TELEGEI

Home

Ұстаз тағылымы

Қағида Базарбаева

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ұстаз тағылымы

Ұстаз тағылымы. Қағида Базарбаева

І БӨЛІМ

Кабинеттік жүйе тиімді

ОН ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІ

Ауданымызда кабинеттік оқыту жүйесіне көшкен алғашқы мектептердің бірі – біздің Совет Одағының Батыры Ы.Ыбыраев атындағы аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігіндегі Ленин орта мектебі. Мектебіміз сәулетті де жарық, кең бөлмелі, үш қабатты. Мұның өзі оқушыларға бүгінгі талапқа сай білім беруге, барлық пәндер бойынша теориялық және практикалық программаларды толық игеруге мүмкіндік береді. Сондықтан 1972-73 оқу жылынан бастап өзге пәндер сияқты, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін ұйымдастыруды қолға алдық. Алғашында кабинеттік безендіру, техникалық құралдармен жабдықтау жұмыстарына баса назар аударып, оқушыларға тұрақты білім, ақыл-кеңес беретін түрлі тақырыпта стенділер жасадық. Бүгіндері қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әр класс түрлі көрнекіліктер мен толық қамтамасыз етілген. Атап көрсетер болсақ, төртінші кластан бастап, оныншы класқа дейін бұл пән үшін таблицалар, эпиленталар, үлестірмелі дидактикалық карточкалар, хронологиялық таблицалар, грамматикалқ калейдоскоптар, перфокарталар жасалып,жинақталған. Сонымен бірге кабинетімізде “Ұлы Абай”, “Сөнбейтін жұлдыздар”, “Біздің Сәбит”, “Халқымыздың мақтанышы”,“Білімдіден шыққан сөз”, “Есте сақта”, “Кластан тыс оқу стенділері мен «Бүгінгі сабақта», “Сөз зергері” сияқты кезекші стенді-тақталар бар. Үлестірмелі көрнекі құралдар әр класс бойынша рет-ретімен және жәшікшелерге салынған. Ал, сабақта қолданылатын күйта-бақтар,магниттік жазбалар, оқу киносы,диафильм – кабинетіміздің ең маңызды құралдары. Сол сияқты оқытудың техникалық құралдары, әсіресе, эпидиаскоп, фильмоскоп, магнитофондар сабақ барысында қай тақырыпқа болмасын жиі қолданылып жүр. Бір атап көрсетерлігі сол, техникалық құрал-жабдықтар, көрнекіліктер уақытты тиімді пайдалану үшін қолайлы. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің кітапханасында көркем шығармалар мен методикалық әдебиеттер қоры жүйелі жинақталған. Сонымен бірге бұл әдебиеттердің қатарын жыл сайын жаңа басылымдармен толықтыра түсудеміз. Әсіресе, программада белгіленген ақын-жазушылардың өмірі мен творчестволық еңбегіне байланысты әдебиеттер жинақтауға баса көңіл бөлінуде. Себебі, мұндай әдеби шығармалардың мол болуы оқушыларға программа бойынша оқитын ақын жазушылардың өмірі мен еңбектерінен толық мағлумат алуға игі әсерін тигізіп жүр. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін осылайша безендіру және календарлық жоспарда белгіленген әр тақырыпқа, әр тарауға байланысты техникалық жабдықтар мен көрнекі құралдарды жеткілікті дәрежеде жинақтау өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, кабинетте өтетін сабақтардың сапасы жақсарып отыр. Ең бастысы, оқушылардың ана тіліміз бен әдебиетімізді оқып-үйренуге құштар-лығы артып, белсенділігі күшейе түсуде. Жәнеде оқушылар программалық сабақтардың қайсысын болмасын көрнекі құралдарды көзбен көру арқылы жеңіл меңгеріп, есте ұзақ сақтауда. Соның нәтижесінде жылсайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен толық үлгерімге қол жеткізіп, оқушыларға тұрақты білім беріп келеміз. Кабинеттегі атқарылатын жұмыстарға, ондағы өткізілетін сабақтардың қызғылықты да мазмұнды болуына, әрі техникалық жабдықтар мен көрнекі құралдардың тартымды пайдаланылуына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері мұрындық болып отыр. Сонымен бірге әріптесім Күлизат Құсайынова екеуміз баспадан шыққан көрнекіліктерді қанағат етіп қана қоймай, шаруашылық, аудан, облыс тарихына, ақын-жазушылардың мүшелді тойларына және басқа да оқиғаларды колдан жасауды әдетке айналдырудамыз. Мұның өзі кабинеттегі оқулық құралдар қорының көбейе түсуіне игі әсерін тигізіп келеді. “Жас қалам” атты қабырға газеті шығарылып, пәнге байла-нысты кластан тыс жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Мысалы, үстіміздегі оқу жылының екінші ширегінде ноябрь айының аяғында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Онда “Көрнекті жазушы Ғ.Мұстафин – 80-де”, “Кеменгер жазушы Мұхтар Әуезов” деген тақырыптарда лекциялар оқылды. Сонымен бірге әр класта қазақ ақын-жазушыларының творчествосымен танысуға байланысты тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Осындай шаралардың ойдағыдай жүргізілуі оқушылардың ана тілімізді толық игеріп, жанжақты сапалы білім алуына мүмкіндік жасап отыр. Календарлық жоспарда белгіленген сабақтардың, кластан тыс жұмыстардың сапасын жақсартуға ұйытқы болып отырған қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті соңғы он жылдың ішінде аудандық кабинеттер байқауында талай рет бірінші орынды еншілеп, грамоталармен наградталды. Сондай-ақ пән бойынша кабинетімізде аудандық, облыстық семинарлар өткізілді. Кабинетті безендіру, техникалық құралдармен жабықтау жөніндегі бай тәжірибемізге сүйене отырып, көрші мектептерге де ақыл-кеңес берудеміз. Жалпы осындай қол жеткен табыстармен шектелуге болмайтындығын біз жақсы түсінеміз. Себебі, партия мен үкіметіміз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде, оларды бүгінгі күннің озық ойлы азаматы етіп қалыптастыруда алдымызға күрделі де жауапты міндеттер жүктеп отыр. Осыған байланысты алдағы уақытта оқушыларға білім беруде кабинеттік жүйеннін тиімділігін арттыра беретін боламыз.

8 июнь 1983 ж. “Ленин туы”.

Мұғалімнің жеке тәжірибесінен

ОҚУ ПРОЦЕСІН ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ

Оқу процесін оптимизациялау идеяларының басты мақсаты – сабақ құрылысының көптеген мүмкін варианттарынан, сол сияқты сабақты түсіндіру мазмұнының, өткізу формасының, оқытудың әдістері мен құралдарының сантүрлі үлгілерінің ішінен ең тиімдісін, ең пайдалысын таңдап алу. Сонда ғана белгіленген уақытта оқушы мен мұғалімнің аз күш жұмсап, ең жоғары нәтижеге жететіндігі, материалдардың толық және ғылыми негізде игерілетіндігі, оқыту процесінін тиімділігінің артатындығы сөзсіз. Міне, мектеп реформасының Негізгі бағыттары да оқыту процесін осындай тиімді әдістермен жүргізуді талап етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту да осы оптимизациялау идеяларын басшылыққа ала отырып, иоқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, сөйлеу мәдениетіне дағдылануға, сауатты жазуға үйретеміз. Осындай үлкен міндетті іске асыру әр сабақтың еншісіне тиеді. Мәселен, әр сабақта тақырыпты өтудің мақсатын, оқушылар назар аударатын басты ерекшелігін, әр тақырыптың өзекті желісін, қосымша материал ретінде қаралатын көрнекі құралдарды, сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыратын жаттығуларды тағы осы сияқты мәселелердің басын ашып аламыз. Сөйтіп, оқуды оптимизациялау барысында сабақтың осындай әдіс, тәсілдерін белгілейміз. Мұғалім өз алдына осындай мақсат, міндет қоюмен қатар оқушы міндетін де айқындап білуге тиіс. Оқушы қандай білім алады, қандай дағды қалыптастырады, оны іс жүзінде қалай қолдана білуі керек деген мәселені мұғалім оқыту процесінің өзегіне айналдырады. Соның нәтижесінде оқушылар ойлана еңбек етуге, творчестволық ізденуге, бұрыннан жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, әр сабақ тақырыбын салыстыруға, одан қорытынды шығаруға жаттығады. Осы орайда сабақтың әр кезеңінде оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, үйрету, дағды қалыптастыру, ой-өрісін дамыту сияқты міндеттерді қатар шешу – сабақты оптимизациялаудың басты талаптары болып табылады. Сол сияқты оқушылардың дайындық дәрежесін, білім деңгейін, жұмыс қабілетін ескере отырып, әр топқа, әр оқушыға өзіне лайықты жұмыс түрін ұйымдастыру, яғни сабақты жіктеу әдісі де білім сапасының артуына әсерін тигізеді. Енді осындай бір сабағымызды қалай ұйымдастырғанымызды мысалға келтірейік. 5 класта қазақ тілі пәнінен “Лексика” тарауына он сағат берілсе, соның екі сағаты “Тұрақты сөз тіркестері” тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты өтуде, оны оқушыларға түсіндіруде алдымен мынадай міндеттер қойдым. Біріншіден, программалық талап бойынша фразеологиялық тіркесті, оның өзіндік ерекшелігін, еркін сөз тіркесінен тұрақты сөз тіркесінің айырмашылығын, ойды бейнелеп жеткізудегі қызметін түсіндіру; екіншіден, алынған мысалдар мен көрнекі құралдардың, жаттығу-лардың мазмұны арқылы сабақты тәрбиемен алмастыру; үшіншіден, бұл мақсаттарға жету үшін сабақты өткізу, түсіндіру формаларын жетілдіру. Осы міндеттерді басшылыққа алып, қолданған әдіс-тәсілдерді бір-бірімен ұштастыра отырып, оқушылардың білімін бекіту, қай оқушымен жеке жұмыс жүргізу, оқушы ойына қандай жұмыс түрімен қозғау салу, олардың қабілетін қалай жетілдіру мәселелерін алдын-ала белгілеп алдым. Сабақты осылай бастау бүкіл оқу процесінің тиімді өтуіне негіз болды. Осы мақсатта өтіліп отырған тақырыпқа байланысты екі сурет-плакат қолдандым. Сабақтың мақсатын тусіндіргеннен кейін “Еріксіз сөз тіркесі деп нені айтамыз, кімнің есінде қалды?” деген дағдылы сұрақты қайталап жатпай, осы сурет арқылы ерікті сөз тіркесін құруды, өткен сабақтан қалған білімді еске түсіру оқушылардың өздеріне тапсырдым. Оқушылар сурет мазмұнына қарап отырып “егін ору, құрмет көрсету, алтын дән, бітік егін, қызыл алма, мол өнім” сияқты ерікті сөз тіркестерін мысалға келтірді. Өткен сабақтан тиянақты білім алғандарын байқатты. Содан кейін ғана барып жана тақырыпты түсіндіруге көштік. Мұнда тұрақты сөз тіркестері жазылған екі таблица қолданылды. Осы мысалдар арқылы тұрақты тіркестердің мағынасы, өзіндік ерекшеліктері, тұрақты тіркес болу себептері және басқа да сипаттары түсіндіріліп, жаңа сабаққа қорытынды жасалды. Оқушылардың алған білімін пысықтау үшін суреттердің мазмұнын, таблицадағы тұрақты сөз тіркестерін қолданып шағын шығарма жазу тапсырылды. Жазылған шығармалар шаруашылық-тың өмірімен, ондағы өндіріс озаттарының еңбегімен байланысты-рылды. Көптеген оқушылар өз шығармаларына “Алтын орақ” деп тақырып қойып, шаруашылықтың озат механизаторлары, данғайыр диқан Геннадий Кондрашов туралы, оның орақ кезінде қол жеткізген тамаша жетістіктері жайында жазды. Сонымен бірге оқушылар осы сабақта әдебиет пәнінен оқыған “Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық аброй кеткізер”, “Еңбек қылсаң - емерсің”, “Еңбек ер атандырады” сияқты еңбек туралы мақал-мәтелдерді де мысалға келтіреді. Олардың ішіндегі тұрақты сөз тіркестерінің қолдану мәнін түсіндірді. Міне, сабақты осылайша түсіндіру әдісі оларға тек сапалы білім беріп қана қоймай еңбек туралы тағлым алуларына да көмектесті. Жаңа сабақты оқушыларға түсіндірген кезде осыған байланы-сты өткен сабақтарды да қайталап, әр оқушының білім дәрежесін тексеріп отырудың, әрбір тақырыпты бір-бірімен байланыстырып түсіндірудің және оқытудың ұтымды да әсерлі әдіс тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Бұл оқушыларға тиянақты білім алуына творчестволықпен ойланып,еңбек етуіне ықпалын тигізеді. Сабақты пысықтаудағы мақсат та осындай тиімді әдістерге бағытталған. Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оптимизациялау идеялары негізінде жүргізуді үй тапсырмаларын дұрыс, жүйелі беруге де ерекше көңіл бөліп отырамын. Оқушыларға үй тапсырмаларын бергеннен кейін оны қалай орындау керек, нендей мәселелерге ерекше назар аудару қажет, қандай ережелерді пайдалану керек сияқты мәселелерді нақтылап түсіндіремін. Осы орайда үй тапсырмаларын үнемі жүйелі тексеріп, сұрап отыру да оқушылардың жауапкерші-лігін арттыруға, материалдарды терең игеруге пайдасын тигізеді. Мектеп реформасында оқытудың тиімді де жетілдірілген әдіс-формаларын кеңінен пайдаланудың қажеттілігі ерекше атап көрсетілді. Мұның өзі мұғалімдерден ұдайы кәсіптік шеберлігін, өздігінен білім көтеруін арттырып отыруды талап етеді.Сондықтан мен де қазақ тілі мен әдебиет пәнін оптимизациялау идеялары негізінде ұйымдастыру үшін озық тәжірибелерді, педагогикалық шеберлік жайындағы методикалық құралдарды оқып, үйренуге көп көңіл бөлемін. Оларды жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне кеңінен пайдаланамын. Бұл оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолындағы еңбегімнің алдағы уақытта да жемісті бола түсетіндігіне ықпал тигізбек.

13 февраль 1987 ж. “Ленин туы”

Мектеп және өмір

ТЫҢ ТЫНЫС

Өмірдің қай саласында болсын революциялық жаңару жүріп жатқан қазіргі кезенде оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесін неғұрлым жоғары көтеруге ерекше маңыз беріліп отыр. Жылдар бойы қалыптасқан тоқырау-шылықты жою жолында әрбір педагогикалық коллектив өзінше ізденіп, өзінше бетбұрыс жасауда. Осындай мақсатта біздің мектебімізде өткен оқу жылының апрель айының орта кезінде белсенді біраз мұғалімдердің ұсынысы бойынша творчесвтолық топ құрылды. Бұл топқа көп жылдық тәжірибесі бар, өз сабақтарын шебер ұйымдастыратын, ізденіп көп оқитын мұғалімдер енді. Олар: Е.Жүсиев,З.Оразалина,Ә.Сүлейменова, А.Қапанова, Қ.Ахмет- бекова, Ә.Бекбасова,Б.Рақымберлина, Б.Нұрғалиева, тағы басқалар. Творчестволық топ құрылған күннен ақ көкейде жүрген көп ойларды іске асыруға белсене кірісті. Алдымен ақылдасып жоспар жасалды, жоспарда бүкіл педагогикалық коллектив болып шешіле-тін проблема айқындалды. Проблемамыз – “Оқыту мен тәрбиелеуді оптимизация идеялары негізінде ұйымдастыру”. Айқындалған проблема аясында жүргізілетін жұмыс түрлері белгіленді. Жоспардың бірінші бөлімі “Мұғалімдердің ғылыми-теориялық білімін көтеру” мәселесіне арналды. “Оқу – тәрбие жұмысын оптимизациялаудың әдістері, түрлері мен тәсілдері” деген тақырып бойынша академик Ю.К.Бабанскийдің, М.М.Поташниктің, А.К. Алгиевтің еңбектері бойынша оқып-үйрену жұмысы өзінше білім көтеру жүйесімен жүргізілді. Оқып-үйрену барысында пікір алысу, талдау жұмыстары бір жүйе жүргізіліп жатса, екінші жағынан “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оптимизация принциптері негізде өткізу” деген іс-тәжірибеге негізделген баяндамалар осы топ ұйымдастырған конференцияда тыңдалды. Жоспардың екінші бөлімі “Мұғалімдердің методикалық шеберлігін жетілдіру жолдары” деп аталды. Осыған сай “Сабақ өткізудің оптималды нұсқалары мен түрлері” деген тақырыпта семинар өткізілді. Әртүрлі ашық сабақтар ұйымдастырылды. Мысалы, алты жастағы бөбектерді оқытатын Қапанова Алма өткен оқу жылының май айында математика пәнінен өткізген ашық сабағын ойын элементтері арқылы оқытуға құрды. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып өткізген “Орныңды тап”, “Сәбізді жұ-лып ал”, “Ұнаған заттарды алуға болады”, “Киоск жұмыс істейді” деген ойын түрлерінің бәрі сол күнгі “10-нан 20-ға дейінгі сандарды оқып, жаза білу” тақырыбына сай тапқырлықпен ұйымдастырылған жұмыс түрлері болды. Тіпті есепті өлеңмен шешу түрін де сабақтан көрдік. Баланың таным, ойлау қабілетін ұштауға шебер мұғалім Алма Қапанова мектеп, класс өмірінен есептер де құрғызды. Мысалы мұғалім “1 Май мерекесіне арналған парадқа біз қалай дайындалдық? Сол туралы есеп құрастырыңдар”, - дегенде, осы класта оқитын бүлдіршін Сүлейменова Бибігүл: “Біздің класс оқушылары 1 Май демонстрациясына 7 жалауша, 3 шар ұстап шықты. Сонда біз демонстрация үшін неше зат дайындаған екенбіз?” – деп есебінің шартын айтты. келесі оқушы өзінше есеп құрастырды. Есептер тақтаға жазылды. Басқа оқушылар бұл есептерді шығарды. Сабақтың соңына қарай: “Бүгінгі сабақтан нені ұқтың?” деген қорытынды сұрақ арқылы өтілген тақырыптың маңызды ерекшелігін айқындатты. Жаңағана мектеп табалдырығын аттаған алты жасар бөбектердің осы сабақтағы білім дәрежесі, белсенділігі, таным мөлшерінің кеңдігі бізді дән риза етті, бұл олардың білім мұхитының айдынындағы алғашқы сәтті қадамына жетекшілік жасап отырған Алманың да ізденімпаздығының айғағы іспетті. Көп жыл тәжірибе жинақтаған мұғалімдердің өзі де осы сабақтың біраз ұтымды жақтарын өзі үшін көңілге түйгені сөзсіз. Оның көрнекті педагог-психолог Ш.А.Амонашвилидің еңбектерін оқып үйреніп, өз тәжірибесіне енгізе бастағанын айқын аңғардық. Екінші бір сабақ 7 “б” класында ағылшын тілінен өтті. Сабақты өткізуші – Бекбасова Әмина. Бұл сабақты сабақ-концерт ретінде ұйымдастырған. Сабақ мұғалім мен оқушылардың ағылшынша әнмен сәлемдесуінен басталды. Мұғалім әнмен оқушылардың амандығын, көңіл-күйін сұраса, балалар әнмен оған жауап береді. Мұғалім тақырыпқа сай “Шет ел тілдері” журналынан қосымша текст оқыды. Соңынан таныс емес тексті қалай түсінгендерін байқау мақсатында сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға Шаяхметов, Рысбаев сияқты балалар жауап берді,аударма жасады.

Сабақ соңында “Бейбітшілік туралы әнді” класс түгел ағылшынша орындады. 5 “а” класында математикадан өткен ашық сабақта Қазақ ССР оқу ісінің үздігі Ә.Сүлейменова дифференциялдық әдіспен жақсы, орташа, төмен оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін шеберлікпен көрсетті. Тақырыпты өмірмен орынды байланыстырды. Білім алып отырған оқушыға да, қатысып отырған мұғалімге де берер тәлімі көп сабақты мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарының бірі. Қазақ ССР оқу ісінің үздігі Е.Жүсиев биология пәнінен өткізді. Оптимизация принциптері негізінде 6 “а” класында қазақ тілінен ашық сабақты өзім өткіздім. Осы жұмыстарымызды жинақтай келе, тәжірибе алмасу, ашық әңгімелесу мақсатында жас мұғалімдер мен тәжірибелі ұстаздардың “Дөңгелек стол басындағы әңгіме - кездесуін” өткіздік. Сонда қойылған кейбір сұрақтар: “Қазіргі сабаққа қойылатын басты талап не деп ойлай-сыз? Өзіңіз оны қалай іске асырасыз?” немесе “Елімізде болып жатқан қайта құру ісіне сіз қандай үлес қостыңыз? Өзіңізді қайта құра алдыңыз ба?”, “Мұғалім еңбегі, класс жетекшілік жұмысы творчестволық еңбек пе, кәсіп пе?” деген сияқты бүгінгі мұғалім еңбегінін көкейкесті мәселелері төңірегінде коллектив мүшелері ашық әңгімелесті. Әңгіме барысында мұғалімнің жеке басының қасиеттері, жақсылық жақтары мен кемшіліктері нақты мысалдармен ашық айтылды. Бір-бірінің кемшіліктерін бетке айтқан кездері де болды. Осы әңгіме әркімнің өзіне-өзі сын көзбен қарауына мұрындық болды. Өткен оқу жылында басталған бұл жұмыстарды биыл да жалғастырудамыз. Үстіміздегі оқу жылына бағыт-бағдар алу мақсатында “Сабақта және кластан тыс жұмыстарда оқушының жеке басын зерттеу жолдары” деген тақырыпта өткізілген конференцияда бастауыш кластың тәжірибелі мұғалімдерінің бірі Қазақ ССР оқу ісінің үздігі К.Ахметбекова, орыс тілі мұғалімі Н.Тұралин, бастауыш класс мұғалімі Б.Шәниева баяндама жасап, іс-тәжірибелерін ортаға салды. Биылғы жұмыстарымыздың бір ерекшелігі “Педагогикалық күндер” өткізуде болып отыр. Оның пайдасын ұстаздар толық түсініп, белсене қатысады. Сол күндерде ашық сабақтар өткізіледі. Ал ашық сабаққа кеткен мұғалімдердің орнына оқушылар сабақ беретін дәстүр де жолға қойылды. Жақын арала “Сіз педагогикалық біліміңізді қалай көтересіз?” деген тақырыпта дөңгелек стол басында әңгіме өткізбек болып отырмыз. Бүкіл қоғамымызда болып жатқан қайта құру процесінен мектеп те тысқары қала алмайды. Біздің ізденістеріміз өз еңбегімізге осы өзгеріс кезеңінің биігінен қараудың көрінісі, КПСС Орталық Комитетінін 1988 жылғы февраль Пленумы талаптарына жауап болмақ.

8 апрель 1988 жыл, “Ленин туы”.

АРЫҢДЫ АЯҚҚА БАСПА

Маған облыстық халыққа білім беру басқармасы бастығының орынбасары Қ.Мұқановтың “Ленин туының” үстіміздегі жылғы 6 майда жарияланған “Өз халқыңа өгей болма” атты мақаласы үлкен ой салды. Ол менің де көкейімде жүрген көп толғаныстардың тиегін ағытып жіберді. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта біз ана тіліміздің өз халқымыздың арасында беделінің төмендегенін басымыздан өткеріп отырмыз. Мұндай дәрменсіздікке ұстаздар қауымы да, басшылар да, ел азаматтары да, ата-аналар жұртшылығы да кінәлі. Әріден қозғап айтсам, тың көтеру кезеңі туған тілімізге көлеңке түсіре келді. Біз тыңның экономикалық жағын ауыз толтыра айта бастадық. Халықтар достығын мақтаныш ететін болдық. Ал төл халқымыздың әлеуметтік-тұрмыстық болмыс-біліміне ол тигізген кері әсері айтуға батылымыз жетпейтін болды. Мысалы, сол жылдары Ленин атындағы орта мектебіміз қазақшадан аралас мектепке айналдырылды. Бұл мен білетін бір ғана мысал. Тегінде, барлық мектептер де осы кепті кисе керек, өйткені облысымыздағы басқа да оқу орындары осындай жағдайға душар болды ғой. Алғашында орыс кластарында тың игерушілердің балалары ғана оқып жүрді. Оларда оқушылар саны қазақ балаларынан мүлде аз болатын. Бірақ көп ұзамай бұл айырмашылық жойыла бастады. Сол кезде алдымен мұғалімдер, ауыл интеллигенциясы бәрінен “Озып” түсті. Олар енді балаларын орысша оқыта бастады. Жалпы біздің халық жылтырақ құмар, біреуге еліктегіш, өзгеден ерекшелеу болғанды ұнатқыш па деймін, әрине бұл жеке пікірім ғана ғой, әйтеуір осыны әжептәуір артықшылық санайтындар болды. Осыларға ауылдардың басқа тұрғындары да еліктей бастады. Енді олар да баласы орыс тілін білсін, білмесін, әйтеуір көштен қалмаудың қамымен балаларын орысша оқыта бастады. Алпысыншы жылдардың басында қазақ кластарында үркердей болып он шақты бала отырса, орыс кластарындағы оқушылар класс бөлмесіне сыймайтындай жағдайға жетті. Мұндай “жетістікке”, сөз жоқ, қазақ балалары көмектесті. Сөйтіп, қазақ кластарын толтыра алмай, орыс кластарына орын тауып, орналастыра алмай әуреге түсетін болдық. Қазір жағдай қандай? 1988-1989 оқу жылында мектебімізде қазақ кластарында 195 бала оқыса, орыс кластарындағы оқушылар саны 256 адам болып отыр. Ал мектебіміздегі қазақтан басқа ұлт өкілдері небары 66 оқушыға ғана жетеді. Ал мектеп жасына дейінгі бөбектердің жайы да мәз болмай отырғанын да айтпай кете алмайсың. Бірлестігіміздің орталық қонысы Ленин селосында 140 орындық типтік балалар бақшасында 124 бөбек тәрбиеленеді. Солардың 100-і қазақ балалары да, қалғандары орыс және басқа өкілдері. Алайда, тәрбие жұмысы түгелімен орыс тілінде жүргізіледі. Сөйтіп, сәбилер туа сала өз тілінен безініп шыға келуде. Соның нәтижесінде мектептің қазақ кластарындағы оқушылар саны жылдан-жылға кеміп барады. Айталық, биылғы оқу жылында бірінші кластың біреуінде ғана туған тілде оқыды. Ал осындай орыс класында 24 бала оқыды. Немесе қазақша жетінші класта 14 бала білім алса, осындай орыс класында 27 бала оқыды, солардың бесеуі ғана орыстар. Мұндай мысалдар мектептің әр класында жетіп жатыр. Бірлестіктің Қаратал атты бөлімшесіндегі ата-аналар өздері өтініп ауылдағы қазақ мектебін орысшаға айналдырды. Тұрғын-дардың басым көпшілігі қазақтар болса да балалары орысша оқуға барды. Осыған орай мынадай бір жайды айта кеткім келіп отыр. Биыл көктемде Ыбыраев халық театры осы бөлімшеге қойылым апарды. Клуб алдында жиылған өңшең қара домалақ балалардың бір де бірі туған тілде елде сөйлемейді, бізбен де орысша амандасты. Бір таңқаларлығы, солардың бір де бірі, жай қызық көру үшін жиналғаны болмаса, қазақ тілінің астарына бойламайтыны. Осыдан соң маған мынадай ой келді. Осы Қаратал ауылында да балабақша бар. Онда да оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде ғана өтеді. Сонда бұған қалайша қынжылмасқа? Өйткені сәби тілі шыға өз халқына өгей бола бастайды екен ғой. Ол өз бұлағынан сусындай да алмайды екен. Манағы айтып кеткен аралас мектептерде тек орыс тілінің ғана үстемдік етуі де шындық. Кластан тыс жұмыстар орыс тілінде ғана жүргізіледі. Комсомол жиналыстары, оқушылар комитетінің отырыстары, дружина жиындары, мектеп линейкасы орысша өтеді. Мектеп те орысша безеңдіріледі. Іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы арнайы қаулы шықса да оған жергілікті жерлерде мән беріп жатқандар шамалы. Ал енді ойлап отырсаң, осының туған халқымыздың болашағы ұшін зардабы мол. Неге десеңіз, туа сала төл тілінен безінген адам өзі халқының тарихынан, мәдениетінен, өнерінен, әдебиетінен, барша рухани мұрасынан бейхабар болып шығады. Мұндай жағдай осындай адамдарды туған халқының қадір-қасиетін ардақтамайтын күйге жеткізбей ме?! Оларға өз халқының ән-күйі, қолөнері, қысқасы халықтық деген нәрсенің бәрі жат болып тұрады. 1986 жылы республикада қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы партия, үкімет қаулысы шығып, көңілге қуаныш ұялатқандай болып еді. Біз ол қаулы туған тілдің беделін көтеруге көп септігін тигізер деп үміттенген едік. Алайда, оның жүзеге асырылуы әлі де ойлағандай болмай отыр. Атап айтқанда, оқулықтар аз, сапасы нашар, көрнекі құралдар, методикалық әдебиеттер жетіспейді. Мамандар да тапшылау. Осы аталған кем-кетіктерді толтыру мақсатымен облыс, республика көлемінде біраз шаралар жоспарланғанына қуаныштымыз. Енді солар қандай жеміс пен нәтиже берер екен деп алаңдаулымыз. Меніңше, алдымен туған тілдің беделін көтеру керек. Оған қол сілтеушілікке, мұрын шүйіруге жол беру өзіңді-өзің қор санаумен бірдей емес пе. Егер әлгіндей басқа ұлт өкілдері ынта қойып, ықылас танытып отырса, туған халық өкілдерінің тілді менсінбеуі қылмыс тәрізді. Бірақ басқа ұлт өкілдерінің туған тілді оқудағы аз ғана жетістіктері оның үлкен проблемаларын шешіп бермейді. Орыс кластарындағы қазақ тілі сағаттары аз. Бұл кластарда негізінен тіл дамытуға, тіл туралы мағлұмат беруге көңіл бөлініп, қазақ халқының бай әдеби мұрасынан білім аз беріледі. Сондықтан орыс класында оқытылатын қазақ тілі мен әдебиетіне берілетін сағат санын көбейту керек. Сонда тым құрғанда орыс кластарында оқитын қазақ балалары төл тілі мен әдебиеті жайлы көбірек мағлұмат алады. Және де орыс класындағы қазақ балаларын тереңдетілген программамен оқыту керек. Ал орыс және басқа ұлттар өкілдеріне екінші бір программаны ұсынса тиімді болар еді. Мектебімізде пән бойынша апталық, әдеби кеш, конференция өткізуді қолға алдым. Әр аптаның дүйсенбі күнін “қазақ тілі күні” деп атап, осы күні бүкіл мектеп болып қазақша сөйлесуді еңгіздім. Бұл, әрине оңайға түсе қойған жоқ. Алайда, туған тілді оқыту үшін күреспей болмайды ғой. Бірақ бұл жұмыстың да кемшілігі жоқ емес. Ана тілінің кәусар бұлағынан сусындау үшін бұлар аздық етеді. Ол үшін мектеп кітапханасының жұмысын реттеу керек. Бірақ онда қазақ жазушыларының классикалық шығармалары жоқ. Кітапханаға қазақ әдебиетіне байланысты кластан тыс оқылатын көркем шығармалар мүлде аз түседі. Сені осы жұмысқа үлкен жанашырлықтың жоқтығы қынжылтады. Ұлтым қазақ болғандықтан, ана тілімді қастерлейтіндіктен, өзім осы пәнді оқытатындықтан мен тіл тағдырына ерекше толғанамын. Өйткені тіл тағдыры – ел тағдыры, ұлтымыздың болашағы.Егер республикамызда тілімізді өгейсітсек, ол қай жерде дамып, өркендемек? Оның болашағы ондайда айқын. Тілімізді жойсақ, халқымызды да жоймақпыз. Мен бүтіндей республикада соңғы отыз жылдың жүзінде 700-ден астам қазақ мектебінің жабылып қалғанына қатты қамықтым. Сонда осы жылдардың ішінде қаншама қазақ баласы төл мәдениеті мен рухани мұрасынан өз қалауымен қағажу қалған десейші. Мұндайлар өз халқына, өз тіліне өгей болмағанда, кім болды? Қазір қоғамымызда жариялылық пен демократия орнығып келеді. Бұрын айтуға бата алмаған,дәрменіміз жетпеген нәрселерді батыл қозғайтын дәрежеге жетіп отырмыз. Ойлап отырсам, әсіреқызыл кеңірдек болып ұрандағаннан қай халық болса да зияннан басқа пайда көрмепті. Солайша зиян шеккендердің қатарында туған тіліміз де бар екен. Бұрын соны көрсек те көрмеген болып, сезсек те сезбеген болып, арық жүрсек те семіз көрінуге тырысып жүріппіз. Қазір біз жаңаша ойлай бастадық, өз халқымыздың тағдырына толғанатын болдық. Бұл өз болашағын ойлайтын адамның бәріне тән болса керек. Сондықтан мен қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы берілсе деймін. Ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде өз маңызын жоймайды. Олжас Сүлейменов айтқандай. “Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық!”.

“Ленин туы” – 1989ж.

ӨЗЕН ДАРИЯҒА ҚҰЯДЫ

Уақыт неткен ұшқыр еді. Ұшқыр уақыттың ұшқыны да болмай ма?! Бүгін өткен күнді ойға оралтып, бір сәт қуаныш құшағына енгендеймін. Біздің Ыбыраев халық театры тұнғыш шаңырақ көтеріп, атын елге танытқан шақты есіме алып отырмын. Сол сезім үстінде оның шырқап көкке көтерілгені де шым-шымдап болса да атына дақ түсіріп алған кезі де көз алдымнан өтуде. Ия, оның ірге қалап, ауылдастардың ардақтысына айналғанына алдағы жылы аттай жиырма жыл болады екен-ау. Қандай бір жақсылық болмасын, түпқазығын адамдар қақпай-ма. Ауылымыз-дың ардақты азаматының бірі Жылкелді Мұқанов түндігін түрген осы өнер отауының осыншама жыл да бірқыдыру тарихы да бар-ау. Ғабиттің “Ақан сері – Ақтоқтысы”, Әбділданың “Жалғыз ағаш орман емесі”, “Майрасы”, дарыны дүйім жұртқа танылған талай-талай драматургтеріміздің жақсы дүниелері біздің сахнада өмір шындығын кестелеп, жұртшылық қол соққан асылдарға айналып еді ғой. Осы тұста манағы ұшқыр уақытты ауызға алмай болмайды. Жақсының артында ізі қалмай ма. Жылкелді ағамыз арамыздан ерте аттанды.Ол туын тіккен театр ағаның тәбәрігіндей ізбасарлар қолына қарап қалды. Одан соң Б.Қажиақбаровтың басшылығымен “Ажар мен ажал”, “Қысылғаннан қыз болдық”, “Өзіме де сол керек” сияқты спектакльдер театр сахнасында дүниеге келген еді. Алайда бапты адам да талғайды, табиғат та күтім қалайды. Театр да солай емес пе. Тізгінді босатып алған сәттеріміз болды. Оны жасырмаймыз да, өйткені өнеріміз бола тұра өзімізді өзіміз төмендетіп алдық. Солардан кейін тізгін, ұстаған режиссер барды жоғалтып, ағалар жаққан отты бықсыған шалаға айналдырып жіберді. Өнер өгейсіп шыға келді. Барды баптау басқамыздың қолымыздан келмейтінге балай бердік. Әділін айтайын бұған өзімізден өзге кім қайғырсын. Ауыл мәдениетінің маздағын тұтатқан соң сөндірмеу керек қой. Шаруашылық басшылары ойланып,толғансада, келген режиссерлер табан тіреп тиянақтамады. Бұлақ көз алдымызда семіп, суалып бара жатты. Биылғы жылы театрымыз үшін елеулі сын боларын да сезбеппіз. Қарап тұрсам, көп жылғы төккен терді бірақ күнде жоғалтып, жанған маздақты өшіре салуға болады екен. Елден асқан ерлік жасап тастадым деуге аузым бармайды, алайда осыған қатты толғанғаным рас. Осы ойымды “Ленин туында” жариялан-ған.“Ауыр. Ауыр да болса - абырой” деген көлемді толғанысты мақала үстей түсті. Ауыр екені рас, абырой екені де – ақиқат. Ендеше ауырға арқаны тосып, абыройға неге жетпеске?! Осы ой қамшы болғандықтан істі қолға алдым. Ауылдастарға сендім, әрине. Қозғау салса, тас қопарып тастайтындай қуат барын білемін ғой оларда. Ауыл артистері де намыскер. Бір-біріне: “Қой, мұнымыз бекер-ақ болған екен!Бір жігіттің ғұмырындай уақыт бойы өнерпаз болып,өзегімізді өзіміз неге бітейміз”, деп жігерленіп шыға келді. Ауыл клубына бәрі де бас қосты. Кеңесе келіп келіскеніміз - әйгілі драматург Қалтай Мұхамеджановтың “Қуырдақ дайын” атты үш актілі комедиясы. Басты тұлғаларды мүсіндеушілер де іріктелді. Араға жылдар түсіп қалса да, өнер оты сөнбеген дарындарымыз дараланып шықты. Талғат Әбілев, Төлеген Қойбатыров, Фазила Ілиясова, Бақыт Найманова, Бекет Баяхметов – бірі мұғалім, бірі бухгалтер, бірі механизатор, бірі құрылысшы болса да негізгі мамандықтарына қоса ауыл артисі де атанғандар. Бұлардың білегін біріктірген өнерге деген құлшыныс болса, екіншіден, “Халық театры” деген құрметті атақты ақтау қажет. Содан былайғы жерде сахна оттары сөнбей,қарбалас күндер әдетке айналды. Кеш түсе клубта тоғысып, драматург мансұқ еткен мақсатты кестелей бердік. Қиындықтар болмады демеймін, болды. Бірақ оларға олжа бермеуге бекіндік қой. Ақыры, қойылым мүсінделіп те қалды. Алдымен ауыл тұрғындарын риза еттік. Бұл сегізінші апрель күні еді. Осы күні бүкіл ауыл болып клубта иін тіресті. Орын тимегендері әйтеуір ішіне енгенді місе тұтып,екі сағат тізе бүкпей тұрды. “Қалай болар екен?” деген секем болмады емес, болды. Бірақ сыннан мүдірмедік. Ауылдастар алғыс айтты. Қанаттандық. Келесі сапарымыз бірлестік бөлімшесі Қараталға түсті. Ондағылар да риза болды. Осылайша туған топырақта күш-мүмкіндікті екшеп алған едік. Енді сын мезгілі, нағыз өнерді тарту етер шақта туды. Апрельдің 12-сі күні Явленкаға келдік. Мұнда ығай мен сығайдың өзі дейтін сарапшылар алдында өнерді таразыға салу парыз. Бұл халық театрлары атағына лайық па, лайық емес пе дегендей байқау болатын. Спектакльде адамдар арасындағы әрқилы қарым-қатынастар қозғалады. Жағымпаздық пен шолақ есепқорлық, өзгені аттап өтіп өзін төрге шығару сияқты оғаш қылықтар әшкереленеді. Жұмыртқадан жүн қырыққан қулар, сауысқаннан сақ пасықтар су бетіне шығарылады. Әсіресе Ережеп пен Жақан тұлғалары соның айғағы. Театрдың түтіні алғаш шыққан күннен бері шеткері қалмаған Фазила Ілиясованың өзі сомдаған рольді шынайы кестелей алғаны назардан тыс қалмады. Оның бейнелеген Әлимасы тамаша шықты. Сол сияқты Т.Әбілев те, Т.Қойбатыров та көзге түсті. Бақыт пен Бекет те жылы лебіз естіді. Астаналық әділқазылар мақтай отырып, олқылықтарды да ойға салды. Біз “болдық, толдық” деуден аулақ екенімізді сездірдік. Олардың бірауыздан айтқан лебізі: “Ыбыраев халық театры осы атақты иеленуге лайық!” Әрине, мақтағанды кім теріс көреді? Бірақ жылы лебіз естідік деп дандайсу – бізге жат. Суретшіміз М.Қажахметовтың еңбегін де елеп айту керек. Ол сахнаны безендіруге көп күш-жігер жұмсады. Бірлестік әкімшілігі, партия, кәсіподақ ұйымдары көп көмек көрсетті. Олардың жанашырлығынсыз тасымыз өрге домаламас та еді. Олар театр жұмысын шетқақпай қылмай, масыл көрмей, шынайы тілеулес болды. Явленкаға барғанымызда бізбен бірге селолық Советтің председателі И.Сапрыкин болып, рухани күш-жігер берді. Қандай бір түйінді мәселелер туа қалса, білек сыбана шешті. Енді сөз соңында жүйрік уақыт жайлы ойды қайта жалғайын. Келесі жылы – той. Театрдың жиырма жылдығы. Біз оны өнер мерекесі ретінде атап өтеміз. Өнер өзенін суалтпаймыз. Өзен дарияға құйсын дейміз. Міне біздің тілек осындай.

“Ленин туы” – 1989 ж.

ЖАҢАЛЫҚҚА СЕРГЕКТІК КЕРЕК

Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Ленин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы, “Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі”, “Мұғалім-методист” Базарбаева Қағида Қазақстан кәсіподақтарының ХІІІ съезіне делегат ретінде қатысқан күндері арнаулы тілшіміз Естаев Есбергенмен пікірлескен еді. Газетіміздің бүгінгі номерінде тәжірибелі ұстаздың ойлары мен ұсыныстарын жариялап отырмыз. Тілші: - Қағида Базарбайқызы. Сізді және Сіз арқылы мұғалім – делегаттарды Қазақстан кәсіподақтарының ХІІІ съезіне делегат болып келулеріңізбен құттықтаймыз. Үлкен басқосуда және Қазақ ССР Оқу министрлігіндегі қабылдауда айтылған пікірлерді, халық ағарту жүйесіндегі проблемалық жағдайларды аудан мұғалімдеріне жеткізіп, жан-жақты түсіндіретіңізге сенеміз. Б.Қ.: - Рахмет. Шынында, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Г.В.Колбиннің съезде сөйлеген сөзінен, Қазақ ССР Оқу министрі Қ.Б.Балахметовтың ашық әңгімелерінен, Қазақ республикалық кәсіподақтар советінің предсе-дателі Е.М.Жақсылықовтың съезде жасаған есепті баяндамасынан көп жайларды жаңаша ұқтық, көкейде жүрген көмескі ойларымызға жауап алдық, бірсыпыра мәселелерді партиялық принциппен шешудің қажеттігін сездік. Ең бастысы, елімізде, республикамызда өріс ала бастаған жаңалықты жүзеге асыруға, қоғамдық, экономикалық, саяси мәселелерді шешуге, Отанымыздың болашағы – жастарды, коммунистік, интернационалдық, патриоттық рухта тәрбиелеуге, педагогтық рухта тәрбиелеуге педагогтар қауымының қосар үлесі күрделі екендігін аңғардық. Мектеп реформасындағы: “Халық мұғалімі – жас өрімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өмірде өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі” деген анықтаманың қаншалықты тереңдігін ұғындық. …Бұған өз өмірін арнаған адамнан “Тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орсан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап ететінін, халқымыз ұстаз - ұлы сөз” деп қастерлеген кәсіптік мамандығымыздың қаншалықты қиын, қаншалықты жауапты және қаншалықты қуаныш, бақыт екендігін байқадық. Тілші:- Жақсы айттыңыз. Дегенмен өзінің міндетін шәкірті, Отанымыз алдындағы жауапкершілігін барлық ұстаздар мен тәрбиешілер осылай түсіне ме? Б.Қ. – Бәрі деу қиын. Жақсылар да аз емес. Мысалы, ертегіні, жұмбақты, өтірік өлеңді, мақал-мәтелді әкем Базарбай мен анам Рахимадан үйрендім. Ал, батырлар жырын мәнерлеп оқуды, жазу-сызуды, ізеттілікті жеңгем, Ынтымақ ауылындағы бастауыш мектептің мұғалімі Маптұқа Базарбаева үйретті. Себебі, жалғыз бауырым Құрманқожа Дүйсенбин Ұлы Отан соғысына аттанды да мені тәтем тәрбиеледі. Алғашқы ұстазым Сағынай Сүгірова да, неге екенін білмеймін, аса жақсы көрді, көп-көп тақпақтар жаттатты, таза, әдемі жазуға, әр сөзді анық айтуға жаттықтырды. “Тоғыз батыр” кітабын алдымен өзі оқып содан соң бәріміздің ата-анамызға, көршілерімізге оқып беруімізді сұрады. Қазір ойласам, халық педагогикасын түсінуіме, ел әдебиетін қызыға оқып, ондағы әр кейіпкердің психологиялық ерекшелігін жан-тәнімен сезіне білуіме, ұстаздық мамандықты қалаума осылар үлкен әсер етіпті. Әсіресе Мисалым Садықова тәтейдің адамгерші-лік қасиеттері, ұстамдылығы, жинақылығы, қайырымдылығы, білімділігі, сыпайылығы, кішіпейілдігі, мәдениеттілігі үнемі үлгі болды. Мұндай мұғалімдер кейін де кездесті. Олар орта мектепте – Жылкелді Мұқанов, Абай атындағы қазақ педагогика институтында – Байділда Қалтаевтар. Екіншісі балалар мен жасөспірімдер театрының артисі және нағыз өнер адамы еді. Себебі, мектептегі жас әдебиетшілер мен көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласуым, студент болғанда М.Әуезовтің “Абайда”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында”, С.Мұқановтың “Ш.Уәлихановында” сахнаға шығуыма септігін тигізді. Диплом алып,өзімді қанаттандырған Ленин мектебіне мұғалім болып келген соң, ұстаздарымның үлгісімен М.Әуезовтің “Түнгі сарын”, Ғ.Мүсіреповтің “Амангелді”, С.Сейфуллиннің “Бақыт жолында” С.Камалов пен Т.Жаровтың “Қанды таяқ” пьесаларын көпшілікке ұсындым. Оқушылардың көмегімен, қуыршақ театрын ұйымдастырып “Залым түлкі” ертегісі бойынша қайтадан жазылған “Дүниеде кім күшті?” спектаклін ата-аналарға көрсеттік. Яғни, қалаған мамандығымның мәнділігі мен мазмұнын арттырып, қызығына кенелткен ізгі істерімде есімнен шықпас сүйікті ұстаздарым қосқан осындай үлестер аз емес. Мен оларды қазір де жиі-жиі есіме аламын, ұстаздарым алдында өзімді шәкірті санаймын.Солардай адал, таза, білімдар, іскер, кішіпейіл, сыпайы болуға талаптанамын.Жалқау, жауапсыз, жанаяр, самарқау, білімі таяз мұғалімдерді шынайы педагогтерден үлгі алуға шақырамын. Тілші: - Сонғы жылдары орталық баспасөздерде жаңашыл-педагогтер, олардың оқыту әдістері туралы жиі-жиі жазылып, айтылып жүр.Сіз олар ұсынған. “Ынтымақтастық педагогикасына” қалай қарайсыз? Б.Қ.: - Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде жан-жақты дәлелденіп, кезінде Отанымыздың көптеген мектептеріне кеңінен тарай бастаған тамаша идеяның біраз жылдар тоқырауға ұшырап, тығырыққа тірелгені бәрімізге белгілі. Бірақ академик Ш.А.Амонашвили, талантты, қажырлы, табаңды педагогтер И.В.Волков, С.Н.Лысенкова, Е.Н.Ильин, В.Ф.Шаталов және басқалар жүзеге асырған жастарға білім берудің, тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері – методикасы газет-журналдардың көмегімен педагогика ғылымында қалыптасқан теріс көзқарастарды барған сайын ығыстырып келеді. Себебі, жаңашылдар ұсынған батыл идеялар, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері, болашақ мұғалімдері сапалы даярлаудың жаңа жолдары ғалым-оқытушылардан, тәжірибелі мұғалімдерден қолдау табуда. Осыған қарамастан жаңашыл-педагогтердің жазған кітаптары, методикалық еңбектері бізге, әсіресе қазақ мектептерінде сабақ беретін мұғалімдерге,мектеп басшыларына жеткен жоқ. Сондықтан газет-журналдарда жарияланған материалдармен, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында, университеттерде, семинар-кеңестерде оқылған лекциялармен шектеліп жүрміз. Егер республикамыздағы педагогикалық газет-журналдар жаңашылдар туралы жеке-жеке материалдар жарияласа, оны оқырмандары қуана қарсы алар еді… Екіншіден, Қазақ ССР Оқу министрлігі мен “Мектеп” баспасы жаңашыл-педагогтердің еңбектерін екі тілде жүйелі жариялағаны орынды. Өйткені, бұрын академик Ю.К.Бабанскийдің әдісімен жұмыс жасаған бізге жаңалыққа ілесу,салыстыра оқып, тиянақты зерттеу өте қиын болып жүр. Тілші: - Әр ғалымның өзіне тән әдісі, методикалық нұсқауы бар. Сіз қайсысын қалайсыз? Б.Қ.: - Бұл үшін Ильиннің немесе Шаталовтың еңбектерін өқуым,зерттеуім қажет. Содан кейін өзімнің шешімімді, қалауымды айтамын. Білмейтініме бармаймын. Байқауымша, көптеген мұғалімдер “жаңалықты” ойланбай, сараламай, өзінің, мектептің мүмкіндігін, шәкіртінің дайындығын есекермей қабылдай салады.Бұл үлкен қате. Сондай-ақ, педагогика институтындағы ғалым-оқытушылар,педагог,методистер, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында үйымдастырылған курстарда лекция оқушылар жаңашылдардың тың идеясын, жақсы ұсынысын жете зерттемейді. Ал аудандық методикалық кабинеттің мамандары жаңалықтар туралы ештеңе айта алмайды.

Тілші: - Қиындықтан шығудың жолы қандай?

Б.Қ.: - Жаңашылдардың еңбегіңе арналған мақалалар, кітапшалар, методикалық нұсқаулар керек. Барлық педагогикалық оқу орындарында семинар сабақтарын ұйымдастырған орынды. Ол үшін облыстық, орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институты-ның, педагогикалық оқу орындарының мамандары, халық ағарту бөлімдерінің басшылары мен инспекторлары озаттар тәжірибесін, жаңашылдардың методикалық әдістерін ұқыпты оқығандары, жан-жақты зерттеп, көпшілікке кеңінен таратқандары жөн. Яғни жаңалыққа жанашырлық, сергектік керек.

Тілші: - Әңгімеңізге рахмет!
№ 27 (2052) 24 апрель, жұма,
1987 жыл “Қазақстан мұғалімі”.
Туған тіл – тұғырың.

ҮШ БАҚЫТЫМ БАР МЕНІҢ

Қайта құру, жариялылық еліміздің рухани өміріне зор серпіліс тудырып, тұтас ұлттар мен ұлыстардың өзінің өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажайлап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ана тіліміздің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі халқымыздың көптен бергі асыл арманы еді. Оған да қол жетті. Шүкіршілік! Дарынды ақынымыз Мұқағали Мақатаев “Ең бірінші бақытым – халқым менің, ал екінші бақытым – тілім менің, үшінші бақытым бар – Отан деген” деп бекер айтқан жоқ. Міне, барында бағалай бермейтін, жоқ болса, қасіретке айналатын өзара астарлас үш бақытымыздың бүгінгі халі, жасыратыны жоқ, ер азаматтың намысын қозғап, қалың қауымның сана сезімін оятып отыр. Небір қиындықтардан, кедергілерден өтіп, сақталып келген ана тіліміздің, өлшемі жоқ ұлттық байлығымыздың, рухани мұрамыздың иегері болып қалатын бүгінгі жас ұрпақ соған лайық па? Деген сұрақ өзінен-өзі туады. Бұл сауалға құптарлық жауап беру қиын. Қазір халқымыздың үштен бірі ана тілін мүлдем түсінбесе, немесе шала білсе, балабақшадағы бүлдіршіндер мен мектептердегі оқушылардың деншілігі орысша тәрбиеленіп жатса, онда олар ұлттық тіл мен өнерді, ғылым мен мәдениетті келешекте қалай дамытады деген күдікті ой туады. Көптеген ата-ана баласымен, немересімен орысша сөйлессе, бұл қасірет болмағанда енді не? Тіл туралы Заңға байланысты жақсы бастамалардың республика, облыс көлемінде қолға алынып жатқанын естіп жатырмыз. Ал өзім мекен ететін Ыбыраев атындағы шаруашылық бірлестігінде әлі де оң қадамдар жасалмай отыр. Сөзім дәлелді болу үшін мынандай мысалдар келтірейін. Ауылымызда негізінен қазақтар тұрады. Соңғы жылдары бұрыннан қалыптасқан жақсы дәстүрлерімізден айырылып бара жатқанымызды қалай ғана жасырайын? Енді екі жылдан кейін байырғы білім ұяларының бірі – Ленин атындағы орта мектепке 60 жыл толады. Мен де осы мектептің түлегімін. 50-60 жылдары осы мектеп түлектері жоғары оқу орындарына еш қиындықсыз түсіп жүрді. Мектебіміздің беделі республика бойынша жоғары еді. Ал тоқырау жылдарының салқыны біздің білім ұясын да шалмай қойған жоқ. Таза қазақ мектебі аралас мектепке айналды. Орыс кластары оқушыларының деншілігі - қазақ балалары. Сол кездері қазақ мектептері орысшаға оп оңай айнала салды. Ал қазір қазақ балаларын ана тілінде оқыту қиынның қиыны болып отыр. Мәселен өткен оқу жылында бірінші қазақ класында 10 бала, ал бірінші орыс класында 21 бала оқыды. Соның 6-уы ғана орыс баласы. Алда да осы жағдайдың қайталанатын түрі бар. Бұған алдымен ата аналар кінәлі. Ауылдың зиялы қауымы, оның ішінде мұғалімдер де үлгі көрсете алмай жүр. Үгіт-насихат жұмысы да өз мәнінде емес. Совхоз орталығындағы бала бақшадағы бүлдіршіндер тек қана орыс тілінде тәрбиеленеді. Еліміздің, ауылымыздың тарихын жас ұрпаққа жеткізуде жергілікті музей үлкен роль атқарады. Ауылда неге музей ашпасқа? 1932 жылдан 1970 жылға дейін жас ұрпақ білім алған қарағай мектеп қаңырап бос тұр. Күтімсіздіктен тоза бастаған. Оны музей үйіне беріп неге ел, жер тарихын топтастыратын орталыққа айналдырмас қа? Амал нешік көңіл бөлер ешкім жоқ. Бір кездері жарқырап көзге түскен халық театрымыздың бүгінгі халі мүшкіл. Мәдениетімізді қастерлеудің бір қайнар көзі халық театры емес пе? Ол ол ма, аудан бойынша қазақ тілінің бастауыш ұйымын құру біздің ауылдан басталуы керек еді. Әлі күнге дейін тым-тырыс. Тегі жоғарыдан нұсқау күту дағдысынан арылмаса керек. Біздегі жәйт – аудан шаруашылықтарының деншілігіне тәң. Тіл туралы Заңды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Тек қана білек сыбанып, іске кірісуге келгенде жайбарақаттылыққа салынатын жаман әдетімізден тезірек айрылайық!

“Новатор” ПАРЫЗ.

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНЫҢ ӘСЕРЛІЛІГІН

АРТТЫРУ ЖАЙЫНДА

(бір сабақты өткізудегі тәжірибеден)

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында оқушыларға берілген білім мен сол сабақтың тәрбиелік жағын біріктіру, оқушылардың творчестволық белсенділігін арттыру мақсатында бұл сабақтарда техникалық құралдарды тиімді пайдаланып жүрміз. Мұның өзі оқушыларға нақты білім беруге, олардың тиянақты ой қорытуына мол мүмкіндік береді. Айталық, VІ класта Қалижан Бекхожиннің “Дала комиссары” атты поэмасынан үзінді оқылады. Міне бұл мақалада әңгіме біз осы үзіндіні өткенде нелерді ескердік дегеннің айналасында болмақ. Поэманың басты кейіпкері Әліби Тоғжанұлы Жанкелдин туралы VІ класс оқушыларының білетін мәліметі жалпылама ғана. Сондықтан да бас кейіпкердің ғажайып өмірі, жалынды революция-лық қызметі туралы толық мағлұмат беріп алмай тұрып, поэманың үзіндісін өтуге мүмкін емес. Егер оқушылардың тарихи кейіпкер туралы косымша білімі болмаса, оқулықтағы үзіндіден ол туралы толық түсінігі бола қоймайды. Өйткені оқулықтағы үзінді геройдың тамаша өмірінің бір эпизоды ғана. Сонымен қатар Қазақстанның 50 жылдық мерекесі алдындағы қызу дайындық кезінде бұл тамаша адам туралы сабақты да осы дайындық бағытында өтіп, жалынды революционер Әліби Жанкелдин туралы ерекше сөз етпеске тағы да болмайды. Алдын ала жүргізілген кластан тыс сабақта Ә.Т.Жанкелдиннің туған және қайтыс болған жылдарын тақтаға жаза отырып, оның өмірі туралы сөз болды. Ә.Т.Жанкелдин 1884 жылы қазіргі Қостанай облысындағы бұрынғы Қайдауыл деген жерде кедейдің семьясында туады (Эпидиаскоп арқылы Ә.Т.Жанкелдиннің суреті көрсетіледі). Балалық шағы бай малының соңында өтіп, есейе келе оқу іздеп, әуелі Торғайда одан соң Қостанайда, Орынборда, Қазанда оқиды. Қазанда оқып жүргенде, 1905 жылғы Қазан студенттерінің демонстрациясына қатысқаны үшін семинариядан шығарылады. Бұдан соң Москваның діни академиясының тарих факультетіне түсіп оқып жүріп, дінге, құдайға сенбегендігі үшін, марксистік студенттер үйірмесіне қатысқандығы үшін академиядан қуылады. Жас Әліби патша үкіметінің қудалауынан құтылу жолын ойлап табады. Дүниені жаяу аралауға шығатынын айта келіп, ол сол кездегі “Утро России” деген газетке өз суреті мен оған түсініктеме берген хабарландыру жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕКСІ.

Москваның діни академиясының студенті Николай Степнов (Ә.Тоғжанұлының революциялық жасырын аты) дүниені жаяу аралауға шығады. Мақсаты – бір елдің әдет-ғұрпымен танысу. Ол Москвадан 1910 жылы 9 июльде шығады. Ол Европаны, Африканы, Персияны, Иранды, Индияны, Цейлон аралын, Индоқытай түбегін аралап өтіп, Сан-Францискоға жол тартпақ. Қаражатты өзінің фотоаппаратымен табады. Әліби бұл жоспарлы жиһангерлік сапарынан тек Сан-Францискоға ғана бармай, Япониядан 1912 жылы Россияға келеді (бұл кезде дүние жүзінің саяси картасынан Ә.Жанкелдин жүріп өткен жол көрсетіледі). Бұл сапарында ол Швейцарияда эмиграцияда жүрген В.И.Ленинмен кездеседі (Осы кездесу туралы Әлібидің естелігін оқушыларға оның “Документтер мен материалдар” деген жинағынан оқыдық. Бұдан кейін осы кездерге арналған қалам зергері Ә.Қастеевтің “Швейцария орманындағы кездесу” деген суреті экранда эпидиаскоп арқылы көрсетіліп, түсіндірме берілді). Саяхаттан оралған Ә.Жанкелдин Пулков обсерваториясына жұмысқа орналасады. 1915 жылы партия қатарына өтеді. 1916 жылы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерілісі өріс алған кезде Торғайға қайтып оралған Әліби жерлес досы Аманкелдімен бірге көтерілісті басқарады. 1918 жылы партия тапсыруымен Қырым татарларының арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. 1918 жылы Орталық Россиядан бөлініп қалған Түркстан мен Ақтөбе фронтына Орталық Комитеттен қаржы, қару-жарақ, 500 солдатпен келе жатып, Маңқыстау түбінде құм боранға жолығады, жолсыз, сусыз жерде көп азап шегіп адай руына келеді. Олардан (12 болыс адай руынан) 600 түйе, 700 ат алып, адайлардың бастауымен 2 жарым ай жол жүріп Шалқарға жетеді. Осыларды айта отырып, экранға суретші Кенбаевтың “Жанкелдин отряды” деген картинасы мен Ержановтың “Жанкелдин отрядының солдаты” атты гравюрасының суреті түсіріледі. Суретке түсінік беріледі. Бұдан соң Қазақстан картасынан бұл отрядтың жүрген жолы көрсетіледі. Осылардан кейін Ә.Т.Жанкелдиннің азамат соғысы біткен соң Қазақстанда жауапты қызмет орындарында еңбек еткені, үкімет пен партия еңбегін жоғары бағалап Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтағаны, 1953 жылы дүние салғаны айтылды. Міне, ақын Қалижан Бекхожиннің “Дала комиссары” деген поэмасы осы кісіге арналған еді дегенді айта келіп, Әлібидің комиссарлық киіммен түскен суреті мен оны дала өлкесінің төтенше комиссары етіп тағайындау туралы В.И.Ленин бұйрығы-ның суреті эпидиаскоп арқылы көрсетілді. Кластан тыс әңгімені осылайша аяқтай келіп, келесі әдебиет сабағы Қ.Бекхожиннің “Дала комиссарына” арналады дегенмен аяқтаймыз. Программада поэмадан үзіндіге 2 сағат уақыт берілген. Алғашқы сабақ поэма үзіндісінің мазмұнын білуге арналды. Поэманы оқу барысында поэма үзіндісіне кең тоқталып, әңгіме барысында Әлібидің құм жорығын бейнелеген сурет Кенбаевтың “Әліби Жанкелдин отряды”, Ержановтың “Жанкелдин отрядының солдаты” атты гравюрасының суретін эпидиаскоппен қайта көрсетіп, бұрынғы ұққандарын жаңа сабаққа байланыстыра жаңғырттық. Бұдан соң сөздік жұмысы жүргізіліп, сөздік дәптерлеріне “әккі, заңғар, оба, бұралқы, тантық” сияқты оқушылар түсіне бермейтін сөздердің түсінігі жазылды. Сабақты бекіту бөлімінде оқушылар мына сияқты сұрақтарға жауап берді: Сабаққа қорытынды жасалып, оқушыларға тиісті баға қойып, үйге тапсырма берілді.

Оқушыларға қосымша кластан тыс оқуға мына кітаптарды ұсындым: 1. Қ.Бекхожиннің “Дала комиссары” поэмасы, Ә.Жанкелдин “Документтер мен материалдар” деген жинақ (Қазақстанның 40 жылдығына арнап шыққан жинақ). Бұдан кейінгі екінші сабақта поэманың тақырыбы, идеясы деген мәселе төңірегінде сөз болып, текспен жұмыс жүргізілді. Поэмаға жоспар жасалып,әр түрлі жоспардың таңдаулысын әдебиет дәптерлеріне жазғыздық. Сабақ соңынан осы шығармаға арналған жинақтау, қорытындылау жасалды. Таңдалған жоспар негізінде үйден шығарма жазып келу тапсырылды.

“Қазақстан мектебі” 1969 ж. № 1

И.БАЙЗАҚОВТЫҢ “ОН БІР КҮН, ОН БІР ТҮН”

ПОЭМАСЫН ОҚЫТУ

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында оқушыларға білім мен тәрбие беруді жетілдіру үшін, оқушылардың творчестволық белсенділігін арттыру үшін, сабақты көрнекі өткізу мақсатында, бұл сабақтарда техникалық құралдарды тиімді пайдаланып жүрміз. Мұның өзі оқушыларға нақты білім беруге, тиянақты ой қорытуына мол мүмкіндік жасайды. Оқу-тәрбие процесін белсенді жүргізуге көп пайдасы тиетін, біз пайдаланып жүрген техникалық құралдар: магнитофон, эпидиаскоп, оқу киносы, фильмоскоп. Бұл айтылған құралдарды әдебиеттік оқу сабағында көбірек пайдалануға мүмкіндік бар. Біз бұл мақалада ҮІІІ класта Иса Байзақовтың “Он бір күн, он бір түн” поэмасын техникалық құралдың көмегімен өткенімізге тоқталмақпыз.

Сабақ жаңа тақырыпты түсіндіруден басталды да, тақырыбы тақтаға жазылды. Экранға Совет Одағының Батырлары А.В.Беляковтың, В.П.Чкаловтың жеке суреттері мен Удд аралына ұшар алдындағы суреттері түсірілген кезде, магнитоофонға жазылған мына текст айтыла жөнелді: 1936 жылы Виктория аралы – Петропавловск-Камчатский – Удд аралы (қазіргі Чкалов) маршрутымен 937 километр жерді қонбай ұшып өткен, ал 1937 жылы Солтүстік полюс арқылы Америкаға қонбай ұшқан атақты совет ұшқыштары В.П.Чкалов пен А.В.Беляковтың шәкірті, солардан үйренуші болған Марина Раскова мен оның достары Валентина Гризодубова және Полина Осипенко 1938 жылы “Родина” самолетімен Москвадан Қиыр Шығысқа дейін қонбай ұшып, дүние жүзілік рекорд жасаған.Совет елінің үш ұшқыш қызының зор табысы дүниені таңдандырды. Одан әрі өзім Иса Байзақовтың “Он бір күн, он бір түн” поэмасының жазылуына осы тарихи оқиға себеп болғанын айтып, поэманың тақырыбы совет қыздарының патриоттық ерлік істерін сипаттауға арналғаны, поэманың сюжетіне осы үш қыздың ұшу барысында кездескен қиыншылықтары мен оларды жеңіп шығудағы ерлігі, табандылығы негіз болғаны айтылды. Бұдан соң бұл ұшқыш әйелдердің дүние жүзілік рекордтан бұрынғы өмірі мен осы үлкен іске кірісер алдындағы жаттығулары және ерлік пен батылдық көрсеткен істері туралы магнитофоннан мына текст айтылды: Әкесі ерте қайтыс болып, еңбекке ерте араласқан Марина Бутырск бояу заводының химия лабораториясының лаборанты болып істеп жүргенде, оған Жуковский атындағы Әскери-Әуе академиясына чертеж сызушы болуға ұсыныс жасалды. Содан былай Марияның өмірі авиацияға байланысты өтті. Әуелі сызушы,кейін штурман болды.Штурмандық мамандыққа үйретуші И.Т.Спирин, А.В.Беляковтар болды. Марина талай ұшу сапарына қатынасып, ақыры ұшқыштық мамандық алды. Бұдан кейін ол Жуковский атындағы Әскери-Әуе академиясында сабақ береді. Осы сөз айтылып тұрғанда Маринаның балалық шағын бейне-леген, Буторск заводында лаборант болып жүргендегі, академияда қызмет істеп жүргендегі суреттері эпидиаскоп арқылы экранға түсіріледі. Маринаның Валентина Гризодубовамен танысуы, достасуы екі достың жеңіл самолетпен Москва – Ақтөбе маршрутымен ұшып, ұзақ қашықтыққа жеңіл самолетпен ұшудан рекорд жасауы айтылды. Бұл кезде экранға екеуінің Ақтөбеге келгендегі суреті түсіп тұрды. Бұдан кейін Марина Полина Осипенкомен достасып, Вера Ломоко үшеуі әрі суда жүзетін, әрі ұшатын гидросамолетпен Севастопольден Архангельскіге ұшып, рекорд жасағаны айтылғанда экранға эпидиаскоптан Севастопольден Архангельскіге ұшу сапарының картасы. Марина Раскова мен Полина Осипенкоға осы ерлігі үшін М.И.Калининнің Ленин орденін тапсырып тұрғаны түсірілді. Бұдан әрі Полина, Валентина, Мариналардың “Родина” самолетімен ұшуға жаттыға бастағаны айтылып, жаттығу үстіндегі суреттері көрсетілді. Самолетке старт беріліп, “Родина” Свердловскінің үстінен ұшып өткендігі, одан әрі жер үстінде бұлт тұрып, бұлардың жерді көре алмай ұшқандығы, радио аппаратының жұмыс істемей қалып, еш жермен хабарласа алмағаны, осыған қарамай олардың Қиыр Шығысқа жеткендігі,маршруттары бойынша Николаевск қаласының аэродромы нашар деп Амурдағы Комсомольскі қаласына қонуға ұсыныс жасағаны, самолеттін бензині таусылып, еріксіз меңреу тайгаға қонуға мәжбүр болғаны, қонатын жерді іздеп табу үшін Маринаның, парашютпен секіруі айтылады. Соңғы осы әңгіме бойы экранға “Родина” самолетінің ұшу жолын көрсететін карта түсіріліп, экраннан ұшу бағыты көрсетіліп тұрды. Ақын Иса Байзаковтың “Он бір күн, он бір түн” атты поэмасы осы оқиғадан басталатындығы айтылды. Поэманың бірінші бөліміндегі Қиыр Шығыс тайгасының суреті берілетін жерлері оқылып, Қиыр Шығыстың картасынан осы жерлер мен өзендер көрсетілді. Ал екінші оқушы поэмадан тайганың жануарлар дүниесін суреттейтін жерін мәнерлеп оқып,

Ақырған аюы бар орманында,
Қасқыр өтпес қалың да сол жағында,
Барыс пенен жолбарыс кей жерінде,
Қопасынан көрінед анда-санда, - деп жалғастыра береді.

Бұл ұақытта экранға тайганың жыртқыштарының Маринаға кездескен суреті түсіріледі. Бұдан әрі поэмадан Маринаның, ұйқысыз, күлкісіз, аңдармен арпалыста өткен он бір күн, он бір түні, “Родина” самолетін аман қондырған Валентина мен Полинаның жолдастарын іздеп сандалу-мен өткен күндері баяндалатын тұстар айтылды, ара-тұра қиыншы-лық сәттер суреттелетін өлең жолдарын оқып отырдық. Сабақты Отан алдындағы міндеттерін табандылықпен атқарып шыққаны үшін бұл үш қызға Совет Одағының Батыры атағы берілгенін, Марина Раскова мен Валентина Гризодубованың соғыс жылдарында әйел ұшқыштардан құрылған авиация полкін басқар-ғанын, Маринаның әскери тапсырманы орындау үстінде қаза тапқанын айтумен аяқтадық. Экранға В.Гризодубованың Отан соғысы басталардан аз бұрын ғана “Пионерская правда” газетінің редакциясында болашақ батыр Зоя Космодемьянскаямен және бір топ оқушылармен түскен суреті эпидиаскоптан түсірілді. Қиыр Шығыста П.Осипенконың атымен аталатын қала бар екендігі айтылды. Тарихи оқиға мен поэманың сюжет бірлігі туралы айтылып, поэманың соңғы бөлімі мәнерлеп оқылды. Өйткені бұл бөлімде өртті, аңды жеңген Маринаның ерлігі көрінеді. Ақырында бұл батыр қыздардың ерлігін жалғастырушы, космос есігін әйелдер қауымынан бірінші ашқан Валентина Николаева-Терешкова туралы бірер минут пікірлестік.

Сабақтың соңында оқушыларға жаңа сабақ бойынша мына сұрақтар қойылды: Бұдан кейін біраз шегініс жасап, оқушылардың назарын осы поэманың жазылу тарихына аудардым. Атақты ақынның туғанына 70 жыл толуына байланысты республикалық газеттерде шыққан мақалалармен оқушыларды таныстырып, белгілі жазушы. С.Бегалиннің “Дауылпаз ақынды еске аламыз” (“Лениншіл жас” 20 март, 1971) деген естелік мақаласынан үзінді оқып бердім. Мұнда автор 1938 жылы Жазушылар одағының Ұлы Октябрь мерекесінің кешіне арналған бір мәжілісінде елден келген халық ақындарына елімізде болып жатқан атақты оқиғаларды, соның ішінде М.Расковалардың аңызға айналған ұшу сапарын айтып, осыған өлең шығаруды өтінгенін, өзге көп ақындар ойланып, жазып айтпаса, дұрыс өлең шыға қоймайтынын айтып күбірлескенін еске алады.

Осыларды айта келіп, автордың Иса жөнінде айтқанын оқып бердім. “ – Мен ауылдан, елден келген ақындарға жол беріп тосып едім. Бұлар жазып айтамыз дегенді күбірлейді. Оған дейін тема көнеріп қалады, мен жырлап көрейін, – деп “Родина” самолетінің Москвадан ұшып шығып,бүкіл Сибирь өлкесінің үстімен жұлдыздай ағып, Саян тауына барғанын, одан Раскованың самолет қонатын жер іздеуге парашютпен түскенін, он бір күн, он бір түн меңіреу орманда болғанын, аюға, жолбарысқа кездескендегі ішкі сезімін бір жарым сағат үздіксіз ағызды. Қыбыр еткен жан жоқ. Елдің бәрі ішін тартып, таңдана, өлеңнің құйылысы мен суреттілігіне, қыздардың ерлік тұлғаларына сүйсіне тыңдауда Раскованы жолдастарымен табыстырып, Кремльге әкеліп, рапорттарын бергізіп аяқтады”. Мақаланың ендігі бөлегін оқушылардың өздеріне оқып келуге тапсырдым. Исаның жоғарғы айтқыштық, суырып салма ақындық өнері жөнінде М.Әуезов айтқан сөзге ерекше назар аударуын ескерттім.Бұл мақалаларды поэма бойынша берілген тапсырмаларды орындауда иінді жерінде пайдалану керектігін айтып сабақты аяқтадым.

“Қазақстан мектебі” 1971 ж.

ІV КЛАСТАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Оқушылардың сөйлеу және жазу тілін жетілдіру – мектепте қазақ тілін оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан жаңа программада ІV класта байланыстырып сөйлеуге үйретуге, тіл дамыту жұмысына арнайы 20 сағат уақыт бөлінген. Бірақ тіл дамыту жұмысында бұл арнайы бөлінген уақытпен шектелсек, онда жаңа программа қойған міндетті орындай алмаған болар едік. Тіл дамыту жұмыстарының сан алуан екені мәлім. Олар: ауызша, жазбаша түрлі мақсаттағы жаттығұлар, шығарма, мазмұн-дамалар, грамматикалық ойындар, грамматикалық калейдоскоп т.б. Бұл жұмыс түрлерін жүргізуде оқушының жас ерекшелігін, дайындық дәрежесін ескерген жөн. ІV класс оқушылары орталау буынның санатына қосылғанымен, жас жағынан кіші, сөздік қоры аз, пікір жүйелеуге төселмеген болады. Осыны ескеріп, бұл класта тіл дамыту жұмыстарын баяндау сипатындағы тақырыптарға негіздеп жүргізу керек. Тіл дамыту жұмыстарының бірі – шағын шығарма жазуға дағдыландыратын, ой жүйелеуге жетелейтін грамматикалық калей-доскоптың мазмұны совет елінің космос кеңістігін игеруіне арналған. Бұл “Синонимдер” тақырыбын өтуде пайдаланылады. Сабақтың бекіту кезеңінде жаттығу жұмыстарының бірі ретінде орындалады. Калейдоскоп былай жасалады: үлкен плакат қағазға шеңбер сызып, сол шеңберді тең алты не бес бөлікке бөліп, әр бөлікке бір сөйлемнің құрамына енетіп жеке сөздер (сөз түбір тұлғада алынады) жазылады. Сол сөздерден (әр бөліктегі сөздерден) бір-бір сөйлем құрастырылады. Сөйтіп, барлық бөліктегі сөздерден 6 не 5 сөйлем түзіледі. Бұдан шағын шығарма шығады. Ол мына тәріздес жүйелі мазмұнға құрылады.

Космостағы жеңіс

Грамматикалық калейдоскопты жүргізгенде, бір оқушы бір бөліктегі сөздерден бір сөйлем құрап айтса, екінші оқушы сол сөйлемді тақтаға жазады, ал келесі оқушы текстен синонимдерді тауып, астын сызады. Жұмыс осы ретпен жүргізіледі. Екінші бір грамматикалық калейдоскопқа тоқталайық. “Үздік оқушы” деген тақырыпта жоғарыда айтылған принцип бойынша мына мазмұнды текст пайда болады.

Үздік оқушы

Бұл екі калейдоскоп бойынша оқушылар мына сияқты синоним сөздерді тауып, астын сызып, мағынасын түсіндіреді. Бірінші грамматикалық калейдоскоптан “армандады”, “қиял-дады” және “қажырлы”, “табанды” деген синоним сөздерді, екінші грамматикалық калейдоскоптан “зерек, алғыр, ұғымтал”, “аса, өте”, “ұқыпты, табанды” деген сөздерді анықтады. Сөйтіп, бір сабақтың жаттығу кезеңінде орындалған бұл жұмыста оқушылар әрі шағын шығарма жазды,әрі сабақ тақырыбына сай синонимдерді анықтады. Грамматикалық калейдоскопты әр тақырыпқа сай жасап алуға болады. “Зат есім” тақырыбын өту кезеңінде “Жерлесіміз В.А.Шаталов” деген грамматикалық калейдоскоп жасалды. Калей-доскоптың формасы ұшқыш-космонавтардың кеуделеріне тағатын айырықша значогіне ұқсатылды. 6 бөлікке бөлінген калейдоскопты құрастыра келгенде мына мазмұнды болды:

Жерлесіміз В.А.Шаталов

Бұл калейдоскопты осылай құрастырып жазған соң, зат есімдерді тауып, жалқы есімдердің жазылуын түсіндіреді. Сонда оқушы грамматикалық калейдоскоп арқылы жаңа сабаққа байланысты зат есімді қайталап, еске түсіреді. Грамматикалық калейдоскоп ІV класс оқушыларын өте қызықтырады, олар жұмысқа белсене қатысады. Калейдоскоптың әр бөлігінің түрлі түспен боялуы да оның әсерлігін арттырады. Грамматикалық калейдоскоп – ой жүйелеуге, жоспар жасауға дайындайтын, дағдыландыратын жұмыстың түрі. ІV класста осы сияқты байланыстырып сөйлем құрауға, оны бір мазмұнға бағындыруға, ой-пікірін жүйелі орналастыруға дағдыланған оқушы келесі кластарда жоспар жасауға, шығарма жазуға аса қиналмайды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өздігінен ойлап табуға негізделген жұмыстардың да пайдасы зор. Мысалы, “Септік жалғауы” деген тақырыпты өткенде, септік жалғауының атқаратын қызметін айта келе, ауызша мынадай жаттығу жүргіздім. Қадыр Мырзалиевтің “Талқы” деген өлеңінде сөздерге жалғанған кейбір септік жалғауының орнына көп нүкте қойып, оқырмандарына “жалғауын қойып оқы” деген міндет жүктеген. Сол міндетті оқушыларға қойып, тексті оқыттым (әр шумақ бір-бір карточкаға жазылған).

Қып-қызыл күнделігі
Көр қыз… Моншақ атты.
Ол жайлы мен де бүгін
Айтамын сонша қатты.

Ойынға үйір неме
Сабақ… оқымайды.
Келмейді үйірмеге,
Кесте де тоқымайды.

Теңеді халық оны
Түз… жел құйынына.
Сынадық салып оны,
Пионер жиынына.

Сын оған бір… өтті,
Садақ… жебесіндей.
Моншағым терлеп кетті,
Монша… төбесіндей.

Сонда оқушылар көп нүктенің орнына “ды”, екінші шумаққа “ты”; үшінші шумаққа “дың”, “тың”, “ның” деген септік жалғауларын қойып, оқып шықты. Сол сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін айтып, септік жалғауларының атқаратын қызметін (сөздерді байланыстыру) анығырақ аңғарып, ол туралы өз пікірлерін айтты. Сол сияқты “Ұйқасын тап” деген ауызша жаттығу жүргізіп жүрмін. Мысалы, Қ.Мырзалиевтің “Ұйқасын тап” өлеңінің әр шумағын бір-бір карточкаға жазып, көп нүктенің орнына өлең ұйқасына дәл келетін, өлең мазмұнымен жымдасатын сөздерді тапқызып жаздырамын.

Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған…
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да…

Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны…
Сирақ, мойын – көрік деп,
Жүр жирафқа…

Мына тұрған торайым,
Танауыңа…
Шалшыққа кеп аунайды,
Нас баладан…

Карточка алған оқушылар бірінші шумақтағы көп нүктенің орнына “қарғып-ақ”, “кетпейді”; екінші шумақта “байлығым”, “еліктеп”; үшінші шумаққа “болайын”, “аумайды” деген ұйқасты сөздерді орналастырды. Бұл сияқты ауызша тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстардан оқушы өлең ұйқасын және оның белгілі мазмұнға бағынатынын біледі. Осындай жұмыстан соң, “Бала мен гүл”, “Өрік” деген шағын өлеңдерді оқып, әр жолдағы ұйқасты, ырғақты аңғартып, өлеңнің қалай жазылатындығын түсіндірдім. Мұндай әрбір сабақтың жаттығу кезеңінде орындалған жұмыстармен ғана шектелмей,тіл дамытуға,байтаныстырып сөйлеуге арналған жеке сабақтар да өткіземін. Мұндай сабақтарда жүргізіле-тін ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрі көп. Мен олардың ішінен сюжетті картиналар мен оқыған шығармалары бойынша шағын шығарма жаздыруға көп назар аударып жүрмін. “В.И.Ленин әрқашан бізбен бірге” суреті бойынша шығарма жазылды. Бұл сабақта ұлы көсемге деген сүйіспеншілік пен жас лениншілдер деген атаққа кір келтірмей жүруге тәрбиелеу мақсат етілді. Сурет мазмұны балаларға қиын соқпайды. Балалар суретпен танысып, В.И.Ленин туралы бұрын оқығандары бойынша Сокольникидегі балалар үйінде өткен Жаңа жыл кеші, балаларға В.И.Ленин мен Н.К.Крупскаяның келуі, көсеммен өткен қызықты кеш, балалардың тілегі, Лениннің оларға қайтарған жауабы еске түсірілді. Бұдан соң 5 пункттен жоспар жасалды.

Жоспар

Оқушылар осы жоспар бойынша шығарма жазды.

Оқушының тілін дамытуға мақал-мателдер мен фразеология-лық сөз тіркестерің дұрыс пайдалану көп септігін тигізеді. Мен мұндай сөздерді оқушылардың сөздік қорына енгізуге баса көңіл бөлемін. Сабақта “Кім тез мақалдап кетеді?” деген ойын түрін қолданамын. Мысалы:

Сонда оқушы көп нүктенің орнына “өріс”, “өнбегі”, “бұлағы”, “тастан”, “жастан”, “жаттық” деген сөздерді тауып айтады. ІV класта аталған тіл дамыту жұмыстары оқушының сабақ тақырыбына сай алған білімін бекітуге көмектеседі әрі дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуға үйретеді.

“Қазақстан мектебі” – 1973 ж.

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫН ОҚЫТУ

Жас жеткіншектерді білім негіздерімен қаруландыруда эвристика әдісінің орны ерекше. Бұл әдіс ойға, алға қойылған жаңа білім беретін мәселені шешуге, жағдайларды салыстырып, өзінше қорытынды шығаруға жетелейді. Осындай әдіспен өткізілген “Етістіктің шақтары туралы түсінік. Осы шақ” тақырыбына арналған сабаққа тоқталмақпын.

Етістіктің шақ категориясы – етістік тарауының тақырып-тарының бірі. Бұл тақырыптан бұрын V класс оқушылары етістіктің түрлері, есімше, көсемше туралы біраз білім алады: Есімшенің шақтары мен жасалу жолдарын біледі. Бұл мәліметтер етістіктің шақтарын жеңіл меңгеруге мүмкіндік туғызады. Етістіктің шақтары туралы түсінік, Осы шақ тақырыптарын өтуге 1 сағат, етістіктің шақтарын өтіп болған соң, қайталауға 2 сағат орнына 3 сағат арнадым. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік. Осы шақ, оның түрлері. Сабақтың мақсаты: Етістіктің шақтарын осы шақ, оның түрлерін, жасалу жолын эвристика әдісімен білдіріп, жаттығу жұмыстарымен бекіту.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарла-мас бұрын “Сапа бесжылдығы” деген грамматикалық калейдоскоп-пен жұмыс жүргіздім. Онда салынған белгі туралы оқушылардың не білетіндігін сұрадым. Оқушылардың жауаптарын толықтырып, сапа белгісі туралы, оның көптеген заттарға (өндіріс өнімдеріне) берілетіндігі жайында түсінік бердім. Бұдан кейін калейдоскоптың әр бөлігіндегі сөздерден бір сөйлем құрдық. Сөйлем құру тәртібі сағат стрелкасы бағыты бойынша жүреді. Сонда мына мазмұнды шағын текст шықты.

Сапа бесжылдығы:

Осындай бір мазмұнға бағынған шағын текст құрған соң, әр сөйлемнен етістіктерді тапқызып, олардың іс-әрекеттің орындалу мерзімін қалай білдіріп тұрғанын анықтаттым. Сонда оқушылар атады іс-әрекеттің бұрын орындалғанын,аударылмақ істің келешекте орындалатынын отыр, орындап жатыр, етіп жүр деген етістіктер іс-әрекеттің осы мезгілде орындалып жатқанын білдіретіндігін айтты. Әрине, дұрыс жауапқа жету жолында пікір таласы да туды. Әсіресе, бірінші сөйлемдегі атады сөзінің қай шақта тұрғандығын анықтау үстінде әр түрлі пікір айтылды. “Оспан осы ауылда тұрады” деген сөйлемдегі тұрады сөзін алдыңғы сөйлемдегі атады сөзімен салыстырып, тұрады сөзі осы мерзімдегі іс-әрекетті, атады бұрын орындалған іс-әрекетті білдіретіндігін анықтаттым.

– Осы өздерің айтқан сияқты, іс-әрекеттің бұрын орындалға-нын, осы мезгілде орындалып жатқанын, келешекте орындалаты-нын білдіретін етістіктер қалай деп аталуы мүмкін деп ойлайсың-дар? – деген сұраққа оқушылар мынадай жауап берді: Осы шақ, келер шақ, өткен шақ деп аталады. Өйткені біз бұдан бұрын Есімше тақырыбын өткенде, келер шақ есімшенің келешекте орындалатын істі білдіретіндігін, өткен шақ есімшенің бұрын орындалған істі білдіретіндігін білгенбіз. Мына етістіктер де сол сияқты іс-әрекеттің орындалу мерзімін білдіріп тұр.

- Ендеше бүгін өтіп отырғанымыз қандай тақырып екен?

- Етістіктің шақтары.

– Жоғарыда өздерің тапқан отыр, орындап жатыр, етіп жүр дегендер орындап, етіп деген көсемшеге жатыр, жүр деген етістіктердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі етістіктер. Осы талдау кезінде осы шақтың дара етістіктен де, күрделі етістіктен де жасалатындығын айтқыздым. Бұдан соң атады, аударылмақ сөзін құрамына талдап, өткен шақтық, келер шақтық мағынаны –ды, -мақ қосымшалары туғызатынын білдірдім. Осы шақ, келер шақ, өткен шақтардың анықтамасын өздеріне айтқыздым. Оқушылардың өздері айтқан анықтаманы оқулықтағысымен салыстырттым. Өздері айтқан пікірлер мен қорытындылардың дұрыстығын біліп, көтеріліп қалды. Бұдан соң “Осы шақ” (2 таблица) деген қолдан жасалған таблицадағы сөйлемдерді өздеріне талдаттым.

Осы шақтың түрлерін, жасалу жолын түсіндірдім. Сабақтың бекіту бөлімінде оқулықтағы 209-жаттығуды орындаттым: нақ осы шақтың жалаң түрінің астын бір, күрделі түрінің астын екі сызғыздырып, нақ осы шақтың жасалу жолын түсіндірттім. 210-жаттығуды ауызша орындады, ауыспалы осы шақтағы етістікті тауып, жасалу жолын түсіндірді. Оқушылар жазбаша жаттығу орындап жатқанда, бұрын орындаған оқушыларға біртіндеп дидактикалық карточкалар тараттым. “Сурет бойынша осы шаққа 2 сөйлем ойлап, дәптеріңе жаз, осы шақтағы етістіктің астын сыз” деген 1 сурет бойынша оқушы: “Асқарбек кешегі жарыс туралы қызық әңгіме айтып жатыр. Достары ынтыға тыңдап тұр” деген сөйлемдер құрып, айтып жатыр, тыңдап тұр деген осы шақтағы етістіктердің астын сызды. № 2 сурет бойынша “Аспаз дәмді тамақ пісіреді”, № 3 сурет бойынша “Дәрігер Назардың жаралы қолын бинтпен байлап жатыр” деген сияқты сөйлемдер ойлап, дәптерлеріне жазып, осы шақтың астын сызды.

Карточкаларда мынадай сөйлемдер жазылған: “Олимпиада-80”, “ХІ фестиваль” атты грамматикалық калей-доскоптар бойынша да етістіктің шақтарына жаттығу жүргіздім.

“Олимпиада-80” (Бұл калейдоскоптағы мәліметтер “Қазақстан мұғалімі” газеті-нің 1977 ж. 14 январьдағы № 3 санындағы “Тұнғыш олимпиада” деген мақаладан алынды). Алдымен Москва олимпиадасының эмблемасын, жалпы Олимпиадалық ойындардың бес шығыршықты символды эмблема-сын оқушылардың қаншалықты білетіндігін сұрақ-жауап жолымен анықтап, Олимпиада символы біріне-бірі жалғанған көгілдір, қара, қызыл, сары, жасыл бес шығыршық екендігін, бұл символды олимпиадалық ойындардың негізін қалаушы француз педагогы Пьер де Кубертен 1913 жылы ұсынғандығын, ол өз ойын: “қай елдің болсын ұлттық туларында осынау бояу түстерінің кез келгені бар. Сонымен бірге, әрбір шығыршық құрылықтарды: көгілдір – Европаны, қара – Африканы, қызыл – Американы, сары – Азияны, жасыл – Австралияны бейнелейді,” – деп түсіндіргендігін айттым. (Бұл мәлімет “Лениншіл жас” газетінің 1976 ж. 4 февральдағы санындағы “Ақ Олимпиада - 76” деген мақаладан алынды). Грамматикалық калейдоскоптарды әр сабаққа дайындаудың қажеті жоқ.Тақырыптың ыңғайына қарай оқушыларды қызықтыру, сабақты түрлендіру мақсатында қолдануға болады. Грамматикалық калейдоскоптар ІҮ, Ү класс оқушыларын көбірек қызықтырады. Сөйлем құруға, ой жүйелеуге дағдыландырады. Грамматикалық калейдоскоптармен жұмыс жаттығудың бір түрі ретінде орындалып, әр бөліктегі сөздерден бір сөйлем құрылады. Сөйлем құруда қиыншылық,сәтсіздік те болады.Бірінің кемшілігін екінші біреулері түзетіп, бүкіл класс оқушыларының көмегімен құрылады. Ретсіз орналасып түбір тұлғада берілген сөздерден сөйлем құрудың өзі Ү класс оқушылары үшін бір проблема болса, одан іс-әрекеттің мерзімін білдіретін етістіктерді, олардың тұлғалық, құрамдық түрлерін ажырату – тағы бір проблема. Осы сияқты білетіннен білмейтінге сатылап бару арқылы тұжырымды қорытынды пікір жүйелеу оқушыны творчестволық әрекетке бастайды. Оқушының ойлау қабілетін ұштауға себепші болады. Оқушыны осындай шешімге жеткізу оқушымен мұғалім диалогы, қойылған сұраудың тиімділігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан қойылатын сұраудың оқушыны ойлауға, танып-білуге бағыттайтын болуын ойластырған жөн. Міне, осы жолмен өткізілген “Етістіктің шақтарына” арналған сабақтардың нәтижесі жаман болған жоқ. Сабақтың пысықтау бөлімінде қойылған сұрақтарға оқушылар тиянақты жауап беріп, материалды жақсы меңгергендіктерін байқатты.

С.МҰҚАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ

Дәуіріміздің басты оқиғадарын арқау еткен “Батырак”, “Октябрь өткелдері”, “Ақ аю мен қара аю” поэмалары, “Мөлдір махаббат”, “Ботакөз”, “Сырдария”, “Аққан жұлдыз” романдары, “Өмір мектебі” трилогиясы, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған “Сұлушаш” өлең-романы, “Шоқан Уәлиханов”, “Сәкен Сейфуллин” атты драматургиялық шығармалары мен көптеген әдеби зерттеу, этнографиялық еңбектер қалдырған даңқты жерлесіміз С.Мұқановтың мол мұрасын жан-жақты, терең мазмұнда өту мұғалімнен асқан шеберлікті, көп ізденісті, дайындықты талап етеді. Жазушының өмірбаяны мен творчестволық қызметін таныстыру сабағы оның шығармаларын оқытып, талдаудан бөлек қаралмайды. Өмірбаяндық мағлұмат неғұрлым толық, жүйелі берілсе, неғұрлым жазушының творчествосымен, қоғамдық-әлеумет-тік қызметімен тығыз байланыстырылса, солғұрлым оның білімдік және тәрбиелік маңызы артады. Кейінгі шығармаларды талдау да жеңілге түседі. Өйткені, жазушы творчествосына, оның шығармаларына барар жол осы кіріспе сабақтардан басталады. Біздің мектепте С.Мұқанов творчествосына арнап қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде “Халқымыздың мақтанышы” стендісі, онда жазушының суреті, өмір жолы бойынша хронологиялық таблица, шығармалардың басқа тілдерге аударылғаны жөнінде схема жасалды. Жазушының туып-өскен, білім алған, еңбек еткен жерлерін көрсететін карта да бар. Оның ұстаздық өнегесін алған кейінгі толқын інілерінің, сүйікті жарының естеліктерінен “Жаны жомарт жазушы” деген тақырыпқа жинақ-папка жасалды. “Сәбең туралы жырлар” деген тақырыпта жазушы туралы газеттерде жарияланған өлеңдерден жинақ-папка құрастырылды. Жазушының поэзиялық шығармаларын өту сабағында пайдалану үшін ақынның өзі оқып жаздырған “Колхозды ауыл осындай” және “Қазақ вальсі” әнінің пластинкалары дайындалды. Қаламгер еңбектерін оқыту кезінде баспадан шыққан “С.Мұқанов” атты синтетикалық таблица-ны да пайдаландық. Осылай комплексті-демонстрациялық көрнекіліктер жасалып, ілінген соң, жазушының өмір жолы мен шығармаларын талдауға кірістік. Алғашқы сабақ жазушының өміріне арналды. Сабақтың мақсаты жазушының өмірін халық өмірімен байланыстыра баяндап,шығармаларын жанырлық,тақырыптық, көркемдік жағынан түсіндіру және халық сүйген қаламгердің еңбекқорлығы мен халық игілігіне еңбек етуінен үлгі беру болды. Сабақтың алғашқы кезеңінде оқушылардың жазушының қандай шығармаларын оқығандарын сұрадым. Оқушылар жауабын тыңдап, толықтырып болған соң, жасалған карта, хронологиялық таблица бойынша жазушы өмірін, еңбек жолын әңгімелеп, түсіндірдім. Жазушының әр кезде шыққан шығармаларын тақырыбы, жанры жағынан әңгімелеп, поэзиямызды идеялық-көркемдік жағынан байыта түскен “Поэзия маршалы”, “Майға сәлем” сияқты өлеңдерінен үзінділер оқылды. Маяковскийден үйрене отырып, поэзияға әкелген жаңалығы көркемдік шешім тапқаны әңгімеленді. Бұдан соң жазушы творчествосының шырқау биігі – “Ботакөз” романының жарық көруімен байланысты екендігі атап көрсетілді. Ал, бұл романның тууы туралы 1939 жылы автордың “Роман қалай жазылды?” деген мақаласын пайдалану арқылы романның композициялық құрылысын талдау, кейіпкер бейнесінің сомдалуы, көркемдік ерекшеліктері, басқа тілдерге аударылуы романға арналған жеке сабақта сөз болды. Жазушының қазақ совет әдебиетінің өркендеуіне, жас қаламгерлерді тәрбиелеудегі ағалық қамқорлығы туралы жерлес жазушы С.Шаймерденов пен Д.Әбілевтің газеттерде жарияланған естеліктеріне назар аударылды. Одан әрі “Сырдария”, “Өмір мектебі”, “Аққан жұлдыз” романдары мен “Гвардия, алға!” либреттосы мен “Шоқан Уәлиха-нов”,“Сәкен Сейфуллин” пьесалары туралы сөз болды. Жазушының қоғамдық қызметтері мен совет әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін алған наградалары айтылды. Жазушының өмірбаянын, еңбек жолын баяндау үстінде әңгіме мазмұнына сай Сәбеңнің әр кездегі суреттері эпидиаскоптан көрсетілді. Халық сүйген қаламгердің 1973 жылы қаза болғанын айта отырып, аяулы арысымызды соңғы сапарға шығарып салар қаралы митингіде Ғ.Мүсіреповтың қоштасу сөзінің: “Сәбит үлкен дарынның ғана қолынан келер еңбектер қалдырды. Сәбит қалдырған мол мұра, қайталап айтам, энциклопедияға тең”, деген үзіндісінен С.Мұқановтың совет елінің мәдениеті тарихындағы орнын айқын аңғаруға болатындығын айтылды. Сөз соңында сүйікті жазушыны мәңгі есте қалдыру мақсатымен Қазақстанның көптеген қалаларының көшесі, кітапхана, совхоздар, тіпті тау шыңы жазушы атымен аталғанын айттық. Сәбеңнің Петропавлдың Құрметті азаматы екендігі де сөз болды. Жазушының туған жерінде музей ашылғандығын ескерттік. Осылай ұйымдастырылған сабақтың бекіту бөлімінде жазушы-ның өмір жолы мен қоғамдағы орны, көркем шығармала-рында өмір шындығын бейнелеу тәсілдері, шығармаларының жанры мен тақырыптары туралы сұрақтарға жауап алып, сабақ қорытындылан-ды. Бұдан кейінгі сабақтар жоғарыда баяндалған жүйемен өткізіліп, қажетіне, сабақтың мақсатына сай жазушы өмірінің кейбір сәттерін суреттейтін естеліктерді, шығармаларының идеялық-көркемдік қасиетін айқындайтын пікірлерді пайдаландық. Кейбір шығармаларының тууына себеп болған тарихи оқиғаларға тоқтал-дық. Мысалы, жазушының прозалық шығармаларына арналған сабақта “Мөлдір махаббат” романының тууына себеп болған Қызылордада болған қанды оқиға екендігі айтылды. Артына көп мұра қалдырған Сәбеңнің барлық шығармаларын 10-класта егжей-тегжейлі оқыту мүмкін емес, программа да оны міндеттемейді. Сондықтан жазушының кейбір шығармаларын талдауға арналған конференциялар, әдеби кештер өткіздік. Соңғы кезде кластан тыс жұмыстардың бір түрі ретінде ауызша журнал үйымдастыруды дәстүрге айналдырып жүрміз. Міне, халық жазушысы С.Мұқановтың өмірі мен творчество-сын оқытуды сабақта және кластан тыс жұмыстарда осылай ұштастыру арқылы жазушының толық мағыналы өмір жолын білдірдік.

“Ленин туы” 13 январь, 1983ж.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ “ҚАЗАҚСТАН”

Оқушылардың білімін кеңейтуде әдебиет сабағының мүмкінді-гі өте зор. Әдебиет не әдебиеттік оқу сабағында негізгі әдеби шығар-маны талдай отырып, шығарма сюжетіндегі уақиғаға байланысты тарихи кезең, не бір дәуір туралы мағлумат беріп, дәлелді түсінік сөздер арқылы оқушының білім қорын молайтуға мүмкіндік бар. Еліміз Қазақ республикасының 50 жылдық мерекесін тойлауға дайындалып жатқан кезеңде 5 класта І.Жансүгіровтың “Қазақстан” атты шағын өлеңін өттік. Сабақтың мақсаты оқушыларға өлеңнің жалпы идеялық ойын, Қазақстанның 50 жылдағы жетістігі мен еңбектегі ерліктің бел-белестерін, тауды бұзып, тасты тіліп орнатқан таңғажайып еңбек кереметтерін, қиын-қыстау ел басына күн туған кезеңдерде батырлықтың ғажап үлгілерін көрсеткен қазақ батырларының істерін, ғылым шыңына өрлеген ерен ғалымдарының істерімен байланыстыра түсіндіріп, талдау арқылы білгізу.

Сабаққа қолданылған көрнекті құралдар:

Сабақтың тақырыбы хабарланған соң, оқушылардан Қазақстан, оның жетістіктері туралы не білетіндігі сұралды. Оқушылар жауабында Қазақстан СССР-дің құрамындағы 15 одақтас республикалардың бірі екендігі, онда көптеген ұлттардың өкілдері тұратындығын – мысалды өзіміздің, Совет Одағының Батыры Исқақ Ыбыраев атындағы совхоздан келтірді – Қазақстан егін, мал шаруашылығынан да Одақ бойынша маңызды орын алатындығын айтты. одан әрі қазақ халқының көрнекті ақыны І.Жансүгіровтың өмірі мен әдеби қызметі туралы қысқа мағлумат бердім де, “Қазақстан” өлеңін көркемдеп оқыдым. Өлеңде қазақ елінің кешегі Октябрь революциясына дейінгі көңілсіз, сұрақсыз, теңсіздікте өткен өмірі, патшалы Россияның отары, байлардың отаны, жері құнарсыз, жалшылықта өмірін өткізген бұқара халқының жайы айтыла келіп, көне дүниенің күлталқанын шығарып, арайлап, атқан Октябрь танды қазақ халқының өмірін нұрландырып, еңбекке кенелткенін, масайраған шадыман өмірге жеткізгенін айттым. Бүгінгі қазақ елі – жердің қазба байлығын меңгеріп алған, тынды игерген, өлкемізді малға толтырған ел екені айтылды. Бұл сөзге өлеңнен мына үзінді мысалға келтірілді:

Бұрын патша отары,
Бұрын байдың отаны,
Жері қуаң,
Елі күл

Бүгін еркін жері-нұр,
Нұрландырған – Октябрь!
Қазақстан елі-бұл!

Бұдан әрі осы түсінік сөздің дәлелдемесі ретінде фильмоскоп арқылы “Қазақстан” атты диафильм көрсетілді. Диафильм кадрларынан көшпелі болып күн өткерген қазақ елі, ескі ауылдың көңілсіз сиқы, өңсіз, нәрсіз даласының көрінісі, ағаш, соқамен жер жыртып жүрген қазақ кедейінің аянышты бейнелері көрінеді. Қазіргі республикамыздың сәулетті астанасы Алматының осыдан І ғасыр бұрынғы – бұрынғы Верныйдың - көрінісі, шетелдік капиталистерге жалданып, Қарағандының көмірін қазып, тірідей көрге түскен қазақ жұмысшыларының азапты еңбегінің бейнелері экраннан көрініп тұрды. Әр суретке түсінік беріліп тұрды. Диафильмнің екінші бөлімінен бүгінгі жайнаған, шадыман тұрысты қазақ елінің байлығы: Арқаның алтын дәні, Сырдың күріші, Оңтүстіктің ақ алтынының, тың өлкесіне орнаған жаңа совхоздардың және көмірлі Қарағандының қайнаған қызу еңбек қарқыны, жайнаған жас қалаларының, ондағы өркендеген өндіріс орындарының бейнелері көрінді, әр кадрға түсінік берілді. 50 жылдағы жетістіктеріміз туралы осындай жалпы түсінік берілді. Картадан әлгінде көріп өткен өндірісті қалалар Қазақстан картасынан көрсетілді. Бұл қалалардың біразын оқушылар көрсетіп, өзгесін өзім - Қарағандының, Алматының, Петропавлдың, Семейдің т.б. қалалардың орнын көрсеттім. Осыдан әрі диафильм жалғасы іспеттес эпидиаскоп арқылы қазақ халқының мақтаныш тұтатын ардагер ұл-қыздарының суреті көрсетілді. Олар: Өлеңнің авторы І.Жансүгіровтың, Қ.Сәтбаевтың, М.Әуезовтың, С.Сейфуллиннің, К.Байсеитованың, М.Төлебаевтың, М.Маметованың, Ә.Молдағұлованың, Т.Тоқтаровтың суреттері экранға көрсетілгенде, оқушылар бұл адамдардың кім екенің, Қазақстанның мәдениеті мен өнер саласындағы ел қорғаудағы еңбектерін өздері айтып, суреттерге өздері түсінік берді. Қорытынды сөзде осындай өмірге жеткізген Октябрь революциясы, оның ұйымдастырушысы ұлы Ленин екені айтылды. Өлеңнің сұрау-жауап әдісімен жазылғандығы айтылды. Бұдан кейін өлең мәнерлеп түгел оқылды да, екінші кезекте сұрау-жауап түрінде екеулеп оқылды. Түсініксіз - “дүр, ұжмақ, өгей ұлы, отар” деген сөздерге түсінік берілді. Бұдан соң оқушылар мынадай қорытынды сұрақтарға жауап берді. Өлеңнің сұрау-жауап әдісімен жазылғанын айтып берді. Сабақтың соңында жауап берген оқушыларға баға қойылып, үйде өлеңді жаттап алып, мәнерлеп айтуға дайындалу тапсырылды. Осы сабақ арқылы, біріншіден, І.Жансүгіровтың “Қазақстан” атты өлеңнің мазмұны мен идеялық ойын білсе, екіншіден, Қазақстанның кешегі өмірі мен бүгінгі өмірінің көрінісіндегі айырмашылық нақтылы диафильм кадрлары арқылы көрді. Өлеңде айтылған ойларды диафильм кадрлары дәлелдеді. Үшіншіден, Қазақстанның өндірісті қалаларының картадағы орнын білді. Сонда осы сабақтан Қазақстан республикасы туралы оқушы жан-жақты білім алып, тиянақты ой қорытады.

МЕКТЕП РЕФОРМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА

САЙ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНЫҢ

САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Жастарға білім берудің, оларға саяси,еңбек және адамгершілік тәрбиесін берудің бүкіл ісін жақсартудың міндеттерін. КПСС-тің Орталық Комитетінің 1984 жылғы апрель Пленумында қабылданған “Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында” айқындап берді. Оқушылардың бойында маркстік-лениндік дүниетанымды қалыптастыруда саяси қоғамдық және гуманитарлық пәндердің маңызы ерекше екендігі мектеп реформасында атап көрсетілген. Оқушыларға ана тілі мен әдебиетінен білім беру мен тәрбиелеу міндеттері тек оқыту процесімен іске асатын болғандықтан, оқыту жүйесін жетілдіру, білім беру амал-тәсілдерін тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан бұл пәнді оқытуда оптималдандыру принциптерін әр сабағымызға батыл еңгізудеміз. Оқу процесін үйлесімді құрудың (оптимизация) теориясы мен әдісі сабақ құрылысының көптеген мүмкін варианттарынан, сол сияқты сабақ мазмұнының, формасының, оқытудың әдістері мен құралдарының сан түрлі варианттарынан ең тиімдісін, оқыту мінде-тін шешетін төте жолын белгілі бір уақытта оқушы мен мұғалімнің аз күш жұмсап, ең жоғарғы нәтижеге жететін вариантын таңдап алу екендігі жұртқа мәлім. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда екі мақсат көзделеді: бірі – оқушыға ана тілі және әдебиеті туралы ғылымды түсіндіру, сол арқылы тәрбиелеу, екінші – бүгінгі қоғамдағы қажетті өтейтіндей мәдениетті сөйлеуге, жазуға үйрету. Тіл туралы ғылымды үйретпей, қажетті дағдыны қалыптас-тырмай, сөйлеу мәдениетіне жету мүмкін емес. Сондықтан әр тақырыпты өтудегі мақсат не, оқушы нені білуге тиіс, әр тақырыптың өзекті мәселесі не, қосымша материал ретінде не қалуға тиіс, сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастырар тұсы қандай болмақ деген мәселені айқындап, жүйелеп алып сабақтың метод-әдіс түрлерін, құралдарын белгілейміз. Мұғалімнің сабақ өткізудегі мақсат-міндеті осындай болса, оқушының міндеті де өзіне айқын болуға тиіс. Оқушыны оқулықтағы ережелерді, немесе мұғалімнің түсінік сөзін жаттап алып, қайта айтып беруге міндеттемей, әр сабақта мұғалім басшылығымен ойлана еңбек етуге, бұрыннан білетін біліміне сүйеніп, немесе сол сәттегі фактілер мен құбылыстарды салыстыра отырып, өзі қорытынды шығаруға дағдыландыру керек. Сабақтың әр кезеңінде оқыту, тәрбиелеу, үйрету, ой-өрісін дамыту сияқты міндеттерді қатар шешу сабақты оптималдандыру-дың қажетті бір міндеттері. Тілдік фактілерді игерту арқылы ана тіліміздің түрлі ерекшеліктерін танып, жан-жақты сөйлеп үйрену амалдарына жаттығады. Ана тіліміздің көркемдігі, өткірлігі, дәлдігі, әдемілігі, ойды кең, дәл жеткізе білудегі оралымдылығын үйретеді. Енді сондай бір сабағымызды қалай ұйымдастырғанымызды мысалға келтірейік: 5-класта “Лексика” тарауына 10 сағат берілсе, соның 2 сағаты “Тұрақты сөз тіркестері” тақырыбына бөлінді. Осы тақырыпты өтуде мұғалім алдында 2 міндет тұрды. Біріншісі – программалық талап бойынша тұрақты тіркес, оның өзіндік ерекшелігі, еркін сөз тіркесінен айырмашылығы, ойды бейнелеп жеткізудегі қызметі туралы білдіріп, оқулықта берілген жаттығу-ларды орындап және әдеби текстерден тұрақты сөз тіркестерін тапқызу арқылы алған білімдерін бекіту; екіншісі – бұл мақсатқа жету үшін сабақты қандай формада ұйымдастыру. Қолданған әдіс – тәсілдердің бір-бірімен байланысып, тұтас комплекс құрауын, қандай оқушылармен жеке жұмыс жүргізу керек, оқушылар ынтасына, ойына қандай жұмыс түрімен қозғау салуға болады, оқушы қабілетін қандай жұмыспен ұштауға болады деген мәселелерді қарастырып болған соң, сабақты қалай бастау мәселесі тұрды. Өйткені сабақтың алғашқы кезеңі бүкіл сабақ процесінің тиімді өтуіне негіз болады. Сондықтан өздеріне 4-кластан таныс “Ерікті сөз тіркесі” деп нені айтамыз? – деген дағдылы сұрақтан бастамай, сабақтың мақсатын хабарлап болған соң, ілінген 2 суреттегі еңбектің түрін, жыл мезгілдерін анықтатып, (бірі күзгі бақта өнімін жинауға, екіншісі астық ору науқанына байланысты) 1-қатарда отырған оқушылар өздеріне тиісті сурет бойынша “егін ору”, “жеңіп шығу”, “құрмет көрсету”, “алтын астық”, “бітік егін”, “алтын күз”; 2-қатар “піскен жеміс, қызыл алма”, “жігерлі жастар”, “мол өнім”, “орындалған жоспар” деген еркін сөз тіркестерін ойлап, екі бөлек етіп тақтаға жазады. Жазылған еркін тіркестегі сөздердің орнын ауыстырып, басқа сөздермен ауызша алмастырып, еркін сөз тіркесіндегі сөздердің орнын ауыстыруға болатынын оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап әдісі арқылы дәлелдетіп, сабақтың келесі кезеңіне ауысып, тақтаға:

1-суретке байланысты:

“ауызға ілінген”,
“төбесі көкке жету”,
“мұртын балта кеспейді”,
“қуаныш қойнына сыймау”,

“жүзі жайнап салу”.

2-суретке байланысты:

“тонның ішкі бауындай”,
“жүзіктің көзінен өткен”,
“көзді ашып жұмғанша”,
“аузынан тастамайды”,

“арқасын кеңге салмай”

деген тұрақты сөз тіркестері жазылған 2 таблица ілінді.

Проблемалық ситуация арқылы әрбір тұрақты тіркестің мағнасы ажыратып, ерекшеліктеріне көздерін жеткізіп, оқушылар кей тіркестің мағынасын білмеген жағдайда өзім түсіндіріп, тұрақты тіркес болу себебін, тіркестегі сөздердің ауыспалы мағынада қолданылатын, тұрақты тіркестегі сөздерді ауыстыруға болмайтындығын түсіндірдім. Одан әрі алғашқы 2 суретке тақырып тауып, алғашқы өздері ойлаған ерікті тіркестер мен берілген тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастыру әр қатарға тапсырылды. Әр қатардың бір-бір өкілі шығып, шағын әңгіме құрастырды. Әр қатардың өкілі мүдіріп қалған жағдайда, сол қатардағы басқа оқушылар көмекке келіп отырды. Сонда құрастырған әңгіменің біріне “Алтын орақ” деп тақырып қойылды. Мынадай мазмұнда болып шықты: “Күз келді. Егіс даласындағы бітік егін сапсары алтындай көз тартады. Егін ору басталды. Піскен егістікте комбайндар жайындай жүзіп жүр. Атағы ауызға ілінген Геннадий Кондрашов ағай да осылардың арасында. Биылғы ауа райының қиындығын жеңіп шығып, аудан бойынша алдына жан салмады. Осындай табысы үшін СССР космонавтарынан құттықтау телеграмма алғанда, қуанышы қойнына сыймай, төбесі көкке жетті. Озат комбайншыны құттықтауға ауылдастары келіп, жаңа астықтың ұнынан пісірілген нан мен тұзды ұсынды, мойнына жеңімпаздар лентасын тақты. Сонда Геннадий ағайдың жүзі жайнап салды. Алтын астығын дер кезінде жинап алған диқанның мұртын балта кеспейді”. Сонда өздеріңіз аңғарып отырғандай, манағы еркін және тұрақты тіркестер де сөйлем мағынасына лайық өз орындарын тапты. Екінші қатардың оқушылары осы ретпен “Жастар көмегі” деген тақырыпта әңгіме құрады. Құрастырылған әңгіме магнитофонға жазылды. Сөйтіп, оқушылар тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшелігін еркін тіркеспен салыстыра отырып, айырықша белгісін түсінді, өздері практикада қолданды. Тұрақты тіркес туралы түсініктерін айтты. Әр тақырыпқа сай тіл дамыту жұмысымен қатар күзгі еңбектің түрлерін біліп, партияның азық-түлік программасын іс-жүзіне асыруға белсене араласып жүрген ауылдас озат комбайншының еңбек табысына сүйсіну сол арқылы еңбекті сүюге тәрбиелеумен астасып жатыр. Ауылдасымыз Геннадий Кондрашов осынша құрметке қалай жетті? – деген сұраққа “Аянбай еткен еңбегі үшін” деген қысқа жауап алдық. Мәселе еңбектің құдіретті күшіне келіп тірелгендік-тен “Еңбек туралы кім қандай мақал-мәтелдерді біледі?” – деген сұрақ қойылды. Сонда әдебиеттен өздері өткен “Мақал-мәтелдер” тақырыбынан есте қалған, немесе өздері бұрыннан білетін “Еңбек қылсаң емерсің”, “Еңбегі аздың - өнбегі аз”, “Ексең егін – ішерсің тегін”, “Еңбек ер атандырады”, “Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абырой кешкізер”, “Өмір үйретер, еңбек сыйлы етер” деген т.б. мақалдар айтылды, мәні түсіндірілді. Мақал-мәтелдер минутын осындай мазмұнда өткіздік. Жұмыстың осы түріне байланыстыра еңбек туралы поэзия минуты өткізілді. Оқушылар өздері білетін поэзиялық шығармалар-ды жатқа айтты. бір оқушы Ө.Тұрманжановтың “Еңбеккер мен еріншек” өлеңін:

Еріншек ерініп жатты,
Күн көзінде керіліп жатты.
Еңбеккер еңбегін істеді,
Дем алып, күлшесін тістеді,

- деп айтса, басқалары да егінші, еңбеккер туралы білетін өлеңдерін ортаға салды.

Одан әрі бірінші топтағы оқушылар оқулықтан 77-жаттығуды ауызша орындап, тұрақты тіркестің мағынасын тақтаға жазса, екінші топтағы оқушылар 78-жаттығуды (күрделірек) сөз тіркестері бойынша сөйлем ойлап жазды, сөз тіркестерінің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын анықтады. Осы орындалған жаттығулар оқушылар қабілетіне лайықталып, топтық сипатта орындалғанмен, әр топ орындап болған соң, әр жұмыстың нәтижесін жалпыкластық формада тыңдаттық. Бірінші топ тақтаға жазған 10 тұрақты тіркестің мазмұнын соңғы шыққан оқушы түгел оқып түсіндірді. Екінші топтың ойлап жазған әр сөйлемін сөйлем мүшесіне талдауға класс оқушылары түгел қатысты. Жекелеп және топтық сипатта орындалған танымдық тапсырмалардың нәтижесін тыңдау арқылы екі топтың творчестволық еңбегін ортақтастыру арқылы берілген білімді тереңірек игеруге мүмкіндік болды деп ойлаймыз. Сабақтың пысықтау кезеңінде манадан жүргізілген жаттығу жұмыстарын салыстырып, ойланып қорытынды шығартып, мына сұрақтарға жауап алынды: Сабақтың басынан жүргізілген жаттығу жұмыстарының түрлері оқушы ойына қозғау салып, өздеріне қорытынды шығаруға мүмкіндік жасады. Салыстыру, іздену, дәлелдеу сияқты зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалды, әрі жаттығулардың мазмұны арқылы кәсіптік мамандыққа, еңбекке тәрбиелеу қатар жүргізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өздері оқыған көркем шығармада кездескен немесе жұрт аузынан естіген мақал-мәтелдер-ді “Нақылсөз – ақыл сөз” деп атаған дәптерлеріне жинап жазып отырады. Оларды: “Адамгершілік – асыл қасиет”, “Адал еңбек – сарқылмас байлық”, “Отан –оттан да ыстық”, “Ерлік білекте емес, жүректе”, “Махаббат-өшпес от”, “Татулықта табыс мол” деген сияқты бірнеше тақырыпқа бөліп, жүйе-жүйе етіп жазады. Жоғарыда баяндалған мақал-мәтел минутында айтылғандардың бұрын жазылмағандары осы дәптерге жазылды. Мұндай жұмыс халық тілін терең түсінуге, ұлттық тәрбиенің жақсы қасиеттерін жас буынның бойына сіңіруге септігін тигізері сөзсіз. “…ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің ерекшеліктері ескерілсін”, - деген тұжырымды ой мектеп реформасының негізгі бағыттарында да көрініс берген. (Мектеп реформасының негізгі бағыттарының 5 тарауы 25-і пунктінен). Сол сияқты, қазақ әдебиеті сабақтарында өтіліп отырған материалды программа талабы негізінде жеткізіп, білдірумен қатар оқушы сол тақырыптың ең басты, түйінді мәселесін игерді ме, сол тақырыптың тәрбиелік жағы қандай әсер қалдырды,сол материалға оқушы көзқарасы қандай болды деген ой үнемі мазалайды. Сондықтан жазушы творчествосын өтіп, шығармаларын талдап болған соң, қорытынды сабақта, не соған байланысты жазылған шығарма жұмысында осы мәселелер оқушы ойында қандай із қалдырғанын білуді мақсат етемін. М: 9-класта қазақтың тұңғыш ғалымы, демократ-ағартушы Шоқан Уәлиханов творчествосын өту кезінде оның өмірі мен саяхаттарын, еңбегін білдірумен қатар “Шоқан халқымыздың әдебиет тарихына қандай үлес қосты?”, “Қырғыз халқының атақты “Манас” эпосының зерттелу тарихы неге Шоқаннан басталады?”, “Шоқанның география, тарих, этнография, геология, ориентология-ға қосқан үлесі қандай?”, “Неліктен Шоқанды “Европаға ашқан терезе” деп атайды?”, “Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийдің “Сізге ғашықпын” деген сөзінің мәнін қалай түсінесің?”, “Шоқанның өмірі мен еңбек жолынан қандай өнеге алуға болады?” деген сұрақтарға жауап алу арқылы ұлы ғалымның өмірі мен еңбегінің мәні неде деген мәселені айқындаймыз. Осындай сұрақтар арқылы жалпы мәселеден негізгі, түйінді мәселені бөліп алуға дағдыланады. Оқушы алған білімін жүйелеп, қорытынды шығарады. Сабақта алған білімді кластан тыс жұмыстармен ұштастырып жүргізуді көптен әдетке айналдырдық. Осы жылы қазақ халқының мақтанышы Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына байла-нысты “Қазақ халқының ардақты ұлы” деген тақырыпта конферен-ция өткізілді. Конференцияда Ш.Уәлихановтың өмір жолы, еңбегі туралы айтыла келіп, ұлы ғалымның көркем әдебиеттегі бейнесін жасаған С.Мұқановтың “Аққан жұлдыз” романы “Шоқан Уәлиха-нов” пьесасы, С.Бегалиннің “Шоқан асулары” повестерін сөз етіп, Қазақфильм жасаған “Оның уақыты келеді” фильмінен фрагмент көрсетілді. Мұндай қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты кластан тыс жұмыстар, конференциялар, кітап оқушылар конференциясы, әдеби кештер, ауызша журналдар, лекция, диспуттар үнемі өткізіліп тұрады. Осы оқу жылында қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалаушылар С.Сейфуллин мен Б.Майлиннің туғанына 90 жыл толуына арналған конференциялар, І.Есенберлиннің және Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 70 жыл толуына байланысты лекция, әдеби кештер өткізілді. Мектептегі пән сабақтарының сапалы өтуіне пәндік әдіс бірлестігінің тигізер ықпалы аз емес. Әдіс бірлестігі жасалған жоспар бойынша жұмыс істейді. Жұмыс жоспарында ашық сабақтар, методикалық тақырыптардағы баяндамалар, кластан тыс жұмыс түрлері көрсетіледі. Жоспар бойынша 10-а, 9-а, 7-а, 6-а,5-а кластарында тіл мен әдебиеттен ашық сабақтар өткізіліп, “Әдебиет сабақтарында көркем текспен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен тәсілдері” (пән мұғалімі Тасыбаева З.Т.), “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оптимизация принциптері негізінде ұйымдастыру жолдары” (пән мұғалімі Базарбаева Қ.Б.) деген тақырыпта іс-тәжірибе негізінде жасалған баяндамаларды тыңдап, талқылады.

Мектеп реформасында атап көрсетілгендей “Мектептегі басты тұлға – мұғалім”. Мұғалімнің білімі, іске жауапкершілікпен қарауы, мамандық шеберлігін арттыруы, жалпы білімінің тереңдігі оқушыға берер тәлімінің негізі болмақ. Осы тұрғыдан қарағанда облысымызда жақсы нәтижеге жетіп, абырой биігіне көтеріліп жүрген қазақ тілі мен әдебиетінің біраз мұғалімдері баршылық. Өкінішке орай халықтың асыл қазынасын жете игермей, ана тілінің ғылыми негізін білмей, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүрген математик мұғалімді де, географ мұғалімді де, шетел тілі мұғалімін де, тарих мұғалімін де облыстың біраз мектептерінен кездестіруге болады. М: Сергеев ауданындағы Жалтыр, Социал, Жаңа жол. Ал орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарын жүргізетін біраз мұғалімнің арнаулы білімі жоқ. “Сонда ана тілі сабақтары ақша табудың көзі болып отыр ма?”- деген жайсыз сұрақ көңілде тұрады. Бұндай жай-халық байлығы тілге жасап отырған қиянат, ана тілінің беделін түсіру. Мектептердегі мұндай жағдай қазақ тілі мұғалімдерінің жетіспеуінен туып отыр. Сондықтан кадр мәселесіне жауапкершілікпен қарап, оларға қамқорлық жасау мектеп және шаруашылық басшыларының есінен шықпағаны жөн. Коммунистік партия мен совет үкіметінің мектеп пен мұғалімге жасап отырған қамқорлығына әр мұғалім жас өспірімге білім мен тәрбие берудегі табыстарымен жауап беруге міндетті.

ЗНАТЬ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

В конце февраля у нас в районе впервые проходила олимпиада по казахскому языку и литературе. Состязание проходило в три тура: І – сочинение, ІІ – выразительное чтение прозы и стихотворения, ІІІ - исполнение кюйев, песен казахских композиторов, состязание в айтысе. Лучше других исполнили айтыс ученики Социальской восьми-летней школы А.Жанибеков и А.Аниев, хорошо выступили А.Кожантаева, Т.Гаккуова, А.Абилькаирова, Д.Абилева и другие ребята из Ленинской СШ. В исполнении песен казахских композиторов отличились А.Кожантаева, девятиклассницы из Ступинской средней школы Г.Айтхожина и К.Байылова, ученик 8 класса Социальской восьмилетней школы А.Жанибеков. Прозвучали песни Абая, Акан Серы, кюи Курмангазы, Жубанова и других композиторов. По итогам трех туров первое место заняла команда Ленинской СШ, среди восьмилетних школ – команда Социальской школы. Участниками областной олимпиады станут победители и призеры А.Кожантаева (Ленинская СШ), А.Жанибеков, А.Аниев (Социальская ВШ), Р.Сандыбаева (Жанажольская СШ). Жизнь подтверждает актуальность постановления ЦК Компартии Казахстана и Совета Министров Казахской ССР “Об улучшении изучения казахского языка в республике”. Во многих школах уже работают кружки по изучению казахского языка, оборудованы специальные кабинеты. Однако не все еще обстоит благополучно. Во-первых, ощущается острая нехватка кадров, нет достаточного количества учебников и учебных пособий, что в конечном итоге сказывается на качество знаний учащихся. Думается, именно по этой причине не приняли участия в районной олимпиаде представители Балуанской, Жалтырской, Аксуйской, Бирликской восьмилетних школ. Надеемся все же, что в будущем ленинский принцип двуязычия станет нормой жизни каждого, и в олимпиадах по казахскому языку будут принимать активное участие и представители тех школ, где обучение ведется на русском языке.

“Новатор” 31 марта 1988 г.

ХХҮІІІ СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ

ОБЛАСТНОЙ ПАРТИЙНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ

П Р И В Е Т С Т В И Е

Сердечно приветствую делегатов ХХҮІІІ областной партийной конференции, желаю плодотворной работы, крепкого здоровья и новых трудовых успехов на благо нашей великой Родины. Горячо благодарю Коммунистическую партию и Советское правительство за постоянную заботу о нас, учителях, высокую оценку нашего труда. В ответ на это буду трудиться еще лучше. Педагогический коллектив Ленинской средней школы, где я работаю, прилагает все усилия к тому, чтобы успешно справиться с поставленными задачами в завершающем году одиннадцатой пятилетки. Выполняя Основные направления реформы общеобразователь-ной школы, особое внимание уделяю в своей работе повышению качества учебно-воспитательного процесса, приобщению учащихся к труду и активной общественной работе. Заверяю партийную конференцию, что буду и впредь все силы, знания, опыт направлять на дальнейшее улучшение качества обучения и воспитания молодого поколения.

Қагида Базарбаева,
Заслуженная учительница
Казахской ССР
г.Петропавловск, декабрь 1985 г.

“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕ БАЙЛАНЫС-

ТЫ КЛАСТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР”

ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТАҒЫ БАЯНДАМА.

Совет Одағы Коммунистік партиясының ХХҮ съезі жалпы білім берудің бүкіл жүйесін ғылым мен техниканың қазіргі өскелең талаптарына сай құру, коммунистік тәрбиені комплексті жүргізу міндеттерін алға қойып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың алар орны ерекше. Әдебиетті жаңа программа талаптарына сәйкес оқыту, кластан тыс жұмыстарды сабақта өтілген,не өтілгелі отырған материалдарға тікелей немесе жанама болса да байланысы бар тақырыптар бойынша жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстар оқушылардың ойын кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады, эстетикалық талғамы мен творчестволық жұмысқа қабілетін жетілдіре түседі. Мұғалімнің шәкірттермен тығыз байланыс жасауына, олардың тілегін, талабын, бейімділігін, икемдігін айқындай, соған сай кеңес беріп, дұрыс бағыт сілтеуіне мүмкіндік туғызады. Мектебімізде кластан тыс қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты өткізіліп жүрген мынадай жұмыс түрлері бар: кітап оқушылар конференциясы, әдебиет үйірмесі, қазақ тілі үйірмесі, әдебиет кеші, әдебиеттік викторина, әдебиет көрмесі, кластан тыс оқуға басшылық. Кітап оқушылар конференциясы – кластан тыс жұмыстардың жиі қолданылатын түрі. Бұл жұмысты ұйымдастыруда программалық материалға байланыстылығы ескерілді. Сонымен қатар, кітап оқушылар конференциясының бірнеше түрін қолданып жүрміз. Мысалға, ақын-жазушының творчествосын өтіп болған соң шолу, жинақтау тұрғысында конференция өткізуге болады. Бұған мысал ретінде өткен оқу жылдарында өткізілген “Абай творчество-сындағы искусствоның орны” деген тақырыптағы конференцияны атауға болады. Екінші бір конференцияны тарихи-әдебиеттік тақырып бойынша ұйымдастырдық. Мысалы, Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдық торқалы тойына дайындалу кезінде “Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі көркем әдебиеттегі коммунистер бейнесі” деген тақырыптағы конференция. Бұл конференцияда бір шығарма ғана сөз етілмей, бір дәуірдің, бір кезеңнің шығармалары сөз болары белгілі. Біздің мектебімізде ұйымдастырылып жүрген үшінші бір конференциялар жекелеген шығармаларды талдауға арналған. Мысалы: Ә.Нүрпейісовтың “Қан мен тер” трилогиясын талдауға арналған конференция. Сол сияқты, біз өткізіп жүрген конференцияның келесі түрі-жазушының бүкіл творчестволық жолын таныстыруға арналған конференциялар. Бұл әдетте жазушы-ның юбелейлік мүшеліне байланысты болады. Мұндай конферен-циялар жиі өткізіледі. Мектебімізде соңғы оқу жылдарында өткен осы сияқты бірнеше конференцияны атауға болады. Олар: “Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов 75-те”, “Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жыл”, “Жамбыл – жыр алыбы” (Ақынның 125 жылдығы кезінде). Сол сияқты, осы оқу жылында аты әлемге әйгілі данышпан жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 80 жасқа толуына арналған конференция өткізілді. (Конференцияны ұйымдастырған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құсайынова Күлизат). Бұл конференция мазмұндылығы-мен, көрнекілігімен оқушылардың есінде қалары сөзсіз. Жазушының өмірі мен творчестволық жолын шолып,талдауға арналған “Заманымыздың ұлы жазушысы”, “Әуезовтың ғылми еңбектері”,“Әуезов жайлы зерттеулер,естеліктер” деген тақырыптағы баяндамалар, әдеби викторина, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияда жазушының қолдан салынған суреті, француз сыншысы Бержеронның, орыс жазушысы Корнейчуктың Әуезов туралы лебіздері,“Әуезов әлемді шарлап кетті” атты әдеби карталар орынды қолданылды. Бұл конференция 9-10 класс оқушыларымен өткізілді. Конференцияны дайындауға да осы класс оқушылары белсене қатынасты. Бұл үлкен мерекелік датаны атап өтуде, тек конференциямен шектелмей, осы тақырыпқа (осы күнге) арналған “Жас қалам” атты (әдебиет үйірмесінің органы) газеттің арнаулы нөмері шығарылды. М.О.Әуезов шығармаларынан әдебиеттік көрме ұйымдастырылды.Оған М.Әуезовтың мектебімізде бар шығармалары, М.О.Әуезов творчествосын зерттеуге арналған кітаптар мен жазушының әр кезеңдегі суреттері, жазушы творчествосы туралы лебіздер жазылып қойылды. Кемеңгер жазушы туралы жұмыс тек мектеп оқушыларымен ғана емес совхоз еңбеккерлерімен де жүргізілді. Бұған “Халқымыз-дың мақтанышы” деген тақырыпта оқылған лекцияны мысалға келтіруге болады. (Лекцияны дайындап, оқыған Қ.Базарбаева). Сол сияқты, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғабиден Мұстафиннің 75 жасқа толуына арналған кітап оқушылар конференциясы да (конференцияны дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тасыбаева Зиягүл) мазмұнды, әсерлі өтті. Конференция мына жүйеде өтті:

Осы сияқты конференцияларды дайындағанда мұғалім конференция тақырыбы уақыт талабына сай болуын, білімдік, тәрбиелік әсерін,маңызын ескеріп отырады.Мұндай конференциялар шәкірттерге моральдық жоғарғы тәрбие беруге, шығарманың образдары мен проблемаларын жете ойластыра, тереңдете, іздене оқуға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, тезис, реферат, баяндама жазуға, өзінің көзқарасын дәлелдеуге үйретері сөзсіз. Конференциялар дайындауда қазақ тілі мен әдебиет секция-сының мұғалімдері алдымен секция мәжілісінде ақылдасып алып, конференция өткізудің жоспарын жасайды. Одан әрі сол жоспар бойынша материал жинап, таңдаған тақырыпты шағын тақырып-шарларға бөліп, оқушыларға тапсырыстар, нұсқаулар береді. Алайда, мұғалімнің нұсқауы міндетті тапсырмаға айналмай, оқушының ынта-талабын арттырып, зерттеулерінен туған ойларын ерікті баяндай алатын бағыт-бағдар беріледі. Жұмыс осылай ұйымдастырылса ғана оқушылар көркем шығарманы бара-бара өз беттерінше талдай білу дағдысын меңгереді. Оқушылар баяндама-ларға дайындық барысында шығарма мазмұнындағы эпизодтарды, жазушы өмірінің әр кезеңін қамтитын иллюстрациялық материал-дар да жинастырады. Осындай жиналған иллюстрациялық материалдардан түрлі тақырыпта эпифильмдер жасадық. Бұл эпифильмдер қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде жинақталады. Сонда мұндай конференциялардың оқушыға білімдік, тәрбиелік қана маңызы емес, қазақ тілі кабинеті көрнекілікпен молықтыруға пайдасы тиеді. Әдеби конференцияны өткізуде оқушылардың жасын, оқитын класын, білім көлемін ескереміз. Барынша жан-жақты ойластырып өткізген конференциялар оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыра бермек. Олар әрбір кейінгі өткізілмек конференцияға жаңа жігер, жаңа талап-талғам, ынта-дайындықпен баруға сабақтан тыс уақыттарын мұқият арнайтын болады. Мектебімізде әдебиеттік викториналар, коңілді тапқыштар клубы (КТК) әдеби монтаж, инсценировкалар өткізіледі. Мектебіміз-де жүйелі түрде, үздіксіз жұмыс істейтін әдебиет үйірмесі мен қазақ тілі үйірмесі бар. Үйірменің мектеп директоры бекіткен арнаулы жоспары, үйірме советі, үйірме советінің председателі бар. Әдебиет үйірмесінде ақын-жазушының шығармасы оқып талданады, кейде жас талапкерлердің творчествосы талданады. Оқушыларға жаңа жарық көрген ақын-жазушының шығармасымен таныстыру үшін үйірме жоспарына сол шығармалар жазылып, үйірме жұмысында талданады. Мысалы: Өткен оқу жылында үйірме жұмысында Ғ.Мүсіреповтың “Ұлпан” повесі, Д.Әбіловтің “Баянауыл баурайында” шығармаларымен қатар жерлес-жазушы, Қазақ ССР-ына еңбегі сіңген мұғалім С.Сауытбековтың “Аютас” атты жинағы талданды. Үйірме жұмысында жас талапкерлердің әр түрлі тақырыпта жазылған тырнақалды туындылары да талқыланды. Әдебиет үйірмесінің мүшелері сабақты жақсы үлгіретін болуы шарт емес. Әдебиетке ынтасы бар орташа оқитын оқушыларды да тартамыз. Қорытындылай айтқанда, әдебиет үйірмесі оқушылардың дүние таным шеңберін кеңейте түседі, логикалық ойы мен ойлай, байсалды жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге, көркем сөзге құштарлық, сүйіспеншілік сезімдерді қалыптастырады. Үйірме айына екі рет жұмыс істейді. Ал үйірме мүшелерінің творчествосын талдауға арналған мәжілістер екі айда бір рет болады (Үйірме жетекшісі Базарбаева Қ.Б.). Мектебімізде тіл-әдебиет апталығын өткізу де дәстүрге айналып келеді. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың көркем әдебиетке ынта-сүйіспеншілігін біріктіріп, шабытпен қаруландыратын кластан тыс жұмыстың бүкіл класқа ортақ түрі. Мұндай күндері мектеп клубқа айналады. Жеке класс бөлмелерінің есіктеріне қандай іс-шаралар өтілетіндігін хабарлайтын көркем жазылған жарнамалар ілінеді. Мысалы, комсомол күні қарсаңында өткізілген апталық “Комсомолдар – жас қайраты елімнің” деген тақырыпта өтті.

Бұл апталық мынадай жоспармен өтті:

Осы жұмыс түрлері күні бұрын дайындалып, апта бойы өткізіледі. Бұл жұмыстардың әрқайсысын әр класс коллективтері дайындады. Сонда мектеп өмірінде әдебиет апталығын өткізу кең көлемде жүргізілетін жұмыс түрі екені белгілі. Оны өткізуге орта буындағы (пионер) кластар мен жоғары буындағы (комсомол) кластар тегіс қатысады. Сол сияқты, кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірі – кластан тыс оқуға басшылық жасау. Әдебиет сабағының жалғасы ретінде жүргізілетін бұл жұмыстың оқушының дүние танымы мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жасар ықпалы зор екені мәлім. Оқу жылының басында әр класс оқушыларына кластан тыс оқылатын шығармалар тізімі ұсынылады. Бұл тізімді жасауда мектеп және совхоз кітапханасының мүмкіндіктері ескеріледі. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде “Кластан тыс оқу” деген стенд жасалды. Жоғарыда айтылған тізімді жазып және көркем шығарма мен жүргізілетін жұмыс түрін аннотация дәптерінің үлгісінде жазылды. Бұл сияқты жұмыстардан соң әр класс оқушыларымен “Сен қандай кітап оқыдың, ол саған қалай әсер етті?” деген тақырыпта әңгіме өткізіледі. Осы жұмыстың жалғасы ретінде “Менің сүйікті кітабым”, “Менің сүйікті жазушым” деген тақырыпта ерікті тақырыпта шығарма жазды. Міне, осы сияқты қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне байланысты кластан тыс жүргізілетін сан салалы жұмыстар оқушының туған әдебиетіне, туған тіліне деген сүйіспеншілігін оятумен бірге, оқушының коммунистік рухта тәрбиеленуіне де ықпалын тигізеді

ІІ – БӨЛІМ

ҚАҒИДА БАЗАРБАЕВА ТУРАЛЫ МАҚАЛАЛАР

Мұғалім мерейі

ТАЛАП ТҰҒЫРЫНДА

Жас қанат көкке самғауды қалайды. Ол осы көз жетпес биікте өз күшін байқайды, алдағы күнге батыл сеніммен қарайды. Сол сияқты мектеп қабырғасынан қанат қағар қай жас болмасын арманмен ой тербеп, соның тұнық теңізінде құлаш сермейді. 1953 жылы Ленин орта мектебін тәмамдап кәмелеттік аттестат қолына тигенде Қағида арманшыл көңілдің жебесін көптемгі ойына-тартты. Мұғалім болу, бала оқыту оңай іс емес, ұқтыру, үнемі ізденіп отыру бойына асыл қасиет болып қалыптасуы қажет. Бұл мамандықта жасқаншақтық жақсылық нышан емес. Жауапкершілік сезім жүрегінде берік ұялап, болаттай бекініп, ауырлығын өз иығыңмен көтеру керек. Міне, бұл жәйіттерді ол ертеден-ақ ойына тоқып алған-тұғын. Сөйтіп Қағида мектепті бітірген жылы Алматы қаласына Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл әдебиеті факуль-тетіне түседі. Ұстаздықтың әліппе бетін ашар, еңбек ордасына жолдама берер осы оқу орнында жүрген де мұғалім маманды-ғының мархабатын сезгендей болатын. Бір кезде өзіне сабақ берген Шияп Садықов, Ахметжан Қалиахметов секілді ұстаздарының сөздері құлағына қайта жаңғырыға естіліп, бейнелері көз алдына оралатын. Оқу жылдары артта қалып, енді Қағида Базарбаева өзін түлетіп ұшырған сүйікті ұясы мектебіне оралды. Таныс жүзді ағалар мен апайлар жас маманды құшақтай қарсы алды. Бұл жылдары Ленин орта мектебінде институт бітірген жас кадрлар келіп жатқанды. Бәрі де бұрынғы түлектері, мектеп шәкірттері. Сонда осынау сәтте директор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Шияп Садықов қалайша қуанды десеңізші!

– “Ат тұяғын тай басар”, демекші біздің де құтты құрығы-мызды ұстаған, жолымызды қуған жастардың мұғалімдікке бел буғандары ерекше қуаныш. Енді сіздердің алдарыңызда қиындығы мен қызығы мол жұмыстар тұр. Мамандыққа деген сүйіспеншілік-теріңіз, адал еңбектеріңіз соларды жеңуге, жас ұрпақ тәрбиесіне арналсын, – деген сонда қарт ұстаз.

Мектеп өмірінің өрнектері сан алуан. Мұнда тек өзіңе бекітілген сабақтарды берумен тынып, қол қусырып отыру мұғалім мамандығына сиымсыз. Сондықтан да Қағида Базарбаева қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептегі пионер,комсомол ұйымда-рының істерін алға бастыруға ұйтқы болды. Жылдар өткен сайын оның қанаты қатайып, педагогикалық шеберлігі ұшталып, тәжіри-бесі арта түсті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қашан да балалардың ой-таным ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, орай оқыту әдісін байытып отыру қажет. Сүйсінерлігі сол, Қағида Базарбаева бұл күндері мектепте, ауданда ғана емес, есімі облыс, республика көлеміне аян болып отырған қадірменді ұстаз. Оның педагогикалық тәжірибесі, сабақ беру методикасы қазіргі уақытта көпшілік мұғалімдердің игілігіне айналуда. 1967 жылы оған Қазақ ССР оқу ісінің үздігі” құрметті атағы берілді. Ол талай рет республикалық, облыстық педагогикалық оқуларға қатысып, баяндамалар жасады. Біз жақында осы абзал ұстазды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық ғылыми практикалық конференциясында кездестірдік. Байсалды жүзді, асықпай сөйлейтін, әрбір сөзіне ой түйетін Қағида Базарбаевамен әңгімелескенде оны шын мәнінде де тіл әдебиет зерттеушісі ме деп ойлап қалуын мүмкін.

– Әдебиет пәнінің мұғалімі, – дейді ол, – классик жазушы-лардан бастап баспасөз бетінде жаңа көріне бастаған жас қаламгер-лердің туындыларын қалт жібермеуі керек. Өйткені олардың қай қайсының болмасын өзіндік ой түйіні, ең басты жалт еткен бір жаңалығы болады. Сол сияқты қазақ тілін оқытуда да оқулықтағы материалдарды игерумен бірге күнделікті өмір үніне құлақ асып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, өзің біреуді оқытып, үйретуде өздігіңнен үйренбесең болмайды.

Ол осы облыстық ғылыми практикалық конференцияда “Қазақ тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану туралы” баяндама жасады. Шын мәнінде де онда тағылым аларлық, үйренерлікті жәйттер көп еді. Сабақта эпидоскоптарды, картиналар мен кинофильмдерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылар да жаңа материалдарды қызыға тыңдап, тез ұғып алатындығы баяндамада нанымды айтылды. Тағы бір ғажабы, бірқатар көрнекі құралдарды Қағиданың өзі жасап алған. Міне, мұның өзі оқушылар, педагоги-калық коллектив, бүкіл ата-аналар алдындағы жауапкершілікті сезінгендік. “Калинин айтқандай, – дейді ол, – бәріміз де “қырық жыл мұғалім болсақ та қырық бес минуттық сабаққа әзірленуге тиіспіз”. Иә, бүгіндері Қағида Базарбаева мектептегі қадірменді ұстаз. Талап тұғырына талмай қанат қаққан өз мамандығының шебері атанған мерейлі мұғалімнің жас ұрпақ тәрбиесінде әлі де талай биіктерге көтерілетініне күмән жоқ.

“Ленин туы”, 1974 ж.
А.Әбжанов. Сергеев ауданы.

МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ

Жұлдызды жылдары

… Клубқа халық көп жиналыпты. Бір топ әріптестерімен қатар отырған Қағида кенет өз фамилиясын естігенде, не істерін білмегендей жан-жағына қарады. Оның көзі алдыңғы қатарлардың бірінде отырған анасына түсті. Рахима шешей: “Жарайсың қызым”, – дегендей, бұған жылы шырай білдіріп, бас изеді. Дүркіреп қол соғылды. Қағида мінбеге қалай жеткенін де аңғарған жоқ. Аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары У.Л.Латанов: “Жоғары атақ алуыңызбен құттықтаймыз”, – деп оның қолын қысты да, “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” деген белгіні өңіріне қадады. Құттықтаулар мен ізгі тілектер тұс-тұстан естілген сәтте оның жанары нұрға толып, құшағы гүлге оранды. Қағида – “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі”. Ол өз-өзінен күлімсіреді. Бұл атақ оның үш ұйықтаса түсіне кірген бе! Ол өзінің өткен өміріне ой жүгіртіп, бал-дәурен балалық шақтың базарлы күндерін сүзіп отыр… Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ “Ұстаз болсам” деген ой оның көңіліне мықтап ұялаған, оқу бітірген жылы астанадан бір-ақ шығарды. Жолы болып, қыздар институтының тіл-әдебиет факультетіне студент болып қабылданды. Студенттік жылдар – ол адам өміріндегі қайталанбас кезең ғой. Төрт жыл тіпті тез өткен сияқты. Мектеп табалдырығынан жүрексіне аттап, аяулы күндерімен қайта табысқандай болған Қағида өзінің қиын да аса жауапты іске бой ұрғанын жүрегімен сезінеді. Оның алғашқы ұстаздарының бірі Сейтен Сауытбеков ұлы жазушы-педагог Л.Н.Толстойдың “Егер мұғалімде іске деген сүйіспеншілік болса, ол жақсы мұғалім бола-ды. Егер мұғалім оқушыға тек оның әкесі, шешесі сияқты сүйіспеншілік таба білетін болса, онда ол барша кітапты оқып берген, бірақ не іске, не оқушыларға ешқандай сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен әлде қайда жақсы болады. Егер мұғалім өз бойында іске, де, оқушыларға да деген сүйіспеншілікті бірлікте ұстай білсе, онда ол нағыз жетілген мұғалім”, - деген ұлағатты сөздерін жиі қайталаушы еді. Ұстаз сөзін жадына түйген Қағида оны өзіне қойылған талап деп түсінеді. Ол осы жоғары талап тұғырынан көріну жолында үздіксіз ізденіп, аянбай еңбек етті. Сөйтіп, ежелден қалыптасқан дәстүр бар коллективке тез сіңіскен ол өзінің аға әріптестері Шияп Садықов, Әсима Сүлейменовалардың іс-тәжірибелеріне ден қойды. Өмір мұратына айналған ізденіс бүгін де оның ұстаздық жолының нұрлы шырағы іспеттес. Ленин орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қағида Базарбаева өзінің көп уақытын мектепте өткізеді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары, ата-аналар арасында жиі болып, сан алуан тақырыпта сұхбат құру оның ежелгі әдеті. Ол – облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының штаттан тыс методисі, селодағы көркемөнерпаздар үйірмесі жетекшілерінің бірі. Бұл істерде де Қағиданың қолтаңбасы айшықты. “Ұстаз еңбегі творчестволық ізденістер мен талпыныстардан құралады. Сондықтан да мұғалімнің жұмыс күні белгілі уақытпен шектелмеуге тиіс”. Қағида өз міндетін осылай түйіндеді. Оны бақыт шыңына өрлетіп, әріптестер құрметіне бөлеген де осынау жоғары жауапкершілік. Қағиданың еңбегі мен іс-тәжірибесі кейінгі жастарға жарқын үлгі. Ол істе әрқашан белсенді, уақытпен санасуды білмейді. Мектептегі жұмыс, қоғамдық істер, үй шаруасы – ол осылар-дың бәріне үлгеруі керек. Бұл істерде оған жолдасы Есмақан, бауыр еті балалары: Мұрат, Сәуле, Құрманғожа, Мұхтар мен анасы Рахима көмекші. Тату семьяның қуанышы да, реніші де ортақ. Әсіресе Қағиданың анасына айтар алғысы мол. Жалғыз ұлы ел қорғау жолында құрбан болған ана қайғыға қайыспай барға шүкіршілік етіп, Қағидасының тілеуін тіледі. Қағида оқу бітіріп келгенде анасы қуаныштан көзіне жас алып: “Еліңе, халқыңа адал қызмет ет”, – деген еді. Ана аманаты Қағиданың өмір арқауына айналды. Қуаныш сәтінде Қағида анасының жанарынан “Аманатымды ақтадың, өшкенім жанды” деген сөздерді оқиды. Уақыт озған сайын өмір баспалдақтары биіктей береді. Бұл заңды құбылыс. Қағида да бүгінгі шыққан биігін ертеңге өлшем етпейді. Дүріс-дүріс соққан ұстаз жүрегі жаңа биіктерді аңсайды.

“Ленин туы”, 22/ХІІ-77 ж.
Ж.Сүлейменов, арнаулы тілшіміз.
Сергеев ауданы.

ҰШҚАН ҰЯ

Мұғалім – қоғам сенген өкіл

Ол күн Қағида Базарбаеваның бүгінгідей көз алдында. Түнде кеш жатса да, көпке дейін ұйықтай алмаған. Кешегі студенттік жылдары есіне орала берген. Оқумен, қажырлы ізденіспен өткен жылдар, әр сынақты тапсырар алдыңдағы толғаныстар, сессиялар-дан кейінгі қасқағым сәттей өте шығатын қысқа каникул күндері… бәрі-бәрі де енді артта еді. Енді, міне, кеше ғана Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітіріп келген шүйкедей қыз осыдан біраз жыл ғана бұрын өзі орта білім алып шыққан алтын ұясында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық соқпағын бастамақ. Ленин орта мектебін осыдан былай бітіре бастайтын түлектердің ана тілінде қаншалықты сауатты болуы, төл әдебиеттің тереңінен қаншалықты қанып іше білуі енді өзінің де ұстаздық шеберлігіне байланысты екенін ойлап толқыды ол.

Бұл 1957 жылдың бірінші сентябрі еді.

Қағиданың содан бергі өмірі осы Совет Одағының батыры Ы.Ыбыраев атындағы мамандандырылған бірлестіктің орталығына орналасқан көсем атындағы орта мектепте өтіп келеді. “Институт студенттің бойына болашақ мамандығының тек негізін қалайды. Ал оның барлық қыр-сырын, қиындығы мен қызығын адам сол мамандық бойынша жұмыс істей келе сезінеді”, – деген жоғары оқу орнындағы ұстаздарының пікірі де рас екен. Оқушылық өмір белгілі болғанымен де, ұстаздық әлемі өз қақпасын Қағидаға да мектепке келген соң кеңінен аша бастағандай. Оның үстінде Қағида институтпен қош айтысқан соң, оқулықтардың, ұстазға қатысты әдебиеттердің бетін жылы жауып қоя салған жоқ. Қайта институттағы қарбалас жылдарда үлгіре алмаған әдебиеттерді енді асықпай, байыппен, - оқитын уақыт жетті деп ұқты. Ұяң, ибалы мінезді Қағида мектептің педагогтік коллективімен тез тіл табысып кетті. Тиянақты ізденгіштігінің арқасында өзі қызықты пәнді одан да құлпыртып өткізетін. Қағиданың сабақ беру тәсілі шәкірттерінің көңілінен табылды. Оқушылар Қағидамен түрлі қоғамдық жұмыстарға байланысты кластан тыс сағаттарда да жиі жүздесіп жүрді. Қағида келісімен мектептегі драма үйірмесінің жұмысы жанданып сала берді. Өткен жылы мұғалімдердің облыстық конференциясында өзінің шәкірті Әлия Малдыбаеваны ұшыратты. КазГУ-ді бітіріпті. Петропавл қаласындағы № 2 мектепте сабақ береді екен. Ұстаз бен шәкірт өткенді еске алып әңгімелескен.

– Тәте, сіздің мектептегі жүріс-тұрысыңыз, сабақ беру әдісіңіз менің әліге дейін көз алдымда. Ұстаздық қызметімде сізге еліктеуге тырысамын. Тіпті, мен де сіз сияқты мектептегі қызметімді драма үйірмесінің жұмысын жолға қоюдан бастадым, – деді Әлия ұстазы алдында қымсына.

Шәкіртінен өз бейнесін көргенде, мамандығының лайықты ізбасарын танығанда Қағида іштей масаттанып қалып еді. Бір күні класқа кіріп келгенде шәкірттерінің өзін әдеттегідей емес, салқын қарсы алғанын сезе қойды. Бірақ,оны байқамағансып тақтаға бұрылып сабағын жалғастырған.

Арт жақтан:

– Мұғалім! – деген күтпеген сөзді естігенде, ол аң-таң қалыпта балаларға бұрылған.

Таңданатын жөні бар. Өйткені шәкірттер оны үнемі “тәтей” деуші еді ғой. Бәлкім Қағиданың құлағы жаңсақ естіген шығар.

Жоқ, ол дұрыс естіпті. “Мұғалім!” деген сөзді айтқан орта тұста отырған шәкірттері-нің бірі екен. Ол – Сіз кеше біздің кластас жолдасымызға қиянат жасапсыз ғой, – деді. Қағидаға енді бәрі де мәлім болды. Таяуда класындағы екі шәкірті төбелесіп қалған-ды. Екеуі де өздеріне жақтастар іздеп, коллективте алауыздық тудырып, ұят жасаған. Балаларының бұл әрекеті Қағиданың жанына қатты батты. Шақырып сөйлесе келе басты кінәліні де анықтады. Ол интернатта жатып оқитын Бейбіт деген шәкірті екен. Осы оқиғаға байланысты педсовет болған. Сонда Қағида Бейбітті интернаттан шығару жөнінде ұсыныс жасаған. Оның әділдігіне шүбә келтірген мұғалімдерге шәкіртінің жат қылығы қаншалықты залалды екендігін дәлелдеп тұрып алған. Коллектив соңында Қағиданың пікірін орынды деп тапқан. Енді, міне шәкірттерінің осыны дұрыс түсінбегені аңғарылады. Қағида сабағын аз уақытқа үзуге мәжбүр болды. Оқушыларға достарының ұнамсыз әрекетін түсіндірді.

– Бәлкім, сендер дұрыс ұқпай отырған шығарсыңдар, балалар. Бұларың қате. Мен сендердің өз пікірлеріңді өзгертулеріңді қалар едім. Өйткені, бұл жауырды жаба тоқитын жай емес. Он жыл бірге оқыған кластасына қол жұмсау жақсы ма, айтыңдаршы өздерің?

Класты үнсіздік биледі. Бәрі де ұстаз сөзіне құлақтарын түріп, тына қалған. Қағида сөзін жалғады.

– Жоқ, балалар, біз, бәлкім, кездейсоқ ұшырассақ та, үнсіз өтуге болмайтын оқиғамен бетбе-бет келіп отырмыз. Біз мұны елемесек, ертең бұдан да сорақы оқиғаны орағытып өтпесімізге кім кепілдік бере алады? Ал мұның өзі ешқашан жақсылыққа апарған емес. Мен Бейбітті мұқалтқым келмейді. Осыны ұмытпаңдар. Менің ниетім – Бейбітке өз қателігін түсіндіру болатын, бірақ ол осыны сезінді ме? Әзірге шүбәм бар. Ол тіпті кластарынан бүгінге дейін кешірім сұраған жоқ. Әлде мен қателесіп отырмын ба? Бейбіт? – Ол оқушысына зейнімен назар сала қараған.

Бірақ, Бейбіт педсоветтегідей өзін мұнда да қасарысқан күйде ұстады. Әйтседе, шәкірттердің бірсыпырасы осы сәттен бастап ұстаз ниетін шын ұққандай болды. Ал Бейбіттің жүрегінде ұстазға деген өкпе табы қалып қойды. Оны Қағида сезді. Бірақ, сабақты бұдан әрі тежеуге болмайтын еді. Сондықтан тақырыбын жалғастырып әкеткен. …Арада бірнеше жыл өткенде әскер қатарынан оралған Бейбіт Қағиданы өзі іздеп келді.

– Тәте, мен сізден кешірім сұрайын деп келдім. Мектептегі сол қылығым, кейін ойлап қарасам, өрескел жөнсіздік екен. Өкінішке орай, кеш түсіндім. Ренжімеңізші маған кешіріңіз?

– Ол не дегенің, Бейбіт. “Ештен кеш жақсы” демей ме халқымыз. Мен саған риза болып қалдым.

Мұндай сәттер әрбір ұстаз-тәрбиеші үшін үлкен жеңіспен бара-бар екені даусыз ғой. Қалайша қуанбассың! В.И.Ленин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін кабинеттік жүйемен оқыту осыдан он бір жыл бұрын, ауданда бірінші болып жүзеге асырылды. Содан бері Қағида Базарбаеваның жетекшілігімен безендірілген пәндік кабинетке төрт рет паспорт берілді. Кабинеттен қазақ әдебиеті туралы көп мәлімет алуға болады. Бұл да Қағиданың шәкірттерімен бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесі. Студент кезіндегі тиянақтылық, өз ісіне ынталылық Қағидаға осы кезге дейін сенімді серік болып келеді. Ол әр сабағына әрдайым мұқият дайындалады. “40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабаққа мұқият дайындықпен баруға тиістісің” деген Михаил Иванович Калининнің сөзін жадымда ұстауға тырысамын, – дейді ұстаз. Өзі ширек ғасырдан астам уақыттан бері мұғалім болып істеп келе жатқан осы мектеп Қағида үшін ерекше ыстық. Жолдасы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есмахан Қожақовпен осы жерде танысып, тұрмыс құрды. Қазір педагогтар семьясында үйелмелі-сүйелмелі бес ұл-қыз өсуде. Осынша жыл бір орында төккен тер босқа кеткен жоқ. Бүгінде Қағида тек өз коллективінде ғана емес, бүкіл облыстың маңдайалды мұғалімдерінің қатарына қосылған. 1977 жылы оған “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” құрметті атағы берілді. 1982 жылы Қазақстан кәсіподақтарының ХІІ съезіне делегат болып қатысты. Республикамыздың шартарабынан жиналған әріптестерімен әңгімелесіп, тәжірибе алмасты. Осындай жиындардан ол әрдайым ауылына тың жігермен, көп оймен оралады. Өйткені, оны мұнда сүйікті коллективі, қимас шәкірттері, өзінің алтын ұясы, қиын да қызықты мамандығы күтіп тұрады. Ал Қағида үшін бейбіт күнде өзі ұнататын мамандық бойынша адал еңбек еткеннен асқан қастерлі міндет жоқ.

Ә.Әлібеков, “Социалистік Қазақстанның”
арнаулы тілшісі. 1983 жыл.

Олыстық Құрмет тақтасына жазылғандар

АБЫРОЙ АСУЫНДА

Біздің советтік қоғамымыз да өзінің саналы өмірін жас жеткіншектер тәрбиесіне арнаған мұғалім ролінің жоғары бағалана-тындығы, оларға шексіз құрмет көрсетілетіндігі өмір шындығына айналған. Сондықтан да, жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында: “Халық мұғалімі жас өрімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі” деп, ерекше атап көрсетілді. Міне, осындай сенім мен шексіз құрметке бөленген ұлағатты ұстаздардың бірі – Сергеев ауданындағы Ленин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, мұғалім – методист Қағида Базарбаева. Қағида қазір өзі еңбек ететін осы Ленин орта мектебінде оқып жүргенде-ақ мұғалімдік мамандықты, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандады. Оның бұл арманына әдебиетке деген құштарлығы кітапты сүйіп, көп оқитын қасиеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ерекшілігі негіз болғаны сөзсіз. 1953 жылы мектеп бітірісімен Қағида Алматының Абай атындағы педагогика институтының тіл-әдебиет факультетіне оқуға түсті. Оны бар ықыласымен оқып, өзі армандаған мамандықтың иесі атанды. 1957 жылы институтты бітірген Қағида өзі өмірге жолдама алған Ленин орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып орналасты. Кеше ғана партасында отырып оқыған мектепке мұғалім болу жас маманға оңайға түскен жоқ. Бірақ бұрынғы ұстаздары енді әріптестері аға буын мұғалімдер М.Садықова мен Ж.Мұқановтар, Ш.Садықов пен Ғ.Жахиндер оған үнемі көмек көрсетіп ақыл-кеңес-терін айтып отырды. Оның үстіне Қағида өзге де озық тәжірибелерді үйрене отырып, өз ісіне жауапкершілігін күшейте түсті. Педагогикалық шеберлігін жетілдіруде ол өз ұстаздары мен әріптестерінің іс-тәжірибелерін үйренумен шектелген жоқ. Пәнге байланысты методикалық оқулықтарды “Қазақстан мұғалімі” газеті мен “Қазақстан мектебі” журналын үзбей оқып, өздігінен білімін көтерді. Әр сабаққа көрнекі құралдар жасап, тиімді пайдалану оның әдетіне айналды. Мысалы, Қағида мектепте бірінші болып өз сабағына техникалық құралдарды пайдалануды колға алды және бұл істі үнемі жетілдіре түсті. Соның нәтижесінде оның педагогикалық шеберлігі шындалып, тәжірибесі молая бастады. 1965 жылы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының жоспары бойынша Ленин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар Қағида Базарбаеваның қазақ тілінен ашық сабағына қатысып, оның сабақ өткізудегі, техникалық құралдарды пайдаланудағы шеберлігіне ризалық білдірді. Ал, 1966 жылы март айында өткен облыстық педагогикалық оқуда Қағида Базарбаева “Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда техникалық құралдарды пайдалану әдісім” тақырыбымен баяндама жасады. Бұл баяндама облыстық оқу бөлімінде республикалық педагогикалық оқуда жоғары бағаланып, озық тәжірибе ретінде кеңінен таратыл-ды. Осы баяндамасы үшін Қағида Базарбаева ағарту жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің республикалық комитетінің Құрмет грамотасымен, облыстық оқу бөлімінің Құрмет грамотасы және бағалы сыйлығымен наградталды. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу, оларға бүгінгі өмір талабына сай терең білім беру үшін мұғалім өзінің жанқиярлық еңбегімен, өнегелі ісімен өзгелерге үлгі болуға, үнемі творчестволық ізденіспен кәсіптік шеберлігін шыңдауға тиіс. Міне, бұл қасиет Қағида Базарбаеваның бойынан берік орын алған. Ол өзінің қай сабағында болмасын оқушылардың материалды игеруге деген ынтасын арттыруды және олардың сапалы әрі тиянақты білім алуын ұйымдастыруды өзінің басты міндеті деп біледі. Бұл міндетті орындау үшін Қағида Базарбаева өз тәжірибесін жетілдіре түсіп, санқилы тиімді әдістерді пайдаланады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдіру үшін ол грамматикалық ойын ретінде жүргізілетін тіл дамытуға арналған грамматикалық калейдоскоп-тарды ойлап тапты. Қазір тәжірибелі ұстаз өз сабақтарын осы грамматикалық калейдоскоптың бірнеше түрін игеріп пайдалануда. Бұл оқушыларды өзінше ойлануына, өзінше пікір түюіне, білімдерін іс жүзіне қолдануға дағдыландыруға игі әсерін тигізуде. Оқытудың сапасын жақсартуда класс назарын басты мәселеге аудара отырып әр оқушымен дара жұмыс жүргізу шешуші мәнге ие болатындығы белгілі. Себебі, әр оқушының ойлау, түсіну, қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған орай Қағида Базарбаева сабақ үстінде бүкіл класты қамтып, әр оқушымен жеке жұмыс жүргізеді, олардың назарын белгілі материалдарды игеруге аударады. Сондықтан сабақты жақсы оқитын оқушылар тапсырманы шапшаң орындай салып зерігіп отырмайды. Олар арнайы берілген күрделі тапсырманы орындап жатқанда орташа дәрежеде оқитын оқушылар программалық талаптағы тапсырмаларды өздігінен атқарады. Мұғалім әр оқушыға берілетін тапсырманың ауыр жеңілдігін қадағалап әр оқушының өзіндік ерекшелігін әсте естен шығармайды. Ол оқушыларға сапалы да тиянақты білім беру үшін техникалық құралдарды дидактикалық материалдарды, эпифильмдер мен кинофильмдерді, диафильмдер мен диапозитивтерді, магнитофон мен грампластинкаларды тиімді пайдаланады. Мұның өзі оқушылардың тыңғылықты білім алуына және алған білімді есте ұстауларына мүмкіндік береді. Ана тілі мен әдебиеттен жасөспірімдерге тиянақты білім беруде оларға өмірді танытып, адамгершілікке тәрбиелеуде пән кабинетінің әсері мол. Қ.Базарбаеваның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кабинетін ұйымдастырып жұмыс істегеніне де міне он жылдан астам уақыт өтті. Сондықтан да оның кабинеттік жүйеде білім беруде тәжірибесі мол. Оның кабинетінде түрлі тақырыпта жасалған стенділер, көрнекі құралдар өз орындарына қойылған және олар жеткілікті. Солардың ішінен “Ұлы Абай”, “Жыр алыбы”, “Біздің Сәбең”, “Халқымыздың мақтанышы”, “Сөз зергері”, “Білімдіден шыққан сөз”, “Кластан тыс оқу”, “Бүгінгі сабақта” сияқты стенділер көз тартады. Сонғы екі стенд сабақ сайын өзгеріп отырады. Кабинетте 300-ден астам таблица болса соның екі жүзі қолдан жасалған. Сол сияқты үлестірмелі карточкалар, грамматикалық калейдоскоптар, эпиленталар, альбомдар оқушылардың көмегімен жасалып, оқытудың тиімді құралына айналған. Қ.Базарбаеваның пән кабинеті Сергеев ауданында кабинетаралық байқауларда талай рет бірінші орынға ие болады. 1981 жылы кабинетке паспорт берілді. Міне, мұның бәрі ұстаз еңбегінің жемісті екенін көрсетеді. Қағида Базарбаеваның оқушыларға білім беруде, өз пәнін оқытуда жинақталған мол тәжірибесі бар. Ол бұл тәжірибесін өз әріптестерімен әрқашан бөлісіп отырады. Мысалы: Ленин орта мектебінде талай рет болған аудандық, облыстық семинарларда Қағида Базарбаева өз пәнінен ашық сабақ өткізіп, тәжірибесін ортаға салды. Сонымен бірге өзінің тәжірибесі туралы “Қазақстан мектебі” журналына, басқа да газеттерге Иса Байзақовтың “Он бір күн, он бір түн” поэмасын оқытуда. “Етістіктің түрлерін оқытып үйрету”, “4-ші кластағы тіл дамыту жұмыстары” сияқты мақалаларын жариялады. Оның қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту жөніндегі көптеген баяндамалары мен озық тәжірибелері облыстық республикалық педагогикалық оқуларда, республикалық ғылыми практикалық конференцияда, семинарларда тыңдалды. Соның ішінде 4-ші класқа қазақ тілін оқыту жөніндегі баяндамасы республикалық педагогикалық оқуда жоғары бағаланып. Қазақ ССР Оқу министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми зерттеу институтының Құрмет грамотасына ие болды. Осының бәрі ұлағатты ұстаздың жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеудегі тәжірибесінің молдығын көрсетеді. Қ.Базарбаева өзінің негізгі жұмысымен бірге қоғамдық істерге де белсене атсалысады. Ол 1965 жылдан бері аталмыш мектептегі пәндік-методикалық бірлестіктің қазақ тілі мен әдебиет секциясына жетекшілік жасайды. Ал, 1970 жылдан бері осы пәннің аудандық секциясының жетекшісі. Сонымен бірге ол осындағы “Озат тәжірибе мектебін” басқарады. Мұндағы тынымсыз еңбегі үшін және жастардың таңдаулы тәлімгері болғандығы үшін Қағида Базарбаева екі рет облыстық оқу бөлімінің кәсіподақтары комитетінің Құрмет грамотасымен наградталды. Мектепте тәжірибелі ұстаздың басшылығымен әдебиет драма үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме мушелері М.Әуезовтің “Түнгі сарын”, Ғ.Мүсіреповтың “Аманкелді”, С.Сейфуллиннің “Бақыт жолында” тағы басқа пьесаларды сахнаға шығарып, жұртшылық назарына ұсынды. Сондай-ақ олар аудандық, облыстық көркемөнерпаздар байқауына қатысып, талай рет жүлделі орындарды жеңіп алды. Қағида Базарбаева ұлағатты ұстаз ғана емес, ол адал жар, құрметті ана, үлгілі семья мүшесі. Оның семьясын мұғалімдер семьясы деуге де болады. Оның жолдасы Есмақан Қожақов осы мектепте 30 жыл бойы ағылшын тілінен сабақ береді. Ол – Қазақ ССР оқу ісінің үздік қызметкері. Ұстаз ата-ана бес бала тәрбиелеп, өсіруде. Үлкен ұлы Қанат, қызы Сәуле Петропавл педагогика институтының тарих, филология факультеттерінде оқиды. Қалғанда-ры мектепте. Қолдарында семья бақытына ұйытқы болған қарт ана бар. Бұл отау әрқашан басқаларға үлгі боларлықтай совет семьясы. Қағида Базарбаева Ленин орта мектебінде 28 жылдан бері өз мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде оның қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Мұғалім-методист құрметті атақтарына ие болды. Еңбегі үшін алған құрмет грамоталары бағалы сыйлықтары өз алдына бір төбе. Ең бастысы Қағида Базарбаева өз коллективінің мақтанышына айналған абзал жан, ұлағатты ұстаз. 1984 жылғы сентябрь айында облыстың бір топ озаттарымен бірге Қағида Базарбаеваның да есімі облыстық Құрмет тақтасына жазылып, суреті ілінді.

Бұл да мұғалім мерейі биік екенін тағы да таныта түседі.

Қ.Мұқанов.

ҰЛАҒАТ

Әрбір адал еңбек иесінің өз ісіне сүйіспеншілігі рухани ләззатқа жеткізеді. Сол көңіл көркейткен істің жаңа бір астарын ашып шаттанған сайын шабыттанған сайын адам баласының бойын іңкәрлік сезім билей түседі. Ұстаз да солай. Өз бойындағы бар білімді шәкіртіне берген сайын, оның білімге құмар, ынтызар көңілін аңдаған сайын бар болмысын сол іске деген сүйіспеншілік баурап алады. Қашан да өз білгенін өзгенің зердесіне құя алған, оның зейінін арттыра білген ұстаз жайлы осындай ілтипат лебізі қалыптасқан. Ондай жандарды алдынан дәріс алған шәкірттері ұлағатты ұстаз деп аршындап жылдар сілемі түссе де естен шығармайды. Облысымыздағы танымал әдебиетші мұғалім Қағида Базарбаева да есімі ел аузында жүретін мақтау иесі. Оның ұстаздық қабілетінің дарын күшінің айғағы – бүгінгі шыққан белес биігі “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” құрметті атағына ие болған оның ұстаздық шеберлігіне білімдарлығы, шәкірттерді баурап алатын машық-мәнері, әңгімешілік қабілеті дәлел. Халқымыздың аса бай, қазыналы әдеби мұрасына жетік, ауыз әдебиеті мен қазіргі жазушылар творчествосының тереңінен сыр тартқан оның білім аясы кең. Ұстаз дарынының осындай қырлары оны оқушылар іңкәрлігіне бөлеген. Жиырма жеті жыл бойы қыран түлеткендей өз шәкірттеріне білім нәрін дарытып келе жатқан оны Сергеев ауданындағы Ленин орта мектебінің коллективі ерекше құрметтейді. Шынында да оның бар ісі, жеткені, алдағы мәуелеп өркен жаяр жемісі осының ақиқат екендігіне көз жеткізеді.

З.Әкімжанов
“Ленин туы” 11.10.1984 жыл.

ҰСТАЗ ЖОЛЫ

“Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында” совет мұғаліміне үлкен сенім, мол ілтипат білдірілген. Онда: “Халық мұғалімі – жас өрімнің рухани дүниесінің мүсінші, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі” деп ерекше атап көрсетілді. Халық сеніміне лайық осындай ұлағатты ұстаздардың бірі – Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, мұғалім-методист Базарбае-ва Қағида Базарбайқызы. …Мұғалім болу Қағиданың бала кезден-ақ көкірегіне ұялаған арманы еді. Бәлкім, бұл мамндықты осынша сүйіп, осынша армандауына “Ынтымақ” аулындағы бастауыш мектептің сол кездегі мұғалімдері – өзінің жеңгесі Мәптуқа Базарбаева мен оның құрбысы Сағынай Сүгірованың бүлдіршіндерге деген жүрек ықыласы себеп болған шығар. Ал сөз өнеріне құмартуына Қағида оқыған Ленин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жылгелді Мұқановтың ықпалы болғаны анық. Көкіректе түйіндеген мұғалім болу арманы есейе келе айқын мақсатына айналған. Арман жетегіндегі жас 1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетіне түсті. – Институтта С.Аманжолов, М.Ғабдуллин, Н.Оралбаева, М.Сәрсекеев, Ш.Сәтбаева сынды білікті ұстаздардан тәлім-тәрбие алды. Олар бізге терең білім берді – өздері де бізден соны талап етті. Педагогикалық практикада методикалық шеберліктің қыр-сырына қанықтырды. Ең бастысы – ізденуге үйретті, – дейді ол. Қ.Базарбаева ұстаздарын, алыстан кеткен студенттік жылдарын осылайша еске алады. 1957 жыл. Қағида үлкен білім ордасынан өзін қанаттандырып ұшырған ұяға – Ленин орта мектебіне – қайта оралған. Кешегі оқушы – бүгін мұғалім. Жауапкерлік салмағы қиын-ақ. Күні кеше өзіне білім мен тәрбие берген аға ұстаздар сапына қосылу – қалай болғанда да ауыр сын. Мектептегі қалыптасқан жақсы дәстүрді ұстана алам ба, жоқ па деп те жүрексінген. Ол алғашқы қадамын осылай бастаған. Жүрексіну жауапкерліктен туған еді. Қағида өзіне-өзі қатаң талап қойды. Сол талап оны биіктерге бастады. Жас ұстаз коллективінің жақсы дәстүрін ұстанып, оны жаңалықпен байыта да білді. Әрбір сабақ – тынымсыз ой мен ізденістің жемісі. Қ.Базарбаева сабақтың таптаурын болған ескі сүрлеуін жаңартуды, сыннан өткен әдіс-тәсілдерді байытуды ойланды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында техникалық құралдарды пайдалану ұстаз тәжірибесінде мол жеміс берді. Енді ол осы бағыттағы ізденістерінің ауқымын кеңейтті. 1966 жылғы март айында өткен облыстық педагогикалық оқуда Қ.Базарбаева “Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда техникалық құралдарды пайдалану әдісім” деген тақырыпта баяндама жасады. Осы баяндама облыста екінші орынға ие болып, республикалық педагогикалық оқуға ұсынылды. 1967 жылғы декабрьде республи-калық педагогикалық оқуда (Жамбыл қаласында өткен) Қ.Базарбае-ваның баяндамасы жоғары бағаланып, ол Ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері республикалық Комитетінің Құрмет грамотасымен наградталды. Солтүстік Қазақстан облысының қазақ тілі мен әдебиеті нәні мұғалімдері Қ.Базарбаеваның бай тәжірибесіне жақсы қанық. Танымал ұстаздың 1974 жылғы январьда “Қазақ тілі мен әбебиетін оқытудың түйінді мәселелері” тақырыбымен өткен облыстық ғылыми-практикалық конференциядағы және 1978 жылғы январьда өткен облыстық педоқудағы “Сабақта оқушылырдың ойлау белсен-ділігін қалыптастыру жолдары”, “Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі көркемөнерпаздар үйірмесінің маңызы” тақырыптарындағы баяндамалары жоғары бағаланып, ол облыстық халық ағарту бөлімі мен облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен наградталды. Өз коллективіндегі “Озат тәжірибе мектебіне” жетекшілік ететін ұстаз – жастардың тәлімгері. Қ.Базарбаева 1978 жылы өткен педагогикалық еңбек тәлімгерлерінің облыстық бірінші слетіне қатысты. Озат тәжірибе – ортақ игілік. Ұстаз өз творчествосындағы сәтті ізденістерін республика мұғалімдерімен бөлісіп, “Қазақстан мектебі” журналында бірнеше мазмұнды мақалалар жариялады. Қ.Базарбаева журналдың 1973 жылы 6-нөмерінде жарық көрген “4-кластағы тіл дамыту жұмыстары” мақаласында сабақта ойын элементтерін пайдаланып,грамматикалық калейдоскоптарды қолдану тәжірибесін ортаға салған еді. Қазір ол осы бағыттағы ізденістерін жалғастырып келеді. Ленин орта мектебінде ұстаз тәжірибесі негізінде аудандық, облыстық семинарлар жиі өткізіледі. 1971, 1973, 1975 жылдары өткізілген осындай семинарларда тәжірибелі мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті методикасы туралы ұзақ жылдық тәжірибеден жинақтаған түйінді ойларын ортаға салды, ашық сабақтар өткізді.

Өзінің педагогикалық практикасында ұстаз мына қағидаларды берік ұстанады: Осы екі міндет бір-бірімен өзектестігін ол жас әріптестеріне қашан да баса айтады. Оқушылардың туған әдебиетке құштарлығын оятып, білім көкжиегін кеңейтетін кластан тыс жұмыс – әдебиет үйірмесі. Бұл үйірмені Қ.Базарбаева 60-жылдардан басқарады. Үйірме мүшелері кітап оқушылар конференциялары, әдеби кештер, апталықтар, диспуттар, ауызша жүрнал сияқты жұмыс түрлерін жоспарлы жүргізеді. Күрделі де көлемді шығармаларды сабаққа бөлінген аздаған сағаттарда егжей-тегжейлі қарастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда Қ.Базарбаева оларды оқырмандар конференцияларында талдайды. М.Әуезовтің – “Абай жолы”, С.Мұқановтың – “Ботагөз”, Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романдары бойынша өткізілген конференциялар оқушылар білімін кеңейтуге мол мүмкіндік берді. Көрнекті қалам қайраткерлерінің мүшел тойлары мектепте қашан да атап өтіледі. І.Жансүгіров пен С.Сейфуллиннің туғанына 90 жыл толуына арналған “Жыр Гималайы”, “Дала дауылпазы” әдеби кештері, К.Әзірбаевтың 100 жылдық торқалы тойына арналған әдеби кеш мектеп оқушыларының ортақ мерекесіне айналды. Әдебиет үйірмесі “Жас қалам” атты қабырға газетін және осы аттас жазбаша журнал шығарады. Оқушылардың әр тақырыпта жазылған жақсы шығармалары үйірме мәжілістерінде талқыланып, осы қабырға газетінде не жазбаша журналда жарияланады. Үйірме мүшелері М.Әуезовтің – “Түнгі сарын”, Ғ.Мүсірепов-тің – “Амангелді”,С.Сейфуллиннің – “Бақыт жолында”, тағы басқа пьесалар бойынша спектакльдер даярлап, мектеп оқушылары мен жұртшылық назарына ұсынды. Бұл спектакльдер оқушылардың аудандық облыстық көркемөнерпаздар байқауында жүлделі І-орынға ие болып, облыстық теледидардан көрсетілді. Үйірме мүшелері грамоталармен, дипломдармен наградталды. Мектепте қуыршақ театры ұйымдастырылып, халық ертегілері бойынша спектакльдер қойылды. Сондай спектакльдердің бірі – “Залым түлкі”. Ол – халық ертегісі бойынша жасалды. Ертегіге жаңа кейіпкерлер қосылып, сюжетіне өзгеріс енгізілді. Сценарийін ұстаз өзі жазып, музыкамен безендіруін де өзі басқарды. Бұл спектакль де облыстық теледидардан көрсетілді. Драма үйірмесінің белсенді мүшелері мектеп бітірген соң совхоздағы халық театрының дап-дайын артистері болып шығады. Халық театрының көп жыл режиссері болған Д.Рысбаев, Б.Қажиақбаров – Қағиданың шәкірттері. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында Қ.Базарбае-ваның басқаруымен “Аққу” атты эстетикалық клуб ұйымдастырыл-ды. Клуб советі сайланып, жоспары жасалды. Клубтың эмблемасы, үні (позывнойы) талданып, бекітілді. Үні ретінде “Гакку” әнінің кіріспе музыкасы пайдаланылды. Әдебиет, музыка, живопись, скульптура, архитектуралық шығармалар өрнегі – клуб мәжілісте-рінің өзекті әңгімелері. “Аққу” клубы ұлттық өнеріміздің сыр-сымбатын танытуға баса назар аударып, “Алғашқы қазақ опералары”, “Халық суретшісі Ә.Қастеев”, “Айша Ғалымбаеваның творчествосы”, т.б. тақырыптарда әңгімелер өткізді. 1984 жылғы апрель айында ол “Қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты кластан тыс жұмыстар” тақырыбында республикалық теледидардан сөйлеп, өзінің осы бағыттағы бай тәжірибесін ортаға салды. Қ.Базарбаеваның қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін ұйымдас-тырғанына да 10 жылдан асып барады. Кабинетте бай кітапхана бар. “Ұлы Абай”, “Жыр алыбы” (Жамбылға арналған), “Сөнбейтін жұлдыздар”, “Біздің Сәбең”, “Халқымыздың мақтанышы” (М.Әуезов туралы),“Білімдіден шыққан сөз”,“Кластан тыс оқу”, “Сөз зергері”, “Бүгінгі сабақта”, т.б. стенділер кабинет мазмұнын байытып тұр. Сонғы екі стенді материалдары сабақ сайын ауыстырылады. Кабинеттегі 300-ге тарта таблицалардың 200-і қолдан жасалған. Әр класс үшін программа бойынша үлестірмелі карточкалар жасалып, жеке жәшіктерге орналастырылған; грамматикалық калейдоскоптар, эпиленталар, альбомдар жасалған. Кабинет жабдықтауға оқушылардың көмегі мол. Жиналған материалдарды (жазушылар творчествасы бойынша) папкаларға реттестіріп орналыстыру, безеңдіру жұмыстарын оқушылар атқарады. Қ.Базарбаеваның бұл кабинеті аудандық кабинеттер байқауында талай рет жүлделі орын алды. 1981 жылы кабинетке паспорт тапсырылды. Қ.Базарбаева – құрметті ана, семья ұйытқысы. Жолдасы Есмақан Қожақов осы мектепте 30 жылдан астам уақыт ағылшын тілінен сабақ береді, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озығы. Бұлар бес бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Үлкен ұлы Қанат – Петропавл педагогика институтының тарих факультетінің студенті, қызы Сәуле де сол институттың орыс тілі мен әдебиеті факультетінде оқиды. Қалғандары – мектеп оқушылары. Бұл үлгілі семьяны мұғалімдер шаңырағы деуге болады. 27 жыл бойы өзі оқыған Ленин орта мектебінде еңбек етіп келе жатқан ардагер ұстазды село тұрғындары ерекше құрметтейді. Ол – мұғалім, ұстаз. Ел бағалаған ұстаз. Қ.Базарбаева – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, ондаған Құрмет грамоталарының иесі. Оның бейнесі, есімі әр шәкіртінің көкірегінде жазулы. Ұстаз үшін мұнан артық бақыт бар ма?!

Қ.МҰҚАНОВ Солтүстік Қазақстан
облыстық халық ағарту бөлімі
меңгерушісінің орынбасары.
“Қазақстан мектебі”.

НЕ ГАСНЕТ ОГОНЬ ТВОРЧЕСТВА

В этот день учителя Ленинской средней школы собрались в кабинете казахского языка и литературы на необычное совещание. Разговор был посвящен опыту работы заслуженной учительницы Казахской ССР К.Б.Базарбаевой. На совещании присутствовали работники районного отдела народного образования К.Сергазина, Р.Агзамова, К.Баязиев. Заметно волнуясь, учительница начинает рассказывать о своей работе, о секретах педагогического мастерства. Заслуженной учительнице есть что вспомнить и рассказать коллегам. Кагида Базарбаевна сама училась и воспитывалась в Ленинском интернате, ее наставником был заслуженный учитель Казахской ССР Ж.С.Садыков. Много времени прошло с тех пор. Четверть века К.Б.Базарбаева за эти годы воспитала немало хороших людей, накопила богатый опыт, которым щедро делится с товарищами по работе. Сказать,что трудовой путь учительницы был гладким нельзя. Начинать всегда нелегко. А в 1957 году, когда Кагида Базарбаевна переступила порог своей родной школы в качестве педагога,условия работы были совсем не такие как сегодня. Не хватало наглядных пособий, довольно слаба была материально-техническая база школы в целом. Подолгу, допоздна, засиживалась молодая учительница за рабочим столом: проверяла тетради, тщательно составляла планы будущих уроков, изготавливала наглядный материал. Незаметно, год за годом, накапливались крупицы опыта – этот поистине бесценный педагогический капитал. В чем секрет успешной творческой работы учительницы? Наверное, все-таки в постоянном поиске. Самоуспокоенность чужда Кагиде Базарбаевне. Она убеждена в том, что настоящий учитель просто не имеет на это права. Искать новые, более эффективные методы и приемы в работе, не успокаиваться на достигнутом –все это очень характерно для Кагиды Базарбаевны. Каждый ее урок – это сплав опыта и мастерства. Учительница всегда старается на своих уроках не только учить, но и воспитывать. Эмоционально, артистично ведет урок Кагида Базарбаевна. Ее увлеченность материалом не может не передаваться детям. Они любят свой родной язык и литературу, успешно занимаются по этим предметам. Кабинет казахского языка и литературы отвечает всем современным требованиям. И Кагида Базарбаевна, заведующая, постоянно заботится о том, чтобы его оборудование постоянно пополнялось и обновлялось. У К.Б.Базарбаевой день загружен до предела. Свои уроки, посещение уроков коллег (она работает завучем), общественные нагрузки. Полной жизнью живет учительница. …Немало вопросов задали К.Б.Базарбаевой коллеги. И на все она ответила просто и исчерпывающе.

- Самое,главное, – говорит Кагида Базарбаевна,– любить свою профессию, любить детей. И конечно же, постоянно овладевать педагогическим мастерством. Партия доверила советскому учителю самое дорогое – нашу молодую смену, завтрашний день страны. И нам, педагогам, нужно быть на высоте этой задачи.

“Новатор”, 1981 г.
Ж.СЕЙТБЕКОВ, селькор
г.Сергеевка.

СЕЯТЬ ДОБРОЕ, ВЕЧНОЕ.

Роль учителя – словесника, в системе учебно-воспитательной работы национальной школы, несомненно, огромна. У нас в районе не мало опытных преподавателей казахского языка и литературы, хороших мастеров своего дела. Среди них достойное место занимает Базарбаева Кагида Базарбаевна, учительница Ленинской средней школы. Многолетний неустанный труд, постоянный поиск обогатили ее понимание детской психологии, новыми приемами в воспитании и обучении. Уроки Кагиды Базарбаевны – хорошая школа и для начинающи, и для опытных учителей. Она ведет целенаправленную работу по воплощению в жизнь главного требования – научить детей практическому владению казахской речью и выработать навыки грамотного письма. Скуке на ее уроке нет места, потому что учительница постоянно вовлекает весь класс в работу, связанную с активным применением усвоенных прежде знаний. Уроки проходят живо, речь педагога образна, эмоциональна, выразительна. Оживляют занятия грамзаписи, репродукции картин, раздаточный, дидактический материал. Очень много времени потрачено на оформление и оборудование кабинета казахского языка и литературы. Объяснения, замечания педагога предельно кратки и точны. Обычно ученики сами в результате поисков и рассуждений делают необходимые выводы. Знания учащихся прочные и глубокие.Кагида Базарбаевна считает, что действенной формой улучшения знаний по казахскому языку и литературе является внеклассная работа. Под ее руководством в школе проводятся читательские конференции, литературные вечера, диспуты, работает кружок казахского языка. Различные виды внеклассной работы – проведе-ние олимпиад, грамматические игры, изготовление альбомов, составление тематических словарей – развивают и закрепляют устную и письменную речь учащихся. Секрет успешной работы замечательного педагога в постоянном поиске,в умении комплексно подойти к изучению предмета, в понимании индивидуальных особенностей, а главное – она очень любит свое дело. Рабочий день Кагиды Базарбаевны всегда загружен до предела. Опытный педагог не жалеет времени и сил для помощи молодым учителям. Опыт работы К.Б.Базарбаевой изучен, обобщен и внедряется в школах района, области, республики. Она уважаема и любима учениками, родителями. Коллеги ценят и уважают Кагиду Базарбаевну за деловые и человеческие качества, за то, с какой большой ответственностью относится она ко всякой работе. Трудиться Кагида Базарбаевна привыкла сызмальства. В ее памяти навсегда останутся трудные годы войны. Война украла у нее беззаботное детство. Умер отец, погиб на войне брат. На хрупкие плечи девочки легли взрослые заботы. Кагида стала незаменимой помощницей матери. Окончились школьные годы, затем трудные студенческие. В 1957 году Кагида Базарбаевна начала свою трудовую биографию. Пережиты минуты захватывающей радости и минуты горького разочарования. И вот уже двадцать седьмой год каждое утро идет по просторной сельской улице эта простая женщина. Тепло приветствуют ее односельчане, ученики. И каждому она ответит светлой улыбкой, добрым словом. “Мастер своего дела” – так говорят о ней все, кто знает ее. О мастерстве учителя судят по его ученикам. А учеников у Кагиды Базарбаевны, бывших и нынешних, много. И она ими гордится. С Кусаиновой Кулизат и Бекбасовой Аминой, например, они стали коллегами, работают в одном учительском коллективе. Пятеро детей в семье Базарбаевых. Трое окончили ВУЗы. Много хлопот у Кагиды Базарбаевны. Из разных точек страны получает она приветы от своих бывших воспитанников, не погас в их сердцах огонь, зажженный много лет назад учительницей, огонь любви к людям, к труду. И не важно, какую профессию изберут ее ученики, важно другое – они унесут с собой бесценное богатство – трудолюбие, умение творить, целенаправленный характер, т.е. все те качества, которые делают человека настоящим гражданином. Труд учительницы высоко оценен: она награждена знаком “Отличник народного просвещения Казахской ССР”, ей присвоено звание заслуженного учителя Казахской ССР и звание “Учитель – методист”. А главной наградой для Кагиды Базарбаевны было и осталось уважение односельчан, ее учеников, всех тех, кто живет и трудится рядом.

Л.ДЕНИСЕНКО. “НОВАТОР” 6.10. 1984 г.

ЩЕДРОСТЬ СЕРДЦА

Познать новый,полный чудес и неожиданностей мир помогала учащимся Ленинской средней школы учительница казахского языка и литературы Базарбаева Кагида Базарбаевна, один из лучших педагогов нашего района. С 1957 года работала она в этой школе, отлично владела методикой преподавания и имела высокую научно-теоретическую подготовку. Каждый ее урок – это опробование и творческий поиск самых современных и самых совершенных форм обучения. Она активно занималась оснащением педметного кабинета, накапливала дидактический, раздаточный материал. Ее кабинет являлась лучшим в школе. Она осуществляла дифференцированный подход к учащимся, много занималась с ними дополнительно и индивидуально. Умело доводила до осознанного понимания учащимися научно-теоретического содержания предмета. С первых лет своей деятельности Кагида Базарбаевна вела большую общественную работу. Долгое время руководила драм-кружком школы. Она отдавала этому делу много времени. Переписывалась с артистами Алма-Аты, советовалась, как играть ту или иную роль. В 1964 году под ее руководством была поставлена пьеса “Амангельды”. Спектакль был показан не только в своем сельском клубе, но и в райцентре, по областному телевидению. В 1967 году Кагида Базарбаевна как руководитель драмкружка была награждена Дипломом І степени Северо-Казахстанского областного управления культуры и Президиума областного совета профессиональных союзов и облОНО. Она организовала в школе самодеятельный кукольный театр. Являясь классным руководителем, Кагида Базарбаевна проводила большую профориентационную работу. С этой целью на встречу с учащимися приглашала в школу передовиков производства совхоза, бывших выпускников школы, выпускала устные журналы. Проводимые ею диспуты, классные часы, читательские конферен-ции, еженедельные политинформации, беседы помогали в воспита-нии ребят. В 1984 году Министерством просвещения Каз.ССР обобщен ее опыт по внекласной и внешкольной воспитательной работе. С 1969 года в Ленинской СШ районный отдел народного образования создал школу передового опыта Кагиды Базарбаевны Базарбаевой.Она являлась нештатным методистом РОНО и облОНО, читала лекции на курсах повышения квалификации учителей казахского языка и литературы. Кагида Базарбаевна принимала участие в республиканских педагогических чтениях и конференциях в г.Джамбуле, Алма-Ате, Уральске, Кокшетау, где выступала с докладами на темы: “Исполь-зование ТСО на уроках казахской литературы”, “Актуальные проблемы преподавания казахского языка и литературы в школе”. В педагогическом журнале “Казахстан мектеби” и в газете “Казахстан мугалими” были опубликованы статьи и материалы Кагиды Базарбаевны об опыте ее работы. Кагида Базарбаевна – Отличник просвещения Казахской ССР, заслуженный учитель республики, ей присвоено звание “Учитель-методист”, она награждена многочисленными Почетными грамотами Министерства просвещения и республиканского Комитета профсоюза работников просвещения, высших школ и научных учреждений, научно-исследовательского института педагогических наук им. И.Алтынса-рина, грамотами облОНО и обкома профсоюза работников просвещения, грамотами областного института усовершенствования учителей.

“Новатор” 21 марта 1985 г.
НУРТАЗИНА А. Методист РОНО

ІЗДЕНІМПАЗ ҰСТАЗ

Жастардың коммунистік рухта тәрбиеленіп еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуіне өзінің көп жылғы тәжірибесін жұмсап, ел құрметіне бөленіп жүрген ұстаздарымыздың бірі – В.И.Ленин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қағида Базарбаева. Ол өзінің еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен көпшілікке танылған. Озат ұстаз оқушыларға терең де тиянақты білім беруде творчестволықпен еңбек етуде. Оқыту мен тәрбиелеудің проблемалары мен әдістері туралы келелі мәселелер қозғап, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған семинар-кеңестер, педагогикалық оқуларда оның түрлі тақырыпта жазған баяндамалары жоғары бағаланады. 1982 жылы Орал қаласында өткен республикалық семинар-кеңесте қазақ тілі мен әдебиетін жетілдірілген программа талантарына сйкес оқытудың тиімділігі жайында тәжірибесін ортаға салды. Ол облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тұрақты лекторы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағын алған. Өткен жылы Қ.Базарбаеваның «Кластан тыс жұмыстардың түрлері» деген тақырыптағы іс-тәжірибесі республикалық теледидар арқылы насихатталды. Оның тәжірибесін әріптестері өздерінің күнделікті сабақтарында пайдаланып жүр. Ол жабдықтаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Өзіміз күә болған мұғалімнің ІХ класта өткізген қазақ әдебиеті сабағына тоқталайық. Тақырып – «Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен творчествосы». Ол сабақта оқушылар назарына төмендегі жоспарларды ұсынып, автор творчествосындағы маңызды белгілер сараланды. Ақынның өскен ортасы, білім алу, оқу, іздену кезеңдері, халық жыршысы болуды армандауы, әлеуметтік өмір шындығын көркем бейнелеу, қараңғылықты, надандықты сынауы өнер-білімге үгіттеу т.б. Техникалық оқу құралдарының көмегімен ұстаз автордың «Уақ-түйек» кітабының түп нұсқасын көрсетті. Ұстаз шәкірттердің творчестволық бөлсенділігін арттыру мақсатында үйге мазмұнды тапсырмалар берді. Жазушылардың мерекелік юбилейіне байланысты кеш, апталықтар өткізу, кітап көрмесін ұйымдастыру ұстаздық ізденіс үстінде жүретінін көрсетеді.

Ұ.БАЙСАҚАЛОВА, Қазақ ССР Оқу министрлігі
республикалық оқуметодикалық кабинетінің
методисі.
Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы.

«Қазақстан мұғалімі». 28 июнь, 1985ж.

НАРОДНЫМ ТРАДИЦИЯМ КРЕПНУТЬ

Хорошую подготовку, исполнительское мастерство, оригинальность представленных номеров показали участники концерта художественной самодеятельности РСХО им.Ибраева, представленного на проходящем в районе смотре. Хор под руководством В.Котенко исполнили песни (слова Н.Добронравова, муз. А.Пахмутовой) «И вновь продолжается бой» и «Менің Қазақстаным» (слова Нажметденова, муз. Ш.Калдаякова). В исполнении женской вокальной группы «Калинушка» из с.Каратал прозвучали песни «Там, вдали, за рекой», «Распрягайте, хлопцы конив» и «Колосилось в поле рожь» (художественный руководитель, учитель А.К.Ахметова). Выступление «Калинушки» было тепло встречено зрителями. Не оставило равнодушными зрителей выступление вокально-инструментального ансамбля «Арман» (солист С.Нукенов). в его исполнении прозвучали песни «На безымянной высоте» (сл.Матусовского, муз. В.Баснера), «Память» из репертуара ансамбля «Голубые береты». Добрых слов заслуживает выступление дуэта Р.Жуматаева и Г.Абулкаирова, в исполнении которого прозвучали песни «Малиновый звон», «Мерекем сен», солиста художественной самодеятельности К.Молдыбаева, исполнившего песню «Туған жер өзің дегенде», А.Кусаиновой, спевшей под домбру песню «Қара өрік». Очень хорошо выступил домбровый оркестр под руководством М.Нурканова – механика автогаража. Оркестр исполнил күй «Той бастар» (композитор Д.Нурпеисова). Умелое владение домброй показал Б.Габдуллин – заведующий клубом, исполнивший две казахские народные песни «Ақ дариға» и «Ахау керім». Дружными аплодисментами встречали зрители театрализован-ное представление, подготовленное педагогическим коллективом Ленинской СШ под руководством заслуженного учителя Казахской ССР К.Б.Базарбаевой. На суд жюри и зрителей был представлен народный обряд «Сәби келді өмірге» – рождение ребенка и его имянаречение. Следует отметить хорошее исполнение, воодушевление, которое чувствовалось на протяжении всего спектакля, творческую фантазию. Ранее этот коллектив поставил театрализованные представления «Алты бақан», «Народная свадьба». Хочется пожелать педагогическому коллективу не останавливаться на достигнутом.

Н.БАЗАРБАЕВА, секретарь
райкома ЛКСМ Казахстана.
«Новатор» 1989 г.

ІІІ – БӨЛІМ

ҰСТАЗ ЕСМАХАН ҚОЖАҚОВ

БІЛІМПАЗ ҰСТАЗ.

Қожақов Есмахан 1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Есіл ауданындағы Қарабұлақ ауылында туған. 1937 жылы сол ауылдың бастауыш мектебіне барып, оны 1941 жылы аяқтайды. Сол жылы Еңбек орталау мектебінің 5-класына оқуға түседі. 1945 жылы Қызылжар қаласындағы М.И.Калинин атындағы қазақ мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы шетел тілдері институтының ағылшын тілі факультетіне оқуға түседі. 1953 жылы институтты бітіргенен кейін қазіргі Шал ақын ауданындағы Ленин (қазір Мәркен Ахметбеков) атындағы орта мектепке ағылшын тілінің оқытушысы болып орналасады. Осы мектепте ол көп ізденіп, тәжрибелі аға ұстаздардан үлгі ала жүріп өзінің кәсіби мамандығын дамытты. Сабақтарында әр түрлі тиімді әдістерді пайдаланып, көрнекі құралдар қолданып оқушыларды өз пәніне қызықтырып отырды. 1973-74 оқу жылынан бастап ол мектепте ағылшын тілі кабинетін ұйымдастырды және оны заман талабына сай жабдықтады, линғафон аппаратын орнаттырды. Есағаңның бұл кабинеті аудан бойынша алдыңғы қатарлы кабинеттердің бірі болды. 1978 жылы аудандық пән кабинеттердің байқауында ол кабинет бірінші орын алып, аудандық оқу бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Есмахан Қожақұлы мектепте ағылшын тілі үйірмесін ұйымдастырып, оқушыларға қосымша білім берді. Оның басқаруымен үйірме мүшелері Гарриет Бичер Стоудың “Том ағайдың лашығы”, “Құл саудасы” деген шығармалары бойынша қойылымдар, жеке әндер, пьесалар жалпы мектеп оқушыларына ағылшын тілінде орындап көрсетті. Оның оқушылары ағылшын тілінде жүргізілген аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрді. Ол жөнінде облыстық “Ленин туы” және “Ленинское знамя” газеттерінде жарияланды да. Сонымен, бірге Есмахан Қожақұлы бірнеше жыл мектеп оқушыларының көркем өнерпаздар үйірмесіне жетекшілік етті. Осы үйірмеге қатысқан оқушылар ұжымы аудандық байқауларда бірнеше рет бірінші орынды жеңіп алды. Оқушылар хоры, жеке әншілер оқушылардың облыстық қорытынды концертіне қатысты. Есағаңның алдынан оқыған талай түлектер оның жолын қуып ағылшын тілінің оқытушысы болды. Оның көптеген шәкірттері осы күнге дейін оны жылы лебізбен атайды. Есмахан Қожақұлының ұстаздық еңбегі мен қоғамдық жұмыстары кезінде лайықты бағаланып отырды. Ол 1965 жылы көркем өнерпаздар байқауына белсене қатысып, хор коллективіне жемісті жетекшілік еткені үшін аудандық оқу бөлімінің грамотасымен; 1971 ж. аудандық партия комитеті мен аудандық оқу бөлімінің Құрмет грамотасымен; сол жылы Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ибраев атындағы Кеңшардың партия, кәсіподақ комитетінін администрациясының мадақтау хатымен; 1977 ж. аудандық оқу бөлімі және аудандық оқу бөлімі кәсіподағы комитетінің құрмет грамотасымен; 1982 ж. Солтүстік Қазақстан облыстық оқу бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сол 1984 ж. Есмахан Қожақұлы “Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі” значогімен наградталды. Есағаң жолдасы Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім Қағида Базарбаевамен екеуі үлгілі отбасын құрып, екеуі де ұлағатты ұстаз болды, өнегелі ұл-қыз өсірді. Қазіргі кезде зейнеткер Есағаң аяулы да сүйікті жолдасы Қағиданың еңбектерін жиып кітап шығаруды қолға алды. Есағаңның қажырлы еңбегінің нәтижесінде осы кітап шыққалы тұр.

Қайролла Мұқанов.

ҰСТАЗДАР СЕМЬЯСЫ

Қағида Базарбаева 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген еді. Содан бері Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка ауданындағы өзін өмірге қанаттандырған В.И.Ленин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Тәжірибелі ұстаз оқушының жаңа тақырыпты жете түсінуіне, ол бойынша берілген материалды толық игеруіне, оларды білгендерімен байланыстыра, салыстыра білуіне, ізденуге талапта-нуына, ана тілі мен әдебиетті сүюіне ерекше көңіл бөледі. Шәкірттерін сөздің мәнін, тәрбиелік рөлін сезінуге, оны рухани азығына айналдыруға баулиды. Қағиданың үздіксіз ізденуі мен білімін толықтырып отыруы зая кеткен жоқ. Оның іс-тәжірибесі облыс мұғалімдерінің арасында кең таратылды. Баяндамалары республика бойынша өткізілген ғылыми-практикалық конференцияда, облыстың мұғалімдер білім жетілдіру институтында тыңдалып, әріптестерінен жоғары баға алды. “Қазақстан мектебі” журналы мен “Қазақстан мұғалімі” газеттерінде жарияланды. Ұстаздар семьясының жемісті еңбектерін коллективі де жоғары бағалады. Қағиданың жолдасы Есмақан Қожақовқа – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері значегі. Балалары Қанат, Сәуле, Құрманғожа, Мұрат, Мұхтар. Ал, Қағида Базарбаеваға “Мұғалім-методист”, “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атақтары берілді.

Е.ЕСТАЕВ

ПУТЬ ЧЕРЕЗ ВДОХНОВЕНИЕ.

В одном фантастическом романе говорится, что место челове-ка в обществе будущего, мера уважения к нему будут определяться формулой из трех “Т”: Труд, Творчество, Талант. Но уже сегодня этой высокой мерой можно оценить работу учителя английского языка Ленинской школы Сергеевского района Есмакана Кожаковича Кожакова. Все начинается со школы, а в школе все начинается с учителя. Есмакан Кожакович любит свою профессию, любит детей. Задолго до звонка, готовясь к уроку, он выбирает наиболее оптимальные формы, методы и средства его проведения, умело применяет технические средства обучения, наглядные пособия, дополнительную литературу, чтобы заинтересовать учеников, привить им любовь к Родине, труду, стремление самостоятельно найти новое, побудить живую мысль. Каждый урок Е.К.Кожакова имеет свою неповторимую прелесть, логическую связь с жизнью. Идет урок английского языка в 6-м классе: Тема урока - “Профессия”. Учитель выставляет в классе портреты передовиков производства родного совхоза. Среди них есть родителя учеников, бывшие ученики Есмакана Кожаковича. И не удивительно, что на вопрос “Кем ты хочешь быть?”, большинство дают такие ответы: “Я буду комбайнером, как мой папа”, “Я буду дояркой”. Так учитель ориентирует учащихся не сельскохозяйственные профессии, прививает уважение к труду, любовь к родному селу. В школе Е.К.Кожаков руководит кружком английского языка. Его учащиеся – активные участники олимпиад, проводимых в школе, районе и области. Из всех выпускников, а стаж работы учителя 31 год, восемнадцать учеников Е.К.Кожакова стали преподавателями английского языка институтов, техникумов, школ. Двое из них работают в этой же школе учителями английского языка. Своими знаниями он делится не только с учителями и учениками, но поддерживает тесную связь с родителями. Выступает перед ними с лекциями, проводит беседы. Не случайно он пользуется заслуженным авторитетом среди учителей, учащихся и односельчан. Учитель должен быть личностью в самом высоком смысле этого слова. Ведь в конце концов, какие бы методы обучения ни открывали, какое бы оборудование ни привозили в школу – доску с мелом, или киноаппарат, лингафонное устройство или даже обучающую машину, – главным и вечным в школе останется учитель – человек с живым горячим сердцем и вдохнове-нием.

Г.УСОВА. зав.кабинетом
иностранных языков института
усовершенствования учителей.

АҒАНЫҢ АСҚАРЫ

Адам – гүл ата-ана – бағбан делік. Ата-ана баласын күн нұрындай жылу төгіп, мәпелеп өсірері де әйгілі ақиқат. Алайда адам баласында сол ата-анадай аяулы, ардақты, алақаны жылы жан болады. Оны - ұстаз дейді. Ұстаз деген - ұлы ұғым. Айталық ұстаз болу үшін білгенінді бала санасына, зердесіне құю ғана аздық қылатыны тағы да шындық. Ұстаз – білімі шалқар, көңілі мәрт, тұла бойы адамдарға деген мейір мен мейрімге мол парасат иесі. Осындай жандар аз емес. Мен Есмақан Қожақұлы Қожақовты осы лебізге лайық адамға балаймын.Өмірде қыйлы-қыйлы оқиғалар болады. Сол оқиғаларда адамның бойынан түрлі қасиеттер танылады. Мысалы, біреуді туғанынан білімдар, саналы, парасатты адам деп дәріптеу асыра айтқандандық болар еді. Бірақ адамның өмір соқпақтарын өте жүріп, бойға өнеге дарытып, қиындықтарда шыңдатып, адамдық абзал сипатты қастерлеуі бір басқа. Сонда ол осы қасиеттерді дегеніңше бойына сіңіре алмақ. Есмақан ағаның да өмір жолы үнемі ізденумен, адамдардан үйренумен, өзгені де бойына үйіріп баулумен келе жатқан нағыз ұстаз жолы екені сүйсінтеді. Кей-кейде біздер, адамды ағарған шашына емес, атқарған ісіне қарай құрметтеуді ұнатамыз. Егер осы тұрғыдан келер болсақ, Есмақан ағамызды ардақтауымыз да әбден қисынды. Ағамыз алғаш рет мектеп табалдырығын ұстаз болып аттағанында туған нәрестелердің өзі бүгін қырық жастың қырқасына жетіп, кейбір бала түгіл, немере көрерлік белеске жетіп қалыпты. “Өзіңнің қартайғаныңды өзіңнен кейінгіні көргенде сезінерсің” деген халқымыздың даналығы қалай тапқыр айтылған десеңші. Алайда Есмақан аға өзін қартайғандар қатарына қоспайтындай. Өзінен гөрі өзгені ойлап, басқаға елеңдеп тұратын елгезек қалыпты әлі. Осы бір өңіңе өмір жылдарының өзгерістері түскен, шашының қарасынан ағы көбейген жан сол алғашқы ұстаздық жолы басталған 1953 жылы қылшылдаған жігіт екен-ау. Алматы шет тілдері институтының түлегі, ағылшын тілінің маманы. Бір қызығы – қазақ аулында, қиындығы ағылшын халқы түгіл, өз ағайыны орыс тіліне шорқақ қазақтар үшін бұл ерсі көрінді. Алайда ағамыз нағыз полиглот еді. Оның өзгеден ерекшілігі ағамыз әлемнің тең жартысынан астамы сөйлейтін тілді меңгергені болатын. Сол жылдан бастап осы Ленин аулындағы мектепте үш тіл - қазақ, орыс және ағылшын тілдері қатар оқытылып, шәкірттердің білім аясы кеңейе түскені анық. Жылға жыл ұқсаушы ма еді?! Сол өткен отыз алты жылдың әрбірінің өз кескін-келбеті бар. Алайда, солардың бәрі ағаның ойында тайға таңба басқандай хатталып жатыр десек қисынсыз болар еді. Бар анық сақталғаны ол жастайынан мұрат еткен ісінде көштің алдында болмаса да, соңынан табылмады. Өзінің адал да, тиянақты қасиетінен таңбай, жылма-жыл миуалы жеміс тере берген бағбандай ел алдында қызмет етті. Қашанда ұстаз жайлы лебізді шәкірттер қөңілімен бағалаған абзал сияқты көрінеді. Өйткені нағыз ұстаз еңбегіне солардың танымы шынайы баға, өлщем болмақ. Осы қисында Есмақан аға жайлы орынсыз сөз естіген жеріміз жоқ. Мен осыған да сүйсінемін. Ағаның алдын көрген қайбір шәкірт болмасын: “Жаны жайсан; адамға тарыншылық қылмайтын, елгезек, кеңпейіл кісі ғой” деп отырады. Тіпті көп жыл бұрынғы да, күні кешегі де шәкірттері. Соның бір айғағын алға тартып кеткенім де теріс болмас. Осы биылғы оқу жылының басында мектепті бітіргеніне жиырма жылдың жүзі болып қалған Гүлнәр деген құрбымды кездестіріп, әңгіме шертіп отырдық. Өткен күндер, қол ұстасып гүл терген қызық шақтар еске алынды. Сондай бір сұхбат үстінде ол өздеріне класс жетекшісі болған Есмақан ағай жайлы әңгіме тиегін ағытты. Аға жайлы жылы сөзден басқа реніш, өкпе, ғайбат ауызға алынбады. Айтқаны ағайдың жібектей мінезі, тапқырлығы. Есмақан ағаның бір сүйсінерлік қасиеті – бала мен ұстазды бірі көкте, бірі жерде тұрған жанға баламайтыны. Ол шәкіртті өзіне тең жандай көріп, бауырға тарта біледі. Соның өзінде әңгіме абзалдық, ақыл парасат арнасынан аспайды. Біздер қазіргі кезде сенім педагогикасы, ұстаз бен ынтымақтастығы деп айдар тағып жүрген жаңалығымыз құнарсыз топыраққа сіңірілген тұқымдай емес, өмірдің өзі ұсынған жаңалық қой. Тек соны қазір жаңаша ойлау, жаңа мұраттарды алға тарту кезінде көре білгеніміз ғой. Әйтпесе, Есмақан аға сынды қаншама ұстаз осы сыпатын өзінің өмірлік, ұстаздық жолында бойында сақтамай жүр дейсің бе. Әрине, адам жайлы жылы сөзді сол жанның азаматтық тұлғасына сүйсінгендіктен, тәнті болғандықтан ғана айтасың. Ұстаздың бәрі ұлағат иесі бола алмайтындығы да жасырын емес. Ондайлар қай мектепте болса да табылады. Сабағын ғана беріп, шәкірттен сұрап баға қойып, тоқсан сайын қорытындысын шығарып та ұстаз атанып жүре беруге болады. Бірақ, творчестволық ізденіс, оқудың түрлі құралдарын пайдалануға ұмтылу шәкіртті білімдарлықпен қатар адамгершілік сыпаттарға да баулу, сол үшін уақыт қанша тапшы болса да тарылмай тырысу баршаның қолынан келе бермейді. Міне, сондықтан да шын жүректер аз болады. Ал Есмақан аға сол аздардың санатында. Сөз жоқ, біздің мектептің көптеген жас ұстаздарына осындай жандардың тұлғасы өнеге. Тіпті өзімізді айтпағанның өзінде, біздің алдымыздағы өнегелі адамдардың өздері Есмақан ағайды ардақтай-ды. Айталық Ғалым Қадралин, Әлия Малдыбаева, Мәриям Мусина, Мейрам Әбілкарімов, Мәкеш Садықова, Қазжан Махметов, Ботакөз Ысмағұлова, Ғазиза Құрманғалиева, Зәуреш Қайырбековалар да ағаның алдында бас иеді. Мана айтып кеттім ғой, қазақ аулында ағылшын сөзін алғаш рет ағаның аузынан естідік деп. Ол ақиқат. Ал ағаның сабақ үстіндегі тұлғасына көз салсаңыз – бейне бір қияға қанат сермегелі тұрған іспетті. өзін де өзгені де ұмытып кетеді. Бар ой-мұраты сабақта ғана болады. Мектебіміздегі көзге түсерлердің бірі – ағылшын кабинеті. Оның көзге тартымды, мазмұнды болуына Есмақан Қожақұлы бар күш-жігерін жұмсады. Бір мақтаныштысы, осы кабинет аудан бойынша алдыңғы қатарлы пән кабинеттерінің санатынан қалмай келеді. Өткен оқу жылдарының бірінде ол пән кабинеттерінің әуелі мектеп ішіндік, ал содан соң ауданаралық байқауында бірінші орынға ие болды. Аға бала ынта-ықыласын арттыруға шебер-ақ. Кабинеттегі стенділерді үнемі жаңартып отырады. Жалпы жаңалық, іздену жолында Есмақан Қожақұлы жалығуды білмейді десем, асыра айтқандық емес. Кластан тыс жұмыстарда да Есмақан ағаның іскерлігі танылады. Ағылшын тілі үйірмесі үзбей жұмыс істеп келеді. Ол әдеби музыкалы кештерді ұйымдастыруға қатысады, концерттік нөмірлерде ағылшын әндерінің қамтылуына жетіседі. Мысалы, өзім оқушы болған кездегі осындай бір кеш әлі күнге есімде қалыпты. Бичер Стоудың “Том ағайдың лашығы” романы бойынша көрініс, онда негр баласы болып ойнаған Шоқан деген оқушы бейнесі жадымда. Сол кеште шырқалған ағылшын әндері де көкейде жүр. Ал тым әріге бармай, бертіндегісінің өзі де ағайдың өз ісіне деген жанашырлығын, табандылығын көрсетуге жетіп жатыр. Мысалы, өткен оқу жылында ол ағылшын тілі апталығында өзі сабақ беретін оқушылармен даярлаған “Құл саудасы” атты сықақ көрініс, “Кім боламын?” деген монтаж ерекше есте қалды. Осы көріністерге негіз боларлық материалдарды ағайдың өзі жинайды. Ол үшін аға ағылшын тіліндегі “Москва жаңалықтары” газетінен қызықты материалдарды аударады. Айтпақшы, оның осы аудармалары облыстық “Ленин туы” газеті арқылы бүкіл Есіл өңіріне де таныс. Мен бұл аудармаларды өзім шәкірт кезімнен бері оқып келемін. Ұстаздың іскерлік тұлғасына тағы бір баға облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты шет тілдер кабинетінің меңгерушісі Г.Усованың осыдан төрт-бес жыл бұрын облыстық “Ленинское знамя” газетінде жарияланған “Шабытты еңбек жолы” атты мақаласы. Осы баға: “Еңбек, творчество, талант” деп тиянақты діттеледі. Бұған мен де қосыламын. Жоғарыда атап кеткенімдей, Есмақан аға соңғы жылдары ағылшын тілінен тікелей аударуға әбден төселіп алған. Бірде ол “Қазақ әдебиеті”, “Қазақстан әйелдері”, “Қазақстан мұғалімі” сияқты республикалық газет-журналдарда басылған аудармаларын көрсеткен еді. Бақсам, оның аудармаларының жарияланып жүргеніне де отыз жылдай уақытты қамтып қалыпты. Ұстаз еңбегіне шәкірт биігімен қарау да жөн. Алайда мен бұған әуестенсем, мақаламның біраз жолдарын сол жігіттердің аты-жөндерін, қазір атқарып жүрген қызметтерін тізіп шығумен-ақ толтырған болар едім. Менің айтпағым – ағаның өзі сияқты осы пәнді оқытуға сол кісіден өнеге алған шәкірттерінің өзі бірқыдыру екендігі. Солардың бірі – өзім. Биыл ағамыз алпыс жылдың асқарына шығып отыр. Оның отыз алты жылы ұстаздық жолға бағышталған. Осындай ардақты ұстаздан жолға бағышталған. Осындай ардақты ұстаздан жалғас алып, оның ісін әрі бастыруға ниеттену үлкен құрмет әрі сын да. Аға үмітіне лайық болу – менің мұратым. Мен манағы ағылшын тілі кабинетінің кілтін қолыма ұстағанда кішкене ғана темір алақаным-ды өртеп бара жатқандай болды. Өйткені Есмақан Қожақұлы сияқты ұстаздың жолын жалғап әкету үшін мен көп күш-жігер жұмсауым керектігін пайымдаймын. Бірақ ағаның жанашырлық жәрдемінен дәмесіз емеспін. “Азаматына қарап, ауылын таны” демекші, осы Есмақан ағалар сияқты ардақты жандар ғой өз тұрағының түтіні түзу ұшса екен деп терін төгетіндер. Осы лебізді мынаған негіздеп айтып отырмын. Осыдан бірер жыл бұрын Ыбыраев халық театрының бұрынғы гүрілдеп тұрған атақ-абыройдан жұрдай бола жаздағаны. Театрға режиссер тұрақтамай-ақ қойды. Бірі келіп, брі кетіп ауыл әртистерін ғана емес, театр маздағы сөнбесін деп қам жеген басшыларды жерге қарата берген. Осы жайды Есмақан ағай үнемі айтып жүрді, айтқанда да құрғақ сөзбен емес, шынайы жанашырлық пен ауызға алатынды. Зайыбы Қағида Базарбаева облысқа ғана емес, бүкіл республика педагогтарына әйгілі адам ғой, екеуі үй іші отырып ақылдасады да, апай әдебиетші ұстаз болғандықтан, театрды қолға алуды ұйғарады. Сонымен бір күнде театрға режиссер табылып қалған. Сөнген шырақ қайта жанып, ауыл сахнасы қарбаласқа толды. “Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі” атағы бар апай беделді адам ғой, оған ағай да қосылған соң театрдан сырт айналып кеткен ауыл жастары қайта бас қосты. Қойылым даярлау жұмыстарына ерлі-зайыпты екеуі бірдей атсалысты. Ұзын сөздің қысқасы, Ыбыраев халық театры өзінің атағын қорғап, осы құрметке әбден лайық деген баға алды. Қазіргі кездері қала тұрғыны, яки ауыл тұрғыны деп бөлерлік емес, уақыт қайда болмасын қарбалас емес пе. Сондай аз уақыттың өзіне лайықты үлесін, еншісін таба білетіндіктен де Есмақан аға үнемі жарқын істердің басы-қасынан табылады. Ретіне орай, ұлы ұстаз А.С.Макаренконың мына бір ұлағатты сөздерін айта кету жөн тәрізді. Ұстаздардың ұстазы “Бала тәрбиесі үшін аса көп уақыт қажет емес. Ол үшін аз уақыттың өзін орынды пайдалана білсе жеткілікті” дейді. Есмақан Қожақұлы да, зайыбы Қағида апай да осы ұлағатты шамшырақ еткенге ұқсайды. Өйткені олардың “Қолым тимейді, уақытым тапшы” деп бас тартқан жерін көрген емеспін. Ия, Есмақан ағаның еңбегі ел алдында. Бәрі де алақанға салғандай анық, белгілі. Ол кісі осыдан төрт жыл бұрын Қызылжарда болып өткен шет тілі мұғалімдерінің конференциясын-да көзге түсті. Оның “Шет тілі кабинетін сабақ процесіне пайдалану тәжірибемнен” деген тақырыптағы баяндамасының мазмұнды болғандығын барша мойындады. Оның осындай білімдарлығы, іскерлігі лайығымен бағаланып “Қазақ ССР оқу ісінің үздігі” значогімен наградталды. Ұстаз қауымы туралы композиторлар ән шығарып, ақындар жыр төгіп, әншілер ән шырқап келеді. Олардың бірде бірі ұмыт емес. Қай-қайсысында болмасын ұстаздың ұлылығын, абыройлы ісін ардақтайды, тұлғасын асқар тауға балайды. Мен соның бәріне де қосыламын. Жан сырым – осы бір тамаша лебіздер өзіме арналса екен деп армандаймын. Ал осыған лайық адамдарға қызығамын да. Сол сәтте Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтың:

“Ұстаз болу –
Жүректің батырлығы,
“Ұстаз болу –
Сезімнің ақындығы,

“Ұстаз болу –
Мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы”

деген өлең жолдары осы менің Есмақан ағама арналғандай болады.

Ә.БЕКБАСОВА.

Ленин орта мектебінің
ағылшын тілі мұғалімі.

ДУМАНДЫ ДОСТЫҚ

Сергеев аудандық Мәдениет үйіне жиналған көрермен жұртшылық жедеғабыл жайғасып бола бергенде сахна шымылдығы ашыла бастады. Үш қатар болып, бес одақтас республиканың ұлттық киімін киген қыз келіншектер қаз-қатар сап түзеп тұр. Бәрі де көктемнің жауқазың желегіндей үлбіреп, көздің сұғын алғандай. Сәл үнсіздіктен соң осынау өнерпаздардың жетекшісі Александра Шакенова ортаға шықты: Сахнада – Ленин орта мектебінің мұғалімдері. Хор - “Россия – Отаным менің”. Дирижері – Есмақан Қожақов. Сол-сол екен, жаудыраған жанарларда нұр ойнап, іле-шала шатұр-шұтыр қол соғыла бастады. Сәл саябырси бергенде дирижердің таяқшасы көтерілді де, аққудай сұңқылдаған баян сазына – хор қосылып кетті. Диапазоны кең ән әуені әуелеп барады. Көрермен болса сүттей үйып, тыңдап қалған. Ұстаздар концерті осылай басталды. Зәуреш Қайырбекова мен Айтжамал Мешелова орыс, қазақ әндерін, ал Бөпеш Нұрғалиева ағылшын тілінде “Ескі дос туралы әнді” орындап, әркімді-ақ әсем сезімге бөлегендей болды. Сондай-ақ “Біржан-Сара” операсынан Біржанның ариясын, Огинскийдің “Полонезін” домбырада және әртүрлі әндерді орындаған вокалдық-инструменталдық ансамбль мен Есмақан Қожақов, Гүлжауһар Ибрагимова секілді ұстаздардың өнері бір бөлек. Міне, құлақ күйіне келген домбыра күмбір-күмбір сөйлеп, “Балбырауын” бебеу қаға бастады. Сабау саусақ сағаға өрлеген сәтте алыстағы ат дүбірін көз алдыңа келтіреді. “Кеңес” күйі де тыңдаушы қауымның құлақ құрышын қандырғандай. Бұл күйлерді орындаған Г.Ибрагимова мен инструментальдық квартетке алғыстар арналып жатты. Бұдан соң қырғыз әндері орындалып, одан соң “Киіз басу” секілді билер қанат қақты… Иә, көсем атындағы ауыл мектебінің ұстаздары нағыз өнерлінің өздері екен! Олардың программасы көңілге тоқ, көкейге қонымды. Ең бастысы концерттің өн бойынан дәстүрлі достық рухы сезіліп тұрды. Осы өнерпаз ұстаздар келесі күні жұптарын жазбай совхоз клубында концерт қойып, тағы да достық дәстүрін дәлелдеп бергендей болды.

Р.СҰЛТАНОВ, Ж.СЕЙІТБЕКОВ,

Жергілікті тілшілер.

АҒЫЛШЫН ӘЗІЛДЕРІ.

МӘСЕЛЕ – МҰҒАЛІМДЕ

Мұғалім шалағай шәкіртінің біреуін сабақтың соңынан алып қалды да, кейісті кейіппен былай деді:

- Мен сенің жасында арифметикаға аттай жүйрік едім.

- Иә, - деді оқушы ойланып, - менің мұғалімімнен сіздің мұғаліміңіз басқа болғаны ғой.

ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖАУАБЫ

Кондуктор:

- Сіз қарсы болмасаңыз, мына жүгіңізді жолдан былайырақ қойсаңыз қайтеді, сэр? Біреу – міреу сүрініп жығылуы да мүмкін.

- Жолаушы сабырлық сақтап отыра берді. Сәлден соң ғана самарқау жауап берді.

- Қозғамаңыз. Егер оған ешкім сүрінбесе менің ұмыт қалдыруым ғажап емес.

ҰСТАЗЫ ҰРЫСТЫ

- Сен бүгін де сабаққа кеш келдің. Әлгі әзірде ғана оянған оқушы:

- Кешіріңіз, сэр, - деп міңгірледі. – Мені қара басып, ұйықтап қалыппын.

- Құдай-ау, үйде де осылай ұйқтайсың ба?

Шешесі: - Джони, буфеттегі екі кесек торттын бір кесегін көрдің бе?
Джонни: - Жоқ, мама, қараңғы болып екінші кесегін көре алмадым.
* * *
Мұғалім: - Бірге екіні қосса қанша болады?

Алик: - Білмеймін.

Мұғалім: - Жарайды, Алик, ойланшы өзің. Мысалы, мен саған алдымен екі ит бердім, содан кейін тағы бір ит бердім, сонда барлығы неше ит болды?!

Алик: - Төрт ит.
Мұғалім: - Неге?
Алик: - Менің өзімде де бір ит бар.

* * *
Ник: – Ана кісіге қарашы, мама, басында түк шашы жоқ.
Шешесі: – Тыныш отыр, балам, естіп қойса ұят болады.
Ник: – Ол өзі мұны білмей ме?

– Ата, неге сенің сақалың қара, шашың ақ?

– Себебі, басым сақалымнан жиырма жас үлкен.

* * *
Алты жасар Бобби әкесінің қасына келіп:

– Әке, менің Арктиканы зерттеуші болғым келеді, – деді.

– Мұның жақсы екен.

– Онда күн өте-мөте суық шығар? – деді баласы.

– Иә.

– Олай болса, мен өзімді оған дағдыландыруым керек. Сондықтан маған күн сайын бір доллар беріп отыр, ал мен оған балмұздақ алып жеймін.

* * *
Бірде үнді королі бір философтан былай деп сұрайды.

– Жалған сөйлеген адамды қалай жазалау керек?

Философ сәл-ойланып:

– Кімде-кім олардың сөзін тыңдайтын болса, сол адамның құлағын кесіп алыңыз, – дейді.

– Бүгінгі істі ешқашан да ертеңге қалдырма, – деп шешесі баласына ақыл айтқанда:

– Ендеше мама, – депті баласы, – жаңағы жүзімнің қалғанын бүгін жейік те…

– Том, мен сенің мұғаліміңмен сұбхаттастым. Ал сенен сұрарым мынау: класыңда кім жалқау?

– Білмедім оны.

– Ойлан, білесің. Басқа балалар сабақтан бас алмай отырғанда бостан-бос қарап отыратын кім?

– Ол біздің мұғалім ғой.

– Ал айтшы, адамда неше қабырға болады?

– Кешіріңіз, басқа біреу болмаса, мен ақырына дейін санай алмаймын.

– Неге? Не себепті?

– Ой, мен сондай қытықшылмын…

– Мына картадан Американы кім көрсете алады? – деді мұғалім. Алик ортаға шықты да, сәл-пәл іздеп, бірақ дұрыс көрсетті.

– Жарайды, – деді мұғалім. – Сөйтіп Американы кім ашты?

Балалар бірауыздан:

– Алик ашты! – деді.

– Орыс тілінен орындаған жұмыстарың жап-жақсы. Бірақ ана тілінен ақсап тұрсың.

– Иә, менің мамам ағылшын тілін жетік білмейді.

– Беті-қолыңды неге жумайсың! Боб? Таңертең не ішіп-жегенің көрініп тұр.

– Не көрініп тұр, мұғалім?

– Жұмыртқа.

– Жоқ, мұғалім, Жұмыртқаны кеше жегем…

– Балам, ауырсаң тіліңді көрсет, – деді дәрігер. Бірақ бала аузын ашпады.

– Менің ауруымды ешқандай тіл айта алмайды.

– Бобби, егер сен таңертеңгі тамақты әр уақыт жақсылап ішетін болсаң, денсаулығың мықты болып, бойың тез өседі.

– Жоқ, ол маған қажет емес. Бойым тез өссе, тез қартайып қалам ғой.

* * * Кішкентай Том мектептен үйіне оралғанда қолтығына қысып бір кітап ала келді.

– Мынау жүлде, – дейді ол шешесіне.

– Жүлде? Ненің ақысына, айналайын?

– Бүгін біздің мұғалім “Түйеқұста неше аяқ бар” деп сұрады. Мен үш аяқ бар дедім. Ал қалған оқушылар төртеуден таңбады. Бірақ түйеқұста екі ғана аяқ бар екен. Сондықтан менің жауабым шындыққа сәл жақын шықты.

– Бобби, інің болмаса қарындасың бар ма?

– Менің жеті айға толған інім бар, – дейді ол.

– Ол не істей алады?

– “Папа”, “мама” деп сөйлейді.

– Ол жүре ала ма?

– Жоқ тағы, өзі өте жалқау.

– Бобби, сен неге айнаға екі көзіңді жұмып қарайсың?

– Мен ұйықтағанда өзімнің неге ұқсас екенімді көргім келеді.

ПОЕЗДА

Бір купеде келе жатқан сапарластар өзара сырласып отыр:

– Бала-шағаңыз бар болар?

– Иә, сәр, бір балам бар, деді әйел.

– Кешіріңіз, балаңыз шылым тарта ма?

– Жоқ, сэр, ол ешуақытта сигаретті қолына ұстаған емес.

– Мұнысы өте жақсы екен бикеш. Спортпен айналыса ма?

– Жоқ, тіпті ойына алмайды да.

– Онда мен сізді құттықтаймын. Кешірерсіз, мүмкін үйге кеш оралатын шығар?

– Жоқ ол уақытта түскі тамақтан кейін ұйықтайды.

– О, онда ол өнегелі жігіт екен, бикеш, өзі неше жаста?

– Бүгін оның туғанына 10 ай толады, – деді әйел күлімсіреп.

ЕКІ ДОС

Екі дос саяхаттап Лондонға келеді. қалаға келгеннен кейін екеуі ресторанға кіреді. Олар келіп отырған столдың үстінде бұрыш салынған ыдыс тұр екен. Бұрын бұрыштың дәмін татып көрмеген біріншісі қасықтап аузына салады. Солақ екен екі көзі жасаурап өңі бұзылып кетеді.

– Достым, сен неге жылап отырсың?

– Бұдан жиырма жыл бұрын асылып өлтірілген бақытсыз әкем, есіме түсіп, деп кеңкілдейді анау.

Әбден аң-таң болған екіншісі де бұрышты асайды кеп. Көзінен жас тамшылары бұршақтап атқып кетеді.

– Әй, сен неге жылап отырсың? – дейді аузы күйген досы.

– Мен сенің бұдан бірнеше жыл бұрын сорлы әкеңмен бірге асылып өлтірілмегеніне жылап отырмын.

Әкесі: Шешеңнен рұхсат сұрадың ба: бұл алманы саған алуға бола ма, жоқ па?
Бала: Иә, болады.

Әкесі: Байқа, қазір мен білейін, егер ол “сұраған жоқ” десе, өтірік айтқаның үшін жазалаймын. Сен өзі сұрап па едің?..

Бала: Рас, әке, мен сұрадым. Ол маған: алманы алуға болмайды, деген.

Бір кісі аптекаға келіп бас дәрісін сұрады. Аптека қызметкері бір шыны мүстір спиртін келушіге иіскетіп еді, ол есінен танып қалды. Ал есін жинағаннан кейін аптека қызметкерін сөге бастады.

– Сіздің басыңыздың ауруы әлі басылған жоқ па? – деп сұрады аптека қызметкері.

Келушінің жан даусы шықты:

– Ауырған менің басым емес еді, әйелімнің басы еді!

Мұғалім: Фрэнк, жалмауыз деген не?
Фрэнк: білмеймін, мырза.
Мұғалім: Жақсы, егер әке-шешеңді жеп қойсаң, онда кім болар едің?
Фрэнк: Жетім боламын, мырза.

Хэрри: Мұғалім, егер оқушыңыз бір нәрсені орындамаса, сіз оған ұрсасыз ба?
Мұғалім: Әрине, жоқ.
Хэрри: Бұл жақсы болды-ау, мен үй жұмысын орындамай келіп ем.
* * *

– Мама, біз зоопарктегі пілдер болып ойнаймыз. Қане, сіз де менімен бірге ойнаңызшы.

– Жарайды, Бобби, бірақ менің не істеуім керек?

– Сіз кішкентай қыз боласыз да, пілге алма мен кәмпит беріп тұрасыз…

Шешесі: Мэри, көйлегің неге салтақ-салтақ? Беті-қолың да кір. Сен менің көйлегімнің не қолымның кір болып жүргенін көрдің бе?

Мэри: Мен сіздің кішкентай қыз кезіңізді көргем жоқ қой…

– Том, сенің әкең болса мұғалім, ал сен не оқи, не жаза білмейсің.

– Сенің әкең болса дәрігер, сенің кішкентай ініңнің аузында әлі бірде-бір тісі жоқ, – деп жауап қайтарды, Том.

– Мен сабаққа барарда қолдарымды жумаймын, – деді Дэн.

– Неге жумайсың? – Шешесі дүрсе қоя берді. Баласы сасқан жоқ:

– Мен ешуақытта сабақ үстінде қолымды көтермеймін.

– Әкем екеуміз бұл дүниедегінін бәрін білеміз, – деп кішкентай бала досына мақтана қарады.

– Жарайды, олай болса айта қойшы: Азия қай жерде?

Сұрақ балаға қиын болған мен, ол іркілместен жауап берді:

– Бұл әкем білетін сұрақтардың бірі ғой.

– Сен неге жылап тұрсың, Бобби?

– Құс тұрған торды тазалап ем, ұшып кеткені… – деді.

– Сен оны қалай тазалап едің?

– Шаңсорғышпен, – деп жауап берді Бобби.

– Кәне, балақай тіліңді көрсет, – деді дәрігер.

– Жоқ, болмайды. Үйде тілімді шығарғанда мамам мені әрдайым жазалайтын,– деді бала.

Бірде Англияда, қонақүйде таңертеңгі тамағын ішіп отырған адам құйылған сусынның дәмін татып, даяшыдан:

– Мынау шай ма, әлде кофе ме? – деп сұрады.

– Ажырата алмай отырсыз ба, мырза?

– Иә.

– Онда сізге бәрі бір емес пе, – деді даяшы міз бақпастан.

Ресторанда тамақ ішіп отырған кісі даяшының бір шынаяқ кофені қасықсыз әкелгенін көріп:

– Мына кофені саусағыммен араластыруға тым ыстық екен, – деді.

Біраздан кейін даяшы столға екінші кофені әкеліп:

– Мүмкін, мынау онша ыстық емес шығар, – деді.

АҚИҚАТ – АҚЫЛ АЙНАСЫ.

(ағылшын ертегісі)

Бір күні шау тартқан шал терең өзеннің жағасындағы қалың орманға отын кесуге келеді. Ол күні бойы жұмыс істеп, әбден титықтайды. Бір кезде балтасы қолынан сусып кетіп, суға күмп ете түседі.

– Ойпырмай! Балтамнан айырылып қалдым-ау, – деп ол өкіне бастайды. – Енді қалай тіршілік етем? Енді не істеймін? Өзен болса терең, суға сүңгуге қорқам. Кім маған жәрдем етер екен?

Сол сәтте Меркурий шалдың жылағанын естіп, оның алдынан шыға келіп:

– Саған не болды, байғұс? Неге соншама қайғырып тұрсың? – деп сұрайды.

Болған оқиғаны айтқаннан кейін, Меркурий көмектесуге уәде береді. Ол өзенге сүңгіп, судан алтын балтаны алып шығады.

– Мынау сенің балтаң ба? – деп сұрайды.

– Жоқ, бұл менікі емес, – деп жауап береді шал.

Меркурий қайыра сүңгіп, судан күміс балтаны алып шығады.

– Мынау сенің балтаң ба?

– Жоқ.

Сонымен Меркурий үшінші рет суға сүңгіп, шалдың қолынан сусып түскен балтаны өзеннен алып шығады.

– Мынау менің балтам,– деп шал қуанғанынан жылап жібереді. Меркурий оның шындықты айтқанына разы болғаны сондай, қалған екі балтаны да оған сыйлайды да, көзден ғайып болады. Шал оған “рахмет” деп айтуға да үлгере алмай қалады.

Балтаның сәті түсіп табылғанына қуанып үйіне келеді. Үйіне келген соң достарына болған оқиғаны түгел айтып береді. Достарының біреуі өзінін бағын сынап көрмекші болады. Сол жерге барып суға балтасын тастап жіберіп, ол өтірік жылай бастайды:

– Ойпырмай! Балтамнан айырылып қалдым. Қалай тіршілік етем? Енді не істеймін? Кім маған жәрдем етер екен?

Әдеттегідей Меркурий су астынан шыға келіп, әлгі кісінің әңгімесін тыңдағаннан кейін тұңғиыққа сүңгиді. Алтын балтаны алып шығады.

– Мынау сенің балтаң ба? – деп сұрайды.

– Иә, менің балтам, – дейді шалдың досы.

– Сен маған шындықты айтып тұрған жоқсың, – дейді Меркурий, – сондықтан мына балта түгіл, ана балтаны да алмайсың, суға өзіңнің ақылсыздығыңнан тастап отырсың.

АҚЫЛДЫ КЕДЕЙ

Бірде салтатты кедей соқпақ жолмен қалаға келе жатты. Кешке таман қалжыраған ол атын ағашқа байлап, көлеңкеге отырып, кешкі тамағын ішуге кірісті. Кешікпей бір бай да тоқтап, атын сол ағашқа байлай бастады.

– Атыңызды ол ағашқа байламаңыз, – деді кедей. – Менің атым асау, мүмкін, зақым қылар. Келесі ағашқа байлағаныңыз жөн болар.

– Қай жер маған ұнаса, сол жерге атымды байлаймын, – деді бай.

Сонымен ол атын сол ағашқа байлап отырып тамақтануға кірісті. Бірнеше минуттан кейін олар кісінескен жылқылардың даусын естіп, екі аттың тебісіп жатқанын көрді. Жүгіріп барса: байдың аты өліп жатыр.

– Сен атыңның не істегенін көрдің бе? – деп бай айғайлады. – Енді аттың құнын төлеуге тиістісің, – деп кедейді судьяға алып келді.

– Сенің атың оның атын өлтіргені рас па? – деп сұрады судья кедейден.

Бірақ кедей ешқандай жауап қайтарған жоқ. Судья оған бірнеше сұрақтар қойса да, кедей ләм-мим демеді.

Ақыр-аяғында судья ақырып:

– Мен не істеймін енді? Мына кісі тіл қатар емес.

– Апыр-ау, ол сөйлегенде бізден артық сөйлейді. Мен келгенде ол менімен сөйлескен, – деді бай.

– Сенің көзің жетіп тұр ма? – деп сұрады судья. – Ол саған не айтты?

– Әрине, менің көзім жетіп тұр, – деді бай. – Ол маған: “Мен байлаған ағашқа атыңды байлама, менің атым асау, мүмкін, атыңа зақым келтірер”, деген.

– Апыр-ау, кінәлі өзің екенсің ғой, – деді судья. – Ол саған ол ағашқа байлама деп ескертті, сондықтан ол аттың құнын саған төлемейді.

Ол кедейге қарап, неге оның жауап бермегенін сұрады.

– Сіздің сұрағыңызға жауап бермегенім кедейден бұрын байдың айтқанына сенеді ғой деп ойладым. Сондықтан мен бәрін де оның өзі айтсын дедім, енді кім кінәлі, кім кінәсіз екенін өзіңіз көріп тұрсыз ғой, - депті кедей.

Сиқыршы жаңа ойын көрсетуге әзірлік барысында кішкентай ұлының концерт кезінде көмектесуін сұрады. “Сахнаға біреуің шығыңдар дегенде, сен бірден шығуға тиістісің. Бірақ ештеңе істеме, ешнәрсе айтпа, залда отырған көрермендер сенің мені білетініңді байқап қалуы мүмкін”, – деді сиқыршы. Кешкілікте сиқыршы сахнаға шығып: “біреуің көмектесіңдер”, – дегені сол еді, баласы тез-тез басып алға шығып, сахнаға көтерілді.

– Мына балаға қараңдаршы! – деп сиқыршы айғайлады. Ол – мені ешуақытта көрген жоқ, көріп пе едің, достым?

– Жоқ әке! – деді баласы.

– Атың кім, жас жігіт? – деп сұрады офицер әскерге шақыру пунктінде.

– Джим Смит, сэр.

– Сенің әскерге барғың келе ме?

– Әрине, сэр.

– Қай жерде әскери қызметінді атқарғың келеді?

– Соғыс-теңіз флотында болғым келеді.

– Сен жүзе білесің бе?

– Соғыс-теңіз флотында кемелер болатын шығар деп ойлаймын, сэр.

ЖҰМЫРТҚАНЫ ҚАЛАЙ АТАЙДЫ?

Саяхатқа шыққан француз жігіті Англияға келеді. Ол ағылшын тілінде әжептәуір сөйлей алғанмен, әлі толық меңгере алған жоқ еді. Бірде ол қонақ үйде тамақ ішіп отырған кезде жұмыртқаға заказ бергісі келеді. Бірақ ол “жұмыртқа” деген сөзді есіне түсіре алмайды. Кенет терезеден аулада жүрген қоразды көреді. Ол тез даяшыдан: “Мына құсты ағылшынша қалай атайды?” деп сұрайды. “Қораз”, – дейді даяшы. Содан кейін француз жігіті қораздың ұрғашысын қалай атайтынын сұрайды. “Мекиен”, – дейді даяшы. Енді ол мекиеннің балаларын қалай атайтынын сұрайды. “Балапан”, – дейді даяшы. Ақыр соңында француз балапандар туғанға дейін оларды не деп атайтынын сұрайды. “Жұмыртқа”, – деп жауап қайырады даяшы.

– Өте жақсы! Құдай тілеуіңізді берсін, маған екі жұмыртқа, кофе және майға пісірілген нан әкеліңіз, – деп француз жігіті ішпей-жемей тойғандай болады.

Рота командирі хатшыдан:

–Сен іс қағаздарыды қайда сақтайсың? – деп сұрады.

–Берік сандықта, сэр.

–Сенімді ме?

–Әрине. Сіз оны ешқандай кілтпен аша алмайсыз.

–Онда өзің қалай ашасың?

–Шегемен, – деп жауап қайтарды ол.

–Дәрігер, – деді бетін баттастырып бояған толық әйел бөлмеге кіргеннен кейін, – маған не болғанын білгім келеді, сіз соны айтыңызшы?

–Мақұл, біріншіден, сіз тым толықсыз, екіншіден, бетіңізді аз бояңыз, ал үшіншіден, мен – мұғаліммін. Дәрігер келесі қабатта қабылдайды.

* * *
Джо: –Сен қолыңды неге таңып алғансың?
Том: –Отынның арасында жылан көріп едім, ол таяққа айналып кетіпті.
Джо: –Онда қолыңды неге таңып жүрсің?

Том: –Таяқты алып, жыланды ұрайын деп едім, ол таяғым жылан болып шықты.

* * *
Шешесі: Мұндай жаман сөздерді айтуыңды тоқтат.
Баласы: Ол сөздерді Шекспир қолданған.
Шешесі: Жақсы, бұдан былай ол баламен ойнауыңды қой.

* * * Екі адам Лондон қаласындағы ең тар көшеде машиналарымен қарама-қарсы келіп қалды. Олардың ешқайсысының шегініп, бір-біріне жол бергісі келмеді. Біреуі қалтасынан газет алып, оқи бастады. Бір сағат өткеннен кейін екінші жүргізуші сыпайы ғана:

–Оқып болғаннан кейін, сіз газетіңізді маған бермейсіз бе? – деді.

Мұғалім бір римдік кісінің Тибр өзенінен таңертеңгі тамаққа дейін үш рет жүзіп өткендігін айтқанда оқушы күлді.

–Сен жақсы жүзгіштің малтымпаздығына сенбей отырсың ба? – деп сұрады мұғалім.

–Жоқ, мырза,– деді бала,– бірақ менің таң қалып отырғаным: неге ол төрт рет малтып, ар жақтағы киіміне бармайды.

Мұғалім: –Біз қойдан не аламыз?
Томми: –Жүн.
Мұғалім: –Ал жүннен не жасаймыз?
Томми: –Білмеймін.

Мұғалім: –Жақсы, сенің пальтоңды неден жасады?
Томми: –Менің пальтомды әкемнің ескі пальтосынан жасады.

Ерте уақытта Нью-Йорктен Вашингтонға жол жүрген кісілер пәуескемен немесе салт атпен баратын-ды. Олар жолда қонақ үйіне тоқтап, аттарын ауыстырып, дем алады екен.

Бірде бейтаныс конгрессмен түнде қонақ үйіне келіп ат басын тірейді.
Үй иесі оның демократ әлде республикашыл екенін білгісі келеді.

–Сен оны неге сұрадың? – дейді конгрессмен.

–Жақсы, – деді үй иесі, –менің білгенім республикашыл болса жақсы тамақ ішкенді, жайлы төсекті ұнатады, ал демократ болса атының күтіміне, жемшөп жегеніне көбірек көңіл аударады.

–Онда өзім –республикашыл, атым – демократ екенін сізге білдіргім келеді, – дейді конгрессмен.

Бір жақсы дәрігердің жазуы нашар болған екен. Бір де ол досына хат жазып, бір кешті бірге өткізуді, көңіл көтеріп, музыка тыңдауды ұсыныпты. Досы шақырылған кешке келмепті, тіпті хатқа жауап жазып, себебін де хабарламапты.

Арада біраз күн өткеннен кейін екі дос кездесіп қалады.

–Шақырған кешіме келмедің, хатыма да жауап бермедің. Мұның себебі қалай? – депті дәрігер.

–Саған көп рахмет! Мен онымен аптекаға барып дәрі алдым. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін; – деп жауап беріпті сонда досы.

Режиссер: – Қазір сен төртінші қабаттан секіріп, жерге түсуге тиістісің.
Артист: – Байқаңыз, мен жараланып, не өліп кетіп жүрмейін.
Режиссер: – Оқасы жоқ, бұл фильмнің соңғы көрінісі.

Шешесі: – Бүгін балық майын немен ішкің келеді қалқам?
Баласы: – Шанышқымен.
* * *

Бір әйел өзінің суретін салдыруға суретші жалдап:

–Суретім жақсы болып шыға ма? – деп сұрапты.

–Әлбетте! Сіз өзіңізді тани да алмай қаласыз! – деп жауап беріпті сонда суретші.

* * *
Баласы:

–Әке, мен тіс немесе құлақ дәрігері болайын ба?

Әкесі:

–Тіс маманы болғаның дұрыс, балам. Өйткені адамда отыз екі тіс болады, ал құлақ болса екеу-ақ қой.

ШАЛ МЕН АКУЛА.

–Иә, ханым, – деді шал сөзуар әйелге. –Өзенде кемемен жүзіп келе жатып, сүрініп суға құлап түскенімде акула жетіп келіп, аяғымнан шап етіп ұстап алды.

–Сұмдық-ай! – деді әйел шошынып. – Ал сіз оған не амал істедіңіз?

–Аяғымды жегеніне ешқандай қарсылық көрсеткем жоқ ханым. Ешуақытта акулалармен сөз таластырғым келмейді, – деді шал.

ӨТЕ СУЫҚ.

–Біздің болған жерімізде ауа райы өте суық болды, – деді Арктиканы зерттеуші – жаққан шырағымыз қатып қалып, біз оны үрлеп сөндіре алмадық.

–Бұл ештене емес! – деді екінші біреуі. – Біздің болған жерімізде сөйлеген сөзіміз аузымыздан кесек-кесек мұз болып шығып, біз оларды ертіп не тұралы әңгімелескенімізді білген едік, – деді.

МЫСЫҚТАР НЕГЕ ТАМАҚТАН СОҢ ЖУЫНАДЫ

Бір күні бір шымшық фермердің ауласына ұшып келді. Ол сол жерден бірдеңе теріп жеуге дағдыланған-ды. Шаң-тозаңнын арасында бір жерден екінші жерге ұшып қонып, қарны тойғасын әндете бастайтын. Тим атты бұл, шымшық тамақсау еді, тәбеті ашылып, тамақты әрқашан көп жейтін. Бұл жолы да ол айналасын бақыламады, сондықтан үй сыртында аңдып отырған үлкен қара мысықты көрмеді.

–Қарным ашып отырғаны-ай, - деді мысық. – Сәті түссе тамағым тоқ болар.

Шымшық азды-көпті тапқан тамағын жеп болып қанаттарын тарана бергені сол еді, мысық бір-ақ ырғып тарпа бас салды.

–Міне, дәмді тамақ!, – деді мысық қуанып.

–Мені жемеңіз, мысық мырза, – деп жалынды кәрі Тим.

–Жеймін, – деп бір-ақ қайырды мысық. – Маған сенің көркің де, әнің де керек емес, өзіңді жесем болды. Мысық жайланып алып, шымшыққа ауыз сала бастады.

–Жоқ, мысық мырза, бұлай істеуге болмайды.

–Е, неге болмайды? Менің рақымым түседі деп ойлама!

–Сіз беті-қолыңызды жуып па едіңіз?

–Жоқ, ал онын не қажеті бар? – деді мысық.

–Сізге туыстарыңыз не үйреткен? Алдымен беті-қолыңды жуып алмай ас ішуге бола ма екен, – деді шымшық.

–Сен мені жуынбады деп ойлайсың ба?

–Әрине жуынған жоқсыз. Адамдар жуынбай асқа отырмайды. Нанбасаңыз сұрап көріңізші.

–Жә, сенікі жөн екен, – деді қарны ашқан ашулы мысық. –Алдымен жуынып алып, асқа сосын кірісейін.

Мысық жуынып-таранып жатқанда Тим ұшып кетті. Ол алданғанын сонда бірақ сезді. Ал Тим болса биік ағаштың басына қонып алып, әніне басты. Зығырданы қайнаған әрі қарны ашқан ашулы мысық оған отты көздерін атудан басқа дәрмені жоқ еді.

–Адамдар өздеріне ұнағанын қыла берсін мен ендігәрі ас ішпей тұрып жуынбаймын!

Сол күннен бастап барлық мысық атаулы тамақ ішкеннен кейін ғана жуынатын болған.

САЯХАТШЫ МЕН ӘМИЯН.

Екі саяхатшы қатар келе жатыр еді, олардың біреуінің көзі жерде жатқан әмиянға түсті, соны алып жатып:

–Мен қандай бақытты адаммын, – деді ол. –Әмиянды мен тауып алдым. Өзі ауыр екен, мүмкін, іші толған алтын болар.

–Әмиянды мен тауып алдым деп айтпа, –деді қасындағы серігі, –әмиянды біз тауып алдық. Біз қандай бақытты адамбыз деп айт. Әдетте саяхатшылар бір-біріне көмектеседі ғой егер олар бірнәрсе тауып алса, оны екеуі өзара бөлісіп алады.

–Жоқ, жоқ. Мына әмиянды мен тауып алдым, оны өзімде сақтаймын.

Осы кезде олар: “Тоқта ұры!” – деген айқайды естіді. Олар айнала қарап, жүгіріп келе жатқан бірнеше адамды көрді. Әмиянды тауып алған адам:

Егер олар әмиянды тауып алса, біз құрыдық, – деді.

–Жоқ, жоқ, – деді екіншісі. – Сен біз деп айтпа, енді мен деп айтуға тиістісің. Мен құрыдым деп айт.

ҮЛКЕН ҚОЛ – МОЛЫРАҚ.

Бір әйел кішкентай баласы мен нәрсе сатып алуға базарға барады. Олар шие сатып тұрған кісінің жанына келген екен. Сатушы кішкентай баланы жақсы көріп.

–Бір уыс шие ала ғой, балақай, – дейді. Бала шие салған жәшіктің жанына келді де қолын созып, қайта ала қойды. Шие алған жоқ.

–Саған шие ұнамады ма? – деп сұрады сатушы.

–Әрине, – деді бала. Сатушы кісі молырақ қып бір уыс шиені алып, оны балаға берді.

–Рахмет! – деді бала.

–Боби, – деді шешесі жолда үйге келе жатқанда, – сен шиені неге өз қолыңмен алмадың?

–Себебі ол кісінің қолы менің қолымнан үлкенірек қой, – деп жауап берді бала.

ҚОРАЗ БЕН ТҮЛКІ.

Бір күні бұлаңдаған қызыл түлкі тау баурайына орналасқан фермердің ауласынан әдемі қоразды кездестіреді де, ретін тауып ұрлап алып кетеді. Мұны аңдап қалған село тұрғындары түлкінің соңына түсіп, улап-шулап қуа жөнеледі. Ал, түлкі болса ауызындағы әдемі қоразды мықтап қыса түскен бойы бар пәрменімен қашып келеді. Түлкіге түскі тамақ болғысы келмеген әдемі қораз құтылудың амалын ойластырады. Сондағы ойлап тапқаны мынау – қалай да түлкінің қарысып қалған жағын ашқызу. Сондықтан ол түлкіні асыра мадақтап:

–Артымыздағы қуып келе жатқандар өңшең ақымақтар екен. Олар сені қалай ұстасын, сенің де оларға жеткізер түрің жоқ түлкі, – дейді ол. Атаққұмар түлкі бұл сөздерге разы болып, масаттанып қалады.

Осы кезеңді пайдаланған қораз сөзін одан әрі жалғастырып:

–Естисің бе, сенің артыңнан қуып келе жатқан адамдар: “Тоқта, ұры!” деп шулайды. Олардың сені ұстағылары да келмейді. Сен тоқта да оларға: “Мен ұры емеспін, бұл менің өз қоразым, ешкімнің де қоразын ұрлаған жоқпын” – деп неге айтпайсың. Сонда олар кері бұрылып өз жөндеріне кете барады ғой, – дейді қораз.

“Бұл бір жақсы ақыл болды ғой” деп ойлаған түлкі басын жоғары көтеріп алып, бар даусымен:

–Бұл менің өз қоразым. Сендердікі емес, – деп айғайлайды.

Осы сәтті пайдаланған әдемі қораз түлкінің аузынан құтылып шығып, фермердің ауласына қарай қаша жөнеледі.

КІНӘЛІ АҒАШ.

Бірде паркте серуен құрып келе жатқан қатал полковник өз полкындағы жәй киім киген лейтенанттың бір жас әйелмен әзілдесіп отырғанын алыстан байқап қалады. Полковникті көзі шалып қалған жас лейтенант өсіп тұрған жеңішке ағаштың тасасына барып тығыла қояды. Келесі күні полковник оны кабинетіне шақырып алып:

–Сен кеше кешке паркте не жәй киіммен жүрдің? – деп сұрайды.

Мен оған кінәлі емеспін, ағаш кінәлі. Өйткені ағаш онша толық болып өспеген екен, – деп тапқырлықпен жауап береді лейтенант.

ШЕГЕНІ ҚАЛАЙ ҚАҒУ КЕРЕК.

–Мен шеге қақсам-ақ болғаны саусағымды соғып аламын. Бұдан қалай құтылудың амалы бар ма? Білсеңіз айтыңызшы.

–Менің саған айтар жалғыз ақылым мынау: шеге қаққанда балғаны екі қолыңмен ұстағайсың.

КЕЛІСТІ-АУ, БІРАҚ…

–Бұл Нора ма? – деді Вилли трубкадан.

–Иә, сөйлеп тұрған Нора, – деп жауап қайтарды қыз.

–Маған тұрмысқа шық, Нора! Және мүмкін болса тезірек…

–Жақсы, мен келістім. Бірақ сөйлеп тұрған кім екен?

БАҒБАН ТАҢДАУ.

Бір әйел бау-бақшасына бағбан қажет болып газетке хабарландыру береді. Сол хабарды естіген сон үйіне екі үміткер келеді. Солардың біреуін таңдап алу керек. Ол келгендермен босағада әңгімелесіп тұрғанда кейінірек отырған кемпір екеудің аласа бойлысын нұсқап, ымдайды. Әйел “Е, енем мұның жұмыскер екенін білетін болды ғой, бәлкім оны бұрын жалдаған шығар”, деп ойлайды.

–Бұл кісі бұрын жұмыс істеп пе еді? –дейді олар кеткен соң.

–Жоқ.

–Ендеше неге аласа бойлыны нұсқадыңыз? Ұзынтұрасы кескіндірек еді.

–Мәселе кескінде емес, шалбарда. Ия, шалбарда. Егер шалбарының тізесі жамаулы болса – оның іскер бағбан болғаны. Ал жамау шалбардың сыртында болса ол нағыз жалқау адам…

“БАТЫРҒА” САУАЛ.

Мектептен келген Джанни әкесіне мынадай сауал қойды:

–Әке, соғыс ардагері ретінде Сіз білесіз ғой, солдат ештеңеден де қорықпайды емес пе?

–Иә, балам, қорықпайды!

–Ендеше менің үлгерім табеліме қараңызшы.

ТАПҚЫРЛЫҚ.

Бір сержант өзінің қарамағындағы солдаттарға нұсқау беріп жатқанда олардың біреуі:

–Егер секірген кезімде парашют ашылмай қалса не істеймін? – деп сұрады.

–Онда қайта келіп, басқа біреуін ауыстырып аласың, – деді сержант.

КУӘГЕР.

Бірде туристік саяхатқа шыққан Фред жанындағы Маргорэтке Африкада болған бір оқиғаны әңгімелепті.

–Бір күні, – дейді ол, – лагерьге Чаз көлінен бір шелек су әкеле жатқанымда Африканың ну орманынан қарсы шыға келген жолбарысты көрдім. Осы жерде не істеу керек?! Мылтықсыз, қан ішер жартқышқа бетбе-бет кез болдым.

–Ал, содан кейін не болды? – деп сұрайды қатты үрейленген Маргорэт.

–Мен үрей билеген бойымды тез жинап алып, сескенбестен бір шелек суымды әлгі жолбарыстың басына құя салдым. Ол қорыққанынан қаша жөнелді.

Осы кезде Маргорэттің келесі жағында отырған Боб сөзге араласады:

–Дұрыс айтады. Мен де сол кезде Африкада ан аулап жүріп, түнде жолбарысқа кездестім. Сірә, сол саған кездескен жолбарыс болар, басын сипағанымда суы әлі кеппеген екен, – деді ол.

КӨҢІЛ АЙТУ.

Шешесі сыбырлап:

–Томми, сенің атаң қатты ауырып жатыр. Сен оған көңіл көтеретіндей бірдеңе айтшы.

Томми дауыстап:

–Ата, сізді жерлегенде тек әскери үрмелі аспаптар оркестірі азат күйді ойнатсақ қарсы болмайсыз ба?

ҚОНАҚТЫҢ АРҚАСЫНДА.

Түскі тамақты ішіп болған қонақ:

–Ханым, сіздің үйдегідей дәмді түскі тамақты ішудің сәті маған жиі түсе бермейді, – дейді үй иесіне ризашылығын білдіріп.

–Біздің үйде дәл осындай түскі тәтті тағам үнемі бола бермейді. Сіздің біздің үйге келгеніңізге мен де қатты қуандым, – депті сонда кішкентай Пегги.

СВИФТ ПЕН КҮТУШІ.

Бір күні әйгілі ағылшын жазушысы Джонатан Свифт қасына күтушісін ертіп деревняға келеді. Таңертең ол аяқ киімін киейін десе, тазаланбаған екен.

–Бұл қалай болды. Том, – деді Свифт. – Мұны неге тазалап қоймағасың?

–Бұгін көше лайсаң екенін көріп тұрсыз ғой. Далада аяқ киіміңіз қайтадан былғанып, саз болады емес пе. Сол себепті тазаламап едім.

Жазушы аз-кем ойланып тұрады да:

–Жақсы. Том. Бар да дайындал. Қазір көшеге шығамыз.

–Мен таңғы асымды әлі ішкен жоқ едім.

–Білем. Бірақ мынаны айтып қояйын. Егер сен қазір таңғы тамақты ішетін болсаң, біразан соң қарның қайта ашады. Сондықтан бүгін таңғы асты ішпей-ақ қой.

ҰМЫТШАҚ НЬЮТОН

Исаак Ньютонның ғылымға берілгендігі сондай, ол өзі ашпақ болып зерттеп жүрген ізденісінен басқаны ұмытып кете береді екен. Бір күні ол жұмысбасты болып отырғанда үйіне бір мырза келеді. Оған ғалымның қолы бос емес екендігін хабарлайды. Түскі астың мезгілі. Мейман ас үйге кіріп, ғалымды тосып отырады. Күтуші дастарханға піскен құс етін әкеліп қояды. Бие сауымдай уақыт өтеді. Бірақ Ньютон көріне қоймайды. Мейманның шыдамы таусылады. Әрі қарны ашады. Содан ол үй иесін тоспай, етті жеп, сүйектерін бір ыдысқа сала береді. Әбден тойып алған соң күтушіден тағы да құс етін пісіруді өтінеді. Ол пісіп болған шамада ғалым кіріп келеді.

–Қарным ашып қалыпты. Мен тамағымды ішіп болғанша тоса тұрарсыз, шамасы – дейді ол мырзаға.

Бірақ ыдыстағы сүйектерді көзі шалып:

–Біз, ғалымдар, осындай ұмытшақ адамдармыз ғой. Түскі асымды әлдеқашан ішкен екенмін ғой. Оны ұмытып та кетіппін, – дейді.

Осы кезде күтуші құс етін әкеліп дастарханға қояды. Мейман болған жағдайды түсіндіреді. Ньютон шын жүректен қарқылдап күліп алып, тамаққа қол салады.

“КЕДЕЙ СЕМЬЯ”

Кішкентай американдық оқу басталған күні мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын болды. Шешесі баласын шығарып салып тұрып былай деді:

–Сен біреу-міреуге біздің үй бай тұрады деп айтып қойып жүрме!

–Жарайды.

Мектепте мұғалім оқушыларға өз үйі туралы шығарма жазуға тапсырма берді. Байдың баласы мектепке аттанарда шешесінің айтқанын есінде ұстай отырып, былайша шығарма жазды. “Біздің үй өте кедей тұрады. Біз жаман үйде, лас ауданда тұрып жатырмыз. Әкем бай болғаннан кедей болғаның әлдеқайда жақсы дейді. Себебі бай адамның тірлігі қиын тірлік. Ол үнемі қайткен күнде ақшаны көбірек табам, қайтсем байи түсем деп жатса-тұрса тыным таппай, ұйқысын да дұрыс ұйықтай алмай жүреді. Міне, біздің үй осылай кедей тұрады. Қызметшілер де, жүргізушілер де, бақты күтетін бағбандар да кедей тұрады”.

ЖАРҒАНАТТЫҢ ТІРЛІГІ.

Ертеде құстар мен хайуандар бір-бірімен жауласып, жиі соғысып қалып жүрді. Жарғанат жартылай құс, жартылай хайуан болғандықтан ешқайсысына да қосылғысы келмеді. “Қай жеңгені – менікі” дейтін болды. Ол ұрысқа қатыспай, жайғана бақылаушы болды әуелі. Бірде құстар күш алып бара жатқанын көріп ол сол жаққа шықты. Өзін әскер қатарына қосуды өтінді.

–Мен құспын, – деді ол.

–Осы сағаттан бастап мен сендермен бірге ұрысқа шығамын.

Ұрыс тағы да жүріп жатты. Енді хайуандар жағы құстарды тықсырып, белең ала бастады. Жарғанат хайуандар жағына шықты.

–Мен құстан гөрі тышқанға ұқсаймын, – деді ол хайуандарға. Мен сендермен бірге болайын.

Оның бұл тілегі де орындалды. Ұрыс тағы да жалғасты. Ақыры екі жақ та жеңісе алмай, бейбітшілік орнады. Жарғанат аман қалды. Енді ол құстардан да, хайуандардан да бөлініп кетіп, бір қараңғы жерге ұя салды. Содан былай күндіз көзге түспейтін болды. Шыға қалсам не құстар, не хайуандар залал жасар деп тек түнде ғана жұрт көзінен тасада ұшатын болды.

АҚЫРЫН ЖАЗУ.

–Мені мазаламашы. Дос қызыма хат жазып отыр едім…

–Сен неге жылдам жазбайсың?

–Ақырын жазатын себебім – ол шапшаң оқи алмаушы еді.

НАҒЫЗ АЛҒЫС.

Әйелі еріне газет оқып отырды.

–Мұндайды мен ешқашан да естіп көрген емеспін.

–Тыңдашы, бір кісі өзіне күйеуге шықпаған әйелге бұдан отыз жыл бұрын 500 фунт ақша қалдырыпты.

–Бұл нағыз алғыс екен!

ШЫНАЙЫ СЕЗІМ.

Бір кино жұздызы режиссермен келіспей қалады. Екеуара қызу таластан соң ол:

–Егер сен менің күйеуім болсаң, мен сенің шайыңа у салып берер едім. Білдің бе!

–Егер мен сенің күйеуің болсам, сол у салып берген шайыңды қуана-қуана ішіп салар едім, ханым, – депті сүйкімді күлкімен режиссер.

ЕСКІ ТАНЫСТАР.

Бірде бір жас композитор атақты итальян композиторы Россиниге келіп, өзінің тамаша туынды жазғанын, оны тыңдап көруін өтінеді. Жас дарындарды қадірлей білетін Россини уақыты тым аз болса да келісім береді. Жас композитор шығармасын ойнай жөнеледі. Оны тыңдап отырып атақты композитор бас киімін әлсін-әлсін алып, сосын қайыра киіп қояды. Мұны көрген жас композитор Россиниден:

–Бөлме тым ыссы болар, тегі? Сіздің тынышыңыз кетіп отыр ғой, – деп сұрайды.

–Жоқ! – деді Россини жұлып алғандай, – қашанда ескі таныстарымды көргенде мен бас киімімді алып, ізет етемін. Ал сенің шығармаңда менің ескі таныстарым соншалықты көп екен. Сондықтан бас киімімді бір киіп, бір шешіп отырмын ғой…

ӨЗІНЕ ӨЗІ БЕРГЕН БАҒА.

Француздың атақты жазушысы Онеро де Бальзактың мынадай бір тамаша қасиеті болған көрінеді. Ол өзіне бейтаныс адамның жазуын көріп-ақ сол адамның мінез-құлқы, үлгі-өнегесі жайлы айтып бере алады екен. Жазушы өзінің осы бір тамаша қабілетін үнемі мақтаныш етіп айтып жүретін болған. Кім-кімді болмасын жазуына қарап-ақ тани алатын жазушы қабілеті жайлы естіген бір әйел оған арнайы келеді. Келеді де оқушы дәптерінен алынған бір парақты жазушыға ұсынады.

–Сіз осы баланың мінезі туралы не айтар едіңіз? – дейді әйел жазуға толы парақты Бальзаққа көрсетіп.

Жазушы баланың жазуына қарап біраз ойланып тұрады, алайда ештеңе айтпайды. Сонан соң әйел бұл жазуды жазған бала өзінікі еместігін, сондықтан көңіліне келер демей-ақ, ойын батыл айтуын өтінеді.

–Жарайды, олай болса айтайын, – дейді жазушы.

–Мен Сізге нені көремін, соны айтамын. Бұл бала барып тұрған жалқау және жұмыс істегенді ұнатпайды!

–Міне қызық! – дейді әйел нанар-нанбасын білмей. –Себебі мына бір парақты мен Сіздің бала кезіңіздегі жазған ескі дәптеріңізден жұлып алып едім…

САҒАТҚА – СӨГІС.

Америка Құрама Штаттарының бірінші президенті Джордж Вашингтон өзіне секретарь етіп бір жас жігітті ұстапты. Жас жігіт жұмысқа ұқыпты алғыр болса керек. Алайда қызметке үнемі кешігіп келеді екен. Ал президент болса жұмысқа кешіккендерді жақтырмайды. Бір күні таңертең әдеттегідей секретарь жұмысқа кешігіп келеді. Вашингтон одан әлдеқашан бұрын келіп, кабинетінде жұмыс істеп отырады. Секретарь одан кешірім сұрайды:

–Президент мырза, мен сәл кешігіп қалдым. Кешіріңізші. Сағатым қате екен.

–Мақұл, онда басқа сағат сатып ал. Егер оның да көмегі болмаса – әуелі сағатыңа сөгіс беремін, оған да көмбесе, өзіңді жұмыстан шығарып, басқа секретарь алармын, – депті президент.

МАҚТАНШАҚ МАРШАЛҒА СОҚҚЫ.

Бірде Наполеон өзінің кітапханасынан керекті кітабын іздейді. Ақырында кітаптың жоғарғы сөреде тұрғанын көріп, алайын деп қолын созса, бойы жетпейді.

–Осыны көріп тұрған маршал Монсей, армиядағы ең еңсегей бойлы адам болса керек, Наполеонға жағып қалуға ниеттеніп, тұра ұмтылады.

–Мырзам, маған рұхсат етіңізші, мен-ақ алып берейін, мен сізден биіктеумін, ұлы мәртебелім!

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі, маршал! Сен ұлы мәртебеңнен ұзынырақсың, бірақ биік емессің, – депті назаланған император.

САЗАЙЫН ТАРТҚЫЗДЫ.

Бірде Бернард Шоу ресторанда тамақтанып отырды. Оркестр бір даңғаза музыканы өршелене ойнап, жұрттың мазасын алады. Әсіресе, атақты жазушы дарақы музыканы ұнатпаушы еді, қабағын шытып, даяшыны шақырып алады да, есеп айырысуын өтінеді. Осы кезде жазушыны таныған оркестр дирижері оның көзіне түсіп қалуға тырысып:

–Аса мәртебелі Шоу мырза, сізге арнап тағы бір әуенді ойнасақ қалай көресіз? – деп ілтипат етеді.

–Сізге шексіз алғысымды айтамын. Алайда осы музыкадан гөрі шахмат ойнағаныңыз дұрыс па деймін, – депті Шоу.

ҒИБРАТ

“Гулливердің саяхаты” романының авторы, атақты ағылшын қаламгері Джонотан Свифт сараң адам болса керек. Қызметшілері оған талай мәрте сыйлық әкелгенде олардың қолына тиын-сыйын ұстата салуда білмейді екен. Жазушының осы мінезін білетін қызметшілері оған аса жолай қоймайды. Мұны бір тапқыр бала да біліп, сараң жазушыны бір ұялтпақ болады. Бала бір күні балық, құс, жеміс толы себетті көтеріп әкеліп, Свифтің алдына қояды.

–Міне, менің қожам саған мыналарды сыйлыққа беріп жіберді, – дейді дөрекі ауыспен.

Бала бұл үйге бір емес, бірнеше мәрте осындай сыйлық әкелген. Жазушыға баланың тым дөрекі сөйлеген тұрпайы қылығы ұнамай қалады.

–Мұнда кел, балам, сәлемдеме әкелгенде оны қалай сыпайы тапсыру керектігін үйретейін. Кел де менің орныма отыр. Сен Джонотан Свифт бол, ал мен сенің орныңа бала болайын, – дейді.

Ол баланы өзінің орнына отырғызады. Бас киімін алып, сыпайы ізет көрсетеді.

–Мырза, менің қожам Сізге арнап сәлемдеме беріп еді, соны құрметпен қабыл алуыңызды өтінемін!

–Өте жақсы, балам! Қожаңа айта бар, мен оған өте ризамын. Мына ақшаны, еңбегің бар ғой, ала ғой, – деп жауап қайтарды бала.

Свифт қарқылдап күліп, баланың тапқырлығына риза болды. Сөйтіп, балаға бір крон ақша берді. Өзінің ағаттығына өкініп, тапқыр баладан ғибрат алды.

САҢЫРАУҒА СӘЛЕМ БЕРСЕҢ…

Құлақтары мүкістеу үш кісі поезға бірге отырды. Поезд станцияға жақындап келе жатқанда олардың бірі терезеден қарап, қай тұсқа жеткендерін білгісі келді.

–Уэмблиге келдік пе? – деді.

–Жоқ, бүгін күн бейсенбі, – деп жауап берді серіктерінің бірі.

–Мен де. Енді не тұрыс бар, кәне ішпейміз бе! – деді үшіншісі.

ӨЗІНЕ ДЕ СОЛ КЕРЕК

Бір дәулетті әйел туған күніне келген қонақтарына ән салдыру үшін бір әншіні шақырады. Әнші келіп, өзіне әзірлеген асты үй қызметшілеріне арналған ас үйде ішеді. Оны қонақтар отырған бөлмеге содан соң ғана шақыртады.

Әнші қонақтарға басын иіп:

–Мен өз міндетімнен құтылдым. Асымды кіммен ішсем, әнімді соларға айтып бергенмін. Хош, сау болыңыздар, – деп шығып кетеді.

ТІЛ БІЛМЕУДІҢ ЗИЯНЫ.

Екі американдық Испанияға саяхат жасады. Бірде олар ресторанға тамақтануға келеді. Олардың май жаққан нан жеп, сүт ішуге ықыласы болады. Алайда даяшы ағылшын тілін түсінбейді. Американдықтың біреуі бір парақ қағазға сиырдың суретін салып, дастарханды көрсетеді. Даяшы күлімсіреп, қолын кеудесіне қойып шығып кетеді. Әлгіндей болмай қайта оралып, американдықтардың алдына корридаға кіретін екі билет әкеліп қояды.

КӨРМЕС ТҮЙЕНІ ДЕ КӨРМЕС.

–Джон, – деді үй иесі хат тасушы балаға, – Томсон мырзаға жазылған хатты алдың ба?

–Иә, алдым. Бірақ Томсон мырзаның хатты оқиалатынына сенбеймін.

–Неге сенбейсің. Джон?

–Ол соқыр ма деп ойлаймын. Мен оның бөлмесінде болған кезімде ол “Басындағы қалпағың қайда?” деп екі қайтара сұрады. Мен сол кезде қалпағымды басыма киіп тұрған едім.

ИТ НЕ БІЛЕДІ…

–Кәне, екеуміз қыдырып келейікші, – деді бір адам алты жасар баласына.

–Бүгін шешеңнің қолы тимейді, ал мен болсам боспын.

Олар қыдырып келе жатып көшеде үлкен қара төбетті көрді. Ит арс ете түсті. Бала қорқып әкесіне тығыла бастады. Бірақ әкесі саса қоймады.

–Қорықпа, балам. Үргені болмаса, ит кісіні қаппайды дейді. Мұндай мақалды білетін шығарсың?!

–Білуін білем ғой. Бірақ соны ит біле ме екен?!

ҰМЫТШАҚ.

Бірде белгілі жазушы позбен жолға шығады. Жайбарақат отырғанда билет тексеруші келіп жазушыдан билетін көрсетуді талап етеді. Қапелімде жазушы тауып бере алмайды.

–Жарайды, абыржымаңыз, келесі станцияда көрсетерсіз, – деді тексеруші жазушыны танып.

Жазушы билетін келесі станцияда да тауып бере алмайды.

–Саспаңыз, – дейді тексеруші қалталарын ақтарып абдыраған жазушыны аяп.

–Кейінгі станцияға дейін тауып қоярсыз.

Бірақ билетін бұл жолы да таба алмайды.

–Қам жемеңіз, қажеті жоқ, – дейді тексеруші.

–Бірақ мен билетімді қайтсем де табамын. Қайда бара жатқанымды білуім керек емес пе, – дейді жазушы.

МҰНДАЙ ДА БОЛАДЫ.

Бір американдық миллионер аты шығып жүрген бір суретшінің суретін сатып алады. Жұрт мақтағанға ерді ме, кім білсін, осы сурет үшін ақшасын аямайды. Суретті алып келіп қонақ бөлменің көзге түсер жеріне ілейін десе мұның қайсысы басы, қайсысы аяғы екенін айра алмайды. Сосын суретшіні түскі асқа шақырады. Алайда оған суреттің құпиясы жайлы жақ ашпайды. Суретші ас үстінде суретке әлсен-әлсен қарайды. Сосын үңіле келіп тағы қарайды. Суреттің төңкеріліп ілінгенін көрген соң үй иесіне:

–Сіз суретті төңкеріп іліп қойыпсыз, – дейді.

–Солай ма? Оны бірден неге айтпадыңыз?

–Басында мен өзіме сенбедім ғой, депті суретші.

Бос ағай: – Ал, Фрэнки, биылғы демалыс кезінде не істемек ойың бар сенің? Фрэнки: – Өткен жылы мен құлақ және шешек ауруымен ауырдым. Биылғы жылы немен айналысатынымды өзім де білмеймін.

Әйел: – Сен неге қолшатыр ұстап жүрсің? күн жауып, не күннің көзі жарқырап тұрған жоқ қой. Кішкентай қыз: – Бұл қолшатырды күн жауса әкем, күн ыстық болса шешем ұстайды. Ал маған тек осындай күндері ғана кезек тиеді.

Мұғалім: – Біз төбемізден ауа райы ашық күні не көреміз?
Джим: – Көгілдір аспан, сэр.
Мұғалім: – Ал жаңбыр жауғанда ше?
Джим: – Қол шатыр, сэр.

* * * Солдат қолтығына қысып ұстаған бомбасымен автобусқа отырғаннан кейін асықпай оны тізесіне қойды.

–Сенің ұстап отырғаның не? – деп сұрады билет тексеруші.

–Бұл жарылмайтын бомба. Мен мұны қаладан тыс жерге апарып тастауға бұйрық алдым, – деп жауап берді ол.

–Сен есуассың! Осы сияқты затты тізеңе неге қоясың, одан да оны мына өзің отырған орындықтың астына қойсаңшы, – деп ақыл айтты билет тексеруші.

АЛТЫН КӨРСЕ…

Бір күні қасында жетектеген баласы бар бір кісі көшеде келе жатады. Қараса жерде сыңар қолғап жатыр екен.

–Біреу түсіріп алған ғой. Іздесе тауып алар, – деп қолғаптың сыңарын ағаштың бұтағына іледі.

Біраз жүрген соң жерде жатқан қолғаптың екінші сыңарын кездестіреді.

–Қап, бір сыңарының мұнда жатқанын білсем, әлгіні ала кететін едім-ау, деп санын соғыпты.

ҚАЙСЫСЫ ЖӨН?

Бірде жеңіл машинамен келе жатқан біреу көшеде бір адамды соғып кетеді. Жүргінші жеңіл жарақат алған екен, жүргізушіге тап береді.

–Машинаны жүргізе алмайтының бар, неге мінесің?

–Мен айыпты емеспін. Сіз кешірерсіз, мен ұқыпты жүргізуші-мін. Бес жыл бойы жүргізіп келемін!

–Онда Сіз де кешірерсіз. Мен 55 жыл бойы жаяу жүріп келемін. Менің тәжірибем сенен де мол! – депті жарақат алған адам.

АПЫРАЙ, Ә!

Бір мырза Лондонға келеді. Жолда әбден шаршап, қажыған ол қонақүйге орналасқан соң ұйықтап кетеді.

Кенет есік қатты қағылады. Ашуланған мырза:

–Не болды сонша ұрғылап, – дейді.

–Мырза сізге төменде хат жатыр.

–Мазаламаңыз. Хат ертеңге дейін қашып кетпес, – деп қайта ұйықтап кетеді.

Сәлден соң есік тағы да тарсылдайды.

–Не болды тағы? – деп айқайлайды мырза.

–Кешіріңіз. Хат Сізге емес екен!

БАЛАҢ ӨССЕ…

–Сіздің балаңыз өсіп қалды деп естіп ем. Рас па?

–Әрине, өсіп келеді. Осыдан екі жыл бұрын ол менің ескі костюмімді қиюші еді. Қазір мен оның костюмін киіп жүрмін.

–Е, онда жараған екен!

АМАЛ НЕШІК…

Жауын-шашынды бір күні бір әйел итімен автобусқа мінеді. Төбет тым ірі, оның үстіне аяқтары былғанышты еді.

–Егер мен итім үшін ақша төлесем ол басқа жолаушылар сияқты орындыққа отыра ала ма?–деп сұрады әйел билет тесерушіден.

Билет тексеруші итке қарап тұрып:

–Әрине, ханым, олай болса ол да басқа жолаушылар сияқты орындыққа жайғаса алады. Бірақ нақ басқа жолаушылар сияқты ол аяғын орындық үстіне қойып отырмасын!

ҚЫЗЫҚПАСА ӘЙЕЛ БОЛАМА?

Бір әйел театрда қойылым көріп отырады. Басында кеңжиекті әдемі қалпағы бар екен. Оның үстіне ол алдыңғы қатарлардың біріне отырса керек.Оның ту сыртында отырған адамның абыржып, дегбірі қашып отырғанын сезген әйел оған бұрылып:

–Мырза, менің қалпағым сіздің мазаңызды алып тұр ма? – дейді қысылып. –Олай болса, кешірім өтінемін!

–О не дегеніңіз, ханым! Бірақ ол менің әйелімнің берекесін кетіріп отыр. Өйткені оның да дәл осындай бір қалпақ кигісі келеді!

МӘСЕЛЕ МЕНДЕ ЕМЕС…

–Джим мынау сенің өзіңнің жазғаның ба? – деп сұрады бір оқушыдан үй тапсырмасын тексеріп отырған мұғалім.

–О не дегеніңіз?!

–Сенің әкеңнің жазуы сияқты екен…

–Мәселе менде емес қой. Оған таң қалатын дәнеңе жоқ. Өйткені мен әкемнің қаламымен жазғам!

СЫБАҒА.

Бір күні ерлі-зайыпты екі адам ресторанға тамақтануға келеді.

–Не жегің келеді сүйіктім? – дейді ері әйеліне.

–Өткен жолы жеген балықты жесем, – дейді әйелі тамсанып.

Әлгіндей болмай балықты алып келеді.

–Мына балық маған енді ұнамай отыр, – дейді әйел тыжырынып.

–Даяшы, балық иістеніп кеткен бе, қалай өзі – дейді мырза.

–Иістенсе иістенген де шығар. Сіздің әйеліңіз ана жолы тоймай қалып еді. Содан бері өзіне бұйыратын сыбаға болған соң сақтап қойғанбыз! – дейді даяшы шімірікпестен.

СҰРАНШАҚТЫҢ СЫРЫ.

Бір жүзіктің көзінен өткен жылпос жігіт көшеде бейтаныс адамды тоқтатып алып, одан бес доллар ақша сұрайды.

–Мен бейтаныс адамға қарыз бермеуші едім. – дейді анау қалтасына қол салғысы келмей.

–Е, оны өзім де білем! Егер танысаң бес тиын да бермейсің ғой! – депті сұраншақ.

СӨЗ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ.

Бір мырза әйелін таудағы курортқа дем алуға жібереді. Зайыбы күн сайын күйеуіне телеграмма салып тұрады. Бірде “Сенсіз мұнда әбден қиын болып тұр. Жаңбыр күнде жауады, көз аштырмайды” деп телеграмма келеді. Осы мазмұнда сегізінші мәрте телеграмма алған күйеуі әйеліне былайша телеграмма жіберіпті: “Тез үйге қайт. Бізде жаңбыр әлдеқайда аз жауады!”.

БАЙҚА, УЛАНЫП ҚАЛЫП ЖҮРМЕ!

Бірде химик профессор студенттерден сынақ алып жатады. Тақтаға формула жазып, бір студенттен: “Мынау қандай формула?” – деп сұрайды.

Студент те бір қу екен, саспайды.

–Профессор мырза, осы формула дәл тілімнің ұшында тұрғаны, – деп тұра береді.

–Ойлан, ойлан! – дейді профессор.

–Тілімнің ұшында тұр әлі де, – дейді студент міз бақпай.

–Ендеше, байқа, уланып қалып жүрме! Бұл азот қышқылы, – депті профессор.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙