Көп сөйлеме
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Табыл Құлыяс
КӨП СӨЙЛЕМЕ? (Сатиралық этюдттар)
К Ө П С Ө Й Л Е М Е ? (Сатиралық этюдттар) Б І Р І Н Ш І Б Е Т Астана аспанына кеңістіктен күн шұғыласы көтеріліп келеді. Қымыр автокөлігінің моторын от алдырып өзінің үйреншікті көше тазалау жұмысына кіріспек. Көріп жүр, қаланың шет жағындағы жол ойқы-шойқы, көшелер азып барады. Сол арқасына аяздай батады. Қайтеді, билік үнсіз. Ойында кейбір пенденің көкірегінде тығылып жататын пасықтық, өзімшілдік, жағымпаз, атақ құмарлықтың кесірін түсіну қиындығы еді. Онысы жер сатылады деуден шошынуы ма екен. Құйындатып өткенді көрді, талапайдың ортасында жүрді, кеңшарды жекешеге талаған басшының көзі ағарып, қомағай түрін де біледі. Мәдір басшы ақырында қалаға көшіп келді. Басып алған байлығы құт болмады, үш ұлы иеленген жерлерін жалған құжат жасап бірнеше адамға сатты, бір сөзбен айтқанда алаяқ атанып түрмеден бір-ақ шықты. «Баласы сотталған, деп Мәдір жұрттың келемежіне айналды. Айтқыштар зәлімдікті бетіне басып, ащы айтып: «Қазақтың зорлықзомбылықпен көркейген үйі, қарғыстан күйрейді» дегенін білмейді екенсің, деп толғанды да: « елдегі ауру, сырқау, мүгедек, жалғыз басты қарттарды да аямай мал, мүлкін қарақшыларыңмен талап едің, халықты қан қақсаттың-ау. Кеңшардың жері де, малы да, түгел байлығы менікі деп құжаттандырдың, үш ұлыңа бөліп бердің. Жан ашуымнен жұрт қарғады, қарғыс қате кетпеді. Абайдың : «Әддін білмес шіркінді, Құдай әбден қарғады»-дегенін дүлейлікпен түсіндің бе? Ақыр аяғында қайғыға баттың, -демеді деймісің. Айтқыштар бетке айтқанда осылай зұлымды тірідей өлтіреді. -Имансызға жиғаны да бұйырмайды ғой,- деді Тымыр автокөліктен қол арбасын түсіріп жатып ақиқаты солай болса да көңіл бөлуге тұрмайтын опасыз тірлікпен күн кешетін адам еместер аз ба? * -Имансыз дегеннен шығады, қазақ сатирасының білгірі, биік тұлғасы Темірбек Қожекеев қартаң тартқан шағында Ақмолаға келді. Қасында немересі. Сынап бағанасы 40-тан түспей тұрған қағаған қаңтардың аязында Евроазия университетіне жаяулап келе жатады. Кенет немересі атасының көзінен жас парлап кеткенін көріп: «Ата, неге жылайсың? демей ме? -Ой, ұлым-ай өмір-жасымның ұлғайған шағында сағынып көрген аязым ғой. Мына аяз нағыз сатириктердің жан-дүниесін тазалап, қаламына қуат беретін құдіретін сезгенде қалай жыламаймын. Бұрынғы облыс басшылары
имансыз екен, жас уақытымда шақырғанда аязға әбден шынығып өмірімді ұзартатын едім. Оңбағылар аязды менен қызғанды ма, өлердей көпсінді ме? Қорықсыздар деп енді күйінгеннен не пайда? Әйтеуір, еркіндіктің арқасында халқым сағынатын арқа аязын көріп көз жасым тиылар емес,- депті де: « Ұлым, мынадай аязда құзғын құстарды да көрмеген шығарсың... Құзғын құстар дегеннен шығады. Ертедегі бір аңызда айтылатын көкқұтан ұясын қарғаға бере салыпты. Құзғын құс жылы, жайлы ұяда жайғасып, қаннен қаперсіз балапанын өргізіп, тіпті көкқұтандарды жатсына қарайды. Сөйтіп, екінші жылы көп көкқұтан ұшып келіп құзғын құстарды да, ұясын берген көкқұтанды да түйте-түйтесін шығарып талқандап тастайды,-деседі. Міне, сатқындық пен құзғындыққа зауал осылай төнеді екен. «Бет алды жанға бой салма, қорлық жуымас сақтыққа» -деген Абай сөзі аңызды еске түсіреді. Жұмыр жерде жаугершілікпен байлыққа қырылысып итше таласудан қақтығыс, соғыстан қай ел жақсылық күтіпті, не түрлі апаттан зұлымдар зардап шегіп құм қауып өліпті. Сонда да жұмыр жерде қанқұйлылықтың беті қайтпес түрі бар. Тірліктің ауанына қарай ойлану аз, аузын арандай ашқан зәлімдер жетерлік. -Бүлдіргіштер, қаскөй ойлылардың қай заманда да, қай кезеңде де өзіне кінә тағып қателігім-ай деп, тоқтағанын, ақылға келгенін естісем құлағымды кесіп берейін,-деп Тымыр: « Адамзатқа жасалатын қырғын қылмыс түрлерін арғы тектен іздеу керек. Қазақта ешкімге қиянат жасама, ата, тегіне, аруаққа тіл тигіз бе, биік болсаң бәсең бол, әлсізді басынсаң басың кетеді, қарғысқа қалма дейтін өнегесін ағылшын, орыс тіліне ежелден аударып әлем халқына таратқан болса, соғыс, қырылыс, қан төгіс, байлық таласы болмас еді. АҚШ басшылығы әлсіз елді олжалауды көздеп Ирақты, Ливияны талқандады, жазықсыз халықтың қаны төгілді, не тапты, әйгі бір бүлдіргіш басшы бүкіл халықтың беделін кетіреді. Абай: « Әз тұтуға, сыйлауға, қалмады жан бір татыр» дегенін ойыңа нықтап түңілесің, ол елге аяғыңды аттап басқың келмей жиркенішпен қарайсың. Әлсіздің зұлымдықтан зар қағуы қандай аянышты. -Қым-қуыт тірлікте не кездеспейді,-деп Қымыр: « Халықтың күнкөрісіне өсіріп отырған жылқысын ұрлаудың қылмыстық оқиғасы қылаң берді. Ертеде бабаларымыз жылқы ұрлаған ұрыны өлім жазасына кескен екен. Шындығын айтсақ бүгінде әлемшіл заңымызда әлсіздік көп. Адам қанын жүктеген жауыздықты ақпараттан естіп, көргенде төбе шашың тік тұрады. Ондай қылмыскер жер басып жүруге тиісті емес, деп ойласаңда, сот үкімі он-он бес жылға соттап түрмеде бағып, күтеді. Бұл қылмыстың беті қайтпай қайталана беруіне соқтыратын келіссіз қияңқы тірлік. Халықты ығыр ететін жүгенсіздік тоқтау таппайды, алған бетінен қайтпайды. Айтқыштар ондай жұқсызды келекелеп: « Түрмеде жанға жайлы өмір, тегін тірлік» деп жүр.
- Айтқыш Кәжек ұлына тіке қарап өкінді де: « Ақымақ басым болашаққа көзім жетпей, кісілігіңді жоғалтқан сенің зәлім, суайт боларыңды білсем, сен өмірге келетін күні анаңның қойнына жатпас едім. Қатарларымның мазағынан күнде өліп, ұяттан жаным шығар болды. -Ұят қаржы, байлық болмайды, түсінбедім, не өзі, миыма кірмейді, - деп ұлы еміс-еміс жуасып үн қатты да дүңкиіп, дүрдиіп үйден шығып кетті. Көп жасаған қарт өзі де ұятсызды аз көрмей ащы күліп еді. Бірде жол сапармен көрші ауылдағы аталасының үйіне келіп еді. Тоқсан жастағы қалжырап жатқан Бәзілге сәлем бермекші болып есігін ашса кемпірі кеудесіне мініп алып жаның қашан шығады, күтумен шаршадық деп жатыр. Осы оқиға Кәжектің ойына жазушы Қасым Тәукеновтың . «Қаншық қасқырдың қарынын жарғанда арланын жеп қойғанын көріп, жаратылысында қаншық арланына тиіспейтінін ұмытып арланды жеуі не сұмдық» дегені бар-ды. Міне, әйелдерде де жауыз ой пайда болғаныма?-деп түңілді. Естуінше түрмелерде де кісі қанын ішкен әйелдер жүр, ақпараттарда іштен шыққан сәбиін қоқысқа, далаға тастаған қанішерлерді естисің, теледидардан бетсіздің бейнесін көресің, зәлімдерге қасқыр қаншығының « мінезі» жұқты ма? Жер астынан жік боп шықты ма? Көз алдыңда кісіліктен жұрдай бір сүреңсіздік қасіреті шошындырады. Кәжек айтарға сөз таппай аңырды. Абай: « ...ұқтырарсың сен деп, әулекі, арсыз елге енді»... Ел дейміз-ау, жер асты байлығымыздың 70 пайызын шет елдік компаниялар басқарып отырса, жерді сату, сатып алу кезінде не күйге түседі. Жерді сатып алған қалталы екінші, үшінші адамға сатса, бітті шаруа, оны қайтарып алуға әлемдік сотта қарамайды. Сондықтан заңның осал тұстарын қайта қарамаса көп жорғалаған жыланның аяғы көрініп болашақ бұлдыр тартар. Онсызда кейбір шет елдіктер біздің кейбір шенеуніктердің , сыбайлас жемқор екенін, пара алатынын зерттеп жерді түпкілікті иеленіп қалуға араны ашылмай отыр деймісің. Әттең, жапон компаниялары әлемдік ғылымын арқалап келсе, басқалары бұлтақтай алмас еді. Дегенмен жер мәселесінде небір құпиялықты ашып, зерттейтін Ішкі істер министрлігінде тәуелсіз полицейлер сергектікпен тергеп, тексеріп шынайылығын халыққа жариялап отырмаса дәлдікке көз жетпей алаңдау байқалатын болады. Байлық бәсекесі жын боп арбап көбіне кісіліктен айырады. Кеңес заманында Тазша жол сапарлап жүріп совхоз директорының түстік шайға шақыруымен үйіне келеді. Босағадағы құрқылтайдың ұясындай бөлмеде отырған басшының ата, анасына сәлем беріп сөзге тартады. Көлемі ат шаптырымдай үйдің босағасында отырғандарың қалай дегенде қарт назарын төмен салып: « Ағаштан жасалған дүние, мүлік төрге шығып, қарттары босағада қалған кезең ғой, төрден құтылып, көрге кетер күнді күтіп отыр-
мыз. Осымыз жөн сықылды,-дегенде құдай қосқан зайыбы бір тартар орамалын түзеп: « Бала, бала дегенде мазалымыз, шығып тұр келін деген тажалымыз, бір баланың бабын табар едік, келіннен келіп қалар ажалымыз» деді де: « қарттар отырған жерге немерелер топырлап келеді, есі жоқ балалар әрбір бөлмелердегі мебелдерді сызады, бүлдіреді, сындырады, соны білетін келін ата, енесін босағаға қуып шықпай ма? -Бүгінгілер Абайды оқымайды: Абай айтқан: «Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап» -десе сөз түсінетін баяғы тектілерден айырылғасын не шара? Пенде ақылынан алжасқанда ақиқатты танып білмес, көкірегінде тұрады құлдық елес, шырмап алар айуан мінез...игі тілек ұмытылып, ақылға ділгерлік күшейіп ағаш бастар сайран салар...үміті кесілген торығушының мұңын кім тыңдар? Күн сәулесі Астана көшелерінің тазалығына, әдемі құрылыстарға көлбей түсіп көптің жүрегінен шыққан жақсылықты сездіргендей көріп Қымыр толғанды. Онысы бүгінгі бай мен кедейдің арасы алшақтап бара жатқанын есіне алуы ма? Билік орынтағындағы кейбіреулер жоқтықтан торығушыны неге есепке алмайды? Әлсіздер мұңын шақса да тыңдата алмайды. Өркөкіректігін байқатқысы келмей ме? Темір есік, оқ қағар, бұл не, қалың халықтың арасында жүрсе орынтағынан айырылып қала ма? Жоқ, ондай шенеуніктер Құдайға күнәлі болсақта Абайды оқымайды. Абай айтқан: « Мен боламын демеңдер, аяқты алшаң басқанға, Екі көзің аларып, құр қарайсың аспанға» дегенін ынта салып түсінсең бүйтпес едің. Абай сөзі қатал салмақталғанын көбірек түсін, ұға біл, көп құрметі сонда келе ді. Кәжек әдетінше кеңес заманында әрбір адам күніне кем дегенде екі жүз сөз өтірік айтады дегенді естіп еді. Оны көбіне орынтақ иелері коммунизм әне қыр астында тұр, дейтіні сықылды. Рас, жалғандықтың мән-жайына еті үйреніп, түсінген қалың халық онша мән бере қоймайтын-ды. -Бүгін ше?-деді Қымыр. -Алданудан діңкең әбден құрып, ендңі тыныш жатайын деп пеш түбіне қылжиғаның қандай жақсы. Өйткені, бұрынғыдай туыс, туғаның, көз таныстарыңның жағдайын біліп аузыңды ауыртып шаршамайсың. Егер байыптап біреудің жүзіне қарай қалсаң, алаяқ па осы, деп сезіктеніп үрейге тұншығасың. Ал, орынтақтың кейбір иесінің толассыз жаңбырша жауатын уәдесіне алдана-алдана жүрегіңді жалған, былшыл сөздері түйнейді. Егер алаяқтардың әлемдік жарысы болса шаппай бәйге алармыз-ау. Тірлікке терең сын көзбен қарасақ адамдардың алданғандары қандай жақсы деген марапатқа ие болсақ,-дей бергенде теледидарда Алматы маңынан үй салуға жер алып, кірпіш зауыттарының делдалдарына мыңдап, миллиондап ақшасын қолымен беріп, алданып жер соққан қырық адамның алаяқты іздеп
әлекке түскенін хабарлады. Шынын айтқанда кісі қақын жеу, адалдықтан безу ата, бабаларымыздың үш ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар. Бүгінде күніне орынтақ иелерінен, алаяқтардан ондаған, жүздеген адамдар алданатынын ақпараттан естіп күле-күле ерініміз жырылуға қалды. - Тақырға отырғандарды қатты аяисың. Бір аңшы, анықтап алып алдамасаң қақпанға аң да түспейді деген екен. Осыны біреулер алдаудың сөкеттігі жоқ деп түсіне ме? -Адам дегеннің кісілігі болса керек-ті. -Капитализм...талау, тонау, баю, күллі қияңқылық ар-ұятты шорт кесіп тастаса қайтесің. Аузың күйіп қайта-қайта алдана берсең өзіңнің кім екеніңді есіңе түсіре алмай ұмытып, алданғаным жаныма жайлы деп, қамқорсығаннан да қашасың, небір сұмпайыны жазбай танып сақтанып, есігіңді тарс жауып түрлі әуреден құтылып қаласың,- деді Тымыр қырық жыл ғұмырында сан жетпес алданғанын есіне алғысы келмей рахаттана күліп алды да: «Аңқау, ашық ауыздардың тірлігі белгілі, салдары қиын-ды . Қымыр тап басып өкіне білетін Кәжектің жүзіне қарап: Абай айтқан: « Алдамаған кім қалды тірі жанды...Алдамшы атанғанның несі пайда, өзі алданып өзгеден соққы жеген»...Демек, алдану әлдекімдердің ойыншығы. -Алданғаның жақсы, кісілігіңді нақты танып өзгені алдамауға,- деді Кәжек.
- * Торғайдың айтқыш Айсасына ағайындастың бір жігіті келіп: « Аға әйелім оңбады, көк долыдан туған нағыз көгіс екен. Таспен де ұрады, баспен де ұрады, аспен де ұрады, жанымды мұрнымның ұшына тақап, қаққанда қанымды, соққанда сөлімді шығарды,- депті. Сонда Айса тұнжырап отырып: -Ей, інім-ай, әкесіз өскен қыз барша әйелдерден өзгеше еркек иісінен де шошиды. Бетінің жылтырына қарап, бет терісінің қалың қабатындағы мінез, құлқын ақылға салып оқымаған екенсің. Зұлым әйел қандай да еркекті ақылынан алжастырып, төбесінен тұз қайнатып құя алады. Енді ондай дүлейден айырылысам десең партбилетпен хоштасып, түрмеге телміресің. Аталарымыз атың жаман болса сатып құтыласың, қатының жаман болса қайтіп құтыласың, деген сөзі құлағыңда қалмағасын , өз обалың өзіңе. Қашсаң қуып табады, үн қатсаң тіліңді жұлып алады, өлсең қабіріңнен суырып алады, жаныңды табаға салған картоптай қуырып алады....Ей, үстінен түйе тайраңдап жүрсе де қабақ шытпайтын менің әйелімдей әйел жер бетінде жоқ. Міне, әйелдің мінез, құлқын білуге зеректігің болмаса, басқа түгелі әйеліңе де керектігің болмайды. Сол Айса заманындағыдай емес, бүгінде біліспей тұрып, күлісіп келіп шаңырақ көтерген жастардың жылға жетпей опан-топан айырылысуы жетерлік...Масқара-ай...әлем халқынан
ұят-ты. Шет елдік жұқсыз насихат жұлқылап жатырганда өсек-аяңнан, алақұла ойлы бөспелерден қашып құтыла алмассың. * -Дүниені қорық қылмайтын кім бар дейсің ?-деді адалдықтың азайып кетуі дүниеқоңыздықтан көретіндей ниетін білдірген Тымыр. -Оспанханнан басқа ешкім болмаған шығар,-деп Қымыр: « Олжа көрсе іліп әкететіндерге таңдана қойма? Сатира сардары Оспанханға кеңес заманында елге барып халықпен кездесуде аудан басшысы «Жигули» автокөлігін сыйлапты. Оны Алматыға райком жүргізушісі айдап әкеледі. Үйінің қасына келгесін Оспанхан автокөліктің төрт доңғалағын теуіптеуіп жүргізушіге қарап: « Інім, түсініп тұрсың ба, менің жаратқан жарылқаған екі аяғым сау тұрғанда, мынадай төрт доңғалақпен шікірейіп жүру кешірімсіз күпірлік. Әкел құжаттарыңды , өзіңе сыйлағаным, заңдастырып беремін, төрт балаңды қыдыртсаң мен күнде қуанамын депті. -Пай, « ұлы адамның ісі де ұлылыққа толы деген» осы-ау. Бүгінде бейтанысқа автокөлігін сыйламақ түгелі байлар әлсізге көмекті аузына алмай, ылғида жоқ, крезис деп, аузын қу шөппен сүртіп құрынады,- деп Тымыр өткендердің тіл жетпестей кісілігін түсінбейтіндерден адалдық күтудің өзі соншалық азап екенін осылайша түйіндеді. Қулықсұмдықты қол көргендер де сүрінер-ау, о да қызық күлкілі. Біле-білгенге, күнде көріп жүргенге бұдан өзге қосарың да, аларың да болмас..
*** Қу тірлікте асып, асып құлау бар, тасынғанды төгетін бір Алладан сынау бар. Байда күлкі, әлсізде жылау бар. Қай заманда да үстемшіл билікті күштейтін тобыр маңында жамандыққа итермелеуші әккі қулар бар. Тірі жанға тиіспейтін, пенденің амандығын жүз пайыз сақтайтын саясат қай дәуірде де болмаған. Ақиқат жолы залымдар тұрғанда тарыла береді, жүліктік қағына береді. Сұм-сұрқия аяғын аңдап басып, өтірік күлкісі судай тасып, билік маңында дүниені шайқап, борышын адал атқарушыдай көрініп, билікті жағын жаппай мақтап, түптеп келгенде бірін-біріне айдап салудан тынбайды. Өйткені, зұлымдар жас кезінен басбұзар сойқан, білім алып жарытпаған, ұрыншақ, өтірікші, қызғаншақ болып өседі. Әлем осындай билік маңындағы сатқын зәлімдерден зардап шегіп келеді. Бұл адамзат қасіреті емей, немене? Бүгінде әлемді жаулап алған балаларға арналған бандиттік мультфильмдерді көріп өскен ұрпақтың қауіп, қатері қалыңдай түспек пе деп, шошисың..Ақылды, адамдықты таптап өтетін қаскөй ойлы жуан жұдырықтар билік маңына қайтсе де орналасса оңдыра қоймас. Ә, бәлем, деп кіжініп аяғын мысықша басып келе жатыр, сақ б ол?!
КӨП СӨЙЛЕ МЕ?
Ана жылы Тазша бір жиынға тап болып билік иесінің көзіне түскісі келмей үйелмендей адамның тасасында біраз бұғып отырды. Желөкпелердің шалыс басатын сөзін ұғып отырды. Жұрт депутат таңдай алмай басы қатып бірінен соң бірі жарыс сөзге шығып, ентігіп есі кетіп араша дуылдасып, қол соғып шуылдасушы еді. Депутаттықтан үміткер екеуі залдағыларға мөлшерлі азық толы сөмкелерін таратқан.Өздерінше мінсіз жасалған қол қайыры, оны дұрыс түсініп бағалайды деп ұғынулы. Құлаған үкіметтің саясатынан шығынулы. Мінбеге көтерілген бадырақ көз, шақша басындағы «ежик» етіп қидырған шашын бір сипап: « Бәріңді де міндетті түрде жарылқап капитализмнің ақ майын ауыздарыңа ақтарамын. Баспана таппағанға баспана боламын. Түптүзу көше боламын, асхана таппағанға асхана боламын, түйіні шиеленген қиындықты шеше аламын, қысқасы мал керек пе, мал боламын, жан керек пе, жан боламын, ауылыңа сән керек пе, сән боламын, әуелетіп шырқайтын ән керек пе, ән боламын, құстай ұшып жүріп бәрін тындырамын деп судыратып жатыр. Өздеріңнен басқа кімім бар, бәріңе іші-бауырым елжірейді. Қаңырап қалған көшелерді гүлдендіремін. Ертеңгіні ойласам түн атасына көз ілмеймін деп адам сияқты желпінді. Өзімен бәсекелесті де кінәлап, асыра сілтейді, қулық-сұмдығы жараспайды, халыққа қараспайды, кішірейгісі келмейді, өркөкірек, ағайын арасын ащы етуге шебер, жарға соғар түрі бар, әлпетінен байқамайсың ба? деп қалды. –Жүгенсіз, ессіз алаяқты құртасың ба?-деді залдан біреу. - Міндетті түрде, қоғамда алаяқта, қара аяқта, басқа да қылмыс түрін жойып, әрбір зәлімнің соңына бір күзетші қойып, шет елдік тіміскінің сұқ көзін ойып тастаймыз. Қалай ойласаңыздар да өзім депутат болсам азып, тозған ауылдың атағын асырып, жұртты таңғалдырып бірден гүлдентіп жіберемін, елде жоқжітік болмайды, жоғарыдағылар ойымды жүз пайыз қолдайды.-дегенде тағы біреу залдан күркілдеп жөтеліп алды да: -Біз өтірікшіге қыран-топан күлетін едік, ісің кілең шындық болса, атақ құмарлыққа шаттанып күле алмай қаламыз ба?- деп қорқамын. -Менен басқа біреу ауызбаауыз сандырақтап жатса ақақаулап күлесіңдер ғой,-дегенде қол көтеріп сөз алған Тазша депутаттыққа үміткердің ойын түсініп, жалғаншы анадан қайта туғандай сайрайтынын ұғып: «Егер қалың көптің қолдауымен мен депутат болсам, ауылдағы барлық адамға, жүдей бастаған жұртқа торғай терісінен тон тіктіріп, бит терісінен көйлек кигізіп, оңды,солды шашылып, аяққа басылып жатқан құрылыстың шикізатынан алтын сарай салдырар едім. Суға жарымағанның шөлін қандырар едім, көгілдір отынды да ас бөлмесіне жандырар едім. Мына аузы жеңіл көп сөйлейтіндер жұрттың жағдайын дөп таппайды, әлдекім атанып орынтаққа отырғанша өтірікті өрістетіп тоқтамастан қақсайды. Діңкелеткен рынокта
еңсесі түскен әлсіздің қолын жылы суға маламын деп неге айтпайды. Ей, бірақ бүрге мініп бүлкілдеп жүрген мені кім қуаттайды. Көз алдарыңда шет елдің су жыландай жүйткіп жүрген автокөлігін мінген, сөмке-сөмке азық таратқанды қолдай кетерсіңдер. Бұ, жұрт түсіне бермес кекесінге, бұл өмірде не үшін әлектеніп жүргенінде білмейтін жетесізге басым айналады,- деп Тазша айтарын айтып қас қаққанша көпшілік ортасынан ғайып болды. Әйтпесе, қалталылар оны тегіннен-тегін жібермес еді.Көзі едірейіп тісін қайрап әңгіленіп тұрған оқ қағарды да байқаған-ды...Бұлардың құзғындық қимылы талайдың түбіне жетуден тайсалмайтын өтірікшілдігінен безді... Бірен-саран болса да қауіпті деп сезді де Абайдың айтқанын ойына оралтты: « Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжақ, жүгенсіз жүре бермек сенің ырзаң...» *** -Әкем өлді...әлгінде ғана тірі жүгіріп жүрген сықылды еді. -Жүгіргені дұрыс болмаған екен, өкпесі өшкенше жүгіре берсе ажал мазақтайды. АҚШ-тың Аляскадағы магниттік қаруының әрекеті дауыл тудырып, жұлын, жүйкесі әлсіреп, қан қысымы жоғары пендені бірден о дүниеге аттандыра салатын ажалы емес шығар. Оның үстіне әлемде күн сайын 40 миллионнан астам адам жұқпалы індетті тасымалдап жүреді деседі, ол өз алдына радиакцияның желмен құйындатып денеңді жан-жаққа жұлқылайтыны және бар. АҚШ пен Ресейде қару сынаудың бақталасына айналды. Катрина дауылы дейсің бе, Рита дауылы дейсің бе, Жапониядағы теңіз дауылы дейсің бе, жұмыр жердің табиғатын талқандайтын қарулар баршылық. Ауа арқылы түрлі дерт көкірекке құйылып қонады, содан миы сұйылып тынады. Радиацияның мән-жайын, одан қалды шіркеймен де, дедек қағып жүрген аң құспен бе, әйтеуір. жұға кететін дертті менен артық ешкім білмейді. Есіңде болсын, табиғаттың қалтарыс-бұлтарысын тез аңғарғанның зор маңызын айтқанда әкең марқұм қасарысып құлағына да ілмеді. Тыңдамағанға тың ажал жетсе не шара, енді өлік жөнелтудің сыр-жырына тоқтал, болған іске болаттан да бекем бол, қамыға берме? Делдалдық жараспайды, өлік жөнелтудің сөзі көп. Алдымен әкең марқұм о дүниеге жылқы мініп кетсін. Садақасына жылқы сой. Азасына келгендерді тыңқитып бір тойындыр. Менің сырласым еді, алдымен маған сөз бер. Жиын-жиналыста егіліп бір сөйлейін. Әкең кейде ұрсушы еді, көп сөйлейсің, мылжың боп кетесің деп. Күніне мың сөйлегенді жын сөйлетеді, ішегіңді түйілдіріп өлтіреді деп қорқытатын еді. Енді маған кім ұрсады деп жылағым келеді. Айтпақшы өлер алдында өзі әрнемені дүркін-дүркін айтып қияли адамша сөйлей бермеген шығар, жағы бірден қарысып қалған жоқ па? -Жұмған аузын тіпті де ашпады. Дыбыссыз ақырын көзін жыпылықтаты. –Қараңғы көрге кіргенше аузы жұмулы кеткені дұрыс, ашық болса дүние, мүлікке аңғары ашылып, тойымсыздығын о дүниеде де білдіреді. Көзін
жаптыңдар ма, топыраққа тоймай қалып жүрмесін. Моланың жері де сатулы, қымбатқа түсіп жүрмесін. Шөп басын сындырмайтындар жер сатып қолын жылы суға малып дыраусырап отырған кезең ғой. Қайырсыз тірлікке діңкесі құрып көп кіжінуші еді, сол өкінішін байқаған ажал қыр соңынан қалмай, ақыры шыңнан құлатса, алып ұрса не шара. Тіріні тірі деп дұрыс бағалай алмайтынымыз-ай, шіркін. Енді әкеңнің қадірін бір Алла білмесе, тірілер діттеп түсіне қоймас. Көп сөйлемей, дөп сөйлейтіндерді осылай қара жер жұта береді. Өзіңе бекем бол, жақсы көретіндердің бәрі жақсы бола бермейді, жақсы Аллаға да керек дегенді ұқ...Әкеңнің аруағы қараңдап біразға дейін жаныңда жүрер, ол елестен қорық па, туған әкең ғой. Қарттар үйіне тапсырған жоқсың аздап бетінен алғаның ештеңе емес өзіңнің балаларың оны байқап қалмаса, жаман әдетті қайталып жүрмесе болды тағы. О дүниеде бірінші сауал әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін ақтадың ба, дейтін көрінеді.Бұл қағида ежелден ұлтымызға белгілі ғой. Сосын да әкесіне, анасына жайлы еді, перзенттік борышына дақ түсірмеді. Әттең, жұлдызы жанбай, берекесіз тірлікке өкпелі еді...Сіркесі су көтермей едіреңдеп кейде шытыр ететін-ді. Жә, иманды болсын...дерміз. Марқұм ешкімнің көзіне түспей, қаңқу сөзді тыңдамай, бұғып тірлік еткеніне бұйырғаны ажал екенін сеземін. Абайдан толғап тынғанда: « Қайғың-қыс, жүзің жаз, боламын көрсем мәз, деуші еді.О да кісілік міндетімізді сезгені тағы...Қымыр айтатын-ды: «Болат сынса сынар, бірақ майыспас,деп Ажалға қабырғамыз қайысқан, Қайғыны көп болып көтеріп, Жұбату дастарханын жайысқан...
- * Бәрімізге мәлім әлемдік деңгейдегі заңымыз болғасын қылмыс түрі азайды деп жақ жаппай айтып жатамыз.Жоқ сықылды ешбір қатамыз, бірақ баланы кейбір ана неге сатады. Қасқыр да бөлтірігін қорғайды. Ендеше қасқырдан да қатыгез ана қайдан шықты, жердің жарығынан, не басқа әлемнен келген дей алмайсыз. Өзіміздей ата, ананың қызы сәбиін сатып жүр. Күнәға белшеден батып жүр. Албастыны құдай қос қолдап атып жүр. Әредікте бір кездесетін зұлым әйелді ақылды аналар: « Етегіне қолы жетпесін»» деп қарғаушы еді, онысы қатақал деуі. Әйел жаратылысында қата басып сүрінсе етегіне жармасады. Онысы ұрпақ өсетін етегін аман сақтауы еді.Толып жатқан дәлел-деректі, көкек аналарды елеусіз қалдырмай заңмен жазалауды айтпай-ақ түсінетін шығарсыз. Ең бастысы осындай қазақ ұлтында бұрын,соңды болмаған қылмысқа себепші жағдайды екшелеп неге ашылмайды? Әкім, шенеуніктер ішер асқа, киер киімге, баспанаға жарымай отырған әлсіздерді есепке алып олардың жағдайын ойластыруға мойыны жар бермей ме? Жетісіп
тойынғандар есі шығып халқының тағдырына міндетті емеспін деген түсінік бала сату қылмысына жол беріп отырған жоқ па? Бұлардың түсінігін электромагниттік және дыбыс толқынымен ми қауашағынан зерттейтін жабдық болмаса шындығына жетіп қалу жоқ-ау. Шет елге қаншама бала сатылып кетті, оның себебін де басшылық түсіне бермейді. Өз баласындай көріп күрсіне білмейді. Елдікке тән ар-намыс қайда? Бала сатудың ақиқатын білгісі келмейтін шенеуніктерге қайран қаласың да: « түлкі куәлікке өз құйрығын тарады, дегендей қатыгездікке айтар сөзің сарқылып, бармағыңды тістейсің. Әрнине, адам сатудың бір емес, он емес жүздеген қылмыстарына үн-түнсіздік неге соқтырар екен? Кедейлер көп сөйлейтін сұрамсақ деп орынтаққа елтіген әкімдер мен шенеуніктер темір есіктерін бекітуін қашан ашатыны белгісіз. Олардың төрт құбыласы тегіс болғанша, бір іс болар деп ойға батасың. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баспасөз маслихатында: «тергеушілер мен анықтаушылардың қолында жыл басынан бері 337,2 мың қылмыстық іс бар»-деді. Бір істі бір іс басып жатқанда, әралуан оқиға бас көтертпей асып жатқан, сәбиін сатушылардың қылмысына кінәліні жан-жақты зерттеп себеп, салдарын анықтай ала ма? Көзіне бірден шалынған анаға сен кінәлісің деп тарпа бас салып жазалай салама, кім білсін? Әрекет көп, басы бұлдырықтайдың, аяғы қылдырықтай болып тынады кейде. Өрескел қылмыстың күңгірт жағы айқындалмаса жан жарасы жазыла қоймасына кәміл сеніңіз...Абай айтқан: « Жазғыруы да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды, дегені еске түсе береді. Қазақ абыройсыздықты кешпеуші еді. Елдің абыройын орынтақ иелері ойламас па? Мұндай бәлекет зұлымдықты аруақ кешпейді деп түсінсе ғой.
*** Біреулер сенделіп екі қолға бір күрек деп жұмыс таппай табаны тозып жүрсе, сапырылысқан адамдар шет елден келіп жатады. «2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30 мың 728 адамға рұқсат алынған. Қытай үлесі жоғары 9,6 мың қытайлық, Түркия6,1 мың адам, басқа елдерден де бар.Олардың жалақылары 30-100 мың доллар. Мұндай айлық жергілікті жұмысшылардың түсіне де кірмейді, заңды тұлғалардың шақыруымен келгендердің 66,5 пайызы құрылыс саласында көрінеді. Оу, қаншама ғасырлардан бері кірпішінің міні құрымай тұрған кесенелер мен мазарларды тұрғызған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының қолынан құрылыс салуға икемі болмағаныма деп тіліңді жұтасың. Әуел бастан заңды тұлғалардың шет елдіктен ымдасып, жымдасып тілін тауып бар шығар ұтатыны. -Мемлекет басшысының білікті жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті мамандар болуға тиіс дегені бары бар-ау,-деп ден саулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Дәулет Арғындықов әудемде
бүркемелеп сыпайы сыр білдіреді. Өзіміздің жастардың біразы жұмыс таппай жүргенде шет елден сонша адам шақыртудың себебін бұлжытпай ашып сендіріп айта алмайды. Адалына көшкенде заңды тұлғалар өзімізден гөрі өзгені жарылқаудың бір құпиясы бар шығар дейсің-ау. Олар әккі көп сөйлеп сыр алдырмайды, түрлі құжаттары бар, дерек, дәйектің заңдылығына сүйенеді. Одан арғысын ішің білсін алуа-ай деп әндете бер.Елімізде бір миллион келімсекке жұмыс бар, жағдайы кем емес. Керісінше өзіміздің жұмыс іздеуші адамдар шет қақпай. Бұл қулықты түсінетін бірде-бірің жоқ па? Түсінбесеңдер Абайдың айтқанын тыңда: « Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі епті?-дегенін бір сәтке еске алатындар болса, кәне? –дейміз –ау Тымыр. -Ойыңды түсіндім, зор пайданың қайдан екенін білмейтін шығармыз,-деп Қымыр термеледі: «Екеудің үлесі – үшеуге үнем», Дегенді түсініп жүремін. Өзгенің май шелпегін көріп, Ішім күйіп күлемін,,, * Құйма құлақ қайсыларың бар. Ақпаратта 100 миллион халықты асырауға мүмкіндігіміз бар, деп қалдық. Періште оны дұшпанның құлағына тигізе көрмесін. Әлемде бір миллиардтай халық аш, сусыз отырғанда қазақ жері құшағыңды аш, деп құмырсқаша қыбырлап құйылмасын.( Жұмыр жерде үш триллион құмырсқа бар деседі, о да шағады, о да уын таратады).Жә, әуелі өзімізді жарылқайтын азық, түлік сұрап шет елге алқан жаймайтын «Агробизнес-2020 бағдарламасы бойынша 3 триллион 100 миллиард қаржы бөліну қарастырылған. Азық, түлік маңында шыбын жүреді, қаржы байлық маңында ұры, қары емешесі құрып, түрлі амалды құрып, молынан қарпып қалудың есебін табады. Әлгі шет елден грифорт бұқа тасығандай тірі жан түсінбейтін жымқыру шаруасы да қапы қалмайды. Ерекше адамын деп сайрап, олжалаудан құр қалса көңілі көншімес. Абай айтқан екен: « Заман-сайқал, Адам-қу, Кей санакір» дегенді есіне алып құты қашып тұратын ұры қай заманда да болмаған. Жұрек жұтқандардың төбесі тесілмейді, қаны бетіне теуіп, ындыны кеуіп тайсалмайды. Өңіне қарасаң кісі, адалмын деп қақсаудан алдына жан салмайды. Әуені жалған, олжалауға әуестеніп болған, қайта қоймас қылмыстық жолдан. Осындайда Тазша дәлірігін айтсақ былай екен деп термеледі: «Ұрлық адамға ұят, иткесыбаға». Ұят ақша болмайды, Оны итте қолдайды. Қазына сандығы ашық тұрса, Ұры ұрламай тұрмайды Қалтасы қалың заңға да сынбайды,
Көріппе едің мұндайды, зырлайды көкке зырлайды, -деп мысқылдап күлеміз. Халық көзіңдегіні ғана емес, көкірегіңдегі құпияны біледі. Бұлдыр сағым сыртындағыны да аңғарып жүреді. Көкірегіне көздегенін қондырып, саусағын бүгіп, шайтан сезімге алданып жүреді. Айтулы жемқордың қолы қалтырап, денесі дірілдемейді, былайша айтқанда көзі де күлімдемейді. Әрине, әрбір ұры, сойқан жемқордың тәртіп, тәрбиесі өзіне лайықты. Әйтуір, жабыса кетсе, олжаға табыса кетеді, қолын созса асу асып көкке де жетеді. Дырду думандатып тірлігін шайқап, әр күнін бағалы етіп, қарсы келгенін жазалы етіп, әлсізді мазақтап өтеді.. ***
Біреулер жер астынан шығатын Жікті іздеп әуреге түсуде.Бейсауат қипақтап тұрған біреуді көрсе осы Жік шығар деп ыңғайланып есек дәмелі болады. Тыриған денесі қалтырап тұрған оныңыз 1987 –жылы жер асты жарылысы болған әскери полигонның қалың қайғылы күні дүниеге келген сорлы. Ақтөбе облысының Байғанин, Мағалжар аудандарында түрлі полигондар баршылық. Мөлдір табиғат қалған жаншылып, аң, құс, түрлі жәндіктер «ақылды» көзі жойыла бастаған. Олол-ма, Байқоңырда ракете құлап жатса, «протон» улы толқындарын шашып жатса, үстемшілдің тықыры асқанға аспан да аласа деп тырп еткізбейді. Үйірдегі айғырға дейін «жынданып» құлынын шайнап тастаса, тышқанға дейін мұрынынан қан кетіп домалап жатса, гептилдің зияны болмаған деушілерге тілеуіңді берсін, айтқаның келсін деп ерінің жырылғанша күлгеннен басқаға шараң жоқ. Гептилді әлемдік ғалым Королев қолданысқа пайдаланбау керектігін, қайғыға батыратынын нақтылап қатал айтқан. Үрпақсыз қалдыратын апат деп түсіндірген-ді. Оны бүгінгілер білсе де бедірейіп тұрып білгісі келмейді. Шағым айтылмайды, көңілдегі күдік ескеріліп, тыңдалмайды. Кінәлі мойындаса мойыны үзілетіндей қатты қорқады. Ондайда бетіне басып айтатын шындық әлсіз, дәрменсіз, ежелден бойдағы батылсыздықпен, тайғанақтық меңдеткен. Абай айтқан: « Жансыздарды еті ауырмайтын етіп жаратқан»,- деп айтқанындай денеміз химиялық қоспаларға толы болғасын етіміз ауырып, сүйегіміз сырқырамайтын шынымен күйге жеттік пе? Шындыққа жұмған аузымыз ашылмайды. Басымыз айналған, көзіміз байланған. Бір емес, бірнешеуіміз сондаймыз. Тазша ондайдың талайын көзімен көріп, құлағымен естіп, жан сезімі мұқалып түңілгеннен толғағаны бар-ды: «Кінәлі көзінен белгілі». Ондайдың көзі ойнап тұрады. Айла-амалды ойлап тұрады. Өтірік жәдігөйсіп.
Жанын жорта қинап тұрады. Кінәлімін дейтін бірі жоқ, Адалдық тұрар түрің жоқ. Кінәлі тұтылғанда, Заңсыз тірлігі қырын боп,- деп Тазша мәре-сәре өмірдің қайры бары, қайырсызы кездесетінін бүкпесіз айтқысы келмеді.Анықтыққа кім қанығыпты. Тірлік байыз таптырмайтын үстемдік ойын, адам сынақ алаңы, көбіне жеңілістерде тұрады. *** Тетіктерге саусағыңызды тигізсеңіз болды ұтыс ақша пора-пора боп қалтаңа құйылады. Шынымды айтсам осы ойын арқылы байыдым. Ұтыс жобасын, құпия санды табу түсіме де енеді.Бұл дегенің ғажайып емес пе? Осы ойынға бір берілсең біреуге кектенген ашуың да тарқайды, көзің жайнап, миыңда жақсылық сезімі ойнап, бір тәуірі қып-қызыл ақшаны бұрқыратып санап аласың,-деп мәлімдеп мақтай жөнелетін азкем ұттырып үміттендіретін казино басшылары қалта қағудың асқан шеберлері. Оңай олжаға басы байланған иелері.Тыным таппайтын,заңнан ығысып жатпайтын, неткен от көбелектер құнығумен жыныққан десеңіз. Ниетіңді түсінген комитет төрағасы Дәулет Ерғожин біраз деректі мөлдіретіп: « Тыныш өмір сүре алмайтын, оңай олжа таппаса тұра алмайтын 21 жасырын казино, 63 онлайын-казино, 540 ойын автоматы залын анықтап, 566 терминал және 18 покер үстелі тәркіленді,-дегенде жағаңды ұстайсың. Бетсіз өзгеден бұрын өзің жердің жарығы болса кіріп кете жаздайсың. Өйткені, қаншама отбасының табысын жалмап кедейліктің ағаш қамытын кигізді. Қаншама адамдар ұрыс, төбелеске ұрынды, отбасы татулықтары талқандалды. Немене сонда шайтани топ адал еңбек етіп, адал ас ішуден безе бастағаны ма? Абай айтқан: « Ұятың мен арыңды сатып, ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» дегенін ұқпайтын мисызға обал жоқ. Қоғамға енген сырқат жаппай шектесіп ем қонбайтын дертке айналмасын деп тіле: «Қалың көптің ойланатыны осы болғай,- деді Қымыр: «Санасызға сан айтсаң да болмайды», Құлқынқұмар түбінде оңбайды. Қылмыскерге кешірім жатпайды, Санасыз жақсылыққа баспайды, Қазақ тәртібі бойынша, Зұлымдыққа төзе алмай, Имансызды бетіне түкіріп тастайды. *** Өмір ғылымның төресі, кең тынысты жақсылығына көзің тоймаса да сәл кемшілік көрсең жаның қиналады. Осындай пікірмен Қымыр аудан-
ды біраз жыл басқарған Шыманұлына сәлем берді. Ойқанып отырып, өз тірлігін қоя тұрып елдің жүдеулігіне қынжылды. Талай бюрода өтірік дәлелмен кемшілігін жасыратындарды тиып тастап: «Екі партбилетің жоқ қой, шындықты айтуға неге қорқасың!- дейтіні ұлт ұлылығы шындықпен ажарлы деп түйетін-ді. «Дарынсыз пысақай барды ұқсата алмайды» деп жаны күйзеленде Қымырдың ойына: « Елдің қоры кім осы ? »--деп өтінген Сократтан бір кісі сәл жөтеліп алып әлдеқандай аталы сөзді күт іп. «Кеменгер қор, өткеніне өкінген»- депті әлемнің білгіші. Мұны аңғара қалатындар, келісті пікірді түсіне қоятындар, күрделі мән-жәйді шешіп тастайтындар көп болса, кәне? Өтірікті өтірік баспалап, түсініксіздер бірін-бірі хоштап-ақ жөнеледі. Сыбайласта басымдық күш бар, ақшамен шешетін іс бар. Алар жерде алып қал, берер жерде беріп қал. Берік бол, бұлардың қатарына еріп көр? Бәрін жақсылап түсініп қабырғаңмен кеңесіп сеніңп көр. Мәселе қайда жатыр? «Аталы сөзге арсыз таласады», түйсігі барлар түйіп қалса жарасады,- дегенді оғаш көріп, әлекке түсіп тулап түсінбейтін ұлым бар. Шет елдің сиықсыз тәртібін, Қабылдайтын жының бар. Ұлттық ұлылықты ұқпайтын, Кейбіреуге сыным бар. Адалдықтан аттайтынды, Іремей соятын, Оқтан өткір сөзім бар. Әділетсіздің жағасын жыртатын, Төзімсіз кезім бар!- деді Шыманұлы еркін әуенге басып еріксіз толғанды... *** -Ғалымдар жұмыр жерде ырыздығын теріп жеп, аузын ашып, уын шашып жүрген үш триллион құмысқа бар деседі дегенде ауыл айтқышы: « Олардың тілін тауып менен басқа кім сөйлесер екен?-деп сық-сық күлді. Мысқылы ащы, құмырсқа илеуіндегіні кім санап көріпті, меңзеуін түсініп қалдым. Трилиондаған қаржысы барлар әлем тағдырын түзетушідей көрініп жұмыр жерді басыбайлы құшағыма сыйғызсам деп армандағалы қашан, деп термеледі: «Жер шайқалса, көкті қарма», Аңсыз, ақымақ болма? Тірліктің өкпе тұсы талма, Жалмауыздай жалма, жалма, Қан ішуге бар ма, барма? Аларымды алсам, Жұмыр жерді арқалап, Айға аман барсам!-деп
Өкіреңдеп өлме? Тамұх отына өртеніп, Енді қайтып кел ме? Табаның тимесін, Киелі қара жерге, -деп триллионшылар әндетпей ме? Ел құлағы елу деген, тірі құмырсқаның да қыбыр-қыбыр дыбысы өлі аруаққа да жетпей ме? Ақшаға құл болғандар ар алдында кінәсін де, күнәсін де сезбейтін тасжүрекке айналып әлемді ойрандап жүр...Қырылыс...босу америкашыл демократия, опозицияның қанды «жемісі».. * Жұмыр жерді арқалануды айтпай-ақ, бүгінгі Қазақ елінің құжынаған әлем халқы арасында өз орынын тауып, сәулелі болашағымен таныла бастағанын тірі пенде біледі, -дегенде экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Батыршаұлы «Айқын» газетінің 1 шілдедегі санындағы берген салуалы сұхбатында: « Енді Дүние Жүзілік Сауда Ұйымына бел шешіп кіріп жатырмыз. Жөн делік. Оның үстіне ЕАЭО және бар. Мысалы, Өзбекстан ешқайсысына дакірген жоқ, ол өз қаржысын қолында ұстап отыр. Ал, біз бәріне кіргеннен кейін, міндеттеме алдық. ЕАЭО-на кіргеннен кейін біздің экономикамызға Ресей мен Белоруссиядан келген тауарлардан онша табыс түспеді. ДСҰ-ға кірсек , Қытайдың тауарларынан біздің бюжетке ақша түспейді. Сондықтан да, әлемдік жүйеге кіргеннен кейін оның кері әсері де болады,- дейді елімізге танымал ғалым. Осы кезде көпті көрген кәрі құлақ та аңлысын аңлап қарап, әдеттегі қалпымен сабыр сақтауда. Аузының дуасы барлар да онша жайлана қоймаған сыңайлы, тілейтіні ақырының сәтін күтуге Құдайдың көзі түзу болуы ғана. «Қасқыр қойшыны бөркінен таниды», Әлемде құйын өршіп тұр, Кейбір ел қанды кешіп тұр, Жаһанданудың аңқасы кеуіп, Жылтыр сөзі есіп тұр. Біреуді біреу тану қиын, Әлемде толған ұйым. Түсіне алмай қаламыз ба, Әзірлейтін қандай сыйын? Сабырлық сақтап өкініп, Сансоқсақ қандай қиын,- дей келіп Қымыр: «Әлемдік данышпан Абай: «Қулық пен құбылдан жалықсаң жақсы жандарсыңдар, деген екен.Жеке өміріңде осыны түсінсең, кәне?..
- * Тыныш жатқан елді бүлдіргіштердің лаңкестік ойыншығы аусарлап аттан
салуда.. Пенденің күнкөрісін көпсінген соғыс лаңынан ауызы күйіп, жанын шүберекке түйіп, көзді жұмып қашқандар тірі екенін ұмыта бастады. «Жер шарына, ойрандалған мемлекетке қалай ие боламын дейтін құзғындардың пиғылдары жоқ деймісің. Түсінде жұп-жұмыр жер шарын қолтығына қысып Ай әлеміне кетіп бара жатқандай сезетін де болар. Қылмыскер әккі. Табан астынан бүлік шығара салады. Жайданжай емес, пайдаларын көздейді. Өлерін сезбейді, ештеңені ажырата алмайды, о дүниелік жұмақ дейді,зәлім алдайды, арбайды, қанішер оған бармайды. Жұмыр жер тыныш емес, дөрекілік, тағылық, мұқтаждық, ауру, сырқау, соғыс лаңынан үй, күйін тастап босу, лаңкес, терроршылық, күн құрғатпай табиғат апаттары. Бұл кезейсоқтық емес, жерді, байлықты билеуге қырқысқан қырсық шалған, шектен шыққан зұлымдық. Аузының дуасы барлар түңілді, көріп тұрып қара дауыл құйынды. Бақытсыздықтан байлық іздеу қандай өкінішті...Қасіреті қандай қалың. Қорғансыз әлсіздер Алланың берген жанын сақтай алмай өрт астында күйіп жатар, сәбиге дейін теңіз жағасында өліп жатыр. Соғыс, бүліншілік лаңы. Абай айтқаны еске түседі: « Зорлықты өзің етесің де, зорлық көрдім десе, оны кеп жазғырасың... Сериядан Европаға босып кеткендерді біреулер аяса, кейбірі жазғырады, Кім тиісті, қиястық қайдан, зұлымдықты түсініп түптейтін халықаралық сот қайда ? Әлем халқы оны неге ұмытып тұр? Бұл таяз ойлап, таяз таяз түсіну ме, әлде адам айтқысыз зарығудан шаршау ма? Әлденеге таңданып тұрғандай зорлықшыл, бұлікші белгілі еместей үрейлі үнсіздік...Оу, сұмпайы, қара ниеттілер жым-жырттықты пайдаланып елірмей ме? Жұмыр жер жынның ойнағы емес, лағнат соққандардың жазасын сот берсін...
«Қаршығаның жемін лашын тартып жейді» Қазақ мақалы осылай дейді, Өртенген дала, өлімші халық, Жансауғалап босып жүр. Өзгенің байлығын басып алуға, Соғысшыл күш тосып жүр. * -Балқаш көліндегі алты түрлі балық 18,430 шаршы метр аймаққа сыйыспай, байлыққа таласып алты елге көрместей боп көшіп кеткен алты ағайынды жігіттей, мінекей шуылдасып жатыр. Балықтың шатасу шатағы тұщы суға ашықтан-ашық таласуы екен. Әлемдегі ірі көлдердің бірі осында 25 миллион тонна тұз бар көрінеді,-деп тіс қаққан балықшы Қымырға қарап: « Анада қармағыма түскен қойдың қошқарындай балық: « Мені жөніме жібер, көлдің тұзын тазартушымын. Көлдегі алпыс түрлі шөпке аунап –аунап тұзды тұшытамын, Арал теңізіне ұқсап құрып кетсін демесең еркіндік бер, жамандықтың ықпалына
түспе ? деп жалынды торсылдағы жарылғандай. Міне, балықтың да ақылдысы, бір-біріне жанашыры, білімді оқымыстысы болады екен. Сосын қошқардай балықты қимасамда бағдар бағытына жіберіп жүз жылға жететін алғысын алдым..Балықтың алғысы байытады деген ойымда сайрап тұр, балық сорпасын тоя ішкендей көзім жайнап тұр.. -Ойың оң болсын, үйіңде кілең дөкей жиылып, дастарханыңа табыс құйылып, әлсін-әлсін той болсын, жайлау толған қой болсын, байлық басы мал дейтін, шенеунікте ой болсын,-деді Қымыр күліп: «Беделің –сәулетің, Бейнетіңдәулетің» Түсіне білсін сөзді, Өнегелі әулетің. * -Ғалымдардың есебі қисық па, түзу ме, ақпаратта бір миллион бала гемофилиямен ауырады деседі. Рас шығар, ана әлсіз, жаяу жүрмейді, атқа мінбейді, шұбат, қымыз ішпейді, есесіне есі шығып арақ, шарапты өші қалғандай құп соғады. Тұлабойлары толған элктромагниттік толқындары. Бұрау басын сындырмайды, үй жұмысын қол күшімен тындырмайды. Ей, баяғыда аналар сәби шыр етіп жерге түскен бойда тұзға шомылдыратын еді, бүгінгі әйелдер оны да білмейтін шығар. Ештеңенің қадірін білместе. - Ертедегі аналарымыз келіннің қарнына бала біткен бойда ерекше күтімге алады, ішпесті ішкізіп, киместі кигізеді, таза ауа, адал ас арқылы, бала ана құрсағында қайрақтай боп дүниеге келеді ғой. Чорту, бүгінгі кейбіреудің сәбиі арақпен шомылып әлсіреп кем-кетікпен, түрлі дертпен жарық дүниеге келіп жатыр, кейбірі кірпігін қағып өліп жатыр, ,-деді Қымыр. -Дәмсіз тағам, әлсіз баланы дерттендіреді, -деп Алдар сөзін жиып еді. Осы кезде Тазшаның қағаз қайығының есігінің алдында айтқыш бала қуанышы қойнына сыймағандай: - Сүйінші, Алдар көке даладай кең қағаз қайғымызда сынақтан өткен жойқын қаруларды залалсыздандыратын жабдықты Ай әлемінде жүзеге асыратын болдық, -дегеніне сүйсінген Алдар:- Дүниеде қазақ елінен басқа маған артық ел жоқ, радиакциясы аңқып тұрса да жерімнен артық жер жоқ. Осы жерде арымай, талмай еңбек етіп едім, ұмытпаған екенсіңдер Тазша басқарған ғалымдар. Бір-біріңді байлыққа таласып бөлексінбеңдер, бөлінгенді бөрі жейді деген бабаларың. Аш бөрі талап бөксеңді, көтертпей қойған еңсеңді. Еркіндікті бағала, көтеріп тұрып өкшеңді. Асып кетпе, асқақтап, біріншілікке жетсеңде. Күн құрғатпай іс атқар, маңдай терді төсеңде. Тайсаңдап табансыздық көрсетпе, шаршап кетсеңде. « Іздегені не болса, сол табылар» деген Абай. Соны ұғын
да сеніммен қара ертеңге! Аналар ақпейіл болсын, ұлттық тәртіп, тәрбиеге тірлігін бағыш етсін Ұрпағынан дерт аулақ кетсін?!-деп Алдар аздап өткенге өкініп еді. Қымыр оны түсініп ойланды да: «Өміржел өтіндегі шырақ» Адам жер бетіндегі сынақ. Күнә мен кінәні арқалап, О дүниеге атанар бәрі де, Көз жасын бұлап... Алдар көке сөзім қате десең, Қаттырақ таста сынап, дей бергенде айтқыш бала: «Адамдардың мінезі қалыпқа құйғандай бірдей емес қой...деп қалды. * Айтқыштың онысы да рас, Абай айтқан: «жалғанда болмас жұбаныш» деп. Әркімнің әртүрлі мінез, құлқына қалай араласасың. Ол түгелі әкені ұлыы тыңдамаса, анасын қызы тыңдамаса, әлпештеп өсірген ұрпағың жерге қаратса,тірлігіңнің мәнін ұмытарсың Жә, өмірде не болмайды, ана жылдары біздің қаламызда екі белсенді топ болып еді.. Бірі халықтың арасына адасып кіріп кеткендей, жан-жағына алақтап сақтықпен қарап, сырын сақтайтын байлар.Сол жолда өмірін де аямайды. Олар маңдайы жарқырап көзге түсе бермейді.Қайсыбір туыс, туғаны кездесе кетсе, ерінін жыбырлатады. Тұмау едім деп қолын ұсынып, құшағын ашпайды. Онысы амандасайын деп жорта қиналған түрі. Айтпақшы, бармын деп айтпайды, банкрот, әртүрлі қиындық деген күңкілін білдіреді. Қарызға өсімімен қайтарамын десең де, ештеңе таппайды. Әкесі болса да тынышын алып, сұрағаны жанына жақпайды. Түрлі сүйемелді пайдаланып, қулық-сұмдықты түп-түгел меңгеріп, жексұрын атануын жөн көріп, халықтың адал байлығын қолынан да, бұралаң жолынан да тонап алғанын іскерлікке балап, ешкімге білдірмейді, алдап, арбайды, бере де біледі, айтқанға көне де біледі, шешімін тауып мол пайдаға шығып, заң қармағына да оңайлықпен ілдірмейді. Ашуына тисе құтқарар, сойылын соғар қорғаны шатыр бар, сыбайласқа ешбір бөгет жоқ . Екінші топ сорлылығы алыстан танылатын кедей-кепшік. Күтімі тайып, ес-түссіз жүрсе де тым-тырыс, азабын ішіне сақтайды. Онысы қымбатқа түспейді, өкінсе бармағын тістейді. Ығы-жығы көпшілік, жұлым-жұлымы шыққан киімімен аяғын әрең аттап, тістеніп күбірлеп, көбіне өзінің түбіне жеткен адалдығын, құлдық мінезін, қарғап-сілеп, жарқабақтан құлап кетуге дайын тұрған тәрізді. Тірлік таршылығына ылғи тап болса да сенімі жоғалмайтын, үміті үзілмейтін көпшіліктің жалтақтап қарайтыны өркенді істің басы орта шаруаларды таппай қиналғаны аян. Орта шаруасыз қоғам ілгері баспайды, соны жоқтап кедей қақсайды. Құл мінездінің әлсіз үні кімге жетеді...Бәрі түсінікті.Аяқсыз қалатын құнды пікір қанша ма, оны ойлап босқа шарша
ма? Дегенмен Абайдың айтқанына жүгінсе: « Дүниеде жаман да, қызық та, ермек те, көп те, бастапқыға кім шыдайды, соңғыға кім азбайды». Азу ымырасыздық. -Ымыраны кейбіреу түсінбесе қайтасің,-деп Қымыр: «Ымыраны бұзбақ жаманның ісі», Өзінің жамандығын білмейтін, Өзгені жалықпай күндейтін, Іштарлықты місе тұтатын, Жақсылыққа қадам басып жүрмейтін Отбасын тұрар жұтатып... Жоқтықты жоқтық баспалап, Әлсізді езіп тастамақ Қайырымды бай қайдасың деп, Ақырында қақсамақ. Қоғам теңсіздіктен ақсамақ!
- * -Жөке, қазір біз кімді жақсы танып жүрміз? -Бәсір, алдымен шет елді -Жөке, оныңыз дұрыс емес. -Ендеше, туыс-туғандарымызды. Өзі шаруа қожалығымның байлығы өзімнен артылып жатса,жақын, жуғымды жарылқаймын. Әркім солай. -Дұрыс емес.Ындын толмайды. -Бәсір, бас қатырма, бала-шағамды, өзімді жақсы танимын. Оларға ешкімді де тең көрмеймін. Өзгені қайтем. -Жөке, о да дұрыс емес. -И-и, сонда кімді? Түгіне түсініп, білмедім, нені меңзеп тұрсың,ей? -Кітапты, еңбекті, өмірді тануымыз керек еді. Керісінше шет елді, ажалды, өлімді көбірек айтып, соны тезірек тануға бет бұрып барамыз. Құлқынды ойлап іштарлық күшейді. Сол жолда әкеміз де болса алып түсіреміз, туысың болса да қағып түсіреміз. «Ол күндер, өткен күннен бәрі-бір бәс, келер, кетер артына із қалдырмас»-десе Абай оны ұғынуға қанымызда бұзық ой құлдық қоғамнан жүз пайыз тазармай, үреймен тұншығып жаныңды көзіңе көрсеткен кезді де көрдік. Сенбейтінге сендік, үреймен өлдік. Ар-ождан мен адамдық таным кәдеге аспай, тұқым қуалап бара жатқан қаскөйлік тым қатерлі, кезінде асыңды да жұтқан, басыңды да жұтқан. Енді шет елше «әкеңді атып таста, анаңды поездан лақтыр, дінбұзар жынды шақыр!» дейтін сықылды кинолар бір топ ойсызды иектеп алды. Бұл нағыз ұлттың жауы...небір әбестіктің астарын ұқпай, қырсық, кесел, кесапатқа бой ұру бар әзезілдің айтағымене бүліну болды, –деген Қымыр ойқанып тұрып:
«Саяқ жүрсең таяқ жерсің,
Замандасының өнегесін танымайтын, Өзімшілдігінен жаңылмайтын, Кеспірсіз кесірлігімен, Көзтүрткі болатын бар, Өзгеге қауіпті көрініп, Саяқтан қашық тұратындар. Ақырында адасқан сорлы, Маңдайын тасқа ұрғандар. Ондайды көріп сұрқия, Алақайлап тұрған бар... Осы кезде Тымыр: « қаңсық тұрмыс...неге жүрегім айниды, не жақсы, не жаман екенін саралап алмай күнкөріске ойсыз бас қатырады. Ондайда шет ел насихаты құлағына жоқты-барды құйып, мәз еткізеді. Өзгеге елеуреп көзі қарауататын шикі бастар-ай? Осындайда Абай айтқан: « Қараңғы саңырау қайғы ойды жеген» дегені еске түседі. Жамандық жаулықтан да қатерлі. - Жаулық құрсын Жөке, көп жасадыңыз, бүгінде кім жомарт атанды? Айналаңа қарасаң толып жүрген тоқмейілді байқайсың. Бай ма, кедей ме? -Бәсір, қисық сұрақ қоясың. Қалтасында көк тиыны жоқ кедей жомарт-тағы. -Ол неліктен ? -Кедей адамның қолы ашық келеді. Жоқ десем жоғалып кетемін деп қорқады.Барын сұрағанға таратып береді. Кедей жақсылықтың қайтарымы болатынына сенеді. Ал бай бір тиынның өсімінен қағыламын деп аузын қу шөппен сүртіп жүріп барлығы бұйырмай өледі.Ол өмір заңдылығы. Одан бай да, кедей де, басқасы да біржола қашып құтылмаған. Жұтқаның жұмырыңа бұйырмасын, деп қиянаткерді қарғай салады, кектенудің әддісі осымен тынады: Ей, балаң бірдеме дейді ғой. «Болар бала бесікте бұлқынады» деп, баланың көзі жайнап тұр, айтары мәнді, көкірегі сайрап тұр. Байқайсың ба, жөнсіздікке тісін қайрап тұр...Игеруге қажетті, байлығы толған аймақ тұр. Өзгеленбе бауырым, таңдай біл жақсылық жолдың тәуірін, көтере біл өмірдің зіл батпан ауырын,жетелі болсын орта қауымың, -деп Қымыр: «Әсіре қызыл тез оңар», Көкке қара ма, Көпке қара, Шығандап кет пе? Жеке дара. Бәріңе қажет, Ұлттық сана! -Әке, шет елден келген сары майдың дәмі дәм емес бітүрлі ризинка татиды. Сонда олардың сиыры шөп орнына ризинка жей ме?-деді әлгі бала.
-Ей, ұлым, айтайын саған шынын. Өзіміздің астың білмей жүрміз құнын. Қолымыздағы тірі сиырдың тұқымы ірі сиырдың өнімінен безіп, малды қырып салып, өзгенің өлі сиырының өлі дәміне зар болғасын қайтесің? --Сезіміңді кәнігі етіп, бәрі жақсы ғой деп талғамай жеуге үйрене бер. -Бәлкім, олар тұқымына күл шыққандай құрыған теңіз сиырын сауа ма екен? -И-и, ұлым-ай, кездейсоқ пікірше шет өнімі алабөтен, өзіміздің өнім шикі, шала екен. Әлгі « ілгері басқанның иті оттайды, кері кеткеннің келіні ұрлық қылады» деген бар емес пе? Қайтам, шет ел нені сауса да тауары өтімді. Біздің «ұры-қарымыз» таза өнім өндіруден гөрі, елді тонауға әбден жетілді. Елде тас жарылды, құдық суалды, ақыры немен тынарын, өмір шөлмегі қалай сынарын біле алмай сорлап отырғанда мазаламашы? Кері тартқанды, жын-періге қол артқанды, бері тартар әлім жоқ. Кемпір ауру, қызымыз жалғыз сиырымызды саумай, таңдаймызды кептірді, соны түсінбейсің бе?.. Әне, қараңыз теледидарыңда дабыра «Ду-думанда, тістері түсіп қалған сатирасымағында кемпір, шалды мазақтаған масқараны көрдім. Келіні ата, енесіне құдыққа барып суға бірге шомылалық, әке, шешем, ағаларым болып тыржалаңаш суға бірге түсетінбіз деп қалып еді. Бұл сұмдыққа бетің күйіп, жаның шошып суып, одан әрі не болар дей бергенде енесі: « келін үлкеннің алдынан өтпе? деп ақыл айта бастағанда келін атамның артынан жүремін деп ту сыртынан асыла кеткенде шал жалп етіп құлады. Бұл сұмдықты шет елдің бір зәлім ойлысы көрсе, қазақ өнегесіз, ұяттан жұрдай халық деп абыройды айрандай төкпес пе? Бірде кемпірім теледидардан денесі ашық, шашық шашы желбіреген әйелді көріп: « Ері өлген бе, ері өлсе бұрымын кесіп, қара жамылып, байы өліп, бақыты күйген деуші еді,-деп түңілетін. Енді қалада біраз жыл болған қызымызда бұрым тұгелі тұлым да жоқ. Ақыл тыңдатар айбар құным да жоқ. Қыз сиыр саумақ түгелі бойына ие бола алмай қалды.Шайтан иектеді. Шет елдің жұқсыз тәртіп, тәрбиесін сынап, мінеудің орнына өзіміздің асылымызды да араша талап жатырмыз. Кемпір, шалды әшкере сынауға батырмыз. Бала қайда, мал қайда, беймаза көңіл алас ұрады, әрең дегенде дәрменсіз боп тынады. Жаныңда нала, кеудеңде қасірет, біреу жарылқайды дегендерге айтарым: «Біреудің ыдысына қасығыңды сұқ па?» Өзін көркейте білген, тірлікте ұтқан. Бірінің жақсылығын бірі жарқыратып, Бірлігін сақтап өзгеден озып шыққан. Байлықты бабалардың қолы істеген, Аңсайтын ұрпағының адалдығын, Ар-намыс тазалықпен оң істеген...
Дерті күш алған науқас талмаусырап жатыр. Құр сүлде демі біткенге ұқсамайды. Бір кезде жанына келген оташы құзырды сылып тастауға қанша қаржы кететінін тәптештеп айтты. Әлгінде ыңқылдап, күрсілдеп, кеттім, бардым, деп есінен танып кірпігін қағуға әлі жетпей жатқан сырқат қатты шошынып басын көтерді де: -Оташы мырза , мені түсін ондай ақшаны өңім түгелі түсімде де тауып көрген жоқпын. Одан да жанымды қинамай о дүниеге жөнелте сал, баратын баянды мекенім ғой. Өмір бойы тоналғаным аз көрінгендей ендігісі жетер. Бала-шағамызға сонша салмақ салғанша, ажал арзан шығар. Рухым өлмес, жан тірі кеуден ытқып шығар, сосын өз бағытымен бос кеңістікте жүріп алар. -Оныңыз өте-мөте теріс пікір,-деп оташы миығынан күліп:-Бүгінде білебілсең өлігіңді жөнелту, қабірлік жеріңді сатып алу отбасыңа миллиондаған теңгеден кем түспейтінін білесің бе? Тірі жүрсең қашанғы әдет бойынша арзаншылықты күтесің, енді түсіндің бе? Бекерге отауға келісім бермейсің, өкінішті-ақ.Әзір жүре тұрасың, арзаншылық кезде өлуіңе болады ғой. Жұрт өлік жөнелтуге ысырапқорлықты түсініп, орынсыз шашылудың да бір амалын табар. Бәлкім, байлық есігіңді өзі келіп қағар... -Әй, байлық мені қайтеді, мен байлықты қайтем. Ондай ақылыңды басыңа шайнап жақ. Кедейлігімкеңшілігім, берекетім. Айтпақшы, менің денем ірі, біраз артықшылықтарым және бар ғой. Мәселен, мына саусақтарым өзгеше ұзын, аяқ киімміме дейін елуінші бәтеңкі киемін. Біле-білсең арақтан азып туған ержегейлі емеспін. Сондықтан тездетіп өлтір де, сүйегімді кептіріп, мединиститутқа тегін алыңдар. Тұқымы таза, арақ-шарап ішпеген, қымыз, шұбатпен қоректенген адамның дене бітімі ірі болатынын келер ғасырдың ұрпағына оқытсын. Өтінемін, социализмнің мен сықылды көнтірлі өгізінің өлімінің аса маңызды тарихын айтпай-ақ қой. Себеп өліні де мазалаушылар бар. Ал зерттеушілер бұл неткен керемет адам десе, жұмақта да тып-тыныш жатам. Ойбай-ау, ақша сұраған кесірлі көзіңмен неменеге тесіле қарайсың?! Шын айтам...Басқа мазамды алма? Оташы екіұдай ойға берілді. Онысы өзіне бұйырмай тұрған, көкейін тескен қаржы еді. Бірақ, екіншіден, студенттердің оқу құралына тапшы екені де рас. Әлгінің мына сөзі тың табысқа ұқсайды. Иниститут бірдеме төлер деген дүдәмал оймен сол минөттерде шешімсіз пікірмен басын шайқады. Миында радиакция болса, нейрондарына тыныштық бермес түрі бар еді...Көзін жыпылықтатып бас тамырларын жаттықтырды да бөлмеден шығып кете барды...Пара алып әккіленіп қалған тақыс қу бірдеме ойлап барады. Пайда түспесе күйік ішін өртері кәміл-ді... «Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады, деп алып үйренгендер де, берім беріп үйренгендер де тіршілігінде тағат таппайды, әуре-сарсаң есін шығарады. Сонда да Абайдың: « Кісіге сідет жүктетпей, еңбекпен тапқан керекті,-дегенін жұрттың көбі қаперіне алмайды...Жүзінде мысқыл күлкі білініп алым алып, берім беретін теори-
ясына ешқандай кедергі жоқтай сезініп, о да бір жақсы әдет деп еріні жыбырлайды. * Екінші бөлмеде кесірлігі басын жұтқандай біреу: «Оташы, қарыныма операция жаса, қанша сұрасаңда беремін. Алатының әкемнің құны емес шығар. Айтқаныңа көнемін, жаным тірі қалса болғаны жетегіңе еремін, өзіңе құдайдай сенемін, ізгіліғің ақшамен өлшенетінін де жақсы білемін,- деді қайыстай қара, алаң көз жігіт бебеу қағып жатып. -Қандай сырқатың бар? -Азабы ауыр, дәл қазір операция керек. -Неліктен? -Өзіме де қаржы өте керек. Осыдан отыз жыл бұрын, яғни ұмытпасам бес жасымда анамның алтын сақинасын жұтып қойғанмын. Содан бастап алтынды көрсем жұта салатын іскерлікті меңгердім. Енді бүгінде сол алтындар ішімді түйнеп, көзім ілінсе болды: «Теңге іздеп тентірегенше, доллар іздеп күңіренгенше, байдың есігін күзетіп жүдегенше, операция жасатып, сол алтындарды алмайсың ба? Грамының бағасы әлемдік рынокта қымбат. Қарында жатқан алтын көлемін ұлғайтып, үрім-бұтағыңа, бүкіл туыстарыңа жететін байлыққа айналады»деп түсімде аян береді..Төзім сарқылды, қуанышым құрыды,,рахым жойылды, бітті шаруа... Әлгінің бебеу қаққанына жаман көзімен жақтырмай қараған оташы: -Алдымен ақшаңды төлеп айнаға түсесің,- деп оташы мынадай жарым естен аз-кем қызметке болса да, қалтасын қағып қалуды ойлады. Іштей отыз жыл бойы қарында жатқан алтынға сенетін мисыздар да бар екен-ау Ну, да чорту, нарық пенденің ақыл, ойын әр саққа жүгіртті-ау дегенді күбірледі де қыңырайып әлгінің сөзін елеместен алаңсыз оймен өзінің жөніне кетті. -Ішек, қарындарыңда алтын жатқан жоқ па? Байқаңдар...Батпаққа батқан ақиқатты күтіп оташы сарсаңға түскені жақсылық іздеп сорлағаны кішкене нелеу,ә? Қымыр саңылауы жоқтай көрінген оқиғаға таңырқап шаршағанды ширататын Абайдың.«Үзілмес үмітпенен бос қуардық» дегені осы-ау деді де: «Іздеп алған аурудың емі табылмас»,Сорлы шіркін, сандалудан жаңылмас. Не істесе де өзіне рауа, Дауасызға қонбайды дауа.
- *
Өмірқұл «Құмгүл» кеңшарына директор болып келісімен отыз шақты қой отарына арнап бөгет салдырады. Судың ағынын, тұрақтар жерін білетін басшының игілікті ісіне риза болған шопандар оны «Өмірқұл бөгеті» деп атап кетеді.
Аудан әкімі соны қызғанып, ішіне пышақ айналмайтын күйге түсіп, Өмекеңді шақырып алып: -Кіслік құныңды білмей өзіңді дәріптеуіңе жол болсын,-дейді үрейін төне ызбарланып. -Айтқаның келсін. Өзін білмейтін адам бола ма, ондай надан оңа ма?Бірақ, нені меңзеп тұрсыз? -Сенің атағыңдағы бөгетті айтам. -Ие, дедіңіз. Е, е, оны айтып жүрген суға мейірі қанған қойлар ғой. Тілі қырқылып, басы үйтілгілердің рахметінің түрі сол ғой. Әйтпесе, өз атым өзіме жетіп жатыр.Ал, малдың түсінбейтіндігін анықтайтын ғылыми өлшем жоқ. Оған қалай қуанбайсың, мал құлағы саңырау емес екен,ә? -Кекетпе, бюроға шақырып, есіңді тандырам. -Айтпақшы, он мың саулық бағымы келіскесін егізден қоздап жатыр. Қошқарларымыз күйлі. Бюросыз-ақ шаруасын біледі. Шопандарымыз миығынан күледі. Көңілі елітіп, ауданда алға түсуге асығулы,- деп Өмірқұл әміршінің қоңырайған жаман ойын бөліп, сіңірген еңбегін қалжыңдап алдына тартады. Сонда да ықыласы құлай қоймаған басшы: -Смотри, мұныңды облыстағы Сынтаев естімесін, өзің көпірдің үстіне шығап салқындықпен жан-жағыңа қарап тұрсың. Байқа, құлап кетпе?-дей ді. -Е, басеке, Сынтаев та ет пен сүйектен жаралған адам, о да көпірге шықпас деймісің, үрейден ықпас деймісің. Абай айтқан: « қор болып құрып барасың, сөзімді ұғар елім жоқ...Өзіңнің де ұғымың мықты, төрт түлік малдың да ойынан шықтың, өлім жоқ, өнім көп, орденмен омырауыңды толтырасың, билік үрейі алдында менен басқалары қалтырасын, қалырай алмаса табанын жалтыратсын,-депті сонда Өмекең астарлап және әр сөзін өткірлеп. «Өлім біреу, үрей көп» Адыраңда ақыл жоқ. Өлер жерін білмейтін, Таза өмір сүрмейтін Өзіне айттырсаң, Зәлімдерден жақын жоқ. Үрейді қалап алады, Жақсылыққа балап алады. Мисыз есалаңның сүйегі далада қалады.-деген Қымырдың ойын тірілткен Өмірқұл: алаңсыз:« Шындықты айта алмай, үстемдікке жәдігөйсіп өтетін билікті аяп өтіп едік. Қандайда әңгіме-сөз еріксіздікпен бітеді. Расында жайлауы малға толы «Құмгүл» кеңшарының қасықтап жиған байлығын шелектеп шашатын, жеке талауда, елді тонауға қадам басқан кезеңде Өмірқұл Ыбраев түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмай күйініп жүрді. Дерттенді, біраз төзіп бақты.
Түрлі ұсқындардарды көргісі келмей кіжінді, ақыр аяғында о дүниеге адалдығынан айнымай баруды ойлады. «Адамды ұят өлтіретін шығар..» деп шыдай алмай морт сынды... Жаны тынар алды кейбір оқиғаны көз алдынан өткізді. Сол бюродан кейін,ә?
- * Арада күндер өткесін қыңыр әмірші финанс мекемесінің кәнігі қызметкерін жіберіп, бөгет құнын тексертеді. Қылғынып, кекештене сөйлейтін ревизор. -Шарауашылықтың пайдасы қайда?-деп тіктенеді. -Оны бөгеттен сұра? Қойдан жауап ал, өзі кесірі тимей тұрғанда сол бөгетті ауданға қопарып әкетсең қайтеді? Өзің де босқа азаптандың,-дейді Өмекең. -Нені әке-тей-ін, нені дейсің?-дейді шала естіген ревизор жүзі жарқ етіп. -Бірдемені әкетуге үйренгендер сөйтеді. Бөгетті, оған қоса кеткен шығынды дәлелдейтін құжаттарды алып кет!-дейді Өмекең тіксіне қалып күбірледі. «Алғыш немелер...Шіркін, жүзіп барады жемқорлық кемелер. Келе жатыр қамқорсып жүріп қағып түсетін, барыңды алып түсетін топ, бұларға дарымайтын шығар ажал-оқ. Олжаны қалай-қалай қарауылдайды...Абайдың айтқаны бар: « Ар ұялар іс қылмас ақыл керек, дегені жадында жоқ...Жеке талаушының тепсініп тұрған түрі құрсын де. Өткенге күлесің, ұмытып кетпе, бүгінде жемқорлықтың құпия сырын әдемілеп біліп, Құдайға шүкір сыбайласып барамыз. Жаратқан иеме қарапайым халыққа қуат бере көр, қылмыскердің арамызда жүргенін білсең болды, зардабын көрсет, жарияла өздері көзге кейде ыстық...тәңірдің кәріне ұшырайтынын білмейтін пы сық. ** Қорғалжын аудандық соты Өмекеңнің құрдасы еді. Сот бастығы кеңшарға келсе адалмын деп жүріп әлек-әуреге салады. Немесе бірдемені алады. Сосын Өмекең хатшы қызға: « Мен кабинетте болмасам, соттың есіктен басын сұқтырма» деп тапсырып қояды.Содан бір сапарда сот: «Қалаға телефон шаламын, директордың кабинетін аш» десе керек.Хатшы қыз рұқсат етпейді. Қызынып тұрып сот: «е, шырағым Рейганның кабинетіне де таныстары кіретін шығар. Бастығың Рейганнан да мықты ма?» дейді.Содан бастап елдің қулары Өмекең дене бітіміне лайқаттап лақап атын Рейган атап кеткен екен. Айтқыштарға дауа жоқ...олардың сегіз көзі жат көзді арбайтын сері сөзді табады-ақ. Қиқым, сиқымды сілкіп тастайды табалап, адалдықты білетұғын бағалап...Әзіл, қалжың арқасында бар дүниені ұмытып бір серіліп қалатын кездерге не жетсін! Бірде Өмекең інісіндей болған көршілес кеңшардың директоры Әйтімнің ауылындағы дирменге бидай тартырады, рынок басталғасын халқын нансыз қалдырмаудың мақсатымен. Содан дайын ұнды алуға келеді. Әйтім бри-
гадаларды аралап кетіпті. Радцияммен хабар салады. Радист қыз: -Бір ағай алжақ ұным бар деп келіп тұр. -Кім? -Аты-жөнін сұраған жоқпын. -Рейган емес пе екен?-деген дауыс естіліп қалады. Әйтім де шұғыл жұмыспен есі шығып, Өмекеңнің есімін ұмытып қалса керек: « Рейган болса ұнын алсын!-дейді. Сонда жәй езу тартқан Өмекең: -Қызым, сонау Америкадан келіп өзімнің ұнымды кідіртпей алайын да халқыма таратайын. Америка жарылқайды деп көкке қарап уақытша сене тұрыңдарда, өзгенің бүкпе сырын өлгенінше білмес, өтірікке сенуші төбесін көрмес. Жә, қызым, директор рұқсат берді деп, дирменшіге хабарла»-дейді. Хатшы қыз аң-таң күйде дирменшіге айтарын айтып уақытшасы несі? деп ұғымсыз құйын ойға батып отырып қалады..
- Өмекең ел басқарғанда кейбір қазақтардың енжарлығы мен дарақылығына қатты күйінетін. «Аузындағы ырыздығын әлдекім жұлып жесе де мыңқ етпейтіндері не пәле? Осы бір мінездерінен арыла алмай қойғандығы қайран қалдыратын-ды. Отыз шақты шопанды ерте тұрып, малын өргізуге дағдыландыру оңай болған жоқ-тын. Бір жақсысы әр отардағы рация байланысы арқылы да, күн сайын малыңды өргіздің бе?-деп тексеріп жатады. Ал кейбір шопандар төсекте жатып-ақ: «е, бағана өргіздім» дей салады. Содан бір күні Өмекең көзімен көрмек болып, сезікті отардың жанына келіп: «оу, пәленше отырың өріп кетті ме?-десін. Анау да жылп етіп: « қорадан мана шығарғанмын» дейді. Содан Өмірқұл: «Өзің қораға кел», дейді. Анау сасқаннан жүгіре шығады. Қараса директор қораның жанында тұр. -Мұның не, жалған айтуға жаттығып алғансың ба?-дейді Өмекең. -Сіздің де адам құпиясын білмейтініңіз жоқ екен, дейді сасқан шопан. -Мына сым телефон өтірік айтқанды да жеткізіп тұрады, бәрінен де ақылды. Өтірік түбімізге жеткен, әлі жетеді, сол есіңде болсын,-деп Өмекең жүре бе ріпті. Бірде Өмекең автокөлігін жүргізіп келе жатқанда МАЙ қызметкері ала таяғын көтеріп тоқтатады. Өзінің баласындай сержант ежірейіп, діңкілд еп: -Ішіп алғансыз ба?-десін. Бұл сөз намысына қатты тиеді. Өмекең дауасызға: -Знаем, -депті сөз таппай қиналып. Сосын басын шайқап:, « сәлем жоқ, сауқат жоқ, адам осындай брак болып туа береді екен-ау»,-- деп машинасын от алдырып, тұра жөнеліпті...Сұрақ бар, нақты жауап жоқ. Қағаз қайықпен түсініксіз құйындаттып кеткен.көңіл сиқырлары. Дәйім уақыт пенде басындағы көшкен бұлт тәрізді ме, қалай?
Кезең солай...Пенде зерігіп жүрген жоқ, сүрініп, жығылып перініп жүр. Күн сайын қырсық шалатын уақыт дейсің бе, жақсылығы мен жамандығы палмасып жатыр, пайда жолында әркім өзінше таласып жатыр. Кейбіреуде үміт сенімсіз, біреуді біреу ұқпайтын түсініксіз уақыт дейсің бе, біреуге олжалы, тауып жатса айланы, біреуге жайсыз, түрлі өзгеріске мазақ көзбен қарайды. Өткеннің жақсылығына ештеңе теңгермей армандайтын мезгілде өткен. О дүниеге кеткендер арамызда жоқ. Бірақ, айтқыштардың сөзі қалды. Нан киесін, сөз қадіріп, ұлт қасиетін бағалайтындардың елде көзі тірілері ұрпағына ұлылықты, кісі сыйлауды айтпай ма, деп ойланды да Өмекең МАЙ қызметкеріне қарап толғанды: Капитализм жайды қанатын, Өлшемсіз ойды табатын. Ауылымыздың иті де, Мінез тапты қабатын. От басында отырмыз, Ар, ұятты талатып... * Жұмыс орындары қысқарып, отбасының тірлігі тұйыққа тірелгесін екі жас келіншек Қырғыз елінен тауар тасып, оны таратуға батыл кірісті. Нарық қиындығын жеңіп орташалармен тең түсері, не кем түсері белгісіз, әзірге табыс бар, банкрот жоқ.Ескіден қалған әдеп бар, айтар ақыл бар, оны тыңдау бар және жағаласып кіре бастаған тұрпайы шет елдік мінез көріне бастады. Онысы ұлттық тәртіп, тәрбиеге ұқсамайтын бір пәле. Екі жас келіншек әзірге ештеңені есіне түсірмейді. Содан дағды бойынша жұмсақ, жайлы воганға жайғасып, жүріп-тұруға үйреніп, еркіндікті ермек етіп кетті. Оған өкінбейді. Сөйтіп, кезекті сапарда екеуінің купесіне бейтаныс әпәдемі соқтадай екі жігіт кезіге кетсін. Олар бірден тіршілік ажарын ашатын шетелдік коньяк, шампандарды дастарханға төгіп салды. Сөз бағыттары іскерлер тобынан екен. Бәрекелді, әңгіме жарасты. Жылы-жылы сөздермен, бейне өз адамдарындай ұғысып кетті. Әттең, оқыс құмарлық па, әйтеуір түннің бейуағында жігіттердің үстінгі қабаттағы орындары бос қалды... Содан ертеңіне екі жігіт жуынуға шығып кеткесін, сыланып, сипана бастаған бикештер кім айыпты дегендей бір-біріне телміре қарасты. Нәркес көзді, істік тұмсық, томпақ бет әйел жанарын қылмыскердей аударып: -Дура, күйеуіңе айтам. Есіңнен адасып, не көрінді көзіңе...өміріңнің ақыры ма еді, рахатым деп. Алдымен сен бастадың, жанып-күйіп қызықтырып жібердің» дегісі келгендей еді. Сол сәтте екінші келіншек қасын керіп, көзін ойнақшытып кешірім сұрағандай болса да: « Кәне, жүрек жұтқан екеніңді білейін, күйеуімді сендіріп көр» деген сөзді іштей қайталады. Содан ерінін сылп еткізіп: -Күйеуім шампан ішпе, ақыл-есіңнен айырыласың, деуші еді. Сонысы рас
болғаны ма? Қатты қызып қалыппын,ә?-деді. Екіншісі жуасып денесін билеген тәтті қиял өз құнын ұмыттырғандай өкініп: -Коньяк араласты, сол виноват..
- * Осындай жеңіл жүрістілер, атаны, енені сыйлар ма? Ар-қорсыздар ол түгелі іштен шыққан ұлына, қызына тәрбие бере алар ма? Ар шыңынан құлдилап, төсек ләззатына жын-шайтан араласса әйел ұяттан біржола безіп шығады. Өзін тіпті дне қорлық санамайды, табысым жетеді, жүретінмен жүріп, шалқып өмір сүріп, жан рахатымды тауып, тәртіп, тәрбиені жылы жауып тынамын деседі. Арақ, шарапты ішер жерінде местей боп тоя ішіп, шылым шегіп, сайқалхананы да көріп, өзімді ғана ойлап, әкәкумен тойлап жүремін дейтіндер баршылық. Ондай келін жанұясынан безгенде ене қайғы тұтып: Бала-бала дегенде мазалымыз, Біреулерден болар-ау ажалымыз. Бір баланы үлгілеп күтер едік, Шықты ғой,келін деген тажалымыз,- деп зарлайды. Бұл біреудін отбасы ойрандалған қайғысы емес,, ондардың, жүздердің, ең ауыры ұлттың қайғысы. Қазақ ұлтын қартайтуға апара жатқан қастандық. Орыны толмас мұң-шер, шет елдің зәлім саясатының мылтықсыз майданы. Қандай да қоғамның тас-талқанын шығаратын, атом бомбысынан да қуатты жынданса жын ұратын кейбір әйелдердің қаскөйлігі екенін тарих талай көрсеткенді. «Қойнымда жатқан сұр жылан»деп талай ерлер еңіреп өткен-ді. Сосын да қазақ қызына қылықтылық жолды өнегелеп, тәртіпсіздіктен қатаң сақтандырған заңдылығы ұлттың құрып кетуінен сақтауы еді. Бүгінде шетелшіл желіккендер оны түсінбесе өз обалдары өзіне...
- * Қалалық ден саулық сақтау орнының есебі бойынша жылына отыз мыңға тарта бала дүниеге келеді екен. Оның жүздегені мүгедек, бұл ата, ананың ден саулығын күтпеуінің қырсығы. Қыздар әлсіз,қан аздығы бар, бір әйелде бірнеше ауру, сексенге тарта жыныс дерті де кездесетін көрінеді. Ал баланы ана құрсағынан жарып алу қасіреті өз алдына, іш тастау (оборд) он мыңға таяп қалады. Бұл ұлт болашағын ойламай, жеңіл мінездікпен қыздардың сорлауы. делінсе, аппақ манардай сұлу қыздарымыздың кейбірін жынойнақ аздырып барады, тәнін сатудың лаңы ата, ананы тірідей көрге сүйреуде. Тірі жанның басына салмай-
тын мұндай қайғыны қазақ тарихында естіп, көріп пе екен?Айлалы сайқалдарды жазалап, ауыр соққының жұлымын қырықпаса өкінішті.. ***
Жігіттердің де ден саулығы оңып тұрған жоқ. Тән қызығымен дерт құзырын табатыны да баршылық. Ертеде Торғайдың топ жарған ақыны Нұрқанның елдегі бір әзілдесі жыныстық ауруды жұқтырып, бебеу қағып жүріп ауылдастарынан ем сұраса керек. Сонда әзілкеш жігіт: « Оу, аға ауылда не көп, сауысқан көп, атып ал да, қабырғасынан қақ жарып ана жеріңе қоя салсаң жазыласың да кетесің» депті. Соны естіген Нұрқан іздеп барыпты, Есіктен кіріп төрге ене бергенде Иманбек атып тұрған бойда кең дамбалынан сауысқанның қанаты көрініп қалады. Ақын аңтарылып тұрып: «Көрмедім Иманбектей ауысқанды, Ем іздеп ауыл, елді тауысқанды. Құсқа да аспандағы ғашық болып, Қойындасыпты ұстап ап сауысқанды,-депті. Сонда Иманбек жөнсіз әрекетіне тұншығып тұрып: « Нәпсіқұмарлықтан бір өліп едім, өткір, ащы сөзіңмен екінші рет өлтірдің-ау, мұны қалың жұртқа жая көрме, өтінем?-деп тәлтіректеп барып, пеш түбіндегі құс жастыққа қисая кетіпті. Осындай әзіл, сықақ заманында талайды сақтандырып есуастарды да, небір жексұрынды да кісілік қалпына түсірген екен. Небір кесірлі кесапаттар айтқыш алдында діріл қаққан-ды.Небір сұм, албасты, қымс етсе қырқыса кететіндер пыштай болған. * Торғайдың атақты айтқышы Айсаға ауылдасы сөзге тартқысы келіп: « Социализмде моральдық кодекс заңы бойынша желікпе жеңіл мінезділерді жазалаушы еді. Капитализмді қалай ойлайсыз? Өзіне жарасатын біраз үнсіз отыратын Айса: « Қарайып текке отырғанша өле-өлгеніңше адал сөзіңді айтып қал дейсің-ау, жүгірмек.Әлемдегі капитализмде ақша, байлық сөйлеп үкімін шығарып тұр ғой. Бұ, жарық дүниеде зұлымдық түрі, әділетсіздік жолдары, мейірімсіздік тараулары көп-ақ екен. Желікпеге айызы қанғысы келгенде ақшаға жалданады. Бұзылып өмірін бүлдіреді,-дегенде Қымыр термелеп: Капитализм жайды қанатын, Өлшеусіз ойды табатын. Ауылымыздың иті де, Мінез тапты қабатын, От басында отырмыз,
Ар, ұятты талатып, -дейсіз ғой. -Жөн айттың, демегенде қайтем, социализм құлағанда қайғырудай-ақ қайғырдым. Ерте, ерте де Ленин екеуіміз қоғамның ірге тасын болаттай берік шындықпен құрыңдар. Егер өтірік, өсек, сайқалдық, зұлымдық, үрей қоғамдық ірге таста жұғысып тұрса жылдар өте сылқ етіп құлайды, -дегенде көсемсігендердің әртүрлі ойлары, өзімшіл, таққұмарлықтары, шала пікірлері шындықтың алдын кес-кестеп өрмекші торындай шырматыла берді емес пе? Енді еркіндігіңді асқақ тұтып әлемдегі жамандықтан түңіле білмесеңдер, араңызға еркінсіп ене бастаған аз-кем қаскөйлік мысқылдап кіріп, тышқырта бермесін, дерт табуларың оңайлады, оған ем табылуы қиынға соқпасын. Осы айтқаным аумай, төкпей келсе өз парызын өтеді деп ертеңгілер мақтасын, өзіме кедейшілігім жарасушы еді, артық дәулет тауып басым ауыра ма, деп қорыққаннан жекеменшікке бір дерт тауып, сонымен шаруа ыңғайын қарасып жүрмін... * Кедейшілік дегеннен шығады, рынок дауылы жүріп жатқан ауыр кезеңде Айса төсегіне жайғасты. Ойынша ажал төніп: «Көрер жарығың, дәм, тұзың тыңдар әнің, айтар сөзің таусылды. Тіліңді тартып мәңгілік мекеніңде тыптыныш жататын боласың!-деп қатал түрде әмір еткендей болады. Ей, кеңес үкіметі заңынан да ажал үкімі қатал екен, алмай қоймас, шыбын жаным о дүниеге бармай қоймас, о дүниедегі таныс көсемдерді де сағындым, деп әлі кетіп, әлсірейді. Туыс, туғаны қалай жөнелтеміз, дым жоқ деп мұңая бергенін түсініп кенет басын көтеріп: «Саспаңдар, Торғайға хабарла, бәрі болады, тойлап жөнелтеді» деп Айсаның жаны үзіліпті. Расында, Торғай халқы айтқыш Айсаны аса құрметтеп мәңгілік мекеніне шығарып салған екен. Сөзді сыйлаған халық құдіреті деген сол...
- * Поезда кетіп бара жатқан екі жолаушының бірі таныстық әңгімелерінің арасында: -Мына бір әйел қалай дөкір... Менің әйелімнің мінезі жібектей.Бәйектеп күтеді. Махаббатты кіршіксіз сақтайды. Бір-бірімізбен жүз шайыспаған соң ләззат алуымыз да ерекше. Бақытыма тап болған еркем әлемде алдына жан салмас,шынын айтайын періштем ғой,-деді көңіл қосқан жарының ұнамды қылықтарын ізгі сырын жұртқа мақтап үйренген дағдысымен. -Теріс қарап жатпай ләззат құшағында болғандарың өте дұрыс екен. Бірақ, әйелдің үш жүз түрлі құпия айласы, жұмбақ ойы, шайтан түртсе еркінен айырылатыны, тағы басқа толып жатқан одағай әдеті сәтті кезінде қаулап өсетінін ескер. Бір данышпан: « неше мың азулы ердің мұқым бәрі, құрыған әйел үшін тұқымдары» депті. Әне, бал тамған тілден у да тамып, төбеңді
тесетінін біліп алмаса қиын. Әйтпес, еркек сорлы бүлініп қатты адасады. Өңі қашып, халі үмітсізге айналады. Алжасқанын ұғады. Ақымақ болып шығады. Ұсақ қатеңнен де үлкен оқиғаны өріп тастайды. Әйел өз ықпалын жүргізуге тапқырлықпен ұзақ уақыт саспай дайындала біледі. Сені жүрек жылуымен алдарқату үшін жұмсақ күледі. Шашыңның әр талынан көп осыншама көп кемшілігіңді есеп шотқа санап, кезегінде тарс еткізе біледі. -Оған да ақыл керек. Демек, ақыл-ойды, зердесі елден асып қара үзіп алға шықса да, көсемдік ететін әйелдердің аздығы әлгіндей жұмбақ мінездерінің түрі көптігінен болды-ау, деп әйелін мақтаған жолаушы тілін тістеді...Тірлік тің тұқетері ұтыс, ұтылудан тұратыны содан. * Аңқаулық, адалдық іздесең, ауылға баратын шығарсыз. Бірін-бірі ренжіте бермейтін, қажыса да қайырымды, елпілдеуден жаңылмайтын Ебек төртбес күн бір досының үйіне қонып жатып карта ойнады. Апыр-ай, қолы шықпай қалтасын қағып тынды. Содан күн көзі көтеріле бере үйіне келсе, әйелі сиыр сауып жатыр екен. «Ит ашуын тырнадан алады, дегендей әйшәй жоқ әйелін тепкілеп, сүтін ақтарып опан-топан етті. Құлап жатып әйелі сасқаннан, қара басқаннан: -Соры қайнаған-ау, не боп қалды, сонша еліріп Әзірбек қайным қылқылдап қоймағасын...қайтейін...соны да естіп қалдың ба?- деп еді. Оны естіген сайын ері ақылы ауысқандай жынданып одан сайын төмпешке алды. -Бәсе картадан неғып қолым жүрмеді десем, сен албасты көзіме шөп салып, тірідей өлтірдің-ау, жан азабым-ай, әйелдің мазағын-ай, соншалық ұтылғанымның өкініші кетер ме? Сұмдық-ай!...деді де ашуын басқысы келіп Абайды оқыды: « Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз көңіл бөлме...Ары бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма?». Демек, кінә өзімнен, танымаған екенмін көркіне қызығып, деп өзіне тоқтау салды.
- * -«Еркектерден әйелдің құмары артық, бүйірі бір қиырға тұрар тартып» деп бір ақын. Әйелзаты қай уақыттан бұзыла бастады?- деді Ебеке ыржаңдап күлген бір құрдасы. -Өткен ғасырдан, яғни тың игеру жылдарына келген орыс тілді әйелдердің бұрымы жоқтығын көріп, солардың еркінше ойнап, күлуін көріп, алдымен әжелері киелі етіп қарын шашын алмай қойған бұрымын кесуден басталды. «Бақытыңды кестің, бақытыңды кестің, деп кейбір әжелері жер соғып қалды. Оны тыңдамағандар еркекпен теңбіз деп тынысын кеңітіп, жүрісін кеңітті, шарап ішті, шалқыды, әйелді көз бұзады деп, көзі түсіп құмартқан еркекпен ойнап, күлді. Небір сұлуларды шайтан азғырып қорлай
бастады. Бүгінде ұлттық тәртіп, тәрбиені талақ еткендері соншалық некелескен әрбір үшінші жанұя айырылысып кетсе, әрбір онның бесінші баласы некесіз өмірге келуде. Сөйтіп әйелдің бұзылуынан шет елді алдына сала қоймас. Ұлттық ұлылықты ада-күде ұмыта бастады дегенім өтірік пе?- деп Әбек қағынудың әсерінен арақ ішіп азып бара жатқанына қынжылыс білдіріп мұңайды. Қайтеді, құрдастарының күлкі, мазағына да шыдайды. Кейде кейбір әйелдің сайқал күлкісін көргісі келмей, өлімге бас тіккісі де келеді. Өйтсе ата, баба аруағы кешірмес еді, соған тоқтайды...Адамның басы алланың добы, тірліктің сынына төзіп алаңы, жеңісті зілсіз күлкімен күтесің, деп күбірледі... * Білкен інісіне: -Былғары доптың әлемдік шебері накаутқа қалай түседі?-деп астарлап сұрады. Інісі де қу тілді еді, елп етіп: -Долы әйелі миына тұз құйғанда,-деп, бір пері бір періге қызыл ақшамда кездесетіндей, астарлы сөзді аспандатып тынды.
- * Жұрт не айтпайды, Бүйрек құмында жойқын қаруды сынақтан өткізгеннен кейін ойылдықтардың кейбірінің басынан шашы түсіп таз болып шыға келді. Олар арсынған жоқ, қайта шашымыз түсіп, басымыз жеңілдеп, ақылойымыз жоғарлап қалды деп улы тілін безеп езу тарта салады. Сонда басында қылтанақ шаш қалмаған Ідіріс деген ағамыз совхозды басқарады. Одаққа сөзі өтімді, шаруашылықты гүлдендіріп болмағанды болдырды. Бірде облыстық жиналысқа барған ғой. Өзімен жылдас бір директор аман, саулықтан кейін мысқыл күлкімен: «басыңа шыбын тайып жығылғандай, енді шаш шығатын түрі жоқ па?-деп әзілдей бастапты. Оның шошақ төбесі таз екенін көрген ағамыз күле қарап: «Барыспалық бас жаққа, барыссақ егер бас жаққа, іс айналар шатаққа, бір ғаламат иіс бар, келіп кет біздің аймаққа, түтіні тұрар бастағы қалың шашқа ойнақтап» деп мысқылмен сөзін қайырып: « таз адамдар аспанмен бірден тілдесетінін түсінбеген екенсің, Ойылдағы таздардың емханасына жатып шықсаң миыңа салмақ салып жүрген басыңда қалған аз-кем қыл-қыбырдан құтылып мөлдір аспанның жымыңдаған жұлдыздарымен тез тілдесіп рахатқа батасың... -Олжаның бәрі Ойылда екен ғой, қуанышың құтты болсын, бас аманда шаш садақа,- депті анау ұялған тек тұрмайтындай.
Біреулер маған ұқсап торғай өсіру шаруасын игеріп, рынокта көкірек керер түрге еніп, мол байлыққа қолы жетіп, ізгілігі қалың елді таңдандырса, -деп Тазша ойланды да: « Е, бәрекелді көршіміз ресейдің құлағына сөзім де, ісім де жеткен екен. Шет елден ағыл, тегіл келетін азық, түлікті тиып тастап шұңқырларға үйіп трактормен тапағанын теледидар арқылы әлемге хабардар етті. Мұнысы өзін-өзі асырайтын халық енді шет елдің сапасыз өніміне табынбайды деп мазақтап, ауыл еңбеккерлерінің тілегін тілегенін жөн көресің.. Иә, мұныңыз жергілікті халыққа жақсылық деп ойлай салуға болатын еді. Сол сәтте кеңес өкіметінің 1922 жылғы оқиғасы еске орала кететінін қарайгөр. Сталиннің өтінішімен Америкадан Жерорта теңізі арқылы 10 мың трактор алынып, оны Ресей мен Украина бөліп алады. Сол кезде Одақта аштан халық қырылып жатады. Ал, Америка астығын сақтай алмай теңізге төгіп, Аргентина астықты тепловозға көмір орнына жағыпты. Осы елдерден астық сұрауға Сталин арланды ма? Әлде жүрегі қатуланып халық өзін-өзі асырамаса обалы жоқ деді ме? Үреймен мәңгілік басқаруға бағыштаудың құпиясы ма? Өзі біледі... білсе мұртымен күледі. Айтқыштар: «Зәлімнің балы мұртында, уы ұртында» деп сөз қалдырған. Әңгіме оның күлкісінде емес, шындығын ұға алмайтын өткен оқиға түгелі, бүгінгі мәселе жоқты-барды тәптештейтін болсақ, көрші еліміз азық-түлік молшылығына жету жолында торғайдың әрбірі семіріп борбайы шошқадай болуын ойластырса «Капустин Яр» полигонындағы жойқын қару түрін сынауды тоқтатпаса улы заттар, химиялық қоспалары Жайық суын ластап, торғайлар, өсімдік түрлері, құс, жәндіктер қырылып қалмауын түйсігіне түймесе еңбек аққұла болуы ғажап емес.Аштық жылдарында Орынбордағы кейбір әлсіздер топырақты қайнатып суын ішіп, кейбір қазақтар адал шөптен ас дайындап отбасын сақтап қалғанын білеміз. Сондықтан шет елдің сапасыз қаңсығынан бізде безіп, өткен тарихты жадыңа алып табиғаттың амандығын тілесек еңбегіміз еш болмас.. Өйткені, ымды да біліп, дымды да біліп, орыс күлсе, біздің езу тартып жымиятын әдетіміз бар ғой. Аспан асты, жердің үсті ластанғанда торғайдың амандығын тіле, бауырым...Оған ақылың айран, ойың шалап, түсінуің қиындап дал болмай-ақ қой. Торғайдың көзіне қарап назарыңды салсаң жетеді...Айтпақшы, жыртық аспан, түрлі қарулардың химиялық қоспалары жануар, жәндіктердің «керексізін» жойып тазартып жататынын торғай шықылықтап ұғып тұрмаса сәлемімді алма? Құпияның түгін түсінбейтін ететін үстемдікті сезіп Абай сөзіне жүгінесің: « Аяқты алшаң басқанға екі көзің аларып, құр қарайсың аспанға..» Жұмыр жерде табыну да, билеу де, күшпен еншілеу де болған, бола берер,әлсіз халық бәрін де хош көрмейтін амалы қайсы? Үрей киліксе жан сауғалап бұқты.. Мықтымсынғандар одан сайын дүрсе қоя береді. Пай, әлемдік дыраусығандар да ақыры о дүниеге зытты... *
Әлемдік дегенен шығады ғылыми жетістіктері жұмыр жерге танылған Ишанбай Қарақұлов тірлігін ғылымға да, күлкіге де арнады. Алматыда кезінде онсыз той өтпейтін, халықаралық асаба десетін-ді. Сол ағамыз жасы ұлғайғасын әлдеқандай ажалдың қармағына ілігіп жанын бере алмай арпалысып жатпай ма? Дерттене бастағанда замандастарына күліп отырып: «Ажал деген албастының маған махаббаты қозып қырындай бастады, менімше жеңбей қоймаймын дейтін түрі бар дейді екен. Ақырында бірнеше күн тілсіз жатып, сұм ажалмен күшін сала арпалысып, кенет басын көтеріп: -Мәрзия тездетіп кел, шапшаңдат?-деп әйелін қасына шақырады. Үмітін үзбей келген Мәрзияға қимай бір қарап: «Ал енді жоқтауыңды бастай бер, ажал қалжыңды түсінбейтін сорлы екен, өз ырқына күштеп көндіретін түрі бар, жуасып мойындадым, мен енді о дүниеге кеттім,- депті...Пенде ажал алдында әлсіз, әйелі дауыс салып, туыс, туғандары жоқтағанымен Ишанабай бұл өмірге оралмаса да, ұлағатты, ұшқыр сөздері, ғылымға сіңірген ізгі істері тарихта қалды. Жойқын қарудан зардап шеккендерді емдесе де өзінің дертіне Мәскеуден де ем қонбады.
- * Ишанбай ағамыз бүкіл өмірін медицина ғымына арнады, дүние жүзілік екінші соғыс кезінде Алматы госпиталында уақытпен санаспай еңбек етті. Өзі денсаулық министірі болса да жаралыларды емдеуден жалықпады. Көрген азаптарының бәрін мағналы өмірім дейтін-ді. Шаршап қажығанда Ойылдан біреу келсе аман, саулықтан кейін ақ көңілін ақтарып: « Атансауған деген киелі жер бар еді, елдің, жердің жағдайы қалай, маған сәлем айтқан жоқ па?-деп туған жер тарихын жыр ғып айтар еді. Білесің бе, сонау 1700 жылы үш ағайынды ысық жігіттері қоныстанған. Одан кейін «ақтабан шұбырынды, алқакөл суалма» жұтында елдің бүкіл малы қырылып жалғыз атан аман қалып, ағайындылар атан сүтімен өмірлерін жалғаған деседі. Содан құйқалы өңір «Атансауған» аталған, Ойылдың тарихын ойласаң, ерте, ерте замандағы нетүрлі кереметтер ауыздан ауызға айтылып жалғасып, бүгінгілердің құлағына жетті ғой. Ей, ұлағатты ұғатын милы бар, ел арасында қалың көпке сыйлы бар, керісінше керең құлақ бар, қағытпа сөзді де ұқпайтын шикібас шырақ бар, дәрежесі жоғарының алдында құрша жорғалайтын жағымпаз бар. Қазақтың әрбір жері киелі, сол жерде ызғындай қой өсірген Бекіш Ғалымов Социалистік Еңбек Ері атанды. Әттең, жақсылары көзге түрткі, тұс-тұстан кеу-кеулеп сүріндіріп, түрмеге жөнелте салатын кезінде қулар да табылды. Азапты кезеңді еске алып қайтеміз. Пенде жақсылықты тез ұмытады. Жамандық жүректі түйнеп жүре береді. Қайтеміз, амандыққа жамандық жоламасын деп небір қилы кезеңнің құпиясын білсе де ашып айта қоймайды.
-Өзге ауырғанда өзім ауырғандай қатты қиналатын едім, мен ауырғанда әлгі әріптестерім, замандастарым неге қиналмайды, ең болмаса о дүниедегі туыс, туғандарымның хабарын біліп хабарлай саларсың, деп күлдіріп кетпей ме? Немене өздері өмір-бақый күліп көрмегендей томсырайып, қабақтары қатып, мені о дүниеге баруға қимай жүрме, мәңгілік мекеннен айдың күні аманында жайлы орын тапсам жаман ба?- деп қимастарына дерті қанша меңдетсе де шыдамдылық танытатын еді...Талай ағалар өткен ғасырдың жүгін арқалап, құпияларды айта алмай, кісілік парызын атқарып, ешкімге қарызданбай өмірден өтті. Өзі айтқандай Ишанбай аға Ойылдың талай азаматына қалаған жоғарғы оқу орнына түсіп білім алуына көмектескен жақсылығы да ұмытыла бастады. Кейбіреу капитализм жарылқап жатыр деп қарқылдап күледі. Бүгінгінің күлкісі де тәлкекке ұқсас... зіркілі басым.
- * Бұл ғасырда әлемде алаңдататын жоққа қуанатын, өлерін білмейтін сорлылар жетерлік, жұмыр жерді билегісі келгендер жойқын қаруларға сүйеніп өзін артық жанға ұқсатады. Бұл өзгенің шамына тиіп дүрдиісіп азаптандырмай тұрар ма? Не қылған лаңкес, не қылған терроршылық, не қылған қасиетсіздік. Неге жақсылықтан қашып жатыр, себебі жын-перінің айтағы зыр-зыр жүгіртіп қиянатқа бастап барады. Жұмыр жер жаралғаннан бері даналар да, ғалымдар да сан ойын сарапқа салып тыныштық тетігін табуға тырысады. Жаратқан Ием ғана зұлымдықтың сазайын тарттыратыны ақиқат деп түсініңіз. Қағаз қайықтағы тарихи мақсат жақсылықтың жолын көздейді құрметті оқушым. Еркіндіктің самал желін құйын бұзбасын деп тіле? Қарауылдап жорта қамқорситындар дәйек таппай сұңғыла қулығын жер бетіне жайып жатыр. Зұлымдықтың зардабы әлсізге осал тимес, пенде нені көрмес, бәріне төзген, өткеніне қарап жіті көзбен...
- * Таң атысымен жуынып, шайынып болғасын Жұма күндегі әдетінше әкесінің жанына келіп әйтемін, бүйтемін деп аузын жаппай сөйлей бастады. -Сенің айтқаныңның ештеңесіне де түсінбей қалдым.. Атқаратын ісіңді мылжыңдамай атқармайсың ба? Адам әлсіз, сөйлей берсең кемшілігің бұрқырап көрінеді де оны қулар пайдаланып жардан ұшырады. Сталин көп сөйлемей-ақ коммунизм орнатты. Көсемнен неге үйренбейсің, әкеңнің көсемдермен жақсы екенін білесің. -Іштен тынып өлейін бе сонда? Тіл мен жақ сөйлеу үшін берілді ғой. -Аяқ астынан өтірігің шығып, Майлапестің Жұмасы өтірікші десе тірідей көрге кіріп кетермін. Болды енді, жоққа алаңда ма, кет жұмысыңа! Тарт
тіліңді, басыңа пәле тілеп алмай тұрғанда,-деді Ойылдың айтқышы Майлапес кіжініп: « Мылжың адамның тірлігі ешқашанда таза болмайды, миы ашып тірлігі маза болмайды...Ұлым екенсің, сөйлеме кекесін, әкеңнің абыройын сақта, қарыны ашқандардың ар-ұятынан безгені шақта, сезімің тұншығып тұрса да, коммунизмнің адал ойына тоқта. «Айтпаймын қыз берсеңде өтірікті, Шығайбайды шыбын теуіп өлтіріпті, деп өтірік өлеңді әндетіп жүре бер, онсызда саған қыз қарайтын түрің жоқ, ұрпағың көбейсе көңілім көтерілер еді, соры арылмаған маңдайыма оны қиды ма?- деп қабағын шытып тұнжырай қарады. Өткені өкінішті, болашағы бұлдыр... * Ойыл көшесінің бұрылысынан өте бергенде Майлапестің алдын кес-кестеп өте шыққан әйелге ашуы келді де: -Келін шырағым, ана жерде ақшаң түсіп қалды,-дегенде әйел жалт бұрылып лезде жүрген ізін тінткілеп әуреге түсіпті. Біраздан соң Майлапестің әдейі айтқанын ұғып кешірім сұрапты. -Ұғынғанға бәрі түсінік-ті...бұдан былай не болады? *** Соғыстан жараланып елге оралғандардың тойы қалың, оқ, дәрі иісі сіңген шинелі таңсық, айтар ойлары жалын еді. Кейбірінің көкірегі желденген, батырлығын аңыз ғып аузын жаппай айтады. «Қаракөл» кеңшарынан майданға аттанғандардың алғашқысы қос балдақпен келген Шүйінішқали ерлік туралы: «Қаптап келе жатқан фашистердің танкісінің біреуін көздеп атып өртегенде, оған он - он бесі соғылып өртенді, жаяу әскерлері жалынға оранды. Қырып салған ерлігімді, атқан оғым өткір екенін қалың жауынгерге бағалап, генералдың өзі орденді өз қолымен омырауыма тақты. Содан тағы бірде шала жансар, фашистің көздеп атқан оғы жамбасыма тиді, әйтпесе, әлі талай жауды құртатын едім, жер жастанғылар жер жастанды ғой, - дейтін желпініп. ** Соғыс жылдарында Ойыл ауданының шаруашылықтарында айтқыштар, ақындар көп болды. Солардың бірі Дүтмағамбет 75 жаста болса да соқамен егін егуге қатысты. Шаршағанда өлеңдетіп: Айдаған алты өгізбен сабаным-ай, Сырқырап ауырады табаным-ай. Сабанды біз айдамай кім айдасын, Тап болған Сталиндік заманым-ай, деп күле сөйлесем сергігендей боламын деп замандастарын жігерлендіргендей еді.
Торғай өңірінің айтқышы Жолдас соғыс жылдарында колхозға басшылық етеді. Бір кездерде шаруашылық жұмысын нашарлатып алып, аудандық партия комитетінің бюросына шақырылады. Бірінші хатшы жүзін суытып: - Жоспар неге орындалмайды, басқарма, - деп қатаң сұраудың астына алады. Сонда Жолдас қаққан қазықтай тік тұрып: - Өзіңізден бастап, ауылдағылардың бәрі басқарма, деп айта берген соң, қалай басқарамын?! Оның үстіне өзім де Сталиннің біресе сол жағына, біресе оң жағына шыға берген соң, кім екенімді ұмытып жүрмін. Жолдас Сталин, немесе Сталин жолдас дегесін есім шығады, - дейді де: «Табанды жұртқа сын жоқ, Жолдас жіберген, басқарма дейтін сөзде мін жоқ, бірінші хатшы білгіштігіңді әлем білгесін бағынушы менде үн жоқ депті тайсалмай. Хатшы Жолдастың қай сөзін ұстарын білмей үнсіз қалыпты. Бірде Жолдастың қызы күйеуінен басы жарылып, қатты таяқ жеп үйіне қайтып келіпті. Әке ауыр оқиғаға бүк түсіп, пеш түбінде отырып қалады. Жұрт шулап «ұят-айлап жатады. Мұны естіген, Жолдастың мазақ сөзі өткен екі замандасы мұқатпақ болып Жолдастың үйіне келеді. Дастархан жайулы, аузына дәм алмай жатып кенет бірі: « Жөке, шай дайындап жүрген мына қыз баланы танымадық,-деп жымсия күледі. Сонда Жолдас іркілместен: « Көздерің қарауытып танымауларың дұрыс. Бұл менің қызым, өмірліккке сотталып еді, етінің тірлігі арқасында үкімін бұздырып қайтып келді. Мұқатпақ болған екеуі жағын ашпай, сөзден өле жеңіліп жанын жеп қалыпты... Күн көрісі ел қатарлы жұқа болса да қара қазанын қысыратпай көкми, кещелерге күле қарап ден саулығын сақтап жүрген Жолдас төсек тартып жатып қалды. Ауыр дерт ажалға алданатын түрі бар. Жаратқан ием күнәмді кеше гөр, деп іштей үгіліп күбірлейді. Ондай жалынышты сөзі кімге керек. Маңдайына жазғаны есін алғандардың тірлігімен өмірі өзіне де керегі жоқтай көрінсе де әзілдестерін шақырды. Қос құс жастықты арқасына қойып ентігін аздап басты да: « Тірі жүре беріңдер, ақ таңды көрудің жөні бөтен. Мен сірә таң алдында кетем. Өздеріңнен кешірім сұраймын, о дүниеге біраз борыш арқалап баратын шығармын. Голощекиннің қалың қырғынында ондардың сегіз, тоғызы өліп, тірі қалғандарының бірі едім. Содан өмірдің жамандығын көрмеу үшін көзімді жұмып жүріп едім, қабырде ашыла қояр ма екен? Рас, сүйектеріңнен сөзім өтті, оны мүлдем жек көргенімнен айтқаным жоқ, жаным ашығандықтан екенін түсініп ұмыта көріңдер. Байқағаным қайғы, қасірет, зұлымдық Алланың ажалынан бұрын өлтіреді екен. Бас жаратын есердің соңы ма, әлде жалғаса ма? Күмәнім өзіммен бірге кетсін. Содыр, сойқан...Соған сақ болыңдар, әзілдестерден
айырылысуда оңай емес,-дегенде отырғандар жарыса күліп: « Өзің айтқан өлу деген көз аларту екенін түсінеміз, о жақта жайлы орын болса бізге да қарасып қоярсыз. Ұтқыр ойың, оқтан өткір сөзің, өлген адамды тірілткендей еді. Ауыл айтқыштарының шеберсөзханасы болдың, мір оғындай ұшқыр сөзіңді қазақ халқы біледі, құлақтанып болған-ды. Талай жылдарға Жолдас айтқан екен, деген сөзің ұмытылмас. Оны о дүниеге қалжыңсыз шындап кете қалсаң бізге сеніп тапсыр. -Сөз түсінбейтін өзге ұлттар, оған еліктеуші ұсқындар әкені ұл тыңдамайтын, ұлды әке тыңдамайтын, ананы қыз тыңдамаймын, қызды ана тыңдамайтындар ар-намысты қаусатып тастамаса жарады. Жә, бір тойып асқа жарымай о дүниеге кеткен туыс, туғандарыңа ауызша сәлемдеріңді жеткізермін. -Қиялдап қиядағы жұмақты ойлайсың-ау, байқа ондағы кілең тектілер, е, біресе Сталиннің оң жағында, біресе сол жағында отырдым деп , күпсіп едің, ұлтыңа не жақсылық сыйладың?-деп тарпа бас салса, ділмар тілім, өткір ойым басыма біткен даңқым болды. Сандырақтайтын мүскіндердің басына ит терісін қаптағандай, қайта-қайта өлуден бір өлгенің артық дегіздім, деп ақталарсың. Оған куәң кәне десе бізге жіп телефонмен хабар сал. Жүгенсіз ессіздердей емес, өмірден жадырап өткен де рахат. -Бір өлу ме...деп Жолдас езуіндегі жұмсақ күлкісін жимай иек қақты да жүріп кетті. Жатаған үйдің терезесі ашық, айна жабулы, лездің арасында басы жарылған қызы шашын жайып, қара жамылып жоқтауын сарнатты, оған ағайын, туыстың әйелді қосылып дауыс салды. Сөйтіп, Торғай өңірінің бір айтқышы өмірден озып, онсызда көз жасы құрғамаған елдің қайғысы қызыл империяның мұң-шерлі қорлық ізімен жылдарға ұласа берді. Бұрын, соңды көз көріп, құлақ естімеген өлім, жетімдіауыр азапты бұйым демей, әр күнім көз көрсетпес құйын демей, нәр татуға зар болып қапасқан қамалсада оны шаққан шыбын құрлым көрмей, жанын жасытпай, кеудесін бастырмай, сұм-сұрқияның тепкісіне шыдаған айтқыштардың соңы Жолдас емес еді. Солардың бәрі де ажалды армансыз адамдай қабақ шытпай қарсы алды.. Қызық дәурен деуге тілдері күрмеле берді. Жақсы, жаманды теңестіретін қара жер, ажал деген сөзді айтуды лайықты көрмеді ме, қалай?..
- * Соғыс жылдарында түгел Торғай еліне аңыз болған Айса Қостанайдан ақ қар, көк мұзда, ақ түтек боранда өгіз шанамен ауданның тұтынушылар қоғамына киім - кешек, азық-түлік әкеле жатады. Жолшыбай түстенген үйлерінің жүдеу тұрмысын аяп, тауарларды таратып береді. Артынан, қоғам мүлкін қолды еткені үшін қылмыстық іс қозғалып жауапқа тартылады. Сотта Айса: «Барлығы майдан үшін!» деген ұранға кім қарсы шығады. Ауыл халқы, әйелдер, қарттар күн - түн қатып қолғап, шұлық, шұжық, ет, май
астықты майданға жөнелтіп, өздері тал шайнап, қыл жұтпай қатты күйзелген. Сосын киім ал, қант, шай ал дегенім қандай қылмыс болыпты, - деген екен. Десе де Жанкелдин ауданы халқы жылу жинап, шығынды өтесе де, Айса 25 жылға бірінші рет сотталғанмын, түрменің бірісі жақсы үкіміңді азсынсаң үкім қосып береді, жүз жылға сотталғың келсе қарсылық етпейді, тегін ас, тегін киімін қызғанбайды, дейді. Оны әлдеқалай күлкі, өтірігі сияқты көрінсе де астарында қылмысты тірліктің шындығы аңғарылады емес пе? Расында түрмеде бұзақылық қылмыс жасағандарға үкіміне үкім қосылып көбейіп жатады. Оны айтасың әлемдік ақпаратта Малайзия полицейі 13 жасар қызды бірнеше рет зорлағаны үшін жүз жылға сотталыпты. Міне, Айсаның көрегендікпен айтқан сөзін өтірік десең аузың күлкіден қисайып кетер. Ақынша айтқанда: «Адам нанбас өтіріктің әлдеқандай шыны бар» дегені осы. Кейде өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деп жатады, өлшеп қойғандай. Дегенмен, кеңес саясатшылары фашистердің дзотын кеудесімен жапқан Саша Матросов деп әлемге жарлап келсе, оның шындығы башқұрт халқының ұлы Шакирьян Мұхаматьяннов болып шықты, деп жазады Болат Шарахмбай. ( «Қазақстан заман» газеті, № 10, 10 науырыз, 2016 жыл) Ал осы ерлікті Кеңес Одағының Батыры Жамбылдық Ақәділ Суханбаевта қайталады. Адамзат тірлігі шым-шытырық өтірігі бар, шындығы бар тұтасып, алалауы бар, жазалауы бар дабыр-дұбырмен біте қайнасып жатады. Сол тірлік айтқыштардың құлағынан қағыс қалмай құлпырып шығады, оған ойлан, мысқылдап күле бер, ерік өзіңде. Тумай туа щөккір күлудің жөнін білмейтіндер де бар ғой. Түк көрмегендей, түк білмегендей сезімсіз күлкі бар *** Құйындай құйғытқан ойын тоқтата алмай сөйлеп кеткенде Айса: «Мәскеуде Қазан вокзалын салып жүргенде Сталин жаныма келді де көзін оқша қадап: «Шаршамайсың ба? - деді. Сонда мына мен маңдайымнан бұршақтаған терді жеңіммен сүртіп жіберіп: «Денем дел-сал болып қалжырасам Берияның түрмесінде аздап дем алып қайратымды шақырып аламын. Адам жұмыстан емес, мылжың сөзден қажиды ғой. Қазақтар күніне мың ауыз сөз айтсаң өліп қаласың дейді. Әзірге көк езу, көк мылжыңнан денім сап-сау. Аузым шынықса қарыным тойынып жұбанып мың жасап, тау қопарардай сұмдық күшейіп қаламын. Одан арғысы өзіңізге түсінікті Сталинеке!. - Мына пікіріңді заржақ саясаткерсымақтарға айтып жазалау керек екен, Айса тауып айтады екенсің, ботқамен сыйлағанша, сыпайы сөзбен сыйлаған қауым күйін биік сатыға көтереді екен, өте дұрыс, - деп арқамнан қаққанда: - Сталин жолдас мен тауып айтсам, кейбіреулер қауіп айтады. Коммунизмді түсінде көре алмайтындар не демейді. Тегін киімнің қадірін біліп, тегін тамақ ішіп, ойнап-күліп үкімін атқарғанға не жетсін. Өмір сынағы
шыңдайтын болғасын сотталмайтын адам жоқ, сондықтан жаныңдағы біреу-міреуден қорықпай жазаңды өтеп тірі қалқиып жүргеннің өзі бақыттылық!..Айтпақшы, қыр жалқаудың кірпішті дұрыс қаламағанын көріп тұрып, басшыға минөтінде айтпағаным үшін жазама жаза қосып алғанда қатты қуандым... Адамның жазасы соншама көбейген сайын ажалдың қорқынышынан біржола құтылып жасы ұлғаяды, ол дегеніңіз теңдесі жоқ бақыт. – Жөнсіз шуламай, бапқа бағынып қуана білу керек, - деді Сталин сөзімді қу аттап. -Бар байлығым сөзім, тілегім тіл мен жағымның амандығы. Кейде атқа мінсем құйын қуған қаңбақты қуып жеткенше желігемін. Бір аяқ ас сиятын көкіректе өзгені кісісінбей, өзін даралап көрсететін өзімшілдің көкірек желі Қап тауындай шығар,-деп назарын төмен салып езуінен күледі. Өзге біреулердей масыққан ерсі күлкі емес. Сосын сөз бағытын бұрып: «Торғай өңіріндегі өзен, көлдердің тайдай тулаған балығының тәттілігі, тіл үйіретін дәмі әлемде жоқ. Оны көрші ресейдің балықшылары да жақсы біледі. Анда, санда олар самолетпен келеді. Торғайдың алтынын да, асылын да тани білгендіктен жол көрсетемін. -Айса деген білгір өзен, көлдің суының дәмін татып қай жерде қандай балық өседі, оның көптік мөлшері қандай екенін бес саусақтай біледі,-деген аңызға олардың көзін жеткізеді және самолеттеріммен ағайын, туыстарын аралап бір жасап қалады өзі де. «Е, атқа мінгеннің көкірек желінен самолетпен Торғай аспанын аралағандағы көкірегімнің желігетініне не тең келуші еді. Ауыл үйлерінің төбесінен айналып ұшқанда самолет терезесінен қол бұлғағанымды көріп Айса аспанда ұшып жүр деп қалың жұрт қуанады ғой. Ондайда тар көкіректің желін басуға да ақыл керек. Айса айтқандай желікті ме, әйтеуір ресейде өткен он жылда жол апатынан үш жүз елу мың адам о дүниелік болыпты, бізде де бір жылда жол жүру тәртібін бұзған бес мың адам болса, жол апатынан өліп жатқандары сонша баршылық. Кеңес үкіметінде автокөлік түгелі вилосипед алуға зар болғандар шет елдің су жыландай қымбат, әрі жүйрік автокөлігін мінгесін желігіп ұшқан құспен жарысардай тірлігін ұмытып жер, көкті көктей өткендей желігетін болар. -«Асыққан шайтанның ісі» дегенді бүгінгі арда өскендер түсіне бермейді, түпкі тегіміз таза болғасын барлыққа да, жоқтыққа да күйіп, пісіп асығуды білмейміз, бұйырған ырыздыққа місе тұтамын, талай асып тасқандардың өмірі астан-кестен болғанын да көрдік,-деп Айса кейбіреудің бірді-бірге атыстырып шағыстырып жүретіндердің өздері қасіретке ұрынатыны әзіл, қалжыңды білмейтіні, күле алмайтыны деп тоқтайтын-ды.
-Ортекедей орғып-орғып ойнақ салып жүретіндей тасынуы, неменеге асығуы. Ойсызданып қатерге ұрынғандай не басына ат теуіпті. Тауып алады екен құйындатқан желікті, ненің кепілдігін көріпті, неге сеніпті, ақыры өліпті, мисыз бастың ақылы жетпеді ме?-деп Кәжек жол апатынан қыршын кеткен Бәсеннің қайғысын көріп қатты өкінді. -Өлгенге аяныш жүрмейді, пенде маңдайына жазылғанды көреді, біреудің ажалы оттан, біреудің ажалы оқтан,-дейтін Айса. Іштей толқып кінәсі мен күнәсіне қарай жазасын тартады. Кісіге қиянаты әкесі, атасының басынан өтпеді ме? Кім періште дейсің. Ел біледі Бәсеннің атасы ұлына: « біреуге қылдай қиянат жаса ма, ешкімнің ала жібін атта ма, ұрпағыңа кесірі тиеді, өміріне залал құрисың, дегенін естіген. Ертеде пенденің істеген жамандығы ұрпағының алдынан шығып өмірін қияды десе, бүгінде кімге қастандық, қиянат, зұлымдық жасағанның өз басын жұтып жатқаны аз ба? Өйткені, әлем ғарыштық шапшаңдықта, өз кеңістігінде жүрген о дүниелік жан арамза, сұм, залымды кешіре алмайды. - Ұлттық тәртіп, тәрбие бәсеңдеген сайын бүгінгілердің кейбірі күндес, бақталастығы күшейіп қылмыс, қиянат түрі көбейді. Ісің адал болса, көпке сал, деген мәтел ұмытылды. Арлану, ұят деуді ұқпай олжа, пайда жолында арсыздыққа барып жүргендер аз ба? Ондай зұлымды о дүниеге кеткен тектілердің жаны кешіре бере ме? Түс көру арқылы талай ескертулер жасар, есіріп, желіккендер оның парасатын болжай алар ма? Қара жер хабар бермесін жас өмір, қыршын кету дегенің обал десекте себебі көп қой... -Кеше әлемдік ақпаратта Каталонияда жолаушылар таситын автобус жардан ұшып 28 өрімдей жастар өлім құшыпты. Қайғы. Жүргізушісі ұйықтап кеткен дейді. Шайтан ұйықтатып қастандық жасап тұр, менің жалғыз қызым өлді, мен де бірге өлдім, деген теле бейнедегі әкенің зары қандай аянышты. Оны пендені ажалға асықтыратын шайтан аясын ба, сақ-сақ күлмейді деймісің. Гитлер өлді, өзі қазған көрге өзі түсті деп жұрт қуанғанда Айса: « Гитлер өлгеніне қуанасың-ау, шайтаны бірге өлгенін білсең ерекше қуанар едің. Әйтпесе, шайтан зұлымның жанымен бірге тірі кетсе, түптің түбінде бір жерден бүлік шығармай тұрмайды. Қанішер Берия өлді, зұлымның жаны қанішуді аңсап жол тоспай жүреді деймісің. Тарихта небір жауыздар өтті, бәрібір олардың жаны кеңістігінде өлім күтіп зырлай ма? -Қанішердің жаны о дүниеде де қанға аңсамай тұрмайды дейсің ғой. Әлем тарихы небір зұлымдықтан, қантөгістен кенде емес, сосында болар жұмыр жерде күніне 150 000 адам өледі деседі. Жұмыр жердің 61 пайызының ластануы өз алдына, террор, лаңкестік белең алуда. Бұ да о дүниеге кеткен зәлімдердің шайтани сезіммен қанішерлікті қоздыруы. Шайтан ажалға асықтырмаса жастық өмірін аямай беліне жарылғыш байлап өзін де, өзге жазықсыздарды өлім құштырар ма еді. -Қара жер хабар бермесін, ажалынан бұрын өлгендер не жазыпты дерсің.
Булығып шындығын айта алмаймыз. Қазақ өлікті жөнелтерде қарызы жоқ па, кісілік парызын өтеді ме, дей келіп о дүниеге барғандағы сауал әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін ақтадың ба? деген сауалдар болатынын айтып жатады. Қарызы болса да өлікке ауыр болмасын дегендікпен жоқ дей саламыз. Алааяқ неме қарызымды бермеді, өлсең ақ кебіңе жабасамын, дегендер де шындықты жасырады. Қап, бәлем деп кіжініп, қарғап, сілеп, небір зұлымдығын білсекте айтпаймыз. Сондайда Абайдың : « Жүректің сөзін сөйле тіл, жалғаны жоқ бояма» -дегенін ойға алмаймыз. Қазақтың кінәңды аруақ кешпейді дегенін де ұмытамыз. Жә, сонымен жол апатынан жүздеген адам өліп жатады, соғыс шығынынан кем емес. Неге? Себеп көп, ішімдік дейсің бе, наша дейсің бе, әйтеуір, тасыну, желігу, өзін өзгеден артық санау, көкірекке шайтан кіріп еліктергенін сезінбей, өзінің қаста қиянатын жадынан шығарудың ақыры жамандыққа ұрындырмай тұрмайды,-деген Кәжектің сөзін бөлген Қымыр: « Шамиль досымыз айтатын еді. Алдымнан талай басбұзар, қанішер, жемқор, зәлімдердің түр-түрі өтті. Кеңес үкіметінің заңы бойынша жазасын да алды. Ең ауыр жаза солардың бірде-бірінің тұқымы көркеймей көктей жұлынды. Ата, бабасынан бері адал жолда, ешкімге қылдай қиянат жасамағандардың ұрпағы гүлдеп, жапырағы жайқалуда. Жерлесіміз Сағи Сарин атаның жеті ұлынан 25 немере, 46 шөбере, екі шөпшегі өсіп өркендеп бір ауыл болып отырса, о дүниедегі бабаларының да жанының тазалығы, аруақтың қызғыштай қорып қорғау емес пе?! Демек, Абай дәлелдегендей о дүниедегі жанның, аруақтың жақсылық жолында арпалысы , сайтандық зұлымдықты ұрпағына жолатпауға тынымсыз күш салуын әлемдік ғалымнан бұрын қазақтар айқындап қойған. Абай ...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек, десе, адам жанының о дүниедегі мәңгілік өмірінің сырын ашуда біршама болжауға ден қоямыз...Астамшылық, желігу, тасынудың зиянынан сақтағай. Айса айтатын тек жүрген, тоқ жүреді, ондайлар күліп өтеді, оған не жетеді деп... *** Айса баяғыда деймін-ау, бәрі күні кешегідей Сталинның автокөлігіне бірінші аяғымды салып мінгендей төбем көкке екі елі жетпей тұрды. Содан жолымыз болып Дүзелбай ұлымның анасы, өзбек қызы махаббатымды алып қашып, кілең жолсыз, батпақ, құмдардан өтіп Торғайға әзер жеттім. Ол кезде шалқытып той жасау қайда, әкемнен қалған бір бөлме күрке, сонда дүние, мүліксіз түнедім. Екінші күні жомарт жұрт аяқ, табақ, көрпе, көпшік, толып жатқан үй мүлкін жинап шаңырағымды көтерді. Сталиннің жүргізушісін елдің қымыз, шұбатына тойындырып шығарып салдым. Бір бөлмемізде тірлігімізге қажетті дүние, мүлік болғасын әйелім көңілденіп қалды. Бірақ, ауылдағы әдемі жігіттерге көз тастағанын байқап: « Махаббатым саған ескертіп қояиын. Бабаларымыз әйелді көз бұзады деген, аналарымыз қыздарына кейбір еркектің көзінде сиқырлық
бар, сұқтана қара ма, деп тәртіптеп отырған. Сен бұдан былай менен басқаға көз салма. Бұл бір. Қазақта еркекті сөз бұзады, дегенді ескеріп мен көп сөйлемейтін адаммын. Бір айтам, бір айтсам да шын айтам, дегесін мына шай құйып отырған әйелім мен не айтсам да бір ауыз тіл қатпай, жағаласып сөйлемей үн-түнсіз отыра береді. Әйелімді ақылмен бастан түзеп алғаным жақсы болды, ың-шыңсыз өмір сүріп келеміз. Тың игеру жылдарында Дүзелбай кейбір орыстың боқтаған сөзін кешіре алмай төбелесіп, сот үш жылға үкім кесіп, әкесі, анасымен хоштассын милиция үйге әкелмей ме? Үш жыл үкім дегенде шошып кетіп «оңбағыр неме, әйелдердің статьясымен сотталып, жетпіс жылға сотталған әкеңнің атағына кір келтіріп деп сегіз өрме қамшымен тілгенде де, әйелім шырпыр боп араласқан жоқ, көзіне жас та ірікпеді. Бұ да менің айбарымды сыйлағандығы еді. Бүгінде мектепте оқып жүрген оқушының тәртіпсіздігін көріп мұғалім қатты ұрысса, ата, анасы жетіп барып, айқай сүрең салады дегенді естіп қалам, ұят-ай. Жанұядағы тәртіп, тәрбиенің ойсырағаны осы ма? Ей, менің әйелім қазақи ұлылықты меңгергендердің соңы болмағай. Тым мақтанып кеткен жоқпын ба? Өзім ептеп сырқаттанып жүргесін шындықты айтып қалайын дегенім ғой,-деп Айса жағадан алған, аяқтан шалған рынок дауылына да қабақ шытып көрмепті. Азапты жеңу ардың ісі. Қақысы кетсе де айтып өткенге не жетсін! *. -Осы жұрттың, менің ұлымнан басқасы заңды мойындағысы келмейді. Түсінгенге заңның жақсылығы жетіп жатады, қыңырайғанның талайының бетінен қақты. Заңды әзіл, қалжыңмен қабылдау керек, көрдім деген көп сөз, көрмедім, білмедім деу бір сөз деп заңнан қорқуға бола ма екен. Әлгі орынтаққа жетсем деп жұлынып жүрген Тырай бірде түсін жорытты. Қалай айтсам екен, түсімде ылғида сүйекке таласып жатқан итті көремін, дейді. Ит сүйекке таласпағанда не бітіреді, орыстың мақалында біреуге тоқсан тоғыз рет шошқа десе бар ғой, әлгі сорлы жүзіншіде шошқаша қорсылдайды депті. Сондықтан түсіңдегі итпен ит болып талас па, басың аман тұрғанда қабаған иттен қаш, дедім. Осыным дұрыс болды, қоғамның бұрауын сындырмайтын, билікке бас шұлғитын азамат атанды...Заңға әзіл жарасады,-деп Айса жұтаң тартқан жанын ащы сөзбен сілкінтіп отыратын-ды.
- * Сол айтқандай кеңес үкіметінің кәрін төккен заңына көніккен бар, түкке тұрмайтындай көріп желіккендер бар. Ел аузына қақпақ қоя алмайсың. Жат айтты деп жалбаң қақпайтын, өзі тұрғанда өзгеден пайда таппайтын, ақыл, ойын ұлттық сезіммен, темірдей берік төзіммен баптайтын Төкіштің қатар өскен әзілдесі Мақтал қоғамдық шынайы заңдылықты сақтайтын еді. Оған Төкіш қалжыңдап: « Абай айтқан, көзім жатқа қарамас, Жат та маған жара-
мас» дегенін түсіне бермейміз де айлық, шайлық табысқа алданамыз, деп қалды. Сөз шымбайына шым етіп батқасын шыдамаған Мақтал: -Ей, ақымақтық өзіңнен ауысып жұртқа жетсін дейсің бе?-деп күліп алды да: «Жесір әйелді алдап қойнынан шыққаның барып тұрған қылмыс және моральдық кодекске жарамайды. Білдің бе, түсіндің бе, партбилетіңнен айырылсаң күнің күн болмас. -Партбилетті қайтесің, менің бұтымдағы тас тескен еркектігім моральдық кодексті оқымайды, оның тентектігіне заң жүрмейді,-депті Төкіш әзілін желпінтіп... *** Пенденің көңілі өсіңкі емес, өшіңкі болған соғыстың ауырлық тұсында «Сапақкөл» колхозында айтқыш Керей, жазғыш Керей деген болды. Бірде айтқыш Керей, қырманнан бір уыс бидай ұрлаған деп бес баланы өсіріп отырған майдангердің жарын заңға тартырғанына құдайдан қорықпадың ба? - дейді. Сонда жазғыш Керей беті бүлк етпестен: «менің құдайым көсемдер» депті. Айтқыш Керей оның күлгін жүзіне қарап: «Е, бәсе басыңда жарқырап шырақ болып жағылған көсемдердің тегін сыйлаған оты екен ғой. Байқа, сөндіріп алма, өзіңе ажалды төндіріп алма, ойсыз зәнталақ неме! - депті. *** - Қоңқай аға, сіздің көзіңіздің оты күшті болыпты соғыста,қарсы келген жауды жапырып қырып салыпты, - дейді жерлестерінің бәрі қалжыңдап. - Қабыл інім, олардың айтқаны өте-мөте дұрыс. Фашистердің танкісі болсын, немесе самолетіне тіке қарасам, лап етіп өртеніп кететініне өзім де, қасымдағы жауынгерлер де басын шайқап, бетіме сүйсіне қарап таң қалатын еді. Қазақта көз киесінің құдіретті болатынына орай, ырымдап көз оты өлтіріп тастамасын деп алақанына түкіріп жатады. Сондықтан менің көзімнің оты өштескен талай фашисті тірідей өртеп, ерлігімді ескеріп талай орден алдым,жау қабірін таба алмай сенделіп қалды, - дейтін мақтан ышпен. *** Дүиие жүзілік екінші соғыста қолынан айырылып келген Әбіш деген болды. Соғыс жөнінде әңгіме сұрағанда: - Фашистер жағаласып белдесе кетуге әлсіз келеді, бірде бір шендісін жағадан алып, кеңірдегін жұлып лақтырғым келіп жабысқанда. Сонда әлгі сорлы: «Әбіш деймін, Әбіш деймін» - деп жалынғанда, жаны шығып кете жаздады. Фашистердің көбі қазақшаға судай екенін түсініп, бұл да адам ғой, - деп аяп, жанын қинамай бірден ата салдым. Жалынып тұрғасын кеңірдегін суырып, жанын қинағым келмеді...Бұл ойымды бөсіп кетті дей көрмейсіздер ғой, қоспасыз шындығы солай...Қазақ ерлік жасайды, атақ, марапат бұйыруы қиын. Өйткені, Сталин орыстар немістермен соғысып жатыр деген әлемдік саясат екенін түсініп аз ұлттардың ерлігін деріптей беруге сақ болыңдар деп
тәртіптеп ескертіпті. -Е, сосын да болар Ақтөбеден жасақталған ұлттық армия Сталинград майданында асқан ерлік көрсетті, тұтқынға түскен неміс фельдмаршалы Паулюсті қазақ офицері Өтебай Қалыбайұлы тұтқындап еді, қасында тұрған маған мылтыққа жарымағанымды ескеріп фашистің қару, жарағын сыйлады да: «Саспа Әбеке біз ерліктің әлі талай көкесін көрсетіп жауды жерімізден айдап шығып, өздері қазған көрге өздерінің сүйегін топырлатып саламыз деп еді. Қайтеміз соғыс тарихы көптің көптігін істеп, көптеген ерлеріміздің даңқы уақтындпа шықпай қалды. Кінә көсемнен бе, әлде ақпараттағы кейбір шованистік көзқарастан дейсің бе, түрлі құжаттың жетпеуінен бе, саясаттың біржақты қасақана бұзылғанына күйінгенмен шараң жоқ, іштен тынасың да, бабаңның ерлігін қайталағың келіп ураға бас ұрасың...Жауды қиратып шығасың, ауызекі алғысқа риза боп қуанып тұрасың. «Жарамды енді тыңдасаң жаның еріп, жабырқаған көңілің көтерілер» деген Абай сөзіне тоқтаймыз. Кектеніп кесірлікке соқпаймыз, у-шу дүрмек нені байқатады де йсің... *** Ойылдың айтқышы Майлапес ерлікті басқаша сипаттап: «Молотов екеуіміз Тегеран жиналысына кетіп бара жатқанда, Молотовқа қарсыластардың есін тандырып, есалаң етудің төте жолы - олар сөйлегенде күле бер, күле бер. Сонда жауыз ойлы айтар ойынан жаңылып, аузынан сөзі төгіліп, қойнынан бөзі төгіліп, қабырғасы сөгіліп, ақырында Сіздің пікіріңізге қосылуға екі қолымды бірдей көтеріп, хоштаймын демесе, менің сәлемімді алмаңыз? - деген ақылымды ұйып тыңдайтын еді. - Әжуа, күлкі оқтан да өткір, қырып салатын қарудан да мықты деген сол. Бұл сөзіңе жүз пайыз қосыламын, - депті Молотов мойынын бұрып құптап.. Майлапестің айтуынша солай болғ ан... ***
Тегеран сапарынан сәттілікпен қайтып келе жатқанда самолет терезесінен қою қара бұлтқа қараған Майлапес: «Біздің ерте, ертедегі ғұн бабаларымыз бұлттың үсіне шапанын жайып шыриып ұйықтап жатқанда екі қолындағы жарқылдаған алмас қылышы жердегі зәлім ойлыларды жайратып тастап, тіл бітіп, ғұн баба тұр, жерде жұмақ орнады депті деседі. Молотов жолдас сонда бабамыз қылышын күлкінің отына суарып және еркіне жіберетініау. Сондай «ақылды» қару көп болса жұмыр жерде бозторғай қой үстіне жұмыртқалайтын заман біржола орнығар еді... десем рухым күнге жеткендей көтеріледі. Біздің қанға сіңген қасиетімізәріден зорлықты көп көргендіктен аштан өлсе де күліп жатады, ұрпағына сеніп коммунизм ор-
найтынын біліп жатады. Білдің бе, тектілер өлімнен осылай тайсалмайды.
- * - Сұрапыл сүргінді талай көрдік, Молотов жолдас: «Батыр болмайтын қақымыз жоқ. Ғұн дәуіріндегі бабамыз адам түгелі диназаврмен де «соғысып» жеңіске жеткенде өлеңдетіпті: - Диназавр өткелден әрі, бері өткенде, қожа бола алмайсың әлің жеткенге, уысыма түсе қалсаң егерде, найза қадалады дәл өкпеңе. Жалмаңдауды қоймасаң, аяғың келеді көктенде, деп қабырғасын қақыратыпты. Соның сүйегі ғасырлардан жетіп Орск қаласының мұражайында тұр. Соны әпербақан фашистер торғайдың миындай миы болса дүрбелеңнің зиянын түсінер еді , совсем миы жоқ ағаш баспа өңкей залым, бәлкім жазылмайтын, ем қонбайтын науқас шығар... ***
Бір майдангер тары ботқаға тойынғасын тұс-тұстан зулап жатқан жау оғына да күле қарап Қоңқайға: «Шығанақ өсіретін тары түйірінің салмағы қандай? - депті. Сонда Қоңқай езу тартып: «Оның несін сұрайсың, тарының сабағындағы әрбір дәні түйенің санындай ғой. Өткір балтамен шауыпшауып қара қазанға салып қайнатқанда, иісі бұрқырап, жегенше ішегің шұрқырап, екі көзің жайнап, ерліктің ерекше сезімін жүрегіңе ұялатып, жүзің құлпырып, батырлығың жұлқынып шығатын еді. Тарыға тойынғанда дүниедегі жақсылықтың бәрі түсіңе енетінін айтсаңшы, - депті Қоңқай «Сталиннің қабылдауында болып өзінің қаржысымен жасатқан Шағанақ Берсеев атындағы танкіде фашистерді қырып бара жатқанын көріп жүрғенге не жетсін..Саған өтірік, маған имандай шындығы танкінің үні Шығанақ де йтіндей». *** «Қаракөл» колхозына майданнан жаралы боп оралған Шүйінішқалидың қуанып есі шыға күлуі қиын еді. Сараң сөйлейді, бірақ соғыстан жаралы болып келген Тәжіғали, Қоңқай, Майқандар бас қосқанда нетүрлі қалжыңы табылып, сөздері жарасаым табады. Әңгімені ауызға алса болды бірін-бірі жаң ылдырмайды. - Екі метрдей бойың бар, жау танкісінің алдында талтайып тұрғанда бұтыңның арасынан өтіп кеткен жоқ па? - десе Тәкең күлімсіреп: «Кеудеде кек қазандай қайнағанда бұтымнан өткен танкі өзінен-өзі өртеніп кететін ед і. - Танкі өртенсе өртенген шығар бұтың аман, жаның тірі қалыпты. Ал, мен фашистің бір бомбасы окопта жатқанда қақ қасыма құлай кеткесін
қорықпастан құшақтап алып түу алысқа апарып атып жардым. Ерлік деп осыны айт, осыны айт? - дейді Қоңқай өзгеден дарашылдығын танытып. - Соғыста мүмкін еместердің талайын басымыздан өткіздік. Маған туралап ұшқан ажал оғын бірден сезіп Жиембет баба деп айтқан бойда әлгі оқ бұрылып құлағымды жанай зулап өтіп кетті. Жау оғын теріп алып әйелімнің шашбауына тақтырдым, - дейтін Шүйінішқали бабалардың киелі ерлігін жадына оралтып. Сөйтіп, олар қан майдандағы алданыш сезімді айтқан сайын көкірегі жарқырап шығып жеңіс қуанышына мәздікті танытатын еді. Ажалмен арпалыста да тірлік үшін түңіле білмегендікте үлкен ерлік дерсің. *** Қос балдағын қабырға сүйеп төрге жайғасқан қияқ мұртты бір ағамыз басқалардан қалыспай майдандағы ерлігін өзінше баяндайтын-ды. «Бораған оққа да етіміз үйреніп кеткен. Қалың дүрмекпен дедек қағып ажалдан қорқуды ұмытқанбыз. Шүкір, өзімде әжемнің киелі ұршығы киізбен оралған, елден кетерде әжем молдаға оқытып дуалатып берген еді. Қырқа үшін қырқысқан атыс тоқтап, тірі қалғандарымыз қалқиып тұрғанбыз. Менің бір қолымда автомат, бір қолымда ұршық, кенет жаудың снайпері ме, қырылыстан тірі қалған біреуі ұршықты гранат дедіме көздеп атқан ғой, қара саныма сарт ете түсті. Ұршық болмаса кеудемді көздеп өлтіре салар еді. Сөйтіп, бір аяғымды Герман жеріне қалдырып, киелі киіз қазықтай ұршығымды қойныма қысып елге келдім. Айтпақшы бірде жау танкісі жапырып жанымызға келіп қалды окоптан басымды көтеріп ұршықты кезеніп едім, әлгі танкі жалт бұрылып қаша жөнелді. Е, талай ерлік басымнан өтті, міне омырау толы медаль, ордендер соған куә ғой, - деп Әжен мұртын сипайтын да әзіл жәрменкесіндегілерге қазан қайнап жатыр ма,байқайды.
*** Ойыл айтқышы Майлапес пенденің қиындықтарға көнгіштігіне және желбуаз сөзге сенгіштігіне қайран қалып жүрегінің елжірейтіні бар-ды. - Білесіңдер ме қазақтың жаны мөлдір, кеуілі пәк, дейді де табиғаттың таза ауасын жұтып, кәдімгі қарын тоятын ассыз-ақ ауамен қоректенгендей есі шығып қапысыз шалқитын.Меңіреу қараңғылық торлағандай болса да сөзбен аршып жарқыратып алады. Түрлі жиындарда арқасы қозып тұрады. -Сергекпін, ой-қиялым алыстап кете барады. Қиян белдер мен көгілдір аспанды ойша шарлағанда қанағат таппайтын ашқарақ мінезімді ел басшылары түсінгісі келмесе де көсемдер тез аңғарып, асқақ сөзімді, тайсалмай айтар толғанысымды ауруға ем, қарыны ашқанға азық деп бағалайды. Өйткені, мансаптың ықпалында ықтап, күн жаумай су болып қалтырап, бас шұлғуға жаным қас екенін Мәскеу түсінеді. Сосын қалт-құлт еткен көлеңкесінен қорқатын үргелекті көрсем әжуа, мазақтың астына алғым кеп тұрады. Өйткені, өз басым адамның қорқақ көзіне, үрейден шошитын
бетіне қарап кім екенін айтпай танитынымды Молотов көрегендік дегені бар-ды. Сол сәтінде ақын халықпыз, осылай да осылай деп: «Кісіде ақыл болмаса, Көз дегенің құр әйнек». Алдымен көзге көз түсіріп, Адам бетін барлаймыз. Бүкпелі сырын білуге, жалықпаймыз, талмаймыз. оу ағайын, әуелі өзіміз қандаймыз? – дегенімде Молотов өлеңдетіп жүріп, өлген адамдарды да тірілтесіңдер – ау, жарайсың. Сонда желпініп аламын да: «Өтірік, өсексіз, нетүрлі қылмыссыз, тірлікте бірөңкей иттіксіз, тек қана жақсылықпен жарылқанып коммунизмнің есігін біріншілер қатарында өзім ашқым келеді, - дегеніме Молотов сүйсініп қалатын еді. Албасты басқар, кейбір жатып атарлардың туыс, туғанын жау деп жалалап қызыл жағалылардың алдына салып беретін жамандығын қанша айтқым келіп оқталсамда шыбын жанымды ойлап тырс етпегеніме қатты өкінемін. Ей, өзімнің бауырларым аман болғасын шыдамдылық танытқанымның қылмыс екеніне ақылым жетпегені-ай...Әйтпесе, оқтан өткір сөзімді аядым ба? Көкірегімде үрей болды ма, әйтпесе Абайдың: «Аққа тартқан, жөнге қайтқан, ақыл айтқан бенде жоқ»-дегені тіліме неге оралмады. Соған қатты өкінем... Мысалы, көзге түрткісіз қараңғылықта ашығып қалжыраған адам өкінеде білмейді. Кейде тыныс тарылтар қалың қапырық, өліктің борсыған сасығындай ауаның неден екенін түсіне алмай қалады екенсің. Қараңғы түн, қара киім, қара машина, албастыдай қыбыр-қыбыр ұсқындар түсіңе енсе шошырсың. Зәрең зәр түбіне кетер. Осындайды көзімен көретін сорлы Майлапес кейде өзінің өмірін құйын қаққаннан қалай сақтарын да ұмытады...
*** «Ұзын құлақ...» Майлапес ойланып отыр. «Ұзын құлақ лақабы, көпке жетіп жатады» деп күбірледі. Өзі көрген кремелді есіне алды ма? Құрыш денесін қозғалтпастан отырған көсемге Свердлов шаруа жұмысын мәлімдеп болғасын бағдар бағытына орай сақтанғыштық әдетімен бапьы тү рде: - Бізде біреулер ешқандай мәні жоқ құр мақтанға салынғанды жөн көреді, - деді де: «жау көп, дос аз кезде олай ету жақсы емес, берекесіз бірдеме. - Темірдей тәртіпті сақтауға аяусыз армия керек, адамға сенім аз, Сталин үшін соғыспаймын десе аса қауіпті ғой, - деді де: «негірдің жатынына маймылдың ұрығын салып аяусыз адам жасаймын деген Ивановтың тәжрибесі нәтиже берер емес...анау-мынау жоқ, мұнша өтірік айта ма екен - Кім біледі...пікір айтылады нәтижесіз қалады, - деп Свердлов қипақтады. - Көсем кімнің кім екенін қабағынан ұғар, темірдей тәртіппен жеңіс оралуда. Көсем есімі әлемдік биіктен дәріптеліп тұрар, - деп біздің айтқыш атанған Майлапес: «нанымсыз шылғи өтіріктің тұздығы, қоспасы жоқ татымсыз сөздің де ойда жоқта шындығы шығып қалады дейсің. Сондықтан көсемге де
қара халықтың айтар мұңы бар, әртүрлі сыны бар, көсем де ет пен сүйектен жаралған, ашуына тисе қопарып тастыр жыны бар, деп Свердлов болсын, басқа болсын, көсем алдында пысықсып еркін ұстап, шикі ойды айта алмайды. Рабайсыздағы ауыздан шыққан сөз де, қимыл, қаракетте, пішін де, пенделік мүсін де психологиялық байқаудан өтіп, есепке алынады. Бірде көсемге Берия келіп, қарсы алдына нығыздалып отырды да майда үнмен: - Сенімсіз ұлттарды, бүкіл қылмыскерлерді есіртпей, яғни Отанға аса хауіпті топтарды аластату үшін кең байтақ даласы бар Қазақстанды босату керек депті . -Қанша халық бар екенін нақты есебін, тірліктің мән-жайын білесің бе? - 1917 жылғы есепте 7,5 миллион...одан көп болуы да мүмкін . Қазақтар адам санын дұрыс айтпайды. Патшалы ресейдің салығынан запы болған. - Жеті жылда жеті миллионын жерге аштықпен жұтқызсаң...Өздерінің ақыл, есі.. - Ғалымдар сексен пайызы сұмдық ақылды, құйма құлақтар Алаш мемлекетіміз деп дес бермейді деседі. Мұндай бұлтақ Социализмге өте қауіпті. -Неліктен? - Медицина ғалымдары жылқы етін жеп, сүтін ішіп, жылқы үстінде жүргендіктен алғыр ойлы, төзімді, шыдамды деп дәлелдеп отыр. - Ендеше малды құртса қазақ құриды, оңай шаруа. Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын деген ұран жарасады. Малдан айырылса ешқайсысы ашу шақыра алмай, кіжініп қарсы тұра алмай, қарусыз халық тым-тырыстықпен аузын жұмған күйі бәрі де өледі, - дегендей Берия дейсің бе, Ежов дейсің бе, Сталин, Голощекин дейсің бе, әйтеуір қазақ даласы аштан өлгендерге толғанын Майлапес байқап сөйлеп Молотовқа айта алмайды. «Байтал түгел бас қайғы» деген тазарту қырғынынан қалған сөзді де жеткізе алмайды.Дегенмен Молотов шай үстінде ашықпай жүргенін сұрай бергесін Майлапес: «Асыра сілтеуді көсем қолдасын, барлық малды жұт жалмасын, қойдың құмалағы да даламызда қалмасын. Дегенмен қазақтар халі жақсы адал шөпті құныға жеп тоғайып, өркені өсіп нығайып сайран салып жүр. - Қазақтар ашықты дегенді естіген қытайлықтар қазақ жерінде жусан түрі жетеді, оны жесе өлмейді, ауырмайды депті. Аш адамды тойындыру қымбатқа түседі, одан да ажалы жеткенін тездетіп көме берсе денесі өлседе жаны жер бетінде тірі қалады. Мұндай ғаламатты түсімде емес, өңімде кө рдім. - Коммунизмге жетуде адам шығыны болмай тұрмайды. Қазақ жері кең, сенімсіз ұлттар орналасқасын байып шығасыңдар.Көкке қанатты жайып шығасыңдар. - Бәрі жөн, саясаттың лақабын естіген сайын шаттана күлеміз, күлегіш адам өлімді ұмытып, тек қана жеңісті ойлап желпіне береді, бос жатқан жер жау шақырады деген бар, бәрі дұрыс - дегенімде Молотов жұмсақ қолымен
арқамнан қақты, - деп Майлапес езу тарты да: «Менің жүрегімнің кіршіксіз таза екенін және ділмарлығымды Мәскеу жақсы біледі, сондықтан менімен сөз таластырмаңдар, өткенге дегбірің қашпай, үрейге аузыңды ашпай, келер ұрпаққа ойыңды білдір де құрмет күт. Абай айтқан: « Жылғу бар, жалқау бар, іш пысу бар, жаңа сүйгіш адамзат көрсе қызар...-деп тоқта. Бірте-бірте кезең келер, бітісе ме, кетісе ме, көрерсің. Адам кейде қайсар айбарынан қайтып, көрген азабына, шеккен мұңына разы болғандай күй кешеді... Онысы ата даңқын кіршіксіз сақтағысы келгені болар. Шіркін шындық-ай. *** Айтқыштардың бүгінде әлемдік мылтықсыз майданы дүниені дөңгелетіп барады. Идиологияны нықтап сөз озбырлығын желкілдетіп, оқымаған надандарға обалың жоқ деп бір-бір бомбаны құшақтатып жұмыр жерді әлсіздердің қанымен теңселтуде. Ойлары жұмбақ АҚШ пен Ресей сөз жарыс майданына кірісіп әлем халқын алаңдатуда. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін түсінбейсің, әлемдік әділ сотта үкімін шығаруға нақты дерек таппас күйде. Өйткені, ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ болардай саясат сөзі шексіздікке айналды. Ресей орыстілділерді қорғаймыз деп ақпарат құралдарына 1,6 миллиард долларға дейін қаржы бөліп жатса болашақта негізгі күтері қандай, оны аңғарып болмассың. Әлемді атом бомбасынан да қуатты қыздырма сөзі дегенің ауыз жаппай құйындатып жүр. Оның кімге пайда, кімге зиянын уақыт көрсетер деп тыныштық аспанына мөлие қарап қалдық. Бұл ғасырда орыстар болсын, ағылшын, қытайлықтар болсын жұмыр жерді шарлап тіршілік етуде. Америкадағы ма, қытайдағы ма, орыстілділерді қорғаймыз десе, олар күліп тілі, діні, ділі келіспесе, қорлық көрсе Ресейіңе бара ғой, кім ұстап тұр, есік ашық, келген аяғың, кеткен аяғың демей ме? Орыстілді деп саясатты ушықтыру онсызда тыныштық таппаған әлемге біртүрлі ерсі...түсініксіз дәлдір. Сталин заманындағы империялық басқыншылықта қаламгердің жазғанының бес пайызы шындық болса, бәрі шындыққа жатады деуші еді. Сол сойқан идея тасадан көрініп қалмасын деп тілейміз де жүдейміз. Бір қырсықтық әлемді кезе бастады. Жаратқанның жақсылығын көре алмай сырт бергендердің оңғаны, бақытқа қолы жеткені шамалы. Алла кешірмей АҚШ дейсің бе, басқа елдер дейсің бе, табиғаттың түрлі апаты толыны төгіп ойсырата жүріп жатыр. Осыны саясишылар неге түсінбейді, елірген бойда қайғыны пенде өзі тілеп алмай ма? Ауылдың бір айтқышы: «Ерсіні ерсі десең еліре түседі, қалпағын қақырайтып кеудесіне нан пісіріп желіге түседі, деуші еді. Сұқ көздіден шыққан сөзде тиек жоқ деген қазақ. Демократияның жұмыр жер халқына жүйесін жасап, бақытты өмірдің тиегін қоямыз дейтін Амаериканың 2,5 миллион адамы қылмыскер атанып түрмеде қорланып отыр. Ақ нәсіл, қара нәсіл деп жікке бөлуі, Уиллисон
деген полицейі қара нәсіл Брауынды атып өлтіргеніне қарсылық көрсетіп қаншама халық көшеге шықты. Тұтқын қашанда азаттық аңсайды, өлем деп қорықпайды. Соны көріп тетігі кетілген демократияңа опозицияңа болайын деп үнсіз толғанасың. Қазақта өзің перісің, кімге пір боласың деген сөз бар еді, әлемді лаңкестік зұлымдық кезіп жүргені аздай... Бомбаның уын сіміріп жер жұтқан халық қанша ма? Желтоқсанның 3-інде «Ресей-24» телехабары Америкада Фаруд деген әйелі Мамил екеуі ден саулық орнына басып кіріп 14 адамды атып өлтіріп, 17 адамды жаралапты. Не сұмыдық. Халыққа қару сатудың асқан қасіреті. Ол-ол-ау, Франциядағы, Брюселдегі тероршылардың бомба жарылысынан қаншама жазықсыз жандар өмірін қиды.Лағнат атқырлар қанішерлігін қашан тоқтатады, көкіректерін шайтан билеген зұлымдардың жұлымын қашан қырқамыз. Қазақ демократиясында: « сақ бол оқтаусыз мылтық та жылына бір рет атылады, деген тектілік сөзді әлем түсінетін кез келді. Әлемдік ала-құла саясатта ұлылықпен қасиеттілік алшақтамай адалдық ұғымын білдіретін болса көзалдыңнан қан төгіс, қоғамға қарсылық ешқашан да болмайды. Әлем елдері қару, жарақтарын жинап түгін қалдырмай өртеуге тиісті. Бұл лаңкестер мен тероршыларды қарусыздандырудың нақты бір амалы болмақ. Жазықсыз халық сонда тыныш ұйықтайды. Жұмыр жерде зұлымдық өршіп тұрғанда Алланың кәрімен табиғат апаты шырмамай қайтеді, ағыл-тегіл суша шашылып қан төгіліп жатса...қан су емес киесі ауыроңдырмайды. « Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес, Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хахқа қол емес...» деген Абайды түсінбегендерге сөз шығын...Рақтысы жер шарындағы 15395 ядролық жойқын қаруды заласыздандырудың құпия амалын табу керек. *** Су дегеннен шығады Ойыл өзенінің салқын суымен ерте тұрып жуынса Майлапес едеуір жеңілейіп қалады. Оп-оңай әзіл-оспақты да төгілтуге миы жаңарып тұрғандай сезініп, отын олжа, су мұра деген бабалар сөзін кейбіреу түсінбей шаша салады, деп түңіліс білдіретіні де бар. Су қадірін білмесең суға зар боларсың деуі жүз жыл бұрынғыны болжауы ма екен? Әлемдік мәліметте бүгінде миллиардтаған адамға ауыз су жетпей жатса, соңғы жүз жылда суға қардарлық жеті есе өссе, жер шарының халқы үш есе өскен делінеді. Демократияның желеуімен оққа ұшқан халық қанша ма? Жарылған бомбалардан су жүйелерінің уланғаны қанша ма? Үстемдік зардабы қалың, қасірет пен күйік жетерлік. Адамзат рухы мұңды. Шындық айту қазақта: «Қайғысыз қара суға семіреді, - деген ұлағатты сөз қалдырған. Демократия қазақта бір-біріңе су шашпа, судай араз боласың, кісіге пышақ ұмтылма өзіңе жазым келтіреді, байқа біреуге дікеңдеме жұлының үзіледі, жөнсіз айбат көрсетуің өміріңе зиян деген ұлттық ұлылықты жаныңа
ұялатсаң ғой... Тағдыр сотының қандайына да көніп, күліп жүріп қанша адамға жылы сөзімен қуат берген Майлапес бірде өткен өмірін парақтап: «1936 жылы Мәскеуде өтетін онкүндікке барғандармен ілесіп, Жамбылдың шашбауын көтеріп Сталиннің қабылдауында, жыр алыбы Жамбыл есіктен кіре сала: «Күнсіздерге күн болған, жер жүзіне нұр болған, ақылдың кені данышпан Сталин, өзіңді жырға қосқан Жамбыл мына мен боламын» дегенде көсем құшақтап төрге отырғызды. Сәлден соң Жамбыл бөлмеге жай намазын жайып жіберіп намазын оқыды. Дінсіздер бес жылдығы қаулысы шыққан, Лениннің өзі дінді жойып, шіркеу, мешіттерді талқандатқан идеясын Жамбыл қаперіне де алған жоқ. Оған Сталин де тырс етпеді. Жыр алыбын бағалады ма, әлде Жамбылдың пысы басты ма, оқтай өткір сөз небір зұлымдықты да тіліп өтерін көсем түсініп, қолпаштауының куәсі болдым, - дейтін Майлапес еңсесін көтеріп өзінің де тегін еместігін дәлелдегендей сыңай танытып. Апыр-ай, жыр алыбы Жамбылдың жүз жасап өткен ғасырда өмірден өткені дұрыс болды. Әйтпесе, бүгінде тірі жүрсе министр түгелі шенеуніктің есіген аттап кіре алмай ызаланып, жүрегі жарылып өлер еді... *** Ұры дыбырлап сөйлеп ұрлайтын ештеңе таппаса өзінің малақайын ұрлап тығып рахатанады депті бір айтқыш. Ал соғыс жылдарында оқушы Жұма орыс замандасына: «Найым, найым дейсің, нанымды алдап жейсің, бір тетерад сұрасам, давай теңге дейсің, деп ренжитін-ді.Сол Жұма алданудан көз ашпаған мазағына өзі ризалықпен: «Тағы кім бар мені алдайтын» деп кіршіксіз көңілін білдіргендей болатын еді. Бүгінде өтірік күліп, алдай салудың сан түрлі амалын көріп, оған айтқыштар түсінбей қалып, бәлдубатпақтың түрі болмағай, оңай олжа табудың қулығы емес пе, деп бас шайқайды... Алдау да сорлылық, алдану да сорлылық. Бәріне ауыз кінәлі ме? Жоқ...бүрсең қақтырған өзімшілдік. Кейбіреуіміз Абайды оқымағанбыз: « Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлб ек..» *** - Жөн білетін адам езуінен күліп отырып тірлікті тереңнен түсінеді, - дейтін Майлапес: «Бейбастықтың қырсығы қасымызда жүргенін білетіндер де, білмейтіндер де қаншалық пұшайман болса да жоғарыдағыларды кінәлағысы келеді. Колхозымызда бухгалтер Айтбай бар ғой, амандасқың келіп қолыңды созсаң өз қолын сілкілеп «ақша жоқ, ақша жоқ» деп сәлеміңді алмай кабинетіне зытады. Жұртқа ақша болмаса да басшылықтың өздеріне ақша табылады. Аудан, облысқа іс сапармен барғанда бастық та, бухгалтер де лауазым иелерімен жұғысу мақсатында ақша сөйлеген жерде басқа сөйлемейді деп тілегін орындап шығады. Ауыл айтқыштары ондайларға: «айналайын белсенді, бір өзіңе ел сенді, қарыны аштар теңселді, көтере алмай еңсені. Халыққа қара, теріс айналып, бұра бермей бөксеңді? - деген сөз қалдырған-ды.
«Өгіздің мүйізіне шығып алып, Құмырсқа таудаймын, дер, қыбы қанып», Құмырсқадай қыбырлағандар, Жағынып жыбырлағандар. Байды сүріндіремін деп, Тірлігін бүлдірем деп Қалжың тәлкегін үдетті. Домалақ арызды домалатып, Есін жиғызбай күндепті. Елеңдесіп сыбырлағандар, Байды түрмеге үңілдірдім деп, Құмырсқа тобыр гулепті. Құдіретке теңелеміз деп, Бақытқа бөленеміз деп, Социализмді ұғамыз деп, Анығын көріп шығамыз деп. Бірін-бірі көтере сөйлеп, Көкіректеп қоқиып апты. Түсініксіз қожаңдағандар, Қоз-қоламтаны үрлеп жақты. Ақырында бірін -бірі стоттатып Түрмеден орын тапты. * -Адамның жақсылығымен көкке шырқауы болады, биіктен құлауын ойламайтынға Алланың сынауы болады,- деп от ауызды, орақ тілді Айса: « Мына Қостанайға самолетпен қырық минөт ұшып барып, қайтарда Торғайға отыз минөтте ұшып келдім. Демек, Қостанайға қарай биіктік, ондағы адамдар да жақсылыққа қолы бұрын жетеді, ал, Торғайға қарай ылдилау екен, бізге бұйырғаны жоғарыдан ауысқаны қарынды қаңсытпай, ауыз шайуға жарайды,-деп меңзеуі астарлы. Сол айтқандай облысты басқарған бір басшының сүгіретін шіркеудің құдайларының қасына салса, екінші орынтақ иесінің сүгіреті балалардың ойыншығына жапсырыла қалды. Міне, қандай астарлы қағытпа сықақ. Сөйтіп, Айсадан кейін де әзілкештер табылып тұр.Қазақи қалжыңның қазаны бұқ етіп қайнағанда күлмей көр, мықты екеніңді білейін. «Азулыға бар заман, Бейшараға зар заман». Жұмыр жер жаралғалы, Адамдар таралғалы,
Азулының алты қарыс аузы, Тартып жеуден тынған жоқ, Бір түйір тары қауызына, Әлсізді сыйғызуға дүрліккенді, Құдай тас төбеден ұрған кеп. Азулы шайтанға мініп жүрді, Өтірік алдап күліп жүрді, Шайтан жардан құлатарын, Әлсіз ертеден біліп жүрді. Талай азулы жерге жұтылды, Қысқа ғұмырында құтырды. Бейшара әлсіз зар қақсасада, Адалдықтан жазбады ұтымды. * Тымырдың елдегі Жәйбасар деген құрдасының екі ұлы өсіп жетілді. Оқып жарытпады, бірі шөп басын сындырмады. Шөп шап, егін ор, мал бақ, үйде қарап жатып арам өлесің десе әкесіне : « Далаға шықсам шілденің ыстығында да денем қалтырап тоңамын, бақытсызбын, өзімді өзім атып салсам қайтеді?-деп зарын шағады. -Ас, су ішуің жақсы неден кемсің?-десе әкесі: -Негесі жоқ, қолыма күрек ұстасам денем қалтырайды. Ақырында бұл ұлы үйде жатып қартайды. Екінші ұлы үй, күйлі болып қалада коммуналдық мекемеде бас есепші, біраз есеп-қисапқа жүйрік атынып олжаға тойымсызданып кетті.Тұрмыс, тірлігін елден арттырып сауық, сайранды салды. Оның да мән-жәйін көрген әкесі: «Байқа, елеуреп мөлшерден аспа?!-деп ескерткенін құныққан тыңдар ма? Ақырында тайынбай жүріп обырлығынан оңбай сүрініп қылмыскер атанды. Елден ұятты. Осындай ұрпақтың қайғысынан Жәбасар тыныш ұйқыдан қалып, қайғы жұтып езіліп кетті де: Абай айтқан: «Қор болып құрып барасың, сөзімді ұғар елім жоқ» дегенді күйіне ойлап тынамын, құрыды, бітті шыдамым... Қатты аядым,одан не пайда? -Тымыр-ау, Құдай басқа салмасын, әкені бала тыңдамаса, әке айбары ұрпағын ықтыра алмаса, оны несіне аяисың,-деп Қымыр термеледі. «Жалқау жаурап өлер, Обыр жалмап өлер». Өлу деген түрлі ғой, Ажал жанды бүрді ғой. Жалқаудың жаны шыққанша, Обыр күліп тұрды ғой. Обыр өліп жатқанда, Шайтан назары сынды ғой. Әркімді ажал арбаған,
Жиған, терген шашылып, Иесіз қалар қара орман. -Ерейменнен келген Қыдырбайды білесің ғой, талай мекеменің есігін ашты, адалмын деп ағынан жарылып жүріп небір сұм-сұрқияның қақпанына түсіп басы мәңгіріп кетті.Соның қасында жүрген Сыдырбай өзіңмен бірге бір ай тұрақтап жұмыс жасай алмады,- деп Қымыр қол арбаның қоқысын автокөлігіне аударып жатты.Тымыр қол орамалымен маңдай терін сүртіп: -Берекесіз Сыдырбайды айтасың ба? Үйінің төрт қабырғасынан басқа ештеңе көрмеген сорлы ма деп қалдым. Көшеде көз алдында жатқан қоқысты жинауға қолы илікпей керісінше шаша салатыны қызық еді. -Қызық емес, нағыз қисық, нағыз қырсық, доғал немеге обал жоқ,-деп Қымыр толғады. «Қисыққа тындырып кел десең Бүлдіріп келеді». Қоғам болғасын, Қисық та жетерлік. Басқа әлемге кетпес, Қазан ошағын көтеріп. Қысқа тірлікте, Тартыс сілікпе, Адалдық жолы айқын, Ақылдың жорғасын, Қадірлеп өтелік. Қисыққа қарап мініңді таны, Күлкімен көңіл көтеріп. Бүлдірген ісін түзесін өзі, Ұлттық тәртіп төтелік! -Оу, Сыдырбай жұмыстан шығарылғанын менен көріп төбелесе жаздады ғой,-деді Тымыр қоқыс салатын қол арбасын ыңғайлап жатып. -Өзінің кемшілігін ұғынғысы келмейтіндер өзін жұрт қатарлымын, ардақтасын деп емексіп есептемей ме? Дұрысын айтсаң бұрыс қып түсінеді, сосын нені көксегенін де білмей күрсінеді,- деді Қымыр. «Жаман ісінен көрмес, Кісіден көрер». Шаруасын оңдай алмай бүлдіретін, Әжуа-мазаққа ұрынып, күлдіретін, Ұқсатымсызды аяисың. Шайтан азғырса арқадан қағып, Масығып қалар
Кінәні туысына тағып, Ақылы шашылып қалар. -Еңбегімнің рахатын көріп, өзіме өзім риза болмасам несіне адаммын деймін.Егер өзгенің кемшілігін көріп бетіне айтпасам қамығып қалатыным бар,өзгенің қатесін өзімде болғандай сезіну қандай қиын,-деді Тымыр. -Ондай жақсылықтан кейде басың айналып жүрмесін даңқым неге шықпайды деп. Немене көптің біріміз, қанша жетіссекте халқымды сүйеміз.Өмірді қадірлеуге көзіміз жетеді. Одан артық не керек, ақылдан қажыған, қисықтардың бетіне тіке қарап мазақ, күлкімізді арнай берелік. Заңнан қорықпағандар мазақтан қорқар, сол болар нағыз жаза төрелік,-деді Қымыр. «Қыңыр кісі-көпке азап», Оныңыз бекер емес, Жүрген жері көпке мазақ. Пенде ойланса, Баянсыз жалған. Талайдан қалған. Үрейлі заман, Әлсіздің жанын алған. Ерлік тұлға арпалысып, Ажалға да қарсы барған. Өсегін ұйтқытып, Қыңыр қыңырайып қалған. Тірлікті көпсінген қоғам болды, Арманда кеткен талай бабам болды. -Тымыр естігенің бар шығар, ертеде байлар қарауына атақты ұрыларды ұстаған деседі.Үйір-үйір жылқыны құйрық, жалын бір-біріне байлап қуып кете берген ғой. Содан елде тым-тырыс, бай көңілді, ұрыларының үйі де тым-тырыс тірлік кешіпті. Содан қалған сөз бар,-деп Қымыр термеледі. Біреулер байбаламдап жүр, Қақым желінді деп, Шаптығып ойбайлап жүр, Ойрандалсын төріңді деп. Байдың қайырсыз ісі, Өзінше бұ да шеберлік, Жұрттан асты демелік. Әлсіздің қақын жегеннің Олжа ұпайы түгел деп, Айта алмайсың төрелік.
Ұрламайтынды ұрлайтынды, Қолының ебі бар деп жүреміз. Тау жұтсаңда тоймассың Деп мысқылдап күлеміз, Мазақты түсінбейтін сорлыны, Айнытпай білеміз,-деп түкке арзымас, арзан тірліктен ақылсыз ғана безе алмайды, білдің бе Тымыр? Бәлкім түрлі қылмыстың болуы экологиялық зардап па? Ауа ластануынан әлемде жылына 5, миллион адам өледі екен, қазақ елінің аспаны да қоқыстан таза емес қой. Оған да келешек ұрпақ үкім айтар. Ұлылықты ұлықтап, арсыздыққа беті күйіп ашынар, әлі. Зұлымдықтан әлем безетін кез келер... Жалған өтіріктен шаршап, шындық дараланар. ** -Айтпақшы, бабалар сөзінде басы жұмыр пенде күнсайын күнәлі болып, кінә арқалап жатса да оны азсынып кінәлі бола береді деседі. Аталарымыз біреуге кіжіңдеп дауыс шығарғанның өзін кінәға жорыған ғой. Оны бүгінде кім түсініпті, Алла өзі кешер деп кәйкиіп тарта береді,-деп Қымыр көшеде ұрысып бара жатқандарға жақтырмай қарады. «Кінәлі көзінен белгілі». Ондайдың көзі ойнап тұрады, Айла-амалды ойлап тұрады. Өтірік жәдігөйсіп, Жанын жорта қинап тұрады. Кінәлімін дейтін бірің жоқ, Адалдық тұрар түрің жоқ, Кінәлі тұтылғанда, Заңсыз тірлік қырын боп. Кінәлі көзі жұмбақтау, Ашылмаған сырың көп. -Қазақ қабаған ит ұстағанның ырыс, несібесі байланады, деуші еді. Қазіргі кебір байлардың жұмысшысынан гөрі итінің ауызы салымды, жағдайы өте жақсы. Иті уақытында азықтанбаса жұмысшысына қиқуды төндіреді,-деп Қымыр ашушаңдықтың өмірге залалын түсінбейтіндерге қынжылғандай болды. «Ит ұстасаң итше үрме». Ит алдында булығып тұратын, Ыдыс-аяқ шылдырласа, Арпылдап үріп тынатын. Иттен әрі, кісіден бері,
Түсініп болмассың былдырласа, Осындайда адам бар, Арамызда жүрген қараңдап. -Тымыр бауырым, қаптап жүрген байлар рахатқа батып жүр ме, әлде бірбіріне санкция қойып тірлікті сірестіріп ұйқысын бұзып жүр ме, бәрін болжап білмессің,-деді Қымыр бұл өмірде барымта да бар, есесін жібермейтін қарымта да бар. Байдың да азабы жетерлік шығар, кір басқан көңілді беті жасырмайтыны бар, басынан сөз асырмайтыны бар, оспадарға кіжініп ойы босқа шашылмайтын бар. Әшкере ісім деп шындыққа бас ұрмайтын бар. Ауа жайылған ой-хой тірлік. Бәріне қарайсың күліп. Кімнің кім екенін ішің біліп. «Әлді күшенсе, Әулеттірек сезінгені, Әлсіз күштенсе,- Омыртқасы үзілгені» Өмір солай бауырым, Көресің тірлік ауырын. Қайырсызды байытып, Қапаланып қалуың. Қамырық қамын ұмытып, Жұлыныңды үздің бе? Жүрегіңді суытып, Байға көзді сүздің бе? -Тірлік көк мұз тәрізді сырғанай жөнелесің, сырғаудың да амалын тапқандар байлыққа кенеліп жатады. Ақылы барлары ындынын толтыруға онша асыға бермейді, онысын нағыз шеберлік деп ұғынса, біреулердің байыған сайын аңқасы кеуіп аузын арандай ашып, біреулерге кектеніп әбден титықтайды. Абай айтқан: « Әддін білмес шіркінді, Құдай әбден қарғады» дегенді түсіне ме обыр.- деп Қымыр толғайды. «Қомағай құрсақтың қуысы толмайды». Жемқордың уысы толмайды, Толды десе жағдайы оңбайды. Дерттенген алымсақтың, О дүниеде жолы болмайды. Қомағай қақалса да Темір торға тақалса да, Жеп таустауды ойлайды. Түпсіз ындын, сірәда толмайды. Тәбет ашық, қоймайды.
- -Кешең байқадым, өз өмірімді өзім мүжіп, өсектің кемесінде босқа жүзіп ылғида сүрінумен болған екенмін. Абай айтқан: « Әркімге өсек тасып безектеген, деген сөзін оқып шалқамнан түстім-деп Қымырдың елдегі Әжен досының жұқарғаны бар-ды: - Өсек арам шөп жұлып тастасаң да тамыры қалса көктеп шыға береді.Оны аңқаулар дер кезінде аңғара бермейді. Сенің Абайды оқығаның жөн болған, тірідей өлімнен сақталып, кісі болып қалыпсың,-деп Қымыр өлеңдетті: «Ойсызға өсек те шын боп көрінер». Біреудің бағын да өсектейді, Тасада тұрып Таспен кесектейді. Санын ұрып, онысын Ерлік деп есептейді. Шаруаны құртқан осы деп, Парақордың досы деп, Дерексіз сөзді төпейді. Мықтының туысы деп, Ақшаға толы уысы деп, Беттиіп арындайды, Сөзіне дәлел табылмайды, Өсекшіге иланып көр, Өсекші өріп жүретін, Сыбағаңды беріп жүретін, Сөзін тыңдап, Шындық жоқ деп қиналған. Аялдамада жайын ауыз, сойдақ тісті, бұжыр бет Қымырға сұрақ сала қарап: «Жерлесім-ау,аздап артығырақ көрінсем жұрт мазақ қылып күледі, түсінбедім-деп жұқарды. -Жұртқа лаң салатын жағымпаз емессің бе?
-Ондайлық қолдан келмейді және ұят қой,-дегенде Қымыр: «Біреудің ұялғаныкүлкі, Өзіңнің ұялғаның-өлім». Ісің іс болмай, Күшің күш болмай, Ел алдында назарың сынды ма? Өтірік ұятыңа жұрт күліп,
Қиқулап тынды ма? Жалғаншы тірі өлдім деп, Айтқыштар мазақтап тұрды ма? -Біздің ауылға талайлар бастық болып келеді, адалмын деп жүріп, өтірік күліп тұрмыс, тірлігін түзеп, опырып жеп күзеп кетті, бәрібір ылғи да белді адамдардың белсенен кірісетін орынтаққа таласы бір сәтке де тоқтаған жоқ. -Елдің шаруасы содан шайқалды дейсің ғой, Тымыр.Түктің басын құрай алмайтын, шаруаны табысқа бұра алмайтынын көріп жүрміз. Ондай ойраны ойында, сыры бөлек былықтырушы таусылмас,-деп Қымыр толғанды. «Олақ бастықтан ел бүлінеді». Ісіне олақтар да жетерлік, Шолақ ойлы да жетерлік. Пара деген бір пәле, Орынтаққа отырғызар көтеріп. Елден тонап алғандары, Қайырымы қайтпас өтеліп. Ауыл, ел жүдеді деп, Арыз, шағым үдеді деп, Бастық тағын тастап кетер ме? Жори тұрыңыз ондайды, Жаны ашымайтын бөтенге. Кісімсінгенде кісілік жоқ, Өзін ойлар селтеңдеп. Биік, биіктерге жетем деп. -Бастыққа не ерген жағады, не берген жағады, жағына білген таппасты табады, билік иесінің олжасын бөлісуге жетік жағымпаз жанын салады,-деп Қымыр ашынғандай ойын білдірді. «Алмастың жауы қорғасын». Сөз түсінбейтін елірме, Білмейді екен оңбасын. Жемқорлық жауы-қалта, Біле бермес толмасын. Биліктің жауы-жағымпаз, Сүріндірмей тұрмасын. Ақ қардай адалдық, Өрлете берер, Жігіттің талай жорғасын. Шыншылдықты , Жаратқан ием қолдасын.
О, адамдар шын тіле, Адал болсын деп жолдасым. -Тымыр айлығыңды алдың ба? Бітпеген құрылыстың жанында құрылысшылар төрт, бес айдан бері еңбек ақымызды алмадық деп зарын шағып айқай, шу көтеріп жатыр,зорлықшыл басшыларының кісі қақын жеуге қалай батылы барады. Жамандық жардан құлатарын білмей ме, шіркіндер,-деп Қымыр термеледі. «Кісінің дауы кісіде». Біреулер жүр ісінген, Күштімсуді түсінген. Өзінде жоғын тартып алады, Қиқаңдаса атып салады. Әлсізді тонаудан тайынбайды, Обал,сауапты айырмайды. Дау бара-бара өршиді, Әлсіз бәрібір қорғансыз, Жым болып көншиді. Ақылсызда дау-талас, Тыным таппайды. Өзгеленген көзқарас, Дау өршітпей жатпайды. Кісі дауы күштіден, Адалдықтан аттайды. Кісі қақын жеген, Дәукесті кім мақтайды? -Желдің ысқырып күшеуін көрдің бе, қоқыстарды шашады-ау,-деп Тымыр қол арбасын Қымырдың автокөлігінен түсіріп сөйлеп жүрді де: «Кеше Қыдырбайды көрдім, Ерейменге қайта көшіп барып мал ұстауға кірісіпті. Астанада талай мекеменің есігін ашып жұмысқа тұрақтай алмадым, көбісінде алдау бар, ақиқатқа жете алмай, жан сезімім мұқалып,, әбден қажып жұқарып шекеме тигесін елге бардым. Елде шынайы өмір, таза адалдық, қарым-қатынас қулықсыз, ғажап емес пе? деп күлді.. -Ақылды екен, қала кісі талғайды ғой,-деп Қымыр: «Ақиқат-әл-қуат». Ауылда қаны тұщы ағам бар, Мінезі тым қызық, Қолға алған ісі тұрады қызып. Біреу бірдеме сұраса бере алады, Қиындығын өзі көре салады. Сенбейтінге сене салады,
Өтірікті шындай көріп, Көне салады. Адалдығын арқа тұтып, Зіл бейнетті де жеңе салады. Тас қайнатар қайратымен, Ауырлықты жеңіп алады. Қолы ашық ағамыз дегенге, Соңғы үнемін де бере салады. Жырынды қулар мазақтайды, Алдап жанын азаптайды, Қаны тұщы қазақ, Жыртқышқа да болдың мазақ. Көргенің толы азап, Дегенге де ағай қайыспайды, Қабақ шытып қағыспайды, Ешкімге жоқ сұрағы, Бірақ жымысқыға тіке қарап, Кейде сынап тұрады. Жерім аман болсын деп, Болаттан берік шыдамы. Он баласының көжесі бар, Ұлтының сөнбес шырағы. Күлгенге күле жетем дейді, Сатқыштар сатып жатса, Антатқанның орыны, Тозақта болса екен дейді. * Аялдама жанындағы Қымырдың автокөлігін айналып өтіп бара жатқан жалбыр шаш, қою сақалды өз-өзінен сөйлеп: « Бұл өмірдің ақымақтар үшін қызығы болмайды екен?- деп жабырқай ма, бір нәрсеге таңырқай ма, күлкілі көріністі байқатты. Қымыр өмірлерін қор қылып жүргендердің талайын көрген-ді. Ішіп-жейді де ұйықтайды, одан соң сенделіп қыдырады, жөнсізге қызығады. Әйтеуір, жеке өміріне разы болмай, оғаш мінездің түртүрін шет елдіктерден үйреніп таңдап алады. Есі кетіп есірткіні де тартып тұрады. Кінә мен күнәға батып тұрады. Шайтан азғырғанды құдай атып тқрады . «Елесуасқа халық күледі, Есуас елге күледі». Қарама-қарсы тірлік, Өресі тарды жүрміз біліп. Күлкіні түсінбеген сорлы,
Несіне мәз болады күліп. Бәрің адал емессің деп, Елге күлер есуас, Кіжініп білек түріп. -Адам кейде жөнсіз сөйлей беруден ауырады. Менің бірге оқыған Тәжен дегенім аузын жаппайтын болып алды,-деді Тымыр жеккөрініштілік білдіріп. -Ресейдің «протондары» құлаған өңірден емес пе? Гептил миды шатастырып, күнінен бұрын қартайтып, алжастыратын пәлесі бар деседі. Қазақ көпірмелерді оқтай өткір мақал, мәтелдерімен тиып, емдеп есін кіргізген ғой,-деді Қымыр. «Мылжыңды езбе жеңеді, Езбені құдайдан безген жеңеді». Аузын жаппайтын, Өзін дәріптеп мақтайтын, Сұм-сұрқиямен табақтас, Жалғаншымен ортақтас, Бірін мақтап, бірін боқтап, Сонда дүлей дүрдиіп, Өзіне шаң жуытпас, Осылай біздің қуықбас. Кесіп айтар сөзі жоқ, Із-тұзссыз жоғаларсың. Мылжың сөзді қоқыстан теріпсің, Сандырақты тоқтатпасаң, Шаруаңды шешіп берем, Тіліңді кесіп берем, Дегенде езбе жым болды, Мылжыңға бұл сын болды. -Біреулер бар өмірін ылғи сарп етіп маңындағы жұртты шулатып жүреді. -Тымыр ойыңды түсіндім, атағын асырғысы келетін, күнәсі мен кінәсін жасырғысы келетін қуларды айтасың ғой,-деді де Қымыр: «Гоголь шығармасында...жер астының булы зұлмат зілі қоршаған тамұх албастыларына ұқсайды» десе, әр заманның албастысы әртүрлі болса да көрсетер қиянаты еңсе көтертпейді. «Шайтанға шарық кигізетін қу». Дүниені шайқаған, Әлсіз адамды байқаған, Алаңсызды алып түсетін,
Шайтанның түсін де көрмейсің. Зұлымдыққа бастар тісін де көрмейсің. Бұл не пәле өлмейтін дерсің. Сол шайтанды қулығы асқан, Алдардан бата алып, Ізін аңдып тосқан қу, Аяғыңа шөңге кірер деп, Шарықты кигізді. Риза болған шайтан, Істік мұрынын сүйгізді. «Мұрының сәбіз екен деп, Тістеп алды қу. Мұрынсыз шайтан қашып кетті, Имандыға жола ма деп, Қудың көңілі тасып кетті. * -Бірге оқыған Ызбан досым шаруа қожалығын басқарып дәулетті атанды,атағы шықты, Ызекең дұрыс айтады, деп жұрт ақылға салатын болды. Кейбірі артық дәріптеп ым-жымы бірлесіп алды. Бірісі жақсы қарауындағы еңбеккерлерінің бірде-бірін жек көрмейді екен. Бірақ, аздаған такаббарлығы бар деседі. Оны қойшы, қызы мен ұлы обыр атанып, сұмсұрқия сатқын дегізіп әкесінің даңқына кір келтіріп жерге қаратқаны аянышты,-деп Қымыр жақсылыққа тырысқандардың да кейде өкінетінін баяндады. «Жүрек те жез сияқты тотығады». Толықсып өскен қызына әке қуанды, Оң қол,сол қолын танытып жұбанды. Кедейсоқ сөзден сақта деп, Тілегін орындап құп алды. Тірі жан білмес қыз қылығын, Өнерін бір күні бастады, Жылатып әке,ана қасқаны, Шетелдік еркектің, Етегіне жармасып, Ақылынан алжасып., Жер шұқытты ата, ананы. Бұзылған қыздан сақта деп, Дұшпаны күліп қарады, Жүрек тотығып тынды, Миы шайқалды көргесін сұмдық. Қызды жау да алады боп, әке,ана,
Жер боп тынды. Мұсылманмын деп құран ұстаған ұл, Дінбұзар екен жынды. Қыз бен ұлға ие болмағандар, Тірідей өлген мұңды. * -Ақылға сыймайтын, жанын босқа қинайтын, басынан сөз асырмайтын, екі иығын жұлып жегендей әлекке түсетін сорлы, мінезі тірлігін тәлкек ететін ызақорларды да көріп жүрміз,- деп Қымыр әркімнің жаратылысына қайран қалғандай болды.
«Ыза тозаққа алып барады». Біреуге қапым кетті деп, Ызасы сүйектен өтті деп, Ұрыншақ еліреді екен. Күлбеттеніп ысқырып жүріп, Екі иығын жұлып жеп, Әлі жеткенін тысқырып тастады, Басбұзарлықты бастады, Одағайлық басын жұтып, Отқа өртеп тастады. * -Қатар, құрбыларымыздың тірлігіне ой тастасам, пенденің өзге түгелі өзі түсінбейтін жайларға қайран қаламын. Шын көңілімен еңбек етіп, шынайы өмір сүруді кейбірі таба алмай қорғалақтап жүріп қажетінен айырылады, ертеңі көмескі, не болса, соған нанады, тілге көнбейді, шындыққа сенбей сорлайды,-деп Тымыр өмір сүретін ортадағы олқылыққа күйінгендей болды. -Ұсқыны келіспеген, өзінің кісілік бағасын ұқпайтындар, ақылға дес бермей шошынатындар аз ба?-деп Қымыр көше толы адамдардың бәрі бірдей деймісің дегенді білдірді. «Жалтақтық-о да қорқақтық». Тірліктің тасасында тығылып, Билік алдында жығылып, Шындықты айта алмай, Бұқ десе бұғылып, Жүретін қорқақ, Көлеңкесімен кеңеседі, Жаны шошитын жалтақ, Кісілігі мүлдем аз.
Өзін өзі бүлдіріп Мазақ болса да, Өмір сүргеніне мәз. -Кеңес өкіметінің заңы Қазақ еліне тым қатал болды, уысында қысып ұстады. Семейде атом бомбасын да жарды. Халыққа қасіреті қалың болатынын ескерген жоқ. Бүгінде жойқын қару сынаудың қастандық зардабы болар елімізде 626740 мүгедектер тірлік етуде. Адам өмірге бақытты болу үшін келеді, мүгедек болуы үшін емес. «Анттгептил» қоғамдық ұйымының бастығы Мақсат Нұрыпбай: « Байтақ даламызда қайтақайта киік қырылуы тоқтар емес.Ол түгелі Амангелді ауданының бір шаруашылығында 67 бас мал киік қырылған аймақта өлгенін «Қостанай таңы» газеті жазды. Гептилдің қырсығы дейтінімізге дәлел өлген киіктің де, малдың да іші тасырайып кеуіп, қаны ұйымағанын көрдік... -Қымыр-ау, Ресейдің әскери полгондары да шекарамызға тиіп тұр, кеңес заманындағы кейбір полигондар батыс өңірінде баршылық. Мұны реттейтін заң керек сыңайлы,-деді Тымыр. «Заңы әлсіз елден зар кетпес». Тосқуылы жоқ, тұрақ жоқ, Ұрыны да есіртсең, Тоналғаным деп білерсің. Қанішерді еліртсең, Өмірден баз кешіп жүрерсің. Қылмыскердің түрі көп, Әлсіз болды күресім. Қатал заңның қадірін Басқа түссе көрерсің. -Баяғы да Қожанасыр бабамыз базардан бұқа сатып алып бара жатпай ма? Кездесе кеткен танысы әжуалап: «Қожеке бұқа сатып алғаның не жетіскенің,- депті. Сонда Қожа да іркілместен: «Бұқа болса бұқа болсын, балаларға сауын болсын депті. Сол оқиға есіме түсе берді,-деп Қымыр термеледі. «Бұқаны малым деме, Бойдақты жаным деме». Шет елден бұқа тасып, Сиырымыз бұқасыз қалғандай. Өзгеге ауыз ашып, Неткен сор маңдай. Ұл, қызымыз үйленбей, Отырмыз марту басып. *
-Астананың әлем таңғалатын әсем сұлулығын, көшелерінің түрлі гүлдермен жайнап тұруын менсінбейтіндей кейбіреу итін жетектеп бұрышбұрышқа сарытып табиғатты ластайтынына қатты қынжыламын,-деп Тымыр қол арбасындағы қоқыс арасындағы иттің боғынан жиркенетінін білдірді. «Итпен жатқан, битпен тұрар». Ит жетектеп тыраңдап жүр, Итін құшақтап сылаңдап жүр. Ит иісі денесінде сасыған, Қыз, келіншек қылаңдап жүр. Итпен бірге ас ішетін сорлы, Тіршілігін ылаңдап жүр. -Қалың жұртқа мәлім жемқор да бір, сұм-сұрқия баукеспе ұры да бір. Дегенмен, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларының оқу жүйелеріне «Жемқорлыққа қарсы күресу мәдениетінің негіздері» атты бейімдік пәні енгізілгені жаңалыққа татиды. Мақтау сөз ерте, нәтижесін уақыт көрсетеді,-деп Қымыр ой толғады: «Білген кісі ұрыны пақыр дейді, Білмеген кісі ұрыны батыр дейді». Кімнің кім екенін айыра алмай, Милау адамша түгесіліп тұрамыз. Жігеріңді қайрап, жани алмай, Ұрыны батыр дейтін шығармыз. Бабаның көрегендігінен адасып, Ұрыны пақыр деп бүйрек бұрамыз Адамды танудан қалғанда, Маңдайды тасқа ұрамыз.. -Қай кезеңде де дос аз, дұшпан көптік етіп жатады. Бүгінде ақшамен ақжолтайлық басым боп тұрғанда пенде санаулы досының қабағына кірбің шалдырмаса екен,-деп Қымыр өзінің әріптесі,бүкпесіз сырласы әрі досы Тымырға шаң жуытқысы келмеді. «Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар». Мақтану мен мақтау, Шайқасып жатқан тірлік. Пенделік бапты таппау, Кейде тастар жер ғып. Мақтауға татырлық ісің болса, Орынтақ билік күшің болса,
Жағымпаз дүшпан әкетер, Пайдасы үшін жыр ғып. Мақтаса да, даттаса да, Өмір өтер сынаптай сырғып. * -Кейбір қыз, келіншек есепсіз өзгеше мода қуады. -Біреулеріне сәнденуі жараспай тұрады. -Табиғат онсызда әйелге ажар, көрік берген ғой.Адамда әйел сұлу, жануарларда еркегі сұлу. -Тымыр айтады екенсің, әйел сұлулығын түсінбей боянып,соянып, еліріп еліктегіш, «Хабар» телеарнасында бір жүргізуші төбесіне үйме-жүйме бірдеме қондырып әлем-жәлем болғанын қатты аяисың. Осыншама азаптанып көрерменге мазақ болғаны неге кезіккені, неге желіккені, қазақ қызы онсызда сұлу емес пе еді,-деп Қымыр толғанды.Шайтан азғырса дауа жоқ.
«Әйелге жан керек емес, Сән керек». Ұсқынсыздың да ұсқынын келтіретін, Опа, далап жағыну деңіз. Еркектің көз құмарын өлтіретін, Сән, салтанат деңіз. Жан садақа, Бояма сәнге жетілетін, Түсініп көр сән әлемін, Әйел масық па, пасық па, Шайтан білер әуенін. * -Ерейменнен келген бір танысым сөйлесуге құлқы жоқ, жабығып пұшайман болып біраз отырды. Аға кезінде кеңшар басқардың, ақылың өз басыңа жетіп тұрды, жағымпаздарың алдыңда құлдық ұрды, айтқаныңды орындамағандар елден кетіп тұрды. Ұрпағың өзгеше сауық, сайранын етіп тұрды, енді не болып қалды үгіліп сонша?- дегенде басын көтеріп: «Үмітсіздікте қамайды екен. Өзің білетін бес ұлдың кішісі кісі болмай, дүние,мүлкімізді шашып, біреудің басын жарып түрмеге түсіп, одан қашып арсыздығы небір жындыдан да асып итімді шығарды. Нағыз тәртіп, тәрбиеге көнбейтін есек болды. Соны қалай қорғап адам қатарына түсірудің амалын таппадым. Өзіңмен бірге оқыған Кәлен ғой,Абайдың « Байлаулы емес ақыл,ой, дегенін түсін деп талай айттым, ақпақұлақ екен,-деді. -Көк долыдан туған көгіс қызға үйлендір, төбесінен сүйек алып адам қалпына түсіріп береді. Шынымен есі жоқ болса, дәрігер бар?-деді Қымыр. -Есекте ес бола ма?
«Есек есек екенін білсе, өзін-өзі жарып тастар еді». Есек жылқымын деп ойлайды, Кісінеуін үйлестіріп. Есек мінезді еркек, Өзін биікке теңестіріп. Ессіз екенсің десең, Баж етер өңеш тіліп. -Конгрес-холда өнер кешіне асығып, аптығып бармаймын ба? Ой, талай көресіні көргеніміз аз екен. Кенет нағашымның ұлы мен қызын көріп амандасар деп қуанып тұрсам, топыр кезекте өзімді баса көктеп алая қарап райсыздық танытты-ау,-деп Тымыр сырлас досы Қымырға мұңын шаққандай болды. -Оған кім кінәлі, өзіміз кінәлі, ағайын, туыс арасын, алыс, берісті ақшаға тіреп, суынып бара жатырмыз. Есіктен кимелеп кірген жамандық торлап барады, шет елдің жұқсыз тәртіп, тәрбиесі өрлеп барады. Абай: « Дауа бер, жамап сынайын»-десе, оны түсінбейтін елірген ессізге қайтіп шыдайын, жүз пайыз қазақ қасиетімен көркейіп шығайын, оған шейін дауалап тұрайын, дейсің. Ұрпақ тәрбиесіне өршіл талап қоя алмайсың, қойсаң да тыңдамайды, ну, что деп жұмырығын түйіп едірейе кетеді. Міне, қазақтың кісілігі амандасудан басталса, оны да ұқтыра алмадық. Енді көкірегің күрсініп азаппен өкіне бер,-деп Қымыр термеледі. «Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы». Бүгінде сәлем де сатулы, Шет елше өзгерді, Жастардың көз қарасы. Ұлтық қасиеттің, Бұл да бір, Жазылуы қиын жарасы. Қымыр әріптесіне кілең «күшің мол болсын, деп амандасатын дағдысына Тымыр рахметін айтып, әкесінің егінші екеніне мақтана ды. -Әкеңнің қаны таза екен, диқан дәніндей сақталып саған жұғысты болғаны, -деп Қымыр қуанып өлеңдете жөнелді. «Қанмен кірген жанмен шығар». Көз жұмып, мейманасы тасқан адам Бақ іздеп өз елінен қашқан адам. Тегін білмей тексізге қыз ұзатып, Қайғы тауып, көр іздеп сасқан адам.
Екінші жақсылығы жарасып, Қайырлы ілгеріге басқан қадам, Адал ой, ізгі ниет аспандаған, Пішту деп не қиындықтан қорықпастан, Бақыттын өз қолымен тапқан адам. «Қанмен кірген жанмен шығар деп», Санасыз сан соғып, азып тынар. Ар нұрын өзгелерге шашқан Адам! Жақсылыққа мойынын бұрар!,-деп Тымырға мұным қалай дегенді білдіріп: « Түбінде баянды еңбек егін салған...Оны түсінеміз-ау. Бірақ, Шортанды ауданы егіншіліктің ғылыми орталығы болып, кеңес заманында әр гектардан отыз центнерге дейін өнім алып жүрді. Жақында егінші Өскеннен жағдайын сұрағанда: -Бұрын отыздан аса алмадық деп өкіндік, бүгінде әр гектардан сегіз центнер алғанға қуанамыз. Жерді баптау түрі азайып бақ тайды, табыс ортайды... Ерліктің дәмін татқан қайсар дихан ақшаға тәуелді...біліксізбен диқан таласа алмайды. Қақы желінсе құлықсыз. Жер қожасы байыған сайын дандайсып кеткен. Нағыз падақор. -Ауылда иінін тапқан игілігін көретін жұмыс бар. Кейбірі өзіне өзі риза болмай, теріс айналған тірлікке мең-зең боп өкініп, онымен қоймай әке, шешесінің зейнетақысына жанын сақтайтын қияли қырсыз бар,-деп Қымыр айтарын айтты. Сыңар езу сыртап жүреді, арақ, шарапты ұрттап жүреді, өмір мәні осы деп біледі. Қорықсыздың түр-түрі бар, оны қырсықтыратын жын бар. «Сол құлағымен оң құлағын қасыған». Тумаған екен асылдан, Шөп басын сындырмайтын, Іс істеп тындармайтын, Құтыла алмассың масылдан... -Қымыр елге барып келдің онда жемқор жоқ па?-деп Тымыр тіршіліктің сала-саласындағы көрініп, жұртты түңілдіріп болғанын меңзеді. -Жемқордың жүрмейтін жері болмас. Ауылдағы шаруалардың малын су тегінге алып, ел үстінен пайдаға қарық болып жүрген қулар жетерлік, олар байыдың деп күпсініп қояды жегі мінезін түсінгісі келмей,-деді Қымыр барықсызға ызаланып. «Қасқыр ауыз, түлкі құйрық», Аузын салса жайрататын, Опырып жеседе тойым таппайтын, Кісіліктен безген өңге бар.
Құйрығын куәлікке тартатын, Түлкімінез елде бар. Кәне, қоғам күшің жетсе. Жемқорларды жөндеп ал?
- -Тымыр шыныңды айтшы, біреуге жасаған қиянатың жоқ па? -Алла сақтасын, басым аман, үпірлі, шүпірлі отбсымның есен, аман тірлігі ешкімге қылдай қиянатым болмағандықтан деп түсінемін. -Жөн екен,-деп Қымыр өлеңдетті. «Жасамасаң жамандық, Басыңда болар амандық». Қиянатың қиып өзіңді, Кісіге жасаған зұлымдық, Ойып түсер көзіңді. Басым аман жүрсін десең, Серік еткейсің адал төзімді. -Қымыр өтірік айттың ба?-деді бірде Тымыр. -Бала кезімде бір рет өтірік айтып әкемнен таяқ жеп, содан соң жалған сөзді аузыма алмадым. «Өтірікшіде иман жоқ жанын сатады». Кәсібі өтірік айтпаса, Арам қатады. Арбауды біліп, Өтірік күліп, Кейде мырғамға батады. Бос сөзге сот жоқ десеңде, -Шындығы осы өлсемде, Дегені куәлікке жатады. Иманы күйгендіктен, Бір күні өзі арам қатады. * -Өсекті бұрын әйелдер еріккеннен айтады деуші еді. Бүгінде кейбір мекемеде даң-дұң әңгімеде еркектер өсекті сықпыртып отыратынын көріп дауасыздардан қатты ұялады екенсің,-деді Тымыр. -Бүгінгі өсектің сипаты ап-айқын бақталастық, байлық таластыққа, ұсақ ырың-жырыңға бұрылып бара жатқаны соншалық жиркендіреді,кісілік қылық, адал сөз, терең ойды өсекші бойынан таппайсыз,-деді де Қымыр термелеп берді.
«Өсекші жоқта, өкпелесу жоқ». Бір ауылға бір өсекші жетеді, Бірді-бірге қағыстырып өтеді. Туыс, туғандарды айырып, Босағада көрістіріп кетеді. Өсекшіні ақылдылар саралап, Өрт салушыны шайтанидың,Тозақта дейді мекені. * --Тіршіліктің шахмат тақтасындағыдай ойынынан қалжырап шыққандай ,шын көңіліне өтірік пиғыл орналасып қаскөйлікті тұтқандай болатынына таңданып тұрмаған шығар,-- деп жорыған Тымырдың жанына келген Алдар: --Сенім семіз, нәтижесі бұрынғысынан да азырық деуден саумысың? --Қуғын, сүргіннің қарасы батып біржола құрыды ма десем... --Адам болған жерде, қоғам болған жерде басыну да, ашыну да тоқтамас... әртүрлі тәрбиеге байланысты кезеңіне қарай бәсеңсуі мүмкін,--деп Алдар: «Өскемен қаласындағы А.Г.Андроновтың қарауындағы қызметкерлеріне тыным таптырмай өз пайдасына қалай «жегетінін» білмейді екенсің.? Кейбір басшыдан қулық артылмайды, билігі тегін сатылмайды. --Қандай жолмен, былайша төселген өлшеусіз түрлі тәсілі қалай? --Өзіне майдай жағатын жолмен. Мәселен, түкке тұрмайтын дүние ғой,коммуналдық,телефон, электр қуатын пайдаланған қызметі үшін мына түбіртіктерді құстай ұшып барып төлей сал!?—дейді Андронов қарауындағы қызметкерлеріне жылы жүзбен қарап тыраш сөзін майдалап: --Бұйрық емес, жұмсақ айтатын шығар.Өзі белгілі қаржыны берсе,--дегелі тұрсың Тымыр,--деп Алдар: «Қызығы» ондай жұмысты қызметкері төлейді, атқара алмасаң мұрттай ұшасың. Өзі тұратын пәтеріне спутник антенасын қызметкерлерінен қолма-қол ақша жинап орнаттырса, «Мерседес» автокөлігін жалға алуда 240243 теңге бюжет қаражатынан заңсыз пайдаланғаны аз ба? --Жаны жай тапқан екен қалта қағар ептінің. Оны жақсылап түсін. --Майдай жағатынның бәрі май емес дегенді білмегендік,--деп Алдар, Қазақстан Республикалық Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік департаментінің бастығы Саян Ахметжановтың «Закон и правосудие» газетіндегі мақаласында Андроновтың жұмыстан қуылғанын жазыпты. --Заңгерлердің өздерін өздері заңға бас иетін етсе жөн екен,--деді Тымыр. «Көр кеңірдектен түңіл», Көңілде секем қалың. Көрдің бе, Мың құлпырған залым. Демін алып,
Орынтаққа жайғасты. Шатыры мықты, Олжаны опырды албасты. Көр кеңірдек озып тұр, Заңды бұрмалаушыны көріп, Жүрегіңді мұз басты. * Тымыр көше тазалап жүргенде өтіп жататын адамдар көз тігетінін кейде байқап қалады. Олардың тазалыққа жаны құштарланса ғой. Қоқыс салатын ыдыстың қасында тұрып керексіз қағаз, қол сүрткіш, темекінің қорабын көшеге лақтыра салатындар аз ба? Көзі шалып қалса да оларға ештеңе айта алмайды. Не үшін жүрсіңдер, тазарт қоқысты! деп ежіреңдейтіндердің пәлесіне қалыпта көрген. Өздерін бақыттымын дейтіндерге жөн мен жосықты кім түсіндіріпті деп толғанды да бақыт туралы аңызды есіне алды . --Адамзат жаралған кезде Алыптың жалғыз баласы жоғалыпты.Оның жалғыз көзі төбесінде екен. Содан қалың көптің ішінен сипалап жүріп қолына түскенін осы балам шығар, деп көтере бастайды екен. Егер мейманасы тасынған, сұрқия өтірігін сухитып ісі де, мінез, құлқы да лас біреудің де жағдайын жақсартып бақыт жарылқайды. Ішпесті ішкізіп, әуелетіп киместі кигізеді. Жақсылығын төгіп тастайды. Әлгі көкелеп жүріп ала білуді, тәж, тақтан, беделдіден жағынып өз пайдасын таба біледі. Берімі де, қайырымы да жоқ. Сөйтіп, Бақ төбесіндегі көзімен оны көреді де: --Заман тажалы, адамның ажалы, Алланы да алдайтын сұмпай көкелеп көтен ішегімді үзе жаздадың,адамның көрмеп едім сендей азғанын, жоғал әрмен жағымпаз неме!—деп лақтырып тастайды. Күйі таяды сол соққыдан жағымпаз деген жат бауыр. Бақтың қарманып жүргенде тағы бірі қолына түсіп көтере бастайды. Ол ойлағаным орындалды, анадан алуым керек, мынадан алуым керек,тағдырымды қорғайтын «шатырға»да беруім керек деп, болжам жасап елден еректенгендей зырлай береді. Бақтың төбедегі көзі оны шалып қалады да: -- Кісі етін жеуден жиркенбейтін жемқор неме, зыт әрмен!—деп ішіне тепкенде өлдім деген шыңғырған дауысы шығады. Сыбайластары өз бастарын қорғап маңына келіп көмек бермек түгелі, шаңын көрсетпейді. Сөйтіп баласын таба алмай налып келе жатқан Бақтың қолына алақаны мақтадай үлбіреген, денесінде майы да қалыңдау, көп сөйлемейтін біреу ілінеді: --Е, осы болар балам,--деп оқтұмсыққа мінгізгендей шапшаң аяғын жерге тигізбей көтере жөнеледі. --Бақ аяғымды жерге тигіз, денем қалтырап қорқып барам,жанымды сақта, дүниенің байлығын берем, деп зәре құты қалмаған Адамды жалғыз көзімен көріп тұрып:
--И—и,байлықтың бейнетін өлшеусіз көріп едім,рахатын көруге жазса деп тілейсің. Қол қайырың болмаса, рахат бұйырмайтынын білмейтін сорлы екенің өкінішті,--деді де Бақ оны да өңменінен итере салды. Сөйтіп , жалғыз ұл ерсініп қой бағып жүрген шығар деп, жайлауды кезді. Қойдың құмалағын да таппай болдырды. Осылай толғанып жатаған үйдің көлеңкесінде күркілдеп жөтеліп зенетақысын күтіп сарсылып отырған шалдың жанындағы ұлы:- -Әке батаңды бер, егінге орақ салайын, бағымызға егін жақсы шықты, дегенін Бақ естіп осы менің балам деді де «Игілік» аулына жол бастап кете барды,--дегендей аңыздың ізімен Тымыр толғанып, шаңырағымызға Бақ қонып пәтер алсақ,балаларым тарықпай өмір сүрсе екен, деп күбірледі. --Астананың ашық аспанын, қызу тірлігін көргеннің өзі үлкен бақыт,--деп Қымыр оның жанына келді де: Ынта мен бірлік. Бақ тұрар күліп, Әзілдесіп жүрдік, Өмір сүруді біліп,--деп автокөлігінен тірлігіне қанағат еткен ниетпен бір бөлке ақ нанды алып Тымырға ұсынды да: «Абай айтқан: «Күнкүйеу, жер-қалыңдық, Құмары екеуінің сондай күшті. Күн күйеуін жер көксеп алақыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойынған соң, Жер толықсып түрленер тоты құстай,-деген. Егінші жерін баптаса далада нан иісі бұрқырар. Нан ел бақыты, ер бақыты. Жабықтағы нанды құранға шығып алуға болады, нанға шығып құранды алуға болмайды деген қағида да бар. * -Жемқор қашанда қалың көптің ішінде көлеңкедей көлеңдеп жүреді, тарықпай өмір сүреді. Жанын мүжитіні тездетіп олжалау, тілейтіні өзгелерден озып байып шығу екені түсінікті. Өмірден торыққысы жоқ, заң қармағына жолыққысы жоқ. Аспан асты толған жемқорлықтың түрлі амалы. Құныға бастағанда, аңғары ашылып жыныға бастағанда шектен шыққаны да байқалмай қалады. Қазақ елін әлемге танытпақшы «ЭСПО-2017» шаруасына қаржы нөсерлетіп құйыла бастағанда Ермиягаев онша сасқан жоқ, 10 миллиард 200 мыңын қаймықпай, абыржымай шашып жіберді, біразын қалтаға басып жіберді.Абайдың: «Залымдықадам баласының дұшпаны» дегенін есіне алып қайтсін. Байлықтан басқаны ойлап па? Жымқырғыштар ештеңені сезінген жоқ, олжа жолында көз ілген жоқ, мұның аяғы түнекке түнетпес пе екен демеді. Заң орындары қармағын салғанда да біржола құрыдық дей алмады. Былайша қарағанда денге саулық берсе паралап көруді ойлады ма, кім білсін, неде болса олжа бөлісті қатты ойластырды.
«Ұрлыққа тиым бар, Тіл ұшына ілігетін, Жемқордың жазасы, Түрме деген сыйың бар. Адалмын деп айта алмай, Үні өшетін күйің бар,-деп Тымыр шынын айтқанда жемқорлықпен бүкіл ел болып күреспесе халықты ығыр етуі белең ала берер. Кеше ғана Қостанайды басқарып отырған әкімшілік басшылары 14 миллион теңге пара алып қолдарына кісен дайындалып жатқанын ақпарат хабарлады. Адал қызметті борышым демейтін бұл неғылған сорлылық. Тірі өліктікке бет бұрып, теріс айналған тірлік-ай десеңші. Ата текке дақ түсіргендер қандай жиркенішті, жер басып жүруі көп. -Кеңес өкіметінде ерлікпен үш бірдей «даңқ» орденін омырауына таққан жылқышы Аманқостың бір танысы соғымға бір жылқы сатып алды да теңгеден бөлек 200 доллар берген еді. Содан бір жабағысын ырымдап «Долларкөк» деп атады. Уақыт өте берді, жабағы байталға жетті. Бір қызығы үйірінен бөлініп айғырға қарамады. Жайылысы да оқшауланды. Мұны көрген айғырлар да маңына жоламады. Құлындамаған қысыр байталды Аманқос обалы өзіне деп бордақылап семіртіп соғымға сою жазасын дайындады. «Долларкөк» ажал жақындағанын қайдан білсін қазысы жарылғанша жемді құмыға жалмады.. «Өлсең, өліп кетерсің, Тұяғыңды мұнша неге серпесің?». Байтал тұрды қақаңдап, Қара пышақ қылпыды, Түсінген боларсыз, «Долларкөк» жылқыны. Әлемдік қаржыда ойнақтаған, Доллар дегенің қылқынды. -Білімі, тәжрибесі шикі дәрігердің қабылдаушысына дерт түрін анықтап бермесе де зиянсыз дәрі, дәрмекті жазып беріп алдай салатынын біреуің түсінсең де, көбің біле бермейсіңдер. Сөйтсе де талантсыздар пайда табудың амалын толық түсініп, сәби сатуды бастап кеткелі қашан. Өйткені, адам сатудың заңдылық жазасы түк емес, барып, келгендей ғана. Алматының Әуезов ауданы прокурорының тексерген мәліметінде биылдың өзінде он төрт сәбиді сатқан дәрігерлердің қылмыстық ісі айдан анық болыпты. Адам сатып кісілік ардан безгендерді кісі өлтіргеннің жазасымен теңестіріп өмірлік түрмеде отыратын үкім кесілмесе бұл қылмыс тоқтай қояр ма екен? «Қылмысты бүркеп болмас-зауалы алда», Қылмыскер
өзеуреп өтінеді, Сәби тірідей жетім еді, Ақшаны анасына бермекшімін, Оралып келемін деп кетіп еді.,-деп қылмыскерлер неде болса жалтарады ғой. -Нәзік жанды, ақ халатты дейміз, сұмпайы ғой нағыз,-деп Тымыр түңіліс білдірді де: «қыздың орыны төрде!» дейтін қазақи тәртіп, тәрбие жанұядан басталатыны далада қалып,, теледидарларда, сайқалханаларда өңкей жын құйындап ұйтқытып бірсыпыра қыздың арын төкті.Ұлт ұлығы, әулиелер мекені Оңтүстікте сегіз жүз оқушы жеңіл жүрістен екіқабат болса, не бетіңді айтасың. Ата, анасы әлгі жынды қорғап, бетін басып жылағанына өзі кінәлі екенін сезсе, шіркіндер. Сезсе құрсағына біткен жанды құртамын деп, ойбай-ау жатынын шірітіп алмас еді. Өткен жылы 2420 жас өспірім қыздар жүкті болып кейбір жануарларға арналған дәріні пайдаланып жатырын шірітіп алған деседі. Тірлікте адам түгелі жануар, жәндіктерге дейін ұрпақ қалдыруды армандайды. Арманы быт-шыт үзілгендердің тірлігі өлі ғой. Несін сұрайсыз қандай қайғылы көріп түңіліп жүрміз..
Көше қоқысын қол арбасына жинап жатып Тымыр: «Күншалған» өңііріндегі бір оқиғаны Қымырға қынжылыспен сөз етті. Бәзен деген совхоз директорының орынбасары болды. Ұлы ер жетіп егін бригадирі Құрманның қызына үйлендірді. Бәзен келінді ұнатпады, ұлының құлағын сарсытып аудан басшысының қызына қайтсеңде үйлен деп, ақыры айырып тынды. Ұл әкесін тыңдап аудан бастығының қызымен тұрмыс құрып Астанадағы ауыл министлігінің бір жұмысына орналасты. Күндердің күнінде Құрман жүгері өсіретін шаруа қожалығын ашуды мақсаттап Бәзеннің ұлының алдына келді. -Ұлымдай жақсы көретін едім,-деді Құрман. -Мен ешкімді жақсы көрмеймін және ақы-пұлсыз жұмыс істемеймін,-деп Құрманның құжаттарын қабылдамады. Құрман жетілген екенсің шырағым деп бөлмеден шықты, басқа маманға бармақшы болды. Іштей толқып орынтаққа қолы жеткен екен, ашулы өзі өктем екен. «Түксігін салар тырсиып» Абай айтқан еді, мұнысы түбінде жараспас, ақыры болар таққа масығып таласқанның да, деп күбірлейді. Сосын ұлымдай жақсы көретін едім деп жалынғанына өкпесі кебе өкінді. «Ісің түссе итті де «бауырым» дерсің», Пенде арына тигенге де көнеді, Небір ұсқынға да сенеді. Балағаттаса да шыдайды, Кейбір шенеунік
Ұмытып кеткен құдайды. Титықтаған әлсіздер, Мән таба алмас сыңайлы, Сүрініп жүріп құлайды,- деп Қымыр құлағы кереңдердің даланың нанын жеп жүргенін түсінбейтініне қатты қынжылды.. Амал жоқ, орынтаққа отырғанның бет-ауызы бүлк етпейді, адамды ақша билесе тәртіп солай. * -Табиғат құбылысы сәттілік пен сәтсіздікке толы, тірлікте ар-ұяттан безгендік бар, керісінше жақсылығымен көпті жарылқап жүрген бар. Кеше автокөлігімді қойып үйге жақындай бергенде көршімдегі ағайынды екі жігіт төбелесіп жатыр. Оның себебі бар екен, інісі шет елдің қымбат автокөлігін апатқа ұрындырып тас-талқан етіпті. Ағасы : «Әкемді жұтаттың-ау, енді не бетіңмен әкеңе қарайсың» деп сыбап жүр. Әкесімен дәмдес болғанмын, осы екі ұлы ғана, үлкені үйленген, қала құрылысында прораб, кішісі былайша айтқанда жұмыссыз безделник, еңбекке құлқы да жоқ.Туған жерлері Күншалған тауының бауырындағы совхоз. Кезінде белгілі жылқышы болған әкесінде үйір, үйір жылқы бар. «Балаларым қалада болсын, немерелерімді оқытсын, бұлардан қара орманымды аямаспын» дегенін естігем,- деп Тымыр ойын жалғады да: « Көрмейсің бе, кенже ұлдың жас өмірі қор, күн батса шым батып сайқалханаларды кезеді. Кейде шала мас боп жүреді. Енді міне қымбат автокөлікті құртты... «Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Абай сөзін ұқпады. Өкінішті. -Ойланбай өткізген өмір, ағыл, тегіл уақыттың соңы қасіретпен бітеді,-деп Қымыр: «Қанағат-әрі қазына, әрі қасиет», Мұны түсінбейтіндердің, Күңгірт көзқарасы қиын, Асқақтаған елірме, Шашып тастайды миын. Қасиетсіз жаны жай таппас, Желбасқа жүрмейді тиым.
- *
Бақтың ішіндегі лас, қоқымды тазартып жүрген Тымыр көңілі бір нәрсеге жәй тапқандай, тірлігіне жақсылық оралып, кешегі өзі ойлаған Бақ басына тарс етіп қонғандай, есі шығып жүрегіне қуаныш нұры құйылып жатқандай сезіммен : --Қарыз қаржыға қол жетті,--деді.
--Кедейлік қамытын кидім де. --Неге? --Банктің ипотекасы тонау ғой. --Биыл қызым гүл өсіруші бригада да еңбек етеді. Табысы жақсы. Келесі жылы екі ұлым оқуын бітірісімен өзімнің қасымда жұмыс істейді..Төрт адамның табысы, есесін жібермей құтыламыз қарыздан. --Ит осыдан жаз шықса сүйектен үй салып алам депті...адалсың,адал адам алданғыш келеді.Үш жылда он екі миллион шаршы метр тұрғын үй беріледі деген ұрандау бар, ал, құрылысшылардың өтірік айтпаған кезі бар ма, айтыңдаршы? Баламінез, сенгішсің, сосын батылдықта бар бойыңда. Жә, құрылыстың қаңқасына қолың жетсе, саспа өзіміз қалғанын оқсатамыз. Жалпы капитализмнің өтірік есіркейтін «мінезін» түсінбегендер Амеркандықтардан ақыл сұрайды, бізге өз ақылымыз өзімізге жетеді. Өзгеге еліктеп екпетімізден құлар жағдайымыз жоқ. Адалын айтқанда жұрт бізден үйренсін демократияны да, бәрін де...дүрлігу емес, ымыра демократияға. «Тіріге жылы қарамас, Өлгенге жоқтап, жыламас», Тағысын тағы айтар едім, Ақырын да байқар едім, Қарызға батқан, өкініп жатқан, Оңайлықпен оңа алмас, Бірді бірге құра алмас.
- * Шілде ыстық. Қымыр қоқыс толы автокөлігін от алдырып жүруге қамданды. Тымыр сыпырғыш, күрек, қол арбасын жол жиегіне қойып жайғасып отырып дем алуды, әңгіме соғуды ойлады. Автокөлік гүр-сар етіп сөніп қалды. --Шорту, бензин бітті,--деп Қымыр шылымын тұтатып Тымырға қарап. --Ұмытып барады екем, кеше Торғайдан бір ағайын қария қызын ерітіп үйге келді. Оқуға түскен бойжеткен кіндігінің тұсынан алты ілмекке әртүрлі темір байлағанын көріп: --Мыналарың жұқа екен,оқ өтпейтін соқаның түреніндей қалың темір таппадың ба? --Мода ғой... Сөзін үзіп қария, үнсіз мүлгіп отырып Көбіктінің «қыз он беске келгенде атып таста бейбақты дегені ұзатып құтылуды меңзегені еді. Сол сөзді тірілте алмадым, оқуын тосайық демей, бір еркекке басын қосайық, деп шешпеген қателігім-ай. Мазасы кеткенін аяп кеттім. Сөйтіп, есіме бала кезімдегі бір оқиға сап ете түсті.! «Шоңқайлы» көлдің суына ұлы да, қызы бірге шомы-
лып жататын. Бес жасар Нұргүл әкесіне: --Балалардың түшегі бар, менде неге жоқ, дейді. Соғыс ауыртпалығына жаны қиналып отырған әкесі: --Қызым, бойжеткесін, сол балдардың түшегінің бәрі сенікі болады, --деген екен. Сол айтқандай кіндіктің әлемдік деңгейде өзгеруіне не таласың бар. --Жігіттердің ықыласын аудару шығар, деді Тымыр. --Көз тимесін деу ме. Әйтеуір, тым ерте шешіну... Әйел шешінсе албасты басқаны, әйел тепсінсе ашынасын ойлап сасқаны, қайдағы жайсыздық басын шырмап отбасынан безіп қашқаны. «Қыз-қырық құбылар». Құбылып жүріп, Әр нәрсеге ұрынып жүріп, Өзгенің бәрі көркем деп, Шетелшіл селтеңдеп, Жар таңдаудан адасып, Ар шыңынан жығылды. Бір зәлімге ұрынды. Елден шеттеп шығынды. Қырық құбылған қыз, Үзіп тынар жұлынды. Су мидан безіп жүрмін, Әйелді жын бұзарын, Өзгеден бұрын сезіп жүрмін * Су дегеннен шығады, «Таза су» бағдарламасы деп,бір ғана Оңтүстік Қазақстанда биыл 537,5 миллион теңге қаралыпты, жақсы ғой,--деді Қым ыр. --Социализмде арам су ішкеніміз бе? Әлде Кеңес үкіметі құлағасын су бірге құрдымға кеткен бе? Рыноктың қара дауылы елді мекендердің біразын қаңыратып тастады. Шопандар таяғын ұстап түкке түсінбей аңырап қалды. --И, судың буынанда пайда табатын сусоғарлардың ішкі есебін екі-үш қапшық тұз жесеңде білмессің... -Езбе мылжыңуақытыңды тонайды, су татыр сөзі күндеушіге ұнайды, кейбіреудің біреуді күндемесе іші ауырады, ондай ауруға ем жоқ,-деді Тымыр. -Өзін өзгеден артық санап, суды да, буды да байлығына балап, олжалаудың амалын екі шұқып, бір қарап мылжыңмен өтірігін өрге жылжытады,-деп Қымыр: «Әлемде күншілдікпен сабақтас, мылжың жетерлік.Оның да
түрі көп, ессіз көк езуді көргенім бар. Өзен суы теріс неге ақпайды, менің білгірлігім жұртқа неге жақпайды, деген сықылды уәделі сөздерді айта береді. Жағы талмайды, шаршап қуаты қайтпайды, бос сөз сөйлегенше, істің тетігін таппайды. Аспанды алақандай, жерді тебінгідей етіп қақсайды. Одан туған ұл билікке қолы жеткен-ді. Мылжыңын әкесінен де асырды. «Ананы, мынаны, бәрін білгіңіз келсе менен сұраңыз. Құлақ қағыс, сөз жарыс, жауап беріп тұрамыз, жай-жапсарды айтқызбай-ақ ұғамыз. Шыдамдылар шыдаңыз, билікке ғана ұнаңыз,-десе қайтесің. -Көкем, әлгіндегідей ауыл әкіміне, көп сөйлейді, сөзі судай сылдыр, бәтуа жоқ, деп назарын сындырған еді, -деді де Тымыр: «Жалғаншының назары сынбай, бір сылтаудан мың сылтауды өрбіте біледі. Сыбайластарымен әмпай, сосын саспай аяқты шекіп басып жүре береді, халық жоққа да көне біледі. * -Кеңес өкіметінде қандай да басшылық бір іске тапсырма берсе, оның уақыты, орындалуы кәнігі етілгенше қатаң бақылауда болатын-ды. Бүгінде тапсырыс бар, нәтижесін кейбір биліктің бақылауы жетімсіз, ұмытшақ,-деп қынжылды Тымыр. -Бабаларымыздың «ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды, деген мақалы ойға оралып, іс тындыратын құйрық болса шүкір демейсің бе?-деді Қымыр астарлы сөздің мәніне тоқтағанын білдіріп. Өтірік айтып еліккен де бір, сілтеме сөзбен желіккендер де бір. Жауапсыз желбастан құтылмассың, өтірігіне тұтыларсың, тірлігің оңбай ұтыларсың...Абай айтқан: « Сөз таба алмай қалтылдап» дегенмен тынатын бар. Кежір, қыңырды көргенде қолын бір сілтеп мазақтап шығатын бар. Ондай кекесінің өзіңе олжа. Кемшіліктің ізін суытпай алақаныңды шартылдатып соғып кекетіп күле біл . * Олжа дегеннен шығады соғыс уақытында ері майданда, жеңгеміз жайлауда жүріп жүкті болды да Олжабайды дүниеге әкелді. Уілдеген ұл жасқа толмай жатып ағамыз майдан даласында бір аяғын қалдырып елге оралды. Ойда жеңгелер кеңесі сыбыр-күбірлесіп, ақыры ойлап тапқаны ағамыз нансада, нанбаса да шаруасы жоқ, ақыл, есі түзу адам илана қоймайтын себеп еді. --Қарағым қайным, келін өзің әскерге кетісімен үйде қалған домбалың мен шалбарыңды киіп, оллаһи бір ретте шешпеген шығар. Бәріне жұрт куә. Содан әулие, әмбиелер қолдап екіқабат болып, тостағандай ауылымыз үлкен олжаға кенеліп Олжабай атандырдық. Өзі нағашыларынан аумайды,--деп үйіріп айтып, ұйытып сендіріп жанұяны сақтап еді. Саз балшықтан Адам жасалмайды деп келінді мақтап еді. Сол айтқандай «Айқын»газетінің бір хабарында жарты жылда 4791 әкесі белгісіз, әйтеуір дамбал мен шалбар емес, бәлкім шетелдің кейіпкерлері күйіп, жанған сериалдарынан пайда
болды ма, әртүрлі болжамды дүниеге келген сәбилерде жазық жоқ. Туса тусын, ер жеткесін тұтқыйылдан әкесін сұраса, несі бар түкте ұяты жоқ --Сериалин, немесе Сериалова деу артық па екен? Лақап ат қойғыш ең таңдаулы жеңгелеріміз де қарап қалмай, ойланып, толғанып бір жөнін табар... *** --«Жылойдан бір қыз көрдім, көзі күлген, шаштарын он тарап, бес күн өрген»--деп әндететін Жылой қаласынан теңіз қашқалы, қала жер боп кеткені қашан. Сол теңіз қайта көтеріліп «ассалаумағалайкум Жылой» деп келмесіне кім кепіл. Сонда мамандар болжамы қателеспесе 21 кен орнымен, 177 мұнайлы газ құбыры су астанда қалса,ақша жолда жатса,байлығым жоқ-ау мұнайдан басқа деп Жылой әнінің сазын қайталай ма? Мұнайды алып жатырмыз, табиғаттың ертең не күйге түсері өң мен түстей деп экология мамандарының дабыл қаққанына тиісті орындардың басшылары қаржы санаудан қолы босамай етек басты боп отыр ма дейсің? Онша жұқармай Абай айтқанға тоқтап: « Тірі адамның ісі үміт» дегенге жорып, әлем ғалымдары жұмыр жер жылынып барады, қауіпті десе, жылынудан кейін суыну болмай ма?-деп ойға қаласың. О да табиғаттың бас асаулығына көндігерміз деген үзілмес үміт қой. Бүкіл әлемде түрлі әрекет бар, нәтиже сә лдікте... *** --Біз бір жырласақ қоймай жырлаймыз,ақынсың ғой, жағдай жасаймын десе тұлға деген қасиетті сөзді, қасиетсізге де арнап жібереміз. Ана жылдары рыноктың жыры да, дыры желқобыздай сарнап бір тынбайды. Айтпағымыз экологтардың заржақтанған назарсыз қалған Сорбұлақ жыры. «Сорбұлақ— ау, Сорбұлақ, мазамыз кетті құрығырлап, қауіп, қатер тұр-тұрлап» дейтіні жер астындағы көзі көлдей бұлақ емес, ұзындығы он бес километр, тереңдігі жиырма тоғыз метр құрдым тажалы химиялық өртенгіш қоспалардың қоймасы миллиард шаршы метр өлшемі жарылса қаншама адамның өмірін қиятын жалмауыз дегелі қашан. Мұндай апаттың алдын алуға үкіметтің қолы босай қояр емес,әлде зауқы шаппай ма?--деп «Табиғат» экологиялық қозғалыс басшысы Мэлс Елеусізов қабырғасы қайыса айтсада кезінде еһлесіп кім тыңдапты? Осы біздің тыңдай білмейтініміз, кейін, қап, бәлем деп сан соғып өкінуімізге жақсы. Әйтпесе, өкініш сөзі ағылшын сөзінің тасасында жалпылама көлеңке бүркеп, әдетінше бұлдырап иесіз қалады ғой... «Әлемнің біраз елінде болдым, өзінің ана тілінде сөйлей алмайтын бір елді көрдім, ол қазақстан екен» деген ертедегі ақпарат сөзін естіп көз жасым төгіліп еді,-дегенде Тымыр толғанып: «Қымыр-ау, әлгі мініскер қызыл империя ұсақ ұлттардың тілін, ділін, дінін, табиғатын тас-талқан етуге шүйлікті,
қуғындады, бүлдірді, ойрандады, ойына келген қастандығын құпия жүзеге асырды демей ме? Басында билігі жоқ, аштық, қуғын, сүргіннен көз ашпаған қазақты кекеп абырой тапқысы келгені әбден ыңғайсыз, көңілге дық екен. Ақиқатты айтуға су жүрек қорықты ма? Өйтіп, жаныашығансығанына болайын,-деп қабағын шытып ойқана тыжырынған еді. –Сөзсолай. *** Сөз демекші, ыңғайсыздықтың туындпауы кейде өзімізден сияқты шығар. Астана қаласында ағылшын сөйлемі жоқ екен деп қысыла алмайсыз. Біраз жыл қала әкімінің саяси орынбасары болған Төлеген тұсында аспанда ұшып бара жатқан самолет жолаушылары да түн бойы жанып тұратын ағылшынша атауларға қуанып, өздерін Англия аспанындағыдай сезініп жүректері елжірейтін. Азды көптей бағаласақ Төлегенді қошаметсіз қалдыра алмассыз. Сегіз жүзге тарта атаудың 80 пайызы шет елдік атаулар деп белгілі ғалым Ақселеу неге жұқарады.. Бұйырса шетелшілдік еліктегіштік көнгіштік мінезіміз өзгермес. Тағы, тағы қазақ түсінбейтін сөз қосылар,--деп Қымыр: Төлеген-ау,Төлеген, Ағылшын тілін елеген. Мың жылғысын ойлайтын, Төлеген неткен көреген,--деп әндетеді -Мынауың құйтырқы қағытпа, пародия ғой, кім қалай түсінседе өзі білсін, дегенің,ә?—деді Тымыр күрегіне сүйеніп тұрып: «Сүйек тамыр сүйенісіп сөз бөлісіп, сөйлем құрасады. Шет елдіктер, пай, шіркін, қазақтардың көбісі орыс, ағылшын тілін шығын шығармай, кәдімгі анасының құрсағында тоғыз ай, тоғыз күнде оқып шығады екен, түсінікті ме? Шет ел тіліне жан-тәнімен берілетін жанашырлығын білгенде ( ми ашырлық емес) адамның түрлі жүйе-жүйесі босап кетеді екен. Қалай босайтыны белгісіз» деп көтере мақтайды әлі.. Таусыл ма, бауырым таусыл ма, Ана тілің түсседе сынға. Шет елше сайрайтындарды, Атандырсаңшы ерекше тұлға. Қоса алмайсың бірақ, Есімдерін қазақша жырға. Көрген құқай бұл емес, Тілден безген жылдар... Жүйкең белең алып, Тісіңді қайрайсың ба? Түгіне түсінбей тұрам, Басымды қос қолдап ұрам, Жүз пайыз қазақша біліп, Қаунышым қойныма сыймай, Қашан ел алдына шығам?
- * Біздің Тымыр көшелерді тазалағанына еңбегім адал деп мақатанды. Ал, ана бұрылыста, мына бұрылыста жол тәртібін кәдімгідей бұзғанды МАЙ құтқармай тоқтатып, айып төлеткеніне мақтанады. Күтпеген жерден табыс тапса, әрине...Тымыр көшеде түсіп қалған ақшасы мол әминді тауып алса «кім не жоғалтты?» деп біраз дауыстап, иесі шықпаса заң орнына тапсырғанына адалмын деп мақтанады. МАЙ жанынан өтіп бара жатқан автокөлікте жолаушы адамдар лық толы болса дереу тоқтатып айыппұл алдым деп мақтанады. .Дүние-мүлік, өмір тірлік әркімнің көңілін осылай аулап,сыйқырлай береді. Біреулер ойға мақтанады, байларымыз елден оздырған тойына да мақтанады. Айта берсек көңіл де жүйрік, көк дөнен де жүйрік. Өмір көкпар, тірлік бәйге, оз, жүгір, алқын, көппен бірге түбінде бір тоқтайтыныңды біліп мақтан, деп Қымыр әлдебір дала үнін естігендей елге деген сағыныш сезімі шексіз екеніне көңілденіп, шаттана біліп оған ештеңе теңгермейтіндей еді... « Әуелі көкірегі байлаулы болмақ керек»- деген Абай ойын Қымыр есіне алды. Сөз қасиеті елде деп күбірледі.
Ертеде шетен қалпақ мода болды.Ұлттық киім мен салт, дәстүрді ысырып, шет елше жүріс, тұрыс бұзылғанына жыны келген ақын: Қалпақты киген шетеннен, Шамасы келген шет елден. Изелеңдеп тұрысын, Тебер ме еді көтеннен,-деген еліктегіштерді естілікке шақыратын сықақ болып еді. Содан бері жөнсіз еліктеу де, желікте де тойымсыз, өңін өзгертіп дамып келеді. Ал қазіргі жамандықтың жұқпалы дертіне ешкім көңіл аудармайды, еті мың бұраумен қатып, әбден үйреніп кеткендей. Шет ел модасына да кеңшілік жасап есікті айқара аштық. Олай емей немене көшеге шықсаң көретінің пілдің құлағындай күн қағары бар бас киімді еркек те, әйел де, жас та, кәрі де талғамай киеді. Бетте табақтай қара көзілдірік. Көз терезе, бет кітап, қара көзілдірік кінәсі мен күнәсін жасыра ма? Бәрінен бұрын жаздық осындай бас киім ұлттық белгімен өзіміздің кәсіпорындарда тігілмейді. Шет елден самолетпен тасылған бас киім болмағанда жалаң бас қалады екенбіз. Ел игілігін, елдің сән-салтанатын өзіміз ойлау түске енер ме? Әлде шет ел киімімен бірге түрлі микробтыда тасыған жөн бе? Ненің пайдасын, ненің зиянын білмейді деп өзгелер өзегі үзіліп күлетін де шығар. Шет елден келген пілқұақ, Ниетіміз жүр құлап.
Ауру тапса басынан, Санын соғар ұрғылап,-десек шет ел тауары жақсы, жаманы бар, өтпей қалар ма екен? Ай, қайдам? Біразымызда ерсілікке ет үйренді. Жабайылықты көрсекте ауыз ашпаймыз. Осынымыз не? Жақсы, жаманды байымдау қайда, қара көзілдірік кигесін көзден бұлбұл ұшты ма? Барды бағаламаймыз, жақсыны жақсы деп санамаймыз. Мұншалық мінез қалай өзгерді. Қайтсек екен? Кімбіз сонда? ***
Ертеде Ойылдың Майлапесі бір нәрсеге ызаланды ма, әлде желсөздінің айтқанына құмары қанбай қал, бәлем деп қалды ма: --Мәскеуге барғанымда Надежда Крупская өзің сықылды есті адамдарға кенделік бар. Жеті жұрттың тілін біледі екенсің, жердің асты, үстін, аспан әлемін шарлап танысқаның алғыр ойлылық белгісі. Сондықтан қалаған Академияда оқы,--дегенін тыңдамай өз талантымды өзім бағаламай бас тартып қалғаныма өзімді жазғырып өкінемін. Сонда Абайдың: « Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан» дегенін есіме алып сенбегенім шығар. Сол айтқандай әлемдегі пенде таңдай қағып тамсанатындай ақыл, тазалық ғылымы жерге билік етіп, адамзат тыныш ұйықтайтын күн арманға айналды. Жөңкілген бұлттар дерт арқалап бара ма, деп үрейленбейтін, жайғасып отырып асын ішетін мезгіл керек Адамға. Масыл емеспін деп дап-дайын асты ішу жаман ба? Болды енді, арғысын айтпайын, ақылым бар, абыройды сақтайын. Бар сырымды ақтарып тастасам кісілігім қайсы? *
«Қаракөлде» бір жеңгеміз балаларына кейісе екі сөзінің бірінде «су ми»деп жатушы еді...Өзінің не істеп, не қойғанын мыңсан айтпасаң аңғармайтын,бір нәрсе ұстаса оны қайда қойғанын қас қағымда ұмытып «айналма» қойдай шырқ айналып жүретін бірен-саран адамды көрсе Қымыр аяитын-ды. Туа біткен кемтарлық, тойғанын да білмейді, бірдеме десең аңқиып тыңдаған болады, бірақ түсінбейді. Миындағы ақаулық дерт Алладан емес, табиғаттан, оған кінәлі Адам. Тойсойған, Нарын құмдарында қандай қару сыналмады, бәрі құпия қалды. Сүргін қырсығынан талай жігіт белсіз қалды, талай қыз сезімін жоғалтып ерсіз қалды. Өткен ғасырдың елуінші жылдары Ойылда талай адам аузы, мұрнынан қан кетіп өлді, шаштары түсіп таз боп қалды. Қаншама адамдардың өмір сүруі қысқарды. Жоқтаусыз бәріде тарих қойнауына зым-зия кете барды. 1900 жылғы есепте 23 мың халқы болған, әрбір шаңырақта жеті адамнан өмір сүрген Ойылда арада өткен жүз жылдан асса да өсім жоқ, төрт бірдей аштық қырды, ол аздай жойқын қарудың
зардабына шалынды. Қазақ елінде радиакцияға шарпылмаған жер бар ма? --Айға ұшамыз деп Америка дауырығып жатыр,--деді Тымыр ауыр ойда тұрған Қымырға. Түрі жерден жеті қоян тапқандай, немесе өзі ертең Айға ұшып сол жақтағы «коммунизмде» бақытты болып жаны жай тапты. --Басқа әлемге ұшу десе жүрегім зырқ етеді .Әуелі жерді келістіріп табиғатын қолайлап алалық,--деді Қымыр. «Біреулер қаржыны үйіп, төгіп, бір кетсе кері кетіп, тіріні өлі етіп, өрттей жайпап өтетін, адам өлтіретін соғыс қаруын жасайды. Біз таңқаларлық Астана сықылды қала салып, адамға бақыт әпереміз. Көгал қала, гүлге көмкерілген қала, жан-жағыңдағы жасыл алқаптардан самал еседі. Осы ғана денсаулығымызға араша шығар, әйтпесе, аспан әлемі «Байқоңыр» желі..химиялық қоспалармен жайылмай ма бұлт көшкіні. Ғалымдардың айтуынша зымыран жағар майы гептил ден саулығыңды пілдей ете ме, әлде күні бұрын ажалыңа жете ме? Плоскіден ұшқан зымыраннан кейін өзенге суға түскендердің денесі жаражара болса, саяжайдағы өсімдіктер азып, иістеніп кетіпті. Алтай аймақтық балалар емханасының бас дәрігері Юрий Тен «Байқоңырдан» ұшқан зымыран тасығыштардың зиянынан бас қауашағы жоқ нәресте, екі құлағы мойнына біткен, маңдайда жалғыз көзі бар құбыжық тәрізді, жалпы дүниеге келген нәрестенің 73 пайызы шала туылуына, кез келген ауру түрінің өскендігіне ашынады. Басынан сөз асырмайтын шытыр, ұры-қары тықыр, алдампаз, мансапқор, түрлі қылмыскер де жұлын, жүйкесінің құзырынан, табиғат кеселінен емес пе?! Дәрігер Теннің көз алдынан өткен шарананың ми қойыртпағының орнына су толатын гидроцефал дерті болса не шара? «Байқоңырдың» залалы осал болмағаны ма шынымен,--деп Қымыр оймен мүжілді. Жер беті химиялық қоспаларға толы, Ойылдық жеңгеміздің «су ми» дегені еске түсе береді. Әріні айтпай-ақ «Протон»зымыран тасығышы құлаған Қарағанды облысының тұрғындарына қандай әсері болды,ғылыми негізде зерттеп жариялап жатқан жоқпыз, баяғы құпия бір құпия,--деп Тымыр мұнда да туған нәресте не күйде? Үнсіздікке қарағанда ден саулыққа жағымды жақсылық бола қойды деймісің. Па, шіркін, айтасың-ау --Тымыр, Ресей «Байқоңырды» жалға алып отырғанын білесің, жыл сайын 115 миллион доллор ақы төлейді. Бір рет зымыран ұшыру 50 миллион делінсе, кейде айына төрт зымыранды аспанға зулатып жіберетіні бар көрінеді. Онсызда Кеңес заманында радиациямен торланған аспан аясындағы халықты аямас па?..Жұмыр жердің үсті, Аспан толы жер серігі,тұп-тұнық ауаны мың екі жүз градусқа қайнатып ұшып жатқан,қонып жатқан зымырандар..тасқын су, күйдіргідей аптап ыстық, жалынға шарпылған орман,химиялық өндірістердің қолқа қабар түтіні. Әлем тағдыры ойландырады. «Қазғарыш» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Серік Тұржанов ана жылы:.. .батыста АҚШ, Канаданың төбесінде, Қазақстанның көгі геостационарлық жер серіктеріне тұнып тұрғаны айқындалады». Де-
мек, аспан қоқыстардан кенде емес. Семейде дүниеге келген сәбилердің 17 пайызы дені сау десе, қатерлі ісік ауруының «А»түріне жататын науқастар саны 148 адам екен. Сөйтіп үрей бұлты сейілген жоқ, ажал қақпаны аяқ басқан сайын аңдулы. Құпия шымылдықты ашып жіберсең, әлсіздерде мұң-шер, қайғы, қасірет, мүгедектік, түрлі дерттен мезі болғандар кейде өмірден безеді. Кейде ойлаймын, деп Қымыр сөзін жалғады :— республикамыздағы үш жүз мыңдай бойдақ қыздардың жанұя құрғысы келмейтінінің экологияға қатысы жоқ па? Дені сау адам ұрпақты ойламас па? Қайткенде де ертеде жеңгелеріміз оқсатымсыздарды су ми дейтіні бүгінгіні болжағаны ма? Сондықтан адамның бақытты болуы жұмыр жер мен аспанның тазалығы. Түрлі залалды біле тұра бірбіріне жақтасатын ғалымдар шындыққа жүгінсін. Саясат мың құбылтады, сосын жүгінбейді, сорақы көрініс, болмашы арзан тірлікке алдандырады. Ертеңгіге бүгінгің сын. Құйындай ұйтқып жатқан уақыт. Ондайда кінәлідей жанын қинайды. --Айға ұшатындар құдайын іздейтін шығар, бізге жер жұмағына ештеңе тең келмейді. Пенде қолға түспесті табамын деп барын жоғалтатынын білмеуі де естілік емес...Шүкір, Астана аспаны ашық, Алдаркөсенің де езуі күлкіден жиылмай жанан жалдап жақсылықты жер жиһанға жариялап жүр.Абай айтқан: « Әрбір жинақтықтың түбі кеніш, дегені басымызға бақ болды емес пе!. Көре алмаушы кәмілдікті ұнатпай, іші пысып, өзіне өзі ыза болатыны да табылар. Амал қайсы? Пенде мың шұңқыр мінезді, одан құтылмайсың.. Үндемеске бел байлап, бәріне шыдай бер, шыдаған жетер мұратқа, шыдамсыз қалар ұятқа, деймін-ау..Құрып қалағыр, дауасызға дауа табылар ма оңайлықпен. Демек оң мен солыңа қарап тәуекелге бел байла? ***
--Майлапес маған сонша сұқтана көз тіктің, танымай отырсың ба? Бейне түйе үстінен сирақ үйткендей қолапайсызға жорисың ба, қалай? Қойсаңшы сұқтанбай, Мәскеумен байланыстағы жалғыз сен емессің... --Қожеке қызметіңді Мәскеу арқылы өсіріп жіберсем не істер едің? --Алдымен досым болғандықтан өзіңнің төбеңе тұз қайнатып құям. Өйткені өзгелер сескенуі керек. Жақсылыққа жамандық жарасымды деп екі аяғыңды бір етікке тығу қасіретін көресің. Сосын кімге, қалай жақсылық жасауды толғанып білесің. Сондықтан мені өсіру саған жайлы тимейді. --Пай—пай, жетістіреді екенсің. Малғұн неме, жаман дос көлеңке деген , ә? Адам бір қорлық көрсе жанындағы сырласынан көреді деп талайлар қақсағаны жөн екен. Шыныңды айтқаның молодецсің... ***
--Өзің кімге ұқсайсың?--деді Майлапес қос бұрымы шоқпақтай жігітке. --Мамам әкеңнің аузынан түскендейсің деген,--деді жігіт қабағы түйіліп. Тосын сұраққа тұрғандай еді күйініп:--Жо—жоқ, сен қызға ұқсайсың ба,то есть ғұн жауынгері сияқты екенсің десем жаныңа жаға ма.Айнаға көбірек қарада,қаңқақ мұрын, тайқы маңдай, шығыңқы бет сүйегің,ұзын мойын,қолаң шашың айдар болса ғұннан аумас едің.Ғұнның садақасы кеткір—ау, ақылың өзіңнен артып, жұртқа жете ме...жетпейді...жоққа еліктейсің. Жалпы кім екеніңді шындап білгің келсе антрополг М.Герасимов деген менің досым бар еді, тілің жетсе сұрасаң, асылдың аруағы да бірдеме дер.. --Ғұнды да, Герасимовты да танымаймын,білмеймін. --Өзіңді де танымайсың ба?—деді Майлапес сыйықсызға айтқан сөзім шығын болды дегендей қынжылып. --Да, солай... --Молодец, өк дегенді өгізде біледі, жөнін білмейтіндер де жер басып жүреді, молодец.. Дұрысы бізден кейінгілер ұятты совсем ұмытса не болады? * Ұят дегеннен шығады Қымырдың «Қызбелдегі» Шымырдың үш ұлы ер жетіп оң қол, сол қолын таныды. Екі ұлы тойын тойға ұластырды. Бірде сырын айтып сырласқанда: . «Немерелер өсіп жатыр, бәрі жақсы ғой. Үлкен ұлым мұғалім еді, үйленбей біраз жыл жүріп қалды. Жасы отыз беске тақалды, әрі айтым, бері айттым, тілін жұтып жауап қатпады, Ақырында күштеп нағашысының бой жеткен қызына үйлендіріп тойын жасап бердім. -Дұрыс болған сүйек жаңғырту қазақтың тәртібі ғой. -Тәртіпті мен атқарсамда ұлым келіншегінің қасына жатпайтынын інісі біліп қалыпты. Не істейміз әке,-деді. Ағаң ғой, өзің жанына батырып айт, дедім. Содан ағасына: «Әйеліңнің қасына жатуға тиістісің, некелестің, ұрпақ керек, депті. Ол қасарысып тұрады да: « Оу, мына мен мұғалім емеспін бе, оқушымдай көріп қатты ұяламын... -Некелескен әйелің кетіп қалса, ұяттың көкесі, ел мазақтап масқаралайды ғой. Қойыңыз аға, мұныңыз болмайды, әкеңді, анаңды елге күлкі етесің. Соған күлерімді, жыларымды білмей, ақырында әйелінің қасына жатқасын үмітімді үкіледім,-депті ағасының жағдайын әкесіне айтып. -Е, әкелік міндетіңнен құтылған екенсің, ондай-ондай қызық оқиғалар аз болмас. Елімізде төрт жүз мыңдай кәрі бойдақ қыздар мен ұлдар бірінің қасына бір жатудан ұялып жүр ме, кім білсін. Шымырдың сүйек жаңғырту тәсілі де қажет кезең-ау деп қаласың. Қу тізені құшақтап өту ауыр күнә.
-Өзге жұрттың мысығы да ұрпақ өсіруге ақылды келеді екен. Түріктің Битлис қаласының медицина мекемесінің есігін тырналап көмек сұраған мысықтың жағдайын түсінген мамандар, мал дәрігеріне апарып кесіп алу жолымен мысықты тудырып, төрт міркенін аман сақтапты. Ей, бізде кейбір мәжүнін қыздар сәбиін туа сала далаға тастап қара бет атануда. Бұл не мидың бұзылуы ма, түрі құрысын безбүйрек жынды немелердің.
- Көрші болғасын аралас, құралас, әңгіме-дүкен, әзіл, қалжың таусыла ма. Бір сөзбен айтқанда отырыстың мақтауы басталған кезде Бәлима: --Бүгінгі жастарда селқостық бар, жанын қинағысы келмейді. Қылықтары да қолайлы емес, арақтан туған немелер,--деп күйзелген кезде –төрт баланың мінезі төрт түрлі. Бала тудық, оқыттық, жаныңды тұшынтып іс атқармайды..бірдеме десең что дейді. Осыны тыңдап отырған төрт жасар Жиембет:--Апа төрт баланың бәрін арақтан тудың ба?—десін.Баланың жүрекке тікенектей қадалған сөзіне жауап табу қиынға соқты білем, Бәлима да, Сәлима да күлкісін тия алмады.
Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайып, тыныштық болса үш баламның білімдеріне сай тіршілігі көркейер,--деген әжесінің сөзін тыңдаған Жиембет: --Төрт бала деп айт,-деді. -- Немере етін жеп, сүйегін береді деген... --Олай деме әже, етті саған беріп, сүйегін өзім жеймін, төрт бала десең сөйтем. Жиембет екінші сыныпта оқып жүрді. Бірде сабақтан қандай баға алғанын сұрағанда: --Ата,4 алдым. --Неге?Кілең 5-ке оқуға уәде беріп едің. --Ата,есіктің босағасын аттап шығарда біссімілдәні ұмытып кетіппін.Енді ұмытпаймын... --Ата, туған жерім құтты қоныс Ойыл дейсің, мен де Ойылда тудым десем қайтеді? --Сен Астанада тудың. Егер жақсы жігіт болсаң Қазақ елінің барлық өңірі туған жерің. --Жаман болғым келмейді. Ұрпақ жақсылық жолды Адамдық борыш тұтса задына тіл тигізбесе арман
бар ма? *
Сонау елуінші жылдары кеңшар басқаратын ағамыз Ідіріс Суқашев “Победа” машинасын ауданда бірінші боп мінді. Сонда машина көрмеген құрдастарының бірі: -Аттан қалай екен, жүрісі жайлы ма? – дейді. --Тақымыңа жұмсақ. -Желі жоқ па? - Көкірекке бітіретін желі дүлей, дауыл, жүрісі аттан шапшаң сағымды даланы бүктеп отырады. -Жылқы кейде кісінейді, машинаның тілі қалай? -Ысқырығы қатты, құлағыңның жарғағын жарады. -Мінезге әсері бола ма? - Ішінде отырған адам темірдей боп кететін түрі бар. Кәдімгі темір сандық десейші, - деген екен Ідіріс: « Қорғасын оқ, темір қару талайдың басын жұтып еді. Сосын да алдыңғы өмірге жалтақтап қарайсың...Абай айтқан: « Жоғарылықпен көңілін алсам деген надан әкешешесін ...жауырынын бір қаққанға сатады»-дегенді түсінбейтін сатқындар да болған...деп тоқтады Ідіріс. Ел іші ғой әлі де сатқын, қызғаншақ, ішмерез табылар.
Бүгінде ойылдық бір жігіт ұлым өзіме тартпады. Мінезі тұйық, сөзі сатулы, қабағы қатулы, темірдей қатаңдегенде әзілдесі: -Перзент туып, өскен жеріне тартады, қайда дүниеге келіп еді. -Перзенханаға апара жатқанда машинаның ішінде туған. - Темірдің ішінде дүниеге келіп, темірмен кіндігі кесілсе темір адам болмай қайтеді. Айтпақшы, машина қай елдікі еді? -Американыкі? -Шешесінің құрсағында жатып кісі ататын қару сұрамағанына шүкір. Әлем менікі, демократпын деп төбеңді оқ тұмсықпен тесіп жүрмесін. -Енді қайтем? -Баланды ауылға апар, қара ешкі сойып, жүрегімен жын, перілерін қақтыр. Тарықса да елдің дархан жүрегі, ақ жарма күлкісі, талайды тезге салған өнегелі сөзі емдер, қара тастай болса да жібітер. Әйтпесе, темір мінез ұлың кең дүниені тарылтып, желдей есіп жынданыпоңдырмайды.
- * Аштықта өлген адамдардың бетін топырақпен жасырудан қажығандар
есік тықыр етсе жұтып қоятын айдаһар, немесе қара жылан иреңдеп өмірді сұрап ала алмайсың, жұтамын дейтін ажал тәрізді көрінсе керек. Бірақ тарыққандар, соғыс жылдарындағы ашыққандар өлер алдында жылылық тапсын, деп ешкім есігін кілттемейтін-ді. Сөйтіп, ауыл басшысы Керейдің үйіне қырық жамау дорбасын сүйретіп қайыршы кіреді. -Бір үзім нан, бір жапырақ ет, ірімшік, құрт, - деген үніне Керекең қараса жап-жас жігіт екен. Киіміне, түр әлпетіне жиреніп тыжырынып: -Қай жылдан қайыршысың? - Ел қырылғаннан. -Сен неге өлмедің, - деп Керей дорбасындағы азық, түлігін тартып алып, сабап үйден куып шығады. Ертеңіне қариялар:-Кереке, күнін көре алмай жүрген қайыршыны сабап, үнемін тартып алғаның қалай? – десе керек. Сонда Керей: -Аштық қырғынында айла-шарғы, сұрқиялығымен аман қалған, мен қайыршыны сабаған жоқпын, менен өтіп, әлсіздің асын тартып ішкен қайыршыға жеткен жасымды сабадым. Неге тірлігіне адал қызмет етпейді, жыңғылдай жігіт депті. Сөз тапқанға қолқа жоқ. ** Керейдің шын жүрекпен қадірлейтін бір туысының баласы тұрмай өле беріпті. Содан біреу “балаңның атын Иван қой” – деп кеңес берген көрінеді. Ырымның кейде ғажайып сиқырын түсінсе де Керекең інісіне: -Балаңның бауыры берік болсын, атын кім деп атандырдың демесі бар ма? -Иван деп... -Ендігі балаңның есімін сабака де. Ол Итбайдың орысшасы ғой, - деп Керей ықыласың неге ауса жақсылық жақындығына көзіңді жеткізетін ниетін байқатады. Сол Иван есейгесін Керекеңнің көңілін жадыратып “мен сенің балаңмын” дейді екен.
ХХ ғасырдың шындығын айтатын қарияларды да некен, саяқ кездестіресің, - деп Атажан зердесінде қалған күлкілі жәйді де баяндар еді. Қырман жұмысында жүргенде Білік деген есепші ойқанып айналасын, киімдерін, қалтасын тінтіп әбігерленді де қалды. Астықтың қырманға түскені мен қоймаға кеткенін есептен тұратын оның шыр-пыр болғанының себебін сұ рағанда: -Карандашым жоқ, кім алды, қайда қойдым, - деп сөйлей береді. Соғыстан кейінгі жылдары қалам, карандаш, қағаз деген қат кез ғой.Оның күйіп, пісуіне жаны ашып іздеген тұста, Атажан Біліктің жүзіне көзі түсіп кетеді. Қараса көнетоз кепкісінің милығында, құлағына қыстырылып тұрғанын байқады да:
-Сүйіншіге не бересің, карандашыңды тауып берейін. -Қалағаныңды ал, темекі салатын потсигарымнан басқасы сенікі дейді. -Сүйіншіні құлағыңа бер, қыстырып тығып қойған.
- Шаруа жұмысы бастан асқан сайын, құлаққа дейін карандаш ұстап қызмет етеді, алға басуға бәрі себеп, - деп жұрт күліп жатыр.. *
Қалалық автокөлік іші лық толы. Бар мәселе алда “тығын”, құмырысқа қимыл. Жетер жеріне дейін жілік майы ағып кетердей діңкесі құрып қиналып тұрған зейнеткерге орын беретін жастар көрінбейді. -Құдайдан мойныма бұршақ салып бала тілеп едім, әке бергеніне рахмет, Сталинград майданында аязға бүйтіп дірдектемеп едім, ұяттан жастарға не бетімді айтайын дейді ақсақалды қария. -Ұят мұражайда, - деді кекеш бір жігіт беті жылтырап. *
Мына бір қу бала күректей дипломымен талай мекеменің есігін ашты. Етегіне сүрініп алқынып-аптықса да өрге домаламады тасы, біріне жетпейді, бірінен асып кетеді жасы. Барған мекемелерінің басшылары қасын керіп, аузын қайыстай созып, кеудесін көтеріп, кейбірі тамағын кенеп жөтеліп, үстемдіктің желін есіп, басын тіктеп, жұтқыншағы әрлі-берлі жүгіріп: -Қай жерденсің? – дер. -Қазақ елінен. -Қай облыстан? -Бір облыстан. -Қай тілденсің? -Қазақ... -Еще... еще... -Орыс тілінде судаймын. -Ымм... түсінікі. -Шатырың бар ма? -Әкемнің баспанасы бар... - Әлі жассың ғой... түктің мәнісіне түсіне бермейсің, ә? Құпия, құпия, құпияның шешімін кейбіреу қызық көреді. О да жөн. Хабарласып тұр... Осы оқиғаларды жас жігіт әкесіне мөлдіретіп айтады. Әкесі қараңғы терезеге телміргендей күдерін үзіп тұрып:-Менің заманымда біліміңе, талабың мен қабілетіңе сай жұмыс істеу үшін кейде кран керек еді. Бүгінде оныңыз өзгеріп шатырға айналса не шара? Биіктен қолдаушысы жоқ қор боп өмір сүреді, тыңдату бар, тыңдау бар, ақылмен басқаратын билік қайда, жер дүниеде құрғақ сөздің құпиясын шешкен ешкім болмас,- деп жалған үмітпен кермек ойын тежеді...
- Ойылдың Майлапесі баяғыда: «Үкіметтің малы жұтар, бірақ өтірік жұтамайды. Өзім Молотовпен бірге жүрген жолсапарда, Шығанақтың тарысы жәйлі сұрағанда ойланбастан бір-бір түйірі килограмнан аспаса, кем емес, фашистердің қашқанына лақтырса желкесін үзеді, қарсы келе жатқанының маңдайын жарады дедім. Бұл сөзіме Молотов кеңкілдеп ұзақ күлгендегі үні Ойылға жеткен шығар... «Сол айтқандай бұрынғы министр Г.Қарақұсова мен мәжіліс депутаты Т.Сыздықовтың жалған ақпарат кімді жарылқайды, деген сұрақ, жауаптары қоғам өзгергенмен өтірік өзгермейтінін көрсетеді. --Нақтылап айтсақ жұмыссыздар саны—6281—деп есеп,қисапқа тіркелгенін Қарақұсова нағыз шындық, әлемде жоқ шындық дегендей еді. --Ауылдағы жекеменшік екі-үш ірі қарасын баққандарды да жұмысы бар дейсің бе? Бір жарым миллион халқы бар Шығыс Қазақстан облсында үш жүз жұмыссыз жүр дегенге сенген адамның аузы, мұрны қисайып кетер. Алты мың жұмыссызды бір облыстан таппасаң сәлемімді алма? Қате мәлімет, өтірікпен кімді алдаймыз, менімше республикада жүз елу мыңдай адамның тұрақты жұмысы жоқ,--деді Т.Сыздықов. Міне, Майлапестің өтірік айтсам ұялғаннан бетім күйеді, дегені еске оралып капитализм жарықтықта күйетін ештеңе жоқ па деп қаласың. «Шатырың» бар ма, алмасты да аласың, нанбасқа да нанасың, халық тәж,тақтың көреміз дейді панасын, басшылықта табылады адамдардың аласы,шындық болмаса көрінеді істің шаласы. Қарақұсова ештеңе бітіре алмады таласып...Жұмыссыздар жүргейсіздер бір-біріңе қарасып, әйтпесе өтірік құйынында қаласыңдар адасып. Бір ауыз жалған сөз, шикі мәлімет елдігімізге тұрмайды екен жарасып.. «Тоқта, әр үйде ит, мысық бар ма, бар, оны өсіріп баға ма, бағады. Оныңыз жұмыс па,жұмыс, так что Ойылда жұмыссыздық сөкеті жоқ. Қарақұсованың есебі қисынды. Молодец, Майлапес деген осы, өтірік жіпжиі жымдасады,- деп Тымыр кепкісінің күн қағарын теріс айналдырды. Өтірік дегеннен шығады, о заманның өтірігі мен бұ заманның өтірігі, шырайын өзгертіп ойға қалдырып жатады. Ертеде Қаракөл колхозындағы елу үйде жалғыз-ақ қисық аяқ жатыратар болды. Үй-үйді ертелі, кеш аралап тұрады. Бірде Бекқазының кекіріп отырғанын көріп: -Не жеп тойынып үсті-үстіне кекіресің,дейді. -Басшының өтірігіне тойынып, басқадай ас ішуден қалғам. -Сөзің тегін емес және күлкің кекесін, байқа? -Менің сөзімді бастыққа түгелдей құлпыртып жеткіз. Сосын өзің де тойынып кекіре бастайсың. Әбден тойынып, бетіңе қан жүгіріп, өңің кіріп,
жұрттың ішіндегісін айтқызбай біліп шығасың.-Қызық екен...бастыққа өштік пе?-деп тыңшы шығып кетеді.
- Тіршілік әуресінде біз не көрмедік.Хрущев заманында сиырдың мүйізін кессе сүтті болады дегесін ірі қарада мүйіз қалдырмадық. Адам өз алдына, мал тағдырымен арпалысып қошқардың «ләззатын» қағып күйек байлап,шыныдан қошақан туғыздық. «Ғылыми» әрекет арқасында тоқал сиыр, «қоздырғыш қошқар, дегенді сөз қорына қостық. Сөйтіп, ауданда агроөнеркәсіпті басқаратын Қипан Мәскеуден білім алған,бокс чемпионы атағы бар қимылы ширақ, саясатты да бес саусағындай білетін кадр десті. Орталықтың айтқанын бұлжытпайды. Бірақ, келе-келе кіжінгенінің аузымұрынын қан етіп жүре береді. Себепті өзі іздеп табады. --Сиырдың мүйізі кесіле қоймаса, бітті шаруасы, накаут! --Қойға қошқар қосылып кетсе,шопанға жұдырық төнеді,накаут! Таяқ жегендер кінәсін өзінен іздеп, құп болады, айтқаныңды екіншілей екі етпейміз, деп тынады. Бір күні мал жайлауға көшіп қаңыраған шағын ауылдағы бөлімше бастығын үйінен жүргізушісі Қипан шақырады деп ертіп шықты. Қипан бетпе-бет нысанаға таяп келгенде жүрегі қауіп-қатерді сезген Нәдір тайсақтап: --Айлаңды білем жақындама,деп зыр-зыр қашты. Боксшы бастықтан аман құтылғанын құрдастарына Нәдір айтып еді.Әзілге иегі қышығандары: --Айлаңды білем-ау,молодец Майлапессің.Бізде жұмырықтан сөйтіп құтылармыз деп көңілденіп жатты...Осындайда ойға Абай оралады: « Қара басқан, қаңғыған, Қас надан нені ұға алсын! Көкірегінде ойы бар, Құлағын ойлы ер салсын!- дегенді мимен түсіну жетпей жатыр... Керей оны сөзге тартқысы келді. --Басқаны көп білмеймін,Молотовпен қулықсыз сөлесетін едік,-- депті Майлапес. Ата, бабамды айтпағанда мен бағынуды жақсы көремін. Біреулерге бағыныштылық үрей сықылды, теңсіздік белгісіндей деуі де жөнсіз. Бағыну тәртіп, жүктелген істі атқару, ол бақытың, тәуелді өміріңнің сәні, тіршілігіңнің мәні, жаныңның жылылығы. -Ол адалдық па? --Арамдық ойласам жаныма батар еді. Тары көжеде бойыма сіңбес еді. Тоқпын. Былтырғы өзің кигізген көйлек жыртылған жоқ. Киім көк, дегенімде Молотов емеуірінімді тез түсініп, үйіндегі жаңа костюмінде кигізді. Киімге өзі де бай емес, үш костюмі бар екен. Әне, бағыну басы артық киімді де жинатпайды..
- «Қаракемерде» партия ұйымын басқаратын соғыстан бір аяғынан айырылған Тәтім деген болды. Бірде облыстан келген өкіл кеңсе қабырғасындағы көсемдердің сүгіреттері кімдер деп сұрайды. --Сталин. --Ленин,--дейді де өңгесін танымағанына өкіл жатып кеп ашулансын. Құртамын, жоямын, саяси сауатсызсың, деп жерлейді. Біраздан соң Тәтім іштей кетпесін ақым дейді де: --Інім,колхозда жұмыс істесең көсем түгелі көкеңнің атын ұмытарсың... Анау түтігіп үнсіз қалады. Соны естіген Майлапес: --Молотовты да танымадың ба? Осында оның досы жүректі Майлапес бар дегенде жер жеміріңе жетіп сөкпейтін еді, облысқа дабыралап аудан абыройын төкпейтін еді,--депті. Бірде Ойылдың бір жүгірмегі жұтынып Майлапеске: --Сізді Мәскеу көсемдері сағынғанын радиодан естідім,--дейді. --Оның рас шығар. Кеше Молотовпен телефондасқанда нендей тілегің бар?деді. Содан тілімнің ұшына келген сөз ауылда ұлттық үлгіні ұмытып, жоққа еліктегіштер көбейіп, Мәскеу хабарын тыңдауға салақсып барады дедім. Ондайлардың жөнсіздігін тоқтатуға қайыспай өзің күреседі деп сенем деген сағынышты сөзін сенен бұрын естігем... --Қорқамысың, түсіңнен шошыған жоқсың ба?—деді тікенектей қызыл мұртты жүзіме төніп. Әкем оған пікірін іште сақтап: --Неден қорықты дейсің, ойын баласы.. --Беті сарғайған, сары ауру, сүпит, сүпит, кет пәлекет..деп бақсы бір тартар орамалымен бетімді желпіп: --Сары ешкінің қанын ішкіз, сап-сары бұзау бар ма,сары тауықтың да қаны жарап қалады... Ондай қайдан табылсын. Не басыңды ауыртайын сартап боп жатсамда емдікке ештеңе табылмады. Ақырында Науша шешем түрлі шөпті қайнатып,соған шомылдырып жанымды алып қалды. Содан бастап сары түстіні көрсем(алтын түсі бөлек қой.) зәреқұтым қалмайды. Біздің Майлапесте: --Сталин сары түстіден шошиды дегесін, «Барқын» құмында өсірген орманды қысы,жазы жасыл бояуынан арылмайтын химиялық тыңайтқыш таптым,--дейтіні сары түсті жаңылтпашқа жориды ма екен? Қайтесің, жұмыр жерде тірлік түрлі түсті, шайтан еліктеретіні де жетіп жатыр.. --Майлапес тіліңнен былайша май тамады,уыты тереңде жұмбақ боп
қалады. Осы жастардың бағытын байқайсың ба?—деді шешендікпен сөйлейтін Керей. Оған Майлапес тобылғы тәрізді жүзін аударып: --Кейде көзіме тым кемескілерде ап-анық байқалады. Сосын ештеңені айыпқа бұйырмай, өрескелдікті шынайылыққа жорығым келеді. «Насыбай ат,темекі тарт, бар болса жалғыз атың араққа сат, араққа сылқия тойып алып, бойында Ойылымның тырайда жат..»деп әндететінін теріс дей алмайсың. Арақтың дәмін білгесін, шырқайтын әнін де ұғынса құйын өмірден құйғытып өтпей ме? Молотовтың мінген самолеті құйынды да қақ жарып оқтай зулағанда аспандағы Ай қақ қасыңда қол созым жерде тұрады. Одан қорықпайсың, қуанасың. Тіпті асығыс ажалың артын қысып, тыныштықты бұзбайын дейді. Сол сықылды тырайып жатқандардың үміті мол, қиялы қалың, Ай елін аралап шыққанға жорысаң айып па? «Атақты майдан, атты жыл, қайғысы жанға батты жыл, кемпір мен шал белін бекем буынып, егін орып жатты бір,-деп Нұришан күбірлеп арбаға өгізін жеге алмай құлап жатты. Қарын аш, дене суық, дәрмен аз. Оған қырманшы қыз, келіншектердің кейбірі сықылықтап күледі. Мысқылға ызаланған Нұришан: « Бір шал құлап жатқанда, бір шал сұлап жатқанда неге күлесіңдер? -деп айбарланды. Еркектің күлегеші атының соры, әйелдің күлегеші арының соры дегенді түсінбейтініне іштей толқыды. Осы кезде оны қолтығынан демеп тұрғызған Бекқазы : « Тіл аузым тасқа, өгізбен айқасып босқа, жер құшып құладың күлкі боп досқа. Шамаңды білмейтін, ашқұрсақ қасқа, уайымда ма, бәрі жеңіс жолына, құладың тұрасың, ерлікті сынасын» деп әзілдеді. Расында соғыс уақытында аз-кем алқапқа егін егіліп, оны логарейкемен орып, қырманда таспен бастырады. Қарттар мен қариялар астықтың дәнін ағаш күрекпен желге ұшырып қауызы, ұшығын тазартып қаптап «Бәрі майдан үшін» деп бір дәнін ысырап етпей, өздері ішіп, жемей «Қаракөл» колхозынан тоқсан шақырым жердегі Ойыл қаласына күн, түн қатып өгіз арбамен апарады. Қарттар құлап жатса да, өлімші боп сұлап жатса да күлетіні күліп, соғыста жеңеміз деп біліп жүреді. «Қызыл керуенге» тоқтау жоқ, оның өзі той-думандай күлкімен өтетіні болады... Осындай ертеректегі кейбір оқиғалары қызықтырып еске түсе бастайды. Жыланды тауының бауырайында Жыланбас деген құйқалы жер бар. Онда Дзержинский колхозы аз-кем егін салады. Жоспар шаруашылықтың күшімен есептеледі. Ал, ордалы жылан егіншілер күркесінде өріп жүріп таң ата тұрғанда қойны, қонышыңнан ирелеңдеп түсіп, одан соң күн қыза тобырына қосылып Ойыл өзенінен суын ішіп шығып жағада жарқырап жатады. Жылын болып шақпайды. Кешке қарай шаңытып тау қуысына беттеп індеріне тығылады. Онда байларды тәркілеудің қандатқан дүбірінде сыртын сүйекпен ойулап қаптаған, құрым киізге ораған бірнеше сандық толы
алтын, күміс бұйымдары бар. Сол сандықтардың қасында ордалы жылан рахаттанып паналайды. Бейне күзетшісі тәрізді. Ғаламат көрініс көрген адамға. Мол байлық тауып алғанға, -дей бергенде Қымыр ауызбен айтып жеткізе алмайтын оқиғаға таңырқап: -Бүгінгі ордалы жемқорлар да шақпайды, әлемді кезіп банктерге байлығын сақтайды, оның бұйырарын, бұйырмасын жын біліп пе?-деп еді. Бетін тыржитқан Кәжек: « Жаны үшін бе екен адамға жақын болғаны ордалы жыланның. Әлде құрып кететінін алдын-ала болжай білгені ме? «Тайсойған» өңірінде жойқын қару сынаған кезде, жануар, жәндіктердің талайы құрып кетті ғой. Әйтеуір, Жыланды тауы, Жыланбас атауындағы бел-белестер күйген терідей қаңсып, қурап қалды. Сол ордалы жылан жоқ, өзендер шалшыққа айналды, аққу ұшып, қаз қонар, ұя салған жеріне дегендей ондаған көлдер шаңы шығып кеуіп бітті. Күл енді, адамдардың жойғыш зұлымдығына? -Ащы күлкі ғой,-деді Қымыр. «Күйіктің күлкісі,ә? Мұқтар Әуезов: « күлкі іспен араласа келсе, бір жағы шынға тіреліп...Қазақ өзі күлдіргі, күлкісі мол, мысқыл мазақшыл ел», десе қызыл империяның жойқын жойғыштығына күлмесең күмірә боларсың. Сол ордалы жылан, су тасқыны жарқабаққа соққан, қара терең Ойыл өзені бүгінде азып, тозып пыштай болғанына ерінің жырылғанша күйіне күлерсің. Өзен бойында Шығанық Берсеевшіл ондаған бригада ақ тарыны ақтарып, әлемдік рекорд жасағанын да бүгінде ұмытқанға да ішегің түйілгенше күліп қал. Ордалы жыланды да, ақ тарыны да енді қайтып көрместей болғанымызға өлердей қуанамыз ба, әлде шындық тайып, ақиқат жоқ шығар деп толғанамыз ба, өзің біл... * -Ойылдың айтқыш Майлапесі бірде: «Мақтаиу мен мақтанудан есімнен адасып шаршадым, депті. -Онысы енсі?-деп Қымыр таңданыс білдірді. -Желігіп алған жұрт ойын, тойында аузын жаппай: « Біздің Майлапес көсемдермен жақсы болды да Ойыл орманының бір бұтағын сындыртпай күзетіп, баптап кісілік парызын ақтады. НКВД-ның бастығы Құбаймен және коммунистермен бірігіп Ойыл халқын қырып кете жаздаған Дутовтың бандыларын талқандады. Бұл ерлік пе, ерлік. Аштыққа ұрынғандарға қамыстың, қоғаның тамырын жеуді үйретіп еді. Ол-ол-ау, Молотовтың самолетіне мініп жүріп әйел түнде құдықтан су алуға бармайды дегенді тыңдамай құдықтан су алып жатқан Айсұлу қызымызды Айдағылар ұрлап кеткенін біліп, оны елге әкелді. Қазақ тіріде бірінің етін бірі жеседе, сүйегін далаға тастамайтынын білгені үлкен азаматтық емес пе? Өздерің білесіңдер Майлапестің көкірегі толған ұшқыр сөз екенін Лениннің зайыбы Крупская да бағалаған. Сол қуанышқа төбесі көкке жете қуанып, жалғыз ешкісін сойып жүздеген жетім балаларды тойындырғанын айтсаңшы. Бір жақсысы ол
біреуден қарыз алса қайтармайды, кісіге ат басындай алтын берсе де, онымды қайтар деп сұрамайды. Отырған жерінде айтқан сөзіне жұрт қыран топан күлсе де, өзі мүлдем күлмейді, неменесіне жетісіп күлсін, мақтануын өлсе де өтірікке жорымайды. Сондықтан рас шығар, мақтану мен мақтауды ести, ести шаршадым деуі. Майлапес өмірден озса, әттең орынын басатын айтқыштар болса ғой,-деп Кәжек кәрі саусағын бүгіп: «еліккендер мен желіккендер өтірік пен шынды айыра алмай қалар-ау, қайран кезең-ай, сөзден қатты сүріндік. Рахымсыз ажал ұлт ұлылығы бойына сіңген даналарды қайтпас сапарға әкетті...Дерт меңдетіп құр сүлдері қалған ол кенеттен ауыр күрсініп: « Ақынға қиянатым бар, ақын қарғысы кешірмес, жалғыз ұл үйленуді қойды, тұқымым біткені шығар,- деп қу шүберектей болған жүзін тарамыстанған саусағымен бір сипап өтті. Күлкіге толы қоңыр көзі мұңға айналып сөніп бара жатты. Ол қайдан білсін жойқын қаруларды сынағаннан бастап жігіттер мен қыздардың сезімі жойыла бастағанын, кейбір шаңырақ оты біржола сөнетінін. Қызыл империя десек Абай айтқан: « Жазғыруы да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды, деп іштен тынасың... * Бірінен бірі өткен, тіпті асып түсіп жататын халықтың мұң мен шері, қайғылының мөлтілдеп тұратын көз жастарын кейде Ойыл драма театырының ірге тасын қалаушылардың бірі Жауынбай Қазтуғановтың өлеңдері, ұлттық жігерлі термелері, әсерлері күйлері көрермендерін бір желпінтіп тастайтын-ды. Өмір сүруге құштарландыратын, дала сахнасынан қол соғып жібермей қоятын еді. Ондайда «Ертілеудің толғауын» шырқайтын. Келемін Орынбордан арып, ашып, Үстінде көк арбаның түсім қашып. Осыдан аман, есен елге барсам, Анашым қарсы алады есік ашып. Болады түс қайтқанда ұлы бесін, Бесіннің кім біледі ерте, кешін, Әлеумет құлақ салып тыңдасаңыз, Айтайын Ертілеудің әңгімесін. Екеудің бірі өлсе бірі қалар, Жалғыздың өзі өлсе несі қалар. Қазақтың мен өлгенде несі құрар, Қансұлу қарындасым, шешем жылар,- деген жырлар адамның сай сүйегін сырқырататын еді. Жұрттың жүрегінде қырып салған аштық, оған қоса түрлі індет, соғыс лаңы тоз-тозы шыққан өңірдегі жетім, жесірлердің қалың қайғысы түн қараңғылығына сіңіп жатты. Сол қайғыны жеңілдету үшін Жауынбай қара домбыра шанағынан Құрманғазы, Динаның күлерін төгілдіреді.Зәредей де мінсіз өнер өмірді өлтірмейтіндей көрермен санасына сіңеді.Ұлт ұлылығын сезініп мұң-шерге дауа тапқандай көтеріліп қалады...
- Дина дегеннен шығады, халқымыздың күй қазынасын толтыруға үлес қосқан шешеміз ажалмен арпалысып жатады. Жанына келгіштей беретін молда : « Дина бұйырса жұмаққа барасың!» деп дұғасын оқып айта берсе керек. Ұлы күйші бірде басын көтеріп: «Молдаеке, өзің жұмақтан қашан келдің, менің орыным, қай қатарда, қандай ретте тұр екен»-дегенде молда шалқасынан түсе жаздапты. Ұлы адамдар өмірден өтерінде де ұтқыр сөз қалдырады екен... Ұтқыр ой дегеннен шығады. Табиғатты, жан, жануарды қорғаушы Ерлан Нысанбаев деген ініміздің әкесі жүзге тақап қалса, оның ағасы 104те екен. Інісінің ыңқыл, сыңқылы бар, көзі де нашар көре бастайды. Соны біліп ағасы жетісіне үйге екі-үш рет келіп: « Інім ауырдым дегенді миыңа салма, о дүниеге асық па, алдымен өзім барып жағдайын байқап көргесін хабар берермін, мың күнгі жұмақтан, бір күнгі тірлік артық деген бабаларымыз. Аһылап-уһілеп сырқауға беріл ме, құлыншақтай жүгіріп жүрмін, атқа мініп шабамын, деп жігерленіп қойсаң дерт артын қысады, адал адам қанша жас сұраса сонша беремін депті Жаратқан ием, дейді екен. Сонда інісі Абайдан толғайды: « Замана шаруа мінез күнде өзгерді, Оларға кез кезімен нәби келді. Қағида, шариғаты өзгерсе де, Тагриф алла еш жерде өзгермеді,-деп ағасының көңілінен шыққандай болады. -Жұрт рыноктың кейбір тұстары жылданжылға қыйындай түскенін естіп, біліп көріп жүрсе де қартарымыз қабақтарын шытпай, біз талай ауырлықты жеңгенбіз, сосын ұзақ жасап отырмыз, бүгінгі біздің көргеніміздің қасында түк емес, ойнай, күліп жетістікке жетуге болады,-деп әкем мен ағасы жүздерін жылытып құштаралан түседі,-дейді Ерлан.
- *
Алдаркөсе естігенін айтпай, көргенін кейде қуақыланып, кейде күйініп,өзін түсінетін Ешкібасқа, не Майлапеске жеткізетін-ді. Ойланды да он жыл бұрынғыны күрсіне еске алды. «Нарықта әлі-ақ қарық боламыз, шылқыған байлықтың ауылына жер серігімен зулап барып қонамыз, деп желпініп бартер деген пәлеге малды қырып салғанымыз, бұл социализмді тәркілеу деп қалғанымыз билік басындағылардың делдалдық қара сандығын қаржыға толтырды. Керісінше қара табан шаруа қу тақыршаққа отырды. Сөйтіп, сауда сақал сипағанша деп, өткен жылдар өкінішін қалдырып, байлығын жүліктерге алдырып кете бардық па, қыдыңдаған Қымыр, сыпылдаған
Ешкібас,--деді Алдар. Жыртық шапаны желмен ойнағанына назарын аудармай: «Ақмолада аудандардың жәрменкелік күні дүрілдеп өтіп,мал түрінің кеңірдегіне қара пышақты салып жатты. Бағыныштының ертеңінен үміттену басында емес, аяғында тәрізді. Тонағанға да күледі, тоналғанға да күледі. Күйіктің күлкісі-ау шамасы. Бүгінгіні ішіп, жеуден басқа нені ойлапты. Бәрінде де ақыл жоқ деуден аулақпын. Ертеңгісін елде тұяқ қалмай ма деп, қорқу кейбірінің басына кіреді де, шығады. Оны үстемдік иесіне айту қайда? Күлетіні кекірек атып тойғандығы. Бүгінгі бастықты көргендігіне мәздігі. Сөйтіп, жәрменкеде тоқтық күлкіде, жоқтық күлкі де жетерлік еді. Ауыл адамдары мал өнімін ұқсатып сатпаспа, дейсің-ау. Биліктің мыңқатпар қулығы оған ерік бермейді. Бастықтың қасы мен қабағына қарайды. Қалтасы қағылған,ішмерез, қуларға жалынған ел адамдары малды құртуды маусымға айналдырып, қорадан мал кетіп, ауылдан сән кеткендік қасіретін көз жұмып пайдаға шығарғандар өз обалдары өздеріне деп жатты. Билік қуланып жасасын көмей, жасасын іскерлік деп желдірме желденіп алақандарын соғып жатты. Тоналушы бейберекет құйынында құлдырады, естен танды,--деп Алдар аңтарылып үнсіз қалды. Онысы жорта жасалған билік басындағылардың қаскөйлік әрекетінен кім қандай құпия қулықты ұқты. Ертеде өткен оқиға деп ойдан сызып тастадық па? Абай айтқан: « Мені қайда екенін біле алмассың, терең ойдың телміріп соңына ермей... дегенін түсінетін қайсың бар? * Айтжанның өмір жасын ұзартқан, көңілін көлдей етіп, тірлікке сенімін нығайтқан алма бағы еді. Осында қаншама жыл қызмет етіп, тер төгіп, баптап өсірді. Бала-шағасының ас суларын да айырды, бақ арасы рахат, аңсаған еркіндігі де осында, өткен күндерін елестетіп көз алдына әкеледі көлеңкелеп отырғанда. Біреудің өрескелдігіне ренжігенін де тез таратып, ағаштың кейбір түбін баптай түседі. Бір тал шырмауық қалдырмай жұлып тастайды. Бақты күтіп, баптаудан айырса тірлігі құнсыздай сезінеді. Жамбыл облысы, «Қызыл октябрь» совхозының қазынасына да табыс түсіріп отыр. Өзін өзі бастықпын деп сезінсе де еңбек ақысына місе тұтады. Кейде жүзі бүлк етпейтіндер алма піскен кезде ұрлағысы кеп тұрады, ондайды Айтжанның қырағы көзі шәк аттатпайды. Алма бағының өнімі ақ пейіл, адал термен келетіні жан тазалығын қалайды,-деп ой ойлайды. Кейде өткен оқиғалар көз алдына оралады. Атадан қалған сөзде: « Үш жүзге сыймаған тентек ұлы жүзге сияды деп. Өңірдің топырағы құнарлы, құтты. Ағаш қазық қақса көктейді, сосын өзге өңірден қоныстанушылар келіп береке табады. Оларды жылы қарсы алып, дәм, тұзы жарасады. Бау, бақша игілігін көреді.Осындай жаңа қоныстанғанға қауынға тойдырса керек. Ертеңіне жас жеткіншектер қорықсыз бақшадан асқабақты үйіне апарып жарып жемей
ме? Сонда айтқыш қария: « Үйсін жесе тәп-тәтті, тама жесе қап-қатты» деп балаларына әзіл қалдырған екен. Сол Айтжанның алма бағы көзі жұмылысымен, кеңес үкіметі құлаған бойда тұс-тұстан зұлымдар ағашты кесіп, отқа жағып, тып-типыл етті. Атажанды сағынғандар: « жерді қорығыш желек шал желіп жүріп боздайды, алма бағын қорғауға қорықсыздардың жаны қызбайды, деп өкініп еді. Құрту, жойуға еті үйреніп кеткендер, тіс жарып үн қатпастан, тағы нені құртамыз дейтін шығар.Ал, совхозды он сегіз жыл басқарғандар табыстың отыз пайызын еншілеуге құқылы дегені пәле болып, кейбір совхоз басшылары шаруашылықты тұтас тонап кетті. Бұл тонауға сұм, сұрқияның да ызасы келіп көзіне түскенін құртты, жойды. Міне, совхоздағы Айтжанның алма бағы осылай құрыды... «Ел қыдырып ас ішіп, еркек арын сатады»,- деген Абай, жекешеленуде елді тонап, ары суша шашылғанын білмейтін есерлерге арналғандай сезінесің. Совхоздың бұрауына қиянат жасамаған Ижов совхозының директоры ,Социалистік Еңбек Ері Жанқоразов: « Қаста қиянат оңдырмайды, өміріңе зиян, ұрпағыңа кесірі тиеді» деген сөзді ұқпай үлесіміз бар деп есалаң оймен өре түрегелгендерді ақылмен бастық. Сосын да шаруашылығымыз баяғы қалпымен гүлдене берді,-дейтін-ді. Шолақ ойлы басшылар ындынды толтырам деп арпалысты, не тапты, кейбірі құм қапты...Ел аузында сөз қалды: « Сұм-сұрқияның түрі жаман, өлімі одан да жаман» деген...
--Алдаркөсе нені көрмеді. Көп күйінді, бірақ жақсылықтар бар бүгінгі. Тымыр, полицейлер жылқы өсіруді қолға алып Есіл өзені жағасының оңтайлы жеріне киіз үй тігіп қымыз сатады екен,--деп Қымыр автокөлігін қоқыс салуға дайындады. --Бәрекелді, ұлттық тағам, салт-сана үлкен өнеге ғой,--деді Тымыр. --Өнегең жөн еді-ау, өткен қоғамда талай жақсылық құмға сіңіп жөнеген,оны кім болды дейсің елеген.Кеңес үкіметі жылдарында Алдар бармаған жер,баспаған өңір жоқ. Қайда барсада қымыздың дәмін татпадым, сосын жүзіме қан жүгірмей қу ағаштай қатқаным,деп қынжылатын еді. Сондай бір сапардағы көңіл күйзелісін айтқаны есімде, деді Қымыр... Атақты Алдаркөсенің жол серігі Ешкібас екеуі Қарқаралы өңіріндегі шопандар тойының үстінен шығыпты. Жаратылысында өмірдің көлеңке жағын суқаны сүймейтін Ешкібас көкем көзілдірігінің астымен ызбайсып қараған бірер маңғазға көз жанарын өткірлендіре тастап: --Тойларың тойға ұлассын,--дейді. --Асыл ойларың болса ойға ұласын,--дейді Алдар.Той басшысының бірі біреулерге тұлданып жұлын тұтып: «Осы жұрт бергенді ішіп жөніне кете бермей бас қатырады. Жоқты тап деп қинайды. Өкпелеп терісіне сый-
майды. Өркеуде өршіленіп тұрады, аяғын алшаң басып асқақтап шығады. Алдында бәйек боп, сұранысын екі етпей орындасаң да рахметін айтпайды. Үстемшілдің табанын жаласаң да жақсылық таппайсың. Бұларға берсең де жақпайсың, бермесең де жақпайсың, бабы күшті өлсең де таппайсың». --Сөкті ме? --Сөкті, жылқың жоқпа, қымыз қайда,шаруға құлқың жоқпа,жел қуалаған қаңбақ дегені жер -жеміріме жетті, сүйектен өтті, әжептеуір беделімді сыйламай...Қайтіп шыдайсың, отқа ойнап, қазанға түсіп қайнап қалдым,деп желкесін қосқолдап қысып, абыржыған ыңғай білдірді. --Сіздің сөз етуге тұрмайтын нәрсе деуіңізге түсінбедім,--деді Ешкібас. «Шөлдеген адам –құмыра сындырады»қымыз керек деп ұлардай шулапты дегенін ұқпайсың...сөкет...сөкет...үйір-үйір жылқы...ортасы ой түскен жылқы бар деп өтірікті шындай,шынды құдай ұрғандай етіп бастық біткен мақтанады, ұят екен елден ауыз шаятын емге қымыз таппағаны,деп Алдар шаруашылықтың белгілі дөкейіне қарады. «Да,товарищи...понимаю..но не могу...бие сауатын әйел жоқ,дастарханға арақ,шарап қоюдан қолдары тимейді,--деген сөзінің сыңайын ұқан ақын: Атыңнан айналайын Қарқаралы, Мен бір жан қымызшылдау Арқадағы. Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін, Жылқы өсірген бұл елден қымыз таппай, Өкінішім өрт болып жанды-ау деймін,-- деп тақпақтағанда Ешкібас мырс етіп күліп: «Дуасыз ауызға сылдыраған сөз бітеді, ел басшысы сөзбен жылқы өсірсе қайтесің..Қарқаралы өңірінде он үш мың жылқы құйқалы дала сәні,бірақ қымыз орынына арақ бар деген айтылады ауылдың әні.Жылқы түгелі сиыр сауатын әйелді таппайсың, қымыз қақында ешкім бас қатырып жатпайды. Біз бәріне дүдәмалмен қарап, дүлей күштен ықтап бал берседе оқсатпаймыз, біз солаймыз, біресе олай, біресе бұлаймыз, төбемізден күн түссе де шыдаймыз, сол шыдаумен үстемдікке ұнаймыз,деп қуақы жігіттер қутыңдайды екен. Жалғыз Қарқаралы ма,қымызды ұлттық тағам есебінен шығарып «халық жауы қымыз»атандырған кеңес өкіметі кезінде кеңшарлар толып жатты. --Ешкібас-ау, мұның аяғы не болар екен? Жылқылы ел қымызымен сәнді еді,сауға қуат,дертке шипа атанған қасиетті қымыз түгелі жылқы «қызыл кітапқа» еніп кетпесе жарар еді.Жаппай қыли көзқарастың соңғы нүктесі немен тынады,--деп Алдар дымы құрып жер шұқыды.. --Е, жер шұқитын заман өтіп, жұмылған көз ашылып, жекежеке талауға алқына жеткенде жылқының тұяғын ұстап қалған полицейлер жарады,--деп Тымыр мен Қымыр жарыса сөйлеп Астананың Күнді күлімдеткен сәндік келбетіне жарасымды ойын жалғастырмақ ниетте еді... *
--Алдар айтқан Қарқаралыда Социалистік Еңбек Ері жылқышы Жайсаңбай Күлкин қымыздың қасиетін неге ұқпайсыңдар?!--десе кейбіреулер ырбаңдап: «Еңсемді басқан зілді арақпен емдемесем өлем ғой, арақ тұрғанда екі дүниеде бақыттымын деп сенем ғой. --Арақ тұрғанда қымызға қарынымызда орын жоқ,--дейді екен.Сол айтқандай тың игеру жылдарында жаңа тракторға отыру үшін бір жәшік арақ алып, мал сойып бастықтарды қонаққа шақыру «мода» атанған кезде бір жеңгеміз қонақасыға риза болмаған колхоз басқармасына: --Әкім байын сояды, қойымыз жоқ, ешкі асырайтын едік,--деген екен. «Р»-ға тілі келмейтін жеңгеміздің сол айтқанының ойға оралуының себебі бар. Қара халық талай мастықты, жүректі түйнейтін қиянатты,алакөздікті көрседе үйінде электр шамы жанып, көгілдір отыны барлығына місе тұтатынды. Лениннің «коммунизм елді электрлендіру»дейтіні осыдан артық емес. Бірақ жекешеге көшу,рыноктың жаппай бәйгесінде Электриндердің жолы болып,байлық теңізіне күмп етті. Бір мысал Степногорскі қаласында шүу дегенде төрт жүз кедей жұмысшының пәтерлерін электр желісінен ағытып тастағанда, бұйырса қымыз ішеміз деп отырған жылқыларын қара базарға сойып тастап, электр қуатының төлеміне жаратты. Рынок обырлары жабықтан сығалап: --Қымыз ішетін ауыздарыңды арақпен жуып тазалай тұрыңдар.Электр қуаты дәуірлеп тұрғанда жылқы өсіру түсіңе де кірмес,--деп сайрап жатты. Өкініші естен кетпес, ақмылтық боран соқтыда қатты, дерегі барлар баюдың тетігін тапты. Жалғандықты жалпағынан басқандар, оңай олжаға белшеден батты. Рыноктың осал тұсы сенгіш халықты тонаумен жатты, басын көтерген ешкім жоқ, көкіректе үрей былқ еткізбейді. Қорқыныш меңдеткен, әлсіз көз жасын селдеткен кезең--дегенде Қымырдың сөзін желге қақтырмай Тымыр әдеті бойынша күрегіне сүйеніп: --Қымызбен өлгенінше қоректенген ата, бабамыз қолына қамшыдан басқа қару ұстамады, тоқсанбай, жүзбайларды өмірге әкеліп тоқалдарында ренжітпеді. Бүгінде кейбіреулердей Абай айтқан: « Туғызған ата-ана жоқ, туғызарлық бала жоқтан сақтасын, халқымыздың өсімін әлем мақтасын, төсек қимылсыз жатпасын... --Ұлтымыздың жан мен тән дәрісі қымызды айтып ауыздың суын құртасың, ана жылғы АҚШ қожасы Бушты қымыздан басқаны ас екен демейтін күйге құдірет жеткізсе,ең көп қару сататын ел, деген жаман атақтан сақтар ма еді. Жер бетіндегілер әлемдік қару-жарақ саудасына З7 миллиард доллар шығындауды тоқтатып «қымызхана» ашса тірі пенденің амандығына қызмет етер ме еді. И-и, бос ой, періште мен шайтан достаса ма? Бүгінде шайтан тым еркелеп, еркінсіп барады. Әлемде өмір сүру ережесіне қарамақайшылық жетеді, жамандыққа әуестену,дүрлігіп тұр. Шет елге жөнсіз
еліктеудің ақыр түбі сорымыз болмасын. Топас сезімге улану шайтанға тізгінді берді деген сөз...Шайтан жұлқынған сайын террор, қақтығыс, қан шашылу.Сөзге келмейді, қап-қараңғы көрге сүйрейді.Жұмыр жердегі пенделерді үрей тұншықтыра бастады. Лаңкес, терроршының қырғынын теледидардан көргенде есіңе: «Ойнап жүрген мысықты көріп, тышқанның жүрегі жарылыпты» деген сөз еске түседі. Қантөгістік зұлымдық жұмыр жерден қашан тазарады,жер беті ақ мақтадай қарды жаымылып жатқанына көзің түссе, қар бетіне төгілген талай жазықсыздардың қызыл қаны көз алдыңа елестейді, сонда қалай билік күші құрдымға кетіп жатыр ма? Әлде халықты үрейлендіріп басқарудың құпия тәсілі ме? Тіріде түсініп болмайтын тарихи кезеңдер...Әлемдік билікте не болып, не қойып жатқанын болжау қиын-ды. --Кісі көзіне жетімсіреп қарап қалған дағды ғой,--деді Тымыр. Көптеген жұрт социализмді жексұрын деп кінәлайды. --Ауыз өздерінікі. Бірақ өзіміздің киім, басқа да керек, жарақ дүкендерде тым-тәуір түрлі бұйым тұрды. Шет елдік мүлікке пысқырып қарамадық, басқа елден кем емеспіз дедік. Өтті күндер..Бүгінде киім шет елдікі, автокөлік шеттікі,ас-суың,арақ,шарабың, ең жеңілі бет сүртетін орамалыңда шеттікі. Сыртқы суреті әдемі болса сапасында, немесе ауру, сырқау қоздыратындығы жоқпа, деп толғанып жатпаймыз. Иісі мұрыныңды жарып, дәмі таңдайыңнан кетпейтін ауылдың тағамы қайда? Қазыналы жер... мал өнімі...шет елдің сапасыз өніміне табынғанша, екі қолға жалынуды білмеуден асқан азап бар ма? Сыртқы ораған қалбыры әдемі жей бер, жұқ болсын деп күлеміз. Бұл өзіміздің ізгілік ісімізден адасқан күйінішті күлкі. «Буштың сирағын» жегенге мәздік күлкі. Бірде сау, бірде мас боп қала кезіп сенделіп жүргендер ірімшік, құрт, сүзбе, жент және басқа ұлттық тағамды жеп көрмеген шет елшілдер ыз еткен желге ұшып кетердей бүрсеңдейді...Бейсуат адамдар басын шайқайды, аяздан қорғануға амал таба алмайды. Жер беті кең, алған бетімен жүре берер... --Біз Монғолиядан көшіп келетін жылы Ақмолаға самолетпен галуш тасылды.Зейнетақының орнына галушпен есеп, айырысып жатты. Самолетпен келгесін оның бағасыда удай еді,шет ел мүлкі, өңкей асыл, кәрілігіңнің қорғаны деп нарықтың қасқырлары ұсынғасын кейбір үйдің іші галушқа толды,--деп Тымыр кедейшілік маңдайымызға шегеленіп қалмас, баюға ақылда шет елсіз-ақ ақыл өзімізден табылар деген пиғыл болды. Сонда біреулер бартерге берген отарымдағы қойды бәлкім галушке қайта айырбастап алармыз деп кекетуші де табылды... -- Самолетпен келген галуш кешегі кедейліктің белгісіндей сақталсын,жаңа қоғамның бағытын аңғармай кім адаспады дейсің,--деп Қымыр күн сайын
бой көтеріп жатқан құрылыстарға қызыға қарап: «Жөнін білмей құлшыну— Пайда емес,құр шығын». Рынокта көп ұғарлық, Шығындыда шығардық. Қолдың кірі,дәулет кетті, Қайырын тілеп тұралық! Кеткенді келтіруге, Шын ниетті бұралық? Сыбайлас жемқордан, Тойдың ба,деп сұралық. Жақсылық жолға түскенде, Жататын бәрі құралып. * --Ойға кетіп тұрғанымды қарайгөр,--деді Қымыр,--о да жоқтан жақсы. Соғыс уақытында біреулердің басынан өткенді айтқым кеп аузым қышып тұрғаны. --Айта бер құлағым сенде,-деді Тымыр бет орамалымен маңдайының терін сүтіп. --Ашаң бетінде қулық байқалмайды екен.Маңдайы жырта қарыс, бойшаң, бұлшық еті ойнап тұрған, күс қолы дарбиған, үлкен көзді, қалың қабақ, ұзындау кірпігін жиі қағатын, дүрдік ерін Оңтас армия қатарына қараларда жұмырығы тарс жұмулы келеді. Дәрігерлер әрі әурелейді, бері әурелейді, қарысып қалған, аша алмайды. Туғаннан осылай кемістік шығар деген қорытындыға таяп қалғанда: --Жұмырығың әуелде қалай еді?—дейді. --Былай,--деп аңқау Оңтас жалаңаш қолын жайып салады. Соғысқа жарақты боп кете барады. Енді бірде шикіл сары,орта бойлы Мықшың таскерең қалпын танытады. --Айтқандыда естімейді. --Құлағында бітеп тұрған құлық жоқ. --Бірақ түк естімейді. Жарақсыз, кете берсін деп есікті нұсқайды. Әлгі шығып бара жатқанда дәрігердің бірі: --Ақшаң түсіп қалды дейді. Таскерең артына жалт қарайды. Соғыс уақытында қулықпен жансақтағысы келгендердің бірен-саранын еске алуымның себебі бар. Бүгінде ел тыныш, халық тоқ делік. Бірақ, пенде қанағатынан асыра тірлік еткісі келеді. Әртүрлі сезім билеп, тәж, тақ байлықты аңсап, оның түп-тура жолы партияға кіру деп есептейді. Бұрын бір партия қара киім, қара машинамен тізгінді үреймен ұстаса,шүкір қазірде жеті түрлі бояуды иеленген партия басшылары халықпен ашық сөйлеседі. Демек демократия-я кемелденуге таяу. Бәріде мүше болғанша сөздерін
жібектей жұмсақ еседі. Пенденің кем-кетігін түгендеп береді. Осындай ойдағы соқыр Жырақ хатшыға жақын барды,шешектен кейін көзіне ақ шел басқанын айтпады. Онысы жорта деп қойыңыз. --Аяқ жолымды көре алсам, балаларыма ырыздық тауып бере алсам бір ұйымға төредей басшы болуда қолдан келер,--деді. Хатшы оған ойланбастан: --Одесса да қыран құстың көз тамырын алмастыру арқылы су қараңғы көрмейтінді де көргізіп жатыр. Тілегің орындалады, қаржы бар,шаруаны жеңіл шешеміз. Әуелі мүшелік құжат толтырасың, бәлкім жазылғасын лайықты таққа отырасың.. Мүшелікке қабылданды. Тақта болады, көзі шырақтай жарқырайды, қолы көкке жетеді, деген үмітті арқалап, оған қоса сары сөмкені қолға ұстап кете барды. Бет әлпетінің құбылысы бір түрлі экологиялық апат аймағының сынынан оңбай өткен, дыбысы бар, сөзінің бас, аяғы бірікпейтін, дыбырдыбырлаған,ойы да жұмбақ, кескін келбеті де жұмбақ, бірақ сап-сары көйлек киген, сап-сары галстук таққан, қасы қиғаш жігіт келді. Жанындағы туысы, «шатырыма» бірден: --Сақаудың тілін сақау түсінеді, дәрігер де, балгер, бақсының да емі қонбаған соң партияңызға мүше болып емделгісі келеді. Жазылғасын жұмыр жерді жалаң аяқ шарлап ұйымдарыңа талай тарланды тартады. Жер бетін түрлі түсті бояумен бояп шық десеңде орындайды. Он жасында акедемия бітіргенін айтсам мүгедек деуге аузың бармайды. Әлемде жоқ талант,только сақаулығы түзелсе тәж,тақты қалпақпен қағып алады. --Иракта бомба жарылғаннан шошып тілі байланғандарды жазып жатқан дәрігерге қаратамыз.Өзі сары теңіздің жағасында,АҚШ-та тігілген сары киімді, емі қате кетпейді. Мүше болсын ,емдетеміз.Так что саспасын. Мүшелікке өтті. Достық пейілге мәз боп сөмкені арқалап о да кетті. Ендігі кезекте таскерең келе қалсын. Оныңда дертіне Ауғанстанда өсетін киелі шөп ем көрінеді. Тек украина мен қырғыз елінің түндігін желпілдеткен түрлі, түсті боп көрініп толқыған өкінішке ортақ бола көрмеңдер.Жә, біздің бағдарлама сары сөмкеде, сарғайып оқымай-ақ, көз жүгірткенде миыңа сақ ете түседі. Жауапты қызметі бояу сырын түсіндіріп береді. Өйткені, саф алтын түсі де сарыға жақын ғой.сосын болмағанды болдырып,бақыт құсын әркімнің қолына бір-бірден қондырып беретінімізді түсініп, айтқан уәдені сарғая күтпейтінін ұғынса жетеді,деген хатшы сөзі салмақты еді. Сөйтіп, сары бұлт сейіліп, сары үміт ,сары теңізге барып дыбыссыз шомылып жатты. Партиялық басқару «ғылымының» парақтарыда аптап ыстыққа күйіп сарғаяды демеңіз. Қытайдағыдай бір партияның шаруасы емес қой, көп партияның көлдей ісі көптің көкірегіне үлкен уәдемен оппозиция білгірлігімен орнайды. Жорта айтам, әлгілер кемтарлар емес,
бірақ Абайдың «бас басына би болған өңшең қиқым» деген сөзінің орысша аудармасын «айналайын партия»дегенге жорып таққа қолы жеткенше ынтығушылар. Кейбірінің халқым дегеніне ұйып тыңдап сөздерің жоқтан жақсы,дерсің. Кеңес үкіметінде сан шақ келмес алдауды көріп шыңдалған халық кімнің кім екенін өздеріде аңғарар. Оған шет елдің қаржысыда, ақылы да қажет бола қоймас. Дүңгір-дүңгір дүние, нетүрлі бояу өзгеріп ашық аспандай тазарар. Жүре берсең көре беретініңде қызық. Адамдық қоғамның босағасын аттағанда айтып жүруге алапес бояуға түрленуде қызық, әрі күлкілі көрінер...Есіріктің мағнасын әбден зеріккенде түсінсең қор болмайсың. Оқтын-оқтын сілкін деп үгіттеген безерген беттерде де түрлі түсті бояу болды. Бірақ қалаың халық алды-артына қарай білді, онысы бірлікті сақтаған тапқан ақыл еді. Абай айтқан: « Қайғы дертің мейлі мың, саудаға салмақ өзіңе ар. Жаныңа түскен жараның, іріңін нетсін надандар..» Надан екенмін деп ұялып сасып қалатынды әлдеқалай кездестіре қоймассың, оларға санкция жүрмейді, жанынан қулана күліп жөніңе жүре бер. * --Кейбір партиялар анда-санда теледидардан көрініп жарылқап желпінгенде, Астана халқының мәдениеті, санасы жоғары, ізеттігі мол, бүкіл елімізге ұлттық өнегені таратып, әлем таңғалатындай болуына үлес қосамыз,--деп неге айтпайды. --Нақты ісі болса айтар еді,басқасы басқа шикі жасында бұзақылықа бой ұрып 140 қылмыс істеген оқиғаны біле ме? Одан да сорақысы он үш жастағы екі астаналық бала мектеп есігін ашпаған. Маскүнемдердің жанұясы осылай көз алдымызда күйреп жатыр. Кәне, кімге ақыл айтамыз. Сұрақ көп,сылдыр-сылдыр уәде де тұрақ жоқ, сынаптай сырғып кетеді. «Дәйексіз сөз –нанымсыз». Дерегім нық, шындық деп ұқ, қылмыскер екенсің, түрмеге зыт... --Жұқарама, Тымыр,--деп Қымыр Астана аспанынан қиқулап өтіп бара жатқан қайтқан қаздарға қарады. Ана жылы Президенттіктен үміткер болған Мэлс Елеусізов табиғаттың амандығын тілейді.Экология минстрлігіне жыл сайын табиғатты қорғау үшін 15 миллиард теңге айыппұлдар, салықтардан келетін ақша түседі екен. Сол қаржы түп-түгел бюжетке кетіп, жергілікті әкімшіліктер бес-он пайызын ғана табиғатты жақсартуға арнайтыны неткен көзжұмбайлық. Бірақ,Францияда ашынғандар ма, әлде адамдық ары шашылғандар ма, екі мыңдай автокөліктерді өртеп қоғамға қыр көрсету ме, оның заңды, заңсыздығында біздің шаруамыз жоқ. Естіген құлақта жазық жоқ, әлемдегі кейбір елде тарығу бар, азық жоқ, ондайда ойға батып, сабақ алар тұсы қоғам жеке мүлікті де қорғауға тиісті десек, жаңа құрылыстарда автотұрақты ойластыру қауіпсіздігі естен шықпаса жөн. Қайтқан қаздардың қиқуы аман бол Астана,көркейе бер, гүлдене бер деп, үн қатқандай екеніне
Қымыр жүрегі жылап тебіреніп тұрды.Сәрсенбек сықылды талабы тау қопарғандай сәулетшілер әлі талай сәнді ғимараттарды тұрғызар,-дей бергенде аялдамада автобусқа мініп бара жатқан қаба сақалды жұлқынып: «Егеу құйрық өлмейді»-деп екінші сақалдыға үн қатты. Соны естіген Қымыр әлгінің сөзі басын жалмайтын паролы ма, ерекше күшейіп тұрған оңбағырдың ?- деп сезіктеніп қалды. * -Тірліктің сырын білесің бе? Тура жауап айтып көрші білгіш болсаң? -Неге білмеймін, таң атады, күн батады, аспанда жұлдыздар түнде ойнақ салады. Одан артық не бар, бәрі белгілі емес пе? -Түгіне түсінген жоқсың, шикі ми неме! -Физика ғылымына үлес қосып, тірлік сырын білмесем не болғаным. -Қор болғаның. -Түсінбей қалдым. -Ненің пайда, ненің зиянын ұқпасаң, барыңнан жоғың.Әлгі химиктерің бар, миларың ашып кетпесе, құрып бара жатқан шөп түрлерін тірілт,-деді Кәжек. -Өлген тірлімейді.. -Келістірген екенсің. О дүниеге барғанда табиғатты араша талап өткенімізді, аштықта қырылып кеткенімізді, тірі қалғандары көз жасын көлдетіп топырлап түрмеге кеткенімізді, одан соң ауру, сырқауды дәрілік шөп таппай жер соғып қалғанымызды періштелерге айтып жалбарынамыз ба? Сонда Жаратқан ием аяп, басқасы басқа күнді сөндіріп алмағанға қуанып, жұтаған жұртта, күйіп, жанып бүлінген табиғатты бақытсыз тірлікке аяныштықпен өлер алдында күлімсіреп тұрғанның өзі шүкіршілік демеске амалың қалмас дер ме екен. Деседе адам басына он бес мың доллар берешекті байларың тездетіп өтесін, о дүниеге қарыз арқалап келуге болмайды дер ме екен. Бүкіл әлем қайғы-қасіретпен, қарызға батып, санкция жүгіне шатылып, әбден майысып зұлымдыққа шыдай алмай, табиғаттың мол мейірін аңсағалы қашан. -Кәжеке, басқа түскен басқашыл шыдайсың. Әне, аспандағы күн күле қарап, былайша айтқанда табиғатты түлетуді білмейтін ғалымдарыңды мазақтап тұр. Қызылорданың жер асты теңізі ғарыш кемелері ұшқан сайын суы тартылып-тартылып барады –ау...Оған бүгінгісін ойлайтындардың басы қатты ауырмайды. Біреулері күледі лекітіп сөйлейді, жарыместеу шығар мойынындағы қарызын түсінбейтін...Аясы кең байтақ дала мақсатсыздарға мұңдана ма, қалай? Тірлігіне қайран таппағандар бірдеңенің жөнін сұрауға да жасқанады, ой, шіркін, кісі болғаныңа... *** Пенденің жоғалтқанын таптыратын да қалжың бар. Есуастың жынын қақтыратын да ащы әжуа бар. Аяғының астындағы байлықты көрмегенді көрсетіп ұялтатын да қалжың бар. Қазақтың сөз өнерінің құдіреті
болмағанды болдырады, толмағанды толтырады, қылмыскерлер тұрар одан қалтырап. Әзілдің де алдаспаны бар тіліп түсер жарқырап. Кейде қалжың қалтасын ақтарғың жоқ, ауыздан тарайтын нетүрлі күлкіні қол орамалмен тығындап тым-тырыс есебін тауып отырғың келеді. Бірақ, ішіңді тесіп бара жататын сөз жырақта қалса да алтындай жылтылдап ойыңа оралады. Тауып айтсаң естінің санасына қона қалады. Кешегі жып-жылтыр кеңестік идеяның дәуірлеген кезінде, ми қауашағында, санаңда үрей тұратын жасқаншақ көзіңде, миыңды шайқап қалған-құтқанын шақырасың берілгің келіп төзімге. Дамыл табасың. Сөйтіп жымиып жым болсақта, көзі құрғыры жақсы бейнені, сұлу мүсінді ішіп, жеп түрт сайтанға салып қыз-қырқынға сүйкенгеннен шеккен азапты бәрің бірдей біле бермеуіңіз мүмкін. Қазақ радиосында ұзақ жыл қызмет атқарған ағамыз Қалдайбаев қыз-келіншектерді жағалап бірінің бетінен, бірінің желкесінен, енді бірінің маңдайынан шопытып сүйіп келмесе қолына қалам ұстамайтынды. «Брженевтен бастап жаппай сүйісетін заманға ризамын!» деп онысын «ерлік» санайтын. Әйелді сүюге жаралған ғой деп бағалайтын. Содан бір күні «Қалдайбаевтың мәселесін дирекцияда қарайтын көрінеді, қалпағын теріс айналдырып кигізіп, шамасы әлгіні араша талайтын көрінеді. Қылмысының түрі жаман дейді, масқара » дегенді біреулер кұбір, сыбыр күңкілдегенше, ірі телефон дүңкілдеп директорға жандарың барында түгел жиналыңдар, жолдастар тездетіңдер!- деп аттан салды. Аяқтың ұшымен басып директордың кабинетіне жетіп бардық. Алқалы топты басқаратын мәжілісте директор түтігіп, шағыр көзімен отырғандарды тінткілеп тапқан «жауыздықты» алдына жайып, құртуға деген сыңайын күлбеттенген жүзінен аңғарар едің. Орнынан дүрдиіп тұрды да Алатаудың ызғарын орнатқан бетінен салқындықты бәрімізге үлестіріп денемізді мұздатты да: «Моральдық кодексті білмесіңдер ме? О, жасаған-ай, кәртайған Қалдайбаев жап-жас машинистка қыздардың ернінен сүйіп есінен талдырып тастағаны, жүрегін жандырып тастағаны не масқара! Сұмдық қой. Коммунистік саналы бейнемізді ластап, енді дым білмегенсіп дүңкиіп отырысын қарайгөр өзініңқ Сезбейді.Тұр, кәне орындыққа желімделіп қаламаған шығарсың!» деді де селт етпестен қалшиып тұрды. Ентігін басып: «Мұның көзін жоғалтып ісін сотқа тездетіп беру керек! Осы кезде алдын-ала келісіп алған директордың сойылын соғатын жағымпаздарының бірінің беті жыбырлап, тынышсыз қозғалақтап отырса, екіншісінің еріні жыбырлап аласұрып, өз-өзінен ойқана күбірлеп сөйлеп кетті: -Сотта оның танысы бар, қорғайды, одан да бірден прокурорға берсек қайтеді. -Қыз-қырқынды сүюден қолы босамайды да, мақала жазуды қойды. Жаман ойлы Қалдайбаев аяусыз жазалауға тұрарлық, -деушілер жылпың қағып, қара күйені баттитып тағып жатты. Ал арыз жазған қыз төмен қарап жылап
отырған сықылды. Жек көріп, немесе ұнатып көз жасын сулай ма өзіне аян, басқаға күмән. Осыны аңғарған егде тартқан, үнемі адам тағдырын қорғап жүретін, әділдік жолдан таймаған Насима ғана: -Оу, Қалдайбаев кіпкішкентай қызға жабысып қалмаған шығарсың, сүйгеніңді де көргеніміз жоқ, әйел сүйгің келсе қатарың біз бар емеспіз бе?-дегенде жұрт көздерінен жас аққанша ду күлсін. Орынды мысқыл оқтан да өткірлігін түсінген жұрттың күлкісінен, әзіл-қалжыңға жеңдіргенінен сескенген директор түсі қашып тұрған күлдей бетін жыбырлатып, сәл ойланды да мәселені жауапсыз қалдырып, папкісін жапты. «Енді әйелді сүйсең ісіңді бірден сотқа тапсырамыз. . . ***
Телевидениенің ана жылғы ұшқалақ лездемесінде аға редактор дүр қара Қалекең жөнсіз құмартудың төгілме сорақысына тынышы әбден кетіп: -Тыр жалаңаш әйелдің бейнесі бар көргенсіз киноны неге көрсетесіңдер, жігіттер шошып әйелсіз қалсын деп жүрсіңдер ме? Бұл барып тұрған сұмдық қой, ұлтымызға сын, -деп үсті-үстіне күйіп-пісіп ышқырын көтеріп (әйел бөкселі еді) сөйлеп кетті. Отырғандар әртүрлі оймен дегбірсізденіп: -Халықтың бетіне қалай тіке қараймыз, ұят-ай.Тірі өлім ғой бұл. -Әйелдің ап-ашықтұлғасын тұтас көрсеткеннен нені ұтамыз. Өзі жұпжұмыр көз қызықтыратын әйел екен, ә?-деушілер де табылды. Осы кезде бірі орнынан атып тұрып сөзін бипаздап, мипаздап: -Пәле, әйел денесін көрмей жүрсіңдерме? Көзі жалт-жұлт етіп жайнаң қағар әйел сұлу, -деп қалып еді. Қалекең жік-жапар болғандай аянышты ке йіппен: -Отыз жыл отасқан әйелімді тыр жалаңаш көруден аманмын, -деп қалсын. Осы кезде тілінде күйдіргіш шоғы бар біреуі қыздырмалап: -Аға редакторымызға қатты обал болған екен, киноны ендеше қайталап көрсетелік. Назарын тоқтатып, қайта бір қарап көзін суарып ойланып, әйел денесіне қанығып алсын, пенде өзінде жоқты өзгеден іздеп аш қасқырдай жалаң-жалаң етіп ала бөтен сорлайтынын түсінсін, -деген
*** Ауылдағы тұрмыс-тірліктің едәуір жұқарғанымен ісі жоқ, аузынан сөзі жалаулап бұрқырап тұратын, жанындағылар ойын ұғатын, кейбір өзінің кемшілігін жүретін сынатып Қожбан құрдасы Қиланды ерітіп қара базарға бармақшы еді. Автокөлікке екеуі отырысымен алағызып: -Мына жүргізушілер бұдан екі-үш жыл бұрын аялдаманы қазақша, орысша сайрап тұратын еді, бүгінде жақтары қарысып қалған ба, үнсіз ғой, -деді бірінің бетіне бірі жалынышты қарап. Қилан айтса айтқандай пікірге
тоқтап: «е, бұлардың көбі бастықтарының жеке автокөліктері болғасын жол серіктері сөзге салмақ салғысы келмейтін болар. Жекеленудің кейбір түрі қоғамды ластап кетпесе жарар еді. Кезең басқа, әлем түсініксіз. Мәні, маңызы өзгеленген қүйындай ұйқыған құбылыс. -Е, ойыма ой түскені. Ертеде арты лас үйрек көлді сасытқасын құс біткен жабылып басқа көлге ұшырып жіберіпті. Содан сасық үйрек кекетіп мына көлді сасытқан артым, ана көлді де сасытпас дейсің бе депті. -Сонымен мемлекеттік қазақшаны бүкіл автобустардың жол серігі сайрайды деп жүргенде, ақырында орысша хабарына зар болып қалдық па? Опыр-ау, мұнысы несі-ей. Кәне, қай аялдама жұрттан сұралық. . -Қожеке, жол ақысының бағасы өскен сайын үнсіздік пайда болады деседі. Ақшаға деген құмарлық сезім жұмған ауызды аштырмайды. Осылай ызғытыпызғытып көресіні көрген сайын қуана берерміз. Басшылық жаяу-жалпыға үн-түнсіз кедейлер-ай, деп күлетін шығар. Жә, бірісі жақсы автокөліктер жаяуларға жаны ашып жол беретіні де бар. -Жақсылығы жақын болсын, өзімшілдерге кететін ақың болсын, Қилан. Жұрт базарға келіп қалды деседі, осы аялдамадан түселік. Жаяу жүрмегенге қуанышымыз құтты болсын. Автобус жол серіктерінің жағын ашпайтыны, тегін сөзін шығындамайтынын түсінгендердің ден саулығы мықты болсын. Айтпақшы, кейбір шенеуніктер де жағын ашпайды, жөнсіз күлмейді, жұрттың арасында шаруаңды ойлап ақылдасып жүрмейді, -деп Қожбан миығынан күлді де Абай айтқан: «Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?» -Алдауыштар Абайды оқымайды, ақшаны оқиды ғой,-деді Қымыр. *** Бірде Ызбанның әйелі Қыжым от болып ойнап, су болып қайнап, ат басындай алтынын жоғалтқандай қайда ұшып кетті?-деп басы дал болып әбігерге түсулі еді. -Е, нең жоғалды, брилианд сырғаң құлағыңда. -Ылғида жоғалтам. -Нені, айтсаңшы, бірге ізделік. Алыстан ұры қары, жау келген жоқ қой, үй ішіндегіні табасың. -Ей, тапішкім ғой. -Жә, шет елдің тапішкілерінің он шақтысын тізіп қойдың. . . соның бірі ме? -Түркияныкі жоқ. Аяғыма жайлы, жұмсақ еді. Нұргүл сыйлап еді, кейін өзі қомсынсаң өзіме қайтарып бер деп еді. Оңбағыр бұдан зорын сыйласа жүрегі жарылып кетер. Әбден байып болса да көзі қимайды, бергенін қайта алып кеткені ғой, -деп Қыжым қайын сіңлісіне айтарын айтып жатыр.
Ызбан күліп: «Жыланға түк біткен сайын қалтырайтынын» өзің білмейсіңде, өзгенің байығанын күндейсің, бұл өмірде кедейлікке ештеңе тең келмейтінін қашан ұғар екенсің деп есікті тарс жауып мағнасыз тірлікке түкірдім деп шығып кетті. . ***
-Апыр-ай, жер беті не болып барады?-деді уайымшыл Заржақ. Оның жанындағы Қырсық қалақтай тілін шығарып, еттің иісін сезгендей пысылдап: -Е, баяғыда өзім тумай жатып, байлықтың бәрін сатқан аталарымыз: « Су Сүлеймендікі, Жер Қыдырдыкі, аспаныңды өзің біл депті. Қызыққа қарап жар жалап, екі қолыңды қалтаңа салып, сатып алғандарға жалтаңдап отыр омалып. Алла жатқанға берсең маған бер деп талтаңдап жүр, жоқтығым жарылқады деп өмір сүр», депті деседі бір айтқыш. Байларың жөн тапқыш, аспанның бұлтын да сататын ба еді, аздап ұяты бар кезең ғой, ұрпағыма бірдеме қалсын дегені шығар. Сөйтіп, солар айтқандай ауыз өзімдікі, жер, су байлығы қолы жеткені, қаржыны төккендікі, ауысып жатса аз-маздап шайлығы сіңірі шыққан кедейдікі. Су бетіндегі байлығы өзгенікі, жерді, суды сатамыз, ал, аспандағы бұлтты да гептилі, радиакциясы болмаса, бағасы қымбаттаса оны ойластырып қаржылының қалтасына жомарт қол жұтамайды деп салып береміз. Халық қадірлі, қой аузынан шөп алмайтын жуастығы әлемде жоқ, талапайдың бәріне ештеңеден жасқанбай көнеміз, -деп қылтанақ шықпаған көсе иегін сипады. Жұрт Қырсықты түсінбейді, Қырсық жұртты түсінбейді. Бірісі жақсы ұрлығын әлем көрсеткішінен асырып, шет елге жасырынатындарға жолың болсын, барғаныңнан кел ме?-деп тілегін тілеп қалады, анау мойынын бұрмаса баламінезбен жүдеп қалады. Ұрының жазасын Алла берсін деп тынады. Әлсіздер ұяттан ғана сынады. . .діңкелеткен қиындықтан да жасқанбайды , ерлік деп тұрады. Сосын Абайға жүгініп: « Алдамаған кім қалды тірі жанда»-дегеніне ақымақ болмасам осыны түсінсеңші деп тоқтайды . О жақсы.. ***
Ойда жоқта жөтел қысып, түкірігіне шашалып, күркілдеп, өндіршегі үзілгелі тұрса да, қыли көз, қап-қара, бәкене бойлы Білгіш пасық ойын найзалап қарсы алдыңда қаздиып, көкірегіне нан пісіріп тұрған Кәйкіге: -Осы күні қыздар күйеуге қалай тиеді, бәрі қара базарда етегіне сүрініп сауда-саттықпен қапылып жүр. Осындайда байы өліп бақыты күйген бір кемпір келімсек қысық көз жігітке тұрмысқа шығып некелесіп алып, қазақ
азаматы атанып байлыққа қолын малып отыр, -дейді. Оның ұйқысын бұзған көрден шыққан аруақ өкініп, келімсекті төрге шығаратын кезден сақтан, сақалды қолдан беріп тұрып жар салып мақтанба, деген үрейлі үнін айтып қырсыққанына қитыққан Білгіш білегін түрініп:-Е, қыздардың күйеуге қалай шығарының қулығын да білмейсің бе? Ақылсыз аруақ атқан кемпірдің қысық көзге некелескенін айтып аузыңды ауыртасың. Ал, қыздар баяғыда елек сұрай барып, ерге тигендердің тәсілін меңгереді тағы. Үйлену модасы әжеңнің ұршығындай зыр қағып айналып тұрады. Сол сықылды бүгінгі кедей бикештер байлардың үйінде үй сыпырушы, ит, мысығын күтуші болып жүріп қожайынының махаббатының қақпағын ашып тоқал бола салады. Онда тұрған не бар. Кейбір қыздар базарда да бақ сынап, мұрыны пұшық, көзі соқыр, басы таз, аузы радиакциядан қисайып кетсе де отырған қыз орынын табар деп кәртайып бара жатқасын талғамай күйеуге тие салады. Әңгіме махаббатта емес, қалың қаржыда, ақша билеп, әлсізді нанша илеген кезеңді білмейтін ақымақ емес қой. Осы кезде су ұрттағандай ұртын томпайтып тұрғанө өзіне өзі мәз Кәйкі: -Бай таппай жүрген қыздың жолы тұздан да ауыр болғаныма?-деп қалды. -Әрине, заман солай жоқтық ерді таңдатпайды, тоқтық арды, қорды аңдатпайды, байлық кедей қыздың жанын сақтайды, қу тізесін құшақтап қалған қайғыны алыстан ойлайды, -деп Білгіш бармағын тістеді.»Күйеуге кеткен қыз бір бөлек, бай таппағаны күйгелек» деген барғой. Онысы ұлттық өнегеден безінгендердің талайы қырсыққа шалынғанын есіне алуы ма екен? Өйткені, ата, баба тәртібінде тектілікті сақтап бел құда, бесік құда деген мықты заңдылық бар еді. Бұл ұлттың ертеңгі күнін, отбасылық өмірін сақтап қалудың заңдылығы-тын. Кеңес үкіметі тектілігіміздің барлық жолын кесіп тастағанын әлі түсінбей келеміз бе? Ұлт тәртібін, тәрбиесін қалыпқа келтірмей оңу қиын.. -Бүгінде су жыландай жылмаң қаққан түрлі-түрлі желігу бар, желөкпеде шет елге ерсі елігу бар, әуейіленіп кеткенді тоқтатуға мән керек, заң керек,-деді Қымыр әлгілердің сөзін түйіндеп. «Құдай әбден қарғады» деген екен әлемдік данашпан Абай. Қарғыс алғанның оңғанын таппасс ың. *** -Ірі іскерсің, байсың. Басыма бір ой түсіп мазаланып тұрғанымды байқайсың ба, бауырым. Сұрағым біздегі нарық қандай күйде? Кедейкепшікті жарылқауға жететін жағдайы, ден саулығы қандай күйде?- деді кекесінмен кеңес үкіметінен қалған ескі етігінің жыртығын көктеп отырған қу тілді Қырсық. Бай туысы болғасын уысын біріктіргісі келген ойы да жоқ емес еді. Бірақ байлыққа құныққан іні әлем кезсе де қанағат таппай, байлығына жарымағандай орта көңілді Шәртік жүзі сұрланып
көкіректенін тұрып, мойынын бұрмастан күңкілдеп, шырт түкірді де: -Біздің кейбір ісіміз киіз байпақты темір шегемен ұлтандағандай тәрізді. Оныңыз іске де аспайды, шатыры мықтылар дегенің бөлінген қаржыны шашпайды, таласпайды қылдай етіп бөліп алады, олжадан құр қалсаң жаның мұрныңның ұшына келгендей қызғанышпен қатты қинайды, өзіңе жетпей жатқанда туғаныңа да нені бөліп берерсің, жоқ қой, кедейлік жақсы, көресіні көресің, ұйқың маза, сәлемің түзу, алшаң басып жүресің, -деп бай іні торыққандық білдіреді. Нарық деген солай, сөз де сатулы деп күлдіреді. Қырсық та езу тартып басқаша мәнерлеп: «Жетерлік-қанағат етерлік», Бұ дүниенің байлығын. Жүре алмаймыз көтеріп. Сәлемің түзу болса, Кісілігің тұрар өтеліп. * Жүріс-тұрысы, әрекет, әбігері ешкімге ұқсамайтын, үнемі жаңа ойын оятып, ескіні жаңартып жүретін, жердің асты дейсің бе, үсті дейсің бе, өміртірлікті айтқызбай болжап білетін Білгішке кездескен Мәртік ырсылдап, күрсілдеп кеудесін көтеріп, иығын қомдап, суынған көкірекке жылылық құятындай жетілген кейіппен: -Нарық адамдарында қомағайлық басым ба, әлде әпербақандық, одағайлық басым ба?- деп өлі істі тірілткендей, дінбұзардың мұз қатқан жүрегін жібіткендей, тоқтата қоятындай зәлімдік құйынды, Аллаға сыйынған ниетпен мәнерлі жымиды. «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза. Қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды, -деген Абай сөзін әлгі қаперіне де алған жоқ. Есебі өз пайдасы. Кір басқан көңілді беті жасырмайды, қазақ бейтаныстың да бетіне қарап, кімнің кім екенін айтпай тани білген-ді. -Қоғамда қомағайлық өршісе халық қор болады, сұм-сұрқияға оң болады, қоғамда адалдық біржола орнықса, кедей-кепшік зор болады, дінбұзардың төбесінен қорықтық құйылып қоныстанар орыны тор болады, қара ниетке қара жер тар болады, байлыққа таласып былыққан елде, кедейге өмір сүру зар болады. Байқауымша қомағайлық, қуғын, сүргін, қақтығыс адамнан бұрын жаралған. Талай ел қаналып тоналған. Онысы үстемдіктің, сұм-сұрқияның басын жұтпай қоймаған, соны тарихтан біле тұрса да ашкөз тоймаған-ды. Мәселен, күнді түн, жазды қыс, сағатты күндер, күндерді айлар жұтып жатады, бәрінің де ақыры бар. Есесін алып, есі шыққан қомағайлық қозғалыс та солай. Ал, осының заңдылығын түсінбей Айды алқа ғып, Күнді қолға қондырып, әлемдік заңдылықты жұмыр жерді байлығыммен басқарамын дейтін одағайлық қомағайлықпен бітіспес бақталас екен. Екеуі де таразыда
тең тұратын, бірі көп, бір аз деуге аузым жуыспайды, керісінше кедей жарықтық құр қолын уыстайды, оған жоқтықтан, алданудан басқа туыспайды. Абайша толғап: « Ешкімге зияны жоқ өзім көрген, бір қызық ісім екен сұм жалғанда, дегенін түсінсек жөн-ау, -деді Білгіш.
- Әкесі бір, анасы басқадай, танысыңның өзі таңырқай қарайтын әдет болды ма, жалпы бүгінгі тірлік біртүрлы деп Жаңғақ ойланды. Түрлі ойымен Ойыл өткендей, айтпақшы бұл өзеннің суы да ақырзаман келгендей тандыры кеуіп тартылды.Орал тауынан бас алатын су арнасы жолтоспай ресей бөгеттерімен құрдымға кетті. Қаусаған табиғатты ойласа жақ жүні үрпиіп, ұрт еті солып, көк көзі жасаурап аққу ұшып, қаз қонар ұя салған жеріне дейтін жұпар ауалы кезеңді аңсайды. Сосын құрдасы Торқанға кездескен бойда қуанып: -Нарықтың оғы тиынға атылып, сиырға тиіп жатқаны несі? Шет елден тасылған грифорт бұқаны жек көрді ме, жергілікті сиырлардың кеңірдегі қиылып жатыр, -деді. Анау кеудесімен ырқ-ырқ күлді де: -Мылтықты оқтай білмеген қарауылға ненің іліккеніне зер салып, тоқтай білмейді. Шенділерінің кейбірі олжалаудың, ұрлаудың жолын табады. Басқадай көзіне көрінгеннің қарасын байқаса ата салады. Шалағай шатасып кейде қолын жазықсыз қанға малады, қан түбінде өзін табады, қиянаттан қағынып өліп, өрем қабады, шекарадағы он бес боздақтың қапыда өлімі жаныма батады, мылтық қайғысы тарихта жетерлік, жұмыр жер адам қанының қасіретін әзер тұр көтеріп, -деді. Жаңғақ көзіне жас іркіп жыртық аспанға қарап: -Есалаң бар-ау, дұрыс шығар ойың, алыстан меңзейсің, жорамалдық жөнін түсініп қойдым. Өмірге келетін данышпандар әкенің белінде, ананың құрсағында зұлымдықтың кесірінен жарық дүниені көрмей қалады дейтін ұлылық сөз есіме түсіп тұр. Қасірет-қайғы мейірім дүниесін тарылта береді, -деді. -Нарықта біреуді біреу қалай оп-оңай ұта алады?-деді өзгенің табыскерлігіне қызықса да, өзі бөркімен ақылдасып үйренген Бірбақ. -« Тебен беріп түйе алған, өтірік айтып шыңдалған, оны азсынсаң жұмыртқадан жүн қырқамын деп, қойы жоқ өңірде ойым көп деп толғанған Алдардың алдауыш таяғын олай, бұлай сілтеп сілеңді қатыратын қулар көп емес пе? Осы теорияны көкірегіңе қатыра ғой. Сосын тебенге алған түйелеріңді бақтырып, шұбатын күптіріп, қой бақпайтын ойыңды өзгеге саттырып, олжаға өтірігіңмен батып, байлықтың таңын аттырып шет елдік қымбат автокөлікке мініп, бай
болдым мұратыма жеттім деп жүріп, түйеңді қарақшылар ұрласа, миың істен шығып жер соғып қалмасаң жетеді. Байлықты ұстауға да айла-амалды бас керек, ұтыс біреуге ырыс боп құйылып кетеді, енді біреудің жырық ерінінен жырылып ағып кетеді. Әр нәрсенің құрауын да, сұрауын да білмеген, қайырлы бар, қайырсызы бар екенін түсінбегендер өкінумен өтеді. . . Байлық құйыны біреуге тұрақтайды, кейбіріне есесін қайғыландырып сырғақтайды. . . Ендігісін өзің түсін. «Қайырсыз мың тегеден, қайырлы бір теңге артық» деген бабалар сөзі ойыңнан кетпей қойса дұрыс болар еді. . Кейбіреуде жоталы ой бар.Шашпада бәсекелі той бар. Бақталас, бәсеке жүрген жерде, жөнсіздіктен құтылу қиын. Біле бермейді екенбіз барлықтың құнын.
- * Нарықтың жылжи-жылжи ден саулыққа қолды салғаны, әлсіздің ажалға жақын барғаны деп қаларсыз. Өйткені, ажал арашашысы деп жүрген дәрігерлер алдымен сырқатыңа емес, қалтаңдағы қаржыңа қарайтыны белгілі. Қаржысы жоқтың белін бүгілдіріп, дерт түрі бүргедей талайтын болды тірлігіңнен түңілдіріп. Сөйтіп, ар-ожданмен дертін емдейтін Мыртықтың отбасындағы әйелі қара базардан қалтасы қағылып, тірлігінен жаңылып, жүйкесі құрып келісімен күйеуінің ақша сақтайтын киімдерін тінткілеп отырып ештеңе таппай, ерін жүзбе-жүз көріп, ашуға басып: -Әй, Мыртық дәрігер болғасын ақшамен емдейтінің, сосын тұрмыс, тірлікті жөндейтінің, алдымен тамаққа тойындырамын дейтінің шын ба, өтірік пе? Әлде сиқырсып әйелдерді тегін емдеп, ден саулығын жөндеп жүрсің бе? И-и, жылмыңдаған еркектермен бірігіп кампан болып жұтқыншағыңнан арақ өткізгенге мәзсің бе?-деп жүз жылдық «соғысқа» дайындалғандай дырылдап еді. Біреу емес, мың еркектің деденесіне ауру тауып беретін долы әйелдің алдында қанаты күйген әтештей қорқылдаған Мыртық: -Халықтың қалтасы қашаннан бері тесік. Оның үстіне берген антына берік білгір дәрігермін, сосын кедейлерді қарауды маған міндеттеді. Медицинадан шала сауаттыларды байлар пысықтығын аңғарып жекешеленіп алды, ондайға қол жететін менде қолдаушы жоқ, амал нешік. . . Қазір кейбір адам арам өлуге бар, ақша беріп емделуге құлқы жоқ, -деп жік-жапар болып еді. -О-о, көк ми, Семейдің жаппай қару сынаған алаңынан шыққан сорлы-ау, нетүрлі аурудың көбейгенін тілеп, ондайдың құпия сырын мен ғана білемін деп жарнамаламайсың ба?-деп әйелі тілін өткірлеп алды да: «Бұдан былай қару-жарақты асынып есігіңнің алдында күзетемін. Кімнің не төлеп, не қойғанын тексеріп емдеу бағасын түзетіп отырамын білдің бе?-деді бүйірін таянып. Осы тұрысы жындыхана сырқатындай қимыл еді. Әйелі алдында қураған шөптей жуасып бітіп қалған Мыртық:
-Қоғамда еркіндік болар-ау, бірақ долы әйелі бар үйде еркіндік жоқ, үрей көп»-деп іштей өзінің жанын мүжіп асылып өлсем бе екен деп кіжінді. -Апыр-ай, дәрігерлер де долы әйелге ем таппаса қайтесің, оны емдетуге де қаржы шақ келмес. Долының жаныңды суытатын құшағынан да үрейленеді екенсің, ә? Енді қайтіп құтылмақсың, өліп пе? Өзіңе қатал қарап, адамды тани білмесең обалың жоқ, көн қандай да тепкіге..
- *
Кім-кімнің аузы болса да ас-адамның арқауы, көңіл күйдің тойынып шарықтауы деп ұғынады. Денсаулығын ойламаған, өзін-өзі асырау қабілетінен айырылып, « тентек суды» ішіп тентіреп кісілігін жоғалтып жүрген жүдеу алдыңда тұр. Қатып қалған шұжықты темір жол релісіне қойып кесіп жегенше асықпай, әуелі қарқылдап күліп алды. Сол шұжықты иіскеуімен-ақ қарынын қоректендіріп, қайрат, күш алып айлық жолды жеті сағатта жүріп өткендей сезінді. Жадыраған көңілі жамандықтан безінді. Өйткені, шұжықты бір тістеп күлді ғой, сол күлкі ескексіз қайықтай тербеп, ең тәтті балалық сезімдерін көкірегіне құйып бермек. Арақ төккен абыройы қайтып келмек. Кісі қалпына түсе қалса, жүдеулерді күлкімен асырап жүрмек. Әттең, әлемде күлкі базары болса, оның бағасы миллион доллар тұрса да байлар таласып алар еді. Өйткені, күлкіге жұтап қалған. Күлегіштерде бүгінде азайып ұсақталған, қорадан мал кеткесін күлкіден әл кетті. Ешкім жөнсіз ыржақай күлкіден жәрдем күтпейді, біледі қулық күлкіге тежелмей тоналғанын, сұм-сұрқияға күле-күле күлкісі таусылғанды.Ауылда бір кезде ызғындай өсірген малдың байлығына семіріп ішкені алдында, ішпегені артында болған мына азамат қатқан шұжықты жеп отырып күлкісін сәл тиды да әндетті дейсің: Тарта жесең тай қалады, Қоя жесең қой қалады. Қоймай жесең көксоққыр, Қатқан шұжық қолыңда, Одан басқа нең қалады. Қораңда мал жоқ, Қотанда ескі көң қалады. Жалаңаш, жүдеу қалпыңа, Қан-сөлсіз өң қалады. Таласып, талағандардың, Аузына қарап сен қалысың Шындыққа жоқ, сөз таласың, - деп өліп жатса да, дес бермей күліп жататын әлсіздер әндетеді. Мейлі, жүдеудің сөзін кім тыңдайды. . . Сыбайлас
жемқорлар болса ауыздары дуалы, қолдары епті, сөздері майда, көкірегі толған айла, аттаған қадамынан табады пайда. Мұнай өнімдері дейсің бе, темір, терсек дейсің бе, пайдалы қазбаны талғамай жеп тасталық деп іштей толқиды. Шықшытын бүлкілдетіп олжалы тұсты қаузайды. Кедей қызығына қарап, оған байлық күйсе, бізге піскен деседі. Тірлік дауыл жел, әлсіз қаңбақ желмен көшеді. Кейбіріне қатқан шұжық жолаушылардан топ етіп жерге түседі. Бомба емес, шұжық жеңдер, байдың асын көріп аузыңның суы құрымасын, темір жол бойынан жедім деңдер де қарқылдап рахаттана күліңдер. Ой, дүние-ай, кедейліктің ақ жарма күлкісіне тең келетін өмірде не бар екен, сірә. . .Өткеніне, не бүгініне есеп беріп есін түзеуге арақ ішкіштігі ерік берер ме? Өмірінде кісімін деп те айта алмас-ау.Обал-ай. * Ақмоланың қанбазарында ана жылы күпісінің белін буған, түлкі құлақшынды, жақ еті солған, екі сойдақ тісі ракета тұмсығындай сорайған, екі ұзын қолы тізесіне жеткен қария жар салып: -Тірлігіме төреші таба алмай жүрмін. Шындыққа жақындап едім, ақихаты алыс кетті, қыйындықты кешіп жүргесін көкірегімді намысты етті, бұл қалай? Белгілібір төрелігін кім айтар екен ?-деп жағын жаппай қақсай береді. Аяғының кілтипаны бар ма ақсай береді. Осы ерсі қылықты қызықтаған саудагер үш-төрт қыз шиқылдап күліп сөмкелерінен бір жартыны суырып алып « әпенденің ден саулығы үшін ішіп жіберелік!?» -деді де темекілерін тұтатты. Қария олардың сойқан қылығана нали қарап бұзылғанға тазартатын құзырдан төреші қайдасыңдар? деп күбірледі. Ілездің арасында анадай жерде тұрған төрт-бес жігіт қарияны қоршап алып:-Ажал аңсап тұрсаңыз біз төреші боламыз, жаныңызды қинамай, қорламай бірден жұмақтан шығара аламыз, -деп қыздарды қуаттап ерсі күліп тұрды. Жабайы, ерсіліктің желі кеуделерінде есіп тұрды. Өздері ағылшынша ма, қытайша ма, орысша ма, сөздерді көсілтіп мәз боп күліседі. Қарттың көкірегін бұрынғыдан да жаман қара мысық тырнап жатқандай сезінді де бұлардан безінгісі келді. Тобырды елеусіз қалдырып көптің ішіне бойлай шапшаң жүре бастады да:- Маған адамдықты, қазақи қасиетті түсінетін, ұлттық кісілік неден бастау алатынын айғақтап нақты анықтап беретін білгір керек. Егер ондай адам табылса алтыннан сарай салдырып, бүкіл байлықты адамдық қасиетті жолға бағыштап, шырайлы шындыққа айырбастап береміз. Кәне, төрелік айтатын кім бар?-деп беталды сарнады. Сол екі ортада байлыққа ынтыққан қарақшы да, базар кезген сақалды арапшы да, безек қаққан саудагер де өздерінше шындықтың жолы былай деп, шет елден келген демократиялық опозиция шырайлы деп, жаттың тілін білген ұнайды деп қақсаса да бірінің сөзін қария құлағына ілмеді. Бұлардың көбі ажал алдында өтірік айтып жалбарынуға арналған әдептілік емес, өзге елше әдеттілік жанға қас, жат
пиғыл екенін байқады. Іштей толқып қазақтың қалың әулеті-ау нендей тәлкекке түстіңдер, ана сүтінің дәмін тал бесіктен татпадыңдар ма? Шет елдің шайтан-сапалақ беттен алып, бағытсыз, мақсатсыз үгітінің сиқырлығы болғаны ма?-деп жаны түршіккендей болды. Сөйтіп, қария қаншалық байлықты да титімдей адалдыққа айырбастап беретін шындықты таба алмай, жамандық пен жақсылықтың ара жігін нақтылап айыратын төрешісі тым азайып кеткен-ау деп сүйретіліп алқымнан алған күйінішпен базардан шығып кетті. Ұлттық қасиеттер тіл, діл, дін жағаға шыққан салындыдай, немесе жүнін жұлған тауықтай жүдеп қалмаса жарар еді, тарихтан белгілі басқыншылық алдымен бағынышты халықтың тілін жояды. Өйткені, ұлттық тілдің қуаты атом бомбасының қуатынан артықтығын біледі, деп ана жылдары өзек тілген өкінішпен көкірек күпті болған-ды. Өнеге-тәлімді адыра қалдырған бұзықтар көкке қолы жеткендей шуласқан-ды. * Тазшаның пәлендей атағы болмаса да, орынсыз шатағы жоқ. Өзімен серіктес болған қара шыбынына қарғы бау тағып жетеледі, табиғаттағы жаны бар жан, жануар, шыбын-шіркейге дейінгінің біразының тілін білетіндіктен тірлігіне өкінбейді. Бәріне де амандық тілейді. Айғырдай шыбын оны түсінеді, бірақ өсіп, өнуі құрып бара жатқанына беймаза боп күрсінеді. Базардағы азық, түлік қанша самсап тұрса да баяғыдай ұшып, қонып маңына жолай алмайды. Жақындаса тыраң етіп өліп қалады. «Осындай улы тамақтарды жейтін адам қандай мықты, денелері болаттан жаралған ба?» деп шыбын жұртқа жариялап жеткізер дейсің бе? Сөйтіп, ой үстінде келе жатқанда Тазшаның алдынан фуражкасының күн қағары қылыштай жалтылдаған милиция кезіге кетті. Бұрыннан таныстығы, әңгіме айтып, әзіл қағыстығы болғасын екеуі аман-саулық сұрасып тұрды да анадай жердегі сарайдың көлеңкесінде өлі тышқанмен ойнап жатқан тарғыл мысыққа қарасты. Сосын Тазша ойын түртпектеп: -Мысықтың да тапқырлығы мықты, ә? Әне, күштілігін көрсетуін көрдің бе? Міркенін тышқан аулауға қалай үйретеді. Адам ұрпағына жақсылықты, алғырлықты осылай үйретсе. . . сонда ұлтын түсінбейтін одағай, содырлар болмас еді. Есерлер арамызда баршылық, ә? -Сотқарлар да жетерлік. Есірткімен есіріп суқаны сүймегенді сойып тастайды. Шет елше атып кетеді, бауыздайды, әлсізді әлімжеттікпен талқандап, қауыздайды. Сөлекеттігі сол қылмыстың өршілене түсуі, біздің солқымызды бастырар емес, бой жидырмайды,-деп милиция жігіт ұйқысы қанбағандықтан көзінің астындағы күлтілдеген терісін сипады. Тазша жетпіс жыл бойы түсінде жақсылықты тауып, өңінде жоғалтып алатын партиялық саясаттың шіріктігі соншалық, кейбір адамдардың ар-ожданын радиация уынан артық уландырғанын сезіп: -«Есіртсең есектің қиы да секіреді, деген. Адам миына санасыздықтың
ұрығын егіп, ана жатырында жатқанда дене тамырына сұрқия жауыздықтың қанын құйса не жорық, -деп әлгі мысықты қуып тастап, жанынан өткен іші қабысып, қаңғып жүрген итті аяғандай болды. Қанды қырғын кеңес саясаты талайды иттей қаңғытты, өлтірді. -Қалың халыққа жақсылық жетті ме? Жоқ. О дүниеге кеткендер үреймен өмірін өткізді. Бүгінгі еркіндікте қылмыс болмауға тиісті ғой. Милиция күбірлеп: « Құлпына қарай кілті болатыны тәрізді, қоғамдық болмыста заманына қарай заң шықса, жалпы қылмыскерді аяудың қажеті жоқ. -Расында адамның бойына «қуат» боп енген, әңкі-тәңкісін шығарған ескі саясаттың зұлымдығын қайталамайтын, қалың көпті зұлым ойлыдан қорғайтын, қателікті кешірмейтін, одағай әдетпен ойнақтағандар есірмейтін, былайша адам ұлттық тәртіп, тәрбиеге, қатал тәртіпке бағынып, алдына жығылғаны жөн. Өйткені, төбелессең де түбін ойламаған жерде, ұлттық заңдылықты төбеге көтермеген елде, қамал да ішінен қирайтындай күйге түсетінін әлемдік қақтығыстардан байқап жүрміз. Сәл нәрсеге бола шаптығып шатасқандарды, шет елшіл адасқандарды, демократия осылай деп жымысқы ойын қардай жаудырып, қыз-ойнақта азғыратындарды бірден тиып тастамаса ерте ме, кеш пе, қырсығы қалың болатынын кейбіріміздің түсінгісі жоқ. Өйткені, табыс жетеді, көйлек көк, қарын тоқ, автокөлік бас-басымызда бар, сосын есіріп кетеміз-ау, деп Тазша милицияға осы ойым қалай дегендей сөзін тежеді. -Жастар арасындағы ұсақ қылмыстар шет елдің әзәзіл саясатынан екені нақты, -деп милиция жөніне кетті. Айғырдай қара шыбын Тазшаның киім, кешегіне ұшып, қонып, болмашыға алданғандай өзінше сайран салып еркін жүрді.Ауру тарататын Зика масасы емес, өзіміздің қара шыбын таза жерді біледі, кәдімгі микроб сынағыш дерсің өзін . .
- * Тазша Астана көшелерінің алаңдарында көз жауын алып тұрған түрлі гүлдерге сүйсініп өсімдіктер арасында нетүрлі жәндік өмір үшін күресіп, шыбын, шіркейлердің түрлі тартыстарын байқап аңлайтын адамдарға мақалдардың мәнін құбылтып түсіндіргісі келді. «Аузы асқа тигенде Нарық өртіне тұмсығы күйді. Нарықтың азығына тоймаған, Ұрлығын да қоймайды. «Жазда ұрлаған қыста мойындар». Зұлымда қарақшылық «ойын» бар. «Аузы ашық ыдысты ит-құс та жалайды». Бейқамдықты қолы жеткені талайды. «Кедейдің көңілі көлдей» Жүре берсін өлмей.
Тоғышарды тойға шақырып, Ойсызды ойға шақырып, Жөн таба алмай нарықта Есі шыққан жарықтық. «Оң сөз өзен тоқтатар». Нарық кешегіні жоқтатар, -деді де Тазша сұқ саусағына қарап отырып термеледі. Кейбір зәлімнің сұқ саусағы қуғын, сүргін жылдарында талайды түрмеге тоғыттыруға жеке дара куәгер болды-ау. Бүгінде де сұқ саусақ кейбіреуде қарап тұрмайды. Зәлімдікті көксеп табындырғысы келеді.Ойлыны мазалап, билікке жетер жолын тазалап, төзімі таусылып, қорғаушысына бас ұрып, аңсаған орынтағын алмай қоймайтын бар. Тірліктегі түсініксіздіктерге тілің жетпейді, сұм-сұрқияға қарғыс өтпейді. Талантсызға жұртпен бірдей өмір сүру азап, берімінің сәтін күтіп түлейді, биіктен биікті аңсап жүдейді.Өресі тарлар осылай өмпеңдейді. Нұсқағаны оқ болып атылатын, Көздегені нысанды қатыратын. Үнемі сататын, сатылатын, Сұқ саусақ «батыр» атың. Жағымпаздың сақтап салтын. Өртеп, бүлдіріп жапыратын, Алтынды судай сапыратын. Күші асқанды күштеп әкеп, У-дың дәмін таттыратын, Жын-періні басқаруда, Ерекше «батыр» атың! Байқаңыз, Бәрін де қатыратын сұқ саусақ. Саусағыңды шошайтпа? деп, Бабаларымыз кеткен қақсап Баба сөзін түсінбегеннен, Тірлігім жүр ақсап.. * Бұрынғы Одақтық «Союзназмашаппарат» бірлестігіне бағын десе бағынатын, табын десе табынатын, жағын десе жағынатын Ақмоладағы бірлестігінің басшылары рыноктың үрейінен шошып сөйлеуге шамасы келмей жағын таянып қатып қалған. Бастығы жұмсақ орындығынан аулақ тұрып орынбасарына сұқ саусағымен үстелінің жанындағы қағаз қапшықты нұсқады. Өзі сөйлеуге кесірлікпен кеңескендей қорқады. Оны орынбасары Мәртік түсінеді, түсінсе де зығыры қайнап, бір жаман күлкі толық бетінде ойнап шыр еткен телефон тұтқасын ұстады. Бастық сұқ саусағын шошайтқан күйі өңі құп-қу болып шығып кетті. Алдау, арбауды
ұғып кетті. Біледі Мәскеудегі басшылары телефонда: « Саспаңдар, бейнеттен, жоқ-жұпынылықтан қашпаңдар, бізден шикізат сұрап ауыздарыңды ашпаңдар, қазақстанның өндірісі боламыз деп жаңсақ қадам баспаңдар!» деп телфондағы дүрілдек дауысты сайрап жатыр. Уәдені үйіп-төгіп бергелі, анау-мынау емес жел сөздің гулегені қағаз қапшықты толтыруға қалды. Бұрынғы күнім күн екен, шикізаттар мол боп тұрғанда зауыт жұмысы гүрлеп табысымыз көп еді. Қазіргі жаны ашығандай сөзі бізден қол үзіп жекешелініп кетсеңдер мәңгі-бақый құрисыңдар деп үрейлендіреді. Онсызда жәдігөйлікпен меңдеткен қисынсыз сөз омыраулаған қиындықтан құтқарар ма? Станоктар тоқтай бастады. Байғұс жұмысшылар жер шұқып қалды. Ұзағынан ұзақ көкке тұзақ болардай Мәскеу уәдесі ауада қалқып жүріп, қағаз қапшыққа жасырынады. Шарттасқан Қарағандыдағы металлургия комбинаты жоспарлы беретін металдың жетпіс пайызын, Шымкентіктер бұрынғы заман жоқ, деп 130 тонна пластмассадан үміт үздіріп бүгінде: «Қақсап, зарлап тіленбеңдер, өз күндеріңді өздерің көріңдер»-деп шарт кетулі. Жұрт жүдеу, жел сөз қағаз қапшықты толтырып жатыр. Жұмыссыз күңіренгендер «түні бойы өткен кезді жоқтапты да жылапты, таң атқан соң «өлген кім?» деп сұрапты дегеннің кебін киді. Цехтардағы станоктар тоқтай бастады, жұмысшылардың маңдайы тасқа тиіп, қырсықтың таз кепешін киді. Уәдешілердің айтар сөздерінің түрі сұқ саусағын шошайтып ауызды аймандай етуден талай өндіріс орындары рынок басталғанда талантаражға түсіп тынды. Неткен қиқулаған жел сөз еді, оны да ұмытар ма екенбіз? Осы кезде ойының желі бар, еркіндік деген теңі бар айтқыш жігіт күлімсіреп: « Саспа, құрғақ сөзден де үлкен зауыт тұрғызамыз, әлемнің бетін бізге бұрғызамыз, суайттардың пікірін жылы жауып қоямыз, төбеміз көкке жетіп, жақсылыққа тоямыз, -деп зіл-кегі тарқап әлдеқандай күшпен сілкінгендей болды.
- * Қай кезеңде де жолы болмаған адам жортақтап, әрнәрсеге қалтақтап, ақылдан адаса бастағандай болса тортаңдап, әртүрлі айтаққа еріп, өзін ғана жөн білетіндей көріп, қайдан шыққанын ұмытып, тасты жарып шыққандай тілін безеп сайрап кетеді. Осы орайда Қазақстанның дипломатиялық қызметіне еңбегі сіңген, профессоры Сайлау Батырашұлы біреу ақылды тауып айтады, кейбірі қауіп айтады деді де: « Кеңес үкіметінің басқыншылық идиологиясын түнде түсінен, күндіз есінен шығарғысы келмеген кейбіреу «Қазақстандық ұлт» деген уағызды да айтып қалды. Онысы әлемдік ірі держава болып тұрған кезде төл құжатты бүкіл халық ұлттығын ұмытып, кеңес халқы» демекші болғанына шақ қалса, бұрынғы Президент кеңесшісі болған Е. Ертісбаев төл құжатымыздың жаңа нұсқасында ұлты көрсетілмесін деп жанықты. Мұндай қателік кешірімсіз ұлтсыздандыруға
бағытталған, ешуақытта жақсылыққа жеткізбейтін қаскөйлік әрекет еді. Қалың халыққа идеясының жұғымсыздығымен танылып, қауіпті пікіріне, сөзіне ешкім иланбаған сол Е. Ертісбаев Грузияға елшілік жұмысқа кетті. Жаңа қызыметте ісі сәтті болсын, бұрынғы қателігін қайталамай, екі елдің тілегі ортақтығына қызмет етсін. Саясат байқап сөйлегенді, шынайы халықтық пікірді қажет етеді. Қазақта: «Байқамасаң батпаққа батасың, о дүниеге барып шыриып жатасың» деген бар. . . -Е, кейде бұлқынып шығып, жұлқынып шығып, өзі емес, өзгенің сойылын соғатындарды, қайдан келген өзі, зәрдей суық екен сөзі, бетперде тұрма қалқалап, ой-пікірі адасқанды кім мақтамақ, -деп жұғымсыздың есімін де атағысы келмей бұрылып кете беретін ақылдыларымыз жетерлік. Біртұтас мемлекетімізге жөнсіз бөле-жарып айтатын пыш-пыш жараспайды. Қалың көпке тіке қарағанға ештеңе тең келмес. Өзгеге ақылды атанамын деп теріс мінез кқрсетіп ақымақ болудан сақтасын, деп тілек тілегенге не жетсін. Осы орайда орыс ойшылдарының бірі В. О. Ключевский : «Былғанған бетті басқаның жеңімен сүртіп ақтай алмайсың» депті. Сол сықылды өнеге ерлігін білмейтіндер мақсатсыз күндер кешіп әбден былығады. Даң-дақпыртпен белгісіздікке кетеді. *
Астананың көше тазалығында жүрген Қымыр жұмысынан ләззат алса да, өмірдегі түсініксіз құбылыстардың көкіректі бастырмалатып, кейде жаншып кететіндей болатыны неліктен деп өз-өзіне сұрақ қояды. Онысы ұятсыздық пен арсыздық тірлікті билеп кете ме деп сескенуі ме екен? Өйткені, жан-жағында керең үнсіздік бар сықылды. Ақпараттарда көлеңкелі қазына қаржысына «аяқ» бітіп, тіпті қанат қағатын сиқырлы күшпен екі жүз миллиард доллар Дубай жаққа зытып отырыпты деседі. Бай ел болғасын, тіршілігіміз шалқып тұрғасын, көлеңкелі байлыққа көз салып жанымызды жаралап қайтеміз. Онсызда ұрыларды іздей-іздей бөксебасты шаршаған жәйіміз бар. -Ұры ұрлайтын ештеңе таппаса өзін өзі тонайды, өз мүлкін ұрлап тығып қойғанда оған қолайлы -депті бір айтқыш. Сол сықылды көлеңкені қуып жүр деп кейбіреу мазақтар. Сондықтан жоғалтқанды іздеймін деп шаршама?. . Ал, Сталин бізге бөтеннің сүйемдей жерінің керегі жоқ десе, бүгінде кейбіреу басқаның мұңында шаруасы жоқ жекешеге иеленген жерін ұрлатып жүр, шет көзге бұйырмасын де? Жылмаңдаған қалталы қулар қағып кетсе біттім де сорлап. * Автобус аялдамасындағы қоқыс салатын қалбырды тазалап алып жатқан
Тымыр төсіне итін қысып тұрған әйелге жақтырмай қарап еді. Тымырға күле қараған Қымыр: «Бала өсіруді ұмытқан, төсін сәби тартып ләззат ала алмаған кейбір әйел итке құштарланбай қайтеді, өмірінің аяғында итімен екеуі жалғыздық зарын шегіп ауыр тірлік кешеді. Оған несіне таңырқайсың, өз обалы өзіне, -деп еді. Тымыр қарап тұрмай: « Күйеуі болса ит иісі сіңіп қалған әйелінің қасына қалай жатады жиркенбей, -деді. -Пендені жын айналдырғанда небір бұлан-талан жұғымсыздықты жаны қалап жүрегінен орын береді. Бәлкім, итті аймалап тұрған әйелдің жүрегінде еркекке орын жоқ шығар. -Аналық қасиетінен айырылып, Алла сақтасын. .Абай айтқан: « Әрліберлі шабасың, жалғыздықтан жаман жоқ..» десе қу бас атану қасіреттің қалыңы шығар. * -Адамдық, ең бастысы аналық борышын ақтамағандықты сынап тұрсың-ау, -деді Тымыр ойланбайтынды ойға шақырудың бос әлек екенін іштей сезіп. -Сын дегеніңнен шығады, халқымыздың тоқсан пайызы медициналық қызметке көңілі толмайды екен. Ойларынша қызметі кәдімгі шет елше болмайды екен. Ал байлар болса жеке басын ардақтап, шет ел дәрігерлерін мадақтап, әлемдегі мықтыларды адақтап, басының «сақинасы» ұстаса да шет елге барғыштап, жылына екі жүз миллион доллор қаржыны өзге елге бұйыртып төгіп тастайды екен. Біздің дәрігерлеріміз алғырлығын, беделін бекітіп алмағасын, жаңалықтарын болжау қиын. Солай болса да әр сырқат емделуіне кемінде қалтасынан жеті мың теңге шығындайды. Бәлкім кедейдің аз ақшасына дәрігердің кейбірі атүсті қарайма, адам өлімі артып жатады. Жүрдім-бардым жүрген жерде осындай шатақ,ынтасызда не мән бар. Дәрігердің шектен тыс ақшаға құмарлығы жақсылық жолын тұрады матап. . . деп Қымыр медицина саласындағы ұлы тұлғалардың бірінің өмір жолын зе рделеді. -Бәрі түсінікті, тарихын оқитын дәрігерің болса, -деп Тымыр күңгірт үмітін көлденең тартты. . . «Ден саулық саласында елу үш корупциялық қылмыстың беті ашылса таңқалмайсың ба? Ана жылы финанстық полиция анықтаған 39 корупциялық қылмыстың қара тізімінде МВД, ауыл министрлігі, кеден және бар. Апыр-ау, адамның өмір, тірлігі ақшаның саудасына айналғаны ма? Кісіліктің құнын түсіретін қасиетсіздікке қарғыс өтпей ме, шынымен ?! Өнегеден безіп, кісілікті тонаушылық құныққандық. Қымыр маңдай терін сипап тастап, көңіл бұлтын сейілтіп: « Дөңгелектің шегі жоқ, доллардың теңі жоқ, желкесінен қысатын қолымыздың ебі жоқ, теңгенің амандығын тілейтін ниетім түзу. Ертеде базарда екі тауық бәсекелесіп отырыпты. Бірі қоқиып: «менің он жұмыртқам бір рубль, сенің он жұмыртқаң тоқсан тиын, деп кекетсе, екіншісі: « он тиын үшін артымды жыртатын жағдайым жоқ, деп қайырып тастапты. Сол айтқандай доллар шырқады екен деп теңге
құнын төмендете қоймас...Мәлімдіктерді де мәлімсіз жағы кездеспей тұрмас. *
Қасиет дегеннен шығады, біз кісілігімізді Хрущев заманында саясат құйынынан іздедік. Он жылдықты бітірісімен «комсомолдық жолдамамен» таулы, тасты, сортаң жерлерді игеруге қатысып, егін түгелі қылтанақ шөп шықпай арамтердің қызығын көріп, ерлік еңбегімізге «Мақтаншақ» деген орденді омырауымызға тағып, комсомолдың әр жылдардағы жүз түрлі значогын шаң жуытпай сақтап, жан сезімнің жастықтағы айқын көрінісін ұрпаққа дәріптеп мақтап отырғанға не жетсін. Бұған таң қалмай-ақ қойыңыз, өзімді-өзім танудың құжаттары, кісілігіміздің тіл жетпейтін сыры, значоктарды омырауыма толтырып таққанда айтқыш достардың «Мақтаншақ» орденің құтты болсын деген қалжың сыны. Әжуа, қалжың, сын-пікір, үмітіңді кеспейді, торығудан сақтап, жаныңа медеу болатынын сол уақытта түсінген екенбіз-ау. . . Түсінбегеніміз қасқырдың миының кейбір ерекшеліктері адамға ұқсап кететінін білмегенімізге аздап өкінгенде шығармыз. Өйткені, үлкендер жалмауыздарды қасқыр ғой, деп түңіліс білдіріп жататын-ды. -Бүгінде де кейбіреу орынтағын қадірлеп кішік болуды ұмытып барады. Басынан сөз асырмайды, шамшыл,-деп Қымыр: «Әділмін десең-айғайлама». Өзінің кім екенін білмейтін, Қатесін айтқанды сүймейтін. Әділмін деп айқайға басатын, Әлсізге ызғарын шашатын, Осындай кейбір бастық бар, Жөнсізін жөн деп масыққан. * Көше қоқысын тазалау шаруасында соншалық еңбек сіңіріп жүрген Қымыр күлімсіреп Тымырға амандасты. Үйреніскен қалжыңы ма, шындығы ма бірдеме айтқысы келгенін байқаған Тымыр: -Иегің қышып тұр ма? Сөзіңді мүлт жібермей тыңдауға дайынмын. -Жаратқанның жақсылығын айтамын-ау.Тұңғыш Президентіміздің күнін мерекелеген бойда Қазақ елінің болшағының тілеуін тілегендей, ақ қардай таза болсын дегендей даламызды ақ қар көміп салды. Жақсы ырым ғой. . . -Оның дұрыс, бірақ Алланың көзі түзулігін білмейтін әумесерлер бар. Жын-шайтанның жетегіне еріп, дінбұзарлардың зұлымдығына еркін алдырып бес жылда жүз қырық сегіз азамат лаңкестікке қатысты делінсе, әр жерде жарылыс жасамақшы болған қырық азамат істі болыпты. Құранда: « Құдай
әділ адамдарды сүйеді, ал залымдарды сүймейді» дегенін қаперіне де алмайтындар ұлтымыздың ақ қардай тазалықты ғана аңсайтынын түсінсе ғой. Зұлымның бар ойлайтыны жамандық жолдан бақыт табамын деу ме? Ата, анасының сенің табаныңа қадалған маңдайыма қадалсын деп мәпелегенін , ананың ақ сүтін, әкенің мойнына мінгізіп өсірген еңбегін қадірлемейтін жастар шет елдің сұрқия саясатына еліге бастағанына аяушылық болмаса екен. Екі жылда жарты миллион шарана жойылғаны не масқара? Кісі қанын жүктеген без бүйрек қыз, келіншектер қалайша арамызда тірі жүр. Сталин заманында түсік тастағанды да, оған көмек көрсеткен медицина қызметкерін де 25 жылға соттағаны тарихтан белгілі.Қысқа сөзде –нұсқа бар, ит төлеуі бір күшік деуші еді ел айтқышы. -Жұқарма, Қымыр, тәртіп, тәрбиеден лағып жүрген көргенсіздерге де бір зауал болар. Ұлтымызға ақ қардай таза азаматтық қоғам келер. Бұзықтардың бетіне қарағанда-ақ біле қоятын, оны кешірмейтін ұрпақ жетіліп келеді, -деп Қымыр көшедегі қоқыс толы ыдыстарды қол арбасына жүктеп жатты. Ақ қар жамылған жердің ауасы жүректерді тазалап сергітіп жатты. . . Осы кезде аялдама орындығында жұпыны киімді, сирек мұртты, қыли көз адам өзімен-өзі жынды адамша өлеңдетеді. Жатырқап жүрмін өзімді де, жатты да, Шаңына да ілесе алмай қалдым аттыға? Көкірек қысқан шерімнен өлер болдым-ау, Барымды үптеп, сұрқия кетті сатты да. Кедейлік деген кеңшілік дейді біреулер, Ащының дәмін сол шіркіндер татты ма? Маңдайға жазған тағдырым сонша қатты ма? Өкінішім көп, жадырап таң атты ма? Жатырқап жүрмін, сұрқайлардың түсінен, Көкірек жара ойлаймын да күрсінем. Кекшіл ұл жүр кердең қағып қорықсыз, Теңін таппай жұмыр жердің үстінен. -Е, бұл қалай?-деп Қымыр жанына жақындап еді. -Бұл өмірде әркімнің өз қуанышы, өз қайғысы бар, ақша басқарған тұста басқаның шаруасы қанша?-деп сәл қабағын түйіп орнынан тұрып анадай жердегі ұлпа ақ қарды уыстап алып маңдайына басты. Пенделік нысапты қар астынан іздей ме, қайтеді? Кім білсін. . . жұмбақ тірлік баршылық. Ана жылдары қалың елдің аштықтан қырылған қайғысы да өткен ғасырмен бірге белгісіздікке сіңіп тынғандай көрінеді...Абайша: « Құр қарайсың аспанға» дегеніндей жазықсыз өлгендердің елесі ғасырдан ғасырлар өтсе де өшпес, сірә? Тарих шындығы мойындатпай қоймайды.
- * Өзін танитын, өзін білетін, шынайылығын шуақтай шашып жүретін адам шын мәнінде бақытсыз ба? Өйткені, ол үкіметті, саясатты ғана білуі керек пе? Пендешілік құпия сұрақтарға жауап таба алмайсың, Кеңес үкіметі діннен неге бездірді, халықты ессіз етіп басқарудың жеңілдігі үшін, арақ теңізіне тоғыту арқылы тәртіптеуді мақсат етті. Торғайда бір шопанымыз үйге мейман келіп, дастархан жайлып асқа ден қойған кезде әйеліне күлімсірей қарап: -Әңгімені шайға шақыр?-дегенде зайыбы сандықтан бір жартылықты суырып алушы еді,-деді Қымыр:-Бұл араққа қалай әңгіме деп ат қойдың?- дегенде жұмсақ үнімен:-Бұл сөйлетеді ғой, біз елсіз, күнсіз сөз сағынып отырамыз, сосын әңгіме демей қайтейін, әйелім бәрін түсінеді. Өзіміз ішпесекте сандыққа салып әспеттеп қоятын жартылық қой,-деген сөзі мейманды сағыну, адамнан жылылық күтуден туады екен. Жақсылық қалың елге неге жетпейді деп толғанасың. Айтарым ойымды ұнат, ұнат па, бәрібір ышқына толқығанда атамнан қалған сөзге жүгінем. Оны өзіңде білесің, Тымыр. «Көрнекті іс көмілмейді». Бірлігі мықты жеңілмейді. Ит, мысыққа телінбейді. Өзгенің қаскөй жамандығы, Маған жақсы боп көрінбейді. Нағыз аруақты ерлер ғана, Өзім демейді, елім дейді. Домбыра көне аспап деген сатқынға, Жұбанов ерлікпен берілмеді. Ұлтты сақтаудың бір жолы, Өнері деген сезімде еді,-деген Қымыр сөзі қанды қырғын соғыста да ерлер домбырасымен елінің даңқын аспандатқанын,түрмеде де қара домбыра шанағы қазақпын деп күй төккендігін есіме алдырды. Әкелеріміз бірбіріне ұқсап ұлтым деді, аналарымыз елім, жерім деді, оған іштен шыққан перзентім ие болады деді. Ақылдыны қалыптастырды, ақылсызын шеттетті. Сүтке тиген күшіктей етіп, суық қарусыз-ақ ащы сөзбен тәрбиеледі. Жасынан жамандықтан тиды,бойына бала біткен ананың ақыл,есін,мінез құлқын сақтады. «Келіні жаман ене атануым тірі өлім»деген Жамиға замандастарының сөзі қайда? Қоғам азсын,озсын онда шаруасы болмай,әркім азғындаудан сақтана білді. Біреудің жамандығын қабақпен ұқтырды,біреудің жақсылығын жүзіндегі жылы шыраймен ұрпағына қабылдата білді. Соның құдіреті тілім екен-ау, талай апаттан ұлтымды аман сақтаған тілім екен-ау. Ерлігімді, елдігімді әлем халқы мақтаған, тілім екен-
ау, дұшпанымды да даттатқан, қарусыздандырып босағасын аттатқан. Дос сүйсініп өнерлі ел деп жақтаған. Ұлттық ұлылықтарымды ұқпайтындарға ұққызып талай шаршы топта мақтанам.Абай сөзі есімде: « Қай қызығы тарайды қу өмірдің, татуды араз, жақынды жат қыларға, дегенін ұмытпаспын.
- * Бір сәт кешегі заманның қаракүңгірт оқиғасы елестеп кетті.Қора-қопсының күйтің шаруасын тындырып ағаш көлеңкесінде отырған Қаршығаның жанынан өткен екі мастың бірі: «Өлгенде сом денемді арақпен жу, Тимесін пәк денеме бір тамшы су. Қабірімнің басына бір жарты қой, Кіріп кетіп жүрмесін періште қу,-деп бір ақын жырлапты.Соны естіген Қаршыға ызаға булығып тұра ұмтылды, аналар зулап қашады. «Өй, ненің жаманын білмейтін,оттаған немелер,қарғыс атқыр,-деп күбірлеп іштей иманын үйіреді.Арақ жөнінде мадақтап бет алды лағудан құр еместігімізге бір ақынның: «Хат жаздым,қалам алып Тұрсынбайға, Осындайда бөтелкі бір сынбай ма? Жартылықты екеуіміз бөліп ішсек, Алматылық ақының құлшынбай ма?-дегеніне де мәз болдық. Қасірет, қайғыны қабындатқан науқас қоғамда, құпия қырғын алдында: «жақсы ас қалғанша, жаман құрсақ жарылсын» деген ақымақтықтың залалы қанша ғасырға кететінін біліппіз бе? Тым қатал тағдырға өкпелей алмай түрмеге түскенде өкіндік,өлгенге қайғырдық. Жыладық. Себебіне көз жеткізуге мән бермедік. Арақ дерті асқындырып ұлттық кесел болатынын қалайша күтпедік. Топастығымызды момындыққа жорыдық, ішіп алуды тынығып,тыныстауға баладық. Мастықпен қылмыс жасап адамды адам өлтіреді дегенді естіп,біліп күдіктенбедік. Тың игеру кезінде мастықпен қылмыс жасаған тыңгерлерді ақтап, заң қорғап қолпаштап жатты. Оны кейбір қазақ ерлік деп түсінетінді шығарды. Қылмыс жасаса мас едім деп тыңгерлерше ақталуға әрекет етті. -Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді, саясат оңды, солды күштейді, халық сынақ алаңы, көсем ойына келгенін істейді. «Социалистік бақытты өмір-даусыз жақсы іс» деген Сталин сөзіне ұйыған ел тырп етпеді. Айтқыштар аштан өлсекте көштен қалмай, о дүниеден мол бақытқа кенелеміз деп жатты. Бүгінде арақ билігі шектен шығып, есірткі обадай опырып барады, күресу еппен бағыт алады, талай жаралы жүрек, қан түкіріп, қайғы жұтулы, лаж жоқ, дауа таптырар емес,-деп Қымыр шынын шымырлатып қоқыс тиеген автокөлігінің кабинасына жармасты. «Бұл тірлікте өмір менен
ажал арбасты, ненің жақсы, ненің жаманын түсіне алмайтындар алжасты, күрсінген көкірек, ашыған ми нені бүгін ойласты. Сезім деген жүйрік-ау, жақсылыққа жетпей қоймасты деу қайда? Абай айтқан: « Дауасыз бір пәлеге міне қалдың» деп. Пәле ажал, арақ, есірткі талайдың шаңырағын ортасына түсіріп, талайды қыршынынан қиды.». Көтерілген желдей әр шаңырақта адамның өзі тілеп алатын ажал ызыңдап тұрды. Онсызда үрейден шошынатын мұңды көздер әркімге жалтақтай қарайды. Ұлттық рухы қайда, арақпен жұтылып, ештеңеден хабары болмады. Мастықпен өлген шығармын деп дөңбекшиді...
- * Қымырдың әділ сөзі алдырғанымыз, алданып болдырғанымыз,әлі де үлгеріп жатпағанымыз,еркіндіктің уыз дәмін бал-шекердей татсақта, артқа қалбақтап қарайтынымыз,өзгені өзімізден артық санайтынымыз, халықтың мұң-шерінен қорытынды шығарып ұрпақты сақтандырып,арақ ішпейтін,түрмеге түспейтін ел деп мақтандырып,қысқа тіл болса да (қазақ тілі жалғыз Мұқтар Шақановқа керек пе?) алдын ала айтпайтынымызға, құлағы салбырап тыңдайтын,бірақ мойыны жар бермейтіндерге өкініш байқалады. Бірталай қайғылы оқиғалар, көбіміздің жәбірленген жанымыз,қоғамда басы артық болғандай шерімізді айтсам, біреу түсінер,біреулері түсінбес, ерік өздерінде. Мақсатым заман зарының себебіне үңілу болғасын жан түршігерлік бір оқиғаға айтар сөзім жетпей ұзақ жыл бойы есімде жүретін-ді. Өткен ғасырда күнделігіме «Бөгеннің босауы» деп тақырыпта қойыппын. Арақ сиқырына алданып ажал тапқан бақытсыз сұлу, бала сүйіп бала қызығын көрмей, толқынды қара шашың,аққұба жүзің, қатарыңнан асқан өнеріңді сүйемін деген байымен бірге жасасып тірліктің, жақсылық, жамандығына ортақтаспай, аналық мейірін шаша алмай, өмірде еркін қадам баса алмай, ажалынан бұрын, сүйіп қосылған күйеуінің қолынан өлді. Қандай түлен түртті,қандай шайтан азғырды.Алланың шайтанынан адамның шайтаны мықты, дегенді қалай түсінбей қалды. Араққа да ібіліс азғыратынын ол кезде кім болжапты? Аяғыңның астында жер бар, төбеңе қара аспан бар, солардың киесіне табын.Үлбіреген уыз шағыңа жауапты өзің. Аяғыңды аңлап бас. Белгісіз күңгірттіліктен қорық. Қатты қуан ба, езіліп күйін бе! Сәттілік пен тәттілікке толы күніңді сақтай біл,- дейтін ақылды ашу аңғарта бере ме? Бәрінен де жарық сәуле қымбат еді ғой. Әттең...Бүгініміз, кешегіге ұқсамаса да, екі қоғам, екі мазмұн болса да, біреу бұл оқиғаны түсініп тәубасына келер, сақтанар, екіншісі құлақ асқысы келмесе, миына жетпесе еркі өзінде. Мақсатым оқушының ойлануына мүмкіндік беру еді. Басқасы басқа экологиялық зардаптан аяқты аттағанда басың салбырап, ішкі құрылысыңның біразы жамап-жасқайтын емге көнбей жалбырап,ыстық көтеріліп беті албырап жүрген сырқаттарға
үкіметтің 2,8 пайыздық қаржы бөлгеніне щүкір де. Қасақана, ойда жоқта жабыса кететін дертке дым бермесе қайтер едің. Америкаға теңелгің келе ме, ішкі жалпы өнімінің 20 пайызын ден саулыққа бөлетін көрінеді. -Кеңес үкіметінің мұрагері Ресей Қазақ жеріне ойға келгенін істеген зардапты біліп,айталық Семей даласында 456 ядролық сынақ жүргізіп,оның радиациялық қайғысы үш жүз мың шаршы метр аумаққа тарап,рак,өкпе аурулары үш есе,асқазан рагы сегіз есе өскенін біліп Жиреновский елінің мың жылғысын ойласа да, ең болмаса Семейліктерге он жылша ден саулығына көмек демес пе? Хош, ана жылы Ресейдің «Днепр» зымыран тасығышы жерге құлап апат зардабын Қармақшы ауданы халқы жүз жыл тартады әлі. Ауру, ажалынан бұрын өлу тағы көбейеді. Оның құны,өтемі белгісіздік ізбен кете ме,әзірге неғайбілді айта тұралық...-Тапқан екенсің, Ресейдегі адамдарың аман жүрсін, басбұзарлары Петрградтағы қазақ қызын жазықсыз өлтіргеніне де беттері шімірігіп, Жиреновский әлем халқы тату болсын, кісі өлтіру орысқа ұят демес пе? Біреудің терісіне сыймай дауырығып екіжүзділікпен лепіргенін қайтеміз.Тәуелсіздік керуені сара жолға түскен, Кеңестік үстемдіктің қарасы өшкен. Радиакцияға төзген денеңнің амандығын тіле. Ұлтыңның ендігіәрі арақпен,есірткімен азбауын ойла,-деп Қымыр шүкірілігін бойына құт етіп қоқыс толы автокөлігін орнынан қоғады. Аялдама қолтығына толып бұтаға қонған торғайдай тізілетін жеке автокөліктерге жыны келеді. Жол төсеп, оны қалыпқа келтірушілер жолды кеңітудің орнына тарылтап жатқан тәрізді. Қала әкімшілігі жеке автотұрақтарды жойып жатыр, ертеңін ойламайтын, халқының тірлігіне көз жүгіртіп, көңіл қоймайтыны несі. Жұрт жүз жылғыны ойласа, бізде бүгінгімен шектеле ме? Автотұрақ, саяжайдан айырылған жекелердің жоғын жоқтайтын қайсың барсың? Шенеуніктер халықпен бірге жүріп, көзі көріп, көңіл бөліп сөйлеуден қалып барады.Қоғам дәуірлеген тұста пайда болатын дәйексіздіктің белгісі ме? Үнсіздік. Батыл жетпей ме, дауасызға сөз өтпей ме? Түбінде үнсіздіктің сұрауы қатты екен, жанымызға батты екен, деп жүрмесін. * Жақында Қымыр Исландиялық Төтенше және өкілетті елші Чаморра Сантяго өзінің тілінде салтанатты мәжілісте сөйлегеніне күлді. «Орыс, ағылшын, немесе қазақша білмейді екен деп қуанғаннан күлді.Біздегі түсінетін миы барға өнеге деп бағалады. Сол Қазақстанның омбудсман мекемесінің бастығы Болат Байқадамов орыс тіліндегі айтар сөзін жұлдызша ағызды. Тым жүйрік екен. Әне, жарайсың өз тілін білмеседе өзгеше сайрайды, сөйлемесе қайтер едің, оған нан жеп отырған лауазымы бар емес пе? Әр ел түгелі,әр үйдің аруағы бар деуші еді, арауақты сыйлау ұлтқа жарасымды
болар еді. Амал не, деп Қымыр ертеден қара кешке дейін ішегі түйілгенше күліп жүрді. Соның қызығына батып көшедегі қоқысты таситын автокөлігіне бензин құйуды ұмытып кетіп, жүргізушілерден тостағандап бензин сұрап, бұрын тиындап бағасын өсірсе, бүгінде құйындап өсіретін май құю орнына азар жетті. Тіл білмейтіндер танауын көтерсе,бензин бағасын көтеретініне ризалықпен күлді. Оныңыз азда болса жаны күйзелгендік деп түсін. Ертеде бір жеңгеміз орыс тіліне шорқақтау болса да,мені кім қылмады, әуелі управ қылды, сосын бригад қылды,одан кейін завсклад қылды,дегенде жұрт еріні жырылғанша күлген-ді. Иә, күлкінің жай-жапсарын іштерің білсін. Ақыл айтар жағдай жоқ ойлансаң өзің біл, толғансаң өзің біл,өз еркің өзіңде, ақылойың неге дағдыланса, миың ештеңеден қаймықпай тарта береді. Миың Жапоншаға құмарма, қайталып түсіндіріп береді,-деп Қымыр делебесі қозып өлеңін төгілдірді. «Айнаға қарап бойыңды түзейсің, Ақылға қарап ойыңды түзейсің». Әкімді халық іздейді, Үміті көп,үзбейді. Жолығуға келсе егер, Есіктегі күзет кіргізбейді. Халықты айна деп жүрсек, Шөлмек қой,сынды ма? Әкім жори қоймас құндыға. Қазақ төрге отырғызушы еді, Мейман болса құлды да. Халықта ақыл жетерлік, Кейбір әкім тыңдаса. Ауырлықты да ел көтеріп, Ойлары жарқын мың жаса! Қазақи тезді білерсің, Басыңнан бақ тайғанда. Биікпін деп сызданып, Жөн сөзіңді пұлдайсың. Өзімшілдер бір күні, Құламай сірә тұрмайтын Бойы да түзу, ойы да түзу Тәуелсіз елдің адамы, Бірі кетсе әкімнің, Екіншісін табады,-дегенді айтсаң да Ақмола облысының әкімі Кулагин түсіне қояр ма екен? Ұйқыдан зардап шеккен, берісі қазақ еліне, әрісі Мәскеуге белгілі себебі де, емі де табылмаған Калачи ауылының көшкені көшіп, көшпегенінің көз жасына, жан қиналысына кісілікпен қарап,
өзімдейсіңге балап, жаны ашып жағдай жасамағанына ауыл тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Лауазым дандайсыта ма, ел, жұртын ойламаса, аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ, кімге керек. Елдегі дуалы ауызды айтқыштар: « Ел үмітін ақтамайтын басшыға жалынғанша, ат құйрығын кесіп дайын тұрған көріңе жығыл» деуші еді ертеде. Бүгінгі кейбір шенеуніктер одан да сорақысына барып қалды ма, қайтты?
- -Ертеде көзіміз көріп, құлағымызбен естіп едік. Әр ауылда ақылгөй қарттар болды, олар ұлттық өнеге, тәртіп, тәрбиені ұрпақтың қанына берік сіңірді. Сөзді қысқа қайырып, ақылды бүкпей айтып, жүрек тазалығын тұрақты қалыптастырды, сыйластық тамырын беркітті,-деп Қымыр: «Сіз,біз»-деген жылы сөз, Ағайынға жарасар. Надандар ғана еліріп, Жоқ нәрсеге таласар. Саяси кәззаптарың, Бүгінін ойлап адасар. Қаптап жүрген жалғаншы, Қайсымызға қарасар. Уәде шексіз әйтеуір, Күн артынан күн асар, Тәуелсіздігім сыпайы, Имандылық мың жасар! Қымыр газет, журнал, кітап оқымаса ас батпайтын баяғыдан әдеті бар. Сол мақсатпен іздесе кейде табады,кейде таппайды. Қаладағы қырыққа тарта дүңгіршек толы басқа тілде жалаңаш әйелдің сүгіреті басылған газет, журналды көрсе махаббат оты сөнеді, тұтанбайды деп зыта жөнеледі. Әйтеуір, «Қазақстан» аялдамасындағы байланыс бөлімшесінде бірліжарым қазақша газет түседі. Әсіресе, «Айқынды» көп оқиды. Кенет сұмдық деп ойқанды. Ен байлықтың ішінде отырған Атырау музейіндегі жәдігердің қырық мыңнан астамы қоймада құлазып жатыр дейді. Бөлмелері қуықтай екен, жаңа құрылыс салуға қаржы жоқ деп жуытпайды екен. Әкім Тусин қалың байлықтың ішінде отырып ақша таппаса ұят екен. Намысқа шабар, теңіз суы тартылып, бір шойтым болмаса ойланар. -И-и,бүгінде әркімге ақша керек. Кеше кім болғанбыз,онда шаруа қанша, бүгінгіні айт, тарихты көре бергеннен майы шығар деймісің,ақшаны + ойлаған адам жақсы, жаманды ұғар деймісің, дейтіндер ертең немере, шөбересі бүгінгінің кім болғанын қажетсінбесе жаннаттағы жаны торғайдай
шырылдар ма еді. Ол жағын періште құлағына сыбырлап сақтандырмаса қажеті қанша дейді-ау. Біз ұмытшақтық тауып алған жоқпыз, бірісі жақсы ақшаны ұмытпаймыз. Ненің пайда, ненің зиянын дәйек тұтып ойлауға үш иниститут бітірсемде миым жетпейді, осы көше тазартатын ұсақ,түйек құралдарды музейге қойып, тұтас техника арқылы жұмыс жасау сағым болып көлектейді,-деп күбірледі Қымыр толғанып Абайға жүгінді: « Күн батқанша шабамын, әрлі-берлі далпылдап»-дегеніндей не бітірдік?-деген сұрақты өзімізге қоя алмаймыз. Осыған діңкең құрымай ма, өзің біл?
- * -Кеңес үкіметінде не құнсыз еді?-деді Тымыр. -Саясатынан титтейде саңылау таппайсың, бәрі Адамның игілігіне делінеді. Әділдік дейсің бе, заң дейсің бе, бәрі мінсіз, берік мақсат коммунизм игілігі. Сонда не құнсыз деп айтар едің? Құпияны білмейсің, даңқы жер жарған Одақтық қара сандықта... -Байқалғаны... -Қазақ құнсыз,төменгі сорт,адал адам құнсыз талабы мықты,оған таласа алмайсың. Державин ауданындағы туыс, туғандарымның шашы түсіп қалды,жазығы құнсыздығы,-дейді Қымыр қабағын шытып. -Неге? Жақсы болсын, жаман болсын өкімет адамы емес пе еді? -Монғолияда жүріп не білесің, осындағы мен де жақында естідім,кәзеттен оқыдым. Державин Кеңестің қаласы, сосын аямауға қақы бар.Жаңғыз төбе, Ленинск, Семей сынақ полигондарында орналасқан құрлықаралық ракетаға арналған 137 шахты мен ядролық қару сақталған қоймалар жойылған кезде шаш түгелі бас түсіп қалды. Сәбилер бас сүйегі жарылып туылды.Әне,адам құнсыз емей немене? Үшінші Королев атанған Қанатжан Әлібеков Степногрск қаласындағы зауыт тәулігіне жарты тонна антракс өндірсе КСРО-да жыл сайын 4500 тоннасы өндірілгенін айтады. Егер биологиялық қаруды қолданса одан қорғануға АҚШ апта сайын 177 миллиард доллар жоғалтатынын, бүгінде Джордж Мейсен университетінің профессоры Қанатжан айтса, адам құнсыз болмай қайтеді. Оның бәрі қазақ жерінде орналасса Кеңес үкіметіне қазақ құнсыз болмағанда қайтеді. Айтылса да кім тыңдапты, ысырма жауап деген болды. Құпияның тасасында өлгеніміз өліп, тіріміз далбақтап тарта бердік. Сонда « бас аман болсын» деп шүкіршілік еттік-ау. Тыныс тарылып, ар-намыс тапталып ит тірлік кештік пе? Далақтадық, селкіл қағып, үрейден ығып, шындықтан қашып иттендік. «Ит итке айтса, Ит құйрығына айтады». Генсек коммунизде жатып келді, Державинге ажал зауыты атын берді.
Атауы қандай қатулы еді. Жөнсіз десең артын берді. Бақытты елсің деп айтып жатты, Ақ тоқаш дәмін татып жатты. Қу тірлікте айту да бар, Айтқанынан қайту да бар. Пенденің ісі таусылмайды. Оны орындауда сату да бар. Билік әлсізді жансынбайды. Өзегіңе өрттей бату да бар Бастық көмекшіге айтады, Көмекші емекшіге айтады. Кейбір шағым заңда жоғалады. Ақыры жүйесін таба алмайды. Жатасың сорың қайнап, Екі көзің төрт болып жайнап. Үлкен хатшыға кіре алмайсың. Табаның тозды жүре алмайсың. Айтылған деп жауап қатады. Сілтеме сөздің шегі жоқ, Сонысы жанға бататын. Арыз, шағымға тығын бар, Генсектен қалған ұғым бар. Азаматтық қоғамның, Қай кезде таңы атады? Әлем бізді таныса да Капитализмнің жетіп жатыр, Миға кірмес шатағы,-дей келіп Қымыр Абайға жүгінді: « жан біткенге жалынбай...деді-ау.Осы ғасырымызда жалтақ, жалынудан сақтағай?! *
Ана жылдары біздің Астанда саяжай мен жекелердің автотұрақтары да құнсызға айналды. -Жер жетпегендей қалалық әкім қағып алып жатыр дейсің ғой. Енді жиыра-отыз жылдан кейін қала әкімінің бұл ісіне төрелік жасап, аздап нелеу болған екен деп жүрмесе. -Біз осы нелеу, яғни оғаштау болса да тарихқа қажеттікпен,кештеу пікір айтатынымыз жараспайды. Әлде уақытында айтатын ақыл,пікір құнсыз ба? Әжелеріміз бен аналарымыздың ұрпақ өсірудегі әлемде теңдесі жоқ,тәртіп тәрбиесін де Кеңес үкіметі кезінде құнсызға айналдырып жоғалтып едік.
Бүгінде қарғадай бойлы, шілдиген, ауру, сырқау ұрпаққа қарап ананың уызына жарымаған сорлы-ай, деп аяп кетесің Барды, бағалыны, мұраны бағалау қажеттігін шенеунік түсінбейді деуге аузым бармасада аздап өкінеді екенсің. Ақмола жері кең ғой, көңіл жетсе бәрі жетеді деген баба сөзі және бар. Халық он сотық тегін жерге үй саламын деп жиналып жатыр. Құмды өңірде игерілмеген жер көп,қала маңында жер жоқ, деп басшылық қиналып жатыр. «Пәле сатылып кеткен шығар»деп бейтарап ойға батады. Алданудан арылып болмағасын сөйтеді. Қыңыр, сыңар езулер жымсия күліп: -Тегін жерді зымыран құлаған жерден алмайсың ба?-дейді. Әйтеуір қолайсыз кекету бар. Өнбейтін іске өкіну қай кезде болмаған-ды.Бәрібір жұрт жер сұрап арыз жазады. Қағаздың соры, жан далбаса, осылай да, осылай бола береді депті бір айтқыш. *
-Әрине, көңіліміз көлдей, ойымыз асқар белдей, томырық мінез түгелі, түсімізді суытып жасқауды білмей жүргесін, түсінігі, түйсігі басқа,қылмыс десе жанып түсетіндер, аяқтан омақастыра құлатуға шалып түсетіндер жер түгелі, адам ұрлаудың амалын тауып жатыр. Мұндай қылмыс көзге түспейтін сағым сахнасында алқымнан алып, кейбір босағаға ойранды салып жатыр. Шет елдің қылмыстық тәжрибесін мадақтап, өнеге тұтып алып жатыр. Науқас заңымызды жайлы екен деп оқып, біліп танып жатыр. Ел менікі,жер менікі, тіл менікі, заң менікі дейтіндер азба, тасада қалып жатыр. Адам адамнан қауіптенетін келіп тұр заман ақыр.Ана сүті аузынан кетпеген балаға да сенбейтін кезең келді. Нанбайсың ба, Петропавелдік полицейлер «түнгі көбелектер» ұйымы арқылы ірі бизнецке он сегіз жасқа толмаған,оқу оқып жолы болмаған, он үш жасынан жас қыздарды азғырып, ұрлап жалға алған бөлмеге жеткізіп, сосын қорқытып ұстап қонақ үйлері мен моншалардағы қалталы «мырзалардың» сұранысына тән саудасын жүргізіп, қылмыспен айналысқанына жағаңды ұстайсың. Темірдің «Жаңажол» мұнай кәсіпшілігінде де қыздарының арын қорлаудың сыбысы шыққалы қашан. Қыз қорланды, қаржы молданды, деу неткен намыссыздық. Сол Темірде Қаршыға үнсіздікпен ауыр ойда отырып бұл күнді көргенімізге түңілдім. Түрлі жамандыққа пенде өзі кінәлі екенін білмей сорлайды,талай соқпақ артта қалды, көрген көзде жарыместілердің сүгіреті өшпес,жүректе жарақаты жазылмас. Жанымызды өнер сақтады, ұлтымыздың болашағы ұрпағын әйел сақтады, деп сөзін жұтып алады. Көкірегінде бұрқанған өкінішті түгел жария ете алмайды. Онысы тар кезеңдегі зәбірі еді. Бүгінде қаскөйлер әдептен аттап біреуге қайғы жұттырып қорлауы неліктен? Ондай азғынды қазақ үреймен сүйекке таңба деген. Лағанат айтқан. Жұртқа жүзіқара етуге тырысқан. Қызылжарда әкесі баласын қорлап өлтірген.
Неліктен. Арақтың, есірткінің мылтықсыз майданы. Ұятты жұтты, сезімді жойды. Дүкендерде арақ тұрғанда қоғам дерттен айықпайды. «Ақылынан алжасқан ақиқатты танымас» Өмір үшін өміріңді төлейсің, Бәрімізде еркіндікті аңсадық. Үстемдікте жадап, жүдейсің. Шындық қайда,отырдық-ау тамсанып. Ұлт қадірін түсінбеген сатқында, Қызын неге қорлайды екен таласып. Заңы қайда әдепсізді тиятын, Сақтамай ма ұлтымыздың ұятын. Ақылынан адасқанда ес жоқ-ау, Сатқын десең, зұлым десең сиятын, деп жаныңды жегідей жеген қасіретке, надандықтың өртіне шыдамың кетіп ойқанасың. Аруаққа сыйынып,қалың құйыннан діт қарақан басыңды арашалағың келеді. Қайтіп, толған сұрақ, шешімі қиын ба екен? Адамда жыртқыштық күш мықты болғаны ма, кейбіреудің көкірегі шайтанға толғаны ма? Беймәлім,-деді Қымыр дәрменсіз тіршілікке салқындық танытып. Тыжырына айтады. Қайтеді тірлікте опық жеуші көп. Жұмыр жерде қаны бұзылған көп. Нетүрлі зұлымдықты насихаттау көп. -Заңсыз демократияны құнсыз екен деп түсініп қалмаңыз, бірақ байқап білуің үшін екі-үш қапшық тұз жеу керек пе. Көргенсіздер,неге көңілі соқса қылмыстың масқара түрінен жиркенбей ме? Бүйте берсе тәртіп ұмытылып, қаржы мен қаруға бағынып, шыбын жаныңды сақтауға басбұзарға жалынып безініп шығарсың. Астанада да қылмыс түрі аз ба, үрейленумен сезімді тұншықтырасың. Одан да сорақысы ана жылғы Бас Прокуратураның бөлім бастығы Б.Хамитжановтың айтуынша биылғы алты айда шет елге 5394 бала асырауға берілсе, оның 4750-ін АҚШ-тың азаматтары бауырына басыпты, олардың біразы бұған дейін қылмыскер және жүйкесі ауыратындар екен. Сонда кімге сендік, қайда кеткен қасиет елдік, қара көз бүлдіршіндерімізді жат ел бақытты етеді деу төбеңдегі ақша бұлтпен сырласқандай сағым, ондайға жын да сенбейді,-деп Тымыр адалдығын Ай астынан іздегендей мұңлы үн қатты. Балаларын баға алмай сатты дегенді айтып аярсуы қандай аянышты. Азаматқа сын. Шет елге кеткен ұрпақ Абайдың: « Есіңде ме жас күнің» дегенін үш ұйықтаса түсінде де көре алмайды. Данышпан Абайды оқып, білім алмайды. Мұны ұлтқа жасалған залал деп кім түсінгісі келеді,қолымен берді, ақша ар-ұятты жеңді, дейсің. *
-Жұмыр жерде Адамның күнәсі ауырлады. Кіршіксіз көңілді кір шалды. Бұдан былай нені құрметтеуді ұмытпасақ жарар еді. Жан мен тәнге қара дақ түсті. Бұрын қыз зорлап түрмеге түскенде «пахан» о дүниеге тез аттандыратынын естіп білді ме, қылмыстың бұл түрін естімеуші едік. Енді міне, байлық жүрген жерде, шет елдің сұрықсыз саясаты ,не түрлі ойындардан ойран шығып зұлымдық түрі өршиме деп қорқасың. -Қымыр сабыр ет, бір жөні болар, ел құлақтанған мына оқғаның түрі жақсы емес-деді Тымыр. -Ей, залым не істеп жатыр, есіртсең есектің қиыда секіреді деп...Тиым қайда,заңдылықты талап етер үкіметтік ұйым қайда?-деп Атыраулық қария безектеді ме екен? Әлде, прокурор Асқар Өтебеков ел намысын қорғап,келгендердің өршілдігіне төсін бастырғысы келмеді ме,Күмісбек алаңын бұрғылаған қытайлықтар учаскінің маңына өндіріс қалдығын төге салғанын анықтап, соқырға таяқ ұстатқандай дәлелдеп қоршаған ортаға тигізген зияны үшін бес миллионнан астам теңге қаржы өндіртіпті.Көшіқон заңын менсінбей бұзған он төрт қытай азаматын сот шешімімен еліне қайтартты. Айыппұл дейміз-ау, оныңыз қылмыскердің маңдайынан сипап, арқасынан қағып айналайын екіншілей бүйтпе деп бостық көрсеткен сықылды. Киелі топырақтың уланғаны, жергілікті халықтың өмір жасын қысқартқаны, мезгілсіз ажал төндіргені, тірліктің шамшырағын сөндіргені қылмыстың ауыры емес пе? Атырауда дерттің түрі көбейгені,қыршын өлудің басты себебі уланған табиғаттан. Бұған әлсіздік таныту, болбырлық білгізу ұлттық мінезімізге жараспайды. Жеріңді, тіліңді адам екен деп сыйламаса, келген жолымен қайтып кетуі керек қой. Адамды адам басынып зілдену шам шығартады, көпті күйрететін де ақылсыз көкірек, азды гүлдентетін, еркіндікті нығайтатын адалдық. Ал, қытайлықтардың адалдыққа сығырая қарауы зәбір, көресінің көкесінің ақыры бүйте берсе ұлтының атағына таңба. Әрбір адам қателігін ұлтыма зиян емес пе деп ойлап іс атқаруы керек. Қазақта табақтас болған туысыңмен саудаласпа, жатпен саудалассаңда табақтас болма, деседі.Сондықтан келгендерге заңымыз қатал, оны үнемі бақылау қажет, жүрегіңнің әмірін тыңда, беті, жүзін көзіңмен көріп тұрып, өкініп қалма сенімсізге сеніп тұрып,-дейтін мұнайшы қариялар болмады деймісің. Үкімет, заң шығарушылар өткір тілекті ұғуы тиіс-ті. Ел арасындағы рыноктық жылылықты суытпау заңмен беркігені күн талабынан түспегені, оны ауыз жырта айтып, қайткенде де тыңдата білген жөн. Данаға да сенетін, балаға да сенетін, қазақи кіршіксіз көңілге қасқыр шапқандай кейде алаңдайды екенсің. Зұлымдықтың тентек желін байқайтын сақтық керек Жұмыр жер тентек жел құйынынан кенде емес...Ертеде ақ шайтаны бар сұғанақ әйелдің қалтасын үптеп жатқанының үстінен түскен мейман атасына: -Келініңіздің ұрлығы сойқан екен десе атасы күйіне күліп: «Қызымның қылығы одан да
сойқан, қона кетсең қойныңа еніп аузыңды бақадай аштырып шаршатады,- депті. Сол айтқандай сұғанақ ойдың зымияндығы шаршатып жүрмесін деп тіле. Неге шаршамайсың? Ұмытылмайтын сорақылық жетеді.Абай айтқан: « Кепілім меніңбір өзің, бөтен жан тесік таба алмас» десе ұлт мүддесі әркімнің жадында жүрсе, сатқынды көрсең кірерге тесік таппассың өлім күткендей жаның шошып,ұқтың ба, кәне? *
Ерейментаудың, Еркіншілік кеңшары өңірінде Ақанның құлагерінің жұлымы қырқылып, Батыраштың балтасына шабылған қанды жер бар. Оған марқұм Андрей Андревич Риммер шаруашылықты басқарған кезінде Ленинградтықтармен шарттасып Құлагерге ескерткіш орнатқан еді. Құны 50 мың долларлық мыстан құйылған сол мүсіннің ұрланғанына біраз жыл болды. Риммердің кісілігі,тарихымызға деген ерекше махаббатын былай қойғанда елдің аса құнды қазынасы құлагер мүсіні қай жердің балқыма пешіне түсіп, қандай ұятсыздың қалтасын қалыңдатты екен. Обал-сауапты білмейтін,киеден қорықпайтын адам кейпіндегі жексұрыннан түңілмеске не шара? Ең ауыры Батыраштың қарғысқа тап болғаны аздай, бүгінгілердің ұятын ұрлатып, имандылықты жиып қойғанына статья жоқ шығар. Жатқанның да қоң етін ойып алатындар жер басып жүріп ел бетіне қалай қарайды. Қиянатты қылмыстың азабын атартамын-ау деп сескенбейтіндер жетерлік дегенде Тұрбек ағамыз: «Адамнан ағат өтпей, Алладан азап жетпейді»-деген еді. Қымыр сәл толғанып қынжылған күйде өлең жолын термеледі .Қадамым толы қателік, Өзімді неге сөкпеймін. Талпынған сайын сүрініп, Биікке қолым жетпейді. Кісіден көрсең кінәні, Көсегең қайтіп көктейді. Арсыздық жеңсе ойыңды, Ақыл тоқтап күтпейді Намыссыздық денеңді, Тонаушыдай үптейді. Қарғыс алғандар Ел алдына шығып кетпейді,-деп еді. Күрегіне сүйеніп тұрған Тымыр: -Біреу байлыққа кенеледі, екіншісі күнкөріске бола арпалысып қауіп-қатерге ұрынып өледі. Қоғам ала-құла тірлікті, күллі жұртты бақытқа бөлеп,жарылқай ала ма? Ұры-қарыны тып-типыл ғып тия ала ма? Халық қате баспас еді,
олардың ізгі ойы басшыға жете бере ме? Милиция да көпке жете алмайды. Пенде күнделікті алай-түлей тірлігіне көңілі көншіп,ой қойшы деп тынады,- деді де аспаннан саулаған ақ қардың тазалығынан жақсылық дәметкендей сыңай танытты. -Жамандыққа ащы күлкіні жариялай алмаймыз, жақсылықты өзгенің бақытын сезінбейтіндер, меңіреу көңілі қылмыспен байысам дейтіндерге күле білу керек. -Сонда Қарағанды шахтасындағы 41 адам ажалынан бұрын өлмес еді, не түрлі қаскөйлікке күле білгенде дейсіз ғой. -Әрине,-деді де Қымыр: Байқамасаң бауырым,түсі суық ажал тұр, Аңғал болсаң жарылқамас жамандық. Олжа қуған оңдырмайды біліп қой. Бай жүрегін жаратады тараң ғып. «Біреу тоқтықпен соқыр, Біреу жоқтықпен соқыр». Дегенді ұқпау надандық. -Шаншу жан ауыртады. -Тымыр, онсызда халқымыздың үш пайызының жүйкесі кеселді десе, жаман ауру да жармаса кетті,-деп Қымыр:-Ұзақ жыл шаруашылықты басқарған,еліне абыройлы атанған Уайыс Қаражігітов алдымен ауылдастарының ден саулығына көңіл бөлетін. Біреу сырқаттанып дәрігерлік көмек жетпесе ой-да тышқыртатын-ды. Кеңестік тәртіпте солай. Бүгінде қаржы табудың батпағына батқан, оңай олжаға көзін сатқандық адам өмірін садақаға жеткізді ме? Шымкенттегі сексенге тарта бала тағдыры аянышты, -деп Қымыр: Жарасқан ағаш атқа,темір терлік Жылы сөзге соншалық ұйып көрдік. Қағындылар қалай-қалай сілтер екен? Айдан алқа, күннен енші бөліп бердік. Жаман ауру жұқтырған жазғандарға, Ар-намыспен көмекті үйіп бердік. Ақ халатты ойлаушы ек сүйікті етіп,
Құзғындыққа отырмыз күйіп кетіп. Тағы нені жоғалтар қайран халық Ажал-аранға жүрмейік сыйып кетіп *
-Бізде жамандықтан алдын-ала сақтануды ұмытып, кісі қызықпайтын, еліңе де, тарихқа да, тәрбиеңе де жақсылығы дарымайтын,тек билеушінің атын
дабырайтуға, минуттық жылт етіп мәз етуге жарайтын түкке тұрғысыз түсінікке таңданып, жоқтан өзгені малданатындардың теледидардан жүзін көрсем қатты ұялатыным бар,-деп Қымыр жан күйінішін бұрқ еткізіп, Кеңес үкіметінің қабырғасы қақырап, омыртқасы омырылуға таяу кездегі оқиғаның қаз-қалпын өзгертпестен баяндады. * -«Байқоңырдан» аспан әлеміне Ансара қыз ұшып кетті,-деді Тымыр Астананың біраз көшесінде жөндеу жұмысы жүргендіктен «тығын» күшейіп кешігіп келгеніне ұялып. -Ансара аспан әлемінен жер бетіндегі ұят өлшемін білгісі келеді-ау деймін,- деді Қымыр. -Үстемдік бәрібір ұятты ұмыта берер,-деді Тымыр. -Иракқа бомба жаудырды,кім қымсынды. -Израйл Ливанды бомбылады,балалар мен қарттар өлді. -Айылын да жиған жоқ. --Ұялмаған бұйырмағанды алады деп тынады тағы.Өзге елдің шекарасын бұзу заңсыздық демейді, заң күштінің ығында. И-и, шет ел өз алдына, біздің «Теңізшевройлда» экологиялық заңды бұзуы жанына майдай жағып,ұмытып кеттік дей беретін көрінеді.Осы жұмыр жерде ұятсыздарға бәйге жариялап көрсе қайтер еді. -Бас бәйгені бетсізге бермексің бе? -Онда мен де ұят тұратын бет жоқ деп бармақпын ба? -Ойланып көр,-деп Тымыр теріс айналды. Қымыр екеуі үнсіз көз қарасып төңіректі түгелдей шолып, аспандағы бұлттан ұят жауатындай үміттеніп еді. Ойға шомды: «Ұят деп жүріп жеке талауға қатыспадық. Байлық бөлісінде беттің арын бес төгіп шатыспадық. Лаңкес атанып атыспадық. Байығанмен бақ таласып бағыспадық. Біреу жөнсіз айтса да сөз таластырып қағыспадық. Ұятсыздарды басқа әлемге көшіріп, жерімізде ұятты алтынмен аптап,күміспен күптеп капитализмге секіріп мініп алдық.Ансара қызға енді қысылмай имандылыққа толы сөз жазамыз. Танкіні сіреңкі қорабы,самолетті шыбын, оқтұмсықты сіреңкі талы, бомба сотка, байлардың еңбексіз олжалаған ақшасы болса ақ көбелектей жоқ ететін әулиелердің «Байқоңыр»(жер кіндігі) аспанынан жарыса ұшқанын Ансара көзімен көріп жұмыр жерге ұят таратып, аман сақтауға қызмет етсе. Әулиелердің Жаратушы дарытқан жұмбақ тірлігі байқауымша іске қосылады. Соғысшыл тісіне кірген етті оқтұмсықпен шұқып өз қанын ақтарып отырғанын сезінбейтін заман келеді. Байқауымша Ансараға осы сапарда хабар береді. Біздің әулиелермен табысуымызды зерттейтін ғылым орталығы сөнбейтін жарық жұлдызға айналады. -Сонда ұятсызды іздеп таба алмайсың. -Арам
ойлы, кісі өлтіруді көздеп қаруға жармасуды біржолата күйретеді. Қазақтың қой үстіне бозторғай ұя салатын заманы десейші,-деп Тымыр мен Қымыр әлем кеңістігіне жұмсақ жүзбен, мол мейірмен қарады. Ақ бұлт арасынан ақ құстай Абай бейнесі әлемге дауыстап: « Буынсыз тілің, булы сөзің, әсерлі адам ұлына»-дегендей болды. Міне, ғаламат, жеті құдіреттей ғой дерсің телпегіңді көкке лақтырып. -Тымыр сенің тәуір үнің деймін. Жүзіңді көрсем Астананың сәнді құрылысына қуанғандай күлімдеймін. Бірақ қабырғаларының жұқасына тұрғын тоңып, тон жамылып қала ма, деп елеңдеймін. Әр сөзімді мүлт жібермей тыңдап (ақшаң болмаса жүре сөйлесу баршылық) көр, қатесі болса тсс.с.с деп ымдап көр. Ісіне бәтуа берсе, қаржы министрі ақша жүрген жерді торитын коррупциядан тазартпақ дегенге қуанасың. Ана жылдары зейнетақының тұлымын кесіп тылтитып, бұрымын кесіп шұнтитып дегенде еңбегі сіңгендердің жеңілдігін желге ұшырып еді. Кеңес Одағының көзі тірі қалған он азаматын жарылқай ма, о да ешкімнің есіне кірмес пе? Бірақ, бұл жұмысында кедендегі жып-жылы байланыстардың жолын кесіп, алымсақтың салымын қағып алты айда 201,4 миллиард теңге төлем түсіріп олжа салғаны жөн-ақ. Байқаусызда спирт өнімдері мен бензиннен келетін кедендік алым-салық құлдырап жатқаны нелеу екен. Әйтеуір сыбайласпаса қаржының бүйірі шығатын түрі бар,-деді Қым ыр. -Мемлекетте қаржы жеткілікті болса,он Батырды жарылқамай ма, жемқорлардың аңырая ашылған аузы бітелсе бала туатын әйелдерді жарылқамай ма,-деді Тымыр. -Тапқан екенсің май шелпекті. Шыдай тұр, бай боламын деген ойыңды құрай тұр. Буыншақтүйіншектің есебін тегістеп шеше алмассың, одан да уақыттың өлшемімен желе-жортып тартабер...
-Тымыр мұнайды ала береміз, ала береміз, түбі жоқ байлыққа тежеу болама? -Қымыр мұнай алынған сайын бекіреден айырылып сүгіретін «Қызыл кітапқа» енгізіп тынбасақ. -Су бассейінінің берекесі қашып,табиғи қалпынан ауытқып,теңіз мысықтарын жойып,оның сүгіретін де Ай әлеміндегі мұражайға қойып, сақалды сипап қалмаймыз ба?-деп Тымыр: «Дегенмен Астана құрылыстарына мұнай қаржысының себі бар шығар. Әйтеуір, көштен қалмаспыз... -Мұнай, мұнай деп өңеш жыртқанша болашақ жер қожасы бала өсірейік,қу мазарға айналған баласыз үй қабырғаңа батпай ма? Шет елдің ойын-сауығы
жастардың миын ойрандаса не шара! Ұрпақсыз қыз,жігіттер де «Қызыл кітапқа» енетін шығар.Талай кіндіккүл жиырма жылдан кейін бүкір кемпір атанып өкінетінін кім ойлап жатыр? Сайқалханада жүргендердің ғұмыры бұлыңғыр, ем қонбайтын дерттілері бар, күнәдан күнәға толы азғын тірлік... -Табыскер, мінезі жібектей жақсы еркекті қайдан табамыз?-деді « кәрі қыз» атанған Биғаш құрбысына күлкісі келгендей ойын білдіріп. -Ол үшін көріксіз, ақылсыз болуың керек. Ойлы, ажарлы, отбасында әр күні базарлы әйелге, көріксіз, әрі дөрекі еркек тап болады. Жаным деп алып, жаныңды жейді.Тірлік бірі жаман, бірі жақсымен теңдесіп шақ болады. Өйткені, үйінде теңсіздік болмаса несі қызық. Ерлі, зайыптының жоқтан өзгеге жанжалы шиіленісіп тұруы шарт. Дүниені толып тұрған кеңшілік деп ештеңеден сақтанбай ұзақ өмір сүре алмайсың. Сосын өзгенің жақсысына көз тастап, қылымсып қал. Көз махаббаты да жанға пайда. Жүрегіңді туралап ашыналыққа ниетіңді бастайсың. Теңсіздік ретін тапсаң тірлігіңнің сәні, өзгедегі жақсыны аңсаудың мәні. -Е, еркектер әйелінің осындай ішкі сырын айтқызбай түсінсе ғой.Махаббат болғасын, оның өзгеде болғасын, маңдайыңа жазылғанының растығы шығар. Ерлердің біразы аңғал келеді, кейбірі кессе қан шықпайтын сараң, дорақ, тұлабойы толған жанжал келеді. Пенде боп біреуге көз тпастасаң қызғанып қолында екі-үш метрлік қанжар жүреді. Осылар сүйемін деп өтірік күледі? Бірақ, әйелдің не ойлайтынын, ақиқатын қайдан біледі? -Неге білмейді, түсінеді. Әсіресе, ақша жоқтығын айтайын деп оқталғанда , ерің езуін жыбырлатып, мұртын қыбырлатып, ақша бермей жатыр деп алақан жаяды. «Күйкі болса да күйеуің болсын» деп кейде аяисың... -Олар бізге бала тудырып, оны бақтырып, кейюірімізді базарға тұрғызып тауар саттырып жанымызды қинайды. Сондықтан еркекті еркелетіп аямау керек. Жұлын, жүйкесін ащы сөзбен күйдіріп жанын жаралау керек. Түкке тұрмайсың деп қаралау керек. Шарасыздыққа тақап, миын шайқап, қулықтың миллион түрін құрып, небір пәлені көкірегіне құйып есін шығарсаң, бәлкім жағдайың оңғарылар. Ол үшін түрлі-түрлі кемшілігін иен, жіпке тізіп жүруің шарт...Әйтпесе, жөнсіз қорлыққа шыдамай балық торсылдағындай тарс етіп жарылып өзгеше шатақ шығар. Жалпы ердің не ойлап, не қоятынын зеректікпен байқау керек... Абай: « Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй алланы жаннан тәтті» деген ғой. Қалай ойласақта бала ерлі, зайыптының махаббатынен пайда болады. Қанымыздан жаралған балалар тұрғанда кей-кейдегі қабақ шытысуды ер де, әйел де көңіліне ауыр алмағанға не жетсін. -Ақыл, есі ауып кеткенге, ар-ұят кеткен беттен де деп қарадай күлкің келеді,-деп Қымыр біреулердің есімін атауға жиркеніш білдіріп еді. Таңғы
самалды құныға жұтып, қоқыс салатын қол арбасын жұмысқа ыңғайлаған Тымыр: -Тірлік болса талай «қызықты» көрерміз. Ақпаратта Ақтауда 85 килодай есірткіні таратпақшы болған есі кеткен зұлымды «ұран» атты қызметтік ит «АлматыМаңғышылақ» жолаушылар поезынан анықтапты. Кісі екенін ұмытқан қылмыскер итке мазақ болғанын тірі өлім десек, әлгі көлемді есірткі талай үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, қан түкірген қайғыға батырар еді. Кейбір пендені қастандықтан бас тарттырмай тұратыны шайтан иектейтіні шығар. Мұндайларға жарық дүниені көрудің өзі көп, қанішер деп есептеп тірлігінен үміт үздірсе дұрыс болар еді,-деп Тымыр еңбекқорлық әдетімен көше қоқысын қол арбаға сала бастады. -Мұндай қылмысты ұлттың болашағына жаулық деп ауыр жазалау болса екен. Абай: « Адалды сатсаң арамға, Құдай қабыл етер ме?-дегенін күллі адам баласы есіне сақтаса жан тазалығына көзіміз жетіп, мұң-шерді ұмытар едік,-деді Қымыр көзімен көріп, құлағымен естіп жататын түрлі қылмыстан түңіліп...
- * Қымыр замандастары, дүйім жұрт түңілмей қайтеді. Апыр-ау, тұрмысымыз, тірлігіміз жақсарған сайын қазаққа тән кең пейілге сызат түсіп, дархан қалпы тарылып барады. Олай емей, немене, шет елге сегіз мың бала сатылса, әлем жұртына күлкі болып, ата, бабадан қалған өнегелі, көргенді халықтың білгені қайда деп жұқарасың. Жерде жетім налысса, көкте періште қайғырады, деп жетімін жылатпай, әлпештеп өмірген ұлтымыздың адамдары не себептен бала сатты, не себептен анасы сәбиінен безді? Деген оймен қажисың. Оу, ел азаматтары қайда, шенеуніктер халыққа ұялмай-қызармай қалай қарайды. Ұяттан беттері күймей ме? Мұндай қылмыстардың құпия астарын ел болып, қалың көп болып тексеріп, кінәлі біреу емес, ондар деп анықтап жазалайтын кез келді .Адам сату қылмысы болған жерде, ауылдың, аудан, облыстың әкімшілігіндегілер ұйқысынан шошып оянатындай болмаса азаматтығы қайсы? -Абай айтқан: « Сыртың пасық, ішің-нас, артын ойлап ұялмастарға орынтақ, лауазым көп,-деді де Қымыр жақсылық пен жамандықтың ара жігі ашылып бүлк етеді. -Жөнсіз билік жүрген жерде күдік жүреді. Даңқ пендені масайратпай қоймайды, оның салқыны қасіретке жалғасады. Жауыздықтан құтылу қиындайды. Тасыну мен ашыну талайдың келешегін үзеді. Қарауындағы халқын көзінен таса етпей, жәй-күйін біліп отырса адам сату қылмысы жойлар еді,- деді де Тымыр біреуді біреу қорлап, біреуді біреу тәлкек етіп, әлді әлсізді кезі келгенде қылмысқа итеріп жататынын кең кабинет,орынтағында кеңестік тәртіп, тәрбиемен мүлгіп өз пайдасын ойлап отырғандар біле бере
ме? Өтініш аяқсыз, өкініш жетерлік... Әділдікті үрей буындырып өткен кезең сықылды. Үстемсу ескіден жалғасқан қоғам ауруы. Оған кейбір билік иесі басын ауыртқысы келмейді, бұ да бір сорлылық деп түсініңіз.
*** Қара нардың қайғысы. Күннің қызылы семіп барады, жел күшейе түскен. Ескі ауланың сықырлауық есігі ашылып-жабылып безек қағады. Қалтарыстағы түйе қорасының төбесі ортасына түскен, алау-далау, шұрық тесік, мың торғай қамаса, бір торғай тұрғысыз күйде. Бұрын онда шудалары желкілдеген түйелер сап түзеп тұрушы еді. Қазір қора маңы құлазып бүтіндей өзгеріпті. Бір көзін ақ шел қаптаған қара нардан басқа қыбыр ететін тіршілік жоқ.О да адасып, адасып кіріптарлықпен келген. Қара нар ескі қораның маңына амалсыз дамылдады. Иісі сіңген өңірді әрқилы азапты оймен есіне алды. Ол кезде бағымы мен бабына түйешісі де немқұрайды қараушы еді.Енді одан өткін қандай обырға тап болды...Найқалып маң-маң басып жүргенде нақақ құримыз, деп ойламапты-ау. Тірлігінің ақыры жететінін сезді деймісің. Кеше ғана алдындағы жантақты күртілдетіп күйсеп рахаттанып тұрғанда біреудің жеке есегі мазақтап: «Тірлікке төзер халың бітіпті., менің өмірім тамаша. Ей, түйе сорлы бойыңа сенемін деп жыл басы болудан құр қалып едің, бақытың жаралғаннан ақары жанбай қойды ма? Барлық тірліктен баз кешіп тұқымыңа күл шықты бәлем,-деп бақырған үніне шыдамады. Осал жерін оспақтаған есектің үні қара нардың көңілін оқыстан олқы түсіріп, мүжіп, тірлігінен күдер үздіріп әбден жерітіп жіберді. Беті ауған жаққа қашып бара жатып: «Есек ғұрлым қадіріміз, құнымыз болмағаны ма? Дамыл көрмей боздап жүретін нарлар қайда? Қалың түйенің бәрі қайда кетті? Түйеші үйінің көлбей ұшатын түтіні де көрінбейді.Түкке арзымас болдық па шынымен. Тағдырдың қандай ауыртпалығына да төзуші едік қой. Ақыры жарық дүниені көпсінді ме? Дағдарып тұрып әрнәрсені көкседі: -Боталарымыз мәз-майрам боп, тайлақтарым тайраңдап би билеп, інгендеріміз ән салатындай еді. Соның қызығынан ба, өлімді ескермеуші едім»,-деп қара нардың қабырғасы қайысты. Расында қара нардың өмірі де аңызға бергісіз. Ол оқиға былай болған-ды. Түйе табыны Ақмола өңірінде еркін жайылып жүргенде әлгі қара нар бір шетінде қаннен қаперсіз шөгіп жатады. Бұта-бұтаны тасалап келген көкжал атылып келіп өркешіне қарс азуды басып кеп жібереді. Үріккен нар атып тұрып ауылға тырақтай жөнеледі. Қасқыр қашайын десе, өркештен жағы ашылмай қарысып қалады. Содан қара нар көкжал бөріні арқасында салақтатып ауылға алып келеді. Түйеші нарды тоқтатып, қасқырды соғып алады.Содан қасқыр соққан қара нар атанады. Ол кезде, өткен ғасырда бір облыстың өзінде бес, алты мың түйе бо-
лушы еді. Қазір түйе түгелі, қой, ірі қара, жылқы тұқымы азайып тынды. -Ойсыл қара неғып құрып кеткен,-деп басшыға айтсаң болды мысқыл күлкімен: «Рынок, капитализм түйені қайтаді. Басқа түліктің қолда аз-кем қалғанына шүкіршілік. Өзі өспейтін жануар, қо мен шошқа сичяқты бесалты ай сайын егізден, сегізден төл өргізіп жатса нарыққа тиімді көріп бағар еді. Ал, інгендер бір ботаны ыңырана жүріп бір жылда бір көтереді. Обалы өзіне. Егізден туатын қойдың өсімі тоқтады, 1979 жылы 2 миллион 690 мың болса, ол көрсеткіш түсімізге де кірмес. Басшылықтың қалай ойлайтыны қара нарға жұмбақ. Ойсыл қара тұқымы құрып бара жатқасын: «Бізді табиғат қорғаудың қызыл кітабына енгізіңдер ең болмаса?»- деп тіл бітіп айта қалса қара нар түгелі басқаның өтінішіне құлақ асу қиын-ды. Торғайдың «Шилі» совхозында екі жүзге дейін түйе өсіріліп, түйешілер Мейрам Камалов,Смағұл Адырбаев әр түйеден он килограмға дейін жүн өндіріп, әр түйеден күніне сегіз литрге дейін шұбат дайындап, өнімді Мәскеуге дейін жөнелтіп отырған. Жүнінен косманатарға костюм тігілген. Ол-ол-ау, осы ауылдың бір түйесі фашистермен қиян-кескі соғыста Барлинге дейін қару, жарақ тасып аман барып, жеңіс тойланғаннан соң Берлиннің хайуанаттар бағында маң-маң басып немістердің көзін қызықтырып жүргенін де көргенбіз. Ал радиакция өткізбейтін түйе жүні әлемдік рынокта алтынмен пара-пар екенін біз неге білмейміз. Қара нарға тіл бітсе: «Пенде нені ұмытпай жатыр»-деп күйзелер ме еді. Республикамызда «Қызыл өзен» түйе зауыты болды. Ондағылар түйе өспейді де, өшпейді де, өзі кінәлі жылқыдай спортпен де шаруасы жоқ,дегенде аузың қышып: « Е, онда қойға жүк артып,шошқаға жер жырттыру үшін обектеп өсіріп отырсыздар мадегеніңді кім түсініпті. Сонымен мәңгіп кеткен қара нар көзі жасаурап аянышты боздады. «Нар өлерінде боздап өледі» деуші еді...Әлі тайса да теріскен, дүзген,төтелбек шөбі қалың өскен жоталарға қарайды, жалғыз өзінің ізін де құм жасыра бастапты. Қағынан жеріген құлан қаңғырып өлер, деген бар еді. Бірақ түйе тұқымы қай өңірден де жеріген жоқ еді. Момындығын қабыл көрмеді ме,қысы, жазы өрісте жайылып, өз бетімен шығынсыз өсетіні жақпады ма, қайтседе ойсыл қара тұқымына рынок дауылы оңай соққан жоқ. Кең даланың өгей жануарына айналып бара жатса да «қызыл кітапқа» қолы жетпес-ау. Қара нардың дәл қазірде ешнәрсеге көңілі шаппайды. Төңіректе жел ызыңдайды, алыста қойлы ауылдың азан-қазан шуылы да естіле бермейді. Ың-шыңсыз өңірде кенет бір-екі рет мылтық атылды. Қарғыс атқан біреу киікті атып жүр. Машина моторның дүрілі естіледі, жылқының үйірін жоқтап кісінегені жаңғырығады.Шамасы адасқан тай сияқты.Түнгі ауылдың жұпыны тіршілігі білінеді.Бірақ қара нарға дәл қазір соның ешбірінен демеу жоқ тәрізді. Есекке мазақ болған соң, тіршілікке лайқатсыздай сезініп,
шөгіп жатып мойынын қара жерге төседі.Бүйтіп зәбірленгенше өлуі керек еді, Екі-үш күннен бері төңіректеп жүрген аш қасқыр да жақын жолауға бата алмайды. Киік атқан зәлімнің бұған деген оғы да қымбат па? Әне, қасқыр. «Же қасқыр, тездетіп же?» -деп әбден тарыққан нар қасқырлар тобырына тізерлей жылжыды. «Менен ешкім зиян тартқан жоқ еді, сонда да көресіні көрдім, деп боздағандай. Малшылардың ескі жұртына, қасқыр да торымай жүрген мал су ішетін тесік астауға зармұңын шаға ма? Әне, құйынмен безілдеп сая таппай құлдилап бара жатқан қаңбақ.Қара нар соңғы рет қаңбаққа қарады да боздап өлімге ден қойды-ау деймін...
- * Нар тұлғалы даналарымыз еркіндікке жете алмай қуғын, сүргіннің қанды қасабынан зарлап о дүниеге аттанды.Ұлыларынан айырылған халық жер таянбай тұра алмады, еңсесін зіл басып жайсаң өмір сүре алмады...Байлығын алдырып, адамынан айырылғанның тізімі ұзыннан ұзақ, оны тарих беті сызып тастай алмайды. Еріксізден беталды-құладүзге қаңғып кеткендерді кінәлай алмайсың...Пешенеге жазылған қыбыр-жыбыр тірлік жалғасып жатады. Аузын жапқандары да пеш түбінде түртініп отырып бірдеме айтқысы келеді. Бірақ басы бас емес үреймен шырматылып қалған. *** Кәжік бір отырыста төрге шығып дөңкиіп, өзінің жасы үлкендігі мен іскерлікпен байыған ұлының беделіне семіріп отырды. Сосын дуалы ауыздыға ұқсап ақылды сөз айтып бөсіп жібергісі келді. Ондайда өтірікті тұздық етіп, өткен, кеткеннің куәсі жоқтығын ескеріп сөз дорбасының аузын ашты. -Баяғыда шикі жас кезімізде қырманда таспен бидай бастырғам. Өгізге мініп, ой, несін сұрайсың, кәдімгі автокөлікке балап шыриып жүруші едік. Ойнап, күлуші едік. Қазіргі трактормен салыстырғанда өгізбен атқарған жұмыс өнімді, әрі көк тиын шығын шықпаушы еді. Тойдырсаң бүлкілдеп шауып аққан жұлдыздай ағушы еді. Небір жүйрік атты алдына шығырмайтын өгіздер болады. Е, о кезде халық қарыны аш, денесі өрім-өрім киім, тұттай жалаңаш болса да көңілді, бір-біріне қайырымды еді. Қатықсыз көжеге тойынып өлеңдетеміз Өгізім менің өгізім-ай, желден жүйрік дегіздім-ай, тұнып тұрған пайда көріп, қазы, қарта жегіздің-ай деуші едік. Бір ғажабы сол кездің өгіздері құс қанатын тістейтіндей жүйрік еді. Соғыс жүріп жатыр, жеңіс керек, оны өгізде түсінетін болар. Өзім өгізбен талай ор қоянды соғып талшық еттім. Ол уақыттағы қоян да семіз еді. Май басқан денесін көтере алмай, қашуға дәрменсіз-тін. Шөп, шөңге таза, ештеңемен уланбаған кез ғой, шіркін, деп Кәжек бір тоқтады. Жан-жағына қарады жұрт үнсіз. Отырғандардың бірі желпініп делдиген танауын қорс еткізіп, Кәжекке жақтырмай қарап, намысына басып: -Е, аға баяғыда баяғыБойғожаның таяғы деп бүгінгі қояндарды арып, ашып
әбден бұзылғанға теңейсің бе? Оныңыз жөнсіз, қоян да масқара қуланды, оны самолетпен қусаңда жете алмайсың деп қағытып қойды.Енді сөйлесем тағы қандай өтірігім шығып қалады-ау деп төрдегі Кәжек көйлегінің омыраулық түймесін ағытып үйелмендей ауыр денесін қозғады. Іштей тыңдаушыға үлгіге татырлық әңгіме айту да қиын. Өзінің миына ұлттық тәртіп, тәрбие, өнегелі сөз де қонбай, партия салған сара жолдан мүлт кетпей тыраштанып еді. Ақыл қайда, түк шығара алмады, ес-жидырмаған үрейге тұншығып өмір сүргесін не айтамын деп іштей мүжіліп тебіренді... Тағдырдың тар қысымын еркіндік жояр деп сенгісі де келеді. Күйзелді өтті өмір, құл болды құдайсығандардан ықты. Өлер шағында өткенін ойлау да қандай қорлық... Қоштайдың үйі өзенге тиіп тұр, тірлігіне байланысты үйрек, қаз, тауық өсіреді. Жасы ұлғайғасын құс тірлігіне қарап аздап сергиді. Бір қызығы үй құстары да өзенге түскісі келеді, оны толқында толқып жүзіп жүрген аққулар жолатпайды, тырқыратып қуып шығады. Айқастың сыры қорадан шыққан құстардың денесі лас болса керек. Соны кешірмейтін, суды ластағысы келмейтін аққулардың тазалығына Қоштай сүйсінсе де мұңлы көзбен: -Бір дәлдірдің бір күнде бүлдіргенін, түзей алмас мың есті бір жыл кемі» дегендей совхозымыздың табысы дүрілдеп, ызғындай мал өсірген «Құмгүл» тоналды, халқы жан-жаққа босып кетті, аққу құстай жаны таза басшы табылмады,- деп бос үмітпен қынжылады. Уақыт салған жара тыртық боп бітсе де, ауылдың тағы бір күні жадырай шығып, сәулесі кеңістікке тарады. Бұрынғыдай көшелерде халық көп емес, бірер малын жайлымға айдағандар у-шусыз, кең дүниеге сыймайтындай ызғындай мал жоқ. Қол таяғына сүйенген Қоштай ертеңіне үнемі күдікпен қарайтын жаман әдет тапты.Онысы жылқысын вертолетпен көтеріп ұрлап әкеткенін көзімен көріп, жер соғып қалды. Жылпос ұрылар алдына жан салмайтын болып алды. Бұрынғы бес жүз үйлі кеңшардың жүдеген жұртында қырық, елу үйдің адамдарының күдігі ортақ еді. Оны аз дегендей Қоштайдың қалаға жұмыс іздеп кеткен ұлы, бес-алты жылын сарп етіп елге түрі шошырлық күйде оралды. Бет пішіні қыл-қыбыр, тостағандай көз әйегі қап-қара, жүріс-тұрысы өзге, кісілік келбетін анықтап болмассың. Бірде Қоштай: -Басың қайда?-деп ақырып еді. -Басым алмасқан... -Нені айтасың? -Басым бас емес. -Оны өз көзіммен көріп тұрмын, басың келіспеген екен? Көзіңе не көрінді
жын ба? Енді әкеңе тірі өліктік қайғыңды көрсетейін деп келдің бе? Абай айтқан: « Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік » десе бір сөзінде ұқпадың ба, мисыз неме? -Ажалдан қашып тығылғым келді. -Не дейсің оңбағыр...жап аузыңды! Қоштай ұлдың тірлігінің түгіне түсінбейді, өз заманында ер жігіт үйінен кетсе үйіріне қосылушы еді. Еркін өмір кешті, әлдекімдерге алданған жоқ. Дос-жарандары кісілік қалпын сақтады.Талай есерсоқ шекесіне тигесін сымға тартқан күмістей түзелді. Бүгінгі жастарды нендей тылсым күш адастырды. Көрден шыққандай үні үн емес, сөзінде татым жоқ. -Ел бетін қалай көрем, ит екенсің,тізеңе түскен сақалыңды талдап жұламын!-деп Қоштай жекіген бойда Обаған үйден атып шықты. Ендігі табан тірейтіні қараңғы қуыс болғаны ма? Өйткені, бар құпия қара ормандай ұйысқан сақалда. Нетүрлі сынақ жасалды. Тебен иненің көзіндей бейне түсіру және дыбыс жазу тетігі, оған қоса құлағының түбінде бидайдың дәніндей электромагниттік толқын жабдығы. Иекте тесік, құлақ түбі де тесік, бірін бассаң бомба болып жарыласың да кетесің. Дінбұзар үгітінде жұмаққа бірден өтесің. Бас сүйегіндегі осындай теңдессіз жаңалықпен Серияға барсаң байлықтың астында қаласың,-деп айтып жеткізе алмайтын үгітке сиқырланып сенудей сенді-ақ. Байып шығуды ойлауы мұң екен теледидарда « Ислам мемлекеті» содырлары адамдардың басын кесіп жазалап жатқанын көріп шошынып аулына қашып келіп тығылғаны еді. Оны әкесі Қоштай қайдан білсін, білмесе де сезіктенді. Ал, Обаған болса түн атасына кірпігі айқасса денесінен басы бөлініп, бөлек жатқандай шошып ояна береді. Қаншама есіне алғысы келмесе де теледидардан көрген баскесерден қашып құтыла алмайтындай ма, қалай? Басындағы түрлі толқындарды шатастырып өзін-өзі жарып сақалы өртеніп өлгісі келеді. Оған батылы бара ма, бармай ма, жақ аштырмайтын пиғыл есеңгіреткенде, қанішердің де өлуіне ерлік керек пе деген ой шырмайды...Миы да шырмаулы, манағы үйден атып шыққан күйі Терісаққан өзенінің қара тереңіне сүңгіді де кетті. Аздан соң мидағы түрлі дыбыс, электромагниттік толқындадың плюсі, минусі шатасып (замикание) бас қақ жарылып ми қара тереңнің бетіне қалқып шығып жатты...Қор болған жас өмір қыршын кетті. Жалғыз Обаған емес қой. Мисыздың көзге күйік болмағаны да дұрыс... Ақырында алаңсыз тірлік кешуді білмеген бір дінбұзардың дәмі таусылды деп Тазша сөзін қысқа қайырды...Ұры, сұм-сұрқиядан зықысы шыққан ауылдың күңгірт тірлігін ажал мазақ еткендей, кісілері де бір-біріне тіс жарып тіл қата бермейді...Салқын ой, әлсіздердің бұғына беруі көп сырды аңғартады. Өлгенін көміп үлгереді, әйтеуір...Қазықұртық Марат Мәуленов жанұясымен алтынмен апталып, күміспен күптеліп байып келеміз деп дуаланғандай Серияға кеткенін, одан басқа да үш жүз қазақстандық қаны
қызып, долларды күреп табамыз деп желіккендерін ақпараттан естідік. Қасірет шыңырауынан жандары аман қалды ма, құтырған иттей қанішер терроршылардың оғы кеудесігн тесіп қараңғы көрге салды ма, қайбір оңды дейсің, ат атандырып, сүйек сындырғандар. Есі бар адам елінен безе ме?- дей сал. * Күздің кірісі ауық-ауық суық жаңбырмен басталды. Табиғат өзгерісіне орай әркім жанын сақтауды ойлап киінеді, ішінеді. Барын базарлайды. Аздыкөпті қаржысына азық алады. Біразының қолы қысқа. Сонымен осы кезде Алтай өлкесі дейсің бе, Башқұрстан дейсің бе, әйтеуір көрші елдерден келгендер бал жәрменкесін өткізеді. Осындай бір жәрменкеде ұзыннанұзақ сауда үстеліне бал түрлерінен дәмін татып келе жатқан қарт: « сатушы қыздарым-ау, мына бал түрлерінің дәмі әлсіз, иісі жоқтығы несі?-деді. Сатушы тіл қатқанша әлгінің алдында тұрған көзілдірікті әйел: « Ара балының дәмі өндірген жерінде қалып, иісі жол бойы жоғалған шығар. Неге нені қоспай жатырмыз, бал түгелі әйелдің, ердің табиғи иісі де өзгерді ғой,-деп алдындағы жігіттің сөйлеген сайын аузынан арақ иісі бұрқырап тұрғанынан жиркенгендей болды. Осы кезде кезекте тұрғандардың тағы бірі: «Жалған дәм мен жалған иісті меншіктеп, өтірік үмітті малданып, өзімізді өзіміз алдап жүрген жоқпыз ба? Оған кімді айыптайсыз? Жалғандықты сезген сайын қуанғаннан жанымыз жай табыды,, деп сатушыға да, тұтынушыға да мысқылдап сөз тастады.Сосын дәм мен иісті жоқтап жүрген кісіге қарап: « Қазақ айтқан, жұтқан жұтамайды деп, өзімізде жоқтың өзгеде болғанына да шүкір... деді де сатып алған балына ақшасын ұсынды. Доллорға жұтылмай тұрғанда теңгеміз пұл болсын деп күбірледі...
- * Жұрттың мінез-құлқының қоғам өзгерісіне қарай түрлі-түрлі құбылып шығатынына қаныққысы келген Тазша әлемдегі қайыршылық пен қайғықасіретті жадына түсіргісі келмей, байлардың дағдарыста (крезисте) көздері жайнап, тілі сайрап, болашағын ойлап, бейқамдықты ұмытып, жұлқынатынын көріп жүр. Осы ойын жиғанша жанына Қымыр келіп: - «Қызғаншақтың іші тар, болмас онда ұят-арды білмейсің бе?- деп қалды да: « Айтпақшы, аяқ, табақ судай араласып, алыс, берісіміз үйлескен көршім кеше дауылдатқан мінез шығарды. Әйелі көрші, көлем, ағайын, туыспен араласпауға санкция жариялапты. -Дұрыс болған екен, қазаққа жетпегені осы еді. Дархан көңіл, жиналмайтын дастарханға да түрі жаман санкция келді де. Е, шашылып төгіліп жататын той,тобыр, садақаға да санкция жарияланар де,- деп Тазша бір күліп алды да: Абай айтқан: « міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың
телміріп соңына ермей»...Шет елде пиғыл тарылса бізде іліп әкететіндіктің ауырлығына төзер ме екенбіз, ай, қайдам.. .Жұрттың бәрі санкцияны сезіне бастады, ертеңіне ешкімнің көзі жетпейді, сол қиын...
- * -Тымыр білесің бе, кәрі құлақтардан тіріні өлімші ететін, өліні тірілтетін ащы сөз қалған. Байлығың да, тағың да, бағың да ажал алдында дәрменсіз деген. Бүгінде қылмысынан бетін күйдірмейтін қаржы, байлық басқан. Арсызға келешек қана үкім айтады, қалың көп билікке тәжім етуден қажыса да үнсіздікпен өзін-өзі жұбатады. Небір содыр, сойқандықтың, небір делқұлының соңғы нүктесі ажалмен тынады. -Демек, ажалға санкция жүрмейді,ә? Ажал таялғанда да селк етпейтіндер де болған шығар...Ажал сөзге кел, байдың малын шашады дегенге көндім, Менен өтіп кедейдің артын ашсаң қайтеді? -АҚШ-та талай бай, соның бірі Джон Дэвисон Рокфеллердің байлығы 341 миллиард доллор болыпты. Көптің табан еті, маңдай тері, бұқтырып алған, ықтырып алған байлық қаншама мемлекет халқын асырауға жетер еді. Байлық маңы қатерлі, зар, мұң бар, қан төгілу бар. Ондайға бай өкінбейді, ештеңеден сескенбейді, үрей долы дауылдай ұйтқып тұрғанда ажалды да есінен шығарады. Әлсіздердің бұғынғаны, дірдек қағып жанынан шығынғаны қызық. Байлығын уысынан шығармаған Джон да өлді, ажалға дауа таппады. Ал, аз сөзімен әлемді ықтырып, даңқтан өзге қызықты елемеген Иосиф Сталиннің бар байлығы былғары етігі, екі-үш іш киімі, тозығы жеткенше киетін сырт киімінен басқа дымы жоқ, жұпынылықты жанына жылы қабылдапты деседі. Әлемге дегенін орындатса да, фашистерді талқандаса да Сталиннің де ажалға әмірі жүрмеген-ді. Қазақтың байлық мұрат емес деуі де күнәден сақтану, зұлымдықтың батпағынан қорғануды меңземей ме? Ал, Абай айтқан: « Біз де әркімді байқаймыз, Тап бергеннен тайқаймыз» деуінің өзі дүлей күш тірілердің тірі жүруін көпсінсе де ажал алдында бас иіп, о дүниеге тыр жалаңаш жөнеледі емес пе? Осыны сезініп әлемдегі жауыздар ұяла қояр ма екен? Жұмыр жер қауіп, катер үстінде, қасірет, қайғы теңіздей толқиды... Зұлымдықтың жолы қызыл қанға толы. Үдеген өштіктен қорғаушы табылар ма? Оу, билікке жаны суып кектенсе солармен болмай ма шаруасы, қарапайым халықты қырудың, жазықсыздың қанын жүктеудің о дүниеде тамұх болар азабы дегенді түсінбей ислам дінін бұзардың қатып-сеңген шайтандық үгіті қабырға қайыстырады. Желтоқсанның екісінде Калифорнияда Фаруд әйелі Малил екеуі он төрт адамды оққа ұшырып, он жеті адамды жарымжан етсе, ондай қанішерлік күнәні Алла кешер ме? Ауыр террорға Америка аза тұтуда, ақпараттан естіген жұмыр жер халқы түңілуде. Зәлімдердің кеудесін шайтан билеп қан төгіп сұмпайылардың топтануының қалың қиянатын біржола тоқтататын
әлемдік халық күші керек кезең келді.Мешітке барып жүргенсіп, ислам дінін аузына алғансып, көкірегінде шайтанның құзғындық қанішер пікірін қолдап, өз басын да өлімге арнайтындар әлемді кезіп жүр. Дін жолындағылардың да кімнің кім екенін егжей-тегжейін бақылап сақтанатын кезең көріне бастады. Ақылды ескерсін, ақымақты ақылды ету адамның қолынан келмес, зұлымдарды шайтан ғана отқа, суға түсіріп өзгені де ойрандап, өзінің де басын жұтады. Халыққа аңқаулық емес, бекемдік керек ғасыр бұл...Жын-шайтан соншалық есірді, зұлмат зілі жұмыр жерді ауырлатты. Шынымен-ақ қан тиылмай ма? Бұл әлем жұрты көңіл аударатын шаруа. Байбарыс туралы аңыздарда жаулап алған елдерінің алтын, күміс бағалы мүліктерді олжалауға таласып жататын сарбаздарды көргенде: « Адамдардың кейбірі осыншалық құзғын болар ма?» деп жиркенішпен қарапты деседі. Горбачев заманында қаншама көпіріп мылжыңдаса да Байбарыстың бір сөзіндей сөзі тарихта қалған жоқ. Қайта Александр Солженицин: « Халықтың қолындағы құндылықтардың бәрін билік тартып алды. Бұл қорлау сонау Горбачев басқарған алғашқы күннен-ақ басталды» деп қайырды. Расында кейбіреуге жанынан дүние, мүлік қымбатқа айналды, кісілік жойылды. Сталиндей байлыққа құр әуре болмайтын тазалығын бойына сіңіріп алған жоқ. Қай заманда да сандырақ зіл батпандай көкіректі езетіні белгілі. Қазақстандағы желтоқсан көтерілісі қоғамның небір сорақылығын әлемге танытты. Саясат сандырағынан күн сайын өлгеннен бір күн тудым, бір күні өлдім деп деген көтерілісшілер есімдерін тарихымызға қанмен жазды. Бұгінгі еркіндігімізде адамдардың қаны бар. Абай айтқан: « Көзің қайдан жетеді, Достық пенен қастыққа» дегеннің маңызын халық түсінді. Байлық пен таққа елігу жер бетінде Адам пайда болғаннан бері бірге жасап ақылсызды адастырып, алжастырудан кенде емес. Кісіге ұқсас қомағай зәлімдердің жұлымы тегіндікпен қырқыла қояр ма екен? Жұмыр жердің келешегін тұмандатып кейбір елдерді күйретуде. -Алжасу емей немене,- деді де Тымыр: « Патшалы ресейдің 500 мың тонна алтынын, вагон, вагондарға тиеп шет елгеме, АҚШ-қа ма, асқан Колчак та ажалға санкция жариялай алмай итсілікпемен өлді деседі. Ол байлықта отары болған қазақтардың да үлесі бар ғой. -Біздің миллиардтаған байлығымызды тонап әкеткен Қажыгелдин, Әбіләзов және басқалары мәңгілік өмір сүремін деп пе екен? Әлемдік жауыздарда ұят жоқ,сана,сезімін шайтан ұрлаған,-деп Қымыр ойға батты. -Ұрлық, пара тоқтау табар түрі жоқ қой,-деп Тымыр: « Таяуда ғана Қорғас бекетінен 35 мың теңге пара алып, заңсыз жүк өткізген А.Рахым ажалдың аузын парамен жаба алар ма? «Би болған, болыс болған
өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған» деп Абай бекер айтты ма? Кісілік бағасын жойған сұм, сұрқия өлерін ойламағаны қай заманда да екі қолы салақтап, жан-жағына алақтап тірі жүргенге мәздік болған.. Белең алатын ессіздік.. -Ессіздік дегеннен шығады, тонналаған есірткі тәркіленеді, шекарадан кедендік құны 162 миллард теңгенің жүгі тәркіленеді. Бәрбір есірткіге тәуелділікке ем жоқ, елімізде оның саны 53 мыңға жетіпті. Шынымен нашақорлардың есі крмей қоғамдық дерт боп көзге күйік боп көріне бере ме? Есірткі талайдың шырағын сөндіріп жатыр. Мұңға батып, жабығушы жетерлік,-деп Қымыр толғанғанмен не бітіреді. Ессізге сөзім шығын деп тынады тағы...Түрлі қылмыстарды естіп жаны шошығанда: «Ең қауіпті ғылым ол-адамдардың сана-сезімін жаулап алу,сол арқылы бағыттау. Адамдардың миын апиынша улап алған соң, әлемді басқару қиын емес,-деп жазған екен ағылшындық Талбот Мәндил. Есірткімен ессіздендіру де капиталистік жымысқы насихаттың тісін батыратын, өлітүске ұрындыратын қағынды келгір тұсы емес пе? Бірде даңқты жазушы Ғабит Мүсіреповке кездескен ортақол қаламгер аман,саулықтан кейін: « Пәлен жазушы, түген жазушының шығармалары түкке тұрмайды. Ондайлар жазушының абыройына дақ қой. Сөздерінің тұрлауы жоқ, дәмсіз, нәрсіз шығарманы тамыр, таныстықпен шығарып жатыр, шыншыл тіл жоқ, ойдан құрастырылған бейнелер, шылғи өтірік» деп мылжыңдап қақсай берсе керек. Ұлы жазушы мырс етіп күліп: «Інім мына менің миым қоқыс салатын қалбыр емес, бітті енді»-деп бағытына жүріп кетіпті деседі. Талай қулардың сырын білетін жазушы өсек, аяңды жаны жек көріп өткен екен. Құрып қалғыр, жұрттың мазағына ұшырап тұрып қалғыр, шындық киесі орға салар оңдырмас деп қояр едің, өсектің азабы мен зардабы ұлтымызға аз қайғы тарттырған жоқ-тын.. Оны ұлы жазушы түсінсе де, әлгі шіркін ұғар ма? Үміті өшкенді тыңдау да қиын-ақ. Қымыр әлемдік саясатты байқағыштығымен қазақи тапқырлық пікірін жариялап: «Тас бауыр зәлім, сұрқия екі аяғымен жер басып жүр. Байыған сайын көзі қарауытып әлсіздің қара құсын қақ айырып тастағысы келеді, барын үптеуді бастағысы келеді. Әлсіздер кедейленген сайын жұмыр жерді ереуілдеп жан шошта толқытуда.Қан қатқан көкірек суынбай ма? Кедейлік ажалдан да сескендірмейді. Билікті талқандап өтсем дейді, үстемдіктен кегімді қайтарып о дүниеге тып-тыныш кетсем дейді. Қалың халықтың рухына ыза-кектен ерекше күш енеді. Алланың әмірі ме қара дауыл құйын өктемсіген үстемдіктің төбесінен төнеді. Байлықтың теңізін кешіп үлдемен -бүлдеге бөленгендер тілге келе алмай теңселіп жүреді. Жұмыр жер әлділер мен әлсіздердің айқасына толы, жақсылықтың қысқарып тұр жолы. Бір ғана
Гондураста халықтың алпыс пайызы кедей, банды, нашақорлар жетерлік, он алты пайыз халқы сауатсыз, деседі АҚШ-ты басқаратын мырзалар адал асты бөліп жеп отырған кейбір елдерге санкция жариялағанша айналасындағы халқын жарылқамай ма? Әлемдік байлардың, үстемдіктің жұлын, жүйкесінің қаталдық залалы халықты қан қақсатуын тоқтатар түрі жоқ. Ұшқыннан қалың өрт жайпары белгілі болса, АҚШ демократиясы ұшқындатты ма, бүрліктіріп ұшындырды ма, қырылыстан қашқан он мың Сериялықты Америка билігі қабылдамақшы болыпты, демократия үстемдіктің қол шоқпары, бүліншілікті ұйымдастырып шын мәнінде елді тонаудың тәсілі екенін әлем білгелі, түсінгені қашан,-деді де термелей жөнелді. Әлемде санкция деген бүлік тұр, Қымбатшылық жолын біліп тұр. Байлар байыған сайын байып, Кедейлерге кекесінмен күліп тұр Арамызда әртүрлі жүлік жүр, Қан ішуге қанбайтын сүлік жүр. Тұлабойы толған қарулылар Әлсіздің желкесінен бүріп жүр. Таққа таласқан әртүрлі опозиция, Ойран-топанды күтіп жүр. Лаңкестер шаңытып, құйындатып, Әлсізді жүндей түтіп жүр. Жұмыр жер сонша теңселді, Қайғы, мұң басқан еңсеңді. Зұлымдыққа санкция ажал ғана, Оған дейін талата бер бөксеңді?! -Бүркемесіз шындықты тіл мен жағыңа сүйеніп айтып қал, жаны сергектер түсінгісі келсе түсінер, әлдеқалай әлемді билеуге құлшынғандардың ойына да кіріп шықпас,-деді Тымыр қоқыс толы қол арбасын Қымырдың автокөлігіне жақындатып. Қандай қиындықтан да қиналмай өтетін тектілік қасиетіне ақ қардай сенімін байқатып. Жүдеген ата, баба жұртында аз қамыққан жоқ, аз мұңайған жоқ, енді екі қолға бір жұмыс тапқанына кім жұбанбайды дейсің... Қай заманда да байлар кедейдің көз жасын көріп жарылқады дейсің...Олармен ажал ғана есеп айырысып қара жерге жатқызып тынды.
- * -Жұмыр жердегі теңсіздік әртүрлі өлшеммен қозғалатын тәрізді,-деп Қымыр: « Халық жүдеу, тым әлсіз болса оларды үреймен, немесе өтірік алдаумен басқаруға жеңілдік туғызады. Жүдеулік дегеннен шығады Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда барлық тұрғындардың
25 пайызы психикалық аурудың ауыр түріне жатады екен.Еуропа халқының он алты пайызы әртүрлі жұлын, жүйке ауруы, жетпіс миллион адамның ақыл, есі нашар дамыған тым аянышты деседі. Адам өмірге бақытты болуы үшін келеді, не жазыпты қаріп қасіреттілер? Зардабы тереңде, әлемді жайпаған фашизмнің үрейі ұрпақтан ұрпаққа қалың қайғысын қалдырып отырғаны емес пе? Қанша ойлансаңда, бүге, шігесін білгің кеп толғансаң да, ақихатты ешкім ашып айта алмас. Бізде де 3388 психтикалық науқас есепте тұрады екен. Атом бомбасын жарған Семей дейсің бе, түрлі қару, жарақтарды сынау алаңы болған Батыстағы облыстар дейсің бе, кеңестік үрейлі саясаттың қырсығы дейсің бе, дерт құпиясынн ешуақытта ешбір маман ашып айтпасы анық. Бүгінгі пенденің ақыл, ойы жетпейтіндей жұмбақ күйінде нендей қылмыс құпия қалмай жатыр. Кеңес үкіметі кезіндегі жұлын, жүйке диспанцері саясатқа жақпағандарды о дүниеге аттандыратын мекеме қызметін атқарғанын да білетінбіз. Ден саулығы пілдейді де, құпия дәрі-дәрмекпен шілдей етіп, ақыры ажалына жетіп жатты. Шындықты бетке айтатын ұлт кадрлары ажалынан бұрын өлді. Шыншыл үрей-ажалдан құтылмады. Күңкіл де аңдуда, ауыз жабылды. Қатал озбыр дегеніне жетіп жүрді...
- -Ұлт деген қасиетті ұғымды байсалдылықпен терең түсінуді біреу жанымен қолдайды, кейбірі күнделікті ас ішіп, аяқ босатуымен шектеп аса мән бермейді. Ұлт тірегі тілі, сан-салалы мәдениеті болса Ресейліктер әлемнің 99 еліндегі орыстардың орыс болып өмір сүруін барынша қолдап отырғанына қуана құптайсың, ал бізде ше? Ресейдегі миллионнан астам қазақтың тілін қорғап отырмыз ба, жоқ, билігіне есіркеп есіне салатын кімің бар, бірің жоқ, назаланасың,-деді Тымыр орынды ойын күйіне жариялап. -Біздің тіліміз әлемдік деңгейге жеткендей қай тілде сөйлесеңде өзің біл, деп ата-бабамыздың ұлтты сақтаған қасиетінің ақиқатына енжар қарайтынымыз қандай өкінішті, қазақша сөйлей алмайтындарды көрекөре, өкінішпен бармағымызды шайнай-шайнай әбігерге түсіп шаршап қаламыз,-деді Қымыр. Он екі миллион қазақ ана тілін жүз пайыз білсе ұлт болашағына күмән болмас еді. Адам бүгінгімен өмір сүрмей болашағын жадынан шығармаса,қуанышымыз қойнымызға сыймай жұлдызымыз жарқырай түсер еді. Бәріне өзіміз кінәліміз деп күлесің. Көнгіштік жарасады деп екінші біреу кекетеді. -Ертеде баласының шолақ ойы мен ұқсатымсыз ісіне жыны келген ауыл айтқышы: « Жұрттың Ыбырайы Ыбырай, біздің үйдің Ыбырайы сұмырай болдың-ау, тірлігің бос әуре, жүрегіңде жоқ екен кісілік сәуледеп ұлына
қамшысын үйірген екен. Елдің ертеңін ойламайтын сорлыға одан артық жаза болар ма?-деп Тымыр -Халқымызда үш жылғысын ойламаған еркектен без, үш күнгісін ойламаған әйелден без, дегенін ананың ақ сүтімен бойына сіңірмеген ұрпақта бәтуа болар ма?-деді де Қымыр айналаға көз жібірді де: « Даламызда ошаған деген өсімдік болған, оны кейбіреулер кәрі қыз деп атайды. Толған тікенекті шөпты мал жемейді, адамның денесіне жабысса дуылдатып қышытып есіңді шығарады. Жабысқан жерінен оңайлықпен түспейтін ошағанның емдік қасиетін айтсаңшы. Ойда жоқта денеңе шиқан шықса ошағанды жапсырсаң тез жазылып кетеді. Бүгінде емге ошағанды іздеп табуың қиындады, жыл сайын әлемде аңның да бір түрі жойылып жатқанда не шара? Тірлікте түрлі түйткіл бар, табиғатта белең алған құпия қасірет бар. Педенің барын қадір тұтуы әлсіресе аңғалдардың ісі оңға тартуы тығырыққа тірелді, шыдап көр, табиғат жүдеді... Ойсыздар қаннен-қаперсіз, күндігін ойлаған мең-зеңдік. Сатып алып киіну, сатып алып ішіну,.. -Кейбіреудің көзін не тағалап қойды,-деп Тымыр есі шыға ойқанды...
- * Жапон елі ғылым және алғыр оймен әлемде бай ел атанып отыр.Біз немен байыр екенбіз?-деді бір танысы Қымырға. Өз қолы өзінің аузына жетпей жүрген әлгінің ішкі сезімі байлықты аңсайды. -Оқасы жоқ, шыда сенде бай боласың. -Қалай? -Банкіден қарыз алып той жасай бер. Мықтылар сол тойыңа автокөлік, тіпті самолетке дейін сыйлайды. Өзге елдің ғылым мен ойлылық арқылы баюында шаруаң болмасын, той жасай бер..Онсыз да еліміздің әр адамына шаққанда 8805 доллар қарыз бар деседі, қарыздан қорықпа, қарызды өте деп кім жанжалдасар дейсің. -Кекетесің,ә? -Шындық сол..Миы жоқ адам өтірік айтады, өзім милы болғасын адал сөзімді тыңда. Енді түсіндің бе? Ессізге сәлем берсең атаңның басы депті дейді ғой, менің ақыл, есім түзу. Қарын тоқ, киім бүтін, баспанам бар, шалықп өтем...
- * Ана жылдары, яғни рынок дауылы басталысымен талапайды ыссылай қауып,оңай олжаның көзін тауып, жаңа катеж тұрғызып сән, салтанатын асырған Божен бірде ауласын итке толтырды, болмаған «өнерді» бастады.Ит тұқымын асылдандыруға Мәскеуге самолетпен апарып ағылшын итімен « махаббат бал айын» өткізіп, одан пайда болған күшіктерді қымбат
бағамен сатқанын мақтана айтатын еді. Абайдың: «Заманан шаруа мінез күнде өзгерді» дегенін есіне алмайды, оқыған жоқ. -Үй-жайың құтты болсын, бірақ, ит көбейтпей-ақ өзіңнің қасқыр итің де жетпей ме? -Ит сату байлық «бизнес» пайдалы,-деп құрдасының астарлы, әрі пірдің оғындай сөзіне түсінбей қалды. -Ит түрлерінің арпылына шыдамай әйелің долданса іскерлігіңнің «көкесін» көрерсің, әлі ... -Қазақ хандығының 550 жылдығында ұлтымыздың соңғы ханы Кенесарының еркіндік алмаған халықтың күні құрсын, ресей патшалығы жерімізді тартып алып жатыр!-деп дабыл қаққанын ойлап киелі басын денесіне қосса әлемдегі түрлі қақтығыс, түрлі апат тоқтар еді,- деп Қымыр олай ойланып, бұлай ойланып, аң-таң болып кешкі ас-суын ішкесін теледидарды қосып еді. Египет аспанында ресейдің 321 әуе кемесі дем сәтте апатқа ұрынып, 224 адамның қаза болғанына қатты қайғырды. Бұл дүниеде ұзақ ғұмыр сүруді ондаған жасөспірімдерге тағдыр көпсінді ме? Әлем халқы азаға ортақтасып жатты. Қыршын өмір, қаншалықты ауыр.Бірақ жұмыр жерде ақымақ аз емес, тіпті қалың қайғыдан сатира жасап абырой іздейтінін қарайгөр. Олол-ау, өлілердің қайғысын сықақтағаным француз халқының беделіне қара дақ болар демей Шарло журналы босқа көпіріп қалыпты. Тіріні мазақтап жанын жеп тауысып, енді өліні жеуге ауысқаны ма деп түңіліп едің. Журнал Мұхамбет пайғамбарды сықақтаймын деп қызметкерлері оққа ұшқанын да ұмытқаны неқылған құнсыздық,шайтанның шекпенін жамылды ма, өліні сықақтап қағынды ма, сатирада ұрда-жықтың да жөні бар, барлығын білмеген сорлылық па?-деп Қымыр тірлікте ұлылық пен азғындықтың да ара-жігін айыра білмейтіндер жетерлік-ау.. .Қаскөй зәлімдер кеудесін көтереді көкірегіне нан пісіргендей төгілген қан сұраусыздай көреді.. Олар Абайды оқыса бүйтпес пе еді: « Қағида шариғаты өзгерсе де, Тагриф алла еш жерде өзгермеген» -дегенін түсінсе, зұлымдық ойдан безіп әлсіздерді жұбатып жер басқандардың еркіндігіне шектен аса шаттанып қуанар едіау, өлісіне қалың көппен бірге қайғырар еді. Оны әлсіздер ғана ойлайды... Қырсыққан жауыздық жұрттың қайғысы үстінде тойын тойлайтындай масқаралық. Талай дінсіздің ісі де, тұсі де мазақ, күлкі. Тірлік ит пен мысықтай өштік түтінін қоюлатып тұра бере ме? Әлде, кім білсін...Әне,Бәбіштің ұрғашы тарғыл мысығы тышқанды ұстап алып жорғалап жүрген міркендерін баулуға кірісіп кетті. Мысыққа ойын керек, міркенін үйретуі керек, тышқанға өлім төнеді. Анадай жерде тыңқиып тойып жатқан еркек мысықтың іштарлығы қозды ма, ұрғашы мысықпен ұштасып
таласуға дайындалып міркендерді жапыра ұрғашы мысықтың желкесіне аузын салып, тырнағын батырды. Соны қызықтаған Бәбіш әлдеқандай ойға беріліп: «Бүкіл әлем мысықтың ойыны, мысықтың таласы, бәкенеден пәле тауып, құдайдан безгендер опозициямыз деп ойрандауы жан шошырлық. Қоздырғыштан күш алып, қаржысын пайдаланып ерсілі-қарсылы жөңкіліп жүргені АҚШ-қа ма, басқаға ма қызық шығар. Арамзалық пен ақшада айырылыспайтын пәле ғой. «Қас дұшпаның сый ұсынса-хауіптен» дегенді зұлымдыққа бейімділер түсінер ме? Ит пен мысықтай байлыққа таласуы әлсіздердің кеудесін қысып, тынысын тарылтып, өмір жасын көп етіп тұр.. Жұмыр жерден қан иісі аңқиды...Қолқаны қабатын түрлі қарулардың улы түтіні...Арашпа қайда, араша әлсіз.
- * Ақан түнімен дөңбекшіп көрер таңды көзімен атқызды. Далада жел сыңсып жылағандай дыбыс береді. Ауыл әкімі саспаңдар бақытты боласыңдар, байып шығасыңдар деп емексиді. Қаладағылар итінің тісіне дейін алтындатып әлемде болмағанды болдырып жатыр, деп кекетеді, күледі. Жылқыларың аман болсын,- дегенде Ақан сирек мұртын талдап жұлғандай өкініп. Бәрібір жанын түсініп ой тарқататын кім барау: -Ауылдың үйір, үйір жылқысын ұрлап кетті, қайдағы амандықты айтып тұрсың? Ұры тәсілі мықты, ненің дұрыс, ненің бұрыстығын ұрыдан артық білетін адам жоқ. Ал көптің іші-бауры елжіреп тұрғандай болса да таңырқап тынадыда ғ ы . . -Ұрылар жауың емес қой, іздерміз, табармыз, ұялғасын малдарыңды қайта айдап әкелер. Біздің қазақшылығымыз жеткілікті Оңтүстік өңіріненбіз ғой. -Әкім мырза, алдымен пенденің мінез, құлқы неліктен өзгерді соны түпте. Ештеңені місе тұтпай құныға түседі, құныққан құм қабады, дегенді өзің білесің бе?-деп Ақан емін-еркін рахаттана күліп еді. Мысқыл күлкі, көздің құрты жегіденде жамандығын меңзеген күлкі. Осы кезде жылқы ұрлығының қыйғылығы басталысымен күн-түн қатып іздеген қызыл жағалылардың бірі әкімнің жанына келіп: « Ұрыларды тырп еткізбей ұстап, қолдарына кісен салдық» деп мәлімдеп жатты. Ақан өздері ұрлатып, өздері тауып жүрген жоқ па? дегендей бүйірін таянған әкімге салқын көз тастап: « Милицияға айтпайсың ба, ұрылар жауың емес қой, кісен қолдарын қиып кетпесін деп... Әкім бөлмеде аяғын санап басып, әрлі-берлі жүріп ойланды да милицияға: « Мал түгел ме екен?-деді. -Қайдан түгел болады, сойып тастағандары бар. Соғым кезі...істі тексеріп жатырмыз. -Тырп еткізбей тексере беріңдер... -Туыс, туғанының малын ұрлағанды қайдан көрдіңдер, жауың болмаса
да естері дұрыс емес,-деп Ақан малы табылды дегенге сенерін, сенбесін білмей бөлмеден жүре сөйлеп шығып кетті. Көкірегінде Абай сөзі: « Біреу малды ұрлайды, біреу басты қорлайды». Неткен дәлдік. * -Бармақ басты, көз қысты, тасасында табыс ұшты, жемқорлықты іздеуші бар ма осы тұстан?-деп Қымыр біраз ұқсатымсыздықты көз алдына келтірді. Алдына жан салмайтын жемқорлық бар, қаржыны түрлі жолмен талау бар. Бас қатыратын қыруар сауал қойылады, нәтижесі кешірім сұрап өтірік жұбатумен тынады. Ауылды көтергісі келгендей мемлекет қаржыға қытым жасамайды, 2015 жылдың өзінде қолдау мақсатында 177,4 миллиард теңге бөлінген. Мал шаруашылығын субсидиялау 50 пайызға жетсе де, шығындалған қаржының айызыңды қандыратын қайтарымы жоқ.Шет елдің әрбір ірі қарасы 500 килограмнан салмақ тартса, біздің малымыздың салмағы 300 килограмнан аспайды. Сүт өнімі де солай, өсудің орнына өшіп жатады. Малшыларды қайран қалдырғысы келіп шет елден грифорт бұқа тасып еді, нәтижесі күлкіге қалдырды, бұқаны сиыр менсінбеді, бұқа сиырды менсінбеді, жерді жерсінбеді, ақыры өлетіні өлді, өртеп көмді. Басшыларда мін жоқ, ақша шашылды, бұқада тіл жоқ, іздеушіде үн жоқ, деп ауыл айтқыштары сайқы-мазақ етті. Қалтасы қалың адам мазаққа ұяла ма? Бізде өтіріктің мыңмиллион түрін құпия сақтап тұратын қалың бет бар, ондай бетте ұяттың әкесі де, анасы да баяғыда өлген.Ұлттың кейбір азаматы нендей күйге ұшырағанын енді түсіндің бе? Түсінсең бала-шағаңа ішер ас болғанына шүкіршілік ете бер.Санкцияны ауызға алмай тұрғанда сөздің шыны сол . -Шындықты жасыратын ем қонбайтын дерт бар, деп Қызылорда прокурасындағылар «Қамқор» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының 178 гектар алқапқа жоңышқа егуге бюжеттен 8 миллион субсидия алғанын тексерсе, алқапта жоңышқа түгелі қылтанақ жоқ болып шықса, мұндай жемқорлықтың құпия қылмыстарын тізе берсең, жүрегің шайылып күдеріңді үзе бересің,-деді Тымыр ел десе еңсесі езілетінін білдіріп. -Жемқорлық құлпырып жайнай берсе, үмітің үзіліп, күдігің маздай береді, Ең төтесі әрбір ауданда машина трактор станциясы салынып мехнанизаторлар айлығын алып алып, шаруаларға тегін қызметиін көрсетпесе, жұдеген ауыл оңалмайды, жұлқынып шығып табысты ел бола алмайды,жемқор тасқын табысты да жылан жалағандай үптемесе тұра алмайды,-деп Қымыр «Жер тамырынан ел тамыры көп, десе тамырды үзбей нәрлендіруге берекеті жоқ әркетті тоқтату керек...Әйтпесе...желкемнің шұқырын көрейін боласың да қаласың...Санкция деген сол. «Х А Л Ы Қ Т Ы Ж Е Г Е Н Қ А Қ А Л М А Й Д Ы ...»
-Тірлігі жұпыны, біраз кедейлерімізді көрсем бар ғой, ойыма алсам айыпты адамдай қатты ұяламын,-деді ме әлгілердің біреуі кімге кіна тағарын түсінбегендіктен. Оның жүзіне қарап бөлек ойды неліктен айтып тұрсың?- дегендей дүрдиген үлкен бастық Басқыншин: -Бізде ешкім түсініксіз оймен ұят дегенді ауызға алуға тиісті емес, басты мақсат ыңғытын тауып тонай білуі керек, ұялмаған бұйырмағанды алады дегенді түсінбейтін кеще емесіңдер ғой. Түрлі дәлел себептерді тауып, уақтүйектен де олжа табуды жатқа білуі керек. Халықтың жүз пайыз байып кетуі қандай қоғамға жараспайды, ұялатындар тау түгелі, төбеден де аспайды, тонауға ақыл қабілеттері жетпесе өздері айыпты ғой,-деді басшының бірі. Қалың қара мұртын бір сипап төрдегі ерекше жұмсақ орынтағында нығыздала отырды. Құпия бөлмеде сезіктенетін басы артық, бөтен адамдар жоқ болатын-ды. Байлық барда даңқтылық жүректерді кернеп тұрады. Пікірлері көбіне аса құпия болса да бірін-бірі ерекше көретіні бар. Жиырма жылға жуық бірін-бірі бағалап, рыноктың осал тұсын сағалап, балталаса да ойын бұздырмайтын,ерегессе шаруа жұмысын қыздырмайтын, төрдегі төртеуі де түгел, ауыздағы алтауы да абыройлы Электрин, Сусоғаров, Пәтербайлар мен Көтербайлар түсіністікпен ойда жоқта шүғыл түрде кеңесті. Түсіністіктері жарасты. Кеңескенде не десті? Өздерінен жасыратын сыры жоқ, дұрысын айтқанда байлықты басқарудың жыры көп. «Тар жерде тамақ жегенше, кең жерде таяқ же» деп біледі. Сосын кеңестік әміршіден ығысып отырдық, жағымпазымен жұғысып отырдық, оның несі мін деп күледі. Күлкі барлықтың белгісі, алғырлықтың сипаты. -Біздің атағымыз әлемде дырдай, өтірігіміз де шындай, қызметіміз пұлдай, мүмкіндік болмайды мұндай. Аузымыз ашық болса, байлық қашық болады, табысымыз қылдай, беделден боламыз жұрдай. Сондықтан өзгені неге тайраңдатамыз?-деді бәрінің «шатыры» атанған, жырынды қулықтан бата алған Басқыншин Манополи,- жұрт миллионер болып жатыр, аса батылдықпен биіктікті алып жатыр, олжалаудың әралуан жолын тауып, байлар тобырына барып жатыр. Есебі белгілі елімізде байлар толып жатыр, әлем қол соғып , оңып жатыр,етегіне кім намаз оқиды,шет елге қашқан ұрылардың ап-айқын жолы сайрап жатыр.Дегенмен, кім о дүниеге қаржы арқалап кетер дейсің, армансыз боп өтер дейсің?- Біз болмасақ Милиордер Машкеевичтің әлемдік атаққа қолы жетер ме еді? Жә, біздің даңқымыздың жолы мүлдем бөлек, әлемде теңдесі жоқ,мұны тапқыштықпен тез іске асырсақ құлпырып, байлық менікі деп жұтынып шығамыз.... -Оған тақсыр қандай амал керек?- деп Электрин Свет артына біз қадалғандай жыбырлады. -Тоқтат сөзіңді, бу өлшегіштің мыңмиллион сырын білмейтін неме? Амал сұрайсың, кінәсізбін деп кіржіңдейсің, ісіңе жараспайтынға сөйлеп таласпайтын шығарсың. Бу өлшегішің зырлап тұрса, электр қуатын пайдамызға
ұрлап тұрса, әлдеқашан әлемде сирек кездесетін ескерткішті орнатар едік. Мына аэропорттан Астанаға кіре берісте Аспан мен Жерді ажарға бөлеп тұрса жанымыз жай табар еді,- деді Басқыншин Манополи үнемі аяз боп тұратындай қалың қабағын түйіп. -Ескерткішке жетерлік қаржы бар ғой. -Бар деп есің дұрыс па, жоқ деген жарастықты сөз аузыңа түспей ме? Халықтың 57 пайызы кедей дегенді естіп жүрсің. Америкада бір айлық жалақыға 5200 литр жанар май алуға жететінін Бензинбайлар жақсы біледі. Сондықтан үкіметке «жоқ», «жетпей жатыр», «жаңа технологияға қаржы керек», қаржы болмаса қолымыз байлаулы, табыс табуды қойдық ойлауды, бала –шағамыз бар еді, айлығымыз аз, пәтеріміз тар еді, дей бермейсіңдер ме? Мына Сусоғаровтың жұмысын оқсатпай есе жіберіп отырғанын кешіруге болмайды,-деп Басқыншин гүрілдек даусымен гүр етіп еді. Сусоғар міңгірлеп дір етті де: -Суымыз су болмай, бу болып кетіп есептен шатасамыз, есеп-санымыз шындық таппай бу ішінде адасады,-деп сылтауға саңылау іздегендей болды. -Ескексіз қайықпен теңіз кешетін неме, есі-дертің сылтау іздеу екен,-деді Басқыншин Сусоғарға қатулана қарап: « Аспандағы теп-тегін бұлттың буын дұрыстап есепке кірістеп алмайсыңдар. «Тұтынушының жағдайын ойлап аздап баға көтереміз, көмір қымбат, жағдаймыз тым мүшкіл, ит қырылған желден бергі жабдық ескірген» деп жорта жыламсырауды ұқпайсыңдар. Үкімет не айтса, соны жайбырақаттықпен құптайсыңдар. Обалдарың өзіңе, шашылып жатқан судың мөлшері көрінбейді көзіңе. Әр адамның суды тұтынуы мың литр депсіңдер, оны басшылық білсе көпсінер. Да, тамаша қулық бір нолін қате кеткен деп сызып тастасаңдар, әлемде суды аз және ұқыпты пайдаланатын ел болып шығамыз.Мұны олжа деп ұғамыз, байлық деген нолдерден құралады.Кім бөліспей, сыбайласпай тұра алады.Все нормально! Мына Көгілдір Газды қолдарына ұстап отырғандар ханға сәлем бермейді. Сусоғарлар қардың суын да есепке алуды білмейсіңдер. Теп-тегін байлықтың көзін көрмейсіңдер.Это, плохо. - Ұмытып барады екенмін, халықтан жиналған қаржыны жамбасқа басып игілікке жаратпай, жын-жыбырға таратпай, былайша айтқанда ресторандарда той-томалақ өткізуді қою керек. Оданда автокөлік кәсіпорындарының басшылары халыққа қызмет етуге деп өздері байудың мақсатында жеке меншік автобустарын жібергені өте дұрыс.Сендерде жеке-жеке су мекемелерін ашып қаржыны қалтаға басып шіреніп жүрмейсіңдер ме? Біз жұмыр жерде бұрын-соңды болмаған ескерткіш орнатамыз деп сүрініп,жығылып жанталасып жатқанда үлес қоспай қос-қостан шет елдің ең қымбат көлігін міну не теңдерің?-деп Басқыншин жүзінен арқаның аязындай ызғарды шашып жіберді. «Айтпақшы, ескерткіш көкте, былайша аспанда тұғыры жерге тимей Күн жарығымен құбылып дүниенің төрт бұрышына көрініп тұратын
сәндік жобасы бар. Ескерткіштің қара бояулы бөлігіне елден қашқан әлемдік ұрыларымыздың есімдерін жазамыз. Ауылдағы жемқорлардың аузы сасық, тізімге кіргізбейміз. Оны басыңдағы шет елдің қалпағындай біліп қойыңдар. Күлесіңдер, өзімізде қалпақта шығара алмағанға арланып күлесіңдер ме? Олжа қуған жемқорда ар болмайды деген мәтел естеріңе түсті ме? Сонымен аты да белгілі ескерткіштің төрт қырының біріншісіне «Басқыншы!» орысшаны ұмытпау керек, обал болады, «Монополис» деген жазу тақтаға да ,ауаға да газ арқылы жазылады. Ағылшын, орыс тіліндегі басқа жазуларды жасанды жер серігі сықылды жабдық сүйретіп жүреді. Ақылды жабдық қазақ аспанындағы космостың толып жатқан қалдығы, қоқысынан сақтанады.Бұл жабдықтың өткір жарығынан Күн сәулесі де ұялатын болады. -Дұрыс екен. -Әлемде теңдесі жоқ құдіретті іс екен,-деген кезде Басқыншин маңғаз кейіпте: « давайте, жолдастар, Президент кедейсіз ел боламыз деп халықтың айлық табысын көтере бастағанда нетүрлі қулықпен қаржыны молынан қамтып қалайық. Халық қанағатшыл, нәпсісінен тиылған-сұлтан болар, деп бәрі де аз-кем айлықты азсынбайды, көбінің қоңыржай күйлері бар, ал, ауылдағыларды бір-екі сиыры асырап отыр. Көбінің басында үйлері бар, байлықтың машақатынан сақта деп ой түйгені бар. Осындайда әртүрлі себептен кәдімгі қолүздіктей байқаусыз алғанға ешкімнің үйі құлап қалмайды. Кедейлердің мұң-шерін ойлап, осылардың орташасы көбейсін демей милиардер атанып жатқанда біздікі ескерткіш орнату игілікті іс. Бұған жалтақтап, науасыздық танытпау керек, үкіметтің қамқорлығы күшейген науқанда өз пайдамызды ойлаған қылмыс болмайды.Иығымыздағы бас не үшін керек, алдымен қадам аттаған сайын пайда табуға жаралған. Ақыраяғында тарихта қайырымсыз миллиардердің аты қалмас, біздің ескерткіш капитализм құлап тыныштыққа бөленген жұмыр жерде азаматтық қоғам орнағанда, «Казтелеком» да шаңымызға ілесе алмайды.Құрметті оқушы, бұл тосын оқиғалы жиынның мәнісіне түсінсеңіздер, Басқыншиндердің (монополис) жымысқы істері қалай өрістерін, қалта қағудың қандай амалын жүзеге асыратынын ұзақ күте қоймассыңдар. Естеріңде болсын, жұмыр жерде демократияшыл ақыл айтқыш Америкада өткен отыз жылда қоғамның тоқсан тоғыз пайызын құрайтын төменгі табыс алатын халқының табысы бар болғаны он бес пайызға өссе, алпауыттарының табысы 150 пайызға, шектен тыс байларының табысы 300 пайызға өскенін Басқыншин есіне алып, Америкаша боламыз деп жүрмесін.Ондайды қазақ елінің жағдайы көтермей ши шығарып алса -мысқалдап жинаған абырой, шелктеп шашылып кетер.Баға жөнінде жұртқа күлкі болмай тұрғанда бағдарды түсінгілерің келсе,әлемдік рыноктағы Бензинбайдың бағалану қимылын байқасаңдар жетеді?.. Халықты жеген қай заманда да қақалмаған-ды...
- * -Еркіндік біраз адамды ырқына көндіріп, бетімен жібереді екен. Әкенің, ананың ақылын тыңдаудан қалған ұрпақ өз ақылыңмен өзің бай бол деп сөзге келмей кәйкиіп тартып отырады. Шекесіне тиіп тағдардың тәлкегін тартса да еті өліп кеткен бе дерсің. Ауылда сиырды сау десе қызы, келіні бас тартады, үйдің айналасындағы жерді өңдеп көкөніс өсір десе ұлы шалқасынан түседі. Әлпештеп өсірген балаларына ата, ана таң. Қалаға тайып тұрса еңбек етер, түсінер деп ешбір күдікті көңілдеріне алмайды. Қайтеді ауылда жұмыс та жоқ. Дәрменсіздіктен жер азды, ел жүдеді. Ауылды ойлап тыныш ұйықтай алмады ма, Мақпал Жүнісова («Қазақстан заман» газетіне №2(1025) «Мені ең әуелі елдің жағдайы алаңдатады. Бұрынғыдай емес, бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті. Ауқатты адамдар байыған үстіне байып жатыр, ал кедейкепшік күнін көре алмай жүр. Ауылдың тұрмысы да көңіл көншітерлік емес. Басқасын айтпағанда, әлі күнге ауызсуы, жарығы мен көгілдір отыны жоқ елді мекендер бар, сенесіз бе? Билік басында отырғандардың дені ауылдан шыққан азаматтар екені шындық. Солар неге өсіп-өркендеген жерін ұмытты екен?! Түсінбеймін! Қай базарға бас сұқпаңыз, қайыршылардың дені-қаракөздер. Осыдан-ақ қазақтың жағдайы оңып тұрмағанын байқайсың»- депті. Жөн екен делік, кедейшілікті жаның сезгендей екен? Өзің де кедей емес шығарсың, өнердің төрінде жүресің, тойларда ән шырқап қаласың. Өнерің асабір аспаса да тасқынды үніңмен тапқан мол қаржың болса жүдеген ауылды ұмытпай бас болып қолдап жүдеген ауылдың біреуін өркендетсеңдер қолыңды кім қағады. Не көп, қазақта той көп, не көп ол тойда асаба көп, өнерлілер көп, табыстары мыңдаған доллармен есептеліп жатады. Ауылда шағын кәсіпорындар ашып, егінін, малын табысты салаға айналдырып «Өнерлі өркен» ауылы атандырсаңдар, сонда жоғарыдағы ел мұңын, қазақтың қайыршы болуын басқа әлемде тұрып жоқтағандай болмай жиған байлығымды елге бердік деп әлемге дауыстасаңдар қалың жұрт қуанар еді. Есесіне о дүниеге байлығын жиып, теріп әкететіндей қытымыр байлар ойланар еді. Абырой, беделіңіз бұрынғыдан да артар еді. - Айтуын айтар, оны орындауға батылдық керек қой, байлығын да көзі қия алмайтыны және бар. Жөнсіз пікір ешкімнің есінде қалмайды,-деді Тымыр тұла бойын жеңілдету үшін кім не демей жатыр...Алған бетінен қайтпайтын есерсоқ баласына әкесі: « сөзім шығын» дегені тәрізді таңырқасаң ерсілігі жоқ Мақпал! Жылай білген, сұрай біледі, көпке ұнай біледі, ауылда жыламай өлетін қайсарлар өз қоңын өзі тырнап тырбынып жатыр.Теріскейлеп ыққанша жүдеген еліңе шатыр болсаң, сынағаның жарасар еді, Мақпал. Біреу ауылдың жағдайын біліп айтады, кейбірі мазақтап өздеріне сол керек деп күліп айтады.Қалай түсінсең де өзің біл? « Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлікбәрі осыдан шығадыдеген Абай. Оны түсінуге де жүрек керек Мақпал. Өзім кіммін дей алмай тұрып ақылгөйситіндер аз емес. Ондайлар ырың-жырың күлгенін де неге күлдімдей алмай қорықсызданады. Тірлікте қорықсыздың да түр-түрі жетеді Мақпал. Дуасыз ауыз бар айта салатын, ондайлар да мықтымсып қасымызда жүр.. . *
Зиялы қауым дейміз, зиялы кісі дейміз, менімше нағыз зиялының көкірегінің түпкірінде көміліп жатқан пікірінің мәнін ешкім аша алмайтыны анық. Ештеңесін сездірмей биіктегіге күлімсірей қарап партия жұмысынан аянарым жоқ дейтін 24 партия мүшесін жемқорлыққа байланысты «Нұр Отан» партия қатарынан шығарған екен. Партия ішілік тәртіпті сақтамаған тоқсан мүшесіне ескерту жасалса төте жолдан ауытқыған деп айтар болсақ тиынтебен үшін ұятқа қалудан сақтандыру шығар. Қанша десекте зиялылықты көпшілік селқос қабылдап түсінуі жетіспей жата ма? Тақа түсінуге шамаң келмесе «Нұр отан» партиясымен ақылдасып көр, басқаша төрелік айтудің әсері бола қоймас, сірә.Т-с-с, біреулер сөз сатулы, ақыл құнсыз, басқаны қайтесің қалталының есебі түзу дер...
- * Төреліктің жөні қалай десеңде сөзге тоқтайсың, дәлел-дерекке қатыстыны іздейсің. Ертеде сөзді айыра білетіндердің ақиқатты ашатын шеберлігіне қайран қаласың. Солардың бірі Малайсары би болыпты. Қызыл іңірде есігін қаққан адамның пікірі жақсылық па, жамандық па, кім білсін. -Бұл кім?-деп сұрайды Малайсары шапанын желбегей жамылып. -Алданмын, жолаушы. -Өзімде үстемдіктен алданып қажыған едім, кімсің? -Алданмын, Алдардың әкесі. -Алданғандардың бас қосатын үйі деп ойладың ба?-деп талай мейманды қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдаған Малайсары есікті ашып еңгезердей Алданды үйге кіргізеді де: « Әлсіздердің алдануының небір сұмдығы алда болар, Алдар ұлың үйірлі зұлымдар мен тақтағы тажалдардан әлсіздердің кегін қайтара алса ғой. Ай, қайдам...Түркияға жолым түсті дейсің, ықылыспен қарсы алып, кісілігіңді қорғағай. Зорлықтан, қорлықтан бой тасалағың келген екен, алған бетіңнен қайтпас түрің бар, жақсылығы жақын болсын... Есіңде шығар, Сырым батыр да алданып жат жерде қалды сүйегі...
Шектен тыс азапты өмірді кешіп өтсе де, Гүлсім Забирова жан баласына жамандық істемеген-ді. Алты бала өсірді. Өресі жетпейтінге өлерменденген жоқ, қалың көптің қатарында еңбек етті. Ерлік істері еңсесін түсірмеді, қуанышы қуанышқа ұласып 23 немере, 24 шөберені көріп бақыт құсы қолына қонғандай сезінді. Тірліктің талай қиын түйінін ұрпақтары шешіп қуандырып отырды. Өмірінде адамдарға әділін айтты, өзгеден де әділін күтті. Сезімтал ана біреулердің біреуді алдапты, әлсіздер биліктің қолындағы ойыншығы десе онша нана қоймайтын-ды. Қас қағымдай өмірі зулап өткенін, ұрпағының күлкісімен аңғармай да қалыпты. Қартайған шағында жайлы пәтерді аңсап Астана қаласының кезектік есебіне түрлі құжаттарын өткізді. Жүз жасаған жасым бар, басшылық ұялатын шығар деп үміттеніп еді. Басшыға да кірді, жылы-жылы қабылдап, кедергі болмас деп үйіп-төгіп уәделеп, майда сөзбен, сыпайы күліп шығарып салды. Менің алдымда он мыңдай адам тұр, ондай кезек жеткенше он-он бес жыл ғұмырды Алла бере ме?-деп өкінді де. Сонда ойына ауыл айтқышы Артықтың: « Өлемін деп уайымда ма, ажалмен қалай арпалысамын деп уайымда, шындықты күтемін деп қажы ма, өтірікшінің жымысқы күлкісінен қорық» -дегенін есіне оралтты. Адамдық арға таңба болатын өтіріктен шаршаған ананың ыңқыл-сыңқылы жанын қинай бастады. Жанға жайлы бір пәтерді ойлаумен Гүлсім 101 жасында көз жұмды. Жалғаншылар ажалын тездетті ме, қайтті. Оны ойлап басын қатыратын биліктегілер жоқ. Жалған уәдеге қорланғандарды көргенде дәтің шыдамайды. Мансапқорға бәрібір, жүректері тастанда қатайып кеткенге ұқсайды. Қоғамның тылсым бір қауіпі алдау мен алдану болмағай... Осыны түсінген ірі қоғам қайраткері Тәшенов хатшысына: « Маған ісі түсіп келген қарттарды кабинетімде жиналыс болып жатса да, небір дөкей отырса да кезексіз кіргіз, бәлкім жасы үлкендердің соңығы өтініші болар, оны орындасам кісілігім»депті. Бүгінгі шенеуніктердің біразы орынтағында алаңсыз отырып, өзінше дүниені шайқап, өз пайдасын ғана байқап, шындықтан қашып, жалғандыққа көкірегін ашып, билігі үстемге жалтақтап отырғанға мәз. Былайша айтуға да ыңғайсыз қоғамдағы бос орындық, басқа әлемнен келген оқыс мінезділер сықылды...Гүлсім жалғаншыны есіне алып Абайды оқып: « Басыңа тиді байқадың, Бәріне басты шайқадың», дегеніне тоқтап көзіне ілінген жасты тарамысталған саусағымен сүртіп дұғасын қайталап, жаны шығар алдында жүзіне жылылығын соңғы рет шақырғандай еді.
- * -Бәрі түсінікті. Осыны айтып отырғаным кейбір шенеунікке айып таға алмайсың. Нәтжесі шыға қоймайтын, айтуға таусылмайтын түсінікті сөзін, көкірегінде қайталаған Қымыр кеше қаланың шет жағындағы элеватордың қасындағы туысының үйіне жақындады да, жолшыбай элеватор күзетшісіне
жолықты. Аман, саулықтан кейін зіңгіттей жігіттен: « Қоймада астық көп пе?-деді. Жүрегінде белгісіз дық бардай жігіт күліп: « қоймада астық болмаса да тышқан жетерлік. Сақтау бағасы да қымбат, сосын диқандар келісе қоймайды... -Азда болса түскен астық қайда кетті? -Бағасына баланып сатылып кетті тағы. -Қор қайда, нан жемейміз бе? -Қымбатына аласың, екі миллардтай теңге шығынға қалдырып,арзан бағада нан жеп ұят емес пе? Жеген нанның ауырлығын ана құрсағында жатып сезбедік пе? Өлмешінің күнін көріп көнбедік пе? Бәріне төзесің, тақа болмаса байдың аузын жалайсың, бай жетерлік қой, қаржы билігі қолдарында. Крезис сайын ісі жүріп жатады оңғарыла... -Кет әрі, не дейсің, аузың жаман жерден тесілген екен. Ойыңа келгенді оңды, солды айта беретінің айлығыңа өкпелі болғаның шығар...Адам деген бар білгенін ашық айта сала ма екен. Ештеңені естіген де, көрген де жоқпын десең аузың қисайып кете ме? Мына мінезіңді білетін бастық жұмыстан қуып шықпағанына шүкір де. «Күйігін жасырғанның көңілі жұбанбас дегеннің кебі ме? Жұмыр басты пенде нені айтпайды, дей салар едіңіз...бірақ шыншылдық кімге жағады дейсің. Бастықтың ығын біліп, бұғып жүрген жарастықты, жолың болып құрала кетесің, ақиқат айтқандардың талайы адасыпты. -Өзгеге жарасса да маған жараспайды-ау шамасы,- деді күзетші шырт түк іріп. * Ауыл министрі Мамытбековтың айтуы бойынша 19 959,4 мың тонна астық бастырылған екен. Бірақ, министр өсімдік және мал шаруашылығына берілетін субсидиялар тиімсіз деп қалды. Сөзіне жауап бере білсе бірдеме тапқандай ма, қалай? Әйтеуір, шет елден грифорт бұқа тасимыз демейтін шығар...Ауыл шаруасында қитықтан ситық шығып, кейде жалған сөзді малданып жататынымыз аз ба? Кейде алданғанға да қуанасың, алдайтын адам болмаса қайтер едің? « Шын ақылға зорлық жоқ»- деген ғой Абай. Бүгінгі ауыл субсидиядан ақылға, ғылымға қардар. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша министрлердің қолына алатын таза айлығы 614 мың теңге, жалақысы ең төменгілердің үш-төртеуін асырауға жетеді, тіпті Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айлық кірісі 1 564 833 теңге болса, қаржыға, тұрмыс, тірлікке қардарлық жоқ. Бәлкім шенеуніктер көп ақшаға есі кетіп оны санаудан уақыты ауыспайтын шығар. Айлық байлығының көкесі «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқаттың атқарушы қызметкерлерінің сыйақысының мөлшері 345 480 000 теңге болса, ондай ақшаны кедейлер түсінде тапса, өңінде есі шығып жоғалтып алар
еді. Сөйте тұра өткен жылы республикалық бюжеттен қасақаналықпен 1,3 трилион теңге жымқырылған екен. Кім біледі Мамытбековтың не ойлайтынын, елдегі бай мен кедей арасы алшақтап, қойдан қоңыр жуас диқандар мен малшылар шенеуніктердің айлығында, байлығында шаруасы жоқ, аталарымыз қайырсыз мың теңгеден, қайырлы бір теңгем артық дегеніне не жетсін, ақша санау машақаты өзімен кетсін, деп төбесі көкке жеткендей әзіл, қалжыңын жарастыра түседі. -Би-Би-Си агентігі: « Кипрдің энергетика, ауыл шаруашылығы мен туризм министрлігінің қызметкері Мариоса Друшиотис президентке өзіне шамадан тыс жалақы бергеніне шағымдана отырып, хат жолдапты, деп хабарлаған екен. Е, біздің шенеуніктер аяғын аңлап басып, ақыл-есін түгендеп, тұрмыс, тірлігімнің қажетінен артық қаржыны елдегі кедейлердің іскерлігіне салып қолдау көрсетсем ішкен асым адал, ұлттық арым таза дейтіні табылар ма екен? Өнебойы ала білген адам, ұяттан жүрегі ауырлап алғанымның артығын халқыма бере білейін десе қуанғаннан телпегімізді аспанға атар едік,-деді Қымыр Астананың тап-таза көшелерін кейбіреу ластап кететіне жиркеніштікпен қарап. Кейбір шенеуніктер өзінің көңіл, күйіне, кіршіксіз таза ісінен ләззат ала алмайтыныны болса, кенет өзін ойланып, толғанып кедеймен салыстырса қалай болар еді? Кедейде тегін ақыл . Қол арбасына қоқыс толтырып жатқан Тымыр күліп алды да: «Дәмең зор екен, кедеймен қатар тұрып сөйлесу, оған көмектесу кейбір кеудемсоқ шенеунікке қорлық емес пе?-деп қалды. Бәрібір ұлттық абырой халықта...
- * Ертеде Торғай өңірінің шаруасын өзі ғана тындырып тастайтындай көкірегін керген Герецкий мінбеде: « Жолдастар, бақыттан бастарың айналды, оны өзімнің басым да, өзгенің басы да жақсы біледі. Біледі де еңбек етуге білегін түреді, білегін түргендер көзді ашып, жұмғанша коммунизмде шалқып, шаттанып өмір сүреді,-деп облыстық кеңестің басшысы тіл қатып еді. Миығынан күліп, езуінің суын тілімен жалап тартып еді. Зал үнсіз. Әркімде әртүрлі ой бар. Жайлауда мыңғырған қой бар. Қойшының еңбегі еш емес. Дегенмен Артық деген айтқыш: « Бақыттан кімнің басы айналғанын басшылар білгені мақұл, бізде қысулы тақым, миым зырқ-зырқ етеді, өтіріктен өлер жеріміз жақын,-деді де сөзін жұтып естіртер естіртпестей: « Ішер ас, киер киімге жарымағандар коммунизмнің қойнына кіріп тамағы тойынып, жұлындай жұлынып, үлдемен-бүлдеге оранып шығып жатыр. Басеке әскерилердің вертолетімен Орынбордағы туыстарыңа тегін жылқы тасығанда дерегі бардың туыс, туғанға керегі бар деп бақыттан басыңыз айналғанын естіп есіміз шыға қуандық. Әр сөзіңізді жазылған хаттай сақтап
жұбандық, алқымға тығылған ашуды сыртқа шығаруға ұялдық,-деген қазақша сөзге орашолақ жағымпазы Герецкийге сыбырлап керемет мақтады десе керек. Басшы сөзінің соңында: « Бақыттан басы айналғандықты кәміл түсінгендеріңе рахмет, жолдастар!-деп артына бұрылып қарамастан мінбеден түсіп кете барды. -Қымыр кеңес заманындағы мұндай кездейсоқ оқиға, бүгінде де кейбір басшының аузына тосыннан түсіп қалып жүргенінен таңданбай-ақ қой,-деп Тымыр көше қоқысын қолма-қол тазарта бастады да: « Қарамай өз халқына» деген Абай сөзін бетке ұстап, көкірегінде әркім сақтаса жүрек талмасы деген дерт таппас еді.
- * « Ай далада ақ отау, аузы, мұрыны жоқ отау» лейтін жаңылтпашты білетін шығарсыздар, -деп әкімшілік кеңсесіне кіре алмаған жүдеу қарт мұңайды да: « Халыққа әділмін деуге аузы келісе ме, кісі қабылдамайтынын ерлік санай ма, әрекеті қызық екен. -Еңсең түсіп шарша ма, әлсіздік сөзін тыңдау ақшасын санауға бгет қой. -Олай деуге болмас, десеңде өкпең толмас билікке. Елге берген, елде кетпейді деп ұстана білетін Ақтөбе облымсы әкімі Сапарбаев әрбір елді мекенді аралағанда теледидарда ақылды қариялар: « Әкімді көруге зар болып сағынып едік, рахмет деп алғысьтарын жаудырғанды көзімізбен көрдік, сөзін құлағымызбен естідік. Демек кеңседен шықпай бұғып отырып айтқан сөз жұртқа жетпейді, іскерлік ақылға өтпейді. Халықтан қол үзген шенеунік ел сенімінен шеттейді.Осында халықта түсінікті үн бар. Шенеунікті беталды сөгуден аулақпыз, Көшербаев, Сапарбаев сықылды қалың көппен судай араласып жүріп іс тындыратындарды өлгенінше әкімдікке халық сайлап алса, басқалары халық каһарлы екенін түсінер еді. -Қымыр ол айтқаның жөн, Астана қаласын басқарған Бөлекбаевтың сорына кеңес үкіметі құлаған, тірліктің ең ауыр кезеңі тап болғанда қала тұрғындарының әрбір жанұясында не бар, не жоқ, ауру,сырқауы, мүгедек, қарттарының барлығының тізімін алып, азық, түлігіне, дәрі, дәрмегіне, киім, кешегіне жатпай, тұрмай көмек берді.Тым әлсіздерге асхана аштырып тегін тамақтандырды. Осындай ауыр жұмыстарды түн ұйқысын төрт бөліп халқым деп атқарды. Қаланы каһарлы қыстың апатынан жылусыз, сусыз қлауынан өзі мамандармен бірге жүріп атқарды. Иә, дүние салғанда жаназына жиналған халық Жастар сарайын сыймай кетті, кейбір жылап жүрді. Міне, әкімнің ел алдындағы құрметінің жоғары болғанының бір дерегі осы, ал басқадай жақсылықтары бастан асады,-деді Тымыр: «Қазақ мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген, демек, турасын айтқанда халықтан айырылған шенеунік қанатсыз құс екені анық. Амал қайсы, кейбіреу жылы
шырайын білдіруге де жарамайды....
- *
-Оқтұмсықтай зымырап өтіп жатқан уақыт қапелімде ештеңені аңғарта бермейді,-деді Қымыр сеңдей соғылысқан көше толы автокөліктерге қарап: « Бұ, жұрт неге беттеп бара жатыр, осылардың өзге түгелі өзін түсінбейтіні де жетерлік шығар. Түсінбейтін дегеннен шығады, «Қызбелде» Кәжік деген туысы күздікке қой сойып жатқанда мұрты жаңа-жаңа тебіндеген ұлы жанына келіп: « Бауыздағанда қой неге аяғын серіппейді. Өлгеніне риза ма?-дегенде әкесі ұлының бетіне қарап: « Менде де қойдың «мінезі» бар, өлер жерімді білмеймін. Ертеде әкем: « Ешкімге соқтықпа, тым-тырыс боп бұғып жүр, аузыңа да, жұмырығыңа де ие бол. Аталарымыз қақтығыста қазақ өледі, деген. Ұлы ләм деместен жөніне кетті. Бәлкім оның ойында жан қымбат емес, ар қымбат деген қағида болуы мүмкін-ді. Қазір кісілігі тәуір азамат атанды,-деп Тымырға қарады. Тымыр болса аялдамада беталды бұрқылдап жағын жаппай әрнемені айтып сөйлеп тұрғанға жыны келді де: «Інім мылжыңдар жарысынан бәйге алып шықтың ба? Абай : «Артын ойлап ұялмас, дегені бар еді, оны ұға алмайсың-ау,- деп еді.Анау: «Что вы говарите?-деп ежірейе қарады...Мылжыңдасушының екіншісі бастық болғанын, ешкімге жамандық жасамағанын , орынтағын пара беріп біреу тартып алғанын айтып жұқарып, шындығын түгел ақтарып тұрды. Бақыт құс ұшты, кетті, оралмады деп қояды. -Бақыттан, орынтақтан, байлықтан басы айналмаса шенеуніктер көшелерде миллиондаған қаржы жұмсап шырша ағашын тұрғызғанша, саяжайлардағы жан ұялар, ауру, сырқауларды аралап көзімен көріп, соларға жағдай жасап алғыс алмас па?-деді Қымыр әлгілердің жанынан өтіп кейбір жәйіттарға өкініп. -Бай өкінсе еселеп қайтарымын табады, кедей өкінсе қайырсыз қалады,- деді Тымыр тірліктің талайын көргендігін білдіріп... -Жөн сөз..тыңдайтын құлақ қайда? Түсінесің, кінәлама, жұмысы басынан асып жатыр, тілекті түсініп, қалайша селт етпейді, естір еді, зер салар еді, құлағында құлық бар...
- * Ауылда айтқыштардың әңгіме дүкені бастала кетсе: « Шет елдің грифорт бұқасы келгелі күйі түскен сиыр сиырға артылады, жергілікті бұқаның тірлігі бұзылды, бұзаулар арасында жүреді, деп түңілді Кәжек. Бұл сөзімді жұрт естіп қойса бетін шымшып күлер деп және қойды. -Кәжеке, құлазыған көңіліңді түсіндім, анау-мынау сөзімізден түк шықпайды.
Өйткені, мұндай жағдайды ауыл әкімі көзі көріп, құлағы естімейтінін ұқтым. Осы деймін-ау билік шындықтан неге қорқып бұғып жүреді. Оның сөзін Тазша іліп әкетті де: « Бұл құпияның мәнісін түсіндіріп берейін, әкімге бері қара, анау қалың халық, десең әрі қарайды. Бүйірін таянып, ләм демей жөніне тартып отырады. Кеңседе орынтағы бос қалады. Өздеріңде білесіңдер ертеде айтқыш Артыққа колхозды басқар депті жалпы жиналыста. Сонда Артық: « Әйелімді басқара алмай жүргенде қалың көпті басқар деп мені өлтіре алмай жүрсіңдер ме? Одан да жылтыр сөзінің тігісін жатқызып, жоқты бар етіп, ашты тоқ етіп, жүдеуді жетістіріп, жалған сөзі шаруаны жұтатпай, істі келістіретін Бәжен бастық болсын, орынтақ сонда бос тұрмайды, депті. Сол айтқандай бүгінде Жамбыл облысы дейсің бе, басқа облыстарда дейсің бе, ауыл әкімдерінің орынтағы ұқсатымсыздықтан бос тұр. Әкім дегенің төрт аяқты малдың, екі аяқты адамдардың қаншасы бар, атқарған істері қандай, бәрі-бәрін тиянақтап жүрмес пе? Не істеу керектігін ойластыра алмаса өзі де тәлкек, өзгені де тәлкекке түсіреді. «Адам болып адам қадірін білмесе, Одандағы жайылып жүрген мал артық»депті Абай -Бәрі жүдеген ауылдағы, бұқа, сиырдан сөз шығып кетті. Ала-көлеңкеде әлсіз сәуледей жалтырайтын ауыл айтқыштарының сөзі қалсын ілгеріге,- деді Қымыр. * Рас, капитализм дейсің бе, пародизм дейсің бе, әйтеуір қалалар дамуға шыққанда кейбір ауылдар жүдеушілікке ұрынуы тежелу құбылысы шығар. Мұның сыры мен сипатын ел мен жер байлығын игеруді тежеп талау деп түсінуге де болар. Кеңес заманында ауылдың бір жұмысшысы қаланың алты-жеті адамын азық, түлікпен асырады дейтінбіз Мал өсіру, егін шаруасына халық жұмыла кірісті..Еңбек заңы қалыптасты. Бүгінде екі қолы алдына симай жүрген ауылдың кейбір жастары, анда барды алданды, мында келді алданды, жақсылық пен жамандықтың шекарасын аңғармай адасуға да душар болды. Сақал қойды, дінбұзарлардың да қармағына оп-оңай түсе кетті. Ұшыры-қиыры жоқ Серияда ақша су тегін шашылып жатыр, қойны-қонышыңа тығып келесің дегенге де сенушілер табылды. Алланың ісі, жұмақ жолы дей ме, әйтеуір дінбұзарлар әлсізді, сенгішті, сиқырлап ұйыта біледі. Дінбұзар Пайғамбарымыздың: « Шынайы иман келтірген мұсылман-өзге адамдарға зиян келтірмеген адам», деп басқа адамның жанына, малына арына зиян келтіруге қатаң тиын салғанын айтпайды. Діни сауаты аздар жалған үгіттен күдерімді үзейін дей алмай сорлап қалады. Абай айтқан: « Арамдықтан жамандық көрмей қалмас..»,деген сөз жадына түспесе не шара?! Кейбір жас қыршын кетіп жатыр, әлемде лаң белең алды...Кісі өлтіргеннің кісіден болар ажалы, жер жұтатын заманның зұлым
тажалы. Кәззаптар қанды көрсе қызына түсуде.Теледидар хабарында АҚШ-тың Калифорниясындағы атыстан жазықсыз он адам көз жұмыпты. Лаңкестердің кезенген мылтығы, денесіне байлаған жарылғышы жұмыр жерге ажал шашып жүр.Ақпараттан көзбен көріп, құлақпен естігенде зәрең ұшады. Әлем тыныштығын бұзудың себебін кім, қалай ашады, түсініксіз. Тағдыр тәлкекте, қазақ өзіңнен зорлар шықса, екі көзің сонда шығады деген екен. Лаңкес, терроршының қарапайым халыққа өшіккеніндей көздеріне жын көрінді ме? Қара түнек жамылған жын...әбден масайрап құйындатып жүр жер бетін лаңдатып. Өілім жоқ пәле.
- * Тазша бала күн астына қарап алды да: « Қымыр аға үкідей ұшып жұмыр жерді шыр айналып қайттым. Сонда не көрдің, не білдің, демейсің бе? -Дейін... -Десең, Ай әлеміндегі Минхаузеннің сақалына қолдарын ербеңдетіп бір топ көсе, тероршыларға сақал жетпей жатыр, сақылы қалыңдардың біразы оқтұмсық өртіне өртеніп, денесі күлге айналып кетті. «Әлемді қанға бөктірген фашистердің денесі де күл болып жерге сіңген, ислам дінін бетперде еткен қанішерлерге обал жоқ. Ресей самолетіндегі жазықсыз адамдардың өлімі, Франциядағы қырғынды кім кешіреді. Қанішерлерге сақал түгелі басқан ізіне шөп шықпайды, орындары тамұх, деп Минхаузен оқтұмсық жарқылына сүйсіне қарапты... -Көрген түсің бе? -Қымыр аға менің түсім өңімдегідей аумай келетін шындық,-деді де Тазша бала: « Ақпараттан оқып көрдің бе, Ресей Сериядағы тероршыларды талқандап жатыр. Оны көптеген мемлекет қолдаса, АҚШ Ресейге қарсы насихатты күшейту мақсатында келесі жылы бөлінетін қаржыны 26 пайызға ұлғайтып, 83 миллион долларға жеткізбек. Сонда деймін-ау Ресейдің тероршыларды жер бетінен біржола құртамыз деген саясаты кейбір мемлекетке жақпады ма? -Шындықты түсінгісі келмегендер ұшқыр ойдан қашып, оппозицияны қолдаудың ақыр аяғы бүліншілік болатынын ұғынғысы келмей, мағнасыз, кесірлі пікірдің батпағына түседі,-деп Қымыр: « Жұмыр жерде адамдардың тірі жүруін көпсінетін тажалдар шайтанның қолтығынан тегіндікпен шыға қоймас. Абай айтқан: «Арсыз адам арсаңдап арсылдайды. Әр жерде керегеге таңылса да» -дегеніндей жұмыр жерде жазықсыз халықтың қаны шашылуы тоқтар емес...Жер бетіндегі тіршілікке адалдықпен есеп берудің әлемдік дәрежесі ала-құладан арылса ғана саясаттың да, насихаттың де ұтысы болар еді. Қулығын кейіншектеп бүгіп жылтырақ сөзді әшекейлеп көрсету белең алмаса...
- * -Тірлікті түсінуге көп күш керек. Сары уайымға салынып сандалып жүрген біреу, қолы қолына жұғыспайтын икемсіз аяп айтам,-деді Қымыр. Керемет ойдың ққұшағында тұрған Тазша бала жалт қарады да:: «Жұрттың бәріне бай болуды үйрете алмайсың, одан да менің ойлап тапқанымды айтам. Адамзаттың еркінен тым жаңалық.. Қымыр оның ойын ұғынады. Ойлары таңғаларлық екенін түсініп құлақ қояды. Жеті атасынан бері Тазша атанған бала ана құрсағынан жарық дүниеге еркелей келісімен, ақыл тісі тез шығып, сөйлей бастасымен үш тілде сайрап жөнеледі. Бостандықта болдырмаймын, жақсылықты шынайы түсініп, жамандық істегендерді оңдырмаймын, сұм-сұрқияның басына бақыт құсын қондырмаймын, шындықты күткендерге арман болып жүремін, дей келіп сайрады, екі көзі оттай жайнады. Көпшілік біле бермес, қазақ елінің аспаны космос қалдықтарына толы, таза ауа оңып тұрған жоқ. Менің идеяммен әлемде жоқ ауа өңдейтін теңдессіз зауыт аштырып қоқыс, ластанған ауадан ондаған металь түрін өндіріп, яғни Менделеев таблицасында жоқ түрін рынокқа шығарып, байлыққа белшеден батып, бақыттымын деп телпегімді аспанға атып тұрғанымның шындығын түсіндірейін бе? Көбің мені елемейтін, ғалымға теңемейтін шығарсыздар, оны жақсы түсінем. Әркімнің көкірегінде пасықтық пештің оты сөнбей тұрады.Жә, сонымен әлемде жоқ жаңалықтың бірі былайша қатпа жүдеуді семіртетін, семізді арытатын таза ауадан өндірілген дәрмекті және қысқы аяөзға, ажзағы аптапқа шыдап өсуі болаттай берік тамыр тартуын тоқтатпай, түрлі маса, шыбын тәрізді жәндіктердің ауру таратуан жоятын, жыл бойы гүлдеп тұратын он түрлі өсімдікті космос кемесіне тиеп 2016 жылдың науырыз айының басында Байқоңырдан» аттандырып жібердік. Мұның маңызы теңдессіз екенін, аузым жеңіл болғасын, Қымыр көке айтып берейін.Марсқа аман,сау барған зерттеу жабдығы ауа, түрлі өсімдік,, толып жатқан топырақ құрамын, қазақ жеріндегі тірлік біткенмен салыстырып көреді. Нәтижесінде біздің ауа,түрлі өсімдіктерге сәйкес келген жерлердің толайым бәрі қазақ елінің меншігіне көшіп құжатталады. Иеліктегі ұлтарақтай жер де жатқа кетпейді. Міне, ғаламат емес пе? Сөйтіп, Тазша бабамыздан өсіп келе жатқан жеті атаның ұрпағы Марсқа қоныстанып, ой, шіркін, шалқып жүреді. Қанат керек болса, қанат бітіп әлемдегі шексіздікте, ауасыз кеңістікте қалқып жүреді.Тағы бір айтарым шайтан семірген кезеңде өмірге көптеп келетін даналарымыз ана құрсағынан түсік боп бір құрыса, жарық дүниеге келгені далаға тасталып, өлім, жітімге ұрынуда. Қай заманда да білгір даналар өмірге зіл көтерем қиындықпен келіп, талай соққыны көреді. Өйткені, шайтан өмірге ұлылықты келтірмеуге мың түрлі айласын салады. Кеудесінде шай-
тан орныққанын кейбір әйелдің түсінгісі жоқ.Бісссімілдасын айтуға аузы келіспейді. Жексұрын шайтанның жиркенішті қастандығын әшкерелей білетін Алдар көсе Башқұрттардың тарихында екі мың жылдан бері өмір сүріп келеді екен. Алдар есімін атаса шайтанның жүрегі үрейден жарылып қырылады екен. Қай заманда да дін ғылымы дамыған Башқұрт еліндегі Алдардың батасын алсам, деп Тазша бала Қымырға қарады да: -Ойларымды өзгелер қалай түсінеді? -Мүмкін, теңдесі жоқ жаңалығыңа, тендірдің отыз пайызы қалтаға кететіні сықылды ақша қосып берсең құп алатындар табылып қалар -Бұйте берсек шындықтың да кілтін жоғалтып алармыз...Байқау керек. *** Әлемде ажал құйыны қайсар ақылды қазақтың жау жоқ деме жар астында, дегенін ұқтырып ойландыруда. Тұрақсыз саясат, өктемшілік, өзімшілдікпен шектеліп, халықтық сипаттың өзгеруіне көз жұма қараушылық аса қорқынышты екенін көрсеткелі қашан. Осылайша Ирак, Ливия, Араб көктемі, Серия, Ауғанстан дейсің бе, адамзатқа бағытталған қанқұйлылық терроршылар қырғынымен жүріп жатыр. «Ислам мемлекеті» деп әлемге жариялап, қаржыланып, мұздай қаруланып жазықсыздардың қанын шашқалы қашан. Оу, Германияның өзінен 470 салафитші немістері бар, тағы басқа ұлттардың адамдары бар, жұмылып «жұмаққа тез жетеміз» деп тероршыларды қолдап қолдарына қару алыпты. Жұмақ жолына надандарды сүттей ұйытып, қаржыны молынан беріп отырған Сван Лау неміс азаматы дегенді ақпараттан естігенде фашизмді ұмытқаны ма деп қаласың. Жұмаққа өздері барып келгендей, ант-су ішіп тобырды иландыруына неміс билігі нанып отыр ма? Көздерінің алдында франциядағы тероршылардың қырғынын елемей ме? Сүмітіліп босып жүргендердің себебін түсінгісі келмей ме? «Есер, есірік болмасаң, Тіршіліктен пайда жоқ» деп Абай айтқанындай жұмаққа тез барамыз деген дінбұзар саясаты қаншама адамды өмірден баз кештіріп жатыр. Шайтани ұйтқытуды қазақ Алланың шайтанынан адамның шайтаны қауіпті дегені осы ма? Құйындай түскен ажалға шайтан мәз..Лаңкестердің жауыздығынан әлемде отыз мың адам өлім құшты деседі. Жұмыр жерде бұдан артық қайғы болар ма? Бақытсыздықпен азап шегушілер мұншалық көбейе берер ме? Қырғын соққысы ненің өшпендігінен ырық бермейтуындап отыр, дөп басып зертелмеген жағдай...
- * Келімсектердің мінез-құлқында мен-мендік, күллі тіршілікті көре алмаушылық, жасырын қиғаш қиял, аума-төкпе пікір кездеспей тұрмайды. Оларға шектен тыс сенімділікпен қарау құр далбаса екенін әлемдегі түрлі
қақтығыстардан көріп, өкінішті салдары дәлелдеуді қажет етпейді. Бір ғана Атыраудың өзінен 600 шет елдіктің заңымызды бұзғаны, заңға пысқырып қарамай әкесінің үйіне келгендей тайраңдап жүруі сезік тудырады. Күліп жүріп, жүрдім-бардым тексеруді біліп жүріп, қаскөйлікті іліп әкетпесіне кім кепіл. Абай айтқан: « Қулығыңды ішке бүгіп, алдайсың»-дегені достан да, қастан да сақтана білудің маңызын айтпай ма? Олай болса заңдылығымызды келімсектерден талап етуде айқындық үйлесін табуға тиісті және әрбір, құжат дерекке қатал және сын көзбен қарамаса өкіну оңай...
- * -Тірліктің әртүрлі мәнісі бар, іскердің атқарар сән ісі бар, әркімнің ата тегі бер, еркінсудің де шегі бар. Үміт күтумен шаршау бар, асқан ақылды түсінсең жаныңа қамшау бар, бетіңмен ләйлісең өзіңді ғана емес әкеңді тәлкек етер әжуа бар,-деп Артық көкөніс егіп жүрген ауласындағы жерді шала өңдеген ұлына ренжіп отырды. Ұлы шаршадымнан басқа тіл қатқан жоқ. Артық өзі қателескендей кейіппен: « Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін» деген Абайды білесің бе?- деп еді. Ұлы тілін жұтқандай теріс қарады... Әке, жалғыз ұл деп әлпештеуден кенде болған жоқ еді. Осының табанына қадалған шөңге маңдайыма қадалсын деп тіледі. Енді тірлігіне икемі жоқ сорлы ұлын көріп, аяп әке көкірегіндегі қайғы өрті сөнер емес... дұшпаны табалағаны қандай ауыр. Ащы тілі өзгенің тірлігін өзгертсе де, өзінің өзегіне күйік болып түсерін біліп пе? Қайран өмір...
- * -Қымыр аға,-деді Тазша бала: « Қаласаңыз есалаң болуың оп-оңай екен. Сапырылысып жүрген жастардың тұлабойы толған электро-мағниттік толқынның зиянын ғалымдар айтпай елеусіз қалдыра береді. Біреу біреудің тірлігіне араласыпта қайтеді.Кәне, амалың болса құлықсызға жөн айтып көр. Тыңдамаса өз қолыңды өзің кесе алмайсың, әттең, деп күрсініп тынасың. Ұрпақтың кесірлігін ешкімнің басына бермесін, десең күйініш көкірегіңді кернеп кетті ме, қайтті?.. -Жастар неменеге ынтығады, пайда мен зиянды білмей ме?-деді Қымыр автокөлігінің есігін жауып жатып. -Әрине, білмейді, өзіңіз де автокөліктің сигналын басқанда миың дір ете қала ма? Өрт сөндіруші автокөліктердің дыбыстық толқыны 90-100 децибел болса, сол дыбыс зәреңді ұшырады. Сол дыбыс толқынының зиянын сезбейтіндер құлағынан қабылдағышты босатпайды, нөсерде төбесінен жасыл түседі-ау деп ойламайды. Мысалы, ғалымдар негіздегенде Бетатолқыны секунтына 14-тен 100-ге дейінгі дыбыспен мидағы нейрондарды
қозғаса, Альфа-толқыны, 8-ден 13 герцті миға өзгеріс туғызатын көрінеді. Дальта толқыны да қарап қалмай 4 герц мөлшерінде дыбыс ұйытып, егер солардың барлығындай 2100-3100 герц дыбыс толқындары мида орналасса ми азып, тозып ессіздендірмей ме? Әне, құлағы дыбыс толқынынан босамай жас жігітке жақындап барып жөн сұрай қалсаң, аузын ашып, көзі алаңдап, ессізденіп үн қатпас еді. Болашағын бүлдіріп терістікке айналдырғандар тіршілік құнын Артықтың баласындай бағалаудан қалғандай ма, қалай өзі?. -Сонда кейбір жастар денсаулығына қасірет төндіріп жатқанын білмей ме? Қызық екен, ә? -Химия мен физиканы жете түсініп оқымаса өзін тірі өлікке бастап әкетеді. Әлемде еркекке еркек, әйелге әйел үйленіп масқара болуы мидағы сезімнің жойыла бастауынан емес пе?- деп Тазша бала: « Уақыт өте дыбыс толқындарысыз ұйқы көрмейтін, ішкен асы бойына сіңбейтіндердің құлағыкерең, сөзі-кекеш, көзікіреукеге айналып, оған дәрігерлер ем қондыра алмайды. Аталарымыз қатты сөйлеме, ден саулығыңа зиян дегенін қалай біліп айтқан. Сонымен жаһанданудың көлеңкесінде денесі толқынға толы бір тобыр ессіздер келе жатар. Абай айтқан: « Қара басқан, қаңғыған, Қас надан нені ұға алсын?-дегені бүгінгі есалаңдарға арналғандай, Қымыр аға...
- * -Тіршілік дегенде пенденің білгенінен білмейтіні, болжауынан күмәні көп,- деп Тымыр: « Ал, ақыл, есі жоқтарға, көкми дейсің бе, кеще дейсің бе, бәрібір болып көрінетіндерге ойсыз өмір сүргені қолайлы. Ештеңемен басын қатыр майды. -Өмірге келдім шындық, өлімім шындық деуді түсінбейтін сорлыларды қайтесің. Ақпаратта АҚШ ғалымдары Адамның өлгеннен кейінгі өмірі басқаша басталатынын дәлелдемек болыпты. Солтүстік Каролина университетінің профессоры Роберт Ланц: «Адам бақилық болғаннан кейін өмірін тоқтатпай басқа параллель әлемге кетіп қалады..дейді.параллеьмен кетуімен тоқтала ма? Адам жаны тірі екен Ланцше айтқанда.Тірлігі, қызметі қайда? Қазақта өсиет бар, жаныма жаман адам түспесін, о дүниеде тыныштығымды бұзады, деп айтады. Сосын да өлгендер ата, бабасының жүз жыл дейсің бе, мың жыл дейсің бе, иелік қорымында жатады. Демек жан дененің жәй, күйін бақылап, бағдарлап тұратынға ұқсайды. Ұлттық ұлылығы, батырлығы, ақындығы, даналығы, толып жатқан жақсылығы жалпақ жұрттың игілігіне жарап тұратын азаматын қазақ жеті атасына тартқан деп үлгілеп отыратыны да Адамның қасиеті, өнегесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына да о дүниелік болған ата, бабасының жанынаың желеп, жебеуі деп тұжырымдайды. Оған мысал да жеткілікті, екінші дүниежүзілік қырғын соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсеткен ерлеріміз бен қыздарымыздың ата, тегіндегі батырлық ұрпағына
жұғысты болғаны десекте жетеді.Кейде адам шошырлық зұлымдықтан, төніп тұрған ажалдан да сақтандыратын о дүниедегі ата, бабасының жаны қорғандық етпей ме? Әлемдік соғыс тарихында талай ажалмен бетпе-бет келіп жеңіске жеткен, Кеңес Одағының екі дүркін Батыры атағын иеленген Талғат Бегалдиновтың аңызға айналған ерлігін Одессалық екі дүркін Батыр атанған қаруласы Алексеенко. «Бірде фашистердің қоршауында генераль Кутаковтың қалғанын, оны қайсың құтқарасың деген де Талғат мен барамын деп ұша жөнелді. Мұздай қаруланған фашистер Кутаковты қоршап мазақ күлкімен тұрмай ма? Кенет жаудың көзін байлағандай сомолетпен шүйіліп келіп, Кутаковты іліп әкеткенде фашистердің бірде-бірі оқ ата алмай қалуы батыр бабаларының киелі жанының тосын ажалдан қорған болуы емей, немене. Демек Адам жаны денесі өлсе де тірі қалпында ұрпағын қорғаудан жалықпайды. Бүгінде кейбір пенде өзінің рухы білетін көп нәрседен хабарсыз қалыпта кетіп бара жатыр.Бұл о дүниедегі ата, бабасының жанын аяуды білмегендік. Ал, әлемдік даналардың бірі Абай: «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес...өлді дейді өңшең білмес» деп Адам жанының өз кеңістігінде ата, бабаларының құрамында жүріп, ұрпағына тілекші қызметінің түрі жетерлігін дәлелдеді. Ал, құдайдан безген зұлымдық, соғыс, түрлі қырғында бомба астында күйіп кеткеннің, немесе темір тордың ішінде өлгендердің жаны азаппен қорланып әлем кеңістігіне кете алмай қалғаны қаншалық өкінші, қаншалық мұң-шер, жауыздыққа лағнат. Тірідегі адамның кейбір қан жұтатын қайғысынан, өлгендердің кеңістігіне кете алмай қалған қайғысы қалың, қарғысы ауыр, табиғаттағы небір апаттың орын алуы да жазықсыз төгілген қанның көтерілуі емес пе? Қазақ адам өлерінде жанталасып жатқан бойда, терезені ашып қояды. Оныңыз жанның өз кеңістігіне кетіп өмірін жалғастыруына қызмет. -Сол параллелмен жүріп бара жатқанын көріп пе екен?-дегің келе ме? -Тоқтаңыз, Адам дін ойлап тапқандай жұмаққа немесе тозаққа емес, тап осындай параллель дүниеге кетеді,-деді Ланц. Демек, жан өлгеннен кейін, ана жаққа кетіп бара жатып «қайта тіріледі». Оқымыстының дәлел, дәйегі өсімдіктің тіршілік етуіне ұқсас деп қортынды жасамақ.Ғалымдардың теориясына сәйкес бірқатар әлемде динозаврлар әлі де ерсілі, қарсылы шауып жүрген көрінеді. Сол сықылды адам жаны да өлмейді деп түйіндегенге ұқсайды. Ланц мырзаның бүгінгі жаңалығы сықылды пікірді кім қалай түсінсе де, өздері білсін. Адам жанының өлмейтінін әлемдік даналардың бірі Абай баяғыда дәлелдеп қойған, «өлсе өлер табиғат, Адам өлмес деп».
- * -Тазша бала, бүгінгі ғылым түгелі теледидарлардағы жарнамалар да ми талшықтарын тікірейтіп жібереді,-деді де Қымыр: « Жұрттың бәрінің
басын қайызғақ басып кетті ме, әлде қолтығы сасып кетті ме, жарнамалап қақсайды да жатады. Бұ да шет елдік жаңалық пе? Одан да өндіріс орындарындағы жаңалықтарды шет елдер білсін деп жарнамаламай ма? Ақша алуға қаншалық тырысқанымен елдік шаруаны ұмытуға болмайды ғой. Теледидардағы жансыз, жұқсыздық та көптің ойынан шыға бермей, кісілік тәрбиеге сызат салумен келеді...Адамзатқа өмір беретін ақыл азайып, ерсілік елесі теледидар бетінде кезіп жүр. Әншиін мағнасыз ойлар тасқындарын көріп жігерің құм болады...Бұған тиым салынбаса барған сайын қасіретке батырады. Оны басыңдағы қалпағыңдай біл. * -Қас екеніңді қабағыңнан танимын, кедей екеніңді ас салатын табағыңнан танимын, дейді екен Артық айтқыш. Сол айтқандай бүгінде қалай десең, олай де, шет елден келіп жататын ойыншықтардың көптеген түрі улы делініп жүр. Қорғасыны, басқа да химиялық қоспасы, сасыған иісі баланың бауырына жиналып жүрекке, жүйке жүйесіне қауіпті әсер етіп, созылмалы ауруға шалдықтыратынын дәрігерлер қақсағалы қашан. Оу, кеденнен улы ойыншықтар қалай зырқырап өтіп кетеді, арбай ма, пара беріп жалдай ма, қайдағы-жайдағымен ауыз жаласып ұлт болашағына қастандықты жасырын ойлай ма?-деп Қымыр налыды да: «Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды деп аңқаулық емес, пара, пайданың кешірімсіз қасіреті ұлт болашағына жасалып жатқан қылмыс екенін қашан біліп сақтана аламыз? «Жазасы не болады бидің арам?-деп Абай айтқандай кеден билігі із-тұзы білінбейтінді де біліп тұрмаса ар-намысына сын...
- * -Қымыр аға,-деді де Тазша бала: « Тісің бар да ысқыр, мұрының бар да пысқыр демекші әлгі Жәпек көшеде бетімен кетіп бара жатқан қызды сойылға жығып, тағыда түрмеге кетті. Түрмеде тегін тамақ ішемін, тегін киімін киемін, дейтін дүлейлігіне әкесі өкініп төсек тартып жатып қалды. Жүрген жері әлек, іздегені төбелес, өзі де талай таяқ жеді, шекесіне тимейді. Абай айтқан: « Боларсың бақадай, Көп түссең егеске» дегенін ұқпайтын да, құтырған иттей таласа кететін кісі болады екен. Айтып, айтпай не керек, бәрінен бұрын, көкірегінде қылауы жоқ елдестерден қатты ұят-ты.. -Әркім ұятты сақтауы үшін ұятсыздардан түңіле білуі керек,-деді Қымыр тірліктегі жамандықтан қашып құтылудың қиындығын меңзеп. *** -Қымыр аға, жамандықтың ең ауыры табиғатқа жасалып жатқан
әлемдігі ауыр қиянатты айтқым келгені,-деді де Тазша бала: « Америкалық ғалымдар ақыр заманды соғып ауаның температурасы Цельций бойынша 2 градусқа көтерілетін болса, жер бетінде 280 миллион адам, 4 градуқа көтерілетін болса, 600 миллион адам жаһандық апаттан зардап шегеді деседі.Мұздақтар еріп жатыр. Әлем байлары байлықты ойлағанша жұмыр жердің амандығын сақтауды ойламай ма? -Байлығына сүйсініп мақтанышпен кеудесін көтеретіндердің бірдебіреуі әлсіздерді тәлкек етуден басқаға көңіл қоймайтындай көрінеді,-деді де Қымыр: «Құр дәрімен атқанға өлмейді екен, Өмірі мақтаншаққа нысанаңыз» деген Абай. Осындай ұлылықты түсініп назар аудару қиын. Өйткені, байлық мақтаны, бақ мақтанына дандайсығанда өлімді де ұмыттырмай тұрмайтын шығар. Дегенмен жылынған ауа, суына да білер. Үрейдің қажеті жоқ. * Қоғамның бас ауруының бірі жемқорлық болса, оны түсіну әдіснамасы жаңғырып, жаңарып отырады. Оның іс жүзіндегі қолданысы ерекше назарда болады,-деп шешеді билік партиясының өкілі. -Сыбыйлас сұмдар оның бәрін күнібұрын болжап, айласын өзгертіп, аса сақтығын күшейтіп олжалауын тоқтата қоймас. Қазақтың тәртіп, тәрбиесінде ұрпағын бесіктен бастап: «Ешкімнің ала жібін атта ма, оңай олжа оңдырмайды, басыңды жұтады»-деп ана сүтімен қанға сіңіргенін сыбайлас жемқор сойқандар есіне алса ұрлық түбі қорлыққа бармас еді, көрдей түрмеде қор болмас еді,-деп Қымыр толғанды: «Тойымы жоқ та тәуба болмас, ынтықтыра түсер шайтан жолдас, ақыл ыдысы қақыраған сұғанақ, екі дүниеде де оңбас...
- * -Арамызда өтірік күліп жүрген бір сұм-сұрқияны көріп көпсінеміз-ау, оның қатары ондап, жүздеп саналса қайтер едің?-деп Қымыр: « Адамға құпия қастандықтың ең ауыры есірткі. Ажал өсімдігі тамырымен жұлсаң да көктеп шығар береді. Ішкі істер министрлігінің Есірткіге қарасы күрес комитеті «Көкнәр2015» операция барысында есірткі тасымалына қарсы 1291 қылмысты істі ашып, бес ұйымдасқан топты ұстапты. Заңсыз айналымнан 94 тоннадан астам есірткі құралдары тәркіленген делінеді. Өлі түске ұрынып, ажалмен күн сайын жолығып, тірліктен безіп жүрген 54 мыңдай есірткіге есі кеткендер бар деседі. Адам болып жаралды, адам болып өлуі керек қой, ессіздер оны кәміл түсінбейді, алдында ажал күтіп тұрғанын да сезбейді. Есірткі әлегіне қашан тиым болар екен? Әрекет бар, тосқауыл әлсіз бе? Ұлтымызға мүлде жат қылмыс түрі қалай еніп кетті? Бұл сұмдықтан талайдың көз жасы кебе қоймас...Қайырсыз ұл, қыз бар, олардың тірлігін аздыруға шайтани өшпенділер де жетерлік,-деп Қымыр.
«Әр ашықаузға бір алдаушы бар», Тегіннен тегін күлесің деп, Есірткі дәмін білесің деп, Ой-хой, шіркін, Жұмақта жайнап жүресің. Оны өзің де білесің. Ашықауызды алдап, Қалтасын қағып қармап, Үгіттеп жүретін жын бар. Талай аңқау, жынға сеніп, құлаған құздан!
- * Тымыр жоғалтқанын іздегендей қоқыс салатын қол арбасын ыңғайлап тұрды да ойға кетті. Аялдамадағы екеу бейпіл сөзден аузын жаппай сөйлеуінен секем алды ма, осындай да қиялилар болады екен-ау деп күбірледі. « Ауылда Шәкір деген ағасы музыка мектебін басқарды және домбырадан сабақ берді. Музыка мылжың жұқсыз, дөрекі дыбысты қажет етпейді, ондай ерсілік миға салмақ, жүрекке ауыр деуші еді, мына оспадарлар ден саулығын ойламайдыау, деп толғанды Сол Шәкір ағасы жақсылыққа қатты қуанбады, өкінішке езіліп қайғырмады, маңдайға жазғанды күтіп алдым деуші еді. Жұрт жер қозғалмаса қозғалмайтын нағыз мінезді дейтін. Іскерлігі бет алды шашылып сөйлемейтіні ауданның бір басшысына жақпай қудалады. Сонда да қабақ шытқан жоқ, қайта ширап: «Үндемеген жетелі, Үйретеді екеуді». Бөспенің сөзі , Өсек болып кетеді, Өз түбіне жетеді. Жетелілер топ жарып, Қайтара берер есені!- деп тірлігін дәйектейтін еді. Бүгінде ақылды түсінудің өзі қиындап кеткені берекесіз оспадар сөзге араласқаны шығар. -Абай айтқан: «білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды», дегені аумай, төкпей келіп жатса несіне қиналмайсың,-деді Тымырдың жанына келген Қымыр жынды кісідей аузына келгенін айтушылар көшелерде кездесіп жататынына жыны келіп.
- * -Қуды қу табады, шұқанақты су табады, дегендей дөрекі дөрекіні іздейді,
оспадар оспарды іздейді, сұм-сұрқия бірінен бірі қол үзбейді, тауып алады, бойындағы асып тұрған қуатын төгіп шашады,-деп Қымыр әлгілердің түріне қарап мырс етіп күліп. Сосын «Қызбелде» Мәдір, Кәдір деген ағалы, інінің ауыздарын жаппай сөйлей беретініне әжесі Қазина жыны келіп: « Күніне мың ауыз сөз айтқан адам өліп қалады» депті. Содан екеуі сөйлеген сөзін санап жүреді. Бірде әжесіне келіп; « Мәдір мың сөз айтты, қашан өледі?-депті. Сонда әжесі: «Е, ұлдарым әлі түсінбеген екенсіңдер. Бір-біріңе өтірік айтсаңдар, біреудің бірдемесін ұрласаңдар, төбелесіп әлің жеткеннің мұрнын қанатсаңдар, бейпіл сөз айтсаңдар, дауыс көтерсеңдер, біреумен өштесіп, кектенсеңдер, толып жатқан жаман әдетпен қатарыңа жексұрын атансаңдар тірідей өлгендерің ғой. Ұрыс-керіс, төбелессіз жүрмейтін, зұлымдарды ел жек көріп, сайқы-мазаққа айналдырса, әке, шешеңнің жұрт бетіне қараудан қалып, сойқан, содырлардың әке, шешесі ме деп түңіліп, ұятсыздарды қалай тәрбиелеген деп тірідей өлтіреді. Сондықтан байқапбайқап сөйлеп, тірліктегі жамандық түрлерінен қашық болсаңдар ата, анаңның абыройы, адал жолда өмір сүрсеңдер еңбегінің қайтқаны,-дегенін құлағыммен естіп едім. Сол Мәдір мен Кәдірдің жан ұясымен омырытқа шақырған меймандықта кездесіп қаламыз. Бала кездегі жалпылдап сөйлей беруі қалған. Айтқысы келетін ойын да кәміл түсініп барып мәндендіріп айтады. Ашулану, кектенуді жадынан шығарып, тірлігін адалдыққа құрып ұрпақ өсіріп отыр. -Қазақтың тәрбиедегі ұлылығын бойына сіңіргені абыройын өсірген десейші?-деді де Тымыр шет елдің жаман әдеті мен тәрбиесіздігіне еріп әрбір қимылы қорлыққа айналғандар түсінсе ғой.. Ас, су ішпей интернет, компютер бөлмесінде күндіз, түні кірпік қақпай бірнеше күндеп түнеуші ессіз жастар сөйлемей өлетінін білмейтініне қайран қалмай-ақ қойыңыз. Ұрпағына ие болмаған әкесіне, анасына : «Жақпайды маған сол жерің» деген Абайды айтсаң түсініп, күрсінер ме? Өзі білсін, кәләкайт қолайлы болса...
- * Балық үлескендей шуласқан жұртқа қара мұртты еңгезердей жігіт ағасы: « Қиғылық салуларыңды тоқтап!-деп дауыстап жіберді де жиын өтіп жатқан залға кірді. Мінбеде жөн білетін адам ба, теріс қақпайлап отты көсеуші ме, сөз ләмін тыңдай бастады. -Түсінбегендер желігеді, әлдекімге кектенсе тірсектен қағуға жанын салады, әлекетініп жүріп өзі қатарлы сұм, сұрқияны іздеп табады. Өзгеге ұқсамайтын бағалы жолымыз бар деп емпең қағады. Бір істі тындырамыз, бізді мойындағысы келмеген билікті талқандап сындырамыз,-деп бас қосқан жиындарын да бастайды. Өздерін емес, өзгелердің түймедейін түйедей етіп
кінәсін, күнәсін дәлелдеп тастайды. Басшысы терісіне симай сілкініп:
-Тыңдаңыздар, өздерің білесіңдер, біз тентек қатыннан туған жоқпыз, ақыл, есіміз өзгеден аспаса кем емес. Өздерің нендей шаруамен айналысатындарыңды сұрамай-ақ ояиын. Оның партиямыздың ішкі, сыртқы жұмысына қатысы да, қажеті де жоқ. Балайша айтқанда жұмыстарыңа ештеңе тірелмейді. Қаржысы жетеді, как пішен одан тапшылық көрмейсіңдер. Партиямыздың құдіреті әркімнің ішіндегі ойын айтқызбай біледі, басшылықтың қателігі болса ине, жіпке тізіп сәтті кезін аңлап жүреді. Сыртынан бақылап сүріндіргісі келсе омақастырып құлатып береді. Әкесі болса да аямайды, іргесін аулақ салып, кемшілігін кешірмейді. Біз мықтымыз деп есірмейді. Бүғып жүріп, төсімізге қаруды тығып жүріп, реті келгенде жайрата саламыз. Қандай күштіні де талқандай аламыз. Бұл әлемдік тәсіл. Енді ұқтыңдар ма? -Ұға алмай қалдық. -Әлсізге көмегі бар ма? - Тәрбиелік мәні, мыңжылғыны болжайтын көрегендігі бар ма? -Болғанда қандай, Ирак, Ливия, Араб көктемі қақтығыстарында қараңғылық қапасынан шыққан опозициялық партия жарқыраған жарық тауып, билікті талқандап Садам мен Кадаффиды жер жастандырды. Қырқысудың ашық алаңында АҚШ-тың демократиялық шешімі пайдаға шықты. Әлем байлығының 60 пайызын бақылауында ұстайтын 147 корпарация дап-дайын пайда таппай ма? Оны әлем ұқпай ма? Демек, біздің партия орынтақтағыны ұнатпаса, саясаты жел жағымыздан шықса, әр қадамын аңдып, жұлқынады да жұлып түсетінін, желкесін қиып түсетінін әлемдегі жақтас партияларымыз қуана-қуана қолдап қол соғады, қаржымен жарылқап тастайды. Сондықтан билікті сырттай бақылап, басшылыққа қолы жетпегендерді, алааяқтарды, орынтағынан қуылғандарды, қақысы кеткендерді, еңбегі желінгендерді, толып жатқан әлсіздерді маңайымызға топтастыра білеміз. -Басқа айтарың бар ма?-деді залдан біреу гүр етіп -Әрбір сөзімнің құпия астарын сезбей қалдың ба? Біле білсең билікті есіртпейміз, байлыққа өзін ғана қожа ете алмаймыз. Әлсіздердің, жұмыстан қуылып жүргендердің маңдайына шаң тигізбей қорғайтын боламыз. Шенеуніктердің шүбәлі табыстарын, берсе қолынан, бермесе жолымен сәтін түсіріп тартып аламыз. Доллар неге қымбаттайды, Москеевич сияқты алпауыттардың жағдайы үшін бе? Жоқ, байлық ойыны, ұту мен ұтылысты зерделеудің құпия амалы. Байлардың жағдайы әлемге белгілі. Қоғамда ешқандай ағаттық, билікте ешқандай артықшылық болмауға тиісті, оны біздің партия түрлі бағыт, бағдарында енгізіп қояды. -Енгізгеніңді қоя тұр, пікіріңнен суық жел есіп тұр екен. Олай дейтінім опозиция демократия деп жөңкіп Ирактан, Ауғансатаннан не шығарды. Ливияны басқарған Кадаффи өмірге келген жас сәбилердің тарықпай
өмір сүруіне жеткілікті қаржы еншілеп, бірде-бір кедейсіз ел боламыз, коммунизмді біз құрамыз дегені АҚШ билігіне жақпады ма, ішінен іріткен жексұрын күш талқандады да біраз халқы босып кетті. Таққа таласу, баққа таласу, байлыққа таласу, тиянақтап айтқанда қантөгіс қиянатты кешіруге болмайды, біз зұлымдықпен сыйыспаймыз дей аласыңдар ма? Оқыс ойларыңша, тосын тәсілдеріңше тазалық пікір жоқ сықылды. Бабаларымыздан заң болып қалған қазақи демократия ханның да басқаның да қателігі болса мән-жайды сөзбен түсіндіріп, ашықтан ашық қатал айтып тәртіптеп отырған. Әділ сөздің айбынынан билік именіп айылын жиған, ешбір қантөгіске бармаған-ды. Ақпараттардан көріп, білгеніміздей опозиция қақтығыссыз, қан шашылуынсыз өтіп жатқан жоқ. Басқасы басқа-ау, Американдардың демократиясының әлемге үйретуге тырсықан қимылы ма, өздерінде қара нәсілдіні, ақ нәсілдінің қорлауы, атып тастауы әлемге әйгілі болды. Теңсіздіктің тамырына балта шабылмақ түгелі, қарашаның 29-да Колораданың ден саулық орнына басып кірген қара ниеттілер үш адамды атып өлтіріп, он адамды жаралады. Ашықтан –ашық халыққа оқ ату опозиция жемісі ме, лаңкестік пе, түрі жаман,-деді залдан біреу дау-шардың күллі себебін дәйексіз саясаттан іздегендей ниетпен. Осы кезде залдан тағы бір шоқша сақалды, кең иықты, айбарлы, кейіпі келіскен Өрен ұшып тұрып: « Шырағым Бөрібай ата, тегіңді жақсы білеміз, әкең облысты басқарды, сыйлы еді деп жоғарыдағылар талай мекеменің орынтағын берді, ісің сұйық болды ма, ештеңені оқсатып, жұртты жарылқай алмадың. Жекешеде қармайтынын қармадың, алдайтынын алдадың қақың кеткен жоқ, тірлігіңді түгендедің. Ісіңнен шикілік шығып шетқақпай болғаныңа өзім кінәлімін демейсің бе? Енді жұрттың өлгенде көрген еркіндігіне бір бүйірден тиісейін дедің бе,-деп қара мұртты Қайранбай ашуға булыққандай болып еді. Бөрібай да қарап тұрмай, сухитқан сөзбен жұрттың есін жиғызбай құтырынып; -Біздің партия қоғамдағы ұсақ-түйек кемшіліктерді, жемқорларды, есірткімен есі кеткендерді, дінбұзарларды не түрлі қылмыстарды тазартуға көмектеседі,-деп қасындағы жақтаушыларына назарын аударып алды да: «Біраз адам қаражат қожаларынан зәбір көріп жүр, алдаушы алаяқтар қаншама, жұмыссыздар, әлсіздер бар ғой. Осыны көріп-біліп жүріп қалай тым-тырыс отырамыз. Жоғарғы биліктен қатаң талап етеміз, талапты жүз пайыз орындатамыз. Халықты ойлау есіне кіріп шықпайтындарды тағынан мұрттай ұшырамыз...деп барып тоқталды. Осы кезде Өреннің жанында отырған айтқыш: « Қисық ауыздар партиясын басқаратын Бөрібай биліктен дәмеленіп тасып тұр, бұлардың қимылынан жүрегім дауаламай жігерім жасып тұр, еркіндік жолынан адасып, шет елше желігіп, қаржыға жалданып, кісіліктен қашып тұр, әлемде қақтығыс аздай, зұлымдыққа көкірегін ашып тұр, қисайған ауызды қырық түрлі дәрімен де емдеп жаза алмайсың дегендей, жұртты ақылсыз көре ме, париясына кім мүше болар дейсің, дегенде
отырғандар дүрлігіп бірі қалмай залдан шыға бастады. -Бізге дұрыстық керек, өз партияңмен өзің бай бол. -Деңгейің белгілі болды, байқа Абай айтқан: «Антпенен тарқайды, Жиылса кеңеске, Ор қазып байқайды, Туа жау емеске»-дегенді елжіреп оқысаң өзгеге емес, өзіңе деген күдігіңді жадыңа түсіресің. Уақ-түйектің, өш-қастықтың негізін тезінен байқап қалатын Тазша бала қырсыз қырсықтан түңілсе де: « Бүгінгі қазақстаншенеуніктер мемлекеті. Шенеунік нені қаласа, соны істейді. Ол-қожайын. Қолындағы билікті де мүддесіне жұмсауға тырысады,-депті ақпаратта рейтинг және сапаны басқару орталығының директоры Шыңғыс Ергөбек. Дұрыс айтады, шенеуніктің бәрі бірдей халықты ойлай берсе қажып кетпей ме, тұрмыс, тірлігі жұқарып азып кетпей ме, Бөрібайлар орынтағынан айырып торғай көздеп тозып кетпей ме? Болмашы істі атқара алмайтындар пара пайдамен орынтақ тауып озып кетпей ме? Қайран өзге түгелі өзін танымайтындарды қайтерсің...Опазиция деген есуастық райынан Бөрібай қайтар...аман бол... кімнің қанатының астына тығылар екен...Аңлысын күте тұралық.
- * Ж е р к ө т е р е д і . Пенде тірлігінде жүрсе де, тұрса да, байлығына көңілі көншіп, салтанат құрса да, жеті қат көкті шарлап, жұмыр жерді барлап шықса да, ұқпайтынды ұқса да, жегі дертіне бір шалдықса сайран өмірінің құны бір тиындық. Жегі құрты әуелі мұрынды, үстінгі ерінді жырып-жырып ойып тастайды. Және ауырғанын білдіртпейді. Аз уақытта беттің сау тамтығын қалдырмай жеп тынады. Қазақтың қаскөй жауызға: «бетің жоқ, бетсіз неме» дейтін сөзі тегін емес. Былтыр жыл соңына таман кедейлер қоныстанған ұзыннан ұзақ көшені сатып алған, белгілі іскер, арақ, шарап өндірісінің қожасы Қисықбасты шырт ұйқыда жатқанда бетін жегі құрты дал-дұлын шығарып жегесін басын далдалап жеке самолетімен Мәскеуге барып мыңдаған доллар қаржыға бет терісін, мұрынын, ерін, тіпті істен шыққан жақ сүйегін жаңартып жаны қалды. Шүкір, қаржы болса бүгінде адамның «запас» бөлшектері жетеді, өлі дене де жасарып жайнап кетеді. Білетін шығарсыз,ертедегі аңызда күн батып, қараңғы түсе бастағаннан құзғын қара құстар Прометейдің өкпе-бауырын жеп тауысып ұшып кетеді. Сарыала таңнан Жаратқанның құдіретімен бауыры қайта өсіп жетіледі. Қас қарая құстар тағы ұшып келеді, тағы жей бастайды, деген аңызды еске алсаң, жегі де бет пішінді жеп тауысады, оташы қайта жамап, жасқайды. Бұрынғыдан да жақсылап өңіне сұлулық кіргізіп жаңалайды. Демек, небір сұмпайды жа-
зала, әшкереле, бәрібір оңай олжа ма, әкел бері деп, алақайлап өсіп, өніп жатады. Бұл Қымырдың ойы еді. Оны жанына келген жалғыз досы сөзге ша қырып: -Ана қыз неге жетісіп жырқылдап күледі,-деді жегіні есіне түсіргісі келмеген Тымыр. -Жыртық тесікке күледі, саңырау, сақауға күледі, соқыр қотырға күледі, жегіш жей алмайтынға күледі, озбыр залымға күледі, зұлым әйел шеккен шылымға күледі, қайткенде де күлкіні ден саулық деп біледі. Өздері балық үлескендей бірдемеге таласа-тармаса бөлісіп жатыр-ау. Гүл отырғызуға таласса бір сәрі, онда гүл өсірудің королі атанған Ерлан Нысанбаев қатты қуанар еді. Жә, жұрттың күлгенінде тұрған ештеңе жоқ, қым-қуыт қала тірлігінің бәрі елден келгенге күлкілі. Көрмегенді көргенге күледі, білмегенді білгенге де күледі. Қала адамының екі аттам жерге жаяу жүрмегеніне де күледі. Автокөлігі кір-қожалақ, лас болса да күледі. Өйткені, Әлібектің егін даласында шаңның ортасында жүрсе де автокөлігі, киім, кешегі мұнтаздай таза болады,дегенді айттық. Жұрттың бәрі Әлібек емес, жалқау бар, қырсық бар. Одан сорақысы керек десең,ит жетектеген әйел итінің орысша білмегеніне, итінің гүл алаңына аунағанына да күледі. Жұғымсызды көріп жағасын ұстаған біреудің жаратқанға сыйынып қырықшілтен қайберен осындайдан сақта, дегеніне де күледі. Аялдамада кінідігін бір сипап нан жеген қызға да күледі. Қойшы, күлкі үзілмесін, ауылды сағынып кеттім,-деді Қымыр. -Елдегі имандылықты аңсайсың-ау. -Аршалының елді мекенін аралап шыққанда жасыма жас қосқан шығармын. Бірін-бірі аңду, күндеу жоқ. Қисығы, қыңыры бар шығар.оларға тез дайын. Қаншалық жүдеген үйде де кекесін күлкі жоқ, имандылық Ерлан өсірген гүлдей жұмсақ, құлпырып-ақ тұр. Жүрексінбей есігін ашып кіресің, қаладағыдай екі-үштен қабаттап темір есік салынбайды. Қабаған ит және жоқ. Қона кетсең мейманнан жамбасақы алынбайды. Қонақ келсе ырыздық келеді деп, үй иесінің қуаныштан жалындайды. Өмір мәні имандылық, о дүниеге бірге кетпейді дейді байлық, жиған мүлік. Мақсат маңдайын терлетіп ас ішеді, қуаныш, қызығы ұрпағы, олардың адал болуы, тілегі сол,- деген Ертайдың ойына қосылып кеңсесінен далаға шығып,шылым шегіп тұрғанда тәмпіш танау, дудар шаш қара бала, ақ көйлек, ақ шалбарлы, бәкене бойлы әкесінің қолын ұстап: -Көрші үй ішімен Ерейменге кетті. Балдары айтады, бір туысы араққа шашалып өліпті деп. Әке адам неге өліммен ойнайды. Сен жақсысың арақ ішпейсің,-дегені ойымды толқытты. Адам ажалды талғамайды, ажал адамды талғамайды, арақ кімнің басына қайғының қара бұлтын үйірмей, жегедей жалмамай жатыр. Мылтықсыз майдан...Ертеде араққа уланып өлгенге қырық күнге дейін жаназа шығармай, жер қойнына тапсырмай елге туыс, туғанын
қарабет еткенін естіп едік. «Арақтан өлгеннің моласы жоқ»деген сөз содан қалды ма? Кейін қазақ дастарханына арақ еркін енгесін арақ ішіп ажалынан бұрын өлгенге ешкімнің басы ауырмай, өлсе жер көтереді, деген кекесін пайда болды. Кекететіндердің өзі ішуден есеңгіреп жүретін еді. Әкесі құлап ішсе, баласы сұрап ішеді,деп үлкен жаңалық ашқандай болатындардың бүгінгі ұрпағын түсіну үшін екі-үш қапшық тұз жеуің керек. Оларға ортақ мүддені айтсақ түсінбейді, ынтымақты айтсаң ұғынбайды. Ұлттық ұлағатқа қасақаналықпен ой бөлгісі келмей ме, мойны бұрылмайды, иек қағып, жорта күліп бетімен зымырайды -Ауыл жастарының тәрбиесі жақсылыққа толы,-деп Ертай Жарасұлы майдангер әкесінің бір қуанышын есіне алды. Бауыржанды бір көрсем деп армандайтын. Содан Алматыға алқалы жиынға барып Жазушылар Одағынан Бауыржанды көріп, қолын алып амандасып сөйлескеніне аса ризалық танытып: «Ұлым бір адамның ерлігі, айбары бүкіл халқымызды әлемге мәшпүр етті. Ұлттық өнегенің қасиеті сол, деді. Ал, мен Әлібектің бір ауданға абыройлы болуын балдарыма айтып, жақсылық жолға бастап отырам,-дегені бар-ды. Ұлт перзенті екеніңді өзгеге ұғындыру құдірет екеніне көзіміз же тті. -Дегенмен, бірен-саран болса да қоян жүрек қорқақ бар. Лауазымға ықтай кетеді, желге ұшатын тулақтай... -Аздап бар-ау. -Ақымағымыз да бар. -О да табылады. -Солардың көбінің жан дүниесін ана құрсағынан бастап жегі құрттай жеген арақ-ажал емес пе? -Арақ бақытсыздыққа итермелейтін пәлкет қой. Жанұяның айырылысу қасіретінен әлемде алғашқы ондықтарда жүрсек ұяттан бетің күйеді. Әке шаңырағынан қанаттанған сегізбіз, жаман сөз келтірмегенге тәуба дейміз. Пасықтық, асықтық, күңгірт ойдан аулақпыз. Өтірік, суайттықты жек көреміз. Неліктен дерсіз? Өнегенің қанға сіңуі. Имандылықты сақтау, бүгінде өріс кеңейді, құдандалы, жекжаттарымыз бар, татулықты сақтау парыз. -Қырысық шалғандар тәрбиесіз, қасиетсіз-ау. -Көресіні көрседе қортынды шығармаса адасады, ұрынады, перінеді, тірліктен безіп шығады. Есі жоғалса сөз де, мазақ та дарымайды. -Жер көтереді деп әсерсіз, өлі оймен тарта береді дейсіз ғой -Қайтеміз, ақыл иесі болу оңай емес,-деді Ертай. -Тиымсыз кеткендіктен бе, қасақана жегі құрт...тосқауыл жетпей жатыр ма? Имандылық қанға сіңіп кетпей жатыр ма? Аталарымыз жамандықты көрсе имансыз дейтін еді ғой. Сосын да ұсақ-түйек ұрлықты да естімеуші едік. Ешкім жөнсіз жолға бетімен кетпеуші еді. Сол тәрбиені, тәртіпті көргесін бе, Әлібек, Шәкір, Жандарбек, Әділбек сықылды замандастар
ұлттық намысты ғана ойлаған. Қателік жасасақ ел бетіне қалай қараймыз деген ой түйген. Ұятсызды көрсе жиркенген.-Жемқор да жер басып жүр, ұят деген сөз миына кіріп шыға ма, шықпай ма, оны Жаратқан біледі. Қылмысы білінсе жазасын өтер, ұрлықтың үңірейген орынын ел көтерер,намысы болса адалдыққа оралар,оралмаса аққа түскен қара дақ, тірліктен жоғалар,- дейміз. Бұ да жөн шығар, адалдық деген тірліктен алар еншім бар,-десең кеден бақылау департаменті бойынша жүзден астам әкімшілік жаза, бір жарым миллион теңге айыппұл, он қылмыстық іс қозғалса аз ба? Одан соң Астана аэропортынан біріншісі 5 мың доллар, екіншісі 50 000 евро алып шетке өтпек болған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сонша қаржыны адал еңбек деуге сыймас. Осындай қылмысты елестетсек, немесе түсіңде көрсең адамның әп-әдемі бет бейнесін жегі құрт шұрқ тесік етіп жеп тастағандай қорқады екенсің. Одан да адалдықпен нан иісі бұрқыраған Аршалының егін даласында жүрсең бақытты сезінбейсің бе!-дегенімде Ертай сабырлы қалыппен, дағдылы жылы күлкісін жариялап: «Ертеде ауылда ойын-тойда күрес өтеді. Сонда жығылып қалғанға әкесі басынан сипап жер көтереді, ендігіде жығарсың, намысың оянды, дейтін жұбатып. Жемқор атанды, өлімнен ұят күшті дегенді құлағына ілмеді. Оныңыз жан азабы, қоғам азабы, жан түршігерлік оқиға. Тірдей өлім. Шайтан азғырса арам ойлы ұға да қоймас.Заң жеңіл, жаза жеңіл, сосын ақылсыз тәсіреді. Бұл ұлтты басыну, елді басыну екенін қапелімде ұға қоймайды. Әлемде адал ұлт атануды мақсат етсе ғой... «Өз кемшілігімді өзім көріп, кешіре алмай, аузым құлағымды тістеп алғандай жаным шиқ етіп, тәлтіректеп барып жарға маңдайымды соқанымды тірідей өлімге санадым» депті бір айтқыш. Оны түсінсе де зәлім о дүниеге таза қалпында кетуге асыға қоймас,сірә.
- * Әлібектің туған ауылы Оразақты ертеде Назаров сынды іскер, адал азамат басқарыпты. Одаққа белгілі. Содан басқа бір кеңшердың бастығын жұрт «Ындын»деген лақап атпен атайды екенін естиді. Өйткені, әр отарға барған сайын шопанның қойын сойдырып алады. Есептен актілеп шығармайды да малдың құнын шопан төлейді. Кіріптарлық және қылмысқа итермелегенге өкінгендер «Ындын»атандырмай қайтеді. Елдің ащы сөзі ауыр жаза екенін түсінген Назаров: -Сенімен қол беріп амандасқанда жұрттан ұялам. Ындыныңа тығын қоймайсың ба, елдің мазағы ажалдан да ауыр, сұмдық қой,-десе анау ерсі күліп: -Аудан басшысында көмей, өңеш жоқ па? Жалғыз мен дейсің бе? Көңілдес болмасаң атағың шатаққа айналады,-деген сөзін естіртер естіртпестей айтыпты. Сол кездегі сыбайластың түрі. Солай, заман солай.
Д А Т Т А Н Б А С Ы Н Д Е П Е Д І К
-Алтын қорғала ма? - Кейде қолды болып, жорғалайды,ә? Өйткені, саф алтынның үстында жылан жатады жылынып. - Қорғайтын заң қайда? -Саспа, ебін тапсаң елден ел асырасың, ат басындай алтынды да жасырасың. Заң өзіміз, түгел екен төрт көзіміз. Бір жерден шығып тұр уәделі сөзіміз. Қолды қол жуатын қызығын көріңіз. Еп керек, оған ымыраласар «шатыр» сеп керек. Жұмысшының аузын жаба білдік. Шаруаға күле сөйлегеніңде қорек, жібересің кейде қолтығынан демеп. Сосын қолда тұрады заңды дерек, мөр басылады, байлық жасырынады. Лауазымның көлеңкесі көлеңдеп жүре береді. Сыбайласқандар өмір сүре біледі. Берерде қабақ түйесің, аларда күле біледі. -Алтын ғой, аздырмайды, тірлігіңді тоздырмайды. -Бағасы әрине қымбат. -Іздеусіз қалмас. Бірақ, түбірімен қылмысты төңкеруге заңгердің дәті бармас. Әйтеміз, бүйтеміз, далада жатқаннан гөрі үйде тұрса саф алтын даттанбайды. Алтыны мол адам қайтіп іштей мақтанбайды. Қарауылың да үргелектеніп сақтанбайды. Тынысы кең, жалғасып жатқан жең... -Банкіге неге өткізілмейді? -Тексерер, қайдан алдың дер. Ізіміз білініп қалғандай болса, топырақ бәрін жасырады. Тапсын, қопарсын, іздеп көрсін, түк дәлелдей алмай басы қатады. Шөлдеп қаталап, тілі салақтап жатады. Әй, Бәтір Батпақ қайдасың? Қылмысты жасырудың білетін едің мың түрлі айласын,-деді «ГМК Қазақалтын» мекемесінің қолында мөрі бар бастықтарының бірі. Өзінің денесі соқталдай ірі. Суға салсаң батпайтын, отқа салсаң күймейтін жаны сірі. Қытай кілеміне суды шашып жібергенде өріп шығатын нетүрлі құртқа аунатсаңда былқ етпейтін, микроб жұқпайтындайдың бірі. Өйткені, Ресейге заңсыз жолмен алтын шикізатын жөнелтумен әкіленгендіктен заң да алмайды, микробта жұқпайды. Қалта қалың, қаржы бар, дәлел жетерлік, қыл көпірден де алаңсыз өтерлік мінезі бар. -Екі жаңғақ шошқаның аузына сыймайды,деуші еді-дейсің бе? -Неге сыймасын, алтынның буымен аптаса иненің көзінен де жылп етіп өтеді. Сосын айналыстағы олжа қаржы бәрімізге жетеді. Он жеті мың тонна алтын рудасын жөнелтіп, сыбайластарды қаржыға кенелтті. Кім білді,кім көрді? Көзі тағаланды ма, жо-жоқ, алтын бағаланды. Ойымыз астамшылық екен, әттегене, заңгерлер жағалады,-деп басшылықтағылар өкпелі еді. -Прокуроратурадағылар жеті қат жер астындағы жегінің де қылмысын мөлдіретіп тауып жатыр. Шамасы қылмыссыз ел болуға ниеттері ауып жатыр. Кінәлілер айыптарын бір-біріне жауып жатыр.
-Тоқтат, айтпа, қауіп, қатерді. Шығарамыз бәрінде бекер ғып. Екі тұйғын таласса торғайға жем түседі,деп. Біріміз Ресей, біріміз Қазақстан, көршіде келісім көп,керіссек заң қармағына ілінеміз. Одан да алтын кенін айыратын жасырын цехты бақыла, екі вагонға толтырылған 120 толтырылған концентратты, 670 тонна алтын шикізатын шекарадан жалған құжатпен аман өткізуді ойла. Сосын орыс арағымен олжалау тойын тойлалық,-деді мөрі бар, билігі мықты, тағы бір бастық шіреніп. Вагон жанында екі бүйірін тұр еді тіреніп. Осы кезде оның қасына Қалбақпай қалбақтап келе қалды. Адыр жоқ, мыдыр жоқ, мына тұрған бастықтары ем тауып, жұлын, жүйкесін жапондарша алтын талшығымен алмастырып беретіндей: -Анабір 17 жарылғыш па, жарғыш па, жанына барсам құлағым шуылдайды, екі бетім бұлдырайды, жер астынан Мәді, аспаннан Ғайса түскендей кәдімгі ойран-ботқан қырылысып, қырқысып жатқандай болам, басым бас емес, дыңылдайды, Жезқазған өңіріне құлаған «протон»жарылғанда 649 тоннадан астам гептел мен амилдің жанында тұрғандай миымда ызың бар, бір сұмдықты ішім сезеді де өзімді өлтіргім кеп қызынам,-деді. -Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шыққандай нені қозғап тұрсын, төбеңнен Құдай қос қолдап ұрсын, жаман ырым бастап не болғаның,-деп Жырбық Жағымпазов қалың қабағын түйіп, сұс көрсетті. Әлгі доқтан жасқанып тына қалды да сүйреңдеп:. -Қайдан білейін алтынның маңына келсем көкірегімді албасты, жын басты, дейінші. Өзіңнің көзіңе қос көрінбей ме?.. Бастық Жырбыққа сыбырлады. «Бір шымшым, қажет болса қуаттылығын көбейтіп есірткі бере сал. Есінен танып біржола ләйлісін?-деді. Өйткені, 9 грамм героин дайын тұрған-ды. Бұлтаратын бұлдыр ойлының сазайын осымен шешетін-ді... Сол екі ортада Қалақбай ойбайын салып, есірткіге есіргендей: -Прокурор келіп қалды, жасырғанның бәрін көріп қалды. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен бе, ішкі істер министрлігінен бе, бәрі алтын ұрланды деп жоқтап, Ресейге жөнелтуге дайындап қойған вагондар жанына тоқтап, тексеріп, тергеп жатыр,-деді жан ұшырып. -Е,мына қияли неге сандырақтайды. Бір пәле жоқ па? Ессіз неменің үнін өшіріңдер, тіпті үй, жайын вагонға тиеп құлақ естіп, көз көрмейтін жерге көшіріңдер. Әлемде күніне мыңдаған адам жоғалып жатады, ұрланады. Соның бірі болсын. Айтпақшы біздің ізімізді бағып жүретін Шолпан ба, Ай ма, басқа әлемнен ұшқыш табақшамен келіп кезіп жүргендерге аяқ, қолын матап бере салыңдар, оңбағырды,-деп бастық жағымпазға, оқ қағарына тапсырыс беріп еді. Анау да айтқанын мүлтіксіз орындауға көніп еді. Қалбақпай заң орыны заржақтарының «көзі, құлағы» боп, сатып кеткен жоқ па, деуін деп еді, Сол екі ортада ауыздарын жиғанша:
-Құтылмайсыңдар, 193 статья бойынша бес қылмыстық іс қозғалды, тырп етпеңдер,-деп Арман Төртайұлы жарқанатты жардан ұшыратындай пиғыл танытып: «Мемлекет мүлкін талауға сала алмаймыз. Ат басындай алтын берсеңде сыбайластарыңды жағалап, шатырды сағалап жүрсеңдерде дәлелденген қылмысты жаба алмаймыз. -Алтын далада босқа жатып даттанбасын деп едік. Қалтамызға салған жоқпыз. Сыбайласып, сыбырласып жөн тапқанымыз, біраз бармыз, көп едік. Сырымызды бұрын, соңды ешкімге алдырған жоқпыз, олжа тауып, пәлендей құмарды қандырған жоқпыз. Сонда да заңнан түңілген жоқпыз. Оларда да адам ғой, ретін табармыз дегеннен басқа ойға үңілген жоқпыз, алтынның алды-байлық, соңы-қасірет екеніне сенбедік-ау. Батылдықпен жерден алтын тапқымыз келді, сосын шет елге сатқымыз келді. Бал ұстаған бармағын жалайды деп байлықтың дәмін татқымыз келді,-деп қылмыскерлер әртүрлі саққа жүгіретін жауапты да дайындап жатты. Мекеменің қара сандығындағы құжатсыз 23 миллион 300 мың теңге қылмысты қорғайтын амалға жарамай, тергеушілер алым, берімге тіпті де қарамай қалды...Пара берушінің ыстық ықыласын түсінбеді. Сыбайласта айуандық тірлік бар, өлі түске ұрынғанда бірін-бірі жеп тастай жаздайды. Аталарымыздың ниетіне қасқыр шапқан деуі содан қалды ма екен? Жегені желкесінен шықса, тар соқпақ торындағылар тағдыры ауыр ма, жеңіл ме, әркімнің өзі білер еді...Күйініп күлер еді. Ана жылғы аянышты күлкінің аяғы сот үкімімен тынған. Одан жүрегі қуыс пенденің түрлі қылмысы тоқтады ма? Сезікті секіріп ықтималмен жүріп жатыр...
Т ы н ы ш ұ й қ ы т а п п а й ж ү р «Өлермен өгіз балтадан тайынбас» деуші еді. Ал , өлермен сиыр ондаған көкөніс түрін , тіпті ащы бұрышқа дейін құп соғып , дөңкиіп жатқан асқабақтың ішіне кіріп , күйіс қайырып жатып алатынды шығарыпты. Сұмдығын қараңыз жеті сиыр , әлекпе тигір немелер асқабақ , қарбыздың ішін әбден елденіп , жайлы жерленіп о заман да , бұ заман болмаған оқиғаны болдырып жүр. Ауыздары күйіп кеткенше бұрыш жеп, қызанақты күйсеп , әлсін-әлі мөңіреп : « Бау, бақша иесі Ғасановқа бір сәлем!» дейтін көрінеді. Содан Ғасанов тыныш ұйқы таппай жан-жағына одырая көз тастап , сотқа беремін деп кіжініп, ыза-кегін асырып , сиырдың иелерін басынып жүр. Шығыс Қазақстан облыстық сотына : « Біздің ауылдың сиырлары әбден бұзылды , даланың түрлі шөбін жеуді қойып ,жеке меншігімнің бау, бақша өнімдерінің 272 тоннасын жалмап тастады. Жеті сиырдың иелеріне шығынды өте ?-десем тіл қатпастан малын қорғайды , кейбірі малымыз бау, бақша өнімін жемейді , газет оқиды ,статьяларды жаттап алған , өзің оңбайсың пәле жапқан»-деп кекетеді. Қарбызға қақалып ,асқабаққа түйіліп
, бұрышқа күйіп өлгір жеті сиырдың жемқорлығын анықтап үкім шығаруды ,мыңдаған теңге шығын өнідіріп беруді өтінемін. Арыз иесі Ғасанов демей ме? Осындай айқай-қиқуды , сиырды сотқа сүйреуді естігілерің келсе Өскеменге барыңыз. Қарбыз ішінде шалиып жатқан сиырды іздеп табыңыз. Ілуде-шалу малдың мұндай әдепсіздігін аңыз ғып жұртқа айтып берерсіз. Естімеген елде көп деп тәлкек тірлікке жұрт нанбаса да өзің нанып көріп басқаларға хабарлай саларсыз... -Хабарлауда мін болмас, мінекей өзім бай боламын деп өзгені өзекке тебетін капиталистік жекеше мінезіне ем болмас,-деп ауыл айтқышы Майлапес сөздің қисынын өзгеше өрбітіп қозғады: « Аяғын үнемі шалыс басатын туысын көрсе кеңкілдеп күліп: « Аяғыңды тергетсе біраз қылмыс шығады дегенді түсініп, адал жүрісті есіңе алмайды екенсің. Оу, ауызың өзге жерден тесілді ме, біреуді күйелеп әрнемені бытып, шытасың. Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге кетеді деп айтаайта шаршадым-ау,- деп кіжінетін еді. Сосын көкірегін көтеріп алып: « Өзім өз болғалы көсемдермен аңдап, жүз жылдықтарды барлап сөйлесетінімді елдестеріме ақыл есебінде қанша айтсамда құлақтарынан ағып кетеді, ондайда ізіңді бағушы, жалалағыш иненің жасуындай кемшілігіңді де тауып кетеді.Ондайларға күлмейін десем де күлкі қысып ішек-сілем қатады, бәкенеден де пәле өріп қалады, түрмеге апарып салады...Өмір құйын-ау, біреу байлықтың дәмін татады, екіншілері құйын ішінде арам қатады, жоқтықтың зарын тартады. -Арам қатпай қайтеді, Ғасанов сықылдыларға аспан асты, жердің үсті тарлық етеді. Үйдей-үйдей қарбызын Ай әлеміне апарып сата алмай сиыр біткен мүйізіне кондырып допша теуіп, жегенін жеп, іші кеуіп жатса, қалай күйінбесін. Өскемендегі бай мен кедейлердің алакөздігін айтамызау, Астана қаласына таяқ тастам жердегі «Ильинка» кеңшерінің бірер малын жайлауға жайып бағуға зар болып қалды. Ондаған, жүздеген гектар жерді иелігіне сатып алған байлар жайлымдық жерді трактормен терең ор қаздырып қоршап тастағалы мал түгелі шыбын өте алмайды. Жер үлесінен айырылып зорлық көргендер таңдайына тартып отырған бірер сиырды бағудың қасіретін шегіп зарығуда. Шыбын дегеннен шығады Гасанов әлгі бау, бақшасына көршісінің шыбыны ұшып келсе: « Неткен зұлымдық суға түскен шыбынды іліп алып ұшырып жіберіпті. Сауатсыз неме, шыбынның екі қанатын бірге батырмапты, бір қанатында зиянды микробын өсімдігіме алып келді, деп шыбыны бар үйдің иесін сотқа беріп шағынбай қайтеді. Жә, Ғасановтың жеке шаруасына бола көрші, көлемінің сиырларын айыптап сотқа жүгінуі ештеңе емес, бір жарнамаларда «Көкшетауың» тауын сатамын, немесе Алатау сілеміндегі бүркітшілердің жаттығу алаңын сатамын деп жатса төбе шашың тік тұрады. Оу,ертеде қазақ қызын сатса да, жерін сатпаған еді, бүгінде сатылмаған бізде не қалды, түзелмеске кеткен құлқын жалмап жатса келер ұрпаққа не бетімізді айтамыз деп.
-Биікке шырқап қанат қаға жөнелген капитализмнің мінезі шатақ, олардың байлығының ашық, айқындығын да білуің жұмбақ, есуастық аранына тиым жоқ,- деп Қымыр: «Көкшетау облысының кейбір шаруашылығында бұқаны бұрынғы бастық жекеге қаратып алып, шашыратқысын қымбат бағалап отырғанына, әлсіздердің жалғыз-жалғыз сиыры қысыр қалуының зарын шағып республикалық сотты жағалап жүргенін көріп айтқыш: «Қара судан қатық айыратын қуларға сенгіштігіңмен құмарыңды тарқататын туысым-ау, кейбіреулер мың түрлі болғанын білмейді, өзің артық туылып бір түрлі ниетіңмен жүрісің жүріс-ақ, аяғыңды шеки басып деп кеңкілдеп күліп : «адал жүрістің мәнін есіңе алмайды екенсің, дегенде анау кескірлікпен: « Өзгелер өзімдей деуді қоймайды екенсің, одан да мықты болсаң ұрламасаң ұлып тұратын қарныңды, ындыныңды түзе? Қатар, құрбың жиіркенбесін,- депті. Соның кері әр жерден табылады. Зәлімдердің ауызы да кейда өзге жерден тесілгендей бұқа түгелі поезды жүгімен қарынға жұтылады. Менде ондай жайын ауыз жоқ, сосын миым істемесе денеме назым жоқпен шағымданып бұқа мәселесімен тынамын..
- * - Айтқыш аға кейбір ауылдарда түсініп болмастай кедейлердің өкініші өтіп жатыр, халықтың өздері сайлап алған әкімдері жекешеге кеткен жерлер мен жергілікті тұрғындардың әлі жеткенінше малын өсіруді дұрыстап шеше алмай, Ай қарағандай аңсыз жүрушілігі бар-ау,- деп Қымыр : «Кең далада бұрынғыдай сайран жоқ , ұлтарақтай жердің де иесі бар , аяғыңды ептеп баспасаң айып төлейсің бе , дүлей алдында азарда-безер боп, басым қалмасын дауға деп жөнейсің бе ? Жоғарыдағы сиырың түгелі , үйіңе азықтүлікпен ілесіп келген шыбынды да бөлмеден қуып шығып , қанатын қиып , аяғын кісендеп өзіңнің аулаңда ұстайсың. Егер жазатайым біреудің бақшасына қонса шыбының шырқырап иесін сотқа жүгінтіп , жазалы болмасыңа кепілдік жоқ. Елдегі байлардың әлсіздердің еңсесін басатын тәлкегі бастан асады. Айырмасын түсініп, оған билік құлақ қоя бермейді. -Ей , біздің елімізде шыбынның жойылғалы қашан . «Байқоңырдан» ауаға тарайтын химиялық қоспалармен түйедей боп семіріп «Протонмен» басқа әлемге зытып отырды. Сөзуар өсекшілер ерінін тістеп қай әлемде қандай шыбындарымыздың қағанағы қарқ , сағанағы сарқ боп босып жүргенінің есебін қағазға түртіп өздерінше маслихат құрулы. Е, анау-мынауды тынымсыз әңгімелеуге аузы ауырмайтындар жетерлік қой , -деді Тымыр капитализмнің нетүрлі саудаласуы, оңай олжалаудың қилы-қилы жолын табуы тиылмақ емес. Сондықтан кедей екенсің , тиесілі жерің жоқ болса, өзіңе өкпеледе, басыңдағы бөркімен кеңесіп мұрыныңды бір тартып жайыңа жүре бер. Не болса соғын сотқа жүгініп бет жыртысып безілдейтіндерге
күлкің келсе езуіңді жима? Кейбір елдегі байлардың иелігіндегі жерді көріп, зорлығына төзгің келмей мазалан ба? Одан ашқарақ бай болса, қылшығы да қисаймайды. Керісінше өзіңнің жігерің сөнеді. Кейбірі елді елсінбей, кедейді кісісінбей ісінгенін көріп жұқарып қайтесің, сөзің шығын. Қысылып, қымтырылып тыныш отырғаның тиімді. Қалың жұрт болып қалап алған, орынтаққа отырғызған әкімдеріңнің күн, түн қатып тілеуін тілей бер.»Мисыз» сиырың бұдан былай жөніне жүріп, Ғасановты сотқа арыздандырып мазаңды алмай-ақ қойсын. Үйіңдегі ұшып, қонып жүретін шыбыныңды тайраңдат па? Өзгеге ерекше сенгеннен гөрі өзіңе сен, Аллаға сенсең құстай ұшасың, адамға сенсең мұрттай ұшасың, дегенді есіңнен шығармасаң сот есігінде телмірмейсің. -Пенде ақшаға бағынып ар-қорды ұмытқанда өмір қысқарады ,алакөздену қайбір жақсылық дейсің, турасын айтсаң туғаныңа да жақпайсың, -деп Қымыр ақша үшін аласұрғандардың ашушаңдығына қынжылыс білдірді. -«Кең болсаң , кем болмайсың ,деген қазақи ақылды тыңдамаса ,шыбын , шіркейді де тергетіп тыныш ұйқысы бұзылар ,-деп Қымыр өзінің шүкіршілігіне ештеңе теңгермеді. Бұйте берсе біреулер ауладағы шет елден келген шыбынымды жазым етті деп жалалап сотқа жүгіндірер де сарсаңға салып , өшін алып тынар. Бәрі әлгі сиырға тағылған айыптан шығып кетті... -Е, ақыр заманның сиыры да бұзылған. Мына Атырауда ірі қара, жылқы, түйе дейсің бе, көше-көшені кезіп жүріп қоқыс салатын қалбырдағы қағаз, картон, шүберектерді талғамай жұтып, тіпті шөпке қарамайтын көрінеді. Бұзылған сиырдың «өнегесі» төрт аяқты малдың бәріне жұққан. Бірісі жақсы соттасудан аманшылық ...Ей, ағайын ұйқың тыныш болсын! -Бай көршім қанымды сорып болды, қайдағы тыныш ұйқы,-дейді қарбыз, қауын жегіш сиырдың иесі ырықсыздық танытып. Байымай-ақ қояин. -Көрші көлемде, ауыл, елде қансорғыштардың қасіретін көрсете көрмесін, тазалық жолында өмірімізді босқа сарп еттік пе, неменеге тырыстық сонша Шамиль,- деп жаның жай таппай, жөнді ой таппай, бостан-босқа күйеді екенсің. Абай айтқан: «Мал мен бақтың кепесі ұя бұзар,-деген сөзі ұққанға сот үкімінен де күрделі. Ұлылықта меңзеу бар, пәле-жәледен, күйрететін зұлымдықтан, жат елдің қағазы билеуінен сақтандыру бар. Өткен қоғамның опасы да, зәбір жапасын да көрдік, бүгінгі тірлік күн сайын өзгеіске толы, азап шекпейтін қоғам болмаған, мұның да мақсатына жүре бара түсінерміз.. ***
Таңмен оянып, дененің құрыс, тұрысын таратып, миды таза ойға жаңартып, көңілді жақсылық жолға қаратып, ұрпақтың тірлігін саралап Шамиль толғанады. Құрыш дене бұрынғыдай емес, бірақ ынтықтық басылған, күш, қуат босай бастаған, қимыл, қозғалыс есепте. Аяқты аттап басқан сайын
сақтыққа көшкен. «Ауылда қатарымыз біраз еді, деп мен де өткенге ойымды қыздырып қоямын. Қойшыбай, Білім, Мереке, Бегімсал, Нығымет, Өтеген, Қожа, Жұмабай, Оқас, Тұрсын, Қырықбай тағы басқаларының ұрпақтары не күйде екен? Бізді көрсе де танымайтын шығар, небір қымбатымыз да, жастығымызда, күлкіміз де елде қалғанын түсінер деймісің. Қазақ көзден кетсе, көңілден кетеді, деуі бар емес пе? -Е, біз қатарлының тірілері де сыны қатал кәріліктің тізіміне ілінді,-дер еді Шамиль. -Бәрібір жастық оралмас.Ауылда Артық ағамыз: «Бұл сексен көрем деген жасым ба еді, быламық ішем деген асым ба еді,-дегенде жанында тұрып күлгенімізде: «Ой, төбеңді көрмегір менің жасым басыңа келсін!- деуші еді. Жастыққа масығып, көңіліміз көлкіп, өмірге құштарлық көсіліп көтеріліп тұрғанда елей біріппіз бе? Бүгінде қарттықтың айқындығын, дененің салқындығын, айбардың қайтқанын, баламінездікті тапқанымызды байқап күлкіміз келеді. Солай ма, Шамиль достым? -Жан тың сықылды. Тән өлсе де жан мәңгілік сықылды. Шамильдің мәңгілік дегенінен шығады, қазақ тәртібінде, ғылымында адам дүниеден өтерде жанталасып жатқанда үйдің терезсін ашады, айнаны жабады. Мұның құпиясы адамның жаны ажалды жеңе алмай арпалысып, ақырында терезеден шығып кететіні. Жан дауысы шықты дейді, ол мыңдардан бір киелі адамдар адамның ажалмен арпалысындағы шыңғырғанын естуі болса керек. Ал осы көрініс айнаға да түсіп қалады екен. Жаратқанға пенденің өкпесі жоқ, дене мүшелеріңнің бәрі өмір сүруіңе қалтқысыз қызмет етті және денедегі химиялық құрлымдардың керексізін таппайсың. Бұл өзіңнің бір тамшы ұрықтан пайда болған денең Алла оған жан салды. Қазақ: «Алла өзі берген жанын өзі алады» деген сөзге ессіз тоқтамас, есті тоқтары анық. Әлемдік физика, химия ғалымдары басы қатып адам денесіндегі түрлі қоспаларды тізбелеп айтар, өлгеннен кейін топыраққа сіңеді деуден аса алмас. Басқадай дәлелі жоқ. Әлемдік ойшыл Абай адам жанының мәңгілік екенін қолмен қойғандай дәлелдеп берді. Оған Абайдың төмендегідей өлең жолдары куә. «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікі-нің» айырылғанын, «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,-дегенінен артық қандай сипаттама керек.Адам түс көрмей ме, әкең, анаң, бабаларың түске енбей ме, солардың жаны шаршап, шалдығып қолдап жүрмей ме? Жақсының жаны текті ананың жатырына ұрық түскенше тыншу таппай жүреді деседі. Қазақтың елге сыйлыларын тегіне тартқан деуі содан емес пе!? Өмірдің қиындығынан шайлығып бетіміз қайтқанда да бір мүмкіндіктің пайда болуы аруақтың
себебі болар. Қазақтың күнәң мен кінәңді алла кешер бәлкім, бірақ аруақ кешпес деген сөзді тегін айтпаған болар. -Шамиль «Сарбие» шаруашылығын, мал, мүлкін нарық дауылында аман сақтап, қайырлы жұмысымыз ғасырларға кететіндей іс атқарамын, деген Сәрсенғали Балапашов өзім өлсемде жақсылығым елге қайырлы болса деуші еді. Құштарлануы жаңалық еді. Ойылда талай тұлғалар ізгілікті ісін қалдырып өмірден өтті, олардың есімін ұрпақ алдында тірілту азаматтарына міндет. -Тірлікте сынасу бар, мінеу бар. Ырқына көндіруден басқаны білмейтін сыңар езу бір бет бар, ақылдыны мақтауды көп ретте көпсініп аузымыз бармайды, оның менен несі артық деген пасық пиғыл кеудеде ұлып тұрады, зұлымдығы бетінде шығып ұсқыны кетіп тұрады,- дер еді Шамиль. -Қызғаншақтық шайтанның ісі, Сәрсенғали соның құрбаны болды. «Біздің елдің адамдары шетінен өнерпаз,ойшыл, осылар тұрғанда қазақ ұлтының әдебиеті де өнері де өлмейді,-деуші еді. Расында Ойылда қандай бас қосуларда, жиын, тойларда Мұхиттың «Айнамкөз» әнімен ашық аспанның ауасын дірілдетіп тұрушы еді. Мұхит «Қаратөбеден» ән салғанда «Сарбиеге» үні естілетін деп үлкендер аңыз ететін. Міне, Мұхит та өтірік өлді, денесі о дүниелік болғанымен өнері, жаны ел арасында тірі жүр. Шын өлу мен өтірік өлудің ара-жігін кеңінен тану жамандықты қоздырып жүретін, өлім келмейтін шайтанның зұлымдық кесірінен құтылудың амалы болса , кәне!? Басқасы басқа-ау, Абайдың: « Мал кетер, маза кетер, ар бұйырмас, дегенін ойласаң жаныңды мүжисің де: «Қайран Абай өмір құбылысын көкірегінен мүлт жібермеген екен деп есіңнен шығармай тынасың.
Қайлам өтпесе, айлам бар. Бүгінде қайда барсаңда да, талайды көзбен көріп, талаймен тілдессең де, құлап түссеңде, қорыққанға қос көрініп ышқына айқайлап жанталасаңда есіңді жиғызбай былқ еткізбейтін, былқ еткенді бірден ноқталап, тырп еткізбейтін, жемқордың қылқ еткізгенін,табанда статьяға сырт еткізетін баяғының қатал заңы көзден бұлбұл ұшты. Келмеске кетті. Пай, шіркін үрейлі қоғамның темір шымылдығын ысырып тастадық, коммунистерін тәж-тағынан айырып ұшырып тастадық. Соған орай пенделік мінез-құлық дегенің, жүріс-тұрыс, адамдық па, арамдық па, әйтеуір бәрін де өзіміз таңдап алып, шет ел «білгірлерін» жалдап алып, ауыздарынан ақ май ағызып, керсінше кедейлеріміздің аузына нәремдік асты аздап-аздап тамызып, келімсекті тайраңдатып, ұрыларымызды ойына келгенін істейтін ерік беріп ойрандатып тірліктің «қызығына» қарап жүрміз. Капитализм жарылқайды түбінде деп ойымызды онға, санамызды мыңға жеткізіп қолмызды бүгіп, саусақтарды санап жүрміз. Пенденің бір тобы та-
уар іздеп шет ел кезіп сайрандауға да үйренді. Грифорт бұқадан бастап инеге дейін шет елден тасып мәз болушылардың да шамасы қалта қағарлық қайыспайтын құпия есебі бар. Кеден деген кенен байлық болды, айлалы бастың алпыс қолы жұмылып тұрғанда миллиардтаған қаржыны жымқырудың да, қобыратпай қымқырудың да сантүрлі айла, амалына жетіліп тасадан шыға келді. Қорғас кедені дейсің бе, дей бер, бал ұстаған бармағын жаламай тұрмас дейсің бе, ұрылар қылмыскер атанып ұсталса да, жылтыраған майлы беттер ұялуды қайтеді, заңнан қымсынуды білмейтін ем қонбайтын дерт тапты. Тым ауыр сырқат. Тұқырта айтқанда миллиардтаған қаржыны жоқтап басымызды шайқап жатырмыз, ұры қайда, ұры шет ел қашты деп шалабымызды шайқап жатырмыз. Сонымен ана жылы нарық деген құдіреттің қан тамырын ұстап ден саулығын байқап жатырмыз. Бірақ, күнелтуі төмен кедей-кепшік, жетім-жесірді жарылқайтын бюжеттік қара сандығы олқы, жемқорлық жұттың қырсығы қалың деп қақсап жатырмыз. Бір шаруа, жаңа өнідіріс ілгері жүрейін десе, өтірік өршіп екі-үш ісіміз тайғанақтап кейін кетіп ақсап жатырмыз. Сөйтіп нарық жөніндегі кездесіп қалатын қиқу да көп. Бал берсе де оқсатпайтындар жөнін таба алмай шаршап жатырмыз. Олай емей немене өнеркәсіптің өсім көрсеткіші әлемдік деңгейге жете алмай, кейбір кәсіп орын басшылары ал балық, аузыма сал балық дегендей шет ел жарылқайды деп ілгеріге қадам баспай отыр. Онсызда мұнай өндіріс шаруасының маңында шет елдіктер жетіп жатыр. Олардың айлық табысы аспандаса, біздің жұмысшыларымыз табыстың теңсіздігіне қорланып қақсап жатыр. Баяғыда бір тентек: «Қазақ қайбір оңған қызын береді» деген екен. Астарлы сөз. Сол айтқандай Қытай дейсің бе, француз, ағылшын дейсің бе, бәрі де маңдайынан шып-шып шыққан терін сүртіп табыстарын зырқыратып, біздің жұмысшыларға айлығын болар-болмас жылтыратып, үн-түн жоқ, қуыстануды сезбей алдай салу баршылық. Шыда, қайырын күт. Шет елдіктер жымсия күліп, іштей қайлам өтпесе, айлам бар деп күліп азан-қазан сөзді, теңшілік іздеп телміретін көзді елемейтіні қиынақ. Бара жатты нарық дауылы құйындап. Әп, дегенде құлдырауды айта-айта ауызың талады. Моп-момақан боп көрінген нарықтың келіспей жатқан жағын ойласаң өзегің өртеніп, жүрегің жанады. Бәрінен бұрын жекешелену ақыл-есті адастыруға күйедей түсіп талады. Кәсіпорындар тоқтап жұмысшылар топ-тобымен базарда жүрді. Деп ойлады сауда-саттықпен күнелткеннің күні артық. Қажетінде жібересің арыңды да сатып. Оныңыз түк емес, ауыртпайды жанға батып. Айтыңызшы нарықтың көксегені осы ма? Сенім шытынады құдай атып. Ұрылар сол кезден айласын асырып олжаға жатты батып. Тірлік үшін деп сатып кететіндер қатары өсті. Тұстұстан гулеген жоқтық көкіректі тесті. Ақша, байлық қуып бірінен біріаспақ. Адамдарды арақтан жаман есалаң етіп есін шығарды. Атамыз қазақтың қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы дегені шындыққа айналды.
Қасапшысы ұрылар, қарақшы, атысқойлар мен шабысқойлар тағысын тағы батырсынған қатыгездер толып жүрді алшаң басып. Қара ешкідей қара халық қалт-қалт етеді, зәре-құты қалмайды. Одан сайын қаскөйлер ауызын арандай ашады, жан-жағын жалмайды. Қылмыс түрі жетерлік, қимылы қатты айтуға қорқасың және сыбайласып өрістеп өріп жүрді. Заңгерлеріңіз нетүрлі зәлімдерді көріп жүрді. Арлылық жолдан тайғандар социализм тұсында жуанды жонып жесе, рынок басталысымен омырып ойып жеуді меңгерді. Ындын тоймайды кеңейіп далиды, бәрі-бәрі де байлықтың қабырғасын қақыратып сойып жейді. Бірі де тойдым демейді. Қолында мөрі бар, орынтағында биліктің желі барлар, лауазым иелері экономикалық қылмысты бұрқыратып тастады. Жемқорлық көші дамып ілгері кетіп жатыр. Кедей кепшік қара нанды шайнайды қатыр-қатыр.Алдымен энергетиктер рынокта қайламыз өтпесе, айламыз бастан асады деп, ақша болса жұмыр жерден берекелі жер табамыз деп өнімін еселеп қымбаттатып халықты кенеше сорды. Баға көтеруді, есепсіз дара көтеруді электр қуантын өндірушілер бастаса, қоғамдағы бүкіл сала қол соғып халыққа қажетті шаруалардың барлық түрінің бағасын тоқтаусыз өсіріп, олжалы болғандар миллиондап ұралап шет елден жылы орынын, жайлы тірлігін сайлады. Салық төлеушілер қала бюжетін кісендеген аттай шідерлеп тастауды да үйренді. Содан бай мен кедейдің арасы жер мен көктей алшақтап шыға келді. Сұм, сұрқия езуінен күліп біз байып алғасын, әбден тойып алғасын бәріңді де байытамыз шыда, деді. Оу, өзіміздіөзіміз байыта алмай шет елдіктерге есігімізді айқара аштық. Ұят-ай. Ол-ол ма, миллиард жарым халқын ішіндіріп, киіндіріп отырған қытай құрлым болмай, солардың көмегіне сүйенгеніміз сасқандық па? Осы уақытта 4 миллиард, 172,8 миллион АҚШ долларына тең инвестиция құйған қытайлықтардың қазақ қара алтынындағы үлесі 39,7 пайызды құраса, қытайлықтар ендеп кіріп жатса, болашағымыз не болмақ. Түсінбедің бе? Қытайға қарызымыз 15 миллиард долларға жетсе, қарызды өтеу парызың, болмаса жер бер десе кім не айтар едің. Түсіндің бе? Онсызда жалға жер сұрап жалақтауы және бар, оның бәрін тәптештеп айтпағанда шекарадағы кеңшарлар қаңырап қалып жатса әкім ұрпақ алдында, аруақтан қорықпай не айтады? Түсініксіз. Егер «Арқанкергенде» кеңшарлар шаруасын гүрлетіп қалың ел отырса, он бес боздақ оққа ұшпас еді, олардың қаны тегін жібере ме? Әкім басымен өткен-кеткенді, арлыберлі саясаттың астарына алғыр ақыл жүгіртпесе кімге тұтқа болмақ. «Бөрік кигенім бекер екен, деп сан соғушы болады деуші еді деген бір айтқыш сөзын жалғап:- Ақыр заман болғанда: «Қарап тұрған жігітке қыз артылады, су тартылады, сиыр пұл болады, әйел би болады, қара қытай қаптайды» деген аңыз шынға айнала ма? Олай болса қарғыс көрімізде де тегін тыныш жатқызбас. Онсызда қызыл империя тұсында төрт бірдей аштыққа қырылған қазақтың көз жасы аз емес еді. Байлық қуып о дүниеде тамұх отына
өртенуден сақтана алмай қалмасақ жарар еді байларымыз. Сақалын тарамдап отырған қария жүдеу көңілімен: «Байлық көзге ақ шел боп орналасса ақыл, естен біржола адастырады, шелді сыпыртса қан ағады»-деген ойын түсінетін кім бар. Қария ұясына отыра бастаған күн сәулесіне қимай қарап отырып: «Жемқорлардың айласы бір-ақ күнде шаңы шығар-ау, бірақ, оның азасы, күнәсі мен кінәсін Алла кешірсе де, аруақ кешпейді...үреймен көрінде өкіріп қара жерге жұтылады...Қазақ ұра берсең жылқы да шам шығарады депті. Тәуелсіздік туына кіршік түспегей деп тілеп, көптің тілегі көлдария екеніне сенелік...Осы кезде оның жанына келген Қымыр аман, саулықтан кейін: «Кедейшліктің тыныш ұйқысын ажарландыратын әнге басалық!-деп қасықтай қара домбырасын баптап «Айнамкөзді» шырқады. Бұл оқиғаға да арада біраз жыл өтіпті, ізімізді аңдыған қиындықтан құтыла бастап, дағдарысқа абыржып көңіліміз бөлінбейді. Ел даңқы әлемге тараулы. Осы орайда от ауызды, орақ тілді, Абайдың нағашысы айтқыш Қонтай ажалмен арпалысып жатқанда уақыт құрғатпай молда келе берсе керек. Содан бір сәт Қонтай басын көтеріп: «Апырай, қожа, молдадан ұят болды-ау, кетпесек болмас, деп демі үзіліп жүріп кетіпті. Сол айтқандай еліміздің шаруасы дағдара, дағдара азабын көріп сара жолына түсіп асуына шығып бара жатыр. Дағдарыстың ебі де табылды, жөні де табылды...Сәтті қимылдар осылай. Тағы да Қонтай: « Тіл мен жағым қимылдаса сөзім оқтай зулайды, басқадай байлығың да, бағың да мәңгілік тұрмайды. Өзіне-өзі күле білгеннің ғана ар-намысы сынбайды, болар бала ұлағатты ғана тыңдайды, берік бол, жақсылыққа серік бол, алтыншы сезімнің айтқаны алыстарға кете берсін,- деді ме екен. Қайтсе де айтқыштардан дуалы сөз мұралыққа қалған. Басқаның бәрі жалған
Шешініп жатырмыз. Бұл басқа әңгіме. Есалаңның иығына басы да ауыр. Сол салмақтан аяғына да күш түседі. Еңсесі езіліп , күн жаумай су болып , немесе қатты аязға үсігендей денесі ысып шешіне бастайды. Жүлын , жүйке әлсіреп мидағы бір миллиард нейрондардың қызметі тоқтаусырап, дене тәлтіреп , екі қол ербеңдеп , өзін-өзі билей алмай , үрген шардай болған дене желі шықса мылжасы шықпақ. Ақылды тірекке санамайтын күйге түскен, түрлі жын толқындарының ықпалымен абыройды ашып, жалаңаш денесін тыр-тыр қасып, біртүрлі жынданғандай бейнелер теледидарда арадай ызылдап, жақсыллықты ар-ұятты ұмыттырып арлылықтың сазайын беріп жүр. Бірі: -Шет елше шешіндім бе ?-деп мақтанғандай тілін шығарып , ырбиып қалың жұртқа не бетімен қарайды. Есуастығын өзінше неменеге балпайды.Бұлне?
-Дұрыс , тірлігінде жарты әлемді жынды қылған Майкелден кем емессің. Төсіңнің , қолтығыңның жүні қалың екен, оған біржола қонақтаған шайтан жанып тұрған жалын екенін байқадым. Кіндігің сонша терең екен, білегіңнің бұлшық еті бұлтиған қайраты ерен екен, әйел бөксе емессің, ышқырыңды көтер, халықтан ұят болар, иығың солпиып, еркек басыңмен бұрым қойғансың ба, құлағыңдағы сырғаң не пәле, екі жыныс мүшесі жетіспеген қызтеке емес шығарсың, бетің әлемжәлем, ұят тұратын орын қалмапты, түрің түр емес , шешініп несіне мақтанбақсың сорлы неме,-дейтін біреу болса оны тыңдар құлақ түрлі толқындармен тастай бітелген. Теледидарда жалаңашатынып былқылсылқыл ерсілікпен есі шығады. Жалбыр шаштылар да у-дудың , жынойнақтың ортасында жүр. Кекете күліп қарасаңда жиркеніп кетесің. Сол минөттерде теледидар экранында құлақтың жарғағын жарардай даңғырдұңғыр жұғымсыз әуен, сол әуен құйынында сақалы қалың ормандай біреулердің екі көзі жылтырап жұлын тұтып жылынып жүргені. Жартылай жалаңаштар аузы кеппей сайрайды, мәнсіз, естір құлаққа жат шұбалаң түсініксіз сөздерді музыка сазына салып шөпте өлең, шөңге де өлең, жалаңаштансам қызар денем деп сайрайды. Кейде теледидардан көрініп қалатын сақалдылар дінбұзарлар емеспіз, сақалымның әр талында әдеп бар дегісі келсе де беті,жүзінде ұлттық өнегеге ұқсамайтын азғын әлек бар. Сұрықсыз бейнелерді көрген көрермен жанынан түңіледі. Бұл қай елдің сазы, шығармасы еді, бетім күйді ғой деп жұрт сарсаң, жұғымсыз қылжаққа жиркенішті қарайды. Ерлердің түрі әлгі болса, әйелдердің денесінен маза кеткелі қашан. Шаш түрлі-түсті, бірінің бұрымы емес, жұлымы төбесінде шөмелей ,екіншілерінде иығын жауып секіріп былқыл, сылқылдаған сайын шашы жаман үйдің туырлығындай желпілдеп жүргені. Түрлі кеуде, төс ашық, қос қол жоғары , төмен қозғалғанда қолтық көрінеді, ерсі, абыройын жабатын екі елі шүберектен басқа жалаңаш дененің көріктісі де, көріксізі де экранда түрлі қимылмен ештеңеден тайынбай-ақ жосып жүр. Жұтынған тауық жұмыртқа таппайтындай жұтынғандар аналық, әйелдік ұятын қайда сақтайтынын өздері білер, жаратқанның сұлу мүсіні әйелдің құпия болатын денесін көріп шошынама сүрбойдақ жігіттер көбейіп жүр. Қыз,жігіттердің денесін аяусыз шайтан талағандай ыюсыз-жиюсыз теледидардан көрсетудің құпиясы неде? Неге басшылық бақыламайды, ұлттық, тәрітіп, тәрбие, өнегені ойламайды. Бәлкім , шет елдің жақсылығын үйренбей жамандығын насихаттауға тапсырыс бар ма? Теледидарға ие болмасақ таудай тақсірет тартуымыз әбден мүмкін. Кесірлік те, сұрқиялық та, адамның азуы да жұқпалы дерт, көбіне ем қонбайды. Миды қылқұртша жейтін ойсыз өрескелдік өрши берсе, біреудің ұялғаныкүлкі,өзіңнің ұялғаның-өлім деген бабалар сөзіне тоқтайтын кезең келді.-Шет елдік тәртіпсіз наси-
хат желіктіреді. Өзіміздің киноларымыз жоқтай, шет елдің басы бұлақ аяғы теңіздей берекесіз кино сериалдары ақылсыздарымыздың миына қойылған бомбадан кем емес,бұ дүниенің жамандығы онсыз да аздай,- деп жұқарған көше тазалаушы Қымыр,Тымырлардың күйінгені қашан. -Тиым керек... -Ақшаң көп болса саудаласып көр -Ар-намысты ма? -Арсыздық.. -Әй , қайдам...кесел батпандап кірді-ау біраздан бері...Адамның ізін аңдитын жын-пері алдымен әйелді бұзады. Шет елден келген сол жын жыл сайын Валентин күнінде кейбір қонақ үйлермен жалдамалы пәтерлерде түрлі жат музыка, оған тыр жалаңаш шешіну, билеу, анайы ойын, ақырында қирай мас боп қылжиады, адамның беті күйетін жабайы көріністер, өрімдей қазақ қыздарының азғындығын көріп бұлардың тірі жүріп керегі не, өле кетсе бір жарылған жұмыртқа дерсіз. Мұндай азғындық, имансыздықты үкімет тарапынан заңмен тоқтатпаса зұлымдықтың жегі құрты талай шаңырақтың төбесіне жай түсіргелі тұр. Қайран, бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі қатал заңы қызды қырық үйден тиып, әйел мемлекет тірегі, әйел бұзылса, қоғам күйрейді деп бағалағаны құдіреттік қой. Сүйкімсіздің көлеңкесі де сүйкімсіз деп, жамандықты көрмейтін етіп көзді тағалап қойса?-дейсің. -«Көз көргенін, көсеу түрткенін істейді, деген өнегелі сөз ақпа құлақтан ағып кеткелі қашан. Оны тәрбие шикілігінен көріп сорыс осы деп тын...
«І Ш І М Т О Л Ғ А Н У М Е Н Д Е Р Т»
(Үштаған)
Әнеукүні Қымыр нағашысы Миланның шөбересінің сүндет тойына барған-ды. Елде құмдағы селеудей селдіреп он шақты қариялар қалыпты. Кеңшар кезінде екі мыңнан аса халық тұратын еді. Әрбірісі тоғышар болған жоқ, өмірге ынтық алып ұшар делінетін-ді. Жекешенің қым-қуытымен байлық қолдан кеткесін күнкөріс кем тарлыққа ұшырап, қайратына сенгендер, жан-жаққа талшық іздеп тарап кеткен. Тәуекелі барлар барған жеріне сіңіп өз тірлігін жалғастырса, бұйырмағанды құйындағаннан таппаспын дегендер түтін түтетіп ата жұртында қалғанды. Милан солардың бірі, кісілігін еліне танытқасын тапжылмай отыр. «Мен сөз игілігінің, ақыл игілігінің соңы емес шығармын, сөз түйінін ұғатын ұрпақ келер,-деп үмітін үзбесе де термелеп жастығын армандайды Өткенге өкініші жоқ, ойлайды да толғанып қояды.: Өмірің қиын екен қартайғасын, Омалып бас көтермей жантайғасын. Кемпіріңде иыққа мініп алар, бойдан қуат, денеден әл тайғасын,-деді
де Құдіретті жаратқан ием мейірі түсіп қазақ халқына Абайды бергеніне мыңдабір шүкір деймін. Бейнелі сөзі үмітімді ақтап, арман, мақсатты орындауға жігерлендіреді. Өзгеден қалыс қалуға арланасың. Өткір сөзбен емдейсің жан жарасын. Абай құпия, жоғарғы болмыспен сабақтас, ақылзердесі бүкіл халыққа мыңдаған жылдарға қызмет етуге арналған. Абайды оқымаған, миына тоқып ғибарат алмағандар сұм-сұрқия болып елге күлкі, дұшпанына таба, Сағызбай сықылды тірі өлік болып жүр . Көкірегіне жын қонып жүр. Жынмен әлсіз пенде тіресе алмайды .Арлылар намысты қолдан бермей арпалысады. Ұрпағым қалада болса бірыңғай орысшалнып мәкіру боп, тілін, дінін, ділін ұмытады деп қарысып елден табан аудармаған жай бар. Қоғам ала-құла түсінгі қиын пікірлі, ұлттық қалыпқа құйылып тұтасып, біте қайнасқанша ежелгі ес ауысудан аспай ма деп қорқамын ,- дейтін Миланның жүзі жүдеу болса да, алыстан оймен шолатын көңілі көлдей . -Ұлттықтың бірегей үлгі өлшеуіші данышпан Абайда ғой,-деді Қымыр. -Әрекетің бар, тілің әлі төрге шығып төрелігін айта алмай жүр?-деп Милан күркілдеп ұзақ жөтелді. Әттең, мезгіл жеңіп тынғанды да бірден сездіреді. ...Өмірдің, дәуірдің пендешіліктер дейсің бе ,адам бойындағы мерез дертті қалың көпке көз түрткі етіп сынаған Абай сатирасын әлемдік әдебиетте жоғары орынға қойып, ешкімге ұқсай бермейтінін айтар еді. Милан Абай шығармаларын басына жастанып жатып, қолынан түсірмей оқыған еді. Оны Қымыр жақсы біледі. Бүгінде «ішім толған у мен дерт, сыртым дүрдей»деп торығуын көрдің бе? Былайша айтқанда кімнен кем, алты ұлы алты шаңырақ көтеріп үпірлі, шүпірілі болды. Ішер асы, киер киімдері бар, атқаратын қызметі, алып жатқан айлығы жетерлік қой. Ендеше Милан неге шерленеді, мұңды қозғайды. Замандастары таусылды. Бүгінгілер байлық қуып өлімін салып жатыр. Қуараңдаған қу тірлікте байлығын бірінен -бірі асыруға жұлқынған бәсеке өрттей өршіп тұр. Әкелеріміз, аналарымыз кеше кім болып, қалай тірлік етіп еді?-деп ойланып, шүкіршілік ететіндер тым аз. Қулық күшейгенде зұлымдық та өршиді-ау. Пендеден ұят азайғанда халық тағдыры тараңдана түседі. Абай заманында да, бүгін де, кеше де езілген әлсіздің көз жасы тиылмай келеді. Миланның жүрегін қапқан заман уы сол. Адамдар тырбынады, биікке өрмелегісі келеді. Мұрттай ұшып құлайды, өзінің әлін білмей пәлесін өзгеге жабады. Пенденің бәрі бірдей байлыққа, орынтаққа қолы жете бере ме екен? Оған да кінәні басқадан іздейді. Пайдаға шыға алмай, залал тапса оны да өзімнен демейді. Бай елге де, сорлы елге де ортақ, жүрегінді шаншитын, жаныңды қинайтын қасірет Адамның өзін танымауы... -Абай заманында әр ауылда жүз ақымақ болса, бүгінде де одан кем қалғаны шамалы,-деп Милан жасанды тісін сүртіп қайта салды да: «Осы «Жеткөлдің» байлығын кезінде Одаққа танытып, атағын асырып, жұртын жарылқап, таңырқап, тамсанатындай жәрежеге көтерген Отар Қылипанов
кеңседе отырғанда облыстан өкіл орыс жігіті келе қалмай ма? Өкіл бірден үстемсіп, кіжіңдеп, әрпіл, тәрпіл, кеңшар жұмысын білмей бетімен сөйлесе керек . Отар оны тыңдап болғасын, қабылдау бөлмесіндегі қызды шақырып: «Мен орысша түсінбеймін, генераль келіп мынаның сөзін қазақшалып, менің сөзімді орысшаға аударып берсін?-дейді. Әлгі орыс тілді өкілдің «төбесі тесік» боп түсініп қалса керек, «не надо генераль визыбат»деп қипақтап, сипақтап қалады. Көрдің бе, кеңшарда бір орыс тілді жанұя жоқ жерде, Отардың ұлтын, оның тілін сыйлата білудегі намысшылдығын. Абай заманындағы намысты түсінбейтіндер аз-кем болса да кездессе, бүгінде аяқ аттаған сайын намыссызға сүрінесің де жан-жағыңа түйіле қарайсың.. Пайдалыға еліктеуден гөрі, залалды істерді тез қабылдап, сыйықсыз, берекетсіз тобырлар көбейіп барады. Сөйтіп Абай дәуірінде қалың елде бірер ақылды болса, бүгінде одан асып бара жатқанымыз қайсы? Ендеше ақымағы көп ауылда жер байлығын өз бетімен, білімі, қабілетімен игере алмай, баяғы да бай жарылқайды десе, бүгінде үкімет көсегемізді көгертеді деп көздері көкшиді. Тоқмейілсу, бойкүйездік, өз жерім, өз ұлтым дей алмау, жөнсіз жағыну, табыну, бал берсе де ұқсата алмау бар жерде пейіш қалай орнайды. Жетістім, жетілдім деуге қалай аузың барып айта аласың. -Ақымағы аз ауылдардың да қара үзіп ұшпаққа шығып, биіктен биікке асып кеткені көрінбеген сыңайлы. Жоғарыдан бастап өтіріктің өрісі кеңіп, асыра мақтап, кемшілгімізді жасырудың кесапаты арыла қоймаған шығар,- деп Қымыр онсыз да жанын дерт жеп отырған қарияны қатты аяды. Қайда да кәдімгі басқа тартсаң аяққа жетпейтін, аяққа тартсаң басқа жетпейтін күйкі тірлікті айтпай, былай қойғанда, ғасырдың обасындай опырып жатқан маскүнемдік қасіреті тым ауыр. Қайғысыз шаңырақ аз. Мұндай кезде қулар, жылпос, алаяқтар, сұрқия қаптайды. Пайда табамыз деп есі шыққандарға кейбір ақылды еріп, сөзіне нанып, соңынан тәлкекке түсіп, жер соғып қалып жатыр. Дүниеқоңыздық жолына берілгендер халықтың қақын ұмытады. Ол түгелі өзі қай ұлттың перзенті екенін қаперінен шығарады. Өйткені, жалғыз жүріп жол таппай, көппен бірге сыбайласып тонайтынын тонап алауға жүзжанбайды. «Ешкімге қиянат жаса ма, өзіңнің алдыңа келеді, басыңды жұтады »дейтінді қазақша түсінбесе, орысшаға аударып бер, бәрібір миына сіңбейді. Осыдан барып қазақилық кең, дарқан пиғылдың орыны үңірейіп, қабырғасы арса-арса боп, оның ортасын толтырып, кемтігін түзейтін сана, зерде жетпей қалады. Абайша айтқанда: «Бай сейілді, бір бейілді-елде жақсы қалмады»-деп ізгіліктің дәмін білмейтін, жан-жағына арақ сасытып жүрген жын соққандарға ызалана қарайсың. Оны азсынсаң нашақор деген әлемдік жалмауыз індет босағадан аттады, талайдың жаны жұқарып, төзімі таттанды. Бұған шыдамың шытынап өзегіңді өкініш өртеп, ертеңгі ұлтым не күйге ұшырайды, қандай зауал күтіп тұр деп түңілесің. Мұндай кесапатты тиятын Абай айтқан елде жақсы бар ма, айтыңдаршы ? Сұрақ қойып өзің
күңірене күлесің. Неге? Абай сатирасындағы ұлы әрекетке бастаған күлкі қалың қазаққа бүгінде қажет екенін түсінсе, күлкі, ойын, сауық, ду-думан іздеп әлемнің көргенсіз бейнетаспасын тобығы тойтиып жастар іздемес еді. Ауылдағы маскүнемге, нашақорға, есерсоққа, екі қолы алдына сыймай жүрген жұмыссызға ішегің түйілгенше күле бер. Қазақ түптеп келгенде сайқымазақ күлкіге сорлы емес, бірақ досқа күлкі, дұшпанға таба қылудан сақтасын ?!-деп күңіренген Милан замандастары, одан арғы бабалардан қалған сөзін ұғына біл. Ауылды жеке талау кезінде қойдың құмалағы, сиырдың жапасы қалмағанына күле біл. «Ұрыға мал көп»деп еңбексіз, толғақсыз байығандарға «байға сорлы ел емеспіз!» деп мысқылдап күле бер. Солар күлкіні түсінбей: «сорлылық жолды өзің таңдадың өз обалың өзіңе, қасқырға қойын қырдырып, қорасын бекіткен өзің кінәлі»десе жаның күймес пе екен? Ол дегенің күйіктің күлкісі, ертеңін сезбеген ойсыздықтың күлкісі. Кім болса соған табынатын құлшылық мінездің күлкісі. Міне, Абай айтқан бір бейілді, адамдығы жоғары, әлемдік үлгідегі жетілген тілін, ділін сақтайтын байларымыз шамасы әлі туа қойған жоқ.Өзінен басқаға қолқайыры ауыспаған бай да бір,панасыз сайда бір. Осы жерде Абайдың уытты сатирасына тағы да жүгінесің: «Елдегі еркек, босқа селтек, қағып, елін қармады»-десе соны жақсылап ұғынып,түсіну жетіп жатыр деп айта аласың ба? Күмәнің бар. Халқымызда жүз адамға шаққанда алпысы ақылды болса селтектеп, сенделіп жүрсе де елін тонатпас еді, әлсізді арашалар еді. -Ол күні әлі қашық-ау, деп қалада жүргенде жүрегім қан жылайды,-деді Қымыр. Жөтелін басқан, дәрісін сумен жұтқан Милан ескі тақиясын басынан алып, жанына қойды да жанарын алысқа тастағандай ниетпен: -Кеңес үкіметі жаппай кедей болсақ коммунизмге тез жетеміз деп, алаөкпе әлекпен жұрттың мал, мүлкін ортаға жинады. Жатыпатар Сағызбайлар күн, түн демей ақылды, алғыр ойлыларды қаралап үкіметтің милициясына тізіп берді .Бүгінде қара сандықтағы халық байлығын бай болыңдар деп жұртқа үлестірді. Әлгі ауданды басқарған Шардаровтың інісі Өскенмен бірге отыз жыл жылқы бақтым, ырықсыз еңбек, не таптым .Менен басқаларына да не бұйырды, Жекешеге тигені құрқылтайдың ұясындай үй, түбі тесік шелек, кетік тостаған, жыртық күпі тәрізділер. Ана жылғы барлық байлықты қара дауыл көтеріп кетті ме? Таланды, шашылды, әлі таланады, шашылады. Толысы төгіліп, ортасы шайқалған ауылға енді күндеріңді өздерің көр дейді. Несімен күн көреді. Қорадан мал кетті, ортақ кассадан қаржы кетті. Оңай олжаға ие көп, аңқау, бағынудан басқаны білмеген шаруалар қолымен беріп, енді аяғымен жүгіре де алмайды,-деді де Милан: «Абай айтқан: -Жөнжөнсіз, сөз-теңеусіз, бас пен аяқ бір қысап»десе бүгінгі күнімізді Абай сын семсеріне іліп, болжап, бағдарлап беріп тұрған жоқ па? Әне, ақтарылып шындықты айтқанда, әке тұрып ұл сөйледі, ана тұрып қыз сөйледі, ыюсыз-жиюсыз былдыр-батпаққа асыл сөз батып бара жатыр дейсің. Шет
елшілдерден сөздің иі әбден түсті. Құйма құлақ азайды. Қаптап жүрген әрісәрілер, бүгінгі ішкеніне, кигеніне, автокөлік таңдап мінгеніне, шет елдің көргенсіз,бандиттік киносын көргеніне мәз. Таласа-тармаса орынтаққа ұмтылды, өзімшіл әлекке түсті. Пара жолы –сара деп құлшынды-ай келіп . -Абай айтқан: «Ұрысса орыс, елге болыс, үйден үрген итке ұқсап»-деп кейбір ессізімізді іремей соятынын мәңгіріп жүрген мәңгүрттерге қалай түсіндіресің,-деп Қымыр: «Абайды оқуды шенеуніктен бастап мәңгірлерге түсіндіріп, жеткізіп көр, құлағына құйып көр, мықтылығыңды білейін.Төрге шыға бастағандардың өзі жоғарыдағы мықтысы «өй»десе, бас изеп сенікі жөн деп Сағызбайша ықтайды. Шындықты айтып топ алдына шықпайды. Қазақ жетпіс пайыз екен, мемлекеттің барлық жұмысының іс-қағаздары жетпіс пайыз қазақ тілінде, ақпарат құралдары жетпіс пайыз қазақ тілінде болсын, деуге баяғыда ел басқарған Пәленшиевтің орысша оқыған ұрпағы шенеунік қой, қазақша сөйле деп қыстағанымыз біртүрлі жөнсіз шығар деп, отбасымыздың жағдайын ойлап басқаға мейлі деп кәйкиіп тартып келеміз. Мәңгүрттердің орынтағы бар, басқаны бас қатырып қайтеді .Айбайша айтқанда: «Төре болдым мінекей, бар байлықты шығындап»деушілеріміз қажет болса орынтақты да бағалап сатып аласалады. Сосын еңсесін көтеріп ұлтжандыға жол бермейді. Өйткені, оның үйіндегі ұрпағы қазақшаны татып алмайды. Қазақпын деуге арланатын тәрізді. Бар малын шығындаған төре, кеткен шығынын халықтан қайтарса, пара алса, бүгінгілер де солай. Күштілер алдында бас изеймін шыбындап десе, бүгінгілер де ұлтымыздың көкейінен шығатын пікірді айта алар ма екен? Абай айтқан: «Әлсіздің сөзін салғыртсып, шала ұғамын қырындап» деген сатиралық сүгірет бүгінде де сол қалпында. Түр, түсі былайша бояуы аздап өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жұмсақ орынтақта шіренуші шенеунік, пікір айтқысы келетін, жағдайына көмек күтетін, шыбын жанын сіңіріне іліктірген, шығар-шықпас жанын сүйреткен жүдеу әлсіздің сүгіретін күнде көріп жүрміз. Абай сатирасының құдіреті аңқыған өмір шындығы, ғасырларға кететін әлемдік мұра. Тек қана әр сөздің мағнасына үңіле біл, аңғара біл,мәнін түсініп өзіңнің кім екеніңді мойында.Абайды ұғынған адам небір арамзалыққа бармайды. Ыза бойын буып, өзінің жеккөрінішті иттігін өзі аңғаруы да мүмкін. Тура жол қайда, әділет қайда, шындық көзіме көрінші, неге адастым? -деп арымен арпалысса сыбыйласып ұрлық жасамайды. Пара беріп орынтақты сатып алмайды. Абай сатирасының құдіретті күші осында жатыр. Уытты оқтай өткір әр сөзбен салған сүгіретінде.Абай: «Өзі ұлыққа, кәдір жоққа, қарамай өз халқына»- дегенін бүгінгі шенеунік кең кабинетінің кіребіріс есігінің маңдайшасына жазып, оқ қағары мен қабылдау бөлмесінің қызметшісіне: «Шаруасын айтатын әлсіз, жұмысшы, қария, мүгедектерді кідіссіз кіргізіп жібер»деуге тілі келіспейді-ау. Кәдімгі лауазымы төмендеп қалғандай қорлана ма екен? Жоқ, халқым деудің орнына өзім білемін деп ой түйеді. Жұрттан бөлінген түбінде
жұртта қалады дегенді түсінбегенге түңіліп жайыңа жүре бер. Жетпіс жылғы әрқалайғы өмір дағдысы және бар. Санаға сіңген әдеттен арылуды ойласа Абайды оқыр еді. Оқымайды. Орысша тәрбие, кеңестік саясаттың тәртібінен қол үзссе өле кететіндей көреді. Абай айтқан: «Сөз қайырмай, жөнді айырмай, жұртқа шабар талпына» дегенді мыңқылбайлар мен былшылбайлар ұғып не басына ат теуіпті. «Шатыры сенімді, білгірлігі өнімді, шет тілше де сайрайды, экономика мен саясатта мүдірмейді, бір биікке шықса одан әрі биіктей беруге сүрінбейді»-деген мінездеме облыстағы Пәленшиевтен беріліп қойған. Сөйлесе халық атынан сөйлейді, тобыр топтасып, қалың көптің алғыр ойын жоққа шығарғысы келсе шығара салды. Қисықтығы қисапсыз зиян болып заң құрығы іліктірсе кінәні де жұртқа жабады. Өзім қателестім демейді. Өзімді жұрт өтірік мақтаған екен, ұят болды демейді. Абайдың асыл қазналы сөзін ұқпаса, өткенге салауат, алдағыға үміт өз халқыммен бірге дей алмаса жұрт жамандығынан түңілмей қайтеді. Дала ұлыларының айтқанын көкірекке түймей, ел, жұртын туған анасындай ардақ тұтпай, ойлылықтың сәулесін ажыратпаған сорлы шенеунік мұрттай ұшса оған амандасатын адам болмайтыны да кездесіп жүр. Сағызбай сықылды тірі өліктер аз ба, баршылық? Абайдың жөнді айыра білмейтіннің ілік іздеп жұртқа тарпа салуының нағыз ақылсыз екенін түйреп өтуін алдын-ала білуді кім ойлап жатыр. «Істің бәрін ақша, байлық шешеді деп кемді-күнгі тірлікке масығады. Қара халықтан артықпын, деуге асығады. Еліреді, желігеді. Байлығының буы шыдатпайды, жүрегін тесіп бара жатады. Беделінен айырылғанда: «Обал –ай, Абай сынын ұқпаған екенсің?-деп көр. Жүрегі жарылып кетер ме екен ? Табалау да жаза. Оны түсінетін де бас керек .Тонаушы ісін әділетті деп түсінеді, әлсіз қиянаткер қақым кетті, ащы еңбектен тәтті қайырым көрмедім, деп күрсінеді. -Абай заманы бөлек, біз әбден өсіп, жетілдік,-деп төске ұрар. Жағаңды ұста, жыртылып кетпесін. Бүгінде де ай далада үкіметтің де, шенеуніктің де қамқорлығынсыз қалған әлсізді қайтесің. Тағыда Абайша: «Танымадық, жарымадық, жақсыға бір іргелі, қолына алып, пәле салып, аңдығаны өз елі»деп семсердей қиып түсер сөз құдіретін әрбір байдың үйінің төріне іліп қойса қайтер еді. Халықты сонша ұғынар ма еді. Қиын шығар. Жоқ, кеудесіне нан пісіргендер өзді-өзінен аң-таң болып, шынында да қалай десіп: -Абай заманында самолет болған жоқ, автокөлік болмады, біз жұмыр жерді самолетпен шарлап қарық болып жатырмыз,-деп шіренгендей шідер үзер еді. Жетім, жесір, қаріп, қасірлерді қанатыңның астына алсайшы, халықтың арқасында байыдың деп көр, жынданғандай шалқасынан құласын, жетпей жатыр деп жыласын. Сонда біздің әлсіз адамдарымызды Америкадан біреу келіп бағып бере ме? Бұрын бір елді, бір ақылды бай асыраса, бүгінде өзінің алтын сарайын, қаржысының өсімінен ештеңе өзгеге ауыса бермейді.
Пейіл тар. Абай өлеңдеріндегі сарказымның қылыштан өткірлігі ұйқыдағы адамның төбесінен мұздай су құйғандай болар еді. Адамды адам басқарудағы әділетсіздік, мемлекеттің түр сипаты, бітімі, адамдардың пәлеқор, парақор, өтірік, өсек, мақтаншақ, екіжүзділігін бетіне шыжғырып басып таста, ұялар ма екен? Бүгінде де қоғамның мерез дерті Абай сынаған қалыптан өзгере қоймағанына таңғалмай-ақ қойыңыз. Неге? Кеңес заманында ері қоғам жұмысы, арақ ішу майданынан бос уақыт таппай ұрпақты әйел тәрбиеледі, бала бақшасында әйел тәрбиеші, мектепте мұғалім әйелдер, содан әйел мінезді еркектер өсіп, жетілді ме екен? Жастардың жанұялық шаңырағын көтере салып, неке бұзу деректері де жетіп жатуы қазақи ерлік қасиеттің әлсіреп, рухтың жүдей бастағаны емес пе? Абайды оқыңыз: «Елде жаман, ер де жаман-аңдығаны өз елі, кетті бірлік, сөнді ерлік, енді кімге беттемек. Еліңала, отты шала, тайса аяғың кім көмек, бейілі шикі, ақылы күйкі, осы жұрт па тапқаның?»-дейді. Осыны ұға білген адам ішінде иттей өліп,шіріп жатқан бықсықтығын түсінер ме еді? Сағызбайлар жатыпатарлық қап-қара ниетін түземесе де нан жеп өмір сүрулі .Адалдықты аңсаған да жоқ .Аузына да алмады .Солардың бүгінгі кейбір ұрпағы сарказм құдіретін білер ме еді. Сол кездегі сұрықсыз тірлік бүгінде сүгіреті қоюланып бойымыздан табылса кімге өкпелейміз. Тақ таласында бірінен бірі асып бара жатса, тобықтан қағып сүріндіру өз алдына өлтіртіп тастайтын қанішерлік те кездесіп жүр. Кісінің қанын жүктеу о дүниеде тамұх отына күйіп кетеді дегенді ұмытып бара жатырмыз. Қылмыскерлерден түрмеміз бос емес. Абайдың ұлттық кемшілікті жұмсақ ирониямен емес, сарказмге құрып жүрекке найза сұққандай айтуы да заңды еді. Өйткені жаппай індетке айналған «ұйқылыояу бойкүйез, ыржың-қылжың ит мінезді» жай айтып жарылқап, түсінуге шақыру мүмкін емес те шығар, бүгінгі мәңгүрттерге қазақша үйрен ақша берейін деп жалынған сықылды. Мысалы, «Дүтбайға» өлеңіндегі: -Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны не еткені? Құбылуы ойының, кетпей құйтың еткені?»-десе, сол Дүтпай бүгінде де арамызда тірі жүр, жаны сірі бір. Ас ішеді, аяқ босатады, өзгерісі қазақшаға олақ, екі жүзді емес,мың-мың жүзді бірақ, минөт сайын құбылып өзгеріп, мың түрлі қаскөйлікті ойлап табады. Сағызбайдың сарқытын ішкен күншіл, өсекқор өзімшілдігі жолында кедергіге қақпанды құра біледі, «шатырының көлеңкесінде рахат өмір құра біледі. Халқым деп қан түкірмейді,елім деп елжіремейді. Елес көлеңке. Тірі өлік. Нанбасаңыз бір әкім,не шенунік тауықтың үйшігіндей шаруаның күркесінде өмір сүріп көрсе жүрегінің қабы жарылап тіл тартпай кетер еді, әрқайсысында бір-екіден катеж, қос-қостан автокөлік. Әбілазов сықылды жеке самолетке де иелік етіпті. Ал, депутат болғасы келесе, немесе орынтағын жоғарлатқасы келсе халықтың төбесінен төмен қарай алтын құямын деп сайрап, ант етуге бар. Беті бүлк етпейді. Бүгінгі Дүтпайдың
қулығына найза бойламайды, сұм-сұрқиялығын тепловоз тартып жүре алмайды. Абай: «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын»деп пасықтардың көкірегін қаздай шулатса, бүгінгі Дүтпайлардың кесепаты келер ғасырға да жол тартатын шығар. Пара, пайда іздеп сүмеңдеп жүргендерді көргенде: «Оу, Дүтпаймысың?» десең ерінін де жыбырлатпас еді. Өйткені, нарық бүйірден қысқан кезде Дүтпайлардың «беделі» іскер атынып абыройы аспандады. Тоқтаңыз, Ақмолада жүз елу кеңшардың, немесе аудан әкімдерінің қайсысы өздері отырған кең сарайдай үйін көп балалы отбасына, жетімге,жесірге тегіннен тегін қалдырыпты. Жоқ,ә? Қалаға көшкендері кеңшардың мал, мүлкін қаржылап қалтаға басып, үйлерін, басқа да құрылыстарын бұзып қалаға әкеліп катеж салды. Бүгінгі Дүтпайлардың қимылы, сыбайласып ұрлық, талан-таражы, халықтың қазынасын қақшуы, Құдай алдында сұраусыздай көріп, обал, сауапты ұмытуына қайран қалмай көр.Ұйқың бұзылады. Ондайлар Абайды неге оқиды, жүрегін ауыртып. Осындай алаяқты, сұрқияны көргенде Абайдың: «Бетті бастым, тұра қаштым, жалма-жан»дегің келеді. Дей алмайсың, өз өміріңе залалы тиеді. Қажет болса қаржы беріп кісі жалдап өлтіре салады. Сондықтан іштей дұғаңды оқып, жартушыға жалбарына бер. Оқы, Абай сатирасы теңсіздікті әшкерелейді, езілгеннің мұңын жоқтайды. Пенденің қас дұшпаны қаскөйлікпен күреседі. Оу, өмірдегі жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі Абай сатирасында маңызы асып терең тамыр тартып жатыр... «ҚУ ТІЛ М Е Н ҚУ Л Ы Қ С А У Ғ А Н З А Ң Ы Қ Ұ Р С Ы Н».
Дастархан үсті. Етке тола жүкті табақ ортаға қойылды. Қазы, қарта, жал, жая, әйтеуір дәмді ет жеп әдетінше тойынатындар да, жемей тоқшылыққа кенелетіндер де баршылық. Орақ тұмсық, жүдеп, жадаған жігіт ет турауға кірісті. Ет турауда ерекше өнер, деп оның жанындағы жылпостау жігіт сөзін есіп қояды. Алаңкөз, таңқы танау, қырма сақал етқор қарнына ие бола алмай туралып табаққа түскен еттің бір жапырағын жұтқынға сүңгітіп жіберді де, төрде төбедей боп отырған ақ көз, пұщық қарияға қарады. Оның есімі Жәпек еді. Сол екі ортада оның да саусағы жыбырлап, іші бірдеме сезді ме: -Бұйырсын!-деді де жабығыңқы көңілін жинап қойып табаққа қолын сұғындыра түсті. Қос табақты жағалай отырған он екі адам іштерінен өзінше есеп жасап жеуді жауапкершілік есебінде ұғынуда. Сол минөттерде жеуден басқа ой жоқ. Оған ақыл да шығын емес. Әйтеуір ет жеуге жаттыққан ауыз үлгеріп жатыр, үлгермегенін орап үйлеріне әкетеді. Бұл бұрын, соңды тіпті де болмаған әдет десеңде. осындай заңдылықтың қашан шыққанын адам баласы білмейді, кәпірден түк тартсаң да пайда деген сықылды ма, қалай?
Бірісі жақсы, дастархан басында жоқшылықтың ізі білінбейді, аңқып тұрған тоқшылық, аста-төк барлық сезіледі. «Жоқ, жетпей жатыр, аштан өлеміз бе? »деп ешкім, ешқашан да құрынбайды. Жоқ десең жоғаласың деген түсінік бар. -Бұрынғыдай емес, асқа тәбет қайтты,-деді ақ сары, қалмақ мұрынды, көсе қария. Есімі Бектен. Қолын сілкілеп ас іше алмағанына қатты өкінеді. Іштей Абайды оқып: «Қартайдық, қайғы ойладық. ұлғайды арман, шошимын кейінгі жас балалардан» деп күбірлеп айтқандай еді. Оған көзін сығырайта қарап өзін өзгеше даралап көрсеткісі келген пиығылмен сөзін салмақтап Жәпік: -Е, былтыр менің де асқа тәбетім қайтып еді. Ой, шіркін, жалғыз ұл шет елдік автокөлік алып мінгесін қайта серпіліп, асқа құныға түстім, бәрі көңілге байланысты ғой,-деп бір желпініп мақтанып қойды. Оған балаң қарақшы болғанына неменеге шалқақтайсың, деп іліп, қағып ешкім батып айта алмайды. Ертеректе осындай бір отырыста Сталинмен бірге жүргендей көсемді мақтап дандайсый бергесін Бектен шыдай алмай: « Ей, өзіміздің Бауыржанның ерлігін айтсаң аузың қисайып, ішің өтіп кете ме, дегенде үлкен төбелес шыққанын отырғандардың білетіні ұмыта қойған жоқ. Онымен қоймай Кеңес үкіметі дінсіздер бесжылдығын жариялаған кезде белсендісінің айтағына еріп мешітті құлатамын деп кіріскенде қолының сіңірі тартылып қалыпты деседі. Әйтеуір, партия мен үкімет ағымына ерген шолақ белсенді, «жатып атар» деген зәлімдік атағы бар . Сағызбаймен әмпай-жәмпай. Қарсыласы болса қағып түсетін ,үрім-бұтағына дейін қара күйелеп небір пәлені жағып түсетіндігі белгілі . . . Өткен өтті, кім адаспады, деп жанын азаптамай, соңғы кезде мешітке барғыштап, күнәмді кешіре көр, мына қолым жұмыс істесе арман жоқ, деп іштен тілек тілейді. Кейде соны ойлап қатты жүдейді. Діннен безген едім, күнім үшін, ферма басқардым, әлсізге зәбір көрсеттім, кінәм тірі жүруім үшін, жаным қымбат қайтем, деп жалбарынады. Осы кезде аузына ие болмайтын жылпостау Бәзіл шыдамай: -Бүгінде дастарханға бата беріп, дұрыс дәм қайтаратындар азайып кетті. Шамасы мәңгүрт қарттар қаптап жүр, Қиқудың туысы Жәпек оған қалай қарайсың?-деп қалсын. Төсеніш көрпеден денелеріне ине қадалғандай отырғандар мазасыз қозғалақтап қойды. Кейбір қария шайнаңдап отырған етіне түйіліп қала жаздады. Апыр-ай, Бәзіл сөзі жыларманға келтіріп, кейбірін тәубасына түсірейін деді ме, ащы күлкісін түлкі құйрығындай бұлаң еткізіп: «Алдағы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаны қайсы? Аһ, ұрып жүріп орысша білмесеңдер өлесіңдер, қата қалсыңдар!- деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген кешегі белсенділер бүгінде момақан, кәдімгі шыншыл тәрізді. «Асыл азаматын түрмеге шығарып салып, тегін ас ішіп, тегін киінесің жолың болсын!-деп кекете күліп, мазақтап айтқанды ұмытып қалған пендешілігіміз-ай...Өткенді біржолата ұмытып, естен
қышару дегенің де қандай қорқынышты. Бүгінгіге ойланбастан қарап, селт етпеу аянышты .» -Міне, бұл жастардан қайтіп шошымайсың. Түпсіз шыңыраудан ішек, қарыныңды тегіс ақтарып, еңсеңді көтертпей езіп тастайды,-деді Жәпек. Батыл сөйлейтіні баласы бетіне қарағанды қиып таста десе қиып тастайды, аузына құм құйып тиып таста десе, ілезде тиып тастайды. Бірақ, Бәзілге бата алмайды... -Бетімен кеткендер беттен алады. Ашулы, қорқынышты, ыза сөзбен тәсіңді қайырып түбіңе жетеді, улы сөзді тоғытуға шебер келеді.Өздері таза болғасы келеді, оған өресі жете ме, жоқ пе ?-деді Бектен. Оған Бәзіл айылын да жимайды. Қайта отты қоздатып: «Абай айтқан: «Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман, деген екен. Сонысы өтірік пе? Бірің бригадир, бірің ферма бастығы, бірің кеңшар директорының орынбасары болып қызмет атқарып жүргенде ел дәулетін үйге тасымадым деп айтыңдаршы? Жатар жерлерің жалғыз, бүгінде құдай бір, құран шын, деп отырсыздар,-деді. Зілмауырдай ауыр сөз жанды қинады. Қиып түсер өткір екен, кейбірі жақтырмай терісіне сыймады. Бектен, Жәпек, Ораз, Қораз, Қияқ, Шұнақ есімді қариялар қолдарын табаққа салудан қалды. Жүздері суып у ішкендей мүлгіді дейсің. Обал. Өліп кетер еді, қайраты барында ерегескенін түрмеге жөнелтер еді, әттең дәрмен жоқ және заман басқа. Бәзіл ақылсызды ақылға шақырудың мәнсіздігін білсе де: «Жүсіпбек Аймауытов аштық жылында өлімші боп жатқандарыңда ортаға жинаған малды үлестіріп бергізіп жандарыңды сақтағанын тарихтан ешкім сызып тастай алмайды. Сол ұлы жазушы: «Неронды залым қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі десе, Голощекинді қанішер қылған Сталиннің тәртіп, тәрбиесі емес деп айтыңдаршы? Жоқ, айтуға жүрек керек, бетсіздің бетіне қателігін айтып бетін тілетін шыншылдар түрмеден оралған жоқ. Бұл жанұядағы қанға сіңген қорқақтық, өзіңнен басқаны ойла ма?-деген қате тәрбиенің қасіреті. Оны айтуға жүрексінеміз...Қазақтың ұлттық тәрбиесі бесіктен басталып, үш сөзбен кісілігіңді сақтауға жол сілтеген еді :Біріншісі жаман болады, екіншісі ұят болады, үшіншісі обал болады, осы үш сөздің терең мағнасы үш кітапқа тұрарлық, миыңа әбден ұялап қалатын-ды. Кеңес белсенділері мұндай тәрбиенің құдіретін ұлтшылдық деп ауызды жаптырды. Содан-ақ азғын қатыгез, зұлым ұрпақ өсіп жетілді. Әр ауылда топ-тобымен есуасша еліріп жүр, мұын жайын жақсы білсекте ешбір бөгет жасай алмау қорлық». -Бәзіл осынша ащы әзілдеу неге керек, кісінің үйінде кісідей өкпеңді айтпа деген,-деп үй иесі Қатқыл қылпылдап, бір шатақ шықпауын тіледі. Әбден шаршаған денеге мисыз басты арқалауды ауырсынғандай көріп Бәзіл тағы қағытып: -Мен емес Абай ащы айтқан. Сол өлгенді тірілтетін ащы сөзден сабақ
алмай, тіпті Абайды оқыса атылып кететіндей болған қорқақ әкелерімізді көрген біз қайтіп оңамыз. Партия тарихын басымызға жастанып жатқанда жамандықтан басқа не таптық. Ұлттық өнегеден айырылдық. Маубастығыма көңілім көтеріліп толып, айдың-күннің амандығында күн жаумай су боп жүрсем кімге ұқсағаным. Абайша: «Бай алады кезінде көп берем деп,жетпей тұрған жеріңде тек берем деп, жарлы алады қызметпен өткерем деп, елубасы шар салып леп берем деп, жалаңқая жат мінез жау алады,бермей жүрсең мен сені жек көрем деп». Кәне, айтыңдаршы Абайдың мір оғындай сөзінде қателік бар ма? Бүгінгі шенеуніктер қарық қыламын, деп кеңшардың мал, мүлкін алды, қолын кім қақты. Абайдың сөзін көкірегіне ұйытқанда байлық таланбас еді, ешкім ешкімді алдап, арбап тонамас еді. Ұят-ақ Партия тарихын төбеге қойдыңдар, осындайда неге қорған болмады. Содан тапқан пайдамыз қайсы? Аштықта бүкіл ел қырылып жатқанда «жатып атар», милиция, басшылар неліктен аман қалды. Ұят иман болмайды, деді, обал азық емес, деді. Ұрыға мал көп, жаман емес, байыдым деді. Арлы, ұрлық, қаскөлік құдайға күнә дегендер аштан өлді .Пасық, ұры, жалмауыздар тірі қалды, бүгінге дейін ұрпағын жеткізді. Әлгі тонаушыларымыздың тегі оңып тұрған жоқ шығар. Қазақ жақсы, жаман болса да тарпай тұрмас тегіне деп ой түйген. Апыр-ай, жалмауыз, жендет қайдан шықты, қылмыскер толып кетті ғой, деп текке таңданамыз. Үйімізде жын шақыратын арам мүлік, мойнымызда адал адамдардың көз жасы, маңдай тері, табан етінің қақы өтелмей жүрсе, қолға құран ұстап жаратқанға жалбарынғанымыз адамды алдағанымзбен қоймай Алланы алдауды ойладық па? Таза емеспіз, періште жоқ, осындай жағдайды бастан кешіп тұрғанда жақсылықты қайтіп күтеміз, кінәміз, күнәміз еске түскенде бас зеңіп, құлақ шулайды, осынымды өтірік десеңдер иманым күйсін, деп қатты күрсінді. Не үшін, қарақан басына бола ма? Қарттар жым-жырт. Тірі денеден таспа тілгендей суық сөз шымбайына батып кәрі саусақтары дастарханды түрткілеп, іштей опырылып, өткен-кеткен күнәні ағынан ақтаруға жасқанып отыр. Кейбірі ниетімізді қасқырша тірідей талатқаннан гөрі, қара топыраққа тезірек көмілсе жасырылып қалар ма еді дей ме? Ай, қайдам.Бас шұлғыды, аяқ қателесті. «Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады» деген сөз алдарынан шығып жүректері шайлықты.Бірбіріне тіке қарауға қаймықты. Үй иесі Қатқыл ғана шыж-быж болып: -Жылпылдатпай екі елі аузыңа төрт елі қақпақ сал!-деп ежірейіп еді. -Әй, сенде оңып тұрған жоқсың, білдің бе? Мені қоздыратын сендер, әкең егін бригадирі болып жұрттың аузын нанға жарытып жарылқап еді, ағайындар адалдығын, жақсылығын көре алмай, «халыққа жау»атандырып соттатырып жіберді дейсіңдер. Қоғамның желі өңкей қырын соғып, көресіні мен де көрдім. «Жаудың» ұлы атандым. Есеңгіріп есім ауды. Қараниеттінің жан-сарайын, темірден жаралған жүрегін талқандығым келеді де тұрады.
Бәрібір ондей ессіздігіммен зұлымдық жойылмайтынын білемін .Пендеге пәле жабысса шарасыздан маңдайды ұрып қаласыз. Қастық туыс, туғаннан Абай екеуімізге арнағандай: «Дос алады бермесең бұлт берем деп, жауыңа қосылуға сырт берем деп, бұзылған соң мен оңай табылмаспын не қылып оңайлықпен ырқ берем деп, сұм-сұрқия-сұмдықпен еп берем деп, сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп, жүз қараға екі жүз аларман бар, бас қатар бас-аяғын тексерем деп»-дегенді айтқан. Сиықсыз сықпытымызды, келіссіз келбетімізді, ем қонбайтын мінімізді қалай сықақтаған. Жаныңды қыпқызыл өртпен күйдіреді. Жекеше басталғанда екі жүз сұрқия замандасымыз кірпік ілмей мал, мүлікті әкетудің мыңтүрлі амалын тапты емес пе? Жаныңа қамашау таптырмады, төріңде отырып сайрады. Арам ойын түсініп сырт бердік пе? Жоқ, бірігіп ұрластық. Ұрыны мақтап, депутат болса ел гүлденіп коммунизмге топ ете түседі, деп ел алдында белсеніп артықша бағаладық. Бүгін алданған ісімізге өкінуді де білмей тым-тырыс отырмыз. Ұқтың ба, Абай сатирасының астары тереңде жатқанын. Ұққан жоқсың, біреу жарылқаймын деп көлгірсісе әлі де жаның жадырап, рахаттана мәз боламыз. Жақсылық қайсы, жамандық қайдан ажыратуға қабілет жетпейді. «Отыз жеті» зұлматында елдің алғыр ұлдарын түрмеге тығуға бірден-бір себепші болған Сағызбайлар әлі тірі жүр, өлгісі жоқ. Кісі қанын жүктеп нан жейміз. Елдің қанды кегі іште жатыр. Дінін, ділін сатқан басшыларымыз құдай бізбіз деп көкірекке ұрып келді. Енді бүгін жаратқанға жалбарынып баламның шет елдік машинасы, алтын сарайдай катежі бар, соның қайырын беріп, өзі аман жүрсіндеп иман үйіру кімді алдау. Алланың қиянаткермен есебіне асықпайды дегенді ұмытқан жөн емес. Абайды тыңдасақ: «Бұзыларда ойламас бет көрем деп, ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп, қабаған итше өшігіп шыға келер, мен қапсам бір жеріңді бөксерем деп, орыс айтты өзіңе ерік берем деп, кімді сүйіп сыйласаң бек көрем деп, бұзылмаса оған ел түзелген жоқ, ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп». Кәне, Абайдың ұрпаққа аманат еткен осы сөзінің парқын білген кім бар. Құдайын да ұмытқан көр көкіректер балам өзіме ұқсамайды деп зар илейді. Сонда ел үлгі тұтарлық жақсылық қайсыңда бар? Айлығын да жетім жесірге үлестіріп беріп, дүние-мүліктің құлы болмаймын дейтін шенеунігің бар ма? Біріңнің де ұрпағыңда ондай обалды білетін ұл, қызды таппассың. Ұлтымның қасіреті бүгінде де зәредей болса да кеміген жоқ. Адалдық жолв жүз пайызға кеңіген жоқ. Киім бүтін, қарын тоқ, той думан, тірліктің талтүсі дерсің.. -Шырағым тереңдеп кеттің, тірідей бізді көрге түсіргенде саған мүйіз шықпас.Тірлігі түскір кімді аздырмады...Шайтан азғырса кім оңады . -Орынсыз ойымызға өкінбейді екенбіз. Біреу сөзді тауып айтады, ойы бөлектер сиқырсып қауіп айтады. Сөзді біреу сүйіп айтады, көкірегіне асыл ойды түйіп айтады. Сөзді біреу жаны күйіп айтады, ашуыңа тиіп айтады. Бетке айтқанның зәрі жоқ, достық деп ұғын, адамды аздырып-тоздыратын
сыртынан айтатын ғайбат-өсек. Бәзіл даттап жатқан жоқ, әдептен аттап жатқан жоқ, қолымен істегенді мойнымызбен көтере алмасақ кісілігіміз қайсы? Күнәліміз, өзіміздің күнәмізға, кінәмызға күлуге де дәтіміз бармады, енді Бәзіл күлмегенде қайтеді,-деді ақ сақалды, құбақан жүзді Жүсіп қария. Онысы тоқтау айтқанға ұқсады .Мең-зеңдікті, құлазыған көңілді бөлгісі келді. . -Жүсеке Абайды жаттап өттіңіз. Үйіңізде құран жоқ па деп тінту салғанда Абай шығармаларына да күмән туғызғандар тірі жүр емес пе? Егер Абай тірі болғанда «Отыз жетіде» түрмеге айдап жіберетін еді-ау. Абайша: «Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп, тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.бар ма екен жәй жүрген жан қанағатпен, Құдайдың өз берегенін жеп көрем деп. Атаны бала аңдиды, ағаны-іні, ит қорлық немене екен сөйткен күн. Арын сатқан мал үшін антұрғанның, айтқан сөзі құрысын,шыққан үні»-деп нетүрлі сатқындарды жерлеп, масқаралап өтті емес пе? Әне, ауылымыздан шыққан Қиқу елді тасаяқша қағыстырып, мал, мүлкін тонап кеткенімен қоймай, қарсылық көрсеткен кеңшар директорын қарақшысын жіберіп аттырып кетті. Бала, шағасы еңіреп қалды, ұлттық тәрбиедегі обалды ұқпау осы емес пе? Қаражүректер күні кешеге дейін өзімізбен бірге дастарханда отырып нан жеді. Ақырында нан киесінен де қорықпады. Қанға үймелеген қарғадай қарқылдасып сыбайласып жатыр. Иін-тірескен қиқым-сиқымдар шайтанды мініп шапқылап жүргеніне ырду-дырдулағанға мәз. Оларға бесіктен тәрбие бермегесін тегеуірінді тәртіптеп тоқтау айта аларсың ба? Жалтақпыз, жауыздықты біле тұра жасырып қаламыз. Бетімен кеткен қаскөйлікті тарқапастан шындық әлеміне шығарып түзеу оңайға соқпайды... -Үміт үзбелік, келер ұрпақ қисықты түзер,-деп Жүсіп дастархан мәзіріне дәм қайырып бата беруді айтты. Бәзілдің есіне түрмеде өлген ақылды қарттың: «Қазіретеғалидың білегін берсін, Әбілқайырдың жүрегін берсін, Яссауидың білімін берсін»деген батасын айтып ұлтшыл, жапон шпионы делініп айдалып кеткеніне жүрегі езіле ойлады да, не істемедік деп қойды. Қобалжыған, жазықты, жалынышты пішін адам аярлық еді. Жаратушы өшін алу үшін бұлардың да жүректеріне аз қайғы түсірген жоқ. Ажал тілесе де кейбіріне бұйырар емес. Қайтесің, пендешілік түн атасына қиянаттарын есептеп, түстерінен шошитын халге түскені де табылады. Сағызбай үйде омалып ,кісі бетіне қараудан қалды . «Балам үйде жоқта өлсем етімді мысық жеп қояды» деп қорқатын көрінеді .Ажал аңдулы. Соны байқаған Бәзіл замандасының жанын мұрнының ұшына тақап: «Абайды оқымасаң күнің күн болмайды, тұл боласың. «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,арын сатып тіленген малы құрсын. Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, қу тілмен қулық сауған заңы құрсын. Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір, өз үйінде шермиген паңы құрсын» деп адамдық қасиеті жоқты сынап отыр. Бүгінде қырық жерге қойма емес, қырық елдің банкісіне ұлтымыздың
байлығын ұрлап апарып салып жатқан, миллиондап жеп шет елге қашып кетіп жатқандарды құрықтай алмайтын қу тілді заңымыз бар? Сондықтан үкімет заңынан бұрын қара шаңырақта қалыптасқан баба тәрбиесіне бесіктен бастап ұрпақты тәрбиелеп, Абай сатирасымен дертімізді емдесек жаман болмас еді... Абай жаны тыншу таппай жан-жағымызда ұшып жүр, байқа?! «Б Ұ Л Ж Ұ Р Т Т Ы Қ О Й Ғ А Н Ж О Қ П А Қ Ұ Д А Й А Т Ы П?» Біреулер қиырға көз жіберіп, көлдей дәулетті қара қарғаның қанатына байласа да отбасы, отанынаүйіп, төгіп жеткізіп жатады, оныңыз елінің кемтігін толтырғысы келгеніне қайран қаласың. Өзі емес, өзгенің бақытын күн сайын ойлайды. Кердеңдеп тәсіріп кетпей, жиі кеңесіп, келсіп отырады. Өзінің туған ұясындағы түкке тұрғысыз өнімін де артық пұлдап өткізіп жатады. Өз қолындағы алтынынан айырылып,өзгенің мысына таң қалмайды. Мұншама ақылдылық мұңлы-зарлы жүректердің мұзын ерітуге арналады. Басқа елдің іскерлері осылай қарманады. Ал біздің туыстарымыздың кейбірі алтын сырыққа қонақтаған ала қарғадай өз-өзінен мәз болып, тірі жүрсем бақыт іздеп келіп басыма қонады деп тырп етпейді жарықтық. Іске татыр ойы жоқ болса да, есесіне тойшылдығы асып тұр. Өзен жағасында отырып өзегі талады. Көзіне тығылған ұйқысын ойлап көкірегі жанады. Басын жазбаса көзінің сорасы тиылмай ағады. Елде ішіп, ісініп, маскүнемдер күрсініп, бас ауыратын індет көп .Ызың, қиқуы, шыр-шуы тынбайды. Құтыла алмайтын қасірет сүйектен өтіп жатыр. Біреу болса ештеңе емес көнерсің, антұрғандардың ауруы ортақ, бас қатыратын мұңдастар жетіп жатыр. Ақиқаты анық осы. Басқа тірлігі түп-түгелдей, бар мұқтажы бас жазу болып отырған мына ініміздің нақұрыстығын білгің келе ме? -Әй, оңбағыр-ау, құдай үшін қысық көзіңді ашып,адамға ұқсап сақалмұртыңды ал,-деп Өзгүл өзеуреп еді. Талғыт ұйқылы, ояу сенделген күйде: -Сақал қыратын лезве қымбат! Күн сайын өскен баға құйыны таңымды айырды! Осылай дамылсыз баға өзгере берсе қиын ғой,-деп дүр етті, ұртын томпайтты. Осы кезде домаланған қара бала тоқаш танауын бір тартып қазандыққа жылынып, арқасын тақаған күйі бар ынтасымен Абайдың өлеңін жаттауда. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»,-деп қайта –қайта дауыстап еді. Орысша ойлап, қазақша қоқыта сөйлейтін Талғат мойнына біреу бұршақ салып қылғындырғандай тынысы тарылып, өз-өзінен қағынып, деспісінен жаңылып, қушиған беті ретсіз жыбырлап : -Ауыл аман...Қарақшыдан әзірге тынышпыз. Қасқа сиыр қорада. Шөп таусылса газет оқиды, газет таусылса радио тыңдайды, радио таусылса теле-
визор көреді. Ну что, бәрі жақсы, жүз грам ішсем, тірлік мүлде өзгеріп шы ғады. -Ибай-ау, енді жалғыз сиырды төрге шығарып кино көрсетейін деп пе едің. Киноң толып тұрған бұзықтық, жалғыз сиыр азып бұқа іздеп қайқайар. Айтпақшы, әне телевизорың да сынып тұр ғой, үйің мұздай ұлып тұр. Таңдайға тартқан жалғыз сиырға шөп іздесеңші. Арам өлетін болды?- деп Өзгүл қазанның мың жылғы қаспағын қырып тастады. Отбасының мақсатын ойламаған еріне іштей жыны келді. Ызаланады. Дәрмен жоқ, текке айтылған сөз. -Өй, шөп әкелінер, жаз бар, қыс бар, асығатын не іс бар,-деді де Талғыт ұлына пәруайсыздана қарап, «Менің сақал, мұртымды жырламасаң ішің местей боп кебе ме, бозөкпе неме, төбеңді көрмегір-ау, ит тебе ме?» -Папа, ит теппейді, жылқы тебеді. Мен Абайды оқып отырмын...жаттау. -Кімді? Бала аузын жауып үндемеді. Әйелі қазанға түсіп қайнағандай тызақтады. -И-и, тап арақтан басқа кімді, ненңі білесің. Сөйте тұра балаға күлесіңТалғат сазарды. Кіріптар қарыны арақты жоқтап, қышқылын шығарып кірпігін кіртитіп, оқтау жұтқандай күйге түсірген. Сонда да кісімсіп, дені дұрыс еркек болар ма, жұмырығын түйіп кіжіңдеп тікірейіп тұрып: -Сен де маған күлесің. Тұрған жеріңде ит тепкіңді шығарайын ба? -Менен басқа кімге әлің жетіпті. Жұрттың еркегі үйін шоқтай жайнатады. Болмағанды болдырады, толмағанды толтырады. Көршің Гейстің бір күнгі тірлігін мың күнде де істей алмайсың. Сен болсаң аңдығаның арақ, шарап... – Оның менен асып бара жатқаны шамалы ғой. Арақты Гейс те ішеді. Айырмасы үйінде әдемі моншасы бар, ішіп-ішіп парға түседі... Бала өлеңін жаттап отыр. «Жақсы менен жаманды айырмадың.Бірі қан,бірі май боп екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы. Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?»-деген жолдардағы Абай сатирасының әкесіне қатысы барлығын бала білмейді. Білсе де өз әкесін жамандыққа қимайды. Бірісі жақсы бала арақ ішпеуге ант етеді. Оның жаман екенін күнбе-күн әкесінің «концертінен»көріп-ақ жүр. Ал, елден асқан жақсы болғысы келеді. Көршісі Гестен де асып кеткісі бар. Барын, малын ұқсатып сатып шет елдің жақсы машинасын да алды. Бірақ, бала қалай,қандай жолмен жақсы боларына ақылы жетпейді. Өзімен бірге оқитын директордың баласы ұнамайды. Тұрақсыз. Бір күн біреумен, екінші күні басқа біреумен жолдас болады. Біреудің қолында тәуір қалам болса алғысы кеп тұрады. Абай сатирасы тіліп түсіп жатқан бірі қан, бірі май екі ұртың дейтіндер осылай өсіп келе жатқан жоқ па? Өзінің пайдасына бола сатып кетеді. И-и, әп-әдемі киініп, көркі уылжығаны бар болсын. Сатпайтын адал дос керек. Бала аз-кем ойланып отырып: «Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді .Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, күндіз күлкің бұзылды,
түнде-ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ. Бір күн тыртың етеді, бір күн-бұртың». Бала қаламын аузына салып қайта ойға шомды. Онысы баяғы замандағы қазақтардың бойындағы зіл көтерем мін бүгінге дейін шашылып төгіліп қалмай аман жеткен, ә? Әке-шешенің иісін де сезінбей, тіпті орысша тәрбиеленуді асқан дәреже көргендер ана сүтін емгенін де ұмытып кетті жетіскені ме? Бұл не. Сөз түсінбек түгелі орысша ойлап келістіре алмайды, не қазақшаны оңдырып жатқан жоқ. Быламық, былдыр, сөзі сұйық сылдыр. Ыза, кекке бойын алдырады. «Орыстың жаманы қазақ бола алмайды, қазақтың жаманы орыс бола алмайды»депті қу тілді біреу. Екі тілді егіздей еміп,тілін байытып миын сасытып қайтеді? Өркөкірек, өзімшіл келеді. Ызалы, кекті адам ең қауіптісі. Ондайлар өзінің кесер кеңірдегі үшін анасын да аямайды.Мына ұлтты жарылқаймын деп мұнда жалтақтайды, ана ұлтты жарылқаймын деп анда жалтақтайды. Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кететіндерің сол. Жаныңды жарқыратып тұратын сөзді білмегендіктің сорлылығы ажалмен тең. Тілмен табыспаған ділмен табыспайды. Өйткені, иманы күйгенге ешкім иланбайды.Түңілдіретін түсі бұзықтық та содан басталса керек. Ондай бұртың-тыртыңдарды Абай сатирасы жер-жеміріне жеткізгендігі де,оның уыты мәңгілік екені де, құдіреттілігі де осында. Бала оның бәрін есейгесін түсінеді. Қазір оқып миына тоқиды.Күнсайынғы тірлігімізден Абай сынаған жағымсыз кейіпкерлерді көріп жыларман боларсыз. Оған мына баланың ақылы бүгін жетпесе де, ертең жетсе шүкір. Әкесіне ұқсап дырылдап кете ме? Әй, қайдам! Әкесі бірдемені ұрлап жатса баласы көмектесетінді көріп жүр. Абайды оқы, ғибрат ал!-деп санасын қамшылап отыратын әкесінің түрі әлгі. Басын жаза алмай, кешегі арақтың уы миға теуіп, қарынынан көтерілген қышқылды баса алмай сенделіп жүрген кезде: -Талғыт қайда? Әй, неменеге үйде бұғып отырсың, шаруашылықтың малына шөп әкелуге барасың!-деп бригадир келді дігірлеп. «Кеңшарды жекелеген бастық, қырамын, жоямын деп жатыр дегенді және қыстырып қойды. Каптиализмнің мінезі қатал деп ескертті. Басы бір бөлек, кеудесі екінші бөлек боп зеңгіп жүрген Талғыт киіне бастады. Бала Абайды әлі жаттап отыр. «Бас-басына би болған өңкей қиқым. Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын. Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың. Оның алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ,береке жоқ,шын пейіл жоқ. Сыпырылды байлығың, баққан жылқың»,-деп дауыстап оқып отырған балаға құлағын тосқан бригадир: -Ей, мына жетпегір не дейді? Тілі удай пәле ғой өлген кісіні тірілтетін сөзді сарнайды,жаныңды қорлайды,ә?-деп дүңк етті. Құбаша әйел Абайды жаттап отыр деп еді арашаға түсіп. Бригадир қыли көзін атыстырып, шабыстырып: -Абай да қатты айтқан екен. Бірлік жоқ, береке жоқ дейді. Неге? Алар жерде бірігеміз, берер жерде бас сауғалап қашамыз. Қайтеміз, қашпаған қашардың
уызына қарап жүре береміз бе? Шүкір, активтердің бірлігі олжа үлесерде бар так что, понимаешь,билік қолда, байлық жолда, понимаещ,-деп бригадир тілін тістеп алды. Осы кезде әйел ауызбен айтып жеткізе алмастай зарын шағып: -Үйімізде тіске шұқыр шөп жоқ, көмір таусылды. Азық, түлік ақша дегенді көрмегелі көп болды. Активтердің жарылқайтын күні қашан?-деді. -Саспа, мына шаруашылықты жекешелендіріп барлық байлығын бөліпбөліп алып болайық. Сосын бәрін толтырып тіреп қоямыз, күйеуіңді байытып шіреп қоямыз, қарынымыз шығып бір тоямыз, әзірше тойға торғай соямыз, жекеге алмаған торғайдан басқа не қалды,-деді бригадир ішінен үйіне жоқшылықтың кіре қоймағанына шүкіршілік етіп. Бірақ, талапайда қалыс қалғанына аздап өкпесі бар .Үлестің у-ду үстінде мәселенің төтесі айтқанда өзіне ылғи да азы бұйырады .Әттегенайы сол жанына батады, жүрексізбін деп тынады.. . -Ой, ауылда бай көбейсе кедейдің аты жойылады,бәрін де өзінің қатарына тартады, самолетке жүгін артады, әрине, жатып ішер жұмыс істемегендерге шатақ .Олар қатықсыз қара көже ішіп бүк түсіп жатады,-деп бригадир жалған айтатынына ішім кебер демеді. Сөйтіп, сухитып отырып Талғытты ертіп бригадир шығып кетті. Әлгі Қиқым бригадирің үйіне барып Абайды оқыса жақсы ғой. Оқымайды. Одан да шет елдің көргенсіз киносын телевизордан іздеп тауып көріп, диванда шалжиып қарынын сипап жатады. Әй, кемпір біздің үйде бәрі жеткілікті, ал елде шөп, көмір, ет жоқ, деп бүгінгі барлығына мәз боп үн қатады. Директордың да одан асып бара жатқаны жоқ,дегенмен бай болуды аңсап, бұйырсын, бұйырмасын алам дегенін алады. Оның қолын кім қағады. Жұрт үш-төрттен шет елдік автокөлік алса,ол қалыспайды. Екі-екіден катеж салса, ол тағы қалыспайды. Байлықты таңдайды, бай болады. Қалтасында құдіреттейтін мөрі, орынтағы бар адамға бәрі жарасады. Ал кедейлер кедейлікті таңдаған екен, адалдық жолдан айнымаған екен, қолын кім қағады, өздері қалады, кедей болсын. Абай елдің сиқын бұзды деп кіжінгенде, жер-жебіріне жеткізіп сынағанда бүгінгі байды сынаған жоқ. Абай сынады екен деп түзеле қалса ұят емес пе? Жиған терген мүлкін, байлығын кедейлерге көзі қиып үлестіріп бере алар ма? Әділетті болдың деп біреу сонда мақтар деймісің. Өзі тәрізді әкемдерден байлығы кем түссе тірі өлім емес пе? Ілмиген ит бүкіл ит біткеннің мазағындай боп кедей-кепшіктік тұрмысын кешіп жүрсе оған кім ел басқартады? Төрдегі басын есікке сүйреген ақылсыз неме деп орнынан мұрттай ұшырар. Абай сынай берсін, елдің сиқын түбінде түзейміз. Әуелі өзіміз шылқыған бай болып аламыз. Сосын құлша жүріп жұмыс істейтіндер ауылда жетіп жатыр. Аз-кем еңбегіне бағалап сабын, ұнтақ, көйлек-көншек, шай-суын беріп жарылқаймыз. Қытайдың арзан киімі денемізді қышытып қотыр болдық, дейді кейбірі, қышыған жерін қасып, ұйқысын ашып, аяғын шекіп басып
жүре бермей ме? Оу, біреу оның арқасын қасып, бере ме? Жұрт осы қызық... Елде киім бүтін, көже-көкірі бар, бұл Абай сынынан қортынды шықты деген емес пе? Түсіну керек, аспандағы Айды әпер деуге болмайды ғой. Әркім ұятына тұсіністікпен қарасын. Байды күндеген оңбайды ғой. Әкім, басшы күледі. Тоқтықтың, уайым, қайғы жоқтың, ойсыздық күлкісі: «Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың. Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың»,-дейді Абай. Әкім болар алдында, Абайдан сынақ тапсырса бүйтіп күлмес еді. Ұрлық-қарлық, тонау, талан-тараж, алдау, арбауға ешкім бармас еді.Онда өмірдің сәні қайсы? Елін талап езуін тілсе айызы қанады. Абайдың сатирасынан шошынып сезіктенбес. Бүгінгі басшы біреуді алдаса да күледі. Біреу дейтіні өз туысы, ет жақыны. Оның үйінде үнем жоқ болса да күледі. Ол да өз туысы, бауыры. Күлмей қайтеді. Өзінде асып, төгіліп жатқан байлығы әлі көзіне түк көрінбейтіндей. Тіпті жетпейтін тәрізді. Сондықтан туыстарына да бөліп беретін ештеңесі жоқтығына күледі. Сөйтіп, алдап, сулап шығарып салса да әкімнің білгірлігі. Қайтеді, алдаған рахаттана күледі, алданған жылайды. Бәрі дұрыс. Ол өмір заңдылығы, капитализмнің алғырлығы. Адам сынақ алаңы бәріне шыдайсың, социализм айналып келіп жегіштерді тәркілесе күйіктің күлкісін сонда көрер едің .Ұрылар табаны жерге тимей дедектеп жетер еді, тәркіленгеннен Сағызбайлар үлесін алып қуанып кетер еді . «Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?» Апыр-ай, Абай сатирасы жүрегіне шаншудай қадалады. Қорқыншыты. Суық. Қатерді төндіреді. Бірақ, Абай заманындағы байлардан біз артықтау шығармыз. Автокөлік, самолет, үй толы әдемі жиһаздар. Асып, тасу. Әлемдік дүние, мүлік. Ат басындай алтыннан да артық болар. Халқым аман болсын, табан еті, маңдай тері қайда шашылып қалмаған. Жиған мүлкімде аққан көздің жасы жоқ па? Жоқ,ә? Алдай білу де, ала білу де өнер. Оған да еңбек сіңіресің. Жүзім күліп тұрып, байлықты өзіме икемдеп тілеп тұрсам...оның өзі де орасан күш, қуатты тілейді. Абайдың сынаған байлары күлмеген шығар. Күлуді қайтсін. Білімдері жетпеді ғой. Ол уақытта мәздікпен жыртың-жыртың күлсе, біз сыңғыр-сыңғыр, сылдыр-сылдыр сыпайы күлеміз. Сондықтан Абай сатирасының бізге қатысы жоқ. Бізден бұрынғыны сынағын. Біз құдай атпаған,керісінше құдайға жаққандармыз. Шайтанның да қулық, сұмдығын тапқандармыз. Шайтанның иектеуін түгел орындаймыз .Жоқ, ә? Дөкей әкім қателеседі. Абай бүгінгі қырт, сырттарды, ертеңгі мейірімсіз келе жатқан тым қатыгез байларды сынады.(Айтпақшы, Талғыт электр қуаты қымбаттағасын, тоқты үнемдеп пайдаланам, ұрлаймын деп тоққа түсіп о дүниеге кете барды. Ауыл бір маскүнемінен айырылып қалды). Жә, дүкенде арақ сықап тұрса, оны ішетін адам табылатыны бес енеден белгілі. Әңгіме онда тұрған жоқ, біз Абайдың бір өлеңіндегі сатиралық уыттылықтың құдіретіне бас иіп қалам тарттық. Пенденің денесіне сіңген қоқысты тазартып, ар адалдығына жүгіндіретін Абай сатирасы әр өлеңінде
де осындай қалың бояумен өшпес ізін тастап отырады. Қыңырды жөнге салып, қисықты түзеуге қызмет ететін сатираны Абайдан үйренген пенде тәубасына келіп адалдық жолына бұрылып, өзін-өзі еңбегімен асырауды үйренуге үндейді. Оған білгір жүрек,ақылды ми, ең бастысы имандылық, обал, сауапты білу, ұят-ар керек ,жігерді желпінтетін намыс... -Абайдан кейіннен түрлі жамандықпен күресетін сатира бар ма?-деді Тымыр. -Неге болмасын. Қазақтың әзіл, қалжыңы, жеңіл қағытпасы жетеді . Жиенғали сатирасы да Абай айтқан түзулік шеңберінде дамыды. Абайды таза жүрек, адал қолымен ұстады. Өйткені, әлемдегі жеті киенің ең киелісі Абай сатирасында екенін ұққан Жиенғали өзінің Гоголь шығармасын шендестіре отырып аударғаны мың түрлі амалды тапқаны шығар ,-деді Қымыр желіккендердің желкесін үзетіндей ащы сынды құрметтеп. *** Көзінен жарық дүние бұлбұл ұшып ажалмен арпалысып жатқан Абайдың нағашысы айтқыш Қонтайға әлсін-әлі дем салған молда: « Шешен Қонтай атанып аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей үш жүзге есімің тарады. Айтқан ақылды сөзіңді жұрт заңға балады, енді жұмақтан үміт етуден басқа арманың қалмаған шығар,-дей беріпті. Өзге тірлігі бітсе де, сезімі сөнбеген Қонтай өшіккен ажалды ақырғы қуатымен тоқтаттысы келіп арпалысып:: « Молдаеке, арманы таусылған пендені көрдің бе, көрген жоқсың. Жер астында тірлігі жетіскенді, бақытқа бөленгенді көрген жоқсың. О дүниеде қыл көпрідің үстінде тұрғандардың мұң-шерін, арман, тілегін өзің айтқандай барып, келіп жүргендей мөлдіретсең де, құлағыңмен естіп, көзіңмен көрген жоқсың. Қыл көпірдің үстінде қалтырап тұрғанымда шыңырауға итеріп жіберетін жынпері бар ма, жоқ па, оны да білмейсің. Жер мен көктің арасы шексіз болса шыбын жаным қайда барып байыз табады, оның да анығын айтып бере алмайсың. Сөзден жеңіліп көрмеген менің даңқымды құрметтеп қандай періште күтіп алады, босағаға сілейтіп тұрғызбай төріне отырғыза ма? Қор қыздары қасымда бола ма? Ажалдан үрейленбеуім үшін жұмақтағы көрген, білгеніңді, естігеніңді дұрыстап сендіріп айт? Тірлігімде аяғымды шалыс басып, сүрінбеп едім, жан алғыш тілге келмей дүниеде жоқ жауыздығын істегелі күш, қуатымды алып тұр, көз алдымда аштан өлгендердің өлігі бірін бірі талап жеп тұр, міне, ажал албасты соны көзіме көрсетіп енді қалай шошып өлмес екенсің деп көкірегімді езіп, қылғындырып бетіме бетін тақап төніп тұр, байқа молда, демің күшті болса дем сал, -деп жаны үзілгенде молда таңырқап ақылды, есті, айтқыш адам ажалдан да тайсалмайды екен деп дұғасына тұншыққандай естен танып қалыпты деседі. «Дүниенің тартып жүрмін жапаларын» деп Абай айтқандай айтқыш Қонтай туралы ел аузын-
да, шайпау мінездіні шалып түсетін, зұлымдықтың жынын қағып түсетін, алааузыдыны алып түсетін, сұрқияның ізін бағып түсетін, талай мағналы сөз қалғанын ешқашанда ұмытармыз ба? *** -Абайдан кейінгі... «Жаныққаннан құныққан жаман деуші еді. Құныққанға қыйлы-қыйлы сын айтсаң да қыңбайды, ойлайтыны айла,ойлайтыны пайда,-деп Тымыр көше тазалайтын күрегіне қарап сабырын сақтаса да: «Қабырғаңмен кеңесіп, өзің ойлап қарасаң, адал еңбегіңді сіңіріп тер төкпей,борбайсозды боп жұмыс етпей, екіні төрт етем деп шала бүлініп пара беріп орынтақ іздеп кетпей, қайратына сенетін аз ба? Көзің жетіп,ойыңа келмейтін құпиялы қулықты көре-көре көзіміз қарықты... -Қайтесің шаршап, бұл сенің де менің де айтар сөзіміз емес.Тесік ауыз тек тұрмас,дегенің болмаса. Әділетсіздік өрт,оны пенде өзі тұтатады,оның аяғы еліңді жұтатады.Заңды бағалап, қоғамдық тәртіпті жүз пайыз кім сақтайды. Сайтан желкеден түйіп жарлы байға жетсем,бай құдайға жетсем дегізіп тұр. Әлсіздің қақын үстемдікке жегізіп тұр. Айтарға тіл жетпейді, ащы сөз оларға өтпейді .Беті безеріп мың құбылып біресе қасқырдың терісін жамылады, біресе түлкінің терісін жамылады. Кейде түңіліп ойласаң Мұраттың жырындағы қалмақтың қарғысы есіңе түседі: «Ұлың менен қызыңның біреу көрсін пайдасын»-десе шет елге сатылған 6791 баланың әрбірінің бағасы 35-40 доллардан екен. Бұл қарғыстың қате кетпегені ме?Өзің ойлан? Мен жыларман боламын .-Бәсекенің дүлей зұлымдығы дейсің ғой. «Парақордан байың болсын, алтын сарайдай жайың болсын!»деген әйелдер арманы,тілегі орындалып қалған түрі бар. -Сәбидің көз жасынан байлық табу әлемде біздің елде шығар,-деп Қымыр: «Төрелігін айтқанда депутат Тито Сыздықов болашаққа көз жіберіп,ой тастап: «Жетімдер үйі өзіміздің азаматтарға бала бергісі келмей,сіресіп,түрлі сылтау тауып тіресіп қалады. Онысы көкейін пайда тескендігі. Грузия, Украина, Эстония шет елге бала сатпайды, ойлаңызшы адамды саз балшықтан илеп таппайды, біздің ісіміз түңілдіреді, мұның аяғы өкінішпен тынады. Алған пара пайдасы үрей боп шығады... -Сөз жоқ дейсің бе?-деді Тымыр.-Парақорды құрықтауға сот,заң орындарын айтасың. Соттың өзі қылмыс жасаса бетің күйіп қалмақ қарғысындағы: «...Екінші айдау келгенде, өзің қолға тұтылып, қатын, балаң шуласын!»дегеніндей сот сотталар дейсің бе?Қарға қарғаның көзін шұқыды дегенді естімеген шығарсың. Қоғамның мән-жайын содан-ақ ұғарсың. Параны сен бермесең басқа біреу береді. Жұқпалы дерттен жаман,игеру бермейтін өрттен жаман. Жемқорлық, пара «бәсекесі» халықтың 64,2 пайызына қатысты делінсе қарғысқа тап болғанымыз емей немене? Қысқасы көн жамаған беттерге сығырая қарап, түк білмегендей жөніңе жүре бер.
Түптің-түбінде парақорлықтың да жұлынына қауіп төніп,қаққанда қанын, соққан сөлін алатын заңдылық келер. Оған дейін көшенің көң-қоқырын тазарта тұралық,-деп Қымыр өзінің еңбек ету асыл борышы екенін ұқтырды да, жаратқанға жалынып, жақсылықты іздедің екен, кейде түңілесің .Алаяқ сұмдар көбейіп, үмітіңді әуреге салып үзгенің.. Осы кезде қоқыс толы қоларбасын жылжытып Тымыр келді де: -Абай болмасаң, аңқау боп аузыңды ашып жүрсең, жиған, тергеніңді, абройыңды бір жын қағып кетеді екен. Өзіңе-өзің мұқият бол деген ақылды тыңдау бүгінгі ағыл-тегіл баршылықта есіңнен шығады екен. Әйтпесе, алпауыт компанияларға не көрініпті?-деді бір қылмыс ізін аңлап .Барды балама ,жоқты санама, депті қазақ. Бабамның әр сөзі жөн-ақ. -Өкіндірер демейтіндер оңай олжадан тартынбайды7 Бақыт жер соқтырып кетті деп, әне Болат табаны тозып сотқа жүгіріп жүр. Қымыр жүзіне күлкі үйірді де: «Әпенде жол үстінде келе жатып қол басындай алтын тауып алыпты. (Степногорскінің алтын кенінен ұрланғанның қапшығының түбінен түсіп баайқаусызда қалғандай).Сонда ол қуанғаннан өзіне-өзі күбірлей сө йлеп: -Ей, құдай өзім тауып алсам да, сен «мен бердім» дейсің-ау,-деп алтынды қалтасына асығыс салып жатып, аспанға тесірейе қарапты. Онысын өзі біледі. Үйге келгесін қалтасын қараса,алтыны түсіп қалыпты. Сонда тағы да аспанға қарап: -Ей, құдай, ойнап айтқанды да көтере алмайды екенсің ғой,- деген екен. Сол әпенденің өкінішіндей шет елден келген «Паркер Дриллинг Компани Интериэшил ЛТД» компаниясы 10 миллиард теңгені жұмыртқа басқан тауықтай бауырына тығып,салық және басқа төлемді төлемей тайқып кетпек болған екен. И-и, ақырында арам ой жүзеге аспай сот арқылы өндіріліпті. «О, құдай-ау, бұйырмаған бұттан кетеді болғаны ма? Жұрттың бәрі жеп жатқасын қызығып едік»деп әпендіге ұқсап аспанға қарапты. Аспан: «Таза болмасаң тақырға отырасың!»дегендей үн қатса керек.Үш айда ел ырысына суық қол жүгірткен 134 қылмыскер де аспанға қарап: «басынып едік, басымыз кетпесе екен?-деп жаратқанға жалбарыныпты. Жалбарынуы да алдау. Ондайды Абай айтқан: « нанасың не айтса да амалың жоқ, түсінде бір кәдік жоқ «алдар» деген. Осылай қандай қылмыскер де алдауды жақсы біледі Сөзіне күмән келтірмей көңіліңді тындырады. Әйтпесе, олжаға кенеле ме? Артынан саныңды соқсаң обалың өзіңе. Қалай көзіме қарамадым деп жатта бозда, бәлем. Түріңнен туыс, туғаның шошып амандасудан да қаш ар.
- *
Қарттығына жұрт көңіл қойып құрметтегенін көпсінгендей жаны күйзеліп: «Менің сүйретіліп жүргенімді артық көрдің бе, жексұрын-ау. Алааяқ атанып
сотталғаның не сұмдық. Сенің тірідей өлтіретініңді білгенде, сен пайда болатын түнде анаңның қойнына жатпас едім, өлімнен қорықпаспын, қызың алааяқ деген мазақтан өлдім-ау, тірімін деуімнің өзі есуастық, қайтып жұрт бетіне қараймын... -Түсініп тұрмын Тымыр сатқын ғой, әлгі ақпаратта Науырызбай ауданының орынтағы, билігі бар Даданова 15 миллион долларға алты жүзден астам адамға жер сатып, қылмысы анықталып 9 жыл түрмеде отыруға сот үкімі шыққанын айтасыз ба? Қылмыс түрі жетеді, жазасын өтесін, бірақ талай ата, ана, ұрпағы жанын жаралап елдің мазағынан өлімші халге түсулі,-деді де Қымыр термеледі: Кейбір жемқордың, Ойы ойран құйынды, Қылмыскер тобыр, Параға ғана сыйынды. Алааяқтар алқынып, Бір тасаға жиылды, Қарға қарқылмен табысатындай, Құрмақшы болды ұйымды, «Шатыр» тапты шарттасқан, Олжа бөлісуге анттасқан, Заңды естен шығарды, Әккі қулар топтасқан...
-Ашылып сөйлескен оңды ғой. Шымбайыңа бататын шындыққа не жетсін,- деді де Тымыр: «Тағдырдың соққысы қыр соңымыздан қалмай қойғанына налисың. Сонда үміт жұқарып, сенім сезікке ұласа ма, қайтеді? Шет елден келген қандастарымыз он-он бес баладан өсіріп отыр. Жетпей жатыр, жоқтық қинады, деп саспайды. Кейбір милауларымыз соларды да өсектеп күндеп, көре алмаушылығына жының келеді. Манғолиядан келдік,елжұртпен шыншыл қалыпта, шынайы көңілмен араласқымыз келеді. Кейде жергіліктілердің сығырайып, суық қарағанынан, әптер-тәптер сөзінен жиркеніп кетесің. Киім кірі жуса кетеді, көңіл кірі ауыр екен...» -Е, адалдық, арлылық, тазалықты айтасың-ау,-деді де Қымыр: «Антұрып кеткен сұрқиялық бар азда болса, сол жаман. Амал қанша дейсіңде шындықты іздейсің. Кейде табасың,кейде адасып орта жолда қаласың. Оқысы жоқ өмір ғой. «Шыншыл адам шырайлы». Бәрімізге ұнайды. Гүл төсеп қадамына
Құрметтеп-ақ тұрайық. Жаратқаны жарылқап Жол болсынды сұрайық. Шыншылдықты ту етіп, Көтеріп жүру лайық. Шындыққа жету қиын-ды, Тілеп аламыз, Өтірік деген құйынды. О да жан жарамыз, Абайды таза жүрекпен, Оқып қараңыз?!-десем өтірікші ұялар ма екен? Абай айтқан: «Ұялмас бетке талмас жақ береді»деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы»- дегенді есіңе алып итті көріп,итше үре алмайтыныңды ескер де жүре бер,- деді Қымыр: «Біреулер қоғамдағы түрлі қиындықты, қылмысты тағдырға, кезеңге, заманға, болмысқа теліп, көңілін жұбата салады. Түрлі жорамалды айтып, білгішсініп тұрса да шындыққа көз жеткізе алмаудың кесірі. Адам солай, қоғам солай. Шындық іздеп шаршағасын пара берудің қымқуыт амалын қарастырады. Орынтақтағы отырған Пәленшиевке телефон шалған Түгеншиев: «Жағдаймыз жаман емес, бес-алты қараға жалғыз ұл шөп іздеп кетті. Әкемнің туыстары көрші ауылда еді,олардың да малы бар, күнкөрістері біреуден кейін, біреуден ілгері!-деген сөздің жұмбағын екінің бірі шеше бермейді. Тұспалы баламды жұмысқа орналастыр, бес-алты мың доллар сыйақы берем, әкеміз туыс қой,оны өзің де білесің,-деп шешуге әбден болады. -Халқымыздың парасыз шаруасын бітіруі қиын, мұныңыз іскерлікте 72,5 пайыз еріксіз мәжбүрлеуге апарады, алым, берімнің көшін бастаған Қызылордалықтардың 86 пайызы сәл шаруасына бола пара беріп көмек сұрайды,-дейді О.Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлықтың зерттеу мәліметін жария етіп. Осыдан бес-алты жыл бұрын, нақтысын айтсақ 2004 жылдың жырын жырлағанда жемқорлықтан 19 мллиард теңге қазына қара сандығынан желге ұшса, жемқорлықтан оза шауып 36 миллиард доллорды сұғанақтар ұрлағанына Ресей жар салып еді .Жемқорлықпен күрестің тым ауырлығы әлемде де бәсеңдер емес .Адам пейілі бұзық. Осындай жаман ой,зұлымдық, сұрқиялықты естісең алда не күтіп тұрғанына таңданасың. Адам ұяттан айырылғанда оның аяғы неге соқтырады?-деп қауіптенесің. Пенденің осалдығы ма,әлде азуы ма? Толған сұрақты ойланып Абайға жүгінесің... -Әлі талай сүрінесің, оқу орындарын бітіріп диплом алынды делінгендердің төрттен бірі сатып алынған болса не шара? Жас ұрпақ ардан аттаса, одан өткен сорақылық болар ма?-деді де Тымыр заңның әлсіздігіне күйінгендік білдірді...
-Қоғамдық мысқыл жетпей жатыр, жай айтқан сөз сүйектен өтпей жатыр,- деді де Қымыр: «Абай айтқан: «Сәулең болса кеудеңде,мына сөзге көңілің бөл. Егер сәулең болмаса,мейлің тіріл,мейлің өл»деп шендестіру арқылы ессізді де ойландырса, Абай сатирасынан нәр алғандардың бірі Жиенғали кісіліктің ажар, көркі, сәулелігі адалдықта екенін жадынан шығармады. Жұтаған елдің сұрықсыз сұмдарынан бір тазартса Абай сатирасы тазартар деп үміт етті. Жұтаған елге есек азаншы,иесіз қалған мешітке көкек азаншы,дейтіндей есалаң кезді мір оғындай қадалатын сөзбен сынап өтті. Бүгін ше? Абай шығармасын жүз пайыз жұрт біліп, ой елегінен өткізбесе қоғамның буынына түскен дертке ем қонуы екіталай. Еврей досым Бендицкий тірлікте сәтсіздік кездессе: «Бойымызда тыныш тұрма, деген құдайдың қарғысы бар»деп налитын еді. Нарық дауылы басталғанда кітапханалардың жаппай жабылуын ұйымдастырған үкімет бір буынға Абайды оқуынан үзді, оныңыз қарғыс емей немене? Екі қолы алдына сыймаған ауыл адамдары арақтан «өшін»алып өлітүске ұрынды. Тонап жатты сұм-жырынды. Іліп аларлық ой талқандалды,кітап оқымай жер басып жүрген сықылдылар арнамысынан айырыла бастады. Осы кезден ақшаға табыну, албастыға да жалыну ұлттық өнегені майыстырды. Ақылдының қабырғасын қайыстырды. Желдей ысқырып, ақ түтек борандай ұйтқып тұрған бюрократия да патша отарлауынан бастау алып, қоғам өзгерісінде дамып, құрғақ сөз, дөрекі мінез, жалтақ, жағымпаз, екіжүзділік, өсек, өтірікті мәңгілік деп меншіктей бастады. Сол мінез жүйемен, бүгінде ісің түсіп шенуніктің кабинетіне кіріп көр, оқ қағары жіберер ме екен? Ондайға паралаушы ғана жол табады. Басқасы саңылаудан да сығалай алмайды. Өйстіп билік халықтан қара үзіп алшақтауы да алым, берімнің әлегі екенін байқайсыз. -Мұның аяғы неге соғады деп қорқам, тым келіссіздік көкірекке тығыла береді.-деді. -Қорықпа, Тымыр бәрінің де ақыры бар, кәкір-шәкірге, лас-қоқымға мысың құрымасын,-деді Қымыр. «Иттеніп жүріп өлмей ме, өлсе бәрі қалмай ма?»- деген Абай сөзін орыс, ағылшын, қазақ тілінде көгілдір отынмен жазып Астана аспанына орналастырса жұмыр жерді шарлап жүрген самолеттегі жолаушыларға дейін оқып тәубасына келер ме еді? Жемқор, парақор, суайт, сұм, дүлей, зұлым, өтірікші, өсекші, мансапқор, өркөкірек бәрі-бәрінің де жиынтығы алаяқтыққа тіреледі. Абай сөзін ұғынса жер басып найқалып, жақсылығы қалың жұртқа байқалып жүрер ме еді? Жебедей сатира оғы көкірегіне тірелмес еді сонда. Дескте өткенге сауат, жақсылардың тілегі қабыл болып Айымыз оңынан тууын тілелік. Етеңеге, ешкімге, төбедей дөкейге де басұрып жағынудан сақтасын..Мынау менің жерім, менің елім деуге анттай беріктікпен әлем қайран қалатын қазақтығымыз танылып,, кейбір жексұрындар мүлде өзгерімізге күйінгенін көріп бір күліп алалық. -Жаманшылықтың түрлі-түсті белгілері жетеді. Жұмыр жерде солай.Көз
алдыңда тісін қайрап кіжініп тұрған албастыны да елестетесің кейде. Ондай зұлымның жазасын кеші ктірмей, кешірім етпей жаратқан берсін,-деп толғанасың. Алаяқ болсам айыптап, Аударып тастар қайықтан. Жоқтық қысқан тірлікте, Шаршадым,әбден жалыққам. Алаяқтық қайда жоқ Бос жүргеннен пайда жоқ Алдап байлық жинауға, Біле білсең айла көп «Алдамасаң қақпанға, Аң да түспес,- деген бар. Жан жоламас жатқанға, Миллиондап жеген бар. Жемқор деген толып жүр, Жұмыр жердің бетінде. Адал деушің тоңып жүр, Ақ түтек желдің өтінде. Алаяқ болып алдасам, Орынтаққа жайғасам. Ебін тауып алмасам, Байлыққа қалай жармасам, Бай болудың жарысы, Сұмдықтарды үйретті. Адалмын деген сорлының, Қабырғасын күйретті. Алаяқ жолда алшаңдап, Бара жатыр біразы. Шындық күткен борсаңдап, Ауылда қалды құлазып. Шет елге қашса алаяқ, Жасап жібер жолаяқ. Қайтып келсе «қарағым» Заңымыз бар қолайлы-ақ. *
« Қараша үйдей қосың болса да, Алаяқтан досың болмасын». Адалдықты жаратқан ием,
Әрқашанда қолдасын! Еске алып жүрелік, Жиенғалидай өткір ойлы, сатираның жорғасын!
- *
Жиенғалидың жан азабы, «Үш мұңды» романындағы ең ауыр мұңы ұлтым қазақ, дінім мұсылман,ұраным алаш,деп болаттай берік саясаттың болмағанына байланысты ма екен? Пенденің үстемдікке мәжбүрленуі,саясаттың түпкі машығы бағындырудың жолын мадақтау арқылы қалың көпті адастырар ма екен?-деп жазушының толғанысы анық еді.Оған дәлел жазба күнделігіндегі: «Уфадан қайтып келе жатқанда 11 мартта Орынборға түскем. Онда Ә.Жанкелдиннің бұйрығымен сьезді болып жатыр екен. Ондай сьезді сьездің аруағы атсын!-деп түйіндеуі кеңес белсенділерінің қазақ елін жарылқайды дегенге күмәні молдығы,ұлт мұңының бұлдыры тарқамайтынын тереңнен ойлауы емес пе? Саясат сөзінде шындықтың бола бермейтініне күмәні көптігін алыстан болжауы еді. Қалың көпті бұқарашылмыз деп алдап бұқтырып тынудың қиянат жолына ұқсатуы еді.Жиенғалидың Алаш идеясына имандай ұйуы және бар шығар. Оның үстіне Түркістанда аштық басталып босқын халық Орынбормен екі ортада қырылып жатқанын біліп,оны қорғау жолын айтпағанына қынжылды ма екен?Аш,жалаңашқа, азып-тозған адамдар тағдырына, көңілдегідей кім қолқабыс көрсетеді?Жауап жоқ. Біз бәрін жеңеміз деп бет бақтырмайды, көпшілік үнсіз...Іштен тыну мен амалсыздықты түсініп көңілінің құлазуы еді...Кеңес үкіметі жолындағы күрес қапысыз өршіп жатыр. Төрт миллионнан астам қазақтың аштық жылдарында қырылып қалатынын сол минуттарда ешкімде білмейді.Көбісі көңілі толып жақсылық күтумен, Лениндік саясат таңдауымыз деумен шектеліп жатты...Түбіне жететін сұмдықтарды кім болжап біле алады дейсің. Үйрене келе халық саясатшының сөзіне сене бермей, жалған айту жалпамыздан түсірер деп ішін тарта бастады. Бүгінде де кейбір шенеуніктер қарық боласыңдар, байлыққа жарып тұрасыңдар, деп уәдені үйіп, төгіп кетеді-ақ. Ақырында бәлду-бәлду бәрі өтірік боп шығып жатады,-деп Қымыр айтқанын орындау ердің ісі екенін толғанды да: «Өзің сөзіңде тұрмасаң, Өзге де сөзінде тұрмас». Бірсөзділіктің қадірі кетіп тұр, Алдаушының ызасы өтіп тұр. Уәде деп айта салу түк те емес, Көңілге күпті жүк те емес.
Алданудың қызығын көріп жүрміз, Шенунік айтты деп сеніп жүрміз. Мың сылтаумен жалтара қалса, Жөн шығар деп,көніп жүрміз. Өтірікшінің қайығына мініп, Сақалды қолдан беріп жүрміз, Жалғаншы пайдасын шығарады, Оның ішінде ит өліп жатса да, Кім қалай ұға алады,-деді де ашық аспанға қарады. Ойланды, тазарта алмайтын шығармыз деп сананы. Ойыншық әкеліп беремін деп алдайтынымыз бар-ау баланы. Қалай болар екен капиталистік заманым, бұзып шыға аламыз ба әлемдік крезистік қамалын. Орала берсе бабалардан қалған даналық. Қазақ елі тарықпаудың жолын тауып, қарастырып жатыр ұтылмаудың амалын!-деген Қымыр автокөлігінің кабинасын ашып түртіне бастады. * Әкесінен жүз жыл бұрын туып, бабасының жер қайысқан жылқысын баққанмын деймін Майлапес: «Жерді өгіздің мүйізі көтеріп тұрғанда Айдағы қарындасымды іздемек болып едім. Молотовтың тапсырған жұмысынан қолым тимей, ақырында Айдың жарығы самаладай болған кезде Молотовтың самолетіне секіріп міндім. Содан оған жалынып: «Ерте, ерте де, ешкі құйрығы келтеде Айсұлу деген қарындасым іңір қараңғысында құдықтан су алуға барған-ды. Айдың бір сұлу жігіті ұрлап, тоқымдай бұлтқа отырғызып ұрлап әкеткен-ді. Әне, көрдің инағашпен екі шелек суды қаншама ғасырдан бері көтеріп өлер болды. Айсұлу ұрланысымен қазақтар түнде әйелді құдықтан су алуға жібермейтін еді. Жаттың еркегі аясын ба, Айдағы Айсұлудың иығы ойылып, әбден қажыды. Оу, ұшқыш Айға жақында қарындасымды алып кетейін, анасының ішіне сыйған қызы сыртына сыймас деймісің. Оның үстіне коммунизм орнай бастады ғой деп жалына айтқанымды Молотов мақұлдап еді, қырсық ұшқыш Айда дауыл жүріп жатыр табиғат қаруын сынақтан өткізуде деп бой бермеді, кейін келеміз, асыққан шайтанның ісі, шыда дегеніне көндім», – әттеген-ай... Сол Майлапес айтқандай, табиғат қаруының катарина дауылы дейсің бе, түрлі құйын дейсің бе, жұмыр жердің тынышы кетулі. - Ұлттық мейірімге қуанатын едік, қайғымыздан құтылғандай жұбанатын едік, сол мейірім мен ізеттік ерте есейітті ,- дейтін еді Шамиль нағашысы Дүзелбаймен әңгіме арасында. Пенде бақытты болған кезінде шемен шерін, шектен тыс азабын, жылап өткен тірлігін күрсініспен есіне алмай тұра алмайды, сірә. -Дүниеқорлық, байлық қашанда пенденің пейілін тарылтып, кісілігін
ұмыттыратыны кездеспей тұрмайды, бірақ халық көреген, көзін бояу мүмкін емес,-деді Қымыр термелеп: Қиын, қиын зарлау қиын әріден, Зарлама деп ұрсу қиын бәрінен. Етек басты болып біткен ежелгі, Ел науқасы емделмейді дәрімен. Сал боп ұзақ жатқан бейбақ ызасын, Тез тиям деп ойланасың, қызасың. Әлі тонап алып жатқан жоқпыз ба? Қазақтардың кеңшар, құтты ұясын. Аман сақтай көр, бабалардың моласын?
- * -Жүректің әмірін тыңда, көзіңмен көріп тұрып, кімнің кім екенін білесің сеніп тұрып, кейде өкінесің сақалды қолдан беріп тұрып,-деп Дүзелбай: « Пенденің кісілікке құштарлығы мен өшпенділігі неменеге қатар жүреді. Талас, тартыс, жеңіс, жеңілістің бәрі де түкке тұрғысыз себептермен ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Екі жүз жылға тарта қалмақтар мен қазақтар арасындағы қақтығыс, соғыстардың салқыны ойшыл, данышпандардың аздығынан ба? Қара күш кеудеге сыймай өштестіреді. Өштік қорқынышы әлсіздің сазайын тарттырып, тірлігінен бездіреді. Ойнап жүрген мысықты көріп, тышқанның жүрегі жарылыпты дегендей халге түсіреді,-деп қуғын, сүргін жылдарында Арал өңіріне жер аударылып келген Доменико Леконте, Бенон Леконте және басқаларының көз жасын төгіп: « Туған жерден айырылғаннан артық қасірет болар ма? Көз айырмай жерге қарап қалсаң ақ қарға төгілген қанды көргендей боласың. Қырым өңіріне италияндықтар 1331 жылдан қоныстана бастаған-ды. 1942 жылы 31 қаңтарда НКВД Муссалинидің саясатын жақтаушылар деген айыппен мал тиейтін вагондардың әрбіріне 50-72 адамнан тиеп, қазақ даласына әкелді.Үш айға тарта жол жүрісте аштықтан, аурудан тұтқындардың біразы өліп қалды. 1897 жылғы санақта Керч қаласының өзінің тұрғындарының 1,8 пайызы италияндықтар болса, Қырым өңірінде 71,6 пайызы орыстар, украиндар-7,7 пайыз, еврейлер-3,9 пайыз, татарлар-2,1 пайыз, гректер-1,9 пайыз, немістер-0,5 пайыз, жалпы барлық ұлттар тату, тәтті өмір сүрді.Фашизм қырғыны мәңгілік ұмытылмас, оны ұрпақ ұмытпас...тірі адамның тірлігін сақтауға, өзінің соңғы үнемін де бөліп берген қазақтардың мейірімін әлем білетін кез келер,-дегенін Дүзелбай тебірене тыңдап еді. Өмірдің ащысын көп көрген адам, жақсылық жасаудан жалықпайтынын сезінді. Қазақ ұлтының адалдығын көкірегінде жүйеледі. Кір басқан көңілді бет жасырмайтынын түсінді. Жаны ауырған адам мұңдасына сыр айтады, қайғысы көптер сөйлесіп бөліседі де бойын
жеңілдеп ширығады. Өзі де жазалы болып айдауда жүргенде бір тұтқын: « Пенденің басынан өтетін жақсылық та, жамандық та бір сәттік, оған бола апшудың қажеті қанша?-дейтін-ді. Шаман-шарқынша әртүрі тобыр жүреді, бәрі де саясаттың құйынын түсініп болмай, басын құрмалдыққа шалады. Айырық жолда ақың кетеді, есердің сөз етіңді тіліп өтіп, сүйегіңе жетіп, түрмеге де оп-оңай телміртеді. -Саясатты дұрыс бағалап, шын ниетімен түсінген кім бар дейсің. Ақыйқат әділетті бағалана бермейді. Кезінде данышпанды да тани алмай шатасу аз ба?-деді де Абайдың: « Бауырына тартқан, Сырыңды айтқан, Сырларың сырт айналар» дегені өз басынан өтті. Туысы, туғанындай көргені тәркілеу кезінде жауығып есірді емес пе? Тірлікте адалмын деп көңілі ағарғандар тым аз шығар...Сталиннің саясатына адалмын дегендердің кейбірі сатқындыққа бармады деймісің. Үміт ететін ізгі жан қай кезеңде де аз болғасын халық зәбір шегеді, ажалынан бұрын өліп жатады. Дүзелбай дүние жүзілік соғыс жылдарында жер ауып келген босқын халықтардың мұң-шерін тыңдаса аяп қана қоймай, өзінің туған жерінде тірі жүргеніне шүкіршілік етеді. Торғай екеш торғай да өз ұясын қорғайды, жерінен безіндіру пендеге ажалынан бұрын өлумен тең...Әркімнің туған жері көзінен таса, жүрегінен жырақ болмағай деп тілегенге не жетсін. -Қазақ жерінің әрбір бұтасына дейін ғасырлардағы халықтардың қайғы, мұңын шертетін жадыңнан шықпас тарих қой, Шамиль,-деп Дүзелбай бәрінде ақылға сыйымдылықпен талдап түсінгеннің дұрыстығына қашанда тоқталды. -Төрт құбыламыз тегіс болып, үлде-бүлдеге бөленіп шалқыған кезде, ұлттық өнеге, тәртіп, тәбие ұмытыла бастар,-деп Шамидь өкінгендей болды. Расында солай ма? Әйтпесе, мына бір ініміздің бүгінгі оқиғасы қалай болар екен?
- * Таң атса да боран көз көрсетпей күшейіп тұр. Кәжек бес, алты жандығымен, екі, үш сиырына жемшөп беруге білегін сыбанып далаға шықса, аулада қалың қарды тазартып, үсті, басы, киімі ақ қарға малшынған қызын танымай: -Әй, әйел қарды өзім тазартамын,-деп еді. Қызы мойынын бұрып: -Әке, мен ғой,-деді жұмсақ үнмен. -Ой, тәйір-ай, өзің де анаңдай болып қалыпсың, деді Кәжек кірсіз, зілсіз көңілмен. Әке ұрпағына сөздің қысқалығын айтады, көкіректегі нұсқалығын білдіреді.
- *
Қымыр ауылдағы сөз тапқыр, айтқыштарды ойласа кейде есіне Кәжек оралады. Той, тобырда жұрттың кеудесі желпініп, сергіп серпілусіз, әзіл, қалжыңсыз болмайды. Бірде, омырауы орден, медальға толы Кәжектің әріптесі: -Кәжеке, наградаң қанша?- деп қалды. -Аз ғой, -деді де Кәжек: « Жүйрікпін деп елірме, жүйріктен жүйрік озар. Сөйлей біл, сөзден жеңіл ме, мақтаншақтың жаны тозар. -Бос сөз, орден, медаль болмайды ғой. -Ақың кетсе де, сөзден қақың кетпесін. Ақылдымен айтыссаң да, жаманмен жүрме өштесіп. Аңызақ талма сөз бар, пай, шіркін өзің сықылды мақтаншақ көз бар. -Оу, Кәжегім өзіңді осылай сөйлетпесем ішім пысады, жеңілдім, артымды қысамын,-деп әріптесі кеңкілдеп күлді дей бергенде жанында тұрған Тымыр: «Жүйелі сөзге есті жауап таппай тілі күрмеледі,ә? Қазақтың киелі сөзі ауылда ғой. Ұлт ұлылығын қастерлей білетіндердің жанының жылуынан самал еседі. Ал, қаладағы үйіңнің төрт бұрышы басқа тілде сайрап тұрса, өзін ұмытып, өзгенің тілін малданып нан жегендерді көргенде мысың құриды. - Тымыр пенденің кейбірі жақсылықты бағалауды кешең түсініп,ойлап өкінсе жақсы. Ұғымсыз кейбіреу кердеңдеп мінез-құлқы, қимылы ұлттық өнегеден түк сезбейтіндей, тілін, дінін, ділін жылы жауып, тұйықталған жүрегі қатуланып, өзінен өзгені өгейсіп тұрғандай болса, ұсқынсыз неме жаныңды шошытады.
- * -Әлемдік ақпараттарда мазмұны қатал, қарапайым адамға залалды түрлі қақтығыс, қан төгісті көріп, естіп біліп жаныңды шүберекке түйгендей боласың. Қоғам да, адамдар тағдыры да, оның қай жолмен дамитыны, не құрдымға кететінін қуыс кеуде болжап болмас,-деп Қымыр: « Қазақта қарызға баттым дегенше, арам қаттым деген сөз қалған-ды. Украина басшылығы Ресейге қарызын төлегісі келмеді ме, кім білсін, татулыққа, алыс, берісті түсінісуге жік салғандай сотқа жүгінбек екен. Осы хабарды естіп Гогольдың сөзін есіме алдым: « Орыс қалаларының ертедегі қарт анасыКиевтабынды жылқы иелері қатты қиратып кеткеннен соң көпке дейін кедей болып қала берді...Ағасы інісін ұлтарақтай жер үшін немесе жойқындығын көрсету үшін бауыздады. Туыстық деген күйрей берді. ( Гоголь шығ.1954 ж.Алматы баспасы 24, 25 б). Бүгінде билеушілерінің көзіне не қара көрінді. Сен орыссың, мен украиынмын, десіп алакөзденіп орыстар мекендеген қала, елді мекендерден алты мыңдай адам оққа ұшты, мыңдаған адам қақтығыс қасіретінен үй-жайын тастап ресейге босып кетті.
-Әлемге даналығымен мәлім болған Тарастың бүгінгі ұрпағы ойланып шындыққа жүгінер, даналығы әлемдік болған, өкініштің соры шалалық болған, дегеніміздей ақиқаттан аттамай халықтың пікіріне төрелік берер кезең келер, тілегіміз көрші елдеріміздің татулығы, тату үйге тақсірет жоламайды деген қазақ қағидасында,-деп Тымыр еркіндікке ештеңе теңгермейтінін жүректен шыққан үнін әлем тыныштығына арнағандай еді.
- * Көрші мемлекеттердің алакөздігі қай ғасырда да билік шартаса тұрса да тоқтаған жоқ. 1882 жылы Ресей патшалығы мен Қазақ елі арасындағы осындай шарт бұзылып, кейін онша кідірместен қазақ хандығы жойылды. «Орыс көп пе, орман көп пе, қалың халықты, олардың жымысқы саясатын қайтіп тоқтата аламыз деген қасірет кеуледі. Бәрінен бұрын, ХУ111 ғасырда Ресй империясын билеген қатын патша Екатерина 11 Орынбор генерал-губернаторына жолдаған нұсқауында: 1.Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларымен араз етіп, бірімен-бірін қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. (Қазақ тіріде бірінің етін бірі жеседе сүйегін далаға тастамайды деген мәтел осыдан қалса керек.Т.Қ.) 2.Сұлтандарын біріменбірін араз қылып, бірімен-бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз. 3. Қырғызқазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қоластындағы ақсақал адамдармен араз қылыңыз. Араларына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір дайындай беріңіз, -деп нықтап, мықтап тапсырды.( «Айқап», 1913 ж. №20). Ру-ру боп қырқысу, дау-дамай, сәл нәрсеге кектеніп босағада көрісеміз деп, қанға-қан деп, әке кегін баласы қайтаруға міндетті деп, семсермен серттесіп, әдеттен тыс жаулық көзқарас ұлттың ұлылығына құлақ аспай қорқынышты құбылысқа айналды. Үлкенді-кішілердің өзі ақылды тыңдауды қойды. Көріңде өкіргір Екатеринаның нұсқауымен орыстар қазақ жерін иеленуге ресейдегі басбұзар, қанішер нетүрлі қылмыстыларына жағдай жасап Орыбордағы, Сарыаттағы қалың қазақты сулы, нулы жерден ығыстырып тырқыратып қуа бастады,- деп Дүзелбай айдауда жүріп ойлылардың пікірімен танысты. Өзі де ел ортасында байлығы барында шет елдердің біразын аралап талай кітаптарды оқып ой-ұғымын жетерлік деңгейге көтерген еді. -Бабаларымыздың жаны бақытсыздықпен шыңдалған-ау. Қаншама қақтығыс, соғыс, аштық қырғыны басынан өткенде де тірілері еңсесін түсірмей жеңіске бел байлады, ерлік әркеттерінен жаңылмады.Күшін сарқып алысты, торығу, қайғы-қасіретті сеніммен жеңуге тырысты. Ұлт ба-
сына түскен нәубеттің себебін білсе де үмітін үзбеді, Тауға, тасқа соғып маңдайын торықса да әлін шамалады, Ар-намысын сақтады,- деп Қымыр тарихи дерекке жүгінді: « К середине 90-х гг.ХХ века общее чесло казаков составляло около 10 миллионов человек.( Первая всеобщая перепись населения Рессийской импери 1897 г. 1904-1905гг.-Вып. 81-87.) Трихи құжатта, бұлтартпайтын нақты дерек бойынша осыншама қазақтардың 6.8 миллионы қазақ жерінде, 1,7 миллионы Кеңес одағының құрамында, ал шет елдерде 1535000 қазақ өмір сүрген екен. Қазақ елінің жер көлемі 1911 жылы 2386852,8 шаршы метрді алып далиып жатыпты, олай дейтініміз Орынбор, Омбы және басқа ресейге шекаралас жерлерді қазақтар мекендеген. Байтақ елді мекенде екі жүз ру өсіп, дамып, әрбір қазақ шаңырағында жеті адамнан болғаны да деректен білдік.Жоғарыдағы ресейдің нақты санағы бойынша он екі ата Байұлының саны 550 мың болса, жеті ру-300 мың, Торғайда-410904. Ақмолада-389204, Семей-604564, Жетісуда-515001, Сырдарияда-741811, Маңғышылақ-63795, Астархан губерниясында-207299, Омбы уезінде-38185, Томск облысында-24643, Тобыл облысында-5148, Ташкент уезінде-163105, Амудария бөлімінде-47145 қазақтар мекен еткенін түрлі құжат растайды.( Турчанинов Н.А.Население Азиатской Росии. Т.1.- СП6.1914.) -Қазақпын деп көзін ашқан бүгінгі ұрпақ тарихымызға көдеңке түсірмей шындыққа жүгінуге тиісті, ұлтымыздың басынан өткен төрт бірдей аштық зұлматы, қуғын, сүргінде аяусыз қырылғанымызды есінде ұстап еркіндікке шаң тигізбеугі тиісті. Бабаларымыз қаншама зорлықты көрсе де, шектен шыққан жауыздыққа тап болса да ұрпақы бақытты боларына, ұлтқа адал боларына сенді, солай есептеп басы жерге жеткенше үмітін үзбеді,-деп Тымыр негізін білген ұрпақ негізсіз болмас...Ойсыздық бола қоймас, қара су теріс ақса да мыңқ етпейтін қорықсыздар арамыздан табылмас, сірә? Астана көшелері тап-таза ғой..Көше тазалаушылардың еңбегі қайтты деген жорасы осылай. Адамдар жаны да зұлымдықтан ақ мақтадай таза болса өсіп, өнер еді. Дұрыстығын айтқанда жүз жылда қазақтардың өсімі қайда? -Ыңғайсыз болса да шындыққа жүгінсең, төрт бірдей аштықта қазақтардың 80 пайызы қырылса, жауапты қызыл империя саясатынан сұра? Ұлтымызға жасалған жойқын қырғын болғаны рас деп бір ауыз жылы сөзді кім айтар екен? Көршілер үнсіз, неге көрші қақын ұмытады, адам айтқысыз қазақтардың аштықта қырылғанын кезінде шет ел ақпараттары да жазды. Жекенің өмірі емес жаппай халықтың өмірін жойған қызыл империя зұлымдығын көршінің саясаткерлері білмейді емес қой. Нақты деректер мұрағаттарында тұрған жоқ па? Ұрпақтың ой көзіне үміт арттық...деп Қымыр жан азабын байқатты да жер шұқыды. «Әділетсіздікке амалсыз төздік» деген үн бе? Өз құлағына өзі сенбес, сірә.Бірақ тарихтың анығын ашу бар емес пе?- деп Қымыр күбірледі. Ел елденіп, жерді жерленіп.
Суын сулап, әркім өз тірлігімен өмір сүріп, бірінікі жетпесе, бірі жеткізіп, елдесінің де, жерлесінің де жан түпкіріне үңіліп, жамандықтан түңіліп, жақсылыққа жүгініп бақыт тапқысы келді, адамдар басқаны тілеген жоқ. Өткен 1900 жылда Ақтөбе уезінің өзінде 10450 елді мекеннің әрбір шаршы метрінде 2,4 адамнан, әрібір жанұяда 7 адамнан өмір сүріпті. Ал, Торғай губерниясында 435 735 адам егіншілік, мал өсірумен тірлік еткен. Айта кетерлігі өндіріс саласы дамып, құс, балық өндірісі, тау кен, тұз өндірісі шаруасында қазақтар еңбек етіп жылына 6 пұт алтын, 266 643 пұт тұз өнідіріп, губерния бойынша 295 өндіріс орыны 266 950 рубльдің өнімін ресейге өткізіп отырған. Сол 1900 жылдары Торғай губерниясы бойынша 12 дәрігерлік учаскіде 45 медицина қызметкері 56256 адамға дәрігерлік көмек көрсеткен екен. 1903-1904 жылдың Торғай губерниясының шолу дерегі бойынша шаруашылықтарда 2 245 860 төрт түлік мал болған. («Тургайская газета» 16-14 қаңтар,, 58 саны) Газаттің осы санында қызыл крест бастығы Н.Н.Ардашев,орман шаруашылығын Ысқақов басқарғанын жазады. Білім беру басқармасы құрылғанын, губерния хатшылары Бубнов, Тұяқин хабарлайды. «Қабырға» болысын Абдезан Тұрғынбаев басқарып 600 жанұя тары егіп табыс тапқан екен. ( ф.18.хр.390.Орынбор). Әрине, Ресей патшалығы отары атанған қазақ еліне ізгілік пен шындықты көзіне көрсетпек түгелі, азаптың түр-түрін ойлап таппады деймісің. Көлгірсіп тұрып ел байлығын тонауды тыншытпады, үсті-үстіне салық езді, оны азсынсаң ешбір себепсіз қасақана қантөгістер болғаны тарихтан белгілі. Содан запы болған қазақтар кеңес өкіметі жарылқайды, жұлдызымыз оңынан туды деп біраз қуанысты. Тоқтай тұрыңыз, қуаныш ұзаққа бармай мал, мүлкі тәркіленіп аштан қырылғандардың сүйегі әр бұтаның түбінде қалды. Голощекин басқарған кезде қазақтардың аштан қырылғанын Сталин және басқалары білсе де Голощекинге кінә тақпақ түгелі «кіші қазан» саясатын» дұрыс жүргізіп жатырсың деп қуаттап жатты. Неткен қатыгездік деп түңілесің де Ресей галымы А.Н. Яковлевтің «Саяси қуғын, сүргін жылдарында 20 миллион адам ажалынан бұрын өлді»-десе төрт бірдей аштықта қазақтардың 80 пайызы қырылғанын шет ел ғалымдары дәлелдеп жатты.( Цит.по. Яковлев А,Н, указ. Соч.с.41) Жазықсыз өлгендер ақиқатты білмек түгелі шындықтың аздап сезілуін де аңғармай ажал құшқандарды тарих қалай ұмытады.Аштық үрейі ақыл, естен айырып, тектілікті жойды. Қызыл империяның кешіруге жатпайтын қасіреті осы. Кеңес өкіметінің құрылған алғашқы жылдарында тіршіліктің тұңғиыққа тірелуі белең алады. Өмір сүру дағдысы теріс айналып әркім шыбынын қаға алмай қалады. Әр босағада ажал арбап, ындынды кептіреді. Соғыс қасіреті, дүлей күш дүрліктіріп түрлі елес ентелеп өзек талдырады. 1921 жылдың желтоқсанында қазақ елінде ашыққан адам саны-1 213020, 1922 жылы қаңтарында-1.354 197, ал ақпанындағы есепте-1.625 396, на-
уырызда-1.714 324, сәуірде2. 705 591 осылай қайғылы есеп мәліметі жалғаса береді. Көлгірсіген саясатқа алданған қазақ елінің далаларында аштық қасіреті « Авангард красноговостока» журналының №1,3,4,7 сандарымен қатар «Степная правда» газетінің 1922 жылдың қырқүйек айындағы беттерінде ашық жазылған екен. Газетте Бүкілқырғыздық советтердің сьезінде де халықтың аштыққа ұрынуын делегаттар ашына айтқан. -Республикада денсаулық орыны жетіспейді, Адай губерниясының териториясына бір Франция мемлекеті сыйып кеткендей, осы өлкеде 270 000 халықтар есепте тұрады, оларға медициналық көмек көрсетілмеген. Ашыққан адамдар түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады, өліп жатыр,-деп Алаш қайраткерлері Меңдіғали Сәрсенбаев, Сейітахмет Хасановтар ашына айтса, кейін олардың қуғын, сүргінге ұшырауына куә дерек болып табылады. Алаш қозғалысының ізіне түсу, кімнің не айтып, не қойғанын есепке алу,бірін бірі аңди бастау, шындыққа топырақ шашудың зұлымдығы кеңестік жымысқы құпиялықпен жүргізіле бастайды. Солай бола тұрса да ақпарат қызметкерлері аштық қырғынын статистік ақпараттармен жарияласа, «Степная правда» газеті көтерген тағы бір мәселе республиканың әрбір губерниясындағы мәліметтерді жарияласа, солардың бірі Орал губерниясында 1917 жылғы санақта 2.571 770 бас мал болса, 1922 жылғы аштықта 307535 бас мал қалған. Өңірде халық саны 48,8 пайызға азайған, Бөкей губерниясында да мал саны екі есе азайып, аштан қырылған адамдар көптігі айтылған. 1922 жылы әке, шешесі аштан өлгендіктен қаңғып кеткен жетім балалар саны 189 233-ке жеткен, оларды жетімдер үйіне орналастыру да қиындықтар көптігін Қалида Сәрсенбаева, Күнжамал Сисекеновалар ашына айтса, кейін олар кеңес өкіметінің саясатына қарсы ниеттегі, жаулық пиғылы барлар болып жазаланады. Қазақ елінің халқы аштан қырылып жатқанда, 1921 жылдың өзінде ресейдің аштыққа ұрынған аудандарынан 400 мың орыстілділер жер аударылып, қазақ жеріне қоныстана бастайды. Оларға баспана, азық, түлік, жұмыс орындары жан-жақты ойластырылып билік жүргізе бастайды. Кейбір аштыққа ұрынған әлсіз адамдарды сойып жеу деректері де болған. Мысалы, Астархан облысынан Ақтөбе өңіріне жер ауып келген кулак Зражевский Иван, Коля деген балаларымен бірігіп Ақбұлақ ауданында адамды сойып жеп жатқан жерінде НКВД көріп қалып Коляны атып өлтіріп, Иванды әкесімен екеуін түрмеге қамап соттайды. Тарихтың қанды парақтарын бұлтартпас деректермен ғасырдан ғасырға жеткізген ақпарат құралдарының ерлігі шындықтың шырайын келтіріп адамдардың тірлігі жолында күйініп қайғыра білгенін көрсетеді. Қоғамдағы үрей қаталдығынан тайсалмаған жоғарыда айтқан газет, журналдардың әрбір бетінде жарияланған қасіреттің адамзат өмірінде қайталанбауын тілейсің. Құлазыған дала толы өлік, үміті өшкендердің ақырғы рет соңғы сөзін айтуға да тілі оралмаған шығар.Үрейден өлмей қалғандардың бүгінгі
ұрпағына қазақтың таспа, төгілесің дегенін мысалдап сақтандырған артық болмас. Еркіндікке масыққанның жолы оңғарыла бермес, сәрә?. Күні кешеге дейін ақылды қариялар көп сөйлеме, ұтымды ойыңды қысқа айт? деп үрейлі қоғамнан сескенгенін білдіріп отыратын еді.Тірлік мейірін көрмегендердің өкініші қалың еді...Аштан қақталып, таңдайына қатқан қайғы шерлі бабалар-ай... -Пікір алысатын адамда аз, адам өзінің еркіндігіне сенбейтін болды, үрей жаңғырығы есті алды,- деп бірде Дүзелбай шындықты түсінгісі келіп Бегениязға тіл қатса керек. -Пенде тірлігінде ұтады, кейде ұтылады, әркімнің өз талғауы бар.Бірақ бас қатыратын, тірліктің түйінін жақсылықпен шешетін қоғам қалай есептейді, түсінбей қалдық қой,-деп Бегенияз тірі жүргеннің артықтығына тоқтады. Кенет тәртіп, тәрбие өзгеріп жаңа қоғамның түпкілікті күші дүмпуін айқындата бастады. Өйткені, жеке дүкен ұстады, Құлсары мен Орынбор арасында сауда жұмысын жүргізіп халықтың тілегін орындады. Кеңес өкіметі оны түсінген жоқ, байсың деп дүние мүлкін тәркілеп Тұзтөбе түрмесіне жапты. Қаден ана он баламен асыраушысынан айырылып жер соғып қалды. Ішер ас, киер киім жоқ, азып, тозғаннан кейін, оның үстіне ағайын, туыстардың өзі тірі жүрсіңдер ме, байдың ұрпағы деп қуғындап түсініп болмастай мазақ, қаңқуды күшейткесін Қаден балаларын балалар үйіне тапсырып Орынборға барып паналады.Жан шошитын қасиетсіздіктерді Дүзелбайдың замандастары, бай атынып тәркіленгендер көресіне көрді.Кеңес дәуірінің сол жылдарында «Бай-молданы қойдай қу қамшымен деген дүрліге ұрандату кімге оңай соқты дейсің. -Тоз-тоз боп босудың аяғы барар жер, басар тауды қалдырмай, жаппай өлуге ұшыратпаса неғылсын,-деген Бегенияз: « Түйенің құйрығы көкке жеткенше, суайттың сөзіне сеніп кеткенше, өз қотырыңды тырнай бер. Қолыңды саныңа соғып, өкініп бағыт, бағдарсыз зырлай бер.Татар дәмің таусылғанша үрейден ығып құрша жоғала. Қапыда сайтанның құйырғын ұстасаң, қолыңды босата көрме, босатсаң кеудеңе қонжияды, қонжиса ақыл, есіңді тастайды мыжғылап. Көп білемін, деп көкіп жұртқа жайма, білімділікке, білгірлікке де керек айла. Жақсылыққа тырысқанның қадірін білетін аз, сүрінгеніңді тілейтін жетерлік кез келді.Бай адамдар да түрлі болды, өзіненде қызғанып, өзгеден де қызғанып жинаған байлығының игілігін көрмеген байдың күні құрсын. Қазақ қызғанғаның қызыл итке жем болады деген. Байдың байлығы өкіметке бұйырды, ақ табан кедей күнде ашты жиынды. Он екі мүшесі түгел кедей өзін өзі асырап ел алдына шыға алмаса, оған ақыл айтып шаршап, сөз таппай-ақ қой. Кедей де болдым, бай да болдым, кісіліктің мың түрлі қасиеті шақшадай басқа түп-түгел орнай бермейтінін білдім, білдім де ойсыздың көрген күні жақсы деп түйдім. Кедей аштан өліп жатып,ажалын Алладан көреді, ақылдының аузы жабық жүреді, ақылсыз мылжың сөзді та-
уып жүреді. Құлашты кеңінен сермеп, адал жүрекпен ой айту басқалардың ашуын қоздырып басыңды жұтуға тіреген кезді ұмыта қоймаспыз,-деп Дүзелбай Ойыл тарихын есіне түсірді.1900 жылдары мұндағы көктемгі жәрменкенің тауар айналымы 1491000 сом, күддегі жәрменкеде 509000 сом, сауда айналымы 3,5млрд. Сомға жетіп, Ресейге қарасты сауда айналымы үлкен он үш жәрменкенің ішінде тоғызыншы орынды иемденіп, халқының саны 23 мыңнан асып, тұрмыс, тірлігі, мәднеи өмірі шалқып тұрғанын тарихтан білеміз.Ал, осындай өңірде аштық болып халқының көбі қырылып қалды дегенге бүгінде ешкім сенгісі де келмес.Қырылғандарды ұмытар едің, арада жүз жыл өтсе де сол Ойылдың халықы 23 мыңға жеткен жоқ. Ал республикада қаншама мың-мыңдаған адамдар аштан қырылды.Сойқан саясат тірі жүруге мүмкіндік бермеудің барлық амалын алып, нетүрлі қастандық жасады. Деректерді сөйлетелік.Ақтөбе обкомының секретары. Ә.Досовтың ( 9 сәуір, 1934ж. №1 папкі, Ақтөбе мұрағаты) Крайком ВКП(б) Мерзоянға жазған хатында: «Облыста аштыққа ұрынған халықта цинга ауруы шығып 150 адам өлді, теміржолдағы жолаушы 6579 адамның 129 аштан өлген, аштық күшейді, азық жетіспей жатыр...Сол 1934 жылы аштықтың ауырлығын жазған Ырғыз ауданының хатшысы: «Ауданда 120 адам аштан өлді, 2 жетімдер үйіндегі 470 бала, интернаттағы 300 баланы асырауға азық жетпей жатыр, балалар аш, жалаңаш...(тіз.13.оп3 Ақтөбе мұрағаты). Елдегі аштық ажалымен арпалысып, өлікке толы төңіректі көріп, біліп жүрген ОГПУ бастығы Титов, СПО бастығы Духовичтің облыс басшысына жазған хабарламасында Обаған ауданында-300 адам, Бетпаққара ауданында-585 адам, Семизор ауданында күніне 10-15 адам, Ойыл ауданында -181 адам, Меңдіқара ауданында-екі айда халықтың 50 пайызы аштан өлгендігін анықтадық, делінеді.( 1932 ж. Ф13.оп1) Осындай жантүршігерлік аштыққа қарамастан Волжский облысынан 3777 жанұя, 13427 адам көшіп келіп, оларға 3500 астық берілгені де хабарламада айтылған.Жергілікті халық қырылып жатқанда Сталиннің нұсқаумен 48,4 миллион центнер астық 1930 жылы шет елге шығарылса, 1931 жылы 51,8 миллион центнер астық шет елге жөнелтіліп, аштыққа ұрынған Қазақ елі халқынан 277 миллион салық жинап алынған.Бұл кезде «хлебный фронт» револйиялық әскери кеңес басшысы Ворошиовқа арналған мына бір хатта: « Ақтөбеден Московаға әрбір бес күн сайын 67 мың 395 пұт астық жөнелтілді. Күн сайын 7 мың 463 вагон толы астық Мәскеуге кетеді» -деп жазады 1929 жылғы « Союзхлеб» газетінің нақты дерегінде. Басқаны айтпағанда байларды тәркілеу басталғандағы 40 миллион төрт түлік малдан 1933 жылы төрт миллионы ғана қалған.Демек аштық бұғауы 1935 жылға дейін жалғасып халықтың жиған тергені өзіне бұйырмай, көрер жарығы қастандықтан біржола сөніп аштан өлгендердің есебі шексіз. Голощекиннің «Кіші қазань» қырғынын Мерзоян жалғастырып
тарихтың әр парағында адам қаны төгіліп түнек түндей түнеріп саясаттың зұлымдық оқиғасы, міне осылай шерлене береді. Пенде бір-біріне жан тартуы түгелі тірі жүргенін сезінуден қалған, өмір сүруге тырысу ұмытылған, ажал жойқындығын ұғып, үреймен тұншыққан-ды. Атақты жылқышы Қилаш нағашым: « Басыңды тауға, тасқа соқ, денең ауырса да көзіңнен жас шықпасын. Қайсарлана түсіп шыдатпайтын қыйындықты атқарып жеңіс менікі дей біл. Босаң болсаң, ынжық, қорқақ болсаң дәнеме атқара алмайсың. Басқаның дегеніне жөнсіз былғана бер ме, әлдеқалай зұлымның ойыншығы болып кетерсің. Өзімен өзі мәз болған сорлылық, ондайдан сақтан.. Бүгінгі бақ,тақ, байлық таласына құмартқандар ақыл, есі түзу болса алдымен тарихын біліп, ел ақылдыларының өнегесін жадынан шығармағаны жөн-ау дегің келеді. Біреулер азып тозарда есі ауып тамұхтан қуылған жыншайтанның миын билеп еліктіргенімен ертеңін болжай алмай құрып тынады.
- * Белгілі қаламгер Тұрмағамбет, әділдігі аз, ойға жатпас саясаты мол, қылмысы жетерлік 1932 жылғы қырғын аштыққа ұрынып қасына молданы ерітіп талшық іздеп Сырдария өзенін жағалап келе жатса, асау толқынмен құмға қайырлап қалған шортанды көріп денесін ұстаса жылы екен. -Молдаеке ырыздық!депті. Молда : -Еңбек сіңірем, онсыз харам болады, -деп шортанды басы мен құйрығынан ұстап тереңге жақындатып шайқай бастағанда шортан құйрығын шарт ұрып қара тереңге кете барады. Сонда ашығып әлсіреп тұрған Тұрекең әзілін жарастырып: Уақыт ғайып, Ажал ғайып, Кідіңдеп едің, Же, бірдеңді, Суға шайып,-деп өлгенінше іркілмейтін қазақи қалжың деген сол..
- * Аталы сөз айтатын Тұрмағамбеттің бір інісінің қырқынан шықпаған сәбиі қайтыс болады. Тұрекең арыстарың аман ғой, жылай берме, өлікке ауыр деседе інісі солқылдап көз жасын көлдете береді. Содан Тұрекең: «Тәңірі сорлы етсе бенде, не бітірер құр жылап»-деген Абай деп көз қиығын келіеіне тастайды да: Алла берсін есесін, Жылай беріп нетесін.
Бала деген балмай ма, Ұйықтатпасаң шешесін,-депті. Мыңдар, миллиондардың бірі боп кездесетін от ауызды, орақ тілділер-ай, шіркін! Жұмыр жерде бір құдірет күле қарап, өзін темір адам (робот) санап тірлікті басқара бастаса, сорақысы орыс, ағылшын, қытай сөзінен ба қаны түсінбей тұрса, тіліміз сорлап қалар еді. Сондықтан ұлтымыздың даналық сөздерін тездетіп ағылшыншаға аударып роботтың көкірегіне тыға берсек қой. Сонда келер ұрпақ қазақша сөзіміз әлемдік тілмен бірге жасасқан деп қуанышы қойнына сыймас еді. Жә, оған дейін талай кезең өтер. Бүгінгі роботтар иесінің бұйрығын күтеді, оған шейін тырп етпейді..
- * Жалбыр шаш біреу алпыс екі тамыры тоқтап қалғандай, қаққан қазықтай қалшиып, төңірегіне түксиіп сүзе қарап қапты. Өзі аялдамаға таяқ тастам жерде. Әлгінің біраз уақыт тұрысына таңданған Тымыр қол арбасындағы қоқысты автокөлікке жақындатты да, күлерін, не күлмесін білмей. -Қымыр олақ-жолақ мына адамның дені сау ма, өзі қалай?-деді. -Обадай сақалды неменің ішіне кіріп шықты деймісің. Ауру, сауын өзі сезетін шығар,-деп ойын жалғады да: « Радиакция құйыны қақса, гиптел төгілген тамақты жұтса, кімнің ауызы, мұрыны қисаймайды, депті бір айтқыш. Ғалымдар жұмыр жердің 61 пайызы ластанған деседі. Жұлын, жүйке дерті болар. Қасына барып сөзге тартсаң үнсіз, тұрысы темір адам, робат тәрізді. Шіркін, барлық тірлікті робот атқарса, сан-саланы басқарса, оның мыңмиллион тетіктері қазақша сайраса, бізде жалбыр шаштай қағанақ қарық, сағанақ сарқ сықылды тіл қатпай тұрар едік. Айтпақшы жапондар мидың миллиард нейрон талшықтарын алтын жіппен алмастырып ай әлеміне қоныстанатын адамдарды дайындап жатқанда, біз қалшиып әлденеге таңырқап тұрып жатамыз ба? Қызық екен, мелшиіп тұрудан басқа ойлап табатынымыз жоқ па? Тәлкек тірлікке көнудің азабын-ай...Енді не боламыз?-деді Тымсыр қозғалмай тұрған адамға қарап. -Темір адам, былайша робат боламыз. Роботтарды мыңдап шығарып, оның тетіктеріне қазақтың құнарлы ұлылық сөздерін ағылшынша аудармасымен әлемге таратып жіберсе әлем халықтарының құлағына сіңіп, жүрегінде тұрақтап келер ғасырларға жетер еді. Сонда әлемде робот адалдықтың жүз пайыздық туын көтеріп басшылық тетігін игерер еді. -Тымыр арманың асқақ екен, ойың келер ғасырға кетіп қалды ма? -Абай айтқан: « ...айттым, балам басыңа мейірім түсіп»-деген ғой. Жалбыр шашты қарадай аяп, қасына барып тілге тартсам да үндемейді, ден саулығында кәкір бар шығар...
- * Әлемдік билеушілер халықтың күлкісін өзгертуге бұрын, соңды болмаған тәсілін тапты. Ішегің қатып күлгенде ат басындай алтынды сыйға алғандай қуанасың. Мәселенің қиыны, асыл ойыңның құйыны денеңдегі он екі мүшенің айтыс, тартысының санкциясының жөні түзу болуы керек. Кісі әуелі мидың, одан соң жүректің әмірін тыңдайды дейсіз бе? Шынымен солай десең қателесесің. Мәселен, жемқорда ми да, жүрек те механикалық қызметте, жұмысы үзіліссіз, мидағы миллиард нейрондары бұрынғыдай емес, қалта телефонының толқындары арқылы шапшаңдап кеткен. Сосын жүректің қан тамырлары да қозғалаыс қабілетін арттырып, кейде қан қысымын көтеріп жібереді. Сондықтан ми мен жүрекке санкция жариялау қисынға келмейді, яғни орындаушыда жазық жоқ. Кейде жемқор талдауталқылау дағдысынан қажып оғаш мінезді меншіктеп тазалыққа қиғаш қарайды. Сосын да болар өткен жылы тоғыз мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген екен десек, қылмыстың алдын алу және басқару басқармасы басшысы Талғат Башев: « Мұншама қылмыстардың кесірі 67,7 миллиард теңге үкіметке зиян келтірсе, осының сот арқылы 32.8 миллиард шығыны өтелді. Басқа қаржы, о да қайтатын шығар... Жә, осындай көлгөсір қылмысқа адамның он екі мүшесі қатыса ма? Ми мен жүрек бәріне көз кінәлі деп санкция жариялар. Көз де қарап қалмайды қол мен аяқты кінәлар. Жемқорлықтың тәтті дәмі, байлықтың салтанат сәні ындынның құпия жұмысы деп кеудедегі жан ара түсер. Содан ындын бастаған дененің он екі мүшесі тілге уақытша тиым салады да, басқадай санкция тәртібін өшіріп тастайды. Бұл жемқор денеге өзгеше пайда таптырады, санкцияның жынын беріммен қақтырады. Таласы жоқ қандайда қылмысқа бастайтын, шынайы таза өмір сүргізбейтін жын ғой, пенденің қыр соңынан қалмай зәлімдікке бастайтын жынға о заманда да, бұ заманда да, әлемде де санкция болған емес. Осы ғана өкінішті...
- * Ертеде шындықтың кілті жоғалып, зұлымдықтың жолы болған тұста жұрек жұтқандардың бірен-сараны жемқорлыққа салынды. Сонда ауыл айтқыштары: Бастық кесектеп жейді,Бухгалтер есептеп жейді, Парторг сұрап жейді, Бермесе құйрығын бұрап жейді,-деп әжуа сөз қалдырған-ды. Ұрлыққарлық қай заманнан бері жұлымы қырқылмаған жалмауыз пәле ғой, деп анық түсінгендей боласың... Ұры ұрлай алмайтынды мазақтағандай көріп апшығанмен не пайда? «Дәулет бітпес келбетке, болымсыз қулық тойымсыз» деген Абай деп өз жағдайын білетіндер тоқтайды. Бірісі жақсы
кесірінен қорқып қиянатқа соқпайды...
- * Алтынмен апталамыз, күміспен күптелеміз, шашетектен байлыққа кенеліп мақталамыз деп дуаланғандай ақпаратта Марат Мәуленов жанұясымен Серияға кетсе, одан қалды үш жүздей азаматымыз жұмақ құшағына ертерек барып жайғасамыз, деп желіккендердің қан жұтқан ата,анасы, туыс, туғандарының қайғысына кім араша болар дейсің. Шіркін, солар Абайдың: «Ісіндің, кебіндің, сонда да не пайда?-дегенін жадына алмағаны қандай өкінішті. Олардың бақытсыздығына қарап аяныштық білдіре алмайсың.
- * -Қаладағы Балпаңбай да емес, ауылдағы Қалтаңбай да емес, өзінің орынын таба алмай жүрген маубастарды қатты аяимын,-деді Қымыр көше тазалаушылардың жанына автокөлігін тоқтатып Тымырға амандасты да: «Ауылдан бір туысымыздың соқталдай баласы келіп еді. Кеңсе жұмысына орналасам дейді көзі жылтырап, білімі, мамандығы жоқ бола түрып бұлдан ады -Әуелі үйленіп, елде мал ұстап, егін егіп тірлік етпейсің бе? Қалада саған лайқатты жұмыс қайдан табылады. -Қатарларымның көбі үйленбей-ақ қалада жүр ғой. -Өз бетімен ләйліп жүр. Миың болса аталарымыздың сөзін тыңда? «Көсегең көгеріп, көрпең ұлғайсын», Осылай тілек тілеп тұрғайсың, Елімізде жетіп жатыр сүрбойдақ, Жанұясын жарқыратып құрмайтын. Есі шыққан еліреді жын ойнақ, Бұзылғанды бұзық жолдан бұрмайсың. Әке, ана ие болмаса ұрпағына, Тірі жүрмін деп неңді пұлдайсың,-деп жазған хатымды әкеңе апарып бер, деген тұспалды ойымды қалай түсінсе де өздері білсін. Орынын таппаса жастық өмір ұшқан шаңмен тең. « ... артынан өкінсең де пайда хоқ», деген Абай. *** -Білесің ғой Шамиль жеке адамның өмірі де тарих,-деді Қымыр: «Жетікөл өңірінде ақын да, жыршы да, айтқыш та аз болған жоқ. Ақ ниет, таза пейілімен жүрегінің үнін жұртқа жеткізіп, көптің мұң-шерін жеңілдетті. Сыбырлап жеткізсе де, сыбырлағанды Құдай естімей ме деп ертеңге деген сенімді
күліп жүріп қарсы алуға жігер берді. Ауылдағы Дүтмағамбет ақын қандай қасіретке де төзе білуге ақылшыдай еді. «Қараңғы көрге асығыстықпен кіргенше, Берияның түрмесінде тегін тамақ ішіп, тегін киімді кисең, о да жақсы. Ленин де түрмеде отырған дейді, деп жанын жегідей жеп, сүйегін егеуқұйрықтай кеміретін оқиғаны жазып та қоятын-ды. Кейде күбірлеп: Қара машина, қара киімді, Түн жамылып жүреді. Табанда табар үйіңді, Байқап көрер күйіңді, Тап басатын осылар, Социализм тірегі. Көп сөзсіз қара киімді, Жау екенін біледі. Мойындамасаң егерде, Мойныңды үзіп береді, Жаның рахат тауып, Түрмеге жайғасасың. Ажалға ниет ауып, Қабырғаңмен ойласасың. Ажал ұреймен, Тең түсетін шараң жоқ. Жатып атарға қараймын, Өз-өзіме алаң боп,- деп тірі жүргендердің ашықса да, тарықса да, бір пәлеге жолықса да ұрпағының амандығын тілейтін. Соғыс әлемді қиратып жатыр, ақын оны да түсінеді.Жұрттың адал еңбегі жеңісті тездетеді деп ойлайды. Ашыққан қарын тойынар, ашылған етек жабылар деген сөзге жұрт тоқтайды. Сөйтіп жүргенде егістікке тұқым шашып жүрген Әбзел қарт егіс даласында өліп қалған-ды. Әдет бойынша ақын әйеліне жоқтау жазып берді. Кісілігі көп еді, Қаспағын қазан жеп еді, Ашыққанын елемей, Өлмеймін деп еді... Балпаң, балпаң басқаның, Тұқымды еппен шашқаның, Коммунист болам деп, Өліп жатқанын қара қасқаның, Күні біткен күнде өлер, Айы біткен айда өлер, Ашық болса екен аспаным,-деген сықылды өлеңдер ел аузында қалады. Жұрт бозала таңнан, ымырт үйірілгенше еңбек етіп сұлай жығылып жүрсе де өлең жыры, әзілдері де таусылмайды. Ауырлықты елемейді, Шарша-
са әзіл, мысқыл сөз айтып желпінеді. Жеңіс деген сөзді естірміз, осыбастан байқаңдар қуаныштан жүректерің жарылып кетпесін деп ойларын түйіндейді...
- * Айтқывш Дүтмағамбет езу тарта отырып менің басыма қонған бақыт аштан өлу екеніне қатты қуанамын. Лаңдатып тойынып өлгеннен гөрі қарныңдағы қоқысты жойып, ішіңді тазалап о дүниеге кеткенге не жетсін. О жақта да қалың ел бар, ағайын, туыстар қарсы алады. Жаман ба?-дей бергенде жанына келген Жәпек сойдақ тісін ақситып: -Ақсақ туысың Сырдан колхозға қома кілтішісі болды, сүйінші? -Е, бақыт адасып енді ақсақтың аяғына қонғаны ма? Сырдан сырғытар әлі... Бармағын жалап тойынасың. -Қыз, келіншектерді тойындырып жүр, ай сайын төрт бесеуін кіргізіп, шығарады. Қалай соңғы жеңгеміз ұнады ма? деп едім. Қойма кілтін шылдырлатып тұрып: -Қатынды көп алсаң ішінен бір тәуірі табылады екен, деді беті бүлк етпей. Майданда ерлер қырылып жатыр, бұл пәле сондай иттікке ұрынып жатыр. -Қайтесің соғысқа кеткен басымыз келмей жатса, елдегі ақсақ, тоқсаққа дауа жоқ. Қолында азықтың кілті тұрғасын бірдеме деуге шама жоқ. Бәлім, өліп көрмедік, басқа сойқандықты кеңірдектеп тойып көрдік-ау.
- * -Кеңес одағында қалемгерлер саясат сойылын соғуда зор пайда келтіріп жүрді. Ауыл, елді жаяу, жалпы аралап көзбен көрген шындығын жазды. Сондай бір сапарда , шаңқай түсте қойлы ауылға келген қаламгер құдық басында қой суарып жатқан шопанға кезігеді. Шопан әйелін қамшымен сабап жүр. Жазығы моторды қосып астауларға суды толтырып қоймағаны болса керек. Жігітті сүгіретке түсіріп, әйелді сабау деген не масқара,деп қаламгер килікпей ме? Жігіт жүні жығылып ләм демейді. Онысы газетке қаралап жазса құрбы, құрдастарына мазақ болғаны. Сөйтіп киіз үйде түскі шай үстінде: « Келіншек күйеуім сабады деп жазып бер, қолыңды қой? деп айта береді. Әйел шай құйып отырып: « Балаларымның әкесі, таспен ұрса да төсекте табысқан қыздай келген жарым ғой. Кешіріңіз, дегенде ерінің жүзі жайнап: « Қой баққан адамда ой бола бермейді, байқаусызда қолым тиіп кетті, деп құтылады да: « Асау жүрек аяғын шалыс басып, жерін тауып айтқанға сөз болмай ма?-деген Абай, төрт баламның анасы таңдап алған сұлуым ақылды гой...
Өткен кезең өтті, бүгінгілердің ақылы өзгеше. Оңтүстіктен келген ортақол біліміді азамат қолдаушы, қорғаушы тауып, алым, берімнің жөнін реттеп, бір мекеменің орынтағына қонжиған Қиғаш көптен бері түскі ас ішуден қалғанын байқаған нағашысы Нәдір: -Түскі асты ресторанда ішелік, өзіңді бір көруге сағынып жүрмін, әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін дегендей, әкең соғыс жылдарындағы қаруласым еді,-депті. Сонда жиені Қорғаш: -Қолым тимейді, мұрнымнан шаншылып отырмын-десе де көкірегіндегі орнымнан қозғалсам орынтағымды біреу сатып алама деп сезіктенемін дегенді сыбырлап айтқандай болды да қалта телефонын сөндіре салды. -Білгірлігі, талантымен танылмай орынтаққа отыра салғандар ұялуды ұмытады,-деді Шамиль бүгінгі күңгірт тартқан ақылымен мақтана алмайтын кейбір жәйіттарға қынжылып.
- * Біреу соғыс туралы сөз қозғаса Шамильдің жүрегі дір етеді. Онысы хабар, ошарсыз кеткен әкесін жоқтайды. Бала кезінде майдангерлер өздіөзі шүйіркелесе де сөзін тыңдап әкем туралы айтар деп үміт етеді. Несін сұрайсыз, ер жеткеннен бастап фашизмның қанды қырғыны жәйлі түрлі деректерді де іздеп жүріп оқиды. Қара көзден мөлт-мөлт етіп төгілген тамшылар тиылмаған кездің куәсі еді. Бірде майдангер Кәкеннің: « Қырғын қантөгісті Ленинград қаласын жау қоршауынан азат етуден басталып Берлинге дейін барған қазақ жауынгерлерінің ерлігі батырлар жыры тәрізді еді,-деді Кәкен: «Адамдар тыныштықты ғана сүйеді, тыныштықтың әр минөті поэзия, құдіретті музика. 1942 жылы Баубек Бұлқышовтың майданнан жазған хатында: «Адамдар үлкен өмір жолынан өтті.Софокольдан Ленинге дейін, Гомерден Горькиге дейін, Бахтан Шостаковичке дейін адамдар ғасырлар бойы мол мұралар жинады, біздің ұрпағымыз мұраға ең бай» дегені бар. Фашистерден сол байлықты қорғадық. Бірақ, жеңіс өте қымбатқа түсті. Фашистердің тажалдық қимылы, әр минөтте ажал боп тұрды, жер беті адамның қан теңізіне айналды. Айталық, Оранкенбург қаласында фашистердің тұтқындарға істеген шексіз зәбірін көрсеңіз, көзіңнен жас емес, қан ағар еді. Сол қалада Захсенхаузен концлагері орналасқан екен. Азапты түрмеде 1941 жылдың екі айының өзінде 18 мың Кеңес жауынгерлерін азаптап өлтірген. Фашистер айуандықпен әрбір тұтқынға екі размер кем ағаш аяқ киім кигізіп, 20 сағат бойы қиыршық тас, істік темір арасымен жүгіртіп жұмыс істеткен. Мұндай қорлыққа шыдамағандарын дарға асқан. Фашистер мұны «спорт» деп атаған. Түрме азабын шеккендер қатарында Совет генералы А.С.Зотов, Чехославакияның бұрынғы президенттерінің
бірі А.Запоцкий, Венгер жұмысшы қозғалысының көсемі Альпари тағы басқа да ардагер азаматтар болған. Біздің Армия концлагердегілердің біразын құтқарып үлгерді,- деп Кәкен сөзін жалғады: « 21 апрель 1945 жылда түрмедегілер үшін өлім маршы ойналыпты. Фашистер Совет армиясы таяп қалғасын 30.000 тұтқынды қырып тастаудың қамына кіріседі.Сөйтіп, оларды Бранденбург, Макленбург жолымен орманға айдаған. Жолшывбай жүре алмағандарды атып тастап отырған.Макленбург маңында біздің Армия тұтқындарды құтқарды,одан кейін Майсен, Подсдам қалаларында да бекінген фашистердің қандыбалақ ұясын талқандады. Ал, Берлиннің Трептов паркінің өзінде бетпе-бет соғыста бес мың совет жауынгерлері ерлікпен қаза тапты. Айта берсе қанды қырғынға дерек жетерлік...Дрезден қаласындағы «ажал камерасында» да жан түршігерлік зұлымдық болғанын тарих кешірмес.Онда неміс халқының фашизмге қарсы күрескен адал ұлдарының бірі Эрнест Тельман, «Еркін Германия» ұлттық комитетін басқарған Г.Шуман, тағы басқа да кеңс,чех, поляк, венгр, франзуз жауынгерлері тұтқында отырып азаппен өмірден өткен. Олардың бәрі де: « Адамдар сақ болыңдар, соғысқа жол бермеңдер!-деген соңғы сөзін өсиеттеп қалдырған. Шамиль толғанып: «Әкеинің соңғы сөзі қандай болды екен?-деп ойын жиды да: « Тельманды қазақтар еңбегін толық білмесе де дәріптеп ұрпағын Тельман есімімен атандырды, бір досмыз Тельман болса, оны мектепте оқып жүргенде құрметтеп,сабақтан бос уақытта түрлі ойын ойнап жүріп: « Біз тойлаймыз, тойлаймыз, тойлаймыз да ойлаймыз, фашистердің қолынан Тельманды алмай қоймаймыз» деп ерлік мінезбен өлеңдететін едік.Сол Тельман сүйіктісі Сәуле екеуі ұрпағын өсіріп, немерелерін сүйіп жасын ұзартып Ақтөбеде отыр.Сәуле «Ойыл» газетінде қызмет атқарған жылдарында: «Әлем ойшылдарының бірі және бірегейі Абай ұлттық кісілігімізді адастырмайтын жарық жұлдыз» деуші еді. «Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы А.Құнанбаев есімін батыс дүниесіне американ көсемсөзшісі және саяхатшысы Джордж Кеннан тұңғыш рет таныстырды, ол өзінің 1885-86 жылдары Ресей өңіріне жасаған сапарында Омбыда, Семейде және басқа қалаларда болған еді. ( Қазақстан тарихы. «Атамұра» баспасы, 3том, 61бет). Осы бетте С.Зенковски : « Абай қазақтар үшін мектепте білім беруге іргетас ана тілінде оқыту болуға тиіс, деп санаған..Ал, М. Олкотт: « А.Құнанбаев орыстардың Қазақстандағы отаршылық үстемдігіне неғұрлым сыншыл көзқараста болды, деп көрсетеді. Расында, мектепте болсын, қызметте болсын, біздің замандастарымыздың жанына жақын, үйренуіміз де, еліктеуіміз де Абай шығармалары болды. Жүректен шыққан үнді сезсең кісіліктің тазалығын Абай сөзінен тапқандай едік. Абайды ұғынғандықтан болар неміс Тельман өмір тарихын білмесекте зұлымдыққа, соғысқа қарсы, бейбітшілікті қорғаушыдай түсіндік пе екен. Бірақ Тельманды да, мыңдаған,
миллиондаған адал ойлы, бейбіт сүгіш жауынгерлерді туған жерлерінде еркін өмір сүруді, ұрпақ өсіріп бақытты болуды жазбапты. Көрдің фашистік қырғынның әлемдік қанды шеңгелін. Адамын жоғалтқан неткен ауыр қайғы еді, неміс жерінде ажал құшқан боздақтардың жаны туған жеріне оралған да болар.тірі ұрпағына, туыс, туғанына түнгі түсіне енгенде шығар..Жалғыз Шамиль бе, әкесінен тірідей айырылған, олардың шемен шері, қабырға қайыстырған қайғысы естен шықпас, елес болып күндіз ойынан, түнде түсінен шықпас.Денесі өлсе де жандары тірі қолайлы сәтінде ұрпағынан табылады. -Мені ұмытпай жүрсіңдер, рухым риза!-дейтіндей кейде Шамильдің түсіне әкесі еніп шырт ұйқыдан оянатын да еді. Сонда адам жаны құс болып ұшып жүре ме?-деп ойланатын еді Шамиль. -Пендеміз, маңдаймызға тағдырдың не жазғанын біліп болмаймыз, қиялшыл ой әр саққа жүгіреді, кейде қорқасың, кейде қуанасың, көз алдыңа түрлі елес келеді. Үш бірдей аға соғыстан оралмады, қай жерде сүйегі қалды білмейміз, жан тапсырар алдында соңғы сөзін де естіген жоқпыз, соғыс зардабы қанша жылдар өтсе де есімізден шықпайды,-деп Шамильдің мұң-шеріне ортақтасқан боласың. Пенденің өле-өлгенінше ұмытылмайтын қайғысынан сақтасын деп тілек тілейсің. Фашистік қырғын қаншама жылдар өтсе де әлем халқы ұмыта көрмес. Десекте, жұмыр жерде тыныштық жоқ, әлсін, әлі бұзылып лаңкес, террор дейсің бе, адамдардың қаны төгілуде. Кісілікке ұқсамайтын рухсыздар көрініп қалды, олардың жексұрын әрекеті бездіре бастады. Қанішердің амалы өлтіру, өлу, жазықсыздың жанына жауап берудің о дүниеде ауырлығын қаперіне де алмайды. Алла өзі берген жанын өзі алмаушы ма еді, оны қанқұмар ойлауды қайтеді. Құдайдың мейірімінен безгендерге тамұхта көп шығар... Зұлымның жаны тамұх өртінде бірге күйіп кетерін білмей, шайтанға ерік берген қанішерге Алла берсін жазасын деп тынасың...
- * -Біз кейде өзімізді өзіміз мазалап қоятынымыз бар,- дегенде Шамиль күлімсіреп: -Басымыз жерге жеткенше , осы дүниені тастап кеткенше ойдан арыламыз ба? Әлем жаңалығын да біліп отырамыз. -Жақында теледидардан экологиялық зерттеуді нақтылауға кептердің мойнына қондырғы қондырып бақылауды көріп қуанып қалдым. Осындай қондырғы арқылы кептерлерді жұмысқа қосуды Батыстағы төрт облыстың әрбір ауылына дейінгі өңіріндегі ауа тазалығын зерттеп, анығын халыққа жарияласа қалың көпшілік ден саулығын алдына ала біліп, қорғана алар еді. Кептерлердің мойнындағы құрылғы арқылы экология зардабының нақты
шындығына көз жетсе жыл сайын қырылып жататын киіктердің жүрер жолындағы кесел толық анықталып жүйелі шаралар алынар еді.Аспанымызда ұшып жүрген кептерлер тіршіліктің жақсылығына қызмет етсе, шіркін! Ондай қондырғыны жан-жақты пайдланса таза ас ішіп, таза ауа жұтар едік. Солай емес пе, ғылым жаңалығы жарылқаса деймін-ау. -Семей, Қызылордаға да керек жаңалық екен, табиғат тазалығына не жетсін! Өзен, көлдердегі балықтардың мойнына әлгіндей қондырғы қондырып жіберсе суда кездесетін түрлі химиялық қоспалардың мөлшерін анықтап ден саулыққа зияндысы жоқ па, біліп жүрсек, ден саулығымыз мықты болар еді,-деді Шамиль... -Тауықтың үйшігінде күзетте тұрған түлкі: «құстардың шиқылын естіп күлкіден есім шықты депті. Сол айтқандай тамақ тоқ, көйлек көк, кейде ауырып қалғанда неден жұқты, қандай дерт деп күлкіміз келеді. Табиғаттың ластығы, тұтынатын азықтың қандай химиялық қоспасы бар, не пайда, қандай зиян, бәрін тәптештеп біле бермейміз. Бала кезімізде нан пісіргенде иісі бұрқырап тұратын еді, бүгінде наннан да иіс кетті, онда да ашытқы, түрлі қоспалар бар..ішеміз, жейміз жұтқан жұтамайды дейміз. Өзімізді өзіміз алдауға әбден үйреніп алдық. -Антатқырлар еселеп пайда табу жолында не істемей жатыр.Адал еңбекпен табыс табуға көбісі ұқсай бермейді, өтірік күліп құмарыңды тарқатқан болады...Сондықтан базарлардағы азық, түліктің сапасын көрсетіп тұратын қондырғы да керек-ау,-деп қалды Шамиль езі тартып.
- * Күншіл ауру табады, өсегін өзгеге жабады. Ойсыз ай далада қалады, ақылды әлемді шарлап барады. Өткен ғасыры бар, жаңа ғасыры бар, әр кезеңде қағазға түскен сатиралық этюдтар мен штрихтар түрлі оқиғадан хабар береді. Ақымаққа ажалтаң, өлерін білмейтін есер бар. Жақсының атын әлем біледі, жамандар да жер басып жүреді. Жатбауыр дананы көре алмайды, өзінен өзгеге сене алмайды, ала біледі, бере алмайды. Туыс туғанын мақтайды, дұшпан ішіне кек сақтайды Қалың көптің көзіне түрткі болған ессіз кейде етектен ала кетеді, кеу-кеулегенде жөн-жосықсыз жалалап езеурейді. Ақылдылардың ісін де, сөз тапқырлық күшін де айтып жеткізе алмайсың. Нағыз айтқыштар ағынан жарылады. Құрметті оқырман, пікір өздеріңде?! «Өлесе, өлер табиғат...» повестінің екінші бөлімін оқып пікір алысуға табысталды..
М І Н Е З І Қ Ы З Ы Қ Ү М Б Е Т Б А Й
Өткен ғасырдың 1974 жылында «Ендігісін айтпаймын» кітабынан бастап оқырманын таңданудан, басы қата ойландырып толғандырудан, албастының да мазасын алған, қысқасы қоғамдағы қисық,қыңыр, сүлесоқ, дөкір, есалаң ессізді де: « Осы мен Үмбетбай жазғандай оңбайтын пенде болғаным ба?- деп жаны жай таппағандар да болғаны анық-тын.Өзгеден өзін аулақтап еріксіз ұяла білгендер мына кейіпкер мен сықылды деп күйгелектенгені де болған шығар. Автордың сөз саптау ерекшелігі, тақырыптық сипаты көптің көңілінен шығып бағаланып: « Сатираның Үмбеті» деген дабыралап, даралап көрсетіп сенім артып бекітіп тастағанына досы қуанып, дұшпаны болса адалдығын айта алмай күйінгені де кәдіксіз.Дұшпан дегенде әдебиетші болсын, өнерші болсын сені атайын, мен тұр деп қырылысу емес, тар кеудеде ит өліп сасып жататын пасықтық, көре алмаушылық. Оу, ол менен артық па ? деп кіжінетін сорлылық. Баяғыда сатиралық шығармалар бәйгесіне жүздеп қатысып, қоғамның қисайған тұсын түзеуге, жат мінездіні жалпағынан түсіріп жанын тазартып күзеуге қызмет етсе, бүгінде түбі түскен шелекке үңіліп, уытты сатирадан түңіліп, ақша мәселесіне жүгініп, кейбірде дараланып көрінуге қадам бастық. Теледидарлардағы мағынасыз сатира шындықты ұмыттырып, ақылдан алжастыруға қалды. Сөз салмағы әлсіреді. Тірліктің аума-төкпесін бірден көзі шалып қапысын табатын сатириктер сұм-сұрқия бейнесін қалың көп жиркенгендей суреттеу тәсілінен айырыла бастап еді, қоғамдағы жемқор, алаяқ, нетүрлі қылмыскердің асығы алшысынан түсіп алшаңдай бастады. Әрбір шығармасында күлдіріп отырып пенделік кемшілігін отап тастауға шебер Үмбетбайға толғанысында сатирик Толымбек Әлімбекұлы ініміз: Айналасын әзіл, күлкі, ән-күй ғып, Айдындарда зырлайтұғын бір жүйрік. Бұл айдында сырғанақты тебе бер, Жығылмастан қалжыңыңды конки ғып,-десе сатира тақырыбында ешкімге ұқсамайтын, ешкімнің тақырыбын, ойын қайталамайтын, әзіл-оспақты шегінен асырып қалың оқушының құмарын қандырған Үмбетбайдың соңғы жылдарда жарық көрген: «Біз былай байғанбыз» кітабындағы кейіпкерінің бірі: -Біздің басымызда ақылдан басқа ештеме жоқ,-дей келіп: -Келін, шырағым мені тыңда. «Сөз сұлтаны-дәлдігі, ой сұлтаныжандылығы,-дегенінің өзінен, емеуірінмен адамның ең қымбаттылығы ақылы десе, кейбір әйелдердің сөзі сұйық, ойы қиық, қиық екенін жеріне жеткізе жерлеп отыр. Сөз түсініп, қадірлей білгендер емеуірінен жанына ләззат алады. Болмашы арзан өзгенің өнегесінен жиркене бастайды. Бойындағы кемшілікті сезіп отырып ұлттық ұлылыққа сергіп қалады.
Кейбірі менің осындай қатем бар-ау деп күліп алар. Осы кітаптың «Шолақ мылтық» бөлімінде айнаға жалт қарағандай пенде мінін өзі көріп бір сәтті өкінішті аңғартатындай, бос күлкі емес, елең ететін сәтсіздік көзге ұрады. -Дырдыр, сен бері кел. Менің саған бір шамалы өкпем бар. «сараң, іші тар, қызғаншақ» деп бір жерде мені біреулерге сілейтіп тұрып жамандапсың. Солай бола ма екен? -А, не өтірік пе?..Басы, аяғы осы сөйлемдерде шық бермес Шығайбай, өзінен өзгені көре алмайтын бейшара, біреулердің тірі жүргенінде қызғанатын сорлының бет, бейнесін көрсетіп, қоғамдағы жұқсызды тіл жетпейтіндей әжуалаумен қатар, өзгені сақтандырып тұр. Бұл тірліктегі пенденің өмірін білгірлікпен танудың нәтижесі.Үмбетбайдың 1985 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Күншуақ» деркті поветь пен әңгімелер жинағында негізгі көтерген тақырыбы адамгершілік, мінез-құлық мәдениеттілікті сөз етсе, адамдар арасындағы бір-біріне ұқсамайтын, қоғамдық саясатпен қанына сіңірген кісіліктің кейбір кеспірсіз түрі, кейбіреудің қалт-сұлт еткен жаңсақ қадамдары, бой тасалап тұратын сүреңсіз құбылыстар жылы сөзбен өрнектеле отырып сатираның ащы уын миыңа сарт еткізеді. Естінің сезгіштік сезімін жалт еткізіп, қап бәлем қателігім-ай дегезеді Үмбетбай Уайдиннің «Алло, бұл кім?» кітабында студенттік өмірдің қызығын да, шыжығын да талдап, талғап, әрбір сәтті бағалай білуде дайын білім жоқтығын, жан сезімнің тазалығынсыз өмірде сән де, мән де болмайтынын скеч түрінде бояуын қанықтырып жазады. Қызы көп, күлкісі көп-анық біз, Әзіліңе, әніңе де қанықпыз. Көңілінде оймақтай да міні жоқ, Міне, осындай біз студент халықпыз,-деп әсерлі шешім қалдырады. Үмбетбайдың қай шығармасын оқысаңда шұрайлы тіліміздің үлгісіне айналатын сөйлемдер жетерлік. «Сөз мәдениеті - өз мәдениетің. Адамдар амандасып жүрсе екен, адамдар ән салып жүрсе екен»- деген сықылды ақ тілек бүгінде ақшаға тіреледі. «Ей, сәлемің сатулы ма,,немесе осындай да ән бола ма екен?- деген түңіліс пайда бола бастады. Үмбетбай содан сақтандырады. «Бала-гүл, күтімге зәру. Бала –гүл, күлуге зәру,- десе бүгінде баланы күтпек түгелі тас жүрек кейбір ана іштен шыққан сәбиін қоқысқа тастап, немесе сатып ұлт ұлылығына дақ салуда.. Автор: -Адамдар айдауда жүріп те күлген,-десе күле білмейтіндердің, өмір сүре білмейтіндігі, қайырымсыз қатыгездіктің болашағы жоқтығына меңзейді. Күлкі өмір сүруге құштарлық, күлкі жан азабын тазартушы, құдірет екенін білдіріп оқушыға ой тастайды. Автор: «Пәлен-пәштуан» кітабында күлетін, күлмейтін мәселелерді қозғайды. Мысалы «Иттен қашу» шымшымасында: -Ойбай, итіңді ұста?
- Әп-әйдік болып иттен қорыққаны несі? -Енді...Итпен ит боламын ба сол...Сатиралық шымшымада сүгірет көрінісі.Емеуіріні түсінгенге белгілі, ит адаммен итырғылжың боламын ба, деп меңзеуі тұр.Алыстан ойлантатын астарлы сөз.Кейбір адамның ішкі сарайындағы қызғаншақтың қызыл иті үріп тұратыны қоғамда аз ба?Автордың «Қызық қыз» драмалық повестсіндегі сатиралық бейнелердің көзге түсе бермейтін, кейбіреудің көкірегіндегі жұмбақ түрде көміліп жататын қиянат, лас, кірді аша біледі.Тәңірберген Молдабай аталатын кейіпкер: «Ақырғы аялдама,-деді.Тәңірберген Молдабай:- Өмірдің қызығы, дүниенің рахаты , міне,осы жерде. Мұнда көп айқай-ұйқай жоқ...Мұнда тыныш...» деуі қиянаткердің о дүниеде рахат табатынын меңзейді. Тірлікте ұяла білмеу бар, күрсіне білмеу бар, өкіне білмеу бар, кейбіреудің қоғамдағы әлсіз тұсы осындайдан басталады.Ақыры соңғы аялдамамен шаруасы бітеді.Өмірге неге келді, не бітірді ойсыз ойланған жоқ.Ондай ас ішіп, аяқ босатқанға мәздер аз ба? Жанымзда жүр далақтап. Мұндайды сатирик аз сөзбен көп мағнасына үңілдіріп, дәлелдеп бермей ме? Міне, Үмбетбайдың сатиралық шығармаларының өзгеден ерекшелігі осында. Үмбетбайдың өзіндік мінезінің қызықтығы қоғамда өмір сүретіндердің байы бар, орташасы бар, сіңірі шыққан әлсізі бар, маскүнемі, нашақоры бар солардың қаңғып жүрген тірлігіне уақыт тауып сөйлесіп, тіпті ішіндіріп, киінідіріп, адам боп туғанның, азып-тозуның шындығын біліп түйреп айтады, жанын күйретіп те айтады. Ал ішіндіріп, киіндірген жақсылығын ұмытатын кейбір сұғанақ затын, киімін ұрлап кетсе әйелі: « Адасқан жолынан мойынын бұра алмайтынды түзей алмайсың, затты ұрлап кетті,- десе Үмбетбай езуін тартып: -Керек болғасын алған шығар,-деп бір ауыз сөзбен қайырып тастайды. Жалпы сатириктердің өмірін зертеушілер болса талай қызыққа батар еді. Міне, біз білетін сатираның үмбеті аталған Үмбетбай, үйінің есігін кілттеуді білмейтін Үмбетбай 80-ге келсе де кейбір жүріс, тұрысы, адамдармен әңгімелесуі, тірлігіндегі толып жатқан аңызы , өзі күлмесе де өзгелер қарадай қарап тұрып күлкісі келе береді.Өз сөзімен айтқанда: «Ауысқан адам әуелі белден қалады екен, сосын тілден қалады екен. Белден қалғасын үйге қайта алмаппын,.Тілден қалғасын адірісміді айта алмаппын» дейтін кейіпкерінің ғұмыры ұзақ болып жан-жағына күлкіден шашу шаша бергей.Айтпақшы Ғаббас үшеуміздің жасымызды қосқанда 240 саны шығады екен, бұл сан қаржы болса, не сатып аласың, түстік асқа да жетпейді. Әлем ғалымдары жеті жыл сайын клеткаларда жаңарту арқылы 500 жыл өмір сүруге болады деп жатыр, соны күте тұрамыз ба, қайтеміз? Өйткені, сатираға сусынымыз әлі қанбаған сықылды...
Бәлкім ашық есік табылса, бұрқыраған қылмыспен күресуге сатира бел шешіп кіріссін десе, айтарымызды айтып қалармыз. Әзірге сыр бермей шыдалық, күлкісі келетін кейбір жәйітке үйде отырып оңаша күліп тұралық...
К Ө П Е Н К Е Л Е Ж А Т Ы Р Өткен ғасырда дыраусыған басшының саясатына ықтайтындар да болды, айтқан сөзі екі етілмей құптайтындар да болды. Ымды біліп, түрлі жынға күліп қарап қоғам мүлкін үптейтіндер де болды.Дүйім ел түрлі қылмыстан жалығып та жатты. Осындай тұста : «Ара қанат қақты» деп радиода қоғамның дауасыз дертіне шабуыл жасалды. Одан соң теледидарда: « Көпен келе жатыр!» деген жарнама қылмыскерлердің зәресін алды. Егей бастықтар артын қысып, ұйқысынан шошып, екі көзі төрт болып, көкірегі өрт болып, шықпаған жаны шиқылдап, тілі күрмеліп қиқылдап, тыныс демі тарылып,сенім шөлмегі жарылып, өзін-өзі мазалап, ішкен, жегенін жалған құжатпен тазлап әбігерге түсті. Діңкесі құритыны фельетонның жазасы күшті. Қылмыскерге қоғам қарай алмайды ат үсті. «Көпен келе жатыр» дегенді естіген бойда тұла бой жамандыққа толылар бет қаратпас аязға ұшырағандай дірдек қағып, тісі тісіне тимей сақылдап, ақыры денесіндегі бүкіл тесігін бітеп қаққан қазықтай қатып қалғаны бар, төсек тартып жатып қалғаны бар, өзінің аты, жөнін ұмытып құдай атып қалғаны бар, түрмеде телміріп, қылмысқа батып қалғаны бар.Фельетон өткен қоғамның алыпсоғар күшіне айналып жолы болып еді. «Ара» да, Көпен де болашақ коммунизмді мақтан етіп тазалық ауылына отау тігіп қонып еді.( Көпен жалғыз емес, сатира сардарлары жетіп жатты, бүгінде де баршылық десеңде теледидардағы ауызы айтып, мұрнына сатираның иісі бармайтындарды айтпағанда).Қалың көптің үмітіне жараған, қоғамның таза дамуын тездетуші сатира деп қалаған. Сосын да Көпеннің өзін-өзі жарнамалауы елдің құлағын елең еткізіп, біраз шулатып сатираның беделін өсіргендей, қылмыскерлерді бір өзі басқа әлемге көшіргендей болып еді. Содан бастап Көпен ондаған сатириктермен бірге сатира сарайына жата, жастана түнеп, құтты қонысқа қонып еді. «Ара» жарықтық қоғамдағы нетүрлі қылмыскердің терісін сылып, жонынан таспа тіліп, сүйегін жонып еді. Қырыққа жуық фельетоншы қырқа белдерді асып, темір таяқтан инедей, темір етігінен теңгедей қалғанша ел, елді аралап қоғамның жоғын жоқтап жүріп еді. Заңсыздыққа тойтарысты дұрыстап беріп еді. Көпен келсе қалың күлкіге кенеліп қаламыз, фельетонына деректі үйіп-төгіп беріп аламыз. Сосын аузына май, астына тай мінгізіп, қасында жүріп желінген қақымызды түгендеп қаламыз, деуші еді. Әзіл, қалжыңға
қанамыз деуші еді. Мұным қалай? -Көпен келмей қойса қайтер едің? Қоғадай жапырылатын қызықтан қағыламыз-ау. -Онда қаскөйлерге деген қыжақ кеудемізге жиылып, қабағымыз түйіліп, бүк түсіп, пеш түбіне жантаямыз. Сұм-сұрқия қалқай десе қалқаямыз. Ел байлығын жұтып қоюға оқталған жемқорлардың жолы болып, өтірік айтсаң өлгендерді куәға тарт дейтіндердің қолы болып, етегіміз елпілдеп жатқа жалынып, имансызға табынып, ұяттан совсем қағылып қоңыр күймізді кешеміз, кетіп жатса да ойсыраған есеміз. Көпен келмей қойса күлкіден айырылып, зәлімдерден айбынып жүдеп қаламыз. Су татитын нәрсіз күлкіні жекелеп аламыз. Күлкі шарттарын бұзып, денеміз бір суып, бір қызып, нәрлі, мәнді күлкіні мазақ етіп, өлмелі қарттарды сынап мазақтаумен тынамыз. Күлкі қоғамда неғұрлым әлсіреген сайын қылмыс түрлері көбейіп, маңдайды ұрғылап, бармақ тістеп қаламыз. -Е, өз ақылың ақыл-ақ, кісі ақылы шоқырақ деп, фельетонсыз, дерек, дәйексіз сатираның тірлігі өлімші боп тұрар қалтырап. Көпен «Ара» тізгінін ұстап отыр-ақ, мазмұны заң орыны заржақтарының дерегімен «Айқынның» қосымша бетін толтырады. Фельетоншы жүрек жұтып жүріп жазбаса, қылмыс түрін өзінше зерттеп біліп мың шұңқырлап қазбаса, «Ара» ара болмайды, «ер қара» деген болады. Емен, семенденіп, айбарсыз көлеңденіп, сатираның ұсқыны бұзылып, фельетонға тән нәрсе жасандылықпен құнын түсіреді. Сатираның тоқырап құлдырауына қоғам емес, өзіміз кінәлі боп тынамыз. Дегенмен шыдаңыз, «Араның» көрер жарығы бар шығар...Сонда әп бәркелді деп қалармыз. Мүмкін осыны фельетонға іш тартып айтып отырмын-ау.Әйтпесе...не басыма ат теуіпті. -Оу, Көпен теледидардың «Көзкөргеніне» кетіп бара жатыр. -Барсын, өлгенді тірлітіп, өшкенді жағу, даналардың тірлігін айтудан гөрі, олардың кісілік сипатын жан-жақты ашу, көрерменін тереңірек толғандыру, ұлттық бейнесін мөлдіретіп қаз-қалпында жасау оңай шаруа емес.Әйтіп еді, бүйтіп еді, деген сылдыр сөзбен ұлылықтың толық өмірін ұрпаққа жеткізу қиынның қиыны. Даналарымыздың айта алмай кеткен аманаттары жетіп жатыр. Оны сықпыртқан желсөзбен жеткізу көңілге қонбайды, десек қайтеді Көпен. Абазалы Көпеннің әзіл, сықағымен Күлмесханды да күлдіретіндей болғаны жақсы еді. Өзі де, өзге де өткен қоғамның көрерін көріп, дәм, тұзын теріп жеп, берерін беріп, аларын алып, алшаң басып, талай қырқаны асып келді. Айырық жолда ақымыз кеткен жоқ, есердің сөзі сүйегімізге жеткен жоқ, бас аман, мал түгел, ырыздық қазанының түбі тесілген жоқ. Көпен де, қалың көпшілік те. Мың ойланып, жүз толғанып, атар таңмен атып тұрып, коммунизмге өлердей сеніп едік. Е,бүгінде кеткен келмейді, өлген тірлімейді, деп ел айтқышы айтқандай Көпен кетіп бара жатыр кезеңі
келіп, кеңес өкіметінің жаназасын шығарысымен сатира жым болды. Қоғамдағы жемқорлар, нетүрі сұм-сұрқиялар телпегін аспанға лақтырып, аяқтарын алшаң-алшаң баса бастады. Аяисың нысапсыз қасқаны. Көпен кетіп бара жатыр, барсын, жолына жуа бітсін деушілер де болған шығар. Жоқ, ә, құйындай ұйтқыған кезеңде фельетон кейіпкері болуды ешкімнің басына бермесін. Капитазизмге адал қылық керек, жүліктер қауіп, қатерді сезіне көрмесін.Қазақ тірінің жамандықтан аманы жоқ, өлгендердің жаманы жоқ, деген. Сосын да жамандықпен бел шешіп күресетін сатира ғой, Көп ен! Бүгінде Көпен пікірі мен ойының нәтижесін бағыттап көзі көргендердің тілегін тілеп, теледидарға қонжиды. Қасында жер астында жеті құлағы бардай, арғы, бергі замандардың айтқыштарының сөзін ұғып, бірге жүріп, тұрып, аңсағанын жатқа біліп, талайдың өлмес бейнесімен бірге жасасқандай мақтауын жетістіріп тебірене сөйлейтіні де табылар,. Қосып айтса да, бірінің сөзін бірі тосып айтса да өткен ғасырдағы көргендерін ұмытпайды. Олай дейтініміз жақында көрнекті ақын Тұманбай туралы хабарды өткізді. Біраз оқиғаларды көрерменге жеткізді. Тірліктің әр минөтінде Тұманбайдың қасынан қалмағандай ғажап сөйлеп көрермен жанына рахат сыйлағандай болды делік. Десекте Тұманбайдың «Ажар» поэмасының кейіпкерлері Әбен мен Ажар көзі тірі болса хабарға қатысқанда оқиға басқаша өрбіп даңқ, өнер, жастық, достық, ірі тұлғалардың ақынмен аралас, құраласы ерекше ашыла түсер еді. -Біздің Көпен де, жанындағы әріптесі де, талай даналармен сырлас, жолдас, құрбы, құрдас болғандай сайрайды. Азат сөз жасқанбайды, бекерлігі жоқтай сипат алады. Бүйте берсе бәлкім Абайды да көзім көріп, бір үзім нанды бөліп жедік деп қалмас па екен,-деді бір айтқыш сөздің сиқыры шын мен өтірікті айыра білудің қиындығын меңзеп. Қалай десеңізде ауыз өздеріңдікі. Көпен иненің көзінен үндістанды көргендей жарнамасымен де, барламасымен де, бұтаға қонған торғайдай «Айқын» газетіне паналап шығып жатқан «Ара» қосымшасымен де өткеннің бірін ұмыттырмай жан азабын шегіп келеді. Бүгінгі сатираның адамның миы жетпес қиялында оқтұмсықтай келістіретін сөзі де өткір, бір өзі бір журнал шығаратындай талантты Мұқтар Шерім өтірік айтқандар деп Ауыл министрі А.Мамытбековты сын семсеріне іліп еді, сыны құт болып орденмен марапатталды. Сатирадан ләззат алып, бедел, баққа ие болатындар қай заманда болмаған. Сатира алдауды да, алдану да көрген, арбалудың да құпиясын білген. Бүркелген тұман астында қалған фельетон мақсатына жетпей қадірі кеткен. Сондықтан Көпен келе жатыр ма, кетіп бара жатыр ма, есепсіз ойын жүйелей алмай отыр ма, ақырғы еһелесетіні «Көз көрген» болса керек. Өйткені, сала-салалы сатираның жолы бұралаңға түсіп салғыртси бастады, оның үстіне теледидарлардағы әзіл, сықақ дегендері көрермен жұрттың ойынан шықпай әбден түңілдірді,
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру