TELEGEI

Home

Əлемдiк философиялық мұра 14 том

Сәбит Мұқанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Əлемдiк философиялық мұра 14 том

Бұл томға К.Поппер, Дж.Сорос, А.Бергсон, Ж.Аттали, О.Лафонтен, И.Валлерстайн, Ж.Бодрийяр, З.Бжезинский, Ф.Фукуяма сияқты ашық қоғам мәселелері бойынша ойшыл-классиктердің барынша салмақты және кең тараған еңбектері енді. Бұл жұмыс қазіргі жаһандану заманындағы қоғамның мәнін анықтауға және оның динамикасы мен одан əрi дамуын, жаңа әлемнің келешегін тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Еңбек мамандар мен жоғары оқу о

«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі

қоғамдық кеңестің құрамы:

«Әлемдік философиялық мұра»
сериясының редакциялық алқасы:
Ә. Нысанбаев (төраға), Ж.Әбділдин, Т.Әбжанов, Қ. Әбішев,
Қ.Әлжан (төрағаның орынбасары), Ғ.Есім, Т.Ғабитов,

Д.Кенжетай, Ғ.Құрманғалиева, Ж.Молдабеков (төрағаның
орынбасары), С.Нұрмұратов, М.Сәбит, А. Тайжанов.
М. Əшімбаев, кеңес төрағасы
Ə. Асқаров, жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері:
С. Абдрахманов
Б. Аяған
М. Əбусейітова

С. Əжіғали
Н. Əлімбай
М. Əуезов
К. Байпақов

К. Биекенов
К. Бұрханов
А. Досжан
Е. Ертісбаев

Ғ. Есім
С. Қасқабасов
А. Қошанов
Ə. Нысанбаев

Қ. Салғара
З. Самашев
Р. Сариева
А. Сейдімбек

Қ. Сұлтанов
Қ. Тұяқбаев
Ж. Түймебаев
К. Хұсайынов

Е. Шаймерденов

ББК 87.3(0)

Ә 52

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару”

бағдарламасы
Құрастырушы М.Сәбит
Ғылыми редакторы Ә.Н.Нысанбаев
Сарапшы М.Изотов

“Əлемдік философиялық мұра”.
«Ашық қоғам философиясы». Жиырма томдық. 14-том. –
Алматы: «Жазушы», 2007. – 528 б.

ІSBN 978-601-200-035-1

Ә 0301030000-097

ББК 87.3(0)

402 (05)-07

ІSBN 978-601-200-035-1-(Т.14)

ІSBN 9965-764-01-8

© “Жазушы” баспасы, 2007 Ә 52 Бұл томға К.Поппер, Дж.Сорос, А.Бергсон, Ж.Аттали, О.Лафон­ тен, И.Валлерстайн, Ж.Бодрийяр, З.Бжезинский, Ф.Фукуяма сияқты ашық қоғам мәселелері бойынша ойшыл-классиктердің барынша салмақты және кең тараған еңбектері енді. Бұл жұмыс қазіргі жаһандану заманындағы қоғамның мәнін анықтауға және оның динамикасы мен одан əрі дамуын, жаңа әлемнің келешегін тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Еңбек мамандар мен жоғары оқу орындарындағы студенттер мен магистранттарға ашық қоғам философиясы мен саяси ілімі бойынша теориялық көмек бо­ лып табылады.

 АЛҒЫ СӨЗ Адамзат тарихының сан қатпарлы кезеңдерінде әр түрлі ойшыл­ дар мен саяси және әлеуметтік күштер қоғамды жетілдіруге, оның құрылымдық мазмұнын пәрменді өзгертуге деген талпыныстар жасағаны белгілі. Озық ойлы философтар мен саясаттанушылар өздерінің теориялық ізденістерінде қоғамның адамның рухани және әлеуметтік табиғатына барынша сәйкес келетін модельдерді іздеумен болды. Міне, соның нәтижесінде өткен ғасырда әлемдік әлеуметтік кеңістікте ашық қоғам туралы әрқилы түсініктер мен идеялар қалыптаса бастады. Еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Отанымызда да ашық қоғам құндылықтарына, яғни демократия принциптеріне деген түбегейлі бетбұрыс жасала бастады. Бұл демократиялық үдістердің жүзеге асуы нарықтық қатынастардың қоғам өміріне, адам тағдырына тереңдеп ендеуімен астасып жататындығын ма­ мандар ескертуде*. ХХ ғасырдың екінші жартысы бойына әлемдік қоғамдық ой қоғамдық құрылымдардың ішінен мүмкін деген нұсқаулардың ең жақсысын таңдап, қалыптастыруға пәрменді ұмтылыстар жасай­ ды. Себебі, оның алдындағы қоғамдар түрлерінің көбісі агрессияға толы болатын, әсіресе, олар ХХ жүзжылдықтағы екі дүниежүзілік соғыстан көрініс тапты. “Тоталитарлық” деп аталатын қоғамдық құрылымдарда адам еркіндігі шектеліп, оның жекеленген құқықтары барынша басып-жаншылған болатын. Сондықтан қазіргі кезеңде жаңа типтегі қоғамдық жүйеге деген сұраныс ба­ рынша өзектеліп, әлемдік тарихи процестің күн тәртібіне шыға бастауына таң қалуға болмайтын еді. Саяси саланың көптеген ірі ойшылдары қоғамның жаңа түрін іздестіре отырып, бір жағынан, жеке адам мен мемлекет серік­ тестік қатынастарда болатын гоббстық идеал мағынасындағы қоғамдық келісімге сүйенсе, екінші жағынан, қоғамдық прогресті жүзеге асырушы адамның еркін дамуына жасалуы тиіс қоғам бо­ луын дәйектеуге талпынды. Әрине, бұл идеялар тарихтың өткен кезеңдерінде де әр қилы сипатта өрнектелгені белгілі. Мәселен, қоғамдық келісім туралы әр түрлі теориялардың және қоғамдағы * Нысанбаев Ә.Н. Адам және нарық//Адам және ашық қоғам. Человек и открытое общество. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 272 б. (19).

 әрбір адамның еркін дамуы тиістілігі туралы К.Маркстың тұжырымдарын еске түсірсек жеткілікті деген ойдамыз. Оқырмандарға ұсынылып отырған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы томға жинақталған шығармалар антологиялық принциппен қордаланған. К.Поппердің, Дж.Сорос­ тың, А.Бергсонның және т.б. әлемдік ойдың көрнекті тұлғаларының ғылыми тұжырымдарымен қазақ тіліндегі оқырманды таныс­ тыру еңбектің негізгі мақсаты болатын. Әрине, ол дегеніңіз том­ ды құрастырушылар мен аудармашылардың томда қордаланған шығармалар үзінділерінде келтірілген тұжырымдармен толық келісті деген сөз емес. Дегенмен, оқырманға әлемдік мәдениеттің жалпы үрдісінің заңдылықтарын пайымдауға қажеттігі бар ұсынылған еңбектердің маңыздылығын ескертуге тиіспіз. Сөйтіп, жаңа тарихи дәуірде ашық қоғам туралы, яғни ер­ кіндік пен прогреске, әлем мен болашаққа ашық болатын қоғам туралы түсініктер туындай бастайды. Ашық қоғам идеясының айқын жақтаушысы ретінде Карл Поппер танылады. Ол Платон­ нан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ең жақсы деген мемлекет идеясының теориядағы эволюциясын (өрбуін) талдаудан өткізеді. Платонның түсініктерінде жақсы мемлекетте билеушіден бастап, қоғамның әрбір қарапайым өкілдерінің әрқайсысына дейін өздерін азаматтық міндеттерін орындай отырып бақытқа жететіндігі және ХХ ғасырдың демократиялық қоғамдарындағы бақыт туралы түсініктердің қандай болғандығы сұрыптаудан өткізіледі. К.Поппер кезінде өрнектелген Платонның мемлекет туралы идеяларын «то­ талитарлы идеялар» деп есептейді. Өйткені, Платон қоғамды си­ паттау барысында жаһандық, уақыттан тыс деңгейдегі әділеттілік, даналық, ақиқат және сұлулық деген ұғымдарды қолданады, ал олар адамгершілік талаптары жүйесінде тоталитарлы сипат алады деген тұжырымға келеді. “Жабық” қоғамдар деп аталатын құрылымдардың ашық қоғамдар (бұл қоғамды қалыптастыратын әлеуметтік топтардың жасандылығына қарамастан) деңгейіне өтуі, К.Поппердің пайым­ дауынша, адамзат тарихындағы ұлы төңкерістердің қатарына жатады. Осы үлкен тарихи процестің адамзат тек бастапқы кезеңдерінде ғана екенін де атап өтеді. Яғни адамзат үшін, жер бетіндегі халықтар үшін нағыз, шынайы тарихтың негіздері енді ғана қалануда, ал осыған дейінгі жақсы қоғам жасаймыз деген қадамдардың барлығы да сәтсіз әрекеттердің қатарына жатқызылады. К.Поппердің “Ашық қоғам және оның жаулары”

 екі кітаптан тұратын еңбегінде ашық қоғам туралы өзіндік идеяла­ ры кейін әлемдік саяси ойлау тарихында әрқилы сипатта, әрқилы мағынада жалғасты. Джордж Сорос К.Поппердің белгілі апологеті және әлемдік деңгейдегі қаржы иегері. Оның “Кеңес жүйесі: ашық қоғамға қадам” деген еңбегінде “ашық қоғам” құбылысын ашып көрсетуге бірне­ ше көзқарастар тұрғысынан келеді. Органикалық қоғамдарда ашық қоғамдармен салыстырғанда жекелеген мүдделер тұтастықтың мүдделеріне бағынады, сондықтан тұлғаның еркіндігі болмай­ ды. Ал ашық қоғам болса адамдарға нақты еркіндікті сыйлай ала­ ды, ол баламалықты, таңдау еркіндігін мүмкін етеді. Дәстүрлі құндылықтардан байланысты үзу арқылы адамдардың еркін шешім қабылдауы нағыз “тұлғалық шешімге” айналады, ал ол өз кезегін­ де қоғамдық реттеуді қажет етеді, яғни қоғамның өмір сүруінің алғышартына айналады. Бұл жерде Дж. Сорос Ж.Ж.Руссоның қоғамдық келісім теориясын қоғамның барлық саласына тарата отырып оның идеяларын жаңа тарихи жағдайда насихаттаушысына айналады. “Ашық қоғамдағы барлық қатынастар келісімдік сипат­ та болады” – деген тезисті Дж.Сорос өзінің тұжырымдары мен ісәрекеттерінде дәйекті түрде жүргізіп отырады. Адамның құндылықтар жүйесіне келісімдік қатынастарды тарату идеясы мамандарда біршама қызығушылық туғызды. Дж.Соростың пайымдауынша, тұлғалар өзінің еркіндіктерін не­ гізінен оған берілген экономикалық жағдайлардың көкжиегінде жүзеге асыра алады. “Әрбің істің алдында таңдау әрекеті тұрған жағдайда іс-әрекеттің барлық саласын экономикалық мінезқұлық сипаттайды”* деген ойды Дж.Сорос зерделейді. Одан әрі қарай, оның пікірінше, осындай жағдайларда адамдар иде­ ал құндылықтармен (рухани, көркемдік немесе адамгершілік) салыстырғанда материалдық құндылықтарға зор мағына беруге тиісті деген қорытынды туындамайды, тек “барлық құндылықтар ақшалық сипатқа көшуі мүмкін”** деген мағынаға ие болады. Ал бұл қадам нарықтық қатынастарды адам өмірінің барлық саласы­ на таратады. Бұдан «сатылуға болмайтын нәрсенің барлығының құндылығы жоқ» деген сыңаржақты қорытынды туындайды. Со­ рос, сөйтіп, осыдан өрбитін мүмкіндіктердің зор екендігіне мег­ зейді, бірақ қоғамда белгілі бір деңгейде “тұлғааралық қарымқатынастың” еріксіз төмен қарай құлдырайтынын ескертеді. * Сорос Дж. Советская система; к открытому обществу. М.: Полит. Лит. 1991. С. 90-91. ** Сонда, 91 б.

 Дж. Сорос прагматик ретінде еркіндік ұғымына сыңаржақты баға береді. Ол адамға берілетін мүмкіндіктердің ішінен бір бағытты ғана таңдау қажеттігін ұсынады, яғни ақша арқылы тұлғаның ер­ кіндікке ұмтылуын күйттейді. Шын мәнінде жаңаны жасаумен ай­ налысу, болмыстың көкжиектерін кеңейту, адамның жан дүниесіне үңілу сияқты түсініктер оның назарынан тыс қалады. Міне, осы­ дан оның пайымдауында адамның алдына қою үшін “мақсаттың жетіспеушілігі” туралы жалған тезис орын алады. Оның пікірінше, адам бағынышты түр ретінде тек өзінің белгілі бір мақсаттары бар әлеуметтік топтың қатарына ғана қосыла алады, бірақ әлеуметтік топ жекелеген адамдардың мақсаттары жалпымен сәйкес келетін, келмейтініне қарамайды, ол өзінің дегенімен өмір сүреді және дамиды. Бірақ, Дж. Сорос өзінің жеке мақсаттарына жету үшін әлеуметтік топтың мүдделеріне қараған емес, әрине, ол тек Рот­ шильд сияқтылардың қаржылық топтарымен санасқаны белгілі. Тек ашық қоғам жағдайында жалғыз болып келетін еркіндіктің паш етілуі мәселесіне келгенде мақсат (ол адам еркіндігінің жүзеге асу өлшемі болып есептеледі – А.К., С.Н.) қарғыспен (П.Сартрдың еркіндік туралы айтқанындай) болмаса да кейбір қиындық туғызатын жағдайлармен жаңарып отырады. Адам үлкен байлық пен билікке жеткен сайын (олар Сорос үшін еркіндікті жүзеге асырудың көрсеткіштері болып келеді - А.К., С.Н.) оның пробле­ малары да күрделілене түседі. Ең оңай және жеңіл өмір тіршілік үшін күрескен адамда және онда жоғарыдағыдай мәселелер туын­ дамайды деген ойды тұжырымдайды. Десе де, Дж. Соростың дәстүрлі, догматикалық, жабық қоғамдар мен оған сәйкес келетін ойлау типтерін және рефлек­ сияны сынау мәселесінде ол күшті екенін танытады, өйткені оның дәйектемелерінің дәлелденгенін байқауға болады. Ал, енді ашық қоғамды жақтап сөйлеген кезде оның сыни талдауларынан туындаған тұжырымдар бұндай қоғамның шынайы сипаттама­ сын беруден гөрі барынша түкке тұрмас қорытындылармен оның қадірін түсіруге алып келетінін байқамайды. Себебі, оның тізіп көрсеткен қазіргі замандағы ашық қоғамның құндылықтары оны жақсы жағынан толық көрсете алмайтыны байқалады. Өткен ғасырдың терең ойлы философтарының бірі Анри Берг­сон оңтайлы қоғамдық құрылым туралы ойларды көтеретін жекелеген мәселелерден алыс көрінеді. Дегенмен, оның бірне­ ше жұмыстарынан тіптен оған әдеттегідей емес мәселелермен

айналысқанын байқаймыз. Мәселен, “Мораль мен діннің екі қайнары” деп аталатын шығармасында прогресс пен рухани даму қарым-қатынасын баяндау барысында сол “жабық” қоғамның си­ паттамасын бергенін байқаймыз, ондай қоғамнан тұтынудың өсуі мен байлыққа деген құмарлыққа толы қоғамға қарай ұмтылыс болуға тиістілігін тұжырымдайды. Қазіргі қоғамның жоғарыда айтылған сипаттамаларын А.Бергсон ертерек байқайды және осы қасиеттер болашақта “өсіп жатқан адамзат ағзасына сәйкес келетін адамның жаңа үлкен жанының” әрі қарайғы дамуының алғышарты болуға тиіс деген ойды пайымдайды. Бұл тезисте А.Бергсон адамзаттың тарихи болашағы туралы терең ойлардың өз замандастарымыздың арасында толық зерделене қоймағандығын көрегендікпен көрсете біледі. Оның ойынша материалдық даму арқылы рухани прогреске қол жеткізуге болады. Біздің барлық кемшілігіміз - материалдық игілікті өміріміздегі басты мақсат етіп қарастыра бастадық. Сондықтан оны барынша дамытуды қоғамның басты міндетіне айналдырдық. Ал ол шын мәнінде “үлкен жанның даму” құралы ғана болатын. А. Бергсон материалды прогрестің таза күйіндегі дамуының қатаңдығын ескермеген іспетті және сондықтан оның тезистері идеалистік және романтикалық болып келді: шын мәнінде материалдық қажеттіктердің қанағаттанған да­ муы нақты түрде адамды да, қоғамды да рухани өсуге жетелемейді және сондықтан жаһандық тұтынушылықтың мұраттарынан сана­ лы түрде бас тарту прогрестің рухани құрамдас бөлігін жоғалтпауға негіз болатын маңызды қажеттік деп санауға болады. Фрэнсис Фукуяманың “Тарихтың ақыры және соңғы адам” атты еңбегі ашық қоғамға арналған топтаманың өзіндік қорытындысын жасайды. Ол аталған шығармада әлемдік ауқымдағы либералды демократияның ХХ ғасырдағы өрбуі мен дағдарыстарына біршама талдаулар жасайды. Оның пайымдауынша, тоталитарлық жүйелер ашық қоғамның принциптерін қабылдамағандықтан көптеген жылдар бойы либерализмнің құндылықтарынан алыста болып келді. Сондықтан тарихи үдерістің бір ғана оңтайлы жолы бар деп есептейді – ол либералдық құндылықтарды әлеуметік кеңістікте барынша тарата түсу, әрбір қоғамда оны тереңдете түсу деп са­ налады. Тарихтағы дағдарыстың барлығы адамдардың қарымқатынасынан туындайтынын айтқан ойшылдың көптеген идеяла­ ры қазіргі батыстық қоғамтанушылар үшін теориялық бағдарға айналды. Дегенмен жаңа сипаттағы қоғамның қалыптасуы ашық қоғам теориясын жақтаушылардың көзқарастарымен шектелмей­

ді және ол алдымен адамның дүниетанымы жаңа құндылықтар жүйесімен астасып жатуымен тікелей байланысты екенін айта ке­ туге болады. Ал, енді жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде қазіргі сая­ си ойдың өзіндік озық үлгісіне айналған Збигнев Бжезинскийдің еңбектеріне келетін болсақ, онда олардың ішінен “Ұлы шахмат тақтасы” мен “Таңдау” деген шығармаларды атауға болады. Бұл екі еңбек те бір ғана мақсат қойған – ол кейбір жеке алғандағы кемшіліктеріне қарамастан қазіргі кезеңдегі АҚШ барлық жағынан алғанда ең өнегелі ел екенін дәлелдеу және сондықтан басқалардың үлгі тұтуға тиісті қоғамдық құрылымның мұратына айналуға тиістідегенге меңзейді. З.Бжезинскийдің пайымдауын­ ша, барлық мәселе АҚШ-тың басқа әлемге қатысты қандай сая­ сатты ұстануына тіреледі, қандай мақсатты алдына қойғанына байланысты болып келеді. Ол бірполярлы үстемдік болуы мүмкін бе, әлде көпполярлы жаһандық серіктестік кейпіндегі саясат па? Міне Американың “таңдауы” дегеніміз осы. З.Бжезинский деген­ мен АҚШ-тың демократиялық пішімі барлық әлемге абсолютті идеал, саяси мұрат бола алмайтындығын жақсы түсінеді. Өйткені, болмыстың жалпы заңдарын ешкім жоққа шығара алмайды және демократия типтерінің дүниедегі көптүрлілігі онтологиялық баршылық екені әлемге әйгілі. Бірақ З.Бжезинский өзінің зор қуатымен бүкіл әлемді шегендеп, оның қарсыласуға шамасын келтірмей, жекелеген елдердің прогрес­ ке қарай өзінің жолымен ұмтылуға деген қадамдарын қысқартуға Американың құдіреті жететіндігін біледі. Американдық жолдан басқа кез келген саяси, экономикалық, өркениеттік даму жолы қате деп түсініліп, ол күш пен уақыттың бостан босқа кетілуі деп түсініледі. Әлемнің қандай құрылымын қалыптастыруға болады? Міне - З.Бжезинский үшін алға қойылған теориялық міндеттердің негізгісі осы болып табылады. Сондықтан зерттеушінің бұл саладағы ізденістерін қалай бағаласақ та, оған мән беріп, оның не­ гізгі принциптерімен танысуға тиістіміз. Себебі, қазіргі замандағы жаһанданудың теориялық негіздері З.Бжезинскийдің ілімінде өрнектеледі, ол сондықтан жаһанданудың “сәулетшісі” деген атқа да ілінді. Ал, енді ашық қоғам тақырыбы бойынша шынымен де «АҚШ қоғамдық құрылымның қазіргі замандағы ең жетілген типі­ не жата ма?» деген сауал әлі күнге дейін көптеген зерттеушілердің көкейінен кетпейді.

Тағы бір тоқталатын саяси ойшыл - Иммануил Валлерстайн
қоғам мен мемлекеттің дамуы мәселесін талдауды жүйелілік
тұрғысынан қарастыруға ұмтылады. Мемлекет дамуының үлгісін
танытатын капиталдың мүддесін, әсіресе ірі капиталдың мүддесін

қарастыра отырып И. Валлерстайн мемлекеттің тәртіпті сақтау,
ішкі және сыртқы тəуелсіздік және т.б. сипаттамаларына көңіл
бөледі. Капиталды қордалаудың максималды деңгейін көксеген
трансұлтты компаниялардың жаһандану жағдайында мемлекеттің

жауапкершілігінен тайқып кетуге мүмкіндіктері бар, ал ол бол­
са мемлекеттік егемендіктің деңгейін төмендетеді. Шын мәнінде
И.Валлерстайн мемлекеттің әлеуметтік топтардың өзара тетепе-
теңдігін ұстап тұратын құрылым ретіндегі мифті тарқатып беру­

ге тырысады. Оның пайымдауынша, қазіргі “әлемдік жүйелік”
байланыстар дәуірінде мемлекет капиталға тиімді қызметтерді
мойнына алады, ал олар өз кезегінде мемлекеттің осы мүдделерді
жүзеге асыруда атқарған қызметтеріне төлемдер жасап отырады.

Міне, әлемдік деңгейдегі сыбайластық пен жемқорлықтың бастау­
лары қайда жатқанын осыдан байқауға болады.
Қоғамдық күштер мемлекетке қарсы өзінің сыни көзқарастарын
білдіре бастайды, өйткені, олар ірі капиталдың мемлекетке

көрсеткен қыспағының арқасында оның көрсеткен қызметтеріне
төлемдер жасап отыруға мәжбүр болады. И.Валлерстайнның
пайымдауынша, міне осындай жағдайларда қоғамның полярлануы
күшейе түседі (бір жағынан капиталдың жүйелі қордалануының

нәтижесінде қоғамның бір полюсінде байи түсетіндер болса, екіші
полюсінде барынша кедейлене түсетіндер болады), сонымен қатар
осындай жағдайларды қолдап отырған мемлекетке деген сыни
көзқарастар күшейе береді.

Бұл жүйедегі ашықтық ірі державалардың күші аздау елдердің
ісіне араласуының заңдылығын айқындап отыруға жағдайлар жасау
үшін керек. Міне осындай жағдайдағы әлсіз елдердің егемендігі ба­
рынша шартты екенін анық байқалады. Сөйтіп, И.Валлерстайнның

талдауларының нәтижелері бойынша күшті және әлсіз елдердің
өзара қарым-қатынастарын түсіндіру үшін өркениет, «көп келбет­
ті еуропаорталықшылдық» және «прогресс» деген ұғымдарды
қолданады. Әлемнің прогрессивті дамуы мақсатындағы Батыстың

соғыстан кейінгі “артта қалған елдерді дамытуға” бағытталған
“гумандық” көмектері батыстық емес елдерді әлеуметтік және са­
яси қайта құру бойынша әрекеттерді ақтайтын ұранға айналғаны
атап өтіледі. Осы саладағы зерттеушілер үшін бұл бір кезде үлкен

державаларды ақтап алатын жақсы қалқанға айналған ұран бола­
тын. И.Валлерстайнның “Таныс дүниенің ақыры” деген еңбегінен
жоғарыдағы дәуірлік процестерді айқындай түсетін тұжырымдарды
кездестіреміз.

Ойшыл өзінің пайымдауларын әрі қарай жалғастыра отырып,
зерттеушіліер арасында прогресс ұғымы тек қана талданып қана
қоймай ол дамушы елдерге жапсырылды, таңылды деп өтеді.
Шын мәнінде прогресс идеясы еуропалық мағынада ғана тиімді

нәтижелері беретіні ескерілмей, ол қалған әлемге де осы жолмен
жүру тағдыры телінеді, бұл әлемдік тарихта басымдық таныта
бастаған еуроорталықтық ойлаудың көрінісі болатын.
Өзіндік құндылығы жағынан жоғары деңгейдегі келесі бір

еңбекке Жак Атталидің “Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында”
шығармасы жатады. Ол адамзаттың болашағы туралы терең
ғылыми тұжырымдар келтірген аздаған топтың көрнекті мүшесі
болатыны көп адамға белгілі де емес. (Әлемдік үкіметті құру

арқылы ол әлемдегі абсолютті үстемдігін жүргізетін құрылымды
жасау жөніндегі идеясын ұсынуы – зиялы қоғамда Ж. Атталиді
жаңа әлемдік тәртіптің сәулетшісі атандырады. – А.К., С.Н.). Ол
болашақты ғаламдық деңгейде көре алатынын байқатады, оны

жүзеге асыруға көмектесетін көптеген күштердің қолдайтындығы
сезіледі.
Сондықтан
оның

көзқарастарын
жете
түсінудің
құндылығы зор. Ж.Аттали бірнеше дәйектелген болжамда­

рын әлеуметке ұсынады: адамзат жаңа полиаздардың қатарына
қосылады (ол техникалық прогрестің арқасында, сонымен қатар
сапалы өмірді іздеу мақсатында жаппай көші-қонның артуы се­
бебіне байланысты өзінше автономды өмір сүріп жатқан жеке

адамдар барлық мәселелердің, немесе соған жақын мәселелердің
шешімін табуға мүмкіндіктер алады); әлемнің конфигурациясы
түбегейлі өзгереді: АҚШ бірнеше жаңа күштің орталықтарына
орнын береді; нарықтық қатынастар жалған демократиямен емес,

олар нағыз шынайы және нақты демократиямен астасып отыруы
керек. Егер Ж.Атталидің айтқан жетекші күштері басқаша шешім­
дер қабылдайтын жолға түсіп кетпесе, онда адамзаттың болашағы
осындай болуы да мүмкін деген ойдамыз.

Жан Бодрийяр өзінің “Үндемес көпшіліктің көлеңкесінде”
деген еңбегінде ашықтықтың талабына сәйкес келетіндей, жа­
уап бере алатындай қоғамның қандай болатындығын барын­
ша кеңінен баяндап береді. Қазіргі кезеңнің қоғамы дегеніміз

жай ған қоғам емес және ол бұқаралардың жиынтығы да емес.

“Бұқаралар” өздерін алдамшы кейіпте көрсетуге бейімдік таныта­ ды және олар үнемі сол ұстанымда тұрады деп тұжырымдалады. Ол өздерін абсолютті “ойындық” кейіпте танытады, олар өздері туралы не айтса да үндемейді, бәріне көндіруге дайын. Олардың ең жақсы байқалатын көрінісі – ешкім болмау, бірақ олар деген­ мен қоғамда бәрін де қамтиды – мәселе соларға қандай түсініктеме берілуіне байланысты. Бұл әлемдік тарихтағы постмодернизмнің логикалық аяқталуы. Әлеуметтіліктің барынша ыдырауы, қазіргі кезеңдегі әлеуметтің тек рефлексияда ғана сақталуы – міне, осы Ж.Бодрийярдың қазіргі қоғамға берген анықтамасы. Оскар Лафонтен өзінің социалистік риторикасына қарамастан әлемнің болашағын өрнектеуге тырысқан ойшылдардың қатарына жатады. Оның пайымдауынша, қазіргі демократия елдеріндегі күрделі мәселелерге біреулер кінәлі болса, екіншілер оған жауап беруге тиісті болып отыр. Бұл тезистің солқылдақтығы соншалық, ол бойынша қоғамдағы кез келген субъектіні жауапкершіліктен босатып жіберуге болады. Ал, егер О.Лафонтен саясаткерлердің (Лафонтен бойынша жалқау адамдар өздерінің тағдыры үшін барлық жауапкершілікті сайлауда дауыс беру арқылы саясаткер­ лерге жүктеп қойған – А.К., С.Н.) барлығын ақтап алуға тырыса­ тын болса, онда әлемде болып жатқандардың барлығына жауап бе­ руге тиісті саясаткерлердің орнына кім жауап береді? О.Лафонтен барлық адамдардың болып жатқан нәрселер үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өздеріне алуын сұрайды. Бірақ ол үшін адамдар “амал жоқтан болатын жағдайлардың” қабырғасының артына тығылып, жауапкершіліктен қашпауы керек. Ол үшін осы “амал жоқтан бола­ тын жағдайлар” шыныменде амал жоқтықтан емес, жасанды түрде жасалатындығын көрсету керек, олардың пайда болуы қарапайым адамдар мен ірі саясаткерлердің мәселелерді шынайы және нақты шеше алмайтындақтарынан екендігін көрсетіп, мәселелерді шешу­ ден қашқақтамау керек. Лафонтеннің пайымдауынша, саясат – адамның әлсіз сезінетіндей жағдайына қарсы күресе білуімен қатар, оған үйреншікті мәселелерді ішке қарай ендіріп жіберуге ұмтылу мен олардың шешімдерін іздеуден тайсақтаумен күресе түсуі керек*. Жоғарыда айтылған қандай жағдайда жүзеге асады? О.Лафонтеннің жауабы – ол үшін “ескі” моральдан бас тарту керек. “Біз соған сәйкес өмір сүргіміз келетін моралдық құндылықтарды қайтадан анықтауымыз керек және біздің болашақ дамуымызды * Лафонтен О. Общество будущего. Политика реформ в изменяющем мире. М.: Межд. Отношения. 1991. С. 15.

соған сәйкес қалыптар мен принциптерге сүйене отырып саяси
негізде, яғни қоғамдық және демократиялық мүдделерді есеп­
ке ала отырып қалыптастыру тырысуымыз керек”**. Басқаша
О.Лафонтеннің ойынша əбден технологияланған әлемдегі адамның

жаңа жағдайына сәйкес келетін жаңа құндылықтар жүйесін
қалыптастыру керек. Дегенмен, ол бұл құндылықтар жүйесі
техникалық және экономикалық міндеттерден туындамауы қажет
екенін айтып өтеді, бірақ оның бұл құндылықтар жүйесі жаңа

қажеттіктерге сәйкес келуі керек деген талабына қайшы келетінін
де ескерте кеткен жөн. Жаңа мораль бұл жаңа әлемдік тәртіптің
сәулетшілерінің өкіліне адамды “амал жоқтан болатын жағдайлар”
қыспағынан босату үшін емес, ол адамды кез келген моральдан,

адамгершілік қалыптарынан, адамның тіршіліктегі міндеттерінен
босату үшін керек еді; ақыр аяғында оның адамды өмір мәнінен
және оның өзінен босатуға ұмтылатыны байқалады. Ашық қоғам
ол үшін соған сәйкес келетін саланы қалыптастырады.

Сонымен, оқырмандарға ұсынылған шығармалардың үзінді­
лері еліміздегі саяси және әлеуметтік ойдың шыңдалуына,
демократиялық принциптердің орнығуына өзіндік үлесін қосады
деген үміттеміз.

Косиченко А.Г., Нұрмұратов С.Е.
** Сонда, 16 б.

І. АШЫҚ ҚОҒАМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН

МАҒЫНАСЫ

Карл Поппер

АШЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАУЛАРЫ

1-том. ПЛАТОННЫҢ СИҚЫРЛЫ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ
10-тарау. АШЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАУЛАРЫ
Сол кездері, ол... бізді бақытты, шад-
шадыман етеді, дертімізден жазып,

бастапқы өз жаратылысымызға қайтарады.
Платон
Біз әлі өз талдап-зерделеуімізді аяқтаған жоқпыз. Платонның
саяси бағдарламасының таза тоталитарлық сипатта екен­

дігі жөніндегі тезис және біз 6 тарауда талдап-талқылап өткен
осы тезиске қарсы пікірлер, бізді Әділеттіліктің, Даналықтың,
Ақиқаттың және Әдеміліктің моральдық идеяларының аталмыш
бағдарламаның шеңберіндегі атқаратын рөлін зерттеуге алып

барды. Шындығында, бұл зерттеулер бізге пәлендей маңызды
жаңашылдықтар әкелген жоқ. Біз бұл идеялардың Платонда, әрине,
маңызды рөл атқаратынын анықтадық, дегенмен, олардың бәрі
Платонның тоталитаризм мен нәсілшілдіктің шегінен шығуына

мүмкіндік бере алмағанын да білдік. Дегенмен, осы идеялардың
бірі, нақтылай айтсақ, – Бақыт идеясы зерттелмей қалған бо­
латын. Сонымен бірге, Платонның саяси бағдарламасы өзінің
мазмұны жағынан: «әрбір азамат шын мәнінде бақытты болатын,

кемелденген мемлекетті құрудың жоспары» деген, кең тараған
көзқарасты талқылауға байланысты біз бұрынырақ Р. Кроссман­
нан дәйексөз келтіргенімізді еске салуға болады. Мен бұл наным-
сенімді Платонды дәріптеу үрдісінің қалдығы деп сипаттаған бо­

латынмын. Егер менен өзімнің осы пікірімді негіздеуді өтінетін
болса, мен аса қиналмай-ақ, Платонның бақытты түсіндірмелеуі
оның әділеттілікті түсіндірмелеуін дәлме-дәл қайталайтынын
көрсетер едім. Соның ішінде, ол бізге бұрыннан таныс, қоғам

өзінің «табиғаты жағынан» таптар мен касталарға бөлшектелген

деген сенім-нанымға негізделген. Нағыз бақытқа1, – деп сендіреді Платон, – тек әділеттілік жолы арқылы, яғни, әрбір жан тек өз оры­ нында ғана болғанда қол жеткізуге болады. Билеушінің бақыты билік құру болуы тиіс, жауынгердің бақыты соғыста, дейді. Ал, біз оны құлдың бақыты – құлдықта деп жалғастыруымызға болады. Осылардың үстіне, Платон оның мақсаты жеке адамның бақыты емес, немесе, мемлекеттегі қандай да бір топтың бақыты емес, тек қана бүкіл баршаның бақыты екендігін жиі қайталайды. Ал, бұл, – деп дәлелдейді ол, – мен көрсетіп өткен, сипаты жағынан тоталитарлық, әділетті басқарудың нәтижесінде ғана болады. Тек осында ғана әділеттілік нағыз бақытқа жеткізеді дейтін тезис «Мемлекеттің» ең басты тезистерінің бірі. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды, Платонды өзінің ті­ келей іс жүзіндегі әрекетерінде жеңіліске ұшыраған, бірақ, ұзақ мерзім тұрғысынан алғанда өзі иттің етінен бетер жек көретін өркениеттің өркендеуін кідіртуді, тоқтатуды, құлатуды насихат­ тау тұрғысынан істері аса сәтті2 болған тоталитарлық саясаткер деп бейнелеудің жоққа шығаруға қиын, дәйекті түсіндірмелеу екендігі. Дегенмен, осы ойды осындай қатаң түрінде айтып алғаннан соң бұл түсіндірмелеудің ішінде қандай да бір күрделі қате жатқандығын сезесің. Кайткенменде, мен осы ойды айта са­ лысымен соны сездім. Бұл ойды қате деп айтпағанмен, қандай да бір салмақты олқылықтың бары анық. Сол себепті де, мен осы түсіндірмелеуді3 теріске шығаратын куәландыруларды іздей баста­ дым. Дегенмен, оның құрамындағы бір ережеден басқаларының бәріне қатысты алғанда, бұл түсіндірмелеуді жоққа шығаруға ұмтылған менің барлық ынтамның бәрі сәтсіз аяқталды. Жаңа ма­ териалдар платоншылдық пен тоталитаризмнің арасындағы тепетеңдікті одан әрі айқындай түсті. Менің жоққа шығаруды іздеуімді сәттілікке әкелуі мүмкін жалғыз ғана ереже Платонның тиранияны жек көруіне қатысты болды. Әрине, мен бұл деректі түсіндіруге болатынын, сол арқылы оның дәлелдегіштігін жоюдың ықтимал екендігін жоққа шығармаймын. Мысалы, Платонның тиранияны кінәлауы – бұл жәй ғана көзге түсу үшін арналған үгіт-насихаттық нәрсе деп айту оңай. Тоталитаризм «нағыз» бостандықты сүйетінін жиі мәлімдейді, ал Платонның тиранияға қарама-қарсы бостандықты мадақтауы осындай мәлімдеулерге дәлме-дәл келеді. Сонымен бірге, мен оның тиранияға қатысты4 кейбір ой-толғамдарының шын жүректен жасалғанын сездім, олар осы тарауда кейінірек

талданатын болады. Бірақ, «тиранияны» Платонның дәуірінде барша халықтың қолдауына сүйенген биліктің түрі деп түсінген, бұл, негізінен алғанда, Платонның тиранияны жек көруі, оның әлеуметтік философиясын, менің бастапқы түсіндірмелеуіме қайшы келмейді деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Де­ генмен, мұның менің түсіндірмелеуімді өзгерту қажеттігін жоққа шығармайтынын сездім. Мен сондай-ақ, мұндай өзгерту үшін жай ғана, Платонның шыншылдығын атап көрсетудің жеткіліксіз екен­ дігін ұғындым. Ешқандай да акцентті өзгертулер кескіндеменің жалпы әсерін өзгерте алмайтын еді. Платонның грек қоғамында не болып жатқанын өзіне дейінгі және өзінен кейінгі кез келген адамнан жақсы білетіндігін мойындаумен қатар, оның қоғамның ауру тәнін сауықтыру бойынша өз миссиясына шын жүректен се­ нуін де қамтитын, Платонның әлеуметтік философиясының жаңа кескіндемесі қажет болды. Платоншылдық пен тоталитаризмнің арасындағы тепе-теңдікті теріске шығаруға тырысу, кескіндеменің жалпы көрінісін жақсарта қоймағандықтан, ақыр аяғында, менің тоталитаризмнің өзін түсіндірмелеуімді мүлде өзгертуіме тура келді. Басқаша айтқанда, менің Платонды қазіргі заманғы тотали­ таризммен салыстыра отырып, түсінуге тырысуым, өзімнің тота­ литаризмге деген көзқарастарымды өзгертудің қажеттігіне алып келді, бұл өзі-өзімді де таңқалдырған жәйт болды. Мен өзімнің оған деген жауығушылық көзқарасымды өзгерткен жоқпын, бірақ ақыр аяғында, мен: ежелгі де, жаңа да тоталитаристік қозғалыстардың күші біз оларды қанша жек көрсек те олардың нағыз шынайы әлеуметтік қажеттілікке жауап беруге тырысатындарына негізде­ летінін ұқтым. Менің жаңа түсіндірмелерім тұрғысынан қарастырғанда Платонның мемлекетті және оның азаматтарын бақытты еткім келеді деп мәлімдеуі, тек қана, үгіт-насихаттық қитұрқылық бо­ лып көрінбейді. Мен оның негізінде жақсы ой-ниет жатқанын мойындауға әзірмін5. Платонның өзінің әлеуметтік талдап-зерде­ леуін (оған, оның бақыт туралы уәде беруі негізделген) белгілі бір, шынын айтқанда, шектелген дәрежеде дұрыс жүргізгеніне де сенуге дайынмын. Нақты айтатын болсақ, мен мынаған се­ немін: Платон асқан терең әлеуметтік көрегендікпен, өзінің замандастарының аса қатал әлеуметтік ширыққан шиеленістен зардап шегіп отырғанын көрді, және бұл шиеленістің демократия мен жеке дарашылдықтың туындауымен бір мезетте басталған әлеуметтік революциядан бастау алғанын көрді. Платон олардың

бақытсыздығының терең тамыр тепкен себептерін, – әлеуметтік
өзгерістер мен әлеуметтік талас-тартыстарды, – ашып көрсете
білді, және, өзінің түпкі мақсаты етіп солармен күресуді қойды.
Платонның іс-әрекетінің басты қозғаушы күштерінің бірі, өз заман­

дастарын бақытты етуге тырысу, болғанына күмәндануға негіз жоқ.
Дегенмен, осы тарау­да бұдан әрі қарай келтірілетін ой-пікірлерге
сәйкес, мен Платон ұсынған қоғамды медициналық-саяси емдеуді,

– өзгерістерді тоқтату, тайпалық рухқа қайта оралуды, – толықтай

жарамсыз нәрсе деп есептеймін. Платонның ұсынысын ем ретін­
де қолдануға келмесе де олар Платонның диагнозының кұдіретін
көрсетіп тұр. Бұлар Платонның қателіктердің кай жерде екенін
білгенін, өз заманындағы қоғамның шиеленістерін түсінгенін,

еңбектенуге мәжбүр болған адамдардың бақытсыздығына жаны
ашығанын көрсетеді, бірақ, ол өзінің түбегейлі тұжырымында,
яғни, егер өзі қоғамды тайпалық құрылымға қайтара алса, шие­
леністерді бәсеңдетіп, адамдарды қайтадан бақытты етуге болады

деген сенімінде Платон қателесті.
Мен бұл тарауда, жаңа тұғырнамамды ұстануға өзімді мәжбүр
еткен тарихи материалдарды қысқаша шолуға ниеттеніп отыр­
мын. Менің қабылдаған әдісім туралы, нақты айтқанда тарихи

түсіндірмелеулер әдісі жөніндегі кейбір сыни ескертпелерді осы
кітаптың соңғы тарауынан табуға болады. Қазірше, өз әдісімнің
ғылыми мәртебеге ие болғанын, талап етпейтіңдігімді, айтып
өтсем де жеткілікті, себебі, тарихи түсіндірмелеулерді тексеру,

ешқашанда, жай гипотезаларды тексеру сияқты, қатаң бола алмай­
ды. Тарихи түсіндірмелеулер негізінен көзқарастар болып табы­
лады, мұндай көзқарастардың құндылығы, – оның жемістілігін­
де, қолдағы бар тарихи материалдарды айқындап, көрсете білу

қабілетінде, жаңа материалдарды ашуға итермелеуінде, оларды ой
елегінен өткізіп, қорытындылауға көмектесуінде. Соған сәйкес,
менің айтайын деп отырғандарым өз пікірімді кейде тым өткір біл­
діргеніммен, қасаң ойлы тұжырымдар емес.

Біздің батыс өркениетіміздің негізін гректер қалады. Олар
тайпалық құрылымнан гуманизмге алғашқы қадам жасағандар
болса керек. Бұның нені білдіретінін қарастырайық.
Ежелгі грек қоғамы қай тарапынан алып қарағанда да, өзге де,

мысалы, полинезиялықтар немесе маори сияқты халықтардың
қоғамдастықтарына ұқсас болып келеді. Әдетте, қорғандалған
мекендерде өмір сүрген, тайпалық көсемдер, корольдер немесе
ақсүйек отбасылар басқаратын жауынгерлердің азғана топтары

теңізде де, құрлықта да бір-біріне қарсы соғыстар жүргізді. Әрине, гректер мен полинезиялықтардың өмір сүру үрдістерінің арасын­ да едәуір айырмашылықтар болды. Себебі, тайпалық құрылымда біркелкіліктің жоқ екендігі сөзсіз. Стандартталған «тайпалық өмір сүру үрдісі» деген жоқ нәрсе. Соған қарамастан, менің ойымша, бүкіл тайпалық қоғамдастықтарда болмағанымен олардың көбінде болатын кейбір үрдістер бар. Менің айтайын деп отырғаным, әлеуметтік өмірдің әдетғұрыптарына магиялық, ақылдан тыс қарым-қатынас жасау және соған сәйкес осы әдет-ғұрыптардың қатаңдығы. Қоғамның әдет-ғұрыптарына магиялық қарым-қатынас жа­ сауды біз талқылап өттік. Оның басты элементі – қоғамдық өмірдің әдеттегі немесе дәстүрлі заңдылықтары мен «табиғаттан» табылған заңдылықтар арасындағы бөлінушіліктің жоқ болуында. Ол көбіне осы екеуі де табиғаттан тыс ерік-жігерге сүйенеді деген наным-сеніммен ұласып жатады. Әлеуметтік әдет-ғұрыптардың қатаңдығы көп жағдайда, осы қарым-қатынастың тек басқа тара­ пын алға тартатын болса керек. (Бұл аспекті ойлағаннан да гөрі іргелірек және табиғаттан тыс нәрселерге сенімді үйреншікті өмір ағымының өзгерістерінен туындайтын қорқынышты (мұндай қорқынышты біз, тіпті, сәбилерден де байқаймыз) ақыл-сананың қалыбына түсірудің бір түрі деп болжауға да негіздер бар. Мен тайпалық құрылымның қасаңдығы жөнінде айтқада оның өміртіршілігінде үрдісінде ешқандай да өзгерістер болған жоқ деген­ ді нұсқап отырған жоқпын. Нақтырағы, салыстырмалы алғанда сирек болған өзгерістердің өзі, діни салттарды, немесе, жаңа магиялық тыйымдарды енгізу түрінде болды, дегенді айтқалы отырмын. Олар, өмір сүру жағдайларын саналы түрде жақсартуға тырысуға негізделген жоқ. Осындай өзгерістерден басқа жағдай­ лардың бәрінде, – ­­ ал, ондай өзгерістер өте сирек болған еді, – әрқилы тыйымдар өмірдің барлық тараптарын қатаң реттеп, билік жүргізіп тұрды. Тыйымдар ешқандай да айналып өтетіндей жасы­ рын соқпақтарды қалдырған жоқ. Мұндай өмір сүру үрдісі кезін­ де ешқандай да түйінді мәселелер болған емес. Ал моральдық мәселелерге аздап та болса ұқсайтын жәйттер мүлде болмады. Тыйымға сәйкес іс-әрекет жасау үшін, тайпаның мүшесінен, ешқашан да ерлік пен табандылық талап етілген жоқ, деп айтқалы отырған жоқпын. Менің тұспалдап отырғаным, ол, қалай әрекет жасаймын, деп қобалжыған жағдайларға аз ұшырады. Дұрыс жол алдын ала белгіленіп қойылған, әрине, онымен жүрген кездері

қиындықтарды жеңіп өтуге тура келеді. Ол, жол, еш уақытта да,
сыншылдық талдап-зерделеудің объектісі болмайтын, тыйым­
дар арқылы, тайпалық магиялық институттар арқылы белгіленіп
қойылған. Тіпті, Гераклиттің өзі институтциялық заңдар мен

табиғат заңдарының арасын нақтылап ажыратуды жүргізген емес:
оның пікірі бойынша, бұлардың екеуі де магиялық сипатта болды.
Ұжымшылдық тайпалық дәстүрге негізделген, мұндай тайпалық
институттар, жеке тұлғаның жауапкершілігіне ешқандай да орын

қалдырған жоқ. Топтық жауапкершіліктің әлдебір түрін белгілейтін
тыйымдар, біз, жеке жауапкершілік, деп атап жүргеннің, бұрынғы
тегі, деп, мойындалғаны болмаса, олар соңғыларынан түбегейлі
айырмашылыққа ие. Олар өзіне-өзі саналы есеп беру принципіне

емес, магиялық идеяларға, айталық, тағдырдың билігін жұмсарту
идеясына негізделеді.
Бұл ұғымдардың өміршең екендігі белгілі. Біздің қазіргі заманғы
тіршілік үрдістеріміздің өзі түрлі тыйымдарға – ас тыйымдарына,

сыпайылық тыйымдарына және көптеген басқа тыйымдарға толы.
Солай болғанымен де біздің қоғамымыз бен тайпалық қоғамның
арасында маңызды айырмашылықтар бар. Біздің өмір сүру
үрдісімізде бір тарапынан мемлекет заңдарымен, екінші тарап­

тан өзіміздің әдетімізге орай үйреншікті түрде орындап отыратын
тыйымдардың арасында, үнемі келіп отыратын, жеке шешімдердің
(өз жауапкершілігі, мәселелері бар) аумағы жатыр. Және біз бұл
аумақтың маңызды екенін білеміз. Жеке шешімдер тыйымдардың,

тіпті, бұдан былай тыйым болып саналмайтын саяси заңдардың
да өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Адамның алдынан кездесетін
мәселелерді саналы ойлап шешудің мүмкіндігі осы екі қоғамның
арасындағы түбегейлі айырмашылық. Бір айта кетерлігі саналы

ойлап шешу Гераклиттен6 басталады. Ал, Алкмеоннан, Фалейден,
Гипподамнан, Геродоттан және софистерден бастап «ең жақсы
заңдарды» іздеу бірте-бірте саналы талқылауға болатын және
талқылануы тиіс проблемаға айнала бастады. Бұл күндері көптеген

адамдар жаңа заңдардың және басқа да институтциональдық
өзгерістердің қажеттігі немесе қажетсіздігі туралы саналы шешім­
дер қабылдайды. Бұл шешімдер өзіміздің іс-әрекетіміздің мүмкін
болған салдарларын бағалауға және осы шешімдердің бірін са­

налы таңдап алуға негізделген. Біз саналы жеке жауапкершілікті
мойындаймыз.

Бұдан былай магиялық, тайпалық немесе ұжымдық қоғамдарды біз жабық қоғам деп, ал жеке адамдар өз бетінше шешімдер қабылдауға мәжбүр болған қоғамды ашық қоғам деп атаймыз. Жабық қоғамды оның ең жақсы деген үлгілерінде, организммен әділетті түрде салыстыруға болады. Мемлекеттің органикалық не­ месе биологиялық деп аталатын теориясын оған табысты қолдануға болады. Жабық қоғамның тобырмен немесе тайпамен ұқсастығы, оның мүшелерінің жартылай биологиялық байланыстармен, – туыс­­­ тас­­тықпен, ортақ өмірмен, ортақ іске қатысуымен, біркелкі қауіпқатерлерге ұшырауымен, жалпыға бірдей рахаттанулары және бақытсыздықтарымен, жартылай органикалық біртұтастықты құрайтынына байланысты. Бұл – бір-бірімен тек еңбектің бөлінуі және тауар алмасу сияқты абстрактілі әлеуметтік қатынастармен ғана емес, сонымен қатар, түйсіну, иіс сезу және көру сияқты нақты физикалық қатынастармен байланысқан, әлі де болса нақты жеке адамдардың нақты тобы. Мұндай қоғамның құлдыққа не­ гізделуі мүмкін болғанымен, құлдардың болуы міндетті түрде үй жануарларын күту мәселесінен түбегейлі өзгеше мәселені туын­ датты. Нәтижесінде, жабық қоғамның дәл сол органикалық тео­ рияны ашық қоғамға ойдағыдай қолдануға мүмкіндік бермейтін, тараптары жоқ. Мен айтып отырған бұл тараптар ашық қоғамда оның көптеген мүшелерінің әлеуметтік сатымен көтерілуге және басқа мүшелердің орнын алуға талпынуы сияқты дерекпен байланыс­ ты. Бұл мысалы, таптардың күресі сияқты маңызды қоғамдық құбылысқа әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, организмде таптық күреске ұқсас ешнәрсе табуға болмайды. Шындығында, кей кезде организмнің клетқалары мен ағзалары туралы олар мемлекет мүшелеріне сәйкес келеді және сондықтан, қорекке бай­ ланысты бір-бірімен тартысуы мүмкін деп айтады. Бірақ, аяқтар, әдетте, ми болуға бейімділік көрсетпейді, ал, дененің басқа мүшелері әдетте қарын болуға тілек білдірмейді. Ашық қоғамның ең бір маңызды сипаттамаларының біріне, – оның мүшелерінің арасында мәртебе үшін бәсекелестікке – организмде ешнәрсе де сәйкес келмейтіндіктен, – мемлекеттің органикалық теориясы деп аталатын теория жалған ұқсастыққа негізделген. Жабық қоғамға бұндай қасиеттер іс жүзінде тән емес. Касталарын да қоса есеп­ тегенде оның институттары қасиетті санкцияларды – тыйымдар­ ды алады. Сондықтан, бұл жағдайда органикалық теория, тіпті де орынсыз емес. Нәтижесінде, біздің қоғамға органикалық те­

орияны қолдануға деген ұмтылыстардың көбісінің, – тайпалық
құрылымға қайта оралуға деген үгіттің өңін өзгерткен түрлері
екенін аңғарғанымыз, тіпті де, таң қалмайтын шығармыз деп ой­
лаймын7.

Органикалық сипатынан айырылғаннан соң ашық қоғам біртін­
деп мен «абстрактілі қоғам» деп атағым келетін нәрсеге айналуы
мүмкін. Ол, адамдардың нақты, немесе, шынайы тобы, яки, осын­
дай шынайы топтардың жүйесі ретіндегі сипатын едәуір дәрежеде

жоғалтуы мүмкін. «Абстрактілі қоғамның» қасиеттерін бір ғана
гиперболаның көмегімен түсіндіруге болады. Біз адамдар іс жүзінде
бір-бірімен бетпе-бет ешқашан кездеспейтін қоғамды қиялмен бол­
жалдай аламыз. Бұндай қоғамда жеке адамдардың барлық істері,

бір-бірінен толық оқшауланған күйде атқарылады, және, бұл жеке
адамдар бір-бірімен хаттардың немесе жеделхаттардың көмегімен
байланысады, жабық автомобильдермен жүріп-тұрады. (Жасан­
ды ұрықтандыру жеке кездесулерсіз-ақ көбеюге мүмкіндік берер

еді). Мұндай ойлап табылған қоғамды «толықтай абстрактілі не­
месе тұлғасызданған қоғам» деп атауға болады. Бір қызығы, біздің
қазіргі қоғамымыз, көп жағынан, осындай мүлдем абстрактілі
қоғамды еске түсіреді. Біз ылғи жабық автомобильдерге жеке дара

жүрмесек те (көшеде қасымыздан өтетін мыңдаған адамдармен
бетпе-бет кездесеміз), бірақ біз осылай жасауға мүлде жуықпыз,

- әдетте, біз, қарсы кездесетін жолаушылармен ешқандай да жеке

қарым қатынас орнатпаймыз. Осыған ұқсас кәсіподаққа мүше болу
да мүшелік кітапшаға ие болу және белгісіз хатшыға жарна төлеуден
артық ешнәрсені аңғартпауы мүмкін. Қазіргі қоғамда тікелей жеке
қарым-қатынастарды мүлдем жасамайтын немесе мұндай қарым-

қатынастарды өте сирек жасайтын беймəлім және жалғыздықта.
Демек, бақытсыздықта өмір сүріп жатқан көптеген адамдар
бао. Істің мәні қоғам абстрактілі болып кеткенімен адамдардың
биологиялық құрылымының болымсыз ғана өзгергенінде болып

тұр. Адамдардың абстрактілі қоғамда қанағаттандыра алмайтын
әлеуметтік мұқтаждықтары бар.
Әрине, бұл кескіндеме – тым әсірелеп көрсету ғана. Ешқашан
мүлде абстрактылы немесе абстрактілігі тым басым қоғам болған

емес және болуы мүмкін де емес. Адамдар әрқашан қандай да бір шы­
найы топтарды құрады, шын мәніндегі әлеуметтік қатынастардың
барлық түріне түседі және мүмкіндіктерінің мөлшеріне сай
өздерінің эмоционалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ты­

рысады. Бірақ, қазіргі ашық қоғамның әлеуметтік топтарының

көпшілігі (кейбір бақытты отбасылардан басқа) суррогаттар ғана
болып табылады, себебі, олар іс жүзінде, қоғамдық өмірге қажетті
жағдайлар жасамайды. Және олардың көпшілігі толықтай алғанда
қоғамның өмірінде ешқандай нақты қызметтер атқармайды.

Біз суреттеп көрсеткен абстрактілі қоғамның көрінісі басқа
жағынан да тым әсірелене ұлғайтылып көрсетілген. Ол қол жет­
кен жетістіктерді бейнелемейді, тек жоғалтқандарымызды ғана
белгілеп отырады. Бірақ, шүбәсіз табыстар да бар. Жаңа кейіптегі

жеке қарым-қатынастар адамдардың бір-бірімен еркін, әрі туылу
жағдайларына тәуелді емес байланыстар орната алатын жерлерін­
де ғана туындайды. Мұның нәтижесінде жаңа жекедарашылдық
пайда болады. Сол сияқты, биологиялық және физикалық қарым-

қатынастардың әлсіреуіне байланысты рухани және т.б. қарым-
қатынастар үлкен рөл атқара бастайды. Қандай дегенмен де,
біздің мысалымыз, нақтырақ немесе шынайы әлеуметтік топқа
қарама-қарсы алғанда, абстрактілі қоғам, деп нені тұспалдап

отырғанымызды, көрнекі түрде көрсетеді деп үміттенемін. Со­
нымен қатар, осы мысалдан, біздің қазіргі ашық қоғамдарымыз
көбінесе айырбас жасау немесе кооперация сияқты абстрактілі
қатынастардың көмегімен жұмыс істеп тұрғаны айқын көрінеді.

(Қазіргі заманғы әлеуметтік теориялар, айталық экономикалық
теориялар негізінен дәл осы абстрактілік қарым-қатынастарды тал­
дап-зерделеумен айналысатынын атап өту керек. Дегенмен, істің
мұндай жағдайына, қоғамды, өмірде бар әлеуметтік топтардың тер­

миндері арқылы талдап-зерделеу қажет, деген, қасаң наным-сенім­
нен, ешқашан да арыла алмаған, Э. Дюркгейм тәрізді көптеген
әлеуметтанушылардың өресі жетпейтіндей болып шықты.)
Осы айтылғандардың негізінде жабық қоғамнан, ашық

қоғамға өтуді адамзат бастан кешкен, аса терең революцияның
бірі ретінде сипаттауға болатыны айқын болды. Жабық қоғамның
біз суреттеп көрсеткен биологиялық сипатына қарай, бұл өту өте
терең әсер қалдыруы тиіс болатын. Сондықтан, біздің батыстық

өркениет гректерден басталды, деп айтқан кездері, біз, мұның нені
аңғартып тұрғанын ұғынуымыз қажет. Шын мәнінде бұл мынаны
аңғартады: гректер ұлы революцияны бастады, ол революция әлі
де өзінің бастапқы кезеңінде, дәлірек айтқанда жабық қоғамнан

ашық қоғамға өту кезеңінде жүріп жатқан сияқты.

ІІ Әрине, бұл революция саналы түрде жасалған жоқ. Тайпалық құрылыстың, яғни, гректің ежелгі жабық қоғамының күйреуін жер иеленуші билеуші таптың арасында тұрғындардың өсуі бірша­ ма біліне бастаған кезеңге жатқызуға болады. Бұл «органикалық» тайпалық құрылымының аяқталуын білдірді. Бұл процесс жабық, қоғамда әлеуметтік шиеленісушілікті тудырды. Бастабын­ да, бұл мәселенің «органикалық» шешімі, – еншілес қалалар салу, – тәрізді бір нәрсе пайда болған сияқты. (Бұл шешімнің «органикалық» сипаты, отаршыларды жаңа жерге қоныстандырған кезде жасалатын магиялық әрекетгерден-ақ айқын көрінеді.) Бірақ, отарлау рәсімі, тек, күйреудің мерзімін кейінге жылжытты. Мәдени қарым-қатынастарға өркендететін болғандықтан, ол, тіпті, жаңа қауіпті мекендерді пайда етті, ал, олар, өз кезегінде, жабық қоғамға, бәлкім, ең көп мөлшерде қауіп төндіретін, – сауданы және сауда­ мен, теңізде жүзумен айналысатын жаңа тапты өмірге әкелді. Б.э.д. VІ ғасырда оқиғаның бұлай дамуы бұрынғы өмір салтынын ішінара ыдырауына, тіпті, бір-біріне ұласқан саяси революцияларға, және, оларға қарсы жауап ретіндегі, реакцияларға әкеліп соқтырды. Ал бұл, өз кезегінде, Спартадағы сияқты, тайпалық құрылыстың ыды­ рауын күштің көмегімен тоқтатып және сақтап қалуға тырысуды туындатып қана қоймастан, сондай-ақ, ұлы рухани революцияны, – сыншыл талдап-талқылаудың мәдениетке енуін, соның салдары болған, жабысқақ магиялық идеялардан ада, сыншыл ой-ойлау­ ды да туындаты. Дәл сол уақытта жаңа қиындықтардың бірінші нышаңдары пайда бола бастады. Өркениеттің шиеленісуі байқала бастады. Бұл шиеленісулер мен қиындықтар жабық қоғамның күйреуінің салдарынан болды. Олар, тіпті, біздің заманымызда да, әсіресе, әлеуметтік өзгерістер кезінде сезіледі. Бұл шиеленісушілік ашық және ішінара абстрактілі қоғамда өмір біздің үздіксіз талап ететін өз іс-әрекеттерімізден туған. Мен біздің ақыл-парасатгы болуға деген ұмтылысымызды, құмарлықтардан, ең болмағанда, кейбір сезімдік мұқтаждықтарымызды, яғни, нəпсімізді қанағаттандырудан өзім­ із­­ді тыюымызды, өзіміздің жүріс-тұрыс құлығымызды бақылап отыруымызды, өзімізге жауапкершілік алуымызды айтып отыр­ мын. Біз бұл шиеленісті білімімізді, ақыл-парасатымызды, бірігіп жұмыс істеуімізді, және өзара көмектесуімізді дамытудағы әрбір жасалтын қадамымыз үшін төленетін төлем ретінде қабылдауымыз

қажет деп есептеймін, соған сәйкес, бұл, халық саны өсіп бара жатқан кездегі өмір сұру мүмкіншілігіміздің бағасы болмақ. Бұл біздің адам болу үшін төлейтінін бағамыз. Бұл шиеленіс жабық қоғамның күйреуі кезінде алғаш пайда болған таптар арасындағы талас-тартыстар мәселесімен, бәрінен де тығыз, байланысты. Жабық қоғамда бұл мәселе болмаған. Ең болмағанда, оның басқарушы мүшелерінің арасында құлдық, каста, таптық билік т.т. жөнінде ешқандай күмәнданулар болмағандықтан, олар «табиғи» болып қабылданды. Бірақ жабық қоғамның күйреуі кезінде бұл сенім бірте-бірте жойылды және онымен бірге қауіпсіздік сезімі де жоғалды. Тайпалық қоғам (кейінірек «қала – мемлекет») – бұл қауым мүшелері үшін қауіпсіз мекен. Жаулармен және қауіпті, кейде, тіпті, дұшпан магиялық күштермен қоршалған тайпалық қоғамдастықтардың мүшелері өздерінің қоғамын, – өзі белгілі бір рөл атқаратын, өз отбасын, өз үйін бала қалай қабылдаса, солай қабылдаған. Бұл рөлді ол жақсы біледі және оны сол дәрежеде жақсы атқарады. Балаларға жанұядағы ұрыс-керіс, немесе, отбасының бүлінуі8 қандай әсер етсе, таптар мәселесін және басқа да әлеуметтік мәртебелер мәселелерін туындатқан жабық қоғамның күйреуі азаматтарға сондай өсер етуі тиіс еді. Шиеленісудің бұл түрі жоғары дәрежелі таптарға үлкен қауіп ретінде сезілді, және, әрине, оларға бұрыннан қанауда болғандарға қарағанда қаттырақ. Дегенмен, соңғылары да өздерін орнықсыз сезінді. Оларды да, үйреншікті, «табиғи» әлемнің күйреуі қорқытты. Олар өздерінің күресін жалғастырса да көбінесе дәстүр, status guo, білімділіктің жоғарырақ деңгейі және табиғи бедел сезіміне сүйенетін тап жауларын жеңген күнде де өздерінің жеңістерін пайдалана алмады. Осы тұрғыдан қарастыра отырып, біз оқиғаның осылайша да­ муын тоқтатуға сәтті тырысқан Спартаның тарихын және ежелгі грек демократиясының көшбасшысы Афинаның тарихын түсінуге тырысуымыз керек. Шындап келгенде, жабық қоғамның қирауының ең басты се­ бебі, теңіз қатынасының және сауданың дамуы болды. Басқа тай­ палармен тығыз байланыстар сол кездегі үстем болған тайпалық институттардың өмір сүру қажеттігі сезімін өлсіретті, ал, сауда, яғни, коммерциялық бастамашылдық, тіпті, тайпалық құрылым әлі де басым болып тұрған қоғамның өзінде жекедаралық бастамашылдық9 пен тәуелсіздікті дамыта алатын азғана іс-әрекет түрлерінің бірі болса керек. Осы екі фактор, – теңізде жүзу мен

сауда, – б. э. дейінгі V ғасырда қалыптасқан түріндегі Афина
империализмінің ең басты белгілеріне айналды. Шындығында да,
олигархтар, яғни, артықшылықтарға ие болған немесе бұрынғы
артықшылықты таптың мүшелері бұл факторларды өте қауіпті деп

таныды. Афинаның саудасы оның монетарлық сипаты, теңіз сая­
саты және демократиялық беталыстары, осылардың бәрі біртұтас
қозғалыстың бөліктері екендігі, және, жаманшылықты жоймай
тұрып, теңіз саясатын, және оның көмегімен құрылған империяны

құртпай тұрып, демократияны да жаншу мүмкін еместігі оларга
айқын болды. Дегенмен, Афинаның теңіз саясаты Афинаның өз
шеңберінде, оның айлақтарында, соның ішінде, сауда орталығы
және демократиялық партияның тірегі Пирейде жүзеге асырыл­

ды. Бұл саясат өзінің стратегиялық мақсаттары қаланы қорғап
тұрған, Афинаның шекаралық, қабырғаларын, ал, кейінірек Афи­
наны Пирейдің және Фалеронның айлақтарымен байланыстырып
тұрған Ұзын қабырғаларды пайдаланды. Дәл осы себептерге бай­

ланысты, ғасырдан астам уақыт бойы, Афинаның олигархиялық
партиялары, демократияның рəмізі және оның күш-қуатының көзі
болған империяны, флотты, айлақгар мен қабырғаларды жек көрді,
осылардың бәрін бір сәтті күні құртып жіберуді ойлады.

Осындай
оқиғалар
туралы
көптеген

куәландыруларды
Фукидидтің «Пелопоннесс соғысының тарихынан» табуға бола­
ды, ол, дәлірек айтқанда, демократиялық Афина мен Спартаның
тоқыраулы олигархиялық тайпалық режимі арасындағы б.э. дейін­

гі 431-421 және 419-403 жылдардағы екі ұлы соғыстың тарихы.
Фунидидті оқи отырып, оның өзінің туған қаласы Афинаға бүйрегі
бұрмағандығын бір сәт те ұмытуға болмайды. Оның соғыстың кезін­
де жаулармен жасырын байланыс жасаған, Афинаның реакциялық

клубтарының ең шеткі қанатына жатпағаны анық, бірак, ол, нақты
алғанда, олигархиялық партияның мүшесі болды, және өзін қуып
жіберген Афина халқының, демостың – және оның империа­
листік саясатының досы болғаны сөзсіз. (Мен, мүмкін, осы кезге

дейін өмір сүрген тарихшылардың ең ұлысы болған, Фукидидтің
маңызын төмендетейін деп отырған жоқпын. Дегенмен, өзі жа­
зып отырған деректерді куәландыру кезінде сәтті жұмыс істегені­
мен, және, барынша әділетті болуға шын жүректен тырысуына

қарамастан, оның түсіндірулері мен моральдық ой-тұжырымдары,
оның көзқарастары мен түсіндірмелеушілік тұғырын айғақтап бе­
реді. Осы тұрғыдан, біз онымен келісуге міндетті емеспіз.)

Сонымен, алдымен мен Пелопоннесс соғысы басталмастан
жарты ғасыр бұрынғы, б.э. дейінгі 482 жылғы, Фемистоклдін са­
ясатын баяндайтын үзіндіні келтіремін: «Фемистоклдің табан­
ды талап етуі бойынша Пирейдің әлі де қорғалмаған бөлігінде

жұмыстар қайтадан басталды... Оның пікірі бойынша, дәл осы
орын... афиналықтарға (олар теңіз державасына айналған кез­
дері) өздерінің күш-қуатын одан әрі дамытуға қажетті үлкен
артықшылықтар беруі мүмкін еді. Фемистокл афиналықтардың

болашағы теңізде деген ұлы ойды алғашқы айтқан адам...»10.
Жиырма бес жылдан соң «Афиналықтар теңізге дейін, Фа­
лерна айлағына да, Пирейге де бағытталған Ұзын қабырғаларды
салуға кірісті»11. Сол кездердің өзінде, Пелопоннесс соғысы бас­

талмастан жиырма алты жыл бұрын олигархиялық партия осы
оқиғалардың мән-маңызын толықтай түсінді. Оның өкілдерінің
ең нашар сатқындықтан да ешқашан бас тартпағанын Фукидид
арқылы білеміз. Олигархтарда кездесіп тұратын таптық мүдде

олардың патриотизмінен басым түсіп жатты. Қолайлы жағдай
Афинаның солтүстігінде іс-әрекет жасаған Спартаға дұшпан
экспедициялық қосындары түрінде пайда болды, олигархтардың
жақтастары өз еліне қарсы Спартамен астыртын сөз байласуға

бел байлады. Фукидид былай деп жазады: «Айтпақшы, олар­
ды» (яғни, спарталықтарды) «олардың күшімен демократия­
ны құлатуға және Ұзын қабырғалардың құрылысына кедергі
жасауға ниеттенген кейбір афиналықтар... жасырын айтақтады.

Бұл мезетте, афиналықтар... лакедемоняндықтар демократияны
құлатуға тырысуда деп күдіктене бастады». Адал Афина азамат­
тары спартандықтарға қарсы шықты, бірақ, жеңіліп қалды. Деген­
мен, олар жауды, өз қаласының ішіндегі бесінші колоннамен күш

біріктіре алмайтындай дәрежеде өлсіреткен болса керек. Бірнеше
ай өткен соң Ұзын қабырғалар салынып бітті, соның нәтижесінде
демократин теңіздегі айырмашылығын сақтап тұрған кезде өзін
қауіпсіздіктемін деп санай алатындай болды.

Осы бір тарихи көрініс тіпті, Пелопоннесс соғысы басталмас­
тан жиырма бес жыл бұрын да Афинадағы таптық жағдайдың
шиеленісті болғанын ашып көрсетеді. Ал, соғыс кезінде жағдай
ауырлай түсті. Бұл эпизод сондай-ақ, спарталықтарға бүйрегі

бұратын бүлікшіл олигархиялық партияның қолданған әдістерін
әшкерелейді. Фукидидтің олардың сатқындығы туралы, олардың
іс-әрекеттерін түк те кінәламастан, жеңіл-желпі айтып өте
шыққандығын атап көрсету керек, сөйтсе де, басқа жерлерінде, ол

таптық күрес пен партиялық рухты аса қатты айыптайды. Бұдан әрі келтірілетін, б.э. дейінгі 427 жылғы, Керкирдегі революция жөнінде, жалпылай ой-толғаулар түрінде, жазылған үзінділер, – біріншіден, сол кездегі таптық жағдайды тамаша баяндаулары­ мен, екіншіден, Керкирдің демократтары тарапынан жасалған афиналықтардың іс-әрекеттерінс ұқсас әрекеттерді сынағысы келген кездері, Фукидидтің қандай қатаң сөздер қолдана білетін­ дігін көрсетуімен қызықты. (Фукидидтің мұндай алаламайтын әділдігін жоғалтуын түсіну үшін біздер Керкирдің соғыс басталған кездері Афинаның демократиялық одақтастарының бірі болғаның, және, олигархгардың көтеріліс жасағанын еске түсіруіміз қажет.) Оның үстіне бұл үзінді жалпы әлеуметтік қирау сезімін тама­ ша көрсетеді: «Бүкіл эллин әлемі, – деп жазады Фукидид, — партиялардың күресінен күйзеліске түсіп тұрды. Әрбір қалада халық партиясының көсемдері афиналықтарды, ал, олигархтардың басшылары лакедемоняндарды... көмекке шақырып жатты. Са­ яси тұсаулар туысқандық байланыстардан күшті боп шықты... Қаланың екі партиясының да басшыларының аузында әдемі сез­ дер: «баршаның теңдігі» немесе «жөпшенді аристократая». Олар мемлекеттің игілігі үшін күресеміз дейді, шын мәнінде, бір-бірімен, өзара билік үшін ғана күреседі. Бір-бірін қалайда жеңбек болған олар, жеркенішті қылмыстар жасап жатты... Партиялардың мұндай күресі Элладада неше түрлі бақытсыздықтар мен бұзақылықтарды өршітті. Барлық жерде өзара күдікпен қараған жауласушы парти­ ялар бір-біріне қарсы тұрды. Енді оларды ештеңе де бітістіре ал­ майтын еді, ең салтанатты мәлімдеулер де жан-жүрегімен ант-су ішулер де тыныштандыруға көмектеспеді. Көпшілік жалпылай қауіпсіздіктің жоқ екендігіне ғана кәміл сенді...»12. Афина олигархтарының мән-маңызға толы Спартадан көмек алып, Ұзын қабырғалардың құрылысын тоқтатпақ болған ни­ етін, бұл сатқындық позицияның Аристотель, өзінің «Саясатын» жазған кездері де, яғни, бір ғасыр өткен соң да өзгермегенін назарға алғанда ғана дұрыс бағалауға болады. «Саясаттан» біз Аристотельдің «олар енді ант беретін болды», деп жазғанындай, олигархтардың анты туралы білдік. Ол антта былай делінеді: «Және, мен қарапайым халыққа дұшпан көңілде боламын, әрі сяад қарсы ең жаман нәрселерді жасауды ойлап жүремін»13. Осы антты еске түсірмесек, қарастырып отырған тарихи кезеңді түсінбеуіміз де мүмкін.

Фукидидтің антидемократ болғанын мен бұрынырақта айтып
өттім. Бұл оның Афина империясын сипаттауында да және осы
империяны әр түрлі грек мемлекеттерінің, иттің етінен бетер жек
көруін баяндауынан да, анық байқалады. Фукидидтің сөзі бойынша,

империяны Афиналық басқаруды жұртшылық тираниядан артық
емес деп қабылдаған, ал, барлық гректер тираниядан қорыққан. Пе­
лопоннес соғысы қаулап тұрған кездегі қоғамдық пікірді көрсете
отырып Фукидид Спартаны аздап сынайды да Афина империа­

лизміне қатты қарсы шығады. «Қалалардың басым көпшілігіндегі,
қоғамдық пікір, лакедемоняндықтар тарапын жақтады (бұлай бо­
латыны, олар өзін Элладаның азат етушілерміз деп жариялаған
еді). Бәрі де, — жеке адамдар да, немесе, қалалар да, — соларға

көмектесуге тырысты... Эллиндердің көпшілігі афиналықтарға
қарсы пікірде болды: біреулер олардың билігінен құтылғысы кел­
ді, басқалары олардан қорықты»14. Ең қызығы, Афина империя­
сын осы кінәраттаудың «Тарихтың», яғни, тарихшылардың басым

көпшілігінің ресми пікіріне айналғаны. Философтарға Платонның
көзқарастарынан арылу қандай оңай емес болса, тарихшылар да
сол дәрежеде Фукидидтін көзқарастарына байланысты қалған.
Мысал ретінде, мен, жай ғана Фукидидті қайталап, былай деп

жазған, Э. Майердан, (осы кезең бойынша ірі, беделді неміс та­
рихшысы) дәйексөз келтіре аламын: «Грекияның білімді қауымы...
Афинаны ұнатпады»15.
Дегенмен, мұндай мәлімдеулер — демократияға қарсы

көзқарастардың көрінісі ғана. Фукидидтің жазып алған көптеген
деректері,
мысалы,
демократиялық

және
олигархиялық
партиялардың басшыларының позициясын баяңдайтын, дәйексөз
ретінде келтірілген үзінді, Спартаның Грекия халқының арасын­

да емес, ал, тек олигархтардың, яғни, Э. Майердің дұрыс жазып
отырғанындай, «білімділердің» арасында ғана «сүйкімді» болғанын
көрсетеді. Тіпті, Э. Майердің өзі мұны жоққа шығармайды:
«көптеген қалалардағы демократиялық көңіл күйдегі жұртшылық

олар жеңеді деп үміттенді»16, («олар» деп бұл жерде афиналықтар
айтылып отыр). Фукидидтің баяндауларында, Афинаның де­
мократтар мен езілгендер арасыңда, кең қолдауға ие болғанын
көрсететін, көптеген мысалдар бар. Дегенмен, білімі жоқ қалың

жұртшылықтың пікірі кімді қызықтырады? Егер Фукидид пен
«білімділер» Афина тиран болды десе, олардың өздері де тиран
болғаны.

Бұдан да қызығырағы, Римді, оның жетістіктері үшін, соның ішінде, бүкіләлемдік империяның негізін салғаны үшін, мадақтайтын тарихшылар, Афинаның соған ұқсас, бірақ, едәуір жөн қабылданатын, нәрселерге жетуге тырысуын кінәраттайды. Римнің бұл жолда табысты болғаны, ал, Афинаның сәтсіздікке ұшырағаны мұндай позицияны дұрыс түсіндіре алмасы анық. Шындығында, бұл авторлар Афинаны сәтсіздікке ұшырағаны үшін кінәламайды, себебі, оларға Афинаның саяси әрекеттерінің табысты болуы мүмкіндігі идеясының өзі жеркенішті көрінеді. Олардың пікірінше, Афина білімсіз адамдар басқаратын қала, аяусыз демократия болды, білімсіздер білімділерді жек көрді және жаншып отырды, ал, соңғылары өз кезегінде білімсіздерді жаман көрді. Дегенмен, демократиялық Афинаның мәдениетке төзімсіздігі жөніндегі мифке негізделген мұндай көзқарас, көпке жақсы мәлім деректерді ең алдымен, осы тарихи кезеңдегі Афинаның таңғажайып рухани өнімділігін жоққа шығарып, мәнін кетіреді. Мұндай өнімділікті, тіпті, Э. Майердің өзі де мойындауға мәжбүр болды: «осы онжылдықтың көлемінде Афинаның жасап шығарғандары, — дейді ол, өзіне тән кішіпейілдікпен, — неміс әдебиетінің ең бір жемісті онжылдығына тең»17. Осы кезеңде Афинаның демократиялық көшбасшысы болған Перикл, Афина­ ны «Элладаның мектебі» деп атаған кездері әбден дұрыс айтқан болаған. Мен Афинаның өз империясын құрған кездері жасағаңдарының бәрін ақтайын деп отырғаным жоқ, және мен афиналықтардың себеп-салдарын жасаған әскери жорықтарын (егер солай болған болса) немесе аяусыз әрекеттерін қорғауды мүлде қаламайтыным анық. Афина демократиясының құлдыққа негізделгенін де ұмытқан жоқпын18. Дегенмен, тайпалық ерекшелік пен өз-өзіне жетісушілікті империализмнің кейбір түрлерінің көмегімен ғана жеңуге болатынын мойындауды қажетгі деп санаймын. Және, сол себепті де, Афинаның қолданған империалистік іс-шараларының көбісі, либеральдық сипатта болғанын, айтып ету керек. Осының бір қызық дерегі төмендегідей. б.э. дейінгі 405 жылы Афина өзінін ионийліктердің Самоса аралындағы одақтастарына мы­ наларды ұсынды: «Осы кезден бастап, мәңгіге афиналықтар бо­ луды... екі қалада бір мемлекет болуы тиіс... самостықтар өзінің ішкі істерін өз қалаулары бойынша басқарулары және өз заңдарын сақтап қалуы тиіс»19. Осыған ұқсас тағы бір мысал, – бұл, Афинаның қолданатын өз империясына салық салу әдісі. Менің

пікірімше, мүлде әділетсіздікпен, — кіші қалаларды қанаудың
ұятсыз, әрі тираниялық әдісі, — деп сипатталған, бұл салықтар
жөнінде көп айтылды. Бұл салықтардың маңызын бағалау
үшін, оларды, Афина флотымен қорғалған, грек қалаларының

жүргізіп отырған саудасының көлемімен салыстыруымыз керек.
Қажетті мағлұматтарды Фукидидтің өзі береді: Афина өзінің
одақтастары үшін б.э. дейінгі 413 жылы «бұрынғы алымның
орнына, теңізбен әкелінетін және шығарылатын бүкіл тауар

құнының жиырмадан бір бөлігі көлемінде баж төлеулі енгізді.
Осындай жолмен афиналықтар өз өрістерін өсіруге үміттенді»20.
Қатаң соғыс жағдайының әсерінен енгізілген бұл шара, Римнің
орталықтандыру әдістерімен салыстырғанда, менің пікірімше,

біршама игілікті болып көрінеді. Өзінің салық салу әдістерінен
көрінетіндей афиналықтар өз одақтастарының саудасының да­
муына мүдделі болған, сол себепті де, өз империясының әртүрлі
мүшелерінің тәуелсіз, әрі бастамашыл болғанын қалады. Бастапқы

кезеңде Афина империясының тең елдердің одақтастығынан бас­
талып, дамығанын білеміз. Афинаның уақытша басым болғанына
қарамастан, (мұны олардың кейбір азаматтары көпшілік алдында
(Аристофанның «Лисистратасын» қараңыз) сынаған), Афинаның

сауданы дамытуға мүдделілігі, уақыт өте келе бұл одақтың,
федералдық мемлекеттік құрылымның қандай да бір түріне айна­
луына әкелген сияқты. Қалай дегенмен де, Афинада, империяның
мәдени объектілерін астанаға «көшіру», жай тілмен айтқанда

— тонау, тәрізді римдік әдістің ұшығы да болмағанын біз білеміз.

Айлакерлердің билігі туралы не айтқанымен, ол тонаушылардың
билігіне қарағанда жақсырақ қой21.
Спарталықтардың көрші мемлекеттермен іс жүргізу әдістерімен
салыстыра келгенде Афина империализміне жылы шыраймен

қарайтынын құптауға болады. Бұл әдістер Спартаның саясатының
түпкі мақсатына сай туындаған, — ол мақсат, Спартаның, барлық
өзгерістерді тоқтатуға, тайпалық құрылымға кері қайтуға, ты­
рысуы болатын. (Кейінірек көрсетілетініндей, бұл мүмкін емес

еді. Бір төгілген абырой қайта келмейді, және, жасанды жолмен
қолданылып отырылған жабық қоғам немесе көтермеленетін
тайпалық рух, — бұл, шын мәніндегі жабық қоғам болып табы­
лады.) Спартаның саясатының негізінде келесі принциптер жат­

ты: (1) Қасаңданған тайпалық құрылымды қорғау: тайпалық
тыйымдардың қаталдығына әсері тиюі мүмкін, болатын барлық
шетелдік ықпалдардан қорғану. (2) Антигуманизм: бүкіл эга­

литаристік, демократиялық, жекедарашылдық идеологиялар­
дан қорғану. (3) Автаркия: саудаға тәуелсіз болу. (4) Антиуни­
версализм немесе партикуряризм: өз тайпасы мен өзгелердің
арасындағы

айырмашылықты
сақтау;
бағыныштылармен
(төменгі сатыдағылармен) араласып кетпеу. (5) Билікшілдік: өз

көршілеріне билік жүргізу және бағындыру. (6) Өте үлкен бо­
лып кетпеу: «Мемлекетті ол біртұтастығын жойып алмайтын
дәрежеде ғана үлкейтуге болады»22 және әмбебаптық беталыс­
тар туындағанға дейін ұлғайтуға болады. Спартаның саясатының

осы алты қағидалық тармағын, қазіргі заманғы тоталитаризмнің
үрдістерімен салыстыратын болсақ, ең соңғы пунктті қоспағанда
олардың негізінен ұқсас болып келетінін көреміз. Олардың
арасындағы айырмашалықты былайша сипаттауға болады: қазіргі

заманғы тоталитаризмнің империализмге беталыс үрдісі бар. Де­
генмен, бұл империализмде, енді, төзімді әмбебапшылдықтың
элементі жоқ: тоталитаризмнің, қазіргі заманғы жақтастарының,
бүкіл ғаламға жайылып жататын, амбициялары, өз еркінен тыс,

туындап жатады деуге болады. Мұны екі фактор туындатады.
Біріншісі – бүкіл тираншылдыққа тән үрдіс, яғни, өзінің өмір
сүріп тұрын, мемлекетті жаулардан (немесе халықтан) қорғаймыз
деген себептен ақтап алу. Бұл үрдіс бойынша, ескі жауларды та­

бысты жеңгеннен соң, іле-шала жаңа жаулар жасалуы, бейнеленуі
тиіс. Екінші фактор — тоталитаристік бағдарламаның өзара тығыз
байланысқан (2) және (5) тармақтық әрекетке келтіруге тырысу. (2)
тармаққа сөйкес аулақ болуымыз керек, гуманизмнің, әмбебаптық

болып кеткені соншалық, одан құтылу үшін, оны бүкіл әлемде құрту
керек. Дегенмен, біздің әлеміміздің кішірейіп кеткені соншалық,

— әрбір адам, өз көршіміз боп шығады. Сол себепті, (5) пунктгін

орындалуы әрбір адамның жауланып алынып, бағыныштылықка
түсуі дегенді білдіреді. Антикалық дәуірде, Спарта сияқты парти­
куляризмді қабылғандарға, ішкі беталыстарына сәйкес, грек қала-
мемлекеттерінің достастығына айналып кетуі мүмкін, тіпті, адам

әулетінің әмбебап империясына айналуы мүмкін, Афина империа­
лизмінен асқан қатерлі нәрсе болмады.
Жүргізілген талдап-зерттеулердің қорытындысын шығара оты­
рып, гректің тайпалық құрылымының қирауынан соң басталған

саяси және рухани революция, б.э. дейінгі V ғасырда, Пелопон­
нес соғысы өршіген шақта өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деп
айтуымызға болады. Бұл революция күш қолданылған таптық
соғысқа және сол мезетте Ежелгі Грекияның басты екі қала-

мемлекетінің арасындағы соғыстарға алып келді.

ІІІ Дегенмен, Фукидид сияқты кемеңгер афиналықтардың жаңа әлеуметтік қозғалысқа қарсы, реакцияға жақтас болғанын қалай түсіндіруге болады? Таптық мүдде, менің пікірімше, бұл жер­ де, осы деректі жеткілікті түсіндіре алмайды. Шындығында да, сол кездері, көптеген кеуделі жас ақсүйектер, демократиялық партияның, онша сенімді болмағанымен, белсенді мүшелеріне айналды, сонымен бір мезгілде, Афинаның ең ойшыл, дарынды азаматтарының кейбіреулері демократиялық қозғалысқа қарсы белсенді күресті. Қарастырылып отырған жағдайдағы ең бас­ ты жәйт, сірә, төмендегідей болса керек: жаңа қоғам өмір сүре бастағанымен және іс-жүзінде жаңа құндылықтарды, яғни, өмірдің соны эгалитаристік нормаларын енгізе бастағанымен, оның, әсіресе, «білімді» афиналықтар үшін әлдебір нәрсесі жетіспеген сияқты. Ашық қоғамның жаңа наным-сенімі, оның жалғыз мүмкін болған сенімі – гуманизм, - енді ғана қоғамға ене бастады, деген­ мен, әлі анық, әлі нақты қалыптасытырлмаған болатын. Белгілі бір кезең бойы таптық соғыстан, демократтардың олигархиялық қайтарымшылдықтан (реакциядан) қорқуынан және бұдан әргі революциялық оқиғалардың қаупінен басқа алда ештеңе де айқын болмады. Соған орай, оқиғалардың бұлай дамуына қарсы қайтарым (реакция) өз тарапында – дәстүрлер, ескі ізгіліктер мен ата-баба дінін қорғауға шақыру сияқты көптеген құндылықтарға ие еді. Мұндай құндылықтар адамдардың басым бөлігінің сезім­ дерін қозғады және оларды түрлі қозғалыстар туындады. Бұл қозғалысты спартандықтар және олардың олигархиялық достары, өз мақсаттары үшін жүргізіп, пайдаланып отырса да, оған, тіпті, Афинаның өзінен көптеген адал адамдар қосылуы тиіс болатын. Осы қозғалыстың «Кейінге – өз ата-бабаларымыздың мемлекетіне» немесе «Кейінге, ежелгі отандық мемлекетке» деген ұрандарынан «патриот» термині пайда болды. Бұл «патриоттық» қозғалысты қолдап отырғандардың наным-сенімдері, демократтарға қарсы қолдау табамыз деп үміттеніп, өз қаласын жауға жығып берудің мүмкіндіктерін жібермеген олигархтар тарапынан едәуір дәрежеде теріс бұрмаланғанын еске салудың қажеті де жоқ шығар. Фу­ кидид осы «отандық мемлекет»23 үшін қозғалыстың, көрнекті басшыларының бірі болды. Ол, ең шеткі антидемократтардың, сатқындық іс-қимылдарын қолдамаған да болуы мүмкін, дегенмен, олардың негізгі мақсаттарын, – қоғамдағы өзгерістерді тоқтатуды

және Афина демократиясының әмбебаптық империализмімен, оның билігінің символдары мен құралдары болған, - теңіз флоты­ мен, Афина қабырғаларымен және саудамен күресуді ұнататынын жасыра алмады. (Коммерцияға қатысты, платондық докториналар тұрғысынан қарағанда, сол кездері, коммерцияланудан қорқудың қандай үлкен болғанын атап өтудің өзі қызық. Б.э. дейінгі 404 жылы, Спарта патшасы Лисандр, афинаны жеңгеннен соң, үлкен олжамен оралды. Сонда қозғалыстың мүшелері, алтынды әкелуге тыйым салуға тырысты. Ал, бұнымен, қайтсе де, келіскен кездері, алтынды тек мемлекет иелене алатын болып шешілді, ал, өзінен осы қымбат металл табылған азамат салмақты жазаға тартылды. Платонның «Заңдарында» да осындай іс-шаралар қорғалады24). Афинадағы «патриоттық» қозғалыс жекелей алғанда өмірдің тұрақты формаларына, дінге, кішіпейілдікке, заңға, және тәртіпке қайта оралуға тырысудың көрінісі болғанына қарамастан, ол моральдық тұрғыдан азғындаған болатын. Оның ескі нанымсенімі енді жоғалған еді және ол, негізінен діни сезімдерді25 екіжүзділікпен, тіпті, бетбақтықпен пайдаланумен алмастырылған еді. Платонның Калликл мен Фрасимах бейнелері арқылы су­ реттеген бетбақтығын, мүмкіндік болған кездері демократиялық патриялардың көсемдеріне айналатын жас «патриоттық» ақсүйек­ тердің арасынан ғана табуға болатын еді. Афинаға өлімші соққы беруге көмектескен олигархиялық көсем, – Отыз тиранның26 бас­ шысы. Платонның жақын ағасы Критийді осындай бетбақтықтың аса көрнекті өкілі болды деуге болады. Дегенмен, сол кездері Фукидидке замандас ұрпақтың ішінде ақыл-парасатқа, бостандыққа, және бүкіл адамдардың туыстығына сенетін жаңа сенім-наным туындады, және, мен, мұны ашық қоғамның мүмкін болған жалғыз сенімі, деп пайымдаймын. ІV Адамзат тарихындағы маңызды белесті айшықтап өткен афиналықтардың бұл ұрпағын, менің ойымша, Ұлы ұрпақ деп атаған жөн. Бұл ұрпақтың адамдары, Пелопоннес соғысының27 ал­ дында және осы соғыстың тұсында, Афинада өмір сүрді. Олардың арасында Софокл және Фукидид сияқты ұлы консерваторлар болды. Осы ұрпақтың адамдарының арасында, Еврипид сияқты толқуда болған немесе, Аристофан секілді скептикалық көңіл күйде болған, өтпелі кезеңнің өкілдері болды. Олардың арасында,

заң алдындағы теңдіктің, саяси жекедарашылдықтың принцип­ терін қалыптастырған, демократияның ұлы көсемі Перикл, және, Периклдің қаласыңдағылар, осы принциптердің даңқын жайған шығарманың авторы ретінде, көкке көтере қолдаған Геродот та болды. Абдерде туылған, Афинада аса ықпалды адамдардың біріне айналған Протагор да оның жерлесі Демокрит те, Ұлы ұрпақка енуі тиіс. Бұл философтар, — тілдің, әдет-ғұрыпттардың, заңдардың адамдық институттары тыйымдық магиялық сипатта емес, оларды адамдар жасаған, олар табиғи емес, шартты деген теорияны жаса­ ушылар бұл философтар, сонымен бір мезетте, осы институттар үшін өзіміз жауапкершіліктіміз деп тұжырымдаған. Сондай-ақ, Гор­ гий — Алкидамның, Ликофрон мен Антисфеннің мектебі де өмір сүріп тұрды, бұлар, құлдыққа жол бермеудің, саналы қорғаудың және ұлтшылдыққа қарсылықтың принциптерін ұсынды, яғни, адамдардың әмбебап империясына сеніп-нануды алға тартты. Олардың ішіндегі ең ұлысы — Сократ болды, ол біздің ақыл-санаға сенуімізді, сонымен бірге ойдың қасаңдығынан қашуымызды, мисологиядан28, теория мен ақыл-санаға сенбеуден аулақ бо­ луымызды, сондай-ақ, даналық; тасқұдайын жасайтындардың магиялық ұстанымдарынан қашуды, уағыздайтын дәрісті бәрімізге өсиет етті, басқаша айтқанда, ғылымның рухы — сыншылдық екенін оқытты. Осы кезге дейін мен Перикл туралы аздап айтсам да, Демокрит туралы ештеңе хабарлаған жоқпын, сондықтан, осы жаңа нанымсенімді көрнекі көрсету үшін мен олардың өз сөздерін пайдала­ намын. Алдымен, Демокрит: «Жаман қылықтардан қорқыныштың себебінен емес, борыш сезіміне сәйкес сақтану керек... Ұяла білу қабілеті, — ең жоғарғы дәрежедегі ізгілік... Әділетсіздікке ұшырағандарды, қолдан келгенше қорғау керек... Жақсылық әділетсіздікті жасамауда емес, тіпті, оны қоламауда... Сөзге емес, ізгілікті істер мен қылықтарға ұмтылу керек... Құлдықтан бостандықтың артықшылығы қанша болса, монархия кезіндегі бақытты өмір деп аталатыннан гөрі, демократиялық мемлекеттегі кедейлікті соншама артық санау керек... Дана адам үшін бүкіл жер ашық себебі, бүкіл әлем, — жоғарғы рухтың отаны». Оның, нағыз ғалымның ғана айтатын, өзінің «персі патшасының дәрежесінен гөрі, себеп-салдарлық бір түсінікгі тапқанын артық көретіні»29 ту­ ралы ескертпесі де бар. Өзінің гуманистік және әмбебаптық бағыты жағынан Демокриттің кейбір осы үзінділері бұрынырақ кезеңге жататына

қарамастан Платонға қарсы бағытталған сияқты болып көрінеді. «Мемлекеттің» жазылуынан, кемінде, жарты ғасыр бұрын, жерлеу рәсімі кезінде айтылған, Периклдің атақты сөзінен де, осыған ұқсас, тек, одан да гөрі күштілеу әсер қалады. Мен бұл сөздің екі сөйлемін, 6 тарауда, эгалитаризмді30 талқылаған кезде келтіріп өттім. Деген­ мен, енді, бұл сөзді, оның рухы жөнінде анық түсінік беру үшін, толығырақ келтіру қажет. «Біздің мемлекеттік құрылымымыз үшін, біз, ешқандай да өзге жерлердің ұстанымдарын үлгі етіп алған жоқпыз. Керісінше, біз біреуге еліктегеннен гөрі, өзіміз өзгеге үлгі көрсетіп отырмыз деуге болады. Бізде қаланы шағын топ адам би­ лемейтіндіктен, ал, халықтың басым бөлігі билейтіндіктен, біздің мемлекеттік құрылымымыз халықтық билік деп аталады. Жеке істерде барша адамдар заң бойынша бірдей құқықтарды пайдала­ нады. Мемлекеттік істерге келетін болсақ, құрметті мемлекеттік лауазымдарға әрбір адамды, белгілі бір сословиеге жататындығы арқылы емес, жеке басының айбыны арқылы, қандай да бір ісі­ мен көзге түскен жетістіктеріне қарай қояды. Кедейлік... құрметгі лауазымды... иеленуге кедергі келтірмейді. Біздің мемлекетіміз­ де біздер еркін өмір сүріп жатырмыз, және, күнделікті өмірде, бір-бірімізден күдіктенуден қашамыз: көршіміз өзінің жүрістұрыс құлығында, жеке бейімділігіне қарай әрекет етсе, оны жек көрмейміз... Қоғамдық өмірде заңдарды бұзбаймыз... билік орын­ дары мен заңдарға, әсіресе, жәбірленетіндерді қорғау үшін бел­ гілегендеріне мойынсұнамыз. Сондай-ақ, жазылмаған, бірақ, оны бұзуды жұрттың бәрі ұят деп есептейтін заңдарды да бұзбаймыз... Айталық, біздер барша адамдарға өз қаламызға келуге рұқсат бе­ реміз, онымен танысуына және қарап шығуына ешқашанда кедергі келтірмейміз, басқа ел адамдарын шығарып жібермейміз... Біз еркін өмір сүреміз... сонымен бірге, өзімізге тең жаумен ержүректікпен күресіп жатырмыз... Біз өзіміздің әдемілікке бейімділігімізді ысырапшылыққа салынбай, дамытып келеміз және ғылыммен, рухымыздың күшін кемітпей-ақ, шұғылданамыз... Ешкім үшін де, бізде, кедейлігін мойындау масқаралық емес, дегенмен, егер адам одан өз күшімен құтылуға ұмтылмаса, біз, мұны үлкен масқаралық деп есептейміз. Белгілі бір адамдар бізде бір мезетте жеке істері­ мен де, қоғамдық істермен де шұғылданып жатады... Қоғамдық іс-әрекетпен шұғылданбайтын адамды біз игі ниетті азамат деп емес, пайдасыз тоғышар деп есептейміз. Саясаткер болуға көп адамның қабілеті жете бермейді, бірақ кез келген адам олардың іс-әрекеттерін бағалай алады. Біз ашық талқылаулар мемлекеттік

істердің орындалу барысына зиянын тигізеді деп ойламаймыз. Керісінше, қажетті шешімді, алдын ала қолдайтын және қарсы бо­ латын сөздерді айту арқылы, дайындап алмайынша, қабылдауды қате деп есетейміз... Бостандықта бақыт деп есептеңіз, ал, бостандық үшін, — ерлік қажет және әскери қауіптің бетіне тай­ салмай қараңыз... Бір сөзбен айтқанда, мен біздің қаламыз — бүкіл Элладаның мектебі деп тұжырымдаймын, және, біздің әрбіріміз өз бетінен өмірдің әрқилы жағдайларында өзінің жеке қабілеттерін оңай әрі икемділікпен көрсете алады деп пайымдаймын»31. Бұл сөздер тек Афинаны мадақтау емес. Бұлар Ұлы ұрпақтың нағыз рухын көрсетеді. Бұлар ұлы эгалитарлық жекедарашылдықтың, демократияның «халық билеуі тиіс» дейтін мән-мағынасыз ұранмен ғана бітпейтінін, оның ақыл-сана мен гума­ низмге сенуге негізделуі тиіс екенін. жақсы түсінген демократтың, саяси бағдарламасын құрайды. Сонымен бірге бұл сөздер нағыз патриотизмінің көрінісі, Элладаның ғана емес, қазіргі бізге мәлім болғанындай, адамзаттың бүкіл өткен және келесі ұрпақтары үшін мектеп және үлгі болуды өз міндетіне алған қала-мемлекеті үшін әділетті мақтаныш сезімінің көрініс болып табылады. Периклдін сөзі — тек бағдарлама ғана емес. Сондай-ақ бұл қорғаныс, тіпті, мүмкін шабуыл да болса керек. Одан Платонды тікелей сынауды да оқуға болады. Мен оның Спартаның қатыпсемген тайпалық құрылысына ғана қарсы бағытталмағанын, сондай-ақ, Афинаның тоталитаристік шеңберлеріне, немесе, «то­ талитаристік қауымына», отандық мемлекет үшін қозғалысқа, афиналық «Лакония достарының Қоғамына» (1902 жылы Т. Гомпе­ ри оны осылай атаған еді»32) да қарсы бағытталғанына да шек кел­ тірмеймін. Бұл сөз — мемлекеттік құрылымның ескірген, дәстүрлі әдісіне қарсы бағытталған ең ежелгі33, сонымен бірге, мүмкін ең әсерлі шығып сөйлеу болып табылады. Жарты ғасыр өткен соң, өзінің «Мемлекет»34 атты диалогында Периклдің сөзін келемежде­ ген Платон да, оның маңызын жақсы түсінді, «Мемлекеттің» «Ме­ нексен, немесе табыт жанындағы сөз»35 деп аталған диалогында, Платон демократияға шабуыл жасайды және Периклдің осы сөзі ашықтан-ашық келемежделеді. Перикл шабуылдаған Лаконияның достары жөнінде айтар болсақ, олар Платоннан көп бұрын Пе­ риклге өз есептерін ұсынды. Периклдің сөзінен кейін бес-алты жыл өткен соң бұл күндері әдетте, «Кәрі олигарх» деп аталып жүрген белгісіз автор (мүмкін, Критий болар) «Афина полития­ сы»36 атты памфлет жариялайды. Осы бір тапқыр памфлет – саяси

теория бойынша, бізге жеткен трактаттардың ең ежелгісі, соны­
мен бірі ең адамзатқа олардың зияткерлік басшылары тұрғысынан
жасалған сатқындықтың да ең ежелгі ескерткіші болып табыла­
ды. Бұл Афинаны аса қатты сынау, оны осы қаланың ең ақылды

адамдарының бірі жазғаны сөзсіз. Бұл шығарманың орталық иде­
ясы, – Фукидид пен Платонның наным-сеніміне айналған нәрсе,
яғни, – бұл, теңіз империализмі мен демократияның арасындағы
тығыз байланыс идеясы. Бұл памфлеттің авторы екі әлемнің37»,

– демократия және олигархия әлемдерінің, – күресінде ешқандай

да ымырашылдыққа жету мүмкин емес, дегенді көрсетуге тыры­
сады. Тек аса қатал күш қолдануды, сырттан спартандықтардың
басып кіруін қоса алғандағы, ең қатаң іс-шараларды қолдану
ғана бостандықтың ұятты билігін құрта алады. Осы көрнекті

памфлеттің талайына, біздің заманымызға дейін, осы тақырыпты
біршама ашық қайталаған, саяси философиялық еңбектердің біт­
пейтін-түгесілмейтін тізбегіндегі ең алғашқысы болу бұйырды.
Адамдардың өздері жасауы тиіс, белгісіз болашаққа, бара­

тын қиын жолында адамзатқа көмектескісі келмеген, кейбір
«білімділер» қоғамды өткен дәуірге қайтарғысы келді. Жаңа жол
салуға қабілеті жоқ олар бостандыққа қарсы мәңгі көтерілістің
көсемдері ғана бола алды. Бұлар (Сократтың сөзімен айтқанда)

мизаңтроптар мен мисологгар, яғни, адамға, адамның ақылы
мен бостандығына сенімді орнықтыратын, қарапайым, әдеттегі
тектілікке қабілетсіз жандар болғандықтан теңдікке қарсы күрес
жолымен өз артықшылықтарын бекіту олар үшін қажеттілікке ай­

налды. Бұндай мәлімдеулер тым қатты айтылғанымен, олар, ұлы
ұрпақтан соң, әсіресе, Сократтан соң келген, бостандыққа қарсы
қозғалыстың, зияткерлік көсемдеріне қатысты алғанда әділетті
болса керек. Олардың позициясын біздің ежелгі грек тарихын

түсіндірмелеуімізде негізге алынған көзқарастармен салыстырып
көруге тырысайық.
Менің ойымша, тіпті, философияның пайда болуының өзін
жабық қоғамның, оның магиялық наным-сенімдерінің күйреуіне

жауап ретінде қарауға болады. Философия дегеніміз жоғалған
магиялық наным-сенімді ақыл-ой наным-сенімімен алмастыруға
тырысу. Философия теорияның немесе мифтің дәстүрлерін
жаңғыртып, өңдейді, және, жаңа дәстүрдің, — бұрынғы теория

мен мифтерге күмәнділікпен қарап, оларды, сыншылдық тұрғыдан
талқылау дәстүрінің негізін қалайды38. (Бұл әрекеттің, жоғалған
біртұтастық сезімін жаңа мистикалық дінмен ауыстыруға

тырысқан орфиктер сектасы деп аталатындардың ықпалының өсу
кезеңімен дәлме-дәл келетіні аса маңызды). Бірінші философтар

- үш ұлы ионийлықтар мен Пифагор – өздерін шабыттандырған

түрткі-ынтаны мүлде түсінбеген де сияқты. Олар әлеуметтік
революцияның өкілдері, және, сонымен бір мезетте, оның, сана­
сыз қарсыластары да болды. Олардың, ортақ өмір сүретін, ортақ
функциялары бар, және, негізінен, идеаландырылған тайпаның

үлгісі бойынша жасалған: мектептердің, секталардың немесе
ордендердің, яғни, әлеуметтік институттардың, немесе, бәлкім,
белгілі бір топтардың негізін қалағанының өзі, олардың әлеуметтік
салада реформаторлар болғандығын, және, соған орай, кейбір

қоғамдық мұқтаждықтарға орай әрекет жасағанын дәлелдейді.
Олардың осындай мұқтаждықтар мен өздерінде болған рухани
өзгерістерге деген жеке сезімдеріне Гесиодка еліктеу арқылы және
тағайыңдалған тағдыр мен құлдырау туралы тарихилылық мифгі39

ойлап табу арқылы жауап бермейді, сын және пікірсайыс дәстүрін
қалыптастыру, солармен бірге, ақыл-парасатты ой ойлау өнері
арқылы жауап қайтарады, — бұның өзі, біздің өркениетіміздің
басталуы кезеңіндегі болған, түсіндіруге келмейтін, жәйт бо­

лып табылады. Дегенмен, осы рационалистердің өзі тайпалық
біртұтастықгың жоғалуын, тым сезімге бой алдырыл, қарсы
алды. Олардың ой-пікір, талқылаулары біздің жекедарашылдық
өркениеттің туындауы кезеңіндегі болған өзгеру, шиеленісу, даму

сезімдерін көрсетеді. Осы бір рухани сығылыстың, ең ежелгі
көріністерінің бірі, екінші ионийлік философ, Анаксимандрға40
тіріледі. Жеке дара өмір сүру оған негіз түріңде, — яғни, сол
үшін жеке адам азап шегуі, өкінуі тиіс болған әділетсіздіктің,

озбырлықпен басып алудың үждансыз және зұлым әрекеті түрінде
көріңді. Әлеуметтік революцияны және таптар күресін бірінші
болып түсінген Гераклит бодцы. Осы кітаптъщ екінші тарауын­
да оның әлеуметтік өзгерістер сезімін қалай ақыл-парасат тезіне

салғаны, алғашқы антидемократиялық идеологияны және алғашқы
өзгерістер мен тағайындалған тағдыр тарихилылық философия­
сын қалай жасап шыққаны жөнінде баяндалған еді. Гераклит ашық
қоғамның алғашқы саналы жауы болды.

Біз атап еткен ежелгі ойшылдардың барлығы дерлік, өздеріне
аса ауыр әсер еткен, қайғы-қасіретке толы әлеуметтік және са­
яси шиеленістердің тұсында еңбек етті41. Мойнына түскен
ауыртпалықты қайсарлықпен көтере білген Ксенофан42 олардың

арасындағы жалғыз ерек тұлға десе болғандай. Біз, әрине, оларды,

сол уақытта болған, жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістерге жаулықпен қарағандығы үшін, олардың кейінгі ізбасарларын белгілі бір дәрежеде кінәраттағандай кінәлай алмаймыз. Ашық қоғамның жаңа наным-сенімі адамға деген эгалитаристік әділеттілікке және адамдық ақыл-санаға деген сенім енді ғана өзінің түр-сипатына ене бастады, ол әлі анық қалыптаспаған еді. Сократ осы наным-сенімге аса үлкен үлес қосты, өзі де сол наным-сенім үшін өлді. Сократ Афина демократиясының Перикл тәрізді көшбасшысы болған жоқ немесе Протагор сияқты, ашық қоғамның теорияшылы болған емес. Дәлірегі, ол Афинаның және оның демократиялық институттарының сыншысы болды, осы тұрғыдан алғанда ол, ашық қоғамға қарсы қайтымгерлердің (ре­ акция) кейбір көсемдеріне сырттай ұқсауы да мүмкін. Дегенмен, демократияны, демократиялық институттарды сынап отырған адамның демократияның жауы болуы міндетті емес, солай бол­ са да, өзі сынап отырған демократтар, немесе, демократиялық қосындағы кез келген талас-тартыстан пайда көргісі келетін то­ талитаристер оны демократияның жауы деп атауы да мүмкін. Де­ мократияны тоталитарисгік сынау мен демократиялық сынаудың арасында түбегейлі айырмашылық бар. Сократтың сынауы демократиялық сын болды, шын мәнінде ол, демократияның ең түпкі мән-мағынасын құрайтын сындардың қатарына жатты. (Демократияны дос көңілмен және дұшпандықпен сынаудың арасындағы айырмашылықты көрмейтін демократтардың өздері тоталитаристік рух сіңген адамдар. Ал, тоталитаризм кез келген сынауды достық сынау деп қарастыра алмайды, себебі, тотали­ таристік беделді кез келген сынау беделшілдік принципінің өзіне күмән келтіреді.) Мен Сократтың ілімінің кейбір тараптары, соның ішінде: оның зияткерлігі жөнінде, яғни, әмбебап қатынас құралы ретін­ дегі адам ақыл-санасы туралы эгалитаргістік теориясы; зияткер­ лік кішіпейілдікті, өзін-өзі сынауды атап көрсетуі; әділеттіліктің эгалитаристік теориясы, және, әділетсіздік жасағаннан гөрі, әділетсіздіктің құрбаны болған дұрыс дейтін теориясы туралы айтып өттім. Осы – дәл соңғы теория, Сократтың ілімінің өзегін, оның жеке-дарашылдық өлшемін адамның жеке тұлғасының өзі өз-өзіне мақсат болады деген сенімін дұрыс түсінуге көмектеседі деп есептеймін. Жабық қоғам, онымен бірге тайпа, бұл бүкіл нәрсе; ал, жеке адам түкке тұрмайды, деген сенім қирады. Жеке адамның

бастамашылдығы және өз-өзін алға шығаруы фактіге айналды. Адам тұлғасына тайпаның қаһарманы немесе құтқарушысы43 ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде қызықтап, қарау басталды. Дегенмен, адамды өз зерттеуінің ортасына қоятын философия, тек Протагордан басталды. Ал, біздің өмірімізде басқа жеке дара адамнан артық маңызды ештеңе жоқ дейтін сенім, адамдарды бірбірін және өз басып кұрметтеуге шақыру, сірә, Сократтан басталса керек. Дж. Бернет біздің өркениетімізге аса қатты ықпалын тигізген, жан түғырнамасын дәл Сократтың жасап шыққанын атап өткен44 еді. Көп тұрғыдан алғанда ол дұрыс қорытындылап отыр деп ой­ лаймын, дегенмен, осы ойды қалыптастыруы, әсіресе, онда «жан» терминін қолдануы онша сәтті шықпаған. Сократ метафизикалық теориялардан мүмкіндігінше бойын қашық ұстаған сияқты. Оны көбіне моральдық ой-пікірлер шабыттандырды, ал оның жеке тұлға (немесе, «жан», егер сіз осы терминді ұнататын болсаңыз) теори­ ясы метафизикалық емес, моральдық доктрина болып табылады. Ол бұл теорияны өз өзіне қанағаттану, өз-өзіне көңілі толуға қарсы үздіксіз күресінде қолданған болатын. Сократ жекедарашылдықтың, тек, тайпалық рухтың жай ғана бөлшектенуінің нәтижесі, бол­ мауын талап етті: жеке жан өзінің бостандыққа шығуға лайықты екенін дәлелдеуі тиіс. Дәл осы себептерге орай, Сократ, адам – бір бөлек ет, немесе, тек, тән ғана емес дегенді табанды түрде жақтады. Адамда бұдан ұлы нәрселер – құдайылық ұшқын, ақылсана, сондай-ақ, ақиқатты, қайырымдылықты, адамгершілікті сүю, игілік пен әдемілікке деген махаббат бар. Дәл осылар адам өміріне маңыздылық береді. Дегенмен, мен тек қана «тән» бол­ масам, онда мен кіммін? Сен алдымен ақыл-санасың. Сократтың жауабы осындай болған еді. Дәл сенің ақыл-санаң сені адам­ гершілікті етеді, жай ғана қәжеттіліктер мен мұқтаждықтардың жиынтығынан гөрі әлдебір үлкен нәрсе болуына мүмкіндік береді, дәл соның өзі, сені өз-өзіне жеткілікті жеке адамға айналдырады, өзі өзінің мақсаты мәртебесіне ұмтылуға құқық береді. Сократтың «өз жанынды қамқорлыққа ал» деген мәтелі негізінен зияткерлік адалдыққа шақыруды қамтиды, сондай-ақ, «өз-өзіңді таны» деген басқа мәтелі, бұл біздің ақыл-санамыздың шектеулі екенін еске са­ лып отыру. Дәл осы шектеулер дейді Сократ, нағыз маңызды болып табы­ лады. Демократияда да, демократтарда да, ол, ең алдымен, осы өзінің шектеулі екенін дұрыс түсінбеуді сынады. Ол демократия

көсемдерін зияткерлік адалдығының жеткіліксіздігі үшін, күш
қолдануға43 дайын тұратындығы үшін дұрыс сынады. Саясатгың
адамдық жағына тым көп көңіл бөлуі, оның әлеуметтік инсти­
туттарды қайта құру мәселесіне деген қызығушылығын кемітті.

Оған ең алдымен ашық қоғамның жеке тұлғалық тұстары қызық
еді. Сократ өзін саясаткермін дегенде қателескен болатын. Шын
мәнінде ол ұстаз болды.
Дегенмен, Сократ өзінің ішкі мән-мағынасы бойынша ашық

қоғамның ең... жақтасы, демократияның досы болса, тағы бір сұрақ
туындайды: онда неге антидемократтармен байланыс жасаған? Ол
кей сәттерде Спартаның жағына өтіп кетіп отырған. Алкивиад қана
болып қойған жоқ, сондай-ақ, Платонның туыс екі ағасы: соңынан

Отыз тиранның аяуды білмейтін көсеміне айналған, Критий мен
оның көмекшісі болған, Хармид те болды.
Бұл сұраққа бірнеше жауап қайтаруға болады. Біріншісі, Пла­
тон бізге былай дейді, – Сократтың өз заманының демократиялық

саясаткерлерін сынауы, халыққа жағынып, алдаусыратушы,
демократтардың кейпіне еніп алған, адамдарға, өздерінің билік
құмарлығын қанағаттандырудың құралы ғана деп қарайтын, жас
ақсүйектердің эгоизмі мен екіжүзді билікқұмарлығын әшкерелеп

көрсету үшін қажет болды46. Сократтың мұндай іс-әрекеті, бір
жағынан, оның ілімін ең болмағанда, демократияның кейбір жа­
улары үшін тартымды етті, екінші жағынан, оның өзін дәл осы
типке жататын кеудемсоқ ақсүйектермен байланыс жасауға алып

келді. Екінші жауап та осымен байланысты. Ақылақшыл және
жекедарашыл болған Сократ ешқашан да бұл адамдарды жай
шабуылдаумен айналыспаған болар еді. Сократ ол адамдарға
шынайы қызығуын оларды өз наным-сенімдеріне шындап тар­

тып көрмей тұрып, жөніне қоймас еді. Платонның диалогтарын­
да осындай ниеттердің болғанын көрсететін көп сілтемелер бар.
Үшінші жауапқа келер болсақ, саясаткерлердің ұстазы болған
Сократ осы жолмен жүрген деп ойлауға біздің негіздеріміз бар. Ол

жас адамдарды, әсіресе, оларды өз наным-сеніміне қаратуға бола­
ды деп есептесе, не күндердің күнінде олар өз қаласында маңызды
лауазымдарға ие бола алады, деп болжамдаса, өзіне тартып, оларға
ықпал жасауға тырысты. Бұның аса көрнекті мысалы ретінде Ал­

кивиадты атауға болады. Бала кезінен-ақ ол Афина империясының
болашақ ұлы көсемі болады деп атап көрсетілген еді. Және тек,
айбынды, ер жүрек, кеудемсоқ Критий ғана Алкивиадтың азғантай
бәсекелестерінің бірі болуы ықтимал еді (Ол бір ғана уақыт Алки­

виадпен бірге серіктес болды да, соңынан оған қарсы шықты. Осы
уақытша серіктес болуының өзі де Сократтың ықпалымен болған
болса керек). Платонның жас кезіндегі және соңғы кезеңдеріндегі
саяси ұстанымдарынан біздің білетінімізге қарап, оның Сократпен

қарым-қатынасы шамамен осы сипатта болған деп, едәуір дұрыс
дәрежеде, болжамдауға болады47. Сократ ашық қоғамның кемеңгер
рухандырушысы, жақтастарының бірі болғанымен, партияның
адамы болған жоқ. Ол өзінің жұмысы қаласына пайдасы тиюі

мүмкін кез келген қауымда жұмыс істеді. Егер ол болашағынан
үміт күттіретін жастарға қызығушылық білдірсе, бұл жастардың
олигархиялық отбасылармен қарым-қатынаста болғаны үшін,
Сократтың олардан бойын аулақ салмасы анық.

Дегенмен, дәл осы қарым-қатынастар оны өлімге душар етті.
Ұлы соғыс жеңіліске ұшыраған кездері Сократты Афинаның
құлауына алып келген, демократияны сатып кеткен, жаулармен
астыртын сөз байласқан адамдарды тәрбиелеп шығарғаны үшін

айыптады.
Фукидидтің беделінің әсерінен, Пелопоннес соғысын және
Афинаның құлауын, осы кезге дейін, Афинаның жеңілуі,
демократиялық жүйенің ізгіліктілік тұрғысынан әлсіздігінің,

түпкілікті дәлелі, болғанын көрсеткендей етіп суреттеп келеді.
Дегенмен, мұндай көзқарас, - небәрі, сыңаржақтық бұрып көрсету
ғана. Бізге жақсы мәлім деректер, мүлде басқа нәрсені айғақтап
отыр. Соғыста жеңіліске ұшыраудың басты жауапкершілігі үнемі

Спартамен астыртын сөз байласып отырған, олигарх-сатқындарға
жүктеледі. Олигархтардың ең кемеңгер өкілдері Сократтың
бұрынғы үш шәкірті: Алкивиад, Критий, Хармид болды. Б.э. дейінгі
404 жылы, Афина құлағаннан соң, соңғы екеуі спартандықтардың

қол жабуымен құрылған қуыршақ үкімет – Отыз тиранның бас­
шылары болды. Афинаның құлауы мен Ұзын қабырғалардың
қиратылуын көбіне-көп, біздің білетініміздей б.э. дейінгі 431
жылы басталған Ұлы соғысының қорытындысы деп есептейді. Де­

генмен, мұндай түсінікте, шындықты тым өрескел бұрмалау бар.
Істің мәні мынада, - демократтар б. э. дейінгі 404 жылдан соң да,
күресті тоқтатқан жоқ. Ең алдымен, небәрі жетпіс адамы болған
олар Фрасибула мен Аниганың қолбасшылығымен Афинаны азат

етуге әзірленді, бұл кездері Афинада Критий адамдарды ондап
өлтіріп жатқан болатын. Террордың сегіз айы ішінде тирандар
«бүкіл Пелопоннес әскері соғыстың он жылы ішінде өлтіргеннен
көбірек деуге болатындай афиналықтарды» өлтірді48. Жеңілістен

соң сегіз ай өткеннен кейін (б. э. дейінгі 403 жылы). Пирейге
бекініп алған демократтар Критийге және Спарта гарнизонын ша­
уып, жеңіп шықты. Платонның екі туыс ағасы да шайқаста өлді.
Олардың олигархиялық ізбасарлары, Афинаның өзінде, және бір­

шама уақыт террорды жалғастырды, дегенмен, олардың күштері
ыдырап, бөлшектене бастаған болатын. Олигархтардың басқаруға
қабілетсіз екендеріне көздері жеткен, спарталық қамқоршылары,
оларды тастап, демократтармен келісімшарт жасайды. Бейбітшілік,

Афинадағы демократияны қайта қалпына келтірді. Осылайша,
ең қатал қуғын-сүргіннің кезінде де, басқарудың демократиялық
түрі өзінің артықшылығын дәлелдеп шықты, тіпті, оны жаулары
да жеңілмейтін деп мойындады. (Книда маңындағы шайқастан он

жылдан соң афиналықтар өз қабырғаларын қайта салып шықты.
Демократияның жеңіліске ұшырауы ақыр аяғында оның жеңісіне
айналды.)
Қайта қалпына келтірілген, демократия қалыпты құқықтық

жағдайларды49 қайта орнатуы мұң екен, Сократқа қарсы соттық
іс қозғалды. Оның мән-мағынасы айқын еді. Сократ мемлекеттің
ең ірі жауларын — Алкивиадты, Критийді, Харчидті тәрбиелеуге
қатысқаны үшін айыпталды. Демократияны қайта қалпына келтіру­

ден бұрын жариялаған, бүкіл саяси қылмыскерлерді амнистиялау,
айыптаушылар үшін біршама қиындықтар тудырды. Сол себепті
де, айыптаушылар осы бір жалпыға мәлім тұлғаларға ашық сілте­
ме жасай алмады. Айыптаушылар, өздері жақсы білетіндей, Со­

кратты, оның ой-ниетіне кереғар болып өткен, бұрынғы кезеңнің
нашар саяси оқиғалары үшін, жазалауға тырыспаған сияқты. Олар
Сократтың жастарды оқытуды доғарғанын қалаған болуы керек.
Сократтың ілімінде және осы ілімнің салдарларында олар мем­

лекетке төнетін қауіп бар деп есептеді. Сол себепті де айыптауға
айқын емес, тіпті мән-мағынасыз реңк берілді. Онда Сократтың
жасөспірімдерді азғындатуы, адал еместік және мемлекетте жаңа
діни сенім-нанымды енгізуге тырысу деп көрсетілді. (Соңғы екі

айыптау, қолапайсыз түрде болса да, этикалық көне діни салалар­
да Сократтың революционер болғаны жөніндегі дұрыс сезімдерді
сөзсіз көрсетіп тұр). Амнистияның салдарынан «азғандатылған
жасөспірімдердің» аты анығырақ аталмады, өйтсе де, көпшілік

әңгіменің кімдер туралы болып жатқанын жақсы түсінді50. Сок­
рат қорғана отырып, оның Отыз тиранның саясатына ешқандай
да бүйрегі бұрмағандығын және олардың қылмыстарының біріне
қатысудан бас тартқаны себепті өз өмірін шынайы қатерге тіккені

жайында айтты. Ол өзінің жақын достары мен өзіне таңғалып, сүйсінетін шәкірттерінің арасында, тым болмағанда Отыз тиранға қарсы күрескен (мүмкін сол соғыстың кезінде қаза тапқан)51, бір көзге нақты шалынған демократтың - Херефонттың болғанын соттың есіне салды. Сократты айыптауды қолдаған демократ басшы Аниттің — Со­ краттан қасірет шегуші жасағысы келмегендігі қазір мойындалып жүр. Оның мақсаты - Сократты қуып жіберу болатын. Оның жос­ пары Сократтің өз ұстанымдарынан бас тартпағандығы себепті бұзылып кетті. Мен Сократтың өлгісі келгеніне, не болмаса, оған қасірет шегушінің рөлі ұнаған дегенге сенбеймін52. Ол әшейін өзі дұрыс деп санайтын нәрсе үшін – өз өмірінің басты ісі үшін күрескен. Ол ешқашан демократияны ыдыратуды мақсат етпеген. Шындығына келгенде ол сол демократияның өзі мұқтаж болып отырған наным-сенімді, оған беруге тырысты. Бұл оның бүкіл өмірінің ісі еді, және де, сол іске қауіп төніп тұрғанын ол сезді. Сократтың бұрынғы достарының сатқындығы оның ісін және өзін жаңа қырынан – ол терең қайғы-қасірет шегетіндей тұрғыдан көрсетті. Ол, мүмкін, өзінің туған қаласының жанашыры болғанын дәлелдеуге мүмкіндік берген соттық тергеулерге қуанған да бо­ лар. Өзінің қашып кетуіне мүмкіңдік болған кездері осы оқиғалардың барлығына өз көзқарасын егжей-тегжейлі түрде түсіндіріп шықты. Егер ол осы мүмкіндікті пайдаланып, қуғындалушыға айналса, барша жұрт оны демократияның қарсыласы (оппоненті) ретін­ де таныған болар еді. Сол себептен ол өзі де қалды және бізге өзінің түсіндірмелерін қалдырды. Осы түсіндірмелерін — оның соңғы тілегін Платонның «Критонынан» табуға болады». Бәрі де қарапайым түсіндіріледі. Егер де мен қашатын болсам, мен мем­ лекет заңдарын бұзатын боламын – деді Сократ. Мұндай әрекет мені таңдарға қарсы қойған болар еді және менің бейілсіздігімді дәлелдеп берген болар еді Бұл мемлекетке зиянын тигізген бо­ лар еді. Тек кетпей қалсам ғана, өзімнің демократиялық заңдарға бағынатын мемлекетке деген бейілділігіме шек келтіруге болмай­ тынын дәлелдеп, ешқашан да оның жауы болып көрмегенімді айғақтап бере аламын. Менің демократиялық мемлекетке бейілділігімнің, ол үшін өз еркіммен өлуге дайын екендігімнен асқан дәлелдемесі бояуы мүмкін емес. Сократтың өлімі — оның адалдығының соңғы дәлелдемесі. Ер жүректілік, қарапайымдылық, кішіпейіллік, шектен шығып кетпей­

тін ұстамдылық, әзілқойлық сияқты қасиеттер оның бойыңда әркез де болды. «Шынында да, — дейді Сократ, Платонның «Сократтың апологиясында», — меніңше құдай мені қалаға осыңдай етіп, яғни, күні бойы барлық жерге отырып, әрқайсысыңды оятып, үгіттеп, кінәраттайтындай етіп жіберген тәрізді. О, ер-азаматтар, басқа дәл мендей адамды сендерге табу қиынға түседі, ал мені сендер сақтай аласыңдар... Алайда сендер... Анитты тыңдап, мені ұрыпсоғып, оп-оңай өлтірулерін мүмкін, онда өздеріңнің бүкіл қалған өмірлеріңді ұйқыда өткізетін боласыңдар, егер тек құдай сендерге жаны ашығаннан тағы біреуді жібермесе»54. Сократ, адамның тек тағдырға мойынсұнып қана және де атақ-даңқ үшін, не, басқа бір осыған ұқсас өзге де ұлы мақсаттар үшін ғана елмейтінін, соны­ мен бірге, жеке басының мән-маңызына немесе көңілшектікке ешқаңдай да қатысы жоқ, сыни ой-ойлаудың еркіндігі үшін, өзөзін құрметтей білу үшін өзін құрбан ете алатынын көрсетті. VІ Сократтың өзіне лайық тек жалғыз ғана ізбасары болды. Ол – Ұлы ұрпақтан соңғы өкілі, өзінің ескі досы Антисфен еді. Платон — оның шәкірттерінің ішіндегі ең дарындысы бола тұрып, қатар олардың ішіндегі ең адал емесі болып шықты. Платонның өзін туыс ағалары қалай сатып кеткен болса, Платон да Сократты солай сатып кетті. Ағалары Платонды сатып кетумен ғана шектелмей, сондайақ оны өздерінің террорлық саясатына қатысушыға айналдырмақ болды. Алайда, Платон оларға қарсылық көрсеткендіктен, ағалары бұған қол жеткізе алмады. Платон Сократты өзінің тежелген қоғам жайлы теориясын құрудың орасан зор әрекетіне кірістіруге тырыс­ ты. Және ол бұған оңай қол жеткізді, себебі Сократ өліп қалған болатын. Мен, әрине, бұл кінәлаулар, Платонға сын көзбен қарайтындардың өздеріне де, тым қатал болып көрінетінін білемін55. Дегенмен, егер «Сократтың апологиясы» мен «Критонға» Сократтың соңғы тілегі ретінде қарасақ және оның осы өсиетін Платонның өсиеті — «Заңдармен» салыстырсақ, өзгеше үкім шығару қиын. Сократ айыпталған болатын, дегенмен, айып тағушылар оны өлтіруді жоспарламаған еді. Платондық «Заңдар» осы алдын ала ниеттің жоқтығының орнын толтырады. Еркін ой, саяси институттарды сынау, жастарға жаңа идеяларды үйрету, жаңа діни наным-сенімді енгізуге тырысу, ақыр аяғы өзінің жеке ой-пікірлері — осылардың

барлығын Платон Сократтың ауыр қылмыстары деп атайды.
Платондық мемлекетте Сократқа өзін көпшілік алдында қорғау
мүмкіндігі ешқашан берілмеген болар еді. Сократ, әншейін, құпия
Түнгі кеңеске науқас жанын «емдеу» үшін және түбінде қатал жа­

залау үшін жеткізілген болар еді.
Мен не Платонның сатқындығына қатысты дерекке де, не Сок­
ратты «Мемлекетте» басты сұхбаттасушы ретінде пайдалануға де­
ген талпыныс оны Платонның іс-әрекеттерінің тең қатысушысына

айналдырды деген дерекке де күмән келтіре алмаймын. Дегенмен,
мұның бәрі Платонның осы әрекетгері саналы болған дегенге әлі
де болса дәлел бола алмайды.
Платонды түсіну үшін оның кезіндегі жағдайды тұтастай

көз алдымызға келтіруіміз керек. Пелопоннес соғысынан соң
өркениеттің шиеленісуі бұрын-соңды болмаған дәрежеде қатты
сезіле бастады. Ескі олигархиялық үміттер әлі де болса сөнбеген
еді, ал Афинаның жеңілуі бұл үміттерді тек күшейте түсті. Соның

өзінде Критийдің Қарт олигархтың бағдарламасын жүзеге асырып,
демократияны жоймақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Және
де мәселе батылдықтың жетіспеушілігінде емес еді. Аса қатаң
зорлық-зомбылық та, жеңімпаз Спартаның тарапынан көрсетілген

қуатты қолдаудың арқасында туындаған қолайлы жағдай да
табысқа жеткізе алмады. Платон бағдарламаны толығымен қайта
құру керек екенін сезді. Отыз тиранның күш көрсету саясатының
жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — олардың азаматтардың

әділеттік сезімін аяққа таптағандығы еді. Олардың жеңілуі негізі­
нен ізгіліктілік сипатқа ие болды. Ұлы ұрпақтың наным-сенімдері
өзінің күшін дәлелдеді. Отыз тиран осы наным-сенімнің орнына
ештеңе ұсына алмады, олар ізгіліктілік тұрғысынан бетбақтар (ни­

гилист) болды.
Платон Карт олигархтың бағдарламасын басқа бір наным-
сенімге — тайпалық құрылымның ескі құндылықтарын қайта
тірілтіп, оны ашық қоғамның наным-сенімдеріне қарсы қоятын

тұжырымдарға негіздемей тұрып, қайта жаңғырту мүмкін емес­
тігін сезді. Адамдарға әділеттік деген — теңсіздік деп және тай­
па не болмаса ұжым жеке адамнан жоғары тұрады деп ұғындыру
қажет болды56. Дегенмен, Сократтың наным-сенімі оған тікелей

қарсы шығуға болмайтындай тым күшті болғандықтан, Платонға
осы наным-сенімнің өңін айналдырып, оны жабық қоғамның
сенімдері ретінде түсіндірмелеуіне тура келді. Бұл қиын, бірақ,
мүмкін болатын. Шынында да Сократты өлтірген демократия емес

пе еді? Шындығында демократия оны өзінің жақтасы етіп көрсету
құқынан айырылды емес пе? Және, Сократ, әрдайым беймәлім бо­
лып қала беретін көпшілікті, оның көсемдерін даналығы жетіспей­
ді деп кінәлаған жоқ па? Платонға, Сократты «білімді» — ілімпаз

философтар үкіметінің қолдаушысы болғандай етіп түсіндірмелеу
онша қиынға түспеді. Платоңды бұл түсіндірмелеуде нығайтқан
нәрсе мұндай көзқарастар пифагорлық сенімнің бір бөлігі
болғандығы. Және де осы көзқарастардың көп бөлігін ол Таренттегі

Архиттен тапты, ол тек қана пифагорлық дана ғана емес, сонымен
қатар ұлы және жолы болғыш мемлекеттік қайраткер болатын. Ол
мәселенің шешімі дәл осы жерде жатқанын сезді. Сократтың өзі
шәкірттерін саясатқа қатысуға шақырмады ма? Осының барлығы

оның даналардың, білімділердің бас жарғанын қалағандығының
белгісі емес пе? Архиттың асыл тектілігі, Афинаны билеп тұрған
қара сүйек халықтың қарабайырлығынан қалай ерекшеленіп
тұрады десеңші! Әрине, саяси құрылымының мәселелері туралы

өз шешімдерін ешқашан да анық қалыптыстырмаған Сократтың
пифагоршылдықты әрдайым есте ұстауы тиіс болатын.
Осы жолда Платон Ұлы ұрпақтың ең ықпалды мүшесінің ілімі­
не біртіндеп жаңаша мағына беруге болатынын анықтап және ора­

сан зор қуатына ешқашан да тікелей бәсекелесуге батылы жетпей­
тін қарсыласы Сократтың шындығына келгенде, өзінің жақтасы
болғанына өз-өзін сендіре алды.
Сократтың өз ілімінен тым қатты ауытқығаны соншалық, енді

бұл туралы өзін алдай алмайтындай болса да Платонның оны өзінің
диалогтарында ең басты сұхбаттасушы ретінде қалдырғанынын
қарапайым түсініктемеленуі осындай57. Бірақ, айтылатын нәрсе
тек бұл ғана емес. Платон Сократтың ілімі өзінің баяндауынан

тым қатты ерекшеленетінін, осыған орай, өзінің Сократты сатып
кеткенін жан түкпірінде сезген болар деп ойлаймын. Платонның
үнемі Сократты оның ілімін қайта өзгертуге мәжбүрлеуге тыры­
суы, өзінің тынымсыз ар-ұятын тыньштандыруға тырысуы деп

білемін. Өз ілімі нағыз сократтық ілімнің тек логикалық дамуы бо­
лып табылғанын қайта-қайта дәлелдеуге тырысуы арқылы ол өзін
өзінің сатқын емес екендігіне сендіруге тырысты.
Менің пікірімше, Платонды оқи отырып, біз, оның жан

дүниесінде болып жатқан ішкі қақтығыстың, нағыз дүлей талас-
тартыстың куәгерлеріне айналамыз. Әуелі десең, оның белгілі
«сырбаз жасырындылығы, өз тұлғасын тізгіндеуі»58, дұрысырағы,
осындай тізгіндеуге тырысуы да — біздің істің мән-жайын оңай

түсінетіндігімізге сүйенсек — осы ішкі күрестің белгісі болып
келеді. Және мен Платонның өзгелерге орасан зор ықпалын, бір
тұрғыдан дәл осы, оның жан дүниесіндегі екі әлемнің өзара талас-
тартысымен түсіндіруге болады деп болжалдаймын. Бұл күрестің

ұзаққа кететін салдарын сырбаз жасырындылықтың жамылғысы
астынан да сезуге болады. Бұл күрес біздің де жанымызды
қозғайды. себебі, ол біздің де ішкі жан дүниемізде жалғасып жа­
тады. Платон өз дәуірінің адамы болды, алайда, ол дәуір біздің

де дәуіріміз. (Біз, ақыр аяғы, Америка Құрама Штаттарындағы
құлдықтың жойылғанына бар-жоғы бір ғасыр ғана еткенін, ал,
Орталық Европадағы крепостнойлықтың жойылғанына одан да
аз уақыт өткенін ұмтпауға тиіспіз.) Бұл ішкі күрес Платонның

жан теориясынан өзге ешбір жерде дәл осы теориядағыдай айқын
байқалмады. Біртұтастық пен үйлесімге ұмтылған Платонның адам
жанының құрылымын, таптарға бөлінген қоғамның59 құрылымына
ұқсас түрде қарастырғаны оның қандай терең күйзелуге тиіс екен­

дігін көрсетеді.
Платонның ұлы ішкі қақтығысы Сократтың үлгісінің оған
терең əсер етуінің салдарынан туындайды, ол үлгімен оның өзінің
азшылық билікке, яғни, олигархиялық бейімділіктері табысты

түрде күресті. Саналы дәйектер саласындағы күресі сократтық
гуманизмді өз-өзіне қарсы қою арқылы жүргізіліп отырды. Ең
алғашқы осы тектес мысалды «Евтифроннан»60 көруге болатын
сияқты. Менің Евтифронға ұқсағым келмейді деп Платон өзін-өзі

сендірген. Мен ешқашан өз әкемді, не болмаса, өзім сыйлайтын
ата-бабаларымды заңға және гуманистік ақылаққа қарсы жасалған
күнәлары үшін кінәламаймын, бұл ақылақтардың өздері кәдуілгі
тақуа тәртіптіліктің деңгейінен артық болып тұрғаны шамалы.

Олар адамды өлтіргеннің өзінде, бұл тек бар болғаны өздерінің
крепостнойларының өмірлерін қиды ғой, ал олар қылмыскерлерден
ешбір артық емес; оларды кінәлау менің міндетіме жатпайды. Сок­
рат дұрыс және дұрыс еместің, арлылық пен арсыздықтың ара

жігін ажыратудың қаншалықты қиын екендігін көрсетіп кетті емес
пе? Және, гуманист деп аталатындар оны осы арсыздығы үшін
қуғындаған жоқ па еді? Меніңше, Платонның жан дүниесіндегі
күрестің іздерін, оның гуманистикалық идеяларға қарсы шыққан

кез келген жерінен, әсіресе, «Мемлекеттен» көруге болатын сияқты.
Оның әділеттіліктің эгалитарлық теориясына қарсы күресінде
кезіндегі жалтақтығы, қорлайтын терминдерді қолдануы, оның
нәсілшілдікті қоғамға енгізуді, өтірік айту құқығын қорғаған

көпсөзді уағыздары, онын әділеттілікке берген анықтамасы, – осылардың бәрі бұрынғы тарауларда қарастырылған болатын. Дегенмен, осы ішкі қақтығыстың ең анық көрінісін «Менексен­ нен». – Периклдың қабір түбіндегі айтқан сөзіне, мысқыл түрдегі жауап беруден көруге болады. Меніңше, дәл осы жерде Платон өзін толығымен көрсеткен сияқты. Өз сезімдерін мысқылдық пен жек көрудің астарында жасыруға тырысуына қарамастан, Периклдың идеялық ұстаны (кредосы) өзіне қаншалықты терең әсер еткенін көрсетпей кете алмады. Платон өзінің «Сократын», Периклдың сөзінің тигізген әсерін, былайша жеккөрушілікпен су­ реттеуге мәжбүрлейді: «Осы тектес ұлылық сезімі мен де содан кейін үш күн, тіпті, одан да ұзақ уақыт сақталды: шешеннің сөзінің жер-жебірден өтетіндей болғаны соншалық, мен, тек төртінші, не болмаса, бесінші күні өз өзіме келіп, табанымның астындағы жер­ лі сезіне бастадым...»61. Платон бұл жерде ашық қоғамның нанымсенімдерінің өзіне қаншалықты орасан зор әсерін тигізгенін және оған өз сезімдерімен күресудің, әрі өзінің орны оның жауларының қосынында екендігін сезінудің қаншалықты ауыр болғандығын аша түскеніне күмәндануға бола ма. VІІ Менің пікірімше, Платонның осы күресте алға тартқан ең қуатты дәлелі барынша шынайы болғанға ұқсайды. Ол гуманистік наным-сенімдерге сәйкес біз өзіміздің көршілерге кемектесуге даяр болуға тиіспіз деп айтатын. Адамдар көмекті қажет етеді, олар бақытсыз, олар қатал шиеленісті жағдайында еңбек етуде, әлеуметтік өзгерістерді тым ауыр сезінеді. Барлығы өзгермелі бо­ лып келетін өмірде ешбір сенім, ешбір қауіпсіздік жоқ62. – Мен оларға көмек беруге даярмын, – дейді Платон. Дегенмен, егер мен зұлымдықтің түп-тамырларына жете алмасам, оларды бақытты ете алмаймын. Платон зұлымдықтың түптамырын тапты. Бұл — «адамның азғындауы», жабық қоғамның құлдырауы. Оның бұл ашқан жаңалық, Карт олигарх пен оның ізбасарларының Афинаға қарсы болып, Спартаны қолдаған кездері және жетекшілікті тоқтатудың спартандық бағдарламасына көз жұмып ұқсауға тырысқан кездері негізінен дұрыс істегендігіне өзінің көзін жеткізді. Әйтсе де, олар көпке ұзай қойған жоқ. Олардың талдап-зерделеуі онша терең болмады. Олар Спартаның өзінде оның кез келген өзгерістерді

тоқтатуға деген батыл талпынысына қарамастан құлдырау бел­
гілері көріне бастағандығы туралы деректі ұғына алмады (не
болмаса соны есепке алуды ойластырмаған). Құлдыраудың себеп­
терін — басқарушы қауымның санындағы болсын, сапасындағы

болсын «сәйкессіздіктер» мен «ақылға сыйғысыз ауытқуларды»
жою үшін Спартаның адамдардың өсіп-өнуін бақылауға алу
әрекетіне дәйектілік жетіспеді63. (Платон тұрғын халықтың
өсіп-өнуі қоғамның құлдырауының себептерінің бірі болғанын

дұрыс түсінді.) Қарт олигарх та, оның ізбасарлары да Отыздың
тираншылдығы тәрізді тиранияның көмегімен бұрынғы жақсы
дәуірлерді қайта жаңғырта аламыз деген сенгендері бірша­
ма аңқаулық болды. Платон олардан әрі кетті. Ұлы әлеуметкер

бұл тираниялардың сол кездегі революциялық рухқа сүйенгенін
және өз кезегінде оны тұтатып отырғанын, оларға халықтың
теңдікті аңсауына жол беруіне тура келгенін, осы тираниялардың,
шын мәніңде, тайпалық құрылыстың күйреуінде маңызды рөл

атқарғанын анық көрді. Платон тиранияны жек көрген. Тек жек
көрген адам ғана, Платонның тиран жайында берген белгілі сурет­
темесінен көргеніміздей, асқан зерек байқағыштық көрсете алады.
«Халық, басқарушыны, (не болмаса асқан қауіптен құтқарушыны)

қажет етуі үшін тирандар азаматтарды қандай да бір соғыстарға
тартуы тиіс» деп тек таранияның жауы ғана айта алады. Платон,
олигархия сияқты, тирания да мәселенің шешімін бере алмады
деп тұжырымдады. Әрине, әрбір адамды өз орнына қою қажет, де­

генмен, езіп-жаншу мақсат емес. Мақсат — табиғатқа толығымен
қайту, кенептің толықтай тазалануы болуы тиіс.
Бір жағынан Платонның теориясының және екінші жағынан
Қарт олигархтың не болмаса Отыз тиранның теориясының

өзара айырмашылығы Ұлы ұрпақтың әсерімен байланысты.
Жекедарашылдық, эгалитаризм, ақыл-санаға сену және еркіндік­
гі сүю жаңа қуатты идеялар, ал, — ашық қоғамның жауларының
көзқарасымен қарағанда — олармен күресу қажет болған қауіпті

идеялар болатын. Платон олардың әсерін өзіне сезінген және
олармен ішкі күрес жүргізген. Ұлы ұрпақ қарсы жауап беру үшін,
ойын орасан зор күш-қажыр жұмсауы қажет болды. Бұл деген
ашылып кеткен есікті қайта жауып тастаудың, қоғамды, тереңдігі

мен байлығы жағынан теңдесі жоқ, тартымды философияның ду­
асын салу арқылы тоқтатудың әрекеті болды. Саясат саласында
ол, Перикл өзінің қарсы дәлелдерін ұсынған, ескі олигархиялық
бағдарламаға аздаған ғана бірдеңелер қосты64. Солай болғанымен

де, Платон санасыз түрде еркіндікке қарсы бүліктің ұлы құпиясын ашты, оны біздің кезімізде Парето былайша құрастырды65: «Сезімдерді жоюдың бос талпыныстарына бола күш-қуатыңды жұмсағаннан гөрі, алардан пайда таба білу». Платон өзінің ақыл-санаға қарсы араздығын көрсетпеді, ол барлық зияттылар­ ды ілім-білім алғандар ғана басқаруы тиісті деген талабымен оларға жағымпазданып, өзіне тартып, кемеңгерлігімен баурап алды. Әділеттікке қарсы шыға отырып, ол барлық әділетті адам­ дарды өзінің соның қорғаушысы екендігіне сендірді. Сократ сол үшін өмірін құрбан еткен ой еркіндігіне қарсы күресіп жүргенін, тіпті, өз алдында да мойындамады. Сократты өзінің кейіпкеріне айналдырған Платон бүкіл қалған жұртты өзінің осы еркіндік үшін күресіп жүргеніне сендірді. Осылайша, Платон өзі қаламаса да гуманизмге қарсы, ақылақсыз мақсаттары үшін, гуманистік, моральдық сезімдерге жүгінудің техникасын шынайы ниетімен қолданатын көптеген үгіттеушілердің алғашқысына айналды. Және ол ең ұлы гуманистерді олардың сенімінің әдепсіз және өзімшіл екендігіне сендіріп, таңғажайып нәтижеге ие болды66. Мен оның өз-өзін де сендіре алғанына күмәнданбаймын. Ол өзінің жеке бастамашылықка деген жек көрушілік сезімін және кез келген өзгертуді тоқтатуға деген өзінің ниетін, барша жұрт қанағаттанған және бақытты болған, ақша қуудың қаталдығы67 тектілік пен достықтың заңдарымен алмастырылған аспан мемлекетінің тиянақтылығына және әділеттілікке деген махаббатқа өзгертті. Платонның бірлік, әсемдік пен кемелденгендік туралы арманы оның эстетизмі, холизмі мен ұжымшылдына, жоғалып кеткен топтық тайпалық рухтың нышаны, әрі өнімі болып табылады68. Бұл — өркениеттің шиеленісінен қасірет шеккендердің сезімдерін білдіру, және сонымен бір мезетте, құштарлықпен осы сезімдерге жүгіну. (Осы шиеленістің бір бөлігі болып біздің өз өміріміздің ұлы жетіспеушіліктерін — жеке тұлғалық, институционалдық та жетіспеуішліктерін — барған сайын ауырсына сезінуіміз; айналып өтуге болатын қайғы-қасіреттерді сезінуіміз, біздің оқиғаларға өз әсерімізді тигізе алатынымызды сезуіміз, бірақ, ол оқиғалар біз үшін қаншалықты маңызды болса, жақсартуларға қол жеткізу соғұрлым қиындай түсетіндігін түсінуіміз болып отыр. Мұндай саналы сезі­ ну жеке жауапкершіліктің, адам тағдырының ауыртпалығының шиеленісін күшейте түседі).

VІІІ

Сократ өз арымен мәмілеге келуден бас тартты. Платон
суретшінің кенебін не болмаса тақтайшасын тазартуға деген өзінің
бүкіл қапысыз әрекетінде, өзі жүрген жолдың әр кадамы сайын
өзінің арымен мәмілеге келуге межбүр болды. Оған ой еркіндігі­

мен, акиқатты еркін талдап-зерттеумен күресуге тура келді. Оның
жалғандықты, саяси елестерді, тыйым түріңдегі соқыр сенімдерді,
ақиқатты басып-жаншуды, ақыр аяғында, аяусыз күш қолдануды
қорғауына тура келді. Сократтан мизантропия мен мисологияға

қатысты ескертуін айнальш өту кезінде, ол адамға сенбеушіліктің,
талдау-зерттеу жүргізуден қорқудың жолына түсті. Өзінің тирани­
яны жек көруіне қарамастан, оған тирандардан көмек сұрауға және
ең тираншылдық саяси шараларды қорғауына тура келді. Оның гу­

манизмге қарсы мақсатының ішкі логикасы, күштің бұлтартпас ло­
гикасы өз уақытында Оған тиран келген және кешірек оның досы
Дион мен оның көптеген тиран-ізбасарлары келген полицияға сана­
сыз түрде әкеп соқтырды69 Оның қоғамдық өзгерістерді тоқтатуға

шамасы жетпеді. (Тек одан көп кейінірек, Орта ғасырларда
әлеуметтік өзгерістерді, қайткенде де, платондық-аристотельдік
эссенциализмнің сиқырлы дуалауымен тоқтатуға қол жеткізілді.)
Дегенмен, Платон өзінің дуаларымен өзі жек көретін күштерге

өзін-өзі байлап тастады.
Біздің Платоннан алуға тиіс болатын затымыз оның бізге
ұсынуға тырысқанына дәлме-дәл қарама-қарсы болып келеді. Және
де бұл сабақты ұмытуға болмайды. Әрине, платондық әлеуметтік

диагноз керемет, сөйтсе де оның ұсынған теориясы, ол күресуге
тырысатын зұлымдықтанда жаман. Саяси өзгерістерді тоқтату
сырқатты емдеудің құралдарын бермейді. Бақыт та әкелмейді. Біз
ешқашан да жабық қоғамның жалған кінәсіздігі мен осемдігіне

қайта орала алмаймыз70». Біздің аспан жайлы армандарымызды
жерде жүзеге асыру мүмкін емес. Біз бір кезде акылга жүгініп, сы­
нау қабілетін қолдана бастадық, және бір жеке жауапкершіліктің,
ал онымен бірге бейімнің алға жылжуына қолдау көрсету жөніндегі

жауапкершіліктің дауысын сезіне бастағаннан-ақ, тайпалық
сиқырға санасыз түрде бағынуға негізделген мемелекетке қайта
орала алмаймыз. Таным ағашынан дәм татқандар үшін жұмақ
жойылған. Біз тайпалық рухтың батырлық ғасырына неғұрлым

күш салып, оралуға тырысқан сайын, біз, шын мәнінде, инкви­
зицияга, құпия полицияға және романтикаланған қарақшылыққа

соғұрлым тезірек оралатын боламыз. Ақыл мен ақиқатты басып-
жаншудан бастасақ, бізге бүкіл адамзатты қатал, әрі зорлықпен
қиратуымен аяқтауға тура келеді71. Артқа табиғаттың үйлесімді
мемлекетіне жсол жоқ. Егер де біз артқа бұрылсақ, бізге бүкіл

жолды жүріп өтуге тура келеді - біз жануар қалпымызға оралуға
мәжбүр боламыз.
Қаншалықты қиын болса да, біз осы мәселені шындап зерттеп-
зерделеуімізге тура келеді. Егер біз өзіміздің балалық шағымызға

оралуды армандаған болсақ, егер біз өзгелерге сүйеніп, сол арқылы
бақытты болуға ниеттенсек, егер біз адамгершіліктің, ақыл мен
жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалау деген міндетімізден бас
тартуға тырысатын болсақ, егер біз батылдықтан айырылсақ

және күйзелістен айыққымыз келсе, онда бізге өзіміздің алды­
мызда тұрған сол бір қарапайым таңдауларды анық түсінуден
тірек табуымызға тура келеді. Біз жануар қалпымызға оралуымыз
мүмкін. Дегенмен, егер біз адам күйімізде қалғымыз келсе, біздің

алдымызда тек бір ғана жол - ашық қоғамға апарар жол бар. Біз
өзімізде бар ақылды қолдану арқылы біздің қауіпсіздігімізді және
де сонымен бірге біздің еркіндігімізді мүмкіндігінше жоспарлау
үшін белгісіздікке, беймәлімге және қауіпке қарай қозғала беруге

тиіспіз.

Түсініктемелер 10-тарау Осы тараудың эпиграфы «Думаннан», 193 d алынған. 1 «Мемлекетті», 419 а және кел., 421 b, 465 с және келесі және 519 е, сонымен қатар 6-тарауды, атап айтқанда ІІ мен ІV-бөлімдерін қараңыз. 2 Менің айтайын деп отырғаным: өзіне сүйенсек, басқарушылар басқарылатындардың жандары үшін, рухани денсаулығы үшін жа­ уапты деген платондық теорияға (және де Платонның «Мемлекет» пен «Заңдарда» әзірдеген іс-тәжірибелік кеңестеріне) негізделген қоғамның дамуын тоқтатуға арналған орта ғасырлық талпы­ ныстары ғана емес, сонымен қатар осы бағыттағы көптеген соңғы қозғалыстар. 3 Мен осы мәселеге өзімнің «Тһе Logіc of Scіentіfіc Dіscovery» деген еңбегімде суреттелген әдісті, мүмкіндігінше көбірек қолдануға тырыстым. 4 Атап айтқанда, «Мемлекетті», 566 е, сондай-ақ әрі қарай осы тараудың 63-ескертуін қараңыз. 5 Менің айтып отырған жағдайда «жексұрындар» болмауы тиіс... Қылмыс... қызығушылықты тудырмайды... Бізді қызықтыратыны небәрі – жақсы адамдардың жақсы ниетпен жасайтыны...» Мен осы әдіснамалық принципті менің Платонды түсіндірмелеуімде мүмкіндігінше көбірек қолдануға тырыстым. Осы ескертпе­ де дәйексөз ретінде келтірілген принциптің түйінделуі Бернард Шоудың «Киелі Ианнаға» арналған алғы сөзінен алынған — «Ме­ лодрама емес, трагедия» деген бөлімінің алғашқы екі сөйлемін қараңыз (Б. Шоу. Алты томдық пьесаларының толық жинағы. М., Искусство, 5-т., 1980, 355-бет.) 6 Гераклит жайында 2-тараудан қараңыз. Алкмеон мен Ге­ родот жасап шыққан заң алдындағы теңдік жайлы теорияла­ ры туралы 6-тараудың 13, 14 мен 17-ескертулерінен қараңыз. Фалей Халкедонскийдің экономикалық эгалитаризмі жайында Аристотельдің «Саясатынан», 1266 а және Dіels5, 39-тарауынан қараңыз (Милеттік Гипподам жайында да содан қараңыз). Гиппо­ дам жайында сонымен қоса Аристотельдің «Саясатынан», 1267 b 22 және 3-тараудың 9-ескертуінен қараңыз. Саясаттың алғашқы теоретиктерінің арасынан біз, әлбетте, софистер Протагор, Ан­ тифонт, Гипий, Ликофронды және солармен қатар — Критийді

(Dіels5-ті, 6, 30-38 үзінділерін, сонымен қатар 8-тараудың 17-ес­
кертуін қараңыз) және Қарт олигархты (егер бұлар екі әр түрлі
адам болса), сонымен қатар Демокритгі атап кетуге тиіспіз.
«Жабық қоғам» мен «ашық қоғам» терминдері туралы және

А.Бергсонның оларды бір-біріне ұқсас мағынада қолдануы
жайында «Кіріспеге ескертуден» қараңыз. Менің жабық қоғамды
магиялық деп, ал, ашық қоғамды саналы, әрі сыни деп сипаттауым,
әлбетте, бұл терминдерді қоғамды белгілі бір түрде дәріптеусіз

қолдануыма жол бермейді. Сиқырлы бағыттау біздің өмірімізден,
әуелі осы уақытқа дейін құрылып қойған «ашық» қоғамдардан
ешбір жағдайда жоқ болып кетпейді, және де, менің ойымша,
оның қайсыбір уақытта мүлде жоқ болып кетуі онша мүмкін емес.

Менің ойымша, осыған қарамастан жабық қоғамнан ашық қоғамға
өтудің қайсыбір пайдалы критериін қарастыру мүмкін деп санай­
мын. Мұндай ауысу келесі жағдайда орын алады: әлеуметтік ин­
ституттар алғаш рет адам шығармашылығының өнімдері ретіңде

танылған жағдайда және оларды саналы түрде өзгерту олардың
адамның алдына қойған мақсаттары мен ниеттеріне қол жеткізу
үшін жарамдылығы терминдерінде талқыланған жағдайда. Егер
осы ойды бұдан азырақ абстрактілі түрде білдіретін болсақ, былай

деп айтуға болады: әлеуметтік тәртіп сол арқылы қабылданатын
аса зор құрмет сезімі осы тәртіпке белсенді түрде жағаласу мен
меншікті не болмаса топтық мүдделерді жүзеге асыруға деген
талпыныспен алмастырылған жағдайда жабық қоғам күйреуге

ұшырайды. Мұндай әлеуметтік күйреуге өркениетті дамьпу
мақсатындағы мәдени байлықтар және одан да үлкен дәрежеде
ондай жағдайға басқарушы таптың қайыршыланған, яғни жерсіз
бөлігінің пайда болуы әкелуі мүмкін екендігі айдан анық.

Мен «әлеуметтік күйреу» түсінігін жалпы жағдайда қолданғанды
онша да ұната бермейтінімді мойындауға тиіспін. Меніңше, жабық
қоғамның жаңа ғана сипатталған күйреуі жақсы әсерін тигізетін
жағдай болған. Жалпы жағдайда «әлеуметтік күйреу» термині

бақылаушыға оның суреттеп отырған оқиғаларының барысы өзіне
ұнамайтындығын білдіретінге ұқсайды. Меніңше, бұл термин көп
жағдайда қате қолданылады. Алайда, менің пікірімше, негізі бол­
сын болмасын белгілі бір қоғамның мүшесі «барлығы күйреуге

ұшырайды» деген сезімге ие бола алады. Күмән жоқ, ancіent regіme
не болмаса орыс ақсүйектерінің өкілдері үшін Француз не болма­
са Орыс революциялары толық әлеуметтік күйреу ретінде елесте­
уі тиіс болатын, алайда жаңа басқарушылар осының барлығын,

әлбетте, өзгеше түсінетін.

А.Тойнби (АЛ.Тоупbее. A Study of Hіstory, vol. V, рр. 23-35, 338)
«қоғамның денесінде схизманың пайда болуын» қоғамның күйреуге
ұшырауының белгісі ретінде суреттейді. Схизма таптардың бөлінуі
түрінде әлбетте, көне грек қоғамында Пелопоннес соғысына

дейін көп бұрын орын алғандықтан. Тойнбидің неліктен дәл осы
соғыс (тайпалық құрылыстың күйреуі емес) эллиндік өркениеттің
күйреуіне әкелді деп тұжырымдайтыны түсініксіз. (4-тараудың 45
(2)-ескертуін және осы тараудың 8-ескертуін қараңыз.)

Гректер мен маорилердің өзара ұқсастығы жайлы қайсыбір
ескертулерді J.Burnet. Early Greek Phіlosophy, 2nd ed.,-тен, атап
айтқанда 2 және 9-беттерден көруге болады.
7 Мен осы сын үшін мемлекеттің органикалық теориясы­

на, сондай-ақ И.Поппер-Линкойдың көптеген өзге де қызықты
ұсыныстарына міндеттемін, Ол өз кітаптарының бірінде (J.Popper-
Lynkeus. Dіe Allgemeіne Naehrpfіcht, nd ed., 1923, рр. 71 және
кел.) былай деп жазады: «Керемет Менений Агриппа... «оларға

асқазанға қарсы шыққан басқа дене мүшелерімен салыстыру­
ды әңгімелеумен» көтеріліске шыққан плебстерді (Римге) қайта
оралуға көндірді... Олай болса неліктен олардың ешқайсысы
оған былай деп айтпаған: «Жақсы, Агрипиа. Егер асқазан болуы

тиіс бопса, онда ендігі уақыттан бастап біздер плебстер оның ор­
нында болғымыз келеді, ал сіздер... дене мүшелерінің ролін ой­
най берулеріңізге болады» (Осы салыстыру жайында Ливийдің
«Римның қаланың негізін қалаудан бергі тарихынан», ІІ, 32, және

Шекспирдің «Кориоданынан», І-акт, І-сахнасынан қараңыз.) «Mass-
Observatіon» сияқты қазіргі заманғы, және де, меніңше, прогрес­
сивтік қозғалыстар қоғамның органикалық теориясын (көбінесс,
олардың Fіrst Year’s Work, 1937-38 атты кітапшасының алдынғы

бетінде) насихаттайтынға ұқсайды. Сонымен қатар, 5-тараудың
31-ескертуін қараңыз.
Сонымен қатар тайпалық «жабық қоғам» онда деп осы
әлеуметтік шиеленістің болмауы себебінен белгілі мағынадағы

«органикалық» сипатқа ие екендігін мойындаған жөн болады.
Мұндай қоғам құлдыққа негізделуі мүмкін деген дерек (көне
гректердің жағдайында болғандай), өздігінен әлеуметтік шие­
леністі тудырмайды, себебі көп жағдайда құлдар, мал тәрізді,

қоғамның бір бөлігіне жатпайтын болған. Сол себептен құлдардың
мүдделері мен олардың проблемаларының, басқарушылар олардың
қоғамының арасындағы елеулі мәселе ретінде сезінетін жағдайды
тудыруы міндетті шарт болып табылмайтын. Сөйтсе де тұрғын

халықтың көбеюі шындығында да осындай мәселені туындатады. Өзінің азаматтарын отарларға қоныс аудартпаған Спартада бұл жағдай ең алдымен көршілес тайпаларды, олардың жерін басып алу үшін өздеріне бағындыруға, ал соңынан кез келген өзгерісті шаралар арқылы тоқтатуға саналы түрде тырысып отыруға әкеп соқтырды. Қолданылатын шаралардың құрамында тұрғын халықтың өсіп-өнуін инфантицид институтының көмегімен, туушылықты бақылаудың және гомосексуализмнің көмегімен бақылау шарасы да бар болатын. Осының бәрін Платон керемет дәл байқап үлгерген, ол мемлекет-қаладағы азаматтардың санын шек­ теп отырудың қажеттілігін әрдайым талап етіп отырған (мүмкін, Гипподамның әсерімен) және «Заңдарда» тұрғын халықтың тұрақтылығын ұстап тұрудың қажетті құралы ретінде отарлауды және туушылықты бақылап отыруды, ал одан бұрынырақта гомо­ сексуализмді (осындай ой-пікірлерді Аристотельдің «Саясаты­ нан» да. 1272 а 23 табуға болады) ұсынған болатын («Заңдарды», 740 d – 741 а және 838 е қараңыз). (Платонның «Мемлекеттегі» инфантицидті ұсынғаны жайында және осыған ұқсас проблемалар жайында, атап айтқанда, 4-тараудың 34-ескеріуінен, 10-тараудың 22 және 63-ескертулерінен және 5-тараудың 39 (3)-ескертулерінен қараңыз.) Әрине, осы іс-тәжірибенің барлығына саналы түсініктеме беру мүмкін емес. Дорийстік гомосексуализм, көбінесе, соғыстың істежірибесімен және әскери орданың өмірінен, негізінен тайпалық құрылыстың күйреуінен кейін қарауға ұшыраған эмоционалдық қанағаттануды қайта өрлетудің талпынысымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, Платон «Тойда», 178 е жырлап өткен «сүйгеңдерден құралған әскерді» еске түсіруге болады. Сонымен қатар, Пла­ тон «Заңдарда», 636 b және кел., 836 b/с гомосексуализмді қатаң кінәлайды (алайда, 838 е-ні салыстырыңыз). 8 Менің пікірімше, менің «өркениеттің шиеленісуі» деп атайты­ ным З.Фрейдтің «Cіvіlіsatіon and іts Dіscontent»-ті жазған кезіндегі ойға алып отырған феноменімен ұқсас келеді. А.Тойнби «ығысу сезімі» жайында айтады (A Study of Hіstory, V, р. 412 және кел.), алайда оны «ыдыраудың дәуірлерімен» шектейді, ал мен болсам Тойнби бойынша оның түсінуіндегі «эллиндік қоғам» «ыдырай бастаған» уақыттан көп бұрын – әлеуметтік ыдырау Гераклитте анық түрде көрсетілген деп санаймын (іс-жүзінде оның іздерін Гесиодтың өзінен де табуға болады). Э. Майер «әрбір адамның өмірдегі алатын орнын, оның азаматтық және әлеуметтік құқықтары

мен міндеттерін, сонымен қатар өз өмірін қамтамасыз етуге деген сенімділігін белгілейтін туу статусының» жоғалғандығы туралы айтады (E.Meyer. Geschіchte des Altertums, ІІІ, р. 542). Бұл бізге б.д. дейінгі V ғасырдағы грек қоғамындағы шиеленістің анық суретте­ месін бердегенді. 9 Салыстырмалы түрдегі интеллектуальдық тәуелсіздікті бере­ тін осыған ұқсас кәсіптің келесі бір түрі ретінде кезбе ақынның кәсібі болатын. Мен мұнда негізінен Ксенофанды меңзеп отырмын (көбінесе, «протагореизм» жайында 5-тараудың 7-ескертуінен қараңыз). Гомер де осындай мысал ретінде қызмет етуі мүмкін. Бұл кәсіпке тек аздаған адамдар ғана қол жеткізе алатын болған ы айдан анық. Менің коммерцияға не болмаса коммерциялық тұрғыда айталық адамдарға ешқандай қызығушылығым болмай шықты. Сөйтсе де коммерциялық іскерліктің қоғам өміріне тигізетін әсері меніңше аса маңызды. Бізге белгілі ең көне өркениеттердің бірі - шумер­ лік өркениеттің біздің бітуімізше, қуатты демократиялық кескінге ие сауда өркениеті болғанының кездейсоқ нәрсе болуы екіталай. Сонымен қатар жазу өнері, арифметика мен ғылым негіздерінің саудалық өмірмен тығыз байланыста болып шығуының да кездейсоқ нәрсе болуы екіталай (сонымен қатар осы тараудың 24ескертуінің мәтінін қараңыз). 10 Фукидид, І, 93. (Мен негізінен Фукидидтің Б.Джовет жасаған аудармасына жүгінемін.) Фукидидтің саяси ұнатымдары (симпати­ ялары) жайында осы тараудың 15(1) - ескертуінен қараңыз. 11 Осы және келесі дәйексөздер Фукидидтен, І, 107 алынған. Сатқын - олигархтар жайындағы фукидидтік теорияны Э.Майердің апологетикалық нұсқасынан (Gasch. D.Altertums, ІІІ, 8. 594) оның қайсыбір одан өзге, одан да сенімді дереккөздері болмауына қарамастан әрең тануға болады. Ол әншейін өзін танымастай етіп бұрмаланған. (Майердің құмарлығы жайында осы тараудың 15(2)-ескертуі­ нен қараңыз.) - Осыған ұқсас түрдегі сатқындық жайында (б.д. дейінгі 479 ж. Платейлердің маңындагы шайқастың қызуы) Плу­ тарх. «Аристидтен», 13 қараңыз. 12 Фукидид, ІІІ, 82-84. Осыдан әрі келтірілетін үзіндінінің қорытындысы жекедарашылдық пен гуманизмнің элементін си­ паттайды, аталмыш элемент, әлбетте, Ұлы ұрпақтың өкілі ретінде (бұдан әрі мәтінді және осы тараудың 27-ескертуін қараңыз), ерте­ ректе айтылып кеткендей, оның ұстамды, бір тоға қанатына жатқан

Фукидидке тән болатын: «Дегенмен, кек алуға келгенде адам­
дар келешегі жайлы ойламайды және қайсыбір жаманшылыққа
ұшыраған кездегі адамның өзін құтқаруға деген үміті жинақталған
бүкіл жалпы адамдық заңдарды ойланбастан аяққа таптайды».

Фукидидтің бұдан арғы симпатияларына қатысты талқылауларды
осы тараудың 15 (1)-ескертуінен қараңыз.
13 Аршстотель. «Саясат», VІІІ, (V), 9, 10/11,1310 а. Аристо­
тель мұндай ашық жауығушылықпен келіспейді. Ол, дана «оли­

гархтар халық мүддесі үшін қам жеуге тиіс болар дегенді» деп
санайды және оларға жақсы кеңес беруге тырысады; «Қарама-
қайшы көзқарасты ұстанған жөн болар дегенді және оларын ашық
түрде көрсетумен олигархтар өздерінің анттық серттерінде: «Мен

қарапайым халықта жәбірлемеймін» дегенді көрсетуге тиіс болар
еді» (курсивы менш).
14 Фукидид, ІІ, 9.
15 E.Meyer. Geschіchte des Altertums, ІV, 1915, 5. 368 қараңыз.

(1) Фукидидтің әділдігіне не болмаса одан гөрі оның санасыз
соқыр сенімділігіне баға беру үшін Пелопоннесс соғысының бірін­
ші бөлігінің тағдырының шешілуіне әкелген Платейдегі маңызды
шайқасты (Э.Майер, Лисиге сүйенумен осы бөлігін «Архидам

соғысы» деп атайды – E.Meyer. D.Altertums, ІV, 8. 307 қараңыз;)
соның Түсіндірмелеуін мелийстік жанжалды — соғыстың екін­
ші бөлігіндегі (Алкивиад соғысының) Афиналардың алғашқы
басқыншыл іс-әрекетін дәл өзінің түсіндірмелеуімен салыстырған

жөн. Архидам соғысы демократиялық Платеяға тоталитарлық
Спартаның жақтасы - Фивалар жағынан ешбір соғыс жариялаусыз
шабуыл жасаудан басталды, олардың достары Платеяның ішінде­
гі — олигархиялық бесінші колонна түнде Платея есіктерін жауға

ашып берген. Осы көріністің маңыздылығына қарамастан – ол
соғыстың тікелей себебі болды емес пе – Фукидид ол жайында аса
қысқаша түрде хабарлайды (ІІ, 1-7). Ол ақылақтық аспекті жайын­
да «Платеяның ісі, әлбетте, бейбіт келісімшартты анық түрде

бұзу болды» деген ескертуін есепке алмағанда ештеңе айтпайды.
Алайда ол Платеяның демократтарын олардың басқыншыларға
қайырымсыз қарағаны үшін кінәлайды және тіпті олар ант­
ты бұзбады ма екен деген күдігін білдіреді. Мұндай суреттеме,

әлбетте, ойдан шығарылған болса да, белгілі және егжей-тегжейлі
баяндалған Мелийдің сұхбатымен қарама-қайшы келеді
(Фукидид, V, 85-113), онда Фукидид афиналық империализмге
жаман ат тағуға тырысады. Мелийдегі істен (ол үшін Алкивиад

жауапкершілікте болуы мүмкін — Плутарх. «Алкивиадты», 16 қараңыз) шошынған афиналықгар өздерінің қарсыластарына ескер­ тусіз шабуыл жасамаған және күш көрсетудің алдында келіссөздер жасасуға тырысқанға ұқсайды. Фукидидтың көзқарасы жайыңда сөз қозғаудың тағы бір ыңғайын оның олигархиялық партияның шешені Антифонтты мадақтауы (VІІІ, 68) ұсынады (аталмыш жағдай Платонның «Менексенінде», 236 а айтылады, сонымен қатар 6-тараудың 19-ескертуінің соңын қараңыз). **6-тарауға арналған біздің ескертуді қараңыз. - Редактор мен аудармашының ескертуі. ** (2) Э. Майер - қарастырылып отырған тарихи кезең бойынша қазіргі заманның аса ірі, беделді тұлғаларының бірі. Оның жал­ пы көзқарасына баға беру үшін оның демократиялық үкіметтер жайындағы келесі жек көрінішті ескертулерін оқу керек (осыған ұқсас көптеген пассаждар бар): «Олар үшін одан да маңызды болып» (қаруланудан да маңызды) «партиялық жанжалдардың қызықтыратын ойынын және еркім өзінің жеке мүддесіне сәйкес түсінетін шексіз еркіңдікті кепілдеуді жалғастыру болатын» (Е. Меуеr. Gasch. d. Altertums, V, S. 61). Алайда Майер: «Демократия мен оның көсемдерінің керемет еркіндігі өзінің тиімсіздігін анық дәлелдеп берді» (ор. сіt., 8. 69). Біздің дәуірімізге дейінгі 403 жылы Спартаға берілуден бас тартқан афиналық демократиялық көсемдер жайында (және бұған ешқандай ақтау қажет болмағанның өзінде бас тартулары кешіректе олардың табысқа жетуімен ақталған бо­ латын) Майер былай дейді: «Осы көсемдердің кейбіреулері шы­ найы фанатиктер болуы мүмкін,... олардың қайсыбір сергек түрде ой қозғауға қабілетсіз болуы соншалықты, олар (өздерінің айтып жүргендеріне, атап айтқанда) «Афиналықтардың ешқашан тізе бүгуге тиіс еместігіне шынында да сенген» (ор. сіt., ІV, 8. 659). Майер өзге тарихшыларды олардың соқыр сенімі үшін қатал кінәлайды (мысалы, ол тиран Үлкен Дионисийді, оның пікірінше, әділетсіз шабуылдарынан қорғайтын ор. сіt., ІV, 88.-дегі 89 және 102-ес­ кертулерін және ол Дионисийге қарсы көзқарастағы «қайталағыш тарихшылардың» кесірінен ызаланатын 8. 113 асты мен 5. 114 үстін қараңыз). Осылайша ол Дж. Гроутты «ағылшындық радикал көсем» деп, ал оның еңбегін «Афиналықтардың тарихы емес, оны мадақтау» деп атайды және өзін осындай адамдарға мақтанышпен қарсы қояды: «Біз саясат мәселелерінде бұрынғысына қарағанда әділетті бола бастадық және сол арқылы біз одан да дұрыс және одан да мазмұнды тарихи ой-пікірлерге келгенімізді жоққа шығару

мүмкін болмас» (осы дәйектемелердің барлығы ор. сіt., ІІІ, 8. 239дан алынған). Майердің көзқарасының ар жағында Гегель тұр. Осымен бәрі түсіндіріледі (оқырмандар менің пікіріммен 12-тарауды оқып болғаннан кейін келісер деген үміттемін). Майердің гегельяндығы оның келесі ескертуінде ерекше айқындала бастайды, ол ескерту саналы болмаса да, Гегельден алынған дәлме-дәл дәйексөз болып табылады. Бұл ескерту ор, сіt., ІІІ, 3.256-да орналасқан, онда Майер «ұлы саяси шараларға азаматтық ақылақ есебімен сәйкес келетін тегіс және ақылақтандыратын баға берулер» жайында айтады (Ге­ гель «жеке ізгіліктердің» есебі жайлы айтады), «осылайша ол мем­ лекет пен тарихи жауапкершіліктің терең шынайы моральдық фак­ торларын ескермейді». Бұл 12-тарауда дәйексөзделген Гегельден алынған үзінділерге дәлме-дәл сәйкес келеді, 12-тараудың 75-ескер­ туін қараңыз. Мен өзімнің тарихи баға берулерімнің әділеттілігіне үміттенбейтінімді айтып кетудің мүмкіндігін тағы да бір рет пай­ далана кеткім келіп еді. Әлбетте, мен қажетті деректерді анықтау үшін бәрін жасаудамын. Сөйтсе де менің баға берулерім (кез келген өзге адамның баға берулері тәрізді) толығымен менің көзқарасыма тәуелді болуы тиіс екенін сезінемін. Мен өзімнің көзқарасымың, яғни, менің баға берулерімнің дұрыс екеңдігіне толығымен сенімді болғаныма қарамастан, осыны мойындап отырмын. 16 Меуеr, ор. сіt., ІV, S. 367. 17 Meyer, ІV, S. 464 18 Дегенмен, реакционерлердің арыз-шағымдары көрсетіп отырғандай, Афинадағы құлдық ыдырау шегінде болғанын естен шығармаған жөн. 4-тараудың 17, 18 және 29-ескертулерінде кел­ тірілген куәландыруларды, сонымен қатар 5-тараудың 13-ескер­ туін, 8-тараудың 48-ескертуін және осы тараудың 27-37-ескерту­ лерін қараңыз. 19 Меуеr, ор. сіt., ІV, S. 659 қараңыз. Майер афиналық демократтардың ниеттеріне қатысты былай деп ескертеді: «Енді тым кеш болған кезде олар саяси құрылымға бағытталған қадам жасады, аталмыш құрылым артынша Римге... өзінің айбындылығының негіздерін қалауға көмектесті». Былайша айтқанда, Афиналықтардың бірінші дәрежедегі маңыздылыққа ие конституциялық жетілдіру ісіндегі үлесін мойындағанның орнына ол оларды сөгеді, және бұл орынды кертартпалығы (консерватизм) Майердің талғамынан көбірек шыққан Римге телінеді.

Майер меңзеп отырған, Рим тарихында болған оқиға Римнің Габиямен альянсты не болмаса федерацияны құруымен байланыс­ ты. Дегенмен, дәл осының алдындағы, Майер федерацияны су­ реттейтін бетінен (Ү, S. 135-те) біз сондай-ақ келесіні оқи аламыз: «Осы қалалардың барлығы Риммен байланыс жасап, өздерінің өмірінен... тіпті аттикалық «демдер» тәрізді саяси ұйымға ие болмастан айырылды». Біршама кешіректе (V, S. 147-де) тағы да Габия айтылады, және Рим өзінің ізгілікгі «либеральдығымен» тағы да афиналықтарға қарсы қойылады. Дегенмен, келесі бет­ те Майер ешбір сыни көзқарассыз Римның Вея қаласын алдын ала ойластырылған тонауы мен жойғаны жайлы хабарлайды, ар­ тынша бұл оқиға этрускілердің өркениеттерінің күйреуіне әкеп соқтырды. Осы римдік қиратулардың барлығының арасынан ең жабайысы Карфагенді қирату болғанға ұқсайды. Ол қирату Рим үшін Кар­ фагеннен ендігі жағдайда қауіп төнбейтін сәтте орын алған және Римді де, бізді де Карфагеннің өркениетке қосар үлесінен айыр­ ды. Мен тек ондағы жойылып кеткен географиялық ақпараттың аса ұлы құндылықтарын ғана атап кетемін. (Карфагенді жаулап алудың оқиғасы бұдан әрі осы тарауда – (48-ескертуді қараңыз), талқыланатын б.д. дейінгі 404 ж. Афинаның күйреуінен онша айрықшаланбайды. Карфагеннің олигархтары демократияның жеңісінен гөрі өздерінің қаласының күйреуін артығырақ көрді. Кешірек, Антисфеннің философиясынан жанама түрде шығарылған стоицизмнің әсерімен Рим аса либералды және гума­ нистік көзқарастарды дамыта бастады. Ал Август дәуірінен кейін­ гі бейбіт өмірінің бірнеше ғасырлары барысында өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті (мысалы, A.Toynbee. A Study of Hіstory. V, pp. 343-346 қараңыз). Дегенмен, кейбір романтикалық тарихшы­ лар оның құлдырауының басын дәл осы жерден көруде. Әлбетте, көбісі осылай еткенге ұқсас, Римның құлдырауы көп уақытқа созылған бейбіт өмірден сусындайтын азғырудан, демок­ ратияландырудан не болмаса өзінен гөрі жасырақ жаулап алушы халықтардың басымдылығынан және т.б., қысқаша айтқанда – артық жеуден болды дегенге сену, аңқау және арманшыл қателесу болар еді (4-тараудың 45 (3)-ескертуін қараңыз). Аса жойқын эпидемиялардың бәрін сыпырып тастағыш әсері (H.Zіnsser. Rats, Lіce, and Hіstory, 1937, pp. 131 және кел. қараңыз), топырақтың бақыланбайтін және барған сайын үдей беретін құнарсыздануы, сонымен қатар римдік экономикалық жүйенің ауыл шаруашылық

негізінің күйреуі (V.G.Sіmkhovіtch. «Hay and Hіstory» «Rome’s Fall Reconsіdered. Іn: Towards the Understandіng of Jesus», 1927) Римнің құлдырауының басты себептері болғанға ұқсайды. Сонымен қатар W.Hegemann. Entlarte Geschіchte (1934) қараңыз. 20Фукидид, VІІ, 28; Меуеr, ор. сіt., ІV, S. 535 салыстырыңыз. «афиналықтар өздерінің табысын көбейтуге үміттенгені» жай­ лы маңызды ескерту бізге алдын ала салынған салықтар мен са­ уда-саттықтың көлемінің өзара пропорцияларының шамамен алғандағы үстіңгі шекарасын тіркеп алуға мүмкіндік береді. 21Бұл менің П.Мильфордтан тапқан түнерген каламбурға сілте­ ме: «Плутрократия лутократияға қарағанда артығырақ көрінеді». **Түпнұсқасында П.Милфордтың тұжырымдамасы мына­ дай: «plutocracy іs preferable to a Lootocracy». Мұнда сөз ойыны анық көрініп тұр: ағылшын тілінде «looter» сөзі «тонаушы» деген мағынаны білдіреді. – Редактор мен аудармашының ескертуі**. 22Платон. «Мемлекет», 423 b. Тұрғын халықтың санын тұрақтандыру проблемасы жайында осы тараудың 7-ескертуінен қараңыз. 23 Меуеr. Gasch. d. Altertums, V, S. 577. 24 Меуеr. ор. сіt., ІV, S. 27. Сонымен қатар осы тараудың 9-ескер­ туін және 4-тараудың 30-ескертінің мәнін қараңыз. * «Заңдарда», 742 а-с, Платон осы мәселеге қатысты спартандық көзқарасты жетілдіреді. Ол «келесідегідей заңды орнатады. Жеке тұлғалардың ешқайсысы алтынға не болмаса күміс ие болуға құқы жоқ. Дегенмен, күнделікті айырбас үшін тиын қажет, ... бірақ оның тек ел ішінде ғана құны болады қалған адамдар үшін ол ешбір мағынаға ие болмайтын болады... Бөтен мемлекеттерге – елшілік­ терге, әскери жорықтардың не болмаса саяхаттардың немесе кез келген жаршылардың... ақысын төлеу үшін мемлекетке бүкіл Эл­ лада бойынша күші бар тиынға ие болу қажет. Егер де жеке тұлғаға отанынан тыс орналасқан жерлерге шығу қажет бола қалса, ол бұны тек билік басындағылардың рұқсатымен ғана орындай ала­ ды; отанына қайта салысымен ол өзінің бөтен елдің ақшаларын, олардың орнына есепке сәйкес жергілікті ақшаны алумен мемле­ кетке өткізуі тиіс. Егер де кімде-кімнің бөтен елдің ақшасын ием­ денгені анықталса, ол ақша қазынаның пайдасына тартылып алы­ нады; осыны білген және сол жөнінде хабарламаған осы ақшаны енгізген тұлғамен қоса сөгу мен қарғауға, сонымен қоса енгізіл­ ген бөтен елдің ақшасының санынан кем болмайтын мөлшердегі айыппұлға тартылады». Осы үзіндіні оқи отырып, Платонға оны

Спартаның тоталитарлық полисінің заңдарын қайталаған реакци­
яшыл деп атап, жала жауып отырған жоқ па? – деп сұрағың келеді.
Ол бұл жерде біздің кезімізде барлық жерде прогрессивтік батыс
еуропалық демократиялық үкіметтер «бүкіл Эллада бойынша күші

бар тиын» жайында қам жейтін болар деп үміттенеді) дұрыс саясат
ретінде қабылданған принциптер мен іс-тәжірибені шамамен 2000
жыл бұрын көріп отыр емес пе.
Келесі үзіндінің («Заңдар», 950 d-951 а), дегенмен, қазіргі

заманғы либеральдық басқарушы батыс шеңберлерінің саясаты­
мен ұқсас жерлерге аздау болып келеді: «Ең алдымен, қырық жасқа
толмаған адамға кез келген жерге саяхат жасауға рұқсат етілмейді.
Артынша, ешкімге жеке қажеттілігіне орай саяхат жасауға мүлде

рұқсат етілмейді, тек жалпы мемлекет қажеттілікке байланысты
ғана рұқсат етіледі: хабар әкелушілерге, елшілерге және феорларға
ғана... «Бұл адамдар отанына қайтысымен, жастарға бөтен
елдердің мемлекеттік құрылысын белгілейтін заңдардың біздікі­

нен нашар екендігін көрсететін болады» (курсивы менікі).
Платон осыған ұқсас заңдарды шетелдіктерді қабылдауға арнап
белгілеген. Мұның себебі, «мемлекеттердің өзге мемлекеттермен
араласуы әдетте түрлі жүріс-тұрыс құлықтарының араласып кетуі­

не әкеп соқтырады, өйткені жат елдіктер жергілікті тұрғындарды
әр түрлі жаңалықтарға үйретеді. Мұндай жағдай дұрыс заңдардың
арқасында жақсы мемлекеттік құрылымға ие болып отырған
азаматтарға үлкен зиян келтірген болар еді» (949 е-950 а).

25 Мұны Э. Майер қабылдайды (ор. сіt., ІV, 8. 433 және кел.), ол
өте қызықгы үзіндіде екі партия жайында былай дейді: «олардың
әрқайсысы «әкелерінің мемлекетін» қорғайтыны жайлы... және де
қарсыласы қазіргі заманғы эгоизм мен революциялық күш қолдану

рухымен шалдыққандығы жайында айтқан. Шындығына келгенде,
олардың екеуі де шалдыққан болатын... Дәстүрлі әдет-ғұрыптар
мен дін демократиялық партияның бойында тереңірек тамыр теп­
кен болатын: оның, бұрынғы кездерді қалпына келтіру туының

астында күрескен ақсүйектік қарсыластары толығымен қазіргі
заманға бейімделген болатын». Сонымен қатар ор. сіt., V, 88. 4-ті
және келесіні, 8. 14-ті, сонымен қатар келесі ескертуді қараңыз.
26 Аристотельдің «Афиналық полития» атты еңбегінен (34-

тарау, § 3), біз Отыз тиран бастапқыдан бастап, Аристотель­
ге «ұстамды, бір тоға» бағдарлама болып көрінетін нәрсені,
дәлірек айтқанда, – «әкелер мемлекетінің» не болмаса «отандық
мемлекеттің» бағдарламасын уағыздағандығын білеміз, Критийдің

нигилизмі мен бір тоға, ұстамдылығы жайында, 8-тарауда және осы тараудың 48-ескертуінде талқыға салынатын, оның дін теори­ ясынан қараңыз. 27Софоклдың жаңа дінге көзқарасын сол дінге деген Еврипидтың көзқарасымен салыстырған өте қызықты. Софокл былай деп өз өкінішін білдіргенді (Меуеr, ор. сіt., ІV, 8. ІІІ): «Тегі төмендер көркейе беруге тиіс екендігі, ал қадірлілер мен тегі жоғарылардың бақытсыз болуы әділетсіздік». Еврипид (Антифонтпен бірге - 5тараудың 13-ескертуін қараңыз) асыл тектілер мен тегі төмендердің (атап айтқаңда құлдардың) арасындағы айырмашылық тек сөз жүзінде ғана болады деп жауап береді: «Құлдың тек аты ғана ұятты». Фукидидтың пікірлеріндегі гуманистік элементгер жайында осы тараудың 12ескертуіндегі дәйектен қараңыз. Ұлы ұрпақ космополиттік беталыстармен қаншалықты тығыз бай­ ланыста болғаны жайында 8-тараудың 48-ескертуінде келтіріл­ ген куәландырулардан, атап айтқанда, қас куәлардың, яғни Қарт олигархтың, Платонның және Аристотельдің куәландыруларынан қараңыз. 28«Мисолоттар» – саналы түрде талдап-зерделеудің қарсыластарын Сократ «мизантроптармен», не болмаса адамдар­ ды жек көрушілермен салыстырады («Федонды», 89-6. қараңыз). Қарама-қарсылық үшін Платонның «Мемлекеттегі», 496 с-сі мизантроптық ескертуін қараңыз (сонымен қоса 8-тараудың 57 және 58-ескертулерін қараңыз). 29 Осы азатжолдағы дәйектемелер Н.Dіels. Vorsokratіker5, 41, 179, 34, 261, 62, 55, 251, 247 (247 — үзіндінің түпнұсқа екендігі­ не Г.Дильс пен У.Тарн күмән келтірді — 8-тараудың 48-ескер­ туін қараңыз), 118 — де келтірілген Демокриттың үзінділерінен алынған. (Демокрит үзінділерінің аудармалары келесі кітап бойын­ ша келтірілген: С.Я. Лурье. Демокрит. Мәтіндер. Аударма. Зертте­ улер. М., Наука, 1970, 361, 362, 210, 363, 361, 367, 372, 372 - б.) 30 6-тараудың 16-ескертуінің мәтінін қараңыз. 31 Фукидидты, ІІ, 37-41 қараңыз. Сонымен қоса 6-тараудың 16ескертуіндегі ескертпелерді қараңыз. **Біз бұрында (1-тараудың эпиграфына арналған өзіміздің ескертуімізде) айтып жүргендей, Периклдың сөзінің аудармасы (Фукидид. Тарих. Леншпрад, Наука, 1981-басылымындағы) мен Поппер қолданатын аудармасының арасында белгілі түрдегі бір біріне ұқсас болмаушылығы байқалады. 10-тараудың мәтінінде Периклдың сөзі сәйкес келмей­ тін бөлігін есепке алмағанда, негізінен орысша басылымы бойын­

ша дәйексөзделеді. Фукидидтың орысша басылымындағы осыған сәйкес үзінді мынандай: «Бір адамдар бізде бір уақытта жеке басының ісімен де, қоғамның ісімен де айналысып жатады. Де­ генмен, қалған азаматтар да, олардың әрқайсысы өзінің шаруасы­ мен айналысып жатқанына қарамастан, сонымен қатар саясаттан да жақсы хабардар болады. Себебі біз ғана қоғамдық іс-әрекетпен айналыспайтын адамды ізгілікті азамат ретінде емес, пайдасыз тоғышар ретінде танимыз. Біз ашық түрдегі талқылау мемлекеттік істердің барысына зиянын тигізуі мүмкін деген ойдан аулақпыз.» (Фукидид. Тарих. ІІ-кітап. 40-тарау. Ленинград, Наука, 1981, 816.) – Редактор мен аудармашының ескертуі** 32 Тһ. Gompers. Greek Thіnkers, Book V, сһ. 13, 3 (Germ. Ed., ІІ, S. 407) қараңыз. 33 Геродоттың демократиялық бағыттанған «Тарихы» (мысалы, ІІІ, 80-ді қараңыз) Периклдың сөзінен (Меуеr, ор. сіt., ІV, S. 369) кейін бір не болмаса екі жылдан кейін пайда болды. 34 Мұны, мысалы, Т.Гомперц (Тһ. Сотреrs. Greek Thіnkers, Book V, сһ. 13, 2 (Germ. Ed., ІІ, SS.406 және кел.) атап өткен болатын. Ол назарын «Мемлекеттен» алынған келесі үзінділерге аудара­ ды: 557 d мен 561 с және кел. Гомперц атап өткен ұқсастық күмән тудырмайды. Сонымен қатар Дж. Адамның «Мемлекетті» (vol. ІІ, р.235, 557 d 26-ға ескертпе) басылымын қараңыз. Сонымен қатар «Заңдарды», 699 (d/e мен 704 d — 707 d қараңыз. Геродотқа қатысты осыған ұқсас бақылау жайында 6-тараудың 17-ескертуі­ нен (ІІІ, 80) қараңыз. 35 Кейбіреулері «Менексенді» Платонның шығармасы екен­ дігіне күмән келтіреді, Дегенмен, менің пікірімше бұл олардың Платонды дәріптеуге деген беталысын ғана көрсететінге ұқсайды. «Менексеннің» түпнұсқа екендігіне Аристотель кепілдік береді, ол одан оның пікірінше «Сократқа оның қабыр түбіндегі сөзінен» алынған ескертуді дәйектемелейді («Риторика», І, 9, 30 = 1367 b 8, және ІІІ, 14, 11 = 1415 b 30 — Аристотелъ. Риторика // Ежелгі риториктер. М., ММУ басылымы, 1978,154-б.). Сонымен қатар 6тараудың 19-ескертуінін соңын, 8-тараудың 48-ескертуін және осы тараудың 15(1) мен 61ескертулерін қараңыз. 36Қарт олигархтың (не болмаса Псевдо-Ксенофанттың) «Афиналық политиясы» б. д, д. 424 ж. (Гомперц Greek Thіnkers, Germ. Ed., І, 5. 477-де дәйектемелейтін И.Кирхгоф бойынша) ба­ сылып шыққан болатын. Осы еңбекті Критийге телу жөнінде J.Е. Sandys. Arіstotle’s Constіtutіon of Athens. Іntroductіon, ІХ-ден, атап

айтқанда 3-ескертуінен қараңыз. Сонымен қатар осы тараудың 18 мен 48-ескертулерін қараңыз. «Афиналық саясаттың» Фуки­ дидке әсер етуі, меніңше, осы тараудың 10 мен 11-ескертулерінен дәйексөзделген үзінділерінен білінетін сияқты. Осы памфлеттің Платонға әсері жайында, атап айтқанда 8-тараудың 59-ескер­ туінен және «Заңдардан», 704 а/707 d қараңыз. (Сонымен қоса Аристотельдің. Саясатын, 1326 b - 1327 a; Cіero. De Rebublіca, ІІ, 3, 4 Қараңыз.) 37Мен М, М. Rader, No Соmprіmіse - Тһе Сonflіct Between Two Worlds, 1939, деген кітапты меңзеп отырмын, онда фашизм идеалогиясының керемет түрдегі сынға тартылуы баяндалған. Ары қарай осы азатжолда айтылатын Сократтың мизантропия мен мисологияға қарсы ескертуімен байланысты осы тараудың 28ескертуін қараңыз. 38* (1) Өзіне сүйенсек, «сыншыл ой-толғаудың ойлап шығарғаны» деп атауға болатын нәрсе жаңа дәстүрдің - мифтер мен теорияларды сынды талқыға салу дәстүрінің негізін қалайды дей­ тін тұжырымда жайында — «Conjectures and Refulatіons-те» қайта басылып шыққан менің келесі мақаламнан қараңыз: К.Рорреr. Towards a Ratіonal Theory of Tradіtіon//Тһе Ratіonalіst Annual, 1949. (Тек жаңа дәстүрдің пайда болуы ғана ионийлік мектебінде философтардың алғашқы үш ұрпағы үш әр түрлі философиялық ілім құрғаны жайлы фактіні түсіндіре алады.)* (2) Мектептер (әсіресе, университеттер) осы уақытқа дейін тайпалық рухтың кейбір сипаттарын сақтап қалды. Дегенмен, менің айтайын деп отырғаным тек эмблемалар мен өзінің касталығы мен т.б. әлеуметтік себеп-салдарымен жолдастықтың рухы ғана емес. Сонымен қатар көптеген мектептердің патриархальдік және өктемдік сипаты. Платон өзі тайпалық құрылысты қалпына кел­ тіру ісіндегі жетістіктері аса қанағаттанарлық болмады, осының орнына мектепті құрғаны кездейсоқ нәрсе емес. Сонымен қатар мектептердің тым жиі жағдайда реакцияның қорғаны болып, ал мектеп мұғалімдері — қалталық басылымдағы диктаторлар болып шығатыны да кездейсоқ нәрсе емес. Осы көне мектептердің тайпалық сипатын көрсету үшін мен осы жерде ертедегі пифагорлықтардың тыйымдарының біра­ зын атап кетейін. (Тізім J.Burnet. Earlu Greek Phіlosophy, р. 106 алынған, ал бұл автордың өзі оны Н.Dіels. Vorsokratіker3, vol. І., рр. 97 және келесіден алған, сонымен қатар Аристоксеннің H.Dіels3. р. 101-тегі куәландыруын қараңыз.) Дж. Бернет «тым қарабайыр

типтегі нағыз тыйымдар» жайлы былай дейді: Бұршақтан бас тартылсын. – Құлағанды тұрғызуға болмайды. – Ақ әтешке қол тигізбе. – Нанды ортадан бөлуге болмайды. – Бұғаудан аттап өтуге балмайды. – Отты пышақпен қопаруға болмайды. – Бүтін нанның шетінен тістеп жеуге болмайды. – Гүлтәжді жұлмалауға болмайды. – Нанды өлшейтін таразыға отыруға болмайды, – Жүректі жеуге болмайды. – Күре жолдармен жүруге болмайды. – Қарлығаштарды үйге кіргізуге болмайды. Құмырада қалған дақты күлмен кетір. – Айнаға шамшырақ жанып тұрған кезде қарама. - Ұйықтап тұрғаннан кейін төсек-орынды жинап ал және ұйықтаған жеріңді тегістеп қой. – (Л,, 488, 490, 491) 39Осы дамуға қызықты параллель парсылардың жаулап алу­ лары кезіндегі тайпалық құрылыстың күйреуі болып табылады. Бұл әлеуметтік төңкеріс Майер айтқандай (Е.Меуеr. Geschіchte des Altertums, ІІІ, S. 167 және кел.) тағдырдың, құлдыраудың және құтқарудың профетикалық, яғни біздің тілмен айтқандағы тарихи діндерінің бірнеше санының, олардың ішінде - «таңдаулы халық» дінінің пайда болуына әкелді (1-тарауды қараңыз). Осы діндерінің кейбіріне дүниенің жаралуы аяқталып біткен жоқ, ол әлі де болса жалғасып жатыр деген доктрина тән бола­ тын. Мұны дүниені құрылыс деп қарастыратын ертедегі грек­ тік тұғырнамамен және 2-тарауда суреттелген осы тұғырнаманы Гераклиттың жоққа шығарғанымен салыстыру керек (осы тараудың 1-ескертуін қараңыз). Бұл жерде, Анаксимандрдың өзі осы тұғырнамаға байланысты қайсыбір қиыншылықтарға кездескенін айтып өтуге болады. Оның, дүние өзінен жаралған құрылыс ма­ териалы сипатының шектелмегендігі, себептелмегендігі не бол­ маса белгісіздігін атап көрсетуі осы құрылыс не болмаса ғимарат ешқандай белгілі құрылымға ие болмауы мүмкін деген, яғни ол ағын қалпында тұр деген сөзімді білдірту болуы мүмкін дегенді (келесі ескертуі қараңыз). Грекияда дионисийлік және орфийлік мистерияның дамуы, мүмкін, Шығыстың діни дамуына тәуелді болар. (Herodotus, ІІ, 81 қараңыз). Пифагоршылдықтың орфийлік іліммен ұқсас жерлері көп болғаны белгілі, әсіресе рух теориясына қатысы бар жерлерін­ де (сонымен қатар осы тараудың 44-ескертуін қараңыз). Дегенмен, пифагоршылдық қозғалыстың «пролетарлық» нұсқасы ретінде болған орфийлік ілімге қарсы белгілі түрде «аристократиялық» реңге ие болатын. Э.Майер (ор. еіt., ІІІ. р. 428, § 246) философияның басын мистериялардың қозғалысына оңтайлы қарсы әрекет ретін­

де суреттеген кезде, бәлкім қателеспеген болар. Гераклиттің осы мәселелерге көзқарасын қараңыз (Dіels5-тің 5, 14, 15, 40, 129үзінділері; Вywater-дік 124-129 және 16-17 -үзінділерін қараңыз). Гераклит мистериялар мен Пифагорды ұнатпаған. Пифагорлық Платон мистерияларды жек көрген «Мемлекет». 364 е және кел.; Дегенмен, Дж. Адамның «Мемлекеттің» ІX - кітабына ІV-қоспасын қараңыз (vol. ІІ, р. 378 және кел.) 40Анаксимандр жайында (алдынғы ескертуді қараңыз) Dіels5, 9-үзіндісін қараңыз: «Осы бастау ретінде ол... қайсыбір шек­ сіз табиғатты есептейді... ал заттар пайда бола бастаған сәтте, жазмыш қарыз бойынша сол сәттерде өлім пайда болып жата­ ды, мұның себебі олар бір біріне уақыттың (тағайындалған мер­ зімінде жалғанның... заңға сәйкес өтелуін төлейді) (Л, 117, 127). Даралылықтың Анаксимандрге әділетсіздік ретінде көрінгені Т.Гомперц ұсынған түсініктемелеу болған (Greek Thіnkers, German ed., vol. І, S. 46; Платонның әділеттілік жайындағы теориясымен ұқсастығын атап кетіңіз), дегенмен, бұл түсініктемелеу салмақты сынға тартылған болатын). 41Парменид осы шиеліністен, өзінің тоқтатылған дүниеге көзқарасы өзі өмір сүрген шынайы нақтылық пен өтпелі дүниенің иллюзия ретінде көрсетілуі ретінде түсініктемелеу арқылы құтылу жолдарын іздеуге тырысқандардың алғашқысы болған. Шынайы болмыс «бөлінбейді, себебі ол барлық жерде бірдей, ал мына жер­ де ол ешбір артық емес, ал ана жерде ешбір аз емес» (Dіels5, 4үзінді; Л. 290). Парменид жайында сонымен қатар 3-тараудың 22ескертуінен және тиісті мәтіннен қараңыз. 42Осы тараудың 9-ескертуін, сонымен қатар 5-тараудың 7-ес­ кертуін қараңыз. 43 Е.Меуеr. Geschіchte des Altertums, ІІІ, S. 443 пен ІV, S. 120 және кел. қараңыз. 44 J.Burnet/ The Socratіc Doctrіna of the Soul//Proceedіngs of the Brіtіsh Academy, vol. VІІІ, 1915/16, p. 235 және кел. қараңыз. Мен бұл жартылай келісімді атап кетуге құлшынамын, себебі Бернеттің басқа теорияларының көпшілігімен, әсіресе Сократ пен Платонның көзқарастарына қатысты бар теорияларымен келісе алмаймын. Нақтырақ айтқанда, оның Сократ Платоннан да саяси тұрғыда кертартпалау деген пікірі (Greek Phіlosophy) меніңше, негізсіз бо­ лып табылады (осы тараудың 56-ескертуін қараңыз). Сократтың адам жаны жайлы теориясын қарастыра келіп, мен Бернет «өздеріңіздің жандарыңыз үшін қам жеңіздер» деген мақал

Сократтың шығарған мақалы деп дұрыс айтқан деген ойдамын. Бұл
мақал Сократтың ізгіліктілік ұстанымын көрсетіп отыр. Дегенмен,
меніңше Сократтың адам жаны жайлы қайсыбір метафизикалық
теорияны ұстануы онша мүмкін емес сияқты. Платонның «Федон­

да», «Мемлекетте» және өзге де диалогтарда дамытқан теориялары
маған пифагорлық теориялар болып көрінеді. (Дене жанның маза­
ры болып табылады деген орфийлік-пифагорлық теория жайында

– J.Adam қараңыз. «Мемлекеттің» ІХ-кітабына ІV-қосып жазу; со­

нымен қатар осы тараудың 39-ескертуін қараңыз.) Және, Сократтың
«Сократтың апологиясындағы», 19 с: «сендердің біреулерің менің
осыған ұқсас заттар жайында неше рет болсын (яғни табиғат жай­
лы алыпқашпа әңгімелер жайында) сөз қозғағанымды естіп көріп

пе едіңдер» – деп сұраған анық түрдегі мәлімдеуін назарға ала
отырып, мен Сократ пифагоршыл болған деген, және де сол сияқты
Сократ жанның «табиғаты» жәйлі қандай да бір метафизикалық
доктринасын ұстанған деген Бернеттің пікірімен толығымен келіс­

пеймін.
Менің ойымша, Сократтың «өздеріңіздің жандарыңыз үшін
қам жеңіздер» деген мақалы – бұл оның моральдық (жаңа зиятты)
дарашылдығының белгісі. Ізгілікті адамның моральдық өзіне-өзі

жеткіліктілігі жеке дарашылдық теориясы – Сократтікі екендігі
күмән тудырмайтын аздаған ілімдердің бірі (5-тараудың 25-ескер­
туі және 6-тараудың 36-ескертуінде айтылып кеткен куәландыруды
қараңыз). Және де бұл ілім «өздеріңіздің жандарыңыз үшін қам

жеңіздер» деген мақалда көрсетілген идеямен аса тығыз байланыс­
ты. Өз-өзіне жеткіліктілікті атап көрсету арқылы Сократ келесіні
айтпақшы болған: олар сенің денеңді құртып жіберуі мүмкін. Де­
генмен, олар сенің моральдық тұтастығыңды жоя алмайды. Егер

сен соңғысы үшін қам жесең, олар саған ешқандай нақты зиян кел­
тіре алмайды.
Жанның пифагорлық метафизикалық теориясымен танысып
шыққа кезде Платон Сократтың ізгілікті ұстанымы метафизикалық

негіздеуді, дәлірек айтқанда, жанның мәңгі өлмейтіндігі жайлы
теорияны қажет ететіндігін сезген деп ойлаймыз. Соған сәйкес,
Платон Сократтың «олар сенің моральдық тұтастығыңды жоя
алмайды» дегенінің орнына жанның жойылмайтындығы жайлы

идеясын қояды (сонымен қатар 7-тараудың 9 және келесі ескеруін
қараңыз).
Менің түсініктесіме бірден метафизиктер де, позитивистер
де қарсы дау айтуы мүмкін. Олардың Сократтікі деп отырғаны

ұқсас типтегі жанның өнегелік және метафизикалық емес теори­ ясы мүмкін болмайды, себебі, рух жайындағы кез келген әңгіме метафизикалық болып табылады деп тұжырымдайтын бола­ ды. Мен менің өзімде платондық түрдегі метафизиктерді қайта сендірудің мүмкіндіктері көп деген ойдан аулақпын, сөйтсе де мен позитивистерге (материалистерге және т.б.) олар да «рухқа» менің Сократтікі деп отырғанға ұқсас мағынада сенетіндігін, және де олардың көпшілігі осы «рухты» денеден де артық бағалайтынын дәлелдеп беруге тырысамын. Ең алдымен, позитивистердің өзі «физикалық» және «психикалық» бұзылулардың арасында біршама дәл болмаса да эмпирикалық және «саналы түрдегі» айырмашылықты жүргізіп өтуге болады деген пікірмен келісетін болады. Шындығына келсек, бұл айырмашылықтау медицина үшін маңызды мағынаға ие. (Уақыт өте келе оны одан да дәлірек айырмашылықтау басуы мүмкін, дегенмен, бұл басқа мәселе). Біздің көбіміз, позитивистердің өзі де, егер таңдап алу мүмкіндігіне ие болған боса, ессіздіктің қалыпты түріне қарағанда қалыпты түрдегі физикалық сырқатты таңдап алған болар едік. Позитивистердің өздері, мүмкін, ұзаққа созылған емделмейтін ессіздіктен гөрі, және емделетін ессіздіктен гөрі созылмалы және аяғында емделмейтін физикалық сырқатты (егер ол аса қатты қайғы-қасіретке әкелдірмесе) біршама уақытқа таңдап алған болар еді. Осылайша, менің ойымша, біз ешбір метафизикалық терминдерді қолданусыз өзіміздің «денемізге» қарағанда «рухымыз» жайлы көбірек қам жейміз деп айта аламыз. («Федон», 82d - «денесін мәпелемей, рухы жайында қам жейтін­ дер» жайлы ескертуін салыстыр., сонымен қоса «Сократтың апо­ логиясын», 29 d/30 b қараңыз.) Ақырына келсек, рух деген тек дененің бір бөлігі ғана, ал кез келген ессіздік — тек физикалық қобалжу деп тұжырымдағанның өзінде, жоғарыда айтылғадар дұрыс. (Бұл жағлайда біздің былай деп айтуымызға болады: олар өзінің миын дененің өзге бөліктеріне қарағанда артық бағалайды) Сонымен қатар Сократтың идеясына одан да жақын келетін «жан» жайлы түсінікті енгізуге болалы. Біздің көпшілігіміз зияткерлік мақсаттарға қол жеткізу үшін салмақты физикалық сынақтардан өтуге даярмыз. Біз мысалы, ғылыми білімнің прогресі үшін не болмаса ақыл-парасаттың алға дамуы үшін, яғни, «даналыққа» қол жеткізу үшін қайғы-қасірет шегуге даярмыз. (Сократтың зият­ керлігі жайында, мысалы, «Критоннан», 44 d және 47 b қараңыз.) Моральдық мақсаттарға мысалы, эгалитарлық әділеттілікке, бей­

бітшілікке және т.б. қол жеткізу жайлы да осылай деп айтуға бо­ лады («Кригонды», 47 е/48 а қараңыз, онда Сократ өзінің «жан» дегені өзіне «әділетсіздік зиян келтіретін, ал әділеттілік пайда кел­ тіретін» біздің болмысымыздың бір бөлігін меңзеп отырғандығын түсіндіреді). Және біздің көбіміз Сократпен бірге: өзіміздің деніміздің сау болғанын артық көрсек те біз үшін зияны, моральдық және т.б. мақсаттар денсаулықтан маңыздырақ деп айтқан болар дегендік. Көбісі, мүмкін, Сократтың: бізде өзімізді хайуан емес, адамдар екенімізді мақтан тұтатындай себеп болғанның өзінде де, ол себеп біздің осындай ұстанымды қабылдай алатынымызға не­ гізделген дегенімен келісетін шығар. Осының барлығы жайында, менің пікірімше, «жан табиғат­ ының» метафизикалық теориясына жүгінусіз-ақ айтуға болады. Мен, неліктен біз мұндай теорияны Сократқа, оның өзі бұған ұқсас заттар жайында мүлде сөз қозғамағаны жөнінде анық түрде жариялағанына қарамастан, соған телуге тиіс екенімізге ешбір не­ гіз көре алмай отырмын. 45 Меніңше, қайтсе де жартадай сократтық сипатқа ие «Горгий­ ге» (Т.Гомперцтың назарын өзіне аудартқан пифагорлық элементтер оны, меніңше, негізінен платондық етеді - осы тараудың 56-ескер­ туін қараңыз.), Платон Сократтың аузына Афинаның «айлақтарына, кемежайларға, қабырғаларына» және Афиналықтардың өздерінің одақтастарына салған салықтық алымдарға не болмаса салықтарға қарсы пікірлерін салады. Бұл қарсы пікірлер, диалогта келтіріл­ гендегідей түрінде, әлбетте, Платондікі болып табылады. Олардың неліктен олигархтардың қарсы пікірлнрінс ұқсас екендігі осынан түсінікті болады. Дегенмен, мен, Сократ мұндай ескертулерді оның пікірінше үлкен мағынаға ие болған заттарға назар аудартуға тырысып, жасауы толықтай мүмкін деп санаймнн. Мен, өзінің ізгіліктік сынын ашық түрдегі қоғамға қарсы және әсіресе, осындай қоғамның өкілі - Афинаға қарсы сатқындық олигархиялық үгіт-насихатқа айналдыру идеясы Сократқа жат болғанына көзім жетеді. (Сократтың көніп-қабылдағыштығына қатысты мәселе жайында атап айтқанда, осы тараудың 53-ескер­ туінен және тиісті мәтіннен қараңыз.) 46 Платондық диалогтардың типтік кейіпкерлері - Калликл мен Фрасимах. Олардың тарихи жақын прототиптері Ферамен мен Критий, сондай-ақ, мінезі мен істерін бағалау қиынға соғатын Ал­ кивиад болған тәрізді.

47Менің осы ескертуде айтайын дегенім аса алыпсатарлық сипатқа ие және менің басты дәлелдеріме әсерін тигізбейді. «І-Алкивиадта» келесі шынайы болған оқиға баяндалуы да толықтай мүмкін деп есетеймін, - ол, Сократтың қалайша Пла­ тонды өзінің наным-сеніміне тартқандығы, яғни, Платан бұл диа­ логта Алкивиадтың кескінін өз-өзін көрсетіп беру үшін таңдап алғандығы баяндалған сияқты. Платонның өзінің осы наным сенімге тартылуының тарихын баяндап беруге салмақты негізде­ мелер болғанға ұқсайды. Сократ, өзіне Алкивиадтың, Критийдің және Хармидтың (ары қарай қараңыз) зұлымдықтары үшін жауап­ кершілік жүктелген кезде, өзінің сот алдындағы қорғау сөзінде тірі мысал ретінде, яғни, өзінің жақсы тәрбиелік әсерінің куәсі ретінде Платонды келтірген болатын. Платон өзінің нақты куәландыруларға құштарлығы салдарынан өзінің Сократпен арақатынастарының оқиғасын - ол сотта айта алмайтын оқиғаны баяндап беруге өзін міндетті деп санауы әбден мүмкін (А.Е.Тауlor. Socrates, 105-бетке 1-ескертпе). Алкивиадтың атын және сонымен байланысты ерек­ ше жағдайларды пайдаланумен (мысалы, оның кеудемсоқ саяси армандарын, ол армандары Платонның өзінің, оның енуіне дейін­ гі армаңдарымен ұқсас болуы мүмкін). Сократтың Алкивиадка тұтастай және жартылай ізгілікті әсері Сократты кінәлаушылар айтқаннан мүлде басқаша болғанын көрсете алған жағдайда ол өзінің апологетикалық мақсатына (49-50-ескертулердің мәтінін қараңыз) мүмкін, қол жеткізген де болар еді. Сонымен қатар, мен «Хармид» те сол сияқты негізінен платондық автопортрет болып табылуы мүмкін деп санаймын. (Платонның өзі осыған ұқсас енгізудің талпыныстарын қарастырғаны жайлы айта кетудің өзі де қызықты, Дегенмен, біздің білуімізше олар мүлде өзге типтегі тал­ пыныстар болатын. Олар оның жеке ізгілікті әсерінің салдарынан емес, Игілік идеясының диалектикалық жітілігінің алғышарттары ретінде пифагорлық математиканың институционалдық ілімінің көмегімен жүзеге асырылатын. Атап айтқанда, оның Кіші Диони­ сийді айналдыруға талпыныстарын қар.) «І - Алкивиад» пен соны­ мен байланысты мәселелер жайында сонымен қатар G.Grote, Plato, І, әсіресе рр, 351-355 қараңыз. 48Е.Меуеr. Geschіchte des Altertums, V, S. 38 (сонымен қатар Ксе­ нофонт. Грек тарихы, П, 4, 22 қараңыз). Э-Майердің зерттеулерінің сол бір V-тонынан 19-23 және 36-44 66. (мысалы, 36-бетін қараңыз) қарастырылатын оқиғалардың мәтінде ұсынылған түсініктемелеуінің пайдасына келтірілген куәландырулардың

бірқатарын көруге болады. «Тһе Cambrіdge Ancіent Hіstory» (1927, vol. V, атап айтқанда р. 369 және келесіні қараңыз) осы оқиғалардың аса ұқсас түсініктемелеуін береді. Келесіні қосып айта кетуге болады, Отыз тиран, олардың террорының сегіз айы бойы өлтірген еркін азаматтардың саны 1500 адамға тақағанға ұқсайды. Біздің білуімізше, ол Пелопон­ нес соғысынан кейін тірі қалған Афиналықтардың толық құқықты азаматтарының жалпы санының бірден он бөлігінен біршама кем болатын санын (шамамен 8 процентті) құраған, былайша айтқанда айына афиналық азаматтардың 1 пайызы қаза тауып отырған біздің кезде бұл жетістіктен асып түсу мүмкін емеске ұқсайды. А.Тейлор Отыз тиран жайында былай деп жазады: «Әдептілікке құрмет көрсете отырып, бұл адамдар, мүмкін, орын алған жағдаймен туындалған алданудың әсерімен әншейін «есінен та­ нып қалған шығар. Критий осыған дейін де саяси бейімділіктері белгілі түрде демократиялық болған кең мәдениетті адам ретінде танымал болатын» (А.Е.Teylor. Socrates. Short Bіographіes, 1937, р. 100,1-ескерту). Меніңше, қолжаулық (марионеткалық) үкіметтің жауапкершілігін азайтудың, атап айтқанда Платонның сүйікті нағашысының бұл талпынысы негізсіз болып келеді. Біз, сол кезде жас ақсүйектер ыңғайы келген кез келген себепке байланысты біл­ дірген таяз демократиялық сезімдерді қалайша бағалау керек екенін өте жақсы білеміз. Сонымен қатар, Критийдің әкесі (Меуеr, ор. сіt, vol. Р. 579 бен Lysіas, 12, 43 және 12, 66) және, мүмкін, Критийдің өзі де Төрт жүз олигархиясының қатарында болған. Ал Критийдің кең көлемдегі жазбалары оның спарталықтарға бүйрегі бұратын сатқындық бейімділіктерін, сонымен қатар, оның олигархиялық көзқарастарын (мысалы, Dіels5, 45 қараңыз), оның ашық түрдегі нигилизмін (8-тараудың 17-ескертуін қараңыз), сонымен қатар оның кеудемсоқтығын көрсетеді (Dіels5, 15 қараңыз; сонымен бірге Ксенофонт. Сократ жайындағы естеліктер, 1, 2, 24 және өзін де қараңыз). Дегенмен, біздің А.Тейлордың тұрғысына қарсы ба­ тыл қарсылығымыз Критийдің әншейін жалған ксенофонттық «Афиналық политиидің» авторы – «Қарт олигархтың» бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыруға талпынғандығына негіз­ делген (осы тараудың 36-ескертуін қараңыз). Бұл бағдарламаның мәні – Афинылар жеңіліске ұшыраған жағдайда Спартаның көмегіне жүгінумен демократияны түптамырымен жою бола­ тын. Критий қолданған күш көрсетудің дәрежесі осы жағдайдың логикалық салдары болып табылады, Бұл Критийдің «есінен

айырылғандығының» белгісі ме? Бәрінен де бұрын, ол әншейін қиындықтарды, яғни демократтардың қарсылықтарының әлі де болса өзін жеңуге қиын күшін жақсы сезінген болар. Үлкен Дионисийді ұнататындығының өзі тирандарға қарсы бұрын қалыптасқан наным-сенімі болмағанын дәлелдеп тұрған Э. Майер Критий жайында (ор. сіt., V, р. 17), оның таң қаларлықтай оппортунистік мансабы жайындағы қысқа очеркінен кейін, — «ол спартаңдық жеңімпаз Лисандр сияқты кінәмшіл болмаған» және сол себепті Критий Лисандр құрған қолжаулық үкіметтің өзіне сәйкес басшысы болатын дейді. Меніңше, әскер, эстет, ақын және Сократтың скептик серігі Кри­ тий мен «Ұлы» деп аталған бұл да, әскер эстет және Вольтердің скеп­ тик ізбасары болған, сонымен қатар қазіргі заманның тарихындағы ең қорқынышты тираны мен аса аяусыз қонаушыларының бірі болған Пруссиялық ІІ-Фридрихтың мінездерінің арасында (ПФридрих жөнінде W.Hegemann. Entlarvte Geschіchte. 1934 қараңыз; атап айтқанда, оның дінге көзқарасы жайында р. 90, ол көзқарас Критийдің дінге деген көзқарасына аса ұқсас болған) таңқаларлық ұқсастық бар сияқты. 49 Бұл ережені А.Тейлор керемет жақсы түсіндіріп кеткен (А.Е.ТауІоr. Socrates. Short Bіographіes, 1937, р. 103) ол бұл жер­ де Дж. Бернеттің платондық «Евтифронына», 4 с, 4 жүгінеді. Тейлордың Сократқа қарсы сотты керемет баяндауымен мен келіспейтін жалғыз ғана тармақ (ор. сіt., рр. 103, 120) - бұл кінә тағушылардың әсіресе «жаңа діни әдет-ғұрыптарды» ойлап шығаруына қатысты ниеттерін түсініктемелеуі (ор. cіt., рр. 109, 111 және кел.) 50 Осы дәйекті растайтын куәландыруды А.Тейлордан табуға болады (А,Е.ТауІоr. Socrates, рр. 113-115, әсіресе Эсхин, І, 173 дәйектелетін р. 115, 1-ескертуді қараңыз: «Сіздер софист Сок­ ратты өлімге жаздыңыздар, себебі оның Критийді тәрбиелегені дәлелденген болатын»). 51«Отыз тиранның мақсаты өздерінің террористік әрекеттеріне неғұрлым көбірек халықты қатыстыру болатын. Осы жайындағы Socrates-тегі Тейлорға қатысты керемет ескертулерін, рр. 101 және кел., (әсіресе р. 101-дың 3-ескертуі) қараңыз. Херофонт жайында осы тараудың 56(5) - ескертуінен қараңыз. 52Р. Кроссман мен өзгелерініц қалай сенетіндігі жайында – R.Crossman. Plato to day, рр. 91-92 қараңыз. Мен бұл тармақта А.Тейлормен келісемін — (Socrates, р. 116, сондай-ақ оның осы бетке 1 және 2-ескертулерін қараңыз.

Кінә тағудың жоспарына Сократтың өлім жазасы кірмегені жайында, Сократ ымыраға келген жағдайда, яғни, Афинадан ке­ туге, не болмаса, жай ғана тыныш жүруге сөз берген болса, сот тергеулерінен құтылып кетуге, не болмаса, Оны өзгеше өткізуге болатындығы, – осының бәрі «Сократтың апологиясындағы Платонның (не болмаса Соркатттың) меңзеулерінен, сондай-ак, «Критоннан» («Критон», 45 с және әсіресе 52 b/с, онда Сократ, егер де ол жөнінде сотта өтінген болса, өзіне қуғындалуға кетуіне рұқсат етілген болар дегенді, – дейді.) жеткілікті дәрежеде анық сияқты болып көрінеді. 53 Атап айтсақ, «Критон», 53 b/с қараңыз, ол жерде Сократ, егер ол қашудың мүмкіндігін пайдаланған болса, ол өзіне қойылған үкімнің дұрыс екендігін растап берген болар дегенді, себебі заңды бұзатын адам жастарды да азғыруы мүмкін — деп түсіндіреді, «Сократтың апологиясы» мен «Критон» Сократтың өлімінен кейін кеп ұзамай жазылғанға ұқсайды. «Критон» (мүмкін «Сократтың апологиясынан» бұрынырақ жазылған) мүмкін, Сократтың өтінуімен адамдарды оның қашудан бас тартуының себептерімен таныстыру мақсатымен жазылған болар. Мұндай тілек Платонның Сократтық диалогтарды жазуына деген алғашқы итермелеу болып шығуы мүмкін. Т.Гомперц (Тһ. Gompers. Greek Thіnkers, V, ІІ, 1; Germ. Ed., ІІ, р. 358) «Критон» одан кешірек уақытқа (көзге) жатады деп болжайды, және осы диалогтың не­ гізгі желісін дәл осы Платон Сократтың беймділігіне мүдделі болғанымен түсіндіреді. «Біз, – деп жазады Т. Гомперц, – осы кішке­ не диалогтың туындауына негіз болған тікелей жағдайды білмейміз. Сөйтсе де оны оқи отырып, Платон осы диалогта бәрінен де бұрын өзін және өзінің тобын құпиялы революциялық симпатияларда күдіктенуге қарсы қорғауға мүдделі деген әсерден құтылу мүмкін емес». Гомперцтың ұсынысы менің Платонның көзқарастарының жалпы түсініктемелеуіммен жақсы келісіп тұрғанның өзінде, мен «Критон» Платонға қарағанда, Сократты қорғаудың әдісі болып та­ былады деген ойдамын. Мен осы диалогтың негізгі беталысының Гомперц берген түсініктемесімен келісемін. Әлбеттте, Сократ оның бүкіл өмірінің мәні болып табылатын іске қауіп төндіретін күдіктенулерден өзін қорғап шьнуға мүдделі болған «Критонның» мазмұнының осы түсініктемелеуін қарастыра отырып, мен тағы да А. Тейлормен (Socrates, 124 және кел.) толығымен келісемін. Дегенмен, «Критонның» Платон Спартаның Афиндерге қарсы жақтасы болып шығатын «Мемлекеттің» толық дәрежедегі бейіл­

сіздігімен салыстырғандағы бейілсіздігі Дж. Бернеттің де, А. Тейлордың да жалпы көзқарастарын жоққа шығаратынға ұқсайды, олардың көзқарасына сүйенсек: «Мемлекет» сократикалық диалог болып табылады, ал Сократ бұл диалогта демократиямен Платон­ нан да ары келіспейді (осы тараудың 56-ескертуін қараңыз). Сократтың демократияның кеңшілік екенін растайтыны жайлы атап айтқанда, «Критоннан» алынған келесі үзінділерден қараңыз: 51d/е, ол жерде заңдардың демократиялық сипаты туралы айты­ лады, яғни, азаматтардың заңдарды күш қолданусыз және сана­ лы дәлелдемелердің көмегімен өзгерту мүмкіндіктерінің болуы жайында (Сократ айтқандай, азамат заңдарды сендіру жолымен өзгертуге тырысуы мүмкін), 52 b/f, онда Сократ өзінің Афина мем­ лекетімен талас-тартысқа түспегендігін нақтылап керсетеді, 53 е/d, онда ол тек ізгіліктілік пен әділеттілікті ғана сипаттамайды, соны­ мен бірге, адамдардың қолы жететіндерінің ең жақсысы ретінде ин­ ституттар мен заңдарды (дәлін айтқанда, афиналық) көрсетеді, 54 с, онда Сократ өзін адамдардың құрбаны болып табылуым мүмкін дейді, бірақ, заңдардың құрбаны емеспін деген пікірді ұстанады. Осы (сонымен қатар «Сократтың апологиясынан», 32 с алынған, 7-тармақтың 8-ескертуін қараңыз) үзінділерді назарға ала отырып, менің бізге келтірілген өзге үзінділерден ете айрықшаланатын бір платондық үзіндінге, атап айтқанда — 52 е («Критон») сенудің қажеті жоқ сияқты, одан Сократ Спарта мен Криттың мемлекет­ тік құрылымын мақтайды деген қорытынды жасауға болады. Шындығында да, 52 b/с үзіндіде Сократ оның өзін өзге мемлекет­ тер не болмаса олардың заңдары қызықтырмайтыны жайында ай­ тады. Осыған сүйенсек, былай деп алдын ала болжауға болады: 52 е -дегі Спарта мен Крит жөніндегі ескертпе одан кешіректе енгізілген, ол толықтыруды «Критонды» Платонның кешіректегі шығармаларымен, әсіресе «Мемлекетпен» келістіруге тырысқан біреу енгізген. Бұл дәл осылай ма, әлде бұл үзіндіні Платонның өзі қосқан ба, қайткен күнде де оның Сократтікі болуы онша мүмкін емес. Сократтың Спартаға жақтастық ретінде түсіндірілуі мүмкін ештеңені жасамауға тырысуын еске түсірсек жетіп жатыр, бұл жайында біз Ксенофонттық «Анабасисадан», ІІІ, X, 5 білеміз. Одан біз келесіні оқимыз, Сократ «Ксенофонтқа (оның досына, афиналық отардағы жас өзге «қотыр ешкіге») Кирмен достас бо­ луы кесірін тигізуі мүмкін» деп қауіптенген, «себебі мемлекет алдында Кир Афинаға қарсы соғыста лакедемондықтарға жан танымен көмек көрсеткен деп саналған болатын» (орысша аудар­

масы бойынша дәйексөзделген: Ксенофонт. Анабасис. М., КСРО
ҒА баспасы, 1951, 69-бет.) (Бұл үзінді «Сократ жайлы естеліктер»
еңбегіне қарағанда азырақ күдік тудыртады; мұнда Платонның
әсері жоқ және мағынасы бойынша Ксенофонт шынында да өз

өзіне өзінің еліндегі міндеттемелеріне тым үстірт қарауда кінә
тағады және Т.Гомперц ор. сіt., V, 3, 7, және VІІ, 7, 57-де айтып
кеткен жазалаудың орындылығымен келіседі.)
54 «Сократтың апологиясы», 30 е/31 а.

55 Платоншылдар, әлбетте, А. Тейлордың «Socrates»-тің соңғы
сөйлемінде: «Сократтың тек бір ғана «ізбасары» болған - ол Пла­
тон» деген пікірімен келіседі. Платонның шығармашылығын
зерттеушілердің арасыңда тек Дж. Гроут қана кейде менің мәтінімде

құрастырылған көзқарастармен ұқсас болатын көзқарастарды
білдіреді. Шынында да, оның «Plato and the other Companіons of
Socrates» атты кітабынан алынған, 7-тараудың 21-ескертуінде (со­
нымен бірге 8-тараудың 15-ескертуін қараңыз) дәйексөз ретінде

келтірілген үзіндіні Платон Сократты шынында да сатып кетпеді
ме екен деген күдіктің абайлаған белгісі ретінде түсініктемелеуге
болады. Гроут мүлде анық түрде былай дейді. «Мемлекет» (жалғыз
«Заңдар» ғана емес) Сократқа («Сократтың апологиясынан») кінә

тағудың теориялық негіздемесін әзірлеп берген болар дегенді және
мұндай Сократқа платондық мұраттық мемлекетте ешқашан шы­
дамды көзбен қарамаған болар дегенді. Ол, тіпті, платондық те­
ория Отыз тираннын Сократқа қатысты қабылдаған іс-жүзіндегі

шараларынен сәйкес келеді деп санайды. (Шәкірттің өз ұстазының
ілімін бұрмалауының – ұстазы өлі тірі, белгілі болып және жари­
ялы түрде қарсы шыққаннын өзінде де табысқа ие болуы мүмкін
іс екенін керсетіп отырған мысалды 12-тараудың 58-ескертуінен

табуға болады.)
Әрі қарай осы азатжолда жасалып кеткен, «Заңдарға» қатысты
ескертулер жөнінде, атап айтқанда, мен 8-тараудың 19-23- ес­
кертулерінде оздсріні – сілтеме жасаған «Заңдардан» алынған

үзінділерден қараңыз. Осы мәселеге қатысты ой-пікірлері менікі­
не қарама-қарсы келетін (сонымен қатар кел. ескертуді қараңыз)
Тейлордың өзі келесіні растап отыр: «Теологияда жалған пікірді
мемлекетке қарсы жасалған кылмыс ретінде санауды алғаш рет

«Заңдарының» Х-кітабында Платонның өзі ұсынған болатын».
(Taylor, op. Cіt., р. 108, 1- ескертпе)
Мәтінде мен Платонның «Сократтың апологиясы» мен
«Критоның» оның өзінің «Заңдарына» әдейлеп қарсы қоямын. Бұған

негіз ретінде келесіні алға тартуға болады: әркім, тіпті Дж. Бернет пен А-Тейлордың өздері (кел. ескертуі қараңыз) «Сократтың апо­ логиясы» мен «Критонның» сократтық ілімді ұсынатындығымен, ал «Заңдарды» Платонның өз көзқарастарын көрсететін ретінде сипаттау керектігімен келісетін болады. Сондықтан, Бернет пен Тейлор өздерінің Сократ Платоннан да гөрі демократияға жауыға қараған деген пікірін қалайша қорғай алатынын маған түсіну қиын. (Бұл пікір J.Burnet. Greek Phіlosophy, І, рр. 209 және кел. және А.Тауlor. Socrates, рр. 150 және кел., және рр. 170 пен кел. арқылы білдіріледі.) Мен Сократ пен Платонға қатысты осындай көзқарасты қорғап қалудың бірде бір талпынысын кездестірмедім, Сократ шынында да еркіндік үшін күресіп (әсіресе осы тараудың 53-ескертуін қараңыз) сол үшін қаза тапқан, ал Платон біздің білуімізше, «Заңдарды» жазған. Бернет пен Тейлордың ерсі тұғырнамасы олардың «Мемлекетті» платондық диалогтардың қатарына емес, сократтық диалогтардың қатарына жатқызатындығына байланысты туындағанға ұқсайды, ал «Мемлекет» платондық «Политик» пен «Заңдарға» қарағанда демократияға біршама азырақ дәрежеде қарсы келеді. Дегенмен, бір жағынан «Мемлекет» пен «Политиктің» және екінші жағынан «Заңдардың» арасындағы айырмашылықтар шындығына келгенде тым аз. Əсіресе, егер «Заңдардың» тек бірін­ ші емес, сонымен қатар соның кітаптарын қарастыратын болсақ. Шындығына келгенде, мұнда баяндалған ілімдердің ұқсастығы екі кітаптан күтетін ұқсастыққа қарағанда, тіпті, көбірек болып келеді, ол екі кітаптың жазылу уақыттары бір бірінен он жыл­ мен, үш не болмаса одан асатын онжылдықтармен алшақталған, және де олар темпераменті мен стилі бойынша бірі бірінсн өте айрықшаланады (4-тараудың 6-ескертуін және осы кітаптағы «Заңдар» мен «Мемлекеттің» доктриналарының арасындағы тепетеңдік болмаса да, ұқсастық көрсетілген жерлерін қараңыздар), «Мемлекет» те, «Заңдар» да Платонның өз ойларын білдіреді деген пікірде ешбір ішкі жүйесіздік байқалмайды. Сонымен қатар, Бернет пен Тейлордың, өздерінің теориялары Сократ тек демократияның ғана жауы емес, Платоннан да артық жау болған деген қорытындыға әкеледі деген өз мойындаулары шындығына келгенде олардың тек «Сократтың апологиясы» мен «Критон» ғана сократтық сипатқа ие болып қоймайды, сонымен қатар «Мемлекет» те Платонның сократтық шығармаларына жатқызылуы тиіс деген көзқарастарының сандырақтығын болмаса да, проблемалылығын

көрсетіп отыр. Осы мәселелердің барлығы жайында келесі ескер­ туден және 1-томның «ІІІ-толықтыруынан», В (2) қараңыз. 56Бұл тұжырымдама менің әділеттілік жайындағы платондық теорияның тарихи менің (Отыз тиранның моральдық азғыруы жайында Ксенофонт. Грек тарихы, ІІ, 4, 40-42 қараңыз) және атап айтқанда «Мемлекеттің» басты саяси доктриналарын түсініктемелеуімді – ертедегі диалогтардың арасындағы, атап айтқанда, бір жағынан «Горгий» мен екініш жағынан «Мемлекеттің» арасындағы қарама-қайшылықтарды, олар Сократ пен кешіректегі Платонның көзқарастарының арасындағы іргелі айырмашылықтардан туындайды дегенге нұсқау жасау арқылы түсіндіруге тырысатын түсініктемелеуімді түйіндеудің талпы­ нысы болып табылатынын еске салып жатудың қажеті болмас. Әдетте «сократтық проблема» деп аталып жүрген осы мәселенін түбегейлі маңыздылығы менің осы ұзаққа созылған және жарты­ лай әдіснамалық болып келетін дауға араласуыма ақтау болып та­ былады. (1) Сократтық мәселенің бастапқы шешілімі, платондық диалогтардың белгілі бір тобы, атап айтқанда, «Сократтың аполо­ гиясы» мен «Критон» сократтық болып табылатынын (яғни олар негізінен тарихи тұрғыдан дәл және осыднай түрде ойластырылған дегенді), ал өзге диалогтардың көбісі, ең алдымен өздерінде Сок­ рат басты әңгімелесуші болып табылатын, мысалы, «Федон» мен «Мемлекет» Платонның өзінің көзқарастарын көрсететінін бол­ жамдайды. Бұрынғы беделділер бұл пікірді тек «тәуелсіз куәгер» – Ксенофонтқа, және ксенофонттық, Сократ пен диалогтардың «сократтық» тобының Сократы арасындағы ұқсастыққа ғана емес, сонымен қатар ксенофонттық «Сократ» пен құрамына «Мемлекет» пен «Заңдар» кіретін диалогтар тобының Сократы арасындағы үйлеспеушілікке сілтеме жасаумен ақтайтын. Формалардың не болмаса идеялардың метафизикалық теориясы, көбінесе, әдетте, Платонның өз көзқарастары ретіңде қарастырылатын. (2) Осы көзқарастарға қарсы науқанды Дж. Бернет бастаған бо­ латын, оны А. Тейлор қолдады. Бернет «бастапқы шешім» (мен оны осылайша белгіледі) өзіне негізделетін дәйектемені сендірмейтін және тіпті кеселді шеңбер ретінде жоққа шығарды. Ол былай деп тұжырымдаған: алдымен диалогтар тобын оларда формалардың теориясы онша нақтыланбағандықтан таңдап алу, және оларды сократтық деп атап, артынша формалардың теориясын Сократ емес, Платон ойлап шығарған деп айту қате болады. Сондай-ақ

Ксенофонтқа тәуелсіз куәгер ретінде қарау қате болып табылады, себебі, бізде оның тәуелсіздігіне сенетіндей ешбір себеп жоқ. Де­ генмен, ол «Сократ жайындағы естеліктерді» жазуға кіріскен кезін­ де кейбір платондық диалогтарды білген деп болжауға салмақты негіздер бар. Бернет Платон шынында да ойдағысын айтқан де­ ген болжамға негізделуге бел байлады және де ол Сократқа бел­ гілі бір көзқарастарды айтқызған кезде өзі соған сенетін және өзінің оқырмандарының да осы көзқарастардың Сократтың өзінің көзқарастары екендігіне сенуін тілеген. (3) Бернеттің сократтық мәселеге қатысты көзқарастары меніңше дәл емес болып көрінеді. Дегенмен, соған қарамастан олар құнды және жемісті болып келеді. Осындай батыл теория, оның жалған теория болғанының өзінде бізді әрдайым алдыға же­ телейді. Ал Бернеттің кітабы онда қарастырылған затқа қатысты батыл және дәстүрден тыс көзқарастарға толы. Мұны бағалау керек, тарихи ізденістер әрдайым кәдуілгі таптаурын пікірлерге айналу үрдістеріне ие. Сонымен қатар, мен Бернетті оның кере­ мет және батыл теориялары үшін өте сыйласам да және олардың жақсы әсерін бағалағанның өзінде, мен, өзімнің қолым жетер­ ліктей куәландыруларымды назарға ала отырып, өзімді оның теорияларының негізсіз екендігіне сендіре алмай-ақ қойдым. Өзінің баға жетпейтін құлшынысында Бернет, менің ойлауымша, өзінің идеяларына әрдайым жеткілікті деңгейдегі сын кезбен қарай бермеген. Дәл осы себептен де өзге ғалымдар оларды қабылдауды емес, сынауды жөн деп санады. Сократтық мәселеге келетін болсақ, мен өзге зерттеушілердің көпшілігімен қатар өзім «Бастапқы шешім» ретінде сипаттаған көзқарасты негізінен дұрыс деп санаймын. Бернет пен Тейлордың шабуылдарынан бұл көзқарасты соңғы кезде, атап айтсақ, Дж. К. Филд (G.C.Fіeld. Plato and Hіs Contemporarіes, 1930) пен А. К. Род­ жерс (А. К. Rogers. Тһе Socratіc Problem, 1933) табысты қорғады. Осы көзқарасты соңдай-ақ, көптеген өзге де ғалымдар ұстанады. Осы уақытқа дейін келтірілген дәлелдемелер маған жеткілікгі түрде сенімді болып көрінгенімен, осы кітапта алынған кейбір нәтижелерді қолдана отырып, оларға бірдеңе қоса кеткім келеді. Дегенмен, Бернеттің көзқарастарын сынауға кіріспестен бұрын, мен келесі әдіснамалық принципті біздің түсінгеніміз үшін дәл осы Бернетке міндетті екеніміз туралы айта кеткім келеді. Платонның қуаландырулары — алғашқы қолдан келіп түскен біздің қолымыз жететін жалғыз куәландырулар. Қалған куәландырулардың

барлығы – соңғы болып келеді. (Бернет осы принципті Ксенофонтқа қатысты қолданған болатын, Дегенмен, оның оны сонымен қатар Аристофанға қатысты да қолдануына болар дегенді, соңғысының куәландыруларын Сократ «Сократтың апологиясында», ((5)- тармақты ары қарай қараңыз) жоққа шығарған болатын.) (4) Бернет өзінің сөзін «Платон шынында да ойдағысын айтқан» деген болжамдаудан құралады деп түсіндіреді. Осы әдіснамалық принципке сәйкес платондық «Сократ» тарихи Сократтың пор­ треті ретінде ойластырылған болатын (Greek Phіlosophy, І, рр. 128, 212 және кел. және рр. 349-50 ескертулерді қараңыз; Та­ уlor. Socrates, рр. 14 және кел., 32 және кел., 153 қараңыз). Мен, Бернеттің әдіснамалық принципы дұрыс бастапқы пункт болып табылады деген ойдамын. Дегемен, мен, деректердің өзі кез келген зерттеушіні, соның ішінде Бернетті де, Тейлорды да қоса алғанда, оны ысырып тастауға мәжбүр ететінін көрсетуге тырысатын бо­ ламын. Қалғандары сияқты олар да Платонның айтқандарын түсіндірмелеуге мәжбүр болады. Дегемен, осы жәйтті дұрыс түсінген зерттеушілердің бір бөлігі, соған сәйкес, өздерінің түсініктемелеулеріне абайлаңқырап, сын көзбен қарауға тырыса­ тын болса, басқа, Платонды түсініктемелемей, ол айтқан нәрсенің барлығын жай қабылдап қана қоятынына сенген зерттеушілер, сол арқылы, өздерінің түсініктемелеулерін сыни көзбен талдапзерделеудің жолын жабады. (5) Бернеттің әдіснамасын қолданымсыз ететін және соған ілес­ кен өзгелерді мәжбүрлеген тәрізді оны Платонның айтқандарына түсініктемелеулер құруға мәжбүр ететін дәйектер – Платон ұсынған Сократтың портретіндегі қарама-қайшылықтар. Біз, өзімізде Пла­ тоннан асқан куәгер жоқ деген принціпті қабылдамағанымыздың өзінде, біз оның еңбектерінде ішкі қарама-қайшылықтардың бо­ луына орай оның әрбір сөзін қабылдай алмаймыз, және бізге «ол шынында да ойдағысын айтқан» дегені жайлы алғышартты ысырып тастауымызға тура келеді. Егер де куәгер қарама-қайшылықтармен шырмалып қалса, бұл мүмкін болатын куәгерлердін ең артығы болғанның өзінде біз оның куәландыруларын түсініктемелеусіз қабылдай алмаймыз. Мен қазір осындай ішкі қарамақайшылықтардың тек үш мысалын келтіріп кетемін. (а) «Сократтың апологиясындағы» Сократ өзінің табиғат фи­ лософиясымен қызықпайтындығы (және соған сәйкес пифагорлық болып табылмайтындығы) туралы үш рет нақты қайталайды (18 b-с; 19 с-d; 23 d): Бұл жөнінде «Мен ештеңе ұқпаймын» дейді Сок­

рат (19 с); «Бірақ мұның, о афиналық ер-азаматтар, маған ешбір
қатысы жоқ қой» (табиғат туралы ой-пікірлер жайында). Сок­
рат, сотқа қатысып отырғандардың көбісі бұл мәлімдеулердің
шынайылығын растап бере алатын еді деп тұжырымдайды. Олар

оның сұхбаттарын тыңдады, бірақ, табиғат философиясының
заты жайында ештеңе де есіткен емес («Сократтың апологиясы»,
19 с-д). Екінші жағынан, бізде (d) «Федон» (әсіресе «Сократтың
апологиясынан» дәйексөз ретінде келтірілген үзінділері бар

108 d, (қараңыз) мен «Мемлекет» бар. Бұл диалогтарда Сок­
рат «табиғаттың» пифагорлық философы ретінде бейнеленеді.
Мұның анықтығы соншалықты, Бернет де, Тейлор да: ол іс
жүзінде ойдың пифагорлық мектебінің жетекші өкілі болған, деп

айта алды.
(Пифагорлықтар жайында «олар үнемі табиғат туралы пікір­
лесіп отырады» деген Аристотельмен салыстырыңыз - «Метафи­
зиканы», 989 b соңын қараңыз).

Мен (а) мен (d) бір біріне қарама-қарсы келеді деп
тұжырымдаймын. Және де бұл жағдай келесі дерекке орай шие­
ленісе түседі: диалогтардың өзінде «Мемлекет» «Сократтың апо­
логиясымен» салыстырғанда ертерек, ал «Федон» одан кешірек

мерзіммен белгіленген. Бұл, Сократ не өмірінің соңғы жыл­
дары («Мемлекет» пен «Сократтың апологиясының» арасын­
да) пифагоршылдықтан бас тартқан, не ол пифагоршылдыққа
өмірінің соңғы айлары тартылған (қаратылған) дсп болжауға

мүмкіндік бермейді. сол арқылы (а) мен (d)-ны келістіруге
мүмкіндік бермейді.
Мен бұл қарама-қайшылықты қайсы бір алдын-ала болжамды
не болмаса қайсыбір түсініктемелеуді қабылдау арқылы жоюдың

мүмкін еместігін алға тарпаймын. Бернет пен Тейлорда, мүмкін,
«Сократтың апологиясынан» гөрі «Фелон» мен «Мемлекетке»
сенудің аса дәйекті негіздемелері болған шығар. (Дегенмен,
олар келесіні түсінуге тиіс болатын: платондық портретті дұрыс

деп болжамдаған жағдайда, «Сократтың апологиясындағы»
Сократтың адалдығына қатысты кез келген күмәндану, оны
өзінің басын аман алып қалу үшін өтірік айтатын адамдардың
қатарына қосады.) Дегенмен, мені қазір қызықтырып отырғаны

бұл мәселелер емес. Менің мақсатым, (а) – куәландыруын
қабылдап және (d)- куәландыруын ысырып тастаумен, Бернет
пен Тейлор өздерінің «Платон шынында да ойдағысын айтқан»
деген іргелі әдіснамалық жорамалдауларын ысырып тастауға

мәжбүр болғанын, яғни оларға түсініктемелеу беруге тура келеді дегенді көрсетіп беру болатын. Дегенмен, санасьп түрде орындалатын түсініктемелеу сын­ нан тыс қалады. Бұл Бернет пен Тейлордың Аристофанның куәландыруын қолдануының мысалында көрінеді. Олар, Сократ табиғаттың философиясымен айналыспағанда Аристофанның шешендігі мәнсіз болар дегенді деп тұжырымдайды. Дегенмен, Сократ (мен Бернет пен Тейлормен бірге «Сократтың апологиясы тарихи тұрғыда дұрыс деп болжаймын) осы дәлелдеменің пайда болуын алдын ала болжап қойды. Өзінің қорғау сөзіінде Сократ, ол табиғат философиясымен мүлде айналыспағандықтан, онымен көп айналысты да, әлде аз айналысты ма деп дауласудың қажеті жоқ екендігін тиянақты түрде алға тарта отырып («Сократтың аполо­ гиясы», 19 с және кел.; сонымен қатар 20 о-с қараңыз) судьяларды Аристофанды бұлай түсініктемелеуден алдын ала сақтандырды. Сократ өзін, бұл істе өткеннің көлеңкелерімен күрескендей сезін­ ді («Сократтың апологиясы». 18 4-е). Бірақ енді ол келешектің көлеңкелерімен де күрескен деп те айтуымызға болады. Ол өзінің отандастарын - Аристофанға сенгендерін және Сократты өтірікші деп атауға батылы жеткендерді ілгері шығуға шақырған кезде олардың ешқайсысы шықпады. Платоншылардың өз ойларын жинақтап, онда шақыруына жауап беруінен бұрын 2300 жыл өтті. Осыған орай, демократияны орта дәрежедегі қарсыласы Арис­ тофан - софисі ретіндегі Сократқа қарсы шабуылға шыққанын және софистердің көпшілігі демократтар болғанын айта кетуге болады. (b) «Сократтың апологиясында» (40 және кел.) Сократ өмір сүрудің жалғасу мәселесіме қатысты агностикалық ұстанымды қабылдайды; (в) «Фадон» негізінен жанның мәңгі өлмейтіндігі жөніндегі мұқият өңделген дәлелдемелерден тұрады. Бұл қиындықты Бернет талқылайды (оның «Федонды» басылымын­ да, 1911, рр. ХLVІІІ және кел.), әйтсе де оның түсіндірмесі мені ешбір сендіре алмады (7-тараудың 9-ескертуін және осы тараудың 44-ескертуін қараңыз). Дегенмен, ол дұрыс - не қате айтсын, бұл талқылау оның өзінің әдіснамалық принципін ысырып тастап, Платонның айтқанын түсініктемелеуіне тура келгенін дәлелдеп отыр. (с) «Сократтың апологиясындағы» Сократ былай деп тұжырымдайды: асқан даналардың даналығы сен өзіңнің қаншалықты аз білетініңді сезіне алуыңнан құралады, және осыған орай дельфийлік сәуегейдің «өз өзіңді танып біл» деген нақылын

«өзіңнің таным-біліміңнің шектеулі екенін біл» деп түсіну керек,
ал бұған жүгінсек, билеушілер өзгелерге қарағанда өзінің шекте­
уліктерін көбірек білуі тиіс. Осыған ұқсас көзқарастарды ертере­
ктегі өзге де диалогтардан көруге болады. Дегенмен, «Политик»

мея «Заңдардың» басты әңгімелесуші билікке ие болушылар дана
болуы тиіс деген пікірді ұсынады. Ал даналық деп олар өздерінің
танымдарының тайыздығын емес, диалектикалық философияның
терең мистерияларының сырын білуге жіберілгендерін — форма­

лар немесе идеялар өлемін бақылап-көруді, не болмаса, саясаттың
патшалық ғылымына үйренуді түсінеді. Сол пікір «Филебте» де­
льфийлік сәуегейдің дәл осы ұлағатын талқылау барысындаа
баяндалған (7-тараудың 26-ескертуін қараңыз).

(d) Осы үш сорақы қарама-қайшылықтардан өзге мен тағы
да екеуін атап өте аламын. «Жетінші хаттың» шынайы түпнұсқа
екендігіне сенбейтіндер бұларды назарына да алмауы мүмкін,
дегенмен, «Жетінші хаттың» тек түпнұсқа екендігін жақтайтын

Бернет үшін бұл қарама-қайшылықтар, меніңше, фатальді бо­
лып көрінеді. Бернеттің, формалардың теориясын Платон емес,
Сократ ұстанған деген тұғырнамасы (біз бұл хатты елемегеннің
өзінде негізсіз болып келетін; бұл мәселе тұтастай 3-тараудың 26

(5)-ескертуінде талқыланады) осы хаттың 342 а мен келесі қарама-
қайшы куәландыруына келіп тіреледі. Ал оның - «Мемлекет»,
негізінен, сократтық шығарма болып табылады деген көзқарасы
326 а (7-тараудың 14-ескертуін қараңыз) қарастарылады. Әлбетте,

бұл қиындықтардың барлығын жоюға болады, Дегенмен, тек
түсініктемелеу арқылы.
(е) Сонымен қатар осыған ұқсас өзге де, бұдан да нәзік, сөйтсе
де одан да маңызды қарама-қайшылықтар бар, олар бұдан да

нақтырақ түрде алдыңғы тарауларла, әсіресе 6, 7 және 8-тараулар­
да талқыланған болатын. Мен олардың ең маңыздыларын түйіндеп
кетуге тырысамын.
(е1) Адамдарға, әсіресе жастарға қатысты көзқарас Платонның

портретінде өзгеріп отырады. Сондықтан бұл өзгеру Сократтың
дамуы ретінде ұсынылуы мүмкін емес. Сократ өзі сүйген
жастармен еркін түрде сөйлесу құқығына ие болу үшін өлген.
Дегенмен, «Мемлекетте» біз оның кішіпейшшіік пен сенбе­

ушілікті ұстанымды артық көретінін байқаймыз, ол ұстаным
«Заңдардағы» «Афиналықтың» (анық түрде Платонның өзінің)
және оның еңбектерінде тым жиі көрініс тапқан жалпы адамзатқа
сенбеушіліктің ызалы ұстанымын елестетеді (4-тараудың 17-18-

ескертулерінің мәтінін; 7-тараудың 18-21; 8-тараудың 57-58-ескер­ тулерін қараңыз). (е2) Сократтың ақиқат пен сөз еркіндігіне деген көзқарасы жай­ лы да осылай деп айтуға болады. Ол солар үшін өлді. Дегенмен, «Мемлекетте» «Сократ» жалғандықты қорғайды. Шындығында, Платонның өз көзқарастарын көрсететін «Саясаткерде» жалғандық ақиқат ретінде түсініледі, ал «Заңдарда» ой еркіндігі инквизи­ цияны орнату арқылы басылып тасталады (алдыңғы ескертудегі сияқты сілтемелерді, сонымен қатар 8-тараудың 1-23 және 40-41; осы тараудың 55-ескертулерін қараңыз). (е3) «Сократтың апологиясында» және өзге де кейбір диалог­ тарда Сократ зияткерлік кішіпейілдік танытады. «Федонда» ол өзінің метафизикалық қитұрқылықтарының ақиқаттығына шын сеніп тұрған адамға айналдырылады. «Мемлекетте» ол «Политик» пен «Заңдардың» қатып қалған беделшілігі арқылы манмұқ етіл­ меген ұстанымды қабылдайтын қасаң қағидашыл болып көрінеді. (7-тараудың 8-14 мен 26-ескертулерінің мәтінін: 8-тараудың 15 және 33-ескертулерін; осы ескертудегі (с) қараңыз.) (е4) «Сократтың апологиясында» Сократ жекедарашыл ретінде көрінеді. Ол жеке тұлғаның өз-өзіне жеткіліктілігіне сенеді. «Гор­ гийде» ол әлі де болса жекедарашыл. «Мемлекетте» ол Платонның «Заңдардағы» ұстанымына ұқсас ұстанымды ұстанатын радикальдық ұжымшыл ретінде (5-тараудың 25 және 35-ескерту­ лерін; 6-тараудың 26, 32, 36 және 48-54 ескертулерінін мәтінін; осы тараудың 45-ескертуін қараңыз). (е5) Және тағы да біз сократтық эгалитаризм жайында шамамен соны қайталап айта аламыз. «Менонда» ол, құлдардың барлық, адамзаттың жалпы ақыл-санасына қатысы бар екендігін және құлды тіпті таза математикаға да үйретуге болатынын мойындай­ ды. «Горгийде» ол әділеттіліктің эгалитарлық теориясын қорғайды. Дегенмен, «Мемлекетте» ол жұмысшылар мен құлдар жайында жек көрушілік сезіммен айтады және «Тимей» мен «Заңдардағы» Платон тәрізді эгалитаризмнен соншалықты дәрежеде алыс. (d)- те айтылған үзінділерді; сондай-ақ 4-тараудың 18 және 29-ескер­ тулерін; 7-тараудың 10-ескертулерін және «Тимей» 51 е дәйексөз ретінде келтірілген 8-тараудың 50(3)-ескертуін салыстырыңыз, (е6) «Сократтың апологиясы» мен «Критондағы» Сократ афи­ на демократияға көнбіс-бейілділікпен қарайды. «Менон» мен «Горгийде» (осы тараудың 45-ескертуін қараңыз) жау сынның мысалдары келтірілген. «Мемлекетте» (және, меніңше, «Менек­

сенде1») ол демократияның ашық түрдегі жауы ретінде көрінеді.
Және Платонның «Политик» пен «Заңдардың» басында абайлап
сөйлегенінің өзіңде оның саяси бейімділіктері «Заңдардың» соңғы
бөлігінде (6-тараудың 32-ескертуінің мәтінін қараңыз) «Мемлекет­

тегі» «Сократтың» бейімділіктерімен анық түрде тепе-тең болып
келеді (осы тараудың 53 және 55-ескертулерін; 4-тараудың 7 және
14-18-ескертулерін қараңыз).
Соңғы қағиданы келесі дәлелдемелердің көмегімен нығайтуға

болады. «Сократтың апологиясында» Сократ афиналық демократ­
ияға бейілділікпен қарап қана қоймайды, ол соңдай-ақ өзінің
аса көрнекті Шәкірттерінің бірі – Херофонт демократиялық
партияның жоғарғы тобына жататынын көрсетіп, сол партияға

тікелей тіл қатады. Херофонт «Сократтың апологиясында» ше­
шуші роль атқарады, себебі, дәл соның өзі сәуегеймен байланыс
жасап, Сократқа өмірдегі өзінің бейімділігін (орнын) сезінуге
көмек көрсеткен болатын және сол арқылы Сократтың демоспен

мәмілеге келуден түбегейлі бас тартуына әсерін тигізген. Сократ
бұл маңызды тұлғаны келесі деректі көрсетіп келу мақсатымен
еске түсіреді («Сократтың апологиясы», 20 е/21а): Херофонт тек
оның досы болып қана қоймаған, сонымен қатар өзімен бірге

қуғындалған және бірге оралған (ол Отыз тиранга қарсы соғысқа
қатысқан деп болжануда) адамдардың досы да болған. Былайша
айтқанда, Сократ өзінің қорғанысының басты куәгері ретінде анық
түрдегі демократты таңдайды. (Херофонттың жақсы көрулерінің,

аристофандық «Бұлттар», 104, 501 және кел. сияқты кейбір
тәуелсіз куәландырулары да бар. Херофонттың «Хармилге» пайда
болуы, мүмкін, небір тепе-теңдікті орнатудың мақсатына арналған
болар. Олай болмағанда Критий мен Хармидтың ерекше жағдайы

Отыз тиранды қорғауға арналған манифесті ретінде әсер еткен бо­
лар еді.) Онда неліктен Сократ өзінің демократиялық партияның
жауынгер мүшесімен жақындастығын атап көрсетеді? Біз, бұл
деген оның төрешілерін көбірек мейірбандыққа июге арналған

ерекше түрдегі өтініш деп болжай алмаймын оның апологиясын­
на барлық рухы бұл болжамға қарама-қайшы келеді. Келесі бол­
жам шындыққа барынша жақын сияқты: Сократ Демократиялық
лагерьде де өзінің шәкірттері бар екендігін көрсету арқылы, өзін

аксүйектер партиясының жақтасы және тирандардың ұстазы
болған деген кінә тағуды (ол да тек меңзелген болатын) анық емес
түрде жоққа шығарғысы келген. «Сократтың апологиясының»
бүкіл рухы Сократ демократияның ісін шынайы жақсы көрмей-ақ

демократиялық басшылармен достыққа шақырған деген болжам­
ды жоққа шығарады. Өзінің демократиялық заңдылыққа сенімін
нақты атап көрсеткен, және, Отызды ешбір күмән қалдырмайтын
термиңдермен кінәраттаған үзіндіден де дәл осындай қорытынды

(«Сократтың апологиясы», 32 b-d) шығады.
(6) Нақты платондық болып табылатын диалогтардан олардың
сипаты туралы болжам жасай алмайтынымыз көрініп тұр. Сол се­
бепті де біз оларда келтірілген айғақтарды осы айғақтармен сыни

салыстыруға болатын теорияларды ұсыну арқылы, сынап көру-
қателесу әдісі арқылы түсініктемелеуге тырысуға тиіспіз. Сонымен,
бізде, аса маңыздылыққа ие және адамдардың біршама шеңберіне
жақсы мәлім қоғамдық оқиғаны суреттейтін жалпы диалог

болғандықтан «Сократтың апологиясы» негізінен тарихи ақиқатқа
сәйкес келеді деп санауға жеткілікті дәрежеде сендіретін негізде­
мелер бар. Екінші жағынан, күмән туғызатын «Заң соңын» есепке
алмағанда, «Заңдар» Платонның ақырғы еңбегі болып табылаты­

нын, және, оның ашықтан ашық, «Платонның өз көзқарастарын
көрсететінін» білеміз. Соған сәйкес, ең қарапайым болжам бо­
лып: диалогтарды тарихи не болмаса олардың «Сократтың
апологиясының» беталыстарымен қандай шамамен келісетініне

қарай сол шамада сократтық ретінде және олар осы беталыстарға
қарама-қайшы келетін жерлерінде Платонның көзқарастарын кер­
сетуші ретінде санау керек деген болжам табылатын болады. (Бұл
болжам мен ертеректе сократтық мәселенін «бастапқы шешімі»

ретінде сипаттаған қаиғадға оралтады.)
Егер біз жоғарыда (е1) - (е6) айтылып кеткен беталыстарды
қарастыратын болсақ, аса маңызды диалогтар келесі түрде оңай
рет-ретіне келтірілгенін байқайтып боламыз: осы беталыстардың

әрбір жекесі үшін Сократтың «Сократтың апологиясымен»
ұқсастығы азаяды, ал платондық «Заңдармен» ұқсастығы арта
түседі. Бұл тізбектілік төмендегідей:
«Сократтың апологиясы» мен «Критон» – «Менон» – «Горгий»,

«Федон» – «Мемлекет» – «Саясаткер» – «Тимей» – «Заңдар».
Осы тізбектің өзі диалогтарды бүкіл (е1) - (е6) үрдістеріне
сәйкес рет-ретіне келтіреді деген деректің өзі біз бұл жерде Пла­
тон шын ойының дамуымен көріп отырмыз деген теорияны бекі­

те түседі. Дегенмен, біз мүлде тәуелсіз куәландыруларды да таба
аламыз. «Стилометрикалық» зерттеулер біздің тізбектіліктің Пла­
тон өздерінің диалогтарын жазған хронологиялық тізбектілікпен
сәйкес келетінін көрсетіп отыр. Тіпті болмағанда, бұл тізбектілік

«Тимейдің» өзіне дейін пифагорлыққа (элеаттыққа) деген сондайақ үздіксіз түрде артып отыратын қызығушылықты көрсетіп отыр. Бұл соған сәйкес, Платонның ойын дамытудағы тағы бір беталыс. Тағы бір өзгеше дәлелдеме мынадай: Біз Платонның «Федондағы» өзінің ағақтарынан Антисфен Сократтың ең жақын достарының бірі болғаны жайлы білеміз, Сонымен қоса біз Антисфеннің шынайы сократтық рухтың сақталуына үміт артқанын білеміз. Антисфен «Мемлекеттегі» Сократтың досы болуы мүмкін екендігіне сену қиын. Осылайша, біз Антисфен мен Платонның жолдары өзінен ары қарай екі айырылатын ортақ нүктені табуыныз керек, және бұл ортақ нүктені біз «Сократтың апологиясы» мен «Критондағы» Сократтан және «Менондағы», «Горгийдегі» және «Федондағы» «Сократтың» аузына салынған кейбір ілімдерден табамыз. Бұл дәлелдемелер өздеріне қатысты салмақты күмәндар айтылған Платонның кез келген еңбектеріне (мысалы, «Алкивиад Г., не болмаса «Феаг», не болмаса «Хиттар») мүлде тәуелсіз бо­ латын. Олар сонымен қоса Ксенофонттың куәландыруларынан да тәуелсіз. Олар аса танымал платондық диалогтардың кейбірінің тек ішкі дəлелдеріне негізделген. Сөйтсе де олар осы ішкі дəлелдеріне, атап айтқанда, «Жетінші хатпен» келісімін табады, онда Платон өзінің рухани даму очеркінде (325 және кел.) оның өзінің басты ашуы ретінде «Мемлекеттен» алынған негізгі үзінділерге сіл­ теме жасайды: «Мен мынаны айтуға мәжбүр болғам... шынайы және дұрыс ойлатын философтар мемлекеттік лауазымдарға ие болмайынша не болмаса мемлекеттегі басқарушылар қайсыбір құдіретін белгілеумен шынайы философтарға айналып кетпейінше адамзат тегі зұлымдылықтан құтыла алмайды» (326 а; 7-тараудың 14-ескертуін және осы ескертудің жоғары жағындағы (d) қараңыз). Менің түсіне алмайтыным: «Мемлекеттегі» басты ілім Сократтікі емес, Платондікі екенін мойындамай, былайша айтқанда, «Мем­ лекеттегі» Платонның Сократқа арнап жасалған портреті тарихи болып табылады деген өтірікті ысырып тастамастан, қалайша Бер­ нетпен бірге осы хатты түпнұсқа ретінде тануға болатыны. (Бұдан арғы куәландыруларды мысалы, Аристотельден «Софистикалық жоққа шығарулар жайында», 183 b 7 қараңыз: «Сократ сауалдар қойып, дегенмен, жауаптарын бермейтін, не болмаса өзінің [олар­ ды] білмейтінін мойындайтын». Бұл «Сократтың апологиясымен» келісімін табады, Дегенмен, «Горгиймен» келісуі екіталай және «Федон» мен «Мемлекетпен» белгілі түрде келіспейді. Сонымен

қатар Аристотельдің идеялар теориясының тарихы жайындағы танымал хабарын қараңыз, оны Дж. Филд, ор. сіt. керемет түрде таңдалған болатын; сонымен қатар 3-тараудың 26-ескертуін қараңыз). (7) Мен келтірген айғақтарға қарағанда Бернет пен Тейлор пай­ даланатын айғақтардың түрі үлкен мағынаға ие болмайды. Келесі ескертулер осыны көрсетуге арналған. Платон саяси мағынада Сократқа қарағанда қалыптылау болған деген және Платонның отбасы «либеральды» болған деген менің пікірімнің пайдасы­ на келтірілген куәландыру ретінде Бернет платондық отбасы мүшелерінің бірі «Демос» деген есімге ие болған деген дәйекке жүгінеді. («Горгий», 481 d, 513 b. салыстырамыз. Дегенмен, осы диалогта аталып кеткен Демостың әкесі – Пирламп шынында да Платонның нағашысы мен «Хармидте» 158 а және «Парменидте», 126 b аталып өткен өгей әкесімен тепе-тең болуы, яғни Демостың Платонның туысы болғаны онша шындыққа сәйкес болмаса да, мүмкін. Менің сұрайтыным: платондық екі тиран-ағалар тура­ лы тарихи шынайы куәландырумен, Критийдің кең түрдегі сая­ си үзінділерімен (Бернет, өздерін олардың атасына теле отырып, қателеспеген жағдайдың өзінде де осы отбасының меншігі болып қалатын – Greek Phіlosophy., І, 338, 1-ескертпс; «Хармид», 157 е және 162 d, онда тиран Критийдің ақындық дарындары жайлы айтылған) салыстырғанда, Критийдің әкесі төртжүздердің олигар­ хиясына (Lusіas, 12, 66) жататын деген фактімен салыстырғанда отбасының мақтанышы тек демократияға қарсы беталыстар­ мен ғана емес. Сонымен қатар афиндерге қарсы беталыстармен үйлесетін Платонның өз еңбектерімен салыстырғанда, осының қандай мағынаға ие болуы мүмкін? («Тимейде», 20 а, Үлкен Дионисийдің өгей әкесі, Сицилиялық Гермократ сияқты Афиндердің жауы мадақтауын қараңыз.) Бернеттің дәйегінің мақсаты, әлбетте, «Мемлекет» сократтық сипатқа ие деген теорияны нығайтудан құралады. Негізсіз әдістің тағы бір мысалын Тейлордан көруге бо­ лады, ол «Федон» сократтық сипатқа ие (7-тарауға арналған менің 9-ескертпемді қараңыз) деген көзқарасты қорғайтын дәйектерді келтіреді (Socrates, р. 148 және кел., сонымен қатар р. 162): «Фе­ донда» [72е]... «оқу деген — ойға түсіру» деген теорияны темпе­ раментті түрде Симмий қорғайды» (бұл Тейлордың қателескені, шындығында бұны Кебет айтқан), «ол Сократқа бұл «сен тым жиі қайталап жүрген» дәйек дейді». Егер де біз «Федонды» алып және парықсыз мистификация ретінде қарастырғымыз келмейтін болса,

онда бұл маған осы теорияның шынында да Сократтікі екендігінің дәлелі болып көрінеді». (Осыған ұқсас дәйекті Бернеттен оның «Федон», р. XІІ, ІІ-тараудың соңы, басылымынан қараңыз). Осыған қатысты мен келесі ескертулерді жасай кеткім келіп дегенді: (а) Мұнда Платон осы пассажды жазған кезінде өзін тарихшы деп санаған деп болжамдалады, себебі олай болмағанда оның пікірін ешбір жағдайда «алып және парықсыз мистификация» деп санау мүмкін емес дегенді; басқаша айтқанда, теорияның ең күмәнді және ең басты қағидасы жай ғана болжамдалады. (b) Дегенмен, Платон өз-өзін тарихшы санағанның өзінде де (мен бұл шынында осылай болған деген ойдан аулақпын) «алып... және т.б. « деген пікір тым қатты айтылған болып көрінеді. Платон емес Тейлор «сен» сөзін курсивпен айқындап отыр. Платон мүмкін, өзінің тек диалогтың оқырмандары оның теориясымен таныс деген болжамға негіз­ делгенін көрсетіп кеткісі келген ғана болар. Не болмаса, мүмкін, ол «Менонға» сілтеме жасап, осылайша өзіне сілтеме жасауға тырысқан болар. (Соңғы түсіндірме, менің пікірімше, оны «Фе­ донмен» 73 а және кел. диаграммаларға жүгінумен салыстырсақ, шынайы болып келеді.) Не болмаса қайсыбір себептермен ол қарапайым жаңылыс жазба жасаған болар. (Мұндай жағдайдар тарихшылардың өзінде де жиі кездесіп жатады. Мысалы, Бернет­ ке сократтық пифагореизмді түсіндіруіне тура келді. Дегенмен, осыны жасау үшін ол Парменидті Ксенофанның шәкіртіне айнал­ дырудан гөрі пифагорлыққа айналдырады, ол жайында былай деп жазады (Greek Phіlosophy, І, р. 64): «Ол элеаттық мектептің негізін қалағандығы жайлы оқиға мүмкін, Платонның әзіл араласқан ескер­ туінен шығарылған болатын, оған негізделумен сондай-ақ Гомердің гераклиттік екендігін дәлелдеуге болатын». Осыған Бернет келесі ескертуді қосып жазады: «Plato. Soph., 242 d Sее Е. Gr. Рһ., р. 140». Меніңше, тарихшының бұл ескертуі анық түрде өзінің соңынан төрт қағиданы ілестіреді: (1) Платонның Ксенофанға қатысты үзіндісі өзіндік сипатқа ие, яғни шындап ойластырылмаған деген, (2) осы әзілдік сипат Гомерге қатысты да айқындалады деген, яғни (3) ол жөнінде оның гераклиттік болғаны жайында тұжырымдама жасалғам, бұл, әлбетте, аса әзілмен айтылған ескерту болған бо­ лар еді, себебі Гомер Гераклиттен көп бұрын өмір сүрген деген, және (4) Ксенофанды элеаттық мектеппен байланыстыратын өзге салмақты куәландырулар жоқ деген қағидалар. Дегенмен, осы төрт салдардың бірінің де расталуы мүмкін емес. Дегенмен, біз бұл ретте мынаны анықтаймыз, (1) Ксенофанға қатысты «Софис­

тен» (242d) алынған үзінді әзілдік сипатқа ие еместігін, алайда оны Бернеттің өзі маңызды және бағалы тарихи ақпаратқа толы куәландыру ретінде өзінің «Early Greek Phіlosophy» әдіснамалық қосымшасында ұсынатынын: (2) онда Гомерге ешбір сілтемесі жоқ екендігін және (3) осындай сілтемесі («Теэтет», 179 d/е; 152 d/с, 160 4 салыстырыңыз) бар және өзімен Бернет Greek Phіlosophy, І «Софистен», 242 d (бұл қателік оның Early Greek Phіlosophy-де жоқ) алынған үзіндіні қатесіз сәйкестендіретін өзге үзіндісінде Ксенофанға сілтемелер жоқ екендігін және ол Гомерді гераклит­ тік деп атамайтынын, бірақ мүлде қарама-қарсыны айтатынын, атап айтқанда, кейбір Гераклиттік идеялардың көнелігі Гомердің көнелігінен кем түспейтінін (бұл, әлбетте, әзілдік сипатқа онша ие болмайды) және (4) Теофрастан алынған анық айтылған және де маңызды үзінді бар екенін (Рһіs. ор., 8-үзінді = Sіmplіcіus, Рһік., 28, 4), — Лаэрттік Диогенде, ІX, 21-23 не болмаса Александрлық Клименттің «Тимейінде» келтірілген айғақтарын айтпағанның өзінде ол үзінді Ксенофанга кейбір пікірлерді телген, ол пікірлер­ ге, бізге мәлім болғандай, Парменид те ортақ болғанын - «Стро­ маттар», І, 64, 2 қараңыз. Міне, осындай жаңсақ ұғынулардың, қате түсініктемелеулердің, қате дәйектердің және адастыратын қате жіберулердің үйіндісін (осылайша жазылған миф жайын­ да С. Кіrk and J Raven. Тһе Presocratіc Phіlosophers. Cambrіdge Unіv. Press, 1960, р. 265 қараңыз) Бернет сияқты аса танымал тарихшының тек бір тарихи ескертуінен табуға болады. Осы мы­ сал арқылы мұндай жағдай ең жақсы тарихшылармен де болып тұратынына біз көзімізді жеткізуге тиіспіз: барлық адамдар күнәлі. (Күнәліліктің осы түрінің аса салмақты мысалы болып 3-тараудың 26(5)-ескертуіндс талқыланатын жағдай табылуы мүмкін.) (8) Келтірілетін дәйектерде елеулі роль атқаратын осы платондық диалогтардың хронологиялық тәртібі Лютославскийдің стилометрикалық тізіміндегідей түрде қабылданады (The Orіgіn and Growth of Plato’s Logіc, 1897). Осы кітапта елеулі роль ой­ найтын диалогтардың тізімін 3-тараудың 5-ескертуінен табуға болады. Ол келесідегідей тәртіппен жасалған-топтардың ішіндегі олардың құрылу датасындағы белгісіздік топтардың арасындағы белгісіздіктен салыстырғанда көбірек стилометрикалық тізімнен аздаған түрдегі ауытқу болып «Евтифронның» қағидасы табыла­ ды, ол мазмұнының сипаты бойынша (осы тараудың 60-ескертуінің мәтініде талқыланатын), маған, «Критоннан» кешіректе құралған болып көрінеді. Дегенмен, мұнын елеулі мәні жоқ, (Сонымен қатар осы тараудың 47-ескертуін қараңыз.)

57 «Екінші хатта» (314 с) көпке мәлім және біршама құпиялы болып келетін тағы бір үзінді бар: «Дүниеде ешқандай платондық жазба жоқ және болмайды да; ал қазіргі оқылып жүргендердің барлығы – Сократтың әлі жас, әрі көрікті кезіндегі сөздері». Осы жұмбаққа берілуі мүмкін жауап ретінде осы үзіндіні, тіпті бәлкім бүкіл хатты да даулы деп мойындаған жөн болар дегенді. (С.Fіeld. Plato and Hіs Contemporarіes, 200, және келесісін қараңыз, онда ол осы хаттың және әсіресе «312d / 313c, және тіпті мүмкін одан әрі 314с-ға дейін» ІІІындығына күмән тудыратын негіздемелердің тама­ ша ой-түйіндерін келтіреді; тағы бір негіздеме, жасанды көшірмені жасаған тұлға, мүмкін. 8-тараудың 32-ескертуіндс дәйексөз ретін­ де келтірілген «Жетінші хаттың», 341 b/с-дағы ұқсас ескертуге жүгінгісі, немесе оған өзінің түсініктемесін бергісі келгеніне бай­ ланысты пайда болған сияқты; Дегенмен, егер біз, ең болмағанда, бір ғана минутке Бернетпен бірге (Greek Phіlosophy, І, 212) үзіндіні шынайы деп мойындасақ, онда «ол әлі жас кезінде әдемі болған еді» деу белгілі бір дәрежеде кейбір қиындықтарды тудырады. Атап айтқанда, олардың тура сөзбе-сөз ұғынылуы мүмкін емес. Өйткені, Сократ барлық платондық диалогтарда кәрі, ұсқынсыз адамның кейпінде көрінеді («Парменидті» есепке алмағанда, онда ол жас болса да әдемі деуге де лайық бола қоймас). Егер осы үзіндіні шы­ найы деп мойындасақ онда дәйексөз ретінде келтірілген құпияға толы ескертпе, Платонның әдейілеп Сократтың дәріптелген және тарихи емес бейнесін бергенін көрсетер еді. Айта кететін бір жәйт Платонның Сократты әдейі жас және әдемі аристократтың (аксүйектің) кейпінде суреттегені және ол әрине, Платонның өзі болғаны біздің түсініктемемізбен өте жақсы қиюласады. (Соңдайак, 4-тараудың 11 (2) ескертуін, 6-тараудың 20 (1) ескертуін және 3-тараудың 50 (3) ескертуін қараңыз.). 58 «Бұл дәйексөз Дэвис пен Воэннің олар аударған «Мемлекеттің» кіріспесінің бірінші азатжолынан алынған. R.Crossmann. Рlatо ТоDау, р. 96, қараңыз. 59 (1) Платонның жан дүниесіндегі «бөліну» немесе «бөлшек­ тену» – ол, оның еңбектерінен, әсіресе, «Мемлекеттен», туындай­ тын ең қуатты әсерлердің бірі. Тек қана, өзін-өзі бақылап отыру, немесе, құмарлықтан ақылдың үстемділігін сақтау үшін азапта­ нып күресуге мәжбүр болатын адам ғана, Платонның істегенін­ дей, осы тармақты ерекше атап көрсетеді, 5-тараудың 34-ескер­ туіндегі мен сілтеген, үзінділерге, атап айтқанда, бәлкім, шығу тегі орфикалық, адамның ішіндегі хайуан туралы әңгіме жөнінде

(«Мемлекет», 588с), және 3-тараудың 15 (І)-(4). 17 және 19 ес­ кертулеріне психоналитикалық ілімдерге таңданарлық ұқсастық танытқанымен қоймай, сондай-ақ басып тастаудың күшті нышандарының куәсі ретінде де қаралуы мүмкін (Соңдай-ақ, эдиптік кешен доктринасының баяндалуы сияқты болып көрінетін ІX кітабтың басын, 571 d және 575 а-ны қараңыз. Платонның өз шешесіне көзқарасы туралы біраз анықтық бәлкім, «Мемлекет­ те», 548 е / 549 4-да, атап айтқанда, 548 е-де, оның інісі Главконың әңгімеде қозғалып отырған ұлмен теңестірілу фактісін қарағанда пайда болады.) * Платонның ішкі дауының тамаша суретте­ месі және оның билікке ұмтылысын психологиялық тұрғыдан талдаудың әрекеттерін X. Кельзен (Н. Кеlsеп. Тһе Аmerіcan Іmago, vol. 3, 1942, рр. 1-110) және Вернер Файг (W. Ғіtе. Тһе Рlаtоnіс Legend. 1939) жасады.* Платонның бірлікті, үндестікті және біркелкілікті табанды түрде аңсауы мен талап етуіне негізделіп, оның өзінің жан дүниесі бөлшектелген және үйлесімсіз болғанын тұжырымдай алатыны­ мызды мойындауға дайын емес платоншыларға, тура осы дәлелдеу тәсілін Платонның өзі ойлап тапқанын естеріне сала кеткіміз ке­ леді. («Тойды», 200а және келесісін қараңыз, мұнда Сократ, сүйетін және қалайтын (тұлға) өзінің сүйетініне немесе қалайтынына ие емес деген пайымдау қажетті, дегенмен, болуы мүмкін тұжырым емес, деп дәлелдейді.) Бұл, менің платондық жанның саяси теориясы деп атағаным (сондай-ақ, 5-тараудың 32-ескертуінің мәтінін қараңыз), яғни, жанды таптық бөлінген қоғамның құрылымына сәйкес бөлу, көпке дейін кез келген психологияның негізі болып келді. Бұл да психоанализдің негізінде жатыр. Фрейдтің теориясы бойынша, Платон билеуші деп атаған жанның бір бөлігі өзінің тирандығын «цензураның» көмегімен демеуге тырысады, бұл кездері, қоғамның төменгі бөлігіне сәйкес келетін бүлікшіл пролетарлық инстин­ ктер болса, шынында, жасырын диктатураны жүзеге асырады, өйткені, олар көрінетін билеушілердің саясатын белгілейді. Герак­ лит заманының «тасқыны» мен «соғысынан» бастап әлеуметтік тәжірибенің саласы олардың көмегімен біз айналамыздағы дүниені (біздің өзімізді де) өзіміз үшін түсініктемелейтін теори­ ялар, метафоралар мен символдарға күшті ықпалын тигізді. Мен тек Мальтустың ықпалынан Дарвин қабылдаған әлеуметтік бәсеке теориясын ғана атап өтейін.

(2) Бұл жерде мистика жөнінде және оның жабық және ашық қоғамға және өркениеттің ширыға шиеленіске түсуіне қатысы ту­ ралы ескерту қосуға болады. Дж. Мак-Таггарт өзінің керемет еңбегі «Мистикада» («Mystіcіsm») көрсеткеніндей (оның «Phіlosophіcal Studіes». Еd. bу S. V. Кееlіng, 1934, әсіресе, рр. 47 және келесісін қараңыз), мистиканың негізінде екі іргетасты идеялар: (а) мистикалық бірлік доктринасы, яғни, біздің кәдімгі тәжірибе дүниесінде танитынымызға қарағанда, шындықтар дүниесінде әлдекайда жоғары деңгейдегі бірлік бар дейтін пайымдау, және (b) мистикалық көкейкөз доктринасы, яғни кәдімгі тәжірибедегі танушы субъект және танылатын объект арасындағы қатынасқа қарағанда «танушыны танылатынға едәуір тығыз және едәуір тікелей қатынасқа қоятын» тану тәсілі бар, дейтін пайымдау. Мак-Таггарттың дұрыс айтуынша (р. 48), «осы екі сипаттаманың едәуір іргетастысы мистикалық бірлік болып табылады», өйткені мистикалық көкейкөз «мистикалық бірліктің мысалы болып келеді». Үшінші сипаттамасы ретінде, біз, шынын айтсақ, іргетастылығы біраз кем, (с) өзінше мистикалық бірліктің және мистикалық көкейкөздің үлгісі болып келетін мистикалық, махаббат болып табылады деп қосқымыз келеді. Қызықтыратын бір жәйт (дегенмен Мак-Таггарт мұны атап көрсетпеген) грек философиясының тарихында мистикалық бір­ лік доктринасын алғашқы рет Парменид өзінің Біртұтастықтың холистикалық доктринасында (осы тараудың 41-ескертуін қараңыз) анық жариялаған; сонан соң Платон оған мистикалық көкейкөздің және құдіреттілікпен қарым-қатынастың әзірленген теориясын қосқан (8-тарауды қараңыз) – Парменидтің ілімі бұл теорияның тек кана ең бас жағын құрайды; сонан кейін Аристо­ тель, мысалы оның «Жан туралы» трактатында, 425 Ь 30 және кел.: «Дәлме-дәл бір мезгілде әрекеттегі есту және әрекеттегі ды­ быс пайда болады...»; «Мемлекетті», 507 с және кел., 430 а 20, 431 а 1-ді салыстырыңыз: «Шынында да білім оның объектісімен теңдестіріледі» (сондай-ақ, «Жан туралы», 404 b 16-ны және «Ме­ тафизика», 1072 b 20 мен 1075 а 2 және платондык «Тимейді», 45 b-с, 47 а-b-ны; «Менон», 81 а және келесісін; «Федон», 79 d-ны салыстырыңыз) және мистикалық махаббат теориясын әзірлеген неоплатоншылдар жариялады. Платоннан бұл теорияның тек қана ең бастапқы жағын табуға болады (мысалы, «Мемлекеттегі», 475 және кел., философ ақиқатты сүйетін холизм доктринасымен және философтың құдіретті ақиқатпен арадағы қарым-қатынасымен

тығыз байланысатын оның ілімінде). Осы фактілердің және біздің тарихи талдауымыздың тұрғысынан біз мистиканы өзінің шығу тегі бойынша ашық қоғамға қарсы бағытталған, жабық қоғамның күйреуін білдірілетін әдеттегі көзқарастардың бірі деп түсініктемелеуге мәжбүр боламыз. Бұл көзқарас (реакция) тайпалық бірлік өзгеріссіз шындық ретінде көрсетілетін жұмақ ту­ ралы арманға беріліп кету ретінде сипаттала алады. Бұл түсініктемелеу Бергсонның өзінің еңбегіндегі «Дінде­ гі моральдылықтың екі бастауы» (Two Soures of Moralіty and Relіgіon) түсініктемелеуіне тікелей қайшы келеді, өйткені Бергсон, атап айтқанда, тек қана мистика жабық қоғамнан ашық қоғамға секірісті жүзеге асырады деп уағыздайды. * Әйтсе де, әр түрлі саяси бағытта жұмыс істеу үшін мисти­ ка жеткілікті дәрежеде алуан түрлі бола алатынын (бұл жөнінде Джакоб Винер өз хатында маған сыпайы лебізбен жеткізген деген­ ді) мойындаған жөн. Мистиктердің және мистиканың өкілдерін тіпті ашық қоғамның пірәдарларының арасынан да табуға бола­ ды. Атап айтқанда, ең жақсы, аз бөлшектенбеген дүние жөніндегі мистикалық көкейкөз сөзсіз Платонды ғана емес, сондай-ақ, Сок­ ратты да шабыттандырғаны хақ.* Он тоғызыншы ғасырда, әсіресе Гегель мен Бергсонда, біз, өзінің өзгеріске табынуында, бәлкім Платон мен Аристо­ тель уағыздайтын өзгеріске өшпенділік танытуға қарама-қарсы тұратын эволюциялық мистиканы табатынмызды айта кетуге бо­ лады. Әйтсе де, мистиканың осы екі түрінің қадымнан келе жатқан түпкі тәжірибесі біртұтас. Олардың екеуіне де өзгеріске қатысты асқан сезімталдық тән. Мистиканың бірінші де, екінші де түрі әлеуметтік өзгерістің сұмдық тәжірибесіне қарсы әрекет болып та­ былады: біреулерінде өзгерістің тоқтауына үміт артумен бірге, ал басқаларда - өзгерісті біршама долылықпен (жынданумен) (және, сөзсіз астарлы) шынайы, нақты және қалаулы ретінде қабылдаумен бірге орын алуы мүмкін дегенді. — Сондай-ақ 11-тараудың 32-33 ескертулерін, 12-тараудың 36 және 24-тараудың 4,6, 29, 32 және 58-ескертулерін қараңыз. 60«Евтифрон», ең ертеректегі диалогтардың бірі, әдетте, Сократтың тақуа тәртіптілікті анықтамақ сәтсіз әрекеті ретінде түсіндіріледі. Евтифрон құдайлар нені қалайтынын анық білетін қарапайым «пиетиске» карикатурасының (келемеж суретінің) бей­ несі болып табылады. Сократтың: «Атап айтқанда, тақуа және күнәһар деп сен нені ұғынасың?» – деген сұрағына оның жауабы

дайын: «Менің қазіргі жасап отырған ісім тақуалық, атап айтқанда, адам өлтірген немесе ғибадатхананы тонаған, не болмаса тағы бір әлдеқандай, осыған ұқсас бұзақылық жасаған қылмыскерді сотқа тарту – тақуалық, тіпті сол қылмыскер әкем, анам болса да... бұндай жағдайларда сот арқылы қуғындамау – күнәһарлық «(5 d/е). Евтифрон өзінің әкесін күнделікті жалданатын жұмысшыны өлтіргені үшін сот арқылы қуғындаушы болып көрсетіледі. (Grote. Рlatо, І, 312 б-ге ескертудегі келтірілген куәландыруға сәйкес, мұндай жағдайда әр азамат аттикалық заңдар бойынша сот арқылы қуғындау ісін бастауға міндетгі болатын.) 61«Менексен», 235 b. Осы тараудың 35-ескертуін және 6тараудың 19-ескертуінің соңын салыстырыңыз. 62«Егер сіздер қауіпсіздікті қаласаңыздар, онда сіздер бостандықтарыңызбен қоштасуға тиісті боласыздар» - бұл сөйлемше бостандыққа қарсы бүліктің тірегіне айналды. Бірақ та бұл сөйлемшенің өтірік екені анық. Әрине, өмірде абсолюттік қауіпсіздік мүлдем болмайды. Дегенмен, біз қол жеткізе алатын қауіпсіздікиің шамасы бізге қырағы болуға көмектесетін институттар, яғни, демократиялық институттар арқылы күшейтілетін біздің қырағылығымызға тәуелді Бұл институттар (егер платондық тілмен айтатын болсақ). табындағылардың өздерінің бақташыларын бақылауы және сына­ уы үшін әдейі ойлап табылған. 63«Сәйкессіздіктер» мен «тұрпайы ауытқулар» туралы «Мем­ лекеттегі», 547 а, 5-тараудың 39 және 40-ескертулеріндегі дәйектемеленген мәтіннен қараңыз. Платонның көбею және туу­ ды бақылау мәселелеріне тым көңіл қоюын бәлкім, ішінара оның халық санынын өсуінің салдарының қандай болатынын жақсы білгендігінен деуге болатын сияқты. Шынында да (осы тараудың 7-ескертуінің мәтінін қараңыз), адамның «құлауы», тайпалық жұмақтан айырылуы, оның «табиғи» немесе «бастапқы» кінәсінен туындаған, былайша айтқанда, оның табиғи көбею тәсілінің рет­ телмегендігіне байланысты орын алған сияқты. Сондай-ақ, 5тараудың 39 (3) ескертуін, және 4-тараудың 34-ескертуін қараңыз. Бұдан кейінгі, келесі дәйектеме жайында тура осы азатжолда «Мемлекетті», 566 е, және 4-тараудың 20-ескертуінің мәтінін қараңыз. Тирандық кезеңіндегі грек тарихын өте жақсы талдап шыққан Р Кроссман (Plato To-Day, рр. 27-30). былай жазады: «Атап айтқанда, грек мемлекетін құрған - шынында да, тирандар. Олар бастапқы аристократияның ескі тайпалық құрылымын бұзды...»

(ор. сіt., р. 29) Осы жәйт Платонның неліктен тирандықты, бәлкім, тіпті бостандықтан да бетер жек көргенін түсіндіреді. - «Мемле­ кетті», 577 с (дегенмен, осы тарауды 69-ескертуін де қараңыз), қараңыз. Оның тирандық туралы, әсіресе «Мемлекетте», 565568, айтқандары күштің бірте-біртелікпен жүзеге асырылатын саясатының керемет әдемі әлеуметтік талдауын береді. Мен оны күш логикасын құрастырудың алғашқы әрекеті деп атар едім. (Мен бұл терминді ұқсастығы бойынша Ф. А. фон Хайектің таза экономикалық теория үшін пайдаланған таңдау логикасы тер­ минін қолдануына байланысты таңдап алдым). Күш логикасы өте қарапайым және асқан шеберлікпен жиі қолданылады. Саясаттың қарама-қарсы типі әлдеқайда күрделірек, өйткені бір жағынан, күшке сүйенбейтін саясат логикасы болғандықтан, яғни бостандық логикасы әлі толығымен ұғынылмағандығынан да шығар. 64Әйелдер мен балалардың болжамдалған ортақтығын қоса Платонның саяси ұстанымдарының көпшілігі Перикл кезеңінде «қиялғана» болғаны көпке аян. Дж. Адамның «Мемлекеттің» басылымындағы әдемі ой-түйінін, vol. р 354 және кел., және А.D. Wіnspear. Тһe Genesіs of Plato’s Thoudht, 1940, қараңыз.* 65 V. Раreto. Tretіse on General Socіology, § 1843 (Ағылшын тілі­ не аудармасы: Тһе Mіnd and Socіety, 1935, vol. ІІІ, р. 1281); осы ой толығырақ дәйектемелетін 13-тараудың 1-ескертуін қараңыз. 66Главконның Ликофронның теориясын баяндауы Карнеадқа кейінірек Гоббсқа қандай әсер еткенін қараңыз (6-тараудың 54-ес­ кертуі) Марксистердің көпшілігінің кәсіби «әдепсіздігі» де осыған байланысты. Солшылдар, өздерінің моральдың шегінен тыс екен­ дігіме жиі сенеді (Бұның әңгімеге қатысы жоқ болғанымен, әйтсе де, мұндай көзқарас кейде, көптеген реакцияшыл моральшылдардың догмашылдық бөспелігінен (өзіне-өзі тым сенушілігінен) гөрі сы­ пайылау және тектілеу болып шығады). 67Ақша – ашық қоғамның рәміздерінің, сондай-ақ мәселелерінің бірі болып табылады. Біздің әлі оны тиімді бақылаудың әдістемелерін игере алмағанымызға күмән жоқ. Олардан келетін ең зор теріс пайдаланушылықтың қиянаты — олардың көмегімен билікті сатып алу болып табылады. (Осындай теріс пайдаланушылықтың ең ті­ келей түрі ретінде құлдар нарығының институты болып табылады, Дегенмен, тура осы институт «Мемлекетте», 563 b, қорғалады; 4тараудың 17-ескертуін қараңыз; сондай-ақ, «Заңдарда» да Платон байлықтың саяси ықпалына қарсылық танытпайды, 6-тараудың 20 (1) ескертуін қараңыз) Жекедарашыл қоғамның көзқарасы бойын­

ша ақшаның маңыздылығы өте зор. Ол — тұтынушыға өндірісті бақылаудың кейбір құралдарын беретін (ішінара) еркін нарықтық институттың бөлігі. Мұндай институтсыз өндірушінің нарықты бақылай алу дәрежесі, оның тұтыну үшін өндіруін тоқтатуына, ал тұтынушының негізінен өндіріс үшін тұтына бастауына әкеледі. Ақшаны теріс пайдаланудың орын алатын өрескел жағдайдары бізді оларға тым сезімтал етіп қойды, және платондық ақша мен достықты қарама-қарсы қою саяси насихаттың мақсатымен осы сезімдерден пайда түсірудің көптеген саналы және бейсаналы әрекеттерін тек алғашқылары ғана болып табылады. 68Топтық тайпалық рух, әрине, əлі де жоғала қоймаған. Мысалы, ол өзінің көрінісін, достық пен жолдастықтың аса құнды тәжірибесінде, сондай-ақ, бойскауттар іспетті (неме­ се неміс жастарының қозғалысы) сияқты жастардың тайпалық қозғалыстарында, және мысалы, Синклер Льюистің «Бэббитінде» суреттелген типтегі сияқты ересектердің кейбір клубтары мен бір­ лестіктерінен табады. Осындай, бәлкім, барлық эмоциялық және эстетикалық сезімдердің ішіндегі ең жалпыға ортақ сезімдердің бірін бағаламасқа болмайды. Барлық дерлік, тоталитарлық та, гу­ манистік та әлеуметтік қозғалыстар, солардың ықпалында жатыр. Олар соғыста елеулі рөл атқарады және бостандыққа қарсы бүліктегі ең қуатты қару түрлерінің бірі болып табылады; Дегенмен, бейбіт кезеңінде де, тирандыққа қарсы пайдаланылғанда да маңызды, бірақ та, мұндай жағдайдарда олардың ізгілікті мақсаттарына олардың романтикалық беталыстары жиі қауіп төндіреді. Қоғамды тоқтату және таптық басқаруды мәңгіге таңбалау үшін осындай сезімдерді қайта жаңғыртудың саналы және сәтсіз әрекеті ретінде «қоғамдық мектептердің» ағылшын мектебі болған сияқты. (Егер де ол кішкентай кезінен бастап – өзінің ойындарында, оқуларында – әдемілікпен жанаспаса» – адам «ешқашанда ізгілікті бола алмай­ ды... «Мемлекеттен», 558 b, алынған олардың ұраны осындай.) Тайпалық таптық рухтан айырылудың тағы бір жемісі мен ны­ шаны ретінде сөзсіз, қоғамдық дененің сырқаттанғанын сезіну күйін, яғни күшену, тайқу сезімін білдіретін саясат пен медицина арасындағы ұқсастыққа платондық меңзеу болып табылады (8тараудағы, атап айтқанда 4-ескертуді қараңыз). «Платонның за­ манынан бастап біздің заманымызға дейін саяси философтардың ойлары үнемі осы медицина мен саясат арасындағы салыстыруға қайтадан оралып отырды», – дейді Дж. Э.Дж. Кэтлин (G.E.Catlіn. A Study of the Prіncіples of Polіtіcs, 1930, 458-бетке ескерту, мұнда

осы пікірді қостау үшін Аквиндік Фома, Дж. Сантаяна және У. Инг
дәйектемеленеді; сондай-ақ, Милльдің «Логикасынан», ор. сіt., 37-
б., арналған ескертуді қараңыз). Кэтлин сонымен қатар, «ананың,
немесе қоғамның қамтамасыз ететін «гармония» (үйлесім) және

«қорғанысқа талпыну» жөнінде де (ор. сіt., 459) өте сипатты түрде
айтады (сондай-ақ, 5-тараудың 18-ескертуін қараңыз).
69Платонның осындай тоғыз шәкірттерінің аты жөнінде
(жас Дионисий және Дионды қоса) 7-тарауды (24-ескерту және

тиісті мәтін; Аthen. XІ, 508-ді қараңыз) қараңыз. Менің ойымша,
Платонның қайталанып отыратын, күшті ғана емес, сондай-ақ,
«сендіру мен күшті» пайдалануға шақырулары (Заңдарды», 722
b және 8-тараудың 5, 10, және 18-ескертулерін қараңыз), наси­

хаттары шынында да тым қарабайыр болған Отыз тирандардың
тактикасының сыны ретінде ойластырылған болуы керек. Де­
генмен, бұл жәйт олармен күресудің орнына сезімдерден пай­
да түсіруді ұсынған В. Парстоның рецептін Платон өте тамаша

түйсінгенін білдірер еді. Платонның досы Дионның (7-тараудың
25-ескертуін қараңыз) Сиракузаны тиран ретінде билегенін тіпті
Дионды қорғап отыратынын Э.Майердің өзі мойындаған бола­
тын. Өзінің Платонды саясаткер ретінде дәріптеуіне қарамастан

ол Дионның тағдырын, (платондық) «теория мен практика»
арасындағы «шыңырауды» меңзей отырып түсіндіреді (ор. сіt.,
V, S. 999). Майер Дион туралы былай дейді (loc. сіt.): «Тамаша
билеуші сыртынан қарағанда жексұрын тираннан аумайтын бол­

ды». Дегенмен, оның пайымдауынша Дион ішінен идеалист бо­
лып қала берген, және саяси қажеттілік оны адам өлтіруге баруға
(атап айтқанда, өзінің одақтасы Гераклитті) және басқа да ұқсас
шараларға баруға мәжбүр еткенде ол қатты күйзелетін. Әйтсе де,

мен, Дион Платонның теориясына сәйкес - яғни, күш логикасы­
на сәйкес, Платонды «Заңдарда» тирандықтың игілігін құптауға
әкелген теория бойынша әрекет еткен деп ойлаймын (709 е және
кел.; тура осы тұсында, бәлкім, Отыз тиранның жеңілісі, олардың

көп болғандығына байланысты болған шығар, ал егер де Критий
жалғыз болса, онда бәрі ойдағыдай болар дегенді).
70Тайпалық жұмақ, әрине нағыз аңыздың өзі болған (өйтсе де,
кейбір алғашқы қауымдық сатыдағы халықтар, солардың ішін­

де әсіресе, эскимостар әбден бақытты сияқты.) Жабық қоғамда,
бәлкім, ығысу сезімі болмайтын сияқты, Дегенмен, қоркыныштың
басқа түрлерінің — табиғаттың арғы жағындағы (шегінен тыс) де­
монизм күштерінің алдындағы қорқыныштың болатыны жөніндегі

куәландырулар бар. Бостандыққа қарсы бағытталған бүліктің
көптеген соңғы көріністері осы қорқынышты қайта жаңғыртудың
және оны зияткерлерге, ғалымдарға және т.б. қарсы қолданудың
әрекеттері тән. Сократтың шәкірті Платонды мақтауға тұрарлық

болатыны - ол өздерінің қас жауларын ешқашанда қараңғылықтың
зұлым демондарының жаратындылары ретінде көрсетуге әрекет
жасамаған. Бұл ретте, ол ағарту жағын ұстанды. Ол үшін кәдімгідей
бұзылған, азғындаған немесе жүнжіген игілікке айналған бір

үзіндіден жамандықты абстракциялық дәріптеудің бейімділігіне
ұқсас әлденені ажыратуға болады.
71 Жануарларға қайта оралу туралы менің ескертуіме бай­
ланысты соңғы ескертуді қосу қажет. Дарвинизмнің адам­

дар мәселелерінің аймағына басып кіруінің заманынан бері
(Дарвиннің өзі жауапты емес басып кірудің) адамдар тегі міндетті
түрде физикалық тұрғыдан азғындайтын болады, өйткені оның
мүшелерінің арасында физикалық бәсеке жеткілікті дәрежеде

емес, ал денені ақылдың күшімен қорғау мүмкіндігі табиғи
сұрыптауға біздің денелерімізге әсер етуге жол бермейді деп
дәлелдеген көптеген «әлеуметтік зоологтар» пайда болды. Осы
идеяны бірінші болып өрнектеген (бірақ та өзі оны ұстанбаған)

Сэмюэл Батлер болатын, ол былай деп жазған еді: «Осы жазушы
(едгиндік жазушы) алдын ала сезген жалғыз ғана шынайы қауіп,
ол - машиналардың (ал біз бұған жалпы өркениет деп қоса аламыз)
бәсекенің катаңдығын, әлсіз физикалық құрылымы бар тұлғалар

анықталмай қалатындығынан өздерінің әлсіздігін ұрпақтарына
тарататын дәрежеге дейін төмендетіп жіберетіндігіне байланыс­
ты пайда болатындығында» (Erwehon. 1872; Everyman Edіtіon,
р. 161, қараңыз). Менің білуімше, осы тақырыпқа бірінші болып

қомақты (көлемді) томды жазған қазіргі заманғы нәсілшілдікті
қалаушылардың бірі - В. Шальмайер болатын (12-тараудың 65-
ескертуін қараңыз). Шындығында, С. Батлердің теориясын үнемі
қайталап ашып отырған (әсіресе «биологиялық табиғатшылдар» 5-

тараудың мағынасында). Көптеген қазіргі заманғы жазушылардың
айтуынша (мысалы, G.M.Estabrooks. Маn: Тһе Месһаnісаl Міsflіt,
1941), адам өркениетті болып және атап айтқанда, әлсіздерге
көмектесемін деп шешуші қателікке ұрынды. Бұған дейін ол мінсіз

адами хайуанға жетуге таяған күйде болатын. Дегенмен, өркениет
әлсіздерді қорғаудың жасанды әдістемелерінің нәтижесінде
азғындауға әкелді, сондықтан ол ақыр соңында өзін-өзі қиратуға
тиіс. Осындай дәлелдерге жауап берген кезде біз адамның мүмкін

бір кезде осы дүниеден мүлдем жоғалатынын мойындауға тиіс­
піз. Дегенмен, біздің бұған қосарымыз, ол - осының «мінсіздікке
таяғандарды» қоя тұрып ең мінсіз хайуандар үшін де әділ бола­
тыны. Егер де адам ұрпағы түзетуге келмейтін қатені — яғни,

әлсіздерге көмек көрсету қатесін жасамаса ол біраз ұзағырақ
ғұмыр кешкен болар еді — дейтін теорияның түбі тым күмәнді.
Дегенмен, егер де ол рас болса, онда біздің соншама жетуге ты­
рысатынымыз бар-жоғы, адам түрінің аман қалуының қарапайым

ұзақтығы ғана болғаны ма? Немесе, мінсіз болуға таяп қалған ада­
ми хайуанның құндылығының кереметтігі сондай, тіпті біз оның
тіршілігін ұзарту ісін (ол онсыз да әжептәуір ұзақ уақыт тіршілік
етуде) біздің әлсіздерге көмек көрсету жөніндегі эксперимент­

терімізден жоғары қоюды таңдап алуға тиіспіз бе?
Мен, адамзаттың түзелмес қате жібермегеніне сенемін. Кейбір
зияткерлік көсемдердің сатқындығына, білім беру саласындағы
Платонның

әдістемелерінің
топастандырғыш
әсеріне
және

насихаттаудың қиратқыш нәтижелеріне қарамастан елеулі табыста­
рымыз да айқын. Көптеген әлсіз адамдарға көмектестік. Құлдықтың
іс-жүзінде жоғалғанына міне, жүз жыл болып қалды деуге болады.
Біреулер оның жуықта қайтадан енгізілетініне кәміл сенімде. Мен

әлдекайда оптимистік күйдемін, себебі, осының бәрі түбінде біздің
өзімізге қатысты болады. Дегенмен, тіпті осының бәрінен біз тағы
да айырылсақ та және біз мінсіз адами хайуанның кейпіне қайта
оралуға мәжбүр болсақ та бұл бір кезде құлдықтың шынында да

жер бетінен жоғалғанын жоққа шығара алмайды. Осы жетістігіміз
және ол туралы естелік бізге өзіміздің кейбір сәтсіздіктеріміздің
орнын толтырар деген үміттемін. Бәлкім, бұл жәйт біздің кейбіре­
улерімізге біздің ата-бабаларымыз барлық өзгерістерді тоқтатудың

- жабық қоғамның торына (қамауына) оралудың және ғасырлар

бойына кемелденуге жуық қалған маймылдардың зоопаркін
орнатудың алтындай қымбат мүмкіндігін жіберіп алған - түзетілмес
қатенің орнын толтыратын шығар.
Поппер К. Открытое общество и его враги

//Том 1. Чары Платона. Москва.: Феникс, 1992.

С. 213-248, 363-394.

ІІ-ТОМ. ЖАЛҒАН СӘУЕГЕЙЛЕРДІҢ ДӘУІРІ: ГЕГЕЛЬ, МАРКС ЖӘНЕ БАСҚА ДА КӨРІПКЕЛДЕР 14-тарау. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ДЕРБЕСТІГІ Маркстің: « Адамның болмысын оның сана-сезімі емес, керісін­ ше, оның қоғамдық болмыс адамның сана-сезімдерін анықтайды»1 дейтін белгілі ұйғарымын психологизмге2, яғни, қоғамдық өмірдің барлық заңдылықтары, түптеп келгенде, «адам табиғатының» психологиялық заңдылықтарына тірелуі тиіс дейтін, шындыққа өте ұқсас, теорияға маркстік оппозицияның қысқаша формулиров­ касы ретінде қарастыруға болады. Осы және келесі екі тараудың басты міндеті Маркстің осы ұйғарымын түсіндірмелеу болып та­ былады. Маркстің антипсихологизмін (менің түсінігімдегі) талдайзерделей отырып, мен өзім де қолдайтын тұғырнаманы дамытқым келетінін бірден мәлімдеймін. Біздің талдап-зерттеуіміздің алғашқы қадамы ретінде және өте қарапайым иллюстрация ретінде экзогамия ережелерін, яғни әрқилы мәдениеттердегі үйленудің кең тараған, қандастардың үйленуін болдырмауға сөзсіз бағытталған ұқсас заңдарын түсіндіру мәселесі деп аталатын мәселені қарастырайық. Дж. Ст. Милль және оның құрған психологиялық әлеуметтанушылық (оған кейінірек көптеген психоаналитиктер де қосылды) мектебінің басқа да өкілдері бұл ере­ жені «адам табиғатына ден қоя отырып түсіндірмелеуге тырысады, мысалы, қан араластырушылыққа деген түйсіктік жеккөрушілікке сілтеме жасайды (табиғи сұрыптаудың немесе «тұншықтырудың» нәтижесінде дамыған да болуы мүмкін). (Айтпақшы, осы құбылысты кәдуілгі, қарабайыр түсіндірмелеу, оны әлеуметтік психологтардың түсіндірмелеулерінен пәлендей айырмашылыққа ие болмайтын да сияқты). Алайда, Маркстің жоғарыда келтіріл­ ген сөздерінде баяндалған тұғырнаманың тұрғысынан қарағанда, істің мәні мүлде қарама-қарсы болып тұрған жоқ па деп сұрау да керек сияқты, яғни бұл түйсік тәрбиелеудің әлде қан араластыруға3 тыйым салатын және экзогамияны талап етуші әлеуметтік ере­ желер мен дәстүрлердің себебі емес, салдары емес пе. Бұл екі көзқарас өте ескі мәселені екі түрлі шешуге сайма-сай келетін сияқты: қоғамның заңдары «табиғи» ма, немесе «келісім бойын­ ша» қабылдана ма? (Бұл мәселені біз бесінші тарауда жан-жақты талдап зерделедік). Тек қана иллюстрация үшін таңдалып алынған біз қарастырып отырған мысал осы екі теорияның қайсысы дұрыс

екенін бірден анықтауға мүмкіндік бермейді: қоғамдағы әрекет етіп тұрған дәстүрлі әлеуметтік ережелер түйсікпен түсіндіріле ме немесе «керісінше» бұндай түйсіктерді осындай әлеуметтік ереже­ лерден тыс шығарып тастай ма. Алайда, осы тәріздес сауалдарға жауапты, айталық, осыған ұқсас адамға тән жыланды түйсікті түрде жеккөру жөніндегі тәжірибеден алуға болады. Мұндай жеккөруді түйсіктік немесе «табиғи» деп есептеуге өткендегіден де гөрі көбірек негіз бар, себебі, мұндай жеккөрушілік тек адамда ғана емес, адам тәрізді маймылдарда, тіпті қалған маймылдардың да басым бөлігінде болады. Дегенмен, жүргізілген тәжірибелер мұндай жеккөрушіліктің туа бітті еместігін көрсетті; ол — адам­ зат өкілдерінде ғана емес, сондай-ақ, айталық, шимпанзелерде де тәрбиелеудің жемісі болып табылады. Шындығында да, жыланнан қорқуға үйретілмеген адамның балалары да жас шимпанзелерде осындай түйсіктік мінез-құлық танытпайды. Қарастырылған мысал өте көрнекі болып табылады. Біз бір­ шама әмбебап сипаттағы жеркенушілік сезімін кездестіріп отыр­ мыз, себебі, ол тек адамдарда ғана байқалмайды. Әдеттің мұндай кең тарамаған жағдайында да немесе мінез-құлықтың осындай әмбебап формалары болмағанда да біз мұндай әдеттердің неме­ се мінез-құлық формаларының түйсіктен туындауы жөніндегі болжамдарға толықтай ақылға сай келетін қарсы дәлелдерді қоюымызға болады (алайда, мұндай дәлелдердің өз ішінде ши­ кіліктері бар, себебі, түйсіктерді басып тастауға ықпалын тигізетін әлеуметтік әдет-ғұрыптар бар), дегенмен, керісінше ой-пікірлер мүлде де дұрыс емес деп анық айтуымызға болады. Шын мәнінде де белгілі бір мінез-құлық үлгілерінің жан-жақты кең таралуы олардың түйсіктік сипатта екендігінің немесе «адам табиғатына» тән екендігін қолдайтын шешуші дәлел бола алмайды. Келтірілген ой-пікірлер, түптеп келгенде, қоғамның барлық заңдылықтарын «адам табиғатының» психологиясынан шығаруға болады деп болжамдаудың қаншалықты тайыз екендігін жақсы көрсетіп тұр. Дегенмен, біздің талдап-зерделеуімізден біз қазірше тек қана бастапқы нәтижелерді ғана алдық. Аздап та болса алға жы­ лжу үшін психологизмнің төмендегідей басты тезисін қарастыру керек: қоғам жекедара психикалардың өзара әрекеттесуінің туын­ дысы болып табылады, сол себепті де, әлеуметтік заңдылықтар, түптеп келгенде, психологиялық заңдылықтарға тірелуі тиіс, се­ бебі, әлеуметтік өмірдің, оның әдет-ғұрыптарымен қоса алғандағы оқиғаларының негізінде жеке адамдардың психикасының тереңінен туындайтын қозғаушы күштер жатады.

Психологизмнің доктринасына қарама-қарсы дербес әлеумет­ танудың жақтастары институттық көзқарастарды5 қарсы қоюы мүмкін. Ең алдымен олар бірде-бір әрекетті тек қана оның қозғаушы күшіне негіздей отырып түсіндіруге болмайды деп қарсы дәлел айтуы мүмкін. Жоғары дамыған жануарлардың және адамдардың өмірінің қандайда бір оқиғасын түсіндіру мақсатымен оның қозғаушы күштеріне (басқа да кез келген психологиялық немесе бихевиористік түсініктерге) назар салатын болсақ, осы оқиғаның қандай жалпы жағдайларда өткенін, әсіресе, оның ең жақын төңірегін, ал адамдардың іс-әрекеті туралы әңгіме болғанда негізінен әлеуметтік сипатта болатын қоршаған ортасын есепке алуға тура келеді. Сол себепті де біздің қалай әрекет ететінімізді оның осы әрекеттер болып жатқан әлеуметтік ортаны, сондай-ақ қандай әлеуметтік институттардың бар екендігін және олардың қалай жұмыс істеп тұрғандығын білмей тұрып түсіндіру мүмкін емес. Сол себепті де иституцияшылдың көзқарасымен қарағанда әлеуметтануды біздің іс-әрекеттерімізді психологиялық немесе бихевиористік талдап-зерттеуге әкеліп тіреуге болмайды. Керісін­ ше, кез келген мұндай талдап-зерттеулер әлеуметтанудың болуын көздейді, сол себепті де ол психологиялық талдауға тәуелді бол­ майды. Әлеуметтану ең болмағанда оның маңызды бөлігі дербес болуы тиіс. Психологизмнің жақтастары – табиғи да, әлеуметтік те қор­ шаған ортаның факторларының мәні үлкен екендігін мойындауға толықтай дайын екендерін айтып, қарсы дәлел айтуы мүмкін. Деген­ мен, табиғи ортадан әлеуметтік ортаның құрылымының (олар сәнге айналған «паттерн» терминін артық көруі мүмкін) айырмашылығы оның адамның іс-әрекетінің туындысы екендігінде, сол себепті де психологизмнің доктринасына сәйкес оны адам табиғатының тер­ миндерімен түсіндіру керек. Айталық, экономистер, жұмыс істеп тұруы өздерінің басты объектісі болған, «нарық» деп аталатын типтік әлеуметтік институтты, түптеп келгенде, «экономикалық адамның» психологиясынан немесе Дж. Ст. Милльдің сөздерін қолданғанда, «байлыққа ұмтылу»6 психологиялық феномені­ нен туындатуға болады. Оның үстіне психологияшылдар адам табиғатының психологиялық құрылымының өзіндік болғаны се­ бепті әрқилы иституттар біздің қоғамымызда өте маңызды рөл ойнайды, және де бір рет құрылғаннан кейін біздің өміріміздің біршама тұрақты және дәстүрлі элементіне айналу үрдісіне ие болады дегенді табанды түрде қолдайды. Түптеп келгенде, бұл

психологизмнің түпкілікті ережесі – дәстүрдің туындауы да, сон­
дай-ақ дамуы да адам табиғатына назар аудару арқылы түсіндірілуі
тиіс. Дәстүрлер мен институттардың шығу тегін тамырлай оты­
рып, біз олардың пайда болуларын психологиялық терминдермен

түсіндіруге болатынын көреміз, себебі, оларды адам қандайда бір
мақсаттар үшін әлдебір қозғаушы күштердің әсерімен енгізді. Тіп­
ті, уақыттың өтуімен бұл қозғаушы күштер ұмытылып қалғанның
өзінде осы ұмытшақтықтың өзі және неге арналғаны өзімізге

де онша түсінікті емес институттарды құруға құштарлығымыз,
осының бәрі өз кезегінде, адам табиғатынан туындайды. Со­
ныменен, «барлық қоғамдық құбылыстар адам табиғатының
құбылыстары болып табылады», — деген болатын Дж. Ст. Милль7.

«Қоғамдық құбылыстардың заңдылықтары тек қана адамның іс-
әрекетінің және құштарлықтарының заңдылықтарынан басқа
ештеңе де болуы мүмкін емес», яғни «адамның жеке табиғатының
заңдылықтары. Қоғамға біріге отырып, адамдар қандайда бір басқа

нәрсеге айналып кетпейді...»8
Милльдің соңғы тұжырымы психологизмнің маңызды бір
жетістігін, нақты айтқанда — оның ұжымшылдық пен холизмге
дұрыс оппозициясын, оның руссошылдық немесе гегельшілдік

романтизмнің ықпалында болудан бас тартуын, оның жалпы ерік-
жігер, ұлттық рух немесе, айталық, топтық психика түсініктерін
мансұқ етуін көрсетіп отыр. Менің пікірімше, психологизмде
«әдістемелік ұжымшылдыққа» қарама-қарсы тұратын «әдістемелік

жекедарашылдық» деп аталатынды ғана қабылдауға болады. Пси­
хологизм мемлекет немесе әлеуметтік топ сияқты ұжымдардың
«мінез-құлықтары» және «іс-әрекеттері» жеке адамдардың жүріс-
тұрыстары мен іс-әрекеттеріне әкеліп тірелуі тиіс деп дұрыс

тұжырымдап отыр. Дегенмен, , алғашқы қарағанда осының өзі өте
сенімді болып көрінгенімен, жекедарашылдық әдісті қабылдау де­
ген психологиялық әдісті қабылдауға апармайды (бұның бәрі осы
тарауда алдағы кезеңде көрсетілетін болады). Психологизмнің бір­

шама қатерлі аймаққа (егер олардың пайдаланып отырған қолдауға
лайықты жекедарашылдық әдісін есепке алмағанда) түсіп ке­
тетінін Милльдің басқа бір ой-пікірлерінен көруге болады. Бұлар
психологизм тарихилылықшыл әдістерді қабылдауға мәжбүр

болып отырғанын көрсетеді. Әлеуметтік өмірдің оқиғаларын
психологиялық оқиғаларға әкеліп тіреуге тырысу шығу тегінің
және дамудың не екендігі жөніндегі спекуляцияларға әкеліп
соғады. Платондық әлеуметтануды талдап-зерделей отырып,

біздің қоғам туралы ғылымдарға мұндай көзқарастардың күдік ту­ дыратындай күмәнді екендігін бағалап көруге мүмкіндігіміз бол­ ды (бесінші тарауды қараңыз). Енді Милльді сынай отырып, біз мұндай көзқарастарға шешуші соққы беруге тырысамыз. Нақты айтқанда, психологизмді қолдауы Милльді тарихилық әдісін қабылдауға мәжбүрлейді. Ол, тіпті, тарихилықтың жұпынылығын және жеміссіздігін көмескі сезінеді, бұл жеміс­ сіздікті орасан зор көлемдегі жекедара ақыл-саналардың өзара әрекеттесуінің асқан қиын екендігімен түсіндіруге тырысады. «Тарихтан әлеуметтік ғылымдарға бірде-бір қорытындыны ен­ гізуге болмайды дейтін дұрыс ережеге қарамастан, — деп жаз­ ды ол, — бұған қазірше адам табиғатынан жеткілікті негіздеу­ лерді көрсетуге болмайды, мен соған қарамастан әлдебіреулер адам табиғаты ұстанымдарына және адамзат өмірінің жалпы жағдаяттарына сүйене отырып, адамзаттың даму тарихы жүруі тиіс тәртіпті a prіorі анықтауға болады және өткен тарихтың не­ гізгі деректерін — біздің қазіргі күндерімізге дейін дедуктив­ ті жолмен шығаруға болады деп тұжырымдайды деп ойламай­ мын»9. Осы тұжырымға негіз ретінде алған пікірі төмендегідей: «[әлеуметтік даму] қатарының алғашқы азғана мүшелерінен кейін, өзінен алдыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа көрсететін әсері басқа да әсерлердің үстінен кем-кемнен басымдыққа ие болады». (Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік ортаның әсері басым болады.) «Осын­ дай өзара әсерлердің ұзыннан-шұбақ қатарының... адамдық қабілеттерді есептеп шығуға күші келмейді». Осы дәлел, әсіресе, Милльдің «қатарының алғашқы азғана мүшелері» жөніндегі ескертуі, тарихилылықтың психологиялық нұсқасының әлсіздігін барынша әшкерелейді. Егер қоғамдық өмірдің барлық реттіліктері, әлеуметтік ортаның заңдылықтары, оның институттары және т.б. түптеп келгенде «адамдардың құштарлықтары мен әрекеттерінің» көмегімен түсіндірілетін бол­ са, және соған әкеліп тірелсе, онда мұндай көзқарас тарихтың себептік даму идеясын ғана емес, сондай-ақ осындай дамудың алғашқы қадамдары идеясын да қабылдауға мәжбүрлейді. Істің мәні мынада, әлеуметтік нормалар мен институттардың пай­ да болуының психологиялық тегіне басым мән беру, олар тек психологиялық факторларға байланысты енгізілген кезеңге дейін түптеп тамырлауға болады дегенді немесе дәлірек айтқанда, олар қандайда бір орныққан әлеуметтік институттардан тәуелсіз болды дегенді аңғартады. Мұндай жағдайда психологизмге өзі қаласын,

не қаламасын кез келген қоғамға дейін өмір сүрген қалпындағы
қоғамның басталуы идеясымен, сондай-ақ адам табиғаты иде­
ясымен және адам психологиясымен жұмыс істеуіне тура ке­
леді. Басқаша сөзбен айтқанда, Миллдің әлеуметтік дамудың

«қатарының алғашқы азғана мүшелері» жөніндегі ескертуі
кездейсоқ қате деп болжамдауға болмайды, бұл психологизмнің
оны әкеп тіреген тұйықталған позициясына толықтай сай келеді.
Бұл позиция тұйық болып табылады, себебі, әлеуметке дейінгі

адам табиғатының бар болғанын мойындайтын, қоғамның пай­
да болуын солай түсіндіретін теория – «қоғамдық келісім-шарт»
теориясының психологиялық нұсқасы – тек қана тарихи емес, сон­
дай-ақ, бұлай айтуға мүмкін болса, әдістемелік те миф болып табы­

лады. Оны шындап талқылауға тұрмайтын да сияқты, себебі, адам,
нақтырағы, оның ата-бабалары алдымен әлеуметтенді, соңынан ба­
рып адами жаратылысқа (тілдің қоғамды қажет қылатынын есеспке
алсақ) айналды деп болжамдауға бізде түгелдей негіздер бар. Ал

бұдан шығатын қорытынды әлеуметтік институттар, онымен бірге,
типтік әлеуметтік реттегіштер немесе әлеуметтік заңдар10 кейбір
адамдардың «адам табиғаты» немесе адам психологиясы деп атап
жүргендері пайда болғанға дейін өмір сүріп тұруы тиіс қой. Сол

себепті де редукция мәселелерімен шұғылданатын болсақ, пси­
хологияны әлеуметтанудың терминдерімен редукциялау немесе
түсіндірмелеу біршама дұрыс деп есептелуі тиіс, керісінше емес.
Біздің талдап-зерттеуіміздің барысында шығарған қорытын­

дыларымыз бізді қайтадан осы тараудың басында дәйексөз ретін­
де келтірілген Маркстің ұйғарымына қайтарады. Адамдардың,
яғни адам табиғаты, қажеттіліктері, үміттері, қорқыныштары,
күткендері, жеке дара адамдардың ұмтылыстары мен қозғаушы

күштерінің қандайда бір мәні болса, бұлардың бәрі әлеуметтік
өмірді жасап шығармайды, керісінше оның өнімі болып табыла­
ды. Біздің әлеуметтік ортамыздың құрылымы белгілі бір дәрежеде
адамның іс-әрекетінің нәтижесі екендігін, біздің институттарымыз

бен үрдістеріміздің Құдайдың немесе табиғаттың ісі емес, адамның
іс-әрекетінің және шешімдерінің нәтижесі екендігін және солардың
әсерінен өзгеретіндігін атап өту қажет. Алайда, бұл олардың бәрі
саналы түрде жоспарланғанын және бұларды адам қажеттіліктері

күтуі немесе қозғаушы күштерінің негізінде түсіндіруге болаты­
нын білдірмейді. Керісінше, тіпті адамның саналы және алдын-
ала ниеттелген іс-әрекеттерінің нәтижесі ретінде пайда болған
институттардың өзі, әдетте, осындай іс-әрекеттердің тікелей

емес, алдын ала ойластырылмаған, әрі көбіне керек болмаған
қосалқы салдарлары болып шығады. «Тек кейбір әлеуметтік инс­
титуттар ғана саналы түрде жобаланған, ал, олардың басым бөлігі
адам іс-әрекетінің жобаланылмаған нәтижесі ретінде пайда бол­

ды», – деп жаздым мен бұрынырақ11. Енді біз сол саналы және та­
бысты жобаланған (айталық, жаңа университет немесе кәсіподақ)
аз ғана институттардың көбісі олардың құрылу жоспарларына
сәйкес ешқашанда жұмыс істемейді – мұның бәрі оларды бел­

гілі бағытта құрылымдаудың барысындағы алдын ала ниеттелін­
беген әлеуметтік салдарлардың себебінен туындайды деп қосып
қоюымызға болады. Істің мәні мынада, жаңа институттардың
құрылуы көптеген басқа да әлеуметтік институттарға әсер етіп

қана қоймайды, сондай-ақ «адам табиғатына да» – ең алдымен
осы тікелей үдеріске қатысып отырған адамдардың үміттеріне,
қорқыныштары мен амбицияларына, ал соңынан қоғамның барлық
қалған мүшелеріне әсер етеді. Бұл құбылыстың салдарларының бірі

қоғамның моральдық құндылықтары – сол қоғамның барлық не­
месе барлық дерліктей мүшелері қабылдаған талаптар, ұсыныстар
мен нормалар, – оның институттары және дәстүрлерімен тығыз
байланысты болады, соған сәйкес олар осы бір институттар мен

қоғамдық дәстүрлердің қирауын көтере алмайды. (Бұл тоғызыншы
тарауда көрсетілген, біз онда радикалды революционерлердің «ке­
непті тазалауы» мәселесін талқылаған болатынбыз).
Бұл айтылғандардың бәрі қоғамдық дамудың бастапқы

дәуірлері, яғни жабық қоғамдар үшін бұдан да көп дәрежеде дұрыс
болып шығады, жабық қоғамдардағы институттарды саналы жоба­
лау мұндай болған күннің өзінде өте сирек болды. Қазіргі кезеңде
біздің қоғам жөніндегі ілім-білімдеріміздің (яғни, біздің жоспар­

ларымыз бен іс-әрекеттеріміздің алдын ала ойластырылмаған
салдарларын талдап-зерттеу арқылы) бірте-бірте көбеюіне орай
әлеуметтік жағдай біршама тез өзгеруі мүмкін. Бір кездері адамдар
ашық қоғамның, сол арқылы өз тағдырларының басым бөлігін са­

налы құрушылар болуы мүмкін. (Келесі тарауда көрсетілетіндей,
Маркс осының болуы мүмкін екендігін болжамдаған бола­
тын.) Алайда, осындай мүмкіншілікті алдын-ала көре отырып,
ашық қоғамды саналы түрде құрудың төмендегідей әлеуметтік

үдерістерді біздің қаншалықты танып-білгенімізге тәуелді екен­
дігін жақсы түсінуіміз тиіс: біз өз іс-әрекеттеріміздің алдын ала
ниеттелмеген көптеген салдарларын алдын ала білуге үйрене ала­
мыз (әлеуметтік технологияның басты мақсаты осы болмақ), бірақ

біз алдын ала біле алмайтын көптеген салдарлар әрдайымда бар болады. Соныменен, осы айтылғандардың негізінде мына төмендегілер толықтай айқын болып тұр: психологизмнің қоғамның шығу тегінің психологиялық идеясымен жұмыс істейтіндігі психологизмнің өзіне қарсы шешуші дәлел бола алады. Дегенмен, бұл дәлел жалғыз емес. Психологизмді сынау кезінде оның қоғам туралы ғылымдар түсіндіруі тиіс басты міндетті түсінуге қабілетті еместігін негіздеу де өте маңызды болмақ. Бұл міндет, тарихшылдар айтқандай тарих­тың болашақ бары­ сы туралы көріпкелдік болып табылмайды. Бұл міндет әлеуметтік саладағы бар болған онша көрнекі емес тәуелділіктерді ашу және түсіндіруден тұрады. Бұлар төмендегілер: әлеуметтік ісәрекеттің жолында кездесетін қиыншылықтарды ашу, – әлеуметтік материалдың аса рабайсыз үлкендігін, икемділігін және нәзіктігін, біздің оны қалыптастыруға және онымен жұмыс істеуге қарсылығын талдап-зерттеу болмақ. Өз тұжырымымды түсіндіру үшін мен бір әлеуметтік теорияны қысқаша сипаттап өтпекпін. Бұл әлеуметтік теорияның көптеген жақтастары болғанына қарамастан, ол қоғам туралы ғылымдардың мақсаттарын осындай ғылымдардың шынайы мақсаттарымен салыстырғанда мүлде қарама-қарсы түсінеді. Мен бұл теорияны «қоғамға қарсы астыртын қастандық жасаушылар теориясы», «қастандық жасаушылар теориясы» деп атаймын. Бұл теорияға сәйкес әлеуметтік құбылысты түсіндіру – осы құбылыстың пай­ да болуына (кейде бұл жасырын мүдде, ол ашылуы тиіс) мүдделі, осы құбылысты жоспарлаған және оны туындату үшін астыртын сөз байласқан тұлғалар немесе адамдар тобын табудан тұрады деп есептелінеді. Қоғамдық ғылымдардың мақсаттарына мұндай көзқарас, әдетте, күшті кері қайтарымдар туындататын кез келген әлеуметтік құбылыстар, әсіресе, соғыс, жұмыссыздық, қайыршылық, қатшы­ лық және т.б. тәрізділер кейбір құдіретті тұлғалардың немесе топтардың бағытталған іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табыла­ ды, дейтін қате көзқарастан туындайды. Бұл теория кең тараған, – ол тіпті, тарихилылықтан (ол бастапқы теистік формалары­ нан көрінітініндей қастандықтар теориясынан шығарылған) да гөрі бұрынырақ пайда болған. Өзінің қазіргі заманғы форма­ ларында қоғамның астыртын сөз байласулар теориясы, қазіргі заманғы тарихилылыққа және осы кездегі «табиғи әлеуметтік

заңдылықтарды» белгілеуге тырысулар тәрізді діни кертартпа түсініктерді секуляризациялаудың типтік нәтижесі болып табыла­ ды. Гомердің құдайларына сену, Троян соғысы тарихын солардың астыртын сөз байласуларымен түсіндірудің уақыты өтіп кет­ ті. Құдайлар қуылды. Дегенмен, олардың орнын құдіретті жеке тұлғалар немесе топтар басты – осы бір қара ниет топтардың жа­ ман пиғылдары біз азап шегіп отырған жаманшылықтардың бәрі үшін жауапты. Олар сион данышпандары да, монополистер де, капиталистер де, империалистер де болуы мүмкін. Мен астыртын сөз байласулар мүлде болмайды деп сен­ дірейін деп отырған жоқпын. Керісінше, олар типтік қоғамдық құбылыстар болып табылады. Егер астыртын сөз байласулар тео­ риясына сенетін адамдар билікке келген жағдайда бұл құбылыстар маңызды болып кетеді. Өздерін жер бетінде қалай жұмақ орнатуға болатынын білетіндер деп шын көңілден есептейтін адамдар бәрінен де жиі сөз байласулар теориясын қабылдап алады және жоқ болып тұрған астыртын қастандық жасаушыларға қарсы өз қастандықтарын жасап шығады. Істің мәні мынада, жер бетінде­ гі жұмақты құру ісіндегі сәтсіздіктер барлық күш-жігерін тозақты құру үшін жұмсайтын шайтанның бірден-бір қарсы әрекетімен түсіндіріледі. Астыртын сөз байласулар бар, мұны мойындау қажет. Соныме­ нен бірге астыртын сөз байласулар теориясын жоққа шығаратын басқа бір маңызды дерек те бар: тек кейбір қастандық әрекеттер ғана сәтті болып шығады. Астыртын сөз байласушылар өздерінің қастандықтарының нәтижелерін сирек көреді. Мұның себебі неде? Неліктен ойластырылған ниеттен оның нәтижелері қатты ерекшеленеді? Бұлай болатын себебі, қастандықтың болғанына немесе болмағанына қарамастан, қоғамның өмірінде әрдайымда солай болады. Қоғамның өмірі — бұл бір-бірімен күресуші топтардың күш сынасу алаңы ғана емес, бұл біршама икемді, бірақ кей-кейде институттар мен үрдістердің осал құрылымдарының шеңберінде іс-әрекет ету болмақ. Сол се­ бепті де, әрқилы саналы түрдегі қарсы әрекеттерді есепке алмағанда бұл құрылымда кейбіреулерін тіпті де алдын ала білуге болмайтын көптеген кездейсоқ оқиғалар туындап жатады. Бұл оқиғаларды талдап-зерттеуге тырысу, оларды мүмкін болғанынша алдын ала көру, – менің пікірімше, қоғам туралы ғылымдардың басты міндеті болып табылады. Бұл – күтілмеген әлеуметтік салдарларды талдап-зерделеудің міндеті. Дегенмен,

сөз байласулар теориясы да, психологизм де бұл міндетті көзге іл­
меді. Алдын-ала ниетке толықтай сәйкес жүзеге асырылып жатқан
іс-әрекет қоғам туралы ғылымдар үшін мәселе тудырмайды
(қандайда бір нақты жағдайларда ешқандайда кездейсоқ салдар­

лар неліктен кездескен жоқ дегенді түсіндіру қажеттігі туындаған
кездерді есепке алмағанда). Біздің іс-әрекетіміздің алдын ала
көзделмеген салдарлары идеясын айқын көрсететін мысал ретін­
де ең қарапайым экономикалық әрекетті алуға болады. Егер адам

үй сатып алғысы келсе, біз оның жылжымайтын мүлікке деген
нарықтық бағалардың өспеуін тілеп отырғанын едәуір дәлдікпенен
болжамдай аламыз. Дегенмен, оның өзінің нарықта сатып алушы
ретінде пайда болуы нарықтық бағалардың көтерілуіне ықпалын

тигізеді. Осыған ұқсас ескертпе сатушы үшін де дұрыс болады.
Осы сияқты мысалды мүлде басқа саладан да келтіруге болады.
Адам өз өмірін сақтандырғысы келген кездері, оның қандайда бір
басқа адамдарды өз ақшаларын сақтандыру компанияларының

акцияларына салдыруға итермелеуге ниеттенбейетіні анық,
әйткенмен де, ол осылай істейді. Көріп отырғанымыздай, біздің
іс-әрекеттеріміздің бүкіл салдарлары алдын ала ойластырылмаған,
сол себепті де, қоғамның астыртын сөз байласулар теориясы ақиқат

бола алмайды. Шындығында да бұл теория барлық нәтижелер тіп­
ті, алғашқы қарағанда кейбіреулердің іс-әрекеттерінің салдары
болып көрінбейтіндері де осындай нәтижелерге жетуге мүдделі
болған адамдардың алдын ала жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесі

болып табылады дейтін тұжырыммен тең болмақ.
Қарастырылған мысалдар психологизмді алдын-ала сөз байла­
сулар теориясын жоққа шығарғандай психологизмді оп-оңай жоққа
шығара алмайды, себебі, психологизмнің жағдайында сатушының

нарықта сатып алушының бар екенін білуі және оның жоғарырақ
пайда алуға деген үміті – басқаша сөзбен айтқанда, психологиялық
факторлар – бұл жағдайдың біз баяндап өткен салдарларын
түсіндіреді деп қарсы дәлел айтуға болады. Бұл, әрине, толықтай

дұрыс. Алайда, біз осы білу мен үміттің тек қана адам табиғатынан
тамыр алмайтындығын және өз кезегінде әлеуметтік жағдайдың

– бұл жерде нарықтың терминдерімен түсіндірілетіндігін де естен

шығармауымыз қажет.
Әлеуметтік
жағдайларды
«адам

табиғатының»
жалпы
заңдылықтарына және қозғаушы күштеріне ғана жатқызуға бол­
майды. Шын мәнінде де, біздің белгілі бір насихатты қабылдауға

бейімдігіміз тәрізді «адам табиғатының қасиеттерінің» әсер етуі,

кейбір жағдайларда жаңа ғана көрсетілген экономикалық мі­
нез-құлықтан ауытқуларға да әкеліп соғуы мүмкін. Оның үстіне,
қоғамдағы жағдай болжамдалып отырылғаннан басқаша болса,
тұтынушы өзінің сатып алу әрекеті арқылы тауарды арзандатуға

жанама түрде үлес қосуы мүмкін, айталық, тауардың жап­
пай шығарылуын пайдалы етуі мүмкін. Бірдей психологиялық
жағдайлардағы осы нәтиже бұған қарама-қарсы нәтиже тәрізді
оның тұтынушы ретіндегі мүддесіне қолайлы болғанымен де,

ол сол дәрежеде алдын ала ойластырылмаған болуы мүмкін.
Қоғамдағы осындай мүлде әрқилы күтілмеген немесе алдын ала
ниеттелінбеген салдарларға әкеліп соғуы мүмкін жағдайларды
кертартпа түсініктерден арылған қоғам туралы ғылымдар талдап-

зерттеулері тиіс екендігі айқын сияқты. Және оның императиві
Милльдің12 айтқанындай; «әлеуметтік ғылымдарға... оған адам
табиғатынан жеткілікті дәрежедегі негіздеулерді көрсетіп алмай
тұрып бірде-бір қорытындыны енгізбеу». Бұл жағдайлар қоғам

жөніндегі дербес ғылымның талдап-зерттейтін тақырыбына айна­
луы тиіс.
Психологизммен
пікірталастарымызды

жалғастыра
оты­
рып, адамның іс-әрекеттері көп жағдайда сол әрекеттер жүріп
жатқан ортаның терминдерімен түсіндіріле алады деуімізге бола­

ды. Әрине, оларды ешқашанда тек қана осындай бір жағдаймен
толықтай түсіндіру мүмкін емес. Шындығында да, көшеде өтіп
бара жатқан адам оған қарай жүріп келе жатқан автомобильдерден
қалай жалтарады дегенді түсіндіру тиісті жағдайлардың шегінен

шығып та кетуі мүмкін, себебі, ол адамның қозғаушы күштерін,
өзін-өзі сақтау «түйсігін», аурудан қашуын және т.б. жәйттерді
назарға алуға тура келеді. Алайда, түсіндірулердің осы бір
«психологиялық» бөлігі оның іс-әрекеттерінің, біз жағдайдың ло­

гикасы (қисыны – ред.) деп атайтынымыздың, мұқият детермин­
делуімен салыстырғанда тым қарабайыр болып шығады. Оның
үстіне жағдайды сипаттап шығуға бүкіл психологиялық фактор­
ларды енгізу мүмкін емес. Жағдайды талдау немесе жағдаяттық

логика қоғамдық өмірде, сондай-ақ қоғам туралы ғылымдарда
аса маңызды рөл атқарады. Іс жүзінде, мұндай талдап-зерттеу
экономикалық зерттеулердің әдісі болып табылады. Экономикадан
алынбаған мысал ретінде мен «билік логикасына»13 жүгінбекшімін,

біз оны билік басында тұрған саясаткерлердің, сондай-ақ белгілі
бір саяси институттардың іс-әрекеттерін түсіндіру үшін қолдана
аламыз. Қоғам туралы ғылымдарға жағдаяттық логиканың

әдістерін қолдану «адам табиғатының» рационалдылығына (неме­ се ақыл-санадан тыстығына) қатысты қандайда бір психологиялық болжамдарды көздемейді. Керісінше, біз «саналы жүріс-тұрыс құлығы» немесе «санадан тыс жүріс-тұрыс құлығы» туралы айтқан кезімізде біз жағдаяттық логикаға сәйкес келетін немесе келмей­ тін жүріс-тұрыс құлығын назарға алып отырамыз. Шындығында да, іс-әрекетті қозғаушы күштер терминдерімен – Макс Вебердің14 көрсеткеіндей, – психологиялық талдау, біздің осы жағдайда ненің рационалды деп қарастырылуы тиіс екенін белгілейтін қандайда бір норманы алдын ала жасап шығуымызды болжамдайды. Менің психологизмге қарсы дәлелдерімді дұрыс15 түсіну керек. Олар, сөзсіз, қоғамды талдап-зерттеп жүрген ғалым үшін психологиялық зерттеулер мен психологиялық ашылымдар маңызды емес дегенді білдірмейді. Ол, дәлірегі, психология – жеке адамның психологи­ ясы – тек қоғам туралы ғылымдардың бірі болып табылады, бірақ барлық қоғамдық ғылымдардың тұғыры емес дегенді білдіреді. Ешкім де саяси ғылымдар үшін билікке құмарлық және соған бай­ ланысты әрқилы невротикалық құбылыстар тәрізді псиологиялық факторларды білудің маңыздылығын жоққа шығармайды. Алайда, «билікке құмарлықтың» – әлеуметтік те, сол сияқты психологиялық тар түсінік екендігі сөзсіз. Осындай құмарлықтың балалық шақтағы алғашқы көріністерін талдап-зерттейтін болсақ, біздің оны белгілі бір әлеуметтік институттың, айталық, қазіргі заманғы отбасы институтының шеңберінде талдап-зерттейтіндігімізді ұмытпауымыз керек. (Эскимостардың отбасылары мүлде басқа құбылыстарды туындатуы мүмкін.) Әлеуметтану үшін маңызды болған және салмақты саяси әрі институционалдық мәселелерді көтеретін психологиялық дерек, тайпаның немесе тайпаға ұқсас «қоғамдастықтың» ішінде өмір сүру көптеген адамдар үшін эмоционалдық тұрғыдан қажетті екендігінде болып тұр (әсіресе, жастар үшін, олар онтогенетикалық және филогенетикалық дамудың қатар өрбуіне сәйкес тайпалық стадиядан немесе «американдық үндістердің» стадиясынан өтуі тиіс сияқты). Психологизмді сынай отырып, қоғамды талдап-зерттеу кезінде қолданылуы мүмкін бүкіл псиологиялық ой-пікірлерді сынайын деп отырған жоқпын. Бұл менің «өркениеттің ширығуы» сияқты түсінікті қалай қолданғанымнан-ақ (оныншы тарауда) жақсы байқалады, бұл түсінікте қанағаттандырылмаған эмоционалдық мұқтаждықтар ішінара көрініс тапқан. Бұл түсінік белгілі бір маза­ сыздану сезімімен байланысты, сол себепті де психологиялық бо­

лып табылады. Соныменен бір мезетте ол социологиялық түсінік, себебі, осы сезімді тек жағымсыз немесе жолдан тайдыратын деп сипаттамайды, сондай-ақ оны қоғамдағы белгілі бір жағдаймен, ашық және жабық қоғамдардың қарама-қарсылығымен байланыс­ тырады. (Амбиция немесе махаббат тәрізді көптеген психологиялық түсініктер, соған ұқсас мәртебеге ие болады) Біз психологизмнің әдістемелік жекедарашылдықты қорғау­ дағы және әдістемелік ұжымшылдықпен пікірталастардағы үлкен көмегін де ұмытпауымыз тиіс. Істің мәні мынада, психоло­ гизм барлық әлеуметтік құбылыстар, әсіресе, барлық әлеуметтік институттардың жұмыс істеуін жеке адамдардың ұстанымдары, іс-әрекеттерінің шешімдерінің нәтижесі деп түсіну керек, сол себепті де, ешқашанда «ұжымдық» (мемлекет, ұлт, нәсіл және т.б.) деп аталатындардың терминдерімен түсіндірмелеуге қанағаттануға болмайды дейтін маңызды тұғырнаманы негіздей­ ді. Психологизмнің қатесі қоғамдық ғылымдар саласындағы осы әдістемелік жекедарашылдық барлық әлеуметтік құбылыстарды және барлық әлеуметтік заңдылықтарды психологиялық құбылыстар мен психологиялық заңдылықтарға әкеліп тіреу бағдарламасын жүзеге асырады дейтін болжам да болып отыр. Мұндай болжамның қауіптілігі, біздің көріп отырғанымыздай, оның тарихилылықшылдыққа бейімдігінде болып тұр. Мұндай болжамның негізсіздігін мен әлеуметтік ғылымдарда адам ісәрекетінің алдын ала ниеттелмеген әлеуметтік салдарлары теория­ сын біртараптан және екінші тарабынан әлеуметтік жағдаяттардың логикасын қолдану қажеттігін көрсете отырып, дәлелдедім. Қоғамның мәселелері «адам табиғатының» мәселелеріне әкеліп тіреуге болмайды дейтін Маркстің бірқатар көзқарастарын дамы­ тып және қорғай отырып, мен Маркстің алға тартқан дәлелдерінің шеңберінен шығып кеткен тұстарым болды. Маркстің өзі ешқашанда «психологизм» туралы айтқан емес, және оны жүйелі түрде сынаған да емес: және де осы тараудың басында дәйексөз ретінде келтірілген ұйғарымында ол Милльді назар да тұтқан жоқ. Дәлірегі, бұл ұйғарымның мәні гегельдік формадағы «идеализмге» қарсы бағытталған. Солай болса да, қоғамның псиологиялық табиғаты мәселесін қозғай отырып, Милльдің психологизмі Маркстің16 қарсы күрескен идеалистік теориясымен сайма-сай келетіндігін айтуға болады. Алайда, гегельшілдіктің басқа бір эле­ менті, нақты айтқанда – гегельдік платондаушы ұжымшылдықтың, яғни оның мемлекет пен ұлт олардың бәріне қарыздар жеке адамға

қарағанда «шынайырақ» дейтін доктринасының әсерінен Маркс осы тарауда сипатталған көзқарастарға келді. (бұл тіпті кей­ де абсурдтық философиялық теориядан да құнды тұжырымдар алуға болатынын көрсететін жақсы мысал болып тұр). Соныме­ нен, тарихи тұрғыдан алғанда, Маркс жеке адамнан қоғамның артықшылығы жөніндегі Гегельдің кейбір көзқарастарын одан әрі дамытты және оларды Гегельдің басқа бір көзқарастарына қарсы дәлелдер ретінде пайдаланды. Дегенмен, мен Милльді Маркстің Гегельге қарағанда лайықтырақ оппоненті деп қарастырғандықтан да Маркстің идеяларының тарихын ұстанған жоқпын. Ал оларды Маркс пен Милльдің пікірталасы түрінде дамытуға тырыстым. 15-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХИЛЫЛЫҚ Өткен тарауларда біз Марксті қоғамның психологиялық теориясының оппоненті (қарсыласы – ред.) ретінде көрсеттік. Маркстің теориясын бұлайша түсіну кейбір марксшілдерді ғана емес, сондай-ақ бірқатар Марске қарсыларды да қайран қалдыруы мүмкін. Көптеген адамдар Маркс туралы басқаша тарихқа сенетін сияқты. Олар Маркс экономикалық қозғаушы күштердің адам өміріне жан-жақты әсері туралы айтты деп есептейді, және де «адамның ең басым қажеттілігі тіршілікке керекті нәрселерді табу1 екендігін көрсетіп, осы қозғаушы күштердің басты рөлін түсіндірді. Соныменен олардың пікірінше, Маркс тек жеке адамдардың ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік топтардың да іс-әрекетіндегі пайда табудың қозғаушы күші немесе таптық мүдделердің қозғаушы күші сияқты категориялардың түпкілікті маңыздылығын көрсеткен. Және де осы категорияларды тарихтың барысын түсіндіру үшін қалай қолдануға болатындығын көрсеткен. Шындығында көптеген адамдар экономикалық қозғаушы күш, әсіресе, таптық мүдде тарихтың алға дамытушы күштері болып табылады дейтін доктри­ на марксшілдіктің ең негізгі мәнін құрайды деп ойлайды. Мұндай теорияны «тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру» неме­ се «тарихшылдық материализм» деп атау қабылданған. Маркс пен Энгельс өз ілімдерінің ішкі мәнін осы теорияның термин­ дері арқылы сипаттауға тырысқан. Мұндай пікір өте кең тараған, дегенмен, мен Марксті бұлай түсіндірмелеудің қате екендігіне күмәнданбаймын. Марксті осы көзқарастарды қолдағаны үшін құрметтейтіндерді мен тұрпайы марксшілдер деп атай ала­ мын (Маркстің кейбір өз оппоненттеріне2 қатысты қолданған

«тұрпайы экономист» терминіне сәйкестендіріп). Орта дәрежедегі
тұрпайы марксшіл Маркс ілімінің қоғамдық өмірдің қара түнек
құпияларын әшкерелейтініне, тарихи сахнаның шымылдығының
артынан әрқилы күштерді әрекетке келтіретін материалдық ие­

ленушілікке деген құштарлықтың және ашкөздіктің жасырын
қозғаушы күштерін ашатындығына сенеді. Мұндай марксшілдің
пікірі бойынша осы күштер пайда көруге деген жаман ниеттерін
қанағаттандыру үшін соғысты, дағдарысты, жұмыссыздықты,

ашаршылықты және әлеуметтік қайыршылықтың басқа да барлық
формаларын әйлекерлікпен әрі саналы туындатып отырады.
(Тұрпайы марксшіл Маркстің талаптарын Фрейд пен Адлердің
талаптарымен келісімдеу мәселесімен кейде шындап айналысады.

Егер ол бұлардың біреуін басқасынан артық көрмеген жағдайда,
ашаршылық, махаббат және билікке құмарлық3 қазіргі заманғы
адам философиясын жасаушы үш ұлының – Маркстің, Фрейдтің
және Адлердің жарыққа шығарған адам табиғатының үш ұлы

қозғаушы күштері болып табылады деп шешуі де мүмкін).
Осы көзқарастардың қаншалықты дұрыстығына қарамастан
маған олар Маркстің «тарихи материализм» деп атаған доктри­
насымен ешқандай жақындығы жоқ сияқты болып көрінеді. Ол,

әрине, кейбір кездері ашкөздік, пайдакүнемдік мотиві және т.б.
сияқты психологиялық құбылыстар жөнінде кейбір кездері айт­
ты, бірақ оларды тарихты түсіндіру үшін ешқашанда қолданған
жоқ. Ол үшін мұндай құбылыстар – әлеуметтік жүйенің, яғни,

тарихтың даму барысында өркендеген институттар жүйесінің
ірітіп-шірітуші әсерінің белгілері; олар, іріп-шірудің себептері
емес, салдарлары, сондықтан да тарихтың қозғаушы күштері емес.
Дұрыс па, дұрыс емес пе, Маркс соғыс, дағдарыс, жұмыссыздық

және біреулердің көл-көсір байлығы кезіндегі басқалардың
ашаршылықта болуы, «үлкен бизнестің» немесе «имериалистік
соғысты тұтатушылардың» тарапынан болған айлакерлік ас­
тыртын қастаншылықтың нәтижесі деп емес, ал мүлде басқа

мақсаттарды көздегендердің іс-әрекеттерінің нашар қоғамдық
салдарлары деп есептеді. Маркс тарих сахнасындағы, «үлкен» ак­
терлерді қоса алғандағы, актер адамдарға экономикалық серіппе­
гіштер – яғни, өздерінің билігі жүрмейтін тарихи күштер ырықсыз

қозғалтып отырған қарапайым марионеткалар ретінде қарады.

– Тарих сахнасы, – деп үйретті ол, – біздің бәрімізді байланыс­

тырып отырған әлеуметтік жүйеге орнатылған, сол себепті де,
«қажеттілік патшалығында» жайғасқан. (Өз уақытында, марио­

неткалар (қуыршақтар – ред.) осы жүйені жояды, және «еркіндік патшалығына» енеді.) Маркстің бұл доктринасын оның ізбасарларының басым бөлігі жоққа шығарды, — мүмкін насихаттаушылық себептерге орай бо­ лар, әлде олар жай ғана түсінбеген шығар. Тұрпайы марксшілдер алға тартқан астыртын сөз байласулар теориясы негізінен Маркстің тапқыр, әрі бірегей доктринасының орнын басты. Парық парасат құлдырап, «Капиталдың» деңгейінен «ХХ ғасырдың мифтері» деңгейіне төмендеу байқалды. Солай болғанымен де, Маркстің, әдетте, «тарихи материализм» деп аталатын, өз тарихи филосо­ фиясы осындай болатын. Ол осы кітаптың қазіргі және кейінгі тарауларының талдап-зерттеулерінің басты тақырыбы болады. Осы тарауда мен оның «материалистік» немесе экономикалық тұсын жалпы сұлбасында түсіндіріп өтемін; соңынан мен таптық күрес пен таптық мүдделердің рөліне, сондай-ақ, «әлеуметтік жүйенің» маркстік тұғырнамасына егжей-тегжейлі тоқталмақпын. І Маркстің экономикалық тарихилылығын4 баяндауды біздің Маркс пен Милльді салыстыруымызбен табиғи түрде байланыстыруға болады. Әлеуметтік құбылыстар тарихи тұрғыдан түсіндірілуі тиіс және біз кез келген тарихи кезеңді бұрынғы дамудың тарихи өнімі ретінде түсінуге тырысуымыз тиіс деген тұжырымдарда Маркс Милльмен келіседі. Дегенмен, біздің көріп өткеніміздей, ол Миллдің (Гегельдің идеализмімен сәйкес ке­ летін) психологизмімен келіспейді. Гегельдің идеализмінің және Милльдің психологизмінің орнына Маркстің ілімінде оның өзі ма­ териализм деп атаған нәрсе пайда болады. Маркстің материализмі жөнінде көп мүлде жарамсыз нәрселер айтылды. Маркс адам өмірінің «төменгі» немесе «материалдық» тұстарының шеңберінен тыс жатқан ештеңені де қабылдамады де­ генді жиі қайталайтын тұжырым ерекше оғаштау болып көрінеді. (Бұл бостандықты қорғаушыларға қарсы кертартпа жала жабулардың барлық түрлерінің ең ежелгісін, нақты айтқанда — Гераклиттің «көпшілік мал тәрізді өлгенше тойып ішіп-жейді»5 дейтін ұранын қолданудың тағы бір мысалы) Алайда, Марксті, тіпті, оған он сегізінші ғасырдың француз материализмінің қатты әсер еткеніне және оның өзін әрдайым материалиспін деп атағанына қарамастан қатаң мәніндегі материалист деп атауға болмайды (айтпақшы, бұл

оның өзі қорғап жүрген тұғырнамаларының көп бөлігімен жақсы сәйкес келеді). Істің мәні мынада, Маркстің шығармаларының ма­ териалистік тұрғыдан түсіндірмелеуге келе бермейтін кейбір аса маңызды тұстары бар. Оның үстіне, Марксты шындығында Эн­ гельс немесе Ленинге қарағанда таза философиялық мәселелер едәуір аз дәрежеде аз қызықтырғанын атап өту керек. Оны негізі­ нен өзі талдап-зерттеп отырған мәселелердің әлеуметтанушылық және әдістемелік тараптары қызықтырды. «Капиталдағы» Маркстің төмендегідей сөздер айтқан жерлері көпке мәлім: «Гегельдің диалектикасы басымен тұр. Оны аяғынан қою керек». Маркс мұныменен «бас» яғни адамның ой ойлауы өздігінен алғанда адамзат өмірінің негізі болып табылмайды, ал материалдық базиске орнатылған қандайда бір қондырғы болады дегенді айтқысы келген сияқты. Маркстің төмендегі тұжырымында да осыған ұқсас үрдіс анық көрініс тапқан: «Идеалдылық де­ геніміз адамның басына қайта көшірілген және ол жерде қайтадан жаңғыртылған қандайда бір материалдылық қана». Мен бұл дәйексөздер материализмнің радикалды формаларын бейнелемей­ ді деп есептеймін, және бұл дерек осы кезеңге дейін жеткілікті ұғынылмаған. Жоғарыда келтірілген Маркстің тұжырымдамалары Маркстің жан мен рухтың дуализмін мойындауға белгілі бір бейімдігін көрсетіп тұр. Маркстің дуализмі – бұл практикалық дуализм. Теориялық тұрғыдан алғанда, Маркс үшін психика материяның басқа бір пішімі ғана болған сияқты, бірақ іс жүзінде ол материядан ерекшеленеді, себебі, ол оның басқа бір пішімі. Осы келтірілген дәйексөздер біздің аяғымыздың материалдық топырақта нығыз тұрғанымен, біздің басымыздың, – Маркс адамның басын өте жоғары бағалаған – ой ойлау және идеялармен шұғылдануы тиіс екендігін көрсетіп тұр. Менің пікірімше, осы дуализмді мойындамаған жағдайда марксшылдықты және оның біздің өмірімізге әсерін сайма-сай дәрежеде бағалай алмаймыз. Маркс бостандықты – нағыз бостандықты (Гегельдің «шы­ найы бостандығын» емес) жақсы көрді. Және менің пікірімше, ол Гегельдің белгілі бостандық пен рухтың тепе-теңдігін басшылыққа алды, себебі, ол біздің тек рухани жаратылыстар ретінде ғана еркін бола алатындығымызға сенді. Соныменен бір мезетте, іс жүзінде, ол (іс жүзіндегі дуалист ретінде) біздің рух пен тәннен тұрытынымызды мойындады, және біршама реалистік тұрғыдан тән іргелірек деп есептеді. Сол себепті де ол Гегельге қарсы шықты, сондықтан да ол Гегельде бәрі басымен тұр деді. Алайда, ол ма­

териалды дүние және оның қажеттілігі іргетастық болатындығын
мойындағанымен, ол өзінің материалдық қажеттіліктерінің тұт­
қын­­ына түскен қоғамды, яғни өзі «қажеттіліктер патшалығы»
деп атағанды ешқандайда жақсы көрген жоқ. Ол рухани әлемді,

«бостандық патшалығын» және «адам табиғатының» рухани та­
раптарын кез келген христиан дуалисі тәрізді өте жоғары бағалады,
және оның еңбектерінде материалдылықты жеккөрудің және одан
жиренудің табы сезіледі. Осы тараудың қалған бөлігінде мен

Маркстің көзқарастарын осылай түсінуді оның өз мәтіндерінен
шығаруға болатындығын көрсетуге тырысамын.
«Капиталдың»7 үшінші томында Карл Маркс қоғамдық өмірдің
материалдық тараптарын, әсіресе, оның экономикалық аспектілерін

немесе адам метаболизмінің, яғни адам мен табиғат арасындағы зат
алмасудың кеңеюі ретіндегі өндіру мен тұтынуды өте сәтті баян­
дап шыққан. Ол біздің еркіндігіміз әрдайымда осы зат алмасудың
заңдылықтарымен шектелуі тиіс деп нақты тұжырымдайды. Үлкен

еркіндік бағытына қарай барынша алға жылжу, дейді ол, адамдар
келесі жағдайларда ғана іске асырады: «табиғат пен осы зат ал­
масуды тиімді түрде реттеген кезде... оны ең аз күш жұмсап, іске
асырған шақтары және адам табиғатына ең лайықты және сай ке­

летін жағдайларда жасағанда ғана жүзеге асады. Соған қарамастан
мұның бәрі қажеттіліктер патшалығы болып қала береді. Оның
арғы тарабында өзіндік мақсат болып табылатын адам күштерінің,
нағыз еркіндік патшалығының өркендеуі басталады, алайда, өзінің

тұғыры болған осы қажеттіліктер патшалығында ғана гүлденеді».
Тікелей осының алдында ғана Маркс былай дейді: «Бостандық
патшалығы мұқтаждықтың және сыртқы мақсатқа сайлықтың
себебінен істелінетін жұмыстар доғарылған кездері ғана шын

мәнінде басталады, сол себепті де, заттардың табиғатына сай ол
материалдық өндіріс аймағының сырт тарапында жатады». Және
ол осы үзіндіні, оның бірден-бір мақсаты – осы бір материалдық
емес бостандықтар патшалығына барлық адамдар үшін бірдей жол

ашу екендігін анық көрсететін: «Жұмыс күнінің қысқаруы – негіз­
гі шарт» дейтін практикалық тұжырыммен аяқтайды.
Менің пікірімше, келтірілген үзінді, өзім – Маркстің өмірге
көзқарасының практикалық дуализмі – деп атағанға қатысты

ешқандайда күмән қалдырмайды. Маркс, Гегельмен бірге,
бостандық тарихи дамудың мақсаты болып табылады деп есеп­
теген. Дегенмен, ол, біздер таза рухани жаратылыстар болып та­
былмаймыз, біз толық бостандыққа ие емеспіз, және оған қандай

да бір кездері жетуге қабілетті емеспіз, өз метаболизміміздің
қажетті шарттарынан, яғни, өндіруші еңбектен өзімізді ешқашанда
толықтай құтқара алмаймыз, деп мойындады. Біздің небәрі қол
жеткізетініміз, – бұл еңбектің лайықты емес, өте ауыр жағдайларын

жеңілдету, оны адамға лайықтырақ ету, адамдарды теңестіру және
ауыр еңбектің көлемін өз өміріміздің қандайда бір бөлігін еркін
өткізетіндіктей дәрежеде азайту ғана болмақ. Мен мұны Маркстің
өмірге көзқарастарының ең орталық идеясы деп есептеймін,

– орталық болатындығының тағы бір себебі, маған оның бүкіл

идеяларының ішінде осы идея ең ықпалды болып көрінеді.
Марксшілдіктің осы орталық идеясын, біздің бұрынырақ
талқылап кеткен (13 тарауда) Маркстің әдістемелік детерминиз­
мімен біріктіру керек. Бұл тұғырнамаға сәйкес, қоғамды ғылыми

түсіну және ғылыми тарихи болжам қоғамның өз өткенімен
детерминделетіндігі себебінен ғана мүмкін. Бұдан шығатын
қорытынды, ғылым тек қана қажеттілік патшалығымен істес бо­
лады. Егер адамдар кейбір кездері мүлдем еркін бола алатын бол­

са, мұның өзі тарихи көріпкелдіктің, онымен бірге қоғам туралы
ғылымның да аяқталуын білдірер еді. Өздігінен алғандағы «еркін»
рухани іс-әрекет, егер ол бар болатын болса, әрдайымда себептер­
ді немесе анықтаушы факторларды іздеуі тиіс болған ғылымның

аумағынан тыс жатар еді. Ғылым психикалық өмірмен тек біздің
ойымыз бен идеяларымыздың «қажеттіліктер патшалығымен» —
материалдық, және ең алдымен біздің өміріміздің экономикалық
жағдайларымен, біздің зат алмасуымызбен себептелінетіні, детер­

минделетіні деңгейінде ғана істес бола алады. Ғылым ойлар мен
идеяларды, бір тарапынан, олардың туындауының материалдық
жағдайларын, яғни оларды туындатқан адамдардың өмірінің
экономикалық жағдайларын, екінші тараптан, оларды игерудің

материалдық шарттарын, яғни оларды қабылдаған адамдардың
өмірінің экономикалық жағдайларын қарастыру арқылы ғана зерт­
тей алады. Сол себепті де, ғылыми немесе каузальдық көзқарастар
тұрғысынан алғанда, ойлар мен идеялар «экономикалық тұғырға

орнатылған идеологиялық қондырғылар» ретінде ұғынылуы
тиіс. Гегельге қарама-қарсы Маркс тарихтың кілті, тіпті, идеялар
тарихының кілті адамдар арасындағы қарым-қатынастардың да­
муынан және олардың табиғи ортасынан, материалдық әлемінен,

басқаша айтқанда, олардың рухани емес экономикалық өмірінен та­
былуы тиіс деп тұжырымдайды. Сондықтан да біз тарихилылықтың
маркстік түрін Гегельдің идеализміне немесе Милльдің психо­

логизміне қарама-қарсы алғанда экономизм деп сипаттауымыз керек. Дегенмен, Маркстің экономизмін адамның рухани өмірін төмендетіп жіберетін материализмнің түрлерімен теңдестіру мүлдем дұрыс емес. Маркстің «бостандық патшалығын», яғни адамдардың материалдық табиғаттың шідерлерінен ішінара, бірақ теңдей бостандық алуын, идеалистік деп сипаттауға болар еді. Осылай түсінілген Маркстің өмірге көзқарасы бірша­ ма тыңғылықты болып табылады, менің пікірімше, бұлай түсінілген кездері оны ішінара детерминистік және жарма-жары либертариандық түсіндірмелеулерде кездесетін қиыншылықтар мен нақты қарама-қайшылықтар жойылады. ІІ Менің маркстік дуализм және ғылыми детерминизм деп атағандарымның Маркстің тарихи көзқарастарына әсері бірша­ ма анық екендігі айқын. Маркске толықтай алғанда, қоғам тура­ лы ғылымға тең болып көрінетін тарихтың ғылымы, адам мен табиғаттың арасындағы зат алмасулардың даму заңдылықтарын талдап-зерттеуі тиіс. Және оның басты міндеті өндірістің даму жағдайларын түсіндіру болуы тиіс. Әлеуметтік қарым-қатынастар өндіріс үдерісі мен байланыстылығының дәрежесіне қарай тарихи маңызға ие болуы тиіс, өндіріс үдерісіне әсер етуі немесе «мүмкін» оның әсерін өзіне қабылдауы тиіс. «Өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы, өз өмірін сақтауы және ұрпаққа жалғастыруы үшін алғашқы адамның табиғатпен күресуі тиіс болғанындай, өркениетті адам да барлық қоғамдық формаларда және бүкіл мүмкін болған өндіріс әдістерінде күресуі тиіс. Адамның дамуы мен осы табиғи қажеттіліктер патшалығы кеңейе түседі, себебі, оның қажеттіліктері өсе түседі; бірақ соныменен бір мезетте олар­ ды қанағаттандыруға қызмет ететін өндірістік күштер де ұлғаяды»8. Қысқаша айтқанда, адамзат тарихына Маркстің көзқарасы осын­ дай. Энгельс те осындай көзқарастарды айтқан болатын. Энгель­ ске сәйкес, қазіргі заманғы өндіріс құралдарының дамуы алғаш рет «қоғамның барлық мүшелерін тек қана толықтай жеткілік­ ті... тіршілік етудің материалдық жағдайларымен қамтамасыз ету мүмкіндігін жасап қоймай, сондай-ақ олардың физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға және қолдануға жағдай жа­ сады»9. Соныменен бірге бостандық та, яғни тәннен еркіндік алу

да мүмкін бола бастайды. «Сол арқылы адам енді — белгілі бір мәнде алғанда, толықтай – жануарлар патшалығынан және тір­ шілік етудің жануарлық жағдайларынан бөлініп шығады және шынайы адамдық жағдайларға өтеді». Адамның үстінен эконо­ мика үстемдік құрып тұрған кездері ол кісендеулі болады. «Осы кезеңге дейін оның үстінен үстемдік құрып тұрған тіршілік ету жағдайлары... ендігіден былай адамдардың билігі мен бақылауына тап болады, олар алғаш рет табиғаттың шын мәніндегі саналы би­ леушілеріне айналады, себебі, олар өздерінің қоғамға бірігулерінің басқарушыларына айналады... Тек осы сәттен бастап адам­ дар өз тарихын өздері толықтай саналы түрде жасай бастайды... Осы адамзаттың қажеттіліктер патшалығынан бостандықтар патшалығына қарай өтуі болып табылады». Енді біз тарихилылықтың Маркстік нұсқасын Милльдікімен са­ лыстыратын болсақ, менің көрсеткенімдей, Милльдің психологиз­ мі үшін фатальды болған қиыншылықтарды Маркстің экономизмі оңай шешетінін көреміз. Менің айтып отырғаным, психологиялық терминдер арқылы қалыптастырылған қоғамның туындауы жөніндегі мүлдем адекватты емес доктрина — мен қоғамдық келісім-шарттың психологиялық нұсқасы деп сипаттаған доктри­ на. Мұндай доктринаның Маркстің теориясында ұқсас келетін сәйкестемесі жоқ. Шындығында да, психологияның түбегейлі әсерін экономиканың түбегейлі әсеріне ауыстыру сәйкестемелік қиындықтарды туғызбайды. Себебі, «экономика» адамдық мета­ болизмді, адам мен табиғат арасындағы зат алмасуды қамтиды. Осы зат алмасу әрдайымда, тіпті адам дәуіріне дейін, әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған болды ма немесе ол бір кездері жеке адамға тәуелді болды ма деген мәселені назардан тыс қалдыруға да болады. Тек қана қоғам туралы ғылымдар қоғамның экономикалық жағдайларының, әдетте, Маркстің «өндіріс жағдайлары» деп атап жүргенінің даму тарихымен сәйкес келуі тиіс деп болжамдалына­ ды. Жақшаның ішінде Маркстің «өндіріс термині» бөлістіру мен тұтынуды қоса есептегендегі бүкіл экономикалық үдерісті қамтитын біршама кең мағынада қолданылады деп ниеттелген­ дігін атап өтуге болады. Дегенмен, Маркс те, оның ізбасарлары да бөлістіру мен тұтынуға ешқашанда аса көп көңіл бөлмеген. Олар­ ды негізінен тар мағынада алынған өндіріс сөзінің қолданылуы қызықтырды. Бұл аңғырттау тарихи-генетикалық ұстанымның — ғылым тек қана себептермен қызығуы тиіс, тіпті адамдар жасаған

заттар әлемінде де «Мұны кім қолданғалы отыр?», «Бұл не үшін арналған?» деп сұрамауы тиіс, ал «Мұны кім жасады?» және «Бұл неден жасалған?» деп сұрауы тиіс дейтін сенім-нанымның тағы бір мысалы болып табылады. ІІІ Маркстің «тарихи материализмін» немесе дәлірегі, осы кез­ ге дейін қарастырылған бөлімін бағалауға және сынауға өте отырып, біз екі түрлі пікірді бөліп көрсетеміз. Біріншісі – бұл тарихилықшылдық, яғни қоғам туралы ғылымдар тарихи немесе эволюционистік әдісті, әсіресе, тарихи көріпкелдікті қолдану са­ ласымен сәйкес келеді дейтін тұғырнама. Бұл тұғырнама, менің пікірімше, жоққа шығарылуы тиіс. Екіншісі – бұл экономизм (неме­ се «материализм»), яғни қоғамның экономикалық ұйымдастырылуы біздің табиғат пен зат алмасуымыздың ұйымдастырылуы бүкіл әлеуметтік институттардың, әсіресе, олардың тарихи дамуының іргетасы болып табылады дейтін тұжырым. Менің пікірімше, егер біз «іргетастық» сөзінің әдеттегі біршама бұлдырлау мағынасын қабылдайтын болсақ және оған аса үлкен мән жүктемесек, жоғарыдағы тұжырымды толықтай дұрыс деуге болады. Басқаша сөзбен айтқанда, іс жүзінде бүкіл әлеуметтік талдап-зерттеулер – институционалдылығы да, тарихиы да – қоғамның «экономикалық жағдайларымен» олардың үйлесімі тұрғысынан жүргізілетін бол­ са, табыстырақ жүргізілетіндігіне ешқандайда күмәндануға бол­ майды. Тіпті математика тәрізді абстрактылы ғылымның тарихы бұдан тыс қалмайды10. Осы мағынада алғанда, Маркстің эконо­ мизмі әлеуметтік ғылымның әдістерінде аса құнды ілгерілеушілік болып табылады. Алайда, менің бұрынырақ атап өткенімдей, біз «іргетастық» терминін тым шынайы қабылдамауымыз керек. Маркстің өзінің бұлай істемегені сөзсіз. Өзінің гегельшілдік тәрбиесіне сәйкес ол антикалық «шынайы болмыс» пен «көріністі» жеке бөлектеудің, сондай-ақ осыған сәйкес «маңызды» мен «кездейсоқ» болып та­ былатынды жекелеп бөлудің ықпалында болды. Бұл саладағы Гегельмен (және Кантпен) салыстырғандағы өз жетістігін «шы­ найы болмысты» – материалдық әлеммен11 (адам метаболизмін қоса алғандағы) және «көріністі» – ой немесе идеялар әлемімен сәйкестендіруінде көрді. Соныменен, Маркске сәйкес бүкіл иде­ ялар мен ойлар олардың артында тұрған болмыстық шындықтың,

яғни экономикалық жағдайлардың көмегімен түсіндірілуі тиіс.
Бұл философиялық көзқарас, әрине, эссенциализмнің басқа да
кез келген формаларынан пәлендей артық емес12 және оның
әдістемелік саладағы салдарлары экономизмнің жағына қарай

ауытқуға әкеліп соғуы тиіс болатын. Істің мәні мынада, Маркстің
экономизмінің жалпы маңызы өте жоғары бағаланғанымен, әрбір
нақты оқиғаларда экономикалық жағдайлардың маңыздылығын
оңай тым асыра бағалап жіберуге болады. Экономикалық

жағдайларды аздап та болса білу маңызды үлес қосуға, айталық,
математикалық мәселелердің даму тарихына үлес қосуы мүмкін,
бірақ математиканың өз мәселелерін білу бұл мақсаттар үшін едәуір
маңыздырақ болып табылады. Шындығында да, «экономикалық

негіздеулерге»
мүлде
сілтеме
жасамай-ақ,

математикалық
мәселелердің дамуының өте жақсы тарихын жазып шығуға бо­
лады. (Менің пікірімше, ғылымдағы» экономикалық жағдайлар»
немесе «қоғамдық қарым-қатынастар» тақырыптары оңай асыра

сілтеуге бейім және тез таптаурындылыққа айналатын тақырыптар
сияқты).
Дегенмен, бұл экономизмді асыра бағалап жіберу қаупінің бір
ғана мысалы. Көбіне-көп экономизмді өте кең тұрғыдан түсінеді —

кез келген әлеуметтік даму экономикалық қарым-қатынастардың
дамуына, әсіресе өндіріс құралдарының физикалық немесе
материалдық дамуына тәуелді деп есептейтін тұғырнама ретін­
де түсінеді. Мұндай тұғырнама сөзсіз жалған болып табылады.

Экономикалық жағдайлар мен идеялардың арасында соңғыларының
алғашқысына бір жақты тәуелділігі емес, өзара әрекеттесу бо­
лады. Біз кейбір идеялар, нақтырақ айтқанда, біздің ғылыми
ілім-білімдерімізді құрайтындары күрделі материалдық өндіріс

құралдарының көп бөлігімен салыстырғанда іргелірек болып табы­
лады деп айтуымызға да болады. Мұны келесі ой-пікірлер арқылы
негіздеуімізге болады. Бүкіл өнеркәсіпті және бүкіл әлеуметтік
ұйымдарды қоса алғандағы экономикалық жүйеміз жойылды,

бірақ техникалық және ғылыми ілім-білімдеріміз сақталып қалды
деп көз алдымызға келтірейік. Бұл жағдайда өндірісті қалпына
келтіру үшін аса көп уақыт кетпес те еді (әрине, аздау көлемде
және көптеген адамдар аштықтан өлгеннен кейін). Ал, енді біздің

бүкіл ілім-білімдеріміз жойылып кетті, ал, материалдық дүниелер
сақталып қалды деп көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Мұның өзі ин­
дустриясы жоғары дамыған, бірақ тұрғындары кетіп қалған елге
жабайы тайпалар қоныстанды дегенге тең болар еді. Мұның өзі

көп ұзамай өркениеттің бүкіл материалдық іздерінің толықтай
жойылуына алып келер еді.
Марксшілдіктің тарихы бізге марксшілдіктің өзі қорғап отырған
және тым әсіре ұлғайтылып жіберілген экономизмді жалғандыққа

шығаратын мысалды алға тартып отыр. Маркстің «Бүкіл елдердің
пролетарлары, бірігіңдер!» деген идеясы орыс революциясы бас­
талар тұста үлкен мәнге ие болды және сол кездің экономикалық
жағдайларына едәуір әсерін тигізді. Дегенмен, орыс революци­

ясы болып өткен кездері Лениннің өзі мойындағанындай, бұдан
әргі конструктивтік идеялардың болмағандығы себепті жағдай
өте ауырлап кетті (он үшінші тарауды қараңыз). Сол кездері Ле­
нин бірнеше жаңа идеяларды енгізді, оларды: «социализм – бұл

пролетариат диктатурасы жəне бүкіл елді электрлендіру» де­
ген ұранмен қысқаша түйіндеуге болар еді. Дәл осы жаңа идея
Ресейдің дамуының негізіне айналды, сол арқылы әлемнің ал­
тыдан бір бөлігінің бүкіл экономикалық және материалдық ірге­

тасын өзгертті. Аса қиын жағдайларда орасан зор материалдық
қиындықтар жойылды және жоқтан барды жасау үшін азғантай
болса да қанағаттандырарлықтай өндіріс жағдайларын жасау үшін
сансыз материалдық құрбандықтар болды. Және де бұл дамудың

қозғаушы күші идеядан туындаған құлшыныстар еді. Бұл мысал
идеяның белгілі бір жағдайларда елдегі экономикалық жағдайды
революциялай алатындығын, тіпті де тиісті әлеуметтік жағдайлар
арқылы қалыптаспайтындығын көрсетеді. Маркстің терминоло­

гиясын қолданатын болсақ, ол бостандық патшалығының күшін
оның қажеттіліктер патшалығын жеңу мүмкіндіктерін дұрыс
бағаламады деп айтуымызға болар еді.
Орыс революциясының дамуы мен Маркстің экономикалық

шындықтың
метафизикалық
теориясы,
сондай-ақ

оның
идеологиялық формаларының арасындағы асқан ерекшелігін
Маркстің келесі тұжырымдарын талдап-зерделеудің барысын­
да бәрінен де жақсы байқауға болады: «мұндай төңкерістерді

қарастыру
кезінде
материалдық,
өндірістің

экономикалық
жағдайларындағы жаратылыстық ғылыми дәл нақтыланған
төңкерісті заңи, саяси, діни, көркем, философиялық, қысқаша
айтқанда – адамдар осы талас-тартысты ұғынатын идеологиялық

формалардан әрдайымда ажырата білу керек...»13. Маркстің
көзқарастарына сәйкес, қандайда бір маңызды өзгерістерді
құқықтық немесе саяси құралдарды пайдалану арқылы жүзеге
асыруды күтіп отыру бос нәрсе. Саяси революция билеушілердің

бір тобының өз орындарын екінші топқа берулеріне ғана алып келеді, бұл – небәрі мемлекеттік басқаруды іске асырып отырған тұлғалардың қарапайым ғана ауысуы. Тек негізгі болмыстың, экономикалық шындықтың бірте-бірте өзгеруі маңызды, әрі шы­ найы өзгерістерге – әлеуметтік революцияға әкелуі мүмкін. Тек қана осындай әлеуметтік революция жүзеге асқанда ғана саяси ре­ волюция қандайда бір маңызға ие болуы мүмкін. Дегенмен, тіпті осы жағдайдың өзінде саяси революция тек бұрын болып өткен маңызды немесе шын мәніндегі өзгерістердің сыртқы көрінісі болуы мүмкін. Осы теорияға сәйкес Маркс кез келген әлеуметтік революция төмендегіше дамиды деп тұжырымдады: өндірістің материалдық жағдайлары өседі және әлеуметтік, құқықтық қарымқатынастар мен талас-тартысқа түскенге дейін пісіп-жетіліп оты­ рады, олардан сыртқы жабынды жыртып шыққандай өсіп шығады. «Сол жағдайда әлеуметтік революциялардың дәуірі келеді, – деп жазды Маркс, – экономикалық негіздің өзгеруі мен орасан зор үстіңгі қондырғыда біршама тез төңкеріс жүзеге асады... Жаңа жоғарырақ өндірістік қарым-қатынастар ескі қоғамның ішінде олардың тірлік етуінің материалдық жағдайлары пісіп-жетілмес­ тен бұрын ешқашанда пайда болмайды». Осы айтылғандарды назарға ала отырып, орыс революциясын Маркстің көріпкелдікпен болжаған әлеуметтік революциямен теңдестіруге болмайды деп ойлаймын. Орыс революциясының шын мәнісінде Маркстің көріпкелдігіне еш қатысы жоқ14. Осыған байланысты Маркстің досы, ақын Г. Гейне тек біз қазір ғана қарастырып өткен мәселелер туралы мүлде басқаша ой түйіндегенін байқауға болады: «Біле білсеңіздер, өркөкірек адамдар, – деп жазды ол, – Сіздер бүкіл іс-әрекеттеріңізді бейқам тыныштықта отырып-ақ, әлденеше рет аса нақтылықпен бол­ жап берген ақыл-ой адамдарына қызмет ететін санасыз қара жұмысшылардан басқа ешкім де емессіздер. Максимилиан Ро­ беспьер небәрі Жан Жак Руссоның қолы ғана еді...»15 (Ленин мен Маркстің ара қатынастары жөнінде де осыған ұқсас бірдеңе айтуға болар еді). Біз Маркстің терминологиясымен алғанда, Гейненің идеалист болғанын білеміз. Ол өзінің тарихты идеалистік түсінуін француз революциясына қолданды, бұл революция Маркс үшін оның экономизмінің дұрыс екендігін дәлелдейтін аса маңызды мы­ сал болды және де оның доктринасына, әсіресе, біз оны орыс ре­ волюциясымен салыстыратын болсақ, біршама сай келетін сияқты болып көрінді. Қарсы шыққанына қарамастан Гейне Маркстің16

досы болып қала берді. Істің мәні мынада, сол бір бақытты кезеңдерде бір-біріне қарсы сөйлегені үшін ат құйрығын кесісіп кету ашық қоғам үшін күрескендерге онша тән емес еді және бірбіріне шыдамды болатын. Менің Маркстің «тарихи материализмін» сынауымды, әрине, Маркстің «материализмінен» Гегельдің «идеализмін» артық көргендігім деп түсінбеу керек. Материализм мен идеализмнің арасындағы талас-тартыста менің Маркске бүйрегім бұрып тұрғаны баршаға аян шығар деп ойлаймын. Мен тек Маркстің «тарихты» материалистік түсінуін», оның бүкіл құндылығына қарамастан, аса шынайы қабылдаудың қажет емес екендігін көрсеткім келді. Біз оны заттарды олардың экономикалық негіз­ деріне қатысты қарастыру жөніндегі аса құнды ұсыныс ретінде ғана қабылдауымыз тиіс. 16-тарау. ТАПТАР І Маркстің «тарихи материализмінін» негізгі қағидаларының арасынан Маркс пен Энгельс айтқан мынандай тұжырым маңызды орын алады: «Осы кезеңге дейін өмір сүрген қоғамдардың тарихы таптардың күресінің тарихы болды»1. Бұл тұжырымның бағыты толықтай айқын. Бұл тұжырым тарихты қозғалтатын және адам­ дар тағдырын анықтайтын ұлттардың күресі емес, таптардың күресі дейді (бұл Гегельдің және тарихшылардың басым бөлігінің көзқарастарына қарама-қарсы). Бұл тұғырнамаға сәйкес тарихи дамудың, соның ішінде халықтардың өзара соғысының себеп­ терін ұлттық мүдделерден (шындығында да бұл небәрі ұлттың би­ леуші табының мүдделері ғана) емес, таптық мүдделерден іздеу керек. Оның үстіне таптық күрес пен таптық мүдделер дәстүрлі тарих түсіндіруге де тырыспаған құбылыстарды түсіндіруге қабілетті. Мысалы, бұндай құбылыстарға, Маркстің теориясын­ да үлкен мәнге ие болған – еңбек өнімділігінің ұлғаю үрдісі жа­ тады. Іргетастық әскери күштер категориясымен қоса алғандағы дәстүрлі тарих ғылымы бұл үрдісті байқап, тіркеуі мүмкін, алайда ол оны түсіндіруге мүлде қабілетсіз. Маркске сәйкес, таптық мүдде мен таптардың күресі оны толығымен түсіндіреді. Шындығында да, «Капиталдың» едәуір басым бөлігі Маркс «капитализм» деп атаған кезеңде әрекет еткен күштердің еңбек өнімділігін өсіру ме­ ханизмін талдап-зерттеуге арналды.

Маркстің таптық күрес доктринасы ол қорғаған және біз бұрын талдап-зерделеген әлеуметтік автономияның институционалдық доктринасымен қандай қарым-қатынаста болады?2 Алғашқы қарағанда бұл доктриналар бір-бірімен ашықтан-ашық қарамақайшы келетін сияқты болып көрінеді, ссебебі, тап күресінің те­ ориясында белгілі бір қозғаушы күш болып табылатын тап күресі негізгі рөл ойнайды. Алайда, мен Маркстің теориясының бұл бөлігінде күрделі қарама-қайшылықтар бар деп ойламаймын. Мен, тіпті, Марксті және оның аса маңызды жетістігін — антипсихо­ логизмді, оның таптық күрес теориясымен қалайша келісімге ке­ летінін ұғынып алмай тұрып ешкім түсіне алмайды дер едім. Біз тұрпайы марксшілдер тәрізді тап мүддесі психологиялық тұрғыдан түсіндірілуі тиіс деп санамауға тиіспіз. Марксің еңбегінде осындай тұрпайы марксшілдікті қолдайтын бірнеше үзінділер бар болуы мүмкін, бірақ Маркс тап мүдделері туралы салмақты ой толғайтын тұстарында, ол, психологиялық категорияны емес, әрдайымда дербес әлеуметтану патшалығындағы тиісті объектіні назарға алып отырады. Ол осы объектіге қатысты психикалық жағдайды, ой-пікірді немесе қандайда бір сезімді емес, объектіні немесе жағдайды қарастырады. Ол негізінен нақты бір тап үшін пайда­ лы болатын нәрселерге немесе әлеуметтік институттарға, сондайақ жағдайға басым көңіл бөледі. Таптың күшін немесе дәулетін ұлғайтатын нәрсенің бәрі де — тап мүддесіне жатады. Маркс іліміне сәйкес, тап мүддесі институционалдық неме­ се «объективтік» (егер осылай айтуға болатын болса) мәнінде, адамзаттың ақыл-ойына шешуші ықпал етеді. Егер Гегельдің жар­ гонын қолданатын болсақ, біз таптың объективтік мүддесі, оның мүшелерінің субъективтік психикасында ұғынылатын болады деп айтқан болар едік. Бұл оларды таптық мүдделі және таптық саналы етеді және осыған сәйкес қимылдауға мәжбүрлейді. Инс­ титуциональды немесе объективтік әлеуметтік жағдай ретіндегі тап мүддесі және оның адамның ақыл-ойына әсері, Маркстің мен он төртінші тараудың басында дәйексөз ретінде келтіріп кеткен белгілі ұйғарымында нақты көрсетіледі: «Адамдардың болмысын ақыл-санасы анықтамайды, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды». Бұған тек бір ғана нақтылауды қосып қою керек: Маркске сәйкес адамның сана-сезімін оның қоғамдағы алған орны және оның таптық жағдайы анықтайды. Осындай детерминделу үдерісінің қалайша жүретіні жөнінде Маркс кейбір түсініктемелер беріп кетеді. Өткен тараудан

білетініміздей, адам өндіріс үдерісінен қаншалықты босағанына
қарай соншалықты еркін болады. Алайда, енді біздің білетініміз­
дей, Маркстің айтуы бойынша, осы кезеңге дейін болған барлық
қоғамдарда адам осы тұрғыдан еркін болған жоқ. Шындығында

да, – деп сұрайды Маркс, – біз өндіріс үдерісінен қалайша
құтылуымызға болады? Тек қана басқаларға өзіміз үшін ауыр
жұмыстарды істеттіру арқылы ғана. Осылайша біз басқаларды
өз мақсаттарымызға қол жеткізудің құралына айналдырамыз,

сол арқылы біз оларды кемсітеміз. Біз тек қана басқа адамдарды
қанау арқылы адамзатты таптарға бөлудің есебінен ғана үлкен
дәрежедегі бостандыққа қол жеткіземіз. Билеуші тап бағынышты
таптардың, құлдардың есебінен еркіндік алады. Алайда, соның

салдарынан билеуші таптың мүшелері өз еркіндіктері үшін
тәуелділіктің жаңа түріне мойынсұнуына тура келеді. Оларға
егер өз бостандықтарын және өз мәртебелерін сақтап қалғысы
келсе қол астындағыларды қанауға және олармен күресуге

тура келеді. Билеушілер солай істеуге мәжбүр болады, себебі
бұлай істемегендері билеуші тапқа ене алмайды. Билеушілер
өз таптық жағдайларымен шектеліп қалады: олар өздерінің қол
астындағылармен әлеуметтік қарым-қатынастарынан құтыла ал­

майды, себебі, қоғамның өмірлік іс-әрекеттеріне тартыла отырып,
осы қарым-қатынастарға таңылады. Соныменен, билеушілер де,
олардың қол астындағылар да әлеуметтік торға шырмалып қалған
және бір-бірімен күресуге мәжбүр болады. Маркске келсек дәл

осы тәуелділік, осы детерминділік олардың күрестерін ғылыми
әдістердің көмегімен талдап-зерттеуге мүмкіндік береді, және
оларға ғылыми-тарихи көріпкелдікті қолдануға, ал қоғамның тари­
хына таптардың күресінің тарихы ретінде ғылыми түсіндірмелеуге

мүмкіндік береді. Таптардың шырмалып қалған, оларды бір-
бірімен күресуге мәжбүрлейтін әлеуметтік тор марксшілдіктің

– қоғамның экономикалық құрылымы немесе әлеуметтік жүйе, деп

атап жүргені.
Бұл теорияға сәйкес, әлеуметтік және таптық жүйе өндіріс
жағдайларымен бірге өзгеріп отырады, себебі, билеушілердің өз
бағыныштыларын қанауына және олармен күресуіне көмектесетін

әдістері сол жағдайларға тәуелді болады. Экономикалық дамудың
әрбір нақты кезеңдеріне нақты әлеуметтік жүйе сәйкес келеді, ал
әрбір тарихи кезең оның әлеуметтік таптық жүйесімен сипаттала­
ды. Дәл осы себептерге орай біз «феодализм», «капитализм» және

т.б. туралы айтамыз. «Қол диірмені, — деп жазды Маркс3, – сіз­

ге сюзерен басқаратын қоғамды береді, бу диірмені — өндірістік капиталист басқаратын қоғамды береді». Әлеуметтік жүйені си­ паттайтын таптық қарым-қатынастар жеке адамдарға тәуелді бол­ майды. Осылайша әлеуметтік жүйе жеке адамдарды ұстап алатын және уататын орасан зор машинаны еске салады. «Өз өмірлерінің қоғамдық өндірісінде, — деп жазады Маркс4, – адамдар белгілі бір қажетті, өз ерік-жігерлеріне тәуелсіз қарым-қатынастарға – өндірістік қарым-қатынастарға түседі, ол қарым-қатынастар адамдардың материалдық-өндірістік күштерінің дамуының белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді. Осы өндірістік қарым-қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымын құрайды», яғни әлеуметтік жүйені құрайды. Әлеуметтік жүйенің белгілі бір өз қисындылығы болатынына қарамастан, ол көрсоқырлықпен санасыз әрекет етеді. Оның торы­ на түскендер де, жалпы айтқанда, соқыр немесе соқыр дерліктей болады. Олар өз әрекеттерінің кейбір ең маңызды салдарларын алдын ала біле алмайды. Бір адам көп адамдарды тауар сатып алу мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Тіпті ол тауар көп болған күннің өзінде ең сындарлы сәтінде олардың біршама мөлшерін сатып алып, сол арқылы бағаның едәуір төмендеуін болдырмауы мүмкін. Келесі бір адам жанының қайырымды болғаны себепті өз байлығын бөлістіріп беруі мүмкін, бірақ сонысымен таптық күресті әлсіретіп, қаналушылардың бостандыққа шығуын алыстатуы мүмкін. Өз ісәрекеттеріміздің алысырақ салдарларын алдын ала болжау мүлдем мүмкін болмағандықтан және де біздің бәріміздің осы әлеуметтік торға шырмалып жатқандығымыздан біз шын мәнінде оны игеріп, басқара алмаймыз. Біз оған әсер ете алмаймыз. Соныменен бір мезетте өзіміздің соқырлығымыздан оны іштей жақсартудың қандайда бір жоспарын жасап та шыға алмаймыз. Әлеуметтік ин­ женерия мүмкін нәрсе емес, сол себепті де әлеуметтік технологи­ ялар пайдасыз болып табылады. Әлеуметтік жүйеге біз өзіміздің мүдделерімізді таңа алмаймыз. Оның орнына бізді өзіміздің мүдделеріміз туралы осы жүйенің бізге таңған түсініктері шын мәнінде де біздің мүдделеріміз дегенге сенуге мәжбүрлейді. Ол бұны біздің таптық мүдделерімізге сай іс-әрекет етуге мәжбүрлеп отырып істейді. Әлеуметтік жағдайлардың әділетсіздігі үшін, із­ гілікті емес екендігі үшін жауапкершілікті жеке адамға, тіпті жеке «капиталиске» немесе «буржуаға» жүктеуге болмайды, себебі, бұл жүйенің жасаған жағдайлары сол капиталисті солай әрекет етуге мәжбүрлейді. Сондай-ақ, адамдар жақсара түссе, жағдай да

жақсарады, деп үміттенуге болмайды. Жүйе жақсарса ғана адам­
дар жақсарады деуге болады. «Капиталистің тұлғаландырылған
капитал екендігіне байланысты ғана ол тарихи мәнге ие бола­
ды..., — деп жазады Маркс «Капиталда»5. — Бірақ, сол себепті де

оның іс-әрекетінің қозғаушы күші тұтыну мен тұтыну құны емес,
айырбастау құны және оны көбейту болып табылады» (бұл оның
шынайы тарихи міндеті). «Құнды ұлғайтудың фанатигі ретінде
ол адамзатты өндіру үшін өндіруге тоқтаусыз мәжбүрлейді... Бұл

тұрғыдан ол асыл заттарды жинаушы тәрізді баюға деген абсо­
лютті құштарлыққа ие болады. Асыл заттарды жинақтаушыда
жеке басының маниясы ретінде көрініс табатын нәрсе капиталист
үшін өзі бір тетігі болып табылатын қоғамдық механизмнің іс-

әрекетінің мәніне айналады... Бәсекелестік әрбір жеке капиталиске
өндірістің капиталистік әдістерінің иманенттік заңдарын сырттай
мәжбүрлеуші заңдар ретінде таңады. Ол капиталисті өзінің капи­
талын сақтап қалу үшін үнемі ұлғайтып отыруға мәжбүрлейді....»

Маркске сәйкес әлеуметтік жүйе жеке даралардың —
билеушілердің де, сондай-ақ олардың қарамағындағылардың да, ка­
питалистер немесе буржуалардың да, сол сияқты пролетарийлердің
де іс-әрекеттерін дәл осындай әдіспен белгілеп беріп отырады.

Бұл айтылғандардың бәрі бұрынырақта «әлеуметтік жағдайдың
логикасы» деп аталып өтілгеннің иллюстрациясы болып табыла­
ды. Капиталистің бүкіл іс-әрекеті едәуір дәрежеде Маркстің ге­
гельшілдік мәнермен6 қалыптастырып төмендегіше айтқанындай:

«оның тұлғасы және сана-сезімі арқылы анықталған капиталдың
қызметі ғана». Дегенмен, бұл әлеуметтік жүйе өз мүшелерінің
ой-пиғылдарын да белгілейді дегенді аңғартпайды, себебі, ой не­
месе идеялар ішінара ғана іс-әрекеттердің құралдары ғана болып

табылады, ал ішінара, – егер олар қоғамдық тұрғыдан білдірілсе,

– әлеуметтік іс-әрекеттің маңызды түрі болып табылады. Себебі,

соңғы жағдайда олар қоғамның басқа мүшелерінің іс-әрекеттеріне
тікелей әсер ету үшін арналып отыр. Осындай адамның ой-
пиғылдарының детерминделуінің нәтижесінде әлеуметтік жүйе, ең
алдымен, тиісті таптың «объективтік мүддесі» оның мүшелерінің

субъективтік ақыл-ойлары арқылы ұғынылады (бұрын да
айтқанымыздай, Гегельдің сөз аптауын7 қолданатын болсақ). Бұған
қол жеткізудің құралы ретінде таптық күрес те, сондай-ақ сол
таптың мүшелері арасындағы бәсекелестік те қолданылады.

Біз Маркске сәйкес әлеуметтік инженерияның, соған сәйкес
әлеуметтік технологияның да неліктен мүмкін еместігін көріп

өттік. Бұның себебі, тәуелділіктердің себептік тізбектері бізді әлеуметтік жүйеге таңып тастайтындығынан (керісінше емес) олар мүмкін емес. Алайда біз әлеуметтік жүйені өзіміздің қалауымызша8 өзгерте алмағанымызбен, капиталистер де, жұмысшылар да оны қайтадан өзгертуге және біздің оның кісендерінен толықтай құтылып шығуымызға көмектесуге мәжбүр болып отыр. Капита­ лист «адамзатты өндіріс үшін өндіруге»9 мәжбүрлей отырып, оны «қоғамдық өндірістік күштерді дамытуға және әрбір жеке дара адамның толық және еркін дамуы негізгі ұстанымына айналған жоғарғы қоғамдық форманың шынайы іргетасына айнала ала­ тын өндірістің материалдық жағдайларын жасауға» мәжбүрлейді. Осылайша, тіпті капиталистер табының мүшелері де тарих сахна­ сында өз рөлдерін ойнай отырып, социализмнің түпкілікті келуін жақындатуы тиіс. Бұдан кейінгі ой-пікірлерді өрбітпес бұрын мен «classconscіous» («таптық саналы») және class conscіousness («таптық сана-сезім») сөздерімен аударылатын кейбір маркстік терминдер туралы бір лингвистік ескертпе айтып өткім келеді. Бұл термин­ дер біздің жаңа ғана баяндап өткен үдерісімізідің нәтижелерін білдіреді, бұл үдеріс арқылы объективтік таптық жағдай (таптық мүддені де, сондай-ақ таптық күресті де) оның мүшелерінің ақылсаналарында ұғынылады, немесе — осы ойды Гегельмен байла­ нысты емес тілде айтып шығатын болсақ, — таптың мүшелері өздерінің таптық жағдайларын ұғады. Таптық саналы болғандықтан да олар өз орындарын біліп қана қоймайды, сондай-ақ өздерінің нағыз таптық мүдделерін де білетін болады. Осы жағдайда Маркстің қолданып отырған тиісті неміс сөзінің бұл мағынасынан басқа да мағынасы бар екенін, бірақ ол мағынасы аудару кезінде әдетте жойылып кететіндігін атап өту керек. Бұл термин Гегельдің жаргонының бір бөлігіне айналған қарапайым неміс сөзінен алынған, ол сөз өзінің кәдуілгі мағынасын да сақтап қалған. Бұл сөздің нақпа-нақ аудармасы — «self-conscіous» («өздік саналы»), дегенмен, қарапайым тілде бұл сөз — өзінің бағасын және күшін ұғынуды, яғни өзін құрметтеуді, өзіне толық сенуді және тіпті өзінөзі қанағаттандыруды аңғартады. Соған сәйкес, Маркстің «таптық саналы» деп аударып отырған термині неміс тілінде тек соны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге — «өз-өзіне сенімді немесе өз табын құрметтейтін», таптық ынтымақтастықтың қажеттігін түсінген дегенді де білдіреді. Сол себепті де Маркс және маркс­ шілдер бұл терминді негізінен жұмысшыларға және өте сирек

жағдайларда ғана «буржуазияға» қолданады. Таптық саналы про­ летарий — бұл өзінің таптық жағдайын ғана түсінген емес, сон­ дай-ақ өз табын мақтаныш тұтатын, өз табының тарихи миссиясын атқаруына сенетін және өзінің батыл күресі жақсы әлемге алып келетініне сенетін жұмысшы болып табылады. Ол осылардың бәрінің жүзеге асатынын қалайша біліп отыра­ ды? Себебі, ол таптық саналы болғандықтан да марксшіл болуы тиіс. Маркстің өз теориясы да және оның социализмнің орнауы жөніндегі ғылыми көріпкелдігі де тарихи үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл үдерістің барысында таптық жағдай «санаға енеді», өзін жұмысшылардың ақыл-санасында орнықтырады. ІІ Менің Маркстің таптар теориясын сынауым, әңгіме оның тарихилылық аспектілері жөнінде болып жатқандықтан, өткен тарауларда белгіленген Маркстің теориясын талдап-зерделеу бағытымен жүріп отырады. «Бүкіл тарих таптар күресінің та­ рихы болып табылады» деген формула таптық күрестің саясат саласында, сондай-ақ қоғам өмірінің басқа тараптарында да ой­ найтын маңызды рөлін түсіну бойынша біздің міндеттерімізді еске салу тұрғысынан өте маңызды. Платонның гректің қаламемлекеттерінің тарихындағы таптық күрестің атқарған рөлі тура­ лы тамаша талдауларына кейінгі дәуірлерде өте сирек мән беріл­ генін есепке алатын болсақ, бұл айтылғандардың бәрі өте құнды болмақ. Әрине, жаңа ғана келтірілген тұжырымдағы Маркстің «барлық» деген сөзін тым шынайы қабылдаудың қажеттігі жоқ. Тіпті таптардың өз тарихы да, әсіресе, таптардың өз ішінде­ гі талас-тартыстардың атқарған маңызды рөлін назарға алатын болсақ, әрдайымда маркстік мәндегі таптардың күресі болған жоқ. Шындығында да, басқарушы және басқарылатын таптардың өз ішіндегі мүдделерінің алшақтауы көп жағдайда аса ушығып ке­ теді, сол себепті де, тіпті біз байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық әрдайымда іргетастық мәнге ие деп мойындағанның өзінде, Маркстің таптар теориясын қауіпті, аса қарапайымдап жі­ беру деп қарастыру керек. Ортағасырлық тарихтың аса маңызды сюжеттерінің бірі — папа мен императорлардың арасындағы күрес — билеуші таптың ішіндегі өзара талас-тартыстың жақсы мыса­ лы бола алады. Бұл бәсекелестікті қанаушылар мен қаналушылар арасындағы талас-тартыс ретінде түсіну дұрыс болмаған бо­ лар еді. (Әрине, Маркстің «тап» түсінігін осындай және басқада

жағдайларды қамти алатындай етіп кеңейтіп жіберуге де бола­ ды, және «тарих» түсігін өте тарылтып жіберсек, ақыр соңында, Маркстің доктринасы мағынасыздық ақиқаттыққа, яғни жәй ғана тавтологияға айналады. Дегенмен, бұл оны бүкіл мағынасынан айыру дегенді аңғартпайды.) Талдап-зерделеніп отырылған маркстік формуланың қауіпті бір жағы оны тым шынайы қабылдаған жағдайда ол марксшілдерді бүкіл саяси талас-тартыстарды қанаушылар мен қаналушылардың арасындағы күрес (сондай-ақ «шынайы мәселені», яғни астыр­ тын таптық талас-тартыстарды жасыруға тырысу ретінде) ретін­ де жалғандықпен түсінулеріне алып келеді. Соның салдары­ нан осындай кейбір марксшілдер, әсіресе Германиядағылары алғашқы дүниежүзілік соғысты революцияшыл, немесе «кедей» елдер мен консервативтік немесе «бай» державалардың бірлеспе­ сі арасындағы соғыс ретінде түсіндірді. Мұндай түсіндірулер кез келген басқыншылықты ақтап алу үшін қолданылуы мүмкін екен­ дігі айқын. Бұл Маркстің жасап шығарған жаппай тарихилылық қорытындылауларына тән қауіп-қатердің бір мысалы ғана. Сонымен бірге Маркстің өнеркәсіптік өндіріс жүйесі институттарының жұмыс істеулерін түсіндіру үшін «таптық жағдайдың логикасы» деп аталатынды қолдануға тырысуы, бұл жағдайдың кейбір маңызды аспектілерінің мәнін белгілі бір асы­ ра ұлғайтуларына және тым кішірейтулеріне қарамастан, маған тамаша керемет болып көрінеді. Ол шын мәнінде де тамаша – ең болмағанда, Маркстің кезіндегі, жүз жыл бұрын болған, бұдан әрі қарай мен «заңдық тұрғыдан шектелмеген капитализм» («understraіned capіtalіsm») жүйесі деп атайтын10 өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің дамуының стадиясын әлеуметтік талдап-зерттеу ретінде тамаша болып табылады. 17-тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ Менің пікірімше, енді біз марксизмді талдап-зерделеуіміздің және сынауымыздың ең негізгі пунктіне, нақты айтқанда — Маркстің мемлекет теориясына, және де бұл айтқандарымыз кей­ біреулерге қандай оғаш естілмесін, оның кез келген саясаттың дәрменсіздігі теориясын талдауды бастауға қабілеттіміз. І Маркстің мемлекет теориясын екі соңғы тараудың нәтижелерін біріктіре отырып, сипаттап шығуға болады. Құқықтық неме­

се заңдық-саяси жүйе – мемлекет құрған және оның қоғамға таңып отырған құқықтық институттарының жүйесі,— Маркстің көзқарастарына сәйкес, экономикалық жүйенің өндірістік күштерінің үстінен құрылған (және осы күштерді бейнелейтін) қондырғылардың бірі ретінде қарастырылуы тиіс. Осыған байла­ нысты Маркс «заңи және саяси қондырғы»1 туралы айтады. Бұл, әрине, экономикалық немесе материалдық шынайы болмыстың және оған сәйкес келетін таптардың арасындағы қарымқатынастардың идеологиялар және идеялар әлемінде көрініс табуының жалғыз түрі емес. Маркске сәйкес, үстем болып тұрған моральдық жүйе осындай қондырғының басқа бір мысалы болып табылады. Ол мемлекеттік билік таңған құқықтық жүйеге қарамақарсы билеуші тап құрған және бақылап отырған идеология арқылы рұқсат етіледі. Қондырғылардың осы түрлерінің арасындағы айырмашылық (Платонның2 сөзімен айтқанда), дөрекілеу айтқанда, сенім-наным мен мәжбүрлеудің арасындағы айырмашылық бо­ лып табылады, яғни мемлекеттің өзі, оның құқықтық және саяси жүйесі мәжбүрлеуді қолданады. Энгельстің3 айтуынша мемлекет дегеніміз басқарылатындарды басқарушылардың мәжбүрлеуіне арналған – «басып-жаншуға арналған ерекше күш» болып қана табылады. «Саяси билік осы сөздің өз мағынасында алғанда, – де­ лінген «Коммунистік партияның Манифесінде»4, – бұл бір таптың екінші бір тапты басып-жаныштауына арналған ұйымдастырылған күш қолдану». Ленин де5 мемлекеттің рөлі туралы осындай сипат­ тама береді: «Маркс бойынша, мемлекет дегеніміз таптық билік жүргізудің органы, бір таптың екінші тапты қанау органы, осы қанауды заңдастыратын және нығайтатын «тәртіпті» жасау болып табылады...». Қысқаша айтқанда, мемлекет билеуші таптың күрес механизмінің тек бір бөлігі ғана болып табылады. Мемлекетті осылай түсінудің салдарларына өтпестен бұрын 1К. Поппердің енгізген «understraіned capіtalіsm» термині қазақ тіліне аудару кезінде белгілі бір қиындықтар туындады. Оны сөзбе-сөз «шектелмеген капитализм» деп аудару оқырманға бірқатар түсініксіздіктер әкелер еді. Сол себепті де, он алтыншы тараудың оныншы ескертпесіне және де Поппердің осы терминнің мәні туралы бізге берген арнайы түсіндірмелеулеріне сүйеніп, біз оны «заңдық тұрғыдан шектелмеген капитализм» немесе «заңи реттелмеген капитализм» деп аударатын боламыз. Әңгіме капитализмнің шамамен 1830 жылға дейінгі дамуы жөнінде болып тұр, ол кездері кәсіпкерлер, өндірушілер, сатушылар, сатып алушылар және т.б. арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін және шектеп отыратын ешқандайда заңдық актілер болған жоқ — Редактор мен аудармашының ескертпесі.

онда мемлекет теориясының ішінара институционалдық, ішінара
эссенциалдық элементтері көрініс тапқанын атап өтуіміз қажет.
Бұл түсінік Маркстің қоғам өміріндегі құқықтық институттардың
қандай практикалық қызмет атқаратынын анықтауға тырысуының

дәрежесіне сәйкес, институционалдық сипатқа ие болады. Деген­
мен, ол эссенциалистік те болып табылады, себебі, Маркс осы
институттардың негізгі қызмет ететін мақсаттарының (немесе
не мақсатқа құрылғанын) әртүрлілігін мүлдем зерттемеген және

қарастырмаған. Мемлекетті өзі қажетті деп есептеген мақсаттарға
қызмет етуге мәжбүрлеу
үшін
қандай институционалдық

реформалардың қажет екендігін де талдап, қарастырмаған. Оның
өзінің күтуі бойынша мемлекеттің, құқықтық институттардың және
үкіметтің атқаруы тиіс қызметтері жөнінде талаптарды немесе
ұсыныс-жобаларды алға тартудың орнына, Маркс: «Мемлекет деген

не?» деп сұрады. Басқаша айтқанда, ол құқықтық институттардың
мәндік қызметтерін ашуға тырысты. Бұдан бұрынырақта6
мұндай типтік эссенциалистік сұраққа қанағаттандырарлық жау­
ап қайтарудың мүмкін емес екендігі көрсетілген болатын. Соған

қарамастан бұл сұрақтың, Маркстің, идеялар және нормалар са­
ласы экономикалық шындықтың көріністері ретінде түсіндірілетін
эссенциалистік және метафизикалық көзқарастары жөніндегі
ұсыныстарымен жақсы сәйкес келетіндігі күмәнсіз.

Мемлекеттің мұндай теориясының қандай салдарлары бо­
луы мүмкін? Мұндағы ең маңызды салдар – бүкіл саясат, барлық
құқықтық және саяси институттар, сондай-ақ бүкіл саяси күрес
қоғамның өмірінде бірінші дәрежедегі маңызға ие еместігі бо­

лып табылады. Саясат шын мәнінде дәрменсіз болып табылады.
Ол ешқашанда экономикалық болмысты түбегейлі өзгерте ал­
майды. Кез келген алдыңғы қатарлы саяси іс-әрекеттің бірден-бір
демесек те, ең басты міндеті – заңи-саяси аймақтағы, әлеуметтік

шындықтағы, яғни өндірістің құралдарындағы және таптардың
ара қатынасындағы өзгерістерге сәйкес жүріп отыруын бақылау
болып табылады. Сол себепті де, Маркске сәйкес, саясат шы­
найы экономикалық оқиғаларға әрең ілесіп отырғандағы туын­

дайтын қиыншылықтарды болдырмауға болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, саяси іс-әрекет беткі сипатқа ие болады, ол әлеуметтік
жүйенің тереңірек шындықтарынан туындамайды – бұл жағдайда
ол тым тайыз болып, ешқашанда қанауға түскендерге нақты көмек

көрсете алмайды. Немесе саясат экономикалық базистегі және
таптық жағдайдағы өзгерістердің көрінісі болады – бұл жағдайда

ол атқылап жатқан жанартау тәрізді, нағыз революциялық сипатқа
ие болады. Мұндай революцияны алдын ала болжамдауға бола­
ды, себебі, ол әлеуметтік жүйеден туындайды. Сондай-ақ егер
оның жанартаулық қуатына қарсы тұрмаған жағдайда, бастапқы

кезеңдегі қатаңдықты кейінірек жұмсартуға болады. Алайда, рево­
люцияны саяси іс-әрекет арқылы жақындатуға да, басып тастауға
да болмайды.
Бұл салдарлардың бәрі бізге Маркстің тарихилық ойлау

жүйесінің біртұтастығын көрсетіп отыр. Дегенмен, дәл марксшіл­
дік сияқты үлкен қызығушылық тудырған ойдың бағыттары аса
көп емес екендігін есепке алатын болсақ, онда Маркстің саясаттың
түбегейлі дәрменсіздігі теориясы біршама оғаштау болып

көрінеді. (Әділдігін айтқанда, марксшілдер бұл ескертуге келесі
екі дәлелді қарсы қою арқылы жауап беруіне болар еді. Олардың
алғашқысы баяндалған теорияда саяси әрекеттер белгілі бір
қызмет атқаратындығында болып тұр, себебі, жұмысшы партиясы

өзінің іс-әрекеттерімен қанауға ұшыраған көпшіліктің тағдырын
жақсарта алмағанымен, оның күресі таптық сана-сезімді оята­
ды, сол арқылы қалың көпшілікті революцияға дайындайды. Бұл
марксшілдердің радикалдық қанатының дәлелдері. Марксшілдіктің

ұстамды қанатының кейбір тарихи кезеңдерде, нақты айтқанда,
бір-біріне қарама-қарсы таптардың күштері шамамен алғанда, тең
болғанда саяси іс-әрекеттер тікелей пайда әкеледі деген басқа бір
дәлелдері бар. Мұндай кезеңдерде саяси күш-жігерлер мен сая­

си энергия жұмысшылардың өмірін біршама жақсартудың ше­
шуші факторына айнала алады. Екінші дәлелдеменің жақтастары
Маркстің теориясының кейбір түбегейлі ережелерін құрбан етіп
отырған сияқты, бірақ онысын өздері де сезбейді, сол себепті де

істің мәніне жетпей отыр.)
Маркстің теориясына сәйкес, жұмысшы партиясы өзқызметін
рөлді атқарып, жұмысшылардың талаптарын бар қажыр-
қайратымен талап етіп отырған кезеңдердің бәрінде қандайда бір

маңызды саяси қателерді жасаудан қорғалған болып табылады.
Істің мәні мынада, ешқандайда саяси қателер таптық жағдайларға,
оның үстіне, түптеп келгенде, қоғамдық өмірдегі барлық нәрселер
тәуелді болған экономикалық шынайы болмысқа аса маңызды әсер

ете алмайды.
Бұл теорияның басқа бір маңызды салдары, түптеп келгенде,
бүкіл – тіпті демократиялық – үкіметтер де басқарушы таптардың
басқарылатындарға қатынасы тұрғысынан алғанда, диктатура

болып табылатындығында. «Қазіргі заманғы мемлекеттік билік, – делінген «Коммунистік партияның Манифесінде»7,— бұл тек қана бүкіл буржуазия табының жалпы істерін басқарып отыра­ тын комитет қана». Бұл теорияға сәйкес, біздің демократия деп атап жүргеніміз таптық диктатураның тиісті тарихи жағдайларда ең қолайлы болған бір түрі ғана. (Бұл доктрина бұрынырақ ата­ лып өтілген марксшілдердің ұстамды қанатының алға тартып отырған таптардың тепе-теңдігі теориясымен онша сәйкес келе бермейді.) Мемлекеттің капитализм кезінде буржуазияның дик­ татурасы болатындығына сәйкес, алдағы өтетін әлеуметтік ре­ волюциядан кейін мемлекет пролетариаттың диктатурасына ай­ налады. Дегенмен, Маркске сәйкес, бұл пролетарлық мемлекет буржуазияның қарсыласуы доғарылған сәттен бастап өз қызметін тоқтатуы тиіс. Істің мәні мынада, пролетарлық революция бір тап­ тан тұратын, сол себепті де тапсыз қоғамға әкеліп соғады, онда таптық диктатураның болуы да мүмкін емес. Соныменен, бүкіл қызметтерінен айырылған мемлекет жойылуы тиіс. «Ол жойыла­ ды», – дейді Энгельс8. ІІ Мен Маркстің мемлекет туралы теориясын қорғаудан аулақпын. Оның кез келген саясаттың дәрменсіздігі теориясы, және жекелей алғанда, оның демократияға деген көзқарастары маған жәй ғана қате емес, фатальды қате болып көрінеді. Деген­ мен, оның тапқырлықты, сонымен бірге қатал теорияларының артында қатігездік пен басып-жаншудың әлеуметтік іс-тәжірибесі тұрғанын да мойындау қажет. Менің пікірімше, Маркс, өзі бар құштарлығымен алдын ала болжап, білуге ұмтылған келешекті түсіне алмағанына қарамастан, оның қате теорияларының өзі сол дәуірдің әлеуметтік жағдайларын түбегейлі әлеуметтік талдапзерттегенін куәландырып, оның терең гуманизмі мен әділеттілік сезімінен дерек береді. Маркстің мемлекет теориясы абстрактылыкті және философиялық сипатына қарамастан, өзі өмір сүрген тарихи кезеңге түсінік беру болып табылатындығы сөзсіз. «Өнеркәсіптік революция» деп аталатын алғашқы кезең негізінен «өндірістің материалдық құралдарындағы», яғни, машиналық өндіріс саласындағы революция түрінде өрбіді дейтін толықтай не­ гізделген көзқарас осы теорияның бір бөлігі болып табылады. Кейінірек мұның өзі қоғамның таптық құрылымының өзгеруіне

және жаңа әлеуметтік жүйенің құрылуына әкеліп соқты. Саяси
революцияларды және құқықтық жүйенің басқа да өзгерулерін
алатын болсақ, олар олар әлеуметтік дамудың келесі кезеңінде
ғана жүзеге ассады. «Капитализмінің өсуінің» осы маркстік

түсіндірмеленуіне, оның терең идеологиялық негіздерін аша
білген (бұл, әрине, осы теорияға қарсы бағытталған салмақты
дәлел болды, бірақ, Маркс мұны мүлде түсінген жоқ деуге де
болмайды9) тарихшылар, күмәндана қарағанымен, капиталистік

қоғамды сипаттауға алғашқы ұмтылыс ретіндегі Маркстің бұл
тұғырнамасының құндылығына күмәндануға болмайды. Сол
арқылы Маркс осы салада өз ізбасарларына үлкен көмек көрсетті.
Маркстің талдап-зерттеген кейбір үдерістері заңи іс-шаралармен

саналы түрде қолдап-қуатталды және заңнаманың арқасында ғана
(бұл жөнінде Маркстің10 өзі де айтқан еді) шынайы мүмкін бол­
ды. Алайда, экономикалық даму мен экономикалық мүдделердің
заңнамаға ықпалын алғаш рет анықтаған Маркстің дәл өзі еді, сон­

дай-ақ ол таптық күрестің құралы ретіндегі, әсіресе, «басы артық
халықты» және онымен бірге өнеркәсіптік пролетариатты да пай­
да етудің құралы ретіндегі заңи іс-шаралардың қызметін ашып
көрсетті.

Маркстің еңбектеріндегі көптеген тұстары оның дамытып
отырған ой-пікірлері (оның кейбіреулерін біз жаңа ғана сипат­
тап өттік) заңи-саяси жүйе тек әлеуметтік, яғни, экономикалық
жүйенің үстіне орнатылған «қондырғы»11 ғана деген сенімінің

нығая түскенін көрсетіп отыр. Кейінгі іс-тәжірибенің12 Маркстің
теориясын жоққа шығарғанына қарамастан бұл теория осы кезге
дейін қызығушылық қана тудырып қоймайды, сонымен бірге онда
аздап та болса шындық бар деп болжамдаймын.

Маркстің тарихи тәжірибесі тек қана оның экономикалық
және саяси жүйелердің арасындағы қарым-қатынастарды жал­
пылай көруіне ғана әсер етіп қойған жоқ, сондай-ақ оның кейбір
басқа да көзқарастарына, соның ішінде ол үшін буржуазиялық

диктатураны бүркемелеп тұрған либерализм мен демократияға
көзқарастарына да әсерін тигізді. Маркстің бұл көзқарастары
сол дәуірдің әлеуметтік жағдайының түсіндірмелеулері болды,
ол дұрыс болып көрінді, себебі, қайғылы іс-тәжірибемен үнемі

расталып отырылды. Істің мәні мынада, Маркс әсіресе жас кезін­
де ең аяусыз ұятсыз қанаушылықтың дәуірінде өмір сүрді. Және
осы ұятсыз қанаушылықты адам бостандығының ұстанымдарына,
адамның өз тағдырын өзі анықтау құқығына және өзінің мүддесі

үшін қолайлы деп есептеген кез келген келісім-шартты еркін
жасауға деген құқығына сілтеме жасаған екіжүзді қорғаушылар
бетпақтықпен қорғап отырды.
«Барлық адамдар үшін тең және еркін бәсекелестік» деген

ұранды пайдаланған және ешқандайда заңменен шектелмеген
немесе реттелмеген капитализм 1833 жылға дейін еңбек туралы
қандайда бір заңды қабылдауға табысты кедергі жасап отырды,
соңынан көптеген жылдар бойы мұндай заңның іс жүзінде жүзеге

асуына кедергі келтірді13. Соның салдарынан жұмысшылардың
өмірі біздің заманымызда көзге елестету де қиын, сұмдық
қайыршылықта және үмітсіз түңілушілікте өтіп жатты. Әсіресе,
әйелдер мен балалардың қиналыстары ерекше болды. К. Маркстің

«Капиталынан» екі мысал келтіріп өтейік: «Уильям Вуд, тоғыз
жаста, «жеті жас он айға толғанда жұмыс істей бастаған»... Ол
күн сайын таңғы сағат алтыда келеді және шамамен сағат кешкі
тоғызда жұмысын аяқтайды». «Сонымен, жеті жасар бала үшін

он бес сағаттық еңбек күні!» – делінген 1963 жылғы балалар
еңбегі бойынша комиссияның ресми баяндамасында14. Басқа ба­
лалар жұмыстарын таңғы сағат төртте бастауға немесе түні бойы
таңғы сағат алтыға дейін жұмыс істеуге мәжбүр болды, тіпті алты

жастағы балалар да жиі күнделікті он бес сағаттық ауыр еңбекке
жегілді. «Мэри Анн Уокли басқа да алпыс қызбен бірге, әр бөлмеде
отыз адамнан отырып, үзіліссіз жиырма алты жарым сағат еңбек
етті... Оның қайтыс болу сәтіне тым кеш шақырылған дәрігер Киз

мырза, «Coroner,s Jury» [«мүрделерді қарайтын присяжныйлар»]
алдында ешқандай да тұспалдамастан былай деп көрсетті: «Мэри
Анн Уокли адам аса көп болған шеберханадағы шамадан тыс
еңбектің салдарынан қайтыс болды...». Дәрігерге жақсы үрдістерді

үйретпекші болған «Coroner,s Jury» өзінің қорытынды сөзінде бы­
лай деп жазды: «ол миға қан құйылудан өлді, алайда оның өлімін
адам аса көп болған шеберханадағы шамадан тыс еңбек жеделдетіп
жіберуі мүмкін деген қауіпке де негіз бар...»15. Тіпті 1863 жылы

Маркстің «Капиталды» жазып жатқан кезінің өзінде жұмысшы
табының өмір жағдаяттары осындай болды. Сол кездері көпшілік
шыдамдылықпен қараған, кейбір кездері тіпті кәсіби экономистер
ғана емес, шіркеудің өкілдері де қорғаған осындай қылмыстарға

Маркстің жан-тәнімен қарсы шығуы оған адамзатты бостандыққа
шығарушылардың арасынан мәңгілікке орын алып береді.
Осындай тәжірибені назарға алатын болсақ, Маркстің
ешқашанда либерализмді жоғары бағаламағанын, ал парламент­

тік демократияда буржуазия диктатурасының жасырын түрін ғана көргеніне таңданудың да қажеті жоқ. Жоғарыда келтірілген және соған ұқсас деректердің бәрін ол өзінің құқықтық және әлеуметтік жүйелер арасындағы қарым-қатынастарды талдап-зерделеуін рас­ тайтын деректер ретінде оңай түсіндірмелеуіне болатын еді. Сол кездегі әрекет етіп тұрған құқықтық жүйеге сәйкес теңдік пен бостандық ең болмағанда алғашқы қарағанда орныққан тәрізді бо­ латын. Бірақ шынайы болмыста бұл нені аңғартып тұрды! Соны­ менен, Маркстің экономикалық факторлардың «шынайылығын» табанды түрде жақтағаны үшін және де құқықтық жүйені тек қана қондырғы, шынайы болмысты бүркемелеуші әрі билеуші таптың құралы деп есептегені үшін біз ешқандай жағдайда да кінәлауымыз тиіс. Құқықтық және әлеуметтік жүйелерді қарама-қарсы қою «Ка­ питалда» барынша нақты талданып шығылған. Осы еңбектің бір теориялық бөлігінде Маркс буржуазиялық қоғамның құқықтық жүйесі барынша жетіліскен деген идеалдандырушы болжам­ ды қолдана отырып, капиталистік экономикалық жүйені тал­ дап-зерделеуді жүргізеді. Заң алдындағы бостандық пен теңдік және әділеттілік әрбір адамға кепілденген деп болжамданы­ лады. Артықшылықтарға ие таптар жоқ. Оның үстіне, Маркс экономикалық салада ешқандайда «тонаушылық» жоқ, жұмысшы еңбек нарығында капиталиске сататын жұмыс күшін қоса алғандағы бүкіл тауарлар үшін «әділетті баға» төленеді деген болжамды да қолданады. Тауарлардың бағасының «әділеттілігі» сөзі – бүкіл тау­ арлар оларды өндіру үшін қажетті еңбектің орташа мөлшеріне про­ порциялы түрде сатылады және сатылып алынады деген мағынада қолданылып отыр (егер маркстің терминологиясын қолданатын болсақ, тауарлар ақиқат «құнына»16 сәйкес сатылады және сатып алынады). Әрине, Маркс мұның бәрі – әсіре қарапайымдау екенін білді. Шындығында да, Маркстің пікірі бойынша, жұмысшылармен ешқашанда әділетті қарым-қатынас жасалынбады – оларды әдетте алдайтын. Осы идеалдандырушы болжамдарды қолдана отырып, Маркс, ең жетіліскен құқықтық жүйенің кезінде де экономикалық жүйе жұмысшылардың өз еркіндігін пайдалана алмайтындай бо­ лып әрекет ететіндігін көрсетуге тырысты. Мұндай жетіліскен құқықтық жүйенің бар «әділеттілігіне» қарамастан, жұмысшылар мен құлдарға17 жасаған қарым-қатынастан онша артық емес қарым-қатынас жасалатын болады. Себебі, олар кедей болса, онда өздерін, әйелдері мен балаларын еңбек рыногындағы жұмыс

күшін жаңалап отыруға қажетті нәрселер үшін ғана сататын бо­ лады. Басқаша сөзбен айтқанда, өз жұмыс күші үшін олар тек тірішілік етуге қажетті болмашы талғажаулар үшін ғана сатады. Сол себепті де, қанаушылық — небәрі тонау ғана деп есептеді Маркс. Оны құқықтық құралдармен жою мүмкін емес. (Осы ойпікірлер тұрғысынан П. Прудонның «меншік ұрлық қана» деген сыни тұжырымы тым тайыз болып табылады18.) Бұл тұжырымдар жұмысшылардың құқықтық жүйенің жақсаруына аса сенім артуына болмайтынына Маркстің көзін жеткерді, баршаның білетініндей, ол жүйе байларды да, кедей­ лерді де көшеде қону еркіндігімен теңдей қамтамасыз етеді, «тірішілікке қажетті қаражатсыз» өмір сүруге тырысқандары үшін оларға теңдей қатер төндіреді. Сонымен, Маркс, (Гегельдің тілін қолданатын болсақ) формальды және материалдық бостандықтар арасындағы айырмашылық деп аталатынға келді. Формальды19 немесе құқықтық бостандық (Маркс оны төмен бағалады деуге болмайды), Маркстің адамзаттың тарихи дамуының мақсаты деп есептеген бостандығын кепілдендіру үшін мүлдем жеткіліксіз болып шықты. Шын мәнінде нағыз, яғни, экономикалық немесе материалдық бостандық маңызды. Оған барша адамдарды ауыр еңбектен құтқару арқылы қол жеткізуге болады. «Жұмыс күнінің қысқаруы – (осындай бостандықтың) негізгі шарты». ІІІ Маркстің теориясының осы бөлігіне біз қалай қарауымыз ке­ рек? Маркстің саясат немесе құқықтық институттар жүйесі бо­ лып тұрған жағдайды өзгертуге дұрыстауға қабілетті емес, тек қана терең әлеуметтік революция, «әлеуметтік жүйені» толықтай өзгерту ғана іске көмектеседі дегеніне сенуіміз керек пе? Немесе біздер еркін нарықтық механизмнен орасан зор пайда табуға бо­ латынын атап көрсететін және осыдан нағыз еркін еңбек нарығы оған қатысатындардың бәріне орасан зор табыс әкеледі деп қорытындылайтын, заңдық тұрғыдан шектелмеген, реттелмеген «капиталистік» жүйені қолдайтындарға сенуіміз керек пе? Мен Маркстің сипаттап өткен заңнама арқылы шектелінбеген «капи­ талистік жүйесінің» әділетсіздігі мен жауыздығының ешқандайда күмән тудырмайтындығына сенімдімін. Мұндай жүйенің ерек­ шелігін бұның алдындағы тараудағы20 біз бостандықтың пара­ доксі деп атап өткенді қолдана отырып, жақсы түсіне аламыз. Бостандық, егер ол шектелмеген болса, өз-өзін жоққа шығарады. Шектелмеген бостандық күшті адамның әлсіз адамды қорқытып, бостандығынан айыруын білдіреді. Сол себепті де, біз мемлекеттің

әрбір адамның бостандығы заңмен қорғалуын қамтамасыз ететін­ дей бостандықты шектеуін талап етеміз. Ешкім де басқа біреудің қайырымдылығының арқасында өмір сүрмеуі тиіс, барлық адамдардың мемлекет тарапынан қорғалуға құқығы болуы тиіс. Мен бастапқысында қара күштердің, яғни қорқытып-үркітудің патшалығын талдап-зерделеуге қатысты айтылған осы ой-пікірлер, сондай-ақ экономикалық салаға да қолданылуы тиіс деп есептей­ мін. Тіпті мемлекет өз азаматтарын қара күш қолданып, қорқытудан қорғағанымен (бұл оны, түптеп келгенде, заңи шектелмеген капитализмнің жүйесінде де жасайды), мемлекеттің өз азаматтарын экономикалық билікті шектен тыс қолданудан қорғауға қабілетті болма­ уы себебінен өз мақсаттарымызға қол жеткізе алмай қалуымыз мүмкін. Мұндай мемлекетте экономикалық тұрғыдан күштілер экономикалық әлсіздерді қорқытып, олардың бостандығын тартып алуы мүмкін. Мұндай жағдайда шектелмеген экономикалық бостандық шектел­ меген қара күштің еркіндігі тәрізді өзін-өзі қирататындай болуы мүмкін, ал экономикалық күш қара күшпен зорлап-зомбылау тәрізді аса қауіпті болуы мүмкін. Істің мәні мынада, кімнің қолында басы артық қаражат болса, ашығып жүргендерді ешқандай күш қолданбай, «еркіндікпен» құлдықты қабылдауға көндіруі мүмкін. Егер мемлекет өзінің іс-әрекетін қара күш қолданатындарға тыйым салумен (және жеке меншікті қорғаумен) шектейді деп есептейтін болсақ, мұндай жағдайда экономикалық қуатты азғана топ халықтың басым бөлігін – барлық экономикалық әлсіздерді қанауға салуы мүмкін. Егер бұл талдап-зерттеу дұрыс21 деп есептейтін болсақ, онда бұл қарастырылып отырған әлеуметтік ауруды емдеуге қандай дәрінің қажет екендігі де айқын. Мұндай дәрі біздің қара күш қолдануға қарсы пайда­ ланатынымыз тәрізді, саяси құралдар болуы тиіс. Біз мемлекеттің күшқуатына сүйенетін экономикалық әлсіздерді экономикалық күштілерден қорғайтын әлеуметтік институтты құруымыз керек. Мемлекет ешкімнің де аштан өлуден қорқып, немесе экономикалық құлдыраудан қорқып, әділетсіз қарым-қатынастарға түспеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл, әрине, мемлекеттің экономикаға араласпауы ұстанымы* – яғни, заңи шектелмеген капитализмнің экономикалық жүйесі не­ * «Мемлекеттің экономикаға араласпауы ұстанымы» сөз тіркесі арқылы біз Поппердің «non-іnttrventіon» деген ағылшын терминін аударып отырмыз. Тағы бірнеше қатарлардан соң автор «non-іnttrventіon» терминімен байланысты болған, оның тұғырнамасында маңызды рөл ойнайтын тағы бір терминді — «іnterventіonіsm» енгізеді. Қазақ тілді әдебиетте, әдетте, «интервенциональшылдық» термині қолданылмайды, бірақ, біз оны қолдануды жөн көрдік, себебі, оның мәнін «мемлекеттің экономикаға араласуы ұстанымы, теориясы немесе практикасы» деп баяндап шығу термин үшін тым ұзын-шұбақ боп кетеді. — Редактор мен аудармашының ескертпесі.

гізделетін ұстаным жоққа шығарылуы тиіс дегенді аңғартады. Егер біз бостандықты қорғағамыз келсе, онда шектелмеген экономикалық бостандық саясаты мемлекеттің экономикаға жоспарлы түрде ара­ ласуымен айырбасталуын талап етуіміз қажет. Біз заңи шектелмеген капитализмнің орнын экономикалық интервенционалшылдықтың22 басуын талап етуіміз қажет. Шынайы болмыста да осылай болып жа­ тыр. Маркстің сипаттап өткен және сынаған экономикалық жүйесі өмір сүруін тоқтатты. Алайда, бұл жүйе мемлекеттің өз қызметін бір­ те-бірте доғаратын, соған сәйкес «жойылатын» жүйесімен алмасқан жоқ, ол мемлекеттің экономикалық саладағы қызметтері жекемен­ шікті және «еркін келісім-шарттарды» қорғаудан тыс едәуір кең аймақты қамтитын әрқилы интервенциональшылдық жүйелермен ауысты. (Бұл әлеуметтік өзгерістер үдерісі келесі тарауларда мұқият талданатын болады.) ІV Сонымен, біз өзіміздің сыни талдап-зерделеулеріміздің орталық бекетіне жеттік. Тек осы сәттен бастап біз тарихилылық пен әлеуметтік инженерияның арасындағы қақтығыстардың мәнін және оның ашық қоғамның жақтастарының саясатына әсерін түсіне бастаймыз. Марксшілдік тек ғылым болып қалудан да артыққа қол соза­ ды, тарихи көріпкелдіктен де артығырақты істегісі келеді. Ол іс жүзіндегі саяси іс-әрекеттің негізі болуға ұмтылады. Ол өмір сүріп тұрған капиталистік қоғамды сынайды, және де жақсы әлемге жол көрсете аламын деп сендіреді. Алайда, Маркстің өз теориясына сәйкес біз экономикалық шындықты, мысалы, реформалардың көмегімен қалағанымызша өзгерте алмаймыз. Саясаттың небәрі «туудың қиналыстарын қысқартуға және жеңілдетуге»23 ғана дәрмені жетуі мүмкін. Менің пікірімше, бұл аса кедей саяси бағдарлама, себебі, ол биліктің әрқилы түрлерінің иерархиясын­ да саяси билікке үшінші дәрежелік қана мән береді. Шындығында да, Маркске сәйкес, техниканың дамуы ғана қоғамда шынайы билікке ие, маңызы жағынан биліктің келесі деңгейі – бұл, таптық экономикалық қарым-қатынастардың жүйесі, ал саясат ең соңғы орында ғана. Өз талдап-зерттеулеріміздің нәтижесінде біздің келген по­ зициямыз мүлде қарама-қарсы көзқарасты аңғартады. Мұндай позицияға сәйкес саяси билік іргетастық сипатқа ие. Осы тұрғыдан алғанда, саяси билік экономикалық күш-қуатты бақылап

отыра алады. Мұның өзі саяси іс-әрекет жасау аймағының орасан зор ұлғаюына алып келеді. Біз, айталық, экономикалық әлсіздерді қорғау үшін тиімді саяси бағдарлама жасап шығара аламыз. Біз қанаушылықты шектейтін заңдар шығара аламыз. Біз жұмыс күнін шектей аламыз, бірақ, бұлардан да гөрі артығырақ іс істей аламыз. Заңдардың көмегімен біз жұмысшыларды (ең жақсысы барлық азаматтарды) жұмыс қабілеттерін жоғалту жағдайларынан, жұмыссыздықтан, қарттықтан сақтандыруларды енгізе аламыз. Бұлардың нәтижесінде жұмысшының аштықтан өлуден құтылу үшін, бәріне де келісуге мәжбүр болған, қорғансыз экономикалық жағдайына негізделген қанаудың түрлері жойылады. жұмыс істегісі келгендердің бәріне тірішілік етуге қажетті қаражатты заң арқылы кепілдеуге қабілетті болған кезімізде, (ал, мұны істей алмауға себеп болатын жағдайлар болмаса), онда экономикалық қорқыныштардан және экономикалық қорқытулардан азаматтардың еркіндігі іс жүзінде толық қорғалады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, са­ яси билік экономикалық қорғаудың кілті болып табылады. Саяси билік және оған тән бақылау әдістері — бұлар қоғам өміріндегі ең басты нәрселер. Экономикалық биліктің саяси биліктен үстем болуына жол беруге болмайды. Егер мұндай жағдай туындайтын болса, онда экономикалық билікпен күресу қажет және оны саяси биліктің бақылауына қою қажет. Баяндалып өтілген көзқарастарға сүйене отырып, біз Маркстің саяси биліктің рөлін жете бағаламауын оның экономикалық әлсіздердің жағдайын жақсартудың өте маңызды әлеуетті құралының теориясын дамытуға қажетті назар аудармағанын ғана білдірмейді, сондай-ақ, адамзат бостандығына төніп тұрған аса зор қатерді түсінбегенін көрсетеді. Тапсыз қоғамда мемлекет­ тік билік өз қызметтерін жоғалтады және өзі де жойылады, де­ ген аңғырт көзқарасы, Маркстің ешқашанда бостандық парадок­ сын ұқпағанын, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің бостандық пен адамзатқа қызмет ете отырып, атқара алатын және атқаруы тиіс қызметтерін түсінбегенін көрсетеді. (Солай болса да, Маркстің осы көзқарасы оның таптық санаға ұжымшылдық сілтеме жасауына қарамастан, түптеп келгенде, жекедарашыл болғанын көрсетеді.) Сонымен, Маркстің көзқарастары – бізге ең қажеті «мүмкін­ діктер теңдігі» дейтін либеральдық наным-сенімге ұқсас болып ке­ леді. Мұндай теңдік бізге сөзсіз қажет, дегенмен ол қабілеттері аз­ дау, онша аяусыз емес, аса жолы болғыш еместерді, қабілеттілердің, аяусыздардың, жолы болғыштардың қанауынан құтқара алмайды.

Өз талдап-зерделеулеріміздің барысында ұғынғандарымызға сүйене отырып, біз мыналарды айта аламыз: марксшілдер мұрын шүйіре «таза формальды бостандық» деп атап жүргендері шынтуайтқа келгенде әлеуметтік жүйенің барлық басқа тараптарының іргетасы болып табылады. Осы «таза формаль­ ды бостандық», яғни, демократия немесе халықтың өз үкіметін бағалап отыру және шеттету құқығы, саяси күшті24 асыра сілтеп пайдаланудан өзімізді қорғап отыруға тырысуға болатын бізге бел­ гілі бірден-бір механизм болып табылады. Демократия дегеніміз басқарылатындардың өз билеушілерін бақылап отыруы. Өзіміз анықтағандай, саяси билік экономикалық билікті бақылап отыра алатындықтан және бақылауға тиіс болғандықтан, саяси демократия басқарылатындардың экономикалық билікті бақылап отыруының бірден-бір құралы болып шығады. Демократиялық бақылау жоқ болған жағдайда, үкіметтің өз саяси және экономикалық билігін өз азаматтарының бостандықтарын қорғаудан мүлде алыс жатқан мақсаттарға қолдануына еш тосқауыл болмайды. V Марксшілдер шынында да «формальды бостандықтың» іргетастық рөлін байқамай қалды. Олар формальды демократия жеткіліксіз деп есептейді, және оны өздері «экономикалық демок­ ратия» деп атағандарымен толықтырғысы келді. Бұл – «таза фор­ мальды бостандық» демократиялық экономикалық саясаттың бір­ ден-бір кепілі болып табылатындығын көзден тасалайтын екіұшты және мән-мағынасыз сөз. Маркс экономикалық биліктің маңызын ашты, сол себепті де оның осы биліктің маңызын тым асырып жібергені де түсінікті. Маркстің өзі де, марксшілдер де экономиканың билігін барлық жерден көреді. Олардың дәлелдері мынандай: кімнің ақшасы бол­ са, соның бостандығы болады, себебі, қажетті жағдайда ол қаружарақ та, тіпті, гангстерлерді де сатып ала алады. Алайда, бұл, екіұшты дәлел. Іс жүзінде ол, – құралы бар адам билікке де ие, деп мойындауды да қамтиды. Егер де құралы бар адам мұны түсінсе, көп ұзамай оның құралы да, ақшасы да бар болады. Маркстің дәлелдерін заңмен шектелінбеген немесе реттелмеген капита­ лизмге, белгілі бір деңгейде, қолдануға болады. Шындығында да, қару-жарақ пен қылмысты бақылайтын институттар құрған, бірақ, ақшаның билігін назардан тыс қалдырған өкімет, толықтай ақшаның ықпалына түсуі мүмкін. Мұндай мемлекетте байлардың

бақылаусыз қарақшылығы үстемдік құруы мүмкін. Алайда, менің пікірімше, Маркстің өзі бұның барлық мемлекеттер үшін дұрыс болмайтындығын алғашқы болып мойындар еді. Тарихта кез кел­ ген қанаушылықтың тікелей әскери күштің билігіне негізделген тонаушылық болған дәуірлері де бар. «Тарихтың алға дамуы» адамдарды қанаудың осындай тікелей түрін мәңгілікке жойып жі­ берді деген аңқау көзқарасқа осы күндері сенетіндер аз екені бел­ гілі. Мұндай көзқарасты жақтаушылар формальды бостандық бір кездері орныққан екен, демек, қанаушылықтың осындай қарабайыр түрлерінің қайта келуі мүмкін емес деп қате ойлайды. Түптеп келгенде баяндалып өтілген ой-пікірлер, экономикалық билік табиғи билікке немесе мемлекеттің билігіне қарағанда ір­ гелірек болады дейтін тұжырымға негізделген қасаң доктринаны жоққа шығаруға жеткілікті. Дегенмен, басқаша да ой-пікірлер бар. Әрқилы авторлардың (олардың арасында Бертран Рассел және Уол­ тер Липман25 да бар) дұрыс атап өткеніндей, дәл мемлекеттің бел­ сенді түрде араласуы — жеке меншікті физикалық санкцияларға сүйенетін заңдармен қорғау, — байлықты биліктің әлеуетті көзіне айналдырады, себебі, мұндай араласу болмаған жағдайда адам көп ұзамай өз байлығынан айырылар еді. Сол себепті де экономикалық билік толықтай саяси және материалдық (физикалық) күштерге тәуелді болады. Б. Рассел осы тәуелділікті көрінектемелейтін тарихи мысалдарды келтіреді және кей кездері байлықтың дәрменсіздігін көрсетеді: «мемлекеттегі экономикалық билік, түптеп келгенде, заңдардан және қоғамдық ой-пікірден туындайтынына қарамастан белгілі бір тәуелсіздікке оңай қол жеткізеді» деп жазады ол26. Жемқорлықты пайдалана отырып, ол заңдарға ықпал ете алады, ал насихаттың көмегімен қоғамдық пікірге әсерін тигізеді. Ол саясат­ керлерді өздерінің бостандықтарына қарама-қайшы келетін мін­ деттермен байлап-матап тастай алады. Ол қаржылық дағдарысты туындатамын деп қорқытуы да мүмкін. Дегенмен, оның қолын жеткізе алатынының белгілі бір нақты шектері бар. Цезарьге билік басына келуге оған несие бергендер көмектесті. Олар өз ақшаларын қайтарудың бірден-бір жолы Цезарьдың билікке келуі деп есептеді. Алайда, Цезарь өзінің қалағанына қол жеткізген кез­ дері оларды жеңе алатындай дәрежедегі күшке ие болды. Карл V императорлық дәрежені сатып алуға қажетті ақшаны Фуггерлер­ ден қарыз алды, алайда, император болып алғаннан соң, олармен санасуды қойды, және де Фуггерлер бүкіл оған салғандарынан айырылып қалды».

Экономикалық билік бүкіл жаманшылықтардың басы дейтін қасаң қағиданы жоққа шығару керек. Оның орнын бақылаусыз биліктің кез келген түрінен қауіп-қатердің туындайтындығын түсіну басуы тиіс. Өздігінен алғанда, ақша онша қауіпті емес. Ақшаға, тікелей немесе өмір сүруі үшін өздерін сатуға мәжбүр болған экономикалық әлсіздерді қанау арқылы билікті сатып алуға болатын жағдайда ғана ақша қауіпті болады. Осы бір әлеуметтік жағдайлар жөнінде біздер Маркстен де гөрі материалистік ойлауымыз қажет. Біз табиғи билікті және табиғи қанаушылықты бақылау ең басты саяси мәселе болып табылатындығын түсінуіміз қажет. Мұндай бақылауды жүзеге асы­ ру үшін біз «таза формальдық бостандықты» орнатуымыз тиіс. Біз осыған қол жеткізген кездері, яғни саяси билікті бақылап отыру үшін формальды бостандықты пайдалануға қабілетті болған кезімізден бастап-ақ бүкіл қалған нәрсенің барлығы өз мойнымызға түседі. Бұдан әрі қарай біздер басқа бір әлдебіреулерді кінәламауымыз ке­ рек, сондай-ақ сахнаның сыртындағы қылмыстық-экономикалық қара күштерге кінә артпауымыз керек. Істің мәні мынада, демократияның тұсында осы қара күштерді бақылап отырудың кілті өз қолымызда болады. Біз оларды қолға үйрете аламыз. Біз осыны түсінуіміз керек және сол кілтті қолдана білуге тиіспіз. Біз экономикалық билікті бақылайтын демократиялық институттарды және өзімізді экономикалық қанаушылықтан қорғайтын институт­ тар құруымыз тиіс. Марксшілдер насихат құралдарын сатып алу арқылы неме­ се тікелей сайлаушылардың дауыстарын сатып алу жөнінде көп шулаған болатын. Дегенмен, бұл мәселені мұқият талдап-зерттеу­ лер оның біз бұрынырақта талдап өткен биліктік-саяси жағдайдың бір мысалы екендігін көрсетті. Біз формальды бостандыққа қол жеткізген сәттен бастап-ақ сайлаушылардың дауыстарын сатып алуды табысты бақылап отыра аламыз. Айталық, сайлау науқанына кететін шығындарды шектейтін заңдар да бар, және осы типтегі27 заңдардың қатаңырақ түрлерін енгізу мәселесін қарастыру өз ісіміз болмақ. Соныменен құқықтық жүйені өзімізді қорғаудың қуатты құралына айналдыруымызға болады. Оның үстіне біз қоғамдық пікірге әсер ете отырып, саяси істердегі қатаңырақ моральдық дәстүрлерді енгізуді талап етуімізге болады. Біз бұлардың бәрін істей аламыз. Дегенмен, алдымен біз осы тәріздес әлеуметтік инженерияның — біздің міндетіміз екенін, оның біздің билігіміз­ де екенін ұғынуымыз қажет. Біздер экономикалық сілкіністер

қандайда бір құпия жолмен бізге жаңа экономикалық әлем жасап бермейтіндігін және ондай әлемге жетудің жолы ескі саяси жабын­ дыны жою екендігін түсінуіміз тиіс. VІ Әрине, іс жүзінде марксшілдер саяси биліктің дәрменсіздігі доктринасына ешқашанда толықтай арқа сүйеген емес. Өз ісәрекеттерін жоспарлауға немесе әрекет жасауға мүмкін болған дәрежеде олар, әдетте, басқалар сияқты саяси билікті экономикалық билікті бақылап отыру үшін қолдануға болады деп болжамдады. Дегенмен, олардың жоспарлары мен іс-әрекеттері ешуақытта да өздерінің бастапқы саяси билік теориясынан анық бас тартуға негізделген емес. Кез келген саясаттың ең іргелі мәселесі, нақты айтқанда — бақылаушыларға бақылау орнату мәселесі, мемле­ кеттегі биліктің қауіпті түрде шоғырлануы мәселелеріне мұқият әзірленіп шыққан қандайда бір көзқарастарға негізделген емес. Марксшілдер осындай бақылауды жүзеге асырудың бірден-бір жақсы белгілі құралы ретіндегі демократияның бүкіл маңызын со­ лайымен түсінген жоқ, басқалары сол күйінде түсінбестен қалды. Соның салдарынан, марксшілдер мемлекет билігін аса күшейту саясатының қауіптілігін түсіне алған жоқ. Саясаттың дәрменсіздігі доктринасынан саналы емес болса да бас тартқан олар мемлекет билігі мәселесі маңызды болып табылмайды дейтін көзқарастарын сақтап қалды. Олар өкімет билігі тек қана буржуазияның қолында болғандықтан да жаман деп есептеді. Өздерінің пролетариаттың диктатурасы формуласының жақтаушылары болып қалған марк­ сшілдер кез келген биліктің — соның ішінде саяси биліктің экономикалықтан кем емес дәрежеде қауіпті екенін сол күйі түсінген жоқ. Шындығында да, марксшілдер кез келген кең аумақтағы саясат тұлғалық емес институционалдық болуы тиіс дейтін ұстанымды (сегізінші тарауды қараңыз) ұға алған жоқ. Олар мемлекеттік биліктің (Маркстің мемлекет туралы көзқарастарына қарама-қарсы) өкілеттіктерінің ұлғаюын даурыға талап еткен кездері осындай ұлғайған билікті жаман адамдардың иеленіп ке­ туі мүмкін екендігін назарға алмайды. Марксшілдер мемлекеттің араласуы туралы мәселені қарастыруды бастаған кезде-ақ — олар мемлекетке экономика саласында, іс жүзінде, шексіз билік беріп қоюды жоспарлауының себебі бір жағынан осында болып табы­ лады. Олар тек мүлде жаңа «әлеуметтік жүйе» ғана болып тұрған жағдайды түбегейлі жақсарта алады дейтін Маркстің холистік және утопиялық тұжырымын сақтап қалды.

Мен тоғызыншы тарауда әлеуметтік инженерияға осындай
утопиялық және романтикалық көзқарастарды сынап өттім, бірақ
оған мыналарды қосып қойғым келеді: экономикалық жөнсіз ара­
ласу, тіпті, біздің ұсынып отырған әлеуметтік инженерияның бір­

те-біртелік, кезең-кезеңдік әдістерінің өзі мемлекеттік биліктің
бақылаусыз ұлғайып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сол себеп­
ті де, интервенционизм өте қауіпті. Бұл, әрине, оған қарсы ше­
шуші дәлел бола алмайды, себебі, мемлекеттік билік әрдайымда

қауіпті, бірақ қажетті жаманшылық болып қала береді. Алайда,
келесі маңызды ескертуді әрдайымда есте ұстау керек: егер біз
қырағылығымызды әлсіретіп алсақ, егер мемлекетке интервенци­
онистік «жоспарлаулар» арқылы көп билік беріп қойсақ, соныме­

нен бір мезетте демократиялық институттарымызды күшейтпесек,
онда бостандығымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Егер
бостандықтан айырылсақ, онда «жоспарлауларды» қоса алғандағы
барлық нәрселерден айырыламыз. Шындығында да, адамдардың

игілігіне қатысты жоспарлар, егер сол адамдардың оны қамтамасыз
етуге билігі болмаса, қалай орындалмақ? Тек бостандық қана
қауіпсіздікті сенімді ете алады.
Соныменен, тек қана бостандық парадоксі ғана емес, сондай-

ақ мемлекеттік жоспарлау парадоксі де бар екенін көріп отыр­
мыз. Егер біз өте көп жоспарлайтын болсақ, яғни мемлекетке тым
үлкен билік беретін болсақ, онда бостандықтың өзі жойылады, бұл
жоспарлаудың өзін жоққа шығарады.

Бұл айтылған ой-пікірлер утопиялық немесе холистік әдістерге
қарама-қарсы қойылған әлеуметтік инженерияның бірте-біртелік,
кезеңдік әдістеріне өтуге шақыруымызға бізді қайта оралтады.
Сондай-ақ қандайда бір идеалдық қайырымдылықты орнату үшін

емес, нақты жаманшылыққа қарсы күресу үшін іс-шараларды жос­
парлау керек дейтін талабымызға қайта оралтады. Мемлекеттік
килігіп араласу бостандықты қорғау үшін шын мәніндегі қажетті
дәрежемен шектелуі тиіс.

Соныменен бірге біздің ұсынып отырған шешімдеріміз ба­
рынша аз болуы тиіс, біздің қырағы болуымыз керек, сондай-ақ
мемлекетке бостандықты қорғауға қажетті дәрежеден артық билік
бермеуіміз керек деп айтудың өзі жеткіліксіз. Мұндай талаптар

оларды шешудің жолдарын көрсетпейді, тек небәрі мәселелерді
алға тартады. Мұндай мәселелердің шешімдерінің мүлде болма­
уы да мүмкін. Шындығында да күші өз азаматтарының күшімен
салыстырғанда тым қауіпті түрде көп болған мемлекеттің жаңа

экономикалық билікті иеленуі оған қарама-қарсылықты пайда­ сыз етуі де мүмкін. Осы кезге дейін ешкім де бостандықты сақтап қалуға болатынын дәлелдеген жоқ қой және оны қалай сақтауға болатынын көрсеткен жоқ. Сол себепті де, біздің 7-тараудағы саяси билікті бақылау және бостандық парадоксы туралы мәселелерге қатысты ой-пікір­ лерімізді еске алу пайдалы болмақ. VІІ 7-тарауда біз тұлғалар (адамдар) мен институттар арасындағы маңызды айырмашылықты көрсеттік. Бүгінгі күннің саяси мәселелері жиі-жиі жеке шешімдерді қажет еткенімен, бүкіл ұзақ мерзімдік саясат – әсіресе, кез келген демократиялық ұзақ мер­ зімдік саясат – тұлғаландырылмаған емес институттардың аясын­ да жасалып шығуы тиіс екенін атап көрсеттік. Жекелей алғанда, билеушілерді бақылау және олардың билігін тексеру мәселесі не­ гізінен институтционалдық мәселе, яғни, жаман билеушілердің аса көп зиян келтірмеуін бақылайтын институттарды жобалау мәселесі болып табылады. Мемлекеттің экономикалық билігін бақылау мәселесіне де осы ой-ұсыныстарды қолдануға болады. Біз билеушілердің билігінің тым күшейіп кетуінен сақтануымыз керек. Біз жеке тұлғалар мен олардың зорлығынан сақтануымыз керек. Бір типтегі институттар қандайда бір тұлғаға шексіз билік беруі мүмкін, бірақ, басқа типте­ гі институттар сол тұлғадан ол билікті қайтып алуы мүмкін. Егер еңбек туралы заңнамаға біз осы тұрғыдан қарайтын болсақ, одан біз екі типтегі де институтты көреміз. Еңбек туралы заңдардың көбі мемлекеттің атқарушы органдарына азғана ғана билік береді. Әрине, балалар еңбегіне қарсы заңдарды шенеунік күнәсіз азаматты қорқыту және бағындыру үшін жөнсіз қолдануы мүмкін. Дегенмен, мұндай қауіпті, егер оны билеушілерге еңбекті тікелей басқаруға28 дискрециялық билік беретін заңдардың қауіптілігімен салыстыратын болсақ, аса шынайы қабылдауға да болмайтын сияқты. Осыған ұқсас, азамат өзінің жеке меншігін шектен асыра пайдаланған кездері, ол меншікті тәркілеумен жа­ залауды белгілейтін заңдар, билеушілер немесе мемлекеттік шене­ уніктерге өз азаматтарын реквизициялау бойынша дискрециялық билік беретін заңдармен салыстырғанда едәуір қауіпсіз болып та­ былады.

Соныменен, біз мемлекеттің экономикаға араласуының екі мүлде әртүрлі әдістерін29 ажырататындай болдық. Олардың алғашқысы — қорғаушы институттардың «құқықтық құрылымын» жобалау әдісі (жануарларды немесе жерді иеленушілердің билігін шектейтін заңдар соның мысалы бола алады). Екіншісі — бірша­ ма уақытқа мемлекеттік органдарға олардың өздері билеушілердің қойған мақсаттарына жетуге қажет деп есептеген белгілі бір шек­ те еркін іс-әрекет жасауына мүмкіндік беру әдісі. Біз алғашқы әрекетті «институционалдық» немесе «жанама» араласу деп, ал екіншісін — «жеке» немесе «тікелей» араласу деп атауымызға бо­ лады. (Әрине, аралық жағдайлар да кездеседі.) Демократиялық басқарудың тұрғысынан қарағанда, бұл әдістердің қайсысының артық екендігі сөзсіз белгілі. Кез кел­ ген демократиялық араласу саясаты мүмкін болған барлық жер­ де де бірінші әдісті қолдануда және екінші әдісті бірінші әдісті қолдануға болмайтын тұстармен ғана шектеуде болса керек. (Мұндай жағдайлар болады. Мұның классикалық мысалы — бюд­ жет, яғни қаржы министрінің іс-әрекетінің еркіндігі және оның нені әділетті, әрі бұрмалаусыз деп есептейтіндігінің түсінігі. Экономиканың дамуының кезең-кезеңдігінің жаман салдарларын жұмсарту бойынша іс-шаралар осындай сипатта болуы мүмкін, әрине, бұл бұлай болмағаны дұрыс болса да.) Бірте-біртелік, кезең-кезеңдік әлеуметтік инженерияның тұрғысынан осы екі әдістің арасындағы айырмашылық барынша маңызды болып табылады. Тек алғашқысы — институционалдық әдіс қана — тиісті пікірталастардың және іс-тәжірибенің нәтижелеріне сүйене отырып, жақсартуларды жүргізуге мүмкіндік береді. Тек сол ғана біздің саяси іс-әрекеттерімізге қолданып көру және қателесу әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Ол ұзақ мерзімдік болып табылады. Шындығында да, ұзақ мерзімнен бері әрекет етіп келе жатқан құқықтық құрылымды осы құрылымның басқа бөліктерінің өзгерулерінің себебінен болуы мүмкін, алдын ала ес­ керілмеген және қажетсіз салдарларды есепке алып отыру үшін бірте-бірте өзгерту керек. Тек институционалдық әдіс қана біздің араласуларды жүзеге асыра отырып, белгілі бір мақсатты көздей оты­ рып, шындығында да, нені істеп қойғандығымызды тәжірибе мен талдап-зерттеулердің нәтижесінде байқауымызға мүмкіндік береді. Билеушілердің немесе мемлекеттік шенеуніктердің дискрециялық шешімдері мұндай ақыл-саналық әдістердің шеңберінен тыс жата­ ды. Олар күннен-күнге немесе ең жақсы жағдайдың өзінде жыл­

дан-жылға өзгеріп отыратын қысқа мерзімдік өтпелі шешімдер
болып табылады. Әдетте, қажетті ақпараттың жетіспейтіндігінен
және осы шешімдерді қабылдауға негіз болған ұстанымдардың
анық еместігінен бұл шешімдерді көпшілік алдында талқылау да

мүмкін емес (бұған кірмейтін ең маңызды нәрсе бюджет болып та­
былады). Оның үстіне мұндай ұстанымдар болған күннің өзінде
олар әдетте, институционалданбаған, ал өмір сүріп тұрған шене­
уніктік дәстүрлердің бір бөлігі болып табылады.

Тек көрсетілген мәнде ғана емес, сондай-ақ басқа бір өте
маңызды мәнде де алғашқы әдіс рационалды, ал екіншісі ирра­
ционалды деп сипатталуы мүмкін. Жекелеген азамттар құқықтық
құрылымды тануы және түсінуі мүмкін, ол құрылым түсінікті

болатындай етіп жобалануы тиіс. Ол қоғамдық өмірге сенімділік
және қауіпсіздік факторын енгізеді. Ал мұндай құрылымдар
өзгерген кездері өтпелі кезеңнің дәуірінде өз жоспарларын осы
құрылым өзгермейді деп есептеп құрған жеке адамдарға кепілдік­

тер қарастырылуы тиіс.
Бұған қарама-қарсы жеке араласу әдісі әлеуметтік өмірге үнемі
ұлғайып отыратын алдын ала білмеушілік элементін сөзсіз енгізеді,
сол арқылы әлеуметтік өмірдің қауіптілігі және иррационалдылығы

сезімін ұлғайтып отырады. Дискрециялық билікті пайдалану,
ол кең қолданыла бастаған кезден бастап-ақ тез даму үрдісіне
ие болады, себебі, биліктік шешімдерді түзетіп отыру қажет, ал
дискрециялық қысқа мерзімдік шешімдерді институционалдық

құралдардың көмегімен түзету көбіне-көп мүмкін емес болады.
Бұндай үрдіс жүйенің иррационалдылығын едәуір ұлғайтады,
көптеген адамдарға тарих сахнасының сыртынан қандайда бір жа­
сырын күштер әрекет етіп тұрғандай әсер қалдырады, сол арқылы

адамдарды қоғамның астыртын сөз байласу теориясын қабылдауға
итермелейді, оның салдарлары да белгілі — еретиктерді қуғындау,
ұлттық, әлеуметтік және таптық жауығулар.
Институттық әдістерді мүмкін болған жердің бәрінде де артық

көрудің сөзсіз екендігі белгілі болса да, ол баршалай қабылданған
емес. Мұндай саясатты қабылдауға қабілетсіз болу, менің
пікірімше, әрқилы себептерден туындап отыр. Ондай себептердің
бірі «құқықтық құрылымды» ұзақ мерзімдік қайта жобалау мін­

детіне кірісу үшін үкіметке тиісті дәрежедегі тәуелсіздік қажет.
Алайда, үкіметтер, әдетте, бір тапқанын бір тапқанына әрең жалғап
күн көріп жатады, ал дискрециялық өкілеттіліктер олардың өмір
сүру әдісі болып табылады (Билеушілердің мұндай өкілеттерді өз

бетінше жақсы көретіндігін айтпағанда). Дегенмен, ең маңызды себеп, осы екі әдістің арасындағы айырмашылықтардың маңызын түсінбеуде болып отыр. Айталық, Платонның, Гегельдің және Маркстің ізбасарларының оларды түсінуіне жол жабық. Ескі «Кім билеуі тиіс?» деген сұрақты «Біз оны қалай шідерлеп ұстай ала­ мыз?» деген шынайырақ сұрақпен ауыстыру қажет екендігін олар ешқашанда түсіне алмайды. VІІІ Егер Маркстің саясаттың дәрменсіздігі және тарихи күштер билігінің дәрменсіздігі теориясына қайта оралатын болсақ, онда біз теорияның толықтай алғанда өте әсерлі құрылым бо­ лып табылатындығын мойындауымыз қажет. Ол Маркстің әлеуметтік әдісінің, экономикалық тарихилылығының, сондай-ақ, экономикалық жүйенің дамуы немесе адам метаболизмі адамзаттың әлеуметтік және саяси дамуын анықтайды дейтін доктринасының тікелей нәтижесі. Маркстің тәжірибесі, оның гуманистік ашу-ыза­ сы, қаналғандарды өзінің көріпкелдігі арқылы жұбату, үміттендіру, тіпті жеңіске деген сенімді сезіндіруі – осылардың бәрі Маркстің, Платон мен Гегельдің холистік жүйелерімен салыстыруға бола­ тындай, тіпті одан асып түсетіндей орасан көлемді философиялық жүйесінде біріктірілген. Маркстің реакционер болмағандығы ғана философия тарихшыларының оны назардан тыс қалдыруына себеп болды, олар Марксті негізінен насихатшы деп есептеді. Бір кездері «Капиталдың» пікіршісі былай деп жазды: «Бір қарағанда... Маркс үлкен идеалист-философ, оның үстіне, осы сөздің «немісше», яғни, нашар мағынасында. Шындығында ол өзінен алдыңғылармен салыстырғанда, анағұрлым көп дәрежедегі реалист...»30. Бұл ре­ цензент өте дәл айтып отыр. Маркс ұлы холистік жүйелерді құрылымдаушылардың соңғысы болды. Біз оның алдағы кезеңде де сондай болып қалуы үшін күш салуымыз керек және оның жүйесін басқа тағы бір ұлы жүйемен алмастыруға тырыспауымыз тиіс. Дегенмен, бізге холизмінің қажеті жоқ. Бізге бірте-біртелік, кезең-кезеңдік әлеуметтік инженерия қажет. Мен осымен Маркстің әлеуметтік ғылымдардың философиялық әдістемесін, экономикалық детерминизмін және тарихи көріпкелдігін сыни талдап-зерделеуімді аяқтаймын. Кез келген әдісті соңғы сынау – оның іс жүзіндегі нәтижелері болуы тиіс. Сол себепті де мен Маркстің әдісінің басты нәтижесі — тапсыз қоғамның жақындап келе жатқаны жөніндегі көріпкелдігін жілік­ теп, мұқият талдап-зерделеуге өтемін.

18-тарау. СОЦИАЛИЗМНІҢ КЕЛУІ ІV Менің сыным туралы кең көлемдегі тарихи көріпкелдіктер әдісіне қарама-қарсы бағытталған ба деген сұрақ туындауы мүмкін. Көріпкелдік дәлелдердің алғышарттарын барынша күшейту арқылы негізделген қорытынды шығаруға бола ма? Әрине, бұлай жасауға болады. Егер біршама үлкен болжамдарға жол берсек, әрдайымда өзіміз қалаған қорытындыны алуға болады. Алайда, бұл жерде төмендегідей жағдайға кезігіп тұрмыз, — кез келген кең көлемдегі тарихи көріпкелдіктер үшін экономикалық факторларға сыйдыруға келмейтін, Маркстің «идеологиялық» деп атаған, моральдық және басқа да факторлары бойынша болжамдарға жол беруге тура келер еді. Сол себепті де, Маркс бірінші болып мұндай дәлелді ғылыми емес деп мойындар еді. Оның көріпкелдік әдісі, идеологиялық факторлар қоғамдық өмірдің тәуелсіз және алдын ала біліп айтуға болмайтын элементі деп есептеуге болмайды, де­ ген болжамға толықтай негізделген. Оларды бақыланып отырылған экономикалық жағдайларға әкеліп тіреуге болады, және соларға тәуелді, демек, алдын ала біліп отыруға болады. Солай болғанымен де, кейбір өзге пікірдегі марксшілдер социализмнің келуі жай ғана табиғи тарихи дамудың нәтижесі бо­ лып табылмайды дегенді кейде қолайды. Маркстің социализмнің пайда болуының «туу толғағын біз қысқарта немесе азайта ала­ мыз» деген мәлімдемесі онша анық емес айтылған. Оны қате са­ ясат социализмнің келуін ғасырларға кері шегереді, ал, дұрыс саясат оның келуін барынша тездетеді деп түсіндірмелеуге бо­ лады. Егер осылай түсіндірер болсақ, онда марксшілдердің өзі революцияның нәтижесінде социалистік қоғам құрыла ма не­ месе жоқ па деген мәселенің едәуір дәрежеде өзімізге тәуелді екенін мойындауы мүмкін. Басқаша сөзбен айтқанда, оның нәтижесі біздің мақсаттарымызға, ортақ іске берілгендігімізге, адалдығымыз бен ақыл-парасатымызға, яғни моральдық немесе «идеологиялық» факторларға тәуелді болады. Мұндайда марксшіл­ дер Маркстің көріпкелдігі — моральдық күш-жігердің ұлы баста­ уы болмақ, демек, социализмнің дамуын жеделдете алады дегенді де қосуы мүмкін. Шындығында да, Маркс қоғамның дамуының екі мүмкіншілігі бар екенін: алғашқысы — осы бір жеркенішті әлемді мәңгіге сақтап қалу, ал екіншісі — жаңа жақсы әлемді туындату екенін көрсетуге тырысты. Біздің дәуірімізде алғашқысын шынайы

деп болжамдаған дұрыс емес сияқты, демек, Маркстің көріпкелдігі
толықтай расталып отыр. Екінші мүмкіншілікке қол жеткізуге бо­
латынын адамдар анық түсінген сайын, олардың капитализмнен
социализмге шешуші қадам жасайтын болу мүмкіншілігі ұлғаяды.

Бұдан да анығырақ көріпкелдікті жасау да мүмкін емес.
Экономикаға әкеліп тірелмейтін моральдық және идеологиялық
факторлардың тарихтың барысына әсері мойындалатын дәлелдеме
осындай. Демек, Маркстің әдісі қоғамды талдап-зерделеуге жа­

рамайды. Осы дәлелдеменің шеңберінде кей кездері марксшіл­
дікті қорғауға тырысып жатады. Соған байланысты — ешкім де
ешқашанда тек қана екі мүмкіншілік — «капитализм» мен «со­
циализм» ғана бар екенін дәлелдемегенін тағы да қайталап айту

керек. Біздің әлеміміздің өте қанағаттанғысыз жағдайын мәңгіге
созу жөнінде ой ойлай отырып, уақытты жоғалтпауымыз тиіс де­
ген пікірмен толықтай келісемін. Алайда, көріпкелдіктен хабары
бар жақсы әлемнің келуін күту немесе оның туылуына насихат

арқылы, басқа да ақыл-санаға сыймайтын құралдар арқылы, тіпті
күш қолданумен көмектесу міндетті түрде балама болып табылмай­
ды. Айталық, өзіміз өмір сүріп тұрған әлемді тікелей жақсартудың
технологиясын жасап шығуға, әлеуметтік инженерияның әдістерін

бірте-біртелік реформалар әдісін дамытуға және экономикаға
демократиялық әсер етуді жүзеге асыруға болады ғой. Бұған марк­
сшілдер, әрине, мұндай әсер ету мүмкін емес, себебі, тарихты
әлемді ақыл-саналық жақсарту жоспарына сәйкес жасап шығуға

болмайды деп қарсы дәлел айтады. Мұндай қарсы дәлелден аса бір
оғаш салдарлар туындайды. Егер ақыл-сана арқылы ешнəрсені де
түзете алмайтын болсақ, онда шындығында да, тарихтың ақыл-са­
надан тыс күштері жақсы әрі саналырақ әлемді13 жасап шығатын

болса, мұның өзі тарихи немесе саяси құдіретті оқиға болған болар
еді.
Соныменен, Маркстің ғылыми көріпкелділігі жоққа шығарып
отырған моральдық және басқа да идеологиялық факторлар

тарихтың барысына ұзақ уақыт әсер етеді деген көзқарастарға біз
қайтадан оралып отырмыз. Осындай алдын-ала біліп болмайтын
факторлардың бірі әлеуметтік технологиялардың қоғамға әсері
және экономикаға саяси араласу болып табылады. Әлеуметтік

технолог және әлеуметтік инженер жаңа институттардың
құрылымдарын жоспарлап шығуы мүмкін немесе ескі институт­
тарды жаңғыртуы мүмкін, олар тіпті осындай өзгерістерді жүзеге
асырудың құралдары мен әдістерін де жоспарлауы мүмкін. Де­

генмен, «тарих» мұндай әрекеттердің нәтижесінде алдын ала болжап білуге болатындай бола түспейді. Себебі, бүкіл осы жос­ парлар бүкіл қоғамға толықтай қатысты болмайды, оның үстіне осы жоспарлардың авторлары өздерінің жоспарлары қандайда бір кездері жүзеге аса ма, аспай ма, соны білмейді. Шындығында да, мұндай жоспарлар қандайда бір кездері өте маңызды өзгертулерсіз жүзеге аса қоюы қиын — оның себебі, ішінара алғанда, біздің істәжірибеміз осындай құрылымдаулардың кезінде жинақталады, сондай-ақ жекелей алғанда, біз өзіміздің даму барысымызда өзара ымырашылдыққа14 көнуге мәжбүр боламыз. Сол себепті де, Маркс «тарихты» қағаз бетінде жоспарлауға болмайды, бірақ қоғамдық институттарды жоспарлауға болады және олар іс жүзінде жос­ парланып та жатыр деген кездері толықтай дүрыс айтып отыр. Тек қана бостандықты, әсіресе, қанаушылықтан азаттықты қорғауға қажетті қоғамдық институттарды бірте-бірте жоспарлай отырып15, біз жаңа әлемге қол жеткізуге үміттене аламыз. ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР 14 тарау 1 К.Маркстің «Саяси экономияға сынға» «Алғысөзі», және де 13 тар. 20. еск. және 15 тар. 13 еск. мәтінінде және 16 тар. 4 еск. – Н.о.М., 372 (= Саріtаl, XVІ б) - (МЭ, 13;7) дәйектелінген. Және де Маркс К. және Энгельсті Ф. қар. Неміс идеологиясы (Н.О.М., 213 = GA, Serіes 1, vol. V, 16): «Тіршілікті сана емес, тіршілік сананы анықтайды» (МЭ, 3; 25). 2 13 тар. 19 еск. қар. 3 Gіnberg M. Socіology. Home Unіversіty Lіbrary. 130 б. және ке­ лесіні қар., онда бұл мәселе ұқсас кең мәтінде талқыланады, бірақ Маркске сілтеме жасалмаған. 4Мысалы, Zoology Lcafler, 10. Chіcago, of Natural Hіstory, 1929. қараңыз. 5 Институционалшылдыққа байланысты, 3 тарауды (9,10 ескер. мәтінін) және 9 тарауды қар. 6 Mіll J.S. A Sustem of Logіc, VІ кітап, ІX тарау § 3 (орысша аудармасы: Дж.Ст.Миллъ. Силлогистикалық және индуктивті қисындар жүйесі. Ғылыми зерттеу әдісіне байланысты дәлелдеу ұстанымдарын мазмұндау. — М.: Г.А.Леман баспасы, 1914, 819 б.) (Және де 13 тараудағы 16— 18 ескерт. қар.)** Дж.Ст.Милльдің «Логика жүйесін...» дәйектегенде біз кейбір жағдайларда осы

жұмысты қазақшаға аударғанда қолданатын азғана түзетулер ен­ гіздік. — Редактор мен аудармашының ескерт. ** 7 Mіll J.S. Op. Cіt, VІ кітап, VІ-тарау, §2 (орысша аудармасы: Дж.Ст.Мим. Сонда, 796—797 б.). 8 Mіll J.S. Op. Cіt, VІ кітап, VІІ-тарау, §1 (орысша аудармасы: Дж.Ст.Миллъ. Сонда, 798 б.). «Жеке дарашыл әдістемелік» және «Ұжымдық әдістемеліктің» арасындағы қарама-қарсылыққа қатысты Ғ.А. von Hayek. Scіentіsm and the Study of Socіety. Part ІІ, Sectіon VІІ//Economіca, 1943, 1 б. және келесі қар. 9 Осы және келесі дәйектемелер Mіll J.S. Op. Cіt, VІ кітап, Х-та­ рау, § 4 альшған (орысша аудармасы: Милль Дж.Ст. Сонда, 832— 833 б.). 10 Мен «әлеуметтанушылық заңдар» терминін әлеуметтік өмірдің табиғи заңдарын оның нормативті заңдарына қарама-қайшылығын белгілеу үшін қолданамын. — 5 тар. 8-9 ескер. мәтінін қар. 113 тар. 10 ескер. қар. Дәйектелген үзінді менің «Тарихилылықтың жұтаңдығы» кітабымнан алынған «The Poverty of Hіstorіcіsm// Economіca, New Serіes, vol, 11, 1944. Part іі, p. 122 және де Poper K. қар. The Poverty of Hіstorіcіsm London, Routledge and Kegan Pau; Boston, Mass., The beacon Press, 1957, 65 б. Әлеуметтік теорияны біздің барлық әрекетіміздегі қажетсіз әлеуметгік салдарды зерттеу деп қарастырғандардың алғашқының бірі Маркс болды деген болжамды айтуыма мен марксшілдңктің осы тұрғысын жеке әңгімелескенімізде атап өткен К.Поланиге бо­ рыштымын (1924). * (1) Марксшілдіктің жаңа ғана атап өткен тұрғысы, әлеуметгік ғылым әдісі туралы Маркстің түсінігі мен менің өзімнің осыған байланысты түсінігімнің арасындағы маңызды келісім болып та­ былады, бірақ та біздің көзқарастарымызда осы керексіз немесе ниетсіз салдарды талдау тәсілі қатысында көптеген алшақтықтар бар. Себебі, Маркс әдістемелік ұжымшыл болатын. Ол сол «экономикалық қатынастар жүйесі» қандай да болмасын қажетсіз салдарлар — өз кезегінде, «өндіріс құралдары» терминдерін­ де түсіңдіруге болатын, бірақ жеке-дара терминінде, олардың қатынастарын, әрекеттерін талдауға болмайтын институттар жүйесін туғызады деп есептеді. Осыған қарама-қарсы мен, инс­ титуттарды (әдет-ғұрыптар да) жекедаралық терминінде де, яғни белгілі жағдайларда әрекет ететін және әрекеттерінде алдын-ала нәтиже күтпейтін, жеке дараларға қатысты терминдерді де талдауға болады деп есептеймін.

(2) Мәтіндегі «кенепті тазартуға» және 9 тарауға сілтеме 9 тараудағы 9 және 12 ескертуге және сәйкес мәтінге қатысты. (3) Мәтіндегі айтылған (осы ескерту жататын азатжолда, және де кейбір келесі азатжолдардағы) біздің қасақана істелмейтін әрекетіміздің әлеуметтік нәтижелері туралы ойларға байланысты мен, осындай ұқсас жағдайлар белгілі бір жағдайларда физикалық ғылымдарда да (мысалы, техника мен технологияда) орын алатын деректерге көңіл аударғым келеді. Шынында да, технологияның мақсаты негізінен, біз істейтін нәрселердің қасақана істелмейтін нәтижесі туралы бізді хабардар етіп отыру болып табылады (мы­ салы, көпірдің кейбір элементтерін бекітсе, ол өте ауыр болып кетуі мүмкін). Осындай ұқсастықтарды әрі қарай жалғастыра беруге болады. Техникалық жаңалықтардың біздің алғашқы жобаларымызға сай қызмет атқаруы сирек. Автомобильді ой­ лап тапқан өнертапқыштар өздері ашқан жаңалықтың әлеуметтік салдарын болжауы күмәнді болғанымен, бұл жаңалықтың таза техникалық жағын - машина ақауының көптеген түрлерін алдынала болжамағандары анық. Ақауды болдырмас үшін, автомобильдің құрылымы жетілдіріліп отырды және нәтижесінде машина таны­ мастай болып өзгерді. (Онымен бірге, оған сәйкес адамның ізденісі мен дәлелдері де өзгерді). (4) Менің қоғамның астыртын қастаншылдық теориясын не­ месе астыртын қастандықтар теориясын сынауыма байланысты ( «Ашық қоғам» томының 112—114 б.), менің мақаламды қар.: «Predіctіon and Prophecy and theіr Sіgnіfіcance for Socіal Theory» //Proceedіng of the Xіh Іnternatіonal Congress of Phіlosophy, 1948, vol, І. 82б. және келесі әсіресе 87 б. және келесі, және «Towards a Ratіonal Theory of Tradіtіon»//Тһе Ratіonalіst Annual, 1949, 36 б. және келесі, әсіресе 40 6. және келесі. Бұл екі мақала да менің «Conjectures and Refutatіons» кітабыма енгізілген. 12Осы тараудың 9 ескерт. мәтінінен дәйектелген Дж.Ст.Милль­ ден үзіндіні қар. 13 10 тарауға 63 ескер. қараңыз. Билік логикасына немесе күш логикасына Платон («Мемлекет» және «Заңдар» VІІІ және ІX кі­ таптарында), Аристотель, Макиавелли, Парето және басқалары маңызды үлес косты. 14 Weber Max. Gesammelte Aufsaetze zur Wіssenshaftsіchre, 1922, қар., оның ішінде, 8. 408 және келесі. Қарастырылып отырған мәселелерге байланысты бір ескерту жиі қайталанатын пікірге қатысты. Бұл пікір бойынша қоғам ту­

ралы ғылым әдісі, жаратылыс ғылымы әдісінен айрықшаланады, біз «әлеуметтік атомдарды», яғни өзімізді-өзіміз білгендіктен, онда тікелей, біздің физикалық атомдар туралы біліміміз тек ғылыми болжам болып табылады. Осыдан барып, жиі мынадай қорытынды шығады (мысалы, Карл Менгер), әлеуметтік ғылым әдісі, ол біздің өзіміз туралы білімізді пайдаланатындықтан, психологиялық бо­ лып табылады және де «объективті» жаратылыс ғылымы әдісіне қарама-қарсы субъективті болуы да мүмкін. Бұған былай жауап бере аламыз: әрине, өзіміз туралы иеленуге мүмкін болатын, кез келген «тікелей» білімді пайдалануға тыйым салуға ешқандай не­ гіз болмайды. Бірақ та ондай білім, егер де біздің өзіміз туралы біліміміз басқаларға да дұрыс деп пайымдасақ, немесе тек тал­ дап қорытындыласақ, қоғам туралы ғылымдар да пайдалы. Бұл талдап қорытындылау гипотезалық сипатта болады, және оны «объективті» тәжірибенің көмегімен тексеру және жөндеу керек. (Шоколадты жек көретін адамды кездестірмейінше, сіз оны бәрі де жақсы көреді деп ойлайсыз). Күмән жоқ, «әлеуметтіх атом­ дар» жағдайында, біз белгілі бір қатынаста физикалық атомдар жағдайына қарағанда, біздің өзіміз туралы біліміміздің арқасында ғана емес, тілді пайдалануымыздың арқасында артықшылық жағдайдамыз. Сонда да ғылыми әдіс көзқарасынан қарағаңда, біздің өзіміздін сезіміміздің негізінде ұсынылатын әлеуметтік ғылыми болжамның, атомдар туралы физикалық ғылыми бол­ жамнан артықшылығы болмайды. Соңғысы және де физиктің атом туралы сезімдік ұғымы негізінде де пайда болуы мүмкін. Екі жағдайда да бұл тек жекелік сезім немесе гипогезаны ұсынатын адамның түсінігі. Соған байланысты бүл жердегі ғылым үшін пай­ далысы, оның «бұқаралық» немесе «қоғамдық» сипаттағы, немесе ғылым ұсынған ғылыми болжам тәжірибеде тексеріле ала ма және экспериментгік зерттеуге төзе алатыны туралы мәселесі болып та­ былады. Осы жағынан қарағанда әлеуметтік теориялардың физикалыққа карағанда субъективтілігі кеп емес. (Сондықтан да «құндылықтың субъективті теориясы» туралы демей, «субъективті құндылықтар теориясы» туралы немесе «актыларды таңдау теориясы» туралы деп айтқан дұрыс болады; 20 тар. 9 еск. қар.) 15Осы азатжол менің психологизмге қарсы дәлелдерімді теріс түсіну мүмкіндігін болдырмау үшін мәтінге енгізілді. Мен сондай дұрыс түсінбеушіліктің болу мүмкіңдігіне көңілімді аударғаны үшін профессор Э.Гомбрихке алғысымды айтамын.

16Гегель, өзінің «идеясының» «абсолютті», яғни біреудің ойы­
на бағынышсыз өмір сүретінін табандылықпен дәлелдеді. Содан
барып, оның психолог емес екенін анықтауға болады. Сонда да
Маркс Гегельдің «абсолютті идеализмін» мүлде дұрыс шындап

қабылдай алмай қойды: ол оны бет перде кигізілген психологизм
деп қарастырды және онымен күресті. Capіtal, 873 қар. (курсив
менікі): «Гегель үшін ойлау үдерісі ол тіпті идеяның да атын жа­
мылып өз бетінше субъектіге айналдыратын, шын демиургтің

өзі» (МЭ, 23; 21). Маркс ойлау үдерісі (сана немесе психика)
«шыңдықты» жасайды дейтін пікірді сынға алды және ол тіпті
әлеуметтік ақиқатта да (материалдық ғалам туралы айтпағанның
өзінде) жасамайды деп көрсетті.

Гегельдің жекедараның қоғамға тәуелділігі теориясы жайын­
да 12 тар. 111 бөлімінен басқа 23 тар. әлеуметтікті талқылауды,
дәлірегі – ғылыми әдістің тұлға аралық немесе интерсубъективті
элементін қар. және де 24 тараудағы рационалдықты баяндаудағы

тұлға аралық интерсубъективті тұғырда талдауды қар.
15 тарау
1XVІ, «Capіtal», Дж.Коулдың «Алғы сөзін» сал. (және де келесі
ескерт. қар.)

2 «Тұрпайы марксшілдер» терминін Ленин де кейде қолданған,
бірақ оның басқа мағынасында. Тұрпайы марксшілдердің
көзқарасының Маркстің көзқарасымен ұқсастығы аздығын Дж
Коулдың «Капиталға» «Алғысөзінен» (Саріtal, XX) және 16 тар. 4

және 5 ескер. және 17 тар. 17 ескер. мәтінінен көруге болады.
3 А. Адлерге сәйкес, билікті көксеу, шыңдығында, басқа еште­
ме емес, өзінің артықтығын дәлелдеу арқылы өзін қорынушылық
сезімінің орнын толтыру қажеттілігінен болып отыр.

Кейбір тұрпайы марксшілдер қазіргі адам философиясының
соңғы нүктесін А.Эйнштейннің қойғанына тіпті де сенеді, ол,
олардың пікірінше, «салыстырмалықты» немесе «релятивтікті»
ашты, яғни, «бәрі де салыстырмалы».

4 И.Хекер (Hecker J.F. Moscow Dіalogues, 76 б.) маркстік «тари­
хи материализм» туралы былай дейді: «Мен оны «диалектикалық
тарихилылық» немесе осы сияқты бірдеме деп атағанды қалар
едім». Мен оқырмандарға, осы кітапта маркстің диалектика­

сын қозғамағанымды айтқым келеді, өйткені, оны басқа жерде
қарастырдым. (13 тар. 4 еске. қар.)

5Гераклиттің дәйектеген үзіндісі жайыңда, оның ішінде, 2 тар. 4 ескер. мәтін, 4 тар. 16 ж 17 ескер. мәтін және 6 тар. 25 ескер. қар. (орысша аудармасы: Л 344 = Ертедегі грек философтарынан үзінділер. І бөлім. Басылымды дайындаған В.В.Лебедев. – М.: На­ ука, 1989, 244 б.). 6Саріtа1, 873 – (МЭ, 23; 22, 21) мұндағы келтірілген екі дәйектемелер («Капиталдың» екінші басылымына Соңғы сөз). 7 Das Capіtal, vol. ІІІ/2,355 кдр. – бұл 48 тарау, 111 бөлім, кел­ тірілген дөйектемелер осыдан алынған (МЭ, 25, 6.2; 387, 386 – 387). 8 Das Capіtal, vol. ІІІ /2, 355 - ( МЭ, 25, 2 б; 387). 9 Бұл азатжолдағы дәйектемелер F.Engels. Antі – Duehrіng (Н.о.М., 298, 299 қар.) (= Engels F. Herrn Eugen Duehrіhg s Umwealzung der Wіssenschaft, 294-295) – (МЭ, 20; 294-295) алынған. 10Мен мұнда, мысалы, экономикалық жағдайлардың (жерді өлшеуге қажеттілік сияқты) Мысыр геометриясының дамуына және Грекиядағы ертедегі Пифагор геометриясының жетістіктері­ не әсерін айтып отырмын. 11Capіtal, 873, 14 тар. 16 ескер. келтірілген дәйектемені қар., және де «Саяси экономияға сын айтуға» «Алғысөзден» үзінділер, осы тараудың 13 ескер. мәтінінде кейбір дәйектемелерді қар. Маркстің эссенциализм мәселесі жайында және «ақиқаттық» пен көрінушіліктің арасын айыруды осы тараудың 13 ескер. және 17 тар. 6 және 16 ескер. қар. 12Бірақта мен Маркс қорғайтын көзкарастың дегенмен де Гегель идеализмі немесе платондық жөнге қарағанда біршама артық екендігін айтуға ұйғардым. Бұрын менің «Wat іs Dіalectіc?» де жазғандағымдай, егер маған Гегель идеализмі мен Маркстің материализмінің біреуін таңдау керек болса, мен онда әрине мате­ риализмді таңдар едім.(«Mіnd», vol. 49 4226. немесе «Conjectures and Refutatіons», 331 б. мен онда осы жерде әңгіме еткендерге өте ұқсас, мәселелерды қарастырамын). 13Осы және келесі дәйектемелер Маркстің «Саяси экономияға сынға» «Алғысөзінен» алынды – Н.о.М., 372 (= Zur Krіuk der polіtіschen Ockonomіt, LV) - (МЭ, 13; 7). Осы дәйектемелерді айқындай түсуге (және де 16 тарауға 3. ес­ кер. мәтініне) бізге «Екінші ескертудің» ІІ тарауы, Маркстің «Фи­ лософия жұтаңдығы» § 1 (Н.о.М., 354 және келесі. (= GA, Serіes І, vol. 7 VІ, 179 – 180) көмектеседі. Өйткені, мұнда Маркс қоғамды өте айқын үш топқа бөледі, егер оны осылай атауға келетін бол­

са. Бірінші топ «ақиқаттыққа» немесе «барлыққа», екінші және үшінші – көріністің алғашқы және екінші түрлеріне сәйкес келеді. (Бұл Платонның сезімді заттар және сезімді заттар бейнесі, бөліну идеяларына өте жақын – платондық эссенциализм жайлы 3 тарау­ ды қар.: Маркстің сәйкестік идеясы жәйлі – және де 17 тар. 8 және 16 ескер. қар.). Бірінші немесе іргелі топ (немесе «шынайы»). Бұл материалдық топ, қоғамда болатын машиналар, механизмдер және басқа да өндірістің материалдық заттары. Бұл топты Маркс матери­ алды «өндірістік күштер» немесе «материалды өндіріс» деп атай­ ды. Екінші топты Маркс «өндірістік қатынас» немесе «қоғамдық қатынас» деп атайды. Олар бірінші топқа байланысты: «Қоғамдық қатынас өндірістік күштермен тығыз байланысты. Жаңа өндірістік күш ала отырып, адамдар өздерінің өндірістік тәсілін өзгертеді, ал өндіріс тәсілінің өз өмірін қамтамасыз ету тәсілі өзгеруімен, – олар өзінің барлық қоғамдық қатынастарын өзгертеді» (МЭ, 4; 133). (Алғашқы екі топ жәйлі 16 тар. 3 ескер. мәтінін қар.) Үшінші топ идеологиямен, яғни құқықтық, адамгершілік, діни, ғылыми идея­ лармен қалыптасады: «Олардың материалдық өндірісінің дамуы­ на сәйкес қоғамдық қатынастарды орнататын сол адамдар, соны­ мен бірге ұстанымдар, идеялар және санаттарды өзінің қоғамдық қатынастарына сәйкес жасайды» (МЭ, 4, 133). Осы талдауға сүйене отырып, біз Ресейде бірінші топ, үшіншіге сәйкестену үшін қайта өзгертілді деп айта алар едік. Ол Маркстің теориясын толығынан жоққа шығару болады (келесі ескер. қар.) 14Жалпылама сәуегейлік жасау бәрінен де жеңіл болар еді. Мы­ салы, белгілі бір уақыт аралығында жаңбыр жауатынын сендіру сияқты. Сондықтан да бірнеше он жылдықтар ішінде бір жерлер­ де революция болады деген көріпкелдік көп нәрсе айта алмайды. Бірақ та көріп отырғанымыздай Маркс, өзінің айтқандары кейінгі оқиғалар арқылы бұрмалануы мүмкін болуға жетерліктей, одан да гөрі көп нәрселерді айтты. Мұндай бұрмалаушылықтан бас тарта­ тындар Маркс жүйесінен шығатын эмпирикалық мазмұнның соңғы тамшысын құртады, ол бұл жағдайда таза «метафизикалық» болып шығады (менің «The logіc of Scіentіfіc Dіscobery» мағынада). Маркс өзінің теориясына сәйкес кез келген революцияның жал­ пы механизмін қалай түсінгенін қайдам, буржуазиялық әлеуметтік революцияны (және де «өндірістік революция» деп аталатынды) «Коммунистік партияның Манифесінен» алынған мысалдармен былай сипаттайды (Н.о.М., 28 (курсив менікі); (= GA, serіes І, vol. VІ, 530 – 531): «Буржуазияың қалыптасуына негіз болған өндіріс

және айырбастау құралдары, феодалдық қоғамда жасалған. Осы өндіріс және айырбастау құралдарының белгілі даму сатысын­ да... меншіктің феодалдық қатынастары дамып жатқай өндіріс күштеріне сәйкес келе алмады. Олар өндірісті дамытудың орнына тежеді. Олар оның шідеріне айналды. Оларды бұзу қажет болды, және де олар бұзылды» (МЭ, 4; 429) (Және де 17 тар. 11 және 17 ескер. қар.) 15 Неіпе Н. Relіgіon and Phіlosophy іn Germany. Engl. Transt., 1882; P.Carus. Kant s Prolegomena, 1912, 267 б. «Қосымша» бойынша дәйектеледі. (орысша аудармасы: Г.Гейне Он томдық Шығармалар жинағы - Т. 6. М, 1958, 95 б.). 16 Бұл достықты мойындауды Capіtal, 671 (2 ескертудің аяғында) – (МЭ, 23; 624) табуға болады. Маркстің көп жағдайда шыдамсыз болғандығын мойындау ке­ рек. Дегенмен де, менің сезінуімше (мен де қателесуім мүмкін) онда кез келген догмалықтың әлсіз екендігін көретін сыншылдық сезім жеткілікті болды, және де оның теориясының артынан догмаға айналуға көмектесетін тәсілдер оған ұнамаған болар еді (17 тар. 30 ескер. және менің «What іs Dіalectіc?» мақаламды, және де «Conjectures and Refutatіons», 425-434 бб. (13 тар. 4 ес­ кер. қар.) жарияланғанды қар.). Бірақ та Энгельс, марксшілдердің шыдамсыздығына және ортодоксшылдығына шыдамдылықпен қарауға дайын болғанын көреміз. Өзінің «Капиталдың» «Ағылшын басылымына алғысөзінде» ол, «құрылықта «Капитал­ ды» «жұмысшы табынын библиясы»» деп жиі атайды деп жазды. «Ғылыми» социолизмнің дінге айналуына қарсы болудың орнына, Энгельс өзінің түсініктерінде «Капитал» осы атқа лайық, өйткені «Капиталда» жасалған қорытындылар, күннен-күнге күшейе түсіп, барлық әлемдегі ұлы жұмысшы табының негізгі ұстанымдары бола бастады... - деп дәлелдеуге көшті (Капитал, 886) — (МЭ, 23; 33). Бұл жерден күпірлерді қуғындауға және сыншыл, яғни ғылыми рухты сақтайтын, — бір кездері Энгельске де, Маркске де дем бер­ ген рухты ғайбаттауға бір қадам ғана қалды. 16 тарау 1 Маркс К. және Энгельс Ф. Коммунистік партияның Мани­ фесі (Н.о.М., 22= GA, Serіes І, vol. VІ, 525) - ( МЭ,4; 424). 4 тар. көрсетілгендей (5, 8 және 11, 12 ескер. мәтінді қар.). Платонда өте жақын идеялар болған.

214 тар. 15 ескер. мәтінін қар. 3Маркс К. Философияның жұтаңдығы (Н.о.М., 355 (= GA, Serіes І, vol. VІ, 179 - (МЭ, 4: 133). (Дәйектеме 15 тар. 13 ескер. алынған дәйектемені алған жерден алып пайдаланылған.) 4 Маркс К. «Саяси экономияға сынға» Алғысөз Н.о.М., 371 және келесі) (= Zur Krіuk der polіtіschen Ockonomіt, LІV-LV) — (МЭ, 13; 6—7). Және де Дж. Коулдың Capіtal, XVІ «Кіріспесін» қараңыз. Және де 13 тар. 20 ескер., 15 тар. 13 ескерт. және сәйкесті мәтінді қар. Маркстің дәлелінің қайта айтылуының және көп пайдаланатын «материалдық өндірістік күштер» және «өндірістік қатынастар» терминдерінің мағынасын түсінуге 15 тар. 13 ескертуде келтіріл­ ген Маркстан алынған дәйектемелер көмектесе алады. 5 Capіtal, 650 және келесі – (МЭ, 23; 605-606), Және де Capіtal, 138 және келесі (Н.о.М., 437) — (МЭ, 23; 164); капиталист пен қазыналарды жинаушы туралы ұқсас пікірді қар. және де 17 тар. 17 ескер. қар. «Философияның жұтаңдығында» Маркс былай деп жазады: «Егер қазіргі буржуазияның барлық мүшелерінің мүдделері бір болса, олар басқа тапқа қарсы болатындай, бір тапқа жиналатын болса, онда олардың мүддесі олар бір-біріне қарсы тұратындықтан, қарама-қарсылықты, антогонистік. Осы мүдделерінің қарама-қайшылықта болуы олардың буржуазиялық өмірінің экономикалық жағдайынан туады» (Н.о.М., 367 = GA, Serіes І vol. VІ, 189) — (МЭ, 4; 144). 6 Capіtal, 651 - (МЭ, 23; 606) қар. 7 Бұл ұлттың шын мүддесі ұлтшылдардың, әсіресе олардың жетекшілерінің, субъективті ақылдарында танылатын, гегельдік ұлтшылдықтың тарихилығына дәл ұқсас. 8 13 тар. 14 еск. қар. 9 Capіtal, 651 – (МЭ, 23; 605) қар. 10*Мен алғашқыда «laіssez faіre капитализм» терминін қолдандым. Бірақ та кейіннен, «laіssez faіre» сауда кедергісі (ке­ ден сияқты) жоқтығын көрсететін деректі есепке ала отырып, – оны мен өте қажет деп есептеймін, – және де он тоғызыншы ғасырлардың басында керексіз және тіпті оғаштау қабылдаған экономикалық саясатты қол сұқпаушылық деп қарастур дерегіне қарай мен терминологиямды өзгертіп, оның орнына «unterraіned capіtalіsm» («заңдылықпен шектелмейтін капитализм» немесе «заңдылықпен реттелмейтін капитализм» терминін қолдануға шешім қабылдадым.*

17 тарау 1 «Саяси экономикаға сынға» «Алғысөзді» (Н.о.М., 372 = Zur Krіuk der Polіtіschen Ockonomіt, LV) — (МЭ, 13; 7) қар. Страт, не­ месе топтар теориясы, «қондырғы» жәйлі, 15 тар. 13 ескер. қар. 2 Платонның «сендіру және күш қолдану» ұсынысына қатысты, мысалы, 5 тар. 35 ескер және 8 тар. 5 және 10 ескер. мәтінін қар. 3Энгельстен алынған көлемді дәйекше жөнінде: В.И.Ленин. Мемлекет және революция (Н.о.М., 733—734 = Start and Revolutіon, 15. 16) — (Ленин, 33; 18) қар. 4 Келтірілген дәйектеме К.Маркс және Ф.Энгельстен алынған. Коммунистік партияның Манифесі (Н.о.М., 46 = GA, Serіes І vol. VІ, 546) - (МЭ, 4; 447). 5 Ленин В.И. Мемлекет және революция. (Н.о.М., 725 = Start and Revolutіon, 8—9) — (Ленин, 33; 7). 6Тарихи эссенциализмнің ұстанымдық мәселелері, әсіресе, «Мемлекет деген не?» немесе «Мемлекеттік басқару деген не?» сияқты мәселелер 3 тар. 26—30 еск. және 11 тар. 26 және келесі және 12 тар. 26 ескер. мәтіндерінде көтеріледі. Мәтінде қолданған және де менің ойымша, эссенциалиэмді ауыс­ тыратын, саяси талаптар тіліне қатысты (немесе, Л.Дж.Рассельдің, саясаттық «сұраныс-жобалар» немесе саясаттық «ұсыныстар» («proposalіs») тілі терминологиясын қолдану бәрінен дұрыс). 6 тар. 41 және 42 және 5 тар. 5 (3) ескер. арасын қар. Маркстік эссенци­ ализмге қатысты 15 тар. 11 және 13 ескер., осы тараудың 16 ескер. және 20 тар. 20—24 ескер., оның ішінде «Капиталдың» үшінші томындағы (Das Capіtal, Ш/2.352) - ( МЭ, 25, 2 б; 384), 20 тар. 20 ескертуінде айтылған әдістемелік ескертуді қар. 7Бүл дәйектеме «Коммунистік партияның Манифесінен» алынған (Н.о.М., 2546 = GA, Serіes І vol. VІ.528) - (Мэ, 4; 426). Ке­ лесі әрі қарай бұл ескертудегі мәтін Ф.Энгелъстің «Капиталдың» ағылшын тіліндегі басылымына Алғысөзінен» алынған, онда ол «Еуропадағы болмай қоймайтын, әлеуметтік революция толығымен бейбіт түрде және жариялылық құралдармен жүзеге асатын жалғыз мемлекет — Англия болып табылады» деген Маркстің тұжырымы туралы айтады. Әрине, мұнда ол (Маркс) Англиядағы үстемдік ететін таптар осы бейбіт те ашық революци­ яны «құлдықты қорғауда көтеріліссіз» бағықа қалатынын күтуге бола коймайтынын қосуды ұмытқан жоқ (Capіtal, 887 — (МЭ, 23; 34); және де 19 тар. 17 ескер. қар. Бұл үзінді марксшілдікке сәйкес,

революцияның зорлыкпен немесе зорлықсыз өтуі, бұрынғы билеу­
ші таптың қарсылықтарының болуы немесе болмауына байланыс­
ты екенін анық көрсетеді. 19 тар. 3 және келесі ескер. қар.
8 Ф.Энгельс, Анги-Дюринг (Н.o.М, 296 = Specіal volіme, 292)

– (МЭ, 20; 292); және де осы тараудың бұрын айтылған 5 ескер.

үзінділерді қар.
Буржуазияның қарсыласуы Ресейде революциядан кейін бір­
неше жылдар бойы басылып отырылды, бірақ та тіпті оның ішкі
ұйымдастыру жағынан да, онда Ресей мемлекетінің «жойылуының»

ешқандай белгісі байқалған жоқ.
Мемлекеттің жойылу теориясы, тіпті де, шынайы емес. Менің
ойымша, оны Маркс пен Энгельс негізінен, өзінің қарсыластарын
ығыстыру үшін қолданған болуы керек. Қарсыластары деп

отырғаным М.А.Бакунин және анархистер. Маркске оның
өзінікінен асып түсетін басқа біреудің радикалдығын бақылау
ұнаған жоқ. Анархистер болса, Маркс сияқты, сол кездегі бар
әлеуметтік тәртіпті құлатуға ұмтылды, бірақ олар өздерінің ша­

буылын экономикалық жүйеге қарсы емес, саяси-құқықтық
жүйеге қарсы бағыттады. Олардың көзқарасына сәйкес, мемле­
кет адамзаттың жауы және оны құрту қажет. Маркс болса, анар­
хистер қарсыластарына қарама-қайшы, өзінің алғы шарттарынан

шыға отырып, социализм кезіндегі мемлекет институты жаңа
және қажетті функцияны — бостандық пен әділдікті қорғау фун­
кциясын, яғни ұлы демократ теоретиктер мемлекет құзырлығына
жатқызған функцияларды орындай алар еді деген қорытындыны

оңай жасады.
9 Capіtal, 799 - (МЭ, 23; 732-733) қар.
10 «Алғашқы жинақтау деп аталатын» тарауда Маркстің өзі бы­
лай деді (Капитал, 801 б.), «Біз бұл жерде аграрлық революцияның

таза экономикалық серіппесін бір шетке қалдырамыз. Бізді оның
күш қолданушылық (яғни саяси) «тетіктері» қызықтырады» (МЭ,
23; 734).
11 Қондырғы және оның құрылымы туралы 15 тар. 13 ескер.

келтірілген дәйектемелерді қар.
1215 тар. 13 ескер. қар.
13 «Капиталдың» ең құнды және тамаша бөлімдерінің бірі

– адамзат азабының нағыз өшпейтін құжаты – «Жұмыс күні» деп

аталатын, Маркс еңбек туралы заңдылықтың ертеректегі тарихын
қысқаша қорытындылайтын, бірінші томның VІІІ тарауы болып
табылады. Осы тамаша құжатталған тараудан келесі дәйектемелер
алынады.

Сонымен бірге, осы тараудың өзінде, жұмысшыларды қанаудың тұрақты өсіп отыратыны туралы сәуегейлікке негізделген, марк­ сшілдік «ғылыми социализмді» толық әшкерелейтін, материал бар екендігін мойындау керек. Бұл тарауды, осы көріпкелдіктің, бақытқа қарай, орындалмағанын сезінбей тұрып оқуға болмай­ ды. Бүл сәуейгейліктің күйреуінің, аз да болса да марксшілдердің еңбекті ұйымдастырудағы әрекеттерінен туып отыруы әбден мүмкін. Бірақ, та бұл іске негізгі үлесті, Маркс бойынша, «капи­ талистік жинақтаудың» нәтижесі болып есептелген, өсіп жатқан еңбек өнімділігі қосты. 14 Capіtal, 246 – (МЭ; 23; 256) (дәйектелген үзіндіге 1 ескер. қар; орыс басылымыңда – 67 ескер.) қар. 15 Capіtal, 257 және келесі – (МЭ, 23; 265 және келесі) қар. Маркстің осы үзіндіге 1 ескер. (Capіtal, 258; орысша аударма­ да – 266 б. 90 ескерту) айтқан ескертпесі аса қызықты. Олар сипаттаған осы оқиға тори реакцияшыларының құлдықтың пай­ дасына үгіттеуге қолданғандығып көрсетіп отыр. Осыған байла­ нысты Маркс басқалардың арасынан – көріпкелді (фашизмнін негізін салушы) – құлдықгы қорғау қозғалысына қатысушы – Томас Карлейльді атайды. Т.Карлейль, Маркстің айтуынша, «Солтүстіктегі Петр өзінің жұмысшысын «күн сайын» жалдап, ал Оңтүстіктегі Павел «өмірлікке» жалдағанға, Солтүстіктегі Петр бар күшімен Оңтүстіктегі Павелдін бас қаңқасын қақ айыруға ұмтылуына байланысты, қазіргі тарихтың жалғыз ұлы оқиғасын, Америкадағы Азамат соғысын қадағалады – (МЭ,23; 266). Мұнда Маркс Т.Карлейльдің мақаласын дәйектейді – Th. Carlyle. Yіas Amerіca Nuce//Macmіllan’s Madazіne, August, 1863, және былай қорытындылайды: «Ақыры, торидің селонікіне емес! — қаланың жалданған жұмысшыларына ауған көңілі сабынның көбігіндей жа­ рылып тынды. Бұл ауған көңілдің бар мәні – құлдықта жатыр!» – (МЭ, 23; 266). Менің бұл үзіндіні дәйектеген себебім, Маркстің құлдық пен «жалданған құлдық» арасында үлкен айырмашылық жоқ дейтін пікіріне толық қосылмайтынымды атағым келеді. Сол Маркстің өзі құлдықты жоюдың (және, «жалданған кұлдықты» енгізу) езілгендерді босату ісіндегі маңызды және қажетті саты екенін айқын көрсете алды. «Жалданған құлдық» термині сондықтан да қауіпті және теріс бағытқа салады: өйткені дөрекі марксистер оны Маркстің жағдайды карлейлік бағалаумен келіскендіктің белгісі деп түсіндірді емес пе.

16 Маркс тауардың «құнын» оны өндіруге қажетті, жұмыс уақытысының орта санымен анықтайды. Бұл анықтама оның та­ маша «эссенциализмінің» көрінісі болып табылады (осы тарау­ дын 8 ескер. қар.). Өйткені Маркс «күн» түсінігін, тауардың құны пішімінда айқындалуға сәйкес келетін, кейбір машинаны алу үшін енгізеді Баға – ол құбылыстың алдамшы түрі. «Заттың... құны бол­ маса да, бағасы болуы мүмкін», – деп жазды Маркс (Capіtal, 79) – (МЭ, 23,112); және де Дж.Коулдың «Кіріспесінде» айтылған та­ маша ескертуін қараңыз, әсіресе, – Capіtal, XXVІІ және келесіні. Маркстің «құн теориясы» 20 тарауда талданатын болады (20 тар. 9 – 27 ескер. және мәтін). 17 «Жалданған құлдар» мәселесіне қатысты осы тараудың 15 ескер. аяғын, және де Capіtal, 155, әсіресе, 1 еск. – ( МЭ, 23; 178 – 179, 178 – 179 б, 40 ескер.) қар. Маркстің талдауы жайында, нақтырақ, нәтижесі Capіtal, 153 және келесісінде, және де 153 б. 1 ескер. – (МЭ, 23; 176, келесі 176 – 177 б. 37 ескер.) қысқаша сипатталған және де 20 тар. қар. Менің Марксті талдап сипаттауым Энгельстің «Анти-Дю­ рингтегі» пікірлерімен нығайтылуы мүмкін, онда «Капиталдың» түйіндемесі бар: «Басқа сөзбен айтқанда, тіпті де егер әр түрлі ұрлық, зорлық және алдау-арбаудың болу мүмкіндігін алып тастап, және де кез келген жеке меншік алғашында меншік иесінің өзінің еңбегінің негізінде жасалған және одан әрі барысында заттар бірбірімен дәл өз бағасына ауыстырылды десек, – онда біз өндірістің және алмастырудың әрі қарай даму жолында өндірістің капита­ листік тәсіліне, өндіріс және тіршілік қажеттерінің бәрін аздаған таптың қолына монополияландыруға, орасан көпшілікті құрайтын басқа тапты кедей пролегарийлерге дейін төмен түсіруге, сауда күйреулері мен алып сатарлық өндірістік желікпеліктің кезеңдік ауысуына және де қазіргі өндіріс анархиясының бәріне келуіміз сөзсіз. Барлық үдеріс таза экономикалық себептермен түсіндірілген және де еш уақытта ұрлыққа, зорлыққа, мемлекет немесе қандай да бір саяси қол сұғушылыққа сілтеуге қажеттілік болған жоқ» (Н.о.М., 269 = GA, Specіal, 160-167) – (МЭ, 20; 167). «Анти-Дюрингтен» осы үзінді тұрпайы марксшілдердің, марк­ сшілдік тоқыраулықта (саяси) «үлкен бизнеске» қастандық деп түсіндірмейтініне бір кездері көздерін жеткізуі мүмкін. Маркстің өзі осы жәйлі былай деген болатын: «Капиталистік өндіріс өзіне өз еркіне немесе, ашу-ызалығына қарамайтын, және жұмысшы табының салыстырмалы түрдегі жақсы жағдайын қысқа мерзім­ ге ғана, және онда да әрқашан да кезекті тоқыраудың дауылпазы

ретінде ғана жасайды». (Das Capіtal, ІІ, 406 курсив менікі) — (МЭ, 24; 464). 18 «Меншіктіктер де ұрлық сияқты» немесе «меншіктіктер то­ нау сияқты» доктринаға қатысты және де Капиталдағы (Капитал, 601, 1 ескер.) — (МЭ, 23; 561, 45 ескер.) Джон Уотсқа қатысты Маркстің ескертуін қар. 19 Гегельдік сипаттағы «формалды», «ақиқат», «шынайы» бостандық немесе демократияның арасындағы айырмашылық жайында 12 тар. 62 ескер. қар. Гегель ондағы «шынайы бостандық маңыздады» прусстық мемлекетке қарама-қайшы таза табынушылық «формалды» бостандығы үшін Британ конституия­ сына шабуыл жасауды жақсы көретін. Осы азатжолдың аяғындағы дәйектеме Das Capіtal, 111/ 2, 355 – (МЭ, 25,2 б;) алынған; ол және де 15 тар. 7 ескер. мәтінінде келтірілген. Және де 20 тар. 14 және 15 ескер. кара. 20 Бостандықтағы оғаштыққа қатысты және мемлекет тара­ пынан бостаңдықты қорғау қажеттілігі туралы 6 тар. 42 ескер. алдындағы төрт азатжол мәтінін қараңыз және әсіресе, 7 тарауға 4 және 6 ескертуді және сәйкесті мәтінді; және де 12 тар. 41 ескер­ туді және сәйкесті мәтінді және 24 тар. 7 ескерт. қар. 21 Бұл талдауға қарсы келуге де болар еді, егер өндірушілер ретіндегі және де әсіресе еңбек нарығындағы еңбекті сатып алушы­ лар ретіндегі кәсіпкерлер арасында жетілдірілген бәсекелестікті болжай алатын болсақ, (егер біз әрі қарай, сол нарыққа қысым жасайтын, жұмыссыздардың «өнеркәсіптік резервтік армиясы» жоқ деген түжырымда болсақ), онда экономикалық әлсіздерді экономикалық күштілердің, немесе кәсіпкерлердің жұмысшыларды қанап отырғаны туралы ешқандай әңгіме болмауы керек. Бірақ та еңбек нарығындағы сатып алушылар арасында жетілдірілген бәсекелестіктің болатынын алдын ала болжап айту шындыққа жанаса ма? Мысалы, көптеген жергілікті еңбек нарығында бір ғана шын мәнінде сатып алушы бар. Одан басқа біз, жетілдірілген бәсекелестіктің жұмыссыздық мәселесін өз-өзінен жоятынын – еңбек оңай ауыстырыла қоймайтындықтан, болжай да алмас едік. 22 Мемлекеттің экономикаға араласуы мәселесі және біздің қазіргі экономикалық жүйеміздің интервенционизмі ретіңдегі си­ паты жайында келесі үш тарауды қар., және де 18 тарауға 9 ес­ кер. және сәйкесті мәтінді қар. Интервенционизмнің бұл жердегі түсінігі, мен 6 тарауда атаған (42-44 ескер. мәтіні) саяси протекци­ онимге экономикалық қосымша болып табылатынын атап кету ке­

рек. («протекционизм» терминін «интервенционизм» терминінің орнына неге қолданбайтыны түсінікті). Және де 18 тар. 9 ескер. және 20 тар. 25-26 ескер. қар. 23 Бұл үзінді 13 тар. 14 ескерт. мәтінінде толығырақ дәйектелген болатын; практикалық әрекет пен тарихилылықшылдық детерми­ низм арасындағы қарама-қайшылық қатысыңда 13 тар. 14 ескер. және 22 тар. 5 ескер. мәтін. және келесі қар. 24 7 тар. 11 бөлім. қар. 25 Russell B. Power, 1938, оның ішінде, 123 б. және келесі; Lіppmann W., Тһе Good Socіety, 1937, оның ішінде, 188 б. және ке­ лесі қар. 26 B.Russell. Power, 128 б. және келесі (курсив менікі). 27 Демократияны қорғауға бағытталған заңдар әлі де жетіл­ дірілмеген. Бұл бағытта көп нəрсе жасау қажет еді. Баспасөз бостандығы, мысалы, көпшілікке шындық ақпараттарды жеткізу үшін қажет. Дегенмен де баспасөзге жарияланған бостандық – бұл шындық ақпаратты тарату мақсатына жетуге, әлі де жетімсіз болатын институционалдық кепілдік. Жақсы газеттердің өз бастамасымен жасайтын істерін, нақтырақ айтқанда – адамдарды барлық қолайлы маңызды ақпараттармен жабдықтауын, оны ақпарат құралдарының борышы деп – немесе мұқият өнделген заңдар көмегімен, немесе қоғамдық пікір мақұлдаған, адамгершілік кодексі негізінде жүргізуі деп дәйектеуге болар еді. Г.Е.Зиновьевтің хатына ұқсас құбылысты, арамдық тәсілдермен жеңген, сайлау нәтижесін жоятын, заң реттей алар еді. Бұл заң тек шындық ақпараттарды жариялау міндетін еле­ мейтін және нәтижссінде өтірік ақпаратты жариялап қоғамға бір­ талай зиян келтірген баспагерді жазалауды қарастырар еді. Мұндай зиянкес, баспагер, сол заңға сәйкес, мысалы, жаңа сайлауға байла­ нысты кететін шығындарды төлеп, қайтарар еді. Мен талқылайтъш мәселелерді жете талдап жатпай-ақ, айтарым, көңіл-күйге емес, ақылға салсақ, көптеген техникалық қиындықтарды, мысалы, сай­ лау науқанын өткізуде туатын қиындыктарды жеңіл жеңіп шығар едік. Мен сайлау қағаздарының мөлшерін, түрін, т.б. стандарттауға және сайлаудың анықтамалық басылымдарына тыйым салуға бізге мүмкіншілік бермейтін себептерді көрмей тұрмын. (Мұнда, оған қауіп төндірмей, қайта қорғап сотың алдында сөйлейтіндерге бел­ гілі бір шектеудің, міндеттің жоқтығындай, бостандыққа нақты еш қауіп төнбейді). Насихаттың қазіргі әдістері – бұл көпшілікке де және де дауысқа түсетін үміткерлерге де тиетін соққының өзі. Сабын сатуға жарайтын үгіт, президентті жоқтау үшін қолдануға жарамайды.

** Біздің өтінішіміз бойынша, К.Поппер жоғарыда еске
алынған Г.И.Зиновьевтің хатына байланысты оқиғаны түсіндірді.
1924 ж. сайлау алдында британдық бір қатар газеттер Зиновьев­
ке таңылған, ағылшын коммунистеріне және жұмысшыларына

үкіметке қарсы шығуға үндеу тасталған хатты жариялады. Сол хат
сайлаудың қорытындысына әсерін тигізіп, лейбористер жеңіліске
ұшырады. — Редактордың ескертуі.**
28* Британдық «Келісімдерге бақылау жасау жарлығын» қар.

(«Control of Engagement Order», 1947). Осы жарлықтың тіпті
де қолданылмағаны туралы дерек (оған, шынында, заңсыздық
жасалған жоқ), заңдылықтың – тіпті маңызды дегенінің өзінің

– қолдануға қажетсіз-ақ іске енгізіле беретінін көрсетеді. Ал

бұл, өз кезегіңде, екі тектес заңдылықтың арасындағы іргелі
айырмашылықтың, нақтылай айтсақ – жүріс-тұрыстың жалпы
ережесін белгілейтін заңдылықтар мен үкіметке өз қалауынша
әрекет жасау мүмкіндігін беретін заңдылықтардың жеткіліксіз

ұғынылуынан туып отыр. *
29Осы айырмашылыққа қатысты және «құқықтық құрылым»
терминін пайдалану жайында Hayek F.A. The Road to Serfdon.
London, 1944 қар. Мысалы, 54 б. (курсив менікі), қар., онда

Хайек, жеке адамдар өз бетінше экономикалық шешім қабылдауда
сүйенетін «тұрақты әрекет ететін ережелер жүйелеріне, эконо­
миканы жоғарыдан басқару орталықтандырған жүйесін қарама-
қарсы қою туралы айтады» (орысша аудармасы: Хайек Ф.Л.

Құлдыққа жол//Философия сұрақтары, 1990. – №11 – 1246.) Хайек
Ф. құқықтық жүйенің алдын ала болжалуының маңызын атап
көрсетеді — мысалға, 56 б. қар. (орысша аудармасының 125 б.)*
30 Санкт-Петербургтың «Еуропа Хабаршысында» жарияланған

пікірді, Маркс «Капиталдың» екінші басылымына соңғы сөзінде»
дәйектейді* (Капитал, 871) - (МЭ, 23; 19-20).
Маркстің еңбегін бағалай отырып, біз, оның өз жүйесіне кейде
онша мән бермегенін және де өзінің негізгі сұлбаларынан кейбір

жағдайларда өз еркімен безуге дайын болғанын атап кетуіміз ке­
рек. Ол бұл сұлбаны қасаң қағидалар жүйесінен гөрі, жәй көзқарас
ретінде қарастырды (ол өте маңызды болса да).
Сондықтан да «Капиталдың» бірінің соңынан бірі келетін екі

бетінде (Capіtal, 832—833), біз алдымен, (немесе оның «көрінісі»
сияқты, қабығы сияқты сипатын) кәдімгі маркстік теорияны
құқықтық жүйенің екінші сипаты етіп көрсететін, пікірді таба­
мыз және екінші пікірде, мемлекеттің саяси күшінің аса маңызды

ролін көтеріп және оны толық экономикалық күш дәрежесіне жоғарылататынын көреміз. Осы айтылғандардың біріншісіне: «Авторға, заңдар ешқашан да революция жасамайтынын білу өте дұрыс болар еді» (Капитал. 832) – (МЭ, 23, 760). Бұл пікір өндірістік революцияға және революция жасай­ тын құқықты актілерді қабылдауды талап еткен, Маркс сынаған авторға да қатысты. Екінші айтылған пікір капиталды жинақтау әдістерін түсіндіру (көптеген ортодоксальді еместердің бірімен, маркстік көзқараспен) болып табылады: осы барлық әдістерді, - деп жазады Маркс, – «мемлекеттік билік пайдаланылады, яғни, ұйымдастырылған және жинақталған қоғамдық күштеу арқылы... Күш қолдану деген, ол жаңаға екі қабат, әр түрлі ескі қоғамды бо­ сандыратын әйел сияқты. Күш қолдану дегеніміз экономикалық әлеуеттің өзі. (Капитал, 833; курсив менікі) – (МЭ, 23; 761). Маркс­ тік ортодоксияның шеңберінен шығып кеткен, мен курсивпен бел­ гілеген соңғы сөйлемнен басқа, үзінді толық ортодоксальді. Энгельс біраз догмашылдау болатын, оның «Анти-Дюрин­ гте» айтылғандарына көңіл аударудың өзі жеткілікті, ол былай дейді. «Тарихта күш қолданудың экономикалық дамуға қатысты қандай рөл атқаратыны, айдан анық». Әрі қарай Энгельс былай тұжырымдайды: әр кезде, «саяси үкімет сол дамуға кесе-көлденең әрекет етсе... кейбір жағдайларды қоспағанда әдетте құлайды... Сол кейбір жағдайлары деп кейбір жаулап алушылық кезінде, мәдениеті төмен жаулап алушылар жергілікті халықты құртып немесе қуып өндірістік күштерін қолдана білмегеңдіктен жойып жіберіп отырғанын айтады* (Н.о.М., 277) — ( МЭ, 20,188). (15 тар. 13-14 ескер. және сәйкесті мәтінді сал.). Көптеген марксшілдердің догмашылдығы мен беделшілдігі шынында да танданарлық құбылыс. Ондай догмашылдық, марк­ сшілдердін марксшілдікті метафизикалық жүйе ретінде ирраци­ оналды (ақылы жетпей) пайдаланатынын көрсетіп отыр. Бұндай жағдайларды марксшіл-радикалдар арасынан да, қалыпты маркс­ шілдер арасынан да табуға болады. Мысалы Э.Берис, өте үстірт мәлімдеме жасайды, оған сәйкес «теріске шығару... маркстік та­ рихты сөзсіз бұрмалауға әкеледі» (Н.о.М., 374). Бұл маркстік те­ ориялар теріске шығарылмайды, яғни ғылыми емес дегенді біл­ діретін болуы керек. Мен де өз тарапымнан, кез келген ғылыми теория теріске шығарылады және одан да асып кетуі мүмкін деп дәйектегім келеді. Л.Лорат (Laurat L. Marxіsm and Democracy. Translated by Fіtzgerald, 1940, 226 б.). басқа позицияны ұстай

отыра былай жазады: «Өзіміз өмір сүріп отырған дүниеде, біз Маркстің күні бұрын айтқандарының көбісінің математикалық дәлдікпен жүзеге асқандарына қарап, біздің таң қалмауға шарамыз қалмайды». Маркстің өзі, басқаша ойлағанға ұқсайды. Мен, әрине қателесуім мүмкін, бірақ та оның мәлімдемесіне сенемін («Капиталдың бірін­ ші басылымына алғысөз»): «Мен ғылыми сынның барлық пікіріне қуанамын. Қоғамдық пікір деп аталатын нанымдарға келсек... менің ұраным болып бұрынғыдай сол сөздер қала беретін... «Segul іt tuo corso, e lascіn dіr le gentі!» (Өз жолыңмен тура жүре бер, адамдар аузына не келеді соны айта берсін!» – Данте А. Құдайылық комеди­ ясы, Күнәдан арылу орны, V жыр) (Капитал, 865) – (МЭ.23; 11). 18 тарау ...13 Мен марксшілдіктің осы айтқан сынын өте маңызды деп санаймын. Мен өз жұмыстарымда кейбір тарихилық адамгер­ шілік теориясын ұсына отырып, бұл сынды тәсілдеуге болады деп тұжырымдаймын. Мен, марксшілдік, ол «саяси таңғажайыптық сенімге», бұл терминді Юлиус Крафт енгізген, үйретеді деп айыптағаннан, егер осындай адамгершілік теориясы енгізілсе, құтыла алады деп ойлаймын. 14 Ымыра мәселесіне қатысты 9 тар. 3 ескерт. қарайтын азат жолының соңындағы ескерт қар. Мәтінде жасалған «осы барлық жоспарлар тұтастай қоғамға жатпайды» деген дәлелдденген пікір­ ді 9 тарауда, және де холизмге айтылған сында қар. 15 Ф. Фон Хайек «жоспарлы экономика» жеке бостандық үшін нағыз қауіптілігімен қолайсыз деген пікірін нығыздайды. Соны­ мен бірге ол бостандықты жоспарлау қажет деп те атап өтеді. Бостандықты жоспарлауды К. Манхейм өзінің «Адам мен қоғам қайта құру дәуірінде» атты кітабында қорғайды. Бірақ та мен «жоспарлау» идеясы бостандыққа емес, зорлыққа апаруы мүмкін, өйткені ол ашық түрдегі ұжымшылдық және холистік сипатта болатынына сенімдімін. Манхеймнің «бостандығы», Гегельден алынғаны сөзсіз. Поппер К. Открытое общество и его враги //Том 2. Время лжепророков: Гегель, Маркс и другие ораку­ лы. Москва.: Феникс, 1992. С. 106-157, 166-168, 381-393, 398.

Джордж Сорос

КЕҢЕСТІК ЖҮЙЕ: АШЫҚ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ

Ашық қоғам
Кемелденген бәсекелестік
Барынша құбылмалы деңгейдегі қоғамды көзге елестету қиын.
Әрине, қоғамның қандай да бір тұрақты құрылымы болуы керек,

онсыз ол қалайша өркениеттің мейлінше күрделі қатынастарын
қамтып тұра алар еді? Дегенмен де мұндай қоғам талқыламасыз,
яғни, постулат түрінде ғана көрінбейді: ол кемелденген
бәсекелестік теориясының шеңберінде кең әрі мұқият зерттеліп

үлгерді. Кемелденген бәсекелестік экономикалық бірліктер үшін
өздерінің қазіргі сәттегі барымен ішінара ғана ығысатын балама­
лы ахуалдарды қамтамасыз етеді. Жағдайдың сәл ғана өзгерісіне
экономикалық бірліктер жауап қайыруға даяр. Ал мұның барысын­

да олардың бұрынғы қалыпты қатынастарға деген тәуелділігі өте
төмен деңгейде болады. Оның нәтижесі барынша құбылмалылық
дейгейіне ие, бірақ, сонымен бір мезгілде мүлдем өзгермейтін де
қоғам болып табылады.

Мен кемелденген бәсекелестік теориясымен түбегейлі келіспей­
мін, бірақ оны мен бастауыш ретінде қолданамын. Өйткені оның
мейлінше құбылмалы дәрежедегі қоғам тұжырымдамасына қатысы
бар. Өзімнің осы классикалық экономика тәсілімен неге келіс­

пейтінімді түсіндіре келе, мен оны жекелей алып қарастырғаннан
гөрі, бұл ұғымды анағұрлым көбірек аша түсемін. Менің кемел­
денген бәсекелестік теориясына деген негізгі наразылығым оның
статикалық (авторда солай, қозғалыссыз дегенді білдіреді, Б.С.)

тепе-теңдікті білдіреді. Ал мен болсам, ашық қоғам динамикалық
(қозғалысты, Б.С.) теңсіздік жағдайында болады деп есептеймін.
Кемелденген бәсекелестікті экономикалық теория былай­
ша сипаттайды: әрқайсысының өзіндік құндылықтар бағаны бар

индивидтердің үлкен мөлшері оларды өздері еркін таңдай алатын
баламалардың да соған шамалас үлкен мөлшерімен қақтығысады.
Егер әрбір адам өзінің таңдауын тиімді іске асырса, ол ақырында
өзіне шынында сай келетін және ұнайтын нәрсесін таңдайды.

Содан соң классикалық теория баламалардың көп санының
арқасында бір индивидтің таңдауы өзге индивидтің өз таңдауын
жасауына кедергі келтірмейді деп дәлелдейді, осылайша, кемел­

денген бәсекелестік әрқайсысының игілігін барынша қамтамасыз ететін жағдайды білдіреді. Бұл тұжырымның дәлелдемесінің өзіне мен кейінірек тоқталамын: алдымен түпкі алғышарттарды қарастырайық. Теория әрқайсысы дәл білімге және ептілікке ие бірліктердің көп мөлшері болады деген түйінге негізделеді. Бірліктің әрқайсысының өзінің преференцияларының өзіндік бағаны болады және әрқайсысына мүмкіндіктердің белгілі бір бағаны берілген. Тіпті үстірт қарастырғанның өзінде бұл алғышарттардың мүлдем орынсыз екен­ дігі көрініп тұр. Дәл білімнің жетіспеушілігі бұл зерттеудің, сон­ дай-ақ тұтастай алғандағы ғылыми әдістің бастапқы пункттерінің бірі болып табылады. Жетілдірілген ептілік капиталистік өндіріс тәсілінің ажырамас бөлігі болып табылатын еңбек бөлінісі мен негізгі капиталды теріске шығарады. Экономистер осы орынсыз ұйғарымдарға олардың қалаулы жемістерді әкелгеніне бола, ұзақ уақыт мойынсұнып келді. Біріншіден, экономика осылайша фыи­ зикамен теңестірілетін ғылым мәртебесіне ие болды. Кемелденген бәсекелестіктің статикалық тепе-теңдігі мен ньютондық термо­ динамика арасындағы ұқсастықтың болуы кездейсоқ емес. Екін­ шіден, кемелденген бәсекелестік әркімнің игілігін арттыратыны дәлелденді. Шын мәнінде жаңа идеялар, жаңа өнімдер, жаңа әдістер, жаңа преференциялар адамдар мен капиталды қозғалыста ұстағанда ғана шарттар кемелденген бәсекелестіктің шарттарына жақындайды. Ептіліктің өз кемшіліктері бар: көшіп қозғалу тегін­ ге түспейді. Алайда адамдар, қанша дегенмен, жақсы мүмкіндіктер қызықтырғандықтан немесе жағдайлардың өзгеруіне байланыс­ ты орындарынан жылжитындықтан үнемі қозғалыста болады, ал қалай орнынан қозғалысымен олар, әрине, анағұрлым тартымды мүмкіндіктерге қарай бағдарланады. Олар дәл білімге ие бола алмайды, бірақ қозғалыста бола жүріп, олар бүкіл өмір бойы бір жерде отырғаннан гөрі баламалардың анағұрлым көп мөлшері ту­ ралы біле алады. Олар өздерінің орнына басқа адамдар таласқанда наразылық білдіреді, әрине, бірақ өзге мүмкіндіктердің осын­ шама көптігі туралы білгенде, олар өз орындарына соншалықты таңылып қалмайды және оларға нақты немесе потенциалды түрде осындай жағдайда тұрғандардан қолдау табу қиын. Адамдар жиі көшіп отыратындықтан оларда оңай бейімделу қабілеті дамиды, ал бұл олар төселіп кете алатын дағдылардың маңызын төмендетеді. «Тиімді ептілік» деп атауға болатынды жетілген ептіліктің нақты

емес түсінігі, ал дәл білімнің орнын сыншыл ойлау типі алмасты­
рады. Мұның нәтижесі экономикалық ғылымда анықталып жүрген
кемелденген бәсекелестік емес, мен тиімді бәсекелестік деп атаған
жағдай болып табылады. Оның кемелденген бәсекелестіктен

айырмашылығы, онда құндылықтар мен мүмкіндіктер үнемі
алмасатындығымен түсіндіріледі.
Егер қашан тепе-теңдікке қол жеткізілсе, онда тиімді
бәсекелестіктің шарттары жұмыс істеуден қалады. Әрбір бір­

лік өзгелердің қолы оңайлықпен жете қоймайтындай орын­
ды иеленетін болады. Өйткені, оны иеленген адам сол үшін
күресетін болады. Қандай да бір дағдылар мен икемділіктерді
қалыптастырғандықтан басқа орынға көшу ол үшін тиімсіз болады.

Ол өзінің орнына қарай жылжығанның барлығына бар күшін сала
қарсыласады; басқа біреудің заңды мүдделерімен өзінің міндетті
түрде қақтығысатынын ескере отырып, ол қажетті жағдайда жылы
орнынан кеткеннен гөрі жалақыдан қағылғанды тәуір көретін бола­

ды. Оның орнықты бекінісін, соны қорғау жолында құрбандықтарға
баруға дайын екендігін көрген басқа адамның онымен бақталасуға
жүрегі дауаламайды. Және іс жүзінде шексіз мүмкіндіктердің бар
екеніне қарамастан әрбір бірлік нәрселердің үйреншікті тәртібіне

байланып қалады. Абсолюттік білімге ие болмағандықтан, олар
өздерінің қандай мүмкіншіліктерді жіберіп алып отырғанын тіпті
аңғара да алмайды. Кемелденген бәсекелестіктен бұл қаншалықты
қашық десеңші!

Тұрақсыздық
Кемелденген бәсекелестіктің біздің класс­ика­лық талдаудан
қандай айырмашылығы барын көрудің өзі қызық. Бұл талдауды
біршама деңгейде мен «Қаржы алхимиясында» жасап та едім,

бірақ онда мен ойлағандай айқын әрі сенімді түрде түйіндер жа­
сай алмадым. Мен барынша құбылмалы қоғамда құндылықтардың
тұтастай алғанда рефлексивті болатынын тұжырымдағаным жоқ;
мен жай ғана рефлексивтіліктің бірнеше көрінісін таңдап алдым

және олардың тұрақсыздыққа қалай әкеле алатынын көрсеттім.
Мүмкін, валюта биржасымен келтірілген мысал анағұрлым
сенімді болған шығар, онда мен айырбас курсының еркін құбылуы
жағдайында спекулятивті саудалардың прогрессивті ұлғаятын

салмаққа ие болатынын және сонымен бірге ақыры аяғында жүйе
бұзылып тынғанға дейін айырбас курсындағы прогрессивті өсе

түскен ауытқуларға әкеле отырып, биржалық ойынның белгілі бір
тәртіпке жақындай түсетінін көрсетіп едім.
Егер менің құндылықтар тұтастай алғанда рефлексивті сипатта
болады деген тұжырымым ақиқат болса, онда одан тұрақсыздық

ашық қоғамның жалпы ортақ мәселесі болады деген түйін келіп
шығады. Бұл пікір жалпы мүддені қалыпты көздеу тепе-теңдікті
қамтамасыз етеді деп ұйғаратын кемелденген бәсекелестіктің
классикалық теориясына тура қайшы келеді. Тепе-теңдіктің орны­

на нарықтық күштердің еркін ойыны, онда кездейсоқтықтар бірін
бірі алмастыратын конъюнктуралар өзгерісінің мәңгі үдерісіне
әкеледі. Белгілі бір жағдайларда, әсіресе бұл несиелермен бай­
ланысты болған жағдайларда, бетбұрысқа келгенге дейін дисп­

ропорция ұлғая түседі. Бұл жеке мүдделерді рационалды көздеу
адамдардың мейлінше көп санына барынша көп игілік әкеледі деп
саналатын кемелденген бәсекелестіктің қалыпты тепе-теңдігіне
ұқсай қоймайды.

Бұл түйін Пандораның жәшігін ашып тастайды. Классикалық
талдау толығымен жеке мүддеге негізделеді, бірақ егер жеке
мүддені көздеу жүйенің тұрақтылығына әкелмейтін болса, онда
мынадай сұрақ туындайды: жүйенің өмірін қамтамасыз ету үшін

жеке мүдденің күші жеткілікті ме? Бұған айқайлап тұрып «жоқ»
деуге болады. Мен «Қаржы алхимиясында» жазғанымдай, қаржы
нарығының тұрақтылығы тек қандай да бір реттеу жолымен ғана
қамтамасыз етіледі. Және қалай біз тұрақтылықты саясаттың

мақсаты етіп қойсақ, солай басқа да лайықты мақсаттар туындай­
ды. Әрине, тұрақтылық ахуалында да бәсекелестік сақталуы тиіс.
Тұрақтылық пен бәсекелестікті және тағы да басқаларын сақтауға
бағытталған қоғамдық саясат еркін бәсекелестік ұстынымен

қайшылықта болады. Оның бірі қалайда дұрыс емес.
Жиырмасыншы ғасырды еркін бәсекелестіктің жер шарының
көп бөлігінде нақты үстемдік еткен және мойындалған уақыты
деп есептеуге болады. Оның «экономикалық теория бойынша»

тепе-теңдікпен сипатталмағаны да белгілі. Бұл экономикалық
ұйымдардың
жаңа
түрлері

дамытылып,
экономикалық
белсенділіктің шектері барлық бағыттар бойынша кеңейе түскен,
буырқанған экономикалық өсімнің уақыты болды. Эконмикалық

реттеудің бұрынғы құрылымы бұзылып тынды. Өсімнің қарқынды
болғаны соншалық, жоспарлауға тіпті уақыт та қалмады; барлығы
бірден күрт өзгерді, қалай қатысуды ешкім де білмеген, осыған
дейін мүлде беймәлім болып келген құбылыстар туындады. Өзіне

қосымша міндеттер алатындай, мемлекеттік механизм бұған
бейімделіп кете алмады; ол кеңейе түскен шекаралар мен шексіз
жайылып кеткен қалаларда заңдылық пен тәртіпті ұстап тұруға
күші әрең жетті.

Өсімнің жылдамдығы баяуласымен-ақ мемлекеттік реттеудің
тетіктері өздеріне қойылған талаптарды қуып жете бастады.
Статистикалық мәліметтерді жинап, салықтар алуды жолға қойып,
еркін кәсіпкерліктің жан түршіктірер аномалиясымен күресе бас­

тады. Индустриалдандыру жолына енді ғана түскен елдердің көз
алдында алдыңғыларының тәжірибесі тұрды. Тұңғыш рет мем­
лекет өнеркәсіпті тиімді реттей алатындай жағдайға ие болды
және адамдар еркін бәсекелестік пен жоспарлауды таңдаудың

нақты мүмкіндігіне ие болды. Бұл еркін бәсекелестіктің алтын
ғасырының соңы болды: бастапқыда протекционизм, ал одан кейін
мемлекеттік реттеудің өзге де формалары пайда болды.
Таяуда еркін бәсекелестік ұстыны қуатты қайта түлеуді бастан

кешірді. Президент Рейган нарықтың сиқырлы рухын қайта түлетті,
ал Маргарет Тэтчер «анағұрлым күштінің аман қалу» саясатын
жариялады. Қазір біз қайтадан, әсіресе Еуропада жедел өзгерістер
дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл жерде саяси кеңестерді

талқылаудың қажеті шамалы, мен оны төменіректе келтіремін.
Бұл тараудағы мен атап өтетін жалғыз нәрсе, тар жеке мүдде біз­
ге бүгінгі күннің саяси мәселелерін игеруге үмкіндік беретіндей
құндылықтардың лайықты жүйесін қамтамасыз ете алмайды. Біз

тек жеке игілікті ғана емес, өз құндылықтарымызды қайта ой еле­
гінен өткізуіміз, жүйені аман алып қалуға бағдарланған нәрсені
қабылдауымыз қажет.
Еркіндік

Тиімді бәсекелестік ешқашан тепе-теңдік жағдайын қамтамасыз
ете алмайды, бірақ ол тепе-теңдіктің үйреншікті қатынастарға
бағыныштылығын азайту жолымен индивидуалды еркіндікті ба­
рынша ұлғайтады. Әдетте еркіндік – заңмен немесе конституци­

ямен кепілдікке алынған сөз, қозғалыс, дін ұстану еркіндіктері

- құқық немесе құқықтардың жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл

өте тар көзқарас. Мен бұл сөзге анағұрлым кең мағына берер едім.
Еркіндік дегенде мен баламалардың мүмкіндігін түсінемін. Егер
баламалар индивидтің кәдуілгі жағдайымен салыстырғанда, аз
тартымды болса немесе жағдайды өзгерту үлкен күш-жігер мен

құрбандықтарды талап етсе, онда адамдар үйреншікті жағдайына

тәуелді болып қалады және мейлінше көп шектеулерге, балағат
пен қанауға тап келеді. Егер оларда өздерінде бар жағдайдан бір
де кем емес баламаларға ие болса, олар бұл бағыныштылықтан
азат болады. Қалай бір нәрсе оларды қанағатандырмайтын болса,

олар солайша кетіп қалады. Бұл жағдайдағы еркіндік өз жағдайын
өзгертуге деген адамзат қабілетінің функциясы болып табылады.
Мейлінше тең бағалы нұсқалар болған кезде, еркіндік те барынша
жоғары болады.

Бұл еркіндік туралы кең таралған түсініктен барынша
айрықшаланады, бірақ еркіндік, әдетте, айғақ емес, мұрат түрінде
қабылданады емес пе. Мұрат тұрғысындағы еркіндік әдетте,
құрбандық ұғымымен байланыстырылады. Ал айғақ тұрғысында

ол бұл үшін қандай да бір құрбандыққа барудың қажеттілігінсіз,
өз қалауыңа сәйкес қимылдаудың мүмкіндігін білдіреді. Адам­
дар еркіндік үшін үлкен құрбандықтарға баруға қабілетті: олар
тіпті өздеріне зиянды болса да дербес шешімдерді қыңырлықпен

қабылдай алады. Осылайша, адамдардың өз таңдауын жасауы
үшін, қоғамның шексіз деңгейде құбылмалы болуы шарт емес.
Алайда мұндай қоғамдағы еркіндік құрбандыққа мұқтаж емес: бұл
іске асқан айғақ.

Еркіндікке мұрат ретінде сенетін адамдар ол үшін құштарлықпен
күресуі мүмкін, бірақ бұл олардың не үшін күресіп жатқанын
түсінетінін аңғартпайды. Еркіндік оларға мұрат түрінде қызмет ет­
кендіктен, олар көбіне оны абсолютті игілік ретінде қарастырады.

Дегенмен еркіндіктің жағымсыз жақтары да жоқ емес. Құрбандықтар
өз жемісін беріп, еркіндікке қол жеткен кезде, бұл жағымсыз бел­
гілер еркіндіктің мұрат түріндегісімен салыстырғанда, анағұрлым
айқын көрінуі мүмкін. Батырлықтың даңқы тарайды, жалпы ортақ

мұратқа негізделген ынтымақтастық ыдырайды. Әрқайсысы өз
түсінігіне сәйкес, жеке мүдделерін көздейтін индивидтердің то­
быры ғана қалады. Мұның қоғамдық мүддемен сәйкес келуі де,
келмеуі де мүмкін. Ашық қоғамда дәл осындай еркіндік болады

және ол үшін мұрат ретінде күрескендердің көңілінің қалуы әбден
мүмкін.
Жеке меншік
Еркіндік, біз жоғарыда анықтап кеткеніміздей, тек адамға ғана

емес, өндірістің барлық қалған құралдарына да таралады. Егер
егесінің айрықшалана қоймайтын әр алуан баламалардың ара­
сынан таңдау еркіндігі қашанда болатын белгілі бір іске немесе

жобаға қатаң бектіліп қоймаған жағдайда, жер мен капитал да «ер­
кін» бола алады. Бұл жеке меншік институтының қажетті бөлігі
болып табылады.
Өндірістің факторлары әрқашан басқа факторлармен үндестікте

пайдаланылады, сондықтан бір факторды қолданудағы кез келген
өзгеріс міндетті түрде өзгесіне ықпалын тигізеді. Мұның салда­
рын материалды құндылықтардың ешқашан да шын мәнінде жеке
тиесілі болмайтындығынан байқалады; олар қашанда өзгелердің

мүдделеріне нұқсан келтірумен байланысты болады. Тиімді
бәсекелестік бір фактордың екіншісіне тәуелділігін төмендетеді,
ал егер нақты өмірде болуы екіталай, кемелденген бәсекелестік
мүмкін болса, тәуелділік түбірімен жойылады. Бұл өндіріс құрал-

жабдық иелерін басқа қатысушыларға қатысты кез келген жауап­
кершіліктен босатады және жеке меншікті негізқұраушы құқық
ретінде қарастырудың теориялық түрде ақталуын қамтамасыз
етеді.

Жеке меншік ұғымының кемелденген бәсекелестік теория­
сында өзінің ақталуына мұқтаж екендігін байқауға болады. Бірақ
шексіз ептілік пен дәл білімнің болуы мүмкін еместігінен, меншік
құқық беріп қана қоймай, сонымен қатар, қоғамға қатысты міндет­

терді де жүктейді.
Кемелденген бәсекелестік те жеке меншік институтын
жақтайды, бірақ оны анағұрлым сақтықпен қорғайды. Индиви­
дуалды шешімдердің әлеуметтік нәтижелері шайылып кеткен, ал

олардың жағымсыз салдарлары әрекет етуші факторлардың өз
қарама қарсылығына айналып кету қабілетімен жұмсара түседі.
Байлықтың жүктейтін әлеуметтік міндеттері, сәйкесінше жал­
пы және мейлінше түсініксіз және, әсіресе, баламалы қоғамдық

меншіктің одан да жаман кемшіліктері болса, жеке иеленуге және
меншікті басқаруға қарсы айтарлықтай наразылықтар да бола
қоймайды. Алайда, классикалық талдауға керісінше, жеке меншік­
тік құқықтар абсолюттік түрінде қарастырыла алмайды, өйткені

бұл жерде әңгіме кемелденген емес, тиімді бәсекелестік туралы
болып отыр.
Қоғамдық келісім
Еркіндік айғақ түрінде өмір сүрген кезде, қоғамның си­

паты
толығымен
оның
мүшелері

қабылдайтын
шешім­
дермен анықталады. Сонымен бір мезгілде, егер, органикалық
қоғамда мүшелердің жағдайы тек тұтастыққа деген қатынаста

қарастырылатын болса, енді тұтастықтың өз-өзінен мәні жоқ және
ол тек жеке тұлғалық шешімдердің категорияларында ғана пайым­
далады. Бұл айырмашылықты анықтай түсу үшін мен «ашық
қоғам» деген терминді қолданамын. Адамдар оның мүшесі бола

алатынына қарай және оны өз қалауларына сай тастап кете ала­
тынына қарай, – кең таралған осы мағынасына қарай – осы типте­
гі қоғам ашық болатын шығар, бірақ бұл менің түсінігім үшін
соншалықты маңызды емес.

Өркениетті қоғамда адамдар көптеген қатынастарда және байла­
ныстарда өмір сүреді. Органикалық қоғамдарда бұл қатынастарды
дәстүр реттеп отырса, ал ашық қоғамда оларды индивидтердің
шешімі анықтайды: олар жазылған немесе жазылмаған келісім­

дермен реттеледі. Дәстүрлі міндеттерді келісімді міндеттер алмас­
тырады.
Шарттары мүдделі тараптардың бақылауына бағынбағандықтан,
дәстүрлі қатынастар жабық болып келеді. Мысалы, жердің

мұрагерлікпен берілуі алдын-ала анықталып қойылған; сондай-ақ
помещик пен крепостной (басыбайлы) арасындағы қатынастар да
айқындалып қойған. Сондай-ақ қатынастардың жабықтығы, бұл
қатынастардың тек осыларға тікелей байланыстыларға ғана тиесілі

болып, басқа ешкімге қатысты болмайтындығымен де түсіндіріледі.
Ал келісімді қатынастардың ашық болу себебі, шарттарды мүдделі
тараптардың талдай алуымен және оларды өзара келісім бойын­
ша өзгертуге болатындығымен сипатталады. Сол сияқты келісімге

келуші тараптардың орнын басқалардың алмастыруы себепті де
ашық болып саналады. Келісімдер көбіне қоғамға жария болып ке­
леді және әртүрлі біртекті келісімдердің арасында күшті қайшылық
туындаған жағдайда, оларды бәсекелестік түзетіп отырады.

Кей мағынада дәстүрлі және келісімді қатынастар арасындағы
айырмашылықтар нақты және абстрактылы ойлау арасындағы
айырмашылықтармен сәйкес келеді. Дәстүрлі қатынастарға тек
олармен тікелей байланыстылар ғана енсе, келісімді шарттарды

әмбебап деп есептеуге болады. Егер қатынастарды қатысушылар
анықтайтын болса, өркениетті қоғамның негізін құрайтын әртүрлі
институттарға деген тиесілік те келісімнің өзегін құрауы тиіс.
Пікірлердің дәл осы бағыты қоғамдық шарт тұжырымдамасына

алып келді. Бастапқыдағы Руссоның баяндаған түріндегі бұл
тұжырымдаманың не теориялық, не тарихи негіздемесі жоқ.
Қоғамды барынша тәуелсіз индивидтердің еркін жүргізетін келісімі
түрінде анықтасақ, бұ адасушылық болар еді және өркениетті

қоғамның тарихи шығу тегін осындай шартқа апарып тіреп қойсақ,
бұл анахронизм болар еді. Дегенмен де, Менениус Агрипийдің
аллегорияларының органикалық қоғамның мәнін айқындап бер­
гені тәрізді, Руссоның тұжырымдамасы да ашық қоғамның мәнін

айқын ашып береді.
Ашық қоғамды барлық қатынастар келісімді сипатқа ие бо­
латын теориялық үлгі ретінде қарастыруға болады. Міндетті не­
месе шектеулі мүшелері болатын институттардың өмір сүруі бүл

түсіндірмені (интерпретацияны) еш жоққа шығара алмайды. Таңдау
еркіндігін мүмкін қылатын, әркімге де ашық, бір-біріне мәртебесі
жақын әртүрлі интституттар бітпейінше индивидуалдық еркін­
дік те өмір сүре береді. Бұл – шынайы, тіпті бұл институттардың

кейбірі, мысалы, мемлекет міндетті қатысушылықты талап етіп,
ал әлеуметтік клубтар тек таңдаулылар үшін ғана ашық болса да,
бұл мүмкін болып қалады. Мемлекеттің индивидтерді жаншуға
мүмкіндігі жоқ, өйткені олар көшіп кетіп, келісімді бұза алады,

ал егер адамды бір клуб қабылдамай қойса, ол қашанда келесісіне
бара алады.
Ашық қоғам барлығына тең мүмкіндіктер бермейді. Керісін­
ше, егер өндірістің капиталистік тәсілі жеке меншікпен біріксе,

онда өз еркіне берілгендіктен, азаю емес, ұлғаюға бейім орасан
зор теңсіздік міндетті түрде пайда болады. Ашық қоғам тапсыз
бола алмайды: оны солайша елестету мүмкін емес. Ашық қоғам
идеясымен таптардың болуын қалайша ымыраластыруға болады?

Жауабы оңай. Ашық қоғамдағы таптар – бұл жай ғана әртүрлі
әлеуметтік қабаттар. Әлеуметтік ептіліктің жоғары деңгейі бар
кезде, Карл Маркс айтқандай таптық сананың болуы мүмкін емес.
Оның тұжырымдамасы тек жабық қоғам үшін ғана дұрыс және

мен оны келесі тарауда толығырақ қарастыратын боламын.
Осы бір керемет әлем
Маған ашық қоғам ұғымын қисынын келтіріп түсіндіріп беруге
және барынша құбылмалы қоғамның қандай болатынын көрсетіп

беруге рұқсат етіңіздер. Баламалар өмірдің барлық салаларында
болады: жеке қатынастарда да, пікірлер мен идеялар, өндірістік
үдерістер мен материалдар, әлеуметтік және экономикалық сала­
ларда және т.б. орын алады. Мұның барысында индивид жетекші

жағдайды иеленеді. Органикалық қоғамның мүшелері ешқандай
индивидуалдылыққа ие болмайды: барынша құбылмалы деңгейге
жетпеген қоғамда жалпы қабылданған көзқарастар мен орныққан

қатынастар адами индивидуалдылықтың көріністерін әлі де бол­
са шектейді, бірақ ашық қоғамда қалыптасқан қатынастардың
немесе міндеттердің бірде-бірі абсолютті болып табылмайды
және адамның ұлтқа, отбасына және жан-жағындағы адамдарға

деген қатынасы толығымен оның өзінің шешіміне тәуелді бо­
лады. Мәселенің арғы жағына үңілер болсақ, әлеуметтік өзара
қатынастардың тұрақтылығының жойылғанын көруге бола­
ды: қоғамның органикалық құрылымы, оның өзін құрайтын

атомдардың, жекелеген индивидтердің еш кедергісіз өз қалауынша
қозғалатын болған кезіне дейінгі шекте бұзылады.
Индивидтердің бар мүмкіндіктерден қалайша іске асыратыны
экономиканың өзегіне айналады. Экономикалық талдау, осылай­

ша, қолайлы бастапқы бекетті бастап береді – енді оны жалғастыру
ғана қалады. Әркімнің әрекетінің алдында таңдау жасау шарасы
тұратын әлемде экономикалық іс-қимыл әрекеттің барлық са­
лаларын сипаттайтын болады. Бұл адамдардың рухани, көркем

дүниелерге немесе адамгершілік құндылықтарға емес, материалды
заттарға міндетті түрде үлкен басымдылық беретінін білдірмейді,
тек барлық құндылықтардың ақшалай білдірілуіне ауысуды ғана
білдіреді. Бұл нарықтық механизмдердің ұстындарын өнер, саясат,

қоғамдық өмір, секс және дін сияқты алшақ салаларға да таратады.
Құнды нәрсенің барлығы сатылып немесе сатып алына бермейді,
өйткені мейлінше терең тұлғалық және сондықтан да ауыс-түйіске
көнбейтін құндылықтар да болады (мысалы, ана махаббаты); кей­

бір құндылықтар айырбас барысында өзінің маңызын жоғалтады
(мысалы, репутация); ал кейбіреулерімен не физикалық тұрғыда,
не заңсыз болғандықтан саудаға түспейтін құндылықтар кездеседі
(мысалы, ауа-райы немесе саяси тағайындалу), бірақ нарықтық

механизмнің көлемі шектен тыс кеңейеді. Тіпті нарықтық
күштердің әрекеті заңнамамен реттелетін жерлердің өзінде, бұл
заңнаманың өзі нарықтық таңдау үдерістеріне ұқсас үдерістердің
нәтижесінде қалыптасады.

Бұрын ақылға сыйғызу мүмкін бомаған мүмкіндіктер пайда бо­
лады. Эвтаназия, гендік инженерия, адамның психикасына ықпал
ету практикалық беткейге қоныстанды. Ең күрделі адами функ­
цияларды құрамдас элементтерге бөлу және жасанды түрде қайта

өндіру ықтималға айналды. Керісіншесі дәлелденге дейін барлығы
да мүмкін сияқты көрінетін сезім пайда болды.
Барынша құбылмалы қоғамның ең таң қаларлық белгісі, сірә,
тұлғааралық қатынастардың күйреуі болар. Тұлғааралық ада­

ми қатынастар белгілі бір адамға байланып қалған қатынасқа
байланысты. Ал бұл қоғамда достар, көршілер, күйеулер мен
әйелдер өзара алмасуға бейім келеді, ең бомағанда, тең бағалы
баламаларға оңай алмастырылатын болады; олар бәсекелестік не­

гізінде таңдалатын болады. Ата-аналар мен балалар арасындағы
қатынастардың тұрақты болып қалуы мүмкін, бірақ оларды бірік­
тіріп тұрған байламдар әлсірейді. Коммуникацияның анағұрлым
тиімді құралдары тікелей физикалық қатыстың мұқтаждығын

төмендеткен сайын, жекелей қарым-қатынас өз маңызын жоя
түседі.
Көз алдымыздағы бұл кескін көңіл қуанта қоймайды. Оны
көз алдымыздағы тежеуші фактор ретінде ұстап тұруымыз ке­

рек. Кез келген қоғамдық жүйе оны логикалық ақырына дейін
жеткізер болсақ, ақылға қонбайтын абсурдқа айналады, мейлі
ол Мордың «Утопиясы» болсын, Дефоның қиял-ғажайып елдері
болсын, Хакслидің «Осы бір керемет әлемі» немесе Оруэллдің

«1984-і» болсын. Алайда жүзеге асқан айғақ ретіндегі ашық
қоғамның кейбіреулердің қиялында мұрат күйінде жүрген кейпі­
мен салыстырғанда азырақ қалаулы болып қалғаны түсінікті де
шығар.

Құндылықтар жүйесі
Оған мұрат болуға мүмкіндік беретіндей ашық қоғамның
орасан зор игілігі мен жетістігі тұлға еркіндігі болып табылады.
Еркіндіктің ең жарқын желігінің өз жағымсыз жағы да бар: бұл

шектеулер мен тежеуші факторлардың болмауы. Бірақ еркіндіктің
одан маңыздырақ болып келетін жағымды жағы да бар. Ол
адамдарға өздерінің ойлай білу, қалауына қарай шешім қабылдай
білу мүмкіндігінжәне өз армандарын нақтылыққа айналдыру

мүмкіндігін береді. Олар өз мүмкіндіктерінің шектерін зерттей
алады және басқа ахуалда бұған қол жеткізу үмкін болмайтын ин­
теллектуалды, ұйымдастырушылық, көркемдік және практикалық
биіктерге шыға алады. Мұның мейлінше қызықты, шабыттанды­

рушы және орасан ләззат сезімін әкелуі мүмкін.
Жағымсыз жағына келер болсақ, адамның иеленген негізгі
жағдайы оған кей кездері арқалап жүру мүмкін емес көрінетін
ауыртпалық

жүктейді.
Таңдау
барысында
дұрыс

шешім
қабылдауға септігін тигізетін бағдарларды қайдан табуға бола­
ды, құндылықтар жүйесін қалай таңдауға болады? Экономикалық
талдау құндылықтар жүйесі де, таңдау мүмкіндігі де берілгеннен

кейін басталады. Біз бұл ұйғарымдардың барынша құбылмалы
қоғам ұстынына диаметралды қарама қарсы екендігіне көз жет­
кіздік. Еркін индивидті құндылықтардың белгілі бір тұрақты
жүйесінде әрекет етеді деп күту кесімді түрдегі қайшылық болар

еді. Құндылықтар да барлық басқалары сияқты таңдалады. Таңдау
ойланып толғану мен уайымдардың нәтижесінде саналы түрде жа­
салуы мүмкін; оның импульсивті, немесе отбасылық тәрбиенің,
әлдекімдердің кеңесінің, жарнаманың немесе өзге де тысқары

әсерлердің ықпалымен жүзеге асуы ықтимал. Құндылықтар
құбылмалы болған кезде, олардың құбылмалылығы іскерлік
белсенділіктің маңызды бөлігіне айналады. Адамдарға өздеріне
үлкен сыртқы ықпалдың әсерінен құндылықтар жүйесін таңдауға

тура келеді.
Егер де бұл тек тұтынудың мәселесі болса, бәрі де анағұрлым
оңай болар еді. Темекінің қандай маркасын таңдау туралы сөз
болғанда, біздің тікелей физиологиялық түйсіктеріміз, қанағаттану

мен қанағаттанбау сезімдеріміз тәуір кеңесші бола алар еді,
бірақ тіпті бұл жағдайдың өзінде де темекі жарнамасына ора­
сан зор сомалардың жаратылатынын ескерсек, бұл да күмәнді
борлып қалады. Бірақ қоғам тек ләззат алу ұстынына негізделіп

қана құрылмайды. Өмірде одан басқа ауру, тәуекел, қауіп және,
ақырында дауасыз өлім де бар. Егер де ләззат алу жалғыз ғана
бағдар болса, қоғамның құрамдас бөліктері саналатын көптеген
ассоциациялар мен институттар, капитал жинақтау болмаған бо­

лар еді, адамзат өркениетінің көптеген жаңалықтары, көркемдік
және технологиялық жетістіктері сақталмаған, тіпті болмаған да
болар еді.
Мақсаттың тапшылығы

Біз енді индивидті тікелей қанағаттандырудың шеңберінен
тыс шыққан кезде, ашық қоғамның «мақсат тапшылығына» ду­
шар болғанын көреміз. Мен мүлдем ешқандай мақсатты табуға
болмайды деп отырған жоқпын, бірақ тек әрбір индивидтің өзінде

және өзі үшін өз мақсатын іздеуі және табуы тиіс екендігін айтып
отырмын.
Бұл мен ашық қоғамдағы адамдардың тартатын ауыртпалығы
туралы айтқандағы міндеткерлікті білдіреді. Олар қандай да бір

топқа қосыла отырып немесе өздерін қандай да бір мұратқа жету­
ге арнай отырып, өздеріне үлкен мақсат табуға тырысады. Бірақ
ерікті ұйымдар дәл органикалық қоғам сияқты тұрақтылық пен

бірмәнділіктің қолайлы әрі жұбанышты қасиетіне ие емес. Ашық қоғам жағдайында адам саналы таңдаудың нәтижесінде қандай да бір топқа тиесілі болады емес пе, ал өзгелерді таңдаудың мүмкіндігі соншалықты үлкен болғанда, тек бір ғана топқа алаңсыз берілу соншалықты қиын ба? Тіпті егер бір адам бір топқа берілгеннің өзінде, бұл сол топтың оған берілгендігін білдірмейді: сенен теріс айналудың қаупі үнемі мазалап тұрады. Мұраттарға қатысты да осылай. Діни және қоғамдық мұраттарға бір-бірімен бәсекелесуге тура келеді, сондықтан да оларға адам­ дар сөзсіз қабылдауға мүмкіндік беретіндей, дәл осылай бәрін қамтитын толықтық жетіспейді. Қандай да бір мұратты қолдау қандай да бір топқа тиесілік сияқты дәл сондай таңдаудың мәселесі болып шығады. Индивид тұйық әрі дербес болып қалады. Оның белгілі бір мұратты жақтауы таңдауға қатаң бағынуды білдірмейді, тек саналы таңдаудың айғағын ғана білдіреді. Таңдаудың саналы жасалғандығы индивид пен қабылданған мұраттың арасындағы өзара байланыстың сипатын анықтайды. Өзінде және өзі үшін мақсат табу қажеттілігі индивидтер­ ді қиын жағдайда қалдырады. Адамның қоғамды құрайтын құрамдастардың ішіндегі ең әлсіз бірлігі екендігі және оған бағынатын институттардың басым көпшілігімен салыстырғанда анағұрлым қысқа өмір сүретіндігі сөзсіз. Өз-өздігінен алғанда адам – өздерінен асып түсетін және өз өмірлерімен және игіліктерімен салыстырғанда, одан артық құндылықты білдіретін құрылымды ұстап тұруға жеткілікті құндылықтар жүйесін құруға шыдамайтын өте осал іргетас. Алайда құндылықтардың мұндай жүйесі ашық қоғамды ұстап тұру үшін қажет. Құндылықтардың көзі ретіндегі рөлге адамның сәйкессіздігі әртүрлі көрініс табуы мүмкін. Жалғыздық, төменшіктеу, күнә, бостық пен әурешілік сезімдерін бастан кешіру мақсаттың жоктығымен тікелей байланысты. Мұндай психикалық ауытқушылықтар өз жеке қиыншылықтарын қоғам аясына орналастырудың орны­ на, адамдарды осы сезімдер үшін жеке өздерін жауапты деп есептеуге деген адами бейімділіктерімен шиеленісе түседі. Бұл қатынасынан алғанда психоанализдің күші әлсіз: оның терапиялық маңызы қаншалықты болғанымен, оның тұлғаға деген шектен тыс шоғырлануы емдеуге тиесілі мәселелерді өршелендіре түседі. Адам неғұрлым үлкен байлық пен билікке ие болған сайын оның мәселері де күрделілене түседі. Адамдар күйкі тіршіліктің соңына ілесе алмай, өздерін тоқтатуға және өмірдің мәні тура­

лы сұрақтың жауабын іздеуге мүмкіндік таба алмайды. Бірақ
мен «дәл емес білімнің жағымды қыры» деп атаған нәрсе ашық
қоғамды жалпыға ортақ игілікті қоғамға айналдыруға қабілетті
және бұл мәселені барлық өзектілігімен қоса қояды. Тіпті ләззат

алу ұстынының өзіне қауіп төнетін сәт те тууы мүмкін: адамдар
кенеттен өз еңбегінің нәтижелерінен жеткілікті түрде ләззат ала
алмай қалады, сондықтан бұл нәтижелерге жету үшін жұмсалған
күш-жігер олар үшін ақталмағандай көрінеді. Әрине, байлықты

қалыптастырудың өзі шығармашылық әрекеттің пішімі ретінде
заңды құбылыс бола алады; бірақ іс жемістердің зейнетін көруге
жеткенде, гиперемияның белгілері байқала бастайды.
Өз-өздеріне мақсат табуға қабілетті адамдарды оларға

құндылықтардың дайын жиынтығы мен оған әлемде белгілі бір
орынды қамтамасыз ететін догма өзіне тартып кетуі мүмкін. Мақсат
тапшылығы мәселесінен құтылудың тәсілдерінің бірі – ашық
қоғамнан бас тарту. Еркіндік шыдай алмайтындай ауыртпалыққа

айналғанда, жабық қоғам құтқарушы болып келе алады.
Ойлаудың догматтық типі
Біз ойлаудың сыншыл типінің адамға ненің дұрыс, ненің
дұрыс емес, ненің ақиқат, ненің жалған екендігін анықтаудың

ауыртпалығын тікелей жүктейтінін көрдік. Адамның түсінігі ке­
мелдікке жетпегендіктен аса маңызды деген сұрақтар алдыңнан
шығады, әсіресе адамның әлемге қатынасына және оның қоғамдағы
орнына қатысты мазалайтын сұрақтарға ол түпкілікті жауап таба

алмайды. Белгісіздікке шыдау қиын және адамзаттың ақыл-ойы
одан құтылу үшін неге болса да барады.
Белгісіздіктен құтылудың мынадай тәсілі бар: бұл ойлаудың
догматтық типі. Мұнда тұлғалық бастаудан туындайды деп есеп­

телетін доктрина жетекші рөл атқарады. Мұндай бастаудың көзі
басқа идеологиялармен бәсекелестікте жеңіп шыққан идеология
немесе дәстүр болуы мүмкін. Қалай болғанда да ол қарама қарсы
көзқарастар үшін жоғарғы төреші ретінде жарияланады: оны­

мен келісетіндер – қабылданады, ал қайшы келетіндер – теріс­
ке шығарылады. Баламаларды таразылаудың қажеті шамалы:
таңдау жасалып қойылды. Бірде бір сұрақ жауапсыз қалмайды:
белгісіздіктің қорқынышты шоғырына енді жол жоқ.

Ойлаудың догматтық типінің дәстүрлі типпен көп ұқсастығы
бар. Кез келген білімнің көзі болып табылатын беделді (автори­
тетті) қорыта отырып, ол онда үстем көзқарасқа еш күмән кел­

тірілмейтін әлемнің тамаша қарапайымдылығын қалыптастыруға
немесе сақтауға тырысады. Бірақ дәл осы қарапайымдылықтың
кемшілігі оны дәстүрлі типтен айрықшаландырады. Дәстүрлі
типте өзгеріссіздік жалпы мойындалған айғақ болып табылады;

ал догматтық типте бұл постулат. Жалғыз жалпы қабылданған
көзқарастың орнына әртүрлі түсіндірмелер орын алады, бірақ
олардың біреуі ғана постулатпен келіседі. Басқаларынан бас тар­
ту керек. Догматтық типтің өзінің постулатты қолданатынын

мойындамауға тырысуы ахуалды шиелендіре түседі, өйткені
бұл оның орнатуға тиіс мызғымас беделіне нұқсан келтіреді.
Бұл қиыншылықты игеру үшін небір қулықтарға баруға тура
келеді. Қанша тырысқанымен догматтық тип дәстүрлі типтің

өмір сүргеніндей жағдайларды қайта қалпына келтіре алмайды.
Айырмашылықтың маңызды бір белгісі мынау болып табылады:
шынайы өзгертілмейтін әлемнің тарихы болмайды. Өткен мен
қазіргі қақтығыстарды пайымдау пайда болысымен, түсіндірме

өзінің міндеттілік күшінен айрылады. Бұл ойлаудың дәстүрлі
типінің адамзат дамуының ежелгі кезеңдерімен шектелетінін
білдіреді. Егер адамдар өз тарихын ұмытқанда ғана, ойлаудың
дәстүрлі типіне қайтып келуге болады.

Осылайша, сыншыл типтен дәстүрлі типке тікелей өтуді
толығымен жоққа шығаруға болмайды. Егер догматтық тип
уақыттың белгілі бір кезеңінде үстемдік етсе, тарихтың
бейболмысқа кетіп, аяқталуы мүмкін еді, бірақ қазіргі сәтте мұны

практикалық ықтималдық ретінде қарастыруға тұрмайды. Таңдау
тек сыншыл және догматтық типтердің арасында ғана бола алады.
Шын мәнінде, ойлаудың догматтық типі өзгеріссіздік тура­
лы ұйғарымды (дәл білім мұны мүмкін санайды) енді мүлдем

өзгермейтін деп саналмайтын әлемге алмастырады. Бұл оңай мін­
дет емес. Адамзаттың дәл білімге ие бола алмайтынын ескерсек,
бірде бір түсіндірме шындыққа толығымен сай келмейді. Егер
күмәнсіз айғақ деп есептелетін ақиқат қандай да бір бақылауға

түсе қалса, онда міндетті түрде кейбір алшақтықтар туындайды.
Жалғыз тиімді шешім - ақиқатты бақылау патшалығынан алып
тастап, оны онда қайшылықты айғақтар тарапынан еш кедергісіз
салтанат құратын сананың жоғары деңгейіне қалдыру керек.

Сананың догматтық типі, осылайша, адамзатқа қандай да бір
кейіппен көрінетін құдай немесе тарих түріндегі жоғарғы беделге
жүгінуге бейім. Демек, аян ақиқаттың соңғы қайнар көзі болып
табылады. Әзірге адамдар өздерінің жетілмеген интеллектерімен

доктринаның мүмкін болар мағыналары мен оны қолданудың тәсілдері туралы толассыз пікір айтысып жатқанда, доктринаның өзі өзінің періштедей тазалығымен жарқырай түсуде. Бақылау уақыттың ұдайы ағымын белгілеп тұрған мезгілде, жоғарғы беделдің үстемдігі мызғымас күйінде қала береді. Сол елесті бұзатын айғақтардың көп мөлшеріне қарамастан, бұл мейлінше айқын өзгермейтін әлем туралы сағым-елесті қолдап тұрады. Бұл сағым догматтық ойлау типінің табысқа жеткен жағдайда, әдетте әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету айғағымен күшейе түседі. Алайда өзінің ең табысты нұсқасының өзінде догматтық тип дәстүрлі типке мейлінше тән болып келетін қарапайымдылыққа ие бола алмайды. Ойлаудың дәстүрлі типі тек нақты ахуалдарды ғана қарастырды. Догматтық тип болса, барлық ойлау ахуалдарына қатысты қолданыла беретін доктринаға негізделеді. Оның қағдалары – бұл тікелей бақылаудан тыс және көбіне дербес өмір сүретін абстрак­ циялар. Абстракцияларды пайдалану дәстүрлі типте болмаған қиыншылықтардың салдарына алып келеді. Догматтық типті қарапайым деуге еш келмейді, оның үстіне ол тіпті сыншыл типтен де анағұрлым күрделі. Бұған таң қалуға болмайды. Өйткені тиісін­ ше сәйкес келмейтін жағдайларда да өзгеріссіздік туралы посту­ латты қолдау, оның үстіне оның жай ғана постулат екенін мойын­ дамай тұрып қолдау шынайылықты бұрмалауға әкеліп соғады. Ең болмағанда дәйектіліктің көрнекілігіне қол жеткізу үшін ақылға қонбайтын қисындар ойлап табуға тура келеді және бұл ақылдың көп күш-жігер жұмсап ширығуына душар етеді. Шын мәнінде, егер тарих мұның мысалдарын көптеп бермегенде, адамзат ақылының осылай өзін-өзі алдауға салуға қабілетті екендігіне сену қиын да бо­ лар еді. Сайып келгенде, ақыл-ой – бұл кез келген өзінің тудырған қайшылығын басқа қайшылықтар құрастыру жолымен шешуге қабілетті құрал. Бұл үрдіс догматтық ойлау типінің шеңберінде ер­ кін әрекет ететін болады, себебі, біз көріп отырғанымыздай, оның қағидалары бақылауға түсетін құбылыстарға іс жүзінде тәуелді болмайды. Барлық күш-жігері ішкі қайшылықтарды шешуге бағыттал­ ғандықтан, догматтық ойлау типі білімнің көлемінің ұлғаюына еш мүмкіндік бермейді. Ол тікелей бақылауды өлшем ретінде мойын­ дай алмайды, себебі қақтығыс болған жағдайда догманың беделі­ не нұқсан келеді. Ол тек доктринаны қолданумен ғана шектелуі тиіс. Бұл сөздердің, әсіресе, бір шешілмеген мәселенің орнына

жаңадан ондаған мәселелерді қайта қоятын софистикалық, талмудтық, теологиялық, идеологиялық дискуссиялардың немесе «бастапқы аян» сөздерінің мәні туралы пікірталастарды тудырады. Ойлаудың нақтылықпен мүлдем немесе соған жақын байланысы болмағандықтан, ойқорыту барған сайын қуақы және ирреалдыға айналу үрдісіне түседі. Иненің ұшында қанша періште билей алуы мүмкін? Доктринаның мазмұны тарихи жағдайларға тәуелді болады және тұжырымның нысанына айнала алмайды. Материал ішінара дәстүрлі бола алады, бірақ бұл үшін ол торлығымен қайта түлеуі керек. Догматтық типке әмбебап қолданыстағы қағидалар қажет, ал сонымен бірге дәстүр әуел бастан нақтылыққа негізделгені бел­ гілі. Енді оны түйіндеп, құбылыстардың қалың шоғырына тарату қажет. Бұл үдерістің тамаша көрінісін тілдердің өсуінен аңғаруға болады. Тілдің құбылушы жағдайларға бейімделу тәсілдерінің бірі бастапқыда нақты нысандарды белгілеу үшін қолданылған сөздердің жанама, фигуралды, метафоралық мәндерінің пайда бо­ луы болып табылады. Жанама мағынада нақтынысанның ерекше бір белгісі сақталады, сол дәл осындай ерекше қасиеттері бар өзге нысандарды белгілеу үшін қолданылатын болады. Өз өсиеттерін Інжілден алынған үзінділерден алып құрастыратын уағызшылар дәл осылай жасайды. Доктрина сондай-ақ өз бойына ашық қоғамда туындаған иде­ яларды да енгізе алады. Болмыс мәселелерінің барлығын қамтып түсіндіріп беруге уәде ететін әрбір философиялық немесе діни тео­ рия доктринаның қасиеттеріне ие болады: оған бар керегі – бұл шар­ тсыз қабылдау және өмірге жалрыға ортақ қылып енгізу. Мұндай әмбебап философияны қалыптастырушы өз доктринасының кесімді түрде қабылданып, барлық жерге таралуын қаламауы да мүмкін, бірақ оның жеке қалауы мен бейімділіктері идеяның дамуына көп әсер ете қоймайды. Теория білімнің жалғыз қайнар көзіне айналы­ сымен, ол оны жаратушының бастапқы ниетіне қарамастан, ше­ шушіге айналатын анықтаушы белгілеріне ие болады. Сыншыл тип дәстүрлі типпен салыстырғанда үлкен мүмкіндіктерге ие болғандықтан, догманың дәстүрден гөрі сыншыл типтің қалыптастырған идеолгогиясының негізінде орнығатыны күмән тудыра қоймайды. Ал догма пайда болғаннан кейін, ол дәстүрлі киімдерге оранып шыға алады. Егер нақты пікірлердің жанама мәндерін дамытатындай тіл мейлінше епті болса, онда ол керісінше жасауға да – абстрактылы идеяларды тұлғаландыруға да қабілетті деген сөз. Көне Өсиеттің Құдайы – дәл осы жағдай, ал

Фрэзэрдің «Алтын бұтағынан» басқа көптеген мысалдарды тауып алуға болады. Шындығында біз дәстүр деп атап жүргеннен сын­ шыл ойлаудың көптеген нақтыланған өнідерін байқауға болады. Ең алдымен догма барлығын қамтитындай болуы тиіс. Ол әрбір ой мен іс-қимылдың өлшемі болуы тиіс. Егер барлығын соның көмегімен бағалап, өлшей алмайтын болса, адамдар ақиқат пен жалған арасындағы айырмашылықты айырудың өзге тәсілдерін іздеп, жан-жағына алақтаумен болады және бұл догматтық ойлау типін бұзады. Тіпті догманың маңыздылығына ешқандай тікелей шабуыл болмаса да, өзге өлшемдерді қолдану басқа нәтижелерге әкеледі деген жалғыз айғақтың өзі оның беделін жойып жібере алады. Егер докторина білімнің әмбебап және жалғыз қайнар көзі болса, онда оның үстемдігін барилық салаларда орнықтыруға бо­ лады. Мүмкін оған үнемі жүгінудің керегі де болмас: жер жыртуға, сурет салуға, соғыс ашуға, зымыран жіберуге де болады – бәрін өзінің бекітілген тәртіптері бойынша істеуге болады. Бірақ қалай қандай да бір идея немесе әрекет доктринамен қайшы келсе, до­ ктрина алдыңғы орынға шығады. Осылайша оның қол асты мен бақылауына адамзат іс-әрекетінің тіпті ең маңызды деген салалары да түсіп кетеді. Догманың келесі негізгі сипаттамасы – оның мызғымастығы. Дәстүрлі ойлау типі ерекше епті. Дәстүр уакқыттан тыс болғандықтан кез келеген өзгеріс бірден тек қазіргі уақытпен ғана емес, әуел бастапқы заманнан бері келе жатқандай қабылданады. Ал догматтық типпен мүлде бұлай емес. Оның доктриналары ой мен қимылды бағалаудың өлшемі қызметін атқарады. Сондықтан олар белгіленген әрі өзгеріссіз болуы тиіс. Егер қалыптан қандай да бір ауытқушылық аңғарылса, ол сол сәтте түзетілуі тиіс. Догманың өзі мызғымас күйінде қалуы керек. Біздің біліміміз дәл емес болғандықтан жаңа нәрсенің жалпы мойындалған доктринамен қақтығысатынын немесе күтпеген жол­ дармен ішкі қайшылықтарды қалыптастыратынын көрсете ала­ мыз. Кез келген өзгеріс әлеуетті қауіпті білдіреді. Қауіп-қатерді ба­ рынша бәсеңдету үшін догматтық ойлау типі ойлауда да, әрекетте де жаңа жолдардың қалыптасуына тосқауыл қоюға тырысады. Ол мұны өзінің әлемге деген көзқарасынан сызып тастау жолымен ғана емес, бақылауға көнбейтін ойлар мен қылықтарды белсенді түрде басып жаншу жолымен де іске асырады. Оның бұл бағытта қаншалықты ілгері жылжитыны, оған қаншалықты қауіптің төнгенімен байланысты болады.

Ойлаудың дәстүрлі типімен салыстырғанда догматтық тип мәжбүрлеудің белгілі бір пішімімен ажырамас тығыз байла­ ныста болады. Мәжбүрлеу өмір сүріп отырған және әлеуетті баламалардың үстінен догманың үстемдігін қамтамасыз ету үшін қажет. Әрбір доктрина қарапайым ой толғаумен шешіле қоймайтын мәселелерді көтеруге бейім болып келеді; доктринаны бекітетін және оның мызғымастығын қорғайтын биліктің жоқ кезінде догматтық көзқарастың бірлігі міндетті түрде бірі біріне қайшы келетін түсіндірмелерге ыдырауы керек. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – доктринаның шынайылығы содан туындайтын тыл­ сым күштердің еркін жерде түсіндіру үшін билікке өкілеттілік беру. Уақыт өте келе түсіндірмелер өзгереді, дамиды, бейімделеді және қабілетті биліктің болған жағдайында, үстем доктриналар нақты өмірде болып жатқан өзгерістермен қатар адымдап жүруі мүмкін. Бірақ биліктің рұқсат бергенінен өзге бірде бір жаңашылдық қабылданбайды. Алайда қайшылықты көзқарастарды түбірімен жою үшін билік жеткілікті түрде күшті болуы тиіс. Биліктің аса күш қолдана қоймайтын да жағдайлары болуы ықтимал. Әзірге үстем догма әмбебап түсіндірмелерді өндіру жөніндегі өз міндетін атқарағанға дейін, адамдар еш сұрақ тудыр­ май, оны қабылдай береді. Ақырында догма барлығын уысында ұстайтын жағдайға ие болады: әрқилы мәселелерге қатысты әртүрлі көзқарастармен қатар, тұтастай алғандағы нақтылыққа тек бір ғана көзқарас бірге өмір сүреді. Адамдарды соның қалқанының астын­ да тәрбиелейді, соның категорияларында ойлауға үйретеді – олар үшін оған күмән келтіргеннен гөрі, оны қабылдаған анағұрлым үйреншікті болады. Алайда, ішкі қайшылықтар барған сайын нақты емес сайыстарға қарай бұрылып, орныққан түсіндірмелерге сай келмейтін оқиғалар орын алған тұста, адамдар іргетастың негіздеріне күмән келтіре бастайды. Мұндай нәрсе орын алған кезде, догматтық ойлау типін тек күшпен сақтап қалуға болады. Күшті қолдану міндетті түрде идеялардың эволюциясына терең ықпал етуі керек. Ойлау ендігі жерде өзінің жеке логикасы бойынша дамымай, күрделі кейіпте са­ ясатпен астасып кетеді. Белгілі бір ойлар белгілі бір мүдделермен байланыстырылады және қандай да бір түсіндірменің жеңісі оны қолдау үшін құрылған дәлелдердің маңыздылығымен емес, оны қорғаушылардың саяси күшіне көбірек тәуелді болады. Адамзаттың ақыл-ойы саяси күштер күресінің алаңына айнала­ ды және, керісінше, доктриналар күресуші топтардың қолындағы қаруға айналады.

Доктринаның үстемдігін, осылайша, дәлелдердің шынайы­ лығымен мүлдем байланысты емес, қару-құралдардың көмегімен ұзартуға болады. Догманы қолдау үшін неғұрлым көбірек зорлық қолданса, оның адамзат ақыл-ойының мұқтаждықтарын өтеу мүмкіндігі соғұрлым азаяды. Догманың үстемдігі, ақырында, жойылғанда адамдарда, әдетте, еңсені басқан қорқынышты қуғыннан босағандай сезім пайда болады. Жаңадан кең көкжиектер мен келешектер пайда болады, мүмкіндіктердің молшылығы үмітті, бастамашылдықты және интеллектуалды белсендіктің қуатты қопарылысын тудырады. Догматтық ойлау типінің дәстүрлі типті соншалықты тартым­ ды еткендей белгілердің біреуін де қайта құра алмайтыны бесене­ ден белгілі. Догматтық тип өте күрделі, және еңсені басатын ебе­ дейсіз болып шықты. Иә, шындығында, ол сыншыл типті азапқа салған белгісіздікті жоя алды, бірақ оны ол егер баламалардың бар екенін білу оған төзімсіз көрінетіндей жағдайларды қалыптастыру арқылы ғана бұл ықтимал болды. Тылсым беделге негізделген доктринаның сыншыл типтің кемшіліктерінен құтылудың тәсілі тәрізді болып көрінгені сияқты, сыншыл тип те догманың езгісінен азап шеккендерді құтқарушы болып көрінуі мүмкін. Жабық қоғам Органикалық қоғам сырт көзге өзінің бірнеше белгілерімен ұнауы мүмкін: белгілі бір қоғамдық тұтастық, әрбір мүшенің ұжыммен кесімді түрде бірегейлігі. Органикалық қоғамның мүшелері мұны артықшылық деп есептей қоймас, олар басқа ешқандай қатынастарды білмейді; тек жеке өзінің қоғамындағы әлеуметтік тұтастық пен тұлға арасындағы қақтығысты пайм­ дай алғандар ғана органикалық қоғамды жағымды мақсат ретін­ де қарастыра алады. Басқаша айтқанда, органикалық қоғамның артықшылықтарының оның өмір сүруі үшін қажетті жағдайлардың жойыла бастаған кезінде бағасы арта түседі. Өзінің бүкіл тарихы бойында адамзаттың өзінің бастапқы бейкүнәлік пен мұңсыздық шағына деген сағынышын таң қаларлық нәрсе деп есептеуге болмас. Эдем бағынан қуылып шығу – көнермейтін тақырып. Бірақ бейкүнәліліктен бір айрылғаннан кейін, оны қайтару мүмкін емес, жалғыз тәсіл – оған дейінгі барлық тәжірибені ұмыту. Органикалық қоғамның жағдайларын жасанды жолмен қайта қалпына келтіруге деген ұмтылыстың бәрінде дәл осы өздерінің тиесілі қоғамымен барлық оның мүшелерінің сөзсіз

бірегейлігіне (идентификациясына) қол жеткізу қиынның қиыны.
Органикалық тұтастықты қайта орнықтыру үшін ұжымның
үстемдігін жариялау қажет. Бірақ оның нәтижесі органикалық
қоғамнан мына бір маңызды бағытта айрықшаланатын болады:

жеке мүдделер ұжымның мүдделерімен сай келудің орнына, оған
деген қатынасында тәуелді жағдайға тап келеді.
Жеке мүдде мен қоғамдық мүдде арасындағы айырмашылық
мына мазасыз сұрақты көтереді: бұл қоғамдық мүдденің мәні не?

Қоғамдық мүдде оған қайшы келетін жеке мүдделер таңылған
кезде де бекітілуі, ұғындырылуы және түсіндірілуі тиіс. Бұл мін­
детті бәрінен бұрын тірі билеуші атқара алады, өйткені ол өз сая­
сатын қалыптасқан жағдайларға икемдей отырып, ептілік көрсете

алады. Ұйымдарға мұндай міндетті атқару қиынырақ, өйткені
олар ебедейсіз, ауыр және шұғыл қимылға жоқ. Мұндай ұйымдар
өзгерістердің алдын алуға тырысатын болады, бірақ бұл олардың
қолынан келе қоймайды.

Қоғамдық мүдде теорияда қалай анықталмасын, практикада
ол, әдетте, үстем топтың мүдделерін көздейді. Солар тұтастықтың
үстемдігін жариялайды және солар өздерінің еркін барынша
қарсылық көрсетуші индивидтерге таңады; егер бұл билеу­

шілер өзімшілдіктен мүлдем ада деп ұйғарғанның өзінде, бұл
тек соларға ғана пайдалы. Қарапайым адамдар сияқты өздерінің
жеке мүдделерін қуу билеушілерге міндетті емес, бірақ олар
тап ретінде жүйеден өз пайдаларын алады: анықтама бойынша,

олар үстем тап болып есептеледі. Таптарға деген тиесілік айқын
анықталғандықтан, тұлғаның қоғамдық тұтастыққа бағынуы бір
таптың екіншісіне бағынуымен бірдей. Жабық қоғам, осылайша,
бір таптың екіншісін қанауына негізделген қоғам ретінде анықтала

алады. Қанаушылық ашық қоғамда да көрініс табуы мүмкін, бірақ
тұлғаның жағдайы мәңгіге бекітіліп қойғандықтан, ол таптық
болып табылмайды. Маркстің түсінігіндегі таптық қанаушылық
тек жабық қоғамда ғана болады. Кезінде Менениус Агриппаның

қоғамды организммен салыстырғаны сияқты, Маркс те таптық
қанаушылық ұғымын енгізе отырып, ғылымға құнды үлес қосты.
Бірақ олардың екеуі де өз тұжырымдамаларын тиесілі қоғамға
қатысты сәйкестендіре алмады.

Егер жабық қоғамның жалпы қабылданған мақсаты бір таптың
(нәсілдің немесе ұлттың) екіншісіне үстемдігін қамтамасыз ету
болса, онда ол оған толығымен қол жеткізе алады. Алайда, қоғам
егер органикалық қоғамның мұңсыз-қамсыз жағдайын қайтаруға

ұмтылса, ол міндетті түрде жеңіліске ұшырайды. Әлеуметтік
тұтастықтың мұраты мен таптық қанаушылықтың нақтылығы
арасында айырмашылық бар. Бұл алшақтықты игеру үшін,
әдетте, айғақтармен қайшылықта болатын аса күрделі, мұқият

ойластырылған түсіндірмелердің тұтастай жүйесі қажет.
Барлығын ресми идеологияға бағынуға мәжбүрлеу – биліктің
ең бірінші маңызды міндеті. Идеологияны неғұрлым көп адам
қабылдаған сайын, жүргізіліп отырған саясат пен ұжымдық мүдде

арасындағы немесе керісінше қатынастағы қақтығыс соғұрлым аз.
Идеалды нұсқасынан алғанда, авторитарлық жүйе органикалық
қоғамның тыныштығы мен үйлесімділігін қайта қалпына келтіру
жолында ұзақ жүруі мүмкін. Әдетте зорлықтың кейбір деңгейлері

қажет те болады және бұл айғақты, әзірге жүйе толығымен
мәжбүрлеуші болып, оның идеологиясы шынайы нақтылықпен кез
келген байланысын үзгенге дейін жаңа зорлықты талап ететін және
идеологияның сенімділігін бәсеңдететін жалған дәлелдемелердің

көмегімен түсіндіру керек.
Тоталитарлық режим мен авторитарлық режим арасындағы
Джин Киркпатриктің жүргізген айырмашылығына қатысты менің
кейбір күмәнданатын тұстарым бар, өйткені ол оны Американың

достары мен жауларын айырып көрсету үшін пайдаланды, бірақ де­
генмен онда ақылдың түйірі бар екенін жоққа шығаруға болмайды.
Негізгі мақсаты билікті ұстап тұру болып табылатын авторитарлық
режим өзінің нені білдіретінін азды-көпті ашық мойындай алады.

Ол әртүрлі жолдармен өз бағыныштыларының еркіндігін шектей
алады, агрессивті және қатал бола алады, бірақ оған өз үстемдігін
сақтап қалу үшін өз ықпалын өмірдің барлық қырына таратудың
қажеті жоқ. Екінші жағынан алғанда, өзін қандай да бір әлеуметтік

әділдік мұратына қызмет етемін деп жариялаған жүйеге өзінің
шынайы қанаушылық мәнін бүркемелеуге тура келеді. Бұл тек іс-
әрекетке ғана емес, өз бағыныштыларының ойларына да қадағалау
жасауды талап етеді. Мұндай жүйені абстрактылы талқылағанша

оны ІV тарауда талдап шыққаным дұрыс болар.
Сорос Дж. Советская система: к открытому обществу.
// Глава 11. Открытое общество. Догматический тип
мышления. Закрытое общество. М.: Политиздат,

1991. С. 78-108.

ІІ. АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ Анри Бергсон МОРАЛЬ МЕН ДІННІҢ Қос ҚАЙНАРЫ ІV Тарау Қорытынды ескертулер. Механика мен мистика. ...Біздің талдауымыздың бір нәтижесі әлеуметтік салада жабықтың ашықтан түбегейлі айырмашылығын айқындауда тұр. Жабық қоғам – бұл оның мүшелері өзара тығыз байланысты, қалған адамдарға енжар, шабуылға немесе қорғанысқа қашанда дайын – бір сөзбен айтқанда, жауынгерлік дайындықта болуға міндетті қоғам. Қашан табиғат уысынан шыға бергендегі, адам­ зат қоғамы тап осындай. Құмырсқа өз илеуі үшін жаратылған сияқты, адам да сол үшін жаратылған. Бұл салыстырумен әуестенудің керегі шамалы; бірақ сонда да жарғақ қанаттылардың топтануы жануарлар эволюциясындағы екі басты бағыттардың бірінің соңында, қалай адамзат қоғамы басқа бағыттың шетінде тұратынындай, дәл солай орналасқанын, біз атап өтуге міндет­ тіміз; бұл мағынада олар бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келеді. Сөх жоқ, біріншілері стереотипті, сонда басқалары өзгермелі, бірін­ шілері инстинктіге бағынады, соңғылары – ақылға. Бірақ егер табиғат, атап айтқанда, бізге ақыл дарытқандықтан, белгілі бір дәрежеге дейін бізге өзіміздің әлеуметтік ұйымымыздың типін таңдап алуға мүмкіндік бергендіктен, ол бізді бәрібір қағамда өмір сүруге міндеттеді. Ауырлық күші дене үшін болатындай, жан үшін тура сондай, тұрақты бағытталған күш, бір жаққа қарай жеке-дара ерікті бұра отырып, топ ынтымақтастығын қамтамасыз етті. Бұл күш – моральдық борыштылық. Ол ашылушы қоғамда өз шектерін жылжыта алғанымен, бірақ оның жабық қоғам үшін жасалғанын біз көрсетіп өткенбіз. Біз сонымен бірге, қалай жабық қоғамның өмір сүретіндігін, ақылдың қайсыбір әсеріндегі аздырушылыққа қарсы тұратындығын, миф жасаушы функциясыдан шығатын, дін арқылы өзінің әрбір мүшесінде қажетті сенімді сақтайтынын және алып беретінін, көрсеттік. Бізбен статикалық деп аталған, бұл дін, күштеуде тұратын, бұл міндеттілік, жабық қоғамның түпнегізін құрастырады.

Қарапайым кеңейтудің жолымен жабық қоғамнан ашыққа, азаматтық қауымнан адамзаттыққа біз ешқашан ауыспаймыз. Олар өз мәнісінде әртүрлі. Ашық қоғам – бұл мәнісінде бүкіл адамзат­ ты қамтитын қоғам. Ол туралы таңдаулы жандар қайта-қайта ар­ мандайды, және ол әрбір рет, олардың әрқайсысы адамда үлкен немесе аз өзгертулер арқылы, осыған дейін шешілмей келген қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін, туындыларда өзі өзінде бірдемені жүзеге асырады. Бірақ әрбір рет, бір сәтке ашылған шеңбер, қайтадан тұйықтанып қалады. Жаңаның бөлігі ескінің пішініне құйылды; индивидуалды талпыныс әлеуметтік қысым болып шықты; міндеттілік те бәрін тұмшалап алды. Бұл қашанда бір және сол бағытта жүзеге аса ма? Егер де біз осының үдеріс екендігімен тек келіскен болсақ, бұл бағыттың бір және сол екендігіне күмән жоқ. Шындықтағы оның көріністерінің әрбірі бұл жағдайда алға қарай қадам басу ретінде анықталатын болады. Онымен адамға тек алға қарай жылжу қалған, егер бағыт алдын ала бар болса, онда моральдық жаңғыртуды қашанда көре білу бар, бірақ бұл тек метафора болар еді; әрбір осындай жаңғырту үшін шығармашылық күш салу мүлде керек болмас еді. Ақиқат, қашанда жаңғыртудың соңғы кезеңін алып, оны қайсыбір ұғым арқылы анықтап және бұл анықтама өзінде ұстап тұрғаннан, басқалары азды немесе көпті ұстап тұр деп, ал сондықтан, олардың бәрі тек оған жылжып жақындау бо­ лып табылады деп, жариялауда тұр. Бірақ құбылыстар осындай форманы тек ретроспективті түрде қабылдайды; өзгерістер сандық емес, ал сапалық болды; олар ешқандай болжап көруге көнбеді. Бір қатынаста, алайда, олар тек өзінің ұғымдық білдірілуінде емес, ал өздерімен өздері әлдебір жалпыны көрсетті. Олардың барлығы жабықты ашқысы келді; алдыңғы ашылудың уақытында өзі өзінде тұйықталып қалған топ, әрбір рет адамзатқа қайтып отырды. Ары қарай барайық: бұл дәйекті күш салулар атап айтқанда мұраттың озық жүзеге асырылуы болмады, себебі алдын ала ойластырылған ешқандай идея, олардың әрқайсысы өзін жарата отырып, өзінің жеке идеясын жаратқандықтан, жетістіктердің жиынтығын көрсете алмады; бірақ сонда да күш жұмсаулардың әр түрлілігі іс жүзінде тек бір нәрсеге: ол бұрын жабық қоғамдарды туындатқан екпінге келіп тіреле алады, себебі ол енді өзінің артынан мате­ рияны ілестіріп жүре алмады, бірақ кейін, түрдің жоқ болуынан, сол немесе басқа ерекше дарынды индивидуалдықты іздей және қайтадан таба бастады. Бұл екпін! Еңдеше, олардың әрқайсысы

бірден-бір жеке тұлғаны тұратын түрді құрастыратын, қайсыбір
адамдар арқылы жалғасып келеді. Егер индивид осыны толық
түсінсе, оның объектісін қамтып алу үшін, оның ақылын қоршап
тұрған зүденің шоқ шашағы жеткілікті шамада ұлғаятын болса,

онда бұл мистикалық өмір. Осылай пайда болған динамикалық
дін, қалай ашық қоғам жабық қоғамға қарсы тұратындай, мифті
жасау функциясынан шыққан, статикалық дінге қарсы тұрады.
Бірақ дәл солай, ондай болып міндеттілік табылатын, жабық

қоғамнан тек оның табиғи пішімін ала отырып, моральдық талпы­
ныс тұрпатқа ие болатындай, динамикалық дін де мифті жасаушы
функциямен қамтамасыз етілетін, тек рәміздер және бейнелермен
таралады. Бұл әр түрлі жайларға қайтып келу мағынасыздық. Біз

тек қана жоғарыда көрсетілген ашық қоғам мен жабық қоғамның
арасындағы айырмашылықты жай ғана атап өтпекшіміз.
Егер біз осы айырмашылықтарға назар аударсақ, онда бір ірі
мәселелердің жоғалып кететінін, басқаларынын жаңа тұрғыдан

көрінетінін аңғара аламыз. Қашан біз дінді сынаумен немесе
оны қорғаумен – апологиясымен айналысқанда, дінде ненің ар­
наулы діни болып табылатындығы жөнінде өзімізге есеп береміз
бе? Жанның таралатын күйіне жету үшін, мүмкін, ол оларда

мұқтаждық көрсететін, әңгімелерді біз аяулы түрде жақсы көреміз
әлде оларды бекерге шығарамыз; бірақ дін ең басынан осы күйдің
өзі болып табылады. Біз оның алға шығарған анықтамаларын және
онымен баяндалатын теорияларды талдаймыз; ол шынында да бел­

гілі бір форманы қабылдау үшін метафизиканы пайдаланды; бірақ
ол дегенмен басқа форманы қабылдай алды немесе тіпті ештеңені
қабылдамады. Ұлғайту әлде жетілдіру арқылы статикалықтан
динамикалыққа, дәлелдеуден немесе мифті шығарудан, тіпті дұрыс

сияқтыдан, интуицияға ауысуға болады деп ойлау қателік. Ендеше,
зат оның білдірілуімен немесе рәмізбен шатастырылады. Радикал­
ды интеллектуалдылықтың кәдімгі адасуы тап осындай. Біз оны
діннен моральға өткенде де таба аламыз. Бұл қоғамда осы сәтте

айғақ ретінде өмір сүретін статикалық мораль бар; ол мінездерде,
идеяларда, институттарда бекітілген; оның міндетті сипаттылығы
түбінде адамдардың бірге өмір сүруінің табиғи талабына келіп
тіреледі. Басқа жағынан алғанда ол табиғатты жаратушы, екпін

болып табылатын және тұтас тіршілікпен байланысты, ол
әлеуметтік мұқтаждықты жасап шығарған, динамикалық мораль
бар. Күштеуші болып табылатын бірінші міндеттілік субрацио­
налды. Талпыныс болып табылатын, екіншісі суперрационалды.

Бірақ ақыл пайда болады. Ол әрбір ұйғарымдардың түрткі себеп­
терін, яғни оның интеллектуалдық мазмұнын, іздей бастайды; ал
ақыл жүйеге келтіруші болғандықтан, онда ол барлық мотивтерді
бірден-бір жалғызына жеткізуде мәселе тұр деп ойлай бастайды.

Оған тек, бәлкім, олардың арасында ең ыңғайлысын таңдап алу
қалады. Ортақ мүдде, жеке мүдде, өзін сүю, ұнату, аяу, логикалық
қисындылық ж.т.б. – одан бүкіл жалпы қабылданған ахлақты
шығаруға болмайтын, әрекеттенудің сондай ұстыны жоқ. Расында,

осындай амалдың жеңілдігі және оның беретін нәтижелерінің ша­
малас сипаты бізді оған байқап қарауға мәжбүрлеуге тиіс еді. Егер
қылықтың бірдей дерлік ережелері қалай болса, солай соншама әр
түрлі ұстындардан алынатын болса, онда, бәлкім, бұл ұстындардың

бірінде де оның айрықша сипаттамалары анықталмаған шығар.
Философ оларды, қайда бәрі бір-біріне еніп кететін, қайда эго­
изм мен пендешілік әлеуметтілікпен жамылған, әлеуметтік ор­
тадан іздей бастайды; ол осы ұстындардың әрқайсысынан, оны

өзі сонда орналастырған немесе қалдырған, сол моральды та­
уып алады. Бірақ моральдың өзі түсіндірілмей қалады, өйткені
әлеуметтік өмірмен талап етілетін тәртіп ретінде, ал табиғаттың
өзін өмірмен жаратылған тұтас ретінде байыпты зерттеу қажет

болатын. Солай біз, оларды таза интеллектуализм табыссыз іздеп
жүрген, моральдың түп тамырларына келер едік; алғашқысы тек
кеңестер бере алады, олар басқаларымен пікірталасты бола алатын,
дәлелдемелерді келтіре алады. Іс жүзінде ол қашанда, өзі сілтеме

жасайтын мотив, басқалардың «артық» екендігін, мотивтердің ара­
сында құндылық айырмашылықтарының бар екендігін, олармен
шындық сәйкестендірілетін, ортақ мұраттың бар екендігін, есте
ұстайды.

Ендеше, ол басқаларының үстінен үстемдік жүргізетін,
платондық теорияның Игілік Идеясының қамқорлығында қалады.
Əрекет мотивтері Игілік Идеясының астында қатарға қойылады,
оған ең жақындары ең жақсылары болып шығады; Игіліктің

тартымдылық күші борыштылық ұстыны болып шығады. Бірақ
бұл жағдайда қылықтың мінсіз Игілікке көпті немесе азды жақын
екендігін қандай белгімен біле алатындығымыз туралы айту қиын:
егер біз мұны білетін болсақ, онда белгі басты болып, Игілік Иде­

ясы пайдасыз болар еді. Сонымен бірге бұл мұрат қалай әмірлі
міндетті жасайтынын, әсіресе негізінен жабық болып табылатын,
алғашқы қауымдық қоғамдардағы, барлық міндеттердің арасын­
да ең қатал, сол дәстүрді түсіндіріп беру қиынға соғар еді. Егер

ол әрекеттенуші болып табылмаса, бұл мұраттың міндетті бола бастамайтындығы ақиқат; бұл жағдайда оның идеясы емес ал оның іс-әрекеті міндеттейді. Немесе, дәлірек айтқанда, ол бізді асқақтатын, қозғалыстың үздіксіз, гипотетикалық түпкі баратын орны ретінде сезілетін, бұл іс-әрекеттің ұйғарылған түпкі нәтижесі бізбен белгіленетін, тек сөз болып табылады. Барлық теориялардың негізінде, еңдеше, олар туралы бізбен бірнеше рет жарияланған, екі елесті тауып аламыз. Біріншісі көбірек таралғаны, қозғалыс жет­ кен және сонымен бірге қозғалмайтын болып есептелетін, оның түпкі орны және қозғалыссыздығы болып табылатын, қозғалыстағы объектінің жайының арасындағы аралық қашықтықтың біртіңдеп азаюы ретінде көрініс табады, сонда осындай жайлар – бұл тек бөлінбейтін қозғалысқа деген сананың көзқарасы: осыдан шынайы қозғалмалықты қалпына келтірудің мүмкін еместігі шығады, яғни бұл жағдайда ұмтылыстар мен қысымдар, міндеттіліктің тура не­ месе жанама құрастырушылары. Екінші елес өмір эволюциясымен арнайылау қатысты. Белгілі бір эволюциялық процесс нақтылы бастапқы нүктеден байқалатындықтан, онда осы нүкте дәл сондай эволюциялық процеспен жетілді деп ойлай бастайды, бірақ алғы эволюция басқаша болуы мүмкін, бірақ соған дейін ол жерде жал­ пы эволюцияның тіпті мүлдем болмауы да мүмкін. Моральдың молаюын біз біртіндеп атап өтетіндіктен, онда адаммен бірге пайда болған, бастапқы, басқа ештеңеге келіп тірел­ мейтін, мораль болмады деп біз ойлай бастаймыз. Алайда, адамзат тегімен бір мезгілде пайда болған, бұл бастапқы моральды мойын­ дау қажет, жабық қоғам да ең басынан өмір сүрді деп ұйғару ке­ рек. Осындай жағдайда теориялық мәселелерді шешуге немесе оларды алып тастауға қажетті, ашық пен жабықты ажырату іс жүзінде бізге көмек бере ала ма? Егер жабық қоғам тұрақты түрде, бір ашылып бір жабылып қалыптасатын болса, ол біз үшін онша пайдалы болмас еді. Бұл жағдайда, біз қаншама өткенге шексіз алыс бойлай бергенімізбен, ешқашан бастапқы күйге келмейміз, табиғаттық тек нығайтылған қабылданушы болып шығады. Бірақ, біз айта сала, ақиқат мүлде басқада болады. Түпнегізді табиғат бар, олар табиғатқа қосыла отырып, онымен тұтасып кетпейтін, оған еліктеуші тауып алынғандар да бар. Қадам артынан қадам қозғала отырып, оның жалпы жоспары, қалай құмырсқа илеуі құмырсқаға сәйкес келетіндей, біздің түріміздің сипатты белгілеріне сай бола­ тын, бастапқы жабық қоғамға дейін біз жете аламыз, алайда, екінші

жағдайда әлеуметтік ұйымның егжей-тегжейі алдын ала берілген болса, біріншісінде индивидтерге тиесілі әлеуметтік ортаны бір­ ден қамтамасыз етуге жеткілікті, табиғи түпкі бейненің тек негізгі бағыттары, кейбір нобайлары бар. Бұл жоспарды тану, егер оның ұйғарымдары басқалармен ығыстырылып шығарылса, бүгін өзімен таза тарихи мүддені көрсететін еді. Бірақ табиғат мызғымайды. Бы­ лай деп қате айтылған: «Табиғатты қуып шығындар, ол шоқырақтап қайтып келеді»1, өйткені табиғат аластауға көнбейді. Ол қашанда орын алады. Біз қабылданған белгілердің берілу мәселесіне толық тоқталдық. Әдеттің қалай болса да тектік берілуі, аз ықтималды: егер осыған ұқсас дерек орын алса, онда осындай игі жағдайлардың біршама көптігімен кездесулердің кездейсоқтығымен байланысты, кәдімгі биологиялық түрге ендіру үшін, оның жеткілікті түрде жиі қайталанбайтындығы күмәнсіз. Атап айтқанда мінездерде, инс­ титуттарда, тіпті тілде моральдық қабылданулар ұяланған; кейін олар үзіліссіз тәрбиемен беріледі: солай, олар туралы ақырында тектік деп ойлайтын, ұрпақтан ұрпаққа әдеттер ауысады. Бірақ бәрі жалған түсіндірмелеуге себебін тигізеді: дұрыс емес түсінілген өзін сүю, жеңіл-желпі оптимизм, прогрестің шынайы табиғатын қате түсіну, түбінде және ең негізінде, ол жиі табиғи бағыттылыққа қосылатын, қабылданған әдет және ол шынында да ата-анала­ рынан балаларына берілетін, туа біткен икемділіктің тым кең таралған араласуы. Қолдауға келтірілген деректердің шекті саны мен пікірталасты сипатына қарамай, ол оны кәдімгі санадан алған, позитивті ғылымның өзіне бұл сенімнің қысым түсіргені , ал кейін оны өзінің талассыз беделімен күшейте отырып, қайтадан кәдімгі санаға жіберетіні, күмән туғызбайды. Бұл қатынаста Герберт Спенсердің биологиялық және психологиялық шығармаларымен салыстырғанда, сабақ алу үшін артық ештеңе жоқ. Олар тұтасымен дерлік қабылданған белгілердің тектік мұралануы идеясына не­ гізделген. Оның шығармашылығының танымалдығы кезінде ол өзімен ғалымдардың эволюционизмін нәрлендірді. Бірақ ол Спен­ серде, оның алғашқы еңбектерінде-ақ байқалған еді. Ол әлеуметтік прогресс туралы қағиданың, идеяның тек дамытылуы болды: бастапқыда оны тек қоғамды зерттеу қызықтырды; тек кейін ол өмір құбылыстарын зерттеуге келді. Ол биологиядан қабылданулардың тұқым қуалаушылығы идеясын қосып алдым деп қиялдаушы со­ циология, оған өзі бергенін қайтадан алып алады. Ғылымды бой­ лап өткеннен кейін, дәлелденбеген философиялық тезис ғылыми растылықтың жалған түріне енеді, бірақ ол философия болып қала

береді және дәлелденгеннің ауылы болудан тым алысқа кетеді. Сондықтан белгіленген деректермен және олар ишаралап тұрған, сол ықтимал тұжырымдармен шектелейік: егер біз қазіргі адамнан, оған үздіксіз тәрбие орналыстырғанды аластатсақ, онда оның өзінің алыс тегімен бірегей екені немесе бірегей болуға жақын екендігі та­ былады*. Осыдан қандай қорытынды шығады? Түрлік бейімділік­ тер біздің әрқайсымыздың ішінде өзгеріссіз сақталатындықтан, моралист пен әлеуметтанушы оларды ескермей кете алмайды. Әрине, тек кейбіреулерге ғана тауып алынғанның қабатының ас­ тына, кейін табиғат қабатының астына енуге және өмір екпінінің өзіне қайтып келуге мүмкіндік берілді. Егер де осындай күш салу тарала алса, онда биологиялық түр ретіндегі адамда да, сондықтан жабық қоғамда да, тұйықтағыдай екпін тоқтап қалмас еді. Сонда да бұл ерекше дарынды адамдар өздерінің артынан адамзатты ілес­ тіргісі келді, өз жаны күйінің терең қабаттарын барлығына беруге мүмкіндікке ие болмай, олар оны жоғары жақпен сырғытады; оны қоғам қабылдауға қабілетті және тәрбие арқылы түпкілікті жасауға дайын, динамикалықты статикалыққа ауыстыруға олар ұмтылады. Бірақ бұл, қалай олар табиғатты қабылдауға дайын болса, тек сол шамада іске асады. Тұтас адамзат бұл табиғатты өз ырқына бағындыра алмайды. Бірақ ол оны орап өте алады. Тек егер оған оның конфигурациясы белгілі болса, ол оны айналып өтеді. Егер оны орындау үшін психологияны зерттеуге тұтас кірісу қажет бол­ са, онда ол қиын болар еді. Бірақ сөз жеке бір нәрсе туралы болып отыр: белгілі бір әлеуметтік формаға алдын ала бейімді адамдық табиғат жөнінде. Оның алғы бұлыңғыр бейнесі бізде орын алатын, табиғаттық адам қоғамы өмір сүреді деп, біздің ақылымыз бен біздің жігерімізге көрсетілген бағыттардың шектерінде жүруге толық еркіндік бере отырып, оның жобасымен бізді алдын ала қамтамасыз ету үшін, табиғат осы жөнінде қамқорлық танытты деп, біз айта аламыз. Бұлыңғыр және толық емес бұл схема парасатты * Біз «жақын» деп айтамыз, өйткені қайсыбір мағынада, оның арғы тектерімен тапсырылған тақырыпта орындайтын, тірі жанның вариацияларын ескеру қажет. Бірақ кездейсоқ болғандықтан және кез келген бағытта жүзеге асатындықтан, биологиялық түрді өзгерту үшін, уақыт бойында қосыла алмайды. Қабылданған белгілерді алып беру қабілеттілігі туралы тезиске қатысты жөнінде қар.: «Шығармашыл эволюция», 1тарау. Адамзат тегін тудырған, шұғыл секіріс талпынысы, біз атап өткендей, оларды, егер керек болса, осы есіммен атауға болатын, бірақ олар міндетті түрде біздің арғы тектеріміз болып табылмайтын, «адамдарды» жасап шығаруға, ендеше, жеткізе отырып, толық табысты түрде кеңістік пен уақыттың бір орнынан артығында істеле алар еді.

және еркін әрекет саласында, бұл жағдайда, эволюцияның басқа
түпкі нүктесінде, инстинкт шеңберіндегі құмырсқа илеуі немесе
бал арасы омартасының дәлме-дәл жобасы болып табылатынға
сәйкес келеді. Сондықтан, тек бұл қарапайым бастапқы схеманы

тауып алу қажет.
Егер қабылданған қабат табиғаттыкін жауып тұрса, оны қалай
тауып алуға болады? Егер автоматикалық түрде қолданылатын
зерттеу методын беруге міндетті болсақ, онда біз жауаппен

қиындыққа ұшырайтын боламыз. Олардың әрқайсысы тек
мүмкіндіктерге
немесе
ықтималдықтарға

жеткізетін:
өзара
қиылыса келе, олардың нәтижелері бірін-бірі бейтарап ететіндіктен
немесе күшейтетіндіктен, бір мезгілде түрлі методтарды қолдана

отырып, сынақтар мен деректерді салыстырмалы қарау арқылы
әрекет етуде, ақиқат тұр; өзара тексеру және түзету жүзеге асатын
болады. Сонымен, біз «алғашқы қауымдық адамдарды», олардағы
қабылдаулар қабатының да табиғатты жауып тұратындығын, тек

оларда біздерге қарағанда, мүмкін, жұқалау болатынын ескере
отырып, оларды назарға іліктіреміз. Табиғат жас ерекшеліктерін
енгізгенін және бала табиғаты – міндетті түрде адамзат табиғаты
емес екендігін ұмытпай, балалардың арасында байқаулар жүргізу

қажет; сәби – негізінен еліктеуші және бізге өз ырқымен бола­
тындай көрінгенімен, ол оған кейде аңғармай берілетін, жиі-жиі
берілетін тәрбиенің нәтижесі. Бірақ ақпараттың басты қайнары
интроспекция болады. Біз осы әлеуметтіліктің және сонымен

бірге әлеуметтік еместің терең қойнауларындағы негіздерді зерт­
теуге аттануымыз керек; олар бізді өзіне бейімдейтін, әдеттер
мен икемділіктерді қалыптасқан қоғам бізге әкеліп тықпаламаса,
онда біздің санамыз үшін бұл негіздер айдан анық болар еді. Бұл

қабаттың тауып алынуы бізде енді өте сирек, тек аңдау сәттерінде
ғана іске асып отырады. Бұл күйді шақырып және бекітіп отыру
қажеттілік.
Адам тек өте шағын ұжымдарда өмір сүру үшін жаратылғанын

ең алдымен атап өтелік. Әдетте алғашқы қауымдық қоғамдар
осындайлар болды деп мойындалады. Бірақ жанның ежелгі күйі,
оларсыз өркениет бола алмайтын, әдеттер қабатының астында жа­
сырын сақталатынын қосу керек. Басылған, қуатсыз, сонда да ол

сана қойнауларында қала береді. Ол дегенмен әрекеттің іске асуына
дейін жетпегенімен, ол сөздерде көрініс табады. Үлкен мемлекетте
жеке қауымдарды басқару барлығын қанағаттандыра алады; бірақ
оны басқарушылар жақсы деп жариялауға шешім қабылдайтын,

сол үкімет қайда? Егер олар, бұл үкімет нашарлардың арасындағы
ең тәуірі деп айтсақ, сонда жеткілікті мадақтадық деп есептейді.
Бұл жағдайда мәселе қанағаттанбаудың туа біткендігінде болып
отыр. Үлкен халықты басқару өнері – әсіресе, егер сөз ең жоғары

лауазымдар туралы болып отырғанда, ол үшін дайындық техника­
сы, тиімді білім алуы жоқ жалғыз нәрсе екендігін, ескеріп өтейік.
Қайсыбір алымды саяси қайраткерлердің тым сирек екендігі,
олар қоғам мөлшерінің артуы салдарынан шешілмейтін болып

шыққан мәселелерді олар әр сәтте және егжей-тегжейлі шешуге
міндеттелетіндігінен шығады. Қазіргі ұлы ұлттардың тарихына
қараңыз: сіз оларда көптеген ұлы ғалымдарды, ұлы суретшілерді,
ұлы әскерилерді, кез келген саладағы ұлы мамандарды таба аласыз

– бірақ сізге қанша ұлы мемлекет қайраткерлері кездеседі?

Шағын қоғамдар пайда болуын алдын ала анықтаған, табиғат,
алайда, олардың өсуі үшін мүмкіндік қалдырды, өйткені ол со­
нымен бірге соғыстың да алдын алды немесе тым болмаса
соғысты ырықсыз ететіндей, адам үшін өмір жағдайларын жа­

сады. Өйткені соғыс қауіпі бірнеше шағын қоғамдарды ортақ
қауіпті кері қайтару үшін бірігуге итермелей алады. Дұрысында,
бұл одақтар өте сирек ұзақ мерзімдік бола алады. Әйтеуір, олар
түбінде, олардың мөлшері өздерін құрастыратын әрқайсысының

мөлшерімен шамалас болып келетін, қоғамдардың қосындысын
ұйымдастырады. Соғыс – бәрінен бұрын басқа мағынада импери­
ялар пайда болуының қайнары. Олар жаугершіліктен туындады.
Егер тіпті басында соғыс жаулап алуға бағытталмаған болса да,

атап айтқанда жаулап алумен аяқталады, себебі жеңімпаз өзіне
жеңілгендердің жерін қосып алуды және тіпті тұрғындарын,
олардың еңбегінен пайда табу үшін, бағындыруды өзіне ыңғайлы
деп есептейді. Осылай бір кездерде орасан зор азиялық импери­

ялар қалыптасқан. Түрлі себептердің әсерімен, мәнісінде, өміршең
болу үшін, тым үлкен болғандықтан, олардың бәрі тарқап кетті.
Қашан жеңімпаз бағындырылған халықтарға тәуелсіздіктің сырт
көрінісін бергенде, қосылу ұзақтау болып шығады; соның куәгері

– Рим империясы. Бірақ бастапқы инстинктінің сақталатыны, оның

дезинтеграциялық ықпалы күмән келтірмейді. Саяси құрылыстың
қирауы үшін, оқиғаларға өз жүрісімен дамуға мүмкіндік берсе бол­
ды. Тап осылай феодалдық жүйе түрлі елдерде, түрлі оқиғалардың
салдарынан, түрлі жағдайларда пайда болды; ортаққа тек қоғам

ыдырауына кедергі болған күшті жою жатты; тек ыдырау өзімен
өзі іске асты. Егер үлкен ұлттар Жаңа дәуірде берік қалыптаса

алса, онда бұл күштеудің – тұтасқа сырттан және жоғарыдан әсер етуші, байланыстырушы күш, аз-аздап, қосылған қарапайым қоғамдардың қойнауынан, яғни оларға үздіксіз қарсылық көрсету міндетті, дезинтеграциялық күштердің ең түйінінен шығатын, бі­ регейлену ұстынына орнын берумен байланысты болды. Ыдырау бағдарын бейтараптандыруға қабілетті, жалғыз, бұл ұстын патри­ отизм болып табылады. Тіпті ежелгілер оны жақсы білген; олар отанды қасиеттендірген, және де сонда бір ақын, ол үшін өліп кетуден тәтті ештеңе жоқ, деп айтқан2. Бірақ бұл құдайлардың қорғауында тұрған, оған шайқастарда дем беретін, өзінің қаламемлекетіне, тобына деген үйірліліктен, ол қаншама әскери болғанымен, соншама бейбіт ізгілік болып табылатын, ол аздап мистикамен бояла алуымен және өз дініне ешқандай есеп-қисапты араластырмайтын, ол үлкен елді қамтитын және ұлтты көтеретін, ол өзіне жандардағы барлық ең жақсыны тартатын, ақырында бал гүл нәрлерінен құрастырылатыны сияқты баяу, ізгітекті еске алулар және үміттермен, поэзия және махаббатпен, әлемдегі моральдық әсемдіктің кез келген түрімен бірге қалыптасты. Мистикалық күйді имитациялайтын, соншама көтеріңкі сезім, тайпалық эгоизм сияқты, сондай терең тамырланған сезімді жеңіп шығу үшін қажет болды. Сонымен, табиғат уысынан жаңа ғана босаған, қоғамдағы басқару түрі қандай еді? Бәлкім, адамзат шынында да, таралған және оқшауланған, отбасылық топтардан бастады. Бірақ бұл тек ұрықтағы қоғамдар болды, тек ұрыққа ғана қарай отырып, натура­ лист биологиялық түрдің қасиеттерін біле алмайтындығы сияқты, философ та олардан әлеуметтік өмірдің басты бағыттарын іздеме­ уі керек. Қоғамды қашан ол аяқталған уақытында, яғни қорғануға қабілетті және сондықтан ол қаншама кішігірім болғанымен соғыс үшін ол ұйымдасқан кезінде, қарастыру қажет. Бұл дәл мағынада оның табиғи басқару түрі қалай болады? Егер грек сөздерін варварлыққа қатысты қолдану профанация болып шықпаса, біз ол монархиялық немесе олигархиялық, мүмкін, бір мезгілде ол да, сол да болып табылады дей алар едік. Бұл басқару формалары рудиментарлық күйде араласып кеткен: көсем қажет, олар көсемнен оның беделінің бір бөлігін жалға алатын, немесе оны соған үлестіріп беретін, немесе, дәлірек айтқанда, көсеммен бірге бұл беделді қайсыбір табиғаттан тыс күштен алатын, таңдаулы тұлғаларсыз қауым өмір сүрмейді. Бір жағынан, абсолютті билік, басқасынан – абсолютті бағыну. Адамзат қоғамы және жарғаққанаттылар қоғамы

биологиялық эволюциядағы екі бағыттың шеткі нүктелерінде орналасқан деп, біз бірнеше рет айтып өттік. Оларды бір-біріне ұқсатудан бізді Құдай сақтасың! Өйткені адам ақыл және еркіндік­ пен ерекшеленген. Бірақ әлеуметтік өмірдің түр ретіндегі адамның құрылымдық өрісіне, бал арасының жоспар өрісіне сияқты ен­ гізілгенін, оның қажетті сипатқа ие екендігін, табиғат тек қана таза біздің еркін еріктерімізге сене алмай, біреулердің аздап бұйрықтар беріп, басқаларының бағынуға тиіс болатынындай жасағанын, қашанда есте ұстаған жөн. Жәндіктер дүниесінде әлеуметтік функцияның көптүрлілігі құралудағы айырмашылықтарға бай­ ланыс­қан «полиморфизм» өмір сүреді. Адамдық қоғамдарда «ди­ морфизм», бірақ жәндіктердегі сияқты бір мезгілде физикалық және психикалық түрде емес, ал тек психикалық түрде өмір сүреді деп, бұл жағдайда біз айта аламыз ба? Біз міне дәл осылай, бірақ қашан біреулер басқарушылар, ал басқалары – бағынушылар бо­ лып туатын, адамдарды осы екі тұрақты категорияға бұл димор­ физм бөлмейтін шарттылығын ұғынумен, ойлай бастаймыз. Осын­ дай тектегі бөлінулерге сенетігінде Ницшенің қателігі тұр: бір жағынан «құлдар», басқасынан – «қожайындар». Диморфизм біз­ дерден бір мезгілде, басқару инстинктіне ие көсемді және бағынуға дайын боданды, жасайтындығында ақиқат ұсталып тұр, деген­ мен екінші бағыт соншама дәрежеде жеңетінімен, адамдардың көпшілігінде тек ол байқалады. Ол жануарлардағы диморфизм­ мен, екі құрылымды, екі бөлінбейтін сапа жүйесін (олардың кей­ біреулері моралист көзіне кемістік болып көрінеді) ұйғаруымен, сол қатынаста салыстыруға келеді: біз сол немесе басқа жүйені, қашан сөз әдеттерді қабылдағанда болатындай, бөліктермен және біртіңдеп емес, ал бір құлашпен, калейдескоптық түрде таңдаймыз, бұл, мүмкін, ол екі жыныстың арасында таңдауы бар, тұтасымен ұрық диморфизмімен салыстыруға келетін, табиғи диморфизммен осылай іске асады. Атап айтқанда осыны біз революция уақытында анық көреміз. Бұрын бойсұнған және бағынған қарапайым азаматтар бір күні таңертең өзіне адамдарды ертіп жүру ниетімен оянады. Қозғалмай тұрған калейдескоп шұғыл бұрылыс жасады, және де метаморфо­ за жүзеге асты. Нәтиже кейде игі ықпалды болып шығады: олар бұрын өздерін танымаған, іс-әрекеттің зор адамдары ашылады. Бірақ, әдетте, ол нашар. Адал және жүзі жылы адамдардың ара­ сында кеңеттен пасық, қатал тұлға, болмай қалған көсем тұлғасы пайда болады. Және осында, адам сондай болып табылатын, «сая­ си жануардың» сипатты белгісі айқындалады.

Біздің әрқайсымыздың ішімізде мүлгіп жатқан көсемнің қасиеті – қатыгездік деген тұжырымға біз іс жүзінде бармаймыз. Бірақ ол жеке адамды құртатын және сол уақытта биологиялық түрлерді туында­ татын табиғаттың, егер ол көсемдердің өмір сүруін ұйғарған болса, онда аяусыз көсемді қалауы міндетті болатындығы, күдіксіз. Бүкіл тарих осыған куә. Сұмдық қырғындар мен қан төгулер, олар әбден салқынқанды әрекет еткен және бізге бұл туралы таста бастырылған баяндауларын қалдырған, адамдардың бұйыруымен жүргізілді. Кейбіреулер бұл тым ерте уақытта болды деп айта алады. Бірақ егер форма өзгергенімен де, егер христиандық кейбір қылмыстарға тыйым салса да немесе тым болмаса оларды мақтаныш тұтуды шектесе де, кісі өлтіру тым жиі саясаттың егер prіma-сы болмаса да, ratіo ultіma-сы болып қала береді3. Әрине, бұл барып тұрған жауыздық, бірақ адам да табиғат сияқты бұл үшін жауапты емес. Табиғаттың қолында іс жүзінде ешқандай түрме де, жер аудару да жоқ; ол тек өлім жазасын мойындайды. Бұл жерде бір нәрсені еске түсірейік. Бізге бірнеше көрнекті шетелдіктерді көруге бірде тура келді; олар алыстан келген, бірақ біз сияқты киінген, біз сияқты, французша сөйлесті, ашық жүзді және сыпайы, олар біздің ара­ мызда серуендеп жүрді. Аз уақыттан кейін газеттерден, өз елдеріне қайтқаннан кейін қайсыбір басқа партияға жататын, олардың бірі, осыда бүкіл әділқазылық аппаратын пайдалана отырып, екіншісін дар ағашына асқанын білдік. Ол осыны жай ғана өзіне бәсекелес қарсыласынан құтылу үшін жасады. Баяндау дар ағашының фото суретімен бірге берілді. Ұнамды түрдегі зайырлы адам, жартылай жалаңаш, тобырдың көз алдында тербеліп тұр. Сұмдық көрініс! Бұлар «өркениетті» адамдар еді, бірақ бастапқы саяси инстинкт табиғатты алға жіберу үшін, оларда өркениеттілікті жарып жібер­ ді. Кінәлімен істес болғанда, жаза қылмысқа қатаң түрде сай болуы керек деп есептейтін адамдар, қашан мәселе саяси ұйғарымдар ту­ ралы болып отырғанда, сол мезгілде кінәсызды да өлімге қиюға дайын. Солай омартаға керек болмай қалғанда жұмысшы аралар, еркектерін өлтіре салады. Алайда, «көсемнің» мінезін ысырып қойып, басқарушылар мен басқарылушылардың сәйкес сезімдерін қарастыруға көшейік. Бұл сезімдер, қайда шекара сызығы анық жүргізілген жерде, мөлшері жағынан айтарлықтай, бірақ «табиғи қоғамды» радикалды өзгертпей өзгертпей өсіп шыққан, қоғамда айқын байқалады. Корольді де біз оған кіргізетін, билеуші тап, егер ол бар болса, тарих жүрісінде түрлі методтармен жинақтала алады; бірақ қашанда ол өзін жоғары

нәсілге жатамын деп есептейді. Осында таң қаларлық ештеңе жоқ. Егер біз қоғам мүшесінің диморфизмі туралы білмесек, онда халықтың өзінің туа біткен артықшылығы туралы сенімділігі, бізді бәрінен көп таң қалдырар еді. Сөз жоқ олигархия артықшылық сезімін бекітуге тырысады. Егер ол өзінің пайда болуына соғысқа борышты болса, онда ол, әкеден балаға берілетін, өзінің туа біткен әскери игі қасиеттеріне сенеді және сендіруге мәжбүрлейді. Ол, әйтсе де, төменгі таптарға өз кезегінде ұйымдасуға кедергі келтіру үшін қабылданатын, онымен танылатын тәртіп пен шаралардың арқасында күш көрсетудің нақтылы басымдылығын сақтайды. Алайда, бұл жағдайда тәжірибе басқарушылардың өздеріндей кәдімгі адамдар екендігін, басқарылатындарға көрсетуі тиіс. Бірақ инстинкт қарсылық көрсетеді. Қашан жоғарғы таптың өзі осыған оны итермелей бастағанда, ол тек сонда орын бере бастайды. Ол осыны не еріксіз, көзге анық қабілетсіздіктің арқасында жасайды, немесе өзінде бар сенімді жоғалта отырып, соншама аты шулы зорлықпен істейді. Қашан оның сол немесе басқа мүшелері оған, жиі ретте жеке даңққұмарлықтан, кейде әділеттілік сезімінен, қарсы тұра бастайды; төменгі таптың жағына шыға отырып, оны таптардың арасындағы қашықтық ұстап тұрған, сол елесті олар тарқатып жібереді. Туа біткен артықшылықтарды жойып жібер­ ген 1789 жылғы революциямен дворяндар тап осылай ынтымақта қызметтес болды. Теңсіздікке қарсы шабуылдағы жалпы бастама (негізделген немесе негізделмеген) бәрінен бұрын жоғарыдан, жақсырақ қамтамасыз етілгендер шеңберінен келді, ал егер тек таптық мүдделер әрекет еткенде күтілетіндей, төменнен кел­ меді. Осылай, байлықпен байланысты артықшылықтарға қарсы бағытталған (әсіресе екіншісі), 1830 және 1848 жылдардағы рево­ люцияларда жетекші рөлге жұмысшылар емес, ал буржуа ие бол­ ды. Кейінірек міне білімді таптың өкілдері жалпылама білімді та­ лап етті. Егер ақсүйектер өзінің туа біткен артықшылығына табиғи, діни сенімді болса, онда, ол иландыратын құрмет те сондай табиғи және діни. Ендеше, адамзаттың демократияға тым кеш келгенін оңай жеңіл түсінуге болады (өйткені, құлдықта құрастырылған, сондықтан осы түпнегізді әділетсіздіктің арқасында ең маңызды және қиналысты мәселерден өздерін еркін сезінген, антик қала-мем­ лекеттері сияқты, демократиялар жалған демократиялар болды). Барлық саяси концепциялардың арасында ол мәнісінде табиғаттан ең қашықта тұрды; ол, тым болмаса ниетінде, «жабық қоғамның»

өмір шарттары шектерінен бірталай алыс кетеді. Ол адамға
бұлжымайтын құқтарды танып қояды. Мызғымайтын болып қала
беру үшін, бұл құқтар барлығынан парызға деген қалтқымайтын
сенімділікті талап етеді.

Сондықтан өзінің қарастырылу пәні ретінде басқаларды өзіндей
сыйлайтын, оларды ол абсолютті деп есептейтін, бұл абсолютпен
соншама дәл сәйкес келетіндіктен, парыз бізге құқықты сыйлай
ма, әлде құқық парызды тана ма екендігін айту енді мүмкін емес,

міндеттерді ұстанатын, мінсіз адамды алады. Осылай анықталған
азамат, егер Кантқа ұқсас айтса, бір мезгілде «заң шығарушы және
қол астындағы орындаушы»4 болып табылады. Азаматтардың
бүкіл жиынтығы, яғни халық, ендеше, егемендікке ие. Теориялық

демократия тап осындай. Ол еркіндікті жариялайды, теңдікті та­
лап етеді және туысқандықты бәрінен жоғары қоя отырып, оларға
туысқан екендігін еске сала, бір-біріне екі жау туысқандарды
бітімге шақырады. Егер республикалық ұрандарды осы тұрғыдан

қарастырсақ, онда үшіншісі екі басқаларының арасындағы жиі
аталып өтетін қайшылықты алып тастайтынын және туысқандық
ең бастысы болатынын байқауға мүмкіндік бар; бұл демократия өз
мәнісінде евангелиялық, ал оның қозғаушы күші – махаббат болып

табылады деп айтуға себеп болады. Оның сезімдік қайнарларын
Руссоның жанында, философиялық принциптерін – Кант
шығармашылығында, діни негізін – Кантта да, Руссода да табуға
болады; Кант өзінің пиетизміне, ал Руссо – протестантизм және

католицизмнің жалпы ықпалына немен борышты екендігі белгілі.
Американлық Тәуелсіздік декларациясы (1776), 1791 жылғы Адам
құқықтарының Декларациясы үшін үлгі қызметін атқара отырып,
іс жүзінде өзінде пуритандық мотивтерді ұстап тұрды: «Біз барлық

адамдар өз Жаратушысымен кейбір аласталмайтын құқықтармен
сыйланған...» ж.т.б. Демократия формуласының айқын болмау
себебі оның бастапқы діни сипатының анықталмағандығынан
шығады. Қашан болашақ кез келген прогресс үшін, әсіресе бүгін

жүзеге аса алмайтын, тіпті мүмкін ұғынылмаған, еркіндік пен
теңдіктің формалары оларда мүмкін болатын, жаңа жағдайларды
жасап шығару үшін, ашық болуға міндетті жағдайда, еркіндік
пен теңдіктің дәл анықтамасын қалай талап етуге болады? Тек

жалпы нобайды белгілеп өтуге болады, егер онда туысқандық
бар болса, олар барған сайын нақтылы мазмұнмен толыға түседі.
Ama, et fac quoc vіs5. Оның ұрандары демократиялық қоғамның
ұрандарына сөзбе-сөз сәйкес келсін деп қалайтын демократиялық

емес қоғамның формуласы мынадай: «Авторитарлық, иерархиялық, қозғалыссыздық». Сонымен, демократияның мәнісі тап осындай. Одан жай ғана мұратты немесе дәлірек айтқанда солай қарай адамзат қозғалуы тиіс бағытты көре білу керек екендігі, өзінен өзі түсінікті. Алдымен бұл негізінен әлемге бойлап енетін қарсылық тәрізді. Адам құқықтары Декларациясының әрбір сөйлемшесі – қайсыбір қиянат етушілікке қарсы бағытталған үн. Сөз көнуге келмейтін қасіреттерді бітіру туралы болып отыр. Бас штаттар талаптарында көрінетін шағымдарды қарастырудың қорытындысын шығара келе, Эмиль Фаге бірде Революция еркіндік пен теңдік үшін емес тек жай ғана «адамдар аштықтан өліп бара жатқан соң» жасалды деген бо­ латын. Егер бұл дәл осылай деп ұйғарсақ, онда неге бір нақтылы сәттен бастап адамдар «аштықтан енді өлгісі» келмегенін түсіндіру керек болды. Не тиісті болса, соны Революция тұжырымдап берді, бұл сол болғанды алып тастау үшін жасалды. Бірақ онымен идея алға шығарылған, ниет, қалай жебемен қозғалыс бағыты байла­ нысты болғандай, сонымен тасада байланысты болып қала береді. Алдымен қарсылық білдіруші оймен айтылған, демократиялық формула олардың туындауында да сезілді. Оларға кедергі келтіруді, бекерлеуді, терістеуді ыңғайлы деп есептейді; ең қиыны – олардан не істеу керек екендігі жөнінде позитивті нұсқауларды табу. Ең бастысы, олар абсолютті және квазиевангелиялық болғандықтан, егер тек таза салыстырмалы адамгершілік немесе дәлірек айтқанда, ортақ пайда ұғымына ауысқанда ғана қолданыла алады, ал бұл ауысу қашанда жеке мүдделер бағытына қарай ауытқуды әкелуі мүмкін. Бірақ демократияға қарсы шығарылған қарсылықтарды және оларға берілген жауаптарды санап шығу мағынасыздық. Біз тек қана жанның демократиялық күйіндегі, табиғатқа қарама-қарсы бағыттағы орасан зор күш жұмсауды жай ғана көрсеткіміз келді. Сонымен, біз табиғи қоғамның кейбір белгілерін атап өттік. Олар өзара байланысты және оларды жеңіл түсіндіруге болатын, оған келбет береді. Ішкі тұйықтылық, ынтымақтастық, иерар­ хия, көсемнің абсолютті билігі – осының бәрі тәртіпті, әскери рухты білдіреді. Соғыс сияқты құбылысты табиғат қалады ма? Тағы да қайталайық, егер қалау деп айрықша шешімдер қабылдау қабілеттілігін түсінсек, табиғат ештеңені қаламайды. Бірақ ол оның құрылымынан шығатын және осы құрылымның жалғасы бо­ лып табылатын, бейімділіктер мен қимылдарды шамамен белгіле­ мей, жануар түрін жасай алмайды...

Атап айтқанда бұл мағынада ол оларды қалады. Ол адамдар­
ды құралдарды өндіретін ақылмен қосып берді. Көптеген жа­
нуарлар түрлері үшін осыны ол жасағанындай, жабдықтар мен
оны қамтамасыз етудің орнына, оларды оның өзі құрастырып

шыққанын, ол артық көрді. Соның арасында адам, тым болмаса
оларды әзірше пайдалануында, өз құрал-жабдықтарының қажетті
түрде қожайыны болып табылады. Бірақ олар одан бөлінгендіктен,
одан олар тартып алына алады; оларды жасап шығарудан гөрі,

оларды дайын күйінде алып алу жеңіл. Ең бастысы, олар материяға
әсер етуге тиіс, мысалы аң аулау немесе балық ұстаудың аспапта­
ры қызметін атқаруы керек. Оның мүшесі адам болып табылатын,
топ өз таңдауын ормандағы алаңға, көлге, өзенге тоқтатуы мүмкін,

өз кезегінде басқа топ та өзі үшін ыңғайлы деп басқаны емес, ал
осы орынды есептей алады.
Сондықтан төбелесу керек болды. Біз онда аң аулайтын,
ормандағы алаң туралы, онда балық ұстайтын көл туралы ай­

тып тұрмыз, дәл солай өнделетін жер туралы да әңгіме болуы
мүмкін. Тап осылай істеліп қойылған түрлі дәлелдермен ақталады.
Бірақ қандай зат алынып тұр және қандай мотив келтіріліп тұр,
мәнді емес; соғыстың қайнары – жеке немесе ұжымдық меншік,

сондықтан адамзат меншікке өз құрылымымен икемделгендік­
тен, соғыс табиғи болып табылады. Жауынгер инстинкт сонша­
ма қуатты, сондықтан табиғи қабатты тауып алу үшін, өркениет
қабатын біз қырып алғанда, ол бірінші болып көзге түседі. Кіш­

кентай ұл балалардың қалай төбелесетіні белгілі. Олар соққы
жейді. Бірақ олар соққы бергеннен ләззат алады. Бала ойыны

– бұл үлкен адамға тапсырылған міндетті орындау мақсатында

табиғат оған шақыратын, дайындық жаттығуларды деп, әділ
айтылған. Бірақ ары қарай баруға болады және тарих айғақтаған,
көптеген соғыстарда дайындық жаттығуларын немесе ойын­
дарды аңғаруға болады. Олардың біршама санын туындатқан,

мотивтердің мардымсыздығын көргенімізде, олар бірін-бірі «жай­
дан-жай, қызығып» өлтіре берген, «Марион Делормдағы» дуэ­
лянттар6 немесе «бұл жеке іс пе, әлде араласу керек пе?», – де­
ген сұрақ қою үшін, көшеде төбелесіп жатқан екі адамды іздеп

жүрген ирландтықтан үзінді келтіретін лорд Брайс7 еске түседі.
Басқа жағынан, егер кездейсоқ қақтығыстардың қасына, қайсыбір
халықтың құрып кетуіне әкелген, шешуші соғыстарды қатар
қойсақ, онда соңғылары біріншілерінің өмір сүруінің мағынасын

құрастырғаны, түсінікті бола бастайды; соғыс инстинктінде

мұқтаждық болды, ал оларды табиғи деп атауға болатын, қатал
соғыстар үшін ол өмір сүргендіктен, онда кездейсоқ соғыстардың
санаусыз көпшілігі жайдан-жай, қарудың сол тот баспауы үшін
жүргізілді. – Енді соғыстың басындағы халықтың шамадан тыс

қозуын еске алайық! Күмәнсыз, осында үрейге қарсы қорғану
қайтарымы, батылдықтың автоматты жігерлендіруі орын алды.
Бірақ осында егер бейбітшілік екі соғыстың арасында тыныс алу
сияқты болып көрінетін, тәуекелдер мен шытырмаң оқиғаларға

байланысты өмір үшін біздің жаратылғанымызды түйсіну де бар.
Шаттанушы қозулар жылдан сөніп қалады, өйткені қасіреттер тым
орасан зор. Оның сұмдықтары бәрінен тіпті қиялда да жоғалып
кеткен, соңғы соғысты егер басқа жаққа ығыстырып қойсақ, онда

соғыс қасіреттерінің бейбіт уақытында тез ұмытылатыны таң
қалдырады. Әйелдерде бала туудағы қиналыстарды ұмытудың
арнаулы тетіктері бар деп айтылады: тым айқын еске түсіру
ондағы тағы да бала босану тілегіне кедергі келтірер еді. Осын­

дай тектегі әлдебір тетік, бәлкім, әсіресе жас халықтарда, соғыс
сұмдықтарына қатысты шынында да әрекет етеді. – Бұл қатынаста
табиғат қауіптің алдын алудың басқа да шараларын қабылдап алды.
Ол жат-жұрттықтар мен біздердің арамызда, надандық, соқыр

сенімдер мен түсініктерден шебер тоқылған шымылдырықты іліп
қойды. Онда ешқашан болмаған елді білмегенімізде, ешқандай таң
қаларлық жоқ. Бірақ, оны білмей тұрып, біз оны қашанда дерлік
ыңғайсыз түрде талқылайтынымыз, түсіндіруді талап етеді. Әркім,

кім өз елінен шет жақтарда болып, сосын өз отандастарын оны біз
шетел «ментальдығы» деп атайтынмен таныстырғы келетіндер,
олардағы инстинкті түрдегі қарсылықты айғақтай алады. Егер сөз
тым алыс ел туралы тұрса, қарсылық өте күшті болып табылмай­

ды. Мүлдем керісінше, ол бәрінен бұрын қашықтыққа кері про­
порционалды өзгереді. Кімдермен ең жиі кездесуге мүмкіндік
бар болса, бұлармен бәрінен аз біліскісі келеді. Табиғат кез кел­
ген шетелдіктен жау бейнесін жасау бағытында әрекет етуге бара

бермеді, өйткені егер бір-бірі туралы тамаша білім мендетті түрде
ұнатуды білдірмесе де, онда ол тым болмаса жек көруді шегеріп
тастап отырды.
Біз осыны соңғы соғыс уақытында көрдік. Қайсыбір не­

міс тілінің оқытушысы да кез келген француз сияқты сондай
жақсы патриот бола алды, дәл солай өз өмірін қиюға, дәл солай
Германияға қарсы «көтерілуге» дайын болды, бірақ бұл әлдебір
бөтен еді. Қайсыбір құрақ тігілмей қалды. Қайсыбір халықтың тілі

мен әдебиетін терең білген адам оның толық жауы бола алмайды. Білім ұлттардың арасындағы өзара түсінушілікке себепші болуы керек деген талапты алға шығарғанда, осы жөнінде ойластыру қажет. Сәйкес халықтың әдебиеті және өркениетімен сананы байы­ туды мүмкін ете отырып, шетел тілдерін меңгеру, табиғатпен жал­ пы шетелдікке қарсы ұйғарылған, теріс ұстанымды бір соққымен қирата алады. Бірақ біз жасырын теріс ұстанымның барлық сыртқы көрініс нәтижелерін санап шығу міндетін қойып отырғанымыз жоқ. Екі қарама-қарсы нақыл сөздердің: Homo homіnі deus және homo homіnі lupus8 – бір-бірімен жеңіл ымыраға келетінін, тек атап өтелік. Бірінші тұжырымдалғанда, қайсыбір отандас көз ал­ дымызда тұрады. Басқасы жат жерлікке қатысты. Біз жаңа ғана кездейсоқ соғыстармен қатар, олар үшін жауынгер инстинкт, бәлкім, жасалған басты соғыстар болады деп айтып өттік. Олардың қатарына бүгінгі күннің соғыстары жатады. Жаулап алу үшін жаулап алуға енді барған сайын аз ұмтылады. Енді жарақат алған өзіндік абырой үшін, бедел үшін, даңқ үшін төбелеспейді. Аштықтан өлмес үшін төбелеседі деп біреулер айтады, шынында одан төмен өмір сүруге тұрмайды деп ойластырылатын тіршіліктің қайсыбір деңгейінде тұру үшін қақтығысады. Олар ұлттың өкілдері ретінде көрінетін, сарбаздардың шектелген санына берілетін ар­ наулы тапсырма енді жоқ. Енді дуэльді еске салатын ештеңе жоқ. Қалай соған алғашқы қауымдық уақыттарда ордалар баратындай, бәрінің бәріне қарсы төбелесуі енді қажетті емес. Бірақ енді қазіргі өркениетпен құйып шығарылған қарумен төбелеседі, ежелгілер оны тіпті елестете алмайтын, сондай сұмдық қырғындар болып жатады. Ғылым сондай үдеріспен алға жылжығандықтан қашан қарсыластардың бірі құпияда ұстап тұрған құралымен басқаны толық жойып жібере алатын күн туатынына күмән жоқ. Және де жер бетінде сол жеңілгеннің тіпті ізі де қалмауы ғажап емес. Оқиғалар әрі қарай осылай өрби бере ме? Оларды біз адам­ затты жарылқаушылар қатарына жатқызатын, адамдар ешқандай ауытқусыз бұған қарсы әрекетке барды. Барлық ұлы оптимисттер сияқты олар тек енді шешілуге тиіс мәселені шешілді деп есепте­ уден бастады. Олар Ұлттар Лигасын құрды. Нені күтуге болатын­ нан, жеткен нәтижелер асып түсті деп, біз ойлай аламыз. Өйткені соғыстарды жою қиындығы, кімдер оларды жою мүмкін емес деп әдетте есептейтіндерден, анағұрлым маңызды. Пессимистер бола тұра, олар оптимистермен, қашан екі халықтың өзара соғысуын екі индивидтін арасында болатын кикілжінге ұқсас жағдайда

қарастырғанда, бірге болады; олар соңғылары сияқты, біріншілерінің материалды түрдегі келіспеулерін әділқазылыққа салып және қабылданған шешімдермен оларды бітімге келтіру мүмкін емес деп есептейді. Алайда, мұндағы айырмашылық радикалды болып табылады. Тіпті, егер Ұлттар Лигасы жеткілікті қарулы күштерге ие болса да (оның үстіне қыныр жақ кеңеттілік арттықшылығына ие болады; оның үстіне ғылыми жаңалықтарды болжаудың мүмкін еместігі, оны Лига ұйымдастыруға міндетті, қарсыласу сипатын да болжауға мүмкіндік бермейді), ол өркениеттілік қатпарымен жабылған, соғыстың терең инстинктімен қақтығысып қалар еді. Олар қазыларға алауыздықтарды шешіп беру қамқорлығын жүктейтін, индивидтер сол уақытта, жабық қоғамға имманент­ ті тән, тәртіп инстинктімен бұл алауыздықтарға анық емес түрде итермеленеді; толқулар оларды қалыпта жағдайлардан, ол қоғамға толық ену болып табылатындықтан, кездейсоқ ауытқытып жіберді, ол оған, маятник тіпті тік сызыққа сияқты, қайтып келеді. Ендеше, қиындық анағұрлым аумақты. Алайда бұл ол бекер жеңіп шығуға талпынып жатыр дегенді білдіреді ме? Біз бұлай ойламаймыз. Осы жұмыстың мақсаты ретінде мо­ раль мен діннің қайнарларын зерттеу қойылды. Біз белгілі бір қорытындыларға келдік және осында тоқтай аламыз. Бірақ біздің қорытындыларымыз негізінде ашық және жабық қоғамдарды радикалды ажырату болғандықтан; жабық қоғамның тенденци­ ялары арылмайтын бола тұрып, ашылып келе жатқан қоғамда сақталатындықтан; бүкіл бұл тәртіп инстинктері бастапқыда соғыс инстинктіне келіп тірелгендіктен, онда біз өзімізден бастапқы инстинкт қандай шамада жүгенделе немесе оратыла алады деп, сұрауға тиістіміз, және біздің алдымызда табиғи түрде тұратын сұраққа, кейбір қосымша пайымдармен жауап беруге міндеттіміз. Соғыс инстинкті өзімен өзі өмір сүргенімен, ол сонда да рацио­ налды мотивтерде жалғасады. Бұл мотивтер өте әр түрлі болды деп, тарих бізді оқытады. Қалай соғыс барған сайын жантүршігерлік бола бастағанда, бұл көптүрлілік те барған сайын азая береді. Соңғы соғыс, егер бізде, бақытсыздығымызға орай, әлі соғыстар болатын болса, оларда болашақта болжап көруге болатында­ ры сияқты, біздің өркениетіміздің индустриалдық сипатымен байланысты. Егер бүгінгі күн қақтығыстарының схематикалық, қарапайым және анық бейнеленуін алғымыз келсе, онда алды­ мен барлық ұлттарды таза ауылшаруашылық тұрғындары ретін­ де көрсетуіміз керек. Олар өз жерлерінен алған өнімдер арқылы

тіршілік етеді. Қаншама олардың қоректенуіне қажет болса, ол дәл соншама деп ұйғарайық. Олар жерден жоғары өнімділікке жеткен жағдайда, ол сол шамада ұлғая береді. Осыған дейін бәрі жақсы келе жатыр. Бірақ егер тұрғындардың үлкен артық қысымы сезілетін болса, және егер олар сыртқы шыққысы келсе және ше­ кара олар үшін жабық болғандықтан, осыны жүзеге асыра алмаса, онда олар қоректі қайдан табады? Индустрия істі жолға қоя ала­ ды. Егер ел машиналарды қозғалысқа келтіретін қуат көздеріне ие болмаса, оларды жасау үшін темірі, өндіріс үшін қажетті шикіза­ ты жоқ болса, онда ол оларды шетелдерден тауып алуға тырыса­ ды. Ол өз қарызын төлейді және, оның үстіне, шекараның арғы жағына өндіріс тауарларын жібере отырып, оны өзінде таба алмай­ тын, азық-түлікті алады. Жұмысшылар, ендеше, «ел ішіндегі эмиг­ ранттар» болып шығады. Шекараның арғы жағы оларды өзінде жасайтынындай етіп пайдаланады; ол оларды сонда қалдыруға (немесе, мүмкін, олар қалуды қалағанындай етуге) ұмтылады; бірақ олар шетелден тәуелді болып қалады. Шекараның арғы жағы енді олардағы тауарларды алғысы келмейді немесе оларды жасау үшін қажетті құралдармен жабдықтамайды дегенді ұйғарайық, онда оларда аштықтан өлуден басқа амал жоқ. Егер тек өз артынан бүкіл елін ілестіре отырып, бермей қойғандарды алу үшін аттануға, олар шешім қабылдамаса, осылай болады. Бұл дегеніміз соғыс. Осының ешқашан жай ғана болмай қалатыны, өзінен өзі түсінікті, тіпті аштан өлу қаупін сезінбей-ақ, егер комфорт, көңіл көтерулер, салтанат болмаса, адамдар тіршілік мағынасын жойды деп есеп­ тей бастайды; егер онда жақсы айлықтар, отарлар және т.б. болма­ са, онда өзін жетілген ел деп есептемейді. Осының бәрінен соғыс шыға алады. Бірақ жаңа ғана белгіленген нобай басты себептер­ ді анық көрсетеді: тұрғындардың өсуі, сату нарықтарын жоғалту, отын мен шикізатқа тапшылық. Бұл себептерді алып тастау немесе олардың салдарын әлсірету – міне соғысты жоюға ұмтылған, халықаралық ұйымның басты міндеті. Бұл себептердің арасындағы ең күрделісі – халық санының шамадан тыс артуы. Мысалы, Франция сияқты туудың тым төмен көрсеткіші бар елде мемлекет міндетті түрді халықтың өсуін ын­ таландыруы керек; «этатизмнің» сол арқылы бітіспес жауы болып табылатын, бір экономист үшіншіден бастап, отбасы әрбір нәресте үшін сыйлыққа құқы болуы керек деп талап еткен. Бірақ бұл жағдайда, керісінше, тұрғындардың артықшылығы сезінетін ел­ дерде, артық бала үшін көпті немесе азды салық салу дұрыс болмай

ма? Олар басқа жағдайда инквизициялық болып саналатын, шара­ ларды қабылдауға, қадағалауға, бақылауға мемлекеттің құқы бар; өйткені тек қана оған елдің өмір сүруің қамтамасыз ететініне, және де, сондықтан өмірге келтірілген баланың да тіршілік сапасына қатысты сенімде болады. Біз халықты әкімшілік жолмен шектеудің ұйғарымдарында, тіпті алдын ала тіркелген сан қатаң белгіленбе­ ген жағдайда да, туындайтын қиындықтарды мойындаймыз. Егер біз шешімді жобалауға ниеттенсек, онда тек мәселе шешілмейтін болып табылмайтындығын көрсету үшін осыған барамыз; бізге қарағанда көбірек білікті адамдар оның жақсырақ шешімін таба­ тын шығар. Бірақ Еуропаның тұрғындарымен осының болып жа­ татыны, және әлем де олармен артық толатыны, күмәнсыз; қалай бұл оның еңбегімен болып жатқандай, егер адамның өзін өндіруді «рационалдандырмаса», онда осының нәтижесінде біз соғысты қарсы аламыз. Инстинктіге сенуден қауіпті ештеңе жоқ. Махаббат құдайын соғыс құдайымен байланыстырғанда антик мифология­ сы мұны жақсы түсінді. Венераға ырық беруімен, ол сізге Марсты алып келеді. Сондықтан сіз регламент ендіруден қаша алмайсыз (нашар сөз, бірақ ол оның қайталаңбалымен, яғни бір қалыпты және дұрыспен, қатаң байланыстыратынды жақсы білдіреді). Сондай дерлік байыпты басқа мәселелер пайда болғанда: шикізатты бөлу, тауарлардың көпті немесе азды еркін айналымы және, кең алғанда, сол немесе басқа жақпен өмірлік маңызды ретінде ұсынылған, антагонистік талаптарды өтеу мәселелері шыққанда, ал енді бо­ лады? Түрлі елдердің заң қабылдауларына және, тіпті, олардың басқарылуына күшпен араласпай, халықаралық ұйым түпкілікті бейбітшілікке жете алады деп ойлау, қауіпті адасу. Жарайды, егер керек болса, мемлекеттің егемендік ұстынан қолдасын; ол жеке жағдайларға байланысты өз қолданылуында міндетті түрде икемді­ леу бола бастайды. Егер адамзаттың айтарлықтай бөлігі оларды шешуге толық қайраттылықта болса, онда осы қиындықтардың арасында алынбайтыны жоқ деп, тағы да атап өтейік. Бірақ оларға тура көзбен қарау керек, және қашан соғысты жоюды талап еткен­ де, қайда бара жатқанымызды анық білуіміз керек. Бірақ бұл жағдайда ұзақ жолды қысқартып, оларды бірінің ар­ тынан басқасын шешудің орнына, мүмкін барлық қиындықтарды бірден шешіп кетуге болмай ма? Не болса да, оны өзімен өзін ше­ шуге тура келетін, халық туралы сұрақты, негізгі сұрақты әзірше қоя тұралық. Басқа сұрақтар, индустрияның қызу дамуының басталуымен байланысты біздің өмір сүруіміз соған түскен, сол

бағытпен негізінен қатысты. Біз комфортты, молшылықты, асқан байлықты талап етеміз. Біз көңіл көтерулерді қалаймыз. Егер біздің өміріміз қаталдау бола бастаса, не болар еді? Мистицизм, талас­ сыз, орасан зор моральдық өзгертулердің бастауында тұр. Адамзат күдіксіз одан тым алыста тұрған сияқты. Бірақ кім біледі? Өткен тараудың бойында, біздің пікірімізше, Батыс мистикашылдығы және оның индустриялды өркениетінің арасындағы байланысты ұғынғандай болдық. Бұл құбылыстарға зерделі қарау қажет. Ті­ келей болашақ бірталай шамада индустрияны ұйымдастырудан, оларды ол қабылдайтын жағдайлардан тәуелді болып шығады. Бұл мәселемен ұлттардың арасындағы бейбітшілік мәселесі бай­ ланысты екендігін, біз жаңа ғана көрдік. Ішкі бейбітшілік мәселесі де одан тым болмаса сондай дәрежеде тәуелді. Қауіптену керек пе? Ұзақ уақыт бойы индустриялизм мен механизация адамзат тегіне бақыт алып келеді деп есептелді. Бүгін біз оның үлесіне, олардан біз зардап шегетін, апаттарды қоса аламыз. Ешқашан адамзат сүйсінулерді, салтанатты, байлықты сондай аңсамады деп, кім айтады? Жеңілмейтіндей күш барған сайын қажымай оны ең тұрпайы тілектерді қанағаттандыруға итермелейді. Бәлкім, бұл осылай шығар, бірақ бастапқы импульске назар аударайық. – Егер ол қуатты болса, онда басындағы ең аз ауытқу көзделген мақсатпен жеткен нәтиженің арасындағы үзілісті барған сайын ұлғайта бер­ ді. Бұл жағдай да өзгереді. Бірақ, ол осының жүзеге асуы үшін, мүмкін, өзіне құралдарды дайындап қойған шығар. Бәлкім, оны өзі ұйғарғаннан, ол мақсатқа жақын шығар. Бұл құралдардың неден тұратынына қарайықшы, индустриямен байланысты күш жұмсауларға тиіп өткеннен кейін, оның мағынасына үніле зейінді қарайық. Бұл осы жұмыстың қорытындысы да болып табылады. Тарихта буырқанған толқындардың келіп-кетуі байқалады деп жиі айтылады. Бір бағытта жалғастырылған, кез келген әрекет, қарсы жаққа қарай бағытталған, қайтарымды шақырады. Кейін ол қайталанылады және де маятник шексіз тербеліп тұрады. Расында, бұл жағдайда маятникте ес бар және де қайтып кел­ генінде, аралықтағы пайда болған тәжірибемен толтырылып, шыққандығынан мүлдем басқаша тәрбеледі. Міне сондықтан бір кезде жасалған спираль бойынша қозғалыс бейнесі біршеме дұрыс. Олар туралы a prіorі айтуға болатын, шындығында, психологиялық және әлеуметтік себептер бар. Алынған артықшылықпен үздіксіз пайдалану шаршағандықты немесе немқұрайлықты туындатады; ол өте сирек уәде бергенін өзінде ұстап тұрады және болжанбаған

кемістіктермен ілесіп жүреді; ақырында, неден бас тартқаннан, соның пайдалы жағы аталып өтеді, және де оған қайтып келу тіле­ гі пайда болады. Ол əуелі ретте оларда ескі қиындықтарды сезіну тәжірибесі жоқ және олардан арылу үшін, көп еңбек етуге тура келмеген, жаңа ұрпақтар да пайда болады. Қай уақытта ата-ана­ лары, ол үшін, өздерінің еске алулары бойынша, олар тым қымбат ақы берген, бүгінгі күйге жетістік ретінде қуанатын болса, балала­ ры ол туралы, дем алып тұрған ауадан артық ойланбайды; керісін­ ше олар, өздері үшін қиналыспен жетілген, артықшылықтардың олар тек кері жағы болып табылатын, ұнамсыздықтарды өткір сезінеді. Осылай кейінге қайтуға деген қадамдар туындайды. Бұл соған және кері қарай қозғалыстар қазіргі мемлекет үшін қайсыбір тарихи фатальдықтың күшімен емес, бірақ парламент­ тік құрылыс бірталай шамада келіспеушіліктерді бір арнаға түсіру үшін ойластырылғанымен сипатты. Билеушілер тек жақсы істерді жасағаны үшін бірқалыпты мадақтауларды жинақтайды; өз орын­ дарында отырады; бірақ олардың ұсақ қателіктеріне дейін есеп­ ке алынады; олардың артатын саны әзірше үкіметтің құлауына жеткізгенге дейін, олардың барлығы байыпты сақталады және жинақталады. Егер екі қарама-қарсы тұрған партия, және де тек екісі, әрекет ететін болса, онда процесс абсолютті түрде кезекпе-ке­ зек болып жатады. Екі командалардың әрбірі, қашан жауаптылықты өзіне алу керегі болған жоқ принциптер өзара оппозицияда болғандықтан, бүкіл сол уақыттан сырттай өзгертілмеген болып қала берген, оны сол принциптер қакмтамасыз ететін, бедел мен билікке келе беретін болды. Шындығында, егер команда ақылды болса, онда оны ол басқа командаға жүзеге асыруға мүмкіндік берген тәжірибені пайдаланады; ол көпті немесе азды дәрежеде өз идеяларының мазмұнын, және сондықтан өз принциптерінің мағынасын өзгертеді. Осылай ауытқуларға қарамай, немесе, дәлірек айтқанда, егер ол туралы қамқорлық жасаса, осы ауытқулардың арқасында, прогресс мүмкін бола бастайды. Бірақ осындай алды берді екі қарама-қарсылықтардың арасындағы қозғалыстың нәтижесінде, ол қоғамдық адаммен құрастырылып кіргізілген, не­ месе индивидуалды адамның кейбір көзге анық бейімділіктерімен айқындалған арқылы жүріп жатады. Ол кезекпе-кезек ауысудың жеке себептерінің үстінен және адами оқиғалардың тұтас үстінен үстемдік жүргізетін, қажеттілікті тауып алмайды. Бірақ жалпы осындай тетіктер мен бейімділіктер өмір сүре ме?

Біз тарихтағы фатальдылыққа сенбейміз. Егер олар уақытында іске кіріссе олар алмайтын кедергі жоқ. Ендеше, ырықсыз та­ рихи заңда өмір сүреді; белгілі бір қатынаста оларды жасауды табиғат қалағандықтан, адамдық қоғамдарда бұл жеке нүктеде ол биологияға бағыныңқы. Егер ұйымдасқан дүниенің эволюци­ ясы белгілі заңдарға сай жасалатын болса, онда жеке-дара және әлеуметтік адамның психологиялық эволюциясы тұтасымен бұл өмірлік әдеттерден тұтас шегінуі, мүмкін емес. Бірақ біз бір мезгіл­ де, олардың арасында өмірлік екпін таратылатын, айырылып бара жатқан бағыттардың, тек өзіндік өсу дерегінің арқасында жасала­ тын, түйіндер пішімінда дамитындығында, өмірлік тенденцияның мәнісі тұрғанын, біз көрсеттік. Бұл заңда ешқандай құпия жоқ екендігі туралы, біз қосымша айттық. Өмір тенденциясы – бұл ажыратылмайтын көптіктің екпіні; әйтсе де ол, егер оны ретрос­ пективті, олар шындықта оның дамуымен жасалған, элементтер­ мен оның өткен бөлінбегендігін үйлестіретін түрлі көзқарастар ойда жорылып алынған болса ғана қарастырылатындықтан, тек сол жағдайда ғана ол бөлінбеген және көптік болып табылады, осы бұл деректі ғана білдіреді. Қызғылт түс - әлемде пайда болған, әзірше жалғыз түс деп көз алдымызда елестетейік: ол енді сары және қызылдан тұра ма? Әрине, жоқ. Қашан бұл екі түстер өз ке­ зегінде өмір сүргендерде, ол сары мен қызылдан тұратын болады: бастапқы қызғылт түс онда қызыл мен сарының қос тұғырынан қарастырыла алады; және егер қиялымызға ерік беріп, қызыл мен сары түстер қызғылтты өсіре арттыру арқылы пайда болды десек, онда бұл шоғыр пішіміндағы өсу деп біз атағанның қарапайым мы­ салына жатады. Бірақ қиялда да, салыстыруларда да мұқтаждық жоқ. Қайсыбір жасанды синтез туралы идеядан бас тартып, өмірге үнілсек жеткілікті. Біреулер еркін актіні күрделі рефлекс деп есп­ тейді, басқалары рефлексте еркін актінің төменгі пішімін көреді9. Рефлекс пен ырықтылық, ол рефлекс те, ырықтылық та болып та­ былмайтын, бірақ ретроспективті, олар арқылы, бір уақытта ол да, сол да болып қалыптасатын, басты бөлінбейтін әрекетке деген екі мүмкін көзқарастарды материалдандырады. Дәл осыны біз ин­ стинкт және ақыл, жануарлық және өсімдік өмірі, өзара айыры­ латын және бірін-бірі толықтыратын басқа да көптеген жұптар туралы айта аламыз. Алайда тіршіліктің жалпы эволюциясында, осындай түрде дихотомия жолымен жасалған, бәрінен жиі, әр түрлі түрлерге дамиды; олардың әрқайсысы бұл дүниеде сәттілікті іздеу жолымен кетеді, олар қабылдаған материалды форма, алғашқы

тенденцияны көбірек күшті, көбірек күрделі, көбірек дамыған ету
үшін, қайтадан дәнекерленіп қосылуға талпыныс жасауға кедергі
болады.
Психологиялық және әлеуметтік өмір эволюциясында (өрбуінде

– ред.) іс басқаша. Мұнда ыдыраудың нәтижесінде қалыптасқан

тенденциялар, бір және сол индивидте немесе бір және сол қоғамда
эволюцияланады. Және әдетте олар тек жиі ретте дәйекті, бірінің
артынан бірі дами алады. Қалай бұл жиі болатындай, егер олар
екеу болса, онда алдымен олардың тек біреуінің артынан негізінен

ілесетін болады; онымен бірге көпті азды барынша алысқа, әдетте
барынша алыстау жүретін болады; кейін бұл эволюция жүрісінде
жетілгенмен бірге, оны алыста тастап кеткен, сол басқа тенденция
үшін ол артқа қайтып келеді. Бұл жолы бірінші тенденцияны еле­

мей, оны өз кезегінде дамыта бастайды, және де бұл күш жұмсау,
адамдар жаңа жетістіктермен бекіп алып, қайтадан бұрынғы
тенденцияны қалпына келтіріп, оны тағы да ары қарай жылжы­
та бергенінше, жалғасады. Бүкіл осы уақыт бойы адамдар бұл

екі тенденциялардың біріне берілетін болғандықтан, тек ол ғана
маңызды болып есептелгендіктен, онда тек ол жалғыз жағымды,
ал басқасы оның терістелуі деп ықыласпен айтыла алады: егер зат­
ты осындай формаға енгізу қажет болса, онда басқасы шынында

да қарама-қарсысы болып табылады. Сонда прогресс екі қарама-
қарсылықтардың арасында ауытқу болып табылады деп айтыла­
ды (және бұл жағдайда тәуелді көпті немесе азды дұрыс болып
шығады; оның үстіне жағдай өзгермей қала бермейді, және де ма­

ятник өз қозғалысының басталған жеріне қайтып келгенде, ұтысқа
сол уақытта жетеді). Алайда, бұл айтылған әбден дәл болатыны
да кездеседі және атап айтқанда қарама-қарсылықтардың арасын­
да тербеліс болды. Бұл қашан, өзімен өзі пайдалы тенденция, ол

да осыдан пайдалы болып шығатын, антагонистік тенденцияның
әсерімен ғана шамалана алатын жағдайда, жүзеге асады. Бәлкім
ақыл бұл жағдайда екі тенденцияның бір-бірімен ыңтымақты бо­
луына кеңес береді, мұнда біріншісі, қашан осыны жағдай талап

еткенде, әрекет етуі, ал ол шамадан шыға бастағанда, сол уақытта
басқасы оны ұстап тұрғаны дұрыс. Өкінішке орай, қашан асыра
сілтеудің басталатыны және қауіптің пайда болатыны жөнінде айту
қиын. Кейде ол ақылды болып есептелетін, шектен асу дерегінің

өзі жаңа ортаны жасауға, жаңа жағдайға жеткізеді, мұның өзі
қауіпті жолды және бір мезгілде артықшылықты күшейтеді. Осы­
лай негізінен тым жалпы тенденциялармен, қашан олар қоғамның

бағдарын анықтағанда және олардың дамуы ұрпақтардың көпті
немесе азды санына кең тарағанда, болып жатады. Парасат, тіпті
жоғарғы адамшылық болсын, біздің қайда баратынымыз туралы
айта аламайды, өйткені қозғалыс процесі өз жолын анықтайды

оларды ол жүзеге асатын, айтарлықтай шамада жағдайларын жа­
сап шығарады және оны, еңдеше, есептеп шығаруға келмейді.
Сондықтан, қозғалыс ары қарай жалғаса береді; аялдау тек ша­
расыз апаттың алдында ғана жүзеге асады. Сонда антагонистік тен­

денция босаған орынды алады; өз кезегінде, жалғыз болғандықтан,
қаншама бұл мүмкін болса, ол соншама алысқа барады. Егер басқа
тенденция іс-әрекет деп аталса, онда ол қарсы іс-әрекет деп ата­
лады. Егер олар бірге жүретін болса, екі тенденция бірін-бірі ша­

малайтын болғандықтан; бөлінбеген бастапқы тенденциялардың
өзара енуі, қалыптылық онымен анықталатынның өзі болып
табылатындықтан, бүкіл орынды алу айғағы олардың әрқайсысына,
кедергілер жойыла берген сайын, сол шамада сұрапыл екпінді бере

алады; оларда қайсыбір кернеген жігер бар. Ол еркіндік саласы бо­
лып табылатын салаға қатысты «заң» деген сөзді артық пайдалана
бермейік, бірақ біз қашан жеткілікті қайталануы бар, маңызды де­
ректермен бетпе-бет кездескенде, сол жағдайда ыңғайлы болатын,

осы терминді пайдаланайық. Біз дихотомия заңы деп, олар басын­
да айталық бір қарапайым тенденцияның тек түрлі фотосуреттері
болған, тенденцияны жүзеге асыруын шақыратын (бәлкім оларды
таза бөлу арқылы) және біз ауысушы кернеген сезім заңы деп,

қашан олар бөліну арқылы жүзеге асқан екі тенденцияны әрбіріне
тән, мұқтаждықты айтамыз, соны өмір сүретіндей етіп, ақырына
дейін жалғастыру қажет!
Тағы да атап өтейік: егер ол жұптанбай, жеткілікті мөлшерде

өз импульстері күшінің аялдауға қабілеттілігімен, сәйкес ке­
летіндігімен ұстап тұрылатындай ғана өсетін болса және ол бұл
жағдайда потенциялды түрде тек басқа импульстің күші болса,
жай тенденция туралы сұрақ қоймауға болмайды. Бұл жағдайда

абсурдқа қойып кету тәуекелшілдігі болмас еді, бірақ апаттың
алдын алуға болатын еді. Бұл осылай, бірақ онда сандық және
сапалық қатынастарды жаратудың максимумы жетілмей қалар еді.
Оның не беретіндігін білу үшін, бағыттардың бірінде алға қарай

түбегейлі жылжу қажет: ары қарай жылжу мүмкін болмағанда,
тауып алынғанмен бірге қайтып келуге және бұрын иеленбеген
немесе тасталып кеткен бағытта алға ұмтылуға болады. Осы­
нау арлы-берлі жүрістерге егер сырттан қарасақ, онда біз тек

екі тенденциялардың антагонизмін, біреуінің екіншісіне кедергі
келтіруінің бос талпынысын, соңғының түпкілікті құлап түсуін
және біріншінің өш алуын көреміз: адамзат драманы жақсы
көреді; ол қуана ансамбльде көпті немесе азды тарихи кезеңде,

олар оған екі партиялардың немес екі қоғамдардың, немесе екі
принциптердің арасындағы күресу пішімі оған беретін белгілерді
жинап алады; олардың әрқайсысы кезекпе-кезек жеңіске жетеді.
Бірақ күрес мұнда прогрестің тек сыртқы жағы. Ол туралы екі

көзқарастар болуы мүмкін, бір тенденция өз максимумын сандық
және сапалық қатынастарда, егер ол осы екі мүмкіндікті, олардың
әрқайсысы алға қарай қозғалып және орын алғанда, басқасы
сол уақытта оның кезегі келді ме деп күтуде болып, үздіксіз оны

бақылағанда болатын, қозғалмалы шындықтарда заттанатын
болса, тек сол жағдайда оны қамтамасыз ете алатындығында,
ақиқат тұр. Егер тек қана, қашан ешкім санасыз иеленген, тіп­
ті тенденцияның өзі, одан не шығатыны туралы айта алмағанда,

мазмұн жөнінде айтуға болатын болса, сондай түрде бастапқы
тенденцияның мазмұны өрбиді. Ол күш береді, ал нәтиже күтпеген
болып шығады. Табиғат әрекеті осындай: олардың көрінісін ол
бізге ұсынатын, қақтығыстар қаншама әскери әрекеттермен емес,

соншама күнделікті емес құбылыстармен аяқталады. Және қашан
ол табиғатқа еліктей бастағанда, қашан ол бастапқы алынған
импульске берілгенде, адамзат қозғалысы белгілі бір қайталану
реттілігімен жүреді және оларды біз тұжырымдағандарға ұқсас

заңдарға, дегенмен, толық болудан алыс, бағынады. Бірақ біздің
тым ұзын жақшамызды жабуға уақыт келді. Тек қалай біздің екі
заңымыз оны ашуға бізді міндеттеген жағдайға байланысты, оның
қолданыла алатынын көресетейік.

Бәлкім, олар адамзаттың басты қамқорлығы бола бастаған,
жайлылық және асқан байлық туралы әңгіме жүрді. Қашан
біз қалай жаңалық ашу рухының дамығанын, қалай көптеген
жаңалықтардың қазіргі ғылым қолданылуында қызмет ететінін,

қалай ғылымды шексіз өсуге арнайтынын көргенімізде, онда
шексіз прогресс сол бағытта жүре береді деп, ойлай аламыз. Іс
жүзінде, оны жаңа ойлап табу оларды ескі мұқтаждықтарға апара­
тын қанағаттандыру ешқашан адамзатты соңғылармен шектелуге

итермелемейді; соншама қажетті, барған сайын көп санды жаңа
мұқтаждықтар пайда бола береді. Онымен адамдардың барған
сайын тығыздала беретін тобыры ұмтылған жолмен игілік – бе­
реке үшін барған сайын үдей түсетін жарысу қалай болатынын

біз көрдік. Бүгінде бұл – бұқаралық шабуыл. Бірақ бұл кернеген сезімнің өзі біздің көзімізді ашуға міндетті ме? Шындығанда тек он бесінші немесе он алтыншы ғасырдан бастап, бәлкім ол, адам­ дарды материалды өмір шеңберін кеңейтуге талпындыра бастады. Бүкіл ортағасырлық бойында аскетизм мұраты үстемдік етті. Оның қандай асыра сілтеулерге жеткізгенін еске салуда мағына жоқ; кер­ неген сезім сонда орын алды. Бұл аскетизм адамдардың аз санына қатысты болды деп, айтыла алады және бұл дұрыс. Бірақ дәл со­ лай, аздардың үлесі, мистицизм дінмен таратылған сайын соншама түйінделген аскетизмде, ол күмәнсыз жеке жағдай болғандықтан, күнделікті өмір сүру жағдайларына жалпы немқұрайлыққа айна­ ла отырып, адамдардың көпшілігі үшін ұсынылды. Бұл барлығы үшін комфорттың бізді таң қалдыратын жетіспеушілігі болды. Олар біз қажетті деп есептейтін артықшылықтардан байлар да, кедейлер де бос болды. Егер мырза шаруамен салыстырғанда жақсы өмір сүрсе, онда мұны ол көп тамақ жей алды деп түсіну керек. Басқасында айырмашылық мардымсыз еді. Ендеше, олар бірінің артынан бірі ілесіп жүрген және екеуі де кернеген сезіммен қамтылған, екі айырылып бара жатқан тенденциялардың алдында тұрмыз. Олар бір басты тенденцияның екі қарама-қарсы тармақтарына сай келетін, сондықтан ол осылай оны өзімен шығарып алу үшін құрал тапқандай болды; сандық және сапалық қатынастар оның қолынан келгенінің бәрі, тіпті өзінде барынан артығы осылай ке­ зекпе кезек бағыттардың бірінде, нені басқамен қозғалғанда өзіне қосып алғанмен бірге жылжуда екендігін, алдын ала болжауға бо­ лады. Ендеше, тербеліс және прогресс, тербеліс арқылы прогресс бар. Өмірдің үздіксіз күрделенуінен кейін қарапайымдылыққа қайтудың келетінін болжау да қажетті. Бұл қайтып келу, айдан анық, растылықпен белгіленген дерек болып табылмайды; адам­ зат болашағы айқындалмаған болып қала береді, себебі ол оның өзінен тәуелді. Бірақ егер болашаққа қатысты тек мүмкіндіктер мен ықтималдықтар бар болса және оларды біз қазір қарастырайық деп отырсақ, онда өткенмен мәселе басқада тұр; жаңа ғана біз атап өткен, екі қарама-қарсы бағыттар, – бұлар атап айтқанда бірегей бастапқы тенденцияның бағыттары – идеялар тарихының өзі енді бұл туралы куәландырады. Олар Сократта өзара толықтырушы болып табылатын, екі қарама-қарсы бағыттарда жалғастырылған. Сократ ойынан киренаиктер және киниктік ілімдер шықты: біріне сай, өмірден барынша көп ләзаттарды алу керек, екіншісі бойын­

ша, оларсыз-ақ өмір сүруге үйрену керек. Олар олардың бірінебірі қарама-қарсы тұратын, босаңсу мен шиеленісу принциптері­ мен бірге, эпикуршылдық пен стоицизм де одан əрі жалғасты. Егер осы екі жан күйлерінің мәнді ортақшылдығы туралы күмән туса, оларға бұл принциптердің сәйкес келетінін ескерсе, онда эпикурейлік мектептің өзінде, ол рахаттануға жиі тоқтаусыз талпынудан тұратын, атышулы эпикуршылдықпен қатар, оған сәйкес ең жоғары ләззат - ләзаттанудан мұқтаждық сезінбеу делі­ нетін эпикурейшілдігінің өмір сүргендігін, атап өтсек жеткілікті. Адамдар оларды қашанда өздерінің бақыт туралы түсініктерінің негізіне салған, бұл екі принциптер ақиқатты болып тұр. Соңғы сөз әлдебір күрделі және бұлыңғыр нәрсені аңғартады бұл әрбір адам өзінше оны анықтау үшін, адамзат оны анықталмаған етіп қалдыруды қалаған, сондай ұғымдардың біріне жатады. Бірақ оны қандай мағынада түсінсек те, қауіпсіздік кепілінсіз бақыт болмай­ ды, яғни оған адам бейімделген күй үшін ұзақтық болашағынсыз, ол өмір сүрмейді. Бұл кепілдікті ол немесе заттарды иеленуде не­ месе ол заттардан тәуелсіздік беретін өзіне иелік етуден табуға бо­ лады. Қос жағдайда өз күшімен, оны өз ішінен ала ма әлде оны сырттан бекіте ме, оған қарамайды; бұл менменшілдік жолы мен атаққұмарлық жолы. Бірақ оның қарапайымдалуы және күрделенуі атап айтқанда «дихотомиядан» шығады, олар әбден кезекпе-кезек келетін сезім кернеуін дамуға қабілетті, ақырында олар бірін-бірі алма-кезек ауыстыруды қажет етеді. Бұл жағдайларда жоғарыда айтылғандай, қарапайымға қайтып келу өзінде ешқандай ықтимал елесті ұстап тұрмайды. Ғылымның өзі оған қарай жол сілтей алады. Сол уақытта қалай физика мен химия бізді қанағаттануға көмек берсе және, ендеше, біздің мұқтаждықтарымыздың артуына себепші болса, физиология мен медицинадан солай, оны қалай болжауға болатын, біздің көптеген ләзаттарымыз алып келетін, бұл артық кетуден туған өкініш, түнілулеріміздің қауіптілігін барған сайын жақсы көре аламыз; бір кезде оны сондай ұнатқан, вегетариандыққа бүгін тек жиіркене қараймыз. Біздің екеуміздікі де дұрыс, түс таңдау сияқты, талғам туралы пікірталастың керегі жоқ деп те, айтылады. Бәлкім бұл осы­ лай; бірақ мен бұл вегетариандықтың өзінің бұрынғы бейімділігі­ не қайтып келмейтіні туралы қалтқымайтын сенімділігін атамай өте аламаймын; ал сонда өзімдікін сақтайтыным жөнінде онша сенімді емеспін. Ол екі тәжірибені басынан өткізді ал, менікі – тек біреу. Оның көңілі бұл тәжірибеге қарағанда одан жиіркенуден

күшейе түседі; сонда ол менің ләззаттануыма көңіл аударудың та­ ралуымен байланысты және жарықта бәрінен бұрын тұманданып кетеді; егер де шешуші тәжірибелер ет жеу сипатты түрде ағзаның баяу улануына әкелетіндігін дәлелдесе, бұл әбден мүмкін, онда ол жоғалып кетер еді деп, мен ойлаймын*. Коллежде бізді коректендіру заттарының құрамы белгілі, біздің ағзамыздың мұқтаждықтары да белгілі, сондықтан оны сақтап тұратын рационды қажетті және жеткілікті түрде есептеу шығаруға болады деп үйретті. Бірақ сонда олардың тағамда бо­ луы біздің денсаулығымыз үшін қажет, «витаминдер» химиялық талдауда жай жіберіліп қойылғанын, егер де білсек, онда өте таң қалар едік. Бүгін емдеуге көнбейтін, көптеген сырқаттар өзінің алыс қайнарында, олар туралы біз тіпті күдіктенбейтін, сол «жетіспеушіліктерден» бастау алатыны күмәнсыз байқалады. Осындай қабылданған белгілерді мұралануға сену де үлкен зиян келтірді. Алғашқы қауымдық адам сияқты, біз қоректене ала­ тын, өткен қабілеттілікті адамның ішек-қарны жоғалтып алды деп айту, үйреншікті. Бұл дұрыс, егер біз балалық шақтан бас­ тап табиғи бейімділіктерімізді әрекетсіз қалдырамыз дегенді түсінсек, бұл осылай, және бізге белгілі бір жасқа келгенде оларды ояту қиынға соғады. Бірақ біздің басқаша болып тұрғанымыз, аз ықтималды; егер тіпті біздің ішек-қарындарымыз біздің тарихқа дейінгі тектеріміздің ішек-қарындарынан еркшелеленнеді де­ генді ұйғарсақ та, онда айырмашылық жай ғана, уақыт бойында сіңірілген, әдеттермен байланысты емес. Ғылым жақында біздің назарымызды бұл сұрақтардың бүкіл жиынтығына аудартады. Айталық, ол оны мына біз болжап отырған іске асырсақ: біздің қоректенуіміздің тек жалғыз репішімі бүкіл біздің өнеркәсіп үшін, саудамыз үшін, ауыл шаруашылығымыз үшін, осыдан олар бірша­ ма қарапайымдалатындықтан, сансыз салдарға жеткізеді. Сонда біздің басқа мұқтаждықтарымыз туралы не айтуға болады? Тұқым қалдыру инстинктерімен байланысты мұқтаждықтар, бұйырушы сипатта болып келеді, егер де біз табиғат талаптарымен шектел­ сек, онда бұл мәселе жылдам аяқталар еді. Алайда, бірақ қуатты және кедей, басты нота ретінде алынған, түйсіктің айналасын­ да, адамзат шексіз өсе беретін көптеген обертондарды туындат­ ты; ол одан дауыс қабылдауларының соншама бай көптүрлілігін шығарғандықтан кез келген жағынан алынған обьект, елес болып * Бұл сұрақ бойынша менде, арнаулы дайындық жоқ деп, ескертемін. Басқа да азық-түлік сияқты, етті мысал ретінде алып отырмыз

кеткен, үндерді енді шығара береді. Бұл қиял арқылы сезімділік­
ке тұрақты шақыру. Осы жерде ғылым өз сөзін тағы да айтуы
қажет, және бір рет ол оны соншама батыл айтқандықтан, оны
тыңдауға тура келеді; ләззаттануды сондай күшті сүю үшін, содан

енді ләззат алынбайды. Әйел бұл сәттің түсуін, қандай шамада
ол еркекпен нақтылы, шын көңілді тең болуға, ал музыкант аспа­
бынан тербелістер күтіп жатқан, құрал болып қала бермес үшін
тілек білдіргенде, жақындата алады. Бұл айналу іске асса, сонда

біздің өміріміз қарапайымдылау және бір уақытта байыптылау
болады. Еркекке ұнау үшін және кері қайтарымда оның өзіне
ұнайтын, оларды әйел талап ететін, сол артықшылықтар бірша­
ма дәрежеде керек болмай қалады. Шығындану кемдеу болады,

ал сонымен бірге көре алмау азаяды. Дегенмен cән-салтанат, ра­
хаттану және молшылық бір-бірімен қатар, бірақ әдетте өзінде
ойлайтындай, өзара байланыста болмай, орналасады. Оларды
деңгейлері бойынша қояды: игілік-байлықтан сән-салтанатқа

қарай біртіңдеп өрлеу жолымен көтеріледі: біз өзімізге байлықты
қаматамасыз еткенде, оған рахатты қосқымыз келеді, сосын
сән-салтанатқа деген махаббат келеді. Бірақ бұл, ол біздің руха­
ни күйлерімізді олардың обьектілерінен көшіріп алуды мүмкін

деп есептейтін, таза интеллектуалдық психология. Қарапайым
көңіл көтеруден сән-салтанат, ал рахаттану – молшылықтан
қымбат тұратындықтан, онда кез келген сәйкестіліктің өзінде
алма-кезек өсуін елестетеді. Бәрінен жиі сән-салтанатқа де­

ген сүйіспеншіліктен молшылықты қалайды, себебі өзінде жоқ
молшылық сән-салтанат болып көрінеді және оларға ие болуға
қабілетті болса, соларға еліктейді, солармен тең болғысы келеді,
осында ақиқат тұр. Алдымен атаққұмарлық болды. Тек қана олар

қымбат болғандықтан, қаншама дәмді тағамдарды татқылары
келеді. Көптеген жылдар бойы өркениетті халықтар шетелдерде
өз күштерінің айтарлықтай бөлігін татымды дәм өндіріп алуға
жұмсады. Алыс теңіз саяхаттарының мақсаты сол кездерде

оның тым қауіпті екендігіне қарамай, осы болғанына таң қалуға
тұрады; бұл үшін мыңдаған адамдар өмірін қиды, олар арқылы
Американың кездейсоқ ашылуы жүзеге асқан, адамдағы ерлік,
қуат пен қилы оқиғаларға деген құштарлық негізінен имбирь мен

қалампыр, бұрыш пен корицаны іздестіруге пайдаланылды. Ұзақ
уақыт бойы керемет болып есептеліп келген хош иісті заттар ту­
ралы енді оларды көшедегі жақын бұрышта бірнеше тиын-тебен­
ге сатып алуға болатын болса, солар туралы енді кім ойланады?

Осындай бақылаулар ахлақшыны ренжіте алады. Сонда да, ой­
ластырып, осыдан үміт үшін де негіз табуға болады. Молшылыққа
деген тұрақты өсуші мұқтаждық, көңіл көтерулерді аңсау, сән-
салтанатқа деген тоқтаусыз ұмтылыс, осының бәрі адамзат

болашағына деген байыпты бізге күмән туғызады, өйткені ол
осыдан тұрақты қанағаттандыру тапқандай болады. Осының бәрі,
оны аяусыз ауамен толтырып жатқан және ол сондықтан бір мез­
гілде кенеттен жарылып кететін, ауа шары сияқты өзін көрсетеді.

Бір булығу оған жау басқа булығуды шақыратынын, біз білеміз.
Жеке алғанда қазіргі деректерді бұрынғылармен салыстыру,
олар түпкілікті болып көрінетін, талғамдардың өткінші екендігі­
не біздің көзімізді жеткізеді. Автокөлікке ие болу бүгін көптеген

адамдар үшін жоғарғы ұмтылыс болып табылатындықтан,
автокөлік әкелетін соншама пайданы мойындаймыз, механиканың
бұл кереметімен сүйсінеміз, қайда оған мұқтаж болса, сонда оның
таралғанын және көбейгенін қалаймыз, бірақ аз-маз уақыт өткеннен

кейін, қарапайым көңіл көтеру саласында, оның соншама қалаулы
бола беретініне күмәнданамыз – сонда да, бүгін қалампыр және
дәм қабығымен болғандай оның тасталып кетпейтініне бәрібір біз
үміттеміз.

Біз осында өз пайдамыздың басты түйініне көшеміз. Жаңа ғана
біз механикалық жаңалыққа байланысты сән-салтанаттың мы­
салын келтірдік. Атап айтқанда механикалық ойлап тапқыштық
сән-салтанатқа, дәл солай кәдімгі молшылыққа да талғамды

тұтас алғанда дамытты деп, көптеген адамдар есептейді. Егер
тіпті, біздің материалды мұқтаждықтар қашанда өсе және алға
ұмтыла береді деп, кәдімгідей есептейтін болса, онда ол оның
жолына түсіп үлгергендіктен, механикалық ойлап тапқыштық

жолынан адамзат бас тартатындай себептерді, сондықтан көре
алмайды. Неғұрлым ғылым алға жылжи берген сайын, соғұрлым
жаңалықтар оның соны ахуалдарымен мүдделене береді делік.
Жиі теориядан оны қолдануына дейін бір ғана қадам қалады; және

сондықтан ғылым тоқтай алмайтындықтан, онда іс жүзінде біздің
ескі мұқтаждықтарымызды қанағаттандырудың түбі көрінбейді
және жаңалары жасала береді деп айтуға болды. Бірақ алдымен, ой­
лап тапқыштықтың рухы міндетті түрде жасанды мұқтаждықтарға

жеткізе ме, әлде жасанды мұқтаждық осында ойлап тапқыштық
рухын бағыттап отыр ма, деген сұрақты қою керек.

Екінші болжап шындыққа жақындау. Ол машиналық өндіріс пай­ да болуының жаңа зерттеулерімен қуатталады*. Ол адам қашанда машинаны ойлап тауып отырғанын, тамаша машиналар ежелден белгілі екенін, күрделі приборлардың қазіргі ғылымның гүлденуінен анағұрлым бұрын ойланғанын және оның үстінен одан тәуелсіз болғанын еске салады: ешқандай ғылыми дайындықсыз күні бүгін қарапайым жұмысшылар, олар туралы ғалым инженерлер тіпті армандамаған, сондай жетістіктерді тауып келеді. Механикалық ойлап табу – табиғи сый. Күмәнсыз, ол өзінің нәтижелерінде шек­ теліп отырды, сондықтан ол сол кезге тән және қайсыбір мағынада қуаттың көрінетін қайнарларын: бұлшық ет күшін, жел немесе судың құлау күшін пайдалаумен шектелді. Машина өзінің бүкіл өндіргіштігін қашан адамдар өзіне қызметке миллиондаған жыл­ дар бойы жинақталған, күннен алынған, тас көмір, мұнай және т.б. ұсталып тұрған, потенциалды қуатты қарапайым босату жо­ лымен алға қойғанда, соны көрсете бастады. Бірақ бұл бу маши­ насын ойлап табу күні болды, және оның теориялық пайымдардан туындамағаны, белгілі. Прогресс алдымен баяу, қашан ғылым оған араласқаннан кейін, орасан зор қадамдармен жүре басталды. Бірақ сонда да механикалық ойлап тапқыштық рухы ол әзірше өзімен-өзі болғанда тар арнада аққанымен, ол ғылыммен кездескенде шек­ сіз дамығанымен, одан бөлек болып қала береді, және қажет болса одан бөліне алады. Солай, Рона, Женева көліне құйғанда, өзінің суларын онда толық сіңіріп жібергендей болғанымен, көлден шыға отырып, оның дербестілігінің сақталғанын көрсетеді. Ен­ деше, қалай ойлауға болатындай, өз дамуының айғағымен адам­ дарда барған сайын жасанды мұқтаждықтарды туындату талабы болған жоқ. Егерде іс осылай болса, онда адамзат барған сай­ ын арта беретін материалдылыққа душар болар еді, себебі ғылым прогресі тоқтаған жоқ. Бірақ ғылым, одан не талап етілсе, тек соны берді және бұл қатынаста белсенділік одан шығып отырған жоқ; бұл өнертапқыштық рухы қашанда адамзат игілігіне қызмет етпеді, осында ақиқат тұр. Ол қаптаған жаңа мұқтаждықтарды жа­ сады; ол қашанда жеткілікті дәрежеде адамдардың айтарлықтай бөлігіне, ал егер мүмкін болса бәріне, ескі мұқтаждықтарды өтеу үшін қамқорлық танытпады. Қарапайым айтқанда, қажеттіні еске­ ре отырып, ол шамадан артық туралы тым көп ойланды. Бұл екі * Әрине, «артық өндіру» дағдарысы бар, ол ауыл шаруашылық өнімдерін де қамти алады. Мәселе адамзаттағы артық өнімде емес, ол айырбастың дұрыс жолға қойылмағанында.

ұғымдар анықтауға қиын түседі, және де, біреулерге сән-салтанат болып табылатын басқалар үшін, қажеттілікті құрайды деп айта алынады. Бұл күмәнсыз осылай; осында нәзік айырмашылықтарда адасып кетуге де болады. Бірақ, бастыны көру керек болатын жағдайлар кездеседі. Миллиондаған адамдар аш жүр. Олардың кейбіреулері осыдан өліп жатыр. Егер де жер беті анағұрлым көп өндірсе, онда адамдардың аштыққа ұшырау және содан өліп кету ықтималдығы бар делінеді. Жерде жұмыс істеу үшін қолдар жетіспейді дегенге сілтеме жасайды. Мүмкін ол осылай да шығар, бірақ неліктен жер, оған олар салуға міндеттіден, қолдағыдан артық күш салуларды талап етеді? Егер машиналар әлденеден күнәлы болса, онда ол адамды қиын еңбектен босатуды аз, жеткіліксіз пайдалануында тұр. Ауыл шараушылық машиналары бар және оларды кеңінен қолданады деп, қарсы пікір айта алады. Мен осымен келісемін, одан адамзаттың алып жүрген жүгін жеңілдету үшін машинаның істегенін салыс­ тыру, шекті сипатта болып келеді. Ол адамзатты қоректендіретін, ауыл шаруышылығы бәрінің үстінен үстемдік жүргізуге тиіс, тым болмаса, ол индустрия өзінің бірінші қамқорлығы болуы керек екендігін, біз анық сезінеміз. Жалпы алғанда, оларды ол қанағаттандыруға тиіс, мұқтаждықтардың көпті немесе азды маңыздылығымен индустрия жеткіліксіз айналысты. Ол моданың артынан қуана ілесті, тек сату үшін ғана өндіре берді. Осында, басқа да салалардағы сияқты, ол өндірісті ауыл шаруашылығымен үйлестіретін және машиналарға – атап айтқанда бүкіл адамзатқа көбірек пайда әкелетін орынды беретін, орталық, ұйымдастырушы идеяны біздің көргіміз келеді. Қашан механикаландыруды кінәлағанда онда ол әкелетін басты зияндылықты елемейді. Оны ең алдымен, ол жұмысшыны машина күйіне дейін жеткізеді деп, ал сосын ол өндірісті, эстетикалық сезімді төмендететін, біртүрлілікке, біртектілікке әкеледі деп, кінәлайды. Бірақ егер машина жұмысшыға демалу үшін көп сағат босатса және егер жұмысшы бұл қосымша бос уақытта, оны нашар басқарылатын индустриализм жалпылама қолданысқа еңгізген, көңіл көтеру деп аталатыннан басқаға пайдаланса, онда ол өз ақылына өзі таңдап алатын сондай бағытты беретін болады, ол машиналарды алып тастағаннан кейін қол құралдарына қайтып келуінде (дегенмен, бұл мүмкін емес), оның тек тар шеңберде дамуын қамтамасыз етер еді. Өндірілетін тауарлардың біртектілігіне қатыстыға келсек, егер де уақыт пен еңбек шығындарын ол үнемдесе, бүкіл ұлтпен бұл

жүзеге асырылатындықтан, ары қарай интелектуалды мәдениет
пен шынайы төлтума жетістіктерді дамытуға мүмкіндік беретін
болса, онда бұл кемістік мардымсыз болады.
Бір автор американдықтарды олар барлығы бірдей қалпақ

киіп жүретіндіктері үшін жазғырды. Бірақ бас қалпақтан жоғары
бағалануы тиіс. Өз басыма өз талғамыма сай байытуға маған
мүмкіндік беріндер, сонда мен бәрі киіп жүрген қалпақпен жүруге
дайынмын. Механикаландыруға біздің қоятын кінәларымыз

осында тұрған жоқ. Нақтылы мұқтаждықтарды өтеу құралдарын
аямай дамытып, олардың ол адамға берген, сол қызметтерді
біз бекерге шығармай, оны жасанды мұқтаждықтар мен сән-
салтанатқа тым белсеңді көңіл бөлгені үшін, қалаларды ауылдарға

зиян келтіре дамытуға себепші болғандығы үшін, ақырында,
кәсіпкер мен жұмысшының арасындағы, капитал мен еңбектің
арасындағы қашықтықты ұлғайтқаны үшін, ал сонымен бір­
ге олардың арасындағы қарым-қатынасты өзгерткені үшін, біз

жазғырамыз. Бүкіл бұл салдарды, дегенмен, түзетуге болады;
сонда машина үлкен игі қамқоршыға айналады. Адамзат өз өмір
сүруін күрделендіргені сияқты ол оны сондай қайраттылықпен
қарапайымдауы қажет. Белсеңді бастама тек одан келе алады,

өйткені тек қана міне ол, ал заттар күші деп аталатын және одан
да аз, машинаға іштей тән, фатальды күш емес, өнер тапқыштық
күшін белгілі бір жолға салды.
Бірақ ол осыны толық шамада қалады ма? Оның басында бер­

ген инпульсы, онымен индустриализм аттанған, дәл сол бағытпен
жүрді ме? Сапарға шыққанда байқалмайтын бұрылыс болып табы­
латын, егер жол тура және ұзақ болса, онда келу орнына жеткенде
айтарлықтай ауытқу болып шыға алады. Кейін ол механикалан­

дыру болып қалыптасқанның алғашқы нобайлары, демократияға
деген бірінші талпыныстармен бір мезгілде пайда болғаны, күмән
келтірмейді. Қос тенденциялардың арасындағы жақындақ он
сегізінші ғасырда әбден анық бола бастайды. Бұл белгі энцикло­

педистерде таң қалдырады. Онда біз бұл жағдайда, атап айтқанда
демократияның алғашқы желпіндері, адамзаттың өзі сияқты ежел­
гі, бірақ қашан оған жеткілікті орын бергенше, онша белсеңді
емес, ойлап тапқыштық рухына қозғалыс берді деп, ұйғаруға мін­

детті емеспіз бе? Әрине, ешкім барлығы үшін сән-салтанат туралы
ойланбады, барлығы үшін игілік жөнінде да осылай болды; бірақ
барлығы үшін лайықты қамтамасыз етілуді, кепілдеме берілген
материалды өмірді қалауға мүмкіндік болды. Бұл тілек саналы

болды ма? Біз тарихтағы бейсаналыққа сенбейміз; олар туралы соншама айтылған, орасан зор тылсым ойлардың ағымы, көпшілік адамдардың бір немесе бірнеше адамдармен әуестенуінен шықты. Соңғылары не істейтінін біледі, бірақ осының барлық салдарын алдын ала көре алмады. Оқиғалардың ары қарай жүрісін білетін, біз олардың бейнесін қайтадан қайнарларына иелендіруге мін­ деттеуден өзімізді ұстап тұра алмаймыз: өткенде елес эффектісі­ мен көрінген бүгінгі, оны біз өткен уақыттардың бейсаналығы деп атайтын, болып шығады. Бүгінгінің өткенге қарай кері әсері көптеген философиялық елестердің негізінде жатыр. Сондықтан біз он бесінші, он алтыншы және он сегізінші ғасырларға (одан да келер – бәрінен шұғыл өзгерісте болатын және көтерінкі шегіну деп қарастырылатын он жетінші ғасырға), біздің бүгінгілерімізге ұқсас, демократиялық мүдделерді тіркеп қоюдан, біз қауіптенеміз. Біз оларға сонымен бірге, ойлап тапқыштық рухында ұсталып тұрған, қасиетті аруақтардың көрінісін де тіркеп қоймаймыз. Сон­ да да Реформация, Қайта Өрлеу мен ойлап тапқыштық екпіннің бірінші көріністері мен ізашарлары осы дәуірге жатады. Мүмкін осында олар өзара байланысқа, онда осыған дейін христиандық мұрат көрініс тапқан, сол формаға қарсы үш қайтарымдар орын алады. Бұл мұрат сондай болып сақталып келеді, бірақ ол қашанда адамзатқа тек бір жағымен бұрылған, аспанның жарық денесі сияқты алға шығады; адамдар аз-аздап, оны қашанда көре бермей, әңгіменің сол аспан жарығының өзі туралы болып тұрғанын елемей, оның басқа жағын да, көре бастайды. Мистицизм аскетизмді талап еткені күдік туғызбайды. Ол да және сол да қашанда азшылықтың үлесіне жатады. Шынайы тұтас әрекеттенуші мистизмнің, оның мәнін құрастыратын рахымшылықтың арқасында қарауға тал­ пынатынында, одан кем емес. Аштық үрейімен қамтылған адамзаттың арасында, оны ол міндетті түрде қабылдайтын, тіп­ ті араластырылған және әлсіреген түрде, қалай ол тарала алады? Егер жақсы жабдықтар оған сүйеніш нүктесін қамтамасыз етсе ғана, тек сол жағдайда адамзат жер бетінен көтеріле алады. Егер ол одан итеріліп шығуды қаласа, ол материяға қысым түсіруі қажет. Басқаша айтқанда, мистика механиканы талап етеді. Осыған жеткілікті көңіл бөлінбеді, себебі механика, сағат ұштарын қате ауыстырудан, бәрі үшін бостандықтың орнына, оның соңында адамдардың белгілі бір саны үшін шамадан тыс молшылық пен сән-салтанат тұрған жолға қарай бағытталады. Бұл бақытсыз оқиғаның нәтижесімен біз естен таңдық, механизацияның қандай

болуға тиіс екенін, не оның мәнін құрайтынын, біз көре алмай тұрмыз. Ары қарай баралық. Егер біздің мүшелеріміз табиғи аспап­ тар болып табылса, онда біздің аспаптарымыз сол арқылы жа­ санды мүшелер болып табылады. Жұмысшы аспабы – оның қолының жалғасы; адамзат аспап-сайманының көрінісі, ендеше, оның тәнінің жалғасы болып табылады. Көбінесе құралдарды өндіретін, ақылды бізге бере отырып, табиғат осылай біз үшін әлдебір ұлғайюды дайындады. Мұнай, тас көмір және «ақ көмірде» жұмыс істейтін, потенциалды қуатты, оның миллиондаған жыл­ дар бойы жинақталуымен, қозғалысқа айналдыратын машиналар бірақ біздің ағзамызға соншама кең таралуы және бұл ағзаның мөлшерімен күшіне сондай пропорционалды емес, соншама ке­ ремет қуаттылық бергенімен, әрине, осының еш нәрсесі біздің биологиялық түріміздің құрылымдық жоспарында алдын-ала ұйғарылмаған еді; бұл адамның планетадағы өз тегінде жалғыз сәттілік, орасан зор материалды табысы болды. Рухани импульстің басында берілуі ықтимал: таралу автоматтық түрде, таңғажайып жер астындағы қазынаға келіп тірелген, қайланың кездейсоқ соққысымен жүзеге асты*. Алайда, бұл шамадан тыс өсіп кеткен тәнге жан, қалай болғанындай, оны толтыру үшін тым кішкентай, оны басқару үшін, тым әлсіз болып қала берді. Осыдан онымен соның арасындағы вакуум пайда болды. Осыдан қаһарлы, оларда бұл бос кеңістік анық байқалатын және оны толтыру үшін бүгін соншама ретсіз және тиімсіз күш жұмсаулар бағытталып жатқан, әлеуметтік, саяси, ұлтаралық мәселелер туындайды; осында по­ тенциалды қуаттың жаңа қоры, бұл кезекте моральдық қажет. Мистика механиканы талап етеді деген, жоғарыда айтылғанмен сондықтан шектелмейді.Ұлғайған тән ұлғайған жанды күтеді және механика мистиканы талап етеді деп, қосайық. Бұл механиканың қайнарлары бәлкім, ойланылғанға қарағанда, көбірек мистикалық сипатта болып келеді; оның құдіреттілігіне пропорционалды, ол өзінің ақиқатты жолын, әкелетін пайдасын, егер жерге онан сай­ ын еңкейген адамзат, оның көмегімен аяғына тік тұрып, аспанға қарайтын болса, тек сол жағдайда табады. Оның тереңдігі және әсерлігімен тоқтаусыз таң қалуға болатын шығармасында, Эрнест Сейер ұлттық амбициялар өзіне құдайылық міндетті қалай тіркен * Әрине, «артық өндіру» дағдарысы бар, ол ауыл шаруашылық өнімдерін де қамти алады. Мәселе адамзаттағы артық өнімде емес, ол айырбастың дұрыс жолға қойылмағанында.

қоятынын, көрсетеді: «империализм» әдетте мистицизм түрінде өзін көрсетеді10. Егер соңғы сөзге оны Эрнест Сейер қолданатын және ол оның еңбектерінің тұтас қатарында жеткілікті түрде айқын анықталған, сол мағынаны берсек*, онда бұл дерек талас­ сыз; оны тағайындап, оның себептерімен оны байланыстыра және оның салдарын байқап, тарих философиясына бағасы жоқ үлес қосады. Бірақ оның өзі осындай түрде түсінілген «мистицизм», оның үстіне, қалай оны «империализм» арқылы түсіндірілгені түрде көрсететіндей, оны біз алдыңғы тарауда зерттеп өткен тек шынайы мистицизмге «динамикалық дінге» деген жасанды ену болып табылады деп, оның өзі, ықтималды түрде ойлайтын болар. Біздің ойымызша, бұл жасандылықтың тетігін біз ұғынып тұрмыз. Бұл ежелгілердің «статикалық дінінен» көшіріліп алынған бо­ лып аталады, оның нұсқасын ала отырып, динамикалық дін бер­ ген жаңа этикамен оның бұрынғы статикалық пішімін қалдырды. Жасандылық дегенмен өзінде ешқандай қылмыстық пиғылды ұстап тұрмады, оны жасағылары да келмеген шығар. Іс жүзінде, мынаны еске алайық: «статикалық дін» адамға табиғатпен беріл­ ген, ал адам табиғаты өзгермейді. Туа біте біздің арғы тектерімізге тән, сенімдер біздің өзіміздің тереңінде сақталады; егер оларға жау күштерін ығыстырып тастамаса, олар қайтадан пайда болады. Солай, өте ертедегі діндерінің басты белгілерінің бірі, олардың әрқайсысына тіркеліп қойылған, адамдық топтар мен құдайлардың арасындағы байланыс идеясы болды. Қала-мемлекеттің құдайлары олар үшін онымен бірге шайқасты. Бұл сенім шынайы мистицизм­ мен, яғни өзін Құдайдың құралындай сезінетін, барлық адам­ дарды бірдей махаббатпен сүйетін және оларды бірін-бірі сүюге шақыратын, оны өзінде кейбір жандар алып жүретін сезіммен, үйлеспейтін болды. Бірақ жанның терең қабаттарынан санаға қарай көтеріле отырып және сонда шынайы мистицизмнің бейнесін кез­ дестіре келе, осындай Жаңа дәуір мистиктері әлемге көрсеткеніне ұқсас түрде, бұл сенім инстинкті түрде осындай мистицизм жабынымен жамылады, ол қазіргі мистиктің Құдайына ежелгі құдайлардың ұлтшылдығын тіркеп қояды. Міне осы мағынада им­ периализм мистицизм ретінде көрініс табады. Егер шынайы мис­ тицизмді ұстансақ, ол империализммен сыйыспайды. Қалай біз осыны жасағандай, айтпақшы мәселенің ең үлкені, мистицизмнің тым өзінше «билікке деген жігерсіз» тарала аламауында тұр. Бұл адамдардың үстінен емес, ал заттардың үстінен болады, ол адам * «Империализм» сөзімен жағдайдағы сияқты, оның дегенмен бір бөлігін қарастыратын мағына.

адамның үстінен сондай жоғары дәрежедегі билікке ие болмауы үшін жүзеге асырылады. Мистикалық даналықтың пайда болуы жеткілікті және ол, оны ол қайтадан өзгертетін, шамадан тыс артқан тәні және жа­ нымен адамзатты өз артынан ілестіріп алады. Ол одан жаңа биологиялық түр жасағысы немесе, дәлірек айтқанда түр болу қажеттілігінен оны босатқысы келеді: өйткені кім «түр» деп ай­ тса, «ұжымдық қозғалыссыздық» деп айтады, ал толық өмір сүру индивидуалдылыққа деген қозғалмалық болып табылады. Біздің планетамызбен желпіп өткен, тіршіліктің үлкен тынысы, бір мезгілде көнбіс және бағынбайтын, табиғат қаншама осыған мүмкіндік беретініндей ұйымдасу дамуын соншама алысқа жы­ лжытты. «Табиғат» сөзімен, қалай белгілі болғандай, оны тір­ шілік тұрпайы, өңделмеген материяда кездестіретін, көнбістікпен қарсылық көрсетудің тұтастықта көрініс табынуын белгілейміз, – бұл тұтастықты, биологқа ұқсас, біз, оған ниеттенуді тіркеп қоюға болатындай етіп, қарастырамыз. Өзіне ақылды еңгізетіндей, тән ақылдың айналасындағы интуиция шоғымен бірге құралдарды жасайтындықтан, нені табиғат жасап шығара алғандардың арасындағы нағыз толық және жетілген болып табылады. Адам тәні дәл осылай. Осында өмір өрлеуі тоқтады. Бірақ міне ақыл, өз аспаптарын жасауды, оны табиғат (машина жасауға сондай қабілетсіз) тіпті болжай алмайтын, күрделілікпен жетілгендіктің соншама дәрежесіне дейін көтерді; ол бізді, онымен қатар біздің тәніміздің күштері түк болмайтын, сондай күштермен жарақтады; ол бұл машинаға, ол туралы табиғат (экономика саласында сондай надан) тіпті ойластырмаған, қуат қорларын құйды; қашан ғылым салмақты материядағы ұсақ бөліктер түрінде көрініс табатын күштерді босата алғанда, олар шексіз бола бастайды. Материалдық кедергі құлап түскендей болды. Еркін жол ашық болады, оның үстіне ода ол тоқтап қалуға тиіс, өмірді ол сол нүктеге жеткізген, міне ол бағытта осылай болады. Және сонда ердің үндеуі естіледі; біздің бәріміз оның артынан кетпейміз, бірақ не істеу керек екен­ дігі жөнінде білетін боламыз, және біз, егер баратын болсақ, жол­ ды танимыз және оны кеңейтеміз. Сол арқылы бүкіл философияға жоғарғы борыштылықтың құпиясы айқындалады: сапар басталды оны тоқтатуға тура келеді: жолға қайта шыға отырып, біз басында қалағанды, қайтадан қалаймыз. Түсіндірмелер қозғалысты емес, ал аялдаманы талап етеді.

Бірақ ұлы, ерекше дарынды жанның пайда болуына тым үмітттенбей-ақ қояйық. Оның жоғында да басқа әсерлер олардың маңайында біз шайқастар жүргізіп жатқан, сылдырламақтар және елестердің біздің көңілімізді аулауынан назарымызды басқаға бұрып жібере алады. Шынында да, қалай ойлап тапқыш дарын ғылымның көмегімен ол туралы ешкім күдіктенбеген қуатты адамның қолына берді. Сөз бізде, материяны тануға бағытталған, физикалық-химиялық қуат және ғылым туралы болып тұр. Ал рух қалай? Қаншама мүмкін болғанынша, ол соншама терең зерттелді ме? Ғылым ең алдымен материямен айналысты; үш ғасырлар бойында бізде басқа обьект болған жоқ, күні бүгін де, оған анықтаушы сөздерді қоспасақ, ма­ терия туралы ғылым жөнінде әңгіме жалғасып келеді. Неліктен материяның ғылыми зерттелуі рухты осындай зерттеудің алдын­ да болатынын, біз атап өттік. Нағыз кезек күттірмейтінді алдымен істеу керек болды. Геометрия сол кезде бар болды; ол ежелгілер­ мен жеткілікті дамытылған; математикадан оның барлық бере алатынын, біз өмір сүретін дүниені түсіндіру үшін, шығарып алу қажет болды. Оның үстіне, рух туралы ғылымнан бастау жағымсыз болды: ол геометриядан физика, химия мен биологияға тараған, дәлдікке, қатаңдыққа, дәлелдеу қажеттілігіне өзімен-өзі келе алма­ сады және бұл сапалардың қашан оған келетінін күтуге тура келді. Алайда, басқа жағынан алғанда бұл ғылымның кеш пайда болуы жоғалтуларсыз да болмады. Адам ақылы бұл уақытта ғылымның арқасында өзінің кеңістікте бәрін және бәрін материалмен түсіндіру әдетін талассыз беделімен бекітіп қойды. Енді ғылымының жанға қарай қатынасын алайық. Ол ішкі өмір туралы өзінде кеңістіктік түсінікті құрастырады; ол өзінің жаңа объектісіне, оны ол ескі­ ден сақтап келген, сол бейнені таратады: ол сана күйлерінің өзара енуін ескермейтін, атомистік психологияның адасулары осы­ дан; оны ұзақтықта тауып алуға ұмтылмай, сананы түсінгісі ке­ летін, философияның пайдасыз күш салулары да осыдан. Егер сөз жанның тәнге қатынасы туралы болып отырса, онда шатасу одан да күрделі болып шығады. Ол метафизиканы жалған жолға тек салып қоймады, ол ғылымды кейбір деректерді байқаудан бұрын жіберді немесе дәлірек айтқанда, қайсыбір белгісіз догманың аты­ мен алдын ала бекерленген, кейбір ғылымдардың тууына ол кедер­ гі болды. Іс жүзінде, психикалық әрекеттің материалды алып жүрушісі оған эквивалентті деп есептеу қабылданды; кез келген нақтылық

кеңістіктік негізге ие деп есептелгендіктен сондықтан адамнан тыс тұрған физиологияда, соған сәйкес мида оқи алатыннан басқа, санада ештеңені табу мүмкін емес делінді. Бұл қағиданың таза метафизикалық гипотеза, деректерді еркін түсіндірмелеу екендігін, атап өтейік. Оны оған қарсы қоятын және оған сәйкес әрбір жан күйі, ол үшін құрал-сайман қызметін атқаратын, қайсыбір ми күйін пайдаланатын, спиритуалистік психологиялық әрекет ми әрекетіне тең көлемді және қазіргі өмірде оған дәлме-дәл сай келеді. Екінші теория, дегенмен біріншісінің әсерінде болды және қашанда оның тартымдылығының ықпалынан шықпады. Екі жақтың өзіндік идея­ ларын алып тастап және деректерге неғұрлым жақын болуды көздеп, тәннің рөлі мүлде басқа екендігін, біз айқындауға талпындық. Рух әрекеті күмәнсыз материалдымен ілесіп жүреді, алайда, ол оның бір бөлігін нобайлайды; басқасы бейсанада тұрады. Тән біз үшін – бұл шындығында әрекеттің құралы, бірақ бұл сонымен бірге қабілдау үшін кедергі. Оның рөлі әрбір ыңғайлы жағдайда пай­ далы әрекетті орындауда тұр: міне сондықтан ол санадан, қазіргі жағдайды айқындамайтын, еске алулармен бірге, олардың үстінен біз ешқандай билік жүргізе алмайтын, объектілерді қабылдауды да, алып тастауы керек*. Бұл сүзгі немесе кедергі, оны қалай түсінсек те, өз ырқымызда. Ол потенциалды мүмкіндік күйінде іске аса отырып, әрекетке кедергі келтіретіннің бәрін ұстап тұрады. Ол тура біздің алдымызда тұрғанның бәрін көруге көмектеседі, бұл біздің істеуге тиістігіміздің мүддесіне сай келеді: оның орнына ол тек өзіміздің сүйсінуіміз үшін оңға және солға қарай беруге кедер­ гі қояды. Ол бізге нақтылы психологиялық өмірді түс көрулердің орасан зор өрісінде жинақтайды. Қысқаша айтқанда, біздің миы­ мыз өзіміздің түсініктеріміздің жаратушысы да емес; ол оны әрекеттенуші ету үшін, тек жай ғана шектеп отырады. Бұл өмір көңіл аудару мүшесі. Бірақ осыдан, не тәнде, не тәнмен шектел­ ген санада, өзінің табиғаты бойынша адамды әрекеттен басқаға аударып отыратын, объектілерді адамдық қабылдаулардан игеріп отыруда олардың қызметі тұратын, арнаулы құрылымдардың өмір сүру қажеттігі шығады. Егер бұл тетіктер істеп шыққан болса және оларды жабық ұстап тұрған есік ашылса, онда мүмкін ол «о дүние» болып табылатын, әлдеңе «сыртқы» дүниеден өтіп кетеді. Міне осы қалыпты емес қабылдауларымен «психикалық ғылым» айна­ лысады. Онымен ол қақтығысатын қайсыбір шамада қарсылықты * Көруге ұқсас, сезім ретінде ол осыдан алыс тарала алады, өйткені оның құрал-сайманы осындай таралуды міндетті қылады.

түсінуге болады. Ол өзінің сүйеніш нүктесін, ол қашанда күмәндар
туғызатын, адам куәлігінде табады. Біз үшін ғалым үлгісі – фи­
зик; оның тұғыры, біздің көз алдымызда бүкіл ғылым үшін сипат­
ты болған, оны алдаумен әуестенбейтін, материяға қатысты заңды

сенімділік. Барлық жерде мистификацияны сезініп қою үшін ол
ғалымдардан талап ететін, зерттеуді ғылыми деп есептеу бізге
әлі ерте. Олардың сенімсіздігі бізде қобалжу туғызады, ол сенім

– одан да артық: қызығудан жеңіл-желпі сенімділікке апаратын,

бұрыс жолдың қандай тайғақ болатының, абайлылыққа деген
әдеттің қалай тез жоғалатынын, біз білеміз. Осындай түрде бел­
гілі бір шамада ұнатпаушылық қатынасы түсіндірілетіндігін, тағы
атап өтейік. Бірақ жұмысты жалғастыру қажеттілігін мойындаудан

шұғыл бас тартуды түсіну қиын; егер олар хабарланатын деректер­
ді «дұрыстан аулақ» деп ең алдымен есептейтін болса, шынайы
ғылымдар психологиялық зерттеулерге қатысты осылай айтар
еді; егер де қайсыбір деректің мүмкін елестігін тағайындайтын

ешқандай ойластырылатын құралдың жоқ екендігін білмесе, олар­
ды ол «мүмкін емес» деп жариялар еді; сонда да олар, мәнісінде,
бұл мүмкін еместікке сенімді. Және олар, ағза мен сананың,
тән мен рухтың арасындағы белгілі бір қатынасты түпкілікті

дәлелденген, талассыз деп есептейтіндіктен, осыған сенімді бо­
лады. Біз жаңа ғана, бұл қатынастың таза гипотетикалық екен­
дігін, оның ғылыммен дәлелденбегін, бірақ метафизикамен қалап
алынғанын, көрдік. Деректер мүлдем басқа гипотизаның пайдасына

куәландырады; егер керек болса «психикалық ғылыммен», немесе
олардың тым болмаса кейбіреулерімен аталып өткен, құбылыстар
соншама дұрысқа ұқсас бола бастағандықтан, сондықтан бұл зерт­
теулерді бастау үшін оның аяғын көру үшін күтуге тура келген сол

уақытқа таң қалуға бәрінен бұрын болады. Біз бұл жерде оны басқа
орында талқылаған, сұраққа қайтып келмейміз. Егер бізге тек ең
нағыз растылық деп белгіленгенмен шектелсек, онда олар туралы
мыңдаған өзара сәйкес келетін куәліктер жиналғаннан кейін, мыса­

лы, егер «телепатиялық көріністер» дегеннің нақтылығы содан кейін
күмәндануға ұшыраса, онда жалпы адам куәландыруын ғылым ал­
дында өмір сүрмейді деп жариялау керек болар еді; осы жағдайда
бір қызығы тарих не болып шығады? Психикалық ғылымның өзі

бізге беретін нәтижелердің арасында таңдау жүргізу қажет, оның
өзі оларды бірдей бағалаудан аулақ; оның өзі, оған растылықпен
белгіленген болып көрінетінмен және не ықтимал немесе, ең үлкені
мүмкін болатынның арасында, айырмашылық жүргізеді. Бірақ егер

тіпті, оның растылық сапасында алға шығаратынның, тек бөлігін қалдырғанның өзінде оны зертеуге ғылым енді кірісіп жатқан, ора­ сан зор terra іncognіto-ның бар екендігі жөнінде біздің ойға келуіміз­ ге, осыдан қалғаны да жеткілікті. Осы тылсым дүниенің жарығы бізге жетті және ол біздің көруші тәндік көзіміз болып шықты деп, ұйғарайық. Ол не айтса да, тек нені көргені мен неге тиіскенін ғана өмір сүретіндей қабылдауға әдеттенген адамзат қалай өзгеріп ке­ тер еді! Бізге осындай түрде жеткен ақпарат мүмкін шаманың тек төменгі қабатында руханилықтың соңғы дәрежесіне қатысты бола­ ды. Бірақ, ол адамдардың көпшілігінде, бәлкім кездесетін, алайда жиі ретте таза сөздік абстракты енжар болып қалатын, о дүниеге деген сенімді тірі, әрекетшіл шындыққа айналдыру үшін осыдан артықтың керегі де жоқ. Оның қандай шамада маңызды екенін білу үшін адамдардың ләззаттарға қалай сараңдықпен ұмтылатынын көрсек жеткілікті; егер олардан болымсыздықтың үстінен жоғары шығаратын тәсілді, өлімді елемеуге мүмкіндік беретін құралды көрмесе, оларды сондай дәрежеде бағаламас еді. Шынында да, егер де біз о дүниеге сенімді, абсолютті сенімді болсақ, онда біз басқа ештеңе туралы ойланбайтын едік. Сүйсінулер сақталатын болар, бірақ олар күңгірт, бұлыңғыр және бір түсті болып кетер еді, өйткені олардың интенсивтігі оның біз оларда бекіткен, тек көңіл аударуымен айқындалды. Таңертеңгі күн жарығындағы біздің электр шамдарымыздың жарығы сияқты олар күңгірттене берер еді. Қуаныш рақаттануды қараңғылап тастар еді. Шындықтағы қуаныш, бүкіл жарықта тарап жатқан мистикалық интуиция оны жеткізетін өмір қарапайымдылығы болып табылады; ол қуаныш және кеңірек ғылыми тәжірибеде о дүниені көрудің ар­ тынан автоматты түрде ілесетін болып шығады. Жеткілікті толық моральдық реформаның жоқтығынан біз қитұрқы құралдарға ба­ рамыз, барған сайын толық «мистификацияларға» бағынамыз... Үлкен немесе кіші қандай құралдарды бірақ біз таңдайтынымызбен, шешім қабылдау қажет. Өзі іске асырған прогресінің ауырлығының астында жартылай тапталған, адамзат қиналыста тұр. Оның болашағы өзінен тәуелді екенін, ол әлі жет­ кілікті шамада ұғынбайды. Ол өмір сүре бергісі келе ме екенін, ең алдымен оның өзі шешуі керек. Ол тек өмір сүруді қалай ма, әлде, оның үстіне, құдайларды жасау үшін бұл машинаның, әлемнің бұл біздің мойынсұнбаған планетамыздағы басты қызметін жүзеге асыру үшін қажетті күшті жұмсайды ма екенін, оған кейін өзі өзінен сұрауы керек болады.

Түсініктемелер 1 «Табиғатты қуып шығыңыз, ол шауып қайтып келеді». Фран­ цуз драматургі Филипп Детуштың (1680-1754) «Даңқы шыққан», ІІІ, 5 комедиясынан алынған үзінді. Мағынасы жағынан мынамен сәйкес келеді: «Табиғатты есіктен шығарып жібер – ол терезеден кіреді» 2 «Отан үшін өлім тамаша және тәтті». Гораций. Одалар, ІІІ, 2, 13. 3 Ratіo ultіma; ratіo prіma (лат.) – Соңғы дәлел; бірінші дәлел. 4 «Өзімен өзі мақсат ретіндегі әрбір ақылды жан, жалпылама заңдарды тағайындайтын да сияқты, оған ол қайсыбір уақытта бағына алатын, барлық заңдарға өзін қатысты қарастыруға мүмкіндігі болуы керек». Кант И. Основы метафизики нравствен­ ности //Кант И. Соч. В 6-и томах, т., 4, ч. 1, с. 280-281. 5 Ama, et fac quoд vіs (лат.) – Сүй және ойына келгенін істе. 6 «Марион Делорм» - Виктор Гюгоның драмасы (1831), ІІ, 1 7 Брайс, Джеймс (1838-1922) – британ дипломаты, заңгер және тарихшы. 8 Homo homіnі дeus (лат.). - Адам адамға құдай. Бұл рим комеди­ ографы Цецилий Стасийге (220-168) тіркеледі. Homo homіnі lupus. - Адам адамға қасқыр. Айтылымның қайнары – Плавт пьесасы (б.д.д. 3 ғ. ортасы – 184), «Есектер», ІІ, 4, 88. 9 Бірінші жағдайда автор бәлкім, Г. Спенсерді, А. Бэнді, Т. Рибо­ ны еске алып тұр; екіншісінде – В. Вундты. 10 Қар.: Seіllere E Іntroductіon a la phіlosophіe... Р., 1911 Бергсон А. Два источника морали и религии. //Глава ІV. Заключительные замечения. Механика и мисти­ ка. М., «Канон», 1994. С. 288-346.

Фрэнсис Фукуяма

ТАРИХТЫҢ АҚЫРЫ ЖӘНЕ СОҢҒЫ АДАМ

Әлемдік либералды революция
Біз бүгін бұрынғы түрін жоғалтып, жаңа күйге көшкен рухтың
алға қарай секіре қозғалатын көпірмелі уақытындағы маңызды
дәуірдің қақпасының алдында тұрмыз. Біздің әлемді біртұтас

дүниеге біріктіретін барлық бұрынғы түсініктер, ұғымдар және бай­
ланыстар көрген түстей жоғалады және ыдырайды. Рухтың жаңа
фазасы өзін дайындауда. Философия ерекше алғанда оның пайда
болуын қолдап, әзірге басқалары оған мақсатсыз қарсыласып,

өткенге жабысып жатқанда оны қабылдауы тиіс.
Г.В.Ф.Гегель 1806 жылғы 18 қыркүйектегі лекциясынан.
Коммунистік солшылдар да, авторитарлы оңшылдар да
банкротқа ұшырады. Оларда “монолитті” партияларға немесе

әскери хунтаға немесе жеке диктатураларға негізделген күшті
үкіметтердің ішкі саяси бірігушілігін қолдауға қабілетті мазмұнды
идеялар жоқ. Биліктегі легитимділіктің жоқтығы – бұл режимнің
саясаттың белгілі бір саласында сәтсіздікке ұшырайды деген­

ді білдіреді, онда алға ұмтылдыратын жоғарғы принциптің жоқ
екіндігін танытады. Кейбіреулер легитимділікті резервтегі ақша
қорымен салыстырады: барлық демократиялық және авторитарлық
үкіметтерде өздерінің кірістері мен зиян шегулері болады, бірақ

тек легитимді үкімет қана дағдарыс кезінде алуға болатын
қаражаттары бар қорға ие болады.
Оңшылдардың авторитарлы үкіметінің әлсіздігі олардың
азаматтық қоғамды бақылай алмайтындығында болып отыр.

“Тәртіпті қалпына келтіру” немесе “экономикалық тәртіпті”
ендіру мандаттарымен билікке келген олардың көптегендері
экономикалық дамуды қызықтыруға, қоғамдық тәртіпті орнатуға
арқа сүйеген олардың демократиялық алдыңғылардан табысты

бола қойған жоқ. Кім табысқа жететін болса, ол өзінің петардесін­
де жарылады: өздері басқаратын қоғам өздерінен оза бастайды.
Халықтың білімділігі өсуде, ортаңғы тап кеңейіп, көркеюде. Күшті
үкіметті ақтайтын төтенше уақиға туралы естен кетуде және қоғам

әскери басқаруға төзбейтін болады.

Солшылдардың тоталитарлық үкіметтері азаматтық қоғамды
тұтастай алғанда өзінің бақылауына бағындырып, оның ішінде
өз азаматтарына не туралы ойлауға болатынын анықтай отырып
бұндай мәселелерден алысырақ болады. Бірақ осындай жүйе таза

күйінде олардың басқарушыларына да қауіп төндіретін террор
арқылы ғана өмір сүре алады. Террор әлсірей бастасымен-ақ ұзақ
дегенерация басталады, онда мемлекет қоғам өмірінің белгілі бір
маңызды қырларын бақылаудай айрылып қалады. Ең маңыздысы

– сенім жүйесін бақылауды жоғалту. Экономикалық дамудың со­

циалистік рецепті кемшілікке толы болғандықтан мемлекет өзінің
азаматтарынан бұл деректі жасыра алмайды және оларға өздерінің
қорытындыларын жасауға кедергі келтіре алмайды.
Оның

үстіне
тоталитарлық
режимдердің
біршамасы

сабақтастықтың бір немесе бірнеше дағдарысына шыдай алмай­
ды. Билік сабақтастығының жалпының қабылдайтын ережесінің
жоқтығы барлық уақытта атаққұмар ізденушілерге қызықтырғыш
болып келеді: қарсыластармен күресінде іргелі реформаларға

шақыра отырып жүйенің өзінің өмір сүруін мәселе етіп қояды.
Реформалар картасы – мықты қалқан, өйткені, сталиндік
жүйеге риза емес қай жерде де көптеп саналады. Хрущев кезін­
де Берия мен Маленковқа қарсы антисталиндік картаны ойнатты,

Горбачев – брежневтік дәуірдегі өзінің бәсекелестеріне қарсы бол­
са, Чжао Цянь – ортодоксальді Ли Пенге қарсы екендігін көрсетті.
Билікке ұмтылған бұл кісілер немесе топтар шынайы демократтар
болып табыла ма деген мәселе бұл жерде маңызды емес, маңызды

тек сабақтастық процесі ескі режимнің асыра сілтеулерін ашып
көрсете отырып оның негізін қиратады. Шынайы либералдық
идеяларға жақын жүретін жаңа әлеуметтік және саяси күштер ер­
кіндік алады және бұл күштер бірте-бірте басында шектелген ре­

форманы жоспарлағандардың бақылауынан шығып кетеді.
Күшті мемлекеттердің әлсіздігі – бұл бұрынғы көптеген
бұрынғы
авторитарлы

мемлекеттердің
демократиялық
болғанында, ал енді сол уақытта бұрынғы посттоталитарлы елдер
демократиялық емес болса да авторитарлыларға айналды. Кеңес

Одағында билік одақтық республикаларға өтті, ал Қытайда дик­
татура қалғанмен режим қоғамдық өмірдің маңызды сегменттерін
(бөлшектерін) бақылауын жоғалтты. Бұл елдердің ешқайсысында
қазір бір кезде марксизм-ленинизм берген идеологиялық бірізділік

жоқ: Кеңес Одағындағы реформаларға қарсыласушы консерва­
торлар қабырғаға православие иконы болса да, Лениннің портреті

болса да ілуге дайын. Сәтсіздікке ұшыраған тамыз путчасының
ұйымдастырушылары армия мен полицияның жоғарғы лауазымда­
ры басты рөл атқаратын латынамерикандық хунтаны есе түсірді.
Саяси авторитаризмнің дағдарысына паралельді (жанастылығы

– ред.) аздап қана байқалатын, бірақ маңыздылығы кем емес

экономикадағы революция жүріп жатты. Оқиғалардың өрбуіне
бұл революцияның көрінісі және оның себебі болған Екін­
ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Азиядағы өзгеше
экономикалық даму болды. Бұл “табыс тарихы” елді жаңғыртуды

ертерек бастаған Жапония сияқты мемлекетпен шектелмейді, бірақ
ол түбінде нарықтық принциптерді қабылдаған және жаһандық
капиталистік экономикалық жүйеге толық енуге тілек білдірген
практикалық жағынан алғанда барлық азиялық елдерді қамтыды.

Бұл іс-шараның табысы еңбеккер халқынан басқа ресурстары жоқ
кедей ел өзінің пайдасына халықаралық экономикалық жүйеге
ашықтығымен жететінін және Еуропа мен Солтүстік Американың
дамыған капиталистік елдерге бірден жетіп алып, шексіз байлыққа

қол жеткізеді.
Шығыс
азиялық
экономикалық

кереметтің
табыстарын
көрсетті әлем қадағалап отырды, әсіресе, оны мұқияттау комму­
нистік блок аңдады. Коммунизмнің кейбір мағынадағы қиямет

дағдарысы Қытай басшылығы капиталистік Азиядан қалып келе
жатқанын мойындағаннан басталды және орталықтанған социа­
листік жоспарлау Қытайды қалып қою мен кедейлікке қарай жете­
лейтінін көрді. Жүргізілген либералдық реформалар жаңғыртулар

соңғы бес жылда Қытайдағы дәнді-дақылдарды өндірудің
екі есе көбеюіне алып келді және сөйтіп, қайтадан нарықтық
принциптердің күшін көрсетті. Азиялық сабақ орталықтанған
жоспарлаудың қандай жоғалтулар мен тиімсіздіктерді алып ке­

летінін өзінің жеке тәжірибесінен білетін Кеңес Одағының эко­
номикасы да игерді. Шығыстық еуропалықтар үшін бұл сабақ
ондай көп керек емес еді: олар басқа коммунистік режимдерден
артық Батыстағы еуропалық-бауырластарының өмір стандартта­

рына жетудің мүмкін еместігінің бір ғана себебі бар екенін жақсы
түсінді: ол соғыстан кейінгі жапсырылған социалистік жүйенің өзі
болатын.
Шығыс-азиялық экономикалық кереметті тек қана коммунистік

блокт қана зерттеген жоқ. Латынамерикалықтардың экономикалық
ойлауында да керемет өзгерістер жүзеге асты. Елуінші жылдары Ла­
тын Америка бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық

Комитетін аргентиналық экономист Рауль Пребиш басқарғанда
тек қана Латын Америкасының ғана емес, барлық үшінші әлемнің
дамымағандығын әлемдік капиталистік жүйенің есебінен деу
басым болатын. Ертерек дамыған Еуропа мен Америка елдері

әлемдік экономиканы өздерінің пайдасына қарай қалыптастырды
деген тұжырым болды және кейінірек келгендерді тек шикізаттар­
ды ұсынушылар қатарына жатқызды. Тоқсаныншы жылдардың ба­
сында бұл пікір толығымен өзгерді: Мексиканың президенті Кар­

лос Салинас де Гортари, Аргентинаның президенті Карлос Менем
және Бразилияның президенті Фернанду Колор ди Меллу міне,
осылардың барлығы билікке келгеннен кейін нарықтық бәсекенің
қажеттілігін, әлемдік экономикаға қатынастың елдің ашықтығын

мойындап, алыс мақсатпен экономикалық либерализациялану
кампаниясын жүргізуге ұмтылды. Чили Пиночеттің басқаруымен
сексенінші жылдары іс жүзінде либералдық принциптерді жүзеге
асыра бастады, соның нәтижесінде диктатура президент Патри­

сио Алвинаның басқаруына ауысқанда Оңтүстік жартышардың
батыс бөлігінде оның экономикасы ең жақсысы болған еді.
Жаңа, демократиялық жолмен келген көшбасшылар жоғары емес
дамымаушылық капитализмнің ішкі дамуының кемшіліктері­

мен емес, елдегі бұрынғы капитализмнің жеткіліксіз деңгейімен
байланысты екендігіне сүйене бастайды. “Жекешелендіру”, “ер­
кін сауда” деген сөздер “мемлекеттік меншіктендіру”, “импорт­
ты орнықтыру” дегендердің орнына жаңа ұрандарға айналды.

Латынамерикандық интеллигенцияның маркстік ортодоксиясы
либералды нарықтық экономикалық идеяларды тыңдауға дайын
біршама аудитория тапқан Эрнандо де Сото, Марио Варгас Льос
және Карлос Ранхель сияқты жазушылардан барынша күшейген

қарсылық көрді.
Адамзат мыңжылдықтың аяқталуына жақындап келеді, соны­
мен авториаризм мен социалистік орталықтанған жоспарлаудың
егіз-дағдарыстары мүмкін деген әмбебап идеологияның жарыс

рингінде тек бір ғана қатысушыны қалдырды: ол жеке еркіндік ту­
ралы ілімді пен халықтың егемендігін білдіретін либералдық де­
мократия. Француз және Америка революцияларын еркіндік пен
теңдік принциптері қанаттандырғаннан кейін екі жүз жыл өткен

соң олар тек бар болып қана қоймай, тіптен қайта тірілгендей бол­
ды1.
Бірақ либерализм мен демократия бір-бірімен тығыз байланыс­
та болса да олар дербес жекеленген ұғымдар. Саяси либерализм

қарапайым түрде анықталуы мүмкін: тұлғаның белгілі бір құқығын немесе үкіметтік бақылаудан еркіндігін мойындайтын заңның басқаруы ретінде анықталуы сипатында. Негізгі құқықтардың анықтамасы көптеп саналады, бірақ біз лорд Брайстің демокра­ тия туралы жазған классикалық кітабындағысын таңдаймыз. Онда олардың саны үш салаға дейін шектеліп, жіктелген: азаматтық құқықтар - “азаматты оның жеке тұлғасы мен меншігіне қатынасты бақылаулардан босату”, діни құқықтар -“діни көзқарастар мен куьттерді ұстану еркіндігі”, және автор саяси деп атайтын құқықтар – “қоғамның толығымен алғанда жағдайына тікелей әсер етпейтін істерді бақылаудан еркіндік”,- бұған іргелі құқық – баспасөз ер­ кіндігі жатады2. Социалистік елдерде екінші-үшінші қатардағы, атап айтқанда еңбекке, тұрғын үйге, медициналық қамтамасыз етуге құқықтар сипатындағы әр түрлі экономикалық құқықтарды мойындауға діттеу үрдіске айналды. Бұл кеңейтілген тізімнің мәселесі бұл құқықтардың орындалуы меншік құқығы немесе ер­ кін экономикалық алмасу сияқты басқа құқықтармен сиыспайды. Біздің анықтамамызда қысқалау және дәстүрлі Брайстің тізімін ұстанамыз және ол құқықтар туралы американдық Биллмен са­ лыстырмалы. Екінші жағынан, демократия – бұл барлық азаматтардың түгелдей саяси билікті тасымалдаушы болу құқығы, яғни ол барлық азаматтардың сайлау, сайланушы саясатта қатысу құқығы. Саясат­ та қатысу құқығы тағы бір либералды құқық деп қарастырылуы мүмкін, міне осы себепті либерализм мен демократия тарихи мықты байланысты. Қандай мемлекеттерді демократиялық деген мәселеде біз демократияның қатаң формалды анықтамасын қолданамыз. Ел егер ересектер үшін жалпы және тең сайлау құқығының негізін­ де уақытылы, жасырын, көппартиялы сайлау3 жолымен өзінің үкіметін таңдау құқығын адамдарға беретін болса, онда ол демократиялық болып табылады4. Иә, ауызша демократия өзінше алғанда тең қатысу мен тең құқықтарды кепілдендірмейді. Элита демократиялық іс-шаралармен алдаусыратуы мүмкін және бұл ісшаралар әр кезде халықтың еркі мен шынайы мүдделерін бейнелей қоймайды. Бірақ біз формалды анықтамадан бас тартатын болсақ, онда демократия принциптерімен шексіз зиянды қолдануға есікті ашамыз. Біздің ғасырымызда демократияның ұлы қарсыластары “шын мәніндегі” демократия үшін “формалды” демократияға қарсы шабуылға шықты. Осы сөздерді жамыла отырып Ленин

мен большевиктер партиясы Ресейде Құрушылар Жиналысын қуып жіберді және “халық үшін” қызмет ететін демократияны қалыптастыратын партияның демократиясын жариялады. Басқа жағынан алғанда, формалды демократия диктатурадан қорғанатын нағыз институционалдық сақтағыштарды береді және ол енді үшін “нағыз” демократияны қалыптастырудың ықтималдылығы анағұрлым көбірек. Өмірде либерализм мен демократия барлық уақытта көбінесе бірге болса да, онда теорияда оларды бөлуге болады. Ел он сегізін­ ші ғасырдағы Ұлыбританиядағыдай демократиялық болмаса да либералды болуы мүмкін. Құқықтардың кеңінен алғандағы тізімі, оның ішінде дауыс беру құқығының барлығы толығымен кішкен­ тай ғана элитаға берілген болатын, ал басқаларға бұл құқықтар берілген жоқ. Мемлекет демократиялық, бірақ либералды емес болуы да мүмкін, яғни ол тұлғалар мен азшылықтың құқықтарын қорғамайтын кейіпте өмір сүреді. Бұндай елдің қазіргі кезеңдегі жақсы мысалы – Иран ислам Республикасы. Онда үшінші әлемнің барынша адал үлгісі бойынша ұдайы сайлаулар өтіп тұрды және ел шахтың басқаруы кезімен салыстырғанда көбірек демократияланған еді. Бірақ исламдық Иран – либералдық мем­ лекет емес. Онда сөз, жиналыс және әсіресе дін еркіндігі кепіл­ дендірілмейді. Иран азаматтарының ең қарапайым құқықтары заңмен қорғалған емес және бұл жағдай елдің этностық және діни азшылығына одан сайын жаман. Өзінің экономикалық көрінісінде либерализм –бұл жеке меншіктің және нарықтың негізінде еркін экономикалық әрекет пен экономикалық алмасу құқығын мойындау. “Капитализм” термині көптеген жылдар бойы өте көп теріс коннотацияларды жинағандықтан оны “еркін нарықтың экономикасы” деген термин­ мен ауыстыру модаға кірді. Екеуі де экономикалық либерализмді толық білдіретін дүниелер. Бұл барынша кең анықтаманың көптеген мүмкін болатын түсіндірмелері болуы тиіс: Рональд Рейганның Құрама Штаттары мен Маргарет Тэтчердің Ұлыбританиясынан Скандинавияның социалистік демократиясына және Мексика мен Үндістанның мемлекеттік режимдеріне дейін. Қазіргі барлық ка­ питалистік секторлар үлкен қоғамдық секторға ие болып келсе, со­ циалистік мемлекеттердің барлығына жуығы белгілі бір деңгейде жеке экономикалық қызметті мойындайды. Мемлекет либерал­ ды болып есептелмес үшін қоғамдық сектордың үлес салмағы қаншалықты үлкен болу керек екендігі туралы таластар жүруде.

Бірақ пайызды дәл анықтаудан гөрі қалай мемлекет жеке меншікке
және іскерлікке қарайтындығына назар аударған пайдалырақ еді.
Осындай экономикалық құқықтарды қорғайтын мемлекеттерді біз
либералды деп есептейміз, ал енді олармен таласып немесе басқа

принциптерге сүйеніп жүргендерді (мысалы, “экономикалық
әділеттілік”) либералды деп есептелмейді.
Ендігі авторитаризмнің дағдарысы қажеттілік ретінде ли­
бералды демократия режимінің пайда болуына алып келмейді

және жаңа пайда болған демократиялардың сақталуын кепілден­
дірілген деп есептеуге де болмайды. Шығыс Еуропаның жаңа
демократиялық елдері өзінің экономикасын қинала өзгертуде, ал
Латын Америкасының жаңа демократиялары өткеннің түрі жаман

экономикалық қателерінен тұратын мұрасымен тоқайласуы тиіс
болды. Экономикалық либералды бола отырып Шығыс Азияның
жылдам дамушы елдерінің көбі саяси либерализацияға шақыруды
қабылдамады. Таяу Шығыс сияқты кейбір аймақтарға либералды

революция салыстырмалы түрде тиіспеген кейіпте қалып кел­
ді5. Перу немесе Филиппин сияқты елдер шешуге тиісті күрделі
мәселелердің қыспағының астында тағы да әр түрлі сипаттағы
диктатураға қайтып оралуы әбден мүмкін.

Бірақ дегенмен демократиялану процесінде кейін кері кету және
өкініштер де мүмкін немесе нарықтық емес экономика да белгілі
бір гүлденуге жетуі мүмкін дерек бізді әлем тарихында туындай­
тын көлемдірек картиналардан алаңдатпауы тиіс. Өзін саяси және

экономикалық тұрғыдан қалай ұйымдастыруға болатынын шешу
бағытында елдің таңдау мүмкіндігінің саны соңғы уақытта азаю­
да. Әлем тарихында пайда болған барлық режимдер түрлерінің
ішінде, монархия мен аристократиядан теократияға дейін, біздің

жүзжылдықтағы фашистік және коммунистік режимдеріне дейін,
жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін бір ғана форма өзгеріссіз
жетті, және ол – либералдық демократия.
Қысқаша айтқанда, либералдық практика ғана емес, дәлірек

көрсетсек либералдық идея жеңіске жетті. Басқаша айтқанда,
біздің әлеміміздің өте үлкен бөлігіне либералдық демократияға
шақырыс жасай алатындай әмбебаптанған идеология және
халықтың егемендігінен артық легитимділігі бар әмбебап при­

нцип жоқ. Жүзжылдықтың басында монархизм өзінің әр түрлі
пішімінда толық жеңіліске ұшыраған болатын. Бүгінгі күнде
дейінгі либералдық демократияның басты бәсекелестері фа­
шизм мен коммунизм өздеріне деген сенімнен жұртты айрылтты.

Егер Кеңес Одағының демократиялануы (немесе оның мұрагер-
мемлекеттерінің) күйрейтін болса, егер Перу мен Филиппин ав­
торитаризмге қайта оралатын болса, онда өзінің орнын барлық
ресейліктердің немесе перуліктердің, немесе филиппиндіктердің

атынан сөйлеймін деген полковникке немесе шенеунікке береді.
Өзінің біртұтас әмбебап үлгіден ауытқуын ақтау үшін демократ
еместің өзі демократиялық тілмен сөйлеуге мәжбүр болады.
Ислам өзінің моралдік кодексімен және саяси және әлеуметтік

әділеттілік доктринасымен либерализм және коммунизм сияқты
жүйелі және бірізді идеологияны құрайды. Исламның үндеуі
потенциалдық жағынан алғанда әмбебапты, өйткені ол нақты
этностық немесе ұлттық топтардың мүшелеріне емес барлық

адамдарға арналған. Сондықтан ислам, тіптен саяси билікке ті­
келей қол жеткізген елдерде либералдық практикаға зор қауіп
төндіре отырып ислам әлемінің көптеген елдерінде міндетті түрде
либералдық демократияны жеңді. Еуропадағы “қырғи-қабақ”

соғыс аяқталғаннан кейін Ирак жағынан Батысқа қыр көрсету жа­
салды және онда ислам күмәнсіз фактор болатын6.
Исламның қазіргі қайта жаңғыруындағы көрсетілген қуатына
қарамастан бұл дін дәстүрлі ислам мәдениетінің сыртында

практикалық жағынан алғанда беделге ие емес екендігі дерек болып
отыр. Исламның мәдени жаулап алу кезеңі өтіп кеткен іспетті: ол
өзінің жағына қалып қойған жақтастарын қайтаруы мүмкін, бірақ
Берлиндегі, Токио мен Москвадағы жас адамдардан қолдау табуы

күмәнді. Бір миллиардқа жақын адам, яғни Жер тұрғындарының
бістен бірі ислам мәдениетіне жатса да ол өзінің мекенінде идея
деңгейінде либералды демократияға тиісе алмайды7. Шын мәнінде
алыс болашақта батыстық әлем ислам идеясына жақын болу­

дан гөрі ислам әлемі либералдық идеялардың ықпалына түсуіне
бейімдеу, өйткені соңғы біржарым жүзжылдықта либерализм өз
жағына көптеген және билікке қатысы бар ислам жақтаушыларын
шығарды. Исламның қазіргі іргелі қайта жаңғыруының кейбір се­

бебі – либералдық, батыстық құндылықтардың дәстүрлі ислам
қоғамына әкелетін қаупінің күші болып табылады.
Баяғыдан орныққан демократияда өмір сүріп жатқан біз­
дер әдеттен тыс жағдайға тап боламыз. Біздің аталарымыздың

уақытысында көптеген зерделі адамдар сәулеленген социалистік
болашақты алдын ала болжады және онда жеке меншік те, капита­
лизм де жоқ, тіптен саясаттың өзі қажетке жарамай қалады. Бүгінгі
таңда біз үшін біздің әлемнен жақсысын елестету қиын, немесе

демократиялық немесе капиталистік емес болашақты елестету
мүмкін емес. Әрине, бұл ауқымда көптеген нәрсені жетілдіруге бо­
лады: үйсіздер үшін үй салуға болады, азшылық пен әйелдер үшін
құқықтар мен мүмкіндіктерді кепілдендіруге болады, бәсекелестікті

жетілдіріп, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға болады. Біз
болашақты қазіргіден көбірек төмен күйде елестетуімізге болады.
Онда ұлттық, нәсілдік немесе діни төзімсіздік қайтып келуі мүмкін
немесе жаһандық соғыс пен экологиялық коллапс болуы мүмкін.

Біз бірақ бізден маңызды айырмашылығы бар және сонымен қатар
бізден жақсырақ әлемді елестете алмаймыз. Рефлексияға бейім
емес басқа ғасырларда өздерін үздікпіз деп те ойлаған, бірақ біз
барлық мүмкіндіктерді тауысып, баламаларды зерттеп либералдық

демократиядан артық болмайды деген тұжырымға тоқтадық8.
Осы дерек және қазіргі замандағы либералды революцияның
кең ауқымы төмендегідей мәселені көтереді: біз не көріп отыр­
мыз – либералдық демократияның пайдасына қарай кездейсоқ

бұрылысты ма, немесе ақыр аяғында барлық елдерді либералдық
демократияға алып баратын ұзақ уақыттық үрдістің қимылын ба?
Демократияға қарайғы қазіргі заманғы тренд циклдік құбылыс
болуы мүмкін. Вьетнам соғысындағы сәтсіздіктер мен Уатер­

гейт ұрыс-керісі туындатқан өзіндік сезіміндегі дағдарысты
алпысыншы және жетпісінші жылдары басынан кешірген
Құрама Штаттарын еске түсіріп көрелік. Батыс ОПЕК-тің
мұнай эмбаргосынан кейін тұтастай экономикалық дағдарыспен

көмкерілген
латынамерикандық
демократиялар
барлығына

жуығы әскери төңкерістердің құрбандығына айналды, барлық
әлемде демократиялық емес және антидемократиялық режимдер
гүлденіп, Кеңес Одағынан Куба мен Вьетнамнан Сауд Аравиясы,
Иран мен Оңтүстік Африкаға дейін жетті. Жетпісінші жылдардағы

жағдайдың немесе одан да жаман отызыншы жылдардағы улы
антидемократиялық идеологияның қайталанбасына біз неге сену­
ге тиістіміз?
Қазіргі авторитаризмнің дағдарысы – флуктуация, жақын

бірнеше жүз жылда қайталанбайтын саяси планеталардың си­
рек сәйкестенуі деп тұжырымдауға болмай ма? Жетпісінші және
сексенінші жылдардағы авторитаризмнен кейін шегінуді мұқият
зерттеу бұл оқиғалардың кездейсоқ табиғаты туралы жеткілік­

ті сабақтарды береді. Адам нақты ел туралы көбірек білген сай­
ын ол елді оның көршілерінен айрықшалай түсетін “кездейсоқ
қасиеттердің иірімін” анығырақ көреді және демократиялық

нәтижеге алып келген сырттай кездейсоқ жағдаяттарды анық
зерделейді. Бұл пайымдауды кез келген жерде қолдануға бола­
ды: 1975 жылы Португалияда коммунистік партия жеңуі мүмкін
еді, ал Испанияда егер Хуан Карлос өзінің рөлін шеберлікпен

орындамағанда демократия келмес еді. Либералдық идеяларда
уағыздаушыларының күшінен басқа күш жоқ және егер Андро­
пов пен Черненко ұзағырақ өмір сүргенде немесе Горбачев басқа
адам болғанда, онда 1985 және 1991 жылдар аралығындағы Кеңес

Одағы мен Шығыс Еуропадағы оқиғалар тізбегі басқаша болар еді.
Қоғамдық ғылымдардың қазіргі модасына ілесе отырып, демокра­
тиялануда көшбасшылардың тұлғасы және қоғамдық пікір сияқты
болжап білуі қиын факторлар басымдық етеді деп тұжырымдауға

да болады. Сондықтан әрбір жағдай үдеріс мағынасында да, әрі
нәтиже мағынасында да өзінше бірегей болып келеді.
Бірақ соңғы он бес жылды емес біртұтас тарихи кезеңді
қарастырған дәлірек болар еді. Біз сонда либералды демократияның

ерекше орын ала бастағанын байқаймыз. Демократяның әлемдік
тағдырында циклдер орын алған, бірақ демократиялық бағытта
анық ғасырлық тренд байқалады. Кестеде осы заңдылық
төмендегідей бейнеленген.

Әлемдік ауқымдағы либералдық демократиялар9

Құрама Штаттары х х х х х х х х Канада х х х х х х Швейцария х х х х х х х х Ұлыбритания х х х х х х х Франция х х х х х х Бельгия х х х х х х Нидерланды х х х х х х Дания х х х х х Пьемонт/Италия х х х х х Испания х Португалия х

Швеция х х х х х х Норвегия х х х х Грекия х х х Австрия х х х х Германия, Батыс х х х х Германия, Шығыс х х х х Польша х х Чехословакия х х Венгрия х Болгария х Румыния х Түркия х х х Латвия х Литва х Эстония х х Финляндия х х х х х Ирландия х х х х Австралия х х х х х Жаңа Зеландия х х х х х х Чили х х х х Аргентина х х х Бразилия х х Уругвай х х х х Парагвай х Мексика х х х х Колумбия х х х х х Коста Рика х х х х х Боливия х х Венесуэла х х х Перу х х Эквадор х х Сальвадор х х Никарагуа х

Гондурас х Ямайка х х Доминикан Республикасы х Тринидад х х Жапония х х х Үндістан х х х Шри-Ланка х х х Сингапур х х Оңтүстік Корея х Тайланд х Филиппин х х Маврикий х Сенегал х х Ботсвана х Намибия х Папуа-Жаңа Гвинея х Израиль х х х Ливан х Барлығы Демократияның өсуі үздіксіз және бір бағытты болмағандығы кестеден көрініп тұр: Латын Америкасында демократия 1975 жылы 1955 жылмен салыстырғанда азырақ болды, ал әлем бүтіндей алғанда 1919 жылы 1940 жылмен салыстырғанда демократиялау болды. Демократияның көтерілу кезеңдері нацизм мен сталинизм сияқты түбегейлі құлдыраулар мен шегіністер арқылы үзіліп тұрды. Басқа жағынан алғанда, бұл артқа шегіністер түбінде әлемдегі демократияның өсуіне түрткі болып келді. Егер келесі ұрпақта Кеңес Одағы мен Қытай толық немесе жартылай демократияла­ натын болса, онда демократиялық басқаруда өмір сүретін әлем тұрғындарының пайызы күрт өседі. Либералды демократияның өсуі оның серігі экономикалық либерализмді қоса алғанда соңғы төртжүз жылдағы ең керемет саяси құбылыс екеніне күмәндануға болмайды.

Шыныменде адамзат тарихында демократия өте сирек кез­
десті. Сирек кездескені соншалық 1776 жылы бүкіл әлемде біреуі
де болған жоқ (Периклдің кезіндегі Афинадағы демократия есеп­
телмейді, себебі тұлғаның құқығын жүйелі түрде қамтамасыз ет­

кен жоқ10). Бірақ егер тіршілік жылдары есептейтін болсақ, онда
өнеркәсіп өндірістері, автомобильдер және миллионды қалалар
да сирек кездеседі, ал енді құлшылық, мұрагерлік монархия және
династиялық некелер өте ұзақ өмір сүрді. Жиі кездесетіндігі

емес, өмір сүру уақыты да емес маңыздысы тренд: дамыған ел­
дерде жақын болашақта қалалар мен машиналардың жоғалуын
құлдықтың оралуы мүмкін емес сияқты күтуге болмайды.
Осы жалпы картинаға қарай отырып қазіргі либералды

революцияның бүкілдүниежүзілік сипаты анық екендігі ерекше
маңызға ие болатындығы байқалады, өйткені барлық адамзаттық
қоғам үшін жалпы эволюциялық заңдылық міндеттейтін іргелі
процесс жұмыс істейтіндігінің тағы бір куәсі болып табылады.

Қысқаша айтқанда, либералды демократия жағына қарай алып ба­
ратын кейбір Әмбебап Тарих бар. Бұл жолдың жүрісінде шыңдар
мен құлдыраулар міндетті түрде болады. Белгілі бір нақты ел мен
тұтас аймақтағы либералды демократияның жеңілісін көру жалпы

демократияның куәсі болып табылады. Бұл көзқарастың барын­
ша қарауытқандығының белгісі. Циклдар мен үзілістер өзінше
алғанда әмбебап және бағытталған процесс ретіндегі тарихқа
қайшы келмейді. Дәл солай экономикалық циклдердің өмір сүруі -

ұзақ уақытты экономикалық өсу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Либералдық демократия санының көбеюінен демократиялық
басқарудың өзінің бастапқы мекені болған Батыс Еуропасы мен
Солтүстік Америкадан сыртқа шығып жоғарыда айтылғандардан

саяси, мәдени және діни дәстүрлерімен айрықшаланатын әлемнің
басқа бөліктеріне терең ендеп кеткені кем таң қалдырмайды. Бір
кезде нақты ибериялық дәстүр болады деп тұжырымдалатын:
“авторитарлы, рулық, католиктік, таптық, корпоративті және та­

мымырына дейін жартылай феодалды”. Испанияны, Португалия­
ны немесе Латын Америкасын Батыс Еуропаның немесе Құрама
Штаттарының стандарттарына тарту “этноорталықтыққа” кінәлі
болып есептелетін. Бірақ осы әмбебап стандарттарды ибериялық

дәстүрдің өзінің адамдары ұстанды және жетпісінші жылдардың
ортасынан бастап Испания мен Португалия экономикалық бірі­
гуші Еуропамен барынша тығыз байланысқан тұрақты демократия
қатарына өтті. Осы стандарттар Латын Америкасы, Шығыс Еуро­

па және әлемнің көптеген бөлігіне маңыздылыққа ие болды. Әр
түрлі жерлер мен әр түрлі халықтардағы демократияның табысы
демократияны қалыптастыратын еркіндік пен теңдік принциптері
кездейсоқтық емес және этникалық сарқыншақтардың нәтижесі

емес, бірақ ол бақылаушының көзқарасы космополиттік болған
сайын анық бола түседі.
Барлық уақыт пен халықтардың тәжірибесін ескеретін
адамзаттың Әмбебап Тарихы бола ма деген мәселе жаңа емес.

Шын мәнінде ол соңғы оқиғалар қайтадан қоюға мәжбүрлейтін
ескі мәселе. Басынан бастап Әмбебап тарихты жазуға деген ең
мазмұнды және жүйелі әрекеттерде тарихтың өзекті мәселесі деп
Еркіндікті дамыту есептеліп келді. Тарих – оқиғалардың соқыр тіз­

бегі емес, ол адамның табиғат туралы немесе әділетті саяси және
қоғамдық тәртіптер туралы гуманды идеяларының өзінің рөлін
дамытатын және ойнататын мағыналанған біртұтастық. Егер біз
қазіргі уақытта бар тәртіпті іргелі жетілдіруге мүмкіндік беретін

болашаққа деген анық және табиғи жолы жоқ, біздің әлемнен ере­
кше айрықшаланатын дүниені елестету өзімізге қиын сәтті бастан
кешіріп отырсақ, онда біз Тарихтың өзінше кейіпте аяғына же­
тетіндігі жайлы мүмкіндікті мойындауымыз керек.

Екінші бөлімде жиырмасыншы ғасырдың соңында жинақталған
пессимизмнен құтылу керек емес пе, адамзаттың Әмбебап Тари­
хын жазуға бола ма деген мәселені қарастырамыз.
Демократтарсыз демократия жоқ

Біз баяндап берген Механизм (тетік, – ред.) шын мәнінде
тарихтың экономикалық түсіндірмесі болып табылатыны енді анық
болуға тиіс. Өзінше алғанда “қазіргі заманның логикасы” күшке ие
емес, тек табиғатты игеру үшін немесе қауіптерден қорғану үшін

ғылымды пайдалануды қалаған адамдар ғана иеленеді. Ғылым
өзінше алғанда (машина өндірісі пішімі сияқты еңбекті рацио­
налды ұйымдастыру пішімінда) табиғаттың негізі заңдарымен
белгіленген техникалық мүмкіндіктердің көкжиегін анықтайды.

Осы адами қалау адамдарды бұл мүмкіндіктерді қолдануға итер­
мелейді: “табиғи” қажеттіктерді шектеулі тізімін қанағаттандыру
тілегі емес, бірақ көкжиегі үнемі кедергілерге тіреліп отыратын
кеңейтілген қалау.

Басқа сөздермен айтқанда, біздің Механизм абсолютті маркс­
тік емес қорытындыларға алып келетін өзінше алғанда тарихты

маркстік түсіндіру. Биологиялық түр ретіндегі адамның өндіру мен
тұтынуға үмтылуы оны деревнядан қалаға, үлкен заводтардағы
немесе жерде жұмыс істеудің орнына үлкен бюрократиялық
құрылымдарда

жұмысқа
жетелейді,
өзінің
ата-бабасының

жұмысымен айналысудың орнына кім жоғары баға ұсынса соған
өзінің еңбегін сатуға итермелейді, білім алуға ояндырады және
сағаттың тәртібіне бағынуға көндіреді.
Бірақ Маркстің айтқанына кереғар адамдарға өндіруге және

тұтынуға мүмкіндік беретін қоғам тең негізде өнімдердің көп
мөлшерін береді және бұл коммунистік емес капиталистік қоғам.
Маркс “Капиталдың” үшінші томында коммунизмде пайда бола­
тын еркіндік патшалығын келесі сөздермен баяндайды:

“Еркіндік патшалығы шын мәнінде мұқтаждық пен сыртқы
мақсаткершілік жүктелінген жұмыс тоқтатылатын жерде баста­
лады, сондықтан нәрселердің табиғаты бойынша ол материал­
ды өндіріс саласынан тыс жағында жатыр. Өзінің қажеттіктері

қанағаттандыру үшін, өзін өмірін сақтап, қайта жаңғырту үшін
алғашқы қауым адамы табиғатпен күресетіні сияқты өркениетті
адам барлық қоғамдық формаларда және барлық мүмкін деген
өндіріс тәсілдерінде күресуі тиіс. Адамның дамуымен бұл табиғи

қажеттілік патшалығы кеңейе түседі, өйткені оның қажеттіктері
кеңейе түседі; бірақ сол уақытта оларды қанағаттандыруға
қызмет ететін өндіргіш күштер те кеңейе түседі. Ұжымдық адам,
ассоциаланған өндіргіш осы өзінің табиғатпен алмасуын рацио­

налды реттеп отыруы, оның үстіненн соқыр күш сияқты үстемдік
етіп отырудың орнына оны өзінің жалпы бақылауына қоюы бұл
саладағы еркіндік болып табылады; аздаған күшпен оны жүзеге
асырады және олардың адами табиғаты мен оған адекватты

лайықты жағдайларда орындайды. Бірақ дегенмен бұл қажеттілік
патшалығы болып қалады. Оның сыртында өзіндік мақсат, еркін­
дікті шынайы патшалығы болатын адам күштерінің дамуы бас­
талады, дегенмен ол өзінің базисіндегі сияқты осы қажеттілік

патшалығында гүлденуі мүмкін. Жұмыс күнінің қысқаруы – не­
гізгі шарт”11.
Еркіндіктің маркстік патшалығы дерек жүзінде төрт сағаттық
жұмыс күні, яғни қоғамның өнімді болғаны соншалықты адамның

таңертеңгі жұмысы оның және оның отбасының барлық табиғи
қажеттіктерін қанағаттандыруы мүмкін, ал күндіз бен кешкі уақыт
аң аулауға немесе поэзияға немесе сын айтуға қалады. Белгілі бір
мағынада Кеңес Одағы немесе бұрынғы Герман Демократиялық

Республикасы сияқты нақты коммунистік қоғамдар бұл патшалықтарға жетті, өйткені төрт сағаттан артық адал жұмысты істегендер аз болды. Бірақ бос уақыттарын поэзиямен айналысумен және сын айтуға жұмсағандар аз болатын, себебі ол бірден түрмеге алып баратын; уақытты не кезектерде, маскүнемдікте немесе жағалауы лас санаторийларға жолдама табудың артында жүрді. Бірақ егер негізгі физикалық қажеттіктерді қанағаттандыруға та­ лап етілетін “қажетті жұмыс уақыты” социализм кезінде орташа алғанда жұмысшыға төрт сағаттан келсе, онда капиталистік ел­ дерде бір немесе екі сағатқа тең келетін, ал жұмыс күнін аяқтайтын алты немесе жеті сағаты “қосымша еңбек” ретінде капиталистің қалтасына кетеді, бірақ жұмысшыларға қалғанының өзі автомо­ биль және кір жуғыш машиналарды, кәуәп жасағыштар мен ав­ тофургондарды сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір мағынада бұл “еркіндік патшалығы” бола алды ма екендігі басқа мәселе, бірақ американдық жұмысшы өзінің кеңестік әріптесіне қарағанда, яғни “еркіндік патшалығынан” әлде қайда толығырақ бостандықта болатын. Әрине, бір жұмыс істеушіге шаққандағы өнімділік статис­ тикасы бақытпен байланысты болуы міндетті емес. Маркс айтқанындай физикалық қажеттіктер өнімділікпен бірге өседі және қандай қоғамда жұмысшы көбірек қанағаттанатынын түсіну үшін қоғамның қандай типі қажеттіктер мен өндірістік мүмкіндіктер арасындағы тепе-теңдікті сақтайтынын білу керек. Коммунистік қоғамдар батыстық тұтыну қоғамы тудырған үнемі өсетін қалаулар көкжиегін игере бастады, бірақ осы қалаулардың қанағаттандыру құралдарын иемденуге асықпады. Эрик Хонек­ кер Герман Демократиялық Республикасында өмір деңгейі Кайзер уақытысымен салыстырғанда әлде қайда жоғары дейді, шынымен­ де ол адамзат тарихындағы көптеген қоғамдардан жоғары болды және адамның табиғи қалауын бірнеше есе қанағаттандырды. Бірақ бұл маңызды емес еді. Шығыстық немістер кайзерлік уақыттағы адамдармен өздерін салыстырған жоқ, ол өздерін қазіргі батыстық немістермен салыстырды және олардан өте көп артта қалып қойғандарын байқады. Егер адам негізінен алғанда қалаулармен және зердемен қозғалатын экономикалық хайуан болса, онда тарихи эволюцияның диалектикалық процесі барлық адами қоғамдар мен мәдениеттер үшін зерделі деңгейде бірдей болуға тиісті болатын. Тарихи өзгерістердің қозғаушы күші экономикалық деп есептеген мар­

ксизмге сүйенген “жаңғыру теориясының” қорытындысы осын­ дай болды. Тоқсаныншы жылдары жаңғыру теориясы жиырма жыл бұрынғы ғылыми ортада қатты шабуылдарға ұшыраған кезеңнен гөрі сенімдірек көрінді. Экономикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен барлығына жуық елдер сырттай бір-біріне өзара айырмашылықтан гөрі ұқсастығы көптеу болды. Әр түрлі елдердің тарихтың соңына келудің мүмкіндігінің әр түрлі маршруттары бар, бірақ жақсы жұмыс атқара алатындай капиталистік либералды де­ мократиядан айрықшаланатын қазіргі құрылымдардың вариант­ тары аз12. Испания мен Португалиядан Кеңес Одағы, Қытай, Тай­ вань және Оңтүстік Кореяға дейінгі жаңғыру процесін жүргізуші барлық елдер осы жаққа қарай қозғалды. Бірақ, тарихты экономикамен түсіндіруші басқа теориялар сияқты жаңғыру теориясы да қанағаттандырарлықсыз. Бұл те­ ория адам қалай экономикалық жаратылушы болған болса, экономикалық өсу мен индустралды рационалдылықтың импе­ ративы оларды қозғалтатын болса сондай шамада жұмыс істейді. Теорияның айнымас күші адамдардың, әсіресе бұқараның барлық өмір бойы осы себептердің әсерімен қимылдайтындығы дерегі­ нен туындайды. Бірақ экономикамен байланыспаған адами себеп іздеудің басқа қырлары да бар, атап айтқанда бұл жерде тарихтың секірістері болады – Гитлер немесе Хомейни сияқты құбылыстарға алып келетін соғыстардың көпшілігі, діни, идеологиялық неме­ се ұлттық ындындардың кенеттен жарылыстары. Адамзаттың Әмбебап Шынайы Тарихы тек қана кең және тұрақты эволюциялық трендті ғана емес, ол сонымен қатар кейбір күтпеген секрістерді де түсіндіруге жағдайы болуы тиіс. Тек экономиканың терминдеріне сүйене отырып, демократия құбылысын түсінуге болмайтындығын жоғарыда жазып кеткен­ дерімізден түсінікті болу керек. Тарихқа экономикалық көзқарас либералды демократияның Жер Ұйығының қақпасына алып ке­ леді, бірақ оның ішіне кіргізбейді. Экономикалық жаңғыру процесі тайпалық және ауылшаруашылық қоғамдардың демократияның материалдық алғышартын жасайтын көптеген ортаңғы табы бар қалалық, білімді бола бастауы белгілі бір кең көлемді әлеуметтік өзгерістер алып келуі мүмкін. Бірақ бұл процесс демократияның өзін түсіндіре алмайды, өйткені егер оған мұқият назар салып қарайтын болсақ, онда демократияны ешқашан экономикалық се­ бептер бойынша таңдамайды. Бірінші үлкен демократиялық рево­ люциялар, Американдық және Француздық Англияда өндірістік

революциялар өтіп жатқан кезде болған еді және бұл екі ел қазіргі мағынада түсінген сипатта әзірге “жаңғырмаған” бола­ тын. Сондықтан адам құқығы жағына қарай таңдау индустриа­ лану процесімен астаспаған еді. Американдық Негізін ҚалаушыӘкелер Британ Коронасының Парламентте өкілділік бермей оларды салықпен қамтып тастау әрекеттеріне ашу-ызасы келуі мүмкін, бірақ тәуелсіздікті жариялау және демократия орнату үшін метрополиямен соғысу шешімі экономикалық тиімділік­ пен мәселесімен түсіндірілуі неғайбыл. Кейінгі әлем тарихының көптеген сәттерінде еркіндіксіз-ақ гүлденуге мүмкіндіктер болды – Құрама Штаттардағы Тәуелсіздік Декларациясына оппозицияда болған плантатор-ториді, он тоғызыншы ғасырдағы Германия мен Жапониядағы беделді реформаторларды, экономикалық либера­ лизация мен диктаторлық коммунистік партияның қадағалауымен жүргізілетін жаңғыру бағдарламасын ұсынған біздің замандасы­ мыз Дэн Сяопинді немесе Сингапурдағы керемет экономикалық табысқа демократия кедергі келтіреді деген Ли Кван Юді еске түсіріп көрелік. Дегенмен барлық ғасырларда демократиялық құқықтар үшін күресте тіршілік үшін құралдар мен өмірін қауіпке байлай отырып экономикалық емес қадамдарды таңдаған адамдар табылып отырды. Демократтарсыз демократия жоқ, яғни демокра­ тияны қалайтын ерекше Демократиялық Адамсыз ол жоқ және ол қалыптастыра отырып өзі де қалыптасады. Қазіргі ғылымның пәрменді қозғалысына негізделген Әмбебап Тарих он алтыншы-он жетінші ғасырлардағы ғылыми әдістен бастап адамзат тарихының соңғы төрт жүз жылына мағынаға ие болуы мүмкін. Бірақ ғылыми әдіс те, адами қалаулардың босауы да табиғатты игерудегі, оны адамға қызметке қоюда, яғни Декарт пен Бэкон қаламдарынан шыққан әрекеттер қозғаушы күш болған емес. Толыққанды Әмбебап Тарих, тіптен, оның қазіргі ғылымға сүйенетіндігі - ғылымның қазіргі заманға дейінгі бастауларын және Экономикалық Адамның қалауларының негізінде жатқан қалауларды түсінуге тиіс. Осындай пайымдаулар біздің қазіргі либералды революцияның базисін немесе оның негізінде жатқан кез келген Әмбебап Тарихты түсінудегі әрекеттерімізде алысқа кетпегенімізді білдіреді. Қазіргі экономикалық әлем салмақты және қатал құрылым болып табы­ лады және ол өзінің біздің өміріміздің көптеген қырларын темір қолдарымен ұстап тұр, бірақ оның пайда болу процесі тарихи процестің өзімен шекаралас болып келмейді және біздің тарихтың

соңына жеттік пе екенін шешуге жеткіліксіз. Сондықтан біз Маркске
емес, және оның тарихқа экономикалық көзқарасынан туындаған
қоғамдық ғылымдардың дәстүріне емес, бірақ оның идеалист ал­
дында өмір сүрген Гегельге, яғни Әмбебап Тарихты жазу жөнінде

Кант қойған міндетке алғашқы жауап берген философқа сүйенеміз.
Тарихи процестің негізінде жатқан Механизмді гегельдік түсіну
Маркстік немесе кез келген қазіргі заманның қоғамтанушылардың
түсініктерінен тереңдеу. Гегель үшін адамзат тарихының алғашқы

қозғаушысы қазіргі заманғы ғылым емес немесе үнемі кеңіп отыра­
тын қалаулардың көкжиегі емес, бірақ ол толығымен экономикалық
емес себеп – мойындату үшін күрес. Гегельдің Әмбебап Тарихы
біздің сызып көрсеткен механизмді толықтырып қана қоймайды,

ол сонымен қатар адам туралы кеңірек түсікті береді, ол тарихтың
үзілістерін, соғыстарды және адамзат тарихы үшін сипатты
экономикалық дамудың ортасындағы кенеттен жарылыстардың
иррационалдығын түсінуге мүмкіндік береді.

Гегельге қайта оралу тарихи үдерістің шексіз жалғасуын
күтуіміз керек пе. әлде біз тарихтың ақырына шын мәнінде жет­
ткен, жетпегенімізді түсіну үшін неіздер қалайды және ол соны­
сымен маңызды. Бұндай талдаудың бастапқы шарты ретінде біз

өткен тарих диалектикалық түрде немесе осы диалектиканың
негізі материалдық па, әлде идеалды ма деген мәселені қоя
тұрып, қайшылық процесін қолдана отырып дамыды деген ге­
гельдік-маркстік тезисті қабылдаймыз. Әлемде белгілі бір саяси-

әлеуметтік ұйымның пішімі туындайды деген түсініледі, бірақ ол
уақыттың өтуімен жарылысқа алып келетін және сәттірек форма­
мен ауыстырылатын ішкі қайшылықтарды бойына жинақтайды.
Ондай кезде тарихтың ақыры мәселесі келесі сипатта қойылуы

мүмкін: тарихи процестің жалғасын күттіруін және жаңасының,
жоғары қатардағының пайда болуын мәжбүрлейтін біздің қазіргі
либералды-демократиялық құрылымда “қайшылықтар” бар ма?
Егер біз либералды-демократиялық құрылыстың – алпысыншы

жылдары айтылғандай “жүйенің” толығымен құлауына алып
келетіндей түбегейлі әлеуметтік риза еместіктің қайнар көзін
көретін болсақ қана мұндай қайшылықтың болуын мойындауға
болады. Қазіргі либералды демократиялардағы “мәселелерді”,

егер, тіптен олар күрделі болса да, мәселен, бюджеттегі дефицит,
инфляция, қылмыс, немесе нашақорлықты көрсеткен жеткіліксіз.
“Мәселелер” жүйенің ауқымында шешімін таба алмайтындай сон­
дай күрделі болса ғана “қайшылыққа” айналады бірақ ол жүйенің

өзінің заңды негізін жеп қояды және ол сондықтан өз салмағының
астында қирайды. Мәселен, пролетариаттың капиталистік қоғамда
үнемі кедейлене түсуі Маркс үшін тек қана мәселе болған жоқ, ол
қайшылық деп түсінілді, себебі ол барлық капиталистік қоғамның

құрылымын қирататын және басқа бір нәрсемен ауыстыратын
революциялық жағдайға алып келуге тиіс болды. Егер әлеуметтік
және саяси құрылымның қазіргі пішімі маңызды қатынастары
бойынша адамдар үшін толық қанағаттандырарлық болса, онда біз

тарих ақырына келді деп керісінше де айтуымызға болады.
Қазіргі қоғамдық құрылымдарда қандай да бір қайшылықтар
қалды ма екені біз қалай білеміз? Шын мәнінде бұл мәселеге екі
түрлі тұрғыдан келуге болады. Біріншісінде біз тарихи оқиғалардың

табиғи жолын бақылаймыз және қоғамдық құрылымның нақты
пішіміның артықшылығын байқататын ерекше тарихтың заңдылығы
бар ма екенін көреміз. Қазіргі заманғы экономист өнімнің өзіндік
“пайдалылығы” мен “құндылығын” анықтауға тырыспайды,

бірақ баға ретінде көрініс берген оның нарықтық бағалануын
қабылдайды және әлемдік тарихтың нарықтық тұжырымын осы­
лай қабылдау керек. Біз адамзат тарихын сұхбат ретінде немесе
қоғамның ұйымдастыру пішімі ретінде елестетуімізге болады.

Бұл қоғамның сұхбатында қарсыласты жеңіп, кейде соғыстағы
жеңіс арқылы, басқа жағдайда - өзінің экономикалық жүйесінің
үстемділігі арқылы, үшіншісінде – ішкі саяси бірліктің жоғары
деңгейі арқасында бір-бірін “жоққа шығарады”13. Егер барлық

қоғамдар жүзжылдық бойы бір ғана әлеуметтік-саяси ұйымның
пішіміна келетін, мысалы либералды демократияға, немесе дами­
тын болса, егер либералды демократияға өмірлік қабілетті бала­
малар көрінбесе, егер либералды-демократиялық мемлекеттерде

өмір сүретін адамдар өздерінің өмірлеріне түбегейлі риза еместік
білдірмесе, онда сұхбат соңғы және белгілі бір қорытындыға кел­
ді деуге болады. Тарих философына либералды демократияның
үстемділігі мен оның соңғылығына үмітін мойындауға тиіс бола­

ды. Әлемдік тарих – шындықтың ақырғы төрешісі14.
Бұндай
тұрғы
билікті

құрметтеу
және
“құқық
күшті

қалыптастырады” деген ұранмен табысты білдірмейді. Ол бір
сәтке әлем тарихының сахнасына секіріп шыққан кез келген тиран
мен империяны қалыптастырушыны ақтап шығуды білдірмейді.
Бұндай тұрғы әлем тарихының біртұтас процесінде тірі қалған ре­

жимдер мен жүйелерді қорғауды білдіреді. Ол әлем тарихындағы о
бастан бар болатын адамдардың қанағаттандыру мәселесін шешу

қабілетін талап етеді, сонымен қатар ол тіршілік үшін күресті және өзгергіш адами ортаның бейімделу қабілетін білдіреді15. Осында “тарихиланған” тұрғы қандай қитұрқы кейіп­ ке енсе де дегенмен келесі кемшіліктерден тұрады: сырттай жеңіс жолындағы жүйенің, біздің жағдайымызда либералды демократияның “қайшылықтарының” жоқтығы іспеттілігі ил­ люзиялы емес пе екендігін қайдан білеміз және уақыт өтісімен тарих эволюциясының келесі сатысына өтуді талап ететін жаңа қайшылықтарды шығармай ма? Адамның маңызды және маңызды емес қасиеттердің иерархиясын қатарлап қалаушы адам табиғаты туралы концепцияның негізінде жататынсыз көрінетін әлеуметтік әлем полиция аппаратының керемет жұмысының нәтижесі емес, жай ғана революциялық дауылдың алдындағы тыныштық емес, ол адамдардың шынайы қанағаттануының белгісі болатындығын білу мүмкін емес. Француз ревлюциясы алдындағы Еуропадағы қоғамдық тәртіп көптеген бақылаушылар үшін жетпісінші жылдардағы Ирандағы немесе сексенінші жылдардағы Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық құрылыс сияқты табысты және қанағаттандырарлық болып көрінгендігін естен шығармау ке­ рек. Немесе басқа мысалды алып көрелік: кейбір қазіргі фе­ министер өткен тарихымыздың барлығына жуығы “патриар­ хальдік” қоғамдардың тартысы болды, бірақ “матриархальді” қоғамдарды келісім рухы бойлаған, қамқорлыққа толы және бей­ бітшіл болғандықтан оларға өмірге қабілетті баламаны құрайды деп тұжырымдайды. Оны эмпирикалық деректермен дәлелдеу мүмкін емес, өйткені матриархальдік қоғамдардың өмір сүру мы­ салы болмай отыр16. Дегенмен, егер феминистік көзқарас адами табиғатының әйелдік бөлігінің босану мүмкіндігі дұрыс болса, онда олардың болашақта болу мүмкіндігін жоққа шығаруға да болмайды. Егер ол осылай болатын болса, онда тарихтың ақырына жеткен жоқпыз. Тарихтың ақырына жеттік деген анықтамаға табиғат кон­ цепциясына негізделген “тарихтан тыс” деп аталатын тұрғыны балама етуге болады. Яғни, біз өмір сүріп жатқан либералды демократиялардың сәйкестілігін адамның тарихтантыстылығы кон­ цепциясы тұрғысынан таразылаймыз. Біз әлемнің нақты елдерін­ дегі, мысалы Ұлыбритания немесе Америкадағы тұрғындардың риза еместілігін эмпирикалық куәлігіне жай ғана қарамаймыз. Оның орнына адам табиғатын түсінуге, адамның кейбір перма­ нентті, бірақ көбінесе анық білінбейтін қасиеттеріне назар аудара­

мыз және бұл стандарттарға қазіргі демократиялардың сәйкестігін
өлшейміз. Бұндай тұрғы бүгінгінің тираниясынан, яғни біз өзіміз
білдіргіміз келген тұжырымнан, сол қоғам орнатқан стандарттар
мен күтулерден еркін болады17.

Адам табиғаты бірден және барлық кезде қалыптасқан жоқ,
бірақ өзін тарихи уақыттың барысында қалыптастырады де­
ген дерек өзінше алғанда бізді немесе ауқымында адамның өзін
қалыптастыруы өтетін құрылым ретінде, немесе адамның тарихи

дамуы жылжитын телостың соңғы мекені ретінде адам табиғаты
туралы айтудан босатпайды18. Мысалы, Кант тұжырымдағандай,
егер адам зердесі ұзақ жинақталу процесінің нәтижесінен басқаша
жағдайда дамымайды десе, онда зердені адамның “табиғи” қыры

деп жариялаудың мағынасы жоқ.
Ақыр соңында “тарих” туралы, әсіресе “Әмбебап Тарих” туралы
қандай да бір тұрақты, тарихтан тыс стандартқа сүйенбей ешнәрсе
айтуға болмайды, яғни табиғатқа сілтеме жасамай. Өйткені “тарих”

дегеніміз берілген дайын дүние емес, ол өткенде болғандардың жай
ғана каталогы емес, бірақ маңызды оқиғаларды маңызсыздарынан
ажыратылатын абстракцияның саналы әрекеті. Бұл абстракция
арқа сүйейтін стандарттар өзгеруі мүмкін. Мысалы, алпыс жыл

бұрын әскери және дипломатикалық тарихтан әлеуметтік тарихқа,
әйелдер мен азшылықтың тарихына, немесе “күнделікті өмір” та­
рихына қозғалыстар орын алды. Тарихи назардың пәні байлар мен
күштілер емес, әлеуметтік сатыда төменірек тұрғандардың болуы

дерегі тарихи таңдаудың стандарттардың бас тартуды білдірмей­
ді, тек ол бұл стандарттардың жаңа, эгалитарлық санамен сәйкес
өзгеруін білдіреді. Бірақ дипломатиялық бағыттағы тарихшы да,
әлеуметтік бағыттағы тарихшы да маңызды мен маңызды еместің

арасындағы таңдаудан қашып құтыла алмайды, ал сондықтан
тарихтан “тыс” өмір сүретін стандарттарға сілтеме жасау керек.
Бұл абстракция деңгейін жоғарырақ көтеретін Әмбебап Тарих
үшін дәлірек. Әмбебап Тарихшы тұтас халықтар мен уақыттарды

тарихқа дейінгі немесе тарихи емес деп сыртқа лақтыруға дайын
болу керек, өйткені олар оның тарихының орталық “сюжетіне”
алып бармайды.
Сондықтан егер тарихтың ақыры туралы мәселемен шын­

дап айналысқымыз келсе, онда біз тарихты талқылаудан
табиғатты талқылауға көшуіміз міндетті түрде. Біз либералды
демократияның алыс болашағын талқылай алмаймыз – қазіргі
әлем бізге ұсынған тек эмпирикалық куәліктерге назар аудара

отырып оның қызықтығы оны басынан кешіре алмағандарға,
оның әлсіремеген күші кім көптен оның ережелерімен өмір сүруге
үйренгендерге екенін байқаймыз. Біз тарихтан тыс стандарттардың
табиғатын тікелей және анық ашуымыз керек және онымен біз кез

келген режимнің немесе әлеуметтік жүйенің жақсы және жаман
жақтарын сараптаудан өткіземіз. Кожев біз тарихтың ақырына
жеттік деп тұжырымдайды, себебі әмбебап және біркелі мемле­
кеттердегі өмір оның азаматтары үшін толық қанағаттанарлық.

Басқа сөздермен айтқанда, қазіргі либералды-демократиялық әлем
қайшылықтардан еркін. Бұл тұжырымды бағалай отырып, біз дұрыс
түсінілмеген Кожевтің көзқарасына байланысты қарсылыққа көңіл
аударғымыз келмейді. Мысалы, онда кейбір анық қанағаттанбаған

әлеуметтік топтар мен жекелеген кісілердің жағдайы көрсетіледі.
Себебі, оларға кедейшілікке, расизмге байланысты немесе тағы
бір нәрселерге байланысты әлеуметтік игіліктерге жол берілмеген­
дігі айтылады. Одан тереңірек мәселе – алғашқы принциптердің

бірі: біздің қоғамымыздың “игілігі” шыныменде игілікті ме және
адамды адам ретінде қанағаттандыра ма немесе басқаша ре­
жим мен қоғамдық құрылым қамтамасыз ететін одан жоғарырақ
қанағаттандыру пішімі принципті түрде бар ма? Бұл сұраққа жа­

уап беру үшін шыныменде біздің ғасыр “адамзаттың кәрілігі” ме
екендігін түсінуіміз керек, біз артқа оралуымыз керек және тарихи
процестің басталуындағы “алғашқы адам” қалай өмір сүрді сол
табиғи күйіндегі адамға қарауымыз керек.

Әмбебап және біркелкі мемлекет
Мемлекет дегеніміз ол Құдайдың әлем ортасында қозғалуы.
Г.В.Ф.Гегель. “Құқық философиясы”19
Гегель Француз революциясын жер бетіндегі христиандық

еркін және теңдіктегі қоғам туралы түсініктің паш етілген
оқиға деп есептеді. Бұл революцияны жасай отырып бұрынғы
құлдар өмірлерін тәуекел етті және сонысымен олар өздерін ба­
сына құлдар етіп анықтаған өлім қорқынышын жеңді. Еркін­

дік пен теңдік принциптері сонан соң Наполеонның жеңімпаз
әскерлерімен бүкіл Еуропаға ауысты. Француз революциясының
кильваторында пайда болған қазіргі либералды демократия мем­
лекеттері христиандық еркіндік идеясы мен жаппай “қазір және

осында” адам теңдігінің жүзеге асуы болатын. Бұл мемлекетті

құдайландыруға әрекет емес еді немесе оған англосаксон либера­ лизмінде жоқ “метафизикалық” маңыздылықты беру де емес. Жоқ, ол бір кезде христиандық Құдайды қалыптастырған адамның жер­ ге түсіп, парламенттік және президент сарайларының және қазіргі мемлекеттің басқару құрылымдарының ғимараттарына орналасуға мәжбүрлеуді мойындау. Гегель бізге қазіргі либералды демократияны Гоббс пен Локкқа асқақтайтын англосаксон дәстүрінен мүлдем бөлек терминдерде жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Либерализмді гегельдік түсіну либерализмді құрметпен баяндайды және барлық әлемнің адам­ дары демократиялық елде өмір сүргісі келеді дегенде ол дәлірек айтады. Америкалық Конституцияны және Тәуелсіздік Деклара­ циясын жазған Гоббс, Локк және олардың ізбасарлары үшін ли­ бералды қоғам белгілі бар табиғи құқықтарға ие жеке адамдардың арасындағы қоғамдық келісім, олардың арасында негізгісі - өмір сүруге құқықтылық, яғни өзін-өзі сақтау, және бақытқа қарай құқықтылық – ол әдетте жеке меншікке құқықтылық ретінде түсініледі. Сонымен, либералды қоғам дегеніміз бір-бірінің мен­ шігіне және өміріне нұқсан келтірмеу үшін азаматтар арасындағы өзара және теңқұқықты келісім. Гегель либералды қоғам бір-бірін өзара түсінісу жайлы азамат­ тар арасындағы өзара және теңқұқықты келісім деп есептейді. Егер Гоббс немесе Локктің либерализмі пайымдық өзімшіл мүдделерді көксеу деп түсінілуге болады, Гегельдің “либерализмін” раци­ оналдік мойындауға қарай ұмтылыс деп есептеуге болады, яғни жаппай негіздегі мойындау, онда әрбір тұлғаның еркін және де­ рбес ретіндегі абыройы барлық басқалармен мойындалады. Біз либералды демократияны таңдағанда мәселе тек біз үшін ақша жасау еркіндігі және біздің жанымыздың қалауын қанағаттандыру ғана емес. Мәселенің маңыздысы және ақырындағысы либералды демократияның біздің өзіміздің абыройым бар екенін мойындауы­ мызды қамтамасыз ететіндігінде. Либералды-демократиялық мем­ лекет біздің өзімізді бағалау сезімімізді қанағаттандырады, сөйтіп, жанның қалаушы және тимотикалық жақтары қанағаттанады. Жаппай танылым құл иеленуші қоғамда көптеген түрде өмір сүретін танылымның маңызды кемшілігін жояды. Француз рево­ люциясына дейін кез келген қоғам практикалық жағынан алғанда не монархиялық, не аристократиялық болды, және онда не бір адам (монарх), не адамдардың көпсанды емес тобы (басқарушы тап немесе элита) мойындалды. Бұл кісілердің танылым бойын­

ша қанағаттануы үлкен бұқараның танылымының жауабы ретін­ де алынды. Танылымды рационалдыруға болады егер оны жалпы және тең негізге қоятын болсақ. Мырза мен құлдың қатынасындағы ішкі қайшылық мырзаның моралі құлдың моралімен табысты түрде біріктірілген мемлекетте толық шешілген. Мырзалар мен құлдар арасындағы айырмашылықтың өзі жойылуда және бұрынғы құлдар жаңа құлдарға емес жаңа мырзаларға айналуда, бірақ өзімен өзіне айналды. Міне 1776 жылдың рухы маңызы қандай еді: келесі бір мырзалар тобының жеңісі емес, жаңа құлдық сананың көтерілуі емес, бірақ адамның демократиялық басқару түріндегі өзінен өзінің үстемдігінің жетістігі. Жаңа синтезде үстемдіктен де, құлдықтан да бірнәрселер қалған еді – мырза болуды мойындаудан қанағаттану, құлдың еңбегінен қанағаттану. Жалпы танылымның рационалдылығын басқа рационалдық емес мойындаудың формаларына қарсы қоя отырып жақсырақ түсінеміз. Мысалы, ұлтшыл мемлекет, яғни азаматтық тек белгілі бір ұлттық, этностық және нәсілдік топтардың мүшелеріне беріл­ ген мемлекетте иррационалдық танылудың пішімі бар. Ұлтшылдық көбінесе тимостан туындайтын танылуға деген ұмтылысының көрінісі. Ұлтшылды алдымен экономикалық ұтыс емес, бірақ мойындалу мен абырой қызықтырады20. Ұлтқа өкілділік табиғи қасиет емес, адамның басқа қасиеттері мойындалатын болса ғана адамда ұлтқа өкілділік бар21. Бірақ адам өзі үшін ғана мойында­ луды іздемейді, ол өзі мүше болатын топтың мойындауын күтеді. Ұлтшылдық кейбір мағынада қазіргі демократиялық түрге енген ерте заманның мегалотимиясы. Енді ханзадалар жеке даңқ үшін күреспейді, бірақ тұтас ұлттар өзінің ұлттық абыройын мойын­ далуын талап етеді. Аристократиялық мырзалар сияқты бұл ұлттардың мойындалуы үшін, өзінің “күн астындағы орны” үшін қауіпті тәуекелге баруға дайын екенін көрсетеді. Бірақ ұлттық немесе нәсілдік өкілділіктің негізінде танылуға ұмтылу рационалды дүние емес. Адам мен адам еместің арасындағы айырмашылық толығымен рационалды: тек адам ғана еркін, яғни ол өз қадірі үшін кез келген шайқастарда танылуға қабілетті. Бұл айырмашылық табиғи қасиеттерге негізделген, не­ месе табиғат патшалығының еркіндік патшалығынан түбегейлі айырмашылығына негізделген. Бір адамдар тобының екіншісінен айырмашылығы адамзат тарихының кездейсоқ және қосымша өнімі. Ұлт топтары арасындағы халықаралық деңгейдегі танылым үшін күрес аристократиялық топтар арасындағы мәртебе үшін

майдан сияқты тығырыққа тіреледі және бір ұлт мырза, екіншісі
құл болуға тиіс деуге бола ма? Әр қайсысының бойындағы өзіндік
танылымы кемшіліктерге толы, өйткені ол жекелеген адамдар
арасындағы үстемдік пен құлдық қатынастар оларға қанағаттану

бермейтіні сияқты күй кешеді.
Ал либералдық мемлекет рационалды, себебі бұл бәсекелесуші
талаптарды бейбіттендіре отырып бір ғана өзара тиімді негізде
мойындайды, яғни адамның жеке кісі ретіндегі сәйкестенуінің

негізінде. Либералды мемлекет әмбебап болуға тиіс, яғни барлық
азаматтарды мойындауы тиіс, себебі, олардың белгілі бір ұлттық,
этностық немесе нәсілдік топтың мүшесі болғандықтан емес,
олар тек адамдар болғаны үшін. Ол мырзалар мен құлдардың

арасындағы айырмашылықты жоюға негізделген тапсыз қоғамды
қалыптастыратын біркелкі деңгейде болу керек. Әмбебап және бір­
келкі мемлекеттің рационалдылығы Америка республикасының ту­
уына алып келген конституциялық жиналыста болған сияқты ашық

және жарияланған принциптердің базасында саналы түрде пайда
болу дерегінен айқын болады. Яғни мемлекеттің беделі ғасырлық
дәстүрлерден немесе діни сенімнің күңгірт тереңдіктерінен пай­
да болмайды, бірақ ол мемлекет тұрғындарының оның негізінде

бірге өмір сүруге келісім жасайтын көпшіліктегі талқылаулар про­
цесінде дүниеге келеді. Бұл рационалдық өзіндік сананың пішімі,
себебі алғашқы рет тарихта адамдар қоғам ретінде өздерінің шы­
найы табиғатын зерделейді және сол табиғатымен келісімде өмір

сүретін саяси қауымдастықты қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі либералдық демократия барлық адамдарға “әмбебап”
ықыласын білдіреді деп қай мағынада айтуға болады?
Ол оларға құқықтарын кепілдендіреді және сол құқықтарды

қорғайды. Құрама Штаттарда немесе Францияда немесе көптеген
басқа либералды мемлекеттерде дүниеге келген адам баласы осы
деректің өзінен кейбір азаматтық құқытарға ие болады. Ол ке­
дей немесе бай болса да, ақ немесе қара болса да заң органдары

жүйесінің іздеуінсіз бұл балаға ешкім жамандық жасай алмайды.
Өз уақытысында бұл бала меншікке ие болуға құқыққа мүмкіндік
алады және ол құқық өзімен қатар жүрген азаматтар және мем­
лекет мойындайды. Бала кез келген тимотикалық пікірлерге

(яғни баға мен құндылықтар жөніндегі пікірлер) құқықты бола­
ды және ол пікірлерді барынша кең тарату құқығына ие болады.
Бұл тимотикалық пікірлер толық еркіндікпен уағыздалуы мүмкін
діни сенімдердің пішіміна ие болуы мүмкін. Ақыр аяғында, бала

кәмелетке жеткенде ол басқарудың өзіне қатысу құқығына ие бола­
ды және қоғамдық саясаттың ең маңызды мәселелерін талқылауға
өзінің үлесін қосады. Бұл қатысу сайлауларда дауыс беру пішімін­
да көрініс беруі мүмкін немесе саяси процеске тікелей кірудің

белсенді пішіміна ие болады. Мысалы, сайлаулы қызметте болуы
мүмкін, немесе кейбір кісіні қолдауы мүмкін, немесе көзқараста
болуы мүмкін, немесе шенуініктік жұмыста болуы мүмкін.
Халықтық өзін-өзі басқаруы мырзалар мен құлдардың арасындағы

айырмашлықты жояды, әркімге мырза ретіндегі белгілі бір үлес
берілген. Үстемдік белгілі бір заңдардың демократиялық си­
патта таралу күйіне енеді, яғни ауқымында әркім өзін мырза бо­
лып есептелетін әмбебап ережелердің жиынтығы. Мемлекет пен

адамдар бір-бірін мойындағанда танылым өзаралық болады, яғни
мемлекет азаматтарға құқықтарын кепілдендіргенде, ал азаматтар
оның заңдарына бағынуға келіскенде жүзеге асады. Бұл құқықтар
олар өздеріне қайшы келген жерде шектелген, басқа сөздермен

айтқанда, бір құқықтың жүзеге асуы екіншісінің асуына кедергі
жасайтын кезде.
Бұл мемлекеттің сипаттамасы практикалық жағынан алғанда
ұқсас келетін Локктың либералды мемлекеттің сипаттамасы­

на сәйкес келеді: жеке құқықтардың жиынтығы болатын қорғау
жүйесі сияқты. Гегельдің мұрасы бойынша маман Гегель Локктың
немесе англосаксондық либерализмді сынаған деп бірден қарсы
шығады және Локк либерализмі Америка Құрама Штаттары неме­

се Англия тарихтың финалдық кезеңін құрайды деген тұжырымды
теріске шығарады. Кейбір мағынада оның ойы дұрыс болады.
Гегель ешқашан қазіргі уақыттағы негізінен либертариандық
оңшылдардың өкілі болатын кейбір англосаксон дәстүріндегі

либералдардың көзқарасына қол қойған емес. Олардың есеп­
теуінше үкіметтің жалғыз міндеті – бұл тұлғаның құқығының
жолынан кету, және ол тұлғаның өзінің жеке дербес мүддесін
қорғауды көксеген еркіндігі абсолютті. Ол саяси құқықты оның

арқасында адам өзінің өмірін және ақшаларын немесе қазіргі тіл­
мен айтқанда өзінің “өмір салтын” қорғайтын құрал деп есептей­
тін либерализмнің осындай көрінісін теріске шығаратын еді.
Басқа жағынан алғанда, Кожев соғыстан кейінгі Америка неме­

се Еуропалық Қауымдастықтың мүшелері гегельдік мемлекеттің
әмбебап танылымының жүзеге асуы деп тұжырымдауы маңызды
ақиқат. Өйткені, англосаксондық демократия локктық негізде пай­
да болуы мүмкін болса да олардың өзіндік санасы ешқашан таза

локктық болған емес. Біз, мысалы, Гамильтон “Федералисте” Мэди­
сон сияқты адам табиғатының тимотикалық жақтарын есепке ала­
ды және Мэдисон сенгендей өкілетті басқарудың мақсаттарының
бірі адамның тимотикалық және пассионерлік пікірлерінің

паш етілуіне мүмкіндік жасау. Қазіргі американдықтар өзінің
қоғамы мен басқару пішімі туралы айтқанда олар Локктың тілі­
нен гөрі Гегельдің тілін көбірек қолданады. Мысалы, Азаматтық
құқықтар үшін күрес дәуірінде азаматтық құқықтардың кейбір

міндеті кара нәсілділердің абыройын мойындау, немесе барлық
американдықтарға лайықты және еркін өмір беру жөніндегі
тәуелсіз декларациясы мен конституцияның уәдесін орындау ту­
ралы айту әбден орынды болар еді. Бұндай дәйектеменің күшін

түсіну үшін Гегель бойынша маман болудың қажеті жоқ, осындай
тұжырымдар онша көп сауатты емес азаматтардың сөздігіне енген
болатын. (Германия Федеративтік Республикасының конституци­
ясында адам абыройы анық көрсетілген.) Құрама Штаттар мен

басқа демократиялық елдерде дауыс беру құқығы туралы мәселе
алдымен меншіктік цензге жауап бере алмайтын адамдар үшін со­
сын қаранәсілділерге және басқа этностық және нәсілдік азшылық
үшін немесе әйелдер үшін және ешқашан таза экономикалық болған

емес (яғни бұл топтардың өздерінің экономикалық мүдделері үшін
дауыс беру құқығы мәселесі), бірақ ол осы адамдардың абыройы
мен теңдігінің рәмізі болатын және сондықтан осындай құқықтың
берілуінің өзі мақсат болды. Негізін қалаушы - Әкелердің “таны­

лым” немесе “абырой” терминдерін қолданбауы дерегі локктық
құқықтар тілінен гегельдік танылым тіліне білдірмей сырғуына
кедергі жасай алмады.
Сондықтан, тарихтың ақырында пайда болатын әмбебап және

біркелкі мемлекет екі негізге арқа сүйейтін нәрсе деп қарастыруға
болады: экономика және танылым. Соған қарай ұмтылатын
адамзаттың тарихи процесі ғылымның орнықты дамуымен және
танылым үшін күресімен қозғалады. Алғашқысы жаңа тарихтың

бастауында босанған және шексіз байлықты қордалаудан байыған
жанның қалауынан пайда болады. Бұл шексіз қордалау қалау мен
пайымның арасында орнаған одақтың арқасында мүмкін болды:
капитализм қазіргі ғылымның тікелей байланысты. Басқа жағынан

алғанда, Танылым үшін күрес жанның тимотикалық жағынан
туындайды. Оның қозғаушы күші – құлдықтың шындығы, ол жер­
де құлдың армандаған әлемімен, яғни барлық адамдар Құдай ал­
дында еркін және тең болатын дүниемен контраста болады. Тари­

хи процестің толық баяндалуы – нағыз Әмбебап Тарих – адамның жеке тұлғасын баяндау қалау, пайым және тимосты есептеусіз толық болмайтын сияқты осы екі негізді есепке алмай шынымен­ де толық болмайды. Алдымен экономикаға негізделген марксизм, “жаңғыру теориясы” және кез келген басқа тарихи теориясы егер жанның тимотикалық жағы ескерілмесе және тарихтың басты қозғаушысының бірі ретіндегі танылым үшін күрес есептелінбесе, онда түбегейлі толық болмас еді. Енді біз либералды экономика мен либералды саясаттың арасындағы өзара байланысты толығырақ түсіндіруімізге және алдыңғы қатарлы өнеркәсіп пен либералды демократияның арасындағы корреляцияның жоғарғы деңгейін түсінуге болады. Жоғарыда айтылғандай, демократия үшін экономикалық себеп­ тер болмайды, демократиялық саясат ең жақсы жағдайда тиімді экономика үшін жүк болып табылады. Демократияның таңдауы – қалаудың қанағаттануы үшін емес, танылым үшін жасалған де­ рбес таңдау. Бірақ экономикалық даму бұл дербес таңдаудың ықтималдылығын көбейтетін белгілі бір жағдайларды жасай­ ды. Бұл екі себепке байланысты жүзеге асады. Біріншіден, экономикалық даму технологияның арқасында табиғаттың мыр­ засы бола алатындығын байқағанда құл үшін үстемдік концеп­ циясы ашылады және ол жұмыс тәртібі мен білімнің арқасында өзі өзіне мырзаға айналады. Қоғамның білім деңгейі өскен сайын құлдар өздерінің құлдық жағдайын зерделеуге мүмкіндік алады және мырза болуды қалай бастайды, сонымен қатар өздерінің төменшік жағдайы туралы толғанған басқа құлдардың идеялар қабылдай бастайды. Білімділік оларды адамдық абыройға ие жан­ дар екеніне үйретеді және олар бұл абыройдың танылуы үшін күресуі тиіс болады. Қазіргі білім беру еркіндік пен теңдік идеяла­ рын үйретеді деген дерек кездейсоқ емес; құлар өмір сүріп жатқан нақты жағдайдан туындайтын құлшылықтың идеологиясы бола­ ды. Христиандық пен коммунизм – шындықтың бір бөлігі болып есептелетін құлдық идеологиялар (соңғысын Гегель алдын ала білген жоқ) болып табылады. Бірақ уақыт өткен сайын екеуінің де иррационалдығы мен қайшылығы ашық көрінді: атап айтқанда, коммунистік қоғамдар өздерінің еркіндік пен теңдікті жария етуі­ не қарамастан адамдардың үлкен бұқара топтарының абыройы та­ нылмайтын құл иеленуші қоғамның қазіргі замандық түрі болып шықты. Сексенінші жылдардағы маркстік идеологияның ауыр халі

кейбір мағынада осындай қоғамдардағы тұрғындардың жоғарырақ деңгейдегі рационалдығын бейнеледі және рационалды жаппай танылу тек либералды қоғамдық құрылымда болатындығын зер­ деледі. Экономикалық даму либералды демократияның қалыптасуын қамтамасыз ететіні туралы екінші тәсіл жоғары білімге қажеттікке байланысты зор оң тиімділікте болып отыр. Бұрынғы таптық кедер­ гілер қирауда және мүмкіндіктердің теңдігі жағдайы қалыптасуда. Дегенмен экономикалық жағдайлармен немесе біліммен байланыс­ ты жаңа таптар пайда болуда, қоғамда эгалитарлық идеялардың таралуына мүмкіндік туғызатын ішкі қозғалғыштық арта түседі. Сонымен, экономика де-юре пайда болғанша белгілі бір теңдіктің де-фактосын жасайды. Егер адамдар тек пайым мен қалаудан тұратын болса, онда олар Оңтүстік Кореядағы әскери диктатурадағы немесе франкистік Испанияның ағартушы технократиялық әкімшілігіндегі, немесе экономикалық дамуда жоғары өрлеп бара жатқан гоминдандық тайвандағы өмірге абсолютті түрде риза болар еді. Дегенмен, бұл мемлекеттердің азаматтары пайым мен қалаудың комбинациясынан әлде қайда үлкен болып шықты: оларда тимотикалық ержүректілік пен дербес абыройға деген сенім бар екен және олар бұл абырой­ ды, әсіресе, олар алдымен тұрып жатқан елдің үкіметінің тануын қалайды. Сонымен, танылуға деген ындын – бұл либералды экономи­ ка мен либералды саясат арасындағы жетіспейтін байланысты­ рушы. Біз алдыңғы қатарлы индустриализацияның қалаланған, қозғалғыш, білім деңгейінің үнемі өсетін, беделдің дәстүрлі фор­ малары - тайпалардан, дін басыларынан еркін қоғамдарды пайда болғызады. Біз осындай қоғамдар мен либералды демократияның арасындағы жоғарғы эмпирикалық корреляцияны көрдік, бірақ бұл корреляцияның себептерін толық түсіндіріп бере алмадық. Біздің түсіндіруіміздің әлсіздігі либералды демократияны таңдаудың экономикалық түсіндірмесін іздедік, яғни жанның қалаушы бөлігіне бағытталған түсіндіруді қарастырдық. Ал енді тимотикалық жағына, танылымның ындынына қарау керек еді. Өйткені, дамыған индустриализациямен ілесетін әлеуметтік өзгерістер, мәселен, білім беру кедейлеу немесе білімі аздау адам­ дарда болмайтын танылудың белгілі бір талаптарын туғызады екен. Адамдар қаншама бай, космополиттік, білімдірек болған сайын, соншама күштірек жай ғана байлықты емес, өздерінің мәртебесінің

танылғанын және мойындалғанын қалайды. Неге Испания, Порту­ галия, Оңтүстік Корея және Қытай азаматтары тек қана нарықтық экономиканың ғана емес, сонымен қатар халықтың еркін басқаруы мен халық үшін басқарылуы талаптары қойылғанын толығымен алғанда экономикалық және материалдық себептер түсіндіре ал­ майды. Александар Кожев Гегельді баяндай отырып, әмбебап және бір­ келкі мемлекет адамзат тарихының соңғы кезеңі деп тұжырымдайды, себебі адам үшін толығымен қанағаттандырарлық. Бұл пікір ақыр соңында тимостың басымдығына немесе танылымға деген ындын адамның терең және іргелі қалауы ретінде деген сенімге негізделген. Танылымның метафизикалық және психологиялық маңыздылығын көрсете отырып Гегель мен Кожев қалау мен пайым басымдылық танытқан Локк пен Маркс сияқты басқа философтарға қарағанда адам тұлғасына терең бойлап қарай алды. Дегенмен Кожев адами мекемелердің сәйкестігін өлшейтін тарихтан тыс өлшемдер жоқ десе де шын мәнінде танылымға деген ындын осындай өлшемді береді. Кожев үшін тимос адам табиғатының түрақты бөлігі; ти­ мостан пайда болған танылым үшін күрес он мың жылға немесе одан да көп уақытқа тарихи уақыты қажет етеді, бірақ ол бәрібір Кожев үшін Платоннан кем емес адам жанының бір элементтерінің бірі. Сондықтан Кожевтің біз тарихтың ақырындамыз де­ ген тұжырымы дұрыс немесе қазіргі либералды демократия қамтамасыз еткен танылым адамдағы танылымға деген ындынды сәйкес қанағаттандырады деген тұжырыммен бірге дұрыс емес. Кожевтің есептеуінше қазіргі либералды демократия мырзаның моралі мен құлдың моралін табысты біріктірді, тіптен осы өмір сүрудің екі пішімінан бір нәрсе сақтап қалса да. Шыныменде со­ лай ма? Атап айтқанда, шыныменде мырзаның мегалотимиясы қазіргі саяси институттармен табысты сублимациялана ма және каналдала ма, ол сондықтан қазіргі саясат үшін мәселе болып келмей ме? Адам өзінің басқалармен өзінің тең екендігіне мәңгі риза болып жүре бере ме, әлде уақыт өткен сайын көбірек нәрсе талап етпей ме? Егер мегалотимия осылай табысты қазіргі саясат­ пен сублимацияланған және каналданған болса, онда біз Ницше­ мен келісуіміз керек пе? Бұл қуаныш үшін сылтау ма, әлде бұрын болмаған апат па? Бұл өте ұзақ болашақтың мәселесі және біз оған кітаптың бесінші бөлігінде қайтып ораламыз.

Ал енді либералды демократияға өту барысындағы санадағы
өзгерістерді жіктеп қараймыз. Жаппай және тең танылым пайда
болғанша танылым ындыны әр түрлі иррационалды формаларға,
мысалы, діни және ұлттық кейіпке ие болуы мүмкін. Бұл өту тегіс

бола қалмайды және әлемнің нақты қоғамдарында рационалды та­
нылым иррационалды формалармен қатар өмір сүреді екен. Оның
үстіне рационалды танылымды білдіретін қоғамдардың пайда бо­
луы мен өмір сүруі белгілі бір иррационалдық танылымдардың

тіршілігін талап етеді: міне осы парадоксқа Кожев тиісті назар
аудармайды.
“Құқық философиясының” алғысөзінде Гегель философия де­
геніміз ой арқылы жеткен дербес уақыт деп түсіндіреді және фи­

лософ өз уақытысының ауқымынан артыққа және бір кезде Родос
аралында тұрған алып статуядан адам аттап өтетіндей қабілеттен
артық қабілетті емес. Бұл ескертпеге қарамастан біз дегенмен
әлемдік либералды революцияның болашағы мен шамасын түсіну

әрекетінде және оның халықаралық қатынастарға әсерін баяндап
беру үшін болашаққа көз жібертеміз.

Тынық Мұхит одағы үшін
Либералды демократия емес елдердің арасында күш тұрғысан
саясат басымдық танытуда. Үшінші әлемге индустриализа­
ция мен ұлтшылдықтың салыстырмалы түрде кеш келуі - бір

жағынан, үшінші әлемдегі көптеген елдердің мінез-құлқындағы
айырмашылықтардың
алуандығына
алып

келеді,
екінші
жағынан – өндірістік демократияға алып келеді. Алдымыздағы
болашақта әлем тарихтан кейінгі және тарихта қалып қойған

бөліктерге бөлінеді22. Тарихтан кейінгі әлемде мемлекет аралық
өзараәрекеттесуде негізгі бағыт болатын экономика мен саясаттың
күшке сүйенген ескі ережелері өздерінің мағынасын жоғалтады.
Мәселен, экономикалық қуаты күшті Германия басымдық ететін

көп өрісті Еуропаны көзге елестетуге болады, бірақ Германияның
көршілері күшті әскери қауіпті сезінбейді және соғысқа деген
өзінің дайындығын арнайы күйттемейді. Біршама экономикалық
бәсекелестік орын алады, бірақ ол әскери емес. Тарихтан кейін­

гі әлем бұрынғыша ұлттық мемлекеттерге бөлінеді, ұлтшыл
қозғалыстар онда либерализмен бейбітшілікте өмір сүреді және
ол өзін көбірек жекелеген өмірлерде ғана таныта алады. Деген­
мен, экономикалық рационалдылық нарық пен өндірісті біріктіріп

көптеген егемендіктің дәстүрлі қырларын егей түседі.

Басқа жағынан алғанда тарихи әлем әзірге көптеген діни,
ұлттық және идеологиялық тартыстармен бөлшектеніп жатады
(оған қатысатын елдердің даму деңгейіне сәйкес). Онда бұрынғыша
саясаттың күш тұрғысынан келетін ескі ережелері қолданылып

жатады. Тарихи әлемде ұлттық мемлекеттер саяси сәйкестенудің
басты орталығы болып қалады.
Тарихи және тарихтан кейінгі әлемнің шекаралық сызығы тез
өзгереді және сондықтан оны жүргізу өте қиын. Кеңес Одағы қазір

бір лагерьден екіншісіне өтуде және оның ыдырауы жаңа ізбасар
мемлекеттердің пайда болуына алып келеді, ал олардың ішінде біре­
уі либералды демократияға өтеді, екіншісі өтпейді. Қытай Тяньа­
ньмынь алаңынан кейін қазір либералды демократиядан алыстау,

бірақ экономикалық реформаларды жүргізу барысында оның
сыртқы саясаты буржуазиялық бола түсуде. Қазіргі Қытайдың
басшылығы экономикалық реформаларды басқа жаққа бұра ал­
майтынын түсінетін сияқты және Қытай әлемдік экономикаға

ашық болуға тиіс екенін біледі. Бұл маоизмді елдің ішінде қайта
жаңғырту әрекеттеріне қарамай қандай да түрде болмасын маоис­
тік сыртқы саясатқа қайтіп келуге мүмкіндік беретіні неғайбыл.
Мексика, Бразилия, Аргентина сияқты Латын Америкасының ірі

елдері өткен ұрпақтың өмірінде-ақ тарихи әлемнен тарихтан кейін­
гі әлемге өткен және олардың кез келгенінде артқа қарай сырғу
мүмкін. Қазір олар басқа өнеркәсіптік демократиялармен тығыз
экономикалық өзара тәуелділік байланыста.

Тарихи және тарихтан кейінгі әлемдер көп жағдайда пара­
лельді, бірақ салыстырмалы түрде аздаған өзара әрекеттістіктегі
жеке өмірлерін сүреді. Дегенмен бұл әлемдер тоқайласып тұратын
кейбір бағыттар болады. Олардың ішіндегі алғашқысы – мұнай,

ол Кувейтке ирактықтардың кіруімен байланысты туыындаған
дағдарыстың іргелі себебі болды. Тарихи әлемде мұнай дайындау
қордаланған және ол тарихтан кейінгі әлемнің ахуалы үшін ше­
шуші маңызы бар. Жетпісінші жылдардағы мұнай дағдарысы кезін­

дегі әр түрлі тауарлар бойынша жаһандық өзара тәуелділіктің өсуі
туралы көптеген әңгімелерге қарамастан мұнай өндірісі нарықта
саяси мақсатта алдаусырату үшін қордаланған жалғыз ғана тауар
болып қалып отыр және бұл нарықтың құлдырауы тарихтан кейін­

гі әлемде бірден жалаңаштай түсетін салдарларға алып келеді.
Өзара әрекеттесудің екінші бағыты мұнай сияқты онша біліне
қоймайды, бірақ ұзақ уақыттық болашақта оның қаупі күштірек.
Бұл иммиграция. Адамдардың кедей елдерден үнемі бай елдерге,

тұрақсыз елдерден байырақ және қауіпсіз елдерге қарай ағыны байқалып отыр және ол практика жүзінде дамыған елдердің барлығын қамтиды. Соңғы жылдары үнемі күшейіп келе жатқан бұл ағын тарихи әлемдегі саяси дауылдардың әсерінен бірден жыл­ дамдап кетуі мүмкін. Кеңес Одағының ыдырауы немесе Шығыс Еуропадағы күшті этностық қақтығыстар немесе реформаланбаған коммунистік Қытайдың Гонконгты жұтып қоюы сияқты оқиғалар тарихи әлемнен тарихтан кейінгі әлемге тұрғындардың жаппай көші-қонының себебі болады. Бұл адамдардың ағыны тарих­ тан кейінгі әлем өзінің мүдделері тарихи әлемде болады деген кепілдікті береді: немесе осы ағынды бәсеңдетем деген өзінің әрекеттерінен немесе жаңа иммигранттар саяси өмірге енде және жаңадан келген елін үлкен қатысуға итермелейтіндігінен. Тарихтан кейінгі елдерге екі себепке байланысты иммиграция­ ны шектеу өте қиын болып отыр. Біріншіден, шетелдіктерді жібер­ меу бойынша, яғни нәсілшіл де емес, ұлтшыл да емес либералды демократия қолдайтын құқықтың әмбебап қағидасын бұзбайтын әділетті қағида жасау әрекеттерінде қиыншылықтар туындайды. Барлық дамыған демократиялар иммиграцияға ерте ме, кеш пе шектеу қойған, бірақ оның бәрі ар-ұжданға қарсы жасалынған еді. Иммиграцияның өсуінің екінші себебі – экономикалық, себебі кез келген дамыған ел үшінші әлемді көптеп кездесетін шеберлікті қажет етпейтін еңбектің кейбір түрлеріне деген дефицитті сезінеді. Барлық аз төленетін жұмыс орындарын экспорт жасауға болады. Біртұтас жаһандық нарықтағы экономикалық бәсекелестік алғашқы капитализм елдің ішіндегі жұмыс күшінің жоғарғы деңгейіне жету үшін біртұтас ұлттық мемлекеттің өсуін қамтамасыз еткен сияқты еңбектің аймақтық нарықтарын әрі қарай кіріктіруді қолдайды. Екі әлем арасындағы өзара әрекеттесудің соңғы бағыты – бұл “әлемдік тәртіптің” белгілі бір мәселесі болып табылады. Яғни кей­ бір тарихи елдердің өздерінің көршілеріне әкелетін нақты қауіптен жоғары, көптеген тарихтан кейінгі елдер тарихи әлемге белгілі бір технологияның таралуына қарсы болу абстрактілі мүддесі екендігін білдіреді, өйткені ол әлем тартыстар мен зорлықтарға максималды түрде жақын дегенді негізге алады. Қазіргі кезеңде бұл технологияларға ядролық қару, баллистикалық зымыран­ дар химиялық және биологиялық қару және сол сияқтиялар жа­ тады. Бірақ болашақта әлемдік тәртіптің мәселелері бақылаусыз технологияның таралуымен қауіп төндіретін экологиялық мүдделердің белгілі бір типтеріне қатысты болуы мүмкін. Егер та­

рихтан кейінгі әлем тарихилықтан өзін мүмкін болғанынша бөлек ұстайтын болса, онда тарихтан кейінгі әлемдік демократиялар сыртқы қауіптерден өзін қорғауда да, демократияның істерін оның әзірге жоқ елдерде қозғауға да ортақ мүддеге ие болады. Жетпісінші-сексенінші жылдары демократияның жеңісіне қарамай халықаралық қатынастарға шынайы көзқарас істерге басшылық ретінде өзекті болып қала береді. Әлемнің тарихи жарты­ сы реалистік принциптердің негізінде жұмыс істеуін жалғастыруда, ал тарихтан кейінгі жартысы тарихта әзірге қалып отырған ел­ дермен қатынас жасай отырып реализм тәсілін қолданады. Демократиялық және демократиялық емес режимдер арасындағы қатынас бұрынғыша өзара сенімсіздікпен және қауіптенумен сипат­ талады. Олар өсіп келе жатқан экономикалық өзара тәуелсіздікке қарамастан күш олардың өзара қатынастарындағы соңғы тұжырым болып қалады. Басқа жағынан алғанда, реализм әлемнің өмір сүруінің баян­ дау үлгісі ретінде көп нәрсені жете түсіндірмейді. Реалистердің барлық барлық уақыттағы барлық елдерге және халықтарға телі­ ген қауіптену сезімі және максималды күшеюге ұмтылу мұқият талдаудың барысында фикция болып шықты. Адамзаттың тари­ хи процесі легитимділіктің бірнеше концепциясын туындатты: əулеттік, діни, ұлтшыл және идеологиялық. Олардың әр қайсысы империализм мен соғысқа негіз бола алады. Қазіргі либерализнің алдында келген бұл легитимділіктің әрбір пішімі үстемдік пен құлдықтық қатынастың кейбір түріне негізделген және сондықтан империализм кейбір мағынада қоғамдық құрылыммен астасып жатады. Бірақ тарих барысында қалай легитимділік концепциясы өзгерген болса, солай халықаралық қатынастар да өзгеріп отырған, дегенмен соғыс пен империализм тарихта үнемі болған іспетті, әрбір ғасырда соғыстар тіптен әр түрлі мақсаттар үшін жүргізілген. Әр түрлі орындар мен әр түрлі уақыттарда мемлекеттердің мінезқұлқын ортақ өзегін құрайтын “объективті” ұлттық мүдделер болған жоқ және болған да емес, бірақ жүзеге асып тұрған леги­ тимділік принципімен және осы принципті түсіндіретін кісілермен анықталатын ұлттық мүдделердің көппікірлілігі бар. Мырзалар мен құлдар арасындағы айырмашылықты жоюға ұмтылатын либералды демократия сыртқы саясатта тіптен басқа мақсаттарды қоюға тиістілігі әбден табиғи болып көрінеді. Та­ рихтан кейінгі шындықтағы бейбітшілік басты мемлекеттерде легитимділік принципі бірдей болғандықтан орнамайды. Ондай

жағдай бұрын да болған. Мысалы, Еуроападағы барлық мемлекет­
тер монархия немесе империялар болған еді. Әлем демократиялық
легитимділіктің ерекше табиғатынан, оның адам танылым ынды­
нын қанағаттандыру қабілетінен пайда болады.

Демократиялық және демократиялық емес мемлекеттердің
арасындағы айырмашылық, әлемде либералды демократияның та­
ралуына алып келетін кеңірек тарихи процестің мүмкіндігі адам
құқын қорғау мен “демократиялық құндылықтарды” қамқорлыққа

алатын американдық сыртқы саясаттың дәстүрлі морализмі бекер
емес екенін байқатады. Генри Киссинджер жетпісінші жылда­
ры Қеңес Одағы мен Қытай сияқты коммунистік мемлекеттерге
революциялық үндеулер моралдық қанағаттандырулар алып келеді

деген, бірақ ол іс жүзінде жағынан алғанда зерделі емес, өйткені
ол қару-жарақты бақылау немесе аймақтық тартыстарды реттеу
сияқты мәселелер бойынша “нақты” келісімдерге жолды жауып
тастайды. 1987 жылы бұрынғы президент Рейганды Кеңестіктерді

Берлин қабырғасын құлатуға шақырғаны үшін қатты сынады, тіп­
тен, кеңес державасының “шындығына” баяғыдан үйреніп қалған
Германияның өзінде сынады. Бірақ әлем демократия жаққа қарай
дамыды Кеңес үкіметінің легитимділігі жөніндегі ревоюциялық

үндеулер тек қана моралдік қанағаттандыру әкеліп қойған жоқ, ол
сонымен қатар саяси зерделі болды, себебі сол кезде коммунизмнің
билігінде тұрған көптеген адамдардың үміттерімен сәйкес келіп
жатты.

Әрине ешкім демократиялық емес елдердің күшті қаруы, тіп­
тен, ядролық түрдегі қарулары бар әскери сипаттағы саясатын
қорғамайды. Шығыс Еуропада 1989 жылы болған революциялар
сорты сирек оқиға болып есептеледі, ал демократия өзіме қарама-

қарсылықтан болатын әрбір диктатураның міндетті түрдегі құлауын
есепке ала отырып өзінің сыртқы саястын қалыптастыра алмай­
ды. Бірақ күштердің тепе-теңдігін есепке ала отырып демократия
легитимділік күштің бір түрі екенін есте сақтауы керек, ал енді

күшті мемлекеттерде жиі ішкі әлсіздіктер болады. Бұл дегеніңіз
өзіне достар мен идеологиялық түсініктегі жауларды таңдайтын
демократия демократиялық болған сайын өзіне ұзақ болашаққа
күшті және орнықты одақтасты табады. Ал енді жаумен жағаласа

отырып, оның режимі мен өзіңнің режиміңнің тұрақты мораль­
дік айырмашылықтар туралы ұмытпау керек немесе күштілерден
кейін адам құқығы мәселесіне қарай жылжып отыру керек23.

Демократияның бейбіт болмысы Құрама Штаттармен басқа
демократиялық елдер әлемдегі демократия саласын сақтау және
ол жоқ жерге тарату боынша ұзақ уақыттық ортақ мүдделерге ие
болады. Яғни, демократиялар бір-бірімен соғыспай жатса, онда

тарихтан кейінгі әлемнің ылғи кеңеюі табысты және бейбіт өтеді.
Шығыс Еуропа мен Кеңестер Одағындағы коммунизм құлағаны
және Варшава келісімі тұрғысынан әскери қауіптің жоғалуы
жөніндегі дерек шығыс-еуропалық коммунизмнің мұрагері

кім болатындығына бізді немқұрайлы етпеуі керек. Өйткені,
болашақта әлемнің бұл бөлігіндегі қауіптің жаңғырмауына немесе
Германияның қосылуынан, немесе экономикалық үстемдік етуші
Жапониядан Батыстың басты кепілі – бұл елдердегі либералды

демократияның гүлдеуі болып табылады.
Демократиялық елдердің біріге отырып, демократия мен
халықтар арасындағы бейбітшілікті тарату қажеттілігі – либе­
рализм сияқты ол да ескі идея болып келеді. Заң билік құратын

демократияның халықаралық лигасының міндеттері Имману­
ил Канттың “Мәңгі әлем” деген белгілі мақаласы мен “Жалпы
тарихтың идеясында” өрнектелген болатын. Канттың пайымдауын­
ша адамның табиғи жағдайдан азаматтық қоғамға өту барысында

алынған артықшылығы көбінесе мемлекеттер арасындағы соғыстың
кесірінен жоққа айналады: “Бір біріне қарсы тұру үшін қоғамдағы
барлық күштерді қару-жараққа пайдалану, соғыстың арқасындағы
құлазулар, онан да жаман нәрсе соғысқа дайын болу қажеттілігі -

бұның бәрі адам табиғатының толық дамуына кедергі келтіреді”24.
Канттың халықаралық қатынастар бойынша жұмыстары кейін­
нен қазіргі ымырашыл либералды интернационализмнің интел­
лектуалды негізіне айналды. Кантиандық лига Ұлттық Лиганы,

кейінірек БҰҰ құрудағы американдық әрекеттерді шабыттандыр­
ды. Жоғарыда айтылғандай соғыстан кейінгі реализм көп жағынан
алғанда халықаралық шиеліністері мәселесінің шынайы шешімі
тек халықаралық құқықта емес, ол сонымен қатар күштердің ба­

лансында жатқанын тұжырымдай келіп осы либералдық интерна­
ционализм ағымына антипод болып келді.
Ұлттар Лигасы мен БҰҰ-ның алдымен Муссолини, Жапония
және Гитлерден қауіптерден, сонан соң кеңестік экспансионизм­

нен ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрекеттерінің сәтсіздігі
Кант интернационализмін және халықаралық құқықты тұтастай
алғанда жалпы құлдырауға алып келді. Бірақ көптеген адамдардың
оны түсінбегені – бұл Кант идеяларының фактілік түрде жүзеге

асуы Канттың айтқандарымен орындалмағандықтан маңызды
кемшіліктерге толы болды25. Канттық “Бірінші дефинитивтік
мақалада” мәңгі әлем үшін халықаралық жүйені қалыптастыратын
мемлекеттер республикалар болу керек, яғни либералды демок­

ратиялар болу керек деп тұжырымдайды26. “Екінші дефинитивті
мақала” “халықаралық құқық еркін мемлекеттердің федерализміне
негізделуі керек” деп тұжырымдайды27, яғни республикалық кон­
ституциялары бар мемлекеттер. Канттың тұжырымдары тікелей

болып келеді: республикалық принциптерге сүйенген мемлекет­
тер бір-бірімен соғыса қояр ма екен, себебі өзін-өзі басқаратын
халықтар деспоттық режимдермен салыстырғанда соғыстың
шығындарына амалдың жоғынан барады; ал халықаралық феде­

рация іске жақын болу үшін онда құқықтың жалпы либералдық
(ымыралы – ред.) принциптері болуы керек. Халықаралық құқық

– бұл үлкен ауқымда қайта жазылған бар болғаны ішкі заң.

Біріккен Ұлттар Ұйымы əуелбастан-ақ бұл шарттарды орын­
дамады. Біріккен Ұлттардың хартиясы “еркін ұлттар” туралы
барлық түсініктерді әлсіздеу “оның барлық мүшелерінің егеменді
теңдігі” принципі үшін тұтастай алып тастады. Басқаша айтқанда,

Біріккен Ұлттардағы мүшелік егемендіктің белгілі бір минималды
өлшемдеріне келетін, ол егемендік халықтық па әлде емес пе, оған
қарамай кез келген елдерге ашық болды. Сталиндік Кеңес Одағы
Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты орны бар және бұл органның резо­

люциясына вето жасау құқығы бар басынан мүше-негізін қалаушы
болды. Деколонизациядан кейін Бас Ассамблея канттық либерал­
ды принциптермен ортақ нәрселері аз үшінші әлемнің көптеген
елдерімен толықты және бұл елдер БҰҰ арқылы либералды

емес саяси шешімдерін жылжытуға қолайлы құрал тапты. Сая­
си құрылымның әділетті принциптері туралы немесе құқықтың
табиғаты туралы алдын ала келісім болған жоқ және сондықтан
өзінің барлық өмір сүру уақытысында ұжымдық қауіпсідіктің

сыни мәселесінде БҰҰ нақты маңызды ешнәрсеге қол жеткізбе­
гені таңқаларлық емес еді. Американ халқы барлық уақытта БҰҰ-
ға үлкен сенімсіздікпен қарағаны да таңқаларлық емес. Оның
алдындағы Ұлттар Лигасы 1933 жылдан кейін оған Кеңес Одағы

кірсе де өз мүшелерінің саяси сипаты бойынша біркелкілеу еді.
Бірақ мемлекеттер жүйесіндегі екі маңызды ойыншы – Жапония
мен Германия демократиялық емес болғанынан және Лиганың
ережелерімен ойнағысы келмегенінен оның ұжымдық қауіпсіздік

принциптерін өмірге енгізу қабілеттері барынша әлсірей түсті.

“Қырғи-қабақ” соғыстың әлсіреуінен және Кеңес Одағы мен
Қытайда реформалар үшін қозғалыстардың ұлғаюымен БҰҰ өзінің
күшсіздігінің бір бөлігін слкіп тастады. Қауіпсіздік Кеңесінде
бұрын болмаған Иракқа экономикалық санкциялар өтті, ал Ку­

вейтке басп кіргеннен кейін күшті қолдануға санкция жасалынуы
болашақ болуы мүмкін халықаралық қимылдардың типіне мегзеді.
Дегенммен, Қауіпсіздік Кеңесі әлі де Ресей және Қытай сияқты
толық реформаланбаған державалардың қимылдарының арқасында

артқа қарай сырғуы мүмкін, ал Бас Ассамблея бұрынғыдай еркін
емес мемлекеттерге толы. Сондықтан келесі ұрпақта БҰҰ “жаңа
әлемдік тәртіптің” негізі болатынына күмәндануға болады.
Егер бұрынғы халықаралық ұйымдар фаталды кемшіліктерінен

ада Канттың айтқандары бойынша ұлттар лигасын құруға әрекет
жасалынса, онда БҰҰ-дан гөрі НАТО-ға көбірек ұқсайтын бір
нәрсе пайда болады, яғни өзінің либералды принциптерге жалпы
жақындығымен біріге жиналған шыныменде еркін мемлекеттердің

лигасы болады. Бұндай лига өзінің ұжымдық қауіпсіздігін
демократиялық емес елдер жағынан қауіптен қорғау үшін күш
қолдануға қабілеттірек болады. Оны қалыптастырушы мемлекет­
тер өзерінің өзара қатынастарында халықаралық құқықтың при­

нциптерін ұстанады. Осындай канттік халықаралық либералды
тәртіп НАТО. Еуропалық Қауымдастық, ОЕСД, Үлкен Жетілік,
ГАТТ28 және басқа ұйымдардың қорғаушы қолшатырының ас­
тында “қырғи-қабақ” соғыс кезеңінде еріксізден пайда болды

және оған мүшеліктің алдын-ала шарты либералдылық болып та­
былды. Бүгінгі таңда өнеркәсіптік дамыған демократиялар өзара
экономикалық мүдделерді реттеп отяратын міндеттейтін заңдық
келісімдер кестесімен тиімді біріккен. Бұл елдер сиыр еті үшін

квота алу үшін немесе Еуропалық Монетарлық Одақ үшін, неме­
се Ливияға қатысты немесе араб-израиль тартысында өзін қалай
ұстау мәселесі бойынша саяси күрес жүргізе алады, бірақ либерал­
ды демократиялар арасындағы бұндай таластарды шешу үшін күш

қолдану ойға келмейді.
Құрама Штаттар мен басқа либералды демократиялар ком­
мунистік жүйедегі əлсіреуден кейін олар өмір сүріп жатқан
әлем бұрынғы геосаяси әлем болудан бірте-бірте қалып келе

жатқаны дерегіне және тарихи әлемнің ережелері мен тәсілдері
тарихтан кейінгі өмірге сәйкес келмейтіндігіне тура қараулары
керек. Соңғысы үшін басты мәселелер болып экономикалық
мәселелер саналады – мысалы, бәсекелестікке қабілеттілікті

және жаңашылдықты мадақтау, ішкі және сыртқы дефициттерді басқару, толық жұмыс бастылықты қолдау, маңызды экологиялық мәселелер бойынша бірігіп жұмыс жасау және т.б. Басқа сөздемен айтқанда, либералды либералды демократтар төртжүз жыл бұрын басталған буржуазиялық төңкерістердің мұрагерлері екендігі де­ регімен келісуге тура келеді. Тарихтан кейінгі әлем – бұл жайлы өзінсақтау ұмтылысы мәртебе үшін майданда өмірді қиюды тілеуді жеңді және онда үстемдік үшін күрес жалпы және рационалды та­ нылымды ауыстырды. Қазіргі адамдар тарихтан кейінгі әлемге жеткені жөнінде ба­ рынша таласа алады, яғни халықаралық өмірде жаңа империялар, диктаторлар, танылымға жетеміз деп жүрген қанағаттанбаған ұлтшылдар, немесе даланың құйындары сияқты өз жолындағының бәрін жайпап өтетін жаңа діндер пайда болмай ма? Бірақ белгілі бір уақытта олар да төмендегі мәселе жөніндеойлануға тиіс болады: жиырмасыншы ғасырдың құтырған дауылдарынан қорған болған іспетті сеніммен және шындықпен қызмет еткен үй, олардың өздері үшін салған тарихтан кейінгі үй – сол өздері ұзақ уақыт бойы өмір сүргісі келетін үйдің өзі ме? Өйткені практика жүзінде дамыған елдердің әрбір тұрғыны үшін бүгін либералды демок­ ратия өзінің негізгі қарсыластары – фашизм мен коммунизмнің артығырақ екені айқын, бірақ ол өзінше алғанда таңдауға тұра ма? Немесе либералды демократия бір нәрсе бойынша бізді ір­ гелі түрде қанағаттандырмай қалдыра ма? Біздің либералдық тәртіптің дәл жүрегінде соңғы фашистік диктатор, жылтыр пол­ ковник және парткомның хатшысы жердің бетінен кеткеннен кейін қайшылықтар қала ма?

Түсініктемелер 1 Латын Америкасындағы соңғы он жылда болған революциялық диктатуралардың зандылығын қайта қарау жайлы Роберт Баррос­ тың еңбектерін қараңыз. 2 Шығыс Еуропадағы оқиғалар солшылдарды біршама састы­ рып тастады. Андре Гюндер Франктың еңбектерін қараңыз. 3 Он сегізінші ғасырдағы демократияға берілген анықтамаларға Шумпетердің түзетпелерін қабылдап, біз онымен келісе отырып демократияны көшбасшы болуға элоктраттың дауысы үшін кан­ дидаттар арасындағы еркін бәсекелестік дейміз. Жозеф Шумпетер мен С.Хантингтонның еңбектеріне қараңыз. 4Англия мен Құрама Штаттарды қосқанда көптеген демократия­ лық елдерде сайлау құқығының кеңеюі сатылы түрде болды; көптеген қазіргі демократиялар жаппай сайлау құқығына біршама кейін, яғни ХХ ғасырда жетті, дегенмен оларды оған дейін де де­ мократия деп атауға болатын еді. 5 1989 жылғы шығыс-еуропалық революциялардан кейін Таяу Шығыстың Египет және Иордания сияқты әртүрлі елдерінде де­ мократиялану үшін қозғалыстар басталды. Бірақ әлемнің бұл аймағында демократия жолындағы күшті кедергі болған ислам еді. 1990 жылғы алжирлік муниципалды сайлаулар көрсеткендей неме­ се он жыл бұрынғы ирандық оқиғалар байқатқандай демократияның үлкен деңгейі ырықтылық əкеле қоймайды, өйткені халықтық те­ ократия іспетті нәрсені орнатуыды қалайтын билікке исламдық дәстүршілдерді алып келеді. 6 Ирак исламдық ел болсада Саддам Хусейннің БААС партиясы ашықтан-ашық арабтың зайырлы ұлттық ұйымы. Кувейтке басып кіргеннен кейінгі Хусейннің өзіне ислам мантиясын киіп көруге әрекеттенуі бұрынғы Иранмен соғыс кезіндегі өзін ислам фанати­ ктерінен секулярлық құндылықтарды қорғаушы ретінде көрсетуі аясында екіжүзділік болып табылады. 7Әрине, ол либералды демократияға террористердің бомбала­ рымен және оқтарымен қоқан-лоққы жасауы мүмкін – бірақ ол бәрін құрта алмайтын қоқан-лоққы болады. 8Менің “Тарихтың ақыры?” деп аталатын мақаламда айтылған либералды демократияға өмірге қабілетті балама жоқ деген тұжырымым адамдардан исламдық фундаментализмге, ұлтшылдыққа, фашизмге және басқа да көптеген мүмкіндіктерді көрсеткен көптеген ашу-ызаға толы пікірлер туындатты. Бірақ осы сыншылардың ешқайсысы бұл баламалар либералды де­

мократиядан жоғары деп есептемейді және мақалаға айтылған
қарсылықтардың барлығында демократиядан артық деп есептел­
ген әлеуметтік ұйымның баламалы пішімін ешкім ұсынған жоқ
екендігі маған белгілі.

9 Бұл кесте кейбір өзгерістерімен Михаил Доилдің жұмысында
келтірілген кестеге негізделген. Елді либералды демократиялық
деп есептеуге болады деген Доилдің шарттарына нарықты эконо­
миканы, өкілеттік үкіметті, сыртқы саясаттық егемендікті және

заңдық құқықтар енеді. Миллионнан тұрғындары кем елдер кір­
мейді. Бұл мемлекеттердің көбісінің либералды демократиялар
тізіміне енуі ретті болуы болмауы мүмкін. Мәселен, Болгария,
Колумбия, Эль-Сальвадор, Никарагуа, Мексика, Перу, Филип­

пин, Сингапур, Шри-Ланка және Түркия немесе соңғы сайлаудың
адалдығына күмәнданғаннан кейін, немесе мемлекеттің жекелеген
адамдардың құқығын қорғауға қабілеті болмағандықтан Фреден
Хоуз зерттеу корпорациясының мәліметі бойынша тек “жартылай

еркін” деп аталды. Артқа қарай жүру де болды: 1990 жылдан Тай­
ланд демократия болудан қалды. Басқа жағынан алғанда, тізімге
кірмеген көптеген елдер 1991 жылдан демократияға айналды не­
месе жақынғы болашақта еркін сайлауларды өткізуді шешті.

10 Афиналық демократия сөз бостандығы құқығын пайдалан­
ғаны және жастарды бұзғаны үшін өзінің ең атақты азаматы Сок­
ратты жазалау мүмкіндігін алған болатын.
11 Маркс К. И Энгельс Соч. 2-е изд. М., 1960, Т.23.С.35.

12 Төртінші бөлімде біз қайтып оралатын азиаттық нарықтық
бағдардағы авторитарлы мемлекттер мен исламдық фундамента­
лизм екі ерекшелікті білдіреді.
13 Тарихи көзқарас бойынша жоққа шығарудың бір пішіміның

екіншісінен үстемдігі бар деп айтуға болмайды. Әсіресе, өзінің
экономикалық бәсекелестікке қабілеттілігі арқасында тіршілік
етіп жатқан мемлекетті өзінің әскери күшінің арқасында өмір сүріп
жатқан мемлекеттен “легитимдірек” деп айтуға негіз болмайды.

14 Бұл Кожев жасаған әлемдік тарихты сұхбатпен салыстыру
Straass – та (1963) келтіріледі.
15 Бір кезде матриархалдық қоғамдар Жерорта теңізінде
өмір сүрген деп тұжырымдалады, бірақ белгілі тарихи кезеңде

патриархалдық қоғамдармен жайпалып өткен.
16 Бұндай тұрғының да өзіндік кемшіліктері бар. Біріншіден,
адамның транс-тарих түсінігі қайдан туындайды сұрақ келеді. Егер
біз діни ашылуды басшылыққа алмайтын болсақ, онда стандарт

жекелеген философиялық бейнелеудің кейбір пішіміна негізделуі

тиіс. Сократ осыны басқаларға қарап және олармен сұхбатке келіп
жасаған. Біз – Сократтан кейін өмір сүрушілер адам табиғатының
мүмкіндіктерін тереңірек түсінген өткен уақыттардың ұлы ой­
шылдарымен осындай сұхбаттарға түсе аламыз. Немесе адам іс-

қимылының шынайы бастауларын, Руссоның және сансыз көп
жазушылар мен суретшілердің әрекеттерін түсіну үшін өзіміздің
жанымызға тереңірек үңілуімізге болады. Қазір математика сала­
сында және жаратылыстану ғылымдарында жекелеген ойтолғаулар

ақиқаттың табиғаты туралы Декарттың “анық және айқын идеяла­
ры” пішімінда субъектаралық келісімдер бере алады. Базарға ба­
рып күрделі теңдеулердің шешімін іздеу ешкімнің басны келмейді,
математикке баруға болады және оның дұрыс шешімін басқа мате­

матиктер қолдар еді. Бірақ гуманитарлық салада “анық және айқын
идеялар” жоқ және адамның табиғаты жөнінде немесе әділеттілік
жөнінде, немесе адами қанағаттану жөнінде, немесе содан туын­
дайтын жақсы режим жөнінде ортақ келісім де жоқ. Тұлғалар

өздерінде бұл мәселелер жөнінде “анық және айқын идеялар”
бар деп есептеуі мүмкін, бірақ маньяктар мен жындылар да со­
лай әрекеттенеді, сондықтан олардың арасындағы шекара барлық
уақытта анық емес болып келеді. Кейбір философ өзінің ізбасарла­

рын өзінің идеяларының анықтығына сендіре алса, онда ол өзінің
философ ретінде ақылсыз емес екендігін кепілдендіре алады, бірақ
ол осы топты кейбір аристократиялық теріс түсініктерден қорғай
алмайды.

17 1948 жылдың 22 тамызындағы Кожевке хатында Лео Штраусс
тіптен Кожевтің гегельдік жүйесінде табиғат философиясы әзірге
“ауыстырылмайды” дейді. Ол төмендегідей сұрақ қояды: “Тари­
хи процестің бірегейлігі... қалай түсіндірілуі мүмкін? Ол бірегей

болуға міндетті, тек егер шексіз уақыттың шекті бойында бір ғана
“жер” болатын болса...Сонымен қатар, неге бір ғана, уақытша,
шекті жер тарихи процестің толық және кейбір қайталануымен
катаклизмдерге ұшырап тұруға тиісті (әрбір 100000000 жыл сай­

ын). Бұл жерде тек адам табиғатының телеологиялық концепциясы
көмектесе алады”.
18 Кант Табиғатты өзіндік дербес еркі бар, адамдарға қатынасты
сырттайғы әрекеттенуші бастама деп баяндайды; бірақ біз бұны

барлық адамдарда мүмкін болатын адам табиғаты қырының мета­
форасы деп түсінуімізге болады, бірақ ол олардың қоғамдық және
тарихи өзараәрекеттесуінің барысында жүзеге асады.
19 Бұл тұжырымды әртүрлі етіп айтып жүреді, мысалы:

“Әлемдегі Құдайдың қадамы – міне мемлекет дегеніміз осы” неме­
се “Әлемдегі Құдайдың жолы – міне мемлекет қандай болу керек”.
“Құқық философиясының” қосымшасынан.

20 Бұны Эрнест Геллнердің ұлтшылдыққа берген анықтамасымен
салыстырып көріңіз: “Ұлтшылдық сезім ретінде немесе қозғалыс
ретінде бұл принциптің терминінде анықталуы мүмкін [саяси және
ұлттық бірлік сәйкес келуге тиісті]. Ұлтшылдық сезім – бұл осы

принциптің бұзылуынан туындайтын ашу-ыза түйсігі, немесе оның
орындалуынан қанағаттану сезімі. Ұлтшылдық қозғалыс – бұл
осындай сезімдерден пайда болған қозғалыс”.
21 Бұл тұжырым да Геллнерге тиесілі. (1983) 7 бет.

22Бұл айырмашылық көбінесе Солтүстік пен Оңтүстік
арасындағы ескі айырмашылыққа сәйкес келеді немесе дамыған
және дамушы әлемдегі айырмашылыққа сәйкес келеді. Деген­
мен бұл сәйкестік толық емес, себебі Коста-Рика немесе Үндістан

сияқты дамушы елдер іс жүзіндегі либералды демократиялар, ал
нацистік Германия сияқты кейбір дамыған елдер тирандар болды.
23 Кеңестік блокқа “қырғи-қабақ”соғыс бойы үнемі хабар­
ларын беріп тұрған “Еркін Еуропа”, “Еркіндік”, “Америка да­

уысы” сияқты радиостанциялар идеологиялық күрестің басты
құралдарының бірі болды. “Қырғи-қабақ” соғысты тек танкілер
дивизиясы мен ядролық қару арқылы жүргізілуі тиіс дегенді ре­
алистер жоққа шығарды, бірақ АҚШ демеушілік жасайтын бұл

станциялар Шығыс Еуропадағы және Кеңес Одағындағы демокра­
тия идеясының жоғалып кетпеуіне маңызды рөл атқарды.
24 И.Канттың “Жалпы тарихтың идеясының” Жетінші тезисінен.
Соч. В 6 томах. Т.6. М., 1966. С.17. Канттың пайымдауынша, әзірге

халықаралық қатынастар мәселесі шешілмей адамзаттың моралдік
жетілуі жүзеге аса алмайды, өйткені бұл “өзінің азаматтарының
тәрбиесі үшін әрбір қоғамның ұзақ ішкі жетілуін” талап етеді.
(сол жерде, 18-бет).

25 Канттың өзі мәңгі әлемді жүзеге асылатын жоба еместігі ту­
ралы көзқарасы жайлы.
26 Кант республикалық конституцияны төмендігілерге байланыс­
ты орныққан деп анықтайды: “біріншіден, қоғамның мүшелерінің

еркіндік принципінің; екіншіден, барлығының біртұтас жалпы
заңдылыққа тәуелділігі принципінің; үшіншіден, олардың азамат
ретіндегі теңдігі заңының негізінде”. Канттың “Мәңгі әлемінен”.
И.Кант. Соч. В 6 томах. М., 1966. С.257-310.

27 Сол жерде, С.271.
28 Әрине, ГАТТ оның мүшесі болатын елдер демократиялар
болуын талап етпейді, бірақ олардың экономикалық саясатына
либерализмнің қатаң өлшемдері бар.

Фукуяма Ф. Конец истории и последний человек.
М.: Ермак, 2004. С. 80-96, 211-224, 306-318, 416-428, 515- -580.

ІІІ. АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРЫ Збигнев Бжезинский ТАҢДАУ 5. Гегемониялық демократияның диллемалары Америка бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы, әрі демократиялық мем­ лекет болып саналады. Мұндай ерекше үйлесімділік “Америкалық бұқаралық демократияның экспорты оның квази-империялық жа­ уапкершілігімен қалай үйлесімділік табады”? және сонымен қатар “Бейөрістік қарама-қарсылық кезеңінде орын алған жағдайлардан да қазіргі уақытта одан сайын күрделіленіп, түбегейлі өзгерістерге ұшырап отырған әлемге американдық демократиялық жүйе үлгі бола ала ма?” немесе “демократиялық риторикамен қаншама бүркемеленгенімен де американдық ішкі демократия гегемонмемлекеттің рөлімен өзара үйлесімділік таба алар ма екен?” деген сияқты сұрақтардың туындауына әкеліп соғып отыр. Гегемондық өз кезегінде демократияны қорғай да, дамыта да алады. Алайда, ол сонымен қатар оған қауіп-қатер де төндіре ала­ ды. Американдық күш кезінде Кеңес Одағын жеңіліске ұшыратуда шешуші рөл атқарды және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін сақтау тұрғысынан алып қарастырғанда да, одан қалды бүгінгі таңда да дүние жүзіндегі тұрақтылықты сақтап қолдауда да шешуші факторға айналып отыр. Гегемондық мемлекет демократияны шет елдерге таратуға дәнекер де бола алады, дегенмен де мұндай мақсат басқа елдердің құқықтары мен ұлттық мүдделерін барын­ ша сыйлап, екі жүзді демократиялық ұрандарды демагогиялық тұрғыдан қолданушылықтан бас тартқанда ғана ойдағыдай жүзеге асатындығын ескере білу қажет. Бірақ та, гегемониялық қалыптасқан жаңа жағдайларға байланысты туындаған өзінің мін­ деттерінде ұлттық қауіпсіздіктің орынды талаптарын қоғамдағы абыржушылық көңіл-күй салдарынан туындаған фантасмагори­ ялардан бөліп тұратын шекарадан асып түскен уақытта өз елінде де демократияға қауіп төндіре бастайтындығы белгілі жәйт болар. Түптеп келгенде америкалық демократия мен америкалық гегемондықты (жетекшілікті – ред.) өзара тиімді үйлестіре біл­ генде ғана адамзат баласын қалжырататын ғаламдық күреске бой алдырмауға толық мүмкіндік туады. Американдық демократияның

американдық әлемдік үстемдіктің басты бөлшегі болып табылат­ ындығын мойындау фактісі сан-алуан мәнді сұрақтардың туында­ уына әкеліп соғып отыр. Атап айтқанда: “Америкалық бұқаралық (сауықтық) мәдениеттің дүние жүзілік қызығушылық тудыруының саяси мәні не де”?, “АҚШ-тағы түбегейлі өзгерістер процесінің төменгі мәдени қоғамдарға қандай әсері бар?”. “Америкалық сыртқы жетекшілікті жүзеге асыру әрекеттерінің америкалық ішкі демократияға тигізетін қаупі бар ма?”. Америка және ғаламдық мәдени қызығушылық “Мәдени революция” термині жан түршігерлік саяси қылмыс тудырған адамзат баласының басынан кешірген қайғықасіреттерімен, дәлірек айтқанда Мао Цзедунның ойынша, құлдыруға бет алған коммунистік революцияның өмірлік күшқуатын жандандыру мақсатында оның коммунистік Қытайдың са­ яси құрылымын өзгертуге бағытталған қатыгездік қадамдарының аясында жүзеге асырылды. Қытай жастарын дүрліктіріп және оларды қоғамның басқарушы элитасы мен олардың өмір салты­ на ғана емес, сонымен қатар Қытай елінің тарихи және мәдени дәстүрлеріне де қарсы қойған қартайған Қытайдың бұл ел биле­ ушісі перманенттік революцияның өртін тұтатуды мақсат еткен болатын. Американың дүние жүзіне ықпалы сырттай қарағанда жоғарыда атап өтілген “мәдени революция” феноменімен ұқсас сияқты бо­ лып көрінгенімен де оның өзіндік ерекшеліктері бар екендігін атап өту керек. Өйткені, ол үлкен қызығушылық тудырады және оның зорлық-зомбылықпен ешбір байланысы жоқ, ал ұзақ уақытты қамтитын мүдделер тұрғысынан алып қарастырғанда Американың ықпалы әлемде тұрақты сипат алып келеді. Міне, сондықтан да болар оның жаңғыртушылық потенциалы да мол болып келеді. Америка елі шалқар шабыт берген ғаламдық мәдени револю­ ция саяси мақсаттарды көздемейді және демагогияға да негіз­ делмейді. Алайда ол әлеуметтік моральды (өнегелілікті), мәдени құндылықтарды, адамның жеке талғамын, оның сексуалдық ісәрекеттерін және дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің материалдық сұраныстарын айтарлықтай өзгерістерге ұшырата алады. Жас ұрпақтың, әсіресе қала жастарынының талап-тіле­ гі, көңіл көтеру тәсілдері мен өмірлік дағдылары бүгінгі заман­ да барған сайын өзінің жүйелігімен ерекшеленіп отыр. 10 мен

34 жас аралығындағы 2,7 миллиард жастарға тән материалдық мүмкіндіктер әр елде әрқилы болып келеді, өйткені, бұл жағдай сол мемлекеттердегі халықтың тұрмыс-тіршілігінің әркелкілігін білдіреді. Бірақ, жинақы сәнді дискаларға, американдық фильмдер мен телевизиялық серияларға, рок-музыканың жан-дүниеңді тер­ бетер тартымдылығына, джинстердің кеңінен таралуына, одан қалды америкалық бұқаралық мәдениеттің жергілікті дәстүрлерге тигізетін ықпалына келгенде әлем халықтарының талғамдарының тамаша үндестік таба білуі біздерді таң қалдырмай қоймайды. Нәтижесінде жергілікті ұлттық ерекшеліктер универсальды мәдени құндылықтармен араласып кетеді, ал мұндай мәдени процесте­ гі Американың алатын рөлінің айрықша болып отырғандығын мойындамасқа болмайды. Америкалық бұқаралық мәдениеттің соншалықты тартымды болып келуінің сыры – әрбір адамның өз мүмкіндіктерін толық пайдалануымен және оның жеке басының қалыптасуының шек­ сіз мүмкіндіктерімен өзара үндестік таба білетін әлеуметтік эга­ литаризмге ерекше мән беріп отыратын американдық демократи­ яда жатыр десек қателеспеген болар едік. Жеке байлыққа деген ұмтылыс – американдық өмір-салтының ең күшті импульсі және американдық мифтің негізі болып табылады. Алайда, онымен қатар индивидиумды (жеке адамды) қоғамның ең басты өлшемі ретінде қарастыратын және оның жеке шығармашылығы мен тиімді бәсекелестігін барынша қолдайтын нақты эгалитарлық этика да қалыптасады. Ол қоғамның әрбір мүшесінің өзіндік та­ быстар мен жетістіктерге жетуіне (бұл жайында, өкінішке орай, көп жағдайларда айтыла қоймайды) немесе жеңіліске ұшырауына да бірдей мүмкіндіктер туғызады. Әдетте, сәтсіздіктерге ұшырағандардың саны жетістіктерге жеткендердің санынан әлдеқайда асып түседі, алайда әлемдегі миллиондаған адамдардың Америкаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында көп жағдайларда соңғыларын кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп отырады. Дәл осындай өзіне тартып алар ерен күштің әсерімен дамыған Америка мәдени қызығушылықтың “жоспардан тыс” және саяси тұрғыдан ырыққа бағынбайтын құралына айналып отыр және ол адамзат баласының басым бөлігінің рухани өмірін де, тұрмыстіршіліктерін де айтарлықьай өзгерістерге ұшырату үстінде. Шындығына келгенде, бірде бір континент, бір де бір мемлекет (мүмкін, Солтүстік Кореяны қоспағанда) дәл осы өмір салтының

сан-салалы және қуатты әсерінен тыс қалмайтын да сияқты болып
көрінеді.
Тіпті, кеңестік жүйе әлі де болса сталинизмнің қыспағынан
арыла алмай, ал “қырғи-қабақ соғыстың” шегіне жете соншалықты

күшейген кезінде де шетелдіктер кеңес жастарын “зиянды” және
“іріткі салғыш” батыстық ықпалдың (әсіресе, американдық)
әсерінен “темір шымылдықпен” де қорғай алуға болмайтындығына
көздері анық жеткен болатын. Кеңестік Мемлекеттік Қауіпсіздік

Комитетіне комсомолдарды джинси киюден бас тарттыру мен
джаздық музыкаға деген құштарлықтарын басып тастап, олардың
шетелдіктерден
америкалықтардың

соңғы
уақытта
немен
әуестендіктері жайында қойған сан-алуан сұрақтарына тосқауыл

қойғаннан гөрі, шетелдік зиянды ықпалдан кеңес зиялыларын
қорғау әлдеқайда оңайлыққа түсетін. Ал Кеңестердің дәл осындай
қатал бақылауы әлсірей бастаған кезде тиым салынған шетелдік
үлгілерге еліктеу жаппай құбылысқа айнала бастады.

Бүгінгі таңдағы ғаламдық қарым-қатынастардың кең өріс
алуы мен тиянақты идеологиялық альтернативаның жоқтығы
жағдайында идеологиялық тұрғыдан қатаң бақылау жасау
әрекеттері барған сайын қиындай түсуде. Олай болса, қазіргі за­

манда бұқаралық мәдениетке халқының басым көпшілігі ауылдық
жерлерде тұратын және дәстүрлі ұлттық мәдениетінің тамыры
тереңге жайылған елдер ғана қарсы тұра алады. Менің ойым­
ша, жаңа мәдени еліктеушілкке қарама-қарсы қояр бірден-бір ең

тиімді әдіс, ол – белгілі бір халықтың тарихи даму жағынан өте
артта қалғандығы және өзіндік оқшаулану құбылысы ғана болып
табылады. Ал қалған жағдайларда өздерінің жоғары мәдениеті мен
ұлттық дәстүрлерін ерекше мақтан тұтатын алдыңғы қатарлы Фран­

ция1 немесе Жапония сияқты мемлекеттердің өздері де жастарын
өзіне баурап алатын жаңа құштарлықтар аймағынан және толып
жатқан “сәндік” дүниелерден, тіпті оларда “АҚШ-та жасалған”
деген белгілер болған күннің өзінде де оларды бас тартыра алмай­

ды. Мұндай қызығушылық әрі алыс, әрі жақын да болып көрінетін
Америка елімен байланысты виртуальдық шындықтың ажырамас
бөлшегіне айналып отыр.
Туындаған дәл осындай жағдайды белгілі бір саяси мақсаттың

нәтижесі деп қарастыруға әсте болмайды. Бұл – ашық та, іскер және
жоғары бәсекелестікке негізделген американдық демократиялық
жүйенің динамикалық жемісі болып табылады. Аталмыш жүйеде
кез келген саладағы жетістіктің басты өлшемі – жаңашылдық екен­

дігі даусыз, ал бұл салаға, түптеп келгенде, бұқаралық мәдениетті
қалыптастыратын толып жатқан қызмет көрсету салаларын да
жатқызуға болады. Нәтижесінде АҚШ кино, музыка, интернет,
тіл, жоғары білім беру мен менеджмент сияқты толып жатқан сала­

ларда өз үстемдігін ойдағыдай жүргізіп отыр. Қысқаша айтқанда,
бұлардың барлығы да ғалымдар американ гегемониясының
“жұмсақ үкіметі” деп атайтын жүйенің құзырыдағы дүниелер бо­
лып табылады.

Америкалық мәдени артықшылықтың бұрын соңды болып
көрмеген тарихи қарышты қадамына теңесу бүгінгі таңда мүмкін
болмай отыр. Тіпті, оған жуыр маңда бәсекелес болар қарсылас
мемлекеттер де көрінбейді. Керісінше, адамзат баласының

қарым-қатынастары өзіндік сипат алып, әлемнің жаһандану про­
цесі күшейген сайын америкалық мәдени басымдық одан сайын
өз өрісін кеңейте түсуде. Сонымен қатар бүгінгі таңда өте артта
қалған аймақтардың аумақтары да барған сайын азая түсуде. Бұл

жағдай Шанхай сияқты, Логосқа да тән десек дұрыс болған болар
еді.
Шындығына келгенде, америкалық бұқаралық мәдениеттің
ғаламдық ықпалы негізінен кинофильмдер мен теледидарлық

сериалдар арқылы жүзеге асырылып отыр. ХХ ғасырда ойын-
сауықтардың (сонымен қатар мәдени ықпалдың) ең басты көзі
болып саналатын Голливуд өнеркәсіптің ғаламдық символына ай­
налып қана қойған жоқ; америкалық өндірістің жасап шығарған

фильмдері шетелдерге өтімді болғандықтан да болар, олар орасан
зор пайданың да бірден-бір көзіне айналып отыр. Америкалық
фильмдер дүние жүзілік киноматографияның жинаған өнімінің
80 пайызын береді. Тіпті, Францияның өзінде ғана америкалық

фильмдер прокаттың (сыртқа шығарудың) 30-40 пайызын құрайды
және осы саладағы түскен түсімнің 60 пайызын береді. Қытайда
голливудтық фильмдердің шектелген санының импортының
өзі ғана азғантай уақыттың ішінде көп пайда табуға себепкер

болғандықтан, Қытай үкіметі өздерінің үгіт-насихат жүргізуге
бағытталған фильмдерінен бас тартуға мәжбүр болды. Дәл осы
сияқты жағдайды америкалық телевизиялық сериалдар жайында да
айтуға болады, ал олардың көпшілігі (“Даллас” пен “Пляж”) әлем

жұртшылығының басым бөлігінің американдық өмір-салтынын
жан-жақты хабардар етуде айрықша рөл атқарып отырғандығын
ерекше атап өтуге болады.

Бүгінгі таңдағы жаңа бағыттағы кеңінен таралған музыка жан­
рлары жастардың өздерін таныта білулері мен ой-саналарының
қалыптасуына дәнекер боларлық дәрежеге жетуімен қатар қызықты
да, думанды орталықтардың ұйытқысына айналып отыр. Мұндай

музыканың басым бөлігінің АҚШ-тан шығатындығы белгілі.
2003 жылдың қаңтарындағы музыкалық индустрияның жүргізген
апталық рейтингтер ақпараттарының берген мәліметтеріне
сүйенетін болсақ, тіпті Үндістанның өзінде де көпшілік ара­

сында кеңінен таралған 20 дискінің 9-ы американдық болып
шыққан көрінеді. Қалыптасқан дәл осындай жағдайды, дәлірек
айтқанда бұдан да жоғары көрсеткіштерді әлемнің басқа елдері­
нен де байқауға болады. Осы ойымызды одан әрі толықтыратын

болсақ, бүкіл әлемдік кеңістікті қамтитын 33 каналды MTV-
ның телевизиялық бағдарламары VH1 (аға буын өкілдеріне
арналған) және балаларға арналған “Nіkelodeon” бағдарламалары
дүние жүзінің 164 елінің 1 миллиардтқа жуык көрермендерін

өз экрандарының алдына жинайды екен. Кино мен теледидар
салаларындағы сияқты жаңа музыканың кеңінен тарауы сахна
жұлдыздарына деген сүйіспеншілікпен және оларды дәріптеумен,
жастардың олардың өміріне деген үлкен қызығушылықтарымен

тығыз байланысты болып отыр. Ал олардың шығармашылығы мен
өмір жолдарын таң қаларлық өмірлік уақиғаларға айналдыра білу
белгілі журналистердің сүйікті кәсібіне айналуда.
Өз кезегінде интернет те Американың әлемдік кеңістікпен

қарым-қатынастарының
жан-жақты
дамуына
айтарлықтай

өзіндік үлес қосып отыр. Дүние жүзіндегі “әлемдік хабарлардың”
барлық сайттарының шамамен 70 пайызы тек қана Америка­
да орналасқандығын, ал ағылшын тілінің Интернеттегі іскер­
лік қана емес, сонымен қатар ойын-сауық бағытында да (барлық

коммерциялық сайттардың 96 пайызы ағылшын тілінде) үстемдік
етіп отырғандығын ескерсек, күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік
аудиторияның Американың ықпалында болып отырғандығын
дәлелдеп жатудың қажеттігі бола да қоймас. Өзінің табиғаты

жағынан мәдени “бейтараптық” сипатта болып келетін Интер­
нет тура, жылдам және қиындықсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді, коммерциялық процестерді барынша жылдамдатады, толас­
сыз түсіп жатқан хабарлар ағымына жасалатын саяси бақылауды

қиындатады және тұтастай алғанда ғаламдық ақпараттық ортаны
қалыптастырады.

Американың мәдени ықпалы, тіпті адамдардың тамақтану саласына да айтарлықтай ықпалын тигізіп отырғандығы жасы­ рын емес, ал бұл арада басты назар тамақты дайындаудың сапа­ сына аударылып отыр. Тамақтың адам организміне сіңімділігінің экономикалық жағынан негізделуі мен оның көркемделуінің эстетикалық жағынан көңілге қонымды болып келуі мен оның көпшілік игілігіне арналғандығы жайындағы түсінік Америкада ұйымдастырылған “фит – фуд” индустриясының негізгі қағидасына айналып отыр. Ол кейбір жергілікті кәсіпкерлердің тараптарынан туындаған назарлықтарына қарамастан дүние жүзіне кеңінен та­ ралуда. Өйткені, “Жылдам тамақтану” жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар әдемі орамалары бар тамақ өнімдері қашан да болмасын тұтынушылар қауымының назарын өзіне бірден тартып алады, оған қоса дәл осындай тамақ өнімдері бағасының басқалармен салыстырғанда біршама арзан болып ке­ луі де тұтынушылардың басым көпшілігін құрайтын қала халқы мен жастарды толық қанағаттандырады. Кеңінен алып қарастыратын болсақ, Америка бизнесінің ди­ намизмі мен жаңашылдығы қарқынды өсу үстіндегі әлемдік тұтынушылар қауымдастығына да өз ықпалын тигізбей қалмағандығын аңғарамыз. 2002 жылдың күзінде “Бизнес уйнк” журналының жүргізген әдеттегі халықаралық сауалнамасының барысында респонденттерден түрлі брэндтерді бір жүйеге кел­ тіруді өтінген көрінеді. Нәтижесінде әлемге танылған он брэндтің сегізі американдық болып шыққан. Ал осы әлемге танымал болған сегіз американдық брэндтің төртеуінің (бірінші орын алған “Кокакола” және “Макдональс, “Дисней”, “Мальборо”) күнделікті өмірге қажетті өнімдерді шығарумен айналысуы назар аударуға тұрарлықтай. Өз кезегінде дүние жүзіне соншалықты танымал болмаса да көптеген американдық брэндтер (“Майкрософт”, “АйБи-Эм”, “Дженерал электрик” және “Интел”) технологиялық ин­ новациялармен тығыз байланысты болған. Біз осы орайда әлемдік саясат бағытының да Американың ықпалымен түбегейлі өзгерістерге ұшырап отырғандығын мойын­ дауымыз керек. Бір жағынан алып қарастырғанда, америкалық са­ яси бағытқа еліктеушілік тоталитаризм жүйесін жеңгенннен кейін кең етек алды және бұл өзгерістер демократия бағыттарының жалпы нығайғандығын көрсетеді. Алайда, бұл жеңіс сонымен қатар жаппай америкалық маркетингтің, жаппай хабарлар тарату құралдарында жарнамалардың американдық технологиясын ше­

телдерде кеңінен насихаттаудың (агрессиялық тұрпаттағы саяси
ақылы жарнамалармен қатар) және саяси қайраткерлердің бет-
бейнелерін манипуляциялау жүйесінің жемісі болып табылады.
Саясаткерлердің арасында кішірейтілген аттарды қолданушылық

(Джеймстің орнына Джимми, Уильямнің орнына Билл) америкалық
бұқаралық мәдениеттің айқындалған ықпалының айғағы болып
табылады.
Дүние жүзілік мәдени қызығушылықтың өрісінің кеңеюіне

ағылшын
тілінің
халықаралық
қарым-қатынастардың

бас­
ты құралы ретінде кеңінен таралуы да айтарлықтай ықпалын
тигізіп отыр. Болашақ жас ұрпаққа білім берумен айналысушы­
лар ендігі жерде ағылшын тілін бар болғаны шетел тілі ретінде

қабылдап қана қоймай, оны арифметика сияқты базалық дағды
ретінде қарастырады. Ағылшын тілі халықаралық әуе қарым-
қатынастарында және жалпы саяхат атаулының барлық түрлерінде
де кеңінен қолданылады; сонымен қатар ол халықаралық салада

да (тек қана АҚШ-тың аймағында ғана орналасқан емес) ішкі ре­
сми тілге айналып отыр. Осы орайда, күнделікті қолданыстағы
ағылшын тілі, ашығын айтқанда нағыз ағылшын тілі болып санал­
майды, өйткені ол барған сайын америкалық нұсқаның белгілеріне

ие болуда. Ағылшын тілінің америкалық диалектісі дүние жүзінде
кеңінен таралуда, оның үстіне пуристердің пайымдауларынша,
таза америкалық сөздер мен сөйлемдер ұлттық тілдерге де ене бас­
тауы ұлттық тілдер шұбарлылығын күшейте түсетін көрінеді.

Атап өтілген осы жағдайларға байланысты әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етілген дүние жүзі жастарының басым көпшілігі
американдық университеттерде білім алуға үнемі талпыныс жасап
отырады. Ең таңдаулы американдық жоғары оқу орындарын әлемдік

акедемиялық Мекке десе де болады, ал мұндай оқу орындарының
берген дипломдары олардың иелеріне жоғары статус береді. Тіп­
ті орта буынды американ колледжін бітірушілердің алдынан да
тамаша кәсіби мүмкіндіктер туып отырады. АҚШ-қа білім алуға

келген шетелдік студенттердің көпшілігі бастапқы кезде өз еліне
қайтып баруды көздегенімен, кейіннен мұндағы кәсіби біліктіліктің
жарқын болашағы мен жоғары жалақыға қызуғушылық танытып,
Америкада қалып та қояды, ал бұл жағдайдың АҚШ үшін өте

тиімді екендігін дәлелдеп жатудың қажеттігі де бола қоймас.
АҚШ-та шетелдік студенттердің саны барған сайын қарқынды
түрде өсу үстінде. 1954/55 оқу жылы американ колледждерін­
дегі шетелдіктердің жалпы саны 34 232 (студенттердің жалпы

санының 1,4 пайызы)2, 1964/65 оқу жылы – 82 045 (1,5 пайызы);
1974/75 оқу жылы – 154 580 (1,5 пайызы); 1984/85 оқу жылы – 452
653 (3,3 пайызы) болса, ал 2001/02 оқу жылы бұл цифр 582 996

– ға (4,3 пайызға) өскен. АҚШ – та оқитын студенттердің басым

көпшілігі Үндістан мен Қытайдан, яғни 2001/02 оқу жылында бұл
елдердің әрқайсысынан шамамен 60 мыңдай студент білім алды.
Батыс Еуропа мен Жапонияның үлесіне шамамен алып есептеген­
де 130 мыңдай студент тиеді. Бұл көрсеткіштер Азия елдерінің,

Таяу Шығыстың, Африка мен Латын Америкасының болашақ
мамандарын дайындауда Американың басты білім орталығына
айналғандығының куәсі болып табылады.
Шетелдерде америкалық бұқаралық мәдениетпен дәл осын­

дай тоғысушылық кей жағдайда жеке сипатта болғанымен де,
көбінесе жаппай бағыт алып, шын мәнісінде де революциялық
әсерін тигізіп отырады. Ол әр адамның өзіндік мүмкіндіктеріне
айқара жол ашады, қалыптасқан салт-дәстүрлерді өзгерістерге

ұшыратады, сонымен қатар көп жағдайларда жүзеге аса қоймайтын
әлеуметтік шамданушылық пиғылды тудырады және қалыптасқан
кейбір қоғамдық тәртіптердің негіздерін шайқалтады. Ол сонымен
қатар мәдени айырмашылықтарды да бәсеңдете түседі, алайда бұл

жағдай әр елдің өз таңдауымен тығыз байланысты болып келеді,
өйткені бұқаралық мәдениет зорлықпен таңылмайды, ол елікте­
ушілік пен қызығушылықтан келіп туындайды. Дәл осы ізгілікті
мәдениеттің жаппай көпшілікке ұнауы осы ойымызыдың басты

айғағы болып табылады. Егер саяси тұрғыдан алып қарастырғанда
бұқаралық мәдениет қалыптасқан әлеуметтік құрылыстың ірге-
тасын шайқалтатын болса, онда бұл жағдай Америкадан келіп
жеткен құндылықтардың бұрыннан қалыптасқан жергілікті

құндылықтармен салыстырғандағы деңгейінің әлдеқайда жоғары
болып шыққандығының басты айғағы болып табылады. Әрине,
кейбір өнертанушылар бұқаралық мәдениетті қатал сынға алуы
әбден мүмкін, алайда олардың бұл мәселедегі көзқарастары

басқаларға берілмейді. Мәдени қызығушылықтың қайнар көзіне
айналған Американың мұндай мәдени қадамдарын саяси бұйрық
арқылы да тоқтата алмайсың.
Аңғарымпаз бір еуропалық бақылаушының “тарихтағы ең

алғашқы әлемдік өркениеттің “АҚШ-та жасалды” деген белгісі
болса болғаны, ал оның туындыларының әлемге кеңінен таралуы
үшін оған қару-жарақ күшінің ешбір қажеттігі де болмайды” де­
ген пікірі көңілге тым қонымды-ақ (Бұл арада дәл осы аңғарымпаз

еуропалық бақылаушы “бойымда қаруым бар, сондықтан да саяхатқа
шығуға дайынмын” деген ең алғашқы американдық авантюрист-
саяхатшыларының ұранын меңзеп отырған болу керек). Алайда,
дәл осы жерде “бұқаралық мәдениеттің қандай саяси салдарлары

болуы мүмкін”? деген орынды сұрақ келіп туындайды. Жоғарыда
атап өтілген сөздерді келтірген еуропалық бақылаушының бойын­
да бұл мәселеге қатысты күмәданушылық сарын аңғарылмайды.
Онда былай делінген: “Арбап қызықтырушылық зорлықпен

таңушылықтан да сорақы. Өйткені, ол адамның өзінің әлсіздігін
сезінуіне және дәл осы пиғылдағыларды мүлде жек көруіне алып
келеді”3. Бірақ та, бұл арада шындықтың бұдан да екімәнділік
қасиетке ие болып келетіндігін ашып айтуымыз қажет болар.

Дүние жүзінің Америкамен таныстығы америкалық мәдени
ықпалдың жан-жақты қарым-қатынастарымен және оның күш-
қуатының ғаламдық сипат алуымен айқындалады. Америкалық
мәдениеттің шетелдік қоғамдардың қызығушылығын тудырғандығы

сияқты, өз кезегінде американдық саясат та басқа елдердің сыртқы
саясаттарына айтарлықтай әсер етуде. Дүние жүзінің Америкамен
дәл осындай тығыз қарым-қатынастарда болуы және олардың бұл
тәжірибеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуы, шындап келген­

де, жоғарыда келтірілген факторларға тығыз байланысты болып
келеді.
Әлемдік
деңгейде

жүргізілген
қоғамдық
пікірлердің
қорытындылары4 АҚШ-тың саясатына деген көңіл толмау­

шылықтың
күшейе
түскендігіне
қарамастан,

бұқаралық
мәдениеттің қыр-сырларымен жан-жақты танысу американдық
өмір салтының басты аспектілерін (жақтарын) ұнатушылық
көңіл-күй тудырып отырғандығын көрсетіп отыр. Жалпы алғанда,

дәл осындай шаралар сауалнамамен қамтылған адамдардың өз
бастарының жағдайларының түрлі өзгерістерге ұшырауына байла­
нысты туындаған дәл сол кездегі пікірлерін айқындауға мүмкіндік
береді және сондықтан да болар олардың нәтижелері тұрақты

бола да бермейді, алайда кейбір типтік үлгілердің өз күшін сақтап
қалатындығын ескермеске тағы да болмайтын болар. Көпшілік ара­
сында жүргізілген бірнеше сауалнамалардың нәтижелері көптеген
елдердің тұрғындарының басым көпшілігі, тіпті Францияны, Қытай

мен Жапонияны қоса есептегенде (бұл арада Ресейді, Таяу Шығыс
пен Пәкістан, Үндістан мен Бангладешті қосып отырғанымыз жоқ)
американдық бұқаралық мәдениетке ықыласпен қарайтындығын
аңғартады. Сонымен қатар американдық “өмір-салтының” тара­

луын кейбір елдер жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайтындығын да жасырмауымыз керек (тіпті Ұлыбритания халқының елу пайы­ зы бұл мәдениетке сын көзбен қарайды). Ал Жапония мемлекеті болса американдық мәдениетке қарағанда Американың бүгінгі таңда жүргізіп отырған сыртқы саясатын жақтырмайтындығын жасырмайды да. Олар Американың палестиндіктердің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірулерімен қатар басқа елдердің де мүдделеріне немқұрайлылық танытып отырғандығын желеу ете отырып, американдық саясаттың израильдіктерге іш тартып отырғандығын баса айтады. Көптеген мемлекеттер халқының ба­ сым көпшілігі Америка Құрама Штаттары шын мәнісінде де бай елдер мен кедей елдердің арасындағы айырмашылықтарды одан сайын тереңдетіп отыр деп есептейді. Сонымен, америкалық мәдениеттің дүние жүзіне тигізіп отырған жан-жақты ықпалы саяси жағдайлармен қарама-қайшылықтарға келуде. Басқа елдерге қарағанда АҚШ-тан мәдениет саласында көп нәрсені күтушілік – америкалық мәдениеттің тартымдылығының басты нәтижесі болып табылады. Шындап келгенде, “ұлттық мүдделерге сай” әрекет ету халықаралық шаралардың өзіндік өлшемі болып саналады, алайда осыған қарамастан Америкаға қазіргі заманда өте жоғары талаптар қойылып отыр. Халықаралық деңгейде жүргізілген сауалнамалардың нақты нәтижелеріне жүгінетін болсақ, өз елдерінде қалыптасқан жағдайға көңілі тол­ майтындар Американы сынға алуға мүдделі болған және олар Америкадан көп үміт күтетіндігін білдіріп қана қоймай, АҚШты әлемнің барлық келеңсіз жағдайларына жауапты ел деп са­ найды. Дәл осындай көңіл-күйдің белең алуын өзіндік идеалдар­ мен мен діни принциптерге сүйенген кейбір американдық саяси қайраткерлердің масаттанған риторикасымен түсіндіруге болатын болар. Әлемдік жұртшылықтың пікірлеріне сүйенетін болсақ, қалыптасқан дәл осы жағдайдың Америкадан шын мәнісінде де жақсылық күтетін және мәселе нақты саясатқа қатысты болған кезде дәл осы үміттерін ақтамайтындарға көңілі толмайтындардың бойынан бейнебір екіжақтылық көңіл-күйдің орын алғандығын аңғарғандай боламыз. Демек, антиамериканизм (Америкаға қарсы) бағытынан көңілі толмаушылықтың кейбір белгілерін байқауға әбден болатын сияқты. Сонымен, Американы жақсы көрушілікпен қатар оны жеккөрушілік пиғыл да орын алып отырғандығы белгілі бо­ лып қалғандай. Дәл осындай көңіл-күйдің қалыптасуында

көре-алмаушылық сезімнің де белгілі бір дәрежеде орын алып
отырғандығы дәл осы арада аңғарылып-ақ тұрады, алайда мұны
жек көрушіліктің бірден-бір себебі деп санауға тағы да болмай­
тын болар. Мұндай жағдайдың орын алуы, біздің ойымызша,

Американың ғаламдық рөлінің әрбір елдің мүддесіне, әсіресе
өзінің тарихи дамуы барысында шамасынша Америкаға ұқсас
болуға тырысқан елдерге де тікелей қатынасы бар болар деген
ойға жетелейді. Американың ырқына берілген мұндай елдерді,

көп жағдайларда американдық бұқаралық мәдениеттің белсен­
ділері деп те санауға болады, алайда сонымен қатар тиісті шешім
қабылдайтындардың оларға соншалықты құлақ аспайтындықтары
және өздерін елемейтіндіктері жайындағы сезімнің дәл осы

елдердің көңіл-күйінен орын алғандығын ерекше атап өткен де жөн
болар. “Мүдделерсіз салық салу да болмайды” деген американдық
тарихи ұран “Мүдделерсіз америкаландыру да жүзеге аспайды”
атты өзіндік ғаламдық эквивалентке ие болып отыр.

Ғаламдық америкаландыру үдерісі оның өзіндік антитезисінің
пайда болуына да дәнекер болып отыр, алайда бұл құбылыс
бұқаралық сипатта емес, элитарлық феномен ретінде ғана көрініс
тауып отыр. Америкалық өмір-салтын жоққа шығарушылық

пиғыл негізінен мәдени үстемдік пен мәдени құндылықтарды
девальциялауға сын көзімен қарап, бұл үдерісті америкалық
бұқаралық мәдениеттің дүние жүзіне кеңінен таралуымен бай­
ланыстаратын зиялылар арасында кеңінен таралған. Алайда,

американдық бұқаралық мәдениетке тең келіп, көпшілік тарапынан
дәл осындай қызығушылық тудыратын мәдениеттің басқа түрінің
болмауы бұл элитаның мәдени контриденцификацияны іздестіру
жолына түсуіне немесе жергілікті ұлттық дәстүрлерге жүгінулеріне,

одан қалды жаһандандыру процесін жоққа шығарушылық жолына
түсулеріне итермелейтіндігі сөзсіз. Әсіресе, американдық саясат
жексұрындық сипат алған кезде, дәл осы мәдени контриденци­
фикацияны жақтаушылар саяси басшылықты өз қолдарына алуға

дайын тұрады.
Америкалық сыртқы саясат дилеммасының мән-мағынасы мы­
нада: АҚШ-та жүзеге асып жатқан мәдени өзгерістермен дәстүрлі
тұрақтылық өзара мәмлеге келе алмайтындай жағдай туындап

отырады. Бұл өзгерістер демократия эгалитаризмнің қуатты потен­
циалын туғызады, алайда бұл өзгерістердің индивидуальдық және
ұжымдық жетістіктерге бағытталуы оның табиғатының революци­
яшыл екендігін аңғартады. Жер шарының көптеген аймақтарында

американдық бұқаралық мәдениеттің кумулятивтік әсері АҚШ-
тың сыртқы саясаты тұрақтылыққа жетуге бағытталған күннің
өзінде де, саяси тұрақсыздыққа әкеліп соғуы мүмкін. Алайда, АҚШ
әруақыттта да бейбіт өзгерістерді қолдайтындығын осы орайда

ерекше атап өтуіміз қажет болар (демек, әлемдік тұрақтылықты
көздейді деген сөз), бірақ өкінішке орай мұндай өзгерістер дүние
жүзінің кейбір елдерінде орын алған келеңсіз жағдайлармен де
тығыз байланысты болып келеді. Оның жағымсыз салдарла­

ры АҚШ-тың маңызды стратегиялық мүдделеріне айтарлықтай
нұқсан келтіруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар дүние жүзінің Америкадан түңілушілігі ней­
тралитетке (бейтараптыққа) немесе неқұрайлылыққа жол беруге

болмайтындығын аңғартады. Барлығы да іштей көре алмаушылық
танытқанымен де, оған ашықтан-ашық жаугершілік пиғылдарын
білдіре алған тек қана қарсыластары болған Британ империясы­
нан айырмашылығымыз – Америка да дәл осындай көңіл-күйді

әлемдік элита тарапынан да, қалың көпшілік тарапынан да тікелей,
әрі жан-жақты өз басынан кешіріп отыр. Мұнымен барлық жерде
мақтан етуге де, тіпті ашынуға да жол беруге болатын болар, алай­
да мұндай сезімдердің күштілігі оның орын алу деңгейіне пропор­

циональды болып келеді.
Саяси тұрақсыздықтың туындауына жол берумен қатар бүкіл
әлемнің назарын өзіне аудара білген АҚШ-тың ғаламдық мәдени
ықпалы сыртқы саяси керуеннің айла-әдістер алаңының аумағын

тарылтады және АҚШ-тың ұлттық мүдделерін тар шеңберде
ұғынуға негізделген саясат жүргізудің мүмкіндіктерін одан әрі
шектей түседі. Америка өзі туындатқан мәдени иірімдердің бел
ортасында орналасып отыр және оның қауіпсіздігі буырқанған дәл

осы толқынды тыныштандыра білуіне де тікелей байланысты бо­
лып келеді. Америка дүние жүзіне кеңінен таралып келе жатқан
өзінің мәдени ықпалынан күн санап өсіп келе жатқан ғаламдық
мүдделердің ортақтығына ерекше мән берген уақытта ғана саяси

жетістіктерге қол жеткізе алады.
Мәдениеттердің сан-алуандығы және
стратегиялық бірлік
Қоғамның стратегиялық бірлігі кез келген демократиялық

мемлекеттің сыртқы саясатын тиімді жүргізе білуінің қажетті
шарты болып табылады. Диктатура сыртқы саясатты элитаның

мызғымас бірлігі мен жоғары эшелондағы мықты жеке басшылыққа арқа сүйегенде ғана ойдағыдай жүзеге асыра ала­ ды. Демократия, алайда, жоғарыдан төмен қарай бағытталған консенсусты қалыптастырып қана қоймай, электоратқа ұлттық мүдделер жайында жалпы, әрі принципиальды ұсыныстарды ұдайы беріп отыруы керек. Электораттың мұндай қабылдауы оның тұрақталған инстинктерін де (дағдыларын), одан қалды оның жал­ пы сүйіспеншілік пен жеккөрушілік көңіл-күйлерінің деңгейлерін айқындауға мүмкіндік береді. Америка жағдайында бұл жағдай ассимиляцияның болашағына бағытталған тамаша бір тәжірибе десек те болады. Дәл осы негізделген стратегиялық бірлік негізі­ нен ұзақ уақыт ұйқыда жатқандай болып көрінеді, алайда оның белсенділігін арттырып қана қоймай, тіпті белгілі бір тоқыраулар туындаған кезде оны ойдағыдай пайдалануға да болады. Бүкіл әлемді өзіне қызықтырған Американың қалыптасқан дәл осы стратегиялық бірлікті ғаламдық деңгейде сақтап тұра алатындығымен қатар, АҚШ азаматтарының өзіндік иденти­ фикациясы олардың этникалық тегімен тікелей байланысып, ал олардың нақты өздеріне тән идентификациясына жататын сыртқы саяси пробелемалардың салмағы арта түскен АҚШ-тың мультимәдени қоғамға айналуы жайында нақты пікір айтудың өзі де оңайлыққа соқпайтын сияқты. Дәл осындай жағдайда ұлттық мүдделерді айқындау және ғаламдық деңгейдегі билікті ойдағыдай жүзеге асырудың барған сайын қиындай түсетіндігі айдан анық нәрсе. Америка ол мемлекеттердің әрқайсысы үшін (нақты және виртуальды) альтернативтік үйге айналған сайын сыртқы саясатты ойдағыдай жүзеге асыру да қиындай түседі, өйткені оның бұл арада этникалық мүдделердің ықпалын басынан кешіруіне тура келеді. Ал бұл жағдай шын мәнісінде де жүзеге аса қалған күнде Амери­ ка дүние жүзіне әйгілі де, беделді ел болғанына қарамастан оның сыртқы саясаты ғаламдың деңгейдегі жалпы игілік мүдделерін тиянақты білдіре алмайтындай күй кешеді. Екі жүз жылды басынан өткізген америкалық ұлттық мәнділіктің трансформациясын белгілі бір траектория (жол) бойын­ ша айқындауға болатын болар, ал ол жол: бірліктен сол бірлікте­ гі сан-алуандыққа дейін және қайтадан сол бір сан-алуандыққа қайта оралу болып табылады. 1790 жылы Америкада өткізілген халық санағының мәліметтері бойынша, ақ нәсілділер жалпы халықтың 80 пайызын құраған көрінеді (Америка тұрғындарының қалған бөлігін африкалық құлдар мен “туземдік американдықтар”

құраған және олардың азаматтық құқықтары болмаған), ал ақ нәсілділердің сегменті 87 пайыз ағылшындық сакстерден және 13 пайыз немістерден тұрған. Сонымен, Америка тарихи және тілдік байланыстар арқылы әлеуметтік бірлікті сақтай білген ел санаты­ на қосылады және сонымен қатар тарихи даму барысында жарқын болашақтың тамаша мүмкіндіктерін жүзеге асыруға үміт артқан қарапайым ғана ұлттық мемлекет дәрежесіне жете білді. Тіпті, сол кездің өзінде де Америка басшылары “әрбір азамат өзінің америкалық екендігін мақтаныш ете алатындай дәрежеге же­ туімен қатар осы бір ұлтжандылық қасиеттің маңыздылығын жете түсіне отырып, ендігі жерде өздерінің жеке ұлт екендігін сезіне білулері керек” және сол сияқты “Егер біздер басқа бір мемлекеттің туы астында өмір сүретіндей болсақ, біздің арымыз тапталады не­ месе мүлде құрып та кетеді… Біз мемлекетіміздің ішкі істеріне қол сұғуға (жасырын немесе ашық түрде) тырысқан кез келген шетел­ дік мемлекеттің әрекетіне қырағылықпен қарауымыз керек”5 де­ ген қағидаларды өздерінің саяси қызметтерінде үнемі басшылыққа алып отырған. Ал, Джордж Вашингтонның осы айтылған пікірлерді өзінің ақтық сөзінде қолдануға тырысушылығы (ақыр аяғында бұл ойын ол орындай алмаған көрінеді) төмендегідей ойға жетелейді: ол кейбір ел басшыларының шетелдермен қарым-қатынастарды сақтап қалуға мүдделі болып қана қоймай, орын алған жағдайларға байланысты шетелдердің ықпалына түсе бастағандығын сол кездің өзінде аңғара білген болуы керек. Негізінен бір текті нәсілден құралған, нақтырақ айтқанда ақ англосаксондық протестанттардан тұратын жас Америка екі мұхит арқылы сыртқы қастандықтардан қорғаныш тауып, өз жерінің аумағын кеңейте де білді. Саяси және мәдени тұрғыдан алып қарастырғанда өзінің пара-парлық сезімі ерекше көрініс тапқан менменсінген элита әрқашанда да белсенділік таны­ тып отыратындығы тарихтан белгілі жәйт. Осы орайда сыртай қарағанда бірден аңғарыла қоймаса да, Американың ұлттың ішкі құрылымының түбегейлі өзгерістерге ұшырағандығын атап өтуіміз қажет болар. 1850 жылға қарай католиктер (негізінен Ирланди­ ядан) ең ірі католиктік қауым болып қалыптасты. Ғасырдың аяғына қарай оның қатарын итальяндық қоныс аударушылар толықтырса, ал келесі ғасырдың басында олардың қатарына көптеген поляк­ тар келіп қосылды. Сонымен қатар дәл осы уақытта немістердің, еврейлердің, Скандинавия елдері өкілдерінің және православиелік христиандардың көптеп келуі бұрынғы Американың этникалық

және діни тұтастығын өзгертіп жіберді де, нәтижесінде Амери­
ка өзінің байырғы ақ англосаксондық протестанизмінің белгілері
барынша сақталған трансеуропалық қорытпаға айналды. Сөйтіп,
“қорытпалық” теориясына сәйкес нағыз америкалық болу үшін

бәрінен бұрын атын өзгертіп, ақ англосаксондық протестанттардың
қатарына қосылу қажеттігі туындады.
Тек ХХ ғасырда ғана қалыптасқан бұл жағдай өзгерістерге
ұшырап, элитаның құрамы жаңа этникалық сипатқа ие болды

және бұрынғы табу келмеске кетті. 1928 жылғы АҚШ прези­
денттігі қызметіне католиктердің өкілін сайлауға байланысты
алғашқы қадамы орындалмай қалғанымен де, 1960 жылы бұл
шара ойдағыдай жүзеге асырылды. 1930 жылдардың өзінде-ақ

еврейлер президент кеңсесінің құрамына кіруге мүмкіндік алды,
бірақ та алғашқы кездерде олар өздерінің еврей екендіктерін біл­
діргісі келмеді6. Алайда, ХХ ғасырдың екінші жартысында Аме­
рика халқының әртектілігін шын мәнісіндегі әлеуметтік жағынан

мойындаушылықтың жарқын мысалы – 1960-жылдардың аяғында
ата-тегі неміс болып келген еврейдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі
президентінің кеңесшісі, ал одан кейін мемлекеттік хатшысы
болып тағайындалуы болып табылады. Одан кейін, яғни 1970

жылдардың ортасында ұлты поляк америкалық ұлттық қауіпсіздік
кеңесінің жаңа кеңесші қызметіне ұсынылды (ол Кеңес Одағында,
Харьков қаласында, поляк дипломатының отбасында туған).
Осыдан екі онжылдық өткеннен кейінгі афроамерикандықтарды

американдық қоғамдық-саяси өмірден аластатудың сорақылықпен
аяқталуы кезеңінен кейін, 1960 жылдардағы азаматтық құқықтар
саласындағы төңкерістердің нәтижесінде кеш болса да екі
афроамерикандықтың АҚШ прзидентінің ұлттық қауіпсіздік

жөніндегі кеңесшісі және мемлекеттік хатшы қызметтеріне
тағайындалуы айтарлықтай уақиғалар болды.
Тұтастық сипат алған жаңа американдық сан-алуандық өзінің
қалыптасуы жағынан әлі де болса трансеуропалық сипатта бо­

лып қала берді. Шамамен, Х1Х ғасырдың ортасынан бастап ХХ
ғасырдың ортасына дейін Америкаға қоныс аударушылардың
басым көпшілігі Еуропа елдерінен болды. Олардың салыс­
тырмалы үлесі баяу болса да қысқарып отырды: көрсетілген

кезеңнің басында олардың ара қатынасы 10-нан 9, ал шамамен
1950-жылы 4-тен 3 болды. Тұрақты түрде өз өрісін кеңейтіп келе
жатқан американдық мозаиканың жекелеген еуропалық ком­
поненттеріне екі дүниежүзілік соғыс әртүрлі әсер етті. Бірін­

ші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі империялық Германиямен
болған алауыздықтардың салдарынан неміс ұлтынан шыққан
америкалықтар саны күрт көбейе бастады және олар ашық түрде
англосакстер мен протестанттарға айналды. Сонымен қатар поляк­

тар және басқа да славян халықтары, әсіресе Вильсонның атақты
“он төрт тармағынан” кейін өз отандарының саяси тәуелсіздік
алуларына мүдделі екендіктерін ашық білдіре бастады. Ғкінші
дүниежүзілік соғыс дәуіріндегі кейбір мемлекеттермен арада орын

алған алауыздықтар (және соның салдарынан еврей мемлекетінің
құрылуы) американдық еврейлердің Израйльдің мүдделеріне де­
ген ынтасын арттыра түссе, ал итальяндық және жапондық им­
мигранттар керісінше өздерінің бұрынғы отандарымен қандай да

болмасын саяси байланыстарының жоқ екендігін көрсетіп қалуға
тырысып отырды.
Дегенмен де, ХХ ғасырдың ортасынан бастап американдық
тәжірибенің мән-мағынасы ретінде көрініс тапқан американдық

мозаика (өрнек) бұрынғы уақытта өзіне тән болып келген
еуропалық шеңбер аясынан біртіндеп шыға бастады. Ендігі жерде
жаңа американдық мозаика, ол – кішігірім мәдени этникалық қоспа
болып табылады және сонымен қатар өздерінің табандылығын

одан әрі шыңдай түскен оның жарқын өкілдері өзіндік жекешелік
қасиеттерімен танылып қана қоймай, бұрын болып көрмеген сан-
салалы ғаламдық палитраны да нақты көрсете білді. Азаматтық
құқықтар саласындағы төңкеріс афроамерикандықтарды нәсілдік

жағына кемсіту мен оларды төмен санаушылық пиғылдарға жол
бермеуге жол ашып берді және сонымен қатар иммиграция ендігі
жерде негізінен еуропалық құбылыс болудан қалды. 2000 жылы
жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша АҚШ-та тұратын әрбір

төрт шетелдік тұрғынның үшеуі Латын Америкасы мен Азиядан
шыққандығы белгілі болды және бұл айырмашылық барған сайын
арта түсуде, сөйтіп бүгінгі таңда Америка әлемнің микрокосмосы­
на айналу процесін бастан кешіру үстінде.

Америкада орын алған бұл өзгерістер “азшылық” деп атала­
тын тұрғындарының бұрын-соңды болып көрмеген жәй ғана сан-
алуандық белгілерін көрсетіп қана қоймайды, ол сонымен қатар
ұлттық дамудың белгілі бір кезеңінде “Белгілі бір нәсілдік және

этникалық азшылық Америкада үстемдікке ие бола алар ма екен”?
деген орынды сұрақты туындатары да сөзсіз. Қазіргі уақытта
Америка халқының саны 285 миллионға жетіп отыр, ал оның 37
миллионының ата-тегі латындық болып келсе, ал 37 миллионға

жуығы афроамерикандықтар, 11 миллионы Азиядан шыққандар,
2 миллионнан астамы американдық үндістер, гавайлықтар мен
Алясканың тұрғындары болып саналады. Сонымен, Америка
халқының басым көпшілігі болып келген еуропалық бөлігі барған

сайын азая түсуде де, ал оның есесіне иммиграция мен балалардың
тууы жағынан жоғары көрсеткіштерге жеткен латын американдық
және азиялықтардың саны қарқынды түрде өсу үстінде. Біздің
ойымызша, жуық арада Калифорнияның нәсілдік көпшілік орын

алмаған ең бірінші штатқа айналуы ғажап емес.
Саяси тұрғыдан алып қарастырғанда өзіндік ұлттық сананың
оянуы да маңызды орын алып отыр және соның нәтижесінде
этникалық топтардың саяси белсенділігі барған сайын артып, ен­

дігі жерде олар сыртқы саясаттың жекелеген нақты салаларына
ерекше ден қоюда. Ерекше саяси мүдделерді жақтаушы топтардың
пайда болуы демократиялық плюрализмнің нақты көріністерінің
бірі болып табылады, сонымен қатар бизнес те, кәсіподақтар мен

басқа да толып жатқан кәсіби топтар да дәл осындай қоғамдық
жетістерге жету үстінде. Сыртқа саясатқа әсер ететін басты фактор
ретіндегі этникалық приоритеттерінің рөлінің одан әрі арта түсуі,
егер де американдық сананың өрісін тарылтып және американдық

жаңа мультимәдени мозаикасының негізінде туындаған саясат­
тандыру процесінің өзгеруіне әкеліп соғатындай болса, онда орын
алған дәл осындай жағдайлар белгілі бір кезеңде сыртқы саясаттың
жүзеге асуына қиындықтарды да туындатары сөзсіз.

Соңғы жүз жылдықтарда этникалық топтар өздерін түрлі
тәсілдер арқылы таныту үстінде. Көп жағдайларда олар тұтастай
ел көлеміндегі өздерінің электоратының мүмкіндіктерін (мы­
салы, орталық еуропалықтар негізінен Солтүстік–Шығыс және

Орталық Батыста тұрады) немесе кейбір маңызды аудандарда
өз жерлестерінің көп шоғырлануын (еврейлер – Нью-Йоркта, ал
кубалықтар – Флоридада) өз мақсаттарына барынша пайдаланып
қалуға жиі тырысады. Сонымен қатар олар өздерінің мүдделеріне

жақын келетін саяси қозғалыстарды (армяндардың, гректер және
еврейлердің) қаржыландаруға мүдделі болып отырады. Екін­
ші дүниежүзілік соғыс жылдарында поляк ұлтынан шыққан
американдықтар өздерінің тарихи отанының тағдырына жандары

ашығандықтары соншалық, президент Рузвельт 1944 жылы прези­
дент сайлауы өтіп кеткенше Сталинге Польшаға қатысты кеңестік
жоспарларды қолдай алмайтындығын білдіруге мәжбүр болған
көрінеді. Дәл осы сияқты президент Клинтон да 1966 жылы НАТО-

ның Орталық Еуропадағы өрісінің кеңейгендігін жария ету үшін, поляктар көп қоныстанған Детройдты таңдап алған болатын. Кең мағынада алғанда бүгінгі таңда сыртқы саясатқа ықпал жасауға қабілетті ең белсенді де, әрі ауқатты этникалық топтарға еврейлерді, кубалықтарды, гректер мен армяндарды жатқызуға болады. Өйткені, олардың әрқайсысы сыртқы саясаттың қандай да өзекті мәселелерін шешуден (мейлі ол араб-израиль шиеленісі болсын, немесе кастролық Кубаға эмбарго жариялау, Кипрдің мәртебесі және Әзірбайжанға көмек көрсетуге тиым салу сияқты мәселелер болсын) тыс қалмауға тырысып отырады. Этникалық топтардың ішінде орталық еуропалықтардың сайлау потенциа­ лы басқаларға қарағанда әлдеқайда күшті болып келеді, алайда, оларға ұйымшылдық пен бірлік жетіспейді және оның үстіне қаржы тапшылығы да байқалып қалып отырады. Болашақта бұлардың қатарына өзіндік қалыптасуды бастарынан кешіріп жатқан испан тілінде сөйлейтіндер (негізінен, мексикандықтар) мен Африканың тағдырына алаңдаушылық білдіруші қара нәсілді америкалықтар, одан қалды саяси сахнаға шыққан ирандықтар, қытайлықтер мен үнділіктер (индустар), тіпті мұсылмандар да келіп қосылуы әбден мүмкін. Жақын арада осы атап өтілген және басқа да толып жатқан этникалық топтар өздерінің ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін америкалық сыртқы саясаттың қалыптасуындағы өз рөлдерін күшейте түсетіндіктеріне күмән келтірмейтін болар деп ойлаймыз. Ата-тектері азиялық болып келетін америкалықтар әлеуметтік са­ лада белгілі бір жетістіктерге жеткенімен де, саяси жағына келген­ де соншалықты белсенділік таныта алмай отырғандығын да атап өткеніміз жөн болар. Олар бір кездердегі немістер, жапондықтар мен итальяндықтар сияқты өздерінің америкалық екендіктерін ассимиляцияға ұшырау сатысына қатысты әлеуметтік сенімсіз­ дікті болдырмау тәсілі ретінде ғана қарастыруға бейім тұрады. 2202 жылдың сәуірінде “Ньюсуик” журналының жүргізген сауалнамасының мәліметтеріне сүйенсек, сұраққа жауап бергендердің үштен бірі қытайлық американдықтар Америкаға қарағанда Қытайға әлдеқайда немқұрайлық танытады деген пікір­ ге келген көрінеді, ал сауалнамаға жауап бергендердің 23 пайызы АҚШ-тың президенттілігіне кандидат болып ұсынылған ата-тегі азиаттық американдық үшін дауыс берудің ыңғайсыз жағдай екен­ дігін мойындаған. Алайда, белгілі бір уақыттан кейін азиялық америкалықтардың АҚШ-тың Азиядағы рөліне тікелей қатысы

бар мәселелерге тікелей қатысты пікірлерін білдіруге пейіл таны­
тып отырғандықтары байқалған.
Жуық арада мультимәденилік америкалық сыртқы саясаттың
қалыптасуына өзіндік үлес қосуға бейіл танытқан ерекше бір

этникалық қауым өзінің бет-бейнесін таныта алатындай дәрежеге
жетіп отыр, ол – испан тілінде сөйлейтіндер, әсіресе оның
мексикандық бөлігі болып табылады. Мексикадан шыққан 10 мил­
лионнан астам тұрғындар ең үлкен эмигранттық топ болып есеп­

телінеді. Олардың өздерінің географиялық базасы бар және уақыт
өткен сайын өсіп келе жатқан саяси саналылықтарын сезіне де
және оны нақты білдіре де алоады. АҚШ конгресіндегі негізінен
мексикандық испан тілділер фракциясы “Латынамерикандықтардың

проблемасы – ол Американың да проблемалары” деген мәлімдеме
де жасады. Олар мультимәдениеттілікті ғана емес, сонымен қатар
екі тілділікті де батыл қолдайды. Тіпті, Америка мен Мексика
арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен кездердің өзінде де

мексикалық американдықтар ішкі және сыртқы саяси диалогтарға
қатысуға әрдайым дайын тұрған болатын.
Дәл осы сияқты, АҚШ-тағы афроамерикандық қауым да АҚШ-
тың Африкада жүргізіп отырған саясатына өзіндік үлестерін қоса

алады. Қара нәсілділер қатарынан шыққан ең бірінші мемлекеттік
хатшы миллиондаған африкалықтарға қауіп төндіріп тұрған түрлі
гуманитарлық шаруаны көтере отырып, шетелдегі америкалық
приоритеттер жүйесінің қалыптасуына айтарлықтай ықпал жа­

сады. Олай болса, афроамерикандықтардың назары жекелеген
елдерге ғана емес, сонымен қатар тұтастай Африка континентіне
аударылатындығы ешбір дау тудырмайды7.
Жекелеген нақты этникалық топтардың мәдени және саяси

рөлінің артуы алғашқы кездерде негізінен ассимилияцияға бет
бұрып, Америкадағы ұлттардың ала-құлалығына шыдамдылық та­
нытып келген және кезінде өз-өзінен тұйықталған англосаксондық
ақтардың тоқырау процесіне де ұласуда. Ақ нәсілді англосаксондық

протестанттардың ықпалының әлсіреуінен кейін іле-шала еврейлік
қауымдардың әлеуметтік статусы (беделі) мен саяси ықпалы біртін­
деп көтеріле бастады. Жалпы алғанда еврей қауымдарының тари­
хы өздерінің ұлттық мүдделерін ашық түрде көрсетпегендіктеріне

қарамастан, белгілі бір этникалық топтың да тұтастай бір ұрпақтың
өмірін қамтитын уақыт шеңберінде американдық қоғамдық өмірдің
ең маңызды салаларына белсенді түрде қатыса алатындықтарын іс
жүзінде дәлелдеп отыр. Атап айтқанда: академиялық топтар мен

жаппай хабарлар тарату саласында, ойын-сауық саласында, соны­ мен қатар саяси мақсаттарға байланысты қаржы жинау саласында және т.б. Дәл осы топқа жататын бес-алты миллион адам Амери­ ка елінің орташа көрсеткішімен салыстырғанда білім жағынан ғана емес, сонымен қатар өзіндік табыс көзі жағынан да жоғары көрсетікіштерге ие болып келеді. Қалыптасқан әлеуметтік-этникалық сан-алуан жағдайлардың аясында еврейлер осыдан елу жыл бұрын бастарынан кешірген өздерінің ұлттық санасын басып тастауға деген қажеттілікті ендігі жерде сезінбейтіндей және Израилдың гүлденіп дамуына деген табиғи сезімдерін тежеп отырудан арыла алатындай дәрежеге жетіп отыр. Егер осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатын қалыптастыруда еврей ұлты қауымдарының рөлі қалыптасқан саяси жағдайды жәй ғана бақылаумен ғана шек­ теліп қалса, ендігі жерде олар бұл мәселеде ерекше саяси белсенділік таныта білуде8. Американдық еврей қауымдарының қарсыластары – мұнай компаниялары мен мұсылман қауымдарының олармен тартысуға жағдайлары да соншалықты келмей қалған сияқты. Демек, жоғары табыс көзіне айналған мұнай компанияларының өздері де еврейлермен моралдық-сезімдік деңгейде жарысуда дәрменсіздік танытып отыр да, ал еврейлермен салыстырғанда саны жағынан әлдеқайда көп болса да америкалық мұсылман қауымдары нашар ұйымдасқан, оның үстіне олардың америкалық қоғамдық пікірді қалыптастыратын институттардағы үлес салмағы да мәз емес. ХІХ ғасырдағы шетелдердегі америкалықтардың мүддесі олардың істеріне араласпауды мақсат етсе, ал содан кейін бұл жағдай жалынды патриотизмнің жекелеген көріністері қылаң бере бастаған саяси ықпалдың күшеюіне келіп ұласты. ХХ ғасырда американдық сыртқы саясат трансмұхиттық сипат алды және оның назары Еуропаға бағытталып, жалпы демократиялық мүдделерге баса назар аударылып отырды. Еуропалық эмигрант­ тар (қоныс аударғандар) ағынының саябырлағанына қарамастан екі дүниежүзілік соғыс уақытында да американдық этникалық бірліктің арқасында АҚШ-тың англосаксондық ақ нәсілді протестанттық басшылығы халықпен кеңесе отырып, ұлттық стра­ тегияны қалыптастыруға толық мүмкіндік алды. “Қырғи-қабақ соғыс” кезеңінде АҚШ саясатындағы еуропалық мүдде комму­ нистік жүйеге мейлінше қарсы болған Орталық Еуропадан қоныс аударушылардың барынша қолдаушылық қадамдарына келіп ұласты.

“Қырғи-қабақ
соғыс”
аяқталғаннан
кейінгі

кезеңде
орын алған ғаламдық өзгерістердің ауқымдылығы мен олар
тудырған қиындықтар АҚШ-тың сыртқы саясатының ұлттық
ынтымақтастыққа сүйенгендігіне қарамастан, оның нақты бағыт-

бағдарларын белгілеуді одан әрі қиындата түсті. Алайда, этникалық
топтар аймақтық саясаттың кез келген түбегейлі мәселесіне вето
қою құқығына ие болған бүгінгі таңда және бұл жетістіктердің
барлығы да плюрализм жайындағы түсініктермен заңдастырылған

уақытта, ал соңғы уақыт шеңберінде мультимәдениеттілік
идеясының дәстүрлі идеялардан артықшылығы айқындалып және
ол болашақ ассимиляцияға бет бұрған шақта ұлттық саясатты
айқындау процесі одан әрі қиындай түсуде. Американдық үстемдік

пен жаһандану үрдістері белең алған бұл ғасырда бірде бір нақты
топ жалпы американдық мүдделерді ойдағыдай айқындай да
алмайтындығын дәл осы арада ескергеніміз дұрыс болар.
Сонымен қатар әлемдік гегемон ретінде Американың үлесіне

тиген күрделі проблемалардың көпшілігі АҚШ-тағы түрлі
этникалық топтардың ұлттық мүдделерінің өзара шиеленісіне де
әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, Израильге және араб әлеміне тікелей
қатысты АҚШ-тың саясатын этникалық топтардың қайсысының

білдіруге құқығы бар? Дәл осындай сұрақты Қытай мен Тайваньға
немеесе Үндістан мен Пәкістан арасындағы қалыптасқан қарым-
қатынастарға да байланысты қоюға болатын болар. Американың
болашағы басты назарда болатын ұлттық ынтамақтастық пен бір­

лік болмаған жағдайда американдық мозаика (өрнек) этникалық
топтардың арасындағы өзара тартысқа айналып кетері сөзсіз және
бұл арада олардың әрқайсысы толып жатқан бір-біріне қарама-
қарсы сыртқы саяси мүдделердің арасынан нақты саяcи бағытты

таңдап алуға өздерінің білімдерінің жеткілікті екендіктерін және
оған құқықтары да бар екендіктерін дәлелдеп қана қоймай, оған
басқаларды да сендіргісі келеді.
Мұндай бағыт-бағдардың бүгінгі таңда АҚШ Конгресінде орын

алып отырғандығы белгілі жәйт. Арнайы этникалық мүдделерді
қолдаушы топтар американдық ғаламдық саясатты шектей­
тін резолюцияларды тудыруға және заңдарға түзетулер енгізуге
әбден үйреніп алды. Сайлау науқандарының ақшалай қаржылары

ашықтан-ашық Конгрестің белгілі бір этникалық проблемаларды
(мысалға, Әзірбайжанға көмек беруден бас тарту немесе Израиль
мемлекеті үшін қолайлы қаржылық жағдайлар жасау) қолдауына
пайдаланылады. Конгресте этникалық фракциялардың болуы

бүгінгі таңда әдеттегі үйренішікті қоғамдық құбылысқа айналу­ да. Сонымен қатар конгресмендер мен сенаторлардың белгілі бір этникалық топтардың (лоббидің) мүдделерін жақтауын немесе олардың сойылын соғуға деген құштарлықтарын сирек кездесетін уақиғалар қатарына жатқыза салуға тағы да болмас. Қалыптасқан жағдайларға қарағанда, мұндай тәжірибе Америка мемлекеті бел­ гілі бір мультимәдениеттілікке табанды түрде қадам басқан сайын өз өрісін одан әрі кеңейте беретіндігіне ешбір шүбә келтіруге бол­ майды. Шын мәнісіне келгенде өзінің құрамының әртүрлігімен ерек­ шеленетін, ұжымдық сипат алған Конгрес өткір ұлттық проблема­ лар туындай қалған кездерде өз өрісінің кеңдігі жағынан тұрақты ғаламдық сипатқа ие бола алатындай саясатқа қол жеткізуге, дәлірек айтқанда АҚШ-тың сыртқы саясатының ең басты стратегиялық бағыттарын қалыптастыруға мүдделі болады. Бұл игі мақсат, әдетте, атқарушы билік, әсіресе қалыптасқан жағдайды ой елегі­ нен өткізіп, көрегендік таныта білетін президенттің тұсында ғана ойдағыдай жүзеге асады. Ал егер президенттің өзіндік парасатты көзқарасы болмаса, оның өз басы кез келген ықпалды топтардың қолшоқпарына айналып кетуі әбден ықтимал. Қалай болғанда да, президенттің өзінің басшылық рөлі де үкіметті бөлу жүйесі мен қаржыландыру мәселеріндегі Конгрестің шешуші рөліне бай­ ланысты әрқашанда шектеліп отырады. Алайда, Конгрес өзінің қаржыландыруға бақылау жасау қызметін атқару барысында түрлі лоббилардың ықпалына көбірек түсіп кетеді және осы әрекетінің нәтижесінде белгілі бір елдерге қаржы бөлу ұлттық мүдделерге қарағанда нақты топтардың ықпал ету дәрежесін айқындап бе­ реді. Мультимәдени саяси талаптардың дау тудыратын нәтижелерін шешуде институциондық шектеушіліктерді енгізу, біздің ойы­ мызша, оңайлыққа соқпайды. Оның орнына президенттің өз қызметінің беделі мен мүмкіндіктерін барынша пайдалануына негізделген нақтылық пен белгілі бір мақсатқа сай, этникалық тұтастық пен жарқын болашаққа бағытталған американдық азаматтықтың концепциялары қажет болар. Бұл бағыттағы әрбір саяси талпыныс өзінің маңыздылығымен ерекшеленіп отырады, өйткені дәл осы жерде түрлі сатылардағы (федеральдық, штаттық және жергілікті) үйлесімді азаматтық білім жүйесін қолдап отыру мәселесі келіп туындайды. Сонымен қатар азаматтықтың бұл жал­ пы концепциясы қарқынды түрде дамып келе жатқан американдық

мультимәдениеттілікті ескере отырып, американ қоғамының стратегиялық бірлігін нығайтуға дәнекер бола алады. Кей кездерде “мультимәдениеттіліктің канадалық саясаты, ол – Американың болашағы” деген пікірлер жиі айтылып жата­ ды. Алайда, Канада тұрақты ғаламдық саясатты жүргізуді қажет етпейтін де сияқты болып көрінеді. Америкадағы мультимәдени мүдделердің өзара қайшылықтарға келуі жалпы ұлттық мүдделер тұрғысынан қарастырғанда өзара шиеленістердің туындауына алып келуі әбден мүмкін, ал бұл жағдай ақыр аяғында оның ғаламдық басшылық рөлін атқаруына кедергі келетірері сөзсіз. Олай бол­ са, ғаламдық қарым-қатынастарға негізделген Американың айқындалған стратегиялық ынтамақтастығын ойдағыдай жүзеге асыра алмай тұрып, еліміздің өзінің тарихи даму жолын таңдап алуы қиындыққа түсері сөзсіз. Гегемония (үстемдік) пен демократия Америкалық ғаламдық үстемдікті американ демократиясы басқарады: ерекше атап өтетін бір жәйт, осы уақытқа дейін ғаламдық демократияны дәл осындай нағыз демократиялық және плюра­ листік мемлекет басқарып көрген жоқ. Дегенмен де, гегемонияның өзіндік талаптары демократияның құндылықтарымен принциптік қарама-қайшылықтарға келуі де, одан қалды азаматтық құқықтар мен ұлттық қауіпсіздіктің қарама қарсы қойылуы да және осы орайда батыл да, байыпты қадамдардың ойдағыдай жүзеге асыры­ луы да ғажап емес. Сондықтан да, қалыптасқан осы жағдайға бай­ ланысты “Ғаламдық гегемония американ демократиясына қауіп төндіре ала ма?” деген орынды сұрақ туындайды. Демократия бүгінгі таңда Америка қоғамының бүкіл тұрмыстіршілігінің басты өзегіне айналған. Өздерінің саяси көсемдерін еркін түрде сайлау, сайлау еркіндігі мен Америка азаматтарының өз ойларын ашық білдіре алатындықтары, заң алдындағы теңдік пен барлық азаматтардың жоғарғы заңдарды сөзсіз мойындаушылығы (оларды президенттің өзі де мойындайды және мұндай жағдайды Никсон мен Клинтон өз бастарынан өткізген де болатын) аме­ рикан демократиясының мән-мағынасын білдіретін қасиетті де, мәнді принциптер болып саналады. Мемлекеттік саясат консти­ туция талаптарына сәйкес қалыптасады және осы тұрғыдан алып қарастырғанда бұл жағдай американ халқының еркін толық білдіре алады. Бұдан туындайтын ой: шетелдердегі гегемондық биліктің

жүзеге асырылуы да әрдайым демократиялық қауымның басты на­ зарында болады. Қоғамдық пікірдің нәтижелері американ халқының гегемондық үкіметті жүзеге асыру идеясына принциптік көзқарастары өзінің кейбір идеалистік көріністеріне қарамастан баянды да, көңілге қонымды екендігін көрсетіп отыр. Ал кейбір американдықтар “басқа бай мемлекеттерге қарағанда Америка шетелдерге көп көмек көрсетеді” деген (2002 жылдың қазанында жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 81 пайызы дәл осылай деп санайды) қате пікірдің жетегінде екендігін де атап өтуіміз қажет болар, алай­ да американдықтардың басым көпшілігі асыра көрсетілген мұндай қадамдарды жақтайтындықтарын жасырмайды да.. Америкалықтар негізінен БҰҰ-ны (Біріккен Ұлттар Ұйымын) қолдайды, бірақ 2002 жылы жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 30 пайызы “Америка өзіне қатысты халықаралық мәселелерді өзі шешуі ке­ рек” деп санаған (ал 1955 жылы “РЕВ” орталығының жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша бұл цифр 41 пайызды құраған). “Қырғи-қабақ соғыс” аяқталғаннан кейін Америка азаматтарының көпшілігі дүниеде болып жатқан өзерістерді жанжақты қабылдауға ниетті екендіктерін ашық білдірді. Өйткені, олар процессуалдық нормалардың заңдылығын қорғай білді, жаһанданудың барған сайын шындыққа айналып келе жатқандығын мойындады және қандай да болмасын түбегейлі іс-әрекеттерді халықаралық ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асыру керек деп санады. Өткен ғасырдың аяғында жүргізілген қоғамдық пікірдің сауалнамаларында оған қатысушылардың 67 пайызы Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлінің артуын; 60 пайызы – Дүниежүзілік Сауда Ұйымының күшеюін; 56 пайызы – Халықаралық Соттың және 44 пайызы – МВФ–ның күшеюін жақтаса, ал азаматтардың 66 пайызы Халықаралық қылмыс соты идеясын қолдап шықты9. Ерекше атап өтетін бір жәйт, АҚШ-тың дүниежүзінде атқаратын гегемондық рөліне байланысты американдықтардың көңіл-күйі агрессиялық сипатта алан жоқ, сондықтан да болар бір жақты сая­ си қадамдар олардың тарапынан ешбір қолдау таппады. Осыдан кейін 2001 жылдың 11 қыркүйегі де келіп жетті де, Американың әлемдегі рөлі жайындағы түсініктердің орнын оның өзінің қауіпсіздігін арттыру деген көңіл-күй басты және ол қоғамдық пікір аясынан көрініс тауып қана қоймай, жоғарғы са­ яси сананы да жан-жақты шарпып өтті. Шын мәнісінде де, Ирак­

тан төніп тұрған қауіпке байланысты ұзаққа созылған үгіт-насихат науқанына қарамастан, тіпті 2003 жылдың ақпанының өзінде де, яғни соғыс басталғанға дейін бір ай бұрын американдықтардың көпшілігі “əскери күштер тек қана Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ғана жүзеге асырылу керек” деп санаған болатын. 2002 жылдың аяғында АҚШ тұрғындарының 85 пайызы “Америка өзінің одақтастарының пікірлерімен санасу керек”10 деп санады. Алайда, Ақ Үйдің бұл мәселедегі көзқарасы мүлде басқаша бола­ тын, сондықтан да болар тек қана Ақ Үй және ең бірінші кезекте президент бұл мәселені шешуде басты рөл атқарды. Бұл бастама үрейлі де, әрі соншалықты батыл болып шықты. Мұндай зұлымдық әрекеттке байланысты туындаған табиғи көңіл-күйдің аясында американ әкімшілігі 11 қыркүйектен кейінгі әлемдегі жағдайдың түбегейлі өзгерістерге ұшырағандығын сезін­ ді, сөйтіп белгісіз күштер ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндірді. Президенттің өз басы болатын болса әділеттілік пен зұлымдылық күштеріне нақты түрде бөліне бастаған бұл дүниенің бет-бейнесін айқындап беруге барынша күш салды. Бұл мәселеде Американы қолдамау деген сөз – оған жаугершілікпен қарау пиғылын білдірді. 11 қыркүйектен кейінгі президенттің айтқан сөздерін компью­ терлік өңдеудің нәтижелеріне сүйенетін болсақ, 2003 жылдың ақпанына қарай, яғни шамамен он бес айдың ішінде президент ашықтан-ашық “кім бізбен бірге болмаса – ол бізге қарсы” (мұндай мағынаға кезінде В.И.Ленин ерекше мән берген болатын) деген манихейлік сөздің түрлі вариантарын 99 рет қолданған көрінеді. Өз кезегінде “өркениеттің өзін ғаламдық террордың қаупінен қалай қорғауымыз керек” деген мәселе Америка халқын да қатты толғандыра бастады. Жаңадан туындағанн миссия бұрыннанақ Американың ғаламдық идеясында кеңінен көрініс тапқан американдық демократияға жасалынған қысымды күшейте түсті. Тіпті ең қолайлы жағдайлардың кезінде де дәстүрлі ішкі американдық демократия мен ғаламдық талаптардың үстемдігі арасындағы келіспеушіліктердің орын алуы сөзсіз болатын. Өткен замандарда империялық сарын өзінің табиғаты жағынан элитарлық сипатта болатын және империялық басшылық ерекше миссия рухына толы, әсіресе ерекше тағдыр мен ерекше құқықтарды ойдағыдай атқара алатын элитаның болуын қажетсініп отыратын. Бұл жағдай, әрине, тек Британ империясына ғана тән болып қана қоймай, сонымен қатар басқа да толып жатқан жарқын империялық мұраларды айтпағанда оның негізін қалаушылар – ұлылығымен

көзге түскен римдіктер мен қытайларға да тікелей қатысты бо­
лып келеді. ”Қырғи-қабақ соғыс” кезеңінің үлкен жауапкершілігі
және одан кейінгі кезеңдердегі Американың гегемондық рөлі де
дәл осындай элитаның белгілі бір эквивалентін өмірге келтірді.

Мұның өзі кейбір маңызды сыртқы қауіпсіздік аймақтарында шын
мәнісінде де вице-корольдердің рөлін атқарған бірнеше аймақтық
американдық бас қолбасшылардың жүзеге асыратын билігі мен ста­
тусын айқындап берді. Осы айтылған ойымыздың мысалы ретінде

Американың Иракты басып алу мақсатындағы саяси-әскери шара­
лары мен американдықтың Бағдаттың Уақытша кеңесінің басшы­
сы болып тағайындалуын келтіруге әбден болады.
Америкалық көшбасшының элитаның пайда болуын соңғы

жарты ғасырдағы Американың күш-қуатының артуының заңды
нәтижесі деп қарастыруымыз керек. АҚШ “қырғи-қабақ соғыс”
кезеңінде де және ол аяқталғаннан кейін де, одан қалды өзінің
ғаламдық міндеттерін орындап жатқан кездердерінде де дүние

жүзінде атқарушы үкіметтің билігіндегі және Американың
қиындықтарға толы рөлін жүзеге асыруды қамтамасыз етіп
отыратын қолайлы әлемдік әскери-саяси құрылым біртіндеп
қалыптаса бастаған болатын. Белгілі бір уақыт шеңберінде

ауқымды дипломатиялық аппарат, әскери инфрақұрылымдар, бар­
лау мәліметтерін жинау жүйелері мен әкімшілік мүдделер өзара
бірігіп, ортақ тіл табысулары, шындап келгенде, Американың
әлемдік жүйені басқаруын қамтамасыз етуіне мұрындық бол­

ды. Білім салаларының, ұлттық мүдделердің, жоғарғы билік пен
жауапкершіліктің шоғырлануынан шабыттанған империялық бю­
рократтар өздерін осыбір шым-шытырық және қауіп-қатерге толы
дүниедегі Американың атқаратын рөлін айқындау үшін қажетті

қасиеттердің барлығына да ие адамдар ретінде сезіне бастады.
Алайда, жаңа гегемондық элитаның ұлттық саясатқа тигізген
әсері қалыптасқан бақылауға, әсіресе американ қоғамының көңіл-
күйін соншалықты жоғары дәрежеде сезіне алатын Конгресс

жағынан жүзеге асырылатын “қалталы үкіметтің” бақылауымен
шектеліп отырады. Дипломатиялық бағыттың жүзеге асы­
рылуын, әскери шараларды ұйымдастыру мен приоритеттер
жүйесін, барлаушылық қауымдастығының қызметін қадағалайтын

Конгрестің комитеттері, шын мәнісіне келгенде, атқарушы үкімет
саласындағы жартылай автономиялық империялық бюрократияның
қалыптасу жолындағы басты кедергіге айналды. Бір жағынан
алғанда, біртекті бюрократиялық элитаның мүдделерін қорғайтын

гегемондық көңіл-күй дәл осындай заң жүзіндегі шектеулер
мен еркін баспасөзсіз Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік
департаменттің, ЦРУ-дың (Орталық Барлау Басқармасының), одан
қалды осылардың тарапынан қаржыландырылып отыратын және

оларға тәуелді болып келетін үкімет мекемелері пен жартылай
жеке меншіктегі ұйымдарда басымдылық танытқан болар еді.
Сонымен қатар АҚШ-тың әскери-саяси күш-қуатын арт­
тыруды ойдағыдай жүзеге асыру – шетелдік мүдделермен

тығыз байланысты болып келетін жылдар бойы жинақталған
бай тәжірибені жан-жақты тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Дәл осы ауқымды қызметтің аясының кеңеюі ерекше бір саяси
бағытты негіздеудегі толып жатқан фактілер мен аргументтерді

(дәлелдерді) кез келген уақытта пайдалануға қабілетті ауқымды
қауымдастықтың қалыптасуына алып келеді. Сыртқы саясат сала­
сына сәйкестендіріліп жасалған үкімет билігін бөлісудің үйлесімді
жүйесі атқарушы үкімет орындарына кейбір артықшылықтар

береді. Әңгіме эмоциональдық тұрғыдағы проблема жайын­
да көтерілсе, немесе президенттің өз басы қоғамдық пікірлерді
саралауға тікелей қатысқан жағдайларда мұндай дисбаланстың
орын алатындағына шек келтіруге әсте болмайды.

Біздің ойымызша, көп жағдайларда дәл осылай болуы да ке­
рек сияқты. Өйткені, президент осыбір тынышсыз дүниедегі
ұлттық мүдделерді айқындап беретін институттың өзі болып та­
былады. Түрлі этникалық және коммерциялық топтардың қарама-

қарсы мүдделерін ескеретін болсақ, Конгрестің АҚШ-тың сыртқы
саясатының негіздерін жасауға тырысушылығы ешбір пайдасыз
болып шығады. Бұл міндетті президенттке бағынышты және
бюрократиялық жағынан ұйымдасқан атқарушы үкімет орында­

ры қана ойдағыдай жүзеге асыра алады және бұл игілікті шараны
ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сәйкестендіріп отырудың қажеттігі
дәл осы жерде айқындалып қалғандай болады.
Алайда, мұндай саясат қалың көпшіліктің қолдауына ие бо­

лып, демократиялық құндылықтардың негіздеріне сай болуы
үшін Конгрестің бұл процеске белсене араласып отырған абзал.
Бұлай болмағанда американдық саясат ашықтан-ашық өрескел
империялық сипат алары сөзсіз. Сондықтан да, Конгрестің

атқаратын басты қызметтері оған күтпеген жерден ұсынылған
стратегиялық шешімдерді жедел түрде бекіте салумен ғана шек­
телмей, Конгрестің өз рөлін американдық саясатты қалыптастыру
процесінде одан әрі арттыру түсу мәселесімен келіп тоғысады.

Дәл осындай жағдай 2002 жылы АҚШ-тың Конгресі Иракқа
қарсы соғыс қимылдарын жүргізуге байланысты Біріккен Ұлттар
Ұйымының мандатымен немесе мандатынсыз-ақ, одан қалды бұл
қимылдарды одан кейін Конгрестің міндетті түрде қолдауынсыз-ақ

президентке толық бостандық беру жайында шешім қабылданған
кезде орын алды. Конгресс көсемдері тұтқиылдаған туындаған
жағдайдың мәнжайын толық түсіне де және оны шешудің нақты
жолдарын таба да алмады, оның есесіне президент туындаған дәл

осыбір шиеленіскен мәселені “ирактық режимнің Біріккен Ұлттар
Ұйымының Ирак үкіметін адамзатты жаппай қыратын қаруға ие бол­
ды” деген тұжырымына сүйене отырып және оған тағылған айыпқа
байланысты бұрыннан қабылдаған бірқатар шешімдерді орындау­

дан бас тартуын желеу ете отырып, оны терроризм мәселесімен
өте шебер байланыстыра білді. Алайда, туындаған проблемаға
байланысты қаншама дәйекті дәлелдер келтірілгенімен де, оның
басты қорытындысы, яғни Конгрестің өзінің конститутциялық

құқығы – соғыс жариялаудан бас тартуы қойылған талаптар мен
гегемондық үкімет динамикасының ауқымдылығымен сипаттала­
тын АҚШ-тың сыртқы саясатын белгілейтін үкіметтің ең басты
екі бұтағының арасындағы қалыптасқан конституциялық тепе-

теңдіктің қандай дәрежеде екендігін көрсетіп бергендей болды.
Бұл бағыт Американың ғаламдық рөлінің сөзсіз салдары болып
табылады және оны жуып-шаюға да болмайды. Оның үстіне АҚШ-
тың мемлекеттік департамантінде Конгрестің осы мәселемен тіке­

лей айналысатын көсемдерімен тұрақты диалог (сұхбат) жүргізетін
тұрақты стратегиялық жоспарлау орталық мекемесінің болмауы да
туындаған бұл проблеманы одан әрі шиеленістіре түсті. Мемлекет­
тік департаменттегі саясатты жоспарлау жөніндегі бюро негізінен

сыртқы саясаттың өзегі болып саналатын дипломатияның өзекті
мәселерімен тығыз айналысып отырады. Өз кезегінде Қорғаныс
министрлігінің де ауыз толтырып айтарлықтай өзіндік жоспар­
лау механизмі қалыптасқан, бірақ оның қызметінің шамадан тыс

милитаризацияландырылғандығын тағы да жасырып қалуға бол­
майды. Өз кезегінде Ақ үйдегі ұлттық қауіпсіздік Кеңесі әскерлер
мен дипломаттардың пікірлерін интеграциялауға (бір жүйеге кел­
тіруге) әрдайым ұмтылыс жасап отырады, алайда оның атқаратын

басты қызметі үйлесімді саясатты жүзеге асыра білу мақсатымен
тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан да, жүйелі түрде
стратегиялық жоспарлаумен айналысуға оның уақыты да, одан
қалды қаржысы да жете бермейді және оның басты бағдары, сөзсіз,

президенттің саяси мүдделерінің ықпалын танытып отыруға
бағытталған. Ішкі себептердің әсерімен пайда болып, ойламаған
жерден орын алған дәл осындай процестің нәтижелері ақыр
соңында Конгрестің қолдауына немесе қарсылығына ұшырайтын

президенттің өзіндік саясатының негізін құрауға әкеліп соғады..
Орын алған жағдайды сыртқы саясат мәселелерімен тіке­
лей айналысатын Конгрес комитеттерінің басшылығымен қатаң
тәртіпке негізделген ресми консультациялар (кеңестер) жасау

арқылы немесе ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында нақты
құрылымдық ғаламдық жоспарлау мекемесін ұйымдастыру
арқылы да жақсартуға болады. Жауапты өкіл басшылық жасай­
тын Ақ үйдегі Мемлекеттік департамент пен Қорғаныс минис­

трлігіндегі жоспарлау ісімен тікелей айналысатын стратегиялық
жоспарлаудың беделді және белгілі мамандар тобы туындаған жаңа
проблемалар мен қажетті инициативаларға (бастамаларға) және
ұзақ мерзімге арналған жоспарларға қатысты мәселелер жайында

Конгрес көсемдерімен қажет болған жағдайда консультациялар
жасаудың форумына айналған болар еді. Сөйтіп, осындай тиімді
шараның нәтижесінде жартылай империялық үкіметтің біртіндеп
демократиялық қоғамдық бақылаудан шығу кету қаупін белгілі бір

деңгейде сейілтуге мүмкіндік туындайды .
11 қыркүйектен бұл қауіп одан бетер күшейе түсті. Оның
айқын дәлелі - 2002 жылдың ортасындағы президент әкімшілігінің
Иракқа қарсы соғыс жариялау жайындағы шешімі болып табыла­

ды. Халықаралық терроризм түріндегі ғаламдық деңгейдегі қауіп-
қатердің пайда болуына байланысты әкімшіліктің осы мәселеге
қатысты стратегиялық шешімін азғантай ғана топ ғана қабылдады
және оның нақты себеп-салдарлары халықтан жасырылынып

қалды. Шиеленіскен саяси жағдайдың қалың көпшілік алдында
бұрмаланып, демагогтық риторика сарынында көрсетілуі және
жеке себептер, ерекше топтық мүдделер мен саяси есеп түптеп
келгенде қауіпті халықаралық жағдайларға келіп соғатын жа­

сырын түрдегі, бірақ соншалықты мәнді саяси кіркілжіңге алып
келді. Уақыт сынынан өткен халықаралық конвенцияларға қарама-
қайшы болып келетін “Превентивтік соғыс” деп аталатын жаңа
стратегиялық доктринанның күтпеген жерден және бір мезгілде

пайда болуы ішкі қауіпсіздік мәселерімен қолы байланып, өздерін
қамаудағыдай сезінген гегемондық бюрократияның іс-әрекетінің
сыртқы саясатты қалыптастырудағы ашық та, демократиялық про­
цеспен еш сорпасы қосылмайтындығын тағы да дәлелдеп берген­

дей болды11.

11 қыркүйектен кейін ғаламдық гегемония (үстемдік) мен ішкі демократиялық шындықтың өзара қарым-қатынастарына бай­ ланысты әлем халқының бойында ерекше алаңдаушылық көңілкүй туындады. Біздің ойымызша, американдықтардың азаматтық құқықтарының қайнар бұлағы американдық демократия болып та­ былады. Ал 11 қыркүйектен кейін орын алған шым-шытырық саяси уақиғалар легі атқарушы және заң шығарушы үкімет орындарының төніп келе жатқан қауіп-қатерге ғана емес, сонымен қатар қалың көпшілікті алаңдатып отырған саяси жағдайларға да шұғыл түрде көңіл бөліп отырулары керек екендігін тағы да іс жүзінде көрсетіп берді. Бірақ, біріншіге байланысты жүзеге асырылған іс-әрекеттер екіншісін мүлде шиеленістіріп жіберді. Олай дейтініміз, төніп келе жатқан қауіп-қатерге жәй ғана нақты анықтама берумен ғана шек­ теліп қалуға болмайтын еді, өйткені оның маңыздылығы соншалық, тіпті орын алған жағдайды болжап білу мен оған байланысты туындаған әбігершіліктің арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұрудың өзі де өте қиынға соқты. Нәтижесінде, мұндай келеңсіздікке жол беруге мүдделі болмасақ та, азаматтық құқықтардың бұзылуының белгілі бір қаупі де басымызға төнгендей болды. Оның үстіне кейбір лауазымды саяси қайраткерлердің төніп тұрған қауіп-қатер жайындағы шектен шыққан эмоциональ­ ды айқайлары мен бюрократтардың Ирактағы жағдайды 1 қыркүйектегі болған қанды уақиғалардың қайталануы ретін­ де қабылдауы да жағдайды одан әрі ушықтыра түсті12. Мүлде анықталмаған қауіп-қатер жайындағы әлсін-әлсін хабарланып тұрған ұлттық мазасыздық көңіл-күй бар болғаны жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберді, сөйтіп азаматтық құқықтарды сақтау дәстүрлерінің орнын жеке қауіпсіздікке деген ерекше қамқорлық басып кеткендей болды. Дәл осындай жағдай Американың та­ рихында бұрын да болған болатын. 1878 жылы Франциямен арада туындаған дау-жанжал кезінде шетелдіктер жайындағы және бүлік жасауға дем берушілікке байланысты арнайы заңның қабылданылуы, Азамат соғысы кезеңіндегі “Хабеас корпус” ак­ тісі қағидаларының күшінің тоқтатылуы, 1918 жылы тыңшылық жайындағы Заңның қабылдануы, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында радикалдар мен пацифистердің қудалануы, 120 мыңға жуық жапондықтар мен басқа шетелдіктердің еркінен ай­ рылуы сияқты келеңсіз жағдайлар Американың мақтаныш ете ал­ майтын тарихтағы сүреңсіз беттері болып табылады. Бұл шаралар кезінде көпшілік тарапынан қолдауға ие болғанымен де, оларды

шын мәнісіне келгенде бар болғаны амалсыздан туындаған шара­
лар ретінде қарастырған дұрыс болар.
Ал 11 қыркүйектегі уақиғаларға байланысты туындаған ахуал
Американың алдында тұрған жаңа ғаламдық рөліне байланысты

әлдеқайда тұрақтылық сипат алары сөзсіз деген ойдамыз. Америка
11 қыркүйектен кейін әлемдік деңгейдегі қоғамдық пікірлерді есеп­
ке алсын делік, бірақ осыған қарамастан оның үстемдік орнатуға
деген талпынысын дәлелдейтін фактілер орын алған жағдайда

бастапқы кезде көңілі толмаушылық көңіл-күй белең алса, ал
одан кейін іле-шала қарсылықтар толқыны туындар еді де, соның
салдарынан американдық қауіп-қатер жайындағы сана әлдеқайда
күшейіп кеткен болар еді. Сонымен, қауіпсіздік режимін күшейту

шаралары ұзақ мерзімді қамтитын шындық алаңына айналып,
ал бұдан туындайтын тәуекелдік қадамдар американдықтардың
азаматтық құқықтары үшін жәй ғана өтпелі құбылыс болудан
қалып қоюда.

қыркүйек
уақиғаларының
нәтижесінде
жылы

президенттің
қысымымен
қабылданған
Американы

терро­
ризмге қарсы күреске қажетті құралдармен күшейту және оған
қарсы тұратын күштерді біріктіру жайындағы қабылданған акт

– соттардың көптеген маңызды мәселер бойынша жасалатын

юрисдикцияларын шектеушілікке алып келді. Атап айтқанда:
жасырын тыңшылық, медицина, несиелік тарих және саяхат
мәселеріне қатысты жеке хабарларға үкімет орындары тарапынан
жүзеге асырылатын биліктің күшейтілуі сияқты шаралар ұлттық

қауіпсіздікті сақтау мақсатын көздеді. Сонымен қатар аталмыш
Акт бұл шараларға келісім алуға қажетті жасырын тыңшылық
саласындағы үкімет орындарының өкілеттілігін одан әрі күшейте
түсті. 1 қыркүйектен кейінгі терроризмге қарсы күреске байланыс­

ты қабылданған шаралардың дені уақытша ғана болар деген сенім­
деміз, өйткені Американың тарихында дәл осындай жағдайлар
бұрын да орын алған болатын. Патриотизм жайындағы Заң оның
жекелеген статьяларының (баптарының) күшінің нақты мерзім­

дерін белгілеп берді және ол бойынша төрт жыл сайын қайтадан
дауыс беру талап етілді, ал бұлай болмағанда олар өздерінің күшін
жоятын болады.
Осыған қарамастан азаматтық құқықтарды шектеушілік­

ке бой ұрушылық байқалып қалғандай болды. Мұндай жағдай,
әсіресе, американ азаматтары болып саналмайтын, бірақ Амери­
када тұрып жатқан шетелдіктерге қатысты орын алды. Нақтырақ

айтсақ, заң министрі күдік тудырған шетелдік азаматтың Амери­
ка Құрама Штаттарының мүддесіне қауіп тудыратын қызметпен
айналысқандығы жайында бұлтарпас дәлелдердің бар екендігі
жайындағы қорытындыға келсе болғаны, күдікті адам мезгілсіз

уақытқа тұтқындалатын болды. Сонымен қатар, атқарушы үкімет
орындары АҚШ-тың азаматтары болып саналмайтын адамдарды
ұзақ мерзімге тұтқындау жайындағы тәртіп орнатты. Осы орай­
да ерекше атап өтетін бір жәйт, бұл тәртіп иммиграциялық сот ол

адамдарды босату туралы шешім қабылдағанның өзінде де өз күшін
жоймайды. Ол сонымен қатар азаматтық соттарда шығарылған
үкімді өз күшінде қалдыруға бағытталған шетелдіктердің істерін
қарайтын арнайы әскери трибуналдар да құра алады. Осы тұрғыдан

алғандағы қосымша ұсыныстар жеке электрондық пошта мен
мәліметтердің коммерциялық базаларына үкіметтік мекемелердің
біржақты және еріксіз түрдегі қол сұғушылығын қамтыды, сөйтіп
осы әрекет арқылы азаматтардың, әсіресе шетелдіктердің жеке

өмір саласының өрісі тарыла түсті13.
11 қыркүйектен кейінгі саяси ахуалдың дүрлігушілікке әкеліп
соққандығын ескере отырып, кейбір шектен шығушылықтар да,
тіпті заңдардың бұзылуы орын алып отырды. Бұл жерде негізгі

соққы АҚШ-та тұратын шетелдік азаматтардың басына келіп тиді:
олардың кейбіреулері еріксіз қамалып, айып тағылмай-ақ ұзақ
уақыт түрмеде отыруға мәжбүр болды. Ал кейбірулерінің жеке
бастарының ғана емес, сонымен қатар отбасыларының мүдделерін

де немесе материалдық жағдайлары да ескерілмей, әкімшілік
жолмен Америкадан қуғындау басталды (кейбір жағдайларда
олардың Америкада көп жылдар бойы тұрғандығы да ескерілмеді).
Адамның намысына тиер дәл осындай иммиграциялық шараларды

Америкаға келуге тырысқан кейбір ұлттардың өкілдері де баста­
рынан кешіруге мәжбүр болды.
Орын алған дәл осындай асыра сілтеушіліктерді Американың
әлеуметтік тарихының бастапқы сатыларында орын алған та­

рихи-саяси жағдайлармен салыстыруға болмайды. Алайда, дәл
осындай қоғамдық ахуал әлем алдындағы Америка елінің беделін
түсіреді және мұндағы демокртиялық құрылысты қаралауға дайын
тұратын шетелдік сыншыларға азық береді. Егер де Америка мем­

лекеті жайында дәл осындай көзқарастар мен түсініктер белең
алатын болса, Америка Құрама Штаттарына деген жаугершілік
көңіл-күйдің өрши түсері сөзсіз. Тіпті, Американың достарының
өздері де “Әсіресе, 11 қыркүйектен кейінгі уақиғаларадан кейін

Американың гегемондық рөлі мен оның ішкі демократиялық құрылымы ендігі жерде шайқалмас па екен” ? деген де сұрақтарға ден қоя бастады. Сонымен, әлдеқайда ұзақ мерзімді қамтитын проблеманың мән-мағынасы, біздің ойымызша, “АҚШ-тың нақты түсінікті болып отырған 11 қыркүйектен кейінгі дәл осындай ерекше ісәрекеттері азаматтардың жеке бостандығы мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы өте нәзік дәстүрлі тепе-теңдікті қайта қарауға алып келмес пе екен?” деген мәселеге келіп тіреледі. Дәл осындай қайта қараушылық сипаттағы батыл қадамдар, әсіресе қауіпсіздік саласындағы қазіргі замандық техникалық мүмкіндіктермен үйлесімділік тапқан кезде, АҚШ-ты бір кезде тек қана өзінің демок­ ратиясы мен автократиясының қауіпсіздігін сақтауға, одан қалды қамал-мемлекеттің белгілері айқындалған бейнебір оқшауланған елге айналдырып жіберуі де мүмкін-ау деген ойларға да жетелей­ ді14. Бүгінгі таңда дәл осындай болашақтың белгісіндей болып отырған екі мемлекеттің өмір сүріп отырғандығы ақиқат. Олар: Израйль мен Сингапур. Былай алып қарастырғанда аталған мем­ лекеттер демократиялық елдер болып саналады, алайда бұлардың екеуінде де қалыптасқан интеллектуалдық және технологиялық потенциалдың ырқына байланысты мүмкін болып отырған және қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес әрекет жасайтын өте күшті автократиялық элементтер үстемдік етеді. Олардың әрқайсысында өз халқын сыртқы қауіп-қатерлерден қорғап, олардың мұндай қатерлерге тез арада жауап беруін қамтамасыз ететін ерекше тәсілдер қолданылып отырады. Сонымен қатар бұл мемлекеттердің азаматтық құқықтарының бір жағынан алғанда шектеліп отыратындықтарын тағы да жасырып қалуға болмайды, ал дәл осындай жағдайдың палестиндік ұлтқа жататын 1,2 миллион адам­ ды құрайтын израйлдік азаматтарға да және оған қоса Израйль ба­ сып алған жерлердегі палестиндіктерге де тікелей қатысы бар. Террористік басып алушылық әрекеттерге осалдық танытатындығын ескере отырып, Израильге қорған-мемлекет құру жолына түсуден басқа ештеңе де қалмады. Күдік туғызар белсенділікті бақылау мақсатында техниканың ең соңғы жетістік­ тері кеңінен қолданылады, қоғамдық (сонымен қатар үкімет орындары да) мекемелер қатаң бақылауға алынған, азаматтар мен көлік құралдары қатаң тексерістерден өтеді және елдің көптеген тұрғындары өздерін қорғау мақсатында қару алып жүреді.

Видеолық бақылау, радиациялық және биологиялық монито­ ринг, электрондық және инфрақызыл жүйелер жағалаулардағы үрленген резеңке салдардың өздерін де байқай алады. Ең маңызды өнеркәсіп және инфрақұрылымдық обьектілердің маңайындағы аймақтардың күрделі техникалық құралдармен жабдықталуы, мемлекет мүддесіне жау топтардың құрамына барлаушылық мақсатпен кіретіндердің жеке идентификациялық карталары және ұсталғандарды тергеудің қатаң техникасы сияқты толып жатқан шаралар террористік әрекеттерге жол бермеуге және олардың ал­ дын алдын алуға мүмкіндік береді. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Америка Құрама Штаттары­ на қарағанда Израильдің географиялық жағдайы әлдеқайда қолайсыздау болып келеді, алайда америкалықтардың терро­ ристік әрекеттерге олармен салыстырғандағы шыдамдылық деңгейінің төмен екендігі де рас. Сонымен қатар, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігін сақтау әлемнің әр түпкірінде болып жатқан түрлі ұлттық, этникалық және діни дау-жанжалдарға байланысты қиындай түседі және олардың әрқайсысының кейбір жағдайларда Америкаға деген жеккөрушілік көңіл-күйдің туындауына әкеліп соғары сөзсіз. Оның үстіне Америка өзінің ғаламдық күш-қуатын біржақты, яғни басқа мемлекеттердің қолдауынсыз-ақ жүзеге асы­ ратындай болса, мұндай қауіптің одан әрі күшейе түсетіндігін тағы да жасырып қалуға болмайды. Бұл арадағы біздің аңғарғанымыз, әлемде жаппай дұшпандықтың орын алуы Израильге төнген діни өшпенділіктің қаупі сияқты, АҚШ-қа да қауіп-қатер төндіретініне ешбір күмәндануға болмайтындығы болар. Болашақта елдің қауіпсіздігін сақтауға тікелей байланыс­ ты мәселелерден басқа мүлде жаңа диллемалардың туындауын күтуге тура келеді. Бұл өзгерістер адам өмірі жағдайларының шын мәнісіндегі ауқымды дифференциациясының туын­ дау мүмкіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Ғасыр бастауындағы геномдық профилдеу, биомедициналық инже­ нерлік және генетикалық модификациялау салаларындағы аса маңызды ғылыми жетістіктер адам өмірін ұзартып қана қоймай, тұрмыс жағдайларын жақсартады және олардың интеллектуалдық қасиеттерін де барынша арттырады. Ең бай елдер мен олардың ең ауқатты азаматтары бұл мүмкіндіктерді қолданушылардың алғашқы сапында болады да, ал кедей елдер мен олардың кедей азаматтары алғашқылардың жолын қуады, бірақ бұл жағдайдың жақын арада жүзеге аса қоятындығына нақты кепілдік беруге тағы

да болмайтын сияқты. Әлемдегі ең бай және әлеуметтік жағынан
алдыңғы қатарға шыққан Америка мемлекеті алдыңғы қатардағы
инженерлік табыстардың мүмкіншіліктерін негізінен әлеуметтік
маңызы бар салаларда қолданатындардың қатарынан табыла­

ры сөзсіз. Дәл осындай дәрежеге жеткендер үшін жеке адамның
экстраординарлық болашағы, адам өмірінің ұзаққа созылуы, оның
интеллектуалдық қасиеттерімен бет-пішінінің де одан әрі жақсара
түсуі сияқты ғаламдық сипаттағы өзгерістерге елігушілікке бой

алдырмау оңайлыққа соға да қоймас.
Нәтижесінде дүниежүзілік деңгейде қалыптасқан теңсіздіктің
көріністері шиеленіседі және ол барған сайын нақты қауіп тудыра­
тын саяси белгілерге ие бола бастайды. Уақиғалардың дәл осын­

дай бағытта дамуға бет алуын әлемдік демократияның алдыңғы
сапындағы Америкаға ғана емес, сонымен қатар демократия
ұғымының өзіне де бағытталған шақырыс деп қабылдауымыз ке­
рек болар.

Адамдар теңсіздігінің жаңа түрлерінің кез келген көрінісіне бай­
ланысты туындайтын ғаламдық ахуал бұрыннан орын алған көңіл
толмаушылық күйді одан әрі тереңдете түседі. Жұмыр жерді ме­
кендеген түрлі халықтардың тұрмыс-тіршіліктерінің арасындағы

өзара айырмашылықтар күшейген сайын кедей елдердің үкіметтері
жаңа теңсіздіктерді болдырмауға және ғаламдық дамудың белгілі
бір балама тұжырымдарын қолдануға бағытталған саяси шара­
ларды жүзеге асыруға байланысты барған сайын халық тарапы­

нан қысымға ұшырап отырады. Дәл осы жерде ғаламдық процеске
қарсылық танытатын қарсыкредо (контркредо) –нақтылығымен
және соншалықты тартымдылығымен көзге түседі. ХХ ғасырдағы
марксизмнің тәжірибесі әлеуметтік теңсіздіктің көріністерінен

туындаған жаппай наразылық халықтың ашу-ызасына ұласқан
жағдайда,
оның
әсіресе

потенциалдық
мобилизацияның
(жұмылдырудың) ырқына бағына бастайтындығын көрсеткен
жоқа па? Қалыптасқан идеологияға қарсы шығушылардың

Американың жаһандандыруға бағытталған қатал бағытына байла­
нысты американдық мемлекетті өткір сынға алушылық қадамдары
салдарынан дәл осы арада антиамериканизм қосымша легитимдік
сипат алғандай болды.

Адам өмірі жағдайларындағы жаңа теңсіздіктердің нақты
көрініс табуы тек қана американдық үстемдікке қана емес, сонымен
қатар американдық демократияға да өз әсерін тигізбей қоймайды.
2001 жылдың тамызында президент Буш АҚШ үкіметінің діңдік

клетканы зерттеу саласындағы жүргізілетін ғылыми зерттеулерге
тиым салуды қолдамайтындығын жария еткенде мұндай шараға
оның консервативтік жақтастары өздерінің принципті бағаларын
берген болатын. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, прези­

дент Буш бұл мәлімдемені тарихи маңыздылық рухында жасай
білді. Шын мәнісінде, ол адамзат баласының дамуындағы жаңа
дәуірдің басталмай қоймайтындығын мойындады. Бұл шешім күн
санап өсіп келе жатқан ғылыми потенциалдан қуат алып, адамзат

баласының адам болмысы саласында кең етек алған төңкеріспен
амалсыз келіскендігін әлемге паш еткендей болды және бұл жағдай
алдағы уақыттарда адам өмірінің мән-мағынасын мүлде жаңаша
тұрғыдан айқындауға мүмкіндік береді. Бұл келелі өзгерістің

адамзат баласын неге әкеліп соқтырарын қазіргі уақытта ешкім де
топшылап дәл айта алмайды, алайда біз ондаған жылдардан кейін
адамның өз басын да түбегейлі өзгерістерге ұшыратын кезеңнің
жақындай түскендігін сезінгендей болған сияқтымыз.

Сондықтан да, ХХІ ғасырдағы биотехнология саласындағы
революцияның қарқынды дамуы біздің алдымызға мүлде күтпеген
психологиялық, интеллектуалдық және діни диллемаларды қоюы
әбден ықтимал. Бұл жағдай дәстүрлі дүниежүзілік ұлы діндерге

ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі демократиялық принциптерге
де жасалған өте мәнді шақырыс болып табылады.
Демек, демократия аясында да адамзат баласы тіршілігінің
өзіндік мәнін саяси тұрғыдан айқындауға байланысты мәнді

сұрақтар туындайтындығы сөзсіз. Саяси бостандық пен саяси
теңдіктің арасында қалыптасқан дәстүрлі байланыстар – демокра­
тияны құрайтын негізгі құқықтық концепция (қағида) болып табы­
лады және ол “барлық адамдар тең болу үшін жаралған” деген идея

мен адамның даму процесі өзінің мәнділігі жағынан эгалитарлық
сипатта болып келеді деген сенімнен туындаған. Алайда, адамдық
параметрлер (өлшемдер) мен мүмкіндіктерді айқындайтын кодты
(белгілерді) манипулияциялау арқылы адамды таңдап жетілді­

ру – бұл идеяға, ал одан кейін сол идеяға негізделген саяси және
құқықтың пайымдаулардың барлығына да күмәнданушылық
тудыруы мүмкін екендігін тағы да жоққа шығаруға болмайды.
Шындығында да, кейбір индивидумдардың интеллектуалдық және

оған қоса моральдық қасиеттері басқалармен салыстырғанда жа­
санды түрде бірнеше есе күшейтілген жағдайда теңдік жайындағы
аксиомадан не мән қалады десеңізші?

Кейбір мемлекеттер адам табиғатын өзгертуді мемлекеттік са­
ясат ретінде жүзеге асыруға қызығушылық танытуы мүмкін-ау
деген де қауіптің бар екендігін атап өтпеске тағы да болмайтын
сияқты. Өткен замандарда кейбір халықтардың тумысынан-ақ

біткен ерекшеліктері жайындағы эгоцентристік түсініктері мен
пайымдаулары отарлық қанаушылықты, құлдықты, одан қалды
нацизмнің жантүршігерлік нәсілдік қағидаларын ақтаудағы басты
дәлел ретінде кеңінен қолданыс тапқандығы белгілі. Дәл осындай

ұлттық артықшылықты уағыздау нағыз шындықтың өзіне айна­
ла қалса не болар еді? Түрлі халықтардың интеллект, денсаулық
және адам өмірінің ұзақтығы арасындағы орын алған айтарлықтай
айырмашылықтар Америка дүние жүзіне кеңінен таратуға

мүдделі болып отырған жаһандану мен демократияны нығайтуға
бағытталған адамат баласының бірлігіне нұқсан келтіруі де әбден
мүмкін ғой.
Адамдардың дәл осындай жаңа тұрпатты теңсіздігінің пайда

болуы, біздің шамалауымызша, баяу дамитын процесс болатын
сияқты және оның көптеген жақтарын бақылауға алуға да, тіпті
шектеп отыруға да болатын болар. Қоғамның бұл проблеманы
дұрыс түсіне білуі адамзат баласының жарқын болашағы жайында

ойлану қажеттігін тағы да есімізге салады. Американдықтардың
дәл бәз баяғыдай дәстүрлі демократиялық құндылықтар мен
ұлттық қауіпсіздік арасындағы әрі күрделі, әрі нәзік байланыстар
мен Американың өзінің жаңа ғаламдық үстемдігін пайдаланудағы

ғылыми революцияның ықпалы жайында ойлануға әлі де уақыты
бар екендігіне шүбә келтіруге болмайды.

Түсініктемелер
1 Дәл осы тұрғыдан алып қарастырғанда ойын-сауық компани­
ясын басқарған француз алпауыты Жан-Мари-Месьердің тағдыры
үлгі боларлықтай. Оның Голивудтан киностудия алуға және түрлі

компаниялардағы американдық активтерді ұлғайтуға бағытталған
қадамдары және одан қалды Париждегі штаб-квартираны Нью-
Йоркке көшіру жөніндегі шешімі ірі дау-жанжалдар туғызып,
нәтижесінде ол отставкаға кетуге мәжбүр болады. Оның “фран­

ко-француз мәдениетінің мүлдем жоқ болғандығы” жайындағы
көпшілік қауым алдындағы мәлімдемесі “психологиялық жағынан
ауытқушылығын” сынаған Франция президенті Жак Ширактың
өзінің тарапынан да қарсылылық туғызған болатын. Францияның

мәдениет министрі болса бұл мәлімдеме “мені естен тандырды” деп
мойындаса, ал алдыңғы қатарлы француз журналы өз беттерінің
бірінде “Месьер есінен адасты” деген атпен мақала берді.
2 Халықаралық білім беру институтының мәліметтері бойынша,

2002 жыл.
3 Текст ағылшын тілінде берілген.
4 Текст ағылшын тілінде берілген.
5 Джордж Вашингтонның 1796 жылдың мамыр айында жазған

ақтық мәлімдемесінің жобасынан алынған.
6 Осы
тұрғыдан
алып

қарастырғанда,
әсіресе,
Генри
Моргентаудың Франклин Д.Рузвельттің кабинетіндегі еврей

ұлтынан шыққан ең бірінші қаржы министрі ретіндегі қызметінің
тарихы өте қызықты болып келеді. Осы орайда кабинет мүшелерінің
өз араларында туындаған жанжалдарда антисемиттік риториканың
ашық түрде қолданылуы көңіл аударуға тұрарлықтай.

7 Бір жағынан алып қарастырғанда бұл құлдыққа салудың
мұрасы болып табылады: көптеген қара нәсілді американдықтар
африкандық шындықты біле де бермейді және олардың кейбіреу­
лері өздерінің ата-бабаларының Африканың қай бөлігінен келген­

діктерінен хабарлары да жоқ.
8 Араб елдерінен шыққан америкалықтар соңғы уақыттарда
америкалық еврейлер Ұлттық қауіпсіздік Кеңесіндегі, Мемле­
кеттік департамант пен Қорғаныс министрлігіндегі Таяу Шығыс

мәселерімен айналысатын мекемелерде ең жоғары орындарды
алып отырғандығын және арабтардан шыққандардың ол жерлерге
тұмсығы батпайтындықтарын айтып жиі шағым айтады.

9 “РІРА” – ның 1999 жылдың қазанында және 2000 жылдың нау­
рызында жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша.
10 Pew. – 2002. – Dec.
11 Дәл осындай риторика және ол туындатқан ахуалдың

американдық сыртқы саясатты қандай жағдайға алып ке­
летіндігі жайында ЦРУ–дың басты құқықтың кеңесшісінің
бұрынғы көмекшісі мен Джорджтаун университетенің адъюкт-
профессорының мақаласында баяндалған. Онда былай делінген:

“Жаппай қырып жоятын қаруларға қарсы күресте сыртқы сая­
си мақсаттарға жетудің құралдарының бірі ретінде және өзін-
өзі қорғауға байланысты шетелдік көсемдерді өлтіру белгілі бір
жағдайларда тек қана тиімді ғана емес, сонымен қатар әлдеқайда

нәтижелі альтернатива болып табылады… Өйткені, тиімді жүйенің
болмауына байланысты қарудың қауіпті түрлері оларды қолдануға
дайын тұратын көсемдердің қолдарына тиеді және олар бұл қаруды
өз мүдделері үшін қолдануға әрдайым дайын тұрады. Мақала

авторының пікірі бойынша, өлім жазасына кесу жайындағы шешім
“саяси деңгейде” қабылдануы керек. Алайда, мұндай шешімнің
қандай саяси салдарлар туғызатындығы немесе оның басқалар
үшін де үлгіге айналып кету мүмкіндігі жайында автор ешнәрсе

де айтпайды.
12 Өкінішке орай, мұндай үлгі-өнегені ашық демагогияға
жиі жүгінген президенттің өз басы жиі қолданып отырды. Ол
қоғамдық пікірді Саддам Хусейн мен Ирак үкіметінің режиміне

қарсы қою үшін терроризм қаупін желеу етуді әдетке айналдырып
алды. 11 қыркүйектен кейінгі 15 айдың ішінде президент қалың
көпшіліктің алдында кейбір нақтыланбаған “өлімдер” жайында
224 рет, “жаналғыштар” жайында 53 рет сөз сөйледі. “Олар біздер

үшін қымбат нәрселердің барлығын да барынша жек көреді” 2002
жылдың тамызы”. Президентті қызу қолдаған заң министрі бы­
лай деп мәлімдеді: “Біздің дүниемізде өз мүддесін айқын білетін
талқандағыш зомбылық пайда болды”. Бұл жерде де, өкінішке

орай, зұлымдықтың көзін айқындап көрсетуге нақты талпыныс
жасалған да жоқ.
13 2002 жылы қабылданған ішкі қауіпсіздік туралы Заңның
болашақтағы салдарлары жайында дәл бүгін болжап айтуға әлі

де болса ерте сияқты. Бұл заң бойынша ішкі қауіпсіздік Минис­
трлігі барлау қызметі мен заң қорғау мекемелерінің террорлық
қауіптер жайындағы жинақтаған мәліметтері келіп тоғысатын ар­
найы бөлімшелер құрылуы керек. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз

етуге бағытталып ұсынған бұл заңның жобасы бұл министрлікке
Интернетте жинақталған қажетті мәліметерді тез арада жинап
алуға мүмкіндік беруді көздеген болатын. Дәл осы кезде қорғаныс
Министрлігінің ұсынысы бойынша алғашқы нұсқасында “ха­

барларды толық ашып көрсету” жайындағы заң жобасы қалың
көпшіліктің наразылығынан кейін “терреризм жайындағы хабар­
ларды ашып көрсету” деп өзгертілді. Сонымен қатар бұл мекеменің
барлау жүргізу жөніндегі мамандарының тобы мәліметтер ба­

засынан тиісті хабарлар алып отыруға, нақты адамдар мен же­
келеген топтардың арасындағы байланыстарды зерттеп білуге,
қауіп-қатерлер жайындағы хабарларға тез арада көңіл аударуға
және өздерінің жеке компъютерлеріндегі хабарлармен алмасуға

мүмкіндік алатын болды. Олар әуежайларда орнатылған бақылау
камераларынан келіп түскен видео белгілерден, ұялы телефондар
арқылы сөйлескен адамдардың өзара әңгімелерінен келіп түскен
түрлі хабарларды өңдеуге мүмкіндік алады.

14 Бұл мәселеге байланысты үрейленушілік тудыратын
жағдайды
“Күмәнданушылық
тудыратын

қызмет
жайында
хабарласыңыз” деген сақтандырғыш сөздер жазылған және олар­
ды вашингтондық округтық жол торабының бойларын ортатылған

көптеген электрондық таблолардан білуге болады.
Бжезинский З. Выбор. Мировое господство или глобальное
лидерство// Дилеммы гегемонистской демократии.
М.: Международные отношения, 2005. С. 238-268.

ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАСЫ

Американдық ғаламдық жүйе
Халықаралық көлемдегі американдық үстемдіктің бұрынғы
империялық жүйелермен ұқсастықтары жайындағы қалыптасқан
түсініктерге

қарамастан,
олардың
арасында
орын

алған
алшақтықтарды да айқын аңғаруға болады. Олар тіпті мекендік
шекаралар жайындағы мәселелердің де шеңберінен шығып кетеді.
Американдық күш-қуат ішкі американдық тәжірибені айқындайтын

таза американдық ғаламдық жүйе арқылы көрініс тауып отырады.
Дәл осы ішкі тәжірибеде американдық қоғамның плюралистік си­
паты да, одан қалды оның саяси жүйесі басты орын алады.
Бұрынғы империялар ақсүйектік саяси элиталардың күшімен

құрылды және көп жағдайларда оларды авторитарлық және абсо­
люттік режимдер басқарды. Империялық мемлекеттер халқының
басым көпшілігі империялық көңіл-күй мен рәміздердің ықпалында
болды. Ұлттық атақ-даңққа деген ұмтылыс, “өркениеттік мис­

сия” одан қалды баюдың жеке тұлғалық мүмкіндіктері жайында
айтпаған күннің өзінде де – барлығы да империялық авантюралар­
ды қолдауға жұмылдыру мен үкіметтің иерархиялық империялық
пирамидаларын сақтау үшін қызмет еткендігі белгілі жәйт.

Американ қоғамының американдық күш-қуаттың басқаларға
ықпал етуіне байланысты қалыптасқан көзқарастардың көп
жағдайларда екіжақты болып келетіндігі тағы бар. Американ
қоғамы Жапонияның Перл-Харбарға жасаған әскери шабуылына

байланысты Американың екінші дүниежүзілік соғысқа қатынасуын
қолдады. Ал Құрама Штаттардың “қырғи-қабақ соғысқа” белсене
қатысуы бастапқы кезде Берлинді қоршауға алғанға дейін және
одан кейінгі Корей соғысына дейін соншалықты қолдау тапқан

жоқ. “Қырғи-қабақ соғыс” аяқталғаннан кейін Америка Құрама
Штаттарының бірден-бір ғаламдық күш ретіндегі статусы аме­
рикан қоғамын соншалықты шаттандыра қоймады. Сондықтан
да болар, шетелдердегі американдық мақсаттарды талқылаудың

аясы да тар болып шықты. 1995 және 1996 жылдарда жүргізілген
қоғамдық сауалнамалардың нәтижелері американ қоғамының не­
гізінен ғаламдық билікті басқалармен де бөлісуге мүдделі екендік­
терін аңғартқандай болды.

Дәл осы сияқты ішкі факторларға байланысты американдық
ғаламдық жүйе кооптация әдістеріне (Германия, Жапония мем­

лекеттері сияқты жеңіліске ұшыраған қарсыластары, ал кейін­
нен Ресей елі сияқты) ерекше көңіл бөле бастады. Бұл жағдай,
әрине, өзінің демократиялық принциптері мен институттарының
көмегіне сүйене отырып, сонымен қатар тәуелді шетелдік элита­

ларды да өз мүдделеріне қосымша пайдалана білуді білдірсе керек.
Жоғарыда атап көрсетілген жәйттер ғаламдық коммуникациялар,
халықтық көңіл көтерулер мен бұқаралық (сауықтық) мәдениет
салаларындағы американдық үстемдіктің ықпалының одан сай­

ын орныға түскендігінің айғағы болып табылады. Сонымен қатар
американдық технологиялық үстемдік пен орын алған шиеленісті
жағдайларға байланысты ғаламдық әскери араласушылықтың да
күшейе түскендігі белгілі болып қалды.

Мәдени басымдылық американдық ғаламдық күш-қуаттың
әлі де болса бағалана қоймаған жақтарының қатарына жатады.
Кейбіреулер өздерінің эстетикалық талғамдары жайында не ой­
ласа соны ойласын, алайда американдық бұқаралық мәдениеттің

өзіне магниттей тартып, әсіресе дүние жүзі жастарының арасында
кеңінен тарап бара жатқандығын жоққа шығаруға болмас. Оның
тартымдылығының сыры бұқаралық мәдениеттің бастауында ол
барынша насихаттайтын өмір қызықтарының жатқандығында да

болар, сондықтан да болар оның тартымдылығы әлемдік деңгейдегі
мәдени құбылысқа айналып отыр. Американдық телевизиялық
бағдарламалар мен кинофильмдер бүгінгі таңда әлемдік нарықтың
төрт ширегін қамтып отыр. Өз кезегінде американдық музыка

да өз үстемдігін жүргізуде. Сонымен қатар американдықтардың
әуестенушіліктеріне, тамақ ішкен кездегі әдеттеріне, тіпті киім
киістеріне деген қызғушылықтың өзі де барған сайын күшейе
түсуде. Интернеттің тілі де ағылшынша, ғаламдық компъютер­

лік “әңгімелердің” басым көпшілігі де Америкадан шыққан және
олар ғаламдық байланыстардың мазмұнына айтарлықтай ықпал
етуде. Ең соңында айтарымыз, Америка бүгінгі заман талабы­
на сай білім беруге талпыныс жасаған жастардың ағылып келіп

жатқан Меккесіне айналуда. Шамамен алғанда жарты миллион
шетелдік студенттің Америкада білім алатындығы мен олардың
ең қабілеттілерінің басым көпшілігінің өз елдеріне қайтпай Аме­
рикада қалып қоятындығы осы ойымыздың айқын дәлелі болып

табылады. Американдық университетті бітіруші мамандарды әр
континенттің әрбір үкіметінің құрамынан кездестіруге болады.
Көптеген шетелдік демократиялық саясаткерлердің жұмыс істеу
стилдері де барған сайын американдыққа ұқсауда. Шетелдерде өзіне

сансыз табынушылар тапқан тек қана Джон Ф. Кеннеди ғана емес, онымен қатар енді ғана тарих сахнасына шыққан американдық са­ яси басшылардың өздері де саяси үлгі-өнеге боларлықтай дәрежеге жетіп отырғандығы жасырын емес. Жапондық және ағылшындық сияқты түрлі мәдениет өкілдерінің саясаткерлері (мысалы, 90жылдардағы Жапонияның премъер-министрі Р. Хосимото және Ұлыбританияның премъер-министрі Тони Блэр. “Тони” – “Джим­ ми” Картерге, “Билл” Клинтонға немесе “Боб” Доулға еліктеген) Билл Клинтонның өзінің жан-ұясындағы қылықтарынан бастап американ қоғамымен қарым-қатынастар жасаудағы қолданған так­ тикасын қабылдауға ешқашан да арланбаған көрінеді. Американдық саяси дәстүрлермен байланысты болып ке­ летін демократиялық идеалдар кейбіреулердің “мәдени импери­ ализм” деп атайтын ерекше құбылысты одан әрі нығайта түседі. Демократиялық формалардың дүние жүзіне кеңінен таралу ғасырында американдық саяси тәжірибе еліктеу үлгісіне айнала түсуде… Американдық саяси жүйенің кеңінен тарауы мен оның ықпалы әлемдік еркін сауда мен кедергісіз бәсекелестікке ерек­ ше көңіл бөлетін американдық кәсіпкерлік экономикалық үлгінің тартымдылығымен де сипатталады. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізген батыстық мем­ лекеттер, соның ішінде атап айтатын болсақ: кәсіпкерлер мен кәсіподақтардың арасындағы “мәселелерді шешу құқығына” ере­ кше ден қоятын немістік бағыттың өзі де өзінің экономикалық динамизмін жоғалту үстінде. Оның үстіне еуропалықтар Еуро­ па өз дамуының тұрақтылығын қамтамасыз еткісі келсе әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қарсы тұратындай жағдайға жетудің қажеттігін мойындай бастаған тәрізді. Тіпті Жапонияның өзінде де экономикалық іс-әрекеттердегі индивидуализм экономикалық табысқа дәнекер болар қажетті жағдай ретінде танылады. Демек, саяси демократия мен экономикалық дамуға барын­ ша сүйенушілік көп жағдайларда қарапайым идеологиялық жаңалықтарды өзара үйлесімді пайдалана білуді басты назарын­ да ұстайды: өз кезегінде жеке табыстарға жетуге деген құлшыныс байлыққа қол жеткізе отырып, еркіндікті одан әрі нығайта түседі. Біздің ойымызша, индивидуалдық қасиет үлгі ретінде танылып, байлыққа қол жеткізетін және қалғандарға пайда кел­ тіретін Құдайдың өзі берген құқығы болып табылады. Бұл өзінің тартымдылығымен, шамданушылығымен және бәсекелестікке

қарсы тұралық қабілетімен ерекшеленетін доктрина (қағида) бо­
лып табылады.
Американдық даму жолына еліктеушілік біртіндеп дүние
жүзін қамтып келе жатқандықтан, қалыптасқан бұл жағдай

сырттай қарағанда консенсуальдық американдық үстемдікті
орнықтыруға қолайлы мүмкіндіктерді де үнемі туғызып отыра­
ды. Ішкі американдық жүйе сияқты бұл үстемдік те (гегемония)
билік пен ықпал саласындағы консенсус пен білімсіз асиммет­

рияларды жасауға бағытталған өзара байланыстағы институттар
мен шаралардың жан-жақты құрылымының қалыптасуына әкеліп
соғады. Сонымен, америкалық ғаламдық артықшылық бүкіл әлемді
қамтыған одақтар мен коалициялардың күрделі жүйесі арқылы

бұрынғыдан да күшейе түседі.
НАТО ұйымы Еуропаның ең дамыған алдыңғы қатарлы мем­
лекеттерін Америкамен байланыстыра отырып, Америка Құрама
Штаттарын Еуропа елдерінің ішкі істерінің де ұйытқысына айнал­

дыру үстінде. Жапониямен жасалған екі жақты саяси және әскери
байланыстар ең мықты азиялық экономиканы Құрама Штаттарға
матап тастағандай, өйткені шын мәнісіне келгенде Жапония
(қазіргі уақыттағы қалыптасқан жағдайды ескергеннің өзінде де)

америкалық протекторат болып қалуда. Америка сонымен қатар
экономикалық ынтымақтастықтың Азиялық-Тынық мұхиттық
(АРЕС) форумы сияқты ұйымдардың қызметіне де белсене ара­
ласуда…

Сонымен қатар, әсіресе, “халықаралық” қаржы институтта­
ры сияқты мамандандырылған ғаламдық ұйымдардың жүйесін
американдық жүйенің құрамдас бір бөлігі ретінде де қарастыруға
болады. Халықаралық валюта қоры (МВФ) және Дүниежүзілік

банк әлемдік мүдделерді білдіреді және бүкіл дүние жүзін оның
клиенттері деп атауға болады. Шындығында да, ондағылардың
құрамының басым көпшілігі американдықтар болып келеді, ал
бұл ұйымдарды құруда американдықтардың бастамалары не­

гізге алынған (мысалы, 1944 жылғы Бреттен-Вудседе өткен
конференцияның шешімдеріне сәйкес).
Басқа империялармен салыстырғанда бұл ауқымды және
ғаламдық жүйе иерархиялық пирамида болып саналмайды.

Керісінше, Америка әлемдік тоғысулардың бел ортасында тұр, ал
мұнда биліктің бірден-бір бұлағы Вашингтон, Колумбия округі
болып табылатындығына қарамастан ол сұхбаттастық, диффузия
және формальды консенсус арқылы жүзеге асырылып отырады.

Сонымен қатар дәл осы жер Американың сыртқы мүдделеріне бай­
ланысты билік саласындағы саяси ойындардың да орталығы бо­
лып саналады. Жұртшылықтың құрметіне ие болған американдық
ғаламдық гегемониядағы демократиялық процестің басты орын

алуының бірден-бір нақты көрінісі – шетелдік мемлекеттердің
өздерінің де америкалық ішкі саяси істерге араласуға мүмкіндік
алу дәрежесінің өскендігі екендігі даусыз. Мүмкіндігінше, шетел­
дік мемлекеттердің үкіметтері өздерімен ортақ этникалық немесе

діни тамырлары бар американдықтармен ынтымақтастыққа негіз­
делген қарым-қатынастардың өрісін кеңейтуге мүдделі болып оты­
рады. Көптеген шетелдік мемлекеттер өздерінің түбегейлі пробле­
маларын, әсіресе конгрес қабырғасында туындаған мәселелерін

шешуге американдық лоббистерді араластырып отырады. Өз
кезегінде америкалық этникалық қауымдар да американдық
сыртқы саясатқа ықпал етуге тырысып бағады. Осы арада ерекше
атап өтетін бір жәйт, еврейлік, гректік және армяндық лоббилер

өздерінің қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы белсенділіктері­
мен көзге түсуде.
Демек, американдық артықшылық шетелдерде американдық
жүйенің өзіндік белгілерінің кеңінен орнығуына әкеле отырып,

жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыруға да басты дәнекер бола
алады. Оның басты сәттері төмендегідей болып келеді:

– коллективтік қауіпсіздік жүйесі, оның ішінде біріккен

басқарушылық және қарулы күштер, мысалға, НАТО, қауіпсіздік
жайындағы Американдық-жапон шарты және т.б.

– аймақтық экономикалық ынтымақтастық, мысалға АРЕС,

НАРТА (еркін сауда жөніндегі Солтүстік американдық келісім,
мысалға Дүниежүзілік банк, МВФ, ВТО (Еңбекті дүние жүзілік
ұйымдастыру).
АҚШ өзіндік билігін жүргізген күннің өзінде де ортақ шешім­

дер қабылдауға ерекше көңіл бөлуге бағытталған шаралар;
Шешуші рөл атқаратын одақтарда демократиялық мүшелікке
мән берушілік;
Ғаламдық конституциялық және құқықтық құрылымды

қалыптастыру (Халықаралық Соттан бастап Босниядағы соғыс
қылмыскерлерінің істерін қарау жөніндегі трибуналға дейін).

Геосаясат және геостратегия
Американдық ғаламдық артықшылықты қолдану барысын­
да халықаралық қарым-қатынастардағы ең басты принципті
жағдайлардың бірі – саяси география екендігі үнемі ескеріліп оты­

рылуы керек. Наполеон бірде “Өз географияды білу өзіңнің сыртқы
саясатыңды білумен пара-пар” деген даналық сөз айтқан екен.
Алайда, саяси география жайындағы біздің түсінігіміз биліктің
жаңадан туындаған жағдайларына икемделе білуі қажет екендігін

тағы да ескерте кеткен жөн болар.
Халықаралық қарым-қатынастардың басым бөлігі үшін
териториялық бақылау саяси дау-жанжалдардың фокусына ай­
налады. Ұлтшылдық пайда болғаннан бергі орын алған қанды

қақтығыстардың басым көпшілігінің басты себептерінің бірі

– жерлерін одан сайын ұлғайтуға бағытталған өздерінің ұлттық

мақсаттарын қанағаттандыру немесе “қасиетті” жерді жоғалтып
алуға байланысты пайда болған ұлттық сана-сезім болып саналады.
Ендеше, территориялық императив мемлекеттер мен ұлттардың іс-
әрекеттерін бағыттайтын негізгі себеп деп айтсақ қателеспеген бо­

лар едік. Империялар сонымен қатар Гибралтар, Суэц каналы не­
месе Сингапур сияқты империялық бақылау жүйесінде маңызды
рөл атқаратын ең басты географиялық маңызды жерлерді саналы
түрде басып алу және оны сақтап қалу жолымен де құрылғандығын

естен шығармауымыз қажет.
Ұлтшылдық пен территориялық иеліктің арасындағы төтенше
жағдайдың ең нақты көрінісін нацистік Германия мен императорлық
Жапония көрсетті. “Мыңжылдық рейхты” құруға деген әрекет не­

міс тілінде сөйлейтін барлық халықтарды бір саяси шаңырақтың
астына біріктіру мақсаттарының шеңберінен соншалықты шығып
кеткен болатын. Өз кезегінде жапондықтардың да Маньчужу­
рия жерін толық иемдену, ал кейінгі кездегі ең басты мұнай көзі

Голландық Шығыс Үндістанға иелік ету жайындағы идеялардың
құрсауында болуын олардың ұлттық күш-қуатын арттыру мен
ғаламдық статусқа деген ұмтылысымен түсіндіруге болады. Дәл
осындай жағдайды Ресейлік ұлтшылдықтан да айқын аңғаруға

болады. Тіпті ХХ ғасырдың аяғында да олар өмірлік маңызды
мұнай құбырының маңында өмір сүріп жатқан шешендер сияқты
орыс емес халықтарға бақылау жасауға барынша тырысты және
мұндай саяси қадамдар Ресейдің ұлы мемлекет ретіндегі статусын

сақтап қалу үшін өте маңызды болып табылады деген сарындағы
мәлімдемелерімен ақталды.

Мемлекеттер-ұлттар қалай болғанда да дүниежүзілік әлемдік
кеңістіктің ең басты жүйелері болып қала береді. Ұлы мемле­
кеттік ұлтшылдықтың әлсіреуі мен идеологиялық компоненттің
сөне бастауына байланысты ғаламдық саясаттың эмоциональдық

мазмұнының төмендей бастағанына қарамастан, территориялар­
ды иемденуге негізделген бәсекелестік формаларының бүгінгі
таңда барған сайын өркениеттік бет-бейнеге ие бола отырып,
халықаралық қарым-қатынастарда әлі де болса өзінің өміршеңдігін

танытып отырғандығы да өмір шындығы болып табылады. Бұл
бәсекелестікте географиялық жағдайдың өзі де мемлекеттер мен
ұлттардың сыртқы саяси артықшылықтарын айқындаудың бас­
ты жолы болып отыр да, ал ұлттық территориялардың аумағы

бұрынғысынша статус пен күш-қуаттың ең маңызды өлшемі бо­
лып қала беруде.
Алайда, көптеген мемлекеттер мен ұлттар үшін территориялық
иелік мәселесі кейінгі кездерде өзінің маңыздылығын жоғалта

бастағандай болып көрінеді. Осы орайда ерекше атап өтетін бір
жәйт, кейбір мемлекеттердің сыртқы саясатының қалыптасуында
территориялық келіспеушіліктердің басты орын алуын өзінің
жерін кеңейту арқылы ұлттық мәртебесін нығайтуға деген талпы­

ныс ретінде қабылдай беруге тағы да болмайтын сияқты. Өйткені,
бұл жағдайды олардың пайымдауынша, өз отанына қосылу
құқығынан айрылуына байланысты орын алған реніш немесе
көршінің этникалық азшылықпен дұрыс қарым-қатынас жасай

алмағандығынан туындаған көңілі толмаушылық пиғылға байла­
нысты туындаған проблема ретінде қарастырған дұрыс болар.
Басқарушы ұлттық элиталар мемлекеттің ұлттық мәртебесін
немесе осы мемлекеттің халықаралық ықпалының дәрежесін

айқындауда территориялық емес, керісінше толып жатқан басқа
да факторлардың маңызды орын алатындығына көздері жеткендей
болып отыр. Экономикалық жетістіктер және оның технологиялық
инновацияларда ойдағыдай жүзеге асырылуы мемлекет қуатының

өмір сүруінің басты көзіне айналу үстінде. Оның жарқын мысалы:
Жапония елі болып табылады. Осыған қарамастан географиялық
жағдайдың
мемлекеттердің

приоритеттерін
айқындайтын
бағыттардың бір екендігі жайындағы пікірлерді қолдайтын
бағыттардың әлі де болса бар екендігін мойындауымыз керек бо­

лар: олардың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық және
әскери күш-қуаты неғұрлым күшті болса, оның терриориясының
аумағы да кең болады…

Геостратегиялық басты мемлекеттер мен геосаяси орталықтар Өзінің ерен қабілеттілігі мен ұлттық күш-жігері арқылы билік жүргізе алатын немесе өзінің шекарасынан тыс жерлер­ ге де айтарлықтай ықпал ете алатын мемлекеттерді белсенді геостратегиялық басты мемлекеттер қатарына жатқызуға болады. Олардың өзіндік күш-қуаты да мол болып келеді немесе геосая­ си жағынан алып қарастырғанда кей жағдайларда тұрақтылыққа соншалықты бейімділік таныта бере бермеушілік ниеттерімен де ерекшеленіп отырады. Ұлттық айбындылыққа ұмтылыс, идеологиялық мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыра білушілік, діни миссиандық іс-әрекеттер немесе экономикалық жетістіктер­ ге жетушілік сияқты факторлардың қай-қайсысын болмасын жанжақты пайдалана отырып, кейбір мемлекеттер шын мәнісінде де аймақтық үстемдікке қол жеткізуге немесе әлемдік деңгейдегі ықпалын күшейтуге барынша тырысып отырады… Сонымен, олар америкалық күш-қуатты сын елегінен өткізу арқылы өздерінің мүдделеріне сай келетін немесе американдық мүдделерге қарамақайшы келетін жағдайларды ескере отырып, әлдеқайда шектел­ ген және американдық саясатпен кейде үйлесімділік тапса, кейде қарама-қайшылықтарға да келіп тірелетін өздерінің еуразиялық мақсаттар жүйесін қалыптастыра бастайды. Өз кезегінде дәл осындай бағыт алған еуроазиялық мемлекеттерге Америка Құрама Штаттары ерекше көңіл бөліп отыруы қажет. Геосаяси орталықтарды өзінің күш-қуатына ғана сенген мем­ лекеттер ретінде біржақты қарастыруға болмайды. Өйткені бұл арада олардың маңызды аймақтарды алып жатуының басты рөл атқаратындығы басты назарда болуы шарт. Сондықтан да болар, көп жағдайларда геосаяси орталықтар өздерінің географиялық жағдайларымен ерекшеленеді және бұл жағдай маңызды аудандарға бақылау жасауға мүмкіндік береді. Геосаяси орталық көбінесе геосаяси сахнада өмірлік маңызы бар белгілі бір мем­ лекеттті немесе аймақты қорғау міндетін де атқара береді. Кей­ де саяси орталықтың өмір сүруінің көршілес жатқан белсенді мемлекеттер үшін өте маңызды саяси және мәдени салдарлары да болады. Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі негізгі еуразиялық са­ яси орталықтарды бірегейлеу және оларды қорғау Американың ғаламдық геостратегиясының принципті жағы болып табылады. Осы орайда барлық стратегиялық мемлекеттер көбінесе қуатты

да, маңызды мемлекеттер санатына қосылғандарымен де, олардың
бәрі де геостратегиялық басты мемлекеттерге айнала бермейтін­
дігін ескерте кеткен жөн болар.
Қорытынды

Америкалық әлемдік озықтық өзінің сипаты жағынан да,
қамтитын аймағы жағынан да ерекше болып келеді. Бұл тек қана
америкалық демократиялық жүйеге тән өзіндік белгілерді барын­
ша қамтитын гегемонияның жаңа түрі болып саналады. Бұл геге­

мония бір жүзжылдық уақыт бойы қалыптасты және Американың
Еуроазиялық континенттегі атқарған адам айтқысыз рөлі осыбір
ұзаққа созылған тарихи процестің ең басты геосаси көрінісі болып
табылады. Америка бүгінгі таңда да Еуразия үшін арбитр рөлін

атқаруда. Сондықтан да болар, қазіргі уақытта Еуразияға қатысты
немесе Американың мүддесіне қарама-қайшы келетін көкейтесті
мәселелердің бірде-біреуі Американың қатынасуынсыз шешіл­
мейді.

Америка Құрама Штаттарының еуроазиялық шахмат тақтасында
басты геосаяси фигураларды қалай басқаруы мен оларды қалай
орналастыруының, сонымен қатар Еуроазияның ең маңызды гео­
сасяи орталықтарына қандай деңгейде басшылық жасай білуінің

дүние жүзіндегі Американың ұзақ уақытқа созылған және тұрақты
басшылық рөлінің баянды болуы үшін ерекше маңызы бар. Еуро­
пада Франция мен Германия маңдай алды ең басты мемлекеттер
болып қала береді және Американың бұл арадағы басты мақсаты:

Еуразияның батыс аймағындағы қалыптасқан демократиялық
плацдармды нығайтып және оны одан әрі кеңейту болып табылады.
Еуразияның Қиыр Шығысында біздің ойымызша, басшылық рөлді
Қытай мемлекеті атқарады. Сондықтан да, Қытаймен геосаяси

консенсусқа қол жеткізбейінше Американың Азия құрлығындағы
арқа сүйер саяси тірегі болмайды да…
Қалыптасқан дәл осындай жағдайларды ескере отырып, 30
жылдан астам уақыт көлемінде Американың әлемдік алдыңғы

қатарлы мемлекет ретіндегі статусын ешкім де жоққа шығара да
алмас деп пайымдауға да болатын болар. Әлемдегі бірде бір мем­
лекет күш-қуаттың ең басты төрт жағынан (әскери, экономикалық,
техникалық және мәдени) Америка Құрама Штаттарымен

бәсекеге түсе де алмайды және бұлардың түптеп келгенде әлемдік
деңгейдегі саяси ықпалды айқындайтын факторлар екендігі ешбір

дау тудырмайды. Ал егер де Америка болашақта саналы түрде не­
месе қасақанасыз-ақ өзінің басшылық рөлінен бас тарта қалған
жағдайда халықаралық көлемде анархия орын алған болар еді.
Ендеше, президент Клинтонның “Америка дүние жүзі үшін ең

қажетті мемлекетке айналды” деген қағидасы осы ойымыздың
айқын дәлелі болса керек.
Бұл арада дәл осындай қажеттіліктің туындап отырғандығын
да, одан қалды анархияның әлемге таралу қаупінің де орын алып

отырғандығын ерекше атап өткен жөн болар. Сонымен қатар
демографиялық дүмпулерге, аштыққа, радикалдық урбанизацияға,
этникалық және діни алауыздықтар мен адамзат баласын жап­
пай қыруға бағытталған қару-жарақтардың таралуына тосқауыл

қоюдың тым қиындап кетуі де ғажап емес. Ендеше, дүние жүзінде
бой көтерген бей-берекетсіздіктер мен өзара алауыздықтарды
ауыздықтау Америкасыз күштердің қатынасуынсыз толық жүзеге
аса да алмайды.

Нәтижесінде әлемдік тұрақтылыққа қауіп төнеді және бұл
қауіп-қатер адамзат баласы тіршілігінің барған сайын қиындай
бастауына тікелей байланысты болып келеді. Дәлірек айтсақ, ке­
дей елдердегі демографиялық дүмпулермен қатар халықтың бір

уақыттағы урбанизациясы кедейлер санының тез өсуіне ғана емес,
сонымен қатар миллиондаған жұмыссыздардың да және өмірден
соншалықты түңілген жас адамдардың санының тез өсуіне де
әкеліп соғуда. Қазіргі заманғы байланыс құралдары жастар мен

дәстүрлі биліктің арасындағы алшақтықтарды барған сайын
ұлғайта түсуде және сонымен қатар олардың санасында бұл дүниеде
орын алып отырған әділетсіздік сезімін қалыптастыруға да үлкен
үлес қосып, олардың ашу-ызасын тудыруда. Сондықтан да болар,

бүгінгі заманның жастары экстремистік идеялардың ықпалына тез
түседі және экстремистердің қатарын тез арада толықтырып оты­
рады. Бір жағынан алып қарастырғанда миллиондаған адамдарды
қамтып отырған әлемдік деңгейдегі халықтың көші-қоны уақытша

қорғағыш қақпақ қызметін атқарса, ал екінші жағынан – этникалық
және әлеуметтік дау-жанжалдарды бір континенттен екінші конти­
нентке көшірудің құралына айнала алатын сияқты.
Нәтижесінде мұндай бей-берекетсіздіктердің қаупі, күш

көрсетулер және т.б. толып жатқан келеңсіз саяси уақиғалар
дүние жүзіне Американың ойдағыдай билік жүргізу мақсатына
айтарлықтай нұқсан келтірген болар еді. Америкалық жетекшілік
жасаған “соғыс қаупі туындамайтын” жаңа жоспарлы американдық

күш-қуат демократиялық әлеуметтік-саяси жүйелермен бекітілген және сыртқы жан-жақты құрылымдармен жетілдірілген елдерге кеңінен тарауы әбден ықтимал. Еуразияға қатысты америкалық саяси стратегия, сонымен, әлемнің басқа да күштерімен өзара бәсекеге түсуге мәжбүр бола­ ды. Өкіншке орай, Еуропада интеграция мен сан-салалы қарымқатынастарға деген талпыныстың әлсірей бастағандығының бел­ гілері кешенді байқалуда, ал бұл жағдай Еуропа ұлтшылдарының дәстүрлі түсініктерінің жақын арада қайтадан жандануына әкеліп соқтыруы ықтимал. Еуропаның ең алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің өзінде де жұмыссыздықтың кең көлемде белең алуы шетелдіктерге деген жеккөрушілік сезімдерді оята отырып, Франция мен Германия елдерінің саясатын саяси экстремизм мен шовинизм жақтарына қарай мойын бұруларына әкеліп соқтыруы да ғажап емес екендігін жоққа шығаруға тағы да болмайды. Үшінші тарауда баяндалған Еуропадағы уақиғалардың тарихи дамуына байланысты туындаған басты мақсаттар Америка Құрама Штатта­ ры Еуропаның бірігуге деген құлшынысын жәй ғана қолдап қана қоймай, бұл мақсаттарды жүзеге асыруға белсене ат салысқанда ғана ойдағыдай жүзеге асады. Сонымен қатар бүгінгі таңда Ресейдің болашағына байланыс­ ты белгісіз жағдайлар орын алып отыр және бұл арада позитивтік дамудың болашағы да күңгірттеу сияқты болып көрінеді. Демек, Америка Еуропалық ынтымақтастықтың шеңберіндегі Ресейдің ассимилизациясына қолайлы жағдайлар туындата алатын геосая­ си орта құруы керек. Алайда, мысалға Украина мен Өзбекстанның өміршеңдігі (этникалық жағынан Қазақстанның екіге бөлінуін айтпағанда) күмәнданушылық көңіл-күй туғызады және мұндай жағдай егерде Американың назары Еуропадағы ішкі дағдарыс, Түркия мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарындағы қабыспаушылықтың белең ала бастауы немесе американ-иран арасындағы келіспеушіліктер сияқты өзге мəселелерге аударылған күнде одан сайын қиындай түсетіндігі хақ. Қытаймен арадағы қарым-қатынастарды түпкілікті реттеу мүмкіндігі де Тайваньмен байланысты дағдарыс туындай қалған күнде немесе агрессивтік және жаугершілік режимнің орнауы­ на алып келетін Қытайдың ішкі саяси дамуына байланысты, одан қалды американ-қытай қарым-қатынастарының бұзылуына байланысты айтарлықтай қиындықтарға ұшырары сөзсіз. Осы айтылғандар жүзеге аса қалған күнде Қытай американ-жапон

қарым-қатынастарын барынша шиеленістіре түсуге дәнекер болар
еді де және осы әрекеті арқылы Жапония мемлекетінің өз ішін­
де де жойқын геосаяси бағдарсызданудың туындауына әкелер еді,
сөйтіп, өз басы да әлемдік тұрақсыздықтың күшіне айналған болар

еді. Мұндай жағдайда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұрақтылыққа
қауіп төнеді және соның нәтижесінде Оңтүстік Азиядағы
тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атақаратын Үндістанның
бірлігіне де айтарлықтай нұқсан келеді.

Осы айтылған ойларымыз әлемдік биліктің геосаяси негізі
шайқала қалған күнде іргелі мемлекеттер мен ұлттардың үлесіндегі
ғаламдық проблемалар да, көкейтесті дәстүрлі геосаяси мәселелер
де өздерінің нақты шешімдерін таба алмайтындығының басты

дәлелдері болып табылады. Олай болса, Америка саясатының
жемісті болуы оның бүкіл Еуропаға ерекше назар аудара білуіне,
одан қалды осы бір игілікті істе нақты геостратегиялық жоспар­
мен қарулана білуіне тығыз байланысты болып келеді.

Еуразияға байланысты геостратегия
Қажетті саясатты ойдағыдай жүзеге асыра білу үшін бүгінгі
таңда әлемдегі геосаяси ахуалды айқындауға мүмкіндік беретін
айрықша үш жағдайларды ескере білу қажет. Олар: 1) тарихта бір

мемлекет шын мәнісінде де қуатты мемлекетке айналып отыр; 2)
басқа мемлекеттерден әлемдік деңгейде басым болып отырған
мемлекет, еуразиялық мемлекет емес; 3) дүние жүзінің орталық
аренасы – Еуроазия еуразиялық емес мемлекеттің ықпалында

қалып отыр.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, Еуразияның алып жатқан жерінің
кеңдігі мен қоғамдық-саяси жағынан алып қарастырғандағы сан-
алуандығы Американың ықпалы мен ондағы болып жатқан саяси

мәнді уақиғаларға жан-жақты бақылау жасаудың өрісін шектей
түседі. Қалыптасқан мұндай жағдай геосаяси интуиция мен ұлан
байтақ еуразиялық шақмат тақтасында Американың күш-қуаты
мен орасан зор байлығын тиімді де, әрі терең ойластыра отырып

қолдануды қажет етеді. Уақыт өткен сайын Американың белсен­
ді ықпалының қарқыны төмендей бастайтындықтан басты назар
басқада, толып жатқан аймақтық мемлекеттерге бақылау жасау
процесін күшейтуге аударылғандығы дұрыс. Өйткені, бұл қадам

қалай болғанда да, әлемдегі Американың басымдылық рөліне
ешбір нұқсан келтірмеуі керек.

Шахматшылар сияқты әлемдік проблемалармен айналысушы
американ стратегтері де туындаған жағдайларға нақты жауап
бере алулары үшін бірнеше жүрістерді алдын-ала ойластырып
алғандары абзал. Ұзақ уақытты қамтитын стратегия қысқа мерзімді

перспективалараға да (алдағы бес жыл немесе бес жылға дейін),
орта мерзімді перспективаларға да (20 жылға немесе 20 жылға
дейін) және ұзақ уақытты қамтитын болашақтарға да (20 жылдан
аса) бағытталып отыруы керек. Сонымен қатар бұл сатыларды бір-

бірінен алшақтатып қарастырмай, керісінше бір жүйенің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырған ұтымды болады. Алғашқы саты жос­
парлы түрде біртіндеп екінші сатыға өтеді (әрине, бұл алдын ала
белгілеген жоспар болып табылады), ал екінші саты осыдан кейін

кезекті үшінші сатыға өтуге толық мүмкіндік ала алады.
Таяу болашақта Америка Еуразия картасында қалыптасқан гео­
сасяи плюрализмді нағайту мен оны сақтап қалуға мүдделі болады.
Бұл мақсат Американың алдыңғы қатарлы рөліне нұқсан келтіру­

ге тырысатын жау одақтардың (коалициялардың) құрылуына жол
бермеу бағытындағы жүзеге асатын қажетті іс-әрекеттерді батыл
қолдап отыруды көздейді. Орта мерзімді болашақта жоғарыда атап
көрсетілгендер біртіндеп екінші мәселеге орын беруі қажет, ал оны

шешуде басты назар Американың басшылығымен трансеуразиялық
қауіпсіздік жүйесін құруға мүмкіндік беретін және стратегиялық
тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын бірлескен серіктес­
теріне аударылуы қажет. Өз кезегінде ұзақ мерзімді болашақта

жоғарыда атап көрсетілгендердің барлығы да біртіндеп нақты
бірлескен саяси жауапкершілкті қолдайтын әлемдік орталықтың
құрылуына әкеліп соғады.
Жақын арадағы түпкі мақсат: Америка Құрама Штаттарын

Еуразиядан қуып шыға алатындай немесе әлемдік арбитр ретіндегі
оның шешуші рөлін төмендетуге қабілетті бір де бір мемлекеттің
немесе мемлекеттер топтарының болмауына қол жеткізу болып
табылады. Трансконтиненталдық геосаяси плюрализмді нығайту

өзіндік мақсат ретінде емес, бар болғаны Еуразияның басты
аймақтарында нағыз стратегиялық серіктестікті құру мақсатын
көздейтін орта уақыттық мақсатқа жетудің басты құралы ретін­
де қарастырылғаны дұрыс болады. Осы орайда “Демократиялық

Америка Құрама Штаттары Еуразияға бақылау жасауға байла­
нысты осыншама қиындықтарды басынан кешіріп қана қоймай,
қаншама күш-жігерді де қажет ететін мақсатты жүзге асыруды
үнемі қалай бере алар ма екен?” деген орынды сұрақ туындайды..

Сонымен, бірінші саты ой елегіен өткізіле отырып екінші сатыға
өтуі қажет…
Орта мерзімді мақсат нақты серіктестік қарым-қатынастарды
көздейді, ал оның ішінде саяси жағынан қалыптасып басқа мем­

лекеттерден аймақтық дәрежеде басым түсетін Еуропа мен
Қытай арасындағы, одан қалды Еуропаға бағыт-бағдар алған
постимпериялық Ресеймен, ал Еуразияның оңтүстік жағында өз
аймағында тұрақтылықты сақтау рөліне ие болған – демократиялық

Үндістанмен арадағы қарым-қатынастар басты орында болуы
керек. Алайда, Еуропа және Қытаймен ауқымды стратегиялық
қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған Ресей мемлекетінің
жемісті қадамдары немесе сәтсіздіктері оның оң немесе теріс

рөлін айқындауға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Бұдан шығатын қорытынды, өрісі кеңейген Еуропа мен НАТО
АҚШ-тың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының
ойдағыдай жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызып

отырады. Ұлан байтақ жерді алып жатқан Еуропа американдық
ықпалдың шекарасын кеңейте түседі және Орталық Еуропа елдерін
жаңа мүшелікке қабылдаудың арқасында еуропалық одақтарда
американдық бағыт-бағдар алған мемлекеттердің саны барған сай­

ын көбейе түседі… Сонымен қатар саяси жағынан қалыптасқан
Еуропа Ресейдің әлемдік ынтымақтастық жүйесіне прогресивтік
ассимиляция тұрғысынан қосылуы үшін де қажет.
Айталық, Америка өз күшімен жоғары дәрежеде біріккен Еуро­

паны құра алмады делік (бұл еуропалықтардың, әсіресе немістер
мен француздардың ісі болып саналады), алайда, Америка дәл
осындай Еуропаның пайда болуына кедергі жасай да алады. Бұл
жағдай Еуразиядағы тұрақтылықты сақтауға кері ықпалын тигі­

зеді және Американың мемлекеттік мүдделеріне де айтарлықтай
нұқсан келтірері сөзсіз. Демек, жоғарыда атап өткеніміздей, Аме­
рика саяси жағынан алғанда өзінің өміршеңдігін таныта білетін
біріккен Еуропаны қалыптастыру қадамында Франциямен де, Гер­

маниямен де тығыз ынтымақтастық қарым-қарынастарды орнатуға
қол жеткізуі керек. Сонымен қатар біріккен Еуропа өз кезегінде
Америка Құрама Штаттарымен де, Еуропамен де байланыста­
рын сақтай отырып, жалпы демократиялық халықаралық жүйенің

шекарасынының кеңеюіне себепкер болар еді. Франция мен Гер­
мания арасындағы таңдау күн тәртібінде тұрған да жоқ. Қалай
болғанда да Франциясыз да, Германиясыз да Еуропа болмақ емес,
ал Еуропасыз ешқандай да трансеуроазиялық жүйе құрылмақ та

емес.

Тәжірибелік тұрғыдан алып қарастырғанда жоғарыда айтылған қағидалардың барлығы да НАТО шеңберінде біріккен басшылыққа біртіндеп көше бастауды және Еуропаның Африкадағы ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыстағы да рөліне байланысты Франция мемлекетінің мазасыздық күйге түсуін мойындауды қажет етеді. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Еуропалық Одақ та (ЕС) шығысқа қарай өз өрісін кеңейту арқылы саяси және экономикалық жағынан алғанда неғұрлым тәуелсіз әлемдік деңгейге жеткен күннің өзінде де бұл процесті одан әрі қолдап отыру керек болады (Бұл мақсатқа жетуге байланысты туындаған нақты ұсыныстар Америка мен Еуропа проблемалары бойынша халықаралық және стратегиялық мәселелермен айналысатын Орталықтың 1977 жылдың ақпан айында өткізген конференциясында талқыланған болатын). Ер­ кін сауда саласындағы Трансатлантика келісімін жақтап НАТО блогының (одағының) құрамына кіретін көптеген елдердің бел­ гілі басшылары кезінде өз пікірлерін білдірген болатын. Ал бұл жағдай Еуропалық Одақ пен АҚШ арасындағы экономикалық бәсекелестіктің даму бағытына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Қалай болғанда да Еуропалық Одақтың Еуропада жүздеген жылдар бойы қалыптасып қалған және дүние жүзіне өзінің қиратушылық сал­ дарларымен белгілі болған ұлтшылдық антагонизмді жоюдағы қол жеткізген жетістіктері бүгінгі таңдағы Евразияның арбитрі ретін­ дегі Американың шешуші рөлін біртіндеп әлсіретуге әкеліп соғуы да ғажап емес. НАТО мен Еуропалық Одақ өрістерінің кеңеюі Еуропаның біртіндеп әлсірей бастаған беделін көтерудің құралы болып та­ былады. Қырғи-қабақ соғыстың сәтті аяқталуының нәтижесінде қол жеткізген демократиялық бағыт Америка үшін де, Еуропа үшін де өте тиімді болып келеді. Егер де бұл жаңа Еуропа геоса­ яси тұрғыдан “еуроатлантикалық” кеңістіктің бір бөлшегі болып қалған күнде ол өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік алады және НАТО-ның күшейе түсуі де өмірлік қажеттілікке ай­ налады. Осы орайда, экономикалық жағынан қомақты табыстарға жеткен демократиялық Жапония Американың өте маңызды Тынық мұқиттық және ең басты әлемдік серігі болып саналатындығын атап өткен жөн. Жапония Азия аймағында ең басты мемлекет бола алмаса да, халықаралық дәрежедегі алдыңғы қатарлы ел дәрежесіне көтеріле алуға толық мүмкіндігі бар. Токио бүгінгі таңда туындаған әлемдік мәселелерді шешуде Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланыс жасау арқылы дүниежүзілік ықпалға қол жеткі­

зе алады. Сондықтан да, американдық басшылық Жапонияның
осы бағыттағы талпыныстарын батыл қолдап отыруы керек. Жал­
пы экономикалық кеңістік құру жайында айтылған еркін сауда
жөніндегі американ-жапон келісімі екі елдің арасындағы қарым-

қатынастарды нығайтуға да, белгіленген мақсатқа жеткізуге де
дәнекер болады және осы себептен де бұл келісінің тиімділігін
бірлесе отырып қарастырған жөн.
Ендеше, Жапониямен тығыз саяси қарым-қатынастар орна­

ту нәтижесінде ғана Қытайдың осы аймақтағы талпыныстары­
на байланысты сенімді қадамдар жасауға мүмкіндік аламыз. Тек
қана осы негізде ғана күрделі үш жақты келісімге қол жеткізуге
болады. Мұндағы ең басты рөл атқаратын жағдайларды былайша

сипаттауға болады: әлемдік деңгейдегі Американың күш-қуаты;
Қытайдың бұл аймақтағы басымдылығы және халықаралық
деңгейдегі Жапонияның белсенділігі. Алайда, Америка мен Жапо­
ния арасындағы әскери ынтымақтастықтың негізсіз кеңеюінің сал­

дарынан бұл жалпы геосаяси ымыраластықтың ойдағыдай жүзеге
аспай қалуы да ғажап емес. Жапония Қиыр Шығыстағы суға бат­
пайтын американдық авианосецтың рөлін орындамауы керек, со­
нымен қатар ол Американың Азиядағы ең басты әскери серігіне де,

одан қалды Азия аймағындағы ең басты мемлекетке де айналмауы
керек. Жоғарыда атап өтілген бағыттардың біреуінде орын алған
жалған іс-әрекеттер Американың континенталды Азиядан қол
үзуіне әкеліп соғады және Қытаймен стратегиялық консенсусқа қол

жеткізудің болашағына нұқсан келтіреді. Нәтижесінде Еуразияда
геосаяси плюрализмнің тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған
Американың ұлттық мүддесіне айтарлықтай нұқсан келеді.
Қауіпсіздіктің трансеуразиялық жүйесі

Үстемдік етуші бір мемлекеттің пайда болуына кедергі кел­
тіретін
Еуразиядағы
геосаяси

плюрализмнің
тұрақтылығы
қауіпсіздіктің трансеуразиялық жүйесін құру арқылы нығая
түсуі керек. Бұл мақсат, біздің ойымызша, алдағы ғасырдың ба­

сында жүзеге асуы ғажап емес. Қауіпсіздік саласындағы мұндай
трансконтинентальды келісім өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп
келе жатқан НАТО ұйымын да басты назарда ұстауды қажет
етеді. Өйткені, бұл арада Ресеймен және Қытаймен, одан қалды

Жапониямен (бұрынғысынша Америка Құрама Штаттарымен
қауіпсіздік жайындағы екі жақты келісіммен бектілген) жасалған

ынтымақтастық туралы хартияға қол қойылуының маңызы өте зор екендігі даусыз. Алайда, бұл үшін Ресейді қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастық жүйесіне қоса отырып, ең бірін­ ші кезекте НАТО ұйымын одан әрі ұлғайта түсуді жүзеге асыра беру керек. Сонымен қатар, американдықтар мен жапондықтар Қытайдың қатысуымен жүзеге асатын Қиыр Шығыстағы са­ ясат пен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты өткізілетін үшжақты диалогты (сұхбаттастықты) қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық жағдайында бір-бірлерімен белсенді түрде кеңесе білулері қажет. Америка, Жапония және Қытай мемлекет­ тері арасындағы қауіпсіздік проблемалары жайындағы үшжақты келісімдерді Азияның көптеген елдерінің қатысуымен де өткізуге болады және осы қадамның арқасында кейіннен осы мемлекеттер мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының ара­ сында нақты диалогқа қол жеткізуге мүмкіндік туады. Өз кезегін­ де, мұндай сұхбаттастық (диалог) барлық еуропалық және азиялық елдердің қатысуымен бірнеше конференцияларды өткізуге даңғыл жол ашады да, нәтижесінде қауіпсіздіктің трансъконтинентальдық жүйесін құрудың бастамасының негізі салынады. Кейіннен тұңғыш рет бүкіл континентті қамтитын қауіпсіздіктің трансеуразиялық жүйесінің құрылуына қолайлы жағдайлар туды­ ратын басқа да формальды құрылымдарды құру жүзеге аса бас­ тар еді. Мұндай жүйені қалыптастыру – оның мән-мағынасын айқындау, ал одан кейін оған заңды мәртебе беру – алдағы онжылдықтардың ең басты сәулетшілік бастамасына айналған болар еді, өйткені бұрыннан белгіленген саяси бағыт-бағдар бұл мақсатты жүзеге асырудың алдыңғы шарттарын жасап берген бо­ латын. Мұндай ауқымды трансконтинентальды құрылым ең басты еуразиялық субъектілерден тұратын қауіпсіздіктің тұрақты коми­ тетін құруға да дәнекер болар еді, соның нәтижесінде дүние жүзінде тұрақтылықты сақтау ісіндегі өте маңызды мәселелерді шешуге байланысты қалыптасқан тиімді ынтымақтастыққа қауіпсіздіктің трансеуразиялық жүйесінің ықпалы ету қабілеті одан әрі арта түскен болар еді. Сөйтіп Америка, Еуропа, Қытай, конфедера­ тивтік Ресей мен Үндістан, мүмкін дүние жүзінің басқа да толып жатқан мемлекеттері бір-бірлерімен келісе отырып, дәл осындай анағұрлым жүйелі трансконтинентальды жүйенің ұйтқысына айнала алады. Қауіпсіздіктің трансеуразиялық жүйесінің нақты қалыптасуы тіпті Американың мойнындағы ауыр жүкті біртін­ деп жеңілдетуге себепкер болып қана қоймай, оның Еуразиядағы

тұрақтылықты сақтау мен третей соты ретіндегі шешуші рөлін де
мәңгілік орнықтырар еді.
Ең соңғы дүниежүзілік алып мемлекеттен кейін
Түптеп келгенде дүниежүзілік саясатқа биліктің тек қана бір

ғана мемлекеттің қолына шоғырлануы барған сайын тиімсіз болып
шығады. Олай болса, АҚШ ғаламдық деңгейдегі тек қана тұңғыш
және бірден-бір алып мемлекет қана емес, сонымен қатар ең соңғы
ел деп айтуға толық негіз бар.

Бұл жағдай мемлекеттер мен ұлттардың біртіндеп өзара
түсіністік таба білулеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар
білімнің күш ретінде әлемге кеңінен таралуына да, одан қалды
оның мемлекеттік шекаралармен байланысының әлсірей бастауына

да тығыз байланысты болып келеді. Бәрінен бұрын экономикалық
күш-қуат та барған сайын бөлініске ұшырап отыратын сияқты.
Біздің ойымызша, АҚШ-тың әлемдік жалпы ішкі өнімін өндірудегі
1945 жылы қол жеткізген 50 пайыздық жетістігін айтпағанда, оның

осы жүз жылдың ішінде қол жеткізген қомақты табыстарын ескере
отырып, жақын арада әлемдік ішкі өнімді өндірудің 30 пайыздық
межесіне жете алатындай мемлекет табыла да қоймас. Кейбір
есептеулердің қорытындыларына сүйенсек, біздің онжылдықтың

аяғына қарай АҚШ қайткен күннің өзінде де әлемдік ВВП-ның
(әлемдік жалпы ішкі өнімнің) 20 пайызына толық ие бола алады
және бұл көрсеткіш, мүмкін, 2020 жылға қарай 10 пайызға дейін
төмендеуі де ғажап емес, ал өз кезегінде Қытай мен Жапония мем­

лекеттері болса өздерінің үлестерін АҚШ-тың деңгейіне дейін
көтеруге тырысып бағады. Алайда, осы ғасырдағы АҚШ-тың қол
жеткізген үлгісіне сүйенген бір елдің экономикалық үстемдігінің
орнауы жүзеге аса қояр ма екен және оның айтарлықтай әскери

және саяси салдарлары да болатындығын тағы да жоққа шығара
алмаймыз.
Сонымен қатар, американ қоғамының соншалықты көпұлтты
болып келуі мен оның дамып-қалыптасуының өзіндік сипаты мен

ерекшеліктері АҚШ үстемдігінің тек қана бір ұлттың үстемдігін
орнатушылығына жол бермей отыр. Мысалға, Қытайдың әлемнің
ең алдыңғы қатарлы еліне айналу жолындағы талпыныстарын
басқа мемлекеттер тек қана бір ұлттың үстемдігін орнатуды

жүзеге асыруға деген құлшыныс ретінде де қабылдауы әбден
мүмкін. Демек, Америка Құрама Штатарының үстемдігі кеміген

күннің өзінде де, АҚШ-тың бүгінгі таңдағы қол жеткізген әлемдік
артықшылығына қол жеткізе алатын мемлекет табыла қояр ма
екен? Бұл сұрақтың нақты жауабы АҚШ-тың өзінің үстемдігін қай
уақытқа дейін сақтап тұра алатындығына және әлемнің ең басты

мемлекеттерімен арадағы сан-салалы қарым-қатынастардың негіз­
дерін қарқынды түрде қалай білуіне де тікелей байланысты болып
келеді…
Бжезинский З. Великая шахматная доска.

М.: Международные отношения. 2000.
С. 36-40, 40-41, 48-52, 54, 230-236, 246-248, 250-253.

Иммануэль Валлерстайн ТАНЫС ДҮНИЕНІҢ АҚЫРЫ XXІ ғасыр әлеуметтануы 4 тарау. Мемлекеттер? Егемендік? Өтпелі дәуір капиталистерінің дилеммасы1 Бәріңізге белгілі, мемлекет пен капиталистер арасындағы қатынастар туралы таластың ұзақ тарихы бар. Ұстанымдар алшақ: бір зерттеушілер өздерінің жеке және ұжымдық мүдделерін көздейтін капиталистердің мемлекетті пайдаланудағы ауқымына баса назар аударса, екіншілері өздерінің ерекше мүдделері бар екеніне қарамастан, капиталистерге тек әлеуметтік топтардың бірі ретінде ғана қатынасатын мемлекеттің тәуелсіз деңгейін атап көрсетеді. Мемлекеттік машина тарапынан болатын бақылаудан құтылуға капиталистердің қаншалықты деңгейде қабілетті екен­ дігі мәселесіне қатысты да пікірталастар жүріп жатыр және бұл жерде олардың осы саладағы мүмкіндіктері соңғы онжылдықтарда трансұлттық корпорпациялардың қалыптасуымен және жаhандану деп аталып кеткен үдерістің өсуімен едәуір ұлғая түсті деген пікір­ мен бәрі де тоғысады. Мұның үстіне, тəуелсіз деп аталатын мемлекеттердің бірбірімен қатынасы мәселесі де біраздан бері талқыланып ке­ леді. Бұл жағдайда да пікірлердің шоғыры мемлекеттердің әрқайсысының егемендігінің нақты сипат алғандығын атап көрсететіндерден бастап, әлсіз мемлекеттердің күштілердің қысымына (жалған уәделеріне) қарсы тұру қабілетін мейлінше ке­ кесінмен бағалайтындарға дейінгі пікірлер кездеседі. Бұл пікірта­ ластар көбіне мемлекет пен капиталистер арасындағы қатынастар мәселесі жөніндегі сөзсайыстардан бөлек, дербес жүргізіледі, әңгіме екі басқа мәселелер туралы болатындай сыңай байқалады. Бірақ маған қазіргі әлемдік жүйе құрылымының ерекшеліктеріне сай, бұл мәселелерді бір бірінен байланыссыз талқылаудың келе­ шегі жоқтай көрінеді. Жер шарының бірқатар бөлігінде баяғы XVІ ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан қазіргі заманғы әлемдік тәртіп капиталистік әлемдік шаруашылықты білдіреді. Мұның бірқатар қағидалары бар. Егер оның негізгі қозғаушы күші капиталды шексіз жинақтау болса, бұл жүйе капиталистік болады. Кейде мұны қосымша құн

заңы деп те атайды. Әрине, барлық адамдарды осы ниет итермеле­ мейді, бірақ тек осыған кейбіреулердің қолы жетеді. Алайда, егер осындай белсенділікке енгендер таяу болашақта өздерінің бойынан басқа ниетті көздейтіндерден басымдылығын тапқан кезден бастап, жүйе капиталистік сипат алады. Капиталды шексіз жинақтау, өз кезегінде, не нәрсенің болмасын коммодификациясының үздіксіз өсуін талап етеді және дәл қазіргі әлемдік жүйеде аңғарылып отырғандай, капиталистік әлемдік шаруашылық дәл осы бағыттағы ұдайы дамуды көрсетіп отыруы тиіс. Одан ары бұл екінші талапты – тауарларды тауарлы тізбек деп аталатынға біріктіру қажеттілігін тудырады, мұның қажеттілігі осындай тізбектің «тиімділігімен» (олар өндірістің жарамсыздығын бәсеңдетеді деген мағынада) ғана емес, тұнықтықты да болдыр­ мауымен (егер Бродельдің терминологиясын қолданар болсақ) де түсіндіріледі. Ұзыннан ұзақ тауарлы тізбек жағдайында қосымша құнды үлестірудің бүркемеленген сипаты, ол капиталдың шексіз жинақталуымен сипатталатын үлестірудегі күрт диспропорцияның себептері мен нақты жағдайды, бұрынғы кез келген тари­ хи жүйелермен салыстырғанда бүгінгі күні айқын аңғарылып отырған поляризацияның (алшақтанудың) себептерін жасыра­ тын болғандықтан, саяси оппозицияны анағұрлым тиімді түрде бейтараптандыруға қабілетті. Тауарлы тізбектердің созылымы еңбектің әлемдікшаруашылықтық бөлінісінің шектерін анықтайды. Оның өзі бір­ неше себептермен анықталады: өндіріс үшін қажетті шикізат түрлерімен, көлік пен байланыстың техникалық сипаттамаларымен және, мүмкін, анағұрлым көп мөлшерде – капиталистік әлемдік шаруашылықтың басым күштері оған жаңа аймақтарды енгізуі үшін қолданатын саяси тетіктерінің қуаттылығымен анықталады. Қазіргі құрылымның тарихи географиясы үш негізгі сәтпен сипатталаты­ нын мен айтып үлгердім. Біріншіден, бұл модернитидің әлемдік жүйесі Еуропаның ауқымды бөлігін (Ресей мен Оттоман империя­ сынан басқа), сондай-ақ Америка құрылығының кейбір бөліктерін қамтыған 1450 жылдан 1850 жылға дейін созылған бастапқы қалыптасу кезеңі. Екіншіден, бұл жүйеге Ресей, Оттоман импери­ ясы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір бөліктері, Батыс Африканың көлемді территориялары және екі Американың қалған бөліктері қосылған 1750 жылдан 1850 жылға дейінгі қуатты экспансия дәуірі. Үшіншіден – еңбек бөлінісі жүйесіне Шығыс Азия, Африканың бірқатар аймақтары осыған дейін бұл үдеріс

шарпымаған Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океанияның территори­ ялары енген 1850-1900 жылдардағы ең ақырғы кеңею дәуірі. Бұл кезеңде капиталистік әлемдік шаруашылық тұңғыш рет шынайы ғаламдық сипат алды. Ол географиялық тұрғыда бүкіл жер шарын қамтыған бірінші тарихи жүйе болды. Бүгінгі күні әркімнің аузында жүрген жаhандану ең ары кеткен­ де ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына қатысты айтылады, ал іс жүзінде трансұлттық тауарлы тізбектер бұл жүйенің туындаған және XІX ғасырдың екінші жартысының өзінде жаhандық сипат ала бастаған кезінен белгілі болды. Әрине, технологияның дамуы тауарлардың орасан зор шоғырын қиян шеттерге дейін көлікпен тасымалдау мүмкіндігін ашты, бірақ мен тауарлы тізбектердің құрылымы мен қызмет етуі ХХ ғасырда түбірімен өзгерді және мұндай өзгеріс ақпараттық төңкеріс деп аталатын ықпалдың көмегімен де өзгере қояды деп айта алмаймын. Дегенмен капиталистік әлемдік шаруашылық прогресі соңғы бес жүзжылдықтағы таң қаларлық қарқынды болды және әрине, өзіміздің өмірімізге үнемі еніп жатқан, барған сайын жетіле түскен машиналар мен қолданбалы ғылыми білімнің өзге де өнімдері біздің бастымызды айналдыра түседі. Экономист-неоклассиктердің пікірінше, бұл шаруашылық өсім мен осы технологиялық прогресс капиталистердің кәсіпкерлік ісінің нәтижесі және капиталдың шексіз жинақталуының барысындағы сақталып қалған соңғы кедергілердің жойылуы әлемді одан ары әдемі, бай және, демек, рахатты етеді. Неоклассиктер және олардың ғылыми жақтастары болашақтың келбетін олардың ұсынған қондырғылары қабылданған жағдайда оптимистік тұрғыда, ал оларды толығымен немесе іші­ нара қабылдамаған жағдайда пессимистік тұрғыда сипаттайды. Бірақ, тіпті экономист-неоклассиктердің өздері соңғы бесжүзжылдық ешнəрсемен шектелмеген «өндіріс факторларының еркін қозғалысы» дәуірінің болмағанын мойындауға мәжбүр. «Жаhандану» туралы әңгімелер дәл осыны айғақтайды. Тек бүгін ғана біз еркін, онда да толық емес қозғалысты бақылап отырмыз. Кәсіпкер-буржуйлар соңғы онжылдықтардан біраз бұрын осынша­ ма ауқымды табыстарға қалайша жетті? Тап ретінде олардың бір­ неше ғасыр ішінде каптал жинақтауда телегей табысқа кенелгені­ мен интеллектуалды және саяси бағдардағы кез келген зерттеуші келіседі емес пе. Бұл көрнекі аномалияны түсіндіру үшін Альфред Маршаллдың заманынан бастап экономист-неоклассиктер айтпай жасырып келген тарихтың бөліміне – дәлірек айтқанда, саяси және

әлеуметтік тарихқа жүгіну керек. Және осы жерде сахнаға мемле­
кет шығады.
Қазіргі заманғы мемлекет, әрқайсысы егеменді деп есеп­тел­
генінің, бірақ мемлекетаралық жүйе шеңберінде өмір сүретіндігінің

өзімен-ақ қызық болып көрінеді. Мен капиталистік емес жүйелерде
саяси құрылымдар басқаша қызмет етті, бұлар мүлдем өзге
типтегі институттар болды деген түйінге келемін. Онда қазіргі
мемлекеттердің ерекшеліктері қандай? Ең алдымен, бұл оның еге­

мендікке қоятын наразылығы. XVІ ғасырдан бергі анықтамасына
сәйкес, тəуелсіздік мемлекеттің емес, мемлекетаралық жүйенің
тудырған талабы. Бұл өз мәнінде қосарлы талап мемлекеттің
ішіне де, одан тысқарыға да бағытталған. Мемлекеттің ішіне

бағытталған тəуелсіздік өз шекарасының ішінде (бірақ олардың
шекарасы мемлекетаралық жүйе деңгейінде айқын анықталған
және заңдастырылған болуы тиіс) мемлекет ақылға сыйымды де­
ген кез келген саясатты жүргізуге, қажет деп саналатын кез келген

заңды шығаруға құқылы және мұның барысында ешкім де – жеке­
леген индивидтер де, топтар да, мемлекет ішіндегі құрылымдар да
оларды орындаудан бас тартуға құқылы емес деп ұйғарады. Сыртқа
бағытталған егемендік, яғни дербестік ешқандай басқа мемлекет

берілген мемлекеттің өз шекарасының шеңберінде жүзеге асы­
ратын өкілеттіліктеріне тікелей болсын, жанама түрде болсын
араласуға құқы жоқ деп ұйғарады және мұндай ұмтылыс оның
егемендігіне қол сұғушылық деп санайды. Әрине, бұрынғы мем­

лекеттік құрылымдар да өз шекаралары шеңберінде толық билік
жүргізуге ұмтылды, бірақ «тəуелсіздік» басқалардың тарапынан
мемлекеттердің мемлекетаралық жүйесіне енген әрқайсысынан
осы талаптардың заңдылығын мойындауды да талап етеді. Осы­

лайша, қазіргі әлемдегі егемендік өзара байланысты ұйғарады.
Алайда бұл жағдайларды қағаз бетінде-ақ баяндасақ болғаны,
олардың қазіргі әлем қызметінің нақты кескінінен қаншалықты
айрықшаланатыны айқын болып шыға келеді. Бірде бір қазіргі

мемлекет, іс жүзінде, тіпті өзінің шеңберінде ешқашан толық азат
бола алған жоқ, өйткені биліктің әрекетіне деген қарсылық қашанда
болды. Іс жүзінде мұндай қарсылық көптеген мемлекеттерді ішкі
азаттықтың заңды шекараларын институционалдандыруға, ең ал­

дымен, конституциялық құқық пішімінда институционалдандыруға
әкелді. Дәл осындай мөлшерде бір де бір мемлекет барлық өзінің
дербестік құқықтарын сыртқы саясатта да іске асыра алмады;
бір мемлекеттің екіншісінің ісіне араласуы әруақытта болған

және кәдуілгі практика күйінде қала береді, оның үстіне бүкіл
халықаралық құқық кодексі (мейлінше осал сүйеніш екенін айта
кету керек) сыртқы дербестік шектеулердің жиынтығын ғана біл­
діреді. Сонымен бір мезгілде күшті мемлекеттердің әлсіздердің

бостандығына әрқашан құрметпен қарай қоймайтыны да тарих­
тан белгілі. Сонда неге осыншалықты ерсі идея алдыңғы орынға
көтеріліп отыр? Және неге тəуелсіздікті талап етуді оның басқа
типтерінен айрықшаланатын қазіргі әлемдік жүйенің саяси

өзгешелігі деп түйіндеуге болады?
Тəуелсіздік, яғни, дербестік, бостандық тұжырымдамасы Ба­
тыс Еуропада мемлекеттік құрылымдар әлі де болса мейлінше
әлсіз кезінде қалыптасты. Мемлекеттердің бюрократиялық аппа­

раты көп болған жоқ және тиімсіз болды, олардың қарулы күштері
жиі бақылаудан шығып, ал күшті жергілікті биліктің болуы мен
бір-бірін үстемелеп қайталаған заңнамалар ахуалды одан әрмен
шиеленістіріп жіберді. Теңестірілген жүйе XV ғасырдың соңында

жаңа монархиялардың кезінде ғана қалыптаса бастады және бұл ең
алғашқы қадамдар еді. Монархтардың абсолюттік билігі доктрина­
сы сағымдағы утопияны орнатудан үміттенген әлсіз билеушілердің
талабының теориялық көрінісі болды. Олардың төреші болуға

тырысқан ұмтылыстарының артында нақты шарасыздық жасы­
рын жатты. Экстерриториалдылық ұстынын мойындайтын және
дипломаттық тиіспеушілікті жариялайтын қазіргі дипломатия
Қайта өрлеу дәуірінде Италияда ойлап шығарылды және бүкіл

Еуропаға тек XVІ ғасырда ғана таралды. Қандай да бір ұйымдасқан
мемлекетаралық жүйені қалыптастыру бүкіл жүз жылға жуық
уақытты қамтыды және 1648 жылы Вестфаль бітіміне қол қоюмен
аяқталды.

Соңғы бес жүзжылдықтардың тарихында, капиталистік әлемдік
шаруашылықтың дамуы аясында [жекелеген] мемлекеттердің
ішкі қуатының да, сондай-ақ мемлекетаралық институттардың
өкілеттерінің де жай болғанымен, үдемелі өсуі байқалады. Бірақ,

бұл үдерістің ауқымын асыра сілтеп кеңейтпей-ақ қояйық. Барлық
бұл құрылымдар өз дамуын жоқтан бастап, абсолюттік билікті
есепке алмағанда, бірқатар ұстанымдарға қол жеткізді. Мұның
барысында кейбір мемлекеттер (оларды күштілер деп атай­

ды), қалған басқаларымен салыстырғанда, қашанда ересен ішкі
және сыртқы құдіретке ие болды. Бұл жерде, әрине, құдірет де­
генде не ұғынылатынын дәлірек түсіндіре кету керек. Құдірет

– бұл кеудемсоқ әңгімелер емес, заңды тұрғыдан шексіз билік

емес. Құдірет нәтижелермен өлшенеді; ол мақсатқа жетумен айқындалады. Шындығында құдіретті адамдар сабырлы, сыпайы, өз ісіне мығым адамдар болып келеді (көбіне солай); шын мәнінде құдіреттілер барлық жағынан озық болады. Мұндай адамдардың пікірі, мейлі ол сол саланың білгірі болмаса да, тыңдалады. Олардың күш қолдануға қаhарлануы, кейде осы күш қолдануды керексіз етіп те тастайды. Құдірет пен билікке ие адамдар Макиавеллидің ұстындарына сүйенеді. Олар өздерінің болашақта күш қолдану еркіндігінің қазіргі кездегі оны қолданудың ауқымына пропорцио­ налды түрде азаятынын жақсы түсінеді және сондықтан олар оны шектеп және ақылмен пайдаланады. Азат мемлекеттердің мемлекетаралық жүйенің шеңберінде өмір сүруін ұйғаратын және мемлекетке де, мемлекетаралық жүйеге де шектеулі билік берген мұндай саяси құрылым кәсіпкеркапиталистердің қажеттіліктеріне толығымен жауап берді. Өйткені, адамдарға мақстына жету үшін не қажет, егер ол мақсат капиталды шексіз жинақтаумен сипатталса ше? Немесе, басқаша айтқанда, бұл үшін оларға еркін нарықтан басқа не керек? Ешқандай сая­ си билігі жоқ әлемде олар одан да байып гүлдене түсер ме екен? Бұл сұрақтың жауабы айқын, өйткені бір де бір капиталист, капитализмнің бір де бір жақтаушысы – мейлі тіпті Милтон Фрид­ ман немесе Эйн Рэнд болсын – мұндай қағиданы ешқашан айтқан емес. Олардың бар ұстанымдарының шегі – бұл, егер солай айту мүмкін болса, түнгі қарауылдың рөлін атқаратындай мемлекеттің болуы. Ал түнгі қарауыл немен айналысады? Ол ұйықтамаған және күткен кезінде жадағай жерде отырып алып, қолындағы таяғын немесе пистолетін еріккеннен айналдырып отырады. Бірдеңені ұрлау пиғылы бар шақырылмаған қонақтарды үркіту үшін, оның бар болғаны да жеткілікті. Меншік құқығын қорғаудың әмбебап талабынан туындайтын негізгі міндет осындай. Егер оны сақтап қорғау мүмкін болмаса, капитал жинаудың мәні кетеді емес пе. Кәсіпкерлер жинаған капиталын нарықтық операциялар­ дан басқа да үш жағдайда жоғалтуы мүмкін. Оның ұрлануы, тәркіленуі немесе оған салық салынуы мүмкін. Қандай түрі болсада ұрлық мәңгі мәселе болып қала береді. Қазіргі заманғы әлемдік жүйе қалыптасқанға дейін ұрлықтан қорғанудың басты құралы қауіпсіздік жеке қызметін құру болды. Бұл капитализм дамуының бастапқы кезеңдерінде де өзекті болып қала берді. Бірақ, оның баламасы да болды, ол қарақшылардан қорғану фун­

кциясын мемлекет құзырына өткізумен сипатталады; неғұрлым
жалпы күйінде мұны полициялық функция деп атауға болады. Бұл
баламаның экономикалық артықшылықтары Фредерик Лэйннің
«Биліктің пайдалары» деген кітабында тамаша сипатталған, онда

ол функцияның осы тарихи алмасуынан кейін өсе түскен кірістер­
ді сипаттау үшін «қорғаудан түскен рента» ұғымын енгізді және
осы жаңашылдықтың енгізілуінен кейбір кәсіпкерлер («күшті»
мемлекеттерде тұратын) басқаларына қарағанда анағұрлым көп

артықшылықтар алғанын жазады.
Алайда, нағыз бай адамдар үшін ұрлық пен тонауға
қарағанда, тәркілеу үлкен мәселе болды. Капитализмге дейін­
гі қоғам жағдайында бұл міндетті түрде билеушілердің, әсіресе,

барынша құдіретті билеушілердің аса маңызды саяси және
экономикалық қаруы болатын. Тәркілеу буржуйлардың шексіз ка­
питал жинақтаумен шамадан тыс айналысуына тосқауыл қоятын
ең қуатты құралдардың бірі болып қала берді. Дәл осы себепті

іс жүзінде тәркілеуді тек меншіктік құқықты реттеу арқылы ғана
емес, «заңның үстемдігін» бекіту арқылы заңсыз деп мойындау
капиталистік жүйе қалыптасуының қажетті алғышарты болды.
Тәркілеудің қазіргі заманғы әлемдік жүйенің қалыптасу кезеңінде

де кеңінен таралғанын ескеру қажет. Ол мемлекеттердің банкротқа
(дағдарысқа – М.К.) ұшырауының (испандық Габсбургтардың
бірінен соң бірі төрт рет банкротқа ұшырағанын еске түсірсек
те жеткілікті) және, тіпті, ХХ ғасырда оның ұлттандыру кей­

піне еніп, тікелей болмаса да, жанама күйінде іске асырылып
отырды. Бірақ тәркілеудің қаншалықты кең жүргізілгені емес,
керісінше, оны сирек қолданғаны таң қалдырады. Басқа ешқандай
әлемдік жүйеде капиталистердің мүдделері дәл осылай қорғалған

емес, және уақыт өте келе олардың қорғалу деңгейі тек өсе
түсті. Ұлттандыру кейде «компенсациямен» қоса жүрді, ал кей­
де қайтадан ұлтсыздандырудың болғаны белгілі, осының бәрі
жүйелік тұрғыдан алғанда, тәркілеуге уақытша сипат берді. Кез

келген жағдайда, заңдылық ұстынын жүйелі бекіту болашақтағы
кірістердің деңгейін айқындауды қамтамасыз етті, ал бұл капита­
листерге ақырында анағұрлым көп пайда келтіретін инвестиция­
ларды ойластыруға мүмкіндік берді.

Салық салуға келер болсақ, онда, әрине, ешкімнің де салық
төлегісі келмейтіні белгілі, бірақ капиталистер, тап ретін­
де, олардың пікірінше, ақылға сыйымды салыққа ешқашанда
қарсылық көрсеткен емес. Мұндай салық олар үшін мемлекеттің

қызметін сатып алуды білдіреді. Барлық басқа жағдайлардағы
сияқты, капиталистер мейлінше төмен бағаны төлеуді қалайды,
бірақ бұл жағдайда мұндай қызметтің тегін болмайтынын өздері
жақсы түсінеді. Оның үстіне бекітілген салықтар – бұл мүлдем

төленіп қойылған салықтар емес. Алайда ғасырлар бойы капита­
листік әлемдік шаруашылықтың өмір суруі барысында салықтың
нақты деңгейінің біршама өскенін айта кету керек, дегенмен оның
себебін мемлекеттік қызметтің көлемінің өсуінен де іздеу керек.

Көрсетілетін бұл қажетті қызметтер үшін капиталистерге тікелей
өз қалтасынан төлеген тиімді болды дегенге сену қиын. Оның
үстіне, менің пікірімше, салықтардың салыстырмалы түрде жоғары
болуы ірі капиталистерге пайдалы, өйткені бұл ақшалардың үлкен

бөлігі болмаса да, қомақты бөлігі қалай болғанда да оларға қайтып
келеді, себебі салық салу қосымша құнның еңбекшілер мен ұсақ
фирмалардан ірі капиталистерге қайта үлестірудің тәсілі болып
табылады.

Капиталистер
мемлекеттің
қандай
қызметтеріне

зәру?
Олардың ішіндегі ең біріншісі және анағұрлым маңыздысы ер­
кін нарықтан қорғау болып табылады. Еркін нарық – бұл капитал
жинақтаудың бітіспес жауы. Экономикалық трактаттардың авто­

рларына соншалық қадірлі гипотетикалық еркін нарық, шынайы
ақпаратқа ие сатушылар мен сатып алушылардың көпшілігінен
тұратын нарық капиталистер үшін апатқа ұшырауды білдіреді.
Мұндай жағдайларда кімдер ақша табуға қабілетті? «Еркін нарық

жағдайындағы табыстың темірдей заңының» әрекетімен айқындала
отырып, капиталистердің кірістері XІX ғасырдың гипотетикалық
пролетарийлерінің кірісімен теңесіп кетер еді және бұл «қысқа
жіпті күрмеуге келтірмес» еді. Бірақ іс жүзінде мұндай нәрсе бо­

лып тұрған жоқ, өйткені нақты өмір сүріп отырған бүгінгі нарық
мүлдем еркін емес.
Нарықты қаншалықты монополияда ұстағанына қарай, кез
келген өндіруші соншалықты өз пайдасын да ұлғайта алады.

Бірақ капиталистер үнемі айтып жүргендей, еркін нарық монопо­
лияны бұзады. Егер операция пайдалы болса, ал монополиялық
операциялардың анықтамаға сәйкес пайдалы екендігі белгілі, онда
басқа кәсіпкерлер де, қолдарынан келсе, қандай да бір тауардың

өткізілу бағасын кеміте отырып, нарыққа шығады. «Егер қолынан
келсе!» Нарықтың өзі өзіне жаңа ойыншылардың енуіне мейлінше
болмашы ғана кедергілер қояды. Бұл кедергілер тиімділік деп ата­
лады. Егер жаңадан келген адам сәйкесінше нарықта қалыптасқан

тиімділіктің деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда ол қуана-қуана қабылданады. Нарыққа енудің нақты шектеушісі мемлекеттің әрекеті, дәлірек айтқанда мемлекет болып табылады. Мемлекеттің құзырында нарықтық сауда сипатының түрін өзгертетін үш негізгі тетік болады. Оның анағұрлым күмәнсізі заңнамалық шектеулер болып саналады. Мемлекет квоталар бекі­ тетіні сияқты, монополияларды да бекітуі немесе тыйым салуы мүмкін. Импорттық-экспорттық операцияларға тыйым салу және, тіпті одан да маңыздысы патент мейлінше кеңінен таралған. Мо­ нополияларды «интеллектуалды меншіктің» иелері деген атауға өзгерту мына үмітке сай жүргізіледі: бұл осы ұғымның еркін нарық туралы түсініктермен қаншалықты сәйкес келмейтінін ешкім аңғармай қалады деген үміт немесе, керісінше, бұл түсініктермен меншік ұғымының қаншалықты сәйкес емес екендігін пайымдауға мүмкіндік береді деген үміт. Ақыры соңында тіпті «өмір керек пе, әмиян керек пе?» деген тонаушының классикалық талабы еркін нарыққа да тән баламаны ұсынады. «Былай істе, әйтпесе...» деген лаңкестің өктемдігі де осыған саяды. Тікелей тыйым салулар да кәсіпкерлер үшін маңызды, бірақ олар риториканың негізгі бағытына қайшы келеді; сондықтан саяси се­ бептерге орай олар мұны қолданудан қашқақтайды. Мемлекет мо­ нополияларды басқа құралдармен де, білінбейтін және сондықтан да анағұрлым маңызды саналатын құралдармен де құра алады. Мы­ салы, ол нарықтық жағдайларды оңайлықпен бұрмалауға қабілетті. Нарық бастапқыда мейлінше тиімді өндірушілерге қолайлы жағдай туғызғандықтан, ал тиімділік болса, өнім бірлігін өндіруге кететін шығынды қысқартумен анықталатындықтан, мемлекет кәсіпкердің шығының бір бөлігін өз мойнына алса, жетіп жатыр. Қандай да бір субсидия бергенде, дәл осы жүзеге асады. Оларды өндірушілерге белгілі бір тауар түрінде бөлуге болады. Бірақ одан да маңыздысы, дәл осыны біршама кәсіпкерлердің атынан істеуге болады, оның екі тәсілі бар. Мемлекет кәсіпкерлерді сәйкес шығындарды өзіне алу қажеттілігінен айыратын инфрақұрылымдарды құра алады. Әдетте мұндай әрекеттер осы шығындардың жекелеген кәсіпкерлер үшін шектен тыс ауыр екендігімен негізделеді және мемлекеттің жұмсаған шығындары барлығына пайдалы мақсаттарға жетуге бағытталған кірістерді пропорционалды үлестіріп бөлуді білдіреді деп түсіндіріледі. Мұндай түсіндірме, бірақ барлық кәсіпкерлердің бірдей пайда табатынын ұйғарып отыр, алайда іс жүзінде мұндай өте сирек болады: әрине, мұның әртүрлі шетелдік кәсіпкерлерге

қатысы жоғы түсінікті, ал бір мемлекеттің өкілдеріне қатысты жиі болып тұрады. Қалай дегенде де, инфраструктураны құруға жұмсалатын шығын, әдетте, оны пайдаланатындардың ғана емес, барлық салық төлеушілердің де иығына түседі, ал кейде олардың пропорционалды емес бөлігі осы ашылған мүмкіндіктерді қолдануға құлқы жоқтарға да тиіп жатады. Бірақ инфрақұрылымдық жобаларды тікелей мемлекеттік қаржыландыру – бұл мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көмек берудің ең маңызды арнасы емес. Ол басқаларына тиесілі емес адамдарға тигізетін зиянды өтеуге кететін шығындарды олардың көтеруіне мүмкіндік бермейді. Еегер фабрика иесі өзенді былғаса және тазалаушы жабдықтар салуға да, судың бастапқы тазалығын қалпына келтіруге де кететін шығындарды көтермесе, мемлекет бұл шығындарды бүкіл қоғамға жүктеп салуға рұқсат береді және бұл есеп кейде ұзақ жылдар бойы төленбеген жағдайдың өзінде де, күндердің күнінде ол бәрібір қойылатын болады. Сонымен бірге кәсіпкерге қатысты сәйкес шараларды қабылдамау, шынайы шығындарын жасыру мүмкіндігіне жол берудің өзі, шын мәнінде, үлкен субсидия болып табылады. Бірақ іс мұнымен бітпейді. Әлемдік деңгейдегі күшті елден шыққан кәсіпкер болудың ерекше пайдасы бар. Мемлекетаралық жүйеде бір елдің ерекше жағдайда орналасуы кәсіпкерге айқын артықшылықтар береді. Құдіретті мемлекеттер, мысалы, өз аза­ маттарына немес жергілікті кәсіпкерлерге әлсіз елдердің ерекше, монополиялық сипатқа ие преференциялар енгізуіне тосқауыл қоя алады. Мұны түсіндіру оңай. Шексіз капитал жинақтауға шынайы жол ашатын көлемдегі нақты кірістер, оның өмір сүру мерзімі­ не қарамастан, тек монополия жағдайында ғана мүмкін болады. Ал мұндай монополиялардың мемлекеттің қолдауынсыз болуы мүмкін емес. Оның үстіне, жиынтығында мемлекетаралық жүйені құрайтын елдердің көп болуының өзі, кәсіпкерлер үшін мейлінше тиімді, өйткені бұл оларда мемлекет белгілі бір шектерден өтіп кетіп, зиян келтіргеннен гөрі, оларға көмекке келеді деген сенімділік туындайды. Мемлекетаралық жүйенің ерекшелігі кәсіпкерлерге, әсіресе, ірі кәсіпкерлерге бір мемлекеттік машинаны екіншісін те­ жеу үшін қолданатыны сияқты, басқарлық қамқорлық іздей оты­ рып, тоқмейілсіген мемлекеттерді алдап кетуге мүмкіндік береді. Осылайша біз соның көмегімен мемлекет нарықтық күштердің еркін әрекетіне кедергі келтіре алатын үшінші жолды түсінуге

таяп қалдық. Өздерінің ұлттық нарықтарында мемлекет негіз­ гі сатып алушы болып табылады, ал олардың ең ірілері әлемдік нарықтағы сұраныстың қомақты бөлігін бақылауда ұстайды. Кей­ де олар нарықтағы ең қымбат тауарлардың, мысалы, қару мен суперкомпьютерлердің нарығында, монополист немесе соған жақын болып шығады. Әрине, олар өздері де сондай тауарлар сатып алатындай бағаны түсіру үшін өз жағдайларын пайдалана алады, бірақ оның орнына олар көбіне өндірушілерге нарықтың шамамен тең үлестерін монополияландыруға және арсыздықпен бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Алайда, мынадай сұрақ туындайды: Адам Смит не себепті соншалықты толқыды? Ол монополиялар құруда мемлекеттің қатысуына қарсы шыққан жоқ па? Ол «laіssez faіre, laіssez passer» - араласпаушылық ұстынын жүзеге асыруға шақырған жоқ па? Иә, бірақ белгілі бір шекке дейін. Және мұның себебін білу де маңызды. Әрине, біреу үшін монополия – бұл өзгелер үшін нағыз тозақ. Және кәсіпкерлер кез келген ахуалда ең алдымен өзара бәсекеге түседі. Сондықтан жеңілгендер мемлкеттің монополияларға жол беруіне білек түріп қарсы шығады. Адам Смит осы бейшара, бақытсыз жолы болмағандардың идеологы түрінде көрінеді. Алайда олардың өздеріне бөтен монополияларды жоюға қолдары жетісімен, олар өздері монополиялар құра бастайды және Адам Смитке сілтеме жасауын доғарып, оның орнына жаңа консерваторларға демеу­ шілік жасай бастайды. Әрине, монополиялар –бұл капиталистердің мемлекеттен ала­ тын жалғыз пайдасы емес. Көзге ұрып тұрған тағы бір маңызды пайда – бұл тәртіп сақтау. Мемлекеттің ішіндегі тәртіп ең бірінші кезекте еңбекші таптардың бүлігінің алдын алуды білдіреді. Және бұл ұрлықты болдырмауға бағытталған полицейлік қызметтерді атқарғаннан анағұрлым маңызды нәрсе; мемлекеттің бұл рөлі жұмысшылардың таптық күресінің тиімділігін бәсеңдетуден тұрады. Бұған күштің, алдау мен келісімге келудің қосындысы арқылы қол жеткізіледі. Күштің маңызы қысқарып, алдау мен келісімге келу ұлғайған мемлекетті біз либералды деп атаймыз. Мұндай механизм тәуір қызмет етеді, бірақ барлық жерде бірдей қолданыла бермейді, әсіресе, мемлекетпен келісімге келу барысын­ да қомақты құралдарды жұмсауға мүмкіндік беретіндей қосымша өнімі өте аз әлемдік шаруашылықтың шеткергі аймақтарында қолданыла қоймайды. Тіпті ең либералды деген мемлекеттердің өзінде еңбекшілердің еркін әрекетін шектейтін салмақты

заңнамалық нормалар болады және тұтастай алғанда бұл шектеу­
лер кәсіпкерлерге қойылатын шектеулерден анағұрлым қаталырақ.
1945 жылдан кейін соңғы екі жүзжылдық бойы жұмысшылардың
саяси белсенділігінің нәтижесінде ахуал біршама жақсарғанымен,

таптық сипатқа ие болмаған бір де бір заңгерлік жүйе жоқ. Неокон­
сервативті идеология еңбекші таптардың жағдайының дәл осы
жақсартылуына қарсы 70-жылдардан бастап әлемнің әр түкпірінен
бой көрсете бастады.

Мемлекетаралық жүйе деңгейінде тәртіп қандай? Шум­
петер өзінің кейбір аңқау пікірлерінің бірінде мемлекеттер
арасындағы қалыпты қатынастардың бұзылуы кәсіпкерлердің
көзқарасы тұрғысынан алғанда жағымсыздықты білдіреді және

әлеуметтік сарқыншақты білдіреді деген көзқарасты ұстанады.
Мүмкін Шумпетер мұндай ұстанымға аңқаулықтың салдарынан
болмаса да, лениндік «империализмнің» экономикалық логика­
сын ашық қабылдамауы себепті де келген болар. Қалай деген­

де де, капиталистердің соғысқа деген қатынасы салыққа деген
қатынаспен бірдей екендігі және бұл қатынастардың белгілі бір
жағдайларға тәуелді болатыны менде еш күмән туғызбайды.
Олардың кейбіреулері Саддам Хүсейінге қарсы соғысты өздерінің

капитал жинақтауын қорғайтын игілік деп есептеуі мүмкін. Тіпті
әлемдік соғыстар капиталистерге тиімді, әсіресе, жеңімпаздарға
қызмет ететіндеріне және, егер олар қару шығаратындар болса,
қайсы жақты қолдайтындарына қарамастан алдыңғы шептен алыс­

та орналасқандарға да тиімді.
Сондай-ақ Шумпетер егер мемлекетаралық қатынастарда
шашыраңқылық болып, ол кең ауқымды және ұзаққа созылар
болса, онда ол нарықтағы ахуалдарды болжауды күрделілендіреді

және меншікке кенет тарпа бас салудың салдарларына әкеледі де­
ген маңызды ұстанымды тұтынады. Ол орныққан тауарлық байла­
ныстарды бұза отырып, трансакцияның кейбір түрлерін мейлінше
қиындатып жібереді немесе жойып жібереді. Егер әлемдік жүйе

үнемі «әлемдік соғыс» жағдайында тұрар болса, капитализм та­
бысты түрде қызмет ете алмас еді. Мемлекеттер осыған кедергі
жасауы тиіс. Тіпті жүйеде белгілі бір ұйымшылдық орнататын,
оның қызметінің болжауға лайықтылығын қамтамасыз ететін

және кездейсоқ шығындарды болдырмайтын үстем күштің болуын
мойындауға да болады. Бірақ бұл үстем күштің бекіткен тәртібі
қашанда капиталистердің артықшылыққа ие тобының болуын
ұйғарады. Бұған тіпті капиталистік таптардың ынтымақтастығы

да қарсы тұра алмайды. Нәтижесінде уақыттың белгілі бір кесін­
дісінде және жекелеген капиталистер үшін соғыстың пайдалы бо­
латынын атап өтуге болады, бірақ, әрине, үнемі емес. Мен, әрине,
капиталистер жекелей немесе бірігіп соғысты бастай немесе

аяқтай алады деген ойды түйгім келмейді. Капиталистік әлемдік
шаруашылықта капиталистердің құдіреті орасан зор, бірақ шек­
сіз емес. Соғыс пен бейбітшіліктің мәселелерін шешу олардың
құзырында емес.

Бұл жерде мемлекеттердің автономиясы деген нәрсенің
мәселесін талқылау керек. Капиталистер капитал жинақтауға
ұмтылады. Саясаткерлер көбіне қандай да бір лауазымдарды иелен­
гісі немесе сақтап қалғысы келеді. Оларға да майда кәсіпкерлерге

сияқты қатынасу керек, бірақ олардың билігі өз жеке капиталымен
анықталмайды. Мемлекеттік қызметте болу ең алдымен кәсіпкер
топтардың, сонымен бірге дауыс беру құқы бар азаматтардың жап­
пай қолдауымен іске асады. Әсіресе, осы соңғыларының қолдауы

мемлекеттік құрылымға заңдылық береді. Мұндай заңдылықсыз
қандай да бір қызметті иелену қиынға түсер еді, ал мемлекеттік
құрылымның келешегі тұрақты бола қоймайды.
Капиталистік әлемдік шаруашылықта мемлекеттің заңдылығын

не қамтамасыз етеді? Әрине, қосымша құнның әділетті үлестірілуі
емес және, тіпті, заңдардың әділетті орындалуы да емес. Егер
біз мемлекеттің өзінің шығу тегі, тарихы мен ізгіліктері туралы
аңыздарды шебер қолданатынын мойындағанның өзінде, адам­

дар неге оған сенеді деген сұрақ туындайды. Және бұл еріккен­
нен туындаған сұрақ емес. Қанша дегенмен, халық толқуларының
мейлінше жиі кездесетіні белгілі, оның үстіне олардың кейбірі
мәдениеттегі революциялық үдерістермен астасып жатқандықтан,

осы аңыздардың үстіне күмәндік бұлтын үйіреді.
Осылайша,
заңдылық
ұғымы

түсіндіруді
талап
етеді.
Вебердің құрастырған типологиясы халықтардың өз мемлекет­

терін заңдастыруының әртүрлі тәсілдерін ұғынуға көмектеседі.
Вебердің рационалды-заңды легитимдендіру дегенін либерализм
идеологиясының насихаттайтыны белгілі. Бұл түр қазіргі әлемнің
едәуір бөлігінде басымдылыққа ие болды және осылай болып үнемі

қалмаса да, көп жағдайда сақталып қалып отыр. Бірақ неге ол ба­
сым деген сұрақ туындайды? Мен бұл сұрақтың маңыздылығына
ғана емес, оның жауабының да мейлінше күңгірт екендігіне назар
аударғым келеді. Біз теңсіздік әлемінде өмір сүреміз. Бұл ұлғая

түскен алшақтаудың әлемі, онда материалдық игіліктің абсолютті

түрде өскеніне қарамастан, қоғамның барынша ауқатты топтары орта таптан барған сайын алшақтана түсуде. Осындай жағдаймен келісетін және тіпті оны қолдайтын адамдар неліктен көп? Меніңше, бұл сұрақтың екі жауабы болуы мүмкін. Оның бірін­ шісі салыстырмалы түрдегі жадаулықпен сипатталады. Біздің ке­ дей немесе жеткілікті түрде ауқатты бола алмауымыз мүмкін, бірақ олар шындығында да кедей. Сондықтан біз бүлік шығарғымыз келмейді және ең маңыздысы, біз басқаларға да бүлік шығаруға жол бермейміз. Бұл ұжымдық психологияның маңызды рөлін барлығы да мойындаған – орта таптың бұқарасын демократиялық тұрақтылықтың негізі деп санайтындардың оны қолдағанына не­ месе жұмысшы аристократтардың таптық санасын азғындаған деп есептеп оны сынайтындарға және тіпті бұл мәселе жекелеген мемлекеттің шеңберінде немесе тұтастай алғанда бүкіл әлемдік шаруашылық шеңберінде қарастырылатынына қарамастан ол мойындалады. Бұл түсіндірме құрылымдық сипатқа ие; белгілі бір ұжымдық психология капиталистік әлемдік шаруашылықтың құрылымының өзінен туындайды деп айтуға да болады. Егер осы соңғысы өзгеріссіз қалса, яғни әлеуметтік саты сақталып қалатын болса, бұл құрылымнан туындайтын заңдастыру дәрежесі де тұрақты күйінде қалады. Алайда, әлеуметтік сатының болмысы бүгінгі күні шын мәнінде өзгеріссіз қалып отыр және сондықтан мұндай құрылымдық тәсіл заңдастырудың жаңа формаларын түсіндіріп бере алмайды. Бірақ мемлекеттік құрылымдардың осы күнге дейін сақталып отырған заңдылығын түсіндіріп беретін екінші маңызды фактор да бар. Ол конъюнктураға мейлінше бейім және трансформацияға ұшырауға икемді; ол шындығында да өзгеріске түсіп отырады. Капиталистік әлемдік шаруашылықтың заңдастырылу деңгейі XІX ғасырдың басына дейін барынша төмен болып келді, XX ғасырдың аяғында ол әлемдік периферияның көптеген ауданда­ рында сол күйінде қалып отыр. Өндірістік трансакциялардың ұлғая түскен коммодификациясы өзгерістерге ұрындыратын тәрізді болып көрінеді, олардың көпшілігі, тіпті басым бөлігі тіке­ лей өндірушілер тарапынан жағымсыз сипатқа ие болды. Алайда, Француз төңкерісінен кейін ахуал өзгере бастады. Басым көпшілік үшін коомодификацияның жағымсыз ықпалы азая қоймады. Бірақ адамдардың наразылығы егемендік мәселелерін билік пен заңдылық аясында талқылауды ұйғара қоймайтындай формаға ауысты. Күн тәртібіне мына мәселелер қойылды: бұл билікті кім

іске асырады? Кім тəуелсіз болып танылады? Егер ол абсолютті
дара билеуші болмаса, онда кім? Бұл сұраққа кеңінен танымал
болған жаңа жауаптың таралғаны белгілі: ол – халық.
Халық егемен болып табылады деп жариялау ешқандай анық

нәрсені айтқанды білдірмейді, өйткені алдымен халықтың нені
білдіретінін және оның өз егемендік құқығын қалайша іске асы­
ратынын біліп алу керек. Бірақ егемендік билікті жүзеге асыруға
қабілетті «халық» деген мәннің болуын білдіретін қағиданың өзі

биліктің нақты субъектілері үшін аса маңызды болды. Нәтижесінде
халықтың бостандығын қалай өмірге енгізу немесе [сонымен бір
мезгілде] оны қалай ауыздықтау туралы мәселенің төңірегінде
XІX мен ХХ ғасырларда үлкен саяси-мәдени шу көтерілді.

Халықтың
егемендігін
шектеудің
тарихы

либерализм
идеологиясының тарихы, оның қалыптасуының, капиталистік
әлемдік шаруашылықтың геомәдениеті ретіндегі оның XІX
ғасырдағы салтанат құруының тарихы, екі бәсекелес идеология­

ны (бір жағынан консерватизмді, екінші жағынан радикализм мен
социализмді) өзінің жақтасына айналдырған оның қабілетінің
дамуының тарихы болып табылады. Бұл үдерістің толығырақ
мазмұны

менің
«Либерализмнен
кейін»
деген

кітабымда
баяндалған. Бұл жерде оның негізгі қағидаларын келтіруге рұқсат
етіңіздер.
Либерализм өзін центристік доктрина ретінде көрсетті. Ли­

бералдар басты саяси тетік ретінде мемлекеттік билікті пай­
далана отырып, салмақты талдаудың негізінде барлық қажетті
өзгерістерді өмірге енгізуге қабілетті мамандардың қадағалауымен
өтетін рационалды реформалар арқылы жетуге болатын прогрестің

болмай қоймайтындығын және тартымдылығын насихаттады.
XІX жүзжылдықтың «қауіпті таптарының» - Батыс Еуропа мен
Солтүстік Американың қалалық пролетариатының батыл талапта­
рымен бетпе-бет келгеннен кейін либералдар мынадай үш негіз­

гі бапты өзіне енгізетін реформалардың бағдарламасын ұсынды:
жалпыға ортақ сайлау құқығы, игілікті мемлекет элементтерін
қалыптастыру және саяси топтасуға ықпал ететін ұлтшылдықтың
нәсілдік нақышын насихаттау.

Бұл бағдарлама таң қаларлықтай нәтижелерге әкелді: 1914
жылға қарай бұрын қауіпті болған таптар – Батыс Еуропа мен
Солтүстік Американың қалалық пролетариаты – енді ешқандай
қатер төндірмеді. Бірақ дәл осы уақытта либералдар өздеріне

жаңа «қауіпті таптардың» – әлемнің өзге бөлігіндегі халықтық

қозғалыстардың
қарсы
тұратынын
аңғарды.

Сондықтан
ХХ ғасырда реформалардың осыған ұқсас бағдарламасын
мемлекетаралық деңгейде де іске асыруға тырысты. Ұлттардың
өзін-өзі басқаруы жалпыға ортақ сайлау құқығының атқарушы

бөлігіне айналды. Артта қалған елдердің экономикалық дамуы
игілікті мемлекеттің баламасы ретінде ұсынылды. Бағдарламаның
үшінші бабын жасақтау мүмкін болмай қалды, өйткені тұтастай
алғандағы өркениет тұрғысынан алғанда, нәсілдік кемсітушілік

және ұлтшылдық саясатын қолдануға болатындай орнықты топ
қалмады.
Осыған қарамастан, ХХ ғасырда ұсынылған жалпыәлемдік ли­
берализм біршама уақыттар бойы, әсіресе, Екінші дүниежүзілік

соғыстың аяқталуынан кейінгі «тамаша» жылдарда табысты түрде
қызмет еткендей көрінді. Бұл саясат 1968 жылы бұзыла бастады.
Ұлттардың өзін өзі анықтауы басты мәселе болмай қалды. Алайда,
тіпті елеусіз ауқымда болса да, [байлықты] жалпы әлемдік деңгейде

қайта үлестіру капиталдың шексіз жинақталуынның бекемдігін
қатаң сынақтан өткізді. Және мұның барысында бағдарламаның
үшінші бабы толығымен болған жоқ. 70-ші жылдары ғаламдық
либерализм енді өміршең көрінбей қалды.

Мұның жүйе үшін соншалықты залалды салдары болғанын
ұғыну үшін либерализмнің не ұсынғанын және неге оның ұзақ
уақыт бойы саяси жүйе тұрақтылығына қызмет еткенін түсініп
алу керек. Қауіпті таптарды ауыздықтау үшін либералдардың

пайдаланған үштармақты бағдарламасы олардың қалауын және
бастапқыда талаптарын, бұл талаптарды оп-оңай түйіндеген
«Еркіндік, теңдік, туыстық» деген Француз революциясының
классикалық ұрандарын қанағаттандыра алмады. Бұл талаптар

орындалған күнде, капиталдың шексіз жинақталуы іске аспауы
себепті капиталистік әлемдік шаруашылық өмір сүруін тоқтатар
еді. Сондықтан либералдардың ұсыныстары (егер, осылай деп
айтуға болса,) жартыкеш болып қалды немесе тіпті олар әлемнің

шамамен жетіден бір бөлігінің, яғни лайықты өмір сүру деңгейі
қамтамасыз етілетін атақты орта таптың ғана мүдделерін көздеді.
Және де мұның барысында [әлем халқының] жетіден бір бөлігі
бұрынғымен салыстырғанда көп игілікке ие болғанымен, оның

үлесі төмен болып қалды, ал калған жетіден алты бөлігіне ештеңе
де тимей қалды.
Бұл мардымсыз келісімдер ірі капиталистердің жинақтау
мүмкіндігін аса шектей қойған жоқ, бірақ орта мерзімдегі саяси

міндетті – революциялық толқуларды басу міндетін жүзеге асы­
ра білді. Материалдық тұрғыдан ұтып шыққан әлемнің жетіден
бір бөлігі ырзашылығын жасыра алмады, әсіресе өзгелермен
салыстырғандағы өздерінің тіршілігіне разы болды. (Таунидің

«су түбіне кетіп жатқан жолдастарын еш ойына да алмастан,
жағаға жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтындары» талантты деп
атайтынын естеріңізге түсіріп көріңізші). Бұл тұрғыдан алғанда,
таланттылардың жағаға дейін жүзіп жету қабілетін өздері үшін

үміттің көзі ретінде түсіндіретін суға батушылардың көзқарастары
ерекше қызық. Мұның логикалық сабақтастығы болмаса да,
психологиялық тұрғыдан түсінігі бар.
Либерализм үміттің есірткісін ұсынды және ол сіңірілді. Оны

үмітке иек арту арқылы адамдарды топтастыра білген әлемдік
антижүйелік қозғалыстардың көсемдері де алғашқылардың бірі
болып жұтып қойды. Олар революция жолында әділетті қоғам
орнатамыз деп тұжырымдады, бірақ, әрине, бұлай дегенде, мем­

лекеттік биліктің тетіктерін бақылауға ие болғаннан кейін, маман­
дар ретінде өздерінің жүргізетін реформаларын айтты. Мен егер
сіз батып бара жатсаңыз, біреу үміт отын жақса, онда кез келген
құтқарушы шеңберге жармасуыңыз орынды болар деп ойлаймын.

Артымызға қарайлай отырып, өздерінің қарсылығын білдірген
көптеген антижүйелік қозғалыстарға өз адамгершілік энергия­
ларын бөліп беріп, оларға қолдау көрсеткені үшін [әлемнің әр
бөлігіндегі] халық бұқарасын сөгуге болмайды.

Билік басындағылар көпсөзді, қызу және әшкерелеуші
антижүйелік қозғалыстармен қақтығыса келе, оларға мына екі
тәсілдің бірімен жауап бере алды. Егер олар сескенсе, ал олар жиі
қорқатын, өздері улы жылан деп есептегендердің басын кесуге ты­

рысатын. Бірақ бұлар жеті басты әждаhалар тәрізді болғандықтан,
өмір сүріп тұрған тәртіптің көреген қорғаушылары анағұрлым
жұмсақ жауаптың қажеттілігін сезінді. Олар мейлінше қызықты
болса да, антижүйелік қозғалыстардың жүйенің мүддесіне қызмет

ететінін түсінуге дейін жетті. Қалың бұқараны жұмылдыру
оларды белгілі бір арнаға тоғыстыруды білдірді және олардың
көшбасшыларының мемлекеттік билікке қол жеткізуі бұларға
мейлінше кері әсерін тигізді. Мұндай қозғалыстар билік басына

келісімен, өз жақтастарының түбірлі талаптарын олардың өздері
теріске шығарды, тіпті алдыңғылармен салыстырғанда бір де кем
түспейтін қаталдықпен теріске шығарды. Оның үстіне егер сыннан
өтіп шыңдалған революциялық көшбасшының аузынан шығып

жатса, үмітпен жұбатудың өзі анағұрлым тиімді болып шықты.
Халық бұқарасы, егер болашақ олардың өздеріне тиесілі болса,
әсіресе, олардың «прогрессивті» елде тұру маңдайларына жазса,
шамалы күтудің артық болмасына сенді. Ең болмағанда олалардың

балалары барлық әлемді мұраға алады емес пе.
1968 жылғы сілкініс аса маңызды болды. Ол либерализмнің
бүкіл геомәдениетінің және әсіресе, антижүйелік қозғалыстардың
тарихи оптимизмді сіңіруінің қате екендігін, тіпті алаяқтық екен­

дігін, халық бұқарасының жас ұрпақтарының әлемді мұралай
алмайтынын саналы сезінуінен көрінді; шындығында олардың
өмірі ата-аналарының өмірінен қиынырақ болатыны айқындалды.
Және сондықтан адамдар антижүйелік қозғалыстарға және одан

ары тұтастай алғандағы либералдық қайта құруға, сондай-ақ
сәйкесінше әркім мен бәрінің өмірін жақсартудың құралы ретін­
дегі мемлекеттік құрылымдарға деген қатынастарын салқындатып
алды.

Үміттің үйреншікті сүрлеуінен тайқып шығу оңай емес. Және,
әрине, адамзаттың жетіден бір бөлігі де азап шегіп, мұратын іске
асыра алмағандардың кебін кигісі келмейді. Керісінше. Үміттің
үйреншікті көздерінен бас тартқан кезде адам оның басқа көздерін

іздей бастайды. Мәселе сонда, оларды тауып ала қою оп-оңай
емес. Бірақ істің мәні одан да жаман болып тұр. Мемлекет, мүмкін,
жер шары тұрғындарының көпшілігіне өз жағдайларын ұдайы
жақсартуға уәде бермеген де шығар, бірақ бір мезеттік қауіпсіздік

пен зорлықтан қорғаудың белгілі бір деңгейіне кепілдік берді.
Алайда, егер адамдар мемлекеттің заңдылығын мойындамаса,
полицияға бағынуды және салық төлеуді қалай қоймас. Мұның
нәтижесінде азаматтарға да, компанияларға да ескі кеңестерге

қайта оралуға және өз жеке қауіпсіздіктерін өздері қамтамасыз
етуге тура келеді.
Жеке қауіпсіздіктің қайтадан қаншалықты деңгейде қоғамдық
өмірдің маңызды мәселесіне айналуына қарай заңның үстемдігіне

деген сенім жоғалады және соның ақырында азаматтық сана
бұзылады. Бұл жағдайда зорлық пен шыдамсыздыққа бейімділік та­
ныта отырып және өздерінің «жауапкершілік аймағын» бақылауға
ұмтыла отырып тұйық топтар жалғыз сенімді тұраққа айнала­

ды (немесе өзінің осы сапасында қайта жаңғырады). Топаралық
зорлықтың өсуі барысында билік барған сайын мафиялық сипатқа
ие болады, яғни топтардың ішінде сөзсіз бағынуға қол жеткізу
үшін күш қолдану мен лас саудагерлікті араластыра қолданады.

Бүгіннің өзінде біз мұны барлық жерден аңғарып отырмыз, ал
таяудағы онжылдықта мұнымен мейлінше жиі ұшырасатын бола­
мыз.
Мемлекетке қатысты дұшпандық қазір сәнге айналды және

бұл сән кең танымал бола бастады. Консервативті, либералды,
сондай-ақ радикалды және социалистік идеологияларда қашанда
болғанымен, 150 жылдан артық уақыт бойы [қоғамдық] практи­
ка көзге ілмей келген антимемлекеттік қағидалар бүгінгі күні кез

келген партияға тиесілі саясаткерлердің әрекетінде кең таралып
келеді. Капиталистер мұндай тәртіппен келісе ме екен? Келісе
қоймас, өйткені олар мемлекетті, олардың ресми риторикасында
бұрын-соңды бола қоймаған анағұрлым күшті деңгейдегі мемле­

кетті қажет етеді.
Әрине,
олар
шеткері

аймақтардағы
елдерге
әлемдік-
шаруашылықтық трансакцияның барысына араласуға мүмкіндік

беруді қаламайды және бүгін антижүйелік қозғалыстар терең
дағдарыста жатқан кезде, ірі капиталистер өздерінің осы
қалауларын іске асыру үшін Халықаралық валюталық қорды
және өзге де институттарды қолдануға ниетті болып отыр. Бірақ,

ресейлік мемлекеттің шетелдік инвесторларға есікті жауып қою
мүмкіндігінен айрылуы бір мәселе болса, оның Мәскеуге келген
кәсіпкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік бере ал­
мауы екінші мәселе.

CEPAL Revіew жорналының таяудағы нөмірінде Хуан Карлос
Лерда жаhандану жағдайында өкіметтердің өз дербестіктерінен ай­
рылуын мейлінше сақтықпен бағалайды. Бір жағынан ол әлемдік
нарықтық күштердің ұлғая түскен үстемдігін жағымды қырынан

атап көрсетеді:
«Жаhандану феномені ұлттық өкіметтер әрекетінің еркін­
дігін салмақты түрде шектейді. Алайда, қомақты түрде бұл
үдерістің негізінде жатқан халықаралық бәсекелестіктің тәртіпке

шақырушы күші шеткері аймақ елдеріндегі көпшілік саясаттың
жаңа ұстындарының қалыптасуына қолайлы ықпалын тигізеді.
Осылайша, «автономияның жоғалуы» туралы сақтықпен сөйлеу
керек, өйткені істің шынына келгенде бұл кейде көпшілік сая­

сатта ұшырасып отыратын «жүгенсіздіктің ауқымын тарылтуды»
қалауды білдіреді».
Бұл пікірде ресми деп атауға болатын бағыт бейнеленіп отыр.
Нарық объективті және сондықтан ол «тәртіпке шақыруға»

қабілетті. Ол шексіз пайда табудан бөлек пайымға негізделген

қоғамдық шешімдерді қабылдаудың жалпыға ортақ анайы инс­
тинктін тәртіпке шақыратын тәрізді. Мемлекет осындай негіздегі
қоғамдық шешімді қабылдаған кезде, ол өзінің жеке еркі бойынша
әрекет етеді.

Алайда
мемлекет
капиталистердің
маңызды

мүдделері
қозғалатын жерде «жүгенсіздікке» жол бермеуге тырысысымен,
онда бірден шу басталады. 1990 жылы АҚШ аса ірі қаржылық
банктері банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында қалғанда, New York

Tіmes газетінің редакциялық материалдары жарияланған беттегі
мақаласында Генри Кауфман былай деп жазды.
«Қаржылық институттар сақтаушылар және демек өз бойларына
ерекше әлеуметтік жауапкершілікті ала отырып, америкалықтардың

уақытша еркін құралдары мен ақшаларының сақшылары болып та­
былады. Нарыққа қаржылық жүйені толығымен тәртіпке келтіруге
мүмкіндік беру - әлеуетті банкроттықтың ағымына үнсіз келісуді
білдіреді».

Бұл жерде барлығы тайға таңба басқандай жазылған.
Мемлекеттің жүгенсіз қимылын нарықтың тәртіпке келтіретіні
тамаша, бірақ мемлекет осы нарықтың өзіне банктерді тәртіпке
шақыруға мүмкіндік беруі жауапсыздық болып табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сақтап қалуға қоғамның
шешім қабылдауы - жауапсыздық, ал қоғамның банктерді құтқаруға
ұйғаруы – жауаптылық.
Бір адамның монополиясы (немесе ерікті шешімі) басқа адам

үшін күйретуші (болуы мүмкін) екенін үнемі есте ұстау керек,
дәл сол сияқты капиталистердің де көп жағдайларда мемлекеттің
араласуына тәуелді болатыны себепті мемлекеттік биліктің кез
келген нақты әлсіреуі олар үшін күйзелісті. Жаhанданудың, со­

лай болып көрінгенімен, мемлекеттердің еркін қимылына тигі­
зетін әсері соншалықты ауқымды емес және бұған ұмтылу да ірі
капиталистердің мүддесіне сай келе қоймайды. Алайда мемлекет
соңғы бес жүз жылда тұңғыш рет, әрі іштей, әрі сырттай өз егемен­

дігін жоғалтып, төмен құлдырап барады. Бұл әлемдік-шаруашылық
құрылымының өзгерісімен емес, геомәдениеттің трансформа­
циясымен сипатталады және, ең алдымен, халық бұқарасының
либералдық реформизм мен саяси шоғырдың сол қанатындағы

оның ізбасарларына деген сенімінің жойылуымен сипатталады.
Әрине,
геомәдени
өзгерістер

әлемдік-шаруашылықтық
трансформацияның салдары болып табылады және, ең алдымен
капиталистік [өндіріс] үдерісінің айналмалы жаратылысына та­

мыр жайған мәселелер мардымсыз модификациялардың есебінен
шешіле алмайтын тұстағы жүйелі қайшылықтардың асқынған
деңгейінің салдары болып табылады. Бұл түбірлі жүйелік
қайшылықтар өз бойына көптеген басқаларымен қатар, саяси

демократияның орын алуымен және соның өсуіне сәйкес білім
беру мен денсаулық сақтау саласындағы талаптардың өсуімен пай­
да болатын мемлекеттік қаржылардың дағдарысын және экожүйе
орнықтылығының шегіне жетуін, ауылдық өмір тәртібінің барлық

жерде бұзылуын қамтиды.
Мемлекеттердің егемендігі – олардың мемлекетаралық жүйенің
шеңберінде ішкі және тысқы істерін дербес атқару қабілеті – капи­
талистік әлемдік-шаруашылықтың іргелі негізі түрінде көрінеді.

Егер ол бұзылатын немесе, ең болмағанда бір жағына қисаятын
болса, онда капитализмнің жүйе ретіндегі мәні қалмайды. Мен
қазіргі әлемдік жүйе тарихында тұңғыш рет осы негізгі тіреуді бір
қырына қисайды деп есептеймін. Және бұл тарихи жүйе ретіндегі

капитализмнің айқын дағдарысының басты белгісі. Капиталистер

– жекелеген әрқайсысы болса да, тап ретінде барлығы бірге бол­

са да – тағдырын шешетін таңдаудың қажеттілігінің алдында тұр:
мемлекеттің әлсіреуінен бір сәттік пайданың барлығын барын­
ша толығымен тартып алу немесе мемлекеттік құрылымдардың
заңдылығын қайта түлету үшін «ағымдық жөндеуге» талпы­

ныс жасау немесе өз күш-жігерін балама жүйе құруға жұмсау.
Барлық көсемсөзді шешендіктеріне қарамастан, бүгінгі тәртіптің
көреген қорғаушыларының өзі қалыптасқан ахуалдың қауіптілігін
мойындайды. Біздің бәрімізді жаhанданудың жалған мәселелерін

талқылауға мәжбүрлей отырып, олар капитализмнің орнына ке­
летін жүйенің қандай бола алатынын және ол бағытта қалай
жүру керектігін көз алдына келтіргілері келеді. Егер біз олардың
ұсынған теңсіздік ұстынына құрылған болашағында өмір сүргіміз

келмесе, біз де өзімізге дәл сол сұрақты қоюымыз керек. Маған
өз ұстанымымды түйіндеуге рұқсат беріңіздер. Капиталистік
әлемдік-шаруашылық мемлекетаралық жүйе шеңберінде қызмет
ететін мемлекеттерден құралған құрылымды қажет етеді. Бұл

мемлекеттердің кәсіпкерлер үшін қажеттілігі, ең алдымен,
олардың өз мойнына өндіріс шығындарының бір бөлігін алуымен,
жалған монополиялардың тұрақты пайда табуына кепілдік береді
және еңбекші таптардың өз мүдделерін мүмкіндіктерін шекте­

уге де, қосымша құнды ішінара қайта үлестіру есебінен халық
бұқарасының наразылығын бәсеңдетуге де бағытталған олардың
жұмсайтын күш-жігерін қолдайды.

Алайда, бұл тарихи жүйе кез келген басқалары сияқты да, қайшылықтардан кенде емес және олар дағдарысты деңгейге жеткен кезде (басқаша айтқанда, тепе-теңдік бұзылған кез­ де) жүйенің қалыпты қызмет теуі мүмкін емес брлып қалады. Жүйе бифуркация нүктесіне жетеді. Біздің бұл нүктеге екпіндеп таяп қалғандығымыздың көптеген белгілері бар. Ауылдық өмір тәртібінің қирауы, экожүйе мен қоғамның демократиялануының сарқылуы, бұлардың әрқайсысы өзінше капитал жинақтау мүмкіндігін шектейді. Сондай-ақ бұған соңғы бес жүз жылда алғаш рет мемлекеттің өз билігінен айрыла бастауы да ықпал етеді – және бұл әдетте айтылатындай, трансұлттық корпорациялардың әсерінің өсуі салдарынан емес, өз жағдайларын ұдайы жақсартуға деген үмітін барған сайын жоғалтып отырған халықтардың өз мем­ лекеттеріне берген заңдылығынан айырылуы себепті болып отыр. Мемлекет ең алдымен кәсіпкерлер үшін маңызды күйінде қалып отыр. Және сондықтан да мемлекеттердің өз билігін жоғалтуы пайда төмендеуінің ұзақ мерзімді үрдісімен алғаш бетпе-бет келіп отырған және енді мемлекет өздерін бұл күйзелістен құтқарады деген үміттерінен айрылып отырған трансұлттық корпорациялар үшін барыншаа салмақты сынақ болып отыр. Біз сынақтар дәуіріне еніп отырмыз. Оның салдарлары белгісіз. Бүгінгі өмір сүріп отырған жүйенің орнына тарихи жүйенің қандай типі келетінін біз білмейміз. Бірақ біздің бір білетініміз, біз заман­ дасы болып отырған, онда шексіз капитал жинақтауды қамтамасыз етуде мемлекет негізгі рөл атқарған өзіндік жүйе қызмет ету қабілетінен айрылып, келмеске кетіп барады.

Бесінші тарау
Экология және капитализмдегі өндіріс шығындары
Шығар жол жоқ2
Біздің өмір сүріп отырған табиғи ортамыздың соңғы отыз жыл­

да, тіпті одан да көп деңгейде – соңғы жүз жылда ауқымды түрде
құлдырауы бүгінгі күні барлығы да келісетін болар; ал соңғы бес
жүз жылда қандай мөлшерде бұзылғаны жөнінде сөз козғаудың да
қажеті шамалы. Мұның барлығы таңдай қағарлық технологиялық

жаңалықтардың үздіксіз тізбегі мен ғылыми білімнің кеңеюіне
қарамастан іске асып отыр, ал шындығына келгенде бұл тура
қарама қарсы салдарға әкелуі тиіс деп ұйғарылатын. Нәтижесінде
бүгін, отызжылдық, жүзжылдық және бесжүзжылдық өткенмен

салыстыруға келмейтіндей, экология әлемнің көптеген бөліктерінде
салмақты саяси мәселеге айналды. Тіпті, қоршаған ортаны одан ары
бұзылудан қорғау үшін және қалыптасқан үрдісті мүмкіндігінше
кері айналдыру үшін мейлінше күшті саяси қозғалыстар да пайда

болды.
Әрине, қазіргі кезде мәселенің өзектілігі әрқилы бағаланып жүр

– біреулер ақырғы заманды жақындатса, екіншілері мәселені тек

таза техникалық деңгейде тез шешуге болады деп есептейді. Менің
ойымша, басым көпшілік осы екі жақты көзқарастың ортасын
ұстанатын тәрізді. Мен бұл мәселені ғылыми тұрғыдан бағалауға
ұмтылмаймын. Мен тек қана осы аралық ұстанымды анағұрлым

шындыққа жақын деп қабылдап, бұл мәселенің әлемдік жүйенің
саяси экономиясы үшін маңызын талдауға тырысқым келеді.
Сегізінші тарау
Әлеуметтік өзгерістер?

Өзгерістер шексіз.
Ештеңе де өзгермейді3
Баяндамамда мен «Қазіргі әлемдік-жүйе: Өзгерістер шек­
сіз. Ештеңе де өзгермейді» деп басталатын кітаптың сөздерін

қолдандым. Бұл тақырып маған бүгінгі интеллектуалдық ізденістер
үшін негізгі тақырып болып көрінеді. Өзгерістердің шексіздігі –
бұл қазіргі әлемнің негізқұраушы көзқарасы. Ештеңе де өзгермейді

– бұл модернити дәуірінің прогресс деп аталатын құбылысына

қатысты үмітін жоғалтқандардың бітпейтін мұңы. Алайда бұл қорытушы ғылыми этостың да мәңгі тақырыбы. Қалай дегенде де екі көзқарас та эмпирикалық нақтылықты бейнелеуге бейім. Және екеуі де көбіне, тіпті әдетте – нормативтік басымдылықтарды бей­ нелейді. Эмпирикалық айғақтар мүлдем толық емес және ақырында еш сенім ұялатпайды. Біріншіден, ұсынылатын мәліметтер және олардан алынатын қорытындылар өлшем бірлігі ретінде таңдап алынған уақыт кесіндісіне бағынатын тәрізді. Қысқа уақыт кес­ інділеріндегі әлеуметтік өзгерістердің ауқымы анағұрлым айқын көрінеді. 1996 жылы әлем 1966 жылғымен салыстырғанда өзгеше көрінетіне кім қарсы келеді? 1906 жылды айтпағанның өзінде, 1936 жылмен салыстырғандағы айрықшалыққа біреу наразы бола ала ма? Португалияның өзіне, оның саяси жүйесіне, оның мәдени нор­ маларына көз жібергеннің өзі жетіп жатыр. Бірақ дегенмен де көп қатынастарынан алғанда Португалия мейлінше аз өзгерді. Оның әлеуметтік сатысы мардымсыз өзгеріске ғана түсті. Оның геосая­ си одақтастары баяғысынша сол бұрынғы түбегейлі стратегиялық мүдделерді білдіреді. Оның әлемдік экономикалық жүйедегі са­ лыстырмалы жағдайы жиырмасыншы жүзжылдық бойына тіпті өзгерген де жоқ. Және әрине, португалдар бұрынғысынша порту­ галша сөйлейді – бұл айғақ та маңызды. Сонымен қайсы тұжырым дұрыс: өзгерістер шексіз деген бе әлде ештеңе де өзгермейді деген бе? Мұнан ұзағырақ уақытты, айталық бес жүз жылды – қазіргі әлемдік жүйенің жасын алайық. Кейбір қатынастарында өзгерістер барынша айрықша көрінеді. Бұл кезеңде әлемдік капиталистік жүйе пайда болды, ол қиял-ғажайып технологиялық жаңалықтармен қатар дамыды. Бүгінгі күні ұшақтар планетаны айнала ұшып жүр, ал біздің көпшілігіміз, Интернет торабының арқасында, үйден шықпай-ақ Жердің келесі шалғай түкпіріндегі адамдармен байланысқа түсе аламыз, мәтіндермен, бейнелермен алмаса ала­ мыз. 1996 жылдың қаңтарында астрономдар ғарыштың түкпіріне терең үңіле алатыны соншалық, енді Ғаламның болашақ көлемі бес есеге ұлғаятын болды. Әңгіме әрқайсысының ара қашықтығы ақылға қонбайтын жарық жылдарына тең миллиардтаған жұлдыздардан тұратын миллиардтаған галактикалар туралы болып отыр. Сонымен бір мезгілде астрпономдар осындай екі жұлдыздың төңірегінде айналатын Жерге ұқсайтын планеталарды тауып, тағы да жаңалық ашты. Олардың пікірінше, бұлар күрделі биологиялық

құрылымдардың өмір сүруін, басқаша айтқанда өмірдің болуын
қамтамасыз ететін алғашқы планеталар. Таяу арада мұндай
планеталардың қаншасы ашылады? Бес жүз жыл бұрын Бартелемео
Диас желкенді кемемен Үнді мұхитының жағалауына жетіп даңқы

шыққанымен, ол біздің бүгінгі күні қолымызда бар экзотикалық
мүмкіндіктер туралы армандамас та еді. Дегенмен, сонымен бір
мезетте, көптеген ғалымдар, оның ішінде қоғамтанушылар біз мо­
дернити дәуірінің шегіне жеттік, қазіргі әлем дағдарысты бастан

кешіруде және біз таяу болашақта жиырмасыншы ғасыр әлеміне
қарағанда, он төртінші ғасырға ұқсас әлемнен бір-ақ шығамыз де­
ген тоқтамға келіп жүр. Біздің арамыздағы мейлінше пессимисті
көңіл күйдегілер бес жүз жылдық еңбек пен капитал құйылған

әлемдік-шаруашылықтық инфрақұрылым римдік акведуктардың
тағдырын қайталайды деген болжам айтады.
Алайда, көкжиекті одан ары қарай, он мың жылдық мер­
зімге жылжытсақ. Бұл бізді еш Португалиясы да, еш қазіргі

заманғы саяси-мәдени қауымдастығы да жоқ заманға, біз ауыл
шаруашылығының адамзат әрекетінің ең маңызды түрлерінің
бірі болғандығын тарихи қалпына келтіруге мүмкіндік таба
алмай қалатын кезеңге әкеліп тірейді. Бірқатар зерттеушілер

сол замандағы көптеген тайпаларға – оның мүщелері бізбен
алыстырғанда өмір сүру қамына арналған еңбекке анағұрлым аз
уақыт жұмсайтын, әлеуметтік қатынастарында теңдік барынша
сақталатын және табиғи ортасы дәл бүгінгідей ластанудан және

қауіп-қатерден аулақ қауымдастықтарға мойнын бұра қарайды.
Сондықтан кейбір сарапшылар үшін соңғы онжылдықтардың про­
гресс деп аталатын құбылысы тұла бойы тұнған созылыңқы рег­
ресс болып көрінеді. Оның үстіне олардың бірқатары бұл ұзаққа

созылған дәуірдің аяқталуға жақын екендігінен үміттеніп, біздің
өткен заманның «анағұрлым салауатты» жағдайларына қайта ора­
лу мүмкіндігімізді күтеді.
Осыншама айрықшаланатын көзқарастарды қалай бағалауға

болады? Және талқыланып отырған бұл мәселелерге қай тұрғыдан

– ғылыми әлде философиялық тұрғыдан келу керек пе? Менің

пікірімше, бұл тұтастай алғандағы тек қоғамдық ғылымдардың
ғана емес, барлық білім иелері мен жасампаздары алдындағы
тұрған негізгі мәселелер. Алайда, бұлар тағы да бір, қаншалықты
ауқымды болмасын, эмпирикалық зерттеудің көмегімен жауап

беріп қоюға болатын мәселелер емес. Осыншалықты кеңейтілген
шеңберлерде пайымдаушы талдау жасауға мүмкіндік беретін

берікинтеллектуалдық негіз құрып алмай, кез келген нақты мәселе бойынша эмпирикалық зерттеуді сауатты даярлау және жүргізудің қаншалықтыкүрделі екендігі бәріңізге мәлім. Ұзақ уақыт бойы, екі жүз жылдықтың барысында осы шеңберлердің кеңдігі «рацио­ налды ойлана алатын ғалымдар» аулақ жүруі тиіс «философиялық жүгенсіздіктің» желігін тудыруы себепті біз бұл міндеттен бас тар­ тып келдік. Бұл біз енді қайталамауымыз тиіс қателік болатын. Бүгінгі кейпіндегі қоғамдық ғылымдар Ағартушылық дәуірінің жемісі болып табылады. Әрине, кейбір жағдайларда олар Ағартушылық дәуірінің анағұрлым жетілген жемісін білдіреді, өйткені олардың бойына адамзат қоғамы – бұл іс-әрекетін ұғынуға болатын, ақылмен игерілетін құрылымдар деген сенім сіңірілген. Бұл алғышарттан өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана отырып, адамдардың өз әлеміне шешуші түрде ықпал ете алатын, ақылды ұйымдастырылған қоғам құра алатын қабілеті туралы қорытынды келіп шығады деп есептелді. Ағартушылық дәуірінің тағы бір ак­ сиомасын – ақылды қоғам бағытындағы әлемнің міндетті түрдегі эволюциясы туралы, басқаша айтқанда, прогрестің табиғилығы туралы тезисті әлеуметтанудың ешбір күмәнсіз қабылдап алғанын айта кетуіміз қажет. Прогрестің міндеттілігі мен оның рационалдығына се­ нетін болсақ, онда әлеуметтік өзгерістерді зерттеуді жай ғана қоғамтанудың нақты аймақтарының бірі ретінде қарастырмау керек. Дұрысында, барлық қоғамдық ғылымдар әлеуметтік өзгерістерді зерттеуге жатады. Зерттеудің бөтен тәсілі жоқ деп айтуға болады. Бірақ бұл жағдайда өзгерістердің белгілі бір бағытта жүретініне қармастан, оларды шексіз деп айту орынды болар еді. Шындығында да тарихтың ағымы толығымен теологиялық сипатқа ие: ол тағылықтан өркениетке, жабайылық қылықтан жасампаздық қылыққа, надандықтан білімділікке қарай жүреді. Егер біз енді әлеуметтік өзгерістердің практикасы мен үдерістерін талқылайтын болсақ, біз өзіміздің пайымдарымызды нақты әрі қарапайым шаблондардың астына біріктіруге тырыса­ мыз. Ойлау үдерісі техникалық жаттығуға айналады. Бізден біздің көз алдымызда өтіп жатқан ағымдағы өзгерістерді талдау және олардың қаншалықты рационалды немесе, тіпті қаншалықты функционалды екендігі туралы пікірді алып шығу талап етіледі. Шын мәнінде, біз өзгерістердің неге осылай, ал басқаша емес өтетінін түсіндіреміз. Содан кейін, егер біз қаласақ, ақылды қоғам бағытында бірге шапшаң қимылдау үшін қандай да бір түзетулерді

ұсына аламыз. Дәл осы себепті бізді пайдалы, саяси саналы әрі қолқабысты деп мойындайды. Әрине, бұл жаттығуларда біз уақыттың өте қысқа кесіндісі бойындағы өте ұсақ топтардың әрекетін немесе уақыт ағымындағы салыстырмалы түрде орташа кесіндідегі анағұрлым ірі қауымдастықтардың (айталық, егеменді мемлекеттердің) әрекетін талдағанда, мысалы, біз ұлттық эконо­ миканы дамыту үшін не істеу қажет деп пайымдағанда біз уақыт пен кеңістіктің өлшемдерін өзгертіп жібере аламыз. Мейлінше әр алуан бағыттағы қоғамтанушылар тура немесе жанама түрде саналы немесе бейсаналы түрде осындай талдау­ мен кем дегенде бір ғасыр бойы айналысып келді. Мен «жанама» түрде дегендегі айтпағым, көптеген әлеуметтанушылардың өз әрекетін қоғамдық рационалдылықтың көрінісімен байланысты деп есептемейтінін ескертуім еді. Олар мұны анағұрлым жетілген абстрактылы білімге деген ұмтылыс деп санайтын тәрізді. Бірақ мұның өзінде де олар өздерінің өндірген білімдерін өзге адамдар қоғамдық құрылымды одан әрі жетілдіру үшін пайдаланады деген ойда болды. Олар өздерінің ғылыми зерттеулерінің экономикалық іргетасы өз жұмыстарының ең болмағанда ұзақ мерзімде қоғамдық пайда әкелетіндігін көрсете білу қабілетіне тәуелді екендігін де ұғынды. Ағартушылық дәуірінде дағдыға айналдырылған осы алғышарттар, бізді бірақ басқа және тіпті қарама қарсы бағытқа қарай жетелеуі мүмкін. Физикалық әлемнің ұйғарылған рационалдылығы сияқты әлеуметтік әлемнің де ұйғарымды рационалдылығы осы әлемді өзінің толық болмысында сипаттайтын және өз күшін уақыт пен кеңістікте сақтай алатын заңдар сияқты қағидаларды ойлап шығару мүмкіндігін білдіреді. Басқаша айтқанда, бұл айқын әрі абыроймен айтыла алатын универсалийлердің болуын біл­ діреді, ал олардан біздің ғылыми іс-әрекетіміздің міндеті дәл осы универсалийлерді ойлап шығарумен және олардың беріктігін тек­ серуменсипатталады деген түйін шығады. Әрине, бұл ньютондық ғылымды әлеуметтік нақтылықтарды зерттеуге бейімдеудің нақ өзін білдіреді. XІX ғасырдың басында-ақ мұндай тәсілді сипат­ тау үшін кейбір авторлардың «әлеуметтік физика» деген терминді қолданғаны кездейсоқтық емес. Заңға ұқсас қағидаларды іздестіру шындығында сана­ лы құрылған қоғамның технологиялық мақсатына жетуге бағытталған, саяси бағдардағы практикалық зерттеулермен толық сәйкес келеді. Осы екі бірдей мақсатты көздеуге ешкімде кедергі

келтіре алмайды. Және дегенмен бұл жерде бір кішкене бір түйір бар және ол әлеуметтік өзгерістер мәселесімен байланысты. Егер адамзаттық өзара қатынастар үлгісі өз күшін уақыт пен кеңістікте сақтайтын әмбебап заңдарға бағынар болса, онда өзгерістер шексіз деген тезис дұрыс бола қоймайды. Дұрысы, керісінше, ештеңе де өзгермейді немесе, ең болмағанда, ешқандай іргелі өзгерістер бол­ майды деген түйін шығады. Онда қоғамдық ғылымдар әлеуметтік өзгерістерді зерттеуді білдіреді деген тұжырым қателік қана емес, ақиқатқа тура қарама қарсы болып шығады. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеуді жай ғана тепе-теңдіктердің бұзылуын зерттеу деп анықтау шындыққа жақын болады. Егер бұл жағдайда Герберт Спенсер сияқты уақыт пен күш-жігердің жартысын әлеуметтік өзгерістерді – әлеуметтік статикаға қосымша ретіндегі әлеуметтік динамиканы зерттеуге бөлуден бастағанның өзінде, бұл өзгерістерді зерттеу тез арада әлеуметтанудың қосымша белгісіне, әлеуметтік реформаларға деген бұрынғы қызығушылықтың нышанына айналады. Осының барлығының қалай жүзеге асып жатқанына көз жеткізу үшін әлеуметтік құрылымдарды статикалық сипаттау барысында кейбір мәселелердің түсініксіз қалып қоятынын кешігіп барып мойындау ретіндегі «әлеуметтік өзгерістерге» соңғы тарау бұйыратын біздің институттық оқулықтарды парақтасақ жеткілікті. Бүгінде Ағартушылық дәуіріне тән әлем туралы түсініктер сынға ұшырауда және мейлінше әр түрлі қырынан сыналуда. Де­ генмен оларды сөзсіз қабылдайтындар саны азшылық. Бейкүнә болып көріну оңай. Бұл түсініктер қоғамдық ғылымдардың прак­ тикасы мен теориясына терең тамыр жайған. Оларды ығыстырып шығару үшін постмодернистердің тарапынан болатын өткір әшкерелеушіліктен де үлкен нәрсе қажет. Қоғамтанушылар осының нәтижесінде өз ғылымдарының өмір сүруінің мәні жоғалатынына көздері жеткенге дейін әлеуметтік өзгерістер ту­ ралы өз көзқарастарын тбегейлі қайта қарауға бара алмай отыр. Сондықтан мен қисыны іргерілеуге деген сенімге баламалы бо­ лып келетін әлеуметтанудың рационалды негіздемесін ұсынғым келеді. Мен білімнің идиографиялық және номотетикалық форма­ лары арасындағы (нақты құбылыстар мен жалпы ортақ заңдарды зерттейтін ғылымдар арасындағы) әдіснамалық пікірталастың (Methodenstreіt) ендігі жерде біз тұтқыны болмауымыз керек деп ой­ лаймын. Мен «екі мәдениет» арасындағы - бір жағынан ғылым және екінші жағынан, философия мен әдебиет арасындағы жүзеге асқан түбегейлі бөлініс адасушылыққа әкеледі және бұл ыдыраңқылық

игерілуі тиіс деп есептеймін. Мен әлеуметтік өзгерістерге қатысты
тұжырымның ешқайсысының да – «өзгерістер шексіз» дегеннің де,
«ештеңе өзгермейді» дегеннің де ақиқат ретінде қабылдануы дұрыс
емес деген сенімдемін. Қысқаша айтқанда, мен бізге әлеуметтік

нақтылықты сипаттау үшін басқа, анағұрлым жетілген тілді табу
керек деп пайымдаймын.
Маған талқылауды анағұрлым дәстүрлі әлеуметтанымдық ұғым

– қоғам ұғымынан бастауға рұқсат беріңіздер. Біз қоғамда өмір

сүреміз және оның бөлігі болып табыламыз деп айтады. Көптеген
қоғамдар болады, бірақ (терминнің өзінен шығып отырғандай)
біздің әрқайсысымыз олардың тек біреуінің ғана тұрақты мүшесі
болып, ал өзгелерімен, әдетте, тек уақытша ғана жанасамыз деп

ұйғарылады. Алайда қоғамдар арасындағы шекара қай жерде жа­
тыр? Әлеуметтанушылар бұл сұрақты кез келген жолмен әдейі ай­
налып өтіп жүрді. Бірақ бұл саясаттанушыларға қатыысты емес,
өйткені біздің бүгінгі қолданып жүрген «қоғам» ұғымымыздың

тамыры таяу өткен шақтан ғана аңғарылады. Ол күнделікті
қолданысқа қазіргі замандағы қоғамдық өмір әртүрлі үш салаға

– мемлекеттік, нарықтық және азаматтық қоғамға бөлінеді деген

тұжырым (немесе ұйғарым) Еуропада кеңінен таралған Фран­
цуз төңкерісінен кейінгі елу жылда енді. Мемлекеттің шекара­
лары заңды түрде бекітілді. Және мұның барысында қалған екі
саланың шекаралары мемлекеттің өзі өтінуі деген жалғыз себеп­

пен, мемлекеттің шекарасымен сәйкес келеді деп түйінделді (бірақ
ашық бекітілген емес). Франция немесе Ұлыбритания немесе
Португалия болсын, олар ұлттық мемлекетті білдіреді, олардың
ұлттық нарығы немесе экономикасы бар және ұлттық қоғам болып

табылады деп есептелді. Бұлар априорлы тұжырымдар еді және
олар сирек дәлелденетін.
Бұл үш конструкция тек бір шекараларда өмір сүргенімен,
олар бір--бірінен айрықшаланатыны атап өтілді – олардың

әрқайсысы автономды түзілімдер және олардың жетекшілікке
алатын өз ереже жиынтықтары бар деген мағынада да, бұлардың
әрқайсысының әрекеті өзгелерінің мүдделеріне қайшы келе алады
деген мағынада да айрықшаланады деп саналды. Мысалы, мем­

лекет «қоғамды» білдіре алмайды. Le pays legal және le pays reel
арасындағы айырмашылықты айтқанда француздар дәл осыны
ескеретін. Шындығында да, бастапқыда қоғамдық ғылымдар осы
айырмашылыққа негізделіп құрылды. Әрбір осы гипотетикалық

конструкцияға өз «пәндері» сәйкес келді. Экономистер – нарықты,

саясаткерлер – мемлкетті, ал әлеуметтанушылар қоғамды зерт­ теді. Әлеуметтік нақтылықты осылайша бөлу тікелей Ағартушылық философиясына барып тіреледі. Онда әлеуметтік құрылымдардың «эволюциясына» деген сенім және олардың, яғни модерни­ ти дәуірінің әлеуметтік құрылымдарының ішіндегі анағұрлым жетілген негізгі белгісі олардың дербес салаларға «бөлінуіне» деген сенімі ұялады. Бұл догманың қазіргі әлемдік жүйенің геомәдениетіне айналған соңғы екі жүз жылдықта үстемдік ет­ кен идеологияға – либералдық идеологияға тиесілі екендігі еш күмән туғызбайды. Осы орайда, постмодернизмнің модернизм­ нен алшақ кете алмай, оның жаңа жорамалы екендігінің айқын айғағы постмодернистердің осы схематикалық үлгіден құтыла алмаған дәлелімен түсіндірілетінін айта кету керек. Олар нақты құрылымдардың қысымына өре түрегеліп, субъективті факторды бейнелейтін «мәдениеттің» абыройын аспанға шығарғанда, олар, шын мәнінде, азаматтық қоғам саласының нышанын мемлекет және нарық саларынан басымдылығын жариялайды. Бірақ соны­ мен ілесе келе, олар осы үш дербес салаларға бөліну талдаудың бастапқы бекетін білдерді дегенмен келіседі. Мен өзім бұл үш саланың дербестігіне және олардың әртүрлі ұстынға бағынатынына сенбеймін. Мүлдем керісінше! Мен олардың бір-бірімен соншалықты тығыз байланысқаны соншалық, олардың кез келгенінің шеңберіндегі кез келген әрекет қашанда не­ гізгі сәті жалпы əсер болып табылатын таңдау негізінде жүзеге асы­ рылады деп есептеймін және сабақтас әрекеттердің тізбегін оқшау қарастыруға ұмтылу нақты әлемнің кескінін айқындаудың орнына, қоюланедырады деп санаймын. Бұл мағынадан алғанда тарихтың қазіргі кезеңі оның бұрынғы кезеңдерінен айрықшаланады деп ойламаймын. Басқаша айтқанда, «дифференциация» модернити дәуірінің айрықша өзгешелігі болып табылады деп ойламаймын. Сондай-ақ мен біздің бір бірінен ерекшеленетін «қоғамдардың» көпшілігінің арасында өмір сүреміз, әрбір мемлекетте тек бір ғана «қоғам» болады және біздің әрқайсысымыз тек бір ғана осындай қоғамның мүшеміз деп есептеуге қарсымын. Неге екенін түсіндіруге мұрсат беріңіздер. Маған әлеуметтік нақтылықты талдауға қолайлы бірлік мен «тарихи жүйе» деп атаған ұғым сай келетіндей көрінеді. Бұл ұғымға менің енгізетін мағынам бұл сөздердің өзінде білініп тұрғандай. Тарихи жүйе – бұл өз-өзін қамтамасыз етуге және өзін қайта өндіруге мүмкіндік беретіндей

еңбек бөлінісінің негізіне құрылған мөлшердегі жүйе. Жүйенің
шекаралары сол сәттегі өмір сүріп отырған еңбек бөлінісінің
шекараларына тәуелді болып келетіндей эмпирикалық жолмен
анықталады. Әрине, әрбір әлеуметтік жүйе өз құзырында қоғамдық

әрекеттерді жүйенің негізгі ұстындарын іске асыру мүмкіндігінше
қамтамасыз етілетіндей етіп және адамдардың немесе топтардың
ұйымдасқан әрекеті де шама-шарқынша оның талаптарына сәйкес
келетіндей етіп бағыттайтын немесе осылай ұстап тұратын әртүрлі

институттарға ие болады. Біз бұл институттарды, егер қаласақ,
экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени институттар деп
атай аламыз, бірақ бұл атаулар дәл емес, өйткені барлық инсти­
туттар бір мезетте саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени

тәсілдермен қызмет етеді, себебі онсыз олардың тиімділігі төмен
болар еді.
Алайда, сонымен бір мезгілде әрбір жүйенің міндетті түрде
тарихи сипаты болады. Бұл оның талдауға көнетін үдерістердің

нәтижесіндегі уақыт кесіндісінде пайда болғ,анын білдіреді; оның
уақыт ағымында дамығанын және ол оның ішкі қайшылықтарының
тежеу тәсілдерінің сарқылуға жақындау немесе сарқылу сәтінің
түсуі себепті (барлық жүйелердегі сияқты) ол аяқталды (немесе

аяқталу сәтіне таяды).
Әлеуметтік өзгерістер мәселесін талдау үшін бұл кес­
тені қолданудың салдарлары бірден көзге ұрып тұрады. Бұл
«Ештеңе өзгермейді» деген жағдайдағы жүйе туралы айтқан кез­

де аңғарылады. Егер құрылымдар өз мәнінде өзгеріссіз қалатын
болса, біз жүйе туралы қандай мағынада айта аламыз? Алайда біз
жүйе «тарихи» деп түйіндегенде, біз «өзгерістер шексіз» дейміз.
Тарихтың идеясы диахронды үдерісті білдіреді. Өзендегі тек бір

ағысқа екі мәрте түсуге болмайды дегенде, Гераклит осыны ес­
керсе керек. Кейбір жаратылыстанушылар «уақыт жебесі» тура­
лы айтқанда дәл осыны ескереді. Мұнан шығатыны - әлеуметтік
өзгерістерге қатысты екі тұжырым да берілген тарихи жүйенің

дұрыс деген қорытынды.
Тарихи жүйенің алуан түрі болады. Біз қазір өмір сүріп
отырған капиталистік әлемдік-жүйе – солардың бірі. Рим импери­
ясы – басқа тип. Орталық Америкадағы майя құрылыстары тағы

басқа типті бейнелейді. Одан өзге ұсақ тарихи жүйелердің сан
жетпес көпшілігі болады. Қандай да бір жүйенің пайда болуы мен
жойылуының дәл уақытын анықтау – теориялық тұрғыда мейлін­
ше оңай болғанымен, қиын да даулы эмпирикалық міндет. Тари­

хи жүйені өндірістік құрылымдармен, ұйымдастырушы ұстындар және институттардың жиынтығымен, сондай-ақ өз өмірінің белгілі бір кезеңімен кіріккен еңбек бөлінісімен сипатталатын қоғам ретін­ де анықтауға болады. Әлеуметтанушы ретіндегі біздің міндетіміз – осындай тарихи жүйелерге талдау жасау, басқаша айтқанда, оларға тән еңбек бөлінісінің табиғатын көрсету, ұйымдастырушы ұстындарын айқындау, олардың институттарының әрекетін сипат­ тау, пайда болғаннан күйрегенге дейінгі траекториясын суреттеу. Әрине, әрқайсысымызға да бұл міндетті толығымен атқарудың қажеттілігі шамалы. Кез келген басқа да ғылыми әрекет сияқты бұл міндет түрлі бөліктерге бөлінеді және бірлесіп орындалады. Бірақ (тарихи жүйені) талдаудың шеңберіне қатысты бізде айқын көрініс болғанға дейін біздің жұмысымыз терең де жемісті бола алмайды. Жоғарыда айтылғанның бәрін де кез келген тарихи жүйеге қолдануға болады. Және біздің әрқайсысымыз өз күш-жі­ герімізді солардың бірін зерттеуге жұмсай аламыз. Бұрын өздерін әлеуметтанушылармыз деп есептегендердің көпшілігі қазіргі әлемдік-жүйені талдаумен ғана шектелді, бірақ оның қандай да бір саналы себебі жоқ. Алайда қоғамдық ғылымдардың басқа да міндеті бар. Тарих­ та ақыры тарихи жүйелердің көпшілігі белгілі болғандықтан, олардың өзара қатынастары туралы мәселе қоюға болады. Олар өзара онтологиялық тұрғыда байланысты ма және егер солай бол­ са, қалайша байланысты? Бұл мәселе Кшиштоф Помиан хроно­ софия деп атаған салаға жатқызылады. Ағартушылық дәуірінің дүниетанымы бұл сұраққа өз жауабын берді. Мен тарихи жүйелер деп атағандардың өзара қатынастары сабақтас және кумулятив­ ті қатынастар ретінде қарастырылады: уақыт өте келе бірін-бірі алмастырған жүйелер күрделілене және тиімділене түсіп, өзінің модернити [дәуірінің] жоғарғы нүктесіне жетті. Бұл олардың қатынастарын сипаттаудың жалғыз тәсілі ғана ма? Мен олай ойла­ маймын. Іс жүзінде мен бұл тәсілді қателік деп пайымдаймын. Бұл деңгейде әлеуметтік өзгерістер туралы негізгі мәселе қайта туын­ дайды. Біз өз--өзімізден сұрауымыз керек: қайсысы - өзгеріс әлде қайталау - әрбір тарихи жүйенің тек ішкі өмірінің ғана емес, біздің планетамыздағы адамзат өмірінің бүкіл тарихының нормасы бо­ лып табылады. Және бұл жерде де мен қос тұжырымның екеуінің де - өзгерістер шексіз деген тұжырымның да, ештеңе өзгеріссіз қалады деген тұжырымның да қанағттанғысыз екендігін бекіткім келеді.

Алайда жалпы тарихқа көшпес бұрын, жекелеген тари­
хи жүйе шеңберіндегі әлеуметтік өзгерістер туралы мәселеге
қайта оралайық. Бұл үшін бір бөлігі біз болып табылатын және
мен оны капиталистік әлемдік-шаруашылық деп атаған тари­

хи жүйені қарастырайық. Осыған орай біріне бірін алмастыру­
дан аулақ болуға тура келетін үш теориялық мәселе туындайды.
Олардың біріншісі – бұл генезис (шығу тегі, Б.С.) мәселесі. Бұл
тарихи жүйенің пайда болуын немен түсіндіруге болады, неге

белгілі бір кезеңде және белгілі бір уақытта пайда болды? Екін­
ші мәселе – бұл жүйелік құрылымның мәселесі. Берілген тарихи
жүйе немесе жалпы тұрғыдан алғанда, тарихи жүйенің бұл типі
қандай ережелер бойынша әрекет етеді? Қандай институттардың

көмегімен бұл ережелер өмірге енгізіледі? Бір біріне қарама қарсы
тұратын қоғамдық күштер нені білдіреді? Бұл жүйенің дамуының
үрдістері қандай? Және үшінші мәселе – бұл күйреу мәселесі. Бұл
тарихи жүйенің қайшылықтары немен сипатталады, жүйені одан

әрі күйреумен және оның орнына бір немесе бірнеше жүйелердің
келуімен тынатын бифуркацияға әкелетін бұл қайшылықтар қай
кезде игерілмейтіндей шиеленіске түседі? Бұл үш мәселе үш жеке­
леген сұрақтарды білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің

шешімін табуы үшін әртүрлі методологияларды (мүмкін болар
зерттеу тәсілін) талап етеді.
Мен бұл мәселелерді араластырып алмаудың маңыздылығын
атап өткім келеді. Негізінен әлеуметтік өзгерістерді талдау

мәселелердің тек екінші тобына – тарихи жүйенің қызмет етуі­
не ғана қатысты. Сарапшылар әдетте функционалды телеология
ұстанымында тұрады: басқаша айтқанда, олар жүйенің генезисін
лайықты түсіндіруден бастайды, егер олар өздерінің сипаттап

отырған жүйесінің жемісті қызмет етіп отырғанын көрсете алса,
онда олар оның алдыңғы жүйелерден «асып түсетінін» бекіте ала­
ды. Бұл мағынадан алғанда генезис тарихтың логикасына еніп
кеткен және белгілі бір жүйені қозғалысқа келтіретін жалған жаз­

мышты сипатқа ие болады. Жүйенің күйреуіне келер болсақ, онда
ол оған тән қайшылықтармен (қайшылықтар кез келген жүйеде
болады) емес, қызмет етудің міндетті түрде жетілген тәсілдеріне
ығысып орын беретін қызмет етудің жетілмеген тәсілдерімен

түсіндіріледі. Бұл мәселенің бүгінгі тарихи жүйеге қатыысты сирек
қойылатынын да атап өту керек – оның басымдылығы бізге айқын
болып көрінеді. Қазіргі батыстық әлемді эволюцияның логикалық
үдерісінің соңғы нәтижесі ретінде көрсетуге тырысатын көптеген

авторлар өз кітаптарында осындай дәлелдерді келтіреді; олардың
дәлелдері әдетте тарихи тұңғиықтардан біздің қазіргі даңқты
«заманымыздың» - модернитидің өсіп шыққан тұқымдарын із­
дестірумен сипатталады.

Дәл сол бір мәселені қарастырудың баламалы тәсілі де бола­
ды. Мұны қазіргі әлемдік-жүйенің мысалымен көрсетіп берейік.
Оның қалыптасқан уақытын шамамен 1450 жылға жатқызып,
пайда болған орнын Батыс Еуропа деп алайық. Сол кездері бұл

аймақта біз Қайта өрлеу деп атаған, кітап баудың ойлап табылуы­
мен, Ұлы географиялық ашылулармен және протестанттық Ре­
формациямен сипатталатын ұлы оқиғалар шамамен бір мезгілде
жүзеге асты. Бұл кезең барлық жерде оба жайлаған, феодалдық

кірістердің дағдарысы орын алып, тұрғындар ауылдардан қашқан
дәуірді алмастырды. Феодалдық жүйенің ақырын және оның ор­
нына басқа жүйенің бір географиялық аймақ шеңберінде келуін
қалай түсіндіруге болады?

Ең алдымен, бұрынғы өмір сүрген жүйенің жаңа жағдайларға
неге бейімделе алмағанын түсіндіру керек. Менің ойымша, бұл
жағдайдағы мәселе феодалдық жүйені қамтамасыз ететін үш негіз­
гі институттың – феодалдар табының, мемлекеттің және шіркеудің

бір мезетте құлауымен түсіндіріледі. Тұрғылықты халық санының
күрт кемуі жерді өңдейтін шаруалардың азаюына әкелді, кіріс
азайып, ренталық өтемдер төмендеді, сауда қысқарды және, соған
сәйкес, институт ретінде крепостнойлық құқық құлдырады немесе

жойылды. Тұтастай алғанда шаруалар ірі жер иелерінің қолында
тиімді экономикалық шарттарда жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Нәтижесінде билік пен феодалдардың кірістері едәуір азайды.
Осының артынша мемлекет те құлап түсті – ол қазынаға түсетін

құралдардың төмендеуінен де, ауыр күндердің түсуіне қарай өз
жеке дәулетін сақтап қалу жолында феодалдардың бір бірімен
қырқысының (аристократияны жойып жіберу оның шаруаларға
деген қатынасын одан әрмен әлсіретті) салдарынан да құлдырады.

Шіркеу де өзінің күрделі экономикалық жағдайы себепті де, фео­
далдар табының күйреуі биліктің жалпы әлсіреуіне әкелуі себепті
де ішкі сілкіністерді бастан кешірді.
Тарихи жүйе құлдыраған кезде, әдетте көбіне сыртқы жау­

лап алушылықтың нәтижесінде үстем тап жаңарады. Егер Батыс
Еуропадағы тағдыр XV ғасырда осылай қалыптасса, онда біз
мұндай трансформацияға Қытайдағы Мин әулетінің маньчжур
әулетімен алмасуынан (тысқы жаулап алушылық нәтижесінде

үстем таптың жаңаруы туралы айтқанда мен осыны ескерген едім) кем көңіл аудармас едік. Алайда Батыс Еуропада бұлай болған жоқ. Оның орнына феодалдық жүйені алмастырған одан түбегейлі айрықшаланатын капиталистік жүйе келді. Оқиғалардың осылайша өрбуі міндетті болмағаны былай тұрсын, тіпті таң қаларлық және күтпеген жерден болғанын айта кету керек. Мұны бақытты тағдыр деп айтуға да келе қоймас. Бірақ қалай дегенде де – бұл қалайша және неге жүзеге асты? Мен айтар едім, бұл ең алдымен кездейсоқ және әдеттен тыс жағдайлардың әсерінен үстем таптардың жаңаруы мүмкін болмай қалғандықтан орын алды. Анағұрлым ықтимал жаулап алушылар – моңғолдар Батыс Еуропаға оқиғаларға қатысы жоқ себептерге байланысты мұнда жете алмады, ал жаулап алушылардың басқа толқыны болған да жоқ. Оттоман империясы сәл кейінірек пайда болды және ол Еуропаны бағындыру пиғылын танытқан кезде, жаңа еуропалық жүйенің бекігені соншалық, жаулап алушылардың екпінін Балқан тауларынан бері асырмады. Алайда, неге феодализмнің орнына капитализм келді? Ка­ питалистік кәсіпкерлікпен айналысатын қабаттың Батыс Еуро­ пада және әлемнің көптеген басқа аймақтарында бұрыннан-ақ болғанын еске түсіру керек; бұл қабаттар мыңжылдықтар бойы демегеннің өзінде, ғасырлар бойы өмір сүріп келді. Алайда, барлық бұрынғы тарихи жүйелерде олардың әрекетінің еркін­ дігін және өз ниеттерін жүйенің анықтаушы белгісіне айналды­ ру мүмкіндігін шектейтін қуатты күштер болды. Бұл, әсіресе ка­ толиктік шіркеудің мықты институттары өсімқорлықпен үнемі күрес жүргізіп келген христиандық Еуропада айқын көрінді. Бұл жерде әлемнің барлық түкпірлеріндегі сияқты капиталистік кәсіпкерлік идеясының танымалдығы өте төмен болды және бұл әрекетпен айналысқандарды әлеуметтік ғаламның тек болмашы түкпірлерінде ғана төзетін еді. Капиталистік күштер бір сәтте ғана көпшіліктің көз алдында анағұрлым қуатты және заңды болып шыға келді. Олардың күш-қуаты ешқашан шешуші фактор болған емес; керісінше, капитализмге оппозиция болған күштер сондай болатын. Бірақ осы оппозицияны қолдайтын институттар кенет­ тен әлсіреп қалды. Сыртқы жаулап алушылық арқылы үстем тапты жаңғырту жолымен өздеріне ұқсастарды олардың қайта қалпына келтіре алмауы немесе жасай алмауы біршама уақыттың ішін­ де осы капиталистік күштердің алдына орасан зор мүмкіндіктер ашып берді және олар ашық қалған саңылаудың орнын тез толты­

рып, шоғырлана білді. Уақиғалардың бұлайша өрбуін біз экстраор­ динарлы, кенеттен болған және күтілмеген деп мойындаймыз (бұл идеяға біз әлі ораламыз). Дегенмен, бұл күтпеген нәрсе нақтылыққа айналды. Әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан алғанда бұл «ештеңе де өзгермейді» деген қағиданың еш қатысы жоқ ерекше оқиға болды. Бұл жағдайда өзгерістер түбегейлі болып шықты. Әдетте жеке бастың пиғылымен «Батыстың көтерілуі» деп аталған бұл түбегейлі өзгерісті мен «Батыстың моральдық күйзелісі» деп атар едім. Бірақ капитализм өз күшін жинақтап, өзін өте епті жүйе ретінде көрсеткендіктен, ол өзінің қайратын көрсетіп, уақыт өте келе бүкіл планетаны өз өрісіне тартып алды. Осылайша, біз бүгінгі күні өмір сүріп отырған қазіргі әлемдік-жүйенің генезисін мен кездейсоқ жағдайлардың тоғысуынан көремін. Енді біз тарихи жүйеге қатысты екінші мәселеге таяп қалдық: оның әрекет ететін заңдары қандай? Оның институттарының табиғаты қандай? Оның басты ішкі қайшылықтары қандай? Мен қазіргі әлемдік-жүйені жан-жақты талдаумен уақыт алмаймын, тек негізгі қағидаларын ғана қысқаша қорытамын. Берілген жүйені капиталистік ретінде не анықтайды? Меніңше, оның айрықша белгісі капитал жинақтау емес, капиталды шексіз жинақтаудың басымдылығы болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл институт­ тары таяу болашақта өздерінің басты ісі капитал жинақтау деп есеп­ тейтіндерді мадақтап, ал басқа басымдылықтарды ұстанатындарды жазалауға бейімделген жүйе болып табылады. Бұл үшін арнайы құрылған институттардың жиынтығы өз бойына бүкіл жүйедегі пайданың өлшемін оңтайландыру мақсатында өндірістік әрекеттің географиялық тұрғыда ажыратылған түрлерін, мемлекетаралық жүйеге біріккен қазіргі мемлекеттік құрылымдардың торабын, әлеуметтік қайта өндірістің негізгі бірлігі қызметін атқаратын және уақыт өте келе осы құрылымдарды заңдастыратын және қаналушы таптардың наразылығын тежейтін біртұтас геомәдениетпен байла­ ныстыратын тауарлар тізбегін енгізеді. Бұл жүйенің ішіндегі әлеуметтік өзгерістер туралы айтуға бола ма? Иә деп те, жоқ деп те жауап беруге болады. Кез келген басқа жүйедегі сияқты, әлеуметтік үдерістер үнемі тербелмелі қозғалыстар жасайды және біз оны түсіндіре аламыз. Нәтижесінде жүйе қадағалауға және өлшеуге болатын айналмалы ырғаққа ие бо­ лады. Мұндай ырғақтар екі кезеңнен тұрғандықтан, біз үнемі қисық бағыттың бұрылыс жасаған кезінде өзгерістің орын алатынын

ұйғара аламыз. Алайда, іс жүзінде біз кең тұрғыда қайталанатын және сонысымен жүйенің кескінін айқындайтын үдерістермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ ештеңе де өте дәлдікпен қайталана ламайды. Және тағы бір маңызды нәрсе: «тепе-теңдік жағдайға оралу» тетіктері де, ұзақ мерзімді үрдістерді бейнелейтін болып көріне алатын жүйелік параметрлердің ұдайы өзгерісімен байла­ нысты болып келеді. Қазіргі әлемдік-жүйеге қатысты мысал ретін­ де соңғы бес жүз жылдық бойы біртіндеп үдей түскен пролетарлан­ дыру үдерісін келтіруге болады. Мұндай үрдістер өлшемге көнетін тұрақты сандық өсімді көрсетеді, бірақ (ескі мәселе бойынша) біз бұрынғысынша өз-өзімізге сұрақ қоюымыз керек – қай сәтте бұл сандық өсім сапалық өзгерістерге әкеледі? Оның жауабы, күмәнсіз, мынадай болуы керек: жүйе бұрынғы ережелері бойын­ ша әрекет етуі тоқтатқанға дейін. Бірақ ерте ме, кеш пе, ондай сәт те туады және бұл ұзақ мерзімді үрдістер үшінші кезеңді (фазаны) – жүйенің күйреуін дайындады деп айтуға бола ма. Біз ұзақ мерзімді үрдістер деп сипаттағандар – бұл, шын мәнінде, жүйені тепе-теңдіктің базистік жағдайынан алып шығатын векторлар. Сандық тұрғыда пайызбен берілетін барлық үрдістер асимптоттық сипатта болады. Олар асимптотқа жақындаған кезде, пайызды қомақты ұлғайту мүмкін болмай қалады да, сондықтан үдеріс тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіру функциясын атқара алмай қалады. Жүйенің тепе-теңдіктен одан әрмен ауытқығаны сайын, тербелістер барған сайын шатақ мінезге ие болады және бифуркация орын алады. Менің бұл жерде осы бір бағытты емес үдерістерден кумулятивті емес, айқындалмаған радикалды транс­ формацияларды көретін Пригожин мен өзге де зерттеушілердің үлгісін қолданып отырғанымды байқаған боларсыздар. Ғаламда жүзеге асып жатқан үдерістер түсіндіріледі және ақырында рет­ телген деген түсінікті, ол детерминацияланбаған болса да, кешегі күнге дейін үстемдік етіп келген ғылыми көзқарастарды түбегейлі қайта пайымдау үшін [үлкен негіз] және соңғы онжылдықтардағы жаратылыстану ғылымдарына қосылған қомақты үлес деп бағалауға болады. Тіпті мұны бүкіл Ғаламдағы шығармашылықтың көріну мүмкіндігін, оның ішінде, әрине, адамның шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндігін үміттендіре бекітетін нәрсе деп батыл кесіп айта аламын. Менің пайымдауымша, қазіргі әлемдік-жүйе бүгіндері мен сипаттағандай күйдегі өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Ка­ питалистік әлемдік-шаруашылықтың негіздерін шайқалтқан және

сонысымен дағдарыстық ахуалды тудырған көптеген оқиғалардың
жүзеге асып жатқанын байқау қиын емес. Біріншіден, бұл ауылдық
өмір тәртібінің барлық жерде бұзылуы (дерурализация). Әрине,
бұл қашанда модернити ұстындарының салтанаты ретінде жари­

яланып келді. Енді адамзатты аш қалдырмау үшін көп адмадардың
қажеттігі болмайды. Маркстің «ауыл өмірінің ақымақтығы»
деп атаған құбылысы игерілді және мұндай анықтама маркс­
тік үйірмелерден тыс жерлерде де кеңінен қолдау тапты. Бірақ

капиталдың шексіз жинақталуы тұрғысынан алғанда оқиғалардың
осылай етек алуы бір бөлігі арасында болмашы өтемақыға бола
нарықтық бағдардағы өндіріске қосылып тұратын (бұл ертере­
кте кәсіподақтардың көмегімен аракідік өз кірістерін ұлғайтып,

жалақының деңгейін көтеріп алатын бұрынғылардың күш-жігері­
мен төмен түсіп кеткен пайданың орташа әлемдік нормасын қайта
келтіруге мүмкіндік беретін), сарқылмайтын резервуар болып
көрінетін адамдар ресурсының таусылуын білдіреді. Мейлінше

төмен өтемақыға бола жұмыс істеуге даяр тұратын, төменгі тап
өкілдерінен тұратын еңбектің бұл тұрақсыз резервтік армиясы
әлемнің барлық аймақтарында бес жүз жыл бойы пайда нормасын
ұстап тұрудың маңызды элементі болып келді. Бірақ еңбекшілердің

бірде бір тобы бұл категорияда ұзақ тұрып қалмады және бұл ар­
мия аракідік толықтырылып тұрды. Дерурализация мұндай прак­
тиканы жоққа шығарады. Бұл асимптотқа жақындаған үрдістің
жарқын мысалы.

Екінші үрдіс – кәсіпорындардың өз өндірістік шығындарын
экстерналдандыру
құқығымен
сипатталатын

әлеуметтік
шығындардың өсімі. Шығындарды экстерналдандыру (басқаша
айтқанда, қандай да бір фирманың өндірістік шығындарының
қомақты бір бөлігін іс жүзінде әлемдік қауымдастықтың төлеуі)

пайданың жоғары деңгейін ұстап тұрудың және, соның салда­
рынан капиталдың шексіз жинақталуының екінші маңызды эле­
менті болып табылады. Кумулятивті шығындар деңгейі жоғары
болмағанға дейін бұған үлкен мән берілмеп еді. Бірақ кенеттен

олар едәуір қомақты деген ой келді де, нәтижесінде әлемнің барлық
жерінде қауымдастық экология мәселелерімен мазасыздана баста­
ды. Экологиялық зиянды өтеуге жұмсалатын шығын орасан зор.
Оларды кім төлейді? Тіпті бұл шығындарды барлық адамдардың

мойнына жүктегеннің өзінде де (бұл шараның әділетсіздігі көзге
бірден ұрып тұр), егер өкімет компаниялардың бәріне барлық өз
шығындарын интерналдандыруға мәжбүрлемесе, мәселе бірден

қайта туындайды. Ал өкімен осыған барса, таза пайда күрт төмен
құлдырайды.
Үшінші үрдіс – геомәдениеттің [демократиялық] қысымды са­
яси тұрақтылықтың маңызды элементі ретінде заңдастыруының

нәтижесінде жүзеге асқан әлемдік-жүйенің демократияландырудың
салдары. Бұл үрдістің қазір дамығаны соншалық, халықтың талап­
тары өте қымбатқа түсе бастады. Білім беру мен денсаулық сақтау
[жүйелерін] лайықты деңгейде ұстап тұруға қатысты адамзаттың

үлкен бөлігінің қазіргі заманғы әлеуметтік мұқтаждықтарын
өтеуге бүгінгі күні әлемдік ауқымда құралған қосымша құнның
қомақты бөлігі кетеді. Мұндай шығындар іс жүзінде өндіруші
таптарға қосымша құнның едәуір бөлігі қайтарылатын әлеуметтік

жалақының пішімі болып табылады. Әдетте бұл мемлекеттің ара
түсуі арқылы, мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын
жүзеге асыру шеңберінде іске асырылады. Бүгінгі күні біз осы
шығындардың ауқымы төңірегіндегі салмақты саяси күрестің куәсі

болып отырмыз. Не бұл шығындар қысқаратын болады (бірақ бұл
саяси тұрақтылықпен қаншалықты сыйымды бола алады?), не пай­
да нормасы тағы да, оның үстіне қомақты мөлшерде қайта төмен
түсетін болады.

Және, ақырында, мен әдетте, «көне солшылдар» деп атайтын
дәстүрлі антижүйелік қозғалыстар күйзеліске ұшырауда. Бұл капи­
талистік жүйенің пайдасына қайшы келеді, ол үшін үлкен қауіп ту­
дырады. Дәстүрлі қозғалыстар өмір сүріп отырған жүйенің де-фак­

то кепілі болды, өйткені олар қоғамның қауіпті таптарын болашақ
сендерге тиесілі, тең құқықты қоғам міне-міне орнайды (олар
үшін болмаса да, балалары үшін) деп сендірді және сонысымен
бұл қозғалыстар [қарапайым адамдардың] төзімділігін тәрбиелеп,

келешекке үміт арттырды. Соңғы жиырма жылда халықтың бұл
қозғалыстарға деген сенімі (өзінің барлық варияцияларында)
жойылды, сонымен бірге олардың ашу-ызаны қауіпсіз арнаға
қабілеті де жоғалды. Іс жүзінде барлық бұл қозғалыстар мемлекет­

тік құрылымдарды нығайтуды насихаттағандықтан (жүйені транс­
формациялау мақсатында), мұндай реформистік мемлекеттерге
деген сенім де түбегейлі шайқалды. Бұл бүкіл антимемлекеттік ри­
торикаларына қарамастан қазіргі жүйенің қорғаушыларын бәрінен

де аз қанағаттандырады. Кәсіпкерлер экономикадағы өздерінің
монополиялық жағдайларына кепілдік беретін және қауіпті
таптардың «анархистік» толқуларын басатын мемлекетке барынша
иек артып отыр. Бүгінгі күні әлемнің барлық жерінде мемлкеттік

құрылымдардың әлсірегенін байқап отырмыз, ал бұл қорғансыздық сезімін ұлғайтуға және арнайы күзет құрылымдарының санының көбеюіне әкеледі. Кейбір мағынада бұл артқа қарай, феодализмге қарай жол тартуды білдіреді. Мұндай сценарийдің шеңберіндегі әлеуметтік өзгерістер туралы не айтуға болады? Біз тағы да бес жүз немесе алты жүз жыл бұрынғы еуропалық феодализмнің күйреуіне ұқсас тарихи жүйенің құлауының куәсі болып отырмыз деп түйіндеуге болады. Бұл сұрақтың дәл жауабын біз білмейміз. Біз жүйелік бифуркация ахуалында тұрмыз, ал бұл әртүрлі топтардың мейлінше мардымсыз шашыраңқы әрекеттері векторлардың бағыты мен институционал­ ды формаларды түбегейлі өзгертіп жібере алатынын білдіреді. Біз түбегейлі құрылымдық өзгерістердің қызған шағында өмір сүріп отырмыз деп айта аламыз ба? Біз мұны кесіп айта алмаймыз. Біз тек бүгінгі тарихи жүйенің қандай да бір ұзақ мерзім өмір сүретініне күмән келтіреміз (мүмкін, бар болғаны елу жыл). Оның орнына не келеді? Бұл мүмкін өзінің негізінде бүгінгіге ұқсас құрылым келер, бәлкім одан түбірімен айрықшаланатын құрылым келер. Бұл тұтас географиялық аймаққа ортақ бір құрылым болуы ықтимал немесе планетаның әртүрлі түкпірлеріндегі көптеген құрылымдар болуы мүмкін. Сарапшылар ретінде, үдеріс аяқталып бітпейінше, оның нәтижесіне біз сенімді бола алмаймыз. Нақты әлемде өмір сүріп отырған үдерістің қатысушысы ретінде, біз саналы қоғамның қалыптасуы үшін дұрыс деп есептегенімізді қолдан келгенше жа­ саймыз. Бұл баяндамада мен мысал ретінде казіргі заманғы әлемдік жүйені талдауды пайдалана отырып, әлеуметтік өзгерістер тұрығысынан алғандағы қандай да бір тарихи жүйені талдаудың әдісін ұсындым. Әлдебір тарихи жүйе пайда болу немесе күйреу кезеңінде орналасса (бір жүйенің күйреуі – бұл қашанда өзге бір немесе бірнеше жүйенің пайда болуы), мұны онда бір типтегі тарихи жүйе өзге типтегі екінші жүйемен алмасатын әлеуметтік өзгеріс деп атауға болады. Феодализмді капитализм ығыстырған Батыс Еуропадағы ахуалды осының мысалына жатқызуға бола­ ды. Бірақ егер бір тарихи жүйе осы типтегі басқа жүйемен алма­ сатын болса, онда оны әлеуметтік өзгеріс деп айтуға болмайды. Қытайдағы Мин әулетінің империясын маньчжурлар империясы алмастырған кездегі оқиғалар осының мысалына жатады. Бұл империялар бір бірінен көптеген қырлары бойынша ерекшелен­ ді, бірақ мәні бойынша айрықшаланған жоқ. Қазіргі уақытта біз

өзіміздің әлемдік-жүйеміздің терең трансформациялану үдерісін
бастан кешіріп отырмыз, бірақ біз әзірге мұның салдары іргелі
әлеуметтік өзгерістерге әкелетінін немесе әкелмейтінін білмейміз.
Әлеуметтік өзгерістер туралы көзқарастарды талдаудың осын­

дай баламалы әдісі қызмет етіп тұрған тарихи жүйені қарастырған
кезде, әлеуметтік өзгерістер көрнекілігінің мейлінше құбылмалы
болатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бөлшектері өзгеруі
мүмкін, бірақ жүйенің мәнін айқындайтын қасиеттер бұрынғы

күйінде қала береді. Егер бізді іргелі әлеуметтік өзгерістер
қызықтырар болса, ұзаққа созылған жарықшақты табуға және
оны айналмалы ырғақтардан ажырата білуіміз керек, сондай-ақ
жүйенің негізінде жатқан тепе-теңдікті бұзбай, бұл ұзақмерзімді

үрдістердің күш жинақтай алатынын болжай білуіміз керек.
Оның үстіне, біз нақты тарихи жүйені талдаудан адамзаттың
жалпы тарихын талдауға көшкен кезде, бізде түзу сызықты
үрдістің болуын ұйғаратын қандай да бір негіздеме болмайды.

Осы уақытқа дейін осындай ұйғарымға негізделген, бізге тарихтан
белгілі кез келген есептеулер мейлінше тұманды нәтижелер берді
және прогрестің кез келген теориясына қатысты үлкен күмән туды­
рады. Мүмкін, 20 000 жылдың әлеуметтанушылары, тарихқа деген

анағұрлым терең көзқарасқа лайық материалдарға ие бола отырып,
көзге тұрақты болып көрінетін бір типтегі тарихи жүйеден келесі
типтегі тарихи жүйеге өтумен сипатталатын барлық айналмалы
ырғақтарға қарамастан, ғаламдық ұзақмерзімді үрдістер қашанда

болған деген түйін жасай алатын болар. Бұл ықтимал. Әзірге
маған философиялық және адамгершілік тұрғыдан прогрестің
жазмыштық міндеттілігінен гөрі, оның ықтималдығын жормалдау
дұрыс сияқты көрінеді. Соңғы бес жүз жылдықты менің пайым­

дауым мені қазіргі әлемдік-жүйенің тарихының қылықтардың
алға жылжыған прогресінен гөрі, керісінше оның құлдырауының
мысалы бола алады деген ойға жетелейді. Және бұл болашақтан
күдерін үзген бірбеткей пессимистің емес, салауатты ойланатын

адамның ұстанымы.
Бүгін, тарихи жүйелердің құлауының басқа да сәттері сияқты,
түбегейлі қорытындысына біздің жеке немесе ұжымдық үлесіміз
нақты ықпал ете алатын тарихи таңдаудың алдында тұрмыз. Алайда

бүгінгі күнгі таңдау бұрынғыларымен салыстырғанда бір нәрсемен
айрықшаланады. Бұл бүкіл әлем түгел қатысып отырған алғашқы
таңдау, өйткені біз өмір сүріп отырған тарихи жүйе тұңғыш рет
бүкіл планетаны қамтып отыр. Тарихи таңдау – бұл моральдық

таңдау, бірақ әлеуметтанушылардың рационалдық таңдауы оны пайымдалған ете алады және, осылайша, біздің моральдық және интеллектуалдық жауапкершілігімізді анықтай алады. Біз бұл үндеуді абыроймен көтеріп аламыз деген оймен келешекке сенім­ мен қараймын. Он бірінші тарау Көпкелбетті еуроцентризм Қоғамтанулық дилеммалар4 Қоғамдық ғылымдар университеттерде алғашқы қоғамтанулық бөлімдер пайда болған уақыттан бастап, бүкіл өзінің институционалданған тарихының барысында еуроорталықтық бо­ лып қалды. Бұған таң қалуға да бола қоймас. Қоғамтану модер­ нити әлемдік-жүйесінің жемісі болып табылса, ал еуроцентризм осы жүйеге тән геомәдениеттің негізі болып табылады. Оның үстіне институционалды құрылым ретіндегі әлеуметтік теория ең алдымен Еуропада қалыптасты. Бұдан әрі біз «Еуропа» ұғымын географиялық мағынада емес, мәдени мағынада қолданатын бо­ ламыз; бұл тәсілді соңғы екі жүз жылдық [тарихқа] қолданған кезде бүтін бір тұтастық ретінде қарастырылатын ең алдымен Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкаға назар аудару керек. Ең кем дегенде 1945 жылға дейінгі әлеуметтанулық зерттеулердің орталықтарының көпшілігі негізінен бес елде орналасты: Фран­ ция, Ұлыбритания, Германия, Италия және Құрама Штаттар. Тіпті бүгінгі күні, қоғамтанушы кәсібінің әлемнің бар түкпірінде кеңінен тарлғанына қарамастан, әлеуметтік үдерістерді зерттеушілердің басым көпшілігі еуропалықтар болып табылады. Әлеуметтанудың [тарихи] дамуы еуропалық мәселелерге жауап түрінде болды және ол Еуропа бүкіл әлемдік-жүйеге үстемдік еткен кездегі жағдайларда қалыптасты. Сондықтан оның пәндік шекарасы, теория құрастыру тәсілдері, оның методологиясы мен эпистемологиясы – осының барлығы оны жарық дүниеге әкеліп, қайнатқан қазанның шектері­ мен сипатталады. Алайда 1945 жылдан бастап Азия мен Африканың отарсызда­ нуы, сондай-ақ еуропалық емес әлемдегі саяси сананың күрт өсуі ғылыми әлемді де, әлемдік-жүйенің саяси нақтылығынан бір де кем емес деңгейде трансформацияға ұшыратты. Бұл жаңа жағдайдың бұрынғысынан түбегейлі айырмашылықтарының бірі, міне отыз жыл бойы өмір сүріп келе жатқан айырмашылық бұл әлеуметтік

ғылымдардың от-жалынды сынның ұшына ілігуі болып саналады. Бұл түйреуіштер, әрине, негізсіз емес және егер қоғамтанулық тео­ рия XXІ ғасырда жаңа шептерге шыққысы келсе, онда ол ғылыми талдауды бұрмалайтын және бізді қазіргі әлемнің мәселелерін шешу қабілетінен айырып отырған еуроорталықтық мұраны өз бойынан ысырып тастауға күш табатынына еш күмән жоқ. Егер біз осыған бас тіксек, еуроцентризмнің белгілерін мұқият зерттеу пай­ далы болар еді, өйткені бұл ұғымды көпбасты және көпкелбетті албастымен салыстыруға болады. Мұндай әждаhаны бір соққымен жеңіп тастай алмайсың. Мұның барысында мұқият болмасаң, оның жеке дәлелдерін пайдаланып, еуроцентризмді сынай бастауға бо­ лады, ал мұндай сын оның ұстанымын ғылыми әлемде тек бекіте түседі. Әлеуметтік теорияны еуроорталықтық етіп анықтайтындай, кем дегенде оның бес қыры бар. Бұл қырлар категориялардың логикалық реттелген жүйесіне сыйыспайды, өйткені бір бірімен толық түсінікті жағдайда қиюласа қоймайды. Соған қарамастан, бұлардың әрқайсысын салыстырмалы түрде дербес қарастыру пайдалы болуы әбден мүмкін. Әлеуметтанулық тұжырымдаманың еуроцентризмі мыналардан көрініс таба алады. 1) оның тарих­ намасынан; 2) оның әмбебаптығының шектеулілігінен; 3) оның (батыстық) өркениетті асқақтатуынан; 4) оның ориентализмінен; және 5) прогресс теориясын таңуға ұмтылысынан. Тарихнама. Бұл жағдайда еуропалық табыстардың маңыздылығына деген апелляция арқылы модернити дәуіріндегі еуропалық жетекшілікті негіздеуге тырысушылық байқалады. Аргументацияның басқа әдістеріне қатысты тарихнаманың бастапқы болуы мүмкін, бірақ сонымен бір мезгілде оның бір ере­ кшелігі, дауласуға оңай көнетін айқые аңқаулығы. Соңғы екі жүз жылдықтар бойы еуропалықтардың әлемді басқарып келгеніне ешкімнің күмәні жоқ. Олар жиынтығымен қоса алғанда әскери жағынан анағұрлым қуатты және бай державаларды қадағалауда ұстап келді. Олар ең алдыңғы қатарлы технологияларды пайда­ ланды және олардың жалғыз жасампаздары болды. Бұл айғақтар еш дау туғызбайтындай көрінеді және, шындығында оларды теріс­ ке шығару оңай емес. Мәселе, бірақ Еуропа мен қалған әлемнің арасындағы қуат пен игіліктің алшақтығының түп-төркіні неде екендігімен сипатталады. Кейбіреулердің пікірінше, еуропалықтар әлемнің өзге бөліктерінің қолынан келмеген ерекше және мақтауға тұрарлық нәрсе жасай білген; бұл жағдайда «еуропалық ғажайып»

туралы айтылады. Еуропалықтар өнеркәсіптік төңкерістің бастама­ сын көтерді және орнықты экономикалық өсім тұжырымдамасын даярлады, олар капитализм мен модернити үлгілерін жүзеге асыр­ ды, бюрократияны да, тұлға еркіндігі туралы түсінікті де тудыр­ ды. Әрине, бұл жағдайда берілген ұғымдарды анығырақ айқындау керек, бұл үдерістерді өмірге шынымен еуропалықтар енгізді ме және егер солай болса, дәл қашан енгізгенін анықтау қажет. Бірақ тіпті, егер біз анықтамалар мен хронологияға қатысты келісімге келіп, сонымен қандай да бір құбылыстың нақтылығын мойындағанның өзінде, бұл жағдайларда да біз тек болмашы нәрсені ғана айқындаймыз. Қандай да бір үдерістерге басқа біреулер емес, неге дәл осы еуропалықтар серпін бергенін және бұл үдерістер одан не ерте, не кеш емес, дәл осы тарихи сәтте пайда болғанын бәрі бір бізге түсіндіріп беру қажет болады. Жұмбақтың шешімін іздесті­ ру барысында көптеген ғалымдар қазіргі үрдістердің бастауының белгілерін тауып алу үшін алыстағы өткен шаққа инстинктивті түрде үңіледі. Егер XVІІІ немесе XV ғасырларда еуропалықтар «х» типіндегі қылық жасаса, онда бұл олардың ата-бабалары (не­ месе, дәлірек айтқанда, олардың ата-бабалары деп есептелетіндер, өйткені бұл ұғым биологиялық мағынадан гөрі, мәдени немесе жалған мәдени мағынаға ие) XІ ғасырда «у» қылығын жасауының салдары болуымен түсіндіріледі немесе ата-бабалар осы «у» си­ паттамасына б.з.д. V ғасырда, тіпті одан ары уақытта ие болған деп түсіндіріледі. XVІ-XІX ғасырлардағы белгілі бір тарихи айғақтардың немесе үрдістердің өмір сүруін түсіндіру, бекіту не­ месе, ең болмағанда, ұйғару барысында, бізді анағұрлым маңызды айнымалыны іздестіруге еуропалық тарихтың терең тұңғиығына сілтеп жіберетінінің көптеген мысалдарын біздің әрқайсысымыз да келтіре аламыз. Алайда тағы бір нәрсе бар, ол ұзақ уақыт бойы көзден таса бо­ лып келді демегеннің өзінде, талқылауға түспей келді. XVІ-XІX ғасырларда Еуропада туындаған жаңалықтар мен ашылымдардың барлығы бірдей жағымды болды деп есептелді, Еуропа оны мақтан тұтуы тиіс, ал қалған әлем еуропалықтарға тек қызғана қарауы керек, ең болмағанда оларды мойындауы тиіс деп саналып келді. Бұл жағдайда жаңашылдықтың өзі жетістік ретінде қабылданады және көптеген кітаптардың атауының өзі осындай тәсілдің кең таралғанын дәлелдейді. Әлеуметтанулық теорияның қазіргі тарихнамасы жалпы және тұтас алғанда дәл осы қабылдауды бейнелейтіні менде еш күмән

тудырмайды. Әрине, оның дұрыстығы әр алуан қарсы дәлелдермен
дауға түсуі мүмкін, бұл барған сайын жиі орын алып та отыр.
XVІ-XІX ғасырларда Еуропада және тұтастай алғанда әлемде не
болғаны туралы біздің түсініктеріміздің дәлдігі күмәнді. Қандай

да бір үдерістердің мәдени алғышарттары деп есептелетіндердің
маңыздылығымен дауласуға болады. XVІ-XІX ғасырлардағы
Еуропаның тарихын, оның уақыттық шеңберлерін бірнеше
ғасырлардан бастап, ондаған мың жылдарға дейін кеңейтіп,

анағұрлым кең ауқымға енгізуге болады. Осындай ұмтылыстарға
бара отырып, көптеген зерттеушілер XVІ-XІX ғасырлардағы
еуропалық «жетістіктер» соншалықты таңдай қағарлық емес
және олар айналмалы жолдың [жоғарғы нүктесіне] ғана тиесілі

деп жариялап жүр; кейде мұндай жаңалықтардың көпшілігі тек
еуропалықтардың ғана жетістігі болып табылмайтындығын да
еске түсіріп қояды. Және, ақырында, барлық бұл жаңалықтардың
болғаны рас, бірақ олардың артынан жағымды салдардан гөрі,

жағымсыз салдардың болғандығын мойындауға болады.
Мұндай ревизионистік тарихнама өз бөлшектерінің дәлдігімен
сендіреді, бірақ оның барысында жаңа жинақы бейнені сомдауға
ұмтылады. Белгілі бір сәтте көнені бөлшектеп бұзу ұмтылысы

қайта түлеуі мүмкін және сонда баламалы теория жеңіп шығады.
Осындай нәрсе Француз революциясының тарихнамасымен
жүзеге асып жатқан тәрізді, онда кем дегенде бір жарым ғасыр
бойы ғылыми әдебиетте үстемдік етіп келген «әлеуметтік тәсіл»

немесе «әлеуметтік интерпретация» дегендер соңғы үш онжылдық
бойы күмәннің күдігіне ұшырап, батыл сынға тап болды және
белгілі бір дәрежеде игерілді. Бүгінгі күндері біздің модерни­
ти тарихнамасының іргелі негіздерін қозғайтын парадигмалар

алмасуының табалдырығында тұруымыз әбден мүмкін.
Мұндай ауқымды өзгерістер мезетінде терең дем алып,
артқа бір қадам жасап, жаңа болжамдардың бұрынғылардан
сенімдірек екендігі туралы толғану ғана қалады және, тіпті,

олардың алдыңғылардың іргелі алғышарттарынан шынайы ер­
кін екендігіне күмәндану маңызды болып шығады. Модернити
дәуіріндегі еуропалықтардың айтыла беретін жетістігін зертте­
удегі парадигмалардың алмасуына орай, дәл осы сұрақты менің

қойғым келеді. Ескі парадигма сынға ұшырауда. Оның орны­
на не ұсынылады? Бұл жаңашылдық көнесінен қаншалықты
айрықшаланады? Бұл ауқымды мәселеге бет бұрмас бұрын, еуро­
центризмді сынаудың басқа тәсілдерін қарастырайық.

Әмбебаптылық. Әмбебаптылық (универсализм) әрқашан
және барлық жерде әділетті ғылыми ақиқаттардың болуын біл­
діреді. Танымдық іс-әрекет ретіндегі ғылымның мәдени салта­
нат құруымен сипатталған соңғы жүзжылдықта еуропалық ой

универсализмнің басым ықпалын бастан кешті. Ғылым танымның
беделді әдісіне айналып және қоғамтанулық пікірталастарда
төрешінің орнын ала отырып, философияны ғыстырып шығарды.
Бұл ғылым, әрине, ньютондық-картезиандық ғылым болды. Ол әлем

тепе-теңдікке жетуге деген ұмтылыспен басқарылатын сызықты
үдерістерді сипаттайтын детерминистік заңдарға бағынады және
бұл заңдарды әмбебап қайтарымды теңдеулер деңгейіне жеткізе
отырып, біз бастапқы шарттардың белгілі бір жиынтығын біле

отырып, уақыттың кез келген сәтіндегі - өткендегі де, болашақтағы
да жүйенің жағдайын анықтай аламыз деп тұжырымдады.
Әлеуметтік теория үшін мұның маңызы айдан анық еді.
Қоғамтанушылар өздерін адамның қылығын түсіндіріп бере ала­

тын әмбебап үдерістерді ашуға қабілеттіміз деп есептеді, ал олар
негіздей алған кез келген болжамдар өз өзектілігін уақыт пен
кеңістікке бағынбай сақтай алады деп саналды немесе бұл бол­
жамдар олардың ақиқаттығы уақыт пен кеңістікке тәуелді болмай­

тындай етіп жариялануы тиіс болды. Ғалымдар өздерінің ерекше
құндылықтары болмайтын сарапшылар ретінде көрінгендіктен
зерттеушінің тұлғасы айтарлықтай мәнге ие болмады. Үдерістердің
[дамуы] өзгеріссіз деп есептелгендіктен бастапқы мәліметтер

дұрыс өңделсе болғаны, эмпирикалық нақтылықтың аймақтық
өзгешеліктерін ескермеуге де болатын еді. Анағұрлым тарихи және
идиографиялық тәсілді ұстанған ғалымдардың да ұстанымдары
ұқсас болып қалды, өйткені тарихты анықтайтын қандай да бір

үлгінің болатыны мойындалды. Кезеңдік (стадиалды) дамудың
барлық теориялары (Конттың, Спенсердің немесе Маркстің
құрған) басым көпшілігінде тарихтың вигтік түсіндірмесі5 деп ата­
латын интерпретацияның теориялық мазмұндамасы болып қалды

және бүгінгі жүзжылдықтың барлық алдыңғыларынан үстемдігін
және бүгінгінің өткен тығыз байланыстылығын бекітті. Және тіпті
эмпиризмге мейлінше жақын тарихи зерттеулердің өзі, оларда те­
орияландыру қаншалықты теріске шығарылғанына қарамастан, өз

бойында кезеңдік даму туралы түсініктің ізін сақтап қалды.
Еуропалық әлеуметтік теория – ол әлеуметтанушылардың ан­
титарихи пайымдаулары түрінде көрінсе де, мейлі тарихшылардың
даярлаған дамудың кезеңдік теориясы түрінде көрінсе де - өз

тұжырымдарында барынша әмбебапты болып қала берді, мыса­
лы, XVІ-XІX ғасырларда Еуропада жүзеге асқан үдерістер барлық
жерде қолдануға қабілетті үлгіні айқындады деген тұжырымында:
өйткені ол адамзаттың прогрессивті, сондықтан қайтымсыз да­

муын бейнелейді, не болмаса өйткені адамзаттың барлық жаңа
мұқтаждықтарын өтеу үдерісін жасанды кедергілерді жою арқылы
сипаттайды. Қазіргі Еуропа зерттеушілерге кемелдіктің мысалы
түрінде ғана емес, болашақтың жалпыға ортақ үлгісі ретінде де

көрінді.
Универсализмге бейім теориялар нақты бір орындағы және
нақты бір сәттегі ахуал үлгіге қайшы келеді деген тұрғыда қашанда
сынға ұшырап отырды. Әмбебап қорытындылардың болуы

мүмкін емес деп жариялаған ғалымдар да әрқашан болды. Алай­
да әмбебап әлеуметтанулық теорияларды сынайтын осы екі типке
тағы үшіншісі қосылды. Батыстық әлемнің тарихи жолын әмбебап
үлгі ретінде ұсынуға тырысқанымен, әмбебап деп ұйғарылған

теориялардың шын мәнінде, олай емес екендігі жарияланды. Джо­
зеф Нидхэм баяғыда-ақ мынаны аңғарып еді. «еуроцентризмнің
түбірлі қателігі... Еуропада Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан
қазіргі ғылым мен техника әмбебапты, демек, Еуропадан

шыққанның бәрі әмбебапты деген айқын емес тұжырым».
Сонысымен әлеуметтік теорияның еуроорталықтығы мен оның
партикуляризмі арасындағы байланыс белгіленді. Бұл теория тек
еуроорталықты ғана емес, провинциалдық шектеулікке ұрынған

деп жарияланды. Бұл жанды жерден тиді, өйткені модернити
дәуірінің әлеуметтік теориясы ең алдымен, барлық бөліктерден
биік тұрғанымен мақтанатын. Және де бұл айыптау қаншалықты
ақталғанына қарай, ол өз бойында оларды кез келген ахуалда

қолдануға боларлықтай әмбебап қағидалар әлі айтылып болған
жоқ деген қарапайым тұжырымнан да артық нәрсені арқалады.
Өркениет. «Өркениет» дегенде алғашқы қауымдық пен тағылыққа
қарама қарсы бірқатар әлеуметтік сипаттамалар түсініледі. Мо­

дернити дәуіріндегі Еуропа өзін көптеген «өркениеттердің» бірі
ғана емес, жалғыз немесе, ең болмағанда анағұрлым «өркениетті»
өркениет деп есептеді. Бірақ бұл өркениеттіліктің белгілеріне
қатысты біртұтас пікір, тіпті еуропалықтардың өздерінің арасын­

да да болған жоқ. Біреулер үшін өркениет «модернитимен», яғни
технологияның дамуымен, өндірістің өсуімен және тарихи про­
греске сенумен біріктірілді. Өзгелер үшін өркениет «индивидтің»
басқа әлеуметтік субъектілерден – отбасынан, қауымдастықтан,

мемлекеттен, діни институттардан - өсе түскен тәуелсіздігін біл­
дірді. Үшіншілері үшін өркениет күнделікті өмірдегі дөрекіліктен
арылуды, сөздің тура мағынасындағы «жақсы» қылықты білдірді.
Төртіншілер үшін ол заңдастырылған зорлық саласын тарылтуды

немесе ауқымын қысқартуды және қаталдық ұғымын кеңейтуді
аңғартты. Және, әрине, көпшілік үшін өркениет ұғымы жоғарыда
аталған белгілердің кейбірінің және тіпті барлығының араласқан
қосындысын білдірді.

XІX ғасырда француз отаршылдары өркениеттендіруші мис­
сия (la mіssіon cіvіlіsatrіce) туралы айтқанда, олар Францияның
(және, сөздің кең мағынасында, Еуропаның) отарлық жау­
лап алушылығының арқасында еуропалық емес халықтарға

өркениеттің осы анықтамаларының бойындағы құндылықтар мен
нормаларды егеміз деген ойда болды. 1990-шы жылдары батыстық
елдердегі жекелеген топтар планетаның әртүрлі, бірақ ешқашан
батыстық әлемге қатысы болмаған аймақтардағы саяси ахуалға

«араласу құқығы» туралы сөз қозғағанда, бұл да өркениеттің
құндылықтарымен негізделді.
Бұл құндылықтардың жиынтығы, біз оларды қалай атасақ та -
өркениеттік, зайырлы-гуманистік немесе модернити құндылықтары

деп атасақ та - әлеуметтік теорияның бойына сіңірілген, өйткені
оның өзі оларды абсолют деңгейіне жеткізген тарихи жүйенің
жемісі болып табылады. Қоғамтанушылар бұл құндылықтарды
өздері назар аударуға тұрарлық деп есептеген мәселелерді

(әлеуметтік немесе интеллектуалдық) анықтауға шоғырландырды.
Олар осы құндылықтарды аталған мәселелерді талдау барысын­
да қолданылатын ұғымдарға да, оларды өлшейтін индикаторларға
да кіріктірді. Әлеуметтанушылар басым көпшілігінде, сөз жоқ,

өздерінің қоғамдық және саяси таңдауларының пайдасына
қарай мәліметтерді саналы түрде бұрмалауға ұмтылатынын атап
көрсете отырып, құндылықтық тәсілді теріске шығаратынын
тұжырымдады. Бірақ құндылықтық-бейтараптық ұстаным бұл

мағынада құндылықтар қандай да бір құбылыстардың тарихи
маңызын бағалағанда рөл ойнамайды деген ойды білдірмейді. Ген­
рих Риккерт 1913 жылдың өзінде «мәдени ғылымдар» деп атаған
логикалық ерекшелік туралы айтқанда, ол ең алдымен дәл осыны

ескеріп еді. Бұл ғылымдар әлеуметтік маңыздылықты анықтау ба­
рысында «құндылықтарды» теріске шығаруға қабілетсіз.
Батыстық және сондықтан ерекше әлеуметтік шарттармен
анықталған «өркениет» туралы түсініктер «өркениеттердің»

көпшілігі туралы тұжырымдамаға мүлдем бөтен емес екендігін
айта кету керек. Өркениеттік құндылықтардың бастау көздері ту­
ралы және олар неге әуел баста модернити дәуіріндегі батыстық
әлемде пайда болғандығы (осылай деп бекітілетін) туралы сұрақ

қойылғанда, оның жауабы міндетті түрде олар антикалық және
христиандық ортағасырлықтың немесе иудейлік әлемнің, кейде
иудейлік-христиандық деп аталатын екеуінің де мұрасымен сипат­
талатын ерекше және жағымды тарихы бар үдерістердің нәтижесі

болып табылады деген тұжырымға келіп тіреледі.
Бұл тұжырымдарға қарсы көптеген наразылықтар болуы
мүмкін және болды да. Қазіргі әлемнің немесе қазіргі еуропалық
әлемнің оның үстіне бұл ұғымды еуропалықтардың қандай

мәнде қолданатын мағынасындағы өркениеттілік күмән тудыр­
ды. «Батыстық өркениет туралы Сіз не ойлайсыз?» деген сұраққа
Махатма Гандидің берген мысқылды жауабы белгілі: «Бұл жа­
ман идея болмас еді». Ежелгі Грекия мен Римнің немесе ежелгі

Иудеяның құндылықтары, басқа өркениеттердің құндылықтарына
қарағанда, қазіргі заманғы деп аталатын құндылықтардың пай­
да болуына көбірек ықпал етті деген тезис те дау тудырып отыр.
Және ақырында, қазіргі Еуропаның өзін, бір жағынан, Грекия

мен Рим өркениеттерінің және екінші жағынан, ежелгі Иудеяның
мұрагері деп есептеу құқығының өзі бұлыңғыр көрінеді. Грекия
мен Иудеяны еуропалық өркениеттің баламалы бастау көздері деп
есептейтіндердің арасындағы даудың ұзақ тарихы бар. Тараптардың

әрқайсысы екіншісінің дұрыстығын теріске шығарады, бірақ
дау-дамайдың өзі оның пәнінің өзінің лайықтылығына күдікпен
қарауға мәжбүрлейді.
Қалай болғанда да, жапон мәдениетінің негізгі элементі­

не айналған буддизмнің пайда болған жеріне қарай, Жапонияны
ежелгі Үнді өркениетінің мұрагері деп жариялай алатын біреу
бар ма екен? Жапонияның үнді өркениетіне жақындығымен
салыстырғанда, қазіргі Құрама Штаттар мәдени тұрғыдан алғанда

ежелгі Грекияға, Римге немесе Иудеяға анағұрлым жақын ба екен?
Ақырында христиандықтың грек, рим және иудей дәстүрлерінен
біржола бас тартқанын қайда қоямыз? Христиандардың өзі Қайта
өрлеу дәуіріне дейін дәл осылай деп келді. Және антикалықтан

алшақтау осы күнге дейін барлық христиандық конфессиялардың
сенімінің рәмізінің бірі болып отырған жоқ па?
Бүгінде құндылықтар туралы пікірталас саясат саласында
алдыңғы орынға шықты. Малайзия премьер-министрі Махатхир

азиялық елдер еуропалық өркениеттің құндылықтардың барлығын
немесе бір бөлігін қабылдамай-ақ «модернизацияны» жүргізе
алады және жүргізуі тиіс деген сөзінде барынша айқындық
көрсетті. Оның көзқарасы азиялық саяси көшбасшылар арасында

қолдау тапты. «Құндылықтар» туралы пікірталас «мультикульту­
рализм» туралы дискуссияның кейпіне ене отырып, еуропалық
елдердің өзінде, әсіресе Құрама Штаттарда үлкен мәнге ие бол­
ды. Бұл өркениет деп аталатынның бірлігі туралы тезисті теріске

шығаратын университеттік ғалымдардың бірігуін өмірге әкеліп,
институционалданған әлеуметтануға едәуір ықпал етті.
Ориентализм. Ориентализм батыстық емес өркениеттердің
дағдыланған және қорытылған сипаттамалық белгілерін суреттей­

ді. Ол «өркениет» ұғымының теріс жағын білдіретін сияқты және
Анвар Абдель-Малек пен Эдуард Саидтің жұмыстарының жарыққа
шыққан уақытынан бері қызу пікірталастардың өзегіне айналды.
Таяуда ғана ориенталист болу құрметті деп есептелетін. Ориента­

лизм өзінің бастауын жекелеген христиан монарх-интеллектуал­
дары христиандық емес наным-сенімдерді жақсырақ түсіну үшін,
шығыс халықтарының тілін үйреніп, олардың қасиетті кітапта­
рына үңілген еуропалық ортағасырлықтан алады. Әрине, олар

христиандық доктринаның шынайылығына сүйенді және пұтқа
табынушыларды христиандық сенімге кіргізуге ұмтылды, бірақ
олар шығыстық діни мәтіндерді түсіністікпен, бұрмаланған болса
да, адамзат мәдениетінің көрінісі ретінде қабылдады.

XІX ғасырда ориентализм зайырлы сипатқа ие болған кезде,
ол өзінің пішімін қатты өзгерте қоймады. Ориенталистер тілдерді
үйреніп, мәтіннің астарына үңілуді жалғастыра берді. Олар тек
христиандық және пұтқа табынушылық бөлінісін шығыс пен ба­

тыс, модернити мен архаика дихотомиясымен ғана алмастырып,
әлеуметтік нақтылыққа деген өздеріне бұрыннан тән «бинарлық»
көзқарасын
сақтап

қалды.
Әлеуметтануда
қарама
қарсы

қоюшылықтың танымал болып кеткен ұзыннан ұзақ қатары пайда
болды: қоғамдардың әскери және индустриялық түрлерінің қарама
қарсылықтары, Gemeіnschaft және Gesellschaft, механикалық
ынтымақтастық пен органикалық ынтымақтастықтардың қарама-

қарсылықтары, дәстүрлі заңдастыру мен рационалды-заңнамалық
заңдастырудың қарама қарсылықтары, статика мен динамика. Көп
жағдайларда бұл қарама қарсылықтардың ориентологиялық зерт­
теулеріне тікелей сілтеме жасалынбаса да, олардың алғышарты

құқықтың үнділік және ағылшындық жүйелеріне негіздеп, Ген­

ри Майнның мәртебені келісімге қарсы қоюынан шығатынын
ұмытпау қажет.
Ориенталистер өздерін бүкіл өз өмірлерін олардың мәдениетін
ұғыну мақсатында мәтіндерді мұқият зерттеуге арнай отырып,

батыстық емес өркениеттерге деген ізгіниетті қатынастарын ба­
рынша дәлелдеуге тырысқан адамдар ретінде есептеледі. Бұл
жағдайда олардың мәдениет деп есептегендері, әрине, басқа
мәдениеттің өкілдері құрған конструкция ғана болатын. Және бұл

конструкциялардың дәл осы лайықтығы мен сәйкестігі сынға
ұшырады, тіпті үш деңгейде сынға ілікті: олар эмпирикалық
айғақтарға қарсы келеді; олар өте абстрактылы және [әлеуметтік]
формалардың көзге айқын көрініп тұрған алуан түрлілігін теріске

шығарады; және, ақырында, олар еуропалық пайымдаушылықтың
дамуын білдіреді деп тұжырымдалды.
Ориентализмге
қарсы

бағытталған
соққылар,
алайда,
ғылыми таяздықты сынаудан артық болып шықты. Олар мұндай

әлеуметтанулық құрылғылардың саяси салдарына бағытталған
сынды білдірді. Ориентализм модернитидің әлемдік-жүйесіндегі
Еуропаның империялық рөлінің пайдасына бұрылған маңызды
идеологиялық дәлел ретіндегі Еуропаның үстем мәртебесін

ақтаудың құралы ретінде қарастырылды. Ориентализмді сы­
нау материалдық тәсілді жалпы сынаумен байланысты болып,
қоғамтанулық догмаларды қиратуға бағытталған күш-жігердің эле­
ментіне айналды. Мұның барысында батыстық әлемнен тыс жерде

«оксидентализмді» баламалы талқылаудың бастамасын көтеруге
тырысушылық та және мысал үшін, «4 мамырдағы Қозғалыстан
бастап, 1989 жылы Тянаньмынь алаңындағы студенттер демонс­
трациясымен аяқталған қазіргі Қытайдағы антидәстүршілдік ту­

ралы элитаның барлық пікірлері де едәуір деңгейде ориентализмге
берілген» сондықтан да бұл ориентализмнің ұстанымын бұзбайды,
керісінше нығайтады.
Прогресс. Прогресс, оның нақтылығы мен болмай қоймайтыны

еуропалық Ағартушылық дәуірінің негізгі тақырыбы болды. Кей­
бір авторлардың есептеуінше, батыстық философиялық дәстүр
қаншалықты көне болса, бұл да соншалықты көне. Қалай дегенде
де, XІX ғасырда прогресс идеясы Еуропада жалпы мойындалды

(және осылай болып ХХ ғасырдың үлкен бөлігінде де қала бер­
ді). Қоғамдық ғылымдар өзінің пайда болғанынан бері прогресс
теориясының таңбасын бойына сіңіріп алды.

Прогресс идеясы бүкіләлемдік тарихты зерттеудің негізіне
айналды және кезеңдік дамудың барлық теорияларының тоғысар
тұсына айналды. Оның үстіне ол қолданбалы әлеуметтанудың
қозғаушы күші болып қалыптасты. Бізге әлеуметтік нақтылықты

терең ұғыну үшін қоғамтанулық пәндерді зерттеп үйренеміз де­
ген ойды сіңірді, өйткені тек осы жағдайда ғана біз прогресті
байыптылықпен және сенімді түрде жан-жақты жылдамдатуға
ықпал етеміз (немесе ең болмағанда, оның жолындағы ке­

дергілерді жоямыз). «Эволюция» немесе «даму» сараптаушы
ұғымдар түрінде емес, міндеттендіруші ұғымдар түрінде көрінді.
Әлеуметтік ұғымдар Бентамның паноптикумынан әлеуметтік
саясат одағына6 дейін, Беверидж комиссиясына және сансыз

көптеген басқа мемлекеттік комитеттерге дейін, ЮНЕСКО-ның
соғыстан кейінгі антинәсілшіл бағдарламаларына дейін, сондай-
ақ оқытудың американдық жүйесі мәселелері бойынша Джеймс
Коулманның зерттеулеріне дейін саясаткерлердің кеңесшісіне (кей­

де қызметшісіне) айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде «артта қалған
елдердің дамуы» әртүрлі саяси көзқарастағы қоғамтанушылардың
батыстық емес әлемді әлеуметтік және саяси тұрғыда қайта құруға
араласуын ақтайтын лозунгы түрінде көрінді.

Прогресс тек санаулы түрде талданып қана қоймай, ол басқаларға
мәжбүрлікпен танылды да. Мұндай тәсіл біз «өркениетті»
талқылаған кездегі жағдайдан соншалықты айырықшалана
қоймайды. Бұл жағдайда, бірақ, өркениет ұғымының біржақты

және күдік тудырған кезеңінде (әсіресе, 1945 жылдан кейін), про­
гресс ұғымы өзінің маңыздылығын сақтап қалды және тартымды
көрінуі себепті өркениет категориясын оңай алмастырды. Прогресс
идеясы еуроцентризм қорғанысының соңғы шебі және резервтегі

ұстанымы түрінде көрінді.
Прогресс идеясы барлық уақытта консерваторлар тарапынан
сынға ұшырады, дегенмен олардың қарсыласу күші 1850 жылдан
1950 жылға дейінгі аралықта күрт төмендеді. Алайда 1968 жыл­

дан бастап, прогресс идеясының сыншылдары консерваторлар
ортасында өзінің жаңа жақтастарын тауып және солшыл топтар
арасында да жаңа жақтастарына ие болып, қайта тірілді. Өйткені
прогресс идеясын сынауға жан-жақтан келуге болады. Әдетте

прогресс деп аталатын нәрсенің барлығы жалған прогресті біл­
діреді деп айтуға болады, бірақ прогресс шынайы түрінде өмір
сүре береді; прогрестің еуропалық түсіндірмесі адасушылықты
немесе өзгелерді адасушылыққа итермелеуді білдірді. Керісін­

ше бүкіл әлемдік тарихтың «бастапқы күнәсі» немесе айналма­
лы сипатының салдарынан прогресті мүлдем өмір сүрмейді деп
жариялауға болады. Және ақырында дамудың батыстық әлемнен
тысқары жердегі кейбір сыншыларының атап өтетініндей, Еуропа

прогресті танып үлгерді және сондықтан бүгінгі күні оның жеміс­
терін басқа әлемнен жасыруға ұмтылуда.
Көпшіліктің көз алдында прогресс идеясы тек еуропалық идея
түрінде көрінетіні күмәнсіз және сондықтан ол еуроцентризммен

күрестің құрбанына айналады. Бұл күрес, бірақ, егер батыстық
емес әлем тұрғындарының прогресті бүкіл осы әлемге немесе
Еуропаның есептен шығарып тастаған бөлігіне таңуға ұмтылуын
ескерсек, мейілінше үздік көрінеді.

Еуроцентризмнің көптеген формалары және оны сынаудың да
көптеген формалары айқын бейне қалыптастыруға үнемі ықпал
ете бермейді. Сондықтан біз бұл пікірталастың негізіні элементін
бағалауға тырысуды дұрыс көрдік. Іс-әрекеттің ерекше түрі ретін­

дегі институционалданған қоғамтану, біз жоғары атап өткендей,
Еуропада пайда болды. Дәл осы қоғамтану Еуропаның тарихи
рөлін, әсіресе модернити дәуіріндегі рөлін дөрекі түрде асыра
көрсетудің немесе бұрмалаудың, қате пайымдаудың салдарынан

әлеуметтік нақтылықтың қате бейнесін қалыптастырды деп айып­
талады.
Негізінен сыншылдардың наразылығы сынның үш түріне (кей­
де бір-біріне қарама-қарсы келетін) жатқызылады. Бірінші Еуропа

бұл үдерісті әлемнің басқа аймақтарында үзу үшін өзінің геосаяси
қуатын қолданғанға дейін не істесе қалған өркениеттер де соны
істеді. Екінші типі бойынша, Еуропаның барлық істегені, барлық
қалғандарының ұзақ уақыт бойы жасағанының тек жалғасы ғана

болды, ал еуропалықтар уақытша ғана көштің басында болды. Ал
үшіншісіне сәйкес Еуропаның жасағанының бәрі қате талданады
және негізделмеген экстрополяциялар арқылы қарастырылады,
сондықтан ғылым әлемі үшін де, саясат әлемі үшін де қатерлі

салдарларға ие болады. Кеңінен таралған алғашқы екі дәлел,
менің ойымша, «антиеурорталықтық еуроцентризм» деп атала­
тынмен ауыратын тәрізді. Үшіншісі маған күмәнсіз дұрыс тәрізді
және мейлінше мұқият назар аударуға тұрарлықтай көрінеді.

Бірақ «антиеурорталықтық еуроцентризм» деген нені білдіреді?
Дәлелдердің әрқайсысын біртіндеп қарастырайық.
Бүкіл ХХ ғасыр бойы, айталық, қытай, үнді немесе араб-
мұсылман өркениеттерінің шеңберінде, онда соның салдары жетіл­

ген қазіргі заманғы капитализмнің қалыптасуына әкелген және осы бағыттағы дамуға нақты ықпал еткен әлеуметтік-тарихи үрдістер, сондай-ақ мәдени алғышарттар орын алды деп тұжырымдар кез­ десіп тұрды. Жапонияға қатысты мұндай тұжырым одан да қатаң айтылатын: онда капитализм дербес қалыптасты және бұл үдеріс тек оның Еуропадағы дамуымен тұстас келді деп айтылатын. Мұндай тұжырымдардың көпшілігі барлық халықтар модернитиге немесе капитализмге қатар жолмен қозғалады деген кезеңдік даму тұжырымдамасында негізделген. Дәлелдеудің бұл жүйесі, бір жағынан, әртүрлі өркениеттік аймақтардың төлтумалылығы мен дербестігін білдірсе, екінші жағынан, олардың дамудың біртұтас барлығын қамтитын үлгісіне бағыныштылығын ұйғарады. Бұл типтегі дәлелдер өзінің барлық алуан түрінде, әдетте, қандай да бір белгілі мәдени аймаққа және оның тарихи эволю­ циясына жатқызылады және сондықтан осындай аймақтардың әрқайсысына оларды қолданудың тарихи ерекшелігін талқылаудың салмақты негізі бола алады. Мен қазір солай етуді ұсынбаймын, бірақ қарастырылатын аймақты қаперге алмай, бұл тәсілдің бір логикалық шектеулілігін, сондай-ақ бір жалпы интеллектуалдық салдарын атап өтемін. Логикалық шектеулілігі мейлінше айқын. Тіпті планетаның барлық аймақтары шындығында да модерни­ ти мен капитализмге апаратын жолмен жүрсе және, мүмкін, бұл бағытта мейлінше алысқа кетсе, неге Батыс, дәлірек айтқанда Еуропа мақсатқа бірінші жетті және соның нәтижесінде «бүкіл әлемді жаулап ала алды» дегенді түсіндірудің қажеттілігі сақталып қалады. Бұл жерде бізге қайтадан бұрынғы сұраққа қайта келуге тура келеді: неге модернити мен капитализм Батыста пайда бол­ ды? Әрине, бүгінгі күні де Еуропа шындығында әлемді түгел жау­ лап ала алмады, өйткені қашанда және барлық жерде қарсылыққа тап келді деген пікірді естіп қалуға болады; мұндай тұжырымдар маған нақтылықты барынша бұрмалау болып көрінеді. Шынтуай­ тында, жер шарының үлкен бөлігінде нақты жаулап алынған коло­ ниялар болды емес пе? Еуропалық қуаттың нақты әскери көрінісі болды. Әрине, қашанда, белсенді пішімінда да, енжар пішімінда да қарсылық болды, бірақ егер ол соншалықты салмақты болса, онда біз бүгін бұл туралы талқыламас та едік. Егер біз дамудың еуропалық емес бастауларына шектен тыс назар аударар болсақ, онда біз еуропалықтардың күнәсінің барлық, ең болмағанда үлкен бөлігін кешірумен аяқтар едік. Бұл, менің ойымша, сыншылардың пиғылына кірмейді.

Қанша дегенмен, еуропалық үстемдікті біз қаншалықты
уақытша дегенімізбен, ол түсіндіруді қажет те етпейді. Мұндай
дәлелдерді келтіретін сыншылардың көпшілігі, ең алдымен,
олардың қалай қолынан келгенін емес, еуропалықтардың бұл

елдердің төлтума дамуын үзгенін түсіндіруге тырысады. Оның
үстіне, кейде жетістік деп еспептелетін нәрседегі Еуропаның
рөлін төмендетуге тырысқанның өзінде, олар сонысымен-ақ
әңгіме жетістік туралы болып отырғанын атап өтеді. Мұндай тәсіл

Еуропаны «антибатыр» етіп қана қоймай, оны сөздің драмалық
мағынасындағы батырға да айналдыратыны сөзсіз, өйткені дәл
осы Еуропа соңғы күшін жұмсап, мәреге бірінші жетті. Және де,
ең бір жаманы, бұл сыншылардың қағидаларынан, мейлі Қытай,

Үнді немесе араб әлемі болсын, шамалы мүмкіндікке ие болса
және, оның үстіне, сол нәтижеге қол жеткізуғе тырысса, олардың
өздері модернити мен капитализмнің отанына айналар еді, әлемді
жаулап алып, оның тұрғындары мен ресурстарын қанар еді және

антибатыр рөліне көндігер еді деген түйін келіп шығады.
Қазіргі тарихтың мұндай көрінісі өзінің антиеуроцентризмін­
де мейлінше еуроорталықтық болып көрінеді, өйткені еуропалық
«жетістіктердің», оларды еуропалықтардың өздері анықтағандай,

мағынасымен келіседі (сонысымен құндылықтарды қабылдайды)
және тек өзге халықтар да дәл осыған жете алар еді немесе ты­
рысар еді деп атап көрсетеді. Қандай да бір себептерге орай,
мүмкін кездейсоқ себептерге орай, Еуропа уақытша алға шықты

және өзге елдердің дамуына зорлықпен араласты. Басқа халықтар
да еуропалықтардың рөлін ойнай алар еді деген тұжырым маған
еуроценгтризмді сынаудың күмәнді тәсілі болып көрінеді және
іс жүзінде әлеуметтік теорияда ойлаудың еуроорталықтық типін

қолданудың жаман салдарларын тереңдете түседі.
Талдаудың еуроорталықтық әдісіне қарсыласудың екінші
бағыты, Еуропа шын мәнінде өзіндік ештеңе жасаған жоқ деген
тұжырымға сүйенеді. Бұл жағдайда ерте кезеңдерін айтпағанның

өзінде, тіпті кейінгі ортағасырларда да Еуропа еуразиялық
құрылықтың шеткергі (перифериялық) аймағы болып қала бер­
гені, оның тарихи рөлі мен мәдени жетістіктері дүниенің басқа
бөліктерінің (мысалы, араб әлемінің немесе Қытайдың) даму

деңгейімен салыстыруға да келмейтіні сөз болады. Және, бұл
да, ең болмағанда, үстірт қарағанның өзінде рас. Одан кейін,
бірақ бұл бағыттың жақтастары бірден қазіргі Еуропаны бірне­
ше мыңжылдықтар бойы қалыптасқан бүкіләлемдік құрылымның

немесе ойкуменаның шеңберінде қарастыруға көшеді. Мұндай тәсілдің ықтималдығы бар, бірақ, менің пікірімше, «ойкумена» ұғымының жүйелік мәнін анықтау әлі алдағы күннің жұмысы. Де­ генмен біз бұл логикалық тізбектің үшінші элементіне таяп келдік: Батыс Еуропаның осы бастапқы шеткерілігінен және еуразиялық ойкуменаның мыңжылдық жасампаздығынан мынадай ой туады: Батыс Еуропада болып өткен оқиғалар жалпыға ортақ жүйенің та­ рихи дамуының бір нұсқасы болғандықтан, ешқандай өзгешелікті білдірмейді. Осы соңғы тұжырым маған тұжырымдамалық тұрғыдан да, тарихи тұрғыдан да терең қателік болып көрінеді. Бірақ мен оны тағы да теріске шығарғым келмейді. Мен тек қана бұл антиеуроцентризмнің еуроорталықтығынан хабар беретін бел­ гілерін атап өткім келеді. Бұл тәсіл тұғырынан алғанда, капитализм ешқандай жаңашылдықты білдірмейді деген қисынды ой туады және еуразиялық ойкуменаның үздіксіз дамуын жақтайтындардың кейбірі бұл пікірді ашық қолдайды. Еуропа бұл үдеріске килік­ ке кезде, өзге өркениеттер де осы жолмен жүрді дейтіндермен салыстырғанда, бұл тәсілдің жақтаушылары біздің барлығымыз капитализмге бірге келдік және модернити дәуірінде капитализм бағытына деген нақты қозғалыстың айқын байқалмағанының себебі, ең алдымен капитализмнің бүкіл әлемде (ең болмағанда еуразиялық ойкуменада) көптеген мыңжылдықтар бойы өмір сүріп келді деп есептейді. Ең алдымен, мұның либералды экономистердің классикалық ұстанымы екендігін ескертіп қояйын. Бұл шын мәнінде «адам [өз жаратылысында] бір заттарды өзге заттарға алмастыруға бейім» де­ ген Адам Смиттің айналысқанынан онша айрықшалана қоймайды. Мұндай тәсіл жекелеген тарихи жүйелер арасындағы маңызды айырмашылықтарды өшіріп тастайды. Егер бүкіл тарих ағымында қытайлықтар, мысырлықтар және батысеуропалықтар тек бір ғана нәрсені жасаса, онда олар әртүрлі өркениеттерді немесе әртүрлі тарихи жүйелерді білдіреді деп тұжырымдаудың не мәні бар? Егер Еуропаның еңбегін теріске шығарсақ, онда бүкіл адамзаттан басқа кімнің еңбегін бағалауға болады? Және өкінішке орай, қанашама рет еуропалықтардың сіңірген еңбегін еуразиялық ойкуменаның алдында басқаларға теліп, біз еуроцентризмнің басты идеологиялық дәлелін – модернити мен капитализмнің жоғарғы құндылығын - оған барлық халықтар қашанда осы бағытта әртүрлі жолмен жүрді дегенді қоса отырып

қабылдаймыз. Еуропаның еңбегін теріске шығара отырып, біз оның
кінәсін де теріске шығарамыз. «Әлемді еуропалық жаулап алудан»
артық қорқынышты не болуы мүмкін, егер ойкуменаның үздіксіз
дамуының жаңа кезеңі ғана осы кейіпте көрінетін болса? Еуропаға

қатысты мүлдем сыншыл емес мұндай тұжырым, өйткені Еуропа
ойкуменаның шеткергі аймағы болғанымен, өзге (анағұрлым көне
өркениеттердің) даналығын игеріп қана қоймай, оны өмірге табыс­
ты енгізгені себепті де, оның құрметіне деген қызу қол шапалақты

тудыруы мүмкін.
Мұнан сирек ескерілетін түйін келіп шығады. Егер еуразиялық
ойкумена мыңдаған жылдар бойы жалғыз жолмен жүрсе, ал ка­
питалистік әлемдік-жүйе ешқандай жаңашылдықты білдірмесе,

онда бұл жолды шексіз болмайды немесе, ең болмағанда, әлі де
ұзақ уақытқа созыла қоймас деп есептеуге негіз бар ма? Егер ка­
питализм XVІ (немесе XVІІІ) ғасырда пайда болмаса, онда ол XXІ
ғасырда аяқтала қоймас. Маған келер болсақ, мен ондайға сен­

беймін және ол туралы өзімнің бірқатар еңбектерімде жаздым да.
Бұл жағдайда, бірақ, мен ең алдымен мұндай аргументацияның
мүлдем антиеуроорталықтық болмайтынына назар аударғым ке­
леді, өйткені ол Еуропаның әлемге үстемдік еткен дәуіріндегі ір­

гелі құндылықтар жинағын қабылдайды және сонысымен кезінде
дүниенің басқа бөліктерінде үстемдік еткен басқа құндылықтар
жүйесін іс жүзінде теріске шығарады немесе төмендетеді.
Маған қоғамдық ғылымдарда еуроцентризмді сынау үшін

анағұрлым салмақты негіздемелер, сондай-ақ оның мейлінше
салмақты формаларын табу керек сияқты көрінеді. Бұл өте маңызды,
өйткені сынның үшінші бағыты – Еуропаның барлық дұрынғы
дамуы лайықты бағаланбады және ғылым үшін де, саясат әлемі

үшін де қауіпті салдарларға әкелген негізсіз экстраполяциялардың
іргетасына айналды деген тұжырым – дұрыс болып көрінеді.
Меніңше, ең алдымен, еуропалық жетістіктердің барлығы
жағымды болып табылады деген тезисті қайта қарау керек. Капи­

талистік өркениеттің барлық өзінің тарихы бойында жасағанының
бәрін барынша дәл есептен өткізу қажет және бұл жетістіктердің
шындығында кемшілктерден асып түсе алатынын немесе алмай­
тынын айқындау керек. Бір кездері мен осыны жасауға тырыстым

және басқаларды да соған шақырамын. Менің жасаған есебім
толығымен жағымсыз болды және сондықтан мен капиталистік
жүйені адамзат прогресінің айғағы деп есептемеймін. Меніңше ол
қанаушылықтың дәл осы тарихи түрінің жолында тұрған тарихи

кедергілерді жоюдың нәтижесі болып көрінеді. Қытай, Үнді, араб
әлемі және басқа елдер капиталистік жолмен жүрген жоқ және мен
мұны олардың үлкен иммунитетінің айғағы және осы сападағы
олардың тарихи маңызы деп есептеймін. Олардың жетістігі бо­

лып табылғандықтан олардың ақталуға мәжбүрлеудің барлық
ұмтылыстары, маған еуроцентризмнің квинтэссенциясы (өзегі,
Б.С.) болып көрінеді.
Айқындай түсуге рұқсат етіңіздер. Коммодификацияның, де­

мек коммерциалдандырудың да қандай да бір деңгейдегі элемент­
тері барлық анағұрлым елеулі тарихи жүйелерде (өркениеттерде)
болды. Соның салдарынан пайда табуға ұмтылатын адамдар да
әрқашан болды. Алайда мұны мен кәсіпкерлер, саудагерлер мен

басқа «капиталистер» азаматтардың белгілі бір пайызын қамтып,
капиталистік рух пен өмір дағдысы үстемдік ететін тарихи жүйенің
арасы жер мен көктей. Модернити әлемдік-жүйесіне дейін­
гі қоғамдарда капиталистік топ табысқа жетіп, шектен тыс баии

түсісімен немесе өмір сүріп отырған басқа институттардың қызмет
етуіне кедергі жасай бастаса, пайда табуға құмартқан топқа қарсы
тұру қажеттілігін ақтау үшін және оны ауыздықтап ұстап оты­
руы үшін өзінің құндылықтар жүйесін де, өзінің билік тетіктерін

де қолданатын институционалданған топтардың (мәдени, діни,
әскери, саяси) қарсылығына тап келіп отырды. Осылайша, буржу­
азия қанша тырысқанымен, өз басымдылықтарын өзгелерге таңа
алмай келді. Көп жағдайларда кәсіпкерлерді олардың жинақтаған

капиталынан дөрекі түрде айырып отырды немесе басқаша жолмен
олардың жолында тұрған құндылықтар мен тәртіптерге құрметпен
қарауға мәжбүр етті. Мен мұны вирустың күш алып кеткенін
әлсірететін дәрі деп атаймын.

Сонымен бір мезгілде уақытша (кездейсоқ, конъюнктуралық)
сипаттағы бірқатар себептерге байланысты батыстық әлемде бұл
дәріге қол жетпей қалды немесе ол тиімді бола алмады және бұл
вирус өзінің қиратушы жойқын күшін көрсете отырып, жедел та­

ралып үлгерді. Еуропалық әлемдік-шаруашылық XVІ ғасырдың
өзінде капиталистік болып қалыптасып үлгерді. Және капитализм
осы берілген тарихи жүйенің негізіне айналысымен, бұл жүйенің
басымдылығы шексіз капитал жинақтау болысымен, ол басқа

тарихи жүйелерден еренкше үстемдікке ие болып, бүкіл әлемді
физикалық тұрғыда қамтып, мұндай тотальдық экспансияға қол
жеткізген бірінші тарихи жүйеге айналды.

Бірақ капитализм өзінің шабуылын Еуропада жүзеге асырып,
сол жерден ол бүкіл планетаға таралғанына қарамастан, мұнан бұл
үдеріс міндетті түрде болады, ол қалаулы немесе қандай мағынада
болмасын прогрессивті деген тұжырым тумайды. Менің пікірімше,

бұл сипаттамалардың бір де бірін оған пайдалануға болмайды.
Және еуроцентризмді сынауды дәл осыдан бастау керек.
Мен капиталистік тарихи жүйенің, яғни модернити әлемдік-
жүйесінің тудырған әмбебап доктриналарындағы ненің әмбебап

емес екендігін түсіндіріп алғым келеді. Бұл әлемдік-жүйе
алдыңғыларынан едәуір ерекшеленетін білімнің құрылымын ту­
дырды. Көбіне бұл ерекшелік ғылыми ойдың дамуымен сипатта­
лады деп айтады. Қазіргі ғылымның жетістіктері қаншама жарқын

болғанына қарамастан, мұндай тұжырым, бірақ, қате. Ғылыми ой
модернити дәуірінен көп бұрын пайда болды және барлық негізгі
өркениетті аймақтарда болды. Бұл Қытайдың мысалымен Джозеф
Нидхэмнің аяқталмаған болса да, іргелі жұмысында абыроймен

көрсетіліп берген-ді.
Қазіргі әлемдік-жүйедегі білімнің анағұрлым көп мөлшердегі
құрылымдануы «екі мәдениеттің» болуымен сипатталады. Бір де
бір басқа тарихи жүйеде, бір жағынан ғылымның және, екінші

жағынан философия мен этиканың, басқаша айтқанда, ақиқатқа
қөұмарту мен ізгілікке, кемелдікке құмартудың арасында дәл осын­
дай саңылау болған емес. Бұл бөліністі қазіргі әлемдік-жүйенің
геомәдениетінің шеңберінде сақтап қалу оңай болмады. Оның

институционалдануына үш жүзжылдық кетті. Бүгінде, бірақ, ол
геомәдениетке тән және біздің университеттік жүйеміздің негізін
құрайды.
Мұндай

тұжырымдамалық
бөлініс
модернити
әлеміне

құндылықтардың ықпалына берілмейті, нақтылыққа деген объек­
тивті көзқарасы тек техникалық шешімдерді (сөздің барынша кең
мағынасында) анықтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік
және саяси басымдылықтардың негіздемесіне де айналатын маман

туралы қайшылықты идеяны мейлінше жоғары дәрежеде сңіруге
мүмкіндік берді. Ұжымдық бағалауды қалқан ете отырып, және,
шын мәнінде технократтарға айнала отырып, ғалымдар ғылымға
қатысы жоқ биліктің қол астынан босанып шықты. Бірақ мұның

барысында соңғы бес жүз жыл бойы нақты (формальдыққа қарама
қарсы) ғылыми дискуссияларда өңделген негізгі әлеуметтік
тұжырымдамалар да құнсызданып кетті. Бір салада – ғылым, ал
қалғандарында әлеуметтік және саяси шешімдер маңыздырақ де­

ген тезис еуроцентризмді қолдайтын негізгі тұжырымдама болып көрінеді, өйткені еуроорталықтық болып табылатын ғана әмбебап ұсыныстар қабылдауға лайықты деп есептеледі. Қос мәдениеттің осы бөлінісін нығайтатынның барлығы еуроцентризмнің ұстанымын күшейте түседі. Модернити әлемінің осы ерек­ шелігін кім теріске шығармасын, ол білімнің құрылымдарын қайта жаңғырту қажеттілігін дәлелдей алмайды, демек өмір сүріп отырған әлемдік-жүйеге рационалды әрі сенімді көрінетін балама ұсына алмайды. Соңғы жиырма жылда философия мен ғылымның осы бөлінісі тұңғыш рет пікірталасқа түсті. Мысалы, экологиялық қозғалыстың мән-маңызы осымен сипатталады. Және, бірақ еуроцентризмді кеңінен сынаудың терең мәні де осында. Жаңа үндеулер көбіне обскурантты болып, мәселені одан сайын шиеленістіре түскен ғылыми және мәдени соғыстарға әкелді. Және, егер біз қайта жаңғыртылған және сондықтан еуроорталықтық емес білім құрылымын жасақтауға ұмтылсақ, онда біз осы негізгі мәселенің шешімін табудан еш қашпауымыз керек. Егер біз бүгінгі күні терең дағдарысқа тап келген жүйеге баламалы әлемдік-жүйені құрғымыз келсе, онда біз ақиқат пен игілік тақырыбын оларды ажырамас тұтастықта жүйелі түрде қарастыруымыз керек. Және біз осыны жасауға бекінсек, біз Еуропаның XVІ-XVІІІ ғасырларда өзгеше бір нәрсені, әлемді нақты құбылтқан, бірақ мұндай трансформацияның жағымсыз салдарларын біз әлі күнге дейін тартып отырған бағытқа қарай құбылтқан нәрсені жасмағанын мойындауымыз керек. Біз Еуропаның ерекшелігін теріске шығаруға тырыссақ, осылайша біз оған тиесілі сңірілген еңбектің құқығынан айырамыз деген ойдан арылуымыз керек. Мүлдем керісінше. Біз Еуропаның іске асырған әлемді қайта құруының ерекше сипатын мойындауымыз керек, өйткені тек осы жағдайда ғана біз оның сал­ дарларын игеріп, адамзат мүмкіндіктерінің анағұрлым әмбебап түсіндірмесіне, оның шеңберінде ақиқат пен игіліке ұмтылудың бір-біріне бағынуы сияқты күрделі де қайшылықты мәселеден тайсақтауға болмайтындай түсіндірмеге келе аламыз.

Он үшінші тарау
Әлемдік жүйені талдаудың қияға шырқауы және таяу
арадағы құлдырауы7
Дербес әлеуметтанулық әдіс ретіндегі әлемдік-жүйені талдау

1970-ші жылдары толық қалыптасты, дегенмен ондағы тәсілдің
ұзақ тарихы бар және анағұрлым көне зерттеулерге негізделеді.
Ол ешқашанда жеке әлеуметтанулық пән рөліне ұмтылған емес.
Ол үлкен қалалардың әлеуметтануы, аз топтардың әлеуметтануы

немесе саяси әлеуметтану сияқтылармен бір қатарда «әлем
әлеуметтануы» ретінде қарастырылған жоқ. Бәрінен бұрын
онда өмір сүріп отырған әлеуметтік теориялардың көптеген
қағидаларын, дәлірек айтқанда, мен «ойланбайтын қоғамтану»

деп атағанның қағидаларын сынау шоғырланған.
Міне, сондықтан мен «әлемдік-жүйе теориясы» терминін (бұл
термин біздің талқылауларымызда жиі қолданылды және оны,
әсіресе талқылауға қатыспағандар көбірек қолданды) қолдануға

жүйелі түрде қарсы болдым және біздің зерттеулерімізді тек
«әлемдік-жүйені талдау» деп есептеуді ғана ұсындым. Салмақты
теориялар құрудың уақыты әлі келген жоқ, бірақ ол уақыт кел­
ген кезде, әлемдік-жүйені теорияландырумен емес, қоғамдық

ғылымдарды құрылымдаумен айналысу қажет болады. Соңғы
жиырма жылдың ішінде жүргізілген және таяу болашақта оны
жалғастыру қажет болатын жұмыс, маған қоғамтанулық теорияның
анағұрлым тиімді парадигмасының негіздерін қайта жасақтау бо­

лып көрінеді.
Егер әлемдік-жүйені талдау 1970-ші жылдары қалыптасса,
онда бұл әлемдік-жүйенің өзінің оның пайда болуына дайын
болғаны себепті болды. Бұл уақыт туралы бірер сөз айтуға рұқсат

етіңіздер. Оның негізгі факторы ретінде 1968 жылғы бүкіләлемдік
революцияны – оқиғаның өзін де, оны тудырған терең себептер­
ді де есептеу керек. Американдық және әлемдік қоғамтанудың
50-60-шы жылдары қандай болғанын есімізге алайық. 1945 жыл­

дан кейінгі ширек ғасыр ішінде әлемдік әлеуметтанудағы аса ірі
оқиға «үшінші әлемнің» бар екенін мойындау болды. Бұл геосая­
си жаңалық оның шеңберінде Еуропа мен Солтүстік Американы
зерттеу үшін бір тұжырымдамалар мен пәндер қолданылып, ал

қалған әлемдерді зерттеу үшін басқалары пайдаланылатын XІX
ғасыр қоғамтануының негіздерін шайқалтты. 1945 жылдан кейін
қоғамдық ғылымдар географиялық тұрғыда тұтас болуға көшті,

дәлірек айтқанда мәжбүр болды. Осы сәттен және тек осы сәттен
бастап өздерін әлеуметтанушылар, тарихшылар немесе саясатта­
нушылар деп атайтындар Африканы, Азияны және Латын Аме­
рикасын зерттеуге немесе сонда өз зерттеулерін жүргізуге заңды

құқықтарын алды.
Бұл кезең, әуелі, Құрма Штаттарда, кейінірек, әлемнің
көптеген қалған бөліктерінде қоғамтануды ұйымдастырудың
ұстындарын өзгерткен аймақтық зерттеулердің дәуірі болды.

Аймақтық зерттеулердің маңыздылығын теориялық тұрғыда не­
гіздеуге ұмтыла отырып, олардың жақтастары фундаменталды
эпистемологилық дилеммамен бетпе-бет келді. Олар қоғамтанулық
тұжырымдамалар тек Еуропа мен Солтүстік Америкаға ғана

қатысты емес, әлемнің барлық аймақтарына да қолданыла ала­
тынын дәлелдеуге тырысты. Бұрын номотетикалық әлеуметтік
ғылымның теориялары іс жүзінде тек «өркениетті» әлемге қатысты
ғана қолданылды, ал олардың қатарына тек Еуропа мен Солтүстік

Америка ғана жатқызылатын. Бұл ауқымдағы аймақтық зерттеу­
лер «әмбебаптанушы универсализмді» ұсынды. Сонымен бір мез­
гілде, бірақ, олардың жақтастары бұрын Еуропа мен Солтүстік
Америкада алынған қорытындыларды «үшінші әлемге» қатысты

сыншыл емес қолданбай, қажетті нәтижеге жетудің мүмкін емес­
тігін дәлелдеуге ұмтылды. «Үшінші әлемнің» шарттары, дейді бұл
аймақтанушылар, мүлдем бөлек. Және егер олар өзге болмаса,
онда аймақтық зерттеулер не үшін керек болды?

Шарттар бірыңғай және сонымен бір мезгілде әртүрлі болады
деп тұжырымдау оңай емес. Алайда аймақтанушылар бұл күмәнсіз
дилемманың айқын да сенімді шешімін таба білді. Өздерінің зертте­
улерінде олар қоғам (демек, барлық нақты қоғамдар) эволюциялық

прогресті түзетін дамудың барлық кезеңдері арқылы өтеді де­
ген қоғамтанулық ғылымдардағы кеіңінен таралған қағиданы
басшылыққа алады. «Үшінші әлемге» қатысты қолданылатын
бұл теория «модернизация теориясы» немесе «девелопмента­

лизм» деген атауға ие болды. Модернизация теориясы барлық
қоғамдар модернитимен аяқталатын бірқатар кезеңдерден өтеді
деген қарапайым тұжырымға негізделеді. Қоғамның инструмен­
талды анықтамасы ретінде мемлекеттер жүйесінің өмір сүріп

отырған егеменді мүшесі ретіндегі мемлекет немесе күндердің
күнінде егемендігін алатын колония алынады. Бұл кезеңдерді зерт­
теушілер әрқилы атағанымен, негізгі идея өзгеріссіз қалып отыр.
Бұл теорияның мақсаты осы мемлекеттердің қазіргі сәтте қай

кезеңде орналасқанын біздің анықтауымызға мүмкіндік беретін­ дей және олардың барлығына модернити жағдайына жақындауға көмектесетіндей мемлекеттердің бір кезеңнен екіншісіне қалай өтетінін түсіндіру болып табылады. Бұл теорияның едәуір эпистемологиялық артықшылықтары болды. Барлық мемлекеттер тек бір себептер бойынша дәл сол бір кезеңдерден өтетіндіктен, олар бірыңғай болады деп есептелді. Сонымен бір мезгілде бұл мемлекеттер айрықшаланды да, өйткені нақты бір мезетте әртүрлі кезеңдерде орналасты және бір кезеңнен екіншісіне әрқилы жылдамдықпен өтті. Бұл теорияның саяси артықшылықтары да қомақты болды. Ол бір кезеңнен екіншісі­ не өтуді жеделдету жөніндегі өкіметтерге арналған кеңестерден көрініс тапқан рпактикалық қолданыс үшін кең мүмкіндіктер ашты. Бұл теория сондай-ақ әлеуметтанулық зерттеулерге, әсіресе, «даму» мәселелерімен байланысты зерттеулерге берілетін мемле­ кеттік ассигнациянының едәуір ұлғаюына (іс жүзінде барлық жер­ лерде) да ықпал етті. Бұл теорияның шектеулігі бірден көзге ұрып тұр. Модернизацияның тұжырымдамасы әрбір мемлекет сыртқы факторлардың ықпалына ұшырамай, дербес қызмет ететін сияқты, бір бірімен байланысты емес үзінділерді үнемі салыстыруға не­ гізделді, ал бұл күмәнді әрі дәлелденбейтін жағдай. Ол [кезеңдер деп аталатынды бекітетін] қоғамдық дамудың жалпыға ортақ заңына негізделді, оның үстіне бұл даму прогрессивті деп ұйғарылды: бірақ бұл тұжырымдардың бір де біреуі дәлелденген жоқ. Бірақ, жоғарыда баяндалғандардан шыға отырып, бұл теория дамудың анағұрлым ерте кезеңінде тұрған мемлекеттердің, бұл теорияның жақтастарының өздері «алдыңғы қатарлы» деп атаған мемлекеттердің көшірмесіне айнала алады, айналуы тиіс және күндердің күнінде осы нүктеге міндетті түрде келеді деген бол­ жамды айтады. Мұндай құрылғылардың саяси астары айдан анық. Егер дамудың анағұрлым ерте деп аталатын кезеңінде орналасқан өзінің игілікті жағдайы мен саяси жүйесі бойынша анағұрлым дамыған деп есептелетін мемлекетке ұқсағысы келсе, онда оның ең жақсы жолы – дамыған мемлекеттің үлгісін көшіріп алу, ал бұл, өз кезе­ гінде, оның кеңестерімен жүруді білдіреді. Риторлар қырғи-қабақ соғыс деп атаған әлемде бұл [дамушы] мемлекеттерді, бір жағынан, Құрама Штаттардың, ал екінші жағынан Кеңес Одағының үлгісін қабылдауға шақыруды білдірді. Ешқайсысына қосылмау ғылыми талдаудың өзімен теріске шығарылды.

Бұл саяси астарды 1968 жылғы революционерлердің батыл түрде
теріске шығарғаны күмәнсіз. Оларға (көптеген басқалары сияқты)
эпистемологиялық негіздерді лақтырып тастаудың еш қиындығы
болмады. Бұл әлемдік-жүйені талдауда бейнеленген қарсылық

формаларына жағымды атмосфераны қалыптастырды. Егер біз бұл
тұжырымдаманың одан ары қандай бағытта дамығанын түсінгіміз
келсе, әлемдік-жүйені талдаудың осы бастапқы үндеуі туралы,
модернизация теориясына қарсы бағытталған осы қарсылық

туралы, ұмытпағанымыз аса маңызды. Біздің жасап шыққан
жұмысымыздағы төрт негізгі бағытты мен атап өткім келіп отыр.
Олардың бір де бірін әлемдік-жүйе талдануын қалыптастыруға
тікелей атсалысқандардың еңбегіне жатқызып жіберуге болмай­

ды. Бірақ әрбір нақты жағдайда бұл зерттеушілер қандай да бір
бағытты анықтауда және нығайтуда маңызды рөл ойнады.
Бірінші мұндай бағытқа жаhандылықты жатқызуға болады.
Ол талдаудың ең бастапқы нысаны ретінде қоғамды немесе мем­

лекетті емес, әлемдік-жүйені таңдап алумен сипатталған атақты
қайта қарастырудан туындайды. Модернизация теориясының
[қашанда] халықаралық болғанын атап өту керек, өйткені барлық
мемлекеттердің жүйелі түрде салыстырылуын талап етті. Бірақ

ол ешқашанда жаhанды болған емес, өйткені туылып келе жатқан
әлемдік-жүйенің сипаттамалары жөнінде және жалпы әлемдік-
жүйенің өзі туралы ештеңе айтпады. Керісінше, әлемдік-жүйені
талдау жекелеген күйінде ұғыну немесе зерттеу мүмкін емес

«әлемнің» бөліктері түріндегі әлемдік-жүйенің барлық элемент­
терін қарастыруды талап етті. Уақыттың Т2 сәтіндегі кез келген
қоғамның сипаттамалары Т1 сәтте болған қандай да бір бастапқы
шарттардың нәтижесі ретінде емес, жүйенің ішіндегі, әлемдік-

жүйенің ішіндегі болып өткен үдерістердің нәтижесі ретінде
есептелді. Гюнтер Франктың «дамымаған даму» (development of
underdevelopment) туралы атақты формуласының мәні осымен си­
патталады.

Біріншіден туындайтын екінші бағыт – бұл тарихилық. Егер өтіп
жатқан үдерістер жүйенің өзімен испатталған болса, онда біртұтас
бүтіндік ретіндегі (басқасымен салыстыруға болатын оның же­
келеген элементтерінің тарихы емес) осы жүйенің бүкіл тарихы

оның қазіргі жағдайын түсінудің кілті болып табылады. Әрине, бұл
жүйелі үдерістердің уақыттық шеңберлерін анықтауды талап етеді,
ал бұл қызу пікірталастардың өзегіне айналады. Дегенмен алдыға
қойған міндет талдауды тек жалғыз қазіргі мәліметтерді немесе

тіпті XІX және XX ғасырларға қатысты мәліметтерді бағалаудың
шеңберінен тысқа шығарумен және оны бродельдік ұзақтықтың
(longue duree) пәніне айналдырумен сипатталады.
Үшінші бағыт жалғызпәнділік (монодисциплинарность) болып

табылады және ол да екінші бағыттан туындайды. Егер әлемдік-
жүйеде үнемі туындап отыратын және дамып отыратын үдерістер
орын алар болса, онда онда өздерінің ерекше (және тіпті қарма
қарсылықты) қисыны бар, бір біріне тәуелсіз жекелеген топтарға

бөлетіндей етіп ойлануға бізді не мәжбүрлейді? Дәлелдеудің жүгі,
әрине, экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени салалардың
дербестігі туралы жариялағандардың иығына түсті. Әлемдік-жүйені
талдау біздің «тұтастықтармен» жұмыс істеп отырғанымызды алға

тартатын.
Дәл осы себепті холизм төртінші бағытқа айналды. Оның та­
рихи-эпистемологиялық табиғаты болды және барлық алдыңғы
алғышарттармен сипатталды. Әлемдік-жүйені талдаудың логикасы

оның жақтастарын 1850-1945 жылдар бойындағы қоғамтанудың
жекелеген салалары арасында орнаған шекаралардың дұрыстығына
күмән келтіруге, ал кейде оларды мүлдем теріске шығаруға итер­
меледі. Бұл шекаралар бұлдыр көрінді, осыған орай қолда бар

білімді қайта құрылымдау туралы ойлар айтылып қалып жат­
ты. Және шындығында да, холмизмнің [ұстындарын ұстану]
баяғыдан пайда болып, бүгінгі күні қасиетті сипатқа ие болған
жаратылыстанымдық және гуманитарлық ғылымдар арасындағы

ұлы бөліністі қайта пайымдауға және тіпті одан бас тартуға жете­
лейді.
Бұл төрт бағытты осындай технологияны пайдаланғанымен,
қоғамтануда болған стандарттарға қарсы келушілікті мүлдем өз

бойында мүлдем арқаламаған ағымдардан ажырата білу маңызды.
Жаhандық «жаhандандырумен» бірдей болмады. Автордың
көпшілігі соңғы онжылдықта бұл терминді қолданған мағынасына
қарай, «жаhандандыру» жақында пайда болған, жаңа үдерісті біл­

діреді, онда мемлекет енді шешім қабылдаудың негізгі орталығы
болып табылмайды деп тұжырымдалады, бірақ, әсіресе соңғы
уақытта «бүкіләлемдік рынок» өз ойын ережесін таңатын
құрылымның мейлінше жасырын болса да, толық объективті өмір

сүретін элементіне айналды.
Тарихилық «әлеуметтік тарихты» білдірмеді. Соңғы ширек ғасыр
бойы көптеген зерттеушілердің бұл ұғымды қолданғанына қарай,
«әлеуметтік тарих» өткеннің (тарихшылар деп аталатындардың)

айғақтарын талдай отырып, оларды біздің уақытымызға қатысты мәліметтерді талдау негізіне құрылған әлеуметтанулық тұжырымдарды тексеру үшін пайдалануға деген ғалымдардың қажеттілігін бейнелейді. Әлеуметтік тарихи басым көпшілігінде антитарихи пән, теориялық зерттеулер деп аталатынға сатылы түрде бағынатын эмпириялық зерттеулер (ең алдымен өткенге қатысты) болып табылады. Әлеуметтік тарих жаhандандырумен сыйымды болғанымен жаhандықпен сыйымсыз. Жалғызпәнділік (монодисциплинарность) «ұсақпәнділікті» (мультидисциплинарность) білдірмейді. Ұсақпәнділік қоғамтанудың жіктелуін мойындады, бірақ әртүрлі салаларда жұмыс істейтін ғалымдарды бір бірінің жұмыстарын зерттеуге және пайдалануға шақырды. Ол «қойшы көп болса, қой арам өледінің» керісін дәлелдегісі келді. Бұл тәсіл тұтастықтарды зерттеуге қарсы тұрды, айқын да тексерілген қорытындылар алу үшін мәліметтерді осылайша жіктеу мейлінше күрделі деп түйіндеді және сонысы­ мен тайғанақ және теріске шығарылмайтын дәлелдерді пайдалану мүмкіндігін қолдады. Және, ақырында, холизм «жалпы білімділіктің» жорамалы болған жоқ. Онда білімнің қазіргі заманғы үш салаға бөлінісінің негізгі элементтері көрініс тапты: жаратылыстық ғылымдар, адам туралы ғылымдар және (олардың арасында тұрған) қоғамтану. Жалпы білімділік барлық ғалымдарды (барлық сауатты адамдар­ ды да) әрбір осы дербес салалардың негізінде жатқан қағидаларға сезімтал етті. Холизм болса, шындығында да олар білімнің әрқилы түрлерін білдіре ме және оларды осылайша қарастырған дұрыс па деген сұрақты қояды. Бұл даулы нәрсенің ақиқатқа де­ ген қажеттілік пен игілікке деген қажеттілік арақатынасының түбегейлі мәселесіне тікелей қатынасы бар. Әлемдік-жүйені талдаудың осы негізгі бағыттарының нені біл­ діргені туралы ғана емес, сонымен қатар олардың нені білдірмегені туралы айта келе, мен табыстың тасасында жасырынған қауіптен аулақ болғым келді. Біздің күш-жігеріміздің әлсіздігі емес, керісін­ ше қуаты бүгінгі біздің қолданып жүрген терминологиямыздың басқа, тіпті қарама қарсы мақсаттарға қолданыла бастағанын түсіндіреді. Бұл ғылыми қауымдастықта үлкен шатасушылық тудыруы мүмкін және, тіпті біздің алға қойған мақсаттарға же­ туге деген қабілетімізді бұзып, біздің өзіміздің қатарымызда да шатасушылық әкеле алады.

Баяндаманың тақырыбында «әлемдік-жүйені талдаудың қияға
самғауы мен таяу арадағы құлдырауы» деген сөз қолданылды.
Осы уақытқа дейін қияға шырқау туралы айтылып келді емес
пе? Құлдыраудың [болатынын] мен неден көремін? Кез келген

қозғалыстың құлауы – ал әлемдік-жүйені талдау болса, қазіргі
қоғамтану шеңберіндегі дәл осы қозғалыс түрінде көрінеді

– оның қайшылықтарымен, сондай-ақ оның маңыздылығы мен

пайдалылығының біртіндеп сарқылуымен сипатталады. Біз бұл
жағдайға әлі жақындай қойған жоқпыз, бірақ күнбатысқа қарай,
немесе маған осы терминді қолдануға рұқсат етсеңіздер, бифурка­
ция нүктесіне қарай қозғалып бара жатқанымыз күмәнсіз. Әлемдік-

жүйені талдаудың қайшылықтары қандай?
Біріншіден,
әлемдік-жүйені
талдау

теория
және,
тіпті
теорияландырудың тәсілі де болып табылмайды, бұл тек көзқарас

және басқа көзқарасты сынау ғана. Бұл сынның едәуір қуаты
бар, және мен оның қазіргі қоғамтанудың көптеген қағидаларын
қиратып жіберетіндей қуаты бар деп есептеймін. Кез келген сын
деструктивті: оның мақсаты да сондай. Ол қиратады, бірақ өзі

өзінше ештеңе жасамайды. Жоғарыда мен мұны негізді қайта
жаңғырту деп атағанмын. Алайда іргетас үшін орын тазаланғанда,
іс-әрекет үшін алаң ашылады; жаңа конструкция емес, тек оны
тұрғызу мүмкіндігі ғана туындайды.

Ескі теориялар ешқашан өліп қалмайды және із-түзсіз жойы­
лып кетпейді. Олар бастапқыда өлімші болып көрінеді де, одан
кейін мутацияға ұрынады. Осылайша, бұрынғы теорияларды сы­
нау міндеті қашанда өзекті болып көрінеді. Бірақ бұл міндеттің

бізді жұтып қоятыны соншалық, біз оған сіңіріліп кетіп, алға
жылжудың қажетті тәуекелін өзімізге қабылдаудан бас тартудың
қаупі орнайды. Біздің алға жылжу ұмтылысымыз саябырлаған сай­
ын, біз бірте-бірте керексіз және пайдасыз бола бастаймыз. Және

сонда мутацияланған теориялар бұрынғысынан да күшті кейпін­
де қайта оралады. 90-шы жылдары қолға алынған модернизация
теориясын қайта жаңғыртуға деген ұмтылыс, өте көрнекі болмаса
да, соның мысалы бола алады. Егер медициналық аналогиямен са­

лыстыра отырып жалғастыру мүмкін болса, бүгінгі күні әлемдік-
жүйені талдаудың бетпе-бет келген мәселесі антибиотиктерді
асыра қолдану мәселесімен ұқсас. Оның шешімі медикаментті те­
рапиядан профилактикалық медицинаға өтумен сипатталады.

Өзінің бастапқы энергиясын жоғалтып үлгерген кездегі сын
басқа мәселемен, ерекше айқын мәселемен шектеседі. Біз өзіміздің

сыннан сабақ алғандығымыз туралы әсерді қалыптастыру қиын
емес. Ұғымдар мен терминдердің ойда тұрған мақсаттан басқа
мақсатта қолданыла алатынын және соның салдарынан біздің іс-
әрекетіміздің мәнін бұрмалай алатынын мен атап өттім. Мұндай

ахуалға «дәрігер, өзің емдел» деген формула сәйкес келеді. Алайда
мен өзін-өзі сынаудың мәнін тұрпайы көрсетіп беруден де ары бар­
сам деймін. Мен өзімізге еліктегендерді мақтаған сайын көзге ұрып
тұратын, біздің бастапқы сыншыл ұстанымызды теріске шығару

үрдісін байқаймын және бұл үрдіс біздің сыни мақсатымызға
да, реконструкцияның жалған мақсаттарына да қауіп төндіреді
деп пайымдаймын. Бұл жолдың соңында біз атаулары қандай
да бір мәнін жоғалтқан бізге таныс көптеген интеллектуалдық

қозғалыстардың тап келген ахуалына түсіп қалуымыз ықтимал.
Үшінші мәселе біздің әлемдік-шаруашылық жүйенің шеткері
аймақтарында қалыптасатын ахуалды талдаудың әдістерін сына­
удан бізбен замандас әлемнің тарихын баяндау тәсілдерін сынауға,

одан кейін қазіргі әлемдік-жүйені түсіндіруге арналған теориялар­
ды сынауға және, одан ары қоғамдық ғылымдарда қолданылатын
методологияны сынауға және, тіпті ғылыми институттардың
ұйымдастырылу ұстындарын сынауға дейін байқаусыз өтіп ке­

тетінімізбен сипатталады. Біз өзіміздің сынымыздың және
біздің жұмыстарымызды, өз кезегінде, сынағандарға берген
жауабымыздың артынан ілесіп отырдық. Біз олардың артынан
басқасын табу үшін, бір есіктерді үнемі ашып жүрген тәріздіміз.

Мәселе біз ойлағаннан анағұрлым тереңде сияқты.
Мүмкін, ол капиталистік әлемдік-шаруашылыққа тән ойлау
парадигмасының тамырында жатқан шығар. Постмодернистер
деп аталатындар дәл осылай ойлайды. Олардың көптеген сын­

шыл ұстанымдары маған жақын (бұл ұстанымдардың көпшілігіне
біз ертерек келдік және оны айқын жеткіздік). Алайда тұтастай
алғанда мен бұларды жеткілікті түрдегі «пост»-модернистік деп
те, жеткілікті салмақты реконструктивті (методологияның не­

гіздері) деп те есептей алмаймын. Олардың жақтастары біздің
орнымызға біздің жұмысымызды атқарып бере алмайтынына
кәміл сенімдіміз.
Қоғамдық

ғылымдардың
шеңберінде
өмір
сүрген

қозғалыстардың мәртебесі қашанда белгілі бір артықшылықтар
беріп келді. Ол бізге күштерді біріктіруге, өзіміздің сынды
түсіндіруге және кейде бір бірімізге дұшпан болып келетін де
ортада өзара қолдау жасауға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда,

мен біздің әрекетімізді оң бағалаймын. Бір жағынан, біз әртүрлі көзқарастардың қатар өмір сүруіне мүмкіндік бердік және сондықтан сектаға айналмай қалдық. Екінші жағынан, біз өз бағдарламамызды өзінің сыншыл мәнінен айрылып қалмауы үшін, соншалықты тайғанақ етіп жасамадық (егер біз өзіміздің қозғалысты «даму әлеуметтануы», «саяси экономия», «жаhандық әлеуметтану» деп өзгертуді ұсынған бірнеше ұсыныстарды қабылдағанымызда, міндетті түрде соған келетін едік және сондықтан олармен араласып кетер едік). Дегенмен қозғалыстың мәртебесі кейбір кемшіліктерден де кенде емес. Біздің жұмыстарымыздан іс жүзінде мүлдем ештеңе оқымайақ, кітаптарымызда жиі кездесетін біздің көзқарастарымызды бірекі жолмен ғана жазып баяндйтындарға мен наразымын. Біздің қол жеткізген нәтижелерімізді олардың авторларына еш сілтеме жаса­ май иеленіп алатыны былай тұрсын, одан да маңыздысы, олар­ ды алу барысында қолданылуы тиіс методологияның ешқандай ерекшелігінсіз оп-оңай иеленітініне ренішім де одан бір де кем емес. Белгілі дәрежеде мұның болуы да тиіс, өйткені қозғалыстар өз-өзіне беттеуге бейім және кейбір сәтте бұл олардың ықпалын түбегейлі шектей бастайды. Әрине, бұдан басқа да жол бар және, егер онымен жүрер болсақ, интеллектуалды қозғалысқа тән шектеулерді игеруге бола­ ды. Ол қоғамдық ғылымдардың тура жүрегіне енуді, оның үстіне қозғалыс ретінде емес, жалпы мойындалған ақиқаттардың [бастау көзі] ретінде енуді білдіреді. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Әрине, біз немесе біздің кейбіріміз бірінші курстарға арналған қоғамтану оқулықтарын жазумен айналысуымызға болар еді, бірақ бұл нақты жауаптан гөрі, әзілмен жауап бергенге ұқсап ке­ теді. Нақты мүмкіндік, әлемдік-жүйені талдаумен айналысатын ғалымдарға бірқатар анағұрлым іргелі мәселелерге бет бұру және дереу бет бұру қажеттілігімен сипатталады және бұл мәселелерді, менің пікірімше, бізге XІX ғасырдан келген білімнің құрылымы туралы түсініктер мен қоғамтанулық теориялардан бас тартудың арқасында ғана және әлемдік-жүйені талдаудың сабақтарын мык­ тап игерудің нәтижесінде ғана шешуге болады. Маған бұл іргелі мәселелердің тек бірқатарын ғана тізіп шығуға рұқсат етіңіздер: – Егер ол нақты өмір сүретін болса, біз қоғамтану деп атап жүрген білімнің сол өзгеше саласының табиғаты қандай? Біз оның сипат­ тамалары мен әлеуметтік рөлін қалай анықтаймыз? Оның ішінде,

егер бұл мүмкін болса, осы сала мен, бір жағынан гуманитарлық ғылымдар арасындағы, екінші жағынан, жаратылыстық ғылымдар арасындағы айырманы қалай жүргізуге болады? – Қоғамдық ғылымдар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы, қоғамдық ғылымдар мен билік құрылымдары арасындағы өзара қатынастар теориялық тұрғыда қалай болады? – Қоғамдық жүйелердің әртүрлі типтері бола ма (мен «тари­ хи жүйелер» деп айтқанды дұрыс көрер едім) және, егер болған жағдайда, оларды бір бірінен айрықшаландыратын қандай негізгі белгілері болады? – Тарихи жүйелердің табиғи тарихы бола ма, әлде жоқ па? Егер болса, онда бұл тарихты эволюциялық деп атауға бола ма? – Социумда кеңістіктік-уақыттық континуум қалайша ұйымдасады және бұл әлеуметтанулық зерттеулердің негізіне жатқан түсініктерді қаншалықты деңгейде анықтайды? – Бір тарихи жүйеден екіншісіне өтуді қандай үдерістер анықтайды? Оларды өзіндік ұйымдасу, креативтілік, тәртіптің хао­ стан туындауы сияқты метафоралар қаншалықты лайықты сипат­ тайды? – Ақиқатты іздеу мен әділетті қоғамға ұмтылу теориялық тұрғыда қалай арақатынасады? – Бүгінгі өмір сүріп отырған тарихи жүйені (немесе әлемдікжүйені) біз қалай көз алдымызға елестете аламыз? Жоғарыда қойылған сұрақтарға берілген жауаптардан шыға отырып, оның асқақтауы, оның құрылымы және оның таяу арадағы құлауы тура­ лы не айтуға болады? Байқап отырғаныңыздай, тізім біз бастаған сұрақпен аяқталады. Өздерін әлемдік-жүйені талдаумен айналысатын зерттеушілер қауымдастығына жатқызатын адамдарды, әрине, көптеген басқа мәселелер толғандырады. Сонымен бір мезгілде, жоғарыда қойылған мәселелер де немесе олардың ең болмағанда кейбіреулері де көптеген басқа ғалымдарды да толғандырып кел­ ді және толғандырады да. Міндет, бірақ, бұл мәселелердің өзара байланыстылығын мойындаумен және олардың жауабын олар­ ды тек кешенді түрде, яғни әлемдік-жүйелік тәсіл шеңберінде қарастырғанда ғана алуға болатынын түсінумен сипатталады. Бүтіндей алғанда, әлемдік-жүйелік тәсілді ұстанатын ғалымдардың бүгінде бұл мәселелерді олардың тұтастығымен ажырағысыз түрде шешуге қоғамтанушылардың көпшілігінен анағұрлым жақсы дайын екендігін атап өту де маңызды. Біз

өзімізге тән мәнерде бұл сұрақтарға кіріскен сәттен бастап, біз
қоғамдық ғылымдардағы бағыттардың бірі болудан қаламыз, бірақ
олардың негізгі міндеттерін белгілеп беру туралы ойымызды жа­
риялай аламыз. Бұл артық айтқандық емес пе? Мүлдем олай емес.

Әлемдік-жүйені зерттей отырып, біз интеллектуалдық іс-әрекеттің
тек интеллектуалдық немесе еріктік қасиеттермен ғана емес, соны­
мен қатар, әлемдік-жүйелік мағынадағы қазіргі әлеуметтік заман­
мен де анықталатынын түсінуге жетеміз. Және дәл осы біз өмір

сүріп отырған тарихи жүйе түпкілікті дағдарысты бастан кешіп
отырғандықтан, қойылған мәселелерді рационалды ұйымдасқан
қоғамдық конструкцияларды құру жол ашатындай етіп шешудің
мүмкіндігі ашылады. Қаншалықты алғыр және білімді болса да, XІX

ғасырдың ғалымдарының мұндай мүмкіндіктері болған жоқ. Капи­
талистік әлемдік-шаруашылықтың негізін құраушы сатылардың –
таптық, нәсілдік немесе гендерлік сатылардың заңдылығы белсенді
түрде талқыға (саяси тұрғыдан да, интеллектуалдық тұрғыдан да)

түсіп жатқандықтан, бүгінгі күні тарихта тұңғыш рет анағұрлым
барлығын қамтушы және салыстырмалы түрде анағұрлым объек­
тивті қоғамтанулық ғылымды құрудың мүмкіндігі ашылып отыр.
Біздің заманымыздың дәл осы ерекшелігі, тағы да алғаш рет,

XІX ғасыр титандарының иығына шығып алып, әрине, егер біздің
еркіміз бен энергиямыз жетсе, жаңа келешектің көкжиектерін
көруге мүмкіндік береді. Дәл бүгінгі күні біз бет-бейнемізді
жоғалтып алу тәуекеліне бара отырып, Дантонның «Батылдық,

тағы да батылдық, әрқашанда батылдық» деген ұранына ілесе
аламыз. Бұл біздің уақытымыз және біздің бәріміздің бастан ке­
шуімізге тура келетін, сол бүкіләлемдік әлеуметтік трансформа­
цияны лайықты сипаттауға қабілетті ғылымды құра алатындарын

қоғамтанушылар көрсетуі тиіс сәт те келді.

Түсініктемелер 1. «Әлемдік экономикадағы мемлекет пен егемендік» конферен­

ция­сындағы негізгі баяндама, Ирвайн қаласындағы Калифорния
университеті, АҚШ, Калифорния штаты, 1997 жылдың 21-23 ақпаны.

2. «Әлемдік-жүйе және жаhандық қоршаған орта» PEWS XXІ,

негізгі баяндама, Санта-Крус қаласындағы Калифорния универси­
теті, АҚШ, Калифорния штаты, 1997 жылдың 3-5 сәуірі.

3. «Әлеуметтік трансформациялар үдерісі мен практикасы»

атты ІІІ Португал әлеуметтанулық конгресінің ашылымында
сөйлеген сөзі, Лиссабон, 1996 жылдың 7 ақпаны.

4. Халықаралық әлеуметтанулық ассоциацияның ұйымдас­

тыруымен өткен «Шығыс Азиядағы әлеуметтанудың болашағы»
атты шығысазиялық аймақтық коллоквиумдағы негізгі баяндама,
Сеул, Оңтүстік Корея, 1996 жылдың 22-23 қаңтары.

5. Әңгіме қажетті бағытты ұстанған тарихты міндетті түрде

прогрессивті үдеріс деп білетін тұжырымдама туралы болып отыр.
XІX ғасырдың ортасында британ саяси институттарын, британ
мәдениеті мен ағылшын тілін әлемнің барлық түкпірінде тарату­
ды өркениет ұстындарымен таратумен біріктіруді лорд Макалей

мен виг партиясының өзге де көшбасшылары насихаттағаннан
кейін, бұл тұжырымдама адамзат жетіле алады және солай болуы
тиіс деген мелиоризм ұстынының негізіне айналды. Бүгінгі күні
мелиоризм ұстыны либерализм идеологиясының негізгі үш іргелі

құрамдасының бірі болып отыр. 6. «Әлеуметтік саясат одағы» – 1872 жылы мүліктік және

әлеуметтік теңсіздікті қысқартуға бағытталған шараларды кеңінен
тарату үшін неміс экономистері және әлеуметтік философтары Г.
Шмоллер мен Г. Шенбергтің Эйзенах қаласында құрған ұйымы.
Одақтың іс-әрекеті міндетті түрдегі бастауыш мектептік оқытуды,

өндірістегі бақытсыз жағдайлардан сақтану жүйесін және зей­
неткерлік қамтамасыз ету элементтерін енгізуге бағытталды; бұл
шаралардың көпшілігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың ба­
сында Германияда іске асты.

7. Американдық әлеуметтанулық ассоциацияның 91-ші жыл

сайынғы жиналысындағы баяндама, Нью-Йорк, 1996 жылдың 16
тамызы.
Валлерстайн И. Конец знакомого мира.
Социология ХХІ века. М.: Логос, 2004. Глава 4.

С. 80-104, глава 8. С. 162-183, глава 11. С. 226-247,
глава 13. С. 257-268.

ІV. Жаһандану және ашық қоғамның
қайшылықтары мен болашағы
Жак Аттали

ЖАҢА МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА

Келешектегі әлемдік тәртіп
Тарихтың ағымы жылдамдай түсті. Ерекше, қиялы жүйрік
футуристер мен фантаст-жазушыларды есепке алмағанда, күні
кеше ғана ешкімнің ақылына кіріп шықпайтын нәрселер бүгінгі

күні күнделікті жағдайға айналды. Берлин қабырғасы құлап
түсті, түтікшенің ішінде ұрықтандыру кәдуілгі іске айналды, ал
Сахара шөлінен оңтүстіктегі елдердің біріндегі түйе айдаушы
өзінің ойыншық тәрізді, алақандай ғана ұялы байланысты теле­

фон аппаратының көмегімен Лос-Анджелеспен хабарласа ала­
ды. Болашақтан қорқып есеңгірегеніміз әлдеқашан өткен күннің
белгісі болып қалды. Өзгерістер – дүмпулермен сілкінген бұл
әлемдегі жалғыз айғақ. Бұрынғы геосаяси тәртіп сахнадан түсті,

оның орнына жаңа тәртіптер туындауда. Бұл жаңа тәртіптің ХХ
ғасырдың соңғы елу жылдығында бізге кәнігі таныс болған
әлемге ұқсастығы мүлдем аз. Келесі мыңжылдықта адамзаттың
тағдырын жеңімпаздар мен жеңіліс табушылардың жаңа ұрпағы

айқындайтын болады.
Бұл шағын эссенің мақсаты – кең шеңбері бүгінгі күннің
көкжиегінен-ақ көріне бастаған осындай болашақтың нобайын
сызып суреттеу. Бұл мүлдем қисынды дәлелдеме емес. Бұл, сірә,

зерттеушілік рефлексиялардың (түйсіктердің) тізбегіне саятын
сияқты. Біз енді-енді қадам басып отырған дәуірдің кескінін
сипаттауға тырысу үшін мен шектен тыс қарабайырлықтың,
үдетудің, тіпті тұрпайыландырудың тәуекеліне әдейі барып

отырмын. Осының нәтижесінде мен өзімнің мейлінше күрделі
әлеуметтік-экономикалық нақтылыққа мазақ кескін беретінімді
толық түсінемін. Бірақ кез-келген тұжырымның өзіне лайықты,
кейде өте маңызды абыройы болады, өйткені кез-келген

тұжырым алып құрылықтардың сызбаларымен қатар, жекелеген
құрылыстардың да шағын ауқымын көрсетіп беретін спутниктен
жер серігінен (спутниктен) түсірілген фотобейне сияқты, алай­
да олардың ішінде не барын ол көрсетіп бере алмайды. Менің

пайымдауларым қоғамның бірін-бірі алмастырып отыратын

әлеуметтік құрылымдары теориясына негізделеді және бұлар ке­ лесі жүзжылдыққа өтудің таңсықтығына өз сәулесін түсіреді, ал бұл өтпелі кезең қазіргі кезде біздің әрқайсысымызға да қатысты болып отыр. Бұл мағынадан алғанда, Маркстің «Капиталы» неме­ се Адам Смиттің «Табиғат және халықтардың байлығының себеп­ тері туралы зерттеуі» Ридли Скоттың «Ұстара жүзіндегі жүгіріс» атты кинематографиялық қиялынан анағұрлым пайдасыз болып қалады, жоғарыдағы автор-классиктермен салыстырғанда осы голливудтық кинотуындыдан біз төніп келе жатқан ғасыр туралы шындықты көбірек табамыз. Келешек жүзжылдықта әлемдегі экономикалық үстемдік үшін табанды күрес жүргізген Құрама Штаттар мен Кеңес Одағын Жапония мен Еуропа алып держава тұғырынан ығыстырып шығаруы мүмкін. Тек америкалық қоғамды түбірімен өзгерту ғана оқиғалардың осы ағымының алдын алып, осыдан туындай­ тын салмақты саяси салдарлардан бізді аман сақтауы мүмкін. Өздерінің үстем технологиялық «мінберлерінде» отырып алып, олар, өкінішке орай, әлі күнге дейін байлар мен кедейлерге бөлініп отырған барлығына бірдей тұтынушылық идеологиясын қабылдап алған әлемді, климаттың жылынуы мен атмосфераның ласта­ ну қаупі төніп тұрған әлемді, авиажолдардың тығыз торабымен тұмшаланған, жер шарының кез-келген нүктесінен бір мезеттік орнықты байланысты қамтамасыз ететін желілермен шырмалған әлемді басқаратын болады. Ақшалар, ақпараттар, тауарлар және адамдардың өздері де бұл дүниеде бас айналдырар жылдамдықпен зымырайтын болады. Кез келген ұлттық «ноқтаны» сыпырып тастап, отбасылық бай­ ланысты үзіп тастап, мұның барлығын адамдарға денсаулықты сақтаумен, біліммен және жеке қауіпсіздікпен байланысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін мөлтек микро­ процессорлармен алмастыратын, осындай азаматтар - әлемнің үстем аймақтарынан шыққан тұтынушылар «бай көшпенділерге» (номадтарға) айналады. Олар өздерінің саяси және экономикалық қалауларына сүйене отырып, либералды нарықтық мәдениетті иге­ руге қатыса алатын болады, олар бос уақытты пайдалану жолда­ рын іздестіру барысында планетаны шарлайтын болады, олар ада­ ми қарым-қатынасқа деген тартылысты, адамдар қауымдастығы мен отбасылық мамыражай қалыпқа деген, жалпы атқаратын фун­ куциялары көнергендіктен өз өмірін тоқтатқан құндылықтарға де­ ген сағынышты бастан кешіргенімен, тек өздерінің ғана мүмкіндігі

жететін тауарлар мен таңданыс сезімдерін ақшаға сатып ала ала­
тын болады. Банк-автоматтардың төңірегін жағалап, өткінші
адамдардан тиын-тебен тілейтін үйі-күйі жоқ кезбелермен күнде
бетпе-бет келетін Нью-Йорктің тұрғындары сияқты, бұл ауқатты

кезбелер де Жер тұрғындарының біршама бөлігі әлі де мекендей­
тін, мұқтаждық кешіп отырған перифериядан бас сауғалап қашып,
адамдардың планетарлық ауқымында бір тал шөпке жабысқан осы
«кедей көшпенділердің» тобырына барлық жерде ұшырасып оты­

рады. Бұл қайыршыланған қарақшылар күнкөріс пен баспана іздеп,
бүкіл планетаны шарлайтын болады, Парижден, Лос-Анджелестен
немесе Токиодан жүргізілетін спутниктік телебағдарламалардағы
тойымсыз тұтынудың көл-көсір әрі еліктіруші картиналарды те­

ледидар экранынан көру олардың сілекейін ағызып, аранын аша
түседі. Элвин Тоффлердің сөзімен айтқанда, жайбасар өмірден
жылдам өмірге өтудің әурешіл ұмтылысында олар тірі өліктердің
өмірін сүруге мәжбүр.

Табиғат пен жатжерліктер тарапынан туындайтын қауіптерден
құтылып, бекітілген тәртіптің арқасында аман қалуға тырысатын
барлық өзге де өркениеттер секілді келешектегі жаңа тәртіптің
беріктігі де оның зұлымдықты ауыздықтай білу қабілетіне тәуелді

болады. Әрине, бастапқыда діни үстемдікпен, кейін әскери
үстемдікпен орныққан бұрынғы тәртіптермен салыстырғанда жаңа
тәртіп, ең алдымен өзінің экономикалық құдіретінің арқасында
зорлықты жоюы керек. Діни догматтар мен әскери күшке негіз­

делген бұрынғы үстем тәртіптердің қалдықтары келешекте де
әсіресе, әлемдік прогрестен артта қалған елдерде сақталып қала
беретіні түсінікті де. Оның сенімді мысалы ретінде Иран мен
Иракты көрсетуге болады.

Саддам Құсейіннің Кувейтке басып кіруі және соның
салдарындағы
«қырғи-қабақ
соғыстың»

аяқталуы
барлық
шекаралық даулардың реттелмегенін, ұлтшылдық ұмтылыстардың,
«күш саясатын» жүргізудің жойылмағанын ескертіп тұрғандай.

Болашақта біздердің Таяу Шығыспен салыстырғанда әлем үшін
өмірлік маңыздылығы анағұрлым аз табиғи ресурстарға ие және
олардың маңызы тек рәміздік мәнге ғана ие аймақтардағы басқа да
агрессиялық акциялардың куәсі болатынымызға күмән жоқ. Әскери

күш біздің кедейленген әлеміміздің көптеген аймақтарында әлі
де болса шешуші рөл атқаратын болады. Бірақ мұндай оқиғалар,
өзінің жарықшақты қаупіне, қан төгушілігі мен драматизміне
қарамастан, тарихтың басты ағысына әлсіз ғана әсер ететін анах­

ронизм, қосалқы эффект болып қалады.

Парсы шығанағы ауданындағы қақтығыс, мысалы, біз
үшін анағұрлым маңызға ие әлемдегі күштер тепе-теңдігіндегі
бүгінгі күнгі ауытқуынан адамдардың назарын тысқа бұрды.
Соның нәтижесінде Құрама Штаттар бұрынғысынша әлемдегі

ең құдіретті ел және оның құлдырауын (немесе тіпті ақырын)
болжаған барлық болжамдардың әлі ерте екендігін уағыздайтын
табанды тұжырымдар барған сайын көп айтыла бастады. «Ұлы
державалардың самғауы мен құлауы» атты кітаптың авторы Пол

Кеннеди америкалық әскери күштің жарты әлемге дейін дерлік
дендеп енуі туралы бұл өзі қиялды жаулап алған түсінік қайта
түлеген держава-гегемон емес, барған сайын солып бара жатқан
Американың шынай жағдайын анықтауға қатысты маңызды

мәселені айқындағаннан гөрі оны қоюландыра түседі деп
тұжырымдайды. Ол Американың экспансиясын – ол қаншалықты
ақталса да – Отызжылдық соғыс барысында пәлеге душар болған
өздерінің габсбургтық туыстарын құтқару үшін зор әскер жібер­

ген 1643 жылғы Испанияның шешімімен салыстырады: «Ис­
пания жоғары сыныпты жаяу әскерге және тамаша үйретілген
генералдарға ие еді, оның Милан аймағы арқылы, биік Альпі
тауларынан Жоғарғы Рейнге дейін басып өтуі найзағайдай өте

шапшаң болды, оның әрекеті шектен тыс кәсіби болды. Бірде бір
еуропалық ұлт сол уақыттары «мұндай күшті шапқыншылыққа»
қарсы тұра алмас еді; Испанияның бұрынғысынша Еуропаның
бірінші державасы екендігіне ешкім шек келтірмеді». Дегенмен,

Кеннедидің айтуынша, испандық монархия ауыр қарыздың астын­
да бүкшиіп қалды, өндірістің тиімсіздігінен көп нәрсе жоғалтты,
ал өндіріс болса, өз отандарындағы «ерекше» мүдделерін ес­
тен шығармаған шетелдік өнеркәсіпшілердің қол астында бол­

ды. Қарулы күштерінің барлық жерде көрсеткен тамаша ерлігіне
қарамастан, XVІІ ғасырдың 40-жылдарына қарай «үлестер бойын­
ша пайыздық төлемдерді ауыстыру, сондай-ақ испан корольдерінің
өз банкроттығын мойындауы испан державасының құлдырауын

толық көлемде көрсетіп берді».
Кеннеди осыған орай, Америка қазынасының жылдық
тапшылығы 300 миллиардтық деңгейден едәуір асып кеткеніне
(бұл осыдан сабақ алуға тұратындай елдің тарихындағы ең жоғары

көрсеткіш) қарамастан, жүздеген мың американдық солдаттардың
Сауд Аравиясына аттандырылғанын атап өтеді; әлемде бірде бір
ұлт ақырында саяси құдіретке ықпал ететін тұрақты ұлғаюшы
экономикалық негізге ие болмай тұрып, ұрпақтан ұрпаққа жер

бетіндегі бірінші ұлт болып қала алмайды. Испания сияқты
Құрама Штаттар да өз мойнына ғаламдық жауапкершіліктің
жүгін артқанымен, ғаламат қарызға батқан ұлы державалардың
біріншісі емес. Құрама Штаттар «тамаша» жүріс жасаса да,

соның нәтижесінде бұл ел соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі
ең ірі қарыз берушіден үлкен қарыздар елге айналды, мұндай
прецеденттің тарихта болмағанын айта кету керек.
Өтелімі ұзаққа созылған қарыздың болуы – бұл экономикалық

тұрақсыздықтың
бастапқы
белгісі,
ақыры

соңында
елдің
экономикалық күйреуінен хабар беретін күйретуші дисбаланстың
көрнекі симптомы. XVІІ ғасырдағы капитализмнің қалыптасу

кезеңінен бастап құбылыстардың тәртібі осылай болып келеді.
Құрама Штаттардың басынан кешіріп отырған қарыздық
дағдарысының ауқымы қазіргі нарықтық әлемдік үрдіс бары­
сында біздің бір әлсірей бастаған «өзекті» аймақтан басқа, жаңа

аймаққа өту кезеңіне көшіп отырғанымыздың бұлтартпас дәлелі
болып табылады. Экономикалық құдірет толқындары Америка
жағалауларынан алыстап бара жатыр және бұл толқындар Еуро­
па мен Тынық мұхиты бассейнінің елдеріне келіп жетуі мүмкін.

Оқиғалардың осылайша өріс алуы тоқмейілдік тудырмайды.
Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық құлдырау бүкіл
әлемнің одан ары дамуына қауіп төндіреді. Бұл үдерістің сағын
сындыруға АҚШ өз бойынан күш-қуат таба алады, бірақ ол үшін

түбірлі экономикалық реформа жүргізу қажет. Өйткені, прогрестің
ернеуінде өтетін кез келген нәрсенің экономикалық сипат алаты­
ны болашақты анықтайтын басты ұйымдастырушы принцип екен­
дігі күн өткен сайын айқын айғаққа айналып бара жатыр. Және

біз мұны 2000 жылдың белгісіне жақындаған сайын айқын сезіне
бастаймыз.
«Қырғи-қабақ соғысы» уақытына тән әскери құдіреттің
үстемдігі нарық «патшалығымен» алмастырылады. Демокра­

тия мен нарықтың либералды идеялары өзінің басты қарсыласы

– әлемге өз үндеуін тастаған коммунистік қоғам туралы балама­

лы түсінікті жеңіп шықты. Алайда, негізгі шытырманның әлі
күнге дейін шешілмегені ешкімге күмән туғызбайды: қалайша
экономикалық өсімді реттеуге және оны әлеуметтік әділеттілікпен
байланыстыруға болады? Дегенмен, тұтынушылықтың батыстық

идеологиясы мен саяси идеялар барлық жерде, әсіресе индустри­
алды дамыған әлемде адамдардың миын жаулап алды.

Нәтижесінде тұтынушылықтың демократиялық қоғамының популистік желігі (ядролық қырып жоюдың айқын қаупі емес) кеңестік блокка кірген елдерде өз халықтарының ішінде режимнің заңдылығы туралы мәселені шегіне жеткізе шиеленістірді. Либе­ ралды көппікірліктің құндылықтары мен нарықтық гүлденудің келешектері қазіргі кезде Жердің барлық халықтарын бірік­ тіріп отырған келісімге әкелді. Идеологиялық тұрғыда екі блоктың орнына келген бұл келісім (консенсус) сұраныстарды қанағаттандыратын немесе қанағаттандырмайтынына қарамастан, кәдуілгі тұтынушылардың сұранысына жауап беретін нарық арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Плюрализмнің саяси талаптары тұңғыш рет өзінің экономикалық бейнесін тапты. Осының салдарынан америкалық экономиканың соғыстан кейінгі құдіреті, өзіне қойылған салмақты талаппен бетпе-бет келіп отырған тәрізді. Өйткені, келесі мыңжылдықтан бізді бөліп тұрған осы онжылдыққа өз тамырын жіберген жаңа тәртіптің қалыптасуы барысында Құрама Штаттар мен Кеңес Одағы – екі әскери ұлы де­ ржава – өздерінің салыстырмалы күйреуін көрсетіп отыр. Бұл ұлы державалар, соғыстан кейінгі әлемдегі жеңімпаздар келесі жүзжылдықта өздерінің экономикалық жансызда­ нуы барысында ұлы держава мәртебесін жоғалтып, жеңіліс табушылардың санатынан орын тебуі мүмкін. Әскери күшпен таңылған стратегиялық субординацияны игеріп, Құрама Штат­ тар мен Кеңес Одағы арасындағы идеологиялық тайталастың аяқталуымен екі жаңа держава – Лондоннан Мәскеуге дейін со­ зылып жатқан Еуропалық кеңістік және Нью-Йорктың өзіне дейін созылған орталығы Токио болып саналатын Тынық мұхиты аймағы – өз үстемдіктері үшін күреске түседі. Бұл аймақтардың әрқайсысы жаңа әлемдік тәртіптің «өзегі», орталығы болуға ұмтыла отырып, барлық жағынан алғанда қарсыласынан асып түсуге тырысады. Бұл аймақтардың қайсысының жеңімпаз бола­ тыны олардың қайсысының шын мәнінде алғашқы ғаламдық ры­ нокта өз дербестігінің пайдасына қарай таңдау жасағаннан кейін барлық мұқтаждықтарды өтей алатын, өздеріне мейлінше пайдалы әрі жеткілікті тиімділікпен жаңа тауарларды өндіре алуына тәуелді болады. Жеңімпаз-кеңістіктің «өзегінің» ораналасу орыны өткір бәсекелестік барысында айқындалатын болады. Мұндай жаңа экономикалық тәртіп мүлдем, Дэниэль Белл және өзге ғалымдар дәстүрлі түрде болжап жүргендей, өнеркәсіпті қызмет көрсету жүйесі алмастыратын «постиндустриялық» қоғам

болып табылмайды. Бәрінен бұрын, онда қызмет көрсету жүйесі
бұқаралық тұтыну тауарларына айналып өзгеретін, оны «гиперин­
дустриалды» деп атауға болатын қоғам орнайтын тәрізді. Мұның
нәтижесіндегі әсерді біздің жүзжылдығымызда жүзеге асқан,

қолмен кір жууды кір жуғыш машина алмастырған және ол электр
қозғалтқыштың ойлап табылуымен дүниеге келгендей әсермен
теңестіріп салыстыруға болады. Бірақ XІX ғасырдағы будың және
электр күшін игеруден де өткен және, мүмкін алғашқы қауымдық

тайпалардың отты ойлап тапқан кезіндегі бастан кешірген әсерге
жақын жойқын сезім миниатюрлендірумен байланысты. Био­
технология мен гендік инженериядағы жеткен жетістіктер адам­
зат мәдениетіндегі түбірлі өзгерістерге әкелетін жаңа ғасырдағы

төңкерістік секіріске жол салады.
Транзисторлар мен компьютерлерді өндіру сияқты микропро­
цессорларды пайдалануға негізделген технологиялар байланыс
пен білім беруден бастап, денсаулық сақтау мен адам қауіпсіздігін

қамтамасыз етуге дейінгі қызмет көрсету жүйесін шектен тыс
индустрияландырудың жолын қазірдің өзінде ашып үлгерді.
Мұның мысалдары аз емес. Портативті компьютер, ұялы байла­
ныс, телефакс – осының бәрі бастапқы нышанда болғанымен, мей­

лінше дамыған пішінде болашақтың портативті заттарының, тіпті
болашақтың номадтық (көшпелі) заттарының алдыңғы үлгілері бо­
лып саналады. Бұл бұйымдардың бəрі де бюрократизмнің әр алу­
ан көріністерін, кәсіби дағдылардың, институттардың тиімділігін

едәір әлсіретеді, өйткені олар индивидуумға жеке еркіндіктің,
ықшам бейімділіктің, дербестіктің шектен тыс жоғары деңгейін,
барлық қажетті ақпарат пен энергияны береді. Олар жеке өмірді
анағұрлым сенімді қадағалаумен байланысты тұтынушылардың

өсе түскен мұқтаждықтарын өтей алады, оларға белгілі бір
технологиялардың көмегімен өздерінің үйреншікті жұмыс орын­
дарынан босап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезгіл­
де адамдар әртүрлі міндеттерді атқаруға мүмкіндік беретін және

оларды бұрынғыдан анағұрлым оңай, әрі тиімді орындауға жағдай
жасайтын техникалық құралдарға ие болады. Қиялды жаулап алған
жаңа технологиялар алдағы онжылдықтарда көз көріп, құлақ есті­
меген еңбек өнімділігінің секірісіне, энергиялық экономикалық

өсімге әкеледі. Əттең өндірістің бүгінгі құлдырауы бізден осы
қосалқы нақтылықты жасырып тұрғандай. Мүмкін, тереңдеп бара
жатқан осы депрессияны күндердің күнінде жаңа гипериндуст­
риялы тәртіптің дүниеге келуімен сипатталатын босану кезіндегі

толғақ ретінде қарастыратын да болар.

Мұндай жаңа тәртіп тарихтың ақырын білдірмейді. Ол
үйлесімді, мамыражай қиял да болмайды. Керісінше, «қырғи-
қабақ соғыстың» аяқталып, ал нарық идеясының салтанат ққұрған
тұсындағы дәл қазіргі кезде мұндай қақтығыстың орын алуы әбден

мүмкін. Мұндай қақтығыс дәл осы әлемдегі көптеген елдердің өз
жерлерінде еркін таңдауға негізделген гүлденген қоғам құруға
талпынуынан туындауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда XXІ ғасыр
әскери олжа үшін, шикізат үшін, тауар өткізу нарығы үшін, сон­

дай-ақ ұлттық бедел үшін мемлекеттер дәл осындай империялық
пиғылмен күрес жүргізген XІX ғасырды еске түсіреді. Өйткені,
кезінде Батыс пен Шығысты ажыратып тұрған Берлин қабырғасы
сияқты, теңсіздіктің жаңа әлемді ыдыратуы мүмкін.

Жаңа әлемдік тәртіптегі иен байлықты бөлісу барысында тіпті
ең алдыңғы қатарлы деген ұлттардың ішінде де барлығына бірдей
тең үлес тимейді. Мысалы, көңіл көтеру мен ақпараттың ағымына
шомылып қалған анағұрлым ауқатты Солтүстікті мекендейтін

адамдардың көпшілігі ат төбеліндей азшылықтың құдіреттілігі
мен сайран салуының әлжуаз куәсі ғана болып, соның барысын­
да өзекті өртейтін қызғанышын жасыра алмайтын еріксіз әрі бей­
шара «пенделерге» айналып шыға келеді. Өздерінің жұпыны қала

қалтарыстарында немесе жай ғана көшеде күнелтіп өмір сүретін
қарапайым адамдар онда кіріп-шығу мұң болатын төбені көмкерген
биліктің биік ғимараттары мен жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай
қаптаған байлыққа түсінбеушілікпен және қорыққаннан сыйлау

сезімімен қарайтын болады.
Мұндай көл-көсір байлық, бірақ, демократияны қалыптастыруға
ұмтылып жатқан Шығыс Еуропа мен Азия елдеріне бұйыратынына
мүлдем кепілдік жоқ. Қомақты құрбандықтарды талап еткеніне

қарамастан, батыл қолға алынған реформалардың дəмелендіруіне
сай, нарықтық экономика бұл елдерді ең мұқтаж тауарлармен және
тұтынушы тауарлармен салыстырмалы түрде тез толтырып тас­
тамаса, олардың осы уақытқа дейін қол жеткізген экономикалық

және саяси еркіндіктері құмға сіңген судай жойылып кетуі мүмкін.
Мұның салдарының қаншалықты қиын болатынын болжау қиын,
бірақ мұның барлығы Еуропада тамаша «барқыт төңкерісін» жүзеге
асыру барысында келмеске кетуі ықтимал. Егер Кеңес Одағында

азамат соғысы тұтанса, онда оның миллиондаған азаматтары ел­
дегі кедейшілік құрдымынан қашып құтылуға тырысып, Батысқа
қарай ағылатын болады. Бұл «экономикалық босқындар» ауыр
сынаққа айналады және Еуропа осындай орасан ағымды игере

алатынына сенім де жоқ. Алайда, ең алдымен, Африкада, Латын Америкасында және көптеген азиялық елдерді, әсіресе, Үндістан мен Қытайда еркектер мен әйелдердің, балалардың – 3 миллиардқа жуық адамның «ке­ дейшілік кейпі» мен бейшаралық жағдайда болуы артықшылықты Солтүстіктің еркіндігі мен экономикалық гүлденуін үнемі ұстап тұру уәдесінің тиімділігіне күмән тудырады. «Жасыл төңкерістердің» көптеген азиялық елдерде адамдардың аштан қырылуын тоқтата тұрғанымен және аштықтың әлі күнге дейін аштықтың зұлым нәубет екендігіне қарамастан, қазіргі уақытта ол Латын Амери­ касы мен Африканың кейбір түкпірлерінде ғана сақталып отыр, Солтүстікте қайта жаңғырған экономикалық өсім ауқаттылар мен кедейлер арасында өсе түскен орасан зор саңылауды одан сайын ұлғайта түседі. Оңтүстіктен шетке шығарылатын шикізаттың көлемі мен құны уақыт өте келе түсе береді. Өйткені, өнеркәсіптік өндірістегі ақпарат пен қызметкерлердің біліктілігінің ұдайы өсуінің нәтижесінде гүлденген, бай аймақтарда өзінің мәнін барған сай­ ын жоғалта береді. Оның үстіне Солтүстіктегі көптеген рыноктар басым көпшілігінде кедей Оңтүстіктен келетін экспортқа жабық күйінде қалып отыр. Мексика, мысалы, Құрама Штаттармен өзара қатынастарындағы сауда кедергілерінің көп бөлігін алып тастауға қол жеткізді. Алайда, кез-келген дүкеннен табыла кететін АҚШтан шыққан тауарлар сияқты, мексикалық тауарлардың америкалық дүкендердің сөрелеріне тура жол тартамын дегенінше ұзақ жылдар өтеді. Бразилиялық тауарлар үшін мұндай жол одан да қиын. Балық үміттен айрылған шеткері аймақтардағы халықтар шоғыры эквактор сызығының келесі бетіндегі гүлдену мен байлықтың әр алуан кескініне аянышты жанкештілікпен көз ті­ гетін болады. Солтүстікке географиялық тұрғыда жақын, ал мәдени тұрғыда байланысты оңтүстік аймақтарда, оның ішінде Мексикада, Орталық Америка мен Солтүстік Африка елдерін­ де миллиондаған адамдар байлықтың желігіне барған сайын құмарта түседі, өздерінің үнемі өсе түскен мұқтаждықтарын өтей алмауы себепті ашу мен ызаға булығады. Сонда олар бөтеннің игілігінің ішінара өздерінің өмірінің нашарлауы есебінен, сондайақ қоршаған ортаны жыртқыштықпен пайдаланудың есебінен қол жеткізгенін түсінетін болады. Үдемелі әуе тасымалы, теледидар байланысы ғасырында осы өз болашақтарынан айрылған, барын­ ша қайыршыланған адамдарды Солтүстікте бір тарақтың астымен

қырқатын болады және «экономикалық босқындар» мен миг­
ранттар тобырынның шектен тыс ауқымы ретінде қарастыратын
болады. Халықтардың қоныс аударуы басталып та кетті: түріктер

– Берлинде, мароккалықтар – Мадридте, үндістер – Лондон­

да, мексикалықтар – Лос-Анжелесте, вьетнамдықтар Гонконгта
қазірдің өзінде тұрып жатыр.
Егер Солтүстік болашақта да олардың қайыршы жағдайына
енжар болса, толық немқұрайлы қараса, әсіресе, Оңтүстік

мұқтаждығын толығымен кері серіпкен Батыстың толыққанды,
кең ауқымды көмегі мен жомарттығының арқасында Шығыс
Еуропа гүлдену аймағына тартылатын болса, шеткері аймақтарда
тұратын халықтар міндетті түрде бүлік шығарады, ал күндердің

күнінде соғысты да шығаратын болады. Олар Солтүстіктің қазіргі
уақытта Оңтүстіктен аулақ болу үшін тұрғызып жатқан Берлин
қабырғасы тәрізді қалқанды құлатып тастауға тырысады. Бұл
қазіргі заман тарихында болмаған соғыс болады, ол кезінде Еуро­

паны еңсеріп тастап, соның нәтижесінде ол кейінірек Отағасырлар
деп аталған қараңғылық жағдайына батқан VІІ-VІІІ ғасырлардағы
тағы тайпалардың жойқын шабуылдарын еске түсіретін болады.
Бірақ көкжиекте одан да зұлым және анағұрлым аз аңғарылатын

қауіп қылаң беріп тұр. Оның жаңа әлемдік тәртіптің мәнінің өзіне,
оның плюрализм мен тұтынушылықтың либералды идеологиясы­
на тікелей қатысы бар. Нарық сияқты кез-келген демократияның да
мәні – бұл таңдаудың еркіндігі. Оның екеуі де азамат-тұтынушыға

әңгіме бұл жерде не туралы болса да, (үміткер туралы немесе тауар
туралы) саясат немесе бұйым туралы ұсынысты қабылдау не бол­
маса теріске шығару құқығын береді. Үміткерді қайта сайлау неме­
се оны орнынан айыру құқығы, жалдау немесе босату, менеджмент

жүйесін өзгерту немесе басқа салаға инвестиция салу – жүргізіліп
отырған саясатқа, адамдарды іріктеу немесе тауарлар ағымына
қатысты осылайша бас тарта білу, түрін құбылта білу, өзгерте
білу – тұтынушылық келісімнің іргетасын қалап отырған таңдау

мәдениетінің негізқұраушы белгісі. Ол біздің саяси жүйемізге
де, біздің экономикалық тәртібімізге де ақпарат тасымалдайды.
Оның қайсысы да болмасын плюрализмге және қайтарымдылық
ұстанымы деп аталатын (мүмкін икемді емес те шығар) нәрсеге

тамырын жайған. Біз бір нәрсені ұғынуымыз қажет: бұл әлемде
ештеңе де мәңгіге жаратылмаған. Барлығын да не алмастыруға, не
лақтырып тастауға болады. Мұндай ұстаным, таяу болашақ үшін
қолайлы болса да, өркениет үшін сенімді тұғыр бола алмайды. Шын

мәнінде, ол барлық өркениеттердің басты талабын – аман қалу
қажеттілігін бұзады. Бұрынғы өркениеттерді кімдер басқармасын

– мейлі діни ордендер, мейлі патша ұрпақтары болсын – олардың

үстемдігі әдетте ұзаққа созылатын. Бір ғана мысал келтірейік.
Америкалық түземдіктер «әлі дүниеге келмеген жетінші ұрпақтың»
талаптарын қанағаттандыра алатындай қоғам ұйымдастыру
қажеттілігі туралы жиі айтатын. Өткен заманның билеушілері мен

көсемдері әдетте пайда туралы маусым сайын берілетін есептер
ұғымымен емес, жүзжылдықтардың категорияларымен ойлана­
тын. «Тұрпайы өркениеттер мыңжылдықтар бойына өмір сүрген
кезде, пұтқа табынатындай сыйынатын қазіргі өркениеттер екі-үш

жүзжылдықтан кейін қирап жатады»1, – деп Октавио Пас айтып
еді. Чеслав Милош «өзгерістердің үнемі құйылуы» нәтижесінде
аңғарылатын нигилистік керенаулықтың батыстық өркениетті
аман қалу жарқабақтарында бір онжылдықтан екіншісіне алмаса

жүріп, дезинтеграция мен шығармашыл белсенділіктің үдерістері
арасындағы қиян-кескі шабысқа түсіруіне мәжбүрлеуіне байла­
нысты қобалжу танытады.
Күнделікті күйкі тірлікті табыну нысанына айналдыра отырып,

таяу келешекті құдіретке теңейтін қайтымдылық ұстанымынан
туындайтын әлеуметтік бас айналу құбылысы қазір өзін көрсете
бастады. Шығыста да, Батыста да орын алып отырған діни
фундаментализмнің кең ауқымда қайта жаңғыруы, қоршаған ор­

таны бар ынтасымен қорғайтындардың индустриалдық өмірден
баз кешуі, сатылы әлеуметтік құрылымдар мен дәстүрлерге де­
ген сағынышты көңіл-күй демократиялық құндылықтар мен
таңдау мәдениетіне тән нарықтық ұстындардың үнемі тұтқиыл

шабуылдарға ұшырайтыны және ақырында жойылып кететіні
туралы қиялды ойға келтіреді. Бұл жерде «жасылдар» арасынан
шыққан бір тартымды деспоттың басқаратын «экологиялық»
диктатурасынан бастап, артта қалған Славян республикасын

қалыптастыру туралы Солженициннің білдірген идеясына дейінгі
небір қорқынышты сценарийлерді көз алдыңа келтіруге болады.
Тұтынушылықтың нигилистік, бөлектенген қоғамы қуатты бүлікті
де, жалпыхалықтық жағымдылықты да бірдей деңгейде тудыруы

мүмкін.
Мұндай салдардың алдын-алу үшін нарықты демократиямен
біріктіру қажет. Олардың шектері өткенге бағышталған консер­
вативті құндылықтармен емес, болашақты қамтамасыз ететін

құндылықтармен шектелуі тиіс. Мысалы, таңдау мәдениеті

өмірдің мәнінің өзін қайтымсыз құбылтатын, өзгертетіндей
үдерістерді өз бойына енгізбеуі керек, егер, мысалы, жасушаның
тектік (генетикалық) құпиясын (ДНК) пайдалануға немесе толық
еркіндік берсе немесе тропикалық ормандарды жоюды ары қарай

жалғастыра берсе, осының нәтижесінде планетаны генетикалық
мұраның бай алуан түрлілігінен айыруға болады. Мұндай өмірлік
маңызды үдерістерді өмірдің өзінің негізінің қасиетті орны,
қасиетті қорығы деп есептеу қажет.

Егер біз қалыпты өмір сүру үшін жарамды әлемді сақтауға,
оны туындап келе жатқан жаңа нәрседен оқшаулауға, салдары мін­
детті түрде өркениеттің өзін келесі мыңжылдықта ірі жеңіліске
әкеліп соқтыратын өндірісті ұдайы өсірудің ессіз ұмтылысынан

құтылуға ниеттенсек, онда бізге күштердің ғаламдық тепе-
теңдігі мен саяси экономияның заңдарын қайта қарауымыз қажет.
Бұл заңдар өркениеттердің тарихын ұғынуға ғана емес, сипаты
жағынан түбегейлі (радикалды) болып келетін технологиялық

жаңашылдықтардың салдарынан болатын болашақ мәдениеттің
мутациясына (тектік өзгерісіне) да негізделуі тиіс. Біз өзіміздің
болашағымызды үнемі алға итермелеп, тіпті адами өмірдің ше­
караларын игеруге құлшына ұмтылатындай ғасыр етуге жол

бермеуіміз керек, ал мұндай өмір қашанда (барлық алдыңғы
өркениеттерде) Иван Ильич2 өзін-өзі шектеген «жер ізгілігі» деп
атаған биологиялық шеңберлермен анықталады.
Жаhандық тұтынушылық демократияның ұлы қайшылығы

қуанышқа деген, шаттық пен бақытқа деген құқықтың, таңдауға
деген құқықтың шын мәнінде біз өзіміздің балаларымызды
күштеп тықпалайтын улы зәр болып шығуымен сипатталады. Егер
адам, осы бір омыртқалы паразит, Жерді археологиялық жансыз

кеңістікке айналдырар болса, онда бұл оның материалдық игілік
туралы арманы өмірдің өзін жойып жібере алады. Біз өзіміздің
зайырлы идеяларымыздың салтанат құруына дейін жетуіміз үшін
бізге қасиеттіліктің жаңа анықтамасы қажет.

Теориялық шегініс
Болашақты жақсы түсіну үшін бізді күнделікті тығырыққа
тығып қоятын пиғылды айғақтардың мәнін айқындау үшін біз
қазіргі заманғы әлеуметтік ғылымдардың арасын байланыстыруға

үйренуіміз керек.
Бүгінгі күні әлеуметтік қатынастар тарихының түйінін шешуге,

шын мәнінде, осы қатынастарды анықтайтын, зорлықпен байла­
нысты болып келетін, ең алдымен тарихты сәйкесінше түсіндіруге
мүмкіндік беретін теориялық негізді меңгермей, қоғамның да­
муын болжау немесе оқиғаларды түсіндіру мүмкін емес. Осылай­

ша құрылған кез-келген үлгі жасанды құрылым болып табылады,
өйткені, Фернан Бродельдің3, «ол едәуір деңгейде анағұрлым
күрделі экономикалық және әлеуметтік нақтылықты бұрмалау
және тіпті оны өз ыңғайына қарай бейімдеу қаупін тудырады».

Дегенмен, мен тарих пен ғылымды араластыру арқылы адамзат
жадына қарай қысқа мерзімді және сондықтан да міндетті түрде
үзікті саяхат жасауға батыл бел буып отырмын. Бұл мейлінше кес­
телі саяхаттың негізіне жататын теориялар өзінің тамырын Фернан

Бродель, Жорж Дюмезиль, Рене Жирар, Клод Леви-Стросс, Илья
Пригожин, Мишель Серр, Ив Стурдзе және Иммануэль Валлерс­
тайн сияқты ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің түбіріне қарай
жайған.

Мен қазір орнығып отырған жаңа әлемдік тәртіптің, осыған
дейін болған басқалары сияқты өмір мен тарихтың заңдарына
бағынатынына сенімдімін. Олай болса, басынан бастайық.
Адам адаммен қарым-қатынасқа түскеніне – миллион жыл. От

жағудың ойлап табылғанына, ең болмағанда, бес жүз мың жыл
өтті. Сол уақыттан бері адамдар өздерінің мына әлемді түсіне ала­
тынын, тіпті өз әрекеттерімен оны өзгерте алатынын сезіне баста­
ды. Адамдардың белгілі бір ұстанымдарды, немесе мифтерді иге­

ре бастағанына он бес мың жыл өтті, соның арқасында әлеуметтік
өмір пайда болды. Тек он мың жыл бұрын ғана адамдар бірігіп
қоныстанатын мекендерде тұра бастады, отырықшы өмір тәртібіне
көшті. Ақырында адами қатынастардың белгілі бір әлеуметтік са­

ласында ақшаның үстемдік ете бастаған уақытынан мың жылдан
азырақ уақыт өтті. Өзіміздің бұрынғы өткеніміз туралы білімдерді
талдамай тұрып, біз өзіміздің кім екенімізді ұғына аламыз? Өзіне
тірі қалуға мүмкіндік беретіндей адамның миы қандай тәжірибе

жинақтады?
Алдымен кейбір ұғымдарды анықтап алайық.
Мен өзіне өмір сүруге мүмкіндік беретін, қандай да бір
ұйымдасушылығы бар кез-келген адамдардың тобын – отбасын,

тайпаны, ауылды, қаланы, елді немес халықаралық ұйымды -
әлеуметтік формалық түзілім деп атаймын. Осындай әлеуметтік
формалық түзілімдерде өмірді ұстап тұру үшін адамдарға осы
түзілімнің өзге мүшелері тарапынан болатын да, жаратылыстың өз

анықтамасы бойынша болатын да зорлыққа көндігіп өмір сүруге
үйрену қажет болды. Барлық тұрпайы қоғамдар зорлықтың осы
екі түрімен миф арқылы күреседі. Оларда қарапайым ғана даналық
бейнеленген: белгілі бір заттарды ғана иеленуге деген ұмтылыстан

болатын қақтығыстың нәтижесінде туындайтын адамдар арасын­
да үнемі орын алатын зорлық олардың бәсекелестігінен пайда
болады. Елена сұлудың кесірінен өршіген Троя соғысы – соның
жарқын мысалы. Қалай әлдекімде бір нәрсені иелену құштарлығы

пайда болса, дәл сондай құштарлық екіншісінде де оянады. Ал
осындай ұқсас құштарлық оянған жерде, міндетті түрде, зорлық
та пайда болады.
Әлеуметтік

түзілімдердің
бұзылу
қаупін
тудыратын

бәсекелестікті бәсеңдету үшін адамдар сатылы (иерархиялы)
ұйымды ойлап тапты. Олар қандай да бір топтың мүшелеріне мүмкін
болар зорлықты, бір мезгілде әрі қожайын, әрі «қарақұлақ» бола­
тын бір адамның мойнына жүктеу құқығын беретін құндылықтар

мен ерекшеліктердің сатысын қалыптастырды. Жалғыз билеушіге
зорлық жасау құқығын бере отырып, топтың өзге мүшелері соны­
сымен жанама түрде тәртіп орнықтырады. Осылайша, белгілі бір
тұлғаға зорлық жасау құқығын беру арқылы және қажет кезінде

соған жүгіну арқылы тәртіп бекітіледі.
Табиғаттың тылсым күштерінің жасайтын зорлығын бақылау
да адамдардың тудыратын зорлығын қадағалау сияқты тәсілмен
қамтамасыз етіледі: бір индивидуумды таңдап алып, оған тылсым

құдіретті күш бергеннен кейін, ана дүниеде тірілердің мүддесін
қорғауы үшін оны жер асты әлеміне жөнелтеді. Сол себепті де
барлық тұрпайы қоғамдарда билеуші мен абыз құдайға ұқсап ке­
тетін бір тұлғаға біріктіріледі. Содан кейін топқа одан өмір сүру

үшін күресу мүмкіндігін беру мақсатында оны не таза рәміздік
түрде, не шын мәнінде құрбандыққа шалады. Оның міндетіне өз
азаматтарының арасында туындайтын мүмкін болар барлық дау-
дамайды шешу және оларға құдай алдында араша түсу кіреді.

Құрбандық шалусыз тұрақты, ұйымдасқан қоғам болуы мүмкін
емес. Аласапырансыз (хаоссыз) тәртіп те болмайды. Алайда, ол
мұндай құрбан шалу тоқтаусыз және үнемі қызмет ету үшін, оны
абыздар үнемі қайталап отыруы және билеушілер бағынуы тиіс

қандай да бір мифтің сәйкес пішімін қабылдауы керек. Тылсым
күшке деген сенім, зорлықтың алдын ала отырып, тәртіптің іргета­
сын қалайды. Әлеуметтік формалық түзілімдердің отырықшы өмір
тәртібіне көшкен тұсынан – бұл біздің заманымыздан он мың жыл

бұрын орын алған тәрізді – зорлықты бақылаудың үш тәсілі бол­ ды: діни, әскери және экономикалық. Мұның біріншісі – адамның табиғатпен және өлу айғағымен өзара қарым-қатынасын, екіншісі – әр түрлі әлеуметтік пішіндік түзілімдердің арасындағы өзара қарым-қатынастарды, ал үшіншісі әрбір әлеуметтік формалық түзілімдердің арасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтайды. Зорлықты бақылайтын бұл үш тәсіл әлеуметтік пішіндік түзілімдердің белгілі бір типіне немесе әлеуметтік құрылымға тән биліктің формаларын анықтайды. Сәйкесінше діни, әскери күштер мен ақшаның билігі деп атауға болатын биліктің барлық осы түрлері өзіне дейінгілерге сүйене отырып, бірін бірі алмас­ тырады. Уақыт өте келе олардың расынан бірі алға шығып, үстем ұстанымдарды басып алады, бірақ бұл өзгелерінің қызмет етуін тоқтатқанын білдірмейді. Мұндай эволюция – биліктің бір пішімі­ нан екіншісіне өту – әдетте, дамудың қандай да бір жеке, жарқын сатыларында жүзеге аспайды. Діни биліктің көптеген өзгешеліктері әскери күштің билігі тұсында да көрініс таба алады, бірақ биліктің бұл екі түрі де ақшаның бекіткен билігінде сіңіріліп кетеді, яғни бұл соңғысы бүгінгі күні сіз бен біздің өмір сүріп отырған әлемді анықтайды. Биліктің осы үштігі бүгіндері де өзгеріссіз сақталып отыр. Ол бізден ешқайда қашып кеткен жоқ. Бұл біздің қашанда зорлыққа сүйене отырып, келіссөздерге жүгінетінімізден болады. Әлеуметтік формалық түзілімдер мен құрылымдардың ұдайы өсуіне орай зорлықты бақылау енді тек жалғыз дін тарапынан ғана жүргізілмейді, ол ішінара саяси функцияларға да, экономикалық функцияларға да ие болады. Ұлы империялар дәуірінде зорлық пен өлім арасындағы байла­ ныс шіркеу мен әскери күштің билігімен айқындалады, ал капита­ лизм орнаған кезде, бұл байланыс әскери күш пен ақша арасындағы байланыспен бекиді. Он мың жыл бұрын адамдар Жерге шашылып таралған, ұсақ топтар түрінде өмір сүрді. Мифтер бір «қарақұлаққа» шоғырланған әлеуметтік тәртіптердің қалыптасуына әкелді. Бастапқыда мұндай тұлға, шын мәнінде, басқа барлығынан жоғары тұрған және ерек­ ше беделмен қатар, қақтығысты шешу билігіне ие ет пен сүйектен жаралған адам болатын. Мысалы, абыз көсем болып табылды; ол топ мүшелерінің әрқайсысына – еркекке, әйелге және балаға – қасиетті дінге қатысты (атқарым (роль – ред.) бөліп бере оты­ рып, олардың арасында зорлықты азайтуға тырысады. Әлемдегі барлық нәрсеге өмір берілген: табиғаттың өзіне де, адам қолынан

шыққан бұйымдарға да. Әр нәрсенің ішінде рухы болады. Мұндай
нәрселермен алмасу өмірді алмастыруды білдіреді; тірі қалу үшін
жануардың етін немесе өсімдіктің жемісін жеуге тура келеді. Осы­
лайша, еттің байытылған энергиясын қоректенуге қолдану, бір

қырынан алғанда, каннибализмнің (адамжеушіліктің) көрінісі бол­
ды. Діндарлардың бекіткен тәртібі барысында адам тұтынумен не­
месе заттарды иеленумен өмір сүреді, дегенмен екеуі де бір нәрсе.
Мұндай дүниетанымның шеңберіне кірмей қалатындай ештеңе де

жоқ, – өмір де, өлім де, өнер де соған еніп кетеді.
Осыдан төрт мың жыл бұрын ауылшаруашылық және
демографиялық мұқтаждықтардың салдарынан ауылдар біріге
бастады. Вавилонда, Қытайда, Үндістанда, Жапонияда, Амери­

ка және Африкада діндарлар орнатқан тәртіпті, бәсекелестікті
дұрыс арнаға түсіру үшін және даулы мәселелерді реттеу кезінде
арашашы рөлін атқару үшін күштің орнатқан тәртібі ығыстыра
бастады. Күнәhарларды діндарлардан айырып, оларды тиісінше

жазалайтын абыздың міндетін полиция өз мойнына алды. Билеу­
ші қасиетті мәңгі биліктің тізгінін өз қолына алды; бастапқыда ол
Құдайдың атынан басқарды, ал кейін егер өз мүддесіне сай келіп
жатса, күш қолданатын болды. Оның құдіретті рөлін сипаттайтын

нәрселерді ол тек өзі ғана иеленетін болды. Тек сол ғана мазарлар
мен қабірлер түрінде Жер бетінде өмір сүргенін куәландыратын
із қалдыра алды, ал мұндай адамның туылуы жаңа билеушінің
туғанын білдірді. Қалғандары дүниеден ізсіз-түссіз өтіп жатты.

Барлық нәрселер өзінің рухани мәнін жоғалтты, олар саудасын
полиция реттеп отыратын кәдуілгі тауарларға айналды. Күшке не­
гізделген тәртіп б.з.д. VІІ ғасырдың басында ақшаға негізделген
тәртіп өзіне жол сала бастағанның өзінде міз бақпай сақталып

тұрды. Бірақ бұл соңғы тәртіп тек жиырма жүзжылдықтан кейін
толық жеңіске жете алды.
Азияның ұлы империяларынан алыста жатқан Еуропаның кіш­
кентай қалаларында б.з. 1000 жылында адамның санасын ақша ай­

налымы туралы идея жаулап ала бастады. Ақша дүниедеге барлық
затты қандай да бір өлшеммен, әмбебап стандартпен бағалауға
болады деген ойға әкелді. Мұндай идея кез-келген айырбас пен
ақпарат тасымалдауды түбегейлі қарапайымдандырып жібер­

ді. Осылайша адамдардың арасындағы жеке бәсекелестік кімнің
қанша ақша көлеміне ие екендігімен анықталатын болды.
Ақша айналымының тез таралуының тағы бір себебі, зорлықты
бақылаудың барлық бұрынғы тәсілдерімен салыстырғанда, оның

айрықша прогрестілігімен сипатталады. Заттардың құндылығы
енді оны жасап шығарған адамдардың өмірінің өлшемі болудан
қалды және осы заттарға ие адамдардың күшіне де бағынбайтын
болды. Енді осы барлық заттардың артында ақша тұрды. Ол

айналымға тауарлардың анағұрлым көп мөлшерін енгізуге және
алыс қашықтықтан-ақ олармен сауда жасауға қабілетті еді. Мұның
барысында байлықтың жинақталуы алдыңғылардан анағұрлым
артық жағдайларда жүзеге асты. Әр алуан тауарлар көпестің өзінің

өміріне қауіп төндірмей, еркін айналымға түсе алатын болды.
Ақша (немесе басқаша айтқанда: «нарық» немесе «капита­
лизм» - барлық бұл атаулар мейлінше күрделі, өзара байланысты
тұжырымдамалар үшін жарамды) өзін адамдарға таңа отырып,

зорлыққа бақылау жасаудың түбегейлі жаңа тәсіліне айналды және
осынысымен діндарлық пен күшке негізделген ескі тәртіптерден
едәуір асып түсті. Ақшаға негізделген тәртіп барысында билік
ақшаның мөлшерімен анықталды, соның арқасында оның иесі

бастапқыда күштің көмегімен, ал кейіннен заң арқылы бақылау
жүргізді. Ақша айналымына қарсы шығып, бекітілген тәртіпке
қауіп төндіретін ақшасы жоқ адам «қарақұлаққа» айналады. Енді
діндарлар бекіткен тәртіптегідей алапес емес, күшке негізделген

тәртіптегідей бұзақы емес, қайыршы, кедей немесе қаңғыбас
«қарақұлаққа» айналады.
Әлемнің барлық бәсекелес империяларында орын алғандай
көптеген әлеуметтік түзілімдер иық тіресіп қатар өмір сүре ала­

тын алдыңғы екі тәртіппен салыстырғанда, ақшаға негізделген
тәртіп ғаламдық міндетті немесе миссияны мақсат ете отырып,
қандай да бір ерекше әлеуметтік форматүзілім шеңберінде кез-кел­
ген сәтте орнығады. Мұндай тәртіп барысында әртүрлі әлеуметтік

форматүзілімдер өздерінің арасында туындаған зорлықты бел­
гілі бір бағытқа бұратын тауар негізінде өзара бірігеді. Ақшаның
билігі барлық жерде үстемдік етті, ол көрші аймақтардағы әртүрлі
әлеуметтік форматүзілімдер арасында болатын өзара қарым-

қатынастардың заңдарын орнықтырды.
XІІІ жүзжылдықта капиталистік нарық деп атауға бола­
тын құбылыс қалыптаса бастағанда, бірқатар экономикалық
құрылымдар немесе түзілімдер пайда болды және қоғам оларды

реттеуге деген үрдіс байқата бастады. Бұл түзілімдердің әрқайсысы
ерекше технологияға, әдетте энергияны немесе транспортты пайда­
лану, байланыс технологиясына негізделді. Мұндай технология өз
кезегінде, ұсыныс пен сұранысты ынталандыратын экономикалық

қозғалтқыш болып табылады. Егер кең мағынада айтар болсақ, XІV ғасырдан бастап, мұндай түзілімдердің саны сегіз болды. Біз бүгінде реті бойынша оныншы, жаңа нарықтық құрылымға аяқ басып отырғандықтан, бізге осындай құрылымды не анықтайтынын білу қажет. Мұндай форматүзілімдердің орталығында барлығына үстемдік ететін негізгі қаржылық, мәдени және идеологиялық билік (бірақ, саяси биліктің бо­ луы міндетті емес) шоғырланған қала орын тебеді. Әдеттегідей, нарықты элита (ақсүйек) бақылайды, ол тауарлардың өтуі мен бағаны реттейді: элита пайда табады, оның барлығын өз қолына шоғырландырады, жұмыс күші мен жалақыға бақылау жасайды, шығармашылық қызмет пен зерттеулерді қаржыландырады. Эли­ та билікті қолдайтын идеологияны анықтайды. Діни төңкерістер бұл жағынан алғанда, көбіне анықтаушы факторларға айналады. Орталықтың қолындағы валюта халықаралық айырбастарда үстем болады. Жан-жақтан суретшілер мен ұсталар келеді, олар сарайлар мене мазарлар тұрғызады, портреттер мен натюрморттар салады. Мұндай орталықтың төңірегіне орталықтан тауар алатын көптеген елдер мен дамыған белгілі бір орта немесе орталыққа тартылған аймақ қалыптасады. Бұл жерден гүлденген неме­ се құлдыраған аймақтардың ескі және жаңа орталықтарын кез­ дестіруге болады. Одан ары әлі күнге дейін ішінара күшке негізделген тәртіп өмір сүріп отырған шеткері аймақ (периферия) орналасады. Оған орталыққа да, оған жапсарлас аудандарға да өз еңбегі мен шикі­ затын сататын, бірақ орталықтың байлығына қолы жетпейтін қаналушы аймақтар кіреді. Кез-келген нарықтық құрылым энергияны жұмсау мен байла­ нысты ұйымдастыру барысында алдыңғыларымен салыстырғанда анағұрлым тиімді технологияларды қолданады. Тауарға деген сұранысты ұстап тұруға қабілетті материалдық құндылықтардың жеткілікті мөлшерін құра алғанша кез-келген құрылым тұрақты болып қала береді. Ал бұл қабілеттің ақауы байқалып, қиындықтар туа бастаса, онда мұндай нарықтық құрылым әлсірейді. Ол өзіне баламалы құрылым үшін осалдық танытады, баламалы құрылым ұлттардың бекіткен иерархиясы мен үстем технологиясын бұзады. Осылайша, нарықтық құрылым екі ұзақ мерзімді хаостың арасында қысылып қалып, салыстырмалы түрде қысқа мерзімді тұрақты өмірді қанағат тұтады. Хаостың әлемнің табиғи жағдайы

екендігін ескеру қажет, ал нарықтық құрылымның көрстекен тұрақтылығы – бұл ережеден гөрі кездейсоқтыққа жақын. Біз қарастырып отырған кез-келген сәтте нарықтық қоғам не алдыңғы құрылымнан босану жағдайында, не қандай да бір жаңа түзілімге жақындау жағдайында болады. Босаңдықпен және айқын регресси­ ямен сипатталатын осы екі құрылымның арасындағы ұзақ мерзімді кезең дағдарыс деп аталады. Бұл сұранысты қалыптастыру және кейін оны ұстап тұру үшін өте жоғары баға төлейтін жағдайда, яғни мұндай нарықтық құрылымды қорғау үшін әскери мұқтаждыққа өте көп ақша жұмсалатын және сонымен қатар тұтынушылардың төлем қабілеттіліктерін сақтап қалу қажет болған жағдайда орын алады. Дағдарыс бір жерде жаңа технология пайда болғанша, жаңа ойлау қалыптасқанға дейін, ал жаңа әлеуметтік қатынастар сұранысқа тиімді ықпал ете алмай, сонысымен өзіндік құн үлесін жалпы қосымша құн деңгейіне дейін көтере алмайтындай жағдайға жет­ кізгенге дейін созылады. Ол жаңа ұйымдастырушылық құрылым туған кезде, жаңа орталық пайда болған кезде, жаңа технологиялар мен әлеуметтік қатынастар нарықта кез-келген бизнеске жол бер­ ген кезде, олар қосымша құнды қалыптастыра отырып, нарықтық емес қызметтерді нарықта жаппай сұранысқа ие бұйымдармен алматырған кезде аяқталады. Осылайша, кез-келген дағдарысқа әлемдік үстемдікті көксейтін, ұлттар сатысында өз орнын нығайтуды аңсайтын өзара бәсекелес елдер қатысады. Мұның барысында туындаған халықаралық қатынастардың негізгі элементтері бұл елдердің дайындаған орталыққа жапсарлас аймақтарда қалу, немесе өздерінің орталыққа айналу, немесе, ақырында, егер олар нарықтық тәртіптен тыс қалып келе жатса, сол шеткері аймақтан шығу мүддесін көздейтін стратегияларымен түсіндіріледі. Бүгінгі күні біз бір дағдарыстың ақырғы кезеңінің және осын­ дай өзгерістердің басталуының куәсі болып отырмыз. Бұл өтпелі кезеңнің мүмкін болар нәтижелерін ұғыну үшін біз алдыңғы нарықтық құрылымдардың кейбір, өздеріне тән белгілерін талдай­ мыз. XІІІ ғасырдан XX ғасыр бойына бірін-бірі алмастырған сегіз құрылым болды, олар мына төмендегі сегіз орталықпен сипаттала­ тын: Брюгге (1300 ж.), Венеция (1450 ж.), Антверпен (1500 ж.), Ге­ нуя (1550 ж), Амстердам (1650 ж.), Лондон (1750 ж.), Бостон (1880 ж.) және Нью-Йорк (1930 ж.) және олар негізгі сегіз технологиялық жаңашылдықпен ерекшеленді, олардың басты-бастыларына мы­

налар жатады: баспа станогы, бухгалтерлік есеп, кеме бұраны, тез
жүретін голланд тегісбеткейі, каравелла, бу қозғалтқышы, іштен
жанатын қозғалтқыш, электромотор.
Анағұрлым тиімді технологияны ойлап табудан өндіріс

жақсарады және қоғам тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын
төмендету мүмкіндігін табады. Жаппай өндірістің жаңа тауарлары
бұрын нарықтан тыс болып келген, көп жұмыс күшін талап ететін
қызметтердің орнына келеді және осылайша жаңа материалдық

байлықтар пайда болады. Мысалы, өгіз жегілген арбаның немесе
жылқыға жегілетін фургонның орнына автомобиль, шылапшынның
орнына кір жуғыш машина келеді; ұзақ кештердегі көріністер
тарихын театр ығыстырып шығарады, ал театрдың орнына теле­

дидар келеді. Үнемі кеңейе түскен нарықтың ақылға сыймайтын
қисыны нарықты қымбат, көп жұмыс талап ететін тауарлар мен
қызметтермен толтыруды емес, тұтынушыға арзан тауарлардың
көп мөлшерін ұсынумен толтыруды талап етеді. Әрбір кейінгі

нарықтық құрылымның пайда болуымен тұтыну мен өндірістің
бастапқы ұясы – отбасы – барған сайын өзінің биологиялық өзегіне
жақындай түседі, ал оның әуел бастапқы функциялары (тамақ табу,
киім, баспана табу болсын) нарыққа беріледі. Бүгінгі күні отбасы­

на ыдырау қаупі айқын төніп отыр, өйткені кезінде оның мүшелері
бір-біріне тегін көрсеткен нәрселерін енді төлемді қажет ететін
бұқаралық сұраныс тауарларымен алмасып отыр.
Бродель бұл үдерісті тамаша түсінді: «Әлемдік экономиканың

негізгі орталығы қашанда оның белсенділік торабын басты
қамтамасыз ететін қала болды. Ақпарат, тауарлар, капитал, не­
сие, адамдар, әртүрлі нұсқаулар, корреспонденция – осының бәрі
қалаға құйылады және одан тасқын боп, ағып шығады. Сауда

заңдарын орнықтыратын оның құдіретті көпестері, кейде орасан
зор байлыққа ие болады». Бірақ бұл дүниеде ештеңенің де мәңгі
еместігі Бродельге мәлім болатын: «Капиталистік қалалардың
осы тасқын энергиясының ең басты кемшілігі қаладағы өмірдің

анағұрлым жоғары шығындарды талап ететін инфляцияның үнемі
жоғары деңгейде тұратынын айтпағанның өзінде, өмірдің құнының
өзі жоғары деңгейі болатын». Нәтижесінде ол мынадай түйінге ке­
леді: «Жағдайдың басымдылығы белгілі жағдайда тұрақты болып

келеді, бірақ үнемі өзгереді... Мұндай ауытқушылықтар... қашанда
мәнді болады; олар тарихтың бейбіт ағымын бұрады... бұрынғы
тепе-теңдіктің қауіптілігін айқындайды және оның орнына келген
күштердің сипатын айқарып ашады... Әлемдік экономикада белгілі

бір уақыт кесіндісінде тек бір ғана орталық бола алады. Біреуінің

табысқа жетуі ертелі-кеш өзгесінің құлдырауын білдіреді». Бұл жерде мынадай негізгі сұрақ туындайды: «Қандай да бір аймақтың немесе қаланың осындай орталыққа айналуын кім шешеді?». Егер индустриялық және саяси қауымдардың барлық жұлдыздары қандай да бір мәдени жобаны жүзеге асыру үшін өздерінің барлық ресур­ старын жаңа технологияларды дамытуға жұмсап, коммуникацияның өзгеше құралдарын қалыптастыруды жеделдету жолында біріксе, онда қала осындай орталыққа айналады. Техникалық жаңалықтар ой­ лап табуға деген осындай ұмтылыстың арқасында олар белгілі бір та­ рихи кезеңде әлемдегі кез-келген өзге адамдар тобына қарағанда жаңа тауарлар түріне деген айқын жалпы мұқтаждықты өтеуге анағұрлым дайын болып келеді. Туындаған мәселені түбегейлі шешу үшін, бәсекелестеріне қарағанда ұшқыр қиялмен әрекет етуге қабілетті ұлт қажет. Мысалы, бидай өсіру үшін жер тапшылығын қатты сезінген Амстердам, XVІІ ғасырда бояу өнеркәсібін жедел қарқынмен дамыт­ ты. Англияда көмір қорының қажетті мөлшерінің жетіспеушілігі, бүкіл осы елде бу қозғалтқышының жедел таралуының басты себебі болған тәрізді. Мұндай оқиғалар көбіне уақыты бойынша діни санадағы не­ месе саяси әрекеттегі түбегейлі өзгерістермен дөп келіп жатады: біздің дәуіріміздің технологиялық жаңалықтары сияқты Амстер­ дам мен Лондонның орталық ретінде бекітілуінде Лютер мен Локк фигураларының маңызы бір де кем емес. Бүгін Токио да дәл сол сияқты өзінің географиялық шеңберлерін дамыта алмағанмен, миниатюрландыру техникасын барынша жетілдірді. «Ойлап табудағы қулық» мызғымас экономикалық ақиқат болып отыр. Материалдық молшылық, географиялық орналасудың кеңшілігі осындай орталықтардың орнығуына сирек әкеледі. Осыған орай, өткен нарықтық құрылымдарда да, болашақта орнығатындарында да орталық ешқашанда жоғарғы жазмыштан туындайтын ғаламдық саясаттың орталығы бола алмайды. Мей­ лінше көп жағдайда қарсыластарын қанға бояй отырып, соғыстан аман қала білген қалалар орталыққа айналды (бұл тағылым тура­ лы Американың әлемдегі болашақ орнына лайықты баға бергенде ұмытпауымыз керек). Сегізінші нарықтық құрылым біздің ғасырымыздың 30-жыл­ дарында пайда болды. Оның орталығы тұтынушының уақытын едәуір үнемдеген ұзақ мерзімді сұраныстың тауарлары – кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар мен шаңсорғыштардың пай­ да болуына әкелген электромотор технологиясының арқасында гүлденіп, кең байтақ аймақтың нақты астанасына айналған

Нью-Йорк болды. Екінші дүниежүзілік соғыс мұндай нарықтық құрылымның дамуына серпін берді. Ұзақ мерзімді тауарларға ие болуға деген американдықтардың ұмтылысы Кейнстің экономикалық мектебінің өкілдерінің, сондай-ақ «Жаңа курс» деген атауға ие болған бірқатар экономикалық шаралардың арқасында қанағаттандырылды. Олар соғыстан кейінгі жылдары әлеуметтік мұқтаждықтарға ірі қаржы жұмсалатынын алдын ала білді және ең алдымен, американдықтардың сатып алушылық қабілетінің нығаюына, сондай-ақ ел тұрғындарының көпшілігіне жылжымайтын мүлік беруге бағдар ұстанды. Оңай қолға тиетін несиелер тұтынушыларға үнемі жаңа тауарлар алуға мүмкіндік берді. Мэдисон-авеню мен Уолл-стрит әр алуан тауарлар үшін нарық қалыптастыру мен оларды кеңейту үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Орталығы Нью-Йорк болған нарықтық құрылым күмәнсіз үстемдікке қол жеткізді және бұл жағдай 60-жылдардың ортасына дейін сақталды. Одан кейін көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының күрт қымбаттауы нәтижесінде дағдарысқа килікті. Бұл орталық пен негізгі валютамен қамтамасыз етіліп отырған оған жапсарлас жатқан аймақтарда анархия (бей-берекетсіздік) орна­ ды. Және мұндай дағдарыс қандай джа бір жаңа орталық және жаңа тұтынушылық тауарлар пайда болғанға дейін жалғаса беретін болады. Әлемдік орталықтардың даму ағымын және құлдырау себебін көрсетіп беретін экономикалық үлгілер біз қазір табалдырығын аттаған өтпелі кезеңнің мәнін ұғынуға септігін тигізеді. Оған тал­ дау жасау сегізінші нарықтық құрылымның орталығы ретіндегі сатыны ұстап тұруға ұмтылған және сонысымен өз тегеуірінді шабуылын үдетіп, тоғызыншы нарықтық құрылымның орталығы болуға тырысып отырған Еуропа мен Азияның жоғары өрлеуіне кедергі жасауға деген күш-жігерін лайықты түрде бағалауға және терең ұғынуға мүмкіндік береді. Түсініктемелер 1 Поляк ақыны, Нобель сыйлығының иегері. АҚШ-да тұрады. 2 Әңгіме Л.Н. Толстойдың «Иван Ильичтің қазасы» повестінің кейіпкері туралы болып отыр. 3 Фернан Бродель – француз тарихшысы. Аттали Ж. На пороге нового тысячелетия. Глава 1. М.: Международные отношения. 1993. С. 2-12.

Жан Бодрийяр ҮНДЕМЕС КӨПШІЛІКТІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ Әлеуметтіліктің барлық сапырылысының қордалануы осы борпылдақ нысанның төңірегінде болады, сонымен қатар, бір жағынан, ешнәрсе өтпейтін және екінші жағынан мөлдір нақтылықтың, яғни бұқараның айналасында үйіріледі. Статистиканың сиқырлы хрусталды шары “ток пен ағыстардан құралған” материя мен табиғи стихияға ұқсас болып келеді. Әйтеуір, біз оларды осылай өзімізге елестетеміз. Олар “маг­ ниттелген” кейіпте болуы мүмкін, өйткені әлеуметтілік оларды статикалық электр ретінде қоршап тұрады. Бірақ олар көбінесе “бұқара” деген сөздің тікелей мағынасын қалыптастырады. Басқаша айтқанда әлеуметтілік пен саясилықтың барлық электр­ лігін жұтып қояды және оларды қайтпастай бейтараптайды. Олар саясилықтың да, әлеуметтіліктің де жақсы өткізгіші болып табыл­ майды және оларды жалпы жақсы өткізгіш деп атауға да болмай­ ды. Оларды барлығы бойлай өтеді, оларды барлығы магниттейді, бірақ сонымен қатар ол жерде барлығы ешқандай із қалдырмай сейіліп кетеді. Бұқараға қарай шақырыс үнемі жауапсыз қалып отырады. Олар сәулеленбейді, керісінше, Мемлекеттің, Тарихтың, Мәдениеттің, Мағынаның шеткі шоқжұлдыздарының сәулеленуін жұтып қойып отырады. Сонымен олар дегеніміз үдеу, яғни үдеудің құдіреті, бейтараптылықтың билігі болып табылады. Міне, осы мағынада бұқара жоғарғы деңгейдегі имплозивті құбылыс ретінде қазіргі кезеңнің сипаттамасы болып көрінеді1. Ол ешқандай дәстүрлі тəжірибемен де, дәстүрлі теориямен де игеріл­ мейді және жалпы алғанда, тіптен, кез келген теориямен де, кел келген практикамен игерілмеуі мүмкін деуге болады. Олар бұқаралар сылбырлық пен буырқанған бұрқ етудің ара­ сында тербетілгендей болып елестейді, бірақ әрбір кезде мүмкіндігі бар қуат сияқты, әлеуметтілік пен әлеуметтік белсенділіктің қоры сияқты болып көрінеді: бүгін олар үнсіз нысан, ертең - өзіне сөз ти­ генде “үндемес көпшілік” болмайды, ол тарихтың басты қозғаушы күшіне айналады. Дегенмен бұқара баяндап беретіндей өткен мен болашаққа ие емес. Оларда жарыққа шығатын жасырын күштер де жүзеге асыратын ұмтылыстар да жоқ. Олардың күші өзекті бо­ латыны барынша үндеместігінде2. Бұқараға әсер ететін күш бей­ тараптандырушы күш болып табылады, ол барлық күштерден

үстемдеу болып тұрады. Селсоқтықтың ерекше күші, қызмет ету принципі өндірістің барлық схемаларына, тарауына және біздің елестетуіміздің негізінде жататын кеңею қағидасына бөтен болып келеді. Өйткені, оның ішінде осы сызбаларды күйрететін елесте­ ту де бар. Біздің пайымдау жүйелеріміздің барлығы имплозияның (имплозияға “процесс” деген сөзді қолдануға бола ма деген сау­ ал да туындайды) қол жетпес өзіндік сұлбасына сүрінеді және ол алдыңғыларға қарсы барлық мағыналарды белсендендіре отырып, ойынның барлық түрлерін жарқырата түсіп және ең бастысы мәнмағынаның күйреуін жасыра келе барынша қарсы тұра алады. Әлеуметтіліктің вакуумында өтпелі нысандар мен кристаллдық топтасулар орын ауыстырады. Олар бір-бірімен анықтық пен күңгірттіктіктің пайымдық өрісінде түйіседі. Жекелеген бөліктердің бостығымен жалғасатын, әлеуметтіліктің үзінділерден және ақпарат құралдары тарататын импульстерден тұратын бұқара дегеніміз осындай: өтпейтін тұман, күшейе түсетін тығыздық және ол кезегінде қоршаған ортаның қуаттың ағындары мен жарық ұшқындарын жұтып қояды және сол ауырлықтың әсерінен өзі соның астында қалады. Әлеуметтік қара ойыққа жұтылып кетеді. Сонымен, ол “социологиялық” деп белгіленетін дүниеге толық қарама-қарсылыққа айналады. Социология тек әлеуметтіліктің эк­ спансиясы мен кейбір қырларын баяндап беруге шамасы келеді. Ол тек әлеуметтілікке оңды қатынас арқылы өмір сүріп отыр3. Әлеуметтілік имплозиясы одан жылыстай береді. Әлеуметтіліктің өлімі туралы болжамдар оның өзінің өлімінің болжамы болып та­ былады. “Бұқара” термині арқылы ұғым түсінілмейді. Жалпы осы са­ яси демагогияда үнемі қолданылатын сөздің артында қарабайыр талдауға жататын бос кеуде түсінік тұр. Өзіне берік социоло­ гия оның шектеулі тұстарын әлеуметтік-кәсіби және таптық мағынадағы “нәзіктеу” категорияларды, мәдени мәртебенің ұғымдарын және т.б. қолдана отырып жеңгісі келеді. Қателікке толы стратегия: осы бойкүйез және сындарлы емес түсініктерді маңайлап жүріп (бір кездегі “мананың” айналғанындай4) сыни социологияға қарағанда әрі қарай баруға болады. Десек те, кезінде тап, әлеуметтік қатынастар, билік, мәртебе, институттар ұғымдары және әлеуметтік ұғымының өзін қосқанда әлеуметтілік туралы заңдастырылған ғылымдардың негізін құрайтын анық ұғымдар болып табылады. Бірақ олар туралы да бір кезде күңгірт түсініктер болған еді, енді олар қазір талдауға түспей-ақ белгілі бір кодқа ие болғандай.

“Бұқара” терминінің мазмұнын анықтауға тырысу қисынсыз, бұл – өзінің мағынасы жоқ нәрсеге мағына беруге талпынған әрекет. Әдетте “Еңбекшілер бұқарасы” деп айтады. Бірақ бұқара ешқашан еңбекшілер бұқарасы және басқа кейбір әлеуметтік субъектінің немесе объектінің бұқарасы емес5. Ежелгі кезеңдегі “Шаруалар бұқарасы” шын мәнінде бұқара болған емес: бұқараны өзінің рәміздік міндеттерінен еркін жүргендер, “тордан босағандар”6 және әр түрлі үлгілерді көпқырлы нәтижесі (termіnal) болу ғана бұйырғандар құрайды. Олар статикалық қалдықтар түрінде ғана көрініс береді. Бұқара атрибутқа да, предикатқа да, сапаға да, референцияға да ие емес. Міне оның анықтылығы да, радикал­ ды анықсыздығы да осында. Ол социологиялық “нақтылыққа” ие болмайды. Онда белгілі бір нақты тұрғындармен, немесе корпо­ рациямен, кейбір әлеуметтік қауымдастықпен ортақ ешнәрсе жоқ. Оны жіктеуге деген деген кез келген талпыныс социологияның қолына берумен бірдей және оны шексіз сандағы жеке адамдардың қосындысы деуге болады, яғни 1+1+1+1 – оның социологиялық анықтамасы болып табылады, басқаша айтқанда тепе-теңділіктің айырмасыздығы деп бағалауға болады7. Бұқарада біреуінің екіншісінен полярлығы енді жоқ. Міне, осы­ нысымен бұқара полюстерінің айырмашылығы барлығымен өмір сүретін, барлық жүйелерде сезінетін осы бостылық пен қиратушы күш қалыптасады. Осы жердегі мағынаның алмасуының мүмкін еместігі атомдардың бостықта жайылып кеткеніндей бірден жойылып кетуімен анықталады. Міне осы себептерге байланыс­ ты бұқарада жатсыну да болуы мүмкін емес. Онда алдыңғысы да, соңғысы да жоқ. Сөзден айрылған бұқара тарихтан айрылған сөз иегерлерінің алдында құшағын жаяды. Бұл үндемейтін бұқара мен айтары жоқтардың арасындағы керемет одақ болып табылады. Барлық дискурстардың мағынасыз бірдеңкесі. Фашизм сияқты барлық жоғалған жүйелер референциясының симуляциясы тұңғиығы болып табылады8. Ол барлық деңгейдегі сұраныстарда жоқ референциалдылықтың, барлық анықталмаған мағыналардың, мүмкін емес тарихтың, жылжып отыратын түсініктердің қара жәшігі. Бұқара дегеніміз әлеуметтілік бүтіндей ұмытылған кезде қалатын нәрсе. Мағынаны таратуға болмайтындығына келетін болсақ, онда ең жақсы мысал – Құдай болып табылады. Бұқаралар оның тек бейнесіне ғана назар аударады. Бірақ Идеяда жұмысы жоқ.

Олар Құдайлық Идеясына, күнә мәселесіне және жеке бастың
құтқарылуына жақын келген емес, ол тек клириктердің назарындағы
іске айналды. Оларды қызықтарған нәрсе азапқа түскендер мен
әулиелер, қорқынышты сот пен өлімнің биі болды, сонымен қатар

Идеяның трансценденттігіне жатпайтын шіркеулік театралдық
қойылымдар және салтанаттар сияқты кереметтер болды9. Олар
пұтқа табынатындар болатын, олар икондарға, ырымдарға, жын-
перілерге сүйене отырып, Жоғарғы Күштер туралы ойларға ба­

сын ауыртқан емес. Сенімдегі рухани асқақтаумен салыстырғанда
құлдырау практикасы десе де болады емес пе? Солай деуге де бо­
латын сияқты. Жайдақ ритуалдылықпен және бүлдіруші имитаци­
ямен мораль мен сенімнің категориялық императивін талқандау,

олардың мағынасын жоққа шығарған ұлы императив - бұның
бәрі олардың қолтаңбасы. Олардың діннің жоғарғы нұрына шыға
алмағынымен қоймай, олар оны шеттетіп тастады. Олар сенім
үшін, қасиетті іс үшін, идол үшін өлуге дайын. Бірақ діннің бас­

тауы болатын жоғары дүниелерді, яғни трансценденттілікті және
онымен байланысты табандылықпен күтуді [le suspens], уақытты
жіберуді [dіfference10], шыдамдылық пен тақуалықты олар мойын­
дамайды. Құдай патшалығы бұқара үшін бұл жерде алдымен жер

бетінде икондардың пұттық имманенттілігінде, Шіркеудің одан
жасаған спектаклінде өмір сүрген. Діниліктің нағыз мәнінен адам
сенбес кету болып табылады. Бұқаралар дінді кереметтер мен
қойылымдарды бастан өткізуге сіңіріп жіберді – бұл олардың бір

ғана діни тәжірибесі11.
Зерденің барлық ұлы жобалары бір жағдайға ұшырады.
Олар өздерінің тарихи тағайындылығын мағына ұстай алатын
әлеуметтіліктің жіңішке соқпағында жүріп отырып қана бірегей­

лігін сқтай алды, бірақ олар бұқараға бұрмаланған күйде ендеген
болатын. Осындай жағдай тарихи Зердеде, саяси Зердеде, мәдени
Зердеде және революциялық Зердеде болатын, сонымен қатар
әлеуметтілік Зердесінде де осындай жағдай қалыптасты. Біз үшін

ең қызықтыратыны соңғысы, өйткені, ол бұқарада тамырлаған,
сонан соң ол өзінің эволюциясында (өрбуінде ред.) оларды
туындатқан болатын. Бұқаралар “әлеуметтіліктің айнасы” бола ала
ма? Жоқ, олар әлеуметтілікті бейнелей алмайды. Бірақ олар онда

бейнеленбейді, әлеуметтілік айнасы олармен соқтығысқаннан
талқаны шығады12.
Дегенмен, бұл образ дәл келе бермейді, өйткені ол
субстанцияның толықтығы, терең қарсыласу туралы ойға тағы

да шақырады13. Бұқаралар барлық қуаттар мен өзіне жақындап
кеткен барлық жарық сәулелерін қисайтатын, майыстыратын ірі
қара ойықтар сияқты жұмыс істейді. Жылдамдатылған кеңістіктік
майысудың имплозивтік сферасы сияқты барлық өлшемдер ішке

қарай қисаяды, ешнәрсе еместікке айналады, сөйтіп, өзінен кейін
тек жойылып кетуді білдіретін орынды қалдырады.
Мағына жоғалып кететін иірім
Яғни, ақпарат жоғалып кетеді.

Оның мазмұны қандай болса да: саяси, педагогикалық, мәдени
және т.б. тек қана сол мағынаны беруге, бұқараны мағынаның
өрісінде ұстауға тиісті. Ақпараттандыруға бағытталған шек­
сіз үлге-өнегелік шақырулар: бұқараға жоғары деңгейдегі

ашықтықты кепілдеу, оларға толыққанды әлеуметтенуді қам­
тамасыз ету, олардың мәдени деңгейін көтеру және т.б. – тікелей
дұрыс ойлаушылықты өндіру логикасымен өрнектеледі. Бірақ
бұл шақырулардан ешқандай нәтиже шықпайды – рационалдық

коммуникация мен бұқаралар сиыспайды. Бұқараларға мағына
әкелінеді, ал олар болса көріністі қалайды. Оларды мазмұнға не­
месе хабардың кодына деген орнықты қатынастың қажеттігін
ешқандай тырысумен сендіру мүмкін емес еді. Бұқараға жолдау

жасайды, ал оларды тек белгілер қызықтырады. Бұқаралар де­
геніміз рәміздердің ойынымен зағиптанғандар және таптаурын­
дармен жауырланғандар және әйтеуір ойын-сауық болған нәрсенің
барлығын қабылдап үйренгендер14.

Тек бұқаралар мағынаның “диалектикасын” қабылдамайды.
Ал енді оған байланысты біреу оны адастырып жүр деуге не­
гіз жоқ. Мағынаны өндіргіштер үшін бұндай жағдай барлық
қатынастар бойынша ақиқаттан алыс тұжырым, әрине, өзімен өзі

болған бұқара зерденің табиғи жарығына қарай ұмтылады деу
ыңғайлы. Шын мәнінде, іс жүзіне келсек, бәрі керісінше: өздерін
“еркінбіз” деп есептеген олар өздерінің мағынадан бас тартуы
мен ойын-сауыққа құмарлығын дұрыс ойлау диктатына қарсы

қояды. Бұл зорлықпен жүргізілетін ағартудан және бұл саяси
қысымнан ажалдан қорыққандай қауіптенеді. Олар мағынаның
толық
гегемониясының

түбінде
схематизацияның
терроры
тұратынын біледі, сондықтан барлық артикулденген дискурстар­

ды иррационалдылыққа ауыстырып оған барынша қарсыласады.
Ол жерде ешқандай белгі мағынаға ие болмайды, олардың кез кел­

гені ойын-сауық көкжиегінін кеңейту үшін сиқырлай түсуге және алдаусыратуға бар күшін салады. Тағы ескерте кетейік: мәселе оларды біреудің басқа жаққа бағыттағанында емес, мәселе олардың ішкі қажеттіктерінде, экс­ прессивті оң контрстратегиясында, мәдениетті, білімді, билікті, әлеуметтілікті жоюға бағытталған істерінде, Ол ежелден келе жатқан әрекеттер, бірақ қазіргі кезеңде өзінің барлық күшін танытуда. Осындай бұқараның мағынаны өзгерткіш іс-қимылының аясында бұрынғы болғандарға қарама-қарсы бір нәрсе қалыптасады: ол енді біздің қоғамдардың рухани күші емес15 және оның бақылауында ақыр соңында бәрі болатынын ескерте кетейік. Бұл енді, керісін­ ше, кенеттен, оқыс пайда болған құбылыс, ол өзінің пайда болуы­ на сол уақытта қалыптасқан бірегей кеңістіктік жағдайға міндетті (Тарих, Билік және т.б.); осы жаңадан пайда болған мағына біздің қоғамдардың тек аз ғана бөлігін қамтиды, онда да сырттай ғана. Осының бəрі жеке адамдар деңгейінде де шындыққа жатады: біз мағыналарды тасымалдаушы ретінде кейде-кейде ғана қызмет атқарамыз. Ал шын мәнінде біз дұрыс ойлаудың біресе ар жағына, біресе бер жағына шығамыз да көбінесе бақылаусыз қорқыныш пен үрей жағдайындағы нағыз бұқараның өзіне айналамыз. Бірақ бұқараға деген бұл жаңа көзқарас ол туралы айтылғандардың барлығын қайта қарау керек екендігін талап етеді. Үндемейтін пассивтілікті барынша сипаттайтын мағынаны менсінбеушілікті білдіретін мысалдардың бірін алып көрелік. Клаус Круассанды16 экстрадициялау түнінде телевизия фут­ болдан әлем біріншілігіндегі іріктеу жарыстарындағы Фран­ ция құрамасының ойындарын көрсетіп жатады. Жүздеген адам Санте түрмесінің алдындағы шеруге қатысады, бірнеше адво­ каттар түнгі қаладағы тасымалдаумен болады17, жиырма милли­ он азамат бүкіл түнді телеэкран алдында өткізеді. Францияның жеңісі жаппай көңіл-күйді көтереді. Алдыңғы қатарлы кісілер осындай немқұрайлылыққа аңырай қарап, ызаланады. Монд бы­ лай деп жазады: “21 сағат. Бұл уақытта неміс адвокаты Сантеден аластатылған еді. Бірнеше минуттан кейін Рошто бірінші допты са­ лады”. Зығырданы қайнау мелодрамасы18. Бұл индифферентіліктің құпиясы қандай екендігіне ешқандай орнықты талдау жасалынған жоқ. Әдетте бір нәрсеге үнемі сілтеме жасала береді: билік бұқараны манипуляция жасайды, бұқара футболдан есі кетеді. Яғни, бұл немқұрайлылық міндетті емес, бұқараны сипаттау үшін

ол өзінше алғанда ешқандай мағынаға ие болмайды. Басқаша айтқанда, “үндемес көпшілікте” тіптен индифференттілік те жоқ, ондай бар деп оны кінәлау үшін билік оны апатияға апаруы ке­ рек19. Дегенмен, бұқараға деген көзқарастағы жеккөрушілік қандай еді! Олар бағдарларын жоғалтқандықтан өзіндік мінез-құлық жо­ лына ие болуы мүмкін емес деп есептелінеді. Шындығында олар әр кез сайын өздері етене жақын болып кеткен революциялық сти­ хиясына бойлап кетеді және соның арқасында “оларға тән өзіндік жігерінің зерделілігі” белгілі бір деңгейде пайымдалады. Ал енді басқа жағдайларда олардың үндемістігі мен инерттігінен Құдай біз­ ді сақтасын. Ал шыныменде осы немқұрайлылықты барынша тал­ дау қажетті болатын. Оларды ылғи тобырды табиғи революциялық қасиеттерден аластатын өзіндік ақ магияның нәтижесі, салдары ретінде қарастырудың орнына оны өзіндік дербес оңды күші бар нәрсе деп алынғаны жөнді. Дегенмен, бұқараның төңкерістен бас тартуы болып тұрады? Ал енді көптеген революциялардан кейін, жүздеген жылдар бұқараны саясатқа оқытқаннан кейін, тұрғындарды тәрбиелеуге тиісті газеттердің, кәсіподақтардың, партиялар мен зиялылардың белсенділігіне қарамай, тек мың адамдай ғана іс-қимылға дайын, ал жиырма миллион пассивті болып қала береті ойландырмай ма? Олар тек қана пассивті емес, ашықтан ашық футбол ойынын ада­ ми және саяси драмадан жоғары қояды20. Осындай деректер ана­ литиктерді қауіптендірмейді, керісінше, бұл дерек билік бұқараны манипуляцияға жасауға мықты, ал бұқара болса өз жағынан алғанда оның әсерінен белгілі бір ессіздікке түседі деген пікірді дәйектейді деп қабылданады. Дегенмен шын мәнінде екеуі де жоқ, екеуі де елес: билік ешнәрсені манипуляцияламайды, бұқара адасушылыққа түскен емес. Билік бұқараны алдаусыратудың бір бөлігін футболға беріп, жауапкершіліктің қомақты жағын өзіне алуға асығады, олар өздерінің күші туралы иллюзиядан алыстап кеткісі келмейді және тұрғындарға тотальді әсері бар қауіпті жағдайды байқағысы да кел­ мейді: бұқараға керенаулық тəн. Бұл – олардың жеке-дара практи­ касы. Және бұқараның жоғалтып алғандары деп жылап, басқасы немесе шынайы түрлері туралы айту мағынасыз нәрсе. Жүзеге асуға тиісті жоғарғы идеалдарды бөлісуді қаламайтың ұжымдық қулығы үстіңгі жақта жатады, дегенмен осы ғана бұқараны бұқара етеді.

Бұқаралар биік мақсат қойған емес. Осы деректі мойындау
ақылға саяр еді және кез келген революциялық үміт, әлеуметтілікке
сүйену және әлеуметтік өзгерістерге деген ұмтылыс сол күйінде
үміт пен күту түрінде қалатыны ол бір ғана себептен екндігімен

келісу керек: бұқара әр түрлі тәсілдермен идеалдардан бас тар­
тып отырады21. Психикалықтың қатарын зерттеудегі Фрейдтің
процедурасынан кейін22, осы күңгірт қалдықты, осы талданбаған
мағынаның қалдығын23 ешқандай нәрсемен байланыссыз нәрсе деп

алып, соны зерттеулерге тұрғы етіп алу керек сияқты. (Саясилық
әлеміндегі зерттеулерде әзірге барлығын өзгертетін коперниктің
төңкерісіндей өзгеріс болмағандығы түсінікті, өйткені саясиға де­
ген көзқараста ол ғаламдық күйзелістерге әкелуі мүмкін)24.

Саясаттың асқақтауы және күйреуі25
Қалайда Француз революциясынан бері саясат пен әлеуметтік
экономиканың тартылу ауқымында болатын бір-бірінен ажырамас,
егіз-шоқжұлдыздар сияқты көрініс табады26. Бұл тығыз байланыс

біздің кезімізде де байқалады, дегенмен ол олардың ерекше сипат­
та, яғни олардың бір мезгілде күйреуімен байланысты.
Алдымен Қайта Өрлеу дәуірінде ол кенеттен дінилік пен шірке­
улік ауқымнан шыққанда ол өзінің сипаты туралы Макиавеллидің

дауысымен танытады. Саясат дегеніміз белгілердің таза ойы­
ны, өзін ешқандай әлеуметтілікпен немесе тарихи “ақиқатпен”
жүктемейтін таза стратегиясы деп түсініледі. Яғни, оларды керісн­
ше жоқ екендігін ойынға айналдырады. (кейінірек иезуиттердің

зайырлы стратегиясы Құдайдың жоқтығына арқа сүйейді). Сая­
си кеңістік өзінің бастамасында сондай құбылыс болып табыла­
ды, ол ренессанстық механикалық театрдың немесе кескіндеме­
дегі сол кездегі жаңалықтың кеңістігі сияқты. Форма ойынның

пішімі болып табылады, ол түсініктердің жүйесі, семиургі және
стратегиясы емес27, идеология да емес, ол шеберлікті қажет етеді,
тек ақиқаты емес28. Макиавелли саясатының цинизмі мен иммо­
рализмі құралдарды таңдаудағы алаламаушылықпен байланысты

емес кейбір дөрекі түсіндірулерде айтылғандай: оларды мақсатты
еркін қарастырудан іздеу керек. Цинизм мен имморализм29 осы
әлеуметтік, психологиялық және тарихи ақиқатта, осы өзіне саяси
қуатты жинақтаған симулякрлардың таза қозғалысында30 екендігін

Ницше жақсы түсінген болатын. Бұларға жағдай болатын саясат
ойын ғана және ол өзін әзірге зерденің билігіне бермеген болар
еді.

Бірақ

ХVІІІ

ғасырдан
бастап,
әсіресе
Революциядан

кейін31 саясилықтың бағыты шешімді түрде өзгереді. Ол өзіне
әлеуметтіліктің көрінісі қызметін алады, әлеуметтік оның оның
мазмұнына айналады. Саясилық дегеніміз бұл түсінік, ал ойын­
ды репрезентация механизмдері билейді (осындай сипатта те­

атр эволюцияланады, ол енді көріністер театрына айналады
және болашақ кеңістігі машинерия кеңістігінен кеңістік ақиқаты
мен репрезентация ақиқатынын фиксациялау орнына айналады).
Саяси сцена іргелі нәрселерге арқа сүйей бастайды: халыққа,

тұрғындардың еркіне және т.б. Осы жолы оларға таза белгілер
шықпайды, бірақ мағыналар көрініс береді: саяси іс-қимылдан
өзінен кейінгі шындықты барынша жақсырақ бейнелеген талап
етіледі, ол барынша мөлдір және адамгершілікке толы болуын

және дұрыс репрезентацияның әлеуметтік идеалына сәйкес келуін
қалайды32. Дегенмен, саяси сфера мен әлеуметтікті, тарихилықты,
экономикалықты бейнелейтін күштердің арасындағы тепе-теңдік
ұзақ сақталады. Қалайда буржуазиялық өкілеттілік жүйелеріннің

алтын ғасырында жағдай осындай еді (яғни конституциялық
дәуірде: ХVІІІ ғасырдағы Англияда. Буржуазиялық революция
кезіндегі Франция мен Америка Құрама Штаттары, 1848 жылғы
Европа).

Саясаттың және оның өзіндік қуатының соңы марксизмнің
пайда болуы және таралуымен сәйкес келеді. Әлеуметтілік пен
экономикалықтың толық гегемониясының дәуірі басталады, ал
саясилық заң мен институттілік саласындағы әлеуметтіліктің бей­

несі болып қалады. Әлеуметтілік қанша үстемдігі көбейген сайын
саясилық өзінің дербестігін соншама жоғалта бастайды.
Егер либералдық ой үшін осы екі сфераның арасындағы
диалектикалық тепе-теңдік туралы ностальгия сипатты болса,

онда социалистік, революциялық ой саясилық толығымен мөлдір
әлеуметтілікте ыдырап кететін уақыт болады деп есептейді.
Әлеуметтілік саясилықты жеңді. Бірақ енді ол құдіретті болып
алғаннан кейін, саясилықты нольдік жағдайға төмендетіп, абсолют­

ті негізгі іргетасқа айналады33, сөйтіп, ол барлық физикалық және
ментальдық кеңістіктердің аралықтарына ендеп кетеді. Ол енді
осы қасиеттерін сақтай ала ма? Жоқ, оның жаңа жаңа пішімі оның
ақыры туралы куәландырады: оның қуаты өзіне қарай бағытталған,

оның ерекшелігі жоғалады, оның тарихи және логикалық
анықтылығы енді өмір сүрмейді. Енді тек қана саясилық ыдырап
кетпейді, әлеуметтілік те соның жағдайына түседі. Әлеуметтілікте
енді ат жоқ. Анонимділік алға шығады. Бұқара. Бұқаралар.

Үндемес көпшілік
Саясилық өзінше алғанда, таза стратегиялық бағыттағы саясилық
алдымен репрезентация жүйесінде сөнеді, ал содан соң толығымен
қазіргі неофигуративтілік ауқымында күйрейді. Соңғысы үнемі

өзіндік көбейіп отыратын белгілікті білдіреді, бірақ енді көп
нәрсені белгілемейді: шын мәнінде енді оларға ешнәрсе сәйкес
келмейді. Саясилықта не көрініс табады, оның белгілерінің тиімді
жұмысы немен анықталады? Егер қазіргі уақытта халық, тап, про­

летариат, объективті жағдай сияқты классикалық категориялардың
әлеуметтік референті болмаса қайтесіз? Әлеуметтіліктің негізі
жоғалуда және оған байланысты саясилық та ыдырау үстінде34.
Бір ғана қалған референт бар – ол “үндемес көпшілік” рефе­

ренті. Әлеуметтік күйінде байқала қоймайтын, тек статикалық
сипаты да бар және зондаж тәсілі арқыл ғана табуға болатын осы
күңгірт болмыспен, осы өтпелі субстанциямен қазіргі уақыттағы
барлық өмір сүретін жүйелер байланысып жатады. Оның көрініс

беру сферасы әлеуметтік кеңістігіндегі симуляция сферасы, неме­
се, дәлірек айтқанда әлеуметтілігі жоқ кеңістік болып табылады.
Бірақ үндемес көпшілік /бұқаралар/ – жалған референт.
Бірақ ол өмір сүрмейді деген сөз емес. Ол дегеніңіз ешқандай

репрезентацияға ие болуы мүмкін емес. Бұқаралар референт бола
алмайды. Өйткені, олар көрініс таппайтын қатарда. Олар өздерін
көрсетпейді, оларды зондылайды. Олар рефлексияламайды, олар­
ды тестілейді. Саяси референт орнын референдумға орнын берді

(ешқашан аяқталмайтын, үнемі болып тұратын ақпарат құралдары
арқылы референдумдарды ұйымдастырушы). Дегенмен зондылау,
тестер, референдум, бұқаралық ақпарат құралдары репрезента­
ция емес, симуляция түріндегі механизм сипатында көрініс бе­

реді. Олар референтке емес, модельге бағдарланған. Классикалық
әлеуметтілікке (оның құрамына әлі күнге дейін сайлау, институт­
тар, репрезентация мен басып-жаншу инстанциялары кіреді) бай­
ланысты жағдай мүлде басқаша: бұл жерде саясаттың тұғыры мен

әр түрлі қайшылықтарды қолдайтын диалектикалық құрылымы,
ұдайы орын ауыстыратын әлеуметтік мағына әзірге күшінде35.
Симуляция механизмінде бұл құрылым жоқ. Зондаждың
жұбында әлеуметтіліктің ағыны жоқ: оның жоғалуы тоталь­

ді дыбыстылықтың қозғалуындағы полюстердің ығысуы. Міне,
осындай жолдармен, яғни полюстердің күйреуі схемасын және
модельдердің өзіндік айналысымен симуляция жүзеге асады. (Бұл
кез келген имплозивті процестің матрицасы).

Әр түрлі сигналдарға жауап беруге негізделген бомбыланған, жолдаулармен төгіп тасталған, тестік сынақтармен шабуылданған бұқаралар енді ешқандай ешнәрсені өткізбейтін жұлдызды газдарға ұқсайтын құрылымға айналады. Оларды тек жарық спек­ трі арқылы зерттеуге болатыны белгілі. Енді сөз тұжырымдар мен көріністер туралы емес, симуляция туралы және айтып берілуі қиын әлеуметтілік туралы болып отыр. Бұқараның үдеместігінің табиғаты осындай. Бұл құбылыс парадоксальді36 және ол ешнәрсе айтпайтын үндемеу емес, ол оның атынан айтуға шектеу қоятын үндеместік болып табылады. Яғни, ол өзін шеттетудің пішімі ғана емес, ол өзінің сипаты бойынша жетілген қару болып табылады. Үндемес көпшіліктің өкілдері болмайды. Репрезентация өзінің өткен үстемдігімен есептеседі. Бұқаралар енді кезінде­ гі тап пен халыққа сілтеме жасауға болатындай инстанция емес. Өзінің үндеместігіне мүлгіген олар енді субъект те емес (әсіресе тарихтың субъектісі емес), сондықтан олар артикулденген сфераға, көріністер сферасына кіре алмайды, “саяси айна стадиясын” және елестетілген бірегейлену циклін өте алмайды37. Міне, осыдан олардың басты ерекшелігі туындайды: субъект болмаса да олар өздерінен бас тарта алмайды – тілі бойынша да (олар онда жоқ), басқа ешнәрсе бойынша да38. Онда революциялық тілектер бекершілік. Өйткені олар бар уақытта бұқараның проле­ тариат табы ретіндегі қабілетіне сенімге негізделген болатын, енді олар өзін жоққа шығарып отыр39. Дегенмен бұқара – терістілік пен жарылыс емес, жұтылу мен имплозия өрісі. Бұқара азаттану, революция және тарихилық сызбасынан қашқақтайды. Солай ол қорғанады, өзінің Меніне қарсы шаралар қолданады. Ол саяси фантом-тап болып келеді және өзіне билік ететін нәрсенің бәрін жоққа шығара отырып симуляция мен жалған референт принципі бойынша өмір сүреді. Бұқара сонымен қатар ажал, саяси үдерістің ақыры және оның бақылауында болады. Ол саяси ерік пен саяси репрезентацияны күйретеді. Ұзақ уақыт бойы билік бұқараны қолдайтындай көрінген. Билікте бұқара пассивті болған сайын, оларды басқару тиімдірек деген сенім қалыптасқан еді. Билік механизмдері орталықтанған және бюрократтанған шақта ол осылай қызмет атқарған болатын. Дегенмен бүгінгі таңда бұл стратегияның салдары биліктің өзіне қарсы болып отыр: оның қолдаған бұқараның немқұрайлылығы оған зауал әкелуде. Осыдан оның стратегиялық тұғырларының түбірлі өзгерістері туындайды: керенаулықты қолпаштаудың ор­

нына басқаруға қатысуға итермелеу, үндеместікті қолдаудың ор­ нына шығып сөйлеуге шақыру. Бірақ уақыт өтіп кетті. “Бұқара” сыни күйге түсті40, әлеуметтіліктің өрлеу барысы инерттіліктің41 өрісіндегі оның инволюциясына ауысты42. Бұқарадан өздерінің дауысын шығаруын талап етеді, оларға сайлау компанияларының, кәсіподақ акцияларының, жыныстық қатынастардың, басшылықты бақылаудың, мерекелердің, пікір­ лерді еркін білдірудің және т.б. әлеуметтілігін таңады. Елес сөйлеп кету керек, ол өзінің атын атау керек. Бұқараның үндеместігі, үндемес көпшіліктің үнсіздігі – міне қазіргі кезеңнің шынайы жалғыз мәселесі. Бұқараны басқарылатын эмульсия жағдайында ұстау үшін және оның бақылаусыз үрейленгіштігінің үдеуінен қорғану үшін орасан зор қуат кетеді. Ерік пен репрезентация бұқараның үстінен билік етпейді, бірақ ол диагностиканың қысымына ұрынады. Ол шексіз ақпарат пен статистиканың шексіз патшалығына түседі: оның көңіл-күйін дөп басу керек, позициясын анықтау керек, бір көріпкелдік айтуға итермелеу керек. Оған барынша ықпал етіп, оған қамқорлық жасау қажет. Сонда ғана ол жауап береді: “Фран­ цуз халқы пайымдайды ...Немістердің көпшілігі жазғырады ... Ан­ глия түгелімен ханзаданың дүниеге келгеніне шаттанады...”43 және т.б. Оның көріпкелдігі белгілі бір дарындылықтан болып көрінуі мүмкін, бірақ оларда абсолютті түрде ешнәрсе бейнеленбейді. Міне, осыдан бұқараны әр түрлі белгілермен бомбалайды және оған ол жаңғырық сияқты жауап беруі тиіс. Оны жарық және лингвистикалық сигналдар арқылы толқындармен зерттейді. Алыстағы жұлдыздар мен циклотрондағы ядроны бөлшектермен айқындалғандай тәсілмен зерттеледі. Сахнаға ақпарат шығады. Бірақ коммуникация, мағынаны тарату сипатында емес, эмульсиондылықтықты қолдау тәсілі ретінде, қайта байланыс пен қатар реакцияларды бақылауды жүзеге асырушы ретінде. Дәл осылай атомдық симуляциялар камерасында үдерістер жүреді. Бо­ санып шыққан бұқараның қуаты әлеуметтілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Дегенмен, нәтиже керісінше болып шығады. Ақпараттылық пен қорғану құралдарын кеңейту қандай формада орын алса да ол әлеуметтілікті нығайтпайды, керісінше, ол өзінің анықтылығын жоғалтады және күйрейді. Бұқараға ақпаратты жеткізе отырып оларды құрылымдайды деп түсініледі және ақпарат жолдаулардың арқасында оларда

қордаланған әлеуметтік қуат босанып шығады түсініледі (қазіргі
таңда әлеуметтену деңгейі институционалдық байланыстардың
даму деңгейімен ғана өлшенбейді. Айналымдағы ақпараттың са­
нымен және оның қандай пайызы телевизия, радио, газеттер және

т.б. арқылы таралатынына байланысты)44. Шын мәнінде барлығы
қарама-қарсы сипатта қалыптасуда. Ақпарат бұқараны қуатқа
өзгертудің орнына бұқараны өндіруді әрі қарай жалғатыруда. Ол
тиісті сипатта ақпарлаудың орнына, яғни өзінің тағайындылығына

сәйкес форма мен құрылымды жасаудың орнына ол әлеуметтілік
өрісін әлсіретуде.
Барынша көлемі көбейіп келе жатқан инертті бұқара
классикалық әлеуметтік институттардың бақылауынан шығып

кеткен және ақпараттың мазмұнын да дұрыс қабылдамайды.
Бұрын әлеуметтілік билік еткен болатын және оның рационалды
күші символикалық құрылымдарды қиратқан еді. Қазіргі кезеңде
алдыңғы шепке mass medіa және ақпарат шықты – олардың ир­

рационалды қызметі арқылы әлеуметтілік күйреуде. Өйткені, біз
солардың арқасында атомдардан, ядролардан және молекулалар­
дан тұратын бұқарамен байланыстамыз. Екі ғасырға созылған
күшейтілген әлеуметтенудің нәтижесі осындай және ол оның

ақырына жетеді.
Бұқараның бұқара болып аталуы оның қуатының семуіне бай­
ланысты. Бұл кез келген шынайы белсенділікті жұтып қоюға және
бейтараптандыруға қабілетті ызғар зонасы. Ол кейбір өндіргенінен

тұтынғаны көбірек практикалық жағынан алғанда пайдасыз
нәрселерге ұқсайды, үлкен шығындарға ұшыраса да эксплуатация
жасалынып жатқан кен орындарына ұқсайды.
Саяси іс-шараларға кеткен қайтарымдардың ылғи төмендеуінен

пайда болған теріс салдарларды жоюға, шындықты әлеуметтік
ұйымдастыруды түбегейлі ыдырауын болдырмауға кеткен қуат,
әлеуметтіліктің симуляциясын қолдауға және оны бұқараның
жұтып қоймауына кедергі келтіретін қуат – ол өте үлкен қуат бо­

лып табылады, ал оның жоғалуы жүйені құрдымға жібереді.
Мағынаға байланысты мәселе тауарға байланысты мәселе іс­
петті. Ұзақ уақыт бойы капитал өндіріспен ғана айналысты, ал
тұтынуда қиындық болған емес. Бүгін тұтыну туралы ойлану ке­

рек, яғни тек қана тауарларды шығару керек емес, сонымен қатар
тұтынушыларды, яғни сұранысты қалыптастыру керек. Бұл екін­
ші өндіріс біріншісіне қарағанда қымбатырақ (әлеуметтік осы
сұраныстың дағдарысынан туындады, әсіресе, 1929 жылдан бас­

тап, жалпы сұранысты өндіру мен әлеуметтілікті өндіру белгілі бір деңгейде бірдей нәрсе)45. Дәл осылай биліктің өзі ұзақ уақыт бойы мағынаны өндіргеніне риза болды (саяси, идеологиялық, мәдени, сексуалды); сұраныс өзінше дамыды – ол өзіне ұсынысты қордалады және бірден жаңасын күтті. Мағына жетіспеді және сондықтан барлық револю­ ционерлерге оның өндірісін күшейтуді құрбандыққа беруге тура келді. Қазіргі кезде мәселе басқаша: барлық жерде мағына бар, ал өндіру үсті-үстіне болуда, тек ұсыныс емес сұраныс жетіспейді. Мағынаға сұранысты өндіру – міне жүйенің негізгі мәселесі. Бұл сұраныссыз, бұл қабылдаусыз, бұл ұсынысқа деген аузымайтын қатынассыз билік қарапайым симулякр болып қалады екен, ол бар болғаны кеңістіктік болашақтың тиімділігі болып қалады. Деген­ мен, бұл жағдайда екінші өндіріс – мағынаға деген өндіріс - бірін­ ші өндіріске қарағанда барынша қымбатырақ, яғни ол мағынаның өзін өндіруге қарағанда. Ақыр аяғында мағынаны өндіруге деген сұраныс жүзеге аспай қалады, оған жүйенің қуаты жетпейді. Зат­ тар мен қызмет көрсетуге деген сұраныс қымбатқа түссе де оны әр кезде жасанды түрде болса да қалыптастыруға болады: оған жүйенің түйісті тәжірибесі бар. Бірақ мағынаға деген қажеттік және нақтылықты қалау бір рет жойылатын болса, онда қалпына келмейді. Жүйе үшін бұл апатпен тең. Бұқара барлық әлеуметтік қуатты бойына сіңіреді және ол әлеуметтік қуат болудан қалады. Бұқара барлық белгілер мен мағыналарды өзіне сіңіреді, сондықтан олар белгілер мен мағыналар болудан қалады46. Ол өзіне арналған барлық үндеулерді жұтып қояды және түгелімен жоғалып кетеді47. Оған қойылған сұрақтардың барлығына ол бірдей жауап береді. Ол ешқашан ешнәрсеге қатыспайды. Оны әр түрлі сынақтардан өткізіп, оған әсер етулер болып тұрады, ол бірақ бұқара болғандықтан ол бірін үндеместен өзінен өткізеді, оның ішінде әсерлер де, әр түрлі ақпараттар да және нормативтік талаптар да бар48 Ол әлеуметтілікке абсолютті кіршіксіздікті49 жапсырады, ол әлеуметтілік пен биліктің кейбір қырларының өмір сүруіне мүмкіндік береді және ядросы жоқ нәрсені айналғандай күй кештіреді. Бұқараның үндеместігі хайуандардың үндеместігіндей және ешқандай айырмасы да жоқ. Бұқараны барынша қыспақтың асты­ на алуыдың қажеті жоқ (үздіксіз әсерлер ме ақпараттар ағынының тасқыны, хайуанаттардың зертханасындағы тәжірибеден өткізіл­ етін кездегі сынақтары сияқты) – ол ақиқаттың оңшылдарда ма,

әлде солшылдарда ма екендігін немесе еркіндік үшін төңкеріс жа­
саушылармен бе, оларды басып жаншуға бүйрегі бұратындармен
бе екендігін айтпайды. Бұқара ақиқат пен себепті іздеуден
тайсақтайды. Ол үшін бұлар бос сөздер. Ол, тіптен сана мен

бейсаналықтың екеуін де қажетсінбейді.
Осындай үнсіздік күйзелтеді. Ол саяси теңдеудің белгісіздігі
болып қала береді және кез келген саяси теңдеуді жоққа шығарады.
Барлығы осыны түсінгісі келеді. Бірақ оған үндеместік деп қарамай

онымен сөйлескісі-ақ келеді. Дегенмен бұқара күшінің үдеуі
зондылауға көне қоймайды: өйткені, соның арқасында кез келген
зондыланған зерттеулерді бейтараптап тастайды. Бұл үндеместік
саясилық пен әлеуметтілікті гипернақтылық ауқымына шығарады,

ол қазір де сол жерде. Егер саясилық бұқараны жаңғырық пен
әлеуметтік симуляция (ақпараттар ағынының тасқынын қолдана
отырып) патшалық ететін кеңістікпен шектегісі келсе50, онда
бұқара өз жағынан кеңістіктің жаңғырығы және әлеуметтіліктің адам

айтқысыз симуляциясы екендігін көрсетеді. Бұл жерде ешқашан
ешқандай алдау болған жоқ. Ойында екі жағы да қатысты, олар тең
жағдайда болғаны анық және қазіргі таңда олардың қайсысының
мәртебесі биіктеу болғанын ешкім де дөп басып, сеніммен айта

алмауы мүмкін: бір жағынан бұқараға биліктің төндірген симуля­
циясы ма, әлде оның әсерінен ыдырап бара жатқан билікке қарсы
бұқараның қарсы симуляциясы күштірек пе екенін.
Субъект те емес, объект те емес51

Бұқара таңқаларлық қасиетке ие – ол бір уақытта симуляцияның
объектісі болып та, гиперсимуляцияға қабілетті субъектісі болып
та өзін таныта алады: барлық модельдерді өзгертеді және оны
жаңадан қозғалысқа түсіреді (ол оның гиперконформизмі, өзіне

ғана тән әзіл-қалжыңы).
Бұқара таңқаларлық қасиетке ие – ол субъект те емес (субъ­
ект-топ), объект те емес. Оны субъектіге айналдырмақ болып
әрекеттенгенде оның автономиялық сананың тасымалдаушы­

сы бола алмайтындығы байқалады. Ал енді оны керісінше объ­
ектіге айналдырмақ болып ұмтылғанда, яғни талдауға бола­
тын материал деп қарастырған шақта ол бағынатын объективті
заңдылықтарды анықтауға тырысады, сонда оның талдауға кел­

мейтіндігін, оның құрылымдық сипаттамасын терминдермен жет­
кізуге болмайтындығы байқалады. Бұқараға деген кез келген әсер

оның өрісіне түскен бойда шеңбер бойынша қозғала бастайды: ол
жойылу, ауытқу және жаңадан жойылу кезеңдерінен өтеді. Осын­
дай әсер немен бітетінін даусыз дәлдікпен болжап білу мүмкін
емес, бірақ дегенмен үздікіз шеңбер бойымен қозғалыс оның оның

күшін алып кетіп, оған есіп құрғандардың үмітін ақтамай сөнетін
сияқты. Бұл диффузиялық, орталықсыз, броундық нақтылық бо­
лып келетін молекулалық құрылым ешқандай талдауға тәуелді
емес: микрофизикада талданатын материяның шекті деңгейін біл­

діретін салаға объект деген ұғым келмейтін сияқты оған да келе
қоймайды. Материяның элементарлы бөлшектері болып келетін
саласында объект те субъект те болмады. Таным объектісі де, субъ­
ектісі де бұл жерде жоқ52.

Бұқара әлеуметтіліктің осындай шекаралық және таңқаларлық
қасиетке ие жағдайын білдіреді. Ол объективтенбейді (саясаттың
тілінде ол өкілділікке ие бола алмайды) және кез келген субъ­
ект болуға ұмтылған белсенділікті тоқтатады (саяси жағынан

алғанда ол оның атынан белсенділік жасауға ұмтылған кез келген
әрекеттерді шектеу болып табылады). Оны тек зондаж бен статис­
тика ғана көрсетуге қабілетті53 (үлкен сандар мен ықтималдылық
теориясына сүйенетін математикалық физика осы режимде

жұмыс істейді), бірақ қару ретінде алынған сиқырлау мен дуалау
тәжірибелері бұл шынайы объектісіз практика болып табылады
және ал енді бұқара байланысты айтатын болсақ ол ондай объект
болып келмейтіні белгілі. Елестетудің салттары мен дуалаулары

ұсынылған объектімен байланысты емес, ол түсініктерден жоғалуға
бағдарланған объектіге сәйкес келеді. Олар оны дәл анықтамайды,
тек симуляция жасай алады. Олар оны “жасайды”: олар әсерге
қатынасы қандай болатындығын алдын ала анықтайды, олардан

келіп түсетін сигналдардың қандай болатындығын да алдын ала
анықтайды. Бірақ бұл реакциялар мен сигалдар оның өзінің еркі­
мен қабылданатын реакциялар мен сигналдар болып табылатыны
анық. Қысқа уақытқа ғана өмір сүретін және тұрақсыз кейіптегі

мазмұн белгі арқылы кейбір әсерді жүзеге асыруға арналғаны бел­
гілі. Зондаждың белгілері осындай болып келеді. Олар бір жағынан
әр түрлі, бірақ ұқсас болып келетін түсіндірмелердің мүмкін екен­
дігін жоққа шығармайды. Статистика әлеміндегі анықсыздықтың

іргелілігі барлығы белгілі54.
Нақты ғылымдарда қолданылатын ғылыми тəжірибе тәсілінің
зондаж бен статистикалық зерттеулер әдістеріне қарағанда білім­
ге жоғары дәрежедегі ақиқаттылықтың кепілділігін береді деген­

ге барынша күмәнмен қарауға болады55. Егер кез келген нақты
ғылымда болмасын “объективті” таным орныққан ережелердің
жүйесіне бағынып, реттелетін болса, онда ол циркуляр бойынша,
яғни шеңбер бойынша қозғалатын сигнал сипатындағы ақиқатпен

байланысты, сөйтіп ешқандай нысанның болуы мүмкін емес екенін
білдіреді56. Әлемнің объективтендірілмейтіндігі жөнінде бізде
жеткілікті негіздер бар тіптен, жаны жоқ материяны зерттейтін
табиғат туралы ғылымдар статистика мен зондыланған зерттеулер

бұқараны және жанданған әлеуметтілікті қалай қарастырса, олар
да сондай әрекеттер жасайды. Олар да бұқара сияқты тітіркен­
ген конформизмді байқатады. Сөйтіп, ақыр соңында объект болу
құрметінен айрылады57.

Кез келген ғылымның объектісінде сықаққа деген жақындық
бар. Ондай қасиет үндемеген шақта немесе статистика тілін
қолдана отырып айтқанда сұрақтарға күткендегідей жауап берген­
де байқалады. Бұл сықақтылық Гегель айтқан әйелділіктің шек­

сіз мысқылына жақындата түседі – бұл берілгендік пен шектен
шыққан заңға мойынсұнушылық мысқылына жақындай түседі.
Ол енжарлық пен мойынсұнушылықты барынша ұқыптылықпен
симуляциялайтыны соншалық мәңгі өлмес солдат Швейк сияқты

жоғарыда айтылғандардан ешнәрсе қалмайды.
Міне, осылар жөнінде патафизика, немесе елестетілетін шешім­
дер туралы ғылым айтатын іспетті58. Ол анық, шынайы, нақты,
әлемнің әмбебап заңдарына бағынатын симуляция және гиперси­

муляция туралы ілім. Осы бұқараның арқасында және олардың
еріксіз әзілінің арқасында әлеуметтілік патафизикасына енеміз
және сонымен қатар бізге кедергі келтіретін бұл әлеуметтілік ме­
тафизикасынан арылу үшін керек.

Айтылғандар ақиқатқа жету жолы деп түсініп келгендерімізге
толығымен қайшы келеді59. Бірақ ол тек мағынаның қозғалу ил­
люзиясы сияқты нәрсе. Ғалым тірі емес материя немесе тіршілік
иесі оған қойылған сұрақтарға “толықтай емес”, немесе керісін­

ше “шектен шыққан объективті” деген пікірлермен келіспейді.
(Бұл екі жағдайда да сұрақтар дұрыс қойылмаған.) Осындай ойға
келудің өзін ол абсурдты және дұрыс емес деп есептейді. Ғалымдар
ондайға ешқашан бармас еді. Сондықтан олар қатаң зерттеулерде

жасалған симуляциясының сиқырланған шеңберінен шықпайды.
Барлық жерде бір ғана жорамал, барлық жерде бір ғана
орнықтылық күшінде. Жарнамамен айналысатын адам төменде­
гілерге баса назар аударуға міндетті: адамдар жарнамаларға де­

генмен назар аударады, сондықтан жолдау мақсатқа жетеді және
мағына түсінікті болады деген аздаған болса да мүмкіндіктер
бар. Бұл жайлы барлық күмән жоғалуы тиіс. Егер хабарлардың
ағынының нәтижесі нөлге тең болатын болса, онда жарнаманың

ғимаратының төбесі ортаға түскен болар еді. Жарнама өзі үнемі
қолдап отыратын осы сеніммен күн көреді, ол тіптен шындап тал­
дау жасауға да тырыспайды, өйткені, өзінің сенімдеріне қарама-
қарсы нәрселерді табудан қорқады, яғни жарнамалық хабарлардың

көбісі ешқашан өзінің діттеген жеріне жетпей жатады60, олар кім­
ге арналса, солар жарнамалардың мазмұнына көпшілік жағдайда
немқұрайлы қарайды, яғни хабар бостыққа таралады. Ал адам­
дарды медиумдер, яғни жолдауды ұсынушылар қызықтырады.

Маклюэн61 бойынша мәлімет тасымалдаушының өзі мәлімет бо­
лып келеді62. Бұл формула қазіргі кезеңнің барлық бұқаралық
ақпарат құралдарындағы мәдениеттің даму жағдайын білдіртеді63,
эфирдегі барлық хабарлардың салқындауын, бейтараптануын,

мағынаның мұздақталуын танытады. Сыни ой-сана бағалайды
және таңдау жасайды, ол айырмашылықтарды анықтап, селекция
жасау арқылы мағынаның жағдайын жасауға тырысады. Бұқаралар
болса басқаша әрекеттерге барады: олар таңдамайды, олар

айырмашылыққа қарамайды, сыни бағалауды талап ететін хабарды
олар гипнозға кірген медиумдей қабылдайды. Гипноздық жағдай
мағынадан еркін, мағына суйи түскен сайын ол дами түседі. Ондай
жағдай хабар, идея және ақиқат емес, медиум, идол және симу­

лякр патшалық құрған жерде дамиды. Дегенмен міне осы деңгейде
бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Гипнозды қолдану

– бұл олардың іс-қимылдық принципі, және оларды басшылыққа

ала отырып жаппай ерекшеленген зорлықтың қайнар көзіне айна­
лады64. Мағынаға деген зорлық, мағынаны негізге алған коммуни­
кацияны жоққа шығару және баса мағынадағы коммуникацияны
бекіту. Ол қандай коммуникация? деген сұрақ туындайды.

Коммуникация мағына медиумының сыртында жүзеге асуы
мүмкін деген жорамал және коммуникативтік үдерістердің
пәрменділігі бұл мағына ыдырай түскен сайын жоғалады деген ой
біз тиімді емес. Өйткені біз толық рақаттануды мағынадан неме­

се оның өрби түсуінен сезінбейміз. Бізді оларды бейтараптанды­
ру65 мен Рәміздік алмасу мен өлімдегі өткір ақылдың операциясы
таңырқатады66. Өлімге деген ындыннан емес (өмірдің мағынаға
қарай бағдарланғанын білдіреді), ол жауласудан, референцияны,

жолдауды, кодты, лингвистік өндірістің кез келген категориясын

жек көруден туындаған бейтараптану, яғни осылардың бәрінен таңқалдыратын белгінің имплозиясы үшін бас тарту байқалады. Мағынаның моралі барлық жағынан алғанда таңқалумен күресті білдіреді67, міне осыны мағынаны қорғаушылардың ешқайсысы түсінбейді. Саяси сала да тек қана сенімділіктен бастау алады: ол үшін бұқаралар іс-қимыл мен дискурсқа бейімділігі бар, пікірлері бар зондаждың және статистикалық зерттеудің объектісі ретінде көрініс береді. Міне осындай жағдайда ғана саяси тап өзінің істері­ не сене алады және саясаттың құбылысы ретінде түсініледі. Ал енді шын мәнінде баяғыдан бері саясилық тоғышарға көрсетілген спектакльге айналған. Ескі күлдіргі ғұрыптардың комедияларына ұқсас келетін рухтағы жартылай спорттық, жартылай ойын ди­ вертисмент ретіндегі спектакль десе де болады (Америка Құрама Штаттарындағы президенттік пен вице-президенттікке кандидат­ тарды ұсынуды еске алып көрелік немесе радио мен телевизи­ ядан кешкі сайлау алдындағы айтыстарды еске түсіріңіз) Сайлау алдындағы іс-қимылдар мен телеойындар – адамдардың санасында ұзақ уақыттан бері бірдей нәрселер болып көрінеді. Кезекті саяси спектакльдің өне-бойында халықтың мүддесі үшін жасалынатын істер жайлы айтылады және халық бұл көріністе тек статист ретін­ де оған қатысады, ол театр спектакльінің көрерменіне айналады және ол оның саяси сахнасының актерлары болып кетеді. Халық көпшілік болып шығады. Саяси сфераны қабылдаудың үлгісіне матчты қабылдау, мультипликациялық немесе көркем фильмді қабылдау жатады. Үйдегі телеэкрандағы көріністерді қызықтағандай тұрғындар өздерінің пікірлерінің ауытқып оты­ руды ылғи қызықтайды және оларды зондаждардың нәтижесі ретінде күнделікті газеттерден үнемі біліп отырады. Ал енді бұның бәрінен ешқандай жауапкершілік туындайды. Бұқаралар саяси немесе тарихи үдерістердің бір минут та саналы өкілдері болмайды. Олар тарих пен саясатқа мүлде түрде жауапкершілігі жоқ болғандықтан өздерін құрту үшін кірген болатын. Бұл жерде саясилықтан қашу жоқ – бұл таптар арасындағы шексіз, бітіспес қайшылықтың салдары. Ол уақыт пен тарихқа билік жүргізетін мәдениетке өзіндік әлеуметтілік пен саясилық алып келетін және бұқарадан сырттағы мағынаның барлығына пішіміз күй әкелетін нәрсе болып келеді. Алғашқысы мағынаны бекіте түскісі келеді, әлеуметтіліктің өрісін қолдап, байытқысы келеді, ал екіншісі одан кем емес кезкелген мағыналық қуатты құнсыздандырады, оны бей­

тараптандырады немесе кері қарай бағыттайды. Осы қарсыласуда өзін жеңімпазбын деген жеңіске жете қойған жоқ. Осының куәсі ретінде тарих пен күнделікті өмірдің өзара қатынасының түбегейлі өзгерісі қызмет етеді. 60-шы жылдарға дейін күштің полюсы болып тарих көрініс берді: жекелеген өмірлер саясилықтың екінші бетіндей сипатта байқалады. Бұл екі жақтың өзара байланыстары жоғары деңгейде диалектикалық сипатта танылады, сөйтіп, күнделікті, жекелеген сияқты бір күні тарихилықтың арғы бетінде, яғни әмбебаптылық патшалығында лайықты орын алады. Әрине, бұл алыстағы болашақ сияқты қабылданады. Бұқараның белсенділігі үй шаруашылығымен шек­ теліп, күнделікті тұтынуға құдықпен байланады, сөйтіп, тарих­ тан, саясаттан және әмбебаптылықтан бас тартады. Адамдардың жеке-дара өмірге қарай кетуінің өзі саясилыққа қарсы болудың бір көрінісі іспетті. Ол саяси алдаусыратуға қарсы белсенді қарсылық пішімі. Рөлдер өзгереді: күш полюсы енді тарихилық пен өзінің абстрактілігі оқиғалығымен танылатын саясилық емес, кәдуілгі, күнделікті өмір (оған сексуалдылық та кіреді), яғни ұсақ буржуазиялық, теріс саясилық деп таңба таққан саланың бәрі жа­ тады. Сонымен, көзқарастардағы толық төңкеріс. Саясатсызданған бұқаралар саясилықтың бер жағында емес, оның арғы бетінде орнығады. Жекеленген, төменгі, күнделікті, аз мағыналы кіш­ кентай қулықтар, анайы істер және т.б. репрезентацияның бергі беті емес, оның арғы бетіне орналасқан сияқты. Бұқаралар өзінің шығарып қойған өлім жазасын орындауға ұмтылумен болады, олар саясаттың соңын күтпей-ақ оны жүзеге асырғысы келеді, сөйтіп, өзінің тұрпайы практикасында тіліндегі транслингвисті сияқты транссаясатты болып келеді. Бірақ мынаған назар аударалық: бұл репрезентация диалекти­ касына және әмбебаптылық шығуға бағынбайтын жекелік мен теріс әлеуметтілік ғаламынан, бұл жоғарыдағы кез келген революцияға қарсы тұратын инволюция саласынан кейбіреулер революциялық қуаттың жаңа бастауын жасап, тарихи терістілік ретінде оның құқын қайта орнатқысы келеді. Кішкентай қалаулар мен кішкен­ тай айырмашылықтарды, соқыр практиканы, анонимды марги­ налділікті белсендендіру көзге көрініп тұр. Интеллектуалдардың аздаған нәрсені мағынасыздықты мағыналық деңгейіне дейін көтермелеуге соңғы әрекеті көрініс береді. Бұл мағынасыздықты саяси тұрғыдан зерделеуге талпынысты байқаймыз. Тұрпайылық,

инерттілік, саясатқа терістік фашистер болып келеді, енді олар ре­ волюционерлер болып отыр – осының бәрі мағынаны өзгертпей отырып жасалып отыр, яғни олардың тиісті мағынасы жоқ. Тұрпайылықтың микрореволюциясы, қалаудың транссаясаты “азаттандырушылардың” тағы бір трюкі болып табылады. Шын мәнінде мағынадан бас тартудың мағынасы жоқ. Қарсыласудан гиперконформизмге қарай Үндемес көпшіліктің пайда болуын әлеуметтілікке тарихи қарсыласудың біртұтастанған үдерісі ауқымында қарастыру ке­ рек. Әрине, еңбекке қарсыласу, сонымен қатар ол медицинаға, мектепке, әр түрлі кепілділіктерге, ақпараттарға қарсыласу бо­ лып келеді. Ресми тарих істің бір ғана жағын, яғни ол өткен мәдениеттердің сарқыншақтарын, варварлықтың қалдықтарын, бұл салтанатты қозғалысқа көмектеспейтіндердің барлығын көлеңкеде қалдыра отырып, әлеуметтік ілгері басу болды дейді. Ол қазіргі кезеңде әлеуметтілік толық жеңді деген ойға жетелей­ ді және оны барлығы қабылдады деген тұжырым жасалынады. Бірақ әлеуметтіліктің дамуымен бірге оған қарсыластық та дами бастады және соңғысы әлеуметтіліктің өзіне қарағанда барын­ ша тездетілген жылдамдықпен прогрестелінеді. Енді ол басында оған тән болған негізінен үш тұрпайы түрде өмір сүрмейді (қазіргі кезеңде әлеуметтіліктің прогресіне риза, тек есі ауысқан адам ғана қазіргі өркениеттің хаткерлік, вакцинация немесе әлеуметтік кепіл­ ділік сияқты игіліктерін қолданудан бас тартады). Бұрынғы ашық қарсыласу ашық және тұрпайы әлеуметтену кезеңіне сәйкес келетін және ол өзінің мәдениетін, бастапқы өмір сүру салтын сақтауға ұмтылған дәстүрлі топтардан шыққан болатын. Әлеуметтіліктің гомогендік және абстрактілі моделіне бұқара емес, жіктелген құрылымдар қарсыласқан болатын. Бұл қарсыласудың ескі типі америкалық əлеуметтану да қарастырылған екі деңгейлі коммуникация тұжырымдамасында талданған еді. Олармен келісетін болсақ, онда бұқара ақпарат құралдарының хабарларын солғын қабылдаушы құрылым ғана емес сияқты. Ол хабарлар саяси, мәдени немесе жарнамалық сипат­ та болса да. Коммуникативтік процестің бірінші деңгейінде микро­ топтар мен жеке адамдар оларды жіктейді, бірақ бекітілген ере­ желерге сәйкес оларды дәлірек анықтауға бейім болмағандықтан өз шамалары келгенінше жасайды. Екінші деңгейде олар өздерінің

көшбасшыларының көмегімен бұл жолдаулардың ағынын қайта
өзгертіп отырады. Олар үстемдік ететін кодқа қарсы өздерінің
ерекше субкодын қоюдан бастайды, сонан соң олар өздеріне кел­
ген кез келген хабарды, мәліметті өздерінің ерекше анықтаған

циклдерінің ауқымында айналуына мәжбүрлеумен аяқтайды.
Бірақ дәл осылай жабайылар да әрекет етеді. Оларға тән бірегей
және ерекше мәдениетте еуропалық ақшалар рәміздік айналымда
болғандағы жағдай осындай (мәселен, Жаңа Гвинеядағы сиандар­

да). Корсикалықтарда жаппай сайлану құқығы мен таңдалуы жүйесі
кландардың бір-бірімен қарсыластық заңдылығымен өрбиді. Бұл
кіші жүйе мәнері үстемдік ететін мәдениеттің материалдары та­
рататын иемдену, жұтып қою, бағындыру сияқты жолдармен қол

жеткізіледі. Олардың бұл қулықтары барлық жерде өзін байқатады.
Міне, осының арқасында артта қалған бұқара халық медицина­
ны өзіндік магияға айналдырады. Олар бұны әдеттегі түсініктер
бойынша пайымдалатын өздерінің ойлауларының архаикалық

және иррационалдығы себебі бойынша жасамайды, олар бұл
жағдайда оларға тән бейтараптанушы иемденудің белсенді стра­
тегиясын ұстанғанғандықтан болады. Бұл оларға теріс әсер ететін
рационалдық медицинандан жақсы қорғануға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл жерде біздің алдымызда мазмұндық және фор­
малді жағынан алғанда құрылымданған, дәстүрлі топтар. Басқа
жағдай деп алынатын нәрсе - әлеуметтену үшін қауіптің көпсанды,
қорқыныш пен күші құрылымсыздығы мен инерттілігіндегі топтар­

дан тұратын бұқарадан келуі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы
шеңберде дәстүрлі қарсыласу хабарды өзінше, топтың белгілі
бір кодының, тұғырларының ауқымында түсіндіруге телінеді.
Бұқаралар бәрін бірдей қабылдайды және барлығын көріністі етеді:

оларға басқа кодтың керегі жоқ, оларға мағынаның керегі жоқ, олар
шын мәнінде қарсыласпайды – олар барлығын кейбір белгісіздік
саласына қарай ығыстырады, тіптен оларды мағынасыздық саласы
деп айтуға да болмайды, оны барлығын жұтатын гипноз-манипу­

ляция саласы десе де болады.
Қашанда бұқара бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалында
болады деп есептелініп келді БАҚ-тың идеологиясы да соған не­
гізделген. Осы жағдай бұқараға белгілік шабуылдың тиімділікпен

түсіндіріп келді. Осындай коммуникация процесін қарапайым
түсіну жағдайында бұқараның барлық бұқаралық ақпарат
құралдарына қарағанда күштірек медуим екендігі ұмытылады,
яғни оны бағындырмайды, керісінше, барлығын жұтып қояды,

немесе бағынышты жағдайдан қашып кетеді. Екеу емес бір ғана
бұқара мен бір уақыттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ди­
намикасы бар.
Дәл сондай жағдайда рационалдылықтың, документалдылық­

тың, мазмұндылықтың, әлеуметтіліктің медиумі ретінде қалып­
тасқан кинода бар. Ол елестетудің саласына шешімді түрде ауыса
бастады.
Дәл сондай жағдай техникада, ғылымда және білімде бо­

лып отыр. Олар көріністер мен магиялық практика ретінде өмір
сүру үшін арналған. Тұтынудағы жағдай да осындай. Экономис­
тер өздерінің сұраныстар теориясының тереңдігіне қарамастан
таңқалып келісуге барады. Бұқара халық ненің пайдалы, ненің

пайдалы емес екеніне келісе отырып өздерінің табиғатын таныта­
ды. Бұқараның мінез-құлқына олардың экономистермен келісімде
болуы әсер етпейді. Бұқара тұтынуды мәртебесі жоғары нәрсеге
айналдырды, ол ақылға симайтын деңгейге дейін көтерілді неме­

се симуляцияланады, ол кез келген тұтыну құнын жояды. Оған
бағытталған дұрыс және ұғымды тұтыну жөніндегі үндеулер
жан-жақтан шығуда (ресми насихат органдарынан, тұтынушылар
қоғамынан, эколог­тар мен əлеументтанушылар – социологтар ас­

социацияларынан тарауда), бірақ оның бәрі бекершілік. Құн/бел­
гіге бағдар жасап, ешқандай ойланбастан бұқара экономиканы
қиратады, тұтынудың объективті императивіне қарсы тұрады және
оларды мұқият бақылауға алуға ұмтылмайды. Егер ол құн/бел­

гіні тұтыну құнына қарсы қойылатын болса, онда ол саяси эконо­
мияны бағасыздандыра түседі. Бұлардың бәрі түбінде ауыстыру
құнын, яғни жүйені бекіте түседі деген тұжырым сын көтермейді.
Дегенмен, жүйе бұл ойыннан табыспен қорғана алса да және тіп­

тен оны өзінің мүддесі үшін қолданса да бұндай ығысулар мен
сырғанаулар бұқараның практикасында ешқандай шектеулері
жоқ экономикалық магикалық ғұрыпқа, театрлық көріністерге
айналып, өзін-өзі пародиялауға дейін барады, Экономикалық

қазіргідің өзінде өзінің барлық рационалдігін жоғалтты, өзінің
ақырына жетті, Бұқаралар (біз, сіздер, барлығы) ұстаздардың
үмітін ақтамай. Тәрбиеші-социологтардың барлық үндеуіне
қарамастан, оны әлеуметтікке теріс етті, қалыптан алыстатып, енді

ешқандай саясиэкономияға бағдар ұстамайтындығын көрсетті.
Олар болашақ революцияларға дайындалмайды және пәрменді да­
муды анықтайтын “диалектиканың” ауқымында экономикалықтан
“құтқаратын” теориялармен де қаруланған жоқ. Олар жүйені жо­

ятын ешнәрсеге қарсы күреспейтіндіктерін біледі, тек оларды
гиперлогиканың заңдылығымен қозғалуға итермелейді. Олардың
тұжырымдары төмендегідей: “Сіздер біздің тұтынғанымызды
қалайсыздар ма? Онда біз одан әрі көптеп тұтына береміз. Біз

ешнәрсеге қарамай бәрін тұтына береміз. Олардан ешқандай пайда
мен мағына болмаса да.”
Медицинадағы жағдай да осындай: бұл жерде тікелей қарсыласу
гипертрофикацияға ұшыраған икемді вариантпен ауысқан, яғни

оған де құрметпен қараушылықпен, ережелерге үрейге толы
көрсоқырлықпен бағынумен. Медицина қызметтері саласындағы
тұтынудың
фантастикалық

өсуі,
медицинаның
әлеуметтік
сипатының толығымен жойылуы – түбінде оны оны құртудың ең

мықты құралы болып табылады. Қазіргі кезеңде дәрігерлердің
өздері немен айналысып жүргенін, міндеттері қандай екенін біл­
мейді өйткені оларға бұқараның әсері олардың бұқараға әсерінен
күштірек. Баспасөз болса төмендегідей тұжырым жасайды: “Адам­

дар медицинадан қамқорлық күтеді, жақсы дәрігерлерді, дәрілерді,
денсаулықтың кепілдігін күтеді, бірақ оларға бұлардың бәрі аздық
етеді де үнемі одан көбірек болса екен дей береді”. Бұқаралар
медицинаға қатысты бұқара болуын қоя ма? Жоқ десе де бола­

ды: олар оны әлеуметтік институт ретінде қиратады, әлеуметтік
қамтамасыздандыру жүйесін күйзелтеді. Оларға көрсетілетін
медициналық қызметтердің санының көбеюін талап ете отырып
әлеуметтіліктің өзін соққыға қояды. Әлеуметтіліктен тек жеке

тұтынудың нысанын көреді. Тауар, баға ұсыныс пен сұраныстың
толқуынан туындайтыны белгілі – міне бұның бәрі әлеуметтілікті
әжуалау емес пе?. Бағынуға деген пародия және одан туындай­
тын парадокс: бұқаралар әлеуметтіліктің логикасының сырты­

на шығуының себебі және оның конструкция шайқатуының се­
бебі олар өздерінің іс-қимылында оның заңдарына бағынады.
Қирататын
гиперсимуляция,

деструктивті
гиперконформизм
бүгін­гі таңда неге жеткізетінін ешкім алдын ала айта алмайды.
Қазіргі заманның пендесі таптық күреске бармайды, бірақ ол оған

таңылған әлеуметтілікке қарсы үндемес көпшілік атынын қарсы
шығады. Міне, осы гиперсимуляция әлеуметтіліктің симуляция­
сын күрделендіре түсіп өз заңымен оны құртатыны анық.
Бұқара және терроризм

Біз бұқаралар әлеуметтіліктен қашқаштап, мағына мен еркін­
діктен бас тартатын таңқаларлық уақытта өмір сүріп жатырмыз.

Бірақ бұдан олар басқаша референцияға ендеп кетті деп айтуға
болмайды. Өйткені олар жоқ. Тек айта кететін нәрсе, олармен
түйісуден кез келген билік бірте-бірте күйрей бастайды. Үндемес
көпшілік – ол мән емес және социологиялық нақтылық та емес,

бұл биліктің лақтырып тастаған көлеңкесі, оның алдынан шыққан
тұңғиық, оны жұтып қоятын форма іспетті. Бəріне көне кететін
жиналған жұрт, ол гипернақты конформизмге ие және дәрменсіздік
танытатын тұмандылық сияқты – міне қазіргі кезеңнің биліктің

күйреуінің кінәлісі осы. Революцияның түбіне жеткен де сол -
өйткені имплозивті бұқара ешқашан жарылған емес, сондықтан
оған бағытталған кез келген революциялық үндеуді бейтараптан­
дырып жібереді. Ал енді бұндай бұқараны не істеуге болады? Олар

барлық дискурстардың негізгі тақырыбы, оларға деген бағдарлану
кез келген әлеуметтік жобаның жапсырылмалы идеясына айнал­
ды. Бірақ оған бәс тіккендердің бәрі сәтсіздікке ұшырайды, олар
бұқараны дұрыс біле бермейді, өйткені олар эсхатологиялық

үміттің ауқымында әлеуметтілікке және оның жүзеге асуына
құрылған классикалық дефиницияға сүйенеді. Бірақ бұқаралар -
әлеуметтілік емес, бұл әлеуметтіліктен және социализмнен шегіну
болып табылады. Әрине, басқа бағдарлардағы теоретиктер барлық

уақытта көптеп саналады: мағынаға күдіктене қарайтындар бар,
еркіндіктің тығырығын көрсететіндер де жетеді, саяси алдауды
көрсететіндер қаншама, рационалдылық пен репрезентацияның
кез келген пішімін қатты сынайтындар да кездеседі. Бұқаралар де­

генмен олар сомнамбулалық бас тартудың күшіне сүйене отырып
мағынаны, саясилықты, репрезентацияны, тарихты, идеологияны
сынамайды. Өздерінің ойларын қалай жүзеге асырарын білмей
отырып, болашақ революциялар жөнінде армандайды: ол револю­

ция сыни тұрғыдағы, әлеуметтілік пен қалаудың революциясы деп
алынады. Болып жатқан инволюциялық, белсенді-сыни революци­
ялар екенін байқамайды. Соңғысы имплозивті және ешқандай иде­
ялармен бағытталмайды. Ол қуанышты терістілікке емес, үдеуге

негізделген. Ол үндемейді және инвалютті, яғни революциялық
сөздер мен саналыққа деген шақыруларды жоққа шығарады. Онда
мағына жоқ. Оның бізге айтар ешнәрсесі жоқ.
Оның үстіне бұқараға қиратулардың және әлеуметтіліктің

ажалының кінәлісі ретінде жақын жалғыз феномен – бұл тер­
роризм. Бір жағынан, бұқара мен терроризм – келіспес жау­
лар және билік оларды бір-бірімен қиындықсыз соғыстырады.
Екінші жағынан, олар бір-бірімен керемет түрде сәйкес ке­

леді: әлеуметтілікті жоққа шығарады және мағынадан тек қана
бұқара ғана бас тартпайды – терроризмге де сипатты. Терро­
ризм капиталға қарсы шықтым деп ойлайды, бірақ ол қателеседі

– шын мәнінде әлеуметтілікке қарсы тұрады, ол шыныменде оның

қарсыласы. Қазіргі терроризм әлеуметтіліктің терроризміне қарсы
әлеуметтілікті нысанада ұстайды. Ол өзінің нысанасында қазіргі
әлеуметтілікті ұстайды: салалардың араласуы, байланыстардың,
орталықтар мен құрылымдардың, бақылау органдарының астасуы

– яғни бізді барлық жағымыздан қоршап тұрғандардың барлығы,

міне солардың арқасында біз үндемес көпшілікке айналамыз. Оның
алдында гипернақты шындық. Оның оған жауабы да гипернақты
іс-қимылдармен танылады. Ол жерде көңіл-күйдің тізбектелген
механизмі басымдық танытады. Терроризмнің мағынасы жоқ бо­

луымен қатар ол жүйе ретінде анықталмаған, ол жойылып бара
жатқан кіші имплозияға енген дүние. Терроризм – ол тарихи және
саяси сынның жарқ етуі емес, ол шыныменде имплозивті, ол калты­
ратады, дүр сілкіндіреді, өйткені іштей бұқараның үндеместігімен,

пәстігімен байланысты.
Терроризм өзі туралы айтуға мәжбүрлеуге бағытталған, бірақ
ол революцияға алып келмейді (ол революционер болғысы кел­
мейді). Ол бұқараның үндеместігіне арқа сүйейді, бағытталған,

ол ақпараттармен сиқырланған. Ол өзінің назарын қазіргі
әлеуметтілікке аударады, осы абстракцияның магиясына, осы ма­
гияны белсендендіре отырып өлімге қарай итермелейді. Бұл терро­
ристік актінің магиясы болып табылады.

Террористік акт жалғыз ғана репрезентация актісі болып табыл­
майды. Осынысымен ол өзінде елестетуге ие болмайтын бұқараға
жақындай түседі. Бұдан терроризм бұқараның айтпай келген және
олардың әлсіз қарсыласуының белсенді көрінісі болып табылмай­

ды. Терроризм мен бұқараның мінез-құлқы арасында сәйкестік
қатынасы бар: екеуі де ешқандай идеяға сүйеніп бағытталмайды.
Екеуі де ешқандай репрезентацияға жатпайды, екеуі де ешқандай
мағынаға ие емес. Оларды кез келген репрезентативті жүйені

барынша шешімді жоққа шығару біріктіреді. Бүгінгі таңда
осы екі элементтердің арасында орныққан репрезентацияның
сыртындағы байланыстар жөнінде бар айта алатын нәрсеміз
осы ғана. Бұл мәселенің мәнін түсінуге біздің танымымыздың

базалық схемасы мүмкіндік бермейді – ол субъектінің және тілдің
ортасына, түсініктер ортасына сүйенеді. Сондықтан біз үшін
репрезентацияның бір қыры ғана ашық болып келеді. Ал енді

аналогия мен туысқандыққа негізделген қосылулар жөнінде, тіке­
лей немесе референциалдық емес қосылулар жөнінде және басқа
құрылымдар жөнінде біз ешнәрсе білмейміз. Әрине, бұқара мен
терроризмді бір маңызды нәрсе байланыстырып тұр, тарихи өтіп

кеткен репрезентативті жүйелерден (халық/ұлттық жиын, про­
летариат/партия, маргиналдардың азшылығы/ оларды білдіретін
топтар және т.б.) іздеудің де мағынасы жоқ. Кейбір репрезентатив­
ті жүйелердің арасындағы әлеуметтік қуаты айналымда болады,

дәл солай бұқара мен терроризмнің арасында да қуат айналымы
болатын сияқты, бірақ олар қарама-қарсы сипаттағы қуаттар,
әлеуметтік аккумуляциясы мен трансформациясы қуаты емес, ол
әлеуметтік дисперсиясы, әлеуметтіліктің ыдырауы, қуаттың жойы­

лу және саясаттың құру қуаты.
“Үндемес көпшіліктің дәуірі” терроризмді “тудырады” деп
тұжырымдау – қателік жасау болып табылады. Шын мәнінде біз­
ге түсініксіз түрде бұқара мен терроризм қатар өмір сүреді. Бізге

оған қалай қарасақ осындай синхронды өмір сүру саясилық пен
әлеуметтіліктің ақырын білдіреді. Бұл ұстатпас барлық репрезен­
тация жүйелерінің имплозиясы кезеңін сипаттайды.
Терроризмнің міндеті мемлекеттің репрессивті сипатын

көрсету емес (осындай провокациялық терістікке бұқараның ал­
дында өздерін олардың өкілдері ретінде көрсетпек болған топтар
ұмтылады). Репрезентативті болмағандықтан ол оның таралуының
тізбектік реакциясының механизмін іске қосады, оны терең түсініп

алудың орнына – кез келген биліктің репрезентативті еместігін
зерделеудің орнына жоғарыдағыға итермелейді. Оның теріс ісі
осындай: репрезентативтілкті еместікті азғантай мөлшерлермен
енгізе отырып осы жұмысты жүргізеді.

Оған тән қатыгездік оның барлық репрезентативті институт­
тарды (кәсіподақ, ұйымдасқан қозғалыстар, саналы саяси күресті
және т.б.), біріге жұмыс істеуге дайындарын қоса есептеген­
де, жоққа шығаруымен түсіндіріледі. (Акцияның құрбан болған

қатысушылары туралы “Олар біздер үшін өлді, олардың өлімі бекер
емес” дейді.) Кез келген мағынаны жою үшін, ол өзінің әлеуметтік
легитимді еместігін пайымдауға мүмкіндік бермейтін жағдайларды
жасайды, ол ешқандай саяси нәтижелерге қарай жетелемейді

және олар ешқандай тарихқа ендемейді, ал терроризм кез келген
құралды қолданады. Оның бір ғана “бейнеленуі” – бұқаралық
ақпарат құралдарындағы ол туралы оқыс мәліметтер болып ке­
леді. Бірақ дегенмен бұл әңгіме объективтілік пен ақпараттыққа

терроризмнің саясилыққа жатуынан артық емес. Екеуі де мағына
мен репрезентацияның шекарасының сыртына орналасқан, егер
олардың орны миф болмаса да симулякр саласы деуге болады.
Террористік зорлықтың келесі бір қыры – кез келген детерми­

нацияны және сапаны теріске шығару болып келеді. Бұл жағынан
алғанда терроризмнің бандитизм мен “коммандостың” акция­
сынан айырмашылығын білу керек. “Коммандос” отряды белгілі
бір қарсыласқа бағдарланған әскери операцияны жүзеге асыра­

ды (ол темір жол составын жаруынан, жаудың штабына кенеттен
соққы беруден көрініс беруі мүмкін). Бандитизм (банккіні тонау,
адамдарды ұрлап, оған құн талап ету және т.б.) кәдімгі дәстүрлі
қылмыстық зорлықтың бір түрі болып табылады. Бұл әрекеттердің

бәрі экономикалық немесе әскери мақсат қояды. Қазіргі заманғы
терроризм кезінде кепілдікке адам ұстаудан, оған белгіленген
өлімді кейінге шегумен ойнаудан бастап, осы кездегі түрінде
ешқандай мақсат қойылмайды, нақты жауы да болмайды (егер

қойылған мақсат бар десек – олар не өте ұсақ немесе қол жеткізуге
мүмкін емес нәрселер болып келеді). Палестиндіктер адамдарды
кепілдікке ұстау арқылы Израиль мемлекетімен күресіп жатыр деп
айтуға бола ма? Жоқ, олардың шын мәніндегі қарсыласы олардың

сыртында. Ол тіптен мифке те жатпайды, өйткені ол анонимді,
жіктелмеген, кейбір әлемдік әлеуметтік тәртіп сияқты көрініс бе­
реді. Палестиндіктер бұл жауды кез келген жерден таба алады,
оның көрінісі болып кез келген, ешқандай кінәсі жоқ адамдар бо­

лып көрінуі мүмкін. Міне терроризм дәл осылай өзін көрсетеді,
ол өзінше қалады, ол өзін сақтауының себебі барлық уақытта
барлығына қарсы қимылдайды - әйтпесе ол бопсалаушы немесе
“коммандос” акциясы сияқты болып қалады. Бұл көрсоқыр күштің

сипаты оның абсолютті жіктелмеген жүйемен толық сәйкестікте
келеді. Онда мақсат пен құралдың, жендет пен құрбандықтың ара­
сында айырмашылық жоқ. Өзінің қолына түскен тұтқынға деген
немқұрайлылығымен терроризм осы жүйенің ең басты өнімі – ано­

нимді және келбеті жоқ жеке адамға бағытталған. Кінәсіздер енді
ешкім болмағандықтан қылмыстан зардап шегеді, олардың өзіндік
тағдыры жоқ, олардың өзіндік аттары жоқ, өздері рәміздейтін жүйе
одан ада еткен – міне, қазіргі заман жағдайының кереғарлығы

осы. Олар әлеуметтіліктің ақырғы өнімі болып табылады, ол енді
бүкіләлемдік әлеуметтілікке айналды. Өйткені, осы “кім көрінген”
терроризмнің құрбандығына айналып отыр.

Міне, осы мағынада террористік акт табиғатта болып жатқан
апатпен жақындаса түседі. Гватемаладағы жер асты дүмпуі
мен үш жүз пассажирі бар Люфтганзаның “Боингінің” арасын­
да айырмашылық жоқ, яғни табиғат пен терроризмнің “адами”

әрекеттерінің арасында айырмашылық жоқ. Табиғат та, кез келген
технологиялық жүйенің кенеттен істен шығып қалуы да террорист
кейпінде болуы мүмкін: Нью-Йорктегі электрқуаттарының 1965
және 1977 жылдарда болмай қалуы осыған дейінгі жоспарланған

террористік актілерден көбірек зардаптар алып келді. Осы ірі
технологиялық авриялар және табиғи катаклизмдер субъек­
тісіз–ақ зиянкестік әрекеттер жасау мүмкіндігін көрсетеді. 1977
жылғы Нью-Йорктегі жағдайды жақсы ұйымдасқан терро­

ристік топ жасауы да мүмкін еді, бірақ олардың нәтижесі де бір­
дей болары анық. Одан кейін зорлық пен тонау көбейіп, болып
жатқан нәрселерге наразылық күшейген болар еді және әлеумет
“әлеуметтік” тәртіптің орнатылуын барынша күткен болары айқан.

Осыған қарап терроризм зорлыққа ұмтылудан пайда болмайды, ол
әлеуметтілікті қалыпты жағдайы деуге болады, бірақ осы қалыпты
жағдай кез келген уақытта өзінің қарама-қарсылығына айналып
кетуі мүмкін. Табиғи апат осындай оқиғалардың тізбегін құрайды,

сондықтан ол әлеуметтік апаттың аңыздағы көрінісі болып табы­
лады. Немесе табиғи апат жоғарғы дәрежеде мағынасыз, репре­
зентативтік емес бола отырып өзіндік мағынадағы әлеуметтіліктің
ерекше күйіне айналады, яғни әлеуметтіліктің сүйенген барлық

репрезентациясының күйреуін танытады.
Имплозивті және жарылғыш жүйелер
Бұқаралар – бұқаралық ақпарат құралдары – терроризм
үшбұрышы қазіргі заманға тән имплозия процесінің шарықтайтын

кеңістігін көрсетеді. Бұл процестің бойы үдей түскен зорлыққа
толы, ол таралған және жинақталған, гипноз бен зорлыққа толы.
Біз қазіргі жағдайда апатты имплозияны байқаймыз. Қазіргі таңда
ол басқа бола алмайды, себебі ол күйреудің соңғы кезеңіне өтті,

бұл жарылыс Батыста бірнеше ғасырлар бойы үстемдік еткен
жүйенің жарылысы деуге болады.
Дегенмен, имплозия тек апат түрінде өрбімейді. Ол бақы­
ланатын және бағытталатын түрде де өмір сүреді. Бұл қасиеттерде

ол тұрпайы және дәстүрлі қоғамдарда өмір сүреді және ол жасы­
рын түрдегі басты ерекшелікке айналады. Бұндай қоғамдарға экс­

пансия сипатты емес, оларда орталықтан сыртқа емес, орталыққа қарай бағытталған күш патшалық етеді. Осындай кейіптегі син­ гулярлы көптік ешқашанда әмбебаптылыққа бағытталған емес, олар жоғарғы инстанция да жоқ, дизъюнктивті полярлылық та жоқ репрезентативті процесте болады, бірақ олардың қауіптілігі - іштейгі күйретуді алып келуінде. (Айтылғандар кейбір ерек­ ше имплозияларға жатпайтын сияқты, мәселен, тольтектердің, ольмектердің, айялардың мәдениетінің коллапсын бір нәрсе айту қиын. Кейбір өмірге деген құштарлықтың кенеттен жоғалғанындай жойылып кеткен мәдениеттердің ішкі және сыртқы себептерін айту да қиын). Яғни тұрпайы қоғамдар бақыланатын имплозиялар арқылы өмір сүреді, бірақ олар оны басқара алмайтын болса. Онда оларды ажал күтіп тұр. Бұл дегеніңіз олардың енді жарылыстың билігінде болды деген сөз. (Яғни, олар бақылаусыз тұрғындар санының көбеюінің немесе басқарусыз шығарылатын өнімдердің көлемінің құлы болды дегенді білдіреді, олар кеңістіктегі тоқтаусыз кеңеюдің тұтқындары немесе колонизацияның объектісі ретінде зорлықпен даму принципі мен сыртқа бағдарлануға телуді біл­ діреді, міне осылармен батыс жүйелері өмір сүреді). Біздің “қазіргі” өркениеттеріміз барлық деңгейде экспансия мен жарылыстар негізінде қалыптасуда, яғни нарықты, экономикалық және философиялық құндылықтарды әмбебаптандыру белгісі­ мен, заңның әмбебаптығы жалауымен және дәл сондай жаулап алу стратегиясының әмбебаптылығымен қозғалады. Олар осы күнге дейін бақыланған жарылыс арқылы өмір сүруге қабілетті екендігін көрсетті, қуатты бірте-бірте кезеңдеп босатумен реттеп отыруды үйренді және олардың мәдениетінің алтын ғасыры осы­ лармен анықталады. Дегенмен, бүгінгі таңда жарылыстық дамуы ойға келмейтін жылдамдықтармен дамуда және оны бақылаудың өзі мүмкін болмай отыр. Бұл жарылыстық үдеріс өзінің шеткі жылдамдығына жетті және әмбебаптылықтың шеңберінен шыға бастады – оған енді экспансия деп аталатын саланың өзінде тарлық танытуда. Тұрпайы қоғамдар имплозия үдерісін бақылауда белгілі бір кезеңде ұстап қала алмағандықтан жарылыстың динамикасымен қирап қалған еді. – Дәл солай біздің мәдениетіміз де имплози­ ядан күйрей бастады, өйткені жарылыс динамикасын тоқтататын құралы болмай тұр. Имплозия міндетті түрде болатын нәрсе, нақтылық, аккумуля­ ция және әмбебаптылықпен, эволюциямен, сәйкес өмір сүретін

экспансия жүйелерін құтқарып қалуға кеткен барлық құмартулар
бекер болуы мүмкін емес. Олар өткенді аңсау тұрғысынан алғанда
өнімді, бірақ оларға әр түрлі ерекше қуаттарды босату жөнінде
айтып жатқандардың әрекеттерін де қосуға болады: либидалық,

көпнегіздік, фрагменттік пәрменділіктегі қуаттарды және т.б.
“Қуатты босанту” (“сегменттердің пролиферациясы” және т.б.)
молекулалық деңгейдегі революциялар деңгейінде орын алады
біздің мәдениетіміздің неізінде жатқан экспансия өрісін құрайтын

шекарада жүзеге асады. Тілектен пайда болатын дәрменсіз күші
бар белсенділік – капиталдың әрекеттенген нақтылықты бекіте
түсуге мықты талпыныстарының бірі, молекулалық құрылымдарға
ыдырау - әлеуметтіліктің әр түрлі кеңістіктерін қолдауға тоталь­

ді әрекеттенудің логикалық ақыры ғана. Біз жарылыс жүйесінің
сөніп бара жатқанының куәсі болып отырмыз, ол барынша қуатты
сақтап қалғысы келеді. Сөйтіп, ол экспансияны құтқарып, еркін­
дікке қозғалуға тырысады.

Бірақ имплозияны ештеңе тоқтата алмайды. Жарылысты импло­
зивті жеңетіні анық, тек болашақ қайсысында – мәселе қатты және
апаттыда ма, әлде жұмсақ және жайлап жүзеге асатын имплозив­
ті процесте ме екендігінде. Соңғысы өзіне жаңа антиәмбебаптық,

антирепрезентативтік,
трайбалистік
және
т.б.

орталықтан
қашатын күштерді қосып алғысы келеді. Олардың істері әр түрлі
қауымдастықтардың пайда болуынан, есірткіге қарсы деген
үндеулерден, қоршаған ортаның ластануына қарсы қозғалыстардан,

өндіріс орындарының әрі қарай өсуінен байқалады. Дегенмен,
олар ұзақ уақытқа созылмайды және нәтижесіз аяқталады. Им­
плозивті жүйелердің жарылыстық жүйелерге ауысуы ешқандай
жерде оңайлықпен жүзеге аса қойған жоқ – ол барлық уақытта

үлкен күйзелістермен ілесіп отырды: біздің имплозияға өтуіміз де
қатқыл және апатты болары анық.
Немесе әлеуметтіліктің ақыры
Әлеуметтіліктің динамикасы ашық және анық болмайды. Қазіргі

қомамдарға не тән болып келеді – оны ұлғаюы немесе ыдырауы
ма? Басқаша айтқанда оларға әлеуметтену тән бе әлде бірте-бірте
жүретін десоциализация ма? Жауап әлеуметтілікті қалай түсінуге
байланысты өрбиді, бірақ ол дегенмен ешқашанда соңғы және

біркелкі болуы мүмкін емес. Әлеуметтілік “әлеуметтік дамудың”
көрсеткіші болатын институттарға, сипаттарға ие болып келеді

(қалалану, шоғырлану, өндіріс, еңбек, медицина, мектептегі оқу, әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру және т.б.). Бұған қаржыны қосу керек. Ол тиімді әлеуметтендіру өткізгіші болып табылады, ол бір уақытта пайда болып, бір уақытта қирауға ұшырайды. Әлеуметтік алдында болып, бірінен кейін бірі келіп кет­ кен рәміздік және ғұрыптық қоғамдардың қирандысының абстракциялық инстанцияларынан құралған және бұл институци­ ялар әрбір қадам сайын өндіріп отырады. Бірақ олар оған жұмыс істейді, тоймайтын абстракциямен, әлеуметтіліктің нағыз мәнімен қоректенеді. Бұл мағынада өзінің институцияларының дамуында әлеуметтілік бекімейді, ол регрестелінеді. Бұл қайшылықты үдеріс бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпараттың өзінің пайда болуымен жылдамдатылады және өзінің максималды жағдайына жетеді. Ақпарат құралдары, барлық ақпарлар екі деңгейде қызмет етеді: сыртқы - әлеуметтіліктің өндірісін өрбітудің деңгейі, тереңдетілген - әлеуметтік қатынастар және әлеуметтілік бейтараптанатын сала ретінде. Бірақ біріншіден, әлеуметтілік өзін өндіретіннен қирайтын болса, екіншіден, өндірілетін нәрсемен жұтылып кететін бол­ са (бұқарамен), онда дефиниция референтке ие болмайды және барлық дискурстарға орталық болатын әлеуметтілік термині енді ешнәрсені баяндай алмайды және ешнәрсені белгілей алмайды. Оған ешқандай қажеттілік жоқ, оның ешқандай пайдасы жоқ қана емес, ол оған назар аударғанда басқа ешнәрсені көруге мүмкіндік бермейді, яғни ғұрыптар мен оларды қайталаудан басқа ешнәрсені білдірмейді, ол оның ар жағында тұрған дүниені жасырады, ол абстракциялаудың нәтижесі, әлеуметтіліктің эффектісі, симуляци­ ясы және көрінісі. “Әлеуметтік қатынас” терминінің өзінде беймəлімдік бар. “Әлеуметтік қатынас”, “әлеуметтік байланыс” дегендер не? “Әлеуметтік байланыстарды өндіру” деген не? Тек бір қарағанда бұл ұғымдардың мазмұны түсінікті сияқты болып көрінеді. Әлеуметтілік басынан бастап өзінің мәні бойынша қатынас бо­ лып табыла ма? Онда жоғары дейгейдегі рационалдық пен абстрактілікті білдіреді. Немесе ол сырттай қатынас деген тер­ мин арқылы рационалданатын басқа нәрсені білдіреді. Мүмкін әлеуметтік қатынас деген нәрсені басқаға жатқызуға болатын шығар, ол барлығын қирататын нәрсе болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз әлеуметтіліктің ақыры немесе оның басталуы емес пе?

“Әлеуметтік ғылымдар” дегеніміз әлеуметтілік мәңгі деген түсінікті бекіткісі келеді. Бірақ қазіргі кезеңде бұдан арылу ке­ рек. Әлеуметтіліктен де, тарихтан да еркін болған қоғамдар өмір сүрген. “Әлеуметтік” деген термин де, “қатынас” деген термин де бұл рәміздік құрылымдарға өзінің міндеттерін жүктеген емес. Екін­ ші жағынан. әлеуметтілік біздің қоғамдарда да болмайтын сияқты – олар оны симуляция жасауымен түбіне жетеді. Олардың түбіне жетудің түрлері олардың анықтамалары сияқты көп болғандықтан олардың ажалына жетудің түрлері де көп. Әлеуметтік тек қана қысқа уақытқа өмір сүруге қабілетті: ол рәміздік формациялар дәуірі мен біздің қоғамның пайда болуы арасындағы жіңішке аралықта өмір сүрмейді, тек бірте-бірте сөне бастайды. Бұрын болған емес, кейін болмайды да. Бірақ социология оның мәңгі екенін оның өлімінен кейін де дәлелдеуге тырысатын сияқты. Ол жоғалып кеткеннен кейін “әлеуметтік ғылымдар” өкілдерінің бос әңгімелерінде оған орын берілген. Екі жүзжылдық бойы әлеуметтіліктің таусылмас қуаты ретін­ де инстанциялардың бедерсізденуін білдіретін мекенсізде­ ну мен шоғырлану болып келді. Бұл бедерсіздену болашақтың орталықтанған кеңістігінде жүзеге асады. Оның элементтерінің қатарына қосылғандарға шексіздіктерге бағытталу арқылы мағына ізделінеді. Әлеуметтілік осы барлығын қамтитын болашақта қалыптасады. Тек бір нәрсені ұмытпайық: осындай болашаққа ұмтылған кеңістік тек симуляция үлгілерінің бірі ғана болып келеді, ол өз кезегінде ақиқаттың жарқ етуі мен объективтілікті береді және басқа модельдерге ондай жағдай мүмкін емес. Ал егер олар біз­ ді торға түсіретін нәрсе болса қайтеміз? Онда жағдайда бұл итальяндық сценалық іс-қимылдағы сипаттағы әлеуметтіліктің барлығында ешқандай мағына ешқашан болмағанын білдіреді. Өзінің негізінде нәрселер ешқашан әлеуметтік түрде қызмет ет­ кен емес – олар рәміздік, магиялық, иррационалды және т.б. қозғалысқа келеді. Осыдан капитал қоғамға деген үндеу іспетті. Басқаша айтқанда, бұл барлығын қамтитын болашақтың маши­ насы, ол капитал сияқты ақиқаттың, рационалдылықтың және өнімділіктің машинасы, ол объективті мақсаткершілік пен зер­ деге бөтен болып келеді: ол алдымен зорлау, ол зорлаудың мәні әлеуметтіліктің әлеуметтілікке қарсы бағытталуында. Бірақ шын мағынасында бұл машина әлеуметтік емес, ол капитал мен әлеуметтіліктің антагонистік бірлігімен жұмысы жоқ. Ол үшін заң

бойынша әр түрлі инстанциялар арасындағы ешқандай контракт
пен келісім жоқ – ол тұғырға, шақырысқа, яғни “әлеуметтік бай­
ланыс” линиясы бойынша өтпейтіндерге бағдарланған. Шақырыс
диалектиканың сыртында орналасқан және ол белгілі бір тұтас

құрылымның ауқымында өзара қарсы тұратын полюстердің сыр­
тында. Ол барлық қарама-қарсы тұратын элементтердің және
барлық бірі-біріне қарсы қимылдайтын субъектілердің құртылуы,
әсіресе, алдымен шақырыс жасайтындарды: сөйтіп ол “қатынасқа”

орын беретін кез келген келісімнен қашқақтайды. Құндылықтарды
ауыстыру қисыны енді жұмыс істемейді. Құндылықтар мен
мағыналардан бас тарту қисыны күшіне енеді. Шақырыстың
кейіпкері өзін-өзі өлтіруші ұстанымында болады, бірақ оның өзін-

өзі өлтіруі салтанатты түрде өтеді: ол құндылықтар мен мағынаны
қирата отырып, басқаларды әдетте өзгеше түрде қимылдауға итер­
мелейді. Шақырыс ешқашанда мағынаға, атқа, сәйкестілікке ие
болмайды, ол таратылады және соны ұстап тұрады, бұл мағынаға,

билікке, ақиқатқа, тіршілік етуге, соған ұмтылуға да қарсы тұрар
шақырыс. Міне осындай күшті артқа қарай бұру ғана мағынаның,
биліктің және құндылықтардың түбіне жетуі мүмкін, ал енді
күштердің қатынастарын теңдігінен үміттену пайдасыз нәрсе

– ондай қатынастар бинарлы, полярлы құрылымдық байланыстар­

ды қалыптастырған болар еді, ал олар болса өз табиғаты бойынша
әрқашанда мағына мен биліктің кеңістігін қалыптастырады.
Әлеуметтілік туралы бірнеше жорамал болуы мүмкін:

1. Әлеуметтілік шын мәнінде ешқашан болған емес.

Әлеуметтік “қатынас” ешқашан болған жоқ. Ешнәрсе ешқашан
әлеуметтік түрде өмір сүрген емес. Міндетті түрдегі шақырыс
жағдайында, бұзылу мен өлімнің жақындаған шағында барлық
кезде тек әлеуметтілік пен әлеуметтік қатынастың симуляция­

сы орын алған. Бұл жағдайда нақты, немесе жасырын немесе
идеалды әлеуметтілік туралы айтудың ешқандай негізі жоқ. Тек
қана гипостазияланған симулякр ғана ақталып алынады. Егер
әлеуметтілік симуляция болатын болса, онда жалғыз ғана ықтимал

жағдайдың кенеттен өзгеруі – бұл жылдам десимуляция болып
табылады. Ол жерде әлеуметтілік өзі өзіне референция кеңістігі
болудан қалады, ойыннан шығып, билікке де, әлеуметтіліктің
тиімділігіне де, әлеуметтіліктің айнасына да, оны қолдайтынға

да бірден ақырын жасайды. Десимуляция шақырыстың сипа­
тына ие болады: капитал мен биліктің өздерінің логикасымен
сәйкес өмір сүру қабілетінің шақырысы оларда жоқ, ол әлеуметтік

кеңістіктің симуляциясы қирауымен механизм ретінде бірден
жоғалады. Бүгінгі таңда осы жағдайдың күрт өзгеруі жүріп жа­
тыр. Әлеуметтік ойлаудың ыдырауы, әлеуметтіліктің жойылуы,
әлеуметтік симулякрдің сөнуі – міне осылардың бәріне біз куә бо­

лып отырмыз. Әлеуметтіліктің өзі болмағандай ол ізсіз жоғалады.
Ол даму немесе революция процестерінің нәтижесінде емес, ол
апаттың нәтижесінде жоғалады. Бұл әлеуметтіліктің дағдарысы
емес, ол оның құрылысының қирауы. Әлеуметтілікті қиратады

деген
маргиналдардың
(жындылар,
әйелдер,

нашақорлар,
қылмыскерлер) бұл жерде ешқандай қатысы жоқ, керісінше
олардың белсенділігі әлсіреп бара жатқан әлеуметтілік үшін
қосымша қуаттың көзі болады. Бірақ ресоциализация мүмкін

емес. Нақтылық пен рационалдылық қағидаға сәйкес өмір сүретін
әлеуметтілік қораздың алғашқы үнімен жоғалып кететін таңғы
елестей жоғалады.

2. Әлеуметтілік өмір сүрген және өмір сүруде. Оның үстіне

ол өрби түседі. Тек қана әлеуметтілік бар – ол барлығын бой­
лап кеткен. Әлеуметтілік жооғалмайды, керісінше, өзін барлық
жерде танытып, салтанат құрады. Дегенмен әлеуметтіліктің
динамикасы адамзаттың заңдылықты прогресіне таралады, ал

одан қалғандарының бәрі қалдық деген пікірлерге қарсы сол
әлеуметтіліктің өзі қалдық және ол осы кейіпте салтанат құрады.
Барлығын толтырып, әмбебаптылыққа айналып және нақтылық
мәртебесін алған, рәміздік тәртіптің таралуының қалдығы

әлеуметтілік болып табылады. Біздің алдымызда өлімнің сирек
кездесетін түрі. Бұл жерде қазіргі жағдайда біз әлеуметтілікке
терең бойлай түсудеміз, яғни таза тұнбалар жағына, өлі еңбектерге
мен бюрократия бақылайтын өлі байланыстарға, өлі тілдер және

синтагмаларға толы кеңістіктерге ендейміз.
Әрине, енді әлеуметтілік өліп бара жатыр деп айтуға болмай­
ды, ол енді өлімнің аккумуляциясы. Біз шыныменде жоғарғы
әлеуметтілік өркениетіне жатамыз, сонымен қатар әлеуметтілік

кеңейген сайын жаулап алып жатқан мекендері бар жоғалмайтын
және құрымайтын қалдық болып табылады.
Қалдықтың қалыптасуы және оны жаңаша қолдану – міне
әлеуметтіліктің өндіріс ретіндегі негізгі тұстары осылар сияқты.

Оның циклдері көптен бері ешқандай “әлеуметтік” бағдарларға
ие емес, өйткені ол әрбір оралуы бойынша кеңейе түсетін аб­
солютті дербес түрде өзінің өзегінен айналатын спираль тип­
тес тұмандылық. Сонымен, тарих барысындағы әлеуметтіліктің

күшеюі бұл қалдықтарды рационалды түрде басқарудың күшеюі
іспетті, яғни қалдықтарды рационалды өндірудің өсуі.
1544 жылы Парижде алғашқы рет кедейлерге арналған ірі
жатақ ашылады. Ол қаңғыбастар, жынданғандар және басқа ау­

рулар үшін, яғни ешқандай топқа қосылмағандардың барлығы
мен қалдық ретінде оның сыртына шығып қалғандар үшін өзіне
жауапкершілікті алады. Бұл – әлеуметтіліктің пайда болуының
куәсі. Кейінірек оның кеңеюінің белгілері пайда болады: он

тоғызыншы ғасырда мемлекеттік бақылаушы органы және
жиырмасыншы ғасырда әлеуметтік қамтамасыздық жүйесі.
Әлеуметтіліктің
қарапайымдануына

байланысты
тұтастай
қауымдастықтар қалдықтарға айналады, яғни өзінің келесі спира­
лында әлеуметтілікті нығайта түседі. Қалдық тұтастай алғандағы

қоғамның көлеміне түгелдей жеткенде біз толық әлеуметтенуге
қол жеткіземіз. Барлығы да әлеуметтендіріледі, толығымен
қамқорлыққа алынады, толығымен бөлшектелінеді.
Нәтижесінде рәміздік ұжымдау оның функционалдысы­

мен ауыстырылады және функционалдық институттар өздеріне
рәміздік дезинтеграцияның қалдықтары үшін жауапкершілік
алады. Әлеуметтік инстанция ол үшін орын жоқ жерден де та­
былады. Осындай дезинтеграцияның күшеюіне орай “әлеуметтік

қатынастар” көбейеді, таралады және дамиды. Әлеуметтік ғылымдар
пайда болады. Осыдан “қоғамның өзінің жүнжіген мүшелерінің
алдындағы жауапкершілігі” деген қызық тұжырым шығады. Кім
осы тұжырымға жүгінетін болса, онда ол “әлеуметтілікті” бұл

жүнжіп кетудің салдары болатын инстанция деп есептейді.
Осыдан Мондтағы “Қоғам” айдарының бағыт-бағдары
шығады: қызық жері онда орналасқан материалдардың барлығы
негізінен иммигранттарға, қылмыскерлерге, әйелдерге және т.б.

арналған, яғни барлық әлеуметтенілмеген әлемге бет бұрған.
Әңгіме әлеуметтілікке тартылуға тиісті зоналар туралы болып
отыр, оның дамуы барысындағы оның сыртына шығып кеткен сег­
менттер туралы болып отыр. Әлеуметтілік оны қалдық ете оты­

рып өзінің заңды кеңістігіне алып отыр және олар ерте ме, кеш пе
өзінің орнын кеңейген әлеуметтілікте табатыны анық. Әлеуметтік
машинаның назары осы қалдыққа аударылған және осы қалдықты
жұтып қою әлеуметтілікке жаңа кеңеюлерге қуат береді. Ал енді

барлығы әлеуметтенгенде не болады? Онда машина тоқтайды,
барлық үдеріс қимылы қарама-қарсы жаққа өзгереді және барлық
біртұтастыққа айналған әлеуметтік жүйе қалдыққа айналады.

“Қоғам” айдарында қалдықтар туралы материалдарды орналасты­
ра отырып ол өзін де қалдық деп атап өтеді.
Ал әлеуметтіліктің тиімділігі контракт және әлеуметтік
қатынастар қандай күй кешеді? Егер соңғысы бастапқы құрылым

болудың орнына өзін қалдықпын және қалдықты басқарушымын
деп жарияласа қайтесіз? Егер әлеуметтілік бар болғаны қалдық бо­
латын болса, онда ол даму процесінің немесе оң тарихтың орнына
айналмайды, ол енді тек өлім ғана есеппен басқаратын үйінділердің

кеңістігі болып келеді. Мағына басқаға берілгендіктен онда енді
мағына жоқ, ал әлеуметтілікте басқа болуға мүмкіндік жоқ десе де
болады: ол нағыз қалдықтардың өзіне айналады. Онда ешқандай
жарқын болашақ жоқ, өйткені қалдық өтілген бейболмыс, бұл

күлден қайта тірілмейтін дүние. Сондықтан әлеуметтіліктің саяса­
ты – бұл өліктің саясаты. Әлеуметтіліктің не ұштаушы, не басқаны
итеруші қасиеттері бар. Алдымен өнімді зерденің белгісі ретінде
көрініс бере отырып ол ұлы Қорытындының орнына айналады.

Енді оның белгісі симуляция мен қайта сендіру болған кезде ол
одан кем емес Ерекшеліктің кеңістігіне айналды. Дегенмен бұл
мүмкін “әлеуметтік” кеңістік емес шығар.
Міне, осы мағынада қазіргі кезеңде әлеуметтілік құқық,

қажеттік, қызмет көрсету, қарапайым сұраныс құны түрінде
байқалып отыр: Қазіргі таңда ол тартыстың және саясаттың
құрылымы ғана емес. ол сонымен қатар қабылдаудың құрылымы.
Әлеуметтіліктің экономикалық саласының үстіне сұраныс құны

ретінде экологиялық сала орналасқан. Ол жеке адамның қоршаған
ортамен эквивалентті алмасуының рөлін ойнай бастайды, экожүйе,
гомеостаз, адамзаттың функционалды супербиологиясы ретінде
көрініс береді. Бұл құрылымнан да көбірек – бұл бедерсіз жұғысты

белоктік субстанция. Ол барлық қиындықтардан жасырынатын
және рақат өмір сүретін кейбір қауіпсіздік зонасын құрайды.
Деградацияланған әлеуметтіліктің түрі (сақтандыратын, қысымды
босататын, жайбарақаттандыратын), әлеуметтік энергетиканың

өте төмен деңгейінің түрі (экологиялық тіршіліктің энергетикасы),
энтропияның түрі – міне, осы түрде әлеуметтілік біздің алдымызда
көрініс береді. Бұның өзі өлімнің басқа түрі десе де болады.

[Экскурс] әлеуметтілік, немесе қалдықтың функционалды калькуляциясы Әлеуметтілік байлықтың барлық түрінің көбеюін құртумен айналысады. Егер қосымша байлық қайта бөлу процесіне түсетін болса, онда ол әлеуметтік тәртіпті қиратқан болар еді және ол утопияның жол берілместік жағдайын туғызары анық. Құрбандық жасау арқылы болған кез келген байлықтың кей­ бір орнын ауыстыруы және қалдықтың аккумуляциясына орын қалдырмайтын нәрсе біздің қоғам үшін қолайлы емес. Өйткені, олар “қоғам” деп аталады, сондықтан үнемі артық нәрсе мен қалдық өндіріп отырады (ол демографиялық, экономикалық, лингвистикалық болып келуі мүмкін) және бұл қалдық жойылып отырылуы керек (құрбандыққа шалыну емес, ол қауіпті, сондықтан үнемі жойылып тұрылуы тиіс). Әлеуметтіліктің екі міндеті бар: қалдықты өндіреді және оны бірден құртады. Егер барлық байлықты құрбандыққа шалатын болсақ, онда адамдар нақтылық сезімін жоғалтқан болар еді. Егер барлық байлық олардың қарамағында болатын болса, онда олар пайдалыны пайдасыздан айыра алмас еді. Әлеуметтілік жекелеген адамдардың өздерінің өмірлерін тиімді ұйымдастырып отыру үшін қалдықты пайдасыз тұтынуды қадағалап отыруы тиіс. Қолдану мен тұтыну құны кейбір іргелі моральді шегелей түседі. Бірақ ол тек кедейліктің симуляциясы мен есебінде өмір сүреді. Егер барлық байлық қайта бөлінетін болса, онда тұтыну құнын құртқан болар еді (дәл сондай жағдай өлімге де байланысты). Онда прагматикалық есепке негізделген тұтыну құны моралдық конвен­ ция екендігі бірден айқын болар еді. Бірақ ол бізді өзінің билігін­ де ұстайды, сондықтан мәңгіге тұтыну құны фантазмімен уланған біздің санамыз байлық пен өлімнің орнын ауыстыру апатын көтере алмас еді. Барлығының бірдей айналымда болғаны дұрыс емес. Қалдық қажет. Әлеуметтілік оның болуын қадағалайды. Осы уақытқа дейін автомобиль, үй және басқа “пайдалы зат­ тар” жеке адамдардың материалдық және рухани қорларын табыс­ ты жұтып отырды. Дегенмен жеке адамдар арасында қоғамда бар барлық еркін байлықты бөлдік деп көрелік. Егер бұндай жағдай бо­ латын болса, онда олар батып кетер еді. Олар бағдар мен ұқыптылық сезімін және өздерінің қимылын аңғаруды жоғалтар еді. Олар құндылықтың балансқа сәйкес келмейтін қатынасымен түйісер еді

(кенеттен валютаның келуі қаржы жүйесін тез және түбіне дейін қиратқан болар еді), немесе тұтыну құнының патологиялық дамуы гипернақты функционализмде міндетті түрде ыдырап кетер еді. Кез келген артықшылықтың қасиеті осындай. Ешқандай кедер­ гісіз қозғалатын ол эквиваленттілік жүйесін қиратады, ол сонымен қатар эквиваленттілікке біздің рухани бағдарын жүйесін жояды. Оған қарсы тұра алатын нәрсе байлықтың кеңеюі мен айналымының эквивалентті матрицасының сақшысы болып тұратын ол тек әлеуметтіліктің даналығы болып табылады. Байлықтың жаппай орын ауысуына қабілетсіз және тұтыну құнына бағдарланған қоғам өзіндік ақылға және әлеуметтіліктің алдын болжай алатын институтына және оның “объективті” келеңсіздігіне арқа сүйейді. Елдің мәртебесін көтеруге бағытталған әрекет, “Конкордтарды” жасау, Айға ұшу, баллистикалық зымы­ рандар мен жер серіктерін ұшыру, тіптен, қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік қамтамасыздандыруды ұйымдастыру - әрине, мағынасыз қаржы жұмсау болып табылады. Бірақ әлеуметтіліктің ақылы – тұтыну құны ауқымындағы ақымақтылық болып келеді. Әлеуметтілік аңқау емес, барлық байлықты, кез келген пайдасыз шығындарды және т.б. қайта бөліске түсіруге армандайтын әр түрлі социалистер мен гуманистер аңқау. Тұтыну құнының күрескерлері - социалистер әлеуметтіліктің не екенін абсолютті түрде түсіне алмаған – олардың ойынша, адамдар мен заттардың тұтыну құнының оңтайлы ұжымдық басқаруы деп тұжырымдайды. Бірақ ол ешқашан ондай бола алмайды. Олар əлеумет­ танушылардың яғни, социалистердің үмітіне қарамастан мағынасыз, басқарылмайды, ол оңтайлы басқарудың жауапкер­ шіліксіз жұмсалатын, қирататын, өзінің көлемі бойынша зор проту­ беранец. Дегенмен, ол функционалды болып келеді, міне сондықтан (оны идеалистер игерген де жоқ) ол өзінің тағайындылығына сәйкес келеді. Ол объективті міндетті түрдегі айналмалы əрекет жасай отырып, яғни ысырапшылдықты қолдана отырып, тұтыну құнын бекітеді және нақтылықтың негізін сақтайды. Әлеуметтілік жақсылық пен зұлымдықты ажыратуға көмектесетін байлықтың жетіспестігін қалыптастырады, оған кез келген мораль қажеттілік етеді. Маршалл Салинз баяндап берген абсолютті белгісіз асып төгілген алғашқы қоғамдағы жетіспеушілік осылар жайлы. Бұлар социалистердің көрмеймейтін дүниелері: игіліктердің жетіспес­ тігін қалап және байлықты қолданудың жаппай құқығын талап ете отырып олар оның дамуын қажет ете отырып осынысымен әлеуметтілікті жояды.

Әлеуметтіліктің өлімі туралы мәселе бұл арнада қарапайым
түрде шешіледі: әлеуметтілік тұтыну құнының таратудың
нәтижесінде өледі және ол оны жоюмен бірдей. Барлығы,
әлеуметтікті қоса қарастырғанда тұтыну құнына айналғанда әлем

инертті күйге түседі және онда Маркс армандағанға қарама-қарсы
бірдеңе болады. Біз нашарлаған саяси экономияның, басқаша
айтқанда басқарудың әлеуметтілікті жұтып қойғанын байқаймыз.
Қоғам өзінің байлықты ақымақтықпен қолдануынан құтылады:

Мандевилдің және оның аралар туралы Мысалдары сол күйінде
қалды. Және социализм бұл жерде ешнәрсені өзгерте алмайды.
Саяси экономия осы екі жақтылықты, оның өзіне де қолайсыз
әлеуметтік динамиканың қайшылықтығын жоюға тиіс болатын.

Бірақ әлеуметтіліктің күрделі функционалдығы, өзіндік екінші
деңгейдегі функционалдығы ол үшін күш жетпейтін дүние болды.
Дегенмен бұл экономия қазіргі кезеңде салтанат құруда: саясилық
жоғалып, әлеуметтілікке сіңіп кеткеннен кейін әлеуметтіліктің

өзі экономикалыққа, яғни ол капиталистік фазамен сипатталатын
артықшылықтан ада саясилыққа жақын экономиямен жұтыла бас­
тайды.
[Экскурстың соңы]

3. Әлеуметтілік, әрине, міндетті түрде болған, бірақ енді ол

қазір жоқ. Ол байланыстық кеңістік ретінде, нақтылықтың негізі
ретінде өмір сүрген. Әлеуметтік қатынас, әлеуметтік қатынастарды
өндіру, әлеуметтілік динамикалық абстракция ретінде, тарихтағы
тартыстар мен қайшылықтардың орны, әлеуметтілік құрылым

және тұғыр ретінде, стратегия және мұрат ретінде – бұның бәрі
мағынаға ие болған еді, бұның бәрі маңыздылыққа ие болған бо­
латын. Бірінші жорамалда көрсетілгендей әлеуметтілік ешқашан
құрылған тор, немесе қалдық болған емес. Бірақ ол сонымен қатар

билік сипатында, еңбек сипатында, қаржы сипатында рационалды
орналастырудың келешегіндегі кеңістікте, сонымен қатар өндірістік
кеңістік болып есептелетін барлық тізбектердің түйісетін кейбір
идеалды нүктесіне бағдарланатын кеңістікте мағынаға ие болды.

Ол қысқаша айтқанда екінші деңгейдегі симулякрлер шамасында
жұтылып, одан кейін өліп кетеді.
Симуляция кеңістігі – бұл нақтылық пен үлгі араласуының
орны. Бұл саланың ішінде орналасқандар үшін нақты мен раци­

оналды практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан айырма­

сыз. Бұл жерде турасын айтсақ шындыққа модельдердің енуі де
жоқ, тек нақтылықтың модельге бір сәттегі айналуы бар. Адам
айтқысыз нәрсе көрініс табады: нақтылық жәй ғана жүзеге ас­
пайды, ол гипер жүзеге асуға ұшырайды. Гипер жүзеге асу оның

жойылуын білдіреді, бірақ бұл жойылу дөрекі деструкция емес.
Ол нақтылықты үлгі рангіне дейін асқақтату болып табылады. Мо­
дель алдын алады, сенімді өзгертеді, дүниені құлпыртады – сөйтіп,
әр кезде нақтылықты жұтып қояды.

Модельдің осы нәзік, және жылдам әрі білдірмейтін жұмысын
нақтылық өзін ақиқат ретінде білдіре бастағанда байқауға болады.
Бүгінгі таңда осындай шындықты, осындай аса биік нақтылықты
өндіруге барлық бұқаралық ақпарат құралдары және ақпарлар

бағдарланған (көптеген сұхбаттарды, тікелей эфирлерді, кино,
документалды телевизияны және т.б. еске түсіріп көрелік). Олар
оны көп шығаратындығы соншалық біз әр түрлі анайылық пен
порнографияның қоршауында қаламыз. Объектіге камераны бұра

отырып, шын мәнінде порносъемка түсіреді, біз үшін ешқашанда
шындық болмаған нәрсені нақты етеді, олар тек белгілі бір
қашықтықтан ғана мағынаға ие болады. Гипершындық – кейбір
шындық бар болу мүмкіндігіне сенім білдірмеу. Бұл сенім біл­

дірмеушілік шындықты езгілей түседі және оны үнемі ұлғайя
түсуге мәжбүрлейді және гиперанық бола түсіп өзінің қайта-
қайта жапсырумен болады. Ол оны тығыздай түсіп анайылыққа
қарай итермелейдіол онымен репрезентация арасындағы барлық

айырмашылықты жояды, ол ақыр аяғында жағдайды полюстардың
имплозиясына жеткізеді және олардың арасында нақтылық қуаты
айналады. Нақтылық координаттар жүйесі ретінде енді жоқ, ол
үлгі сияқты ғана өмір сүреді.

Бірақ
сонысымен
гипершындық
әлеуметтілікті

жоққа
шығарады. Егер әлеуметтілік екінші деңгейдегі симулякр ретінде
орын алса, үшінші деңгейдегі симулякрларда ол өндірілмейді: өзін
анайы кейіпте бейнелейтін шекті түрде ол бірден өзіне өте қиын

жағдайға тап болады. Осы әлеуметтіліктің өте жоғары жүзеге
асу белгілері оның пәрменденуінің куәсі және аяқталудың хабар­
шылары барлық жерден көріне бастайды: қай жерде болмасын
әлеуметтік қатынастың кіршіксіздігін айқындайды, айғақтайды

және қолданады. Әлеуметтіліктің тарихы ешқашан революцияға
алып келмейді – ол мәңгілікке әлеуметтілік пен революцияның
белгісімен тоқтатылған. Әлеуметтілік ешқашан социализмге
жақындамайды – ол өзіне гиперәлеуметтілік, гипершындық,

әлеуметтілік (бірақ, бұл мүмкін социализмнің өзі шығар?) түрінде
өте алмайтын кедергіге тап болды. Пролетариат ұғымы якейбір
пародиялық экстенсивті көшірмемен “еңбекшілер бұқарасымен”
немесе қарапайым пролетариаттың ретроспективалық симуляци­

ясымен ауыстырылады және пролетариаттың “өзін-өзі жатсына”
бастауын маңдайына жазбаған. Саяси экономия экономиканың
асқаршындығына кетеді (өндірістің шексіз ұлғаюымен, тау­
арды өндіруден сұранысты өндіру басымырақтықпен және

дағдарыстардың шексіз кезегімен сипатталатын) және сондықтан
ол өзінің диалектикалық жеңіп шығу деңгейіне жетпейді, барлық
қажеттіктерді қанағаттандыру жүйесі тудыру мен істі оңтайлы
ұйымдастыруға қол жеткізе алмайды (ал біз оның жетістіктері мен

кемшіліктерін бағалай алмаймыз).
Енді ешнәрсе өзінің тарихының ақырына дейін жете алмай­
ды, өйткені ешнәрсе осы симулякрлардың қақпанынан қашып
құтылуға шамасы келмейді. Сөйтіп, әлеуметтілік бізге өзінің

құпияларын толығымен ашпай-ақ өліп кетеді.
Әлеуметтілік
туралы
ностальгияға

өзінің
таңқаларлық
аңқаулығы бар әлеуметтік және социалистік ойдың жақтастары
берілсін. Міне солар осындай анық емес және қайшылықты,

оның үстіне қалдықты және елестегі дүниені және өзінің де­
рбес “шындықты” симуляциясымен құрып кететін әлеуметтілікті
әмбебап деп хабарлап, оны кіршіксіз идеал дәрежесіне дейін
көтеруге барды.

Түсініктемелер 1 Яғни “жарылғыш” емес, сыртқа таралғыш та емес, керісінше, ол өзіне тартушы, жинақтаушы болып келеді. 2 Үндемес көпшілікке қарсы өзінің өкінішін солшылдар ерекше білдіреді. Мәселен, Шарли-Эбдо былай дейді: “Үндемес көпшілік бәріне түкіреді – ол тек кешке қарай өзінің үйдегі шәркейін кисе болды. ...Оның аузын ашпағандығы сені адастырып жүрмесін, міне сол үндемес көпшілік заңды қалыптастырады. Ол дұры өмір сүреді: тамақ ішеді, керегінше жұмыс істейді. Өзінің басшылары­ нан тиісті әкелік қамқорлықты және тиісті қауіпсіздікті күтеді, со­ нымен қатар аздап болса да күнделікті кішкене, сондықтан қауіпті емес қажеттіктерінің қанағаттандырылып тұрылуын қалайды.” 3 Бұл Фрейд жасаған аналогия барынша шектеулі сипатты та­ нытады, өйткені, санасыздықты шетке шығару бәрін түсіндіріп бере алмайды. ...Саяси революцияның “тілек-қалаулардың боса­ нып шығуына” айналуы түсінікті, өйткені ол мағынаны көбейтуге емес, оның әлсіздігін толтыруға тиісті. Мәселе бұл жерде бұқараны либидалық экономиканың (ол конформизм немесе бұқараның фашизмін кейбір латентті құрылыммен байланыстырады, билік пен репрессияның күңгірт қалауымен байланыстырады және олар өлімге ұндыны құрып немесе алғашқы шығарып тастаумен қоректенетіндей түсіндіріледі). Бүгінгі күні либидалық экономика өзін күшін жоғалтып келе жатқан маркстік талдаудың бір ғана бала­ масы іспетті. Бірақ ол жаңа бағытқа ие болған сол бұрынғы талдау болып табылады. Бұрын бұқаралар революция үшін жаралған, бірақ олардың бұл тағайындылығын жүзеге асыруға сексуалдылығының шектеулігі кедергі келтіреді деп ойлайтын (Райх); енді оларға басып жаншу, езгілеу тілектерінің көп екендігін телиді, немесе микрофашизмді іздейді. Бұл тұжырымдар ойға қонымды емес. Фашизм мен билікке деген ұмтылыс бұқарада революцияға де­ ген ұмтылыстан көп емес. Міне, сөйтіп, біз бұқараны мағынаны өндіруге жақындатуға деген соңғы талпынысты байқаймыз. 4 Мана – Меланезия және Полинезия халықтарының діни сенім­ дері бойынша белгілі бір адамдар, хайуанда, заттар мен рухтарға тән жаратылыстан тыс күш. 5 Яғни барлығына негіз етіп мағынаны емес, мағынасыздықты алу. 6 resіlle деген сөз жоққа шығарылған деген мағынаны білдіреді, оны Бодрийяр тор деген ұғымға жақындатады.

7 Лат. neuter –ол да емес, бұл да емес дегенді білдіреді. 8 Яғни белгілердің жұмысымен анықталады. 9 Грасиан Бальтасар (1601-1658) – испандық жазушы, иезуит. 10 Dіfference – орыс тіліне әдетте айырмашылық деп аудары­ лады, бірақ ол dіfferer деген сөзден бастау алады және ол кейінге қалдыру, баяулату деген мағынаны да береді. Ж.Бодрийар осы екі мағынаны да ұстанады. Dіfferer мәселесін Ж.Деррида болса осы мағынада терең талқылайды. 11 Француздың sіmulacre – ұқсастық, иллюзия дегенді біл­ діреді. 12 Ж.Бодрийяр әлеуметтіліктің айнасы (mіroіr du sosіal) деген сөз тіркесін алдымен әлеуметтілікті бейнелейтін айна мағынасында, сонан соң айнаның қызметін атқаратын әлеуметтілік мағынасында қолданады. М. Хайдеггердің болмыстың құрықталуы ұғымымен ұқсас келіп тұр. 13 Бұл жерде 1789-1794 жылдағы Ұлы француз революциясы айтылып отыр. 14 Айна кезеңі – француз философ және психологы Ж.Лаканның термині (1901-1981). Бұл кезеңде (6 айдан 18 айға дейін) нәресте өзін өзінің бейнесімен сәйкестіндіре бастайды. Онда Лаканның ай­ туынша елестету, басқаша айтқанда, өзінің Менінің образы пайда бола бастайды. 15 Бодрийярдің субъектіні түсінуі екі түрлі мағынаға бағытталады: бұл бір жағынан әрекеттенуші адамдар және екінші жағынан дискурстың тақырыбы, пәні. 16 Клаус Круассан – Қызыл Армия ұйымы /РАФ/ деп аталатын немістің тобындағы террористердің процестеріндегі қорғаушы ретінде болған адвокат, ол РАФ-ты белсенді түрде қорғағаны үшін бірнеше рет тұтқынға алынған болатын. 17 Лат. Іnvolutіo – шектеу, жинақталу деген ұғымды білдіреді. 18 Екінші түсініктемеге қараңыз. 19 Сыни бұқара деген ұғымды әдетте ядролық жарылысты [explosіon] сипаттарда қолданады. Бұл жерде ол ядерлік имплозия­ ны сипаттау үшін алынды, яғни бұқараның инволюциясы мен үнсіз көпшілік жағдайындағы әлеуметтілік пен саясилық саласындағы бар нәрсеге тап боламыз. Бұл инерттілікке сәйкес келетін өзінше алғанда теріс мағынадағы жарылыс – ол да өзінің сыни нүктесіне ие болады. 20 Қазіргі уақытта әлеуметтілік өндірілмейді, оны өндіру со­ циализм тіптен капитализмнің ауқымында да кездеседі, бірақ

сұраныстыөндіру тауарды өндірудың алдында болатын жағдайда
емес. Өндірістен тұтынуға қозғалыс кері бағытқа ие болды, бірақ
біздің кездесіп жүргенімізді өндіріс логикасы, немесе тұтыну ло­
гикасы деп атауға болмайды. Ол екеуінің де симуляция тәртібі.

Қазіргі кезде капиталдың нақты дағдарысы туралы айтуға бол­
майды. Аттали айтпақшы, ол дағдарыстан “көбірек әлеуметтілік
пен социализм” ұранымен шығу керек. Біздің алдымызда тіптен
басқа гиперреалды құрылым, ол капиталдан да, әлеуметтілікпен

қол үзеді.
21 Қара ойықтар осындай кейіпте болып келеді. Олар нағыз
ғарыштық зираттар сияқты: олардың гравитациялық өрісінің
құдіреттілігі соншалық онда тіптен жарықтың өзі қақпанға түсіп

жоғалып кетеді. Яғни, бұл ешқандай ақпаратты ешқайда бермей­
тін зона. Олардың ашылуы ғылымдағы түбегейлі өзгеріс болып та­
былады. Бұрын таным ақпаратқа, мәліметке, белгілі бір мағынасы
бар оңды сигналға сүйенетін және ол әр түрлі толқындар арқылы

берілетін. Ал енді қара ойықтарға байланысты жағдайларда
ақпараттың өзі жоқ жағдай болып табылады. Олар ешқандай сиг­
налдарды жібермейді және өз кезегінде ешқандай сиганалдарға
жауап та бермейді. Бұқараны зерттеу осы ғылымның өзгеруіне

қосымша импульс береді.
22 Үшінші түсініктемеге қараңыз.
23 Бұл жерде Ж.Бодрийярдың пайымдауынша, бұқара өзінің
екіжақтылығын көрсетеді. Бір жағынан, ол өзінің жоюшы және

қиратушы күшін көрсетеді, бұл жағынан алғанда қара ойықтармен
ұқсастығы осында. Екінші жағынан алғанда – ол басқалардың кез
келген әсеріне түскіш және бұл жағынан алғанда қара ойықтардың
қара- қарсылығы.

24 Бесінші түсініктемеге қараңыз.
25 Жиырма үшінші түсініктемеге қараңыз.
26 Өйткені ғылыми эксперименттің тәсілі білімді нысанға адек­
ватты ете түседі-міс деген тұжырым.

27 Сегізінші түсініктемеге қараңыз.
28 Тоғызыншы түсініктемеге қараңыз.
29 Cіrculaіre сөзімен Ж.Бодрийяр бірден шеңбер бейнелілік сәті
мен директивалық сәтті бейнелейді.

30 Он бірінші түсініктемеге қараңыз.
31 Он үшінші түсініктемеге қараңыз.
32 Бұл
француздың

жазушы,
сюрреалистердің
алдын­
да тұрғандардың қатарындағы А.Жарри (1873-1907) “Доктор

Фаустролляның істері мен пікірлері” кітабында ғылым жайлы
осылай айтады.
33 Маклюэн Херберт Маршалл (1911-1980) – коммуникация
мәселелерімен айналысқан канадалық философ және социолог.

34 Ағылшынша мәліметті жеткізушінің өзі мәлімет болып табы­
лады.
35 Ағылшынның – суық деген сөзі.
36 Қуақылық, әзіл, анекдотты білдіреді.

37 Он төртінші түсініктемеге қараңыз.
38 Он бесінші түсініктемеге қараңыз.
39 Ж.Бодрийярдың 1976 жазылған “Рəміздік образдар және
ажал” деген еңбегі.

40 Массирование деген сөз бұқараның қозғалысы, бұқараның
өмірі, бұқараның болмысы мағынасында берілген.
41 Он жетінші түсініктемеге қараңыз.
42 Он тоғызыншы түсініктемеге қараңыз.

43 Потлач – Солтүстік Америка үндістерінің мейрамы – оған
шақырылған қонақтарға сый беру салты. Бұл салттарда әр түрлі
әлеуметтік топтардың қарсыластығы рəміз түрінде көрінеді. Бұл
сөзді осындай топтарда орныққан алыс-беріс жүйесін сиаттау үшін

қолданылады.
44 Бобур – француздар Жорж Помпиду атындағы Ұлттық өнер
мен мәдениет орталығын осылай деп қысқа атайды. Ол Сан-Мар­
тен мен Бобур көшелерінің қиылысында орналасқан.

45 Бұл жерде әр түрлі топтарға тән бөлектенуге деген ұмтылыстар
айтылады.
46 Азғыру туралы да жоғарыдағыларды айтуға болады. Егер
секс пен сексуалдылық, сексуалдық қатынастардың өндірісі

мен алмасу пішімі түрінде көрініс беретін болса, онда азғыру
мен алмасу қарама-қарсылықтар болып табылады. Азғыру ал­
масумен жақындаспайды, ол өзін көрсетуге тырысумен жақын.
Нəпсіқұмарлық азғырудан тысқары шыққанда ғана “сексуалдық

қатынасқа” айналды, дәл солай әлеуметтілік өзінің рәміздік
өлшемін жоғалтқанда ғана “әлеуметтік байланысқа” айналады.
47 Жиырма бірінші түсініктемеге қараңыз.
48 Жиырма үшінші түсініктемеге қараңыз.

49 Әлеуметтікке қарай шақыру әлеуметтік симулякрді күшейту
және әлеуметтіктен туындайтын әлеуметтілікті талап етуді біл­
діреді. Гиперконформизм нағыз барынша шектен шыққан түрінде
әлеуметтілікке норма ретінде сүйенген күйде көрініс табады.

50 Рәміздік алмасу мен өлімде сөз үш түрлі қалдық жайында болып келеді: құндылықтардың қалдығында – экономикалық мағынада, фантазм – психикалық мағынада, мән-мағыналар – лингвистикалық мағынада. Оларға әлеуметтік мағынадағы әлеумететтілік қалдығын қосу керек. 51 Елуінші түсініктемеге қараңыз. 52 Жоғарыдағыдай қалдықтарды гуайаки мен тупи-гуаранилер өзінен таныта бастағаннан мессиандық көсемдер атлантикалық жағалауларға қарай алып кетеді. Олардың эсхатологиялық ілім­ дері бұл топтарды “әлеуметтілік” қалдығынан тазарта түседі. Сол арқылы тек қана саяси билік қана емес, сонымен қатар дезинтеграцияланған/ дезинтрациялаушы инстанция ретіндегі әлеуметтіліктік өзі кейін шегеріледі. Ол туралы Пъер Кластр ай­ тып кеткен. Ол француз антропологы, 1960 жылдары Парагвай мен Венесуэла үндістерінің арасында өмір сүрген, дінтану саласы­ мен айналысқан маман. 53 Бұл бағдарлар жүйесін сәйкестілікке тек қана капиталдың саяси экономиясымен ғана байланыстыруға болмайды. Еңбек пен жалақының арасындағы және сіңірілген еңбек пен кіріске деген құқықтың арасындағы тепе-теңдікті әділеттілігіне деген сенім буржуазиялық ахлақтан тысқары да байқалады. Ол өзіндік бағалауға және өзінің “менін” қорғауға деген негіз ретінде көрініс береді. Сіз өзіңізге сәйкестік танытатын нәрседен тыс бір нәрсені иемденетін болсаңыз ол игілік сізге апат болып келуі де мүмкін. Гельдерлиннің жындануы да осыдан туындайды. Ондай игілік сізді билеп алады, содан кейін адам өзінің бойындағы белгілі бір сәйкестілікпен орнын толтыра алмайды: оған жер де, еңбек те жеткіліксіз болады. Бұл жерде бурзуазиялық мораль есепке ал­ май келген заңдылық күшіне енеді. Қарапайым мысал келтіріп көрелік: кейбір игіліктер мен байлықтардың кенеттен басына қонғандардың соншама сасқалақтауын айтуға болады. Оларға үлкен дүкенге кіргендерге төлемей-ақ кез келген заттарды алуға болатынын естігендердің үрейін қосуға болады. Сонымен қатар, жүзім егушілерге мемлекет жүзімдіктерді құртқаны үшін оларды өңдегеннен көбірек ақша ұсынған кездегі жағдайын байқаңыз. Бұл үстеме ақы оларды әдеттегі барынша жұмыс күшін жұмсаған кез­ дегіден кем езгіге салмайды. 54 Бұл жерде Ж.Бодрийяр идеалист деген сөзді кәдуілгі мағынада қолданады, яғни адамның нақты өмірді идеализациялауы деген түсінікте.

55 Жиырма алтыншы түсініктемеге қараңыз.
56 Жиырма тоғызыншы түсініктемеге қараңыз.
57 Қарама-қарсылықтан (лат.)
58 Отыз екінші сөзге қараңыз.

59 Маршалл Салинз (1930 жылы дүниеге келген) – американдық
антрополог, Чикаго университетінде дәріс береді. Оның еңбегі -
Экономика каменного века. М., 1999.
60 Саяси экономия термині Ж.Бодрийярда көп мағыналы: эконо­

миканы басқарудың теориясы мен практикасы тұруы мүмкін және
экономикалықтың ерекше жағдайы болуы да мүмкін.
61 Отыз үшінші сөзге қараңыз.
62 Отыз төртінші сөзге қараңыз.

63 Отыз бесінші сөзге қараңыз.Симулякрдың үш қатары туралы
тиянақтырақ Ж.Бодрийярдың Символический обмен и смерть. С.
111-166 деген еңбегінен оқисыздар. Бұл жерде Ж.Бодрийяр былай
деп жазады: “Бірінші қатардағы симулякр құндылықтардың табиғи

заңдылығының негізінде қызмет атқарады, екінші қатардағы симу­
лякр – құнның нарықтық заңының негізінде, ал үшінші қатардағы
симулякр – құдылықтардың құрылымдық заңдарының негізінде
қызмет істейді”. С.113.

64 Отыз алтыншы сөзге қараңыз.
65 Отыз тоғызыншы сөзге қараңыз.
66 Борхес Хорхе Луис (1899-1986) – аргентиналық жазушы
және сыншы. Бодрийяр бұл жерде Борхестің бір әңгімесін келтіріп

отыр.
67 Әлеуметтіліктің төртінші түрлі сипаты болуы мүмкін:
бұқарадағы әлеуметтіліктің имплозиясы болып табылады. Триадаға
негізделген симуляция /сенімнен айрылу/ имплозия - үшінші гипо­

тезаны толықтырады. Бұл сипаттағы мағына “Үндемес көпшіліктің
көлеңкесінде” деген еңбектің мәтінінде толық келтірілген.
Бодрийяр Ж. В тени молчаливого большинства
или Конец социального. Екатеринбург,

Издательство Уральского университета. 2000. С. 1-33.

Оскар Лафонтен

БОЛАШАҚТЫҢ ҚОҒАМЫ

Белгі берер оттар жанған сәттерде
Мен “Дүниені қабылдаудағы дәл осындай жаңылушылық
жаппай көлемде орын алар ма екен?” деген сұрақты өз-өзіме
жиі қоятынмын. Біз қазіргі замандық өндірістің қойнауында

туындаған қауіп-қатерлерді терең сезіне біліміз, біз ғалымдардың
бұл жайындағы ескертпелеріне де қанықпыз, кітаптар мен газет
беттерінен төніп тұрған қауіпті жағдайлар жайында көп оқимыз,
теледидарлардан қауіп-қатерлер көріністерін жиі көреміз, демек

айналамызда қатерлі сәттердің оттарының белгілері жиі көрініс
тауып отырады. Алайда, белгі берер ескерту оттарының ұдайы
жанып тұрғандығына қарамастан біз бейнебір автокөліктің
жүргізушісі тәрізді ұстаған жүгенімізді ырқымызға көндіре алмай,

дәрменсіздік танытуға мәжбүр боламыз. Сөйтіп, байқап тұрып-ақ
көрмейтін көрсоқырдай күй кешетінімізді айтсаңызшы. Адамды
бейжайлыққа алып келетін дәл осындай көңіл-күйдің орын алуы
тым өкінішті-ақ.

Олай болса, жағымсыз эмоциялардың (көңіл-күйдің) адам
бойынан жаппай ығыстырылу құбылысы өмірімізді жеңілдететін
қорғағыш қызметін атқарғаны абзал болар еді. Дегенмен, бұл
жағдайдың өзі де бізді тығырықтан алып шыға алмайды және бұл

сәттер көп жағдайларда тіпті керісінше болып шығады. Біз жан-
дүниемізді қиналысқа алып келетін жағдайларды шамамыз кел­
генше басып тастауға тырысамыз және өкінішке орай оған бай­
ланысты туындаған жауапкершіліктен де қашқақтай бастаймыз.

Адамның жауапкершілігінің жалпы жеткіліксіздігі де дәл осы
жағдайдан келіп туындайтындығы тағы бар. Қоғамдық сананың
мұндай тапшылығы біздің сахналық сыншыларымыздың наза­
рынан да тыс қалмаған сияқты. “Жауапкершілікті өз мойнына

алғандар” атты сатиралық пьесада орын алған дәл осындай көңіл-
күй сондай тамаша көрініс тапқан.
“Сіз айналаңызда болып жатқан жағдайларға көңіл аударыңызшы!
Мемлекет, жер, тұрмыстық басқару орындары, үлкенді-кішілі кон­

церндер, басқару мекемелері, жеке экономика және тағы басқалар
салаларында адамдардың барлығы да өздерінше харакет етеді, тіп­
ті ешкімнің де жауапкершілікті өз мойнына алуға құлқы да жоқ.
Соның салдарынан тек қана өткен жылдың ішінде 14 800 банкрот

болғаны белгілі. Мемлекеттік сектор аясында орын болып отырған
жағдайлардың нәтижесі де дәл осындай болып келеді және мұнда
көзбояушылықтың соншалықты көп орын алғандығын қайтерсіз.
Шаруашылық саласындағы берекетсіздіктердің салмағы, шын

мәнісінде, салық төлеушілердің мойнына келіп түседі, ал салықты
төлейтіндер де дәл осы қатардағы азаматтар.
Бірақ орын алған мұндай келеңсіздікті өз мойнына алуға
ешкім де құштарлық таныта қоймайды, сондықтан оның

салмағы басқалардың мойнына келіп түседі. Әдетте, мұндай
келеңсіздіктерге жол беріп отырған басқару мекемелеріндегі то­
лып жақан олақтар мен шорқақтар болғанымен де олардың жау­
апкершілігін шын мәнісіне келгенде өзімізге тартуымызға тура

келеді. Өйткені, баспасөз орындарының жауапкершілікті біреуге
арта салуы да әдетке айналғадай болып көрінеді. Осы себептен
де жылдам нейтрондардағы реактордағы болған апаттың да жау­
апкершілігін өз мойнымызға және осы іспен арнайы айналысқан

Мейер мырзаға да артуға тура келді. Оған осы қызметі үшін
үкімет ақшаны да аяған жоқ, өйткені жалпы көлемі жеті милли­
ард шығынмен салыстырғанда бір миллион түкке тұрмайтын бо­
лып көрінді. Оның үстіне халықтың мемлекеттік деңгейде болып

жатқан жауапсыздықтарға барған сайын бойлары да үйренгендей
әсер қалдырады. Жарайды, белгілі бір саясаткер өзінің оңбағандық
әрекетіне байланысты туындаған жауапкершілікті жоғарыдағы, не
болмаса төмендегі біреуге ысыра салсын делік, алайда бұл арада

оның бостандығының шын мәнісінде де шектеулі екендігін неге
мойындамасқа. Өйткені, ол жауапкершілікті жоғары қызметтегі
адамның мойнына артуға әрекет жасайтындай болса сөзсіз сөгіс
алады, ал төмендегілерге арта қалса онда оны қайта сайлайды.

Нәтижесінде, мұндай саясаткер қайдан жол тауып, қайда ба­
рарын білмей дал болып өз әрекетінің құрбандығына айнала­
ды. Туындаған мұндай жағдайдан шығып кетудің оп-оңай жолы
да табылған сияқты, ол – жауапкершілігі шектеулі бір фирмаға

қызметке орналаса салу, сонда олар барлығын да өздері реттеуге

ниеттерін танытатын болады. Ал біздің Мейер мырза, мысалға, – ұрыс алаңындағы бейнебір профессиональды баланың дәл өзіне ұқсап кеткен тәрізді болады да тұрады. Дәл осылай емес пе, Мейер мырза?”. Егер жауапкершіліктің өзі де қажетті қызметтің санатына қосыла қалса, мұндай жағдайды біздің қоғамымыздың тамаша бір жетістігі деп бағалауға болмас па екен? Бұл мәселеге әзіл-оспақтық мағына бермеген болсақ, онда қалыптасқан бүгінгі таңдағы жағдайды дәл осыбір сатиралық пьесадағы көрініспен ғана салыстыруға болатын болар. Ендеше, бұл жердегі орын алған бағыт-бағдарды былайша сипаттауға болады: айыптылар басқалар да, ал жауапкершілікті де басқалар көтереді. Дәл осындай сарындағы бөлісті біз саясат пен экономиканың, саясат пен басқару мемемелерінің және саясат пен сайлаушылардың араларынан байқаймыз, ал орын алған бұл көрініс азаматтық қоғамның мақсаттарына қарама-қайшы келеді. Базар экономикасы жағдайында ең маңызды шаруашылық мәселелерін кәсіпкерлер мен менеджерлердің қабылдайтындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осыған қарамастан эко­ номика саласындағы инфляциядан (құнсызданудан) бастап жұмыссыздыққа дейінгі тоқыраулық құбылыстардың жауапкер­ шілігі түптеп келгенде мемлекеттің мойнына түседі. Экономика саласындағы тоқырауларға саясаткерлер жауап береді, ал экономи­ ка көтеріле қалған жағдайда олар оның нақты жемісін де көреді. Өз кезегінде саяси партиялар бұл ойында ерекше белсенділік көрсетіп отырады. Егер де саясаткерлер нарықтық экономика үстемдік еткен ел­ дерде өздері шындап келгенде ешуақытта араласа қоймайтын жал­ пы жағдай үшін жауапкершілікті өздерінің мойындарына алатын болса, онда олар пайда табу мен өзіндік мақсаттар принциптеріне негізделген қоғамдық құрылыстың өмір сүріп отырғандығын ақтап шығуға мүмкіндік алған болар еді. Болдырған билік жүргізушілер Тереңірек ойлана қарасақ, мемлекеттік сектордың жағдайы да дәл осындай болып келетіндігін жасырып қалуға болмас. Саяси теория сайланған саясаткерлердің басшылық жасауға деген, ал шенеуіктер мен мемлекет қызметкерлерінің атқарушылық фун­

кцияларын мойындайды. Олардың атқару міндеттерін орындау демократиялық тұрғыдан алып қарастырғанда заңды да болып есептелінеді, өйткені олар демократиялық жолмен сайланған саясаткерлердің мүдделерін жүзеге асырып отырады. Сондықтан да, саясаткерлердің мемлекеттік аппараттың қызметі үшін жауап­ кершілікке тартылуы қоғамдағы заңды құбылыстардың бірі болып саналады. Алайда, бұл арада да тәжірибе жүзінде қалыптасатын жағдайды теориялық талаптарға сайма-сай келеді деп кесіп айтуға тағы да болмайтын сияқты. Өйткені, бүгінгі таңдағы қалыптасқан басқару жүйесі өте күрделі болып кеткендіктен, оны бақылауға бір саясаткердің күші де, тіпті қабілеті де келе бермейді. Ол барлығын өз бақылауына алу түгіл, келіп түскен ақпараттарды толық ой еле­ гінен өткізуге де мұршасы болмайды. Макс Вебер жүзеге асырған үкіметтің бюрократиялық формаларының өмір сүруінің талдап шыққаннан кейін саяси шешімдерді қабылдаудағы мемлекеттік аппараттардың соншалықты белсенділік танытатындығына біздің көзіміз енді жеткендей болды. Саяси шешімдерді дайындау мен оларды жүзеге асыруды көбінесе тиісті атқарушы мекеме жүзеге асырып отырады. Шын мәнісіне келгенде, мемлекеттік аппарат сайланатын атқарушы үкімет орындарынан оқшауланып отырады да, нәтижесінде ол саясаттың құзырында қалыптасқан жағдайдың заңдылығын негіздеу міндетін атқарумен ғана айналысады. Шешім қабылдайтын үкімет пен мемлекеттік жауапкершіліктің салмағын өз мойнына артқан үкімет арасындағы барған сайын тереңдей түскен бөлінісушіліктің салдарынан кез келген саясаткер өзінің ерікті немесе еріксіз болуына қарамастан Мейер мырзаның кебін киеді, яғни жауапкершілікті өз мойнына алған универсаль­ ды адамға, не болмаса соққыға жығылатын профессиональды балаға айналып шыға келеді. Сонымен, саясаткер өзінің қызметіне байланысты жауапкершіліктен туындайтын, алайда өзінің нақты ықпалын жүргізе алмайтын экономикалық көрсеткіштер немесе басқару орындарының қызметінің нәтижелері жағымды сипатқа ие болады да, ал ол істің жауапкершілігін мойнына алу оның на­ мысына жарамсақтық жасалғанмен бірдей болып есептелінеді. Ал өзінің жауапты қызмет жағдайына байланысты белгілі бір іс-әрекетке жауап беруге тура келгенде саясаткердің жауабы жоғарыда атап өтілген жағдайдан мүлде басқаша сипат алады

және оның жағымсыз салдарлары да болатындығын жасырып
қалуға болмайды. Атаққұмарлық пен пайдакүнемдік мұндай кезде
күтпеген жерден жауапкер адамның рөлін ойдағыдай атқаруға бас­
ты кедергі болады. Олай болса, жұртшылықтың алдында соққының

астына алынатын баланың рөлін алуға қай адам құштарлық таны­
та қояр екен? Алайда, Мейер мырза, өкінішке орай бізге эстрада
театрының сахнасында тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан
да, құрметті көрермендер өздерінің бұрынғы көзқарастарынан ай­

нымайды және олар “жауапкершілікті саясатшылар өз мойында­
рына алу керек” деп есептейді. “Үкіметтің жауапкершілігі” деген
ұғымның өзінде де екі жақты жауапкершіліктің нышандары бар:
оның біріншісі – қоғам үшін жауапкершілік те, ал екіншісі – мем­

лекеттік аппараттың қызметі үшін жауапкершілік болып саналады.
Осы жағдайдан келіп мемлекет пен экономика саласымен қатар
қоғамдық өмірдің түрлі салаларында да саясатпен қатар саясат­
шылар үшін де атқарылған істің жауапкершілігін қалай болғанда

өз мойнымен көтеру функциясы келіп туындайды. Мартин Еник­
ке өзінің “Мемлекеттің дәрменсіздігі” атты еңбегінде былай деп
жазады: “Дамыған батыс елдеріндегі саясатшылардың мойнына
түскен жауапкершілік салмағының туындауының себебі, мемле­

кет экономиканың дамуына дұрыс ықпал ете ала алмағандығына
қарамастан барған сайын өз мойнына толып жатқан міндеттер­
ді ала беруден бір танбайды және осыбір әрекеттің нәтижесінде
атқарылған істің нәтижелеріне бәрі жауап беруге тура келеді.

Мұндай жағдайдың мемлекетте орын алуының тағы бір се­
бебі, сан-салалы шешімдер қабылдау мен олардың орындалуын
қадағалау жөніндегі саяси биліктің саясатшыларға берілгендігінің
шындыққа жанаспауы салдарынан ол адамдардың барлығы үшін

де, тіпті мемлекеттің бюрократиялық дәрменсіздігі үшін де жауап
беруге тиісті екендігі болып табылады. Үшіншіден, басқарушылық
қабілетінен айырыла бастаған бюрократия күші мен өнеркәсіптің
жекелеген салалаларының дәрежесінің өсе түсуі жауапты адамдарға

деген сұранысты одан әрі күшейте түседі. Саясатшының дәл осын­
дай рөлін бұлжытпай орындауға деген құштарлықтың арқасында
олар да өз жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алатын болады”

Үміт оттарының аясындағы саясатшылар Болған істің жауапкершілігін басқа біреуге ысыра салудың кең етек алуы бұл мәселелермен саясаткерлермен қатар сыншылардың да белсене араласуына байланысты соншалықты қауіпті де бол­ майтын сияқты әсер қалдырады. Дәлірек айтсақ, дәл осы сыншы­ лар ғана басқаларға қарағанда көп жағдайларда қоғамдың өмірдің бей-берекетсіздіктерін тереңірек аша білді. Демек, “жауапкер­ шіліктен бас тартушылық орын алды” деген сөз саяси мәдениеттің ең маңызды саласы болып саналатын жауапкершіліктің қоғамдық сана-сезім саласында жағдайдың соншалықты жақсы болмағандығын аңғартады. Біздің ойымызша, өкілділікке негіз­ делген мемлекеттік конситиуцияны (ата-заңды) көптеген адам­ дар айқындалған жауапкершілік ретінде қабылдайтын сияқты болып көрінеді: тіпті олар сайлау бюллютендерімен бірге сайлау жәшіктерінің түбіне қоғамның тағдыры үшін жауапкершіліктерін де тастап жібергендей әсер қалдарады. Осы жағдайға байланысты саясатшыға өзіндік үдеріс ретінде харакет ететін үлкен жауапкер­ шілік жүктеледі. Оның басына түскен бұл жағдайды белгілі бір мағынада кәсіби футболшымен де теңестіруге болатын сияқты. Өйткені, саясатшының болашаққа деген үміт оты тұрғысынан алып қарастырғанда оның сайлаушылар тарапынан жинаған дауысының саны футбол клубының жаңа ойыншыға төлейтін ақысына саймасай келеді. Саясатта, әдетте, кәсібилік пен дұрыс басшылық жа­ сай білу қабілеттілігі ерекше бағаланады. Клубтың сатып алған ойыншысы сияқты сайлау науқанында жеңіске жеткен жаңа сая­ сатшы да өздерінің сайлаушыларының үміттерін толық ақтай білу­ лері керек, яғни олар өз қызметтері барысында жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетулері шарт. Егер де, ол бұл мақсатына жете алмаса, сөзсіз, қатардан шығып қалады және оппозиция қатарын толтыруға мәжбүр болатындығы да айқындалған шындық болып табьылады. Ал футбол командасы матч басталғанға дейін өзінің қарсыласын жеңе алмайтындығын мойындайтын болса, онда бұл әуел бастан-ақ жеңілістің дәмін тату болып есептелінеді. Олай болса, саясатшы да өзінің билігімен қатар уақиғалардың барысына ықпал ету мүмкіншілігін барынша пайдаланбай тұрып, туындаған

өзекті мәселелерді шешудің нақты жолдары жоқ екендігін мойын­ дай да алмайды. Тіпті, мұндай әрекеттің өзі де жүзеге аспай қалған жағдайда ол саясатшы өзіне жасалған қысымның әсерімен әйтеуір бірдеме ойлап табуға барынша тырысып-ақ бағады. Кәсіби фут­ болист ойын кезінде өзінің әріптесіне дұрыс фас бере алмаған жағдайда ондаған мың жанкүйерлер өздерінің наразылықтарын айқай-шу арқылы білдірмей ме. Ал саясаткерлер өздері наразылық білдірген сол футболшы сияқты жақсы ойнай білмесе де, допты қай жаққа беру керек екендігін өздері соншалықты жақсы білетіндей бо­ лып көрінеді. Демек, саясатшы дәл осындай жағдайды өз басынан үнемі кешіріп отырады. Дегенмен де, оның айтқандары дұрыс бол­ май шығатындай болса, онда оған амалсыздан жоғарыдағылардың ақыл-кеңесін тыңдауына тура келеді. Бірақ олар өз ұсыныстарынан асырып ештеңе де айта алмайтын дарынсыз адамдардың аузы­ нан шыққан сөздерді тыңдауға жиі мәжбүр болып отырады. Осы жағдайға байланысты Ульрих Бек былай деп жазады: “Саясатшылар өздерінің бағыт-бағдарларын дұрыс айқындай алмайтындығы, ой­ ланбай-ақ іс-әрекетке баратындықтары жайындағы сындарды көп тыңдауларына тура келеді және өкінішке орай бұл сыншылардың өздері де әр нәрсенің байыбына бара білмейтін адамдар болып шығады. Нәтижесінде сынай айтылған мұндай ақыл-кеңестерді сайлаушыларына өз басының тапқан тамаша жаңалықтарындай етіп көрсетуіне тура келеді”. Кез келген адам сияқты саясатшыға да дәрменсіздік сезімі тән бо­ лып келеді. Саяси даму саласындағы қабылданған маңызды шешім­ дер, әдетте, қоғамдық саяси саланың назарынан тыс қабылданады. Егер де олар саяси салада қабылданатын болса, онда мәселе көп жағдайларда өз елінің экономикалық дамуына барынша ықпал ететін басқа мемлекеттер қабылдаған шешімдер жайында болып шығады. Қоғамдық өмірдің белгілі бір қиындықтарға ұшырауына байланысты саналы және белгіленген мақсатқа сай өзгерістердің мүмкіндіктері барған сайын азаяды және саяси қызметтің дәстүрлі саласының өрісі айтарлықтай тарылады. Сайланған саясатшыға үлкен жауапкершілік жүктелгендіктен одан қалың жұртшылық қоғамдық проблемалардың дұрыс шешілуін тағатасыздана күтеді. Алайда, оларды қоғамның барлық мүшелерінің үлкен жауапкер­ шілікпен жұмылып әрекет етуімен ғана ойдағыдай жүзеге асыруға

болатындығын естен шығаруға болмайтын шығар. Өзінің жауап­ кершілігін басқаның мойнына жүктеген адамнан қандай нәтиже күтуге болады? Қарқынды өмір ағымында әрбір адам өзінің жоғалтып алған жауапкершілігіне қайтадан ие болуы қажет. Ақталу рәсімдері Саясат өзінің атақ-абыройын әмбебап жауапкершіліктің жар­ шысы болып саналатын өз қызметтерінен алып отырады. Алайда, саясатшылар оларды көбінесе ауыртпашылық ретінде қабылдайды және сондықтан да болар олар жауапкершілікті басқа біреулерге арта салуға әрдайым тырысып отырады. Бірақ, бұл жағдай белгілі бір мәселені шешу барысында орын алған оның сәтсіздіктерінен хабардар етеді, ал ол проблемалар бұл іске барлығының жұмыла кірісуінің арқасында ғана өз шешімін ойдағыдай таба алады. Са­ ясатшылар өздерінің қызметтерінің арқасында туындаған үміттің құрбандығына айналғандықтан, еріксіз өзін-өзі ақтап алуға әрдайым дайын болып отырады және бұл арада айта қаларлықтай жетістіктерге жете алмауы себепті оның өзін-өзі мадақтау рәсіміне жүгінуіне де тура келеді. Сайлаушылардың дауысын жоғалтып алмас үшін оппозиция да, үкімет те бұл рәсімнен бас тарта алмайтындығы тағы бар. Тіпті сайлаушылардың басым бөлігі саясатшылардың көпшілігімен біріге отырып, өзін-өзі ақтап алудың бұл рәсімінің күлкілі екендігін біле тұрса да, сайлаушылардың қалған бөлігі бұрынғысынша бұл рәсімнен бас тартуға кедергі келтіре де қоймайды. Саяси сахнадағы болып жатқан іс-әрекеттер мүлде жаңа жетілген саяси мәдениет қалыптасқанға дейін өзіндік өзгерістерге ұшырап отырады. Өз жағымыздан өзіміздің ісәрекетімізді өзгертетін нақты дайындық болмай тұрып саяси мәдениет те дұрыс жолға түсе алмайды. Мұндай диалектикалық байланыс саяси мәдениеттің мән-мағынасының жақсаруын одан әрі қиындата түседі. Бір ғажабы, осыған қарамастан бұл жағдайды біз қажетсініп те отыратынымызды қайтерсіз. Соңғы жылдардағы басымыздан кешірген қайғылы ауыр жағдайларды ескере отырып, біздің саяси мәдениетіміз үшін “қайта құрудың” белгілі бір түрі өз пайдасын тигізген болар еді деген ойға келеміз. Қоғамдық жауапкершілік сезімінің зияндылығының көрсеткіші

екі жақты экологиялық мораль болып табылады. Біздің барлығымыз
да қоршаған ортаның барған сайын бұзылып бара жатқандығына
қатты назаланамыз, бірақ ешкім де, өкінішке орай, табиғи орта­
ны сақтап қалу үшін қолынан келіп тұрған күннің өзінде де ешбір

нақты шара қолдана қоймайды. Өзінің жеке авто көлігінің пайда­
сынан бас тартуға келісетіндердің саны да шамалы болып келеді.
Тұрмыста химияны қолданбайтын адам жоқ. Әрине, біз қоршаған
ортаны улай беруге қарсы болуымыз керек, ал егер қажет болған

жағдайда ереуілдерге шығу да қажет болар. Мұндай жағдайда біз
басқаларды айыптай отырып, өзімізді де ақтап алудың дұрыс емес­
тігін ұмытпауымыз керек. Қоғамды “кінәлілер мен құрбандықтар”
деп жікке бөлуге болмайды. “Жалпы молшылық қоғамында” әрбір

адамның өзіндік үлесі сол қоғамға пайда келтірерліктей болуы
керек. Осыған байланысты туындаған проблемалардың дұрыс
шешімін табу – жауапкершіліктің жалпы сезіміне негізделген
қоғамның барлық мүшелерінің жұмыла харакет етуінің арқасында

ғана ойдағыдай жүзеге асады.
Егер де біз өзіміздің индустриялық орталықтарымызды
бұрыннан қалған түрлі қалдықтардан тазартқымыз келетін болса,
онда оларды жердің уланған қыртыстарының астынан жоқ қылу

үшін, бізге тұтастай өнеркәсіп орындары мен қала көшелерін
бұзып тастауға тура келген болар еді. ФРГ-ның жерінде теміржол
вагондарында радиактивтік уланған заттарды басқа жерлерге апа­
рып тастаудағы орын алған жағдайларды көрсететін фактілер бұл

зиянды заттарды құртуда біздің мамандарымыздың әлі де болса
дәрменсіздік танытып отырғандығын көрсетеді.
Жаңаша ойлау бүгінгі таңда заманымыздың басты талабына
айналуда. Қазіргі заманның ғылыми-техникалық революциясының

салдарынан
туындағын
технологиялық
револоюцияның

мәселелерімен, табиғаттың ластану мәселелерімен немесе қуатпен
қамтамасыз ету мәселелерімен тиянақты түрде айналысқысы кел­
ген әрбір адам ауқымды демократияның салтанат құруына барын­
ша атсалысуы керек, басқаша айтқанда қоғамның әрбір мүшесі

жауапкершілікті өз мойына алуға ұмтылғаны абзал.
Демократиялық жауапкершілік саясатшының қызмет аясының
өрісін тарылту деген ұғымды білдірмесе керек. Керісінше,
бүгінгі таңда бұл жағдай оның ауқымының одан сайын кеңейіп

келе жатқандығының айғағы болып табылады. Саясатшының
барлық іске жауап берушілік қызметі оның беделін төмендететіп
дәрменсіздік күйге қарай жетелейді де, соның нәтижесінде ол
жасампаздық рөлін атқарудың орнына баяндап түсіндірумен

ғана шектелуге мәжбүр болады. Саясатшы бұл арада мемлекет­
тік бюрократияның қызметін заңдастырып немесе экономиканың
даму барысында жіберіліген қателіктердің жауапкершілігін өз мой­
нына алуды ғана қанағат тұтатын болса, онда саясат саясатшыны

ең басты нәрседен, дәлірек айтқанда шешуші билігінен айырған
болып шығады. Жауапкершілікті демократияландыру дегеніміздің
өзі – саясат, экономика және қоғамдық өмір салаларында билікті
екіге бөлу дегенді білдіреді. Атап айтқанда: шешімді қабылдайтын

билік (үкімет) те, ал екіншісі жауапкершіліктің салмағы түсетін
билік. Сондықтан да, мүмкіндігінше қоғамның жауапкершілігін
үкімет билігімен өзара ұштастыра білген абзал. Бұл арада мен
“қоғам” деген сөзге ерекше мән беріп отырмын. Әрине, менед­

жерлер де өздерінің кәсіпорындары мен акционерлерінің алдын­
да жауап береді. Олардың жауапершіліктері жеке экономиканың
мүдделерімен шектеліп отырса да, олар көп жағдайларда бүкіл
қоғамның мүддесіне сай келетін түрлі шешімдер қабылдап отыра­

ды. ФРГ-ның конститутциясында жазылған “меншік жауапты іс-
әрекеттерді талап етеді” деген статъя (бап) шаруашылық өмірдің
тәжірибесінде ойдағыдай жүзеге асырылып жатқан да жоқ.
Саясатшылардың

қызметінің
еркіндігінің
аясы
толып

жатқан “амалсыз міндеттемелердің” қысымымен де тарылып
отыратындығын дәл осы арада ерекше атап өткен жөн болар.
Мұндай жағдайлар басқалар қабылдаған шешімдердің орындалуы­
на жауап беру қажет болған кездерде туындап отырады. Ал егер

белгілі бір шешім дер кезінде қабылданатын болса, онда жүзеге
асқан деректердің шектелген күшінің әсері оған оншама әсерін
тигізе де қоймайды… Жауапкершілікті қажетсініп отыратын келелі
іс-әрекеттер қашан да қоғамға келіп тиетін салдарларды сын еле­

гінен өткізіп, жан-жақты талдауды қажетсініп те отыратындығын
естен шығармауымыз керек.

Дәстүрлі моральдың ендігі жерде қажеттігі де жоқ Қоғамдағы техникалық дамудың нәтижесінде әрбір жеке адам өз басына байланыссыз жағдайлардың құрсауында қалып қойғандай және ауыр машинаның салмағы өзін басып тұрғандай болып сезінеді. Мұндай көңіл-күй мегатехникадағы ең қауіпті жағдай болып есептелінеді: өйткені шарасыздық сезімі оның ынтажігерін құм құлады, сонымен қатар мұндай жағдайды болдырмауға бағытталған жауапкершілік қызмет үлесін өз қолымызға алуға ке­ дергі жасайды. Егер де “күштің еркін ойыны” идеологиясымен қаруланған либерализм экономика саласында бұл сезімді одан әрі қалыптастыруға түсуге бейімділік танытатын болса, ал солшыл­ дар мұндай дамуға үзілді-кесілді қарсылық көрсетеді және олар бұл әрекетін Ағарту дәуіріндегі “әрбір адам ақыл-ойдың жемісіне сүйене отырып, тарихты саналы түрде жасау керек, яғни жауапкер­ шілікті сезіне отырып, ерікті әрекетке даңғыл жол ашу керек” – де­ ген ұранмен негіздейді. Саясат адамның өзінің дәрменсіздігін сезіне білуіне де, одан қалды оған тікелей байланысты туындаған проблеманы шешуден қашқақтауына да қарсы күрес ашу қажет. Белгілі бір мәселелерді шешуде шарасыздық танытушылық пиғыл мен шарасыздық сезім танытуға да, одан қалды қоғамдық жауапсыздықты тудырмас үшін саясаттың өз басы мүмкіндігінше “амалсыз жағдайлардың” туын­ дауына жол бермеуі керек. Ал егер де саясат өз қызметінде көрегендік пен алдын-ала ескерту принциптерін негізге алатын болса, онда туындаған жағдайлардың қысымымен бұл күрес барысында бұрын жоғалтып алған іс-әрекеттер бостандығына қайтадан ие болуына мүмкіндік туады. Біз өзіміздің қолымыздан шыққан нәрселердің өзімізге қарсы әрекеттерін жайбарақат күтіп жатуымымыздың жөні бола қояр ма екен, ал бұлай болған күнде бізге салынған жараларды ем­ деп-жазудан басқа ештеңе де қалмайтын сияқты. Ерте ме, кеш пе бұл жаралардың жазылмайтыны белгілі болатын сәттің келуін тағы да жоққа шығара алмаймыз. Сөйтіп, мұндай жағдайда өзіміздің моральдық құндылықтарымызды өзіміздің өмірімізге икемдеп қайтадан айқындауға және өзіміздің болашақ дамуымызды осы қалыптар мен принциптерге сай саяси негізде, яғни қоғамдық және

демократиялық мүдделерді өзара ұштастырып отыруымызға тура
келеді. Басқаша сөзбен айтқанда, саналы технологиялық прогрес­
ке бағдар алған саясат жалпы этикалық өлшемдерге, одан қалды
технологияның өлшемдеріне емес, керісінше технологияға ықпал

жасайтын этикаға бағытталуы керек. Дәл осындай өлшемдік
яғни, нормативтік саясаттың құндылықтардың қоғамдық жүйесін
әрдайым да қажетсініп отыратындығының басты сыры да осында
болса керек.

Бүгінгі таңда біздің қоғамымыз болашақта өзіміздің техниза­
циямызды ырқымызға көндіруге қажетті құндылықтар жүйесіне
де, мекемелерге де толық ие бола алмауда. Жаңа технологияның
революциялық сипаты ескі этикалық нормаларды қолдануға

шындығын айтқанда мүмкіндік бермей отыр. Ганс Йонас өзінің
“Жауапкершілік қағидасы ретінде” деген еңбегінде былай деп жа­
зады: “Қазіргі замандағы адамның қолынан келетіні де, ал одан
кейін алынған өмірлік тәжірибелерін сөзсіз жүзеге асыра оты­

рып жасағандарының барлығы да бұрынғы өткен тарихтан дәл
осындай сипат алған ұқсастықтарды таба алмайтын да сияқты.
Оның бұрынғы жинаған тәжірибесінің барлығы да оны дұрыс іс-
әрекеттерге жетеледі. Ал дәстүрлі мораль үкіметтің жаңа түрлері

мен оның көріністері үстемдік ету жағдайында “қайырымдылық”
пен “зұлымдықтың” арасын айыра білуде үлгі-өнеге бола қояр
ма екен”. Осы еңбектің басқа бір жерінде ол былай деп қосады:
“Мемлекеттік саясат осы уақытқа дейін дәл осындай соншалықты

ауқымды мәселелермен айналыспаған болатын және адамдық ха­
рекет мәнінің өзгеруі саясаттың да мән-мағынасын айтарлықтай
өзгерістерге ұшыратты”.
Бүгінгі таңда біз Ганс Йонасқа Неміс кітап палатасының Бей­

бітшілік сыйлығын немесе оған немістің апталық газеттерінің
беттерінде сұхбат берумен шектеліп қала да алмайтын шығармыз.
Бұл шаралар аздық ететін сияқты, өйткені оның ойларында біздің
заманымызға тікелей байланысты тым батыл пайымдаулар жатыр.

Егер де дәстүрлі мораль ендігі жерде соншалықты тиімді болма­
са, ал мемлекеттік саясат немесе нақтырақ айтқанда біздің өзіміз
болашағымыздың бұрын соңды туындамаған проблемаларын
айқындайтын сұрақтардың нақты жауаптарын таба алмасақ, онда

біздің қоғамымыздың мәнділігін жойып бара жатқандығы жайын­

да әңгіме қозғауымызға тура келмей ме? Ендеше, кітаптың бас жағындағы біздің ұрпағымыздың болашақ алдындағы қорқынышы осы айтылған ойларымыздың айқын айғағы болып табылады. Сонымен қатар біздің қоғамымыздағы адамдардың белгілі бір іс-әрекеттеріне рұқсат беретін немесе тиым салатын құндылықтар жүйесін өзгертуді талап етушілер де жоқ емес. Қоршаған орта­ ны қорғаудың нақты императиві “ғаламдық деңгейде ойланып, іс-әрекеттерді жергілікті жерлерде жүзеге асыру” деген қағидаға сүйенеді. Өйткені, жергілікті жерлердегі орын алған уақиғалардың ғаламдық салдарлары болатындығы Чернобыль уақиғасынан кейін одан сайын айқындалып қалғандай болып көрінеді. Алайда, біз автокөлікте жүруіміз, көмірді жағуымыз немесе тұрмыстық зат­ тарды қолдануымыз осы тұрғыдан алып қарастырғанда жергілікті іс-әрекеттер қатарына жатпайтындығын ұғына білуге үйренуіміз де қажет сияқты. Әлеуметтану ғылымы бізді қоғамды ұйымдастыру принци­ пі оның оқып-білуге деген қабілеттілігін шектейді деп үйретеді. Біздің қоғамымызды ұйымдастыру принципі оның өндіргіш күштерінің дамуына ешбір нұқсан келтірмейді, дегенмен де ол құндылықтардың универсальды жүйелерінің өмір сүруіне де, нор­ мативтік құрылымының өзгеруіне де кедергі болмайды. Бостандық, әділдік және ынтымақтастық сияқты негізгі қағидалар уақыт өткен сайын әмбебап сипатқа ие болып келеді, міне осы себептен де олар аймақтық іс-әрекеттердің өлшемі бола алады. Нормативтік құрылымның өзгеруін жүзеге асыру үшін ең ал­ дымен неоконсерватизм мен солшыл демократияның бір-бірі­ не қарама-қарсы екі үлгісінің өзгерістерге ұшыраған адамның іс-әрекетінің мән-мағынасына негізделген саяси моральға қаншалықты жарамды болатындығын анықтап алу қажет. Жаудың бейнесі және ерекшелік саясаты 1987 жылы Шлезвиг-Гольштейнде болған дау-жанжал саяси үлгінің аясында орын алды. Олардың жақтастары қарсыластарын жай ғана саяси қарсыластар ретінде емес, нағыз жау ретінде қабылдады және олар өздерінің мақсаттарына жетудің басты жолы - үкіметті басып алу немесе оны өз қолдарында ұстап тұру деп сана­

ды, яғни олар күрестің қай түрінен болса да бас тарпайтындықтарын
ашық білдірді. Еуропалық өркениеттің христиандық дәстүрлермен
етене жақын екендігі баршамызға аян. Христиандық ілімнің басты
қағидаларының бірі – өз жауыңа деген махаббат болып табылады.

Олай болса, жақын адамыңа деген махаббат бізге жау бейнесін
жоқ қылуға көмектеседі…
Ынтымақтастық қағидасы
ФРГ-да консерваторлардың ортасында абыржушылық бас­

талды. Нақты бағыт-бағдарларын жоғалтып алған олар саяси
дамудың жаңадан тың жолдарын іздестіруге кірісті. ХДС пен
ХСС-тің алған бағдарларына байланысты туындаған айтыс-та­
ластар осы бағыттардың өзіндік бағыт-бағдарларының басты

айғағы болып табылады. Социал-демократтар болса қайтадан өз
күштеріне сенімді сияқты әсер қалдырады. Өткені, олар қоғамдық
пікір аясында қоғамдық өмірдің көптеген салаларында өздерінің
жетекшілік рөлін қайтарып алуға қолдарын жеткізе білді. Мұндай

жетістіктің сырын олардың идеологиялық жаңғырту процесін
ерте бастағандықтарынан іздестіру керек болар. Олар ең бірінші
кезекте, адамзат баласының бірлесіп әрекет етуінің жолдарын із­
дестіре отырып оны таба да білді және оны табиғатпен үндестік

рухында жүзеге асыра білгенде ғана жер бетіндегі тіршіліктің ба­
янды болатындығына көздері анық жетті. Өзінің басты мақсаты,
“болашақтың еркін қоғамы” деп санайтын кез келген концепция
ынтымақтастықтың әмбебап принципін әрдайым негізге алып

отыруы керек екендігін дәлелдеп жатудың қажеттігі де бола
қоймас. Бұл арадағы неоконсерватизмге бағытталған солшыл
баламалықтың мәні – басты ұстанымы ынтымақтастық табылатын
және бірлескен әрекетті ұстанатын саясат еді.

Дүниені дәл осы тұрғыдан қабылдау – жүйелердің шеленістері­
нен бас тартуды мақсат тұтатын және бірлескен жауапкерешілік
рухында құрылатын қоғамдастыққа негізделген мүлде жаңа
бағыттағы саясатты жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда: қарулану

мен қоқан-лоққы көрсетуге емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету­
дегі ынтымақтастық принциптеріне бағытталған қауіпсіздік
саясатын жүргізу; басқыншылық сипаттағы әрекеттерге емес,

құрылымдық жағынан жетілген қорғаныс доктринасына негіз­ делген әскери саясатты жүзеге асыру. СДПГ өзінің сыртқы саяса­ тында соғыс қимылдарын ешуақытта да өзінің ең басты мақсаты деп санап көрген де жоқ, оның есесіне саяси келісімге кол жет­ кізу мен қарусызданыуды жүзеге асыруға барынша ат салысып отырды. Социал-демократиялық бағыттың ішкі саясатының не­ гізінде қай уақытта болмасын орын алған қарама-қайшылықтарды болдырмауға деген тырысушылық қадамдар белең алып отырды. Мұндай саясат Берлинге кіруге рұқсат беру жөніндегі келісімдерге қол қоюдан басталды және бұл бастама қарым-қатынастардың негіздері жайындағы келісімге қол қоюмен қатар химиялық құралдарсыз атомсыз зоналарды ұйымдастыруға байланысты ұсыныстармен өз жалғасын тапты. Салықтық реформаға байланысты ішкі саяси айтыстар “әлеуметтік әділеттілік” ұғымының ФРГ-да жаңа мағынаға ие бола бастағандығын көрсетіп отыр. Халықтың басым көпшілігі бұл реформаны жоққа шығарады, өйткені оны қаржыландыруда барлық мүдделер негізге алынып ескерілгенімен де, өкінішке орай, ынтымақтастық идеясы көбінесе назардан тыс қалып отырады. Ең көп табыс иелерін реформаның салмағынан босату еңбекшілер үшін әлеуметтік жеңілдіктерді азайтқан сияқты біздің өзімізге жа­ рамсыз екендігін мойындауымыз керек. “Әлеуметтік мемлекет” идеясы өзінің мән-мағынасын әлі де болса жоя қоймағандықтан да, ол бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр. Әлеуметтік мемлекетті сақтау үшін бізге халықты пен­ сиямен қамтамасыз ету репішімімен қатар денсаулықты сақтау репішіміның да тым қажет екендігін түсіне білуіміз қажет. Соны­ мен қатар әлеуметтік мемлекетті сақтап қалу үшін іргелі әлеуметтік қамсыздандыру идеясын жан-жақты талқыға сала отырып, оған нақты саяси мағына берген дұрыс болады. Іргелі әлеуметтің қамсыздандырудың аясына, әдетте, табиғатты қорғауды да кіргі­ земіз… Теңдіктің әркелкілігі Алайда, еркіндіктің жүзеге аса алмайтын өзіндік белгілері мен шекаралары да бар, өйткені олар идеологияға тығыз байланыс­

ты болып келеді. Сондықтан да, олар бостандықты біреулердің
игілігіне айналдырады да, керісінше кейбіреулер үшін бостандық
бәз баяғы арман қалпында қала береді. Либералдық-буржуазиялық
көзқарас тұрғысынан алып қарастырғанда “бостандық” ұғымы

өзінің тарихи дамуында көп жағдайларда “меншік” ұғымы арқылы
айқындалып отырды және ол осы уақытта да өзінің “шектеушілік”
сипатын соншалықты жоя да қоймады, сонымен қатар ол консер­
вативтік саясаттың қалыптасуынының негізінің қалануына да бел­

гілі бір дәрежеде өз септігін тизізіп отыр.
Бастапқы буржуазиялық-либералдық қоғамның ережесіне
сәйкес алып қарастыратын болсақ, жеке меншікке деген құқық
адамның өзіндік бостандығының басты мағынасы болып та­

былады. Мемлекеттің басты мақсаты: жеке меншікті меншігі
жоқтардан қорғап қалу болып табылады. Теориялық тұрғыдан алып
қарастырғанда меншік иелері мен меншігі жоқ адамдардың жеке
меншікке құқықтары бірдей болып саналды. Бірақ, капиталистік

шындық жағдайында бұл құқық, әрине, мүлде басқаша мағынаға
ие болатындығын айта кетуіміз қажет. Мешігі жоқ адамдардың
көпшілігі шын мәнісіне келгенде өздерінің жұмыс күшінен басқа
ештеңесі де болмайды, тіпті олардың тым болмаса шағын ғана

меншікке ие болуға мүмкіндіктері де бола қойған жоқ.
Анатоль Франс мұндай жасанды теңдікті қатты мысқылдың
астына алды: байлар сияқты кедейлерге де көпірлердің асты­
на түнеп шығуға рұқсат берілмеді. Осы көзқарас тұрғысынан

алып
қарастырғанда
бостандықтың
либералдық

ұғымына
қазіргі заманның ең басты элементі – нақты реальды әлеуметтік
бостандықпен байланыс жетіспейтін сияқты болып көрінеді.
Егер де бостандықтың мән-мағынасы меншік арқылы

айқындалатын болса, онда меншігі жоқтар бостандық үшін нақты
қауіп тудырушылардың өзі болып шыға келеді. Бостандықтың
өзінің меншігіне иелік етудің либералдық құқығы мемлекет тара­
пынан қорғауды, яғни меншігі жоқ қалың көпшіліктен қорғауды

қажет етіп отырады. Алайда, бұл құқықтың тұтастай қоғамға да,
табиғата да бағытталмайтындығы тағы бар, өйткені ол бар болғаны
жекелеген адамдардың мүддесін ғана қорғайды. Сонымен қатар
меншіктің индивидуалдық құқығы табиғатты пайдалану құқығын

шебер пайдалана білді.

Кезінде Жан Жак Руссоның өзі де жеке адамды табиғат пен
қоғамның бір бөлігі ретінде қарастыратын “бостандық” ұғымына
қарсы шығып, оның өрісінің тар екендігін қатты сынаған болатын.
Руссо үшін бостандық адамның өз-өзімен, табиғат пен қоғаммен

өзара үндестік табуы болып табылады. Бостандық қоғамға қарсы
құбылыс емес және бостандықтың өзі де сол қоғамның шеңберінде
ғана ойдағыдай жүзеге асып отырады. Бұл мәселеде Карл Маркс
оны қолдады, ал одан кейін бұл көзқарас еуропалық солшылдар

тарапынан да қызу қолдау тапты. 1791 жылғы француздардың
адам мен азамат құқығы Декларациясына жасаған сынында Карл
Маркс бостандықтың “либералдық” ұғымының қандай жағдайда
меншік ұғымымен айқындалатындығын, адамдарды бір-біріне

жақындастырудың орнына, оның қалайша ажыратындығын нақты
көрсетіп берді: Сонымен, жеке меншікке жеке адамның құқығы
басқалардың келісімінсіз және қоғамнан тәуелсіз өзінің меншігі­
не иелік етуге мүмкіндік бермейтін өктемдіктің құқығы болып та­

былады. Ол әрбір адамды басқаларды өзінің бостандығын жүзеге
асырудың кепілі ретінде емес, керісінше оған тосқауыл қоюшы
ретінде қабылдауға мәжбүр етеді…
Адам құқығы деп аталатындардың барлығы да буржуазиялық

қоғамның мүшесі, өзімшіл–адамның шеңберінен, яғни өз ісі­
не ғана беріліп, өз мүддесін ғана қорғайтын индивидуумның
шеңберінен шыға да алмайды. Ал адам онда рулық тіршілік иесі
ретінде қабылданады деу шындыққа жата қоймайды, өйткені онда

бәрінен бұрын рулық өмірдің өзіндік бет-бейнесі ретінде, ал қоғам
индивидуумдардың бастапқы еркіндігін шектеу ретінде көрініс та­
бады”
Бостандықты қиял ретінде

Қарастыратын буржуазиялық ұғымға Карл Маркс адамды
“рулық ұғым” деп қабылдайтын көзқарасты қарама-қарсы қояды.
Демек, мұндай түсінік бойынша, біріншіден, адам басқа бір адам­
ды жау ретінде емес, керісінше өз тіршілігінің мән-мағынасын

түсіне білетін жақын адам ретінде қабылдайды. Екіншіден, Маркс
адамды бойында табиғи қажеттіліктері қалыптасқан және соларды
толық қамтамасыз ететін табиғи қабілеттері бар табиғаттың белгілі

бір саналы бөлшегі ретінде қарастырады. Алайда, табиғат адамның
жеке иелігін адамдық қажеттіліктермен қанағаттандыратын
құралдарды қалай болса солай бере де салмайды. Өйткені,
еңбек процесі барысында бұл құралдар түбегейлі өзгерістерге

ұшырайды, яғни адамдық сипатқа ие бола бастайды. Тарихи даму
барысында табиғат тіршілік иесі адамдық сипаттарды өз бойына
барынша сіңіріп отырады. Нақты бостандықтың мәні – адамдық
өндіргіш күштердің дамуы табиғатты адамдық табиғатқа айнал­

дыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей деңгейіне жетуімен
таразыланады. Нақты шынайы бостандық адамдар өзара бірлік­
ті бақытты өмірдің кепілі ретінде танып-білуінің нәтижесінде
түбегейлі өзгерістерге ұшыраған қоғам дәрежесіне жеткенде ғана

ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бостандықты буржуазиялық-либералдық тұрғыдан түсіне білу­
де жеке адамның өзіндік бостандығы басқа бір адам мен қоғамнан
қорғауды да қажетсініп отырады. Мұндай түсінікке солшылдар

басқа адамды өзіңнің ең жақын адамың ретінде қабылдай білуге
бағытталған “бостандық” ұғымын қарама-қарсы қояды. Жақын
адамыңа ғана емес, сонымен қатар табиғатқа да қысым жасап зиян
келтіретін және қоғам мүддесіне де сай келмейтін бостандықтан

не пайда. Шынайы бостандық деп басқа адамға немесе қоғамға
шек қойып, қысым жасамайтын, табиғатпен өзара үндестік таба
алатын бостандықты танимыз. Ең жақын адамың еркіндікте
болғанда ғана адам өзін нақты бостандықта жүргендей болып сезі­

не алады. Шындық тұрғысынан алғанда бостандық адамгершілік
қағидаларын қолдайды және табиғат пен қоғамды өзара біріктіруді
көздейді.
Бостандықты дәл осылай түсіне білу, Ағартушылық дәуірінің

қайреткерлері пайымдағандай жеке бостандықтың өмір сүруін
қажет етеді. Бостандыққа дәл осындай түсінік бойынша анықтама
беруде басты рөлді жеке меншік емес, ынтымақтастықтың
атақаратындығын ерекше атап өтуіміз қажет. Ағартушылық

дәуірінде
бостандық
ақылды
адамның

еркіндігі
ретінде
қабылданды. “Ағартушылық дегеніміз не?” деген сұраққа Кант
белгілі бір қанатты сөзге айналған: “Ағартушылық дегеніміз

– адамның өзінің жетілмеген күйінен шығуы. Ал жетілмегендік

дегеніміз – адамның басқалардың көмегінсіз өзінің ақыл-ойын
пайдалануға деген қабілетсіздігі болып табылады… Мұндай

ағартушылық үшін бостандықтан басқа ешетеңінің де қажеті бол­ майды” деген сөздермен жауап берген екен. Ағартушылық дәуіріндегі “бостандық” ұғымының аясына таным бостандығы, өзін-өзі айқындай білу мен өзін-өзі таныту бостандықтары кіретін болған. Олай болса, жаңа тарихтың мәнмағынасы да дәл осында болса керек. Өзін-өзі айқындай білу мен өзін-өзі таныту – “адам объект емес, ол – саясаттың субъектісі, одан қалды ол – объект емес, тарихытың субъектісі” деген түсінікті білдіреді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, саясат саласындағы солшылдар Ағартушылық дәуірінің ізбасарлары болып саналады, өйткені оның “адам өз тағдырының қожасы” деген басты қағидасы солшылдардың бағдарламасында басты орын алады. Адам өз тағдырының қожайыны Француз төңкерісіне дейін адамдардың өз тарихын өздері жасай алатындығын көз алдымызға елестетудің өзі мүмкін емес болатын. Шын мәнісіне келгенде, “тарих” деген ұғымның өзі де бұл кезде нақты қалыптаса қоймаған болатын. Өйткені, бар болғаны адамдардың, жанұялық қауымдардың, түрлі ұйымдардың, соғыстардың, қалалар мен халықтардың тарихымен қатар толып жатқан жекелеген тарихтар ғана бар болатын. Бұл тарихтардың мазмұны адамдардың өткен уақиғалардың тарихы жайында баян­ дау қажеттілігін өтеуге келіп тірелетін және олардың мән-мағынасы тарих қойнауында орын алған уақиғалардан тәлім-тәрбие алу бо­ латын. “Құдайтағаланың құдіреті” жайындағы тезисті айқындап көрсетіп беру үшін Құдай жаратқан осы бір жарық дүниенің та­ рихы мысал ретінде келтіріліп отырды. Тек Ағартушылық дәуірі ғана тарихты жалпылықтан жалқылыққа көшіре білді және бүгінгі таңда үйреншікті болып кеткен тарихтың ұғымын ойлап тапты. Тарихшы Райнхарт Козеллектің пайымдауы бойынша, өткен та­ рихты сын елегінен өткізіп қайта қарау Ағартушылық дәуірінің дәл осы ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Тарихты жаңа тұрғыдан түсіне білу қоғамнан тыс қалыптасқан қозғаушы күштерден бас тартуды қажет етіп отырды. Козеллок төмендегідей тұжырым жасады: “Тарихты біліп немесе ұғыну үшін Құдай мен табиғатқа жүгінудің қажеттігі шамалы”.

ХVІІ ғасырдың аяғындағы Ағартушылық кезеңі тудырған жаңа
рух ғылыми ортаны да жан-жақты қамти бастады. Бірде Напо­
леон ұлы математик Лапластан “Неге оның теориясында бірде-
бір рет Құдай аталмайды” деп сұраған екен. Ал ол болса былай

деп жауап берген көрінеді: “Ұлы мәртебелім, мен бұл жобаны
қажетсінбеймін”. Оның берген бұл жауабынан Құдайдың аты­
на кір келтіруді де, оны да жоққа шығаруды таба алмаймыз. Ол
бар болғаны заттардың табиғи тәртібіне жаңа қарым-қатынасты

және бұл тәртіпті ғылыми тұрғыдан танып-білу үшін теологияның
көмегіне жүгінудің міндетті емес екендігін ғана білдірді.
Тарихты жаңаша түсінуге деген талпыныс қазіргі заманның саяси
сахнасында солшылдардың пайда болуына әкеліп соқты. Тарихты

адамдардың іс-әрекетінің жемісі деп қарастыру тарихтың көптеген
тарихтардан бөлініп шығып, өзіндік дербес ұғымға айналған кезі­
нен кейін ғана мүмкін болды. Өз қолыңмен адамдардың санасын­
да орын алған толып жатқан тарихтарды емес, бар болғаны өз

тарихыңды ғана жасай аласың. Сан-алуан тарихтан жеке тарихқа
көшу – жаңа адамзаттық сананың және онымен тығыз байланыс­
ты болашақ үміт оттарының туындағанының басты айғағы болып
табылады. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты қоғам өзіндік

сипатқа ие болады, сондықтан да оны өзгертетін де адамдардың
өздері болмақ.
Адамды өз тарихының субъектісі ретінде танитын түсінік
бостандықтың әлеуметтік қиялының ең басты элементтерінің бірі­

нен саналады. Адам өзінің тағдырын да, өзінің жауапкершілігін де
өзінің харекеті арқылы танып біледі және сол арқылы жүзеге асы­
рып отырады. Адамды тарихтың субъектісі ретінде қарастыратын
көзқарас сонымен қатар индивидуумның қоғамдағы еркіндігінің

қалыптасқандығын да және оның еркін қызметі жайындағы
адамның іс-әрекеттерінің саналы және парасатты тұрғыдан жос­
парлану мәселелерінің де күн тәртібіне қойылғандығын да,
қысқаша айтқанда адам баласының жауапкершілігіне қатысты

барлық мәселелердің де жан-жақты қамтылғандығынан хабар­
дар етеді. Еркін және жауапты қызмет субъектінің өмірлік күш-
қуатының айғағы болып табылады. Егер тарих туындайтын болса
және оны жасайтын адамдардың өздері болатын болса, оның үстіне

адамдарың іс-әрекеттері еркіндік рухына толы болатындай жағдай

туындап отырса, онда бұдан адамдар өздерінің еркіндігін саналы түрде жоспарлауға қабілетті деген қорытынды шығаруға әбден бо­ лады. Ағартушылардың сан-алуан теорияларынан солшылдардың шығарған логикалық саяси қорытындысының мән-мағынасы осындай болып келеді. Егер де кімде-кім өз бостандығын басқа бір қоғамдық жүйенің құрылымына сүйене отырып, өзі өмір сүріп отырған қоғамды жүйелі түрде өзгертіп отыруға пайдалану жайында шешім қабылдайтындай болса, онда ол адам алдағы болатын өзгерістердің жағдайлары мен мүмкіндіктері жайындағы мәселелерді басты назарында ұстауы керек. Карл Маркс өзінің “Восемнадцатое брюмера Луи Бонапарта” деген шығармасында бұл сұраққа тамаша жауап бе­ реді: “Адамдар өз тарихын өздері жасайды, алайда, олар тарихты қалай болса солай өздері қаламаған жағдайларға сай жасай салуға жол бере де қоймайды, сондықтан да болар олар өткен заманның тарихи мұраларын пайдалана отырып, қолдағы барларын тарихи ой елегінен өткізуді басты мақсат тұтады. Барлық өлі ұрпақтардың дәстүрлері тірілердің санасын жаулап алған”. Маркстің көкейіндегі айтайын деген соңғы ұсынысы “ой-сананың дәстүрлі тәсілі рухани прогресті тежеуі мүмкін, өткен заманның елестері бұрын болмаған нәрселерді туындатуға әрекет жасап жатқандарға кедергі болады” деген ойлардың төңірегінде болу керек дегенге келіп тіреледі. Егер де Маркс сол кезде суреттеген шатасушылық әлі де бол­ са рухани сипатта болатын болса, ал бүгінгі таңда оның бет-бей­ несі өзгеріп, ете қауіпті бағыт алып келе жатқан сияқты болып көрінеді. Өйткені, жер бетіндіегі барлық адамдардың бостандығын барлық өткен ұрпақтардың рухының емес, керісінше бейнебір оны қалыптастыру тәсілінің ауыр салмағы басып тұрғандай болады да тұрады. Қалай болғанда да, егер де біз өндіріс тәсілінің әлдеқайда жетілген тәсілдеріне дер кезінде көшпейтін болсақ, болашақта да бұл жайында дәл осылай айта беретін боламыз. Кезінде Камю бізді адамдарды шектен шыққан ахлағтық сынақтарға ұшырата беруден сақтандырған болатын. Бүгінгі таңда біз дәл осындай мақсатпен бетпе-бет кездесіп отырмыз, ал ол мақсат – адам қызметінің нәтижелерімен оны шамадан тыс сынай беруге жол бермеу. Ұстамдылық жағынан алып қарастырғанда бұл сынақ та бүгінгі таңда өзіндік моральдық сипатқа ие болып келеді. Шындығына

келгенде, біз теорияны жасаймыз, алайда, біз ең бірінші кезекте
болашақ ұрпақ үшін соншалықты қауіп-қатер туғызатын матери­
алдарды да жасап жатырмыз.
Мысалға, плутонидің сәуленуі 500 мың жылға созылады

және ол адамды дәл осы уақыттың аманатына айналдырады. Дәл
осындай пікірді қоршаған ортаның күнделікті тұрмыс барысын­
да ауаға тараған улы газдармен қатар көмір қышқыл газымен де
улануымызға байланысты айтуға да болады. Қалыптасқан дәл

осындай жағдайдан болашақ ұрпақтар өмірінің қаншалықты на­
шарлап, оған қаншалықты қауіп-қатер төнетіндігін дөп басып еш­
кім де айта алмайды. Егер де адам өз тарихының субъектісі болып
қалғысы келсе, онда ол өзінің шешім қабылдау бостандығын сақтап

қалуымен қатар қажет болған жағдайларда бұрын қабылдаған
шешімдерін өзгерте де білуі керек. Адам кезінде Маркс айтып кет­
кен өткеннің елестерінен айрылуға да әрдайым дайын болғаны аб­
зал. Ол бұл жайында былай деп пайымдады:”Плутонийдің зұлым

рухының адамзат баласына 500 жыл бойы қауіп төндіре алатындай
қабілеті бар”. Ежелгі заманның псалмасында бұл жайында былай
деп жазылған:”Біздің өміріміз 70 жылға созылсын, ал барлығы
да жақсы болатындай болса, онда 80 жасқа жетейік…” Ендеше,

адам өмірінің өлшемі 80 жас болып келеді екен, 500 мың жыл бұл
өлшемді жоққа шығарады.
Бостандық аясындағы ілгерілеу
Адам өз еңбегінің жемістеріне өзі қожайын болған уақытта

ғана өз тағдырының жаршысына айналады. Бүгінгі таңда біздер
адамға қажетті және оның өмірін белгісіз уақытқа аманат ететіндей
өнімдерді өндіре алатындықтан, “адам өзінің тарихын өз жасай­
ды” деген Ағартушылық дәуірінің принципі адамдар қолдарыныан

келгендерінің барлығын шама-шарқынша жасаған кезге дейін
ғана өз күшін жоймайды. Техниканың өркендеуі бостандықтың
шекараларының жойылу қаупін төндіре түсуде. Сондықтан да болар
шекараны аттаған жерде біздің күш-қуатымызға күйреу қаупінің

әсері сезілгендей болады. Бұдан кейінгі даму осы шекаралардың
аясында жүзеге асуы керек. Ағартушылық дәуірінде прогресс
дәл осындай аямен шектелмеген болатын. Ерекше атап өтетін

бір жәйт, бұл кезеңде басты назар адамның ақыл-ойына аударыл­
ды. Басты мақсат жеке адамның бақытқа жетуі болып саналды,
өйткені адамның еркіндігінің негізінде ақыл-ой бостандығының
жататындығы жайындағы қағида үстемдік етті.

Алайда,
ақыл-ой
бостандығын
шектеуге

болатындығы
ағартушылардың ойларына да келген жоқ. Олар ақыл-ойдың
қызметін еңбек құралдарын жетілдіру талпыныстарымен байланыс­
тыра және алға қойылған мақсаттардың саналылығы жайындағы

мәселелерге мән беру мүмкіндігінен оны айыра отырып, бар
болғаны ақыл-ойды белгілі бір құрал ретінде ғана қарастырды.
Өрісі тар мұндай ақыл-ой барлық адамдардың бақытына қызмет
етудің орнына жеке мүдделерді жүзеге асырудың құралына айна­

ла жаздады. Басқаша айтқанда, оны қолдануда табиғатқа тиетін
әлеуметтік және моральдық салдарлар ескерілмеді. Мұндай ақыл-
ой экономикалық өрлеу мен техникалық прогресті мүлде жаңа
сатыға көтеру барысында оларды молшылықтан бақытсыздыққа

ұшыратқан болар еді.
Олай болса, солшылдардың прогресс идеясынан бас тартпай
отырғандарының басты себебі, ақыл-ойды бір жақты қолданудың
біржақты салдарларға әкеліп соқтыратындығына байланысты

болу керек. Бүгінгі таңда Ағартушылық үдерісінің гуманистік
мазмұнына байланысты оны одан әрі жалғастыру және ақыл-ойды
қолдануды этикалық нормалардың бақылауына беру жайында
әңгіме қозғалуда.

Солшылдардың саяси үлгілерінің түсініктемелеріне қарағанда
қазіргі жағдайда индустриялық дамыған қоғамды басқару
проблемаларын ойдағыдай шешуге әбден болады. Бұл үлгі
авторитарлық-бюрократтық мемлекетке емес, жауапкершілік­

ті демократиялық тұрғыдан бөлуге және еркін пікір таласы­
на негізделген ағартушылық процесіне арқа сүйейді. Ядролық
қарудың қаупіне қарамастан бұл үлгінің негізінде тарихты жасау
мүмкіндігіне деген сенім жатқандығын тағы да жасырып қалуға

болмайды. Ол құтқаруға емес, еркіндікке жеткізуге уәде береді.
Еркіндік үшін арандатушылық әрекеттер жат нәрсе, сондықтан да
ол ынтымақтастық аясында ғана ойдағыдай жүзеге асады. Барған
сайын дамып келе жатқан қоғам жалпы адамзаттық мүдделер мен

ынтымақтастық қағидаларына сүйенгенде ғана өзінің тұтастығын

толық сақтай алады. Тек осындай құндылықтар жүйесі ғана болашақ техникаландырылған қоғамға шынайы адамзаттық бетбейне бере алады. Ағартушылық аясындағы мегамашина Табиғат құпияларын ашу, табиғаттың түсініксіз құбылыстарына байланысты туындағын адамның іс-әрекеттеріне соны бағыт беру Ағартушылық дәуірінің алғышарттары болып табылады. Ғылымижаратылыстанулық ақыл-ой техникалық тәжірибеден өз көрінісін таба білді. Табиғаттың сан-алуан құпияларын ғылыми тұрғыдан ашуда адамзат баласы техникалық құралдардың көмегімен оның күштерін пайдалануды үйренді және қол жеткізген мұндай жетістіктер қиратып талқандау мақсатында да қолданыла баста­ ды. Біз өмір сүріп отырған дүниеге төнетін толып жатқан қауіпқатерлерді техникалық прогресс қоғам қажеттіліктерінен қағас қалып оңашалаған жерлерінен күтуге болады. Мартин Бубер бы­ лай деп жазады: “От жағушылар әлі де болса өз көмірлерінің қожайыны, ал машинистер соншалықты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан машинаны тек қана өздері басқарып келе жатқандай әсер қалдыруға тырысады. Сол бір сәтте сен де дәл мен сияқты біздің эконоикамыздың тұтқасындағы жүйенің ерек­ ше шықырын естігендей боласың. Олар сені машиананың өзгерген жағдайларға икемделгеніне сендіргісі де келеді. Алайда сен дәл осы кезде машинаның олардың өздерін де өз ырқына көндіре бастағандығының куәгері боласың. Олардың өкілдері үстемдігі одан сайын өсіп келе жатқан бірдеменің зорлықты үстемдігіне көнуден басқа ештеңе қалмағандығына сені сендіргісі келеді. Осыбір шарттарда сен мынандай ойларға ойларға келесің: ”Мен” барған сайын өз дәрменсіздігін сезіне отырса да, әлі де болса оның әмірші болып қалғандығы жайындағы ойлардың құшағында қала береді”…. Бостандық патшалығына секіріс Индустрияландырудың арқасында ежелгі дүниеде жоғары бағаланған еңбек өнегелілік тұрғыдан мойындаушылық сипатқа ие

болды. Кезінде Аристотель адам өмірінде соншалықты қатал шек­ телген екі сала бар деп атап көрсеткен болатын. Оның біріншісі, қажетті азап – еңбек те, екіншісі бос уақыт саласы – қоғамның, полистің игілігіне бағытталған парасатты азаматтық қызмет болып саналды. Оның пікірі бойынша, еңбек саласында күштеу, тәртіп және басқаның еркіне көндіру үстемдік етсе, ал бос уақыт сала­ сында еркіндік пен өзін-өзі билеу орын алады. Сондықтан да бо­ лар, бұрынғы замандарда, өткен ғасырларда үстемдік етуші тапқа жатқан еркін адамдар еңбек етуге соншалықты құлшыныс таныта қоймай одан әрқашанда қашқақтап отыратын болған. Христиандық дәуірде еңбекті бағалауға ерекше мән берілді де, соның нәтижесінде халық тұтынатын заттар көптеп өндіріле бастады. Тіпті, монахтардың өздері де: “Құдайға құлшылық ету­ мен қатар еңбек ете де біл” деген қағидамен өмір сүрді. Рефор­ мация дәуірінде еңбек Құдайға құлшылық ету дәрежесіне дейін көтерілді. Мартин Лютер былай деді: “Кейбір адамдар тілімен аз табынады, алайда олардың жасаған шынайы еңбегін Құдайтағала сыйыну ретінде қабылдайды”. Шындығына келгенде, тек қана Реформация ғана қоғамға капталистік шауашылықтың қарқынды дамуына дәнекер болған буржуазиялық моральдың қалыптасуына жол ашып берген болатын. Алайда еңбектің капиталистік сипаты­ на байланысты өнеркәсіп жұмысшыларының көпшілігі еңбекті қасиетті қызмет ретінде қабылдай алмады. Аристотель еңбектің тірі құралдары деп атаған құлдар бос уақыттың қызығын ешуақытта көрген де емес. Тек қана көп ғасырларды артқа салып индустриализация мен рационализацияның прогресінің нәтижесінде ғана жалдамалы жұмысшылар кезінде Аристотель “еркіндік пен өзін-өзі билеу саласы” деп атаған өмірлік мүдденің басқа жағымен танысуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыттың мөлшері көбейді. Техника біреудің еркіне үстемдік ететін еңбекпен айналыспауға мүмкіндік беретін құралдардың адам қолына тиюіне жол ашып берді. Жаңа заманда қызмет пен еңбектің ара жігі белгіленді: еңбек өндіріспен байланыстырылса, ал қызмет еркіндікпен байланысты­ рылды. Еркіндік патшалығына жасалған секіріс, сонымен, еңбек саласынан қызмет саласына жасалған секіріске ұласты. Дәл осы сарындас ойлар Маркстің “Капиталының” үшінші томында да

жап-жақсы айтылған. Ол былай деп жазады: “Еркіндік патшалығы,
шын мәнісіне келгенде, адамның мұқтаждығынан туындаған еңбек
доғарылған сәттен кейін ғана басталады… Ал оның ар жағында
нағыз бостандық еркіндігінің басты мақсаты болып табылатын

адамзаттық күштердің нағыз дамуы басталады… Жұмыс күнін
қысқарту – ең басты шарт болып табылады”.
Еркіндік патшалығы қажеттілік бостандығының негізінде
қалыптасатындығы жайындағы дерек Маркс үшін қажетті еңбекті

адамгершілдендіру керек деген ойды білдірмесе керек. Ол қажетті
еңбектің қазіргі заманғы техниканың көмегімен қатар адамның
еңбек етуіне қолайлы жағдайларды жасай отырып жүзеге асыры­
луын үзілді-кесілді талап еткен болатын. Біздің ойымызша, бұл та­

лапты толық қолдауға әбден болады. Басқаша сөзбен айтқанда: егер
бостандық қажеттіліктен туындайтын болса, онда бостандықтың
игілікті бастамаларының гүлденіп дамуы үшін олар міндетті түрде
сол қажеттіліктің қойнауынан өзіне лайықты орын да ала білуі

қажет болады.
Біз техникалық құралдарды қолдана отырып, қоғамдық қажетті
еңбектің аясын тарылтуға қаншама тырысқанымызбен де, ол бәрібір
де демалыс аясына осы еңбектің өнімдері арқылы ұдайы өзінің

ықпалын тигізіп отырады. Ал егер біздің еңбегіміздің өнімдері
біздің бостандығымызды шектеп отыратындай жағдай туындаса,
онда біз бос уақытымызда да өзімізді нағыз бостандықтағыдай
сезіне алмаймыз. Олай болса, біздің бостандығымызды шектемей­

тін бұл бостандық біздің еңбегіміздің толыққанды мән-мағынасына
айналғанда ғана біздер еңбек өнімдерін өндіре бастауға толық
мүмкіндік аламыз. Оның үстіне біздің бостандығымыз еңбек
барған сайын еркіндік сипатқа ие болған сайын, ол да еңбектің

азаттық сипат ала беруіне байланысты бұрынғыдан да арта түсетін
болады.
Техника адамзат игілігіне қызмет етуі шарт
Адамзат қоғамы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне ғана

емес, сонымен қатар адам мен машина арасындағы еңбек бөлінісіне
қарап та қалыптасады. Демек, қандай еңбек бөлінісінің қоғам
үшін ең маңызды фактор болып саналатындығына байланысты

еңбек бөлінісіне негізделген техника да қоғамның принципиальды негізі болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, еңбек бөлінісі техникаға өзіндік қоғамдық сипат береді. Сонымен, техниканы жа­ сау мен оны қолдану тарихи-қоғамдық іске айналады; онда қоғамда үстемдік еткен мүдделерге негізделген және сол қоғамның адамда­ ры мен заттарына тікелей қатысты ниеттері кеңінен көрініс тауып отырады. Ал егер техника адамның қажеттіліктері мен қабілетіне сай келмейтіндей жағдай туындап, онымен қатар адамның жанындағы машина барған сайын күрделіне түсетін болса, онда индивидуальдық және ұлттық тәуелсіздіктің мәні жойыла бастай­ ды. Олай болса, жекелеген қоғамдық топтар техниканы басқаларға үстемдік ету үшін және заңсыз қолданбаулары үшін, қоғамның өзі де сол техниканың голыққанды қожайыны бола білуі қажет. Техника саясаттың басты нысаналарының бірі болуы шарт, өйткені ол қоғамдық мекемелер мен адамдық қасиеттермен етене байланысқан қоғамдық сипатқа ие болуымен бірге қоғам үшін де және оның жарқын болашағы үшін де айтарлықтай маңызы бар екендігі ешбір дау тудырмайды. Осы бір қарапайым ғана фактіні саясатшылардың естен шығарып алатындықтарына қалайша таң қалмасқа? Әлеуметтік өзгерістерді тиімді жаққа қарай бұруға қашанда болмасын талпынып отыратын социал-демократиялық, рефористік партиялардың техникалық прогрестің қоғамдық өзгерістер барысында шешуші рөл атқаратындығын біле тұра, жарқын болашақ үшін қызмет ететін техникалық прогресті ойдағыдай басқара білуді жүзеге асыруға келгенде ұмытшақтық танытуын қалайша түсінуге болар екен? Технологиялық уланушылық жағдайында біздер мақсаттың парасаттылығы оған жетуге мүмкіндіктер тудыратын әдісқұралдарда жататындағы жайындағы түйіндемеге келіп тірелетін бұрынғы өмірлік сабақты дәл осы арада ұмытқан тәріздіміз. Соғыстан кейінгі кезеңде, өндірістің қаулап өсуі төңірегіндегі ушу жағдайында “техникалық тұрғыдан мүмкін болғанның бәрін де жүзеге асыру керек” деген ұран басты орынға шыққандығы белгілі. Адамдар Айды меңгеруге ерекше құлшыныс танытты, ал атом энергиясын қолдану оларға жарқын болашаққа даңғыл жол ашатындай болып көрінді. Техника тек қана ғалымдар мен

инженерлер ғана жауап беретін іс саналып, ал әрі кеткенде оны­
мен ұйымдастырушылардың ғана шұғылдана алатындықтары
мойындалды да, өкінішке орай, мұндай жауапты іспен саясаткер­
лер шұғылданбаулары керек деп есептелді. Тек қана қазіргі заман

технологиясының адамзат баласы мен қоршаған табиғи ортаға
төндірген қаупі ғана адамзат баласының жарқын болашағын
қалыптастыруда парасатты технологиялық саясаттың қаншалықты
маңызды рөл атқаратындығына айқын көз жеткізіп отыр. Осы

тұрғыдан алып қарастырғанда соңғы екі онжылдықтарда орын
алған экологиялық дағдарыс сабақ болуға тұралықтай, өйткені,
біздер экологиялық сана-сезіміміздің өсуінің нәтижесінде про­
гресс жайындағы түсініктеріміз мен анықтамаларымызды сана­

лы ғылыми көзқарастар тұрғысынан қайта қарауға мүмкіншілік
алдық. Бүгінгі таңдағы технологиялық саясат, біздің ойымызша,
кез келген техникаға таза қаржылық жағынан қолдау көрсетумен
ғана шектеліп қалмау керек.

Техниканың ауқымды саясаттың басты мәселесіне айналуына
оның қоғамдық принциптерге сай қалыптасуы ғана емес, сонымен
қатар оның саяси мүдделерді жан-жақты қамтуын да, одан қалды
мұндай жағдайда дәл техникалық саясаттай қоғамды түбегейлі

өзгерістерге ұшырата алатын күштің некен-саяқ болатындығы
да өз әсерін тигізетін болуы керек. Парламенттік демократия
жағдайында қоғамды өзгерістерді демократиялық тұрғыдан
жүзеге асыру – саясаттың басты мақсаттарының біріне айнала­

ды. Егер де саясат қоғамның технологияға жасалатын бақылауын
демократиялық бастауларға сүйене отырып ұйымдастыратындай
болса, оның техника саласына тигізетін ықпалын заңды деп тануға
әбден болады. Өкілетті демократиялар жағдайында саясатты пар­

ламенттер бекітетіндігі белгілі. Сондықтан да, технологиялық
саясатты қалыптастырудағы қоғамдық қатынас парламенттің төл
істерінің бірі болып саналады.
Қауіпті қарама-қарсылықтар

Жаңа технологияларға негізделген өндіргіш күштердің дамуы
саяси тұрғыдағы араласушылық қадамдарды барған сайын өмірлік
қажеттілікке айналдыра түсуде. Экономикалық көзқарастар

жағынан алып қарастырғанда өндірістің техникалануы (яғни,
адам еңбегінің техникалық жүйелермен алмастырылуы) еңбектің
орнына капитал әрекетінің барған сайын әрекетшілдігін білді­
ре бастағандай. Капиталға деген сұраныс көп жағдайларда жеке

кәсіпкерлердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сауда
фирмаларының да мүмкіндіктерінен де асып түсуде. Трансұлттық
корпорациялардың өсуіне қарай бағыт алу техниканы жан-жақты
қолдануға негізделген және барған сайын қарқынды сипат алған

қазіргі өндіріс салаларының капиталдық өсімімен тығыз байла­
нысты болып отыр. Ғарыштық немесе ядролық энергетика са­
лаларында қолданылатын ерекше технологияларды, мысалы,
экономиканың жеке секторының күшімен қаржыландыру тіп­

ті мүмкін де болмай да қалды. Олай болса, микроэлектрондық
технологияларды қолдануға негізделген және онда мемлекеттік
ұйымдар миллиардтаған инвестициялардың есебінен қажетті
инфрақұрылымды жасауға бағытталған информатика мен байла­

ныс құралдары саласындағы орын алған дәл осындай жағдайды
басқаша бағалауға да болмайтын сияқты. Ерекше технологиялар
олардың қолданылуына ғана байланысты ғана емес, сонымен қатар
оларды қаржыландыруға да байланысты баяғыдан-ақ қоғамның

саяси ісіне айналудан қалып қойған.
Осы уақытқа дейін “мемлекеттік технологиялық саясат” де­
ген атау алғандардың басым көпшілігінің техникаға ықпал жасау
мәселесіне келгенде жауапты саяси қадамдармен байланыстарының

соншалықты жоғары дәрежеде бола қоймағандықтарын мойындауға
тура келіп отыр. Бұл саясат, өкінішке орай, әлі де болса либера­
листік шешімдердің ықпалында қалып отырғандықтан өзінің жау­
апкершілігі арқылы технологиялық және әлеуметтік өзгерістердің

сипатына әсер етудің орнына экономикалық салада қолданыс та­
батын шешімдерді жүзеге асырумен ғана шектелуде. Олай болса,
либерализм техникаға қоғамдық-саяси рухта әсер етуге қабілетсіз
болып отырғандығын мойындауымыз керек болар. Оның басты

себебі: оның бостандықты қоғамдық мүдделермен емес, жеке
мүдделермен ғана байланыстырып қабылдауы болып табылады.
Егер де “не нәрсені өндіру қажет” деген мәселе тек қана
нарық арқылы ғана шешіліп, ал мұндай жағдайда көпшіліктің

көмегі арқылы талқылау мүмкіндігі ескерілмейтіндей болса,

онда техникалық құралдарды дайындаудың өзі де техникалық
пайымдаушылықтың шырмауынан шыға алмай қалады. Ірі техни­
каны қолданудың жағымсыз салдарларға әкеліп соғатындығын ес­
кере отырып, орын алған бұл жағдайды қауіпті қарама-қайшылық

ретінде қабылдауымыз керек. Оның үстіне барлық қоғам мен
саясаткерлердің қарқынды іс-әрекеттерінің жемісі болып табы­
латын техникалық дамудың жемістерін базар экономикасының
нәтижелері ретінде ғана қарастырып, оларға қатысты туындайтын

жауапкершіліктен бұлтарып кетуге де бола қоймас. Осы орай­
да ымырашылдыққа, яғни, либерализмге тән қоғам жайындағы
индивидуалистік түсініктер ғана әлеуметтік-техникалық өз­
гер­­­іс­­тер­­дің аясында туындайтын дамудың өзіндік бағытын

мойындайтындығын ерекше атап өткен жөн болар. Өзінің еркін­
дігін сақтап қалу мақсатын адам техникаға өзінің “үстемдігін”
бүкіл қоғам деңгейінде бақылау жасау дәрежесіне жете алғанда
ғана ойдағыдай жүзеге асыра алады. Қоғам мен еркіндікті

соншалықты индивидуалистік тұрғыдан түсінушілік, түптеп кел­
генде техниканың қоғамға да, одан қалды индивидуумның еркін­
дігіне де қарсы шығуына әкеліп соғады. Мұндай дамуға тосқауыл
қою, бір жағынан алып қарастырғанда саясаттың мақсаты да бо­

лып табылады. Еркіндіктің салтанат құруы үшін саясат техникаға
қоғамдық бақылауды ұйымдық жағынан барынша баянды еткені
дұрыс болады.
Соңғы жылдарда орын алған пікір таластарында басты назар

өндірістік қарым-қатынастар мен өндіріс тәсілі мәселесіне техни­
ка мен оны қолданудың нәтижелеріне қарай аударылып, техниканы
дамытуды басқарудың саяси мақсат болып табылатындығы ерекше
атап көрсетілуде. Техникалық жаңғыру үдерісін әрдайым реттеп

және белгілі бір бағытқа салып отыру қажет те, ал оның дамуы
барысында туындаған қауіпті құбылыстарды дер кезінде анықтап,
оларды қауіпсіздендіріп отырған абзал. Техникалық жаңалықтарды
таңдап және оларды қолданған кездерде өндірістің өсу бағыттарын

айқындауға мүмкіндік беретін түрлі өлшемдерді негізге алып
отыру қажеттігі туындайды; олар еңбекті адамгершілдендіру­
ге адамдардың денсаулығын нығайтуға, мертігуді болдырмауға,
табиғатты қорғауға, шикізат көздері мен қуатты дұрыс пайдалана

білуге жағдай туғыза білулері керек. Сонымен қатар техникалық

жаңғыру жеке құқықтарды пайдалануды қиындатпай, оны барынша
жеңілдетуге бағытталу керек; ол адамның өз тағдарының қожасына
айналу мүмкіндігіне жол ашып беруі қажет. Техникалық жаңғыру
дамудың жаңа жолдары мен осыған байланысты қабылданатын

шешімдердің сан-алуандық сипатын да қамтып отыратындықтан,
оның тиімділігін үнемі тексеріп отыруды және қажет болған
жағдайда оған өзгерістер енгізіп отыруды үнемі қажетсініп отыра­
ды. Бір кезде Талейран айтқандай “біз өзіміз өндірген өнімдерге

ерекше ыждағаттықпен қарай білуіміз керек”.
Мемлекет түнгі күзетші қызметінде
Қазіргі технологиялық саясат өмірдің барлық талаптарына
толық жауап бере алмайды. Сондықтан да болар, ол көбінесе жеке

және базар экономикасы шеңберінде техниканы дамытудың жал­
пы жағдайларын жақсартуға деген талпыныстармен ғана шектеліп
қалып отырады және дамуды ақыл-ой талаптарына сәйкестіруге
кей жағдайларда соншалықты құлшыныс та таныта қоймайды. Ере­

кше технологиялар (ядролық технология, жылдам нейтрондарға
негізделген реакторлар технологиясы, әскери технология) – базар
экономикасының емес, мемлекеттің қамқорлығына сүйенуі ке­
рек болар. Дәл осы жағдайдан келіп нарықтың емес, мемлекеттің

дәрменсіздігі аңғарылып қалғандай болады.
Дәл баяғыдағыдай бағыттаушы және реттеуші күш-жігердің
жеткіліксіздігі жиі орын алып отырады. Әзірге экономикалық
өлшемнің кредоның күші сақталып тұрған кезде және осыған сай

мемлекет экономикалық либерализм жағдайында түнгі күзетші
қызметін орындау қажеттігі туындаған уақытта дәл осы күш-жігер
де көрініс таба бастайды. Егер де Фердинианд Лассальдың идеясы
жүзеге аса қалатындай болса жағдай да өзгерген болар еді, яғни

мемлекет түнгі күзетшілік қызметінен арылып, адамдарды еркін­
дік рухында тәрбилеп, оны жан-жақты дамытумен ұштастыруды
өзінің басты қызметі ретінде қарастырған болар еді.
Нақты бағыт-бағдар берер істі ойдағыдай жүзеге асыру үшін

қажетті өлшемдер де жетіспейтін сияқты болып көрінеді. Ал
мұндай өлшемдер жаңа технологияларды қолдануға байланысты
туындайтын салдарларды бағалау негізінде туындайды. Кез кел­

ген технологияны қолданысқа енгізбей тұрып оның экологиялық
және әлеуметтік жақтарын алдын-ала жан-жақты зерттеп білген
дұрыс болады. Бұл үшін жаңа құқықтық негіздерді жасау қажет,
өйткені техникаға бақылау жасаудың бұрынғы дәстүрлі әдістері

ендігі жерде жарамсыз болып келеді. Өз кезегінде жаңа жобалар
инженерлік-конструкторлық (жобалық) жұмыстардың жәй ғана
жалғасы ретінде ғана танылмай, экологиялық және әлеуметтік
қабысушылықты тестілеу ретінде қарастырылған уақытта ғана

техниканы бағалаудың басты құралына айналдаруға мүмкіндік
алған болар едік. Белгілі бір жобаның мұндай жағдайда аңғарылған
кемшіліктері мен артықшылықтары міндетті түрде көпшіліктің
талқысына түсуі шарт. Сонымен қатар, техниканы қолдануға

қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асыруға барлығы да белсене
араласулары керек. Мұндай айтыс-талас барысында туындаған
түрлі пікірлер демократиялық келісім негізінде нақты шешімдер
қабылдаумен аяқталуы керек…

Технологиялық салдарларды бағалау
Осы уақытқа дейін техниканың басым бөлігінің дамуы
жаңалық ашушылар мен кәсіпкерлердің өзара бәсекелестігінің
нәтижесі ретінде стихиялы сипатқа ие болып келді. Мемлекет

технологиялық саясат саласындағы өзінің “шыдамдылығын”
экономикалық өрлеу мен жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға
сүйену арқылы әруақытта да ақтап алуға тырысып отырды. Мем­
лекет технологиялық “сәтсіздіктердің” орын алуларының жолда­

рына тосқауыл қоюдың кейбір мүмкіндіктерін жоғалтып та алды.
Алайда, мұндай қауіп-қатерлермен ұсыныстар мен тиым салулар
жүйесінің көмегіне сүйене отырып, техниканы тиімді қолдана білу­
ге бағытталған нормативтік технологиялық саясаттың көмегімен

ғана күресуге болады. Мемлекет сонымен қатар нарықтық эко­
номика механизмін тоқтатпай-ақ оның ең маңызды салаларына
айтарлықтай әсер де ете алады. Социал-демократия техникалық
прогрестің қарқынды дамуына кедергі жасағысы да келмейді.

Керісінше, ол техниканы саяси деңгейде қолдана білу мәселесін
де, одан қалды техникалық жаңғыру мәселесін де демократиялық
жолмен нақты шешуді қалайды.

Технологиялық салдарларды бағалауды қалыптасқан жағдайлардың (жүзеге асырылған ауқымды қаржыландырулар, лоббистік топтардың іс-әрекеттері, экономикалық құрылымға техниканы кеңінен енгізу) қысымымен іс-әрекеттер бостандығы жоғала бастаған уақытқа дейін жүзеге асырған жөн. Парасатты техникалық саясат техниканы қолдануға байланысты туындаған проблемаларға мән беріп қана қоймай, оларды болдырмаудың жол­ дарын жан-жақты қарастыра да біледі. Тек дәл осындай жағдай қалыптасқанда ғана техниканы бағалау күрделі іске айналады… Идеологиялық алауыздықтар кейінге ысырылуда Мұндай қарым-қатынастар дүниенің төрт бұрышында: Батыс пен Шығыста да, одан қалды Солтүстік пен Оңтүстікте де бүгінгі таңда өздерінің өзара ұқсастығымен ерекшеленуде. Еңбек бөлінісі мен оның жекелеген əрекеттерге және элементтерге бөлінуі барлық аймақтарда да басты орында болғандықтан, барлық жер­ лерде де сандық көрсеткіштер шаруашылық қызметтің сипатын одан әрі айқындай түсуде, оның үстіне адамның басқабір еңбек пен анонимдік өндірістік жүйелерге тәуелділігі барған сайын кең етек алуда. Өндірістік процес, технологиялар жетіле түскен сайын өндіріс тиімділігінің өсуімен қатар, оның аясында көрініс таба бастаған қиратушы күштің да қылаң бере бастайдығын да жоққа шығаруға болмайды. Дәл осындай ғаламдық индустриялық қоғам дамуының ішкі заңдылықтары әлем халықтары арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуына айтарлықтай ықпалын тигізіп, идеологиялық алауыздықтардың кейінге ысырылуына әкеліп соғуда. Агрессивтік-жыртқыштық индустриализм бүкіл әлемді дүрліктіру үстінде, ал оған тосқауыл қоя білу бүкіл адамзат баласының алдындағы ең келелі мәселелердің бірі болып санала­ ды. Нақты социалим елдерінде бұл көрініс капиталистік мемл­ кеттердегі сияқты табиғатқа жыртқыштықпен қараушылығымен көзге түседі. Болашақта адамдардың парасаттылық деңгейінің жоғарылай түсуі олардың бірлесе отырып, парасаттылық негізін­ де табиғатқа, ғылым мен техникаға, еңбекке байланысты бүгінгі таңда қалыптасқан қарым-қатынастарды түбегейлі өзгерістерге ұшырату екендігі баршамызға мәлім.

Индустриализмнің халықаралық, трансұлттық көлемде кең қанат жаюы және оның салдарларының идеологиялық қамалдарды бұзып-жарып шыға бастауға әкелуі қоғамдық-экономикалық жүйелердің өзара айырмашылықтары ешқандай мəні жоқ де­ генді білдірмесе керек. Модернизация барысында белгілі бір қауіпті ошақтарының туындауына байланысты олардың рөлдері соншалықты жоғары болмаса да, олар бәрібір негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Индустриализм мен капитализмнің қазіргі замандағы бет-бейнесіне қарап тон пішетін болсақ, капитализмнің кезінде индустриясысыз, ал индустрияның капитализмсіз-ақ өмір сүргендігіне қарамастан оларды бір-бірінен бөліп алып қарастыруға тағы да болмайтын сияқты. Бәз баяғы дәстүрлі буржуазиялық экономикалық стереотиптердің аясында қалып қойсақ, біздің табиғатқа, техника мен еңбекке байланысты қарымқатынастарымызға жаңа сипат та бере алмаспыз. Сондықтан да бо­ лар, капитализмнің бүгінгі таңдағы түрлерін өзгертпей-ақ қазіргі индустриализмнің келеңсіздіктерін болдырмау мүмкін еместей болып көрінеді. Индустриялық дамудың жағымсыз жақтарының барлығын оның тек өзіне ғана тән қасиеттерінің нәтижелері деп қарастыра салуға тағы да болмайды. Өйткені, индустриялық даму барысында болмай қоймайтын бұл келеңсіз салдарлар өзінің сипа­ тын өзгерте бастайды. Егер де осы уақытқа дейін индустриалдық дамудың логикасы өндірістің ұдайы өсуіне, оны орталықтандыруға және басқарудың иерархиялық құрылымына алып келетін болса, ал жаңа техникалық жаңалықтар бұл бағытқа керісінше сипат береді, яғни дамуды орталықсыздандыруға, демократиялауға, кәсіптік деңгейдің өсуіне алып келеді. Олай болса, болашақ онжылдықтарға тән ең бірінші кезектегі мәселе – қоғамның өндірістік саласының жан-жақты хабарлармен қамтамасыз етуі болып табылады. Сөйтіп, хабарлар тасқыны күшейеді, оны жүзеге асырушылар бір жүйеге келіп тоғысады, сонымен қатар адамдардың басым көпшілігінің банк хабарларын пайдалану мүмкіншіліктерінің күрт артуына байланысты қоғамның экономикалық құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістердің пайдалы болуы ең бірін­ ші кезекте осы өзгерістерге тікелей қатысты саяси және қоғамдық идеологияларға да байланысты болып келеді. Осы айтылған мәселелерге Курт Биденкопф та басқаша көзқараспен қарайды. Ол өзінің газет беттеріне берген

мақалаларының бірінде былай деп жазды: “Ғылыми-техникалық ілгерілеу біздің өркениетке де, қоғамға да байланысты көзқарастарымызды айтарлықтай өзгерістерге ұшыратуда. Бұл өзгерістер көп жағдайларда әлемдік құндылықтарды қайта қарауды білдіреді. Әрине, халықтың әл-ауқатының жақсаруына, техникалық мүмкіншіліктердің артуына, еркін-жүру бостандығының белең алуына және децентрализация мен оған байланысты автономия өрісінің кеңеюіне, одан қалды ұсақ топтардың рөлінің күшеюіне бай­ ланысты адамның мінез-құлқы да, оның сана-сезімі мен өмір тура­ лы түсініктері де келелі өзгерістерге ұшырайды. Өз кезегінде орын алған бұл өзгерістер саяси және қоғамдық ұйымдардың қызметінде көрініс табуы керек. Олай болса, болашақ дамудың ең осал жері де осында болар деп ойлаймын. Түрлі ұйымдар мен мекемелердің де, саяси топтардың да қуатты күшінің маңыздылығын дәледеп жатудың қажеттігі бола да қоймас. Ол ұйымдардың өрісі кеңейген сайын олардың беделі бұрынғыдан да арта түседі. Ол өмірдің түрлі салаларында туындаған жаңа өзгерістерді мойындаудың өзінен де көрініп отырады. Өмір шындығына бүгінгі заман тұрғысынан талдау жасауға бағытталған қадамдар бұл ұйымдар мен мекеме­ лерді өз қызметтерінің кейбір жақтарын ақтаудың жаңа дәлелдерін қарастыруға мәжбүр етіп отырады. Сондықтан да болар, олар жаңа заман шындығына соншалықты қарсы келе де бермейді. Де­ мек, қазіргі заман шындығының мәні неде екендігі және нақты ақиқатты айқындау жолындағы күрес жайындағы айтыс-таластар дәл осылай туындап отырады”. Лафонтен О. Общество будущего. Политика реформ в из­ меняющем мире. М.: Международные отношения, 1991. С. 9-17, 20-21, 24-30, 48-49, 56-60, 104-108.

МазмҰны АЛҒЫ СӨЗ ...........................................................................................5 І. АШЫҚ ҚОҒАМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ К. Поппер Ашық қоғам жəне оның жаулары. 1-том. ...............15

Платанның сиқырлы тартымдылығы .........................15

(Аударғандар Т.Ғабитов, Т.Жандəулетов)

Ашық қоғам жəне оның жаулары. 2-том
.........15

Жалған сəуегейлердің дəуірі: Гегель, Маркс т.б. ...104

(Аударғандар Т.Ғабитов, Т.Жандəулетов)
Д.Сорос
Кеңестік жүйе: ашық қоғамға қадам .......................177

(Аударған Б.Сатершинов)

ІІ. АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІНІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ

А.Бергсон
Мораль мен діннің қос қайнары
........................199

(Аударған Т.Ғабитов)
Ф.Фукуяма
Тарихтың ақыры жəне сңғы адам
........................243

(Аударған С.Нұрмұратов )

ІІІ. АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРЫ

З.Бжезинский Таңдау .......................................................287

(Аударған Ж.Мүтəліпов )

Ұлы шахмат тахтасы
.......................328

(Аударған Ж.Мүтəліпов )
И.Валлерстайн
Таныс дүниенің ақыры
.......................347

(Аударған Б.Сатершинов )

ІV. Жаһандану және ашық қоғамның

қайшылықтары мен болашағы
Ж.Аттали
Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында ............419

(Аударған Б.Сатершинов)
Ж.Бодрийяр

Үндемес көпшіліктің көлеңкесінде .........441

(Аударған С.Нұрмұратов )
О.Лафонтен
Болашақтың қоғамы
........................489

(Аударған Ж.Мүтəліпов )

“Əлемдік философиялық мұра”.
«Ашық қоғам философиясы». Жиырма томдық. 14-том. –
Алматы: «Жазушы», 2007. – 528 б.

ІSBN 978-601-200-035-1

Ә 0301030000-097

ББК 87.3(0)

402 (05)-07

ІSBN 978-601-200-035-1-(Т.14)

ІSBN 9965-764-01-8

© “Жазушы” баспасы, 2007 Ә 52 Бұл томға К.Поппер, Дж.Сорос, А.Бергсон, Ж.Аттали, О.Лафон­ тен, И.Валлерстайн, Ж.Бодрийяр, З.Бжезинский, Ф.Фукуяма сияқты ашық қоғам мәселелері бойынша ойшыл-классиктердің барынша салмақты және кең тараған еңбектері енді. Бұл жұмыс қазіргі жаһандану заманындағы қоғамның мәнін анықтауға және оның динамикасы мен одан əрі дамуын, жаңа әлемнің келешегін тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Еңбек мамандар мен жоғары оқу орындарындағы студенттер мен магистранттарға ашық қоғам философиясы мен саяси ілімі бойынша теориялық көмек бо­ лып табылады.

Əлемдік философиялық мұра
Жиырма томдық
14-том
АшыҚ ҚоҒам философиясы

Редакторы Мырзан Кенжебай
Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Салтанат Алтайбекова

Мұқабаны дайындаған “Бауыр” баспасы

ИБ 6956

Басуға 17.10.2007 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Офсетті басылыс. Қаріп түрі “Тіmes New Roman”.
Шартты баспа табағы 27.72. Есепті баспа табағы 30.0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙