын шығармай тұншықтырып алды.
Ертесі мен, неге екенін өзім де білмей, бақ арасындағы
әлгі алаңқыға және бардым. Түндегі тәлейлі орындықты
тауып, Айжанның орнына жайғастым. Аяқтың асты ұсақ

қағаз қиқымдарына толып кетіпті. «Жыртылған хат!»
деген ой келді маған.
Күндер тағы да аялсыз өтіп жатты. Бір ғажабы, Айжан
содан бірнеше күннен кейін бұрынғыдай түн жармына

дейін жоғалатын әдетін кілт доғарып, есесіне, күндіз аула
сыртына шығып кетіп, содан кеш бата бірақ қайтатын
басқа бір дағды бастады. Қайда баратынын кім білген,
әйтеуір, бұрынғы түнеріңкі қалпынан бір жазбаған

күйінде күндерін жалғастыра берді. Қалай екенін,

өткенде көзайым болған істерден кейін жағдайы оңалып,
барлығы орнына келер деген үмітім ақталмады. Іс аяғы
сұйылып, құрдымға кетіп бара жатты. Желкесінен
басып тұратын баяғы зіл салмақ әлі жеңілдемеген болар,

сол сынық, мұңлы кейпінен бір айнымады. Серпіліп,
сергімеді. Мен де таңданыстан ары аса алмай, ала көңіл
халде артын бақтым. Қолымнан өңге келері де жоқ еді.
«Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» деген, тегі,

рас сөз. Біреудің жанын жеген азабын екенші біреу
қайдан білсін... Қанша жақын доспыз дегенмен, мен де
ештеңені анық пайымдай алмадым. Сыртынан бағып
қана уақыт оздырдым. Кейін білдім, осы аралықта

сабақтастар арасына Айжан туралы әр қилы әңгімелер
тарапты. Егіз қозыдай етене екенімізді білгендіктен,
маған батып тіс жармаған сияқты... барлығы күн өткен
соң құлағыма жетті. Сыпсың сөзде тоқтау болған ба?

Ай артынан ашыққа шығып, мәлім болды. Әуелі «оның
жүйкесі тозған, ауытқыған» деген сыбыс мүңкіпті.
Күнде бет көрісіп жүргендер арасында солай деуге де
дәті баратындардың табылғаны ғой... бұған енді не

дерсің?.. Тағы бір ел ақтаған лақпа сөз – таяуда оның
қалалық емхана қақпасының алдынан қара көрсеткені
болыпты. «Неге оқу орнының емханасына көрінбей,
алысқа барады?» деген күдік мазалаған сыңайлы әлгі

секемшілдерді. Онда тұрған не бар екенін, сонымен
байланыстырып, алдыңғы қаңқу сөздердің растығын
дәлелдеп, көз жеткізіп үлгерушілер де төбе көрсеткен
маңайдан. Бұндай кезбе қауесетті нақты біреудің

аузынан естімеген соң, ешкімге тиісе алмайды екенсің...
іштен тынып, шарасыз көндім бәріне. Дегенмен, кейін
Айжанның емхана жақты жиі жағалап, жол тоздырып
жүргенін өзім де байқап қалдым да, қарадай іш жидым.

Жұрт аузындағы жорытпа әңгіменің бекер болмағаны
ғой, сонда. Алайда, менде жеңіл сөзге желп ететін желікпе
әдет жоқ еді. Досымның ол маңға неге із суытпай соға
беретінінің мән-жайын анық білмегендіктен, не дерімді

білмей, демімді ішімде тұншықтырдым. Сұрауға, тіпті,
дәтім бармады. Не деп сұрайсың өзі қам көңіл адамнан.

Арада бір жетідей өткен бір күні студенттер арасында «Ардай мұғалім қайтыс болыпты!» деген ­суық хабар тарады жүрек қарып. Сонда барып Ардай мұғалімнің зертхана ғимаратының төртінші қабатында тұратыны есіме келіп, селк еттім. Былтыр ғана шетелден оқу таусып келіп, біздің зертханалық сынақ-тәжірибемізге жетекшілік ететін оқытушы болып орналасқан жап-жас жігіт еді. Айжанның көкейін тескен арманы сол болғаны ғой сонда! Әттең, бақытсыз досым, айрылдың енді... мәңгілікке! Қайсы бір тереңімнен лықси көтерілген күшті өксік өрлеп келіп көмекейіме тас болып кептелді де, сол арада түйіліп тұрып қалды. Алғашқы сәтте не істерімді білмей, бір ауық әрі-сәрі болып бөгеліп қалдым да, артынша тез ес жиып, көз жасымды көл қылған қалпымда артыма бұрылып, жүгіре жөнелдім. Жан ұшырып Айжанды іздедім. Апаш-қапашта ақылымның адасқаны сол шығар, қайда барсам аңырап алдымнан шығарын қаперіме алмаппын. Төңеректі түгел тінтіп, ешқайдан кездестіре алмаған соң, ақыры қас қарая бақ арасындағы әлгі алаңқыға барсам... сонда екен. Ілбіп басып таяй бере тоқтағанымда, қорқыныштан не аяушылықтан екені белгісіз, дір-дір етіп тіземнен жан қашып, қалқиған құр сүлдерім ғана қалды. Бұрылған сәтінде күңірене жетіп, бас салдым досымды. Онсызда сора-сора болып солқылдап отырған ол мені құшағына алғанда арқа сүйер арысын жаңа тапқандай, әуелгіден бетер болып тиегі ағытылып, ал келіп ақтарылды дейсің! Егіле еңіреп, солығын баса алмай ұзақ жылады. Бұл қайғы Айжанға тым ауыр соқты. Ардай мұғаліммен арадағы қатынасының қай деңгейге жеткенін кім білген, әйтеуір, оған әбден бауыр басып алғаны анық еді. Біраз күнге дейін нәр татпай, қара тұтты. Аузына ас апарып, тамақ ішпеген соң айтқаным ғой, болмаса, ондай... тілін тістеп жатып алудың қара тұту не басқа екенінен мен қайдан білейін... ондай ескі ырымды Айжан да естімеген болар... Алайда, соған жетеқабыл қасірет

шекті. Тумысынан тұйық, бұйығы жанның қайғысы
да ауыр болады екен, талай күн есеңгіреп, бас көтере
алмады...
Ойда жоқта бақытсыздыққа тап болып, азап арқалап

қалған адамдағы қайдағы дайындық?.. Айжан ең соңғы,
оқу таусу сынағына қатынаса алмады. Кім болса да,
әлгібір ашық ауыз әулие екен, көп өтпей Айжанның
жүйкесі сыр беріп, айтқан сөздерінен ептеп қалыпсыздық

байқалды. Мұны, әрине, өзі де, былайғылар да білген
жоқ, дәрігер айтты. Қанша дегенмен маман емес пе, жер
түбіндегіні сезіпті...
Жар дегенде жалғыз досыңның, онда да анау-­мынау

емес, бет біткеннің сұлуы, тоқсан қыздық бағасы бар
көрікті жанның аяқасты жартыкеш адамға айналып
қалуы қандай ауыр десеңізші! Мен талайға дейін қа-
былдай алмадым. Көпке шейін сенбей жүрдім. Тек көп

өтпей кейбір шетін қылықтарын өз көзіммен көрген соң,
шарасыз нандым. Қайран ай сипатты Айжан, қайтейін
сені?! Сені ойласам, жүрегім әлі күнге қан жылайды...
ішім удай ашиды. Келер ме екен дүниеге тағы өзіңдей бір

асыл жан!
Тағдырдың салғанына не шара?! Басқа амал болмаған
соң, ұзатпай үйіне хабар салдық. Біржола үміт үзуге
болмас еді, «емделсін, қаралсын... сақайғандай болса,

келесі жылы келіп, емтихан тапсырсын» деді оқу орны.
Соны көңілге медет тұтып, жылап-сықтап аттандырып
қойдық ауылына. Бір өкінерлігі, сол жолғы қимастықпен
айқасқан құшағымыз соңғы қауышуымыз екен... Кейін

хабар алысып, қатынаса алмадық. Қалам алып, хат
жазып едім, жауап болмады. Келесі жылғы емтиханға
келген-келмегенін де білмеймін. Жолға шықты деген
нақты ақпар болмаған соң, ауыл алыс, жер шалғай...

бару да қиын еді. Сол күйі үнсіз кеттік. Дегенмен,
жүрегім бірдеңені сезеді... аржағымда бір үрей бар...
арада қаншама жыл өткен бүгінгі күнде де... бойымды
бір қорқыныш билейді.

Бірақ, соған қарамай, имандай шыным, мен оны

ешқашан ұмытқан емеспін. Ұмытпаймын да. Керісінше,
оны үнемі еске алып тұрамын. Өйткені, ол менің жар
дегенде жалғыз досым ғана емес, жалындаған жастығым
ғой... жанып тұрған жас күнім! Сондықтан да, өлердей

сағынып, үзіле аңсаймын. Қауышқым келеді! Досыммен
ғана емес, арман боп алыс қалған жастығыммен де...
бәрімен.
Өткен күндер туралы ойласам-ақ болды, тұтас тұлғасы

нұрдан жаралғандай мүләйім қыздың әсем бейнесі
көз алдыма сүзіліп келе қалады. Уылжыған сүйкімді
қалпында жақындап келіп, жымиғандай болады. Бірақ,
онысы маған бір түрлі өтіріктей сезіліп, сол сәт жүрегім

ине шаншылғандай шанышқақтап кетеді. Артынша өзі-
ме қадалған жәудіреген қос жанардан еңсесін басып
тұрған зілдей ауыр мұң көрем. Содан есіме қай-қайда-
ғылар түсіп, үнсіз отырып, ұзақ-ұзақ қиялдарға шомам.

Аздан соң өз-өзіме келгенде, қарадай егіліп жылап
отырғанымды аңдаймын.
О, қайран, Айжан... қайтейін сені?!..
1988 жыл

Құлжа

Жарық дүние
Мөлдір аспанда қарлығаштар қалықтап ойнаған жаз
күндерінің бірі. Айнала тып-тыныш. Шіліңгір ыстықтан
бас сауғалаған барша тіршілік қашып барып, ағаш

көлеңкесіне тығылып, тыным тапқандай бір күйде.
Емхана ғимаратының үшінші қабатындағы самалдықта
төмендегі гүлтекше жиегінде емін-еркін ойнап отырған
қос бүлдіршінге бағанадан мұңая қарап тұрған сырқат

қыз ту сыртынан шыққан әлдекімнің аяқ дыбысынан
секем алып, әлдене алаңмен артына бұрылды.
Күткен күдігі дәл келді ме, қараған сәтте өзіне таяп
қалған мейірбикені көріп, ұрлығы әшкереленген баладай

өз-өзінен қысылып, аяқ асты қипақтап қалды. Иінінен су
кетіп, төменшіктей берді.

– Мұнда шығып алыпсың ғой? – деді алдына келіп

тоқтаған науқас күтуші сәл қатқыл үнмен кіналай сөй-
леп. – Сыртқа шықпа деп қанша рет айтамыз осы?

– Даланы көргім келіп... – деп міңгірледі келіншекке

қарап көзін бір төңкеріп алған дімкәс қыз жанарын
қайта жерге салып. Үнінде кінәсін мойындаған бір сынық
сыңай бар.

– Далада не бар екен сонша? – деді келіншек алғашқы

екпінімен ауыр зіл тастап. Апшып ашуланбағанымен,
даусындағы қатқыл сыз әзірге жұмсаратын емес.

– Білмеймін... – деді сәл іркіліп қалған қыз, бір жұты-

нып алып. – Әйтеуір көргім келіп тұрады...
Дене әлсіздігінен, әлде айтқан сөзінің ауырлығынан,
жай тұрса да, қарадай өкпесі қысып, ентіге берді.

– Қызық... – Мырс еткен келіншек жанында тұрған

қызға көзінің құйрығымен қарады. – Далада не бар
екенін білмейсің, тағы келіп сыртқа қарай қаша бересің?
Әлде...
Бүл жолғы сөзін кекесін араластырып айтқанымен,

зілсіз шықты. Алғаш келгендегідей емес, арынының қайта
бастағаны байқалды. Соны сезсе керек, ауру қыз ішкі бір
тілегін айтып, тағы міңгірледі.

– Тағы біраз тұра тұрайыншы, апай? – деді келіншекке

сұрана көз қадап, — ...тағы біраз... апатай...
Келіншек үндеген жоқ. Жүзін суыққа салмағанымен,
іле жауап бермей аз-кем бөгелді. Тек сәлден кейін ғана
орнынан қозғалып, қызға жанаса бере, манадан бері ол

ұзақ қадалған төмендегі гүл текшенің шетіне, одан ойнап
отырған сүйкімді балақайларға назар аударды. Үңіліп сәл
тұрған соң:

– Бағанадан көз алмай қарағаның ана балалар ма? –

деді, жұмсақ алақанымен нәзік бойжеткеннің сүлдерсіз
иығынан жеңіл сипап.

– Иә, – деді қыз сәл іркіліп барып, басын қымсына изеп.

– Сонша тесілдің ғой, тегі. Бағана келіп, артында

түрдым…
Келіншекке жалт қараған сырқат қыздың сүлік
сорғандай қан-сөлсіз қуқыл жүзіне сол сәт тосын бір
өшкін қызыл толқын ойнап шыға келді де, ізінше қайта

өшіп, зым-зия жоғала берді.
Соны байқап қалған мейірбике алдында тұрған қыз
жүзіне әлдене танданыспен үңіле қарады.

– Не болды, Сәуле? – деді сосын сол ішкі таңырқауын

жасыра алмаған қалпында аңтарылып.
Бірақ, бұйығы қыз бұғып қалды. Аузымды ашсам,
сырымды шашып алармын дегендей, арық адамдарға
тән ағы көп ала көзін бір төңкеріп, төмен құлатып алды

да, сол күйі үнсіз тұрды. Бұл сұраққа енді қайтіп жауап
бермейтіні сырт әлпетінен анық андалды.
Соны көріп шарасыз қалған ақ халатты келіншек
те бір ауыққа дейін тосылып, үнсіз қалды. Енді қайта

тілге келмес деп ойласа керек, өзінен басқа жан білмес
шыңырау ойға батып кеткен алакөз қыз әлден уақыттан
кейін, әлдененің аяғынан өзін тауып, әлгінде болған
жайды мүлде ұмытып кеткендей, бетіне қайта қарап үн

қатқанда, әжептәуір қуанып қалды. Бірақ қойған сүрағы
кісі ойлағандай оңай болмай шықты.

– Апай, осы мен рас жазылам ба? – деп жәудіреп тұр

әлжуаз қыз.

Қапелімде не дерін білмей, іркіліп қалған мейірбике
күдікті
сүрақпен
қоса

жансебіл
жалыныш
толған
жасқаншақ жанардан көзін тайдыра берді .

– О, не дегенің, көке... сен ертең-ақ жазылып кетесің...

алаңсыз бол, – деді соңынан сөз ыңғайын жайбарақатқа
салып.
Бірақ, өз сұрағының жауабын өзі білетін секілді:

– Әй, кім біледі? – деп күрсінді міскін қыз сәлден

кейін. Өз жөнене қарап, көзін қайта әкеліп төмендегі
гүлдік жиегіне салды.

– Неге олай дейсің, Сәуле? Сырқат адам дәрігердің

айтқанына сену керек. Қалаймақан ойлауға болмайды...

– деп жақындап келіп бауырына басқан апайының

есіркеуіне елең еткен жоқ. Біразға үнсіз қалып, қыбырсыз
тұрды.
Тосын жақындық танытқан бөгде құшақтың қызуы
өнебойына әлден уақыттан кейік өтті ме, кім білсін,

дімкәс қыздың оңған шүперектей қуарған жүзіне о бір
кезде барып тағы бір жылылық жүгіріп, басын көтеріп,
жанындағы мейірбан жамалға қайта қарады.

– Апай, сіздің балаңыз бар ма? – деді күлімдеп.

– Бар, – деді келіншек оның жүзіне мұқият көз салып

тұрып. – Бір ұлым бар. Биыл үшке шығады. Қайтеді?..

– Онда сіз бақытты екенсіз, апай, – деді бетін әлдеқашан

бұрып әкеткен қыз төмендегі гүл текшесінің жиегінде
ойнап жүрген бүлдіршіндерге үңілген қалпы.

– Қалай?.. – деді түкке түсінбей қалған келіншек

өзінің ішкі сұрағын бөгеп қала алмай тағатсыздана. –
Мен қалай бақыттымын?
Келіншек асыққанымен, әлжуаз қыз асыққан жоқ.
Әлгіндегі салмақты бейнесінен бір жазбаған күйі, аспай-

саспай сөз бастады. Сөйлеп тұрған сәтінде оның аздың
алдындағы жасқаншақ қалпынан тез айнып, кенет басқа
бір сабырлы жанға өзгеріп бара жатқанын тындап тұрған
кісісі ап-анық байқады.

– Жәй... әншейін айтқаным ғой, апай, – деді ол сәл

үнсіздіктен кейін жүзіне жылы күлкі жүгіріп. – Баяғыда

әжем марқұм айтып отырушы еді: “Төмен етек боп
жаралған жандардың бала сүюден артық бақыты жоқ”
деп. Балаңыз бар, сіз бақытты екенсіз...
Соны айтқан науқас қыз назарын жедел төменнен

алып, өзін кұшағына алып тұрған жас әйелдің жүзіне
қадады. Соңынан бүйіріне еркелей тығылып, кеудесіне
басын сүйеді. Көз шарасында мөлдірей тұнған түпсіз
терең теңіз бар еді оның.

* * *
Арада аз өткенде, бағанағы қыз тұрған жерде, төмен-
дегі гүлтекше шетінде бар дүниені ұмытып емін-еркін
ойнап жүрген сүйкімді қос бүлдіршінге телміре қарап

мейірбике келіншек жалғыз тұрды.
Жанарында іркілген жас бар еді оның. Кірпіктеріне
ілініп, саулап кетуге шақ қалып, дірілдеп тұрды мөлдір
тамшылар.

1989 жыл
Құлжа

ХИКАЯТТАР

ЖАҢҒЫРЫҚ

Бәрі тұтқиылдан басталды. Өмірі болар деп ойламаған
бір тосын жай күтпеген жерден киіп әкетіп, шырқын
бұзды да жүре берді. Жоқ, мәселе шаруа жайында емес.
Екі күн бұрын мойнына алып барған міндетін дер уағында

және тастай қылып бітірген. Пәле басқа тұстан шаң берді.
Тағы келіп, жеті қараңғы түн ортасында.
Күн батып кеткен соң, қайда асығам деп, қона салған-
ды. Сонысы бекер-ақ болған екен. Жатысы жаман болды

ма, түнде жайсыз түс көрді. Содан тынышы қашып,
аяқ асты ту-талақайы шығып, бүлінді де қалды... Ту
алыстан, жер түбінен біреу іздеп келіп тұр екен дейді
табалдырығының түбіне. Сыбысы сонадайдан білініп,

тақала бере тоқтады. Шамалауынша, көптен көрмеген
бір ежелгі танысы. Сірә, қимас жақыны. Жалғыз
кісілік бөлмені жазбай тауып, есігін қағыпты дейді.
Басқалардың естіп қалуынан сақтанса керек, тақтайды

шамалы жасқана, тартына тықылдатады. Жоғалып
кетіп, әлден уақтан кейін қайта айланып соғып, саусақ
ұшымен жеңіл шертеді. Іле қайта алыстайды...
Орнынан тұрып, көрейін деп еді, қозғала алмады.

Басы зіл-батпан болып, жастыққа жабысып қалғандай,
көтеруге әлі жетпеді. Қыбырсыз қалды сосын. Бірақ ішкі
дүниесі астаң-кестең. Дауыл ұрғандай әлемтапыраққа
айналған екен, ұшы-қиыры жуырманда көрінетін емес.

Талайға дейін әуелгі қалпын тауып, сабасына түсе
алмасын анық шамалады.

Күтпеген қонақтың кім екенін қанша білгісі келген-
мен, қазірше мүмкін еместей. Белгісіз бір түйсігімен
соны жұқалап сезгенде, өзеген бір белгісіз өкініш
тырнап, қабағат опыққа салды... Ішкі ымы алдамапты,

сәлден соң әлгі адам кері шегінгендей болды да, бір
басқан, екі басқан қадамы анық естіліп, ақырын алыстай
берді. Тылсым тықырға таусыла құлақ түріп, ұзап барып
үзілуге тақаған тұста, асыға дауыстап, «кімсің?» деп

сұрады. Естімеді ме, ана кісі тіл қатпады. Одан арғыға
төзе алмады, енді қимылдамаса, мәңгілікке айрылып
қалардай білініп, бар даусымен ышқына айғайлады.
Өз үнінен өзі шошып оянды. Басын көтерген бетте

назарын сыртқа аударды. Ешкімнің сыбысы білінбейді.
Жым-жырт. Тыншу түз ештеңе болмағандай мүлгіп
тұр. Лепіріп алған көңілі тынбаған соң, орнынан тұрып,
далаға шықты. Қорқыныштан, әлде басқадан, жүрегі

тайдай тулап, тайсақтай жүріп, жаңағы бір қимас сезім
жетегінде жақын маңды сыдарта шолып қайтты.
Жан пенде көрінбейді. Салы суға кеткендей таусылып,
қайтып келді аздан кейін орнына. Жандүниесіндегі

аласапыранның әлі басылмағанын сонда білді. Аз
отырып, жастыққа қарай қисайып еді, ұйықтай алмады.
Көрген түстің, сірә, бір ишарасы болады, ойына қай-
қайдағылар оралып, маза бермеді. Неге жорырын білмей,

шақшадай басы шарадай болды. Жан түбінде көз ашқан
бір күдік бар. Сол пәле қанша қуса да, кетпеді... қанша
алдаусыратса да, шыққан жеріне қайта кіріп, қалғымай
қойды. Содан кірпігі айқаспаған қалпы көрер таңды

көзімен атырды.
Таңертең ерте жиналып, таяу жердегі бекетке келсе,
көлік әне-міне жүргелі тұр екен, қарғып шықты да,
орнына жайғасып алды. Асығып жүргенде жанын жеген

әлгі «пәле» шамалы ұмытылғандай болған-ды, сөйтсе,
онысы «қалжыңы» екен. Шағын қалашықтан сәл ұзап,
таусылып бітпейтін ұзақ жолға түскен соң, осы сәтін
аңдып жүргендей, қайта сап етіп, түп етектен мықтап

алды. Алда болатын әлдебір жайсыз жайды күнібұртын

сезгендей қарадай қалтыраған жаман әсерден бойын не
істесе де ажырата алмады. «Түс – түлкінің боғы» деп
жұбатты бірде өзін. Шамалы алданыш болғанымен,
біржола тоқтау сала алмады. Қауіп-қатер елесі қағына

анталайтын күмән көлеңкесін одан сайын қалыңдатып,
бүйірінен түрткіледі де отырды жеткенше.
«Әйел адам болса керек» – деді бір кезде ішінен,
түндегі құдық түбінен естілгендей сырлы тықыл, еппен

басқан жеңіл аяқ дыбысы тура қалағының түбінде қайта
жаңғырып. «Кірмей кеткені жаман болды» деді сосын,
неге олай дегенін өзі білмей. Бажайлап қараса, түс деген
де қиын екен. Ғайыппен тілдескен бір ақыл жетпес

тылсымы бардай. Соны осы күнге келгенше байқамаса,
кісіні қараптан-қарап тұрып сарсаңға салған мына
құдіретіне тап келгенде, құйрығына шала байлаған шу
асаудай, қайда қашып құтылып, кімге барып араша

сұрарын білмей, алақтап бітті!
Өрт сөндіргендей боп келе жатқан осы түріне қарамай
аржағында бір сақтығы да бар ұмытылмаған. Өз жайы
өзіне мәлім ғой, алау-далау боп апшыған халін аз да болса

тежеп, сабырға шақырған болады дамыл-дамыл. «Бұдан
ары тереңдеуге болмайды» деп қояды өзіне-өзі ескерту
жасап. Соның арқасында есін жоғалтып алмай, жол бойы
сергек отырды.

Қалаға таяй бергенде қырсыққандай күн бұзылып,
сіркіреп
жаңбыр
жауды.

Аяғы
созылып
барып,
сылбыраған ақ жауынға ұласты. Иінді баса салбыраған

салыңқы ауа райынан онсыз да жетісіп келе жатпаған
адамның жағдайы тіпті де ауырлай түсті. Көз алдын
тұман, көңілін мұң жапты. Сөйтіп жүріп жетті-ау бір
кезде, үзілер уаққа шақ қалғанда бекетке келіп кірді.

Көліктен түсіп, төтелете мекемеге қарай тартты. Іздеген
есігін тауып, ішке енді.
Орнынан шұғыл көтерілген бастық құшақ жая
қарсы алды. Сағынғаннан емес, әрине. Сірә, тапсырған

жұмысының маңызы осығын мәжбүрлеген.
Алаң көңілмен бар-жоқты баяндап болып, қайта
сыртқа беттеді кешікпей. Шығып бара жатып:

– Мені іздеген біреу-міреу бар ма? – деді тура

табалдырық түбінде іркіліп.
Алғашқыда аса мән бермей:

– Білмедім... – деген бастық, артынша. – Рас, – деп

тоқтатты есіктің көзінде. – Рас, бір қыз іздеп келген.
Ұмытып барады екем... сабақтас едік дейді. Өзі Үрімжі
жақтан болса керек. Жұмыс бабымен осында жүргеніне
біраз болыпты.

«Бәсе! – деп күрбір етті ішінен. – Жүрегім осыны сезген
екен ғой, бейшара!». Сол аралықта бастықтың тағы не
айтқанын естімей қалыпты, одан кейінгі бөлегіне мұқият
зер салды.

– Сенімен кездесе алмай қалғанына қатты қамық-

ты, – деді төрде отырған ет-жеңді жігіт ары қарай. –
Бекер істегеніне өкінді, мұнда ерте келгенмен, жүздесуді
кейінге қалдырған екен. Сенің бүйтіп іссапарға кетіп
қалатыныңды қайдан білсін... Естігенде, өңі бұзылып,

тұнжырап отырып қалды. Шынында да, өкінішті!

– Қайда түскенін айтпады ма? – деді тым ұзақ сезіліп

кеткен әңгіменің аяғын тоспай.

– Айтты, – деді бастық сол баяғы сабырлы қалпы-

мен. – Әй, бірақ, кетіп қалды ғой деймін. Кеше кешке
таман тағы келген... сонда, «Ертең түске дейін келіп
қалар» деп едім, күте алмайтынын айтты. Жаңылмасам...

– Қай қонақүй?..

– Қалай еді?.. «За... за... Заңғар»... иә, «Заңғар»...

міне, тиіп тұр ғой іргеде.
Есіктен шығып жүре берді. Өз бөлмесіне кіріп,
оны-мұнысын қойды да, бірден әлгінде аты аталған
мейманханаға қарай тартты.

Мекемелері орналасқан алып ғимараттан ұзай бере
мана естігендерін қайта бір ой елегінен өткізді. «Сол
екен» деп тұжырды артынша. Бұл қазір ғана түйген
түйін емес, бағана, күтпеген хабарды естіген алғаш сәтте-

ақ тоқтаған байламы болатын. Келген кісінің кім екенін
сонда-ақ тұспалдап үлгерді. Әуелгіде әнтек тосырқап,
сенгісі келмегенмен, артынан бастығының әзіл-қалжың-

ға жоқ, өтірік айтпайтын адам екенін ескеріп, шарасыз нануға мәжбүр болды. Сол сәт терең түкпірінен атойлап қоя берген бір есірік шаттықтан жүрегі жарыла жаздап барып, көңіліне тұйықсыз сап еткен тағы бір күдіктен еріксіз іркіліп, басыла берді. Сонысы қандай жақсы болған! Енді, міне, мүмкін емес жағдайдың мүмкін болғанына қабағат таңданса да, «Бәлкім, қиюы келген бір қисыны болған шығар, артын күтейін» дегенді бүйіріне бүгіп алып, жылжып келеді. Бірақ, бәрі бір, сұрақ көп еді. Бірінің тасасынан бір қарғып шығып, анталап жатты. Байқамаса, көкпар қып тартып, жәукемдеп тастардай. Әлдене қағылез түйсігімен сол қауіпті сезіп, өзіне осы шақтағы сабырлы, салмақты күйінің бәрінен маңызды екенін ескертті. Басындағы тыныш жағдайын ары қарай да ұстап қалуға тырысып, іштей бекемделіп қойды. Ал көздегені болып, өзін өз ырқында ұстай алса ғой, шіркін... армандағандай-ақ іс болар еді!.. «Неге келді екен?..» деп күбір етті аздан соң, бағанадан жауап таппай келе жатқан сұрақтарының ең көкейтестісіне қайта оралып. «Неге келді екен? Не іздейді менен? Керек болсам...». Аяғын айта алмады. Терең түкпірінен лап көтерілген бір дүлей реніш өндіршегіне келді де, түйнек боп түйіліп, тұрып қалды. Ішкі әлеміндегі алай-дүлей дауылдың іле қайта басталғанын сезді. Аржағына аян, мұның соңы – ұлы бұрқасын. Көтеріле бере күш алады да, бет қаратпай ұрады да тұрады енді. Өз жайынан артық алаңдаудың арты белгісіз батылсыздыққа ұрындарды ма, алғы тараптан тайсақтап, қаймыға берді. Сәлден соң «Бармай-ақ қояйын» деген тосын шешімге келіп, жүрісін қалт тежеді. Нарау қимылдап, артына бұрылды. «Не істеймін?..» деді шұғыл бір жағына шыға алмай әрі-сәрі болып тұрып. Айтарға болмаса, жанының бір түкпірінде табандап алған бір өлермен ілгіштің барын соның арасында аңдап үлгерді. Жүзін кері ала бере іркіліп, бөгелген еді, содан былай адымын аттай алмай, діңкеледі. Қалтарысынан қылтың

еткен жаңағы қимастықтан қонақүйге қарай сүйреп келе
жатқан көмескі жіптің шірене созылғанмен, әлі толық
үзілмегенін шамалады. Солқылдай ширығып тұрып
алды соңыра да. Тастай жабысып, тіпті, жіберетін емес...

Бордай езіліп, босай берді
Алға қарай аттап барып тағы іркілді. «Мүмкін,
кетіп қалған шығар.. – деді ізінше бос кеңістіктен тал
қармаған адамша жоқтан ілік іздеп. – Жай барып, көріп

келгенде тұрған не бар» деді артынан жүгі қайта кері
ауып. «Ақыр тәуекел еттім, орта жолдан қайтпай, не
де болса, бара көрейін. Бәлкім, жай, бір көмегім керек
боп іздеген шығар. Жігіт басыммен қол ұшын бермей,

бас сауғаласам, әлсіздік болар... қайта, білсін, кезінде
жетпеген қадірімді – деді сәлден соң алған бағытынан
мүлде айнып, – Кетсе, артына хат-пат қалдырып кеткен
шығар, бар болса, оны көрейін... жоқ болса, тағы бір жөні

болар».
Әлден уақыттан кейін өзінің мейманханға қарай
беттеп келе жатқанын аңғарды. Жаңағы бер күдіктен бе,
бастағыдай алып-ұшып асыға қоймады. Мезгеулі жерге

жетіп, ат шаптырым аулаға кіргенде бойын басқа бір
батылсыздық буды. Себепсіз жасқанып, тайсақтай берді.
Сонда барып шын өкінді. Келгеніне емес, өзі де білмейтін
белгісіз бірдеңеге. Қайтерін білмей, қайқалақтап аз

тұрды да, табалдырықтың түбінен кері бұрылуды жөн
көрмей, шамалы дәт бекітіп алып, ішке енді. Сол арада
тақ бір қадала қараған қалық қарашықтың сұғында
қалғандай, байыбына барып болмас бір қолайсыз күйге

түсіп, берекесі қашты. Тартына ілгерілеп, қызмет көрсету
үстеліне таяды бір кезде. Қонақүйлердің қашанда ізетті,
иіліп-бүгіліп үзіле жаздайтын ибалы қыздары орнынан
ұшып тұрып, екі бүктеле қарсы алды жеткен бойда.

Күмілжи тіл қатып, бұйымтайын айтты.

– Үрімжіден бір қонақтар келген екен... осында түсіпті

дейді, – деді үзіп-үзіп.
Назарын іле төмен аударып, алдындағы дәптерін
парақтаған әдемі қыз:

– Иә, ондай кісілер болған. Бірақ, бүгін ертемен

бөлмелерін өткізді. Кеткендеріне төрт-бес сағат боп
қалды, – деді ап-анық қылып. Соңынан тағы да сұрау
бар ма дегендей көзін үлкен ашып, бажырая қарады. От
кірпіктердің қарып алар ұшқынына шыдамай, жанарын

тайдыра берді ізінше.
Алғашқыда «үһ» деп дем алып, өзін тым еркін,
жайлы сезініп еді. Артынша желкесінен түртіп, осында
дедектетіп

қуып
келген
белгісіз
дәменің

ақталай
қалғанына өкініп, ептеп жайсызданғандай болды. Арасы
толық ашылмаған тағы бір екіұдай хал. Болған жайға әрі
қуанып, әрі опынып, әрі-сәрі күйде кері бұрылған-ды.

Табалдырыққа жетіп қалған жерде:

– Мырза, – деді арт жағынан әлгіндегі сымбатты бой-

жеткен.
Құлағына соның арасында үйір боп қалған ашық үннен
анық таныды, өзін шақырады. Ілінбей кері бұрылды.

– Кешіріңіз! – деді таяп барғанда өзінің жауапсызды-

ғына шын қысылған қыз ыңғайсызданып. – Жаңа
ұмытып кетіппін. Араларындағы бір қыз ең соңынан
аттанған. Шығарында «іздеп келген біреу-міреу болса,
бере саларсың» деп бір хат қалдырып кетті. Бәлкім, сізге

шығар?
Соны айтқан әсем күтуші манағы сұраулы әлпетпен
тағы да үнсіз тергеп сүзіле барлады.

– Білмедім... – деді жағдайсыз ыржалақтап. – Біреудің

аты-жөні бар шығар сыртында?

– Жоқ, сыртына сызық түспеген. Артынан байқадым.

Ерте білгенде, алмас едім...
Шамалы ойланып қалған даяшы ақыры бір шешімге
келгендей қолындағы жұмбақ сәлемді бұған ұсынды.

– Ашып көріңіз. Өзіңізге қатыссыз болса, қайтарып

берерсіз, – деді ізінше батылдана сөйлеп. – Менше,
сіздікі. Ішім бірдеңені сезіп тұр.
Хаттың қабын жыртып, алғашқы сөздерді оқығанда,
қос өкпесін қысқан құтырық қуанышын баса алмай,

ыржың етіп күліп жіберді.

– Менікі екен, – деді дереу кетуге ыңғайланып. –

Рақмет сізге!
Ойламаған жерден біреуді мәз қылып, бағын жандыр-
ғанына риза болған қыз:

– Оқасы жоқ, – деді марсиған қалпы жүзін ала беріп.

Қақпадан ұзап шыққанша тағаты таусылып, шыдамы
сарқылып бітті. Қалтасына бір уыс шоқ салып алғандай
қолайсызданып, құтылғанша асығып, дегбірі қашты.
Жүре көз салуға тағы қимады. Асықпай, әр сөзіне мән

беріп, түсініп оқу керек қой мұндай хатты. Қырсыққанда,
оған қажетті орын таппай, тағы біраз жол басты табан
ауыртып.
Алдынан кездескен кезекті көшеден өтіп еді, қала

халқының демалуына арналған кішкене алаңқы бар
екен – жайқиып қарсы шықты алдынан. Соның орта
бөлегіндегі дөңгелек хауыздың маңына жеткенде ғана
ептеп жаны кірді.

Бірақ, бұл сәттік қана жайлы көңіл күй екен. Назары
қайта жұмбақ сәлемге ауып, «Не жазды екен?» дегенді
ойлағаны сол, кенет жүрегі қағып, қараптан-қарап
берекесі кетті. Бойын бір батылсыздық жайлап, әрі-сәрі

болып, ентігіп тұрып қалды. Жабысқанына талай болған
сол баяғы жалтаңқой жасқаншақтық. Алынбас қамал
болып тағы да алдын кестеді, міне. «Күтпеген бір жайлар
жазылып, күмірең қапсам, қайтем?» – деген сақтығы еді

онысы. Аузы күйген кісінің қолына шыны алса болды
айналып соға беретін қашанғы шүбәсі. Зәрлі сесі жер
түбінен зәресін ұшыратын суық күдік. «Енді омақассам,
қайта оңшалмаймын ғой... – деді ішінен қатты уайым-

дап. – Енді қайттім... енді?!. »
«Әлде әлгі саябаққа барып кішкене демалып, әлденіп
алып, асықпай оқысам ба екен?» деді артынша тағы бір
жырынды ой киіп әкетіп. Иә, кішкене сергіп алса, жаман

болмас еді. Жаны да қалап-ақ тұр соны. Бірақ, онда
жеткенше қай уақ! Аралық талай жер, әбден ширығып
алған шыдамы жетер ме оған? Қиын... бірдеңе деу
қиын... сірә, жете қоймас... Одан да жанқалтасына кіріп

алып, жанын алып бара жатқан мына пәледен бірдеңеге
ұрындай тұрғанда құтылғаны, басын арашалағаны жөн.
Оңы – осы. Тегі, осыдан артығы жоқ.
Осы байламға тоқтап, шұғыл тұншықтырып кеткен

соқпа қиялын жиып алып, жан-жағына қараса, міне
ғажап, қашан екені белгісіз, мана кездескен гүлді
алаңқыдағы биік ағаштар арасына орнатылған ұзын
орындықтың біреуіне келіп жайғасып алыпты. Бірақ,

бар дүниенің шешуі болып қалтасында жүрген жұмбақ
хатты әлі ашпапты. Шарқ ұра іздегенінің соның ішінде
жатқаны жадына енді түсіп, жалма-жан жанын сипап,
керегін іздеуге кірісті. Жаншығында жатса да, жағдайын

кетіре берген осы бір жайсыз «пәледен», қалайда бетпе-
бет келіп, жөнін білмей, біржола құтыла алмасын
анық біліп, тосын тәуекелге бел буды. Сол екпінмен
шөнтегіндегі қызуы қайта бастаған бүктеулі қағазды

алып, жүрексіне үңілді.
«Қадірлі Сәулет!.. » деген сөзді көрді әуелі. Құлағының
түбіне келіп әлдекім жұмсақ сыбырлағандай керемет
әсерге бөленді сол сәт. Етене үн. Үзілме дем. Баяғыда

болған бір таныс жағдай лезде келіп қамап алғандай күй
кешті ойда жоқта. Ертеде бастан кешкен бір барақатты
уақыттар өтіне қайта сүңгіп, ендеп еніп бара жатқанын
шамалады артынша. Бұйымтайсыз бөгеліп, әнтек іркіліп

қалған жанары алға жылжып еді, мынандай сөйлемдер
тізбектелді тіке жан түбіне ұрылып. Естен кетпес
ерекше қолтаңба, сүйікті жазу. Ай-шайға қаратпай сол
сиқыр сүйрей жөнелген-ді өткен шақтар аясына қарай

қалқытып.
«Қабірлі Сәулет! Құдай айдап, тұрып жатқан
қалаңа келгенде, өзіңді көрмей кетуді ыңғайсыз санап,
көлденеңдеген барша кедергілерді жеңіп, іздеп едім, ішкі

жағымда қараталасқан тағы бір тілегім орын болды
ма, кездесе алмадым. Келіп қалар деген бір өшіп, бір
жанған әлсіз үмітпен күтіп едім, қырсыққанда, о құрғұр
да ақталмады. Үлкендер үнемі айта беретін «нәсіп

болмаған» деген осы шығар, бұдан ары тосуға уақытым

болмады. Жұмыс бар, кесікті мерзім бар дегендей...
аттанып барамын. Сау бол! Келесіде бір сәті түсер!
Оған дейін көрер күніміз жарқын болсын!
Білмеймін, келіп түскенше ештеңе ойламаған секілді

едім. Табаным сен таптаған топыраққа қалай тиді,
солай «бұзылдым». Көргім келді. Не деп іздеп барам деген
сұраққа жауап таппай, көп қиналдым. Ақыры қанша
дегенмен бір білімжұртында оқыған сабақтаспыз ғой,

жолыққанда тұрған не бар деп шештім.
Шынымды айтайын, барып, жоқ екеніңді білгенде
қатты қуандым. Бірақ бұл уақытша ғана шаттық
екен. Ертесі таңертең көңілім қайтадан құлап, ауды

да тұрды сенің мекемең жаққа қарай. Өмір қандай
қызық! Кісінің өзін-өзі түсінуі мұншама қиын деп кім
ойлаған, тірлігімнің жаңа бір тылсым бетін ашқандай,
ештеңенің байыбына бара алмай, дал болдым. Сол әңкі-

тәңкі күйімде аттанып барамын.
Келмеген соң, кеше түстен кейін билет алуға
қатынас бекетіне барғам. Шаруамды бітіріп, қайта
шықсам, шайдай ашық күн аяқ асты бұзылып, далада

сіркіреп жауын жауып тұрыпты. Мен еріксіз өзіңмен
алғаш кездескен жаңбырлы күнді есіме алдым. Араға
талай жылды салып қайта тіріліп, әдейі қайталанып
жатқандай еді. Айнымаған сол шақ... дәл сол кездің өзі.

Тек орнымыз ғана алмасқан. Білесің бе, онда мен көлікте,
ал сен болсаң, мен әзір тұрған ашық далданың астында
тұрған едің...»
Неге білмесін! Сондай да сұрақ болады екен, тәйірі?

Одан да сонда не болып еді, сен не күй кешіп тұрып
едің деп сұрамай ма? Жадында берік сақталған ондай
мезеттер өмірінде көп болмаған шығар, дидар ғайып
таныстық күтпеген жерден басталып жүре беріп еді-ау

онда. Әлдекімді тағатсыздана күтіп қатынас бекетінің
алдында тұрды осыдан талай жыл бұрын. Өзі үшінші
курс студентті болатын.
Кезекті бір автобус ыңырана келіп қақпадан кіргенде,

кімнің жаңбыр ілестіре жеткенін білген жоқ. Бар-

жоғы, кім де болса әйтеуір бір талапкер келсе екен деген
жалғыз ғана тілік болды аржағында. Себебі, құры алақан
қайтпай, артына біреуді ала кетуі керек еді. Бар болғаны
сол. Бұлжымас тапсыпма емес, өз ішкі қалауы солай-

тын. Адам деген бұл жаратылысты қойсаңшы, кейде
жоқты жонып өзі жасап алып, артынан өзі азапқа түседі
ғой... мынау да сондай бір артылмаған міндеттен туған
көмескі салмақ еді. Таң атқаннан түс ауғанға дейін күте-

күте ешкім төбе көрсетпей, әбден күдер үзуге айналғанда,
қолдан тұтатып алған соңғы үміттің сөнуге беттеген
тұсы-тұғын. Сол құрғыр бір өшіп, бір жанып лыпылдап
тұрғанда, ашық дарбазадан тағы бір көлік көрінді

найқалып. Алдынғы жолғылардай тұра жүгірмей, бұл
рет сабыр сақтап, соңын күтті. Ырғала түсіп ішке кірген
біріне бір, екісіне екі далықтап, әбден көңілі қалған-ды.
Осы кезек тыртысып, орнынан тапжылмады. Бірақ, бәрі

бір, тереңінде тау теңселтіп, орман шулататын ұлы дауыл
оянып келе жатты лықсып. Енді қайтеді, оңай дейсің бе,
он неше сағат бойы қыбыр аңдып, еріккен жолаушының
бәріне көз сату деген. Аз болмаса, қолды бір-ақ сілтеп

кетіп қалуға тақау еді. Жол қарағанда тыным тапай
талыққан аяқтың ауырғанынан бұрын, әлденеге асығып
алақтап біткен көңіл жаман ба деді. Мұнысын білген кім
бар, осы жолы бәріне әбден көз жеткізіп, екінші қайта

келмес болып, тас түйін бекіді.
Соның арасынша болған жоқ, бауыры жер сыза
жылжыған бітеу машина сүлдерін сүйретіп келіп,
ыңырана тоқтады. Қасарысып қозғалған жоқ. Есік

ашылып, ілесе жұрт жапа-тармағай ақтарылды сыртқа
қарай. Сонда көрді. Терезеге тақау отырған қыз бала әлі
қыбыр етпей өзіне қарап қатып қалған екен, жанарлары
тоғыса кеткенде, ескі танысын ұшыратқандай жылы

жымиып
күлімсіреді.
Ұзақтыкүн
күткен

кісісінің
келгеніне еш күдігі қалмай, сіркіреп тұрған жаңбырға
да қарамай, алға қарай ұмтыла берді. Босағаға жеткенде
шарасыз бөгелді. Шығар ауыз әлі босамаған екен. Аз

аялдан соң, қыз да көрінді арғы жақтан. Жақындап барып

қолын созды. Сөмкесін алмақ еді, бере қоймады. Саусақ
ұшымен нұсқап, төбені көрсетті. Демек, жүгінің жеңіл
болмағаны. Іле жауыннан басын алақынымен қорғалай
жүріп артқа өтті. Төбеге шығар саты бос емес екен.

Бірақ онда көтерілудің қажеті қалмапты. Бар дүниені
сондағы бір жігіт бір-бірлеп алып беріп жатыпты. Соңғы
жүктер қалғанда аспаннан төгілген мөлдір тамшыларға
бетін төсеп, алақанын ұзатты өрге қарай. Біразға дейін

саусағына ештеңе ілінбей, малмандай болды. Сөйтіп
көкке қарап емініп тұрғанда тиді-ау келіп қол ұшына
бірдеңе. Ала беріп, оңайға бой бермейтін салмақты зат
екенін шамалып, астынан тіреп тұра қалды. Соңыра

оңшалып, иығына жеңіл қондырып алып, далдаға қарай
жүгіре жөнелді. Әлгінде бір назар аударғанда көзі бал-
бұл жанған жанарлы бойжеткен өзін алыстан бақылап,
бағып жүргендей болып еді, тапырлай басып қалқаға

кірсе, алдында тұрыпты күлімдеп.

– Ауылдан алтын арқалап келгенсіз бе? – деді жүкті

жерге қоя беріп.
Қолының сыртымен аузын басып, даусын шығармай
күлген қыз:

– Киім-кешек қой, су болып, ауырлап кеткен болар.

Сізді артық қинап қойдым-ау деймін, – деді жасқанбай
қарайтын өжет жанарын тайдыра беріп.
Өзі сілтеген шоқпардың айланып келіп өз шекесіне
тиетінін қайдан білген, жағдайсыз қысылып, желкесін

қасыды. «Жігіттер қыздар үшін қиналуға жаралған ғой»
деген болды артынша қосыла күліп. Тапқыр жауабынан
оңай шағылатын жаңғақ емес екенін аңғарды. Бір жақ-
сысы, ашық екен, алғашқы тіл қатысудан-ақ бөтенсімей,

жақын тарта, жанасып кетті.
Сөйтіп тұрғанда қастарына үсті-басы су тағы бір жігіт
келді жақындап. Жазбай таныды, әлгінде көлік үстінен
көрген елпек жан. Таяй бере қолдарын қолтығына тығып

жіберіп, сүйкеп-сүйкеп алып, «Жарқын» деп алақанын
ұсынды. Бұл да өз атын айтып, таныстық білдірді.

– Не тұрыс мұнда, залға кірмейміз бе? – деді артынша

жүктерге қарай еңкейіп.

Іш абыр-сабыр екен. Кісі тым көп емес, бірақ,
әдеттегісіндей болмашы дыбыс зорая жаңғырып, құлақ
тұндырып тұрыпты.

– Ал, енді не істейміз? – деді Жарқын қатар-қатар

орындықтардың алдыңғы біреуіне тізе бүккен бойда.

– Мен университтетке телефон соғам. Машина келіп,

алып кетеді, – деді бұл жағдайды түсіндіріп.

– Онда жақсы, – деді жаңа таныс жас жігіт арқасынан

ауыр жүк түскендей жеңілдеп. – Мен өз жолыма кете
берейін. Университетке бүгін жетпесем болмас. Онсыз
да кешігім қалдым. Жолда болған жайларды айтып,
түсіндірермін. Ал онда, – деді сосын орнынан тұрып,

енді көп аялдамайтын сыңай танытып. – Мен жүрейін.
Мына жаңа студент саған аманат, – деді қасында тұрған
қыздың қарқасынан сипап. – Мен аз күннен кейін барып,
хал-жайыңды білем. Берген уәдем бойынша, апарып

салуым керек еді, оның қажеті болмай қалды. Алдыңнан
адам шығыпты. Бұдан артық не керек саған... Жә, онда
сау болыңдар! Жақын арада жақсылықпен кездескенше!
Керек-жарағын алған Жарқын кідірмей жүріп кетті.

Екеуі қалқайып қала берді артында. Аралықта бір
қарағанда, кыздың әлденеден алаңдап, жапақтап тұр-
ғанын көрді. Аздың алдындағыдай жайраңдамай, қа-
бағы салбырап, бұға қалыпты. Студенттердің алғашқы

жылы әлдекімге қарайып еріп келіп, одан аяқ асты ірге
бөлгенде, далада қалғандай қамығып қалатынын өз
тәжірибесінен жақсы білетін бұл тырыс етпеді. Өте-мөте
осындай межелі жерге жетпей, орта жолда қалғанда

қиын. Жас қалалықтың жағдайын іштей сезіп жымиды
да қойды.
Келісім бойынша, оқу орнына хабар салып еді.
Көліктері ілінбей жетіп келді. Ол-пұлдарын тиеп алды да,

жаңбыр әлі басылмағандықтан, жүргізушінің жанына
екеуі қатар жайғасып алып, жаңа мекендеріне қарай
алып ұшты.
Өзін күтіп алуға келгенін қайдан білгенін таба алмай

манадан дал болып отыр еді, аздан соң ептеп сөйлескенде

білді. Сөйтсе, өзі аңғармапты, әзір қайда қалғаны
білгісіз, алғаш көргенде қолында оқу орнының аты
жазылған тақтайша болыпты. Жақынын ұшыратқандай
қадала қалғанының себебі сол екен. Артынан барып есіне

түсті, рас болатын. Келгендерді өкшелей қуып, бірінен
бір, екісінен екі сұрап, әбден шаршағанда жасаған
соңғы айласы-тұғын. Ақырғы есепте, пайдаға асыпты.
Соның арқасында, жалғыз болса да, жас балаға қолғабыс

жасап, қонақ алып барады артына. Алда-жалда жолдары
тоғыспай, ана жігіт алып кетсе, не бетін айтар еді, өтініш
білдіргендерге. Құдай сақтапты одан! Айтпақтайын, әлгі
жігіттің қыз ағасының досы екенін, неше күндік сарапда

селбесіп бірге келгенін, орта жолда көлік бұзылып, бір
күн кешіккенін де сол екеу-ара әңгімеден білді.
Естен кеткісіз ақ жауын сылбырады да тұрды жет-
кенше. Машинаның алдынғы әйнек сүрткіші екі жаққа

кезек айланып, төбеден аққан жайылма суды қос тарыпқа
тынымсыз сыпырумен болды. Қарсыдан ұрған құлама
жаңбырға қасқая ұмтылып, жүрген сайын екпін алып,
сыдыртып келе жатты жүрдек көлік.

Ал осы, көзбен көрген, көкірегіне бекіткен жағымды
жайды, ұялмай, есіңде ме дейді! Тапқан екен ұмытшақты!
Ол қалай өше қалмақ тас жадысынан оп-оңай!
Соңына тастар лаңынан қашып, ойлағысы келмейтін

өткен оқиғалардың өтіне кіріп, өзі байқамай, ендеп еніп
кеткенін артынан біліп, адасып қалған жанарын қайта
апарып қолындағы хатқа салды.
«Қайтар жолда, таяу болғандықтан әрі, алғаш келуім

ғой, маңайды көрейін деп, жаяулай тартым қонақүйге.
Сірә, әлгіндегі сезімнің әлі тарқамаған әсері, қасымда
көрінбей сен еріп келе жатқандай болдың...».
Не деп кетті мынау? «Еріп келе жатқандай болғаны»

қалай? Мен қайтарда қасынан бір елі де ажырамай,
университтетке бірге бардым ғой. Иықтасып қатар
отырдық.
Жанымызда

иненің
жасуынан
өткендей
самдағай шопыр болды қутыңдаған. Көлік тасқыны

жөңкілген ығы-жығы кең жолда жоқ жерден тесік тауып,

шыбын-шіркей қуалады да отырды төрт дөңгелегін.
Өтірік пе осы әлде?
Машина келіп, сырттан озандап хабар бергенде, төпеп
тұрған жаңбырдың астында ары-бері жүгіріп, жүктерді

тасып едім, соның арасынша малшына су болыппын.
Артынан ішке еніп жайғасқанда, бойымдағы ылғалдан
тітіркеніп, мазам кетті. Соны байқаған болуың керек,
қалтаңнан маған әдемі беторамал алып бердің. Әуелі

маңдайымды сүртейін деп шекеме апара беріп едім, кенет
танауымды керемет бір жұпар шарпыды тұшындырып.
Шаршы шүперекке сіңіп қалған иесінің исі екенін біліп,
қанша аясам да, су сорғалап тұрған кекіліме басып,

самайыма қарай сыпырдым. Көз шұңқырыма кіріп,
кірпіктеріме ілініп қалған мөлдір тамшылар демде
айығып, қарсы алдым аршылып жүре берді. Бірақ
арқама жабысып қалған шыт жейдем жауырынымды

қарып, әлі жиіркендіруде еді. Тек әлден уақтан кейін
барып етім үйренді, әлде шылқыған дым дегдіп кетті,
өзімді еркін сезіне бастадым. Дегенмен, көп өтпей оң
қапталымның от болып ысып бара жатқанын сездім.

Ары-бері ырғалғанда ыйықтарымыз тиіп кетіп жақын
отырған сенің бойыңнан тараған өрт-жалын екенін тағы
бір жанасқанда аңдап, олай қарай ендігәрі қисаймауға
бекідім, келесі бетке сырғыдым. Қайда... жол ыңғайы

оған ырық бермеді. Алдыдағы шабандардан шаужайлай
озып, жұлқына жүйткігенде, екі шетке кезек теңселген
иініміз еріксіз тоғысып, түйісіп қалып отырды. Одан ары
да жел шайқаған шынардай жығыла толқып, қызуы еттен

өтіп, сүйекке жете бастаған қақтама «қозға» қайта-қайта
қарылып, дамылсыз қақталумен болдым жеткенше.
Сол аралықта тізгін ұшымен тызғитып келіп те
қалыппыз межелі жерге. Қағынған жігіт тежемді оқыс

басқанда жеп-жеңіл көлік сырғып барып мөлшерлі
тұста тұра қалды төрт тағандап. Шәксіз шеберлік. Соны
көрсеткісі келсе, мақсатының орындалғаны. Бағанадан
онсызда мәз емес жағдайымды одан сайын ауырлатып,

көлденең кедір-бұдырдың өзінен өтірік ырғалған болып,

шектен аса бұлғақтап, саған қарай ығыстарып келе жатыр
еді, тұмсықпен тіреле барып тоқтағанымыз сол, көзін
қысып, бармағын көрсетіп қойды. Не демек болғанын
анық түсіне алмасам да, езу тартым шығуға ыңғайлана

беріп.
Табанымыздың жерге тигені сол, төрт дөңгелек бірдей
айланып, құйындата жөнелді қайтадан. Осы адамдарға
не керек екенін түсінбей, біз қалдық артында аңырып.

Құйын-перен зымыраған күйі көзден ғайын болды бір
демде. Сәлден соң барып бір-бірімізге қарап күліп алып,
біз де ұмтылдық есікке қарай жүктерімізді көтеріп.
Содан екі елі ажырамаған қалпы тұратын бөлмеңе

орналастырып қойып бірақ шықтым сыртқа... Сөйтіп,
жанымды жалдап, жанталасып жүрсем, енді келіп «бірге
келе жатқандай болдың» дейді ғой ұялмай...
Шалқып кеткен қиялы осы арада бір үзіліп, өз-өзіне

келді. Іле не істеп отырғаны түсті есіне. Әлдеқайда
қаңғып кеткен қарашығын алып қайта апарып хатқа
салды қолындағы. Маржандай тізілген әдемі әріптерді
сонда барып анық көріп, сыдыртып қуа жөнелді ары

қарай.
«Ұзамай сірке жаңбыр себезгілеп барып басылды.
Сірә, біржолата тоқтаған шығар, біразға дейін қайта
айланып соғар қауіп байқалмады. Аяңдап келе жатып,

жағалата жан-жағыма қарадым. Бұрын көрмеген жер,
бейтаныс орта ғой. Еш жақындық білінбеді. Қанша
ойласам да, сенімен бір байланысы барын көз алдыма
елестете алмадым. Болмаса, жұмыс орның тиіп тұр

ғой іргеде. Осы арамен талай жүргенің, талай рет
өткенің еш күмәнсіз. Солай бола тұра, мен өзімді сенің
осында өмір сүріп жатқаныңа сендіре алмадым. Ілкіде
аяқ баспаған бөтен мекен жатырқатты ма, білмедім,

арамыз сұмдық алыстап кеткендей сезілді маған.
Ешқашан кездеспеген, жолықпаған сияқтымыз».
Жоқ, жаңылып отырсың, жарқыным, біз кездескен-
біз, қайта жүздестік. Алғашқы таныстықтан кейін

арада тура төрт ай өткенде кездейсоқ ұшырастық.

Бойыңдағы өзгерістің үлкен болғаны сонша, мен
әуелгіде сені танымай қалыппын. Бәлкім, сәп салмадым,
университеттегі бірінен-бірі өткен сұлу сылқымдардың
қайсысына көз тоқтатып, қай бірін түгендеп үлгіресің,

жаныңнан байқамай жанап өте шығыппын. Бірдеңеден
құр қалғандай өзім де есіктен ентелей кіріп едім, сол
екпінмен оза барып тұстарыңнан ұзай бергенде байқадым,
босағаның түбінде ұйлығысып екі-үш қыз тұрыпсыңдар.

Бастарың түйісе жаздап, бір-бірлеріңе әлденені сыбыр-
ласқандарынды көзім шалғанмен, сөздеріңді ести алма-
дым. Тұра қалып кері бұрылуға тағы дәтім бармай,
іркіліп барып, ілгері басып, жылыстай бердім бет алған

жағыма. Сол күйі барып, орнымды тауып, орналасқам.
Тынши алмадым. Соңымнан біреу әлі көз алмай қарап
тұрғандай болып, әлдекімнің сұғында қалған бір сезік
маза бермеген соң аңдаусыз бұрылып, босаға жаққа

қайта қарағам, сонда көрдім, өзіме бір жылы шырайлы
таныстық білдіріп бағжия баққан үлкен көздерді. Соңыра
анық шырамытып, орнымнан кенет көтеріле бердім.
Сенің есіңде қалмаған сияқты, ол сен оқуға түскен

жылдың ең ақырғы күні, келе жатқан жаңа жылға
арналған думанды сауық кештің әне-міне басталар
қарсаңы болатын. Соңғы отыз күн бойына демалмай
дайындалып, титықтап зорға жеткен мәреміз еді.

Әр факультет өзінше әзірленіп, әр топ өзінше жанта-
ласқанмен, қорытынды ойынды осы түні бірігіп өткізбек
едік. Сондықтан, бір-бірімізбен соңғы сәтте ғана жол
түйістіріп, тұтқиыл тоғысып тұрған түріміз-ді.

Тамашамыздың таңғаларлық болар түрі бар. Алғаш-
қы адым жаман болмай шықты. Табалдырықтан атта-
ған жерде таңғажайыптың басталып жүре бергенін көр-
мейсің бе? Қарсы алдымда өткендегі ауылдан жаңа

келген қарапайым қаршадай қыз емес, есейген, бойын
түзеген, түзеп қана қоймай, елден артық кейбір тұрық
ерекшеліктерін тап басып танып, оны орнымен жетілдіре,
оздыра түскен, ойын кезегіне қазір шығып кетуге тас

түйін дайын, сылана жасанған сахна жұлдызы тұрды

қол созымда уылжып. Бір басып, екі басып жақындай
бердім. Қуанышты едім. Шат едім.

– Сәлем! – дедім төрт-бес адым аралық қалғанда.

– Сәлем! – дедің сен де мәз болып. Өзіңнің сұлулығыңа,

әлде мені қайта кездестіргеніңе масайрап тұрғаныңды
білмедім. Бір жақсысы, ортамызда ешбір тосырқау
болған жоқ. Қолымды ұсынғанда, жұқа қолғап киген
алақаның уысыма түсіп, жақындық сездіре шамалы

қысып қойдым. Саусақтарың сондай майысқақ, жұмсақ
екен. Үзіле жаздағанына қарамай, бір түрлі етене сезілді.

– Кешіріңіз! – дедің сен қымсынып.

Көріп тұрғам, сахна қажеті үшін киіп алған үлбіреген
пәлені жөпелдемеде шеше қою оңай шаруа емес еді. Оның
үстіне, шынтақтан аса барып жығылған ұзан болса, не
істейсің! Ыңғайсызданып керегі жоқ еді.

– Оқасы жоқ, – дедім түсіністік танытып.

– Көрінбей кеттіңіз... – дедің сәлден соң сен күлкі

аралас сәуле шашыраған жарқын жүзінді маған беріп.
«Сіздің сағынып жүргеніңізді білмеппін» дейін деп бір
оқталдым да, мұндай әзіл айтуға әлі ерте екенін ескеріп,
тіл ұшыма үйіріле қалған сөзді қайта жұттым көмейіме.

– Соңғы кездері сабақ шамалы ауырлап кетті, – дедім

ақталған болып.
Кішкенеден кейін жанындағы қыздар әлдене сылтау
айтып, сытыла берді де, босғада екеуміз қалдық ашылар
алдындағы бар адамның назарын жаулап алған сахнаға

қарап. Иықтаса жақындап, қатар тұрдық.
Ұзамай концерт басталды. Сонда барып әлдеқайда
асыққандай мазаң қашып, сипақтай бердің. Сәл кейін,
кететініңді айтып, рұқсат сұрадың. Жылы орнымды

жаңа тапқандай жайланып қалған мен, осы рақат күйімді
бұзғым келмей, қимай қарағанда сенің бұдан ары бөгеле
алмайтыныңды айқын аңдадым.

– Жақсы, – дедім сосын көпке қалай іздеуге бекем бел

буып.
Сен қалықтап кете бардың. Етегі жер сызған қынама
бел ұзын көйлек сымдай тартылған сұлу келбетіңе

сұмдық жарасып, шалқақ басып ұзай бердің. Өткенде
аласалау көрініп едің, енді бойыңның кәдімгідей өсіп
қалғаны білінді. Әне-міне дегенше тақаудағы есікке
жеттің де, сол арада менің қарап тұрған-тұрамағанымды

тексермек болғандай жалт бұрылып көз салдың. Тосын
қылығыңа алғашқыда әнтек ыңғайсызданып қалсаң
да, артынша түк білмеген болып қолыңды бұлғадың.
Жауап ретінде мен жымидым, езу тартып. Сен шығып

жүре бердің. Артыңда қалған мен сәл кейін қайта барып
әлгіндегі
орныма
жайғастым.

Достарым
қолқалап
қоймаған соң, оның үстіне курстағы қыздар әзірлеген
нөмір бар дегеннен кейін, көрейін деп келіп едім, зәредей

де өкінбедім. Есесіне қуандым. Бақтың жанғаны деген
осы шығар, тамаша ойынға тап болыппын. Болмаса,
менің дыр-думанға аса әуестігім жоқ еді. Талғамым тым
жоғары, әлде шектен тыс кірпиязбын, көп ештеңе ұнай

бермейтін. Бұл жолы бәрі басқаша болды.
Студенттердің өнері мен ойлағандай жұтаң емес екен.
Оларын үстеп, кәдімгідей дайындалыпты. Сол еңбектің
арқасында деңгейлері әжептәуір көтеріліп, шеттерінен

үйіріп әкетіп, залды тырп еткізбей ұстап тұрды. Қозға-
луға орын қалтырмады. Сол күні мен өзімнің артық
отырып қалғанымды артынан сездім. Жағдай соған мәж-
бүрлесе, не шара!

Енді тұрмасам болмауға айналды. Келісілген шаруа бар
еді. Соны ойлап, қозғалуға ыңғайланғам. Қырсыққан-
да, қызықтың әкесі сонда басталды. Кезекті нөмір
жарияланып, сұңғақ бойлы талдырмаш қыз шығып келе

жатты оң жақтан қалықтап. Бірден таныдым, ол сен едің.
Мана қайда асыққаныңның сырын енді біліп, ентелей
түстім алдыға қарай. Ізінше сызыла салған әуезді ән де
басталып жүре берді дүниені уыздай ұйытып. Көз айыра

алсамшы! Түр-түсің бағанағы қалпында болғанымен,
жүзіңе жұқалап далап сүркелгені байқалды. Оқасы
жоқ, сен онсызда әдемі едің, жұрттан асқан өнерің
одан сайын сұлуландыра түсіпті. Кірпік қақпай қарап

отырып, өзімнің осыдан төрт айдың алдында кімді тосып

алғанымды біліп, жаңа құрлық ашқандай таңдандым.
Рас, қазақ қыздары қызық. Ауылдан алғаш келгенде
аз күн бетінің ұшы қызарып, томпиып жүреді де, екі-
үш ай өткен соң, жаңа ортаға тез бейімделіп, құлпырып

сала береді. Сондай шұғыл өзгеріп, жылдам сіңеді
қалаға. Содан ары тілін шүлдірлетіп, кісі танымай,
қуып кететіндері де болады. Ондайдан Құдай сақтасын,
ашылған өңімен бірге ақылы да асып, іші-сырты бірдей

түлеп, жетіле түсетіндері де жетіп артылады. Ал, сен
солардың...
«Сен солардың қайсысының санатынансың?» дедім
ішімнен әніңді шырқап болып, ізетпен иіліп тағзым

жасап, жылдам басып сахнадан шегініп бара жатқаныңда
артыңнан қарап отырып. Өнердің кейде иесін өрге
сүйрейтінімен қоса, бәзде асқақтатып, дандайсытып,
құйға құлататыны да болады. «Сен өзіңді ұстап қала алар

ма екенсің жаңа жарқырап келе жатқан жарық жұл-
дыз?» дедім іле тағы қосымшалап.
Неге екенін білмедім, ары қарайғы отырыс маған мәнсіз
сезілді. Өзімнің сәл қоңылтақсып, босап қалғанымды

аңдадым. Сірә, аса әсершіл адам болсам керек, әсем
әннің өте қысқа болғаны көңілімді жабырқатты, не
аздың алдында ғана бойынан бір жақындық жамырап,
иықтасып қатар тұрған жарқын жанның аяқ асты

биіктеп, қол жетпес зәулімге шығып кеткені опындырды,
қала беруді құп көрмей, басқалардың мазасын алмас
үшін еңкейе ілгерілеп, орындықтардың артын иіскей
жүріп, сыртқа беттедім.

Түнгі дала құлаққа ұрған танадай екен. Тым-тырыс.
Сүзіле тазарған тұнық ауа сарайыңды ашқандай еді.
Сондай рақат! Алып бара жатқан аяз жоқ, бірақ, қылаулап
қар түсе бастапты жерге. Жақсы ырым! Ертең жаңа

жыл. Мынау соған жасалған бағалы сыйлық, қымбат
тарту. Осының бәріне концерт залдың есігінің көзіндегі
ат шаптырым лапас астында тұрып көз салғам. Сәлден
соң арт жағымнан самаладай самсаған көп шырақтың

жарығында алдыға қарай түскен өз көлеңкемнің ұзарған

сайып жуарып, жайыла барып бұлыңғыр түзге сіңіп
кетіп жатқанын көрдім. Ынтам пәлендей ояна қойған
жоқ. Байқағаным болмаса, «елп» ете қалмай, манағы
самырқау, салғырт қалпымда қалдым. Бірдеңенің жетпей

тұрғанын шамаладым. Қайда барып іздерсің оны... кім
бере қоймақ, мына байқұс жабығып қалған екен деп,
жаныңның қалағанын!
Иініме жаңа ілген сырт киімімнің түймелерін салдым

да, еңіске қарай еңкейе бергем. Табан аударып үлгірмедім,
оқыс ошарылып, қалт бөгелдім. Сол сәт ту сыртымнан
күтпеген бір дыбыс шықты. Неге екенін білмеймін, біреу
«тұра тұр» деп үн салғандай-ақ шұғыл іркіліп, тежеле

бердім. Кешікпей кері бұрылдым. Сол екен!.. Жоқ,
жаным, сен екенсің! Менің айықпас аңсарыма айналып
андай жерде тұрдың мөлдіреп. Үстем өнеріңе қалпынан
аса мақтандың, әлде басқа бір себебі бар, өзіңді ыңғайсыз

сезінгендей, тым қобалжып, қысыла бердің. Өртке
оранғандай қымсына түкеніңді жүзіңе жүгірген қызыл
бояудан айқын аңдауға болатын еді. Үн-түнсіз жақындай
бердім. «Тамаша!» деген қолпаш айтып, қолыңды алдым.

Мейлі қалай болмасын, көп алдына шығып, сарапқа
түскен адамның көңілін аулау – міндет қой... қолдау –
парыз.

– Әнші екенсің! – дедім сонан соң тағы.

– Асып бара жатқан өнер жоқ. Курстастар қоймай

қоймады... – дедін сен жөн білетін жанның сыпайылығын
көрсетіп.

– Жоқ, соңынан түссең, әнші болып кететінің мұнда

тұр...

– Осындай шағын орталарда болмаса, аса қызықпаймын

– Дұрыс, өнерді өрге оздыратын оған деген махаббат...

егер рұхсат болса, осы әңгімемізді бұзбай кішкене
серуендеп келейік... сондай тілік болып тұр бізде, сүйікті
ханша! – Қолымды кеудеме қойып, сәл иіліп тағзым
жасадым.

Сен әуелі аузыңды басып күлдің, артынан шамалы
ойланып қалдың. Іштей тұспалдап тұрмын, баяғы қыз

балаларға тән қырағылық. Мұндай кезде кішкене демеу
қажет сендерге.

– Тамаша концерттен кейін, мынандай таза ауада сәл

тыныстап, дамылдап алмау... обал болар еді. Ештеңеден
алаңдамаңыз, ағаңыз ретінде, бәріне басыммен жауап
беруге уәде етемін... – дедім қалжыңға сүйеп, күдік
сейілтер қылып.

– Жоқ, ештеңеден алаңдап тұрғам жоқ. Тек арттан

қыздар шықпақ еді.
Құйдай өтірік. Қулығы қырық есекке жүк болатын
әккі қыздардың жалт берерде табар амалдарының бір
шегі болсашы! Қай жерлерінен шығады екен өзі! Көп бірге

болып, шөге шүйіркелеспегеніммен, құрық бойламас
құдық сырларыңның шет-жағасын ептеп білетінмін.
Бірақ, сөйлесуге бұл жолы, неге екенін, құлқым біржола
құлап тұрды.

– Шықса, көрер. Аса ұзап кетпей, алдымыздағы алаңда

жүреміз, – дедім әкетпей қоймайтын рай танытып.
Мұндайда өзіне мығым болудың берері мол, бұрылып,
қолтығыңнан алып едім, еркелеп, өтірік тыртысқан
болдың. Оныңа қоймадым, сәл күшеп сүйрей жөнелдім

алға қарай.
Қайдан және қалай келіп орнаған жақындық екенін
білмедім,
бір-бірімізді

жатырқаған
жоқпыз.
Сірә,
адамдардың сырт келбетінде қарсы жағына сенім

ұялататын, татулыққа бастайтын көмескі бір қасиеті
болады, тез іштесіп, үндесіп кеттік. Баяғыдан бермен
бірге жүргендей салған жерден тіл табысып, шүйіркелесіп
жүре бердік. Рас қой? Рас... рас болған да қандай! Сонда...

сенің ойыңша, ол кездесу емес, кері кету ме? Не жазып
кеткенсің мына тұста?!! Таңғалып отырмын саған?!!
Осы арада өзіне бір келіп, шамалы дамылдады. Көңіл
күйінің ептеп орнықсыз екенін сезді. Өткен оқиғаларды

құлшына еске алу кішкене қобалжытса керек, жеңіл
ентіге бастапты. Осы арада тоқтатайын деп бір түйіп еді,
болмады, тосып болмас бір ынта жанарын қайта апарып
қолындағы сәлем хатқа жалғай қойды.

«Ілби басып бір кезде қонақүйге де жеттім. Тоғыз
қабат алып ғимараттың бір жақ жанында іргесін кеңге
жайып, далиып жатқан кең алаң бар екен. Ішке кіргім
келмей, солай бұрылдым. Шамалыдан кейін төрге оздым

теңселіп. Жаңбыр жауып өткендіктен болар, ауа таза,
есесіне әуеде шіңілтір ылғал бар еді. Аз болмаса, етке
жабысып, бойды тітіркенткендей».
Дұрыс айтады. Ол күні жұтар дем сондай тұнық, түн

желсіз болды. Үп еткен леп білінбеді маңайдан. Қатар
жүріп, екеуі арғы-бергіден әңгіме өрбітті. Шығыстан –
Тарбағатайдан екен. Есімі – Мекентай. Он жылдықты
озат оқыпты. Арманы – үлкен ғалым болу. Кейін қалада

қалып, қайсыбір зерттеу орнына жұмысқа тұрмақ, іргелі
зерттеулермен айналыспақ. Мұндайда адамды мысқыл,
не күдік қыспай ма? Неге екенін, оның түбі дегеніне
жететінене шүбәланған жоқ. Былай мүләйім, жұмсақ

көрінгенмен, өзіне аса сенімді. Басқалар бірдеңе ойлап
қалады-ау деген күмәннан атымен ада. Аздың алдында
сәл тартыншақ білінген қыздың еш бүкпесіз, зәредей
қысылып-қымтырлусыз айтқан сөздерінен алған бетінен

қайтпайтын қайсарлық танылғандай. Батылы барып,
бұл ақтармайтын сырларын, болашақ жоспарларын
іркілмей ағытып келеді. Сірә, сенгені. Жат көрмей,
аржағындағысын ашқанына марқайып қалды. Жоқ

жерден сырлас тапқанына мәз. Шынын айтса, бар-жоқты
бөлісер досы жоқ еді. Енді соны ат арытып іздемей-ақ,
аяғының астынан кездестіргендей.
Мұндайда бір ыңғай құлақ молдасы болуға болмайды.

Үндемей, тымпиып алсаң, қасыңдағы кісі секем алады.
Оған жетсе, істің насырға шапқаны. Жуытпау керек оған.
Түйсігі суалған, қайдағы бір иіс алмас болмаса, жалғыз
сөйлей бергеннен жалықпайтын жан жоқ. Ол қызық

та емес. Сондықтан қажетіне қарай жанаса жарысып,
қапталдаса шауып отыру ләзім. Ондай да, әрине, ыққа
жағылып, ыңғайға бағу деген қалыпты нәрсе. Пікірің
ұқсамаса да, түсіністікпен қарап, аттатып өтесің, не жол

қоясың, онда тұрған ештеңе жоқ. Маңыздысы, әңгімені

үзіп алмау. Тағы, тым білерменсіп кетпеу. Оған барсаң,
қарсы жағыңды суытасың... Тек ретіне қарай ой білдір-
ген мақұл. Ортадағы сөзге әншейін ауызың ғана емес,
бүкіл болмасың беріле қатысып отырғаны жөн. Сонда

ғана оған өзіңді оңымен өткізе алатын орайлы сәт жалға-
са түседі. Аржағы сенің пайдаңда.
Сәтіне қарай бұл да іш кірнесін ақтарып, ағытып
отырды там-тұмдап. Дегенмен, шыны керек, көбінде

серігін бағумен болды. Сулығынан сүйреп кейде күдірге
салды, бірде шырғалап, ылдиға түсірді. Жоқ, барша
дүниеге байыппен қарайтын талғампаз жан. Жастағы
шығар, өзіне шамалы артық сенеді. Жөндеп алуға

болатын болмашы кінәрат деп бүкті бүйіріне. Уақыт
өте келе өздігінен басылатын басасаулық. Қайда барар
дейсің?!

– Рұқсат болса, мен қайтсам, – деді түкпірге тіреліп,

кері бұрылғанда қыз. – Мен әлі сахна киімінен жүр едім.
Сіз өтінген соң, жүріп кеткем... шамалы тоңғандай болып
тұрғаным...

– А, солай ма? Неге ертерек айтпадың? Рұқсат...

рұқсат... – деді бұл өп-өтірік абдырап.
Шынына келгенде, қанша жылы дегенмен мегіл қыс
қой, өтіп кетер еді. Сырттай күпигенмен, жалаң екен.
Көрініп тұр. Төгілген ұзын пәлтесін көйлек үстіне

іле салыпты. «Сонда осы жеңіл-желпі күйі не іздеп
шықты екен сыртқа?» Тікендей қадалып осы сұрақ
тұрды көкейінде, қонағымен бірге аяңдап қайтып келе
жатқанда.

Қатарласа
жүріп,
ұзата
барып,

тақтақ
жолға
салып қойды. Жатақханалары таяу жерде екен. Ары
қарай баруын құп көрмеді. Қош айтысып, сол арадан

айрылысты. Қанша жерден көмейін қауып тұрса да,
«сыртқа неге жалаң шықтың» деп сұраған жоқ. Негізі,
әртістер киімдерін сахнадан түсе берістегі қалтарыс
бөлмеде ауыстыратын. Сарайда да ондай жағдай бар еді.

«Сонда неге алмастырмады екен? Әлде тұратын жері
жақын болған соң, жетіп алып, бір-ақ жеңілденейін

деді ме екен? Сірә, сөйткен болар... басқа себеп жоқ қой
көрініп тұрған».
Биік өкшелі аяқ киім, обалы не керек, қыздарды тіпті
де көріктендіріп жібереді. Әуелі, сымдай тартып, бойын

ұзартады. Сосын кеудесін көтеріп, шалқақтата түседі.
Сөйтіп, аяқ асты кербез, паң қалыпқа енеді. Былайғы
дүниеге иек астынан асқақ қарайды. Тік басып, қасыңнан
алыстап бара жатқанда, асыл арманыңнан біржола

айрылып қалардай боп, қимай қарап қала бересің
артында. Бұл да дәл сондай бір халде тұрды қара жерге
қазық боп қағылып. Тегіс асфальтке тық-тық тиген өкше
тықылы жүрегіне ине боп қадалып қашықтай берді.

Қыз әбден көрінбей кеткен соң кері айналған. Қан
сонарда олжалы болған кәнікі аңшыдай қағанағы қарық,
сағанағы сарық боп келді қайтар жолда. Және сол жан
тербеген масаң халі ұзаққа созылды.

Ешқайда бұрылмай, тұрағына төте тартқан... қараса,
оқып отырған хаты жоқ қолында... шошып қалды! Рас,
хаты қайда... хаты?
Өз сұрағынан өзі тіксініп, есіне келсе, әлгіндегі

орнында екен. Жан-жағына қарағанда, іздеген ақ пара-
ғының сырғып, жерге түсіп қалғанын көрді. Дереу
еңкейіп іліп алып, қайта үңілді бетіне.
«Біздей жандарың біраз жылды араға салып қайта

кездеспегі қандай қиын?!.»
Жаңағы бір ойлардың әсерінен әлі шыға алмай
отырғандықтан, «жыл» деген сөз ақыл түбіне жетпеді,
осы сәттегі қалауы бойынша, ол «ай» болып оқылды.

«Рас», – деді артынша хаттан көзін ала беріп.
Алақанындағы ақ қағаз кезекті рет ұмытылып, жайында
қалды. Санасында жылт еткен сағымды қуып, сабылып
барып, өткеннің кері оралмас тұңғиығана қайта сүңгіп,

тағы да батып кете берді.
«Рас, – деді манағы сөзін тағы қайталап. – Рас айтасың,
шынына келгенде, қиын болды. Саған қалай тигенін
білмеймін, өзіме, әйтеуір, тым ауыр соқты... тіпті, өліп

қала жаздадым. Жүрегіңді мүжіп жеген азап кейде

асқына түсіп, ығыр етеді екен. Бірақ, бір жағынан...
рақат! Бұрын танымайтын біреуді себепсіз жақсы көріп,
ілгері болмаған бір қызық әлемге енгенсің ғой өйткені...
Қыздармен

былай
сөйлескенде
сезілмейді
екен,

ал, әлдеқалай ойыңа алып, айланып соға бердің бе,
шаруаңның біткені екен. Аздан соң сол төңеректен
ұзамай, қайта шыға алмас шиырға түсіп, шыр айланып
жүргеніңді

аңдамай
қалады
екенсің.
Сөйте-сөйте,

сырттай өзімсініп, жеке меншігіңе өткізіп алған адамыңа
байланып қалады екенсің. Оның өзі не ойлайтыны есіңде
жоқ, мүлде маталып, арқандалып қалады екенсің. Бұл

– еркек кіндіктінің бәрі өткен жол болса, ендігі кезек

маған келгендей еді.
Жоқ, анығында, ондай сарсаң күндер әлдеқашан
басталып кетіпті. Ғашықтықтың басты ерекшелігі
өзімшілдігі емес пе, жандүниемдегі жұтпа иірімге

бойлай еніп, сұғына сүңгіп, батып кетіппін. Әлдеқалай
аңғарғанда, бел ортадан ауыппын. Алғашқы кездегі қол
қалт еткенде бір ойлау енді күндіз-түні талыға аңсауға
ауысыпты. Бір сөзбен айтқанда, сағынып (бұл сезімді

басқа не деп атауға болатынын білмеймін), көргім
келе беретін болыппын. Сол айықпас аңсар бүйірден
түртпектеп қоймаған соң, бір күні шығып іздедім.
Іздегенде, аты-жөні жоқ, салаң етіп жетіп бармайсың ғой

алдына. Қашықтан шолып, алыстан көздемек болдым.
Соған мықтап бел будым.
Жоқ. Таба алсамшы! Бұрын да кем дидар арманым енді
керегі артып, көлеңкесін көруді аңсай бастағанда, мүлде

көрінбей, зым-зия жоғалып кеткені. Әрине, сынып, не
аудиториядан табасың. Бұл – белгілі. Бірақ, менің олай
қарай аттап басқым келмейтін еді. Әлденеден қысылам,
жасқанам.

Сыртта,
ешкімнің
қарасы
көрінбейтін

оңашада кездейсоқ ұшыратсам деймін. Балалық қиял
екен мұным. Сірә, алғашқы махаббаттың адамды
жайдақ жерден адастыратын, сап-сау күйде алжастырып
жіберетін бір сиқыры болады, қарадай сағым қуып, бос

әуреге түсіппін. Оны күн өтіп, болған жайларды қайта

бір байыптағанда біліп, шұғыл тізгін тарттым. Құр босқа
далбасалауға болмас еді.
Ақыл шіркін осындайда керек екен. Өмірдегі біраз
нәрсенің қусаң жеткізбей, ал, тоқтасаң, арсалаңдап

алдыңнан өзі шығатынын мен сонда көрдім. Анда-санда
кітапханаға кіретін әдетім бар еді, соңғы кезде сабақ
бастылықтан мүлде атбасын бұрмай кеткен сол сүйікті
ортама ойда жоқ бас сұғып едім, батқан жұлдыздай

жасырынып жүрген бағымның маңдай тұсымнан қайта
жанып, жарқырай қалғаны. Жел ұшырып кеткендей
болғанда қайда бой тасалайды десем, кітапқа тесіліп,
осында отырады екен. Зарығып жүріп әрең тапқанда,

аса аптығып кетсем керек, өзімді ұстауды атымен
ұмытыппын, жолай кездескен көлденең сөредегі газет
түптемесінен біреуін ала салып, тура тарттым.
Көрмеді. Қайдан көрсін, көзін кітаптан алмаса. Алып-

ұшқан көңілім таяп барғанда сабасына түсіп, саябыр
тартты. Сыртай меншіктеп алғаныммен, оның әлі ерікті,
азат екені есіме түскен еді. Кері шегініп кетуге тағы
қимай, ілгерілей бердім. Алғашқы екпініммен барып,

қарсы алдындағы үстелге жайғастым. Жанына келіп,
жаңа бір оқырманның тізе бүккенін белгісіз түйсігімен
сезсе керек, әлден уақтан кейін жүзін алып, маған
қарады. Қарады да, қарашығы үлкейе аңтарыла аңырды.

Ешқашан болады деп ойламаған тосын жағдайға тап
болғаны көрініп тұр. Күтпеген оқиғаға бойы үйренді,
білем, артынша жүзі жылып сала берді. «Сәлем» деді
сыбырлап. Анық естідім. Соған қоса күлімдеп, қолын

көтеріп қойды. Мұнда дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды
ғой, үніндегі төмендікті осылай толықтамақ болғанын
білдім. Жауып ретінде бас изеп, миық тарта жымидым.
Соңыра байқадым, шұқшиып отырғаны кітап емес,

журнал екен. Ай сайын шығып тұратын «Кино» есімді
суретті, көркем, көрікті басылым. Қыз-қырқынның
көзінің құрты, қолдарынан тастамай қадалады да жатады
қашан көрсең. Атақты әртістер мен жаңа филмьдерді

таныстырып, үнемі тың мәліметтер ұсынатын жақсы

журналды, әті түскенде, мен де парақтайтынмын уақыт
өлтірмек үшін.
Қуанып қалдым. Тоғысар тақырып, ортақ желі бар еді
арамызда. Келесі кездескенде әңгімені қайдан бастауды

бүгіп қойдым ішіме.
Кірпіктерін еңіс құлатқан сыңайынан әзірше маған
сөйлемейтінін аңғарып, қолымда бірге келген газетке
үңілдім алдыма жайып. Бірақ, қанша тырыссам да,

назарымды қағаз бетінде ұстап тұра алмадым. Ой-
қиялым алқынған дәриядай алып-ұшып андай жерде, қол
созымда отырған асыл жанға қарай ауа берді ынтығып.
Анда-санда бір ұрлана көз салғанда, жазық маңдайын

көрдім
жарқыраған.
Ашық
пешене

болашағының
жарқын екенін айғақтағандай еді. Десе де, аса салмақты,
маңында кім отырғанын ұмытып, ақ қағазға біржола
сүңгіп кеткендей елеңсіз отырған енжер қалпы адамды

далада қалғандай етіп, үмітсіздендіреді екен. Қараптан
қарап отырып жабырқайын дедім. Тұра жөнелудің тағы
ебін тапай, бөгеле бердім біразға. Сол аралықта...
Иә, сол әредікте әппақ қағаз келіп жайылды иегімнің

астына. Басында жыбырлаған не нәрсе деп тіксініп
қалып, ізінше қарашық қадап едім, «Келмейтін жеріңіз
еді, қандай жел ұшырып әкелді мұнда?» деген маржандай
тізілген әдемі жазуларды оқыдым шеке тұсынан. Менің

әлгіндегі шүңетке шөккендей пәс тартқан халімді бақпаса
да бажайласа керек тымпиған қу көршім, зарықтырып
барып, үзілер шаққа тақағанда хабар салыпты.
Басымды кенет жұлып алғанда, ақсия күлген арайлы

жүзді көрдім қарсымнан. Одан сайын ажарлана түскен.
Әлде мені елеп-ескеріп, жақындық танытқан соң солай
болып көрінді ме екен, әйтеуір, сол сәтте тым сүйкімді
білінді. Артынша сұқ саусағын ерніне апарып, «тырс»

ерпе деп ишара жасады, жан-жағын бір шолып алған соң.
Төсқалтамнан қаламымды алып, енді мен төндім ақ
параққа. «Жел емес, үміт айдап келді мұнда. Қайда кетті
десім, жасырынып, осында жүріпсіз ғой. Қашатындай

мен не жаздым сізге. Бір уақ сыртқа шығып, кімнің

торуылдап жүргенін білмек керек емес пе ет жүректі
адамға» деп жаздым жеделдетіп. Сәл ашық кеткенімді
шамаладым. Бірақ табиғи, еркін лықсып келген соң,
ірікпедім. Әрі шыны да сол ғой, білсін дедім. Қалжыңға

сүйеп, барымды бірақ ақтардым. Кешіктірмей ілгері
сырғыттым шолақ сәлемімді.
Бақырайып бағып отырмын. Асыға бас қойған қыз,
іле жүзі нарт болып қайта қадалды маған. Қысылғаны

болмаса, жек көрмеген сияқты. Несін айтасың, төбем
көкке еркін жетіп, жетісіп қалдым. Еріккен әзілдің кейде
осындай оңды жағы болады. Алғашқы ишара жетті-
ау, әйтеуір! Түкке түсінбесе, бүйтер ме еді, қолының

сыртымен аузын басып, қашанғысындай тағы да үнсіз
күлді.
Үстел бетіне қайыра еңкейген. Кешікпей бері сырды
қағазды.

«Сіздің күтіп жүргеніңізді білмедік қой... білсек,
шығар едік. Не шаруа еді сонда?»
Ұмсына бере кілт бөгелдім. Жауап дайын, бірақ, мына
күніміз күн емес еді. Көмейде тулаған демегіңнің қарсы

жағыңа толық жетпейтіні өз алдына, жымыңдасып
отырғанымызды біреу-міреудің байқап қалмағы мұнда
тұрған әңгіме еді. Соны ескеріп, іркілдім де, басқа сөз
жаздым. «Сыртқа шығып кетейік!» дедім өтініп.

Жылжи жөнелген парақ біршама кідіріп барып, орны
суи бастағанда әупіріммен қайтып орылды.
«Жарайды».
Қандай жақсы! Қашанда ойлаған жеріңнен шығатын,

жүрегіңнің қалауын айтқан бетте алақаныңа салып
беретін мұдай ақылды қыздан айналмайсың ба әшейін!
Ризалықтан елжіреп, орнымнан қозғала бердім. «Сіз
жүре беріңіз» деген сыбырды шалды құлағым кері

бұрылғанда. Тіке есікке қарай беттедім. Қыздар қашанда
сақ қой. Ол жағын бір қаперге алсамшы! Таңданған
қалпым үнсіз бас шайқап, тысқа шықтым.
Көктем соңы, көкек тауа қоймаған мезгіл. Қар

көбесі сөгілгенмен, толық ерімей, астынан жібіп, жерге

білінбей сіңіп кетіп жатқан шақ. Мұндай кездегі ауаның
салқындығы өз алдына, айықпас боз тұманның дымқыл
сызынан бой тітіркеніп, көңіл шаппайды далаға. Әңгімеге
ыңғайлы орын ойлап, бөгеліп қалдым да, артынша бір

жер есіме келіп, босағаны бағып тұрып, кешігіп шыққан
қызды жетектеп алдым да, үстіңгі қабатқа қарай жүрдім.
Сондағы ұзын дәліздің шығыс жақ басына барып, қарсы
қарасып тұрдық.

Етене таныс оңаша орын. Емтихан кездерінде талай
келіп, түні бойы сабақ жаттаған, ешкім мазаламайтын
меншікті мекен. Енді, сәті түссе, сырымызға да ортақ
болмақ. Қашанғысындай тілсіз, тыныш, маужыр күйінде

қарсы алды бізді.
Ұзын дәліз қараңғы болғанмен, тұйықталған түкпір
жарық екен. Бір жақ жандағы қабырғаны тұтас алған
көл-көсір терезеден ішке бозамық жарық саулайды. Ай

әлі тумағандықтан аспан бұлыңғырланып, төңерегіміз
толық ашыла алмай тұтқырланып тұрғаны болмаса,
жазғы
кештерде

кітап
оқуға
боларлықтай
болып

жарқырап кететін жақсы жай.

– Ешкім үндемей ме? – деді мұнда шақырған тұңғыш

қонағым сақтана сыбырлап.

– Бұл менің жеке меншік жерім. Мұнда ешкім

келмейді, себебі, дүниеде мұндай ұжмақ бұрыш барын
жан баласы білмейді, – дедім өзімше қуланып. Дағдымда
жоқ жеңілтектік. Өзімді ұстай алмай, елегізіп барам.
Қыздардың бір ауыз сөзіңді жерге тастамаған жо-

марттығы, сірә, адамды есіртеді. Мен қызды әлдеқашан
уәделескен сыңарым сезіне бастадым. Тым еркінсіп
кеткенімді, артынша, сыртынан ұстамақ болып, оның
кітап құшақтап алған білегіне қолымды апарып сала

бергенде білдім. Саусағымның жанасқаны жаңа еді, от
қарып алғандай оқыс шоршып, балғын бойын тартып
алды.

– Бүйтетін болсаңыз, кетем, – деді бұлқынып. Ала

көзімен ата қарағанда, бұлыңғырдан байқалғанына
қарамай, өңменімнен тесіп өтті. Жай реніш емес, алапат
ашу көрдім жанарынан.

Кісінің қадірі кетейін десе оп-оңай екен. Аяқ асты
бетіммен жер басып, абыройдан жұрдай болдым. Шу
асаудың жай ғана жақын келгенін, ақымақтықпен
жуасыдыға балағам ғой. Тиер-тимей тулағанда, меселім

қайтып, тұқырып-ақ қалдым. Бір жақсысы, дегенін істеп,
кете қоймады. Бірақ, екі ойлы болып, бір жағына шыға
алмай, ентігіп тұрғаны білінді. Соны сезгенде, шынымен-
ақ кетіп қала ма деп, жүрегім тас төбеме шықты.

– Жоқ, сен түсінбей қалдың, Мекен... Мен мұздап

қалған шығар, көрейін деп едім, – дедім жігі-жапар
болып. – Кешір! – дедім соңынан, қанша айтқым келмей
тұрса да, амалсыз аузымнан шығып.
Жараспайтын-ақ қылық. Өзімді ешқашан кешіре

алмайтын шығармын. Қыз алдындағы ұстамсыздықты
барып тұрған алаңғасарлық деп білетін мен содан кейін
өзімді көпке дейін жайлы сезіне алмадым. Көршім
тілімді алып, қасымда қалса да. Ал кетіп қалған да ма,

онда... мүлде бітетін едім. Біржола құритын едім. Соны
ойлағанда, қыз тілегімді емес, жағдайымды ескеріп,
жанымда қалған шығар деген бір күдік мазалады
жанымды. Рас қой. «Қоянды қамыс, жігітті намыс

өлтіреді» демей ме. Намыстан өзімді түтіп жер едім. Мені
бір сыйлағанды білмейтін делқұлы деп кетер еді онда
мына шайтан қыз. Жанарының үлкен ағын көрсетіп бір
қарағаннан-ақ топыраққа тығып жіберді. Кемшілік деген

жаман екен, жіберіп алсаң, ол сол бойда иығыңа қарғып
мінсе, демнің арасында пенде болып қалады екенсің!
Адыра қалғыр дүние-ай десеңші!..
Жайымыз содан кейін талайға дейін жарасқан жоқ.

Өзімізбен өзіміз болып біраз тұрдық. Арамыздағы
сәтте келіп орнай қалған тоңды жібіту қайсымызға да
жеңіл емес еді. Талайға дейін тұйықтан шығар жол
табылмады. Қыз ренішінің қаншалық екенін білмеймін,

менің ішімде ептеген өкпе бар еді. «Сонша тұлданып,
ерін бауырына алатындай білегіне қол апарғанда тұрған
не бар? Жалаң болса, тағы бір сәрі, сыртында жең бар!
Қарадай жырындыға айналдырып, қарақшы қып қойды

ғой мені». Көмекейімдегі бүлкіл осы еді, тамағыма келіп
кептеліп, тарқамай қойды.
Әлгінде кітапханадан шыққандағы тәтті сезім, шырын
қиял сейілуге тақау еді. Тыртысып қимай тұрмын

ішімнен. Егер сол күйі тарап кетті ме, соңы апарып қиынға
соқтырар еді. Бола қоймаған болашақтағы бақытты
шақтарды былай қойғанда, қол жеткізіп, қоржынға
салып алған осы сәттегі сенім мен сыйластықтың өзіне

зар болып қаларым көрнеу тұрған әңгіме еді. Ұстап қалу
үшін үлкен тәуекелге мініп, шегініс жасауға тура келді.
Уақытты ұту одан да маңызды.

– Кешір! – дедім тұтыға күмілжіп. – Өзімсініп, кішкене

жеңілтектік істеп қойдым. Жер қылмайын десең...
кешір!
Қыз біразға дейін үндемеді. Қара қазанға айналған
өкпесі басылмады, әлде шырмап алған ыңғайсыз жағдай

жібермеді, тіс жарып, тіл қатпады.

– Ұмытайықшы... құрсын! – деді бір кезде барып бойын

әзер кеңге салып. – Мен де байқамай... артық кетіппін.
Ғафу етіңіз! Байқамасаңыз, қыздардың кейде сондайы да
болады.
О, асып туған ақылдым менің! Ақыры құтқардың-ау

мені бір өлімнен... бір тұйықтан алып шықтың! Саған
не деп алғыс айтсам екен! Ақылыңнан айналдым сенің!
Бәсе... бәсе, жолдасын жауға тастамайтын сенімді
жандай көрініп едің, сол бекер болмады, тегі...

Тосын соғып өткен осы бір тұщы ойлар жібітті, білем,
мен кенет өзімнің о бастағы жайдары қапымды тауып,
жайлана бастағанымды аңдадым. Кісі көңілінің құны
бір-ақ ауыз сөз екен ғой, кім білген... ілезде қиялы

шарықтаған бағанағы бақытты шағыма қайтып келдім.
Одан ары үн қатысқан жоқпыз. Өзімізбен өзіміз болып
тыныш қалдық. Өкпе, реніштен ада, жайлы тұрыс
еді. Тегі, махаббатың сондай да бір сиқыры болады,

сөйлеспейсің, ештеңе айтпайсың, тек жаныңнан тараған
себезгі жылуды жаның сезіп, рақатқа шомасың. Белгісіз
бір тәтті толқын ырғап, балбыраған бір күй балқытады
бойыңды.

Біз де сондай бір халде тербеліп тұрдық. Қыбырсыз,
қозғалыссыз. Іштей түсінісіп. Жаңағы бір көңілсіз жай
талай нәрсені аңғартқандай еді. Бір-бірімізді өкпеге
қиғанмен, айрылысуға, алыстауға қимайды екенбіз.

Соны аңғарғанда, мен одан сайын тебіреніп, толқи түстім.
Бірақ, тырп етпедім. Оған қазір шамам да, дәрменім де
келмес еді. Басқа емес, аямай бір шайқап алып, қайта
барақат таптырған бақытты жым-жырттығымды қалайда

үркіткім келмейтін.
Екі көзіміз аспанда. Күн ашық болғанмен, әуе күңгірт.
Қаракөк бояуы қалыңдап, бір қабат кіреуке тұтқандай
тұтығып, тұңғиықтанып кетіпті. Бірақ аржағында

құжынап тұрған жұлдыздарға тосқауыл болмастай.
Баданадай болып, жерге тіпті де жақынай түскендей,
анық анталап, тік төбеден төне түсіпті. Жымың-жымың
етіп, көз қысқандай болады. Бірде көгілдір көктің бір

жыланкөз моншағы маңдай тұстан сорғалап ағып түсті.
Соңында қалдырған болмашы жолағы созылып барып
түзге сіңіп, сейіліп тынды. Қарап тұрсаң, ғарыштың
қыбыр-жыбыры еш басылмайды екен. Бірде мына

тұстан, келесіде екінші шеттен қылаң ұрып, тынбайтын
әрекетте. Аумаған жердегі тіршілік. Бала кезімде көп
естіген аспан жайлы аңыздар оралды жадыма.

– Үркер төбеге таяпты, – деді бір кезде жанымдағы кісі

тыныштықты бұзып.
Аспанның жарты бетін тінтіп жүріп әрең таптым шоқ
жұлдызды. Онда да «төбеге таяпты» деген алдынала
мәлімет бойынша шекеден өргі ұлан кеңістікті шола

қарап жүріп. Топтана үріккен түн көздерін ертеден
танитындар біледі, ол сүзе тігіліп, салынып іздегенге
таптырмайды. Тұрған жерінде дәл басу үшін қарашықты
ешқайда қадамай, көктің көлемді бір бөлігін жағалата

сыдырту керек. Бір кезде назарыңа басқалардан күштілеу
бір жарық ұрылады. Керегіңіз – сол. Сонан соң қанша
көз сатасыз, өзіңіз білесіз. Ал бүгінгі бұлаң құйрыққа
салған себебі басқада екен. Тезірек көргім келіп аптығып

кетсем керек, онсызда әлдене көмескі пердеден тұнжыр

тартып, тұтқырланып тұрған түпсіз кеуекке ұмсына
телміріп, ессіздікке ұрыныппын да, аржағынан тынған
қоздай өлеусірей жылтыраған өлмелі жыпылықтарды
жыға тани алмай қалыппын. Артынан ескі тәсіліммен

азар тұспалдап, орнынан бастым.

– Иә, біраз уақыт болыпты, – дедім көңілімде ештеңе

жоқ көкке емінген күйімде.

– Қайтсақ десем, қарсы болмассыз, – деді қыз жүзін

бері бұрып.
Бұл мен күтпеген жауап еді. Тіпті, таназарыма
кірмеген. Шырғаға алданып, қақпанға түскенімді арты-
нан аңғарып, еріксіз сан соқтым. Қу қыздың ұзамай

тайып тұрғысы келеді. Тұра тұр деуге тағы қиын. Алға
тартар ештеңе тапай, іркіле бердім.

– Кешіксем, қыздар іздейді... – деді сәлден соң қиылып.

Сабырмен айтылған сөзден саңлау таба алмайсың. Әрі
көрсеткен себебінің селкеуі жоқ. Тосыла бердім. Іле есіме
басқа бірдеңе түсіп қуанып кеттім.

– Жақсы. Қайтсақ қайтайық, – дедім аяқ асты

тапқырлығыма өзім көңілденіп. – Бірақ бір шартым бар.
Таңданған қыз:

– Ол қандай шарт... тыңдап көрейік, – деді менен үлкен

жаңалық күткендей бар назарымен еңсеріліп.

– Білесіз, ертең – сенбі. Тұтасымен демейін, соңғы

бөлегін маған қиыңыз.
Бұл, шынымен-ақ, әлгінде ғана жылт еткен жаңа ой
еді.

– Қызық шарт... – деді қыз әнтек ойланып. Ақыл-

ойдан артық емес, мұндайда бәлсінбеген қыз қыз ба...
тұйықтан шығар жол іздеп, тінткілеп жатыр санасының
түкпір-түкпірін. Не деп жал табар екен деп қызық көріп
мен де тұрмын әліптің артын бағып. Уақыт ұзарған сайын

қорқайын дедім. Сонда барып қарсы жағымнан хабар
жетті. Екіұдай күйде екенін аңғартып, бірдеңе айтпаққа
оқтала бере, қайта бөгелді.

– Сөзіңізді аттап кете алмай, қиналып тұрмын... ертең

бір шаруалар бар еді... – деді болмашы үзілістен кейін.

«Жақсылықтың нышаны, – дедім ішімнен. – Тек
кішкене қиыла өтініп, қинау жетпей тұр».

– Шаруа біткен бе... кейінге қалдырыңыз... Келесі

апта емтихан басталса, уақыт тапай қаламыз.

– Сонда не істейміз...

– Оның жарасы жеңіл. Алдымен келісім жағын

шешейік...

– Онда дегеніңіз болсын...

– Рақмет! – дедім мен ризалығымды жасыра алмай. –

Өтінішімді жерге тастамағаныңыз үшін, – дедім артынан
қолымды ұсынып. Іле әлгіндегі жағдай есіме сап етіп,
тартып алдым созылған білегімді. Онымды көршім
де байқап қалыпты, қашанғы әдетімен аузын басып,

сықылықтап күлді.

– Ойбай-ау, жүректі алып қойдыңыз ғой, тегі, – дедім

қосыла күліп. – Ашуыңыз қандай жаман еді.

– Айтпаңызшы болды, адамды ұялтып... – деді қыз

одан сайын сықылықтап. – Өзім де байқамай қалыппын...
Қатарласа дәлізге қарай беттегенбіз. Төмен еңкейер
баспалдықтың басына таяғанда:

– Ертең сағат төртте қақпаның сыртында күтем, –

дедім арадағы келісімді қайта бір жадына салып.

– Білдім, – деген сенімде жауап естідім ізінше.

Кісі ісінің бәрі, тегі, көңіл күйіне байланысты. Аздың
алдында қол жетпеске ұзап кеткен жарық жұлдыз таяп
келіп, таяқ тастам жерде тұрғандай көрінді. Енді бір
аттасам-ақ, жетердей едім.

Түннің бір уағына дейін ұйықтамай, тосын басталған
және табыспен аяқталған тәуекелге тәубе қылып,
ертеңге жоспар құрдым. Өзіме ұқсамайтын сияқтымын.
Күнде бұл мезгілде екпетімнен түсіп, пырылға басушы

едім. Бүгін ояумын. Және сондай сергек. Біразға дейін
кірпігімнің айқаспайтыны да жер түбінен белгілі еді
өзіме.
Өкінген жоқпын. Бақырайып жатып бұрын бастан

кешпеген талай қызық қиялдарға ерік бердім. Бөлек
сезімдерге кенелдім. Ғашықтық, махаббат деген осы
болса керек, өзімді керемет бақытты сезіндім.

Ертесі зарығып жүріп шаңқай түске әрең іліндім.
Қарайып аудиторияда отырғаныммен, есіл-дертім далада
еді... жоқ, өзім де білмейтін әлдеқайда. Қанша тырыссам
да назарымды бір нүктеге шоғырландыра алмадым.

Соның салдарынан, өтілген сабақтың бір жері кіріп,
бір жері кірмеді құлағыма. Сөйтіп жүріп болған өңге
дәрістерді де соңына шығардым-ау, әйтеуір. Ал түс ауған
соң, басқа бір сезім мазалап, қобалжи бастадым. Көңілім

күпті боп, жүрегім аузыма тығылды да жүрді ылғи.
Мезгеулі мезет жуықтағанда шыттай болып киініп
алып, сыртқа беттедім. Мұндайда кешігуге болмайды
ғой. Уағдаласқан орынға келіп тұрдым. Сағатыма әлсін-

әлі қарап қоям. Уақыт өтер емес. Осы бір сарпалдаң
сәттер тезірек өтіп кетсе деймін іштей. Оның күткен
адамымның келу-келмеуіне тікелей байланысты екенін
жақсы білем, тағатымды тауыспай, жылдамырақ төбе

көрсетіп, құтқарса екен деймін мына тотанақтан.
Жоқ, бекер алаңдаған екем. Обалы қане, айтқан сөзінде
тұрды. Алғаш қуанып қалғаныммен, артынша алыстан
қарап тұрып, бекер мұнда шақырғаныма өкіндім. Бұлай

боларын кім ойлаған, ауызға түскен соң айта салғам ғой,
енді көз көріп, көңіл басылғаннан кейін, ақыл тапқанда
барып сан соқтым. Сонадайда қалқып келе жақтқан
сұлу мүсіннен қарашығымды зорға алып, «қап» дедім

ішімнен. Қанша дегенмен қыз бала ғой, көздің сұғынан
ығады. Оның үстіне, өзі де ине-жіптен жаңа шыққандай
боп киініп, жайнап алыпты. Жақындау бір жерден шыға
келгенде, осының бәрі тосын жүздесудің шаттығының

астында қалып, білінбей қалар еді! Енді басқа түскенінің
бәрін көретін болды жеткенше.
Көпке дейін кері бұрылған жоқпын. Төмен тұқырып,
аяғымның ұшымен ұзақ жер шұқып, жаныма таяды-

ау дегенде, ары қарай да теріс қарап алудың әдепсіздік
болатынын ескеріп, тіктеп қадалмасам да, бір жақ
бетімді беріп, қырындап тұрдым. Жігіт ретінде арадағы
қысылып-қымтырылуды сейілтуге өзімді міндетті санап,

бірдеңе ұсынуға дайындала бастадым. Ілінсеші қызыл

тілге дәнеңе. Сол түк таппаған қалпымда қарсыладым
құрметті қонағымды. Тұспалым қыңыр кетпеген екен,
балғын жүзі өрт болып алаулап кетіпті. Жан-жағына
қараған болып, жанарын алып қаша берді менен. Одан

ары үнсіз қалуды жөн көрмей:

– Сәлем! – дедім бір шетке ығыса бере.

– Сәлем! – Көз қиығын бір салып, ашқан жолыма

түскенде қосыла алға аттадым қатарласып.
Алғашқы сөзді қайдан бастарымды білмей тосылдым.
«Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың»
кері. Бірақ, өткен жолғылардың қайбірінен де өзгеше,

бөлек бір күй құшағында келе жатқаным өзіме аян
еді. Шамасы, қыз да соған жақын бір жағдайда, тырс
етпейді. Әрине, мен бірдеңе демей, алдыға түсіп, сарнап
қоя бермесі белгілі, кешіктірмей тіл қатуым керек еді.

Қиындықтан Құдайдың өзі құтқарды, сол аралықта есіме
кешегі қыз қолынан көрген журнал түсті сап етіп.

– Рас, кеше айтам деп ұмытып кетіппін, – дедім сосын

өзімнің тосын тапқырлығыма қуанып. – Қала кино-
театрларының бәрінде жаңа кино қойылып жатапты...

– Қандай кино екен? – деді қыз қозғаған тақырыбыма

қызығушылық танытатыны анық аңғарылып. Мен шы-
нымен де жаңылмаған екем.

– «Қызыл жүгері», – дедім іле, сөзді үзіп алмас үшін

жедел жауап қатып.

– Иә, кеше журналдан көргем, – деді қыз әңгімені

немқұрайлы жалғап. – Көп мәлімет берілмепті. Түскен-
дердің көбі жаңа, жас әртістер көрінеді...

– Көнелерден Жияң Уын бар ғой....

– Ол мен үшін қатардағы әртістердің бірі...

– Ал Гұң Ли-шы?

– Ол кім еді? – деді қонағым манадан бері жүзін тұңғыш

рет маған бұрып. Қалыпқа түскен, жайбарақат жарқын
өңді көрдім өзіме таныс.

– Ол жаңа көтеріліп келе жатқан жарық жұлдыз, –

дедім, айтсам, білмейтінін бетіне басқандай болам ба деп,
сәл іркілгеннен кейін, өзімді біржола тежеп қала алмай.

Әрі бұл кезде кино жайында көп білетінімді көрсетіп
қалғым келген бір білермендігім де ұстап еді.
Жоқ, ондай қауіп бола қоймады. Керісінше, тың
мәліметіме әнтек қызыға қалғандай, бетіме үнсіз тесіліп,

аңтарыла қарады. Мен орайды қолдан бермей сөзімді ары
септедім.

– Мынау нешінші рөлі екенін білмеймін. Бірақ,

танылып қалғаны анық. Сыншылар басылым бетінде
алғашқы пікірлерін білдіріп, болашағынан үлкен үміт
күте бастады.

– Маған Лиу Шияу чің ұнайды.

– Дұрыс. Ол өте мықты әртіс. Дегенмен, енді Гұң

Лидің дәуірі туып келеді, – дедім мен өзімнің ептеп өте
бастағанымды сезіп. Күткен жағдайлар бола қоймады.
Демек, енді көп жалтақтаудың қажеті жоқ. Есесіне,
осы ұрымтал тұсты пайдаланып кім екеніңді байқатып

алуым керек.

– Өзіңіз білесіз, – деп, енді әңгінені өзіне аудара

жалғадым. – Соңғы кездері Лиу Шияу чің америка асып,
өнерін жетілдіріп қайтты. Білетіндер оны «жетілген жоқ,
өзін жоғалтып қайтты» деп жүр. Жаны бар сөз. Өйткені,
бұрынғы деңгейінен асу былай тұрыпты, оны ұстап та

қала алмады. Алайда, қалай айтқанмен, өнер әлемінде,
талас жоқ, өз орны бар. Осы күйі киноға түспей кетсе де,
бәрі бір, жоғалмайды...

– Онда ел неге анау-мынау дейді?

– Жұрт қашанда қанағатсыз ғой... жақсы көрген

адамы ылғи да биіктен жарқырай түссе дейді. Әрине,
қызғаныштан айтатын қызыл сөздер де болуы мүмкін.
Бірақ, оларды ескермеуге болмайды... өте-мөте мамандар
лебізін.

Ортамыздағы үндестік солай жымдасып, үдіре тар-
тыпты. Бір талайға ұзап кеткенімізді әудемнен кейін,
кино-театрдың алдынан бірақ шыққанда біліп, тізгін
тарттық.

– Бүгін сол Гүң Лидің үлкен ойындарының бірін

тамашалаймыз, – дедім қыз жүзіне сынай қарап.

– Құмалағын тоғыздан қойдыңыз, көрсек – көрелік, –

деді қыз да қызығып қалғанын байқатып.
Кассаға қарай кетіп бара жатқанымда, «Арт жағанан
болсын» деген сыбыр естілді желке тұсымнан. Сырт
көзден жасқанады. Бұрын ешкіммен киноға келіп

көрмесем де, қыздардың сыры белгілі еді.
Өзі де соңғы жақтағы орындар қалыпты. Негізі,
бұл уақта жөнді билет табылмауға тиіс еді, артынан
байыптасам, жарнамасы жақсы жасалып, неше апта-

ға созылған жаңа филмьді көрушілердің алдынғы
тасқынының саябыр тартар тұсы да туған екен. Бұйырған
екі орындықтың меншігін сатып алып, қуана-қуана кері
қайттым. Басталар шақ таяу еді, кешікпей ішке кірдік.

Біз жайғасып алған соң да келіп отырып жатқандар
аяғы толастамады. Абыр-сабыр басыла қоймағандықтан,
жан-жақты бағып, күте тұруға тура келді. Мұндайда
қайта-қайта қыз құлағына «жармасып», бірдеңе айтқан

да ыңғайсыз екен. Жақындамасаң, не естілмейді. Біреу-
міреудің көзіне түсіп қаламыз ба деген күдік те бар
тағы, сол сезікпен артынша маңайды шола бір сүзіп
шықтым. Бізден бұрын байқап қалып, орындықтың

артына тығылып қалған болмаса, ешкімнің қарасы
көрінбейді. Сонда барып көңілім орнына түскендей
болды. Жанымдағы қыздың жағдайы да соның аржақ-
бержағында сияқты, сәлден кейін төбедегі самсап тұрған

шамдар сөніп, экранға жарық түскенде, «жақсы болды
ғой» деді қуанып.
Ал маған онша «жақсы» болған жоқ. Өйткені, түнде
дөңбекшіп ұйықтай алмай жатқанда мұқият құрып,

артынан бекем бел буған «ұлы жоспарды» бастап жіберер
шақ та жітіп келген еді. «Ғашықтар ішкі тілектерін кино
көріп отырғанда білдіреді» дегенді бір құлағым шалып,
қаперімнен қалмай жүрген сол сөз негізінде, «тіл қатуға»

тас түйін бекіп едім, енді байыптап қарасам, бекер
әңгіме сияқты. Экрандағы көрініске ілесе залды басына
киіп, саңқылдап жатқан әлеуетті дауыспен жарысып
не айтасың мұндайда және қалай айтасың? Үнін басып

тастаса тағы бір сәрі... мынандай азан-қазанда қызыл
тілмен емес, ибалы ыммен ғана жеткізуге болар ыстық
іңкәрлікті тістен шығару қисыны жоқ қысыр аңыз
тәрізді. Не естиді бұдан, не түсінеді? Уақыт таппағандай,

мына айғай-сүренге араластырғаны несі деп сөкпей ме,
әуелі.
Кеше түнгі шешімімді есіме қайта алғанда атқалақтап
соғып кеткен асау жүрегім де асығыс байламды құп

көрмегендей, тайсақтай берді. Сосын тұңғыш рет киноға
шақырғанда, көріп отырған картинамен қараталастырып
«бұйымтай» айтсам, қисынысыз жерде қарыз сұрағандай
түйсіксіздік болар деп түйіп, шарасыз ысырып, кейінге

қалдырдым. Сонда барып жаным терезе тауып, жеңілдеп
қалдым. Ары қарай да еш әуіреге түспей, тыныш отырып,
анандай жерде аялсыз сырғып жатқан тірі суреттерді
бағумен болдым кірпік қақпай. Бағанадан өзіммен-өзім

болып кетіп, талай жерін өткізіп алған екем, тесіле
қадалғанда барып аржағыма бірдеңелер жете бастады
там-тұмдап...»

– Әй, бері кел... бері! Қайда барасың?..

Әлдекімнің жер астынан шыққандай ащы даусынан
оянып, өз-өзіне келсе, бағана келіп бөксе басқан жерінде
әлі тапжылмай, қыбырсыз отырыпты. Іле хатын іздеді
қолындағы. Енді қайта айрылмас болып жабысқан ақ

қағазы алақанында екен, қайта еңкейіп, төне берді
бетіндегі жол-жол жазуларға.
«Жылыстап қашан жеткенін білмеймін, бір кезде
кеш кіріп, қараңғы түскенін аңдадым. Бірақ, алаңға

орнатылған шырақтар бар екен, самаладай боп төбемде
самсады да тұрды күндізгідей жарқыратып».
Иә, иә, рас айтады! Әлі күнге есінде, қайтар жолда жол
бойындағы жарық шамдар, шынымен-ақ, төбелерінен

төне түсіп, жарасқан жұптарына қызыға қарап, артта
қалған іздеріне ғана емес, алда қадам басар тәлейлі
жерлеріне де нұр сеуіп, сәуле шашып самсап тұрды.
Ешқашан ұмытылмас болып жадында қалған шапағатты

сәттер ғой ол! Тәңір сыйлаған мерейлі мезеттер!!! Ешбір

шашау шықпапты. Бүгін де, міне, көңіл көгінен тез
табылып, жаңғырып жүре берді.
Өзін бақытты сезінгені сонша, жүрек жарды тілегін
әлдеқашан жетізіп, күткен жауабын алып алғандай бір

алаңсыз күйде, жер-көкке симай, жетісіп келе жатты жап-
жарық жолда. Артынан барып алда алдын кескестейтін
он екі қамалдың әлі біреуі алынбағаны ойына оралғанда
барып сабасына түсті. Ернеуінен аса шаттануға әлі

ерте еді. Әрине, қыздың бір ауыз сөзін жерге тастамай,
сыртқа шыққаны – жақсылықтың нышаны. Бірақ,
ол соңғы уәде деген сөз емес қой, шатасуға болмас еді.
Тіпті, асып үміттенуге де орын жоқ. Өтінішін құп алып,

сейілдеуге мақұл болса, қайдан білесің, жай, сыйлаған
құрметі болуы да мүмкін. Қу қыздардың ойына не кіріп,
не шықпайды мұндай кезде?

– Ұнады ма? – деді о бір уақта барып арадағы ты-

ныштықты бұзбақ болып. – Киноны айтам...

– Ұнады, – деді қыз бірден келісіп. – Өте әсерлі екен.

Бұрынғы филмьдердей емес, өмірге жақын.

– Дәл байқапсыз, – деді бұл байқампаз серігінің сөзін іле

қоштап. – Жаң И моудың еңбектері жалпы осындайымен
ерекшеленеді. Өмірге жақын және ескі мешеу идеяларды
аяусыз сынайтынымен.

– Режиссердің аты Жаң И моу ма?

– Иә. Шан шилық кісі екен. Менің ойымша, өте

талантты адам. Өмірінен біраз мәліметтер оқыдым. Жас
кезінде ауылда жүріп фотограф болуды армандапты.
Кейін Бейжиіңге барып, Өнер университтетіне түсіп,
операторлық мамандығы бойынша білім алған. Әзір

«Шан ши кино студиясында» режиссерлік жұмыста.
Осы «Қызыл жүгеріні» түсіргеннен кейін кино әлемінде
үлкен шу шықты. Өршіген дау, тіпті, жоғарғы жаққа да
жеткен сияқты. Естуге қарағанда, ондағылар мәселені

кәсіби тұрғыда шешуді қалап, соңғы сөзді киногерлердің
өзіне қалдырыпты. Пікірлер қақ жарылған. Бір жағы
жұмысты жоғары бағалап, қойылымға жіберуді қолдаса,
екінші тарап «бұл халықтың намысына тиетін, басқа

жұрттың алдында біздің елді масқаралайтын түсірілім»
деп, жөргегінде тұншықтырып, үнін өшіріп тастауды
ұсыныпты. Арада көп өтпей картина Берлинде екі
жыл сайын өтіп тұратын кино фестивалдан үлкен

жүлде алып қайтады. Талас сонда да толастамайды.
Ақыры кеткен ақша, жұмсалған еңбеккүш, басқа да
жағдайларды ескерген болу керек, экраннан көрсетуге
шешім

қабылдапты.
Әрине,
толық
күйінде

емес,
қиылған, қысқарған, жарым-жарты қалпында. Бұл
туралы басылым беттерінде көп ештеңе жоқ. Біз жанама
көздерден естідік. Сіздің хабарсыз қалатыныңыздың

сыры сонда...

– Талас қай тұстан басталыпты... неге келіспеген...

– Көріп шықтыңыз... жақсы білесіз. Фильмнің

стильі бөлектеу. Соған қоса, шындық ащылау беріледі.
Ақиқаттың дозасы жоғары. Қабылдау қиын. Екіншіден,
екі-үш көрініс былайша анайылау. Оның бірінде,
«Ұлы сөзде ұят жоқ», бас кейіпкерлердің бірі жаңа

ашыған араққа кіші дәрет сындырады, артынан ол
арақ ашытудың озық тәсілдерінің біріне айналады;
екіншісінде, дәл сол кейіпкер төркіндеп келе жатқан
келіншекке қырындайды... артынан балалы болады. Дәл

осы жай оңшыл сыншылардың көңіліне ұнамаса керек.
Тағы басқа жерлерде де бірдеңелер болуы мүмкін. Кейін
оның бәрін ықшамдап, қазірге көлеміне түсірген. О баста
бақандай үш сағаттық кино болған деседі.

Одан ары ешқандай сұрау түскен жоқ. Төмен қарап,
ойланып қалған қыз қабағынан өз беделінің сәл де болса
өсіп, зорайып қалғанын сезіп, кәдімгідей көтеріліп
қалды. Енді ші... оңай ма осынша деректі кәсіби

зерттеушідей бір-бірден тізбелеп, алға тарту деген. Көп
адамның қолынан келмейтін шаруа. Қолы қалт еткенде,
орталықтан ашық және жабық түрда шығып тұратын
басқа да журналдарды парақтап, үңіліп отыратынының

аз да болса пайдасын көріп, қатты қуанды сол күні. Бәрі
солардан кездестіріп, жадына жазып алған тың дүниелер
еді, кәдеге асты әйтеуір!

Сол аралықта оқу орнының іргесіне де таяп қалыпты.
Соны байқап, жүрісін кілт баяулатты. Санасыз түрде,
әлде ыңғайына бағып, ырық берді, ілесе серігі де жай
аяңға көшті тұяқ қыбырлатып. Жақсылықтың нышаны.

«Тізгін-шылбыр» толықтай өз қолында деген сөз. Демек,
осы екпінмен қақпадан кіріп кетпей, шамалы бөгеле,
кешіге түсуге болады.
Жолдың бір жақ шетіне таман ойыса барып, межелі

жерге жеткенде бағытты бір жаннан келіп қосылып
жатқан жіңішке көшеге қарай бұрып еді, аңғармады, әлде
еркіне бағынды, жанында келе жатқан жандағы да қайда
бастадың демей, еш іркіліссіз еріп жүре берді жетегіне.

Шын қуаныш деген осы еді. Түсіністік пен сенім шіркін
адамды кейде қабағат марқайтады. Өзін жер бетіндегі
жалғыз бақытты жан сезінді сол сәтте. Және ол шаттығы
мәңгі бақи ортаймастай көрінді.

Неге екенін білмеді, көкірегін бір мақтаныш кернеді.
Бәлкім, есейіп қалғанына марқаятын шығар, есейіп қана
қоймай, университеттегі асып туған ең әдемі ару өзімен
бірге болуды теріс көрмейтін үлкен азамат боп жетілгеніне

марсиятын болар, екі арасын ажырата алмады, әйтеуір,
жүрегін бір ып-ыстық масат сезім уыстап, сығымдады
да жүрді талайға дейін. Тіпті, сонау қараңғы түкпірге
сұғына бойлып, тұйыққа тіреліп тоқтағанға дейін.

Әзірше түбегейлі бақытты жан емес екенін тек кері
бұрылғанда ғана есіне алды. Байыптап қараса, төбесіне
төніп келген қазіргі шаттық мәңгілік бақтың уақытша
ғана үйіріле қалған елесі екен. Сусып кете беретін сырғақ

құсты басында байлап, түпкілікті ұстап қалу үшін алда
бір алып қамалды алуға тура келердей. Бұзар бөгеттің аты
әлгінде ғана сырылып, кейінге қалған тас жұтар тәуекел
болса, одан аспай, сірә да ештеңенің басы ашылмас... сәті

түссе, аржағы – түсіністік... сөзден байлау, ауыздан уәде.
Баянды бақыттың байлауы деген – сол. Қол жеткізу анау
айтқандай оңай бола қоймас, дегенмен, ерте бастан есіне
салып, құлағын үйрете берген мақұл еді. Сағаты соқса,

кім біледі...

Осыны ойлағанда, шалқыған көңілі сабасына түсіп,
басыла берді. Бағана өзі аңсаған тамырдың бүлкілі
естілгендей тыныштыққа ендеп енгенін аңдаған сәтте,
шұғыл қамданып, әрекет қылмаққа бекінді. Ә дегенде

сөзді қайдан бастарын білмей, алақтап еді, Алла сәтін
салды ма, көп өтпей алғаш кездескен ұмытылмас сәттер
түсті есіне.

– Сізді тұңғыш көрген кезімді ойлап келем, – деді сосын

әңгімені алыстан орағытып әкелмек болып. – Ол бір ерек-
ше күн еді, шіркін! Қазір қарап тұрсам, барлығы қиыннан
қиысыпты. Демалыс еді. Әлдене себеппен баратын
жеріме бармай қалдым. Бөлмеде жалғыз жатқанда,

студенттер бірлестігінің жетекшісі келді іздеп. Бөгелмей
шаруасын айтты. Қалай сонша елпек боп кеткенімді,
дегеніне бірден келісіп, қаланың келесі бір шетіндегі
қатынас бекетіне тізгін ұшымен тартып отырдым. Ерте,

қайда... сәске түстің кезі. Барып алған соң біреу келсеші
зарықтырып. Ал күт... ал күт... Ақыры шаршадым. Үміт
үзілуге тақау еді. Бірақ, тағы бір дәме бар аржағымда...
әлсіз, өлмелі болғанымен пәлекет тыртысып жібермейді.

Сол тырп еткізбей ұстап тұрды талайға дейін. Көңіл
бірдеңені сезеді деген шын сөз, анығына сол күні көзім
жетті. Талығуға жуықтағанда сіз көріндіңіз терезеден.
Қолымдағы тақтайшаны ұмытыппын... алайда, күткен

адамымның келгеніне еш шүбәм қалмай ұмтыла бердім
сыртқа қарай. Сабалап жауып тұрған жаңбырға да
қарамаппын... – Айтқан сайын ақтарылып, ашыла
түскенін сезгенде, өзінің дұрыс бағытта ілгерілеп келе

жатқанын шамалады. Мұндайда маңыздысы – адамның
өзін-өзі ұстауы. Әйпегенде, не дегенін өзі білмей, сөздің
қиюын қашырып, пышыратып алады. – Шынымен
де, қатты қуандым, – деді ары қарай. Қызға қарап еді,

шамасы, әңгіме әсер етті, әлгіндегіден әрмен болып
тынып, томпия қалыпты. Сүйіне тыңдап, құныға құлақ
қойып келе жатқаны аңдалады. Орқаш-орқаш күдірден
құтылып, кенет жазыққа шыққандай жаны кіріп, көсіле

жөнелді. – Туған қарындасым келгендей болды. Артыма

қара басымды ғана алып қайтам ба деген қорқыныштан
құтқарғандықтан болар, сұмдық жақсы көріп кеттім.
Ішіме бір жылылық кіріп, содан былай жүрегім балқып,
елжіреді де жүрді. Сәл кейін көлік тосып тұрғанда да,

одан жүрдек машинаға отырып жолда зымырап келе
жатқанда да, сол бір ыстық сезімнен арыла алмадым.
Сол күні өміріме өзгеше бір мән енгендей болып еді, сол
сейілмепті, жоғалмапты, төрт айды араға салып ойда

жоқ тағы ұшырасқанда, әлгі қайта тұтанып, қайыра көз
ашты көкірек түбімнен...
Осы араға жеткенде бір мүдірді. Ары қарай сөйлеу
мүмкін болмады. Әлдене түйіншек тамағына кеп кептелді

де, жұтқаншағы сіресіп, жұтына алмай қалды. Амалсыз
кідіре тұруға тура келді. Осы қалыпсыз күйін сезсе керек:

– Ол қандай мән еді? – деді серігі әңгіменің аяғын

қалжыңға айналдармақ боп, қулана сықылықтап. Қу іші
сезіп тұрса да, өзіне жуытқысы келмейді. Түлкі бұлаңға
салып, жалтарып кетпек болады. Бірақ бұл жаңыла
қоймады. Іле қайта бекіп, бекемделіп алды да:

– Ол ұнату, қалау деген мән, – деді салмақты райда.

Қырсыққанда, жалғап ештеңе айта алмай тағы іркілді. –
Қалай екенін, сол алғашқы кездесу маған қатардағы жай
оқиға боп сезілмейді, – деді сәлден соң адасып қалған
әлгіндегі желісін әрең тауып. – Менше, ол – тағдырдың

сыйы. Олай дейтінім, осы күнге келгенше мен кіммен
кездеспедім, кіммен жолықпадым... бір де бірі есімде
қалмапты. Ал сол жолғы жүздесу... кеше ғана болғандай
жадымда. Әрі мен сол жолы қарсы жағымның да бейтарап

қалмағанын сезем...оған сенімдімін!

– Сіз өз болжамыңызға соншалық сенесіз бе? – деді

қыз осы тұста бір сөзге аралысып. Неден екенін, үнінен
бір батылсыздық байқалды.

– Бұл – болжам емес, – деді бұл нығыз қалыпта. – Бұл –

шындық,
Көршісі бір сәт үнсіз қалды.

– Шындыққа нанудың өзіне де кейде уақыт керек

емес пе? – деді әлден уақтан кейін күмілжіп. Тұйықтан

шығарар жол таппай қысылғандағы жандалбаса әре-
кеті.

– Әрине, – деді бұл көпке қалмай. – Онда күман жоқ.

Дегенмен, сіз осы сәтте өзіңізге керекті соңғы нәтижеге
қол жеткізіп отырған жоқсыз ба? Иланбайтын не қалды
сонда?..

– Ештеңе қалмаған сияқты... – деді әлден уақтан кейін

қыз әлі сол екі ойлы күйінде. – Дегенмен, алдамшы сезім
деген де болады дейді...

– Иә, ондайдың болуы әбден ықтимал алғашқы

кезде. Бірақ, жеті-сегіз айға созыла алмайды, – деді бұл
көршісінің көңіліндегі күдікті сейілтпекке тырысып.
Алайда мұндай кезде аса дігірлеп, асықтыруға бол-
майтынын да есіне алды артынша. Жіңішке жіпті артық

тартсаң, үзіліп кетуі мүмкін ғой. Шешілмеген түйіні
болса, оған керекті жауабын таппай, ішкі ілгектерінің
ағытыла қоймайтыны да белгілі. Соны ескеріп:

– Әрине, мен бәрі бірден болсын демеймін. Бірақ,

осындай оңаша шығып, арыла сырласқанда талайдан
бері таңдайымда жүрген сөзімді айтып, өзіңізге деген
ақ жүрегім барын аңғартқым келді... соны өзіме
міндет санадым. Ендігісі – сіздің құзырыңызда. Оны да

жасырмай айта кетейін, жақсы жауап болатынына кәміл
сенімдімін.
Көршісі үндеген жоқ. Не күйде екенін де біле алмады,
талайға дейін жүзін жерден алмай, ой соқты күйде

ырғалып жүрді де қойды.
Кешікпей екеуі аяңдап келіп, әлгіндегі шамдары
самаладай жанған жарық көшеге түсті. Одан кейін
де тіл қатыспаған күйлерінде іркіліссіз ілгері басты.

Аздың алдындағы ағыл-тегіл «ақтарылудың» арқасы
болар, иығынан бір ауыр жүк түскендей жеңілдеп, кеңіп
қалғанын ап-анық сезді қақпаға жеткенде.

– Ойланайық, – деді айрылысар тұста қыз жылы

жымиып. Күтілген жай. Қалма-қол жауап қайда. Осыған
да шүкіршілік етті. «Иегіңді қышытпай-ақ қой, әуре
болмай, жөніңе жүр бер» десе, не демек. «Ештен кеш

жақсы» деген, еш болмай, кейінге қалғанының өзіне қуанды. Үміт үзілген жоқ қой бастысы. Керісінше, езуіндегі күлкіден көкірегіне бір ұшқын септеп, тұтандырап қайтты артына. Сол әлсіз шоқ жетер жеріне жеткенше қоз болып жанып, іші-бауырын қыз-қыз қайнатып, балқытып барды бойын байсал тартқызбай. Алданбаған екен. Жаза баспапты. Құлаған көңілі сағым қумай, құштарын дәл тауыпты. Сенімі ақталды. Араға бір жеті салып кітапхананың үстіндегі «меншікті мекендерінде» қайта кездескенде, қолына аузы жабық хат ұстатып, жөней берді ғашығы. Сөйтсе, онысы бақыттың кілті екен. Алақанында тұрған хатқаптың шетін жыртып, ішін ашып еді, «пыр» етіп ұшып шыққан бақ құсы төбесене келіп қона қалды заматта. Бірден бас айланар биікке көтеріліп, жер бетіндегі санаулы ғана төрт керегесі түгел, мұқтажсыз адамдардың қатарына қосылғанда... етегі желбір қағып кете берді жел ұшырғандай... Рас, сондағы хат... хат қайда әлгі әлгінде оқи бастаған? Хаттың аяғынан оқып отырған хаты есіне түсіп, өзөзіне әрең келіп, қолындағы қағазын іздеді. Артынан байқады, қараған жоғы уысында екен. Тағы да жерге түсіріп алам ба деп сақтанды ма, бұл жолы умаждап, бүктеулі күйі тас қып ұстап алыпты. Іле екі жағыннан тарып жазып, арасын ашып быж-тыж бетіне қайта үңілді. «Көңілім бұзылып, сыртта ұзақ жүрдім. Көп ойландым. Бажайлап қарасаң, өмір деген қызық екен ғой, бір сүрінсең, қайта оңшалуың қиын сияқты. Қай тұстан жіберіп алғанымдыі білмей, дал болдым ақыры...». «Мұның енді құйдай өтірік, – деді Сәулет ішінен. – Неге білмейсің... қалай ғана дал боласың? Бәрі де тайға басқан таңбадай бадырайып тұрған жоқ па... қалай аңдамай қаласың? Одан да мойындағым келмейді десеңші... сонда әбден дұрыс болар еді. Иә, шамалаймын, сенің жауапкершілікті мойныңа алғың келмейді. Пәленің бәрі сонда жатыр. Соның кесірінен сен өзіңді ғана емес, мені

де бақытсыз еттің... Енді өле-өлгенше бейшара міскін
болып өмір сүремін мен байқұс!
Барлығын басынан бастайықшы, сонда бәрі де есіңе
түсер. Біз бақытты едік, рас қой? Рас! Ешкімнің таласы

болмауға тиіс. Бас-аяғы бір күнде жер-әлемде теңі жоқ
жарасқан жұпқа айналып шыға келдік. Басқалар білмесе,
білмеген шығар, ал өзіміз терең әрі шын жүректен сездік
мұны. Оны сол кездегі қойынға симай, ылғи да асып төгіле

беретін қуанышымыздан анық аңғаруға болатын. Бір-
бірімізге деген ынтық-аңсарымыздың алаулап жанғаны
сонша, көрмесек тұра алмайтын әлетке жеттік. Шын ғой?
Әрине, шын! Ал сол басымызға жаңа келіп қонған бақ

құсын кім үркітті... кім? Сен болатынсың, Мекен! Бұл
да шындық. Сен, керісінше, менен көретін шығарсың?
Іс жүзінде өзің болатынсың. Бәрі сенің қыңырлығыңнан
болды.

Ол кезде мен сенің үнемі айта беретін: «Шіркін, оқу
тауысқан соң екеуміз де қалада қалсақ. Ойдағыдай
бір жұмысқа тұрсақ. Ары қарай жалғасты ғылыммен
айналыссақ. Кейін үлкен ғалым болсақ... қандай жақсы

болар еді!» деген болашақтан үміткер, тербіреніске тола
жалынды сөздеріңе аса мән бермеппін. Жүре келе сен
мұны үдете түстің, тіпті, алдыма шарт етіп қойдың.
«Дұрыс екен, – дедім мен анық қылып. – Қалуға қарсы

емеспін. Онсыз да қалуға іштей ниеттеніп жүрмін. Бірақ,
кей нәрсе бізге байланысты емес қой». Мұны естігенде
сен үндемей, томсырайып қалатынсың. Сөйтсем, пәленің
бәрі сонда жатыпты ғой. Бір күні бітеу жараның оқыс

жарылып, жан ауыртатынын қайдан білейін!
Тағы да сол үлкен алаңның ең түкпіріндегі биік
ағаштардың астында, қалың жапырақ арасынан ай
жарығы алаңғыт сығалаған дөңгелек алақыда, арқалы

орындықтардың біріне жайғасып алып, сырласып отыр-
ған болатынбыз. Бұл біздің жаз шыққалы тапқан жаңа
өріс – «жайлауымыз» еді. Ұзаққа созылған қызықты
әңгімеміз күні ертең басталатын жазғы демалыс жайына

көшкенде сен әдетіңше маған еркелей сүйкеніп:

– Мені сағынасыз ба? – дедің көз сүзіп.

Сенің осылай сүзіле қарайтының қатты жағатын
жаныма. Ізінше ет жүрегім елжіреп жүре берді ескі
дағдысынан жаңылмай.

– Сені сағынбай, енді кімді сағынам, жаным! – дедім

еметайым езіліп. Онсызда ойланыдырып, жан ауыртып
жүрген жай ғой, соны қайта қозғады арадағы әңгіме.

– Үйіңізге жеткен соң, ондағы көне таныстарыңызды

көріп, мені ұмытып кететін шығарсыз....

– Мен сені біреуді көргенде емес, тек жүрегім тоқ-

тағанда ғана ұмытамын...

– Өтірік... – Аузыңда солай дегеніңмен, наздана ерке-

ліп, қолтығыма кіре түстің. Сенің сондай бір сиқырың
бар еді, жақын келіп, жанаса түскенде, жүрегіме еніп
кететінсің.

– Рас айтам, – дедім мен одан сайын сүйсініп.

– Сенбеймін...

– Неге?

– Білмеймін.

Шынын айтайын, қалжың екенін қанша жерден біліп
тұрсам да, мен бұл сөзді естігенде әнтек тіксініп қалдым.
Бұрылып қарағанымда, бәлкім, шайтан түртті, маған
расымен сенбей тұрғандай боп көріндің. Бұл мен үшін өте

ауыр нәрсе еді. Мінезге, сірә, дауа болмас:

– Қалай?.. – дедім балқып бара жатқан бойымды жиып

алып. – Сонда сен менің айтқандарыма сенбейсің бе?

– Жоқ. Сенем. – дедің сен үнімдегі қатқылдықтан

секем алсаң керек, қолтығымнан иығыңды тартып ала
беріп.

– Ал бұл жолы неге сенбейсің?

– Білмеймін... – Даусыңдағы жіті өзгерістен қылт ете

қалғаныңды анық аңғардым.

– Онда бірге жүр, – дедім бастаған сөзді аяғына

жеткізбек болып.

– Қайда? – дедің сен аңтарылып. Менің жыныма тиетін

жайлардың бірі осындай еренсіздік еді. Бірдеңе ұстай
қалды аржағымнан.

– Қайда болушы еді... біздің ауылға! – дедім нығарлап.

– Онда не бар?

Бұл енді анық көңілге келетін сөз еді. Қитығып
қалдым.

– Онда бәрі бар. Ел бар, жұрт бар. Атаң бар, енең бар.

Ақыр баратын жерің... барып, көріп қайт осы жолы.

– Бармаймын, – дедің сен шұғыл қатайып. – Кейін де

жолым түсе қоймас... жер түбіне қаңғырып, ел ақтайтын
жайым жоқ .
Тұңғыш көрсеткен тосын мінезің еді. Мен тосырқай
тіксіндім. Түкке түсінбей қалдым. Жайдары секілді едің,

қаға берісіңде бұғынып жатқан мұндай да «өнерің» бар
екен. Соған күтпеген жерден куә болып, тосыла бердім.
Не дейсің енді бұған. Ары-бері отырдық та, сонау бір
уақта сол тым-тырыс күйімізде артқа қайттық.

Жақ кірісін ашпаған қалпымда қатарласа жүріп,
тұрағыңа апарып салдым. Жеткен бойда есіктен үн-
түнсіз кіріп кетер ме едің, қайтер едің, жігіт екенімді
ескеріп, шегініс жасадым. Қолымды ұсынып тұрып:

– Жақсы барып-қайт, – дедім даусымды барынша

жұмсартып.

– Өзіңіз де, – дедің сен ерін ұшымен.

– Ренжіме... – дедім мен қолыңды болмашы қысып. –

Саған ақ жол тілеймін!

– Сізге де... – Кері бұрылып, саусақтарыңды ұстат-

қаныңмен, жаны қашып, сұлық жатты алақанымда.
Тереңіңде тұйықталған ілгіштің әлі тыртысып жібермей
тұрғаны анық аңдалғандай.
Сол аралықта көтеріп, сыртынан өппек болып еңкейе

беріп едім, үлгірмедім, сүлесоқ салқын сүйріктер суси
берді уысымнан. Ақылдан гөрі ашуға бейім бейтаныс
болмысыңнан дәтіңнің тым берік екенін шамалап,
сыртыма қарай айналдым мен де.

Бәлкім, бұл маған ғана тән бір әлсіздік шығар,
соңымнан, арт жағымнан көпке шейін үміт үзе алмадым.
Мойын бұрып қарамасам да, былай ұзап шыққанша
сарылып сыбыс күтумен болдым желке тұсымнан.

Үмітім ақталмады. Ақыры салым суға кетіп, алыстай
бердім көңілсіз арадан.
Тарқамаған өкпе бар еді ішімде. «Ертең кетеміз ғой...
содан бақандай екі ай бойы жолықпаймыз. Бір-бірімізді

көрмейміз. Соны біле тұра, түкке тұрғысыз ренішке бой
алдырып, жібімегені несі?» деймін өзіме өзім жауапсыз
сұрақ қойып.
Ойнап отырып от басқандай ойда жоқ түйілген түйін

сол күйі шешілмей кетті көкейімізде. Бірақ, «уақыт

– емші» деген рас екен. Жүздеспеген мезгіл тым ұзақ

болды, не ғашықтардың кешірімі артынан, білмеймін,
қайта кездескенде түк болмағандай кіршіксіз көңілмен,
сағыныса қауыштық. Таң қалдым! Арамызда еш жай жүз
бермегендей еді. Бұрынғы арнамызда тоғысып, қосыла

аққанымызды ойлап, шүкіршілік еттім артынан.
Сені білмеймін, шынын айтсам, өзім қатты алаңдаған
едім. Зарығып жүріп өлгенде әрең қолға келтірген
бақ қой, іштей қимадым. Соңында бір сейілмейтін

дық қала ма деп те күдіктендім. Соның ешбірі болған
жоқ. Алғашқыда, ойламаған кірбеңдіктің әсері болар,
арамызда бір алшақтық бардай сезіліп, «жүрегі тым
қатты ма» деген байламға келіп, шамалы іш жиып

едім, ол да көпке қалмады. Көктемнің жылы шуағында
жіпси еріген мұз құсап айқасқан құшақтардың арасында
ғайыпқа сіңіп, жұғын да қалмай, жоғала берді. Иә, сен
өңім емес, түсіме де кірмеген жомарттық жасап, жарқын

жүзбен қарсы алдың. Өткендегі аса беріктіктің өтеуіне
балап, мен де риза пейілмен қабыл алдым. Ортадағы
тоңның тез жібуіне осы жай да ықпалын тигізген болар,
ары қарай баяғы бақытты, шадыман күндерімізді қайта

жалғап, бал жаласып кете бердік қол ұстасқан күйі.
Жаным сонда барып жай тапты. Себебі, бұл кезде
екі айдың алдындағы ойыннан шыққан өрттей болған
оқыс оқиғанның қасақана жасалған қыңырлық емес,

байқаусызда жүз берген кездейсоқ жәйт екеніне толық
көз жеткізген едім. Көп өтпей естен көтеріліп, көмескі
тартқандай болды. Сол күйі түк қалмай, тақыр-таза

ұмытылып кетер ме еді, қайтер еді, аз күн кейін аяқасты
бұрқ еткен тағы бір тосын жай болмаса.
Айлы түнді жамылып оңаша сырласып отырған едік.
Бір кезде сен тақырыпты басқа жаққа бұрдың. Талайдан

дайындалған, осы сәтті қолай көріп бастаған әңгімең
екенін артынан аңғардым.

– Сіз ренжімеңіз, – дедің сен әуелгіде бір оқталып

барып, қайта тоқырап. Сөйттің де бір шама іркіліп,
тосылып қалдың. Айтпағыңның жай сөз емес екенін
содан біліп, мен де бойымды жиып алып, соңын күттім.

– Құлағым сенде, – дедім сәлден кейін аз да болса

демесін болсын деп.

– Негізі, – деп бір мүдіріп алған сен, ары қарай тосын

қайраттанып, тайпалып кеттің. – Көптен ойымда жүрген
нәрсе еді, енді ашпасам болмайтын сияқты. Себебі, сіз
көпке қалмай оқу бітіресіз. Сондықтан алдынала келісіп
алғанымыз жөн секілді...

– Нені? – дедім мен іштей шамаласам да, өз аузыңнан

естігім келіп.

– Осында қалу жайын... – дедің сен сөзіңнің соңын

жұтып. Бірден таныдым, тұрпатын өзгертіп тағы алдым-
нан шыққан өткендегі «пәле». Қылп еттім.

– Бұрын да айтқам, – дедім сосын байыппен. – Жалпы

қалуға қарсы емеспін. Бірақ, мұнда жер тіреп тұрған
менің әкем жоқ, ештеңеге кепілдік бере алмаймын...
тағдырдың жазғанын көреміз.

– Жоқ. Сөзсіз қалуыңыз керек.

Өткендегі мен тіксінген бір беткей адуын мінез. Дүлей
өктемдік. Ол ғана емес, апшытып ашу шақыратын бітеу
білместік, қисынсыз қыңырлық. Сонда да, аса сеніп
кетпей, қалжыңы ма деп жүзіңе бұрылғам. Демін ішіне

алып тына қалған иілмес қаттылықпен бет келдім.
Мұндайда ырыққа көне қояр ыза болған ба?

– Егер қала алмасамшы?... – дедім тіл ұшына кеп

қалған сөзді кері жұтпай.

– Онда... – дедің сен тұтыға тежеліп. Не айтпағың

белгілі еді.

– Сонда біз қалада қалу үшін ғана бірге жүрген болдық

қой?..

– Мен олай деген жоқпын.

– Енді не демексің?

Бір сәт үнсіз қалған сен:

– Ренжімеңіз... мен сіздер жаққа бара алмаймын, –

дедің соңғы байламыңды түйіп.
Бұдан соң бірдеңе деудің қажеті шамалы еді. Бірақ,
басқа бір себебі болып қалмасын деп:

– Неге? – деп сұрадым.

– Барғым келмейді, – дедің сен еш шімірікпей.

Су аяғы құрдым деген осы еді. Іштен тындым да,
сіресіп қатып қалдым. «Ажырасар дос ердің артқы қасын
сұрайды» деген. Мынау соның кебі еді. Алқымдаған
ашудан болар, ештеңе ойлаған жоқпын. Бәрі анық жайға

құры бекер тызақтағаның болмаса, түк те істей алмайсың
ғой, сондай бір шарасыз күйде отырдым да қойдым
омалып.

– Кетем, – дедің сен бір ауықтан кейін орныңнан

қозғалып. Себепсіз тұра қашудың жөнін таппай, өзім де
соны күтіп қалып едім, жақсы болды, тіземді жаздым да,
жанай барып, жандаса бердім.
Ілкіде бастан кешпегендіктен болар, мен жол үстіндеге

әңкі-тәңкі, желкеме бір қара дәу мініп алғандай ауыр-
лаған, есесіне, санам мүлде босап қалған, аңғай-даңғай
қызық халімді түсіне алмадым. Тек тереңіме бір тоң
жүріп кеткендей жаным қалтыраған жағдайсыз күйімді

қапысыз сездім артынан.
Сол күннен кейін менің басыма қара түнек орнады.
Сыбысын сездермей келіп, бауыр баса байырқалаған
зіл салмақ баранын байқатпай иінімды басты да тұрды.

Еңсе тіктетпес емсіз ауырлықтан сәт өткен сайын езіле
түстім. Кең дүние кетеуі кеткен мағанысыз кеуекке
айналды. Сорыма тап келген сол бір түнді ойласам,
еңіреп жылағым келетін. Кейде бір өзімді тежей алмай

өзек тырнаған уыттан бордай босап, көз жасыма ерік
беретінмін. Саз беттеніп сазарып жатып алмай, бір уақ

егілген де тәуір ме дедім, шемен боп байланған іштегі
шер сәл ерігендей боп, шамалы жеңілдеп қалатынмын.
Аздан соң өзімнің басымнан бағым ұшуға таяу бақытсыз
жан екенім жадымда жаңғырғанда қайта барып құзға

құлайтынмын.
Құдыққа құлаған құландай қирап қалып, барып-
барып ес жидым. Аз күн кейін бір ақыл тапқанда ойлап
отырсам, үміттің соңғы тамшысы үзілмеген екен. Тек

алғы шарты ғана алға тартылған. Ол – осында қалу.
Буынсыз жерге пышақ салған оңсыз талабын еске
алғанда, қанша күйіп кетсем де, қоштасар сәттің қоңырау
соқпағанын жұбаныш қылып, қайта талпындым. Үміт

оты тағы тұтанды. Төрт тағандай көтеріліп, екі аяқтай
ұмтыла бастадым алдамшы өмірге. Осы итке бергісіз
аянышты тірліктің кім үшін екенін ескергенде, намыстан
жарылуға шақ қалып, өліп қала жаздағаныммен,

көкірек түкпірімдегі бір жылы іңкәрліктің өшпегенінен
сені шын сүйетінімді аңдайтынмын. Бетіңді жер қылып,
қадіріңді қашырғанына қарамай, жүрегіңді ғана емес,
тағдарыңды да біреуге байлап қоятын ынтық көңіл

құрғыр-ай десеңші! Дауа табылар ма саған!
Қалада қалудың соңғы бір мүмкіндігі бар болса, ол
мен үшін басқалардан оқ бойы озып шығып, алдыңғы
қатардан қара көрсету еді. «Жақсы оқысаңдар, бал-

дарың жоғары болады, жұмысқа, онда да қаладағы
жалақыны көп төлейтін қымбат орындарға жолдама
аласыңдар» дегенді жиі айтатын ұстаздарымыз. Маған
көше сыпырушысы болса да жетіп жатыр еді. Бір жағы

реніш, сондай бір болмашы ілгекке болса да ілініп,
ызасына қалада қала алатынымды дәлелдейін, болмаса,
ары қарай тағы көрермін деген бір нық байламға келіп,
шұғыл кірісіп кеттім шаруаға.

Әрине, кездесіп тұрдық ара-тұра. Бірақ, бұрынғыдай
сағыныса қауышатын емен-жарқын жағдай жоқ еді.
Сынған әйнек сызатының қалпына келуі, сірә, мүмкін
емес, қанша рет талпыныс жасағаныммен, өзгерген

ештеңе болмады. Сол баяғы томсырайған тұйық қалпыңда

қалдың түйіліп. Қазірге дәтке қуат етер жалғыз нәрсе –
кеудемнен итеріп, кет демегенің ғана. Соған қарағанда,
сен де мені қимайсың, бірдеңе жібермейді аржағыңда.
Екеуміздің арамызды ғана емес, келер күндерден де

күдер үздірмей тұрған соңғы алданыш, сірә, сол.
Алайда, ол қаншаға шыдамақ? Адамды бір-біріне
жақындата
түсер

«жібек
жіптің»
арада
болатын

таусылмас әңгіме екенін мен сол тұста анық аңғардым.
Ауыздан шыққан сөз жай ғана желпіме емес, жүректерді
жанастыра түсер көкіректің үні екен. Онсыз пәсейген
көңіл де ешқашан қайта серпілмесе керек. Саңлау

түспеген құдық түбіндей жаның да жаураған күйі
қараңғыда сыз тартып қала бермек. Біз де сөйттік,
ортадағы тоң жібімеген соң, арамыз ақырын-ақырын
алшақтай берді, ашыла берді. Сөйтіп, бірте-бірте жел

азынаған алып жарыққа айналды.
Өкпелі кісі, сірә, кінәмшіл. Реніш тез тарқамаса,
жаңасы қосылып, жиыла-жиыла түбі қос айырық жолға
салар екі-ашаға апарады. Ұшқыннан қаулаған өрт секілді

болмашы келіспестіктен басталған жеңіл араздық ақыры
ауырлап барып, аз күннің алдындағы жалындаған
махаббатымызды, шексіз сүйіспеншілігімізді, ешқашан
сөнбестей көрінген ішкі алауызымды әлсірете берді,

әлсірете берді. Енді болмаса, біржола өшіп тынар ма еді,
қайтер еді, сен күтпеген ұсыныс жасадың.

– Біраз уақытқа қол үзе тұрсақ... – дедің бір реткі

кездесудің сірге жиярында. – Бұл, әрине, қиын, – деп
септедің сөзіңді қиналып жүргеніңді сездірмек болғандай
күрсініп қойып. – Бірақ, басқа шара да болмай тұр. Бұлай
кете берсек, түбі жақсылыққа апармайды. Мен содан

алаңдаймын. Сондықтан, осындай шешімге келдім.
Оңаша қалып, жақсылап ойланайық. Қай жерден
кетірдік... іздейік. Оған дейін сіздің де оқуыңыз бітер...

– Ол да ақыл екен, – дедім мен бірден келісіп. Сенің

«қайдан жібергенімізді» білмейтініңді естіп, таң қалдым.
Бұған енді не дерсің! Айғағын өз сөзіңнен келтіріп,
жауабын бермек боп бір оқталдым да, оның әзір басы

артық нәрсе екенін ескеріп, тағы да керісіп қалмайық
деп, тиыла қойдым. Ештеңе білмесең, менің оқуымның
кешікпей аяқтамақ жайын ауызыңа алар ма едің? Бәрі
соған келіп тіреліп тұрған жоқ па? Тұңғиыққа тартып,

құйрық ұстатпай жүрген не бар біздің арамызда одан
өзге?
Қоштастым да жөніме кеттім.
Қайтар жолда өзің айтқандай көп ойландым. Өзің

жөнінде, өткен өміріміз жайында. Нәтижесінде көңі-
лімдегі қол жетпесте күлімсіреп тұратын көркем бейнең
сәл солған тартып, көмескілене түскендей болды. Мен
бақытқа алданып аңғармай жүріппін, сен, тіпті, осы

күнге келгенше «қай жерден кетіргенімізді» білмейді
екенсің. Бұл не сонда? Аңғырттық па, әлде ақымақтық?
Ойдың аяғын ой қозғайды, бәлкім, мұндайда адам әсіре
кірпияз болып кетеді, не басқа бір пәлесі бар, ілгеріде

жүз берген әр нәрсенің астарын қазғанда, сен бара-бара
мен сүйген баяғы момақан қызға ұқсамай бара жаттың
мүлде... қиналсам да, соны анық аңдап, қарадай іш
жидым. Түңіле келе, түйіле түстім. Енді маған бәрі бір

еді. Соған бекідім де, не жағдай болса да қасқая қарсы
алмақ болып, құрыш болып қайта құйылдым.
Жоқ. Бекер екен. Оның бәрі әншейін ашу үстінде айта
салған әңгеме екен. Бар жоғы бір-ақ түнге шыдады. Ертесі

ерте тұрып, әлденем олқы соққандай қоңылтақси берген
соң, өткен түндегі жайларды санамнан өткізіп едім,
қолқа-жүрегімнің қайнаған су құйылғандай ылдырап
жүре бергені. Шыны керек, өзімді ұстай алмадым. Сонда

білдім, жуықта құтыла алмас қайғы-мұңға мойыннан
маталып, қосақ болғанымды.
Бір жақсысы, содан ұзаққа бармай соңғы жылдың
қорытынды емтиханы басталды да, жайлап ес жиюыма

тура келді. Өйтпей болмас еді, осында өткізген алпыс
айымның мәуелі жемісі ғана емес, алдағы өмірімнің тұтас
тағдыры байлаулы шешуші сынақ ғой. Соған үстеп, еске
түссе еңсені езген көңілсіз істерді еңсерудің табылмас

орайы деп білдім алдағы айқасты.

Ұрыста тұрыс болған ба, кешікпей қоян-қолтық
араласып та кеттім аламанға. Арпалыс ақыры сәтімен
аяқтады. Нәтиже ойлаған межеден жоғары. Еңбегім
далаға кетпей, елеулі биікке шығарып, иығым көтерліп

қалды. Үміт те қайта тұтанған. Бірақ...
Бірақ, мен бақытсыз жан екем. Бағым жанбапты.
Қалаға емес, ауылға бөлініп кете бардым. Қат-қабат
көңілсіздік. Өйткені, бұл сені мөлдіреген күйі қолдан

беру, тірідей айрылу деген сөз еді. Ауыз бармайтын ауыр
жағдай.
Иінім қайыра еңкейді. Енді қайта тіктей алмастай
болып. Үйреніп қалған әуелгі күйінде жүре берсе, бір

сәрі, бір серпіліп алып, құрдымға кері құлаған жаман
екен. Содан кейін серги алмадым. Сірә, «Жығылғанның
үстіне жұдырық», сол күндердің бірінде сен ауырып,
емханаға түсіпті деген тағы бір жайсыз хабар жетті

құлағыма. Тұқыра түстім. Қанша дегенмен, кінәлімін
ғой алдыңда. «Тырс етпегенімен, сырттай тілеуімді
тілеп, тілекшім болған шығар, үмітім ақталады, қойған
талабым қамшы болып, оқуды жоғары көрсеткішпен

аяқтап, қалада қалады деп күткен болар... алайда нәтиже
басқа болып, көңілсіз хабар жеткен де, қабылдай алмай,
қатты қамыққан шығар, соның аяғы салмақты салдарға
ұрындырып, ауруханадан бірақ шығарған болар» деп

ойладым ішімнен. Ести сала, іздеп баруға намыс жібер-
меді тыртысып. Бір жағы, қысылдым. Не деп барам
және қай бетімді алып барым? Сөйтіп, уақыт ұзара берді.
Кететін кез де таяды бір күні.

Сонда барып төбе көрсетуге тура келді. Толқи-толқи
бел будым оған. Ойламаған бір оңды жайдың жүз беруін
күткеннен емес, үн-түнсіз кетіп қалуды ар санағаннан.
Бір сөзбен айтқанда, намысқа тыртысып. Осы намыс

құрғырдың түбі құйға құлататынын кім білген, ақырғы
рет көріп, қоштасайын деп бардым соңғы сәттердің
бірінде. Жеткенше не ойламадым! Болған істердің бәрі
көз алдымнан қайта бір тізіліп өтті. Осынша боркемік

болармын ба, үнсіз егіліп, көзімнің сорасын сорғалатып

тұрған жерімнен ояндым бір кезде. Емхананың іргесіне
таяп келіп тоқтаған екем, ілінбей ішке ендім. Қайда
жатқаныңды таныстардан сұрап алғам. Босағаңа тірел-
генде шарасыз тежелдім. Спирт исі аңқыған дәлізде бір

сәт іркіліп, үсті-басымды ретке келтірдім. Есік қақтым
артынша. «Кіріңіз» деген әлсіз үн жетті ішкі жақтан.
Табалдырақтан аттай бердім ізінше.
Берілген белгіден дайындалсаң керек, сол жақ

қабырғаға жанастара қойған көк төсекте басыңды
көтеріп, тік отыр екенсің. Келер деп күтпеген сияқтысың,
жанарың
шоқтанып,

тіксіне
қарадың
алғашында.
Қуанып қалғаныңды аңдағандай болып едім, артынан

сәп салғанда, орнында жұғын да қалмапты. Зым-зия
жоғалыпты. Қатты ренжулі екеніңді содан аңғарып,
назарымды төмен құлатып, тұқыра бердім. Жылжып
келіп, жаныңа жете тізе бүктім.

Сөзді қайдан бастауды білмей және біраз бөгелдім.
Артынша көңіліңді сұрай келгенім есіме түсіп:

– Қалайсың? – дедім батылсыздау тіл қатып.

– Жақсы, – дедің сен жүзіңді ары ала беріп. – Өлгем

жоқ...
Тағы да өкпе. Кезекті рет алдымнан шықты өрекпіп.
Естігенде жүрегім дір ете қалды. Үніңдегі қалыпсыздықтан
жылап жібереуге шақ тұрғаның байқалды. Сенен гөрі иі

жұмсақ біреу болғанда, еркіне жіберіп, еңіреп қоя берер
ме еді, қайтер еді? Алқымыңа тығылған алапат өксіктен
өзімнің қандай ауыр қателік жібергенімді аңдап, бекер
ерте келмегеніме өкіндім. Кім біледі, уағында қасыңнан

табылғанда, өткеннің бәрі ұмытылып, жарасып кетер
ме едік? Бас ауырып, балтыр сыздағанда қара көрсетіп,
көңілге демеу болу деген де бір дүниенің байлауы болуы
мүмкін ғой. Әтең, ақымақ басым, қайтейін, соның санаға

енді келіп, опындырып отырғанын көрмейсің бе? Енді не
істедім... енді?
Ауыр ойдан сырттан кірген кісілердің аяқ тықыры
оятты. Сенің таныстарың болу керек, бір топ жастар енді

ішке. Мені танитындарын сездіріп, «мынау қайдан жүр?»

дегендей үдірейе қарасты барлығы. Бірнеше сыпайысы
бас изеп амандасқан болды соңынан. Алдымнан ығыса
өтіп, озып барып, ұлдар қолыңды алып, қыздар бетіңнен
сүйіп, маңыңа қаз-қатар тізіліп, жайғасып жатты.

Тіпті, ұзақырақ отырып қалатын бейнелері білініп,
қомдана қонақтады. Өзіміз оңбай отырғанда, жағдайсыз
қабаттасқан бұл қырсықты көр енді! «Темірдей берік
төзім бер, Тәңірім!» демім ішімнен

Айтқаным айдай келді. Артынша араларыңда сыпайы
сыбырмен басталған сұрақ-жауаптар созылып барып
қызу әңгімеге ұласты да, мен шеттеп далада қалдым. Жай
естен шықсам, мейлі ғой, өзімді құдды бір көзге шыққан

сүйелдей сезіндім. Сірә, қыртысымның сүймегінінен
болар, көз алдымда болып жатқан істер мені қыжырту
үшін әдейі ұйымдастарылып, қасақана жасалып жат-
қандай көрінді. Не отырып, тыңдай алмай, не тұрып,

шығып кете алмай, қарадай қысталаңда қалдым әңкі-
тәңкі күйде. Әлдене деп сөйлессек, қанша дегенмен
«ескі таныспыз» ғой, ортамызда бір жылылық пайда
болып, от тұтана ма деген де өлмелі үміт бар аржағымда,

қозғала алмадым. Ең болмады дегенде, кетіп бара жатқан
жайымды айтып, қоштасуым керек қой, қанша ыңғайсыз
болса да қала тұрайын деп шештім ақыры.
Тырп етпедім. Бақырайған күйі қала бердім. Соным

дұрыс болыпты. Менің қыбырламағанымды байқап
шімірікті, білем, қозғалуға айналды сәлден соң келген-
дер. «Қамықпа, көпке қалмай сақайып кетесің» деді
ересектеу біреуі. «Келіп тұрамыз, оған дейін өзің де

шығып кетерсің» деді екіншісі. «Тез сауығып кет!»
деді үшіншісі. Қол алысу, сүйісулер қайта басталып,
артынша шығып бара жатты шұбап. Не жазғанымды
қайдам, сенің жақындарың ғой деп сыпайылық жасап,

орнымнан тұрып едім, кісі екен деп елемеді. Үн-түнсіз,
жақ кірістерін ашпаған қалыптарында табан аударды.
Қалағаным болған соң, «оңаша қалдық қой, әйтеуір»
деп, шүкіршілік етіп едім, ары қарайғы жағдайымыз

да онша оңала қоймады. Ауыр үнсіздік келіп иеледі

арамызды. Еңсені басқан бір дерексіз езгі. Себепсіз
шөгіп, батпандай байырқалайтын мұндай зіл салмақты
еңсеру тым қиын секілді. Тұмсық батпас тұйықта
отырып не істеп, не қылып үркітеріңді білмейді екенсің

өлі тыныштықты. Тек тұрмай, бір ұшы келіп жүрегіңді
аяусыз жаншитын тілсіз меңіреу ғой ол.
Қайта басылып, жайғаса алмадым жайыма. Үй
иесі отыр демесе, әлгінде ғана қозғалып кеткен жылы

орының өзіңдікі болмай қалады екен. Әлде болмашы
ілтипат күттім бе екем қарсы жағымнан, әйтеуір тізе
бүге алмадым. Шығып та кете алмай, состиып тұрдым
да қалдым от пен судың ортасында теңселіп. Ілгері кім

дәмін татып көрген, итке бергісіз екі аралық зықыңды
шығарғандай еді. Ығыр бола бастадым. Соңын созбақтай
беруге шыдамайтынымды шамалап:

– Жақсы, онда... – дедім жүретінімді аңғартып. Қал

деген бір белгі болса, кідіре тұрмақ та бір есек дәмем бар
еді тереңімде. Өшіп-жанған өліміші үміт.
Сол ақырғы тілекпен жүзіңе қарағанда, көзің жа-
сауырап, түйіліп отырғаныңды көрдім. Жаңа бір жақын-

дарың келгенде жарқырай қалғандай боп ең, оның
әншейін көз екен. Енді қапалықтың қайраңына қайыра
құлап, мелдектей батыпсың. Аяғы көрінбейтін бұл қату
қабақтан мен де мезі бола бастадым кешікпей.

– Қашан кетесіз? – дедің сол аралықта мұрныңды

тартып.
Жүрегім сыздап қоя берді. Саған бәрі белгілі еді.

– Ертең, – дедім мен сәл дәт бекітіп. Көмейіме келіп

бір қатты нәрсе түйіліп алған соң, соны жоғалтпақ боп,
қайта-қайта жұтына бердім. Кететін емес кеспелтек пәле.
Артынша көңілімнің бордай езіліп, босап бара жатқанын
сездім. Ары қарай қалу қиын еді. Қозғала бердім.

Айтарымды айттым, ендігісінің тағдырын сен шешсін
дедім. Онсызда түгелдей сенің қолыңда тұрған жоқ па!
Тырс етпедің. Бұл мені қатайта түсті. Болмады дегенде,
табалдырыққа дейін. Сен ары қарай да үнсіз қалдың.

Бәрі белгілі еді. Демек, менің керегімнің қалмағаны.

Ендігінің барлығы басы артық нәрсе. Алға адымдап,
аршындай жөнелдім.
Үміт деген дүниенің мұндай өлермен екенін кім білген!
Бәрінен күдер үзіп, барлығынан ада-күде болған соңғы

сәттердің өзінде тып-тыныш сөне қалмай, жан қинап,
өрши түскенін көрмейсің бе мына. Бүкіл ынта-пейілімді
қабындаған бір қанағатсыз тілек алды. Құлағымның сақ
болып кеткені сонша, шыбынның ызыңын естігендей

едім! Босығадан озып, төмен еңістер баспалдаққа
жеткенше, одан ылдилап астыңғы қабатқа түскенше,
ең аяғы, жарыла жаздап барып сыртқы есіктен шығып,
ұзап кеткенше, бар назарым артымда болды. Тырс еткен

дыбыс күтумен болдым өзім тастап кеткен ту сыртымнан.
Сенімім кәміл, сол сәттегі «Тоқта» деген жалғыз ауыз
сөз үшін бүкіл өмірімді беруге әзір едім, өмір бақи
құлың болып өтуге бар едім! Амал қанша, ешкім мені

ондай бақытқа тең қылмады... ешкім есіркемеді. Қайбір
қағаберіс жерімнен әлдене нәрсенің шіріген жіптей
тарқатыла барып үзіліп кеткенін сездім аздан соң. Желке
тұсым «зың» етіп, сол замат құлағым бітелді. Елеген

жоқпын. Тістене тыртысып, алға адымдап кете бардым.
Көзім ашық болатын, меңірейген меңіреу күйде
қақпадан шығып жүре бердім. Билет алмақ боп, қатынас
бекетіне қарай бұрылғаным есімде, аржағы күңгірт... сен

білісің бе, Мекентай... мен... мен содан кейін мауқасшаң
боп қалдым. Неге екенін білмеймін, осы сәтте еңіреп
жылағым кеп отыр менің! Мен ... мен...
Өз даусынан өзі шошып оянды. Шошыса да, дер

уағында ес тапқанына қуанды. Өз-өзіне келіпті ғой,
әйтеуір! Демек, аман қалғаны. Бұған да шүкір! Сол күйі
ес жимай, есеңгіреп кетсе қайтар еді қапыда...
Өмірдегі ендігі қатты алаңдайтыны – осы – амандық.

Амандық болғанда, басқа емес, қалыпты көңіл күй. Өз-
өзін жоғалтып алмай, есен-сау жүру. Сол тәуір қалпын
осы жолы да адаспай тауыпты, әйтеуір! Шүкіршілік етті!
Маңайындағы үрке қарап, ұйлығысып қалған адам-

дарға ренжіген жоқ, беттеріне қарап ыржип күлді де

қойды. Бұның дәл уағында ақыл жиғанына мәз болып
отырғанын қайдан білсін, сойған түлкідей түрін көріп,
одан сайын тіксінді әлгілер. Тістеп алмасын дегендей
сақтана жылжып, ақырын-ақырын тарап, алыстай берді.

Әлгінде селк етіп, жарық дүниемен қайта қауышқанда
құлағында қалған өксікті қайта жадына алғанда барып
өзінің мана еңкілдеп жылап отырғанын білді. Бірақ,
ешбір ыңғайсыздану, қысылып-қымтырылу болған жоқ.

Аздың алдындағы риза, хош қалпында қалды. Өйткені,
аман ғой, әйтеуір!
Көкірек түбінде соңғы бір түйіншек тарқамай тұр-
ғандай болғасын, созақтата күрсініп жіберді. Бәрі бір,

әлгі түйін сейілген жоқ.
Қағазын іздеп еді, кісі танымас болып умаждалған
күйде алақанынан табылды. Қараған жоқ. Пейіл
қалмаған еді қайта үңілуге. Енді көз салса, түбелікті

құритынын біліп, мойын бұрмады. Әзірдің өзінде жетісіп
отырмаған сыңайлы. Байыптауынша, әлі толық қалпына
келіп үлгірген жоқ. Бет терісі тыржыңдап тоқтайтын
емес. Еркінен тыс қайта-қайта лықси көтеріліп, қос

өкпесін құтырық күлкі қыса берді. Аз болмаса, ішек-
сілесі қата сақылдап кетуге шақ қалып отырды. Бар
сабырын бойына жиып, тістене тежеп алғандықтан ғана
аман. Әйтпесе...

Баяғыда... емханадан шыққан бетте билет алмаққа
бұрылғанын біледі, қалғаны жадында жоқ. Қатынас
бекетіне бір жеткендей болған... Есіне келсе, жансақтау
бөлімінде жатыпты. Жоқ, алғашында қайда екенін білген

жоқ, артынан маңын торуылдап жүрген ақ халаттыларды
танып, тұспалдады... солардың тұтқынына түсіпті. Тұра
жөнелмек боп, ұмтылып еді, қол-аяғы байлаулы екен,
төсекке тас қылып таңылыпты. Не болғанын сонан

соң барып аңдап, содан қайтып тырп етпеді. Көтеріліп
ауырғанын дәрігерлер мен өзінен басқа жан баласы
білмейді. Бүгінге дейін. Алда да ешкімге сездірмекші
емес. Емдеушілердің ескертуінше, байқамаса, ұстамасы

кез келген уақытта ұстап, «аударып» кетуі мүмкін. Ол
үшін жүйкеге жүк түсіріп алмай, тек жүрген мақұл.

Осы күнге дейін аман келіп еді, алдыңғы күнгі түндегі
сүркейлі түстен кейін бұзылып қалды. Түстің үрейі өз
алдына, көне сырқатым қозғалып қала ма деп тіпті де
састы. Ол санадағы онсыз да ауыр жүкке еселеп салмақ

қосты. Ит жанды адам өлмесе, бәріне шыдайды екен, ол
ғана емес, одан кейінгі сұмдықтарға да төзді. Суыт хабар
алған соң, әлдененің жетегінде еріксіз дедектеп «Заңғар»
қонақүйіне қарай ұшып келе жатқанда да, одан бойын бір

ысытып, бір суытқан үмітке еріп ішке енгенде де, күдер
үзуге таяғанда жалғыз жапырақ хат алып, ентіге басып,
сыртқа шыққанда да, одан ешкім мазаламас оңаша жер
тауып, қолындағы тосын сәлемге үңілуге дәті бармай

қаймығып, осы «сұмдыққа» көрінген кеше кештен бергі
жағдайларды ойша бір шолып шығып, ақыры шегінерге
жер қалмаған соң, көкей тескен әлденеден дәмеленіп,
қағазға көз салғанда да ақылынан адасқан жоқ. Оны

айтасыз, сол сәт бүкіл ақыл-ойын аударып, өткен шаққа
ала жөнелген, есі бірде бар, бірде жоқ шалами халге
душар болғанда да көргіліктің бәріне шыдады. Қанша
алаңдаса да, әйтеуір, жалғанның жарығынан жазып

қалған жоқ. Соның бәрінде сана түбіндегі бір сақтық көз
ілмей, бағжия бағып жүріп алып еді, соның әсері шығар,
«аударылма», «төңкерілмей» соңына дейін сау жетіпті.
Есеңгіресе де, еркінен айрылмапты. Соған шүкіршілік

етті. Сәлден кейін орнынан тұрып, о баста мақсат қылған
бағытына қарай маңдай түзеп, бет алып кете берді. Сонда
барып біраз тыныстап, жаны жай тауып қалғандай болды.
Жол бойы ештеңе ойлаған жоқ. Оң-солдан бірдей

келіп, орап алған өткен шақтың елесінен түбелікті ат
құйрығын кескендіктен бе, содан қайтып о жақтан ешбір
сыбыс білінбеді. Өзіне деген сенімі нығайып, бірте-бірте
тыңайып келе жатқанын анық сезді аздан соң.

Көп өтпей жасыл желекті бақ та көрінді алғы тараптан.
Аңсап келе жатқан арманы сол болатын. Кешікпей оның
да іргесіне жетіп, ішіне енді. Енді қандай қиындық болса
да бой бермес еді. Төтеп берер еді бәріне.

Емдеушілердің ескертуінде сондай бір мазмұн бар
болатын. Сынап көрді бірнеше рет. Рас екен, үміті
ақталды. Ауасы дауа, суы бал оңаша орта содан бері
тұрақты мекені. Көңіл күйінен әлдеқалай күдіктенгенде

ғана емес, жайшылықта да келіп, сейіл құрып, серуендеп
қайтады. Дәйімлік дағдысы. Жаны семіріп, серги түседі
үнемі. Соның емі қонып, кәдімгідей сауығып қалғандыкі
ғой деймін, осы жолғы үлкен қатерден аман қалды.

Болмаса, еңсере алар ма еді төтеннен тап берген тау
соққыны!
Осы бір оңаша ортадан бұдан кейін де қол үзбеуге нық
бекіді төрге қарай озып келе жатқанда.

1995 жылы тамыз айында жазылды.
2012 жыл желтоқсан айында қайта өңделді.

Аспан асты кенет теңселіп кеткендей болған... Бар
болғаны сол, соңы қайта барып тұңғиыққа батты да,
ештеңенің дерегі білінбей, тыншып қалды.
Өзінің қайда екенін де аңдай алмады. Алғашқы сәтте

көңіліне «құз шыңырауға құлап түсіп, соның түбінде
тұншығып жатырмын ба» деген бір күдік жүгіріп еді,
ілінбей ол да жылдам сейіле берді. Одан аман секілді...
сөнбей қалған бір ояу түйсіктері соған меңзеді. Қайта...

сонау биікте – шыңыраған шың басында шіреп отырған
сыңайлы, санасында бір шексіз еркіндік, енсіз кеңдік
сәулеленіп, көк жүзінде қалықтаған бұлттар үстінде
жүргендей керемет жайлы, рақат күй кешті. Әлдеқайдан

сарай ашқандай бір таза леп келіп, соған ілесе жеткен
жұпар иістен танауы бір таныстық сезіп, жаны сүйініп,
сұмдық түшіркенді.
Маңайы тыныш сияқты. Төңеректе ұйыған бейбіт

жағдай бар. Соған қарап, жер беті қозғалып кеткеннен
сау болса керек деп топшылады. Бірақ, өзінің қайда, не
күйде жатқанын дәл басып таба алмады. Тұман тұтқан
таназары әлі саңлау таппай, тұйықталып тұр. Жан-

жағын шолып еді, айналасын қалың қараңғылық қым-
тап алыпты... әзірге ештеңені көрсетер емес.
Сәлден кейін дымқыл ауадан бойы тітіркеніп, әнтек
тыжырынғанда, өзінің бір салқын жерде сансырап

отырғанын шамалады. Қолдарын айқастыра бере, білегін
қаусырып, екі иығын қомдады. Сонда барып белбуардан
жоғары ашық, жалаң екенін біліп, киімдері туралы
ойланды. Рас, киімдері қайда бұның... киімдері?!

Бақыр басына сап еткен осы сұрақ барша түйткілдің
түйінін шешіп жібергендей болды. Тұншығып тұрған
ақыл-танығы дүр сілкініп, көңіл көзін байлап алған
соқыр тұманды алыс серпіп, лезде жарыққа шығарды.

Барлық іс салған жерден айқындалып, сарайында сайрап
жүре берді.
Сөйтсе... бұған енді не дерсің, жаңа бір қара жер

тосын қымырап, сілкінгендей болғанда... жамбасындағы
жалпақ әлем емес, өзі... өз қара басы қозғалып, ұйқыдағы
қалпы жастықтан басын жұлып алыпты. Түйсіктері
түк сезбеген. Арада аз өтіп, жаураған тәні тоңази

жиырылғанда ес тауып, тұнық назармен жіті барлағанда,
болған жайларды бірден пайымдады: сөйтсе, кеудесін
көтеріп алып, тік отырыпты. Ал, әлгіндегі апаш-қапашта
дереу ояна алмай, әңкі-тіңкі хал кешкенде санасында

сәулеленген керемет кеңдік, шексіз еркіндік өзі көптен
аңсап жүрген арман дүниесінің ақыл түбіне әлі жете
қоймаған елесі, әлсіз сағымы екен. Іле бәрін біліп, қапысыз
танығанда, төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалды. Қандай

ғажап! Сөйтсе, алыстағы жазира жайлаудың қақ төрінде,
өз үйі, өлең төсегінде, асыл әжесінің қасында жатыпты!
Осы жайды тағы бір ой елегінен өткізіп, ақиқатына көз
жеткізгені сол, бала жүрегін сүйініштің бір ыстық ағыны

қарып өтті.
Мана кеудесін көтеріп алғанда, көрпесі төмен сырылса
керек, ашық қалған жалаңаш иіні кезекті рет тітіркеніп,
қоршаған ауаның дымқыл екенін есіне қайта салғанда,

түнек тұтқан төңерегін түрткілеп, киімдерін іздей
бастады. Қолын созып, маңайын сипалап еді, алақанына
ештеңе ілінбеді. Сонда барып түнде шалбар-жейдесін
керегенің басына ілгені жадына түсіп, бетін солай бұрды.

Мықынына дейін бүркеп жатқан жуырқанды кейін
сырып, күндегісіндей жеп-жеңіл тұрып кетпек боп, бір
жанына қарай қисая бере, серпіле ұмтылған-ды, сол сәт
ауырсынған денесінен аянып қалып, тізесін жаза алмаған

қалпы, жүрелей барып қол созымдағы керегеге жармаса
берді.
Жон-арқасының сіресіп, үсті-басының ұйып қалғаны
жай отырғанда сезілмеген екен. Шалт қимылмен көте-

ріліп, буын-буынына салмақ салғанда, тарамыстарына
жан жүгіріп, тұла бойы шыбық тигендей шытынап жүре
беріпті. Бұлшық еттері бүлкілдеп, жауырын тұсынан
тараған құмырсқа жүргендей бір кермек ағын пұшпақ-

пұшпағын қуып, шымыр-шымыр жайылып бара жатты.

Екі тақымы талықсып, қара санының қалың қоңы сойыл
тигендей солқылдап, қылта сіңірлері үзіліп кетердей
ширатылып, талықси берді. «Кеше ат соққан болды, –
деді ішінен, – өзімде өлгенше далақтап едім...»

Киімін киіп, саяқ қыбырмен сақтана жүріп, тысқа
шыққанда, түз таңының әлі толық атпағанын білді.
Айнала қою қараңғылық құшағында мүлгіп тұрыпты.
Есік алдында сәл бөгеліп, көзі үйренген соң үңілгенде,

таяқ тастам жер бұлдырап зорға көрінді. Өріске өре
қоймаған сиырлардың жоны болар деді, ары таманнан
әлденелердің қарауытқан дөң нобайы барандады. Одан
ары – шеті сөгілмеген түн. Көлегейлі көлкеш мұнар

әзірше сейіліп, тасасындағы бейтаныс дүниенің бетін
ашуға асығатын емес. Тұтасқан қалпы жер бауырлап
жата берді.
Кіршіксіз

таза
екені
санасына
бірден

ұрылып,
сарайын ашқан даланың дымқыл ауасын құшырлана
жұтып тұрып, әлдебір сергек көңілмен елегізіп аспанға
қарады. Таң алдындағы түнек мезгілдің сәл жарық

тартқан жұлдыздары шып-шырғасы шықпай, самсап
тұрыпты төбеде. Шығыс жақ етектегі біразының жаңа
жыланкөзденіп, өшкіндей бастағанын артынан аңғарды.
Сол тұстан, көк түңлігін түре көтеріп, бозғыл әуеге

жұқа ақшыл сәуле жүгіртіп аласақсақ шақтың алғаш-
қы жарығының да өлермендене өрлеп келе жатқаны
байқалады. Қараған жанның ықыласын аударар қы-
зықты көрініске бір сәт арбалып, аңырып қалды. Енді

ғана сыз беріп, сібірлей жамыраған құланиек таңның
әсем суреті мұншама сұлу болар ма, аздың алдында көбе
жарып, төбесіне селдір нұр таратып, танаурағанына
қарамастан дүниеде жоқ көркемдік болып көз тартты.

Ауылдың шығыс жақ сыртын сонадайдан орап өтетін
еңселі жал қыр арқасына алған көкжиекті сонау биікке,
қол жетпес зәулімге көтеріп, тоқсан тарау тіршілік
тағатсыздана күтіп отырған арайлы шапақты бері

асырғысы келмегендей, бұрынғысынан да жонданып,
дөңкие түсіпті.

Арғы бүйірінде бөгеп, жамбасына басып алған жа-
рықты сол күйі ұстап қалғысы келетіндей шетін сыңай
бар кейпінде. Бергі қапталы бауырдай ұйыған қою
қараңғылық. Қырат астынан қылаңы білінген хабаршы

нұрдан үрке-үрке сырылып келіп, жан сақтар пананы
сол арадан тапқандай сонда ұйлығып, жусап қалыпты.
Сығылыса бұғып, зілдене қарауытады. Беті тұмшаланған
қия беткейдің бері құлаған жыра-жылғаларының бедер-

белгісі сол қасат мұнарға көміліп, көзден тасаланып,
әзерге ештеңенің бараны танылмай бұлдырап тұр.
Әжесі қазық басында сиыр сауып жүрген сияқты, сол
тараптан шелекке құйылған сүт сыздығының гүрпілі

келді үзіліп-үзіліп. Бір ырғақтан танбайтын қашанғы
таныс үн. Бала кезінде де үйде жатып әлдебір әуестікпен
құмарта құлақ түретін. Сол ынтамен бүгін де әнтек
бөгеліп, азкем тыңдап тұрды да, үй сыртына қарай айнала

берді.
Аяңдап аз жүрген соң, алдыңғы жақтан әлденелер
жыбырлады жер бауырлап. Қапелімде не екенін білмей,
тіксініп қалды. Артынан барып танығанда, өз қылығына

өзі таңырқап, күлкісі келді. Сөйтсе, күйіс қайырып,
жусап жатқан қойлары екен. Өзінен үрікті ме, ізінше
бергі шеттегі бір-екеуі орындарынан тұрып, тақыр жерге
тысырлатып құмалақ тастады. Ізінше сытырлатып артқы

аяқтарын сілкіді. Содан соң олардың шірене керіліп,
дүркірей сілкінгенін, ешкім айтпай-ақ анық тұспалдады.
Былайғы дүниеден зорға парықталып, ағараңдай
жыбырлаған

ақшыл
жоталарды
шамалыдан
кейін

әрең шалықтырды көзіне. Кешікпей әуелгі бағытынан
тайқай бере, сонадайдан әне-міне қара беріп, төбе
көрсеткен шошақ дөңге қарай жүрді. Жан-жағынан
шоқтық оздырып, зор байқалған шоңқима шоқалақ бір

қарағаннан назарын тартқан-ды өзіне. Алғашқыда тақау
білінгенмен, біраз шиырға салып, жеткізбей қойды
шеніне.
Ілби басып ары таман барғанда алдын кескестеп

көлденең өзек жолықты. Соның кірбегінде бөгеліп,
іркілгені сол, арт жағынан келіп, аяғына орала кеткен

әлдебір сумақы пәледен жүрегі тас төбесіне шығып,
секіріп кетті. «Апа!» деп апшып, от басып алғандай орғи
жөнелді. Не екенін білмекке, артаманнан бұрылып,
үрке қарағанда, балағына жабысқан сужұқпас сұмның

өздерінің Аққояндары екенін танып, не істерін білмей,
ақсия күлді тағы да.
Үңіле бере, оны қалай ұмытып кеткеніне таң қалды.
Ит те соны сезіп, тұра қашқанына қайран боп тұрғандай,

алғашқы арынын жоғалтып, андай жерде аңыра қа-
лыпты. Жақындап барып, «Аққоян!» деп дауыстағанда,
шырамытқанына қуанғандай қайта арсалаңдап, ерке-
лей жөнелді. Түнде Жұмай ағасы екеуі үйге келіп

түскенде әлдеқайдан бір «маңқ» етіп, өз иесіне үргеніне
қысылғандай жымып кетіп еді, түнімен қой күзетіп
шыққан секілді, айнала анық танылмас алакеуімде жер
бауырлай жетіп, балтырын құшыпты. «Аққоян, ка,

ка!» деп қойды артынша әлгінде пәсейіп қалған көңілін
аулап. Бекер қорыққанын ойлап, қарадай күлкісі келді.
Көп аялдаған жоқ, еңіс құдиып, төмен құлдап кете берді.
Жайлау таңының жарығы молайып, сібірлеп атып келе

жатқанын ары таман барғанда аңдады.
Үй маңындағы таптауырыннан озып, шөбі қалың өзек-
шеге ілінгенде әлі мал баспаған өскелең шалғын арасында
ауырлай қонған шық барын сезді. Жүріп өткен жолында

сілкініп түскен мөлдір тамшылар шалбарын тізеге дейін
малмандай қылды. Азкемнен кейін зілдей болып салмақ
тартқан балағы балтырына жабысып, ішке шапқан суық
сыз етіне жетіп, өнебойын тітіркендіре бастады. Бірақ,

ол оралғы болған жоқ, жалғасты адымдап, нық басып
кете барды.
Биік дөңнің етегіне ілінгенде жүрісі баяулап, алға
жылжуы қиындай түсті. Түйетайлы тігілден табаны

тиянақ таппай, тайғанақтай берді. Басқан жері шы-
қырлап, көлбеу бетте неше рет жалманынан түсе жаздап,
қолымен жер тірей жүріп зорға оңшалды. Жеңі де
су болды шынтағына дейін. «Түнде жаңбыр жауған

болды» деді ішінен, кеше өздері келіп түскенде аспанда

бұлт болғанын есіне алып. Мана тысқа шыққанда түз
ауасының дымқыл, салқын білінгенін соның әлі тар-
қамаған ылғалына жорыды. Жүрісін тежеп, бажайлап
әуеге көз жүгірткенде, көк жүзінен көпшіктей де

бұлт көре алмады. Жылан жалағандай жым­жылас
болып, ауып кетіпті ауыл үстінен. Ал, аспан әлемі...
бағанадан сәп салмағандықтан байқамаған екен, енді
аңдаса... шығыстан көтеріліп келе жатқан елең-алаң

таң түн түнегін еркін жеңіп, тік төбеден асыра қуып
тастапты. Кеңістіктің кең алабын енді бозамық бояу
алыпты. Соның әсерінен жер беті де сәл бозғылданып,
жақын маңай кісі танырлық кейіпке еніпті. Дегенмен,

қашық шет әлі де бір қабат буалдыр тұман астында, көз
жеткізбей көмескіленіп жатыр. Таяудағы тау қойнауы

– бел­белестер алыстан мұнарта жон көрсеткенімен, ара-

арасындағы сай түбіне батпандай шөккен түн пұшпағы
бадырая барандайды. Ал, алыс түз әуелгісіндей тұңғиық
ішінде тұншығып тұр.
Осының бәрін зерделеп өткенде, жер бетіне аздан соң-

ақ мол жарық түсетініне күмәні қалмады. Іле етегіне
жаңа ілінген сопақ дөңнің ұшар басына қарай ентелей
ұмтылды. Жаңбырдан кейін биікке өрлеу қандай ма-
шақат! Су шөптен табаны әлгіндегіден әрмен сырғып,

берекесі кетті. Жығылғанның үстіне жұдырық болған-
дай, соған қосылып, жығылып-тұрған сайын түндегі ат
соқты болған қара саны жан шыдатпай сырқырап, алға
жылжуы мұңға айналды. Сосын бұрылып, бір жандағы,

шошақ төбенің желкесіне қарай айналып баратын
шұңғыл жыраға түспек болып, тік бетті көлбей кесіп,
қиялай еңістеді. Құлын сауыр қапталда аяғы тағы
сусыды. Тек жасыл шалғын қақала өскен жазаң тағанға

жеткенде ғана қауіптен құтылып, аршынды қадаммен
алға аттады. Маңайдан Аққоян көрінбеді. Жаңа өзімен­
өзі болып, өңгені ұмытқанда, әлдеқайда қаңғып кеткен
сияқты, ізім-ғайым жоқ.

Өңешін қуа өрлеген жіңішке өзек недәуір ұзын екен.
Оны жүре келе білді. Таяқ тастамдай көрінгенмен

тұйығын алып қашып, біраз әуіреге салды. Сөйтіп жүріп
жетті-ау бір кезде! Өр жағындағы тапалдау мойнақтың
сауырына ілініп, ентелей басып шығып келе жатқанда,
алтын таңның аппақ атқанын аңғарды. Ізінше үстіге

көтеріліп, көрнеу қыраңға аяқ басқанда, үйден ұзағалы
бері жер кіндігіндей болып, жеткізбей келе жатқан
мақсатты биік сақпан тасы жетер жерде дөңкиіп жатты
көкке шаншылып.

Арада көп өткен жоқ, жалама жартасқа шыққан
сыңар арқар құсап құз басында жалғыз тұрды серейіп.
Жан үйренген жайшылықтағы жайбарақат халде емес,
үлкен тебіреніс үстінде толқып тұрды жүрегі қағып...

Кім ойлап еді бұлай боларын!
Әлде қуаныш, әлде мақтаныш, екі арасын айыра
алмады... төбе басына сопаң етіп шыға келіп, қарсы
алдынан жайнап қоя берген кең дүниеге асыға көз

жүгіртіп, қыдыртып өткенде, кеуде тұсынан лықси
көтерілген бір ыстық ағын өнебойын түшіркендіре
өрлеп, құлақ-шекесін шымырлата барып, тік төбесінен
әлдеқайда ұшып кетті. Соның әлі тарқамаған кермек

дәмінен көмейіне әлдене кептеліп қалғандай, жұтына
алмай тағы біраз іркілді ырықсыз тежеліп. Тынысы
тарылып, кеудесі қысылып бара жатқандай болған соң,
созақтата дем алып, күрсініп жіберді. Сонда ғана сәл

кеңіп, жеңілдеп қалғандай болды.
«Бұл өзі... жайлаудың ең бір биік жері екен!.. – деді
сәлден соң өз-өзіне күбір етіп. – Бұл арадан алдыңғы
жақтағының бәрі тегіс көрінеді екен...»

Айтқандай-ақ, үй тараптан қарағанда онша биік
білінбей, жай ғана одырайып жатқанымен, сорайған
сопақ дөң – тау баурайы, ұлан үстірттің жазыққа қарай
жайылып келіп, қабақ қалыптастыра, шорт үзілген

жеріндегі шоқима шоқы екен. Ал былайғы жақ – оқыс
опырылып, ойыла төмендеп барып, иек асты ылдиға
тіреле тоқтап, тыным тапқан тік бет, құлама қаптал. Сол
арадан басталған кең жазық ары қарай көсіліп, сонау

көз талығар алыстарға дейін созылып, далиып кетіпті.

Көз алдына көлденеңдей қалған көркем суретке керемет
сүйініп, көңіл құлата ден қойды. Әншейін ғана жағалата
шолған жоқ, қызыл көрген қырандай ентелеп, көптен
бергі сағыныш-аңсары жанарынан ұшқын боп шашырап,

сондай бір құмар сезіммен құныға, обырлана қарады.
Тамаша өлкенің тау-даласы мен ой-қырын тағаты
таусыла тағы бір сүзіп шықты. Аздың алдында ғана
тұмшалап, тұншықтырып жатқан түн пердесінен жаңа

аршылып, көрікті жүзін көкке жайып, көптен аңсап
келген қимас кісісі көзі тойғанша көріп алсын дегендей
керіле жайнап, таң шапағының аппақ нұрына армансыз
малынып, манаурап жатқан көрікті алқап әсем түгін

сыртына салып, одан сайын түрлене түсіпті. Біраз жыл
келмегенге көз жазды боп қалған өскен өңірінің соншама
өзгеріп, жер ұйығындай жетіліп, көркейіп кеткен ғажап
келбетіне әрі таңданып, әрі қызыға ұзақ телмірді. Сәл

уақытқа ұмыт бола бастаған, биікке шығып, шыңға қараса
жігері жанылып, мерейі өсе қалатын тау баласына тән
таңсық қасиетін қайта тауып, жанарын сонау алыстағы
заңғар шыңдардан алмай, зеңгір аспан, мөлдір ауадан

жаны семіре, толқып тұрып, тебірене тігілді. Көз мейірі
жуырманда қанар емес. Ішкі дүниесінен бас көтерген
өзіне де беймәлім бір ашқарақ ындын көпке дейін тоят
таппай, жалаңып тұрып алды. Тек әлден уақтан кейін,

қарай-қарай мауқы басылып, арыны қайтқан бір сәтте,
табан тіреген биігінде қыбыр етпеген қалпы назарын
төмен аударды.
Иек астынан басталған мидай жазық ұлан-асыр кең

аңғардың арғы іргесіне дейін жайылып, жайқиып
кетіпті. Жасыл пұлыс жамылған бұдырсыз беті сүргі
салған тақтайдай тегіс екен. Аясынан көз ілінер ноқат
табылмастай. Еңіс құлдаған аяққы етегі қиянға шапшып,

сонау қарашық талар қашықтағы қалқаға барып сіңіп,
көрінбей қалыпты. Қадалып қанша қарағанмен одан
арғыға жанарын жеткізе алмай тағы біраз тесілді.
Дегенмен, сонысы оң болған сияқты, андыздай қонған

шоқ-шоқ ауылдарды жазықтың қырқамен шектескен сол

жақ жағалауынан ұшыратты. Сол тұстан мың бұралған
жайлау суы арна алыпты. Өрден құлап, еңіске ентелей
жетіп,
құдия

тоқтаған
бел-белестерді
тұмсығынан
көгендеп, аш жыланша ирелеңдеп ағып жатар. Алшақ-

алшақ, қоралана ірге көмген боз шаңқан үйлер ұзай
жайылған аққудың көгілдірлері құсап жағаға өріп
шығыпты. Көк жүзінде жарқыраған жұлдыздай болып
алыстан анық танылады. Маңайларынан әзірге көзге

түсер жалғыз тірлік белгісі – сол төңеректен енді көтері-
ліп, желсіз таңда онша алыстап кете алмай, үй иектеп
жатып алған көгілдір түтін. Соның өзі көкей тескен
қылықты қыз етегіндей көлбең етіп, ақ шағала ауыл

сыртына көңіл шақырар сән беріп тұр. Ал, одан ары,
жазықтың сай аузына сұғына кірген шынтақ иінінен
көрінген көркем көрініс салған жерден жұлқып өзіне
тартты.

Түнде төпеп жаңбыр жауғаны рас секілді, төмендеп
тұман түсіпті де, соның соңғы жұғынындай болған бір
үзік пұшпағы жаңағы маңда үзіліп, қалып қойыпты.
Көз ұшындағы кішкене түбектен аңғал арудың басынан

аңдаусызда түсіп қалған ақ жібек желегіндей ағарып
сондай әдемі көрінді. Атқан таңның ақбоз сәулесімен
айта қалсын әсемденіп, екпеттей бере көгал суатты
құшарлана құшып, жатып алған бір уыс мамыққа қалай

арбалғанын өзі де білмей қалды.
Қуыс қолтыққа жұмарлап апарып тыға салған ақ
түйенің шудасындай үлпілдеген майда ұлпа қадалған
қарашыққа, шынымен-ақ, дүниеде жоқ сұлулық бо-

лып тосылады екен. Қонақтаған тұсына бір қызық
жарасымдылық сыйлап, ұйық болып ұйып қалыпты.
Қарасаң, қарағың келгендей. Әзірше шашау шығар
сыңайы байқалмайды. Себезгілеп өткен сірке жаңбырдың

артынан демін ішіне алып тынып қалатын жайлаудың
таңғы тыныштығы оның осылайша, айналасына әр
кіргізіп, біраз салтанат құруына аялы алақанын тосып,
ырық бергендей. Табиғаттың сирек кездесетін осынау

уылжыған ұнасымдылығын үрлеп бұзуға даланың ды-

рақы желінің де дәті жетпегендей, тым-тырыс болып
тына қалыпты. Маңайда мамыражай тыныштық бар.
Сол тыныштық құшағында, ертеңгілік уақтың енжар
үнсіздігі жанына жайлы тиіп, мызғып кеткен сәби

жүзіндей одан сайын сүйкімділеніп, албырай түскен
момақан ақ мамық мүлгіген момын қалпын сақтап тағы
біраз танауырап жатты. Құдды бір жайлы мекенін жаңа
тауып, мауқын баспақ боп, қос қанатын жайып жіберіп,

кеудесін сызға төсеп, байырқалап қалған киелі аққу
дерсің. Былай қарағанда, сырт кейпінен сәтке дамыл
тапқан, талықсып кеткен тындым күй қылаулайды.
Манадан бермен көз ұшындағы ғажап көрініске

елітіп, оның қай тұс, қай маң екеніне көңіл аудармапты.
Сәлден соң қаперіне келіп, шалқып кеткен қиялын
кері шақырып, қайта сәп салды. Сонда білді: бір шөкім
бұлт пұшпағы қалып қойған шұңғыл түбек баяғыда

өздері отыратын жазғы қоныс – Батпақты екен. Анығы,
соның шыға беріс аузы. Қайыра көз жүгіртіп, мұқият
түгендеп өткенде, алдына өз аяғымен келіп үлбірей
қалған жұмсақ жемге өр жақтан тап берген айдағар

аузындай аңырайып жатқан үлкен сай, шынымен­ақ,
Батпақтыбұлақтың терең жылғасы болып шыққанда,
неге екенін, кәдімгідей қуанып қалды. Сол шат күйін
кеудесіне сиғыза алмағандай, артынша көкірегін кере

дем алды. Жанарын алыстағы үкінің балақ жүнінен
аумайтын ақбоз үлпекке қайта қадады. Сонда байқады,
өздеріне төрт ай тұрақты мекен болатын дөңгелек тепсең
әлдеқашан

көзден
тасаланып,
көлкіген
тұманның

астында қалыпты. Тіпті, көне жұрт қана емес, содан
былайғы судың қарсы жақ жағасындағы көтеріңкі жерге
көтеріп салған айғырқора, маңайынан ұзақты күн қараң-
құраң үзілмей, келген-кеткен кісімен араның ұясы

болып быжынап, сапырылысып жататын сауда дүкені,
таяу маңдағы қорығының өзі бір қауым жерді қамтитын
қырқымхана, сәл төмендегі төңерегіне у дәріден шөп
шықпай, жаз бойы жағасынан қылтан көрінбей, сірне

болып жататын тас қоралы уанна, одан өрегіректегі

бөгеп тастағанда арнасынан аса жайылып, ала жаздай
балаларға тарқамайтын базар болатын жасанды көлшік –
үлкен көлмек, бәрі-бәрі тұншығып, түтін түсті көлегейдің
астында қалыпты. Қашықтан барлағанда онша көп

білінбей, жазықтың бір бұрышында ғана шөкім болып
бүріскен бозғыл шүйкенің сонша жерді иелеп, қымтап
алғанына сенгісі келмеді. Қайыра бір назар тастап, сол
тұсты түк қалтырмай тінтіп шыққанда, шегінерге жер

қалмай, алмалсыз нанды. Жай ғана нанған жоқ, қиян
шетте көңіл тартып көлкіп жатқан көлгір тұманның
етегін тым кеңге салып, далия барып еңіс жақтағы бір
кезде өзі оқыған төрт ауызды ағаш мектепті де жұтып қоя

жаздағанына таңғалып, таңдай қақты. Асау құлындай
асыр салып сонда жүргенде ол ара ат шаптырымдай
ауданды, аумақты сезілуші еді, енді бүгін, бір уыс қана
будақ будың бауырында қалыпты. «Аралықты алыс

тастап, биіктен қарағанда, солай... алақандай ғана болып
көрінетін шығар...» деп ойлады сосын ішінен.
Артынан есіне тағы бір ыстық маң, көкейінен ешбір
кетпейтін сүйікті орта – бәйге төбе түсіп, енді ынтығып,

соны іздеді. Батпақтының мамық тұманына малтығып,
маталып қалған қарашығын алып, кең жазықтың
кіндігіне қарай жүгіртті. Назарын аударғаны сол, жасыл
алқаптағы жер ұйығындай боп жадына берік орнап қалған

жалғыз дөңді мезгеулі межеден дәл басты. Су жағасынан
недәуір қашық, әудемдегі осы өңірдің бар тамашасына
тұғыр болып, мерейі өсіп, мейманасы тасып жататын
сыңар төбе сол баяғы орнында екен. Ендене көсілген ми

даланың жалпақ бетінде жеке-дара мең болып, алыстан
менмұндалап, бұлтиып жатты. Өздігінен пайда болған
бұдыр емес, осында өткен бұрынғы адамдар қолдан үйіп
жасаған көрнеу төмпек екенін ілкіде бір естіген, кенет

сол жаңғырды жадында қайтадан.
Неге керек болғанын кім білген, әйтеуір, осы өңірдегі
жұрттың ертеде өткен ата-бабалары тізе қосып, қырық
рудан қырық жігіт шығарып, қырық атанмен қырық

күн топырақ тасытып, зорға үйген оқшау белгі екен.

Содан бері жайылма жазықтың жайқын төсінен тұрақты
орын алып, ғасырдан ғасыр аунаса да жоғалып кетпей,
ескіден қалған мұра ретінде бүгінге жетіпті. Заманында
салтанаты асып талай үлкен ас, дабыралы жиынға ат

байлар қазық, ту тігер көмбе болса керек... айтулардан
құлағы шалғаны болмаса, көрген емес... ал, ес біліп, етек
жапқан шағында о төбенің жайын жатқан жайдақ төмпек
емес, осы өңірдің барша қызығына тұғыр, тамашасына

жел берер көрік болғанына неше мәрте куә болды. Ауыл
арасындағы әдепкі ат шабыс, жәреуке жәрменкені
айпағанда, аудан, аймақтың айғайға қиқу қосқан, будақ­
будақ шаң шығарған талай аламаны осында жалау

көтеріп, осында өтті.
Ол кезде әлі бұғанасы қатпаған бала ғой, ұлан-асыр
жиынды әжесінің етегіне жармасып барып көрді. Топан
нөпірден есі шығып, ақылынан адаса жаздады. Сол

жолғы керемет қызған ат шабыстың қыран жапқандай
қызығы мәңгілікке жадында қалды. Әліге ұмытылмай
бірге келеді. Ауық-ауық ойына алып, армандап қояды.
Сондағы қатты ынтықтырған бір жай өзіндей ғана

кішкентай балалардың ат құлағында ойнап, желмен
жарысып, бәйгеге шапқаны еді. Қайсысының шығандай
шауып, қара озып келгенін білмейді, әйтеуір, барлығы
да бірінші болып жететіндей сезіліп, бәріне таңданып,

тамсана қараған. Өзі де солар құсап шабандоз болып,
жүйрік мініп, кең далада құйғытып кеткісі келді. Сондай
бір асыл арман арқалап қайтты кетерінде. Жайлаудағы
жаңғыз төбенің таназарына тас болып шегеленіп қалғаны,

сірә, содан болар, бақса, сондағы жүрек қалауын әлі де
аңсайды екен... Көкейіне ұя салған иендегі сол бүртікті
байырғы орнынан тапқанда, бар тілегі орын болғандай,
жаны кіріп, жырғап қалды. Алайда, оның дәл қазіргі

жұртта қалған тесік қазандай жетімсіреген жабырқау
түрін көргенде, лепірген көңілі сәл пәс тартып, басыла
берді. Естен көтерілген елеусіз дүниедей айдалада ұмыт
қалған жадау ұсқыны, шынымен­ақ, жүрек сыздатқандай

екен. Қарап отырып, әлденесін жоғалтып аландай,

қоңылтақсып қалды. Әлдебір қимас сезіммен алыстан
бағып отырғанда көз алдында көмескі тартқан күңнірт
көріністер қайта тіріліп, тізбектеліп өте бастады. Бір
кездері өзі көзбе­көз куә болған жан тебірентер жанды

суреттер... Төрт төңіректен жиылған халық теңіз болып
толқып, жарты әлемді жауып бара жатты. Әлденеге
елітіп, әбден есі кеткен елірме топ қобырай қозғалып,
екілене ұран салды. Әжесінің етегіне жармасып, ақыры

бір кезде айнала анық көрінер ашыққа шықты. Сол сәт
көз ұшынан суырыла озып, көмбеге қарай құйындатып
келе жатқан алғашқы қараны көргенде телегей боп
теңселген ессіз нөпір жан ұшыра айғайлап, жер-әлемді

басына көтерді. Қиқудан күш алған бәйге ат та сүме
болғанына қарамай, тарамысына тырмысып, алға қарай
өлермендене ұмтылды. Неге екенін, сол сәт балғын тән

– бала бойына зор қуат құйылғандай, көкірегін сұмдық

бір дүлей ағын кернеп, өз жүрегінің соғысын анық
естіп, іштей аласұрып тұрды. Кешікпей бағанағыдан да
желпініп, ес-ақылдан айырылған алаөкпе жұрт тақ бір
өз аты озып келгендей бас бәйгені жеңіп алған желтабан

жүйрікті көрмекке, алға қарай лап қойғанда, әжесі екеуі
тұрған орындарында сырылып, кейіндеп қала берді. Жай
ғана қалмай, барып көрмесе де, бас жүлдеге қолы жеткен
шабандоздың жүзіндегі бақыт күлкісін, мақтаныштан

жарыла жаздаған аусар кейпін көз алдына елестетіп,
«шіркін, сол баланың орнында мен болар ма едім»
деп іштей қызығып, қиыла армандап тұрды. Сәлден
соң айналасының ұлар-шуға толып кеткенін байқап,

бажайлай барлады. Даурыққандардың онысы ұстамсыз
ұрыс-керіс емес, тамаша қызығына мас болып лепірген
қауымның бірін-бірі кеукеулеген, көтермелеген бейбіт
қошеметі екен. Қылықтары, тіпті, күлкі шақырғандай...

Әлдеқашан өтіп кетті демесеңіз, бәрі тегіс керемет-ақ
көріністер еді, шіркін! Жадынан әлі өшпепті!
Қиял шырмауынан кенет сытылып шығып, сондағы
сапырылысқан салтанат орнындағы сарғайған жүдеу

жұртты көргенде, қарап тұрып жүрегі езілді. Мүсіркеп

кетті. Көзден бұлбұл ұшқан бір кездегі дүркіреген
дәуренін ойлап, мұңайып қалды. Іле көзін алып, басқа
тарапқа аударды. Назарын қайта тіктеп, Батпақтының
маңына салды.

Сай аузындағы иін түбекте уыздай ұйып, кілкіп жатқан
ақшулан ұлпа жаңа қоюланып келе жатқан шығыстың
қызғылт шапағына боялып, әлденеден қысылып бет
ұшына қымсыныс жүгірген бала қыздың жүзіндей

алаулап, әбден толықсыған шағына жеткенде тосын
шырқы бұзылып, бір шетінен шашу шығып, сетіней
бастапты. Жылы орнынан қобырап, тынышы қашқан
алғашқы бөлегі бір күн қоныс болған қуыс қолтықтың

түкпір жағындағы тау бөктерін өрлеген терең өзектің
өңешін тіміскілеп, балық бауыр жіңішке ақ жыландай
жалаң қағып, сай сағалап жылжып кетіпті. Таңғы
шақтың тілсіз тыныштығына елітіп мызғып кеткен

маужырақ ұйқысынан күн нұрынан бойына жан жүгірген
кең дүниенің қыбыр­жыбырынан оянып, мұнда одан ары
қала алмасын біліп, өріске беттеген малға ілесіп, өріп
бара жатқан бір сыңайы бар. Дегенмен, әлденеден құр

қалғандай қотарыла қозғалып, сай босағасына сығылыса
кептелмей, бір шеттен ғана сөгіліп, сызыла жылып, жыра
көмейіне сіңіп барады. Тұйық түбекте көлкіп жатқан
көл тұман мол етегін әлі қымтап жия қоймағанымен, бір

бүйірінен іріп, осы сөгілгені сөгілген сияқты. Жаңағы бір
жабағының бір бұрышынан епті саусақпен түтіп алып,
білтелеп соза салған майда жүндей сай табанына үлбірей
жабысып, жер бауырлай өрмелеген жіңішке ағын уақыт

өткен сайын молайып, енденіп, терең жылғаның науа
аңғарына лықылдап тола бастады. Ертеңгілік елсіз
шақта аңырайған ашық жазираға жайып тастаған ақ
жаулығын өр жақта тұрған әлдекім күн көзінен шуақ

шашылып, жан-жануар жыбырлай бастаған осы тұста
көп көзінен қызғанып, бір шетінен суыртпақтап, суырып
бара жатқандай бір қызық репет байқалады. Шүйкедей
шұбатылған ақ ұлпа шып-шырғасы шықпай, аяқ-қолын

бауырына алып, сайды өрлеп жініге жөңкіледі.

Алыстан арбап, көз тұндырған осы көрініске кірпік
қақпай қадалып тағы біраз тұрып қалды. Тірі сурет тым
әсерлі сезілген-ді. Іштей қатты қызықты. Табан астында
құс болып ұшып сонда барғысы келді. Тұман астына

көмілген өздерінің бұрынғы жұртында тұрып, айналаны
бүркеген боз мұнарға армансыз көміліп, мамықтай
майда қою тозаңды қолымен ұстап көруге ынтықты.
«Түтін тектес шұбатылған ақшыл нәрсе шығар» деп

ойлады артынан. Шіркін, сол маңда болғанда ғой... онда
жүгірген бойы Батпақтының сол жақ босағасындағы
биікке шығар еді... сол арадан төмендегі терең жылғаны
қуа, өрге қарай жылыстап бара жатқан ақбоз түтекке көз

суара қарар еді. Телміріп аз тұрған соң, ыра еңіс құлдап,
көк тұманға сүңгіп, көшкен сеңмен бірге жоғары өрлеп,
ағыспен бірге адасып, бозала әлемнің құшағында мәңгі
мұңданып, қаңғып кетер еді... шіркін!..

Қарап тұрып, расымен-ақ сөйткісі келді. Соның бәрін
шын пейілімен жасамаққа ниеттенді. Бірақ, аралық
қашық қой, жете алмас еді... соны ойлап, артынан
кәдімгідей өкініп, жабырқап қалды. Қияннан көз алмай

тұрып, жанына жеп-жеңіл мұң ұялағанын сезді. Сол
жаңағы болымсыз қалауы орын болмай, үмітсізденгеннен
иектей қалған болмашы кірбең ғой... Кенет өткенде
бір ғажайып кино көргені есіне түсті. Батыстың қайсы

бір романтикалы хикаясының кескінге түскен жанды
баяны екен. Ықыласы ауып, ынтыға көз сүзді. Аңсаған
ғашығына қосыла алмай арманда қалған шерлі жігіттің
махаббат күйігіне шыдамай ақыры тауға шығып, қаңғып

кеткен – өмір бойы сонда қалған қайғылы барысы
әңгімеленіп өткен-ді. Әсерінің күшті болғаны сонша,
тұманға сіңіп, жоғалып бара жатқан әлгі мұңлықтың
сондағы жүрек сыздатқандай сынық әлпеті сол күйі

жадында қалып қойыпты. Әр кез есіне түскен сайын
қабағына кірбең іліп, көңілін күпті қып кетуші еді...
Күтпеген жерден, міне, ойына бүгін тағы оралғанда,
сезім пернелерін қайта шертіп, ыңылын қозғап кетті.

Іштей толқып, қобалжып қалды. Біразға дейін ештеңеге

зауқы соқпай, дел-сал болып отырды да қойды. Тек
әлден уақыттан кейін жанары әлдеқалай өздерінің көне
жұрты – көк түбекке түскеде, қайта серпіліп, әуелгі
қалпын қайта тапты. Бәлкім, таңнан бері тапжылмай

жатқан көгілжім түтін еріншек қыздай мол етегін
қымқырып, нарау қымтағанда, бауырынан балапанша
өріп шыққан талай таныс, ыстық жерлер көзіне оттай
басылып, өзіне тартқан шығар, әйтеуір, бойын тез жиып

алып, тігіле кетті. Артынша және бір ордалы орынды
іздеп еді, қарашығына ең әуелі бір кездері өзі оқыған
көшпелі мектеп – қоржын тамның орнында қалған қотыр
тұқылы түсті күңгірт барандап. Жұрнаққа айналған

жұқанасының өзі ет жақынындай жылы ұшырап, әлдебір
қимас кісісі жолыққандай, көкірек тұсы шым етті. Көз
алды бұлдырап бара жатқан соң, жеңімен бір сүркеп,
қайта жайнатып жіберді. Кірпік ұшына неге бола шық

тұрғанын білген жоқ, ары қарай тектемеді де. Бұрын
әжесінен басқа ешкімді сағынбайтын сияқты сезілуші
еді, бақса, басқа да бүйрегі бұрар нәрселері бар тәрізді.
Болмаса, бұлай ентелеп, емірер ме еді аты­жөні жоқ?

Көз ұшындағы етене маңға елжіреп аз тұрған соң,
есіне тағы бір ыстық мекен түсіп, жағалата көз жүгіртті.
Иректеліп ағатын су жағасын шолған жүйрік назары
сол маңды түк қалтырмай сүзіп шықты. Жоқ. Қайталап

қанша қараса да, керегін кездестіре алмай, жер сипап
қалды. Табылмаған нәрсенің аяқ асты бағасы артып,
қымбаттап кететіні – әдеті. Асық аңсары алаулай жанып,
ұшырасар деген үміті бүйірін түрткілеп, тыным бермеген

соң, шыдамай, тағы тесілді сол тұсқа. Жолығар деген
жоғы келесі кезек жер соқтырып кетті. Есесіне, естен
кетпес бір ескі көрініс санасында қайта жаңғырды... Әне,
қора-қора қойлар жасыл бөктерді жауып, еңіске қарай

еңкейіп келеді. Алда – адам қарасы көбейген кең жайқын
көк түбек...
Жылда жаз ортасы бола бүкіл жайлаудың малы осы
маңға жиналады. Таң ата айдаған қойға ілескен балалар

күн шыға таяу маңайдан төбе көрсетеді. Қайсыбір қазы-

мыр үлкендер болмаса, оларға көп ешкім назар аудар-
майды. Ал, жан-жақтан ағылып келген қараборбайлар-
дың бас қосатын жері – уаннаға су жеткізетін жіңішке
тоғанның көмейі – жайылма тоспа. Жиегіне дейін

лықылдай толған терең көлмек. Сәскеге қарай ыстыққа
шыдамаған жүгермектер түгелдей сол арадан табылады.
Қызығы тарқамас базарға айналады айдынды бөген.
Ондайда уақыт қандай ұшқыр десеңізші! Ілезде кеш

кіріп, ымырт үйіріледі. Үйлері естеріне сонда түсіп, ішек-
қарындары шұрылдаған түйнектер келген жақтарына
қайта сіңіп, тұс-тұсқа бытырап кете барады. Ертесі
тағы сол ойын.... тағы сол думан... жалғаса береді біраз

күнге. Бірақ, бүгін қанша қараса да таптырмай отыр
сондағы барша қызығы қалған ыстық орын. Көңілінің
бір бұрышынан үңірейген қуыс көрініп, қоңылтақсып
қалды.

Сәлден соң назарын жоғары қарай жылжытты.
Қарағаны мұндай жақсы болар ма, терең жылғаның тар
босағасына кептеліп, іркіліп тұрған ақ тұманның соңғы
бір шөкімі сай өңешіне жұтылып, біржола зым-зия болуға

тақаған екен. Ә дегенше болған жоқ, інге кірген ақ түлкінің
құйрығындай бір бұлаң етті де, әп­сәтте түзге сіңіп,
көзден тасаланды. Сол маңға орнаған жаратылыстың
жарасымды әсемдігі енді мың жыл іздесең таптырмас

болып әлдеқайда ұшып кетті. Таңертеңнен бері, бәлкім,
кеше кештен бермен, ақ шұдадай үлбіреп айналасына әр
кіргізіп албырап жатқан ақсағал бу солайша жер жұтып,
жоғалып тынды. Ортайған көңілдей жадау тартқан ат

шаптырым орны ғана қалды құлазып. Талайдан бері
табиғаттың ерке сұлуын көкірегіне басып, өзі де бір
уақ рақатқа кенеліп, талықсып кеткен Батпақтының
аузындағы кең түбек енді сол шалажан күйінде сел алған

жұрттай жұтап, қайта ес жия алмай, қыбырсыз мүлгіді
қызығынан тоналып. Бойындағы әлдене қымбат асылын
абайсызда ұрлатып алып, мұңға батқан бір сынық сыңай
бар сиқында. Көрген жанның көңілін жарым қылар

қаяулы кейіп. Соңына өкініш қана қалдырып аққан
жұлдыздай жалт етіп өте шығатын бұл жалғандағы

әсемдік атаулының тозғақ ғұмыры осынша қысқа болар
ма, құзғынсәріден бермен сырлы шырақтай маңайына
көрік сеуіп, осынау жалпақ дүниенің бір пұшпағандағы
жасыл алқаптың бар әсемдігінің бастауына айналған

перизаттың асыл желегі, солайша, мезгілсіз семген гүл
қауашағындай көркем өңірдің келісті ажарын бір пәс
солғындатып, жолына түсіп, жөней берді.
Туған өлкесінің таңдай қақтырар тосын құбылыста-

рына жүрегін жалғап, жан бітіре телміріп тұрғанда көз
алдына келіп тартылған мына суреттен меселі қайтып,
мұңайып қалды. Аздың алдындағы алданышын мезгіл-
міз жоғалтып алғандай, сонау шалғайдағы ел көшкендей

жетімсіреп қалған ескі жұртқа салғырт қарап, қыбырсыз
қалды.
Ортайған көңілін сәлге дейін толтыра алмады. Қарсы
алдында етегін кеңге салып, далиып жатқан көл-көсір

жазықтың тегіс бетінен ілінер бір тиянақ таппаған
назарын шамалыдан соң алысқа... тым алысқа қаңғыр-
тып жіберді. Самарқау қалпы сонау шалғайдан мойын
созған шырқау биіктерге сүзіле кірпік қадады. Мөлдір

аспанға сұғына бойлаған көкойнақ шыңдарға көз тігіп
тұрып, еріксіз кең тыныстап, жеңіл күрсінді. Көңіліне
көлеңке түсірірген жайсыз сезім сол сәт тыныс-деміне
қосылып шығып бара жатқандай болды. Алдына

тартылған жаңа көріністер жанына жайлы тиіп, сарайын
ашты. Бағанадан алыстағы бұлт пұшпағына алданып,
мұнда қарамаған екен. Ойламаған жерден бетін бұрғанда,
ерекше дүниеге кез болып, елең етті. Еңсесін басқан зіл

салмақты серпіп тастап, көптен бері адасып қалған тұщы
түйсіктерімен қайта қауышқандай бір хал кешті. Өскен
өңіріне деген перзенттік ықыласы лықси қозғалып,
сағыныш-аңсары тіпті де тасқындап, өзімсінген бір оттай

ыстық мақтаныш жүрек басын шоқ болып қарып тұрды.
Содан ерек желпініп, жапанды жаңғыртып ән салғысы
келді. Желдей кеулеген сол желігін баса алмай, туып-
өскен жерінің көрікті келбетін қайта бір шолып өтті.

Найза бойы көтерілген күннің шүлен шұғыласына
малынған жасыл алқап тағы бір сәнді бояуын тапқандай

одан сайын ашыла түсіпті. Манағыдай емес, бөктердегі
ен өріс қараң-құраңға толып, қыбыр-жыбыр көбейе бас-
тапты. Ал, одан өргі тау іргесі – қарағайлы орман етегі,
одан бергі қырқа-қырқаның жыра-жықпылы әлі тыныш

қалпында екен. Ештеңенің бараны байқалмайды. Ұсақ
малдар жайлау шөбінің биыл ерекше шүйгін болғанын
дәлелдегісі келгендей үй маңынан ұзамай, сабағынан
үзілген ақ маржан тектеніп шоқ-шоқ болып шашылып

жатыр. Баяғыда осылай болушы еді, әзір де сондай екен.
Сәлден соң күн ми қайнардай ысығанда олардың пысынап
суға түсіп, иін-иіндегі жарқабақты қуып үйездейтінін,
ал, түс ауып, ыстық қайтқанда, бәрі қотарылып,

таяудағы қырқаға қарай өріп шығатынын ешкім айтпай
іштей шамалады. Мол жазықты жиектей аққан жайлау
суының осы өңірдің сәні ғана емес, таусылмас берекесі
де екені алыстан айқын танылардай. Ирек-ирек болып

сонау алыстарға дейін созылған жалғыз арна жан-жақтан
шапқылап келіп қосылған бұлақтармен молығып, жібек
арқанша иіріле шұбатылыпты. Жайдақ, жазықтау
жерлерде жайылып, енденіп аққан шымыр-шымыр

су бетінен күн нұрына шағылысып сағым-сақиналар
ұшады. Айғай жетпес қашықтан көзге еркін шалынбай,
өшіп-жанып өлеусірей жылтылдайды. Құдды бір мөлдір
айдында шоршып ойнаған кішкене алтын балық дерсің!

Жанарын жасынымен алдап, қызықтыра берген соң
үңіле қарап тағы біраз кідірді. «Осы суда алтын бар деген,
сірә, рас сөз, – деді сәлден соң ішінен, – болмаса, су беті
осынша құбылып, жылтылдар ма еді... қылауының өзі

сарғыш екен... аумаған алтын».
Осы судың басында алтын бар дегенді ел бұрын да аңыз
ететін. Тіпті, ертеректе Бақтыбай деген бақсы кісі жалғыз
барып, қол басындай алтын шайқап келіпті дегенді болған

істей әңгіме қылатын. Ол сөздің рас-өтірігін кім білген,
әйтеуір, анда-санда бірге барып шомылғанда, жағадағы
майда құмның арасынан иненің жасуындай жылтыраған
нәрсе көрсе, балалар «Бақтыбай!», «Бақтыбай!» деп

бас салатын. Жаңағы су бетінен көрінген болмашы

ұшқындарды «сол Бақтыбай емес пе екен?» деп әзір
де ойлап отыр. Артынша алыстан шалынған сағым-
сақиналар тағы да жылтылдап, жын отындай шашылып,
ұшып жатты жан-жаққа. Өзі күн нұры тік түскен сәтте

тіпті де көбейіп кететін тәрізді. Қашықтан көз арбаған
жақұт көбелектей тынымсыз жыпылықтап, жыбырлады
да тұрды бір жусамай.
Кенет арт жағынан әлдекімнің аяқ дыбысы естілді

де, едел-жедел жақындап келе жатқаны білінді. Жалт
бұрылып қарағанда, қолында бір шумақ жібі бар таяп
қалған Жұмай ағасын көрді.

– Ой, Ешпалуан, мұнда келіп алыпсың ғой? – деді

жанына жетіп, қатарласа бере.

– «Ешпалуаныңды» әлі қоймапсың ғой? – деді ағасына

күле қарап, қарсы сұрақ қойып.

– Ол сенің атың тұрса, неге қояды екем, – деді ағасы

қолындағы жіпті қайта шумақтап, жөндеп жатып. Сәттік
қимылынан баяғы бір таныс қылықтарын қапысыз
шырамытты. Бұрын өзін үйреншікті атымен емес,
есіміне ұйқасатын қайсыбір ертектегі қас батырдың

ныспысымен еркелетіп, «Ешпалуан» деп атаушы еді,
сонысын әлі қоймапты. Бір түрлі іші жылып, қуанып
қалды.

– Тесіліп көп қарадың... жайлаудың кем-кетігін әбден

түгендедің-ау деймін? – деді Жұмай ағасы сәлден кейін
тағы бір сырды аңғартып.
«Көп қарадың» деген сөзінен өзін талайдан көз жазбай
бағып келгенін аңдады. Әлгінде аяқ жақтағы бір тапал

дөңнен жалғыз жаяудың бері асқанын байқағандай
болып еді, енді ойласа, сол осы – Жұмай ағасы екен.
Алыс жолдан оралғанын айқын айғақтап шөп шығына
малшынған екі балағы тізесіне дейін шылқа су болып

кетіпті. Сол күдік түрткі болып:

– Жұмай аға, қайда барып келдің таң атпай? – деді

бетіне қарап.
Жауап бермес бұрын ағасы иегін көтеріп, әлдебір
жақты нұсқады.

– Батпақтыға, – деді сонан соң жүзін бұрып, – өзіміздің

бұрынғы көне жұрт бар ғой, соған барып келдім. Кешегі
өзің мініп келген кер жорға, айтып едім ғой, Тұрған
ағалардікі деп... соны апарып келдім. Ол кісілер әлі
сонда отырады.

«О, тоба! – деді ішінен қайран қалып. – Қалай ұмытып
кеткем?..»

– Бекетай бар ма екен? – деді іле бар назарымен

бұрылып.

– Жүр ғой, – деді ағасы немкетті ғана. – Сені келді

десем, «келсе, келе берсін, көрмеймін» дейді. «Қаланың
шөп жеген қуы неменеге келіпті?» дейді артынан. «Туыс
керек емес оған, қаласында шөбін жеп жүре берсін»
дейді.

Қу іші сезеді, Бекетай деген туысының солай дегені
рас. Бірақ, көрмейтіні, келмейтіні – өтірік. Келеді. Аздан
соң-ақ жетеді далақтап. Мінезі сондай бала өзінің.

– Келмесе қойсын! – деді сосын елемеген болып. –

Ондай маубас туысты көрем деп, оқудан қалар жайым
жоқ. Көрмесе қойсын! Айтпақшы, Ұлман әжем жақсы ма
екен?

– Жақсы. Сенің келгеніңді естіп, қуанып жатыр. «Үйге

келсін» дейді. Қашан барасың?

– Білмеймін. Бір күні екеуміз барып, қонып келеміз

ғой... ой, сен қойдан шыға алмайды екенсің ғой, өзім
барып келермін бір күні. Батпақтыдағы әлгі уанна
орнында ма екен?

– Орнында. Бірақ, қазір оған қой салмайды. Оны

қайтейін деп ең?

– Жәй сұрағаным ғой... алыстан көрінбейді екен.

– Тұрған ағалардікіне барсаң, көресің. Жолдың

шетінде жатыр. Бірақ, көретін сиқы жоқ.

– Не бопты сұрқына?

– Не болушы еді, тозған да. Сен келеді деп жатады

дейсің бе, бұзылмай...
Аржағына аян, біраз жыл келмей қалғанына бұндағы
елдің бәрі наразы. Тіпті, кеше ғана бет көрісіп, барлығын

ұмытқандай болған Жұмай ағасының өзінің ішкі тоңы
әлі жібімеген. Күн айналмай бұрынғы өкпесін қайта
тауып, қатайып алыпты.
Соны аңдап, әңгімені басқа тарапқа бұрмаққа ниет-

тенді.

– Жұмай аға, сен жаңа Батпақтының аузындағы

туманды көрдің бе? – деді әлгіндегі әдемі көрініс есіне
түсіп.

– Көргенді айтасың, мен соның ішімен жүріп, қара

басып, адасып кетіппін, – деді Жұмай ағасы мәз болып.

– Байқамай, ары өтіп кетіппін. Үй бір жағымда қалыпты.

– Онда... туман недәуір қою болды ғой?

– Жоқ, онша қалың емес. Үйдің орнын өзім сәл жаңсақ

мөлшерлесем керек...

– Тұманның ішінде жүрген қызық шығар, ә?

– Несі қызық оның? Түтіннің ішіне кіргендей, маңайың

бұлыңғырланып, алысты көрмей қаласың. Қызық па
сол?..

– Бу секілді жұп-жұмсақ нәрсенің арасында жүрген

қызық ғой. Қолмен ұстап көруге болатын шығар?..

– Ой, сен де жас бала құсап сөйлей береді екенсің! – деді

Жұмай ағасы жақатпай. – Ол деген түтін секілді бірдеңе
тұрса, қалай ұстайсың? Тұманды бұрын көрмеп пе едің?

– Қайдан көрем?

– Баяғыда Батпақтыда отырғанда талай рет түскен.

Кейде тіпті күні бойы тарқамай, жатып алатын.

– Есімде жоқ. Енді бір көрсем деймін...

– Көргің келсе, Бекетайлардікіне бар... екі-үш күн жат.

Жаңбыр жауса, түседі. Сонан соң армансыз аралайсың.
Адасып кетпесең болды, әйтеуір! – Жұмай ағасы көзінің
қиығын салып, мазақтағандай күліп қойды.

– Мен о жерден адасып жүрмейін...

– Әй, кім біледі? Енді бір-екі жыл келмесең, анда-санда

түсетін тұман емес, мына бізді де ұмытып қалғандай
екенсің?
Мына сөзге не деп жауап қатарын білмей, сықылықтап
күлді.

– Қой! – деді сәлден соң Жұмай ағасы орнынан тұратын

ыңғай танытып. – Жұр, кетейік. Апам күтіп қалған
шығар, жаңа мына дөңнің басында жүр еді.
Ілесе түрегеліп, артына бұрылған. Сонда көрді: өзектегі
өз үйлерінің аяқ жағында сүп-сүйкімді болып шап-ша-

ғын жаппа тұрыпты. Кешелі бері қалай байқамағанына
қайран қалып, таңдана қарады. Сол таңсық сезім жете-
гінде ілінбей еңіс құлдап, алда кетіп бара жатқан Жұмай
ағасын қуып жетті. Қатарласа бере:

– Жұмай аға, мынауың кім? – деді иегін көтеріп.

– Қайсы? – деген ағасы алғашында нені меңзегенін

білмей, бетіне қарап. – Е, бұл Дүйсеннің үйі ғой, – деді
сосын жөнін тауып, кетіп бара жатып. – Осындағы мал
дәрігер.

– Мен танимын ба?

– Жоқ, танымайсың. Жаңа оқу бітіріп келген жас

жігіт. Үйлері ауданда екен. Екі жылдан бері осында істеп
жүр. Апамның бауыры...

– Әжемнің бауыры?..

– Иә. Жер бетіндегі тірі Қожбанбеттің апама бауыр

болатынын білмейсің бе? Соның бірі де. Дегенмен, өзі
тәуір жігіт, бауыр болса, болғандай... Осында келгелі
апама туыс болып, бізді қара тартып жүр. Былтыр
жазда үйленген еді, биыл отауын осында көшіріп әкелді.

Жаз бойы жанымызда. Келіншегі қаланың қызы екен.
Жайлау көрсін деген шығар... Өзі бір жақсы бала.
Осындай әңгімелермен болып үйге қалай жеткендерін
білмей қалды. Есік алдындағы таптауырынға шығып,

тақтаққа табан тигізгенде, екі балағының тағы малман-
дай су болғанын байқады. Ағасынікіне қарап еді, онікі
өзінікінен арман екен. Себебін білмекке кері айналғанда,
тік беттегі бітік шалғында қатар тартылып сойдақ-

сойдақ із қалғанын көрді. Бергі ұшы созылып келіп, өз
табанының астына кіріп үзіліпті. Соған арбалып бір сәт
іркілген екен:

– Апа! – деген дауыс естілді арт жағынан.

– О, не? – деді ізінше әжесі.

– Қол шәугім қайда?

– Менің жанқалтамда! – деді әжесі сәл наразы үнмен.

– Қарамайсың ба аржағыңнан... мені бағып жүр деп пе

едің?
Мына сөзді естіп, күлкісі келді. Әжесі бұрын да осылай
дейтін. Сонысын әлі қоймапты. Мәз болып, жымиған
қалпы қазан-ошақты айналып өтіп, өре маңына барды.

Жұмай ағасы сонда қаз мойын құманды тауып алып, екі
білегін түріп тастап, беті-қолын жуып жатыпты.

– Мә! – деді ұзамай орнынан тұрып келе жатып. –

Бетіңді жу!
Бұрылып, үйге қарай беттегендей болып еді, әлден
уақыттан кейін жұмысын бітіріп, басын көтерсе, орамал
ұстап қасында тұрыпты. Ыржиып күле берген соң қуыс-

танып:

– Не болды? – деді үсті-басына шола қарап.

– Қалаға барып, шәугіммен қол жууды да ұмытыпсың

ғой, бала! – деді миығынан мысқыл жамырап. – Ала-
қаныңа су тоқмас болыпты. Жүр енді... тұрам ба, саған
қарап?
Үйге кірсе, әжесі дастарқанын әзірлеп қойып, күтіп

отыр екен. Іле шәйнегіндегі шайын сапырып, қайыра
бастады. Әлденеге айналып кешігіп кірген Жұмай ағасы:

– Төрге шық! – деді қолындағы орамалды керегеге іліп

жатып.

– Өзің шық... сен үлкенсің ғой, – деді тартыншақтап.

– Жоқ, сен шығасың. Сен деген қонақсың, – деді ағасы

жоғары жақты нұсқап.

– Қайдағы... мен де осы үйдің баласымын ғой...

– Дегенмен, сен алыстан келдің... бір күнге қонақсың.

Жолаушының жолы үлкен.

– Қойшы?

– Рас айтам.

Қайтерін білмей әжесіне қарап еді.

– Рас, күнім. Сен деген қонақсың, – деді құлшына

құптап. Бағанадан екеуінің жарасымды қылықтарын
бағап отырған секілді. – Құлыным, әшейін! – деп мекі-
реніп қойды артынан.

– Мейлі, онда. Шықсам – шықтым...

Аяғын шешіп, жоғары озғанда, әжесінің: “Сен шық-
пағанда, кім шығады бұл төрге, күнім!”, – деп еміренгенін
тағы құлағы шалды. Көл­көсір ала текеметтің үстіне
салған әдемі құрақ көрпенің дәл ортасына барып, малдас

құра жайғасты. Сол екен, манадан бағып тұрған Жұмай
ағасы:

– Е, міне, енді жөн болды, – деді, өзі де аяқ жаққа

келіп отырып жатып. – Өзіңнің жігіт болғаныңды білуің
керек, інім... Ілгерілеп, дастарқанға жақын отыр. Төрге
шық десе, жүктің астына барып, тығылып алмай...
Соның арасынша болған жоқ, от басы, ошақ қасының

етене таныс ежелгі өмірі бұрынғысынан бір аумаған
қалпы басталып жүре берді. Аз уақытқа көз жазды боп
қалғандікі ме, бір түрлі таңсық сезілді. Сол себепті,
бұрын көрмеген кісіше көзін сүзіп, үнсіз телміріп, бақты

да отырды қабағының астымен.
Жұмай ағасы орнына жайланып отырған соң еңкейіп,
төр алдындағы жартылай ашық дастарқанды өзіне тар-
тып алды да, байлауын шешіп, кеңіте жайды. Ішінен

шыққан төрт-бес нанды алдына алып, қабаттап қойды.
Жазбай таныды, әжесінің қолынан шыққан қызыл-сары
қалың тоқаштар. Ұзамай қынынан бәкісін алған ағасы
сыдыртып турай бастады. Ұстарадай қылпыған өткір

дүз бабында екен, көпке қалдырмай жайғап тастады
шаруаны. Алғаш кесілген нанды көргенде есіне кішкене
кезінде «дөңгелек нан жеймін» деп пышақ ұстаған
адамның қолына көз сататын көне дағдысы түсіп,

күлкісі келді... Бұрын мұндайға үйдегі мүйіз сапты қара
пышақты істетуші еді. Енді ағасы жанына қын асып,
бәкі салатын болыпты. Соны байқап, назары ауды... Ал,
ол қандай өткір десеңізші! Қыл қиярдай жалаңдап тұр,

әншейін!.. Жас жігіттің бұл қылығы бір түрлі қызық
көрініп:

– Жұмай аға, шал құсап бәкі асып алыпсың ғой, – деді

ішкі түйткілін жасыра алмай.

– Е, көкем, шал болдық қой біз де. Сенің бұл Жұмай

ағаң – қай уақтағы Жұмай! Енді бір-екі жылда жаныма
ұстара салайын деп жүрмін, әуелі, – деді астыңғы ернін
жымқыра, иегін шошаң-шошаң еткізіп қойып.

– Тек ары! – деді осы кезде қолындағы шыны толы

қаймақтарды дастарқанға қойып жатқан әжесі. –
Қайдағы кәрілік саған, бесіктен белің шықпай жатып.
Қай-қайдағыны айтады, құрмағырдың балалары!
Кешікпей көзін шыны-аяқ жаққа тастады. Мұндай

жақсы болар ма, жарқ ете түскен жанары гүлді текеметтің
етігіне ала жайғасқан сары самауырынға барып жабыса
кетті. Ажырамас серігіне айналған осы бір ескі мүлік ес
білгенде осылай әжесінің алдынан табылушы еді, әлі сол

орнында екен. Бүйіріне салынған төрт-бес сақалды орысы
да тиесілі мекенінен жылжымапты. Өзін көргеніне жез
де болса желпініп, қуанып тұрған сықылды, екі иінінен
бу атып, бірдеңе айтқысы келгендей бүйірінен дем алып,

ентігіп қояды. Балағында маңынан ажырамайтын көк
шәйнек. Ол-дағы бір тосын шаттық құшағында секілді,
ішіне сиғыза алмаған мәре-сәре күйін шүмегінен
ытқытып, астындағы қызыл шоқты жиі-жиі быж-быж

еткізеді. Қатар қонған бөлінбес қосақтардың қатарласа
қалған саптарында айтып жеткізгісіз бір жарасымдылық
бар.
Сүт қататын ағаш қасығын ұмыт қалдырған екен,

орнынан тұрып барып алып келді. Ендігі іс жайы белгілі
болса да, тағы бір сәт тапжылмай кірпік қадады. Әжесі
алдындағы қаттаулы тұрған шынылардың біреуін алып,
түбіндегі суын сарқып, салалы саусақтарын матырғанда

күміс жүзігі тиген шұңғыл ыдыстан әдемі дыбыс шығып,
шымшып тұз салды. Соған ілесе, кейін таман шегініп,
тоқ білекке кептеліп тұрған қос білезігі қолын төмен
иігенде еңіс сырылып түсіп, сыңғыр етіп, дүниеде жоқ

үн таратты маңына. Біреуі бұрама, екеншісі жалпақ,
ескінің көзіндей ежелгі бұйымдар. Ақыл тоқтатқан
кезінде әжесінің қолында еді, әлі бар екен. Бәлкім, сонау
бір уылжыған қыз кезінде осында келіп оралып, содан

бері бірге келе жатқан шығар... басқасын айтпағанда,

дәл қазір көзіне ойда жоқ түсе кеткенде, тұла бойынан
мейір мен сағыныш аңқитын әжесінің біте қайнасқан бір
бөлшегіндей сезіліп, жүрегіне тым жақын білінді.
Артынша назарын ары таман жылжытып, босаға жақ-

қа салды. Бірақ, онда неге қарағанын өзі аңдаған жоқ.
Бәлкім, әжесіне қатысты көп дүние сол жақта болған
соң, тағы бірдеңе табармын деп үңілген болар, әйтеуір,
жүзін бұрғанына еш өкінген жоқ. Ең әуелі, үлкен кебеже

шалынды сол тараптан көзіне. Ортасынан қақ жарылып
ашылатын айқара қақпағы бар ағаш қобди. Аузының
жабулы тұрғанына қарамай, ішіне шыны-аяқ, тақсы-
табақ тәрізді дастарқан жарақтарының қатар тізіліп,

сығыла жайғасқанын ешкім айтпай анық шамалады.
Ал, тегене толы сүт оның төмен жағындағы төрт сирақты
жалпақ тақтайдың үстінен орын алыпты. Сол тұстағы
кереге басына кестелеп тігілген көне шай дорба ілініпті.

Оқтау-тақтай дегендей сыпыраға қатысты біраз дүние
жанасып қатарында тұр. Тағы сондай бірдеңелерді ізде-
мек еді, болмады:

– Шайға кел, – деген Жұмай ағасының қарлығыңқы

үнінен секем алып қараса, шынымен-ақ, бетінде қаймағы
қалқыған бір шыны қою шай келіп тұр екен алдына.
Абдырап қалды.

– Өзің... – деді сасқанда алақанымен тосып.

– Сенен келсін. Сен қонақсың, – деді Жұмай ағасы түк

білмеген болып.

– Сен үлкен тұрсаң?..

– Қонақ – үлкеннен де үлкен.

Шайды ала беріп, әжесіның алдына қарап еді, алғашқы
шыны көк шәйнектің қасынан орын алыпты. Мынау –
екінші. Демек, ала беруіне болады. Сәл іркіліп барып,
қолындағы шыныны алдына орнықтырып қойды.

Жұмай ағасының аяғы келген соң әжесі асқа ықылас
жасап, беттерін сипады. Сөйтіп, жайлау төрінде өтетін
демалысының алғашқы күні жайымен басталып жүре
берді. Санасын бір кеңдік, еркіндік иелеп, жұтқан

ауасынан сарайы ашылып, бұрын болмаған бір рақат

күйде отырды. Барлық нәрсе таңсық сезіліп, жан-жағына
үңіле қарайды. Неге екенін, бала жасында өскен ортасы
өзіне ертегідей көркем білінді. Қанша сағынғанмен,
осылай, ешқашан бастан кешпеген ғажып әсерге бөлейді

деп ойламаған­ды. Енді қиял әлемінде жүргендей бір
сырлы сезімге кенеліп, ештеңенің байыбына бара алмай,
аң-таң халде айналасын бағумен болды... Көңілінде бір
жел көтергендей желпініс бар. Соның ыстық толқынына

дамыл-дамыл ұрылып, тұла-бойын жылы ағын тербеген
сайын әлденеге ризалығы артып, сүйіне түседі...
Үй ішін түгендеп болған соң, назарын ашық есіктен
тысқа... шамалы алысқа тастады. Жүйрік жанары

бірдемде барып сонау жырақтағы көкпен таласқан
найза шыңдарға қадалды. Қалың орман арасынан төбе
оздырып, күн шуаққа қасқая маңдай төсеген құзар
шоқылар тым асқақ екен. Балағындағы пәс дүниеге

пысқырмай қарайтындай, аса паң кейіп танытады. Бір
қанатын апарып сол заңғарларға сүйеп, тұтасып кеткені
үшін де жайлаудың бүкіл аумағы көзге оттай басылып,
біржола баурап алатын шығар... көк сеңгір биіктер бірден

өзіне тартып, саңын жылдам аударып әкетті.
Әлден уақтан кейін барып аңғарды, өздері қазір
отырған жаңа жұрт Жарбастаудың жазыққа қарай
жайыла келіп тоқтаған шегіндегі Ақтас деп аталатын

биік тепсең екен. Қарсы тарап – жайлау төріндегі тағы
бір атақты қоныс – Бессала. Білем-білем көп белестер
жатты көз ұшында бедерленіп. Қатар тастаған ұзын
бөренелердей иін тіресе сұлаған жасыл белдер араларын

бөлген өзектермен бірге еңістеп келіп, берідегі тік жарға
жетіп, омақаса құлапты. Айтыла беретін «Жарбастау»
аты, сірә, соған байланысты, жер өзегінен сыздықтап
шығып, сызылып ағатын бастау-бұлағы әзірше көзге

көрінбей, жалаңаштанған секірме қабақ ағып түскен ат
төбелінен аумай жарқырап тұр. Құтты қоныс, шүйгін
өріс екені бір қарағаннан анық танылардай. Бірақ,
өз үйлерінің үйренген жерін тастап, мұнда неге келіп

алғанын түсінбей тосылды. Сол сұрақтың жауабын таба
алмай тағы біраз отырды.

– Ағайынды екеуің мына жотаның басында сонша

айналдыңдар ғой, тегі. Әлі келеді, әлі жоқ. Әлі келеді,
әлі жоқ...
Шарықтап кеткен қиялын әжесінің үні бұзып, мойын
бұрса, қаперінде ештеңе жоқ, жайбарақат шәйін ұрттап

отыр екен. Сөзінің соңын Жұмай ағасы іліп әкетті:

– Мына мыжымаң ғой... – деді иегін көтеріп. –

Қайдағыны сұрап... біраз бөгеліп қалдық. Әйтпесе, мен
аржағынан ерте келгем.

– Не сұрайды сонда? – деді әжесі таңырқап.

– Әй, кім біледі... тұманды ұстауға бола ма дей ме...

бірдеңе дейді...

– О несі жасаған-ау?! – деп Жұмай ағасынан көзін алған

әжесі, енді «рас па?» дегендей бұған қадалды.
Көздегеніне жеткен Жұмай ағасы үнсіз ақсиып, мәз
бола күлді.

– Өтірік айтады, әже. Біз басқа әңгіме айттық. Тұманды

ұстауға болмайтынын мен білмеймін бе? Ол деген бу
сықылды бірдеңе тұрса, қалай ұстайды...

– Е, бәсе. Менің күнім оны біледі. Оны білмесе, қайтіп

менің балам болады, – деді әжесі енді Жұмай ағасына
бұрылып. – Сен де қайдағыны айтып, баланың басын
қатырмай, жөніңе жүр, ары!

– Өзі ғой сұраған, – деді Жұмай ағасы іле қабақ шыта

жүзін бұрып. – Ей, қу, – деді сосын шәкшие қарап. –
Өтірік пе жаңа сұрағаның?

– Рас. Бірақ, мен қайтер екен деп сұрадым.

– Қалай сұрасаң да, сұрадың ғой, әйтеуір. Мұныңды,

енді, ел естімесін. Жұрттың құлағы шалса, күлкі қыла-
ды. Сақан кемпірдің баласы қалаға барып, әуейі боп
кетіпті дейді сөгіп.

– Тек отыр... ары. Менің балам өйтпейді.

– Әй, кім біледі, – деді Жұмай ағасы басын шайқап.

Артынан ұрлана қарап, көзін қысып қойды. Тастамайтын
қашанғы дағдысы. Бұрын да осылай шәй үстінде
қайдағыны шығарып, күлкі шақырып отырушы еді,
сонысын әлі қоймапты. «Сүтпен сіңген әдет сүйекпен

кетеді» деген, әнзәлі, шын. Таң атпай жатып ескі әдетін қайта тауып, шетін бір жылт еткізіп қойды. Бірақ, мұнысы ойынның соңы емес екен. Екі шыны шайдан кейін кері шегініп, арқасын апарып керегеге сүйеп еді, онысы тағы бір шатақтың басы боп шықты. – Әй, мынауы несі? – деді бір кезде қолындағы сейілге киетін күнқағары ұзын бас киімге өп-өтірік таңдана қарап. – Маңдайы маңдай емес, күрек қой мұның! Қайдан таптың, бұ пәлені? Таста ары... ел көрсе, ұят. – Қабақ астымен әжесі жақты бір шолып қойып, сөзін ары жалғады. – Бұ немеңді қалаңа барғанда ки, інім. Мұнда көзімізге көрсетуші болма... – О несі тағы, – деді әжесі көзі жетпей сығырая үңіліп. – Мына балаң қайдағы бірдеңені тауып алыпты... таста деп жатырмын соны. Ұят қой елден... жұрт көрсе, сөкпей ме? – Рас айтады, күнім! Мұныңды қалаңа барғанда ки, – деді әжесі қолына тиген бас киімді ары-бері аударып көріп. – Мұндағы жұрт көрсе, Сақанның баласы жақсы бала болмапты дейді, жарығым. Түзде жалаң бас жүрме... ана Жұмай ағаңның көне бас киімдерінің біреуін тауып, киіп ал. Болмаса, әлтаман өзім тауып берейін. Ойындағысы болған Жұмай ағасы үнсіз масайрап, көзін сығырайта ыржиды. Өзін тежей алмай, қосыла мырс етті шарасыз. Әжесінің айтқаны – заң. Жалтара алмай, табанда мақұл болды дегеніне. – Е, мұның енді жөн болды, – деді ағасы жаңағы үнсіз күлкісін шорт тиып, аяқасты кісі бола қалып. – Мынауың, тіпті, ыңғайсыз, – деді қолындағы бас киімді айналдырып-айналдырып жүктің үстіне қарай үйіріп жіберіп. – Таста енді мұны... Жә, жігітім, – деді артынан дастарқанға қарай жақындай бере, сарқып ішкен шынысының бетін басып. – Сен апаммен әңгімелесіп отырып асықпай іш. Мен қойға барайын. Бағана өріп кетіп еді, біреуге қосылып кетті ме... шолып қайтайын... Табалдырыққа жеткен жерде ағасы есіне әлдене түскендей қалт бөгелді.

– Апа, бері келіп кетіңізші, – деді сосын жүрісін қайта

жалғап, шығып бара жатып.
Кешікпей орнынан тұрған әжесі есікке қарай беттеді
етегі жер сызып. Үй артына қарай айналып барып екеуі
әлденелерді күбірлесіп, ұзақ сөйлесті. Не айтқандары

белгісіз, бір ауықтан кейін босағандан қайта көрінген
әжесі табалдырықтан аттай бере қадамын шорт тежеді.

– Әй, Жұмай! – деді іле дауысын көтеріп. – Ертерек

кел, балам. Су әкеліп таста, алыстан інің келіп жатыр...
біреу-міреу бас сұқса, қаңсып қалып жүрмейік.

– Мақұл, апа. Тез қайтам, – деген жауап естілді ізінше

ары таманнан.

– Сөйт, жарығым. Жылдамырақ кел.

Орнына келіп жайғасқан әжесі жанында жүрген
әлдекімге сөйлегендей тағы бірдеңелерді күбірледі. Өзі
үйге кіргенмен, ойы сыртта қалған сияқты. Есік жаққа
қарап аз отырды да, алдында тұрған шынысын алып, тәп

бір жаңа құйылған ыстық шәйді ішіп отырғандай, ерніне
апара бере, үре ұрттап қалды. Әлдеқашан суып қалған
мұздай су таңдайына тигенде, селк ете түсіп, тіксіне
қарады шыныға... Тағы да сол талай жылдан соң жазбай

қайталанған ескі көрініс.
* * *
Көзі ұйқыда, көңілі ояу, үнсіз жатқан. Әлдекімнің
аяқ дыбысы үй маңындағы әлі жығыла қоймаған қалың

шалғынды сытырлата басып өрлеп келді де, өкпе тұстан
өте бере әнтек кідіріп, іркілгендей болды. Іле:

– Көп жаса, балам! – деген әжесінің қоңыр үні келді

құлағына.
Қайсыбір келіннің иіліп сәлем жасағанын ешкім
айтпай қапысыз мөлшерледі.
«Дүйсеннің келіншегі шығар...» – дегенді ойлағаны

сол, жұмулы көзін жарқ еткізіп ашып алды. Кеше Жұмай
ағасы «Дүйсеннің келіншегі – қаланың қызы» дегенде,
ақылға симастай іс сезіліп, санасында бір таңырқау бас
көтеріп еді. Мына секемнен соң, сол таңсық түйсігі қайта

тіріліп, «қаланың қызы қырға келін боп түссе, қандай
болады екен?» деген бір күшті қызығушылық лап ете
қалды аржағында. Оянған ындын – босанған арыстан!
Қалай ғана тыныш қойсын жаны жалын жас адамды.

Сол құмарлық жеңіп, еркінен тыс көтеріліп, қол жетер
жердегі желкөз керегенің көлбеу шабақтарын қармап
жабыса берді.
Күн шақырайып ысып кеткен соң, салқын жатып

ұйқтасын деген болар, әжесі туырлықты түріп, іргені
ашып тастаған екен, бұдан өткен оңды іс болмас деп
ойлады ішінен. Қуана құмартып қабырғаға тақала
түскені сол, аржағындағы дүние құрулы шидің арасынан

теңбілдене көрініп, алақанда тұрғандай андағайлап жүре
берді.
Әжесі өзінің күндегі орнында – көлденең тартылған
ұзын өрмектің бергі басындағы биік өренің астында,

көлеңкеде отырыпты. Ал, жаңа келген қызыл жаулықты
келіншек ту сыртын бері беріп, әжесіне таяй бере, етегін
қылтасына басып, жүрелей тізе бүгіпті. Алуан түсті
өрмек жібіне саусағын салып, қызықтай қадалған қалпы

бар. Түгел назармен беріліп, алдына қарай еңкейе түсіпті.

– Мына өрнегіңіз өте әдемі шығыпты, – деді сәлден

кейін естіген құлақты елең еткізгендей әсем үнмен
сыңғыр етіп. – Қызыл бояу басқаларын сондай ашыпты.

– Қайсысы? – деді әжесі де іле ілгері еңсеріліп.

– Мынау, – деді келіншек алдыға таман сәл жылжып.

– Е, ол өткенде өзіңмен ақылдасып отырып тартқан

жіп қой, – деді әжесі кешікпей бойын қайта тіктеп алып
жатып. – Өзің берген ақыл-кеңестің арқасы ғой ол.
Болмаса, қайда бізде ондай өнер?..

– Сол жіп пе?!. – деп таңырқай тіл қатқан келіншектің

үнінен тағы бір шаттықтың әсем сыңғыры қатар
жамырады. – Бұлай болар деп кім ойлаған...
Дәтке қуат, дауысын естігенмен, дидарын әлі көрген
жоқ. Соған қарамай, оның сондай бір көрікті жан екенін

іштей шамалады. Оған, тіпті, күмәні қалмады. Өспірім
қыздарға тән мөлдір үні таза күміс сыңғырындай тұнық

екен. Керемет жағымды. Ғажап ұнады. Құлақтан кірген
сәтте жан-дүниеңді баурап, әлдебір ынтық сезіміңді
қозғап, еліктіріп әкетердей. Алғашқы сәтте сондай бір
тұшымды әсерге бөленіп, өзінің қайда тұрғанын ұмытып

қалыпты. Артынша:

– Кешелі бері көрінбей кеттің ғой, балам? – деген әже

сұрағын естігенде барып, өзін әрең тауып, есіне келді.
Оның алдында не сөйлескендері жадында қалмапты.

– Бармын, – деді келіншек жаңағы бір жүрек қылын

шерткендей тартымды үнмен. – Сізді баласын еркін
бауырына басып, мауқын басып алсын деп келмедім.
Ұлыңызды көріп, он жас жасарып кетіпсіз...
Соны айтып, сыңғыр етіп күліп қойды келіншек.

Жарасымды әзілге риза болып әжесі де күлді қосылып.

– Күнім ғой ол менің, жарық дүнием! – Ары қарай өзі

туралы айтатын дағдылы айналып-төңкерілген әлпеш
сөздерін жалғастырып әкетті. Үлбіреген жас келіншектің
алдында тақ бір кішкене бала құсатып сонша өбектегеніне
бір түрлі ыңғайсызданып, қысылып қалды. Сол намыс-

танғаннан болар, іле екі бетіне лап беріп ыстық толқын
тарады. Соның аяғынан жүзін керегеден алып, әлгінде
өзі жатқан орынға келіп, қайта қисайды.
Назарын сырттан біржола алмаған-ды, әлден уақыттан

кейін:

– Жүр, балам! Үйге кір! – деген әжесінің мейірлі даусы

естілді сәл қашықтан.
Көзімен көрмесе де, әжесінің «ойбай» деп тізесіне
сүйеніп тұрып келе жатқанын, түрегелген соң тұтас
өңірін – кәзекейінің шалғайынан бастап, көйлегінің

етегіне дейін мұқият қаққанын, одан екі қолын артына
ұстап, үйге қарай аяңдай қадам басқанын ойша шамалап
жатты.
Қатар жылжыған қос адамның аяқ тықыры кешікпей

жақындап келіп, босағаға тірелді. Сол сәт, неге екенін өзі
де білмей, ұйықтап жатқан кісі болып, көзін жедел жұма
қойды.
Түрулі есіктен «жүре ғой» деген ілтипатқа ілесіп, әуелі

көрші келіншектің енгенін анық сезді. Соңынан кірген
әжесінің босаға түбінде сәл іркіліп қалған қонағынан
озып, төрге қарай жүргенін, өз тұсынан өткенде мойнын
бұрып: «Мына құрымағырдың баласы ұйқтап қалыпты

ғой... » – деп бас жағында жатқан кітабын алып, уықтың
қарнына қыстырғанын білді. Артынша жоғары шығып,
бір шетте жиюлы тұрған төр көрпені алып, төмен әкеліп,
өз орнынан өрегірек болар, бір жерге салып, мейманын

сонда шақырғанын құлағы шалды.

– Келе ғой, балам! Мұнда кел! – деді сондай бір жақын

тартқан етене силастықпен. – Өз үйің ғой, құлыным...
қысылма.
Ибалы келін тартына-тартына барып арнап салған
орынның бір шетіне тізе бүкті сыбысын білдірмей.

Басылып отыра бере жанарын жарқ еткізіп өзіне бір
аударғанын анық байқады. Өтірік ұйықтаған болып,
кірпіктерінің арасынан осының бәрін қалт жібермей
бағып жатқан. Көргендері тым айқын емес, әрине.

Сызықтаған ашық аралықтан сонша сығалағанда өң-
түсін толық ажырата алмады. Тек қимыл-қозғалысынан
ғана тұспалдап, жобамен мөлшерледі.
Қонағын орнына жайғастырған соң әжесі «Сен

кішкене отыра тұр. Мен барып, шай қойып келейін» деп
сыртқа шығып кетіп еді, сонда біраз айналып қалды. Бұл
енді қарсы жақты жіті бақылаудың таптырмас орайы
болатын. Сәті түскен іске іштей қатты қуанды.

Көрпе шетіне бір тізерлей жайғасқан келіншек екі көзін
көпке дейін саусақ ұшындағы әлденеден алмады. Біресе
аударып, біресе төңкеріп, қадала ұзақ қарады. Сәлден соң
барып аңдады: қонақтың өзі осында болғанмен, қиялы

басқа жақта сияқты, әлдебір тұңғиық ойға шым батқан
қалпы, өзін ұмытып, қимылсыз қалыпты. Жүз-жамалын
анықтап көрудің қапы жібермес мезеті осы деп түйді
ішінен. Іле қабағын қозғап, кірпіктерін көтерді.

Түгел назарын төмен салып, андай жерде уылжып
отырған қызыл жаулықты келіншектің бағанадан тұман
ішінен көрінгендей көмескіленіп тұрған бұлдыр бейнесі

кенет жарыққа шығып, айқындалып сала берді. Айтса-
айтқандай­ақ, үріп ауызға салғандай сүйкімді жан екен.
Аржағы көрінгендей кіршіксіз әппақ жүзі шынымен-ақ
қала қызы екенін айна қатесіз айғақтағандай. Әдетте

қырда өскен қыздардың көбі бидай өңді келмей ме.
Ал, мынау толған айдай толықсыған ашық ақ құба.
Сүт бетіндей таза, майда терісінің астынан сыртқа
тепкен жастықтың жарық нұры жамалына ғажап бір

тартымдылық сыйлапты. Өзі әдемі ажарға не салса да
жарасатын секілді, басындағы су жаңа шаршы орамалы
кескініне бөлекше әр беріп, аршыған жұмыртқадай одан
сайын аша түсіпті. Әлдекімге еркелегендей басын бір

жағына әнтек қисайтып, қиылған қасын болар-болмас
керіп, қызыл еріндерін білінер-білінбес жымқырып,
үнсіз қалған назды кейпі аңғал, аңқау білінетін сәбилерге
тән момақан бейнесіне бірдеңеге өкпелеп отырғандай бір

тартымды сипат беріпті. Қадалған қарашықты өзінде
байлап, мәңгілікке ұстап қалардай. Жапыраққа қонған
таңғы шықтай мөлдіреп, айналасына әйбат ұнасқан осы
қалпында сұмдық ұнап, есіл-дертін біржолата баурап

әкетті... Жақын арадан жасырын сығалап, бағып қалған
сұғанақ сұқ барын сезбейтін сықылды... әлде елемейді,
қол созым жерде ғана ешқайда көңіл бұрмай, үкідей
үлбіреп отырады да қойды.

Тігіле телміріп аз жатқан соң көрші келіншектің
соншама жастығын байқап, таң қалды. Басына жаулық
салып, қынама бел кәзекей, кең етек көйлек киіп, некелі
әйелдің сырт әлпетіне кіріп алғаны болмаса, тал бойынан

балаңдықтың бояуы әлі толық арыла қоймапты. Балауса
тәнді балғын жан. Өзімнен онша үлкен емес болар деп
шамалады. Үлкен болса да, ары кетсе бір-ер жас қана.
Дәл осы тұста сырттан тықыр білініп, кірпіктерін

жылдам қайшылай берді.

– Менің әлгі бауырым көрінбейді ғой? – деді табал-

дырықтан аттаған әжесі оң босағаға қарай бұрылып.
Артынша сол маңда шәйнегінің қақпағын сылдырлатып
шай салып жатты. – Әлде... бір жаққа кетті ме?

– Құлжа жақтан дәрі жөткейтін болдым деп жүрген.

Соның жұмыстарымен жүр ғой деймін, – деді келіншек
сәл кідірістен кейін тартыншақтай тіл қатып. Сол қысыла
сөйлегеннен бе, әлде өзінде әуелден бар, даусынан бір әлсіз
діріл білініп, соның әсерінен айтқан сөздері құлағына

құс үніндей құйқылжып жетті. Керемет жағымды еді.
Жанарын жарқ еткізіп ашып алып, сол сәтте жүзінде
шаң берген тосын құбылыстарды өз көзімен көргісі
келді. Бірақ, өйтуге болмайды ғой... Олай етсе, өтірік

ұйықтағаны әшкереленіп, алда болар қызықтардан құр
қалар еді. Соны ойлап, тежеле берді.
Аяқ дыбысынан әжесінің қайта бұрылып, сыртқа
беттегені білінді. Кешікпей іргеден ұзап, алыстап

бара жатты. Осы ұрымтал тұсты пайдаланып қайта
қарады қарсы жағына. Әдемі келіншек орнынан әлі
қозғалмапты. Қос қабаттап салған құрақ көрпенің шетіне
бір тізерлей жайғасқан қалпы жым-жырт отырыпты.

Әжесі шығып кеткен соң солай еткен шығар, назарын
қайта төмен аударып, торғын көйлегінің етегін бір
қаттап, бір жазып, енді соны ермегіне айналдырыпты.
Көзін сәл үлкейтіп ашып еді, жаулықтың астына енбей

қалған жазық маңдайы жарқырай қалды қол созым
жерден. Шамалы алдыға еңкейіп, әнтек жақындай
түскен әжімсіз пешененің астындағы қалың қабақ
екі жаққа қарай орақша иіліп, жақша доғаланыпты.

Жиегінде қарлығаш қанатындай қиылған көмір қара
қас. Бәлкім, кіршіксіз ақ жайманың бетіндегі қандайбір
қаралтқым нәрсе де дәл солай, күйе түстеніп көрінетін
болар, әйтеуір, қарама­қарсы бағытқа дөңгелене керіліп,

сүзіле көзге ұрды сүлік түк. Еңіс құлап, тік шаншылған
қыл кірпіктері әлі томсарып, тасасына бұғынған
бейтаныс жанарды қалқалап, жасырып тұр. Әзірге
серпіліп, қалқасындағы мойылдай мөлдір қос шараны

көрсетер емес. Сол тұстағы ашық аралықтан ыра ылди
тартылып, әлдеқайдан ұрлана түскен жұқа жарыққа
сағымдана шағылысқан жіңішке қыр мұрын сәндене
созылып келіп, төмендегі оймақ ауызға жете бере

келісті бір әсемдік жасап, кілт іркіліпті. Сырттан зәрін
төккен суық сұқтан жалтармақ болғандай жымқырыла
қалған үлбір ерін жастықтың жан алауы – іңкәрлік пен
ынтызарлықтың тысқа тепкен асыл нілі – қызыл бояуға

тоя қаныққандай, қан тамған нарт қауашаққа ұқсап
түріле ашылып, ұйып қалыпты балғын иектің үстінде.
Ал, сол маңға үйірілген жұмсақ нұр албыраған ақша
жүзде иба мен тектіліктің сағымы болып ойнап жүрген

көмескі сәулеге қызғылт рең беріп, сұлу кескінді одан
сайын әрлей түсіпті. Жүрек толқытар аңғал сезімнің
аңдаусыз бастау алар қайнар-көзі дерсің.
Алғашқы сәттен-ақ әлдебір сиқырға арбалғандай

жабыса кеткен қарашығы аздан соң кері қайыруға
келмей, сол күйі байланды да қалды. Ту бастағы жай
ғана жеңіл әуестік енді әлдененің байқатпай тастаған
шырғасын қапқандай белгісіз бір ыстық ынтаға ауысып,

өзі де аңғармаған қалпы емініп, қарсы жағын бақты да
жатты бағжиып.
Астарындағы әлдене жұмбақ иірімі қараған жерден
жұлқа тартып, үйіріп әкеткен жаңа таныс жас әйелдің

жарқын жамалы, шынымен-ақ, әлдеқашан жұтпа жы-
лымға айналып, тыпыр еткізбес тылсымымен жадылап,
матап алды. Жолы жіңішке жандардың жылтыр жүзінде
жуып кетсең жұтып қоятын мұндай түпсіз құй барын

қайдан білген, жарыққа алданып, жалынға ұрынған
жынды көбелектей еркінен айырылып, есеңгіреген бір
халде телмірді де қалды көз алдындағы тұңғиыққа.
Өмірінде адам баласына бұлай көз сатып, сұқ қадағаны

есінде жоқ. Туғалы бері біреуге тұңғыш рет аңырып,
кірпік қақпай тесілгені осы шығар, керемет бір сырлы
әлеммен ойда жоқ ұшқасқандай еді. Ғажап бір сезім
аясына еніп, түсініксіз күй кешті. Болады деп ойламаған

жаңа бір өмір тосын қол созғандай... бүгінге дейін белгісіз
боп келген әлдене жасырын кеңістік кенет есік ашқандай
еді. Әйел затының ашық ажарында қадалған көзді қармап
алар мұндай құпия қайраң барын неге ерте байқамады

екен? Енді, тіршіліктің бұған дейін білінбеген тағы бір

қызығы тұтқиыл қауыз жарғандай... тұмса дәмімен
тамсандырып, тұшындырып барады. Не түйсік екенін
анық ажырата алмады, бар болғаны, мәңгі ұмытылмас
тәтті әсерін сақтап қалды жүрегінде. Біржолаға. Соған

ілесе атар таңның алғашқы алтын арайына ынтықан бір
ыстық дәме оянды аржағында. Өміршең үміт. Бір нәрсеге
қуанып, бірдеңеге асыққандай алабұртып, қарадай
жанталасты өзінен-өзі.

Жалт бұрылған келіншек босаға жаққа қараған.
Қосыла қозғалған құлағындағы үзбелі сырға секіріп
барып шықшытының артындағы тамақпен тұтасқан
сүйкімді ақ сағақты бір соқты да, сыңғыр етіп кері

шегінді. Шашақтары ырғалып, сәлге дейін екпінін
жоғалтпай,
тербеліп
тұрды.

Нысанасының
тосын
қимылынан секем алып, назарын сыртқа салып еді,
тыста тықырлаған әжесі екен. Шытырманға шым батқан

жаңағы шалами шақта даладағы тірлікті ұмытыпты.
Кешікпей есікке жетіп, табалдырықтан бері аттар деп
еді, жоқ, біразға дейін ешкімнің қарасы көрінбеді.
Сосын ендігі бағыт мен болармын деген күдікпен көзін

дереу жұма қойды. Кірпігін жауып, қарашығын қамап
алған соң, сәттің алдында жүз берген тосын құбылысты
қайта бір жадынан өткізіп, ойша тірілтті. Жас келіншек
басын оқыс көтеріп, жүзін бұрғанда айтарлықтай аялы

білінген көз шарасы бұлттан шыққан күндей жарқ ете
қалған. Қас қаққанша жарқыл шашып өте шыққан
«жан терезесінен» жанарының сондай үлкен, мөлдір
екені байқалды. Тасадан тосын атойлап, кіршіксіз ағын

бір көрсетіп, төңкеріліп түскен жүйрік қарашығы бір
жағына қарай жүгіре жөнелгенде естен кетпес сурет
боп тартыла қалған таңғажайып көрініс бақыттың бір
шарпыған сағымы болып қалып қойыпты санасында...

сәт өткен соң қайта жаңғырған түрі мынау.
Тыншып қалған түзден содан қайтып ешбір сыбыс
білінбеді. Сосын сыздықтатып қайта көтерді қабағын.
Ашылған аз ғана аралықтан сүзіле сығалады қарсы

жақты. Кешікпей түк болмаған кісіше әлі сол орнынан

тапжылмаған көрші келіншек те сұлбаланып сала берді
керме иығы керіліп. Қабағын төмен салып, саусақ
ұшындағы тынымсыз бұралаған әлденеге қадап алыпты.
Бар ынтасы түп қотарыла соған ауған. Жуырманда

ешқайда жылжыр емес. Еріксіз еріп, қол басына қарады.
Ықыласын аударған қымбат заттың не екеніне көзі
жетпей, қарашығы талықты. Бірақ, балалардікіндей
сүйкімді сүйір саусақтарды анық көрді. Сондай әдемі екен.

Болпиған етті, моп­момақан. Тіпті, сүйіп алғың келгендей!
Тынымсыз қимылдан тоқтар емес. Бірнешеуінде қазақ
әйелдері ұнататын қызыл көзді күміс жүзік. Әдетте
үлкендердің қолынан ғана ұшыратуға болатын мұндай

көнекөз бұйымның мұнда келіп, орын тепкеніне көңілі
сенбей, қайран қалды. Әрекет еткендегі ептілігі сондай,
нәзік те икемділігімен қараған жанды өзіне баурап,
қызықтырып әкеткендей. Шынтағы бүгіліп-жазылып,

ақ білегі көтеріліп-басылған сайын жұптап салған күміс
білезіктері бір­біріне тиіп, тынымсыз сыңғырлайды. Бірі
бұрама, бірі жалпақ қос қолға қосарлап салған әшекей
заттар өрнекті һәм әсем. Жұқа торғын көйлектің бүрмелі

жеңінен сәл озып, басбармақтың артындағы тоқ етке
тіреліп тоқтапты. Астыңғы жағы шынашақтың түбін
соғып, салақтап тұр. Аз болмаса алақан қуысынан
сыпырылып, түсіп қалардай. Үнін шығару үшін әтей кең

қылып, егіз еткен түрі бар. Қолдарын ары-бері қозғаса
болды, маңына кісі қызыққандай дыбыс жамыратып,
сырлы сыңғыр таратады.
Тосын бас көтеретін ыңғай танытып, қимылдан қалт

тиылды. Соны аңдап, іле көзін көлегейлей берді. Сырттағы
әжесінің аяқ тықыры табалдырыққа тақағанда білді, тез-
тез басып, екі қолдап сары самауырынын көтеріп келген
екен. Сол сәт қарсы жақтан күміс білезіктер қоңыраулады

да, иесінің лып етіп орнынан көтерілгенін хабарлады.
Арғы жағы аян. Қонақ келіншектің жеңіл қимылмен
жетіп барып, сақылдаған жезтұлыпты іліп алып,
қашанғы тұғыры – ақ киіздің аяқ жағындағы төңкерулі

көмбеқазанға орнықтырып қойғанын көңіл көзімен көріп

жатты. «Болды ғой, балам, өзім де қоймаймын...» деді
әжесі артынша, айтарға болмаса, қабағат риза болып.
«Енді әжем қайта далаға беттейді» деді ішінен. Өйткені,
сыртта шығарулы шәйімен шәйнегі қалған. Салулы

шоғымен күрегі. Заман жылғы ажырамас серіктер бірге
жүруге тиіс. Айтып, ауыз жиғанша болмады, әжесінің
өкшесі тағы тықырлап, түзге қарай аяңдады. Күміс
білезіктердің сыңғыры келесі кезек ауаны жарып, иесінің

қайта келіп орнына жайғасып жатқанын ескертті.
Әжесі көп аялданған жоқ, қайтып келіп, қолындағы
нәрселерді меншікті мекеніне жайғастырды да, іле қазан-
аяқ жаққа бұрылды. Сылдырлатып шыныларын, басқа

заттарын алды. Соңында дастарқан іздеген болу керек,
бүйірдегі кебежеге келіп, есігін ашты... керегін тауып,
кері шегінді. Қолындағысы, шынымен-ақ, асжаулық
екен, ортаға әкеп тастап, еңкейіп байлауын шешіп,

кеңіте жайды.

– Есентай! Әй, Есен! – деді, сол кезде ғана іргеде жатқан

ұйқышыны еске алып. – Тұр, құлыным! Шәй ішейік.
Ыстық күнде маужырап жата бермей, басыңды көтер.
Үйге қонақ келіп отырса, жата ма екен жігіт адам деген.

– Әлі ұйықтап жатыр деп ойласа керек, дауысын сәл

көтеріп, даңғырлай сөйледі. – Тұр, құлыным! Қолыңды
жуып кеп, шайға отыр. – Соңынан өзі қайта айланып
көпшігіне кетті.
Тақ осы сәттегі әжесінің даусынан ояған адам болып

көзін ашты. Басын көтеріп, ашық есіктен сыртқа қарап
аз отырды. Содан кейін жаңа ғана байқағандай мойнын
бұрып, қарсы жақтағы келіншекке көз салды. Маңдайын
түзеп, жүзін бергені сол, манадан бері анық көре алмай

армандап жатқан, бір жалт еткенде сұмдық үлкен білініп,
құмар қып кеткен мөлдір көздермен ұшқын шашырата
сәуле шарпыстырды. Ғажап! Мұндай болар деп кім
күткен, жүрек шөлін қандырардай жанын жылытқан бір

жылы шуақ ақтарыла төгілді қарсы алдынан. Артынша
жанары шоқтай жанған нұрлы дидар сәл езу тартып,
бас изегендей болды. Күлімдеген күн дерсің, сірә! Сонда

барып өзінің шырадай жанған мойыл шараға тесіле тігіліп, емініп қалғанын аңдап, іле назарын тайдыра берді. Жөпелдемеде не істерін білмей, «сәлеметсіз бе?» деп, ілтипат жасаған болды жаңа танысына. Белгісіз ыңғайсыздық билеп, өзінен-өзі қысылды. Кездейсоқ соғып өткен осы бір құйын сезімнен арылмаған күйі орнынан тұрып еді, жұлдыз боп жанған арайлы жүзді, көкірегіне шоқ тастаған от кірпіктерді ұмыта алмаған қалпы сыртқа беттеді. Дала ми қайнағандай ыстық екен. Үй артындағы өзекке ұзап барып, кешікпей кері қайтты. Іле қолын жуып, ішке кірді. Түзде жүргенде бүйірінде бұғып жатқан бір құтырық қуанышты ептен сезгеннен басқа көп ештеңе ойламап еді, табалдырықтан аттай бере, әлгінде сыпырылып артта қалған тамылжыған таңсық әсер аясына қайыра енді. Уылжыған бір жайлы сезім құшағында үнсіз келіп, дастарқан шетіне тізе бүкті. Сол екен: – Әй, құрымағырдың баласы, жоғары отыр! – деді әжесі қасындағы қонағына айтып отырған әңгімесін шорт үзіп. – Тұр, төрге шық!.. Онысы несі?! Тұрмасқа шара бар ма? Әжесінің неге ұрысқанын білмесе де, езуіне күлкі үйіріліп, орнынан қозғала бере, қарсы жағына аңдаусыз қарап қалып еді, сағынып қалса керек, сол замат жүйрік көзі жүгіріп барып әдемі келіншектің жанға қуат құйғандай нұрлы жанарымен қайта табысып, қауыша кетті. Өзі жұмсақ жымиып отыр екен. Ілінбей сол тараптан жаңағы бір таныс сәуле кезекті рет ақтарылып, қотарыла жамырады. Артынша бала көкірегін жып-жылы шуақ сипап, тосын көтерілген кептелме демнен жұтқыншағына бірдеңе тұрып қалғандай, кеуде тұсы сыздап, бейтаныс бір беймазалыққа ұрындырған соң, орнынан қозғалмаққа оқталып, тайдыра берді аңғал назарын. Өрге таман озып барып отырғаны сол еді, бағанағы мөлдір үн тағы жетті құлағына. Құмар қозғай құйқылжып, естілген сәтте еліктіріп әкететін білезік

сыңғыры. Не болғанын бағамдап үлгірмеді, жайғасып
алып, жайына қарағанда, жеңі түріле созылған ақ
білекпен қоса бір шыны шайдың алдына келіп тосыла
қалғанын байқады. Ала беріп, “рахмет” деді, неге олай

дегенін өзі де білмей. Жан-жағына көз салуға жүрегі
дауаламады. Алақанына алған аяқты дастарқан шетіне
қойып, бетін бағып отырып, сууын күтті.
Әжесінің әлдеқашан басталып кеткен ықыласты

әңгімесінің өзі туралы екенін сәлден соң аңғарды.

– Бір-неше жыл келмей қалғаны, әлгі бар болғыр

Жұман ағасы Бежіңге білім жетілдіруге кетіп, жібермей
қойыпты. Әйтпесе, бұл тоқмайды онда... – дейді әдетінше
самбырлай сөйлеп. – Әзір, өзі, кәртейгенде де оқитын
оқу шыққан ба? Баяғыда да оқып еді сонда барып бес­

алты жыл... тағы кетіпті. Былтыр жаздық демалысында
Жұман өзі келіп кеткен. Биыл оқуы біткен екен, мұны
жіберіпті. Енді келмесе, өзім барайын деп отыр едім.
Баламды жібермей... Сағынып, тіпті, өлер болдым...

Оңай ма сонша жыл?..
Әжесінің қызық сөздеріне күлкісі келді. Артынша
осыдан аз ілгері өзінің осында жете алмай, қалай зар
болғанын ойлап тосылып қалды. Алыста жүріп аңсағанда

талай рет көзін жасқа бұлап еді. Қабағат қамыққан... Сол
жадына түскенде езуіне үйіріле қалған жылы жымиыс
лезде тарап, сейіле берді.
Көршілер арасында жүріп жатқан қызу хикая кешік-

пей тағы бұзылды.

– Алда ұмытшақ басым! – деп бетін шымшыды бір

кезде әжесі қонағына қарап. – Сөзбен болып, ұмытып
кетіппін ғой, әуелі, – деп орнынан тұрып, қазан-аяқ
жаққа қарай жүрді. – Ауыз ти, балам. Қаланың дәмі
ғой... – деді сосын керегеге сүйеулі кебежеден табақ

толы өрік аралас алма алып келіп, дастарқанға қойып
жатып. – Ала ғой, балам. Апам жесін деп әлгі келін беріп
жіберіпті. Жөн. Білген деген осы. Тағы біраз буыншақ-
түйіншегі бар... аздан кейін көрсетем. Алдымен шәй

ішіп алайық... – Жанқалталарын ақтарып жүріп бәкісін

тауып, келіншекке ұстатты. – Аршимын десең, міне,
пышақ...

– Өзіңізден ... – деп сөзінің соңын жұтып, іркіліп қал-

ған қонағына:

– Ала ғой, балам. Мен жедім... – деді жаңа босаған

шыныға шәй құймаққа, самауырынға қарай бұрылып.
Ақ мәрмәрдай жарқ-жұрқ еткен епті саусақтар алмадан
біреуін іліп алып, сызыла майысып арши бастады.
Қабығынан толық арылтып болған соң, шағындап бір

кесіп, аузына салып, дымын шығармай, жеңіл таусады.
Жан-жағына назар аударған жоқ. Бірақ, өзіне қадалған
сұқ барын сезетін секілді, әлденеден қысылғандай,
қымсына түсіп, ығып отыр.

Көп өтпей жеп отырған жемісін бір жағына қарай
қойды да, көздің жауын алғандай қызыл алмалардан
тағы біреуін алып, бар ынтасымен беріліп, ақтауға
кірісті. Басында түкке түсінбей, «бұны қайтер екен» деп

аз-кем бағып еді, іс мәні ізінше ашылып, мәлім болды.
Сыртқы қабатынан арылып, әппақ жұмыртқаға айналған
тәтті түйнекті қармаған қалпы бір жағына қарай бұрыла
бергенде аңдады, алдыға келген несібені тең бөлісіп

жемекке, әжесіне бермек екен. Білезіктері болар-болмас
сыңғыр етіп, бәкісімен қоса, қосақтай ұсынды қолындағы
дүниені.

– Болды ғой, балам... өзің жесеңші! Мен кешелі бері

еркін араласып жатырмын, – деді әжесі разы болған
сыңайда сүйіне қарап.
Артынша көрші келіншектің жеңіл қозғалып, орнынан
көтерілгенін көзі шалды. Күтпеген қимылға ақылы

жетпей, жалт бұрылып қараған-ды, бекер алаңдаған
екен, тізесін жазған жас әйел төмен жылжып келіп,
бәсең үнмен:

– Шәйіңізді енді мен құяйын, – деді сыпайы тіл қатып.

Кішілік жолымен шыны-аяқтың тізгінін бұдан ары өз
қолына алатын сыңай танытып, әжесінің оң жамбасын
баса келіп, етегін жиып, отыруға дайындалды.

– Болды ғой, балам... өзім-ақ құя берем, – деді, әжесі

айтарға болмаса, бұл ұсынысты онша теріс көрмейтінін
аңғарта, қолында алмасы, өрге қарай сырғып келе
жатып.
Көз алдында бағанадан қиюы қашып, қабыспай тұрған

әлдене кенет қисынын тауып, жымдасып кеткендей
бір әсерге бөленді. Жарық жүгіргендей жараса қалған
жайлы көрініске жаны кіріп, рақаттанып қалды. Сәні
үйіріліп, мәні кірген мына отырыс көңіл шалқытып,

мерей өсіргендей екен. Өмірдің өзі орайластырған әдемі
үйлесім. Үлкені – үлкен, кішісі – кіші, әркім өз орнына
жайғасқан жерден кісі қызығарлық әсемдік шығатынын
енді аңғарып, қызыға қарады... Әлдекімге шын разы

болғаннан жүзінде нұр ойнап ақсамайлы әже отыр
мейманасы тасып. Тұтас тұлғасы мейірімнен жаралған-
дай бөлек болмысынан ықылас шуағы жамырайды. Ал,
оның аяқ жағында – үлбіреген жас келін. Үзіле уылжиды

қор қызындай толықсып. Әз ананың ризалығына бөле-
ніп, батасын алуға бар ынтасымен құлшынғандай құлап
отыр құлдық ұрып. Іздегенін тауып, соның бақытына
мастанған бір кейіп бар түр-әлпетінде. Алғашқы қада-

мын дұрыс басып, соған тура бағдар сілтеген дегдар жан-
ға қарыздар пейілмен қызмет етпекке жүгініп, ол басып
өткен әйелдік асыл жолды ардақ тұтып, оны ары қарай
жалғағысы келетіндей бір ырықты ынта байқалады

кескінінен. Ертегілерде айтылатын ерте заман ханым-
дары осындай болар-ау, сірә, ілкіде еш жерден кезік-
тірмеген, ешқайдан ұшыратпаған көрікті көрініс, көркем
бейнелер. Енді соны өз көзімен көріп, жетісе қалған

жайы бар. Шыжыған күннің ыстығында ибалы келін
қолынан рақаттана сусын ішіп, дәм татып, бақытты
әже балбырайды маңдайы тершіп. Алдына келген күрең
шәйды сәл демін алдыра ұрттап қойып, қолындағы бет

орамалымен, кестелеп тігілген кимешегінің жақтауын
бір қолымен кері сырып, самайынан аққан моншақ терді
әлсін-әлі сүртіп алады. Мұндайда әңгіме таусылған ба,
бірден бірге өтіп, ұзара түсті сөз аяғы. Ал, оған беріле ден

қойған құлақмолдасы жымия түсіп, еліге мүлгиді.

Айбынын
асырып,
шаттығын
тасытқан

жаңа
орыны өзі сұлу келіншектің сырт тұлғасына әлдебір
өзгеріс сыйлап, бірте-бірте басқа бір бейтаныс жанға
айналдырып бара жатқандай сезік білінді бір ауықтан

кейін. Басында көңіл аудармағанмен, аз-кемнен соң
таяу жерде бір тізерлеп шәй құйып отырған жас әйел өзі
қатаң бақылауға алған көрікті жанға сәл-пәл ұқсамай,
айнып бара жатқандай болып, күдігі күшейгесін,

қайта сәп салғанда анық аңдады: шынымен-ақ, үлкен
өзгешелік орын алып, айқындала түскен екен. Сол сәт
қазақ тұрмысында кездесетін әйелдерге байланысты
бір жайдың мәнін тосын ашқандай болды. Соған қоса,

әлгіндегі көз алдында аяқасты қиюы келіп, құлпырып
жүре берген құбылмалы құбылыстың жұмбақ күрмеуін
де кешіксе де шешіп тынды.
Сөйтсе... бағанадан бері бір байыптасашы... бұландай

бұлықсыған бұла келін жай ғана орын алмастырып,
жұрт жаңалапапты ғой! Әлденеге іштей дайындалып, тал
бойын жіті қимылмен жиып алып, байыпты қадаммен
сызыла барып, былайша байқалмайтын биік сахнаға

шығыпты. Бұрынғы өткен аналар мұра етіп тастап
кеткен алтын тұғыр – үлкендер өнеге көрсетіп, кейінгілер
сайланып сарапқа түсер қасиетті төр – қастерлі орынға
аяқ басыпты. Ойы шолаққа олқы көрініп, құнтсызға

құпиясын ашпайтын аяулы маң – табалдырықтан
сәл өрегірек, төрге салынған гүлді текеметтің етегіне
ала төселген бөлек төсеніш, сары самауырын мен көк
шәйнектің алды, оюлы көпшік үсті – сахна емей не енді?

Сақара халқында жолы жіңішке жандар есептеліп, аса
әспеттелген әйел затының үлгілі өнегесін көрсетіп, өнер
шашар жері – осы болса, несі айып. Тәлейіне тап келген
несібесі, маңдайына жазылған бағы емес пе. Кісінің

кісілігі қайдан да танылады дегенмен, жарқырай көрінер
еңселі мінбері болғанның жөні бөлек-ақ.
Қарсысына келіп қонақтаған ғажап көрініске қадалып
отырғанда ұмытыла бастаған ескі бір суреттер жалт

етіп өтті санасында... Онда бұл әлі аяққа оралғы бала

ғой, әжесінің етегіне жармасып, шақырған ел, қуаныш
бөліскен жұрттың үйіне баратын ілесіп. Бұл маңайдағы
жақсылық атаулы әжесінің қатысуынсыз өтпейді. Ылғи
бір дабыралы той, дүбірлі жиынның үстінен түсетін.

Ішке еніп көп өтпей дастарқан жайылып, ас келер еді
алдыларына. Өңкей бір бет моншағы салбыраған ибалы
келіншектер кіріп, қысылып-қымтырылып отырып
шай құятын. Керегені керіп, жағалай жайғасқан көп

адамға бір жерден шынылап, сыздықтатса да, емін­еркін
үлгертетін. Қаймақ қатқан таныс дәм таңдайларына
тати бастаған үлкендер тамсанып қойып, маңдайларына
жиі қол апаратын. Шаршы топта дуылдап әңгіме қыза

түсетін. Дәл сол кезде әжесі түсініксіз бір іс жасар еді:
босаған шынысына қант, науат салып, ортадағы шай
алушы жігітке ұсынатын. Дәм толы ыдыс шай құюшының
қолына жеткенде, тосын қызара қалған ол, орнынан

қымсына көтеріліп, толықсып тұрып, төрге қаратып
сәлем салатын. Осыны үнсіз күтіп отырған әжесі кенет
басын көтеріп: «Көп жаса, балам! Тең құрбыңның алды
бол!» деп ықылас беретін. Сол сәт сәл үзіліп қалған қызу

әңгіме қайта жалғанып, ұзаққа шауып кете беретін...
Енді ойласа, сонда самаурынның алдына жайғасқан жас
келінді жалғыз әжесі емес, үй толы адам бағып отырады
екен ғой. Арада аз күн өтпей ел арасына «Пәленнің

келіні-ай, шіркін! Өзі бір көргенді бала екен, құйған шәйі
қандай!. Салған сәлемі, отырған отырысы қандай өзінің!
Сірә, үйінде үлгі алар үлкені бар, көргенді жердің қызы
болар...» деген алып қашпа аңыс тарайтын, аңыз боп.

Енді ойласа, сондағы сұлу көріністің біреуі бүгін, көп
жылды араға салып келіп, көз алдына қона қалыпты.
Сары самауырын мен көк шәйнектің қарсысында мойнын
бұрмаса да, құлағын түріп, сақ отырған әдемі келіншекті

көріп, қайран қалды. Тізе бүккен тұсын сахнаға теңеуі
дәл берілген анықтама сияқты, онда келіп орныққан
жанның тек өз басы ғана емес, арытта қалған елі – көрген
өнегесі мен алған тәрбиесі қабат сынға түседі екен. Сымбат

пен сыр қатар сарапталар сындарлы орта. Балалықпен

бұрын байқамаса, ересек тартқан ендігі жасында белгісіз
құпияның құлпын ашқандай, таңырқап отыр.
Жаңа қонысына жайлана қонған жас келіншек
тіпті де керіліп, кербезденіп кеткендей еді. Шаршы

топтың назарында болар көрнекі жерде осылай отыруды
айнымас әдетіне айналдырғаны анық аңдалады. Аздың
алдындағыдай тым жайбырақаттанып кетпей, бойын
тік ұстап, сергек кейіпке ауысыпты. Жүзін жерге салған

болып, маңайындағы қыбыр-жыбырды жіті бағады.
Сол жақ шынтағының астына сыбысын білдірмей келіп
қалған бос ыдысты күттірмей қағып алып, шәй құйып,
қайта ұсынады. Сөйтіп отырып тағы әжесінің ақтарыла

айтқан әңгімесін де қапы жібермейді. Осы қалпында
айналдырған екі адамға ғана емес, одан әлдеқайда мол,
үй толы жақсы мен жайсаңға сусын баптап отырғандай
мұқият, тастүйін.

Келіншектің кермарал сынды келісті сымбаты бір
қырынан қарағанда тіпті де айқындалып, ашыла түседі
екен. Көйлегінің етегін қымқыра апарып қылтасына баса,
аяғымен қоса астына жіберіп, шалқақ кеудесін өр ұстап,

әлденеге әзірленгендей бір тізерлей жайғасқан екен,
пішімі келкен осы пішінінде әйел бойына әр кіргізер әсем
мүшелері бадырая көзге ұрып, бөлектеніп кетіпті. Артына
қарай қайыра салған қызыл жаулығының етегінен озып,

жон арқасына салмағын сала салақтаған тоқпақтай
жуан бұрымы желкесін басып, кекжиуге мәжбүр
еткендей, кері шалқайыпты да, аршын төсін әнтек алға
шығарыпты. Керіскедей керме иыққа жараса біткен қаз

мойынның астыңғы ақ сағағы – көзге шоқтай басылып
тұрған әппақ тамағын жастықтың асау сезімі ұя салған
жан жуытпас жақұт арал дерсің. Астарындағы әлдененің
сыртқа тепкен сиқыры секілденіп сол арадан майда

мақпал сағым жылтырайды білініп-білінбей. Ыстық
күнде күрең шайға шөл қандырып, бусана қалғандікі
ме, әдетте шекесіне дейін жауып алатын орамалының
байлауы босап, шешілмеген күйінде шегініп, шүйдесіне

таман сырыла барып тоқтапты. Сөйткені дұрыс болған

ба деді, бағанадан бүркеніштің астында қалған қолаң шашы енді теңдік алғандай, жимия жылмиып сыртқа шығып, әлдеқайдан түскен жұқа жарықпен шағылысып, теңбілдене сағым атады. Сырғып барып, қарақұстың тұсына тоқтаған қызыл шаршының қалқасынан тағы бір әсем мүшесі – сүп­сүйкімді момақан құлағы да азаттыққа жетіп, өзінің көрікті жанның кем болса болмас бір керегі екенін әйгілегендей, әлпетіне әр қосып, монтия қалыпты... Көп көзіне ендігары түсірмес болған осы бір жабық асылдарын байқамаған болып ашыққа салып, олардың ақша жүзіне бір кездегідей ғажап жарасып, жұтындырып жібергенін іштей сезіп, артынан осы әбес қылығына әнтек қысылғандай, алаулай қызарып, қос қарашығын әлденеге жұптай қадап, үнсіз қалған дәл қазіргі тым-тырыс кейпі енді қайта қолға түспес қымбат бірдеңесін қиыла аңсаған асық сыңайын айна қатесіз аңғартқандай еді. Не еді ол арман дүниесі? Әлде әйел затының ежелден келе жатқан ортақ мұңы – ескен желдей есіліп өтті дейтін, алайда, көрген түстей қысқа білініп, дәмін алдырмай кеткен естен шықпас қыз күнінің қызығы ма? Бәлкім, бір кездегі балғын сезімі бойын балбыратқан бұла шағы есіне түсіп, сондағы бал татыған бала бақытын ойлайтын шығар? Не болғанда да, сырт бейімі бейтарап қалдырар бейбіт бейне емес. Қарап отырып, жүрегіне бір жұмсақ мұң жүгіріп, байыбына барып болмас бір сырлы әсерге бөленді... Оқыс тірілген осы түйсіктің салдары болар, аздан соң көз алдындағы көрініс әлгіндегі жайма­шуақ қалпынан сәл-сәл айнып, басқа бір пошымға ауысып бара жатқандай болды. Кешікпей сары самауырынның шүмегінен тырс-тырс тамған мөлдір тамшыларға тесіле тігіліп, қасындағы ақ самайлы әженің ұзақ әңгімесіне үнсіз құлақ түріп, қыбырсыз қалған жас келіншек былайғы дүниені ұмытып, әлдебір ауыр ойға тұтқын болып, тұнжырап бара жатқандай білінді. Қайталай сәп салғанда аңғарды, уылжыған жас әйелдің кеудесі ептеп

еңкейіп, балғын иегі тізесінің үстіне қабаттап қойған
сүйрік саусақтардың сыртына барып қонақтаған екен.
Ал, тал-тал қыл кірпіктерінің астындағы әлдеқайда
жәудірей қадалған шаралы көздерінен өзі тұңғиық

жанарын одан сайын тереңдеткен күшті аңсау мен арман
ұшқындады жан толқытып. Арбап әкеткен аңсарға
шарпылып, іштен тынған осы отырысының өзі соншама
сүйкімді, сондай сұлу еді. Тізгін бермей ала қашқан

ашқарақ ындыны сол көрініске ынтығып, ықтиярсыз ауа
берді. Өзі көрікті әйелдің мұңайғаны да әдемі болатын
сияқты, үзіліп кетердей үлбіреп, басқа қонбас бақ болып
мөлдіреп отырды қол созым жерде. Шын жарасым,

нағыз келісімнің көзден өтіп, жүрекке жететіні, тегі,
рас, тыс тұлғасынан жүрек қобалжыр кейіп қылаулап,
үнсіз қалған көршіге телміріп отырып көңіл көкжиегі-
не көлеңкелі бұлт үйіріліп, тұманға тоғытылғандай

мұңайып тынды. Жан жабырқаса, дүние бос сияқты...
уыты жайылып, улап бара жатқан уайымнан қашқысы
келді ме, кенет қозғалып, сыртқа шығып кеткісі келді.
Осы ой санасына қалай сап етті, солай ұмтылып, орнынан

көтеріле берген. Табалдырықтан аттап бара жатқанда
артта қалған әжесінің әңгімесін кілт үзіп, «Қайтеді-
ей, мынау? Бірдеңе көрінген ғой деймін өзіне...» деп
қалғанын құлағы шалды. Бөгелген жоқ. Елемеген

қалпы көз алдына көрші келіншектің әжесінің көтеріңкі
дауысынан селк етіп өз-өзіне келіп, ізінше есік жаққа
қарап, өзінің ту сыртынан ештеңеге түсінбей аңтарылып
қалған аңқау бейнесі елестеген күйі ұзай берді.

* * *
Көзі кітапта, құлағы сыртта, үнсіз жатқан. Төмен
жақтан шыққан әлдекімнің аяқ дыбысы сытр-сытр өрлеп
келіп, өкпе тұстағы өрмек басына жетіп тоқтағандай

болды. Әжесі әлдене деп үн қатып еді, естімей қалды.
Содан бері о тарап жым-жырт. Ештеңе болмағандай,
тым-тырыс.
Келген кісінің кім екенін іштей шамалады. Соны

білген сәтте басын шұғыл көтеріп алайын деп жатты да,

артынша қолындағы кітаптың бір қызық жеріне еніп,
ұмытып кетті. Содан бері қыбырсыз. Шытырман торға
шырмалған санасы су бетінен бір көрініп, қайта батқан
алтын балықтай бірде жарық тартып, іле қараңғыға

қайта сүңгіп, алаланып жатыр. Құдды бір өң мен түстің
арасындағы мәңірме хал.
Әрі-беріден соң кітаптан зеріге бастады. Жаңағы
бір ширыққан шиленіс өтіп кетті де, былайғы жағы

жайбарақаттанып, көңіл тартпас жаймашуаққа айналды.
Сосын тастай берді бір жағына қарай. Кеудесіне басқан
жастығын оңшап қойып, енді бетін шаңыраққа бере,
шалқалай сұлады.

Құлағы әлі сыртта-тын. Артынша далаға сақсына
назар тастады. Аз-кемнен кейін әжесінің сабырлы қоңыр
үні естілді үзіліп-үзіліп. Жанында отырған әлдекімге
өрмек тоқу өнері жайында әңгіме бастаған сияқты.

«Былай ұстайсың... былай тартасың...» деп тәптештей
түсіндіріп, беріле үйретіп жатыр. Ізінше әлденеге
мәз болған, әлденені қызық көрген қуанышты күлкі
көтерілді сол тұстан. Таныс сыңғыр. Кімдікі екенін анық

таныды. Өткендегідей керегеге барып жармасып, сыртқа
қарап сұқтанған жоқ. Тік төбеге телмірген қалпы қала
берді орнында.
Жағымды ән әуені әлдилегендей ғажап бір жайлы

сезімге бөленді. Көз нұры күлдіреуіштен бергі бос
кеңістікті кезді де жүрді тыным таппай. Әзірше бір
нүктеге қадалып, тұрақтаған жоқ. Дегенмен, уық
сыртынан жабылған боз үзіктің ішкі жағын, жарты

елідей жұқа киіз арқылы шексіз әлемнен бөліп тұрған
бүйірлі қуыстың бүкіл аясын бажайлаумен болды. Үстіден
үңіліп, екпеттеп жатып алған еңкіш қабырғаны оңды-
солды қиып, айқыш-ұйқыш тартылған бау-шуға ептеп

ынтасы ауа бастаған сыңайлы. Басында бұлыңғыр болған
бұл ыңғылы сәт өткен сайын айқындалып, күшейіп келе
жатты.
Қарашығының қашан барып төбедегі дөңгелене иіліп,

бір­бірін тор көз жасап кесіп өткен төрт жұп доға шабаққа

қадалғанын білмейді, о бір кезде ойдан сытылып, өзін­
өзі тапқанда, кірпік қақпай сол тұсқа тесіліп қалғанын
аңдады. Түңліктің бір шеті ашық екен. Үй ішіндегі
бөлек бостық сырттағы көгілдір әуемен тек сол арада

ғана тоғысып, тұтасыпты. Шаншылған жерден келесі
бетке сынық сүйемдей озып шыққан қаламұштар кетік
ара тісіндей арса-арса болып андағайлап тұр. Одан бері,
шаңырақтың екі жағынан жиып алып, сәл төменнен

түйілген желбау салбырайды бар салмағымен зілденіп.
Әдетте қайырыла барып қайсы бір уықтың қарына
ілініп, шеттеп тұрушы еді, бүгін теңдікке жетіп, еркіндік
алыпты. Түнде аспа шамды асқан қалпы жиналмай

қалған сияқты. Қол созым жерде салақтап тұр.
Жылжыған көзі енді шаңыраққа қатар-қатар шан-
шылып, шыркөбелек айланып шыққан тоқ білектей
жуан уықтардың сыртынан, қиіз қабырғаның астарын

әдіптеп, шаршы шақпақ сала оң-сол айқасып түскен
әдемі үзік бауларға түсті. Ес білгелі бірге жасап келе
жатқан ежелгі нәрселер бола тұра, жаңа көргендей жаны
кіріп, жақсы әсерге бөленді. Бәлкім, ондағы жасырын

әдемілік қадалып көп қарағанда ғана бояуын ашып,
бері шығатын шығар, назарындағы үй мүкәмалдары
оңбайтын өңімен көкейінен шығып, көңіліне қуаныш
бағыштады. Өздері тағы қарыс керілгендей жалпақ екен.

Ылғи да екі жаққа қараған қошқар мүйіздердің от шаша
сүзіскен жерінен жалғасып, көш құлашқа созылыпты.
Үстіңгісі шаңыраққа таяу маңнан басталып, көлбей
құлдап келіп, қарсы бетте тоғыса ұшқасып, үйдің маңдай

тұсын орай еңістеп, төрдегі жүктің екі басына жетіп,
жастықтың артына еніп, тасаланса, аяққысы жарты
құлаштай аралық тастап, қиғаштай құлап, жарыса
келіп, кереге басына күрмеліп, тыным тауыпты. Бірақ,

түр-түсі өргісінен сәл өзгешелеу. Артықшылығы – екі
шетінен жіңішке жақтау жүргізілген. Ал ортаңғысы
«қарлығаш қанаттардың» қоспасы. Ол-дағы уық сыртын
шыр айнала, есік маңдайшасына жетіп, сонда бекітіліпті.

Сыпайы қолдың табы сіңіп, шымқай бояулардың түсі

сынған, сәлиқалы үлкені бар өнегелі үйдің үздік үлгісін
көрсететін сидам дүниелер. Бағасы артық бірегей мүлік
екені айқын танылады. «Әжем тоқыған...» деп ойлады
ішінен. Сол сол-ақ екен, бағанадан бітеліп тұрған құлағы

тосын ашылып, тыстағы тіршіліктің қыбыр-жыбыры
жарыса қалқып жете бастады таназарына. Ең әуелі
адырғы қылыштың дік-дік еткен дыбысы келді талпынып
ұшып. Аздың алдындағыдай босаң, құмыға шыққан

жұмсақ үн емес, неше күннен бермен жадына әбден
жат болған, әжесі тартқан жіп арасындағы көлденең
тақтайдың ширақы дікілі.
Жастықтан басын жұлып алып, ашық есіктен сыртқа

қараған. Тұспалы мұндай дәл шығар ма, қызыл көйлегінің
етегі көлбең етіп, төменгі үйдің әдемі келіншегі өтіп
барады екен есік алдынан. Кеше көргенде үстіндегі киімі
көк секілді еді, енді бүгін отқа оранғандай алаулатып

нарт түсті торғын киіпті. Өзі сымбатты адамға не кисе де
жарасатын сықылды, өзгерген өңмен ілесе, бойына бөлек
көрік қонып, жасырын үйлесімнен туған ғажап әсемдік
әлдене сиқырымен арбай тартты назарын. Ортадан сәл

аралық тастап, ары таманнан айланып жүргені қандай
жақсы болған, еркін көрінер ен жазықта жанарын ғана
емес, ынтасын да ертіп, кісі қызыққандай сәнді жүріспен
ырғала басып ұзай берді. Бажайлап барласа, аңсары

ауып, алыстан баққандар жалғыз өзі ғана емес сияқты,
үй маңындағы әлі жығыла қоймаған бойшаң шалғынның
арасында бұғынып жатқан әлденелер көлбіреген кең етек
тұстарынан өткенде қастарында бір сәтке алып қалғысы

келгендей, көрінбей жармасып, бір-бір тартып қалып
жатты. Кербез жан ешбірін елеген жоқ, тасада телмірген
тағы талай дүниені тамсантқан қалпы соңында қалдырып,
сол екпінімен сәлден соң барып есік кәзинегінің тар

аясынан шығып, босағаның қалқасына еніп, көрінбей
кетті. Көз алдынан қызық кеткен соң, ойыншығынан
айырылып қалған баладай, көңілі басылып, шалқалай
құлады артына.

«Неге келді екен?» дегенді ойлады аз­кемнен кейін.
«Бәлкім, жалғыз
отырып
зеріккен

соң,
әжеммен

әңгімесуге келген шығар...» деп өз сұрағына өзі жауап
берді ізінше. «Қаладан келгені рас секілді, киімді
керемет таза, жарастырып киеді екен. Үйінде үтігі бар
болар, көйлектері бырысып-тырыспай, ине-­жіптен жаңа

шыққандай болып, төгіліп тұрады екен. Тақ бір алғаш рет
иініне ілгендей... Дегенмен, қимыл-қозғалысынан қала
белгісінің білінбейтіні қызық?.. Сол жағы түсініксіздеу
жеңгейдің...».

Ұзын­шұбақ ойын сырттан кірген әжесінің аяқ тықыры
бұзды. Іле жастықтан басын жұлып алып, кеудесін
көтеріп отырды. Көңіл күйінің көтеріңкі екені бірден
аңдалып, ескі бір әуенді беріле ыңылдап, төр жақта

күйбеңдеп, әлденені ұзақ іздеген әжесі о бір кезде барып
мойнын бұрды.

– Кешке шейін ала қағазға арбалып жата бермей, бір

уақ ана жатқан дөңдерге шығып, сергіп келер едің ғой,
жарығым! – деді. – Оқитын немеңді, мектебіңе барған
соң оқысаң да жетпей ме? Қашан көрсем, қадаласыңда
жатасың, қадаласыңда жатасың... көз майың таусылатын

болды ғой, құлыным!. Жаңа төменгі Гүлжаз жеңгең
келіп, шақырып кетті, – деді сосын сөзін ары жалғап.

– «Алыстан келді, бір шәугім шәй ішсін» дейді. Бұрын-

соңғының жолы. Отауынан дәм татырмақ... Рақмет
онысына. Білген деген – осы. Ел кәдесін жасап, қонаққа
сый көрсетсе, ешқашан кем болмас. Өзі де бір айналып
кеткір ақылды бала. Болмаса, осы күнгінің жастары жөн

біле ме, тәйірі?..
Басында әжесінің кімді айтып отырғанын, кімнің ке-
ліп өзін шақырып кеткенін білмей қалған. Соңғы сөздерін
естігенде барып ептеп шамалағандай болды. «Е, соған

келген екен ғой...» деді ішінен күбір етіп. Өз қиялымен
болып кетіп, әңгіменің осы аралығын естімей қалыпты,
ізінше қайта назарын жиып, құлақ тосқанда, әжесінің
әлі самбырлап сөйлеп отырғанын біліп, келген жерден

қосыла берді. Қызық болғанда, өз-өзіне баяндап жатқан
хикаяның не жайында екенін бұл жолы да түсінбей
қалды. «... Қалада өсті дегенмен, өзі бір текті жердің

қызы сияқты. Ибалы, ізетті боп өсіпті. Әнзәлі, үйінде
үлкен шешесі бар... Қандай жандар екен... өздерін бір
көрер ме еді, шіркін!..» деп жалғады соңын. Сөз ауанын
сонда барып аңғарды. – Түске шақырып кетті, – деді

ізінше бағытсыз баянын ары сабақтап. – Боп қалды ғой
деймін өзі де? Жүрелік кешікпей!
Соны айтқан әжесі бір ауық үнсіз қалды. Қолындағы
шаруасын тәмамдады білем, бір сәттен кейін орнынан

тұрып, есікке қарай жүрді. Бағанағы ескі әуенін қайта
тауып алыпты, ыңылдаған күйі ырғала басып кете барды.
Табалдырықтан аттай бере кілт тоқтады.

– Босқа қарап жатпай, аржағыңдағы домбыраны

алып, бір уақ ән салар едің ғой, құрмағырдың бала-
сы! – деді кері бұрылып. – Өлең деген ер жігітке осындайда
таптырмайтын ермек емес пе! – деп іле бетін ары бұрып,
және бірдеңелерді күбірлеп кетіп бара жатты.

Әжесі ұзай бере үй ішінің әлгіндегі тыныштығы қайта
келіп орнады. Мамырлай қонып, байырқалай ұйыды.
Дегенмен, іш пысқандай қапырық емес, періштенің демі
шарпылып тұрғандай жайдары, жан тынғандай жайлы

еді. Соның рақат аясында жайбарақат тыныстап отырып,
алда болар әлдебір жақсылықтың сыбысын сезгендей
көңілі өсіп, жаны жадырап сала берді. Кең тыныстап,
үлкен бір дем алып қойып, бас жағында жатқан жастыққа

қайта құлады. Ойында ештеңе жоқ, санасы қаңырап бос
қалғандай бір уайымсыз күйге енді.
Үй ішіндегі тар кеңістікті мағанасыз кезіп жүрген көз
сәулесі бір кезде барып, маңдай тұстағы туырлықтың

жоғарғы жиегін қуалай жүгірген шалмабауға түсіпті.
Сонда барып аздың алдында өзінің алты қанат ақбоз
үйдің өргі күмбезінің бергі бетін қызыға тамашалап
жатқаны есіне келді. Дәл сондағыдай болмаса да, соған

жетеқабыл ықыласпен назарын жиып, қайта үңілді
үстіге... Тоқ күрең борға боялған жуан уықтардың бүкір
қарнынан бір-бір орап, шалмалай шалып, түгел көгендеп,
түгендеп шыққан қолдан тоқылған бір қажетті жіп – екі

елі өрмекбауды тағы көрді орнынан. Көрді де, сол тұсқа

байлана арбалып, маталып қалды. Әдеміліктің көкесі
сол арада ма деді, соның сынық сүйемдей төмен жағынан
сұлба берген қалы кілем сынды қымбат тоқыма аңсарын
бірден аударып, жұлып әкетті. Кереге басына тақау

жерден қаусыра ұсталған басқұр барша түсті бойына
жиған әсемдігімен қадалған жанардың жауын алғандай
екен. Қылаңынан бараны басым жіңішке өрмектің таяу
жылдарда ғана қолдан шыққаны анық аңдалады. Ұзына

бойына тартылған түрлі жіптердің бояуы әлі оңып, өңі
сына қоймапты. Ұстай алсаң, саусақ ұшыңа нілі жұғып
қалардай иіп тұр. Көрген сәтте тотықұстың жүніндей
толқи құбылып, көңілін елітті. Манағы үзік баулардан

гөрі енденіп, жалпая түскен үй жарақтарының қанық
түрлері молайып, өрнегі кішірейіп, есесіне күрделілене,
көріктене түсіпті. Тоқыған адамының көп өнерін
білдірмей сорып, талай үлгісін көшіріп алғаны айқын

танылып, ақ шаңқан алып үзіктің мол етегін іштен кеулеп,
керіліп тұр. Астыңғы жиегінде қолдан түйіп жасаған
салпыншақ моншағы бар кестелі шашағы өзіне сондай
жарасып тағы бір айшығы ашылғандай одан сайын түлеп,

алтын зер жүгіртіп, әспеттеп тоқыған баяғының жібек
кілемінше ақбоз үйдің айлана қабырғасына айтақалсын
әр беріп, жайнай қалыпты. Одан сәл төменнен тартылған
гүлді тегеріш те желкөз керегенің артында тұрғанына

қарамастан, қайсыбір асыл бармақтың табы қалған оюлы
сырмақтай әдемі көрінді. Кем болса болмас керекті дүние.
Орны бос болып, үңірейіп тұрған соң, ойлап табылған
озық жаңалық екені бірден білінеді. Осы бір кетік

қалмаған кемел үйлесімге зерделі көзбен қараған кез-
келген жан қазақ әйелінің парасат-пайымын қапысыз
таныр еді. Ешкімнен олқы соқпас ақыл-ойдың әйгі-
нышаны болған осы бір бағалы заттар арасында көмескі

бір үйлесім барын – бірінен біріне білінбей жылыстап,
бір-біріне сәуле түсіртіп, бірін-бірі үнсіз толықтап,
барлығының өңін аша үйіріліп жүрген бір сырлы сағым
барын бажайлаған кісі байқар еді. Арғы сырын тереңдеп

тектемегенімен, сол құбылмалы сиқырдың бері қалқып

шыққан болмашы ұшқынын бағанадан бағып жатып,
әлдебір сезгір түйсігімен жұқалап болса да сезгендей
болды. Сөйтті де, маңайында толып жүрген осыншама
көп көрікті затты ілгері қалай байыптамағанына, ілкіде

неге зер салмағанына таң қалып таңдай қақты.
Әлдене шаншылып, жанарын шаққандай болған
соң көңіл аударған. Сол сәт сырттан жапқан киіз
жамылғының тамшы тескен жыланкөз тесігінен тік

төбедегі жалқын күннің бір шоқ сыздық сәулесінің
жебедей атылып келіп, тақ төрге найза болып қадалып
тұрғанын көрді. Алақанды апарып тоса қойсаң, сол замат
тесіп өтердей еді. Атқан оқтай түзу әрі өткір. Қақтама

аптабы алыстан білінгендей. Мазаны алып, әбден ығыр
еткен үй ішінің ыстығы содан тарап жатқандай, сол
тұстан білінер-білінбес қапырық леп келеді жүз шарпып.
Қадала қараған қарашығын жеп, қарықтыра берген соң,

тайдыра берді шыдамай. Еңкейген еңкіш қабырғадан
қиялай төгіліп, көлбей тартылған қиғаш сызық ерігіп
жатқан адамға тиімсіз болғанымен, басқа дүниеге –
тымырсық ауаға тұншығып, бүк түсіп, бұғып қалған

әлдене зәредей заттарға жан салып, тіршілік бағыштаған
тәрізді, құжынаған белгісіз нәрселер қобырай көтеріліп,
бас­аяғы бірдей ақ жолақты үдіре бойлап, ары-бері ағылған
құмырсқадай, бос кеңістікте қараталаса қарбаласып,

жоғарыдан сыртқа шығар саңлау тапқандай таласа-
тармыса ұмтылып, өрлеп жатыр, өрмелеп жатыр. Қашан
басталғаны белгісіз әуедегі қимыжық қимыл әзірге
басылатын емес. Керісінше, одан сайын қопсып, қоздай

түскен сыңайы бар... Осы көріністерді үнсіз бағып жатып
қарадай маужырап, кірпіктері ілгіштенген соң, көзін
жұмып еді, ары қарай сілелеп, түнекке жұтылып кетіпті.
Әлден уақтан кейін оянып, жан-жағына қараса, қашан

келіп алғаны белгісіз, әжесі күйбеңдеп аяқ жағында
отырыпты. Басын көтеріп еді:

– Тұр енді, жарығым, жүрелік... – деді әлдеқайда

асықтырып. – Далаға шығып, беті-қолыңды жуып кел...
сергіп қаласың... Енді көп кідірмейік... – деп қояды өзі

кереге басында ілулі тұратын ақ дорбасын алып, ішінен
әлденесін іздеп жатып.
Басында түкке түсінбей аңтарылған. Ұзамай қайда
баратындары есіне түскенде, төбесінен бір шелек су

құйылып кеткендей, өнебойы дір етіп, маңдайының
суық тері бұрық етті. Ары қарай не істерін білмей, екі
ойлы күйде дағдарып, тағы біраз отырды. Артынша
ақылына келіп, өзінен-өзі жүрексіне жүріп, қобалжыған

күйі далаға шықты. Үй айлана барып, қайтып келсе,
әжесі көйлегін алмастырып болып, жаңа мәсісін киіп
жатыпты.

– Күнде барып жатқамыз жоқ, жөнделіп баралық

отауға. Басқа біреу-міреу болса, ұят болып жүрмесін, –
деді манадан бергі қарбалас күйбеңінің себебін түсіндіріп.

– Ки сен де ана бас киіміңді, – деді соңынан.

Меңзеген бас киімге қарай жүргенде, әжесі орнынан
тұрып, ағаш кебежеге барып, тағы бірдеңелер алды. Неге
екенін, сол сәт буын-буынын жайлап алған діріл тіпті де
күшейіп, өрекпи түсті. Содан қайта сабасына түсе алмай,

қарадай алабұртып, берекесі қашты.

– Әже, мен бармаймын?! – деді сосын керегеге барып

қалған қолын тартып алып.

– Не дейді, құрымағырдың баласы-ау?! – деді әжесі

бетін шымши жалт бұрылып. – Қонаққа мені емес, сені
шақырып отырған жоқ па? Мен қайтіп жалғыз барам,
сопайып?
Шегінерге жер қалмағанда, шарасыз көніп, жөнге

келді. Соны байқаған әжесі ары қарай қуарламады, өз
шаруасымен болып кетті. «Ойбай!» деді сәлден кейін
орнынан тұрып келе жатып.
─ Құрымағырдың қу тізесі... – деді түюлі жұдырығымен

тізесін сыртынан ұрып-ұрып қойып. – ... барған сайын
ауырлап барады, – деді әбден түзеліп, ақсаңдай басып
бірнеше қадам жүрген соң. – Сәлге шыдамай, ұйып
қала береді. Баяғыда Баяндайдың арасанына барып, бір

оңалып еді. Енді қайта бұзылып жүр. Тағы бір бармасам,
болмады... Жүр, балам! – деді сосын есікке беттеп. – Енді
жүрелік. Кешігіп қалсақ, ұят болады...

Сыртқа шыққан соң асықпай кәзекейінің түймелерін
түгендеп салды. Етек-жеңін қағып, калошын жөндеп
киіп, артынан екі қолын арқасына артып, төменгі үй
қайдасың деп тартып отырды.

Көлеңке болып қалбайып ілескен-ді. Әлгіндегі «бар-
маймын» деген сөзінің орынсыз екенін енді біліп,
үнсіз келе жатқанымен, іші әлей-дүлей. Белгісіз бір
ыңғайсыздық билеп, мазаны алғандай бір бей­жай күй

меңдеп алды бойын. Әнеу күнгі өзінің отырған орнынан
себепсіз қарғып тұрып, тұра қашқан әбес қылығы
есіне түскенде тіпті қысылып, берекесі кетті. Сол күні
келіншекке сонша сұқтанғанын ойлап, бетінен оты

шықты. Бірақ, кері шегінерге жер жоқ еді. Амалсыз алға
жылып, тұяқ қыбырлатумен болды. «Өзі секілді, үйі де
әйбат шығар?» деген бір ой келді іргеге таяй бергенде.
Сол әсер етті ме, іле бір күшті қызығушылық оянды ішкі

жағында. Сөйткенше болған жоқ:

– Келіңіз, апа! – деген көңілді үн естілді алғы тараптан.

Елең етіп, басын көтергенде, әжесінің әлдеқашан
көрші үйдің босағасына жетіп үлгіргенін көрді. Ішке кіріп
кетіп, далада жалғыз қалмайын деп жүрісін жітірмелете
түскен. Тақап барғанда, бәрі бір, әдемі келіншек жалғыз

қарсы алды есік көзінде.

– Жақсы ма, көке? – деді күлімдей жымиып. Ай

дидарынан күлкі емес, нұр төгіліп тұрғандай еді. Өзі
сондай байсалды, байыпты екен. Ентігін басып, жүрегін
тоқтатып, салмақты қалыпта амандаспақ еді, шамасы
келмеді.

– Жақсысыз ба? – дей бере әуелгіден бетер қолайсыз

күйге түсіп, үй иесіне тіктеп қарай алмаған беті маңдай-
шадан еңкейе берді.
Өрге озып, өмірі салынбағандай тап-таза кестелі
көрпенің үстіне шығып, әжесінің етегін баса тізе бүкті.

Түзде қалған үй иесі біразға дейін төбе көрсетпей, тықыры
алыстан естіліп, ошақ басында жүрді. Әжесі үнсіз. Бар
назары қолындағы ұршықта. Кішкене бөбегіне іліп алған
қауғадай шүйкесін шетінен тарқатып, екі жұп саусағымен

майдалап түтіп, сәл созып алып, мұрны тесілген
ортанқолдай торы тобылғымен тоқтаусыз иіреді. Иненің
көзінен өткендей жіңішке болып ширатылған жіпті төгіп
алып, жаңағы істегенін және қайталайды. Жамбасына

апарып жабыстырып, оң қолының алақанымен басып
тұрып есіп қалғанда, жоғары көтерілген сол қолындағы
бұйдаға асылып, салақтап қалған дәу қарын ұршық
әуеде қалқып, шыр-көбелек айналып зырлай жөнеледі.

Аз-кемнен кейін бұл әрекет қайта басталады. Онан соң
тағы. Дәл әзіргі бүйірі шеңбірек атқан бақырдай дәу жіп
осылай жиналған, солай көбейген. Ап­анық біле тұра,
тұңғыш көріп отырғандай үңіле қарап, бір сәт қадалып

қалды.
Үй иесі талайға дейін кіре қоймады. Бұл ауашалық өзін
еркін ұстап, кең отыруға айтақалсын сеп болды. Сосын
жан-жағына жағалата көз салып, бар-жоқты түгендей

бастады.
Жанарын ең әуелі оң жақта құрулы тұрған қызыл
торғын
шымылдық

тартты
толқындана
құбылып.
Ортадан қақ жарылып, екі бағытқа кеңейе ашылған егіз

қанаты теңдей доғаланып, қос тараптағы тік қағылған
түзу сырықтың өр жағына барып ілінген екен, қаладағы
үлкен театрлардың сахна пердесінен аумай қалыпты.
Жұп бойын мұқият теңшеп, жарастыра бекіткені айқын

аңдалады. Іш жағынан – астын сәл көтеріп, биіктеп
салған төсек киіздің ірге тұсынан ортасындағы ойыққа
қызыл оқадан толықтама салынған әсем кестелі түскиіз
көрінеді көз тартып. Жаңа отаудың бар қызығына

біраздан бері куә болып келе жатқан асыл мүлік. Алдыға
қарай еңкейіп тұрған жуан уыққа жабыса еңістеп барып
сәл төменнен еркіндік алып, салмағымен тік салбырапты.
Үй қабырғасының ыңғайына қарай аса талғампаздықпен

жасалып, жіңішкелікпен қабыстырылған келісті жоба.
Бір-біріне сондай жарасып, жатаған үйдің оң жағын нұр
жамырағандай сәнге бөлеп, жайнап тұр. Кешікпей өр
жақтағы шашақты желбірге қадалған қол басындай үкі

барын байқап, бойына әлі жетпеген өспірім қыздардың

тақиясының төбесінде үлбірейтін бір шоқ қауырсынның
мұнда қайдан шығып алғанына қайран қалып, назарын
жіті жылжыта берді.
Қарашығы енді сол жақ қабырғаны қыдыра бастады.

Алғашында босаға тарапқа қараған. Табалдырықтан
өрегірек жерден кеше өз үйлерінен көргендей шабақталған
аша бас қазыққа көлденең тасталған екі елі қалың
тақтайдың үстінен қатар қойылған қос тегенені көзі

шалды. Беттері тап-таза, әппақ шыптамен жабылыпты.
Оның жоғарғы жағынан өздерінікінен аумайтын үлкен
ағаш кебеже орын алыпты. Сырт тұрпаттарының
ұқсастығы сонша, жаңа һәм әдемі болғанына қарамай,

«ап» дегенде мұның ескісінің аузынан түсе қалғынын
анық тануға болатындай. Одан былай, желке тұстан
доғалана айналып келген биік жүктің басына таяу
арадан алтын аяқтан су ішіп тұрған жұп тауыстың суреті

салынған ақ шаңқан киім жапқышты ұшыратқанда өз
үйлерінің бір керегесі түгел қотарылып, осында көшіп
алғандай әсерге бөленді. Есіктен кіргеннен әлдебір
тарғалаңдық

сезіліп,
тынысы
тарылғандай
болып

еді, сөйтсе... жаңа аңдады, жатаған жаппаның іші
құрқылтайдың ұясындай шағын болады екен. Көзге
түскен әр нәрсенің қол жетердей таяу тұрғанының сырын
сонда барып ұқты. Бірақ, соған қарамастан, маңайдан

жан жадыратқандай бір көңілділік еседі. Әр заттан
жүрекке жақындық білініп, жағымдылық жамырайды.
Табалдырықты аттағаннан бір таңсық иіс танауын
түршіркендіріп, төңеректеп жүріп алып еді, қайдан

шыққанын білмекке, жағалата зер салғанда, ешбір
дерек құйрық ұстатпай, бұлаңға салып, адастарып кете
берді. Бейіш лебіндей хош жұпарды қарашықпен қарап
табу мүмкін еместей. Айналадағы біткен нәрседен сол

сиқырдың демі аңқып, тынысы тарағандай болып, із­
дерексіз-ақ есін алды. Сәлден соң салы суға кетіп,
сыбағасын ит ішкендей күрсініп жіберді.
Жаңа шаңырық көтерген жас отау айнадай таза екен.

Қай жағынан қарасаң да, бір реттілік, жарасымдылық

менмұндалайды. От басы иесінің аса ұқыпты, үй шаруа-
сына мығым, пысық екенін жазбай айғақтағандай.
Жамбасқа кестеленген, жүні қалың шибарқыт көрпе
тасталыпты. Оның астында – қошқар мүйіз өрнекті

қазақы қара текемет. Базардың шақпағы ұсақ, еденге
ендей төселетін жасанды талшық палазысы жермен
беттескен бірінші қабатқа салыныпты. Жайыла барып,
кіре беріс босағаның түбіне дейін созылып жатыр.

Үй ішіне жайнаған пәк шырай беріп, жарқыратып
тұрған кезекті бір кербез мүкәмалдың сол екенін үнсіз
тұспалдады.
Сосын малдас құруды жатырқап қалған, сәл жиса

болды, шымырлап қоя беретін шыдамсыз аяғын бір
шетке созып, қолын жүктің астына жібере, жер тірей
жантайды. Былайғы дүниені мүлде ұмытып, шыңырау
ойға шым батқан қалпы қыз жылауындай қайсыбір ескі

әуенді ыңылдап, ұршығын иіріп отырған әжесі әлі өзімен-
өзі. Қисайғаны сол, созылған саусақ ұшына парағы мол
әлдебір кірпіш кітап ілінді. Тасқа басылған таңбасы бар
қағаз көрсе, жабыса кететін көне ұстамасы ұстап, әдеп-

ибаны сырып қойып, төрт елідей қалың томды бері алып,
анықтап қарады. Сары қағазбен тысталған шомбал еңбек
әлі су жаңа екен. Сыртынан ешбір бедер­белгі көрінбеген
соң, ішін ашып еді, мұқаба аударылған жерден қырықтар

шамасындағы қияқ мұртты кісі сәл қырындап, жымия
қарады. Содан кейін ғана ірі жазулар андағайлады андыз-
андыз болып. «Аласапыран» дейтін алып романның
екінші бөлімі екен. Ілкіде бір қаладағы дүкеннен көріп,

сатып алғанмен, оқымаған дүниесі еді, алғашқы беттерін
парақтап, сыдырта көз жүгіртті.
Қолындағы қат кітапқа тігіле төнген осы бір ара-
лықта ышқына ызылдап кішкене сары самауырын

кірді сырттан. Іле-шала көк шәйнек келіп, дастарқан
әзірлігі қарқын алды. Әуелі қолға су құйылып, соңынан
орамал ұсынылды. Сәл кейін бір басын көтергенде үй
иесінің кестелеп тігілген төрт бұрышты әдемі көпшігіне

қонақтап алып, ыдыс-аяқтарын таза шүперекпен сүртіп,

шәй құюға ыңғайланғанын көрді. Шыны келуге тағы бір
сәт бар болған соң, жанарын қайта қағаз бетіне салып еді,
айшықты тілі бірден үйіріп, иіріміне батырып әкетіпті.
Әжесі:

– Қой, енді, болды... шәйға кел... – деп сыбыр еткенде

барып басын көтерсе, бір шыны қаймақты шәй әлдеқашан
келіп алдына жайғасып алған екен. Қол жайылып,
ықылас жасалған соң, алақанын апарып, сыртынан
салып, сууын күтті.

Түскі уақыт болғандықтан, шәй ұзақ ішілді. Соған
қарамай, орталарындағы қызу әңгіме бір сәт толастаған
жоқ. Жуырманда түгесілер түрі де көрінбеді. Басты
айтушы, әрине, әжесі. Ал, тыңдаушы – үй иесі. Үлкен

кісінің алдында әдеп сақтады, әлде жаратылысынан кем
сөзді жан, әйтеуір, аз сөйлеп, көбірек ынта қойды. Құлақ
тосқанда да, жәй ғана жасанды мүлгімей, тәпсірге ұйыған
жас шәкірттей мұқият зер салып, жиі бас изеп, құлай

көңіл аударды. Тыңдаушысының сонысына сүйсінді,
білем, хикаяшы да ыстық күнде самайынан аққан терді
беторамалымен әлсін-әлі сыпырып тастап, көсілітті
дейсің бір. Бауырын еркін жазып, алысқа шапты.

Әжесінің аса ділмәр, құймақұлақ сұңғыла екенін бұрын
да білетін. Нені айтса да, дәл бүгінгісіндей бар пейілімен
беріліп, шын ділімен шешілетін. Сондықтан да болар,
маңайын оп-оңай үйіріп әкететін. Аузынан шыққанын

растап, төңерегі түгел шыбындаған ат болып шұлғитын.
Бірақ, бала емес пе, не айтқанын, бәрі бір, түсінбейтін...
елмен бірге аңырып аз отыратын да, соңыра бұрылып,
жайына кететін... бүгін де сөйтті... көбінде өзімен-өзі

болып, кітапқа үңілді... жанындағы сөзге дұрыстап ден
қоя алмады. Оны айтасыз, басалқы баянының не жайында
болғанынан да хабарсыз қалды. Керең болғандай, құлағы
бітеліп, назары қағаз бетіндегі оқиғаға ауып, суып қалған

шәйін анда-санда ұрттап қойып отыра берді. Содан бір
кезде, әжесінің тағы бір хикаясының тәмамдалған тұсы
болар, орнынан тұрған үй иесі, сыртқа шығып кетті де,
кешікпей көтерген дөңгелек астауы бар қайтып келді.

– Бауырыңыз әлі сол өткендегі дәрінің әлегімен

жүр... – деді қолындағы ыдысты сызыла әкеп дастарқан-
ға қойып жатып. – Сіздер жайлап турай беріңіздер, – деді
сосын өзі қайта есікке беттеп. – Мен нан салып әкелейін.
Босағаға жеткенде әлдене есіне түскендей бұрылып,

қол созымдағы кебеже тартпасын суырып, ішінен ашулы
бәкі аллы да, орамалмен сүртіп, дүзінен ұстап, қонағына
ұсынды.

– Ал, ей, құрмағырдың баласы! – деді әжесі өзіне берген

бәкіні төрге қарай жылжыта беріп. – Азамат болғаныңды
көрейін, тура мына етті!
Әншейін айта салған сөзі екен, тартыншақтап ала
қоймап еді, шұңғыл аяқты өзіне тартып алып, етін кесіп,

сүйектерін ажырата бастады.
Далада біраз айланып қалған келіншек бір ауықтан
кейін буы бұрқыраған кеспе салынған тағы бір табақ
көтеріп кірді. Әкелген бойда дастарқанның шетіне қойды.

Етті әлі жеткенше өзі жапырақтаған әжесі артық
сүйектерді басқа ыдысқа жіберіп, енді нарынға қол
созды.
Үй иесі:

– Кішкене турай түспедіңіз бе... – деп қиылып еді,

тоқтамады.

– Болды. Бізге осы да жетеді, балам. Ана жіліктерді

әлгі бауырыма алып қойдым, – деп қолындағы нанды
астауға қотарды да, ілегенді кері қайтарды.

– Етің мол екен. «Оңаза болсаң, отауға түс» деген осы.

Кім жейді мұншама тамақты? Бар сенген жігітіміз мынау
ма... – деді ыдысты орнықтырып қойып, араластыруды
бастап. – Келе ғой, балам. Өзің де кел... тамаққа жақын
отыр... – деді сосын үй иесін асқа шақырып.

– Әзір, апа... – деген үй иесі тағы шегініп, тысқа беттеді.

– Мен ошақ басындағы жұмыстарымды жайғастырып

келіп бірақ отырайын. Сіздер ала беріңіздер...
Дәл осы сәтті күтіп отырғандай әжесі:

– Ей, құрымағырдың баласы, көткеншектеп кері

қашпай, бері отыр... бері! Бірдеңе қағып кеткен ғой

деймін өзін! – деді ала көзімен атып. – Ілгері жылжып,
жақын отыр! Ұят болады, – деді сонынан сәл жұмсарып.

– Сені азамат дейді. Кісі құсап, былай, жөнделіп отыр! Ал

мына тамақтан еңкейіп! Май ішіңді тесіп кетпейді...
Сөз осы араға келгенде босаға жақтан аяқ тықыры
естілді де, тиыла қалды.
Үй иесі өзінің орнына келіп жайғасты.

– Алыңыздар, – деді сосын, табаққа жақындамас

бұрын алдындағы суып қалған шынысын қолына алып.
Сол аралықта бос тұрған ыдыстан біреуін алып, ет
салған әжесі қос қолдай ұсынды. Бұны көріп, лып етіп
орнынан көтерілген келіншек алақанының сыртымен

тізесін басып, иіліп сәлем жасады. «Көп жаса!» деген
батадан кейін толық меншігіне көшкен тағамнан шұқып
аузына салып, тағы бірдеңеге елеңдеп еді, соны байқаған
сияқты:

– Енді отырып, тамақ ал, балам. Шаруа біткен бе?

Сонан соң тындырарсың қалғанын, – деді әжесі қатарға
шақырып.
Келіншек қозғалған жоқ. Ойға алған ісін кейінге
қалдырып, босаған шыныларға жаңалап шәй құйды.

– Содан... – деді әжесі осы сәтті күтіп отырғандай,

әлгінде үзіліп қалған сөзін қайта септемекке ыңғайланып.
Басын естімеген әңгіменің аяғы қайдан қызық бол-
сын. Құлқы соқпады. Содан әжесінің енді өзін мүлде
ұмытатынын, бұдан былай жұмысы болмайтынын біліп,

сәл шегініп отырып, кітабын қолына алды.
Тұспалы жаңсақ кетіпті. Әңгіме онша ұзаққа созыл-
мады. Не үйдегі таусылып бітпес шаруасына асықты,
не жас отауда одан артық отыруды ыңғайсыз санады,

мезгілінен бұрын ыдысының бетін басып, үй иесінен
майлық сұрады.

– Алыңыз, апа! Өзі аз тамақ сол күйі қалды ғой... – деп

жата-жабысып еді, болмады.

– Болды, күнім. Аямай алдық. Пейіліңе рақмет! – деп

астауға қайта саусақ салмайтын рай танытты.
Сосын амалсыз қазан-аяқ жақтан ұсталған орамалдан
біреуін әкеліп ұстатты. Қолы май болмаса да елден

қалмай, сүртуге дайындалып, жақындап отырып еді,
соны байқаған әжесі серпе лақтырды алдына. Өзі қайта
еңкейіп, дастарқандағы табақты алып, келіншекке
ұзатты. Басын бір көтеріп алғанда үй иесінің иіліп сәлем

салып жатқанын көрді.

– Көп жаса, жарығым! Бақыр басты ұл тап! – деді әжесі

алдындағы сүйектерді теріп жатып.
Қымсынып қалған келіншек жүзі қызарған күйі
сыртқа шығып кетіп, ошақ басында азкем бөгеліп, шәугім
алып қайта кірді. Жаңа салынған қою шәйді тамсана

ұрыттаған әжесі тағы бір ауық кідіретін сыңай танытты.
Сол жай себеп болып шынысын ұсынып еді, ілгері қалай
білмегенін, еттен кейінгі шәй деген керемет болады екен.
Сораптаған сайын тілін үйіріп, құнықтырып әкетті.

– Балаңыз келгелі біраз болды. Шақыра алмай, тегі,

ұят болды... – деді бір кезде үй иесі қымсына сөз бастап. –
Бауырыңызға салсам, тағы бір-екі ай күтетін секілдімін...
Енді Құлжаға барып, білім жетілдіретін болдым деп жүр.
Әлгі дәрісін содан қайтқанда ала келмек көрінеді... соның

жұмыстарымен болып, үйде тұрмай... әне­міне деп, уақыт
ұзарып кетті. Содан бағана... бөтен кісілер емес, өзім
болсам да бір шәугім шай берейін деп барғаным... Тегі,
күнде ертең... күнде ертең деп ұят болды...

Қысыла сөйлеген келіншек дауысынан елең етіп
қабақ астынан ұрлана қарағанда оның назарын төмен
салып, көзін жерден алмай сөйлеп отырғанын көрді.
Жүзі алаулап жанып кетіпті. Күйеуі туралы айтқанда

ыңғайсызданатын секілді, аузындағыны ақтарып біткен-
ше, құлағына дейін қызарып, жалын өрттің ортасында
қалды.

– Е, асығатын не бар, балам. Бұл қонағымыз әлі

талай күн болады осында, – деді әжесі дереу сыпайылық
білдіріп, – Әуелі, кетпеймін деп жүр бұл батыр...
Әжесінің соңғы сөзін естігенде үй иесі күтпеген жайға
тап болғандай, жанары жарқ етіп, «рас па?» дегендей

жалт қарады. Үмітке толы қарашығында әлденеге
қуанған шаттық бар.

Не деп жауап берерін білмей тосылды. Бар болғаны,
құптаған сыңайда жымиды да қойды. «Ұялған – тек
тұрмас» дегендей қинала сипақтап, жанында жатқан
қалың томға қарай қол созды.

Соңғы шәйдің уақыты айтарлықтай қысқа болды. Бір
ауықтан кейін қонақ иесінің сый-құрметіне риза болған
әжесі алғысын білдіріп, алақанын жайып, ақ батасын
берді. Қолына шылапшын алып, пысытқылап су құйған

келіншек сыртқа шығып, ілінбей қайтып келіп, орнына
жайғасты.
Тоқ басуға тізесін еркін жіберіп, көсіліп отырған
әжесі бұл кезде ұршығына қайта жармасып, жіп иіруге

кіріскен еді. Соған аз­кем сүзіле көз сүзген көршісі:

– Ұршық иіруді үйренгім келіп жүр, – деді ішкі ынтасы

үнінен ап-анық танылып.

– Үйренесің, балам, – деді әжесі сол баяғы сабырлы

қалпымен шүйкесін суыртпақтап отырып. – Бәрін үйре-
несің. Әуелі ықылас болсын. Өнер ешқайда қашпайды.
Жас кезде әр неге әуес болған да бір ғанибет. Біздің уақта
бойжеткен қыз қолы бос отырса, көзге шыққан сүйелдей

көрінетін. Қырық үйден тию салынған қыз байқұста
өнерден басқа не алданыш болсын... әзір заман өзгерді.
Жер мен көк дерсің...
Үңілген кітап бетіне соның арсынша шым батып,

сүңгіп кетіпті. Әжесінің одан ары не дегенін естімей
қалды. Әлден уақтан кейін бір басын көтергенде, әжесінің
қолындағы ұршығын шәкіртіне ұстата беріп, далаға
шығып бара жатқанын көрді.

Артынша үй іші тым-тырыс болып тына қалды.
Маңайға әлдебір сыр жасырынғандай сезік білініп,
төңерек демін ішіне тартып жымып кетті. Қарашығы
жол­жол жазуды қуып жүргенімен, аржағына ештеңе

бармады. Есіл-дерті ту сыртында. Аздың алдында
ғана тарс бітеліп қалғандай болған құлағы енді қыбыр
еткенді қалт жібермес қырағыға айналып, таяу маңнан
келер әлдебір шапағатты сыбысты күткендей, сақсына

тікірейіп, сақтана түріліпті. Қалғып кетсе, қапы

жіберердей. Осындай меңіреу үнсіздіктің кісіні беймаза
етер бір сиқыры бола ма, әлгінде терең түкпірінен лықси
көтерілген толқымалы сезім біртін-біртін тұла бойына
тарап, көп өтпей тынысын тарылтып, жүрегін қақтыра

бастады. Енді болмаса, тасадағы қобалжыңқы күйі
маңдайынан тер боп бұршақтап, таңғы шықтай мөлдірей
қалар сыңайы бар.
Жон-арқасына жүгірген жұмсақ діріл жаңа күшейіп,

бел ала бастаған бір әредікте қалағаны болып, естуге
құмартқан күміс сыңғырындай таза үн... арман сынды
алтын лебіз де жетті­ау, әйтеуір, жерік назарына.

– Кітап құмар екенсің... көп кітап әкелген шығар-

сың?.. – деді ай дидарлы ару.
Алғашында өрт шарпығандай екі беті «ду» ете
түскен. Жүзінің нарттай қызарып, жанып кеткенін иек
тұсынан басталған әлгі дуылдың шымырлай барып,

құлақ түбін өрлеп, одан самайына жайылып, жамырап
бара жатқанынан анық білді. Қапелімде ләм деп тіл
қата алмады. Мойын бұрып, ажар көрсетуге де батылы
жетпеді. Теріс айланса, ішіндегі әлей-дүлей дауылын

оқып қоярдай сезіліп, қарадай қысылып, тұқыра берді.
Тек сәлден соң өзінің әлі көрші үйде қонақ болып
отырғанын есіне алғанда барып, ептеп жүрек тоқтатып,
дәт бекітті.

– Көп емес, – деді естілер-естілмес қана күңк етіп.

Дауысының өзі ойлағанынан да төмен, көмейіне кеп-
теліп, жарғышақтана шыққанын айқын аңдады. Сосын
тамағыма қақырық тұрып қалды ма деген күдікпен
жөткерініп қойды.

– Қандай кітаптар? – деген сыпайы сұрақ естілді

артынша.

– «Қазақ қиссалары», «Қан мен тер»... үш кітабы...

тағы «Таразы». Сіздің мына кітабыңызды, – деді сосын
қолындағы томды көтеріп, – алып қойып едім, ұмытып
кетіппін...

– Онда алмастырып оқимыз...

Оқыс үзілген сөзден секемдене көз салғанда, келін-

шектің қолындағы ұршығын бір жағына қоя бере,
орнынан тұрып, төрге қарай жүргенін көрді.

– Менде бір-аз кітап бар еді, оқып болдым, – деді

еңкейіп, жүктің астынан кішкене қобди алып шығып.
Артынша құлыптаулы қақпағын ашып, кері бұрылды.

– Жақсы апама айтпа! – деді сосын күлімдей жыми-

ып. – О кісі білмейді. Таңдағаныңды алып оқы. «Абай»
бар, төрт кітабы толық. Ал, сендегіні мен оқиын...
келістік пе?

– Келістік, – деді сұраулы жүзбен өзіне қарап қалған

келіншекке шат көңілмен бас изеп.
Алғаш тілдескенде байқағаны: ешбір жатырқауы жоқ,
ашық мінезді, жайдары жан екен. Соның арқасында
талайдан бері сәл тосырқатып, тартыншақтатып жүрген

белгісіз бөтенсу ұшты-күйді жоғалып, тіл қатысқаннан
табысып, шүйіркелесіп кетті. Өткендегі бір алыстан ғана
қарасып, жанармен ғана сөйлесіп, үн қатыспай өтердей
көрінген тұңғиық, тұйық қалпы нұр жамырағандай

жайдарыланып, ашылып жүре берді. Бар дүние сол
тұңғыш айтылған жалғыз ауыз сөзде тұрғандай, содан
соң-ақ барлығының байлауы шешіліп, жүйесін тауып,
жөңкіле жөнелді. Бұлты сейілген аспандай жарық

тартып, көлеңке қалмаған көңіл де жайланып, бір рақат
күй кешті.
Ал, сол қуаныштың қасындағы келіншектің бойынан
тарап тұрғанын білгенде, жүрегін бір жылы шуақ сипап,

көкірегін ып-ыстық шаттық кернеді. Табысқандарын
ойлап, толқып кетті. Сондай бір бөлек сезім құшағында,
өзіне тым жақын сезілген әдемі жанның ту сыртынан
алғаш көргендегісіндей бала аңғалдықпен аңтарылып

және бір ұрлана қарады.
Қол жетер жерде ғана жаңағы кітап толы қобдишадан
тағы бірдеңелерін іздеп, сусылдаған су жаңа көйлегінің
ішінен құлын мүшесі айқын білініп, қыпша белі үзіліп

кетердей майысып, еңкейіп тұрған сұлу келіншектің
сымбаты асқан сырт пішініне тіктеп назар тастағаны
сол, әлдебір сиқырға арбалғандай, маталып қалған

қарашығын содан қайтып ешқайда қозғай алмады.
Көз алдында уылжый үлбіреген қыз-мүсінге сұқтана
қадалған жанары сол маңнан жылжымай, таскенеше
жабысып тағы бір сәт тұрды. Бойын бір шарасыздық

билеп, қайбір тереңінен лықси көтерілген күшті сезімге
жығынды болып, құлындаған ішкі ыңғылының ырқына
ығып, сең ұрғандай сенделіп, сәлге дейін ес таба алмай
сансырап қалды. Жан дүниесінің тағы бір түкпірінен қол

созым жердегі сиқырлы сұлбаға деген сұмдық мұқтаждық
білініп, құмарта құлап тұрды. Егіздің сыңарындай
етенелік танылған уыз тәнді өз денесінің қашан ажырап
кеткені белгісіз бір бөлшегіндей сезініп, керемет жа-

қынсынып, сұмдық ұнатып тұрғанын аңдады...
Әлден уақтан кейін әлдеқалай ес тапса, алдындағы
кербез келбетті бас салып құшып, мауқын басуға шақ
қалып тұр екен... кешіксе, өмір бойы арманда қалардай

зар ындын ынтыға атойлады аржағынан. Тұңғыш рет
бастан кешкен, өзге біреуді жақсы көруден туған тұмса
түйсігі сол жып-жылы күйінде бала жүрегін елжіретіп,
сүйсіндіріп бара жатты. Өзегін қуған тәті ағын кенет

буын-буынына діріл жүгіртіп, иегін кемсеңдетіп, жыла-
ғысын келтірді... Бірақ, қозғалуға, алға қарай аттап
басуға дәрмені жетпеді. Қарсысында бір алынбас қамал
тұрғандай қауқарсызданып, өзінен-өзі қалтырап, қал-

шылдап кетуге аз қалып тұрды. Тұла бойын бір батыл-
сыздық жайлап, беймәлім шарасыздық аяғын тұсап,
тұралатып тастағанын анық түйсінген бір сәтте жұтқын-
шағына бір өкініш кептеліп, жан таппағанда қыстығып,

сыртқа қарай ата жөнелді...
Қолындағы кітапты ала кетіпті. Сонадайдағы биік
жалдың үстіне шығып, астыдан кеулеген керімсал
лепке кеуде төсеп, желпініп тұрып, өз үйлерінің төмен

жағындағы шағын жаппаға назар салғанда байқады,
манадан бері зілдей болып қолында жүріпті.
Әжесі үйлеріне келіп алған сияқты. Кимешегінің
етегі есік алдынан бір ағараңдай қалды да, содан кейін,

ішке кіріп кетті ме, көрінбеді. Содан көпке дейін көзге

шалынбады. Өрмек басына да бармады. Ал, бастас үйдің
келіншегі дастарқанның соңын жайғастырып жүрсе
керек, бір кіріп, бір шығып, тыным таппады... ошақ
басында күйбеңдеумен болды. Арада сүт пысырым өткен

бір кезде барып әкпішін иығына салып, өр жақтағы биік
жонның тұмсығы тірелген шұңғыл жыраға қарай маңдай
түзеді.
Соны көргенде, неге екенін, кәдімгідей қуанып қалды.

Артынша өзінің әлгінде жын қуғандай тұра қашқанын
есіне алып, сәл ыңғайсызданып, басыла берді. «Не ойлады
екен?» деп күбір етті ішінен. Іле «Бір делқұлы екен деген
шығар...» деп дайын жауабын бергені сол, жүзі қайыра

от болып ысып кетті. Бірақ... соған қарамай... бәрі бір,
бармай қала алмасын сезді... Кітапты қайтаруы керек
қой, кітапты... Онсыз да құйындата жөнелгісі келіп
тұрған кісіге бұл деген жеткілікті себеп еді. Одан ары

бөгеле алмады. Екі өкпесін қолына алып, ыра еңісті бетке
алып құдия жөнелді.
Жанына барып, жақыннан көруден басқа қалауы жоқ
еді. Сол бала тілек, ішкі қолқа желдей естіріп, құстай

ұшырып алып бара жатты алға қарай. Қиындықта қол
ұшын берген қалың том қолында. Анда-санда қарап
қояды аса бір ризалықпен.
Терең өзектің тік қабағынан еңкейе бергенде қуып

жетті. Аздың алдында әудем жердей көрініп еді, аяғы
жерге тимей ұшқан болар, межеге өз мөлшерінен бұрын
табан тигізді. Шелегі иығында, көк шалғынның арасына
жасырына жүгірген жалғыз аяқ жолмен әлдене қиял

соңында үнсіз келе жатқан келіншек өкпе тұстан шыққан
тап берме тасырға жалт бұрылып, үдірейе қарады.
Кешікпей кім екенін білгенде, алақанымен жүрек тұсын
басып, мол ағын көрсете, көзін бір төңкеріп алып, «үһ»

деді.

– Өлдім... – деді сонан соң кірпіктерін жұмып-ашып. –

Зәрем ұшып кетті. Қайдан жүрсің мұнда?
Күтпеген жағдайдан абдырап, не дерін білмей тосылды.

– Жай... өзім... – деді сосын жақындай бере. –

Кешіріңіз! Сіздің бұлай... қорқатыныңызды білмеппін.

Жаңа, байқамай... мына кітапты алып кетіппін... соны
берейін деп...
Келіншектің жүзіне қайта тіктеп қарай алмады. Үлкен
қара көздері шарасына лық толған бұршақ жастан дәт

бармас болып мөлдіреп кетіп еді.

– Кешіріңіз! – деді ұзатпай тағы бір кезек ғафу өтініп.

– Оқасы жоқ, – деді келіншек ылди құлдаған жүрісін

ары жалғап. Бірнеше қадам жылжып барып, кілт тоқтап,
кері бұрылды.
Үндемей кетіп бара жатқан соң, не қыларын білмей,
состиып тұрып қалып еді, соны байқаған сияқты:

– Жүр. Бірге барып су әкелейік, – деді іздегенге сұраған

ұсыныс жасап.
Қуана келісіп, ере жөнелді. Араға мамыражай жағдай
қайыра келіп орнады

– Алып кетсең, алысқа апара жатқан жоқсың ғой...

берерсің... – деді қиғаш қабырғаны көлбей кескен кер
жолда шелегі шиқылдап алда келе жатып.
Бұның кітапқа қатысты сөз екенін білді. Бірақ, жауап
қатқан жоқ. Еңіс құлаған сайын өзек арнасы тереңдеп,

алдан болмашы леп ұрып, таныс бір иістер аңқыды.
Бүлдірген түсті есіне.

– Мұнда бүлдірген көп шығар? – деді сосын жан-жағын

шола көз салып.

– Бар. Бірақ, көп емес, – деді келіншек мойнын сәл

бұрып. – Мына, – деді сонан соң сұқ саусағымен еңселі
жалдың арғы жағын нұсқап. – Ақшаттың теріскей
бетінде көп. Ат тұяғы боялғандай. Әнеу күні барып, теріп
келгеміз.

«Кіммен?» деп сұрағысы келді. Алайда, тіл ұшына
келген сөзін сыртқа шығаруға дәті жетпеді. Сол күйі
таңдайына басып, тұншықтырып тастады.
Соның арасынша болған жоқ:

– Ертең барып теріп келмейміз бе? – деді келіншек

сұраулы жүзін артына бұрып.
Алғашында не дерін білмей іркіліп қалғанмен,
артынша ес тауып:

– Барсақ – барайық, – деді жерден жеті қоян тапқандай

қуанып.
Бұл, шынымен-ақ, көңіл көншіткендей ұсыныс еді.
* * *

– Есентай! – деді әжесі сырттағы өрмек басынан.

Іште ұмыт қалған әлденесін әкеп беруге жұмсайтын
шығар деп, қолындағы кітапқа қадалып, үнсіз қалып еді,
естімей қалдыға жорыған сияқты:

– Есен! – деді ізінше қайта дауыстап.

Бұл жолы тағы да жауапсыз қалуға дәті жетпеді.
Орнынан қарғып тұрып, тысқа қарай ұмтылды.

– Құрымағырдың баласы-ау, жатасың ба, атағашқа

қонақ келіп түсіп жатса?! – деді бағанадан есік бағып
отырса керек, көзіне көрінген сәтте ренжи тіл қатып. –
Бар, тез! Ат ұста!
Жалт бұрылып қараса, андай жердегі мамаағашқа,

шынымен-ақ, сүмбедей торы ат мінген, қияқ мұртты жас
жігіт тоқтап, түсіп жатыр екен. Кешіксе үлгірмейтінін
біліп, тұра жүгірді.

– Ассалаумағалейкүм! – деп салам берді жеткен бойда

қолындағы шылбырға жармасып.

– Уағаликімассалам, інім! Қалайсыңдар? – деген

жас қонақ артына қарай шегініп кеткендей болып еді,
атты байлап, кері бұрылса, алыстамай, өзін күтіп тұр
екен. Іле қайта жақындап келіп қолын ұсынды. Салалы
саусақтарды

ұстағанда,
алақаны
темір
тегеуірінге

тигендей, бөлек бір сезімде болды.

– Үйге жүріңіз, – деді сосын есік жақты нұсқап. Бірақ,

бейтаныс кісі ол бағытқа қадам баспай, бетін өрмек
тарапқа қарай бұрды.

– Амансыз ба, апа? – деді таяп барып.

Қолындағы ісін кілт тоқтатқан әжесі:

– Шүкіршілік, балам! – деді қасына келген жігітке

мойнын бұрып. – Өзің есен-сау жүрсің бе, жарығым?
Ауыл-аймағың аман ба?..

– Аманшылық, апа! Құдай деп жүріп жатқан!.. Ісіңіз

ілгері болсын!

– Айтқаның келсін, балам! «Кәртейгенде тарлан боздан

жорға шығыпты» дегендей, шамаға қарамай, өрмек
тоқып жатқан жай бар....
Соны айтқан әжесі адырғы қылышын құлаштай
тартып, жұмысын жалғастырып кетіп еді, бөтен ойы

жоқ екен:

– Мына бір түйінге жеткізіп тастайын дегенім

ғой... – деді іле етегін қағып, орнынан тұрып келе жа-
тып. Маңайындағы оны-мұнысын жөндеп болған соң:

– Жүр, балам. Үйге кір! – деді бағанадан өзіне қарап,

үнсіз қалған мейманның алдына түсіп.

– Босқа аңқиып тұрғанша, мына баланы үйге кіргізе

берер едің ғой... – деді мұның тұсынан өтіп бара жатқан-
да көзінің аласын көрсетіп.
Жауап қайтарқан жоқ. Қараса, жаңа келген жас қонақ
миығынан күліп, жымиып келеді екен, ілесе езу тартты,

қатарласа бере.
Үлкенге жол беріп, көнбеген соң ақыры әнтек тартына,
салам бере ішке енген жігіттің өкшесін баса әжесі де кірді
маңдайшадан еңкейіп. Өрге озып, төрге қөрпе салды ғой

деймін, сәл айналып қалып, аздан соң қайта шықты
тысқа. Босағадан бас сұққысы келмей, табалдырық
түбінде бөгеліп қалған мұны көріп, ұнатпай қалды.

– Мұнда неғып тұрсың, күнім-ау? – деді бетін шым-

шып. – Кісімен бірге үйге кірмей ме екен, жігіт адам
деген. Қонақты жалғыз отырғызып қойып, ұят емес пе?
Сөзін аяқтаған әжесі шәй жөндеуге ошаққа қарай
жүргенде, бұдан ары іркілудің ыңғайсыз екенін біліп,

түрулі есікке бас сұқты.
Жас мейман жоғары шығып, жүк түбіндегі әлгінде
әжесі салған төркөрпенің үстіне малдасын құра жай-
ғасқан екен. Төмен жағына барып тізе бүккенде, назар

аударып, мойын бұрды.

– Кімнің баласысың, інім?

– Әбудің...

Соған жалғап тағы бірдеңелер сұрайтын шығар деп еді,
жоқ, күтпеген үзіліс жасап, талайға дейін тысыр етпеді.
Тек бір ауықтан кейін:

– Мына кісі – кім? – деді қайта тілге келіп.

Басында оның кімді меңзегенін түсінбей қалып, жүзі-
не қарап еді, иегі сыртқа қарай көтеріліп тұр екен.

– Менің әжем, – деді іле-шала.

– Үйде басқа ешкім жоқ па?

– Бар. Жұмай ағам бар.

– Ол кісі қайда?

– Қойға кеткен. Біраздан кейін келеді.

Қонақ жігіт тағы демін ішіне алып үнсіз қалды. Өзі бір
мазасыз ой соңында сияқты, қабағы салбырап, әлпетінен
бір сынық сыңай байқалады.

– Төмен жақта отырған кімнің үйі? – деді бір кезде

өзінің сұрау қойып отырғанын қайта есіне алғандай.

– Дүйсен ағаның...

– Үйінде өзі бар ма?

– Жоқ. Құлжаға кеткен.

– Қашан? – Қонақ жігіт арқасын жүктен жұлып алды.

– Бес-алты күн болды.

– Үйінде басқа кім бар?

– Гүлжаз жеңгем бар. Тағы төменгі Омар атамның

кенже қызы.

– Дүйсен ағаң қашан келеді?

Бұл сұрауларын манағыдай соңын ұмытып қалмай,
ерек ықыласпен беріліп, қадала сұрады.

– Екі айдан кейін...

Содан соң себепсіз тежеліп, тыншып қалды. Аз-кем
үнсіз отырды да, жаңа тартып алған арқасын қайта
апарып жүкке сүйеп, жауырыны барып жүкжапқышқа
жанасқаны сол, әуелгі ой соқты қалпына қайта түсіп,

тұнжырап сала берді. Содан тек сырттан самауырынын
көтеріп әжесі кіргенде ғана бойын тіктеп, алдыға
сырғыды.
Бұрқ-сарқ қайнаған бұлқынба суды өз орнына қойып,

«дастарқан жай» деп бұйрық еткен әжесі басқа жаққа
бұрылғанда, зыр жүгіріп бәрін жайғап, соңынан шай
алуға қолайлы әлгіндегі өз орнына келіп қонақтады.
Жұмай ағасынан көргенін істеп, қолына пышақ алып,

нан турады.

Кешікпей әжесінің баптап құйған қызыл күрең шайы
да келе бастады қаймағы қалқып. Біріншісін жоғары
жіберіп, екіншісін өз алдында алып қалды.

– Шай ал, балам, – деді ықылас жасап, әуелі шынысын

өзі қолына алған әжесі.
Едел-жедел ерінге тиген ыдыстар жылдам түбін көр-
сетіп, ілінбей келіп, тез толып, жедел қайтып жатты.
Сондай бір әредікте:

– Танымадық қой, балам... қай баласың? – деді әжесі

ортаға сұрау тастап.

– Мына іргелеріңіздегі Ұзынбұлақтан келем. Құмар

деген кісінің баласымын, – деді мейман жігіт басалқы
үнмен. – Ат іздеп жүр едім. Үйден шыққалы үш күн
болды. Бармаған жерім жоқ. Арғы шеті – Шиліөзек,
Бақалық; мына жағы – Қызылмойнақ, Қобы. Содан

бері жағалап, Аттыңтауының үстін, Ақдаланың бергі
бетін шиырлап, бүгін осы – Балықсуға жеттім. Жоқ.
Қайда кетіп қалғанын? Бәйге ат еді. Аз күн жайлау
көріп, тынығып алсын десек, таптырмай кетті. Содан...

үйдің тұсынан өтіп бара жатып, сусындап алайын деп
бұрылғаным...

– Алда, жарығым-ай, ә! Жер-әлемді шарлаған екенсің

ғой, тегі! – деді әжесі аяушылық білдіріп. Жоқ қараған
жүргіншінің қаншалық жол басқанын осы сөзден анық
шамалап, жүзіндегі манағы жабырқаулықтың қайдан
келгенін тұспалдағандай болды.

Соның арасынша болмай:

– Сонша салпақтағаныңа жарай табылса игі еді атың!

– деді әжесі әңгімесін ары жалғап. – Енді... аяқты мал

дегеннің жүрмейтін жері бар ма? Келсе, сандалып келіп
те қалған шығар осы маңға. Балалар байқамаса... біз,
енді, үйде отырған кісі... алдымызға келмесе, көрмейміз.
Көретін көзде қалмады... Есен, аңқимай шыны ал,

балам...
Тізесін біреу түрткен соң, қараса, әжесі екен: иегімен
ымдап, дастарқанның шетін нұсқады. Бетін алып, қайта
бұрылғанда, қонақ жігіт ұсынған бос шынының алдына

келіп, иесіз қалғанын көрді. Қиялға еріп, міндетін естен
шығырған айыбын бірден мойындап, күліп жіберді.

– Қалаға барып, шай алуды да ұмытыпты, құрма-

ғырдың баласы! – деді әжесі шыныны қолына алып
жатып. – Күн де шыжып кетті ғой өзі... әбден шөлдеген
шығарсың... қанып ішіп ал, балам. Тартынатын ештеңе
жоқ. Бір шәугім шәй – бөлінбеген еншіміз. Қайта,

қаңсып жүре бермей, бұрылғаның оң болыпты.... Қай
туған боласыңдар?

– Қыстық.

– А, жегжат болдыңдар ғой. Менің үлкен келінім –

қыстықтың қызы. Ақ қыстық.

– Біз де ақ қыстықпыз.

Әжесі одан ары тағы бірнеше сұрақ қойды. Ұзынбұлақта
тұратын таныстарын сұрады. Біреуі – құда, екіншісі

– жұрат, жақын-жамағайын дегендей... «Бар. Аман-

есен жүріп жатыр» деген жауап алды бәріне. Сондай
әңгімелермен болып шай ұзақ ішілді. Сонау бір заманда
барып жоқ іздеуші жігіт «көп іштім» деп аяғының бетін
басты. Әжесі зорлап еді, соңғы «си аяққа» ыдысын әрең

беріп, тағы бір шыны босатты.
Ұзамай бет сипалып, дастарқан жиналды. Сонда барып
арқасын қайта апарып жүкке сүйеген құдайы қонақ
тізесін жазып, көсіліп отырды. Аз-кемнен соң бір жағына

қарай шынтақтап қисайып еді, соны байқаған әжесі:

– Есен, тұр, балам. Ана ағаңа жастық алып бер, кішкене

көз шырымын алып алсын! – деді бұйырып. – Оңай дейсің
бе... сонша жер? – дегенді қосты соңынан.
Орнынан ұшып тұрып, қолма-қол орындады әмірді.
Әжесі қателеспеген екен:

– Ептеп ұйқы қысып тұрғаны... – деді жас мейман алған

жастықты жөндеп қойып, кисая бере. – Мені сәлден соң
оята сал, інім. Былайырақ барып келейін. Ұмытып кетіп
жүрме! – деді артынша қайыра таптап.
Жоқ қараған жүргіншінің көзі көлегейленгені сол,

үй ішін кенет бір беймаза тыныштық басты. Еріп келген
кісісі үнсіз қалғанға аздың алдындағы бір таңсық

көңілділік қалып қоюға ілік таппай, сейіліп кеткендей,
бір тосын жағдай орнады. Әжесі де әлдеқашан орнынан
тұрып, далаға шығып кетіпті. Не қыларын білмей аз
отырған соң, әлгінде үзіліп қалған кітабын қолына қайта

алып, жалғасты оқуға кірісті. Бірақ, неге екенін, оған
ешбір зауқы соқпады. Іші пысып, өзінен-өзі бей-жай
болып шамалы отырды да, орнынан тұрып, тысқа беттеді.
Есіктің алдына шығып, маңайды шолып еді, төменгі

үйдің маңынан ешкімнің қарасы көрінбеді. «Түскі шайға
отырған болды» деді ішінен. Барайын деп бір тұрды да,
ол ойынан жылдам айныды. Сосын аз ғана әрі-сәріліктен
кейін, бетін ақ кимешек ағараңдаған өрмек басына қарай

бұрды. Жақындап барғанда, ертеден таныс бір ыңыл
жетті құлағына. Әжесі салатын ескі әуен. Ешқашан
есінен шықпайтын осы бір ежелгі сарынға мұңая басқан
сайын әжесі сондай бір терең сағынышқа кенеліп, жан

тындырар рақат толқынында тербелетін. Бөлек бір күйге
еніп, тебірене толқитын... Бұл жолы да сөйтіп, бағзы
бір заманның байыпты ырғағына құлай беріліп, одан
дүниеде жоқ ләззат тауып, шыңырау қиялға шым батып,

елжіреп отырыпты. Қасына келгенін байқамады. Әжім
шиырлаған ақ жүзіне тақаудан үңіліп сәл отырған соң:
«Сонша шүңет ойға батқанда, не ойлады екен осы әжем?»
деп күбір етті ішінен. Бар назары қолындағы жұмыста,

басқаны біржола ұмытқандай. Көз қиығын да салмады.
Ойда жоқта осылай сана иіріміне жұтылып, қөңіл
қалауын тауып, тыншып қалғанда ашаң тартқан сабырлы
ажары тіпті де ашылып, мейір шуағына шүпілдеп

кететін... осы жолы да бұрынғыдан бөлек, тым етене,
ыстық болып көрінді көзіне. Тақ бір көптен көрмегендей
еметайы езіліп, сұмдық жақсы көріп кетті. Дегенмен,
жандүниесін қозғап кеткен тәтті күйін бұзғысы келмеді.

Сабыр сақтап, тиылып қалды. Қабағының астымен бағып
отырып: «Дүниеде менің әжемнен асқан жақсы адам жоқ
шығар, – деп ойлады ішінен, – сірә, жоқ шығар...»
Манадан бермен әжесі арқау иіріп отырыпты. Көп

өтпей қолындағы жұмысын тәмамдап, өрмегіне қайта

мінді. Сол аралықта дыңылдаған үзік-үзік үн көтерілді
үй жақтан. Жазбай таныды, құлақ күйін келтіріп
отырған домбыраның алғашқы дыңғыры. Басында
Жұмай ағасы келіп, көне досының құлығына жармасқан

болар деп ойлап еді, артынан білді, емес екен. Басталар
тұстағы ішек қағыстары ұқсап кеткенімен, шамалыдан
соң бөлек бағытқа бұрылып, басқа бір сүрлеуге салды.
Мойнын бұрып қарап еді, андай жердегі мамаағашта

қонақ жігіттің аты ғана тұр екен. «Енді кім болды?..»
деп назарын қайта алып үй тарапқа аударғанда, өзі құсап
елеңдеп отырған сияқты:

– Үйдегі қонақ бала ғой мынау. Мен де Жұмай келіп

алған екен десем, – деді әжесі қолындағы арқауын жалғап
боп, тоқымасын тоқуға кірісіп. Жұмысын бастай берді де,
қалықтай жеткен жағымды үнге елітіп қалт іркілді. Бұл
кезде әбден күйіне келген домбыра серпіле екпін алып,

еркін төгіліп, шығандап шыға бастаған еді. Сарыны
сабырлы, баяу жөңкілген бір бойлауық күйдің ырғағын
бойлап, соның арасынша тынысын ішіне алып, тына
қалған жақын маңның тұнжыр тыныштығын бұзбаған

қалпы, шып-шырғасын шығармай, жүрекке жылы
тиер мұңлы нақышын әудем жерге дейін жамыратып,
қалықтатып әкетті. Артынша осы бір анда-санда Жұмай
ағасының шолақ күйлерімен тербеліп, үйездеген қойдай

ұйып, үнсіз жататын шұңғыл өзек үстіндегі аядай
кеңістік көңіл серпілткендей әсем күмбірге толып,
тамылжып жүре берді.
Ә дегенде мамырлай қалықтап, бірте-бірте қуаттанып,

көл бетінің мөлдір толқындарындай төңерекке дөңгелене
жайылып, сәт өткен сайын сән түзеп, салтанат құра
бастады. Нәзік иірімдерге толы мың бұралған ырайлы
ағыс дәрмені жеткен жерге дейін шалқып барып, сұлу

әуенге сусап қалған мешкей түзге сіңіп жатты.
Атырапқа алқына ұшқан маңғаз мақамға таңдай қаға
таңданып, бағып қалған маңай әлі де болса сең соққандай
сенделіңкі күйде еді. Талайдан бері естілмей кеткен мұн-

дай таңсық дыбыстың тұтқиыл тіріліп, сызыла сыздық-

тап, сыбыр бергеніне сенер-сенбесін білмей, тосырқап
тұрған бір сыңайы бар. Сәлден соң ап етпедегі арыны
басылып,
барып-барып

басалқы
қарқынға
көшіп,
құлақтан кірсе бойды алатын салмақты да сәлиқалы

сарынға ауысты. Қоңырлай бұралған қос ішекте не
күйдің тартылып жатқанын білмеді. Бірақ, емексіте
берген ымынан сондай бір өзекжарды арманының
сыртқа шыға алмай бұлқынып, тасада талықсып,

қауқарсыз халде семіп бара жатқан мүшкіл жайын
меңзегендей, көкірекке күрсініс шақырар күңіреністі
бір жәйттің баяндалып жатқанын балаң түйсігімен
ептеп болса да тұспалдағандай болды. Әрі дәл осы

кездегі жан бұлқынысын күй құйынына орап, қапысыз
жеткізе білген домбырашы шеберлігінің де осал емесін
аңғарды. Көп кешікпей құйқылжи құлындаған майда
ырғақ әсем қайырылып аяғына шықы да, аз-кемнен

кейін бұратылып тағы біреуі кезек алды. Бұл да сондай
бір мұң бүркенген боздауық шертпе екен, шаралы
шанақтан дірілдей ұшып, тымық ауаға тік көтерілді де,
көкке байланып қалған бозторғайдай шырылдап, зар­

запыранын лақылдата төгіп тұрып алды. Дегенмен, осы
бір қамығыңқы естілетін қамырық ыңылға беріле ден
қойып отырғанда, ойналып жатқан саздың әуел баста-ақ
иін басқандай қаяулы екенін, әлде тартушы мәнерінде

дәт босатқандай бір балқытпа бейім барын анық ажырата
алмай дал болды. Салыңқы қалпы түйіле тыңдап отыра
берді. Аздан соң күдік қоздырып, көңіл шақырған қос
ыңғылдың да қапысыз қабат өрілгенін, соңына қарай

жұптала келе, бір арна болып тоғысып, толыға, молыға
аққанынан айқын айырды. Әудемге ұзап барып, бір
ауықтан кейін, төмендей-төмендей құлдап келіп, тұн-
шыға үзілді.

Ізінше құлақ күйдің басқаға ауыстырылып жатқаны
білінді. Онша кешікпеді, домбыра үні қайта күшейіп,
қашаннан таныс бір әннің қашықтан қақпайланған,
алыстан орағытқан, тек зер салғанда ғана санаға жетер

бір көтерме сүйемелі әуеге шапши қалды да, аздан соң

барып әрең-әрең айқындалды. Халық әні «Гүлдерайым».
Қас қаққанша болған жоқ, шанақты соққан қуатты
қолпаштың
демеуінде,

жарғышақ,
жарықтан
ада,
тұнық та түзу кең дауыс көкке қарай құйғыта самғады.

Ту биікке көтеріліп, сол арада дамылдап аз тұрды да,
шұғыл құлдап, бір тыныстап алып, мамыражай қалыпқа
түсіп, сұлу мәнермен лекітіп әкетті. Бірден аңдады,
айғайға басып, әбден жатылған, қырыл мен сырылдан

түбегейлі арылып, сымдай тартылған, тек жастықтың
жалынды тебіні мен жігерін әйгілейтін, бойға қайрат,
ойға күш сыйлар жарқын дауыс. Дегенмен, жүректің
түбінен атылып шыққан жан ышқынысы өнерден өзгеше

өрнек таппай қала алмастай, тартқан күйіндегі мұңлы
леп үніне де жұғысты болып, жұптаса жымдасып,
шырмала өрілгендей белгі білінді. Өзегінде арман-
аңсар жасырынған ынтық ырғақтағы ынталы сыңай

одан сайын қоюлана түскендей бір қалып байқалды.
Нәркез бояуларды жамылып, жарыққа жол тартқан
қоңыр саздағы қабаттаса қалтыраған күрсіністі рай
көкірек түбін өртеген әлдебір «Әттеген-айы!» бар жан

екенін айқын танытқандай еді. Естіген кісі елең етпей
қалмастай. Құлшына тосылған қапердің түбіне бойлап,
айырықша әсерімен кірсіз көңілдерге жұқа көлеңке
түсіріп, басқалардан түсіністік тілеген, аяушылық

күткен бір мұқтаж емеуірінмен жан-жаққа еміне тарап,
жамырап жатты.
Ал, көңіл ағызайын әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.

Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайым!
Ахау... Ау!
Гүлдерайым – күн мен айым!

Ұшарға қанатым жоқ не қылайын!.. – дейді әнші
көмейінен үзіліп ұшқан үздік өлең. Әлдене өкініш
буып, өксікке жақындап барып кері қайырылған ән

қайырмасы. Неге екенін, «алыстан алты қырдың шы-
ққан даусым, жетсе екен құлағына қалқатайым» деген
сөзін естігенде, еріксіз бұрылып, төмен жақтағы ақ
отауға қарады. Іште тығылып алып, тыңдап отырмаса,

сыртан ешкімнің қарасы шалынбады. Әлгінде бір көз
қиығы түскенде, есік алдынан Гүлжаз жеңгесінің қызыл
жаулығы қылаң бергендей болып еді, енді бұлтқа енген
күндей бұға қалыпты. «Үйге кіріп кеткен болды...» деді

ішінен. Іле назарын алып, бетін бұра бергені сол, жалт
еткен қасқағым аралықта көз алдына жүзі таныс әлдебір
әдемі келіншектің барлық ауқатын жиып қойып, қос
қабырғасының қалқасында құнысып, шырқалған әнге

беріле құлақ қойып, көздері боталап, тебірене тыңдап
отырғаны елестеді. Бұл көріністің қалайдан қалай сағым
бергенін өзі де білмей, қайран қалды.
Кешікпей алғашқы ән аяқтады да, іле басқа бір екпінді,

асқақ әуеннің аңдатпасы орағыта үйірілді. Бастапқы
қайырым онша ұзаққа созылған жоқ, безілдеген қос
ішектің безек дірілі ышқына барып тік қарғыған бір тұста
қатарласа қосылған қуатты айғай тегеуірінді қыранның

жер бауырлай жүгірген сұр көжекті іліп алып, қиянға
қанат қаққанындай ғажап бір үйлесім жасап, әлгінде
ғана шанақ маңын шыр айналып жүріп алған момақан
сарынды тік көтеріп, әуелетіп ала жөнелді. Аспандаған

ашық үн алысқа шапшыды. Көк жүзінде дамылдап бір
сәт тұрған соң, оқыс еңіс сорғалап, шаққа үзіліп барып
манағы мұңлы қоңыр дауыспен қайыра сабақтасты.
Қыз қайда Ардақ жандай – туған айдай,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай?!
Сағындым еркем, ах... хах.. Хай!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,
Жанымның сүйініші – бұлбұл таңдай.

Сағындым еркем, ах... хах... Хай!

Сені-ау, ардағы-ы-ем,
Шақырғанда бармадың.

Болмас еді арманым,
Болса өзіңдей алғаны-ы-ем!
Ерекше бір ынтамен ықылас қоя шырқалған ән дом-
быраның демеуінде бір орғып, бір басылып, бозторғайдың

қанатындай қалтырай қалқып, найза бойы жерде бір
ауық дамылдап тұрды да, бабына келген бала бүркіттей
тосын секіріс жасап, самғай ұшып шалғайға шарықтап
кетті. Әнші даусы да ширатыла ширығып, жаңа ашылып

келе жатқандай рай аңдатты. Өзінің қарымды қауқарын
енді тауып, жұлқына жұлынып, ұмтыла түскендей.
Құмарланып, құныға салған сайын кемеліне келіп,
кемері толып кеткендей, онсызда асқақ әуеннің биік

айғайын емін-еркін алып, құс жетпес қиядан қайтарып,
арқауындағы жан жадылар жұтпа иірімдерге тіпті де
арбай түсер әр силап, одан сайын жұтындарып жіберді.
Кәнікі, қақсал өнерпаздарға тән шеберлікпен мағыналы

әуездің түбіне бойлап, мәнін ақтарып, толғай-толғай
төгілте нөсерлетті. Оқтын-оқтын орағыта ойқастайтын
орамдарын құбылта түрлендіріп, құлпырта селдетті.
Баяғының сал-серілерінің салтанатты өмірін көз алды-

ға бір-бір әкеліп, қайта айланбас сол дәуреннің жуық
маңнан сағым берген сиқырлы елесіне ебіл-дебіл сүң-
гітіп, шынайы өнер құдіретінің тегеурінін қапысыз
танытып, тәтті дәмін таңдайға тақ-тақ татырып, тамсанта

ынтықтырып тұрды да қойды бір ауық.
Аузы ашыла аңырып қалғанын әлден уақтан кейін
байқады. Маңай әлі сүттей ұйыған ұйық қалпы екен.
Бірақ, сұлу әнмен балқып, балбырап кеткен сезіммен

қараған көзге басқаша болып көрінердей. Осынау көңіл
тербетер толқынды ырғақ ығына ілесіп келіп төңірекке
басқа бір тамаша, келісті тірлік орнапты. Жәннаттың
жерге түскен бір пұшпағы секілді рақатты да, жайлы

жағдай. Әлдеқашан тарихқа айналған көне қазақ
тіршілігінен нәр алған, сол заманның бөгенай-белгісін
бойына дарытқан ертегідей қызық, сәнді орта – етек­
жеңі кең жайылған жасыл жайлау, онда қонған ақ

шағала ауыл, құрылған өрмек, оның басында отырған
қарқарадай ақ шылауышты әже... осының бәрінің өңін
кіргізіп, аспаннан түскендей аяқасты қан жүгіртіп,
жайнатып жіберген әсем ән – бар мереке, мерейдің

бастауы дерсің, сарқылмайтын қайнар­көз... Неге екенін
білмеді, көзге түспесе де осының барлығына белгісіз бір
сабақтастықпен Гүлжаз жеңгесінің де қатысы бардай
сезілді. Төбесін көрсетпей, өзінің ақ отауына тығылып

алғанымен, маңайға мамырлай қонақтаған армандай
сұлу өмірге былайша байқалмас арай шашып, сәуле
таратып отырған тағы бір жарық жұлдыз сол боп көрінді.
«Елдің көркі – қыз» болса, көрікті әннің көбі соларға

арналған ғой. Сол әуендердің бәрінен бірдеңе айтпаққа
бекіп, білгісіз сырды суыртпақтамаққа оқталған бір бейім
білініп тұрады. Бірақ, не демек болғанын ажырата алмай
әуреге түседі. Бар болғаны, бала түйсігімен астарындағы

әлдебір асыл ымды ептеп шырамытқандай болады...
Тұспалынша, шырқалып тұрған мына ән де... дұрысы,
баз дауысына барын салып, бастырмалатып жатқан мына
бейтаныс сал да мағыналы ырғақтарға байлап бір нәрсені

жеткізбектей... әлденені әңгімелемектей... Не болды
екен сонда ол тілсіз міңгірі?
Қос ішекке көгенделген мұңлы мақамның ең әсерлі
тұсы тағы бір қайталанып өтті де, соңынан өзінің бар сыры

мен сымбатын осы жолғы қайырылысқа салғандай аса бір
сабырлы екпінмен әр сөзі санамаланып, салмақтанып,
қайғы­шері қалыңдай түсіп, кезекті рет толыға толғанды.
Сені-ау ардағы-ы-ым,

Шақырғанда бармады-ы-ең,
Болмас еді арманы-ы-ем.
Болса өзіңдей алғаны-ы-ы-ем... ай!...
Сонша баптап, тәптештегеніне қарамай, қайсы бір

тыңдаушыға анық жетпей қалды ма деген күдікпен соңғы
екі жолы әдеттен тыс шұбатылып, тағы бір қайталанып
өтті.

... Болмас... еді.... арман... не-е-е-м,
Болса... өзіңде-ей.... алға... н-е-е-м... - ай!
Күмбірлеген домбыра үні күңірене барып қылышпен
қиғандай күрсіне тоқтады. Соған ілесе аздың алдында

ғана аясын әуен кернеп, тамылжып кеткен сәнді маңай
да саңырау болғандай, лезде тыншып, меңірейіп тына
қалды. Жалғасып жатқан сауық-сайран әлдененің
кесірінен қырқыла үзілгендей, бар қызық-думанынан

айырылған ашық айнала базары тарқаған жәрменкедей,
бір сүреңсіз күйге еніп, қожырап жүре берді! Манадан
бері әлдененің астам айбынынан ығып, жуи алмай тұрған
салғырт самырқаулық та тосқауылы тосын алынғандай

демде жетіп келіп, төңеректен суық лебін сездіріп,
сумаңдай бастады. Әлгінде ғана ертегілер еліне саяхат
жасағандай, әуенмен ілесе әуелеп, аспандай қалған
көңіл де аяқасты еңіс құлдап, жабырқап сала берді. Жас

жанын басқа бір сезім мазалай бастады. Бірақ, орнынан
қозғалмай, тағы бір ән тамылжи қалып, жаңағы рақат
хал қайта жалғанар ма деген үмітпен аз­кем бөгеліп еді,
өкінішке орай, үй жақтан содан қайтып ешбір сыбыс

біліне қоймады. Сері жігіт қайта қисайып, ұйықтап
кеткен болар, тым-тырыс болып үнсіз қалды. Әжесі де
сол дәмемен отырған секілді:

– Өзі бір шерлі бала ғой... – деді аздан соң күңк етіп.

Артынша тоқтап қалған шаруасын ары қарай жалғап
әкетті.
Орнынан нарау көтеріліп, еріне басып, үй артын
айналып өтіп, осында алғаш келген күні таң ата төбесіне

шығып, Балықсудың ой-қырын армансыз шолған сопақ
дөңнің етегіне қарай аяңдады. Ол ара содан бері жиі
соғатын тұрақты мекеніне айналған­ды, солай тартты.
Еңселі төбенің ұшар биігіне жеткенше манағы ән

ырғағы құлағының түбінде үзілмей жаңғырып, оны
шырқаған қонақ жігіттің шәй алдындағы мұңлы бейнесі
көз алдына сол күйі елестеп барды. Жүрегі әлдебір жұмбақ
сырды жертүбінен сезгендей, секем алып, сезіктене берді.

Жотаның үстіне жаңа ілініп, аржағындағы кең жазық
жайқиып көріне бастағаны сол, арт жағынан шөпке
тұншығып құмыға шыққан ат тұяғының дүрсілі естілді.
Жалт бұрылып қарағанда, үйде қалған бейтаныс жігіттің

таяп келе жатқанын көрді.
Қатарласа бере:

– Қайда жүрдің, інішек? – деді тізгінін іркіп.

– Ешқайда, мына дөңнің үстіне шығайын деп, – деді

көзін жерге құлата бере.
Алдынан кездескен жалғыз түп шиден бір талын
сындырып алып, майда үкісімен бетін сипап, өзімен
бірге ала кетіпті. Әлден уақтан кейін байқамай аузына

сала берді де, есіне әжесінің «жалғыз шиді шайнамайды»
деген сөзі түсіп, лақтыра салды.

– Аға, жаңағы соңғы айтқаныңыз қай ән? – деді сәлден

кейін манағы бейтаныс әуен ойына оралып. Бұрын бір
жерден естіген сияқтанғанмен, дәл баса алмаған-ды.

– Әсеттің «Үлкен Ардағы» ғой, – деді жігіт, соны да

білмейсің бе дегендей жымия қарап. – Дәнеш айтады, –
дегенді қосты артынан.
Әлгіндегі мұң көлеңкесі ашаң жүзінен әлі толық
арылмапты. Қарашығын сонау алыстарға қадап, тігіліп

тұрғанда, сырт келбеті баяғының батырларындай болып,
сұмдық айбынды көрінді. Өзі де қыр мұрынды, кең иықты,
келісті азамат екен. Қыран қабақ салмақты қалпы жылы
жүзді жағымды бейнесімен керемет бір жарастық тауып,

белгісіз жақындық жамыратты. Көрнеуге көтерілген соң,
өжеттік танытып от шашырап тұрған өткір жанарымен
алақанда тұрғандай анық көріне бастаған жайқын
атырапты бір сәт бөгеліп, жағалата сүзіп өтті.

Көзі алыста болғанмен, қиялының бір ұшы артта
сияқты. Сәлден соң созақтата күрсініп алып, атының
жалына еңкейе қол салып, бұрылып келген жағына
қарады. Сүмбедей сұлу торы ат шұлғи пысқырып, жер

тарпыды.

– Сіз тамаша әнші екенсіз! – деді қонақ жігіттің келісті

кескінінен көз алмай тұрып.

Бала аңғалдықпен ақтарып салған шын сөзі еді.

– Е-е, інім! Асықпа... аман болсаң, аз жылдан соң сен

де бір тамаша әншіге айналасың! – деді ағасы атының
қапталын жеңіл шапалақтап қойып. Күлген жоқ. Соған
қарап, дегенінің қалжыңсыз айтылған рас лепес екенін
шамалады.

– Жә, жігітім! – деді сонан соң бойын тіктеп. – Мен

жүрейін. Көріскенше күн жақсы! Қайыр емес!
Әлдебір асыл дүниесін тастап бара жатқандай, қиылған
қимас сыңаймен соңғы рет бұрылып артына қарады да,
қайта оңшалып, үзеңгісін тебінді. Сауыры төңкерілген

жұмыртқадай жұмыр сайгүлік ошақтың орнындай
жалпақ тұяғымен қалың шалғынды жапыра басып, алға
озды. Соның арасында аса сыпайылығымен, жұмсақ
ибалылығымен ұнап қалған әнші жігіт ер үстінде ырғала

түсіп, кең жауырынды ту сыртын бері беріп ұзап бара
жатты. Орталарына келіп білінбей орын тепкен белгісіз
қимастықтан байланып, қадалып қалған қарашығын
тартып ала алмаған қалпы, сонау алысқа барып, қарасы

үзілгенше көз алмай қарап тұрды.
* * *
Қос қапталы құныса тарылған терең шатқал. Бұта-
бүрген жапқан тік беткейі төбеге құлардай төңкеріліп,

жасыл түсті жалама қабырғасы барынша қабыса түскен
қысаң аңғар. Көкке жон көтерген қыр жалдардың
арасындағы қыспақ қуыс былайғы әлемнен біржола
бөлініп қалған. Иен далада демін ішіне тартып, түз

тыныштығының құшағында мүлгіп тұр.
Алғаш аяқ басқанда сай табанында арнасын қуып ағып
жатқан бұлақтан көрі мол тау суы арсы-күрсі алқынып,
назарын сәл бұрғандай болып еді, енді, арада аз өткенде,

іргесін аулақ салып, еңісте қалғандікі ме, әлде ести­ести
құлағы әбден үйір болды, әйтеуір, елең еткізбес елеусіз
дүниеге айналды.
Аздың алдында ғана бас айналар зау биікті бетке

алып, құлама қапталға тас кенеше жабысып, еңкеңдей

өрмелеген-ді. Ары-бері жүрген соң, белі талып, зеріге
бастады. Бажайлай баққанда, өліп-талып тырмысқанда
жеткен жері үй орнындай сырғыма қорымның етегі
екенін байқап, әнтек бөгелді. Сонда шамалы дем алып

алмаққа ниеттеніп, кідіріс жасады.
Жан-жағына жағалата көз салғанда, өзінің әлі төңерек
түгел көрінгендей қажетті деңгейге көтерілмегенін
аңдады. Аржақ, бержақ әзірге толық ашыққа шығып,

аршыла қоймапты. Әуелгісіндей еңселі биіктердің
қалқасында бұғынған, таса қалпында екен. Сосын
жүзін қайта бұрып, ылдиға қарады. Қияға жармасып,
сонша ұзақ өңмеңдегенде, жүрісі онша мандымапты.

Құмырысқа қыбырмен теке тайғандай тігіл беттің әлі
бақай тұсы – балағында жүріпті. Меже қылған мезгеулі
маңға қашан жететіні әзірге белгісіз.
О баста ешқайда бармақ ойы жоқ еді. Өкпені

өшіргендей бүйірі бүріскен қыспақ шаттың тағанында
жападан жалғыз отырып әбден іші пысты. Өзінен­
өзі елегізіп, өлермен болды. Маңайдан көңіл аулар еш
алданыш таппаған соң, ақыры әлдеқалай бір қарағанда

өр жақтағы, дәл қазір өзі бет түзеп келе жатқан айғай
белдің қыр арқасынан топ қарағай көріп, сонда барып
шәйір алмаққа бел буып, ұмтылып еді, енді сол көздеген
нысанасының қол жетпес зәулімде шалқалай шіреп, иек

астымен паңдана қарап тұрғанын көрді.
Солай екен деп қаймыққан жоқ тағы. Қайта қарыса
қайраттанып, сеніммен серпіліп, тістене қадам тастады
өрге қарай. Еңкейе екпеттеп, алдыдан кездескен та-

мыры мықты тау шөбіне саусақ орап, өршелене ілгер-
леді. Айналып өтуді алыс санап, төтелете салып еді,
жоғарылап барған соң, сырғыма қорым басқан сәтте
төмен сусып, алға аттаған адымын кері кетіріп, тобықтан

қағар тосқауылға айналды. Қыбырлай қалса, табаны
тайғанақтап, ит әуіреге салды. Сосын қисая бере, шетке
шығып, жиекті жағалап, жыбырлай жылжыды. Сонда
барып жүрісі өніп, аяңы алға басқандай болды. Сырғанап

кетермін деген қауіптен құтылып, тұмсығын ішіне ала,
төрт тағандай тырмысып, өзелене өрмеледі.

Әлден уақыттан соң кішкене тепсеңге келіп табан
тіреді. Айналаны шолып өткенде, кезекті бір биікке
ілініп, көзі ұзарғанын аңғарды. Алқымынан алып тұрған
әлдебір қаусырма қол кенет босап кеткендей, сарайы

ашылып, жадырап сала берді.
Іштей салынып іздеп келе жатқаны осы болғандай,
ары адымдауға онша асыға қоймады. Көлегейлеп көміп
тұрған көлкеш пердеден мойын оздырғандай бетін

ашыққа салып, андағайлай қалған алыс-жақын назарға
анық шалынып, құмар боп келе жатқан үстірт үстіне кең
тыныстап, сүйіне қарады. Сүзіле көз тікті.
Мойнына асып алған дүрбісі бар екені сонда барып

есіне түсті. Осындайға қажет болар деп, иініне іліп алып
еді, сонысы қандай ақылдылық болған. Енді, міне,
жүрмесе де қадамы өніп, қанатсыз да шалғайды шарлап,
шартарапты шолып жүр. Алысың – жақын, қашығың –

қасың! Рахат!
Көзіне тосқан қолындағы қос тесігі бар құбыжық
әйнекті әуелі сонау алыс шетте қалып, мұнарға бөгіп
жатқан жазира жазыққа салды. Ауыл көлденең түскен

қыр жалдың арғы бетінде қалыпты, ештеңе көрінбейді.
Бірақ, өзінің өріске шыққан тұсынан недәуір ұзап
кеткенін тұспалдады. Сай ішін сағалап жүргендіктен
білінбепті, әйтпесе, талай аралықты артқа тастап, өрлеп

келіп, бөктерден өте, тау баурайына тұяқ іліндіріпті.
Алда құмырсқа құлағандай қия бет күтіп тұр екен
омыраулай одырайып. Соған үрке қарап аз тұрды да,
кеңсірігіне мініп алған сиқырды қарашығынан көшіре

берді.
Сәл дамылданған соң, тас бекініп тағы да жолға шықты.
Қойшылардың көне әдісіне салып, қапталды бірде оңға,
бірде солға қиып, көлбей кібіртіктеп қыбырлай жүріп бір

кезде қыр жалдың көрнеу шоқтығына көтерілді.
Бағдар етіп келе жатқан шоқ қарағай маңынан
қара көрсетуге әлі де бар екен. Бірақ, асыққан жоқ.
Әлгіндегіден де өрде тұрып, айналадан және не шалынар

екен дегендей, алыс-жақынға жағалата назар тастады.

Талай дүние өзі сауырына қада боп қағылған күдір
жонның келесі бетінде тығылып жатыпты. Қарсы жақ
толық көрінер шекке жеткені сол, ығы-жығы бел­белестер
жылқының қартасынан аумай қатпар-қатпар болып,

бір­бірімен бүйірлесе жалғасып, созыла өркештенді
қарашық талар қиырға шапшып. Шетіне жан жуымай,
иен жатқан адыр-адыр үстірт үсті қыртысы айланып,
тұнып тұрыпты. Қараған жерден жанарын жұлып

әкетті. Тұяқ тимеген иесіз өлке – жайлау төрі емес, басқа
бір әлемнің қарсылап алған бір үзік пұшпағы сияқты.
Нілі қанық бар бояуын сыртына салып, түгі түлеген
қалы кілемдей құлпыра түрленіп, көзін арбады. Мезгілі

тумағаннан ба, әлде қоршаулы қорық болғандықтан,
мал аяғы жетпеген жасаң өңір айтып жеткізгісіз бір
жарасымдылық байқалған табиғи қалпымен сұлулық
құмар сұқ ындынды өзінде мәңгілікке байлап алар

байып танытты. Жуырманда мойынды басқа тарапқа
бұрғызатын емес.
Кенересі толған кемел шағына жаңа жетіп, мол
берекеге кенелген көрікті баурай, шынымен-ақ, көз

тойғысыз екен. Алып-ұшқан бір асық аңсармен бажайлай
бағып, жылдам шолып өткеннен кейін, ашқарақ ынтасы
аз да болса қанағат тауып, тояттаған бір марқа көңілмен
жадырап, жүзін қайта өрге бұрды. Мақсат қылған

межесіне әлі жетпегенін сонда барып байқап, дүрбісін
қос қолдай ұстаған беті солай қарай қадам тастады.
Манағыдай тік бетпен емес, қуалай соққан қоңыр
самалы қойын­қонышын қомпита үрлеген қыраңмен

жүргендіктен бе, көп қиналған жоқ. Тек қақала өскен
қалың шалғын аяғына оралып, омбылаумен болды.
Аз жүрген соң алдыңғы жақтан демі шарпылған
салқын леппен бірге бір кезде өзі ерекше жақсы көретін

шайыр иісі аңқыды үзіле талықсып. Бұл – жете алмай
келе жатқан мезгеулі маңына таяп қалғанының анық
дерегі еді. Айтқандай­ақ, көп өткен жоқ, көлденең түсіп,
созылып жатқан ұзын белдің ұшар биігіндегі шоқ қара-

ғайдың шетіне де ілініп, шеніне таяды.

Бірақ, күтпеген жерден айқара ашылып, топ орманның
аржағынан аңырап қоя берген даңғыраған кең сайды
көргенде, тіксініп қалып, қалт бөгелді. Сол сәт бар есіл­
дерті кілт бұрылып, солай ауды. Жер қыртысының

болады-ау деп ойламаған бұл таңғажап түзілісіне тілін
жұта аңырып, қадалып қалғанын артынан аңғарды.
Жүрер жолында қабаған ит жатқандай, бағдарын
тосын өзгертіп, нәсіп болған несібелі сұлулықты сол

арадан тамашаламаққа, бетін сәл жоғарыдан бұлтиған
тайлақтың
өркешіндей
сопақ

төбешікке
туралап,
төтелете тартты. Дөңкиген дөңбек дөңнің төбесіне табан
тірегенде, қарсы жақтан аяқ асты жайқиып жайыла

қалған көркем дүние алақанда тұрғандай анық көзге
ұрып, бар-жоғы аңқия айпараланды. Бұлай боларын
кім болжаған, өзі келіп табан тіреген еңселі биік осы
атыраптағы ең жонды жалдың шодырайған шоқтығы

ғана емес, көркіне көз тоймас жапсарлас қос өңірді
ортадан қақ бөліп жатқан аралық жік – шек екен. Ерігіп
жүріп айғай қырдың аспандаған шор шүйдесіне тұяқ
ілгенде, арғы қаптал – қалқада жатқан қалтарыс әлем әрі

тамған әдемі қалпында пердесі сырылған бейіш төріндей
аңырайып, андыздап қоя беріпті.
Есі кете телміріп аз­кем іркілген соң, қолындағы
құбыжық әйнегін кеңсірігіне әкеп қайта мінгізді.

Қиырдағыны жұлып алып, мұрныңның ұшына әкеп
тоса қоятын сиқырлы пәле тағы да білетінін істеп,
алысын жақын, қашығын тақу етті. Бірақ, қос үңгірдің
ішіне қамалған тарғалаң дүниеден әрнені анық көріп,

айқын танығанмен, әлгінде бір жарқ етіп жоқ болған,
маңайымен тұтасқанда, біріге бүтінделіп, тұтас күйінде
толыға толықситын тұмса сұлулықты таба алмай қалды.
Барға шүкір қылмай, араны ашылғанда, артыққа қол

созып, еншілі нәсіптің өзінен адасып қала жаздағанын
соңыра біліп, іле түйіле қалған қабағын дөңгелек
қуыстан кері тартып алды... Аздың алдында айдынын
ашыққа салып, тамсандырып кеткен кербез өлке әлі сол

орнында екен. Көкірегін кере тыныстап, қарсыдан ұрған

жайлы желпімеге кеудесін тосып, керіліп тұрып қайта
бір тамсана назар тастады.
Жоғарыдан созылып келіп, сұлық сұлап жатқан
жұмыр белдің тура өңменіне тірелетін заңғыраған терең

шат сонау арыдағы тау іргесіне қарай түзу тартылып,
әудем қашыққа созылады екен. Бір қарағанда, аузы­
мұрны жоқ, тұмшаланған тұйықтай байқалғанмен, ішке
енер босағаның иек астындағы көмескі бүйірге жете

тоқтап, түйіскен тұстан шұғыл оңға бұрылып, сондағы
терең сайға қосыла, еңіс құлдайтыны анық аңдалды.
Барып көрмесе де, жер ыңғайынан шәксіз шамалап,
қапысыз тұспалдады.

Табанының астынан тік тартылып, тау баурайын
үңги өрлейтін қуыс шатқалдың қос қапталы бұта-бүрген
аралас сыңсыған орманмен көме көмкеріліпті. Тіпті,
ит тұмсығы өтпестей. Киіздей тұтасып, иінтіресіп тұр.

Олар тек екі жақ қырғақтың үстіндегі күнге қақталған
ақ маңдайлары жарқырай жалтыраған меңіреу жартас-
тардың іргесіне ілінгенде ғана қырқыла үзіледі екен.
Өнбойынан ұқсастық іздеп, ойша елестеткенде, қолдан

ойып жасаған ойық науаға келетін ұлан­қайыр ұлы
шұқанақтың тағаны недәуір кең білінді. Ылди ығып
келіп, етектей бере ұйлығыса қалған қалың қарағай
одан ары аттап басуға жүрексініп, ошарыла бөгелгендей,

ығы­жығы болып үдірейе қалыпты. Тұрыстарында әл-
денеден үркекендей бір қызық қалып бар. Сәлден соң
барып байқады, ортадан орын алған аз ғана жазық
аралықта шоқ-шоқ бұта мен қына басқан қарақошқыл

қой тастардың арасын тіміскілей қуып, иіріле жылыған
кәдімгідей мол су бар екен. Арнасы әжептәуір терең
болғандықтан болар, былайша байқалмай, жағасындағы
құраққа бұғынып ағып жатыпты. Бері таман келіп бір

доғалана иінденіп, жайыла қалған тұсындағы күнге
шағылысқан бетінен сағым-сақиналар шашырап, нәзік
ұшқындар жылтылдады.
Алғаш қарағанда жердің жарығына ұқсап опырыла

ойылып түскен терең аңғардың өргі басы бітеу, тұйықтай

көрініп, мына су қайдан келді екен деп, дүрбімен тінте шолғанда, көзіне ештеңе шалынбады. Дәу де болса, сайдың жоғарғы жағы сәл бұрыс болар деген оймен, орнынан жылжып, өрлеп барып, таяу жердегі кезекті бір дөңестен назар тастағанда, барлығы айқындалып жүре берді. Айтқандай-ақ, шатқалдың көз ұшындағы сүйірлене қусырылып, жіңішкере барып үзілер тұсы бүйрек басындай бір жаққа айлана беріп, зау жартасқа тіреліп тоқтапты. Бірақ, сай сонымен бітпеген. Көлденең кедергінің үстіне секіріп шығып, ары қарай жартыкеш жыра болып жалғасыпты. Сол шектен ағараңдай жыбырлаған бірдеңе шалынып, немене екен деп, қарашығын қайта апарып құбыжықтың қуысына сұққанда, алыстағы бұлдыр көрініс сүртілген әйнектей тұнып, сүзіліп жүре берді. Ар жағынан жайымен ағып келген мол су биік секірмеге жеткенде, тік қарғып, жібек перде секілді сарқырама жасап, ендене жайылып, еңіс құлап жатыпты. Қозғалтқыш тетікті бұрап, тіпті жақындата түскенде, сан тармақ болып құйыла төгілген тарау-тарау құлама ағын жолындағы әлденелерге соғылып, бытырай шашылған мөлдір моншақтарына дейін анық айпараланып, бадырайып сала берді. Арыдан жылыстай жылжып келіп, опырылып түскен жар қабақтың қырына иек арта бере кенет еркінен айрылып, бар салмағымен саулап жатқан сырғақ сусыма жуырманда тоқтайтын емес. Керісінше, одан сайын қарқын алғандай, алдынан кездескен әлде бұта, әлде тас, көлденең бөгеттерге бар пәрменімен ұрылып, быт-шыты шықса да, іркіле қоймай, ақтарыла аунап кетіп жатыр. Мұндайда арсы-күрсі болып алабұртып, маңайына сарқыраған үн таратуға тиіс еді. Аралық қашық болғандықтан ба, ештеңе естілмей, тым­тырыс қозғалыс жасап, жұп-жұмсақ сырғып барады. Бар дүние зау қабырғаға тартылған ақбоз шілтер секілденген құлама судың қызық қылығына таңдана тесіліп, бағып қалғандай. Жым-жырт. Таяу маңдағы қарағай, қайың, тал, терек бір-біріне ұйлығыса ұйысып, әлденеден үріккендей үрпие қалыпты. Бір қарағанда, алысқа

шашыраған су тамшыларынан тітіркеніп, тыжырынып
тұрғандай бір тосын кейіп байқалады.
Не боп жатыр екен деп, жоғарыдан жентек-жентек
күйінде құлаған сырғыма ағынға құшақ ашып, қойнына

ың-жыңсыз қондырып алып жатқан етектегі тыныш
іргеге көз тастап еді, айналасыңдағы бойшаң біткен бұта­
бүргеннен жарытып ештеңе көре алмады. Есесіне, зәулім
жартастан төмендегі асты үстіне шыға қайнап жатқан

астаң-кестең көлшікке төгілгеннен көтеріліп, жуық
маңға мап-майда мамық боп тарай бастаған бозамық бу
ма деді, сол төңеректегі жасаңғырай жайқалған бақа
талдар басынан төбе оздырған ақбоз мұнар байқады.

Етегін жиып, еркін шалқи алмай, ағаш арасынан жаңа
қылаң берген шақта күн нұрының ыстық аптабына тап
болып, сол бойда ыдырап, көгілдір ауаға сіңіп кетіп
жатқан тәрізді. Әлпетінен астынан демеп, көк жүзіне

қалықтатып әкетер әлдебір қуатты күшке зәрулігі
айқын танылып, алқына ағараңдайды. Әлсіздіктен сәл-
пәл буалдыр тартып, алабота түтіні түстеніп сұйқылдана
қалқып, біржола жоғалып кетпей, әуелгі деңгейін сақтап,

табандап тұр. Жақындап барса, сол араның үстінен
доғалана тартылған кемпірқосақ көретінін ешкім айтпай
анық шамалады.
Аз-кемнен соң қарашығын қапасқа қамап, жанарын

талдыра бастаған қуыс үңгірді қабақ астынан алып
тастап еді, неге екенін, құрсап тұрған тар қыспақтан
құтылғандай бір түрлі кеңіп, жырғап қалды. Кірпіктерін
қағып, көзін ары-бері айналдырып, тынықтырып алған

соң, қашықтан көңіл шақырған жазбас нысанаға қайта
назар тастады.
Бір ғажабы, бұл жолы көзайым болғаны мүлде басқа
дүние болды. Бояуы қанық жасыл қабырғалардың

жандаса барып жанасқан жеріндегі жар қабақтың
жазық бетінен бері қарай салақтатып тастай салған
жібек салының бір үзігіндей ақшулан шілтер күлтеленді
маңайынан айқын парықталып. Бұрын білмесең, оның

сарқырама екенін ажырата алмағандайсың. Көкейінде
бәрі сайрап тұрған соң ғана жаза басып, жаңылған жоқ.

Бірақ, сонысының өзімен-ақ жер түбінен үйіріп, көз
тартқандай екен. Төңерегімен тұтаса тоғысып, жымдаса
жарасым тапқан жаратылыстың таза сұлулығы қайдан
қарасаң да, өзінің хас көркін еш жоғалтпастай. Нағыз

көркемдік, шын әсемдік, сірә, сол болар... ешқашан
оңбайтын асыл тыспен алғаш рет бет келгендей бір
тұшымды әсерге бөленді.
Бір сәттен кейін саңы көз ұшындағы бітеу тұйықтан

ары, сарқырама арқылы жалғасып жатқан қуыс өзекке
ауды. Құз-жаламаның желкесіне мінген жайқын тағаны
оқыс көтеріліп, биіктеп кеткенімен, ені тым кеңейе
қоймаған жайпақ жыра сәл өрлеген соң кілт оңға

бұрылып, қалқаға еніп кетеді екен. Табанындағы мөлдір
ағынның таяу тұрған көк тіреген ұлы таулардың мұз
құрсанған мұзарт шыңдарынан бастау алып, тарау-тарау
бұлақтар қосыла келе көбейіп, ылди шауып, шапқылап

жететінін жер ыңғайынан анық аңғарды. Тік босағасы
еңістей келе жатаған тартып, ұзара созылған ақ тасты
терең сайдың тар аңғары тақау маңнан апандай аңыраяды.
Енді аңдаса, күнге шағылысқан үлкен-кіші жылтыр

шеке жалтыр тастар биік жалдардың қыр арқасын қуып,
иек астындағы шодыр маңдай шор тұмсықтарға дейін
еңкейіп, құлдап келіп құлай сұлайды екен. Бұл өңірдің
неге бола Ақшат атанғанының себебін кеш те болса енді

түсініп, түбегейлі тұжырғандай болды. Десе дегендей-
ақ, ақтарыла айран төгілгендей алыс-жақын аламыш
тартып, жасыл бояу бетіндегі боз-шаңқан бүртіктер
алыстан-ақ анық байқалып, бадырайып жатты.

Қарсы алдына керілген кербез көркемдіктен көпке
дейін қарашығын ала алмады. Бір тылсым сиқыр
арбағандай байланып, маталды да қалды. Және не
құдіреттің сонша ынтықтырып, тартып тұрғанын дәл

басып біле алмады. Бір ауық аңсары ауа, көңілі құлап,
аңырды да қойды. Жаны бір құмар-қалауын тапқандай,
жүрегі зарық-шөлін басқандай, рақат күйге енді. Есі
кете емініп, емірене ынтықты. Қарап тұрып, іштей

тебіренгені сонша ертегілер елінде жүргендей бір ғажап

сезімге кенелді. Қиян шеттегі қылпы бұзылмаған тұмса табиғат, ертегідей сұлу орта көңілін көтеріп, сондай бір шетін халге кіріптар етті. Есіне еріксіз ертеректе айтатын әжесінің бір хикаялары түсті. Әжесінің айтуынша, шексіз кеңістік – аспан әлемі бет біткеннің көріктісі – перілер елінің мекені екен. Ай дидарлы мөлдір арулар жер бетіне түскенде асқар таулар арасындағы жан баспаған көркем өңірлерді таңдап қонып, судың тұнығына шомылып, ауаның тазасын жұтса керек. Сондықтан да, аса кірпияз, тым секемшіл болатын болар, адамзаттың иісін жер түбінен сезіп, жақындап келе жатқанын білсе, күнібұртын жылжып, алыстап кетеді екен. Бірақ, кісі баласынан амал артылған ба, соған қарамастан, талайы қапыда қолға түсіп, тәлейі жанған тайқы маңдай азаматтарға жар болыпты. Кейбірі, тіпті, ол әлі аспан мен жердің арасы ажырамаған заман ғой, алыстан даңқын естіп, бір көруді армандап келіп, кей жігітке өздері ғашық болып, зарығып жүріп тағдыр қосыпты. Ықтиярларымен беріліп, етектерінен ұстапты. Айлар аунап, жылдар өткен соң бөтен ортаға көндігіп, үйренісіп кетіпті; жаңа мекенге сіңіп, адамдар арасында мәңгілікке қалып қойыпты көбі. Жер бетінде жүрген ажарлы арулар, сірә, солардан туған перизаттар болар, өздерімен бірге асыл аналарының ай сипат әлпеттерін ғана емес, таңғы шығықтай кіршіксіз жан тазалығын да алып қалыпты. Бетінен нұры тамған әрлі жамалды көргенде былайғылардың бірден перілерді еске алатыны содан екен... Кісіні қайран қалдырғандай таңғажайып әңгімені естіп, айран-асыр болып, адамдардың оларды қалай ұстайтынын сұрағанда, әжесі «суға түскенде, олардың құлағы естімей қалады екен, алыстан аңдып жүріп, сондай сәтін тауып, киімін ұрлап алса, дегендеріне көніп, шарттарына шарасыз келіседі екен» деді. Сол сөз тас болып жадында қалыпты... Көк еркелері қызыққандай көрікті маң, көркем мекен қандай бақ қонған жер екен деп ойлаушы еді. Енді ойласа, қарсы алдында көсілген терең шатқал сол іздеген жерұйығы екен ғой! Сүйіне

үңіліп, сүзіле көз салып тұрып, көкірегін бір мақтаныш,
масат кернеген желпіністі күй кешті. Ерек тебіреніп,
сәлден соң-ақ өзі де сол жерге түскен аспан аруларымен
кездесіп қалардай болып, әлдеқайда асыққандай, әлде-

неге абдырағандай алабұртқан бір қолайсыз қалыпқа
енді. Өнебойы дүр-дүр тітіркеніп, кеуде тұсынан тараған
бір түсініксіз діріл буын-буынын қуып, тарап бара
жатты. Бұрын бастан кешпеген бейтаныс хал. Неге

жорырын білмей дал болды. Кешікпей осы жайлауға
алғаш келген күні таңғы шақта, дөң басында отырғанда
болған қызықты жайлар есіне келді. Сонда бір осындай
бейтаныс сезімге бөленіп еді. Сол тәтті түйсік бүгін тағы

қайталанып тұрғандай...
Қарсыдан ескен ескек самалға кеудесін төсеп, кең-
сірігін кере тыныстап, алыс-жақынға бір ауық қанаттана
тігілген соң, Жұмай ағасының бұл маңға неге қызығып,

іргесіне қоныс тепкенінің сырын ептеп тұспалдағандай
болды. Қызықса, қызыққандай-ақ жер екен, шіркін!
Түгін тартса, майы шыққандай! Одан соң, көз тойғысыз
көркін айтсаңшы тотыдайын түрленген!

Өзі өскен өлкеде осындай да көркем өріс барын бұрын
білмегеніне, бір ойлап, таң қалса да, екінші жағынан, кеш
те болса соны көру нәсіп болып, тамсана тамашалағанына
шүкіршілік етті.

Қарап отырса, бүгінгісі шынымен-ақ күтпеген олжа
болыпты. Мұншама мол қазынаға тап болам деп күн
ілгері ойлап па еді! Ойы емес, түсіне де кірмеген тосын
жай. Бүлдірген термек болып бұрын бір қадам тастаған

етектегі жасыл беткейге тағы келгенде, сол арада қалып
қоймай, төңірек дүниені көрнеуден шолмақ болып, биік
жалдың шоқтығы іспетті зау шоқыға шығып, болар
деп күтпеген сұмдық сұлулыққа кез болып, әлемнің еш

жерінен табылмас әсемдікпен бет келгеніне қабағат мәз
еді, керемет риза болатын. Шаттанғаны сонша, тәлейі
жанған табысты ортадан талай жерге ұзап кеткенше,
әлгіндегі ішкі дүниесін аласапыранға салып, албарынды

қылған ғажап әсер шеңгелінен шыға алмады. Қобалжи

толқып, бүлкілдеді де отырды. Қойынға симас қуанышын
кімге барып ақтарарын білмей, қолқа-жүрегі езіліп,
елжіреп келе жатты. Дәл нені тауып, неге қол жеткізгенін
анық білмесе де, бар бақытымен қапысыз қауышқанына

сенімі нық, иманы кәміл еді бала жігіттің.
* * *
Талайдан бергі тұрақты мекеніне айналған дөң басынан
күнді ұясына құлатып бірақ қайтты. Оған дейін, батыс

көкжиекке қызғылт бояу жағып, нұрға бөлеген кешкі
шапақтың қызыл арайына малынып, одан сайын түрлене
түскен осынау кең аңғар – ұланқайыр ойпаттың ақшам
кірер алдындағы таңғажайып көркіне тамсана қарап,

көкірегіне түгел көшіріп алғысы келгендей таңдана
телміріп ұзақ отырды. Көз ұшындағы көркем сурет о бір
кезде сәл­пәл оңып, түсі сұйыла бастаған бір тұста шып­
шырғасын шығармаған қалпы жадына қондырып алып,

орнынан қозғалған-ды, мөлдіреген сұлу көрініс шеті
бұзылмаған күйі өзімен бірге үйге келді. Одан арыға да
барар ма еді... жіті басып, өңкілдей жетсе, әжесі әлі оны­
мұнысын жиып, сыртта жүріпті. Көре сала:

– Әй, бала, бұзауларды байла! – деді әлдене қылығын

ұнатпай қалған қатқыл раймен. Қашанда жібектей
есіліп тұратын жұмсақ үндегі бұйрық текті күтпеген
екпінге назары ауып, қазық басына бұрыла беріп еді, осы
аралықта санасындағы әлгіндегі көрікті кескіннің кенет

сейіліп, ізім-қайым жоғалып кеткенін аңдады. Іздеп еді,
таба алмады. Босап қалған орнын бота тірсек бұзаулар
иелепті көздері бақырайып.
Кештің болғанын біліп, дағдылы тұрақтарына күн-

дегісіндей өздері келген қалқаңқұлақтар енелерін тағат-
сыздана күтіп, бірдеңе қарағандай жер иіскеп жүр екен.
Біраздан бері әр кеш сайын кездесіп, үйренісіп қалған
сыралғы немелерді қолға түсіру онша қиынға соқпады.

Мойыншақтарынан шап беріп ұстап, қазыққа апарып
байлай бастады шетінен.
Жұмысын тәмам еткен соң, үй маңына жақындап еді,

әжесі ол-пұлын жинап болып, есікке қарай беттеген екен.
Босағаның түбіне барғанда қуып жетті.

– Әлгі Омар атаңның кіші қызы әлі келмепті, – деді

өз-өзіне сөйлегендей бір әңгіме бастап. – Күнде бұл уаққа
қалмаушы еді. Не боп қалғанын, жоқ дейді. Келмесе,
Гүлжаз жеңгең қорқады ғой...
Сөздің өзіне бағытталған құлаққағыс екенін соңыра

біліп, күтпеген хабарға елең етіп, қуанып қалды.

– Сен барып, біраз отырып кел... – деді әжесі артынша

жүзін бұрып. – Аздан соң өзі де келіп қалар... ұяты
бар кісілер ғой, әкеліп тастар... Келмей жатса, тағы
көрерсің... – Орнынан қозғала бере, – Өзі жаңа келіп
кеткен... – деді күңк етіп.

Алғашында іштей алақайлап мәз болғанымен, артынан
бойынан бір батылсыздық білініп, бірте-бірте бел алған
сол жасқаншақ сезім көпке шейін сейілмей, шеңбектеп
жүріп алды.

Әжесіне еріп ішке еніп еді, көңілі күпті болып, байыз-
дап отыра алмады. Сосын қайта тысқа шықты тықыршып.
Не істерін білмей ерігіп, үйдің желке тұсындағы биік
жалға қарап еді, Жұмай ағасы қойын бері қаптатып

тастап, еңкейіп келеді екен. Алдынан шықпақ болып
қарсы жүрді. Жолыққаннан кейін де ілесіп бірге қайтпай,
«қойдың артын жиып келем» деп, еңселі жонның бейуақ
мезгілде тіпті де аспандап кеткен қыр арқасына қарай

тырмыса өрледі. Аз өрмелеп, текенің тұяғы тайғандай
тік беттің ортан беліне таяғанда бір іркіліп, жан-жағын
түгендеді. Сонан соң қия қапталға қайта жабысып, төрт
тағандап кете берді.

Мезгеулі маңға жеткенде әлгіндегі қызыл арай кешкі
шапақтан жұғын да қалмағанын көрді. Иек асты ылдида
қалған ұшан түз – алып ойпаттың шұңғыл түбіне іркілдеп
іңір ұйып, ымырт үйіріле бастапты. Ұзамай тұнжырап

түн басатын түр байқатты. Маңайдан маңғарасы көрінген
марғау мұнар барған сайын қалыңдап, аздың алдында
жарқырап тұрған айнала маңайдың жүзін көлегейлеп,
бір қабат пердемен тұмшалап, тұншықтырып бара

жатыпты. Жылыстаған уақытпен ілесе өңмеңдеп келіп
қалған апақ-сапақтың да бұдан ары беті қайтпас сыңайы
танылды. Сәт сайын бел алып, бекемделе түскен мығым
кеспірі бар. Тұтас дүние сәлден соң-ақ түнек ғарға батып

кетердей сезіліп, көңілін зауал уағының үрейі кеуледі.
Арада көп өткен жоқ, соңғы бір селдіреген сұйқыл сәуле
ығысып барып батыс көкжиектің бозғыл жағалауындағы
болмашы жолаққа ілініп аз тұрды да, ол арадан да баян

таппай, әлдебір көрінбес жалмауыз жалмап жатқандай
жұқарып барып, ақыры жоғалып тынды. Аспан асты
опырыла шөгіп, белгісіз бір алып мақұлықтың аузына
кіріп бара жатқандай ауа тосын салқын тартып,

төңеректен қауіп-қатер елесі білініп, суық қорқыныш
анталаған шақта, бірдеңеден сескенгендей өне­бойы
тітіркеніп, дүркіреген соң орнынан шұғыл көтеріліп,
ыра ылдиға қарай құлдай жөнелді.

Үйге жеткенше әлдекім арт жағынан өкшелеп қуып
келе жатқандай болып, сәл аялдаса жон-арқасына келіп
жармаса кетердей сезіліп, жауырын ортасы терши
шымырлап, буындарынан жан қаша, дәрмені құрып,

таусылып бітті.

– Құрымағырдың баласы-ау, зауал уағында қайда

жүрсің қаңғып? – деді әжесі шам жарығы түсіп тұрған
есік көзінен қара көрсеткен замат. – Ана Гүлжаз қорқып
қалды ғой, бармайсың ба жылдам! – деді артынша тағы
бастырмалатып.

– Тамақ ішіп алайын да... – деп, жалтарар жал тауып

еді, болмады:

– Тамақ сол жерден де табылады. Бар енді, тез, жүгір!

Гүлжаз сені аш қоймайды, – деп, барғызбай тынбайтын
рай танытты.
Көз қиығын төр жаққа салып еді, желбауға байланған
аспа шамның астында кеудесінде көлденең қойған

домбырасы бар Жұмай ағасы жатыр екен шалқалап.
Бір аяғын екінші аяғының тізесіне артып, айқастырып
тастапты. Әлдебір көне күйдің қайырмасын салып, қуыс
ағашын қоңырлата тыңқылдатып қояды. Іле жүзін алып,

артына бұрылды.

Тартыншақтай-тартыншақтай келіп бір кезде көрші
үйдің маңына да табан тигізді. Таяп барғанда, есіктің
әлі ашық тұрғанын көрді. Іштегі шамның мол жарығы
маңдайшаға барып тірелген қос босаға арасындағы

аядай ашықтан сыртқа қарай ақтарыла төгіліп, іргеден
алыстаған сайын айдындана кеңейіп, есесіне селдірей
сұйылып, созылған күйі меңіреу түзге сіңіп жатыпты.
Аз-кем іркілістен кейін ілгері аттап, табалдырық ал-

дындағы тақтаққа, жамыраған ақ жолақ сәулені кеше
барып тоқтады.
Гүлжаз жеңгесі шамның түбінде шаңырақтай кергішін
алдына өңгеріп алып, ілмек бізін көстеңдетіп, кесте

тігіп отырыпты. Тақыр барқытты көктей жылжыған бір
келкі бытырдан кестешінің өз жұмысына недәуір төселіп
қалғанын аңғарды. Соған бір сәт көз салып тұрып, көрші
келіншектің соңғы кезде неге көп төбе көрсетпей, ылғи

да үйінде болатынының сырын тұспалдағандай болды.
Іштен ешбір байқайтын сыңай білінбеген соң ақыры
табанын қозғап, өкшесінің тықырын шығарды.
Сонда ғана жалт бұрылған үй иесі көзінің қарашығы

үлкейіп тіксіне қарады. Соңыра танығанда барып
жанарын бір төңкеріп алып, алақанымен жүрек тұсын
басып, басын шайқады.

– Кел... келе ғой! – деді сосын кергішін жүкке сүйеп,

орнынан көтеріле бере. – Аз жері қалған соң, бітіре
салайын деп отырып едім... Кел, үйге кір! Тұрасың ба
босағада?
Тырс етіп тіл қатпаған беті төрге озып, көрпеге барып

тізе бүкті. Өткен жолғысындай тым қысылып кетпей,
еркін отырды. Жүрексінгені бекер екен, есік көзінде
әнтек бөгелгенге бойы үйреніп қалған ба, өзін өте жеңіл,
кең сезінді.

Келіншек қазан-аяқ жаққа барып бір еңкейді де,
аялдамай сыртқа шығып кетті.
Кешікпей үй ішінен көңілге қуаныш шақырғандай бір
жағымды иіс аңқыды түннің салқын ауасымен араласып.

Қайдан шығып тұрғанын кім білген, танауға оқтын-

оқтын үзіле жетіп, тағатты тауса талықсып тұр. Анда-
санда әлдебір желпімемен шалдыға шалқып мұрнына
ұрылғанда, түйсігіне әлдебір таныстық сездіріп, кеңсі-
рігін тұшындыра берді. Сосын бейіш лебіндей болған

осы бір жұпарды ілгері қайдан иіскегенін есіне түсірмек
болып, ойланып еді, сол замат сап етіп жадына түсе
кеткені. Сөйтсе, өткенде, осы отауға алғаш келгенде
үй иесінің тал бойынан тарап, сезімін ерітіп, көңілін

қобалжытқан армандай аңқыма екен ғой. Сондағы ішкі
дүниесінің бордай езіліп, еріксіз тысқа тұра қашқаны
ойына оралып, дәл сондағыдай бір тәтті әсерге бөленіп,
тағы да бір ұнамды хал кешті.

Сәлден соң үй иесі қайта көрінді есік жақтан. Сырттан
ас әзірлеп әкелген екен, қақпағы дүмделген ақ құлақшын
іле төмен түсіп, босағаның түбінен орын алды.
Дастарқан жайылған соң үй іші бөлек бір түске енді.

Самауырынның ызыңынан от алған от басы тірлігі кенет
жанданып, әуелгі ырғағына түсіп, алға тартып кете
барды. Бұрыш-бұрыштан бір көңілділік есіп, санадағы
тосырқау мен қысылуды әлдеқайда ұшырып әкетті.

Маңайы аяқасты кеңіп кеткендей жаны жадырап, төрт
тұрманы түгенделіп, жетісіп отырды оңаша отауда.
Дайындалған тамақ мәнті екен. Буы бұрқырап алдыға
келгенде талайдан бері таңдайға тимей таңсық боп қалған

ет түйюлі жұдырықтай түйіншек ұқыпты жанның шебер
қолынан шыққан дәмді тағам екені айқын танылып,
дегбірді қашырып тершіп тұрды қол созым жерде.
Сілекейін жұтып, сыбағасын ит ішкендей күрсініп

жіберуге шақ қалып барып, өзін зорға тежеді.

– Ала ғой, – деді сол аралықта шай ұсынған үй иесі.

Табақты өрге қарай сәл сырғытып қойды соңынан. –
Қаланың дәмін сағынып қалған шығар деп... түстен
дайындалып жасап едім, онша ұқсамай қалған ба... – деді
ізінше өзі біреуін алып, ерніне апара бере. – Ала ғой...

Иісі мұрнына келгеннен ар жағындағы аш қасқырлары
тіріліп, ауызсуы шұбырып, тек алдындағы әдемі келін-
шектен ұялғанынан ғана сабыр сақтап отыр еді, енді «ал,

алдың» астына алғанда, имене еңкейіп, табақтың өзі жақ
шетінен саусақ салды.
«Ұқсамай қалған ба» дегені жай сыпайылық екен.
Танау қапқан дем-шалығы қандай жағымды болса, дәмі

де сондай тіл үйірерлік екен. Салған жерден таңдайына
татып, тәбетін ашты. Тіс басқаннан құнықтырып ала
жөнелді. Дегенмен, қанша жерден бал тамса да, әдемі
келіншектің алдында түк көрмегендей жалаңдап, обыр-

лануға болмайды ғой, оның үстіне қонақ деген аты бар,
өзін іркіп, барынша тізгіндеп бақты.

– Қалай, демалысың көңілді өтіп жатыр ма? – деді

бір кезде үй иесі ортадағы үнсіздікті бұзғысы келгендей
сыңғыр етіп.

– Жақсы... көңілді... – деген болды бәсең үнмен. Өзіне

қадалған шаралы өткір көз барын білгісіз түйсігімен
білсе де, бұрылып қарауға дәті жетпеді.

– Зеріккен жоқсың ба?

– Жоқ, зеріккем жоқ, – деді бұл жолы да назарын

төмен салып. “Неге зерігем?” деп сұрай жаздап барып,
дымын шығармай, сұрауын көмейінде тұншықтырды.
«Өзі зерігіп жүрген шығар» деп ойлады артынша. Неге
екенін, соны ойлағанда демде жасаурай қалған нұрлы

жанар әлі өзіне қадалып тұрғандай болып, қарашығын
жерден ала алмай, одан сайын тұқырды.
Соны сезгендей, үй иесі де содан қайтып ештеңе
сұрамады. Өзімен өзі болып отыра берді. Тек бір ауықтан

кейін “болдым” деп, шынысының бетін басқанда ғана,
қоярда қоймай және бір шыны шай құйды.

– Тамақ жемедің... – деді соңынан көңілі толмаған

сыңай танытып. – Жігіт адам да сондай тартыншақ бола
ма екен?
Көп өтпей тамақ ішіліп болып, дастарқан жиналды.
Дәл осы сәтті күтіп тұрғандай қосулы радио қабыл-

дағыштан тізбектеліп тамаша ән тарту басталды. Тетігін
қозғап, дауысын сәл көтеріп еді, онысыз да жанға жайлы
сезіліп отырған жас отаудың аясын сазды әуен кернеді де
жүре берді.

Өңкей бір осы кешке арнап, әдейі таратқандай сал-
танаты биік, сара әндер екен. Арт-артынан шырқалып,
асқақтай қалықтағанда, ақ махаббат ұясы болған жас
отбасының қойын-қонышын жүрек шымырлатар шат-

тыққа толтырып, асқан жомарттықпен көңіл көксеген
қуанышты жамыратты да тұрды талайға дейін.
Түнгі ауаны одан сайын тұнытып, көкке көтерілген
әсем ырғақтар тыңдаушының жан қалауын таппақ

болғандай, бір-бірімен ішкі бір үндестікте жымдаса
ұласып, ұзақ саз шеруін құрды. Құлақ құрышы қана-
тындай әудем уақытқа созылып барып бір­ақ үзілді.
Концерт басталған тұста шәйнегін көтеріп шығып

кетіп, ілінбей қайта келіп, орнын тапқан үй иесі содан
қайтіп қыбыр етпей отырып, бар зейінімен ән тыңдады.
Өнерге ғашық жан екенін анық әйгілеп, айлана үйірілген
нәзік иірімдер мен мәнерін тапқан назды нақыштарға

құныға ден қойып, қарсы алдында аспақта тұрған шам
жарығына шағылысып, нұрлана түскен сұлу жүзіне
оқтын-оқтын ал-қызыл толқындар тарап, ішкі бір үнсіз
тібіреніспен шын беріле құлақ түрді. Көңіл пернесін дәл

басқан есіл уақыттың өтуі мұншама тез болар ма? Келуі
қандай тұтқиыл болса, кетуі де сондай шұғыл болып,
аздан соң-ақ қылышпен қиғандай оқыс толас тапты да,
ары қарай аяғы жоқ татымсыз жаңалықтар кезек алды.

Соған дейін үнсіз қалған келіншек о бір кезде барып:

– Сен де ән саласың ғой деймін, ә? – деді әлдене есіне

түскендей.
Күтпеген сұрақты естігенде, «ән сал» деп қолқа салама
деп сасып қалды.

– Жоқ... мен ән айта алмаймын, – деді артынша азар

да безер болып.

– Онда, әнеу күні түсте үйлеріңде ән салған кім? – деді

келіншек таңданғандай қабағын керіп.
Іс байыбына сонда ғана барып:

– Ол – мен емес, басқа біреу... – деді күле жауап қа-

тып. – Үйге шай ішкелі түскен бір кісі... әнші екен...

– Кім екен?

– Білмеймін. Ат іздеп жүрмін дейді... өтіп бара жатып

бұрылыпты...
Әнші жігіттің атын сұрап алмағаны енді есіне түсіп,
сан соқты.

– Қайдан келе жатыпты?

– Жоғарғы Ұзынбұлақтан...

Соған жалғап тағы бірдеңелер сұрайтын шығар деп еді,
олай болмады. Содан қайтіп ләм-мим деп үн қатқан жоқ.
Тыныш қала алмай жалт бұрылып қарағанда, келін-
шектің жүзіндегі манағы ал-қызыл толқындар зым-зия

жоғалып, дауылдан соң сабасына түскен көл бетіндей
тұңғиықтанып, тына қалғанын көрді. «Сіз оны танисыз
ба?» деп сұрайын деп бір тұрды да, ол ойынан тез
айныды. Сосын өзінің сонда, қонақ жігіттің асқақ әнін үй

сыртынан тыңдап отырып дәл қазір өзі төріне жайғасқан
жас отауға әлсін-әлі бұрылып, қарай бергенін есіне алды.
Бірақ, бұл істен ештеңенің дерегін таба алмай, ақыры
санасынан күдік елесін шығарып тастауға бекіп, андай

жерде тұрған кішкене қобдидың үстіндегі қалың кітапқа
қол созды.
Күткен қыз келмеді. Оны сағынып отырған да
ешкім жоқ сияқты. Уақыт озған сайын уайым қылып,

мазасызданар деп еді, үй иесінен ондай кейіп байқала
қоймады. Әуелі, оны ұмытып кеткендей, елең етпеген
қалпы, жайбырақат қала берді. Сосын, басқалай ойы
болса, өзінен бір хабар болар деп, аздан соң рұқсат сұрап

далаға шықты. Сонда байқады: уақыт түн жармынан
ауып кетіпті. Төмендеп келіп, төбеге тие тоқтаған
жаутаңкөз жұлдыздар ашық көкте оқ бойы биіктікте
ілініп тұр. Ай тумағанмен, батыс жақ көкжиекке бір

қабат жұқа нұр жүгіріпті. Соған көз салып тұрып,
әуедегі күміс табақтың көпке қалмай жүз көрсетіп,
қараңғыдан қалжырап, мызғып кеткен меңіреу дүниеге
жарық сәулесін себетінін анық мөлшерледі.

Үйлері тарапқа қарап еді, тым-тырыс екен. Өзін
әлдеқашан естен шығарып, жатып қалған сияқты, қанша
тесілсе де, тырс етіп, тіл қатпады... Іргеден алыстап

барып, ілінбей қайтып келді. Ішке кірейін деп есікке
қарай жүргенде, сыртқа шыққан үй иесін көріп, бөгеліп
қалды. Келіншек андай жерде тұрған далданың астынан
әлденені алып, қайта ішке енді. Соңынан қуа кіруді жөн

көрмей, әнтек іркіліп, тағы біраз аялдады.
Дала түні сондай тамаша еді. Салқын. Рақат. Төңерек
қою мұнар құшағында мүлгіп тұр. Таяу маңнан дөңкиген
үлкен жоталар жон көрсетеді күжірейіп. Анда-санда

әлдеқайдан түн құстары дауыс салады қиқулап. Соған
қарамай, аспан асты тұнжыр, тұңғиық. Тұнық ауа,
төңеректен аңқыған таныс иіс, шексіз кеңдік есіне
еріксіз осы жайлауға келген алғашқы күнді, сондағы таң

ата ұйқысынан тосын оянып, керемет бір тәтті сезімге
кенелген таңғажайып сәтін салды. «Қандай керемет!» деп
күрсінді өз ойына өзі тебіреніп. Кенет есейіп кеткендей бір
көңіл күймен маңыздана, маңғаздана керіліп, паңдана

қарады қоршап тұрған мылқау әлемге.
Бір ауықтан соң аяңдап үйге қарай жүрді. Ішке кірсе,
төсек-орын әлдеқашан әзір болып, бір жақ жанда иесін
күтіп жатыпты. «Әлгі қызды тоспайтын болдық па?..»

деп бір тұрды да, мезгілдің қай уақ болғаны есіне түсіп,
бөгеліп қалды.
Табалдырықтан аттаған жерде алға басуға жүрексін-
гендей состиып тұрып қалғанын байқаған сияқты:

– Уақыт біразға барды... ұйқың келген шығар, жатып,

ұйықтай ғой, – деді үй иесі қолындағы құс жастықты оң
жақ керегеге жанастыра қойған қаттамалы төсектің бас
жағына тастап жатып. – Ағаңның уаннаға апарып жүрген
төсегі еді, астыңнан сыз өтіп кетпесін деп, орныңды соған

салдым.
Әлгінде алып кірген нәрсесінің сол екенін біліп, қы-
зыға қарады. Жер бетінен недәуір биік, үш жерден
қойылған тіреуіші – сирағы бар, үстіндегі көлдей көрпе­

жастық ернеуінен аса ақтарылып жатқан тар төсектің
қасына барып, жайлап шешініп, бір шетіне бөксе басып,
отыра беріп еді, домалап ішіне түсті де, содан қайтып
оңшала алмай, үйелеп қалды. Ары-бері тырмысып,

ақыры болмаған соң, бетін іргеге беріп, теріс қарап жатты
да қойды.
Кішкенеден кейін сыртқа шығып, кешікпей қайтып
келген үй иесі желбаудағы шамды шешіп алып, шишасын

көтеріп, үрлеп өшірді. Одан ары не болғанын білмеді,
жарық сөне сала тіршілік арқауы үзіліп кеткендей,
түздің тыныштығы анталап ішке енді де, төңіректі
тұншықтырып тастады.

Неге екенін, көпке дейін кірпігі ілінбеді. Алғашқы
сәтте торғын көрпенің жұмсақ сейсебі денесіне жайлы
тиіп, рақаттанып жатып, ұзамай пырылға басармын деп
еді, олай болмады. Салмағы түскенде ортасы ойылып,

науаланып қалған жиналмалы төсек артынша оң­
сол аунауға ыңғайсыз болып, қыспақта қалғандай
қымтырылып, қарадай ұйқысы қашты.
Көз шырымын ала алмаған адамды қаңғыма қиял

иектемей ме, санасын сан-сапалақ ойлар шырмап, ояу
сәттері ұзара берді. Бақырайып жатып талай дүниенің
басын шалды. Бірде әлдеқашан алыста қалған балалық
шағының естен кетпес қызықты шақтарын саяхаттап,

сағынышқа малтығып, салы суға кеткендей салбырап
қайтса; енді бірде, алда келер белгісіз күндердің
сағымдай бұлдыр ғайып елесіне сүңгіп, болашақтың
жарқын дидарын көз алдына ойша әкеліп, асыл арманы

орындалған бақытты мезеттер аясын аралап, керемет
сезімдерге кенелді. Сәлден соң қозғалып, жамбасын
ауыстыруға ниеттенгенде, өзінің қимылға қолайсыз қиын
жағдайы санасына сап етіп, жабырқап қалды. Дегенмен,

қай бұлтаққа түспесін, өзінің айдай сұлу келіншектің
қасында жатқан айырықша жайын ешбір ұмыта алмады.
«Ұйқымды қашырған, әлде, сол ма?» деп ойлады сарсаң
еткен сарпалдаңнан бір сәт сытылып, қол созым жердегі

әдемі жан кезекті рет есіне түскенде...
Өткендегі түсте болған жай жадына қайта-қайта орала
берді. Әнші жігіттің асқақ дауысы алыстан үзіле жетіп,
тұнжыраған мұңлы жүзі көз алдында тағы да тірілді.

Жан түбіне жеткендей тебірене шерткен бойлауық

күйі де әлдебір көңілсіз жайды үнсіз меңзеп, қайдағы
бір сағыныш пен өкінішті қатар қозғап, әлдеқайдан
талықси келіп, дірілдеді де тұрды құлағының түбінде.
Көмейінен төгілген үні де, саусағынан саулаған сазы да

көкірек түбіне батпандап шөккен шерін бүкпесіз паш
етіп жатқандай... Талай күнді араға салып қайталай
жаңғырғанда да сондағы сынық қалпымен, жүрегіне
шемен байланған салыңқы қабақ, салқын бейнесімен елес

берді. «Нені ойлап мұңаяды екен?» деді ішінен. Қанша
бас қатырғанмен, таба алмады. Бар болғаны, оның сонда
көп қайыра берген «болмас еді арманым, болса өзіңдей
алғаным» деген, өзегін жұлып бергендей ышқына айтқан

әсерлі сөздерін үнсіз қайталай берді. Таяу маңдағы
әлдекімге «естідің бе» деген кісіше сан мәрте қайырып,
ежіктеп еді, енді ойласа, сол бекер емес екен.... «Ол кім
болды екен сонда?» деді сәлден соң күңк етіп. Кенет

есіне сол күні түсте осы сөздерді естігенде өзінің еріксіз
бұрылып, төмен жақтағы кішкене қосқа – дәл қазір
өзі қонақ болып жатқан ақ отауға мойын бұрып, қарай
бергені түсті. «Әлде?.. – деп бір тоқтады ізінше. – Әлде...

Гүлжаз жеңгем болды ма екен?» Бірақ, бұл күдік ақылына
симады. «Олай бола қоймас, – деп теріске шығарды өз
ойын артынша. – Олай бола қоймас... Гүлжаз жеңгемді
ол қайдан таниды?..» Сол сәт жадына дөң басында

тұрғанда әнші жігіттің сондай бір қимастықпен артына
мұңайып қарай бергені сап етті. «Онда неге кетерінде көп
қиылды?» деп бір тоқтады тұйыққа тіреліп. «Бәлкім...
бәлкім...» деді де, ары қарай ойлағысы келмей, назарын

басқа жаққа бұрмақ боп, бір жамбасына қарай аунап
түсті. «Мүмкін емес!» деді соңыра ұзақ ойын түйіндеп.
Бағанадан теріс қарап жатып байқамаған екен, ай
туып, үй ішін бозамық жарыққа бөлепті. Аппақ нұрдың

қайдан түсіп тұрғанын білмек болып, жоғары қарап
еді, түңліктің толық жабылмай, бір шетінің ашық
қалғанын көрді. Сүт сәуле сол арадан төгіліп, үзікке
жамырап, бірте-бірте төмендеп келе жатыпты. Еңіс

құлдаған төменгі етегі шымылдықтың желбіріне ілініп,

көп нәрсені көзге түсер ашыққа шығарып, айналаны
тұмшалап тұрған манағы түнек қараңғылықты сырып
апарып әлденелердің қалқасына тығыпты. Бері шығуға
батпаған қара көлеңкелер сол арадан сақтана сығалап,

түнере үңірейеді.
Шаңырақтың қос қарыс тесігінен көкке телміріп, бір
ауық қыбырсыз жатты. Аспан бұлтсыз секілді. Бірақ, бір
қабат боз бояу жағылғандай түсі оңған әуе күндегісіндей

алқаракөк емес, төбені қаптап тозаң торлағандай өңі
қашып, шаңытып тұрыпты. Аз болмаса атар таңның
алғашқы ағымен шатастырып алғандайсың. Аржағынан
өшіп-жанып өлеусірей жылтылдаған жыланкөз жұл-

дыздар қараған сәттен қарашығын өзіне тартты.
Ту биіктегі тұнжыр көздерді тамашалап кетіп, сәп
салмаған екен, енді аңдаса, ай сәулесі әлдеқашан қызыл
шымылдықтың желбірінен өтіп, толық жабылмай қалған

екі бойының арасынан ентелей еніп, арғы жағындағы әсем
дүниені анық айпаралағысы келгендей, құс ұясындай
қуыс ұйыққа шүпілдеп құйыла бастапты.
Қарсы тараптағы ішек тартқызғандай ғажап көрі-

ністі алғаш көргенде жүрегі кенет салып кетіп, бала
аңғалдықпен жастықтан басын жұлып алды. Ол әбес
қылығын артынан аңдап, іле басыла берді. Бірақ, көзін
сол маңнан біржола үзіп ала алмады. Жастыққа қайта

қисайған соң да бетін солай беріп, кірпіктерінің арасынан
сығалап, дымын шығармай бақты да жатты. Бұйырған
орнының жер бетінен сәл көтеріңкі болғаны қандай
жақсы болған, (бұл артықшылығы үшін жамбасына

жайсыз тиген төсегіне мың мәрте алғыс айтты) қараған
жағы ешбір қиындықсыз көзге ұрып, андағайлап тұрды.
Ең әуелі қызыл торғын көрпе от болып басылды ұры
жанарына. Артынша шатырдай кірсіз мол жағаның

үстінен қақталған ақ күмістей жіп-жіңішке жалаңаш
білек ағараңдады ай нұрына шағылысып. Алақаны
ашылып, сүйрік саусақтары майысып, сабаудай боп
созыла қалыпты. Ыстықтағаннан болар, үлбіреген

жеңіл жамылғы белбуарға дейін төмендеп, сырылып

кетіпті. Одан былай не болар екен деген тосып болмас
төтен қызығушылықпен назарын жүрексіне қозғап,
сәл жылжытып еді, балбырап ұйықтап жатқан жас
келіншектің сұлулық аралына айналған кеуде тұсы

сұлба берді қарашығын қарықтырып. Арқасын ары,
түкпірге беріп, бір жамбастап жатқан екен, иегін көтеріп,
ұйқысырай керілгенде үстіңгі иығы артына қарай аз
ауып, шалқалап қалыпты. Ай нұрының асыға өрлеп,

ақ жүзіне қарай жылыстап келе жатқаны таназарында
жоқ, тыныс алған демі білінбей, кірпік айқастырған
бетте тыншып, тыным тауыпты. Уылжыған уыз денесін
жасырған ішкөйлегінің жеңі шынтағынан жоғары

жиырылып, қолтығының астында қалыпты да, қат-қат
бүрмемен жиектелген кең жағасы жайылып жайлауына
кетіп, сәуле үйірілген аршын төсін қымтап алғанымен,
ұзын қаз мойын мен иек астындағы жан жуытпас түлкі

сағақты көмкеруге жетпей жығылыпты. Сырт қейпінен,
әлдекімге
сенген
алғаусыз

көңілмен
әдейі
ашық
тастағандай бір сыңай білінеді. Періштенің сырласы

делінетін кіршіксіз сәби ғана осылай аңғай-даңғай бо-
лып, алаңсыз ұйықтар еді.
Түнгі дүниені төбеден баққан жарық табақ жүрісінен
ешбір жаңылмайтын сияқты. Сылбыр аяңы тым мимырт

сезілгенмен, жетті-ау, әйтеуір, бір кезде тағатсыздана
күткен таңғажайып мезетке де. Көктен көлбей төгілген ақ
шаңқан нұр қарсы алдыңнан көрінгенді сол күйі көшіріп,
көкірегіңе қондырып ал дегендей ақтарыла аптап,

қажетті межеде ұзақ тұрды. Сабырды сарқып барып
көзайым болған асыл өңірге көктен саулаған сүт сәуле
аямай себілді. Ақ торғындай үлбіреп, албырай қалған
ашық алқымға азкем аялдаған соң мысық табандап, жас

баланың өкшесінен аумайтын сүйкімді балғын иекке
ілінді. Енді ай тәрізді кіршіксіз ақ жүз де көзге ұра бастады
ап-анық болып. Бар арманға бастау болғандай аялы
ажардан түннің өзінде әлдекімге еркелегендей қылықты

кейіп қылаң ұрып, ғажап бір ұнамды наз байқалады. Өзі
сүйкімді жанның ұйқысы да тәтті болатынын әйгілегісі

келе ме, осы ессіз қалпында ерек бір тартымды күйге
енгендей әрі тасып, тым шырайланып кеткен жарқын
жамал жұлдыздың жерге түскен жарқылынан аумай
жарқырап жатты қол созымда. Басындағы жаулығы

әлдеқашан байлауы босап, желкесіне қарай сырғып
кетіпті. Күндіз-түні түк көрсетпей қымтап тұратын
қаусырма құрсаудан босанған қолаң шашы жастықтың
үстіне шұбатыла жайылып, құлағының астына бір қабат

төсеніш болып төселіпті. Түңліктен саулаған уыз сәулеге
мөлдірей шағылысып, теңбіл-теңбіл сағым атады. Өңге
бөлегі қапталының қалқасын сағалап, иығының астына
сүңгіпті. Күйе түстес сүлік қара мақпалға жағын

жастаған қандай бір кескін де қазан түбіндегі тамшы
сүттей ашылып, аршылып, айғайлап кететін болар,
қараған маңына талайға дейін ындыны байланып, емінді
де қалды.

Әлден уақыттан соң өзін зорға тежеп, бір жағына аунап,
теріс қарап жатпаққа ниеттеніп еді, болмады. Белгісіз
бір күш мейліне жібермей, бөгеп қалды. Көзінен емес,
көкірегінен көгенделген бір мұқтаж хал тырп еткізбей

ұстап, қарсы жағынан жүзін алуға шамасын келтірмеді.
Сөйтіп, сарылған ұзақ түннің ұзына бойында көрсетпек
болған алғашқы қайраты селге кетті. Шарасы таусылып,
мысы құрыды. Сиқыры артып, одан сайын жұтына түскен

сұлық сұлбаға көз ақысы бардай телміріп, сұқтанды да
жатты сосын.
Қай уақ екенін білмеді, бір кезде қарауытқан әлдебір
жойқын ағын тұтас дүниені тұншықтырып кетердей

екпіндей келіп, айнала маңды қанатының астына ала
жайпап, баса-көктеп өтіп бара жатты. Көз алдындағы
жарық әлем соның арасында жалп етіп сөніп, жалмауыз
жұтқандай ылым-жылым жоғала берді. Қапелімде не

болғанын білмей, жалт бұрылып шаңыраққа қарады.
Сонда білді: әлгіндегі жұлдызы жымыңдаған бозғыл
аспанды енді қабаты қалың қара бұлт торлапты.
Қашан жеткені белгісіз, ту биікте тұтаса тоғысып,

арасынан саңлау өтпестей сіресіп, төңеректі түнере

келіп тұмшалапты. Арада көп өткен жоқ, кезекті бір
бөлегі бауырын жерге сала еңістей беріп, ағыл-тегіл
ақтарылып, еңіреп қоя беретін репет танытты. Тіпті,
әне-міне дегенше болмай, аспанның қайбір тұсы кенет

жыртылып кеткендей, аздан бері аңсатып жатқан аппақ
айдың ағылдыр жарығы тосын жамырай қалды да, іле
қылышпен қиғандай қайта үзілді. Артынша, тік төбеден
алып тас құлағандай жойқын үн шығып, алапат күркір

естілді. Сонда барып аңғарды, тұмсарып қалған саңлаусыз
көкке тосаттан от қамшы үйіріліп, «көк айғыр» кісінеген
екен. Ұзамай найзағай жарқылы бірте-бірте жақындай
түсті де, жаңбырдың тақап қалғанынан белгі берді.

Ізінше түңлікті жабу керек екені ойына түсті. «Жүгіріп
барып жауып келейін..» деп бір оқталды да, тысқа құлақ
түрді. Сыртта уілдеп жел тұрыпты, ызыңдаған әлдене
дыбыстар үздік-создық келе бастады назарына. Көп өтпей

дүлей дауылға айналар беті бар екпінді ағыс қыбыладан
үрлеген екен, әлгіндегі қара бұлттың ашық кеңістікті
демде алып, лезде қаптап кеткенінің сырын сонда барып
аңдағандай болды.

Көп сарылтқан жоқ, болжағанындай-ақ, іргені кеулеп,
уық басын ырғаған қуатты боран сәт сайын зорая берді де,
ұзамай ірі­ірі тамшылар үй сыртын шертіп, тама бастады.
Үзік қаққан мөлдір моншақтар бір орында жабысып,

тоқтап қалған ба, кешікпей жылжып, төбедегі ашықтан
еніп, бір тал, екі талдан санап ішке қарай құлауға
кірісті. Алғашқы бір алаөкпесі болар, бетіне келіп былш
еткен түйір судан селк етіп, жастықтан басын жұлып

алды. Орнынан енді тұрмаса болмастай. Екпіні барған
сайын қатайып, әбден бет қаратпас болған құтырық
жел шаңырақ сыртындағы шаршы киізді тынымсыз
жұлқылап, жабусыз қалған тұсын бұрынғысынан бетер

далита түсті.
Соның арасынша болмады, әуелі әлденеден сақтан-
дырғандай үнсіз жарқ етіп алып, соңынан қара аспанның
қақырап кетуінен қорыққандай үздік-создық үн салып,

тұншыға күркіреген сұмдық сұрапылдан үріккендей

ылдым-жылдым жетіп келген сел нөсер тиегі оқыс
ағытылғандай бір қалыпты екпінмен сіркіреп құйып
берді дейсің! Бірақ, бір келкі сылбыраған бұл тыныштығы
көпке созылмады, үй айнала ойнақ салған жас құлындай

құт қашырған құйтырқы құйын бірде оңға, бірде солға
шығып, көктен төгілген мөлдір тамшылардың бағытын
жиі ауыстырып, ту-талақайын шығарды. Өзін көрсетпек
болғандай дамылсыз орағытып, омыраулай берді. Есіре

сабалаған ессіз судан бауырын қымтап, бұғып қалған
момақан жаппаны ұйқысынан оятқысы келгендей сілкіп-
сілкіп қояды анда-санда.
Қарсы жақтан ешбір сыбыс білінбеді. Тек жасын

ұшқындары шашырап, от қамшы үйіріліп өткен сәтте
ғана болмашы тербеліп тұрған қызыл шымылдықтың
ашық қалған қос бойы шалынды күреңіте туырылып.
Ұйқыдағы келіншектің шаңырақтан құйыла бастаған

жаңбыр тамшыларынан неге тітіркеніп, оянып кетпей
жатқанының сырын сонда ғана ептеп тұспалдағандай
болды.
Сәнді пішіліп қана қоймай, әдемілеп тігіліп, көле-

гейлей құрылған асыл манат дірілдей төгілген толқынды
қалпында жас отаудың әлеміш әрі, тәтті махаббаттың
бәсірелі бесігі ғана емес, сұқтанған көз бен сұғанақ
құбылыстардан қорғап тұрар киелі далдасы да екен.

Ішінде уылжып жатқан уыз тәнді осы шамаға дейін
бой тітіркентер су түйірлерінен қалқалап, шошына
бас көтеруден сақтап келген араша, бақса, сол желбірі
томардай желкілдек керме екен.

Төбедегі ашықты енді жаппаса болмастай. Бағдарсыз
соққан дырақы дауыл келесі сәтте оң қапталдан ұрғылап,
сол тұстан сабалап тұрған ессіз сіркіремені шұғыл теріс
бетке шығарып, бықпырт тигендей бытырлата бастады.

Үйіріле ұйытқып, құлақ тұнғандай дыбыс шығарып,
төпеп-төпеп қояды ауық-ауық. Жуық арада басылар түрі
байқалмайды әзірше.
Әдеттегісіндей алдынала бір жарқ етіп алып, айналаны

үнсіз сипап, тына қалған жай оты бұл жолы күтпеген

мінез танытып, шекені жарғандай сұмдық үн шығарып,
таяу жерге жасыл тастады. Жаңғырығы ізінше ауаға
сіңіп, сейіле берді. Тас қараңқы түндегі мұндай жойқын
күркір ес танғандай екен, «шатыр» еткен мірдің оғы тақ

төбеден түскендей зәресі ұшып, басын алып қашпаққа,
тұмсығын көрпеге тығып, бұға беріп еді, болмады...
қарсы іргеден әлдекім оқыс шыңғырып қалды да, іле
сол тараптан белгісіз құбыжық атып шығып, секіріп

келіп, тарпа бас салды. Ойламаған шабуылдан жанар
оты жарқ етіп, жүрегі аударылып түсті... көкірек жарған
жалын демі ышқынып сыртқа тепті. Сол сәт әлдебір ояу
түйсігімен кеуде тұсынан көтерілген белгісіз кермек

ағынның өне­бойын шымырлата самайын өрлеп барып,
тік төбесінен ұшып кеткенін анық сезді. Ары қарай көзі
қарауытып, тынысы тарылып, үзіліп кеткендей болып
еді... жоқ, одан аман екен... не жағдай болғанын ептеп

шамалап жатқандықтан болар, алғашқы үрейден ақылы
ауысқандай болып, есеңгірегенмен, ізінше өзін тауып,
жөніне келгенде, бәрін бірден пайымдап, бажайлады:
қара жер қақ жарылғандай болған сүркейлі сәтте таяу

жерден әлдебіреу сұмдық үркіп, жандалбасалап келіп
құшағына тығылып, жан сауғалағандай болып еді, енді
сол жазықсыз жан әуелгі аусар қалыпда, ентіге дем
алып, әлі ес таппай, жанталасып жатыр екен үстінде.

Қорқаудың қанды шеңгелінен зорға құтылғандай болған
құтырық халі тым қорқынышты сезілді. Солайда,
түсінен шошып оянып, өртке түскендей күй кешкен
кісінің жалған дүниеден жазып қалған мына кейпіне

жанашырлығы қозғалып, аяушылығы оянды. Сол сезім
жетегінде өзін ұмытып, қамқорлық көрсетпек ниетпен
астына басылып қалған қолын күшпен тартып алып,
арқасына әкеп салып еді, саусақ ұшына дудыраған ұзын

шаш ілінді шұбатылып.
Жауырын тұсынан ырғап, «жеңге» деп еді, қарлы-
ғыңқы дауысының өзінікіне ұқсамай шыққанын анық
аңдады. Тамағын дымдамаққа өндіршегін қозғап жұты-

нып алып сәл қимылдағанда, кеудесіндегі «жезтырнақ-

тың» ендігары ажырамас болып тас қыла құшақтағанын
білді. «Жеңге» деп тағы бір кезек хабар салып еді, жауап
болмады. Есесіне, қаусырылған қары одан сайын қысып,
тынысын тарылта түсті. Артынша бір жақ жанында

илектене батып, бүктетіліп жатқан көрпені суырып
тастамаққа, саусағы қармаған жерден бекем ұстап,
жайлап тартты. Құдай оңдағанда, болмашы сыз тартып,
бусана қалған жұмсақ жамылғы кептелген орнынан еш

қиындықсыз босап, қолына еріп жүре берді. Есесіне,
тұсындағы шой салмақ сәл ауып, бір иығын зілденіп баса
түсті.
Көп ұзамай науалы тар төсекте бұлай қабаттасып,

қатар жатудың қиын екенін шамалады. Өзін тым жайсыз
сезінген соң, бір жанынан орын бермек боп, жаншып
бара жатқан ауыр «жүкті» солай аудара, екінші жаққа
қарай ығыса берді. Сол екен, алақаны барып жабысқан

нәзік арқаның сыртындағы үлбіреген жұқа шүперектің
шылқыған су екенін білді. Сонда барып шаңырақтың
әлі ашық тұрғаны есіне түсіп, сасып қалды. Аздың
алдындағы апаш-қапашта қаперден шығыпты. Шұғыл

бұлқынып, ыстық құшақтан сытыла жөнелмекке әрекет
жасап еді, болмады... тас қылып қармап алған қуатты
білек тырп еткізбеді. Сосын амалсыз айла жаңалап,
байыпты қимылға көшті. «Жеңге... түңлік ашық қа-

лыпты... барып, жауып келейін...» деді қиыла өтініп.
Арада көп өткен жоқ, бүрмендеген мығым топшы тауаны
қайтқандай тосын босап, болбырап сала берді. Рұқсат
болғанын сонда біліп, оқыс серпіліп, орнынан тұрды

да, аяқ киімін зорға тауып киіп, жалаң бүрсеңдеп түзге
жүгірді. Әлгіндегі төпеген сел нөсер сәл саябырлағанмен,
сыздықтай төгілген сірке жаңбыр әлі толастамапты.
Тітіркене жүріп, алдымен үйдің оң бүйіріне шықты,

белдеудегі жел ұшырған түңлік бауды саусақ ұшына
әрең іліктіріп, созыла солқылдаған ескі жіптің үзіліп
кетуінен сақтана жүріп, тартып жапты. Шылқа су сіңіп,
астына жабысып қалған құрым киіз белге салғанда барып

еріне қозғалып, орнынан әзер жылжыды. Қолындағы

бауды бастырманың қазығына байлап, ішке енсе, тас
қараңғы түнекке тұншыққан үй тынысын ішіне алып,
тына қалыпты. Табалдырықтан аттаған жерде әнтек
ошарылып, бөгеліп қалды.

Байқаса, орнындағы шақырусыз келген «қонағы»
әлі кетпеген сыңайлы. Әй-шәй жоқ жүгіріп барып,
көрпесіне қайта сүңгуге дәті бармай, төсектің аяқ
жағында себепсіз іркіліп, кідіре берді. Далаға шығып,

шамалы жаурап қалғандікі ме, манадан бері бір сәт
есінен көтерілмей, ойында жүрген әлгіндегі от құшақты
қанша аңсап, өліп тұрса да, ішкі бір тиым бетінен қағып,
табан тіреген тұсынан тапжылтпай қойды. Осының бәрін

ұғып, сезіп жатқан болар, кешікпей кереует үстінен
қыбыр білініп, сықыр шықты. Неге олай болғанын өзі
де байыптай алмады, осы тұрысында шашы қобыраған
жас келіншектің жастықтан басын көтеріп алғаны,

одан еңкейіп, өзіне қарай үзіле қол созғаны... ашылған
алақанын ары­бері қозғап, бос ауаны қармағаны... бәрі­
бәрі, ілкіде бір көргендей ап-анық көзге ұрып, сүзіле
елестеді. Әлденені жан ұшыра іздеп, еміне ұзаған сүйрік

саусақтардың өзіне қарай бірте-бірте жақындап, таяй
түскенін де қапысыз сезді.
Аңырап аңсап келе жатқан ақ білікке білегін апарып
жалғай берейін деп бір тұды да, неге екенін, батылы

жетпеді. Өзі келіп тауып алуын күтіп, демін ішіне алып,
қыбырсыз тұрды. Ақыры қайда екенін дәл баса алмады-
ау деймін, «Есен!» деп үн қатты жыламсырап. Мана
кептелген өксіктің көмейінде тарқамай әлі жүргенін

даусынан танып, жаны ашыды. Өз-өзіне толық келіп
болмағанын енді аңдап, бұдан ары үнсіз қалуға тағаты
жетпей, қолын созды алдыға қарай. Сол сәт қараңғыны
қармап, бір-бірін жаныға іздеп жүрген ынтық саусақтар

ұшқаса кетті зарыға қауышып. Жай тоғысуға қанағат
етпеген болар, аздың алдындағы қайратты қар келіп
оралды аш беліне. «Қайда жүрсің?» деді ешқашан босат-
пайтын сыңай танытып. Жақындап барып, аяқ киімін

тастап, еңкейіп еді, бағанадан жабысып, айырылмай

қойған ыстық қол өзіне қарай тартып, еркінен айырып,
құлатып әкетті ырықсыз. Шынтақтап барып әрең
оңшалып, бір қырына қарай жантайды. Іле, «қорқам...
кетпе қасымнан!» деген булыға шыққан құмығыңқы үн

келді құлағына. Ығысып орын бергенше болмады, аздың
алдындағы маздап жанған өрт құшақ қайта жанасып,
тас болып қатып қалды. Әлі басылмаған үрейден болар,
бойы оқыс селк ете қалып, шоршып жатты жанында. Аз­

кемнен кейін сәл дамыл тапқанда барып, өз жүрегінің
аттай тулап, соғып тұрғанын білді. Тер, әлде төбеден
түскен жаңбыр тамшысы екені белгісіз, бүкіл денесі қара
суға малшынып кетіпті. Даладан ілесіп келген суыққа

тітіркенер деп аса жақындамай, қашқалақтап еді,
онысына қоймады, қаусырыла бере, бүріп әкеткен қуатты
білек одан сайын қыса түсіп, өзіне мүлде жабыстырып
алды. Тамағының астына шарпылып, жалын бүріккен

маздақ демі сәлден соң-ақ маңдайының терін бұрқ
еткізді. Өртке оранғандай күй кешіп, бұрын болмаған бір
бейтаныс әсерге бөленді... Кеуде тұсы қоз басылғандай
күйіп барады. Аздың алдында сәл аялдаса мәңгілікке

айырылып қалардай асыға созылып, аптыға қармаған
қарулы қар өзіне қарай жұлқа тартып, жұлып әкеткенде,
қозының құйрығындай былқылдаған әлдене жұмсақ
зат төте келіп төсіне жабысып, сол арада іркілдеп ұйып

қалып еді, арада аз өтпей арасына шоқ ораған мақтадай
қоздай тұтанып, жан шыдатпас қоламтаға айналды. Сол
маңнан дүркін-дүркін дүр көтерілген ыстық толқындар
жан-жаққа жамырай тарап, тұла бойын дамылсыз соқты

да тұрды. Жан тындырғандай рақат ағын жайыла барып
буын-буынын алып, сүйектері балқып бара жатқандай
бір маужырақ халге еніп, сұлық түсіп, қыбырсыз қалды
сәлден кейін.

Бір кезде есіне келіп, өзін тапқанда аңғарды: орала
құшқан қыз құшақ құныға құшарланып, тіпті де қыса
түсіпті. Жуырманда жіберетін емес. Әлесе-әлі жиырыла
қалтырып, өзімен-өзі болып, қарадай жанталасып кетті.

Аздан соң иегінің астынан шыққан «жүрегім жарылып

кете жаздады... қасымнан кетпе, жалынам...» деген әлсіз
үн естілді. Айтқандарын құлағы шалғанымен, не деп
жұбатарын білмеді. Сүркейлі жайдан шошынып, өңі мен
түсі араласып кеткен сүйкімді келіншекті іштей аяды.

Адам баласының басынан мұндай да қатерлі мезеттер
өтетінін ойлағанда, үрейі ұшып, иман үйірді. Байқамаса,
ондай сәтте кісінің ақылы ауысып, ауытқып кетуі бек
мүмкін секілді, куә болған мына жайды соның жанды

айғағындай білді.
Әлден уақыттан кейін танауына бір тұшымды леп
келді талықсып. Кебір татыған кермек иіс. Манадан
бері соны жұтып, қорғасындай балқып жатқанын жаңа

аңдап, дәніккен дәмемен демін ішіне құмарта тартты.
Кеңсірігін керней өрлеген мақпал шаштың майда
жұпары талағын тарс айырып кете жаздады. Сөйтсе,
бағанадан байқамапты, әдемі келіншектің жұп-жұмыр

алтын иегі тамағының астына тығылып, өндіршегін
искеп жатыпты. Шықшытын шамалы басып еді,
жеңіл сипалып, қобыраған жұмсақ қыл жанаса берді
тұмсығына. Тысқа ұрған демінен үлбірей ұшып, дірілдеп

тұрғанын анық мөлшерледі іштей.
Әлгіндегі үздіккен күбір шып басылыпты. Шалық
тигендей шақ-шәлекей еткен сұрапыл үрей мақсатына
жеткен соң, құйрығын ұстатпай жөнеп берген секілді,

көршісі жөнін біліп, дәт бекіткендей, жаны терезе тауып,
тынып қалыпты. Не болып, не қойғанын байыптамақ
болса керек, қыбырсыз тұқырып, үнсіз уылжиды.
Ұйықтап кеткенін, әлде ояу екенін әудемге дейін

айыра алмады. Есі кірген естияр шағын қанағат тұтып,
әліптің артын бағып жата берді. Бірақ, ішкі жағы құйын
ұрғандай әлем-тапырақ еді. Көптен бері жын қаққандай
жаныға армандап, артынан екі беті от боп өртеніп,

әлдеқалай қысылып қалып жүргенімен, осы күнге
осылай оп-оңай қол жеткіземін деп ойлап па еді күн
ілгері! Енді, бүгін, мына жағдайына өзі де таң-тамаша.
Сенер-сенбес бір халде. Бастан кешкендеріне нанып,

иланған сәтте аса ризалықтан жүрек басын бір жылы

ерін сүйіп өткендей, бойы жібіп сала берді. Ал, аздың
алдында ғана андай жерде ай нұрына шағылысып, күміс
сабаудай созылған асыл білектің дәл қазір жауырын
тұсынан орап, қаусырып жатқанын ойлағанда, мұн-

дайды көрмеген балдыр денесі бір ысып, бір суыды.
Ізінше балғын төсінде көлкіп тұрған от балқыманы
есіне алғанда, ақылынан адасып барып, әупіріммен
әрең оңшалды. Қандай бақыт десеңші?! Өмір-бақи

осылай рақат құшағында талықсып жата бергісі келді...
Мерейі тасыған адамның ешқашан көзі жұмылмайды
екен. Кірпіктерін қайшылап, қанша қалқалайын десе
де, қашанғысындай арасына ине шаншып қойғандай

бағжиып, бақырайды да тұрды. Құлағы да сауысқандай
сақ қалыпқа көшіпті. Соның арқасында сәлден соң
сырттағы себезгі жаңбырдың толас тапқанын білді.
Нөсер-селін аямай төгіп­төгіп алғанға бұлт қабаты

жұқарып, селдірей бастаған тәрізді, төңерек ала көлеңке
тартып, үй іші күңгірт жарыққа жүз бояпты.
Құшағындағы келіншек ояу екен. Әлден уақта
әлдененің аяғынан қыбырға келіп, шеңбектеген құрсауын

босата берді. Ішіндегі біраздан бері жиналып қалған мол
тынысын үздік-создық ағытып, қыстыға күрсінді. Ары
қарай тағы да үнсіз қалды. Алқымын шарпығын соқпа
лебінен демінің сондай қапырық екенін аңдады. Сұлық

қалған қармен бірге манадан бері көкірегін қарып тұрған
от балқыма да сусып алыстай берді... жып-жылы орнын
сұп-суық сумақы жел жалап, қарадай тітіркендіріп
жіберді. Әйелзатының тән қызуына қақталып, дүние

ләззатына дәнігіп қалған ұйық кеудесі әлгібір был-
қылдақ сұйық қоламтаны зарыға аңсағандай болған
соң, құлындаған сол қалауының айдауында еркінен тыс
ұмсынып, табы басылмаған уыз денені шұғыл құшып,

өзіне қарай тартты. Ақылды аударғандай тым тәтті күйге
тоғытып, тұншықтырып әкеткен өрт құшақ сол сәт алапат
рақат иіріміне қайта батырды. Қазантолмастың үстіне
бұлықсып келіп қатар қонақтаған қоймалжың қоздың

жасырын қызуы ішке өткенде, ес тандырар сүйсіністен

еріксіз үн салып, ыңыранып кетті. Соған жалғас
орталарына әлгінде келіп орнап, ойнақ салып жүрген
ызғарлы құйынның кенет сап басылып, әлдеқайда ұшып
кеткенін сезді. Одан ары өзек жарды тілегі орын болған,

бақ қонып, барақат тапқан бір масаң күй алақанына
алып, ұйқылы баладай балбырап, тырп етпей жатып
қалды.
Сонау бір кезде өзі де күтпеген оқыс қимыл жасап,

қаусырулы қарын себепсіз қыса түскенде, құшағындағы
ыстық тәннен аздың алдындағыға ұқсамайтын бір сезікті
діріл білініп, содан секем алып, жауырынына қол салды.
Сонда аңдады: иығы селкілдеп жылап жатыпты. Түкке

түсінбей тіксініп қалды. Әуелгіде әлгіндегі орынсыз
қылығыма ренжіп қалды ма деп бір тұрды да, артынша
өзінің назар аударуын күтіп жатқандай, сәп салғаны сол,
өксігін үдете түскенін байқап, басыла берді. Іс мәнісі

басқада сияқты. Алайда, біразға дейін көңіл көншір
жауап таппай дал болды, әрі не деп жұбатарын білмей
тосылды. Содан не де болса, соңында бір хабар болар
деген байламға келіп, өзінің ешбір қолғабыс ете алмаған

шарасыз халіне налып, тырп етпеген қалпы қала берді.
Әлден уақта селкілдеген иықтың секірме солығы
кішкене басылғандай болды. Сонда барып зорға тілге
келіп, «Не болды жеңге? Неге сонша жыладыңыз?..»

деді дауысы дірілдеп. «Әлде маған ренжіп қалдыңыз ба?»
дегенді қосты сәттен кейін, қанша жолатқысы келмей
тұрса да, қайбір жерінде тікендей қадалып тұрған соң.
«Жо-ға...» деді жеңгесі үнінен ішкі қобалжуы әлі толық

басылмағаны аңдалып. Айтқандай-ақ, соның арасынша
болмады, өзін-өзі тежей алмай, тағы бір өксіп қалды да,
аяғын алысқа салып, ұзақ жылады. Бұл аралықта бір
білгені: келіншектің өзіне ренжіп жыламағаны болды.

Оны өз аузымен айтты. Күпті көңілге бұл да сәлге медет
болғанымен, оның неге сонша егілгенінің түбіне жетпей,
жаны, бәрі бір, тыншымас еді. Тереңіндегі шешуі та-
былмаған күдікті күрмеу сол күйі шие боп қалар еді.

Өзіне бір қатысы бардай сезіліп, арқасына аяздай батқан

«неге?» деген түйткілді қайта ойлағанда, аржағында адам
баласына ашпас бір құлтасы бар жылауық келіншекке
қарадай жаны ашып, еметайы езілді. Бір қарағанда
бақыттыдай байқалатын бейуаз жанның пора-порасы

шыға сорасын төккен мына күйреуік халі жүрегін шын
жібітіп, елжіретті.
«Сырттай көңілді көрінгенмен, көкірегі толы шер екен
ғой! – деді ішінен. – Нені ойлап жылайды екен сонша?»

Бірдеңе айтып, уатқысы келгенмен, әзірше одан түк
өнбесін шамалап, бөгеліп қалды. Әлден уақытта өзегіне
жиылып, шемен боп қатқан ашты өксігі сорғалаған
жасымен бірге сыртқа шығып, сарқылып бітті ме,

селкілдек денедегі иек қақтырған секірме қалшыл
саябыр тауып, өкпелеген баладай созақтата іш тартып,
ықылық атып жатты.
Алдыңғы жолғыдан сабақ алып, қашан өзі сөзге келіп,

жауап қатқанша үндемеуге бекіп еді, өз­өзіне толық
келген болар, босап кеткен бойын жиып алып, бірдеңе
айытпақ ыңғай танытты сәлден соң. Әуелі жылай-жылай
қаңсып қалған тамағын бір кенеп алып, артынан «Саған

да маза бермедім-ау!..» деп сөз бастады дауысы қалтырап.
Содан тағы біраз үнсіз қалып, айтпақ болғанын әлтаман
«Шошып кеттім...» деп жалғап, әңгімесін сабақтап кетті
ары қарай.

– Шошып кеттім!.. – деді өкпесін қаққан өксікті

зорға тежеп. – Жүрегім тас төбеме шықты. Жарылып
кеткен шығар деп едім, Құдай сақтаған да, аман екен,
әйтеуір... Сен ес болдың ғой... болмаса, қайтер едім?
Шаруам бітер еді онда! Шырт ұйқыдан шошып оянудың

мұндай сұмдық боларын кім білген... Тура қасыма жай
түсіпті деймін... Көзімді ашсам, жасынның жарқылы
маңайды жалап алып, сөніп бара жатыпты... Таяу маңда
бір жанашырымның бар екені ойыма сап етіп, солай

қарай ұмтыла бердім... – Осы ара келгенде бір бөгеліп,
сәл тыныстап алған келіншек сөзін қайта септеді. –
Қарсы жақтағы бір қуысқа барып құлағанымды сездім,
аржағы күңгірт... бар болғаны, тынымсыз от шашқан

аспан жарқылының үзік ұшқындары қаперіме ұрылып,
көк күркірінің жаңғырағы құлағыма талықси жетіп
тұрды... Әлден уақытта зорға аңдадым, әлдебір жылы
ұядан пана тауып, кеудеме жан шақырыппын. Соның

арасынша болмады, жан-жақтан анталаған жау күдікпен
арпалыс бастадым жағаласып. Қайда жатқаным есімде
жоқ. Соғып өткен сұмдық қорқыныштан шалықты күйге
еніп, есеңгіреп қалыппын. Аздан соң барып не болғанын,

басымнан қандай жағдай өткенін ептеп шамалағандай
болдым. Сонда да көп нәрсе анық емес еді... Жығылғанға
жұдырық деген, сірә, осы болар, арада аз өткенде
қалқасын сағалаған жалғыз қамқорым әлдене себеп

айтып жанымнан ұзап, сытылып бара жатты. Басында
дегеніне нанып артында қалып едім, қалтырап жатып
қанша күтсем, келмеді. Ақыры өзім қозғалып, әрекет
жасауға тура келді... Әлдебір сергек түйсігіммен анық

пайымдадым: талайдан бері алыс кетпей, көмейіме
кептеліп жүрген бір «ықылық» бар еді, осы бір иім жібіп,
дәтім жұмсарған шақты аңдып жеткендей, тұтқиыл
келіп алқымыма жармаса қалғаны. Өзімді тежей

алсамшы! Қолқамнан лықси қотарылған өңез өксігімді
баса алмай ал келіп еңірейін... солығымды тартып ағыл-
тегіл ақтарылдым. Арыла жылап жатқанда не келмеді
ойыма... алыста қалған ата-ана, бірге өскен құрбы-

құрдас, етектесіп ержеткен аға-әкпе, іні-сіңілі... бәрі-
бәрі көз алдымнан тізіліп өтті... Өткенде жақсы апамнан
сенің жолға шыққаныңды естігенде, қаладан өз бауырым
іздеп келетіндей көңілім елегізіп еді. Артынан өзіңді

көргенде, дәл сондағыдай болып, әлдебір жақыныммен
қауышқандай, артта қалған барша туыс-туғаным есіме
келіп, жан-жүйем нілдей бұзылып, бұршақтай қалған
көз жасымды сенен ұялғаннан ғана тежеп едім... көкірек

түбімде түйіліп содан бір дық қалған сықылды... алып
соққан аласапыраннан соң тиегі ағытылып, байлауы
шешілгендей, ал келіп лекіте лақылдасын... іш құстам
түк қалмай артарылды...

Осы арада сөзі оқыс үзіліп, тына қалған келіншек

тағы босап, солқылдайтын шығар деп еді, тұспалы теріс
кетіпті, ондайға бармады. Әңгімесіне ненің бөгет болғаны
анық аңдалмай, жағдайсыз тосылып, жатты да қойды бір
ауық.

Бір есептен, бұл да бір сәті түскен кідіріс болған секіл-
ді. Әлгінде естігендері есіне салып, өткенде, осында жаңа
келгенде өздерінің үйінен алғаш көргендегі келіншектің
жүрек елжіреткендей мұңлы бейнесін көз алдынан

қайта бір өткізді. Сонда әжесінің орнында отырып шәй
құйғандағы жаулығы желкесіне сырылып түскен сынық
сыңайы сол күйі келіп кірпігінің ұшына ілінді. Соған
жалғас, осы отауда тұңғыш рет қонақ болған тұстағы

қиуадан қиысып, қол созым жерге келіп белі үзіле
еңкейіп тұра қалған құлын мүшелі сұлу мүсіннің ту
сыртынан сұқтана қарап, танауына шарпылған жұпар
иістен әнтек масайып, еркінен айырыла ұмсынып,

артынша құшақтай алуға шақ қалып барып, бағытын
өзгертіп, көңілі босаған қалпы табалдырыққа беттеп,
далаға қарай ата жөнелгені жаңғырды жадында. Сонда
сырт тұлғасынан жан жабырқатқандай бір жабығыңқы

кейіп байқалып еді, сол тегін емес екен ғой. Бақса, енді
бәрі ашылып, ашыққа шыққандай...

– Сондан бері үйді сағынып өліп жүрмін... – Ойын

көршісінің діріл аралас әсерлі үні бұзды. – Әке-шешемді,
бауыр-туысымды, құрбы-құрдастарымды аңсайтын жаңа
әдет таптым. Сені көрген сайын солар есіме түсіп,
тамағыма бүлкілдеп өксік тығылатынды шығарды...

Бүйірінен қандай жын түртті, білмеді, буынсыз жер-
ден пышақ салып, сүйреңдей жөнелген қызыл тілін
тістеп қала алмады.

– Бәлкім... өкініп жүрген шығарсыз? – деді, келіп

қалған сөзді қайта жұта алмай.
Жауап орнына естігені қарсы қойылған сұрақ болды.

– Неге... неге өкінем? – деді келіншек құйтырқы

сауалға түсінбей қалған сыңайда әнтек күмілжіп.

– Мұнда келгеніңізге деймін?.. – деді, өзінің орынсыз

жайді қозғағанын соңыра аңғарса да, бастаған әңгімесін
аяқсыз қалдырғысы келмей.

Бір сәт тосылып қалған келіншек тек сәлден соң барып
әлденеге налығандай бір күрсініп алып, тіл қатты.

– Жоқ! – деді нық сеніммен. – Мен мұнда келгеніме

ешқашан өкінген емеспін. Егер сен солай ойласаң...
қателесесің! Мұнда зәредей де күдік жоқ. Қайталап
айтсам, мұнда келгеніме мен бүрын-соңды опынған
емеспін. Ондай жай бұдан кейін де бола қоймас... кезінде

барлығын өз ақылыммен шешкем! Армандағанымдай
болмаса да, жаңа мекенімде жақсы өмір сүріп жатырмын.
«Әттеген­ай» дейтіндей ештеңе жоқ. Дегенмен, өзімнің
ілгеріде естіп көрмеген бөтен елде, ат аяғы жетпейтін

қиян шетте, үйренбеген ортада күн кешіп жатқанымды
жалтарыссыз мойындаймын. Бағып-қаққан әке-шеше,
еш уақытта айырылмастай көрінген ыстық ұя алыста
қалды. Қай тұста қалғанын өзім де білмеймін. Тағдыр

деген осы шығар, қиуада кездескен бейтаныс біреудің
етегінен ұстап кете бардым. Оған, міне, үш жылжың
жүзі. Содан бері артқа бір ат ізін салмадым. Ал осы отыз
неше айдың ішінде сол етене дүниелерді естен шығару

мүмкін бе? Мүмкін емес. Ұмытпаған соң қайтесің?
Аңсайсың... сағынасың! Бірақ, бұл ынтық сезімді өкі-
нішпен шатастыруға болмайды. Жасырмаймын, құтты
мешін үйімді көргім келіп өліп жүрмін! Бұрын қадірі

білінбесе, енді бітпес арман! Жастықпен тәтті дәмін
қана татып, бағасын салмақтап үлгірмеппін! Бастан
ауған дәуреннің қайта айланып келмесін білсем де,
жатыпкеп аңсаймын... Ілкіде анда-санда еске алып,

елжіреп жүрсем, сен келгелі бері жиілей түсті. Артымнан
әлдекім іздеп келердей болып, елеңдейтінді шығардым.
Күл астында тып-тыныш қоздап жатқан қоламтаға май
құйғандай болдың. Сені көріп ақылымнан адастым.

Сыртай білдірмегеніммен, үйге қамалып алып, күнде
егіліп жылаймын. Сендердікіне қарай саңым ауып
тұратын болғалы қашан?! Іштей таусылып біттім.
Өзіңмен сөйлесуге құмар болдым. Сенен өзім өскен қала

туралы сұрағым келеді. Бірақ, не сұрамақпын, нені
білмекпін... өзім білмеймін. Ала келген кітаптарыңды

оқып, бір жасап қалғаныммен, одан тапқан жұбаныш
көпке созылмады...
Осы араға келгенде сөзін үзіп, бір сәт тыныстады.

– Қайта қоздаған қоламта оңайшылыққа сөнбейді

екен. Зарығым басылып, қаталаған шөлім қанбады.
Уытты уайым көңіл кірбең тартып, қайдағы бір жабырқап
қалған шақтарда түп етектен алып, ту-талақайыңды
шығарды. Дәл бүгінгідей оңаша қалған кездерімді аңдып

келіп, маңайымды ториды. Өзің де білесің, менің жалғыз
қалатын кездерім көп. Ағаң кейде аяқасты ауданға, не
ойға түсетін болып қалады... төменгі молда кісінің кенже
қызын әкеп тастап, кете барады. Мен қалам босағаны

жалғыз күзетіп. Үйге қонатын қыз қанша дегенмен
бөтен ғой, тосырқап тұрады. Кейде кетіп қалып, бүгінгі
құсап, келмей қалады. Талай рет таңды жападан жалғыз
атырдым. Ештеңе дей алмайсың. Жақын жүрген, сыйлас

адамдар... не дейсің. Сырта жүргенде жарты көңіл
болмай, шаруасын алаңсыз тындырсын деп, отағасыға
да тіс жармаймын. Соны деп жүрген жоқпын ба мұнда...
сол үшін бәріне шыдадым. Әр жолы Құдайдың басқа

салғанын көрермін деп күліп шығарып, артында қала
берем қарайып... Сондай кездерде торуылдайды қамырық
ой. Арғы түбі – қайраң... шетіне ілінсең, тереңіне тартып
әкетеді. Жанында ермегі жоқ қара басқа өңге бұйырары

да болмаса керек. Алдымда бір алданышым болса, соның
бәрі білінбес пе еді... Міне, үш жылға айналды...
Осы тұста оқыс өксіп қалған келіншек әңгімесін
жалғай алмай, тұншығып қалды. Содан талайға дейін

қыбыр-жыбырын сездірмей, үнсіз жатты. Тек әлден
уақтан кейін жанаса қатар жатқан жұмсақ иығының
дірілінен оның қыстығып жылап жатқанын білді. Бұл
жолы да не деп жұбатарын ұқпай, қатты қиналды. Тағы

да беймәлім шарасыздық буып, тырп ете алмады.
Бір ауықтан кейін үй ішіне көз жүгірткенде, жаңа сыз
берген елең-алаңның бозамық сәулесі есік-тесіктен ендей
жамырап, аздың алдындағы қараңғы кеуекті қарашық

оздырар боз мұнарға толтырғанын көрді. Қарсы беттегі
жуан уықтар көзге зорға шалынып, білеулене бастапты.

Енді көпке қалмай ақ таңның аппақ ататынын анық
шамалады.
Жанындағы анда-санда бір бүлк етіп қойып, сұлық
жатқан уыз дененің өксігі басылған секілді. Дүлей

ұйқы қамап, мызғып кеткендей, тым­тырыс болып тына
қалыпты.
* * *
Жасаған қаншама қайраты далаға кетті – көкірегінде

құлындаған қоңыр күйін қуыс домбырасының шанағына
көшіріп, қондыра алмады. Жанын аялаған мұңлы әуенді
қос ішектің тербелісіне теліп, көгендей алған жоқ.
Құлағының түбінен алыс кетпей, тынбай ызыңдайтын

тәтті ырғақты қасымда ұстап қалсам деген талпынысынан
түк шықпады. Үкілеген үміті ақыры желге ұшып, сөніп
тынды.
Жүрегінен селдей төгілетін майда сазды іштей қи-

майды. Өзімен бірге мәңгілікке алып қалғысы келеді.
Арманда қалмаудың жалғыз жолы – кеңістікте қалқыған
құпия дыбыстарды тоғыз пернеге матап, тапал тиекке
таңу екені де аржағына аян. Бірақ, құбыла үйірілген

көмескі мақамды қармауға келгенде кем соғып, жер
қауып қала береді. Төккен тер ылғи да селге кететін
осы бір зая тірліктің тағы қаншаға созылары да белгісіз
қазірше.

Бұрын болмаған бөтен хал кештіріп, бейтаныс күйге
бөлеген әсерлі әуездің қашан, қай жерде маңына үйіріліп,
төңерегін тори бастағаны есінде жоқ. Осында келген
алғашқы күні басқа бір әлемнің есігін ашып, босағасын

аттағандай болған-ды... сонда жүрегін шымырлатқан
асыл сезім тарқамаған қалпы осы бір саз тербеген
сиқырлы дүниенің іргесінен әкеп бірақ шығарды ма,
содан бері тарқамаған бір тәтті әуеннің әлдиінде.

Арада қанша күн өткенмен, көп нәрсені түсіне алмады.
Әлденені аңсағандай болады үзіліп... бірдеңені сағынады
зарығып. Бірақ оның не екенін білмей дал. Аржағында
бір қанып болмас шөл, сарқылып бітпес зарық бар. Өзіне

ғана аян кінәсіз кіріптарлық. Қырда өскен қызғалдаққа
талпынған таң самалындай дәмелі ұмтылыс. Бұрын
бастан кешпеген, қызығына жан құнығар құмар дүниенің
бал дәмін күнібұртын татып, соған ынтыға ұмтылған бір

ынталы ықылас. Тереңінен қайнап шығып, әлденеге
кіріптар етіп, тамсандырып кеткен іңкәр тілек... ашқарақ
көксеу. Және сол тойымсыз сұранысты қанағаттандыра
алмаудан туған қалың мұң. Беймезгіл көкірек шымшып,

ығыр қылар қытымыр қайғы емес, жақын маңның
жарқын жүзін көлегейлеп алған қою мұнар секілді
ұйыма уайым... Иінді басқан сол көлеңкеден маңайдан
маңғарасын көрсетпес марғаулық байқалып, қашанда

қамығыңқы халде ұстар қара тұман анталайды...
Соның салдары болар, бұл күнде құлқы көміліп, құлағы
бітелгендей ештеңеге зауқы соқпас, енжар, еренсіз күйге
ауысқан. Дауылдан соң дамыл тауып, тынып қалған

тынық теңіз айдыны тәрізді тымырсық тыным...
Әрине, бұл – сәл кейін келіп, шырмап алған шырмауық.
О баста ондай емес болатын. Әуелбаста бәрі басқаша еді.
Мұнда келген алғашқы күндері кенересі толып,

керемет көңілді жүрді. Жаңа құшақ ашқан жұлдызды
сәттердің табалдырығына нық табан тірегендей өзін аса
шат, шадыман сезінді. Не себептен екенін анық аңдамаса
да, байқаусызда бақ қонып, бақыт таңы атқандай бір

мейманасы тасыған мерейлі мезеттерді бастан кешті.
Ал... әлдекімге есесі кетіп, еншілі сыбағасынан айрылып
қалғандай болған қамығыңқы шақтарының басталғаны
кейін... мұнда.

Қалаға қайтуы керек екенін ойда жоқ есіне салды
бір күні әжесі. Оқуы бар екен онда қалған... тоқуы бар
екен. Күтпеген сөзден сасып қалғаны сонша, жүрегі
аударылып түскендей болды. Ертесі таңертең зілдей ауыр

мұң арқалап оянды. Екі иығына тас ілінгендей, қашып
құтыла алмас батпан қапаға тұтқын болғанын артынан
аңғарды. Соның аяғы ақыры құлағында күрсіністі күй
ойнаған осы бір қамырық күндерге ұласты. Ал, мұның

алда тағы қаншаға созылатыны әлі белгісіз.

Даңғаза, дабырдан ада, бір қалыпты қыбырлаған бір
ыңғай сәттер кібіртіктеп сырғи жөнелген. Содан қайтіп
бір серпіліп, сергісеші! Тұмшалаған тұманның жуық
арада айығар түрі де көрінбеді. Өткен күндер өтіндегі

шадыман шақтар қайта келіп басқа қонбас ғайыптың
құсы болып ұшып кеткен... әлдеқашан арманға айналған.
Айнала маңнан мамырлай шөккен өлі тыныштықтан
басқа ештеңе табылмайды. Барлығы зым-зия. Көңіл

құлазыр үнсіздіктен қайрат қайтып, жігер жасығандай.
Бірақ, қалай екенін, соны... соны мұның жаны қалайтын
сияқты. Аржағында түк қарсылық жоқ. Қайта... ұнатып
қалғандай, өзек жалғамақ болып, ұмсына түседі. Бұрын

бастан кешпеген алмағайып мезгіл өтінде, жан сұраны-
сына жауап іздеп шарық ұрады.
Жарық жалғанның былайғы қызығына елең етпес
болғалы қашан?! Қазір ештеңеге селт етпейді... ештеңе-

ден секем алмайды. Өзімен өзі. Оңаша шығып алып,
ұзақ-ұзақ ойларға шомады... Бәрі де бір шетінен ішкі
қалауына жетек боп ерген шырын қиял, тәтті армандар.
Әлдеқайда алып ұшады қаңбақтай қалқытып... Кейде

бір ес жиып, өзі туралы ойлағанда қандай жағдайға тап
болғанын пайымдап, қайран қалады. Жан дүниесінде бір
ынтық тілектің бүр жарғанын... әлдебір асық ындынның
көз ашқанын шамалап, анық ештеңенің байыбына

бармаса да, белгісіз жұмбақ әлемнің шетіне жетіп тоқ-
тағанын бағамдайды.
Қаншаға ұласты осы бір манаураған маужырақ хал?
Білмейді. Білетіні бір хикмет сәуленің көкірегіне саңлау

түсіріп, әлденеден дәмелендіріп, әлдеқайда талпынтып
қойғаны. Үздіктіре баурап алған сиқырлы сағымның
не екенін жыға таный алмаса да, қарсылықсыз мойын
ұсынып, ығына жығылады. Содан бермен шарасы тау-

сылған бір дәрменсіздікке бой алдырған.
Осы бір ойсоқты оңашалықтың қашан қармап,
қаусырып алғаны да есінде жоқ. Жадында бары: өңгеге
құлықсыз боп, өзгеріп бара жатқаны. Сан сапалақ сана

сапырылысына тұтқын болып, ақыл-танығын көмескі

бір ағынға... құй-жылымға жалғағаны. Онысы бір
құлындаған қоңыр күй! Күмбірлеген көкірек үні. Өзіне
ғана естілетін сырлы саз... сиқырлы сарын. Енді ешқашан
тоқамас болған ырғақты ыңыл...

Ештеңеге зауқы соқпай, үйге қамалып отыра береді...
Жанына жақын санар жалғыз серігі – қос ішекті көне
домбыра. Күндіз-түні айналдыратыны – сол. Тосыннан
тап болып, өзі де түсініп болмаған көңіл тербелісін

қос ішекке көгендеп, тоғыз пернеге матағысы келеді.
Көкейінде құйқылжыған қоңыр үнді көн шанақтың
тіліне айналдырып, өз құлағымен естімек бір ниетте.
Дүрысы, әлдекімге естірткісі келеді шығар... өкініштісі,

ол қолынан келмейді. Жасырын сырын жалпақ дүние-
ге жаря етіп, жар салмақ мақсатына жете алмай,
қиналады. Соның аяғынан онысызда зіл тартып бара
жатқан ауыр мұңын еселеп тынады... Өзінің сонау бір

жылдары жап-жақсы үйреніп қалған ынтық өнерін орта
жолда қалдырып, ақсатып алғанына өкінеді. Себепсіз
қол үзіп, қарайғанына бек пұшайман. Бас шайқап,
бармақ шайнайды. Қолына алған қуыс ағашты ары-

бері тыңқылдатып, ызыңдаған мазаң ішекке өзінің
жүрек лүпілін үндестіре алмаған соң ақыры жалығып,
артына қарай сүйей береді де, орнынан көтеріліп,
сыртқа беттейді. Салғырт басып, тысқа шығады. Сосын

сонадайдан менмұндалап тұрған биік дөңге қарай маңдай
түзеп, аяңдап кете барады. Әудем жердегі үшкір төбе
жуырманда жеткізбей, ұзақ сонарға салады.
Бүгін де сөйтті. Ешқашан жаңылмайтын ескі дағды.

Әлгінде қос ішекті қуыс ағашқа іштегі қоңыр сазын
жалғай алмағанда, ақыры тастай салып, түзге ұмтылған-
ды... енді, міне, аяғын санап басып, шұңғыл жыраны
өрлеп келеді.

Санасында бір салбөксе самырқаулық бар. Әр неге
елітіп, елегізіп тұратын елірме ерік шау тартқандай
шабандап қалған. Болар-болмасқа желп етіп елеңдей
қалатын елгезек ес те жақында келіп жанын жайлаған

елжірек күйден бордай босап, болбырап барады. Содан

қанша тырыссада құтыла алмады. Демі шарпылып,
дегбірін басқан бір дерексіз салмақ екі иініне біразға
босана алмас шой болып ілінгендей, қайраңға тартқан
ынтасы етек басты енжарлыққа ұласып, еркіндікке

бастар ілік таппай, тұншығып барады. Жазған құлда,
сірә, шаршау жоқ! Кеуде көтертпес сол ауырлықтан иілсе
де үзілмей, үнсіз иықтап... жайлап басып, жылжып
келеді.

Аздан соң дөң басына тұяқ іліп, көрнеуге табан тіреді.
Еңістен ілбіп келіп, төбенің үстіне шығып, құзарға
қонған жалғыз қырандай үйреншікті орнына қонжиған
соң да жаңағы самырқаулықтан бір жазбай, қарсы

алдынан көсіле қалған кең жазықтың алыс шетіне

– сонау мұнарға сіңіп бұлдырап жатқан бұлыңғыр

жағалауға дейін ойсыз көзбен сүлесоқ қарап ұзақ отырды.
Қарсыдағы дүниеге күндегісінен де құлықсыз. Көре-көре
көзі үйір боп, лапылдаған алғашқы сағынышы саябыр
тартты ма, жылып өтіп жатқан уақыт екпініне әлі өң бере

қоймаған жасыл жайлаудың жазира алқабына аңсары
бұрынғыдай аумас болған... Үйден шығып, осы маңға
қарай қадам тастаған сәтте аржағында жылт ете қалатын,
ұлы таудың құз-шыңдарына жігерімді жанып, еңсемді

бір көтеріп, серпіліп қайтармын деген үміті де көп өтпей
семіп, сөніп тынады. Аз күннің алдында көңіл көгінде
жасын ойнатып, жер сілкінгендей терең тебіреніске
салған көрікті өлке енді қайта жан сезімін елең еткізбес

елеусіз өңірге айналған. Қарашығының түбінде әлдене
уытты зат көзі көргенді көкейіне оздырмай, өшіріп
жатқандай назарына іліккен бар нәрсе, әдеттегісіндей,
жүрегіне дарымай, сағымға айналып, ғайыпқа барып

батады. Мұндай хал, сірә, ештеңенің байыбына бара
алмай, таңырқаған жандарда ғана болатын шығар,
айнала маңына тосырқаған жанармен тосылып, тіксіне
қарайды. Қоршаған орта бұрын мұндай еместей сезіліп,

таңдана үңіледі. Өз пайымынша, өңір көрікті, өмір
көңілді еді. Барлығы жарқын жүзін жарыққа салып, өз
өсінде айланып жататын... Ондағы жан қалауы да басқа
еді, шіркін! Азат болатын онда... бостан еді!

Ал әзір одан басқа бір тілекте. Жүрегіне жайлы тиер
жағымды нәрселерді жанып аңсайды. Тереңінде бір
жасқаншақ қалау көз ашқан. Әлденеге дәніккен дәме.
Басынан өткерген, бірақ, қазір ұмытыла бастаған, сана

жақпарының қайбір жапсарында болмашы жұғыны
қалған асыл сезім. Әлсіз, ажарсыз... бірақ, соған қарамай,
өміршең. Қашан, қай жерде, қалай оянғаны есінде жоқ,
қанша өтсе де өлмей, өшпей, ілесіп келеді. Белгісіз

бір көмескі күштен қуат алған кіріптар мұқтаждық...
құйына тартады да тұрады ынтықтырып. Тағы әлдекімді
сағынған, белгісіз жанға зар болған бір елжірек хал...
Сірә, соның әсері болар, көз алдынан бір елес кетпейді.

Үлбіреген уыз бейне. Армандай асыл ару дидар. Күндіз-
түні мөлдірейді де тұрады маңдай тұсында. Әлдеқайдан
бір көрген, әлдекімге ұқсайтын ашық ажар. Бірақ,
қайдан ұшыратқанын жадына түсіре алмай, дал болады.

Түске бір кіріп, ұшып кеткен бұлдыр сағым дерсің.
Қашан келіп, кірпігінің ұшына орнап алғаны да белгісіз.
Ендігары қозғалмас болып нық орныққаны ғана анық
аңдалады.

Бұрын мұндай жоқ еді. Ешкімнің әрлі әлпеті бұлай
келіп, қарсы алдында кескін көрсетпейтін. Мұңая мөл-
діремейтін. Кейін... мұнда... бір айдың аржақ-бержа-
ғында пайда болды. Содан бері қанша уақыт өтті...

өшпеді, сөнбеді. Күлімдеп бірге жасап келеді. Енді қайта
ажырамас мәңгілік серігіне айналғандай. Өзіне ұнайды.
Күндіз-түні тесіліп, телміреді де отырады сол көмескі
жамалға. Күн өткен сайын ашылып, айқындалып келе

жатқан сүйкімді өң күлімдей жымиып, әлдеқайда мең-
зегендей... әлденені ымдағандай болады. Бірақ, қанша
қараса да, ештеңеге түсіне алмай, мысы құриды. Тек алда
елес қыздың мөлдір көзіндей нұрлы, мейірлі жүзіндей

шуақты күндер құшақ жая қарсы алардай бір үмітке
кенеліп, соның аяғынан ішкі жағында бір құмар сезім
бас көтереді. Анайы, бәдік емес, бозбалаларға тән ыстық
іңкәрлік. Көз алдынан сұлбасы кетпейтін аяулы жан

енді келіп, қасына тізе бүккендей, құлағының түбінен

сырғасының сыңғыры естіліп, жұпар исі мұрнына
ұрылғандай болып, елегізи қалады. Соңынан бір ынтық
ындын жетегіне еріп, қасында отырған ай дидарлы
аруға жақындап, қолаң шашынан искеп, қызуы алыстан

білініп, лапылдап тұрған өрт денесін көкірегіне басып,
мауқын басқысы келеді. Осы амалмен жүрек түбінде
лаулап тұрған ессіз аңсарын сөндіргісі келеді. Бірақ, ол
елес қой... сәлден соң тал қармап, апшыған меселдесі

қайтатыны есіне түскенде, өзінің осы бір бұрын-соңды
болмаған бейтаныс жағдайына таңырқап, таң қалады.
Су сепкендей басыла береді. Бірақ, сыртына тырс еткізіп
ештеңе шығармайды.

Көкірек толы қоңыр күйі көтермелейтін шығар,
көңілі шалқып, кейде көп-көп арманға қол созады. Бірде
қисынсыз болжалға, бірде жарқын үмітке кенелдірген
қызық қиялдар. Қашан, қай жерде қаперіне ілінгені

белгісіз, әйтеуір, бір асық ынтызарлық алғашқы сарсаң
сәттерін бастан кеше бастаған бұлдыр болашаққа қарай
тынымсыз шақырады. Әлдебір асыл сезім болып тілегін
әлдилеп, әлдене жылы шуақ боп жүрегін сипайды...

бақытты келешек болып құмар қылып, өзіне тартады.
Содан келер күндерге деген сенімі күшейіп, алдынан
әлдеқандай жарқын таң күтіп тұрғандай, бар ынта-
пейілімен беріліп, асыға түседі. Желіге желпінеді. Соның

соңынан... алғы мезеттер туралы не түрлі толғақты
толғанысқа, сан қилы сана толқынына сүңгиді. Ақыры
ой соқты болған оңаша жанға айналып кете барды.
Әзір де сондай бір оқшау халде отыр.

Көңілдегі көмескі ырғаққа ғана құлақ түретін тұйық
жандар қатарына көшіп алғалы қашан?! Ендігі сенім
артар жалғыз серігі – жалықтырмас қиял... Бұрын да
қиял кешетін сарылып. Тылсым әлемнің санасы жетер

жеріне дейін сұғынып барып, ойы бойлар тұстан кері
қайтатын... Дегенмен, ондағысы көбінеки балалыққа тән
балаң бірдеңелер... ертегіге елітіп ер, батырларға еліктеп
батыр болғысы келетін болса, ендігісі мүлдем бөлек

қиялдар. Бұған дейін өңі емес, түсіне де кіріп көрмеген
таңғажайып дүниелер.

Ә деп қиял қанатына мінгенде... алғашқы күні ту
алысқа шалқып кетті. Ылғи бір кісі қызыққандай
көркем өлкелерге барып, армандай сұлу өңірлерге
сапар шекті. Көз сүрінгендей көрікті таулар арасында,

мөлдір бұлақ жағасында сейіл құрып, ғимараттары
көк тіреген әсем қалалардың саялы бақтарын аралап,
салтанатты сарайларда сауық құрды. Өмірі көрмеген
көгілдір теңіз бойына саяхат жасап, жұп-жұмсақ құм-

қайраңда табанынан ыстық өткізіп тұрып, көк беткей
теңіз жүзіне көз жүгіртті. Тотияиын түстес телегей
судың әлдене құдіреттің күшімен тоқтаусыз толқып,
теңселіп тұрғанын көріп, толқып кетті. Бірақ, бәрі бір,

қай тарапқа барса да, құмары бір қанбады. Көзайым
болғандарының ешбірі жан түбінде жаңа оянған балғын
іңкәрліктің зарығын басып, шөлін қандыра алмады.
Қайда жүрсе де, белгісіз бір асыл заты артында қалып

қалғандай болып, бірдеңе олқы соғып, назарын тынбай
артына аудара берді. Керегі табылмаған көңілдің көсіле
шалқымайтыны да белгілі, уақыт өте келе шырқауларға
шарқ ұрған қиял-самғауының сәл тізгінін тартып,

ығына алған ішкі ыңылына құлақ түруге мәжбүр болды.
Не еді ол қымбат дүниесі?.. Таба алмады. Жүрегінің
тек соны ғана қалап, соны аңсайтынын ғана ақыры
анық сезіп, танып жетті. Сосын соның ыңғайына еріп,

ырқына жығылды. Жүйрік қиялына мінгенде жеткізбей
кетер нәрсе болмаса керек еді... Бірақ, бұл жолы олай
болмады... «Жоққа жүйрік жетпейді» дегендей, талайға
дейін қара көрсетпей, сарсаңға салды. Басқа емес,

еріккен ермегінде де керегіне қол жеткізе алмай, жер
сипап қалса, көз алды қарауытып, қайта барып өңіндегі
таусылып бітпес тымырсық күндер құшағына құлар ма
еді, қайтер еді?! Қайсы бір күнгі қаңғыма ойы бар шиенің

байлауын тұтқиыл шешіп жібергендей болды.
Көкейіндегі күй әлдилеп, сансырап отырған сол
күні аржағының алыстағы тауларды аңсап, талпынып
тұрғанын сезіп, санасын апарып сол биіктегі зау

шыңдарға жалғап еді, алдының ашылып жүре бергені.

«Шіркін! – деп септеді ары қарай қиялын. – Қайсы бір
күні мен таңғажайып түс көрсем. Түсіме ақсақалды шал
кірсе. Ұйқыда жатып танысқан әулие қарт жақындап
келіп маған: «Балам, ертең Ақшатқа бар! Сонда бір

жақсылық болады...» десе. Өзі бетін сипап, ғайып
болса. Ертесі ертелетіп, екі өкпемді қолыма алып,
айтқан жеріне жетсем. Ақшаттың суы мөп-мөлдір, сай
тағанында сылдырап ағып жатса. Сарқырама маңындағы

жыныс бұталардың арасына кіріп, жымымды білдірмей
жасырынып алсам. Содан көп ұзамай мен күткен
шапағатты шақтар басталып жүре берсе... Ой, онда...
керемет болар еді ғой, шіркін! – деп қойған артынша өз

ойына өзі сүңгіп кіріп бара жатып. – Алдымен шүйкедей
ақ бұлт төмендеп келіп, мөлдір сулы сарқырама маңын
айналып ұшса. Ізінше жерге жақындап келіп, қайсы бір
жалпақ тастың үстіне қонса. Сол сәт көз көрмеген ғажайып

оқиға болып, майда ақ ұлпаның үстінен ай десе аузы, күн
десе көзі бар бір сұлу түсіп, жалпақ тастың бетіне аяқ
басса. Табаны тасқа тиген соң, сиқырлы «көлігі» қайта
көтеріліп, ұшып кетсе. Қауға бұтаның қалқасынан мен

соның бәрін бағып, сығалап жатсам. Сәлден кейін әлгі
перизат шашбауларын сылдыратып, жалған дүниенің
жүзіне әр жүгіртіп, үстіндегі желбегейін жеңіл сыпырса.
Одан ары қарап тұруға дәт ете алмай мен көзімді жұмсам.

Артынан кірпіктерімді қаққанда, тарқатылған мойыл
қара шашы өкшесіне түсе, тұтас денесін жауып, үзіліп
кетердей сызыла басып, ары қарай... құлама судан
жасалған жібек пердені бетке алып кетіп бара жатқан

аруды көрсем. Көп өтпей сол көлегейдің астына кіріп,
иығына төгілген қолаң шашын тұнық ағып шайып ала
жөнелгенде, кенет ашыла қалған жақұт тәні жарқ етіп,
жалған дүниеге жарқылын шашса. Мұндай сұмдықты

көрмеген мен естен танып қала жаздап, бұта қалқасында
есеңгіреп қала берсем... Аздан соң өзіме келіп, түндегі
түсім жадыма түсіп, «Тәңір сыйлаған жақсылық осы
болар!..» деп, орнымнан тұрып, ақ бұлт қонған дәу тасқа

қарай жан дәрмен ұмтылсам. Жетіп қалғанда алдымнан

бір таныс жұпар аңқып, есімді алса. Киімнен тараған қыз
иісі екенін біліп, соған мас болған қалпымда текшенің
үстіндегі
кіршіксіз

лыпаларды
жиып
алып,
кері

шегінсем. Қалқаға келгенше құшағымдағы желектерден
жылу тарап, аптап ағын тұла-бойымды неше дүркін
соғып өтсе. Содан әл-дәрменім құрып, тасаланған жеріме
құр сүлдерім әрең жетсе. Басыла бере, әлсірей құласам.

Әлден уақытта ес жисам, жаңағы нұр сипатты арудың
құшағында жатсам. Іле көкірегімнен жан қашып, қайта
талықсып кетсем... О, онда... қандай жақсы болар
еді, шіркін! – деп, тамсанып қойған бір кезде еріккен

қиялына өзі елітіп. – Сол перизат содан қайтып көкке
шығып кетпей, мәңгілікке менің қасымда қалса... –
деп жалғаған бос сандырағын ары қарай. – Өмір бойы
жанымнан алыстамай, бірге жүрсе. Жымиып күліп,

еркелеп ойнаса...
Кенет әлдененің тықыры естіліп, сағым қуған санасы
кілт үзілген-ді. Сондағы шырын ойының бал дәмі жадында
жатталып, біржола байырқалап қалыпты. Таназарынан

тасаланбай, тамсандырды да жүрді көпке дейін. Бар
болғаны сол... дүние аяқ асты кеңіп, далиып сала берген-
ді. Әлдене керегі кемдік қылып, кібіртіктеп қалған қиял
қыраны томағасы алынғандай, қайта көтеріліп, қиянға

самғап, құйғытып кете берген-ді. Өйткені, сол сәт өзінің
нені қажат етіп, кімді қалайтынын білген еді-ау! Білген
сәтте балғын жүзі от болып ысып, жағдайсыз қысылып
қалған-ды. Бірақ, іштегі жойқын жарылысты қандай

күш тежеп қала алмақ... кете барған шығанға қарай
шарықтап.
Аңсары көбінде Ақшаттың басындағы сарқырама
маңына ауып, сол өңірді айналсоқтай берді алғашында.

Жалғыз емес, әрине. Араларынан қыл өтпейтін егіз
екеу. Сыңары – мәңгілікке қасында қалған нұрперизат.
Әлдеқашан ақиқат деп қабылданған жай. Тек екеуінің
кездескен сәттегі тебіреністі оқиға ғана неше түрлі болып

өзгеріп, ақырында бұның елден асқан даңқын аспан
әлемінен естіген ай ару өзі іздеп келіп табысқан болып

тұрақтады. Содан қайтып өзгерген жоқ. Бірақ, басқа
жағы аздап ауытқыды. Үнемі Ақшаттың ішінде қамалып
жүргенді ұнатпай қалып, бір күні қызды қатарына алып,
болашаққа қарай бет түзеді. Әлі болмаған бұлыңғыр

күндер туралы бұлдыр ойларға шомды... Өзі тұратын
қалаға барып, сонда шалқып серуен құрды. Өзге жандар
көре алмайтын мөлдір аруды өзі оқитын мектепке
апарып, қасына отырғызып қойып, сабақ тыңдады.

Дәрістен кейін екеуі қол ұстасып тағы да сайран салып,
қызыққа батты. Дүние шырайланып кеткен еді. Өмірде
де көңілге кірбең салар ештеңе қалмаған-ды. Сондай бір
бақыт құшағында алаңсыз жүріп, ойнап-күлді.

Енді бірде екеуі серуен құрып, өткенде бір жолы
түскенде көңілінің қошы табылмай, жабырқап қайтқан
көрікті таулар арасына, әсем қала мен көгілдір теңіз
айдынына барды. Ғажап ұнамды дүние! Ежелгі меке-

ніндей еліктіріп, керемет тартты өзіне. Мүлде баурап
алды. Сосын сонда сайран салып жүре берді. Әбден
ойындары қанып, құмарлары басылғанда барып кері
бұрылды. Екеуі айырылмас болып табысқан қасиетті

маңға желпініп ұшып қайтып келді. Келсе, Ақшаттың іші
тіпті де жайнап кетіпті. Соны көріп екеуі ерен шаттыққа
кенелді. Қайда барса да, қандай қызыққа батса да, осы бір
тау арасындағы терең шатқал ішіндей көркем жер таба

алмайтындарын біліп, өздері табысқан құтты қонысты
бұрынғыдан бетер жақсы көріп кетті. Сол сезімнің әсері
болар, содан кейін онша ұзамай, сол маңда ғана жүретін
болды жұптары жазылмай.

Сол қысыр қиялдың арқасында талайға дейін жан
сыздатар жабырқаңқы жайлардан құтылып, еркіндікте
жүрді. Сарсаң тіршіліктің сан түрлі мұң-мұқтажынан
арылып, құс қанаты жетпес қиянда біраз күн еру болды.

Дегенмен, көкте қалықтаған ондай бос өмірді қанша
ұнатып қалғанмен, ұйқыдағы түс секілді қиял да бір
баянсыз дүние екен... кепілі жоқ байлаусыз пәленің
маңайдың болмашы тықырынан бұзылып, шырқы

кететін секілді... даңғаза дабыр емес, қыбыр-жыбырдың

өзінен көпке қалмай ит тартқан жаман тулақтай дал-
дұлы шығады екен... аз күндік тамаша ұзаққа бармады;
онсыз да көңілінде көлеңке, көкірегінде мұң бар адамның
сайран-самғауы қаншаға созылсын, барлық шырын

халдің мазасын кетіруге дайын тұратын мезгілдің шын
кеспірі құшағына қысқан қалпы аз ғана ұмыт болған,
ойға оралса жүрек сыздар мұнарлы сәттердің мүлгіген
тұманына әкеліп қайта тастай берді. Сөйтіп, бір мезет

серік болып, сенімін тірілткен сағым дүниеден ойда жоқ
алыстап, ажырап қалды. Жаңа танысқан жанашырынан
жағдайсыз қол үзген тәлейсіздей қоңылтақсып, қабағат
құлазыды. Бұл сүреңсіз күйі онсыз да жетісіп тұрмаған

жан қаяуына қалыңдап салмақ қосты... Сол зіл жүк
бір мысқал кемімеген күйінде созыла шұбалып бүгінге
жетті. Әзір де иығын басып, еңсесін езіп отыр, міне.
Аржағына аян: басқа иірімдері секілді көкірегіндегі

қоңыр күйдің бұл да бір өзгеше өрнегі, қайталанбас
нақышы еді. Амал нешік, қуып әкеп ұясына індете
алмады. Қайыру бермей, бұлтара қашты. Құрық салдыр-
май, сытылып шығып, соңғы есепте, құтылып кетті...

мәңгілікке...
Құлағының түбіне келіп тынбай құлындаған құба
сазды домбырасының шанағына көшіріп қондыра алмай,
ақыры налып, бітпес пұшайманда қалды... өзек тырнаған

өкініш арқалады...
Арада қанша уақыт өткені есінде жоқ, сонау бір кезде
анталаған ойларды кері сырып, басын көтерсе, түнерген
аспан төбеден төне түсіпті. Аздың алдында көк жүзіне

қалқып шыққан қазбауыр бұлттар барын бір байқағандай
болып еді, енді солар қанатын кеңге жайып, тұтас әуені
торлап, қымтап алыпты. Кешікпей жаңбыр жауар сыңай
білінді ауадан.

Орнынан тұрып, еріксіз бұрылып, еңіс қарады. Көңілін
тартып тұратын бір ыстық көмбе бар еді сол тұста... жер
сипап қалды. Жер түбінен көзге ұратын ақ отау бұл жолы
шалықпады назарына. Көне жұртын барып айналып

өткісі келді де, неге екенін, ол ойынан тез айнып, жөніне
бұрылды.

Тағы бір ойлар келіп шырмады санасын. Кешікпей
есіне осы жайлауға келген алғашқы күн түсті. Сондағы
таңертең ерте уыз ұйқысынан оқыс оянып, қапелімде
ес таппай, өң мен түстің арасында мәңіріп отырып

қалғаны, артынша өзіне келіп, қайда жатқанын білгенде
қалай қуанып, қалай шаттанғаны, одан киініп сыртқа
шығып, сонадайдағы маңайынан төбе оздырған дөңге
қарай аяңдап, азкемнен кейін оның басына көтеріліп,

қарсы алдынан жайнап қоя берген жасыл өлкеге көзі
жасаурап тұрып жұтына қарағаны... бәрі-бәрі жарыса
жаңғырды жадында. Сол замат дәл сондағыдай болып,
әлде мақтаныш, әлде қуаныш... тосын лап еткен ыстық

ағын тағы бір аралап өтті қолқа-жүрегін. Кешікпей
сонау алыстан, Батпақтының аузынан көрінген ақ ұлпа
тұман қаперіне ұрылғанда көкірегін бір жылы сүйініш
кернеді. Айнымаған сондағы сезімдер. Көп күннен

соң қайта айланып соғыпты қайран қимастар! Жазбай
танып, сондағы көргендерінің өз жанында қандай із
қалдырғанын қапысыз ұқты. Одан бұрын ондай сезімдер
болмайтын. Дәл сондағындай жан тебіренісіне түсіп

көрмеген-ді ілкіде...
Іле құлағына таза күміс сыңғырындай қыз күлкісі
келді әлдеқайдан талықсып... Көз алдына бір жас
келіншектің мұңлы бейнесі елестеді уыздай уылжып...

Өзегін бір өкініш осып өткендей, шарасыз демін тартып,
жеңіл күрсінді.
Өзінің үлкейіп қалғаны, есейгені туралы ойлап отырды
аздан соң. Бақса, әуелгісіндей емес, недәуір өсіп, ержетіп

қалыпты... енді, тіпті, бала емес екен.
Көңіл күйі де бүгін өзгешелеу екен. Теңертең әжесі
ескерткен бір жай жан дүниесін аударып, басқа бір
арнаға салып жібергендей болған-ды... соның арқасында

аржағына саңлау жүгіріп, сәлде болса сергіп, серпіліп
қалды. Ойға оралған көп жәйттің соңына ала жадына
сап еткен сондағы әже сөзі жүрегін ілмек біздей түйреп
өтті. Көпке қалмай қалаға қайтатынын қаперіне тағы

салған-ды қадап тұрып. Әз ана сөзі ауыр соқты. Өткенде

бір есептегенде, келгеніне ай жарым болғанын біліп,
аз күн кейін кері қайтса, артында бір асыл заты қалып
қалатындай сезіліп, көкірегін бір қимастық тырнап
еді... көлеңкесін ерте көрсеткен сол пәле қырсоңынан әлі

қалмапты. Міне, енді, кезекті рет жылт еткенде, от боп
жанған қимастық табы жүрек басын тағы бір қарып өтті.
Көкейінде енді басқа бір алаң... Бірақ, қанша қиын болса
да, қанша қиындық әкелсе де сол бір ызғарлы күндердің

кешікпей жетіп келетіні аржағына о баста аян болатын.
Әттең, шолақ дүние!!!
1995 жылы Құлжа қаласында жазылды.
2010-2011 жылдыры Алматы қаласында

қайта өңделді.

Басуға қол қойылды 16.07.2014. Қаріп түрі «DS SchoolBook». Офсетті басылым. Пішімі 60х90/16. Шартты баспа табағы 15. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Сөздік-Словарь» ЖШС, Қазақстан Республикасы Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11. Тел.: +7 (727) 274 59 23 E-maіl: sozdіk@maіl.ru Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды. 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41. Серік Үсен АҚШАТТЫҢ СУЫ МӨП-МӨЛДІР Редакторы Б. Байғұл Техникалық редакторы А. Тлеукеева Компьютерде беттеген Л. Садықова МАЗМҰНЫ ӘҢГІМЕЛЕР АҚ ЖАУЫН....................................................................... 3 МҰҢЛЫҚ........................................................................... 17 ЖАРЫҚ ДҮНИЕ................................................................. 34 ХИКАЯТТАР ЖАҢҒЫРЫҚ...................................................................... 38 АҚШАТТЫҢ СУЫ МӨП-МӨЛДІР..........................................102

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙