Ибн Синаның филососфиялық мұрасынан. Физика
Kitap.kz
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасыныңкітап сериялары Бас редакциясының алқасы Тасмағамбетов И.Н., бас редактор Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары Жанаханов Қ.Қ, жауапты хатшы Әбділдин Ж.М, Әуезов М.М., Байпақов К.М., Зиманов С.З., Кәлетаев Д.А., Қасқабасов С.А., Кекілбаев Ә., Кенжеғозин М....
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
ФИЗИКА
ИБН СИНАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫНАН
(Аударған Т.Ғабитов)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Жаратушым менің, маған білім қоса гөр! Бүкіл ғалам жаратушысының құдіреті арта берсін және оның пайғамбары Мұхаммед пен оның пәк отбасына сәлем!
Төменгі ғылымның (физиканың) бастауы немесе табиғат туралы ғылымдар
Болмыс субстанция мен акциденцияға бөлінетінін, біз енді білдік. Акциденция қос түрлі болады: оны білу басқа бірдемемен байланысты, акциденция және оны білу басқа әлденемен байланысты емес, акциденция. Сол акциденция, қайсысында байланыс бар болса, субстанцияның және сол еш нәрсемен байланысы жоқ акциденцияның тармағы болатынын, біз тағы да білдік. Сол акциденция, қайсыда ештеңемен байланысы жоқ болса, онда немесе сапа, немесе сан болатындығын, біз тағы да білдік. Субстанция және абсолюттік акциденция мәнін білу /1/ жоғары ғылымның пәні болатындығын, біз бұрын айтып өттік. Егер де, олар материяда болатын, және қозғалыс, және тыныштықпен байланысы бар, сапалық және сандық күйлерді егжей-тегжейлі қарастырсақ, онда олар физика мен математика пәніне енеді. Физика, ол туралы түсінік материядан ажырамайтын, сондай күйлерді зерттейтін ғылым болып табылады. Математика — бұл, олар болмыста материядан бөлінбейтін, бірақ оларды қиялмен бөліп алуға болатын, сондай күйлер туралы ғылым. Сонымен, болмысты толық зерттеу бізді жоғары ғылымдардан төменгілерге әкеледі. Біздің баяндауышымыздың қисынды байланысың үзбеу үшін, сондықтан біз табиғат туралы ғылымды түсіндіре бастаймыз, ал соны, не математикаға қатыстыны, біз осы кітаптың соңында келтіреміз және осы жөнінде өз орнында айтамыз. Ғылымның принциптері туралы табиғат жөнінде және математика туралы біз жоғары ғылым бөлігінде айтып өттік. Табиғат туралы ғылым материя және қозғалыспен байланысты болғандықтан және біз материя күйін танығандықтан, бізге тек қозғалыс күй-жайын білу қалды.
Табиғаттағы қозғалыс күйін түсіндіру
Қозғалыс деп, әдетте, не кеңістікте іске асатын болса, соны атайды, бірақ қазір бұл ұғымның мағынасы басқа, кеңістіктегі қозғалысқа қарағанда, жалпылау бола бастады. Олар потенциалды түрде (сондай) зат бола алатын, қайсыбір заттың кез келген күйі мен әрекетін, осы потенциалдық себебімен қозғалыс деп атайды. Осының түсіндірмесі мынадай: ол потенциалды зат болып табылатын (солай, мысалы, ол потенциалды қара болып табылатын, дене), сол зат — не оның мүмкіндігі мен шындығың арасында кейбір әрекет етіледі, не алдымен ол болады және, потенциалдықтан шығатын, ол арқылы әрекет етіледі, не дене мүмкіндіктен шындыққа бірден өтеді. Бірінші мысал: зат біртіндеп қараяды, шегіне жетеді және тоқтайды. Екінші мысал: зат бірден қараяды немесе мөлдір, немесе күңгірт бола бастайды. Осы екінші мысалда мүмкіндік пен шындықтың арасында ештеңе жоқ. Бірақ бірінші мысалда, әзірше мүмкіндікте болатын қаралық, шегіне жеткенше, қозғалыста болады. Ал, қашан толық мүмкіндікте және толық шындықта жоқ болған күйде, солай, мысалы — қаралыққа аздап өтетін ақ емес және оны біз қалайтын, таза емес қаралық болса, онда дене, оны қозғалыс деп атайтын, сол жолдан басқамен, бір күйден екіншісіне өте алмайды. Дене бір орыннан басқасына тек бір түрткі арқылы ауыса алмайды, өйткені дене бөліктерге бөлінеді және өз орнынан бөліктерімен алыстайды, ал сол, не бөліктерімен алыстайтын бір түрткінің нәтижесінде бола алмайды. Бірақ бір сападан басқа сапаға бір түрткімен өтуге және біртіндеп ауысуға болады. Бір сападан екіншісіне осылай ауысу айналу деп аталады. Бір саннан басқа санға ауысу бір секірістің нәтижесінде жүзеге аспайды. Сол сияқты бір күйден басқасына өту бір түрткімен жүзеге аспайды, бірақ бір субстанциядан басқасына, солай, мысалы, сулыдан оттылыға өту үшін, тек бір түрткі жеткілікті, себебі субстанция, оны акциденция қабылдағандай, санды қабылдамайды. Мысалы, қаралық басқадан қаралау бола алады, ал адамзат басқадан қаралау бола алмайды. Адам бір серпінмен адамзаттан шығады және не адам, не адам емес болады, себебі, егер оның адамзаттығы /2/ кемірек болса, онда адамзат түрі не қалуға, не қалмауға міндетті. Егер ол қалатын болса, онда, солай болғандықтан, қозғалыс, бірақ текте емес, түрлік ерекшелікте емес, анықталуда емес, акциденцияда болады, ал егер түр жоғалып кетсе, онда кемістіктер пайда болатын тек сонда емес, ол (түгелімен) жоғалады. Барлығы, не қозғалады, немесе сыртқы әлденемен қозғалады (мысалы, жебе садақтан, су отпен жылытуда), немесе өзімен өзі қозғалады (мысалы, өзінен-өзі құлайтын тас, немесе өзінен-өзі суып кететін ыстық су). Соның қозғалысы, не өзінен-өзі қозғалады, оның денесінде емес, ал тек оның күйі мен формасында жүзеге асады. Егер де ол оның денесінде жүзеге аса алса, онда қозғалыс барлық денелер үшін тұрақты және бірдей бола алатын еді. Ендеше, ол қайсыбір күш арқылы жүзеге асады, жөне егер (бұл) күш жігермен қамтамасыз етілмесе және бірқалыпта болса, онда бүл күшті табиғат деп атайды, өйткені табиғат, оның қозғалысы мен тыныштығы оның мәнінен шығатын, содан сол дененің қозғалысымен тыныштығы пайда болатын, бірінші себеп болып табылады. Ал егер ол жігермен қамтамасыз етілсе және бірқалыпта емес болса, онда ол өзі-өзімен ерекше және өзінің мәнісінен шықпайды және сонда жігермен немесе одан тыс себептелген болады. Жан дегеніміз осы. Әрбір қозғалыстың қарама-қарсысы тыныштық. Ол орны немесе сапасы бойынша, немесе саны бойынша, немесе басқа бір мағынада қатысты, қозғалыста болатын дене, егер ол бірқалыпта қозғалатын болса, онда ол, оны тыныштық деп атайтын, (сондай) күйге (жетеді).
Қандай формаға шеңбер бойынша қозғалыс жатады, соны түсіндіру
Ол өзін айналушы қозғалыс болып табылатын, айналып оралу бір жайдан басқа жайға, ал бір орыннан екінші орынға емес, өту болып табылады; ол, бастапқы денедегі сияқты, орыннан тыс та болуы мүмкін, өйткені қашан сіздер, кеңістіктің не екендігін білгенде, онда оның кеңістікте бола алмайтынын да, білесіздер. Ал егер (айналып оралу) кеңістікте жүріп жатса, онда ол одан жұлынып кетпейді, ал (дененің) бөліктері оның орнының бөліктерінен бөліне алады; және бүл қозғалыс болады. Сонымен, айналып оралу жай (категориясында) жүзеге асады, және де біз бұл туралы айтып өткенбіз.
Саны бойынша қозғалыс формаларын түсіндіру
Саны бойынша қозғалыс екі түрлі болады: біріншісі тамақтану арқылы жүзеге асады және екі түрге бөлшектенеді: біріншісі — өсу, екіншісі — солу (азаю); екінші қозғалыс тамақтанусыз жүзеге асады, және ол да екі түрге бөлшектенеді: біріншісі — тығыздық, екіншісі — үгілмелік. Өсу ас қабылдағанда жүреді: ас тамақтанушымен ассимиляцияға ұшырайды және оның өсуін шақырады; бұл бүкіл жаратылғанның, қалай жануар болсын, солай өсімдік болсын өсуіне жатады. Солу — бұл дененің фильтрация және фильтрациямен салыстырғанда ас қабылдаудың азаюы себебінен кішіреюі, өйткені одан фильтрация ауамен оның ылғалдығын сорып алады және оған тән дене қызуын іске жарата жұмсағандықтан, сол себепті ас, тәннен не кететін болса, соның орнын толтырады. Үгілмелікке қатыстыға келсек, онда ол, қашан тән өсуге, оған бірдеме қосылмай-ақ, қозғалған жағдайда пайда бола алады, солай, мысалы, қашан су жылығанда, онда ол кеңейгенде, немесе қашан адам қарынындағы ас оған сырттан бірдеме қоспай-ақ ұлғайғанда; бүл — өзінен өзі ұлғаю. Оның себебі бірінші материяның үлкен көлемді қабылдауы болып табылады. Бірінші материя өзі-өздігімен өлшемге ие емес, және өлшем оның мәнісінің сыртында жатыр. (Бірінші материя) (бүл өлшемді) қабылдайды. Бірінші материя қабылдайтын, өлшем қандай болса да, өсуге немесе кішіреюге қатысты ол бірінші бола алмайды. Тығыздық дегеніміз, әлдене істен кетпейтіндей етіп, кішірею жағына қарай қозғалу. Мысалы, қашан су суығанда, ол азаяды.
Қозғалыстың әр түрлі күйлерін түсіндіру
Денелер қозғалысы үш түрлі болады: біріншісі акциденциясы бойынша, екіншісі — мәжбүр етілуі бойынша, үшіншісі — табиғи. Акциденциясы бойынша қозғалыстағы дене, ол қозғалатын басқа денеде болатындығында жатыр. Ендеше, оның қозғалысы, ода ол болатын дене қозғалысы себебінен өтеді. Мысалы, қашан сандық бір орыннан басқа орынға ауысқанда, сандықтың ішіндегі киімдер, онымен бірге (қозғалады), яғни бір орыннан басқа орынға, солай, мысалы, бір үйден басқа үйге, бірақ олардың өз орны қалады, себебі олардың өз орны сандық болып табылады. Мәжбүр етілуі бойынша қозғалыс: дене өзінің бір жеке орнынан басқа жеке орынға қозғалады, бірақ бұл қозғалыс өздігімен (өтпейді), ал қозғалыстың себебі (дене) мәнінен тыс тұрады. Мысалы, нені сүйрейді, өртейді немесе лақтырады, солардың бәрі. Табиғи қозғалыс — бүл сол, не өзі бойынша өтеді, солай, мысалы, тастың құлауы, судың атуы, от пен ауаның көтерілуі. Егер де тас пен судың құлауы, от пен ауаның көтерілуі, кейбір ғылымдар ойлайтындай, мәжбүр ету арқылы өтсе, немесе олар айтқандай, су ауаны қысып шығарады да, оны шығарып тастайды, немесе басқалар айтқандай, бүкіл ауа ауаның бір бөлігін өзіне тартады, сол сияқты жер жердің бір бөлігін өзіне тартады, немесе аспан орталықтан итермелеу түрінде жердің бір бөлігін өзінен лақтырып тастайды, немесе аспан отты өзіне тартады — сонда, не кіші болса, сол жылдамырақ қозғалатындай, ал не үлкенірек болса, сол баяу қозғалатындай болып көрінетін еді, бірақ біз шындықта керісіншесін көріп отырмыз. Ендеше, бұл қозғалыс табиғи және ол, (дене) оз орнын іздегендіктен жүзеге асады. Өзімен-өзі болатын қозғалыс немесе ол бір жайдан басқасына ауысатын, (дененің) жайында ол жүзеге асатын, айналып қайтатын болып табылады, ал ол сандыққа /3/ жатады немесе ол кеңістіктегі бір орыннан басқа орынға ауысатын тура бағытты болады. Тура бағыттағы қозғалыс екі түрлі болады: немесе жеңілдік салдарынан көтерілуші, немесе ауырлық салдарынан төмен түсуші. Олар екеуі де басталуға не ие, не ие емес. Бастамасы бар, көтерілетін қозғалыс отқа тән, ал шексіз көтерілетін — ауаға тән. Бастамасы бар, төмен түсетін қозғалыс жерге тән. Бастамасы жоқ, төмен түсетін қозғалыс суға тән. (Дене оз табиғаты бойынша) неғұрлым таза болса, онда оның қозғалысы соғұрлым жылдамырақ және туралау болады; ал ода оның сипатына қарама-қарсының қоспасы бар болса, онда қозғалыс аздап туралау және ақырындау болады.
Кеңістікті анықтауды баяндаудың бастамасы
Кеңістік орын болып табылады және бірнеше қасиеттері бар деп, барлық ғалымдар айтады. Біріншісі сол, не олардың бірінде ол тыныштық күйіңде болатын, бір орыннан басқасына қозғалып бара жатқан дененің ауысуы. Екінші қасиет: екі дене бір мезгілде бір орынға сыйыспайды. Мысалы, егер біз құмырадағы суды төгіп тастамасақ, онда оған сірке қышқылын құя алмаймыз. Үшіншісі: кеңістікте жоғары және төмен бар. Төртіншісі: ол онда /яғни кеңістікте болады деп, дене туралы айтылады. Орын бірінші материяға жатады, себебі ол өзіне, бір дененің басқасынан кейін орын қабылдағанындай, әлденені қабылдайды. Бірақ бүл қателік, өйткені бірінші материя, дененің өзін емес, ал форманы қабылдайды. Орын форма және (әлдебір) жаратылған болады, себебі ол дененің өзінің формасында түр деп, басқалары айтады. Бірақ бүл да қателік, өйткені қозғалыс кезінде дененің формасы бөлшектенбейді, ал орын бөлшектенеді. Бүл да бірінші материяға жатады. Нені бүл дене алатын, сол әлем көлемі санының дене орны бөлшегі болып табылады деп, кейбіреулер айтқан. Мысалы, сол су алатын, олар ішкі қабырғалардың арасында болатын, сол көлем мен сол қашықтық та судың орны болып табылады. Бүл пікірдің екі жағы бар. Бұл көлем, оған әзірше бір дене еніп, ал (онда бар) басқа дене шыққанша, бос болып қала алмайды деп, біреулер айтады. Бұл (көлем) бос қала алады деп, басқалар да айтады. Бұлар бостықтың жақтастары, және олар, әлем бостықта тұр және онда бостық бар деп, дәлелдейді. Бұл пікір қиялға жақын және ақылдан алыс. Бостықтың бар болуы туралы пікірдің пайда болуының себебіне, оны біз көзіміз арқылы көре алмайтын ауаның бар болуы жатады. Ал адамдар, ештеңе жоқ және кеңістік бос деп ойлағандықтан, бостық мүмкін деп қиялдады.
Өлшеудің кеңістік емес екендігін түсіндіру
Су болсын, сірке қышқылы болсын, ода ол бар болатын, сол дененің мөлшерінен басқа, құмыра жақтарының арасында көлем мен мөлшердің болмайтынын, алдымен біз түсінуіміз қажет. Көлем кеңістік пе, әлде жоқ па екендігі жөнінде сипаттай отырып, олар су немесе сірке қышқылының денесінде бардан басқа, құмыраның ішінде ешқандай көлем мен мөлшердің жоқ екендігін, біз бақылай аламыз. Егер де біз сол құмыраның ішіне ешқандай денені орналыстырмасақ та, онда сол құмыра жақтарының бір-бірінен алыс тұратынын елестете аламыз деп айтқандардың, пікірі дәлелді емес, себебі барлық көзге елестетіле алынған, іс жүзінде шындыққа айнала бермейді, өйткені, егер де біреу "ойдағы бесті екіге бөлсек, онда жұп шығады" десе — бұл қиялда дұрыс, бірақ шартты, ал шындықта бес ешқашан шартсыз жұп бола алмайды. Осындай көлемнің бола алмауын түсіндіру мынадай: олар жылы немесе суық, қара немесе ақ, немесе олар тоғыз категория бірінің қасиетіне ие болғандығынан, немесе олар біріне-бірі сәйкес келетіндіктен әлде қарама-қарсы болатындықтан емес, денелер біріне-бірі ене алмайды, өйткені осыдан, барлығы, соларда осындай қасиеті жоқ болса, онда олар біріне-бірі ене алады деген қағида шытар еді. Денелердің біріне-бірі енбеуі олардың субстанционалдығымен байланысты емес, себебі бұл көлем олардың субстанциясына жатады, ол өйткені өзімен-өзі бар, ал объектіде жоқ болады және оның өзі субстанция болатын, сондай денеге ене алады. Ендеше, мәселе ненің бір көлемнен басқа көлемге енбейтіндігінде, мұның себебі сол, себебі екі көлем бірден үлкен. Олар бар болғандығынан және біріне-бірі тура келгендігінен, қос көлем тура келе алмайды. Егер бір көлем жоғалып кетсе, онда жоғалып кеткен кеңістік емес, өйткені сол, не жоғалды, дене көлемі болып табылмайды. Олардың екеуі де бар болатындай және өзінің қос жақтылықтың сақтай отырып, бір көлемнің басқаға енуінің жолы солай бола алады. Әйтсе де, табиғаты бойынша бір, сол заттардың арасындағы қос жақтылық, сонда не бірінде бар әлдене, екіншісінде жоқ болатындығынан тұрады. Егер екеуі де бірге болса және біріне-бірі енсе, онда екеуіндегі материя біртекті болады, және олардың қасиеттері бірдей, бірақ, енді олардан ешқандай із де қалмаған, олардың бұрынғы күйі, енді оларды бөлмейді, өйткені сол, не бар болмаса, ол екі бар болатын мен бар болмайтынды ажырата алмайды, ол ештеңе істей алмайды, ол әрекет етпейді. Бір көлемнің басқаға ене алмайтындығы осыдан түсінікті; ендеше құмыраның ішінде көлемнің бар болуы және оған судың құйыла алуы мүмкін емес, өйткені бұл үшін судың көлемі құмыраның көлеміне ене алуы қажет. Ал бүл мүмкін емес.
Бостықтың жоқ екендігін түсіндіру
Ешқандай көлем басқа көлемге ене алмайтындығы жөнінде, оларды біз келтірген, дәлелдемелер бостықтың мүмкін еместігін түсінуге жеткілікті болар еді, бірақ біз, сол бостықтың өзінің жоқ екендігін және бостықта не қозғалыс, не тыныштық бола алмайтынын көрсетеміз. Егер тіпті бостық бар болса да, онда ол, оны өздеріне кейбіреулер елестетіндей, бола алмайды деп, біз айтамыз; ол ештеңе, ал, екі басқа денелердің арасындағыға қарағанда, осы және тағы да осындай денелердің арасында бостық көбірек болатындықтан, ол әрі ештеңе, әрі осылай айтуға мүмкіндік бар болғандықтан, бұл қалай бола алады? Немесе былай айтсақ, бостықтың осы санында таны басқа сан орын ала алатындықтан, не бүл саннан көбірек оған ене алмайды, немесе оның саны аздап кеміді ме? Біз осыған дейін қалай айтқанымыздай, ештеңе осындай қасиеттерге ие емес. Егер бостық бар болса, онда оның көлемі бар болуы және, акциденция емес, ал субстанция болуы керек, себебі ол, басқа объектіде орын алмай, өзімен өзі бар болады. Көлем мәні субстанция емес екендігін, ал біз енді білеміз. Ендеше, бостық көлемнің мәнісі емес. Ендеше, көлем субстанцияда түр, ал осындайдың басқалары, олар толықтық және дене болып табылады. Ендеше, бостық дегеніміз дене және дене денеге енетін болып шығады, ал бұл мүмкін емес.
Бостықта қозғалыстың болмайтындығын түсіндіру
Қозғалыс не табиғи, не мәжбүр етілумен болады; тыныштық та дәл солай. Қашан дене бүл орынды емес, ал басқа орынды қажет еткенде, қозғалыс басқа орынды қажет еткенде, қозғалыс сонда табиғи болады. Қашан дене осы орынды қажет еткенде, сонда табиғи тыныштық болады. Қашан дене бұл жаққа емес, ал басқа жаққа қозғалысы келсе, сонда ықтиярсыз қозғалыс болады. Қашан дене бүл орынды емес, басқаны талап еткенде, ықтиярсыз тыныштық сонда болады. Мысалы, егер кімде-кім тасты күшпен жоғары лақтырса немесе күшпен суға ауа үрлесе, солай болады. Бостық тек біркелкі бола алады. Онда ешқандай ерекшелік жоқ, және сондықтан ол үшін бір орын басқасынан жақсырақ емес. Онда ол орналасқан, сол шектегі әлемнің ол орналасқан, сол шектегі әлемнің жайы, оның басқа жайына қарағанда, тек кездейсоқ болмаса ғана, жақсырақ бола алмайды, ал кездейсоқ мәңгі емес және біз айқындап үлгергендей, кездейсоқтық тек акциденталдық себептермен ғана бола алады. Мәселе сонда болғандықтан, әлем бір орында ғана тұра алмайды, әлдекім былай сұрайтындай: неге әлем осында, ал басқа жерде емес дегендей көтеріле бермейді. Сонымен, бостықта не табиғи, не ықтиярсыз қозғалыстың және тыныштықтың болмайтындығы, айқын. Орында тұрған, кез келген дене не қозғалады, не тыныштық күйінде болады. Сонымен, дененің бостықта өмір сүрмейтіні, осы дәлелмен және басқа да дәлелдеу жолдарымен айқындалады. Бостықта қозғалыстың болмайтындығы туралы басқа бір дәлелге, қозғалып бара жатқан денеде тығыздық (азая) берген мөлшерде және кеңістіктегі сұйылудың арта беруінен жылдамырақ қозғалуға міндетті деген жатады. Мысалы, тас ауада, оның судағы қозғалысына қарағанда, жылдамырақ қозғалады. Ендеше, егер қайсыбір дене бостықта қозғалса, онда бүл дененің қозғалысы уақытта шектелген болуы керек. Егер дене толғанда қозғалса, онда қозғалыс уақыты тағы да шектелген болуы керек. Егер біз басқа кеңістік бар жөне оның тығыздығы мен сиретілгендігінің бұрынғы толтырылғанға қатынасы бостықтағы уақыттың толтырылғандағы уақытпен қатынасындай болады деп қиялдасақ, онда толтырылғандағы дененің қозғалысы, бостықтағы сияқты, сондай уақыт аралығында өтуге міндетті, және, қайда ешқандай қарсылық, тоқтату және кедергі жоқ, бостықтағы қозғалыс уақытына қатысты, нақтылы немесе қиялда бар, толтырылғандағы қозғалыс уақытына ол тең дегенді ұйғаруға болмайды. Өйткені қарсылықтан бос кеңістіктегі қозғалыс уақыты, қайда біз қарсылық бар деп ұйғаратын, сол кеңістіктегі қозғалыс уақытымен бірдей дегенге жол беруге болмайды, өйткені не шындық болсын, не қиял болсын, қарсылық пен қарсылықтың жоқ екендігін бірдей деп көрсету дұрыс емес. Ендеше, бостықта қозғалыс бола алмайды.
Бостық бей болмысының табиғи куәгерлерінің куәліктері
Бостық бар болмайтындығының куәліктері көптеген. Біріншісі — егер орнын баса тұру болмаса, дененің жанасатын сыртқы беттері бір-бірінен жұлынып алынбайтындықтан, су ыдыстан ақпауы және маңайына төгілмес үшін, оның кіретін тесігі жабылған, насостағы судың күйіндей болуы керек. Дәл солай, егер су тартқыш суды бір жағына құятын болса, онда су тартылып алынбайды, өйткені, егер су бір жағынан құйылатын, екінші жағынан сорылып алынатын болса, онда бостық пайда болады. Ендеше, ол төгілетін, судың сол бөлігі оның басқа бөлігін өзіне сорып алады, сондықтан, егер олардың арасында бірдеме тұратын болмаса, олардың арасында үзіліс болмайды. Басқа мысал: қашан қан сорғыш оңқа, ауаны сора отырып, оны өзіне тартса, егер олардың арасында ештеңе болмаса, онда ауа тән терісінен ажырай алмайды және дербес емес болады. Сондықтан ауа теріні өзімен ішіне тартады. Тағы мысал: егер келіге соның мөлшеріне сәйкес ыдысты, келі мен ыдыстың арасында кеңістік болмайтындай етіп салса, онда ыдыстың ұстасуы жүзеге асады. Тап осылай, инженерлер бүл негізде өздерінің жұмыстарын, яғни бостықтың болмауына сүйене отырып, іске асырады.
Кеңістік дегеніміз не екендігі жөніндегі біздің пайымдауларымыздың нәтижелері
Сонымен, дене орны бірінші материя да, форма да, көлем де, бостық та емес; дене орны оны қамтитын нәрсенің шегі болып табылады, және кез келген шек емес, ал сондайы, қандай көлемденген денемен жанасатыны және оның көмегімен бір дене басқасымен жанасады, мысалы, құмыраның ішкі жағы, құмыра қалың ба, әлде жұқа ма, әлде не мүлдем қалыңдығы жоқ па, соған байланысты сумен жанасатыны сияқты. Барлық жағдайларда бүл ішкі бет судың орны болады. Және бүл пікір ең дұрысы. Бұл ұлы философ Аристотельдің пікірі. Кейін ғалымдар оған бұл мәселе бойынша қосылған. Ендеше, оттың орны — аспанның ішкі беті, ауаның орны — оттың ішкі беті, судың орны — ауаның ішкі беті, ал жердің орны — судың ішкі беті, және де бүл мына жағдайда болады: от өз орнында, ауа да өзінде, дәл солай су да. Олардың әрқайсысы, бұл қалай қажет болғанындай, өзінің белгіленген орнында болуы керек және де бұл сол шартқа жатады. Табиғи жылылық, табиғи суықтық және табиғи емес жылылық пен табиғи емес суықтықты түсіндіру Табиғи жылылық пен табиғи суықтық денеде табиғаты бойынша, мысалы, қашан су мұздағанда, ал от жанғанда болады. Табиғи емес болып сол, не сыртқы себеп бойынша жүзеге асатын болса, сол есептеледі. Жылылықтың сыртқы себебі үш түрлі болып келеді: біріншісі — ыстық дененің көршілес болуы суық денені жылытады және қыздырады, мысалы, от суды қыздырады. Екіншісі — қозғалыс пен үйкеліс, солай, мысалы, қашан суды шайқасаң, ол жылынады, яғни су, тұрғанына қарағанда жылылау, немесе егер біз тасты таспен үйкесек, онда жылылық пайда болады және от жанады. Үшіншісі — жарық. Оған жарық берілген, кез келген дене, жарықсыз денеге қарағанда, жылылау, ал лупа, жарық бере отырып, от жата алады. Осы тәсілдердің әрқайсысын түсінуде, Аристотельден бастау алатын, ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар.
Қарапайым элементтер сандарын түсіндіру
Қарапайым денелер не пайда болумен жойылуға ұшырай алады, не оларға ұшырамайды; және (олардың) әрқайсысында өзіндік қозғалысы бар екендігін, (біз) түсіндірдік. Пайда болу мен жойылуға ұшырайтын дене тура бағытты қозғалысқа ие, ал сол, не оған ұшырамайды — айналып қайтатындарға жатады. Бізді қоршаған және аспан күмбезінің астында тұрған денелер табиғи және тура бағытта қозғалады, және олардың бәрінде мынадай сапалар бар: олар жылы, ылғалды және ажыратылатын, және керісінше, жеңіл қосылатын, жеңіл форма қабылдайтын және жеңіл формасын жоғалтатын болады, солай су немесе ауа бола алады. Және олар құрғақ, қиындықпен ажыратылатын, қиындықпен қосылатын болады және барлық жанасатын денелермен үйкеліс туғызады және (олармен) қосылуға бармай-ақ қояды, мысалы, жер сияқты, форманы қиындықпен қабылдайды және жоғалтады. Үгітілмелік ол құрғақпен араласатын ылғалдан шығады, ал жұмсақтық ылғалдыдан шытады, қаттылық құрғақшылықтан болады. Табиғи нәзіктік те ылғалдан, ал табиғи дөрекілік құрғақтықтан шығады. Не түске, иіске және дәмге қатыстыға келсек, онда денелерде олардың жоқ болуы да мүмкін. Ауа сияқты түссіз, ауа мен крахмал сияқты дәмсіз, тас, ауа, таза су сияқты иіссіз денелер болады. Олар түйсінумен сезілетін сапалар, бұл денеде, олар көрудің, иіс сезінудің және дәмнің көмегімен сезілетіндерге қарағанда, көбірек болады. Не естуге қатыстаға келсек, онда күмән жоқ, ешқандай дене өзі бойынша дыбысқа ие емес. Ендеше, денелердегі бірінші айырмашылық жылылықта, суықтықта, ылғалдық пен құрғақтықта тұр. Жеңілдік жылылықпен, ауырлық суықтықпен байланысты. Бәрі, нелер құрғақтау болса, солар қаттырақ болады. Жылы және құрғақ жеңіл, ал суықтау мен ылғалдылауы — ауырлау. Ендеше, біздің маңайымызда бар, сол қарапайым денелер былай ажыратылады: 1) не жылылығы және құрғақтығы бойынша, және де, от немесе сонда, неде тап мұндай от басым түсетінге қарағанда, одан жылы және құрғақ ештеңе жоқ; және 2) не жылылығы және ылғалдығы бойынша, және де, ауа немесе сонда, неде тап мұндай ауа басым түсетінге қарағанда, және ауаның жылылығы аздау болса да, одан жылылау және ылғалдылау ештеңе жоқ. Егер де ауа жылы болмаса, онда ол жоғары көтеріле алмас еді. Қашан су қыздырылғанда, ол бу түрінде жоғары қарай көтерілуге ұмтылады. Бірақ, қайда біздің денелер болатын жерде, сонда жермен көршілес орналасатын, ауа суық болады, дегенмен ол өзі өзімен суық болады, дегенмен ол өзі өзімен суық емес, ал сумен салыстырғанда ол жылы, себеп ауа суда басымдық танытады. Және бүкіл ылғалдық будан шығады. Егер де жер күн сәулелерімен қыздырылмаған болса, онда бүл жерде суық болар еді; бірақ, жермен көршіліс болатын ауа, сол жермен жылытылады, ал жоғары қабаттарда және жердің өзінде ауа суық. Бу арқылы ауа жылытылады, бірақ ол от қыздыратындай бола алмайды; 3) не суықтығы және ылғалдығы бойынша; су немесе тап сондай су, неден басым түсетінге қарағанда, одан суық ештеңе жоқ; 4) не суықтығы және құрғақтығы бойынша жер немесе, сол жерде болатыннан, одан суық және құрғақтау ештеңе жоқ. Жер өзі өзімен жылы емес, ол өзі өзімен қалдырылған, ол суық, әйтпесе ол тығыз және суықтау бола алмас еді. Ендеше, қарапайым денелер немесе элементтер, төртеу: жер, су, ауа, от. Барлық басқа денелер олардан құрастырылады.
Әрбір денеде табиғи орын мен табиғи фигура (шакл) бар екендігін түсіндіру
Әрбір дене табиғи орын мен табиғи фигураға /4/ ие. Солайша оны бүл орында (болуға) ешкім мәжбүр етпейтіндіктен, онда дене шектерінің бар екендігіне күмән жоқ. Бүл шектің ешбір сыртқы себебі жоқ. Ендеше, бүл себеп дененің өзінде, әрбір дене шектелген және әрбір шектелген дененің фигурасы болуы керек және бүл фигура жат себептен емес, ал оның өзінен шығады. Ендеше, әрбір дене, ол ода болатын, шектерде орын алады, және бұл табиғи, және әрбір дененің фигурасы бар, және қарапайым дене үшін оның табиғи фигурасы дөңгелек болатынын біз айқындаймыз.
Қарапайым денелердің орнын және денелік бірлігін түсіндіру
Ол шектермен көлемденген, денелерден тыс басқа көлемденген немесе шектелген дене жоқ, әйтпесе олар басқа денемен екі шегі бар болар еді: оларға бағытталған біріншісін және оларға тыс қатынастағы денелерге бағытталған екіншісін көреміз. Бірақ сонда, ол көлемдене алуға міндетті, үшіншісі де қажет, өйткені көлемденетін дененің шектері сыртқа емес, ішке бағытталатынын біз білеміз. Көлемделінетін денелерге не қатыстыға келсек, онда олардың осы дененің ішінде болатынына, соған күмән жоқ. Бүл бірегей дене болуы керек және оның орнында бірегей болуы қажет, өйткені дененің жалпы орны — бұл, қашан оның бүкіл бөліктері бірге жинақталған және бір-бірімен қосылған болса, олардың қозғалысы бірдей болады және олардың барлығы бір (бағытқа) бағытталады. Мысалы, сен бір табиғатта нәрселерді бір орынға жинасаң, онда олардың бір бөліктері бір жаққа қарай, ал басқа бөліктері басқа жаққа қарай қозғалуы жүзеге аса алмайды, өйткені олардың барлығы бірдей қозғалуға міндетті. Ал олар бірдей қозғалатын болса, онда олардың ортақ орнына олардың жеке орындарының жиынтығы жатады. Бүкіл су үшін ортақ орын бір және басқа денелер үшін де, тап осылай. Сол себепті әрбір дененің бір орны болғандықтан, сондықтан оның табиғи қозғалысы да бірегей болады. Бірақ, бір-бірімен байланысы жоқ, немесе, бір денеде бола тұрып, солай, мысалы, ай және әлем, ай сфераларында болатын пайда болу және жойылу сияқты, олар бірінен-бірі ажыратылған болса, сонда денелердің таратылған орындарының болуы мүмкін емес. Себебі қарапайым денелер табиғи дөңгелек формаға ие, ал басқа жағдайда жалпы материя мен жалпы табиғатта бір орын бір текте, ал басқа орын басқа текте болар еді; мысалы, төртбұрыштың бұрышы бір орында, ал жазықтығы басқада болар еді, бірақ бүл мүмкін емес, себебі сол бір субстанциядан әрі тереңдік, әрі жазықтық болып шығар еді. Ендеше, қарапайым денелердің табиғи фигуралары дөңгелек болуы керек, ал егер бұл дөңгелек денелер шашылатын болса, онда олардың арасында бостық болар еді, ал бостық жоқ. Ендеше, бүкіл әлем бірегей дене болып табылады.
Бұл қатынастағы келіспеушіліктерді түсіндіру
Ешқандай жылы дене суық бола алмайды, және керісінше, болады деп кейбіреулер айтады. (Олардың сөздері бойынша), алайда, үш күй болуы мүмкін: егер сен судың астына от қақсаң, онда оттың бөліктері судың ішіне еніп, онымен араласады және суды жылытатын болады. Мәселе суды жылытуда емес, ал сонда, не жылылықпен араласатында, және сумен ол араласатын, жылудың қуаты одан шыға алады. Одан жылу қуаты шыққаннан кейін, ол қайтадан суыла бастайды. Суық онда жойылғаны және қайтадан қалпына келтірілгені туралы мәселе болып отырған жоқ; суық жасырын болады, ал жылылық суықтан басым түсті, сондықтан суықтық байқалмайды. Екіншісі — жылылық қозғалыстан алынады, от судың ішінде жасырын болды. Қашан су бөлшектері қозғалғанда, жылылық көрініс табады. Үшіншісі — жарық онымен араласады және де ол акциденция емес, ал бір орыннан басқасына ол қозғалатын, ыстық, жанатын дене болып табылады.
Бірінші пікірдің сандырақ екендігін түсіндіру
Егер қозғалыс, қайсыбір денеде отты таба отырып, оны қыздыратын болса, онда оның сыртқы бөлігі жылы, ал ішкісі суық болатындай еді: жебеде бекітілген және садақтың қуатымен атылған, қалайы ұштықтың бөлігі, еріп кетуге міндетті болса, ал басқа бөлігі олай емес болса, онда осылай сыртта жылылық, ал іште суықтық болар еді. Немесе егер тас қазанның қақпағы сынып қалса, онда оның іші суық болар еді. Бірақ іс жүзінде бұл осылай емес, ол бұрынғыдан гөрі, іші де, сырты да ыстығырақ болар еді. Басқа мысал: егер кімде-кім местегі суды ұзақ уақыт шайқайтын болса, онда оның сырты да, іші де жылытылған болар еді, ал сыртынан от болғандықтан ыстық, ішінен — суық бола алмайды. Керісінше, іші де, сырты да бірдей, өйткені жанып тұрған от біркелкі және сол себепті ол біркелкі болғандықтан, судың күйі де біркелкі болып қалады, тек осыған дейін ол жылы болмаса, оттың қозғалысы суды жылытады. Және бұл бір күйден басқасына ауысу деп аталады. Ал бұл адамдар, жеке өзінің қызулығы мен оттан емес, ауаның қызулығы мен оттан емес, ал ауаның қызулығы мен жылылықтан ериді дей отырып, сол пікірді олар ұстанбайды, басқа нәрселер туралы да олар осындай сөздер айтады, алайда біз бұл пікірдің абсурд екендігін дәлелдейміз. Бәрі, не таза оттан жылдам өтетін болса, оттан баяу өту мезгілімен салыстырғанда, сол аздау жанады. Ал егер таза от тап осылай болса, онда аралас от одан гөрі осылай болады. Осының себебі сонда, әрекет етушіге өз әрекетін орындау үшін уақыт керек екендігінде тур. Егер ол қысқа болса, онда әрекет орындала алмайтын болады. Егер дене, ауада тез қозғала отырып, өзіне ауа отын жылдам сорып алғандықтан, және де, одан осы оттың біршама бөлігі бөлініп кеткенше, ол басқа тағы бір бөлікті сорып алатындықтан, және ода оттың коп бөлігі жинақталатындықтан, мәселе осында болып отыр десе, — онда бүл пікір жеткіліксіз. Өйткені оттың қалайы мен қорғасынға өтуі, олардан оттың шығуынан жеңілдеу, себебі оттың бөтен орындарға өтуі, оның олардан шығуынан жеңіл. Сол жөне басқа қағида бірдей бола алады. Ашық жолдармен өтіп кету және сол жолдармен қайтып келуден басқа, от үшін басқа амал жоқ. Ену не жеңіл, не бірдей. Егер қозғалыс шығудан ұстап тұрса, онда ол кіруден де ұстап тұрады. Ендеше, отты өзіне сорып алумен және оны өзінен бөліп шығарудың арасында үлкен айырмашылық жоқ. Ендеше, бұл қағида сенімсіз.
Екінші пікірдің сандырақ екендігін түсіндіру
Осыған дейін біз айтқаннан, (күйлердің) айналымы емес, олардың ішінде тасаланғандарды ашу, солай мысалы, басқа күйге ауысу болатындықтан, сондықтан тас отта қызады деп емес, ал от оған немесе кіруінен, немесе, керісінше, одан шығуынан, немесе — от одан шыққандықтан, ағаш сондықтан жанады деп, айтатындар дәлелдерінің сандырақ екендігі айқындалды. Егер ағашта, ол қаншама қызып тұрған көмірде бар болғандай, соншама от болса, онда неге үйкеліс әлсіз от шығарады, ал қызып тұрған көмірдің сыртында да, ішінде де от жеткілікті болады? (Егер олардікі рас болса), онда ағаш өртеуші болар еді, өйткені одан коп жалын шығып, қызу аз қалар еді. Егер де ағаштағы от ыстық емес болып, ал қашан ыстық от оған жақындағанда, ол жыли бастайды десе, онда осылай бір күйдің басқаға ауысуын ол мойындайды.
Үшінші пікірдің сандырақ екендігін түсіндіру
Ал солардың пікірі, кім жарықтың денелік екендігіне сенететіндердің пікірі, егер жарық шығарылатын болса, айталық жалынның ұшқыны сияқты, онда от барлығын жабатын болғандықтан, онда (жарық) неғұрлым көбірек болған сайын, зат соғұрлым көрінбейтін, ол ашық емес болар еді, және жарық қозғалысы, бар жатына емес, тек бір жатына қарай жүретін еді, себебі денелерде бір жаққа қарай табиғи тура қозғалыс бар. Алыс қашықтықтарға жарық, жақындарына қарағанда, жылдамырақ түсер еді. Күн тұтылғаннан оның бойында кемітілген жарық, бізге жақын шамның жарығы бізге жететіндей, сол уақыт аралығында бізге дейін жете алмас еді. (Егер жарық дене болмаса) және үйге денелермен жарық түсірілген болмаса, онда жарық енетіндерді жылдам жапқанда да, бүл денелер жарық түскендер болып қала береді деу, тағы бір келтірілген дәлел. Бүл денелер сол уақыт бойында өздеріндегі жарықтан айырылып, жарық емес және жылы емес денелерге айналады. Және қашан күнге қарсы болғанда, олар сонда жарық бола бастайды деп, айта алады. Бірақ бүл денелер ештеңе емес, өйткені жарық жерге түседі және күн жерге жарық түсірген соң, ол жылына бастайды. Тура солай және сол денелермен де болады. (Егер жарық дене болса), онда бұл денелердің ауада бір-біріне ене алатындығы түсініксіз, ал егер олар шашыраған болса, онда қалай олар бір-бірімен жылдам қосыла алады және жерге түсе отырып, қалай бір сәтте олар бірге бола алады? Егер солай болса, қалай күннен немесе оттан қашанда дене артына дене шыға беретін болса, онда күннен немесе оттан шығатын жарық оларды сүзіп алатын еді. Егер де бүл кіру бір түрткінің эсерінен болып, кейін тоқтаса, онда, қашан олар тура түскенде, күн сәулелері басқа денелерге жарық бермес еді. Егер жарық күнмен бірге жүретін болса, онда ол ешқашан күннен бөлінбес еді. Жарық, алыста бола тұрып, күнмен бірге кетеді, ал бүл былай болмайды: ол сәуле болып тарайды және күн денесінен шығады, себебі уақыт ол үшін ешқандай мағынаға ие болмайды. Сәуле ұшқынын (осындай түсінудің) қателігі сонда, күннен тура жолмен бөлініп алыстайтын олар ауада ұзақ уақыт қала алмайды, өйткені барлық сәулелердің біртекті болуы және (сол уақытта) олардың кейбіреулері күннен жерге түсе алатындай болуы, ал басқаларының ауада асылып тұруы мүмкін емес. Ендеше, барлық сәулелер жерге түседі, және ауада бостан-босқа қалқып жүрмейді деп, ойлау керек. Бірақ осындай жағдайда, егер төбеде әлденені ауада ұстап тұрса, онда сол жерде жарықтың сәулелері болмауы керек, немесе қандай да бір металдың, онда жарық бар ма екендігін, сезінетіндігін ұйғару қажет, және егер жарық қажет болса, онда ол оны ұшқындатады, немесе төменде осы тектегі бірдеме бар екендігін, төменгі сәуле ұшқыны біледі, және жылдам ол атып шығады да, соған құлайды. Егер де ұшқындар дене және бір түрткімен бөлінетін болса, онда олар жұмсақ денелерден емес, тек қатты денелерден шағылатын болар еді. Су бетінен қарағанда, олар тас бетінен көбірек шағылуға міндетті болар еді. Ендеше, жарық акциденция болып табылады. Онда сәулелер бар, әрбір дене олардың арасында мөлдір денелер бар болуы жағдайында, оған жарық түсіреді, және онда акциденция туғызады. Жарықты қабылдайтын, әрбір дене жылылықты қабылдай алады және жылынады.
Не оған қарсы тұрса, соған денелер әрекеті күйін толығырақ түсіндіру
Денелер біріне-бірі екі түрлі жолмен эсер етеді: 1) солай, мысалы, үйкеліспен, қашан мұз бірдемемен жанасатын болса, ол оны тоңазытады және жел әлденеге тиісіп өтуімен, оны қозғалтады; 2) басқа жолмен, мысалы, қашан жасыл шөп қарсы тұрған қабырғада жасыл түс қалдырғанда, немесе адамның бет әлпеті оны көріп тұрған адамдар көзінде немесе айнада із қалдырғанда, тап осылай болады. Егер бүл жанасу болса, онда із қалмас еді. Денелердің көпшілігі өздерінің қасиеттеріне сай із қалдырады, мысалы, жылы — жылы, ал суық — суық із қалдырады. Неге олар жарық түсіретін және оларға жарық тән, сол денелер, олардан бірдеме шықпайтындай немесе өлшенбейтіндей етіп-ақ, басқа денелерді жарықтандырады. Бірақ бұл әсер үйкелістің салдарынан емес, ал, жарығы жоқ, сол денелер арқылы жүзеге асатын болса, оның үстіне жарық, су немесе ауа сияқты емес, басқа заттарды тасаламаса, онда әрбір дене түсі бар немесе жоқ, бірақ су сияқты, оның жұмсақ беті бар, қашан оған қарсы жарық беріп тұрған дене орналасқанда және олардың арасында басқа түссіз, мөлдір дене болғанда, онда бүл жұмсақ беті бар дене жарық денемен жарықтанады және осы жолмен басқа денеге жарық түсіреді, ал қашан ол жарықтағанда, онда ол және жылытылады, себебі кейбір акциденциялар табиғаты бойынша басқа акциденциялармен ынтымақтастық жағдайында болады, осыдан олардың бірі басқасына түп - негіз қалайды және қай жерде қабылдану бар болса, сонда ол бірге көрініс табады. Мысалы, жылылықпен қозғалыс және керісінше. Лупа арқылы жандыру сондықтан болады, себебі ода сәулелерді олар бар жақтан қабылдайтын, сондай нүкте бар. Бүл нүкте мықты жарықталады, сондықтан ол күшті қыздырылады. Жазда болатын жылының себебі сонда, оған қарсы тұратын, сол заттарға жарық дене сәуле түсіреді, және осындай жайда болатын заттар неғұрлым көп болса, соғұрлым оған жарық та көбірек түседі. Қашан сәуле тік түссе, осындай ең ыңғайлы жай қалыптасады. Сонымен, сол, не ортасында болса, жарықты көбірек қабылдайды, ал осы тік сызықтан неғұрлым алыстаған сайын, соғұрлым жарық та азаяды. Күн жазда солтүстікке қарай қозғалады, перпендикуляр жақын бола береді, және сонда жерге жарық көбірек түседі, және сонымен қоса бүл жарықпен бірге жылылық та көбірек келеді. Қыстағы күні біз перпендикулярдан алыстаймыз, және сондықтан қыста қараңғылау жөне (суықтау) болады.
Төрт элементтердің өзара ауысу күйін түсіндіру
Элементтер деп аталатын, торт қарапайым денелер жоғалмайды және біріне-бірі айналмайды деп, кейбіреулер мәлімдейді. Бірақ ғалымдардың айтқанындай, бүл торт элементтер біріне-бірі ауыса алады, солай мысалы, ауа суға, жер суға айналады, ал от та солай, және бұл дұрыс. Тәжірибе бойынша осы денелердің біріне-бірі айналатынын білуге болатындықтан, оны осы кітапта, бүл мәселені толық талқылап жатудың қажеті жоқ. Егер кімде-кім ұста местерін ұзақ және қатты үрлейтін болса, онда соларда бар ауа тез отқа айналады да, жалын береді. Егер кімде-кім мұзды жез құмыраға салатын болса, осыдан суық құмыра беттеріне жететін болса, онда сүзіліп алынғандығынан емес, судың тамшылары оның шетіне жиналады, өйткені бұл осы себеппен болса, онда ол, мұзбен емес, ал тезірек жылы сумен жылынатын болар еді. Ал фильтрация (сүзіп алу), қашан мұз жылы сумен жанасқанда, сонда және сол уақытта болады. Ол арқылы адамдар ауадан су ала алатын, сондай тәсіл бар. Башми-кадиде /5/, Вим маңайында /6/, Табаристан /7/ және Дамавалид /8/ тауларындағы қалалардың бірінде, мен өз көзіммен, аяздан мөлдір және өте таза ауаның бір бөлігінің қатып қалып, бұлтқа айналғанын, ал бұлттың қайсыбір жерден бу немесе бұлт келмей-ақ, қарға айналғанын көрдім. Басқа жағдайда осы жолмен ауа қатып, бұлтқа айналды, ал бұлт, басқа бір жерден бу немесе бұлт келмей-ақ, қарға айналды. Судың ауаға айналуына не қатыстыға келсек, онда бүл жалпыға белгілі. Судың жерге айналуын өз көзімізбен көруге болады. Сол жағдайда, қашан таза мөлдір су жерге тамшылағанда, ол тасқа айналады. Ал жердің сұйыққа айналуына қатыстыға келсек, онда химиямен айналысатын адамдар, осыны жеңіл жүзеге асырады. Осының (бәрінің) себебі, төрт элементтің әр түрлі формаларға ие екендігінде тұр, бірақ олардың субстанциясы мен материясы бір. Және формасы бойынша олардың бір-бірінен артықшылығы жоқ. Кейде әр түрлі себептер бойынша олардың материясы осындай, кейде олар сондай форманы қабылдайды.
Осы төрт элементтерді және акциденталдық сапалар мен оның арасындағы ерекшелікті түсіндіру
Ауырлық пен жеңілдікті қоса, торт элементтердің формасына олардың сезілетін қасиеттері жатады деп, адамдар пайымдайды. Бірақ іс жүзінде бұл осылай емес, өйткені форма азаймайды да, ұлғаймайды да, ал бүл күйлер азаяды және ұлғаяды. Мысалы, егер де су форманы суықпен сезетін болса, онда қашан су жылынғанда, бұл форма жоғалып кетуге тиісті болатын еді немесе егер ауа формасы оның жеңілдігімен және әуеге қарай жоғары қозғалысымен бірдей болса, онда қашан ол оз орнында тұрғанда, бұл форма жойылып кетер еді, себебі ешбір дене оз орнында жеңілдікке де, ауырлыққа да, оз орнынан басқаға қозғалуға да ұмтылмайды. Керісінше, элемент формасы — бұл, оны сезіммен емес, ал ақылмен тануға болатын, оның табиғаты. Және бұл табиғат осы элементке коп эсер етеді. Мысалы, егер бұл элемент оз орнында болса, онда табиғат оны тыныштық жағдайында ұстайды, ал егер ол өз орнынан кететін болса, онда табиғат, ода өзінің орнына, ауырлығына және жеңілдігіне бағытталған ұмтылысты шақыра отырып, оны қозғалысқа келтіреді. (Және бұл табиғат) әрбір денеде ерекше сапа мен ерекше сан қалыптастырады. Ол суға тән, сол табиғат онда суықтықты шақырады және егер судан суықтықты күшпен тартып алса, онда бұл мәжбүр етуші себеп жоғалады, су табиғаты оған тән суықтық қасиетін оған тағы да қайтарады. Мысалы, кімді - кім суды жоғары қарай күшпен лақтырса, онда оны жоғары қарай итеретін күш жоғалып кетеді, және су оз орнына қайтып келеді. Дәл солай су табиғаты оның көлемі мен ара қатысын реттейді, сондықтан оны күшпен қоюлау немесе сиретілген қылса, онда сол мәжбүр етуші себеп жоғала сала, су табиғаты оны қайтадан оз мөлшеріне жеткізеді. Ендеше, ол осы торт элементтердің әрбір денесіне, тек сол арқылы дене болып табылатын, табиғатқа тән. Бұл және оның формасы болып табылады. Және су формасы бір, ал жердікі басқа, ауаныкі — өзгеше және оттыкі де — өзгеше. Бұл қасиеттер акциденталды болып табылады және табиғат пен формадан шытады. Мұның дәлелдемесі сол, не бүл денелердің ұлғая немесе азая алатындығында, мысалы, нәр местің ішінде аши бастаса, (осының нәтижесінде) мес жарылады, немесе судың ұлғаюының нәтижесінде құмыра шытынайды. Қашан бүл жерде, оған орын жетпейтін әрекет етіп түр деу сандырақ, себебі, өзіне орын жетпейтіндей, от солай оған ене алмайды. Оған қоса, қашан бірдеме шыққанда, от соның орнына ене алады. Кіру мен шығу бірдей болғандықтан, ыдыстың жарылуы мүмкін емес. От жоғарыға қарай ұмтыла отырып, қысым жасағандықтан, сондықтан құмыра шытынады деу де сандырақ болып табылады, өйткені, бүл жиі болатындай, оны жару немесе сындырудан гөрі, тұрған орнынан көтеріліп, жоғарғы орынды алу жеңіл. Ендеше, сындыру емес, ал көтерілу керек еді. Бірақ, дене барлық жағынан кеңейіп, қысым көрсететіндіктен, егер қарсылық болмаса, ыдыс оның әлсіз тұсында, не анда, не мұнда жарылар еді, сондықтан зат ұлғаюының себебі осында түр. Оларға әрбір дене не болатын форма, сан және табиғаты бойынша, әзірше дене өз орнында болғанда және жоғалмағанда, өзгеріссіз қалады. Акциденциялар азаяды ж»не ұлғаяды, кетеді және келеді.
Осы денелер қоспасы туралы түсініктеме
Қашан денелер аталған қасиеттері бойынша бір-бірімен қосылғанда, бірі басқасына әсер етеді және осы денелердің қоспасы алынады, оның үстіне олардың біріне ортақ бірдеме пайда болады: суығы жылы бола бастайды, жылысы суыққа жақындайды, ал сонымен бірге құрғақтық пен ылғалдық бір деңгейге жетеді және бүл деңгей олардың қоспасы деп аталады. Бұл әлдене орташа болатындығын, қиялмен көз алдына келтіруге болады және қоспа бір бағытқа ұмтылғанымен, бірақ формалар бірден сол болып қалады және жойылмайды. Олар ажырайтындай да бола алады, өйткені егер формалар жоғалып кеткендей болса, онда бүл қоспа емес, ол ыдыраған болып шығар еді. Сонымен, негізгі күштер орнында қалады, ал қасиеттер өзгереді. Солар туралы үш философ айтқандай, бұл күштер және білімі аздау адамдар хабарлағандай, енжар күштерге жатпайды, керісінше, олар белсенді күштерге жатады. Енжар күштер тіпті дене ыдырағанда да сақталады. Және философ, қашан бүл күштердің сақталуы туралы айтқанда, қоспаның ыдырау емес екендігін еске алып отырады, ал егер бүл енжар күштер немесе мүмкіндіктер болса, онда ыдырау жүзеге асу үшін, қандай негіздер керек болар еді? Бұл ыдырау жүзеге асу үшін ол қажеттіге жатады, себебі от ыдырауының белгісін, оның мүмкіндіктен шындыққа ауысуы құрастырады. Қашан қоспада от ыдыраған болса, онда, күмән жоқ, оның ыдырауының себебі оған қарама-қарсылармен оның қосылуы болып табылады; егер бүл (қарама-қарсы элементтердің) бірдей бөлшектерінің қосылуы болса, онда олар біріне-бірі эсер етпейді және бірегейленеді; ал егер осы элементтердің бірі басқасынан күшті болса, онда ол басқаны өзіне айналдырады. Және сонда бүл қоспа деп аталмайды, ал оттың басқа бір элементке айналуына жатады, қысқасы, субстанциялардың арасында дәнекер жоқ, ал формалар субстанциялар болып табылады. Олар ұлғаймайды да, азаймайды да. Бұл жөнінде бірінші философияда айтылған. Бірақ акциденциялардың әрбірі бір форманың досы және басқа форманың қасы болып табылады. Қашан дененің бір күйінен басқасына ауысу жүзеге асқанда, отпен қатты қыздыру сияқты, онда (акциденция) қас форманы тастайды және дос форманы қабылдайды, және осылай су ауаға, немесе, ауа отқа айналады, біз мұны бірінші философияда түсіндіріп өткенбіз.
Элементтер табиғатын түсіндіру
Жер шарының ортасында, жердің қарапайым табиғатына әбден сай, таза жер болуы керек. Бұл жердің үстінде жер мен судың қоспасы, яғни саз балшық болуы тиіс. Оның үстінде не еу, не жер басымдық танытады. Сонда қайда су басым болса, өзен немесе теңіз пайда болады. Сонда қайда жер басым болса, күн оны соншама кептіргендіктен, оның беті құрғақ, ал іші саз балшықтан тұрады. Жер беті түгел сумен көмкерілмегенінің себебі сонда, судың жерге айналуында, ал жердің суға айналуында осы болып түр. Жөне сонда, қайда жер басқаға айналғанда, жарықшақтар пайда болады. Сонда қайда ол басқа жерге айналғанда, төмпешіктер пайда болады. Жер құрғақ, ал құрғақ заттар тығыздала да, қысыла да, жоғарымен төменді құрастыра да алмайды. Егер бұлай болса, онда су ылдимен төмен түседі және дөңеспен төмендейді, әсіресе, бұл ойпат жерлерде жұлдыздар мен күннің эсер етуінен жиі болып тұрады және олар суды бір жағына тартады. Бүкіл жер су астында қалмайды, сондықтан оның қажетті болуы, бұл жаратушының даналығы, өйткені гірі жандарға ауада болып, тыныстануы қажет еді. Сондықтан олар үшін, өздері нық тұра алуы үшін жердің басымдылығы қажетті. Жер басым болғанда, онда оның үстінде өмір сүретін жандар салмақты бола алады, жер үстінде жүреді және онда тұра алады. Егер оларға ауа жеткіліксіз болса, онда олар қорек таба алмас еді. Сондықтан жаратушының даналығы бойынша, жер мен ауаның арасында, кейбір жерлерде сусыз-ақ, байланыс болуы керек, өйткені онда жоғары тірі жандар бола алуы үшін, бүл керек. Жер бетіндегі ауа ылғалды және күн сәулелерімен түсетін жарықпен жылынады, ал оның үстінде — оларға күн сәулелерінің күші жетпейтін, ылғалды суық ауа бар. Оның үстінде — таза ауа, ал оның үстінде — түтінді ауа және олар жоғары қарай көтеріліп, біз кейін түсіндіретіндей, от шектеріне жетеді. (Түтіннің) үстінде от түр. Таза отта жарық та, түс те жоқ. Қашан ол қалың түтінмен араласа бастағанда, сонда түсті от пайда болады. Ендеше, от субстанциясына емес, түтінге жарық түсіріледі. Сонда, қайда от қуатты болса, ол түтінді сиретеді және онда жарық болмайды. Дәл осымен, шам жалынымен, қашанда ол қуатты жарық түссе, ол шоқ сияқты болады. Ол жерде қуысы бар сияқты көрінеді, және от та шоқ сияқты, және ол бөлмеден жұлынып алынған тәрізді, ондағы бостық немесе ауа сияқты болады. Жоғары оттың күйі осылай, өйткені ең таза ауада ешқандай түс те, жарық та жоқ. От ауаға, бірақ жанатын ауаға ұқсас. Құрғақтық пен ылғалдылық, күйлеріне аспанның сыртқы тигізетін әсері жөнінде бірнеше сөз. Күн және басқа да жарық берушілерден шығатын, жарық пен ауа біздің дүниеге эсер етеді. Аспан мен айдың байқалатын әсерлерінің біріне, өзінің толуымен жемістердің өзегін ұлғайту немесе азайту арқылы, оның пісуін жылдамдатын және теңіз толқындарының тасуын күшейтетін айдың әрекеті жатады. Күннің ең байқалатын әсеріне жылыту жатады, әйтсе де жарық өзімен-өзі ыстық емес, сондықтан жылыту қозғалыстың жоғары көтерілу салдарынан жүреді. Күн қозғалысы айналып қайтуға жатады, ал күннің өзі — аспан субстанцияларының бірі. Және біз осыған дейін түсіндіргендей, аспан субстанциясы көпшілігінде жер субстанциясына қарама-қарсы болады. Күннен әсер шығудың және бүл жердің онда (күнде) болуы міндетті емес, себебі жарық түсіре отырып, ол екіжақты эсер етеді: бір ісі — жылыту, ал басқасы — соны, не өзі жылытатынды көтеру. Егер (қашан күннің) бірдемені жылытатыны қажетті болса, онда бүл зат жылы болуға тиісті, тағы да, ол қозғалуы үшін, (күннің) әлденені жоғары көтеруі қажет. Және сондықтан күн жылу беретіндіктен және осы жылудың әсерімен денелерді жоғары қарай қозғалтқандықтан, онда ылғалдан бу шығады, ал құрғақтан — түтін шығады. Осы бумен түтіннің басқа бөліктері, жерде қала отырып, ешқайда кетпейді. Бу қозғалысына қарағанда, түтіннің қозғалысы анағұрлым жылдамырақ, сондықтан түтін жоғары көтеріледі, ал бу төменде қалады.
Ауада будан шығатын қабыршықтарды түсіндіру
Жылыту орнынан бу көтерілгенде, оның қозғалысы баяу болады, қашан бу ауаның суық қабаттарына жеткенде, онда суық оны жылдам қоюлатады, себебі суық буға жылдам эсер етеді. Мысалы, егер моншаның есігің ашса, онда суық моншаның ішіне еніп кетіп, моншаның ауасы сол сәтте тұманға айналады. Ыстық зат жылдам қоюланады және тез суиды, өйткені ол көнгіш болып келеді. Сондықтан суық ауа ыстық затқа жылдам ене алады, және бүл да сол себептен, егер аяз кезінде суық суға ыстық суды құйса, онда ыстық су жылдамырақ қатады. Жердің буы мұздағанда онда, ол бұлт бола бастайды. Жер буының қуаты тауларда артығырақ болады, себебі тау су қайнататын ыдысқа ұқсас және әзірше бу қоюланған уақытқа дейін, будың жылдам таралуына жол бермейді және сонда олар бірге көтеріле бастайды. Бұл үш жағдайларда болады: немесе бу тым аз болғанда, онда ол күннің қыздыруымен сирей бастайды; немесе ол соншама қоюланғандықтан күн оны сирете алмайды, ал қашан жел оны толығымен жинағанда, ол бірігеді; тағы буды бір орынға жинақтағанда — ол суға айналады және төмен қарай жауады; немесе буға қатты аяз эсер етсе, және ол суытыла бастап, үлкен тамшыларға айналады, және сонда қар болып шытады немесе, егер қылы буға сыртынан әсер етсе және қоюланғаннан кейін, ол уықпен кездессе, онда ол онан сайын қоюланады және бұршаққа айналады. Бұршақ күзде және көктемде көбірек жауады. Қашан күн және күннен басқа әлдене айнадағыдай ылғалды ауаға жарық түсірсе, және жарық, будың күңгірттігімен араласса, кемпірқосақ пайда болады, ол жоғарысында, төменде және ортасында (кейде ортасы түссіз болады) әр түрлі түстерге ие болады және жиегі бар түрінде болады, өйткені оның бөліктері күннен бірдей қашықтықта болады, және күн кемпірқосақ үшін полюс қызметін атқарады. Кемпірқосақ аяқталған (шеңбер) бола алмайды, себебі ол тек жердің астында аяқталады, ал бұл көрінбейді. Айдың айналасындағы сәуле жиегі содан, айдан буға айнала түскен сияқты жарық түсіреді, және оның бұл айнадан қашықтығы бар жатынан бірдей, себебі өрбір айна нәрселерді белгілі бір қашықтықта бейнелейді. Және қашан бұл нәрселер көп санды және ұсақ, әрі оның айналасында орналасқандықтан, оларды жеке-жеке емес, ал тек бірге көруге болады. Сонымен, жиек маңайындағы жарық сызықтардан құрастырылады және айдың ортасы жарығырақ болып көрінеді, өйткені айды көруге болады, ал етер ай көрінбейтін болса, онда біз тек оның айдынын көреміз. Қашан ай көрінетін болғанда, ол бір жарықшақтың ортасында орналасқандай болып шығады, әйтпесе ол көрінбейтін болар еді, және осының себебі бұлт бөліктерінің жұқа және әлсіз болатындығында, ал қашан олар қайсыбір қатты жарық түсіп тұрған заттың маңайында болса, онда тіпті оларды жоқ деп есептеуге болатындай бар болады, ал қашықтағанда, олар тағы да көріне бастайды. Бұл күннің өте ұсақ бөліктеріне ұқсас, бүл бөліктер күннің алдында жоғалып, тек көлеңкеде көрінеді. Осыған ұқсас жұлдыздар күндіз көрінбей, тек түнде көрінеді. Айдың маңайындағы бұлттың бүкіл жұқа бөліктері де көрінбейді, ал тек қашықтықта тұрғандары және айнаның қабылдау өрісіндегілері көрінеді. Ортасында бүл, онда бостық немесе қараңғылық орныққандай болып көрінеді. Біз жоғарыда айтқандай, бұл бұлттар ауаның мұздатылуы салдарынан құрастырылуы жиі кездеседі.
Ауадағы түтіннен болатын қабыршықты түсіндіру
Түтін көбінесе будан бөлініп шытады және көтеріледі, ал егер оған суық әсер етсе, онда түтін суықтан, ауаны төмен қарай сыға отырып, қайтып келеді, және жан-жағына ұмтыла отырып төмендейді, және желге айналады. Егер де түтін тым алыс көтеріле алса және отан суық жер эсер ете алмаса, онда ол отқа дейін жетеді және сонда ол не оттың жалыны сияқты алаулайды, не жанып тұрған көмір сияқты болады, не сөнген көмірге ұқсай бастайды. Қашан онда өзі әрекет еткенде, ол сирейді және жылдам таза отқа айналады, түтіндік күйін жоғалтады және мөлдір, көрінбейтін бола бастайды, осыдан оны сөнді деп, адамдар ойлай бастайды, өйткені от жалыны не оны суықтық сөндіргеннен және осыдан оны ауаға айналдырғаннан болады, бірақ бүл ауа қайтадан жалындай алады, не ол жалыны сирейтін, қоюланбайтын болғандықтан, ол түтінге айналу қасиетін жоғалтады, сосын көрінбейтін болады. Бұл от көрінбеуінің себебі, оның жоғалатындығында емес, ал оның сиретілгендігінде болып табылады. Егер ол түтінге қуалаңса және сиретілмеген болса, ал осы жағдайда коп уақыт қала тұрып, тығыз және баяу таратылатын болса, онда ол кометаға ұқсас болады және оның жоғары қабаттарындағы ауа аспан айналуы себебінен айнала бастайды және осының салдарынан комета да айналуда болады. Бүл сол, не ода жарық түсіріп тұрған, ал сол, не ыстық көмірге ұқсас, ол ауада қызатын таңбаларға ұқсас түрде қала береді, ал сол, не сөнген көмірге ұқсас болса, ауада қараңғылық, тұңғиықтылық және сызат қалады, түтіннің бір бөлігі бұлттарда қалады, мұздайды және бұлттарды қуатын, қозғалтатын, сондағы желге айналады, солай да бола алады. Осымен күн күркіреуі де шақырылады. Қашан ол күшейгенде, онда найзағайға айналып, жарқылдайды. Егер қоюланған түтін ауыр және күйдіретін, және жерге түсетін болса, онда оны найзағайдың ұруы деп атайды. Найзағайды көруге де, естуге де болады. Күн күркіреуі бір уақытта көрініп, басқа уақытта естіледі, өйткені, содан кейін, (дауыс) ауада қозғалып, адамның құлағына естілгенше, осылай болады. Ары қарай біз бұл құбылысты түсіндіреміз. Басқа мысал: алыста кір жуушы киімді тасқа тұрып жатса, онда соққыны көресің, ал дыбысты белгілі бір уақыт аралығынан кейін ғана естисің.
Минералды субстанциялар қабықшаларының жағдайларын
Түсіндіру
Түтін мен будан жердің маңайында не қалатын болса, сол минералдық субстанциялар қабықтары үшін негіз болып табылады. Олардың бөліктерінде, мүсәтір мен күкірттегі сияқты, түтін көп. Басқа бөліктерінде бу көп, себебі олар суытылған сұйықтар болып табылады, солай, мысалы, қиындықпен ерітілетін, хрусталь мен жақұт, өйткені олар қатты қысылтаң және соққыға шыдамайтын болады, себебі оларда ылғалдылық жоқ, және олар қатып қалған, және глазурьға ұқсап кеткен. Ол түтінмен қатты араласқанда немесе судың бір бөлігі топырақтың бір бөлігімен қосылғанда жөне олардың субстанцияларында жылылық күші, күкіртті нәрселердің араласуы себебінен, аздау болғанда, ылғал күші оларда өсер етуші болып қала береді, өйткені ылғал, жылылылық күшінің оның ылғалдығына қатты әсер етуі себебінен, минералға айналды, содан кейін суықтық жойылуы мүмкін, және онымен ауа араласады, және онда ауамен бірге топырақтың бір бөлігі қалады, ал топырақ жабысатын болғандықтан, және осының бәрі майға айналады, және сонда бүл субстанция, оттың әсеріне ұшырап, ери бастайды, себебі ондағы күкіртке от көмек берді және ондағы ылғал, буға айналғысы келіп, сұйытыла бастады, және ауаға көтерілді. Бірақ онымен араласқан топырақ, оның жоғарылауына мүмкіндік бермейді және сонымен бірге оның таралып кетуіне жібермейді. Онда оны төмен және жоғары тарту күшінің нәтижесінде айналып қайту пайда болады. Егер қоспа әлсіз болса, мысалы, қалайы бөлшектеніп буға айналса, және оны егер қатты ерітсе, онда ол кішірейеді және қышқылданады. Бу ыстық заттан бөлінеді; ол немесе тым сұйық болып, судың буы сияқты болады, сонда ол жанып кетпейді, немесе майлы болып, шарап буы сияқты жылылық бөлігін сақтайды, ал сонымен қоса май буы болғандықтан және бөлінгенде өртеніп кетеді. Ал егер күкіртті ерітсе, онда ол жылылық пен құрғақтық салдарынан еріп кетеді. Қоспаның әлсіздігі себебінен ол буды әкеледі, ал будың майлылығы салдарынан ол жалындайды. Олардың құрамында май бар барлық қоспалар, толық суымайды, осының салдарынан олар соққыға шыдайды. Бәрі не мұздайтын және қиындықпен еритіндерді, егер оларды тотияйын қышқылы жөне күкіртпен араластыру жолымен нығайтса, және бүл қоспаны тез қыздырса, онда ол темір кені немесе слюда сияқты, жылдам ериді; қашан оларды тотияйын немесе күкіртпен тез араластырып бірге қатты қыздыратын болсаң, содан сөйтіп оларды жуып алып, тотияйын және күкіртпен қоса қайнатсаң, онда олар, алтын, күміс, мыс қалай еритін болса, ол да солай еритін болады. Қалай қалайыны ерітеді, солай оны да істеуге болады. Суығанда қоюланатынның бөрі, қыздырғанда ериді, мысалы, балауыз, ал қыздырғанда қоюланатынның бәрі, суытылғанда, түз сияқты ериді. Қыздыру тұзды топырақ құрғақтығымен бірге қоюландырады, өйткені жылылық құрғақ болсын, ылғалды болсын әсерін тигізеді: ол құрғақты онан сайын құрғақ, ал жылыны онан да жылы етеді. Барлық сұйық суықты қоюлатады, ал барлығы, неде топырақтікі басым болса, жылытуды қоюландырады, және сұйық та топырақ қуатымен қыздыруда қоюланады, солай, мысалы, түз. Бір затта топырақпен ылғал бола алады. Сонда онда жылыту әкеледі, ал оның ылғалдығы суықты әкеледі және ұлғайтады, осындай затты еріту қиынға соғады, солай, мысалы, темір.
Өсімдіктің жан күйін түсіндіру
Бұл элементтердің алғашқы араласуынан жанды емес тіршілік иелері пайда болады. Қашан бұл қоспа жақсарғанда және реттілеу бола бастағанда, денелер ас қабылдауға икемді бола бастайды және бірінші қатарда өсуге қабілеттілік қалыптасады, мысалы, ағаш пен шөпте солай. Ендеше осындай қоспадан осу күшіне деген қабілеттілік пайда болады. Бұл күшті өсімдік жаны деп атайды, себебі соның арқасында өсімдіктердің ұдайы өсуі мен өнуі жетіледі. Осында үш әрекет орын алады: біріншісі — тамақтанушыда болатын қуат жолымен сіңіру, екіншісі — өсімдік күшімен өзгеру және өсу, үшіншісі — олардан көбею күші арқылы туу пайда болатын, тұқымдарды жасап шығару. Қорек деп шындықта ол ненің қорегі болып табылатынға, сол денеге ұқсас болмай-ақ, оған мүмкіндігі бойынша ұқсас болатын денені айтады. Қашан қорек денемен қабылданатын болса, дене күштері оған әсер ететін болса, ол онымен біртекті бола бастайды, денеде сіңе алады және оның бір бөлігіне айналады. Соның, не денеде фильтрацияға түсетін және алынып тасталатынның, орнын қорек алады, ол қоректенуді және дененің бойға, енге және биікке өсуін қамтамасыз етеді. Дене үшін қажетті тәсілмен, қоректің (арқасында) дененің өсуі осындай жолмен жүзеге асады. Бір денеден қоректену және ұрықтану арқылы, алғашқыға ұқсас, жаңа туындылардың тіршілікке келуін туу деп атайды. Қоректену күші дене тіршілігінің бүкіл барысында әсер етеді. Алайда аятында бүл күш соның, не сүзіп алу арқылы шығатынның, орнын басуда әлсіздеу бола бастайды, және сонда қорек, (денеден) шығарылатынға қарағанда, аз беріле бастайды. Өсімдік күші пісіп жетілу және даму ше теріне дейін әрекеттенеді, ал кейбірі өз әрекетін тоқтатады. Өсу, уақытта емес, санмен аяқталатын болғандықтан, көбею күштері әрекет ете бастайды.
Жануардың жан күйін түсіндіру
Өсімдіктердегіге қарағанда қоспа ретті болған сайын, ол тіршілікті қабылдауға бейімдірек бола бастайды. Бұл (жануарлық) жанда екі түрлі күш бар: біріншісі — әрекеттенуші күш, оның қуатымен рух және жан (жан және раван) әсер етеді, және жұмыс істейді; екіншісі — қабылдаушы күш, оның қуатымен тірі жандар қабылдайды. Бұл қос күш бір жанда болады. Олардың бір орында болатыны салдарынан, олар әрекеттерінің тамырлары бір-бірімен байланысты. Түйсікпен қабылдағанда тілек те, демек, сонымен бірге қозғалыс та туындайды. Бұл қозғалыс орағытып өтуге де, немесе оны табуға да бағытталынады. Сондықтан қозғаушы күшке, жігер қажет, ал жігер қажеттілік бойынша әрекет етеді, қажеттілік те не әлденеге жету тілегінен, не бірдемеден босау тілегінен шытады. Бірі жануарлық құштарлық күшінің себебі болып табылады, оны құмарлық күші деп атайды. Ал басқасы, сол бойынша жануарға сай емес терістелетін және бұл одан аулақ болу үшін жасалатынның себебі болып табылады. Бұл күш ашу деп аталады. Үрей ашу күшінің әлсіздігіне жатады. Құмарлық күшінің әлсіздігі тілек етпеу деп аталады. Бұл қос күш, оның құралы жануар мүшелері болып табылатын, әрекеттенуші күште көрініс табады. Күш әсері бұлшық еттерден турады. Қабылдау күші қос түрлі болады: біріншісі — сыртқы және екіншісі — ішкі. Бұл жерде олар мыналар: есту, көру, иіс сезу, дәм, денемен сезу сияқты сыртқы күштерді: суреттеп жатудың қажеті жоқ, бірақ ішкі күшті суреттеу қажет. Егер жануарда ішкі қабылдау болмаса, онда ол, отан бір кезде зиян келтіргеннен, содан қорықпас еді. Егер де онда қабылдау күші болмаса, онда ол, оған бір кезде пайда келтірсе де, соған тағы да ұмтылмас еді. Егер, ол ортақ сезім деп аталатын, осы бес сезімде ортақ түп-тамыры болмаса, онда адам, әлдене сұйық және сарыны көргенде, оның тәтті екендігін, ол оны білмес еді. Егер жануарда түйсіктер мен барлық сезімдердің жиынтығынан басқа әрекеттенуші күштер болмаса, онда қошқар, қасқыр кескінін көре сала, оның оған жау екендігін, ол білмес еді, өйткені жау ұғымы қиялда болады және сезімдермен жаулықты қабылдамайды.
Түйсіну, дәм сезу, иіс сезу және есту күйлерін түсіндіру
Түйсіну жолымен қабылдау сыртқы және жанасу жолымен жүзеге асады. Ол түйсінілетінде жылыны, суықты, ылғалды, құрғақты, жұмсақты, формалардың дұрыстығын, ауырды, жеңілді сезінеді. Әзірше түйсінілетін заттың сапалары біздің сезім мүшелерімізге әсер етпейінше, және (біздің мүшелер) оларды не сапасы бойынша, не бағыттары бойынша қабылдайтын болмайынша, біз оны сезіне алмаймыз. Түйсіну құралына тері мен бұлшық еттер жатады. Жүйкелер бүл күшті бұлшық еттер мен теріге жеткізеді. Ол иісті қабылдауға икемді немесе иісті бумен араласқан, сондай дененің көмегімен иіс сезу жүзеге асады. Иіс сиретілген болғандықтан, ол мұрын арқылы миға өтеді, олар мидан емшектің ұшы сияқты шығып тұрған, мидың қос төмпешіктеріне жетеді. Бұл зат (яғни иіс) ауаға немесе су жануарлары үшін суға ұқсас. Иіс ұстайтын және ауада бу түрінде болатын, сол бөліктердің ауада болуы жануарлардың иісті сезінуі үшін міндетті емес, өйткені бүл будан қайсы шекке дейін жете алатыны белгілі. Егерде иіс бу ретінде таралатын болса, онда жылдам иіс сезіне алатын жануарлар оларды елу фарсахтан жүз фарсахқа дейінгі қашықтықта қабылдай алмас еді. Гректер әңгіме еткендей, өлімтіктермен қоректенетін құстар, осы тектегі құстар бұрын бүл орындарда тіршілік етпеген, сондай қалалардың маңайына соғыс кезінде ұшып келе бастайды, ал сонда құстардың бұрынғы мекендерінен сол қалаларға дейінгі қашықтық кемінде екі жүз фарсах болған. Ендеше, егер бүл иіс жетпейтін болса, онда ауаның өзі иісті жеткізеді. Құлақ арқылы естуге болады. Дыбыс ауа тербелісін тудырады және бүл екі дене бір-бірімен қақтығысып қалғанда болған қозғалысымен де жүреді; ал ауа олардан қайтарыла отырып тербеліс туғызады. Бүл толқындар тез тарайды. Немесе қуатты тербеліс қайсыбір дененің қысылуымен ауа қозғалғанда жүзеге асады. Бүл толқындар да өте жылдам тарайды. Қашан олар (ауа тербелістері), құлақ қалқанына жеткенде, тербелісті ауа, олар жанға хабар беретіндей, естуші жүйкелермен жанасады. Оны тілдің ұшында жататын, заттар дәмін ол қабылдауға қабілетті, тіл сол сұйыққа ие болғандықтан, дәм осыменен сезіледі. Осы жолмен тіл жүйкесі оны сезеді.
Көру туралы бұрынғы пікірлердің сандырақ екендігін түсіндіру
Көру қасиеттері жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар /10/. Ұлы философ Аристотельдің кейбір ізашарлары көзден ұшқын мен жарық шытады, олар денелерге жетеді, және де осылай түйсініледі, көрінетін болады деп пайымдаған. Бұл сандырақ, өйткені қайсы көзден, ол аспаннан жерге дейін бүкіл әлемді көре алатын, соншама жарық бола алады?. Дәрігерлердің басқа тобы қисынсыздыққа бармай-ақ, бұл пікірді олар түсіндіргісі келгендіктен, былай мәлімдейді: ол ауа жарығымен араласып кеткендіктен, сөзден кішігірім жарық шығады, және осылай жарық ұшқындары көрудің құралына айналады. Және олардың көмегімен көруге болады. Бірақ бұл да сандырақ, өйткені егер ауа бүл жарықпен қосыла отырып көріне алатын болса, онда адамдардың көп жиналған жерінде адамның көру күші артып кетер еді. Ендеше, нашар көретін адам, дербес емес, басқа адамдардың қатысуымен жақсы көрер еді. Егер де ауа, тек қана күшпен нәрсе суретін көз ұшқындарына жеткізіп қана қоймай, көру күшіне ие болса, онда (көз) ұшқындарынан қандай нәрсе пайда болар еді, егер ауаның өзі көзбен жанасатын болса, онда көзден қайсыбір сәулелердің ұшқындағанының қажеті жоқ. Оған қоса, бүл сәулелер не денелік субстанцияларға, не акциденцияларға жатады. Егер бұл акциденция болса, онда ол бір орыннан басқаға қозғалмайды, егер олар денелік субстанциялар болса, онда ауада таралған болуға және, бір-бірінен ажыратылған және байланыссыз болатын, денелердің қайтарымдарын қабылдауға міндетті. Егер бұл сәулелер көзден ажыратылған болса — бұл одан қиын, өйткені не бөлінсе, сол басқа бірдеме болып табылады. Ал егер олар байланысты сызықтар болса, онда жел мен қозғалыс оларды бір орыннан бас қасына қозғап тұрар еді. Және осылай жел кезінде әлденені, тіпті оған қарсы тұрмайтын немесе қалай - солай болсын, басқаша көру мүмкін болар еді. Егер көзден бірдеме ұшқындаса және олардың мөлшерін қабылдау мақсатында нәрселерді түйсінсе, онда сол жағдайда болады, қашан бүл нәрсе алыс тұрса, біз оны кішігірім етіп көре алмас едік. Сәулелер бір обьектілерге түседі, ал басқаларына түспейді деп, айта аламыз. Бірақ бұл осылай емес, өйткені біз кейде объектіні түгел көреміз және оның мөлшері үлкендеу сияқты болады, ал кейде, әйтсе де біз бүкіл объектіні көре алмағанымызбен, оны кішірейтіп көреміз. Алайда, Аристотельдің пікірі бойынша, нәрселерді кішірейтіп көрудің себебі анық, және біз оны кейін баяндаймыз. Жоғарыда баяндалған көзқарастар қолдаушылары да бұл себептерді көрсететіні таң қаларлық, бірақ соңғылары олардың теорияларын мақұлдамайды.
Көру туралы Аристотельдің көзқарасы
Көз айнаға ұқсас, ал оның объектісі, ол айнада ауа немесе басқа мөлдір зат арқылы, жарықтың бейнелеу объектісіне түсетіндіктен, көзге тиетіндіктен, бейнеленетін сол затқа ұқсас және бүл кейпіне, мұз немесе бұршаққа ұқсас, сұйық денемен көзге беріледі және оған түскеннен, толық бейнеленуі жүзеге асады және әзірше бүл объект таса болғанша, оның бейнесі көрініп тұрады /11/. Аристотельдің көзқарасы тап осындай. Ендеше, қашан олар көз алдында болғанда, заттар бейнесі көзге түседі және сонда жан оны қабылдайды. Егер айнада да жан болса, онда ол оған түсетін бейнені көре алар еді. Алыста тұрған объектінің көлемін көзге кішірейтіп көрсететіндігінің себебі сонда, айна кызметін атқаратын, бұл сұйық дененің шеңберлер екендігінде тұр, ал шек барлық орталығынан бірдей қашықтықта болады. Ендеше, қашан объект алыс, қашан оның бейнесі айнада көрінетін болса, ол кішірейін көрініс табады. Осының геометриялық түсіндірмесі бар. Айталық, С орталығы мен шеңбер, көздің қарашағы немесе айна болсын (суретті қараңыз): Екі ХҮ тең денеге және ЕД, олардың бірі орталыққа жақын, қос тең денелер болсын, X жөне Ү нүктелеріне дейін, олар шеңберді А және В нүктелерінде қиып өтетіндей, екі сызық жүргізейік. АВ доғасы ХҮ кесіндісіне сәйкес келеді, ал барлығы, не одан тыс болса, ХҮ кесіндісіне қарай бұрылмайды. Кесінділердегі Е жөне Д нүктелеріне, олар шеңберді М және N нүктелерінде қиып өтетіндей, сызық жүргізейік. MN доғасы енді кесіндіге сәйкес келеді. Ал геометрия заңдары бойынша, MN кесіндісі тек АВ-да бола алады. Бүл түсінік деректерімен де дәлелденеді. АСВ бұрышы MCN бұрышынан үлкен. Сондықтан, қайда бұрыш кіші болса, сонда доғаның да кіші екендігі белгіленген. Ендеше, ДЕ MN-гe түседі, ал ХҮ — АВ-га. Ал кішіге түсетіні болса, ол кіші болып табылады. Көзден жарық шығатыны жөніндегіні қолдаушылар да бұл бұрыштар туралы айтады, бірақ, керісінше, көруші объектіге келгенде емес, объектінің бейнесі көзге келгенде, сонда ғана бұрыштар мағынаға ие болады.
Ортақ сезімдерді түсіндіру
Олар туралы біз айтып өткендей, түс, иіс және басқа заттардың бөліктері, оларды көру сезімімен және басқа да ерекше сезімдік деректер арқылы қабылдауға болатын, осындайлардың тағы бес түрі бар, бұлар: 1) үлкендеу, кішілеу, алыстау, жақындау сияқты, өлшем, 2) заттарды санау, 3) мысалы, шеңбер, квадраттылық сияқты, тағы да олардың фигуралары, 4) қозғалыс, 5) тыныштық. Бұл түйсіктерде, ерекше сезімдік деректерге қарағанда, қателіктер көбірек болады.
Жасырын тұрған (ішкі) сезімдерді түсіндіру
Сыртқы сезімдерге қатысты айтылатынның бәрі айтылды. Жасырын тұрған сезімдерге қатыстыға келсек, онда олар да бесеу: ортақ сезім, елестеу күші, инстинкт, қиял күші және жады күші. Ортақ сезім дегеніміз одан барлық сезімдер шығатынын және оған кіретінін біз бұрын айтып өткенбіз. Елестеу күші оған енетіннің бәрін, біздің сезім мүшелерімізге жететіндей қажеттіні, сезілетін кеткенінен кейін де, қабылдап, сақтап тұрады. Күмәнсіз, осындай күш жануарларға да тон. Инстинкт күші дегеніміз ол сезінетін заттарда сезілмейтін ретінде қабылданатындығында, мысалы, қой қасқыр бейнесін сыртқы сезімдерімен көреді және оның жау екендігін түйсінеді. Бүл тасада тұрған (ішкі) сезім инстинкт деп аталады және ол жануарларда да бар. Ақылды алмастыратын қиял күші дегеніміз сонда, кім оларды түсінбесе де, бір-бірімен салыстыра алатындықтан, ол ойша алынған формаларды бір-бірімен байланыстырып, кейін бөлек қарастырады, мысалы, қос көрінетін адамға немесе пілдің жартысын қиялдағанда, солай болып көрінеді. Бұл күш қашанда анализ және синтез, аналогия және контраст жолымен әрекет етеді және еске алғандарды қайталап, жаңа қиялдарды тудырады, оның табиғаты осылай. Жады күші қиял үшін негіз болып табылады, тура осылай елестету үшін негізге түсінік жатады. Ендеше, жады күші — сезім билеушісі, ал оның қазынасы түсінік күші болып табылады, дәл солай елестету күші қиялдың билеушісі болды, ал оның қазынасы — жады. Көздегі бейнеленген объектіні тауып алу үшін, арнаулы айналдырушы құрал жасалғандай, қиял үшін де арнаулы басқару құралы ойластырылған. Сондықтан егер бірдеме жадыдан түсіп қалса, онда қиял бұл құрал арқылы елестелген бейнелердің арасында әрекет етеді, олардың біріншісінен екіншісіне, екіншісінен үшіншісіне бағытталады, оған не керегін, әзірше тапқанша, оның бір бөлігін және соның бір бөлігін жинап алып, оны еске алады және жады қазынасына салып қояды, өйткені оның бейнесін еске алумен бірге оның мағынасы еске түседі және оны жады қазынасында сақтауға қалдырады, және бұл бейне ойлаумен қабылданғанда, сонда ғана оның мағынасы айқындалады. Бұл құрал дегеніміз ойлау күшіне жатады. Біз ойласақ, онда бұл құралды ақыл күшімен іске қосамыз, сондықтан оны ойлау күші деп атайды, шын мәнінде бұл ойлау құралына жатады, ал ойлау қиялға емес, ол ақылға жатады. Осы жөнінде біз әрі қарай толығырақ айтатын боламыз.
Жан күйін және оның күштерін түсіндіру
Қозғалыс күші өзіне жақсыны пайдалана алу және зияндыны алыстату үшін өмір сүреді. Ендеше, бүл күш те құрал болып табылады, және сыртқы сезім — барлаушы, ендеше, ол да құрал тәрізді. Елестету күші, зат бейнесін ойында сақтап қалу, екіншісінің не жақсы, не жаман екендігін қайтадан айырып жатпау үшін, осыған кызмет етеді. Ендеше, ол да құралға жатады. Қиял не екендігін және не үшін қызмет ететіндігін, сен осыған дейін білген болатынсың. Инстинкт күші объекті мағынасында жақсыға жақын, ал жаманнан алыс болу үшін, оны танып білу қажет, ендеше ол да құрал болып табылады. Жады күші, екінші рет еске алу үшін, өмір сүреді. Ендеше, осы бүкіл күштер оның құралы болып табылатын негіз, жануарларда бар. Бұл негіз дене емес, және дененің әрбір бөлігі, бір ортақ іске қызмет ететін, құрал болып табылады. Ендеше, бүл негіз тіршілік иесінің жаны болып табылады және олармен тіршілік ететін оның күштеріне жатады.
Адам жанын түсіндіру
Қоспа өте ретті болғанында, онда ол адам жанын қабылдайды. Адам жаны субстанция болады, таты да онда екі күш бар. Бір күші әрекеттенушіге, басқасы қабылдаушыға жатады. Қабылдаушы күш оймен пайымдаушы және практикалық сияқты қос түрлі болады. Біріншісінің мысалынан құдайдың бір екендігін сен білесің, практикалық күш — бүл неге қысым жасауға болмайтындығын сен білесің. Бірінші қабылдау іспен байланысты емес, ал екіншісі іс-әрекет себебіне қызмет етеді. Біз бүл туралы бұрын айтқандай, практикалық қабылдау ортақ болады. Мысалы, былай "бұл адамды ұрып-соғуға болмайды" деп айтқанда: ол жеке іс бола алады. Ол жеке әрекеттенуші күште де, жалпы қабылдаушы күште де бола алады. Адамдағы әрекеттенуші күш адам тілектерімен жүзеге аса алады. Адам тілектері ізгі және пайдалы болып табылады. Бірақ ашу шақыру жануарлық күштен көрініс тапқандықтан, адам жаны екі келбетті: бірі тек жоғары өзінің нағыз орнына бұрылғаны, екінші келбет тек бүл дүние жағына бұрылғаны. Практикалық әрекет күші бүл дүниеге қарай бағытталған, сол уақытта оның қабылдау күші жоғары жаққа, ол дүниеге бағытталғаны, қашанға дейін қабылдау түрлерін көрсетпейінше, біз адамның қабылдау күшін біле алмаймыз.
Ақыл күйін және ақылға сай түсініктерді түсіндіру
Біз неден мәнге, мағына мен формаға ақылмен жетсек, соның бәрі ұғымдық болып табылады. Заттар бейнесін қабылдау әр түрде жүзеге асады. Мысал үшін адамды келтірейік: бірінші сезім арқылы адамды біз көрсек, бүл, демек, сезім арқылы бейнеленген адам бейнесін көру, бірақ бүл әлі адам мәнінің абстракциялық ақиқаты емес. Оның бейнесі — бүл оның ұзындығы, ені, сарылығы, ақтығы, сапасы, саны жөне оның жайы, яғни, не адаммен қосылған болса, соның бәрі, ал белгілі бір форманы қабылдайтын материядағы оның адамгершілігі, оның адами табиғаты болып табылатын адамгершілігінің салдары емес. Ендеше, сезім адамдық мәнді және осы адамның адамдық формасын, яғни материядан шытатын сол қосымшаларсыз қабылдай алмайды. Егер материя жойылатын болса, онда форма да сезімнен кетеді, — ендеше сезім бейнеленгенді толық оқшауландыра алмайды. Сондықтан, сезім денелік бейненің айнасы болғандықтан және денелік форманы оның ұзындығы, ені жайындағы айырмашылығымен қабылдайтын болғандықтан, сезім денелік құралсыз бейнеленгенді қабылдай және затты түсіне алмайды. Бұл бейне ойда және түсінікте қалса, онда басқа мәселе шығады: онда ой мен сезімнің арасында, бейне материалды егжей-тегжейлерімен қабылданатындықтан және оқшау қабылдана алмайтындықтан, айырмашылық болмайды, және ой бұл кескіндерді қабылдағанда, онда оны шектелген сапа және сан мен денелік (формада) қабылдайды, оның бөліктерін аңғарады және ол, қалай түйсікті қабылдаса, солай оның әр түрлі жайларын айырады. Ендеше, ол бүл кескінді, ол оларға ие болатын сол мөлшерде, бөліктердің сол айырмашылықтарымен және сол жайда қабылдайтынына күмән жоқ. Ендеше, оймен елестету де денелік мүшемен қабылданады. Және бұл мүше, мидың алдыңғы бөлігі деп аталатын, денелік орын бөлігін алады, және ол қайсыбір зақымдарға ұшырағанда, бұл оймен бірге елестету жойылады. Ой және сезімдік бейненің арасындағы айырмашылық сонда, ой бейнесінің сезілетіннің жоғалып кеткенінен кейін де, қала беретінінде болып отыр, және бұл айырмашылық басқа салаға жатпайды, өйткені бұл бейне материалды қосымшалармен бірге болады және бұл бейнеге онда кескінделетін денелік мүше керек. Қиялды қабылдауға не қатыстыға келсек, онда оның айырмашылығы, ол сезілетіндей сол мағынада болады. Қиял мағынаны сезілетіннен бөліп қарай алмайды, себебі ол мағынаны сезілетін арқылы аңғарады. Ендеше, бұл да денелік болып табылады. Адамгершілік, оған қатысты ойларда, адамдардың арасында айырмашылық жоқ магына екендігін біз тағы білеміз. Адамгершілік не ұзындықпен, не қысқалықпен, не кәрілікпен, не жастықпен айқындалмайды. Біз осы мағынаны немесе бүкіл анықтамадан, немесе анықтаманың егжей-тегжейлерінен түсіне аламыз. Егер біз оны түсінбейтін болсақ, онда ұзындық пен қысқалық оның, шарттары емес деп, айтпаған болар едік. Біз қаншама осы мағынаны ойға ауыстыруға тырысқанымызбен, осыны жасай алмаймыз, өйткені ойлау оны қабылдай алмайды. Ойлау немесе қиял арқылы оларды түсінгісі келсе, олар оны тұлғаландырған түрде, мысалы, Зейд немесе Әмір, немесе оларды ешқашан өмір сүрмеген адам тәрізді көрсетеді, бірақ егер олар өмір сүрген болса, онда оларды материалдық атрибуттарымен адам болатыны сияқты, солай түсінер еді. Жалпы жануарлық күш жалпы абстрактылық танымды қабылдай ;алмайды. Бұл күш жекенің мағынасын қабылдайды, ал жалпы қағидаларды ол қабылдамайды. Ендеше, оның арқасында адамдар жалпы абстрактылық мағынаны түсінетін, сол күш — бүл басқа күш, және осы күштің көмегімен олар белгіліден белгісізді табады, ал басқа жануарлар осындай күшке ие емес. Егер жануарларда белгісізді табу қуаты болса, олар таңдауға барар еді және біртекті әрі біртүрлі болмас еді. Ендеше, мәселе адамдық қажетті жалпы түсіну мен бекітуде, ғылым мен қолөнерінде белгісіз жөнінде қорытындылар жасай алу шеберлігінде тұр. Және осының бәрі бір жанның қуаттарына жатады.
Ақыл сатылары
Адам жаны үшін ой қабылдаудың бірінші сатысына, жоғарыда біз айтып өткен, ой категорияларының қабылдауы жататынын білген жөн. Алдымен ол қарапайым болады және онда ешқандай ақылға тән кескін жоқ, бірақ ол оны қабылдауға икемді. Бұл материалды ақыл және оны тағы да потенциалды ақыл деп атайды. Содан кейін оған қос түрлі ойланылатын енеді: біріншісі — біз осыған дейін айқындағандай, оны қабылдау оның субстанциясына тән, нағыз бірінші болады. Екіншісі — оны ақыл әдеттікпен қабылдайтын, белгілі және белгілінің пайдасы іске көбірек асатынынан көрінеді. Ақыл осындай болғанда, оны тәжірибелік адал және сол заттарды ажырата алатын, қолынан іс келетін ақыл деп атайды. Ол оймен жасалғанды қабылдағанда, сонда ақылдың үшінші сатысына жетуге болады. Сонда оны әрекеттенуші ақыл деп атайды. Жанмен қабылданып алынатын, бұл оймен жорылғанның құрылымы, ол жанда болғанында, ол шығарылып алынған ақыл деп аталады. Шығарылып алынған ақыл орта алғышарттар, анықтау және түрлік ерекшелік көмегімен қабылданып алынады. Бұл оймен құрастырылған, солай оймен сезілетін денелік күш және денелік құралсыз бола алмайтынына ұқсас, денелік құрал және денелік күшсіз ол қабылдана алмайды.
Ақыл әрекеті денелік құралмен жүзеге аспайтындығының куәліктері
Ақыл күші әрекеттерінің денелік емес екендігінің куәлігіне не денелік құрал арқылы әрекет жасалғанда, не осы құрал істен шыққанда, не қабылдаудың бар екендігі, не оның дұрыс емес екендігі жатады. Мысалы, қашан көзге зақым келсе, ол көре алмайды немесе басқаша түрде көреді. Басқа дәлел мынадан шытады: құрал өзін өзі қабылдай алмайды, себебі оның және құралдың арасында басқа құрал жоқ. Мысалы, көз өзін-өзі көре алмайды, сондықтан ол өзін-өзі қабылдай да алмайды. Үшінші (дәлел): егер онда субстанция болып табылатын сапа бар болса, онда бүл (құрал) оны қабылдамайды. Солай, мысалы, егер оған қатты іш пыстыратын субстанцияда енетін болса, онда түйсінумен нашар темперамент қабылдау мүмкін емес. Төртінші: ол өзін қиялда қабылдай алмайтын, қиял тәрізді, ол өзі өзіне ұқсас етіп қабылдай алмайтын, қашан қуатты затты қабылдаса, онда осындай әсердегі әлсіз зат бүгін осында тұрса да, байқалмайды. Мысалы, күн шыққанда, көз әлсіз жарықты көре алмайды, немесе, қатты дауыс естіліп тұрғанда, құлақ әлсіз дауысты естімейді. Ол әлдебір қаттыны түйсінгенде, тіл әлдебір әлсізді сезіне алмайды, себебі бұл тән құралы арқылы ол затты түйсінумен айналысып тұр. Қабылдау қуатты болғанда, құрал өз әрекетін тоқтатады немесе сынады, алтыншысы осында түр. Жас ұлғайып, ол қырықтан асқанда, тәндегі күштер кетеді және олармен бірге барлық мүшелер әлсізденеді. Жетінші осылай ақылдың күшін түсіне алады, құралдар және түсінудің өзін күшейтеді, әлдебір қуат қабылданғанда, ал әлсіз жеңілдеу қабылданғанда, қырық жастан кейін күшейіп кетуің де мүмкін, олардың ақылы үшін қосымша құрал қажет және сонда, бұл құрал бұзылып қалғандағы сияқты шеттелмегенде, бұл тіпті әдетті жай болады. Құрал қажеттілігі жөнінде біз ары қарай жалғастырайық. Егер бірдеме құрал жоқтығынан әрекет етпесе, бүл бірдеме өзімен өзі ерекше әрекетке бара алмайтыны жөнінде айтпайды /12/, өйткені осы құралдың жоқтығы оны өзіне тән әрекеттен ұстап тұрады. Мысалы, кейбір адам қапалы болғанда, ол өз жұмысын тоқтатып қояды, немесе ол қатты қуанғанда, онда тағы да ісін тастайды және жұмыс істей алмайды. Кейін істі атқару үшін, құралдың алдын алу қажет болуы да мүмкін. Мысалы, егер адам қайсыбір орында әлдебір іске ие болса, онда оған сол жерге жету үшін және істі атқару үшін, қашыр керек болар еді. Бірақ егер әлдене құрал әрекетсіз тұрғанда немесе онсыз жақсы әрекет етсе, онда бұл оған осы құралдың керек еместігін куәландырады. Егер құралдың болмауы, оны бұл істі орындаудан ұстап тұрса, онда оның себебін біз жоғарыда айтып өткенбіз
Оймен жорылғанды қабылдаушыға тән емес екендігін дәлелдеу
Біз айтып кеткен жайт, оймен жорылғанды танудағы жан әрекетінің ерекше әрекет екендігін куәландырады, ол құралды керек қылмайды және дербес болып табылады. Не оймен жасалғанды қабылдайтын, дербес субстанция екендігін әр түрлі мысалдармен дәлелдеуге болады. Ойланылғанның құрылымы тек тән немесе тәндік күште болуы мүмкін емес. Ойланылғанның мазмұны қос түрлі екендігін білу қажет: бір жағынан, бүл бөліксіз тұтас матына болады, мысалы, болмыс мағынасы немесе бірлік мағынасы ұғымы. Басқа жағынан, онда бөліктер бар, мысалы, оның бөліктері бар ондық ұғымы, немесе, ол жануар және жан ұғымынан құрастырылатын, адам ұғымы, әзірше (жануар және ойлаушы) қосылғанша, бүл адам ұғымы алынбайды, себебі ол адам болып табылады, және жеке алынған бір ойлаушы мен жеке алынған бір жануар, адам бола алмайды, бірақ олардың бірегей жиынтығы адамды құрастырады. Үй, бөліктерден тұратынына қарамай, бір мағынасы бар болғандықтан, үй болып табылады. Адам бірлігі салдарынан ойланылған болады, ал сол зат, неде бөліктер болмаса, ол бірегей. Ендеше, оның ақылдылығы оның бірлігінде тұр. Ендеше, бұл ойланылғанның бейнесі не жеке тәнде немесе бір жеке тәнде орныққан және ақтылық немесе жылылық тәнде тараған сияқты, ол да тараған тәндік күште бола алады не ол тәндік емес субстанцияда орналасқан болады. Егер ол тәнде немесе тәндік күйде, және соңғысы тәнде орналасып, тәнде көп таралған болса, онда денені қиялмен қақ ортасынан бөлгенде, онда ұғым да осылай бөлінер еді. Ендеше, олар осы тәнде болатын, барлық ұғымдар сияқты, қиялмен бөлінер еді. Бірақ бірегей ойланылған және күрделі ойланылған олардың бірлігі себебінен тіпті қиялмен олар бөлінбейді. Ендеше, оларды қабылдайтын, қиялмен бөлінуге және тәнмен араласуға ол жат субстанция болып табылады. Екеуінің бірі мүмкін: егер ойланылған бөліктерге бөлінетін болса, онда бұл бөліктер жалпы сипатқа не ие, не ие емес. Егер ие болса, онда жалпы оларға мағынасы жағынан не қарама-қарсы, не қарама-қарсы емес, ал ойланылганның қарама-қарсылығы тек ұғымдарда мүмкін. Ендеше, жалпы жекеге қарама-қарсы болмайды, ал бүл мүмкін емес. Ал егер қарама-қарсы болса, онда күмәнсіз, жекенің мағынасы жалпының мағынасына енеді, ал бүл екі түрлі бола алады: немесе біз оны қиялмен бөлгенде, қиялсыз бөлік қарама-қарсы бола алмайды, сонда ол бөлік және қарама-қарсы бола алады. Біз оны қиялмен бөлгенде, сонда бұл мағына ойланылған болады, ал бұған дейін ол ойланылған бола алмайды, себебі, ненің бөлігі ойланылған болатынның бәрі, мысалы, тұр немесе түрлік ерекшелік сияқты, ал басқа бөлігі ойланылмаған болғанда, оның өзі ойланылмаған болады. Немесе бөлік алдымен қарама-қарсы және басқа орынға ие болады, және бөлек орын бөлінуден бұрын болады; сонда, бүл бөліктер мағынаның шектері болады деген ұйғарымнан басқа шығатын жол жоқ, және олардың арасында қарапайым элемент бар екендігіне күмән жоқ, және бұл элемент, жалпыға қарама-қарсы, ойланылған бөліктерде бөлінбейтін болады, ол жалпымен келісілген бөліктерге де (бөлінбейді), себебі жалпы, бөліктер формасынан басқа, ойланылған формаға ие, өйткені екі заттың қосындысы, осы заттардың қуаты, өлшемі немесе фигурасы бойынша бірлігінен ерекшеленетін күй болып табылады. Ал бұл күйлер қуаты жағынан ақылға сыйымды, себебі олар өз ұғымдарында ақылға сыйымды болып табылады өйткені, ненің ұғымы ақылмен берілсе, сол ақылға сыйымды болып табылады, және де сондықтан бұл айырмашылық ақылда пайда болды, ол ақылды. Ендеше, ақылмен адамзатты түсінетін болсақ, онда бұл, оның бөліктерінен ерекшеленетін және адамгершілікке сәйкес келетін, осы қосымша күй ақылға сыйымды болады. Сонымен, бүл адамгершілік (ұғымының) оның абстрактылығында ақылға сыйымды екендігіне шек қоя алмайтынын, біз енді айқындадық деп есептеуіміз керек. Қашан біз адамгершілік ұғымының ақылға сыйымдылығы және оның абстракция екендігі туралы айтқанымызда, онда бұл қағидалар пайдасыз, себебі жеке жалпыға қарама-қарсы бола алмайды. Не қажет еді, осыдан шықты. Шындықта дене абстракциялық формаларды, олар дененің мөлшері мен жайы арқылы себепті болған, осы күйлерден басқаша қабылдай алмайды. Шынайы форманың жай және шектелген саннан абстракция екендігіне күмән жоқ. Бұл абстракция болмыстан не сыртқа қарай, не ол ақылдағы болмысқа ұшқындайды. Егер қос жағдайда жай мен санның болуы міндетті болса, онда адамгершіліктің шынайылығы шектелген жай абстракциясы бола алмайды. Ендеше, жалпы бүкіл адамдарды жай-жағдайларымен шектемей өзіне қосатын, адамгершілік ақиқаттылығы бар бола алмайды — және ақыл оны түсінеді. Бірақ, ұғымдар бар болып, ал ақыл оларды түсінбейтіндей жағдай бола алмайды. Форманың әр түрлі бөліктерге бүл бөлінуінде басқа бір оғаштық бар — қашан сен оларды бөлсең, онда бұл бөліктер әр түрлі болады, ал оларды қайтарсақ, сонда олар, сенің қиялыңа сай, басқа орынға ілінеді, ал бұл сандырақ. Ендеше, ойланылғанды түсіну орны дене емес және денеде емес, ал субстанцияға жататыны түсінікті.
Ақыл әрекетінің құралдардан тәуелсіз екендігінің тағы бір
дәлелі
Егер де қабылдау күші қайсыбір тәндік құралмен пайдаланылса, онда ол оны не қабылдайды, не қабылдамайды. Ақыл танып біле алмайтын бізде ештеңе жоқ. Егер де (ақыл) оны түсінсе, онда ол оның формасы мен мағынасын түсінетіндігіне ешқандай күмән жоқ. Сонда бүл екі түрлі болады: 1) немесе бұл форма мен магына құрал формасының мәні болып табылады, және тап осы формада болғандықтан, бұл форма осы құралмен және осы жаймен байланысты, сондықтан ол оны түсінеді. Ендеше, бұл құралда оны түсінетін жан болуы керек; 2) немесе оны жан түсінетін басқа форма болуы керек. Егер басқа форма бар болса және жан оны, бұл құралсыз, бөлек түсінетін болса, онда жан өзі-өзіменен форманы түсіне алады. Егер жан сол құралдың көмегінсіз түсінсе, оның үстіне бұл форма қалай оған, солай құралға тән болса, онда сол форма және құралған тән форма, мағынасы жағынан бір болғандықтан, біз бұрын айтып кеткендей, олардың екі жақтылығы, олардың біріне жақын және басқасына қарама-қарсы жеке құбылыстардың салдарынан өтеді. Қос форма бір материяға жататындай және біртекті материалдық жаймен байланысты болғандай және екеуі де бір затта және бір орында болғандай, мұнда сондай жай жоқ. Ендеше, олардың екеуі де бөлек болатындай, бүл екі формалардың арасында ол мүмкін емес және екі жақтылық жоқ. Ендеше, құралмен құрал формасын қабылдау мүмкін еместігі түсінікті, себебі бір денеде шексіз күш бола алмайды, ал ақылдың күші шексіз және онымен ойланылатын да шексіз болып табылады. Ақыл не болса, соның бәрін түсіне алады. Ендеше, сол, не ойланылғанды түсінетін, тәннен бөлек, дербес. Тән ыдырауы отан зиян келтірмейді және тән оның өмір сүруінің себебі емес.
Жанның мәңгілік күйі және бұл мәңгіліктің күштерін түсіндіру
Егер жан тәнмен бірге емес, ал басқа қайсыбір себеппен және тәннен бұрын пайда болса, онда ол жан бола алмас еді, себебі, егер де тәннің өмір сүруінен бұрын жандар болса, олар немесе коп, немесе жалғыз болар еді, мұның бәрі түсінікті. Егер ол олармен жалғыз болып, содан кейін көбейіп және бөліктерге бөлінсе, онда бұл жан емес, тән болар еді. Сондықтан біз жан бөлінбейтін субстанция деп айтып өткенбіз. Егер олар кеп болса, онда олардың тегі бірдей болар еді және олар материалды акциденциялар ретінде бөлінер еді, яғни олар материалды болар еді. Ендеше, жан тәнге дейін өмір сүрген жоқ, себебі оның тәнге дейін өмір сүруінің қажеті болмас еді. Ендеше, қашан оның құралы өмір сүргенде, сонда ол да өмір сүреді. Және жан өмірге келгенде және субстанция болғанда, ол өзінің негізімен бірге өмір сүреді, және оның құралы ыдырай бастағанда, ол бұл құралда қалады және онымен бір ыдырамайды. Сезім, қиял, құштарлық, ашу және соларға ұқсастар тәрізді, оның құралының барлық күштері одан бөлінеді және құралдық ыдыраумен бірге ыдырайды.
Белсенді ақыл жөнінде бірнеше сөз
Ойланылған потенциалды жанда болатындығы және шындыққа ауысатындығы себебінен, ойланылғанды мүмкіндіктен шындыққа ауыстыра алатын, ақылға сай бірдеме болуы қажет. Олар жөнінде біз метафизикада атап өткендей, бүл тек сол ақылдардың бірі екендігі күмәнсіз. Және біздің әлемге бұл ерекше жақын ақыл. Оны әрекеттенуші (белсенді) ақыл деп атайды. Ол біздің ақылдарымызда мүмкіндіктен шындыққа (өтуде) әрекет етеді, алайда, әзірше сезілетін және қиялданатын жоқ болса, біздің ақылымыз әрекетке кешпейді, ал қашан сезілетін және қиялданатын пайда болса, онда олардың формалары жат акциденциялармен араласады және олар қараңғыдағы зат сияқты жасырын тұрады. Сонда әрекеттенуші ақылдың сәулесі, қалай күн сәулесі қараңғыда тұрған заттарға түсетіндей, қиялға түседі, және қиялданған абстрактылы формалар ақылда жарықтың көмегімен, нәрсе айнамен көзде бейнеленгенге ұқсас, ақылда бейнеленеді. Олар абстрактылы болғандықтан, олар жалпы. Қашан сен адамгершіліктен артық нәрсені алып тастасаң, онда жеке жоталады, ал жалпы мағына қалады. Ендеше, ақыл мәнді құбылыстан ажыратады және субъектілер мен объектілер пайда болады. Субъектімен тікелей байланысы бар, әрбір предикат ақылда пайда болады. Не жанама болғанның бәрі сол оймен алынады. Қашан адамдық жан, материядан бөлініп алынған, таза ойланылғанды танығанда, оның байланысы аяқталады және бейнелеуді тоқтатады, ол сезімдерді қажет етпейді. Қашан жан осылай тәннен бөлінгенде, тон алдымен оның болысқанына қарамай, аятында жанға кедергі келтіре бастайды. Қалай салт атты бір орынға жетіп және сонда тоқтатысы келсе, етер бұл салт атты атпен байланысты болса және одан айырыла алмаса, және аттың үстінде болса, онда, алдымен ат оны мақсатқа жеткізуге тиісті болғанымен, осыған қарамай, енді ат оның осы мақсатқа жетуіне кедергі болады. Жанды жетілдірудің себеп - күйі әрекеттенуші ақыл болғандықтан, ал ол мәңгі және оның бейнеленуі тұрақты, және жан өзінен-өзі қайсыбір құралдың араласуынсыз бұл бейнені қабылдайтын болса, онда, сондықтан, және жан да мәңгі болып табылады. Ендеше, жанның әрекеттенуші ақылмен байланысы және жанда әрекеттенуші ақылмен жетілдірілуі ешқандай тоқтаусыз және кедергісіз, мәңгі болып табылады. Кез келген күш, оны бұл күш табиғи қабылдайтын, сол затты қабылдауымен жағымды екендігі түсінікті. Және ойланылатын мағынаның жағымдылығынан артық ештеңе жоқ екендігі де түсінікті. Ойланылатынның сүйкімділігі түйсінілетіннің сүйкімділігінен артық екендігі, тіпті салыстырылмайтын деңгейде артық екендігі де түсінікті. Оның сүйкімділіктің не екендігін білмей-ақ, қай себеппен біз сүйкімді нәрсені қабылдайтынымыз да түсінікті, және қандай жағдайларда бұл солай немесе басқаша болатыны да анықталған. Сол жөнінде біз айтып өткендей, қашан адам жаны бөлінетіндігі және сол шекке жететіндігі туралы да, сен осыдан білесің, сонда рақаттану мен жан бақыты шексіз болады. Сондықтан, жан бұл жетілуге құштарлана ұмтылады, ал ең жоғары деңгейдегі жетілу мүмкін емес, осыдан жан ашиды және қара болады. Ал егер жан ұмтылыста және неге ол сеніп келді және нені жасады, соларға сәйкес қиял билігінде болмаса, және ол осы затты қиялда көргендей болып, және бүл қиялдан кете алмаса, өйткені қиял үшін құрал керек болғандықтан, онда қарапайым сезім болмаса, онда бұл аспан шырақтарына ұқсас болады. Оған сай келетін әрекеттерінде тән жанға кедергі келтіретінін, біз біліп үлгердік, өйткені, жан жүзі бұл дүниеге бұрылғанда, ол ақылды ойлаудан айырылып қалады, себебі бір күш басқа күшпен тоқтатылады, мысалы, құштарлық ашу шақырумен, ашу шақыру құштарлықпен, көру естумен, есту көрумен, ішкі сезім сыртқа сезіммен, және керісінше болады. Жан тәнде болғандықтан, тән жаңды тоқтата алмайтындығын білген дұрыс, себебі жан тәнде емес болады. Бұл тоқтату жанның өзіне тепе – теңге ұқсас болуға тырысуынан да көрініс табады, және бұл ұмтылыс, жан қаншама тән формасын, оның әдеттерін қабылдап және оған бағынғанда, соншама бейімділікке ол айналып кетеді. Осыған қарамай, тән жанның бақытқа жету жолындағы кедергісі болып табылады. Алайда тән жан немқұрайлылығын тудырғысы келеді, көңілін басқаға аулайды, осыдан жан құлазиды. Оның бақытына кедергі болатын, сол әрекеттердің лаңдылығы мен зияндылығын ол біле де бермейді. Қашан дене кеткенде, іздері қалады және жан бұл іздердің қинаушылығын сезінеді. Біз басқа жерде бұл мысалды келтірген едік. Бірақ бұл күй тым таң қаларлық нәрсе және әрекетке жасайтындығы себебінен бұл іздер әдетке айналып кетеді. Сонымен, теріс қылықтардан келетін, қиналыс мәңгі болмайды. Ал сол, не кемістіктердің салдарынан болса, ол мәңгі болады. Шариғат та осылай түсіндіреді. Тәннің пайда болуы жанның пайда болуын қажетті қылады, дегенмен, бір тәннің жаны басқасына ауысады деген осыдан шықпайды, әйтпесе бір тән екі жанға ие бола алатыны осыдан шығады.
Ұйықтау себептері
Біз бұл жерде ұйқының шынайы күйін түсіндіруге міндеттіміз. Ұйықтау себептеріне тәннің жан субстанциясының сырттан ішке қарай дем алуы үшін немесе ас қорытуы сияқты, ішкі өзіндік істермен айналасуы үшін, немесе ас қорытылатын жайын, ол тәнде қалмаған жағдайдағы әлсіреген күйде, немесе тән толғанда және оның ауырлығында, қозғалуға қиын болғанда, немесе қашан моншадағы сияқты, тәннің барлық қуыстары бумен толғанда болатын күйге қайтып келуі жатады. Тәндік жан субстанциясы нәзік, ол төрт элементтер буынан (қан, өт, қара өт және флегма) құрастырылған, ол жан қуатынан тұрады, және сондықтан, қашан керу жүйкесіндегі, (эпилепсиядағы, соққы және сал ауруындағы сияқты кедергілермен ол кездескенде, мүшелердің тәндік қуаты әлсірейді, солай, мысалы, адам қолы байлаулы болғанда, қол саусақтарын ол сезбейді де, олар қозғалмайды да. Тендік жан субстанциялары кейде көп, кейде аз болады, және адам әлсіздігі мен оның жетілмеуінің себебі бұл субстанцияның жетіспеушілігінен немесе оның нашар қоспасынан туындайды.
Түс көру себептері және оның дұрыстығы
Сезімдер онда орын алмай, ойлау қуаты жалғыз қалғандықтан, түс көру осыдан болады және жан сезімдерден бұрылып кетіп, түйсіктермен енді айналыспайды. Ойлау табиғаты — әлденені көрсетіп тұру және ол тыныштық күйінде өте сирек болады. Кейде ол тән темпераментін де білдіреді. Егер ет басым болса, онда сары түстерді ол көреді, ал егер қара ет басым болса, онда ол қара түстерді көреді; егер суықтық басым болса, онда мұзды кереді, ал егер жылылық басым болса, онда от көрінеді. Кейде ұйқы еткен ойларды көрсетеді. Жан әлсіз болса, ол тек ой мәселелерімен ғана емес, сонымен бірге сезімдермен әуестенеді, ал егер жан жеткілікті қуатты болса, және ойлау қалыптылығы ыңғайлығын пайдаланса, онда ол бос болып қозғалмайды және езіндегі жан субстанцияларының бейнелерін түйсінуге қабілеті бола бастайды, өйткені, олардың көрініс таба алмауының себебі жандағы дайындықтың жоқ болуында тур, себебі ол ізгі емес істерден босай алмайды. Бұл субстанциялар жаңда бейнеленгенде, онда, оларда бар болатын, әсіресе сол, не жан үшін маңыздырақ және қолайлырақ болатын күйлер формасында, олардың бейнеленуі күйлер мағынасына сай келетіндей, осы туралы біз айтып еткендей, олардың мәні түсінуде болатындай, тағы да адам жанында бейнеленеді. Егер бұл формалар жеке болса, онда олар елестету қуатымен бейнеленеді және олардың мағынасы есте қалады. Ал егер ой оларға кедергі келтірмесе және бейнелеу ойдағыдай болса, онда қалай ол көрінсе, ұйқы солай болады және оған түсіндірменің керегі жоқ. Егер ойлау қуаты үдесе, жан бейнені елсіз қабылдайды. Қашан ойлау қуаты бірқалыпты болса, мысалы, қашан қуатты сезімдер қабылданғандай, ол қуатты қабылданады. Өйткені қайсыбір күш қуатты эсер еткенде, жан оған бұрылады жөне басқа күштер әлсіз өсер етеді. Ой қозғалыссыз болғанда, көрінген түс дұрыс болады, ал егер жанның жоғарыға тартылуы әлсіз болса, онда ойлау жаннан озық кетеді және көрген түстің мазмұнын өзгертіп, оған басқа мағына енгізеді. Егер сен өзің бірдеме туралы асықпай ойласаң, онда ойлау ештеңені істей алмайды. Егер сен көңіліңді басқаға бұрсаң, онда ой алға кетеді, және ол сені сол ой жолдарынан басқаға аударады, және ол шатасып кетеді. Сонда сен өзің ой билігіне көшесің, өз ойларыңды өзің ұмытасың және оларды еске алғың келіп, былай айтасың: мен не туралы ойлап едім немесе қалай мен бұл ойдан басқаға кетіп қалдым? Сонда сен бұрынғы ойды тек жанама жолмен ғана қалпына келтіре аласың. Ендеше, әрбір осындай түс түсіндірмені қажет етеді. Түсіндірменің мағыналылығы, нені ол ашады, менің ішкі дүниемнен ой жолымен не маған жетті, және маған әлденені басқа зат формасында жеткізді ме: мысалы, мен бірдемені көрдім және ой осыны ағашқа айналдырды. Ендеше, түсіндірме әлденені шамалау және тәжірибе жолымен болады. Әрбір темперамент басқа қасиеттерге де не, ол жылдың әр мезгілінде және әр түрлі күйде ойды басқаша айқындайды.
Адам жанының құпия әлеммен байланысының себебін түсіндіру
Адам жанының рухани әлеммен және періштелер жанымен байланысты немесе жан өте қуатты болғандықтан, оны сезімтал, дарынды адамдар бір мезгілде сөйлей, тыңдай және жаза алатындығына ұқсас, сондай әрекеттен ұстап тұра алмайтындығынан, пайда болады. Осындай жан түсінде не көрсе, соны өңінде көре алады. Немесе бұл байланыс, бұл істе оның құралы болып табылатын, ой қуатының арқасында пайда болады және бұл қару төменнен жоғарыға дейін жете алады, және жанға жоғарыдағымен байланысқа түсуге болысады. Немесе бұл байланыс от пен шаң құрғақтығы басшылығымен сезілетін құбылыстарды елемеуден де пайда болады. Онда жанның ойға ұмтылысы, осы дүниені сезуден гөрі, күштірек болады. Кейде былай деп айтады: жан сезілетінді елемей, сыртқы дүниеге назар аударады, ал ішінде, аңғалдық пен салмақтылыққа қарама-қарсы, өткірлік пен кебірсушіліктің салдарынан немесе түсінде, жан сезімдерді тастап кеткенде, осылай ол қатты әрекет етеді.
Көрінетін және сезіммен қабылданатын, бірақ өмір сүрмейтін бейнелердің себебі
Құпиялыны (асылды) қабылдайтын, жан қуаты екі түрлі: әлде ол қалай болса, солай қабылдайтын, әлде ой билігімен және әлсіздеу қабылдайтын болады. Ой бізге бір затты ойда ұстап тұрып, басқа заттар туралы ойлауға мүмкіндік бермейді. Кімде-кім бірдеме жөнінде айтса жөне қашан оны меңгерсе, ол өзіне ортақ сезімді тартып алады және бүл кескінді ойлау қуатымен бейнелейді және бүл сезілетін болады, себебі ортақ сезім айнаға ұқсас. Егер сыртқы сезімдер қайсыбір кескінді берсе және ол онда (жан қуатында) бейнеленсе, онда ол қабылданады. Шындықта сезілетін — бүл сыртқы кескін емес, ал сонда бейнеленген кескін. Сол және басқа сезілетін деп атайтын, екі түрлі мағынаға ие: егер бұл кескін іштен шықса және қуатты болса, онда ол көрінеді, ал егер көрінсе, онда ол сезілетін болады, себебі: ол қайдан алынса да, сезілетін кескін болып табылады. Ортақ сезімнің өңінде көрініс тапқан бүл кескінді бейнелеуге жол бермеуі екі түрлі болады: біріншісі — сыртқы сезім басымдылығының салдарынан және ортақ сезімді сыртқы сезіммен қайтарып қойғандықтан; екіншісі — ол ақылды әлсіретіп және жалған бейнелерді көрсететін, ой әлсіздігі салдарынан, өйткені ол бейнелерді жасаушыға жатады. Сонымен, егер ақыл қуатты, сыртқы сезімдер оның орнын баса алмаса, және егер ойлау өте қуатты болса, онда бейнелерді өзіне қабылдайды. Егер ақыл әлсіз және зақымдылық себебінен әрекет етпесе, онда ештеңе ақылмен бөгелмейді, және, ендеше, ол кескіндерді ортақ сезімдерде бейнелейді. Сондықтан, кімнің ақылы кем болса, сол қисапсыз көп бейнелерді көреді. Немесе ақылынан үрейі басым түсетін адамда, ақыл үндемейді. Ал қорқудың немесе басқа күштің билігінде болатын ой нені көрсе, немесе оған ие болса, соны көреді.
Таң қаларлық ғажайыптың негізін түсіндіру
Осы әлемнің бірінші материясы жан мен ақылға бағынатындығы және жанда пайда болатын бейнелер бұл дүниедегі осы бейнелердің себебі болатындығы метафизикада айқындалды. Бұл субстанциядан туратын, адам жанына әлемнің бірінші материясының тәуелді болуы қажетті. Бірақ адам жаны әлсіз. Және ол әлсіз болғанымен, бірақ кейбір әсерлері бойынша әлемдік жанға ұқсас. Нашар бейне адам жанына түскенде, онда тән темпераменті суи бастайды, егер де жанда әлдебір бейне басым болса, ол тән қыза бастайды, және тек қалай ол құштарлықпен ойлай бастаса, сол сәтте қойнауларда жылылық тілегі көрініс табады, құштарлық мүшесі, қалай ол құштарлыққа сай болса, солай бола бастайды және қызулық осыған дейін жетеді. Және бүл қызулық пен салқындық, қызулық пен салқындықтың басқа тегінен шықпайды, ал ол жан бейнелеріне бағынады. Адам жаны оның тәнінде емес, ал онымен байланысты. Ол оның қаруы болып табылады және онымен бірге өмір сүреді. Оның тәнге деген махаббаты мен көңілі табиғи және олардың арасында бұғаулар бар. Ендеше, адам жаны, қалай ол бірінші материямен және өз мүмкіндіктері шегіндегі материямен байланысты болса, солай ол эсер ете алады. Және осы себептен қалай әлем жаны қуатты болғандай, бұл жан солай қуатты емес, бүл эсер де әлсіз болады. Жан басқа тәндерге иландырумен және көз әсерін тигізумен ықпал жасай алады — бұл жағдай ақылға қайшы келмейді. Қайсыбір адамдарда жан соншама күшті бола алатындықтан, ол біздің әлем денелерінде үлкен істерді қиялдың көмегімен немесе өзінің ерік-жігерімен жасай алады. Сонымен, біздің әлем денелері осы себептен күшті өзгерістерге, әсіресе қызулығы, салқындығы және қозғалмалығы бойынша, ұшырайды. Осыдан бүкіл ғажайыптар шығады.
Қуатты жандар күйін түсіндіру
Орта алғышарттың көмегімен белгісізді белгіліге айналдыруға болатынын, біз енді білеміз, және бүл орта алғышарт немесе ақыл тапқырлығы жолымен тез түсіну арқасында табылады, және бұл әрекеттенуші ақыл әсерін қабылдауға деген жан дайындығы салдарынан болады, немесе ол ғалымдылықтың нәтижесінде болады. Тапқырлық екі түрлі болып келеді: баяу және тез. Бір мәселені тапқырлықпен шешуге болатындығы, ал екіншісін — болмайтындығы міндетті емес. Бір адам әлденеге басқа адамнан үйренеді, ал соны ол бұрын ешкімде дайындалмай-ақ, өзі өзі үшін тауып алады. Ал егер адам тереңдесе және әлем заттарының негізін тапса, онда оған көптеген заттарды да дұрыс ұғынуға мүмкіндік туады және ол оларды түсінді деп, сеніммен айтуға болады. Ұстазсыз олар аңғара алмайтын адамдардың арасында, оларға ұстаз қажет болатын, сондайлары да кездеседі. Ал тіпті ұстазбен де түсіне алмайтын, сондай да адам бар болады. Ұстазға мұқтаж болмай-ақ, заттардың көпшілігін тапқырлықпен түсінетін, сондай адамдардың да болуы мүмкін. Егер ол тілек білдірсе, бүкіл ғылымдарды бір сағат бойында ұстазсыз-ақ меңгеріп алатын, жөне осының негізінде оны ойламай-ақ түсінетіндер, бүл осылай болмаса да, біреу оған сыбырлап айтып тұрғандай болатындар кездеседі. Ол әрекеттенуші ақылмен сондай жақын байланыста болатын, осындай сирек адамды тауып алуға мүмкіндік бар. Осындай кейбіреулер адамзат үшін білім қайнары болуы керек және бүл таң қаларлық іс емес. Біз өзіміз осы текті адамды көрдік. Ол заттарды ойлау және еңбектенумен зерттеді, бірақ тапқырлығы бар болғандықтан, ол көптеген іс - қызметтерге мұқтаждық көрсетпеді және оның көптеген нәрселер туралы болжамдары, не кітаптарда жазылған болса, соған сәйкес келіп отырды. Сондықтан, ол үшін көптеген кітаптарды оқу және олармен жұмыс істеу қажеттігі болмады. Бұл адам 18-19 жасында философия, логика, физика, метафизика, геометрия, астрономия, музыка сияқты ғылымдарда және де басқа күрделі ғылымдарда жетілгендігінің соншама деңгейінен, өзіне теңдесті кездестіре алмады. Ол одан кейінгі жылдарда да білімділіктің осы деңгейінде қалды және оның біліміне ештеңе қосылмады. Егер кімде-кім оқығысы келсе, онда бұл ғылымдардың әрқайсысын меңгеру үшін көптеген жылдар қажет болар еді.
Пайғамбарлар киелі жанының күйі
Ұлы пайғамбарлардың киелі жаны ойлаушы жан болып табылады. Олар ойланылатынды ұстаз және сауаттылықтың көмегінсіз тек тапқырлықпен және періштелер әлемімен байланысы арқылы біледі. Олар ойлау жолымен құпия әлем қағидаларына өңінде жете алады және қасиетті өсиетті қабылдайды. Өсиет періштелер мен адам жанының арасындағы дәнекер болып табылады, ол күй-жайлар туралы түсінік береді, таң қаларлық ғажайыптарды жарата отырып, әлемнің бірінші материясына әсер етеді, оған басқа форма бере отырып, форманы бірінші материядан аластайды. Бұл — періштелер дәрежесімен байланысты, адамзаттың соңғы кезеңі. Осындай адам жер бетінде Жаратушының орынбасары болып табылады. Орынбасардың өмір сүруі ақылға қайшы келмейді және адамзат үшін қажетті. Біз осыны басқа жерде түсіндіреміз. Және осы жерде физика ғылымы аяқталады.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру