TELEGEI

Home

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

Мұхтасыров Пионер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

Атажұрттан қияндап ұзап, алыстағы Шүй жеріне қоныс тепкен қазақтардың дүрбелеңге толы өмірі ресейлік Пионер Мұхтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» кітабында нақты деректерге сүйене отырып көрсетіледі. Бұл өңірді өзге біраз жұрттан бұрын келіп мекен еткеніне қарамастан, олардың қуғын-сүргінге, қудалауға ұшырауы жиі. Әсіресе, өзіміз жетпіс жыл бойы мадақтап келген Ұлы Қазан төңкерісінен кей

ІSBN 978-601-7023-74-4

© Мұхтасыров П., 2014
© Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығы «Атажұрт»

баспа орталығы, 2014

Мұхтасыров Пионер.
М 86 Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы: Деректі кітап. /

Пионер Мұхтасыров. – Алматы: Дүниежүзі

қазақтары қауы­мдастығының «Атажұрт»

баспа орталығы, 2014. – 344 бет. ІSBN 978-601-7023-74-4 Атажұрттан қияндап ұзап, алыстағы Шүй жеріне қоныс тепкен қазақтардың дүрбелеңге толы өмірі ресейлік Пионер Мұхтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» кітабында нақты деректерге сүйене отырып көрсетіледі. Бұл өңірді өзге біраз жұрттан бұрын келіп мекен еткеніне қарамастан, олардың қуғын-сүргінге, қудалауға ұшырауы жиі. Әсіресе, өзіміз жетпіс жыл бойы мадақтап келген Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі кезең қазақтарға тым ауыр тиеді. Олардың Ресей большевик­терінен көрген тауқыметі Қытай мен Моңғол асып кеткен өзге қандаста­ры­мыздан еш кем емес. Автор тақырыпты толық ашу үшін көркем әдебиет пен деректі прозаға тән тәсілдерді шебер ұштастыра білген. Өткен күн, аққан сумен бірге көмескіленіп сөнуге, жоқ болуға тақаған ежелгі шешендік дәстүрлеріміз бұл кітап арқылы жадымызда қайта жаңғыра түседі. Жазушының оқырман көңілін елең еткізер бір табысы да осы болса керек. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 4 М 86 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 4

Ұлт тарихының жоғын іздеу Ұлт тарихының жоғын іздеу немесе алғысөз орнына А дамзат тарихы Алтайдан басталады» деген сөз бар. Сол асқар Алтайда, көрікті Алтайда Қосағаш дейтін жерді білмейтін қазақ кемде-кем. Кезіндегі қызыл саясаттың кесірінен қасиетті өлке, атадан қалған асыл жер шет елге, жат жұртқа алпауыт елдер арасында пышақ үстінен үлестірілгендей кесіліп кете барған. Тұтас қазақ жерінің бөлініп қалған пұшпағын ойлағанда, талайлы тағдыры мен қиямет-қасіретін еске түсіргенде күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатынымыз сондықтан. Құйқалы өңірді бабасының мұрасындай жатқа қимаған, кезінде дүркіреп мемлекет құрған Найман ұлысы, одан шығып ну ормандай қалың елге айналған Қаракерей-Қаратай жұртының, кейінгі Сарғалдақ, Дәулет, Шоңмұрын, Қожамбет, Самай, Ақнайман, т.б. рулардың ғасырлар бойы жалғасқан қилы тарихы осы қолдарыңыздағы кітапта біршама баяндалады. Атамекеннен жырақ қалып, қиыр қонып, шет жайлаған елдің ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында көрген қиындығы, замана тудырған құбылыстар, қоғамдық формациялардың өзгеруін қазақтардың қалай қарсы алғаны, Шүй жеріне орныққан елдердің қарым-қатынасы жан-жақты суреттеледі. «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» деген кітап атауының өзі де көп нәрсені аңғартқандай, түбі бір туыс, қандас елден ажырап қалған тағдырының оқшаулығын, оңашалығын сөз еткендей. Өткен өмір, кешкен ғұмыр жүзінде өз көрген-білгенін, өмірден түйгенін ақ қағазға төге салумен қатар оны мұрағат дерек-

Ұлт тарихының жоғын іздеу
терімен, әртүрлі фактілермен дәлелдеудің жөні бөлек.
Бұл тұрғыдан алғанда кітап авторы Пионер Мұхтасыров
шығармасындағы оқиғалар желісін ауызекі сөйлеу тілінен

алғанымен, оны кейінгі тың, соны материалдармен толық­
тыруы құба-құп. Есігіне қара құлып салынған бұрынғы НКВД
мекемелерінен тілдей қағаздың өзін алу қиямет-қайым заманда
оқырмандарға қажетті дүниені, қат дүниені ұсына алуы да

кітаптың құндылығын арттыра түседі. Үшінші-төртінші
бөлімдердегі фотосуреттер мен ондағы кейіпкерлердің тай­
ға таңба басқандай анықталуы, зұлмат жылдардағы ауыл
тұрғындарының, қарапайым еңбек адамдарының әр қилы

тағдырының баяны – бәрі-бәрі осылайша тасқа басылып,
таңбаланған.
Тұтас бір кезеңді кең полотнода, түгелдей суреттемесе де,
өзі білген, таныған өлке мен қоғамның, ілгері уақыттың және

замана шындығын, өтпелі дәуірдің тынысын шым-шымдап
жеткізуге тырысқан. Және онысы өте сәтті болғанын ай­туға
тиіспіз. Сондықтан ата қазақ тарихы үшін титімдей болса
да үлес қосып, ұлт жоғының іздеушісіне айналған азамат

ағамыз Пионер Мұхтасыровқа алғысымыз шексіз.
Ал ұлт тарихының жоғын түгендеуге септігін тигізер бұл
кітаптың оқырманының көп болары даусыз.
Несіпбек Айтұлы,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Қиыр қонып, шет жайлап... Н ағашым Рүстемұлы Әбіттің және Шүй бойындағы көпті көріп, көнектің түбін тескен сұңғыла ақсақалдардың, әжелердің бастан кешкендерін, көргендерін, естігендерін, қолым жеткен мұрағат материалдарымен толықтырылған тарихи мәліметтердің жемісін алдарыңызға ұсынамын. «Біздің ауыл өскен ауыл едік, – деп бастаушы еді Әбіт нағашым. – Құлжабайдан бес Отыншының бірі Қалдекеден туған сегіз ұл ержетіп, сегіз ауыл болып еді, барлығы ол дүниелік болды. Олар: Абдолда, Халел, Иісхан, Мамаш, Табыты, Тәуке, Рүстем, Бүрісбай. Ата-баласынан сегіздің бірі Рүстемнен төртеу едік, тірі жүрген – жалғыз мен. Үлкен аталарымыздың ұрпақсыз қалғаны да бар. Өзіммен бірге туғандардан ұрпақ бар, өзімде де бала-шаға баршылық. Өзінің өмірі туралы әңгіме сұрасаң, жеті атасын айтқаннан ары бармаушы еді. Шүйдің атқамінер азаматтарының басынан кешкен хикаяларынан айтайын деп, әңгімені ұзағынан бастап кетуші еді… – Біздің қазаққа мына Шүйде ел болып, етек-жеңімізді жинап жан сақтау оңайға түскен жоқ. Біздің Отыншы деген ұлы бабамыз Шығыс Қазақстанда Шындығатай деген жерде жайлап қыстап жүреді екен. Қазақ қашан көшпей жүруші еді, арғы ата-бабамыз оңтүстіктен шығысқа, Шындығатайға көшіп келгелі де жүз жылдай өткен соң, тағы да көшуге тура келген заман болыпты. Қазақ пен Жоңғар қалмағы өмір бойы жерлес өмір сүрген. Қалмақтар қазіргі Қытай жерінде тұрған. Наймандар атам

Пионер Мұхтасыров
заманнан Шығыс Түркістан, Алтай, Тарбағатай өңірінде ме-
кендеген. Қандай себептерден болса да, екеуі тыныш жатпай
соғысып келген. Сол көп соғыстың бірегейі «Ақтабан шұ-

бырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен халықтың есінде
қалған қазақтың Жоңғар қалмағынан жеңілген заманы
болыпты. Қазақтар жаудан қашып жүре берсе керек. Сол
қашқаннан қашып, малы-жаны қырылған, жүдеп жадаған,

арып-шаршаған тірілері Қазақстанның оңтүстік-батысына
дейін барған. Он сегізінші ғасыр­дың жиырмасыншы жыл-
дарына барғандар Жоңғар қалмағы жеңілгеннен кейін сол
ғасырдың елуінші жылдарында атамекен жеріне қайта көш-

кен екен.
Атамекені болған Алтай жеріне қайтқанда, наймандар
көші ондаған жылдарға созылған. Шындығатай өңіріне тоғыз
таңбалы найманның бірі Қаратай бабамыз бастап кел-

ген жерді атақонысым деп келгенімен, кіре кетер үй жоқ,
ағаштан, не кірпіштен үй салу ол заманда әлі салтқа кірме-
ген. Киіз үймен қысы-жазы көшіп жүріп өмір сүрген. Атақо-
нысқа келіп орналасып, көңіл күйлері жай тауып, ел болып

етек-жеңі жиналған соң, өлген бабаларын еске алып, ас
беріп, ат шаптырып той жасайды. Бәйгеден бірінші болып,
неше түрлі саңлақ жүйріктерден озып, қара тай жалғыз ке-
леді. Ат қойғыш қазағымыз бәйгеге қара тайын қосқан баба-

мызды «Қаратай» деп, көшіп келген елді «Қаратай елі» деп
атап кетеді. Бәйгеден озып келген тайдың атымен аталды
дейтін, ат қойғыш қазаққа келісіп тұрғанымен, расында Қа-
ратай – тарихта болған кісі. Көп соғыстың бірінде ерлікпен

қаза тауып сүйегі Жезқазған өңірінде қойылған секілді. Қа-
ратайдың ұрпағы өскендігі соншалықты Алтай тауының
төрт бұрышына сыймай, Тарбағатайға, Құлжаға орналаса-
ды. Кейіннен ол жерлер қазақтың атамекені бола тұра қытай

жері, орыс жері деп аталып кетті. Қаратайдан «алты Қара-
тай» атанған алты рулы ел өсіп шықты.
Қаратайдың өз кіндігінен Бораншы, Беске, Шоңмұрын
атты үш ұл туады. Бораншы мен Бескенің атымен ру аты

аталмаған. Ру аты олардың балаларының атымен қалып
қойған. Ру атын (бізде сүйек дейді) сақтап қалған Боран-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
шыдан – Сарғалдақ, Бескеден – Дәулет, Шеруші, Болат.
Шоңмұрынның өз аты ру болып қалған. Шоңмұрынның
жиені – Кәлім. Сонымен алты Қаратай руына кіргендер –

Сарғалдақ, Дәулет, Шеруші, Болат, Шоңмұрын, Кәлім.
Қаратайлар қаракерей, төртуыл, садыр, матай руларымен
бірге өсіп, біте қайнасып жерлес, ауылдас, құда тамыр дос
болып кеткен. Біздің Отыншы атамыз сол алты Қаратайдың

Сарғалдағынан тарайды. Сарғалдақтан – Сары, Сарыдан –
Өтетілеу, Өтетілеуден – Құлжабай, Құлжабайдан – Отын-
шы, Бекбау, Жанбау.
Отыншы кедей кісі болыпты. Киіз үймен «Қаражұрт» деп

аталатын жерді мекендеп, қыстап, жайлап, күзеп отырады
екен. Соңында ол жұрт Ережептің қыстауы болып қалды.
Мал дегенде жалғыз қоңыр саулығы болыпты. Жарықтық
қой малының сүттісі болса керек. Бәйбішесі Анар кең мі-

незді, қонақжайлы әйел болыпты. Ары өткен, бері өткен
адамдарды шақырып алып, таң атқаннан күн батқанға дейін
қоңыр саулықтың сүтімен шайын ағартып, жолаушылар-
ды күтумен болады екен. Жаңадан көшіп келіп, орнала-

сып жатқан елдің тұрмыс жағдайы әр түрлі немене келісіп
тұрсын. Отын­шының Анары жалғыз қоңыр саулықпен
шөлдегенге сусын беріп, шаршағанға бел шештіріп демал-
дырып, халықтан бата ал­ған кісі болыпты. Барды-жоқты

білдірмейтін бірқалыпты, ашық, жарқын мінезін халық
жоғары бағалайды.
Жалғыз қоңыр саулықпен кедейлігін білдірмей, мы-
рзалық қылған Отыншының отбасы, ошақ қасының бе-

рекесінің арқасында құдай бақыт берген. Ұрпағы өскен.
Отыншының бәйбішесі Анардан төрт ұл туған, олар: Қал-
деке, Бұйдақан, Тұрдыбай, Тұрдыбек. Отыншының бесінші
баласы жеңгесін алғаннан кейін туған, атын Жәйдеке қой-

ған. Ұлдарының санына келтіріп, халық оларды «бес Отын-
шы» деп атап кеткен.
Шығыс өңірдің Шыңғыстай болысын Қаратайдың дәу-
летінен тараған Есболдар билеп тұрды. Соңғы елу жылда

Ноқайдың баласы Ережеп, оның баласы Әбдікерім биледі.

Пионер Мұхтасыров
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Шын-
дығатайға орыстар қаптап кетеді. Орыстар сұраусыз жерге
кіріп алды, «бірге отырам десеңдер крест тағынып, орыстың

дінін қабылдайсыңдар»,– деді. «Алған жерін алсын, дініне
кірмейміз»,– десіп ру басылары Алтай тауын айнала жер із-
дей бастады. Ол уақытта шекара дегеннің не екенін білмей-
тін кез.

Құлжабайдың Отыншыдан тарағандарын Қалдеке бастап
барған. Ол уақытта Қытайдың жері, қазіргі Моңғол жері
Баян-Өлгей аймағының жерінде қырық жылдай тұрып,
соңында Шүй бойына келген. Бекбау, Жанбаудан тараған-

дарды Балық бастап Қытай жері Құлжа, Сарсүмбеге (қазір-
гі Алтай) барған. Бекбаудың үш ұлы болған, олар: Балық,
Жайын, Назар. Жайыннан тарағандар Қытай жерінде
тұрып қалған. Балық, Назар бастаған тобы Шүйге кел-

ген. Бірнеше жылдан кейін Назардан тарағандар Моңғол
жеріне көшіп барып, сонда тұрақтап қалған. Балықтан та-
рағандардан Қытай жерінде тұратындары да бар, көпшілігі
Шүйде өсіп-өнді.

Жылы орнынан қозғалып кеткеннен кейін, ойдағыдай
жер тауып орналасу елге оңай іс болған жоқ. Жергілікті ха-
лықтың бәрі құшақ жайып қарсы алмаған. Олардың билері,
ру басыларымен тіл тауып, еппен орналасқан. Сұраншының

сүйген асын кім берген, жақтырмағандар «жеріміз жоқ, қай-
дан келдің сол жеріңе қайт» дегендер де болған.
Бөтен елден жапа шегудің ауырлығын Отыншылар қазір-
гі Моңғол жеріндегі Делуін ауылынан көреді. Жергілікті ха-

лықтан шыққан дұшпандар білдірмей, жымысқы жасырын
қулықпен қастандық жасап, көшбасшысы, билері Қалдеке
ақсақалды өлтірген. Елге, жерге үйреніп, ондаған жыл тұрып
қалғанда, ақылшы басшыларынан айырылу Отыншыларға

ауыр қасірет болды. Туған жерден кетпесек, мұндай пәлеге
жолықпаған болар ма едік деген өкініш те болады. Дәм айдап
барса да, ажал айдап барса да Алланың бұйрығы солай болды.
Қазақ не көрмеген, басқа түскен баспақшыл, құдай басқа

салған соң көтерді, көнді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Қалдеке өлгеннен кейін, ауыл ақсақалдары бас қосып:
«Жас та болса, бас болсын, Абдолдаға бағынайық»,– деді.
Қалдеке келешегінен үміт күтіп, сегіз ұлының ішінен таңдап,

қасынан қалдырмай ертіп, ақыл қосып жүретіні Абдолда еді.
Жасы он сегізге жаңа толған болса да, ауыр жүкті арқалауға
тура келді. Пісіп қатқан, болайын деп тұрған азамат десіп,
халқы сенім білдірді. Асығыс, үрке жөнелмей, бір жылдай

Делуінде отырып, болған істің анығына шығып, атасының
асын берген соң көшу жағдайын ойластырған.
Құлжабайлар «жер құдайдікі, су сұлтандікі, жағдайыма
қарай көшіп жүре берем» деп жүргенде, қытай мен орыс

патшасы қазақтың жерін 1864 жылы екіге бөліп алған.
Атышулы жер бөлістен үш жыл өткенде, ақ патша жар-
лық шығарып: «Шындығатайға қарасты Шабанбай жайла-
уы – патшаның меншікті жері» деп жариялаған соң, жерсіз

қалған ата-бабамыз көштің басын Шүйге бұрған.
Әкесінің ауыр жүгін арқалаған жас Абдолда қасына Құл-
жабайдың үлкені, көпті көрген, елді, жерді білетін Балықты
ертіп, Шүйдің бойына келіп, орналасып қойған жерле-

стерімен кездесіп, тұрақтап мекендеуге болатын жер екен
деп қайтқан. Соңынан тарту-таралғысымен келіп, тілеуіттің
зайсандарынан, билерінен рұқсат алып, өз туыстарымен тіл
табысып, уақытша болсын жер алып көшіп келген.

Халыққа Шабанбайдан, туған жерден, ағайыннан алыс­­
қа кету оңай болмаған ғой, әйелдер жылап, зар илеп жырға
қос­­­­са, ер­лер тістеніп, қайраттарына сүйеніп, «құдай салды,
біз көндік» деп, үмітпен алға жылжи берген екен. Сол за-

манның қайғы-қасіретінің елесі мынау:
Тағдырдың тауқыметін тартқан елім,
Аз жүгін ала өгізге артқан елім.
Шалқыған Шабанбайын артқа тастап,

Кеттік қой бөтен жерге телім-телім.
Шабанбай қайта дәмін татамыз ба?
Сыйындық әруақты айтып атамызға.

Пионер Мұхтасыров
Топырақ туған жерден бұйырмаса,
Томпайып бөтен жерде жатамыз да.
Біз сөйтіп жылай-жылай кетеміз-ау,

Дәм тартқан бөтен жерге жетеміз-ау.
Жыр қылып артта қалған туған жерді,
Зар жылап бұл дүниеден өтеміз-ау.
Әрбір ауыл өздерінің ру басыларымен, билерімен келген.

Самай руының билері Атшабар, Қожабай, Сәмек, сарғал-
дақтың биі Сандыбай, жабайдан Тәпел, уақтан Байғожа,
есенбайдан Әлімхан. Жыл сайын көшіп келушілер көбей-
іп, ел болып етек-жеңдерін жинаған кезде Құлжабайларға

бес Отыншы келіп қосылған. Әрбір құлжабай ауылы өз би-
лерімен, Отыншының биі – Абдолда, Бекбаудың биі – Ба-
лық, Жанбаудың биі – Торғауыт.
Әр ру, сүйек өзінің билеріне бағына тұра, барлық би-

лердің басын қосатын төбе би болуы керек болды. Үлкен-
дер ақылдасып, бас қосып, төбе би сайлады. Халық көп жа-
сағаннан гөрі көп көргенді бағалады. Ел көріп, жер көріп,
әбден ысылған, атақты Қалдекеден тәлім-тәрбие көрген,

жас та болса бас болсын деп жиырмаға жаңа шыққан Абдол-
даны төбе биге сайлап алады.
«Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болады» де-
гендей Абдолда халқын басқара білді. Жергілікті тұрғындар-

мен тіл табыса алды. Сыртқы шекаралас тұрған тубалармен,
керейлермен, атамекені Шыңғыстаймен үнемі араласып, өз
уақытына сай алыс-беріс, сауда-саттық жүргізіп тұрады.
Күннен күнге көбейіп, өсіп келе жатқан қазаққа бітіп

болмайтын мәселенің ең үлкені – жер болады. Заң жолымен
төленетін, түтін басына белгіленген алым-салық жоқ. Жер-
гілікті билердің белгіленген алым-салығы билердің өздеріне
төленіп тұрған. Қазақтардан жерді пайдаланғаны үшін деп,

жиналған төлемнен қазынаға беріліп тұрған ба, әлде бар-
лығы жергілікті жер иесі билердің өздері пайдаланып жүр ме

– қазақтардың онда жұмысы жоқ. Жылдың төрт мезгілінде

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
пайдаланып жүрген жердің құны, үнемі жаңаланып, уақы-
тында беріліп тұрған. Әрине, қазақтар жер мәселесін түбе-
гейлі шешіп алмай, жергілікті алманнан құтыла алмасын

білген.
Тұрақты тұрмыс құрар жері жоқ, сүйеніш, тиянақ, тіреу
болар орын жоқ заманда халқын аман сақтап, тілін, дінін,
дәстүрін берік ұстап қалуға Абдолданың сіңірген еңбегіне

баға жетпейді.
«Шындығатайға орыстар келді, шоқыншы болмай-
мыз, олардың дініне кірмейміз» деп қашып жүріп, ендігі
жерде жергілікті халықтың дініне кіріп кетпейік деп, мол-

даларды барған жерінде бірге алып жүріп, балаларды да,
үлкендерді де оқытқан. Сол заманда Шүйдің қазағының
мұсылман-шылығынан аздырмай, дінін сақтаған молда-
лар: Маңқи, Мұстапа, Керейбай, Нұралла, Ысқақ, Әубәкір

(Сартабан), Бекмұхамбет (Бауырсақ), Қабдолда, Халел,
Исмайл (Ақ молла).
Абдолда соңында Шәкірт молдаларға үлкен инабатпен
қарап, ел ішінде олардың дәрежесін көтеріп, халықты иман-

дылыққа, тәртіпке шақырып, тәрбиелік мағынасына үлкен
мән беріп отырған. Әрине, шариғат жолын үнемі түзу алып
жүру қолдан келе бермеген.
Қазақтың пешенесіне жазылған жер дауы мен жесір дауы

Абдолда тұсында мүлдем қозып алған. Даудың шығуына се-
бепкер – қазақтың көшіп жүрген жерлерінің барлығында
шекара жоқтығы. Кім қайда, қандай уақытта барам деген
жеріне бара берген. Халық Алтай тауын айнала көшіп жүріп,

елін танып, жерін, жолын, өткелін біліп алған. Кейде сол
көрген, білгендерін дұрыс пайдаланса, кейбір кезде бұрыс
пайдаланып ұрлық, барымта, барымтаға қарымта қайтару
болып тұрған.

Жастар алыс жерден қыз ұрлап әкелетінді шығарған. Қа-
зақтың ата-баба дәстүрінде қалың малын беріп, құдалық
жолымен ғана келін алатыны көп жылдарға дейін сақталып
келген. Бірлі-жарым жолдан тайып кететіндер де болған.

Сол ондаған жылда бір болып тұратын жесір дауы оңай-

Пионер Мұхтасыров
лықпен шешілмей, екі елдің арасын әуре-сарсаңға салып
қоятын.
Мұндай дәстүрді бұзушылық Құлжабайлардың өз іші-

нен шыққан. Бұйдақанның Әміресінің ұлы Шам арғы бет-
тен, керейден Жұлдыз атты қызды бір түнде ешкімге айтпай
алып қашып келген.
Құлжабайдың үлкендері жиналып, бұл тентектік іс бол-

ды, ақылдасайық десті. Қыздың ата-анасы, туыстары, ке-
рейлер ішіндегі шерушілер, оның ішінде – Бақаттар, Ақтай,
Бозтайдың ұрпағы. Әміре керей жерін мекендеген уақытта,
сол жаңа құдаларымен ауылдас отырған. Ашулары да, ақыл-

дары да бар ауыл еді, мұндайда қайсысы басым түсіп кетеді
кім біледі. Одан бері көп заман өтті. Жуық арада араласпаған,
сырын білмейтін елдің қызы келіп қалған. Алдарынан өтіп,
кешірім сұрап баратын адамдар сөзді де, таяқты да көтеретін

болуы керек. Жер алыс, бөтен ел, белді аттар, білекті жігіт-
тер, ақылды, тілді жақты сөз ұстап баратын, жол-жосынға
жүйрік, ауылдан бір мықты ақсақал керек болады.

– Қанеки, қайсысың жүректісің? – деп Мамаш Ман-

дықаға қарады.

– Бір жігіттің ойламай істеген тентектігі, рулы елдің ба-

сын ауыртатыны тегіннен мәлім,– деп бастады сөзін Мамаш
ақсақал. – Бірақ та бұл ел-жұртқа белгісіз төбеден түскен пәле
дегенге сенгім келмейді. Шамның не істеп, не қойып жүргенін
әкесі Әміре білуі керек. Ал біле тұра мұндай іске неге барды?

Мұндай іске біле тұра барған болса, оның артын ойламаған
дегенге сенбеймін, оның шешімі – Әміренің қолында. Ұлы
ержетіп, қызы бойжетіп отырған адамның еш нәрсені біл-
медім, көрмедім дегеніне кім сенеді? Қазақтың бала іште

жатқанда құдаласып қоятынын білетін Әміре малын аяп,
уақытында қалың бермеген немесе кіммен құда болғанын
жасырып отыр. Уақытында қалың бермей малын аяса, қазір
ең аз дегенде екі есе төлейді. Егер Шамның қалың малы

берілген қалыңдығы бар болса, онда жалғыз Әміре емес,
бүкіл Құлжабай екі есе емес, он есеге тұрарлық пәле таптық
деген сөз. Сондықтан бұл шырғалаңы көп даудың қайтсек

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
алдын орай аламыз. Елдің арына, абыройына тиетін кеселді
жолмен баласы неге жүрді – Әміре айтсын! – деді.
Әміре қолға түскен ұрыдай қысыла, қымтырыла айт-

пақшы болып тұрып келе жатыр еді, бір жағынан Мандықа
киіп әкетті.

– Мамаштың майдалағанынан ешнәрсе ұқсам бұйырма-

сын. Әміре баласын бассыз-баусыз қоя берген, уақытында
қалың беріп, қатын әпермеген. Балам ержетіп келеді, құда-
лыққа барайық деп, ешқайсымызға келіп сабағат салған
жоқ. Болары болып, бояуы сіңгенде, ал енді мына пәлені

бөлісіңдер деп отыр. «Керейде отырғанда Бақат ауылымен
ауыл аралас, қой қоралас отырдық емес пе? Келген келіннің
әке-шешесін жалғыз мен емес, барлығың да танисыңдар.
Құдамыз тегін кісі емес, ауылының басы. Керейдің биі бол-

маса да, би түсетін үйі. Бұл даудан малмен құтыла аламыз
деп ойламаймын, ел арасы бүлініп қантөгіске дейін бара ма
деп қорқам. Бақаттың сыры маған мәлім, бұл жолғы дау-да-
майға менің кірісетін ойым жоқ. Ел аман, жұрт тынышта

Мандықаны ұмытып кетесіңдер де, даулы іс болса, ақыл
қосқан бола қаласыңдар, жол – Ақыныкі, сол барсын,– деп
тоқтады.

– Дұрыс айтасыз, аға,– деп бастады сөзін Әміре. – Сіз

ұмытып қалдыңыз, бәріміз Қызылқайыңды қыстап отырған
жылы Шам туды емес пе?! Шам кешке жақын бейуақытта
күн батып, шам жағатын уақытта туып, атын сонда ауылдас
отырған Тоқтар қойды. Кіндігін сол Тоқтардың бәйбішесі

Бибіш кескен. Келесі жылы Бибіш бір қыз тапты. Балалар
екі-үш жасқа келгенде, біз Шүйге көшетін болдық. Жер
алыс, дәміміз үзілмесін, араласып тұруға дәнекер болсын
деп, жіп тағып, жартылай қалың малын да бердік. Құдамы-

зға үнемі барып тұруға жер шалғай. Шам он екіге келгенде
бір апарып, қалыңдығын көрсетіп, көрімдігін беріп қай-
тқанбыз. Келін болады деген баламыз аттан жығылып, он
үш жасында қайтыс болды. Алмасақ та, құда болып қойған

араласымыз бар, әдейілеп хабар келген соң, жаназаға өзім
барып келгем. Балама қалыңдығың өліп қалды, біреуге

Пионер Мұхтасыров
құда болып жіп тағып қояйық деп едім, көнбеді. Өзім көріп
жүріп, біреуді айтам деп, қалың бергізбей келді. Соңғы кез-
де Шам кезең асып, әртүрлі себептер тауып, барып жүрді.

Неге, қайда барып жүргенін ашып айтқан жоқ. Аяғы, міне,
осындай болды.

– Шамның басы бос болғаны тағы жақсы, әйтпеген күн-

де тағы бір әңгіме туар еді. Шамның қалыңдығы болмаға-
нымен, керейден келген келініміздің қалың мал алып қой-
ған жері болуында күмән жоқ. Ержеткен қыздың айттырулы
жері болуы керек, Шам білуің керек десті. Мен балама келін

келді деген қуанышымнан елді бүлдірдің деген ұрсуым көп
болғандықтан, маған жөнін айтпады,– деді тағы Әміре.
Керейге баратын кісілерін белгілеп, үлкендері жиналып,
ақылдасып үлгергенше, қыздың артынан қуғыншы келіп

қалды.
Қатты жүріспен ұзақтан келгендіктен, аттарының сорпа-
сы шыққан. Ашулы, томсарған, қанын ішіне тартқан, төрт
жолаушы ауылдың иттерін шулатып, Әміренің үйіне келіп

түсті. Киім киісінен, атқа отырысынан керейлерді бұрын-
нан білетін құлжабайлар бөтен кісі келе жатыр дегеннен-ақ
таныды. Ат ұстайтын жылпос азаматтары шығары жола-
ушылардың алдын тосып даяр тұрған. Қуғыншылар аттан

түскен бойларында аман-шүкір жоқ: «Әміре дегеннің үйі
осы ма?» – деді. Жауап тоспай-ақ Әміренің ақ ордасының
есігіне жақындай берді. «Келіңіз, кіріңіз, құдалар!» деп, құл-
жабайлар да бәйек болысып жүр. «Қалың беріп қатын алып

отырғандай құда, құда дей қалуларын қара, мына құтырған
құлжабайлардың!» – деп алқынған-ашуланған күйі үйге
кірді. Үйге кіргенде амандаспаған бойы тізе бүгіп отыр-
мастан сарнай жөнелді:

Ақтай, Бозтай ауылы,
Жиылып бар қауымы.
Кергілесті, керісті
Бір биенің сауымы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ақыры келіп айтқаны:
«Сәлем де» деді сіздерге,
Күш қылмасын біздерге,

Мықты болса келіссін,
Тұрысатын жерлерге.
Шықсын дейміз жекпе-жек,
Сайысқа сай ерлерге.

Тәуекел десе ерлері,
Мықты бусын белдерін.
Даярлатып біз қойдық,
Өлетұғын жерлерін.

Басынбасын Құлжабай,
Асқынбасын Құлжабай.
Оққа ұшып жүрмесін,
Тауда жүрген құлжадай.

Қызымызды алып кел,
Мойнына шылбыр салып кел.
Деп жіберді біздерді.
Қызымыз оған көнбесе,

Құлжабайлар бермесе,
Біздің қыздың орнына,
Құлжабайдың бір қызын,
Ат артына салып кел.

Деп жіберді біздерді.
Ағайынмен дос жатқан,
Алыстырдың Құлжабай.
Жәдік пенен Бақаттар,

Бір-біріне жауықты.
Ұмытуға айландық,
Бұрынғы ойын-сауықты.
Құлжабай, саған не болған?

Жесірін елдің алатын,
Сен емес пе едің кешегі?
Қарындасын қатын ғып,
Қаратайға жол салатын.

Уақытың келді ме?

Пионер Мұхтасыров
Алып бітіп өзіңді,
Бізге ауыз салатын, –
деп тілі жеткенше айтып алып, құдаларға деп сырмақ са-

лынған орынға қарай барып жайғасты. Есіктен кірген бой-
ында амандық-саулық жоқ, тақпақтай жөнелген елшінің
аузына қарап қалғандар енді есін жиды. Қуғыншылар жай-
ғасқанда, енді ауылдың үлкендерінің қайсысы сөз бастар

екен десіп, үйдегілер бір-біріне қарасып, біраз тыныштық
орнады. Отырғандардың көбі «жол сіздікі» дегендей Мамаш
ақсақалға қарап қалыпты.
Оны түсінген Мамаш отырған орнынан сәл ұмсынып,

орнығып отырып алды. Құдалардың бетіне түзу қарап, біз
сіздерден қорқа алмаймыз деген сыңайды көзқарасымен
білдіріп, сөзін бастап кетті.

– «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан»

екенін біле тұра, мына былапыт сөздерің не? Екі елді ел-
діктен кетіргелі келгенге ұқсайсыңдар. Ауыздықсыз кет-
кендерің жөн болар ма екен? Еркіне жіберген тіл ердің де,
елдің де басына жететінін ұмытпаңдар. Білгендеріңді істе

деп қуып салатын қылық істеп отырсыңдар. Бірақ, қателік
бізден болғандығын мойындап, ат арытып, тон тоздырып
келген елшілік жолдарыңды сыйлаймыз. Ақтай, Бозтай
тегімен бұрыннан аралас едік, мыңжылдық құдалармыз.

Оның үстіне құдалығымыз жаңарып отырғанын есепке ала
отырып, ашу алдында, ақыл соңында, алыстан келген кет-
пейтін ағайынымыз деп түсінеміз. Сөз қусақ неше түрлісі
шыққалы тұр. Айтыс-керіс, алыс-берістің күні алда. Бүгін-

ше ашуға ашу шақырмай, қонақтарға дем алдырып, өзіміз
жеке ақылдасайық. Ал мына келген елшілерді қонақ үйге
апарып, қонағасын беріп, күтіңдер»,– деп өзі шығып кетті.
Қыз алған жағы кешірімді келетіні бұрыннан дәстүрде

бар. Бұл жолғы қыз алу шектен шыққан ұрлық жолымен
болғандықтан, жағдайды пайдаланып, не де болса ашу
үстінде ойындағысын айтып тастағанына келген елшілер де
өкінбейді. Қолдан күш кеткенде, жоқ дегенде тілдеп, артқы

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жақтың ашуын асыра жеткізу елінің елдігін білдіріп, қыр
көрсетуге жараса ол да аз емес.
Құлжабайлар тентектерінің ісін өздері де жақтырмай,

түбі неге соғар екен десіп отыр еді. Ойлағандарындай қат-
ты, қатты ат көтермес ауыр сөздер естіді. Осылай боларын
біліп едік дегендерін көзқарастарымен білдіріп, бір жолға
кешірім істеп, шыдаған болысты...

Абдолданың жанашырлары ауыл арасының өсегін естісе
де естімеген болып, мән бермей келген. Ағайын жақтырмаса
да бетіне айтуға батылдары бармай, елге сорақы болып көрін-
ген бір жағдай болып еді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын елге

әйгілі ақсақалдар бас қосқан жерде Абдолда өзі жол салаты-
нын айтқан.

– Алты Қаратай өсіп-өрбіді, Алтай тауының төрт

бұрышын алып жатыр. Әрбір сүйектің (рудың) туыстығы
жеті атадан асты. Басқа біреуің жол салсаң да, билік менде
болған соң, мен жауаптымын. Ендеше, тәуекел, өзім жол са-
лып, ауырлығын өз мойныммен көтеремін, – деген.

Бидің өзі шешіп, өзі істеген соң, ел не десін, мүмкін
дұрыс шығар деген де қойған.
Абдолданың сүйек сындырып жол салғанын, ішкі ағай-
ын, сыртқы дос дұшпанның бәрі естіген. Оған себепкер

болған Абдолданың жол салғанның жөні осы деп, жол-жо-
сынды сақтамай күшке салуында еді. Алты Қаратайдың
біреуі – Дәулет сүйектілер. Дәулет ішінде Бәйгісі болып ке-
летін Сыдық ақсақалдың Ақкүшік деген қызы отыз жасқа

келгенше отырып қалса керек. Абдолда осы қызды әкесінен
рұқсатсыз алып қашып кеткен. Еппен басталмаған жұмыс
дау-дамайсыз болған ба?!

– Жол салам десе Дәулет ішінде менен басқа табылмап

па, менің қызым биден бай сұрап па екен, мені неге басы-
нады? Алты ұлым бар, алпыс ала жылқым бар, ел болсаң елу
бестемін, жау болсаң жиырма бестемін. Тұрысатын жеріңді
айт, – деп Сыдық ақсақал ашуға басқан.

Қанша ашуланғанымен, Абдолдаға да, басқа құлжабай-
ларға да тісі батып ешнәрсе істей алмаған. Түптің түбін-

Пионер Мұхтасыров
де есесін бір қайырар деген есеппен, Шыңғыстайдың биі
өзімен рулас Ережепке барып, құлжабайлардан көрген қор-
лық-зорлығын даттаған. Әрине, ол кісі бауырының сөзін

сөйлеп, есесін қайырып берем, өзім барып Абдолдамен,
Шүйдегі ақсақалдармен кездесемін деп, алдарқатып аттан-
дырған.
Абдолда билігін пайдаланып, ойына келгенін істеп жүр,

қарындасын тоқалдыққа алыпты деген өсек керейге де
жеткен.
Керейден келген қуғыншылардың табасына жолыққан
құлжабайлар ашуланса да, айыпқа ешкімді жыға алмаста-

рына көзі жетті. Өткен іске шамданғанды қойып, бүгінгі
даудың шешімін іздестірейік деп жөнге көшкен. Олай істе-
меске лаждары таусылған. Құлжабайлар Бақаттың алдына
барып жығылып, кешірім сұрауға аттанғалы жатқанда, ке-

рейден одан жаман хабар келді.
Кешеден құлжабайдың асты-үстінен, алды-артынан еш-
нәрсе қалдырмай, жездей қақтап отырған керейдің бақатының
азаматы Бектен екен. Бектай деген бауыры сойылға жығылып,

әл үстінде екен. Керей жәдігінің бір жігіті төбелесіп жүріп
аттан жығылып, көп ұзамай қайтыс болып кетіпті. Бақат
руының қызын жәдік руының жігіті құдалық жолмен ата-а-
насының қолынан алатын болыпты. Енді келінді кіргізгелі

отырғанда қызды құлжабайлар ұрлап алып қашып кеткен.
Жәдіктер ашуға жеңдіріп: «Жесірімізді құлжабайларға сатып
байымақшысың, біздің ер-азаматымызды қорладың, қа-
лыңдығымызды әкел, алдымызға сал»,– деп күш көрсетіп,

қарсы келгенін сойылға жыққан. Қуғыншылардың өте
тебінді келіп тұруларына себеп баршылық. Қызды алмақшы
жағының да, қызды бермекші жағының да ар-намысына ти-
етін қылық құлжабайдан шығып тұр. Қызды алмақшы бо-

лып жүрген жігіт те ешкімнен кем емес, жігітің қайсы десе
мынау деуге тұратын, қатардағы ауылдың азаматы.
«Жұлдызды өзім барып алып келем, оны зорлықпен алып
кетті. Әйтпесе кетпес еді, анық зорлықпен әкеткен болса,

құлжабайға қатын болып қойдың демей-ақ кешіріп, өзім

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
алам. Сол үшін барып Жұлдызбен кездесуім керек»,– деген.
Бірақ ата-анасы бар, елі бар «мә, қатыныңды алып қайт деп
алған жер оңайлықпен бере қоймас, жастықпен албырттық

жасап, жазатайым боларсың»– деп жібермеген. Өзі бара ал-
майтын болған соң, өзінің жанқияр жолдасы, құрдасы, сы-
рласы, туған нағашысының баласы Бегімді қуғыншылармен
бірге жіберген. «Шамаң келсе Жұлдызды алып кел»,– деп

қызға арнаған құпия сырын, ыстық сәлемін жеткіз деп жі-
берген. Жұлдыздың бірге туған екі жас үлкен ағасы Семсер
де келген. Жәдіктер сақтық істеп, ұрда-жыққа бара бермей-
тін, ұстамды, бір кісідей сөзі де бар, алысса жығатын білек-

тінің бірі Қалқа деген азаматты Бегімге ақылшы болсын деп
қосқан. Сөзбен де салғыласып, іс бітпейтініне, білекпен де
мақсатқа ешкім жете алмайтынына көздері жеткен екі жақ
енді қыздың аузына қараған.

Шамның қызды зорлықпен алып қашпағаны өзіне де,
Жұлдызға да мәлім. Екеуі бірін-бірі сүйіп, осындай тәуе-
келге барған. Мұндай шырғалаңы мол жолды таңдап алған
өздері. Істерінің алды арты дау-дамайсыз бітпейтінін білген.

Бірақ кісі өліміне дейін баратын, ұлығаусар кесір болар деп
ойламаған. Алдымен құдалар өкпелесер, артынан татуласар,
сыйласар. Уақыт өткен сайын жараның аузы бітер, жазылар.
Күнде көріп жүректі сыздататын жер емес, алысқа көз көр-

мейтін жерге кеткен қызды тез ұмытып кетер деп ойлаған.
Қуғыншыларды қызбен кездестірмеуге болмаған, тілінен
у шашып тұрған Бекенді кездестірмей, қалған үшеуі қызбен
жолығып, асықпай әңгімелескен. Әрине, Жұлдыз көп нәр-

се айта алмаған. Өзінің еркімен келгендігі рас екенін айтты.
Бірақ арты кісі өліміне дейін баратынын, бітпейтін жанжал,
кек алып намысқа шақыратын кесірге туыстары жолыға-
тынын білсе, махаббаттың отына өртеніп өлсе де, әке-ше-

шенің тілінен шықпаған болар еді.

– Енді болар іс болды, менде елге көрінер бет жоқ, қа-

рабет болдым. Сол өлгендерден менің жаным артық емес,
өлтіріп, басымды кесіп апарып беріңдер,– деп зар еңіреп
жылай берген.

Пионер Мұхтасыров
Мұндағы жағдайға көздері жеткен соң, өздері де елдері-
не кетпекші болып отырғанда, арттарынан шабарман келіп
суық хабар жеткізіп, елшілер елге жылдам жету керек деп

асығыс қайтар жолға дайындалған.
Жұлдыздың төркініне, құлжабайдан бет алып ешбір адам
бара алмады. Құдайдың берген ауруынан құдаларынан кісі
өлсе, жаназаға барған сылтаумен беттерін жылытып, сойыс

малдарымен ырғалып-жырғалып барған болар еді. Мынандай
қырғын соғыстың ішіне барса, отқа май құйғандай болғалы
тұр. Бара қалған күнде бастарының аман боларына сенім жоқ.
Қауіп-қатерсіз жүріп тұруға жағдай жоғын біле тұра, қайда

барамыз? Бұл пәленің артын тосу керек десті. Өздері Бе-
кеннен естіген сөздерінен уланған іштерін жаза алмай, әр-
кімнің өз ойы өзінде, ешкімге ашып айта алмай, құр сүлдері
үйді-үйіне тарасқан.

– Түбі ат кекілін кесісіп кетіспейтін шығармыз, бір жолға

құдалардың ашуын көтерейік. Әмірхан, сен мына кісілерді
шығарып сал, асуға жақын жердегі жылқышылардың қо-
сынан бір тамақ ішкізіп аттандыр. Өздері асығыс жүрген
адамдар, жол қонып жатпас, – деді Әміре.

Аттарына мініп алғаннан кейін, Бекен өзін аттанды-
рып тұрған Әміреге бұрылып: «Рұқсат болса бізге жолға бі-
раз құрт салып берсеңіздер. Жол азық деген сол, ат үстінде
кеміріп отырамыз. Бізге қоразданып жол-жөнекей шай қай-

натып жүретін уақыт жоқ, елге тез жету керек. Бізді шыға-
рып салып әуре болмай-ақ қойыңыздар. Жүректің мұзы
ерімей тұрып, өтірік жылтырап сый көрсетіспей-ақ жөніміз-
бен жүре берейік», – деді. Қош сау болыңыздар деместен

бір дорба құртты белге қыстыра салып, жорта жөнелісті. Ат
үстінде тұрған Әмірхан не жолаушылармен бірге жорта жө-
нелмей, не бұрылып үйге келмей, состиып тұрып қалды.
«Мыналарың шығарып салма, – деді, – сіз бар дедіңіз,

қайтсем жөн? Көшке ерген итше соңдарынан салпақтай-
мын ба, әлде осыларға жалпаңдағанды қой дейсіздер ме?»–
деп Әміреге қарады.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Әміре: – Өздерің біліңдер,– деді де үйге кіріп кетті. Әмір-
хан жолаушылар жаққа бұрылып қарап еді, недәуір жерде
желе жортып кетіп барады екен. Артынан далақтап шапқы-

лағанға арланып, атынан түсіп үйге келді. Жолаушыларды
шығарып салуға далаға шыққандардың барлығы үйге кіріп,
қымыз ішісті. Келін келгелі бір көңіл ашып күлмеген. Келін
келіп қуанғандарынан сергелдеңі көп болған ауылдың үл-

кендерінде үн жоқ. Қымыз ішкенді ермек қылып біраз
отырысты. Қымыз іше отырып Әміреге көз қырымен қа-
рағыштап, тынышсыз отырған жалғыз Әмірхан. Ол да шы-
дай алмай ойындағысын айтуға тура келді.

– Ағасы, – деді Әміреге қарап, – сіз бауырым менің

тілімді алмады деп өкпелеп қалған жоқсыз ба? Жағдайды
көзбен көріп отырсыз ғой, әлгі қуғыншының Бекені керек
жоқсың деген соң, ере алмадым, қателессем кешіріңіз, –
деді.

Киіз кімдікі болса, білек соныкі дегендей, елді дүрлік-
тіріп, әуреге салып жүрген бала Әміренікі болғандықтан
бәрінен де соған көбірек батады. Ойы он бөлініп оты-
рған Әміре не кештім немесе кешпедім демей, үндеме-

ген бойы өз ойымен отыра берді. Әміренің ойы қуғын-
шыларды тағы бір кеселге ұрындырмай, кезеңнен асы-
рып салу еді. Жол жөнінде біреудің жылқысы жатса, пәле
іздеген қуғыншылар айдап кете ме деген іштегі күді-

гін ешкімге ашып айта алмаған. Әміреге шығарып сал
дегені сақтықта қорлық жоқ деп сақтанғаны еді. Оның да
жөні келмеді. Келіннің дау-жанжалы қашан бітеді, белгісіз.
Тілеу тілеп, той қамына кірісейік десе, келіннің төркінінде

жақыны өліп қаралы болып отыр. Той өткіземіз деп айту-
дың өзі сорақы секілді көрінді. «Келіндерің қайырлы бол-
сын» айтып келгендерге, тойымыз кейін, барлығыңыз тойға
келерсіздер, шақырамыз деп қайтара берген.

Қалыңдықты алыстан тауып әкелген Шам құлжабайларға
ондаған жылға жететін дау-жанжал тауып берді. Қызынан
айырылғандар ашу үстінде кісі өліміне дейін барса, соңынан
да күш көрсеткендерін тоқтатар емес. Қыздың артынан кел-

Пионер Мұхтасыров
ген қуғыншылар елдеріне қайтып бара жатып, құлжабай-
лардың жайлаудағы жылқыларынан жорғасы, жүйрігі бар,
қырық бес жылқыны бөліп, жылқышыны сойылға жығып,

тартып алып кетіпті. Қыз дауына жылқы дауы қосылып,
Құлжабай ауылының үсті – қып-қызыл дау, ұрыс-керіс.
Керейлер алғанда жақсысын, семізін, жүйрігін таңдап ай-
дап алып жүре берген. Барымтаға кеткен жылқының ішінде

Мандықаның жирен қасқа жорғасы, Мүкәбаланың жүйрік
торысы бар, он жеті құр ат, қалғаны – тай-құнандар. Біре-
уі бір қыздың қалың малына тұрады деп бағалайтын жүйрік
жорғаларынан айырылды. Мандықа мен Мүкәбала атта-

рынан айырылғанда шынымен-ақ іштері күйеді.
Ашуын көп ішіне сақтап тұра алмайтын Мандықа аты-
ның барымтаға кеткенін естіген бойы Бұйдақан ауылының
үстінен ат ойнатты. «Әміреге шығарып беріп отырған өзің,

сен айтпасаң Тұрдыбай мен Тұрдыбектің жылқысы екенін
қайдан біліп айдайды. Сенің ұлың алған қатынға біз неге
құнға жығыламыз. Бізді жаман көріп шетке шығармай,
біздің малды жау малындай көрмей, жүре алмайсыңдар. Ал-

дымен біздің жорға жүйрікті қолға әкеліп салыңдар, содан
кейін кереймен керісіңдер. «Мал ашуы – жан ашуы» малы-
мыз қолға түскенше біз сендердің бірінші дұшпандарың деп
біліңдер» деп, ата-бабадан бері боқтап айтып кеткен.

Керейдің жесір дауының пәлесінен қалай құтыламыз
деп отырғанда, ағайын ішіне барымта дауы араласты. Өзара
түсінбестік болғаны Құлжабай ауылының берекесін кетірді.
Абдолда күншілік жерде Жазотырдың биі Тоқтамыспен

кездесіп, жер мәселесімен жүрген.
Бірнеше жыл бұрын Қыпшыл, Өгіз сыймас, Дара сайы,
Жұмалы, Зерлікөл жайлауларын Шүй қазақтары барып жай-
лап жүретін. Соңғы үш төрт жылдан бері Тоқтамыс биге қа-

расты Жазотыр елі жайлап келді. Бұрынғы жайлауымыз ке-
рек болды, ең жоқ дегенде бөлісіп жайлармыз, мүлдем бер-
мей қоймас. Жер үшін кетіскеніміз келіспес, ақыл қосыңдар
деп қасында ауыл ақсақалдары мен билері бар бес-алты

кісі Абдолдамен бірге барған. Ұзақтан ат шаршатып келген

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
қонақтарды Тоқтамыс аяқтарынан тік тұрып қарсы алған.
Ауыл ақсақалдарын шақырып, әңгіме-дүкен құрысқан. Ана
үйден шықса, мына үй шақырып, қонақжайлылығын көр-

сетіп, үш күндей күткен.
Абдолда Шүй бойының биімін дегенде Жазотырды қо-
сып айтатын. Тоқтамыс болса өзін Абдолдамен тең көретін.
Өзі билеп тұрған елдің сұрақтарын Абдолдаға сабағат сал-

май, өзі шеше беретін.
Абдолдалар келеміз деген мезгілінен кешігіп бара жатқан
соң, Абдолдаға жылдам қайтсын деп, өзі кеткеннен кейінгі
артында болған жағдайды айтатын шабарман жіберілген.

– Артымыз өртеніп жатыр деп, шабарман келгенін естіп

отырсыз, енді бізге қайтуға рұқсат беріңіз, – деді Абдолда
Тоқтамысқа.

– Әлі де сіздер осында болар, бірер күн аң аулатып, серу-

ендетіп қайтарсақ па деп ойлап едік. Оған ана шабарманда-
рыңыз шынымен-ақ өрт алғандай айтып келген суық хабары
сіздерді асықтырып тұрған секілді. Ауыл арасы жақын ғой,
сұрақтарыңыз болса тағы бір кездесіп шешіп алармыз. Қай-

там десеңіздер өздеріңіз біліңіздер. Әдейілеп келген соң, жұ-
мыс бұйымтайларыңыз болса айтыңыздар, – деді Тоқтамыс.

– Жұмысымыз өзіңе белгілі жайлаулық жер туралы. Біз

келгеннен бері әңгімеміздің көбі көшіп келіп жатқан туы-
старымыз керегінде болды. Ол мәселенің шет-жағасын
өзіңіз де сезген, білген шығарсыз, – деді Абдолда.

– Биыл ел жайлауына қонып қойды. Келесі жылғы жай-

лау сұрағын ел-жұртпен ақылдасып, шешерміз, уақыт кең
ғой,– деп Тоқтамыс алдарқатып шығарып салды.
Асықпай жүріп, дәлелін тауып, жер мәселесін шешіп
алатын шығармын деп келген Абдолданы, ауылдағы жағдай

асықтырып, жұмысы бітпей қайтуға тура келді. Екі күндік
жолды бір күнде жүріп, Абдолдалар да ауылға жетті.
Шам келіншек әкелгенде, Байғожа жолдастарымен он
шақты адам, сауда жұмысымен керей жерінде болатұғын. Бақат

ауылында екі-үш күн қонақта болған. Кеткен қыз төңірегінде-
гі дау-жанжалды естіген, көрген. Жұмыстарын бітіріп, аман-

Пионер Мұхтасыров
есен елге келгелі мұндағы әңгімелерді де естіп білді. Байғожа

– Шүйдегі уақтардың ақсақалы, биі, Абдолданың ақылшы-

сы. Саудагерлікпен жастайынан айналысқан, Алтай тауының
төрт бұрышын айналған, көп жерді көрген адам. Өзім қартайып
келем, сауда жұмысына үйренсін деп, өзінің баласы Бұқа-
байды, Абдолданың баласы Сәлімжанды, Мандықаның ба-

ласы Әкемиді қасына ертіп алған. Ат пен алысқа жүріп, түйе
жетелеп, түйеге жүк артып, үйренуге елді, жерді көрейін де-
ген бірнеше жастар да бірге барған.
Ұзақ жолдан Сәлімжан да келген. Керейдегі жағдайды өз

білгенінше әкесіне жеткізді. Бірақ Сәлімжанның жеткізген
мағлұматынан Абдолда құдалар жағының іс-әрекеті кере-
гінде, толымды сырларының астарынан әңгіме ести алмады.
Сәлімжанның естіген-білгендерінен қанағат таппай, Байғо-

жа келгенін тосты.
Байғожа дос-жарандарымен көп тостырмай келіп қал-
ды. Абдолда Жазотырдан келгенін естіген құдалар, ауыл
ақсақалдары, Абдолдаға амандасып, «келінің қайырлы бол-

сын» айтысты. Байғожа да осы ауылға келіпті дегенді есті-
гендер әңгіме-өсек есту үшін Абдолда ауылын басып кетті.
Шай ішіліп аяқтаған кезде, Абдолда бауыры Халелге: «Қы-
сырдың тайын сойыңдар, күнде келмейтін ақсақалдар жи-

налып қалды, түстік жеп қайтсын»,– деді.
Әміре орнынан тұра келіп: «Кешіріңіз, би аға,– деп Аб-
долданы өзіне қаратып алды. – Атам сіздерге мені жіберді,
әнеу күннен бері ондағы мұндағы жиналсын деп тосқауыл-

дадық. Бүгін сәтті күні келін келгеніне арнап тілеу тілейік
деп дайындық істеп жатырмыз. Ту биені байлап отырмыз,
ақсақалдар батасын істеп берсін. Барлықтарыңыз тілеуге
келіңіздер, үйдің жаюлы дастарханына барып отырыңы-

здар»,– деді. Отырғандар бізге бәрібір, бір құлжабай бала-
сысыңдар. Қай үйден дәм татсақ та, ол жағын Абаң (Абдол-
даны айтқаны) өзі білсін десті.

– Біздің ауылдың әңгімесі биыл біте қоятын емес секілді

ғой, біздің үйде тағы да бас қосармыз. Әміренің атасының
тілін алып сонда барғанымыз жөн болар.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Үйдегілер тілеуге барып әңгімені сонда бастаймыз деген
оймен шығары шыға бастады. Мандықа бастатқан Тұрды-
бай ауылының азаматтары, Мүкәбала бастатқан Тұрдыбек

ауылының азаматтары аттарынан түсіп жатыр екен. Үйден
шыққандар мен келгендер есік алдында кездесті.
Келгендердің бұлар біз келе жатқанда неге шығады, үйге
кіргізгілері келмей ме деген жаман ойлары іштегі жараның

аузын тағы тырнап алды. «Жау келді дедіңдер ме, бұл не,
бәрің дүркіреп, шыққандарың?» – деп даусын қаттырақ
шығарып Мандықа көпшілікке жақындай берді. Басқала-
рынан гөрі бұрынырақ жауап бергісі келген Абдолда, кел-

гендерге жақындай түсіп:

– Ассалаумағалейкүм, аға! – деп сәлем берді.

– Сенің сәлеміңді үйде тосқам, қартайған шағымда ба-

уырларым малымды барымталап жатқанда, сен келіп, жөнін
айтып, көңілімді жұбата ма деп ойлағам. Би кісі жаман шал-
ды не қылсын, келмедің, үйіме түсел түсіп шыға алмадым
дегенді сылтауратып, бұл бәрібір келмейді деп, өзім келе

жатқан түрім осы, – деді Мүкәбала.

– Шығары шығысымызда ешбір бөтен ой жоқ. Бұйдақан

атамыз тілеу тілейміз, осында жиналған халық тұтас кел-
сін деген соң, сонда барайық деп шығып жатқанда, сіздер
келіп қалдыңыздар. Ал енді үйге кіріңіздер, шай ішіп алған
соң бөтен кісі емессіздер, тілеуге бізбен бірге барыңыздар, –

деді Абдолда. Абдолданың сөзіне Мүкәбала:

– Биге өкпе жүрмейді деген, үйіңе кірейік. Тілеу біздің

не теңіміз, ауылға пәле болып келген келінге, ақ бата беріп
монтанситын ойымыз жоқ.
Мүкәбала, Мандықалар шығарыдағы үлкендермен аман-
дасып болған соң, тобын бастап үйге кірді. Бұларды үйге

кіргізгеннен кейін арғы бергі дау-дамайдың әңгімесін қозға-
май құтыла алмасын Абдолда білді. Тайды сойғызып, үйден
түстік жеп алғаннан кейін тілеуге баратынын айтып, Әмірені
әкесі Бұйдақанды мына жиынның ішінде болсын, алып

кел деп жіберді.

Пионер Мұхтасыров
Құлжабайлардың әрбір атасынан келгендер, құдалар,
ауыл ақсақалдары қосылғанда үлкендердің өзі ғана сегіз қа-
нат үйге лық толды. Орта буыннан төменгілер үйдің сыртын

айнала отырысты.

– Шүй бойындағы ақыл қосар ақсақалдар, әр рудың

билері, тұтасқа жуық келген екенсіздер. Құлжабай ауылы-
мыз біреудің айттырып қойған жесірін ұрлап әкеліп, ұятқа
қалып отырғанымызды көздеріңіз көріп отыр. Баламыз-
дың ондай жолға баруына себеп іздесек ақталған боламыз.

Бірақ та көзге ұрып тұрған нәрсені айтпауға да болмайды.
Ең үлкен себеп – жастық, албыртық, соқыр сезімге бой ал-
дырғандық. Тағы бір себепкер болған жағдай – Шүй бой-
ына айғырдың боғындай сарғалдақтардың үйіліп қалуында.

Басы бос деген сарғалдақтан басқа сүйектілердің қыздарын
Әміре есепке алып көрген екен, жіп тағылмаған қыз жоқ
дейді. Шамның дені сау, жасы жеткен, ат көлігі сай, бірер
күнде керей елін аралап келу сөз емес. Ел аралағанда не жұ-

мыспен жүргенін біліп отырсыздар. Қазақтың «теңін тапсаң
тегін бер» дейтіні айта салған сөз емес екендігін көзбен
көріп, қолмен ұстап отырмыз. Шам теңін тапқан, келінді
көргендер «Жұлдыз десе Жұлдыз, жарқырап, жайнап тұрған

бір пенде» деседі. Өнер, білімнен де кенде емес, текті жердің
баласы екен. Мұндай асылдар ауылымызға келе берсін.
Құтымыз келді, бақыт құсы келіп қолымызға қонып отыр
деп өз басым қуанамын. Асылда баға болмайды, ауылымы-

зға келген асылдың басын қорғап, бақытты ету борышымыз.
Құлжабай руымызға нұқсан келтірмеуіміз ұрпағымыз үшін
керек. Малмен есептеспей, ар-намысымызды қорғауымыз
керек. Мені дұрыс түсініңіздер, біреудің отының басын бүл-

діріп, жесірін әкелгенің дұрыс деп отырғаным жоқ. Шам-
ның ол жерде қателескенін өзі де, біз де мойындаймыз. Қа-
телескенде көрмей, білмей қателеспеген, алды-артын біліп
отырып қателескен, асыл жардың жолында нендей шырға-

лаң болса да, шыдауға бел байлаған. Шыңғыстайда қалған
наймандар алыста қалды. Керейлермен алыс-беріс, жеріміз
іргелес, жақын болып алдық. Жастардың келешегіне кедергі

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
болмасын деп, алты қаратайдың ара туыстығы жеті атадан
өтіп кеткенін есептеп отырып, өзім жол салып, дәулеттен
қыз алып едім, ешкімдеріңіз қолдамадыңыздар. Сіздер мені

түсініп қолдамағанын естіп біліп алған керейлер мені, мен
арқылы құлжабайды тілдері жеткенше айтқылапты. Біздің
ауылды елден шыққан көргенсіз, бұзақы, шариғат жолын
бұзғандар қатарына қосқанын естіп отырсыздар. Болар

іс болды, ағайынның азары болса да, безері болмас деген.
Бәріміз ұйым болсақ бұл сұрақты да шешерміз. Бірақ көп
созуға болмайды, – деп тоқтады.

– Шамның істеген ісін керейлер ғана емес, мен де бұ-

зақылық, көргенсіздік деп бағалаймын. Ал сен болсаң жер-
суға сыйдырмай мақтадың, қорғадың. Қателескені шын,
бірақ кешіріммен қарайық деп отырсың. Оныңды Бақат-
тар түсіне ме, істеп отырғанымыз түсінетін қылық па? Осы

жағдайда өзің не шара қолданып, дау-шардың өртін сөндір-
гелі отырсың, соны естиік, – деді Мандықа.

– Әрине, менің не шара қолдансақ құдаларымыздың

көңілін табамыз деп ойлайтыным да, ол ойымды айтатыным
да шындық. Бірақ осы жиналған халықтың ойын, пікірін
білген соң айтайын, естисіздер. Ең алдымен, Керейден
жуықта ғана келген Байғожадан құдаларымыздың іс-әре-

кетін естіп біліп алайық. Байғожа көзбен көргендеріңізден,
құлақпен естігендеріңізден ешнәрсе қалдырмай айтыңыз,
біз таза тыңдайық, – деп тоқтады Абдолда.

– Бір елдің ішкі құпия сырын ашып, енді бір елге жеткізу

оңай іс емес, өсекші де, өтірікші де аталуға болады. Бірақ ау-
лымызға төніп тұрған дұшпандық, арам ойларын, бөтен кісі
емес, қалай жеткізбейін. Керейлермен тегінде де қыз алып,
қыз беріскен құда болатұғынбыз. Келешекте де солай болар,

құда мыңжылдық болса да, бүгінше дұшпан болып отырға-
нын көріп отырып, не істемекші болып отырғандарын айт-
пасқа болмас. Құдалардың құдасы Саңыраулар өте ашулы,
қызыңды құлжабайларға өзің шығарып беріп отырсың деп

ашу үстіне ашу қосып, от үрлегендей үрлеп, қоздырып отыр.
Қыздың әкесі Бәйімбай да, Бақаттың үлкендері де, өз елінің

Пионер Мұхтасыров
алдында, қалың малын алып қойған құдаларының алдында
ақталғылары келеді. Қызын өзі шығарып бермегенін дәлел-
деу үшін, ата-анасының ақ батасын бұзған деп, Жұлдыз бен

Шамды ат құйрығына байлап өлтіру керек деген шешімнен
танбай отыр. Құлжабайлар жығылысқа жылдам келе қойма-
ды деген де сылтау бар. Кеш те болса Құлжабайлар келеді,
сонда біз оларға не жауап береміз деп олардың да үлкен-

дері жиналып бас қосты. Жігіт пен қызды қолға әкеліп сал,
көздеріңше ат құйрығына байлап өлтіреміз, оған көнбесең
тұрысатын жеріңді айт деп айтамыз деген шешім қабылда-
ды. Түбіміз бір – керей, саңырау мен бақат рулары құда, та-

мыр, дос болып отырған екі елді, бірін-біріне жаудай қарат-
ты. Сол жаулықтың жолына, бір-бір азаматымызды құрбан-
дыққа шалдыртып отыр. Құлжабайдан да бір арыс құлауы
керек десті. Өз іштерінен ашу алдында, ақыл соңында деген

тым артық кетпеңдер деген бірер адам болып еді, қандары
қарайып алғандар оларды естігелі тұрған жоқ. Қуғыншы-
лардың осы жақтан жылқы айдап апарғанын осында келіп
естідім. Тегі ол малға онша мән бермеген секілді, жесірімізді

алды, басыңды қирату керек, өлтіру керектен басқа ауызда-
рынан жақсы сөз шықпайды. Әрине, алдарынан өтіп, ашу
басуға барған дұрыс. Бұл өзі кергілеспей келіспейтін жұмыс
қой. Ашулануға да себеп аз болмағанын көріп отырмыз. Бұл

істің аяғын насырға шаптырмау жағын қатты қадағалаған
жөн. Малды, дүниені шығын деп көрмей, бас амандығымен,
ар-намысты қорғау жағын ойлау керек,– деп тоқтады Бай-
ғожа ақсақал.

– Байғожа ақсақал көрген-білгенін ғана айтып қойған

жоқ. Дауды қалай шешсек дұрыс болатынына да ақыл қо-
сты. Өз ойын айта кетті, енді самайдың биі Атшабар ақ-
сақалдың пікірін естиік,– деді Абдолда.

– Байғожа ақсақал бәрін дұрыс айтты деуге болады. Бірақ

та алыс жердің әңгімесіне қанық болғанымен, ауылда не бо-
лып жатқанын жақсы біле бермейтін секілді. Ол кісінің істі
насырға шаптырмайық, кектеспейік, шектеспейік дегенінің
бәрі көш кеткеннен кейін айтылып отырған ақыл. Менің

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
байқауымша, іс насырға шапты, кек алу, барымта алу баста-
лып кетті. Ендігі мәселе бұл өрттің алдын қай жерден тоқта-
тып аламыз. Өрт сөнбесін деп, өз ішімізде жел жағынан

сіріңке қоятындарды тоқтата аламыз ба? Ағайын арасының
ала ауыздығын тоқтатып алмай, дұшпанды жеңе алмаймыз.
Керейдегі құдаларымыз жесірінен айырылып қана қой-
май, екі арыстарынан айырылып отыр. «Ашынған долы,

ашыққан ұры» дейтін сөз осындайдан айтылған шығар.
Құдаларымыздың барымта алып жүргендері ашуланғанда
не істерлерін білмей ұрынғандары болар. Ұрда-жық ақы-
мақтардың ісі екені көрініп тұр. Менің айтайын дегенім,

малдың орны толады, барлығымыз жиналсақ қырық жылқы
емес, төрт жүз жылқыны да тауып жібереміз, Керейден қа-
рымта алу керек дейтін желөкпелер арамызда бар секілді.
Ондай ақымақтыққа бармау керек. Арамыздағы малым ба-

рымтаға кетті дейтін ағайынның малын толық қолына са-
лып берейік. Құдаларымыз ашуын малмен басатын болса,
тағы айдап апарып беру керек, Шам мен Жұлдыздың са-
дақасы болсын. Жығылысқа кісі барылмай қалмас, барған-

дар барымтаға кеткен жылқыны іздемесін. Керісінше, осы
жақтан жетегімен жүйрік жорғаны алғанынша бару керек.
Екі жасты ұстап, қолдан апарып бере қоймайтынымызды
олар да біледі. Құнға жығылып па едің дейтін қайда, керей-

дің жесірін сұрақсыз алып кетіп, айрандай ұйып отырған екі
ауылдың арасына өрт жіберген біз. Олай болса, құн төлейтін
де біз, басымыз аман қалып құн төлеп құтылсақ, біз үшін ол
аз жеңіс емес.

Бағанадан қозғалақтап шыдай алмай отырған Мандықа
Атшабар сөзін бітер-бітпесте айғайлап тұра келді.

– Мына бисымақтарың қалай-қалай сөйлейді ей, кеткен

мал садақа дей ме, немене? Мен мал ішінде саңлағымды са-
дақаға неге берем?! Шамға уақытында қалың беріп қатын
әпермеген, құн төлесе Бұйдақандар төлесін. Басқа малым-
ның орнын ағайын мүмкін төлеп берер, оған көнуге бола-

ды. Ал өзімнің қара қасқа жорғаммен, Мүкәбаланың жүйрік
торысының басын алмай біз тынбаймыз. Қойы қорасында,

Пионер Мұхтасыров
жылқысы өрісінде, тақымына жаққанын мініп жүргендер
түсінгілері келмейді. Мал не керек деп оттайды, сол бере-
ген, береке сақтағыштар астарыңдағы жорға, жүйріктеріңді

апарып беріңдер. Біздің атымызды әкеліп беріңдер. Әкел-
месеңдер қарымтаға өзім бастап барып, тапсам өз атымды,
таппасам он есе көп жүйрік жорғаларын алып келем. Бай-
ғожа мен Атшабардың ағайын арасында от жағатындар бар,

бірлік керек десіп көсемсігенін түсінеміз. Тұспалдап бізді ай-
тып отыр, бірлік керек ағайын болса, малына қастық қылып
отырып, ағайын ортасының бірлігін қалай сақтамақшы? Ең
алдымен Әміреден сұраңдаршы. Тұрдыбай мен Тұрдыбек-

тен туғандарды неге басынады, не қылығымыз жақпай бізді
жаудай шабатындай?

– Ағаларым-ай, ақылға келейікші! – деген дауысқа

отыр­ғандардың бәрі жалт қарасты. Ол Әмірхан еді. «Әміре
қуғыншыларды шығарып сал дегенде бармай қалғаныма
қатты өкінемін, ол кісінің сіздерден жазықсыз сөз естігені-
не өзімді кінәлімін деп санаймын. Әміренің айтқанын істеп,

қуғыншыларды кезеңнен асырып шығарып салсам, бүгінгі
күні бірыңғай жесір дауын шешудің жолын іздеген болар
едіңіздер, барымта дауы болмайтын еді. Болар іс болды,
өкінгеннен пайда жоқ, ең алдымен ауылымыздағы ағайын

дауын шешіп алайық. Өзіммен бірге туған Бұйдақанның
ұлдары, Тұрдыбай атамыз бен Тұрдыбек атамыздың ауылы-
ның жылқыларын басына бас, жасына жас, бір айдың ішін-
де тауып берейік. Керейдің дауын қалай шешу керегінде

үлкендер өздеріңіз шешіңіздер. Менің ол керегінде айтарым
жоқ.
Отырғандардың ішінен қысқа-қысқа өз ойларын ай-
тушылар да шықты. Біреуі мал шығынының бестен бір бөлі-

гін, бес отыншының әрқайсысы көтерулері керек десе, енді
біреуі Шүй бойында бөтен кісі жоқ, шығынды халық болып
көтереміз десті.
Әр түрлі айтылған пікірдің қорытындысын Абдолдаға

айтуға тура келді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Мені не айтар екен деп отырсаңыздар, айтайын?! Бай-

қап отырсыздар, ауылдағы дау жел үрлеген оттай болға-
нымен, бықсып барып сөнер. Азары болса да безері болмай-
тын ағайын дауын, бес отыншының бес ақсақалы шешсін.
Қалдекеден Мамаш, Бұйдақаннан Қорқын, Жәйдекеден

Үркін, Тұрдыбайдан Нұрғазы, Тұрдыбектен Қабдолла. Би-
лермен, құдалармен, ауыл ақсақалдарымен ақылдаса оты-
рып, ағайын-туыстардың берген малының есебін алсын. Ол
малды қайда, қалай ұстауға болады, солар шешсін. Бұл дау

ұзаққа созылғалы тұрғанын көріп отырсыздар. Сондықтан
осында жиналған туыстар осы сұрақты шешуге белсене қа-
тысса екен деп отырмын. Құдалардың алдына жығылысқа
Отыншының әрбір атасынан барсын. Бұйдақаннан Ақы,

Қалдекеден Тәуке, Жәйдекеден Омар, Тұрдыбайдан Уәлі,
Тұрдыбектен Түсіпбай. Атқосшы мықты жігіттерді ертіп
алсын. Жығылысқа малмен бара ма, әлде аужайын байқап
келуге құр бара ма, өздері көпшілікпен ақылдаса отырып

шешсін де, бірер күнде жолға шығулары керек. Құдалар-
дың алдынан алғаш өтуге барғандарға құлжабайлардың
қылығын жөн демесі белгілі. Олардың қалай қабылдап, қан-
дай «сыйлық» көрсететінін біле тұра барғалы отырмыз ғой.

Кетпейтін туыс болғандықтан, бізге арамызды суытпай бара
беру керек, – деп тоқтады Абдолда.
Көп алдында айтылмайтын әңгіме, ашылмайтын сыры
соңында қалған еді. Ертеңінде таңнан тұрып Арендовайды

қасына ертіп Байғожаның үйіне келді. Арендовай екі жа-
сынан Абдолдаға бала болған, арғы түбі моңғол жеріндегі
Дөрбеттің баласы еді. Қалдеке өлгеннен кейін құлжабайлар
қазіргі Моңғол жеріндегі Делуіннен Шүй бойына көшкенде

ұрлап әкеліп асырап алған. Шүйге келгеннен кейін тілеуіт-
тердің жайсаңы Очуржаппен келісіп, уақытша пайдалануға
жалға, «арендаға» Шоққарағайды алған. Шоққарағай атына
сәйкес шоқ-шоқ болып өскен сыны да, сымбаты да келіскен

қарағайлар алыстан менмұндалап тұрады. Шүйдің басқа
жерінен кездеспейтін сымбатты, бойлап өскен қарағайы
Шүй жазығының қай шетінен қарасаң да көзге бірінші ілі-

Пионер Мұхтасыров
нетін көрікті жер. Қысы-жазы екі жағынан ағып жататын
өзен суы, қарағай өсіп тұрған құнарлы қара топырағын су-
арып, тереңге кеткен тамырына дейін жеткізіп тұрады. Бо-

ранда ықтасын, ыстықта көлеңке, шөбі шүйгін, су жағалай
өскен талдың қалыңдығы сондай, ішіне түйе кіріп кетсе де
көрінбейді. Жанға жайлы жерге ие болу Абдолданың жер
танығыш талғампаздығының, көрегендігінің куәгері іспет-

ті еді. Жер жайлы болғандықтан орнығып, өмір сүруге ниет
қылып, өзіне, балаларына арнап қыстау салған. Соңында
бұл жер Шәкірт қарағайы атанып кетті.
Ағаштан қиып үй салуды да Абдолда бастаған. Ол кезде

орыстың саудагерлері салдырған ағаш үйлер Қосағашта ғана
болған. Сол орыстармен танысып, үйін салдырып, жалға
жер алып, келешекте меншікті қазақтың жері деген жерге ие
болу жолын іздестіруді орыстардан үйренген. Шүйге орыс

саудагерлерінің орнығып, халық арасына орыс тілінің жаңа
сіңісті бола бастаған кезі еді. Жерді «арендовайттап» алдық
деп отырған кезге сәйкес келген жас балаға Арендовай деп
ат қойылған. Арендовай Абдолданың тұңғышынан екі жас

үлкен, өзінің құпия, жіңішке жолмен шешетін мәселелері-
не ерте араласқан. Сенімді үлкен баласы болып, әке сенімін
ақтап, оң жағынан орын алғалы да бірнеше жыл болған. Аб-
долда Арендовайды ертіп, Байғожаның ауылына аттанады.

Байғожа ешқайдан қонақ тоспаған бейқам отырғанда,
Абдолданың өзі шақырусыз келуі тегін емес екендігін іштей
түйді. Қандай жұмысы болды екен деген сұрақ өңінен білініп,
аттан түсіріп алуға өзі шығып қарсы алды. Бір-бірімен аман-

дасып, ел-жұрттың, ауыл-аймақтың амандығын біліскен-
нен кейін, Абдолда сөзді өзі бастады. Байғожаның қайдан,
қалай жүрсіз деп сұрай алмай отырғанын білді. Не себептен
шақырусыз келгенін айта келіп, Байғожаның өзімен жеке

әңгімелескісі келетінін айтты. Абдолда құлжабайлардың
үлкендері жесір дауын, өзінің ойындай шеше алмайтынын
біледі. Біле тұра сенімсіздік білдірсе, ағайыннан шығады.
Сенімді кісілермен ақылдаса отырып, бұл сұрақтың шешімі

көңілдегідей болып шешілсе де, абыройына кір келтірер-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
ліктей шешілсе де, атағы өзіне келеді. Сондықтан қайтсем
шешімін дұрыс табам деп, түн ұйқысы төрт бөлініп жүрген
кезі. Байғожаның көп ішінде айта алмаған жасырын сыры

бар екенін, ол кісінің керей ішіндегі беделді сөз білетін та-
ныс, аралас адамдары бар екенін біледі. Керейдің жайлау,
күзеулерінің бәрінен де хабары бар. Үйде отырса ауыл ара-
сының өсек-аяң әңгімесінен қолы босамасына көзі жетіп,

жеке әңгімелесуге келген беті еді. Сол келген ойының бетін
ашқанда, Байғожа Абдолданы сынағандай бетіне тесіле қа-
раған бойы біраз отырып қалды. Оны сезген Абдолда: «Не
ойласаңыз да ашып айтыңыз, сізбен ақылдасқалы әдейі

келіп отырғанымды түсініп отырған шығарсыз»,– деді.

– Әрине, үлкен басыңызды кіші етіп, менімен ақылда-

сайын деп келсеңіз, менің қолымнан келер іс, миым жетер
ақыл болса неге аянайын. Аушы, бері келіп кетші,– деп
бауырын шақырды. Аушы мен бәйбішесіне астың қамын
ойластыруды және де үй маңынан жүріс тұрысты азайтуды

қамтамасыз етуді тапсырды.

– Әбеке, деп бастады Байғожа, – мына жесір дауын құл-

жабай мен керейдің бақаты бірін-бірі арандамай шеше ала-
ды деп сене алмаймын. Сондықтан бір мықты орта ағайын
табу керек секілді. Бастағаннан кейін аяғына дейін айтай-
ын, ондай ағайын өзіңіздің соңғы қайын атаңыздың, аталас

ағайындарынан табылып қалуы мүмкін. Қайын жұртыңыз
дәулеттің Есқұлы, Досқұлы деген екі атаға бөлінетінін
білесіз. Сол Есқұлының Бәйкісісінен тараған Бұрхаттың
немересі – Ниязбай би. Сіздің қайын атаңыз Сыдық Бұр-

хатпен бірге туған Архаттың немересі. Ниязбайды білсеңіз
де, қайын жұртыңызға туыс екенін біле бермеуіңіз бар.
Сондықтан Ниязбайдың арғы тегінің кім екенін кеңінен
таныстырып отырғаным ғой. Ниязбай қайнағаңыз керей-

дің бір руына би болып отырған азулы азамат. Тілге шешен,
білімінің тереңдігінің арқасында керейлердің ішінде беделді
бидің бірі емес, бірегейі. Керейлер жер мен жесір дауын Ни-
язбайдай әділ шешетін би жоқ деседі екен. Өзіңіз де білетін

шығарсыз, сіздердің ауыл Катонқарағайдағы Қара жұрт-

Пионер Мұхтасыров
пен қоштасып, Алтайдың жері әлі Қытайға қараған жағы,
орысқа қараған жағы деп бөлінбей тұрған кезінде ауылда-
рыңыз ауған. Қызылкезең арқылы Делуінге көшкенде, осы

Ниязбайдың әкесі Шәкен Қалғұтыда жайлауында отырған
дейді үлкендер. Қыстауы Қызылтас деп аталатын малға жай-
лы күнгей бетте. Алтайдың төрт бұрышын аралаған көпті
көрген Шәкеннің ұрпағы осы жерде өніп-өседі. Керей-

лердің еліне әділ биді басқа жақтан іздейтін салты емес пе?
Ниязбайдың әкесі Шәкенді Қалғұтыдағы қыстап жайлап
отырған жерінен, елімізге би болыңыз деп Қобда бетіндегі
керейлер көшіріп алғалы көп жылдар болды. Әдейі көшіріп

апарғандарына жарай Шәкен де қанағатты іс атқарып, әділ
билігінің арқасында керейлерге жаққан екен. Көзі тірісінде
өзінің осыдан кісілік шығады-ау деген баласын Ниязбайды
қасына ертіп баулып жүреді екен. Ниязбайды керей ішін-

дегі текті, аталардың ауылымен құда болып үйлендіріпті.
Шәкен көзі тірісінде өзі билеп тұрған өлкеден «Сарытоғай»
деген жерді Ниязбайға алып беріпті. Өзіне қараған туыста-
рын Қалғұтыдан көшіріп алыпты. Балам басыбайлы жерің

бар, әкеңнің еңбегі сіңген елің бар. Келешектегі ұрпағымы-
здың өсіп-өнуіне алла осы жерді нәсіп етсін. «Сатып алдың,
құл болды, күйеу болдың, ұл болдың» деген аталы сөз бар.
Сен керейге күшік күйеу емес, ата жолымен ел басқарған

белді, беделді азаматтардың қатарындасың. Көзім тірісінде
билікке жеткеніңді де көруге Алла маған нәсіп еткен екен,
Алла қолдаса ешкімнен кем болмассың. Қанша жасасаң да
бір өлім хақ. Жалғаншылық, тірлікте кісі қайда жүрмей-

ді, өлгенде менің сүйегім туған жерім Қалғұтыға жерленсе
екен деген екен. Ол кісі де бұл дүниеден көшкелі көп заман
өтті. Ниязбай әкесін Қалғұтыға жерледі. Ниязбай керейлер-
ге билік құрғалы да көп уақыт болды, казір Алтайдың төрт

бұрышына белгілі әділ би болып отыр. Ниязбайды өзіңіз
де танисыз, бірақ қаншалықты араласыңыз барлығын біл-
меймін, өз ойымша, керейлерді тілге келтірсе, Ниязбай кел-
тірер,– деп ұзақ әңгімесін аяқтады.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ақкүшікті алғандағы ауыл арасының, әсіресе, қайын ата-
сы Сыдықпен түсінбестіктің жарасы жазылды ма, әлде бітеу
жара болып, тынышты кетіріп жүре ме, ол жағын Байғожа

қозғамады. Абдолда да оған онша мән бермейтінін сездірді.
«Жаман достан мықты дұшпан артық» деп ата-бабамыз өмір-
ден алып айтқан шығар. Күйеулікті Ниязбаймен жүздесуге
кедергі болар деп ойламаймын. Бірақ сырын білмеген аттың

сыртынан жүрме дегенді еске алу артық болмас. Қандай бір
ісім түсіп алдына барып көргенім жоқ, ол кісімен хабарласу
үшін сырын білетін, сыралғы кісіні табу керек. Ондай адам
өз ортамыздан табылса жақсы-ақ болар еді. Өзіңізден басқа,

Ниязбаймен сырмінез кісі барын білсеңіз, айтсаңыз артық
болмас. Байғожаның әңгімені жалғастыра беруін мақұл көр-
ген Абдолда, жайғасып отырып тыңдауға көшті.

– Айт десеңіз айтайын, керегін өзіңіз ой сүзгісінен өткізіп

аларсыз. «Ел аралаған – сыншы, тоғай аралаған – үйші» деп
үлкендер тегін айтпаса керек. Көп жерді аралаған, көп елді
танитын, жүрген жерінің халқымен таныс. Әңгіме іздеген
жол білмейтін орыс, неміс, ағылшын ғалымдарына жол көр-

сетіп, бірге жүріп, елдің тұрмыс жағдайының қыры-сырына
әбден қанық. Сүйегі самай жетігеннің баласы Мәкиленің
ұрпағы Әбен құдаңыз. Көргені көп, тілі орамды, шешен.
Құнанбайдың Абайының, керей Ақыттың, арғы бетке ауып

кеткен Көкі Таңырықтың өлең-қиссаларын жатқа айтып
жүреді. Қасындағы басқа елден келген саяхатшыларымен
Ниязбайдың ауылында ай бойы жатқан уақыты да болған.
Сондай көп жатыстың бірінде сол ауылдың жерге байланы-

сты бір дауын әділ шешіп, Ниязбайдан ат мініп, алғыс алып
қайтқанына кездейсоқ куә болған жайтым бар. Ол дау не-
ден басталып, қалай біткені ұзақ әңгіме. Сол әңгімені ай-
тып берейін деп отырғам жоқ. Сол дауды дұрыс шешкенін

Ниязбайдың ұнатқанын және де Әбен мен Ниязбайдың ара-
сындағы сырмінездік, ара жақындығы барлығын айтайын
деп отырмын. Ниязбайдай бидің алғысын аларлықтай етіп
алдына қойылған дауды шеше білген Әбен тегін кісі емес.

Қолынан көп іс келетін кісі деп ойлаймын. Басымызды ауы-

Пионер Мұхтасыров
ртып тұрған мәселені Әбен мен Ниязбайға салмақ салсақ,
дұрыс шешімін таба ма деп ойлаймын. Өзіңіздің сенімді Да-
уылбай, Ақшал, Қыранбай, Садақбайлар секілді азаматта-

рыңызды да пайдалану керек.

– Бәке,– деді Абдолда, – сіздің берген ақылыңызға ра-

зымын, Алла ісімізді қолдаса айтқаныңыз іске асқанына да
куәгер боларсыз. Енді қымыз ішіп, Бәкеңнен біраз бас ауы-
ртпайтын әңгіме естіп, дем алсақ та жарайды емес пе,– деп
бағанадан әңгімені ұйып тыңдап отырған Арендовайға қа-

рады.

– Бәкең бағанағы қозғап кеткен, Әбеннің керей жерінде

жер дауын қалай шешкенін айтып берсе, жақсы әңгіме сол
ғой деп ойлаймын, – деді Арендовай.

– Бәкең шаршадым демесе тыңдайық, ол да бір өмірдің

сабағы ғой, – деп Абдолда да тыңдауға зейін қойды.

– Тамақ та әлі пісе қойған жоқ, сіздерге бір түстік әңгіме

айтуға жарасам шаршап шалдықтым демеспін. Құлақ салып
тыңдауға жарар әңгіме айта алсам, бір кәделеріңізге жарап іс
бітіргендей көңілім көтеріліп, бір жасап қалармын.
Серуенге шығып келді де, өзі ішінде болған Керейдің жер

дауын Әбен қалай шешкенін айтып берді...

– Қоңыр күз еді. Қыс түспей тұрып ұзағырақ жерден

асықпай жүріп Қытайдың қатты қара шайын сатып әкелуге
он бес түйе жүкпен Қобдадан асып, Сарсүмбеге дейін бар-
дық. Апарған жүн-жұрқа, тері-терсегімізді өзімізше тәуір
бағаға өткіздік. Шайымыз бар, кездеме қытай торғындары-

мыз бар, іздегенімізді таптық. Екі-үш күн түйенің белін суы-
тып дем алайық деп Ниязбай ауылына келіп орналастық.
Ниязбай билеп тұрған соң, Ниязбай ауылы, Ниязбай төбесі
деп сол елде айта береді. Ниязбайдың өзі отырған ауыл-

дан түстік жерде, ары-бері жүргенде қонып, бел шешетін,
таныс Ыдырыш ақсақалдың үйі еді. Арғы тегі Шындыға-
тайдан барған найман сол ауылға тоқтағамыз. «Тулақтай
жер, тулақтай жер деп қақсап қалғанға, шынымен тулақтай

жерге таласып не жетті, балам» деп балама жекіп, қақсат-
пай бере салуын айтсам, «қаңғырып келген неме жеріміздің

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
ең бір құнарлы жерінен ойып алыпты» деп, аузына ақ ит
кіріп, көк ит шығып біреуді балағаттап жүрген дауыс біз
тоқтаған үйдің арт жағынан естіліп тұрды. Ертеңінде бар-

лығымыз да дем алып сергіп қалыппыз. Жай тұрып, шай-
суанымызды ішіп алғаннан кейін біз кеткеннен бері ауылда
не жаңалық бар? – деп, Ыдырыш ақсақалдан ауыл жаңа-
лығын сұрадық. Ол кісі оны-мұны ұсақ-түйектен бастап

келді де, кешегі айғай-шу шығуына себеп болған әңгімені
айтты.

– Үш-төрт жыл болды, қоңыр күзде Шабанбайдан бір

отбасы көшіп келді. Сыймай жатқан көп малы жоқ, осы
ауылдың шетіндегі Әубәкір деген ауқатты, малы өскен
басқа кедей жалғыз Тілеген деген ұлы бар үйге ауылдас қон-
ды. Ержетіп қалған Аман атты ұлы бар, Толқын атты қызы

бар. Саркідір тартқан ер азамат, әйелі жоқ, ылпың-жылпың
пысық адам көрінді, аздап көріпкелі де бар секілді. Құма-
лақ салады, тамыр ұстайды, емдеп те жіберетіні бар деседі.
Сонымен сол өнерлерінің арқасында біреуден қой, біреуден

ешкі алып, қыстан қоңды шыға келді. Көшіп келгенде бі-
раз ұсақ малы бар еді, бірер жылда малдары екі-үш есе өсіп
қалған көрінеді. Қыстың ұзақ түнінде екі елден дәм қосып
көрші болған азаматтар, әртүрлі әңгіменің басын шалып сы-

рласатын болған. Көп әңгімеден Әубәкірдің түйгені қоңсы
қонған Тоқты деген азаматтың қолынан недәуір іс келетін
секілді. Қой, ешкінің терісін илейді, тон тігеді. Сиыр терісі-
нен таспа тіледі. Тоқты таспа ғана тілмейтін. Тіліп алған

таспадан қамшы өретін, жүген, ноқта түйетін, шідер, тұса-
мыс жасайтын, шылбыр, тізгін, қайыс арқан істеу қолынан
келетін. Жақсы көрші болды, керегімді істетіп алармын
деп шынымен қуанады. Мен тапсырған істі істей бер, ақы-

сын аласың, басқа кісіге істеме депті. Сіздің тілден шығып
қайда барам, айтқаныңыз болсын. Бірақ ерте күнде айтып
қойғаным, сізде жер жеткілікті ғой, мына балаңызға айтып
қойсаңыз. Менің ұлыма тулақтай шабындық жер көрсетіп

бөліп берсін. Өзімдікі деген басын ұстайды, ешкімнен сұра-
май аз ғана ұсаққа шөп дайындап алар едім дейді. Ол кезде

Пионер Мұхтасыров
керейлер шалғы ұстап, шөп шабудың не екенін білмейтін.
Тоқтының шөп шабатын шабындық жер керек, шөп дай-
ындайды дегені Әубәкірдің миына кірмейді. Шөп шапқан

дегенді өмірі көрмеген, естімегендіктен оған ешқандай мән
бермейді. Тоқтыға сұрағанын беріп, ешнәрсеге жарамай те-
гін жатқан терілерден көп нәрсе істетіп алады.
Әубәкірдің «тулақтай» жерді сұрағым бар деп Тоқтының

сұрап отырғанына күлкісі келді. – Тілеген, – деді ұлына
қарап, – Аманға көк шыға таңдаған жерінен өздері айтқан
«тулақтай» жерін көргізіп бер. Басыбайлы өзіңнің жерің деп
бер, біздің ерулігіміз болсын. Ал өзің Аман екеуің, ірі қара-

ның терісін осында әкеліп беріңдер, не істеу керектігін өзім
тапсырам, – деді.
Тоқты қыс бойы Әубәкірдің тапсырған жұмысымен
отырды. Берген терісі немене істеуге жетті, барлығын істеп

берді. Әубәкірдің тапсырмасы біткеннен кейін, қанша
уақыт тілгенін бір өзі ғана біледі, бір өгіздің терісінен өзіне
таспа тіліпті. Таспаны өте жіңішке, біркелкі түзу етіп тіл-
ген, бір жерінде де үзік, жалғау жоқ. Көріп жүрген жері бір

жағы өзен, бір жағы таудың беткейіне тірелетін, арғы шеті
судың айланба сұғымы. Таудың сілеміне тиісіп, бер жағы
ашық беткей су жағалай недәуір жерге созылған шабын-
дыққа келерліктей жер. Қою, ұзын шөп жылда өсетін тәуір

жер. Сол жерге барып, арқанның бір ұшын Аманға ұстатып
осы жерде тұр деп, тұрғызады. Енді бір ұшын Тілегенге ұста-
тып, артымнан жүріп отыр деп ертіп алады. Өзі кең алқап-
тың ортасынан бөліп, бір шетінен екінші шетіне дейін жүріп

отырып, арғы шетіне барып тоқтайды. Ұзындығы өзінің ай-
туынша, тоқсан құлаштан кем емес таспа арқан, арғы жағаға
бес алты адым ғана жетпей қалады. Тілеген қанша жер бөліп
беріп тұрғанына мән берген жоқ, бір тулақтан қалай ұзын

арқан шығарғанына таң қалады.
Жаз жауынды, ыстық болып, шөп жақсы шығып, күзге
таяу Тоқты бұл өңірде бірінші рет тартпамен шөп шабады.
Шөп шапқан жер ауылдан көп ұзақ емес, шөпті шабылған

жерінде кептіріп, тулақпен атқа сүйретіп, үйдің қасына та-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
сып үйіп алады. Отау үйдей шөпті үйіп, талдан қора жасап,
бір айдай уақыт бала-шағасымен қыстың қамымен айналы-
сады.

Соңғы екі жылдан бері қыс қатты болып, Әубәкірдің
малы көп шығындалады. Керісінше, Тоқтының малы жыл
сайын көбейіп келеді. Әубәкір ауылдасымен бірігіп шөп ша-
буды үйрену керектігін ойламайды. Өзі берген «тулақтай»

жер берілгеннен бері бағым қайтты. Құтымды ауылдасым
дуалап тулаққа салып, алып кетті деп отыра қалған жерде
қақсаумен болады.
«Жақтырмағанның демі сасық» деген емес пе. Көрші

болып, керек-жарағын артық бағаламай істеп беріп, өз ең-
бегімен жан сақтап отырған Тоқты «тулақтай» жерден шөп
шабам деп, естімеген сөзі жоқ. Бөтен елге келген кірімтал,
кімге барып шағынсын, сөз сүйектен өтіп, жүдеп-жадап жа-

нын сақтап жүре береді.
Бір күні есік алдында үйреншікті жұмысымен отыр еді,
«Тоқты деген сіз бе?» деп ат үстінен бір адам үн қатты. Тоқты
мен деп үлгергенше, «сіз болсаңыз, ауылдың биі Жәкең сіз-

ге түстен кейін келсін» деді де, атын тебініп шаба жөнелді.
Шақырғаннан қалуға болмайды, кел деген уақытында бие-
кеңнің ауылында болды.
Биекеңе Тоқты көшіп келгеннен бергі өмірінің басынан

бастап, аяғына шейін жіпке тізгендей асықпай саспай айтып
берді. Кінә таққысы келмейтінін білдіргендей, жайбарақат,
сабырлы, жылы жүзбен ұзақ әңгімелесті. «Сізбен жеке оты-
рып біршама танысып, жағдайыңызды білдім, өзіңіздің не

сұрағыңыз бар соны айтыңыз», – деді биекең.

– Менде сұрақ біреу-ақ: «тулақтай» жерге иелік қылып

көршіммен ырылдаспай тұра алатын жағдай болса болғаны.
Бірақ сіз мені неге шақырғаныңызды біле алмай отырмын,

– деді Тоқты.

– Мен сені шақырғанда жер дауының шешімін шығарға-

лы емес. Келешекте сол даудың дұрыс шешілуіне жол ізде-
ген Ниязбайдың тапсырмасы төңірегінде азды-көпті әң-
гімелестік, сыр алыстық. Мен сізден ұққанымды Ниязбайға

Пионер Мұхтасыров
жеткізуші ғана. Бірақ отырысымыз тегін, уақытым босқа
кетті деп ойламаңыз, бұл сұрақтың шешімі жуықта шығады,

– деді.

Жәкең арғы ойын, ішкі сырын Тоқтыға қайдан айтсын.
Ниязбай тура биде туған жоқ деп, ағайын арасының сұрағын
батыл шешіп жүруші еді. «Тулақтай» жер туралы жердің
сұрағына келгенде табаны тайғақтап, тиянақты шешімге

келе алмай, көпке созыңқырап алғанын өзі де сезіп жүретін.
Оған себеп, Әубәкір – жетім өскен жиен. Тоқты болса елі-
нен ауып келген кірме. Бұл дауды сенімді билердің біреуіне
шештірмекші болып, сыр тартып көріп жүр. Бірақ, олардың

бұл сұраққа көзқарастарын ұнатпайды.
Аяз бидей қан шығармай бауыздайтын би кез болмай-ақ
қойды. Былай көргенде соншама бас ауыртатын күрделі
мәселе деуге болмайды. Сөйте тұра ұрда-жыққа бармай,

ептілікті керек қылатын мәселе.
Әбен жолаушылап жүріп, осы ауылда Байғожаларға
келіп, елге бірге қайтайық деп қосылғалы бірер күн болған.
Ниязбай жолығып кетсін деген соң, қандай жұмысы бол-

ды екен деп барып еді. Жерге байланысты, осы бір даудың
түйінін шешіп көрсеңіз қандай деп сенім артқан екен, Әбең
тәуекел деп көніпті.
Қасына ауыл ақсақалдарын, ақылшы билерін ертіп алған

Ниязбай бастаған топ келді. Шүйден келген Әбен бастаған
топ төбеге жиналған халықтың ішіне бардық.

– Иә, жиналған елім, мына болар болмас дауға, дау-

рықтырып осыншама мәнді несіне беріп отыр? Біздің ауыл
өсегіне Шүй наймандарының келіп араласуы неге керек?
Өз қотырымызды өзіміз неге қасымаймыз деген сияқты
ойлар көңілдеріңе келіп отырған болуы мүмкін. Оған айтар

дәлелім біріншіден, «ел аралаған – сыншы, тоғай аралаған

– үйші» дейді қазақ. Әбен ақсақал Мәкиле атасына еріп

жүріп елді, жерді көп аралаған, көпті көріп көнектің түбін
тескен адам. Даудың шешімін сол кісі шешсе тосын, дұрыс
шешім шығарар, – деп ойлаймын. Осы дауға себепші болып
отырған адам –бізден пана іздеп, жан сақтайын деп келген

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
адам. Ордалы жыландай ұйып отырған керейді, бір най-
манға жығып жатса, от ауызды, орақ тілділер отырсыңдар
емес пе? Дауды қате шешсе қайырып алар күш қолымызда.

Осы айтқанымды жөн десеңіздер дауласушыларды естиік,
шешімін шығаруды Әбенге нұсқадым,– деді.
Әубәкірді естігенде ауылдасына «тулақтай жер берем»
деп шабындыққа жарайтын жерінің жартысын өзі беріп

алып, қайырып ала алмай жүргенін жиналған халық күліп
тыңдады. Әубәкірдің алаңғасарлығын, алушының тақуа қу-
лығын білетіндер мынау бір Алдаркөсенің хикаясына ұқсас
әңгіме ғой десті.

Тоқтының сөзі халықты тағы бір күлдіріп тастады.
Тулақтан қалай ұзын таспа тілгенін, таспаны тілген-
де Әубәкірдің баласы ұстап беріп, ертеңді-кеш болысып
жүретін. Әубәкірдің өзі жерді көргізіп бер деп, сол баласын

жұмсаған. Ол жердің басы-қасында Әубәкірдің өзі болудың
қажеті жоқ деп, баласы ғана болған. Шөп шабылып, қораға
үйілгеннен кейін де үн жоқ.
Екі жақты да естіп алғаннан кейін: «Ал енді, Әбе, сізді

тыңдайық»,– деді Ниязбай.

– Тыңдасаңыздар мен дайын,– деп бастады Әбен. – Бұл

екі-ақ ауыз сөзбен бітіре салуға болатын дау, бірақ мен өй-
тпейін. Маған билікті сеніп бергенде Нәкең айтып еді ғой,
көргені көп, көп жерді аралаған деп. Мен көпті көрдім деп
көсемсігелі тұрғам жоқ. Ал егер көргенімнен биттей де болса

пайда түссе, аянғалы да тұрғам жоқ.
Қазақтың маңдайына жазылған тағдыры – жаз шықса
бәрі жайлауда, той, ойын сауық. Қыс келеді қылышын сүй-
реп деп, қыстың қамын ертерек ойға алмаймыз. Құдай өзі

сақтар деп қамсыз отырғанда қалың қар жауады. Қызыл-
шұнақ жұт артыңды ашып, апшыңды қуырғанда әттеген-ай
дейміз. Қыстың сақылдаған суығында малды отарлатып,
бармайтын жер, баспайтын тау қалмай қиналамыз келіп.

Жаз шықса тағы ұмытып кетеміз. Осы жерден ұзақ емес
күншілік жерде тұрған Қытай халқының күн көрістері, жер
емшегін емумен өтіп келеді. Олардың қай заманнан бері

Пионер Мұхтасыров
жерден жемісін жеп келе жатқанын ешкім білмеуі де бар.
Әйтеуір ертеден кешке дейін бүкшеңдеп, жерден басын
көтермей жүргені. Ал мына жағымыздағы орыстарды көр.

Жазда кәртөп өсіріп, өздеріне қысқа тамақ дайындап алады.
Қазақтың қар қалың жауады, малға жайсыз деген жерлері-
нен шөп дайындап, қыстай малды шөпке тұрғызып асырап,
байып алады. Айналамыздағы озық халықтың күн көру, жан

сақтау әдісін пайдаланбасақ, осылай өмір бойы көшерімізді
жел біліп, қонарымызды сай біліп жүреміз. Тоқты кім, жері-
не орыстар орналасқаннан кейін Шыңғыстайдан өздеріңіз-
ге келіп отырған оқымаған қара қазағымыз, бірақ тоқығаны

бар екен. Сол тоқығанын іске асырғаны үшін естігені сөз.
«Бас жарылса бөрік астында, қол сынса жең ішінде» деп,
шыдамдылық істеп жүріп жатқан жағдайын көріп отырсы-
здар. Бірақ сөз сүйектен, таяқ еттен өтетінін білесіздер. Жа-

раның үлкені – сөз жарасы. Жараның емін дұрыс шешіммен
емдеу керектігін мойныма артқаннан кейін шешімін айтай-
ын. Шешімін айтсам, Әубәкір де, Тоқты да – заманның
құрбаны. Оларды айыпты деп айта алмаймын. Бұл болған

жағдайдан сабақ алып Нәкеңе және басқа да ел бастаған аза-
маттарға айтарым – мал емшегін емгеннің пайдасын ғасы-
рлар бойы көріп келдік. Енді жер емшегін емуді үйренетін
уақыт жеткен секілді. Жер игеру Тоқтының жалғыз шалғы-

сымен бітпейтінін, халыққа сайман тауып беру, ел бастаған
ерлердің ісі екенін түсінетін халықсыздар ғой.
Тоқтыны қолдасам туысқандығы үшін емес, көшпелі
қазақтың өміріне жаңалық әкелгені үшін қолдаймын. Үй-

реніп келген еңбегінің жемісін, ары дегенде Керей халқы,
бері дегенде Нәкеңе қараған ауылдар жеуге Алла жазса екен.
Егер шындап жер емшегін емуге бет бұрсаңыздар, Тоқты
«тулақтай» жер емес «туырлықтай» жерге ие болады. Жердің

иесі кім десеңіздер, жерге кім еңбек етсе соныкі, яғни
Тоқтыныкі деп шештім, – деп тоқтады Әбен.
Жиналған халық дұрыс, дұрыс шешім деп дабырласып
қалды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Отыра тұрыңдар деген нышан білдіріп, оң қолын жоға-
ры көтерген бойы Ниязбай орнынан тұра келді де сөйлей
жөнелді.

– Әбе, сіздің осы дауға қатысып, дұрыс шешім шығарып

бергеніңізге рахмет айта отырып, астыңызға ат мінгізейін
деп отырмын. Ау, Жағыпар, бармысың, ана бүкір торыны
ертең мына Әбеңе жетектет. Осы отырғандардың ішінде
мені түсінбей отырғандары да бар шығар. Өйткені, бидің

еңбегі даушылардан болуы керек. Ал мұнда жығылысты кісі
менің өзім сияқтанып отырмын. Оған себеп не дегенде, ау-
зың қайсы десе мұрнын көрсетіп отырған Әубәкірден не деп
құн аларсың. Ебін тауып екі асап, еңбегінің жемісін жеп оты-

рған Тоқтыдан не деп құн аларсың. Билік айтқызып, дауды
шешкізіп алып, Әбеңді қалай құр жіберерсің. Бесті аттың
белдісін беріп отырған себебімнің бұл біріншісі. Екіншіден,
кең пейіл керей елім, сіздерге разымын. Әкем Шәкенді өз-

деріңіз Қалғұтыдан көшіріп әкеліп билікті қолына бердіңіз-
дер. Ол кісі дүниеден өткен соң, сол кісінің еңбегін бағалап
әкесінен төмен болмас деген үмітпен, билікті менің қолыма
бердіңіздер. Әзірше, сенімдеріңізді ақтап іс атқарғандай бо-

лып келем. Соның өзінде көңілім толмай жүрген бір іс бар.
Ол қандай іс дегенде, әкем де, мен де сіздерді жер жұмысына
қарауды үйрете алғамыз жоқ. Ну тоғайдың ішінде отырып
киіз үйде қыстаймыз. Ағаштан үй салуды білмейміз. Шын-

дығатайдағы наймандар ағаштан үй салуды үйреніп алған.
Барып көргендеріңіз айтып жүрсіздер емес пе, найман сала
ма, сайман сала ма, үй салған молайған деп. Наймандар
құралды қолдана біліп үй салудың өнерін үйреніп алған де-

ген сол. Белуардан шыққан шөпті уақытында шауып алмай-
мыз. Бірер күнгі мал далаға шыға алмайтын боранда, мал-
ды аш қамап қоймай асырау керек қой. Екі қолды қусырып
дәрменсіз күйде отырғанымыз. Бағана Әубәкір шөпті немен

шабам дегенде, төбе құйқам шымыр етті. Біз ел бастап оты-
рғандар керек уақытында сайманын тауып бермесек, ертең
сол сайманды керегіне жаратып ұстайтын қолға тигізбе-
сек, осы сауал шыт жаңа болып келесі ұрпақтың алдында

Пионер Мұхтасыров
тағы тұрады емес пе? Осы сұрақтың шешілмей келгендігіне
өзімді айыптымын деп, ат мінгізіп отырғаным сол. Құдай
ниетімізді қолдасын. Осы істі ел болып, қолға алатын уақыт

жетті емес пе? – деп отырғандарға қарап еді, бәрі де жамы-
расып «жөн, жөн» десті.
Жиналған халық орындарынан тұрысып кетуге ыңғай-
лана бастап еді, Әбен қолын көтеріп жамағат сабырлық деп

елді тоқыратып алып сөйлей жөнелді.

– Мен мына Нәкеңе ауылының бір астарлы сұрағының

түйінін шешуге қол ұшын бергенімді үлкен іс бітіргендей
ақы-пұл дәметпеймін. Әубәкірді қолдамағанымды Нәкең
өзін қолдамағандай сезініп, өзін-өзі айыптап отыр. Осы
жасыма келгенше қарапайым шаруаның қателігін менің

қателігім деп мойындаған би көрмеп едім. Нәке, сіздің
шоқтығыңыздың өзге билерден биік тұратыны да осын-
дайдан ғой. Шынымен, айыптымын десеңіз, айыбыңызды
мойындағанның өзі қаншалық. Маған ат мінгізіп жығылы-

сты болуыңыз артығырақ, атағаныңызға рахмет, сізден мен
ат алмаймын, – деді.

– Біздің Нәкең екі айтпайды, атты алыңыз, әділ билік

айтатын билер аман болсын. Билікті орындайтын ел аман
болсын! – десіп жиналғандар тарқады. Ниязбай қайдан жа-
ман ат мінгізсін, Әбен осы күнге дейін белді ат деп, ылғи
ұзақ жолға мініп жүреді. Ниязбайдың білімділігіне тәнті бо-

лып, ақсақалдардың «өз қатесін өзі білген данышпан» деуші
еді қазақ, данышпан десе данышпан Нәкең емес пе дескенін
көзбен көрдім. Сөйтіп, керей елін аралап сауда істеп жүріп,
Әбеннің төрелік айтып, олжалы болып жүрген кездеріне

куәгер болған кезім болып еді, – деп Байғожа әңгімесін
доғарды.
Шам мен Жұлдыздың шырғалаңы көп, шытырман да-
уынан арын сақтап қан төгіспей қалай құтылуға болатын

жол іздеп Байғожа ауылына барғаны көңіліне дұрыс секіл-
денді. Осы сұрақтың түйінін шешуге бір амал табылатын-
дай, көңілі біраз орныққандай күй кешіп, Абдолда іңір кіре
ауылына келді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ертеңінде күн көтеріліп төбеге келген кезде, асықпай
ішілген шайдан кейін ауыл сыртындағы төбеге барып, ауыл
ақсақалдарымен әңгімелесіп отырды. Сырттан жұмыспен

келгендерді төбе басында қабылдай беретін әдеті еді. Он
шақты атты кісілер тура төбе басына келді. Бұлар – арты-
нып-тартынып, керейге құдалардың алдына жығылысқа
бара жатқан өз ауылының азаматтары. Жауапты жолға бара

жатқанда тағы не айтарың бар деп, Абдолдамен жолығып,
қош айтқалы келген келістері.

– Мен көп не айтайын, бақаттар – керей ішіндегі белді,

беделді ауыл. Ашуға бой алдырып, ұрып-соғып жүрулері де
бар. Бірақ өлтіре қоймас, ашуларын шыдамдылықпен кө-
теріп, сабырлылықты қару тұтып көргейсіздер. Ашуға ашу
шақырып үйге қайтам деп ойламаңдар. Жер ұзақ, бірінші

барғанда жауап бермей қуып шықса екінші, үшінші бара
беріңдер. Құн төлеудің қандайына да шыдаймыз. Айтқан-
дарынан қайтпай екі жастың жанына жармасатын болса,
ондай сорақылыққа бара алмаймыз. Қобдадан бергі керей-

лерді аузына қаратып отырған азулы би бар. Құдаларымыз
жылы жауап бермесе, сол биге жүгініске баратын жол із-
дейміз. Сіздердің жұмыс осы құдалардың алдына барып,
жығылып, ашуларын басумен аяқталады. Арттарыңнан ша-

пқыншы, тыңшылар жібереміз, сіздермен хабарласып, біз-
ге жағдайларыңды жеткізіп тұрады. Менен рұқсатсыз елге
қайтпайсыздар, апта ма, ай ма, сонда қанша боларларыңыз
бір құдайдың қолында. Ал жолдарыңыз болсын! – деп бата-

сын беріп, аттандырып қоя берді. Бұл жолғы жығылыспен
керейлер келісе қоюы екі талай екенін біліп, көріп отырып
жолаушыларды жолға салды.
Бұл мәселенің түйінін кім қалай шешеді? Кешегі Байғо-

жамен ақылдасқаннан бері, ол ойын қалай іске асыру керек-
тігі, жатса тұрса мазалап, бір шешімге келгенше маза беретін
емес. Керейге аттанғандарды жолға салып, енді қандай ша-
ралар қолдану керек деп ойы он бөлініп, төбе басынан кете

қоймай молырақ отырып қалды.

Пионер Мұхтасыров
Ошұржап ауылы жақтан қатты жүріспен аттарының тана-
уларынан жел үрлеткен екі жолаушы тура Абдолда отырған
төбеге келіп тоқтады. Біреуі аттан түсті де, атының тізгінін

жолдасына ұстата салып, тура Абдолда отырған топқа барып:
«Жақшылар ба», – деп сәлем берді. Келген кісі Абдолданы
танып түзу барып амандасты. Абдолда да танып отыр, бұл
Ошұржап жайсаңның сенімді шабарманы – Аңшы. Ұсақ-

түйек жұмыспен жүрмейтін кісі еді. Не жұмыспен кел-
ді екен деп, Абдолда қозғалақтап, Аңшының бетіне тұра
қарап не айтасың, естіп отырмын деген сыңай білдіріп
тосып отырды.

Аңшы да көп тостырған жоқ.

– Мені Жайсаң сізге жұмыс бар, жылдам келіп кетсін деп

жіберді, – деді.

– Не болып қалды, ел аман ба? – деп сұрап еді.

– Аман! – деді. – Кеше кешке Белтірден Сама жайсаң

Ошұржап жайсаң үйіне қонаққа келген. Бүгін олар қайтқан
жоқ сіздерді тосып отыр.
«Көп тостырмай барып қалармыз» деп тілеуіттерді қай-
тарды. Абдолда қай жағынан кімнің қатысымен болса да бір

пәле бар-ау деп, Рүстем мен Шәкіртті шақыртып алды.

– Тілеуіттердің екі жайсаңы бас қосып, шапқыншы жі-

беріп, шақыртып отырғаны жақсылыққа емес. Жылдам ба-
рып анығын білейік.

– Шаршап отырсыз ба, әлде денсаулығыңыз келіспей

отыр ма, өңіңіз жүдеу сияқты деп көріп отырмын? Сон-
дықтан зайсандарға кездесуге мына ағаймен мен барсам
қайтеді? – деді Шәкірт. Абдолда біраз ойланып отырды да:

– Жоқ, олай болмас. Сенің дау-шарға араласар күнің

алда, бұл жолы үшеуіміз де барып келейік,– деп көп ойлан-
бай аттанып кетті. Абдолда бір жаққа барса қасында бірге
жүріп әбден машықтанған Арендовай соңдарынан қуып
жетіп, қайда барасыңдар деп сұрамай-ақ Абдолдаға қатар-

ласа келіп, атының басын тартты да, одан ары ілесе жөнелді.
Абдолда мен Арендовай ат бойы алда жүріп отырып, өзара
әңгімелесіп отырды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Соңынан ерген Рүстем мен Шәкірт жайсандардың тез
арада келсін деулеріне қарағанда, қазақтар жағынан бір жа-
ман қылық шығып қалды ма екен?! Өз ойларымен бөлісіп,

екеуі әңгімелесіп келеді. Жыл сайын күзде арнаулы асқа
шақырылып, қазақтардың сый-сияпатын көріп қайту тіле-
уіттерге дағдылы іске айланғалы көп жылдар болды. Биылғы
ауылдағы қарбаластықтан бұл сұрақ кейінге қалып қойды.

Қазақтар атамекен Шабанбайдан кеткелі, өздерінің
біреуге кірімталдығын ұмытып көрген жоқ. Қатты жүріспен
біреу ауылға келсе, мынау тағы не айтады деп алаңдай-
тұғын. Әзірше, тілеуіттердің сұрағанын беріп, күн көріп жан

сақтаған жағдай. Шүйдің жері еліне мекен болатынына се-
нетін – жалғыз Абдолда. Малдың орны толады, тілеуіттерге
берген малды шығын деп ойламаңдар. Ептеп орналаса бе-
рейік, анау жылы өзіне қаратып алған Шабанбайдың жерін

патша бізге қайырып бере қоймас. Ол жерден қуылған халық
ешқайда да кетпей, сол губернияда отырса, қалайша оған
жер бермейді. Жердің шалғайлығынан тілдің жете алмай
тұрғандығы. Уақыты жеткенде Шүйден қазақтың жері деген

жерге ие болатындығына сенімдімін дегенінен қайтпайды.
Бірақ сол жер мәселесінің төңірегінде ағайын ортасының
түсінбестігі кедергі болып келеді.
Құлжабайлардың Шыңғыстайдан кетуінің бір себебі

– Ережеп, құлжабайдың азулы азаматтары билікке тала-

сты деп сырмалап жіберді деген өсек бар. Бірақ ел ауғанға
одан үлкен себептер жеткілікті болған ғой. Қалай болғанда
да туып өскен атамекеннен кету оңай болмағандығы шын-
дық. Ережеп те, Әбдікерім де Шүйдің елін өзіне бағынышты

ел деп қарайды. Бірақ Абдолда өзін Шындығатайға бағы-
ныштымын деп ойламайды, бағынатын орным екінші Шүй
болысы, Бийск уезі, Томск губерниясы деп ойлайды.
Әрине, ол жағдай Ережепке де, соңында әкесінің орнына

би болған Әбдікерімге де ұнамайды. Екі жақтың түсінбесті-
гін ішкі сыртқы дұшпандары уақытында өз керектеріне пай-
даланады.

Пионер Мұхтасыров
Керейлермен шешілмеген жесір дауы, құлжабайлар ор-
тада шешілмеген барымта, қарымта даулары, Абдолданың
басын ауыртып қайтсем дұрыс шешімін табам деп жүргенде,

тілеуіттің билері шақырды.
Ұзақ әңгімені бірі айтып бірі тыңдап келе жатып, Ошұр-
жап зайсанның үйіне келіп қалғандарын бірақ білді. Аб-
долда тобы билер отырған үйге кірді. Орындарынан ешкім

тұрып қарсы алмаса да, отырғандарға қолдарын ұсынып
амандаса бастады. Ошұржап қолын нарау ғана созып, аман-
дасқан белгісін істеді. Сама сазарған бойы отырып алды.
Немене мені сағынып жақсыласқалы келіп тұр ма бұлар?

Басынып, жаман көріп Қара жорғамды ұрлатып алып отыр
емес пе? Сен бұларға жылы жүзбен амандастың дегендей
Сама Ошұржапқа жақтырмаған суық көзімен бір қарап өтті.
Келген адамға ол қандай дәрежелі болса да, тілеуіт халқы-

ның салтында төрге шығару, жоғары отырыңыз деп ілтипат
білдіру жоқ. Ондай тәртіпті бұрыннан білетін Абдолда тобы
қай жерде бос орын бар солай отыра салысты. Есіктен орын
тисе төрге озба дейтін тағылым осы халықтан үлгі болып қа-

луы да бар.
Тілеуіттердің салт-дәстүріне әбден қанық болған Абдол-
да олардың отырыс-тұрысына, ішіп-жеуіне, қас-қабағына
іштей баға беріп, аз сөйлеп, көп тыңдайтынды әдет қылып

алған.
Сама:

– Қара жорғамды, қасында екі жақсы атпенен үш атты

ұрладыңдар, – деді.
Аман-шүкір жоқ, ұрыны ұстап алғандай айтып отыр.
«Тағы немене айтарларыңыз бар, айтыңыздар», – деді Аб-
долда.

– Басқа айтарымыз жоқ, Сама аттарын іздегелі бір жұма

болыпты. Қара жорға жорғаның жорғасы еді, мал ашуы –
жан ашуы. Іздеп таба алмай ашумен айтып отыр, тура кім
алғанын өзі де білмейді,– деп сөздің жөнін Ошұржап айтты.
Абдолда артық абыржу, сасқалақтау дегенді білдірмей

салмақты қалпын сақтаған бойы:

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Жайсандарым, «жеткер жең ішінде» деп өздеріңіз ай-

татын тағылым бар. Елімізде тентек жоқ, ұры жоқ деп сіздер
де, біз де айта алмаймыз. Сіздер мен біздің арамыздың сый-
ластық, тіл тауып тату тұрғанымызды көре алмайтындар,
төңірегімізде бар ғой. Ортамызға от тастап жүрген өзіміздікі

болса да, сырттан келген ұры болса да соңына түсеміз, із-
дейміз. Сіздің маңдайға басқан аттарыңызды іздесіп, тауып,
ұрыны жазалау, достығымыздың кепілдігі деп білем. Сон-
дықтан маған сеніңіз, ондай жақсы малды ешкім де соя қой-

мас. Жер бетінде тірі болса табылады. Бірақ әдейі Абдол-
да ұрлатып отыр дегендеріңіз – дұшпан ғана айтатын сөз.
Өздеріңіз де тыныш жатпай іздеу сала жатарсыздар. Біздің
ауылға із тастап, өздеріңіздің азаматтар бір белді асыра сал-

са, Түбін халқы іргеде отыр. Жақын жерден олжа тауып
үйреніс алған, оларда да баршылық. Сіздер Түбін жағына
көбірек көңіл бөліп іздеу салыңыздар. Біз Катон-қарағай
ма, Жазотыр ма, Керейлер ме, Қытай жағы ма, сол жақты

қолға алайық.
Абдолда ойын айтып үлгергенше, Сама өңі бұзылып, енді
біздің өзімізді ұрыға тұтқалы отырмысың деп шамданып,
ашу шақыра бастады.

– Өзіңіздің елден шыққан ұры деп айтуға аузым бармай-

ды. Ұрыны ұстап отырғамыз жоқ. Бірақ өзіміздің ішімізден
ұры шықпайды деп сіз де, мен де сенбеуіміз керек. Сабыр-
лық істеңіздер, істің анығына шығайық, қандай бір жағдай-
мен ұры біздің ауылдікі болып шықса, есесін үш есе қайы-

рып беруге мен кепіл. Куәгер мына қасымдағылар және өз-
деріңіз. Менің айтқан сөзден қайтпайтынымды білесіздер,–
деп тоқтады Абдолда.
Ошұржап пен Саманың жүздері бағанағыдан гөрі

жылыңқырап, бір-бірімен өз тілдерінде ақылдасқандай бол-
ды. Сама Абдолдаға бетін бұрып: «Жә, сөзіңе сендім, арғы
бет бергі бетті арылтып іздеп болысайын дедің. Көңіл қойып
іздесең табатыныңа сенемін».

– Абдолда нені көрмеген, тәуекел сенімдеріңді ақтауға

күш саламын. Бірақ бүгін ертең іздеуге біздің қол тимейді.

Пионер Мұхтасыров
Алдымызда алыстағы құдалар керейлермен жесір дауы бар.
Жақын туысымыз Тұрдыбек, Тұрдыбай ауылдарымен ба-
рымта мен қарымта дауларымыз әлі шешілмеген.

– Абдолда басыңызбен шақырғанымызды қабылдап, қо-

лыңыздан келген шараны қолданам деп отырғанда, біздің
сенімсіздік білдіргеніміз келіспес. Ертең көрмейтін кісі
емес, бір жердің суын ішіп, дәмін татып отырып, тату-тәт-
ті отырғанға не жетсін. Бұйырса ұрыны тауып жазаласақ,

қандай жақсы болар еді? Малжанды, көшпенді халықпыз,
ашумен артық сөз айтылып қалса кешірерсіздер. Істің қалай
біткенін уақыт көргізер, – деп екеуінің шешімін Ошұржап
айтты.

– Сен аттарыңды ұрлатып ашуланып отырған жоқсың,

– деді Ошұржапқа ала көзімен қарап. – Екі жақтың зайсан-

дарын татуластырып араққа бір тояйын деп тамағың жыбы-
рлап отырғанын біліп отырмын. Балам, әкел ана торсықты,

– деп Сама ыдыс аяқ жақтан арақ құйылған торсықты ал-

дырды. – Ат жоғалса табылар, достың көңілі қалса табылуы
оңай болмас. Біздің сый тамағымыз – осы. Анық доспын де-
сең ішесің деп, бір кесе арақтан өзі ауыз тиді де, Абдолдаға
ұсынды. Алдарына арақпен бірге ас келді. Өкпе-назды артқа

тастап, қалжыңдасып, шүйіркелесіп әңгіме құруға жағдай
бар. Бірақ екі жақтың салт дәстүрі жігіне келмеді. Абдолда
арақ іше алмай, қасындағыларға іш деп айта алмады. Біраз
ыңғайсызданып отырды да:

– Сама, сен біздің арақ ішпейтінімізді біле тұра неге

сынайсың. Мені ашу үстінде ұрыға тұтқаныңды кешірем,
ешкімді жіберіп ұрлатпағаным өзіме мәлім. Іс анығы-
на шыққанда, өзің кешірім сұрайсың. Ал арақ ішсем мені
құдай кешірмейді. Достың көңілін қалдырмайын деп, арақ

ішіп едім деп, ол дүниеге барғанда айтуға шамам келмейді.
Айтқанды қойып олай ойлауға да болмайды, буынсыз жерге
пышақ салма. Асыңнан ауыз тиейік те біз қайтайық,– деді.

– Ас ішіп әңгімелесейік десек отырғыларың келмейді,

ендеше жолыққанша,– деп қоштасып олар қала берді. Арқа-
сына тағы бір даулы істі арқалап, Абдолдалар ауылға қайтты.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ауылға келсе, бұларды тілеуіттің билері неге шақыр-
ды, тегіннен-тегін шақыра қоймас, тағы не болып қалды
деп абыржып тосқан жанашырлары жиналып қалған екен.

Оларға Абдолда естіген-білгенін, қайда барып не істеп кел-
генін қысқаша баяндап берді.
Енді екі-үш күннен қалмай керей еліне бару керектігін,
ол үшін қандай дайындық керектігін ақылдасты. Бұл жолғы

ұзақ сапарға үйреншікті барып жүрген үлкендермен бірге
Арендовай мен Шәкірттің де барғандары дұрыс десті.
Алыс сапарға екі баласымен, ақыл қосар жанашыр доста-
рымен, оннан аса жолаушы үш күннен кейін жолға шығып

кетісті. Жол жөнін, жердің ойлы-шұқырына дейін білетін
Әбен мен Байғожа жолаушыларды жалықтырмай жер мен
су жайында, білген көрген әңгімелерін кезекпен айтып оты-
рды. Екі әңгімеші өткелге келіп қалай, қай жерімен өтсе

жеңіл болатынын, асу келсе ол қандай асу, ол асуда көшпен-
ді қазақтың тағдырына байланысты қандай тарихи әңгіме-
лер барын айтып отырды. Бірде:

– Әбе, Саржаматымен асайық па, әлде Қаражаматымен

асайық па? – деп Байғожа сол жақтағы ұзыннан ұзақ со-
зылған қара тауды меңзеді.

– Қаражаматымен ассақ, Соғақты жағалай жүріп аттары-

мызды суарып алғанға, бір жерге тоқтап шай қайнатып іш-
сек те, су жағалай жүрген жайлы болар, – деді Әбең. Шәкірт
ұзақ жолға әкесіне еріп жүруді үйреніске айналдырғанына
үш-төрт жыл болған. Бірақ бұл жерлермен бұрын жүрмеген.

– Ағалар, – деді Шәкірт даусын қаттырақ шығарып, –

сіздер өздеріңіз ғана білетін тілмен сөйлесіп кеттіңіздер ғой,
жаңағы айтқандарыңыз сайлар ма, асулар ма, не мағына біл-
діреді?– деді. Әбең өзі жауап берудің орнына:

– Ау, Дауылбай, ана қасыңдағы ұлың Кәжен де, Шәкірт-

тер де жаңадан жол азабын көруге бел буғандар. Алтай-
дың төрт бұрышын тегіс айналдық, сен білмейтін жер жоқ,
жер-суды, асуларды жастарға сен таныстыр,– деді.
Әбеңнен рұқсат алғаннан кейін, жастарды ортаға алып

Дауылбай көрген-білгендерінен ұзақ әңгіме айтып берді.

Пионер Мұхтасыров

– Сарыжаматы деген асу, Сарытекелі екен. Қаражаматы

дегені Қаратекелі дегені екен. Тілеуіттердің тілінде Тауте-
кені (Жұма) дейді, сөз тіркесіне келгенде (жаматы) болып
кеткен емес пе? Ал әлгі Қаражаматымен барып Соғақты
жағалаймыз дегені, Соғақ деген саймен ағып жатқан өзенді

айтады. Екі жағын биік тау қоршаған терең сайдың ішінде
үнемі жел соғып тұрады. Япырым-ай, осы желде бір толас
жоқ. Осы жердің желі соғады-ақ деген сөзден Соғақ деген
жер аты, Соғақ деген өзеннің аты пайда болған. Қаражама-

тының кезеңінің Шүйден келе жатқанда оң жағындағы та-
удың арғы ішінде тағы бір терең сай бар. Сайдың басында
Жұмалы, біздің тілмен айтқанда Текелі деген арасан бар,
халық әртүрлі аурудан емделіп жүреді. Қорыта келгенде,

бұл өңір, аң-құстың мекені, жабайы қой, ешкі, бұғы, марал,
аю, суыр, түлкі, қарсақ сияқтылардың бәрінің өсіп-өнуі-
не жағдай бар. Қолында аң аулайтындай сайманы болса
сонымен де күн көріп жан сақтауға болады. Тілеуіт халқы

аң аулауға шебер, әдіскер, аңды бұлжытпай қолға түсіреді.
Аңның ұрғашысын атпауға тырысады. Балалы аң бол-
са мүлдем тимейді. Аң аулаудың тәртібін тілеуіт халқынан
үйренген жөн. Жастарынан тау-тасты аралап, оның аң-құ-

сымен бірге өсіп біте қайнасқан. Ауа райын ерте болжап,
біліп жүретіндіктері бар, өмірге қажетті табиғаттан алған
тәжірибелері мол.
Жер, сумен таныса жүріп Қызылкезеңге де жетті, енді көп

ұзамай қонатындары белгілі болды. Қызылкезең – Қаража-
маты мен Бес Боғданы жалғастырып тұрған жадағай кезең.
Шөбінің қалың шығатындығы сондай, ат аяғын әрең алып
жүреді. Кезеңнің екі беткейі де қып-қызыл гүлге малынып

тұр. Сол қызыл гүлдің атымен аталған кезең аты болса ке-
рек. Бетке алған жерлеріне жетуге бұдан былай қатты жүрсе
бір, ақырын жүрсе екі күн жүрерліктей жер бар. Қонатын
жерге таяп қалдық.

– Екеуің бүгін түнделетіп отырып жүре беріңдер. Сырға-

лыкөлдің жағасында Әзберген құда жайлап отыр. Құдаларға
жығылысқа кеткен біздің жақтың адамдарын тауып, Ақы

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
ақсақалды ертіп алып, Әзберген құданың үйінде бүрсігүні
кешке кездесетін болайық,– деп Абдолда, Ақшал мен Да-
уылбайды алға қоя берді.

Айтқан уақыттарында алдыңғы кеткендер мен соңынан
бара жатқан Шүйдің жолаушылары керейдегі ескі құдала-
рының үйінде бас қосып, бұдан былай не істеу керек екен-
діктерін ақылдасты.

Құлжабайдың Ақы бастап барған адамдарын, бақат құда-
лар құрметпен қарсы алмады. Қайтсек құлжабайларға өз-
дерін осал жау еместігін білдіріп, белгілі дәрежеде есе қай-
тарсақ, өш алсақ деген ойларынан қайтар емес.

Алғашқы барғанда екі ту бие мен он шақты ұсақ малымен
қаралы үйге бата істеу, амандасу жолымен «ой бауырымға»
салып он шақты кісі барды. Өлім шыққан үйге ұзақтан да,
жақыннан да, танитындар да, танымайтындар да келе бе-

ретіні белгілі. Әдейі ауылдың үлкендері үйде жоқ кезінде
беттерін жылытып алды. Қазақтың өліні құрметтеу дәстүрі-
не дөп келтіріп, құлжабайлар дегеніне жеткендей болды.
Абыр-сабыр басылып, бата оқыршыларға арналған сый

табақтан астарын ішті. Құдағилардың жоқтаудан ауыздары
босағанда, өздерінің кім екендіктерін таныстырып, өліге
иман, тіріге артының қайырын тілесіп амандасу басталды.

– Мына өліспей көріспейміз деп жүрген құлжабайлар

қалайша төрдің қақ басына шығып алған. Төс қағысқан
құдалардай маңғазданып отырған отырыстарына қараңдар.
Жампейіс, қайдасың, үлкендердің үйде жоғын пайдаланып,
мына дұшпандарды төрге шығарып, асыңды беріп, қасың-

ды керген не қылығың? – деп үй иесінің бәйбішесі бұлқан-
талқан болды.
Бұнан ары отырыстың мәні жоғын түсінген құлжабай-
лар өз топтарына қайтып кетісті. Бақаттың үлкендері өздері

жоқта құжабайлардың келіп кеткенін естіп білді. Өткен іс
өтті, үйлерінен дәм таттық, ашулары басылып, кешірімге
келетін шығар деген құлжабайлардың ойы іске аспады.
Құдалар түзу жауап бермей, іштей аңдысу ұзаққа созыл-

ды. Алдыңғы келгендер Абдолдалар келгенше, құдалармен
келісімге келе алмады.

Пионер Мұхтасыров
Абдолда бұл дауды Ниязбай секілді төбе би шешпесе бол-
мас деген ой үйден аттанбай тұрып ойына келіп, оған дай-
ындықпен шығып еді. Әміренің атақты жүйрік аты Ақтана-

уды жетекке алған. Тәуке қасқыр алатын қара бүркітін ала
жүрді. Құдалардың бүгін ертең жылы жауап бергісі келмей-
тініне көз жетті. «Алдыңғы жығылысқа келгендер елге қай-
тсын, біз соңғы келгендер дауды шешіп бірақ қайтамыз», –

деді Абдолда.
Сүгірбай биге:

– «Тура биде туыс жоқ» деген, бізді алыстан келген құдай

қонақ, айтар арызы бар, арызбен келгендерді тыңдайтын би-
дің парызы бар, қабылдауыңызды сұраймыз деп айтыңдар,

– деп Абдолда елшілікке Әбен мен Шәкіртті жіберді.

Сүгірбай келгендерді жылы жүзбен қабылдап, қондырып
тастады.

– Әбе, ары-бері шапқыламай үйде қалыңыз, алды-арт-

тарыңыз жиналғанша тынығып аласыз, кеңінен әңгімеле-
семіз.
Шәкірт пен Қылыш келем деген қонақтарға жол көр-
сетіп, қысқа жолмен алып келсін деп алдынан қоя берді.

Абдолда жолдастарының ішінен қасына Байғожаны
ғана ертіп, көп тостырмай келді. Жолдастарын Сүгірбай
ауылынан алыс емес, бұрыннан таныс ауылға бізді осында
тосып алыңдар деп тастап кетті.

Сүгірбай екеуі екі елдің амандығын сұрасып, бұрыннан
таныс адамдардың ұзақ уақыт бет көріспеген, сағынған туы-
стардай қауышты. Бел шешіліп, Сүгірбай екеуінің амандасу
рәсімі аяқталып, шай ішіліп, дастархан жиналысымен, Аб-

долда келген жұмысын Сүгірбайға не жұмыспен жүрсіз де-
гізбей-ақ бастап кетті.

– Шам мен Жұлдыз жастықтың жалынына төтеп бере

алмай, екі елдің арасына от тастады. Тентек біздікі, істеген
ісін ақтамаймыз, бірақ олардың басын аман сақтау – бо-
рышымыз, елдігіміз. Адам өлімінен басқа айыптың қандай
түрін жаза деп шешсе де, көнбекпіз, дегенмен буынсыз жер-

ге пышақ салуға болмайтынын естен шығармау керек. Сіз-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
дердің туыстарыңыздың арасында Қалқаман мен Мамырды
қалай жазалады, екі жасты солай жазалау керек дейтұғын
да адамдар бар секілді. Менің ойымда, екі жастың махаббат

жолында тәуекелге барған істерін, қателіктері деп көрей-
ік. Бірақ нысанаға қойып ату немесе ат құйрығына байлап
өлтіру сияқты істен аулақ болайық. Екі жастың қателігі –
ата-бабамыздың ескіден қасыптасқан дәстүрді бұзуында.

Әке-шешенің ақ батасын алмай, өз білгендерімен бас қосу-
ларында. Жастары кәмелетке толған, сүйек сындырған жоқ,
екеуі екі ру елден. Қалқаман мен Мамырды жазалаушылар
жүйесін тауып жазаладық, сүйекке таңба салды, жеті ата өт-

пей ағасы қарындасын алмақшы болды, сүйек сындырды
деген айып тақты. Ал сіздер мен біздің арамыздағы даудың
ауыр басы өздеріңіз жақта. Құлжабайлар алса қыздарыңыз-
ды алды, ата-анадан рұқсат болмаса да, қыздың өз еркімен

алынды. Біздің жігіттер Бақаттың ешқайсысының қасына
барған жоқ. Ашуға жеңдірген жігіттер өздеріңіздікі, оған
көздеріңіз жетіп отыр. Өз тентектеріңізді өз орталарыңыз
шешіңіздер. Бізге қыздың дауын ғана жеке көріп, қалың

малын, бір есе ме, екі есе ме бағалаңыздар. Осы даудың
шешімін өзіңіз шығарсаңыз екен деп келіп отырмыз, – деді.

– Әбекем-ай, бұл даудың басталуынан басы қасындамын

ғой, ашыққан ұры, ашынған долы емес пе? Ағайындарым
әзірге сөз ұғар емес. Ұрынарға қара таппай, ашу үстінде жүр.
Күнделікті кездесулердің бірінде, елім-ау есіңді жи, ашу ал-
дында, ақыл соңында дегенді еске алыңдар. Құлжабайлар

азаматын, мә, өлтіріңдер деп әкеліп бермейді. Басқаша есе
қайтарудың жолын іздейік, – дедім.
Сонда ол қандай жолмен есе қайырмақшысыз десіп,
отырғандар жармаса кетті.

– Мұндай жағдайда қазақтың қара ғұрпына жүгінсек,

қарсы құда болып, қалыңсыз қызды алуға болады. Алып
кеткен қыз үшін үш тоғызға дейін айып төлетуге болады.
Айыптан басқа қалың малын жеке алуға болады дегенде,
сіз құлжабайға сатылып кеткен екенсіз. Ондай ақылыңыз

өзіңізде қалсын десіп, мені ешқайсысы тыңдағысы келмеді.

Пионер Мұхтасыров
Сондықтан мені отқа салмаңыздар. Ағайынның аласы жа-
ман екенін білесіздер. Екі жақты да әділ-ай дегізетін алыс
жерден азулы би іздеп, соған жүгінетін керек, – деп тоқтады

Сүгірбай.

– Бәлендей деген биге жүгінелік деген сөз біздің жақтан

шықса, өзінің сөзін сөйлейтін билері деп, сіздер жақ мүмкін
сенбестік жасар. Кімге жүгінгенді жөн көрер екен, бақат-
тардың сенімді деген билерін сіз біліп беріңіз. Біз ойланып
көрейік, мүмкін біз де соған көнерміз, – деді Абдолда.

– Ағайынның дауын шешкеннен қашсаң, шешетін кісіні

өзің тап деп отырсыздар ғой, ол да болсын. Қыздың әкесі
де келіп қалар, бүгін келмекші күні еді, енді асқа бағынып
тосып алайық десіп тоқтады.
Қыздың әкесі келген соң, Сүгірбай кіші бәйбішесінің үй-

іне апарып, жеке әңгімелесті де, ертең келеміз, сіздер тосып
алыңыздар деп аттанып кетті. Ертеңінде бақаттар жағының
шешімін айтты.

– Үлкенді-кішілері жиналысып, дауды керейдің атақты

әділ биі Ниязбай шешсін, Құлжабай жағы басқа биді нұсқа-
са, біз оған көнбейміз деп кесіп айтты, – деді.

– Сіздердің нұсқауды біздің жақ қалай қабылдайды, ер-

тең сізге жеткізейік. Бүгін барып елден бірге келгендер бар,
соларға кездесіп ақылдасайын, – деп Абдолда жолдастары-
на аттанып кетті.
Абдолданың үйден аттанарда Әбенмен, Байғожамен

ақылдасып шыққаны дұрыс болды. Бір күн ойланып, толға-
нып, бақаттардың айтқанына лажсыз көнген болды.

– Құдалар біздің де бір сұрағымызды орындаса екен.

Даудың басын бір, ұзаса екі жұманың ішінде шешетін
жағдай туғызса екен. Ол үшін бидің алдына жүгініске ба-
ратын атақты билері, азулы шешендері, атқосшы, аспазшы
күтушілерімен, сойыс мал, керегінше киіз үйлерімен, айту-

лы күнде Ниязбайдың аулында болса екен. Ал біздің жақ,
өз дайындығымызбен уақытында сонда боламыз, – деді Аб-
долда.
Құлжабайлардың сәлемін Шәкірт Сүгірбайға жеткізді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Сүгірбай Абдолданың айтқанын қабыл алды. Әбен мен
Шәкірт бірқанша жолдастарымен, жүйрік ат, қыран құста-
рын алып Ниязбай ауылына жүріп кетті. Абдолда өздері де

атқосшысымен Сүгірбай келген соң, бидің аулына аттанды.
Үш-төрт күн бұрын барған Әбен мен Шәкірт көп жұмыс
бітірді. Екі жақтан келетін екі биге арнаулы ақбоз үйлерді
жаңа жұртқа тіккен. Атқосшы, аспазшыларға арналған

үйлерді билерден аулағырақ тіккен. Ат байлайтын керме
ыңғайлы жерге тартылған. Сән-салтанатын келістіріп, алы-
стан қонақ тосқан ауыл екендігі көзге ұрып тұрды.
Бақат пен құлжабайдың билері жиналғанша, алдыңғы

келгендермен Ниязбай өзі бірге жүріп, аң аулап, таулы жер-
лердегі арасан суларына апарып серуен құрды. Бір жаман-
шылықтың бір жақсылығы да болады деген осы шығар. Шам
мен Жұлдыздың дауының арқасында екі емес үш жақтың

жақсылары бас қосуға себеп болды. Бір-бірімен жақын та-
нысып қана қоймай, би болып билік айтудың оңайлығын,
би болып біліп айтудың қиындығын, бастан кешкен мысал-
дармен көрген-білгендерін айтысты. Ыстық күнде суық суға

түсіп, кеш болса әңгіме айтып, күннің батып, таңның атқа-
ны белгісіз өтті. Дау шешер мезгілден үш күн бұрын арасан-
шылар ауылға жетті.
Ниязбай би, даушылардан Шам мен Жұлдыз хикаясы

қалай басталып, немен бітті, ұсақ-түйек демей, әрбір күдік-
ті қалтарыста қалдырмай әбден анық-қанығына жетті. Екі
жақтың даугерлерін жекелеп те сұрады, бірге отырғызып та
дауластырып көрді. Мақсат даугерлерде, айтылмаған сөз,

ашылмаған сыр қалмауы керек. Өз деңгейлерінде айтайын
дегендерін толық жеткізгендіктеріне күмәнсібіз дегенше,
асықпай, саспай, сөздерін бөлмей, екі күн тыңдады.

– Үшінші күнді қонақтар демалатын, мен шешімге дай-

ындалатын күн,– деді. – Қонақтардың қайтар күндері таяп
қалғандықтан арнаулы қонағасыларыңызды шешім шықпай
тұрып берем. Дауласу жауласу емес, ара бірлік болса ас ор-
тақ. Екі жақтан келіп, осында бас қосқан ағайын қай қайсы-

ларыңыз да маған ыстықсыздар. Найманнан келген даугер-

Пионер Мұхтасыров
лер туған жерімнен келіп отырсыздар. Керейден келген дау-
герлер тұрған жерімнен келіп отырсыздар. Темірдің екі басы
бірдей ыстық, былай тартсам арба сынады, былай тартсам

өгіз өледі. Сіздер сенім артқан соң өрем жеткен биігінде да-
удың шешімін ертең айтармын. Бүгін барлығыңыз – құдай
қонағымызсыздар. Біздің ауылдың асын, алдарыңызға тар-
тылатын басын, бірге отырып дәм татуларыңызды сұрай-

мын. Сыбағаларыңыз өздеріңізге тігілген жеке үйде емес,
менің шаңырағымның дастарқанынан беріледі. Қазақта дәм
араластыру – құдалықтың бірінші қағидасы болса, сол асты
бірге отырып ауыз тиіп, дауды бітірудің бірінші қадамы деп

түсінерсіздер. Мен кіші үйіме барып ертеңгі шешімге дай-
ындалам. Ал сіздер өз үйлеріңізде жатқандай жадырап дем
алыңыздар, – деп орнынан тұра бергенде, бақаттың даугері
Жампейіс;

– Бұл қалай, дау шешілмей жатып құда дегені. Дәмді бір

жерден тату деген, бізді құлжабайлар жеңді деген сөз емес
пе?! – деп өңі-түсі бұзылып орнынан тұрды.
Ниязбай түрегеліп тұрған бойы, Жампейіске бұрылып:
«Сіздерді екі күн бойы тыңдадым. Әрбір даугер сөзін, осы

дау көпке созылмай бітсе екен. Құдалар тіл тауып, бірлік
пен тірлік құратын күн туса екен. Ел ішіне тыныштық орна-
са екен, деген тілектермен аяқтады емес пе. Бірліктің алды
осы, бір дастарқаннан ас ішіңіздер. Артын ертең айтам, ен-

дігі сөздеріңізді естімеймін»,– деп кіші үйіне кетіп қалды.
Ниязбай шығып кеткеннен кейін, кім нені айтар екен
деп бір-бірін аңдыған тыныштықты Сүгірбай бұзды.

– Екі күнгі айтылған уәжіп аз болған жоқ, енді не айтса

да бидікі жөн. Екі жақтың да көңілін табар шешімді билер
үнемі тауып шешеді деп айта алмаймын. Көп жерде шын-
дықты әркім өзінше бағалайды, өз шындығы өзімен бола-
ды. Бірақ көпшілік бас иетін шындық болады. Ол – заңның

шешімі, ал бізше болғанда бидің шешімі. Енді өкпе-назда-
рыңды еститін уақыт өтті. Бидің шешімін тосып, алдымызға
берген асты ішеміз. Басқаша емес, би айтқандай бірге оты-
рып ішеміз, – деді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ертеңінде жиналған халықты көп тостырмай, Ниязбай би
төбенің басындағыларға амандасты да, қолындағы қағазға
анда-санда ғана бір қарап қойып, былай деп тақпақтата жө-

нелді:
Ақсақал нәпсісі бар қарасақал,
Нәпсіні тыю керек хадари хал.
Адамзат екі өңештен бұзылмақшы,

Моңғолда Жандық амбы айтқан мақал.
Жұтуын неге қойсын жоғарғы өңеш,
Өлуін білмеуі рас төменгі өңеш.
Адамзат екі өңештен қаза табар,

Ақылға ертеден-ақ болған егес.
Тәңірім өзі білер бұйырғанын,
Білеміз жас шыбықтар қиылғанын.
Кім көрді соныменен пендешілік,

Бір жола жер бетінде тыйылғанын.
Қайтеміз ұшықтырып жеке егесті,
Құдалық, құлдық емес неке кесті.
Бірдің көзін құртқанмен тірі адам көп,

Кесіп тастай алмассың екі өңешті.
Дау мұраты – біткені, қыз мұраты – кеткені, тоғыз ауыз
сөздің тобықтай түйіні барын түсінетін бір-бір елдің биі мен
қасқаларысыңдар. Атам Бұрхат та, әкем Шәкен де ердің құ-

нын екі ауыз сөзбен шешуші еді. Шам мен Жұлдыздың ба-
сына қастық болмас деген шешімімді түсінген боларсыздар.
Ал барымта-қарымтаны шешіп алатын әділ билік бірлікте,
сіздер біздің ауылдан ауыз бірлігін тауып қайттыңыздар деп

сенем. Ал бақаттың жазатайым болған азаматтарына құлжа-
байлар құныкер болуға қисыны жоқ. Бақаттар ол сұрақты
ауылында шешіп алады деп ойладым. Бұл даудың өз ауылда-
рыңда шешуін таппасаңыздар, келерсіздер. Наймандардың

Пионер Мұхтасыров
қатысы жоқ, жеке керейлер өзіміз шешіп алатынымызға се-
немін, – деп, билікті аяқтады.
Сүгірбай қамшысын ортаға тастады. Ол айтатын сөзім

бар дегені еді.

– Ниязбай, рұқсат ет – деді. – Сіздің шешіміңізге көнеміз

деп айтқанымыз бар, айтқан сөз – атқан оқ, көндік. Құлжа-
байлар ойлаған ойларына жетті, олай болса биге берілетін
жамбы бастаған бір тоғызды құлжабайлар көтерсін, – деді.

– Сізде айтар уәжіп бар ма? – деп Ниязбай Абдолдаға

қарады.

– Бар,– деді де Абдолда сөйлей жөнелді. – Нәке, елді

бірлікке шақырған шешіміңізге разымыз, малым – арым са-
дағасы. Сүкеңнің айтқанына көнеміз. Өзіңізге көп рахмет.
Түнеріп келіп жадырап қайтқалы отырмыз. Керей, Найман-
ның бағына ғұмырыңыз ұзын болып, еңбегіңіздің жемісі ұр-

паққа үлгі болсын! Алла сізге екі дүниенің бағын берсін деп
тіледім, – деді.
Ауыз бірліктің бар жоғын сынға салатын жер – торқалы
той мен топырақты өлім. Абдолда өз тобымен ауылынан

өлім шыққан, бақат құдаларына бата істеп кеткенді дұрыс
көріп барғысы келді. Құдалар жағы қалай қарайтынын білу
үшін Сүгірбайдан сыр тартып көрді. Кет дей қоймас деген
соң, қайтар жол бірге деген сылтаумен құдаларының ауылы-

на өздерімен бірге жүріп отырды. Ауылға түсіп қонақ бо-
лыңыздар деп, құдалар айтпады. Өйткені, алдымен Абдолда
өлімге өздері бата істеп, құран оқытулары керек.
Үйге кіргенше қонақ ұялады, үйге кірген соң үй иесі ұя-

ладыны жадында сақтаған құдалар, іштерінде ит ұлып жатса
да, ешбір күшіктің дыбысын шығармады. Абдолданы да, бір-
ге келген ақылшы дос-жарандарын да, ренжітпей асты-үсті-
не түсіп сый қонақ ретінде қабылдап шығарып салды. Аб-

долдалар құдаларынан үйге аттанған болып шыққанымен,
келесі ауылға келгенде, екіге бөлінді.
Абдолда бастаған үлкендер ауылға кететін болды. Шәкірт
бастаған топ артта құдалар ауылында қалатын болды.

Асықпай жатып, құдалардың көңілін тауып, қалың малда-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
рын беріп, жұмыс біткен соң елге қайтатын болды. Артық
кетсеңдер ауыздық тартатын Ақшал болады, тапсырманы
бітіретін Шәкірт, Арендовай, Әміре болады. Істеріңді алла

оңғарсын деп, төртеуіне тапсырманы беріп, Қызылкезең
қайдасың деп жүріп кетті.
Біраз жүргеннен кейін Абдолда Әбенге бұрылып, қасын-
дағылардың бәрі де еститіндей дауыспен:

– Біз енді керейдің бақатынан шығып, сарғалдақтың

бақатына келе жатырмыз. Осы бақаттар ауылында болып,
әнегүнгі тілеуіттің зайсандарының атына сұрау салып, із
шалып біраз болуға тура келеді. Сол керегінде Дауылбай
екеуіміз жеке ақылдасып алайық. Әбе, сіз жол қысқартып,

мына Бақаттардың ата-бабалары керегінде жастарға әңгіме
айтып беріңіз,– деп өздері іркіліп жолаушылардың соңын
ала жүріп отырды.
Әбен де көп тостырмай әңгімесін бастап кетті.

– Қызылкезеңнен еңкейіп, күн батысқа қарай созылып

жатқан кең алқапты Қалғұтының жері деп атайды. Бұл бір
тамаша малға жайлы жер. Батысқа бет алып жүріп отыр-
саң, сол жағыңнан қоршап тұрған заңғар Мұз таулар. Оң
жағыңда шөп пен қара бұтадан басқа көзге көрінер өсімдік

өспеген, төрт түлік малға жайлы өріс. Жылдың қандай мез-
гіліне де қолайлы, Алланың жаратқан бір қасиетті жері.
Сол жағымыздағы Мұзды таудың жалғасындағы қара тау
Қарашат деп аталады. Олай деп аталуына себеп болған бо-

луы керек, таудың ортасын тіліп түскен кішкене өзен бар.
Сол өзеннің бойын шаттың іші, шыға берісін шаттың аузы
деп, қысқасы осы тауға байланысты айтылған сөздің бәрі
шатпен басталып, шатпен аяқталады. Қара шатпен жалға-

сып жатқан тауды Қанастың кезеңі дейді. Қанастың кезеңі
Ақ алақан деп аталатын ақ судың бергі жағасымен бітеді.
Ақ судың арғы жағы тағы да Мұз тау, Шабанбай жайлауын
қоршап тұрған заңғар тауларға жалғасып кетеді. Қызылке-

зең мен Шабанбай жайлауы бір түстік-ақ жер. Жарықтық
Алтай жерінің кеңдігін көзбен көрдіңдер, неше түрлі кезең-
дерімен асып келесіңдер. Бірақ әлі бір шетіне шыға алғамыз

Пионер Мұхтасыров
жоқ. Алтай тауының күнгейін қыстап, теріскейін жайлап,
айнала көшіп жан сақтап, ұрпақ өсіріп кеңінен жүре беруші
едік. Кім біледі, келешекте қандай заман болады. Осыдан

жиырма-отыз жылдар бұрын ақ патша мен Қытай патша-
лығының әдейілеп жер бөліске шыққан адамдарымен бір-
ге болдым. Атамыз Мәкилені жолды, асуды, өткелді білетін
кісі деп соларға қосып берген болулары керек. Мәкиле атам

атымды ерттеп береді деген сылтаумен мені ертіп алған.
Бұрын Алтай тауының төрт бұрышын түгел айналып едім.
Соңында екі алып мемлекеттің жер бөлісіне қатысып, неше
түрлі биік таулардың басына шықтық. Түбін жерінің арғы

шетінен басталатын қыр жотасының үстімен жүріп отыр-
дық. Ол таулар өзіміз отырған Шүй жазығын қоршап тұрған
биік жоталарға жалғасты. Одан Тарбағатай тауына дейін та-
спадай тіліп, күнгей жағын Қытайдікі деп, теріскей жағын

орыстыкі деп шекаралық белгілер тұрғызылды. Бірнеше ай
жүріп, Түбіннен Шабанбай асуына жеткенше тау жайлап
отырған адамдар аз кездесті. Жер бөліп жүрген адамдар-
дың немен шұғылданып, не істеп жүргендерімен ешкімнің

жұмысы болған жоқ. Шабанбай жайлауынан басталып,
бұл қайдан келген адамдар, нені істеп жүр деген сұрақпен,
жер бөлуге жүргендердің алды-артын жергілікті халық орап
алды. Мына менің ата-бабамнан бері мекендеп отырған

жерімде орыстың не жұмысы бар. Қытайдың ала алмаған
қандай үлесі бар, бұларды қуу керек дегендер де табылды.
Жер бөлушілер ешбір кедергі жоқ, иелікті жерін бөлгендей
жайбарқат қару-жарақсыз, күзет тұрғызып, сақтық жаса-

май, ойына келгендерін істеп келе жатқан. Сен кімсің ау-
лақ жүр дейтінді айта алатын адамдарға жолығып, жүректері
шайлығып, жұмысын уақытша болса да тоқтатуға мәжбүр
болды. Жер бөлушілер соңынан келерміз деп елдеріне қайт-

ты, мен босап үйге келдім. Содан кейін олармен кездескем
жоқ. Менімен бірге болған жер бөлушілер елдеріне барып,
өздерін қорғайтын мұздай қаруланған солдаттар әкелген.
Қарсылық көрсеткендерге қарулы күшті пайдаланып, жерді

бөліпті деп естідім. Алтай тауының төрт бұрышын емін-ер-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
кін жайлап, күзеп, қыстап өскен, ата-бабамыздың үйрен-
шікті әдетіне, жер бөлісі үлкен өзгеріс енгізді. Жер ыңғайы-
на қарай бірге туған бір үйдің адамдары екіге бөлінген. Әкесі

күнгей бетте Қытайда қалған. Баласы теріскей бетте орыста
қалған. Ауылдан шыққалы Алтай тауын айналып қазақ
елінде, бірақ, орыс пен қытай жерінде жүрміз. Екі алпауыт
мемлекет екі жақтан қысып, қазіргі уақытта қазақтар қай-

да барып тұрақтарын білмей жүрген кез. Мына біздің келе
жатқан Бақат ауылы өзімізге туыс, алты қаратайдың бірі,
сүйектері сарғалдақтан тараған алты есенбай деп аталған ал-
таудың біреуі – Әлібайдың бақаты. Бақаттан Елен, Тоқан-

дар осында орнығып, Қалғұтыны мекен етіп тұрып қалды.
Бұлар көп жылдар бұрын Шындығатайдағы ата-бабасының
жерінде отырған болатұғын, мұнда келгелі де біраз жыл өтті.
Бақаттардың бастан кешірген бір хикаясын атам Мәкиле ха-

лық әңгіме қылып айтып жүреді деп маған айтып еді,– деп
келесі әңгімесін бастап кетті...

– Бақаттың қыстауы Бұқтырма өзенінің жағасында, ары-

бері өткен елдің жолында, тоғыз жолдың торабында орна-
ласса керек. Әлібайдың қартайған шағы екен, Бақат сол
төңіректегі Байбөрі, Шеруші, Есбол, Кәлім ауылдарының
есігінде еңбек етіп, там-тұмдап тапқанын қанағат тұтып,

ауру әйелін, үш қызын асырап тұрып жатады. Мал дегенде
он шақты ешкісі мен қысы-жазы арқасынан ер түспейтін
жалғыз өгізі болады. Жыл сайын қар түскеннен кейін аңға
шығатын әдетімен бір жолы орыс-қазағы аралас он шақты

аңшы, аң аулауға шықтық деп келіп, жол үстінде отырған
бақаттікіне түсе қалады. Бәйбішесі бәйек болып келгендер-
ге аттан түсіп, үйге кіріп шай ішіп, ауыздарыңды жылытып
алыңдар,– дейді. Өңкей қатырған жорға жүйрікке мінген,

жылы тондарынан буы бұрқырап, жеті қабат жұт келсе де
мыңқ етер емес кейіптерімен кішкене үйге әрең сияды.

– Азаматтар,– дейді Бақаттың әйелі, – жол үстінде оты-

рған соң байқап жүрем, жылда аң аулап, олжа тауып қай-
тасыңдар. Күн көрістеріңе әжептәуір болыстығы тиетін
секілді. Осы жолы мына Бақатты да аңға ерте барсаңыздар

Пионер Мұхтасыров
қайтеді. Алланың ырзығы – даланың аңы, барлығыңызға да
жететін шығар,– деп еді, аңшылар: – барса барсын,– десті.
Кеше ғана сойған ақ лағының етін азыққа салып, Бақат-

ты жылы киіндіріп, жалғыз өгізіне мінгізіп, мырзалармен
бірге жолың болсын деп, әйелі шығарып салады.

– Байлардың есігінде жүріп күн көргенше, азаматтығың-

ды көргізіп, мал тауып үйренуге ұмтылмайсың. Үйкүшіксің,
ынжықсың,– деп қыс келсе әйелі мүжіп, қыстың ызғары бір
жағынан қысып, Бақаттың күйі кетеді. Өмірі аңға шығып
көрмеген Бақат үйдегі ызыңнан қашып, не де болса сы-

ртқы ызғарға шыдайын деп аңшыларға еріп жүріп кетеді.
Қар қалың, күн суық, жорға мен жүйрік мінгендерге ерем
деп, жаман өгіздің сорпасы шығып терлеп, қоналқы жерге
әрең жетеді. Ертеңінде аңшылар ерте тұрып, түлкі індетіп,

бұғы атып олжалы болысып жүргенде, Бақат өгізіне, қар-
дың астынан шөп тауып бермекші болып, әуреге түсіп күнін
өткізеді. Өгізіне мардымды тамақ тауып бере алмай, кешке
таман итеңдеп, аңшылар қонып жатқан жерге әрең жетеді.

Аңшылар кешкі асқа отырысып, күндізгі аң қуғандағы қы-
зықтарын айтысады. Олжалы өткізген уақыттарын мақта-
нышпен еске алысады.

– Елеуреп алған аңшылар Бақатқа «сіз қанша түлкі ал-

дыңыз» демесі бар ма? Мына түрімді көріп отырып мына-
лардың мазағына не істейін деп, іштей күйінген Бақат, еш-
нәрсе айта алмай жылап жібереді.
Әудем уақыт өткенде ғана демін шығарып:

– Түлкіні қайтейін, өгізім өлетін түрі бар. Қар қалың,

жерден шөп алып жей алмайды, үйден шыққалы аш, не
істерімді білмей отырмын, – дейді.
Сонда бірге шыққан жолдастары, аттар қарды теуіп жай-
ылған жерге өгізіңізді оттатыңыз. Өзіңіз анау көрініп тұрған

шағыл тастың астына бір түлкіні індетіп кеттік, соны қазып
алыңыз. Осы жерден жұмысыңыз біткен соң қайтарсыз. Біз
анау белді асып барып, аң қарап, бұйырғанын атып алып,
содан ары қайтармыз десіп аттанып кетіседі.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Олжалы, артынып-тартынып қайтқан аңшылардың ал-
дынан, Бақаттың әйелі шығып, біздің үйдің кісісі қайда
десе, ол кісінің жүгі ауыр, артта келе жатыр десіп мазақтап,

күлісіп жүре береді.
Бақат тастың астындағы түлкіні күні кешке дейін қазып
шығара алмай, кешке қонған жеріне келсе, өгізі аштан өліп
қалыпты.

Ертеңінде не де болса құр қайтпайын деп, бар күшін са-
лып, інді қазып, ішінен көрінген аңды өлтіріп алады. Қа-
зып алғаны қызыл түлкі емес, қара ит болып шығады. Бірге
шыққан жолдастарының мазағына күйініп, шаршағанша

булығып жылап еңіреп, азығының қалғанын жеп, өлген
өгізімен қоштасып, қара итін сүйреп үйіне қайтады.
«Бақатым олжасын жеткізе алмай қиналып келеді ғой»
деп, ешкісінің біреуін сойып, әйелі, бала-шағасы жолаушы-

ны тосады. Аңшылар үйдің қасынан өткеннен үш күн өт-
кенде, жаяу қара итті сүйреген, өлуіне таяған Бақат келеді.
Шаршап-шалдығып құр сүлдерін әрең сүйреп келген
Бақат аузына ас тиген соң қатты ұйқыға кетеді. Әйелі мына

байғұстың сүйреп келгені немене деп көрсе, қара ит емес,
алтыннан бағалы қара түлкі екен.
Бар-жоқты есепке алмайтын, жуас, бір тоға күйеуін итер-
мелеп аңшыларға қосып жіберіп, байғұстың ажалына өзім

себеп болдым ба деп әйелі қатты өкініп еді. Түлкіні аударып
төңкеріп көріп, түлкінің құнды екеніне көзі жетіп, тәуекелге
бел байлап, барғаны дұрыс болды-ау деп ойлады. Ауруынан
басқа міні жоқ, сұңғыла әйел, қара түлкіні бітеудей сойып,

күнге, желге тигізбей кептіріп, жібектей жұмсақ қылып
илеп, бір қажетке жарар деп сақтап қояды.
Жаз шығып ел елмен араласқан кезде, Бақаттың әйелі бір
белдің астында ғана отыр деп қазақша есеппен айтылатын

бір күншілік жерде отырған керейдегі төркініне жыл уақы-
тында бір барып қайтатын әдетімен төркіндеп барады. Қара
түлкіні құнды бағаға өткізетін жолын іздеп, алушы шықса
көргізіңдер деп тапсырып кетеді.

Пионер Мұхтасыров
Әбілпейіз төренің ұрпағы би болып, сұлуды құшып, жүй-
рікті мініп, асылды киіп, керейді жұмса жұдырығында, ашса
алақанында ұстап тұрған кезі еді. Төрт бидің бірі Жабағы

төренің немере қызының жасауына қара түлкі керек бола-
ды. Бақаттың қара түлкісін бір қысыраққа бағалап алады.
Сол он байталдан өскен жылқыға, он ешкімен отырған жері
тар болып, Қалғұты жеріне келіп мекендегелі де талай жыл-

дар өтті.
Қазір Бақат ауылының малы, басы өскен, Қалғұтының
кең алқабы толып жатыр. Қоралы қойлы, үйірлі жылқылы
жалғыз қара түлкіден байыған Бақат туысымыз осы,– деп

Мәкең жолаушыларымен ақ ордалы ауылға келіп аттың ба-
сын тартты.
Сыртынан көргенде еріккеннен ел аралап, қыдырып
жүрген секілді болып көрінеді. Бірақ Абдолданың таусылып

бермейтін көп даудан басы қатып жүргенін қарапайым ел
қайдан білсін. Саманың ұрланған Қара жорғасын іздесем
деген сөзін берген, оны да ұмытуға болмайды. Абдолда
өзі Керейге аттанар алдында, Қыранбай бастаған бір топ

жастарды Шындығатайдан бергі жерді тұтас қамтып, ат-
тарды іздеуге жіберген болатын. Олар не істеп қайда жүрді,
аттарды тапқан таппағандарын осы Қалғұтыда, Абдолданың
өзіне ғана айтатын болып келіскен. Абдолдалардың Бақат

ауылына келгенін тосып жүрген Қыранбайлар Абдолда кел-
генін біліп, өздері келіп хабарласты.
Олардың айтуынша, аттар әзір табылған жоқ. Жансыздар-
дың білгенінше, Жазотыр арқылы Катонға асқан сияқты де-

ген жорамал шынға таяу секілді, анық-қанығын білетін Са-
дақбай батыр деседі. Қыранбай ол кісімен жолыққанда жөнін
айтпапты.
Садақбай – Алтай тауының төрт бұрышына атағы

шыққан батыр. Оның батырлығы туралы кезінде елге аңыз
болып кеткен көп әңгімелер бар. Батырлығының көбі ба-
рымта мен қарымтаға байланысты. Кейбір азаматтарға
жігітшіліктің бір түрі, алыстан жылқы ұрлап әкелу болып

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
алған. Ондай кәсіпшіліктің қашан басталғанын, қашан бі-
терін ешкім біліп болмайды.
Сол мықтының бірі Садақбай – дәулеттің Досқұлысы-

ның екінші баласы Бес Қисықтың ұрпағы. Бес Қисықтар –
Құтты қадам, Көкі, Едіге, Айтқұл, Ұзақ. Қисықтың Ұзағынан
тарайтын Тезек, Тезектен – Қырқымбай, одан Садақбай ту-
ады. Садақбайдың төртінші атасы Қисық пен Қаратайдың

болысы Ережептің төртінші атасы Құратай – бір атаның
балалары. Ары Шындығатайға қарамай, бері Шүйге қара-
май, жер ортасы «Көктөбеде» Жазотырды мекендеп қалған
қаратайдың дәулетінің әртүрлі аталарынан жиналып қалған

біраз ел тұрады. Сол елдің биі Тоқтамыс, бес Қисықтың
Көкісінен туған Бәйтөлес, Бәйтөлестің Мұңалынан тарап,
Садақбайға үшінші атадан туысады.
Садақбайды туыстарына хабарласып тұратындықтан, сол

білер деп ойлап жүретін. Жіберген кісінің жауабына қанағат-
тана алмады. Қайталап Садақбайға барыңдар демеді. Іш
пікірі ішінде, ертеңінде Керсұлу, Сартас кезеңдері арқылы
Шүйге қайтпақшы болып, серіктерімен жолға шығып кетті.

Ортаншы Керсұлудың кезеңімен өрлетіп, «Садақбай сайын
көріп келіңдер, біз Аққолда түстеніп, сендерді тосып ала-
мыз» деп, Қыранбай бастатқан топты сайға аттандырды.
Қыранбайлар Садақбай сайына суыт жүріп жылдам жет-

ті. Аққолдағы түстікке үлгермек үшін аттарын аямай өрге
салып, белгілі сайға келгенде, өз көздеріне өздері сенбей қа-
лысты. Бір жарым айдан бұрын Керейлер барымталап алып
кеткен Құлжабайлардың жорға жүйрігінің алтауы, жасамыс

құнан дөненнен төртеу, барлығы он жылқы жайылып жүр.
Қолдан жасаған қора секілді, таспен қоршал­ған сайға Са-
дақбай үнемі алыстан айдап келген малды қамап жүретін-
діктен, Садақбай сайы аталып кеткен. Мал өз еркімен шыға

алмайтын, үстінен түспесең көрінбейтін, мал айымен тұрса
да аш болмайтын шөбі бар, суы бар, тамаша сай.
Айдалып қиналған, арқа бастарына тер қатқан. Терлеген-
дері сондай, өне бойлары батпақ, жолақталып қатып қалған.

Бұл сайға қамалғанына бірер күндей ғана болған секілді.

Пионер Мұхтасыров
Бұрын да жоқтан өзгеге өкпелегіш, құлжабайдың Тұр-
дыбай мен Тұрдыбек тобы, Керейлердің барымтаға, атақты
аттарын алғаннан бері, Қалдекелермен мүлдем кетісіп,

бір-біріне кіруден қалып еді. Енді сол көздің құрты, жорға
жүйрік ойда-жоқ жерден қолға түсіп тұр. Бұл сайға келіп ат-
тарды тапқандар не істерлерін білмеді. Жылқыны сол сайға
тастап, болған жағдайды айтайық, Абдолда өзі шешсін деп

Аққолға келді.
Мына жаңалыққа Абдолда қуанарын да, ренжірін де біл-
меді. «Құдалармен тіл табысып кел. Малдың орны толар,
ағайынның малын тауып берерміз. Енді азаматы өліп, қара-

лы отырған құдалардан мал алмайық. Алған малдары жорға
мен жүйріктер, олар да үстіне мал сұрамас, құдалардың
көңілін табарсың» деп, Шәкіртті тастап кетіп еді. Алмай-
мыз деген малы Садақбайдың сайында тұр деп тұрғандары

мынау, сонда не істеу керек? Кереймен тағы кетісетін болды
ма, шешетін жұмбақ көп.
Абдолда жесір дауын шешпекші болып аттанғалы көп
уақыт өтті. Бидің жоғын пайдаланып Тұрдыбай мен Тұрды-

бек тобы қарымтаға Садақбайды керейдегі бақат құдаларға
жіберіп алған секілді. Енді Садақбаймен кездесудің сәті
түсті, ендігі әңгіме Садақбайдан.
«Садақбайды таптық, Қайырымның үйінде ертең кезде-

сетін болдыңыздар» деп, шабармандар ауыз жиып болған-
ша, керейлерден қарымтаға Садақбай әкеткен жылқыны
қуып, төрт кісі қуғыншылар келді.
Керейден келгендердің үлкенін Абдолда таныды. Сәлем

беретін шығар, амандасып алғаннан кейін де сөйлесерміз
деп, орнынан қозғалақтап ұмсына беріп еді, ол да Абдол-
даны танып, ашумен келген бойы, аман-шүкір жоқ арбаса
кетті.

– Құда, тамыр, дос болып біздің елден аттанғалы үш-

төрт-ақ күн өтті. Мен сізді Аққолда қарымтаға алдырған ма-
лыңыздың есебін алғалы келген жеріңізден кездестірем деп
ойламап едім. Жылқыны Садақбай тал түсте айдап алып
кеткенде, мұны тағы біреу айдап салды ғой деп едік, бәрін

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
басқарып жүрген өзіңіз екенсіз ғой. Ұрының үстінен түстік.
Енді жылқы табылды. Келіңдер, үйге кіріп қара қостан дәм
татайық,– деп еркінсіген керейлер баса-көктеп төрден орын

алды.

– Ақ бетіме қара күйе жаға келген құдалар, сабырлық

қылыңыздар. Сендердің алдарыңда ақталып, есеп берейін
деп отырғам жоқ. Анық-қанығына шығармыз. Сол күнде
арларың болса, кешірім сұрарсыздар. Ар-ұяттарың жоқ бол-
са, жоқтан сұрақ та жоқ. Мен ел ішінің дау-шарымен жүріп,

сендерге осы жерде жолығып отырмын. Ел біздікі болған
соң мені айыптауларыңның жөні келіп тұр. Шынымен, Са-
дақбай қарымтаға сіздерден жылқы әкелсе, іздеуші жоғынан
құдаларға апарып бергізер едім. Келіп қалған екенсіздер,

жылқы біздің ауылда болса, таптырып, алдарыңа салам. Бел
шешіп бірер күн дем алыңыздар. Ертең кешке, ұзаса бүрсі-
гүні менен бір хабар болар. Мен осы және басқа да шаруа-
лармен ел аралаймын,– деп шығып кетті.

Абдолда Қыранбайды жеке шақырып алып:

– Аузыңа берік бол. Керейлерге ешбір сырды білдірме,

екі күндей ешқайда шығарма, – деп өзі Садақбаймен кезде-
суге кетті.
Абдолда Садақбайдан керейден жылқыны қалай әкел­
генін, кім жіберіп алдыртқанын анықтады. Болар іс болды,

жылқы табылды. Әкелген кісі алдында отыр, айдап қайта-
тындар тосып жатыр.
Садақбай болған істі жасырмай айтып берді:

– Менің тіл алғышымды пайдаланып барлықтарыңыз

жұмсайсыздар. Бітірген ісіме біріңіз разы болсаңыздар, біре-
уіңіз керісінше реніш білдіресіздер. Мандықа мен Мүкәбала
салмақ сала келген соң жылқыларын әкеліп едім. Сізге жаман-
дық істегендей болып отырмын. Күш-қайраттың барында екі

тізені құшақтап қалай үйде отырасың. Ат үсті қызулы да қы-
зық, тау-тасты аралап, ел көріп, жер көресің. Алыстан мал
тауып, арып-шаршап келіп, бірер күн дем алсаң, қайта атқа
мінгің келіп тұрады. Өзіңіздің туыстарыңыз мені жіберген-

де, атақты аттарының бес-алтауын қолға түсірсең болар еді

Пионер Мұхтасыров
дескен. Бірақ мен қарымтаға барғанда ауылдағы жетім-же-
сірлерге арнап, ұсақ-түйек құнан, дөнендерден ала келіп,
таратып беремін. Өзім мал жинап өсіргенді білмеймін, бөрі

секілді азығым далада, ел үстінде. Керейлердің алдына бар-
лық жылқыны салып бермеңіз. Мандықаның жирен қасқа
жорғасы мен Мүкәбаланың жүйрік торысын өздеріне жет-
кізіп берейін. Екі құнанды ауылға апарып сойып берейін,

қалған алтауын керейлер айдап қайтсын. Аты шыққан Са-
дақбаймын ғой, бұл қалай десе, маған жаба салыңыз,– деп
Абдолдаға қарап еді, ол кісі үндемеді.
Садақбай ойына келгенін істеді, жылқы тығып жүрген

сайды керейлерге көрсетпей, жылқының санын онға толты-
рып, қуғыншылардың алдына салып берді.
Керейлермен келісімге қалған Шәкірттің жұмысына қа-
рымтаның кедергі болғаны белгілі болды. Қуғыншылардың

жұмысы көңілдегідей болмаса да, жылдам бітті. Құдаларға
болған жағдайды түсіндірді.

– Шәкіртке көмек көрсетіңдер,– деп Тәуке мен Дауыл-

байды Абдолда керейге қайта аттандырды.

– Саманың қара жорғасын ұрлаған кімдер, сен білсең ке-

рек еді, – деп Абдолда Садақбайдан сұрады.

– Шындығатайға із тастап, шүршіт жеріндегі қазақтар

алған секілді. Бірақ ұсталмаған ұрының атын айта алмай-
мын. Дәм тартқан күні іздесіп болысайын,– деді Садекең.
Жыл басында басталған жесір дауы қоңыр күзге дейін со-
зылып, керейлер жағы бәсеңдегендей болды.

Тілеуіттер жағы томсарып, келе жатқан қыстың суығымен
бірге қысатын сыңайын білдіріп жүр. Үлкендеріміз, қыс
қарлы суық болады деседі. Қазақтар малдарын бір жаққа
отарлатсын, жерімізге тарлық істеп тұр деген сәлемді ша-

бармандар Абдолдаға жеткізіп тұрды. Сауықшыл қазағымыз
жазды ойын-сауықпен, тоймен өткізіп, күздің қара суығы
түскелі естерін жиғандай болды. Қыс қандай болады, малды
қайда қыстатамыз деп, бас қосқан жерде, жан сақтау жағы

көбірек айтылатын болды.
Шүйдің қара бораны күздей ызыңдап, бір тоқтау жоқ,
соғып тұрғаны мынау. Қылышын сүйреп қыс келеді. Құлжа-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
байлар болса ішкі сыртқы даудан қолдары босамай жүр. Үй
іші ала болса, кереге басы пәле. «Жағдайды біле тұра, жылы
оранып, бәрі тыңдауын тыңдап, жатқан жатысын қара мұ-

ның»,– деп аман-шүкір жоқ Байғожа, Атшабардың үйіне
сөйлей кірді.
Бұқардың үйінде күздік жеп, ауыл арасының өсек-аяң,
әңгімелерін айтысып тарқағандарына екі-ақ күн болып еді,

бұл не жұмыспен жүр екен деп, Атшабар:

– Ел аман ба, қайдан жүрсің? – деп жылдам орнынан

тұрды.

– Ел іші аман секілді, бірақ мына ызыңдаған жел ұйқым-

ды ашып тұр. Не істеуіміз керек, ақылдасайық, – деп саған
келдім.

– Иә, Шүйдің қазағына биыл қыстан қалай шығар екен

деген қауіп төніп тұр. Абдолдаға жер дауы, жесір дауы, ба-
рымта, қарымта дауының бірін шешсе бірі туып жататын
болды. Ауылдастар жерден қысым көрсетсе, жерді қар алса,
елден бірлік кетсе, жұт жеті емес жетпіс жеті ағайын болға-

ны емес пе?
Атшабар мен Бұқарбай ет піскенше әңгімелесе отырып,
Қожабайды, Қабдолданы, Түсіпбайды, Текені, Сәмекті,
Божрақты, Тәпелді тағы басқа ауылбасы ақсақалдарды

шақыртып алды.
Атшабар би самайларды, соларға ерген басқа да туы-
старды бастап Шүйге Шабанбайдан, Қалғұты арқылы асып
келіп орналасқан. Атшабар самайдың ғана биі емес, құлжа-

байлар келгенге дейін Шүй бойына көшіп келген халықтың
барлығының биі болды. Беделі ауыл арасында Абдолдадан
кем емес. Сондықтан да Байғожа келіп ақылдасып, беделді
билермен байлардың басын қосып отыр.

Ел жақсылары бас қосқаны, елді қыстан жүдетпей шыға-
рудың амалы еді. Абдолданың қолы босамай жүр. Жылдағы
дәстүрге кірген ауылдастарымызға беретін күздігімізді бе-
рейік. Беретін сыйлығымызды да көрнекті көңіл толардай

болсын. Елді бірлікке шақырайық. Қыстан аман-есен шығу-
дың қамын көппен көтерейік. Осы шешімімізді халыққа

Пионер Мұхтасыров
жеткізсек, көпшілік қолдайды десіп ақсақалдар ауылдарына
барып, елге жеткізді. Әрине, халық бір ауыздан жөн десті.
Басқа іс түскенде, бірлік болмай тірлік болмайтынын

халық бірден түсінетіні ежелден белгілі. Елден керекті мал
жиналып, ауылдастар ауыз толып айтарлықтай сыйлықта-
рын алып, малды ешқайда отарлатпайтын болды. Атшабар
ауылында болған кеңестің жемісі Шүй қазағын тағы бір қы-

стан шығарды.
Атшабар
ауылында
ақсақалдар

ақылдасқан
кезде,
Абдолда олардың ішінде бола алмады. Дәл сол уақытта Түбін
елімен байланысты дау өршіп тұр еді. Самай, Жетіген Кәр-

шал жол білетін пысық жігіттерді өзі бастап барып, Түбін-
нен қырық жылқы ұрлап келген. Ұрылардың артынан ізін-
ше қуғыншылар келіп, Абдолданың үйіне түскен. Жылқы-
ны өзіміз іздеп табамыз. Сізді ұрылардың ұйтқысы бастығы

ретінде заң орнына беріп жауапқа тартқызамыз. Ұрыны із-
деп тауып, жылқымызды қайырып берсеңіз және ұрыларға
жаза қолдансаңыз ара татулығымыз жалғаса береді. Бірлік
береке кетсе арты немен бітерін өзіңіз бізден артық білесіз

деп, салмағын сала келді. Түбіндер, жылқының ізімен келіп,
тауып алатындықтарына сенімді екендіктерін білдіріп отыр.
Абдолда Шәкірт пен Арендовайды шақыртып, мына
кісілердің айтып отырғанынан не хабарларың бар деп сұрап

еді, олар естігелі екі күн болыпты. Сүйінші сұрайтын жақ-
сы хабар емес, анығын біліп алып бірақ айтпақшы болыпты.
Енді анығы белгілі болды. Жетіген ауылының жігіттерінің
ісі екен, жылқыны Ақсайдың ішінде тығып отыр десті.

Түбіннен келген қуғыншыларды жылқыларың табылады,
бірер күнде алдарыңа салып берем, әзірше дем алып аялдай
тұрыңыздар деп, ұзақтан келген қонақ ретінде сыйлап, әдейі
күтетін ауылға апарып, орналастырып қойды.

Отқа салған темірдің қай жағын ұстасаң да қолың күйедінің
дәл өзі болды. Абдолданың сыйлас қайын жұрты – самай
жетіген. Онымен қоймай ақылшысы, сырласы – Әбен,
қолшоқпары – Ақшал. Түбіннен жылқыны ұрлап әкелушілер

– бұлардың жақын аталас туыстары. Ұры ауылында, ұстап

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
бер де жазала деп отырған түбіндер мынау. Ұстайын, жа-
залайын десе екі көзінің бірі, не істеу керек – Абдолданың
басы тағы ауырды.

Ақылдасайық деп Әбен мен Ақшалды шақыртты. «Бізде
барар бет жоқ, өзі қалай шешсе де бізден қарсылық болмай-
ды» десіп, ат-тондарын ала қашысты. Тентектеріңді тоқта деп
айтуға жарамадыңдар деп өкпелеу керек пе? Әлде ұры

туыспен жағаласуды ар көріп, өзіңмен біз біргеміз дегендері
ме? Ауыр жүгің артыңда, біз көтерісерміз, осы жолғыны өзің
көтер, өзің шеш дегені ме? Ойланып, толғанып, ауылдағы
отыншыларымен ақылдасты.

Ағайынның азары болса да, безері болмас. Сыртқы ха-
лықты жауықтырмай, жылқыларын алдына салып берген-
ді жөн десісті. Жетігендердің жылқы ұрлап тыққан сайына
Кәжен бастаған мықты жігіттерді жіберді. Түбіндердің жыл­

қысын шып-шырғасын шығармай, алдарына салып берді.
Жылқысын алып Түбін кетті, ағайынның зілді өкпесін
арқалап Абдолда қалды. Өз ағайынын дұшпанға ұрысың деп
жығып беріпті. Ағайынның ар-ұятын, беделін сақтамады.

Жетігендерден жақсылық көрмегендей, өз қолымен ұстап
берді дескен дос-дұшпанның өсегі Абдолданың ауылына,
Шүйдің күзгі қара боранымен ызыңдап жетіп жатты.
Абдолда ел ішінің бірде өсіп, бірде өшіп тұратын әңгіме

дау-дамайын шеше жүріп, қаншама қиыншылықты бастан
кешірді. Сөйтсе, өз басына пәле жинап жүргенін соңынан
бірақ білді. Әрбір қыс жыл сайын өз жаңалығын, өз қиын-
дығын ала келеді. Жағалыға жалпайып, етектіге еңкей-

іп, қыста қысылу, жаз шықса жадырап серпілу үйреншікті
өмірге айналды. Жұт жеті ағайынды, қылышын сүйреп қыс
келсе, өсек-аяңын құрастырып, алыс-жақынның дұшпан-
дары келеді.

Тілеуіттер қоңыр күзде қазақ ауылында шақырулы аста
болып, сый құрметтерін көріп, ауылдарына барса, өздеріне
Бийскідегі уезден қонақтар келіпті. Хал-жағдайларын біліп
қайтқан. Қазақтар біздің ел ғой, олардың жағдайы қандай

екен? Барып көріп хал-жағдайларын білсек деген жоғары-

Пионер Мұхтасыров
дан келгендердің ойына келмейді. Қазақтар – уақытша жан
сақтап жүрген келімсектер. Олар бүгін мұнда, ертең жоқ,
елі-жеріне кететіндер. Шүй бойында қазақ бар ма, бар бол-

са олар керегіндегі мағлұматты жергілікті тілеуіттерден біле
салады.
Тілеуіттер мен қазақтардың көпшілігі ауылы аралас, қойы
қоралас. Алыс-берістері бар, ұрыс-қырыс жоқ, тату-тәтті

өмір сүруде. Қарапайым халықта не бар, отбасының аман-
шылығын тілейді, төңірегіндегі малын бағып, отын жағып,
бала-шағасын асырап, айдан аман, жылдан есен шығып,
күн көргенін қанағат тұтады.

Атқамінерлер арасында ала ауыздық жоқ емес. Бірді екеу,
екіні төртеу қылам деп арпалысып жүргендері. Ебі келген
жерде өтірік-өсекке де жол береді. Ондай қазақтың пысықта-
ры, тілеуіттердің атқамінерлерімен араласып, тамыр, таныс

«нөкерміз» деседі. Көпті білетін кісі болып, өз елінің
осал жерлерін тілеуіттерге жеткізіп тұрады. Абдолда ауылымен
кім жақсы араласады, сыйласады, егер араларына жік түссе не
себептен болды, найман мен керей арасының араластығы

қандайлық – барлығын жеңіл ауыз желікпелер арқылы тіле-
уіттің жансыздары біліп отырады. Олар жоғарыдан келген
жансыздарға көпіртіп, өсіріп, өңдеп жеткізіледі.
Бийскіден келгендердің аса мән бере қадағалайтында-

ры қазақтардың атамекендегі қалған туыстарымен арала-
стықтары қандай деңгейде? Еліне, жеріне қайта айналып
көшеміз демей ме? Атажұртпен келіспесе, қандай себеп-
терден кетісіп жүр – бұларға бәрі керек. Осы жолғы келген

әңгіме іздегендерге жан-жақтағы болып жатқан ұрлық, ба-
рымта-қарымталар өңделіп жеткізілді.
Бийскіден келгендер Шүйді мекендеп отырған халық­
тың ішіндегі бұзақылықтың барлығы Абдолданың бастауы­

мен болып отыр деп түйді. Тілеуіт, қазақ арасының Абдол­
даға қарсы жағынан жиналған өсекке жан кіргізіп, қағазға
тіркеп, қол қойдырып, көптеген материал тауып олжалы
қайтқан.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Бийскідегі уездің бастығына, екінші Шүй болысының
бастығы Юлуков «Шүй болысының жағдайы» деген ра-
порт берген. Онда қазақтың биі деп аталатын «Сарғалдақов

Абдолданың Шүй жеріндегі қылмыстары» деген тақырып-
пен толық мәлімет берілген. Ол рапортқа мән бермеуге
болмас деп түйген Бийскінің уез бастығы Юлуковтың өз қо-
лымен Томск губернаторына Шүй қазақтары керегінде көр-

ген-білгенін тұтас қағаз бетіне түсірткізген. Жазғандарының
дұрыстығына кепілдік беріп, мөр басып, өз атынан Томск
губернаторына жіберген.
Томск губерниясының губернаторы Абдолда жайындағы

материалмен танысып, шара қолданылсын деп документ-
ті прокурорға нұсқады. Прокурор Шүйге губерния арқылы
арнаулы кісі жіберіп, жапқан жаланың өтірік-шындығын
білуге көңіл бөлген жоқ. Бийск уезінің рапортына сүйе-

не отырып, Абдолда заң алдында қылмысты ісі бар адам
ретінде жауапқа тартылып, абақтыға жабылсын деген үкім
шығарды.
Үкім қолдарына тиісімен, қыстың қақаған суығында

қыстауында, бала-шағасының ортасында жайбарақат оты-
рған Абдолданы таң ата келген екі солдат түстен кейін алда-
рына салып айдап кетті. Ауылдағы туыстардың көбі Абдол-
даның басы айдауда кеткенін білмей де қалды. Шәкірт үйде

жоқ. Батталмен бірге Батталдың керейдегі, Туратау еліндегі
қайын жұртына батаға кеткелі үш-төрт күн болған. Үйде-
гі екі ұлы Сәлімжан мен Мұхаметқажы солдаттармен бірге
бармақшы болып еді, солдаттар үзілді-кесілді баруға рұқсат

бермеді. Абдолда абыржып саспаса да, өңі бұзылып, қо-
балжығаны білінді. Алдағы тұрған белгісіздікті ескеріп Ақы
мен Мамашты шақыртып алды.

– Өзім қайта айналғанша ағайын арасының жұмысын Ақы

басқарсын. Шәкіртті сыртқы жұмысқа салсаңдар дұрыс болар.
Мен көп айналатын болсам, біреулерің хабарласарсыңдар,

– деді. Жылап-сықтаған балаларына, бәйбішесіне, ағайын-

туыстарына басу айтып, «болған іске болаттай болайық» деп
жүріп кетті.

Пионер Мұхтасыров
Ежелден белгілі, қыстың қат-қабат жұмысы көп бола­­
тыны, күнделікті таусылып бітпейтін ауыл жұмысын Сәлім­
жан мен Мұқаметқажы өз мойнына алды. Шәкірт әкенің

артынан барып, жағдайын білуге, шамасы келсе босатып
алып қайтуға қыстай дайындығын істеді. Томскіге дейінгі
ұзақ, қатерлі жолға шығуға азаматтың мықтысы, ақылды-
сы, көпті көрген көмпісі керек. Ержүрек, тәуекелге бел бай-

лаған азаматтарды таңдап табу керек болды. Жолдастыққа
осы жарайды-ау деген азаматтармен хабарласты. Әр түрлі
себептермен белсеніп ұзақ жолға шыға алмайтындары да
бар. Баратын кісінің саны мен сапасы күнде өзгеріп отырды.

Ұзақ жолға шығатын сенімді жолдас дайындау, оларға белді,
жұмсақ жүрісті, жуас аттарды табу оңайға түскен жоқ.
Аттардың жем-шөбін жолға алып жүру қиын болған-
дықтан, не де болса көктемді тосып, жерге көк шыға ат-

танғанды дұрыс десіп, қысты дайындықпен өткізді. Алыс
сапарға барып, жол азабын көп көрген ақсақалдардың
тәжірибесін, ақылдарын ала отырып, жолаушыларға апта-
сына да, айына да бұзылмай сақталатын азық дайындалды.

Көптен күткен көктем де келді, жер көктеді. Сәрсенбінің
сәтті күні жолаушыларды жолға шығаратын болды. Дайын-
дық бітті. Дүйсенбіде ұзақ жолға аттанар алдында үлкендерден
бата алып, құдайдан ақ жол тілеп, құрбандыққа мал шалынды.

Айтулы көкқасқа биені сойды. Сәлімжан Қуқай ақсақалға:
«Батаңызды беріңіз» деді. Қасқа айғырдың баласы қасқа
тумаса да, төбел туады дегендейін, Қуқай да ата-бабалары-
на тартқан көпті аузына қаратқан шешеннің бірі. Орнынан

қозғалақтап, сасып қалғандай жан-жағына қарап, «батаны
мына Атшабар, Қожабай, Бұқабай билер отырғанда менен
сұрамас деп бейғам отырып едім. Бұл кісілер рұқсатын бер-
се...» – деп оларға қарап еді, олар «рұқсат, рұқсат» десті.

Сұрасаң берейін батамды,
Кешіре гөр Алла қатемді!
Жортқанда жолдарың болсын,
Жолдастарың Қыдыр болсын,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Елеусіз ебелектен,
Көзсіз көбелектен сақта, Алла!
Кәпірдің кәрінен,

Дұшпанның зәрінен сақта, Алла!
Жолдың жүз бір қатерінен,
Мың бір пәлесінен сақта, Алла!
Алладан ақ жол тіледім,

Абдолданың ісіне сәт бере көр!
Дәм-тұзын елден татқыза гөр, Алла,
Тайғақ жол,
Тар есіктен сақтай гөр, Алла!

Еліміздің ағасын
Тонымыздың жағасын,
Ордасына келіп,
Орныққанға жеткізе гөр, Алла!

Аллауәкпар! – деп батасын берді.

– Сөзімді одан ары жалғастырайын, Абдолдаға үш қай-

тара сәлем дегейсіңдер. Қайын жұрт, құдалары, өзімен бірге
жүрген ауыл азаматтары, жанашыр достары атынан жақсы
тілегін жеткізерсіздер, берген сәлемдемесін берейін. Абдол-
да елім деп еңіреп, желдің өтінде, дұшпанның нысанасында

жүрді. Абдолдаға халқы разы, істеген жақсылығын ұмыт-
пайды, бағалайды, түсінеді. «Арқасына ердің батқанын иесі
білмес, ат білер, ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер»
дегенді, көзбен көріп отырмыз. Абдолданың аяғына кірген

шөңге маңдайымызға кірсін дейтін артыңда елің бар деңдер.
Алтын көрсе періште жолдан қашар деген, мына екі тай тұяқ
күмісті және мына он жақсы аттың бағасына тұратын ділдәні
алып, бір керектеріңе жаратыңдар. Жоқ болса бере алмай-

тын, бар болса көре алмайтын туыс бәрімізде бар. Арттағы
елім менің басыма іс түскеніне қуанып жүр деп ойламасын.
Асқар тауымыз, ағар бұлағымыз. Абдолданың кісілігін өз елі
ғана емес, Алтай тауының төрт бұрышында жатқан моңғол,

керей, найман, түбін елі де біледі. Біздің ел Шүйді мекен етіп
тоқырағанша қайда жүрмедік. Алтай тауын айнала көшіп

Пионер Мұхтасыров
жүрдік. Абдолданың көрегендігінің, көзсіз батылдығы мен
батырлығының арқасында осындамыз. Етекті ел болып,
етек-жеңімізді жинадық. Ағайын ішіндегі ала ауыздарға

тізгін берсек, елдіктен кетіп, еліміз тоз-тоз болып кетуі оп-
оңай. Кешегі күні Абдолда өз ағайынымен өзі алыссын деп,
өзімізге байланысы жоқтай, не болса сол болсынға салып,
көріп отырып көрмеген болдық. Біліп отырып білмегенсіп,

бөрі тыңдауын тыңдап отырып алдық. Ол монтаны отыры-
стың неге әкеліп соққанына енді көзіміз жетті, басқа тиді.
Бұдан былай Абдолдаға кім дұшпандықпен қараса, сол кісі
Шүйде тұрған елдің дұшпаны деп көріп, бәріміз соған қарсы

тұруымыз керек. Абдолда ер, елі үшін күйіп отқа түскен деген
осы емес пе? Елі де елдігін білдіріп оны қорғап қоршауы ке-
рек. Осы өткен қысты аман-есен қыстап шыққанымыз, сол
айтқаныма дәлел емес пе? Күзде Абдолда басы қатып жүрген

кезде Атшабардың үйіне жиналып, Абдолдаға қарап ауызды
ашып отыра бермей, керісінше, бірлік сақтап, елдігімізді
көрсеткеніміз дұрыс болды емес пе. Құс қанатымен ұшып,
құйрығымен қонады. Біріміз қанат, біріміз құйрық болуға

жарасақ, қолымыздан не іс келмейді? Түзу келіп белдесуге
шыдамаған дұшпан, жымысқы әдіс қолданып, сыртынан
материал жиып бергеніне енді көзіміз жетіп отыр. Біреуге ор
қазсаң терең қаз, артынан өзің түскенде сиятын бол деген

емес пе?! Бұл – ертеңін ойламаған надандардың ісі. Тәңір

– біреу, кезек – екеу деген. Аманшылық болса ертең-ақ

дұшпандарын Абдолданың алдына жаздым, жаңылдым де-
гізіп, жығып беру қолымыздан келеді. Тек қауіп-қатерлі
алыс жолдан құдай тілегімізді беріп, аман-есен елге келсін,

– деп сөзін аяқтады.

– Шәкірт қарағым, әкеңе менен үш қайтара сәлем айт,

– деп бастаған сөзін Тұрдыбекұлы Қабдолда ары жалға-

стыра жөнелді. – Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау
ала болса, ауыздағы кетеді деген осы. Біздің бес отыншы-
ның бірлік берекесі кетпесе осындай жағдай болар ма еді?
Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынады деген шын екен. Міне,

арсыз бетіммен алдарыңда отырмын. Жақсының басына іс

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
түссе бекінеді, жаманның басына іс түссе кетіледі. Абдолда
бекінсін, қайратына сүйенсін. Болған іске болаттай болсын.
Абдолда тар есік там босағада жатқанда, бір ауыз сәлемімді

жеткізбей, сәлемдемемді бермей, сендердің беттеріңді көр-
мей жата алмадым. Мына күміс жамбы – жол қаражатта-
рыңа менің қосқан үлесім. Туысқандардың бәрі ит болып,
иесін қауып жүр деп ойламасын, жақыны үшін жақсының

жағасынан алмайтын, аға бауырларым бар деп білсін. Ауру
астан, дау қарындастан екеніне Абдолданың көзі баяғыда
жеткен. Туыстарының жақсылығын да көріп еді, енді жа-
мандығын көргенге Алла жазған екен. Беліне салмақ ауыр

түсіп тұр, майысса да сынбасын. Ер азаматтың ерлігі –
жамандыққа жүнжімей, жақсылыққа семірмей бәрін де бір
қалыпта көтеруінде. Абдолда бәріне де шыдар, еліне де аман-
есен келер деп сенеміз, асыға тосамыз. Өздерің аман-есен

барып, алға қойған мақсаттарыңа жетіп, олжалы қайтуларыңа
шын жүректен тілектеспін, – деді.
Әбен, Қабдолда сөздерінен кейін де көптеген тілектер
айтылып, ас ішіп, енді тарқағалы жатқанда, «сәл тоқтаңы-

здар» деп Шәкірттің шешесі Атшабар қызы Қамила сөйлеп
кетті.

– Балам Шәкірт, Жұлдыз келіндеріңнің сәлемін жет-

кізейін, тыңда. Жуықта кезең асып керейдегі төркініне
барып қайтқанын, Шам сонда қалып қойып, қайын жұр-
тына қолынан келген жақсылығын істеп, соңынан кел-
генін білесің. Ұзақ жолға баруға дайындалып жүр еді, бү-

гін сенімен бірге баратындардың ішінде аты аталмағаны-
на Шам қайын жұртшыл болып кетті деп, Биағам қасына
ерткісі келмегені ғой деп келініңнің көңіліне қаяу түскен
секілді. Ұзақ жолға бармауға сылтау іздегендердің көбі ете-

гінен тартқан әйелдерінің сөзінен шыға алмағандар. Ал
Жұлдыз болса Шамды қайрап, «Әтиімнің қатерлі жолын-
да ер азаматқа сай ерлік істеп атқа мінудің орнына басың-
ды қорғалағаның не қылығың, мен сенің орныңда болсам

Әтиім жолында жанымды қияр едім, – деп Шамның ар-
намысына тиіп отыр. Сенің Шам алыс жолдан шаршап келді

Пионер Мұхтасыров
қалсын дегеніңді, келін қабыл алып тұрған жоқ. Төркінінен
келген асыл бұйымдарын жолыңа ұстасын деп әкеліпті, қа-
был ал, балам. Шамды қасына ертіп барсын, қатерлі жерде

жан ашырың қасыңда болсын. Былтыр жазатайым болмаған-
да Арендабайда қасыңда болатын еді, Алланың жазуы солай
болды өкінішті өмір-ай десейші! – деп тоқтады. Шәкірт
анасына таңдана қарап:

– Жұлдыз әкемнің аса құрметтеген келіні екенін білем ғой.

Өзге келіндерінен ерекше мінезін, адамшылығын біліп жақ-
сы көрген екен ғой, ата мен келіннің сыйластығы жарасып
тұрғанда басқа айтар сөз жоқ. Шам бізбен бірге барсын. Шам-
ды қалсын дегенде менде бөтен ой болмап еді, аялағаным еді.

Жұлдыздың адал ниетін де жол-жоралғысын да қабыл ал-
дым, – деп Шәкірт ризашылығын білдірді.
Шүйдің атқамінерлері, билері, байлары ауылдарына
қайтысты. Сәрсенбі күні, сәтті күн деп, барлығы қайта жи-

налысып, Шәкірт, Шам, Әбілғазы, Кәжен төртеуін жете-
гіндегі төрт құр атқа артынып, тартынған жолаушыларды
бір түстік жерге шығарып, баталарын беріп, жолға салып
қайтты.

Әрине, Томск – алыс жер. Шүй қазақтарының мұндай
алыс жолға атпен аттанулары бірінші болғандықтан, қажыға
бара жатқаннан кем болған жоқ. Жолаушылар қанша уақыт
жолда жүреді, жеткен жерде қанша уақыт болады, бәрі бел-

гісіз. Жол жөнекей қайда қонады, жолаушыларды тонағыш
қарақшылар бар шығар, олар кез болса қалай құтылады,
қойшы, ауылда қалғандарға уайым қылатын себеп көп, бәрі
белгісіз жұмбақ.

Жолаушылар асықпай, айға жуық уақыт жол жүріп, аман-
есен Томскіге де жетті. Бір жұма қаладан шеткері, аттарына
жайлы жер, өздеріне пәтер іздеп тауып орналасқаннан кей-
ін, арнаулы келген жұмыстарына кірісті. Барғандарға орыс-

ша сөйлейтін, қазақша түсінетін Ресейдің заңымен таныс,
заң орындарымен, билік орындарынан хабары бар кісі ке-
рек болды. Ол кісі губернаторға да қай жағынан жақындап,
қалай сөйлесуге болатынын білетін болуы керек. Алдымен

қаланың шетінде тұрып малмен күн көріп отырған қа-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
зақтармен кездеседі. Солар арқылы оқуды орыс мектебінде
бітірген, недәуір дәрежелі канцелярийде жұмыс істеп жүр-
ген татар жігітін – аудармашыны жалдап алды.

Шәкірт татар азаматымен танысып алғаннан кейін:

– Сенің атың енді Перебодшік болсын. Мені ең алдымен

губернатордың күзетшісімен таныстыр, одан арғысын кү-
зетшімен ақылдаса келе көрерміз,– деді.
Пәтерлерінен тобымен шыққанымен, Перебодшігін
ертіп алып губернатордың ауласына Шәкірт өзі ғана кірді.

Аулаға жақындағаннан-ақ ар жағынан күзетші шыға келді.
Шәкірт «здрасти» деп бірден қолын берді. Қолымды бе-
рейін бе, жоқ па, деп әреңге созған қолына бір ауыр нәр-
се түскенін күзетші сезді. Қолын өзіне тартып жұма қойды.

Теріс бұрылып немене екенін көріп алды.
Жылы шыраймен Перебодшікке қарап, «не жұмыспен
жүрсіңдер?» деді. Шәкірт губернаторға барып кездесуге
жағдай жасауын сұрады. Перебодшік пен күзетші көп сөй-

лесті. Сөйлескендерінің мағынасы, губернаторға кіру оңай
іс еместігі төңірегінде. Мына надан қырдың қырғыздары
губернатордың өзін қойып, төменгі көмекшілерімен кезде-
судің өзі оңай еместігін түсіне ме? Тілмаш қарапайым адам-

ның губернаторға кездесуінің қаншалықты қиын екендігін,
тілі, білімі жеткенінше түсіндірді. Бірақ Шәкіртті алған
беттен қайтара алмады. Шәкірт болса губернатордан басқа
кісімен кездесудің қажеті жоқ дейді.

Қарапайым күзетшінің үлкен төреге кіргізу қолынан
келмейтіні белгілі болды. Күзетшінің шамасы өздерінің
бастығымен кездестіруге ғана келді.
Қолы майланып, өзінің бастығы да сый-сияпаттан құр

қалмайтынына көзі жеткен күзетші жұмысты тез арада
бітіріп, екі күннен кейін бастығын Шәкіртпен жолықты-
рды. Күзетшінің бастығы да өз дәрежесіне сай сыйлығын
алып, Шәкіртті губернатормен сөйлесіп, бір жұманың ішін-

де қабылдатты.
Губернаторға кіргенде, өзі шақырғанша артымда қал деп,
Перебодшікті қалдырып, Шәкірт жалғыз кірді. Губернатор

Пионер Мұхтасыров
орнынан тұрып келіп, еуропа тәртібіне сай мәдениеттілігін
сақтап, жылы жүзбен қолын беріп амандасты. Шәкірт губер-
натордың алақанына бермекші болған асылын тәуекел деп

салып, қолын қысыңқырап, біраз тұрды. Здрәстиін айтып,
«мен – Абдолданов Шәкірт» деп бетіне қарады. Губерна-
тор Шәкіртке бір қарап, есікке бір қарап, қолындағысын
алдындағы тартпалы суырмасына салып, бір қарап қойды.

Отыр деп көлденең тұрған орындықты Шәкіртке нұсқады
да, өзі орнына барып отырды.
Губернатор тіл білетін шығар деп Шәкірттен келген
жұмысын орыс тілінде сұрады. Шәкірт мандытып орысша

жауап бере алмады, менде тілмаш бар деді.
Губернатор секретарін, тілмашті және бір сенімді ада-
мын шақыртып алды. Мына алыстан келген қырғыздың не
жұмысы бар, асықпай тыңдап, протоколға түсіріп алайық

деп тілмаш арқылы не жұмыспен келгенін сұрады.

– Жоғары мәртебелі губернаторға келген сұрағым түсінікті

болсын. Күнде кездесіп тұратын жағдайымыздың жоқтығын
сіздер түсінерсіздер. Алдымен біздің тұрмыс хал-жағдайы-
мызды білдірейін. Қазақтың Шүй бойына қашан келген-
дігін, не себепті Шындығатай жерінен көшкендігін толық

жеткізейін, – деп асықпай, бар жағдайды айтып шықты.
Бұрынғы отырған Шындығатай болысынан кеткендіктен
ондағы билер халықтың сұрағына жауап бермейді. Келген
жеріміз – Бийскі уезіне қарайтын екінші Шүй болыстығы.

Оларға сұрақпен барсаң, сендер келімсектер, біздің жерде
уақытша отырсыңдар. Сендердікі деген жер жоқ болған-
дықтан, бір күн онда, бір күн мұнда, көшіп жүрген тұрақсыз
халықтың қандай сұрағы болса да біз шешпейміз, Томскі-

дегі губернаторға барыңдар. Қазақтың жері деген тұрақты
мәңгілік жерлерің болуы керек. Тұрақты мәңгілік жер бөліп
беру, губернатордың қолынан ғана келеді дейді. Өзіңіз
білетін болуыңыз керек, тегіндегі орнықты ата-бабамыз-

дан бері отырған жеріміз – Шындығатай уезінің Шабанбай
жайлауы. Жоғарғы мәртебелі патшаның отбасы ол жерді
алғалы отыз-қырық жыл болып қалды. Жерсіз қалған соң,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Шүйге көшіп келдік. Сол уақыттан бері Бийск уезінің Шүй-
дің екінші болыстығына қарасты Шүйдің жерінде тұрып
жатырмыз. Қайда тұрсақ та Ресей империясының, Томскі

губерниясына қарасты, сіздің әкімшілігіңіз жүретін жерде
тұру Алладан бұйырған екен. Бірақ меншікті жеріміз жоқ.
Сіз сол мәселені шешіп, біздің елге Шүй бойынан жер бөліп
берсеңіз екен, бұл – бірінші сұрағым.

Екіншісі, мен сізден, әкем Сарғалдақов Абдолда
Қалдеке ұлын абақтыдан шығарып беруіңізді сұрап кел-
дім. Ол кісіге жапқан жаланың барлығы өтірік. Қалде-
кеұлы Абдолданы елімен Шүй бойынан қуып шығу мақ-

сатын көздегендердің құрастырған ісі. Өзіңіздің атыңыз-
дан тексеру жүрсе, өтірік материал екендігіне көзіңіз әб-
ден жеткен болар еді. Әттең, ол оңай іс емес, жер шалғай.
Тұрақты жері жоқ, панасыз, азып-тозып, көшіп жүрген

елдің басын құрап жүрген әкемнің абақтыға жабатындай
өкімет алдында, халқы алдында қылмысы жоқ. Егер біл-
местіктен жолдан тайған жері болса, сізден әкем атынан
кешірім сұраймын. Әкемнің қылмысының ең үлкені Шүй-

де тұрақтап қалған қазақтарды басқа жерге көшіріп алып
кетпеуінде. Көшіп кететін жердің жоқ екенін білесіз.
Сондықтан сіз жер мәселесін шешсеңіз, әкем жөніндегі сұрақ
өзінен-өзі шешілгелі тұр,– деп Шәкірт сұрағын аяқтады.

Шәкірттің қойған сұрақтарына губернатор екі күннен
кейін жауабын берді. Ол жауаптың мағынасы жер туралы
мәселе – бүгін ертең шешіле қоймайтын күрделі мәселе.
Арнаулы жер жұмысында істейтін адамдармен, жергілікті

халықпен біріккен елші шығарылып, келешекте жер береміз
делінген.
Сарғалдақов Абдолда Қалдекеұлын абақтыдан босатсын
деген нұсқау берілді. Абақты тәртібіне сәйкес іс қағаздарды

прокуратураға барып біліп, жөндеп аласыздар деді.
Губернаторға басын иіп, рахметін айтып, сол күні Шәкірт
абақтыдан әкесін шығарып алды. Тар есік там босағадан
шыққанына Абдолданың қуанышында шек жоқ. Шығарып

алғанына Шәкірттер де қуанышты. Ақсарбастарын атап

Пионер Мұхтасыров
сойып, келгеннен бері таныс-көріс болып қалған елмен ас-
суларын ішіп, көңіл күйлері жадырап бірер күн өтті.
Губерниялық

прокурордың
Абдолданы
абақтыдан
шығарғанда берген қағазын, көңіл орынға түскеннен кейін,

асықпай оқып көргенде, әлі де ілгешек бар екендігіне көз-
дері жетті. Абақтыдан шығарғанда, ол қағаздың мағынасын
тілмашке прокурор қадағалап түсіндірген екен. Абақтыдан
шыққан кездегі көңіл күйге, көлеңке түсіргісі келмеген Пе-

ребодшік енді жайымен жеткізді.
Ол қағазда: «Сарғалдақов Абдолда Қалдекеұлы уақыт-
ша үш айға босатылсын. Үш айлық уақыт біткенше,
Бийскі уезінен, екінші Шүй болысынан Сарғалдақов

Абдолда Қалдекеұлының бұрынғы істеген қылмыста-
рын қайталамай-тынына сенеміз. Қайталанған күнде
біз жауапты боламыз», – деп кепілдік бердік деген мөр-
лері басылған документ керек. Ол документ Томск гу-

берниялық прокурорына табыс етілуін Сарғалдақов А.Қ.
тарапынан міндетті түрде орындалуы керек. Егер олай орын-
далмаса, үш ай өткеннен соң Абдолданы қайта абақтыға жа-
уып, мәселе сот арқылы шешіледі делініпті.

Абдолда істің әлі де арты бар екенін түсінгеннен кей-
ін Шәкіртке губернаторға қайта кірмей болмайды-ау деді.
Қандай жолмен болса да келген жұмысты бітірмей кетуге
болмайды.

Қоштасып рахмет айтқалы келдім деп, Шәкірт бұрынғы-
дан да салмақты сыйлықпен, ұлы мәртебелі губернаторға қай-
та барып жолықты. Губернатор өзінің секретарына керекті
документті жаздырды да, Абдолдаға қол қойғыз деп, Пе-

ребодшікке берді. Қол қойдыратын документтің мағынасы
төменгідей еді.
«Қар қалың жауып, мал жұтаған жылдары, матқапы
жағдайда малға өріс іздедік. Ауылдас отырған Тілеуіттердің

жерінен басқа жер жоқ. Жер иесінен мал жаюға рұқсат
алуға уақыт жетпейді. Басқа лаж болмағандықтан, рұқсат-
сыз қыс ішінде көшіп барып, малды қыстатқан уақыттар
болған. Мен Сарғалдақов Абдолда, өзіме ерген халқым-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
ның малын, ауылдас жатқан халықтың жеріне қыстатып,
мазасын алып тұрғанымды мойындаймын. Абақтыдан бо-
сап шыққаннан кейін, биліктен өз еркіммен босап, орны-

ма халықтың жақтырған кісісін сайлатам» – деп жазылған
қағазға қолын қойып берді. Алла енді тар есік там босаға-
дан аулақ қыла гөр деп губернаторға рахметін айтып, қо-
штасып, елге қайтуға болатынына көзі жетіп, көңілі жай

тапқандай болды да, қасындағы жанашырларына біраз
сыр шертті.

– Сендер ер жеткенше елге ие болып, ыстығына күйдім,

суығына тоңдым. Енді қартайған шағымда өсек-аяңнан ау-
лақ болғаным да дұрыс шығар. Абақтының «кірер есігі кең,
шығар есігі тар» деген шындық осы.
Алла енді бұл есікті қайта көргізе көрме десіп пәтерлері-

не келді. «Бостандықтың қадірін қамалғанда білерсің» де-
генді бастарынан кешірді. Арқалары кеңіп, тағы бір жұма
дем алғаннан кейін келген жұмыстары біткен, көңілдері кө-
теріңкі елге қайтты.

Елге қайтқан мезгілдері жадыраған жаздың ұзақ күні.
Елдің арқа басы кеңіген, малы семірген, биесі байланған.
Қазақтың кең дастарханы жиылмайтын кезі. Елді таныма-
са да алыстан байқап, әлді ауылды сыртқы көріністерінен

таниды. Қонақ таңдап қонадыны ескере білетін жолаушы-
лар елдің беделді азаматтарымен танысты. Қысылмай кеңі-
нен асықпай жүрді. Сарыарқа қазақтарының сыйлы қонағы
болды. Жүре-жүре атамекен Шындығатайға да жетті.

Абдолдалар Шындығатайда біршама болып, аттардың
белін суытып, Ережептің үйіне бата істеп, аттанған жөн бо-
лар деп Томскіден шығарда айтқан болатын. Сол мақсатты
орындау үшін Әбдікерім ауылына келе жатыр.

Үлкен Нарыннан шыққан жолаушылар асықпай күн ба-
тар алдында Қара Жұртта отырған Әбдікерімнің ауылына
жетті. Ережеп дүниеден өткелі бес-алты жыл болды. Абдолда
батаға келе алмаған еді. Бірде келісіп, бірде кетісіп жүретін

ағайын, торқалы той, топырақты өлімде өкпе-назды ұмы-
тып, бет көрісетіні – қазақтың дағдысы. Ережепке бата істеп,

Пионер Мұхтасыров
Әбдікерім мен Шәкіртті жақын таныстыру үнемі Абдолданың
көкейінде жүретін. «Ой бауырымға» салып, дауыс шығарып
келетін жаңа шыққан өлім емес. Ережептің ордасына түзу

барғанымыз келіспес деп, Әбдікерімнің үйіне түскенді жөн
көрісті де, сонда келіп түсті.
Әбдікерім Абдолда абақтыға түсіпті дегенді жүрген-
тұрғандардан естіген. Тыстағылар ұзақтан келе жатқан қо-

нақтар секілді, танымадық, жетегі бар бес адам келе жатыр
десті. Бұлар танымайтын кім болды екен деп Әбдікерімнің
өзі тысқа шыққан. Абдолда ақ орданың сыртындағы кер-
меге жақындап келіп, атынан түсті. Шылбырын қасындағы

жолдасына ұстата салып, кім де болса қарсы алайын деп
келе жатқан Әбдікерімді құшақтап амандасты. Қалғандары
да Әбдікеріммен құшақ жая амандасып шықты.

– Әбе, сізді әрең таныдым емес пе, үйге кіріңіздер, төрге

шығыңыздар,– деп Әбдікерім жылы жүзбен карсы алды.
Аман-саулықты сұрасып болып, бел шешіп, жайланып
отырысты. Алыстан келген жолаушылармен амандасамыз
десіп ауыл ақсақалдары да жиналып қалды. Қонақтарға

арналған малға бата істеліп, тегене-тегене қымыз құйыл-
ды. Ақсақалдар әңгімені қай жағынан, кім бастар екен
десіп отырғанда, Мұса әңгіме қонақтардан деп Абдолдаға
қарады. Қонақтан болса айтайық деп Абдолда әңгімесін

бастап кетті.

– Әбдікерім, сен мені алғаш аттан түскенде жыға таны-

маған секілді болдың. Оған сөгіс жоқ, мені соңғы көргенің,
Ерекеңді Томскінің абақтысынан шығарып үйге келгенде
амандасуға Шүйден біз де келгеміз. Елге аман-есен келген-
дігіне арнайы тілеу тіледің. Сол тілеуде кездескеннен кейін

көріскеміз жоқ. Одан бері де көп заман өтті. Ат-көлік аман
ба дегеннен басқа көп сөзге бармай, көңілге келетін жайсыз
сұрақ аузымнан шығып кете ме деп, күмілжіп отырғаныңды
біліп отырмын. Ел құлағы елу, менің Томскінің абақтысы-

на түскенімді естіген шығарсың,– деп Әбдікерімнің бетіне
қарап еді.

– Иә, жамандық жата ма, естідік,– деді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Естісең сол Ерекең барған жерден шығып келе жатқан

бетіміз осы. Ережеп болыстың ісі деп ауыз толтырып ай-
тып жүргендері, ұсақ-түйектен құрап, есебін тауып, ел беті-
не дардай қылып көрсеткен бірдеме деп естігем. Бұл біздің
заманымызға дөп келген, ақ патшаның саясаты деп байқа-

дым. Осыдан екі жыл бұрын Жазотырдағы аз ғана дәулетке
бас болып отырған Тоқтамыс ақсақалды да абақты деген не-
мене еке­нін көр­сетіп қайтарды. Мені бір үлкен қылмыскер
ретінде қыс ішін­де, ай­лық жерге атпен айдап апарды. Том-

скінің абақтысында менен екі-үш ай бұрын түскен Көкше-
таудың бір биі, Керекудің бір биі бар екен. Солармен таны-
сып, әңгіме­лесіп көп нәрсеге көзім жетті. Олардың айтуын-
да, ел бастаған азаматтардың абақтыға кірмегені кемде-кем.

Құнанбайға, Абайға жала жауып, абақтының есігін
екі-үш жылдай тоздыртқан патшаның ұзын құрығы, бізді
қойсын ба десіп жаттық. Басқа түскен баспақшыл, тір-
шілікте адамның көрмейтіні де, көнбейтіні де болмай-

ды екен. Өзіммен бірге дәм қосып, абақтыда жатқандар-
дың көрген-білгендерін естіп, көп нәрсеге көзім жетті.
Басымнан кешкен кейбір жағдайларға басқаша көзқа-
распен қарайтын болдым. Содан түйгенім – бәрі бізді

басқарып отырған «шіноуніктердің» қылығы. Қиыр жай-
лап, шет қонып жүрген қазақтарды және онымен жерлес
халықты, біріне-бірін айдап салып, қай жеңгенің менікі деп
қызығына қарап отыратын секілді. Тайталасқа түскен екі

жақты кезекпен қолға түсіріп алып, өзінің кім екенін таныт-
тым-ау дегенде, кең пейіл, кешірімшіл бола қалатынын бай-
қадым. Ары жат, бері жат – төсектің тарлығынан, ары көш
бері көш – жердің тарлығынан болғанын бастан кешірдік. Өз

заманында Қалдеке әкем осы Катонда, Марқакөлде тұрған
алты қаратайдың үлкендеріне «жерге тарлық қылдыңдар,
құлжабайларды шетке шығардыңдар» деп өкпе сайлап өтіп
еді. Енді ойласам, ол кісінің арғы жақтан келіп жатқан ал-

пауыттың аузына түсіп кеткенімізді бағамдауға өресі жете
бермеген бе деп түйдім.

Пионер Мұхтасыров
Абдолдалар Ережептің үйінде, сол ауылдағы беделді
ақсақал­дардың үйлерінде бірнеше күн бой жазып, дем
алған­нан кейін Шүйдегі еліне қайтты.

Шәкірттер арыстанның аузынан, түрікпеннің түбінен,
әкесін аман-есен елге алып келіпті, деген хабар ауылдан ауылға
тез тарқады. Туыс жанашырға сүйінші, қуаныш әкеліп, көре
алмас дұшпанға күйініш әкеліп, Шүйдің бас-аяғына бірақ

күнде жетті.
Аманға келгендер аяқсыған кезде, арнаулы ақсарбас сой-
ылып, тілеу өткізілді. Абдолда тілеуге жиналған халқына ой-
ындағысын бүкпей толығымен жеткізді.

Өзі жасы ұлғайып, денсаулығы да азайып, өсек-аяңнан да
қажығанын айтты. – «Төбесіз жер болмайды, төресіз ел бол-
майды» енді билікті қойып, жолды жастарға берейін, – деп
отырмын. – Құдайға шүкір, ортамызда ел бастайтын бедел-

ді азаматтар баршылық, кімді нұсқайсыздар, ойларыңызды
ортаға салыңыздар,– деді.
Халық ойда-жоқта айтылған мына байлауға не дерін біл-
мей, үнсіз отырып қалды. Біраз жөткірініп, бірдеме айтқысы

келіп отырғанын білдіріп, тізерлеп отырып алғаннан кейін
Байғожа сөз бастап кетті.

– Абдолда қартайған шығар, шаршаған шығар, сену-

ге болады. Шәкірт даяр тұрған би емес пе. Жас та болса
Шәкірттің көргенін, жүргенін, істегенін, ұлғайғандардың
біреуіміз көргеміз де, жүргеміз де, істегеміз де жоқ. Оның
ақылы, білімі, қажыр қайраттылығы бір кісіге жетерлік.

Дауға салсаң шешен, жауға салсаң батыр, басқа кісі ту-
ралы ойлаудың керегі жоқ. Шәкірттің тындырып жүр-
ген көп істерін тізбей-ақ қояйын. Жердің жеке түбінен
әкесін іздеп барып, із жолын тауып алып келгенінің өзі

әркімнің қолынан келе бермейтін ерлік емес пе? Кірерде
кең, шығарда тар есіктің кілтін тапты. Ұлы халықтың тілін
біліп ерлікпен ептілікті дөп келтіре, қолдана білді. Әке ал-
дында балалық борышын адал бітірді. Адамшылық жолын-

да елінің құрметіне бөленерлік, қадірлі іс бітіріп келді. Би

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
болатын азаматымыз деп бағалаймын, басқа ойларың болса
айтарсыздар, – деді.
Тағы да кім не айтар екен деген, бірін-бірі аңдыған үн-

сіздік пайда болды. Біраздан кейін, басқа бөтен ой жоқ секіл-
ді Шәкіртті би сайлағанымыз жөн ғой дескен жамыраған
дауыс шықты.

– Ойларыңыз түсінікті болды, Шәкіртті жер-көкке сый-

ғызбай мақтадыңыздар, би болсын деп сенім білдірдіңіздер.
Халқы сенім білдіріп қадірлесе, Шәкірт те соған сай еңбек
етуі керек, халық сенімін ақтауы керек. Бірақ халқына би бол­
ған кісі ғана көрнекті еңбек етеді деп түсінген дұрыс емес. Ер

азамат елі үшін еңбегін сіңіріп, ерлігін көрсететін ни-
еті болса, күш-қайратын, ақылын, абыройын жұмсайтын
жер табылар. Шәкіртке сенім білдіргендеріңізге сіздерге
алғысымды айта отырып, бүгінгі жағдайда, би бола алмай­

тын себебін ашып айтайын. Біріншіден, Шәкірт осы жолы
мені абақтыдан алып шығуға барғанда, Томскідегі губер-
натордың өзімен бетпе-бет кездесіп ауызба-ауыз сөйлесті.
Өзіміздің алдынан қағазбен хабарласып, жер сұрап жүрген

мәселені жоғары мәртебелі губернаторға иін қандырып
жеткізді. Шәкірттің дәлелімен айтылған уәжіне үлкен адам
қарсы айтпай көнді. Жылы жүзбен дұрыс жауап берді. Шүй
бойынан жер беретін болды. Әрине, ол бүгін айтып, ер-

тең бітетін жұмыс емес. Жерді беруге болады екен дегенді
түсіндірудің өзі қаншаға созылды. Енді арнайы жер өлшеп
беретін кісілер келетін болды. Мынау қазақтың жері дегізу
оңайға түспейді. Жерді бөліп берейік дейтіндер азшылық.

Жерді бермеу керек дейтіндер көпшілік. Бұл күрделі жұмыс,
ол ойдағыдай шешілгенше, әлі қанша уақыт керек бола­рын
бірінші құдай, екінші губернатор біледі. Сондықтан осы
жер жұмысымен, Томскіге әлі де неше қайтара бару керек

болады. Шәкірт жол көріп, қандай есіктен кіріп, қандай
есік­тен шығатынын біліп қалды. Шәкіртті сол жер жұмы-
сына сал­сақ. Ол сол жұмысты абыроймен бітіре алса, Шүй
қазағына одан артық жақсылық бола ма?! – деп тоқтады.

Пионер Мұхтасыров

– Сіздің абақтыға барғаныңыз қандай жақсы болған,–

деп Теке отырғандарға қарады. Мынауың не дейді десіп елдің
бәрі Текеге қарады. Теке немене айтпақшы болғанын одан
ары жалғастырды.

– Қаһарлы қыстың артынан жадыраған жаз келетіні

секілді, бір жамандық болса артынан жақсылық болып
жататынын өмірден көріп жүрміз ғой. Сіздің басыңызға іс
түспесе, Шәкірт Томскіге барып ұлы мәртебелі губернатор-
мен жуық арада жолыққан болар ма еді болмас па еді, құдай

біледі. Не нәрсенің қайырлы болуын Алладан тілесең береді
деген осы емес пе. Қауіп-қатерлі жолдан олжалы қайтыпсы-
здар. Орыс ойына келгенін істейді демейміз бе. Жер береміз
деген ойынан ғана емес, аузынан шыққан екен. Ендеше ерте

ме, кеш пе, әйтеу береді деп сенуге болады.
Бәсе, Текең Абаңа абақтыға барғаның жақсы болды деп
айтпаса керек еді десем, барған жол жолаушылардың сағын
сындырмай, беделдерін арттырып келгенін айтпақшы екен

ғой, дұрыс баға, дұрыс десті жиналғандар.

– Енді Шәкіртті билікке сайлауға болмайтын екінші се-

бебін айтайын. Алла бұйыртса, Шәкірт Мекеге, қажылық
жолына барғысы келеді. Ол бүгін дайындалып, ертең жүре бе-
ремін дейтін жол емес. Меккеге сапарға шығу үшін қазақ жеріне
айымен жүріп, келешектегі жүретін жолын зерттейді. Жол-

дасын тауып, қаншалықты жерге атпен жүру керек. Отар-
баға қандай қалада отырады, теңізбен жүретін жерге қа-
лай жету керек. Жол қаражатын тауып алуы керек. Алдын
ала анықтап алу керектігін білесіздер. Алдында не бары

белгісіз, бұрын жүріп көрмеген жолға шығу оңай емес.
Дайындықтың өзіне бір-екі жылдай уақыт керек болады
деп айтысады. Дәм тартып ұзақ сапарға аттанса, бір жыл-
да үйге келсе жақсы, мүмкін, одан да көп жүрер. Бәлен-

дей күнде барып келем деп күн кесіп айтатын жер емес.
Шәкірт үй арасындағы таусылып бермейтін өсек-аяңнан
аулақ болсын. Алдына қойылып отырған екі міндетін іске
асыра алса, ол да аз емес. Шүй қазағын билеу Қалдеке тобы-

на ғана жазылған үлес деп түсінбеңіздер. Құлжабайдың басқа

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
аталары Шүйді мекендеп отырған басқа рудың білімді би­лері,
байлары баршылық. Бірақ, сіздер ешкімді атамадыңыздар,
сондықтан мен өз ойымды ортаға салайын. Бес отыншы­ның

бірі бұйдақан тобынан Ақыны биге сайлап алсақ. Ауырсын-
бай алып жүріп кететін қажыр-қайраты бар, асып-саспай­тын
сабырлы мінезі бар. Ақыл тоқтатқан жігіт ағасына келген
жасы бар. Ел ішінің келелі кеңестерінде ұтымды кесек ой-

ларымен көзге көрінген. Еліміздің ішіндегі әр рудың осал,
мықты жерлерін қыры мен сырын жақсы біледі. Араб­ша
сұлу жәзитті бітірген білімі бар.
Жиналған көпшілік Абдолдаға қарсы ешнәрсе айта алма-

ды, осыдан былай арнайы сайланған би Ақы болды.
Ел ісіне ерте араласып, абырой атағына кір келтірмей, не­
ше түрлі дауларды шешкенде, Шәкірттікі жөн дегізіп жүрген-
діктен, іс жүзінде халқына сенімді би Шәкірт болды. Себебі

елі, ауыл арасының дау-шарын шешеді. Сырт жақтың же­сір
дауы, барымта қарымтасы араласқан дауларды шешуге көп
тостырмай тез арада қол ұшын береді. Өсекті алдын ала өрт
өшіргендей сөндіріп, үлкен дау шарға жол бермейтінін баға-

лаған ел Шәкіртке баратын болды.
Бірде Шәкірт Ақыға барып: «Би аға, сіз халық сайлаған
атақты бисіз. Сізді сайламай тұрғанда, әкем мені анаған ба-
рып келші, мынаны бітіріп келші деп әр түрлі жұмыстарға

жұмсайтұғын. Мен әке тілін қайтармай бара беріп, әкемнің
жұмысын жеңілдетіп жүрсем керек. Кейбір кездерде әкем
үйде жоқта өз бетіммен барып жүрдім. Халық мені атақсыз
би етіп алды, әр түрлі сұрақтармен келгендерін әлі де қой-

маған. Мен би емес, бидің өзіне барыңдар десем, ол кісі-
ге ісіміз түсіп барып көрмеп едік. Осы жолы сөйте салшы,
осы жолы бүйте салшы деседі. Жасы бар, кәрісі бар үйден
шықпайды. Келгендердің көңілін қимай сіз биге сайланған-

нан кейін де бірқанша жерге бардым. Сіз шешетін дауларды
шешіп келдім. Бұдан ары халықты өзіңіз қабылдаңыз, сізге
келген жұмысым осы, – деді.

– Мен оны көріп-біліп отырмын. Шәкірт, сен қысылма,

әкең билікті қойдым, өздерің би сайлап алыңдар дегенде,

Пионер Мұхтасыров
елдің аузына бірден сенің атың түскені тегін емес. Халықта
«билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деген нақыл бар.
Біліп айтатыныңа көздері жеткендіктен, сені билікке сайлап

алғылары келді. Шүйден жер сұрап алатын ауыр мәселені
мойныңа алдың. Халқың ниетіңді дұрыс деп Әбеңнің уәжі-
не көнді. Бірақ сен көзге көрініп тұрғанда, үйреніп қалған
елің саған бара береді. Сен олардың жұмысын бітіре бер.

Менің билігіме таласып жүр деп, ағаң ренжіп жүрер деп
ойлама? Сен жоқта маған келмей қайда барады. Сол күнде
дұрыс шешім шығарып, би екенімді көрсете алсам, сол да
жетер. Қазаққа жер алып берсең, сол жерді мекендеген ха-

лықты сен басқармағанда, кім басқарады. Мен сенің сырт-
тағы алға қойған мақсаттарың біткенше елге ие бола тұруға
жарасам болады ғой. «Қой асығы деме, қолыңа жақса сақа
тұт, жасы кіші деме, ақылы асса аға тұт» деген ата-баба-

мыздан қалған сөз бар. Алдымнан өтіп, бетіңді ашып ал-
дың. Би ағам не дейді деп жасқанба, халықтың сенімін
ақтай бер. Құдайым саған қуат берсін, еліңе елеулі, жұр-
тыңа қалаулы бол. Қайда жүрсең де періштең қолдасын,

ақ жол тіледім, Аллауакпар,– деп батасын берді.
Абдолда ендігі қалған ғұмырымды басым бос, өсек-аяңнан
аулақ өткізетін шығармын деп ойлаған. Бірақ оның бәрі
алдамшы сезім екен, тыныштықта өмір сүру­ді Абдолда­ның

маңдайына Алла жазбапты. Ауылда жесір дауы тағы баста-
лып кетті. Абдолда би болып тұрған уақытта дау қай ауылдан
шықса да лажсыз араласуға тура келетін. Енді Абдолда би
болмаса да, қып-қызыл даудың ішінде өзі болатын болды.

Арғы тегі қаракерей, одан қожамбеттің Жарболдысы­ның
немересі Сырлыбайдан тараған ұрпақты халық самайлар деп
атап кеткен. Самайдың бір тобы Бөкенің Байсалынан туған
Маңдайдың Қасипа атты бойжеткен қызы қалыңмалы бері­

ліп атастырылып қойылған. Сол кездегі қыз ұзату дәстүрі­мен
бұйрықты күні алушы жігіт Қали Қасипаны аулына алып кел-
ген. Қали – сарғалдақтың сарысының бір ұлы Қол­қамбай,
одан туған Қалтыр, одан туған Жапы деген кісінің ұлы.

Ауылда кәдімгідей келіншек алған той өтіп жатқан. Шүйдегі
қазақтардың ескіден сақталған дәстүрі – келін түсірген той

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
айтыссыз өтпейтін. Екі еркекке қарсы екі әйелді отырғызып
таң атқанша айтыстыратын. Айтысты елін жақсы танитын,
сегіз қырлы, бір сырлы пысық жігіттер басқаратын. Айты-

суға отырғандардың рулары әр басқа болуы керек. Бір рудан
тарағандар айтысуға болмайды. Жастардың әттеген-ай кез-
дессемші дейтін арманы айтыста орындалып жүретін.
Сәлімжан Қасипаны үйінің оң жағында отырған-

да алып қашып алуды бір ыңғайына келтіре алмаған. Өзі
Абдолданың үлкен ұлы, би болмаса да, би түсетін үй­
дің бірі. Үйінде әйелі бар, ержетіп келе жатқан балала-
ры бар, жігіт ағасы болып қалған Сәлімжанды, қызды

ауылды жағалап жүр деген ешкімнің ойына келмеген.
Маңдай ауылына барып жүргенін ел көріп білсе де, неге
жүргеніне мән бермеген. Соңғы кездескенде әке-шешең­
нен қорықпай, еліңнен ұялмай, алып кете алсаң, мен дай-

ын деген қыздың жауабын алған. Сәлімжанның әке не
дейді, ел не дейді деген ой санасына кіріп шықпады,
ғашықтықтың уына уланған, ақыл-естен айырылды.
Сәлімжан ебін тауып алып қашам деп дайындық істеп

жүргенін Маңдай ауылы сезіп қалған секілді. Қыз уағда-
лы күніне жеткізбей тез арада Қалиға ұзатылды. Кетер қыз
кетті, Сәлімжан елді шуылдатпай, ғашық отын өзі сөндірсе
жөн еді, бірақ олай болмады. Отқа қарсы ұшқан көбелектей

Қасипаның артынан тойлы ауылға тездетіп жетіп барды да,
елді бүлдірді. Жылпос, тілін алатын жігітті талдың ішіне жа-
сырын ұстаған. Жастар келінді ертіп серуенге талдың іші-
не кіргенде, Қасипаның киімін жігітке киіндіріп, оң жаққа

отырғызып қойған. Түннің қараңғылығын пайдаланып, Қа-
сипаны Сәлімжан алып қашып кеткен.
Келіншек алған жігіт әке-шешесін қуантып, келіншегін
үйге, ауылына әкелуші еді. Сәлімжан олай істей алмады.

Алғанын ешкімге көрсетпей, жасырынуға мәжбүр болды.
Қазіргі таңда Сәлімжанды қолдайтын, сен келін түсірдің
деп қуанғалы тұрған ата-ана, туыс-туған жоқ. Екі ғашық
сарғалдақтардың ортасына өрт қойғандарын біледі. Елге көрі-

нер беттері жоқ, жасырынып, тау-тастың қуысын пана­лап
күн көруге тура келеді.

Пионер Мұхтасыров
Қазақтың «Қызға кім сөйлеспейді, қымызды кім ішпейді»
деп, қызға қырындаған жігіттерге кешіріммен қарайтыны
белгілі. Ондай жағдайға көріп тұрып көрмегенсу, біліп тұрып

білмегенсу бола береді. Бірақ той үстінде оң жақтан келінді
алып қашу – келін түсірген ауылды басынғандық, қорсынған-
дық. Ата жолын бұзған бұзақылық, маған немене қылады деп
күш көрсеткендік. Келіншек алған жігітті ел алдында жерге

қаратқандық, қара бет қылғандық деген сияқты ашты сөзді
аузы бардың бәрі айтты.
Абдолда өсекке мезі болды, кірейін десе жер қатты, өлей-
ін десе жан тәтті, үйде тыныш жата алмады, атқа мініп ел

бетін көре алмады.
Қолқамбайлар саны аз, өспеген ауыл болса да, «біз
кімнен кембіз, ешкімге басындырмаймыз» деп ашуға мінді.
«Айтысқанмен айтысып, алысқанмен алысып шыдаймыз,

намысымызды қорғаймыз» деді. Жесірінен айырылған Қали
арыстанмен де алысқалы тұр. «Кегін алмай тегін отыратын
мен ез емес, ермін. Мен туғанда ұл таптым деп шешем қалжа
жеген. Құлжабайлар көппіз деп, көптігін көрсетіп құтырма-

сын. Сәлімжан ер болса тұрысатын жерін айтсын, қорқақ
болса қашып жүрсін»,– деп жекпе-жекке шақырып айбат
шекті.
Қолқамбайлар азаматтарына басу айтпады, ашуға жол

берді. Сәлімжан мен Қасипаны тауып ат құйрығына байлап
өлтіреміз деп, тау-тастың ұңғыл-шұңғылынан жер қалды-
рмай іздеді. Бірақ қашқындар мықты бекінсе керек, қолға
түспеді. Егер ашу үстінде қолға түссе, ойларына келгенін

істейтіндері рас еді.
Ары-бері шапқылаған жігіттердің ашулары басылыңқы-
рап, суы қайтқаннан кейін ақсақалдар тізгінді қолға алды.
Құлжабайдың үлкендері бас қосты. Қателік Сәлімжаннан,

олай болса бізден деген сөз. Екі ғашықтың басын аман алып
қалсақ болды. Қолқамбайлар қанша құн төлейсіңдер дейді,
көну керек. Бас аман болса, мал табылар, құн төлемей құты-
ла алмаймыз десті.

Құлжабайлардың қателерін мойындағаны, Ақы болы-
стың жалтақтамай ағайындарын Қолқамбайлардың алдына

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жығып беруіне жеңілдік етті. «Құлжабайлар жазасын тарт-
сын, еселеп құнға жығу керек» деп қолқамбайларды шапқа
түртушілер аз болған жоқ. Бұрыннан өштерін ала алмай жүр-

ген ағайын ішіндегі көре алмастар да Қолқамбайларды қол-
тықтан үрдеп бақты. Бірі іреп, бірі сойып, әр сүйектен Ақы
болыстың ақ ордасына жиналған қасқалар мен жайсаңдар
бір жұма кергілесті. Сәлімжанның қылығын ақтайтын адам

шықпады. Құлжабайлардың сөзін сөйлейтіндер табылса да,
бірақ дей келіп, «құнға жықсаңдар да құлата жықпаңдар,
әр нәрсенің орны бар» деп, аптыққан артық кеткендерге,
тосқауыл қойып, жөнге келу керектігін ескертуге ғана ша-

малары келді.
Қасипаны Қалиға береміз деп, қалың малын алып отырып,
Сәлімжанға шығарып берген өздерің деп, қыздың төркінін
де жауапқа тартқан жөн десті.

Шүйдің қақаған қатты суығында екі ғашық үш ай үйге
келе алмай, тастың түбін, Шың ішіндегі қалың талдың
ішін паналап күн көрді. Ғашықтардың қашып жүрген со-
рақы күнкөрісін қолқамбайлар ұзартқылары келген болуы

керек. Күнде жаңалап дау сабап, би-болыстардың ұсынған
шешімдеріне келіспейді. Уақытты созуға себеп көп, шақы-
рғанға келмеу, кенеттен ауырып қалу, жоқ жерден жаңалап
дау-жанжал шығару. Орынсыз уақыт созушылардың сырын

билер де түсіне бастады.
Ақы болыс сәтті күн деп, Құрбан айт күні, құлжабайдың,
қолқамбайдың, бөкенің беделді үлкендерін, Шүй қазағы-
ның атқамінерлерін тұтасқа жуық шақырып, Ақбас атанды

құрбандыққа шалды.
Ойына алған елі жиналғанына көзі жеткеннен кейін,
Ақы болыс сөзін бастап кетті.

– Алыс-жақыннан бас қосқан ақсақалдарым, ел

жақ­сылары, ер азаматтарым, құда, тамыр достарым, аға-ба-
уырларым, бүгін Ақбас атанды құрбандыққа шалдық. Құр­бан
айтының асынан дәм таттыңыздар. Бәріңіз естіген болу-
ларыңыз керек, Ыбырайым Пайғамбар баласы Исмаил­ды

құрбандыққа шалып, бауыздағалы жатқанда, Алла тағала

Пионер Мұхтасыров
пендесіне кеңшілігін істеп, аспаннан қошқар түсіріп, бала-
ны құрбандықтан босатып, қошқар сойылды емес пе?!
Сондай Алланың кеңшілік берген сәтті күнінде бауырла-

рым, жерлестерім, қолқамбайлар сіздерден, туысы десеңдер
құлжабай атынан, би десеңдер өз атымнан кешірім сұраймын.
Ақылға келіп айтқанға көніңіздер. Қали, сен Сәлімжанның
басына қызықпа, жаман ойыңды осы жерде қалдыр. Кісі

өлімін тілегенді тоқтатайық. Басқадай қойған кесек да-
у-шарыңа қанағатты шешім шығарып берерміз, сіздер соған
риза боларсыздар деп ойлаймын. Ол шешім менің аузым-
нан шыққанымен, осы еліміздің білімді деген адамдарының

барлығының шешімі деп түсініңіздер. Сәлімжан мен Қа-
сипаның ғашықтық хикаясы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
естен қалмас әңгіме болары шындық. Атымды шығарам де-
сең, жер өрте деген осындайдан айтылған нақыл болар. Бұл

екі ғашық жер өртегеннен ары түсті емес пе?! Ақсақалдар екі
ғашық Шүйдегі елдің ортасына өрт қойды деген баға берді.
Бұл ғашықтықтың өрескелдігі сонда, жаңадан ержеткен, оң
мен солды айырмаған жастар емес, сақа жігіттің сақалын

сапситып, баланың ісін істеп жүргендігінде. Ел бастайтын
жасында келінге көзін сүзіп, ағайынды араз етуінде. Мүмкін
шын ғашық шығар, бірақ ата-баба дәстүрі тегін жерде пайда
болған жоқ. Ол – өмір талғамынан өткен, өміршең қағида.

Ендеше, ата-баба дәстүрін бұзған адам, халқының алдында
мінді, істеген ісіне халық алдында жауап беруі керек. Басы-
мызды ауыртып отырған ағайын арасын араздыққа душар
қылған екі ғашықтың қылығына екі жақтың да ата-анасы

жауапты. Ата-анасының ақ батасын аттап өтетіндей тәртіпсіз
қыз асыраған Бөкелерді не деп ақтаймыз. Тас түскен жері-
не ауыр деген қайда? Қасипа пісміллә деп оң аяқпен аттап
кірген ақ босағаны сыйласа, үйден шықпауы керек еді. Олай

болмады, ендеше ата дәстүрін бұзушының бірі – өзі. «Иттің
иесі, бөрінің тәңірісі бар». Қасипаның иесі кім, бері айтқан-
да ата-анасы, аға бауыры, туысы, ары айтқанда бөке ауылы.
Арғы-бергіні санамызға салып, сабақтай келіп, мынандай

шешімге келдік.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Қалың малын алып, ақ батасын беріп аттандырған қы-
здары орда бұзғаны үшін Маңдай Қалиға кіші қызын Қа-
нипаны қалыңсыз берсін. Сәлімжан Қалиға Қасипа үшін

Маңдайға төлеген қалың малды толық түрде төлеп берсін.
Сәлімжанды үш тоғыз құнға жықтым. Түйе бастатқан тоғыз,
Бөке ауылына, Байсал, Маңдай, Құжырбай, Божрақ тобына
төленсін. Ат бастаған тоғызды Қолқамбай ауылына, Бапы,

Жапы, Әбізи, Жәмелдерге төлесін. Жамбы бастаған тоғызды
биге төлесін. Абдолда Ақ бас атанды Құрбандыққа шалып,
ағайын-туысты бірлікке шақырып, дәм-тұзымыз араласуы-
на себепкер болсын деп үміттенуде. Осында жиналғанда-

рыңыз «Бірлік болмай тірлік болмайды», «Ашу – алдында,
ақыл – соңында» деп татулыққа шақырдыңыздар, мен де
соны қолдаймын. Айтулы қасиетті күнгі астан барлығымыз
бірге отырып ауыз тиюдің мағынасы зор. «Ағайын тату бол-

са ас көп», бұдан былай дастарханымыз ортақ болса екен.
Келелі кеңесіміз аяқталды. Ел болып тентегімізді уақы-
тында ретімен жазалау, жуасымызды зорлық зомбылықтан
қорғау борышымыз, елімізге береке тілеймін,– деп Ақы

сөзін бітірді.
Сәлімжан мен Қасипа хикаясы көпшілік алдында осы­лай
аяқталған секілді болып көрінгенмен, қолқамбайлар­дың
ішіндегі мұз болып қатқан кегі жіби қойған жоқ. «Құлжабай-

лардан келешекте кек алатын күн туғыза көр Алла» деп, жылы
жүздерін бермей, көгерген, сазарған, демдерін ішіне тарт­
қан бойы ауылдарына қайтты. Кек алатын сәтті күн келесі
ұрпақтың үлесіне қалды.

Шәкірт бір жыл бұрын Түбін жеріндегі досына тапсырған
жүйрігін білгелі барып, сол жақта көп жүріп олжалы қайтты.
Түбін жерінде Ақтанау Қарагер ат бар, алдына ат сал­майды,
деген дақпырт естілген. Екі-үш жылдан бері Шүйдің атқұ-

марларының отыра қалса айтар әңгімелері сол жүйріктің
төңірегінде өрбіген. Қандай бағаға келісті, ешкім біліп бол-
майды. Шәкірт бірінші барғаннан Ақтанау Қарагерді алып
қайтқан. Апарған тарту-таралғысы ат иесіне ұнағандығы ма,

әлде Шәкірттің досының жомарттығы ма, әйтеуір олжалы
келіпті.

Пионер Мұхтасыров
Шәкірт қашан да барған жұмысын тындырып келетұғын.
Ақтанауды әкеліпті десіп, жақын туыстары қайырлы бол-
сын айтысып, көрімдіктерін берісіп, тіл көзіміз тасқа десіп,

жерге түкірісіп, бір қанша күн сапырылысты.
Атақты жүйрік, етінен арылмаған, күтудегі ат болған-
дықтан, бірер ай қатырып, үй арасы жарыстарға салып, сы­
нақтан өткізіп алды. Ат сыннан өтті, жүйріктігіне көздері

жетті. Енді алыс жерге апарып, аламан бәйгеге қосып бақ­
сынап көру керек. Шәкірт атына сенімді болған соң, керей-
лер күні бұрын шақырып қойған айтулы асқа баруға дайын-
далды. Он шақты әнші, домбырашы, балуан, достарын ертіп

алатын болды.
Ауылдың ақсақалдарын, азаматтарын шақырып, ақсар-
басын атап сойды. Ақтанауды атақты жарысқа қосып, Алла
бұйыртса Қажыға баратын қаражат таппақшы. Алыстан мал

тауып бес парызының біріне жұмсамақшы. Ойлаған ойына
жетейін деген үмітпен аттанбақшы. Алыс-жақын жолдың
қайсысына бет алса да бата алмай аттанған жері жоқ. Сол кә-
десін сақтап, ақсақалдардан бата алғалы отыр. Қайда, не үшін

бара жатқанын ақсақалдар түсінді.

– Жөн, қарағым, жөн, «баталы құл арымас» деп тегін

айтпаған. Алла жар болсын, көздінің көзінен, тілдінің тілінен
сақтасын, періштең қорғап жүрсін. Достарың көп, дұшпан-
дарың жоқ болсын. Көздеген мақсатыңа жет, – деп Рүстем
тақпақтатып барып, қасындағыларға қарап, «ал баталарыңды

беріңдер» деді. Отырғандар бір ауыздан «ол не дегеніңіз, ба-
таны бердіңіз емес пе. Шуыртпалы бата тиерін, тоқ етпе бата
тиерін Алла ғана біледі. Тек ақ жүректен шыққан ақ бата қа-
был болады» деседі. «Бәріміз ақ жүрегімізден сіздің батаға қо-

сылып қол жайып, Алладан Шәкірттің жұлдызы оң жағынан
шығуын сұрадық» десті ақсақалдар.
Алған беттен қайтып көрмеген Шәкірт тағы бір сын жолға
аттанды. Алла қолдап жолдары болып, бармақшы болған

жерлеріне уақытында жетті. Шүйден келетін қонақтарға деген
арнаулы орынға ат басын тіреді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Қонақ үйлеріне орналасып жайғасқаннан кейін, Шәкірт
жолдастарын екі топқа бөлді. Біреуі – апарған ат-көліктері-
не ие болып, жүйрікті дұрыс баптау. Екінші топты Садақбай

бастап, Саманың ұрлатқан аттарын іздестіру.
Тілеуіттердің жорға аттары жоғалғаннан, осы аттарды
тапса түбінде Садақбай табар деп Абдолда үміттенгенін бір
қоймады. Шәкірттер керейге барамыз дегенде, Садақбайды

өзі әдейі шақырып, осы жол үмітті жол деп, жолдастыққа
ертіп берді.
Екі жыл бұрын ол аттар түбі табылар, ұзаққа кеткен
секілді деп, Садақбайдың Абдолдаға айтып қалғаны бар.

Содан бері сол Садақбай меңзеген ұзақ жерге баруға бір сәті
түспей келіп еді. Абдолда осы жолғы жорыққа үмітін артқаны
сондай, Шәкіртке еретін жолдастың әрқайсысымен кездесіп,
бұл жолға баратын адамдарды өзі ыңғайлап, Шәкірттерді

түстік жерге дейін шығарып, жолға салып қайтып еді.
«Абдолданың сенгені мен болсам, тәуекел, іздеп көрей-
ін» деп Садекең ел аралауға шықты. Бірінші күні танитын
адамдары әр жерден кездеседі, бірақ ойына алғандары

жолықпады. Ел аралап жастық шақта бөтен елде жүрген-
де не қызықтар бастан кешпеді дерсің. Жігітшілік құрам
деп жүріп, қолға түсіп, аяқ-қол кісенделіп, тезек теріп, от
жағып, бие сауғызып танымайтын елге мазақ болған күн-

дер де болған. Бас бостандығын алу үшін қолға түсірген
елдің жыртысын жыртып, солардың біреуде кеткен өшін
алуға да қатысты. Алғашында дұшпаныңа тәуелді болған-
дықтан керексіз іске лаж жоқтан кіріскен екеніңді біліп,

немқұрайлы қарайсың. Соңынан қыза келе алдыңа қойған
мақсатты бітіруге ынтығады екенсің. Жол жорықта сыннан
өтсең, дұшпаның айырылмас дос болып кетеді екен. Бірде
ұры атанып, елден қарғыс алып, бірде намысты қорғап

алғыс алып жүретіндер Садақбайдың ескі достары еді.
Ертеңінде түстен кейін Садақбай іздегенін тапқандай
қуанып қалды. Өзінен денесі сәл үлкендеу, бірақ жасы өзі-
нен жас, бітісі балуанға біткен, сом денелі азаматқа жо-

лықты.

Пионер Мұхтасыров

– Сен кездесе ме деп шығып едім, жолым болды, – деді.

– Өзіңді өткенде атым Ұлтарақ деп таныстырып едің, сонда

бұл қалжыңдаған шығар, қайта анықтап сұрайын деп ұмыт-
тым. Әлде ана жылы сырыңды ашпайын деп мені алдай сал-
дың ба. Әлгінде сені мына қатарымен тігілген киіз үйдің орта
шенінен көріп қалып, артыңнан біраз еріп жете алмадым.

Атыңды атап шақырайын деп едім, Ұлтарақ деп айғай салуға
батылым батпады. Міне, сүт пісірім уақыт өткенде бетпе-бет
кездесіп қалдық емес пе?!

– Аты жөніміздің олпы-солпысын анықтайтын уақыт

табылар, алдымен мені неге іздедіңіз, керегіңізге жарасам
аянбаймын, сіздің жақсылығыңызды неге ұмытайын,

– деді Ұлтарақ.

Екі елдің батырлары қиын-қыстауда жолығып, сыннан
өткен сенімді достар. Қыры мен сыры өздеріне ғана мағлұм.
Абдолданың сенімін ақтап Садекең Ұлтарақ арқылы іздеген
аттарды тауып олжалы болды. Шәкірттің жүйрігі де бірінші

болып келмесе де, келгендерін ақтап, бәйгелі болып, үйірлі
жылқы алдарына салды.
Шәкірт керейден олжалы келді. Аттары табылған зай-
сандар қазақтарға сый-құрметпен қарайтын болды, ортала-

рында сенім орнады. Шәкірттің қажылыққа баратын қара-
жатына деп көп мал берді.
Алланың бір сәтін берген күні Шәкірт 1905 жылы
қажылыққа аттанып, бір жыл жүріп аман-есен елге келді.

Шәкірт қажылықтан келген соң жер жұмысын қолға
алып, Томск губернаторы Шүй суының оң жағы қазақтың
жері болсын деген жарлық шығарып, бір мың тоғыз жүз он
үшінші жылы белгіленіп берілді.

Абдолданың көп күшін салып ізденген, арман қылған,
қазақтың жері деген «Жер сұрағы» өзі бұл дүниеден өткен
соң шешілді.
Сол Абдолда мен Шәкірттің орналастырған Шүй жерінде

қазақтың ұрпағы өсіп, жергілікті тілеуіттермен құда, тамыр
дос болып, төсекте басы, төскейде малы қосылып, күні-бү-
гінге дейін өмірлері жалғасуда.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт Ш үй қазағы өзімізге меншікті жер тиетін болыпты дегенді ұзынқұлақтан естігелі екіүш жыл болған. Бірақ сол жер тие қоярына сенім азайып, күдік көбейген еді. Ондай күдікке себеп болған Ресей империясының ішкі-сыртқы жаулары бас көтеріп, келешегі белгісіз, тұрақсыз өмір кешкен кезі еді. Мынандай арпалыс заманда билік басында отырғандар бізге көңіл бөліп, азғана қазақтың сұрағына елең ете қоймас, жер дауы жуық арада шешілуі екі талай десетұғын. Сол алмағайып заманда Құдай қолдап, қазақтың жер сұрағы шешілген тарихи оқиға болғаны жоғарыда айтылды. Шүй қазағы жер алып, сергелдең күндер артта қалғандай сезініп, арман мұраттарына жеткендей күй кешіп, аз да болса ойлары орныққан шақ еді. Бірақ елеңдемей еркін өмір сүру Шүй қазағының маңдайына жазылмаған секілді. Ауыл аралас, қой қоралас болмаса да, құда тамыр дәмдес болып отырған, бір белден асса ауылы көрініп тұратын қандасымыз, Қытай жерінде тұратын керейлердің басына қара бұлт үйірілген заман болды. 1911 жылы халқа жұрты, бүгінгі Моңғолия, Қытайдан бөлініп өзін егеменді елміз деп жариялады... Бөлініп шыққанымен, бөлек ел болып өзін-өзі басқарып кете алмай, қиналған моңғолдардың ішінде, қырық-отыз жылдар бұрын Қобда бетін жерленеміз деп, Ұлы елдегі туыстарынан бөлініп көшіп келген қазақтар да бар еді. Көш бастаушылар – он екі ата Абақ Керейдің Шерушісі

Пионер Мұхтасыров
мен Жәнтекейінің ру басылары. Жаңа жерге енді үйреніп,
жерсініп, тұрақтадық па дегенде, кеше Қытайдың жерінде
отырған қазақтар, бүгін Моңғол жерінде болып шыға келді.

Келешегі түсініксіз жаңа мемлекетте, ондаған мың керей-
лердің азып-тозған, не болдымға жолыққан кезі болды.
Қытай жерінен Қобда бетіне Шеруші малын беріп,
Жәнтекей жанын беріп, орналасқан еді...

Бұл жерде өткенді еске түсіруге тура келеді...
Қазақ маңдайына жазылған көшпенділік ғұмырына бір
себеп тауып көшетіні ата-бабамыздан бері белгілі жағдай.
Он екі ата Абақ керей Алтайға атамекені Қазақстанның Көк-

шетауынан көшіп келгеніне жүз-ақ жыл өткен. Сарыарқа-
ның кең жеріне сыйыспай, арғын руымен кетісіп, Ер Жәні-
бек бастап, 1771 жылы Абақ керейдің ұлы көші басталған
еді. Бұл көшке желеу болған айтулы бір үлкен аста жанжал

шығып, қолға шоқпар алған үлкен төбелесте арғын руының
азаматы мерт болады. Ердің құнын іздеген арғын жағы, ке-
рейлерді билердің шешімімен құнға жығады. Керейлер біз
құныкер емеспіз, өздерің оқыстан өлтірген кісіні бізге жа-

уып отырсыңдар деп, билердің шешімін орындамайды. Сол
даудан басталған жанжал елдің шырқын кетіреді. Бірінің
малын бірі барымталаған, зорлықпен қыз ұрлаған, ұрыс-
керіс тоқтамай, ұзаққа созылып, ақыры керейлер жаңа қо-

ныс іздеуге мәжбүр болады. Сарыарқаның сардаласында
түйемен жыла қонып жылжыған көш Аягөз өңіріне, Ал-
тай тауына жетіп, біраз аялдайды. Бұл жерлерді мекендеп
жатқан наймандар еді. Жылы орнынан бір қозғалып алған

керейлер наймандардың ішінде де ұзақ тұра алмай, Ал-
тайдың арғы бетіне барып бірақ тұрақтайды. Сарсүмбеде,
соңында Алтай қаласы аталып кеткен жерлерде жүз жыл-
дай мекендеген керейлер, өз ара билікке таласып, бірліктері

кетіп, тағы бөлініп көшуге тура келген. Бөлініп Қобда бетіне
келген керейлер жыл сайын ілгерілеп, солтүстік Алтайға
жылжи берген.
Орнықты жерінде отырған керейлер көше жөнелген

туыстарының қылығын жөн көрмеген. Ағайынды алысқа

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жібермеу жағын ойға алып, әртүрлі шара қолданған. Қа-
зақтың жол жосынымен «бөлінгенді бөрі жейді» деп, бір-
лікке, кешірімділікке шақырған кездесулер үлкенімен де,

кішісімен де болғанымен, одан ешбір нәтиже шықпаған
соң, енді осыны істесек, еліне қайта бұрылмай қайда барады
деп, араға қытайдың жан алғыштарын салған.
Қытайдың билікте тұрғандарына көшкен елді қайырып,

елімізге қосып беріңіздер, себебі олардың Қобда бетіне
барудан бұрын қалған, мемлекет алдында төленбеген бо-
рыштары бар деп айдап салады. Бөлініп кеткен деген осы,
келмейміз десе, борышын төлесін, төлеуге шамалары кел-

месе, елге қайтсын деген ұсынысты қайткен күнде де орын-
датып беруін сұраған.
Қытайдан сұрап алған елшілер кетіскен екі керейдің
ортасынан олжа табуды ойластырады. Қобдаға барып көш

бастаған шеруші мен жәнтекейдің үлкендерін шақырып алып,
кеткен жұрттарыңа қайта көшесіңдер, оған көнбесеңдер,
бір жұманың ішінде әрқайсың он мыңнан қой, бір мыңнан
жылқыны айдап әкеліп, біздің көзімізше, әдейі келген мал

қабылдаушыларға табыс етесіңдер депті. Осы айтылған-
дар орындалмаса қарулы күшпен қайта елдеріңе көшіреміз
дегенді ескертеді.
Жылқышы бастап келген шерушілер айтқан уақытында

малын табыстырып береді. Елеш пен Көбеш бастап кел-
ген жәнтекейлер бас қосып қайтсек жөн деген сұраққа,
Көбештің баласы Асылбек: «Мал жинап елді әурелемеңдер,
жауабын өзім беремін», – дейді. Жеті күн өткен соң, қытайдан

келгендердің алдына Асылбек жетіп барған. «Малдарың қай-
да, әлде көшетін болдыңдар ма? – деген сұраққа, – көшерімізді
жел біледі, қонарымызды сай біледі, жер – Құдайдікі, су –
Сұлтандікі, біз ешкімге борышты емеспіз» – дегенде, қытай-

дың жендеттері басын шауып, қапқа салып алып жүре беріпті.
Осындай қорлық-зорлық көріп орналасқандарына көп жыл-
дар өтсе де, ата-бабаларының бастан кешкендері, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, қиын-қыстау күндерде үнемі еске

түсіп отырған.

Пионер Мұхтасыров
Көп жыл өтіп кетсе де, өкпелеп көшкен елге еңкейіп ба-
рып, күн көрген дұрыс па, әлде мына жаңа мемлекетке ел
болып сіңген дұрыс па, шешуін табу оңайшылыққа түспе-

ген. Ертеңгі күніне көз жеткізе алмаған ел тағдыры, аз ғана
керейдің басын даң қылды. Ел ерге қарады, ер жерге қарады.
Мұндайда қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ
болатыны қанымызда баршылық қой. Қобда бетіне елін бастап

келген Жылқышы о дүниелік болғаннан кейін, орнын баласы
Сүгірбай басып, шерушіге билік құрып тұрған кез. Мынан-
дай жаңа орналасқан жердің, елдің ертеңі белгісіз уақытта,
беттің арын белге түйіп, ескі жараның аузын тырнамай, өт-

кендердің қатесін кешіріңіздер, жазған жаңылған шығар деп,
елімізге бұрылған жөн бола ма дегенді Сүгірбай және оны
қолдаушылар айтатын болды.
Жоқ олай емес, кешегі көрместей болып келген ағай-

ынға, қайта барып, бас игеніміз келіспейді деп арланатын-
дар да шықты. Ағайынға бас игеннен, жаңа құрылып жатқан
өкіметке бағынып күн көргенді дұрыс деушілер тобы болды.
Сүгірбайға туыстығы жағынан алыс емес, бірақ заман өзгерісі-

не сай, көзқарастары керісінше бұрыннан да билікке таласып
жүрген Қылыш, халыққа Қылаң деген атпен танылған адам
Сүгірбайға ашық түрде қарсы шықты...
Халқалар Ұлы халыққа бағынып тұрған уақытта әртүрлі

қылмыстары үшін Манжұрия түрмесінде жатқан, тегі Астра-
ханнан шыққан қалмақ азаматы Дамбийжанцан қазақша
Жа-Лама аталып, заманының ағымына дөп келіп, түрмеден
босап шыққан кезі. Басына бостандық тиісімен, мен келе-

шектегі халқа халқын басқаратын хұқым бар деп, қасына өзін
қолдаушыларын жинап, қаруландырып, жүздеген әскерді
сапқа тұрғызған. Өріктікөлдің басына барып бекініп, елге
жар салған.

– Қытайдан бөлініп шығып, егеменді ел болуға сіңірген

еңбегімнің жемісін жейтін уақытым жетті. Күнім туды.
Бұдан былай Халқа халқын басқаратын мен болам. Халқа
халқым және бірге тұрып жатқан өзге де ұлыстар, бүгінгі
күннен бастап менің қол астыма кіріп, айтқаныма көніп,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
айдағаныма жүрсеңдер, ертеңгі күні жеңістің жемісін бірге
жеп, елімізді бірге басқарып, келешектегі бақытты күндерді
бірге өткіземіз. Кім менімен бірге болғысы келеді, тез арада

қасымнан табылыңдар. Араларыңда маған бағынғысы кел-
мейтіндер болса, менен жақсылық күтпесін, қыздары қатын
болады, керегесі отын болады, өздері айдауда, малы байла-
уда болады. Оларды күшпен бағындырып, жазасын тартты-

рам. Ол жазаның бір түрі мынандай болады деп, бір қазақ
азаматының терісін етінен желмен үрлеп сойып алып, ұзын
ағаштың басына іліп қойған.
Ел басқаруды армандап жүрген Қылаңға Жаламаның

жарлығы ұнаған. Өзінің ойын қолдайды-ау деген азамат-
тармен ақылдасып көргенде елі Жа-Ламаның жарлығын
қолдамайтынына көзі жеткен.
Қайткен күнде де Қобда бетіне келген қазақтарды өзі

билемекші болған Қылаң Жа-Ламаға келіп, халықты күшпен
бағындыру үшін қарулы күш сұраған. Әрине, Қылаңның ойы
Жа-Ламаға ұнағаны соншалық, өз еліңді өзің басқарасың,
менің сенімімді ақтасаң, мен қашанда сені қолдаймын деп

қарулы қырық әскер берген.
Қылаң қарулы күшпен халқын Өріктікөлге және ішкері
халқа жеріне айдайды екен деген дүмпу елге жетісімен,
Сүгірбайдың айтқанын жөн көретіндер қытай жағына көше

бастаған.
Жазғытұрымғы мал төлдеген, арықтаған мезгілге кез
болған, бірден жиналып кете алмағандары Қылаңның сол-
даттарының қолына түскен. Қолға түскендерді солдаттар

ұрып-соғып, атты-жаяуына қарамай, жүруге жарағандар-
ды малдарымен алдарына салып айдаған. Балалы әйелдер,
жаңа төлдеген малдар жүре алмаса өлтіріп отырған.
Қылаң зорлықпен айдап әкелген халқының бір бөлігімен

Өріктікөлдегі Жа-Ламаның қол астына кірген. Айдалып
келген халық ары-бері ұзап шыға алмаған, аңдуда болған. Жаз-
дай айдап келген малдарының қаны толып тыңайғанын жеп
күн көрген. Жаз өтіп, күз келіп, күздің аяғында күн суытқан-

Пионер Мұхтасыров
да күйлері кете бастаған. Бастарында жылы баспана жоқ,
тамақ жеткіліксіз, іздеп шығар, ала қояр жер жоқ.
Осындай ауыр жағдайда, қарап жатып аштан өлгенше,

қарманып қалайық деп, Қылаңнан құтылмай жақсылық жоқ
екеніне көздері жеткен халық Қылаңды өлтіруге дайындық
жасайды.
Дайындық қарусыз бітпейді, көрінеу қару жасаса көріп біліп

қояды. Сондағы тапқан амалдары қысқа дайындық жасаған
болып күрек қайрау. Ауылдағы малмен күн көрген халықтың
шым ойса да, қи ойса да, күрексіз жұмыс бітпейтінін білетін
аңдушылар, күндіз-түні қайралып жатқан күрекке мән

бермейді.
Әрине, Қылаңды солдаттары қориды. Қылаңның өзі
Жа-Ламаның қасында сенімді қолбасшысының бірі болып,
ламаның киімін киген, тамағы тоқ, көйлегі көк, сорлап

жатқан қандастарында жұмысы жоқ, ойын-сауықтың орта-
сында жатады. Соның ішінде аңдушылардың күректі неге
қайрайсыңдар деушілері болған. Оған қысқа дайындық
істеп жатқандарын бүркенішқылған. Өздерінше осы же-

теді-ау деген мөлшерге жеткізіп, үшкір өткір күрекпен қару-
ланған халық түн ортасында Қылаңның күзетшілерін баудай
қырқады. Жуас, қарапайым, қарусыз халықтан үркіп қорқу
ойына кірмеген күзетшілер шырт ұйқыда жатқанда 39 cол-

датты өлтіріп жібереді. Қылаң бір күзетші әскерімен ұстат-
пай, қашып құтылып кетеді.
Мынандай қырғын соғыстан кейін, мұнда тұрып күн көре
алмайтынын түсінген халық алдына мал мен бала-шаға, әй-

елдерді салып, артынан ер азаматтар еріп жаяу-жалпылы,
Шүйдегі қазақтарға жетсек, жанымыз қала ма деген үміт-
пен, Тошантыдағы шекараға келеді.
Бұл 1913 жылдың күзі еді. Күн суық, аш-жалаңаш, қа-

русыз халық орыстың шекара қорушыларынан бізді жан
сақтау үшін Шүйдің қазақтарына бір қыстап шығуға боса-
тыңдар дейді. Босатпасаңдар осы жерде өлеміз, артымызға
бұрыл деп айта көрмеңдер деп тапжылмай жатып алады.

Босқындардың жағдайы шынымен ауыр екеніне көздері

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жеткен шекара бастықтары, жоғарғы жақтарымен хабарла-
сып, бір қыстап шығуға рұқсат береді.
Қылаңның солдаттарынан аулағырақ жайлауда болған-

дар, ерте күнде орын тауып алайық деп, қазіргі Туба жерімен,
Бөке Мұренды өтіп Бұғұсын арқылы Шүйге келген. Рұқсат-
пен келгені бар, тау-таспен қашып келгені бар, әйтеуір, Шүй-
дің халқына салмақ сала келген халықтың саны күн сайын

өсе береді. Аш-жалаңаш сырттан келген халықтан қорыққан
жергілікті тілеуіттердің Тубаға өтіп кеткендері де болды...
Керейлер ауып келуден бір жыл бұрын, Қылаң бастаған
керей мен найман арасында тағы бір оқыс жағдай болып

еді...
1912 жыл Шүй қазағының қаралы жылы еді. Елім деп
еңіреген, еліне жер алып берем деп терін төккен, ел бірлігін
қайтсем сақтаймын деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген,

қырық жылдай Шүй қазағының биі болған Абдолда Қалдеке
ұлы жаз шыға қайтыс болған еді.
Шүйдің елі арысынан айырылып, қабырғасы сөгілгендей
қайғырып, мәйітті дұрыс аттандыру қарбаласында жүрген-

де, Қылаң Шүйдегі қайын жұртына аш бөрідей тиіп, Абдол-
даның жылқысын айдатып алу үшін ұрыларын аттандыра-
ды...
Қылаңның төрт әйелі болған, екеуі құлжабайдың қызы.

Үлкен бәйбішесі Рүстемнің қызы – Күлия. Соңында үшінші
әйелге Тұрдыбай ауылынан Уәлінің қызы Сақатты алған. Екі
қайтара күйеу бола тұра, бір елдің атақты биі, қадірлі ақсақа-
лы, жақын қайын ағасы, қайтыс болып оң жақта жатқанда,

ұрыларын жіберуі шектен шыққан, өрескел қылық еді.
Жылқыны ұрылар айдап кетті деген хабар жетісімен,
Шәкірт қажы екі мылтығын мойнына айқастыра іле салып,
жақын арада тұрған Ала жүйрігін ерттеуге тағат қылмай,

жайдақ міне салып, «соңымнан Жортпастың Мүсіребін жі-
беріңдер, басқа кісі керек жоқ» дегеннен басқа ешнәрсе ай-
тпай, ұрыларды қуып жалғыз кетеді.
Шәкірт қажының ауылы жылдағы күзеуі Жылқыталда

отырған. Жылқыны Уландырыққа қарай бейімдеп қуып

Пионер Мұхтасыров
кеткенін хабаршыдан біліп алған. Ұрылардың артынан түре
қумай, алдын орап шығуды көздейді. Уландырықтың ішімен
өрлесе арғы бетке қандай асумен асатыны Шәкіртке мәлім.

Ала жүйріктің бар шабысына салып, Қаратүргін жазығын
жағалап, Ешкітөбенің үстімен, Белтірдің жазығымен төтесі-
нен Сарқобының асуын асып, Мыйрық асуының сол жағымен
барып, ұрылардың алдынан қысаң жерден тосып алады.

Арттарынан қуғыншы көрінбеген соң, бейғам олжалы келе
жатқандардың алдынан мылтығын бір рет аспанға атып жі-
беріп, таса жермен басқа бір жерге барып, өзі көрініп келіп
тағы бір атып, ұрыларға жақындайды. Ұрылар дауысын жақ-

сы естиді-ау дегендей жерге келгенде, артына бұрылып «мен
ат демей оқ шығарушы болмаңдар» дейді де, ұрыларды байлай
бастайды. Қарсылық көрсетсе атылатынын білген ұрылар
Шәкірттің айтқанына көніп, айдағанына жүреді. Қолдарын

артынан, аяқтарын аттың бауырынан өткізген арқанмен
байлап, астарындағы аттардың жүгендерін сыпырып,
жылқының ішіне қосып жібереді...
Шәкірт атына мініп, тастың түбіндегі екінші мылтығын

алғанда ғана, ұрылар үшеуі жүріп жалғыз кісіге ұстатып,
байлатқандарына көздері жетіп, өкініп «Әттеген-ай, мынау
Жарау Қараның жалғыз өзі екен ғой, алданғанымызды
қарашы» деп дауыстары қалай шыққанын өздері білмей

қалған.
Бармайық дегенде, Қылаңның тілін алғансып сен емес
пе, бізді азғырып ертіп алған деп, екеуі бастап келген біре-
уіне тілі жеткенше айтқылап, қарлыққанша айғайласып,

айдаған жылқының ішінде үндері өшеді. Шәкірт ұрылар-
ды, жылқыны айдап, кезеңге шыққанда, үш керейді атта-
рына теріс қаратып мінгізген Мүсіреп алдарынан шығады.
Мүсіреп бұл үш ұрыны Ұзынқобының ішімен, Саратудың

кезеңімен аспақшы болып келе жатқанда, қуып жетіп,
жылқыны айырып алып елге қайтарып жіберіп, Абдол-
даның жылқысын алғалы кеткендерді ұстамақшы болып
шыққан екен. Шәкірттің Мыйрықпен асып, ұрыларды өзі

ұстағанын кездескенде ғана білді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Мүсіреп – сарғалдақтың жылгелдісі Жортпастың батыр
балуан ұлы еді. Асауды кекілінен басып, етбетінен түсіретін
қарулы жігіт. Шәкірт Мүсірепті жорыққа аттандырғанда,

айтқанын бұлжытпай орындайтынына сенімді еді.

– Сен істі бітіретініңе сенемін, бірақ сенің қолыңның

қарымынан қорқамын, біреуді жазатайым қылып ала ма деп.
Сақ болғайсың, оң қолыңа сол қолың арашашы болсын деп
аттандырушы еді.

– Қылаңның сыбағасы уақыты жеткенде берілер.

Қылаң сендерді босатып алуға бір әрекет етер. Одан бір ха-
бар болғанша, сендер менің қолға түскен тұтқынымсыңдар,

– деп ұрыларды жылқымен бірге айдап кел деп Мүсірепке

тапсырып, Шәкірт өзі ауылына қайтқан.
Абдолданың жаназасына керейдегі құдалардан ешкім
келе алмады. Хабар айтып барғандарға жағдайларын айтқан.
Бір емес бірнеше қайтара құлжабайларға қыз беріп, қыз алып

едік. Құданың жаназасына бара алмайтын күн туады деп кім
ойлаған, басымызда ерік жоқ, жіпсіз байлаулымыз. Шүйдің
елі, Абдолдадай арысынан айырылып жатқанда, аманға жа-
рамағанымызға күйінеміз, арланамыз, қорланамыз, бірақ

қолдан келер жоқ. «Ұяттан адам өлмейді, сағы сынады» де-
ген осы шығар десіп, хабаршылардан Шүй елінің қайғысына
ортақпыз деп, сәлем жолдағаннан басқа қолдарынан ештеме
келмейтіндіктерін, мұңға батқан кейіптерінен білдіріп,

хабаршылармен қош айтысқан.
Керейлер арғы бетте отырса да, құлжабайлардың қайғы-
сын бөлісе қайғыруға себеп көп еді.
Керейдің шерушісінің Ақтай баласы Алатаудың қызын

құлжабайдың Бұйдақан ұрпағынан тараған Шүй қа-
зағының биі Ақыұлы Сағила алған. Сағиланың інісі
Ақыұлы Баттал шеруші Ақтай баласы Туратаудың қы-
зын алған. Құлжабайдың жәйдекесінің ұрпағы Үркінұлы

Құмар да сол ауылдың қызын алған, басқа рулардан да
алғандар баршылық. Шеруші Бәйімбай қажының ба-
уыры Бодаубайдың ұлы Әбілтай, Ақыұлы Сағила болы-
стың қызын алғанына бірер жыл ғана болған. Құлжабай

Пионер Мұхтасыров
қалдеке Бүріспайдың қызын Туратау алған. Шам мен
Жұлдыздың хикаясы ескіріп, құдалар бір-бірімен аралас
құралас сыйласып жатқалы көп жылдар өткен...

Қолға түскен ұрыларды көп ұстамай еліне жеткізіп, Қы-
лаңның қылығына естен кетпестей етіп, есе қайтарып, кегін
алуды ойлап жүрген Шәкірт әкесінің қырқын бере салып
жолға шығады.

Қылаң ауылдары малға жайлы, жайылымы мол жерлерге
қонған. Сай сала мыңғырған мал, желіде байлаулы құлын,
ауыл ауыл болып, бестен оннан тігілген киіз үйлер.
Қылаңның құрығы жететін, соның құзырындағы керей

ауылдарын Шәкірт жол-жөнекей сұрап біліп алған. Алып
келе жатқан тұтқындарының қол-аяғын босатып, өз ауыл-
дарына қоя берген.
Шәкірт өзі бастап, Қылаңның ең жақын туысы деген

ауылға барып, Мүсіреп бастатқан жолдастарына «Қиыңдар
желіні, айдаңдар жылқыны!», – деп айғай салған. «Тал түсте
бұл қай басынғаны, ұстаңдар ұрыны, мініңдер аттарыңа»,
деген дауыс шыққан жаққа өзі бұрылып барып: «Мен –

найманның Жарау қарасы, жылқы керек болса, Қылаңның
өзі келсін, басынған деген осылай болады!»– деп жылқыны
қуғандарға қосылып, елге қарай жорта жөнелген.
Шәкірт қажының қасынан қалдырмай ертіп жүретін

сенімді балуан батырларының ішіндегі ең жас, келешегі мол ба-
луаны Мүсіреп Шәкірт қажымен бірге Шындығатайға барған-
да, Әбдікерімнің бастауымен өткізген үлкен аста, атақты,
бірнеше балуандарды жығып, тіл тиіп қайтыс болыпты.

Мүсіреп қайтыс болғанда, Жортпасқа көңіл айтып жы-
лап отырып: «Қасымдағы батыр балуандарым бір төбе,
Мүсіребім бір төбе еді, сіздің қайғыңыз бір есе болса, менің
қайғым он есе. Білегінің шексіз күші, ақкөңіл адамгершілігі,

айнымас адал достығы, өмірлік есімде қаларына күмәнсіз-
бін»,– деген екен Шәкірт қажы.

– Атаңа нәлет Қылаң-ай, кең қолтық керей атымыз бар

еді, ұрынбайтын жерге ұрынып, ұры керей атандырдың-ау!
«Жарау қара» кегін алмай тынбайтынын білдің ғой, саған

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
сол керек десіп, күл беттенген мал иелері қарымташылар-
дың артынан қуар бет те жоқ, шама да жоқ, аузына келген
қарғыстарын Қылаңға жаудырып тындым болды.

Шәкірт бұрын да бірнеше қайтара Шүй елінің жоғын
жоқтап, барымтаға қарымтасын қайырып, керейдің ауылын
шауып, ұрыларын ұстап, жазасын тартқызып еді. Ұрлыққа
шыққанын ұрылар қоймады, қарымтасын қайтаруды

Шәкірт қоймады. Сондықтан да Шәкірт найманның «Жа-
рау Қарасы» аталып еді.
Шәкірт есе қайтарғанда ұрыларды өзінің сенімді баты-
рларына ұстатып, билердің алдында мойындатып, ақыл-

мен, шебер шешендігімен, әділ-ай дегізіп есесін алатұғын.
Өзі атқа мініп, дырау қамшысын қолға алғаны осы ғана еді.
Кегін өз қолымен алмаса, көңілі тыныш таппайтынына бой
алдырған Шәкірт, осылай керей құдалардан қарымта алған

да заман болған.
«Жарау Қара» атанғаны тегін емес болғаны ғой. Азамат-
тар жорыққа аттанғанда «Жарау Қараны жолықтыра көрме,
Алла» деп аттанады. Жарау Қара бәлендей ұрыны ұстапты,

есесін үш қайтара алыпты, қарымтасын еселеп алмай тын-
байды екен, деген секілді өсіріп айтқаны бар, шыны бар әң-
гімелерді Қылаң ауылы естіп жүре-тұғын.
Бірақ тал түсте төрт көзі түгел отырған ауылды шауып,

желіні қиып, қарымта алады деген ешкімнің көкейіне
қонбаған. Болары болып, бояуы сіңіп, малдан айырылған
ауыл азаматтары тұтқында болған өздерінің жерлестеріне
аманға барып, хал-жағдайларын сұрап, бөтен елдегі бастан

кешкендерін естіген.

– Әрине, – деген олар, – бостандықтан айырылуды еш-

кім жақсы деп айта алмас. Дегенмен тамағымыз тоқ болды,
ұрып-соққан жоқ, үлкендерден боқтық сөз естігеміз жоқ.
«Ұрғаны өтпейді, шымшығаны өтеді» демекші екі жерден
қорландық.

Біріншісі, өз ауылымыздан құлжабай ауылына келін бо-
лып түскен қыздарымыз, біздің мүсәпір халімізді көргілері
келмей, біз жатқан үйді айналып жүретіні. Біздің олардан ұя-

Пионер Мұхтасыров
латынымызды біліп, ас-суларын балалар арқылы жіберіп тұр-
ды. Ас-суымыз мезгілінде беріліп тұрды. Мезгілсіз уақытта ас
келсе, кім жіберіп тұрғанын айтпай-ақ білетұғымыз.

Екіншісі, біздің тағдырымызды қалай шешкен дұрыс
болар еді десіп әңгімелескенде, қанша дегенмен киіз үй
емес пе, емен-жарқын естіліп қалып жүрді. Өзіміз біреу-
дің есігінде дәретке де дұрыс барып келуге мұқтаж болып

жатып, өзің туралы, елің туралы, еліңді бастап жүрген аза-
маттарың туралы кеміткен, сынаған неше түрлі жаныңа
жара түсіретін сөздерді естігенде, жігерің құм болады.
Сондай «әдемі» әңгімелерді естіп алған балалар қасыңа

келіп, атыңды атап, сол сенсің бе деп сұрайды, иә, мен
десең, бетіңе былш еткізіп түкіреді. Тентек немені саба-
уға қол жетпейді, боқтауға қорқасың, арты қалай болады
деп, бетіңді бір сүртіп, байлаудағы күшікше құйрығыңды

қысып жатасың.
Бізге естіртпеген болғанымен, Қылаң ұрыларын шыға-
рып алуға өзі келер, немесе кісі жіберер десіп тосқанын
естідік. Біз де тостық, көп болса айыбын төлер, іздеусіз

қалмаспыз деп ойлағамыз. Бірақ біздің қолға түскенімізді
естіп, біле тұра Қылаң бізді шығарып алуға ешбір шара
қолданбады.
Ұрылар өздерінің Абдолданың жылқысын қалай қолға

түсіргендерін, одан қалай өздері қолға түскендерін ауылы-
на әңгіме қылып айтып берді. Шәкірттің қолына түскен-
дер таяқ жеп жәбір көрмепті. Ал Мүсірептің қолына
түскендер көрген қорлықтарын ертегі мен жыр етіп былай

баяндаған ғой.

– Сүйегімізді сындырмады, етіміздің ауырғаны естен

кетпес. Тышқанмен ойнаған мысықтай үшеуімізді үш
жаққа лақтырып талдырып түсірді. Есімізді жиып, үше-
уіміз бірігіп, қарсылық істеуімізге шамамызды келтірмей,
аттарымыз­дың үстіне бөрікше лақтырып, қол-аяқтарымы-

зды байлап, алдына салып, айдағанда жанымыз шықпаған
соң отырдық. Жап-жас болып, адамды ұрмай-соқпай қи-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
науды қайдан үйренген неме екенін кім білсін, атқа теріс
мінгенде аяқта үзеңгі жоқ, ат желгенде қолпылдап, іші-ба-
уырың солқылдағанда, жерге құлай салғың келеді. Құлай-

ын десең, құлай алмайсың, аяқ-қолыңды ерге мықтап
байлап тастаған, қанша қайсар болсаң да, шыдамың тау-
сылып, өкіріп жылайды екенсің. Алтауымызды жылқымен
бірге айдағанда, біздің өкірген дауысымызды естіген бо-

луы керек, Жарау Қара қасымызға келіп, неге жылап келе
жатқанымызды сұрады. «Ойбай, Шәке, – деп шу ете түстік.

– Енді сіздер жаққа аттап баспайық, жазалаудың қан-

дай түрін қолдансаңыздар еріктеріңіз, тек атқа теріс мін-
гізіп қорламаңыздаршы, іші-бауырымыз езілгендей, күй
кешіп отырмыз»,– деп зар еңіредік.
Шәкірт Мүсірепті қасына шақырып алып: «Біраз қи-

наған сияқтысың, жетер. Сен танымауың бар, мен танып
тұрмын алдыңа салып айдап жүргеніңнің біреуі керейдің
атақты балуаны. Сенің шексіз күшіңе қарсы тұра алмапты,
сенен басқа біреу болса, бұлар еліне олжалы барады екен.

Тұрған тұрыстарын көріп тұрсың, ұнжырғалары түскен,
қолға түскенде «кетеуі кеткен» деп осындай жағдайда ай-
тылған шығар. Ар-ождандарына тимей, ұрыларыңды қина-
май, жылқыны өзің асықпай айдап келерсің,– деп Шәкең

ауылға суыт жүріп кетті. Бізді Мүсіреп ұрып-соқпай-ақ,
қарнымызды ашырып, бір ұрттам суға зар қылып, шөлден
өлуге таяғанда, Шәкең ауылына айдап апарып табыс қылды.

– Әрине, қиналған екенсіңдер, елге аман-есен келген соң,

көрген қорлықтарың уақыт өте келе тозар, ескірер дескен
ауылдағылар. Найманның Жарау Қарасының ар-намысына
тиетін кесек қылық болған. Қылаңның сендерді шығарып
алмақ түгіл, құлжабай ауылының төңірегін басатын беті жоқ

болған екен. Ендеше, мына кеткен жылқыны құлжабайдан
да, Қылаңнан да іздеп алуымыз екіталай. Жарау Қараның
тебінді келетін жөні болыпты. Бас аман болса мал табылар,
арғы бетке ұрыға барып қолға түсіп, ар-намыстарың айран-

дай төгілген екен. Ердің басы нені көрмейді, бастарың аман

Пионер Мұхтасыров
келгеніне шүкірлік қылыңдар. Енді Қылаңға еріп, далақтай
бермей, бастарыңды пәледен аулақ ұстаңдар,– деп ауыл
ақсақалдары ақылдарын айтысты...

Тағдырдың басқа салғанынан кім құтылған, Қылаңнан
зорлық, қорлық көрген керей елі, Шүйге келіп, бас сауғалаған
заман болған...
Шүйдің қазағы қайтсін, босып келген керейлерге өкпе-

назын білдірмеді. Бізді ел деп бұтаға қорғалаған торғайдай,
жанын жаудан қорғап, келген қандастарымыз ғой деп,
қыстың қысылшаң уақыты болса да, ауып келген керей
құдаларымен қолындағы барымен бөлісіп, аман-есен

қыстап шықты.
Елдеріне қайтар алдында, елінің басы болып келген
Қиюбай мен Қуанған өз елі атынан найманның үлкендеріне
ас береді.

– Бұл беріп отырған дәміміз – бет жылтудың дәмі. Олай

дейтінім, «ұялмаған бет ұлтаннан қалың» деген сөздің шын-
дығына көзім жетті. Абдолданың үйіне адамша мәнісімен
бата істей алмадық. Қолда жоқтың әсері, құр қол барып,
аят оқып шығуға ғана шамамыз келді. Қылаңның қы­лығы

үшін құн төлейтін жөніміз бар еді, Шәкірт қажы есесін
жібермеген
секілді,
сондықтан

болар,
Қылаң
тура-
лы сіздер жағынан бір ауыз сөз естімедік. «Арық атқа

қамшы ауыр» демекші, біздің өкпе көтерер хәліміздің
жоқтығына көздеріңіз жеткен соң, солай болған шығар.
Көңіл-күйімізге қарағандарыңызға үлкен рахмет. Алла
ұрпаққа ғұмыр жас берсе, үнемі қысылшаң заман бол-

мас, айдан аман, жылдан есен шығып жүретін күн
туар. Сонда ауылымызда сіздердің жақсылықтарыңыз-
ды еске алып, сіздерге жақсылық істейміз дейтін ұлдар да
туар. Қысылғанда қол ұшын бергендеріңізге біз разымыз.

Бүгін таңда сіздердің жақсылыққа төлем ретінде береріміз
жоқ екеніне көздеріңіз жетіп отыр. Ағайын арасының ұзап
кетпеуіне дәнекер болсын, қолдарыңызда қолғанат болып,
үйреніп қалған қыздарымыз бар. Келешекте келіндеріңіз

болып, мүмкін бізге өріс болар. Жақтырған қыздарыңыз

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
болса, ақы-пұлсыз алып қалуларыңызға болады. Бұрыннан
да құдандалы едік, дәм қосып құдалығымыз жалғаса берсе,
татулығымызға тантық болар.

Қиюбай мен Қуанғанның көп алдында жарыққа шыға-
рып айтқаны жаңа айтылған ұсыныстай болғанымен, бұл
әркімнің үй іші, отбасында, жаз шыға басталып қойған
әңгімелері еді. Қолына үйір болған қыз балаларға әке-ше-

шең бізге сені бала болып қал десе, жарайды бала болып
қалайын дегізіп үйретіп, көндіріп қойған. Қысылған-
да қол ұшын бергеніне разы болған ата-аналар өзін сый-
лаған адамға, не сұраса да беруге даяр еді. Табалдырықтан

биік тау жоқ, қазақтың ескі дәстүрінен де аттай алмаған.
Қыз баланы тегіннен «өз жұртының қонағы, алла жат
жұрттыққа жаратқан» деп қарағаны да ескерілген. Қыз
балаға бесіктен белі шықпай жатып, жіп тағуға болатындығы да

ұмытылмаған. Алушы мен берушінің ойы бір жерден шығып,
дәстүрімізде бар нәрсе болғандықтан, ерте күннен орын тебе
бергендері де жөн шығар дескен. Әрине, қыздары қалып
бара жатқан ата-ана үшін, амалдың жоқтығынан, көңілге

жұбаныштың бір түрі еді.
Аман-есен қыстап шығып, ризашылықтарын білдірген
керейлер, еліне көтеріңкі көңілмен, қуанышты аттанбақшы
еді. Бірақ, іштен шыққан шұбар жылан емес пе, қалып бара

жатқан қыздарымен қоштасқанда, өзектерін өртеген өкініш
зары Шүй даласын күңірентті. Аналар аңырап бара жатқан-
да, арттағы балалары шырылдап, жылаған дауыс көпке
дейін бір-біріне естіліп тұрды. Көз жасы құрғамаған қа-

зақтың тағы бір көші арғы бетке асып бара жатты.
Не көрмеген қазақ, жылаған жылдар шежіресі тарих беті-
нен орнын алып, тірі адам тырбанып, өлмес күнін көріп, за-
мана ағымына бейімделіп, алға жылжып жатты.

Шүй жері құтты мекендеріңіз болсын, бізге істеген
жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын десіп, керейлер еліне
қайтқалы көп заман өтті. Сол қыздар ержетіп, бір-бір үйдің
келіні болып, соңында шаңырақ иесі, найманның салиқалы

бәйбішелері болды...

Пионер Мұхтасыров
Шүй бойынан меншіктеп алған жері болмаған күнде де
Шындығатайдан көшіп келулерін тоқтатпаған қазақтар
жер алғаннан кейін ағайындардың келуі еселей түсті.

Алдымен келгендер Шүй бойына орналасқанына ондаған
жыл өтіп, ел мен жерге әбден үйренген. Уақытша мынау
біздің жайлауымыз, анау біздің қыстауымыз деп жүрген
жерлері өздеріне тиіп, меншікті жерлері болған соң, елдің

еңселері көтеріліп, артта қалған туыстарына қол ұшын беріп,
көшіріп алып жатты.
Шүй бойына келгендердің ішінде кімдер жоқ дерсің

– Қаракерейдің байторысынан тараған Ақ шидің ақнайманы,

Аққаба, Марқакөлдің қожамбеті, қожамбеттің жәлменбеті.
Қожамбеттің жарболдысынан тараған Сартепсең, Ақшоқы,
Қарашоқының самайы.
Алты Қаратайдан төрт руынан да аздап келген. Са-

рыөлеңнің
сарғалдағы,
Көкпекті,
Кіші

Нарынның
шоңмұрыны, Үлкен Нарын, Қызылтас, Жазотырдың дәу-
леті, кәлімі. Алтайдың Қытайға қараған бетінен, Майлы
Жайырдан келген – уақтар. Алтай тауының төрт бұрышын

айнала көшіп, өздері өсіп-өрбіген, Шындығатайдан басқа
барған жерінің бәріне ұрпақ қалдырып жүрген сарғалдақтың
өскен бір бұ­тағы – құлжабайлар.
Шүйге келген Қаратайлардың ішінде сан жағынан көп

келгендері – сарғалдақтар. Сарғалдақтың тараған үш үлкен
тобынан да келген. Үшеуге кіретіндер – амалдық, сары,
есенбай. Амалдықтан тараған екі ұлдың Кеншінбай мен Он-
тағардан тарағандардың көпшілігі осында. Шүйге келген

сарғалдақтар өздерінің көп екендігін еске сала сөйлегенде,
бес есенбай төрт сары аман тұрса, ешкімге де есемізді жі-
бермеспіз деседі. Сарғалдақтың есенбайынан, алты есенбай
дүниеге келген. Байбол, Ақшора, Ақкісі үшеуінен тараған-

дар Шыңғыстайдан көшпей қалып қойған. Басқа үшеуі-
нен Сарт, Сеңкібай, Әлібай тобынан Шүйге келгендері
де көшпей туған жерде қалғандары да бар. Шүйге келген
сарғалдақтардың осында бес Есенбай келдік дейтіні, Амал-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
дықтан тараған екеуімен, өз тобынан келген үшеуді қосып
айтқаны.
Үлкен руларға тән болуы мүмкін, көп ішінен өздерін бөліп,

етене жақын туыстарын айыру үшін, әрбір рудан (сүйектен)
тарағандар үлкендерін сүйектің ішінен бөліп пайдаланған.
Мысалы, Есенбайдан Сарт, одан Шонай, одан Қарын, одан
Сайболат тараған. Сайболаттан тараған ұрпақтар, арғы үлкен

аталарының үшеу-төртеуін атамай, бертінде туған Сайбола-
тын ғана атап, Сарт ішінде Сайболат боламыз дей салады.
Сондай-ақ есенбайдың Сеңкібайынан Бостан, одан Жабай,
Тәкі, Құлыбай, Құлыш тараған. Олардың ұрпақтары есенбай

ішінде жабаймыз немесе есенбай ішінде тәкіміз дей салады.
Есенбайдың Әлібайынан тараған Бақат пен Боз, Әлібайын
тастап, есенбайдың бақаты, есенбайдың бозымыз дейді,
осылайша бөліне-бөліне есенбай ішінде көптеген сүйектер

пайда болған.
Сарғалдақтың төрт сарысы да осылай бөлшектеліп,
Шүйге келген бес есенбай төрт сары деп жүргендері еселеп
көбейген. Көп сарғалдақ бірін-бірі алмасын деп қаратай-

дан тараған алты рудың ара жақыны жеті атадан асты деп,
халқының келешегін ойлаған Абдолда дәулеттен қыз алып,
жол салды. Оның дұрыс болғанына ұрпағы куәгер болды.
Бірақ өз уақытында халқы түсінбеді, қолдамады.

Сарғалдақтың төрт сарысы Бейімбет, Өтетілеу, Мұрат,
Майемер. Бейімбеттен – жылгелді мен тоқбай. Өтетілеуден

– марал, құлжабай, қолқамбай, күршімбай. Маралдан – ал-

тыбай. Құлжабайдан – отыншы, бекбау, жанбау. Мұраттан

– жолдыбай. Төрт Сарының үшеуі Шүйде де, Шындығатай-

да да бар. Майемерден тарағандар Шүйге келмеген.
Үлкен рудан ұсақ сүйекке бөліну дәулет ішінде де көп
тараған. Дәулеттен Есқұлы мен Досқұлы. Есқұлыдан бәйгісі
мен бәйтен. Досқұлыдан құратай мен қисық. Құратайдан

есбол мен байбөрді. Қисықтың ұрпағы көп өскен. Қисықтың
өзі бес қисық болып тарап, одан әрбір бесеуден тарағандар
тағы да сүйек болып жүр.

Пионер Мұхтасыров
Қисықтан тараған бесеу мыналар: құттықадам, көкі, еді-
ге, айтқұл, ұзақ. Құттықадамнан жалғыз – Тайлақ. Көкі көп
әйелінен он жеті ұлды болыпты.

Бәйбішеден туған бесеуінің және жаугершілік заман-
да қолға түскен, асырап алған тілеуіттің үш балаларының
ұрпағы өскен. Тоқалдарынан туған тоғыз ұлы жас кез-
дерінде Бұқтырманың суына кетіп өліпті. Бәйбішеден

туғандар – Мәйеке, Байтөлес, Ботабай, Шалабай, Жар-
тыбай. Асырап алғандар – Ершен, Ноғаш, Мырзабике.
Ершеннен туған Үйіткенбас пен Шотайдан тарағандар
көбіне Жазотырды тұрақтап қалған. Шындығатайда қа-

лып қойғандары да бар. Ноғаш пен Мырзабикеден та-
рағандар Шүйге келмеген. Едігеден туғандар – Кебенек,
Қазанғап, Жәкен, Мәнібай. Кебенек пен Қазанғаптан та-
рағандар Шүйде де, Шынғыстайда да бар. Айтқұл мен Ұзақтан

тарағандар екі жақта да баршылық.
Самайлардың да әр тобынан келгендері баршылық. Қо-
жамбеттің Жарболдысынан Үркінші, Жауқашты, Қошқар
деген үш ұл болған. Қошқардан самай шашы іштен туған-

да ақ болып, нысаналы бір ұл туған. Азан шақырып қойған
аты Сырлыбай екен. Халық Сырлыбай деген кісіні Самай
деп атап кеткен. Самайдан Еспенбет жалғыз. Еспенбеттен –
Бөке, Сатыпалды, Бегінбет. Бегінбеттің бәйбішесі Бәлиден

тарағандар; Жігіт, Жетіген, Аталық, Тоған, төрт Бәли деп
аталып кеткен. Екінші әйелінен – Темірші, Мәже. Үшінші
әйелінен – Қисық, Кенжес (Шүйде Кенжестен туған Қа-
рашолақ бір сүйек болып жүр). Самайдың шежіре ақыны,

Ақтан ақынның әкесі Мұқтарқан ата тегімізді екі ауыз өлең-
ге сыйдырып, былай деп таратқан екен:
Атам айтқан әңгіме, шежіре екен,
Сөз қозғасам, сүйектен, ата тектен,

Қаракерей – Найманның ұрпағымыз,
Боғда Ола мен Құлжаны мекен еткен.
Қожамбет пен Жарболды кейінірек,
Ығысып Аққабаға келіп жеткен,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Жарболдыдан Қошқардың нысаналы,
Сырлыбайын Самай деп атап кеткен.
Шүйдің қазағы ел болып, елінің меншікті жері болып,

етек-жеңін жиып, келешекке үмітпен қараған күндері
ұзаққа созылмады. 1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс
басталғаны ел құлағын елең еткізді. Ұзамай ол соғыстың
салдары ауылға да келді. 1916 жылы қару ұстап соғыспаса

да, қара жұмысқа жарайды деп азаматтарды әскер қатары-
на ала бастады. Қара жұмысқа, әскерге барғандар елге ора-
лып, өсек пе, шын ба Ресей өз ішінен соғыс ашып, ақ патша
тағынан түсіпті, Совет өкіметі орнады десіп келді. Азамат

соғысы басталды, халық екіге бөлініп, бірі ақты қорғап, бірі
қызылды жақтап, ел бүлінді.
Жыл өткен сайын ел ішінің алыпқашты әңгімелері
түрі-түсін өзгертіп, елдің үрейін алып болды. 1918 жылы

Қосағаш Қарақорым уезіне бағынатын болыпты десті.
Бірақ халықтың жаңа үкіметтің не екенін әлі түсіне
қоймаған кез еді. Совет үкіметі кедейлерді жақтайды
екен, оны қолдаушылар қызылдар деп аталып, байларды

қолдаушылар ақтар деп аталыпты деседі.
Шыңғыстайдан қашып келдік деп, көшіп келушілер
елді үрейлендіре түсті. Бар мен жоқтың, бай мен кедейдің
соғысы бірін-бірі жеңбей тоқтамайтын, ұзаққа созылатын

соғыс басталды десті.
Дүниежүзінде де, орыс мемлекеті ішінде де бүлінушілік
бар екені естіліп, білініп тұрды. Естігенмен қолдан келер
жоқ, ел ішіндегі өсек-аяң шындыққа айналып, жау жағадан,

бөрі етектен алған заман басқа түсті, халық жүдеді, тозды, не
істерін білмей күйзелді.
Ақтар келіп, тамақ керек, көлік керек деп, сұрап әуре
болмай-ақ, берсе қолынан, бермесе жолынан, күшпен

қорқытып алып кетсе, артынан қызылдар келіп тағы соны
істеді. Ағын ақтау керек пе, қызылын жақтау керек пе, ха-
лық не істерін, қайда барып күн көрерін білмей сандалған
уақыт болды.

Пионер Мұхтасыров
Қысылғанда Шүйдің біраз қазағы арғы бетке асып, Қы-
зылқайың, Соғақ төңірегіндегі керейлерге барып қыс­
тады. Бұл 1920 жыл еді, көп кісі сонда шешек ауруынан

қаза тапты.
Сол жылдарда Халқа халқында Моңғолияда, ақ пен қы-
зыл соғысып, қызылдар өз үкіметін орнатуға бар күшін са-
лып жатыр деген хабар Шүйге жетіп жатты.

Осындай аласапыран заманда, не істерін білмей, Шүйдің
халқы қайда барып күн көремізге жолықты. Жазотырдың
халқы Қаракемнің бандасынан қашып, Шүйдің елін пана-
лады.

Шүй мен Жазотырдың бас көтерер азаматтары бас қо-
сып, түбі бір жаққа көшіп, жаудың жолынан ұзамасақ бол-
мас, Шәкіртке салмақ салайық, бір лажын осы табар десіп,
барлығы Қалдеке ауылына жиналды.

Бұл 1922 жылдың жазы еді. Сағила би ел ішінің жағдайын
көріп біліп отырса да, әрбір ауылдың билерінен, халықтың
жағдайы туралы қысқаша мағлұмат алды. Қайтсек осы қы-
сылшаңнан халықты аман алып қаламыз деген сауалға, әр

ауылдың басы не ойлайды, тығырықтан шығар жол бар ма,
бәрін қадағалап біліп алуды жөн көрді.
Жазотырдан келгендердің атынан Әкімбайұлы Құтбай
сөйледі.

– Бізді тегі Жазотырдан шықты демесеңіздер, көбіміз

сіздерге келіп қыстап, жайлағалы бірнеше жыл болды.
Бұрынғы өз алдымызға ел болып тұрудан қалғалы қашан.
Жазотырдың сай-саласы, тау-тасы бандының ұясы болды,
бірнеше азамат бандының оғынан қаза тапты. Солардан

қашып осында жүрміз. Мұнда да тұрақтай алмайтыны-
мызды естіп отырсыздар. Дегенмен, Жазотырда отырған
халық әлі де бар, бір жаққа ауамыз десек, соларды да ала
кетуіміз керек. Ел болып бір жаққа ауатын болсақ, әрбір

сүйектің азаматы өз ауылына ие болуы керек те, барлығы
бір қолбасшыға бағынуы керек. Бұрынғы Ақы би де, бү-
гінгі Сағила би де, Шәкірт қажының ақылынан шығып
көрген жоқ. Ел іші тынышсыз, бір жаққа ауа көшетіндей

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
желпініс, тұрақсыздық бар. Еру күнде ақылдасар уақыт бар,
басымызға күн туып, үрке көшетін болсақ, ақылы мен қай-
раты сәйкес келетін жеке қолбасшы керек. Бүгіннен бастап

көшбасшымыз Шәкірт қажы болса екен деген ұсынысым
бар. Шәкірт қажының айтқанына бағынайық, айдағанына
жүрейік, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық.

– Құтбайдың айтқанына мен де қосылам,– деп баста-

ды өз сөзін Шамұлы Мінәт. – Оған қосарым, орнықты
жерден қозғалатын болсақ, жайбарақат жайлауға көшетін-
дей маңғазданып жүруді тоқтату керек. Халыққа жағдайды
ашық түсіндіріп, алды-арты жинақы буынып, түйінген көш

болуы керек. Ол ол ма, көш басында, ортасында, аяғында
көшкен халықты қорып жүретін қаруланған сарбаздарымыз
болғаны жөн. Көштің бет алысы қай жаққа бағытталғаны
дұрыс болады, кесіп айту қиын дегенмен, мен өз ойымды

айтайын. Көшті Қалғұты жаққа бет алдырып, Шаңбақкөлге
таяғанда, Қара Жаматымен асып, Соғақты кешіп өтіп, Қы-
зылкезең арқылы Боғда бетіне жақындай түсіп, тұрақтасақ
па деген ойды ортаға салып тұрмын. Сөйтсек жөн бе, әлде

басқа жол көрсеткендей ойларыңыз болса, ортаға саларсы-
здар. Бұл көштің аты – Үріккен көш. Үркіп жүрген халық
жинақы ғана емес, өзін-өзі қорғана алатын қару жарақты
болуы керек. Кімде оқ, дәрі мылтық сайманы бар алып

жүргені жөн, кімде жоқ іздеп табуға болады. Ақ келді алып
кетті, қызыл келді жұлып кетті деп, ауызды ашып отыр-
май, солардан мал сілекейіне оқ дәрі, мылтық сұрап алуды
әдеттенуіміз керек.

Сұраншының сүйген асын кім береді демекші, қолға ал-
сақ, өзіміздің қолдан да іс келеді. Соңғы кезде жан үшін бірде
ақтың атын тағалап, бірде қызылдың ер-тұрманын жөндеп
жүрген қара темірді нанша илейтін Әбіт, Керейбай, Қалқа-

бай, Өмірбектерге тапсырсақ, атылатын қарудан басқасы
қолдарынан келеді. Оларға алтын мен күмістің зергерлері
Сәметай, Қалиды қосса нені істемес еді. Аумалы-төкпелі
заманда өмір сүріп жатырмыз, заманымызға қарай бейім-

деліп, қайтсек жан сақтап қаламыз, не істесек қатын-ба-

Пионер Мұхтасыров
ламызға қорған бола аламыз, ашық түрде айтып, шешімін
тапсақ деймін,– деп сөзін аяқтады.

– Келісіп пішкен тон келте болмайды демекші, ақылда-

сып бас қосқанымыз дұрыс болды, тағы кімнің айтары бар?

– деп Сағила би отырғандарды шолып шықты да, көпті көрген

үлкеніміз осы кісі секілді деп, Қуқайұлы Атшабар ақсақалға
сөз берді.

– Ақыл қосқан дұрыс қой,– деп бастады Атшабар ақ-

сақал, – осы жасымызға келгенше не көрмедік, көрерді
көріп болдық деуші едік, жоқ олай емес екен. Көргеніміз-
ден көрмегеніміз көп екеніне көзіміз жетті. Жоғы барынан
алып, ауыл болып, ағайын, құда, тамыр дос болып атам

заманнан өмір сүріп келіп едік. Бүйтіп бүлініп, ақ, қызыл
болып бөлініп, бір-бірімен жауласады, кедей байға қарсы
тұрады деп кім ойлаған. «Балақтағы бит басқа шыққан» де-
ген осындайдан айтылған шығар. Заманымыз келді, күніміз

шықты деп желпініп жүргендер де бар секілді. Ары көш,
бері көш болып жүргенде, есіктегілер төрден орын аламыз
демей ме? Алты қанат ақ ордаларыңды ауа көшіп жүріп,
мәні мен сәнін келістіріп алып жүре аласыңдар ма? Мен

ойласам, артық-ауыс ауыр жүкті қоймаға тастап, күзет қою
керек. Жұт жеті ағайынды болса, жетінің бірі де, бірегейі де
үріккен. Үріккен малды көргендерің ойға жүгіртіп көрің-
дерші, алды-артына қарамай басып жаншып кетеді. Үрік-

кен адам баласының айырмашылығы – ақылынан адаспай
жүре алуында. Ал қорқынышқа бой алдырса, адам баласы да
үріккен хайуаннан ары болмаса, кем түспейді. Үркіп көш-
кен ел, еңбектеген жасын, еңкейген кәрісін, ақсақ-тоқ-

сағын жұртқа тастаған уақыттар да бастан кешкен. Ал біздер
болса үріккеннің жөні осылай демей, тау-тастан таса жер
тауып, жол ауыртпалығын көтере алмайды-ау дегендерді
бір жерге жинап, оларға өлместей жағдай туғызып көшу ке-

рек. Бұларға қорғаушы керек. Аң аулаған кейіпте, биік та-
улардың басында жеңіл қоспен жыла қонып жүретін, біраз
қарулы азаматтар қалсын. Сырттан бақылап, керек болған
жерінде қол ұшын беріп, өлсе арулап қойып, тірілерін алы-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
стан болжап, көмектескендері жөн болар. Барған жерде
қанша тұратынымызды бір құдай білмесе ешкімнің көзі
жете қоймас. Сондықтан өте асығып үрікпей, жайма-шуақ

болып кешеулемей, дайындықты бастаған да жөн шығар.
Мінәттің көп жерді аралап, алды-артын болжап, бағамдап
жүретінін білесіздер. Ол ел арасындағы жағдайға қанық бо-
лып, керейден басқа жерге баруға орын жоқ деп отырғанын,

елдің қамын ойлап түзу жол сілтегені деп ойлаймын, басқадай
ойларың болса ортаға саларсыздар.

– Атшабар ақсақал болса, елінің қамын ойлап, елеуре-

мей дұрыс шешім тауып көшейік,– деді. – Бірақ, ақсақал
қай жаққа барғанымыз жөн деген сұраққа жауап айтпады.
Көпті көргендердің сөзін тағы бір тыңдайық. Байғожаұлы
Бұқабайдың ойын білсек артық болмас, бұл ақсақал кере-

йдің жаз жайлайтын, қыс қыстайтын жерінің бәрін біледі.
Елімен де араласқалы көп болды. Керейге барғанымыз
дұрыс па, жоқ әлде Әбдікерім құдамның тағы шайқалса да
сынған жоқ, қол ұшын бере алады дер ме екен, сол кісінің

ойын ортаға салып көрейік, – деді Сағила.

– Әрине, – деп бастады Бұқабай, – осындай ел басы-

на күн туған заманда ақылың жетсе, еліңе дұрыс жол та-
пқанға не жетсін. Біздің заманымыздың өткенін мойын-
дап, жастарға жол бергеніміз дұрыс шығар. Шәкірт қажы,
Мінәт, Жүніс, Құтпай, Мұхаметқажы, Ақсолтандар құрал-

пыластардың ақылы да, күші де жеткен кезі. Сіздің сауалға
Ақсолтан не айтар екен? Мен Әбдікерімге құда болсам, бұл
күйеу. Мен жүрген елді, жерді бұл да біледі, бүгінгі саясат-
ты саққұлақтардан естіп, біліп жүр, түйгені бар болса ортаға

салсын,– деді.

– Үлкендер жол берсе, ойымызды ортаға салайық,

– деп бастады Ақсолтан. – Ақылымыз болса да, күшіміздің

азайған шағы деп, бізге жол берген болып отырған үл-
кендеріміз ғой. Соның өзінде ақылдарын бізден асырып
отыр. Біз айттық, сен сөйтіп істе деп, басты қатырғанша,
өзің айтқаныңды өзің іске асыр дегендері ғой. Солай-ақ

болсын, басқа түскен ауыртпалықты бізге артсаңыздар,

Пионер Мұхтасыров
ол да ақылдарыңыздың жеткені. Ең алдымен айтарым,
мұндайда ұсақ-түйек өсекке жол бермейік. Мінәттің ба-
тыл ойын бағалау керек, халыққа қысылғанда жол көр-

сету жауапты іс екенін білмей айтып отырған жоқ. Қа-
телессем, ертең ұятқа қалармын деп ойламады дейсіздер
ме? Бүгінгі дағдарыста солай көшсек жан сақтар ма едік
деген ойы, көпшіліктің қамын жеп айтылған ой, өз басы

қай күні қашан барса да нағашыларына сияды, ондай ойын
ортаға салмай-ақ жүре берер еді. Көшетін болсақ, сол
жақтан басқа барар жер жоқ. Дұрысын айтқанда, онда да
халық қарық болып отырған жоқ. Жер көріп, ауылдары-

ның бас көтерерлерімен кездесуге барғандардың ішінде
мен де болдым. Олар келме, жеріміз тар, халқымыз жү-
деу деп айтпағанымен, жағдайлары көрініп тұр. Отын
жоқтың қасы. Тамақ қолдағы малыңа байланысты, мал-

дың жағдайы жердің көгіне байланысты, жердің көгі ауа
райына байланысты. Баяғы өзімізге белгілі, көшпелі ха-
лықтың күнкөрісі, «шықпа жаным шықпа» деп отырған
түрлерін көрдік. Оның үстіне Жа-Ламаның алым-салығы

халықты жүдетіп-ақ жіберген. Соның өзінде жер де жетеді,
тамақ та табылады деп, құшақтарын жайып отыр. Кеше
ғана Шүй бойына келіп, жандарын сақтап қалғандарын
ұмытпайтындарын жасырып отырған жоқ. Сондықтан да кең

пейілдерін сақтауда. Еліміз аш-жалаңаш деп, күні бұрын елді
қорқытпай, есіктерін айқара ашып, төр сіздердікі деп отыр.
Қылаң заманында елдің берекесі кеткенін, береке-бірлік
кеткен ел қандай болатындықтарын еске алып, өмірден алған

сабақтарын ащы да болса жасырмай айтып отыр. Қаншалықты
кең пейілдерін білдіргенімен жағдайлары белгілі. Менің
қайын атам Әбдікерім басынан бағы тайғанда, жиырмасын-
шы жылы ауылымен керейге барып, бір қыстап қайтқан. Ат-

атандары арып, малдары жүдеген, көңіл-күйлерін айтып
жазған хаты билеріміздің қолына тигеннен кейін Шәкең
қажы мен Сақаң би бізді жіберді. Шүйден тың көлік апарып,
Әпекең ауылын Соғақтан Катонқарағайға жеткізіп салдық.

Қызыл қарағайдан отын жағып өскен Әпекең қи-тезекке зар

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
болған күндерін еске алып жыр қылады. Рүстемұлы Мұса
бидің үлкен ұлы Бөгіс маған бажа болады. Әбдікеріммен
бірге Соғақта қалай қыстағандарын айтып, маған хат жазды.

Хатты маған жібергенімен, Шәкірт қажы мен Сағила болысқа
арналған еді. Сондағы Соғаққа барған елдің жағдайын
мына бірер шумақ тақпақтан байқауға болады, оқып берей-
ін деп Ақсолтан жанқалтасынан қағазын алып оқып берді.

Ақсолтан дұғай сәлем бажамызға,
Көп еді ойын-күлкі арамызда.
Алланың добы болып ауып кеттік,
Мекенге қайта айналып барамыз ба, –

дей келіп, Шәкең қажы мен Сақаңа, Әпекеңе сәлемдерін
былай жолдаған еді.
Қыстадық биыл келіп Соғақ бойын,
Жиында өжет жігіт бастайды ойын.

Керейде бір күн тезек терген қиын,
Баққаннан Шыңғыстайдың қытай қойын.
Шәкірт қажы, Сағила,
Тоқтады жұртың бағыңа.

Міндет қылып айтарлық,
Сіздерде менің ақым жоқ.
Ерліктеріңді ескеріп,
Әншейін айтқан базына.

Қол ұшын берер деп сенем,
Жүдедік жерді сағына.
Төңірегімізде болып жатқан жағдайға сіздер көз жіберіп,
дұрыс шешім қабылдасын деген оймен айтылған әңгіме деп

түсінерсіздер.Үйренген Шүй бойынан кетудің өзі дұрыс
па, жылжымай қойсақ қайтеді деген ойымды жеткізіп тұр-
мын,– деді.
Сағила атқа мінер азаматтардың бірнешеуін тыңдаған

соң, Шәкең қажыға сөз берді.

Пионер Мұхтасыров

– Халықтың басына түскен ауыртпалықты бірігіп көте-

рейік деп ақылдасып отырғанымызды жақсы түсініп оты-
рғандарыңыз, ашық айтқан ойларыңыздан түсінікті. Жүк
ауыр демей, арқасын тосқан азаматтарымыз барына көз-
деріңіз жетіп отыр, бір шешім табылар. Мұндайда өзіміздің

айналамыздағы халықтың көрген, көтерген қиыншылықта-
рынан, сабақ алудың артықшылығы жоқ…
Керейді кері кетірген Қылаңның өмірі де сабақ. Он үшін-
ші жылы біздің жерге қыстап қайтқан керейлер көп жылдар

тыныш өмір сүре алмады. Шүйге келген керейлермен
алысқанын тоқтатпаған Қылаң аяғында Қиюбай мол-
ланың басына жетті. Қызылқайыңда Уәли қажы қайтыс
болғанда, жаназасын Қиюбай шығарған. Сол аста молла-

лар шариғат айтысып, араларында түсінбестік туындап,
үлкен дауға айналыпты. Қиюбай молланың айтқан ша-
риғаты естігендерді ұйытып, отырғандардың көпшілігі сол
кісінің айтқанын жөн көреді. Қиюбайға жақын отырған,

Салдамбай қажы етікші, көре алмастың дертіне шалы-
нып, сөзбен жеңе алмасына көзі жеткен соң, аяғындағы
мәсісінің өкшесімен Қиюбайдың құлақ шекесіне бір періп
сұлатып салыпты. Талмау жерге тиген соққыдан Қию-

бай өткен жылы қайтыс болған. Дау шығаруға себепші
болған Тілеуберді молла. Жаназаға да Уәлінің жесірінен
де дәмелі кісі екен. Сыбағадан құр қалған соң, Тілеуберді
Қылаңмен хабарласып Қиюбайды өлтіруге Салдамбайды

жұмсағанын білген халық, енді Қылаңның өзін жоқ қылуды
ойластырған.
Қылаң үнемі қорғаушыларын алып жүретін болған-
дықтан, оны өлтіру оңайға түспеген. Қайтсек те Қылаңның

басына жетіп, Қиюбайдың кегін алуға бел буған туыстары,
қытайдан кісі өлтіргіш Мадарын атты адамды жалдаған.
Қулығына құрық бойламайтын Мадарын ұлы халық үкіметі
атынан келген елшімін деп керей еліне келеді. Қылаң

ауылынан оқшау жерге көк шатырын тігіп, асықпай, жай-
барақат жатып алады. Ондаған күзетші әскері, ертелі-кеш
жаттығуларын істеп, тыным таппай ат ойындарын өткізеді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Сөдегей жүрістері бірінші кезде елді елең еткізіп, үрейлен-
діргенімен уақыт өткен сайын көзге үйір болып, елеусіз бола
береді. Бірер күн бұл қайдан келген қонақтар деп, біреу ха-

барласар ма екен деп, Мадарын жым-жырт жатып алады.
Үшінші күні Қылаң ұлы елден елші келеді дегенді
есітіп едік, сіздер ме деп жетіп барады.
Елшінің іздегені сол, Қылаң деген кісімен әдейі кездесу-

ге келген елші екендіктерін айтады.

– Қылаңды қалай тауып кездесуге болады,– дегенде, –

Қылаң үйде жоқ еді, бірақ, не жұмысыңыз бар, ол кісіге жет-
кізе аламын,– деп Мадарынның бетіне қарағанда, өтірігін
сезіп тұрғанын біліп, – қалжыңдаймын, Қылаң мен едім,

– деп шынын айтады.

– Қазақ қалжыңшыл халық деп естігенім бар еді, шын

солай екеніне көзім жетті,– деп кеңкілдеп күлген болады
Мадарын. – Қылаң болсаңыз әңгіме бар, отырыңыз,– деп
шатырдың төріне шығарады. – Моңғол мемлекет бола-
мыз деп жариялағалы тоғыз жыл өтсе де, аяқтарына тұра

алған жоқ. Түбінде осылар Қытай еліне қайта қарай ма де-
ген үміт бар. Моңғол халқы ұлы елге қараса ішіндегі азға-
на қазақ та, ұлы елге қарауы керек емес пе? Қазақтарың-
ды адастырмай түзу жолға салатын бастық керек. Менің

қытай атынан құпия сырды ашып отырғаным, сізге үлкен
сенім артқаным, халқын бастайтын беделді кісіні тауып,
болысады деген сеніммен айтып отырмын. Жауапты сіз-
ден асықпай тосам, бірақ аузыңызға ие болыңыз, – деп

қоя береді.
Шығып бара жатқанда қайта шақырып алып: – Ұлы
халықтың дәмінен ауыз тиіңіз,– деп бір шөлмектің аузын
ашады.

Шөлмектегіден ауыз тигеннен кейін, екеуінің де
терілері кеңіп, әңгімеге кіріседі. Қызыңқырап алған Қы-
лаң Макеңнен өз құпиясын жасырмай, біраз жерге барып
қалғанын өзі де сезбей қалады. Макең аз сөйлеп, көбірек

тыңдайды. Қазақтар арақ ішкенді діннен безген кәпір-
ге теңейтіндіктен, Қылаң өз елінен жасырын ішетінін,

Пионер Мұхтасыров
жаңа танысқан досы оны ешкімге жария етпесе, жақсы
болар еді дегенде, өзіңнен басқаға мынандай қымбат та-
мақты ешкімге бермеймін, сізден басқа кісімен сырласар

ойым жоқ, сізге ғана сенемін деп, астына көпшікті қа-
лыңдата түседі. Мұндай кездесулер басында күн аралатып,
соңында күн сайынғы әдетке айналады. Көп кездесудің
қорытындысы – ұлы халықтың Қобда бетінде сенімді кісісі

Қылаң ғана. Анау-мынау заман өзгерісі болып, Ұлы ха-
лықтың ойындағысындай болса, Қылаңға ұлы халықтың,
жергілікті халықтың ортасындағы өкілі деген сенім арты-
лады. Әрине, Қобда бетіндегі қазақтарды Қылаң басқара-

тын болады. Ертеңі осындай мансап иесі болатындығына
күмәнсіз, Мадарынмен сырлас, ішер жерлері бірге, таңғы
бас жазу көк шатырда, көңілі шат шадыман өтіп жатады.
Бір күні таңертең ерте Мадарын «сізді жылдам келіп кет-

сін деді» деп, Қылаңға шақырушы келеді. Күндегі әдетінше
желбегей жамылған шапанымен есіктен кіре бергенде, даяр
тұрған жендеттер басын қанжармен шауып алады. Ертте-
улі даяр тұрған аттарына мініп, келген жақтарына шаба

жөнеледі. Халқының көз жасын жүктеген Қылаңның басы
осылай алынып, Сарсүмбе қаласына кіре берістегі үлкен
көпірге ілінеді. Туыстары соңына түсіп жүріп, басын көп
алтын беріп сатып алып, Соғақтағы бейіттегі денесінен

бөлек, бас жағынан жер қазып қойыпты. Міне, Алтай та-
уын айнала көшкен қандастарымыздың тағдыры осындай.
Қылаң сорақы қылықтарымен халқына зиян келтірді, біз-
ге де дұшпандық жасады, өмірінің соңы осылай аяқталға-

ны, кейінгі ұрпаққа сабақ. Қорыта келгенде, жамандық
істеген адамға бұл жалғанда да, бақилық болғанда да жаза
бар екені көз алдымызда көрініп тұр. Ендеше халық ал-
дында, не істесең де, арыңа кір келтірмей, ісіңе жауапкер-

шілікпен қараған жөн болар. Керейдің атақты биі Сүгір-
байдың да бұл дүниемен қоштасқанына үш жылдай болып
қалды. Билікке таласқан керей туысымыздың билерінің
тағдыры осылай аяқталды. Заман өзгерді, билердің билі-

гі жүрмейтін уақыт келген секілді. Қой бастаған серкедей

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жол көрсететін азаматтарынан айырылған керейлер не
істеп, қайда барып күн көрерлерін білмей, сандалғандарын
естіп көріп отырмыз. Оңтүстік шығыстағы керейлеріміздің

ішкі-сыртқы саясаты түсініксіз. Ертең не боларын ешкім
болжай алмайды. Ондағы қандастарымыздың көрген күні
белгілі. Тұрмыс жағдайлары ауыр, ел ішінің бірлігі азай-
ған, ары көшіп, бері көшіп, азып-тозған. Батыстағы атаме-

кеніміз Шыңғыстай болса бір күн ақтың қолында, бір күні
қызылдың қолында, жағдайлары бізден төмен болмаса жоға-
ры емес. Шыңғыстай болысының биі Әбдікерімнің Соғақта
қыстап қайтқанын естіп отырсыздар. Астынан су шыққан-

дай туған жерін, елін тастап, қара басын қояр жер таппай
жүрген Әбдікерімнің біздің елге жақсылық істер шамасы
жоқ. Төңіректің төрт бұрышында қызыл пәленің кірмеген
тесігі жоқ, қайда барсаң қорқыттың көрі қазулы тұр.

Арғы-бергі жағдайларды кеңінен қамтып айтып отырға-
ным, ертең күніміз не боладыны ойлағаннан туып отыр.
Жау жағадан, бөрі етектен алып тұрғанда, тығырықтан қа-
лай шығамыз деп жатсам ұйқы, тұрсам күлкі жоқ. Көшіп

жұттан құтылып көрдік, қашып жаудан құтыла аламыз
ба, кім біледі? Керейдің кері кеткенін көріп отырмыз, қа-
ратайды қасқырдай жау талап жатыр. Ауылдас тілеуіттер
Тубаға асқаны бар, Қанас асуымен арғы бетке Қытай-

ға асқандары да бар, бұлар да тұрақты орын тауып тұрған
жоқ. Амалым таусылғанда ойыма келгені, Бес Боғданы
жағалап, Қытайға бет алсақ қалай болар еді. Ондағы ойым
Тошанты арқылы ары асқан, бері асқан, Ақ пен қызылдың

жолынан ұзай тұрсақ. Отыра берсек жан сақтап, күн көріп
отырған аз ғана малдан айырыламыз. Жаздың жылы күнін
пайдаланып, Қызылкезеңнің арғы-бергі жағын жайлап,
Бес Боғдаға жақындай түсіп Қытайға асатын кейіпті сақтап,

жазды өткізіп алсақ, Шүйдегі наймандар үркіпті, арғы бетке
аспақшы деген сенім жолдағы керейлерде де, біздің елде де
болуы керек. Ішкі ойымыз ары асып кету емес, кетіп бара
жатқан болып керейдің жерін күзге дейін жайлап, қай-

та Шүйге оралу. Күнде өзгеріп тұрған заман, мүмкін күз-

Пионер Мұхтасыров
ге дейін екі жақтың бірі жеңер. Қарсы тұрар шама бізде
жоқ екеніне көздерің жетті, қай жеңгеніне бағынамыз.
Жау тоқтамаса, артымызға бұрылатын жағдай болмаса,

арғы бетке де асып кетуіміз мүмкін, бірақ Алла ондайдан
сақтасын. Менен бұрынғы ойын ортаға салғандар елдің
қамын жеп, ұтымды ұсыныстар айтты. Айтқандарың-
ды қабылдай отырып, мен де ойымдағыны ортаға салай-

ын, алып-қосарларыңыз болса айтарсыздар. Арық-тұрақ
мал мен ауру-сырқауларды өзіміздің жайлауға қалды-
рған дұрыс десеңіздер, солай болсын. Ауылдың көшінің
басында ауыл ағасы болсын дедіңіздер, бұрыннан солай

болған, ол да дұрыс. Ұзын созылған көштің алды-артынан
хабар алып тұру үшін үш жерден көшті қоритын және
жедел хабарласып тұратын, қарулы жастардың болғаны жөн
секілді. Көш қандай жолмен жүріп, қандай жерге қонады,

жұрт шолушылар күні бұрын барған, көрген, солардың нұсқа-
уымен көшіп қонады. Бүгінгі бас қосқандағы сұрақтарды
күні бұрын да көріп бағамдағамыз. Оның үстіне бүгін-
гі ойларыңызбен толықтырылады. Көш жүретін жолдан

бастап, қонатын жер, қанша уақыт қай жерде тоқтау ке-
рек, керей жеріне барғанда, жолымызда кімнің ауылы
бар, олардың бізге деген пиғылдары қандай, біздің көш
барғанша жол ашып, өз жерлеріне қаншалықты ығыса ала-

ды деген, көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін көп
адам жұмыс істеп жүр. Арғы беттегі қандастарымыздың
ішіндегі ат жетерлік жердегі құдаларымыз, нағашы, жиен-
деріміздің барлығы есепке алынған. Сол жаққа бет алсақ,

қол ұшын бере алатындары, елмен, жермен таныстырып,
бізді жаңа қонысқа орналасуға көлікпен де болысатын-
дары баршылық, әрине, әркім шама-шарқы жеткенін-
ше. Елімізді көшіріп апаруға болады-ау деген жерді, екі

қайтара барып көріп қайттық. Бірінші барғанда өзім бастап
жеті күн жүрдік. Менімен бірге барғандар: Қожабай Аухаұлы,
Түркістан Нүрпейісұлы, Слям Жәшікбайұлы, Сатқанбай
Өмірбекұлы, Солтанбай Қалданұлы, Ысқақ Бегімбекұлы.

Екінші барғанда он екі кісі, он күн жүріп қайтты. Бастап барған

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Мінәт Шамұлы. Мінәтпен барғандар – Жүніс Шұқай-

ұлы, Сәлімжан Абдолдаұлы, Мұхаметшә Балықұлы, Байғо-
нақ Төртуылұлы, Құтпай Әкімбайұлы, Оспан Құдабайұлы,
Қали Жақсылықұлы, Мұхтасыр Далымбайұлы, Қадыш
Әлпиұлы,

Ақсәди
Күшікұлы,
Ақсолтан
Бұхабайұлы.

Осы барған адамдар қатарларыңда отыр, әр ауылдың азама-
ты қамтылған. Көшсек өз ауылдарының көшін өздері бастай-
ды. Әрбір ауыл көшке ере алмайды деген адамдарыңды,
малдарыңды жылдамырақ орналастырып, жуық арада көшу-

ге дайын болыңыздар. Қалдеке ауылының қалатындарына
Рүстемұлы Әбіт бауырым ие болады. Қасына кімдерді алып
қалады өзі шешсін. Көшпейміз деген ауылға зорлық жоқ.
Ақ пен қызылдың тілін табамыз, өзімізді өзіміз қорғай ала-

мыз десе, еркі өздерінде. Көшпейтін ойы бар ауыл болса,
қане, бәріміз кім қалатынын білейік, халыққа көрініңіздер
деп еді, ешкім біз қаламыз деп айта алмады. Мына аумалы-
төкпелі заманда көш бастаған деген ауыр жүк, бірақ сенім

артқан соң, сенімдеріңізді ақтауға тырысам, күш-қайра-
тымды аяған жерім жоқ, әлі де солай болады. Кім көшпей,
қалғысы келеді дегенде, біріңіз де қалам демедіңіздер, ол
маған сенім көбейіп, жүгім ауырлай түсті деген сөз. Шы-

нымды айтсам, менің де көшкім келіп тұрған жоқ. Көшкен
жаудан құтыладыны еске алып, тәуекел көшейік деп оты-
рғанымыз, басқадай амалдың таусылғандығынан істеліп
отырған шара. Бөлінгенді бөрі жейді, не көрсек те бірге

көрейік деп отырғандарыңызды түсінем. Алдарыңыздан
өтіп алайын, бұл жайбарақат жайлауға көшкен көш емес,
үркіп көшкен көш, әркім өзімді-өзім білем деген болмай-
ды. Көш басшы не айтты соған көнесіздер, яғни менің

айтқаныма бағынасыздар. Менің атымнан шабармандар
жеткізген ұсынысты үкім деп түсінерсіздер, үкім бұлжыт-
пай орындалуды қажет етеді. Бәріңізді қатал тәртіпке
шақырам. Көріскенше күн жақсы болсын, ал енді көшуге

қамданайық, – деп тоқтады Шәкірт қажы.
Тағдырдың басқа салғанына көнбеске болмайтын-
дығына көзі жеткен Шүй қазағы Қалғұтыны бетке алып

Пионер Мұхтасыров
көше бастады. Шүйдегілердің көпшілігі және Жазотыр-
дан қосылғандар бар, жер қайысқан көш болды. Көштің
алды Бес Боғдаға таяғанда, арты Құржырадан жаңа асып,

ілгері жылжи берді.
Сорлы қазақтың басынан өмір мен өлім тайталасқа түсіп,
аттың жалында, түйенің қомында жүріп күндерін өткізген
замандар бұрын да бастан кешкен, соның бірі тағы алдынан

шықты. «Мысыққа ойын керек, тышқанға өмір керек» деген-
дей, ел басын қайда апарып аман алып қалам деп жүргенде,
керей құдаларымыздан тағы бір сорақылық шықты.
Көштің алды қонып аттанарлық жерге жетіп, үлкен-

дер итарқаларын (тоқтаусыз ұзақ көштерде, бір түн қонып
шығу үшін, екі керегені біріне-біріне сүйей салып, үстіне
киіз жапқанды итарқа дейді) тігіп жатқанда, балалар тезек
теруге барған. Біраз уақыт өткен соң, балалар барған жақтан

айғай-шу естіледі. Бұл не айғай, анығына шыққанша біраз
уақыт өтеді. Орта қап тезегі арқасында, он екі жастағы Са-
дақбайұлы Дәрменбай бақырып жылап келеді.

– Не болды? – дегендерге, – әпекем Шәрбәнді керейдің

үш жігіті атқа өңгеріп алып кетті,– дейді.

– Мына атаңа нәлет керейлердің, улап-шулап көшіп келе

жатқанда, басынғандарын қарашы! Қартайған шағымда ма-
зақ болғаным-ай! Шәкірт қажы қайда? Шапсын, мына ұят-
сыз керейлерді. Шәрбәнім он төртке жаңа толды, іздесін,
тапсын, тез арада қолыма әкеліп ұстатсын! – деп Қырқым-

байұлы Садақбай ақсақал ашуға басады.
Керейлер кімнің қызын зорлықпен өңгеріп әкетсе де,
найманның ашуын келтіретін қылық. Ел аман, жұрт ты-
нышта қызын рұқсатсыз алса, айғай-шу шығарып қырылып

қала жаздайтын қазақ, үркіп көшіп, түрі кетіп, түсі қашып,
еңселерін көтере алмай жүргенде, қызды зорлықпен атқа
өңгере жөнелгендерін естігенде, азаматтар тістерін қайрап,
керейге мазақ болмайық, шабайық, қиратайық десті.

Қатардағы біреу емес, Садақбай батырдың қызын ұрлаған-
дары шектен шыққан басынғандықтары деп бағаланды. Шә-
кеңнің екінші әйелі – Дүзбенбектің қызы. Қоржынбай ұлы

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Дүзбенбек – Садақбаймен аталас Бес Қисықтың бірі Ұзақтың
баласы. Садақбай Шәкірт қажыға қайнаға болғандықтан,
өктем сөйлейтін хақысы бар. Құлжабайларға, оның ішін-

де Қалдеке балаларына сіңірген еңбегі, істеген жақсылығы
ауыз толып айтарлықтай болғаны тағы бар.
Достарына жақсылығын жеткізіп, дұшпандарына есесін
жібермей, дер кезінде жазасын беріп тұратын Шәкірт қажы-

ның батыр-балуандары, сасқанда тежейтін ақылшылары,
жылпос, епті пысықтары, шешен-шежірешілері, әнші-күй-
шілері де бар еді. Соның ішінде сыртқы дау-жанжалды
ұтымды шешуге жұмсайтыны, сенім артатыны Шамұлы

Мінәт, Текеұлы Дүйсенір, Бұхабайұлы Ақсолтан, Омарұлы
Асан еді. Барымтаға қарымта алу керек болса Қырқымбай-
ұлы Садақбайды, Дауылбайұлы Кәженді, Жайнақұлы Ақ-
шалды жұмсайтын.

Шәрбәннің дауы деген ойда-жоқта шыққан дау шешімді
тез қабылдауды қажет етті. Сондықтан шабармандарын
шапқылатып жүріп, керекті адамдарын алдырып, ақыл
қосқаннан гөрі бұйрық беру жағы басым болған қысқаша бас

қосу болды. Шәкірт қажының бұйрығы бойынша, мыл-
тықпен қаруланған жігіттерден алдыңғы шепті құрды. Екінші
шепті мылтығы жоқ балта, күрек, пышақпен қаруланған-
дар құрды. Соңғы шепті қамшылы, шоқпарлы, таяқтылар

құрды. Осы үш шеппен барып керейлердің ауылын шауып,
қызды әкесіне әкеліп табыстырып беру керек. Егер найман-
дар күшпен қызды қайырып ала алмаса, керейлерді құнға
жығу үшін төрт ақсақалды өлтіру керек. Төрт ақсақалды үш

шептің алдына малдастарын құрғызып отырғызып қойып,
жаназасын шығартады. Кешігуге болмайды, қызды жылдам
алып қайту керек, алға деп, өзі бастап керейлерді шауып алуға
аттанады.

Қанша жылдам жиналғанымен түннің ортасында керей-
лерге жақындап барып қонуға тура келеді. Далада жалаңаш
отпен ас-суларын дайындап ішіседі. Жарау Қара бастаған
найманның ашулы келе жатқанын дәлелдегендей, түнгі

Пионер Мұхтасыров
оттың жарығы найманның айбынын асырып, керейлердің
мысын баса түседі.
Шәрбәннің дауы керей мен найманның жауласуына

айналып бара жатқанына көздері жеткен керейлер түнімен
шапқыласып, беткеұстар азаматтарын, беделді ақсақалдарын
жинап, ақылдасады. Сол кездегі Шеруші Бақатының басы
болып отырған, өз еліне де, найман елінде де бет-беделі

бар Бәйімбай қажыға келіп, Жарау Қараның алдына барып
жауласпай, дауласып шешетін амалын табуын сұрайды.
Бәйімбай қажыны бетке ұстасақ, мүмкін Жарау Қараның
тілін табар деп ойлаған ақыл қосушылар қажының дауға дес

бермейтін шешендігін, тартысқанда табандылығын, бетің-
жүзің демейтін батылдығын, оның үстіне Сағила бидің
туған құдасы екендігін де есепке алған. Бәйімбай қажының
бауыры Бодаубайдыңұлы Әбілтай, Ақыұлы Сағила бидің

қызы Бәтияны алған құда. Жалғыз ол емес, Құлжабайлар-
мен бірнеше рет қарсы құдалықтары тағы бар, мыңжылдық
құдалар.
Сөйтіп қолдан қол, бұттан бұт өткен керей құдалар, елді-

гін білдіріп қарсы алады деп көшіп келе жатқанда, Турата-
удың Көккөз деген ұлының қылығы найманның намысына
тиіп отыр. Елдің намысын қозғап, ерлерді атқа мінгізіп еле-
уретіп, бар қаруын қолға алдырып, көш жол-жөнекей, жоқ

жерден жау тауып берген ұлға не істеу керек?! Үріккен елдің
ашуының алдына нендей тосқауыл қою керек? Бәйімбай
қажыға түскен салмақ ауыр.
Елінің сенімін ақтап, ойлаған ойына жетіп, жауласпай

даумен тоқтата алса жақсы, керісінше болса, өзінің абы-
ройы айрандай төгіліп қана қоймай, керей елі таз кебін ки-
гелі отыр. Көп ойланып толғануды уақыт көтермейді. Бәй-
імбай қажы нар тәуекелге салып, туыстарының артқан жүгін

көтеруге бел байлады.

– Қасыма ересіңдер! – деп өзінің сенімді азаматтарын

ертіп, алтын күмістерін жан қалталарына тыққыштап, жолға
шықты. Артындағыларға бейғам жатпайтындай тапсырма

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
берілді. Жағдайға қарай буынып-түйініп, қорғаныс шебін тез
арада құрастыру керек.
Ашудың алдында тұрмайық деп, жау келеді деген жолдан

елді ішкері көшіру керектігі ескертілді.
Өңі түсі қашқан үш керей күн шықпай Шәкірт қажы
жатқан итарқаға келді.

– Таң атпай жүрген не адамсыңдар? – деп екі қарулы аза-

мат жолдарына көлденең тұра қалысты. Ақырын сөйлесе де
естілгендей жерде тұрса да, – Бәйімбай қажы дауысын қат-
тырақ шығарып, – біз керейдің елшісіміз, бастап келген мен
Бәйімбаймын,– деді.

Шәкірт Қажы естіп жатса да, күзетші келіп:

– Бәйімбай қажы бастаған үш керей келіп тұр, – деп ай-

тқаннан кейін ғана кірсін деді.
Шәкірт қажы түгі сыртына шығып, арыстандай айбатта-
нып бедірейген күйде:

– Бәйімбай болсаң қайтейін, айтарыңды тізе бүкпей ай-

тасың да, еліңе қайтасың! – деді.

– Ашуыңды бер, «жаным – арым садағасы», шапсаң

басым, соқсаң бөксем алдыңда,– деп Бәйімбай қажы да,
қасындағылар да еңбектеп жата кетеді.

– Басқа біреу болса кім біледі не істерімді, сіздің ба-

сыңызға қылышым өтпесін біліп келдіңіз ғой, басыңызды
көтеріп, дұрыс отырыңыз,– деді Шәкең.

– Отырыңыз дегеннің өзінде тынысым кеңіп қалды ғой.

Ашу алдында, ақыл соңында, Шәке, екеуміздің де осындай
жағдайда кездесеміз деген үш ұйықтасақ ойымызда бол-
ды ма? Албырт жастарымыздың жөн-жосықсыз шектен
шыққан қылығына екі ел бүлінгелі тұр емес пе? Сіз болып,

біз болып өрттің алдын алайық, су бүркіп тоқтау істейік,
жесір мен жер дауының талайын бастан кешіріп едік қой.
Халқымызды күйзелтпейік, айыпты екендігімізді мойын-
даймыз. Даудың аяғын алыс-беріспен бітіруге бетбұрыс жа-

сайық. Ашу үстінде қызды бір қондырмай алып кетсең сөз
жоқ, жұмысың оңынан біткен болар еді. Қыз келгелі екін-
ші күн болды. Аржағын айтпай-ақ біліп отырсың. Не нәр-

Пионер Мұхтасыров
се уақытында. Уақыты өткеннен кейін, елдің есін кетіріп,
ебін қашырып, шабындыға түсіріп апарған тесік мон-
шағыңды Садақбай батыр қабылдай ма, уақытын өткіздің

деп, таяқтың бір басын өзіңе сілтемей ме? Ойлан, Шәке!

– деп Жарау қараға қарап еді, міз бақпаған бойы ешнәрсе

естімегендей, бір қалыпта сазарған бойы отырғанын байқап
алды да, Бәкең сөзін жалғай берді. – Қате бізден, жанымыз
олжа, не алсаң да сіздердікі, мына қаптаған сарбаздарыңды
сабасына түсір, елімізге тыныштық бер. Жайлауымызды

жаздай жайла, еліңе есігіміз ашық, малымыздың семізін
жеңдер, белдісін мініңдер. Төріміз сіздердікі, төсегіміз са-
лулы, басыңа жастық, үстіңе көрпе болайық, елдігімізді
сақтайық. Ақ пен қызылға жем болғанымыз да жетер, жау

жағадан, бөрі етектен алып тұрғанда өз ішімізден жау ашып,
елді тоздырмайық. Ашу басарымыз – алтын, жол жобамыз

– күміс, қазақтың жөн-жосынымен келдік, ата-бабамыз

салған жолдан таймас деген үмітпен келдік. Бедіреймей
бетіңді бері бұр, түсіңді жылыт, жау көзіңді жалтара тұр.
Дос көзіңмен қарап, бойыңды ақылға жеңдір. Жылы сөзді
елшінің сөзін ескер, санаңа салып бағала, елді жылатып,

көз жасына қалма, қысқаша айтарым осы,– деп салмақты
екі бөлшекті Шәкірт қажының алдына қарай сыпайылығын
сақтай отырып жылжытты.
Шәкірт қажы сыйлық кәдесін қойнына салды да, «менің

келгенімді тосып аларсыздар» деп қостан шықты. Даяр
тұрған атқа мінген Шәкең қасына ерткен атқосшыларымен
біраз жерге барды да екіге бөлінді. Өзі арттағы елге аттанды
да, алдыңғы шепке шабармандарын жіберді. Өзі арт жақпен

ақылдасқалы кеткені, алдыңғы шепке ешбір сөдегей қимыл
жасамау керектігі нұсқалғаны, іс-қимылдарынан білініп
тұрды.

– Садеке, сізге келдім, қайтсек жөн, көш жол-жөнекей

қарулы қол жинау оңайға түспегеніне көзіңіз жетіп отыр,
жиналып болғанша көп уақыт өтті. Жердің шалғайлығы
үлкен кедергі болды. Бала жат жерде екі қонып қалды.
Өкініштісі сол, уақытында баланы қолға түсіре алмадық.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Алған беттен қайтпай шабуылға шық дейсіз бе, әлде кеш
қалдық, жауласқанды қой дейсіз бе – сіз не десеңіз, соны
істеуге мен даярмын. Бәйімбай қажы бастатқан елдікке

шақырып жығылыспен келгендер қоста жатыр, сізден рұқ-
сат жоқ оларға жауап бермедім, не айтасыз? – деп тоқтады
Шәкең.

– Зәтің құрғыр, Бәйімбай келсе қайдан құр келсін,

алақаныңды жылытып жіберген ғой, тебінің қайтып қалған
секілді, өзің біл, өзің біл, өзің біл, – деп үш қайтарыпты да,
Садекең жантайып жата кетіпті.
Өзің білдің түбі салмақты сөз екенін түсінген Садақбай

ақсақал, көп жата алмай басын көтеріп, Шәкірт қажыға
дұрыс жауабын беруді ойлайды.

– Жаңағы айтқанымды көңіліңе ауыр алма. Бір қыз үшін

жауласудың артында үлкен жауапкершілік жатыр. Намы-
станудың да орны бар. Сенің басың қатып жүргенін білем,
түсінем дер кезінде мені қолдап айбат көрсеттің. Елінің
ар-намысын қорғайтын сендей ерлер туа берсе, найман-

ның келешегі бар деген сөз. Енді болар, жауласудың керегі
жоқ. Жауласпасақ та дауласармыз, даудың шешімін бірінші
шешіп жүрген жоқсың, өзің шеш, өзің басқар, басқа айта-
рым жоқ, – дейді.

Осы жолғы жауласу мен дауласу араласып кеткенде
басындағы ақылы, аузындағы сөзі, білегіндегі қарымы ал-
дындағы дәулеті бардың барлығы Шәкең мен Садекең қан-
дай шешімге келгенін біліп алғанша, тарқамай тосып жатты.

Шәкең не айтып келер екен дегенді елден ерекше
тосқан, іштей тозған, сырттай сабырлылығын сақтаған,
басын өлімге тіккен төрт ақсақал еді. Халқының арын
сақтау үшін жан беруге басын иген ақсақалдар, ішкі уай-

ымын сыртқа шығармай, көкте құдай, жерде Шәкірт жан-
дарын осылай алатын болса, нар тауекел деп үн шығар-
май бағынған еді. Жаназасы шыққан кісі ас аузына алса
күнә болады десіп, бейуаз аузың қайсы десе мұрнын көр-

сететін ақсақалдарды, сусын, тамақ бермей мазаққа ай-
налдырып ермек қылған қушыкеш азаматтар да болды.

Пионер Мұхтасыров
Әрине, Керей мен найман татуласса екен, жауласпаса жа-
нымыз қалар еді деп елден ерекше ел бірлігін тілеген де
осы ақсақалдар еді.

Шәкірт қажы Садақбаймен кездесіп келгенін тосып
жатқан өзінің ақыл қосарларымен, Бәйімбайлар тобы бір
төбенің басын толтырған еді. Тосқан елдің жағдайы белгілі,
көш жол-жөнекей ойда-жоқта шыққан пәледен күйістері

кеткен, жылаған бала, маңыраған қой, мөңіреген сиыр, кісі-
неген жылқы, боздаған түйе, азан-қазан болып шуылдаған
дыбыс түстік жерден естіліп тұрды. Аз жүрсе де тосқанда
көптей көрінетін уақыт, тосқандардың тағаты таусылуға та-

яғанда Шәкең де келді.
Келген бойда Шәкең халықтың топ ортасына биіктеу
жерге шығып:

– Керей, найман туысқан халықпыз, соғыспайық. Бір

қыздың дауы үшін екі ел бүлінген ата-бабаларымыздың
тарихында болған. Мына отырарға орын жоқ, кірерге есік
жоқ, аттың жалы, түйенің қомында жүріп, керей-най-
ман болып соғысып жатсақ, екі елдің обалына қалармыз.

Қыздың ақы иесі Садекең ақсақал төрімнен көрім жуық,
ол дүниеге қан жүктеп барғым келмейді. Ашу – алдын-
да, ақыл – соңында деген, ашумен керейлерді қырып
жойыңдар дегенім артығырақ кеткендігім екенін біліп

отырмын, бірақ қызым іздеусіз кетпеуі керек. Бәйім-
бай қажы бастап келген керейлердің сөзін қабыл алайық,
дауды бітір деп айта алмаймын, жауласқанды қой деді.
Өзім де ашумен атқа мініп, сарбаздарды сапқа тұрғыз-

сам да, жауласа қойғандай ниетте жоқ едім. Бірақ, ізде-
усіз қыз найманда болмайтынын, тәртіпсіз керейлердің
естерінен кетпейтіндей ететін бір айбат көрсету қателе-
скендік емес еді. Керейлер ел болып естерін жиып, Бәй-

імбай қажы сақалды басымен жығылысқа келмесе, ашу
үстінде бір кеселдік біздің жақтан шығып кетуі мүмкін
еді. Екі елдің ақсақалдары елдікке, бірлікке шақырған-
да, мен де солардың айтқандарын қабыл алдым. Дау-

дың арты ұзаққа созылатын болғандықтан, Бәйеке мына

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
тоқтап қалған көшті жөн жосықты білетін елмен, жермен
таныс бір адамға бастатып, жайлы орынға қондырсаңыз, –
деп сөзін аяқтады.

Ендігі сөз де, салмақ та Бәйімбайға түсті.

– Түнделетіп түсіміз қашып келгенімізге жарай, қара-

бет болмай, елімізге көріне алатын болдық, екі елді жаула-
стырмай бірлікке келтірген ашуыңызды ақылға жеңдірген
шешіміңізге разымыз, қарағым Шәке, алыс-беріс айыбымыз
артынан. Жанжал шықпай тұрып-ақ жерімізді қызғанбай-

мыз көшіңіздер, келіңіздер дегеміз, сол айтқанымыз айтқан.
Ендігі көшті жер білетін жаңа құдаларыңыз Туратау ақсақал
бастайды. Жері кең, шөбі шүйгін, соны өрісті өзі көрсетіп,
көшіп-қонуға бар жағдайды жасайды. Сіздердің сақадай

сай тұрған азаматтарыңыз осы кісінің соңына ерсін. Мал-
ды-жанды Қобда суынан өткел тауып аман-есен өткізу көп
күш керек етеді. Терең суға қорғанбай түсе кететін мықты
жігіттермен, мықты сушыл аттар, атандар, бастауық серке-

лер болуы қажет. Барлық көшті Қобдадан ары өткізіп алған-
ша, көшті өткізуге арналған күш тарқамай, қадағалап тұра-
тын болсын.
Ауған ел маңдайға жазған, көшпелі күнкөрістің та-

уқыметін тартып, ауыр деп майыспай, жеңіл деп желбіре-
мей, күнделікті тіршіліктің күйбіңімен күндерін өткізіп жат-
ты. Жадыраған жазды өстіп жүріп өткізіп алармыз, күздің де
тақап қалғаны мынау, ар жағы қыс не күн көреміз, қайда

қыстай­мыз дегенді ойлаған үлкендер, ішкендері ас болмай
сарыуайым­ға түседі. Әрбір таңның атуын, күннің батуын са-
нап, ерте­ңіміз қалай боладыны естен шығармай есептеумен
1922 жылдың жазы керей жерінде өтіп жатты.

Кең өріске жазыла жайылған мал қоңын жинап етейіп
алды. Малға тамақ болса болғаны, айдаса жүріп, қайырса
тоқтағаны. Бірақ адамзатқа ішіп-жеуден де басқа көп нәрсе
керек қой. Мал тойынғаннан кейін, адамдар да етін жеп, сүтін

ішіп, күнкөрісі әжептәуір күйде болғанымен, көңіл-күй-
лері жүдеу еді. Бұрынғыдай ойын-сауық жоқтың қасында.
Жастар жастығын істеп, ойын-күлкіге бой алдырса, үл-

Пионер Мұхтасыров
кендер «неменеге қарқ болып жыртыңдайсыңдар», – деп
қабақтарын түйіседі.
Сондай бір көңілсіз күндердің бірінде керей найманның

атқамінерлерінің бас қосқан жиыны болды. Туратаудың
алты қанат ордасында Шәрбәннің дауын шешуге керейден
тоғыз, найманнан тоғыз – он сегіз би бас қосты. Керейдің
тоғызының басы – Бәйімбай қажы. Найманның тоғызының

басы – Шәкірт қажы. Екі жақтың алдымен келісіп алған­
дары бойынша халық алдында сөйлейтін ақы иелері мен бас
билер ғана. Еріп келгендер – әредікте ақыл қосушылар. Бұл
дауды көпке созбайық деген амалдары еді.

Екі жақтың да үлкен кішісінің ертеңді-кеш отырыста-
рында ауған ел, ұрланған қыз туралы әңгіме қозғалмай қал-
майтын. Әңгіменің басы Шәрбәнмен басталып, Шәрбән-
мен аяқталушы еді. Бос әңгіме аяқталып, енді бір шешімге

келетін уақыт жетті деген басқосу еді.
Айтылатын сөз, шығаратын шешім айымен талқыла-
нып тезден өткендей болды. Дегенмен, екі жақ та бір-біріне
оңайшылықпен беріспейтіндіктерін халық біледі.

Дауды шешуге жиналған билері киіз үйде бас қосты,
басқа жиналған халық билер отырған үйді айнала жайғасты.

– Ал, Шәке, біз жығылысты болғандықтан сөздің алдын

сізге берейін. Керейді бірде оң жамбасқа салып, бірде сол
жамбасқа салып жыққаныңды сен қоймадың, жығылған
күреске тоймайдыны жалғастырып біз қоймадық, бастай
бер, – деп Бәйімбай қажы Шәкірт қажыға басын изеді.

– Жығылатын жеріңізге көрпе төсеп алған секілдісіз,

жығылуға дайын екеніңізді білдім. Сіздерді қаншама да-
уда жеңіп жүрсем, әділ жол тауып, майдан қылшық суы-
рғандай етіп, ақ пен қараның арасын ажыратып, көздеріңе
көрсетіп, құлақтарыңа естіртіп, бұрылар жер қалдыр-

май жеңіп жүрмін. Сіздердің көргенсіздіктеріңізді көзге
шұқып, соқырға таяқ ұстатқандай етсем де, өткеннен сабақ
алып тоқтау деген сіздерде жоқ. «Есіктен ергеншек кет-
се, иттен әдеп кетеді» дейтін нақыл бар, Бодаубай ақсақал

есіктеріңнің ергеншегі еді. Бодаубай ақсақал ұзын сызса

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
көшіп, қысқа сызса қонатын керейлер, ол кісі көзден тай-
ған соң, бассыз, баусыз кеттіңіздер. Иттің иесі, бөрінің
тәңірісі бар. Найман ішінде құлжабай мен дәулеттің қы-

здарын үйден шықса тосып алатындарың әдетке айналды.
Садақбай ақсақалдың ашуына ашу қостырып, еселеп еске
түсіріп тұрғаны, кешегі қылықтарыңның бүгін қайталануы
еді. Осыдан ондаған жылдар бұрын, Садақбай ақсақалдың

әкесімен бірге туған Тоғастың қызын тағы да осылай көшіп
қону қарбаласында ұрлап кеттіңдер, жыл өткенде бір бала-
лы болып қойғанда ұрыны әрең тапқан. Уақытында іздеп
келіп алып кете алмаған туысына өкпелеген қыз, төркіні-

не бармай қойған. Бармасаң қал деп қызының қолындағы
баланы Тоғас тартып алып кетіп, бала қылып алған. Керей-
мен таласып жүріп алған баласына Таласбай деп ат қой-
ған. Таласбайдан тараған ұрпақ баршылық, үйлі-баранды

болып отыр. Ала қаш, жұла қаштарыңызды қоймасаңыздар,
бір күні Таласбайдан тараған қарындастарыңызды ұрлап
алып, күл беттеніп жүрерсіздер. Ата-бабамыздың құда бо-
лып, келін алу тәртібі, жеті ата өтпеген туыстар, біріне-бірі

білместіктен қосылмасын деген мағынасы тереңде жатқан
дәстүр екендігіне көз жетіп, көңілге күдік келмейтіндей,
алыс-берістің бұлжымас қағидасы ретінде орнықты емес
пе? Жүздеген жылдарда бір кездесетін ғашықтар хикаясы

бір басқа. Қарапайым халық ортасында қыз ұзату тәртібін
сақтауы­мыз керек. Күнделікті өмірге алып қашуды әдет-
ке айналдырсақ, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпқа нұқ-
сан келтіреміз. Керей мен Найман түбіміз бір кетпейтін

мыңжылдық құда болғандықтан, алыс-берісімізді ашық
түрде келісіп, келіскен уағдамызда тұрып, бұлжытпай
орындағанымыз жөн болар. Мал емес, адамды атқа өңгер-
ген деген шектен шыққан бұзақылық емес пе! Балағатқа

толмаған қызды зорлықпен алып қашқан адамды құн
төлеумен дауды бітіру үшін сол құнның өзі немен есепте-
луі керек, менің миым жетпеді. Қасым­дағы білгіштерден
сұрасам, олар да мұндай қылық жуық арада өмірде кезде-

спегенін айтады. Екі ел алыс-берісіміз бұрыннан бар елміз.

Пионер Мұхтасыров
Бірде келісіп, бірде кетісіп жүрдік. Бұрынғы алыс-берісті,
ары көш, бері көшті есепке алып, мына даудың алдына
көлденең тартып керегі жоқ. Келешекте ұлың бар, қызың

бар, тәртіппен өмір сүрсін десеңдер, бұл қылыққа салмағы
елдің есінде ондаған жылдар жүретін жаза қолданылуы ке-
рек. Ол жаза бүгін сіздерге қолданылса, ертең осындай жолға
түссек, бізге қолданылуы керек. Жылқыны ары айдап, бері

айдап, барымтаға қарымта алуды үйреншікті дәстүрімізге
айналдырып алдық. Жас қыздарымызды малша ұрлап әдет-
ке айналдырсақ, келешектен нені күтуге болады? Ар жағы
белгілі, есе қайтарамыз деп елеуреген жастарды қоздырып

алып, тоқтата алмай халық әуре-сарсаң болып тозуға жол
бері­леді. Сондықтан даудың салмағы Садақбайдың қызы-
ның құнын анықтау емес, атамыз қазақтың қызын қорла-
ушыға деген жазаның немен бағаланып, қандай өлшеммен

есептелуі керектігін екі жақ болып шешім шығару керек.
Өткенімізге – құрмет, қазіргімізге – тәлім, келешегімізге

– аманат керектігін түсінетін құдамызсыздар. Ар-намысы-

мызды қорғау бәрімізге ортақ болғандықтан, осы сауалға
сіздердің көзқарастарыңыз қалай екенін біліп алған соң,
Шәрбәннің жеке басына байланысты ойымызды айтармыз,
сөз сіздерден,– деп тоқтады Шәкірт қажы.

– Шәке,– деді Бәйімбай қажы, – кері кеткен керейді

тағы бір шашасынан басып, артын ашайын деген екенсіз.
Құлындағы сақауды, құнандағы тісеуді қуаламайын-ақ деп
ойлап едім, өткен-кеткеннің қоқысын шығарып, аузы-
ма сөз салған өзің. Бізден шыққан көргенсіздікке жауапты

екенімізді білеміз, қолмен істедік, мойынмен көтереміз.
Өздеріңізді сүттен ақ, судан тазамыз дегілеріңіз келеді. Біз
білетін найман болсаңыздар, ағынан қарасы, оңынан терісі
көп, айтқан сөздерінен, істеген істері алшақ жататын туы-

стар едіңіздер. Наймандар қой аузынан шөп алмас жуас, ке-
рейлер ұрда-жық тентек дегілеріңіз келеді. Біз ойласақ, тен-
тек әр елде бар, оның ішінде найман – барып тұрған сотқар-
лар. Керейлерді көргенсіздер дегенді қайталай беруге жа-

лықпайсыздар. Сонда аулына келген болыстың мініп келген

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
атын қонағасына сойып, басын иесінің алдына тартқан көр-
генділікке жата ма? Мұндай қылық кімнен шықты, найман-
нан, оның ішінде құлжабайдан шықты. Алты қаратайдың

бірінен-бірі қыз алып құда болуына жол ашқан кім, ол да
құлжабай. Дәстүрімізде барымтаға қарымта жылқы жүруші
еді. Сіздерде алты қаратайдың сарғалдағы, оның ішін-
де құлжабайы, алты қаратайдың дәулетінен қыз алып еді,

соңында құлжабай өз қызын дәулетке қарымтасына берді.
Бірінің қарындасын бірі алып жүрген, халық басқарып жүр-
ген би-болыстардың өзі. Керейлердің қарапайым халқының
азаматтары жолдан тайса, жолға салатын үлкендері, ақ-

сақалдары, билері бар. Жолдан тайған найманның билерін
түзу жолға салып, жөнге салатын кім бар? Өткен заманда
хан Абылай қатты кетсе, Бұхар жырау басу айтады дегенді
естуші едік. Найманда Бұқар жырау жоқ, билер білгенін істеді,

солардікі жөн болды да қалды. Бұл айтқан мысалдарым өтіп
кеткен қылықтар болса да, сіздерді шаужайдан қағып, артың
белгілі аспа дегенге дәнекер болар, қатесіз пенде жоқ, біздің
бір тентегіміз үшін он екі абақ керейдің құлағын шуылдат-

пай, жауапты кісінің аты-жөнін айтып жауапқа тартайық де-
генім. Бүгінгі құныкеріміз – Туратау жиендеріңіз, тентегіміз
Туратаудың жалғыз ұлы жиеншарларың, аты – Көккөз (Азан
шақырып қойған аты Нұрымхан). Аталарымыздың «күйеу

қартайса құда болады» дегені дөп келіп отыр. Құдалық жо-
лын дұрыс таппай, бұрыс кеткенін бәріміз мойындағаны-
мызды білесіздер. Қылша мойнын талша қиямыз десеңіз-
дер, міне алдыңызда. Бас керек болса кесіп алыңыздар, құн

керек болса, саны мен сапасын айтыңыздар. Келешекте
болған істі өз мезгілінде көре жатармыз. Бүгінгі құныкеріміз-
ге құныңыздың салмағын ашып айтыңыз. Артық кетсеңіз
көлденең тартар сауал табылар, орташа бағаласаңыз ықласы-

мызды білдірерміз, жеткізбей айтып таң қалдырмассыз деп
ойлаймын, ойыңызды ортаға салыңыз, Шәке! – деп тоқтады
Бәйімбай қажы.

– Шүй қазағының биі Абдолданың, Шындығатайдағы

қазақтардың болысы Әбдікерімнің арасындағы арбасу-

Пионер Мұхтасыров ды алдымыздан көлденең тартып, тілге тиек етіп отырсыз, Бәке. Бір елде болған оқиғаны әңгімелегенде, екінші елге жеткенше неше түрлі бояуға боялып, өңі түсі өзгертіліп жететіні ежелден белгілі. Бәкеңнің екі ауыз сөзбен шалып өткен мысқылы, біздің ауылда болған болыс пен бидің қақтығысының, шын мағынасын сіздерге баяндап берейін. Бүгінгі жиналған халықтың ішінде бұл әңгімені естігендеріңіз бар, естімегендеріңіз бар, дұрысын біліп жүрсеңіздер артық болмас. Ол әңгіме былай болған, – деп сөзін жалғастырды Шәкірт қажы. – Шүй бойына келіп орналасқан қазақтардың Шын­дығатайдан келгендігі рас. Өзінің құзырында отырған қазақтардың Шындығатайдан басқа жерге орналасқанына Ережеп болыс та, соңында баласы Әбдікерім болыс та жауапты емес. Алланың бұйрығымен ақ патшаның жарлығы дөп келіп, халық жылы орыннан қозғалды, жаңа жерге орналасты. Ел шалғайға кетті, ауыл арасы алыстады. Шындығатайдың болысының билігі қажет болмай қалды. Бірақ жерден кетсеңдер де, елден кетпейсіңдер деп Ережеп пен Әбдікерім елді өзіне бағынышты ұстағысы келді. Дұрысында ел де оған қарсы емес еді, оған қайшы келген – жердің алыстығы. Күнделікті тіршіліктің таусылмас сұрағына жауап тауып, тентегін жолға салатын, елдің елдігін сақтайтын, ердің ерлігін қолдайтын, көшіп-қонып бірге жүретін бастаушыны, халық өзі қажет етуден барып, ел ішінен би сайланды. Ол кім дегенде Қалдекеұлы Абдолда – менің әкем еді. Абдолданы Шындығатайдың болыстары би деп мойындағылары келмеді, өздерінің сенімді адамын билікке тұрғызып, сол арқылы басқарғылары келді. Ашық шыққан жаулық жоқ, түсініскен достық жоқ, әркім өзімен өзі болған күн артынан күндер, ай артынан айлар, жыл артынан жылдар өтіп жатты. Абдолда Шүй қазағының биі болып тұрған уақытта қазақтың жері деген жер де болған жоқ. Меншікті жері жоқ халық – келімсек халық. Бийск уезінің бастықтары қа-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
зақтың меншікті жері жоқтығын пайдаланып, Абдолданы
қазақтың биі деп олар да мойындамады. Ол кісі өзіне еріп
келген халқы сенім артып, биіміз бол деп бағынғанының

арқасында ғана елін басқарды. Сондай алды ашық, арты
тұйық, сүйенері жоқ заманда елінің сенімімен, Алланың
берген қуатына сүйеніп, ауыр жүкті арқалап өмірін өткізді.
Біреуін екеу қыла алмай, қайтсем елімді аман сақтап, ел-

дік құрам деп жүргенде, сыншыл ағайын, күншіл туыстар
аяғынан шалғандарын қоймады. Абдолда ата жолын ат-
тап, сұраусыз қызымды алды, алты қаратайға жол салды.
Ол менің қызым болса, саған қарындас, сені де, мені де

басынды. Абдолдаға бір тосқауыл жасауға жарамадың деп
Абдолданың қайын атасы Сыдық және Әбдікерімнің төңіре-
гіндегі сүйектес туыстары Әбдікерімді қайрағанын тоқтатпа-
ды. Есе қайтару керек, Абдолданың қарындасын алуың ке-

рек. Саған тісі батып ешнәрсе істеп алмайды, артыңда біз бар,
елің бар, неден қорғанасың десті.
Ақылшылары кімді, қай уақытта қандай жолмен алуы
керек бәрін ойластырған. Тұрдыбайдың Тәмем деген

ұлын Табыты шаранадан бауырына салып, бала қылып
алған. Тәмем Табыты баласы болып, Абдолданың інісі
болып ержетті. Тәмемнің бәйбішесінен туған Мүсіреп
атты жалғыз еркетотай қызы бар еді. Абдолда мен Тұрды-

байдың араздығын пайдаланып, Тәмемнің қызын, тегі
сенен шыққан ұрпақ деп Тұрдыбаймен құдаласып алу
керек. Абдолда Тәмеммен бірге туған болып жүргенде,
Абдолданы кісі ғұрлы көрмей, өзінің дұшпанының қо-

лынан қарындасын алсаң, есеміз қайтар еді? Құлжабай
дәулет ішінде бәйтөлестің қызын алса, сен сарғалдақ ішінде
құлжабайдың қызын алып есе қайтар, құлжабайлар бірі өліп
бірі қалсын, оған біздің неміз кетіп барады. Осы айтқанды

істеп, дәулеттің кім екенін Абдолдаға таныту керек деседі.
Әбдікерім ел басқарған азамат ағайынның сөзіне ермеуі
керек деген, әкенің насихатын да ұмыта қойған жоқ, өз басы
да ағайынның сөзінен аулағырақ болғанды дұрыс деп баға-

лаушы еді.

Пионер Мұхтасыров
Бірақ, жұмыр басты пенденің пендешілік атты жауы
кімді жолдан тайдырмаған. Бәйгісілер айтпай-ақ, Мүсіреп
деген Абдолданың еркетотай, көрікті, көргенді, әнші қа-

рындасы бар дегенді естіп жүрген. Уақыт тауып Мүсірепке
бір жолығу керек еді деп жүргенде, бәйгісінің ақылшылары
түрткі болады.
Әбдікерім Шүйге барып ел ішінде қандай өзгерістер бар,

көзбен көрсем және құдаларыма амандасып қайтсам деген
сылтауды бетке ұстап, Шүйге аттанған. Ішкі ойы, мақсаты
басқа. Ұзақ жолда бірге жүретін атқосшылары бар, ақылшы
Рүстемнің Мұсасы қасында, Тұрдыбай ауылына келіп

түскен.
Әбдікерімнің Шүйге келетінін естіп-біліп отырған Аб-
долда алыстан келе жатқан қонақтардың қай ауылға келіп
түсетініне үлкен мән беріп отырған. Түзу ауылыма келіп

түссе немесе құдасы Байғожаларға келіп ат басын тіресе, ақ
көңілімен қонаққа келгені. Егер де Тұрдыбай ауылына келіп
түссе, арамызға іріткі салғалы келгені деп бағалап отыр еді.
Қайда келіп тоқтағанын естігенде, басына тағы бір пәле шы-

рмалғалы тұрғанын іші сезіп, бір орында тағат қылып отыра
алмай, ары-бері жүріп, берекесі кетеді. Әбдікерімнің мына
қылығына не істейін деп, ауылдағы беделді, арқасүйер аза-
маттарын шақыртып алып ақылдасады.

Абдолданың дұшпандарына, Әбдікерімнің алыстан ат
арытып келіп, жақындаса қалуының себебін өзінің төңіре-
гіндегі сенімді атқамінерлері біледі екен. Әбдікерімнің жүріс-
тұрысының мағынасын, құпия сырын, астарлы ойларын естіп,

біліп жүрсе де, Абдолдаға айтуға бұрын сәті түспей жүрген-
діктен, бүгінгі отырыста білгендерін аямай ақтарыпты. Аб-
долда өзі естіп-білмеген неше түрлі құпия бар екеніне көзі
жетіп, ашу-ызаға, кекшілдікке бой алдырғанын өзі де

сезбей қалады.
Абдолда бәрін естіп біліп алғаннан кейін, ешкімнен
ақыл сұрап жатпай-ақ:

– Ертең Әбдікерімді атқосшыларымен бірге біздің үйге

қонаққа шақырамыз. Қонағасына Әбдікерімнің мініп

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
келген атын және қасына бір қысырдың тайын қосып
сойыңдар. Маған таңдана қарарларың жоқ, есім дұрыс,
айтқанды уақытында іске қалай асыру керектігін білесің-

дер, түсіндіріп жататын бала емессіңдер, орындаңдар! – деп
сөзді қысқа қайырған.
Шақырылған қонақ ретінде Әпекеңдер айтқан уақы-
тында келіпті. Қонақтардың көңілін көтеру де ескертілген.

Әбілғазы әнші-күйшілерін әкеліпті. Әнші топтың ішін-
де Мүсіреп те бар. Әбілғазы әрбір күйді шертерде кімнің
қандай жағдайға байланысты шығарғанын, күйдің та-
рихын айта отырып, мәнерлетіп, құйқылжытып, қонақтар-

дың айызын қандырып орындапты. Ән салушылар тобы
да әндерін асқақтата шырқап, тыңдаушылардың көңілі-
нен шығып, аса ұнатқан әндерін қайталап орындап, ой-
дағыдай ойын-сауық көрсетіпті. Әрбір ән аяқталғанда,

орындаушы бәлембайдың баласы, түгенбай орындады
делініп, әншілермен таныстырылып отырыпты. Мүсіреп
әнді орындағаннан кейін, қайталап айтқызып, тыңда-
сыпты. Мүсірептің әнін тыңдауға Әбдікерім ерекше көңіл

бөліпті. Махаббат қиялына беріліп, аңтарыла тыңдап,
ақтарыла көңіл күйін білдіріп, іздегені табылғандығын
жасыра алмапты. Көз алмай тесіле қарап, төңірегінде
отырғандардың мынасы несі деп ойлайды-ау деген кәперіне

де кірмей, аумаған бозбаланың халін кешіпті. Махаббат атты
жыланға арбалып, ойы он бөлініп, мұндай сұлуды өмірінде
көрмегендей, сүймегендей, балаша қуанып, орынды-орын-
сыз күле беріпті. Әпекеңнің сол кездегі көңіл-күйін көріп,

мынау бір елдің биі, үш әйелі бар жігіт ағасы десе, бөгде
кісі сенбегендей халде болыпты.
Абыр-сабыр
әңгімелер

аяқталып,
әнші
күйшілер
тарқап, алдарына ас келіпті, қос табақпен бас келіпті.

Асқа Мұса бата беріпті. Ол кісі батаны көп созбай,
төрт-ақ сөзбен бітіріпті. Мұса «Бұйырған асқа тіс тисін»
депті. Дастарханда отырғандардың бұл батаның мағынасын
түсінгені бар, түсінбегені бар, асқа бағынған. Батаның мағы-

насын бәрінен бұрын түсінген Абдолда қозғалақтап, айтар
ойын жинақтап, жүгініп отырып алып, сөз бастапты.

Пионер Мұхтасыров

– Ас желіне берсін, Әпеке, сізге қояр сауалым бар,

құлақ салып, көңіл қойып тыңдауыңызды сұраймын. «Жер-
дегі жем аспандағы құсты ұятқа қалдырады» деген сөздің
астарын түсінетіндеріңізге күмәнім жоқ,– дей бергенде,
Әбдікерім жұлып алғандай ашуға булығып:

– Жұмбақтамай сауалыңызды айта беріңіз. Құдай бер-

ген жанымды құдай алар. Сұрақтың ащысы мен тұщысын
татпай жүргеміз жоқ, жауабы сұрағыңызға сәйкес берілетін-
дігіне сіздің де күмәніңіз болмасын,– депті.

– Дәстүрімізде депті,– Абдолда, – келген қонақтың

жұмыс бұйымтайын қайтарда сұраушы еді, ал мен болсам
жұмыстарың бар ма деп қазір сұрағалы отырмын. Дәстүрді
бұзуға себепші болып отырған – Мұсаның батасы. Айтылар
сөз, ашылар сыр артынан болар деп ойлап едім, сырымыз

ашылған соң, шынымызды айтып, сұрақты төтесінен қоюға
тура келді. Төсек жаңартатын ойыңызды іске асыруға кел-
гендігіңіз рас па? Рас болса, ойыңызға алғаныңыз кім? – де-
генде:

– Шын, Тәмемнің қызы Мүсірепке жіп байлайтын

ойым бар,– деген екен Әбдікерім.

– Тәмем кімнің баласы екенін білесіз бе? – дейді

Абдолда.

– Ол жағын өзіңіз айтыңыз, біле бермейді екенмін, –

депті Әбдікерім.
Абдолда Әбдікерімге түйіліп:

– Енді біріншіден, жасың кішілігін, екіншіден, бізге

күйеу болғың келетінін пайдаланып сен деп, Әпеке емес
Әбдікерім деп айтамын. Әбдікерім, Тәмемнің кімнің баласы
деген сұраққа бұлтарып жауап бердің, ол үшін сөгіс жоқ, бірақ
менің ашуға жол беріп, қолданған жазамды кішілік істеп қа-

был алсаң, ақылым соңынан келгенде, разылығымды біл-
дірермін. Сіздің Мүсірепте ойың бар екеніне бүгін осы оты-
рған халықтың көзі жетті. Ел құлағы елу, сенің сондай ойы
бар дегенді еліміз естіп жүріпті. Өкінішке қарай, мен кеше

ғана естідім. Шынымды айтайын, оған менің де қарсылығым

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жоқ. Бірақ, сол ойыңды іске асыру үшін Тұрдыбай ауылына
аттың басын бұрғаның менің жыныма тиді де, ашу үстінде ке-
сек қылық істедім. Ол қылығымды жөн деп айта алмаймын,

ашулануыма себепші болған өзің, қателескен болсам бірге
көтерейік дегенді айтып отырмын. Ол не қылық десең,
мініп келген атыңның басы алдыңда, дәмін татып отырсың.
Рүстемнің Мұсасы ұрланған буаз биенің ішінде кеткен

құлын, бесті ат болып бәйгеге шауып жүргенде таныпты
дегенді естігенмін, бірақ сенбеуші едім, енді сендім, көзім
жетті. Мұсаның алдарыңа тартылған жылқының басын,
сенің атың­ның басы екенін танып, «бұйырған асқа тіс тисін»

деп бата бергенін естіп отырсың. Мұсаның ұрлығымыздың
бетін ашып отырғандығын мойындап, болған істі күйірке-
лемей, ащы шындықты айтып отырмын. Қандай жағдайда
да Мүсірепті Тұрдыбайға жем қылмайтын едім. Тұрдыбай

ауылынан Мүсірепті алғанда, қалың малын қанша бермек-
ші болғаныңды өзің білесің, ондай ойыңның қателескендік
екенін түсіндірем деп, қаттырақ кеткенімді көріп отырсың.
Бізге беретін Мүсірептің қалың малы мініп келген атың-

ды сойғызғаныммен бітті, бұйрықты күні қосыларсыңдар.
Маған қымбаты, дұшпаныма басындырмай, арымды сақтау,
«малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садаға-
сы» деп сөзін аяқтапты.

– Ашудың да шегі бар, таяқтың екі ұшы болатынын

білесіз, екінші ұшы өз басыңызға тиіп жүрмесін,– деп астың
аяғына қарамай, көгеріп сазарған Әбдікерім қасындағыла-
рымен бірге Тұрдыбай ауылына қайтып кетіпті.

– Әкем Әбдікеріммен кездескен кезде мен үйде жоқ

едім, өздеріңіз жақта жүргем, дегенмен әкемнің ар сақтау
жолында артығырақ кеткені, бірақ өкінбейтін бір ісі еді,
аяғы немен біткенін білгілеріңіз келетіні сөзсіз. Әбдікерім
Мүсірепті алды. Абдолданың басына іс түсіп, Томскі қала-

сының абақтысында алты ай жатып келді. Абдолдаға жа-
былған жаланың ішінде Әбдікерімге байланысты мағлұмат
жоқ, сондықтан Әбдікерім Абдолданы абақтыға жіберуге
қатысы болды ма, әлде болмады ма бір Алла ғана біледі.

Пионер Мұхтасыров
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әкеміз Шүй қазағы-
ның биі ретінде де, әке жолында да «жаным – арымның
садағасы» деп өткені маған сабақ, ханға да, қараға да басын-

дырмаған өжеттігінің пайдасын да, зиянын да көріп өтті.
Әкеме тартқандығымның бір нышанын сіздер де көріп
отырсыздар. Ауа көшіп, кіретін тесік таба алмай жүріп, на-
мысымды қорғап, сіздерге қарсы жау ашпақшы да болдық.

Былықпа
заманда
ар-намысты
қорғаудың

қиын-
шылығы осында. Әкемді көре қалған ақсақалдарымыз,
көпті көрген ақылшыларымыз, алдыңғы өткен Абдолдадай
билерінің тәлімін жалғастырып, өзімді сол бағыттан аума,

әкеден көргенді сабақ қыл, арымызды қорға деп демеген-
дері маған күш-қуат берді, оған өздеріңіз куә болдыңыздар.
Қызымыздың ар-намысын қорғағанымыз – еліміздің ар-на-
мысын қорғағанымыз. Сіздердің «құныкерміз, малымыз –

жанымыздың садағасы, алатындарыңды алып, дауды
бітірейік» дегендеріңізге біз де қарсы емеспіз.
Құдасын құнға жығатын ойы бар ма, қалың малының
сан мөлшерін ашып айта ма, кәдесіз қыз болмайтынын еске-

ре отырып, Садақбай ақсақалдың бауыры, Садекең ақсақал-
дың атынан Әкімбайұлы Құтбай азаматқа сөз берейік,– деп
Шәкірт сөзін аяқтады.

– Қызымыздың қайын атасы Туратау Садақбай ақсақал-

дың алдына жығылысқа барғанда құр қол барған жоқ, жете-
гіндегі атымен барды. Екі құданың алыс-беріс әңгімесінің
ішінде болдым. Туратау малын аямайтынын, Садекеңнің ау-
зынан шыққанына көнетінін айтты. Садекең ешбір малдың

санын айтпаған соң, Туратау құда қырық байтал берейін, оны
аз десеңіз жүз жиырма қой қосайын деп те көрді. Садекең
құдасына «жеке басым бәлендей мал керек деп айтпаймын,
екі жақтың билері шешкен шешімді қабыл аламын» деді, ол

ақсақалдың айтқаны айтқан, менің оған қосарым жоқ,– деп
Құтбай сөзін аяқтады.
Шәкең сөзін ары жалғастырып:

– Ендеше найман жағының ұсынысын айтайын,

қабыл аласыздар ма, жоқ па, ақылдасарсыздар. Басын қатты

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
бастаған өкпе-наз, күн өткен сайын ескіріп, алауы қайтып,
қалыбына түсіп келеді. Қаншалықты ашуланғанымызбен,
бір-бірімізден кетпейтін ағайындығымыздың салмағы ба-

сып, ойландырмай-толғандырмай қойған жоқ. Күні кеше
сіздердің бастарыңызға күн туғанда, біз қол ұшын бердік.
Сегіз жыл өтпей біз сіздерге кіріптар болдық. Бүгінгі күні
төрлеріңізге шығарып, кең жайлауларыңызды жайлатып

отырсыздар. Айта кетейін, жуықта Шүйге көшеміз, көшер
шайымыз, алғысымыз соңынан. Екі жақтан елдігімізді біл-
діріп, қолдан келген жақсылығымызды аяғамыз жоқ. Бір
тентектің қылығына біз ашуландық, сіздер көтердіңіздер.

Туратау құданың құныкермін, не тілегендеріңді беруге дай-
ынмын дегенінің өзі бізге қанағат.
Ол кісінің айтқан үйірлі жылқы, қоралы қойын алмай-
мыз, біздің мақсат құнға жығып баю емес. Ар-намысқа қия­

нат келтіргені үшін айыпқа жығу. Айыптыны үш тоғызға
жықсақ демекпін. Түйе бастатқан тоғыз қыздың төркініне, ат
бастатқан тоғыз найманның билеріне, жамбы бастатқан тоғыз
керейдің билеріне берілетін болса деп тоқтады.

Керейдің билері біраз ақылдасқаннан кейін, Бәйімбай
қажы сөз алды.

– Алды-артымызды орап, тұйыққа тіреп алып, енді қай-

да барар екенсің дегізіп тиянақтадың. Асыра айтсаң да жа-
райды дегелі отырған Туратаудың тамырын дөп басып, кем
айтып жеңілдетпей, өзіңе тән әділ-ай дегіздің. Өз басым үш
тоғызыңды ауырсынғандай болғанымды, Туратауға және

ақылшыларыма айтып едім, олар Шәкеңнің айтқанын қабыл
алайық дескен соң, сіздің айтқаныңыз жөн болсын деп, үш т
оғызға жығылдық, – деді.
1922 жылдың күзіне дейін керей жерінде ақтар жеңіліп,

қызылдар жеңіске жеткен кез болатұғын. Шүйдің бойы да
ақтан тазаланып, қызылдың жеңгендігі білініп, тыныштық
орнағандай болған еді. Үріккен елдің үлкендері жаздай Ал-
тайдың арғы-бергі бетін аралап, оңды-солды болжап, Шүй-

ден кетіп, жылы орын таба алмайтындарына көздері жеткен.
Жау тоқтайтын секілді деген хабар естісімен, қайсысы

Пионер Мұхтасыров
жеңсе, соған бағынышты болғаннан басқа лаж жоқ екенін
алдынан түсінген халық Шүйге қайта көшуге мәжбүр болды.
Бұл уақыт – Совет үкіметі әлі етек-жеңін жинай алмаған

кез. Шүйдің қазағының үркіп, қорқып көшіп немесе серу-
ендеп жайлауға барып жүргенінде ешкімнің жұмысы жоқ.
Моңғол мен Совет ортасына шекара 1922 жылдың
аяғында ғана орнатылды.

Үйреншікті Шүй бойына келгенімен, халық ортасында
тұрақтылық жоқ, секемшіл, үркек мал секілденіп үдірей-
ген, үрейленген. Алда үлкен өзгеріс бар екенін іштері се-
зеді. Сондай алмағайып заманда халқым міндет артып

сынаса, сынына шыдаймын, халқым мұңайса, мұңы-
на жылаймын, халқым қуанса бірге қуанамын, елімнің
намысы үшін өлемін деп өмірін елінің тағдырына құр-
бан еткен Шәкірт қажы маңайындағы ақыл қосарлары-

ның ыдырап бара жатқанын сезіп, менің қолымнан іс
келмейтіндігіне көздері жеткендері шығар деп, алыстап
кеткендерін қайырып әуре болғанды да қойып, не болса да
уақыт көрсетер деп ауылдан ұзап шықпай жатып алды.

Халқына қамқоршы болып үйренген Шәкеңе төңіректе
болып жатқан өзгерістен тысқары болып, тыныштық өмір
сүрем дегеннің өтірік екеніне, өзін-өзі алдаған екеніне көп
ұзамай көзі жетті. Өзі ары-бері шықпаса да, алыс жақыннан

іздеп келетіндер тыныштық бермейді. Барлығының сұрағы
келешегімізден не үміт күтуге болады, өстіп ит пен құсқа
жем болып жата береміз бе, әлде бір жол тауып еліміздің
елдігін сақтауға ұмтылыс жасаймыз ба?

Шәкең келгендерге «Патшаң сайтан болса әмірін тұт»
деген тегін айтылған сөз емес, жаңа заман нені нұсқайды,
тәуекел
соны

көреміз.
Бұрынғылар
заман
өзгереді,

белгісізден би шығады, белдеусізден үй шығады, қатын би
болады, сиыр пұл болады деп отыратұғын. Сол заман басы-
мызға келді, осы жүрген ұрпақтың басына келген сын, бұл
сынақтан қалай өтерімізді бір құдайдан басқа ешкімнің көзі

жетпейді» деген сияқты заманның ағымынан болжағанын
айтса, тыңдаушылар оған қанағаттанбай Шәкеңнің тұй-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
ыққа тіреліп отырғанына, басқа айтар ақылы жоқ дегенге
сеніңкіремеуші еді.
Келіп ақылдасушылардың аузынан басқа жаққа көш-

сек қайтеді, Атамекенге баруға көңіліңіз соқпай ма деген
сұрақты жиі қайталай берген соң, осылардікі де жөн шығар,
өзім сұрақтарына жауап таба алмасам, жоқ дегенде солардың
тілін алайын деп ойлаған Шәкірт қажы халықтың шынымен

Шүйден кеткілері келе ме, анығын білу үшін әр ауылға
кетейік деген ойлары барлардың тізімін құрғызып ауыл
ақсақалдарымен бас қосты.
Бас қосқандардың есінде, осыдан он шақты жыл бұрын

жергілікті халық Шүй бойынан кетіңдер, Томск губернато-
рының атынан қазақтарға берілген жер Қалғұты мен Үкөк
болатұғын дегенде әртүрлі себептер тауып бармап еді. Аб-
долда ақсақал өзі халқын бастап тұрған кезде Шүйден кету

дегенді аузына алып көрмеген. Сол Қалғұты мен Үкөкті
нұсқап көшіңдер деушілерге дәлелін тауып, жылжымай
қойып, Шүй де қазақтың жері деген жерді заң жолымен
алып тынды емес пе?! Қырық жылдай жер үшін жергілікті

халықпен де жоғарғы лауазымды шенеуніктермен де бірде
келісіп, бірде кетісіп жүріп алған жерден кетеміз деген ой-
дың өзі ауыр жүк, еңсең бір көтерілмейді. Алды белгісіз,
арты тұйық заманда не істесе жөн боларына көздері жетпе-

ген жиналған халық Қазақстаннан жер сұрап көрейік, олар-
дан қандай жауап келеді, сол кезде ойланармыз деп тарқады.
Тәуекел, Атамекенге барайық деушілердің саны тоқсан
отбасы болып шықты. Шәкеңнің өзі көшуді онша қолдамаса

да, елдің обалына қалармын деп, көшеміз деушілердің ішіне
өз отбасы бала-шағаларын қосып Қазақстанға жер сұрап
хат жолдады.
Шәкеңнің ойы онға бөлініп, алды артын болжауға өрісі

тарылып тығырыққа тіреліп, ауыл арасының өсек-аяңы мезі
қылып, тұшырқанып ұйықтауға ұйқы жоқ, ояу жүріп бітірер
іс жоқ, өмірі өтіп жатты. Қысылғанда ақыл қосатын, ой-
ындағысын бүкпей ашық айтатын жақын бауыры, сырла-

сы, досының бірі Шамұлы Мінәт еді. «Ел басқарсаң жа-

Пионер Мұхтасыров
ныңа ақылсыз мыңды ұстағанша, ақылды бірді ұста» деп
отыратын әкесінің ақылын Мінәт ақтағандай сезінуші еді.
Сенімді ақылшым деп жүрген Мінәт бір күні келіп,

«заманың қалай болса бөркіңді солай ки деген, мен жаңа за-
манның кемесіне міндім, бұдан былай бет алыс бағытымыз
басқа, жолымыз бөлек, мені хабарласпады деп сөкпе де, то-
спа да» деп кеткелі де едәуір уақыт өтті.

Кереймен
соғыспақшы
болғанда
алдыңғы

шепті
бастаған қолбасшы Әкімбайұлы Құтбай еді. Шәкірттің ай-
тқанын екі етпей уақытында орындап Шәкеңе сенімді до-
стың бірі болып жүруші еді, соңғы кезде ол да хабарласу-

дан қалды. Қазақстанға кетеміз деушілердің де тізімінде де
жоқ. Келіп-кетіп жүрген басқа дос-жарандардың айтуынша
Құтбай Қытайға кеткенді немесе осы Шүйден кетпегенді
жақтайды дейді.

Ақылшы қайын атасы Атшабар қартайғанын сылтаура-
тып бұғып қалды. Бірнәрсенің жөнін сұраса, «ақыл азайды,
адым қысқарды, тегіндегі күн жоқ, заман өзгерді, жаңа за-
манның бет алысын болжайтын ми жоқ, ақыл өздеріңнен,

жастардан» деп бойын қори беретін болды.
Арқасүйер достары маңайынан біртіндеп ұзай берді,
көп ішінде жүріп жалғыздық көрді, сырласар, мұңдасар
тонның ішкі бауындай адамдар сиреді.

Үйден ұзап шықпаса да естіп жатты. Ақталда Қырғыз
ауыл кеңесі құрылыпты, ауыл кеңесін басқарушылардың
бір мүшесіне Мінәт сайланыпты, оның атқаратын міндеті

– кедейлерден мал жинап, кедейлердің баласын оқытатын

мектеп салуды басқару.
1925 оқу жылын уақытында бастау үшін Шоққарағай-
дағы Абдолданың үйін бұзып әкеліп Ақталға салып мектепті
ашу. Жаңа мектепті соған жалғастырып сала беретін болады

деген шешім қабылданған. Әрине Абдолданың үйін бұзып
әкелуді Мінәттің өзі басқарайын деген үш ұйықтаса ойында
жоқ. Мінәт жаңа заманның ыңғайымен жүремін деп, асы-
ра сілтеушілердің қол шоқпарына айналғанын кеш түсінді.

Туыстарына маған емес заманға өкпелегендерің жөн деп,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
өзінің замана құрбаны болып қалғанын түсіндіре алатын
сәтті күн туа ма, әлде кектенген кесірдің, түсінбестіктің
басы осы бола ма, алдағы уақыттың еншісінде.

Мектеп салуды қалай іс жүзіне асыру сұрағын шешеміз де-
ген кезде, мектепке жарағандай кімде үй бар дегенде жалғыз
Абдолданың үйі жарайтын болып шыққан. Ол байлардың
өзінің малына, дүние-мүлкіне иеліктен қалған кез. Ақылсыз

кедейлер кешегі өзінің малын бағып отын жағып жүрген
байлардың малын сұраусыз әкеліп сойып жей бастаған,
байдың әйелдеріне де иелік еткендері бар. Осындай бассы-
здықты жаңа заманның өкілдері қолдап, қолпаштап тұрған.

Осының бәрін көріп отырып Қалдеке балалары Абдолда-
ның үйін бұздырмай сақтап қалуға күштері жетпесін біліп,
маңына да жоламаған.
Абдолда өлсе де артындағы ұрпағының төрт көзі түгел

отырғанда, ордасын бұзып мектеп саламыз дегені Шәкеңе де
басқа Қалдеке ұрпағына оңай болған жоқ. Төбелерінен күн
жаумай жасыл түскендей күй кешісті.
Абдолданың ең сенімді досы, бірге жасасқан аталас туысы

Әміре еді. Әміреден туған Шамның Жұлдызбен қосылған-
дағы ағайынның дауын Абдолда арқалап өтіп еді. Бұл күнде
Абдолда да, Әміре де қайтыс болғалы бірталай заман өткен.
Бұл заманның бұзылғанын қарашы. Шамныңұлы Мінәт Аб-

долданың шаңырағын ортасына түсірмекші бол­ғанын есті-
генде, Шәкеңнің жүрегіне Мінәт келіп пышақ сұққаннан
кем әсер еткен жоқ.
Жаңа заманның күнде бір өрескел қылығымен ел ішін

ірітіп бара жатқанын көзбен көріп, құлақпен естіп, әрбір
тұрпайы қылық өзегін өртеп, жүрегін тоздырып, жүйкесі
жұқарған Шәкірт қажының қаны көтеріліп, ешбір емшінің
емі дауа болмай, қырық бес жасында пәни жалғанмен

қоштасты.
Бұл 1925 жылдың күзі еді. Шүйдің күзгі сұрқылтай бұл-
тын ары-бері көшіріп тұратын дамылсыз желі қыстың ызға-
рын еске салып, ызыңдап елдің көңіл-күйін жүдетіп тұрған

кез. Шәкірт қажы қайтыс болыпты деген жаманат, суық

Пионер Мұхтасыров
хабар ызыңдаған ызғарлы желдің дауылға айналғанындай
әсермен елге жетті.
Замананың ауыр салмағын көтере алмай есі кеткен

халық, қылышын сүйреп қыс келеді, қыстан қалай шығар
екеміз деп суық келмей жатып қалтырап отырған жүдеу
түрлеріне, мына Шәкең қайтыс болыпты деген хабар не
істерлерін

білмейтін,
ес-ақылдарынан
айырылғандай
күйге түсірді.

Халықтың Шәкеңнің заманында жақсылық, жаман-
дықты бірге көтеріп сүрген өмірлері көз алдарынан өтіп
жатты. Бастарына бір қиыншылық түссе Шәкеңе айту ке-
рек, бір дау шықса Шәкеңе бару керек дейтіндері. Шә-

кең ойдағыдай шешімін тауып талай қиыншылықты
арқалағаны, қаншама даудың шешімін тауып әділ-ай де-
гізіп шешкені – бәр-бәрі халықтың ойында. Бір сәт өт-
кенді ой сүзгісінен өткізгенде, өксіп, өкіріп жыламаған

жан болмады. Шүй күңіренді, Шүй жылады, Шүй құла-
зыды, ел ерге қарады, ер жерге қарады. Елдің ерге қа-
рауында кімің бар Шәкеңше бізге қорған, сүйеу, медеу
болатын деген сұрақ тұрғандай еді. Ерлердің жерге қарайты-

ны, еліне біз Шәкеңдей бола алмаспыз, бізде ауыр жүк кө-
теретін бел де, бедел де жоқ, заман өзгерді, заманның басқа
салғанын көресіңдер де көтересіңдер дегендей еді.
Бұрынғы заман тозып, жаңа заман озып бара жатқанын

көріп біліп отырса да, халық Шәкірт қажы бір жол табар,
бұл бассыз-баусыз кеткен жолдан басқа жол табылар деген
үміттері үзілді. Ол үміт Қазақстанға көшеміз бе деген ойдан
туған еді. Шәкең Қазақстанға бастап апарады дегендердің

үміті пышақ кескендей қиылды. Шүйдегі болып жатқан за-
мана өзгерісі Қазақстанда жоқ секілденіп, Атамекенге барып
аунап-қунамақшы болған көңіл шіркін, су сепкендей ба-
сылды.

Келешегінен үміттері үзілген халық арысын жоқтап,
зар еңіреді, күн жылады, түн жылады, қанша қайғырса да қи-
мастарын қара жерге ардақтап қойып, артын күтуден басқа
жол болмаған соң, Алланың салғанына көнген де көтерген.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Кезінде
әкесі
Абдолда

қыстау
салған,
соңында
Шәкірт қажы жалғастырған Шоққарағай деп аталатын қы-

стаудан көп ұзатпай жаңа жерден зират ашып Шәкірт қажыны
сонда жерлеген. Басына күмістен ай орнатты. Сол күннен
бастап, зират Шәкірт қажы атымен аталды. Күні бүгінге
дейін сол зиратты Қалдекеден тарағандар құрмет тұтып,

күтіп қарауда, ол дүниелік болғандары сонда қойылса, көп
арманның бірінің орындалғаны. Шәкірт қажының қыстауы
бұрын Шоққарағай деп аталса, ол кісі өткен күннен бастап
Шәкірт Қарағайы аталды. Молдалар, ауылдың ақсақалдары

жиналып, Шәкеңнің тұлын іліп, жылдық асына соятын, ең
ардақтап мініп жүретін атын тұлдап, кекілінен, құйрық жа-
лынан кесіп, жалына тұлданған ат белгісі қара шүберек бай-
лап, жыл уағына дейін жүген-құрық тигізуге болмайды деп,

жылқыға қосқан.
Үйден мәйітті алып шыққанша, еркек-әйел демей
жылауларына, дауыстап жырлауларына молдалар шек қой-
ған жоқ. Жыламай шерлерін тарқатпай халықтың тоқта-

масына үлкендердің көздері жеткендігі шығар. Бірақ мәй-
ітті жерлеген күннің ертеңінен бастап бата оқыршылар
келгенде көп адамның шуылдағын тоқтатқан. Дауыстап
Шәкірт қажыны жоқтау үшін ол кісінің ақ ордасының

оң жағына шымылдық құрылып, шымылдықтың ішіне
сөзі ұғымды, дауысы мұңлы, зарлы, естіген жанды қай-
ғылы қасіретті күйге түсіретіндей әсерлі, үш әйелді оты-
рғызып, кезекпен жоқтау айтқызып, жырлатқан. Жоқта-

уға арналған жырды Нұралла молла өзі және шежірешілер
қиыстырып берген. Шәкеңнің бала жасынан халқына
істеген жақсылығы, дұшпанға дес бермес қайсарлығы,
ерекше ел аузында қалған ерлігі жырланған. Жырда

Шүйдегі бүгінгі халықтың басына түскен қиыншылыққа
көп орын беріліп, көш бастарынан айырылған халықтың
мұң мен зары көзден жас болып ағып, еңіреген елдің етегі
толды. Шәкірт қажының өлімі ақылды азайтып, қайратты

жасытып кетті. Бұл жылау, көп жылаудың басы екен, соңын-
да көздің жасы тыйылмай жылау ондаған жылға созылды.

Пионер Мұхтасыров
Шәкірт қайтыс болғанда, жоқтап жырлаған жырларын,
ел аузынан естігенін жинап, тақуа ағамыз Қараұлы
Алтай марқұмның «Шүй нұры» газетіне шығарғанынан

үзінді келтіре кетейін.
Атаңмен жолдас Балықты,
Бастаған оңға халықты.
Ақы ағаң болыс болар деп,

Халқына хабар салыпты.
Қадірлес атаң Нұралла
Құр сүлдесі тұр алда.
Алуға сатып пәрмен жоқ

Аманатын бір Алла.
Ақылшы ағаң Ақыдай,
Ажалдың шіркін жақыны-ай.
Әкеңіз мықты Абдолда,

Құт болған сізге сарқын-ай.
Самайдың биі Атшабар,
Қайын атаң еді пәтшәғар,
Тапсырып атаңа кеттің бе,

Алыстан ал деп хат-хабар.
Жолдыбайда Сатқанбай,
Отырмыз күніміз батқандай.
Көшпекші еді тоқсан үй,

Хабардың келмей жатқаны-ай.
Құрдасың Иіс туысың,
Айтайын көңлің суысын.
Асылыңнан айырылып,

Көрген күнің құрысын.
Алыстан келген аманға,
Сенерсің қайтіп заманға.
Ауылдан асыл бас кетті,

Береке берсін қалғанға.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Есенбай, Сары туысқан,
Не керек өкпе қуысқан.
Аманға әлі келмеді

Сайнолда, Бапы, Ырысқан.
Арғы атаң текті Қалдеке,
Болғанмен бас бір, мал жеке.
Шәкеңнен қайран айырылдық,

Қалғанға берсін береке.
Алтай мен Қазақ дос дедің,
Кеңесіп ақыл қос дедің.
Жаңа заман баянсыз,

Алпыс жыл артын тос дедің.
Ат айналғысыз елің бар,
Ие ғып берген жерің бар.
Аманатыңды ақтайтын,

Ұрпағыңда сенім бар.
Соңында өткен күндерді еске алғанда нағашым Әбіт
ақсақал айтып отырушы еді: «Жарықтық Шәкірт қажы
құдайдың сүйген құлы екен. Заман бүліне бастағанда

дұшпандарына басындырмай сый-құрметпен о дүниеге
аттанды. Жылдық асы да көңілдегідей берілді. Көп жаса,
аз жаса, әйтеуір бір өлім хақ. Сол бір бұзылған заманда
Алланың ақ өлімімен өліп, Шәкірт қажы құсап құрмет-

пен жер қойнына берілген адам болған жоқ. Еліміздің
көптеген асылдары жау қолында жан беріп жаназасыз
қалды, беттеріне туған жердің түгіл, бөтен жердің бір
уыс топырағы бұйырмады, ит пен құсқа жем болды».

Жылдар жылжып өтіп жатты. Жаңа заманның жауызда-
ры ойына келгенін іске асырып жатты. Бірде жау екендігін
жасырмай айбатын шегіп алқынып келеді, бірде мысықша
тырнағын жасырып еппен келеді, енді бірде түлкіше құйрығын

бұлғақтатып алдап келсе, енді бірде жыланша арбап келіп,
ет пен теріңнің арасына кіргенін сезбей де қаласың.

Пионер Мұхтасыров
Қулық-сұмдықтың, алдау-арбаудың, үркіту-қорқытудың
бастаушысы – қызыл партия, жетегінде – шаш ал десе бас
алатын жастар ұйымы комсомол.

Қызыл партия хал-жағдайына, күнкөрісіне қарай ха-
лықты көптеген топқа бөлді. Жаңа заманға жағымды құрмет
иесі – малы жоқ, басында үйі жоқ, байдың малын бағатын-
дар. Ендігі бір топ үйі бар, өз бетімен жан сақтарлық малы

бар, орташа өмір сүрушілер тобы. Енді бір топ малын бағуға
малшы ұстаған, отын жағуға жалшы ұстаған немесе екі әйелі
барлар. Енді бір топ малшысы бар, жалшысы бар, аулында
балалар оқу оқиды, ислам дінін тарататын моллалар ұстай-

ды, ақсақалдар бас қосып халықты басқарады.
Қызыл партия жоқ-жітіктің жанашыры болған болып,
ет пен терінің арасынан жол тауып, жүректеріне ұя салып
алды. Олар жаңа өмірдің алған бағыты дұрысқа ұқсап, әкелген

өзгерістеріне сеніммен қарап, жаңа жолды теріс жол де-
ушілермен жанын аямай алысуға даяр екендіктерін қызыл
партияның өкілдеріне бірден жеткізіп тұрды. Партияға не
болсын, ондай қолдаушыларды көбейте беру, ел ішін бүл-

діруге ескілікті жоюға жараған амалдың бәрі – алға қойған
мақсаттың бірі. Аш пен тоқ алысса, бар мен жоқ керіссе, бе-
реке кетіп, ала ауыз атқа мінсе, қызыл партия есіркеп елегіш
болып, бірін даттап, бірін жақтап қолтығынан үрлеуге дай-

ын. Қыңырайғанды түзеткен, жығылғанды тұрғызған, жы-
лағанды уатқан болып жүріп тобырды топтап қатарын кө-
бейте берді. Тобырдың ішінен сатқын тоқылдақтар шықты.
Тоқылдақтардың пысықтарын іске тартып, белсенділер

қатарына қосып, жағымпаздарды қасына жақын тартатын
табылған амал болды.
Қызыл партияның алғашқы қадамы халықты сендірер-
ліктей іспен көрінді. Еңбекші халықты сыйлау, еркек пен

әйелдің құқығын тең деп көру, бай-кедей жоқ халық тең
болуы, барлық халық білімді болуға жағдай жасау, сөйтіп,
тамағы тоқ, уайым-қайғысы жоқ, жаңа өмір құру.
Мұндай өмір өз өзінен орнай қалмайды, ол үшін ескіні

жою керек. Оны жоятын кім? Коммунистік партияның

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
бастауымен еңбекші халық. Партияның сеніміне ие болып,
жаңа өмірдің бағытымен жүріп мақсатыма жетсем деушілер
партияның қатарынан орын алуға ұмтылысты. Кедейлер

мен орташалардың үміті ақталып, партияның мүшесі бол-
маса да, саясатын қолдаушылар қатарында бірден ие болды.
Орташадан жоғарғы жілік майлары кетпеген пысықтар, за-
маның қалай болса бөркіңді солай киген дұрыс шығар деп,

коммунистердің саясатынан шықпай, біз де жаңа өмірге
апаратын жолдамыз деген ниеттерін партия бастаушыла-
рына білдіріп, солардың еркіне көніп, күн көруді жөн деп
тапты. Қызыл партия мінетін аты бар, киетін киімі барларға

түрлі амалдар қолданып сүзгіден өткізіп отырды. Деген-
мен жаңа өмірдің күрделі мақсатына, қойшы-қолаңшының
бастауымен, жол тауып бару оңай еместігіне көздері жеткен
партияның тізгінін ұстаушылар, жаңа заманға бейім атқамі-

нерлерді, ел басқару жұмысына тартуға мәжбүр болды.
Шүйдің жері елімен көріктеніп, елінің даңқын Абдолда
соңында Шәкірт қажы көп жерге әйгілі қылған еді. Төңірек-
тегі елдер Шүйдің елін Құлжабайлар елі деп атап кеткен.

Сол елге танылған бастамаларының бірі молдалар ұстап бала
оқыту жолға қойылған еді. Шындығатайдан әдейілеп мол-
даларды Шүйге көшіріп әкеліп, балаларды оқытуға жағдай
жасап отырған. Шүйдегі қазақтар мұсылман дінін қадір-

лейді, дін уағыздаушыларды құрметтейді деген хабар татар
халқының дін орталығы Қазан қаласына да жетіп тұрған. Шүй-
де мұсылмандар өмір сүреді дегенді естісімен, Қазан мұсыл-
ман орталығы өзінің шәкірттерін Шүйге жібере бастаған және

Қазан медресесінен жергілікті халықты оқытуға қол ұшын
беріп тұрған. Сол жылдары Шыңғыстайдан арғын Маңқи
молла, соңынан Ақшидің ақнайманы Бақрайұлы Нұралла
молла келген. Ол да аздық етіп бірер жылдан кейін қаратай ішін-

де шоңмұрын Ұрманбетұлы Ысқақ молла, ағалы-інілі арғын-
дар Смағұлұлы Бекмұхамбет (Бауырсақ молла), Баймұхамбет
келген. Қазаннан татар моллалар Ахметжан, Әубәкір (Сар-
табан) Қарақожалар келген. Шүйдегі дінге берілгендер оқы-

мысты татар молдалардан оқыды, кейбіреуі Қазанға да барып

Пионер Мұхтасыров
оқып келді. Шүйдің елінен шыққан молдалар Тұрдыбай­ұлы
Мұстапа, Жортпасұлы Керейбай, Мәнібайұлы Мұқы (Жуан
молда) Исмаил (Ақ молда), Тұрдыбекұлы Қабдолда, Қал-

данұлы Солтанбай, Мамырқанұлы Мұха­метқали, Еділбай­
ұлы Нұғыман, Ырысқанұлы Нұр­ғазы, Солтанбайұлы Қа-
бақан, Мәкішжанұлы Жеңісхан, Ынтаұлы Сағат (Нұрғали),
Қабдолдаұлы Шәшпай (Сансызбай), Байғоныс­ұлы (Әлі-

байұлы) Ыбрайым, Сатқанбайұлы Бәйзінғали, Сақабаұлы
Қадыш, Бәкірұлы Мырзағали, Баймұратұлы Жексенбі,
Кұманұлы Қыдырбай, Құдабайұлы Оспан, тағы басқалар.
Сол кездегі Шүйдің атқамінерлері жоғарғы айтқан

молдалардан латын әрпімен оқыған әжептәуір білімі
барлар еді. Білімді адам Кеңес үкіметіне де керек болған-
дықтан, оқыған азаматтар жаңа өкіметке жұмысқа орналаса
бастады.

Ақталдағы жаңа құрылған Қырғыз ауыл кеңесінің
бастығына (сол жылдарда орыс халқы қазақтарды қырғы-
здар деп атаған) Қарамырзаұлы Әміржай, Текеұлы Дүйсенір,
Ақшалұлы Бабағұмар, Шматұлы Ақмәди сияқты оқыған

азаматтар жаңа үкіметке өз білген биігінде қызметтерін
атқарысып жүрді. Бірақ тұрақты түрде біріне де жұмыс
атқаруға мүмкіндік берілмеді. Біреуін оқуға жіберіп жатса,
біреуі оның орнына жұмыс атқарады. Енді бірде партияның

нұсқауымен тағы бір жұмысқа уақытша жіберіп жатады.
Мойнына жүктелген жұмысын төрт-бес жылдай атқарған
Шамұлы Мінәт қана деуге болады. Мінәт ауыл кеңесінің
бір мүшесі ретінде Кедейлер ұжымын басқарып, олардан

мектептің қаражатына деп мал жинап, бес жылдың ішінде
мектепті бітіріп іске қосты.
Ақталға салынған мектеп жаңа заманның жаршысын-
дай болды. Кеңес үкіметі әкелген жаңалықтың басы, жақ-

сылықтың алды болып көрінді. Жастарды келешекке зор
үмітпен қаратып, Кеңес үкіметіне деген сенімдерін нығайта
түсті. Молдалардан оқып білім алу тоқтатылды.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Жылаған жылдар шежіресі К еңес үкіметінде саяси қуғын-сүргін бес толқынмен өтті», – деп баға берді, Республика Алтайдың тарихшысы Д.И. Табаев. Бірінші толқын – 1917–1928 жж. революцияның жеңісін, жемісін, Кеңес үкіметін саяси түрде орнықтыру. Біздің аймаққа үкіметтің орнығуының үлкен бір белгісі, Шекара қорғау және ішкі Кеңес үкіметінің саясатын іске асыру мақсатымен, Ойраттың шекаралық ОГПУ (Объединенное Главное Политическое Управление) Комендатурасы 1928 жылы ашылды. Екінші толқын – 1929–1933 жылдар байларды құртып жер аудару, бірлестік құрып колхоздастыру. Үшінші толқын – 1933–1938 жылдар саяси қуғынды кеңінен қамту. Біздің аймақта бұл екі толқын бір-бірімен жалғасып, кеңінен қамтылғаны соншалық, ер-азаматтарды құртып жіберді. Алды атылып, айдалып, із-түзсіз жоғалып жатты, артынан ержеткендерімен алдыңғылардың орнын толтырып жатты, осылай толассыз айдау, ату он жылға созылды. Жаңа заман ешкімге киім, тамақ тауып беріп тұрған жоқ, әзірше жоқтар барлардан бірде сұрап, бірде ұрлап күндерін көруде. Бірақ үнемі өйтіп күн көруге болмады. Кеңес үкіметі бұдан былай ұрлануды да, сұрануды да қойып, ашық түрде бардыкін тартып алып, жоқтарды асырауға көшті. Халықты колхозға «өз еркімен» кіргізу науқаны басталып кетті. «Өз еркіңмен» кірмесең «зорлық» жоқ, бірақ ел ішінде отыруға болмайды. Үкімет басындағылар колхозға кірмейтін-

Пионер Мұхтасыров
дерге арнаулы жер белгілеп қойған. Ол жер – мал бағуға
жағдайсыз, өрісі тар, суы алыс, отыны жоқ, рұқсатсыз ел
ішіне араласуға болмайтын, жиналысқа қатысуға, сайлауға

дауыс беруге құқығы шектелген, «голос лишен» шетке
шыққан адамдар күн көретін жер. Ондай жерге алдымен
колхозға кіргісі келмеген байларды малын зорлықпен
тартып алып, колхозға қосып, өздерін елден шыққан, тең

праводан айырылған, жексұрын сүйкімсіздер қатарына
қосып көшіріп тастаған, олар «лишондар» деп аталды.
Кеңес өкіметінің колхозға «өз еркіңмен» кір дегені қалай,
кіргісі келмегендерді көптің алдында мазақ қылғаны қалай,

халық үкіметтің саясатының байыбына барып бол­ғанша
недәуір уақыт өтіп кетті. Барлар, байлар иттен қадірсіз
күйге түсті. Балақтағы бит басқа шықты. Ел ішіне кіруден
қалды. Үйлеріне ешбір жан хабарласпауы керек. Біреу ха­

барласа қалса, тыңшылар шолақ төрелерге жеткізіп қойса,
ол адамның пәлеге қалғаны.
Күн өткен сайын «лишондардың» саны көбейе берді.
Ел іші қаулаған өсек: «бәлембай да түгембай «лишон»

болыпты», «малын колхозға қосыпты», «лишондардың»
балаларын оқуға алмайды екен», «Лишон» болған кісімен
арақатынас жасаған адам қара тізімге ілінеді екен», онда
оның келешегіне балта шабылғаны. Байдың малын тартып

алып көпшіліктің ортақ қазанына салып, малшы шығарып,
бағып өсіргенін өсіріп, керек болса сойып жеуге кедей­лерге
береді дейді, деген сияқты өсек шынға айналды.
Байларды құртып жер аудару программасы басталып

кетті.
1929 жылдың 12 мен 15 қараша аралығында Ақы­
ұлы Баттал, Ақыұлы Қайса, Ақыұлы Расұл, Ақыұлы Са­
ғила, Өмірбекұлы Сатқанбай, Әміреұлы Шәкер, Аухаұлы

Қожабай, Аухаұлы Қожа, Қожабайұлы Ізбайыр, Қожабайұлы
Мүбәрәк,
Қожабайұлы
Мұхаметқажы,

Көбентайұлы
Бүргебай, Сыдықұлы Құсан, Нүрпейісұлы Түркістан түрмеге
отырғызылды да, әйелдері, балалары Қазақстанға және Сі­
бірге жер аударылды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ақыұлы Сағиланы Шүй қазағының соңғы биі, бәйбішесі
Күлбәрәнді, балалары Аблайды, Зияданы, келіні Бөшөйді
ұстап

әскерлер
алдарына
салып
айдағанда,

бесікте
Зияданың Көксеген деген жалғыз ұлы қалған. Байдың
тұқымын асырап алуға ешкімнің батылы бармаған. Әке-
шешесіне алып жүруге рұқсат бермеген. Ел ішінде болса

да, жалғыздық көрген жас нәресте, шырқыраған дауысын
еститін, қол ұшын беретін жанашырдың жоқтығынан,
керексіз болып жұртта қалып өлген.
1930 жылы 7 ақпанда үштіктің шешімімен Ақыұлы

Сағиланы, Көбентайұлы Бүргебайды, Нұрпейісұлы Түркіс­
танды, Аухаұлы Қожабайды атылуға деген шешім шыға­­
рылды, 17.02.1930 жылы Қызылөзекте атылды, дүние-мүлкі
тәркіленді.

Екінші рет 1930 жылы 8 ақпанда Бақрайұлы Нұралла
молда, Бүргебайұлы Солтан, Жақсыбайұлы Серғазы,
Кәтенұлы Дүйсенбай, Көбентайұлы Кеңшілік, Кеңгірбайұлы
Машта, Қожаұлы Әбүтәліп, Мүкәбалаұлы Иіс, Мамашұлы

Иманғажы, Нұрекеұлы Арыстан, Табытыұлы Аманбай,
Табытыұлы
Тәмем,
Мандықаұлы

Әкеми,
Жетпісұлы
Мырзағали, Ахетұлы Жүйебай түрмеге отырғызылды да,
әйелдері, балалары Қазақстанға, Сібірге жер аударылды.

Айдалғандардың малдары иесіз қалды, аңырап иесіз қалған
үйлерді, киімдерді, ыдыс-аяқты кедейлер бөлісіп алып
жатты. Байдың әйелдерінің кейбіреуі малдарын бағып,
оттарын жағып жүрген кедейлерге тиіп, айдаудан қалып

қойды.
Шүйдің іші ұлар-шу жылаған, көз жастарына еңірегенде
етектері толған халық. Қолдан келер жоқ, қайғы-қасіретке
бойларын алдырған, естерінен жаңылғаны да, аспаққа

асылып өліп жатқаны да бар, өте ауыр күйзеліске ұшырады.
Қой бастаған серкедей кезінде Шүй қазағының биі болған
Ақыұлы Сағиланы бірге туған аға-бауырларымен, әйелдері,
бала шағасымен және сол кісінің ақыл қосар достарын

жазықсыз, топ-тобымен айдағаны елдің қанын қайнатты.

Пионер Мұхтасыров
Біраз күн жылап-сықтап алған соң, әзірше бостандықта
жүрген бас көтерер, атқа мінер азаматтар Абдолдаұлы
Сәлімжанның үйінде бас қосты. Түстері суық, тәуекелге

бел буғандары жүріс-тұрыс, қимылдарынан білініп тұр.
Бас қосқандар ұзақ уақыт ойларын ортаға салысты, бірақ
бастарына төніп тұрған пәледен құтылатын жол таппады.
Арғы бетке қашып кете алмайды, мұнда тыныш жатқыз­

байды, жігерлері құм болды. Лаждары таусылып, қызыл
пәледен құтылар амал таппады. Теп-тегін тыныш жатырмыз
дегендегілері мынау. Бейуаз адамдар, бала-шағасымен
айдалып сорлап кетіп жатыр. Ел ішіндегі асылдарымызды

тобымен бір айдады үндемедік, екі айдады үндемедік,
енді үшінші айдағанын тоссақ, бас көтерер азаматтар қал­
майды. Алдыңғы айдалғандарды атып өлтіре бастады, соң­
ғылар түрмеде азап шегіп жатыр, жастарын Сібірге айдайды

деседі. Итжеккенге жазықсыз айдалғанша атқа мініп
айбар көрсетейік, ноқталы басқа бір өлім, көтерілдің деп
өлтірсе, өз жерімізде өлейік. Өлер алдында тұяғымызды
бір серпіп қалайық. Мына заңсыздыққа бір тосқауыл

қоймаса болмайды, дыбыс шығармай қойша бауыздағанға
көне береміз бе, қарап жүрсек те тұяқты серіптірмей айдап
жатыр. Өлсек Кеңес үкіметіне наразылығымызды бір
білдіріп өлейік. Құпия сырымызды жансыздарға білдірмей,

сенімді адамдарға хабарлап, уағдалы жерде қосылатын бо­
лайық десті. Алла қолдаса топтарын көбейтіп, сегізінші нау­
рызда Ақталдағы сельсоветтің тысындағы алаңға жи­налып,
жазықсыз халықты айдағанын тоқтатсын, Қосағашта

түрмеде жатқандарды босатсын деп, халық болып көтеріліп
наразылықтарын үкіметке білдірмекші болды.
Айтқандарына тұрып 1930 жылы 8 наурызда күн
көтеріле әр тұстан топ-тобымен атқа мінген азаматтар

сель­советтің артындағы алаңға жинала бастады. Қол­
дарында шошаңдатқан қамшыдан басқа қарулары бол­
маса да, айбаттанып қыр көрсеткен ажарлары ешнәрседен
тайынғалы тұрған жоқ. Ауылдағы үкімет басындағылар

жұмыс орындарында отыра алмай жиналған халықтың неге

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
көтерілгенін біліп тұрса да білмегенсіп, қайда барасыңдар,
мұнша халық неге жиналдыңдар? – деп сұраған болды.
Топтың ішінен атын тебініп алға шыққан Әкімбайұлы

Құтбай:

– Мына халық Кеңес үкіметі жазықсыз түрмеге отыр­

ғызғандарды босатсын және бұдан былай мұндай бассыз­
дықты тоқтатсын! – деп айтқалы келді,– деді.
Ауыл
кеңесінің

бастығы
Қарамұрзаұлы
Әміржай
жиналғандарға жақындауға сескеніп, алыстан айқайлап:

– Тарқаңдар үйлеріңе! Кеңес үкіметіне қарсылық

көрсетуге болмайды, – деді.
Сонда Мұрынұлы Мәсіп:

– Ей, Әміржай, әрине сендер бізді естігілерің кел­

мейді, айдалғандар халық жауы емес, анық халық жауы
сендерсіңдер, бізбен бірге Қосағашқа барасыңдар, сондағы
бастықтарға бірге барып наразылығымызды жеткі­земіз.
Тез қасымызға еріңдер, ермесеңдер өзгеге болмаса да сен­

дерге күшіміз жетеді, сатқын немелер, – деп сөзін аяқтап
үлгермей Қосағаш жақтан гүрілдеген дауыс шықты.
Халық жиналып үкіметке наразылығын білдірмекші
деген хабар Қосағаштағы әскер бастықтарына хабарла­нып

қойғанын көтерілісшілер енді ғана білді.
Халықтың
беті
дауыс

шыққан
жаққа
бұрылып,
сөйлеушілерді тыңдайтын кісі болмай сөз тоқтады. Дауыс

шыққан жақтан көп ұзамай жүк машинаның келе жатқаны
көрінді. Автомобильдің үстінде қарулы әскерлер келе
жатқанын халық көріп біліп тұр. Бірақ қарусыз жиналған
халыққа тиісе қоймас десіп тарқамай орындарында тұрды.

Автомобиль
ақырындағанда
бірқанша
әскер

қарғып
түсіп жаяу келе жатты. Мылтықтарын асынған әскер
сұсты, айбынды көрінді. Автомобиль сельсоветке жақын­
дап барып тоқтады. Үлкендерден «атсыз жүретін арба

болады», «құс секілді қанаты бар жансыз нәрсе жеті қат
көкте ұшып жүретін болады» деген секілді аңыз-әңгіме
естігендер автомобильді көргенде таң қалысты. Атсыз арба
дегендері осы екенін білсе де, оның қалай жүріп тұратынын

Пионер Мұхтасыров
қайдан білсін. Жалғыз автомобиль, он шақты әскер, мына
жиналған топ қорқа қоятын күш еместей көрінді. Алдымен
автомобиль тұрған жерінен қозғалмастай ету үшін алдыңғы

доңғалағы айналмасын деп тастан, сиырдың қатқан боғынан
үйіп бөгет жасады. Тағы бір тапқыр адам автомобильдің
көзіне сиырдың жас боғын жағып, ал енді мықты болса
көзсіз жүріп көрсін деп, өзінің тапқырлығына масат­танып

қасындағыларға мақтанышпен айтып жатты.
Алдына бөгет қойылған, көзіне боқ жағылған авто­
мобильдің үстіне келген әскерлердің біреуі шығып бөркін
қолымен басынан биік көтеріп, халықтың гуілдеген шуын

тоқтатуға ишарат істеді. Ол орыс тілінде бірдеме айтып еді,
ешкім ешнәрсе түсінбеді.
Әскерлерді бастап келген офицердің айтқаны мынау
деп, бір қазақ сөз бастамақшы болып еді, халық шуылдап,

сен сөйлеме біз сөйлейміз деп тоқтатып тастады. Шуылдақ
бәсеңдей бере көптің ішінен қамшысын жоғары көтеріп
«біз сөйлейміз, бізді тыңда» деп Жұмаұлы Тұрсынхан атпен
алға шыға бергенде мылтық даусы гүрс етеді. Тұрсын­

хан аттан құлап түседі. Халықтың бірқаншасы оққа ұшқан
Тұрсынханның қасында «ой бауырымға» салысып жүрді.
Көбі тым-тырақай қашқан. Бір мылтықтың аузына жүз кісі
сыяды деген осылай болады екен.

Әркім өз бетімен кеткен кезде, анадай жерде тағы бір
жансыз дене жатады. Келіп көргендердің арасында Қала­
ңай Әжіке бар еді, сол кісі тани кетеді. Бұл кісі жаяу топ­тың
ішінде, қолын шошаңдатып, «келгендер бізді тыңдасын,

жазықсыз айдалғандарды босатсын немесе біз барып
босатамыз. Қорықпаңдар, ұмтылыңдар алға! Жаудан өлсең
шәйітсің, тегін өлсең мәйітсің, өлмейтін пенде туған жоқ»,
деп жүргенін естігендер шәйіт болу өзіне бұйыр­ғанын,

марқұмның айтқаны Алланың құлағына шалынды деген
осы-дағы. Қалқабайдың отқа қарсы ұшқан көбелектей, топ
ішінде өрескел қимылымен жүргені жаяу әскерлердің көзіне
түссе керек. Көкжелкеден мылтықтың дүмімен ұрып өлтіріп

кетіпті.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Қалқабайдың қайдан келгенін, кіммен туыстығын тарқатып тұрған Қалаңай Әжіке. Ол кісінің айтуына қарағанда, Қалқабай Катонқарағайдан ағалары Сағынай, Жарқымбайлармен бірге келгелі екі жыл болған. «Қалқабайдың Әлике атты жалғыз қызын Есетұлы Мақай алған, сол қызын қара тартып келді ме, ағайындарына ере салды ма, әйтеу келгелі дос болып кетіп едік»,– дейді көзіне жас толған Қалаңай Әжіке. Жақсы адамның өлімі де жақсы, ел ішінде жақсы өлді, көптен топырақ бұйырады, көп уайымдамаңдар деп жылағандарға басу айтып жүр. Топтың ішінен біреу, жақсы өлді деген де өлім бола ма екен, мына кісі нені айтып тұр деп наразылығын білдірді. Оны ести сала Қалаңай Әжіке сөзін одан ары жалғастырды. Көресіңдер әлі мына қызыл партия атқамінерлердің бәрін итжеккенге айдап қырады. Бөтен жерде ит пен құсқа жем болып өлгенше, өз жеріңде өлген жақсы. Жақсы өлім деген сол. Шәкірт қажының қасына қойылса дұрыс болар еді. Өзі жау қолынан өлген шейіт болса, мәңгілік орны Шәкеңнің қасынан бұйырса жұмақтың төрінен болмаса да есігінен орын алары рас. Өзі жақсы досым еді, жалғыз өзі жақсы өліп алғанша, мені де ала кетсе жөн еді,– дейді. Көтерілісте халық қамын ойлап үйде тыныш жата алмаған замана ағымын болжаған, ақылды, қайратты көпке айтары бар азаматтармен бірге, қосақ арасында бос жүрген, елмен бірге дүрмекке еріп, топты көбейткен, бейуаз Қалаңай Әжіке секілділер де баршылық. Сол қара басыңа пана табылмаған заманда, соқыр ерлікке итеріп тұрған қандай күш десеңізші. Ата-бабамыздың қарап жатып өлмеудің қамын ойлағандары ғой. «Дүниенің кеңдігі не керек, аяғыңа кигенің тар етік болса» деген осындайда айтылған шығар. Алаңға шығып ақиқат іздеген азаматтар құрбан бол­ ғандарын таза арулап жерлеп, Қалаңай Әжікенің айт­қа­ны дұрыс, бұл жақсы өлгендерге көптен топырақ бұйырды, ертеңгі біздің күніміз белгілі десіп, ауылдарына тарқады. Естерін жиып, өткенде болған іске болжау жасағанда қолдарынан ешнәрсе келмегеніне, босқа дүрліккендеріне көздері жетті. Көтерілістен тапқан олжалары, қызыл­

Пионер Мұхтасыров
дардың қолынан үш кісі қаза тауыпты. Көтеріліс болған
күнгі кеште Көрләй талының ішімен атпен желе жортып
келе жатқанда Ысқақұлы Рәсөлді күзетте жүрген әскерлер

атыпты. Қара саннан тиген оқтан Рәсөл үйіне жете қайтыс
болыпты. Алдоңғар бастаған азаматтар телефонның сымын
тартқан үш діңгекті кесіп жығыпты, бірақ басындағы сымы
үзілмеген, оны үзу керек екенін білмеген, екі жақтың

телефонмен жалғасуы тоқталмаған. Автомобильдің алдына
қойылған кедергі пайдасыз болған, автомобиль артына жүре
салған, көзіне жаққан боқтан да зиян шекпегені белгілі.
Ақталда еститін үкімет болмаса Қосағашқа барып,

наразылықтарын білдіріп, түрмеде жатқандарды босат­
тырып алып қайтамыз деген үмітпен атқа мінген азамат­
тардың, тауы шағылып, достарына күлкі, дұшпандарына
таба болғандарына күйінді, назаланды, жігерлері құм болып,

бастарына бұрынғыдан бетер пәле тапқандарына көздері
жетіп, келешектерінен күдер үзісті.
Айға шапқан арыстандай мерт болған көтерісшілер,
бірер күн өтпей-ақ қара тізімге ілінді. «Үй іші ала болса,

кереге басы пәле болады» дегеннің шындығына халықтың
көзі жетті. Ағайын арасында туыстық бір біріне сүйеу болған
заман артта қалды.
Сенімсіздік, күдікшілдік жаңа заманның жемісі еді.

«Сапты аяққа ас құйсаң, сабына қарауыл қойғызған» сұм
заманның ықпалы тигелі бірлік-береке кеткен еді. Руластың
біреуі жаңа үкіметке жағынып жұмыс істесе, біреуі ол үкіметке
қарсы. Кімнің беталысы дұрыс, кімдікі бұрыс анығына жетіп

болғанша халық тозып болды. ОГПУ-дың тергеушілері,
ел ішіне қаптап кетті. Сұрақтың үлкені сегізінші нау­рызда
қайда болдың, кіммен болдың? Тергеушінің тізіміне ілінген
күдіктілердің саны күннен-күнге көбеюде.

Сегізінші наурыздағы көтеріліске Ойрат Автономия­
лық облысының ОГПУ бөлімшесі көптен бері Қосағашта,
Кеңес үкіметіне қарсы ұйымдасқан үлкен бандының ұйымы
табылды деп, саяси баға берілген қаралаушы іс ашылды. Ол

саяси топтың басында бұрынғы билер және оның балалары,
моллалар, Кайгордов пен Сатуниннің бандысына қосылып

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
қолына қару алып Кеңес үкіметіне қарсы шыққандар бар
екені анықталған. Ендеше оларды құрту, жою керек. 1929
жылдан бергі түрмеге алынғандар, сол бандының бастық­

тары екендігінде күмән жоқ, енді соларды қолдаушыларды
ұстап ату, түрмелеу – ОГПУ-дың алдындағы үлкен мақсат.
Осындай саяси шешіммен қаруланған ішкі істер қарулы
күші, қарапайым халықты құртатын себеп табылып, ойына

келгенін істеп елдің ойран-топырын шығарды.
Қайда барса жандарын сақтайды, есі шыққан халық
әртүрлі амалдар іздеді. Әрбір күнді үреймен батырып, әрбір
таңды ұйқысыз атырып шыдамы таусылған Абдолдаұлы

Сәлімжан, нартәуекел деп, Қытайға қашуға бел байлайды.
Алдынан кетсек бірге кетейік деп жүрген достары Шұқайұлы
Жүніс, Бигелдіұлы Аушы, жер жағдайын, асуды, кешуді
жақсы білетін Ыбырайұлы Осатай шығарып салушы ретінде,

май айының айсыз қараңғы түнін шекарадан асатын мез­гілге
келістіре, Қалғұты жаққа баратын соқпақпен жолға шы­ғады.
Қараңғыда Шаңбақкөлді жағалап, одан ары көлден шық­қан
бұлақты жағалап біраз жүріп тоқтайды. Моңғолдағы Қобда

суына құятын Соғақ аталатын бұлақпен жүретін жолды
Осатай бұрыннан білетін. Өзіне белгілі жолмен аман-
есен шекарадан асып, аттарын суытып, қонбақшы болып
итарқаларын тігіп жайғасады. Басқалары аттарын ар­қандап,

қонуға жағдай жасап күйбеңдесіп жүрсе, Аушы том­сарып
қозғалмай атын отқа қоймай отырып қалады.
Сәлімжанның:

– Саған не болды, денің сау ма? – деген сұрағына.

– Саумын, үйге қайтқым келіп отыр,– дейді. Сәлімжан,

Жүніс, Осатай үш жақтап ортаға алып:

– Ергің келмесе үйіңде қалғаның жөн еді. Күншілік жерге

келіп алып, шекарадан аман-есен өтіп алып, қайтамыңды
түсінбейміз. Қайта қайтқанда қарауылда жүрген әскерлер
ұстап алса, саған да, бізге де жүрім жоқ, жолдан қайтқанның
жолы болмайтыны, адам баласы жаралғалы ескертілген

тағылым, ол өмірден алынған сабақ,– десіп кезекпен азғырса
да Аушының аузынан кетемнен басқа сөз шықпайды. Әбден
болмаған соң айтқандары:

Пионер Мұхтасыров

– Сен бізден басқа біреумен қатерлі жолға шығып алып,

айтқаныңа тұрмай жол-жөнекей қайтам десең, сені сол
жерде өлтіріп өздері бет алған жағына жүре берген болар
еді. Ал біз өйтпейік, сенің мына қателігің үйіңе аман барсаң,
зияның бізге тимесе кешірілер. Сен қолға түсіп біздің қайда

екенімізді әскерлерге айтып қойсаң, обалымызға қаласың,
Құдай алдында обал-сауабымыз мойныңда,– деседі.

– Маған сеніңдер, міне, иманым, міне жаным, мені

қайтып бара жатқанда әскерлер ұстап алса да, сендердің
қайда екендеріңді айтпаймын. Қинаса да, алдаса да, сендерді
айтсам аузыма қараған толсын. Өлтірсе сендерді айтпай
өлемін,– деп антын береді. – Мен үйден ұзап шықпаған кісі

едім, үйден алыстағанда қатын, баланың қымбатын жаңа
түсіндім, тезірек үйіме жетейін, Алла бәрімізге жол бере
гөр,– деп қайтып кетеді.
Көп ұзамай түнгі қарауылда жүрген әскерлерге жолығып,

оларды көргеннен құты қашып қорыққан Аушы қайдан
келе жатқанын, жолдастарының қайда бара жатқанын, қазір
қайда екенін айтқан. Өзі бастап барып жолдастарының
жатқан жерін көрсетіп береді.

Ұйқыға сақ Жүніс сыбдырды естіп басқаларын оятады.
«Жаман жолдас – жасырын жауың» деген осы. Аушы
әскерлерді әкеле жатқан секілді дейді де, аяқ киімін қолына
ұстай салып, жалаң аяқ жаяу жылғалармен жүгіріп қашып

құтылады. Жүністің тағдыры белгісіз, сол кеткеннен елге
оралмаған. Еті ауыр Сәлімжан атына мінбекші болып
жатқанда оққа ұшады. Екі қолын жоғары көтеріп итар­қаның
есігінде Осатай тұрады.

Осатай әскерлерге:

– Мен қашқын емес, жақын келіңдер, атпаңдар, сөй­

лесейік! – деп сөзге келтіріп алады. Әрине, әскерлерге ше­
кара бұзушыларды тірідей апарса тіпті жақсы. Осатай әскер­
лерге басында еркі жоқ, Абдолдаұлы Сәлімжанның жылқы­­
шысы екенін, Сәлімжан бірге жүріп шекарадан асырып шы­

ғарып сал деген соң келгенін түсіндіреді. «Штабқа барған
соң, қайда не үшін барғандарыңды айтарсыңдар»,– дейді де
әскерлер Аушы мен Осатайды алдарына салып Қос­ағашқа

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
штабқа айдап келеді. Штабта тергеуден өткен соң екеуін
де босатады.
Осатай штабтан ұлықсат алып, Сәлімжанның бәй­

бішесі Қасипаны және жаназа шығаратын молланы ертіп
барып, Сәлімжанды сол атылған жерінде көр қазып, қойып
қайтады.
Ауылға келгенде, Осатай Қасипаның айтқан сөзін, істеген

ісін ертегі мен жыр қылып айтып келген. Құдай қосқан
жан жолдасының иен далада өліп жатқанын көріп тұрып,
жер қазып бетін топырақпен жасырғанша дыбыс шығар­
май шыдағанына таңданғанын жасыра алмады. Мәйітті

қойып болғаннан кейін Қасипа: «Сәлімжан, саған осындай
болатын болған, мен осындайды көретін болғам»,– деді де,
әйелдіктің белгісін білдірейін дегендей дауысын шығарып
бір-екі ауыз жыр айтты.

Жапанда жалғыз қалдың Сәлімжаным,
Ұшқан құс жүгірген аң сенің маңың.
Қалдырдың дұшпандардың табасына,
Жүрем ғой шықпаған соң менің жаным.

О, дүние жалған-ай,
Тағдырдың басқа салғаны-ай.
Туыстан топырақ бұйырмай,
Айдалада қалғаны-ай, –

деді де, ұзақ уақыт ат үстінде шерін тарқатып жылап алды.
Мәйітті көрге түсіріп, үстіне топырақ сала бастағанда
молдекең:

– Әйел адам топырақ салуға шариғатта рұқсат беріл­

меген, – деді.

– Оған Қайпаң, асылдың ұрпағы, алтынның сынығы,

жапанда жатып жан тапсырса, Құдай қосқаны келіп
бетін жасырса күнә бола қоймас. Сайдың тасындай аға-
бауырларынан бір уыс топырақ бұйырмағанда, жалғыз
жан­ашыры сүттен ақ судан таза болғандай қылымси

қалса, жалғанда жан ашыры жоқтай кетпей ме. Күнә
болса Сәлімжан жолында істеген көп күнәмнің жеңілі осы

Пионер Мұхтасыров шығар,– деп құшырлана бар пейілімен топырақты тас­тадыай келіп. – Таудай күнәні арқалап жүргеніміздің бір нысаны, алланың елден ала бізге көрсетіп тұрғаны осы емес пе. Құдайдың басқа салғанын көтергеннен басқа қолдан келер жоқ. Әйелдігіме салып, жылап-сықтап сіздердің мазаларыңызды алмаймын. Болған іске болаттай болу керек, еркелік, есіркеу, мұңаю жүйкеңді босатқаннан басқа пайдасы жоқ деп, өзімізге қайрат берді емес пе,– деп Осатай Қайпаңның қайраттылығына таң қалғанын жеткізді... Елу-алпыс жыл бұрын Қытайдың Сарсүмбесінен, Қытайдың Қобда бетіне ауып келген керейлер, заман өзгеріп қырық жылдан кейін, 1911 жылы Моңғол дербес мемлекет болып Қытайдан бөлініп шыққанда, Қобда бетіндегі керейлер Моңғолға қарап қалған. Қобда бетіне келгендерімен күнделікті өмірлеріне әдет-ғұрыптарына, тілдеріне, діндеріне ешбір өзгеріссіз ғұмыр кешіп тұрып жатқан. Оған себеп ауып келген жерлерінде жергілікті халқалар өте аз болған. Моңғол мемлекет болып орнағалы өзінің саяси өміріне тән заңдар қабылдаған. Ол заңның қазақтарға ұнайтынын немесе күнделікті өмірлеріне қайшы келетінін білгісі келетін заң қабылдаушылар жоқ, кіріптар халықтың маң­ дайына жазылған, жергілікті халқың қалай болса, бөркіңді солай кию керек, себебі сен сол елдің азаматысың. Жаңа құрылған мемлекеттің көп заңының қайсыбірін қазақтар ұғып біліп жатсын, өздеріне бүгінгі таңда ұнамағаны, әрбір Моңғол азаматы әскер қатарына алынуы керек, әрбір бала мектепке барып моңғол тілінде оқу оқулары керек. Ең қорқыныштысы, орыс империясын қызыл партия жеңіп алып, Кеңес үкіметін орнатқаны. Қызыл партия Моңғолға да келіп биліктің басында отыр, мемлекет басқа болғанымен саясаты бір. Қызыл партия келді деген халыққа пәле келді дегенмен тең, пәледен қашып қана құтылуға болады. Қытай жерінде ескі ғұрып әлі бұзылмаған, Қызыл партия әлі ол жаққа жете қоймаған кез. Қызылқайыңда, Соғақта, Сеңгілде орналасқан керейлер, Бәйімбай қажының ұлы

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
елдегі туыстарымызды тапсақ па деген, ақылына көнеді.
Бұрынғы жерлеріне, ескі салт дәстүрімен өмір сүріп үйрен­
ген елдеріне, атажұртына бет бұрғанды жөн көріп, Қобда

бетінен кетіп, Қытай жеріне Сарсүмбеге көшіп баруды
дұрыс деп тапқан.
Қазақтардың толқынысын сезген Моңғол әскерлері
Қытайға түзу асатын асулардағы жолға қарулы әскерден

тосқауыл қойған. Түзу асатын жол берік болғандықтан,
тәуекел деп шекарадан асу үшін әуелі Қазақстан жері
Қалғұты, Үкекке Қызылкезеңмен асып түсіп, Қытайға
Қанастың асуымен аспақшы болып жоспар құрады. Қыстай

ақылдасып ойлаған ойларын жаз шыға іске асыру үшін
тәуекелге бел байлаған керейлер малдарын алдарына салып
жолға шығады.
Бұл – 1930 жылы жаз шыққанда болған оқиға. Моңғол

жерінде отырған керейдің Бақат руынан Бәйімбай қажы
бастаған керейлер Қызылкезеңмен асып, Қалғұтыға келіп,
сондағы жайлап отырған Қазақстанның елін өздеріне
қосып алып, Қанастың асуымен Қытайға аса бастайды.

Жүздеген адам мыңдаған малымен жылдам асып кете
алмай, шекарашылардың көзіне ілінгендіктен, жартылай
асып, аса алмағандары қуып жеткен қызыл әскерлермен
соғысып, оққа ұшқаны бар, ұсталғаны бар, ойлаған

ойларына жете алмады. Біраз ғана адам қуғыншылардан
қашып құтылып, Қанастың мұзды тауынан жаяу асып,
арғы бетке барыпты.
Дүние-мүлкі артта қалған жалаңаш барған керейлер,

Қытай жеріндегі қазақтарда үш жылдай құлдықта жүріп,
естерін жиған соң, қайта қашып Моңғол бетіне өздерінің
кеткен жерлеріне келіпті. Кеңес үкіметінің шекараны
қарулы күшпен қоритынын біле тұрып, Қанастың кезеңін

асу оңай еместігін көре тұрып, көзсіз ерліктің арты өкінішті
болды, қашушылар қанжоса болып қырылды. Артқы елге
сенімсіздік көзқарас туғызды, жеңілтек ойдың желігіне
ерген ел тозды. Әскерлер кедергі етпегеннің өзінде де, оңай

аса салатын асу емес, мұздан тайып, тастан құлап мерт
болатын асу.

Пионер Мұхтасыров
Сасқан, қашқан, үріккен, денесін үрей ұялаған, аяғының
астынан жер өртенген заманның адамдары қорғансыз­
дықтан қор болып, өлімнің аузына өздері кірген.

Канастың қарлы, мұзды, тайғақ асуы, керей қырылған
асу деген атпен соңғы ұрпаққа жетіп, өзге елдің жері болып
қалды. Заман өткен сайын қазақта Қалғұты, Үкек деген жер
болғаны, Қанас деген асумен Қытай жеріне барып тұрғаны,

күн өткен сайын жолдың сорабын шөп басып, тар жол тайғақ
кешу ұмытылып, тарихтың еншісінде қалатын секілді.
1962 жылы 51 жасында Шүйдегі әпекесі Ақидыкіне Баян
Өлгей аймағынан қыдырып келген Елубайұлы Жақай­

дың сол қашқандармен бірге жаяу Қытай жеріне асқанын,
үш жылдан кейін, қайта қайтып Моңғолдың Өлгей бетіне
келгенін, ары асып-бері асып жүргенде тартқан азабын,
көрген бейнеттерін айтқанда, естіген ел жылап тыңдап еді.

Сол кезде Қалғұтыдағы Қазақстан елінің көрген бейнетін
Махметұлы Сапан мен Қыдырбайқызы Жәмиле де ертегі мен
жыр қылушы еді. Сол жылдары Сапан мен Жәмиленің он
екі жастағы бала кезі. Қашқан керейлер жолдағы елді бірге

әкетпекші болып, олардың малын айдасып, шекараға дейін
барғандары, солдаттар қуып жеткенде бізді зорлықпен апара
жатыр деп, атылмай әрең деп тірі қалғандары, жауап аламыз
деп, қырық шақырым жердегі Шындығатай заставасына

жаяу айдап апарғаны көзбен көрген, бастан кешкен­дерімен,
үлкендерден естігендері бізге жетті.
Қанастың асуындағы қанды шайқастың жаңғырығы
Мәскеуге жеткен. Шекараны қорғауды күшейтіп, үнемі

қадағалап қарауға жердің шалғайлығынан, Қазақстанның
күші жетпей жатыр деген сылтаумен, Кеңес үкіметі шешім
қабылдап Қалғұты, Үкек, Жазотыр жерлерін Қазақстаннан
алып, орнына басқа жерден жер беріп, 1930 жылдан бастап

Ойрат Автономия облысына Ресейге қаратқан...
Шүйге керейлер он үшінші жылдары ауып келгенде
қайта жерлеріне кетпей Жазотырды, Шүй бойын жерлеп
қалғандары болған. Он екі Абақ керейдің жәнтекейі­

нен Тақылбай ұрпағы, шұбарайғырынан Бүгілбай ұрпағы,
ителісінен Нәшәріп ұрпағы, шимойынынан Кеңгірбай,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Быдық ұрпақтары, тағы да басқа руларынан біраз отбасы
бар еді.
Мұнда жүріп Кеңес үкіметінің ит қорлығын көргенше,

кең қолтық керейімізге жетіп, жанымызды сақтайық деп,
өздерінен басқа керейлерге білдірмей Шимойын руының
Құсыман бастаған атқамінер азаматтары бір сәті түскен
түнде Қытай жеріне қашуға құпия дайындалады. Быдықтың

Құсыманы – атаққа шыққан пысықтығынан «Сар пәле»
атанған азамат. Тағы бір пысықтығын көрсетіп ата тегінің
шыққан жеріне ұрпақтарын жеткізуді қолға алған. Алды-
артын шырқ иіріп, ашса алақанына жұмса жұдырығына

сыйғызып, тас түйін болып жүр. Өзі пысық жігіттің қолды-
аяққа тұрмай жүрген жүріс-тұрысын сырттай байқағандар
тегін еместігін сезген. Қаншама құпия ұстағанымен
Әкімбайұлы Құтбай біліп жүрген екен. Аманшылық болса

осы түнде аттанамыз деп отырғанда, күн бата қасына ерткен
17 жасар баласы Шайзада бар, Құтбай кіріп келгенде,
дайындалып жатқан ел сасып қалады.

– Ел аман ба, екі кештің арасында қайдан жүрсіңдер?

– деген үй иелерінің абыржыған үрейлі сұрағына, – аспай-

саспай ел аманшылық сіздерге жолдарыңыз болсын айт­қалы
келдім,– деп барлық сырларын білетін кісінің кейпін сақ­тап,
төрге шығып, жайғасып отырады. Ұрлықтың үстіне түсіп,
бұлжытпай ұстап алғандай, еркін нығыз сөйлеп отырған

соң, қашпақшыларға шындықтың бетін ашпасқа лажы қал­
маған. Сырларын аша отырып, екі кештің арасында күнде
келе бермейтін кісінің кенеттен келіп қалғанынан қорқып
қалғандықтарын жасырмайды. Қатын-баламен қоштасып,

салт атпен ғана жүргелі отырғанымызды дұшпандар естісе
үрім-бұтағымызбен жоқ қылады, аузыңыздан шығара
көрмеңіз деп жалынып жалбарынып дәм-тұздарын аузына
төсейді.

– Саспаңыздар, кемедегінің тілеуі бір деген, мен сіз­

дердің осы жерден жылдам баруларыңызға, аман-есен ойға
алған жерге жетулеріңізге тілектеспін. Себебі мына жалғыз
ұлымды аттың мықтысын мінгізіп, өзіне жетерлік жол
азығымен, ер-тұрманын сайлап, сіздермен бірге барсын деп

Пионер Мұхтасыров
алып келдім. Күш-қайраты жетіп қалған жас жігіт, сіздерге
ауыртпалығын салмас. Шамасы келгенінше қолқанат
болар. Ала кетер деген сеніммен келдім. Бізді қай күні

қашан ұстарын құдай біледі, әйтеуір біздің күніміз санаулы,
тағдырдың басқа салғанын көрерміз. Мұнда жүрсе бірге
айдалармыз. Бір тұяқ жер бетінде тірі жүрсе екен деп алып
келдім. Алған беттеріңіз қауіпті, қатерлі екенін біле тұра

келдім. Жалғызды қатерлі жолға өзім шығарып салғаным,
амал жоқтықтан, лаждың таусылғандығынан екенін көріп,
біліп отырсыздар.

– Тығырыққа тіреліп, шыбын жанды қоярға жер таппай

елден кетіп, тау асып, тас басқалы отырғанда келіп отырсыз,
айтқаныңызды
қабылдадық.
Құдай

тілегімізді
берсін
дегеннен басқа айтар жоқ, – десті қашқындар.

– Болған іске болаттай болайық, бекінейік. «Тәуекел түбі

желқайық, мінесің де өтесің, уайым түбі тұңғиық, батасың
да кетесің». Нар тәуекел, жолдарың болсын, жолдастарың
Қыдыр болсын, ниеттеріңді Алла қолдасын, ақ жол тіледім,
жалғызымды бірінші құдайға, екінші сіздерге тапсырдым! –

деп ауылына қарай желе жортып Құтбай кетті.
Құтбай кете сала жиналып, сол күні түнде, тігулі үй,
асулы қазан, қатын бала-шағаларын, қоралы қойларын,
бұзаулы сиырларын, жұртқа тастап, жылқыларын алда­

рына салып, жолдары болып, шекарадан аман-есен асып
кеткен. Жан ұшырған қашқындар, бетке алған жерлеріне
жетіп жандарын сақтап қалған. Қашқан жаудан құтылады,
көшкен жұттан құтылады деген осындайдан қалған шығар.

Сондағы Шүйден қашып барғандар Түктібайұлы Быдықтың
ұрпақтары, бұл кісі Сыдық деп те аталған. Быдықтың үш
ұлы Құсман, Қасен, Смайыл бірге кетті. Қасеннен Шүйде
үш қыз қалды. Шүйде қайтыс болған Быдықтың Жұқа

деген ұлынан Зұлқия атты қыз қалды. Олар ержетті ұрпағы
баршылық. Серікбайдың екі ұлынан да ұрпақ бар. Ұл­
дары Күжи, Мамырбек. Кеңгірбайдан Можай деген қызы
құлжабай ауылының келіні болды, ұрпағы баршылық.

Қуғыншылар арттарынан қуғанымен жете алмаған, өштерін
бейуаз тыныш жатқан елден алған.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Артта қалған Шүйдің елі оларды неше саққа жүгіртіп
әңгіме қылысты. Біреуі қара бастарын қорғап қатын,
баласын далаға тастағанша, осында өлгендері дұрыс еді

десті. Енді біреулері олар дұрыс істеген, мұндағылар ит
жеккенге айдалды, қатын, баласы Қазақстанға, Сібірге
жер аударылды десті. Қайда барса да қорқыттың көрі даяр
тұрған заман, «ноқталы басқа бір өлім» деумен тоқырасып,

заманның ағымына төзбеске шара жоқтығына көздері жетіп
кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс уақыт көрсетер десіп тынатын.
Қашқандардан ұзақ уақыт хабар болмады, олар өлі ме,
тірі ме, тірі болса не күйде жүр? Уақыт озып, өткен-кеткенді

білетін адамдар азайып, қашқандардың тағдыры ойдан
шығып бара жатқанда, ел құлағы елу, баяғыда бұдан отыз
жыл бұрын Қытайға қашып кеткен Құтбайұлы Шайзада
аман-есен Жазотырдағы туыстарына бала-шағасымен келіп

қосылыпты деген хабар Шүйге естілді. Қатын жолда, бала
белде деп жандарын сақтап қалған, қашқандардікі дұрыс
болды-ау. Арттарына ұрпақ қалдырды, дәм қосқаны елге
оралды десті естіген ел. Алланың басқа салғанын үйде тосып

аламыз дегендерді, Кеңес үкіметі тобымен айдап қырды,
көбінің артында ұрпақ қалмады деушілердікі де шындық.
Бірақ қашқанның бәрі қайдан құтылсын. Көбі қашып
жүріп мерт болып, көмусіз далада қалып, қарға-құзғынға

жем болды. Солай деуге тілге тиек болып отырған себеп
Қосағаштың Жазотыр ауылынан бір жолда он алты адам
1931 жылы Қытайға қашқан. Нұрғалиұлы Әділқан сексен
жасында, өзінің Қытайға қашқан туыстарын еске алғанда

көзінің жасын тыя алмаушы еді. 1930 жылдан 1931 жылға
қараған қыста жолдың ауырлығынан болды ма, әйтеуір
бір себеппен ОГПУ-дың әскерлері Жазотырға келген жоқ.
Шүйдің жазығындағылар қысы-жазы ұсталып, сотталып

жатқанын естіп-біліп отырған Жазотырдың тұрғындары,
өздерінің кезегі, жаз шыға келетінін сезіп, не істерлерін
білмей ұйқы-күлкісі кетіп қыстап шыққан еді. ОГПУ-дың
әскерлері Жазотырға қар кетіп, жол ашылғанын тосса,

Жазотырдың пысық азаматтары Қытайға асатын кезеңнің

Пионер Мұхтасыров
ашылуын тосады. ОГПУ-дың әскерлері келуден қанша
күн бұрын кеткенін бір Алла біледі, әйтеуір қолға түспей
жазотырлықтар арғы бетке асып кетеді.

Ілиясұлы Ақсәди бастап, әйелі Күпәш, ұлы Ақпайға дейін
тастамай ала кеткенде, бұл кісіден қалмауды ойлағандар
бірге ере кеткен. Олар: Бағланұлы Көбеш, Көбешұлдары Ер­­
ғабыл, Жанғабыл, Бұқарбай, Мамырқанұлы Жақып (қыз­

дары артта қалған, олардан тараған ұрпақтары баршылық),
Шөкетәйұлы Сағыш, Текеұлы Сақаба, Жапыұлы Сақаба,
Ақжігітұлы Қалиасқар, Жәйке ұлдары Әйтімбет, Мүсірәлі.
Ілиясұлы Қабдыбай, Қанапияұлы Сүлеймен.

Тоқтамысұлы
Нұрсалхан
Қазақстанға
жылы

Жазотырдан кетіп қалған, ол кетістері атамекенге көшіп
барғандары деп қаралған. Бірақ Шығыс Қазақстанның
елі де Қытайға қашып жатқан кез еді, сол шекара асушы­
лармен бірге бұлар да Қытайға асқан. Нұрсалхан бәйбі­ше­

сімен төрт ұлы, бір қызымен қытай жерін пана тұтып қалды.
Жазотырға отыз жылдан кейін Шауқан деген бір ұлы ғана,
бала-шағасымен қайтып келді.
Жазотырдан қашқандардан бір хабар болмаған соң,

артта қалған туыстары әртүрлі жорамалдар айтысады. Сол
жорамалдың бірі Қанас асуынан ұзақ емес, Қытай бетіндегі
бір ауыл Қаратайлар, жаудың қолынан қырылды деген өсек
бар, соның ішінде кетті ме екен деседі.

Осы бір халықтың қасіретті жылдарды бастан кешірген
заманында, жақсылар мен жайсаңдардың көрген қорлығы,
тартқан азабы адам баласы бұрын-соңды көрмеген,
естімеген болар. Үйде болса айдалады, түзде болса атылады.

Бар жазығы – қанды ғасырдың қарсаңында жарық дү­
ниеге келгендігі. Қызылдар өз халқын қырып жойып жүріп,
жақсылық алдарыңда, барлықтарыңның құқықтарың тең,
жарық дүниең кең, аста-төк заманның адамы сендер деп

қақсағанын қоймады.
Жарық дүниенің жақсылығын көпшілікке жеткізбей
көлеңке түсіріп жүргендерге жаза қолдану керек деп,
сегізінші наурыздағы оқиғаға қатысы бар деген күдікті­

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
лердің тізіміне бірінші ілінген Ұрмамбетұлы Сқақ молла
24.11.1930 жылы ұсталды.
Күдіктілердің тізімі жалғаса берді. Келесі кезекте

20.02.1931
жылы
Әкімбайұлы
Құтбай,

Әкімбайұлы
Ахметжан, Әлпиұлы Қадыш, Бұқарбайұлы Ақсолтан,
Шұқайұлы Қасен, Жақсылықұлы Қали ұсталды.
Келесі кезектегі тізіммен 01.03.1931 жылы Ахетұлы

Мағзұм, Ахетұлы Маусым, Ақтоқалұлы Жұмағұл, Ақыұлы
Сақаба, Әлпиұлы Тілеуді, Әмреұлы Захари (Сахария),
Әмірханұлы Құжан, Балықұлы Мұқа, Балықұлы Мұхаметше,
Бигелдіұлы Аушы, Бодылұлы Қошан, Ұғымарұлы Қабдөш,

Жапыұлы Қали, Жортпасұлы Керейбай, Қыйлыбайұлы
Байғали, Керейбайұлы Ыдрыш, Қалданұлы Солтанбай,
Қорқынұлы Қали, Құдабайұлы Оспан, Мұстапаұлы Мәжін,
Мұстапаұлы Тәберек, Нұрсәлиұлы Сүбебай, Сыдықұлы

Жүгірәлі,
Сыдықұлы
Рамазан,
Сыдықұлы

Шақша,
Солтанбайұлы Қабдрахман (Қабақан), Сапақұлы Балабай,
Смағұлұлы Бекмұхамбет (Бауырсақ молла), Төртуылұлы
Байғонақ, Тұрдыбайұлы Мұстапа ұсталды.

Келесі кезектегі тізіммен 13.04.1931 жылы Шәкіртұлы
Ахмет,
Шәкіртұлы
Әжмұхамбет,

Шәкіртұлы
Ошан,
Шынқожаұлы Божрақ, Шынқожаұлы Құжырбай ұсталды.
Келесі кезектегі тізіммен 22.05.1931 жылы Бейсен­

біұлы Азанбай, Жәйлібайұлы Теке, Жәшікбайұлы Сләм,
Қабдолдаұлы Насын, Қожамжарұлы Қалиакпер, Қалы­
байұлы Қатарбай, Сбанқұлұлы Тақырбай ұсталды.
Жиырма тоғызыншы жылдың аяғында және отызыншы,

отыз бірінші жылдардағы ұсталғандардың атылмай, Сі­
бірге айдалмай қалғандарын қосып, сегізінші наурыз­дағы
Ақталдағы көтеріліске қатысы бар дегендердің 07.07.1931
жылы Айрықша үштіктің ПП ОГПУ-дың Батыс Сібір

Өлкесінің №260 шешімімен 55 кісінің материалы қа­ралған.
Үштіктің шешімімен жалғыз адам ағарған. Ол ағарған
кісі Құмарұлы Мүді секілді. Түрмеден ағарып босатылды
деген документ архивтен шыққан. Бірақ ол кісі үйіне кел­

меген. Өлінің санында жоқ. Мүмкін шекарадан ары асып

Пионер Мұхтасыров кеткен болу керек деген жорамал бар. Шешесі Баян Өлгей­ дің керейі, әйелі сүйегі шимойын Қытайға қашқан Быдық­ тың қызы. Ұрпақ қалса бір жерден шығар. 27 кісіні үш жылдан он жылға дейін бас бостанды­ ғынан айырып Сібірге айдауға, 27 кісіні атуға деп шешім қабылданған. Сол шешім бойынша атылғандар: Ұрмамбетұлы Сқақ, Смағұлұлы Бекмұхамет, Әкімбайұлы Құтбай, Әлпиұлы Қадыш, Сыдықұлы Шақша, Балықұлы Мұхаметше, Қалданұлы Солтанбай, Бигелдіұлы Аушы, Балықұлы Мұқа, Сапақұлы Балабай, Тұрдұбайұлы Мұстапа, Әмреұлы Зәңкер, Ахетұлы Маусым, Қорқынұлы Қали, Жортпасұлы Керейбай, Төртуылұлы Байғонақ, Әлпиұлы Тілеуді, Мамашұлы Иманқажы, Әмреұлы Закария (Сахария), Әмірқанұлы Құжан, Шынқожаұлы Құжырбай, Шынқожаұлы Божрақ. Сегізінші наурыздағы митингке Ақталдан он шақырымдай жердегі Көкру аулынан көптеген тілеуіттер қатысқан. Оларды бастап келгендер деп жауапқа тар­тылып Майхиев Яков, Майхиев Федор, Эдымов Күчүк, Бойдоев Амырлар, ауылдың бетке ұстар беделді азаматтары да атылып кетті. Көтеріліске қатысы барларды 1931 жылы түрмеде фотосуретке түсірген. Фотосуретке түсіру мақсаты – Қосағаш аймағында ұйымдасқан Совет үкіметін құлатуға дайындалған үлкен банданың ұясын таптық деп жоғарғы жақтарына мақтануға куәгер ретінде басылған секілді. ОГПУ-шылардың мақтанғаны мақтанған, жоғарғы жақ олардың еңбегінің бағалағандығы ретінде 1931 жылы 15 қарашада «Кош-Агачскому отряду было вручено Революционное Красное Знамя» белгісін тапсырған. Төменде солардың фотосуреті ФСБ мұрағатынан алынған. Суреттегі цифрлар түрмеде қойылған белгілер. Сотталғандар 54 адам, фотосуретке түсірілген 51 адам, оның ішінде 13, 17, 20, және 1 адам Құтбай жалғыз, үш адам тергеу барысында қайтыс болған, сондықтан суретке түс­пей қалған.

Құтбай Әкімбайұлы
1883 жылы Семей облысында туған.
20.02.1931 жылы ұсталған.
19.08.1931 жылы атылған.

Ұлы – Шәйзада.
Кеңес үкіметіне қарсы митингті басқарушы
ретінде жеке суретке түсірілген.

1. Құдайбергенов Антон – тілеуіт. 1904 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. 2. Нұрсалиев Сүбебай – қазақ. 1906 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. 3. Эдымов Кучук – тілеуіт. 1897 жылы туған. 01.03.1931 жылы

ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 4. Илюшев Михаил – тілеуіт. 1898 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. 5. Яйтинов Турдыбек – тілеуіт. 1895 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 6. Сыдықов Жүгірәлі – қазақ. 1886 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. 7. Қалданов Солтанбай – қазақ. 1859 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы Қабақан (Қабрах-
ман), қызы Рахила.

8. Жортпасов Керейбай – қазақ. 1870 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы – Ыдырыш,
Сәдуақас.

9. Тұрдыбаев Мұстафа – қазақ. 1865 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлдары: Бәлден, Тәбе-
рек, Мәжін, Әмбия. Қыздары: Мағмер, Қайың, Қолды, Рәузән.

10. Шынғожанов Құжырбай – қазақ. 1867 жылы туған.

13.04.1931 жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы Елғазы.

11. Шынғожанов Божрақ – қазақ. 1864 жылы туған. 13.04.1931 жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлдары: Балғазы, Сібәт, Әтекей. Қыздары: Оқан, Майбала. 12. Жортпасов (Керейбаев) Ыдырыш – қазақ. 1900 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. 13. Солтанбаев Қабдрахман (Қабақан) – қазақ. 1912 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. 14. Мұстафанов Тәберек – қазақ. 1901 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлдары: Астау, Нұрмат. Қызы Нәзипә. 15. Жапынов Қали – қазақ. 1890 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлдары: Қашын, Тайлақ. Қыздары: Кәмила, Майсан. 16. Ахетов Мағзұм – қазақ. 1908 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. 17. Ақтоқалов Жұмағұл – қазақ. жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Қыздары: Шәпия, Тоташ, Шәмә. 18. Әлпиев Тілеуді – қазақ. 1882 жылы туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 19. Шұқаев Қасен – қазақ. 1905 жылы туған. 20.02.1931 жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. Кызы Қайырды. 20. Шәкіртов Әжмұхамет – қазақ. 1908 жылы туған. 13.04.1931 жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Қыздары: Әсипә, Әризә.

1. Әкімбаев Ахметжан – қазақ. 1881жылы туған. 20.02.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлы Әнуәрбек (Әнуәш), қыздары:
Кәмилә, Кәмәлия, Кәуәр.

2. Сапақов Балабай – қазақ. 1888 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы Сонаршы. 3. Смағұлов Бекмұхамет (Бауырсақ молла) – қазақ. 1868 жылы

туған. 01.03.1931 жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы
Кәки. Қыздары: Майсара, Аққұмар.

4. Балықов Мұқаметшә – қазақ. 1881 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлдары: Қашеке, Мер,
Қауан, Қабас.Қыздары: Күләми, Нұржәми, Нұрғами, Қамила.

5. Әміренов Зәңкер – қазақ. 1880 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Қыздары: Қамила, Шол-
пан, Дәмежан.

6. Құттыбаев Есеғазы – қазақ. 1907 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы 5 жылға сотталған. Қызы Кәсіп. 7. Әміренов Зәкәри (Сахария) – қазақ. 1880 жылы туған.

01.03.1931 жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлдары:
Ешетай, Жантайлақ. Қызы Бошан.

8. Бұхабаев Ақсолтан – қазақ. 1894 жылы туған. 20.02.1931

жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. Ұлдары Боштай, Қызы Күлтәй. 9. Телегеев Сейтқазы – қазақ. 1896 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған.

10. Жақсылықов Қали – қазақ. 1882 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. Қызы Қатшыбай. 11. Ұғумаров Қабдеш – қазақ. 1912 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлы Сейіл, қызы Күләндә. 12. Құдабаев Оспан – қазақ.1891 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. Ұлы Уатқан. Қыздары: Тұражан,
Рая.

13. Әмірханов Құжан – қазақ. 1879 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Қызы Ләзім. 14. Сыдықов Рамазан – қазақ. 1898 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлдары: Домбай, Қайырды, қызы
Феруза.

15. Матпин Ямбай – тілеуіт. 1873 жылы туған. 13.04.1931 жылы

ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 16. Шәкіртов Ошан – қазақ. 1912 жылы туған. 13.04.1931

жылы ұсталған. 10 жылға сотталған. 17. Қилыбаев Байғали – қазақ. 1882 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлдары: Құсыман, Ошан, қызы
Клара.

1. Ыдырышев Әміре – қазақ. 1884 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлы Құсайын, қызы Әпузә. 2. Боранбаев Тұрдыбек – тілеуіт. 1874 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 3 жылға сотталған. 3. Ақынов Сақаба – қазақ. 1881 жылы туған. 01.03.1931

ұсталған. 5 жылға сотталған. 4. Мамашев Иманғажы – қазақ. 1895 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлы Мұхтар. 5. Ахетов Маусым – қазақ. 1880 жылы туған. 01.03.1931

ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. Ұлдары: Көкө, Көшкенбай. 6. Корхунов Қали – қазақ. 1862 жылы туған. 01.03.1931 жылы

ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 7. Мұстафанов Мәжін – қазақ. 1889 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 5 жылға сотталған. Ұлы Мұпти. Қыздары: Шәмел,
Зиға.

8. Балықов Мұқа – қазақ. 1879 жылы туған. 01.03.1931 жылы

ұсталған. 13.08 1931 жылы атылған. Ұлдары: Сәбит, Иманғажы,
Нұрсолтан.

9. Бигелдінов Аушы – қазақ. 1889 жылы туған. 01.03.1931

жылы ұсталған. 13.08. 1931 жылы атылған. Қыздары: Күлияш,
Нүрия.

10. Майхиев Яков – тілеуіт. 1892 жылы туған. 01.03.1931

ұсталған. 13.08. 1931 жылы атылған. 11. Майхиев Федор – тілеуіт. 1886 жылы туған. 13.04.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 атылған. 12. Бойдоев Амыр – тілеуіт. 1871 жылы туған. 13.04.1931

жылы ұсталған. 13.08.1931 жылы атылған. 13. Бодылов Қошан – қазақ. 1901 жылы туған. 01.03.1931

ұсталған. 5 жылға сотталған.

Пионер Мұхтасыров
Шүй бойының атқамінер азаматтары айдалып, атылып,
байлардың әйелдері, балалары жер аударылып, артта қалған
елдің еңсесі түсіп, есі кетіп, не істеп, қайда барар­ларын

білмей, тығырыққа тірелген заман болды.
Күндіз-түні елдің тынышын кетіріп айдау, соттау
тоқталмағанын, ел бірінен-бірі көріп, анау өйтті, мынау
сөйтті десіп ауыл іші ала болды.

Заманның
ағымына
өресі
жетпегендер

дұшманды
өз ішінен іздеді, оны тауып та жүрді. Соның көрнекті
мысалы Шамұлы Мінәттің істеп жүрген ісі еді. Әуел баста
мектеп салуды міндетті қылып қойған соң, жаңа заманның

нұсқауынан шыға алмай, Абдолданың үйін бұзғанды
басқарды. Мінәт көпшілікке пайдасы тиетін мектеп салып
қиналып жүр-ау деп бағалайтын адам аз. Істеп жүрген ісін
сынап, ағайындықтың биігінен қарап, Мінәт құлжабайдың

бұйдақанынан туып тұрып, құлжабайдың қалдекесінің
шаңырағын ортасына түсірушілердің басы-қасынан та­
былды десті. Мектеп көз алдында көрініп тұр, ал Абдолда­
ның шаңырағы жоқ. Сәлімжан оққа ұшты. Мұқаметжан

балаларымен айдалды, бәйбішесімен қара шаңырағы,
есігіндегі малшысында қалды. Шәкірт қайтыс болды,
Шәкірттің барлық балалары айдалды, Шәкірттің үшінші
бәйбішесі Зықайды Мінәт алды. Айдалмай қалған Қалдеке

тобының іші қайтып күймейді, Шәкірттің шаңырағына
Мінәт ие болса, әкесінің үйін бұзып әкеліп мектеп салса.
Мектеп салғыш болсаң сені ме деген ағайындар Мінәттің
басқан ізіне қақпан құруын тоқтатпады.

Мінәт мойнына алған жұмысын өз ойынша уақытында
бітіріп, мақтамаса да боқтамайтындай іс бітті деп көңілі тоқ
жүріп еді.
Кенеттен 1932 жылы мектеп салуға жиналған мал,

ақшадай
қаражаттың
кіріс-шығысын
тексеруші,

тоқылдақтардан түскен арыз бойынша деген комиссия
жұмыс істей бастады. Комиссияның мүшелері, бес жылғы
мектеп салудағы істелген істі, оған шыққан материалды,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жалдап алынған құрылысқа қатысқан жұмысшылардың
жалақысы, ішкен жегенін толық есепке алды. Асты-үстін
қопарып есепке алғанда, бес жүз сомға тұрарлық қаражатты

орынсыз жерге жұмсаған, ол ақшаны Мінәт төлеуі керек
деген документ жасалды. Әрине Мінәт оны мойындамады,
сондықтан материал сотқа берілді. Ақша жетпей тұрған
жоқ, дұшпандары ойластырып тұрған іс екенін Мінәт біледі.

Сондықтан ақшаны төлемейді, сотқа берсе берсін, сот
алдында ағарып кетермін деп үміттенеді.
Соттың шешімі Мінәт тосқандай болмай шығады.
Жетпеген ақшаны Мінәт төлейтін және үш жыл бас бос­

тандығынан айыратын шешім шығарады. Дұшпандары
ақтай жабыстырған пәлесінен сот алдында құтыла алмай,
сот шешіміне наразы болған Мінәт зығырданы қайнап,
амалы таусылып, үлкен ой үстінде, қолында кәтелі бар,

солдаттың айдауында асханаға келе жатып, атпен келе
жатқан үш адамды көріп, танып тоқтайды. Бұлар аттарынан
түсіп, Мінәтпен жылы амандасады. Жүрген жүрісін көріп
не болғанын сұрап біліседі. Мінәт жалалы болғанын, ақтан

пәле жабысқанын айтып, үшеуінің сотқа кепілдік беріп,
бір айға босатып алуларын сұрайды. Үшеуі де, сөзге келмей
сотқа кепілдік беруден бас тартпайтындықтарын білдіреді.
Кепілдік алушылар Әлімқанұлы Әбілқасым, Битуғанұлы

Қасымқан, Тәукеұлы Әбілғазы сот алдына барып, сотқа бір
айға Мінәтті кепілдіке алғандары керегінде және бір айдың
ішінде Мінәт сотқа келмей қалса, өздері жауапты болатын
қағазға қолдарын қойып беріп, Мінәтті босатып алып

шығады. Бір айға босап шыққан Мінәт Жоғарғы сотқа арыз
апарып, Қосағаш аймағының сотының шешімін өзгертіп
ағарып келуге ниеттеніп, Мәскеуге кетеді.
Мәскеуге аман-есен жетуін жетеді, бірақ жоғарғы

сотқа кіретін амал таба алмайды. Үлкен жерлерге кіретін
есік-тесікке қолы жететін, қол ұшын беретін адамның
жоқтығынан тауы шағылып үйге қайтады. Ақ ісінің қара
болып, үш жылға сотталғанын ауырсынған Мінәт Қытайға

қашып кетеді.

Пионер Мұхтасыров
«Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деген. Дұшпандарға
өлімімді көрсетпейін деп кеттім, кешіріңіздер, мен кезең
асып кеттім деп, өзі кепілдікке алғандарға арналған бір бет

қағазды поштаға тастай салып, бет алған жағына кетеді.
Бір ай өткен соң кепілдік берген үшеуін сотқа шақыр­
тады. Олар қашып кеткен Мінәтті қайдан тапсын. Мінәт
үшін үшеуін де сот алдында жауапқа тартады. Әлімқанұлы

Әбілқасымды бес жылға, Битуғанұлы Қасымқанды он жылға
соттайды. Тәукеұлы Әбілғазыға Мінәтті тауып, тірідей
сот алдына алып келуді тапсырады. Әбілғазы ОГПУ-дың
жасырын тапсырмасын бұрыннан бітіріп жүрген сенімді

адамы еді.
Мінәттің
қашып
кеткені,

комендатурадағылардың
құлағына іліне сала, жоспар бітіруге жаңа өзекті тақырып
табылып, 8 наурыздағы митингтен кейінгі, күрделі саяси іс
деген баға беріліп Шамұлы Мінәтті халық жауы деп жария­

лап жаңа ісі ашылды. Жоғарыдан түскен халық жауларын
тауып, абақтыға қамаудың жоспарын бітіруге Мінәттің
қашқаны үлкен себебін тигізері сөзсіз. Шүй қазақтарының
Қытайға кеткен Мінәтпен байланысы болуы әбден

мүмкін. Мінәт Қытайдан қару-жарақ тасып, Қосағаштың
елін қаруландыратын мүмкіндігі бар. Катон-қарағайдың
бұрынғы биі Ережепұлы Әбдікерім де қытай жерінде. Мінәт
пен Әбдікерім Қытайдан немесе Жапониядан қарулы әскер

сұрап алып, Қосағаш арқылы Кеңес үкіметіне соғыс ашуға
дайындық жасауы мүмкін. Штабта отырып жорамалдаған
еріккен офицерлердің қиялын, шекараға жауапты ОГПУ-
дың саққұлақтары жорамалды шынға айналдырған. Жоқ

жерден халық жауын табу оңай емес. Мінәттің ісі қисыны
келіп тұрған іс болғандықтан, Қосағаш комендатурасы
халық жауларын ұстау жоспарын бітіруге кірісіп кетеді.
Шекараға жақын отырған малшыларды өтірік куәгер­

лікке тамақ беру арқылы алдап көндіргені бар, ұрып-соғып
көндіргені бар, әйтеуір Мінәт екі-үш күнде келіп елмен
хабарласып тұратындығын айтқызады. Мінәттің келгенін

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
көргенің шын болса, оның кіммен кездескенін де көрдің
емес пе, шыныңды айтуың керек, таяқ өткен соң «шынын»
айтуды құрастырады. Әйтеу өзінің танитын біреуінің аты

аузына түседі.
Елдің үйін аралап жүріп комендатураның солдаттары
бәленбайдың үйі қайда деп сұрап біліп алап, сол үйдегілерді
айдап кеткенін бірақ біледі. Ол байғұстың есін жиғызбай

сенің Мінәтпен кездескеніңді бәленбай айтқан, сен одан тана
алмайсың, сенің кездескенің шын, енді бізге керегі сенімен
бірге тағы кімдер болды. Мінәт сендерге қандай тап­сырма
берді, соны айтуың керек, ойлан!» деп сусын тамақ бермей

қамап тастайды. Аштыққа, жеген таяққа шыдай алмай, ол
да бірдемесін құрастырады. Бірін-бірі айымен көр­меген
адамдар, Мінәтпен кездескен, тапсырма алған бәленбай
бірге болған. Келесі келгенде қару-жарақ әкелетін болған,

әбден қаруланып алған соң Кеңес үкіметіне қарсы соғыс
ашпақшы болғамыз, бізге жапондар болысатын болған деп,
даяр жазып қойған қағазға қолдарын салып беріп, халық
жауларының қатарында жазаларын алып, бестен оннан

тиісті жылдарын құшақтап, ұлғайғандары атылып, жастары
Сібірге айдалған.
Кеңес үкіметіне Германия жау ашса, фашистерге
болысу үшін Шамұлы Мінәт бастаған Қосағаштағы даяр­

ланған халық жауларын ұстадық деп, ОГПУ-дың бастық­
тары жоғарғы бастықтарына рапорттарын беріп жатады.
Жоспарларын бітіргендіктен комендатурадағыларға алғыс
айтуды жоғарғы жағы ұмытпайды.

Осылайша өтірік құрастырылған іспен үш-төрт жыл
Шүйдің елі ұсталып абақтыға алынып жатты. Өтірікті өте
шебер ойлап табушы сенімді тоқылдақтар болды. Олар
жағымпаздана жүріп тамақтарын асырады, халық жауын

табудағы ерен еңбектері үшін үкіметтің медаль, ордендерін
тағынды.
Мінәтпен «кездескендер» Қосағашта ұсталып айдалып
жатқанда, Мінәт Қытайда Сарсүмбеде (қазіргі Алтай

қаласы) әйел алып, балалы болып жанын сақтап жүрді. Қос­

Пионер Мұхтасыров
ағашқа келіп елге кездескенді қойып, Қытай жеріне қашып
келген жерлестерге көрінбесем екен деп шамасы келгенше
жасырынып жүрді.

Мінәтқа Қосағашта халық жауы деген ат қойылып,
айдар тағылғанда екі әйелі де айдалды. Бұрынғы әйелі
Сәмекқызы Қадиша ұлдары Мұрындық, Сіргетай үшеуі
Қарағандыға жер аударылды, елге оралған жоқ. Соңғы

әйелі Әубәкірқызы Қызай, өзіміздің аймақтың шеткері
ауылы Қурайға жер аударылып, соңында Шүйде өмір сүріп
қартайған шағында қайтыс болды. Зықайдан туған Мінәттің
қызы Кәмән балаларының қолында, құрметті кәрлікпен

өмірін сүріп жатыр. Мінәттің қытай жерінде алған әйелінен
екі ұлы Ханзада мен Бекзада өсіп ер жетті, ұрпақтары
баршылық. Мінәт 1939 жылы ОГПУ-дың тыңшылары­ның
қолына түсіп, Қытайдан әкелініп, Қосағаштың сотымен

сотталған, сол кеткеннен хабарсыз кетті. Мінәт сот алдында,
Қосағашқа бірде-бір келмегенін, ешкіммен кездес­пегенін,
керісінше өзінің біреу көріп қалмасыншы деп ты­ғылып
жүрсе де ұсталып қалғанын, неше түрлі мысалдар келтіріп

дәлелдеген. Сонда сот Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күш
дайындаушы ретіндегі бапқа дәлел таба алмай, Қытайға
қашқаны үшін ғана жауапқа тартқан.
Сот алдында Мінәт «қазақта «бас кеспек болса да,

тіл кеспек жоқ» деген нақыл сөз бар, мені бәрібір сот­
тайсыңдар, соттаңдар. Менің қалғыншы сөзде айтарым,
мені отыз үшінші жылы нақақ соттамаған болсаңдар, мен
қытайға қашпаған болар едім, мені қашқын қылған өз­

дерің. Мінәтпен кездесті деп өтірік қанша адам сотталды,
оның есебі қолдарыңда, барлығы өтірік жаламен сотталды.
Елге өтірік жала жабушыларды жауапқа тартып, соттал­
ғанын көретін күн туса, мен куәгер болсам, бұл жалғаннан

армансыз өтер едім», – депті.
«Халықты кеңес үкіметіне қарсы қаруландырғаның
дәлелденген болса атылатын едің, қытайға қашқаның
үшін деп қана жеңіл жаза қолданылды» деп сот он жылға

соттапты.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Мінәтті ұстап әкел деп ОГПУ жіберген Тәукеұлы
Әбілғазы, тапсырманы бітіре алмады. Тапсырманы орын­
дай алмаған Әбілғазы 11.09.37 жылы ұсталып, 30.12.1937

жылы атылды.
1937 жыл халық жауларын әшкерелеу, аяусыз жазалау,
сөйтіп Кеңес үкіметін халық жауынан тазалайтын күрделі
жұмыс атқаратын жыл деп жариялаған Қызыл партияның

шешімін бітірудің жоспары бұрынғыдан бірнеше есеге
көбейді. ОГПУ-шылар, соңында НКВД деп аталған халық
жауын тауып құртушы рольдегі орган қызыл пар­тияның
жоспары көбейген сайын, саяси тапсырманы бітіру үшін

халық жауын табудың жаңа түрлерін ойластырып, жаңа
әдістер қолданып отырған.
Сол әдістің бір мысалы Алтай Өлкесінің ФСБ-ның
Архивіндегі том №1, іс қағаз №395-пф УНКВД-нің

құжаттарынан көруге болады, Қосағаш аймағында Кеңес
үкіметін құлату үшін қалай Штаб құрылғанын, НКВД-ның
құрастырылған қағазына Тілеубердіұлы Смайылдың және
штабтың мүшелерінің көбінің қолы қойылған. Оларды қол

қоюға қалай көндірді құпия. Смайылға Қосағашта Штабты
қалай, және қашан құрдың деген сұраққа түрмеде жатқан
«шынын» айтуға мәжбүр болған Смайыл былай деп жауап
беріпті:

«1936 жылы жазда Ойраттураның Обкомының екінші
хатшысы
Хабаров
Павел

Семенович
Горно-Алтайск
қаласынан жаз ортасында Қосағашқа келді. Қосағаш
аймағының

исполкомының
бастығы
Тілеубердіұлы
Смайылды, аймақтың партия ұйымының екінші хатшысы

Табаков Семенді қасына ертіп алып, Қосағашта шөп
дайындау науқаны қалай өтіп жатыр, өз көзімен көрмекші
болып, атпен Сартоғайдағы шөпшілерге барады.
Колхозда қысқа дайындық қарқынды жүріп жатқанын

көзімен көріп, Қосағашқа қайтар жолында Табаков
Семен екеуміздің ортамызда атпен аяңдап жүріп отырып,
бізге тапсырма берді. Сендер екеуің Қосағашта «Штаб»
құруларың керек. Жуық жылдарда Герман фашистері Кеңес

Пионер Мұхтасыров
үкіметін жаулап алу ниетімен жау ашуы мүмкін. Сондай
жағдай бола қалған күнде біз Жапонмен одақтасып Кеңес
үкіметін құлатуға күш қосуымыз керек. Штабтың бастығы

сен боласың, орынбасарың Табаков Семен болады. Штабқа
басқа адамдар қосып ұйым құрасыңдар. Әрбір ұйымға
кірген адам өзінен басқа екі адамды штабқа тартуы керек.
Сол әдіспен қару алып жүруге жарайтын Шүй бойындағы ер

адамдар штабқа байланысты болуы керек. Керек уақытында
Жапоннан қару-жарақ жеткізіледі, сол қаруды пайдалана
алатын адамдар дайындау сендердің жұмыстарың деген
тапсырмасын Табаков Семен екеуміз орындадық.

Хабаров Павел Семеновичті атқарып салғаннан кейін
он бес адамнан тұратын, штабтың басқарушы ұйымын
құрдық. Штабтың бастығына мені сайлады, орынбасарыма
райком партияның екінші хатшысы Табаков Семенді

сайлады. Штабтың басқарушы ұйымына кіргендер Бадиров
Жамансары, Қуқаев Ботақан, Есімов Қинаят, Қалиев
Қажыке, Катучинов Жақшыбай, Атшабаров Құсайын,
Сақабанов Қадыш, Телешов Амыр, Далымбаев Мұхтасыр,

Халелов Зиянұр, Тымтышев Сұрабай, Шанханов Имамади,
Ақшалов Шошқа. Осы адамдарға Штабтың мақсатын
түсіндірдік. Әрқайсысы өзінен басқа екі адамды дайындауы
керек, ол екі адамның әрқайсысы тағы екі адамнан

дайындауы керек екендігін түсінген штабтың мүшелері
жұмыстарын бастап кетті, Жапоннан хабар келсе Кеңес
үкіметіне қарсы шығуға дайын тұрмыз» – деген.
НКВД-ның жауынгерлеріне енді штабқа байланысты

халық жауларын ұстау ғана қалды. Халық жауларын ұстауға
саяси тақырып дайын. Болмағанды болды, көрмегенді
көрдім дегізу НКВД жаналғыштарының қолында. Ешнәрсе
ойларында жоқ бейкүнә адамдарды ұстап әкеліп, ұрып-

соғып қинап, күні бұрын даярлап жазып қойған қағазға
«шынын» айтқызып, қолдарын салдырып атқанын атып,
соттағанын соттап, Сібірге айдай берген. Өтірік штабтың
жемісі 1937 жылдың тамыз айының бірінен, отыз бірінші

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
желтоқсанға дейін, Шүй бойынан РСФСР Қылмыстық
кодексінің 58-бабымен 636 адам абақтыға отырғызылып,
атылған, сотталған.

«Халық
жаулары»
аяусыз
жазаланып

тұрған.
Қызылөзектің түрмесінде 1937 жылы 26 қыркүйекте түнгі
сағат үште отыз адам «халық жауы» деп атылған.
Сол бір зобалаң жылдары, он жылдың бойына Қосағаш

аймағының бір мыңнан асатын адамдар жазықсыз «халық
жауы» деген атпен сотталған, олардың үш жүздейі атылды,
қалғаны Сібірдегі лагерге айдалды. Атылған айдалғандар­
дың бес жүзден артығы – қазақ, бес жүзге жуығы – тілеуіт.

«Халық жауларының» елу-алпыс әйелдері, бір жүзге жуық
балалары Қазақстанға, Сібірге жер аударылған.
НКВД-ның Қосағаштағы бөлімшесі «халық жауларын»
уақытында тауып, жаза қолданушылардың алдыңғы қата­

рында деп бағаланып, жоғарғы жақ ұмытпай, сый-сияпатын
жасап тұрған. «Халық жауларын» тауып, дер кезін­де қол
ұшын берушілердің ішінде, өзіміздің ортамыз­дан шыққан
тоқылдақтар да болған. НКВД олардың да еңбегін жоғары

бағалап, жоспарды артық бітіргендерінің төсіне медаль,
орден тағып тұрған. Олар халқын сатып тамақ­тарын
тауып жүргендерінен арланбаған, шендерін тағы­нып елге
көрінуден ұялмаған. Сөйтіп арамтамақ арсыздардың айы

оңынан туып, ел жақсылары жазықсыз жаланың құрбаны
болған заман артта қалып, тайға таңба басқандай тарихтың
бетінен орын алды.
Жаңа заманның халықты қысып, зар еңірете жылатып

келгенінің зардабын, өте көп тартқан құлжабай ауылы
болды. Кезінде құлжабай ауылының азаматтары ел басқар­
ғандығын, билік үнемі солардың қолында болған­ды­ғын
көре алмаған дұшпандарының өшін алатын сәті түсті.

Олар ол сәтті қалт жібермей пайдаланды. Дұшпандары
Кеңес
үкіметінің
желөкпелерінің

қолшоқпарларына
айналды. Құлжабай ауылының тұқымын жоюды мақсатқа
айналдырды. Құлжабайларды құртып мақсаттарына жетіп
жүргендердің, көп ұзамай, пәле өз бастарына ілініп, халық

Пионер Мұхтасыров іштей іріді. Бірін-біріне айдап салып, өз халқын өзі құртуға, жоспарлап іске асырып отырған мемлекет басындағылар екеніне көздері жетіп болғанша, айдалып, атылып тозып бітті. Бірінен-бірі кек алған қылып алыстырып қойып, «халық жауын» тапқыш НКВД елдің ес-ақылын шығарды. Атап көрсетілген жылдардағы зобалаңнан, халықтың көпшілігі зардап шекті, ол керегінде жоғарыда жазыл­ ды. Қызыл қырғынның қырғилары бидің ауылына арты­ ғырақ «көңіл» бөлді. Шүйдің халқын көп жыл бас­қарған құлжабайдың қалдекесі мен бұйдақанынан тарқаған билердің ұрпақтарының тағдырына тоқтап өтейін. Абдолданың өзі, соңында Шәкірті қажы Алланың ақ өлімімен пәни жалғанмен қоштасты. Бірақ аға-бауырлары, балалары жаңа заманның тозағына тап болды. Шәкірттің бәйбішесі сүйегі самай-жетіген Атшабар (Төлебай) қызынан туған ұлдары Ахмет, Әжмұқамбет, Арғынбек үшеуі де «халық жаулары» қатарында сотталды Сібірге айдалды, елге оралмады. Арғынбектен (Арғыннан) Тәрбия есімді бір қыз қалды, ол қыздан туған Шәкеңнің жиендері баршылық. Ахметтен ұрпақ қалмады. Әжмұхамбеттен Әсипә, Әризә есімді екі қыз қалды. Шәкірттің жиеншарлары баршылық. Нағашыларына тарт­ қан мықты азаматтар жаңа заманға сай өмірлерін сүріп жатыр. Шәкірттің екінші әйелінің сүйегі дәулет-ұзақ Дүзбен­ бектің қызы. Одан туған Ошан да сотталып, Беломор каналын салудағы ауыр жұмыстан қаза тапты, ұрпақ қалмады. Шәкірттің үшінші әйелі Қазанның татары Зықай, Әубәкірдің (Сартабан молла) қызы. Зықайдан туған Батан (Батырбек) ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапты. Ұрпақ қалмады. Сәлімжанның бәйбішесінен туған ұлы Далабай қуғынсүргіннен аман қалды. Қырық бірдің соғысына қатысты, одан аман келіп колхоздарды басқарды, алпыстан асқан

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жасында аурудан қайтыс болды. Ұрпақтары аталарына
тартқан мықты азаматтар болып өсті.
Сәлімжанның екінші әйелі Қасипадан туған ұлы

Қожадан ұрпақ қалмады. Қызы Әпәйден, құдайға шүкір
ұлдар, да, қыздар да баршылық, жаңа заманға еңбектерін
сіңіріп, алдыңғы қатардан орындарын алып жүр.
Мұқаметжан

айдалғанда
әйелі
Бәтиме,
есігіндегі

малшысы Шауқардың етегінен ұстап айдалмай қалып
қойған. Жалғыз ұлы Алтай және қыздары жер аударылып,
барған жерлерінен қашып келіп, неше түрлі қиындықты
бастарынан кешіріп ер жетті. Шүкіршілік, ұрпақтары өсіп,

ел қатарында өмір сүруде.
Құлжабайдың Бұйдақанынан тараған Ақы бидің ұрпағы
тұтасқа жуық айдалды, атылды. Айдалған бес ұлдан жалғыз
Рәсөлдің дәмі тартып еліне келіп Шүйден топырақ бұйыр­

ды. Немерелері баршылық.
Ақыұлы Батталдың бірге айдалған балаларынан жал­ғыз
Көпберген деген ұлы елге келіп қартайған шағында қайтыс
болды, соңына ұрпақ қалдырды.

Ақыұлы Сағиланың Абылай деген ұлы жер аудар­
ғандардың ішінде болып, алыс бөтен жерде балалар үйінде
ержетті. Соғысқа да қатысты. Соңында елді тауып, артына
ұрпақ қалдырды.

Ақыұлы Сағила бидің өзі айдалардан бұрын ұзатылған
екі қызынан ұрпақ баршылық. Моңғол жеріндегі керей
Бодаубайұлы Әбілтайға ұзатылған, Бәтия деген қызынан
туған Теңселген, Мініс атты екі жиені болды.

«Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан, үйдің жақсы
болмағы ағашынан» дегенді ата-бабамыз өмірден алып
айтқанына күмән жоқ. Алтынның сынықтары өмірден
өз орындарын тапты. Әбілтайұлы Теңселген өз зама­

нына сай, туған жерінде жаңа келген автокөлікпен жүруді
жақсы игеріп, Моңғолға еңбегі сіңген тізгінші атағын алып,
Жоғарғы Халық Хұралының депутаты болып сайла­нып,
үлкен мансапқа ие болған кісі. Астына бұйырған жүйрік

көліктің арқасында жоғарғы лауазымды қызмет істеп жүр­ген

Пионер Мұхтасыров
адамдарды, Кеңес үкіметінің қалаларына Қосағаш арқылы
жүретін болғандықтан, мұндағы нағашыларын тауып
араласқысы келеді. Бірақ, ел көшкен, өрт алған жұртқа

келгендей күй кешті. Ат айналғысыз нағашыларының
құрып кеткеніне көзі жетті. Әр жерден бірер немере жұра­
ғаттар табыла қалса, сөйлескілері келмей, қашқалақтайды.
Әбден зәрелері ұшып қорқып қалған, шекараның арғы

жағындағы елмен байланысы бар деген пәледен қашатын
болулары керек. Жиеніміз келді деп қарсы алатын адам таба
алмай, көңілі қайтып, туыс іздеуді қойып кетті.
Әбілтайұлы Мініс – көп оқыған ғалым. Моңғол

Республикасының астанасы Ұлан-Батырдағы партияның
жоғарғы мектебінде көп жылдар сабақ берген. Тоқсанын­шы
жылдардың басында, Моңғол мемлекетінде тұрған қазақ­тар
атамекенге көшіп бастағанда көшті бастаушылардың бірі

болған. Есігін оралмандарға айқара ашқан атамекен кімнің
қандай жерде тұрғысы келеді ерік берген, шектеу қой­маған.
Мініс атамекеннің оңтүстігін таңдаған, сондағы Түркіс­тан
университетінде сабақ беретін болып орналасқан.

Ақыұлы Сағиланың екінші қызы Қамиза, Ынтаұлы
Сағатпен қосылып қартайғанша бірге жасасып бақытты
өмір сүрді. Сағат ақсақал Кеңес үкіметінің дінге деген теріс
көзқарасын біле отырып, Шүйде көп жыл мұсылман дінін

уағыздап, имамдық жұмысын жіңішкелеп жүргізгенінің
арқасында дұшпанның көңілінде болса да, көзіне түспей,
дінімізді сақтап жаңа заманға жеткізушілердің бірі ретінде
еліміздің тарихында қалды. Сағат Сағила бидің күйеу

баласы болғандықтан, бұл кісі де «халық жауларының» қата­
рында болып жылын өтеп, аман келген мың да біреулердің
бірі еді. Сағиланың Қамизадан туған жиендері де мықты,
алдыңғы қатарлы азаматтардың ортасынан ойып орын

алған, өзгерген заманның өзекті істеріне араласып, ұрпақ
жалғастырып жатқан жағдайлары бар.

ТөртІНШІ БӨЛІМ

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Нәубет құрбандары
Тарихи дерек
1929-1939 жылдар

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
М. Шаханов

Пионер Мұхтасыров Ж оғарыда айтылғандай төртінші ана – тари­ хымызды танымасақ, білмесек, қадірлеп құрметтемесек, ата-баба аруағы кешірер ме ұрпағын?.. Ұзақ жылдар сандықта, бес құлыптың астында, тарихы­ мыздың қаны сорғалаған парағы XX ғасырдың 20–30-ыншы жылдар қырғыны жарты ғасырдан астам уақыт шаңға басылып жатты. Ортамызда әлі де не болғанын естімегеніміз бар, ал естігенмен түсінбегеніміз де молшылық. «Өтірік өрге баспайды» дегендей шындықты бетке шығарар уақыт келді, ескіні еске алып, көнені көзге көрсетер күнге жетіп отырмыз. Ертеңгіге сабақ болу үшін, ұрпақ жалғастығын үзбеу үшін бүгінгінің міндеті – кешегі мен келешекті байланыстыру. Алдағы еңбекті осы міндеттеменің бір шарасы деуге болады. Саяси жазалау (репрессия) құрбандарын тізімге келтір­ ген, мүмкіндігінше орыс-алтай құжаттарындағы жіберілген қателері түзетіліп, толықтырылған «Еске алу» кітабын қолға алып отырсыздар. КСРО-ның тоталитарлық кезеңіндегі қанды толқыны мыңдаған кінәсіз жандарды тектен-текке, заядан-зая о дүниеге, қайта оралмас сапарға жөнелтіп отырды. Кім жауапты мұнша ауыр қылмысқа? Кім жұбатады зарлап қалған ана мен баланы? Кім толтырады еңіреп қалған отбасын? Кім асырайды артта қалған ұрпақты деп ешкімді ойландыруға мұрша берместен, алға-артқа қаратпастан қырды ғой... Өткеніңді ұмытсаң, аруақтардың азасына, бүгінгіңмен ғана өмір сүрсең, болашақтың табасына қаласың дегендей бұл «Еске алу» кітабының мән-мағынасы тереңде жатыр. Неше жыл атын атауға, еске алуға тыйым салынғандықтан ұрпақтың бірер буыны кешегісін білмей шала тарихты

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
толыққа, өтірікті шындыққа балап өсті. Содан да болар,
жанын жалаға батырған жандар тілсіз, дінсіз, салт-санасыз
мәңгүрт болып қалды. Соның залалын бүгін кешіп жатқамыз

жоқ па?
Бұл – шектен тыс жауыздық пен зор қатігездікпен
жасалған жаппай саяси жазалау нәтижесінде қыршынынан
қиылған жандардың, сағы сынып, бағы тайған жесір

әйелдердің, еңіреп жетім қалған балалардың «Еске алу
кітабы».
Бассыздық пен заңсыздық жылдарына белгілі бір ұлтқа,
әлеуметтік топқа қатысы жоқтай, қоғамдағы абырой-

атағына қарамай-ақ, Конституция заңына қайшы болған­
мен кездескен адам тек қана жалған сөз бен өсектің
жалауынан қара тізімге ілінген заман еді. Қаншама жан
жала, жалған сөзден айдалып, тұтқынға айдалып, адам

көргісіз азапқа жегіліп, тектен-текке таяқ жеп, болмағанды
болды деуге, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабында
көрсетілген мемлекеттік қылмыстарды, демек Отанын сату,
шет мемлекеттер пайдасына шпионажбен айналысу, Кеңес

үкіметіне қарсы көтеріліс жасақтарын құру, зиянкестік,
диверсия, террор, Кеңес өкіметіне қарсы болуға насихаттау
қылмыс түрлерін не біреуге жабуға, не өз мойнына алуға
мәжбүр болып отырады.

Тергеушілер тергеу әдістеріне шын мәнінде прокурор­
лық бақылау жоқтығын пайдаланып, неше түрлі шантаж
бен қинау түрлерін қолданып көп жағдайда «адал ниетпен»
деген кепілдікті тергеу дайын жауап алу хаттама бойынша

адамдарға жалған қылмысты мойнына алдыртып, не өзгеге
айыпты аудартып отырды. Тергеушілер өздерінің жасап
жүрген жалғандығын «Ерекше мәжіліс» немесе «Үштік»
атты соттан тыс мекемелер болсын, халық соты мен әскери

трибунал болсын қылмыстық айғақтың дәлелін, тіптен
«адал ниетпен» мойындауын талап етпейтіндігін бек білетін-
ді. Үкім шығару үшін оларға кездескен жалған жанама
сөз, өсек-аяң жеткілікті болып отырды. Осыларға таянып

Пионер Мұхтасыров кез келген адамды ату жазасына, бес, он, он бес, жиырма жылдық азапты айдауға, ПКХ-ның (НКВД) каторгалық лагеріне немесе мүлде бірақ жер аударуға бұйырып отырды. Осы қызыл қанмен боялған зарлы, қайғы мен қасіретке толы, сорға батқан заманына куә – артта қалған ұрпақ, ақталған «халық жауларының» ойдан құрастырылған қылмыс істерінің мұрағат құжаттары мен сол азаптан жаны шала аман қалған ГУЛАГ тұтқындары дәлелдейді. Алдағы «Еске алу» кітабында 1929-39 жылдарда жөнжозықсыз заңсыз айдалған, атылған, қазіргі Алтай Республи­ касының Қосағаш ауданын мекен еткен қазақтарының тізімі беріліп отыр. Жаппай саяси жазалаудың құрбандарының дұрыс саны әлі де белгісіз, сондықтан еңбегімізді толық нақты деген тұжырымынан аулақпыз. Ұсынылып отырған еңбегіміздің негізіне мынадай қайнар көздер алынды: • Мұрағат құжаттары (Книга памяти жертв полити­чес­ ких репрессий Республики Алтай. 1996–2003 гг. состоящи из трех томов). • КГБ тізімі; • Саяси жазалау құрбандарының құнын төлеу заңы бойынша бүгінгі күні көздері тірі балалары, ағайын-туыс­ қандарының іздеп тапқан құжаттары мен деректері. Кітапқа негіз болған мұрағат құжаттарында адамдар есімдері, туған жылдары, жерлері көбіне қате жазылған болатын, мақсатым қолдан келгенінше түзету мен толықтыру болды. Кітаптан саяси жазалау құрбандары туралы төмендегі­дей деректерді біліп алуға болады: • Аты-жөнін; • Туған жылын (қате болулары мүмкін, мұрағат құжат­ тары бойынша беріледі); • Руы (сүйегі) • Тұтқынға алынған, айдалған күні, айы, жылы неше жылға сотталған мерзімі;

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
• Тұтқынға алынған кезіндегі артта қалған балалар есім­
дері;
Қорыта келгенде, қайталап айта кетерім, «Еске алу»

кітабын жинақтау мақсаттарым мыналар еді:
• Ұрпағымыз тарихын жете біліп өссе екен;
• Кітап өмірге дұрыс саяси көзқарас қалыптастыруға
сүйеу болар ма екен;

• Жеті атасын білуге септігі тиер ме екен.
Ал қаншалықты алға қойылған мақсатым орындалға­
нына әділ сыншы – уақыт пен оқырман, тарихын жете
білгісі келген азаматтар деп білемін.

Еңбекке көп деректерді нақтылауда көмегін тигізген
қарияларға алғысымды білдіремін.
Сөздің соңына сонау залал, қиын өлім мен азап атты
қара құйын соққан жылдар нәубетіне арналған бірер шумақ

өлеңдеріммен аяқтағым келеді.
Санайын отыз жылдар боздақтарын,
Алды-артын ата-баба қозғап бәрін.
Алынған КГБ-ның қағазынан

Әреңге танылады бірлі-жарым.
Дұрыстап аты-жөні жазылмаған,
Өлгенде де бір жеке көр қазылмаған,
Заманының құрбаны қайран ерлер

Шегірткеден қауқарсыз шырылдаған.
Ерді қойып арсыз заң ананы алды,
Айдалып аналарым «Нарын» барды.
Ұрпағын халқымыздың жою үшін

Аналар мен баланы бірге апарды.

Пионер Мұхтасыров

НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫ

Біз жүрген отыз жеті қалдықтары,
Сол жылдың жүректе жүр мұң мен зары.
Келмесі өткен өмір әркімге аян,
Кетпесе кері айналып жердің шары.

Кетпестей отыз жеті ойда қалдың,
Айналып мұң зарына кемпір-шалдың.
Жүз де емес, мың да емес миллионның
Қақ жарып жүрегіне найза салдың.

Тірінің артта қалған зарындасың,
Ағызған күндіз-түні көздің жасын.
Арманы тірілердің таусылсын ба,
Тоқтыдай көрмеген соң ердің басын?

Ол болды өрескел бір зарлы заман,
Бір де үй қалмады ғой басы аман.
Малындай құрбандықтың айдады ғой,
Бір ауыз сөз айтуға келмей шамаң.

Шуылдап артта қалған жетім-жесір,
Біле алмай қайдан шыққан мұндай кесір.
Нұсқауды түптен келген қайдан білсін,
Айдатқан барлықтарын «Мәйек» десер.

Халықты тегін жатқан сандалдырған,
Кім көрген өз елін малдай қырған.
Қар жауып із басылған шақта білдік,
Бұзылған заман бопты патша антұрған.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

СҰМ ЗАМАН

Отыз жыл-қырық жылдың аралығы,
Көп болған ағынан да қаралығы.
Иненің жасуына тұрмаған кез,
Ақыл, ой азаматтың даналығы.

Қалған кез бала жетім, әйел жесір,
Халыққа ойда-жоқта жетті кесір.
Құны жоқ бір тоқтылық азаматтың,
Тәңірге мойын ұсынған құр кеуде бір.

Айырып ақ-қараны көрмеген кез,
Ел ішін өсек-аяң кернеген кез.
Халықты ездер билеп, елдік кетіп,
Болыпты асқан заман алтыннан жез.

Айрандай елдің іші іріген кез,
Күш-қайрат жұмыртқадай шіріген кез.
Өсекші сол заманның пысықтары
Халықтан қарғыс алды «Құдайдан без».

Жан сақтап пысықшалар жүріп жатты.
Ит болып өз еліне үріп жатты.
Ел жақсысы – азамат, атқа мінер
Түрменің барлықтары түбін қапты.

Иттеніп біраз өмір сүрсе-дағы,
Тындырып берген істі жүрсе-дағы.
Жарытып ішер тамақ болмаған соң
Қырылды арық қойдай көп жұттағы.

Артында сорлылардың бала қалды,
Бірі туып, бірі іште шала қалды.

Пионер Мұхтасыров
Пәлені басқа түскен бұлар білмей,
Шешеден тамақ сұрап әлек салды.
Бар ма екен әйел заттай жаны сірі,

Еркектің шыдамас еді мың да бірі.
Мал да жоқ, жұмыс та жоқ, жұт заманда
Ұрпағын сақтап қалды бәрін тірі.
Тиегі бұл өмірдің асыл ана,

Болғанда қиын-қыстау елге пана.
Өмірде нелер қиын опат болды,
Жалғаған өмір жібін өзі ғана.

ӨКІНІШТІ ӨМІР

Сорлылар бұл кеткеннен молға кетті,
Бұрылып қайта келмес жолға кетті.
Еліне мыңның бірі ғана келіп,
Дүниеден ит қорлықпен олар өтті.

Болды екен қандай заман қарғыс атқан,
Жазықсыз ит пен құсқа жем боп жатқан.
Хан бұзылып, халықты ойыншық қып,
Баяғы қара мысық «тышқандатқан».

Басында отыз жылдар – бай деп алды,
Он малдының басына әлек салды.
Бай айдалып, баламен Нарын кетіп,
Құшақтап бір кедейді қатын қалды.

Қарашы бұзылған бір осы кезді,
Қатындар қойнындағы байдан безді.
Қайтсын-ай өз елінде қалғаны ғой,
Өлерін төмен барса іші сезді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Қайран Шүй мекенім,

Білмеймін не екенін?!
Айналып қашан бір
Еліме жетемін?! –
Деп зарлап өңкей боздақ елден кетті,

Кір жуып, кіндік кескен жерден кетті.
Сақалап бір қаншасын жолда өлтіріп,
Тірісін Магаданға алып жетті.
Қалды ғой көпшілігі Магаданда,

Хабарсыз ініден де, ағадан да.
Талшықтап біраз өмір сүрген болды,
Бір себеп болар ма деп шықпас жанға.

НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫ

1. Абдолданов Алтай Мұхаметқажыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1930 ж. Шоққарағайда
туған. 1932 ж. екі жасында шешесімен жер аударылған.

2. Абдолданов Мұхаметқажы Шәкіртұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1896 ж. Ақталда туған.
25.09.1930 ж. 10 жылға сотталған. Ұлы: Алтай. Қыздары:
Қырмызы, Ағайман, Әсипа, Бәтима.

3. Абдолданова Ағайман Мұхаметқажықызы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1917 ж. Шоққарағайда
туған. 1932 ж. жер аударылған.

4. Абдолданова Бәтиме Шіңгілбайқызы.

Керей Ұлтарақ байдың ұрпағы. 1900 ж. туған. 1932 жылы
күйеуімен бірге жер аударуға бармай, қолындағы құлы
Шауқарға тиіп қалып қойған.

5. Абдолданова Жанасыл Шіңгілбайқызы.

Керей Ұлтарақ байдың ұрпағы. 1903 ж. туған. 1932 ж. жер
аударылған. Мұхаметқажының әйелі Бәтимемен бірге туған.

Пионер Мұхтасыров 6. Абдолданова Зықай Әубәкірқызы.

Сарт. Шәкірт қажының үшінші бәйбішесі. Қосағаш
аймағында туған. 12.02.32 жылы жер аударылған. Қызы:
Кәмән, Шәкірт өлгеннен кейінгі бала, әкесі Шамұлы Мінәт.

7. Абдолданова Қырмызы Мұхаметқажықызы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1919 ж. Шоққарағайда
туған. 1932 ж. шешесімен бірге жер аударылған.

8. Абдолданова Нәсипә Мұхаметқажықызы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1913 жылы Шоққарағайда
туған. 1932 ж. жер аударылған.

9. Ажаров Әбдеш Ажарұлы.

Шағыр. 1912 ж. Қосағаш аймағында туған. «Ойротияға он
жыл» колхозының кілтшісі. 29.04.1938ж. 2 жылға сотталған.

10. Айтбаев Қуасай Айтпайұлы.

Шоңмұрын. 1873 ж. туған. «Сталин» атындағы колхоздың
мүшесі. 24.02.1938 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Құдайберген.

11. Ақтоқалов Жұмағұл.

Уақ. 1886 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. 5 жылға
сотталды. Қайта келген соң Сталин атындағы колхоздың
мүшесі. 29.07.1937 ж. екінші рет тұтқынға алынып, 26.09.
1937 ж. атылды. Қыздары: Шәпия, Тоқтарбек, Шәмә.

12. Ақшалов Бабағұмар Ақшалұлы.

Самай-жетіген-жайнақ. 1881 ж. Сартоғайда туған.
14.04.40 ж. түрмеге алынып, тергеу уақытында зорлық-
қорлықтың зардабынан абақтыда өлген. Ұлдары: Туысқан,
Бәтім, Кенжебек, Кенжетай. Қызы: Сарғат.

13. Ақынов Баттал Ақыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1881 ж. Төбелерде туған.
«Кеңестің VΙΙ съезі» колхозының мүшесі. 20.11.1937 ж.
тұтқынға алынған. 09.12.1937 ж. атылған. Ұлы: Көпберген.
Қыздары: Әбиша, Әмәтай.

Бәйбішесі – Әсентай бірге айдалған. Көпберген ғана
елге келген. Қалғандары Нарында айдауда қайтыс болған.
Екінші бәйбішесі Күлбәрән Шүйге келген.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 14. Ақынов Қайса Ақыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1893 ж. Ақтал ауылында
туған. «Бұғысын» атты шекара заставасының жұмысшысы.
20.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 09.12.1937 ж. атылған.
Қызы: Нұрлан. Бәйбішесі Әсем сонда қайтыс болған.

15. Ақынов Расул Ақыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1890 ж. туған. 24.03.
1930 ж. Ақмола қаласына балалары, бәйбішесімен жер ауда­
рылған. Бәйбішесі Шошан. Ұлы Ұлықпан сонда қайтыс
болған. Екінші ұлы Далай Шүйге келіп қайтыс болды. Өзі

де Шүйде қайтыс болды. Күйеуде болғандықтан қыздары
әкесімен бірге айдалмай Шүйде қалған, олар: Қант,
Қырмызы.

16. Ақынов Сағила Ақыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1876 ж. Ағаралда туған.
14.11.1929 ж. түрмеге отырғызылған. 30.04.1930 ж. атылған.
Шүй қазағының ақырғы биі. Бірге айдалған ұлдары – Зияда,
Абылай. Зияда түрмеде өлген. Бәйбішесі де түрмеде өлген.

Екі қызы күйеуде болғандықтан тірі қалған. Үлкен қызы
Бәтияны керей-бақат, Бодаубай баласы Әбілтай алған. Одан
атақты ғалым, тарихшы Мініс туды. Мініс қазіргі күнде
Қазақстан мемлекетінде Түркістан университетінде сабақ

береді. Профессор. Теңселген деген бір ұлы Моңғолияның
еңбегі сіңген тізгіншісі, уақытында Моңғолдың Жоғарғы
Қуралының депутаты болған.
Шүйдегі қызы Қамиза, көп жылдар Шүйдің қазағына

еңбегі сіңген имам Ынтаұлы Сағат ақсақалдың бәйбішесі
болған, ұрпақтары баршылық. Ұлы Абылай айдаудан аман
келген, одан да ұрпақ бар.

17. Ақынов Сақаба Ақыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1881 ж. Қосағашта туған.
01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталған.
Ұлдары: Жағыпер, Көксеген, бәйбішесі Кәмиле барлығы
айдауда өлген.

Пионер Мұхтасыров 18. Алғыжақов Имамбай Алғыжақұлы

Сарғалдақ-құлжабай-жанбау. 1877 ж. Қосағашта туған.
«Жаңажол» колхозының мүшесі. 05.08.1937 ж. тұтқынға
алынып, 26.09.1937 ж. атылған. Ұлы: Айтқажы. Қыздары:
Шәрбике, Шәлишән.

19. Алқамов Қажы Алқамұлы.

Сарғалдақ-онтағар.
жылы
Жазотырда
туған.

«Ворошилов» колхозының бастығы. 13.05.38 жылы 2 жылға
сотталған. Қызы: Кәмел.

20. Алпысбаев Мақышжан.

Қожамбет. 1882 ж. Қазақстанда туған. Аңшы. 29.04.38 ж.
2 жылға сотталған. Ұлы: Зарлыхан.

21. Атшабаров Ақмәди Атшабарұлы.

Самай-жетіген-қарамырза. 1916 ж. Ақталда туған.
Сауатты, «Эйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 05.12.1937 ж.
тұтқынға алынып 5 жылға сотталған.

22. Атшабаров Қақан (Кәкен) Атшабарұлы.

Самай-жетіген-қарамырза. 1904 ж. Қазақ ауылында
туған. 04.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға айдалған.
Қыздары: Жібек, Мешбет, Кәмшәт.

23. Атшабаров Құсайын Атшабарұлы.

Самай-жетіген-қарамырза. 1902 ж. Қосағашта туған.
Сауатты, «Эйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 03.09.1937 ж.
тұтқынға алынып, 02.10.1937 ж. атылды. Ұлдары: Ұйымда,
Шомат.

24. Ауғанбаев Қаршыға Ауғанбайұлы.

Самай-қарашолақ. 1909 ж. Ақталда туған. «Ворошилов»
атындағы колхоздың мүшесі. 09.11.1937 ж. тұтқынға
алынып, 29.12.1937 ж. атылды. Ұлы: Малберген.

25. Ауғанбаев Шөкөй Ауғанбайұлы.

Самай-бөкө. 1900 ж. Ақталда туған. «Ойротияға он жыл»
колхозының төрағасы. 22.11.1937 ж. тұтқынға алынып,
10 жылға сотталған. Ұлдары: Мүсәй, Өктән, Март. Қызы
Қизат.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 26. Ауханов Қожа Аухаұлы.

Самай-жетіген-мүке. 1865 жылы Қосағаш аймағында
туған. 1929 жылы жер аударылған. Ұлы: Әбүтәліп.

27. Ауханов Қожабай Аухаұлы.

Самай-жетіген-мүке. 1858 ж. Шоққарағайда туған.
13.11.29 ж. айдалған, 17.02.30 ж. атылған. Ұлы: Алаш.

28. Ахетов Жүйебай.

Сарғалдақ-тоқбай. 1907 ж. Ақталда туған. 08.02.30 ж.
10 жылға сотталған. Ұлы: Нәбіл.

29. Ахетов Мағзұм Ахетұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1908 ж. Қосағашта туған. 01.03.
1931 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған.

30. Ахетов Маусым Ахетұлы.

Самай-жетіген-мәкиле. 1880 ж. Семей облысында туған.
«Госторг» агенті болған. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып,
13.08.1931 ж. атылды. Ұлы: Көшкенбай. Қыздары: Ушатай,
Тонан.

31. Әбиев Қасен Әбиұлы.

Самай-жетіген-мәкиле. 1907 ж. Ақталда туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі 03.12.1937 ж. тұтқынға алынып,
8 жылға сотталған. Қызы: Ойрат.

32. Әбілбаев Сләмғали Әбілбайұлы.

Самай-жетіген-қарамырза. 1910 ж. Ақталда туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі 02.12.1937 ж. тұтқынға алынып,
29.12.1937 ж. атылды. Қызы: Класхан.

33. Әбілбаев Сләмия Әбілбайұлы.

Самай-жетіген-қарамырза. 1903 ж. Қосағашта туған.
Шаған-Ұзын сельпосының төрағасы. 03.11.1937ж. тұтқынға
алынып, 29.12.1937 ж. атылды. Ұлдары: Тәберек, Сайлау.

34. Әкемиев Зинал Әкемиұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1914ж. Ақталда туған.
«Жаңажол» колхозының мүшесі. 02.05.1932 ж. тұтқынға
алынып, 3 жылға сотталды. Ұлы: Адай. Қыздары: Лариса,
Жайна.

Пионер Мұхтасыров 35. Әкемиев Мәукөтан Әкемиұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1914 ж. Ақталда туған.
05.08.1937 ж. тұтқынға алынып, 8 жылға сотталды.

36. Әкімбаев Ахметжан Әкімбайұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1881 ж. Семей облысында туған.
20.02.1931 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Одан
Шүйге оралған соң 09.09.1937 ж. қайтадан тұтқынға алынып,
22.09.1937 ж. атылды. Ұлдары: Сейіт, Әнуәш (Әнуәрбек).

Қыздары: Кәмилә, Кәмәли, Кәусәр. 37. Әкімбаев Құтбай Әкімбайұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1883 ж. Семей облысында туған.
20.02.1931 ж. тұтқынға алынып, 19.08.1931 ж. атылды.
Ұлы Шайзада 1929 ж. 17 жасында Қытайға қашып барып,
1958 ж. Жазотырға келіп, Шүйде қайтыс болды.

38. Әкімбаев Сейіт Ахметжанұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1917 ж. Қосағашта туған. 31.03.
1938 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды.

39. Әлимәнов Мәмбет Әлимәнұлы.

Сарғалдақ-бақат-елен. 1902 жылы Қосағаш аймағында
туған. «Ворошилов» атындағы колхоздың мүшесі. 07.05.
1938 жылы 2 жылға сотталған. Ұлы: Ерсайын.

40. Әлимәнов Мүсәлі Әлимәнұлы.

Сарғалдақ-бақат-елен. 1899 жылы Төбелерде туған.
Колхозшы. 14.05.38 жылы 2 жылға сотталған. Ұлы: Мәз.
Қызы: Лайық.

41. Әлпейімов Қиса Әлпейімұлы.

Сарғалдақ-бақат. 1894 ж. Бор-Бұрғызы өзегінде туған.
«Қызыл-Ойрот» колхозының мүшесі. 03.12.1937 ж. 5 жылға
сотталды. Қызы Тұрсын.

42. Әлпейімов Тұрым Қайсаұлы.

Сарғалдақ-бақат. 1907 жылы Орталықта туған. 1937 жы­
лы 10 жылға сотталған.

43. Әлпейісов Қасейін Әлпейісұлы.

Сарғалдақ-сарт. 1909 ж. Қазақстанда туған. «Сталин»
атындағы колхоз төрағасының орынбасары 28.02.1938 ж.
тұтқынға алынып, 20.04.1938 ж. атылған. Ұлы: Ерғали.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 44. Әлпиев Қадыш Әлпиұлы.

Сарғалдақ-жабай. 1892 ж. Қосағашта туған. «Госторг»
агенті болған. 20.02.1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08.1931 ж.
атылды. Ұлы: Құмарғайт. Қыздары: Нұрғами, Қарлығаш,
Мәуліғаш.

45. Әлпиев Тілеуді Әлпиұлы.

Сарғалдақ-жабай. 1882 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж.
тұтқынға алынып, 13.08.1931 ж. атылған.

46. Әлімқанов Әбілқасым Әлімқанұлы.

Сарғалдақ-онтағар.
1896 ж. Төбелерде туған. 26.03.1933 ж. тұтқынға алынып,
5 жылға сотталған. Ұлы: Қаблақат. Қыздары: Майса, Қауиза.

47. Әлімқанов Сағди.

Сарғалдақ-онтағар. 1881 ж. Ақталда туған. 22.12.1937 ж.
айдалған. Ұлдары: Әкім, Қабдұлманап (Қонай). Қыздары:
Нұрғиза, Нұрдай, Зәбирә, Бағила.

48. Әміренов Захарий (Сахария) Сләмұлы.

1880 ж. Моңғолияда туған. 01.03.1931 ж. Айдалып,
13.08.1931 ж. атылған. Ұлдары: Ешетай, Жантайлақ. Қызы
Бошан.

49. Әміренов Зәнкер Сләмұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1982 жылы Бәйзінде
туған. 1932 жылы 10 жылға сотталған. Қыздары: Қамила,
Шолпан, Дәмежан.

50. Әміренов Мұқаш Сләмұлы.

Ақнайман. Ағаралда туған. 1937 жылы 10 жылға сотталған.
Ұлдары: Телман. Кәріп. Қызы: Бюллетен.

51. Әміренов Мінәт Шамұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1895 жылы Ақталда
туған. 1932 жылы үш жылға сотталып, жылын өтемей қытайға
қашып кеткен. 1939 жылы ұсталып 10 жылға сотталған.
Бірінші Әйелі Қадиша Сәмекқызы, ұлдары Мұрындық,

Сіргетай жер аударылған. Екінші әйелі Зықай, қызы Кәмен
тағы жер аударылған. Бірінші әйелі балаларымен айдаудан
қайтқан жоқ.

Пионер Мұхтасыров Қытайға барып әйел алған. Ханзада, Бекзада атты екі ұлды болған. 52. Әміренов Шәкер Сләмұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1887 жылы Қосағаш аймағында туған. 11.11.29 жылы, 3 жылға сотталған. Қызы: Күләштай. 53. Әмірқанов Қазыке Әмірқанұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1879 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08.1931 ж. атылды. Ұлы: Нұрғызайыр. Қызы: Қамажай. 54. Әмірқанов Мұқаш Әмірқанұлы. Сарғалдық-құлжабай-бұйдақан. 1876 жылы Қосағаш аймағында туған. 20.02.31 жылы сотталған. 01.06.31 жылы ақталған. Қызы: Ләзім. 55. Әміров Сақан Әмірұлы. Қожамбет. 1881 ж. Қосағашта туған. 04.02.1933 ж. 10 жыл­- ға сотталған. Ұлы Боранбай. 56. Әсейінов Мәуітқан Әсейінұлы. Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1917 ж. Қосағашта туған. Қазақ сельсоветінің хатшысы. 01.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған. Ұлы Лебір Рүстемов деген фамилиямен ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан. 57. Әубәкіров Әбілмәжін Әубәкірұлы. Сарғалдаққұлжабай-бұйдақан. 1888 ж. Қаратал өзегінде туған. «Ойро­ тияға он жыл» колхозының мүшесі. 22.08.1937 ж. тұтқынға алынып, 12.11.1937 ж. атылды. Қызы: Құндыз. 58. Әубәкіров Қажыке Әубәкірұлы. Құлжабай-бұйдақан. Ақталда туған 1937 ж. 10 жылға сотталған. Ұлы: Нұрғызайыр. Қызы: Қамажай. 59. Әубәкіров Қауза Әубәкірұлы. Құлжабай-бұйдақан. Ақталда туған. 1931 ж 5 жылға сотталды. 60. Әуелбеков Аққыз (Оралбай) Әуелбекұлы. Ақнайман. 1902 ж. «Қазақ» ауылында туған. 13.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 61. Әуелбеков Аралбай Әуелбекұлы. Ақнайман.1907 ж. Қазақ ауылында туған. 12.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлдары: Марат, Сабажай. 62. Әуелбеков Құрманбай Әуелбекұлы. Ақнайман.1896 ж. Қосағаш ауылында туған. 05.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлы Жақия. 63. Әуелбеков Рақымжан Әуелбекұлы. Ақнайман. 1938 ж. 2 жылға сотталды. 64. Байбосынов Үсен Байбосынұлы. Самай-жетіген. 1905 ж. Қосағашта туған. 03.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған. Ұлдары: Аят, Әкүліп. 65. Байғаранов Аққожа Байғараұлы. Дәулет-қазанғап. 1877 ж. Жазотырда туған. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып, 26.09. 1937 ж. атылды. Ұлдары: Көшерхан, (Өнерхан), Қуанышқан, Мәуітқан. 66. Байғожанов Бұхар Байғожаұлы. Уақ-шақай. 1870 ж. Төбелерде туған. 15.02.32 жылы жер аудармақшы болғанда, ауырып қалған. Соңында сол аурудан дүние салған. Солдаттар Бұхардың орнына баласы Қисаны соттаған. Ұлдары: Көбеген, Көгедай, Жабағы, Қиса. 67. Байғожанов Қаби Байқожаұлы. Уақ шақай. 1899 ж. Ақталда туған. 14.12.1932 ж. айдалған. Ұлы: Тілек (Тілеуберді). Қыздары: Нұрғиза, Қарабәшкен, Шәрбән, Ләзипә. 68. Байғонақов Мәкәп Байғонақұлы. Сарғалдақ-жылгелді. 1911 ж. Қосағашта туған. 25.02. 1938 ж. тұтқынға алынып, он жылға сотталды. Шүйге оралып, бақытты кәрілікті басынан өткізді. 69. Байғонысов Құсыман Байғонысұлы. Дәулет-көкі-жартыбай. ж. Жазотырда туған. 1937 жылы он жылға сотталған. Ұлы: Борис (Жәдігем). Қыз­ дары: Қамар, Құдабай, Кәстай. 70. Байғонысов Ыбырайым Әлібайұлы.

Пионер Мұхтасыров Дәулет-көкі-жартыбай. ж. Қосағашта туған. 15.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған. 71. Бақтияров Қасен Бақтиярұлы. Сарғалдақ-сеңкібай. ж. Қазақстанда туған. 11.02.1933 ж. тұтқынға аланып, 10 жылға сотталды. Ұлдары: Құсман, Қабделқан. Қызы: Бұлын. 72. Бақтияров Құсман Бақтиярұлы. Сарғалдақ-сеңкібай. ж. Қазақстанда туған. 02.12.1937 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. 73. Бақтияров Сәби Бақтиярұлы. Сарғалдақ-сеңкібай. 1896 ж. Қазақстанда туған. 09.09. 1937ж. тұтқынға алынып, 12.11.1937 ж. атылды. 74. Бақыраев Қажай Смағұлұлы. Ақнайман. 1907 ж. Қосағашта туған. 05.11.1937 ж. 10 жыл­- ға сотталды. 75. Бақыраев Серғазы Смағұлұлы. Ақнайман. 1913 ж. Қосағашта туған. 04.11.1937 ж. 5 жылға сотталды. 76. Балықов Мұқа Балықұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бекбау. 1879 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08. 1931 ж. атылды. Ұлдары: Иманғажы, Сәбит, Нұрсолтан. 77. Балықов Мұқамедша Балықұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бекбау. 1881 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08.1931 ж. атылған. Ұлдары: Қашеке, Мер, Қауан, Қабас. Қыздары: Кәмәли, Нұрғами, Нұржами, Кәмиле. 78. Бапынов Молдақан Бапыұлы. Сарғалдақ-тоқбай. 1897 ж. Тархата ауылында туған. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып, 29.09.1937 ж. атылды. Ұлы: Тәртіп. 79. Барықбаев (Қашқымбаев) Мұқтарқан. Сарғалдақ-жылгелді. 1914 ж. Қосағашта туған. 20.11. 1937 ж. атылды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 80. Баташуров Рақман Баташурұлы.

Сарғалдақ-жылгелді. 1914 ж. «Ойротияға 10 жыл»
колхозының мүшесі. 20.11.1937 ж. тұтқынға алынып,
29.12.1937 ж. атылды. Ұлдары: Артелкоп, Әкрән. Қыздары:
Шәпәтәй, Шәпәрпән.

81. Бегалінов Баздол Жаманбалаұлы.

Дәулет-қисық-айтқұл. 1919 жылы Қосағаш аймағында
туған. Ветфельдшер. 30.04.38 жылы 5 жылға сотталған.

82. Бегалінов Жидақан Бегаліұлы.

Дәулет-қисық-айтқұл. 1909 ж. Жұмалы өңірінде туған.
«Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 06.11.1937. ж.
тұтқынға алынып, 29.12.1937 ж. атылды. Ұлы: Адай.

83. Бейсенбинов Азанбай.

Қожамбет. 1883 ж. Қазақстанда Зайсанда туған. 02.08.
1937 ж. айдалған. Ұлдары: Рәпық, Қабдыраш, Аянбек,
Зағыпер. Қызы: Кәмәтәй.

84. Бекеев Әрнұраш Бекейұлы.

Керей-қарақас. 1918 жылы Жазотырда туған. «Ойротияға
он жыл» колхозының мүшесі. 15.06.39 ж. 5 жылға сотталған.

85. Бекеев Мұса Бекейұлы.

Керей-қарақас. 1911 жылы Жазотырда туған. 17.06.
1939 жылы 10 жылға сотталған.

86. Бигелдінов Аушы Бигелдіұлы.

Уақ. 1889 ж. Семей облысында туған. 01.03.1931 ж.
тұтқынға алынып, 13.08. 1931 ж. атылды. Қыздары: Күлияш,
Нұрияш. Күмәш.

87. Битуғанов Абатай Битуғанұлы.

Самай-бөкө. 1895 ж. Төбелерде туған. Қосағаштың
құрылыс бөлімі шаруашылығының меңгерушісі 30.04.
1936 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Қызы Сәния.

88. Битуғанов Батау Битуғанұлы.

Самай-бөкө. 1901 ж. Төбелерде туған. Колхозшы. 30.11.
1937 ж. тұтқынға алынып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлы Қазез.

89. Битуғанов Қасымхан Битуғанұлы.

Пионер Мұхтасыров
Самай-бөкө. 1897 ж. Төбелерде туған. Қосағаштың
«Сибпушнина» кеңесінде тауартанушы болатын. 26.03.
1933 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлдары:

Имәмәді, Шеке. Қызы: Күлшән. 90. Битуғанов Молдағали Битуғанұлы.

Самай-бөкө. 1892 жылы Шаған аулында туған. Молда.
18.11.37 жылы айдалған. 29.12.38 жылы атылған. Ұлы Алаш.

91. Бодылов Қошан Бодылұлы.

Самай-жетіген. 1901 ж. Моңғолияда туған. 01.03.1931 ж.
тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды.

92. Бодылов Сарқытбай Бодылұлы.

Самай-жетіген. 1907 ж. Моңғолияда туған. 11.02.1933 ж.
тұтқынға алынып, 5 жылға сотталған.

93. Бодылов Сояң Бодылұлы.

Самай Жетіген. Ақталда туған. 1937 жылы он жылға
сотталған.

94. Бортақов Лақ Бортақұлы.

Сарғалдақ-күршімбай. 1896 жылы Ақталда туған. 20.06.
1938 жылы екі жылға сотталған. Қызы: Кәмәнә.

95. Бұқабаев Ақсолтан Бұқабайұлы.

Уақ-шақай. 1895 ж. Ақтал ауылында туған. «Эйхе»
атындағы колхоз мүшесі. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып,
26.09. 1937 ж. атылды. Ұлдары: Боштай, Ерсайын. Қызы:
Күлтән.

96. Бұқаров Ақшолақ Бұқарұлы.

Сарғалдақ-бақат. 1909 ж. Қазақстанда туған. «Молотов»
атындағы колхоздың есепшісі. 23.12.1937 ж. тұтқынға
алынып, 7 жылға сотталды.

97. Бұқаров Қиса Бұқарұлы.

Уақ-шақай.1910 ж. Төбелерде туған. 26.01.1933 ж. тұт­
қынға алынып, 10 жылға сотталған. Ұлы: Тәукетай. Қызы:
Кәукәр.

98. Бүгілбаев Мұхтар Бүгілбайұлы.

Керей-шұбарайғыр. 1907 ж. Моңғолияның Тұлба өңірін­
де туған. «Жаңажол» колхозының мүшесі. 20.08.1937 ж.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
тұтқынға алынып, 26.09.1937 ж. атылды. Ұлдары: Мұрат,
Ойрат.

99. Бүргебаев Солтан Бүргебайұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1900 жылы Қосағаш аймағында
туған. 08.02.30 жылы 10 жылға сотталған.

99. Далымбаев Мұхтасыр Далымбайұлы

Самай-аталық. 1883 ж. Тархата ауылында туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі. 03.09.1937 ж. тұтқынға
алынып, 02.10.1937 ж. атылды. Ұлдары: Солтан, Аллаберген,
Пиян, Құсман, Құсан, Өкмет, Аманжол. Қыздары: Бұлғын,

Бұлбұл, Алтынай, Күмісай, Қанышай. 100. Дәрібаев Дөкөй Дәрібайұлы.

Сарғалдақ-тәкі. 1898 жылы Қосағашта туған. 20.02.
1931 жылы 2 жылға сотталған.

101. Дәрібаев Әлше Дәрібайұлы

Сарғалдақ тәкі. 1884 ж. Қазақ ауылында туған. «Сталин»
атындағы колхоздың мүшесі. 18.11.1937 ж. тұтқынға алынып,
8 жылға сотталды.

102. Дәуренбеков Шотпан Дәуренбекұлы.

Уақ шақай. 1881 ж. Ақталда туған. 29.07.1937 ж. атылды.
Ұлдары: Шәмел, Қабдырақман (Қабдөш), Керіп, Мереке.
Қызы: Күлішкен.

103. Дүңгіров Қаужан Дүңгірұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1880 ж. Қосағашта туған. «Ойро­
тияға он жыл» колхозының мүшесі. 24.02.1938 ж. атылды.

104. Дүңгіров Құдайберген Дүңгірұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1900 ж. Қазақ ауылында туған.
Сауатты. Шаруа. Қосағаш ауданының АЗО меңгерушісі.
22.11.1937 ж. тұтқынға алынып, атылды. Ұлы: Дәукен.

105. Елеубаев Мереке Елеубайұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай. 1899 ж. Қазақстанда туған. Сарто­
ғайда тұрған. 14.02.1932 жылы 5 жылға сотталған.

106. Есенжаров Қабдолда-Мәмидолда Есенжарұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай. 1897 ж. Қазақстанда туған. «Сиб­
пушнина» аудандық кеңесінің даярлаушысы. 28.03.1938 ж.

Пионер Мұхтасыров ұсталып, 3 жылға сотталды. Ұлы: Ерсайын. Қызы: Тотығұс. Сандуғаш. 107. Есетов Мұсатай Есетұлы. Дәулет-Кебенек. 1898 ж. Қосағашта туған. «Жаңажол» колхозының мүшесі. 15.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 29.12.1937 ж. атылды. Қыздары: Зүлия (Сура), Құлатай, Кувас (Кәбес), Дәметкен. 108. Есетов Садуақас Есетұлы. Дәулет-Кебенек 1889 ж. Төбелерде туған. «Ворошилов» атындағы колхоздың мүшесі. 24.02.1938 ж. тұтқынға алы­ нып, 10 жылға сотталды. Ұлы: Жұмаділ. 109. Есімов Қинаят Есімұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1902 ж. Көрләй өңірінде туған. «Эйхе» колхозының мүшесі. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып, 8 жылға сотталған. Ұлы: Наган. Қыздары: Мәпе, Кәти. 110. Есімов Құсыман Есімұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. ж. «Жаңажол» колхозында туған. 20.11.1937 ж. айдалған. 29.12.1937 ж. атылған. Қызы: Мәдет. 111. Есімов Мәмиле Есімұлы. Құлжабай-тұрдыбай. Ақталда туған. 1937 ж. 10 жылға айдалған. Қызы Ләйлә. 112. Жадыранов Мейірхан Жадыраұлы. Дәулет-қисық-айтқұл. 1892 жылы Қазақстанда туған. 29.04.38 жылы екі жылға сотталған. 113. Жазықов Бәкімбай Жазықұлы. Ақнайман. 1895 ж. Қазақстанда туған. Шаған-Ұзын ауылының әкімі қызметін атқарған. 15.03.1936 ж. бес жылға сотталған. 114. Жайлаубаев Тәуке Жайлаубайұлы. Самай-жетіген. 1866 жылы Қазақстанда туған. 22.05. 1931 жылы бес жылға сотталған. 115. Жақсыбаев Серғазы Жақсыбайұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Самай-жетіген. 1904 жылы Қосағаш аймағында туған. 1930 жылы сотталып, жер аударылған. Ұлы: Аяпберген. 116. Жақсыбаев Шәкер Жақсыбайұлы. Сарғалдақ-бақат. 1881 жылы Төбелерде туған. 29.04. 1938 жылы екі жылға сотталған. Ұлы: Союз. 117. Жақсылықов Қали Жақсылықұлы. Сарғалдақ-тоқбай. 1882 ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. 10 жылға сотталған. Қыздары: Қатшыбай, Тәшкен. 118. Жәмелов Жәдігер Жәмелұлы. Сағалдақ-қолқамбай. Қосағаш аймағында 1907 ж. туған. Он жылдық колхозында ветсанитар болған. 29.04.38 жылы 2 жылға сотталған. 119. Жанаров Барақ (Сарыбақсы) Жанарұлы. Саржомарт. 1864 ж. Қазақстанда туған. 26.01.1933 ж. тұтқынға алынып, 3 жылға сотталған. Ұлы: Құдайберген. 120. Жапаров Әбзи Жапарұлы. Сарғалдақ-қолқанбай. ж. Қосағашта туған. «Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 27.02.1938 ж. тұтқынға алынып, 20.04.1938 ж. атылды. Ұлдары: Құдабай, Оразбек. Қыздары: Кәман, Рәдия,Рәмия. 121. Жапаров Қырамбай Жапарұлы. Сарғалдақ-қолқанбай. 1880 ж. Қосағашта туған. «Эйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 27.02.1937 ж. тұтқынға алынып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлы: Кенжебай. Қыздары: Зәрім, Дәрия. 122. Жапынов Қали Жапыұлы. Сарғалдақ-қолқанбай. ж. Қосағашта туған. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлдары: Қуанған (Қашын), Тайлақ. Қыздары: Кәлима, Мағиза, Нағиман. 123. Жапынов Сақаба (Мәлгәждәр) Жапыұлы. Сарғалдақ-қолқамбай. жылы Ақталда туған. 24.04.1932 жылы 10 жылға сотталған. 124. Жапынов Түсіп Жапыұлы.

Пионер Мұхтасыров
Сарғалдақ-қолқамбай.
жылы
Белтірде

туған.
14.09.30 жылы үш жылға айдалған.
Ұлы: Мұғалім.

125. Жарқымбаев Ләкәни Жарқымбайұлы.

Самай-қисық. 1896 жылы Төбелерде туған. «Ойротияға
он жыл» колхозының мүшесі. 24.04.38 жылы екі жылға
сотталған.

126. Жарқынов Тілеужан.

Қожамбет. 1892 жылы Уландырықта туған. 22.02.
1928 жы­лы сотталған. 01.06.31 ақталған.

127. Жәшікбаев Нашын Жәшікбайұлы.

Дәулет-көкі-үйткенбас. Қыздары Ақбура, Ақтайлақ. 128. Жәшікбаев Сләм Жәшікбайұлы.

Дәулет-көкі-үйткенбас. 1894 жылы Жазотырда туған.
1931 жылы жер аударған. Қызы: Шәмә.

129. Жетпісов Мырзағали Жетпісұлы.

Самай-бөкө. 1890 ж. Қазақ ауылында туған. 29.07.
1937 ж. тұтқынға алынып, 26.09. 1937 ж. атылды. Ұлдары:
Мәлік, Шәріп. Қыздары: Зизаш, Қытай, Нұриләш, Зұлпыш.

130. Жолдасбаев Кәмілғажы Жолдасбайұлы.

Ақнайман. 1910 ж. Ақтал ауылында туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың колхозшысы, қоймашы қызметін
атқарған. 23.12.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды.

131. Жолдасбаев Тексаман Жолдасбайұлы.

Ақнайман. 1890 ж. Төбелерде туған. «Эйхе» атындағы
колхоздың мүшесі. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып,
26.09.1937 ж. атылды. Ұлы: Наурызбай.

132. Жортпасов Керейбай Жортпасұлы.

Сарғалдақ-жілгелді. 1870 ж. бұрынғы Семей облысын­да
туған. Молла. 01.03.1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08.1931 ж.
атылды. Ұлдары: Сәдуақас, Ыдырыш.

133. Жуанғанов Бөрібай Жуанғанұлы.

Самай-тоған. Қосағаш аймағында туған. 13.04. 1031 ж.
2 жылға сотталған.

134. Жұмапиев Сартқожа Жұмапиұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Қожамбет. 1897 ж. Қазақстанда туған. Сауатсыз. «Сталин»
атындағы колхоздың мүшесі. 03.11.1937 ж. тұтқынға алынып,
5 жылға сотталды. Ұлы Келдібек. Қызы Күлимәш.

135. Зәйбіров Жанабіл Зәйбірұлы.

Уақ-шақай. 1900 ж. Ақталда туған. 26.01.1933 ж. тұтқынға
алынып, 5 жылға сотталды. Ұлдары: Сартөре, Совет, Әнги,
Пермия, Өміртай, Серкеш.

136. Зәйбіров Мәжік Зәйбірұлы.

Уақ-шақай. 1902 ж. Көрләй өңірінде туған. 11.02.1933 ж.
тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Қызы Идән.

137. Игембаев Жақия Игенбайұлы.

Ақнайман. 1906 ж. Қурай ауылында туған. 15.09.
1938 ж. тұтқынға алынып, 4 жылға сотталды. Ұлы Базарбай.
Қыздары: Әрмия, Үрмия.

138. Игенбаев Мұрат Игенбайұлы.

Ақнайман. 1918 жылы Қосағаш ауданында туған. 17.06.39
жылы 5жылға сотталған.

139. Иманбаев Жұмағажы Иманбайұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-жанбау. 1910 ж. Қосағашта туған.
«Жаңажол» колхозының мүшесі. 04.11. 1937 ж. тұтқынға
алынып, 5 жылға сотталған.

140. Исанов Ақмет Исанұлы.

Сарғалдақ-тоқбай. 1888 ж. Қаратал өңірінде туған. 09.02.
1933 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Ұлдары: Төкен,
Шәкен.

141. Исанов Дәрсәләм Исаұлы.

Сарғалдақ-жабай. 1888 ж. Қосағашта туған. 11.02.1933 ж.
10 жылға сотталды. Ұлы: Қапабай. Қыздары: Шамшырақ,
Ләушырақ, Лауқымақ.

142. Исанов Нұрғалиман Исанұлы.

Самай-бөкө. 1880 жылы Қаратал өңірінде туған. «Сталин»
атындағы колхоздың мүшесі. 30.01.1939 ж. тұтқынға алынды.
5 жылға сотталды. Ұлы Зұрқан. Қызы Білісжан.

143. Қазыкенов Нұрғали Қазыкеұлы.

Пионер Мұхтасыров
Шоңмұрын. Қосағаш аймағында, Қурайда туған. 1938 ж.
10 ж. сотталды.

144. Катенов Дүйсенбай Катенұлы.

Сарғалдақ-есенбай. 1866 жылы Қазақстанда туған.
26.09.1937 ж атылған.

145. Кәрібаев Сағила Кәрібайұлы.

Самай-бөкө. 1883 ж. Ақталда туған. «Эйхе» атындағы
колхоздың колхозшысы. 22.12.1937 ж. айдалған, 10 жылға
сотталған. Ұлдары: Темірбек, Ақылбек (Ақан).

146. Кәрішалов Ыбырай Кәрішалұлы.

Самай-жетіген. 1903 ж. Қосағашта туған. «Эйхе» атындағы
колхоздың мүшесі. 29.07.1937 ж. тұтқынға алынып, 26.09.
1937 ж. атылды. Ұлдары: Қабдөш (Қабдөлмәнәп), Сояң
(Қабдөлмүтәліп). Қыздары: Кәмила, Өркөш, Нұркәмиле.

147. Кеңгірбаев Мұқтар (Мәште) Кеңгірбайұлы.

Шимойын. 1902 жылы Қосағаш аймағында туған.
18.02.30 жылы атылған.

148. Кеңесбаев Имансақып Кеңесбайұлы.

Сарғалдақ-жабай. 1879 ж. Сарытоғайда туған. «Сталин»
атындағы колхоздың колхозшысы. 27.12.1937 ж. айдалған, 10
жылға сотталған. Ұлдары: Кәлеш, (Кәләмшәріп), Рамазан,
Шағуан. Қызы: Мәлеш.

149. Кеңшіліков Жылқыбай Кеңшілікұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1905 ж. Жылқытас өңірінде ту­
ған. «Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 24.02.37 ж.
тұтқынға алынып, 20.04.1937 ж. атылды. Ұлдары: Бұлан,
Зарлыбай.

150. Кеңшіліков Зарлыбай.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1915 ж. Қосағаш аймағында
туған. «Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 29.04.38 ж.
10 жыл­ға сотталған.

151. Керейбаев Ыдырыш Керейбайұлы. Сарғалдақ-

жылгелді. 1898 ж. Шоққарағай өзегінде туған. «Ойротияға он
жыл» колхозының мүшесі. 29.07.1937 ж тұтқынға алынып,
12.11.1937 ж. атылды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 152. Көбентаев Бургебай Көбентайұлы. Сарғалдақ-жолдыбай. 1871 жылы Қазақстанда туған. 15.11.29 жылы сотталған. 17.02.30 жылы атылды. Ұлы: Солтан. 153. Көбентаев Кеңшілік Көбентайұлы. Сарғалдақ-жолдыбай. Моңғол жерінде туған. 1930 жылы басқа жерге жер аударған. Қызы: Ұлар 154. Көлмәнов Қыдырбай Көлмәнұлы. Самай-кенжес. 1903 ж. Беляши ауылында туған. «ҚызылАргут» колхозының мүшесі. 07.11.1937 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. 155. Қабдолданов Мәми Түсіпбайұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбек. ж. Төбелерде туған. 26.01.1933 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Төгіс. Қызы: Шүкімөйт. 156. Қабдолданов Насын Дәримәнұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1895 жылы Төбелерде туған. Жекеменшікті шаруа. 20.02.31 жылы 5 жылға сотталған. 157. Қабдолданов Сансызбай (Шашбай) Мөмітәнұлы Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбек. 1905 ж. Төбелер ауы­ лында туған. 26.01.1933 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сот­ талды. 158. Қазықенов Бектұрған Қазыкеұлы. Қожамбет-дөртуыл. 1893 ж. Төбелер ауылында туған. «Ворошилов» атындағы колхоздың бригадиры. 02.09. 1937 ж. тұтқынға алынып, 12.11.1937 ж. атылды. Ұлдары: Әбек, Базарбай, Темірқан, Болатқан (Бота), Асылхан. Қыздары: Күлкән, Қамаш. 159. Қалданов Солтанбай Қалданұлы. Дәулет-қотыр. 1859 ж. Семей облысында туған. 01.03. 1931 ж. атылды. Ұлдары: Қабдрахман (Қабақан). Қыздары: Күлжәмиле, Рахила, Мәшке, Жамбытай.

Пионер Мұхтасыров 160. Қалиев Қажыке Қалиұлы.

Сарғалдақ-тоқбай. 1898 ж. Көрләй өңірінде туған.
«Ойротияға он жыл» колхозшысы. 22.08.1937 ж. 8 жылға
сотталды. Ұлы: Байғара.

161. Қалыбаев Қатарбай Қалыбайұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1903 жылы Қазақстанда туған. 22. 05.1931 жылы 5 жылға сотталған. Қызы Жәзира. 162. Қарамұрзанов Әміржай Қарамұрзаұлы.

Сарғалдақ-құлыш. 1887 ж. Қазақстанда туған. Қос­
ағаштың аудандық жер бөлімінің өкілеті. 26.01.1933 ж.
тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлы: Қалтай. Қызы:
Бәлден.

163. Қарамұрзанов Зияда Қарамұрзаұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай-құлыш. 1897 ж. Қазақстанда туған.
20.02.1933 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Жүнісбек.

164. Қарамұрзанов Шәкер Қарамұрзаұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай-құлыш. 1894 ж. Қазақстанда туған.
11.02.1933 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Тәліп.

165. Қартабаев Асқар Қартабайұлы.

Самай-бөкө. 1891 ж. Қосағашта туған. «Эйхе» атындағы
колхозда төраға орынбасары болған. 04.11.1937 ж. 10 жылға
сотталды. Ұлдары: Қаржау, Кеңес.

166. Қартабаев Шоши Қартабайұлы.

Самай-бөкө. 1887 ж. Қосағашта туған. 29.07.1937 ж.
26.09. 1937 ж. атылды. Ұлдары: Толтақ, Бұғысын. Қыздары:
Жәбәй, Бәтік, Кәмәл.

167. Қартабаев Шөкібай Қартабайұлы.

Самай-бөкө. 1894 ж. Қосағашта туған. 04.11.1937 ж.
ұсталып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлдары: Азанбай, Нұмбай.

168. Қасенов Мәйек Қасенұлы.

Құлжабай-тұрдыбай. Ақталда туған. 1937 ж. 10 жылға
сотталған. Ұлдары: Рәпіқ, Ойрат.

169. Қасенов Сояң Қасенұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1908 ж. Бәйзін өңірін­
де туған. «Жаңажол». колхозының мүшесі. 22.08.1937 ж.
тұтқынға алынып, 12.11.1937 ж. атылды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 170. Қашқымбаев Матар Қашқымбайұлы.

Самай-қарашолақ. 1908 ж. Төбелер ауылында туған.
«Ворошилов» атындағы колхоздың мүшесі. 19.11.1937 ж.
тұтқынға алынып, 29.12.1937 ж. атылды. Қызы: Атан.

171. Қилыбаев Байғали Қилыбайұлы.

Сарғалдақ-жылгелді. 1882 ж. Семей облысында туған.
01.03.1931 ж. 10 жылға сотталды. 29.07.1937 ж. екінші рет
тұтқындалып, 26.09.1937 ж. атылды. Ұлдары: Құсман, Ошан.
Қыздары: Клара, Нұрғайша.

172. Қисанов Мамырбек Қисаұлы.

Самай-жігіт-отжағар. 1909 ж. Ақталда туған. 22.12.
1937 ж. 10 ж. сотталған. Ұлы: Қиюбай.

173. Қожабаев Алаш Қожабайұлы.

Самай-жетіген-мүке. Төбелерде туған. Байдың баласы
ретінде 1929 жылы жер аударылудың тізіміне кірген.
Шешелері тығып алып қалыпты.

174. Қожабаев Мұхамедқали Қожабайұлы.

Самай-жетіген-мүке. 1897 жылы Қосағаш аймағында
туған. 08.02.1939 жылы атылған.

175. Қожабаева Зымия Тышқанбайқызы.

Самай-сеңкібай-жабай.
Қожабайдың
бәйбішесі
(ақсақалын фамилия қылып алған) 1868 жылы Қосағаш

ауданында туған. 1929 жылы жер аударылған. Балалары:
2 жаста Ізбайыр, 12 жаста Күлияш, 8 жаста Мүбәрак. Олар
шешелерімен бірге жер аударылған.

176. Қожабаева Қизаш Сайнолдақызы .

Сарғалдақ-сеңкібай-жабай.
жылы
Қосағаш
аймағында туған. 1929 жылы жер аударылған.

177. Қожанов Әбутәліп Қожаұлы.

Самай-жетіген. 1896 жылы Қосағаш аймағында туған.
08.02.30 жылы атылған.

178. Қозыбаев Ересім Қозыбайұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай-тәкі. 1900 ж. Қосағашта туған. «Мо­
ло­тов» атындағы колхоздың мүшесі. 24.02. 1938 ж. тұт­қынға
алынып, 10 жылға сотталды.

Пионер Мұхтасыров 179. Қоңқыштаев Кәшет Қоңқыштайұлы. Самай-сатыпалды-бөкө. 1900 жылы Қосағашта туған. «Ойротияға 10 жыл» колхозының төрағасы. 27.02.1938 ж. тұтқынға алынып, 20.04.1938 жылы атылды. Ұлы Қыдырқан. 180. Қорқынов Әубәкір Қорқынұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1883 жылы Қараталда туған. 27.08.37 жылы сотталған. 11.12.37 жылы атылған. Ұлы: Әбілмәжін. 181. Қорқынов Қали Қорқынұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. 1862 ж. Моңғолияда туған. 01.03.31.ж тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. 182. Қорқынов Садуақас Қорқынұлы. Сарғалдақ-құлжабай-бұйдақан. ж. Cартоғайда туған. 26.11.1937 ж. айдалған. 11.12.1937 ж. атылған. Ұлдары: Мәми, Тоқтар. Қызы Күлән. 183. Қосшұғылов Сандыбай Қосшұғылұлы . Сарғалдақ-сеңкібай-жангел. 1861 ж. Қазақстанда туған. 26.01.33 ж. тұтқынға алынып, 3 жылға сотталды. Ұлдары: Мамырбек, Мәми. Қызы: Сара. 184. Құдабаев Әділхан Құдабайұлы. Қожамбет-төртуыл. 1912 ж. Қосағашта туған. «Қызыл Мааны» колхоздың мүшесі 16.04.38 ж.тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлы: Фронт. 185. Құдабаев Оспан Құдабайұлы Қожамбет-дөртуыл. 1891 ж. Моңғолияда туған. 01.03. 1931 ж. тұтқындалып, 10 жылға сотталды. Ұлы: Уатқан. 186. Құжырбаев Елғазы Құжырбайұлы. Самай-бөкө. 1913 ж. Шоқ-қарағай өңірінде туған. Сауатты. Сталин атындағы колхоздың мүшесі 03.11.37 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Ұлы: Көке, Тұрабек. 187. Құқаев Ботақан Құқайұлы. Самай-жетіген-қарамырза. 1893 ж. Ақтал ауылында туған. «Эйхе» атындағы колхоздың бригадирі 03.09.37 ж. тұтқынға алынып, 8 жылға сотталды. Ұлдары: Ойрат, Абай. 188. Құқаев Теке Құқайұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Самайжетіген-қарамырза. 1857 ж. Қазақстанда туған. «Эйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 22.08.37 ж. тұтқынға алынып, 12.11.37 ж. атылды. Ұлдары: Тоқан, Бежен, Дүйсенір. 189. Құлназаров Құдайберген Құлназарұлы. Самай-сатыпалды-бөкө. ж. Көрләйда туған. 29.08.1937 ж. 8 жылға айдалған. Ұлдары: Керейбай, Қанжар, Қылыш, Ешен (Елкөзіл). Қызы: Күлжамал. 190. Құмаров Қабдеш Құмарұлы (Ұғұмар). Сарғалдақ-бақат. 1912 ж. Семей облысында туған. «Союзтранспорттың» қоймашысы. 01.03.31 ж. тұтқынға алынып, 3 жылға сотталды. Ұлы: Сейіл, қызы: Күләнда. 191. Құмаров Мүді Құмарұлы. Сарғалдақ-құлжабай-жәйдеке. 1901 ж. Ақаралда туған. 01.03.1931 ж. айдалған. Ұлдары: Шаймаш, Мұрат, Жиренше. 192. Құмырсқанов Имамүді Ажикеұлы. Сарғалдақ-сенкібай-жангел. 1892 жылы Қазақстанда туған. Қосағаштың аудандық жер бөліміндегі кадрлар бөлімінің меңгерушісі. 11.02.33 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлдары: Зейнелғабден, Бүлішіп (Булышев). Қызы Кәмәнә. 193. Құнанбаев Қожа Құнанбайұлы. Сарғалдақ-онтағар. ж. Қазақстанда туған. «Востоктранс» атты аудандық кеңесінің даярлаушысы (заготовитель). 26.03.33 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Жеріне оралып, «Калинин» атындағы колхоздың шопаны болды. 30.04.39 ж. қайта тұтқынға алынды. Шүйге келіп, осында өлді. Ұлдары: Бібән (Мүбәрәш), Сәкібан (Сәлімжан), Машан, Мағадам. Қызы Сәбилан. 194. Құттыбаев Есеғазы. Сарғалдақ-жылгелді. 1907 ж. туған. 01.03. 1931 ж. ұстал­ ған. 03.08. 1931 ж. бес жылға сотталған. Қызы Кәсіп. 195. Қыйлыбаев Баташур Қилыбайұлы. Сарғалдақ-жылгелді. 1868 жылы Моңғолияда туған. «Ойротияға 10 жыл» колхозында есепші болған. 04.11.

Пионер Мұхтасыров
1937 ж. тұтқынға алынып, 18.12.1937 ж. атылды. Ұлы Рақман.
Қыздары: Нұрипа, Ырысты.

196. Қырқымбаев Құттыбай Қырқымбайұлы

Дәулет-ұзақ. 1874 жылы Қосағаш аймағында туған.
Жекеменшікті шаруа. 15.05.32 жылы бес жылға сотталған.
Ұлы: Бекетай. Қыздары Бөш, Нұрғызайын.

197. Мақажанов Мәжін Мақажанұлы.

Сарғалдақ-тоқпай. 1902 ж. Төбелер ауылында туған.
05.08.37 ж. тұтқынға алынып, 8 жылға сотталды.

198. Мақажанов Сәду Мақажанұлы.

Сарғалдақ-тоқпай. 1904 ж. Төбелер ауылында туған.
«Загатоскоттың» аудандық кеңсесінің меңгерушісі. 05.02.
1933 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Ұлдары:
Сабырды, Далабай. Қыздары: Нұртай, Тәрбие.

199. Мақажанов Шәжін Үзікбайұлы.

Сарғалдақ-тоқпай. 1912 ж. Төбелер ауылында туған.
Ауылдық кеңестің хатшысы болған. 29.07.37 ж. тұтқынға
алынып, 8 жылға сотталды.

200. Мақашев Мұхтар.

Самай-аталық. 1910 ж. Ақталда туған. Төбелерде
бастауыш мектептің мұғалімі. 08.11.37ж. тұтқынға алынып,
атылған. Қыздары: Сәуле, Шәмшәбану.

201. Мамашев Иманғажы Мамашұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1895 ж. Қосағашта туған.
20.02.31 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. Ұлы:
Мұхтар.

202. Мамашев Мұхтар.

Құлжабай-қалдеке. Ақталда туған. Қазақстанға 1936 жы­
лы жер аударылған. Шешесі Ахия бірге айдалған.

203. Мамырбеков Бұлан Мамырбекұлы.

Сарғалдақ-сеңкібай-жангел. 1919 ж. Қазақстанда туған.
Қосағаштың сельпо есепшісі 02.12.37 ж. 5 жылға сотталды.
Балалары Қазақстанда тұрады.

204. Мамырқанов Мұқамедқали Мамырқанұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Сарғалдақ-онтағар. 1907 ж. Сартоғай өңірінде туған. 03.03.33 ж. 5 жылға сотталды. Ұлдары: Башар, Нұршар, Нұржау, Кәнәр, қызы – Сара. 205. Мандаев Жабағы Мандайұлы. Самай-бөкө. 1906 ж. Сартоғай өңірінде туған. «Сталин» атындағы колхоздың мүшесі. 04.11.37 ж. тұтқынға алынып, 29.12.37 ж. атылды. Қызы Ойран. 206. Мандаев Қыдырбай Мандайұлы. Самай-бөкө. 1897 ж. Ақтал ауылында туған. 28.07.37 ж. тұтқынға алынып, 30.09.37 ж. атылды. Ұлдары: Тоқсан, Қайса, Бейсен, Сексен Қыздары: Сауық, Сайран. 207. Мандықанов Әбіш Мандықанұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1877 ж. Қазақ аулында туған. «Жаңажол» колхозының мүшесі. 05.08.37 ж. атылды. Ұлдары: Ұлықбек, Қалым. Қыздары: Күлбатиқа, Күлдәміш, Қайнике, Бамо. 208. Мандықанов Әкеми Мандықаұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1869 ж. Қазақстанда туған. «Жаңажол» колхозының мүшесі. 16.03.36 ж. 5 жылға сотталды. Ұлдары: Зыйнал, Мәукәтан. 209. Мандықанов Есім Мандықаұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. ж. Тархата ауылында туған. 28.07.37 ж. тұтқынға алынып, 26.09.37 ж. атылды. Ұлдары: Қинаят, Мәмиле, Құсман, Қабдолфари. 210. Мандықанов Қабдолфари Мандықаұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1915 ж. Қосағаштың Қарасу өңірінде туған. «Жаңажол» колхозының мүшесі. 05.08.37 ж. 10 жылға сотталды. 211. Мандықанов Мағакөм Мандықаұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1915 ж. Төбелер ауылын­ да туған. 26.01.33 ж. 5 жылға сотталды. 212. Мандықанов Мағауия Мандықаұлы. Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1907 ж. Қазақ ауыл кеңе­ сінде туған. 04.08.37 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы Әлен. Қызы: Нина.

Пионер Мұхтасыров 213. Мандықанов Мәди Мандықаұлы.

Сарғалдақ - құлжабай-тұрдыбай.
1894 жылы Бәйзінде туған. 14.02.32 жылы бес жылға
сотталған. Ұлдары Зәкәрия, Әкәрия.

214. Маңдаев Болатбай Маңдайұлы.

Самай-бөкө. 1900 ж. Қосағашта туған. 04.11.37 ж. 10 жыл­
ға сотталды. Ұлдары: Қайдар, Айдар, Елбай.

215. Маусымов Көке Маусымұлы.

Самай-жетіген-бапы. 1917 ж. Ақтал ауылында туған.
Қазақ ауылының толық емес орта мектебінің мұғалімі.
03.12.37 ж. 5 жылға сотталды. Ұлы: Әнәс.

216. Махметов Сапан Махметұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1916 ж. Қазақстанда туған. «Воро­
шилов» атындағы колхоздың есепшісі. 30.01.39 ж. бір жылға
сотталған. Ұлы: Бақыт. Қызы: Жолтай.

217. Мәсәлімов Ібіке Мәсәлімұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1897 ж. Сартоғай өңірінде туған.
03.03.33 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Құрман.

218. Мәтов Кәміл Мәтұлы.

Дәулет-кебенек. 1904 ж. Қаратал өңірінде туған.
«Молотов» атындағы колхоздың мүшесі. 23.07.37 ж. 10 жыл­
ға сотталды. Ұлдары: Тілеуберді, Амантай.

219. Мекенбаев Жәнібек Мекенбайұлы.

Сарғалдақ-жылгелді. 1894 ж. Мұхар-Тархатада туған,
25.04.38 ж. айдалған 29.12.37 ж. атылған. Ұлдары: Айтан,
Жұмаш. Қыздары: Биғайша, Ақлима.

220. Молдашев Зәпер Молдашұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1912 ж. Қосағашта туған. «Ойротияға
10 жыл» колхозының мүшесі. 24.02.38 ж. ұсталып, 20.04.
1938 ж. атылды. Қызы: Ойрат.

221. Молдашев Тоқай Молдашұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1903 ж. Қосағашта туған. «Ойротияға
10 жыл» колхозының мүшесі. 24.02.38 ж. 10 жылға сотталды.
Ұлдары: Төлеген (Төлеш), Әнуарбек. Қызы: Нәзира
(Пәруза).

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 222. Мүкәбаланов Иіс Мүкабалаұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбек. 1880 жылы Қараталда
туған. 18. 02.30 жылы атылған. Ұлы: Қайдар.

223. Мұқанов Қазыбек Мұқанұлы.

Сарғалдақ-жылгелді. 1894 ж. Қосағашта туған. «Ойротияға
10 жыл» колхозының мүшесі. 04.11.37 ж. тұтқынға алып,
18.12.37 ж. атылды. Ұлдары: Байжұма, Бижұма. Қызы: Әдей.

224. Мұқашев Қамза Мұқашұлы.

Уақ. 1901 ж. Көрләй өңірінде туған. «Ойротияға 10 жыл»
колхоздың мүшесі. 24.02.38 ж. тұтқынға алып, 20.04.38 ж.
атылды.

225. Мұқашев Қинаят Мұқашұлы.

Уақ. 1907 ж. Қосағашта туған. Қосағаштың сельпо
төрағасы. 24.02.38 ж. тұтқынға алынып, 20.04.38 ж. атылды.
Қыздары: Ермек, Зәйкүл.

226. Мұқашев Оразай Мұқашұлы.

Ақнайман. 1909 жылы Қосталда туған. Аздап оқығаны
бар. Мал фермасының бастығы. 14.09.31 жылы бес жылға
сотталған. Қызы Шәпия.

227. Мұқашев Таңқай Мұқашұлы.

Ақнайман. 1903 ж. Ақтал ауылында туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі. 02.12.37 ж. тұтқынға алынып,
29.12.37 ж. атылды. Ұлдары: Кәріп, Тельман.

228. Мұрынов Оқтаубай Мұрынұлы.

Уақ. 1910 ж. Қосағашта туған. «Эйхе» атындағы кол­
хоздың мүшесі. 03.11.37 ж. тұтқынға алынып, 18.12.37 ж.
атылды. Ұлы: Аят. Қыздары: Кәмәндән, Әрәш. Әдей.

229. Мұсанов Қанапия Мұсаұлы.

Сарғалдақ-Сеңкібай. 1907 ж. Қазақстанда туған. «Жаңа­
жол» колхозының мүшесі. 30.01.39 ж. 5 жылға сот­талған.
Қызы: Апрель.

230. Мұстафанов Мәжін Мұстафаұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1899 ж. Шаған-Бұрғызы
өңірінде туған. 01.03.31 ж. 5 жылға сотталды. 29.07.37 ж.

Пионер Мұхтасыров
қайталап тұтқынға алып, 26.09.37 ж. атылды. Ұлы: Мүфти.
Қыздары: Зиға, Шәмел, Күлзипә.

231. Мұстафанов Таберек Мұстафаұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1900 ж. Ақталда туған.
01.03.31 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Үйге
қайтып келді. 29.07.37 ж. екінші рет тұтқынға алып, 29.09.
1937 ж. атылды. Ұлдары: Астау, Нұрмат. Қызы: Ләзипа.

232. Мұхтасыров Құсан Мұхтасырұлы.

Самай-аталық. 1918 ж. Қосағашта туған. «Әйхе» атындағы
колхозда бас есепші. 04.11.37 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы
Леш (Лев).

233. Мұхтасыров Солтан Мұхтасырұлы.

Самай-аталық. 1912ж. Қосағашта туған. Сауатты. Қазақ
ауылдық кеңестің төрағасы. 04.11.37 ж. тұтқынға алынып,
10 жылға сотталды. Ұлдары: Октябрь, Жаңажол, Стахан,
Пионер.

234. Нисапов Баймұханбет Нисапұлы.

Қожамбет. 1916 ж. Қосағашта туған. Сауатты. Шаған
Ұзынның ауылдық кеңестің хатшысы болған. 16.04.38 ж.
тұтқынға алынап, 7 жылға сотталған.

235. Нұрғазынов Бақытжан Нұрғазыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1915 ж. Қосағашта туған.
Орта білімді. Қазақ мектебінің мұғалімі. 04.11.37 ж. тұтқынға
алынып, 10 жылға сотталды.

236. Нұрғазынов Бөкей Нұрғазыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1910 ж. Қосағашта туған.
«Ойротияға 10 жыл» колхозының есепшісі. 04.11.37 ж. тұт­
қынға алынып 10 жылға сотталды. Ұлдары: Аяш, Аяп.

237. Нұрекенов Арыстан Нұрекеұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1895 жылы Қосағаш
аймағында туған. 08.02.30 жылы он жылға сотталған. Ұлы
Колхоз.

238. Нұрқасымов Тарбақ (Биқасым) Нұрқасымұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1907 ж. Сарытоғайда туған. Құрылыс
бастығы. 05.10.38 ж. айдалып, 14.11.38 ж. атылған. Қызы
Ойраш.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 239. Нұрпейісов Түркістан Нұрпейісұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбек. 1883 жылы Дархатада
туған. 18.11.29 жылы ұсталған. 17.02.1930 жылы атылған.
Ұлы Біләл.

240. Нұрсалиев Сүбебай Нұрсалиұлы.

Самай-бөкө. 1906 ж. Қосағашта туған. 01.03.31 ж.
тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Кейін үйге оралып,
29.03.37 ж. қайталап тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды.
Ұлы: Конститут.

241. Нұрсалханов Имантай Нұрсалханұлы.

Дәулет-көкі-бәйтөлес.
1906 жылы Жазотырда туған. 30.05.37 жылы 10 жылға
сотталған. Ұлы Қабас.

242. Омаров Асан Омарұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-жәйдеке. 1892 ж. Қосағашта туған.
«Әйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 10.09.37 ж. тұтқынға
алынып, 18.12.37 ж. атылды. Ұлдары: Қадылғалық, Қабди.
Қызы: Чәжән (Чариза).

243. Оспанов Кәки Оспанұлы.

Сарғалдақ-қолқанбай. 1883 ж. Қосағашта туған. «Ойро­
тияға 10 жыл» колхозының мүшесі. 24.02.38 ж. тұтқынға
алынып, 20.04.38 ж. атылған. Ұлы Сәлем. Қыздары: Әшия,
Рәштай, Күләшат.

244. Өмірбеков Сатқанбай Өмірбекұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1873 жылы Қазақстанда туған.
Жекеменшікті шаруа. 15.11.29 жылы, 3 жылға сотталған.
Ұлдары: Бейсенғали, Бәйзінғали (Бәйзін).

245. Өмірбеков Шаймерден Өмірбекұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1916 жылы Жазотырда туған.
Сауатты. 08.05.38 жылы, екі жылға сотталған. Қызы: Сара.

246. Өскенбаев Өмірбек Өскенбайұлы.

Дәулет-көкі-шалабай. 1882 жылы Төбелерде туған.
30.04.38 жылы бір жылға сотталған. Ұлы Шәймерден. Қызы
Қақаш.

Пионер Мұхтасыров 247. Рақымбаев Өгіз Рақымбайұлы.

Қожамбет. 1900 жылы Қараталда туған. «Ойротияға он
жыл» колхозының мүшесі. 30.04.38 жылы 2 жылға сотталған.

248. Сағдиев Әкім Сағдиұлы.

Сарғалдақ-амалдық-тұғыл. 1914 жылы Төбелерде туған.
«Ворошилов» атындағы колхоздың мүшесі. 29.04.38 жылы
жылға сотталған.

249. Сағынаев Қошан Сағынайұлы.

Самай-бөкө. 1901 ж. туған. 08.01.33 ж. 5 жылға сотталды.
Қызы: Жібек.

250. Сағынаев Серікбай Сағынайұлы.

Уақ. 1892 ж. Қатонқарағайда туған. 29.07.37 ж. тұтқынға
алынып , 26.09.37 ж. атылды. Ұлдары: Құмарқан, Мұхтархан.
Қызы: Нұрзағи.

251. Садақбаев Дәрменбай Садақбайұлы.

Дәулет-ұзақ. 1910 ж. Жазотырда туған. 26.03.37 ж.
Ақмолаға жер аударылған. Әйелі Кәмия, қызы Жаңажыл
бірге айдалып сонда өлген. Айдауда жүріп алғаны орыс
кемпірі – Дария. Ұлдары: Тоқтар ( Темірәлі), Леня. Қызы:

Сания. 252. Садақбаев Мағзам Садақбайұлы.

Дәулет- ұзақ. 1893 жылы Жазотырда туған. 15.05.32 жылы
бес жылға сотталған. Ұлдары: Күркебай, Айтпас.

253. Сәкішев Мұңғұлхан Сәкішұлы.

Дәулет-бәйтөлөс. 1917 жылы Қосағаш аймағында туған.
1938 жылы 10 жылға сотталған.

254. Сақабанов Қадылғалық Сақабаұлы.

Сарғалдақ-тоқбай. 1912 ж. Ақталда туған. Мектептің
шаруашылық меңгерушісі болатын. Бүкілодақтың Ленин­
шіл Комсомал жастарының одағының мүшесі. 22.08.37 ж.
10 жылға сотталды. Ұлы: Сайлау.

255. Сақабанов Қадыш Сақабаұлы.

Сарғалдақ-тоқбай. 1909 ж. Ақталда туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі. 03.03.37 ж. 8 жылға сотталды.

256. Сақабанов Мырзағали Сақабаұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Сарғалдақ-тоқбай. 1902 ж. Ақталда туған. 22.08.37 ж. 10
жылға сотталды. Ұлдары: Мәлен, Қожан. Қызы Мәрия.

257. Сақанов Боранбай Сақанұлы.

Қожамбет. 1914 ж. Қосағашта туған. Қосағаштың
байла­ныс бөліміндегі «Баспа одағының» аудандық ұйым­
дастырушы болатын. 04.11.37 ж. 10 жылға сотталды.

258. Рақымжанов Зейнолда Рақымжанұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-жанбау. Қараталда 1907 жылы
туған. 1938 ж. 10 ж. сотталған.

259. Салқынбаев Зейнел Салқынбайұлы.

Дәулет-қисық-айтқұл. 1912 жылы Қосағаш аймағында
туған. «Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 17.06.
1939 жылы 2 жылға сотталған.

260. Сандыбаев Мәми Сандыбайұлы.

Сарғалдақ-есенбай. 1897 жылы Қазақстанда туған.
14.06.1939 жылы 5 жылға айдалған.

261. Сандыбаев Мамырбек Сандыбайұлы.

Сарғалдақ-сенкібай-жангел. 1888 ж. Қазақстанда туған.
05.02.33 ж. 5 жылға сотталды. Ұлдары: Бұлан, Дөрбетхан,
Бөленхан бірге айдалған.

262. Сапақов Балабай Сапақұлы.

Сарғалдақ-бекбау. 1888 ж. Қосағашта туған. 01.03.31 ж.
атылды. Ұлы: Жақмет.

263. Сапақов Нисап Сапақұлы.

Қожамбет. «Жаңажол» колхозының шопаны. 22.08.37 ж.
тұтқынға алынып. 12.11.37 ж. атылды. Ұлдары: Бекмұхамбет,
Ешмұхамбет (Ішпән).

264. Сапынов Жүйебай Сапыұлы.

Сарғалдақ-тоқпай. 1902 ж. Төбелер ауылында туған.
Қосағаштың
аудандық
«Сибпушнина»

атты
кеңестің
даярлаушысы болатын. 11.02.33 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы:
Нәбіл.

265. Сасықов Кемпірбай Сасықұлы.

Уақ. 1880 жылы Қазақстанда туған. «Ойротияға он жыл»
17.06.39 жылы сотталған. Қызы: Бәтиме.

Пионер Мұхтасыров 266. Сатқанбаев Бәйзін Сатқанбайұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1905 ж. Ақталда туған. 29.07.37 ж.
тұтқынға алынып, 10 жылға сотталды. Қызы Зәбен.

267. Сатқанбаев Бейсенғали Сатқанбайұлы.

Сарғалдақ-жолдыбай. 1895 жылы Қосағаш аймағында
туған. 1931 жылы Қарағандыға жер аударылған. Бәйбішесі,
балалары бірге айдалған. 8 баласы сонда өлген. Ұлы: Сайлау
(Төкен) сонда туып әке-шешесімен Ақтасқа келді.

268. Сәбеков Тілеубай Сәбекұлы.

Сарғалдақ-тәкі. 1900 ж. Қазақстанда туған. «Сталин»
атындағы колхозда бригадир болатын. 29.04.39 ж. 5 жылға
сотталды. Ұлы: Анарат.

269. Сәбиев Ақтан Сәбиұлы.

Дәулет-кебенек. 1875 ж. Қосағашта туған. «Молотов»
атындағы колхоздың колхозшысы. 22.08.37 ж. 10 жылға
сотталды. Ұлдары: Дәкей, Дөкей.

270. Сәбиев Солтақан Сәбиұлы.

Дәулет-кебенек. 1910 ж. Жазотыр ауылында туған. ЧВТ-
ның жол құрылысында күзетші болатын. 02.12.37 ж. 5 жылға
сотталды. Қызы Күлимаш.

271. Сәкішев Ермекпай Сәкішұлы.

Сарғалдақ-тәкі. 1910 жылы Ақталда туған. Сауатты.
30.04.38 ж.2 жылға сотталған.

272. Сәмекенов Өкей Сәмекенұлы.

Шағыр. 1906 ж. Ақталда туған. «Эйхе» атындағы
колхоздың мүшесі. 22.08.37 ж. тұтқынға алынып, 12.11.37 ж.
атылды. Ұлдары: Мәуіш, Сайлау.

273. Сәмеков Қыдырбай Сәмекұлы.

Самай-қарашолақ. 1889 ж. Төбелерде туған. 19.11.
1937 ж. айдалған. 29.12.37 ж. атылған. Ұлдары: Бағдат,
Бағден. Қыздары: Раушан, Идархан.

274. Сәрсенбаев Зинал Сәрсенбайұлы.

Уақ-итес-жанатай. 1911 ж. Қаратүргей өңірінде туған.
15.09.38 ж. тұтқынға алынып, 2 жылға сотталды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 275. Сейсекенов Әсей Сейсекеұлы.

Шоңмұрын. Тархатада туған. 1937 жылы он жылға
сотталған. Ұлдары: Төшкен, Қанай. Қыздары: Дина,
Зарыққан.

276. Сейілқанов Айтқали Сейілқанұлы.

Сарғалдақ-сарт. 1908 ж. Қазақстанда туған. «Жаңажол»
колхозының мүшесі. 02.05.36 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға
сотталды. Қыздары: Нұрсәлима, Нұрғайша.

277. Сейілқанов Әбдіқайыр Сейілқанұлы.

Сарғалдақ-сарт. 1904 ж. Қазақстанда туған. «Жаңажол»
колхозының мүшесі. 04.11.37 ж. тұтқынға алынып, 8 жылға
сотталды. Ұлы: Қажығұмар. Қыздары: Тамара, Күләш.

278. Сейілқанов Сәменғали Сейілқанұлы.

Сарғалдақ-сарт. 1918 ж. Қазақстанда туған. «Жаңажол»
колхозының мүшесі. 04.11.37 ж. 5 жылға сотталды.

279. Серікбаев Күжи Серікбайұлы.

Керей Шимойын. 1882 ж. Қазақстанда туған. Төбелерде
колхозшы. 20.06.38 жылы. 5 жылға сотталған. Қыздары:
Мүгіш, Кәмел, Қарашаш, Ултай, Тайлақ, Жылбысқа,
Кенжетай.

280. Сиқуатов Құрманғали Сиқуатұлы.

Сарғалдақ-тоқбай.
1879 ж. Қосағашта туған. 22.02.38 ж. 10 жылға сотталды.
Ұлдары: Раздық, Қабден, Тілеген.
Қыздары: Қызаш, Октябрина, Роза (Шаян).

281. Сләмов Зарқым Сләмұлы.

Дәулет-үйткенбас.
1900 ж. Ақталда туған. 11.02.33 ж. 5 жылға сотталды.

282. Смағұлов Көміл Смағұлұлы.

1906 жылы Ақталда туған. «Ворошилов» колхозының
мүшесі. 20.06.38 жылы 5 жылға сотталған.

283. Смағұлов Бекмұхамбет (Бауырсақ молла) Смағұлұлы.

Арғын. 1868 ж. бұрынғы Семей облысында туған. Орта
білімді молда. 01.03.31 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31 ж.
атылды. Ұлы Кәки. Қыздары: Аққұмар, Майсара.

Пионер Мұхтасыров 284. Смағұлов Мағадам Смағұлұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1897 ж. Қосағашта туған.
«Эйхе» колхозының мүшесі. 24.02.38 ж. 10 жылға сотталды.
Қыздары: Көбелек, Огонь, Абан.

285. Солтанбаев Қабдрақыман (Қабақан) Солтанбайұлы.

Дәулет-қотыр. 1912 ж. Қосағашта туған. 01.03.31 ж.
5 жыл­ға сотталды. 1937 ж. он жылға сотталды. Ұлы: Кавказ.

286. Сұрабаев Қаһарман Сұрабайұлы.

Уақ. 1879 ж. Қосағашта туған. «Ойротияға он жыл»
колхозының мүшесі. 27.08.37 ж. 10 жылға сотталды. Ұлдары:
Әжімқан, Қыдырқан. Қызы: Раушан.

287. Сұрабаев Нұғұман Сұрабайұлы.

Уақ. 1879 ж. Қурай өңірінде туған. «Ойротияға он жыл»
колхозының мүшесі. 19.11.37 ж. 8 жылға сотталды. Ұлы:
Қабдырақман.

288. Сұрапов Құмаш Сұрапұлы.

Ұлы: Ықтияр. 289. Сыбанқұлов Тақырбай Сыбанқұлұлы.

Дәулет-қотыр. 1874 ж. Қазақстанда туған. Колхозшы.
05.11.37 ж.10 ж. сотталды. Ұлдары: Мәлік, Мұхаметуәли,
Құмаш, Мәди. Қызы Қамияш.

290. Сыдықов Жүгірәлі Сыдықұлы.

Дәулет-бәйкісі. 1886 ж. Қосағашта туған. 01.03.31 жылы
10 жылға сотталды. Ұлы: Нұриман.

291. Сыдықов Зейнеш Сыдықұлы.

Сарғалдақ-бекбау. 1904 ж. Қаратал өңірінде туған.
Қосағаш сельпосының шикізатшысы (сырьевшик) болатын.
29.07.37 ж. тұтқынға алынып, 26.09.37 ж. атылды.

292. Сыдықов Құсан Сыдықұлы.

Дәулет-бәйкісі. 1895 ж. Қосағашта туған. 29.07.37 ж.
тұтқынға алынып, 26.09.37 ж. атылды.
Ұлы Көбөн. Қыздары: Чүкімөйт (Жібек), Жамбы,
Тотықұс.

293. Сыдықов Рамазан Сыдықұлы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Сарғалдақ-жанбау. 1898 ж. Қосағашта туған. 01.03.31 ж.
5 жылға сотталды. Ұлдары: Домбай, (Қайролда), Қайырды.
Қызы Пәруза.

294. Сыдықов Шақша Сыдықұлы.

Сарғалдақ-жанбау. 1896ж. Қаратал өңірінде туған.
01.03.31 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. Ұлы
Кәнжіл.

295. Табытынов Аманбай Табытыұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке.
1884 жылы Қосағаш ауданында туған. 08.02.30 ж. атылған.

296. Танқынов Ахмет Танқыұлы .

Самай – қарашолақ. 1884 жылы Дархатада туған. 30.04.
1938 жылы сотталып, жер аударылған. Ұлы Әйтен.

297. Таңқынов Расул Таңқыұлы.

Самай-қарашолақ. 1893 ж. Тархата ауылында туған.
«Ворошилов» атындағы колхоздың аңшысы. 29.07.37 ж.
тұтқынға алынып, 26.09.37 ж. атылды. Ұлы: Сағден.

298. Тастағанов Қадылқан Тастағанұлы.

Сарғалдақ-есенбай. 1913 ж. Қосағашта туған. Қосағаш
ауданының
мектептерінің
бақылаушысы

(инспектор)
22.08.37 ж. тұтқынға алынып, 18.12.37 ж. атылды.

299. Таукенов Әбілғазы Тәукеұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1887 ж. Тархата ауылында
туған. «Эйхе» колхозының мүшесі. 11.09.37 ж. тұтқынға
алынып, 30.12.37 ж. атылды. Ұлдары: Қожапи, Отарбай.
Қызы Зәкия.

300. Таукенов Шөнөй Тәукеұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1896 ж. Ақталда туған.
10.09.37 ж. тұтқынға алынып, 30.12.37 ж. атылды.

301. Тәмемов Найманқан Тәмемұлы.

Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1915 ж. Қостал өңірінде
туған. «Молотов» атындағы колхоздың есепшісі. 22.08.37 ж.
5 жылға сотталды.

302. Текенов Дүйсенұр Текеұлы.

Пионер Мұхтасыров
Самай-жетіген. 1894 ж. Қосағашта туған. Қосағашта
машиналық-шөп шабушылық станциясының директоры
болатын. 17.03.36 ж. 10 жылға сотталды. Ұлы: Шәути.

Қыздары: Жөбішәй, Жотай, (Жолтай), Қамар, Сәуле. 303. Телегеев Сейтқазы Телегейұлы.

Самай-бөкө. 1898 ж. Қатонқарағайда туған. 25.02.32 ж.
3 жылға сотталды.

304. Темірбеков Мұхтархан Темірбекұлы.

Самай-бөкө. 1901 жылы Қазақстанда туған. 30.06.34 ж.
2 жылға сотталған.

305. Тойбазаров Мәми Тойбазарұлы.

Самай-жігіт. 1891 ж. Қаратал өңірінде туған. «Эйхе»
колхозының мүшесі. 04. 11.37 ж. тұтқынға алынып, 29.12.
1937 ж. атылды. Ұлы Сұрабай. Қызы Кәметай.

306. Тоқабаев Мұқмалия Тоқабайұлы.

Дәулет-қотыр. 1911 ж. Төбелер ауылында туған. Қазақ
ауылдық кеңестің төрағасы болған. 24.02.38 ж. ұсталып
24.04.38 ж. атылды.

307. Торғауытов Тыянақ Торғауытұлы.

Сарғалдақ-жанбау. 1898 ж. Қосағашта туған. «Ворошилов»
атындағы колхоздың мүшесі. 30.04. 39 ж. 2 жылға сотталды.
Ұлдары: Құзайыр, Жиянша. Қызы Күнікей.

308. Төлепбердінов Шүйдібай Төлепбердіұлы.

Саржомарт. 1906 ж. Ақталда туған. 15.09.38 ж. 2 жылға
сотталған. Ұлдары: Үкімбай, Бөкенбай. Қызы Үміт.

309. Төртуылов Байғонақ Төртуылұлы.

Сарғалдақ-жілгелді. 1877 ж. Қосағашта туған. 01.03.
1931 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. Ұлдары:
Қабеп, Мәкәп, Сентимән, Төлеген, Жұмжұма, Әмбия.

310. Төртуылов Самажан Төртуылұлы.

Сарғалдақ-жылгелді. 1887 жылы Көрләйда туған. 27.08.
1937 жылы, он жылға сотталған. Ұлы Қабдраш.

311. Төртуылов Самар Төртуылұлы.

Сарғалдақ-жылгелді.
жылы
Қарасуда
туған.

«Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 27.08.37 жылы он
жылға сотталған. Ұлы Кәрім. Қызы Нәзипә.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 312. Төртіулов Қамит Төртуылұлы. Керей-қарақас. 1892 ж. Төбелерде туған. Қосағаш сельпоның агенті болған. 04.11.37 ж. тұтқынға алынып, 18.12.37 ж. атылды. Ұлдары: Сәрсетай, Бейсетай, Наймантай, Бәзтәй. Қыздары: Кәбіштай, Нұршатай. 313. Төртіулов Қопабай Төртуылұлы Сарғалдақ-жылгелді. ж. Моңғолияда туған. «Ойротияға он жыл» колхозының мүшесі. 27.08.37 ж. Ұсталып, 20.11.37 ж. атылды. Ұлы Хазретиман (Қаме). Қызы Қадиша. 314. Тұрдыбаев Мұстафа Тұрдыбайұлы Сарғалдақ-құлжабай-тұрдыбай. 1865ж. Моңғолияда туған. Молда. 01.03.31 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31ж. атылды. Ұлдары: Тәберек, Мәжін, Әмбия, Даниял, Бәлден, Қыздары: Қолды, Қайың, Мағмер, Рәузан, Наушан. 315. Түндікбаев Матай Түндікбайұлы. Сарғалдақ-тоқбай. 1890 ж. Қосағашта туған. Сельпо төрағасы. Коммунистік партияның мүшесі. 29.07.37 ж. тұт­ қынға алынып, 26.09.37 ж. атылды. Ұлы: Шәуән. 316. Тыштыбаев Қасейін Тыштыбайұлы. Сарғалдақ-онтағар. 1908 ж. Қосағашта туған. «Сталин» атындағы колхоздың төрағасы. 24.02.32 ж. тұтқынға алынып, 20.04.38 ж. атылды. Ұлдары: Өнерхан, Тәуелхан. 317. Тілеубердінов Смаил Тілеубердіұлы. Самай-жетіген. 1895 ж. Моңғолияда туған. «Эйхе» колхозының колхозшысы. 26.09.37 ж. атылған. Ұлдары: Мержақып, Қалихан, Карл. Қыздары: Әрмия, Рамия. 318. Уанбаев Әбікен Уанбайұлы. Қожамбет. 1910 ж. Қазақстанда туған. Қосағашта сельпоның даярлаушысы болған. 24.02.38 ж. тұтқынға алынып, 20.04.38 ж. атылды. Ұлы Оштай. Қызы: Иғайша. 319. Уәлінов Әбуғали Уәліұлы. 1910 ж. Қазақстанда туған. «Ойротияға он жыл» кол­ хозының есепшісі. 15.11.37 ж. 8 жылға сотталды. ҰлыӘнтай. Қызы-Әлпек.

Пионер Мұхтасыров 320. Урмамбетова Аңсаған. Шоңмұрын. 1898 жылы Қосағаш ауданыныда туған. 1930 ж. жер аударылған. 321. Урманбетов Ысқақ Урманбетұлы. Шоңмұрын. 1886 ж. бұрынғы Семей облысында туған. Жоғарғы білімді. Молда. 27.11.30 ж. тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. Қызы: Қызаш, Кәмәрия жер аударылды. 322. Үзікбаев Мақажан Үзікбайұлы. Сарғалдақ-тоқбай. 1871 ж. Жазотыр ауылында туған. 11.02.33 ж. 3 жылға сотталды. Ұлы: Сәду. Мәжін. Шәжін. 323. Үркінов Құнияз Үркінұлы. Дәулет-көкі-үйіткенбас. ж. Қосағашта туған. «Восток» колхозы төрағасының орынбасары болатын. 26.10.31 ж. 3 жылға сотталды. Ұлдары: Қаділбек, Коля. Қызы: Ғайнибек. 324. Халелов Зиянұр Халелұлы. Дәулет-едіге-мәнібай. 1900 ж. Сартоғай өңірінде дүниеге келген. Қосағаш ауданының атқару комитетінің есеп­шісі. 22.08.37 ж. тұтқынға алынып, 02.10.37ж. атылды. Ұлдары: Түсіпбек, Қарақыз, Абай. Қызы: Гүлжамал. 325. Шағиев Балағажы Шағиұлы. Ақнайман. 1900 ж. Ақталда туған. Колхоздың төрағасы болған. 17.11.37 ж. 10 жылға айдалған. Ұлы Кәстәй. Қызы Рәшәт, Руза. 326. Шағиев Қаби Шағиұлы. Ақнайман. 1913 ж. Ақталда туған. «Ойротияға 10 жыл» колхозының мүшесі. 09.11.37 ж. 8 жылға сотталды. 327. Шағиев Рахат Шағиұлы. Ақнайман. 1902 ж. Ақталда туған. Ауданда комсомол жұмысында болған. 19.11.37 ж. 10 жылға сотталған. 328. Шалғынбаев Ахметқали Шалғынбайұлы. Дәулет-көкі-шалабай. 1896 ж. Ақталда туған. Воро­шилов атындағы колхоздың мүшесі. 29.04.39 ж. тұтқынға алынды. Екі жылға сотталды. Ұлдары: Шөмөн, Зейнел. Қызы: Шөкөй.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 329. Шанханов Имамүді Шанханұлы. Самай-жетіген. 1912 ж. Қосағашта туған. Қазақ ауыл кеңесіндегі байланыс бөлімінің бастығы. 02.09.37 жылы 8 жылға сотталды. 340. Шанханов Қасен Шанханұлы. Самай-жетіген. 1904 ж. Қосағашта туған. Коммунистік партияның мүшесі. «Путь к социализму» колхозының төрағасы. 22.11.37 ж. 8 жылға сотталды. Қызы: Клара( Кәш). 341. Шәкіртов Ошан Шәкіртұлы. Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1912 ж. Қосағашта туған. 13.04.31ж. 10 жылға сотталды. 342. Шәкіртов Ақмет Шәкіртұлы. Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. ж. Шоққарағай өңірінде туған. 26.01.33 ж. 10 жылға сотталды. 343. Шәкіртов Арғын Шәкіртұлы. Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1915 ж. Шоққарағайда туған. «Путь к социализму» колхозының колхозшысы. 14.03.38 ж. он жылға сотталған. Қызы Тәрбия. 344. Шәкіртов Әжмұхамед Шәкіртұлы. Сарғалдақ-құлжабай-қалдеке. 1908 ж. Қосағашта туған. 13.04.31 ж. 5 жылға сотталды. Қыздары: Әсипа, Әриза. 345. Шәмшиев Мәжін Шәмшиұлы. Сарғалдақ-күршінбай. 1300 ж. Қаратал өзегінде туған. «Эйхе» атындағы колхоздың мүшесі. 11.02.33 ж. тұтқынға алынып, 5 жылға сотталды. Қайта оралған соң, 30.04.39 ж. 5 жылға сотталды. Ұлы: Мүсілім. Қыздары: Жолтай, Келтай. 346. Шегіров Сайнолда Шегірұлы Сарғалдақ-бостан-жабай. 1862 жылы Қазақстанда туған. 20.02.31 жылы 5 жылға сотталған. Ұлдары Тайтақ, Смағзам. 347. Шегіров Смағзам Сайнолдаұлы. Сарғалдақ-жабай. 1905 ж. Қосағашта туған. Сталин атындағы колхоздың мүшесі. 24.02.38 ж. атылды. Ұлдары: Кәтек, Қарабек. Үйсінбек, Азан. Қыздары: Ақбөпе, Секер, Ақлима, Бапыш.

Пионер Мұхтасыров 348. Шерубаев Дүйсеқан Шерубайұлы.

Сарғалдақ-қолқамбай. 1916 ж. Көрләй өңірінде туған.
«Жаңажол» колхозында ветсанитар болатын. 04.09.37 ж.
тұтқынға алынып, 12.11.37 ж. атылды.

349. Шоқаев Құрманғали Шоқайұлы.

Сарғалдақ-бақат. 1892 ж. Қосағашта туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі. 29.07.37 ж. атылды. Ұлдары:
Күркебай, Әскер. Қыздары: Күләш, Күпәш.

350. Шотаев Даулетбай Шотайұлы.

Самай-жігіт-отжағар. 1887 ж. Қазақстанда туған. «Эйхе»
атындағы колхоздың мүшесі. 04..11.37 ж. тұтқынға алынып,
18.12.37 ж. атылды. Ұлы Маркс.

351. Шотпанов Мереке Шотпанұлы.

Уақ. 1910 ж. Ақталда туған. 24.11.37 ж. 10 жылға сотталған.
Қыздары: Пушлан, Винер.

352. Шұқаев Қасен Жүнісұлы (Артықбаев).

Самай-бөкө. 1905 ж. Моңғолияда туған. 20.02.31 ж.
10 жылға сотталды. Қызы: Қайырды.

352. Шүршітов Байбосын Шүршітұлы.

Самай-жетіген. 1872 ж. Қатонқарағайда туған. Сталин
атындағы колхоздың мүшесі. 29.02.37 ж. тұтқынға алынып,
26.03.37 ж. атылды. Ұлдары: Үсен, Кәкей. Қызы Қадиша.

353. Шүршітов Қара (Биболсын) Шүршітұлы.

Самай-жетіген. 1881 ж. Тархата ауылында туған. Сталин
аттындағы колхоздың мүшесі. 29.07.37 ж. тұтқынға алынып,
26.09.37 ж. аттырылды. Ұлдары: Алтай, Құмаш, Бекен,
Сағден. Қыздары: Бекжамал, Бикан, Бидан, Кәуән.

354. Шүршітов Мешел Шүршітұлы.

Самай-жетіген. 1885 ж. Сарторғай өңірінде туған. 22.08.37
ж. тұтқынға алынып, 30.09.38 ж. атылды. Ұлы Сусек. Қызы
Биғайша.

355. Шыматов Ақмәди Шыматұлы.

Шоңмұрын. 1900 ж. Ақтал өңірінде туған. Қазақ ауылдық
кеңестің төрағасы. 22.08.37 ж. тұтқынға алып, 18.12.37 ж.
атылды. Ұлдары: Бақтыбай, Құмарбек. Қыздары: Әшкен,
Әдиға, Мәуетай.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы 356. Шынғожанов Божрақ Шынғожаұлы.

Самай-бөкө. 1864 ж. Семей облысында туған. 13.04.31 ж.
тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. аттылды.
Ұлдары: Әтекей, Сібәт, Балғазы. Қыздары: Оқан,
Майбала.

357. Шынғожанов Құжырбай Шынғожаұлы.

Самай-бөкө. 1867 ж. Семей облысында туған. 13.04.31 ж.
тұтқынға алынып, 13.08.31 ж. атылды. Ұлы: Елғазы.

358. Ыдырышев Әмре Ыдырышұлы.

Дәулет-бәйтөлес. 1883 ж. Қазақстанда туған. «Эйхе»
колхозының колхозшысы. 22.08.37 ж. айдалған, 12.11.
1937 ж. атылған. Ұлдары: Құсайын, Әмірхан, Әнуархан.
Қызы: Әпуза.

359. Ынтанов Сағат Ынтаұлы.

Самай-аталық. 1904 ж. Қазақстанда туған. «Калинин»
атындағы колхоздың мүшесі. 23.04.39 ж. екі жылға сотталды.
Ұлы: Төлеу.

360. Ынтанов Нұриман Ынтаұлы.

Самай-аталық. 1882 ж. Қазақстанда туған. Калинин
атындағы колхоздың колхозшысы. 30.04.1939 ж. екі жылға
сотталды. Ұлдары: Имамағзам, Ойрат. Қыздары: Пәну,
Бөдене, Гүлжәмиле.

361. Ысқақов Қайса Ысқақұлы.

Самай-кенжес. 1896 ж. Жазотыр ауылында туған. 30.07.
1937 ж. тұтқынға алынып, 22.09.37 ж. аттырылды. Ұлы:
Құмаш.

362. Ізғұттынов Есенжар Ізғұттыұлы.

Сарғалдақ-сенкібай-құлыш. 1887 ж. Қазақстанда туған.
Сталин атындағы колхоздың мүшесі. 29.07.37 ж. тұтқынға
алынып, 26.09.37 ж. аттырылды. Ұлдары: Қабдан, Ұлғазым.

363. Ілиясов Зар Құмашұлы.

Сарғалдақ-онтағар. 1910 ж. Қосағашта туған. Қасоғаштың
құру кеңесінің төрағасы. 22.08.37 ж. тұтқынға алынып,
18.12.37 ж. атылды. Қызы: Тәшін.

Пионер Мұхтасыров
Зобалаң жылдары Қазақстанға, Сібірге
жер аударылған ер адамдардың тізімі
Аты-жөні, руы (сүйегі)

1. Ажаров Қасен (шағыр) 2. Әубәкіров Әбдіке (құлжабай) 3. Әубәкіров Сәбіке (құлжабай) 4. Бақраев Ошан (ақнайман) 5. Бақраев Нұралда (ақнайман) 6. Бұқабаев Ажықай (уақ) 7. Елеубаев Жекей (с/cеңкібай) 8. Жақсыбаев Ырысқан (есенбай) 9. Жапынов Бапы (қолқамбай) 10. Жәйлібаев Теке (самай-жетіген) 11. Иісов Қайдар (құлжабай) 12. Қабдолданов Дәриман (құлжабай) 13. Құлыбеков Имәмәди (есенбай) 14. Көлмәнов Құмаш (самай-кенжес) 15. Қожамжаров Қарақпал (бақат) 16. Кәкенов Сабырбай (жанбау) 17. Қасенов Рақым (жолдыбай) 18. Маусымов Шотай (самай) 19. Молдақанов Ахмет (есенбай) 20. Молдақанов Уали (есенбай) 21. Мейімқанов Түсіп (кәлім) 22. Мақажанов Зарқым (көкі) 23. Молдабаев Зарлық (көкі) 24. Нұрекенов Қақан (құлжабай) 25. Ырысқанов Иманшәпік (есенбай) 26. Сәбиев Нұрсадық (дәулет-көкі) 27. Сәбиев Дақай (самай-жетіген) 28. Төлепбердінов Туғанбай (саржомарт) 29. Ысқақов Көлмән (самай-кенжес) 30. Шағиев Мұғыраж (ақнайман)

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Зобалаң жылдары Қазақстанның шөл даласына,
Сібірге жер аударылған әйелдердің тағдыры
«Халық жаулары» деп сотталған ер адамдардың жасы

ұлғайғандарын атқан, жұмысқа жарайтын жастарын Сібірге
айдап апарып, ауыр жұмысқа салған.
Әйелдер мен жас балаларды бұрын ел отырмаған
Қазақстанның қу даласына немесе Томск облысының

Нарын ауданына қалың қарағайдың ішіне апарып тастаған.
Дәм-тұзы таусылғаны сол жерде өлген, тірісі жаңа совхоз
немесе артель құрулары керек болған. Қолдарынан еш­
нәрсе келмейтін, бөтен жерде ары-бері кете қояр дейтін

көлік жоқ, жас балалы әйелдер мен ұсақ балаларды күндіз-
түні аңдудың қажеті жоқ деп, екі-үш күн өткізіп барып,
тірі қалғандарының есебін алып тұрған. Бұл – отыз жыл­
дардың басы, Қазақстанда да, Ресейде де аштық жайлап

тұрған уақыт. Орнықты отырған ел аштан қырылып жат­
қанда, айдауда жүргендер тамақты қайдан тапсын. Халықты
басқа жерге айдап қыруды ойлап тапқан, сол заманның
билік басындағылардың есебі дұрыс келді. Айдалып барған

омырау ембейтін ересек балалар тұтас аурудан, аштан, сол
жерде қырылған.
Бір ғана мысал келтірейін. Қарағандыға айдалған
Сатқанбаев Бейсенғалидің шешесі және өзімен бірге

Шүйден айдалған сегіз баласы сонда аштан өлген. Айдауда
жүргенде туған жалғыз ұлымен елге келіп, Ақтаста қайтыс
болды.
Күйеуімен бірге айдалған әйелдер сонда қалған. Күзет­

шілердің
босаңсығанын
пайдаланып,
жесір

әйелдер
омыраудағы балаларын арқалап, күндіз тығылып көзге
түспей жасырынып, түнде жүріп күншығысқа қарай жаяу
жүре берген. Айдың атын күннің сәтін ұмытқан, тамақтан

өтетін нәрсенің бәрін жеп, үйден апарған асықтай малта
құртты, бір күндік тамақ ретінде үнемдеп жеп, көтеріп келе
жатқан балаларының өлгенін жол шетіне тасқа бастырып,

Пионер Мұхтасыров
елге екі жасар Колхоз есімді жалғыз еркек баланы жет­
кізген. Шешесі Дәмежан арқалап елге келген бала ер
жетіп, Нұрекеұлы Арыстанның ұрпағын жалғастырды. Елге

келгенде оларды маңдайынан сипап қарсы алар адам жоқ,
барған жері де, төркіндері де «халық жаулары», аға-бауыр
айдалған, нағашы-жиен жұқпалы ауру адам көргендей
қашқалақтайды. Азып-тозған, жүдеген, өң түстері бұзылған,

нәсілдері түскен сорлылар кірерге есік таппағанда, не болса
да сонда өлмеген екенбіз деп өкінгендері де болды. Етегінен
ұстайын десе, кешегі есігінде жүрген кедейлер шекесінен
қарайды. Түртіншек малдай көрінгеннің есігін ашып жүріп,

бірқаншасы орын тауып орналасты. Бірнешеуін көргендер
көре қойып, жеткізетін жерге жеткізе қойып, қайта жер
аудартты.
Ардақты аналар көз жастары құрғамай, жарық дүниенің

жақсылығын көрмей, арманда өтті.
Бойда жан барында,
Шүйге бір жетсекші.
Ел шетін бір көріп,

Өліп-ақ кетсекші.
Деп боздап елге келген аналарым,
Таппады қайда кіріп паналарын.
Ел іші бірлік кеткен, өсек-аяң,

Адамдар қайыр қылар бірлі-жарым.
Кім көрер сорлылардың көз жастарын,
Әркім жүр сақтай алмай өз бастарын.
Нағашы, құда, тамыр қашқалақтап,

Бірі де жоламайды көп достардың.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Зобалаң жылдардың құрбаны болған
Төбелер ауылының аналары

1. Ауқанова Зымия Шегірқызы. 2. Ауқанова Малтын Нысанбайқызы. 3. Бүргебаева Мүлкәс Қожақызы. 4. Иісова Шәмә Сіләмқызы. 5. Қожанова Нәзәтібал Иісқызы. 6. Көбентаева Жамбы Қожабайқызы. 7. Қабдолданова Аққүшік Сыдыққызы. 8. Қалданова Бөтіш Ауқақызы 9. Қожабаева Қыйзаш Керейқызы. 10. Қожабаева Шәмшә Сайнолдақызы. 11. Молдақанова Әсім Үмітқызы. 12. Мүкәбаланова Зада Жайсаңбайқызы. 13. Нұрекенова Дәмежан Бәшікқызы. 14. Рысқанова Нұрдықа Құсайынқызы. 15. Солтанбаева Бошай Әлимәнқызы. 16. Ұрманбетова Аңсаған 17. Шамова Қадиша Сәмекқызы.

Пионер Мұхтасыров
Зобалаң жылдары құрбан болған Ақтал,
Онжылдық ауылының әйелдері

1. Абдолданова Бәтимә Шүрінбайқызы. 2. Абдолданова Зықай Әубәкірқызы. 3. Ақынова Әсентай Нұрсалқанқызы. 4. Ақынова Бөшөй Мәтқызы. 5. Ақынова Кәмилә Мамырбекқызы. 6. Ақынова Күлбәрән Туратауқызы. 7. Ақынова Шоша Далымбайқызы. 8. Бақраева Мәуеш Қалиқызы. 9. Байқожақызы Үрім 10. Бегалінова Мәнжән Майлыбайқызы. 11. Битуғанова Жанасыл керей Шүрінбай қызы. 12. Жақсыбаев Рысқанның әйелі. 13. Зақариев Қант Ақынов Расұлқызы. 14. Қалдакенова Шағыйла Сәметайқызы. 15. Қалдекенов Мамаштың әйелі Ақия Керейқызы. 16. Қадышқызы Нұрғами 17. Қосшығұлов Елеубайдың әйелі. 18. Сатқанбаева Рәдиға Ақтанқызы. 19. Сатқанбайдың бәйбішесі. 20. Уәлінова Қырмызы Ақынов Расұлқызы.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Зобалаң жылдары құрбан болған
Жазотыр ауылының әйелдері

1. Жәшікбаева Мақта, Сләмнің әйелі. 2. Садақбаева Кәмия Далақанқызы. 3. Үрімова Бөш Құттыбайқызы. 4. Ысқақова Күлзім Көлмәнқызы.

Нағашым Әбіт Рүстемұлы
(1890–1968 ж.ж.)
Бірге туған ағалары Әсейін, Әбілғазы.
Бәйбішесі Жолдаспайқызы Кәми.

Ұлдары: Жәмшит, Рәшит, Нұрашит,
Әбдрәшит, Қайырбай.
Қыздары Сәмия, Сәния, Шәмшә.
Анам Әсейінқызы

Кәмән (Кәмәлия)
(1911–1977 ж.ж.)

БесІНШІ БӨЛІМ

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы Өткен күнде белгі бар... (Зобалаң жылдарда, соғыс жылдарына ұласқан қасіретті заманда мен сияқты жетімдердің көрген күні) М енің өмірге сол қасіретті заманда жарық дүниеге келгенім, Шүй бойындағы барлық балалардың көрген күнімен айны-қатесі жоқ ұқсас. Сондықтан балалық шағымның осы жасыма дейін ұмытылмаған, көкейімде қалып қойған, өз басымнан өткен шындықты жазғанымды, сол кездегі замандастарымның басынан кешкендері деп түсінерсіздер. Менің жарық дүниеге келген уақытым ешкімді қуантып, жаңа нәрестелі болған жанұяға, бауы берік болсын айтып, сүйінші сұрап, әуреге түсетін мезгіл емес еді. Ержете келе білгенім, әкемді «халық жауы» деп ұстағанда іште қалып, төрт айдан кейін 1938 жылы 27 ақпанда жарық дүниеге келіппін. Әкем Мұхтасырұлы Солтан Свердлов облысында, лагерьде он жылға сотталған күнін өтеп жүргенде хат арқылы бір ұлды болғанын біліп, шешеме хат жазып, атымды өзі Пионер деп қойыпты. Менің туғаныма әкем мен шешемнен басқа адам қуанбағанын ес білгенде білдім. Жарықтық үлкен шешеміз Қайыржан, менің аз-мұз тентектігімді жақтырмай, «тумай қалғыр іште жатып әкесін айдатқан, іштен қағына туған тентектен не сұрауға болады. Кішкене ғой сабамаңдар, айтқан сөзді, ұрған таяқты, көтеретін күні алда, жасы кіші бауырларың, тентектігін кешіре салыңдар!» деуші еді. Іште жатып әкесін айдатқан, тумай қалғыр деген сөзді үнемі айтпаса да, бір айтқаны есімде қалып, көңіліме

Пионер Мұхтасыров
ауыр алып өстім. Сол сөзді айтып алып, кешіре салыңдар
дегенше, тентек болсам, сабап алсашы деп ойлаушы едім.
Зүрә деген әйел ауылдасымыз кіндігімді кесіпті. Зүрәнің

жеті жасар қызы мен туғанда шілдеханада отырғанда,
қыздың әкесін Мағадамды солдаттар келіп «халық жауы»
деп алып кетіпті. Әкесінің кетерде бетінен бір сүйе алмай,
жылап кеткенін, жалғыз қызы Көбелек үйіне барғанда бірақ

біледі. Соңында Көбелекті шешесі біздің үйге бірдемеге
барып кел деп жұмсаса, солдаттар келіп сені алып кетеді
деп, жылап бармайды екен. Бала кезімде тумай жатып
әкемді айдатқандай, туа сала ауылдасты айдатқандай сезініп

жүрдім.
Әкемді ұстағанда алдымда үш ағам болыпты. Октябрь
алты жаста, Жаңажол төрт жаста, Стахан екі жаста.
Үлкен ағам Октябрь қазақтың ескі салты бойынша

атасының баласы болып өсті, шешемнің атын Кәмән деп
бала күнінде атаған, басқаша ат қоймаған бойы дүниеден
өтті. Атам Далымбайұлы Мұхтасыр, 1883 жылы Шүйде
Қаратал деген жерде дүниеге келіпті. Әкесі Еженбайұлы

Далымбай Шығыс Қазақстан жерінен Шүй бойына
келушілердің алдыңғы қатарында келсе керек. Екі ағасы
Мақаш пен Мақажан да Шүйде туыпты.
Мұхтасыр елу төрт жасында, екінші бәйбішесінен туған

Эйхе атындағы колхоздың бас есепшісі болып істеп жүрген
Құсан мен менің әкем Солтан үшеуі 1937 жылы «халық
жаулары» деп ұсталып, өзін сол жылы атып, екі баласына он
жылдан кесіп, соттап жіберіпті.

Ұлы әкеміздің екі бәйбішесінен он екі бала, өзімен бірге
айдалған екі ұлынан бес бала, он жеті бала әкесіз жетім
қалыпты.
Үлкен әкеміз ұсталмай тұрғанда Ақталда бір ауыл болып

отырыпты.
Әкелерден қалған малдың, дәннің арқасында сол
қыстауымызда төрт-бес жыл жан сақтап отырыппыз. Одан
ары бірге отырып жан сақтау қиындай түскен соң, әрбір

отбасы өз жанын сақтау үшін әр жерге бөлініп кетіпті.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Шешемізді, бес пен тоғыз жас арасындағы үш баласымен
қырық екінші жылы колхоздың малын бағып үйрен деп
көмекші етіп Ынтаұлы Нүриман тауға, Кеңгірбай қыстауы

деген жерге көшіріп алыпты. Ол күнде малшыға көмекші
болып бару оңай емес, оның үстіне менің шешем секілді
мал шетіне шықпаған адамға. Нүриман ақсақал ағайындық
жолымен, келіні мал бағып үйреніп, балаларын асырасын

деп қасына алған екен.
Мұқтасырдың әкесі Далымбай, Нүриманның әкесі
Ынта, Изек бірге туған. Изектен Сәду, Сәдуден ұлдары
Әбіш, Қабыш, Шаймерден, Бағдәулет және қыздары

Катонқарағайда қалып қойған. Ынтаның ұлдары Нүриман,
Сағат, қыздары Күршек, Жәмел 1916 ж. Катонқарағайдан
Қытай асып, төрт жыл тұрыпты. Онда көп тұрақтай алмай,
1920 жылы Моңғол арқылы келе жатырмыз деген хабарды

естіп, алдарынан көлік жіберіп, Мұхтасыр Шүйге көшіріп
алыпты.
Шешеміз малдың түнгі күзетін мойнына алған, күндізгі
малдың артынан ертеңді-кеш балаларды ертіп, Нүриман

атамыз мал бағудың оқу-тоқуын үйреткен. Малшының
балалары ерте ержетеді, үйрене келе күн ашық, жылы
мезгілде мал бағуға да жарап жүрдік. Үш-төрт жылдан кейін
Нүриман ағамыздың бәйбішесі қайтыс болып, өзі малдан

босап қалды.
1946 жылы күзде жау тоқталып ел есін жиды ма, оқу
жасында үш баласы бар, балалары оқуға баруы керек,
жалғыз әйел тауда мал қыстата алмайды деп, шешемізді

малдан босатып колхоз басына көшіріп алып келеді.
Малын өткізіп, колхоз басынан үй тауып шешеміз
орналасқанша қазан айы аяқталып қалса керек. Енді
балаларын оқуға апарамыз десе мектеп жабық, елде сүзек

ауруы бар, мектеп қашан ашылары белгісіз. Шешеміз
мектепке от жағуға, жұмысқа түсем бе деп жүреді екен.
Біздің ауыр жағдайды естіп, Қосағашта тұратын Күмісай
әпекеміз қасына көшіріп алады. Үлкен шешеміз де,

Октябрь ағамыз да қолында екен. Ол әпекеміз іс тігудің

Пионер Мұхтасыров
үлкен шебері екен. Аймақтағы комендатурада алты жүздей
солдат әскерге тән борыштарын өтеп жүреді. Оларды
басқаратын көптеген офицерлер бар, көбісі әйелдерімен

тұрады. Әпекеміз сол әйелдерге суыр терісінің жүнін
сыртына қаратып, дохалар тігеді екен, оған шешеміз
қосылды. Үлкен шешеміз түлкіден, суырдан неше түрлі
әдемі әйелдердің, ер адамның бөріктерін тігеді. Киімін

тіккізген офицерлердің әйелдерімен сөйлесіп, солардың
ағашын кесу, жару, жыю менің ағаларымның үлесіне тиді.
Мен қастарында жүріп офицерлердің әйелдерінің жұмыс
істегені үшін беретін картобын, нанын, күрпәсін, кейде

қалған-құтқан тамақтарын дорбаға салып үйге апарамын.
Комендатура сыртынан тор темірмен қоршалған. Есігінде
қарулы күзет тұрады, рұқсатсыз кіргізбейді. Әпекеміз
отрядтың ішіне кіруге болатын «пропуск» деген қағазын да

алып берді. Төрт-бес айдай осылайша күн көрдік. Сол кезде
біздің күнкөрістен де төмен жағдайлары болған адамдар
да өмір сүрді. Біз комендатураның ішінде қолдан берген
тамақты еңбекпен тауып жеп жүргенде, комендатураның

қоршауының сыртында іргесінен төгілген күресіннің ішінен
картоптың қабығын, сүйек саяқты, тері-терсекті итпен бірге
теріп жүрген балалар жүруші еді, ішке түсетін бірдеме тауып
жүргендіктен, күндізгі уақытын күресінде өткізуші еді.

Біз қырық жетінші жылы наурыз айының ортасында
қыстай жан сақтап шыққан комендатураның қойы бар екен,
соны бағып туғызуға Жұмалыға көшіп бардық. Жұмалы –
Қалғұтыдағы подхозға қарайды екен, Қосағаштан сексен

тоқсан шақырым жер. Шешеміз осы барғанда Октябрь
ағамызды бірге алып барды. Октябрь атты бірге туған үлкен
ағам бар екенін, бізбен бірге бара жатқанда бірақ білдім.
Сол жылдан бастап, Октябрь ағамыз бізді асырай бастады.

Осылай Жұмалы, Арғымжы, Қалғұты жеріндегі өмір
басталды.
Біз Қалғұтыға барғанша Октябрь ағамыз ертеңді-
кеш, шала оқып жүріп төрт сыныпты бітіріпті. Жаңажол

мен Стахан ағаларым бірер ай, күзді күні, үй тауға малға

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
көшкенше мектепке барып жүріпті. Үш жыл күзгі екі ай
оқыса, бір жылға толмайды, әйтеуір әріпті танып қалған.
Мен мектеп бетін көрмеген бойы бардым. Оқуды ойлап

жүрген кісі жоқ, есіл-дертіміз малға ие болу, бағып қағу.
Күнкөріс, жан сақтау малмен байланысты екеніне ерте
көзіміз жеткен.
Бір тәуірі колхоздағыдай емес, үкіметтің малы үшін

жалақы ақшадай төленеді екен. Қыста соғымға, азыққа деп
мөлшерлі түрде мал сойып жеуге лұқсат береді. Солдаттар
не жесе, аздап азыққа бізге де береді. Солдаттарды үйіне
қайтқанда жаңа киіммен қайтарады екен. Солардың

жыртылмаған киілген шинел, жейде, шалбар, етік, бөрік,
фуражка киімдерін тегін береді. Шешеміз кішірейтіп тігіп
береді. Бірер жылда жас солдаттар болып шыға келдік.
Комендатураны отряд деп те атайды екен. Сол отрядтың

Подсобное хозяйствосы (Подхоз) Қалғұтыға, Арғымжыға
орналасқанына он шақты жыл болыпты. Арғымжыға
отрядқа азық қылып жеу үшін үш мыңдай қой ұстапты. Бес-
алты жанұя малшылар жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп

қонып жүру үшін он бестей түйе, алпыс жетпіс жылқы
ұстайды екен. Қалғұтыға барған жылы Партизан атты
қыстақта, сондағы елдің бастығы болып отырған Сәден
ақсақалдың ауылдасы болып қыстадық.

Қалғұты сол кезде тамағы тоқ, Кеңес үкіметінің заңы
жоқ, еркіндіктің аралы секілді. Бар-жоғы жеті жанұяда,
отыз-қырық мөлшерінде адам саны тұратын елде, екіден
бәйбішесі бар екі ақсақал тұрады, бірі бастық, бірі молла.

Халқы жазғытұрым малдарын туғызып, төл аяқтанған
соң, киіз үйлерімен жайлауға көшеді. Жайлауда қой
қырқылып, жүнді қазынаға табыстырады. Әйелдер жаздай
қой сауып құрт-майын алып, қысқа тамақ дайындайды.

Жасөспірім жігіттер шөп шауып, келер қыстың қамында
жүреді. Жазда бие сауылады. Күзде қозы қырқып, қойды
екінші рет қырқып, тірі жүннен әйелдер киіз басады.
Ауылдың төресі жылда жаңа киіз жауып, үйін жаңалайды.

Киіз басуға қатысқан әйелдер де қолкесерлерін алады.

Пионер Мұхтасыров
Осылай өзінің ішкі тәртібімен күн көріп жатқан елдің
қатарына біз де қосылдық.
Ағаларым ержетіп мал бағып, асау үйретіп, шөп шауып,

өмір сүруге қажетті жұмыстардың ішінде жүрді. Мен болсам
шешемнің қасында болдым. Қандай жұмыс істесе қасында
болып, алып кел, барып келдің бәрін бітірем. Бір жаққа
ауылға қыдырса қасындамын. Сәден төре мен Мамырғазы

молданың үйіне ұзақтан қонақтар келіп тұрады. Елдің
амандығын, жаңалығын естігелі барамыз деп шешем ертіп
алады. Қазаны асулы, биесі байлаулы ауылға ақсақалдар
Шүйден, Жазотырдан жаздай келіп тұрады. Жағдайлары

келіскен қонақтар неше түрлі қызықты әңгімелер айтады.
Көргендері не деген көп, әрбір келгендерінде жаңа
әңгімелер.
Әңгіме барысында Қалғұтыдағы әрбір мал қыстап

отырған жерлердің бұрынғы атауларын атап, ұрпағы өшкен
адамдарды еске алысып отыратын. Қалғұтыда не көп,
зират көп. Тоғыз жолдың торабында отырған халық ұры-
қарақшылардың жемі болған секілді. Таудың басында,

тастың түбінде ит пен құсқа жем болған, адамның қаңқа
сүйегі толып жатады. Әңгімешілер бәленбай бәлен кезеңнен
асамын деп, жаралы болып үйіне жете алмай тастың түбінде
өлгенін, соңында бірақ білген деген секілді, қашып жүріп

далада қалғандар керегінде әңгімелерінің ұшы-қиыры
болмаушы еді.
Қонақтар асықпай қонаға жатқанда, аңыз-әңгімелерді,
ертегілерді

айтқанда,
төңірегімдегі
өмірді
ұмытып,

ертегінің ішінде жүргендей сезінуші едім. Қонақтар көбінде
Мамаңның (Мамырғазыны солай атайды), айтқандарын
тыңдағанды жақсы көруші еді. Мамаң ескіше көп оқыған,
айтқан ертегілерінің көбі мұсылман діні жолына тарта

береді. Мысалы Шәкем Шәкірт хикаясы, Сал салдың
соғысы, Ләйлі мен Мәжнүнді, Қарасай мен Қазиды,
Назкенді түнімен айтқанда, тыңдаушылардың кейбіреуі бір
ұйықтап оянушы еді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Үлкен бәйбішесі Қамза қонақжай, бала-шаға демей
сыйлап тұратын, күндесіне де қатты сөз айтпайтын, кеңпейіл
адам еді. Бес биенің сабасындай кеңпейілді бәйбіше деп,

осындай шаңырақтың ұйтқысы айтылатын шығар.
Керісінше сондағы азғана елдің бастығы Сәденнің
бәйбішесі Ипәң өзінен басқа кісіні кісі екен демейтін.
Үйге келген қонағын күтіп, жағдайын жасай отырып,

сыртқа анда-санда шығып, тоқалды бидайдай қуырып
келеді. Төңірегіндегілерді ала көзбен атып, үйге орынсыз
кірмейтіндей етіп тежеп, үйге кірерде ашудың бәрін далаға
тастап, жайдары күлкімен ақсақалының қасына, тізерлей

келіп жайғасушы еді. Үлкен кісілердің әңгімесі сендерге
не керек, далаға барып ойнаңдар деп, балаларды қуғанда
естімеген болып, шешеме тығылып әңгімелерін естіп
отыра беруші едім. Ипәң менің әңгіме тыңдағанды жақсы

көретінімді біліп алған, әйтеу шықпайтын болған соң,
жоқтан өзгеге жұмсай қоюшы еді. Шығарғы балалар ойнап
жүргенде, мен қонақтарға су құйып, ыдысты ары тасып, бері
тасып, жүріп әңгімелерін тыңдаушы едім.

Ипәңнің мінезі құбылып тұратын адам еді. Малшылар
айлық азығын төренің үйінен алады. Заңның босатқан
азығын уақытында алудың өзі бір қасірет болатұғын. Азық
алғалы барған адамды ебін тауып айтқылап алмаса, Ипәңнің

көңілі көншімеуші еді. Барған адам ертерек барса «немене
аштан өліп барасың ба, таң атпай құзғынша құрқұлдап» деп
айтатын. Жайырақ барса «кедейдің кербезінен сақта деген,
кергімей ертерек неге келмейсің?» деп жерлейді. Маңайын

жайпап, күндесін күңінен төмен көріп, ауылдастарына итше
ырылдағанын қоймағанда Сәкеңнің шыдамы таусылып,
ашуы ұстаса жаман ұстаушы еді. Ипәңді бір жұма жатып
ішетіндей қылып сабап тастайды. Көкала қойдай болып

ел бетіне қарағысыз жатып, ақсақалына «Нәнеш асыңды
әлгі шу аяқ уақытында беріп жүр ме»,– деп шалына қалай
жағарын білмей жатады.
Ипәң шалынан таяқ жеп тұра алмай жатыр деп

естігендер «оған сол керек мерт қылып тастаса тіпті жақсы

Пионер Мұхтасыров
болар еді» деседі. Бірақ ол кемпір екі-үш күнде тұрып
келеді, жарасын жалап жазып алатын ит секілді жаны берік
кемпір деп, сыртынан айтқыласып алып, алдына келгенде

құрша жорғалайды. Ипәң не айтса да жөн деп, көндіріп
қойған қу тамақ.
Қалғұтының азғана елі осылайша күн көріп жатты. Біз
қырық сегізден қырық тоғызға қараған қыста, Көпшерік

деген қыстақта, қос қора қыстап отырдық. Екі қора қойдың
қорасы жақын, арасы екі жүз метрдей қашықтықта, күнгей
беттегі жартастың түбін қора қылып, қимен қоршап қойған.
Кепкен қиды алып отынға жағып, орнына жас қиды ойып

жиып қояды.
Менің жұдырықтай күнінен еркелетіп асырап алған,
күшігім бар еді, жылдам ержетті. Атын Маңқасқа деп
өзім қойғам. Ертеңді-кеш қойға барсам ертіп жүрем. Өзі

еңгезердей үлкен болып өсті. Маңғасқа ержеткелі апам
түнгі күзетке шықпаушы еді. Түнімен қораны айналып үріп
шығады. Маңайда бір ақсақ қасқыр бар, малшылардың
жүрегіне тиіп болды, қораға түсіп қойды жеп кетеді. Ұсақ

иттердің өзіне күш қылады. Бірақ Маңғасқадай иттен
қорқады, сондықтан біздің қораға қасқыр түсе алмайды.
Қыстың бір ашық күнінде қораның қиын ойдық.
Барлығымыз күш салып кешке дейін бітірмекшіміз, жас

қимен қораны биіктетіп қауырт жұмыс істеп, түскі тамаққа
отырғанда ит үрді. Үйдегілердің ең кішісі болғандықтан,
ит үрсе тысқа шығу – менің жұмысым. Салт атпен келе
жатқан жас жігіт Көкен екен. Маңғасқаға жат деп едім,

орнына барып жатты. Келген кісі үйге алдымен кіріп, үй
иесі соңынан кіретін салтты сақтап, кіріңіз десем, кіре бер
мен қазір деп, аласа тас үйімізді айналып кетті. Мен де үйге
кірдім, мылтықтың дауысы шықты. Мылтық неге атылды деп

далаға шықсам, Маңғасқам өліп жатыр. Ұятсыз адамға дауа
жоқ екен, түк істемегендей ал енді аттың аяғына жармас деп,
үлкен бір іс бітіргендей үйге кіріп келді. Көкен Маңғасқаны
атып тастады деп үйге жылап кірдім. Үйдің ішіндегілер не

істерлерін білмей өңдері бұзылып, Көкенге жиіркене қарап,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
аманына жауап бермей түнерісіп отыр. Шешемді Апа деуші
едім. Апамның көзінен жас ыршып кетті де:

– Бір қора қойға ие болып отырған итті атып, саған не

көрінді?! – деп еді, Көкен:

– Аттың аяғы... – деп бірдемесін міңгірледі.

– Болды шық үйден! – деп шешеміз үйден қуып шықты.

Мен жылағанымды тоқтата алмай қайта, қайта өксіп
жыладым. – Болды енді, әкең өлгенде де бүйтіп жылаған
жоқсың,– деп шешем қаттырақ жарқышақ шығатын
даусына салып ашуын менен алып жатыр...

Қырық үшінші жылы жайлауда, Шұбарбұтада отырғанда
үлкен торы аттың үстінде, бүйірін таянып зар еңіреп үлкен
шешеміз Қайыржан:

– Солтанымнан айырылдым, қанатымнан қайырылдым,

Кәмәнім-ау! – деп жылап келгені есімде. Әйелдер бірін-
бірі құшақтап, көрісіп жылап жүргенде мен де жылағам.
Бірақ көзбен көріп алдына отырып еркелемеген әкеге егіліп
жыламаған шығармын, жасырақ та болғандықтан кімнің не

үшін жылайтынын бағамдай алмадым ба, кім біледі?!
Күндіз кешке шейін қи тасыған, Маңғасқаны жоқтап
сілем қатқанша жылаған мен кешке ерте жатып ұйықтап
қалыппын. Он бірге толған жігіт болсам да, апамның

қойнында жатам, омырауын емем, омырауда сүт бар ма,
жоқ па білмеймін, әйтеуір ембесем бір нәрсе жетпей тұрады.
Кенжесі болғандықтан ба, мені шамасы келгенше еркелетті.
Мен де шешемді өте жақсы көрдім. Түнімен қой күзетіп, таң

ата тоңсирақ болып қойныма кіргенде, жалаңаш етіммен
аяғын жылытатұғым. Ес білгеннен ол дүниелік болғанша,
шамам келгенше еркелеттім.
Түнде қой үрікті деп апам тұрғанда ояндым. Тас үйдің

артқы қанаты қойдың қорасының бір қанаты есепті,
малдың әрбір қимылы естіліп тұрады. Қой үркіп дүр еткені
естілмей қоймайды, түнде дүр еткені қауіпті екені белгілі.
Апам көйлекшең тұра жүгірді. Апам қораға барса, қойдың

ішінде бір қасқыр жүреді. Қойлар үркіп бір бұрышқа
тығылған. Қасқыр кісіні көре салып, қорадан қарғып

Пионер Мұхтасыров
шықпақшы болып, алдыңғы екі аяғын өрге көтеріп,
қораның қабырғасына жармасады. Қораның қабырғасы
биік, бүгін ғана жаңа ойған қимен биіктетіп жиылған. Сол

күні ай сүттей жарық болатын. Қасқыр қораға жармасып
шықпақшы болып жүргенде, апам қасқырдың артынан
келіп, екі құлағынан шап береді. Ондағы ойы – екі құлақтан
ұстап, тұмсығын қанаттағы тасқа ұрып өлтірмекші. Бірақ

қасқыр үлкен, апам қолын қасқырдың екі құлағына жеткізе
алмай, қасқырмен алысып, екеуі қораны жағалап отырып
есікке келеді. Қой шыға алмайтындай етіп көлденең
тасталған сырғауылдың арасынан, кеудесі қорадан шығып

қойған қасқырдың, артқы сирағынан апам ұстап алады.
Қасқыр ұстап алдым, қару әкеліңдер деген дауыс шыққанда,
Октябрь ағамыздың қолына матқапыда балта түспей, күл
шығарып жүрген, солдаттардың окоп қазуға арналған

төрт бұрыш күрегі түседі. Октябрь ағамыз барса, қасқыр
ұзынынан қораның есігінде жатады. Белден күрекпен бір
салғанда, жаралы қасқыр қайта бұрылып сирақты ұстап
тұрған апамның қолын қауып алады. Қолы жаралы болған

апам қасқырды қоя береді. Қасқыр біраз жерге барып өліпті.
Түн ішінде қасқыр ұстадым деген дауысты естіген
ауылдастар жиналды. Айтып сөз жетпейтіндей үрейіміз
ұшып қорықтық, жыладық. Маңғасқама жылаған күндізгі

жылауым сол күні түнде мына жылауға ұласты. Қасқырмен
алысып апам жаралы болған сәтте, Көкен көзге көрінсе,
ағаларым оны өлтірер ме еді, кім біледі. Заставаға кісі
жіберіп дәрігер келді. Халық емін біледі-ау деген адамдар

жиналды. Зүрә атты үлкен бәйбіше сандығының түбінен
қасқырдың тісін әкелді. Ақсақалы Захари қасқыр, түлкі,
қарсақ сияқты азулы аңдарды ататын аңшы болыпты.
Өмірден алған тәжірибесі бар, ауылдан шыққан тақуалар

көрген-білгендерін елінің пайдасына жаратып отырғандығы
көз алдымыздан өтті. Бұлданбай, сәтті күні қолдан келген
жақсылығын жеткізуге даяр тұратындығын, көпті көрген
көнелердің баға жетпес жақсылығын сол күні көрдік.

Үлкенді сыйлау, қадірлеу деген бос сөз емес екендігін бастан

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
кешірдік. Сандықтың ішінде қанша жыл жатқан тіс екенін
кім біледі, әйтеуір себебі тиді. Тісті табаданға салып, отқа
қыздырып алып, балғамен ұсақтап, қолдың жараланған

жеріне салды. «Қасқырдың тісінің уыты денеге жайылмау
үшін өзінің тісімен қайтардым», – деді көпті көрген Зүрә
шешей.
Қасқырдың тісі тегі қантамырға тимесе керек. Қолдың

еті жалбырап тұрса да қан ағу бәсеңдеп, жол жүруге жарайды
десіп, таң ата солдаттар шанамен бір жүз елу километрдегі
аудан орталығы Қосағашқа ауруханаға алып кетті. Жан
басқа, шуылдап жылағаннан басқа қолдан келер жоқ, әкесіз

жетімдікке көндігіп қалғанда, енді шешесіз жетімдікті
көруге Алла жаздың ба деп, еңсеміз түсіп, жүйе-жүйеміз
босап, егіліп жылай бердік. Өсіп келе жатқан бойымыз
шөгіп, бірақ күнде кішірейіп қалдық. Бойда жан бар демесе,

құр сүлдері сүмірейісіп, жаутаңдап қала бердік. Қызыл өңеш
тігуге келмейді, жылай жүріп, бір қора қойға ие болып,
Аллаға күндіз-түні жалынып Қалғұтыда шешемізді тосып
жаттық.

Құдай тілегімізді беріп, шешеміздің жарасы жазылып,
бір жарым ай дегенде аман-есен үйге келді...
Ит атылғанын білгендей, қасқырдың сол күні қораға
түсуінің қисыны келе кетуіне таң қаласың, Алланың жазуы

солай болған дегенге еріксіз иланасың.
Апамның қасқыр алмас бұрын өзін-өзі ұстаған қайраты
да таңғаларлық. Жетім балалар, жесір әйел жан сақтап
отырған, малымыздың күзетшісі итімізді жазықсыз неге

атасың деп ер жеткен балаларын Көкенге айдап салып,
итше талатса, арты не болар еді?!
Үстінде киім де жоқ, жейдешең қасқырдың құлағына
жармасып жүрген шешемізді, қасқыр жарып тастаса

не болмақ еді? Өзіне тиіспеген қасқырды қуып жүріп,
сирағынан ұстаған шешемізді періштесі қағып, аман қалды...
Батырлығын заң бағалады, уақытында емдеп жарасын
жазды. «Жалаңаш қолмен қасқыр ұстаған ана» деп газетке

жазды. Жұмысқа жараған жасымнан шешем қайтыс

Пионер Мұхтасыров
болғанша өзімнің қолымда болды. Кенже ұлының парызын
өтеп, ақ сүтін ақтайын деп шамам келгенше қабағына қарап
асырадық. Алла қолдап балаларының жамандығын көрмей,

алпыс алты жасында бұл дүниедан өтті...
Шешеміз жазылып, күнделікті өмірдің таусылмайтын
проблемасына шомылдық та кеттік. Ендігі шешемнің арманы
тұла бойы тұңғышын аяқтандыру. Ағамыз Октябрьмен

бірдей ержетіп келе жатқан Қабиба деген әйелдің Кәсіп
деген қызын келін қылып алсам дегенде ішкен асын жерге
қояды. Жазғытұрым мал туа бастағанда, Қабиба (ауыл ол
кісіні Қапайың дейтұғын) біздікіне келді. «Апамнан ержетіп

келе жатқан балаларыңның біреуін, мал аяқтанғанша бере
тұр. Кәсібім жалғыз, қасына серік болып қозы алыссын!

– деп сұрап келіпті. Октябрь ағамыз жуықтан бері жылқы

бағатын болған, Жаңажол қой бағады, Стахан қой бағуға
болыса жүріп, үй жұмысын менімен бірге істесетін.
Апам:

– Маған қараған жұмысты Стахан екеуіміз де істеп

аламыз, мына кісінің үйіне барып, бір-екі ай қой туғызысып,
қозы алысып, Кәсіпке болысып келсең жақсы болар еді,–
деді. Шешеміздің тілін қайтарып көрмеген басым «жә»
дедім де жыламсырап, бірдеме айтпақшы болып айта алмай

шығып кеттім. Шешем «ертең жіберем» деп Қапайыңды
көңілді қайтарды. Қапайың көзінше айта алмағанымды
шешеме айттым. Шешем қасқырмен алысып ауруханаға
түскеннен басқа күнде, омырауын ембей, бір де күн қонып

көргем жоқ. Апам ауырғанда ең көп жүдеген мен. Ендігі
уайым Қапайың үйі төрт-бес шақырым жерде, күнде кешке
үйге келіп апамның қойнына жатуға босата ма. Қой жаю,
қозы алу үйреншікті жұмыс, ең қиыны түнде апам жоқ

жерде, қону мәселесі.
Апам маған:

– Сен енді ержетіп жігіт болып қалдың, он бір жасқа

толдың. Барлық жаңа туған жас бала шешесін бірақ жыл
еміп, омыраудан шығып кетеді. Сені мен артық еркелетіп
алдым, бұдан былай емгенді қоясың!– деді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Ертеңінде келешектегі жеңгемнің қойларын туғы­
зысқалы кеттім. Апам маған «сол қызды ағаңа алып беру
үшін сен ол үйде шамаң келетін жұмыстың бәрін істеуің

керек» деп аттандырып салды.
Менің еңбегімнің пайдасы ағама келіншек әперуге жарау
үшін жақсы істеген болып жүрмін. Неменеге жұмсаса да
бас тартпай безек қағып, жүгіріп жүріп тындырған болып

жүрем. Бірақ, екі қонғаннан кейін үшінші күні түсте:

– Үйге барып келмесем болмайды!– деп, тамаққа да

қарамай бұртиып қалдым.

– Не болды бір жерің ауырды ма, қарның ашты ма?– деп

бәйек болысты. Мал туғызғалы Қосағаштан келген Майсара
дейтін әйел бар, Бәжәң дейміз. Ол кісі бар, бәрі бірінен-бірі
сұрап:

– Пионерге тиіскендерің бар ма?– десіп, әбігер болды да

қалды. Мен бірдеме дейін десем көзімнен жас ытқығалы тұр.
Менің барып келейін дегенімді олар түсінбейді, жіберсек
келмей қала ма деп қорқады. Жылап жіберуге аз-ақ отырған
мен, шыдамым таусылып, шығуын шықтым да, үйге қарай

бірақ жүгірдім. Барсам апам үйде екен. Алдына жата кетіп
омырауына жармастым. Еміп жатырмын, жылап жатырмын.
Омырауда сүт бар ма жоқ па білмеймін, әйтеу еміп алмасам
жүре алмаймын.

Омырауды еміп болып, тер мен көздің жасы араласқан
айғыз-айғыз бетімді жуып, шөлім қанып көңілім жай тауып,
тоқыраған соң, апама қашып келгендігімді айтып, енді
қайта жылдам кететінімді айттым.

– Қарғам-ау сен мына түріңмен қашан, қайтіп адам

боласың?! – деп шөпілдетіп сүйіп жатыр.

– Тіліңді алам, адам болам, кешкі қозыны салып алатын

уақыт болып қалды кетейін,– деп жинала бастадым.

– Бара қой!– деп бір шыны айран берді де шығарып

салды. Кешкі мал салатын уақыттан қалмай Қапайың
үйінде болдым. Неге кеттім, неге қайта жылдам келдім
олар сұрамайды, мен айтпаймын, анығын ашып айтуға
ұяламын. Не де болса мұндағылар менің келгеніме қуанып

Пионер Мұхтасыров
қалды, менің қабағым ашылған, жүгіріп жүріп жұмысымды
бітіріп жүрмін. Ертеңінде апам келді. Мен қора жақта қозы­
ның астын тазалап жүргем. Үйдегілер көңілді, әңгімелерін

айтысып, күлгендері естіліп тұрды. Менің қылығыма күліп
жатыр ғой деп ойлап, жұмысымды істей бердім.
Сүйте-сүйте бір бірімізді түсінісіп кеттік. Бұдан былай
күн аралатып күндіз үйге барып келуге, бес-алты күнде

қонып келуге өздері жіберіп тұрды.
Қой қоздап болып еді.

– Енді жаздай жүріп қой сауғызсаң жақсы болар еді, қозы

жаятын бізде бала жоғын көріп отырсың,– деп Қапайың
мені азғыра бастады. – Мен апам біледі,– дедім. Қапайың
мен апам келісіп алыпты. Менің Қапайың үйінің қозышысы,
қойшысы болғаным көпке созылатын еді, ойда-жоқта оқу

деген шықпаса.
1949 жылдың август айында Қалғұтыда отырған елге бір
кездейсоқ жағдай болды. Төреміз ауысқан кез болатұғын.
Екі бәйбішесі бар Сәден жұмысынан босап, Ақталға көшіп

кеткен, орнына уақытша деп бір жас жігітті қойған.
Жазотырдан шақырылмаған қонақтар келіпті деген
жайсыз хабар естілді. Бұл қонақтардың келуіне соншама
мән берілуі әкелген жаңалықтарында еді. Ол не дегенде

балаларды оқуға жинап апарады дейді деген – Қалғұты еліне
ерсі, бұрын-соңды естілмеген жаңалық. Қалғұтының жері
төрт мемлекет түйіскен жер, төрт бұрышын тау қоршаған
кең ойпат, аласа төбешіктер. Оңтүстік батысын Қытайға

қараған бетін тұтас Мұзтау қоршап тұрады. Ойпаттың
Жазотыр жағына қараған жағын Үлкен Керсұлу, Ортаншы
Керсұлу, Кіші Керсұлу атты таулар қоршап жатады.
Қазақстанға қараған бетін Үкөк деп, моңғол жағына қараған

жағын Арғымжы деп атап жатады, бірақ дәл бөлінген жері
белгісіз, бір ойпаттың басы мен аяғы.
Шығысында Моңғол мемлекеті, оңтүстігінде Қытай
мемлекеті, батысында Қазақстан мемлекеті, орналасқан

жері орыс мемлекетінің жері. Осы мемлекеттердің шекарасы

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жақындығы соншалық, жүгірген аң, ұшқан құс әп сәтте
арғы беттен шығып, бергі бетке қалай өткендерін де білмей
қалады.

Қалғұтыға ең жақын ауыл Жазотыр, сексен-тоқсан
шақырым шамасында. Ара қатынас атпен, түйемен ғана
жүре алатын соқпақ жол. Қалғұты Моңғолдан Қазақстанға
мал айдайтын жолдың үстінде. Моңғолдың шекарасынан

Қазақстанның шекарасына дейін елу шақырымға таяу жер.
Қалғұтыға келген ел отрядтың малын бағып жан сақтау үшін
келеді. Мұнда тұрған елге хат жүрмейді, газет оқы­­майды,
жаңалық естісе, ағайын іздеген жүргіншілерден, салық

жинаушылардан ғана естиді. Малшылардың күн көрі­
сіне, малдың жайлау-қыстауына байланысты мәселелерін
өздерімен бірге отырған төрелері Қосағаштағы отрядпен
хабарласып шешіп тұрады.

Оқуға балаларды жіберу дегенді малды бағусыз, отты
жағусыз қалдырумен тең деп көрген жас төре мен көпті
көрген Мамырғазы молда Жазотырдан келгендерді суық
қарсы алды.

Ел балаларына қазынаның малын бақтырып, жанын
сақтап күнін көріп жүрсе, мыналар оқу дегенді қайдан
шығарып жүр. Кім оқумен жеткен, бәрі жетісіп, оқу оқығаны
ғана қалғандай болуларын деп, реніштерін ішке сыйғыза

алмай, келгендерге айтып та үлгерді.

– Өр Алтайдың қуысында, бір Алланың уысында,

ешкіммен хабарласпай тыныш өмір сүруді таңдаған адамдар
жиналып
қалыпсыздар.
Балаларға

малды
бақтырып
қойып, үлкендеріңіз тамақтарың тоқ, жұмыстарың жоқ,
жағдайларыңыз жаман емес секілді. Кең жайлауда биені

байлаған, екі әйелді жайлаған, аз ғана елге өзі қожа, өзі би,
молдекеңнің жағдайы келіскен жер екені көрініп тұр. Жас
төре ашсаңыз алақанынызда, жұмсаңыз жұдырығыңызда
сияқты. Өз айтар ойы жоқ, сізге жалтақтай береді. Осылай

өмір сүре берем деп ойлайсыздар ма? – деп Жазотыр жеті
жылдық мектебінің директоры Оспанұлы Төкен жас төре
мен молдекеңнің екі аяғын бір етікке тығып тұр.

Пионер Мұхтасыров
Төкен – бір көзін жауға алдырған секілді түсі суық кісі,
жалғыз көзімен тесіле қарағанда, кірерге тесік таппайсың.
Ертең балалар қалай өмір сүруі керек, сіздер ойламағанда

кім ойлайды, өстіп үнемі сіздерге мал бағып жүре ме, өздері
ержетпей ме дегенді жас төре мен молдекеңнің құлағына
қанша құйса да, олардың көкірегіне қона қоймады.
Мамаң – ақсақал қонақжай кісі. Ауылына келген­дердің

төре-қарасына қарамай дастарханы үнемі жаюлы. Көргені
көп, әңгімешіл кісі. Әңгіме барысында, өзінің үш қыз, екі ұл
асырап отырғанын, қыз балалар оқу жасында, бірақ оларды
мына тар заманда оқытудың қажеті жоқтығына өмірден

алған мысалдарды келтіре отырып өзінше дәлелдеді.
Бірақ келгендер алған беттерінен қайтар емес, тілдері
жеткенінше балалардың оқығаны керек екендігін түсіндіріп
отырып, жанға батар қатты сөздер де шығып кетеді.

Бірақ жас төре мен молдаға ақырын айт, қатты айт ешбір
елең етпестен, бір айтқандарын қайталай береді. Айтқан
сөздерінен әсер алмайтын, көкірегі соқыр адамдарға кез
болғандарына қонақтардың көзі әбден жеткенде, көңілге

қарамай қаттырақ батырып, ар-намыстарына тиетін сөздер
де айтылды.

– Ауылды бастап отырған өздеріңіз саяси қараң­

ғылық-тасыздар. Бұлай болуға елден шеткері өмір сүріп
жатқандарыңыздың себебі де бар шығар. Дегенмен ауылда
молда ұстап, бала оқытатын заман жоғалғалы қашан. Мүмкін
сіз балаларды ескіше оқытып жүрген шығарсыз, бұдан

былай тоқтатпасаңыз басыңызға пәле тауып аларсыз!– деп
ескертіп те көрді.
Қалғұты ауылынан екеуі, Жазотырдан келген екеуі бір
күн дауласып, шеше алмаған сауалдарын ертеңінде сондағы

тұрғындардың
үлкен-кішісін
тұтас
жинап,

Төкеннің
нұсқауымен жиналыс өткізді.
Сондағы халық бала-шағасымен тұтас жиналды. Жас
төре жиналысқа төрелік етті. Жиналғандарды тек көзімен

бір шолып өтті де:

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

– Естіп жатқан шығарсыздар, мына Жазотырдан келген

өкілдер сегіз жастан, он жеті жасқа дейінгі балаларды
мектепте оқытуға Жазотырға жіберуге міндеттісіңдер
деп отыр. Оқуға балаларды Жазотырға жібере аламыз ба
деген сұрақтан басқа қосатындарыңыз бар ма? – деп еді,

жиналғандар «жоқ» десті.
Төре балаларды оқыту тұралы сұраққа Жазотыр ауыл
советінің өкілі Рамазанұлы Толқанға сөз берді.

– Сіздер Жазотыр сельсоветіне қарайтындарыңызды

білесіздер.
Алым-салықтарыңызды
төлеп
тұрасыздар.

Жер шалғайлығынан хабарласуымыз сирек, балалардың
оқуға тартылмай қалуының себептерінің бірі де сол.
Бірақ ол үнемі солай бола береді деген сөз емес. Соғыс
жеңіспен бітіп, ел есін жиып келеді. Ұғып алыңыздар,

келешекте ойларыңызда болсын, балаларды оқуға жіберуге
міндеттісіздер, оған ешқандай дауласып әуре болудың
қажеті жоқ. Сегіз жасқа толған бала мектептен сабақ алуы
керек, ол заңмен бекітілген, ол заңды бұзған кісі сот арқылы

жауапқа тартылады. Оқуға баратын балалар мыналар – деп
тізімді оқып берді.
Тізімге ілінгендердің төртеуі Мамаң молданың, төртеуі
біздің үйдің балалары. Қалғандарынан бірден-екіден.

Отырғандарға шынында да оқу деген ауылға келген пәледей
көрінді. Сонда Мамырғазы төрт баласын оқуға жіберіп,
екі кемпірімен бір қора қойға ие бола ма? Төрт баласын
оқуға жіберіп, жалғыз қалып Кәмән не күн көреді десіп

отырғандар өзара сыбыр-сыбыр етеді.

– Сіздердің балалар жоқ, мал баға алмайтындық­

тарыңызды бұл кісілерге түсіндірген болдық. Бірақ бұл
кісілер біздің айтқанымызды қабылдап отырған жоқ.
Әрқайсымыз өзіміздікі дұрыс деп, кешеден бері келген
өкілдермен тіл табыса алмай отырмыз. Балаларды оқуға

жіберсеңіздер малға ие бола аласыздар ма, балалары­
ңызды өздеріңіз қорғап алмасаңыздар, бізден күш кетті, –
деді жас төре.

Пионер Мұхтасыров
Екі жақтың да өз дәлелдері дұрыс секілді болып, тия­
нақты шешімге келу оңайға түспей тұрғандарын бағамдап
отырған Нүрипә сөзге араласты. Ұсақ-түйек дау-дамайдың

ше­шімін тауып, талай жерде осыныкі дұрыс дегізген
адуынды әйел еді.

– Мен білсем,– деп бастады Нүрипә, – балаларды

оқуға жинап келушілер асыра сілтеп отыр. Байға барғалы
жүрген қызды, қатын алғалы жүрген ұлды апарып неке
қиғызасыңдар ма? Он жеті жастағыларды оқытып әуре
болмай-ақ, он бестен төменгісін оқытып алсаңдар болмай

ма? Ал өзіміз жағын алатын болсақ оқытпаймыз дегеніміз

– қателескеніміз, оқытамыз, бірақ, жасына, жағдайына

қарау керек емес пе. Мен ұлымды оқытуға қарсы емеспін,
қыздарым әлі жас, – деп тоқтады.

– Мен де балаларым оқығанына қарсы емеспін, үлкен

ұлым он сегізге кетті, сол қалса болады, бір қора қойға ие
боламыз, бағып жүрген жылқысын табыстырып берсін,
қалған үш балам оқуға барсын. Оқыған неге жаман болсын.
Заманның ағымына байланысты жан сақтау үшін мек­

тептен алыс жерге келіп қалдық. Бәрінің оқу оқитын
жастары қой соңында өтіп, оқу оқып білім ала алмай, бала­
ларым ел қатарынан қалып барады, обалдарына қалдым
ба деп уайымдап жүр едім, алды ержетіп қалды, кешірек

те болса оқысын. Сіздердің Қалғұтыда ел бар екен, оларда
оқу жасында балалары бар екен деп, іздеп келгендеріңізге
рахмет! – деп тоқтады апам.

– Енді балалар не дер екен, сұрайық! – деп, Төкен

балаларға қарап «оқу оқығыларың келе ме?» деді. Мен де,
басқалары да оқимыз деп жамырап кеттік.
Төкен орнынан тұрып, «бәрі түсінікті» деді.

– Кешеден бергі уақытымызды бос сөзбен өткізіппіз

Балаларының келешегін аналардың ойлайтынына көзіміз
жетті, сол кісілердің ұсынысын қабылдай отырып, оқуға
барулары керек деген тізімді Толқан екеуміз қайта құрдық,
естіңіздер,– деп оқып берді, он үш бала болды. «Кімнің

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы алып-қосары бар» деп еді жиналған ел де, төре мен молда да үндемеді. Қарсы кісі жоқ, тізім көпшіліктің қолдауымен қабылданды деп хаттамаға жазылды. – Осы өздеріңіз қабылдаған, тізімге ілінген бала­ лардың барлығын, бастық сіз көлік беріп, Мамаң ақсақал сіз қыркүйектің он бесіне дейін Жазотырға интер­натқа жеткізесіз. Көпшіліктің алдында осы айтылғанды орын­ даймыз деп мына қағазға қол қоясыздар,– деді де екеуіне қол қойдырып алды. – Балаларды уақытында жеткізбей қойсаңыздар, заң алдында жауапқа тартыла­сыздар, Жазотырда кездескенше,– деп қонақтар аттанып кетті. Күндегі малға, үй жұмысына киіп жүрген киім оқуға киіп баруға жарамайды деп, шешеміз күндіз-түні жыртықты жамап, үлкенді кішірейтіп айға таяу уақытта үш ұлдың жетісегіз ай киетін киімін, қолмен тігіп дайындады. Дәл айтқан мезгілде болмаса да, қыркүйектің онында оқуға барамыз деп бір түйеге екі баладан мініп жолға шықтық. Қалғұтыда қанша адам бар, барлығы жиналып оқуға баратындарды шығарып салды. Жолға бір қонып, ертеңінде кешке Жазотырдың интернатына да жеттік. Бәрімізді бойымызға қарай сапқа тұрғызды да, бірден бастап санатты, «он бір бала екен­сіңдер, енді бірінші сыныпта оқитындарың бір адым алға шы­ ғыңдар» деді. Бәріміз алға жылжыдық. Біздің туғалы Жазотырға келіп тұрғанымыз осы, елді танымаймыз. Интернат балалары бар, үлкен кісілер бар, бізді көргелі көп адамдар жиналған, тамашалап қарап тұр. Бәріміз бірінші сыныпқа барамыз дегенде жиналып тұрғандар қарқылдап күлісіп жатыр. Бәріміздің кигеніміз кішірейтіп тігілген әскерлердің ескі киімдері. Басымыздағы киімдер де солай. «Мыналар оқу баласынан гөрі әскерлік борышын өтеп келгендерге көбірек ұқсайды» деп саңғырлап біреу тұрды. «Өзгені қой мына үлкен жігіт пен әнебіреу үлкен қыздікі не, малын бағып жүре бермей, партаға қалай сыйып отырмақшы» деседі. Үлкен жігіт деп тұрғандары менің Жаңажол ағам, он бестен он алтыға кеткен жасы бар,

Пионер Мұхтасыров
қыздың да жасы сондай, ол – Кемпірбай ақсақалдың қызы
Бәтиме.
Сонымен жатақана өмірі басталды. Екі қабат нардың

үстіне матрас, жастық шөппен толтырылған, үстіңе жабы­
латын жұқа бірдеме бар, үстінен күндізгі киіп жүрген киі­
міңді жамыласың. Ертеңінде таңертеңгі тамаққа интер­
наттың асханасынан тамақ ішкелі бардық.

Тамақ ішетін столға отырып едім, қарсы алдыма келіп,
жаздыкүні мен Қапайың үйінде қойшы болып жүргенімде,
Жазотырдан келдім деген қыз отырды. Қапайың әкемнің
әпекесі болады, әкем соғыстан жаралы келіп қайтыс

болған, жазғы демалысқа келдім, атым Сара деп таныс­
тырған. Менің атым Пионер дегенде, сенбей Қапайыңнан
сұрап барып бірақ сенген. Өзі менімен жасты, екі айдай
Қапайың үйінің жұмысын бірге істеп, жұмыстан қолымыз

босай қалса бірге ойнайтұғымыз. Сол Сара алдымда отыр.
Жылы жүзбен сен де келіп қалыпсың ғой, нешінші сыныпта
оқисың дегенде, бірінші деп елегізіп дауысым әрең шықты.
Сен нешінші сыныпта оқисың десем, төртінші дейді. Сара

әңгімесін жалғастырып бірінші мен үшінші бір сыныпта
оқиды, екінші мен төртінші бір сыныпта оқиды. Сен екінші
сыныпта оқитын болсаң, бір партада отырып оқитын едік
деп өкінгендігін білдірді. Онда мен екіншімін деп сенімен

бірге отырып алсам, білмегенімді үйретесің бе деп едім,
жарайды, үйретем деді. Үйретсең екінші сыныптан оқимын
деп, Сараның қасына барып отырып алдым.
Екінші сыныпқа отырып алғаным болмаса, көп нәрсені

білмей, бір-екі ай қиналдым. Күндіз-түні білмегенімді
мұғалімдерден де, балалардан да, әсіресе Сарадан жалық­пай
сұрай беріп, қыс ортасынан ары жақсы оқитын бала­лардың
қатарына қосылдым.

Сабаққа үлгеріп, келген жұмысымыз біткендей болып
жүрміз. Бірақ менің шешемді сағынып тыныштығым
кетіп жүр. Жатсақ болды, Жаңажол ағамның төсін сипап
ұйқы бермеймін. Тыныш бермеген соң, бүйірімнен бірер

түйгіштеп алып, «мә, еміп ал» деп төсін ашып береді. Күшік

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
құсап төсіне жармасып еміп жатам, ойдағыдай болмай
жылап жатам, сөйтіп жүріп бір жылды өткіздім, он екі
жасқа толғанда екінші сыныпты да бітірдім, омыраудан да

шықтым. Сол жылы екі ағам бірінші сыныптарын бітірді де,
қайтып мектеп бетін көрген жоқ.
Оқу жылы біткен соң, Октябрь ағамыз Қалғұтыдан салт
атпен келді де, колхоздан сұрап алған асау құнан-дөнен­

дерді жылқыдан ұстаған бойы екіден мінгестіріп, үйге алып
қайтты. Асаулар бірінші мінгенде мөңкімекші болса да, жүгі
ауыр болғандықтан біраздан кейін бастығып жүріп кетті.
Жол қонып, ерсіз жайдақ мінген, бірде жаяу, бірде атпен,

қинала-қинала үйге аман-есен жеттік.
Үйде біраз күн болдым да, Қапайың үйіне жаздай қой
жайып, оқуға кетер алдында ғана үйге келдім.
Келесі жылы оқуға жинап, Жазотырдан ешкім келмеді.

Келмегеніне оқуға барғысы келмейтіндер қуанып жүр.
Оқуға барғысы келетін төрт-ақ бала бармыз. Уақытша
төреміз кетіп, Қалғұтыны бала жасынан мекендеген Кәки
деген азамат бастыққа тұрыпты. Бізді іздеп, оқуға апарыңдар

дейтін уақыт өтіп кетті. Енді өз бетімізбен баратын көлікті
Кәки беріп, балаларды жеткізіп келіңіз деп баяғы Мамаңды
сұрап, төрт баланы оқуға аттандырып салды. Балаларды
оқуға әкелген Мамаң былтырғыша интернатқа тоқтады.

Тосып тұрған адам жоқ. Күн кеш болып кетіп, қонатын үйді
әзер тауып қонып шықтық.
Ертеңінде:

– Сендер осы арадан ешқайда кетпеңдер, мен Төкен

директорға барып келейін! – деп Мамаң кетіп қалды.
Түстен кейін келген Мамаңның өңі жаман, бірнәрсеге
ренжіп келгені білініп тұр. Шешініп отырып шайға шөлін
қандырып алып, – балалар бәріміз үйге қайтатын болдық,

сендерді асырайтын интернатта тамақ жоқ дейді, таңертең
қайтамыз, – деп жата кетті. Түйемізге мініп, тағы бір күн
жол қонып Қалғұтымызға келдік.
Бізді оқуға алмаған себебі былай болса керек. Төкен

былтыр Қазақстаннан жаңа келген директор Жазотырдың

Пионер Мұхтасыров
бастықтарымен ақыл қоспай, балалардың барлығы оқуға
қамтылу керек деген заңға сүйеніп, Қалғұтыдағы балаларды
зорлықпен алып келіпті. Заң алдында Төкендікі дұрыс. Бірақ

Жазотыр ауыл кеңесіне Қалғұтыдағы аз ғана елден басқа, үш
кохоздың елі қарайды. Куйбышев атындағы колхоз, Қызыл
Аргут атындағы колхоз және Жазотырдың ауылы тұтас кіріп
отырған Киров атындағы колхоз. Ол күнде колхоздарда кіріс

жоқ, халық аш-жалаңаш, қазынаның малын бағып отыр­
ған айлығы бар Қалғұтының елі емес. Төкен ең алдымен
колхозшылардың балаларын оқуға жинап, интернатқа алуы
керек екен. Үш колхоздың балалары орналасқаннан кейін,

интернатта орын қалса, Қалғұтының балаларын мүмкін
алуға болар деген жергілікті бастықтардың шешіміне
шарасыз бағынған.
Былтырғы Мамаңды топассыңдар деп айтып жүрген

Төкен жыны алынған бақсыдай жұп-жуас, Мамаңнан
кешірім сұрап әлек болыпты. – Оқытам көздеріңді ашам
деп, оқудың дәмін зорлықпен татқызып алып, ал енді
өзіміз келдік дегенде, керек жоқсыңдар оқуға алмаймыз,

қайтыңдар деп айтқан, маған оңай тиіп тұрған жоқ. Өзіңізден
де, балалардан да кешірім сұраймын. Жағдай осылай! – деп
жөнін айтқан соң Мамаң қайтеді, балаларын алып үйге
қайтыпты.

Ағаларым да, шешем де, енді оқудан қалдың, Қапайың
үйіне барып малын бағысып отын жағысып жүресің, үйге
келіп тұрарсың деседі.
Мен қайткен күнде де оқуға барғым келеді, бірақ қайда

барып оқисың деген сұраққа жауап жоқ. «Қосағашқа
барып бағымды сынап көрейін, оқитын жерді өзім іздейін,
рұқсатыңды бер» деп, апама жалынып, жылап сұранғанымды
қоймадым. Апам бір тиянақ қылар жер жоқ, қаңғырып

жүріп аштан өлесің ғой деп жібергісі келмей, өзіммен бірге
жылайды. Бір күні таңертең тұрсам Апам әкемнен қалған
таутеке тонды кішірейтіп тіккелі қолға алыпты. «Оқу
оқимын деп болмадың, қайтем жолыңа кедергі болмайын,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
батамды беріп аттандырайын деп, саған әкеңнің тонын
кішірейтіп тіккелі отырмын»,– деді. Екеуіміз құшақтасып
алып, жылап-жылап мауқымызды бастық. Екеуіміз отырып

Қосағашта қайда тоқтауға болады, кімнің үйіне барса бір
шыны ыстық шайға шамасы келеді, ағайын-туған, нағашы-
жиеннің бәрін есепке алдық. Сонда бір қонып шығарлар
бар болса да, үйіне тұрғызып оқу оқытатын шамасы бар

үйді таппадық. Ақырында нағашым үйінен басқа тұрар
жер жоқ дегенге тоқтадық. Үйде отырып нағашым үйінің
балаларының көп екенін, жағдайларының ауыр екенін
білеміз. Ол үйге тұруды ойлағанда үйде отырып қарның

ашады. Ойлай-ойлай тығырыққа тірелгенде апам оқуды қой
дейді, мен көнбеймін. Тәуекел деп қазан айының он бесі
мөлшерінде оқу оқитын болып, Арғымжы заставасының
машинасының үстімен Қосағашқа аттандым. Орнықты жер

таба алмай Ақталға нағашым үйіне бардым. Ол үйдің, мені
үйіне тұрғызып оқытатын жағдайы жоқ.
Нағашым Әбіт:

– Бір жұма осында бола тұр, интернаттың бастығымен

cөйлесіп көрейін, біздің үйде жатып, интернаттан тамақ ішіп
тұрсын деп сұрайын! – деді. Нағашы апам менің шешемді
«мисыз екен ғой» деп ұрсып қояды. Балаларды аштан
өлтірмейін деп, тамағын асырайтын жерге барып алып, оқу

дегенді қайдан шығарып жүр. «Қой бағып көтен жеген озар»
деген қайда, мына жиен аштан өлмей тұрғанда үйін тауып
алғаны жөн десе, нағашы атам бір лажы табылар деп қояды.
Тосқан бір жұма да өтті. Интернаттан тамақ тимейтін болды.

Нағашы атам отырып маған тағы бір жол сілтеді.

– Көкруде әпеке, жездең бар екенін білетін шығарсың,

сонда барып көрсең қайтеді, – деді. Апам екеуіміз үйден
шықпай тұрып ол үйді есепке алғамыз. Ол үйде үлкен
әкеміздің кенжесі, әпекеміздің кенже бауыры тұрып оқып
жатыр. Жездеміздің Сібірдегі Нарын деген жерде айдауда

жүрген жерінен қашып келген жеңгесі, екі қарындасы
қолында, оның үстіне өздерінің екі баласы бар. Бірақ басқа
барар жер қалмағанда «жә барайын» дедім.

Пионер Мұхтасыров
Қарашаның басында жездемнің үйіне бардым. Жездем
қыдырып келген шығар, бірер күнде қайтар деп ойлап
жүріпті. Менен қайтатын белгі көре алмағанда, әпекемнен

Пионер қашан қайтқалы жүр деп сұрайды. Әпекеміз
Пионер осында тұрып оқысын деп айта алмай жүрсе керек,
сол ойын жездемізге жеткізгенде ол кісі қабыл алмапты.
Күндіз жездеміз жұмыста магазинде сатушы болып істейді.

Мұнда тамаққа көп қысылмайды, үйлері өте тар. Солай
бола тұра әпекеміз маған жаны ашып, түнде төсекте
жатқанда жездемізге «мұны қайда қаңғыртамыз, Кішкене
ағамның кенжесі ғой (менің әкемді Кішкене аға деуші еді)

қысылып қымтырылып қыстан шығармыз» деп жалынып-
жалбарынып жатқанын естіп жатушы едім.
Бір күні менен екі жас үлкен ағам, таңертең:

– Жүр мектепке барамыз,– деді. Жылдам киініп қасына

ердім.

– Сен алтай тілін білесің бе? Мұнда алтай тілімен сабақ

беріледі,– деді.
Мен:

– Білмеймін, бірақ оқып кететін шығармын,– деймін.

«Менде сөмке, дәптер, қалам, сия жоқ, қалай құр өзім
барам» десем:

– Бүгін алтыншы қараша тойдың алды, бірер сағатта

сабақ бітеді. Сен тегін барып мектеппен танысасың, мен
сабақтан шыққанша бос балалармен ойнайсың, жездем
дүкеніне барасың, мен шыққаннан кейін бірге қайтамыз,–
деп сабағына кетті.

Балалардың көбі сабаққа кіріп кетті. Мектептің арт
жағында бес-алты бала асық ойнап жүр екен. Біреуі маған
жақындап, біреуді іздеп жүрсің бе, әлде ойнағалы тұрсың ба
деп тұрған шығар деп сақамды иіріп ымдадым. Менің асық

ойнайық деп тұрғанымды олар да түсінді. Ойынның қызығына
түстік те кеттік. Бірқанша асықты ұтып алып, қайта өздеріне
құртқа айырбастап, ойынды одан ары жалғастырдық. Ойнап
жүргендер қайта ұтылып бара жатқанда, мынаның сақасына

қорғасын құйылған, сондықтан бұл ұтып жүр, ол сақаны

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жоқ қылу керек деп ала қашты. Мен тұра қудым. Қуып
жеттім. Екеуіміз жұдырықтасып бастадық. Менің төбелесіп
жатқанымды ағам да көріп жүгіріп келді. Ол келгенше

менімен төбелескен баланың мұрны қанап қалды. Басқа
балалар да жиналып қалды. Ағам балаларға бірдеме деді
де, мені жаққа бір періп жетектеп алып кетті. Мен «сақам,
сақам қалды» десем, ағам «мә, саған сақа!» деп жұдырығын

көрсетеді.

– Үйге қайт, мұнда жүрсең сақаңды іздейсің, саған олар

бере қоймайды, сақаға таласып тағы төбелесесің.

– Мен барғым келмей тұр.

– Кет деген соң кет, мен өзім сабаймын, тимеңдер деп

олардың көздерінше сені бір пергенім сол, енді кет!– деп
болмаған соң, сүртиіп тәтеме келдім.

– Неге ерте келдің, Пиян қайда? – дегенде,

– Ол сабақта, маған қайт деді, мен қайттым,– деп

міңгірлеп тұрмын.

– Түрің жаман ғой, бірдемені бүлдіріп келген жоқсың ба?

Мойнымды ішіме тығып «жоқ» деймін. Тектен-тек ерте
келмегенімді тәтем біліп тұр:

– Жездең келсе ұрсады ғой,– деді де өзінің істеп жүрген

үй жұмысына айналып кетті.
Пиян мектептен келген соң, менің төбелесіп келгенімді
бәрі естіді. Естіп қана қойған жоқ Пиян ағам бұл мұнда
оқымай кетсін, мынау үшін пәлесі маған тиді. «Қайдағы

тентек
баланы
әкеліп
балалар

ортасында
төбелес
ұйымдастырып жүрсің» деп, интернаттың тәрбиешісі маған
ұрысты»,– деді.

«Енді екі-үш күн оқу жоқ, Октябрь мерекесінің тойы,
Қосағаш жаққа біреулер жүрсе, Ақталға дейін жеткізе
кетіңдер дермін, аттандыру жағын өзім ойластырам»,– деді
жездем.

Мені Ақталға жеткізу онша қиын жұмыс болған жоқ.
Жетінші қарашада таң ағармай, «Ақталға баратын бала
қайда?» деп бір адам жетіп келді. Мен жылдам киініп далаға
шықсам, ерттеулі екі ат тұр. Біреуіне иесі мінді де, екіншісіне

Пионер Мұхтасыров
мен міндім. Күзгі қатқан семіз аттармен қатты жүріп келіп,
Дұздұттың суына салынған көпірге жеткенде ғана аттың
басын тарттық. Көпірдің үстінде толтыра ағаш салынған

арба тұр. Көпір тар, арбаның қасынан салт мініп жуас атпен
өтсе өткендей. Біздің астымыздағы семіз құр аттар арбаға
жақындамай қойды.
Көпірдің аяқ жағында өткел бар екен, бірақ екі шеті

мұз, тағасыз ат тайып жығылғандай, ортасынан аттың
бауырынан келетіндей өзен суы ағып жатыр. Аттар сенімді,
тебініп суға түсе кеттік. Менің астымдағы ат түнімен шөпте
тұрып шөлдесе керек, суға аяғы тиер-тиместе қатты еңкейіп

қалғанда ермен бірге мен де суға бұрқ ете түстім. Ер аттың
мойнына кетіп қалған екен, мен оны білмей жүре беріппін.
Басымнан екі қолым бұрын судың түбіне тірелгенде басымды
көтеріп қарасам, белуардан судың ішінде тұрмын. Менімен

бірге келе жатқан кісі маған қараған жоқ, судан шы­ғып алып,
артқа қарай қашқан атты қуып кетті. Маңайыма қарасам
судың жағасында тоқым жатыр, ердің бір бос тоқымы
болса керек, ат судан қарғып шыққанда арқасындағы

тоқым сыдырылып түсіп қалыпты. Өне бойым бәрі су, күн
суық, судан шығып әлгі құрғақ тоқымның үстіне келіп, аяқ
киімдерімді шешіп суын төктім. Құрғақ тоқым үстінде жалаң
аяқ тұрып маңайыма қарасам, көпірдің үстіне арбасын

тастап кеткендер, аттарын жетелеп арбаны жекпекші
болып келе жатыр екен. Біреуі қасындағы жолдасына ұрсып
келеді. Тар көпірді бекітіп арбаңды тастап, әне кісі өлді
емес пе деп. Мені ала кетіңіздер деп айғайладым. Біреуі кел

арбаға түс деді. Бағанағы жалғыз құрғақ тоқымды астыма
салып, жолдың шетінде екі шақырымдай жерде Әбілғазы
нағашымның екі бәйбішесі отыратынын білетұғым, сол
үйге келіп түстім. Екі нағашы апам «құдай-ау өлейін

деп қалыпсың ғой» деп, үстімдегі киімімді тұтас шешіп,
пештің қасынан төсек салып, жалаңаш етіме тон оранып,
кептірініп сол үйде бір жұма жаттым. Шешемнің әкесі
Әсейін жиырмасыншы жылы қайтыс болыпты, Әсейінмен

бірге туған екі бауыры болған. Біреуі Әбіт – менің қайта-

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
қайта тоқтап жүрген нағашы атам. Екіншісі Әбілғазы отыз
жетінші жылы атылған. Әбілғазының екі бәйбішесі бір
үйде тұрады. Екі нағашы апамның үлкенінің аты Артық,

кішісінің аты Әйнек. Сол екі нағашы апам үсті-басымды
жуып, суға тиіп құрысқан, тырысқан тонымды илеп, бір
жұмада ал енді нағашы атаңа бара ғой деп шығарып салды.
Нағашы атам үйіне қайта келдім. Нағашы апамның аузы

жеңіл кісі еді, мені көре сала, «ойбу, мына байғұс қайтып
келді ғой» дегенде, өзім де қайта келгенімді ауырсынып
келе жатыр едім, мүлдем мүсәпір болып еңсем түсіп кетті.
Бірдеме десем көзімнен жас ытқығалы тұр, өзімді-өзім

ұстап, балалармен ойнаған болып, үлкендерге қарар бет
жоқ, ұрлық істеп ұсталып қалған кісідей, теріс қарай беріп
ақырындап тоқырадым. Нағашы атама асықпай көңіл күйім
түзеліп, жайғасқан соң, басымнан кешкендерімді толық

жасырмай жеткіздім. Нағашым таза тыңдап алған соң, «әлі
де суішкілігің бар екен, құдай сақтап бір өлімнен қалыпсың,
үнемі жамандық бола бермейді, уайымдай берме» деп
ақылын айтты.

– Сен кешігіңкіреп қалғанға жездең үйінде оқитын

болған екен деп ойлап едім, сөйтсем ол уақытта сен өмір
мен өлімнің ортасында жүріпсің ғой, енді осы оқуды қойып
үйіңе қайтуды ойластырсақ қайтеді,– деді.

– Әйтеу жаз шықпай үйге жете алмайтыным белгілі, бір

жылды тегін өткізбей оқығаным дұрыс болар еді,– дедім.

– Шақшадай басың шарадай қысылып жүргеніңе қара­

май, оқығың келетінін есіңнен бір шығармайсың. Үйге
қайтайын десең де жете алмайтының рас.

– Көріп отырсам әлі де талай қиындықтарды көтеретін

күшің бар секілді. Мен саған тағы бір өңіңде көрмеген,
түсіңе кірмеген жерге барсаң жөн болар еді дегелі отырмын.
Ол – Ақтас деген жер, жау тұсында шахта ашылған, таудың
тасын қопарып, зауытқа апарып отпен өртеп, сынап ерітіп

алады деседі. Сол жерде сенің үлкен әкең Мұхтасырдың
екінші бәйбішесінен туған екі ағаң мен екі әпеке, екі жездең
бар. Сенің әлі ес біле қоймаған кезіңде, олар Ақтасқа жан

Пионер Мұхтасыров
сақтау үшін барып жұмысқа түсіп кеткен. Сондықтан сен
оларды танымауың мүмкін. Сендердің ауылдың балалары
Мұхтасырдың екі бәйбішесінен тараса да, бірлігі кетпеген

ауыл еді, кет дей қоймас.

– Мұхтасыр атамның қанша баласы болған, қазір олар

қайда? – деп сұрадым нағашымнан.

– Сұрағың дұрыс, туысыңды білген жөн,– деп төмен­

дегідей таратып берді.

– Мұхтасыр атаңның үлкен бәйбішесі Қайыржаннан үш

ұлы, екі қызы болған. Үлкен ұлы сенің әкең Солтан айдалып
кетіп, сол жақта қайтыс болыпты. Енді бір ұлы Аллаберген
соғысқа кеткен, хат-хабарсыз. Кенже ұлы Пиян, өзің
көрген, жездесінің үйінде оқып жүр. Екі қыздың біреуі Қан­

шайым, өзің барып көріп келдің, енді біреуі Күмісай осыдан
екі жүз елу шақырым жердегі Онқұдай деген аймақтың
орталығында тұрады. Күйеуі түрмеде он жыл отырып келген
«халық жауы» болғандықтан, Қосағашта шекарасы жақын

жерге тұруға болмайды деп төмен түсіріп кеткен.
Атаңның екінші бәйбішесі Биғатшадан төрт ұлы, үш қызы
бар. Үлкен ұлы Құсыман, осы Калинин атындағы колхоздың
малын бағады, үйлері тауда. Екінші ұлы Құсан, атаң, әкең

үшеуі отыз жетінші жылы бірге айдалған. Атаңды сол жылы
атыпты. Құсан хабарсыз кетті. Үкімет пен Аманжол деген
екі ұлы Ақтаста тұрады. Бұлғын, Бұлбұл деген екі қызы да
Ақтаста. Алтынай деген қызының күйеуі айдаудан келіп,

мұнда тұруға болмайтын болып Онқұдайда тұрады. Алланың
жазуы шығар, екі бәйбішесінде екі үй, бөлек шыққан үш
отауы қасында, өзінен он екі бала, немерелерімен отыздан
асатын жан, осы Ақталда бір ауыл болып отырушы еді. Сол

атаңның ұрпағынан, осы ауылда бір отбасы қалмады. Соның
барлығы соңғы он шақты жылда болған қасіреттен. Ұрпағы
торғайдай тозып, әр жерде жүр. Көңілге бір дәнекер болары,
көбі көз көріп құлақ еститін жерде. Осы бір халықтың

басына түскен ауыр заманда, артына ұрпақ қалмай түтіні
өшкендердің санына жете алмайсың. Сенің нағашыларың,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
менің немере аға-бауырларым өскен ауыл едік, осы кезде
өшкен ауылдың қатарына қосылдық. Ойласам өзегім
өртенеді, ат айналғысыз құлжабайлар бірнеше ауыл болып

отырушы едік, көбі бала-шағасымен айдалып жоқ болып
кетті. Сендердің ауылдың үлкендері айдалса да, бала-шағасы
айдалғаннан аман, артында қалған ұрпағы баршылық, оған
да шүкіршілік. «Әкесіз жетім – жарты жетім» дейді халық.

Сен шешеңнің арқасында, жарты жетім болып, оқу оқимын
деп талаптанып жүрсің. «Ораза, намаз тоқтықта» дейтін
нақыл бар. Оқу іздеуді соған салыстыруға болады. Сен екі жүз
шақырымнан оқу іздеп келіп жүрсің. Осы ауылда отырып,

есігінің алдындағы мектепке бара алмаған қанша бала бүгін
лажсыздан үйлерінде отыр. Мектепке киіп баратын киім­
дері жоқ. Мына заманда ар сақтап, оқу оқып өнер із­дейтін
заман емес, жан сақтайтын заман. Мұнда жүріп аштан

өлетін болған соң, заң орны панасыз жетімдерді жинап,
балалар үйіне әкетті. Сен оқымасын деп емес, заманың
оқуға шамаңды келтірмей тұрғанда, үйіңе қайтқаның дұрыс
болар деп ойлап едім. Бірақ, жол ауырлығымен есептеспеуге

болмас, енді үйді қойып Ақтасқа қалай жету керек соны
ойластырып көрейік, – деді.

– Кеше құдамыз Бабағұмарұлы Туысқан Қосағаштан

келдім деп, атына таға соқтырып алмақшы болып, отырып
әңгімелесіп кеткен. Туысқанның айтуына қарағанда Ақтаста
жұмыс істейтін қазақтар саны жылдан жылға көбейіп бара
жатса керек. Оқу жасына жеткен балалар да бар екен.

Ақтасқа мұғалімдікке Жазотырдан Смағұлұлы Кәсмәрән
барып оқытып жатыр деп естіпті. Кәсмәрән – бала­ларға
жайлы, білімді мұғалім. Ол кісі өзіміздің Қазақ мектебінің
директоры

болып
істеген.
Партияның
нұсқауымен,

Жазотырға директорлық қызметке алып кеткелі үш-төрт
жыл болып қалды. Ертең Туысқан тағасын алғалы келеді.
Сен менің тілімді алып, тәуекел, Ақтасқа барып оқып
көрейін десең, Туысқанға тапсырам, сені мінгестіріп ертең

ала кетіп, танитын біреулермен Ақтасқа баратын мәшінге
отырғызып жібер деп.

Пионер Мұхтасыров
Туыстарың сені танымаса да әкеңді жақсы таниды.
Қазақ әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін дейді. Сенің
әкең баланың үлкені болды, бауырларына, қарындаста­рына

қол ұшын беретін жағдайы болды. Бірқаншасын аяғына
тұрғызды, олар оны ұмыта қойған жоқ.
Басқа барар жер, басар тау қалмағанда бармаймын деп
қалай айтасың, ақырын ғана «жарайды» дедім.

Нағашым айтқанындай ертеңінде Туысқан келіп тағасын
алып, мені артына мінгестіріп Қосағашқа алып кетті.
Бір күні кешке Туысқан:

– Көлік те, сені туыстарыңа түзу апаратын кісі де та­

былды, – деді. Тәуекел деп ертеңінде машинаның үстімен,
бір жүз он шақырым жердегі Каташ деген поселкеге
жетіп, мені ертіп бара жатқан Әнуәрбек деген кісінің орыс
танысының үйінде қондық. Таңертең тұрсақ, түнде қалың

қар жауып қалыпты.
Баратын
жеріміз
ортаңғы

Ақтас
поселкесі,
ылғи
өрге жүріп, алты километр жер жүру керек. Машина

жұмыс күндерінде ғана жүреді екен. Біз демалыс күніне
кез болыппыз. Әнуәрбек келіншегімен екі жасар қызы
бар, менімен төртеуміз, қалың қар басқан ескі жолдың
сорабымен жолға шықтық. Қысқы ауыр киім, Әнуарбек

баласын көтеріп алды, қыдырған әйелдер қапсыз жүретін
емес, маған бір қапты көтертіп қойды. Алты шақырым
жолды жеті сағат жүріп, ортаңғы Ақтасқа да жеттік. Күн
батқалы қалғанда жетіп, әйтеу жарықта ағаларымның үйін

тауып алдым. Ағаларым, әпеке жезделерім бөтенсіген жоқ,
жақсы қарсы алды.

– Қыс ортасында оқуың не? – деген сұраққа үйден

шыққалы айдан асқан уақытта тұрақты оқу оқитын жер таба
алмай, бастан кешкендерімді айтып беремін. Әпекелерім
жандары ашығандықтарын білдіріп, «қаңғырған сорлы-ай,
байғұс-ай, өлімші болыпсың ғой» десіп мүсіркеген болып,

өзі жүдеу көңілді жүдете түседі. Үйден аттанғалы тойып
тамақ ішпеген, көрінген үйде жүріп, жүдеп қалған кейпімді
әпекелерім тіпті өңдеп қояды. Мойның ырғайдай, битің

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
торғайдай болғанша ел аралап, оқу іздеген, сенің қай теңің
еді. Енді біраз нағашыларыңда болсаң қыстан шықпайтын
едің. Мұнда да оқу оқып жарымассың, үш ай оқудан қалып

қойдың. Әйтеуір келгенің дұрыс болды, тамағың тоқ болар
десіп, моншаға түсіріп таза киіндіріп оқуға жіберді.
Туыстарымның жағдайлары шүкір екен, шахтаның
жұмысы ауырлығына байланысты жұмысшыларды күшті

тамақпен асырайтын көрінеді.
1950 жылы қарашаның жиырма екісінде, үшінші сынып­
тан оқитын болып Ақтастың бастауыш мектебінің қазақша
сыныбына барып отырдым.

Мұғалім өзіме таныс, Жазотырда оқытқан Смағұлұлы
Кәсмәрән. Бір бөлмеде он тоғыз бала оқимыз. Жетеуі
бірінші сыныптан, алтауы екінші сыныптан, алтауы үшінші
сыныптан оқитын балалар.

Бәріміз сыныпта бірге отырамыз. Мұғалім қара тақтаны
бормен үшке бөледі де, үш сыныпқа арналған тапсырманы
өз бөлшегіне жазады. Балаларда қағаз, қарындаш, қалам
сиядан басқа ешнәрсе жоқ. Сабақ қазақ тілінде жүреді.

Ақтас поселкасы пайда болғалы балалардың оқу оқығалы
партаға отырғандары осы жылы ғана екен. Үшінші
сыныптағы алты баланың төртеуі ер бала, екеуі қыз бала.
Төрт ұлдың екеуі жарты жетім, екеуі тұлдыр жетім. Ұлдардан

үлкеніміз Лев менен екі жас үлкен. Әкесі Құсан айдалғанда
бір жаста қалыпты, шешесі өзі туған жылы қайтыс болыпты.
Екі қыздың әке-шешесі бар, еркелеп өскендері білініп
тұрады, кітаптары бар секілді, тентек ұлдарға көрсетпейді,

сыныпқа әкелмейді. Мұғалімнің өзі де Жазотырдың жаңа
директорымен келісе алмай өз жерінде орын тимеген соң,
еңбек өтілім өлмесін деп, жайырақ болса да келе салған, оқу
қыркүйектің аяғында басталыпты. Бір де пәннен кітап жоқ,

мұғалім сыныпта ауызша айтса ұққанымызды ертеңінде
айтып береміз. Жазушасын сыныпта жаздық болды, үйде
тапсырма бітіріп әуре болмаймыз. Оқу жеңіл, ойын ойнауға,
жұмыс істеуге уақыт бар. Кәсәң мұғаліммен мектептен тыс,

үйде де кездесіп тұрамыз. Тұрмыс жағдайымыз тең деуге

Пионер Мұхтасыров
болады. Мұғалім де жеңгесінің үйінде пәтерде тұрады.
Алыстан балалар оқытқалы келген мұғалім деп, оның үстіне
жас кездерінде Ақталда бірге өскендерін ескеріп, ағаларымыз

бен жезделеріміз асқа шақырып тұрады. Сол кездесулерде
мағыналы әңгімелерін айтып, тәлім-тәрбиеге көңіл бөліп,
мұғалімдік парызын ұмытпайтын кісі еді. Оқыған парасатты
адам деп ақтастықтар өз білгендерінше сыйлады.

Аға-жеңгелер, әпеке-жезделер жас балалы. Лев ағам
екеуіміз солардың еркелерін көтереміз, отымен кіріп, суымен
шығып, қолдан келген жұмыстарын бітіріп, алғыстарын
алуға тырысамыз. Ақтаста тамағымызды асырап, мұғалім

оқытқан болып, балалар оқыған болып, әрқайсымыз келесі
сыныпқа көшкен болып, оқу жылын бітірдік.

– Ақтаста келесі оқу жылында қазақша оқу болмайтын

болды, оқығысы келетіндерің орыс мектебінде оқуларыңды
жалғастырасыңдар. Оқығысы келмегендер үшін осы алған
азғана білімдерің өмірлеріңе азық болсын, – деп Кәсәң
мұғалім бізбен де, сондағы елмен де қоштасып бірақ кетті.

Алланың бұйрығынша Жазотырдан, Кәсмәрән мұғалім
Ақтасқа барып қалып, үшінші сыныпты бітірген деген бір
жапырақ қағазымды алып, жаз ортасында Қалғұтыға әрең
жеттім. «Жылға таяу қаңғырып жүрдің, сонда не бітір­

дің көрсетші!» – дейді ағаларым. Сонда Ақтаста үшінші
сыныпты бітірді деген қағазымды көрсетсем, «ондай
қағазды үйде де жазып беретін едік, мына бір жапырақ
қағаз үшін жоғалтқан, қайран уақыт!» десіп, мазақ қылып

күліседі. «Енді қой жайғаннан қашып бара қояр жерің
қалған жоқ. Көкруге бара алмайсың төбелесіп қуылыпсың,
Ақталда тұратын жер жоқ, Ақтастың оқуын бітіріп, қайта
бармайтын болып бірақ келдің, Жазотыр интернатқа алмай

қуып жіберді, оқу осымен бітті, қойыңды жайып, тамағыңды
асырап жата бер», – десті ағаларым.
Ағаларым айтқаны тегін әңгіме еместігіне екі-үш
күнде көзім жетті. Стахан ағам апама қараған қойды баға­

тын болды, Жаңажол ағам жылқы бағып бие сауғызатын
болды. Октябрь ағам Кәсіпті алатын болып, Кәсіп бағып

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жүрген бір қора қой менің еншіме тиетін болып шешіліп
қойыпты. Тілдерін қайтарар шама жоқ, Қапайыңның
қойшысы болдым да кеттім. Қапайың көңілді, бір ұлды

болды, онысы менмін. Қызын ұзатты, Октябрь ағам алды.
Келінді үлкен үйге түсірді. Қосағаштан үлкен шешемізді,
кенже ұлы Пиянды өткен жылы көшіріп әкеліп Октябрь
ағамыз қолдарына барып алған, өз алдарында бір қора қой

бағады. Екі шешеміз де қуанышты, жетімдік пен жесірліктің
зардабынан көз жастары құрғамай, келешектен үміттерін
үзіп жүргенде, келін түсіріп, «орнында бар оңалар» деген
осылай болады екен ғой десіп, құдайға шүкіршіліктерін

айтысып, қуаныштарында шек жоқ.
Күзге таяғанда Қапайыңа:

– Жаздай қойыңызды бақтым, енді оқуға баратын уақыт

таяп келеді, қойыңызды кім жаяды? – дедім.

– Мынауың не дейді, Кәмән маған сені малшың да осы,

жалшың да осы, қызыңды берсең болды, қызың кетсе ұлды
боласың деген соң көнгем, ондай болса қызымды әкеліп
алам! – деп шарқылдап жүр. Ертеңінде мен қой жайып
кеткенде апама барып келіпті, «қызын әкелген жоқ, сен

оқитын жер жоқ бармайды дейді ғой апаң» деді маған. Мен
оқудан келген бойы сізге қойшы болып кеттім, апаммен
оқу керегінде сөйлесе алғамыз жоқ, мен барам десем апам
ұстамайды, «оқуға Жазотырға барып көреміз, Кәсмәрән

мұғалім қолымнан келгенінше болысам деген» дедім. «Кісі
баласы кісіге қайдан бала болсын, балаң болады дегенге
сеніп жүрген өзімде ми жоқ» деп бір жылап алып, жөнге
көшті. «Жазғы мал болмаса, қыстыгүні мал бағуға сен

жассың, мен кәрімін. Октябрь мен Кәсіп бір ыңғайын табар,
оқитын болсаң жүре бер, оқудан келгенде жаздай болысып
жүрсең де болады» деді. Ертеңінде қойды ертерек маңайға
әкелдім де, апама бардым. Қапайыңмен болған әңгімелерді

қозғап, келешек оқу жайында көп әңгімелесіп, Жазотырға
бір барып көретін болып келістік. Күзге таяу бие ағытылды,
шөп шабылды, ағаларыма жылқы бағу, қой бағу қалды.
Мен оқуға кетсем де мал бағылады. Оқуға бірге кетейік деп

Пионер Мұхтасыров
Пиян ағамды азғырам. Пиян төртінші сыныпты Көкруден
бітіріп келген. Көкруде бастауыш мектеп қана. Жеті жыл­
дық мектеп Ақталда және Жазотырда ғана. Екеуімізге Шүй

бойында оқитын жағдай жоқ. Енді барсақ Жазотырға ғана
бару керек, биыл тағы алмай қоя ма белгісіз. Биыл алмай
қойса, жеткен жерің үш сынып, оқудан үмітіңді үз деген сөз.
Қалғұтыдан

оқуға
баратын
Пиян,
Сейіл

есімді
Мамырғазының ұлы үшеуіміз ғана. Оқуға апарамыз,
апармаймыз деп жүргенде қыркүйек айы да бітті. Октябрь
ағамыз, қазан айының басында үшеуімізді атпен Жазотырға

тәуекел деп алып барды. Мектептің директоры баяғы Төкен
ағамызды «тағы келдіңдер ме» деп қарсы алыпты.

– Қорықпаңыз, әкелгенім үш-ақ бала, – дегенде Төкен:

– Үш бала болса ойлануға болады екен, ертең шешімін

айтайық, – депті. Ертеңінде мектепке директорға үшеуіміз
де бардық. Бізді отырғызып қойып, кабинетіне мұғалім­дерді
шақырды. Келгендердің ішінде Кәсәң мұғалім де бар. Кәсәң
мені таныды, жылы жүзбен сәлемімді алды.

Директор сөз алып:

– Ат арытып, тон тоздырып дегендейін, алыстан үш бала

келіп қалыпты, интернатта орын бар ма, бұларды биылша
алсақ қайтеді, не айтасыздар? – деді.
Интернаттың бастығы:

– Орын бар,– деді.

– Мына балалар оқитын жер іздеп әуреге түсіп жүр, оқуға

ниеттерін берген, оқысын, алайық, интернатта орын бар
деп тұр ғой,– деді Кәсмәрән мұғалім.

– Сіздердің балаларды интернатқа алайық, оқытайық

дегендеріңізге мен де қосылам. Бұл балаларды ұялға­ны­мыз­
дан алатын жөніміз бар. Ит арқасы қиядан, жоқ заманда
ат көлік тауып келгенде, биылша оқысын. Келешекте бес
жылдай уақыт келмеңдер, келсеңдер қайтаруға ұялмаймыз.

Келесі жылы келмеңдер деген сөзді естіп отырсыңдар,
осы айтқан сөзіме мұғалімдер куәгер боласыздар. Осы
келгендерің соңғы келіс болсын! – деген тежеумен Төкен
сөзін бітірді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Құдай қолдап, интернаттың тойғызып жібермейтін,
аштан өлтірмейтін тамағын қанағат қылып, оқуымызды
жақсы бағамен бітіріп шықтық.

Үйге келсек Октябрь ағамыз бір ұлды болыпты.
Бауырымыздың атын Бекмұрат деп үлкен апасы қойыпты.
Бәріміздің астымызда мініп жүрген қазынаның аты бар,
алдымызда бағып жүрген қазынаның малы бар, тамағымыз

тоқ өмір сүріп жатырмыз.
Жаздай үйреншікті бір қора қойды өзіміздің үйде бағып,
күзге таяғанда тағы оқимын деп апамның басын ауыртып
бастадым. Ақтаста оқу жоқ, Жазотыр енді интернатқа

алмайды, Ақталдан басқа барар жер жоқ.
Тәуекел деп, екі жыл өткен соң нағашым үйіне қайта
келдім. Екі жылдың ішінде нағашым үйінде көп өзгерістер
болыпты.

Ұлдары
ержеткен,
біреуі
әскер

қатарына
алыныпты, біреуі колхоздың малын бағып кетіпті, бір қызы
күйеуге тиіпті.
Нағашым амандасып жөн сұрасып болған соң, неге

келдің демей-ақ, сөзді өзі бастап кетті.

– Сенің оқығалы келгеніңді біліп отырмын, біздің

жағдайға шыдаймын десең осында тұрып оқи бересің, жоқ
шыдамаймын десең, оқитын басқа жер іздейсің. Ержеткен
балалар әр жағдаймен орындарын тауып кетті. Дәмің
тартып біздің күнкөрісімізге шыдаймын деп тұрып жатсаң,

осы үйдегі балалардың үлкені сенсің. Үлкен болған соң
саған салмақ түседі. Өзім таға соғам, пеш істеймін, басқа
да қара темірден халық нені керек қылады, соны істеймін.
Кемпірім балға соғады. Он екі жасар ұлым Қайырбай көрік

басады. Осында тұрып оқып жатсаң, сен де көрік басып
үйренесің. Жеті жасар немерем Қайырбек, Сегіз жасар
қызым Шәмшә оқу оқиды, үй жұмысына апасына болысады.
Қолымызда бағып отырған жетпіс-сексен қошқар бар, қазір

қошқарлар қойға қосылған кезі, тауда. Енді бір айда қолға
келеді. Қайырбай екеуің, қыстай екі жүз метрдей жердегі
атқораның қасындағы маядан, арқаларыңа көтеріп шөп

Пионер Мұхтасыров
тасып, қошқарды асырасаңдар, қошқар сендерді асырайды.
Қар кеткенде жаясыңдар. Осыған шыдаймын десең біздің
үйде тұра бер, оқуыңды оқи бер! – деді.

Шыдамағанда, басқа барар жер жоқ, енді нағашым
үйіндегі оқушы, малшы өмірім басталды. 1952 жылдың
қазан айының басында, Қазақ жеті жылдық мектебінің
бесінші сынып оқушысы қатарында партаға отырдым.

Қараша айының басында Октябрь ағам әскерге кетті,
жалғыз өзім Қосағаштан аттандырып салдым. Аналарымыз
жылап қоштасыпты.
Аналардың үрейлері ұшып, зар еңірейтіндеріне себеп

бар еді. Ел іші болғасын, біреудің айдалғандары он жыл
жүріп келіпті деп естілсе, енді біреу соғыстан жаралы
болып келіпті деседі. Ал бізден айдалған үшеуден біреу
қайтпады,

соғысқа
кеткен
Аллаберген
хат-хабарсыз

кетті. Төмен кеткендер қайта бұрылмай жүректеріне тиіп
қалған аналардың көңіл күйі маған белгілі еді. Балаларын
барсакелмеске жібергендей, бордай егілген аналарымды көз
алдыма елестеткенде көз жасымды тоқтатуға күшім келмеді.

Шүйдің қара желі атқа мініп тұрған мезгіл еді. Ат үстінде
желқақты болып, бет-ауыз көздің жасымен жолақталған,
құр сүлдер кешке үйге келдім.
Қараша айының орта кезінде Көкрудегі Қаншай тәтем

қайтыс болды. Ақтастағы ағайындармен бірге бір күрек
топырақ менен де бұйырды. Тәтем барда барар жерім бар,
көңілге медеу еді, көңіл күйге тағы бір көлеңке түсті.
Нағашымның арқасында тамақтан көп тарыққамыз жоқ.

Түнде азырақ ет пен сұлы көже, күндіз қатты құрт пен шай.
Екі-үш күн аралатып сұлының немесе жүгерінің талқаны.
Нағашым ауданға белгілі, атақты ұста кісі еді. Келімді-
кетімді кісіде шек жоқ. Нағашыма істеткен бұйымдарын

алып ақысын беріп жатады. Колхоздың бастықтары
келіп, ай бойы істесе бітпейтін тапсырмалар беріп кетеді.
Колхоздың төрелері үнемі ат мінеді, барлық атқа таға керек.
Төрт колхоздың атының тағасын даярлау оңай жұмыс емес.

Қиын да болса нағашым мен нағашы апам таңертеңнен

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
кешке дейін қара темірді қамырдай илеп іске жаратып
жатады. Еңбектерінің өтеміне, анда-санда колхоздардан
қой, тайынша келіп жатады. Келген малдың арық-семізіне

қарап жатпайды, жұтқан жұтамайды бәрі тамақ деп соя
береді. Маңайда жетім-жесірлер толы. Бауыздаған малдың
қанын жерге тамызбай бөлісіп әкетіп жатады. Кешке тамақ
түсірерде ауылдастар үйге толып кетеді. Мына бір балам

тұмауратып еді, сорпа ішсін деп әкелдім, ал мынау соңымнан
еріп қалмай-ақ қойғаны деген сияқты себептермен нағашым
үйін жатқызып бірақ кететін ауылдастар баршылық еді.
Нағашымның Әбдрәшит атты ұлы тауда колхоздың

қойын бағады. Айына бір келіп тұрады.

– Иә, әке-шешеңе қой сойып әкелдің бе? – деп нағашым

қалжыңдаса, баласы көп-көрім шамданып қалады.

– Келген сайын өстіп несін айтасың? Аштан өлуге жеттік,

үйден ет алайын деп келдім, – дейді.

– Сен қой сойып бізді асырамай-ақ қой. Осыдан бірер

жыл бұрын Жазотырда аштан өліп бара жатқанда малшылар
бір тоқты сойып жепті. Балалы үйдің ұрлығы жата ма, қой
сойған кісілер көп балалы екен, солардан естігенін біреу
колхоз бастығына жеткізсе керек. Колхоздың бастығы

ұрыларды сотқа береді. Сот тоқтыны сойған екі малшының
әрқайсысына он бес жылдан, тоқтыны бауыздап берген
кісіге он жыл беріп түрмеге жіберіпті. Бір тоқтының құнын
қырық жыл түрмеде өтейтін болыпты. Үйден ет алсаң,

қой етін алма, пәле болып жабысуы бар, сапты аяққа ас
құйсаң, сабына қарауыл қоятын заман, – деп сақтандырып
отыратын.

– Үйден тамақ апарып колхоздың қойын баққанша,

сізбен бірге істеп үйде болсам пайдам сіздерге тиетін еді.
Өзіңіз мені колхозға бере салдыңыз емес пе? – деп Әбдрәшит
әкесіне өкпелегендей болады.

– Әрине балам, сенің қасымда болғаның бізге пайдалы

еді. Жасың он сегізге толғаннан кейін сен колхоздың
баласысың, менен олар сұрап тұрған жоқ. Заң қатты,
колхоздың айтқанына көнбесең соттайды, – дейді нағашым.

Пионер Мұхтасыров Нағашым ұсталық өнерінің арқасында үйдегі ғана емес, колхозда жұмыста жүрген балаларын, күйеуге кеткен қыздарын да асырайды, көршілерімен бөліседі. Әбдрәшит колхоздан өзіне айына азыққа беретін бес келі сұлысын алып, Нағашыма тиесі сұлыны әкеліп, екі күн түйіп талқан істеп береді. Тағы екі күн отынға тал қиып әкеледі. Үйге келген талды пешке сиятындай етіп ұсақтау, үйге уақытында енгізіп кептіру – біздің жұмыс. Отынымыздың көбі қойдың қиы. Ай сайын қошқардың астын қазып, қиын кебетіндей етіп жиып қоямыз. Әбдрәшит айына бір келіп бізге болысып, өзіне тиесілісін азығын алып малына кетеді. Оқуымызды оқып, малымызды асырап қыстан шығып келе жатқанда, халыққа тағы бір қайғылы күндер туды. Бесінші наурызда оқуға барып едік, уақытында сабақ басталмады, мұғалімдер абыр-сабыр болып жүр. Сөйтсек Сталин қайтыс болыпты. Ер мұғалімдердің қабағы қатулы қайғырып жүргендері білініп тұр, әйел мұғалімдер жылап жүр. Мектепте, сельсоветте, колхозда қайғылы жиналыстар өтіп жатыр, үш күн оқымайтын, қайғылы күндер жарияланды. Сталин өлді енді не боламыз десіп, шынымен қайғырып жүрген адамдар нағашым үйіне келіп кетіп жүретін адамдардың ішінен де жиі кездесуші еді. Сәуір айының ортасы кезде Нағашым: – Қосағаштан Кәмілғажы деген кісіні алып келесің, – деді маған. Ол кісі нағашы апам Кәмидің бірге туған бауыры екен. Отыз жетінші жылғы «халық жауларын» айдағанда бірге кетіп, он жылға сотталыпты. Магаданда он жылын өтепті. Алтын қазатын рудникте он жыл істегеннен кейін, орнын ауыстыратын жұмысшы жоқ деп тағы бес жыл жұмыс істетіпті. Бірақ соңғы бес жылын бостандықта жүріп істепті. Кәмілғажы үкімет алдында барлық борышын бітіріп, Қосағашқа келіп, Нағашы атамның үлкен ұлы Жәмшит­ тікіне келіп, Ақталға келу үшін көлік тосып жатыр екен. Ақталға келгенде жездесінің үйінен басқа барар үй жоқ. Өзі­нің үйі, әйелі болыпты, бірақ баласы болмапты. Әйелі соғыстан келген біреуге куйеуге тиіп кетіпті. Жәмшит наға­

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
шымның үйінде бірер күн болса керек, амандыққа келген ел
саябыр, екеуі ғана жеке әңгімелесіп отыр екен.

– Ассалаумағалайкөм! – деп сәлем бергенімде.

– Уағалайкүмүссәләм, балам,– деп отырған жерінде

маған құшағын ашты. Мен құшағына кіріп кеткенде, әкем
ойыма түскен болуы керек, жылап жатырмын. Бұл кісі де
жылады, елді сағынып қалғандықтан жылайтын шығар
немесе артымда балам қалса өстіп алдымнан шығар еді

деп ойлады ма екен, әйтеуір құшағымызды жазбай жылап,
мауқымызды басып алдық. Жақсы, жаңа киімдер киген,
көрнекті кісі екен. Бірақ, бір аяғын сүйретіп басады
екен. Екеуіміз екі салт атпен қаттырақ жүріп Ақталға

жақындағанда, Кәмілғажы атының басын тартып:

– Мынау Бабай төбесі ме? – деп сұрады.

Мен:

– Иә, Бабай төбесіне жетіп қойдық,– дедім. Кәміл­

ғажының дауысы қатты шығып:

– Ой, Алла, Бабай төбесін де көретін күн болады екен

ғой! – деп дауыстап тұрып жылады-ай келіп. Өзі көңілі
босап келе жатқан Кәмілғажы дауыстап барып, әпекесін
құшақтаған бойы үйге кірді. Маңайдағы жетім-жесір өңкей
мұңдылар, амандасқалы тосып отыр екен, сиыр мөңіресе

жылағалы жүретіндер, зар жыласып әрең тарқады.
Күнде кешке нағашым екеуі көп әңгімелеседі. Мен
қастарында тыңдап отырам, кейде түсінбеген жерімді
сұрап та қоям. Әңгіме арасында нағашым «Сталиннің өлімі

халыққа бұдан да жаман өмірге әкеле ме» деген қорқыны­
шын Кәмілғажыға айтады.
Ол кезде Кәмілғажы «үйде бөтен кісі бар ма» деп,
төңірегін болжап алып, дауысын ақырын шығарып, «осы

басымыздан кешіріп отырған заманнан жаман заман
болмайды. Шәриғатта айтылатын ол дүниенің тозағы,
басымыздан бұл жалғанда өтіп жатыр. Біз Магаданда тозақта
жүрдік, миллиондаған халықтың көрген тозағына айтып сөз

жетпейді. Адамның өлімінің көптігі сондай, оларды жер
қазып көміп әуре болмайды, көбін тас көмірмен бірге металл

Пионер Мұхтасыров
қорытатын пештерге тыға салады. Айдалған адам­дардың
жүзден бірі еліне тірі қайтуы бар, қалғаны сонда аурудан,
ауыр жұмыстан, таяқтан өліп жатады. Орнын айдап әкеліп

толтырып жатады.
Артта қалған елдің жағдайының таза ауамен дем алып,
таза су ішеді демесек, басқа артықшылығы жоқ екен.
Мұндағы өмір де тозақ. Мен жұмыстан босағалы қағаз­

дарымды жинақтап жүргенде Сталин өлді дегенді естідік.
Түрмедегілер де естіп қуанды, бостандықтағы жұмыс­
тағыларға арақ алдырып алып тойлады. Оларды тәртіпке
салмақшы болғандарға Магаданнан ары апаратын жерлерің

жоқ, жан керек болса аулақ жүріңдер деп сақшылардың
өзін қорқытты. Ол жерде неше түрлі оқыған білімді, милы
адамдар бар. Солардың айтуына қарағанда, халықты қырып,
қинап жүрген Сталиннің өзі. Сталин жоғалмай халыққа

жақсылық жоқ десетұғын. Жазықсыз айдалғандардың құдай
тілегін берді, енді халыққа жақсылық тосуға болады» деді.
Әңгіме арасында маған қарап қояды да, «сенің аузың берік
болсын, балам» дейді.

Ақтал елінің көргенін көріп, тағы бір оқу жылды артқа
тастап, бесінші сыныпты жақсы деген бағамен бітіріп, аман-
есен үйге бардым. Былтырғы туған Бекмұрат шетпеден
шапағатшы болыпты. Пиян ағам оқитын жер жоқ, бесінші

сыныптан ары оқи алмады. Қоралы қойын жеңгесі Кәсіп
екеуі бағып, екі шешелерін асырап жандарын сақтап жүр
екен. Қойдан келгенде аға деп алдынан шығып жүрген
бауыры Бекмұраттың шетінегені ағама ауыр тиіп жүдеңкіреп

қалыпты. Басқалары шүкір аман, әскердегі ағамыздан хат
келіп тұратын көрінеді.
Мен үйреншікті қойымды үйде жаздай бағып, күзде
қайда барып оқимын дейтін емес, нағашым үйіне, өз үйіме

келгендей, алтыншы сыныптан оқитын болып тағы келдім.
Нағашыма деп колхоздың жаз шыға салып бастаған шым
үйі мен қошқар қорасы бітіпті. Жаңа қыстау мектептен
екі-үш километрдей қашықтықта, малдың жайылы­мына

жақын жерге салыныпты. Жаңа жерде Қайырбай екеуі­

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
міздің жұмысымыз көп жеңілдеді. Қошқарға арналған
шөп қораға түсірілген, малдың өрісі жақын. Мектептің
ұзақтығына шыдамасқа шара жоқ, жаның шыдайды, аяқ

киімің шыдамайды екен. Үйреншікті жұмыс, дағдылы оқу
бір қалыпша өтіп жатты.
Мен нағашымның алыс жерге жұмсайтын сенімді
шабарманы, бір жаққа шықса ертіп алатын атқосшысы

болып алдым. Бір күні екеуімізге екі атты ертте, баратын
жұмыс бар деді. Түстен кейін аттанып, онша ұзақ емес,
тегіндегі біздің қыстауда отыратын ұста Қалидің ауылына
келдік. Сақал-шашы тұтас ағарған, ақ жейде дамбалмен

құстың жұмыртқадан жаңа жарып шығарған балапа­нын­дай,
бөстегінің үстінде аппақ болып отырған Қали ақ­сақалды
алғашқы көргенім осы. Нағашым қолын алып амандасып,
ел-жұрттың амандығын айтысып болған соң, бұрынғы

бастарынан кешкендері естеріне түсіп, ұзақ әңгімелесті.
Әңгімелерінің аяғы сыбырға көшіп, бізге естірпей біраз
сөлескеннен кейін Қали ақсақал еңбектеп барып төсегінің
басынан ақ шүберекке оралған кішкентай нәрсені нағашыма

берді де, қайтарда әкеліп таста деді. Үйде үлкен кісілер келіп
әңгімелескенде, нағашым көбінде қонақтарды сөйлетіп, өзі
тыңдайтын. Жеке екеуіміз жүргенде, сөйлемегеніне қоймай
сұрақтан сұрақ тұдырып, әңгімесін айтқызатұғым.

– Алдымызда бара жатқан үйіміз – Батырдың баласы

Иманғажының үйі. Ол кісі соғыстан өкпесіне оқ тиіп жаралы
келген. Оқ тескен сыртқы ет жазылып бітіп қалған. Өкпеден
ірің ағып, кеудесіне ірің толып, дем ала алмай қиналып
жатыр. Маған келіп көріп бір лажын тауып, іріңді ағызбаса,

өлетінім ғана қалды деп сәлем айттырған екен. Ұста Қалиға
барған жұмысымыз, ол кісіден таза күмістен істеген пышақ
алдық. Сол пышақпен қабырғасының арасынан тесіп іріңін
шығармаса өледі. Осыдан екі жыл бұрын қабырғасынан

ірің ағызып жүрген тесігі тарылғанда кеңейтіп бергем – деп
әңгіме де аяқталды, біз де Иманғажынікіне жеттік.
Алдымыздан баласы шығып нағашымды аттан түсіріп
алды. Нағашым қарсы алған балаға сыбырлап:

Пионер Мұхтасыров

– Үйлеріңде, маңайда, бөтен адам жоқ па? – деп еді, ол

кісі «жоқ» деді. Үйге кіргенде биік жастыққа сүйенген ауру
ыммен ғана амандасты.
Бәйбішесі көзіне жас алып:

– Кешеден бері тынышы кетіп төмендеп барады, – деді.

– Бірге жасасқан құдам шақырған соң келдім, арты қалай

болып кетеді, сенім жоқ. Ауыздарыңа ие болмасаңдар, менің
басыма қатер. Сендер рұқсат етсеңдер ғана бастаймын! –
деп еді, жатқан кісі басын изеді.

– Қасындағылар бастай беріңіз, бізге атам айтып қойған,

– деді. Нағашым ешбір ем жақпастан қолымен мөлшерлеп

сипап тұрды да, қабырғадан пышақты тығып алды. Бәй­бішесі
тосып тұрған легенге ірің атқып жатыр, иісіне шыдамай біз
далаға шығып кеттік. Операция бітіп, алды-арты жи­налған
соң кірсек, Иманғажы жастыққа сүйеніп отыр, сусын ішті,

сөйлейді, тыныс алып жақсы болып қалыпты. Нағашым
екеміз үйге қайттық.
Жолда бұрылып ұста Қалидің үйіне кіріп, пышағын
беріп кеттік. Ат үстінде басталған әңгімемізді, кешке үйде

жалғастырдық. Халықты жасырын емдейтін хирургтер
Шүйде бар екен, оның бірі нағашымның өзі болса, енді
бірі Әлімқанұлы Сағди екен. Сағди жаудан тобығынан жа­
ралы келген, Жарқынұлы Пішәйдің жарақатталған тобығын

алып тастап түйенің жас ботасының тобығын салып беріпті.
Иманғажы да, Пішәй де көп жасап дүниеден өтті. Ауыл
докторларының ішінде Сағат ағамыз да болды. Ол ағамыз
қан қысымы көтерілгендердің басынан қандауырмен қан

алып, ауруларын жеңілдетіп сергітіп, кейбір кезде жазып та
жүрді.
Нағашымнан «күмістен ер күмістеп, білезік, сырға
сияқты әйелдерге керекті әшекейлерді неге істемейсіз?» деп

сұрағам.
Сонда ол кісі сенің айтқандарыңды істеу қолымнан
келеді. Бірақ, ұсталыққа үйренген күннен бастап ниетім
қара темірден істелетін іске ауды. Басында неше түрлі

пышақтар істедім. Үйрене келе өзің көріп жүрген халыққа

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
керекті нәрселердің бәрін істеп жүрмін. Олар көсеу,
шымшуыр, пышақ, пештің мойыны, пештің көмейі, пештің
үлкенді кішілі қақпағы, шойын пеш, қаңылтыр пеш,

аттың қысқы, жазғы тағаларын қанша істесең де жеткізе
алмайсың, тағы басқа қара темірден істелетін бұйымдар.
Осы айтылған нәрселерге сұраныс үзілмейді. Көпшілікке
керекті нәрсені істеуге күш-қуатым жетсе, одан артық

маған не керек. Халық тең емес, шаңырағының түтінін әрең
шығарып отырған жетім-жесірлер аз ба, соларға бірде тегін,
бірде арзан бағаға бере саласың. Солардың алғысының өзі
азық, «баталы құл арымас» деген қайда. Егер де мен алтын-

күміспен айналыссам төңірегіме дәл қазіргідей пайда тигізе
алмас едім. Біраз жілікті адамдардың ғана керегіне жараған
болар едім. Қара күшпен ащы терімді ағызып, қара темірді
іске жаратып, тапқан адал табысыммен бала-шағамды аяққа

тұрғыза алсам жетер, артық дәулет бас жарар деген. Күміс
секілді ақ, адал нәрсені пайдаға асырып, тойымсыз нәпсіге
құл болып, күнәға батам ба деп те қорықтым.
Қара темірден істелген бұйымға халықтың сұранысы,

әл-ауқаты төмендеген сайын аса береді екен. Отызыншы
жылдардан басталған ашаршылық ұзаққа созылды, әлі де
аяқталған жоқ. Сән-салтанат құру тоқтықта екен.
Соғыс

басталғаннан
аяқталғанша,
Кеңес
үкіметі

Моңғолдан қысы-жазы көп жылқыны Бийскге дейін
айдатып алып тұрды. Жылқы Шүй жазығына жеткеннен,
басқа аймаққа асып кеткенше түнгі қараңғылықты пайда­
ланып өзіміздің пысық жігіттер Моңғолдың жылқысына

қасқырша шүйлікті. Аштан өліп бара жатқан балаларына
дәнекер болды. Қатын-баланы асыраудың басқа жолы
болмай, ұры атанып, көбі ұсталып сотталып кетті. Кеңес
үкіметі жылқының бағасын Моңғолға ұнмен қайтарды.

Ұнды Бийскден түйемен тартты. Түйемен Бийскеден кіре
тартушылардың ішінде халқалардан басқа Шүйдің елін
танитын қазақтың керей руларынан да адамдар болды.
Олар танитындарына қол ұшын беріп, бірер табақ ұндарын

үлестіріп жүрді. Керейлер өз пайдаларын да ұмытқан жоқ.

Пионер Мұхтасыров
«Қызыл өңеш тігуге келмейді», кезінде қымбат бағаға ат-
тонын беріп, қалап зергерлерге істетіп алған күміс білезік,
сырғаларын керейлерге бір табақ ұнға айырбастады.

Жерлестерінің барлары, байлары айдалып, мал дәндері
өздеріне бұйырмай қалғанын, дүние деген қысылғанда
жанға пайдасы тимей, керісінше зияны тигенін көзбен
көргендіктен болар, нағашым мал жиғанды мақсат қыл­

маушы еді. Азды көптей көріп, «қанағат қарын тойғызар,
қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деп отыратын.
Жылдан жылға жұмысым азайып, оқуға көбірек көңіл
бөлуге жағдай туып келеді. Нағашымның қыстауының

жаңа жерге жеке салынғаны мал жағдайына да, өзіміздің
жағдайға да жайлы болды. Әдейілеп жұмысы бар адамдардан
басқа, бұрынғыдай орынсыз сапырылысқан адам жоқ.
Нағашымнан алары барлар келіп тұрады, алары барлардың

берері бар, олар құтты қонақтар.
Бұрын сирек келіп жүретін нағашымның бауыры Дала­
бай Сәлімжанұлы жаңа жұртқа қонғалы жиі келетін болды.
Далабай – Қызылтаң колхозының бастығы. Нағашым

үйі орналасқан жаңа қыстау Дұздұт суының жағасында.
Үш жыл бұрын өзім бір өлімнен қалған көпір осы судың
үстінен салынған. Колхоз бастықтары аудан орталы­ғымен
үнемі атпен қатынап тұратын болғандықтан, Қызылтаң

колхозының бастығы ауданға жұма сайын барып тұрады.
Далабай нағашым ағасының үйі жол үстінде болған­дықтан
болуы керек, айына бір, кейде екі рет келіп әңгімелесіп
кетеді.

Әсіресе қыста, ауданға кетіп бара жатып, таңертең ерте
келіп оразасын ашып, енді жиырма екі шақырым жерді
бір жарым сағат жүрсем жиналысқа үлгерем деп атта­
натын. Көбінде қайтарда бұрылмай кешке таман аттың

қатты желісімен кетіп бара жатқанын нағашым көріп
қалса, «әй, мынау бүгін бюродан аларын алған екен, ашуын
атынан алып, тебінді кетіп барады» деп отыратын. Көңіл
күйі жақсы болса, ауданнан қайтқанда ағасының үйіне

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
бұрылып, асықпай жайғасып отырып әңгімелесіп қайтады.
Көргендері көп құлжабайдың екі ақсақалының әңгімесі,
бірде аудан ішінің өмірі жайында болса, бірде өтіп кеткен

ата-бабалар, артындағы олардың ұрпағы жайында болады.
Біріне-бірі жалғасқан еліміздің трагедияға толы өмір көші,
ақсақалдардың әңгімелері арқылы көз алдымнан өтіп
жатушы еді. Сол әңгімелердің үзіліссіз жалғас табатын

жері, ата-бабасының айдауда кеткенін, өсіп келе жатқан
ұрпақ, бірінен-бірі көріп, бірінің бірі аяғынан шалған­
дары тоқтамағандығы жайында еді. Атқа мінген азамат­
тардың әртүрлі себептермен сотталмағаны кемде-кем.

Көпшіліктің мүддесін қорғау деген желеумен, арба сынса
қастық, ат жауыр болса зиянкестік, мал ауырса уақытында
емдемегендік, түйенің тұмсығы жырылса колхоздың түйесі
болғандықтан, өз түйесі болса өйтпес еді деген сияқты

жаланы жаба беру үйреншікке айланған. Ат арытпай тон
тоздырмай, колхоздың малы өсіп тұруы керек. Бала аштан
өлсе сұрақ жоқ, қозы өлсе ішін жарып көреді, мәйегінде уыз
жоқ болса, енесінің арықтығы, шөп жемеген, қойдан уыз

шықпайтынында заңның не жұмысы бар?! Қыс келетінін
бастық білген, колхоздың малы өлсін деп қастық ойлап шөп
дайындамаған, жауапқа тарту керек, соттау керек.
Халық аш, заң қатты, шөп жесең қақаласың, ұры қылсаң

сотталасың. Бірінің мінін бірі тауып азаматтар, жұмыстан
босатылып жатады, жауапқа тартылып, сотталып жатады. Іс
басына жаңа тұра қалғандар заңға жағам деп шықылықтап,
қол астындағы халықты қинайды. Қой сауғанын көрсе

көгенін қырқады, сиыр сауғанын көрсе шелегін шағады.
Жоғары тұрғанға жағып өзінше ел басқарған болып
жүргенде, сүйеніші ауысып, келесі келгеннің тілін тауып
үлгергенше, өтірігі-шыны аралас жала жабылып жұмы­

сынан босап жатады. Ат мініп ас ішкені есепке алынғанда
колхозға борышты, себебі жыл аяғында колхозда кіріс
жоқ, төре-қараның аз-мұз колхоздан алғандары келешекте
төленетін кітапшаға жазылады. Қарапайым халықтың

алғаны бастықтардың рұқсатымен болса, төрелер қызметін

Пионер Мұхтасыров
пайдаланып колхоздың малын ақшасын жеген. Колхоз
бастықтары жылда жауапқа тартылып, сотталып жатады.
Колхоздың малына қарамайтын, қастық ойлайтындар

көбейген деген әңгіме аймаққа Сорока деген бірінші хатшы
келгеннен бері еселеп үдеп кетті. Сорокаға Сауысқан
деген ат қойып алған ел, бірін-бірі қорқытса «Сауысқанға
төбеңді шоқытам» деседі. Аз күн атқа мініп ел басқарып,

не Сауысқанға шоқытып немесе ағайынның өсегіне ілініп
сотталып жатыр, сотталып жатыр. «Тырнадан би қойсаң,
басыңнан қиқу кетпес» деген заман басымыздан өтіп жатыр,
ағай, – деп өз басынан қорқатынын жасырмай айтып

отырушы еді Далабай нағашым.
Әлгі елге тырнағы батқан шолақ төренің сотталып барып,
жылын өтеп үйіне келгенде, Қайпаң барып амандасып:

– Қарағым, қол-аяғың сау, аман-есен келдің бе, сен

кетті дегенде елің бір қуанып еді, сен келді дегенде тағы бір
қуанып жатырмыз,– депті.
Бұл сөз «Қайпаң айтқан» деген атпен Шүй бойына
жайылғалы екі-үш жыл болып қалды. Естіген шығарсың,

бұл сөзден не түйдің деп нағашым бауырының бетіне
қарай­тын.

– «Сөз тапқанға қолқа жоқ», бұл күлкілі сөздің артында

үлкен зіл жатыр, бауырым. Жақсы ат мініп күнде ауданға
шапқылап жүріп жатырсың. Төрелікті бақ деп көрсең, ол
иттің қылауындай-ақ неме, күн көзі тиер-тиместе еріп
кетеді. Бастық болған оңай, бастап кету қиын екенін бастан

кешіріп жүрген шығарсың. Ерден кетсең де елден кетпе
деген нақыл сөзді халық қай кезде де ұмытпай айтып келген.
Төресіз ел бұрын да болып көрген жоқ, көреалмастық­пен
төренің аяғынан шалу – өмір заңы секілді қалыптас­қан

нәрсе. Халықтың мұң мұқтажымен есептеспей, жоғарғы
жаққа жағымталсып төре болғанша, болмай-ақ қойған
дұрыс. Шамаң келсе екі үзенгіңді тең бас, тең баса алмасаң,
Қайпаң айтқанға жолықпай, халқың жағында бол!– деп

нағашым, Далабай бауырына өз білген ақылын айтып
отырушы еді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Күн суып, мұз қата бастағанда таға тапсырушылар
көбейеді. Өз қолыңмен тағалап бер деп, құда, тамыр-
достары еркінсіп, түстігін жеп, әңгімелерін айтысып, кең

отырып қайтатын күндер де болып тұрады.
Сондай
күндердің
бірінде

Калинин
колхозының
бастығы ЗИС-5 деген мәшін алыпты деген жаңалықты
нағашым үйіне жиналғандар ұзақ әңгіме қылысты. Тегі

колхоздарға келген мәшіннің алды осы секілді. Өйткені
бұрын ондай нәрсе көрмегендері әңгімелерінен білініп тұр.
Отырғандардың біреуінің айтқанына сенсең, қарлы жерден,
жол жоқ жерден жүре алмайтын көрінеді. Тегі колхоздың

бастықтары, ауданға есеп беру үшін барып тұруларына
ғана жарайтын көлік секілді. Өзінің бағасы өрескел
қымбат дейді. Колхоздың азғана кірісіне сатып алып, бір
шығындалып, оны жүргізу үшін екі шығындалып, халыққа

пайдасы жоқ нәрсені бастықтар неге алады десеңші деседі.
Төрелер жұма сайын атпен ауданға барғанды қиынсынған
ғой. Енді бірінен-бірі көріп, төренің бәрі мәшін мініп
шолтаңдасады деші деседі. Мүмкін мәшінмен ел көшірер,

ағаш тартар дейтіндердің ақсақалдар ауызын аштырмайды.
Мәшінге шығарған көп ақшаның жарымына мына Рәзінке
Қара сияқты мықты алты ат сатып алса, колхоздың да,
мектептің де отыны тартулы, құлақтары тыныш жатпас па

еді дегендерін естіп өстім.
Өмірге жаңа келген автомашинаны осылай қабыл­
даған аталарымыздың сонда біз қателесіппіз, техниканың
келешегіне, күшіне, енді көзіміз жетті, дегендеріне де куәгер

болдық.
Қыстың жаңа басталған кезі еді, демалыс, оқу жоқ күн
болатын. Нағашым Қайырбайға малға ие бол, Пионер
екеуіміз колхоз жаққа баратын жұмыс бар деп, маған

аттарды ертте деді. Екеуіміз Ақталдың шетіне кіреберісте
екіге бөліндік. Нағашым Игісін ақсақалдың үйінде мені
тосып ал, екеуіміз Майбаланыкіне бірге барамыз, мен бірер
сағатта Икең үйіне келем деді де, жалғыз кетті.

Пионер Мұхтасыров
Икең ақсақалды бұрыннан танитынмын. Сол кісінің
үйінің қасында нағашымның көрік орнатылған, жұмыс
істейтін кішкене үйі болған. Игісін де құлжабай, нағашыма

аталас жақын кісі. Жасында көп жерге жүрген, көпті көрген
адам, ұлғайғанда бір аяғынан кем болып отырып қалыпты.
Өз уақытында нағашым істеп жүрген істің бәрін істеген
ұста кісі болыпты. Есігінің алдында кішкентай көл бар, ол

көл Икең көлі деп аталады. Бұл көлдің үсті қыс түскенде
тәп-тәуір мұз айдыны болып жатады. Қыста балалардың
коньки теуіп, доптаяқ ойнайтын жері осы көлдің үсті.
Бәйбішесі қайтыс болғалы көп болыпты, қыздарының

қолында тұрады екен.
Икең үйіне барсам жалғыз өзі төсегінің алдында отыр
екен. Сәлемімді алып:

– Кім боласың, қарағым? – деді. Аты-жөнімді айтып

едім:

– Көзім жақсы көрмейді, әйтпесе сені танимын ғой,

отыр, жоғары шық, қайдан жүрсің? – деді. Нағашым
айтқанын айтып едім:

– Әпекең екі кемтардың жағдайын білгелі атқа мінген

екен ғой! – деді. Әбіт нағашымды халық Әпекең дей­тұғын.
Игісінді Икең дейді.
Өзі жалғыз ерігіп отырған шығар деп, әңгіме сұрай
бастадым.

– Есігіңіздің алдындағы көлді не себептен Икең көлі деп

атайды? – дедім.

– Естіген шығарсың, былтыр түйесін қайырып жүріп,

Нұрғызар атымен бірге қыста беті қабыршықталып қана
қататын қара суға түсіп кетіп, қайтыс болғанын! – деді.

– Иә естігем, – дедім.

– Сол суға, он шақты жыл болды, мен де мал қайырып

жүріп түсіп кетіп жаным әзер қалған. Бұрында белім ауыра
беретін, суық суға түсіп шыққаннан кейін белім қозғалт­пай
шөкке түсіп отырып қалдым. Әртүрлі ем жасадық болмады.
Әпекең үнемі қарағай саржан өртеп көмір дайындайды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Қарағай ағаштың көмірі қара темірді балқытып жібереді.
Әпекең бір күні «көмір алу үшін қарағай ағаш өртеймін, сол
ағашты сіз үшін көлдің арғы шетіндегі қалың қара батпақтың

үстіне өртейін. Құдай қолдаса ем болады, отқа қызған
батпақтың ішіне кеудеңе дейін кіріп, шыдағаныңша екі-үш
күн отырып көр» деген соң айтқанын істедім. Күніне екі
қайтара жарты сағаттан отырып, жеті қайтара кірдім, содан

шүкір тәуір болып кеттім. Мен батпақта емделіп жатқанда
үйге келген кісілерге Икең қайда десе көлде емденіп жатыр
дейді екен. Ақталға қыстау салғанда осы көлдің жағасы
маған бұйырып, өмірім осы көлдің жағасында өтіп келеді.

Сондай себептер қосылып халық Икең көлі деп атап алған
шығар. Екі жылға кетті, оқыстан жаяу жүріп жығылып,
ұршығым тайып, мүлдем отырып қалдым, – деп әңгімесін
аяқтады.

Бұл әңгіме бітті, нағашым әлі келген жоқ.
Икеңнен:

– Майбаланың екі аяғына не болған? – деп сұрадым.

– Ол – ұзақ әңгіме, мен қысқарта айтайын, – деді. Біздің

ел ауып керейдің жерін жайлап келген жылы күзде, Атша­бар
ауылына екі салт атты жас адам келіп түседі.

– Қайдан жүрсің, қайда барасың? – дегендерге, –

Сүйегім самай, самай ішінде жетігенмін. Осындағы туыста­
рымның арасында болайын, осы жерді жерленейін деп
келіншегіммен келдім. Қытай жерінен, Буырыл Тоғай
аймағынан келдік, – дейді.

Алтай тауын айнала көшіп, халықтың жүрісі көбейген
заман. Кім қайдан келді, неге келді, біреуді біреу сөкпейтін
жылдары еді. Бұтаға қорғалаған торғайдай болып бізді елім
деп келді ғой деп, пана іздеген жастарға ағайындары кет ары

демеді. Атшабар отау көтеріп бермекші болып, ауылына
тұтас қол ұшын беріп қатысуларын сұрады. Халық ары
көшіп, бері көшіп кетеуі кетіп, жүдеңкі халде жүргенде,
орнасы жоқты құраған оңай болмады. Еттері тірі жандар

сияқты, құралып үй болып кетер десіп, әркім өз шамасы
келгенін беріп үлгергенше, соңдарынан қуғыншы келіпті.

Пионер Мұхтасыров
Алыстан, бөтен елден даулы жұмыспен келгендердің
ауылдың биін, ақсақалын іздейтін кәдесі. Елден сұрастыра
жүріп, Атшабардың үйіне, сорпасы шығып терлеген

аттарының қатты аяңымен бөгде елдің екі адамы келіп
түседі. Атшабар амандасқан адамдардың аманын алып,
төрден орын беріп, шөлдерін қандырып, жүдеу өңдерін
көріп, өздері сөз бастағанша үндемей қонақасын беріп

күтеді. Ас ішіп, арқалары кеңіген қонақтар, жүкке сүйеніп
отырған жерлерінде ұйықтап қалып, ертеңінде бірақ тұ­рады.

– Жол азабын тартқан көрінесіздер, мал көрген жан­

дармыз ғой, аттарыңызды таң асыра суытып отқа жаңа
ғана қойдырдым. Суыт жүріс, қатқан қабақтарыңызды
көріп отырып, не жұмыспен қайдан жүрсіздер деуге кеше
батылым бармады. Шаршап шалдыққандарыңыздан ас

ішуге ғана шамаларыңыз келді, енді бойларыңызды жи­ған­
да, жөндеріңізді айта отырарсыздар? – деді Атшабар.

– Қарағым-ай, біз айтармыз, сіз тыңдаңыз. Ақсақал,

ауылыңызға ел бүлдірген, артына өрт қойып кеткен қарақ­шы
келіп паналаған секілді. Біздің Буырыл Тоғай деген аймақ –
менің ата-бабамнан бері өсіп-өрбіген жеріміз. Қара Ертіс­
тің жағасында орналасқан. Қанастың асуымен атпен асқан

кісіге ар жағында бір күндік жер. Елімізді шешек ауыруы
жайлап, ұрпағымыз көп шығынға ұшырадық. Өзімнің алты
балам сол дерттен қайтыс болды. Аққан суға да тоқтау бар
дегенді ырымдап, жетінші баламыздың кіндігін ауылдағы

бір ақсақалға кестіріп, жеті кемпірдің астынан өткізіп, атын
Тоқтар деп қойып ер жеткізіп алдым. Қазақ ұлды он беске
толса отау иесі дейді емес пе? Кемпірім аса қартаймаса да
ауырғыш болып кетті. «Тоқтардың қызығын көрсет, он

алтыға толды» деп тынышы кеткен соң, бұрыннан жіп
тағып қойған қызды алып бердім. Сол келінімді той үстінде
Смайыл деген жігіт алып қашып ауылдарыңызға келіпті.
Той дырдуында жүріп Майбаладан айырылып қалғаны­мыз­

ды жайырақ біліп, ұрыны ұстай алмай қалдық. Тойы­мызды
ойрандап, басынғанына шыдай алмай, ұрыны қуа жөнеліп,
ізімен ауылыңызға келдік. Тоқтарым жас, албырттықпен

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
оқысқа шалына ма деп, не көрсем де өз басым көрейін деп
қуып келдім. Смайыл біздің елге сіңіп кеткен, халқа жерінен
келген жігіт екен. Өзім жыға танымаймын, ол жігітті

танитын азаматтар бар екен, соның бірі мына қасымдағы
жиенім. Танымайтын ел, көрмеген жерге жалғыз барма деп,
шырылдап соңымнан қалмай еріп келген, жанашырым осы
жиенім. Бізде күш көрсетер қару-қайрат жоқ, тіліме көнсе

баламды алып қайтайын деп келдім.

– Сізден сұрайтынымыз Смайыл мен Майбаланы бізге

жолықтырыңыз, арты немен бітеді өзіңіз көзіңізбен көре­сіз!

– дейді.

Атшабар Смайыл мен Майбаланы алдыртады да, қуып
келген ақсақалға былай дейді:

– Смайыл келіп тұр, ол сіздерге Майбаланы алып

қайтыңыз деп айтпайтынын өзіңіз де білесіз. Майбала да
келіп тұр, сіздің алдыңызға әкелеміз. Майбала тіліңізді алып,
айтқаныңызға көніп, сіздермен бірге кетейін десе барсын,
біздің жақтан кедергі болмайды. Смайылға күшіміз жетеді,

сіздерге күш көрсеткізбей, байласақ та ұстап қаламыз.
Смайлдың артынан сіздердің келетіндеріңізді білгеміз де,
естігеміз де жоқ. Бірақ осы айтқанымды біздің азаматтар
орындайды, – дейді.

Қонақ Атшабарға:

– Айтқаныңыз болсын, Майбала үйге кірсін! – деді.

Майбала көп ортасына кіре алмай, жылағаны үйден
естіліп тұрды. Біраздан кейін басын тұмшалап орап алған
Майбаланы жігіттер көтеріп әкеліп, оң жаққа отырғызады.

– Анық сен екеніңе көзім жетсін, айтар сөзім далаға

кетпесін, аш бетіңді көрейін – деді атасы. Майбала шіркеулі
бетін жартылай ашып еді, «иә, Майбала екенсің, таныдым,
қуып келген балам сен екендігіңе көзім жетті. Мен бір ауыз
сөз айтамын, сен тыңда!» деді атасы.

– Мен жердің үстімен келіп едім, енді жердің астымен

қайтарасың ба, әлде үстімен бірге қайтамыз ба – билік
сенің қолыңда. Балам, бәріміз жас болып көргеміз, бірақ
мынандай көргенсіздікті, осы жасымда көрмедім де,

Пионер Мұхтасыров
естімедім де. Албырт жастықтың желігін, құлынды желіге
байлап үйреткендей, басын тұқыржылатып байламаса есе-
теңдік бермей кететіні бар. Жастықтың желігі сенде мол

болды ма, алып қашушыда мол болды ма, мен айырып
әуре болмайын. Жалғыз сұрағым: оң аяғыңмен аттап кірген
шаңырағыңа бұрыл, ер соңыма, үйге қайтайық. Мен сені
әке-шешеңнен бала қылып алам деп, кіргізген ұямды бұзба.

Осы айтқанымды істесең бар қатеңді кешірем! – деді.
Cонда Майбала:

– Аттаған босағамнан кетейін деген ой менде болған

жоқ. Қалайша біреуге олжа болып, қолына түскенімді
өзім де білмеймін. Алып кеткен жігітке «бұл не қылығың,
өмірім­де сені бірінші көріп тұрғаным осы, өстіп те кісіні
басына ма екен» дедім. «Кімді алсам да той үстінде ұрлап

алам деп жігіттермен бәстескем, бәспен алуға сен бұйыр­
дың» деді де, ол осы жерге алып келді. Мені алып қашу
үшін кіммен бәстесті, бәс дегеннің өзі немене, мен әлі күнге
білмеймін. Менің сорлы басым, содыр тентек жігіттердің

ойыншығы болғаныма сенесіз бе, әлде мені жолдан тайған
деп қарғайсыз ба – өзіңіз біліңіз. Алланың маңдайға
жазғаны ма, сайтанның күші ме, менің тағдырым осылай
болды, көріп отырсыз. Енді мен сізге еріп, ел бетіне не деп

көрінем. Ұялмай елге көрінгенше, осы жерде өлейін, талша
мойным қылша, бауыздап кетіңіз! – деп Майбала зар еңіреп
жылайды.

– Бетің ары қараған екен талақ, не көрмеген басым, күл

беттеніп елге қайт деп тұрсың ғой, қайтайын. Адам болып
туып, адамша өлейін деген кісі біреудің ордасына ойнақ
салмақ түгілі, торғайдың балапанын да өлтірмейді. Егер
де біреу торғайдың балапанына тие қалса, «Торғай, торғай

атым бар, бір жапырақ етім бар, Әкең тауға кеткенде, шешең
өліп жетім қал» деп қарғайды екен. Балапанын қорғаған
торғайдай шырылдап балама деп тіккен отауым торғайдың
ұясы секілді еді. Сен сол отауда ұрпағымды жалғастырар деп

ойлаған ойымның ойранын шығардың. Өз обалың өзіңе,
саған арнаған торғайдың қарғысындай қарғыны қабыл ал,

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
еліме қайтайын! – деп ақсақал қолын теріс жайып былай
депті: «Екі аяғың топ болсын, жан ашырың жоқ болсын,
аузың асқа жетпесін, жаманшылық басыңнан кетпесін, бұл

жалғанда көрген жақсылығыңның алды, арты осы болсын,
аллауакпер» деп бетін сипап, даяр тұрған аттарына мініп,
еліне қайтыпты.
Смайыл отауы көтеріліп бір үй болып, ел қатарында

қыстап шықты. Жаз шыға көршілері Майбала үйден
шықпайды, ауру болған ба десіп жүріп, екі аяғы топ болып,
басылмай қалғанын бірақ көріпті. Қылтасының сіңірі
тартылып, тіземен ғана кіріп-шығатын болып қалыпты.

Халықтың айтуынша қайын атасының қарғысы тиіп, сөйтіп
қалған деседі.
Майбала өзінің бейшара болған өміріне еті үйреніп, «Алла
салды мен көндім» деп бейнетті өмірін сүріп жүре береді.

«Бейнетіме себепкер болған өзім, атамнан қарғыс алған­
нан кейін менің күнім санаулы, қай күні қалай өлер екенмін
деп іштей таусылып өзімді, өзім жеп, еңсемді көтере алмай
жүргенде, мына ауру пайда болды. Әйтеу өлем деп ауруымды

жасырып жүріп, топ болып қалғанымды Смайыл бірақ білді.
Емшілерге көрсетейін дегенде олар кімдер деп сұра­сам,
ылғи ер адамдарды айтады. Қылтамды көтеріп қай еркектің
алдында тыртиып жатам деп, ешбір емшіге көрінбедім.

Бірқанша жыл өткенде, Әпекеңе көрсетіп едім, «өте жай
көріндің, уақытында көрінсең, мүмкін емдеп көрген болар
едім» деді. Сөйтіп жүріп жылдам өліп те қалмай, бейнетімді
тартып, қор болып жүрген түрім осы» дейді екен елге.

Смайыл бірер жыл өзі күтпекші болды, бірақ жұмыс
басты болып үйге қарай алмады. Өскен ортасында білім
алуға жағдайы болған секілді. Елге жылдам сіңіп, жаңа
заман талабына дөп келген пысық азамат, ел басқару жұмы­

сына ерте араласып кетті. Алдымен Қазақ сельсоветін, со­
ңында аймақты басқарды. Майбаланы бірер жыл кісі жалдап
күттірді. Аумалы-төкпелі заман, елдегі атқа мінерлерді
«халық жауы» деп түрмеге отқызған заманда Смайылды

да ұстап, атып тастапты деп естілді. Смайыл ел басқарып

Пионер Мұхтасыров
жүрген кезінде кем болып қалған Майбала, «тағдырдың
басыма салғанын көтерем. Қарғыс алған кісі қайдан оңады,
басқа келіншек алып ал, тек маған қол ұшыңды бере жүр»

деп Смайылға рұқсатын беріпті. Смайыл Майбалаға арнап
кішкене шым үй салып береді. Майбала тізесіне теріден тізе
қап тігіп алып, жақын жерден өзі тезек теріп, қаппен сүйреп
әкеліп, отын өзі жағып күнін көргелі көп заман болды.

Смайылдың соңғы алған әйелінен туған балалар Майбаланы
апамыз деп, отын суына болысып тұрады. Мүсәпір адам
деп көршілер тамақтарынан бөліседі. Әпекеңнің үйінен
шықпаушы еді, енді ұзап кетіп қиын болды.

Икең екеуіміздің әңгімеміз аяқталған кезде нағашым да
келіп қалды.

– Мен көбірек айналып қалдым, жиен көп тосыңқырап

қалып ренжіген жоқсың ба? – деп маған қарады.
Менен бұрын Икең жауабын берді:

– Біз ұзақ әңгімеге түсіп кетіп, уақыттың өткенін сезге­міз

жоқ, – деді.
Нағашым:

– Қоржынның екі басында екі бөлек дорба бар, екеуін де

алып кел! – деп мені жұмсады. Нағашым дорбаның біреуін
Кәмиден сәлемдеме деп Икеңе берді, «ана дорбаны алып
жүр, Майбалаға береміз» деді. Майбалаға барсақ төсегінде
жатыр, басын көтеріп амандасуға шамасы бар, көңіл күйі

нашар, хал жағдайын айтып жылай бастағанда, «дорбаңды
мына кісіге бер де, өзің Икең үйінде мені күт!» деді нағашым.
Біраздан кейін нағашым екеуіміз үйге қайттық.
Үйге жеткенше нағашым жалғыз өзі қайда барып

жүргенін айтты. Біздің мұғаліміміз ауырып жатыр деп,
сабаққа келмегелі екі күн болған. Мұғалім коньки теуіп
жүріп жығылып, аяғының буынын шығарып алыпты,
соны орнына салып берсін деп нағашымды шақыртқан

екен, соған барыпты. Барып көрсе басының жігі ашылып
кеткен, қатты науқастанып жатыр екен. Аяғының буынын
орнына келтіруге көп айналмай салып беріпті, басының

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
жігін сипалап көп айналыпты. Емші де, ауру да қиналып,
әйтеуір бастың жігі орнына келген секілді болыпты, соған
көп айналдым дейді нағашым.

– Майбала мені бір келер деп тосып жатыпты. Жарық

дүниеден күдерін үзіп, мәңгілік орным қара жерге, денем
бұзылмай дұрыс барсам екен деп уайымдап жатыр. Жалғыз
жатып өліп кетсем, ел білмей қалатын жағдай болып қала ма
дегені ғой.

– Сізден басқа сенерім жоқ, жақын арадағы туыста­

рыңызға тапсырып, құлағыңызды түре жүріңіз, бірдеме етіп
кетсем уақытында қара жердің қойнына кіргізе салыңыз
деп сұрады, қолдан келгенін істерміз Алла бұйыртса! – деді
нағашым.

Ауырғанды емдеп, жылағанды уатып, жоқ-жітікке
болысып, өзінің сегіз баласын аяғына тұрғызды. Ағасы
Әсейіннің үш баласын асырап жеткізіп, біреуін жауға
аттандырды, біреуі «халық жауы» қатарында кетті, менің

шешемді қолдан ұзатып құтты орнына қондырды. Жау
жағадан бөрі етектен алып тұрған заманда аман-есен
қолынан келгенін істеп бір ауылға тірек болды. Ұстаның
шебер қолын ақтың әскерлері де, қызылдың әскерлері де

пайдаланды. Екі жақтың әскері де, ұстаның пайдасы ертең
де керек болар деген шығар, бұл кісіге тимеді. Үркіп қашып,
көшіп әуре болған жоқ. Ауыл арасы сөзге араласпады,
саясаттан аулақ болды. Шүй бойында он екі мүшесі сау

адамның бәрі түрмеге кетті, соғысқа кетті. Адам денесінің
кейбір кемшіліктері маңайындағылардың бағына беріле ме
деп те ойыңа келеді. Нағашымның іштен туған аяғының
өкшесі жерге тимейтін кемдігі бар еді, аяғының ұшымен

ғана жүретұғын, басқа жері сау, өте кеуделі, қарулы кісі еді.
Нағашыммен замандас аяғынан кемдігі бар самай-
бөке Керейбай деген кісі, тағы да қолының шеберлігінің
арқасында бір ауылды асырады. Пендесін өлтірмейін деген,

Алланың жіберген, көрер көзге мүсәпір, көпшілікке дәнекер
болсын деп жібергені шығар десіп халық осы кемтарлардың
аман жүруін Алладан тілейтінін де естіп өстік.

Пионер Мұхтасыров
Нағашымның өзі де ұлғайып, бәйбішесі де қартайып
ұсталық жұмыстары бұрынғыдан азайып барады.
1954 жылы ақпан айында Жаңажол ағам әскерге кетті.

Апам келіп шығарып салып қайтты. Алдыңғы кеткен
ағамыздан хат-хабар келіп тұрғандықтан, мына ағамызбен
қоштасу жеңілдеу болды.
Тағы бір оқу жылын нағашым үйінде тұрып бітіріп,

жазда аман-есен үйге бардым. Әр жерге шапқылап жүріп
алтыншыны бітірген соң, күзде жетінші сыныпқа барма
деп ешкім айтпады. Уақытында келіп жетінші сыныпты
тағы да нағашым үйінде тұрып оқыдым. Оқу жылының

аяғында, жылда бір ай интернатта тұрып оқып, емтиханды
табыстырып сыныптан сыныпқа көшетінбіз, жетіншіні де
бітірерде солай болды. Жылдағыдан бір өзгешелігі емтихан
уақытында интернатта жатқан жетіншіні бітіретін азғана

балаға тамақ берген уақытында, табаққа салып, өлшеусіз
тойғанша жейтін нан беретін болды. Бұл интернаттың
өмірінде бірінші болған жағдай.
Сол ауыр жылдарда, суық мектепте, балаларды жүрек­

терінің жылуымен жылытып, келешектен үмі­тін үздірмей,
қайрат беріп, қанат бітіріп оқу оқытқан мұғалімдерді қалай
ұмытарсың. Қазақстаннан келген мұғалімдер Сызды­қов
Жәмәлия, Оспанов Төкен, Баймашев Сұңқарбек, Қонақов

Ешімтай, Әбділдаев Аққаз, Қаражігітов Зейнеш. Шүй
қазағының мұғалімдері Смағұлов Кәсмәрән, Тұяқпаевтар
Далабай, Шіпәтай, Қонақова Анна Максимовна, мұғалімдік
оқуды бітірген терең білімді ұстаздар еді. Сол кезде барлық

сабақ таза қазақ тілінде жүргізілуші еді. Ұстаздардың
мықтылығынан болар, сол кісілердің кешегі оқушылары
жеті сыныпты бітіре сала, бастауыш мектептің мұғалімдері
болғандары қаншама. Ауылдық жердегі әртүрлі қызметті де

алып жүріп кетіп жатты, соның бірі мен едім.
Менің оқу бітірген жылым Қосағаштағы шекаралық
комендатура тарқап, заставалар жабылып, 1955 жылы
Қалғұтыдағы подхоздың керегі жоқ болған жылына сәйкес

келді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Жан сақтап отырған Қалғұтыдан қозғалу да оңай бол­
мады. Колхозға барсаң жұмыс жоқ, жұмысы болса тегін
істейсің, еңбекте баға жоқ. Жұмысқа жарайтын Стахан

ағам екеуіміз ғана. Екі үлкен ағамыз әскер қатарында боры­
шын өтеп жүр. Стахан ағамның да әскерге баратын жасы
жетіп қалды. Ағаларым әскерден келгенше шешеге қарай­
тын жалғыз мен болып қалдым. Қалаға барып мұғалім­

дер дайындайтын оқуға түссем деп армандап жүретұғым,
шешемді жалғыз тастап кете алмадым. Апамды асырайтын
кісі болып, оқуды қойып жұмысы көп, ақшалы жер деген,
ағайындардың ақылымен Ақтасқа көшіп бардық. Ақтаста

он сегізге толмағандарды шахтаға, зауытқа жұмысқа ал­
майды екен. Жер астына кірмейтін жұмыстар да жеткілікті
екен, үлкен азаматтар қарағай жығады. Құрылысқа жарай­
ты­нын кесіп алғаннан кейін, қалғанынан отынға жарайтын

етіп кесіп жарып, керекті жеріне тапсыру мен секілді жер
жұмысына жарамайтын жастардікі. Күнделікті нормасын
бітірсең көп-көрім жалақы аласың.
Ақтаста үш-төрт ай істегеннен кейін комсомол жина­

лысы болады деп клубқа бардық. Жиналыс өткізуге ауданнан
(ол қезде Ақтас Қосағаш ауданына қарайтұғын), райком
комсомолдың екінші хатшысы Түспек Халелұлы Зианұров
келіпті. Ақталда мектепте оқып жүргенде жиналыс өткізіп

келіп жүретін. Мен тани кетіп амандастым, ол кісі ама­нымды
жылы жүзбен қабылдап, жиналыстан кейін сөйлесейік ұзап
кетпе деп ескертті де, өзінің келген жұмысын бастап кетті.
Жиналыс біткен соң, менің жетінші сыныптан ары оқуға не

себептен бармай, Ақтасқа қалай келіп қалғаным керегінде
толық мағлұмат алды.

– Қайда оқуға барсаң да түсе алушы едің, шешеңе

қарайлаған екенсің, бірақ шешеңді басқа жұмыс істеп те
асырауға болады. Ақтастағы жұмысыңда келешек жоқ.
Жеті сыныпты жақсы оқып бітірдің. Оқуыңды ары қарай
жалғастырмасаң қарайып кетесің. Қосағаштағы райком

комсомолда сенің күшің жететін ұсақ-түйек жұмыс
табылады, біраз істеген соң оқу жағын ойластырамыз.

Пионер Мұхтасыров
Сені райком комсомол жұмысқа шақырады деген қағазды
«рудоуправлениенің» бастығына жіберем, ұстайтын хақысы
жоқ, босатады, Қосағашқа кел, жұмыс берем, – деді.

Түкең қағазын ұзатпай жіберіпті. Рудоуправление ша­
қыру қағаз келгенін, маған екі ай өткеннен кейін айтты.
Онда да жұмыстан жылдам босата қоймай екі жұмадан
кейін босатты. Райком комсомолға Түкеңе келсем, даяр­

лаған орынға басқа кісі алып қойыпты. «Көп тостық, кел­
медің, енді әйтеу келіп қалдың, «райпотребсоюзға» ком­
сомол жолдамасын берейік, сонда орналас» деп жолдаманы
қолыма ұстатып қоя берді. Сөйтіп жеті сыныптық білімім

сауда-саттық жұмысына кіріп кетуіме жарап, сол салада
ондаған жыл қызмет атқардым.
Сол кезде іске жарайды-ау деген жастарды құлағы­
нан тартып, оқуға жіберіп, жұмысқа орналастырып бәйек

болып жүретін, жастардың жан ашыры Түспек Зиян­
ұров, райком партиясының екінші хатшысы Қинаят Тіні­
баев секілді азаматтар болып еді. Солардың қол ұшын
бергенінің арқасында ел қатарына қосылып, коммунистік

партияның белсенді мүшесінің бірі болып, коммунизмді
орнатушылардың ішіне кіріп кеттім.
Балалық шақ бітіп, ат жалын тартып мінетін жасқа
келіп, жеті сыныптық біліміммен тоқтамай сырттан оқи

беріп, орта білім, соңынан жоғарғы білім алдым. Алған
білімімнің қызығын көрдім, жемісін жедім, өмірде өз
замандастарымның қатарынан орын алдым.
Коммунизм құрылысының бір кетігін тауып, кірпіш

болып қалансам деп жүргенде, шикі кірпіштен қаланған
коммунизмнің құрылысы құлағанына да куәгер болдым.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

ЕРТЕГІ

Соңғы сөз орнына
Бұл ертегіні тоғыз жасымда Сәтберген­
ұлы Мамырғазы ақсақалдан естіп едім, өзіме
ұнағандықтан ба, әлдеқандай бір жағдаймен

ұмытылмай ойымда сақталыпты. Оның ұмы­
тыл­мауына себепкер болған өздерің, балала­
рым, сендерге талай айтып беріп едім.
Әкелерің.

Е ртеде бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, балаға зар болыпты. Бала десе жалғыз Назген деген ұлы бар екен. Бір күні бәйбішесі екеуі ақылда­сып баласына келіншек алып бермекші болады. Назген оған еш қарсылық келтір­мейді, жақын жердегі айттырып қойған бір байдың қызын алып береді. Күндердің күнінде бай Назген менен келінін шақыр­тып былай дейді: – Біз қартайдық, үй иесі, мал иесі – сендер, шешең екеуіміз де аурумыз, енді өлер шағымыз да келген шығар. Алла­ның ажалы қай күні келсе де, біз даярмыз, біз өлсек, сен, балам, не үйде, не түзде боларсың, ақылымнан адаспай тұрғанда айтайын дегенім мынау еді. Біз өлгеннен соң барлық мал-дүние сендерге қалады, сол байлықты орнымен пайдаланып, кұлдарыңды, малшыларыңды алақаныңнан шығармай ұстай алмассың. Дұшпаның көп, сенің жастығыңды пайдаланып бізден қалған малды олжа етуге, өзіңді қолына қаратуға да ұялмайтын ағайындар табылар. Сен солардың алдампаз ақылынан шыға алмассың.

Пионер Мұхтасыров
Басыңдағы үйден, бауырыңдағы қазаннан айырылма. Мал
кедейлігі еңбекпен толатын жағдай өмірде табылар. Бізден
қалған мал-мүлік, дүние үш жылға қалай шашсаң да жетер,

ал одан ары көп кедейдің қатарына сен де қосыларсың. Егер
де сондай күн туып қалса, өз еліңдегі байларға жалданба,
дұшпаныңнын табанына басылма. Елдең кетіп те қайда
сиясың, бірақ қарғаша бұқпа боп үйде отырғаныңнан да

ештеңе шықпас,– дейді.
Біраздаң соң әкесі әңгімесін жалғастырып айтты:

– Алатаудың аясында, үлкен көлдің саясында ағайынды

Аққұдайшылар бар. Бұл үш ағайынды адамның қолынан
шыққан тамақ ем болады, айтқан сөздері жөн болады.
Еңбекке үйреніп, еліне құрметті болам деген азамат осыларға
барып жұмыс істеуі керек. Бірақ үш жылдан көп емес.

Солардан алған ақыл, солардан алған мал мал боп жұғып,
өзің ие боларлық жағдайға жетерсің. «Ат сүрінбей жер
танымас» дегендей, ер жігіт жасында жамандық көрмесе,
қанша байыса да, бағаламас, алдын-артын есептемей мал-

мүлікті шаша беретін болар немесе көрсеқызар, қызғаншақ,
дүниеқұмар болар. Аққұдайшыларға еңбек етіп, мал тапсаң,
сол саған жұғар, қайырлы болар. Бар-жоқты бағамдарсың,
ағайыныңа да абыройың артар. Әкеден қалғанды жеп-

ішкен, даяр астың иесі демес, ерсің дер, есептесер, балам!
Өзі айтқандай, көп ұзамай бай бәйбішесімен бір жылдың
ішінде о дүниеге аттанды. Төрт түлік мал, мол дүние жас
жігіт пен келіншектің қолында, жетісіне, жылына берген

астары біткеннен кейін Назген малын есептейді. Әкеден
қалған малдың үштен бір бөлігі қалғанына көзі жетеді.
Малдың қайда кеткенін малшыларынан сұрағанда, бәлен
айда бәлендей ағайыны, бай-бәйбішенің садақаға беретін

малы немесе сойыс малы десіп алғандарын және ұрының
басынғанын айтады. Келесі жылы ұрыға қасқыр қосылып,
Назген малынан мал қалмай бара жатқанын біліп, әкесінің
әңгімесін еске алады. Келіншегімен бұдан былай қалай өмір

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
сүреміз деп ақылдасады. Көп ойланып, ұзақ толғанып, жігіт
келесі жылы жаз шыққанда келіншегі мен алты жасар ұлын
үйге қалдырып, бұрын әкесі айтқан Аққұдайшылар ауылын

іздеп кетпекші болады.
Жаз шыға бір азғана қалған малымен келіншегі мен
баласын өзінің бір сенімді малшысының қолына тапсырып
бір сайға көшіріп қалдырады да, енді үш жылда келмекші

боп кетеді.
Жасынан балаң өскен бай баласы азып-тозып бір аз күн
жаяу жүріп керуеншілерге кездеседі. Құба далада қаңғы­рып
жаяу келе жатқан жалғыз адамды көріп керуенбасы «бұл не

адам, білейікші» деп тосқауылдайды.

– Ассалаумағалейкүм, – деп Назген амандасады.

– Уағалейкүмассалам, жолың болсын, балам,– деп

керуен басы сәлемін алады.

– Қарағым, құба түзде жалғыздан-жалғыз не жағдаймен

жүрген жансың? – дейді.
Назген үйден шыққан жол себебін айтады. Шыққан күні
арқанға оралып аты өліп, еліне қайта бұрылмай, Алланың
басқа салғанын көрейін деп жаяу келе жатқанын және

керуенді көріп бір себі тимес пе екен деп келген үмітін
білдіреді.
Көпті көрген дана керуенбасы жігітке жаны ашып, бірге
алып жүрмекші болады:

– Бірақ, – дейді Назгенге, – сен керуеншілер не жұмыс

істесе, бірге істейсің. Мінгізер атымыз жоғын көріп
отырсың, біреуге мінгесесің, тамақты бізбен бірдей ішесің.
Ерте тұрып, жай жатасың, – дейді.
Назген көп рахмет айтып бұларға қосылып, сапарын

жалғастырады. «Атпен жүрсек айлық жер, түйемен елу күн
жүреді. Жол жабдығына мықты, ұры-қарыдан сақ болың­
дар» деген керуенбасының сөзі жігітке белгілі. Бай әкенің
мол дүниесінің арқасында еркелеп өскен жас жігіт түні­мен

жүруге қажиды, жаяу жүрсе шаршайды, шөлге шыдам­

Пионер Мұхтасыров
сыз, керуеншілерге бір масыл боп қадірі кетеді. Ат арқан­
даса шешілгіш, арқан тартса босағыш, жүк артса ауғыш,
тамақтан басқаға ыңғайы, ебі жоқ бір адам. Өз халін өзі біліп,

бағалаған Назген керуеншілерге: «Сөге көрмеңіздерші, мен
де адам баласы, жұмыс істеуге үйренемін. Бірінші сіздерден,
екінші Аққұдайшылардан жаным тірі қалса, сіздердің
жақсылықтарыңызды өтеймін»,– деп жалынады. Басқа

жұмысқа ебі жоғын, көзі қанса да қорғаншақтап қалған жігіт
түнде керуен күзетуді сұрайды. Керуеншілерге жұмыстың
ең үлкені де, қиыны да сол болатын. Соңғы жылдарда ұры
тіпті көбейіп, керуеншілер талай рет ұйықтап қап, дүние­

лерін, аттарын ұрыға алдырған еді. «Мына жігіт қорқақ, ал
қорқақ кісі ұйықтамайды, ендеше осы жігіт күндіз түйенің
үстінде ұйықтап алады, түнде күзетке тұрғаны жөн» десіп,
керуеншілер Назгенді күзетшіге қояды.

Өмірінде жұлдыз көрмеген ерке жігіт енді әрбір жұлдызды
өзінше бағалап, кешегі орнында бүгін бар ма, жоқ па деп
тұспалмен іздеп, жұлдыз санаумен күндер өтіп жатады.
Үркер дегені жүре береді, демеуші ме еді, әлгі үркер батып

барады немесе жаңа шықты десетін, мұның қайсысы үркер
деп, үркерді шілдеде іздеп көп шатасты. Жұлдыздың ішін­
дегі ең жақсы көретіні – Шолпан. Шолпан туса, ұзамай таң
да атады, таңғы салқында біраз ұйықтап та алуға болады,

бірақ сол Шолпан туғанша, жаздың қысқа таңы жігітке
недәуір ұзақ боп көрінеді. Кейде ыңырсып өлең де айтады,
әттең домбыра болса деп те ойлайды. Бірақ қалай өзі дом­
быра сарынына елігіп, ыңырсумен күй шертіп отырғандай,

қу далада құлазып, екі көзі жасқа толып жылап та алатын
күндері болушы еді.
Арып-шаршап, ешнәрсені ұрыға алдырмай, керуен­
шілерін ренжітпей Назген де іздеген ауылына ай жарым

уақыт жол жүріп жеткен екен. Аулына, әйеліне сәлем
айтыңдар деп көп рахметін айтып жігіт керуеншілермен
қоштасады да, Аққұдайшылар аулына жаяу кетеді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Керуеншілер нұсқаған жаққа жүре беріп, бір ауылға
келеді. Байдың ақ ордасы анадай жерден жарқырап бой
көрсетіп тұрады. Ауылдағы малшылар мен жалшылардың

үйінен оқшау тұрған үлкен ақ орда қасында кішілеу екі ақ
орда қатарласа тігілген, отауы ма, қонақ үйі ме, әйтеуір
байекеңмен іргелес тігілген екен.
Аққұдайшының үйі осы болар деп Назген үлкен ақ

ордаға келіп кіреді. Есіктен кіре байқағаны үйдің төрінде
сақал-мұрты, шашы тұтас ағарған бір қария отырады. Сәлем
беріп кіріп келген жігіттің бас-аяғын көзбен шолып қарап
шығып: «Бұл қайдан жүрген адам?» деп таңданған көзқарас­

пен қарап сәлемін алады. Сәлемін онша жақтырмағанын
сезген Назген есік жаққа отыра кетеді. Тәкаппар адаммен
амандасудан арғы сөзді қалай бастарын білмей қысылған
жігіт жаутаңдап ақсақалға қарай береді. Әлдебір уақытта

ақсақал: «Әлей болсын, жол болсын, балам, қайдан келесің,
қайда барасың?» деп тура сұрақ қояды. Назгеннің де күткені
сол еді: Аққұдайшылардың ауылын іздеп шығып едім. Сол
ауыл сіздің ауыл ма? – деп сұрайды.

– Иә,– дейді ақсақал, – біз боламыз. Үш ауылмыз, қалған

екі ағамның ауылы әлі де ілгері жақта.
Не де болса, ауылды тауып алғанына Назген қуанып,
осы Аққұдайшылардың ауылын әдейі іздеп, әкесінің айтқан
өсиетімен келгендігін ақсақалға байыптап айтып береді.

Ақсақал жігіттің сөзін тыңдап алған соң:

– Қарағым, біздің жалшыларға істететін жұмысы­мыз

ауыр, сұранысымыз қатты, береріміз аз, біздің ауылға жұмыс
істеп шыдай алмассың, жоғарғы жақта отырған ағала­ры­ма
барып көр, мүмкін сонда шыдап кетерсің, – деді.

– Жол жүріп шаршап-шөлдеген болар, сусын беріңдер, –

деп бәйбішесіне нұсқайды.
Ас үйден бір кесе сусын ішкен соң, келесі ауылға жаяу
жүріске әбден үйренген Назген жылдам жетіп келеді. Ол
ауыл да бірінші ауыл сияқты байдың үйі, малшылар мен

Пионер Мұхтасыров
жалшылар үйінен ұзағырақ сәнімен бой көтеріп тұрған ақ
ордалар. Бірінші ауылдағыдай, ақ ордалардың ең үлкеніне
кіріп, төрде отырған адамға көз салса, сақал-мұрт, шашының

жартысы ақ, жартысы қара қария отыр екен. Сәлем берді.
Аузын ғана жыбырлатып сәлем алған белгі беріп, оң қолын
оң жақ босағаға нұсқап, «отыр!» деген ишарат білдіреді.

– Әлей болсын, жол болсын, осы ауыл адамы емес

екендігің білініп тұр. Қайдан келдің? Қайда барасың? – деп
жөн сұрады.
Назген баяғы өзінің, әкесінің өсиетін орындайын деп
жүргенін айтады. Сонда ақсақал:

– Әй, балам, бізге де шыдамассың, бұдан былай біраз

жүрсең, ең үлкен ағамыздың ауылы бар. Мүмкін солардың
үйінің бір қажетіне жарарсың, – дейді.
Тағы да бір кесе сусын ішкен жігіт, ұнжырғасы түсіп,
көңілсіз күймен, ілгері басқан аяғы кейін кетіп әйтеуір

бір өлмеген сүлдері үшінші Аққұдайшы: «Мен сені жалға
жұмысқа ала алмаймын десе, қайтем?» деген ауыр ой басқан
Назген тағы да бір үлкен ақ ордаға кіреді. Үй ішіне көз салса,
төр алдында сақал-мұрт, шашына бір де ақ кірмеген, қара

сақалды, қара мұртты, қара шашты ақсақал отырғанын
көреді. Баяғыша сәлем беріп, өзіне үйреншікті аяқ жақтан
орын алып отыра кетеді.

– Жүріс-тұрысың алыстан келген адамға ұқсайсың. Әлей

болсын, жол болсын! Қайдан келіп, қайда бара жатқаныңды
айта отыр, балам? – дейді ақсақал.
Сонда жігіт өте жалынышты дауыспен бастан кешкен
халін, келген жұмысын және де осы отырған ақсақалдың

екі бауыры да қабылдамағанын, несіне де шыдап қызмет
атқарайын, қумай, жалшылыққа жұмысқа алуын өтінеді. Үй
иесі біраз ойланып отырып:

– Біздің де қояр тілегіміз жеңіл болмас, дегенмен

шыдаймын десең, өзің біл. Ауырсынсаң жолың ашық,

– дейді. – Егер келісімге келсең, біздің саған берер жала­

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
қымыз бір жылына піскен бір тоқаш, үш жылға – үш тоқаш.
Ол – бір деп қой. Екіншіден, жалға жүрген уақытыңда
ішкен тамағың, киген киімің тегін. Бір жарым жыл өткенде,

бір жарым тоқаш алып, еліңе, бала-шағаңа жіберуге болады.
Қалғанын үш жыл еңбек еткен соң, қайтарда аласың, –
дейді.
Аққұдайшыларға еңбек етіп, мал таппақшы болған жігіт

тап осындай тегін еңбек етермін деп ойламаған еді. Жылына
бір тоқаш дегені не?! Ал, оған көнбесе, кету керек. Кеткенде
қайда барады. Әкенің өсиеті – анау, өз жағдайы – белгілі ...
Лажсыз, сол жағдайға көніп:

– Жарайды, ақсақал, сіздің айтқаныңызға келістім.

Тәуекел, Алланың басқа салғанын көрейін, – деп Назген
осы байға үш жылға жалшылыққа орналасады.
Сонымен, Назген осы ауылда жалшылықта жұмысын
атқарып жүріп жатады. Жұмыс уақыты таң атқанынан

күннің батқанына дейін болады. Тамағы тоқ, киімі бүтін,
жұмыс ауыр – бәріне көніп-көндігіп еңбегін жасап жүреді.
Ауыл адамдарымен араласып, Аққұдайшылар аулының
әдетіне, сыр-сипатымен танысып, қанық болады.

Аққұдайшылар деген аттың мәніне барғанда, бұл бірге
туған үш ағайынды адам, құдай жолына шын берілген,
аллаға құлшылық, жетім-жесірге қайырымшыл, айтқан
сөзге тұратын, еңбекақысын уақытында беретін, бұларға

еңбек еткен адам ойлаған ойына жететіндіктен, халық
оларға бергені ақ, адал деген мағына беріп «Аққұдайшылар»
деп атап кеткен екен.
Жалға келген жігіттің Аққұдайшылар керегінде көрген-

білгені өміріне сабақ боларлықтай болды. Назгеннің бірін­ші
кездескен ақсақалы үш Аққұдайшылардың кішісі бола тұра
шаш, сақал-мұрты тұтас ағарғандығының мәнін сондағы
халық былай дейді екен:

– Ол ақсақалдың жұбайы білімсіз, шарқая, ақсақалдың

көңілін қалдырған, ауылға жайсыз бәйбішесінің күйігінен

Пионер Мұхтасыров
шашы, сақал-мұрты ерте ағарып кеткен. Ал екінші немесе
ортаншы ақсақалдың шаш, сақал-мұртының жартысы ақ,
жартысы қара болу себебі: бәйбішесі бір қалыпты емес,

айтары да бар, қайтары да бар, жақсылығы мен жаман­дығы
аралас жүретін адам. Ең үлкен ағаларының шаш, сақал,
мұрты қара бойында сақталғаны, өте білімді бәйбішесі үй іші,
ұсақ-түйек өсек-аяңнан ақсақалын қорғаған. Жер жылжыса

жылжымас салмақты, ақсақалын да, ауылын да сыйлаған,
жоқтан өзгеге ашуланып, отбасының, аулының шырқын
бұзбаған ақылды, асыл бәйбішесінің арқасында солай
болған. Өзінен кіші, екі бауырына жалшылыққа орналаса

алмағандар, осы бәйбішенің арқасында, үлкен ағаларында
пана тауып, тоқырап, жұмыс істеп тілектеріне, армандарына
жетеді екен. Арқасына келешектің үмітін арқалаған Назген,
осындай тарихы бар үйге кез келгеніне қуанып, не де болса

адал еңбек етіп, осы Аққұдайшылардың ақ батасын алайын
деп, не жұмыс берсе де көңілдегідей істеп, үш жылының бір
жарым жылы біткенде, үйіне сәлемдеме жібергісі келетінін
ақсақалға жеткізеді.

Ақсақал жігіттің бір жарым жылғы еңбегі үшін бір жарым
тоқашын береді. Аққұдайшылардан ұзақ емес керуен­
шілер жүріп тұратын жолға барып, Назген алған бір жарым
тоқашын қатын-балама апарып беріңдер деп керуен­ші­лерге

табыс етеді де, қалған бір жарым жылын өтеп Аққұдай­
шыларға еңбегін таза істей береді.
Назген мұнда жұмысын істей берсін, енді оның артта
қалған елінде не болып жатыр соны баяндап көрейік...

Жігіттің артта қалған елінің атақты биі болады. Әрине
елбасы болған соң ол өзі бай, төрт түлігі сай, іштегі-сырттағы
елдермен сыйлас, беделді адам болады. Сол бидің жар дегенде
жалғыз ұлы бар екен. Сол баланың ел болып сүндет тойын

өткізеді. Бәрі де жақсы той-думанмен өтіп жатқан күн­дердің
бірінде бала қатты ауырады. Неден, қалай ауырғанын әркім
әртүрлі жориды. Тіл тиді, ұшынды, көз тиді, қастық болды

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
деген секілді ауруға себеп болатын жағдайдың бәрі ес­керілді.
Ат жетер жердегі емші, бақсы-балгерлердің барлығы ешбір
ем таба алмай, би қатты қысылады.

Бір күні би елін жинап:

– Халқым, қан жылап отырғанымды көріп отырсыңдар,

осы елде осы баланың дертін жазатын емші, балгер бар
болса айтыңыздаршы, – деп өтінеді.
Сонда бір ақсақал отырып:

– Жерін ұзақсынбасаңыз Алтайдың арғы бетінде, ат

арытып, тон тоздырып әдейлеп бармаса жөпшеңкі адамға
көне қоймайтын білімі мол, қырыстығы одан да мол
Сартабан деген емші бар дейді, тілін тауып соны алдырсаңыз
бір себебі болса, содан болар, – дейді.

Қолы жетіп тұрған бай, дүние-мүлкін жалғыз ұлынан
аяйтын ойы жоқ. Қос-қостан ат мінгізіп ел ішіндегі, мықты
да жөн білетін екі-үш азаматты сәлемін жолдап, Сартабанға
жібереді.

Әрине
Сартабанның
ақы-пұлы
артығынша

берілетінін, жылқының жорға-жүйрігі, матаның асылы, ер-
тұрман, аттың жүйрігі, түйенің белдісі баламның жолында
құрбандық. Сый-сияпат мол болатынын да жеткізіңіздер
деп тапсырады.

Аулына үш келтірмей «Жарайды» демейтін, сондықтан
да халық, неше рет барып, аяқ жетер жердегілер жаяу-
жалпы «сар табан» болғанша, неше қайтара барып жүріп,
әзер дегенде емделеді екен. Сондықтан емшіні «Сартабан»

деп атап кеткен. Жетпістен жасы асқан ақсақал, жеңіл-
желпі лып етіп жүре қоймайтын, аз сөзді, аса білімді жан еді.
Алыстан ат арытып келген бидің адамдарын бір күн
дем алдырып қонақасын бергеннен соң, жұмыстарын

сұрады. Әрине олар жалынып-жалбарынып бидің сәлемін
артығынша жеткізеді.

– Менің жасымда емші болып, ел аралау оңай емес,

бірақ бидің ата-бабасымен дәмдес едім, қолымнан келген
жақсылығымды аямаймын, барайын, қарақтарым! – де­

Пионер Мұхтасыров
генде, келген жолаушылар қатты қуанып, жол жүріп шарша­
ған­дарына қарамай қайта жолға шығады.
Аттың жақсысын мінгізіп, тамақтың дәмдісін жегізіп,

жас балаша күтіп ақсақалды бидің аулына жеткізеді.
Ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келгеніне қарамай,
сол келген күні баланы көріп, тамырын ұстап, баланың
жағдайының ауыр екендігін биге ашық айтады:

– Осыншама ұзақтан келгенімде баланы жазбай қайт­

сам, елге не деп барам, ал ол баланың емі ай жүретін алыс
жерде. Сол ем табылғанына дейін бала шыдар ма екен,
күдіктеніп отырмын, қарағым, – деп ақсақал абыржыған
сыңай білдіреді. – Айлық жер деп отырғаным – Аққұдай­

шылар ауылы. Сол Аққұдайшылардың қолынан істелген бір
дәм әкелінсе, мен ем істеп, ұшықтасам, әй бір сауап болар
еді-ау деп ойлаймын.
«Айлық жерге баратын жағдай да, ат-көлік те табылар,

бірақ баланың денсаулығы оған дейін қалай болар екен»
деген күдік биді қатты қайғыртады. Елімен ақыл қосып,
Аққұдайшы-лардың аулымен араласып тұратын керуен­
шілерді іздестіріп, «бір дәм табылса, балама шипа болып

жазылса, төрт түлік малды малшы-жалшысымен берер едім»
деп жар салады.
Сонда керуеншілердің біреуі Назген деген жігіттің үйіне
Аққұдайшылар аулынан сәлемдеме әкелгенін айтады.

Осыдан екі жыл бұрын елден бір азамат Аққұдайшыларға
жалға, жұмысқа кеткендігі ел ішінде естілген болатын.
Қайтсе де сол жігіттің бір дәм табылар ма екен деген үмітпен,
керуеншінің сәлемі сонда әкелген дәмі болуы мүмкін деген

жорамалмен би елші жібереді.
Назгеннің келіншегі сәлемдемемен келген бір жарым
тоқаштың жартысын ғана ұстап ауылға ауыз тигізген екен
де, тұтас тоқашты сандығына сақтаған екен. Биден сондай

сәлем келген соң, тұтас тоқаштың жарымын елшілерге
береді.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Алланың бұйрығымен ауырған бала сол дәмнен аман-
есен жазылып би айтқанына тұрып, жігіттің әйеліне
қорасымен қой, үйірімен жылқы, малшы-жалшыларымен

айдап береді. Төрт түлік малды болып байыған келіншек
елінде жата береді.
Аққұдайшыларға үш жыл еңбек еткен Назген уақыты
біткендігін, үйге қайтқысы келетіндігін иесіне айтады.

Байекең үш жылғы еңбегі үшін үш піскен тоқаш бермекші
болғанын, оның бір жарымын алып қойғанын жігіттің есіне
салып, қалған бір жарым тоқашты береді.
Үш жылғы еңбегінің ақысын салған кішкене қапшығын

арқалап Назген көңілсіз жолға шығады. Үш жылғы еңбегі
зая кетті, алған еңбек ақысының түрі мынау, көңілі
құлазып, шөл далада жалғыздан-жалғыз еңсесін көтере
алмай келе жатады. Түс ауған кезде, кенеттен алдынан

жұпыны киінген, өңі жүдеу тартқан бір мүсәпір адам
жолығады.

– Жол болсын, әлей болсын, құдай садақа, – деп оң

қолын жаяды.
Бір жарым тоқаш бала-шағаны асырап немене үнем
болар дейсің, онан да мүсәпір адамға беріп батасын алайын
деп жарым тоқашын кездескен адамға береді. Ол адам: «Түн

ұйқыңды бөле ұйықта, аллауакпер!» – деп батасын беріп, өз
жөніне кетеді.
Күн кешкіріп қалған кезде (бесін уақытта), бағанағы
кездескен адам келбетті тағы бір мүсәпір кездесіп:

– Әлей болсын, жол болсын, құдай садақа, – деп оң

қолын жаяды.
Енді Назген қалған бүтін тоқаштың үштен бір бөлігін
береді. «Екі үзеңгіңді тең бас, аллауакпер!» – деген бата
береді де, жүре береді.

Енді әбден күн батар кезде бір мүсәпір адам кездесіп:

– Жол болсын, әлей болсын, құдай садақа, – деп оң

қолын жаяды.

Пионер Мұхтасыров
Енді жігіт қалған тоқаштың жартысын тағы береді. «Оң
қолыңа сол қолың араша болсын, аллауакпер!» – деп бата
беріп жүріп кетеді.

Алып шыққан еңбекақысын жол бойы таратып, берген
ақысына не бір жақсы бата ала алмай, көңілі орта болып
келе жатады. «Біреуінің аузынан малды бол, бай бол дейтін
де бата шықпады, осылай бір дорбаны көтерген бойы өмірім

өтетін шығар, мына қалған жарты тоқашпен үйге не бетім­
мен барам», – деп уайымдап келе жатқанда алдынан бір
кішкене үй көрінеді. Сол үйге жақындап келсе, бір қора
қой қамаулы тұрады. Қойлар аш, қораның ағашын кеміріп

тұрады. Қайтсе де осы үйде бір тірі жан бар шығар деп, сол
үйге кіреді. Кірсе, үйдің іші бұлыңғыр, кешкі қараңғылық
ала көлеңкеде төсек үстінде бір шал мен кемпір отырады.
Қараңғылыққа көзі үйреніп, үй ішінде тіршілік бар

екендігіне көзі жеткенде Назген үйдегі адамдарға сәлем
береді. Бірақ шал мен кемпір ешбір жауап бермеген бойы
отырады да, әрі-беріден соң екеуі де жатып қалады.
Ұзақ жолдан шаршап, шалдығып келген жігіт ұйықтап дем

алайын деп еденге жата кетеді. Бірақ ұйқысы келмейді. Ойы
онға бөлініп, өткен өмірінің бәрі ой тізбегінен шырмалып
шықпай, әйтеуір ұйықтаған кісі болып жата береді.
Түннің бір мезгілінде шал кемпірін оятып:

– Әй әлгіңді істе! – деп тұрғызып жібереді.

Кемпір еңкеңдеп жүріп пештің аузына келіп, көсеуді
қолына алып, ары-бері тықырлатып: «Келіңдер, келіңдер
тары егіп беріңдер», – деп әлдебіреулерді сыбырлап
шақырады. Біраз уақыт өткенде үш-төрт тышқан жүгіріп

келіп, жерді тырналай бастайды. Тышқан жерді қанша қазса
сонша, жерден тары егіп шығарады. Оны кемпір бір кесеге
салып, ыдыс-аяқ тұратын жаққа апарып қояды да жатып
қалады.

Барлық болған істі көріп жатқан Назген кемпірдің егіп
алған тарысын өзі алып, азыққа берген тарысын орнына

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
салып қояды. Біраз ұйықтап, таңертең тұрса, бағанағы шал-
кемпір де тұрып жатады.
Жігіттің оянғанын көрген кемпір:

– Қарағым, шал-кемпір екеуміз қартайдық, қонақасын

пісіріп беруге күшіміз жоқ, өзің де көріп отырсың. Бірақ
«қуыс үйден құр шықпа» деген тамақ ауыз ти,– деп кеседегі
тарыны Назгенге береді.
Жігіт өзінің азығынан салып қойған тарысын жеп

алады да:

– Сіздер де ауыз тиіңіздер, бізді кез келтірген Алланың

бұйрығы ғой,– деп түндегі кемпірдің тышқандарға ектіріп
алған тарысын шал-кемпірдің өзіне береді. Олар да
қолдарына алған бойы жеп алады.
Біраз уақыт өткенде шал ит болып, кемпір мысық болып

бірін-бірі қуып, үйді, малды тастап қаңғырып кетеді.
Бұл кемпір мен шал ары-бері жүріп тұратын жолау­
шыларға сиқырлықпен қастық істеп ит-мысыққа айнал­
дырып қаңғыртады екен де, мал-мүлігінен пайда көреді

екен. Мына Назген ұйқысын бөле ұйықтағанының арқа­
сында бұл пәледен құтылып аман қалады. Иен қалған малды
жалғыз айдап жүре алмайтынын біліп, қораны ашып малды
босатады да, өз жолымен жүре береді.

Бұрын жүрген керуендер жүретін жолмен жалғыз өзі,
жаяу шалдығып, шаршап келе жатса, ұзақтан бұлыңғырлап
мал, адамдар көрінеді. Мүмкін бірге жүрер жолдас кез болар
деген үмітпен жеделдете басып келсе – абыржыған, жы­

лаған халық, өлген адам, мал, бір қайғылы жағдай болып
жатқан жерге тап болады. Қандай жағдай болып жатқанын
келген бойда түсінбей, шеткері аң-таң болып, біраз тұр­
ғаннан кейін, керуеншілердің басы ақсақал:

– Қарағым, бері жақында, жаяу-жалпы, жалғыз өзің құба

шөлде қайдан жүрсің? – деп жөн сұрайды.
Назген үш жылдан бері бастан кешкенін, енді артта
қалған әйелі мен баласына, еліне қайтып бара жатқанын
айтады. Сонда Ақсақал:

Пионер Мұхтасыров

– Е-е, балам, еңбекпен мал табайын деп талаппен жүрген

бала екенсің, жарайды, ал енді мен бір сауал қоям алдыңа,
көнесің бе, көнбейсің бе, өзің біл, – дейді. – Ол сауал
мынау: мына алдында үңірейіп жатқан құдықтан өмір бойы
адам да, мал да сусынын қандырып, керуеншілердің бір

дем алып аттанатын жері еді. Міне, үш-төрт күн болды, осы
құдықтың басынан кете алмай отырмыз. Себебі, осы жерге
суымыз таусылғанда жеткенбіз, ал бұдан ары жүре берсек,
жуық арада су жоқ, мына шөл далада судан қаталап мал өле

бастады. Ал адамдардың бірер ұрттайтын суы болғанымен
азайып қалды. Бұл құдық терең, ішіне түсіп қана қауғаны
толтырғанда түйемен шығарушы едік. Енді суға жігіттерді
түсірсек бастары жоқ, кеудесін ғана сүйреп алып шығып

жатырмыз. Әне, үш жігіт сондайға ұшырап шуылдап тұрған
себебіміз осы. Қарағым, бір лажын тауып, осы құдықтан су
шығарып берсең, үш түйені жүгімен берер едік,– дейді.
Әрине, Назгенге бірден тәуекел деп құдыққа түсу оңай

болған жоқ. Бастан кешкенін, неге қаңғырып жүргенін ой
тізбегінен өткізе келе, ауылға жаман дорбамды арқалап, үш
жылғы тапқаным осы деп бір жарым тоқашпен не бетіммен
барам, Алланың жазуы солай болса, осы шөл далада өлейін

де, бағым болса, жоқ дегенде үш түйені жүгімен жетелеп, ел
бетіне көрінейін деген ойға келеді де:

– Тәуекел, беліме арқанды байлаңдар, бағымды сынап

көрейін, – деп құдыққа түсіп кетеді.
Қырық құлаш арқан әрең жететін құдықтың түбіне
жеткенде, байқаса, оң жағында кәдімгі үйге кіретін есіктің
қақпағы тұрады. Бұл құдықтың ішіндегі немене есік екен

деп тартып қалса, кәдімгі есік екен де, арғы жағында баяғы
үйдің іші. Төрде екі жігіт бір-біріне қарсы қарап отыр.
Қолдарында – қылыш. Үйге кіріп келген бойында есіктен
ары ұзақ кіргізбей екі жақтан анталап жолды қолымен бөгеп,

екі босағада екі қыз тұр. Құдықтың ішінен мынандай көрініс
көрем деген өмірінде ойында болмаған жігіт:

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
«Қайда тұрмын. Нендей кереметке кез болдым?» – деп
ойлауға үлгерместен екі қыз екі жақтан анталап:

– Мен сұлумын ба? Мен сұлумын ба? – деп сұрақ қояды.

Сонда Назген:

– Сабырлық, сабырлық,– деп өзін де, қыздарды да

тоқтатып, біраз тыныс алып барып, – екеуің де сұлу
екенсіңдер,– дейді.
Сонда төрдегі екі жігіт орындарынан тұрып сәлем беріп:

– Бағың ашылғалы тұрған жігіт екенсің,– деп қолдарын-

дағы қылыштарын тастап жібереді.
Бұл жағдайдың мағынасы былай екен. Сұлу қыз таңдаған
екі жігіт судан да сұлу қыздарға жолыққан жер осы құдықтың
іші еді. Босағадағы қыздар: «Мен сұлумын ба? Мен сұлумын

ба?» дегенде, келген жігіттер біреуін: «Сен сұлу» деген кезде,
екінші қызды таңдап отырған жігіт қылышпен жігіттің
басын шауып алады екен.
Ал мына, Алла жолын ашқалы тұрған Назген екеуін де

сұлу дегенде, екі жігіт те разы болып, басын қылышпен
шаппай, керісінше қыздарға айтып суды жігітке босатып
береді. Құдықтан шығып тұрған суды сұлу қыздар ұстап
тұрған екен («Судан да сұлу» деген сөз осыдан қалған деген

аңыз бар).
Аузын сұлу қыздар буып тұрған құдықтың тілін тауып,
суын артына ертіп, басы аман қалған Назген судан шығып,
жүгімен үш түйесін жетелеп еліне аттанады.

Күн ашық, ай жарық күздің бір жадырап тұрған түнінде
баяғы, өзі қондырып кеткен жұртқа да жігіт жетеді. Көрсе
жер-су, сай-сала барлығы сол жер, адасып тұрған жоқ, тура
келген сияқты, бірақ, ақ орда үй, қора толы мал бір бай

ауылға кез келіп тұр.
«Сырттағы жағдайды көріп, не де болса үйге кіре көрейін,
бұл не байлық, тегі келіншегі байға тиген екен. Ұлым біреудің
қолына қарап қалған екен», – деген оймен үйіне кіріп келсе,

әйелі төсегінде ары қарап жатыр. Төсектің арғы жағында
басы тақырайған (шашы алынған) біреу жатыр екен.

Пионер Мұхтасыров

– Ә-әй, мынау қатын мен жоқта тиген байымен жатыр

екен, мұны көріп тұрғанша қанға бояйын, – деп жолға алып
жүрген пышағын алып, әйелін пышақтамақшы болып оң
қолын көтергенде, сол қолы барып оң қолын бас салып
ұстап қалады. Назген өзімен-өз аласып тұрғанда, әйелі де

оянады.

– Байғұс-ау, неменеге әбігер болып тұрсың, мынау

ұйықтап жатқан ұлың емес пе, – деп әйелі орнынан тұрғанда,
жігіт қатты ұялып әйелінен кешірім сұрайды.
Сонымен Назген өзінің үш жыл тегін жүрмегенін, өзінің
жіберген тоқашының бай ұлына дәрі болып, содан әйелі

байығанын және де жол үстінде кез болған мүсәпір адам
болып жолыққан Қыдыр ата екендігін, сол Қыдыр атаның
үш батасының арқасында үйге аман келгендігін әбден
түсінеді. Қалған өмірінде ақ, адал оймен іс істейтін тәлім-

тәрбие алып, өз ғұмырын қайғы-қасіретсіз бақытты өткізген
екен.
Қыдыр атаның үш батасы:
«Түн ұйқыңды бөле ұйықта»,– деді. Сол батасы тиіп

сиқыр шал мен кемпірдің кәрінен құтылды.
«Екі үзеңгіңді тең бас»,– деді. Жігіттерге қыздардың
екеуін де сұлу деді.
«Оң қолыңа сол қолың араша болсын»,– деді. Ашумен

аңғалдық істеп әйелін пышақтамақшы болғанда, сол қолы
араша болды.

Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы

МАЗМҰНЫ

Н. Айтұлы.
Ұлт тарихының жоғын іздеу немесе алғысөз орнына............. 3

БІРІНШІ БӨЛІМ Қиыр қонып, шет жайлап........................................................ 7 ЕКІНШІ БӨЛІМ «Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт»....................................................105 ҮШІНШІ БӨЛІМ Жылаған жылдар шежіресі...................................................169 ТөртІНШІ БӨЛІМ Нәубет құрбандары (Тарихи дерек 1929-1939 жылдар)............209 Нәубет құрбандары.....................................................................214 Сұм заман....................................................................................215 Өкінішті өмір...............................................................................216 Нәубет құрбандары.....................................................................217 Зобалаң жылдары Қазақстанға, Сібірге жер аударылған ер адамдардың тізімі............................258 Зобалаң жылдары Қазақстанның шөл даласына, Сібірге жер аударылған әйелдердің тағдыры.............................259

Пионер Мұхтасыров Зобалаң жылдардың құрбаны болған Төбелер ауылының аналары.......................................................261 Зобалаң жылдары құрбан болған Ақтал, Онжылдық ауылының әйелдері.................................................262 Зобалаң жылдары құрбан болған Жазотыр ауылының әйелдері.....................................................263 БесІНШІ БӨЛІМ Өткен күнде белгі бар..............................................................267 ЕРТЕГІ (Соңғы сөз орнына)................................................................ 325

Пионер Мұхтасыров
Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
Деректі кітап
Редакторы Ботагөз УАТҚАН

Корректоры Жанар Жанапиянова
Мұқабасын көркемдеген Бейсен Серікбай
Беттеген Қуаныш Әділғазин
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

«Атажұрт» баспасы
050016, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А
Тел/факс: 2 733244., 2 739997

Басуға 07.10.2014 ж. қол қойылды.
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «DS Tіmes».
Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы 18,0 Есептік баспа табағы 21,5.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс
ЖШС «Курсив» Алматы қаласы,
Восточная көшесі, 2

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙