Аралдың экологиялық тынысы
А.Н. Нұрғызарынов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Аралдың экологиялық тынысы. А.Н. Нұрғызарынов
1. АРАЛ ТЕҢІЗІ ТУРАЛЫ ОЧЕРК
.1. Теңізді зерттеу тарихы
Тарихқа дейін арғы дәуірде тектоникалық процестің нәтижесінде пайда болған қазан шұңқырға Сыр мен Әму өзендері жеткізген ағыл-тегіл мол су теңізге айналған дейді ғылыми деректер. Бұл ғажайып географиялық құбылыс. Олай дейтініміз, Тұран ойпатының жазда шыжыған ыстық, қыста қақаған суық жазира шөлінің ортасында орналасқан ауқымды аймақтың қатаң климатын жұмсартып тұрған осы Арал теңізі. Егер Арал теңізі болмаса, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағыстарында иін тіреген елдің жайқалтып егін егіп, мыңғырған төрт түлік мал өргізуі екіталай болар еді. Бағзы заманнан бері ел мен елдің арасында қарым-қатынасты жалғастырып жүрген елшілер, саяхатшылар мен ғалымдардың кездейсоқ болса да жолдары Арал теңізі маңына түскенде ол туралы жинап қалдырған мәліметтері, ғылыми жорамалдары тарих қойнауынан жиі кездеседі. Ерте дүние әдебиеттерінде кездесетін осы су айдыны туралы мазмұны жағынан қарапайым, бірақ географиялық таным үшін құндылығы жоғары мәліметтерді қазіргі зерттеулермен салыстыра отырып қарайтын болсақ, теңіз бассейнінде эволюциялық даму барысында қалыптасқан өзгерістердің сипаты аңғарылады. Арал теңізі жөніндегі алғашқы деректер антика дәуіріндегі әдебиеттерде Плиний мен Клавдий Птолемейдің "Окс көлі" деген атпен қалдырған деректерін, сондай-ақ Византия елшісі Земарх Килийскийдің көлді жағалап 12 күн бойы жүріп өткені туралы мәліметті сараптай келіп, ғалымдар бұл Арал теңізі болар деп жорамалдайды. Арал теңізі туралы араб ғалымдарының ІХ – Х ғасырлардағы мәліметтерін ғалымдар жоғары бағалайды. Ол негізсіз емес. Солардың ішінде ибн Рустемнің Әмудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты деуге тұрады. Араб географы Истахри (961 ж.) Арал теңізін "Хорезм көлі" деп атап, өзінің "Климат кітабына" X ғасырдың 19 ландшафтық картасын кіргізген. Соның 18 және 19-шы карталарында Арал теңізі мен оған құйған өзендерді көрсеткен. ХІ ғасырда шығыстың ұлы ойшылдарының бірі әл-Бируни араб географтарының мәліметтерін талдау арқылы Арал теңізін Хорезм деген атпен атап, теңіз бен оның маңайындағы 8 аймақтардың неғұрлым толық сипаттамасын жасаған. Аталмыш кезеңде жинақталған мәліметтер шашыранды қарапайым түрде болғандықтан оларды ғылыми еңбектер деуге келіңкіремейді. Олардың қай-қайсы да теңізді арнайы зерттегендер емес, яғни жолшыбай көргендерін жазған саяхатшылар немесе жол жүрген жолаушылар болғандықтан қалдырған мәліметтерін жалпы дүниелік әдебиетке қатысы бар шағын деректер деп тану орынды. Демек, сол ерте дәуірде Арал теңізі туралы ғылыми тұрғыдан мақсатты зерттеліп жиналған мәліметтер болмағаны айқын. XVІІ – XІX ғ.ғ. басталған арнайы зерттеулер Арал теңізі жөнінде деректі мәліметтердің жиналуын орыс ғылымының тарихымен тікелей байланыстыруға болады. Оған дәлел, Арал теңізі мен оның төңірегі туралы алғашқы мәлімет "Үлкен сызу кітабы" мен Мәскеу мемлекетінің 1627 жылғы картасына толық көлемді кіруі. Онда Арал "Көктеңіз" деген атпен аталыпты. XVІІ ғасырдың аяғында (1696 ж.) Ресей Үкіметі қазақ жерін отарлау мақсатында оның географиялық картасын жасауды қолға алып, ол жұмысты Тобылдық қызметкер С.У.Ремезовке тапсырды. Ол "Бүкіл Сібір қалалары мен жерінің сызуы" және "Барлық сусыз және өткелі аз тастақ даланың сызуы" деген атпен екі карта жасаған. Арал теңізі соның екеуінен де орын алды. Арал теңізін орыс ғалымдарының зерттеуі І Петр патшаның заманынан бастау алады. Алдияр патшаның тапсыруымен 1715 – 1716 жылдары ұйымдастырылған экспедицияны А. Бекович пен Черкасский басқарды. Әйтсе де Арал теңізін түпкілікті мақсат үшін байыпты зерттеулер Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға шығуына құштарлығы күшеюіне байланысты болғаны ақиқат. 1740 – 1741 жылдары Ресей үкіметі Аралды зерттеуге арнайы экспедиция жіберген болатын. Сол экспедиция жетекшілерінің бірі Иван Муравин арнайы өлшеу арқылы шығыс Арал өңірінің ландшафтық картасын өте дәлдікпен жасады. Оған Арал теңізінің бөлігі, Сырдарияның атырауы мен Хиуа хандықтары кіреді. И.Муравиннің картасында бұрын болып, кейінірек бұзылған қалалар, сондай-ақ бастапқы орнынан жылжыған немесе тартылып қалған өзен арналары да көрсетілген. XІX ғасырдың аяғына таман Арал маңы арқылы Орынбордан Бұхараға өткен орыс зерттеушілерінің бірі Мендияр Бекчурин (Меңдійар Бекшорын) жолай кездескен құмдарды зерттей отырып, оларды "кұмды жолдар", "кұмды төбелер" деп жаңа атаулар енгізгені байқалады. Бекчуринның саяхат кезінде жинаған мәліметтері оның "журнал" деп аталатын есебінде анық айтылады. Онда Сырдарияның, Әмударияның, Жаңадарияның Аралға құятыны және олардың жағалауындағы өсімдіктер мен жануарлар туралы құнды мәліметтер бар. Сонымен бірге осы аймақта жабайы жылқы-тарпандарды, киіктерді көргенін айтады. Бұл автордың Арал өңірі туралы мәліметтері шашыранды (эмпирикалық) сипатта болғандықтан толық мәнді ғылыми деңгейге жете койған жоқ. Әйтсе де осы өңір туралы ғылыми зерттеуге ықпалын тигізіп, кең жол ашты. Арал теңізі мен оның бассейнінде ғылыми зерттеуді кешенді сипатта жүргізу XІX ғасырдан басталды деуге болады. Бұл кезеңде Ресей Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияның жерлерін империяға қосып алу мақсатында белсенді саясат жүргізе бастаған еді. Сол себепті, Арал теңізі мен оның бассейнін зерттеуге ерекше мән беріліп, экспедиция жіберу жиілей бастады. XІX ғасырдың 20 жылдарында осы өңірді зерттеп, құнды мәліметтер жинаған Э.А.Эверсман болды. Оның зерттеулері Арал-Каспий ойпатына физика-географиялық, геологиялық, ботаника-зоологиялық тұрғыдан сипаттама береді. Арал теңізінің жағалауы мен Сырдарияның төменгі ағысындағы көл жүйелерін зерттей келіп, ғалым Арал теңізі тартылып бара жатыр деген болжам айтқан еді. 1848 – 1849 жылдары Арал теңізін жан-жақты зерттеп, ол жөнінде тың мәліметтермен ғылымды байытқан және қоғамның түсінігін кеңейткен жұмысты А.И.Бутаков экспедициясы орындады. Осы экспедицияның құрамында әйгілі ақын,суретші Т.Г.Шевченко да болғаны белгілі. Экспедиция теңіз бен оның жағаларын және "Барсакелмес" аралын алдын ала зерттеу жүргізумен бірге теңіздің тереңдігін өлшеді, ағысын зерттеді. Сол жолы бір топ аралдарды ашып, координаттарын анықтады. Олар "Қайта өрлеу" (Возрождение) және "Комсомол" (кейін аталған) аралдары болатын. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Аралдың гидрологиялық, геологиялық, физика-географиялық, геоботаникалық сипаттамасы жасалып, картографиялық материалдар жинақталды. "Құмсуат" мүйісінде арнайы бақылау жүргізу арқылы теңіз деңгейінің ауытқуы жағалық террастардың қалыптасуына әсері барын дәлелдеді. Экспедиция аяқталған соң 1850 жылы Арал теңізінің гидрографиялық картасы баспадан шықты (А.И.Бутаков жэне К.Е.Поспелов). Онан кейінгі кезеңде А.И.Бутаков Сырдарияның төменгі ағысы (1855) мен Әмударияның атырабын (1858 – 1859) зерттеп, Арал бассейніндегі екі ірі өзеннің атыраударына ғылыми сипаттама берді. Кейінірек осы экспедицияның мүшесі А.И.Макшеев Сырдарияның төменгі ағысын өзі дербес зерттеп, оның бұл өңірді географиялық аудандарға бөлген жүйесі ғылыми тұрғыдан өте бағалы деуге тұрарлық. XІX ғасырдың 50 жылдарында Ресей Ғылым академиясының жасақтауымен Аралға келген экспедицияның құрамында жұмыс істеген зоолог Н.А.Северцов пен ботаник И.Г.Борщов 1857 – 1858 жылдары Аралдың солтүстік және шығыс жағалауында физика-географиялық байқаулар жүргізді және теңіздің шегінуінен оның түбінің жалаңаштану сипатына назар аударды. 1873 жылы Ресей өзіне Хиуа хандығын қосып алған соң Арал өңірін зерттеу бұрынғыдан гөрі кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілді. Соның айғағы ретінде 1874 жылы осы өңірде Петербургтың табиғат зерттеушілер қоғамы ұйымдастырған Арал-Каспий және Орыс географиялық қоғамы жіберген Әмудария экспедициялары жұмыс істегенін айтуға болады. Арал-Каспий экспедициясының мүшелері зоолог В.Д.Аленицын және геолог Н.П.Барбот де Марни Арал теңізінің батыс және солтүстік жағалауларында, ал Әмудария экспедициясы теңіздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соңғы экспедицияның мүшелері Арал бассейнінің физикалық географиясына қатысты зоогеографиялық және геоботаникалық бақылауларды қоса орындаған болатын. Олар жинаған материалдарда Аралдың шығыс жағасының пішіні теңіз деңгейі төмен түсуіне байланысты өзгеріп бара жатқаны жөнінде мәлімет бар. Сонымен бірге оңтүстік Арал мен Каспийдің фаунасын салыстыра отырып, Арал бір кездері Каспийден бөлініп шықты деген тұжырым жасайды. 1874 жылы геодезист А.А.Тилло бастаған Орынбор отряды Арал мен Каспий теңіздерінің арасында нивелир жұмыстарын жүргізіп, Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізінің деңгейінен 73 метр жоғары екенін көрсетті. Сол жолы А.А.Тилло Арал теңізінің деңгейін дәл анықтап, теңіздің солтүстік-батыс жағасына репер орнатқан болатын. Ол өлшемдік белгі кейін теңіз денгейінің ауытқу белгілерін бақылап тұруға негіз болды. 1879 жылы осы аймақта геологиялық зерттеу жүргізген А.Я.Гедройц өзендердің ағысы өзгеруіне антропогендік қызметтің әсері күштірек болатынын атап көрсетті. Сонымен XІX ғасырда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаңа географиялық карталар дайындалды, теңіз бен Сырдария өзенінің гидрографиясы анықталып, Арал бассейнін физика-географиялық және геоботаникалы аудандастырудың алғашқы бастамасы жасалды. XX ғасырдың басында капитализмнің қарқынды даму жолына түскен Ресей шикізат қоры мол аймақтарға иелік етуге мүдделі болды. Осыған орай, табиғи қоры бай ірі географиялық нысан ретінде Арал теңізін зерттеуді қайтадан жандандырды. 1897 жылы орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі құрылып, Арал теңізін зерттейтін экспедицияны баскару жас ғалым Л.С.Бергке тапсырылды. 1900 – 1903 жылдары Арал экспедициясы теңіздің география-гидрологиялық жағдайын зерттеумен бірге Сырдарияның төменгі ағысында метеостансалар ұйымдастырды, теңіз жағалауында геологиялық, геоморфологиялық байқаулар мен ихтиологиялық зерттеулерді кешенді жүргізді. Жиналған мәліметтердің негізінде Л.С.Бергтың "Арал теңізі" (1908) атты ғылыми тұрғыдан өте құнды монографиясы жарық көрді. Автор бұл монографиясында табиғатта өте сирек кездесетін осы су айдынының физика-географиялық толық сипаттамасын берді. Онда теңіздің көлемі, тереңдігі, ағындары мен деңгейі, суының температурасы, түсі мен мөлдірлігі, тұздылығы мен метеорологиялық режимі туралы тың деректер бар. Л.С.Бергтың мәліметіне қарағанда, Арал теңізінің суында тұз онша көп емес, бет жағында небәрі 1,03%. Теңіз жағасының бітімін зерттей келіп, оны тегіс (батыс), қалақша тәрізді (солтүстігі) және қойнаулы (шығысы) деп үшке бөледі. Мұндай қойнаулы жаға тек Арал теңізіне ғана тән болса керек. Арал теңізінің гидрологиясы мен деңгейінің ауытқуларын зерттегенде теңіз деңгейінің көтерілу және төмен түсу кезеңдері алмасып тұратынын анықтады. Палеоклиматтық зерттеулерінің негізінде Л.С.Берг "Арал теңізі тартылып бара жатыр" деген пікірді қолдамады, оның негізсіз екенін атап көрсетті. Қалай дегенде Арал теңізіне қатысты зерттеулердің ішіндегі теңіз жөнінде жан-жақты, мән-мағынасы терең мағлұмат беретін аса құнды ғылыми еңбек осы екені күмән туғызбайды. Кеңес дәуірінде Арал теңізін зерттеу бұрынғыдан әлдеқайда кең көлемде жүргізілді. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдардан бастап мұнда көптеген экспедициялар ұйымдастырылып, олар гидрография-геоморфологиялық және тарихи археологиялық зерттеулерді кешенді жүргізді. 1920 жылы зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткен Д.П.Малинин Арал теңізінің тұңғыш және қысқаша лоциасын (теңіздің тереңдігі) құрастырды. 1929 жылы Аралда ғылыми балық шаруашылық стансасы құрылып, ол гидрологиялық және ихтиологиялық зерттеулермен айналысты (В.Я.Никитинский, А.Л.Бенина, Г.В.Никольский т.б.). 1930 – 1950 жылдары Арал теңізі мен оның жағалауын зерттеген көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. 50 – 60 жылдарда теңізші-гидрографтар А.И.Бутаковтың жасаған картасы негізінде бүкіл Арал теңізі картасының толық нұсқасын қайта жасады. Осы кезеңде Арал теңізі мен оның бассейніне қатысты жалпы геоморфологиялық, палеогеографиялық, бедердің қалыптасу тарихы, Арал ойпаты мен оның айналасындағы құмдардың пайда болуы, бедердің жағалық формалары жөнінде терең мәнді ғылыми еңбектерді И.П.Герасимов (1937), Б.А.Федорович (1942), О.Юпославская (1949), А.С.Кесь (1955), А.В.Шнитников (1957) қалдырды. Арал теңізінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеумен Мемлекеттік мұхиттану институтының ғылыми қызметкерлері (А.И.Симонов, 1954; Л.К.Блинов, 1956; В.П.Львов, 1959) айналысты. Сол зерттеулердің нәтижесінде Л.К.Блинов "Арал теңізінің гидрохимиясы" (1956) атты монография шығарды. Онда теңіздің режимі, судың химиялық құрамы, тұз балансы, биогендік заттардың режимі туралы көптеген мәселелер қамтылды. Арал маңының бор, палеоген және неогендік шөгінділеріне терең мәнді сипаттама беретін мәліметті А.Л.Яншиннің "Солтүстік Арал маңының геологиясы" атты монографиясынан көреміз. 60 жылдарда Арал теңізінің су балансы мен деңгейінің режимі өзекті мәселеге айналып, бұл жөнінде жүргізілген зерттеулер ғылыми еңбектер топтамасына қосылды. Солардың бірі "Арал теңізі проблемасының бүгіні мен болашағы" атты жұмыс еді (М.К.Байдал және А.Х.Каяткина, 1972). Мұның бәрі Арал теңізін зерттеу толық болғанын, ол жөнінде жалпы тізбекке ілінбей ақтаңдақ күйінде қалған мәселелер жоқ екенін көрсетеді.
1.2. Климаты
Арал теңізі мен оның жағалауының климаты еуразиялық қоңыржай белдіктің құрлық ішіндегі шөл далада атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Мұны Арал тектес климат деп атайды. Арал климатының басты ерекшелігі ретінде континенттігін айтуға болады. Ауа температурасының жылдықтар белгісі 78°С-қа дейін жететіні соңы айғақтайды. Қысы қысқа, бірақ суық. Қаңтар айында орта температураның мәні – 14°С болса, жазы ыстық, құрғақ, әрі ұзақ. Жазда шілде айының орта температурасы +26,3°С, жауын аз, оның жылдық орташа мөлшері 95 мм. Жаз айларында аспан әрдайым ашық, бұлтсыз және тұман болмайды. Сол себепті теңіз бетінен судың булануы өте күшті жүреді. Жыл бойы ашық теңіз бетінен буланатын судың мөлшері 9,9 сантиметрге жетеді. Бұл өткен ғасырдың 60 жылдарында теңіздің айдыны үлкен кезінде алынған өлшем көрсеткіші. Қазір теңіздің ауқымды бөлігі құрғап қалуы себепті мұнда ауаның құрғақтығы өте жоғары. Соған орай теңіз бетінен судың булануы әлдеқайда көп болуы ықтимал. Арал теңізінің солтүстік және оңтүстік бөліктерінде климат жағдайы бірдей емес. Оңтүстігінде климат режимі жұмсақтау. Жыл бойының көпшілігінде, әсіресе күз бен қыста. Арал теңізі қыс айында Байқал көлінің үстінде қалыптасатын жоғарғы қысымның ықпалында болады. Сол себепті мұнда Сібірден құрғақ және суық ауаны айдап келетін солтүстік-шығыс желі үстемдік етеді. Кей жылдары солтүстік Аралға солтүстіктегі Кар теңізінен жылжитын арктикалық суық ауа да жетеді. Ондай кезде өте қатты аяз болып, ауаның температурасы – 30°С-қа, кейде тіпті – 42°С-қа дейін төмендейді. Әйтсе де суық ауа теңіздің ортасына дейін ғана жетеді де теңіздің тек Қазақстандық бөлігі ғана қатады, ал оңтүстік Аралда (Мойынақ қаласы) қатты суық өте сирек болады. Жаз айларында Аралда оқта-текте Солтүстік Үндістан аймағынан төмен қысымды (разреженный) континенттік тропикалық ауа келеді. Бұл жағдайда ауаның температурасы +35 – 40°С-қа дейін көтеріледі. Аралдың климаты континенттік болуының басты себебі осы. Сонымен бірге көктемде және жазда Арал өңіріне Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен ылғалы аздау теңіз ауасының массасы жеткенде көбінесе оңтүстік-батыс бағытта жел соғып тұрады. Арал теңізінің өзі де, әсіресе ай үлкен кезінде айнала төңірегіне жұмсақ ықпалын тигізіп тұрады. Оны Арал теңізінің бетінде желдің таралу сипатынан аңғаруға болады. Жаз айларында теңіз бетінде қысым көтеріліп, теңізден құрлыққа қарай жел жиі соғады. Теңіздің солтүстік жартысында жаз айларында желдің бағыты көбінесе оңтүстік-батыстан, ал оңтүстік бөлігінде жел қысы-жазы бірдей солтүстік-шығыстан соғады. Арал теңізінің жағалауындағы климат жағдайы теңіздің ықпалымен қалыптасады. Қыс айларында жағалаудың орта температурасы сәл көтеріледі, ал жазда аздап төмендейді. Орташа көрсеткіш ±2°С. Демек теңіздің солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасында температураның айырмашылығы едәуір екені байқалады, яғни, Солтүстік Аралда орта температура +7°С, ал оңтүстік бөлігінде +10°С.
1.3. Арал теңізінің деңгейі
Арал теңізінің шартты деңгейі абсолюттік белгіден алғанда +51,494 метр деп есептеледі. Ғылыми деректер бойынша, Арал теңізі денгейінің тербелуі көпғасырлық, ғасырлық және көпжылдық болып қайталанып тұрады деген ұғым қалыптасқан. Көпғасырлық тербеліс А.В.Шнитниковтың пікірінше, 1850 жылда қайталанатын көрінеді. Бұл кезеңде тербеліс биіктігі 6 метр, тіпті онан да жоғары болуы мүмкін деп топшыланады. 1908 жылы Л.С.Берг жанама белгілерін талдау арқылы соңғы 200 жылда теңіз деңгейінің тербелуін қалпына келтірді. Кейінірек оны В.П.Львов (1959) растады. Бар мәліметтерге қарағанда, XVІІІ ғасырдың аяғында теңіздің деңгейі 53 метрлік жоғары деңгейде тұрса керек. Сонан кейін біртіндеп 1820 жылға қарай 52 метрге дейін төмендеген. Соңғы рет Арал теңізінің 53 метрге жақын биік деңгейі 1905 жылдарда болса керек. Бұл кезеңде теңіз денгейінің биіктеуі оған құятын өзендер ағысының көбеюі есебінен болған сыңайлы. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейін теңізге құятын өзендер суын суармалы егіншілікті дамыту үшін пайдалануға байланысты 80 жылдардың аяғында-ақ теңіз деңгейі 38,8 метрге дейін төмендеді.
Теңіздің су балансы. Оған құятын өзендердің ағысы жауын-шашын мен жерасты суынан құралады. Арал теңізінің айдынына жауатын жауынның мөлшері онша көп емес. 1911 жылдан
1960 жылдардың аралығында жауған жауынның көпжылдық орта мөлшерінің жылдық өлшемі 138 мм болса, 1961 – 1985 жылдарда жауған жауынның орташа жылдық мөлшері 124 мм болған көрінеді. Теңіздің әр бөлігінде жауатын жауынның мөлшері бірдей емес. Солтүстігінде жауынның жылдық мөлшері 110 мм, оңтүстігінде 80 мм шамасында болады. Теңіздің су балансын анықтайтын негізгі көзі жер бетіндегі ағыс, негізінен Әмудария (63,1 км3/жыл) мен Сырдарияның (37 км3/жыл) суы, жауын-шашын және жерасты суының ағысы. Жерастымен ағыс теңізге түсетін судың мөлшері жөнінде ғылыми әдебиет бетінде сенімді мәліметтер жоқ деуге болады. Көптеген авторлардың пікірінше, жерасты суының ағысы мардымды емес, сол себепті теңіз денгейінің тербелісіне пәлендей әсер етпейді. Қазіргі кезде грунтке сіңіп кететін (фильтрация) суды есептемегенде, теңізге түсетін жерасты суының мөлшері жылына
0,2 км3 деп бағаланады (Н.Н.Ходжибаев).
Теңіз бетінен судың булануы оның су балансына күшті әсер етеді. Жыл ішінде судың булануы бірдей емес: жазда көп, қыста аз болады.
Тұз балансы. Тұз балансының негізгі кіріс бөлігін өзендер суының иондық ағысы анықтайды. Л.К.Блиновтың мәліметі бойынша 1911 – 1960 жылдарда өзендер ағысымен теңізге түскен тұздың жылдық кірісі 12,85 млн тонна болған. 1961 – 1970 жылдарда теңізге құйған өзен ағысы едәуір азайды. Әйтсе де өзеннің иондық ағысы көбейіп, соның есебінен теңізге түскен тұздың жылдық мөлшері 26,9 млн тоннаға дейін өсті. Оған Сырдария өзені суының жалпы минералдығы күрт көбейіп, екі есе өсуі себеп болды, ал Әмударияның суында бұл көрсеткіш онша көп өзгерген жоқ. Осы кезеңде Әмудария суының минералдығы оның бір литрінде 708 мг болғанда, Сырдарияның суындағы минералдығы 1312 мг/л болды. 1981 – 1985 жылдары өзендер суының минералдығы көтерілгенімен жалпы ағыстың азаюына байланысты өзен суының иондық ағысы жылына 2,2 млн тоннаға дейін азайды. Әрине, теңізге атмосфералық жауынмен де тұз түседі, бірақ оның мөлшері көп емес. Ғылыми деректерге қарағанда, жауынмен түсетін бір литрдегі мөлшері 40 миллиграмға бағаланады. Бұл 1911 – 1985 жылдардағы жиналған мәліметтерді талдаудан алынған. Осы кезде Арал теңізіне жыл сайын жауынмен 0,59 млн тонна тұз түсіп тұрған көрінеді. Жерасты суының ағысымен де теңізге тұз түседі деп есептеледі. Қазіргі бар деректер бойынша, егер жерасты суының теңізге түсетін мөлшері жылына 0,2 км3, ал оның минералдығы орташа 7 г/л болатын болса, онда шамамен 1,0 млн тоннадай тұз түседі екен. Теңізге жылдық жолмен түсетін тұз оның тұз балансын құрайтын өнімді көрсеткіштердің бірі болып табылады. Арал өңірінде құм мен шаң суыратын дауылдардың жиі болып тұратынын ескерсек, процессс теңіздің тұз балансына едәуір үлес косады. Кейінгі жылдары Арал теңізінің ауқымды бөлігі тартылып, орнында пайда болған сусыз дала тұзды шаң мен құм борайтын ошаққа айналды. Жыл сайын теңіз айдынының бір шаршы шақырым (км2) аумағына 60 тоннадай эолдық материал түседі. Оның құрамында жалпы массаға шаққанда суда еритін 10 – 25% аэрозоль бар. Сондықтан эолдық шаңмен теңізге жыл сайын түсетін тұздың мөлшері 0,4 млн тонна болады (В.С.Бруевич, Н.Ф.Соловьева). Теңіз бетінен буланған су теңіз бен атмосфераның арасында тұз алмасуды реттейді. Жыл сайын Арал теңізінің айдынынан буланған сумен кететін тұз 0,34 млн тоннадай болады. Сонда тәулік ішінде теңіздің жағалау сызығынан 1 (бір) шақырым сыртқа кететін тұз шамамен 5,5 тоннадай болады екен. Зерттеушілер Арал теңізінен буланатын судың бір литрінде 0,25 мг (миллиграмм) тұз бар деп есептейді. Сол есептен алғанда, жыл сайын теңіз бетінен буланатын судың құрамында 14,5 млн тонна тұз кетеді. Теңіздің тұз балансының шығысына оның деңгейі төмендеген жағдайда суы тартылған жағалауында шөгінді күйінде қалатын тұз массасы да кіреді. Қазіргі ұғым бойынша, Арал теңізі суындағы тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тонна деп шамаланады. Теңіздің бір шаршы шақырым (км2) құрғаған орнында шамамен 7,0 мың тоннадай, яғни бір шаршы метр (м2) грунтте 7,0 келідей тұз қалады. Осы есептеулер бойынша 1971 – 1985 жылдары теңіз деңгейі төмендеуіне байланысты оның жағалауында жиналған тұздың орта мөлшері 3,83 млн.тонна болады екен.
Теңіз суындағы биогендік заттардың режимі. Су фаунасы менфлорасы үшін ондағы биогендік заттардың рөлі ерекше. Арал теңізінің суындағы биогендік заттардың тобын азоттың бейорганикалық (NH4, N03, N02), фосфордың (фосфаттар) және кремнийдің (кремний қышқылы) қосылыстары құрайды. Теңіздегі биогендік заттардың негізгі көзі құрлықтан түсетін (материковый сток) ағын болып табылады. Сонымен бірге биогендік заттар теңіз түбіндегі шөгінділер мен жерасты суларының ағысымен де түседі. Биогендік заттардың азын-аулақ бөлігі жауынмен түседі. Теңіз ішінде биогендік заттардың айналымы ассимиляция (сіңіру) және оған керісінше органикалық заттардың минералдану тізбегімен жүреді. Биогендік заттар азот, фосфор және кремнийді ассимиляциялау барысында фотосинтез процесі жүретіні белгілі. Ғылыми әдебиет бетіндегі мәліметтерді талдағанда, Арал теңізі суындағы биогендік заттардың мөлшері жұтаң, сол себепті олардың таралуы мен режимі фауна мен флораға жайлы емес. Демек, Арал теңізі биогендік режимі жағынан көптеген оңтүстік жарты шардағы теңіздерден айырмашылығы бар. Мұнда теңізге биогендік заттарды тасымалдап, жеткізетін тек оған құятын өзендердің ағысы. Арал теңізі тайыз, суы мөлдір болғандықтан мұнда биогендік заттар жиналып, қордаланатын теңіз астында қолайлы аймақ жоқ. Теңізге құятын өзендер ағысының күрт азаюы онсыз да жұтаң теңіздегі биогендік заттардың сыртқы балансын қолайсыз бағытта өзгертіп жіберді. Арал теңізінің гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық режимдері өзгеруі себепті биогендік заттардың ішкі айналымы өзгеріске түсті. Олар өзгеріске түскенде, яғни азот, фосфор, кремнийдің ассимиляциялануы, пайда болған (синтезделген) органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуы, негізгі биохимиялық процесстердің жылдамдығы мен ортаның температурасына байланысты болады. Қазіргі кезде теңіздің деңгейі төмендеуі себепті, оның температуралық режимі өзгеріске түсті. Арал теңізіндегі биогендік заттардың режимдік өзгеруі антропогендік қызметтің әсерінен болып тұрғаны анық.
1.4. Арал теңізінің шаруашылық маңызы
Табиғи су көздері тапшы Қазақстан жерінде балық беретін ашық су көздерінің ең ірісі – Арал теңізі. Жоғарыда айтылғандай, судың деңгейі тайыз және судағы биогендік заттары онша көп емес десек те Арал теңізінің балық қоры әжептәуір мол болды. Ғылыми тұрғыдан бағалағанда Арал теңізіндегі су массасының негізін 18 өзендер – Сыр мен Әмудың ағысы құрайтын болғандықтан Аралды тұшы теңіз деуге лайық болатын. Сонан болса керек, әйтеуір, Арал теңізінің балық қоры мол және көпшілігі құнды балықтар болды (1-кесте). 1918 жылы Кеңес Үкіметі Арал теңізінің шаруашылық маңызын жоғары бағалап, оның экономикаға қосатын үлесін тиімді пайдалану мақсатында балық шаруашылығын дамытуға ерекше мән берді. Сол жылы бұрышы жекеменшіктердегі балық аулайтын мекемелер Түркістан аймақтық балық шаруашылық басқармасына берілді. 1923 жылы Арал балық инспекциясы ұйымдастырылды (16 желтоқсан). 1925 жылы балық өнімдерін өндіретін мемлекеттік Арал балық тресті ұйымдастырылып, сол жылдан бастап Арал теңізінен және теңіз жағалауындағы көлдерден балық аулайтын майда артелдер, серіктестер тағы басқа ұйымдар Арал аудандық Балық ұжымшар одағының (Рыбколхозсоюз) құрамына бірікті. Арал теңізінде балық өңдейтін және онан өнім өндіретін Ауан, Сарбасат, Бөген, Ұзынқайыр, Ұялы, Қазалы зауыттары жұмыс істеді. Арал теңізінде балық аулайтын ұжымшарлардың саны 20 болатын. Олар Ұялы, Көзжетпес, Қасқақұлан, Шевченко, Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Шөмішкөл, Раим, Акшатау, Сталин жолы, Аманөткел, Ленин атындағы, Жаңажол, Қазақстан, Тастүбек, Жамбыл атындағы, Микоян атындағы, Бірлестік.
1-кесте. 1929 – 1947 жылдарда Арал теңізінен балық аулау динамикасы (мың центнер)
Аймақ
1929
1931
1941
1947
Оңтүстік Арал
93.4
167,6
234,0
154,0
Солтүстік Арал
162,9
220,2
153,5
89,0
Барлығы:
256,3
387,8
387,5
243,0
1950 жылдың аяғында Солтүстік Аралдағы балық колхоздары мен зауыттарының санын ықшамдап, екі үлкен – Солтүстік Арал және Қуаңдария моторлы балық аулау стансалары ұйымдастырылды. 1960 жылы бұрынғы мемлекеттік балық трестінің орнына Арал балық комбинаты құрылды. 1961 жылдан ірілендіріп ұйымдастырылған мемлекеттік Бөген және Қуаңдария балық аулау базалары жұмыс істей бастады. 1960 жылы теңіздің Солтүстік және Оңтүстік бөліктерінде ауланған балықтың түрлік
құрамы мен массасы бірдей болды (центнер есебімен):
тыран – 500 майбалық – 12000
сазан – 130000 қаяз – 4500
торта – 76050 тісті (судак) – 13000
шортан – 4000 ақбалық – 8500
жайын – 11000 әртүрлі майда балық – 58500
бекіре – 50
Сол жылы ауланған балықтың жалпы мөлшерінен дайындаған балық өнімдері (центнер): тоңазытылған балық – 23400, қатқан балық – 15600, тұздалған балық – 78400, ысталған балық – 27400, кепкен (қақталған) балық – 37600. 1976 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының орнына Арал-рыбпром болып өндірістік бірлестік ұйымдастырылды. Арал теңізі табиғи ерекше географиялық нысан ретінде ел экономикасына негізінен балық және азын-аулақ су аңдарының терісінен түсетін пайданы қосып тұрды. Теңіздің деңгейі жоғары, су массасы мол болып тұрған қолайлы кезеңде жыл сайын 45 – 50 мың тоннадай балық ауланып тұрды. Теңізден түсетін экономикалық пайданың қосалқы көзі су аңы – ондатрдың терісінен алынды. Теңіздің шығыс жағындағы тайыз бөлігінде осы су аңы тым тәуір өсіп-өніп, оны кәсіптік аулап тұрды. 50 жылдары аңшылар жылына ауланған ондатрдың саны 233,6 мың данаға дейін жетті. Кейінірек экологиялық ахуал қиындап, теңіздің суы қайтуы салдарынан ондатр тіршілік ететін жайлы орта тарылған соң оның саны 25 есеге дейін азайды. Сөйтіп, 1968 жылы бір жылда ауланған ондатрдың саны 9,1 мың дана болса, 1972 жылы небәрі
72 ондатр ұсталды.
Арал теңізінің балықшылары екпінді еңбек етіп, экономиканың дамуына үлкен үлес қосты. Соның айғағы ретінде Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының балықшыларынан үш адам – Рысқұлов Бақыт, Өтеулиев Ұштап және Әлімбетов Төлеген Социалистік Еңбек Ері атағын алғанын айтуға болады. Сонымен бірге экономиканың осы саласында ерен еңбегімен көзге түскен 7 (жеті) адам әр кезеңде Қазақ ҚСР Жоғарғы кеңесінің депутаттары болып сайланды. 1967 – 1975 жылдары Арал балық комбинаты 6 рет әртүрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Айта кететін жай, Арал теңізінде тәуір дамыған су көлігі жұмыс істеді. Қарақалпақ АССР-на жеткізілетін халық шаруашылығы жүктері көбінесе Арал порты арқылы кемемен тасымалданды. Осының бәрі Арал теңізінің әлеуметтік және экономикалық маңызы қандай болғанын көрсетеді.
2. АРАЛ ТЕҢІЗІ БАССЕЙНІНДЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕҢІЗГЕ ӘСЕРІ
2.1. Суармалы егіншіліктің құрылымы мен дамуы
Өткен ғасырдың ортасында әлемдегі ең ірі тұйық су көздерінің бірі – Арал теңізінің тағдыры көпшілік назарына ілініп, көптеген ғылыми және жобалау мекемелері жүргізген зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтер басылым беттеріне жиі шығып тұрды. Теңізге деген осынша қызығушылық, кейде тіпті оның тағдырына алаңдаушылық осы өңірдегі нәзік табиғаттың болашақ экологиялық ахуалы қандай болатынын ойлағаннан туындаған жай еді. Оған себеп, теңізді теңіз етіп сақтап тұрған Сыр мен Әмудариялардың бассейнінде суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы болды. Әрине, өзендер суын оңтүстіктің құрғақ субтропикалық аймағында қайтымсыз пайдалану екпінді жүре берсе, онда тіпті олардың ағысы теңізге жете алмай тоқтап қалу мүмкіндігі жоқ емес болатын. Сыр мен Әму суын шаруашылыққа пайдалану қажеттігін XІX бен XX ғасырлардың аралығында белсенді уағыздаған белгілі орыс ғалымы А.И.Воейков (1908) болған-ды. Оның пікірінше, өзендер суын Аралға құйғызып қойып, оны сақтағаннан гөрі сол суды шаруашылыққа пайдалану экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді болар еді. Рас, Арал проблемасын талдағанда, суды теңізге жібергеннен түсетін пайда мен оны егіншілікке пайдаланғанда келетін экономикалық тиімділікті салыстыру қажет болады. Балық шаруашылығымен айналысатын жобалау мекемелерінің есептеулеріне қарағанда, Арал теңізінен оның 50 жылдардағы деңгейі сақталып тұратын болса, жыл сайын 450 – 500 мың центнер балық ауланады. Сыр мен Әмудің атыраударында әртүрлі мелиоративтік шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын ауланатын балықтың мөлшерін 600 мың центнерге жеткізуге болады. Балықтың сол кездегі құнымен есептегенде ол 40 (қырық) миллион сом құрайды. Сонымен бірге Орта Азиядағы барлық бос су қорларын, негізінен Сыр мен Әмудің, түгел пайдаланғанда, әртүрлі жобалау-зерттеу мекемелерінің есептеулері бойынша суармалы егістің көлемін 4-тен 10 миллион гектарға жеткізуге болады екен. К.И.Лейкиннің (1966) мәліметі бойынша, Өзбекстанның колхоздарында 1 (бір) гектар жерден алынатын өнімнің құны 1958 – 1962 жылдары мынадай болған (сом есебімен): мақта – 723, күріш – 401, көкөніс – 772, жүзім – 1240, жеміс-жидек – 468; совхозда: мақта – 515, күріш – 341, көкөніс – 716, жүзім – 2022, жеміс-жидек – 2750 сом болған көрінеді. Түрікменстанда (Б.Овезов, 1967 ж.) 1958 – 1965 ж.ж. 1 (бір) гектар жерден 718 сомның, ал 1965 ж. – 833 сомның өнімі алынған. Осы көрсеткіштерді және агроклиматтық жағдайы қолайлы аудандарда жаңа жерлердің игерілуін есепке ала отырып, Орта Азияда 1 (бір) гектар суармалы жердің жыл сайын беретін өнімі 1 (бір) мың сомға бағаланды. Демек, егер суармалы жердің көлемін 4,0 млн гектар есебінен алғанда, осы eгіc көлемінен жыл сайын түсетін өнім 4 (төрт) миллиард сомға бағаланады. Олай болса, өзендер суын теңізге жіберіп, оның жоғары деңгейін сақтағанда түсетін экономикалық тиімділікпен салыстырғанда суармалы жерден алынатын экономикалық тиімділік 100 (жүз) есе артық болады. 50 жылдары Сырдария мен Әмударияның бассейндерінде суармалы жердің көлемі 2,9 млн гектар болатын. Сол тұстағы техникалық және қаржы-қаражат қорының деңгейінен алғанда бұл жоғары көрсеткіш еді. Сол көлемді суармалы жер Арал бассейніндегі халық шаруашылығы беретін жалпы түсімнің 50%-ын, оның ішінде егіншіліктің жеке салаларын алғанда Кеңес Одағы бойынша өндірілетін мақтаның 95%-ын, едәуір мөлшерде күріш, бақша, ерте көкөніс, жеміс-жидек, жүзім және басқа ауылшаруашылығы өнімдерін берді. Сондай-ақ мал азығын, оның ішінде ең құндысы – жоңышқа пішенін беріп тұрды. Табиғи-климат жағдайы қолайлы оңтүстік аймақтарда суармалы егіншіліктің тиімділігі түйткіл болып, елдің экономикасын нығайту, оның ішінде әсіресе азық-түлікті молайту мақсатында суармалы егістің көлемін ұлғайту жөнінде арнайы бағдарлама қабылданды. Сол бойынша Орта Азия мен Қазақстанда суармалы егістің көлемін 4,0 млн гектарға жеткізіп, оған екі дарияның жылдық орташа 100-108 км3 (Әму - 63,1; Сыр - 37) ағысынан жыл сайын шамамен 45 – 50 км3 су жұмсау, ал онан қалатын шамамен 50 км3-дей бөлігін теңізге құйып тұру межеленді. Егер жыл сайын осы есептегі судың көлемі теңізге түсіп тұратын болса, онда балықшылық кәсібіне зиян тигізбей-ақ теңіз деңгейін 40 пен 50 метрдің (абсолют. белгіден) аралығында ұзақ мерзімде ұстап тұруға болады екен. Бұл жобалық болжам еді. Айта кету керек, 1960 жылға дейін жыл сайын екі дариядан теңізге орта есеппен 2250 км3-дей су түсіп тұрған болатын. Орташа көрсеткіш дейтініміз, өзендердің ағысы әр жылда тұрақты бола бермейді. Кей жылдары өзен ағысы аздау, енді бір жылдары мол болуы себепті теңізге түсетін судың кірісі 64-тен 33 км3 аралығында болып тұрды. Жауын-шашынмен теңіз айдынына түсетін судың көлемін 9 – 10 км3 шамасында. Осындай кірістің есебінен теңіз бетінен булануға кететін су массасының орны толығып тұрды. Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес 60 жылдардың басында суармалы егістің көлемін көбейту қолға алынғанда өзендер ағысын егіншілікке жұмсаудың ауқымы күрт көбейіп, сонан теңізге түсетін судың көлемі азайып кетті. Өзендер ағысының көпшілігі негізінен суға тілек екі дақыл – мақта мен күріш егістерін суаруға жұмсалады. Мақта егісінің көлемін анықтағанда тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың оптималды құрылымы есепке алынады. Бұл жағдайда мақта тінімен қатар химиялық жолмен алынған синтетикалық тінді шикізат ретінде пайдаланудың арақатынасы тиімді дәрежеде болуы шарт. Бұл екі түрлі тіндерді өндіру мен олардан алынатын бұйымдардың (изделия) пайдаланушылық және эстетикалық қасиеттері бірдей емес. Техника-экономикалық тұрғыдан алғанда табиғи тін, оның ішінде мақта тінін өндіру әлдеқайда қымбатқа түседі. Мақта өнімінің бір өлшем бірлігіне жұмсалатын еңбек, пайдалану және күрделі (капитальный) шығын көбірек жұмсалады. Мақта егу, өнімін жинау, оны өңдеп, таза тін алуға жұмсалатын шығын жасанды химиялық тін өндіруге жұмсалатын шығыннан 3-4 есе артық болады. Жасанды вискоздық тін өндіруге жұмсалатын шығынға бастапқы шикізат пен химиялық шалапродуктылар, энергияға жұмсалатын және басқа шығындар косылатыны белгілі. Соның өзінде мақта тінін өндіру әлдеқайда қымбатқа түседі. Осы шығындар түрін салыстыратын болсақ, мақта тінінің өзіндік құны химиялық тін өндіруге жұмсалатын шығыннан артық деген қорытынды жасауға болады. Табиғи және жасанды тіндерден жасалған бұйымдардың тұтыну қасиеттерін өзара салыстырғанда, техникалық мақсатқа жұмсалатын вискоздық тіннен жасалған бұйымдардан мақта тінінен алынған бұйымдар барлық жағынан төмен екені байқалады. Сол себепті өндірісі дамыған елдерде автомобильдің резина дөңгелегін қордалауға, резина-техникалық бұйымдарға, балық аулау құралдарына негізінен жасанды тін қолданатын болды. Әрине, мұнан мақта тіні сұраныссыз қалды деген пікір туындамаса керек. Олай дейтініміз, мақта тінінің қасиеттері жасанды тіннен әлдеқайда жоғары. Сол себепті, әлі ұзақ уақыт бойы тұрмыста қолданатын бұйымдар жасауға мақта тініне сұраныс жоғары болмақ. Келешекте мақта тінін пайдалану біртіндеп азаюы мүмкін. Әйтсе де оны жасанды тінмен толық ауыстыруға болмас. Айта кету керек, экономикасы тәуір дамыған Жапония, Германия, Англия, Италия, Франция сияқты елдердің тоқыма өнеркәсібінде шикізаттың құрамындағы химиялық жасанды тіннің үлесі едәуір болып отыр. Бұл елдерде тоқыма шикізатының құрамында жасанды тіннің үлесі 50%, тіпті онан да көбірек болса, АҚШ-та өткен ғасырдың 70 жылдарында-ақ химиялық жасанды тінді пайдалануды 57%-ға жеткізді. Химиялық жасанды тінге сұраныстың өсуі мен мақта тініне онша көп сұраныс болмағандықтан АҚШ мақта тінін өндіруді 1960 жылы жан басына шаққанда 20,5 келіден 1970 жылы 10,6 келіге дейін азайтты. Бұрынғы Кеңес Одағы бұл салада басқа жолды қалады. Мұнда мақта тінін өндіруді жыл сайын 2,4 млн тоннаға (1975 ж. – 7 млн. тонна шитті мақта) жеткізумен бірге басқа да шынайы (натуральное) тіндерді (зығыр тіні, жүн, шынайы жібек) көбейту және жыл сайын химиялық тіннің өндірісін 1,1 млн тоннаға жеткізу жоспарланды. Бұл жағдайда 1975 жылы тоқыма шикізатының балансында тіннің үлесі 25% болып, келешекте оның өндірісі көбейтілуі тиіс болды. Осы жағдайларға байланысты Кеңес Одағы өзінің ішкі және экспорттық сұранысын толық өтеу мақсатында мақта тінін жан басына шаққанда 9 – 10 келіге жеткізуді көздеді. Сөйтіп, 1970 ж. Одақ бойынша жан басына есептегенде 9,5 келі мақта тіні өндірілді. Алайда, сонша мақта тінінің тек 45%-ы ғана тоқыма мата өндіруге жұмсалды, ал 40%-ы техникалық мақсатқа және 15%-ы экспортқа кетіп отырды. Халықтың жан басына есептегенде КСРО 1985 жылы 3,5 млн тонна мақта тінін өндіруі тиіс еді. Ол үшін Арал бассейнінде жыл сайын 7,4 млн тонна шитті мақта өндіру қажет болды. Бұл жерде шитті мақтадан шығатын таза тіннің коэффициентін айта кеткен жөн. Коэффициент неғұрлым жоғары болса, шитті мақта өндіруге жұмсалатын шығын да солғұрлым аз болады. Егер осы көрсеткіш бойынша мақтаны көп өндіретін елдердегі мақта өндірісінің деңгейін салыстыратын болсақ, ол барлығында бірдей емес. Фактіге жүгінсек, 1970 жылдары КСРО-да мақта тінінің шығу коэффициенті 0,34 болған. АКДІ-24 та бұл көрсеткіш өткен ғасырдың 30 жылдарында осындай болса, 1970 жылдары ол 0,40-қа жетті. АҚШ мұндай көрсеткішке мақта егісінің көлемін ықшамдаумен бірге мақта тінін сатып алу құнын көтеру арқылы қол жеткізді. КСРО-да жағдай тіпті өзгеше еді. Мұнда мақта өндірісіне қаржыны аз шығындап, бірақ мол өнім алу мақсатында нағыз "құлдық" жұмыс орын алды. Орта Азия республикаларының мақта егетін аймақтарында жұмыс қолы тегін десе болғандай еді. Мақта егісінде жұмыстың көпшілік түрлерін қолмен орындады. Сондай-ақ қиындықпен өсірген мақтаның бір келісіне мемлекет 50 тиын төледі. Сол себепті, Үкімет егіншілік мәдениетін жолға қойып, мақта тінінің шығу коэффициентін көтеруге онша ықыласты бола қоймады. Демек, бұл тегін жұмыс күшін пайдалану арқылы мақта өндірісін көбейту мемлекетке тиімді болды. Сөйтіп, мақта өндірісіне қажетті қаржы-қаражат пен материалдық қор тапшы болғанына қарамастан, мемлекет мақта егісінің көлемін есепсіз ұлғайтуға әрдайым мүдделі болып отырды. Осындай себептен Арал бассейніндегі мақта егетін республикалар – Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Қазақстан мақта егісінің көлемін жоғарыдан түсетін жоспар мен төменде қабылданатын көтерме жоспарға лайықтап, бақылаусыз көбейтумен болды. Сөйтіп, 1970 жылы мақтаның орташа өнімі гектарына 24,8 центнерге жетті. Бірақ бұл жоспардағы есепке кірмейтін артық көлемді егіс егудің есебінен болған нәтиже еді. Мақташылар мұны науқанға айналдырды. Сондай берекесіз қимылдың нәтижесінде тек мақта егетін жердің көлемі 2,4 млн гектарға жетіп, сонан 6,5 млн тонна шитті мақта өндірілді. Мақта егісінін көлемі ұлғаюымен бірге жалпы мақта кешенінің (комплекс) көлемі де өсті. Өйткені, бұл кешенге мақтамен бірге ауыспалы егістің міндетті құрамы болып табылатын жоңышқа егісі кіреді. Сондықтан мақта ауыспалы егісінде жоңышқаның да eгіc көлемі көбейді. Егер 1970 жылы мақта кешеніндегі жоңышқаның егіс көлемі 20% болса, ол 1985 жылы 35%-ға жетті. Сонан жалпы мақта кешенінің eгіc көлемі 3,9 млн гектарды құрады. Осынша көлемді суға тілек егістерді суаруға екі өзеннің жылдық ағысынан шамамен 54 км3 су жұмсалып тұрды, ал оның 46 км3-і (нетто) қайтымсыз шығынға кетті. Мақтаның гектарына жұмсалатын су 6000 – 8000 м3 болса, ал жоңышқаның гектарына (нетто) – 10000 – 12000 м3 су кетеді. Әрине, бұл жоғары норма. Әдетте, судың мұнша көп жұмсалуы ирригациялық жүйелердің сапасыздығынан, суды пайдалану коэффициенті (ПӘК - 0,5) төмендігінен болып тұр. Сонымен бірге екі дарияның бассейндерінде суға тілек, сондықтан суды көп пайдаланатын күріш егісінің де көлемі едәуір болды. Өткен ғасырдың 70 жылдарында Сыр мен Әмудің орта және төменгі ағысында күріш егісінің жалпы көлемі 130 мың гектардай болады деп есептелетін. Ал күріштік кешеннің жалпы көлемі 200,0 мың гектар болып, оның орташа түсімі гектарына 24 – 25 центнерден айналды. Ғылыми-практикалық ұсыныстарға сәйкес күріш егісінің бір гектарына жұмсалатын су 25,0 мың м3. Егер суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК-КПД) 0,5 болса, онда теориялық жағынан алғанда күріштің толық пісіп-жетілуі үшін жұмсалатын су гектарына 50,0 мың м3 болады екен. Бірақ көптеген алқаптарда, әсіресе Сырдарияның төменгі ағысындағы кейбір аудандарда күріш атызындағы судың деңгейін ұстап тұру үшін нақтылы жұмсалатын судың көлемі гектарына 80 мың м3-ге дейін жетті. Ақиқатына жүгінсек, судың осынша берекесіз шығыны оның табиғи жолмен жоғалуынан (булану, топыраққа сіңу) емес, жоспардан тыс артық көлемде күріш егісін егуге жұмсалғандығынан болды. Ресми мәлімет бойынша, 1980 жылдарға таман теңіздің деңгейін ұстап тұрған екі дарияның бассейндегі күріштік кешенге жыл сайын жұмсалған судың көлемі 2,0 км3, оның ішінде қайтымсыз кетіп тұрған көлемі 1,2 км3 деп есептелді, бірақ нақты жұмсалып тұрғаны онан әлдеқайда көп еді. Күріш егісінің көлемін жоспарлағанда Одақ бойынша халық санының болжамдық өсімі мен оның жан басына тұтынатын мөлшерінен алынды. КСРО Ғылым академиясының тамақтану институтының (институт питания) зерттеулеріне Қарағанда, Одақ бойынша сол кездегі шығыс аймақтардағы халықтың ақталған күрішке сұранысы 730,0 мың тонна (1985 ж.) болады екен. Ондай көлемде ақ күріш алу үшін 1,12 млн тонна күріш салысын өндіру керек. Арал теңізінің бассейнінде күріш егісінен гектарына жобалық 45 центнерден күріш салысын алу үшін eгіc көлемін 200,0 мың гектарға жеткізу қажет болды. Бұл жағдайда күріш кешенінің жалпы егіс көлемі 1985 жылы 310 мың гектар болу керек еді. Егістің көлемін мұнша көбейту күріш егісінің гектарлық суару нормасын 22,0 мың м3-ге дейін азайтып, суару жүйесінің ПӘК-тің 0,7-ге көбейтудің есебінен болатыны жобаланды. Бұл жоба бойынша Арал бассейнінде күріш кешеніне жұмсалатын 26 судың жылдық көлемі – 7,3 км3, оның ішінде қайтымсыз пайдаланатын су – 4,3 км3. Сонымен бірге өзендер ағысының едәуір бөлігі мал азықтық және көкөніс, бақша, жеміс-жидек дақылдарын суаруға, сондай-ақ орта Азияның ыстық аймағындағы елдің дәстүрлі кішігірім су қоймаларына кетіп отырды. Фактіге жүгінсек 1970 жылы мал азықтык, жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 1,2 млн гектар болып, соның 0,9 млн гектары өзен суымен суарылды. Есеп бойынша, оған жұмсалған судың көлемі 11,0 км3, оның ішінде қайтымсыз кеткен су 8 км3 болды. Осы жоба бойынша жалпы екі дарияның жылдық ағысынан егіншілікке қайтымсыз жұмсалатын су көлемінің динамикасы мынадай: 1970 ж. – 62 км3, 1985 – 71 км3, сөйтіп теңізге құятын судың көлемі 1985 жылы 37,0 км3-ге дейін азаюы тиіс болатын. Алайда, жауапсыз саясаткерлер, принципсіз ғалымдар мен өндіріс басындағылардың құлшына қимылдауынан өмір оны өзінше ыңғайлады. 80 жылдарда Арал бассейніндегі суармалы жердің жалпы көлемі жобадағы 4,0 млн гектардың орнына 7,3 млн гектарға жетіп, оны суаруға Сыр мен Әмудің жалпы жылдық ағысынан 90 км3 су жұмсалып отырды. Суармалы жер көлемінің осынша көбеюіне Орта Азияның көптеген аймақтарында мелиоративтік күйі нашар, яғни, егін егуге жарамсыз жерлерді игеру себеп болды. Олар Өзбекстанда Бетпақдала, Жизақ, Қаршы аймақтарының жерлері мен Түрікменстандағы Қарақұм жармасының бойындағы тақырлар еді. Ол жерлердің ауқымды көлемі сорлар мен сорланған жерлер болатын. Сонда да олар жоспар орындау мақсатында ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Әрине, суармалы егістің көлемі өсуімен бірге оларға қызмет ететін суару-қашыртқы жүйелері салынды, бірақ көп жағдайда олардың сапалық деңгейі төмен күйде қалды. Әсіресе, ескі суару жүйелерінің ПӘК-тің жоба бойынша 75%-тің орнына 55%-тен аспады. Соның салдарынан судың пайдасыз шығыны көбейді. Судың едәуір көлемі кебір және сор жерлерді шаюға жұмсалды. Осы процестің барысында айнала тұйық, ой жерлерге шайынды-сығынды сулармен бірге кейде дарияның таза суы да құйылып жатты, мысалы, Арнасай мен Сарықамыс қазаншұңқырларына. Соның нәтижесінде табиғатқа және экономикаға пайдасы жоқ көптеген көлдер пайда болды. Олардың ішінде ұзындығы 100 км, көлденеңі 80 км Сарықамыс ойпатында 50 км3 су жиналды. Түрікмендер болса Әмударияны өздері жеке иеленіп, оның ағысын Қарақұм жармасы арқылы ыспа құмның арасымен айдады. Құм арасымен аққан судың сіңіп кеткен мөлшері өте көп болды. Бар деректерге қарағанда, Қарақұм жармасының табанынан құмға сіңіп кететін су оның тартатын көлемінің 25%-ындай болады екен. Демек, бұл жарманың бойындағы жерлерді суару экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық жағынан күллі зиян. Өзбек Республикасының басшылары "үлкен адым" (большой скачок) деген күмәнді идеяға жабысып, ал қазақстандықтар елдің шығыс аймағында күріш "қамбасын" (житница) жасауды армандап, су пайдаланудағы берекесіздікке көздерін жұмып қарады. Әсіресе Сырдарияның суы аяусыз талапайға түсті. Соның бір айғағы ретінде 60 жылдардан бастап, өзбектер Сырдарияның жылдық ағысынан жыл сайын өздеріне лимит бойынша тиесілі суынан 14 км3 суды артық алып отырды. Сонан Сырдың төменгі ағысында су көлемі өте азайып, азғантай келген су (Сырдарияның жылдық ағысынан 13%) түгелдей күріш атыздарына жіберіліп жатты. Қызылордалықтар күріш өндірісін молайту жолында жоғарыдан түсетін және жергілікті жерде жағымпаз пысықтар ойлап тапқан көтерме жоспарды орындау мақсатында есептен тыс күріш егуге дағдыланып, өзен арнасында қасық су қалдырмай суармалы егіске пайдаланды. Сөйтіп, сол кезеңде Сырдария өзенінің ағысы күріш атыздарына кіріп тоқтады. Осы орайда КСРО-ның Су шаруашылығы министрлігінің жауапсыз қызметін ерекше атап өткен жөн. Бұл ведомстік ұстанған қате, әрі жауапсыз стратегиясының салдарынан Арал бассейнінде жер-судың және материалдық қаржы-қаражаттың шығыны орасан көп болды. Фактіге жүгінетін болса, 1971 – 1985 жылдарда бұл министрлік су шаруашылығы құрылысына 79,1 млрд сом қаржы салып, оның қайтымы бір сомға есептегенде 33 тиыннан айналған еді. Су шаруашылығы министрлігі Үкіметтің алдында егістен жиналған өніммен емес қазылған жердің текше метрімен есеп беріп жүрді. Бұрынғы КСРО-ның жерінде қазылған жармалар мен арықтардың ұзындығы 700 мың шақырым болды. Әйтсе де осынша қыруар жұмыстар орындалғанымен суару жүйелері өте нашар күйде қалды. Ол ол ма, 30 (отыз) млн гектар жер құнарын жоғалтты, 4 (төрт) млн гектар жерді ресми түрде егіске жарамсыз деп, айналымнан шығарып тастады, оның 3 (үш) млн гектары Орта Азия аймақтарында, ал
9 (тоғыз) млн-ға жер қайта жөндеуді қажет ететін күйде болды. Қалай болса, солай жасалған гидрожобалардың нәтижесінде 70 жылдардан кейін 20 жыл ішінде өзен алқаптарында өте құнарлы жерлердің 10 млн гектары су қоймалары мен жайылма судың астында қалды. Соның зиянынан 350 – 400 млрд сомның өнімі жоғалды. Бірақ оны жоқтап ешкім басын ауыртқан жоқ.
2.2. Сырдария мен Әмударияның жоғарғы тұсындағы жерлерді игеру
Жоғарғы жақтаулы аймақ болған соң мұнда жаңа жерлерді игеру өте қиын жағдайда жүрді. Өйткені, мақта егуге жарайтын жерлер Орта Азияның тау бөктерлері мен тау ішінде ғана қалған еді. Сол жерлерді мақта егісіне игеру үшін көп сатылы су көтергіш стансалар салу арқылы жүзеге асырылды. Бірақ топырақта ирригациялық эрозия, оқпандар, топырақ көшкіні, үңгірлі (карстовые) жыралар пайда болып, егіншіліктің күткендей мәні болмады. Ең қиыны судың шығыны мен оны көтеруге жұмсалатын қаржы-қаражат көбейді. Алынған өнім шыққан шығынды ақтамады. Таулы жерге мақта егіп, артық су айдау салдарынан өзендердің төменгі ағысында су тапшылығын туғызды. Сонан дәстүрлі егін егіліп жүрген жерлердің өнімділігін кемітіп жіберді. Мәселен, Әндіжан облысында 60 – 70 жылдарда гектарына 35 центнерден шитті мақта беріп жүрген жерлерде 80 жылдарда мақтаның өнімі гектарына 20 – 22 центнерге дейін төмендеді. Жаңа жерлерді игеру үшін әр гектарға 30 мың сом қаржы жұмсалды. Бұл өте қымбат. Солай болса да оған тоқтам болмады және ол қаржы тек мемлекеттен емес, сонымен бірге шаруашылықтың табысынан да жұмсалды. Сөйтіп көп шығын шығарып, қиындықпен жинаған өнімнің экономикалық тиімділігі болмады. Сол таулы жерлерде егіп, алған мақтаның өзіндік құны ескі жерлерден алынған өнімнің өзіндік құнынан 2-3 есе артық болғаны соңы айғақтайды. Әсіресе, тау бөктеріндегі ирригациялық эрозияға берілген жерлерді игеру шаруашылықтарды шығынға белшесінен батырды. Сонымен бірге қашыртқыға (50-70%), фильтрацияға өте көп су шығындалғаны өз алдына егістік жердің топырағы тез бұзылды және құнарсызданды. Бұл келеңсіз жағдайлар бұйрық берушілер мен жерді мелиоративтік дайындайтын құрылысшыларды тоқтата алмады. Сонан кем-кетігі көп, шалағай біткен, егін егуге өте қолайсыз жерлердің тауқыметін шаруашылықтар көрді. Тау бөктеріндегі жерлер жеміс-жидек пен жүзімдіктерге біршама қолайлы, бірақ мақта, жүгері тағы басқа отамалы дақылдар егуге тіпті жарамайды. Мұнда суару жүйелері құбырлар арқылы жүреді және қашыртқы су болмайды. Бірақ бұл өте қымбатқа түседі.
2.3. Сырдария мен Әмударияның орта тұсындағы жаңа жерлерді игеру
Мұнда жерді игеру жоғарғы жақтан бұрын басталды. Бұл аймақтарда өзендер суын арнадан алыс жатқан және арнадағы судың деңгейінен биіктеу учаскелерді суармалы егіске игеретін ірі жобалар арқылы жүзеге асырылды. Олардың ішіндегі ірілері Оңтүстік Бетпақдала, Қаршы, Қарақұм, Әму-Бұхар және басқа жармалар. Сол жармалардан топырағының мелиоративтік күйі мен құнары әртүрлі бірнеше миллион гектар жерді суаруға тиіс болды. Бұл жармалардың бойындағы учаскелерде лёсс жыныстарында пайда болған құнары жоғары сұр топырақтар, сондай-ақ сортаң топырақтар тараған, бірақ осы соңғысын сумен оңай шайып жіберуге болады. Сонымен қатар бұл аймақтарда күшті сорланған, физикалық қасиеттері нашар топырақтар да аз емес. Олардың кейбір түрлері су өткізбейді немесе өте нашар өткізеді, сондай-ақ оларға керісінше, су өткізгіштігі өте жоғары гипсты топырақтар, тақырлар, кәдімгі сорлар араласып жатады. Агрономиялық тұрғыдан олар егістікке жарамайды. Әйтсе де сол топырақ түрлері суармалы егін егетін жоспарға қосылды. Дариялардың орта тұсындағы жерлерді игеру 50 жылдарда басталды. Ол кезде суармалы алқаптарға дренаждар қажеті жоқ деп саналатын. Кей жерлерде сиректеу қашыртқылар ғана салынды. Ондағы мақсат қатаң бақылау арқылы егістік жерге суды тек белгіленген нормамен беріп, оның топыраққа сіңетін және қашыртқыға кететін бөлігін шектеу болатын. Әйтсе де егісті суаруды осылай ұйымдастыру үшін ешбір техникалық шаралар орындалмады. Тек Оңтүстік Бетпақдала жармасының егіске суды науа арқылы беру жобаланды да, өзге егістік алқаптарда барлығы бұрынғыша қалды. Атап айтсақ, бас жармалардың қабырғалары қапталмады және егісті суару ескі әдіспен орындалды. Соның салдарынан судың ысырабы ескі жерлермен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Оның себебі тыңнан игерілген сұр топырақтардың қуыстылығы жоғары болғандықтан науамен берген су егісті суаруға жетпеді. Алғашқыда дихандар науамен бірге уақытша майда арықтар қазып, солармен су жіберді. Сұр топырақты қанықтыруға көп су жұмсалып, оның едәуір бөлігі топыраққа сіңді де сонан қабаттағы судың деңгейі жылына 0,5 – 1,0 метрге дейін көтерілді. Қабаттағы тұзды судың көтерілуінен ең алдымен күшті зардап шеккен Оңтүстік Бетпақдала жармасының бойындағы шаруашылықтар болды. Бұл құбылыстың алдын алу үшін қауырт шаралар қолданылып, ызасу жүйелерін салу мен суару жүйелерін қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстары орындалғанда бұл жағымсыз процессс тоқтады. Әйтсе де уақыт өте келе ирригациялық жүйелерді пайдалану немқұрайдыға ұшырап, суару режимі де нашарлауы себепті егістік жер азғындай бастады, мақтаның өнімі төмендеді. Сонымен бірге жаңадан игерілген жерлерде арнайы мақта ауыспалы егісінің енгізілмеуі, тек минерал тыңайтқыштарға сеніп, олардың дозасын көтеру және зиянкестерге қарсы зиянды улы заттарды қолдану сияқты шаралар егіншіліктің жалпы жағдайын төмендетіп жіберді. Сондай-ақ осы аймақтардағы гипсты топырақтар мен кәдімгі сорларды егістік айналымға қосу судың пайдасыз ысырабын көбейткені, сөйтіп егіншілік мәдениетін төмендеткені болмаса, экономикаға пәлендей пайда келтірмеді. Жерінің мелиоративтік күйі өте күрделі болып келетін Жизак пен Қаршы далаларын суармалы егістікке игергенде қиын жағдай қалыптасты. Қаршы даласында 1,0 млн гектар жерді суармалы егіске айналдыру тиіс болатын. Бірақ жерді айналымға қосу жұмыстары жабайылау әдіспен қашыртқы – ызасу тартатын жүйесіз басталып, сонан лас су көбінесе жармаларда жиналып қалатын болды. Ол суды алдымен далаға ағызды, онан жайылым жерлерді басты, даладағы ой-шұқырларға жиналды, ақыр соңында сутартқыш жарма қазып, лас суларды Әмударияның арнасына айдады. Кейде лас суларды суарма арықтарға құйып, егін суаруға да пайдаланып жүрді. Мұндай жүйесіз іс-әрекет Қаршы даласында жердің мелиоративтік азғындауына себеп болды. Осы аймақтарда жерді алғашқы игерген жылдары мақтаның өнімі тәп-тәуір болғанымен ол ұзаққа созылмады, мысалы Қашқадария облысы сында шитті мақтаның орташа өнімі гектарына 14 – 15 центнерге дейін төмендеді. Жерді жаппай игеру науқанға айналған кезде құнарлы топырақтармен бірге шөлейт-құмды, гипсты және сортаң тақырлар қоса итеріліп, суармалы жердің көлемі көбейді. Әмударияның осы бөлігінде судың сапасы тазалау еді, өйткені ластанып үлгірмеген-ді. Алайда барлық аудандардың жағдайы мұндай болмады. Сырдарияның арнасына Ферғана алқабынан шыққан тұзды қашыртқы су құйып тұрды. Өйткені, бұл аймақта егіншілікке қосқан топырақ түрлері түгелдей дерлік тұзданған топқа жататын. Ол жерлерде егін егу үшін топырақты алдын ала сумен шайып тұрды, ал шайынды су, әрине, Сырдарияның арнасына құйылады. Сонымен бірге бұл аймақтағы ашық су көздерінен судың булануы да өте күшті болады. Соның бірі осы аймақта орналасқан Қайраққұм су қоймасынан буланған судың мөлшері аз болған жоқ. Ашық су көзінен буланған судың мөлшері неғұрлым көп болса, онда қалған судың минералдануы да солғұрлым жоғары болатыны белгілі, ақиқат. Осындай себептерден Бетпақдала суару жүйесіне бір литріндегі минералдығы 1,5 грамм болатып кермек су түсіп тұрды. Минералдығы жоғары кермек су мен қабаттағы ащы судың көтерілуінен жердің мелиоративтік күйі азғындап, ол егіннің өнімділігін көтеруге мүмкіндік бермеді. Жизақ және Сырдария облыстарында шитті мақтаның өнімі гектарына 18 – 22 центнерден аспады, ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш 23,5 центнердің деңгейінде болды. Әсіресе Қарақұм жармасының су беретін аймағында ерекше проблема қалыптасты. Мұнда Әмударияның суы жарма арқылы Көпетдаг өңіріндегі жазықта ағатын Мургаб, Теджен және басқа кішігірім өзендердің бассейндеріне жеткізілді. Осы кіші өзендер бассейндерінде орналасқан егістік алқаптардан шығатын шайынды және қашыртқы сулар Әмударияның арнасына түспейді, бірақ Қарақұм шөліне қарай ағады да ондағы ой-шұқырларға жиналады, жайылымдарды басады, суы ащы майда көлшіктер мен батпақтар пайда болады. Арал теңізіне тиесілі судың берекесіз шығынын көбейтуге күшті ықпалын тигізген іс-әрекет ретінде түрікмендердің су пайдалануын айтуға болады. Аталмыш республика ұзындығы 1300 км болатын Қарақұм жармасымен жыл сайын Әмудариядан 10 – 12 км3 суын алып отырды. Ол жармадағы су ыспа құмдардың арасымен қуалап ағатын болғандықтан, оның 25%-ы құмға сіңіп кетіп отырды. Бұл жарманың бойында өте ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Өйткені, шын мәнінде бір өзінің еншісіне тиген Әмударияның суын түрікмендер бақылаусыз алып, қашыртқы жүйелері жоқ кәдімгі ақ тақырға, құмды және сортаң жерлерге егілген мақта егісіне гектарлық нормадан әлдеқайда артық суды айдаумен болды. Соның нәтижесінде құмды учаскелерде судың едәуір бөлігі сіңіп кетті, сортаңдау саздақ тақырларға егілген егістің айналасында батпақтар пайда болып, қабаттағы судың деңгейі көтерілуге әкеліп соқты, жердің ауқымды бөлігі қайта сорланды. 1963 жылдан бастап, аталмыш жаңадан игерілген аймақтарда қашыртқы жүйелері салына бастады, бірақ мелиоративтік құрылыс жұмыстардың жүруі өте баяу болды. Қашыртқы жүйелері салынып болғанға дейін мұндағы суармалы жерлердің мелиоративтік күйі өте ауырлап кетті. 1980 жылдан бастап егіннің өнімділігі өспеді, кейде тіпті бұрынғыдан төмендеп кетті. Осы аймақтарда жердің қайта сорлануы мен батпақтануынан мақтаның жалпы түсімі 50%-ға дейін азайды. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, сол кезде түрікмендердің егістік жерінің 86%-ы батпақтанған және қайта сорланған көрінеді. Сонан дихандар "көшпелі" егіске бет бұрып, біртіндеп өзен арнасынан ұзай берді. Мұның өзі әжептәуір материалдық шығын еді. Сол тұста түрікмендер Қарақұм жармасының бойын қосқанда, 29 мың шақырым қашыртқы сутартқыш (дренаж) жүйелерін салды. Бұл қажетті көлемнен екі есе кем болатын. Алайда, сол салынған қашыртқы жүйелерінің сапалық деңгейі өте төмен болды. Сол себепті, суармалы жердің 60 – 70%-ын шайып тұру қажет еді. Бірақ қайта сорланған және қабаттағы су жер бетіне жақын жатқан жерлерді гектарына 4 – 10 мың м3 сумен шаю қабаттағы судың деңгейін тіпті көтеріп жібереді де, қайта сорлану процесі күшейе түседі. Онан шығудың жолдары бүкіл суармалы жердің ирригация жүйелерін қайта құру, жөндеу және арнайы ауыспалы егістерді енгізіп бүкіл суармалы жүйелерді тәртіпке келтіру болатын. Алайда, ондай жұмыстар өз дәрежесінде орындалмады, сонан өзен суының ысырабы тоқтамады. Өзбекстан суармалы егіске су пайдаланудан тек мақта егісімен ғана шектеліп қалған жоқ. Мұнда егіс көлемі жағынан суға тілек күріш егісі мақтадан кейін екінші орында тұрды. Фактіге жүгінсек, 1940 жылы Өзбекстанда күріш егісінің көлемі 83,1 мың гектар болған еді. Әйтсе де онан кейінгі жылдары мақта егісінің көлемі көбейе берді де күріштің көлемі азая бастады. Сөйтіп, 1974 жылы республика 79,0 мың гектар күріш екті. Бірақ бұл аз емес-тін. Мұндағы күріш егісінің динамикасы былай болды (мың гектар есебімен): 1940ж. – 83,1; 1953 ж. – 50,7; 1960ж. – 31,2; 1965 ж. – 51,9; 1970 ж. – 54,4; 1971 ж. – 70,5; 1972 ж. – 65,8 1973 ж. – 73,2; 1974 ж. – 79,0.
2.4. Қос дарияның Арал өңіріндегі төменгі ағысы
Сыр мен Әмудің төменгі ағысында өте қиын экология-мелиоративтік жағдай қалыптасты. Бұл аймақтарда жалпы көлемі 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Оның едәуір бөлігі көшпелі егістен кейін табиғи тыңайған күйде болды. Ол Әмудің аяғындағы Хорезм, Ташауыз, Қарақалпақ ескі оазистері мен Сырдың төменгі ағысындағы Жаңақорған-Шиелі, Орталық солжаға және Қазалы оазистерінің жерлері. Әмудің төменгі ағысында өткен ғасырдың басында (Төңкеріске дейін) суармалы жердің көлемі 350 мың гектар болған еді, ал 70 жылдары ол 1,0 млн гектарға жетті. Бұл өңірде тәжірибесі мол дәстүрлі дихандар өздерінің қажырлы еңбегі мен өзен суының құнарлы лайын өте тиімді пайдалану арқылы жоғары өнім алып жүрді. Әмударияның суындағы лай, бар мәліметтерге қарағанда, тіпті Ніл өзенінің лайынан да құнарлы болса керек. Оған қоса мұнда органикалық тыңайтқыштар – көң, құс саңырығы тағы басқалары көптеп қолданыс тапты. Ол тұста Әмударияның суы тұздан таза болатын. Осындай факторлардың есебінен дихандар өте жоғары өнім алып жүрді. Егілетін дақылдар – астық пен бұршақ тұқымдастар, бақша – 50%, жүгері мен сорго (сыпырғы) – 15%, мақта – 20%, жоңышқа – 14% және майлы зығыр (лен) болды. Өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап, егіс құрылымында мақтаның үлесі көбеюімен бірге жалпы суармалы егістің көлемі ұлғайды. Әйтсе де осы кезеңде ирригациялық жүйелерді жөндеп, су пайдалануды реттеу арқылы Әмудариядан Арал теңізіне түсетін судың көлемі онша көп өзгермеді. Оған оазис ішіндегі майда көлшіктерді құрғатып, суару жүйелерінің иір мойындарын түзету себеп болды. 60 жылдардың ортасында судың артық қоры сарқылуы себепті суармалы жердің көлемін көбейту Арал теңізіне түсетін судың 34 есебінен жүзеге асырылды. Өткен ғасырдың екінші жартысында суармалы жер көлемінің өсуінен гөрі өзен суын тұтыну әлдеқайда екпінді жүрді, сонан судың шығыны көбейді. Бұл өз кезегінде қабаттағы судың деңгейін жер бетінен 1-2 метрге дейін көтерді. Сонан суармалы жердің 80%-ы орташа және күшті сорланған күйге көшті. Соның салдарынан мақтаның өнімі сорланбаған құнары тәуір жерлермен салыстырғанда 50 – 80%-ға төмендеді. Бұл суармалы жердің мелиоративтік азғындауының нәтижесі еді. Қазақстан бойынша барлық күріш егісінің негізгі көлемі Сырдың төменгі ағысында орналасты. 70 жылдары Қазақстан Республикасында күріш дақылының жалпы егіс көлемі 107 мың гектар болып, соның 76,5 мың гектарын Сырдың төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысы екті. Бұл аймақта суармалы егістің көлемін ұлғайтуға бағытталған алғашқы дүрмектен кейін күріш егісінің көлемі бақылаусыз көбейтілді. Оған себеп, суармалы егісті ұлғайту жөніндегі Одақ деңгейінде қабылданған арнайы бағдарламаға сәйкес Қызылорда облысының экономикасы тек күріш егісіне негізделіп, жер, су, материалдық қаржы-қаражат тек күріш егісіне жұмсалды. Жоспарлы экономиканың қызып тұрған тұсында күріш өндірісін молайту үшін жоғарыдан түсетін жоспарға қосымша жергілікті белсенділер ойлап тапқан көтерме жоспар енгізу, сөйтіп, соңы орындау шарт болатын. "Сырдың төменгі ағысында Одақтың шығысында күріш қоймасын жасаймыз" деген ұранның демеушілік әсері де болмай қалған жоқ. Сонан күріш егісінің көлемін көбейтуге ұмтылған қимылдың қарқынды болғаны соншалық, ондаған мың гектар сыңсыған орман-тоғайлар қиратылып, шөбі шүйгін шабындық пен мал жайылатын жерлер қалай болса солай айдалып, көбінесе күріш егілді. Жүздеген кішігірім тайыз көлдер мен көлшіктер құрғатылып, көлтабандар егістікке айналды. Бірақ жаңадан игерілген тың жерлер бір жылдан соң сорланды, құнарынан айырылды, оларды күтуге, сөйтіп, егіншілік мәдениетін көтеруге мән берілмеді. Қашыртқысыз бір маусым ғана егіліп, тастап кеткен жабайы жерлердің беті ақ сорға айналып қала берді. Сонан жыл сайын жаңадан тың жерлер ашылып, ондаған шақырым жаңа жармалар тарту арқылы егіншілік "көшпелі" сипат алды. "Көшпелі" егіншіліктің пайдасын түсінген Сырдың дихандары біртіндеп жеңіл-желпі мелиоративтік жұмыстардың көмегімен игеруге жарамды жердің көлемін тез-ақ азайтып тастады. Қызылорда облысында күріш егісінің даму динамикасы мынадай (мың гектар): 1940 ж. – 28,1; 1953 ж. – 29,2; 1960 ж. – 13,1; 1965 ж. – 41,9; 1970 ж. – 79,0; 1971 ж. – 90,6; 1972 ж. – 97,1; 1973 ж. – 106,8; 1974 ж. – 112,0. Ғылыми тәжірибенің негізінде жинақталған мәліметтер бойынша, Сырдың төменгі ағысында күріш егісінің бір гектарына жұмсалатын су 20 – 28 мың м3 деп белгіленген болатын. Десек те кейбір шаруашылықтар гектарына 40 – 50 мың м3 су жұмсап жүрді. Мұндай су ысырабының себептері көп болатын. Мысалы, кейбір учаскелерде механикалық құрамы жеңілдеу, сондықтан су өткізгіштігі жоғары топырақ түрлері кездесіп қалады. Ондай учаскелерде тік және көлденең фильтрацияға едәуір су шығын болады. Кейде егістік алқаптардың суаруын бақылаусыз қалдырудан да судың ретсіз шығыны болып жатады. Арал өңірінде атмосфералық ауа құрғақ, әрі ыстық болуы себепті күріш егісінің атызындағы судың негізгі шығыны булануға кетеді. Сонымен бірге өсімдік транспирацияға жұмсайтын суы да аз емес. Енді бір бөлігі топыраққа сіңеді және көлбеу бағытта егістіктің төңірегіне таралады. Осындай себептерден Сыр мен Әмудің бассейндерінде суды пайдалану жоба мен жоспардан ылғи ауытқып, баланс көбінесе теріс мәнді көрсетеді. Аймақта су ысырабының күшеюіне ыкпалын тигізетін тағы бір фактор бар. Ол дихандардың күш-қуаты жетіп жатса көбірек жер егіп, суды молырақ пайдалануға бейім тұратын психологиясы мен жоспарлы экономиканың ретсіз итермелеуі еді. Бұл экономиканы нығайту үшін деген желеумен өзендер суын бей-берекет жұмсаудың төте жолы болды. Сонан теңізге түсетін тиесілі суы жылдан-жылға азая берді. Сөйтіп, 60 жылдан кейінгі ширек ғасырда Арал теңізіне түскен судың мөлшері мынадай болды: 1960 ж. – 46 км3; 1970 ж. – 35,6; 1980 ж. – 10; 1985 ж. – 5 км3, ал 1986 жылы екі дарияның ағысы теңізге жете алмай тоқтады. Сөйтіп, Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде ауқымы
21,4 мың км2 сусыз жаңа кұрлық пайда болды (1-2 сурет).
1-сурет. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде 2003 жылғы
керінісі
2.5. Арал теңізін сақтау жөніндегі қоғамдық пікір, ұсыныстар мен жобалар
Арал теңізінің деңгейін сақтап, оны теңіз күйінде ұстап тұрған Сырдария мен Әмудария суының көпшілігін суармалы егіншілікке пайдалану жөнінде бағдарлама жарық көргеннен бастап, Арал теңізі мен оның бассейнінде экологиялық қауіп төнгенін, оның келешегі қатерлі болатынын білген ғалымдар, мамандар мен жалпы қауым дабыл қаға бастаған еді. Әйтсе де Арал теңізінің келешектегі апатты жағдайы мен оның аумағы 690 мың км2 бассейнін мекендеген халықтың басына төнген экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қасіреттің алдын алу қажеттігі жөніндегі қоғамдық пікір елеусіз қала берді. Аралды сақтау арқылы осы ауқымды аймақта қоршаған орта құрамдарының арасындағы тепе-теңдікті бұзбай табиғаттың тұтастығын сақтаудың өмірлік маңызы бар екенін жазу мен айтудан кемістік болған жоқ. Сол ақиқатты билік басындағыларға ұғындырудың сәті түспеді. Тек уақыт өте келе теңіздің шығыс жағы жалаңаштанып, оның қайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы көрінген кезде ғана бұл мәселе жөнінде пікір қоғамдық қолдаудың арқасында әлемдік деңгейде сөз бола бастады. Осыған орай, Арал теңізін сақтау мәселесіне қатысты ұсыныстар, пікірлер, жорамал мен жобалар көбейді. Олардың саны екі мыңнан асып жығылды. Сондықтан барлығын талдау мүмкіндігі жоқ. Тек біреу-жарымын ғана көпшіліктің есіне сала кеткен жөн сияқты. 1988 жылдың маусым (5 – 7) айында Арал қаласында қоғамдық көпшіліктің өкілдері, журналистер, ғалымдар және басқа республикалардан келген мүдделі топтардың өкілдері бас қосу өткізген болатын. Сол жиында Аралды сақтаудың сатылап (поэтапно) орындалатын бағдарламасын жасады. Ол үш кезеңнен тұрады: 1990 жылдары болады деп күтілетін деңгейде тұрақтандырып, теңіз деңгейінің онан ары төмендеуін тоқтату көзделеді. Ол үшін Сырдария мен Әмудариядан жер суаруға қайтымсыз алынатын артық көлемді суды шұғыл түрде тоқтату. Ол кезде Арал бассейнінде суармалы жердің жалпы көлемі 7,3 млн гектар болатын. Соңы суаруға есеп бойынша 70 км3 су жететін еді, бірақ оған 90 км3 су жұмсалып тұрды. Сондықтан, егер су пайдалану тиімді жолға қойылса, жыл сайын 20 км3 су үнемдеуге әбден болады. 1.2. Суға тілек мақта мен күріш дақылдарының (екінші кезеңдегі шараларды жүзеге асырғанға дейін) өнімділігін көтеру арқылы олардың егіс көлемін 1-2 млн гектарға азайту, сонымен бірге өзендердің жоғарғы тұсындағы және далалық аймақтардағы су қоймаларына уақытша су қорын жинауды тоқтату және Қарақұм жармасы тартатын судың көлемін азайту. Бұл жағдайда жыл сайын 10 – 12 км3 су үнемдеуге болады.
1.3. Eгіc далаларынан шығатын қашыртқы-сығынды суларды тұйық шұңқырларға жіберуді тоқтатып, ол суларды Арал теңізіне жіберуді ұйымдастыру. Арал бассейінінде суының массасы 50 км3, айдыны 5 (бес) мың км2 болатын 40 жасанды көлшіктер бар. Сол жасанды сужинақтарына, олардың ішінде ірілері Сарықамыс пен Арнасай, жыл сайын 7 (жеті) км3 су түсіп тұрады. Егер осылар реттелетін болса, онда жыл сайын Аралға түсетін судың көлемі 30 (отыз) км3-ге жетеді. ІІ. Кезеңде жұмыс істеп тұрған мелиоративтік жүйелерді қайта құрумен бірге коммуналдық және өндірістік нысандарға суды қайтымды пайдалану шараларын ұзақ мерзімде жүзеге асыру арқылы суды үнемдеу көзделеді. Ол үшін: 2.1. Коммуналдық-өндірістік нысандар үшін алынған суды жабық айналым арқылы қайтадан пайдалану мен жер бетіндегі және жер астындағы су көздерінен алынатын таза судың көлемі едәуір азайтылады. 2.2. Суару жүйелерін қайта жаңарту, жер суаруға және өндірістік нысандарға берілетін судың нормасын төмендету, суармалы eгіc алқаптары мен олардың төңірегіндегі көлденең салынған тайыз су тартқыштарды тік (вертикальный) орналасқан түрімен ауыстыру негізінде буланатын судың мөлшерін азайту болмақ. Бұл жағдайда суармалы егістің бір гектарына жұмсалатын судың сыбағалы шығыны 8 – 8,5 мың м3-ге дейін азаяды. Ал ондай шығын 10 – 15 мың м3 болып тұр. Сонда жыл сайын осы шаралардың нәтижесінде 10 (он) км3 су үнемдеуге мүмкіндік туады. 2.3. Жоғарыда айтылған жалпы көлемі 50 (елу) км3 ирригациялық тастанды судың едәуір көлемін өзендердің арнасына айдап, онан ары Арал теңізіне құю болмақ. Сонда осы екінші кезеңде белгілеген шараларды жүзеге асырғанда жыл сайын 10 – 12 км3 су үнемделеді. Демек, екі кезеңдік шаралар өз деңгейінде ұқыптылықпен жүзеге асырылса, жылына 38 – 40 км3 үнемделген суды Арал алып тұрады. Сонда теңіздің деңгейін 40 – 45 метрде (абс.белгіден) ұстап тұруға және суармалы жер көлемін 7,3 млн гектар шамасында сақтауға болады екен. Аралға керек су көзін іздегенде, әрине, оған іргелес жатқан Каспий теңізінен су алу мәселесі назарға ілікті. Мұндай ұсыныс жасауға өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап Каспий теңізінің су массасы көбейіп, деңгейі жоғарылап бара жатқаны түрткі болған сыңайлы. Ұсыныстың негізі Үстірттің солтүстік кемерін жағалай тартқан жарма арқылы Каспийдің суын Аралға айдауға саяды. Солтүстік Каспий суының бір литрінде 10 (он) грамм тұз бар, ал 60 жылдары Арал теңізінің суындағы тұздың концентрациясы 26 г/л болған-ды. Бұл жағдайда Арал теңізінің суы едәуір тұшыған болар еді. Аталмыш ұсыныс жобаға айналғанда оның ұтымды жақтары да жоқ емес-тін. Олай дейтініміз, Каспий теңізі Аралға жақын жатыр, демек, жоба жүзеге асатын болса, мойны жақын жерден су айдау әрі арзанға түседі, әрі уақыттан ұтуға болады. Егер осы Каспий варианты жүзеге аса калған жағдайда Аралдың денгейін 60 жылдардағы белгіге дейін көтеру үшін Каспийден жылына 90 – 100 км3 суды айдап тұру керек болады. Ол жұмысты орындайтын қуаты 4 (терт) миллион киловаттық сусорғыш Каспийдің суын 80 метрге көтеріп, 20-25 жыл бойы үздіксіз Аралға айдау керек екен. Аралдың деңгейі бұрынғы қалпына келгенде жылына 60 км3 су айдап тұрса болады. Бұл ұсыныс 80 жылдарда жарияланған болатын. Сол кездегі бағамен есептегенде кұрылысты салуға жұмсалатын қаржы 14 – 16 млрд сом (рубль), оған қосымша оны пайдалануға (эксплуатация) кететін шығын 500 млн сом болады. Ғалымдардың пайымдауынша осы вариант орындалған жағдайда Каспийдің өзі де экологиялық қорғауды қажет ететін көрінеді. Сонымен бірге ұзақ мерзімде теңіздің агрессивті ащы суына төтеп, үздіксіз жұмыс істейтін әмбебап сусорғыштың болмауы проблеманы толық шешуге мүмкіндік бермейді. Сонымен бұл тек ұсыныс күйінде қалды. Арал теңізін сақтау жөнінде талпыныс көбейген кезеңде Арал бассейніндегі жерасты суының мол қорынан белгілі бөлігін алу жобасы да жарық көрді. Оны КСРО-ның "Табиғат" орталығына қарасты Өзбекстан филиалының ғалымдары ұсынған еді. Егер осы жоба іске асатын болса, онда Арал теңізін сақтаумен бірге бүкіл аймақтың экологиялық ахуалын сауықтыруға болады дейді ғалымдар. Жоба бойынша қажетті су оның жерастындағы қорынан алынады. Кезінде гидрологтар Арал бассейнінде жерасты суының 15 гидродинамикалық қорларын ашқан еді. Олардың ішінде Ферғана (суының қоры 16 мың км3), Сырдария (8 мың км3), Шу (9 мың км3), Мұрғап (10 мың км3) сияқты ірі бассейндер бар. Осыларға кішігірімдерін қоса есептегенде бұл үлкен аймақтағы жерасты суының жалпы қоры 110 мың км3-дей болады. Сонан 1-2 процентін ғана алса, Аралды қалпына келтіруге жетіп жатыр. Бұл жағдайда жерасты суының деңгейі төмендейді, аймақтың инженерлік-геологиялық, сейсмикалық, мелиоративтік күйі және экологиялық хал-ахуалы жөнделеді. Мұны орындау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – теңіздің деңгейін тұрақтандыру мақсатында жыл сайын жерастынан 30 –35 км3 су көтеріп, оны Аралға ағызу қажет болады екен. Ондай көлемді суды тереңдігі 500-ден 1500 метрге дейін қағылған 10 – 12 мың құбыр құдықтың (скважина) көмегімен көтеруге болады. Проблеманың шешімін оңайлату үшін Өзбекстан жерінде бұрын салынып, қазір жабулы тұрған 12 мың құбыр құдықты жөндеп, оған қажетті энергия көзін тауып, іске қосу қажет. Әйтсе де Аралды көтеру үшін бұл су жеткіліксіз. Сондықтан тағы мұнан да гөрі күрделірек шараларды жүзеге асыру көзделген екінші кезекке көшу керек болады. Екінші кезекте – қуаты секөнтіне 100 (жүз) литр су көтеретін 50 (елу) мың құбыр кұдық салып, жыл сайын Арал теңізіне 150 (жүз елу) км3 су айдауға болады. Теңіз толық қалпына келген соң оның деңгейін жоғары белгіде ұстап тұру үшін құбыр кұдықтардың бір бөлігінің ғана суын Аралға беріп, қалғанын суармалы егістікке пайдаланады. Бұған шығындалған қаржы әр жылы жерді мелиорациялауға, жайылымдарды қалпына келтіруге және жер бетіндегі құрылыстарды аяқтауға жұмсалатын қаржының есебінен өтеледі. Жерастынан көтерген суды төкпей-шашпай, жолшыбай босқа жоғалатын бөлігін азайтып, мүмкіндігі болғанша Аралға толық жеткізу үшін өзендердің табиғи арналарын тазалаумен бірге Түйемойын, Қайраққұм және Шардара су қоймаларын айналып өтетін ірі жармалар салынады. Әлемде жерасты суын ұқыпты пайдаланып, ірі проблемаларды шешіп отырған Қытай, Индия, АҚШ сияқты елдер бай тәжірибе жинақтаған.
Аралды сақтауға қатысы бар назар аударуға тұратын тағы бір жобаны украиндық ғалым (Г.Ситкарев) ұсынған болатын. Автор Қара теңіздің іргесіндегі Таман жарты аралында теңіз суын тұщытатын аса қуатты атом электростансасын салуды ұсынады. Станса тұщытатын суды теңіздің 80 – 100 метр тереңдіктегі күкіртті сутегімен (H2S) қаныққан қабатынан алады. Бұл өлі қабат, яғни онда тірі организмдер жоқ және ол уланған су қазіргі кезде теңіздің бетіне қарай баяу көтеріліп, үстіңгі қабаттағы тіршілікті жойып жіберу қаупін төндіріп келеді. Күкіртті суды тұщытқанда екі мәселе шешімін табады: тұщы су алынады; химия өнеркәсібіне қажетті шикізат алынады. Атом электростансасы ең керемет (идеальный) энергия тасымалдаушы сутегі (Н) элементімен жұмыс істейді. Стансаның өндіретін энергиясы екі мақсатқа пайдаланылады:
– теңіздің қабатынан күкіртті суды көтеретін сусорғышқа;
– өте жоғары қаныққан ыстық буды (бірінші вариант) немесе тұщытылған суды (екінші вариант) жоғары қысыммен жылу жібермейтін үлкен диаметрлі құбыр арқылы алдымен Арал теңізіне, сосын Каспийге немесе Азау теңізіне айдайды. Құбырлар жер бетінің бедеріне ыңғай ой-шұқырларға үйлесіп жататындықтан онымен жылжитын бу мен суға кедергі болмайды. Теңіз жағасына жеткен соң арнайы тұндырғышта (отстойник) салқындатып, сосын теңізге құйылады. Тұщытылған суды құйып, Аралдың деңгейін бірнеше жылда-ақ қалпына келтіруге болады. Аталмыш жобалардың қай-қайсы болса да қыруар қаржы мен күш-қуат қажет етеді. Сол себепті тиімді деген біреуін жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Оған бір-екі мемлекеттің экономикалық потенциалы жетпейді. Көптеген жобалар мен ұсыныстарды екшеп-екшеп келгенде Арал теңізінің солтүстігіндегі кіші теңізді бөлектеп ұстау жобасына тоқтам болды. Ол жөнінде басқа тарауда айтылады.
3. АРАЛ ӨҢІРІНДЕ ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
3.1. Табиғи ландшафтардың өзгеру сипаты
Арал өңірінің табиғатын құрайтын құрамдарының (топырақ, су, ауа, биокешендер) арасындағы қарым-қатынастың тұрақтылығы мен тұтастығы, олардың арасында зат пен энергия алмасуының іркіліссіз жүруі Арал теңізінің деңгейі мен Сырдария өзені ағысының динамикасына тікелей байланысты. Гидросфера нысандарының ішінде қалпы тұрақты сақталмайтыны өзен, өйткені, оның ағысы әр жылдың метеорология жағдайына орай құбылып тұрады. Арал теңізіне дейін Сырдария өзені арнасының ұзақтығы екі мың шақырымнан асады. Осы ұзақ жолда өзен ағысының едәуір бөлігі жоғалады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, ағысы ең көп болған 1934 жылы Көктөбе гидробекетінен төмен кеткен судың мөлшері 4047 м3/сек. болғанда, сонан Сырдың атырау басы Төменарық стансасының тұсына жеткені 2730 м3/сек., яғни, арнаның осы бөлігінде 1317 м3 судың шығын болғаны байқалады. Шілденің екінші онкүндігінде Қараөзек стансасының тұсына келген ағыс 1530 м3/сек., ал Қармақшыға тамыздың бірінші онкүндігінде – 1012 м3/сек. су келген (В.М.Боровский, 1958). Есептеулерге қарағанда, Сырдарияның суы молаятын мамыр айында Көктөбеден шыққан су Қазалыға жеткенше 5 (бес) еседен де артығырақ азаяды. Сырдария өзені бірнеше мемлекетке ортақ болған соң жылдық ағысының көпшілігін жоғарғы жақтағы мемлекеттер пайдаланады. Әйтсе де кей жылдары өзен ағысы мол болып, атырауқа жеткен ағыстың арналық қырқадан асқан бөлігі арнааралық жазықтарға, ой-шұқырларға жайылғанда батпақтар, көлдер мен көлшіктер пайда болатын-ды. Енді бір жылдары өзен суы қайту болады да арнадан асып жайылмайды немесе аз болады. Мұндай жылдары суы тайыз көлдер мен көлшіктер кеуіп, орны шабындық шөп өскен көлтабандарға айналады. Өзеннің тасуы тек жаз айларында ғана емес, қыс, ерте көктемде, сең жүрген кезде арнадан асып жайылуы болып тұратын-ды. Бірақ салқын кезде өзеннің тасу мерзімі қысқа болатындықтан мұз кеткен соң арнадағы судың деңгейі тез сабасына түсіп, атыраудың гидрологиялық режиміне пәлендей ықпалын тигізбейді. Өзеннің тасу және қайту жылдарының бірімен-бірі белгілі ырғақпен ауысып отыруы, яғни, бірде мол судың арнадан асып кең жайылуы, енді бірде қуаңшылық болуы, бұл өлкеде ылғалды (гидроморф) 44 ландшафтардың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Бар мәліметтер бойынша, Сырдарияның атыраутық бөлігінде арнадан асып батпақ-көлдер жасайтын судың 70 пайызы өзеннің тасу кезінде табиғи стихиялық жолмен түседі, ал өзен қайту жылдары ирригация жүйелерінен әртүрлі жолмен жайылып кететін судың есебінен болып тұрады. Сырдарияның төменгі ағысындағы атыраутық жазықта ландшафт жасаушы негізгі фактор – Сырдария өзені. Мұндағы ландшафтар өзен суының әсерімен геоморфологиялық келбеті өте күрделі қалыптасқан және саны да аз емес. Ландшафт туралы ілімнің негізін салушы В.В.Докучаевтың (1949) анықтамасында топырақтың типі мен оның қасиеттерін, атап айтқанда, құнарын, ландшафт жасайтын факторлардың динамикасы мен ондағы зат пен энергия ағынының қозғалысы анықтайды делінеді. Бүкіл аумағында физика-географиялық жағдайы біркелкі болатын құрлық бетінің кейбір бөліктерін ландшафт деп атайды (Б.Б.Полынов, 1956). Ол енгізген элементарлық ландшафт туралы ұғым бойынша кез келген ландшафта топырақтың типі мен түрлері сақталады және олардың осындай үйлесімдігі (сочетание) қайталанып отырады. Әрине, ландшафт туралы ұғым зерттеушілердің арасында көпшілік мойындаған ортақ түсінікке бірден ие болған жоқ. Ол заңды да. Атап айтатын болсақ, В.А.Ковда (1973) биогеоценоз (экосистема) бен ландшафт бір мағыналы деп қарайтын сыңайлы. Оның анықтауы бойынша топографиялық, зоологиялық, топырақ, гидрологиялық және геохимиялық тұрғыдан біркелкі келетін жер бетінің немесе су бетінің бөлігі биогеоценоз (экожүйе) болып табылады. Демек, ландшафт – табиғи құрамдар климат, бедер, су, топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі өзара тығыз байланысып, тұтасып жатқан, айнала шегі мен шектеуі бар құрлық бетінің біркелкі учаскесі екен. А.И.Головановтың пікірінше (1993), аймақты пайдалану мен оны жаксарту ландшафтық геожүйе тұрғыдан жүргізілсе ғана дұрыс болады, өйткені, бұл жағдайда барлық құрамдарды өзара байланысты қарауға мүмкіндік туады. Сырдың төменгі ағысында ландшафтарды табиғи аудандастыру мен сипаттама беру мәселелерін көптеген авторлар зерттеген болатын (В.М.Боровский, А.Г.Исаченко, А.А.Шляпников, Г.В.Гелдыева, Т.И.Будникова). Аталмыш авторлардың зерттеулерінің негізінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында ландшафтарды 2 түрге бөледі: Солтүстік Тұранның және Оңтүстік Тұранның шөл дала ландшафтары. Сырдария өзенінің бойындағы ені 50 – 80 км атыраутық даланың топырағы мен гидрологиялық жағдайы оны мелиоративтік игеруге және пайдалануға қолайлы. Сондықтан Қызылорда облысының суару жүйелері осында орналасқан. Г.В.Гельдыева мен Т.И.Будникованың мәліметі бойынша Қызылорданың оңтүстігіндегі ландшафтар аллювийлік, аллювий-пролювиальдық және эолдық топтардан тұрады. Бұл ландшафтар өзен арнасының бойында жиналған механикалық құрамы құмлай, кұмшық және құм аралас аккумулятивтік шөгіндіде қалыптасқан жазық даланы құрайды. Кейбір ойлау учаскелерінде көлтабандар кездеседі. Өсімдік жабындысы шалғынды батпақтарда өскен қамыс пен қуаңданған шалғынды аллювийдегі қамыс аралас қара шөптерден тұрады. Бұл ландшафтар Төменарық стансасының оңтүстік шекарасынан төмен қарай өзеннің екі бетінде ені 11 – 16 км болып созылып жатқан жазық дала. Аталмыш стансадан жоғары қарай Сырдарияның сол жағасында 5 – 17 км-дей ендікпен 100 (жүз) км-ге дейін созылады. Сырдария өзенінің сол жағасындағы қиыр оңтүстік бөлігіндегі ландшафт едәуір ауқымды кеңістікте механикалық құрамы құм, майда құмшық, құмлай мен саз бөлшектерден құралған аллювий-пролювийалды шөгіндіде орналасқан. Мұнда шалғынды аллювийде бұта аралас шалғын шөптер мен сортаң тақырлау топырақтарда бұйырғын-күйреуік пен күйреуікті сұржусан қауымдастығы өседі. Бұл дала өзен арнасынан 4 – 7 км сыртқары арнаны бойлап, ені 18 – 23 км, ұзындығы 75 – 80 км-ге созылып жатыр. Осы аллювийлік топтарға Төменарық стансасының солтүстігінде өзеннің оң беткейімен Қызылорда қаласына дейін бірін-бірі алмастырып, жинақы орналасқан ландшафтар кіреді. Атырау басындағы ландшафт фрагментінің орта тұсында өзеннің оңтүстік жағынан кең жайылып, оның алқабына жақын келетін аккумулятивті эолдық жал-шұқырлы шөптесінді құмтөбелі жазық жатыр. Өсімдігінің түрі сексеуіл-эфемерлер, бұталы-шөптер және құмда өсетін эфемерлер аралас жусан. Солтүстігінде осыған ұқсас аккумулятивті аллювийлік жазық. Жаңақорған-Шиелі алқабында аллювийлік топтардың ландшафты мен солтүстік жағынан аллювийлік-пролювиалды жазық келіп түйіседі. Топырақ құралатын аналық жыныстары құм, құмшық, майда тастақ. Жазықты тау бөктерінің етегіндегі тектоника текті денудациялық жыныстар көмкеріп жатыр. Сырдың ескі атырабындағы өзеннің сол жақ беткейінде Қызылорда қаласының тұсынан оңтүстік батысқа қарай созылып, ені 10 – 15 км, ұзындығы 35 км беті эолдық өңделген аллювийлік шөгінді жазық бар. Онан ары өзеннің осы бетінде ені 25 – 40 километрлік аккумулятивті аллювийлік жазық орналасқан. Шөгінділердің құрамы құм, майда құм, құмлай мен саздан тұрады. Жазық ортасына қарай ойпаттанған, микробедері күрделі. Сортаң және сорларда жыңғыл, жусан, ащы шөптер және шалғынды аллювий мен шалғынды батпақтарда қамыс-қоғалы өсімдік қауымдастығы өседі. Өзеннің бұл бетіндегі алқап 75 – 80 км-ге созылады. Бұл сол жағалық Қызылорда алқабы. Батысында бет-бедері эрозиялық тілімденген аллювийлік жазықта өсімдік қауымдастығы көптүрлі. Гидроморф учаскелерде әртүрлі шөп аралас астық тұқымдастар, шалғынды аллювий мен шалғынды батпақтарда, арасында кездесетін сорларда жыңғыл-соран аралас шөптер өсімдік қауымдастығын құрайды. Бет-бедері тегіс, кей учаскелерде үрінді құм төбелер кездесетін жазық дала Сырдарияның оң жағында да орналасқан. Топырағы шалғынды батпақ, жалпы аумағы 700 км2. Аталмыш жазықтың солтүстігінде оны жалпы аумағы 800 км2-дей, топырағының түрлері шалғынды аллювий мен шалғынды батпақ, ойдым-ойдым көлтабандар тараған, микробедері күрделі жазық дала ауыстырады. Өзеннің оң беткейіндегі ең ауқымды жазықтың көлемі 3000 км2-дей болады. Ол саз, сазқұмшық, майда құм және құм бөлшектерден жиналған, беті эрозиялық тілімденіп, батпақтанған жазық дала. Өсімдік жабындысын қамыс, қоға және басқа әртүрлі шөптер құрайды. Сырдарияның төменгі ағысында оның солтүстік бөлігі Жосалы мен Қазалы стансаларының арасындағы үштік бор шөгінділерінің антиклинал тәрізді көтерілуінен пайда болған даланы қамтиды. Осы екі нүктенің арасында механикалық құрамы саз, құм, құмшық және тастақ шөгінділерден жиналған денудациялық құрылымды, бет-бедері тілімденген, мезобедерлі, теңіз толқыны тәрізді қыр төбелі жазық жатыр. Мұнда сорлармен араласып жатқан шөл даланың қоңыр топырағы тараған. Онан ары батысқа қарай Қазалы стансасына дейін реттесіп орналасқан белгілері көтеріңкі денудациялық және эолдық жазықтар. Жосалы стансасының тұсынан өзеннің сол жақ беткейінде аккумулятивті аллювиалдық беті тілімденген типыл жазық ауқымды кеңістікті алып жатыр. Мұнда механикалық құрамы құмшық, майда құм, құм болып келетін тақырлау және тақырлау сорлар аралас топырақтар тараған. Арал теңізінің жағалауына жақын Сырдарияның сол жағында аккумулятивті аллювиалдық тақырлау және тақырланған топырақтар тараған типыл жазық жатыр. Бұл жазықтың батыс бөлігі де осындай аллювиалдық шөгіндіден жиналған. Бірақ мұнда лайсаң батпақты, шалғынды батпақты, шалғынды аллювий топырақ түрлері тараған, яғни гидроморф топырақтар. Өзеннің сол жағында ауқымы 550 км2 аллювиалдық жазық теңізге жақындап орналасқан. Оған батыс жағынан теңіз жиегіндегі эолдық үрінді құм жазық ұласады. Бұл келтірген мәліметтер Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафтардың сипатын көрсетеді. Кейінгі 40 жылда бұл өңірдегі табиғи ландшафтардың көпшілігі өзгеріске түсіп, антропогендік ландшафтарға айналды. Бұл соңғыларында мәдени суармалы жерлер, ауыспалы егіс танаптары, ирригациялық жүйелер орналасқан. Антропогендік ландшафтарға тән ерекшеліктер осылар. Сонымен бірге табиғи ландшафтардың құрамындағы табиғи ашық су көздері де күшті өзгеріске түсті. Өткен ғасырда Сырдария өзені тоғандарға килігіп тежелмей ағып жатқан тұста атыраутың басынан санағанда Арал теңізінің жағалауына дейінгі кеңістікте ірілі-уақты 2582 көл болған. Сырдария атырабының бас жағында, яғни Жаңақорған-Шиелі алқабында көлдердің саны онша көп болған жоқ. Соңғы мәлімет бойынша мұндағы 21 көлдің жалпы айдыны 1036 гектардай ғана болады. Көлдердің көпшілігі орталы кескі атырау мен жаңа атырау (Қазалы оазисі) аймақтарында. Ескі атыраудағы көлдердің пайда болуы мен суының құрамы жағынан әртүрлі. Олардың ішінде Қармақшы ауданының жеріндегі Сырдарияның арнасынан бөлінген (старица) "Томар үзген", Жалағаштың жеріндегі "Иіркөл", Қаракеткен стансасына жақын орналасқан аты жоқ майда көлдер болатын. Көлдердің көпшілігі арнааралық ойпаттарда тараған. Олардың ені мен көлденеңі бірнеше шақырымдай, тереңдігі 1,5 – 2,0, кейде 2-3 метрге дейін болады. Жиектері жайпақ қалың қамыс пен қоға өскен батпақтанып жатады. Ондай көлдердің кейбіреулері бірнеше жыл суы кетпей өзінің қалпын сақтап жатады. Өзара бірімен-бірі өзектер арқылы жалғасып, ірі көл жүйелерін құрайды. 60 жылдарға дейін Сырдария өзенінің тасу кезінде арнадан асқан су бөлек жатқан ой жерлер арнааралық ойпаттарды көлге айналдырып, олардың кейбіреулерінен, мысалы, Соркөл, Қаракөл, Көксу т.б. балық ауланып тұрды. Енді біреулері күріштік алқаптан шыққан лас қашыртқы суды тастайтын қоймаға айналды. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойғандары болды. Ескі атыраудағы "Далакөл", "Жыңғылдыкөл" сияқты көптеген су жүйелері орталық аймақтың гидрологиялық режиміне ерекше сипат берді. Атыраутық жазықта құм төбелердің арасында қуалап соққан желден пайда болған дефляциялық шұңқырларда ыза судан пайда болған көлдердің де саны аз болған жоқ. Олардың көлемі әртүрлі, кейбіреулерінің суы тұщы, көпшілігі ащы. Суы ащы көлдер айналадағы егістіктерден және арнадан немесе жармалардан қашқан сулар жайылғанда гидростатикалық қысымымен қабаттан көтерілген ащы судың массасымен толығып тұрады. Ондай көлдердің суы ащы және көл бетінен су буланған сайын тұздың концентрациясы жоғарылай береді. Сонан көл жағалауы сірескен қабыршақ. Бұл көлдердің сақталу ұзақтығы оларға түсетін судың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Кейінгі жылдары жайылатын артық су болмаған соң майда көлшіктердің көпшілігі кеуіп, орнында хлорлы және сульфат натрий (NaCl, Na2S04) тұздары жиналған қабыршақты сорлар қалды. "Жаңа Шіркейлі", "Аюшығанақ", "Қурайлы" сияқты ірі жармалардың құм төбелердің арасынан өтетін бөліктерінде жайпауыт қабырғаларынан асып, жайылған судан пайда болған көптеген майда көлшіктер бар еді. Осындай көлдер тобына "Аламесек" көлі де жатады. Онан балық ауланды, төңірегіне майда арықтар тартып, су жарайтын ойлау учаскелеріне егін егіліп жүрді. Өзен арнасының жайпақ учаскелерінде жал кұмдармен бөлініп қалған қолтық көлшіктер мен тұнба көлдердің тереңдігі 2,5 – 3,0 метрге дейін жетеді. Олар өзеннің режиміне байланысты оқтын-оқтын сумен толығып тұрғандықтан ұзақ сақталады. Мұндай көлдердің атыраутық аймақта, көбінесе ескі және жаңа атырауда көп болған кезеңі өткен ғасырдың 50 – 60 жылдарына тура келеді. Онан кейінгі кезеңде әсіресе 70 жылдары суармалы егіншіліктің, оның ішінде күріш егісінің көлемі ұлғаюына байланысты Сырдарияның суы азайып, сонымен бірге кей жылдары қуаңшылықтың салдарынан арнадан асатын тасқын су болмай қалды. Сол себепті көптеген кішігірім көлдер кеуіп, олардың орны егістікке айналды. 90 жылдардың ортасында (1996 ж.) орталық ескі атырауда жалпы айдыны 1446 гектар, орташа тереңдігі 1-3 метр 34 көл қалды. Бірақ өлкеде қуаңшылық белең алуына орай ол көлдердің су массасы көбеюден гөрі азаюға бейімделді. Сонымен бірге көл суының сапалық жағы күрт төмендеп кетті. Егістен шыққан қашыртқы сулардың түсуіне байланысты көл суының құрамында тұз, минерал тыңайтқыштар, пестицидтер және әртүрлі химиялық ингредиенттер жылдан-жылға көбейіп келеді. Күріш алқаптарынан шыққан қашыртқы сулар көбірек түсетін Қармақшыда – Сасық, Жалағашта – Қаратерең мен Иіркөл, Тереңөзекте – Бозарал, Сырдарияда – Кеңтүбек сияқты тереңдігі 1 – 1,5 м, айдыны 5 – 15 гектардай ғана болатын көлдердің суы жаз ортасында беті көбіктеніп, иісі шығып жатады. Егістік алқаптардан шыққан қашыртқы сулармен бірге түсетін биогендік элементтер көп болуы себепті көлдің бетін балдырлар мен планктон басып қалады. Бұл эвтрофикация процесінің белгісі. Сонан көл суында еріген оттегі (02) азайып, ондағы фаунаның тіршілігіне жағымсыз жағдай қалыптасады. Мұндай көлдерден ауланған балықтардың көпшілігі сырттай Қарағанда ауру екені бірден көзге түседі. Жергілікті байырғы балықтардан сазан, карп тағы басқа түрлердің денесінде жара жиі кездеседі. Яғни, бұл судың ластануынан болған экологиялық зардаптың белгісі. Өлкеде гидрологиялық режимнің өзгеру сипатын көрсететін белгінің бірі – қабаттағы судың деңгейі. Қазіргі кезде Сырдың атыраулық өңіріндегі топырақ түрлерінің ауқымды бөлігі мәдени суармалы түрге айналған соң аймақтың жалпы гидрологиялық режиміне ықпалын тигізіп тұр. Күріштік алқаптардың төңірегіндегі гидроморф жерлерде қабаттағы судың деңгейі 1–2,5 метр тереңдікте жатуы жиі кездеседі. Қабаттағы судың осындай жоғары жатуы өткен ғасырдың ортасында Сырдария әлі тежеуге түспей тұрған кезеңде арнадан асқан су кең жайылып, қабаттағы судың деңгейін көтеріп тұратын-ды. Ол кезде гидроморф жерлерде қабаттағы судың қоры арнадан асқан тасқын су мен көлдерден фильтрация арқылы жерасты ағынын жасайтын сулардан толығып тұрды. Қазір Сырдария тежеуге түсіп, гидроморф жерлердің ауқымы тарылуына байланысты жерасты сулары ирригациялық режимге көшті. Сөйтіп, жерасты суы жаз айларында тек күріш алқаптарына жақын жатқан учаскелерде ғана жер бетіне 1–1,5 метр жақын келеді. Күріш алқабынан көлбеу бағытта тарайтын фильтрациялық су тереңірек қабатта жатқан минералдығы 10–25 г/л тұздықтай ащы судың үстінде жатады. Ол судың сәл кермек дәмі бар, бірақ мал ішуге жарайды. Күзде күріштік алқаптардан су тартылған соң үстіңгі қабаттағы тұщы су кенет азайып, құрамының минералдығы тереңіректегі ащы сумен бірдей болып қалады. Табиғи режимдері сақталған көлдер мен тұрақты ирригациялық жүйелердің маңайында ғана қабаттағы судың режимі онша көп өзгеріске берілген жоқ. Әйтсе де куаңшылық белең алып тұрған қазіргі кезеңде қабаттағы судың режимі өзгеріссіз қалмады. Бұрын өзен мен сулы өзектер тоғандалмай еркін ағып жатқанда олардың арналық қырқаларындағы судың деңгейі 1–1,5 метрге дейін жер бетіне жақын келетін-ді. Қазір арнадағы судың деңгейі төмен болған соң ол екі жағынан қабаттағы суды жинайтын дренаж іспеттес болып тұр. Сол себепті арналық қырқаларда қабаттағы судың деңгейі 3–3,5 метрге дейін тереңге кетті де арнадан алыстаған сайын гидроморф учаскелерде оның деңгейі 2,5–3,0 метр болып, жоғарылау жатыр. Демек, өзен қайту кезде көбінесе жаз айларында жерасты суының ағыны өзен мен сулы өзектердің арнасына қарай бағытталады. Сырдария тежеуге түсіп, ағысы азайған соң Шығыс Арал өңірінде табиғи процесстер стихиялық режимнен антропогендік реттеу режиміне көшіп, олар сапалық жағынан жаңа сипат алып отыр. Олай болатын себебі, бұрынғыдай өлкенің гидрологиялық режимі өзен суының тасуы мен қайтуына байланысты стихиялық жолмен емес, ирригациялық жолмен реттелетін болды. Егістік алқаптарға жақын төңіректе вегетация кезінде қабаттағы су жоғары көтеріліп, топырақтың күндік беткейіне жақын келеді де егінді суару тоқтаған соң төмен түседі. Бұл процесс жыл сайын тұрақты қайталанып отырады. Оған себеп, суармалы егіс алқаптарында қабаттағы судың жоғары-төмен жылжу динамикасы өзен ағысының режиміне байланысты бола бермейді. Өзен тасу болған жағдайда вегетацияға дейін ерте көктемде келетін мол су ирригация жүйелерімен көлдерге, мал жайылымы мен шабындық жерлерге жіберіледі. Сөйтіп, Сырдың атырабындағы мәдени суармалы ландшафтарда су арылмайды. Оларда қабаттағы судың режимі көп құбыла бермейтіні сонан. Орталық ескі атыраудың көлденеңі 50–80 км-дей болады (В.М.Боровский, 1958). Мұнда ландшафтарды Сырдария өзені мен өзектерінің арналық қырқалары, арнааралық ойпаттар, толқын тәрізді суайырықтар, құрғақ көлтабандар, көлдер мен көлшіктер, құмтөбелер мен үйінді құм төбешіктер құрайды. Аталмыш элементтердің әрқайсына тән микробедерлері бар. Орталық ескі атыраудағы ландшафтардың бедерін екі топқа бөледі: біріншісі–ауқымды кеңістікті алып жатқан типыл (плоские) ой жерлер – Далакөл, Аламесек, Жыңғылдыкөл, Шошқакөл, Қотырған, Соркөл т.б.; екіншісі – толқын тәрізді суайырық жазықтар. Бедердің көп тараған элементтері – арнааралық ойпаттар. Олардың көпшілігі тұрақты немесе Сырдария тасығанда пайда болатын уақытша көлдер мен көлшіктер. Солардың бірі ауқымы 100 км2-дей болатын Далакөл ойпаты. Бұл жайпақ жиегі ортасына қарай баяу ылдилайтын жазық дала. Осыған ұқсас Аламесек ойпаты Лайкөлді, Дорбакөлді (Сай), Қарасу және Бөлебай өзектері мен бірқатар майда көл жүйелерін қамтиды. Ойпаттың оң төменгі белгілері әлгі көлдердің орналасқан жеріне тура келеді. Шіркейлі өзегінің аяқ жағында орналасқан ауқымы 40 км2-дей болатын Жыңғылдыкөл ойпатына Жыңғылдыкөл, Сарыкөл, Шаңдайкөл жүйелері кіреді. Шіркейлі мен Солжағалық Көксу өзектерінің аралығында Шағалакөл ойпаты бар. Мұнда да бірнеше майда көлдер орналасқан. Олардың кейбіреулерінде суы тұрақты. Мәдениет жармасы мен Жамандария өзегінің аралығында Қотырған ойпаты және оның батыс жағында бірімен-бірі жалғас бірнеше құрғақ типыл ойпаттар бар. Сондай-ақ Құрайлы мен Наурызбай жармаларының арасында ауқымы кең Шошқакөл ойпаты жатыр. Осы тәрізді ой жер Шіркейлі өзегі мен Сырдария өзенінің аралығында Қараөзек стансасының тұсынан батысқа карай Тереңөзектің тұсына дейін созылып жатыр. Бар мәліметке қарағанда, 1913 жылы осы жерде қайықпен жүретін көл болған көрінеді.
Сыр атырауының осы бөлігінде жеке ойпаттарды бөліп тұрған типыл аласа суайырықтар мен негізгі арналық қырқалардан төмендеу жатқан кішігірім арналық қырқалар бар. Бұрын су тасу жылдары Шіркейлі өзегінің оң жақ қапталынан асып төгілген су Сырдарияның сол жағасынан асып жайылған сумен қабысып, ойпаттарды көл мен батпақтарға айналдырып тұрған. Ал Шіркейлінің сол жағасынан асқан су ескі атыраудың оңтүстігіне жайылып жататын болған. Типыл ойпаттар бірімен бірі жалғасып, көлемі ондаған шаршы шақырым, тереңдігі 2-3 метрдей, жиегі тайпақ кең ауқымды депрессия құрайды. Осы депрессияның ішінде диаметрі бірнеше шақырымдай қазан шұнқырларда тұщы сулы көлшіктер немесе кеуіп қалған сусыз, сиректеу тас құрақ өскен шұңкырлар бар.
Ескі атыраудың сол жағалық бөлігінде жиі кездесетін астау тәрізді арнааралық ойпаттар, оның оң жағалық бөлігінде кездеспейді. Алайда, Сырдарияның оң жағында жатқан екі үлкен сулы өзектер – Көксу мен Қараөзектен басқа құрғаған өзектердін ескі арналары жиі кездеседі. Олар Керкелмес, Сауранбай, Бөрібай, Бәйбіше, Ақсу, Тереңөзек, Сарыжылан т.б. Осы өзектердің бәрінде арналық қырқаның биіктігі 3 метрге дейін. Сол қырқалар бірімен-бірі жалғасып ескі атырауды айнала белдеу тәрізді биіктеу бөлігін құрайды. Өзектердің араларында ауқымы едәуір арнааралық ойпаттар тараған. Депрессияларды жергілікті шағындау су айырықтары бөліп тұрады. Кейбіреулерінің абсолюттік белгілері Сырдарияның арналық қырқасынан төмен жатқандықтан дария тасығанда судың астында қалатын-ды. Дария суы мол болған жылдары тасқын судың астында депрессиялар мен бірге онша биік емес суайрықтары да қалып отырды. Ескі атыраудың оңтүстігіне көне аллювийлік Жаңадария жазығы кіреді. Мұның бедері ескі атырауға ұқсас. Жазықтың бетін Жаңадария, Оңтүстік Жаңадария, Майлыөзек тағы басқа ескі өзендер мен өзектердің арналары тілімдеп жатыр. Жазық бетінде көне дәуірден қалған жармалардың іздері арық-атыздардың фрагменттері жиі кездеседі. Мұнда ескі дәуірде ирригациялық жүйе тәуір дамыған болса керек. Оны Жаңадария жазығында жүргізген зерттеулер көрсеткен болатын (А.Нұрғызарынов, 1964). Ескі атыраулық жазықтың оңтүстік ландшафтарының бірі жусанды даласы. Мұнда көне дәуірде көлемді суармалы егіншілік болмаған сыңайлы, өйткені, бұрынғы ирригациялық жүйелердің элементтері тек Сырдарияға жақын жатқан солтүстік шетінде ғана кездеседі.
3.2. Жаңа атыраудың табиғаты
Сырдария өзені жаңа атырауға (Қазалы оазисі) кіргенде арнасы тарамданып, онан көптеген өзектер бөлініп шығады. Солардың ішіндегі ең ірісі Жұбан көліне құятын Ақсай өзегі. Көлдің өзінен Сағыр өзегі шығып, ол Арал теңізінің Бозкөл қолтығына құяды. Өткен ғасырдың 50 жылдарында жаңа атыраудың гидрологиялық режимі тірі табиғаттың дамуына өте қолайлы болды. Сол кезеңде жаңа атырау жерінде 40-қа тарта ірілі-уақты көлдердің болуы соны айғақтайды. Олардың ішінде аумағы мыңдаған гектарлық ірі көлдер болды. 60 жылдардан кейін Сырдария атырауының басқа бөліктері сияқты мұнда да су тапшылығының салдарынан гидрологиялық режим күшті өзгеріп, қуаңдану процесі жоғарғы жақтағыдан әлдеқайда күшті болды. Сонан көлдердің көпшілігі кеуіп, шаруашылық маңызы жоғалмай сақталғандары едәуір азайып қалды. Жаңа атыраулық жазықтың ауқымы 7,0 мың км2-дей, гео-морфологиясы өте күрделі, өйткені негізгі бедер жасаушы фактор Сырдария өзені мен оның өзектері болып табылады. Өзеннің оң жағы мен сол жағынан тарайтын Қараөзек, Қойкешкен, Бірқазан сияқтылары қазір кеуіп қалған. Ағысы бары Ақсай өзегі ғана. Сырдарияның және өзектерінің арналары арасында ойпат жазықтар тараған. Белгілері ең төмен учаскелерінде көлдер мен суы кепкен көлтабандар бар. Әдетте, олардың тереңдігі 1,5–2,0 метрдей ғана, көлемі жүздеген шаршы шақырымдай жайпақ шұқырлар. Сондай-ақ жаңа атырауда толқын тәрізді суайырықтар жиі тараған. Жазықты нәр жерінде дөңгелек формадағы төбешіктер, төмпешіктер мен үйінді құмдар бедерді күрделендіре түседі. Өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін Сырдария өзені тоғансыз ағып, лайлы суды мол әкеліп тұрғанда атыраулық жазықтағы арнааралық ойпаттар мен жер бетінің белгілері төмен жатқан суайырықтарында пайда болған жүздеген көлдер мен батпақтардың гидрологиялық режимі біршама тұрақты болды. Сонымен бірге өзен суындағы лайдың жиналуынан бедердің элементтері табиғи жолмен қалыптасты. 60 жылдардан кейін бұл өңірде суармалы егіншіліктің дамуына байланысты антропогендік қызмет бедер жасаушы басты фактор болып қалды. Бұрынғы табиғи ландшафтардың едәуір бөлігі антропогендік ландшафтарға айналды. Қызылорда 54 облысының жерінде атыраулық алқаптардың көпшілігі суармалы егіншілікке игеріліп, ирригациялық жұмыстар өте қарқынды сипат алды. Ірі жармалар мен қашыртқылар, екінші кезектегі жармалар, арық-атыздар көптеп салынып, егістік жердің ауқымды бөлігі инженерлік дайындаудан өткен соң антропогендік микробедер пайда болды. Әрине, суармалы егістің көлемін көбейтуге бағытталған бағдарламаны іске асыруға кіріскен алғашқы жылдары күріштік алқаптарда инженерлік дайындалған жердің болмағаны белгілі. Сонан су жарайтын жерлердің бәрі айдалып, көбінесе күріш егілді. Сырдарияның жоғарғы және орта тұстарында, аяғында суармалы егістің көлемі көбеюіне орай өзеннің ағысы азайып, Қызылорда жерінде гидроморф жерлердің ауқымды бөлігі құрғап қалды. Кепкен көлтабандар, көларалық аласа суайырықтар мен арнааралық ойпаттар егістікке қосылды немесе бір жыл ғана күріш егіліп, тастанды жерге айналды. 1964 жылы "Гипропроект" институты дайындаған жоба бойынша Қызылорда облысының жерінде 315 мың гектар суармалы eгіc егу көзделген болатын. Оның 300,0 мың гектары Сырдария өзенінен және 15,0 мың гектары Қаратаудан ағатын майда өзеншелер мен жерасты суларымен суарылатын болып жобаланды. Сырдарияның суымен Шиелі-Жаңақорған алқабында – 70 мың, орталық ескі атырауда (Қызылорда алқабы) – 170 мың, және жаңа атырауда (Қазалы алқабы) – 60 мың гектар суарылатын болды. Жобаны орындау барысында суармалы жердің, әсіресе күріштің көлемін көбейту жұмыстары едәуір қарқынды жүрді. Мыңдаған гектар бұталы тоғайлар, балауса шөбі шүйгін арнааралық гидроморф жерлер, суы кеткен құрғақ көлтабандар, тіпті өзен мен өзектердің арналық қырқаларына дейін жерлер егістікке айналды. Суармалы егістік айналымға қосылған жерлердегі топырақ түрлері бастапқы генетикалық белгілерін жоғалтып, мәдени суармалы топырақ түріне айналды. Бұрын табиғи қалыптасқан бедері өте күрделі болатын, алқаптардың өзі антропогендік қызметтің әсерінен өзгеріп, ландшафтардың мәдени түрлері пайда болды. Орталық ескі атырауда дарияның сол жағасындағы Далакөл, Жыңғылдыкөл, Шағалалыкөл, Қотырған, Шошқакөл ойпаттары, оңжағалық – Тереңөзек, Қараөзек ойпаттары мен Жаңадария жазығының солтүстік бөлігі егістікке айналды. Жаңа атырауда ұйықты батпақтар өзеннің оң жағында да, сол жағында да жиі кездесетін-ді. Сырдарияның тасқын суы қашатын ойпаттар Табанкөл, Майдакөл, Итқара, сондай-ақ ірі ауқымды батпақтар Шайлыкөл, Жуансадырбай, қазіргі кезде кей учаскелері егіндік болса, ауқымды бөлігі кеуіп, сортаң табандарға айналды. Онша көп өзгермеген Сырдария мен оның сулы өзектерінің арналық қырқалары. Десек те олардың да топырақ беті кебірленіп, өсімдік жабындысы сиреп, жүдеу көрінеді. Өлкенің қуаңдануы өзен арнасына жақын жатқан гидроморф топырақтың даму бағытына теріс ықпалын тигізді. Арналық қырқалардың жанбауыры бұрын қалың шалғын шөп өсіп тұратын күйінен айырылып, топырақ беті қайта сорлана бастағаны көзге түседі. Арнадан алыстаған сайын ойдым-ойдым сорланған учаскелер жиі кездеседі. Кей учаскелерде олар бетін тұз басқан қатты қу тақырға айналған. Дегенмен сорлардың көп шоғырланған жері егістік жерлер мен көлдердің төңірегі.
3.3. Арал өңірінде биокешендердің өзгерісі
Өлкеде экологиялық тығырықтың өршуінен қалыптасқан қуаңдану процесі топырақтың қасиеттеріне, өзгерісіне және онда жүретін процесстердің бағытына жаңа сипат берді. Ең қауіптісі топырақтың тұздануы болып отыр. Әр топырақ түрінің өзіне тән қалыптасқан тұз режимі болады. Бірақ ол қасиет тұрақты емес. Әсіресе, қазіргі жағдайда өлкедегі топырақтардың тұз режимі гидрологиялық өзгерістерге орай динамикалық сипатта құбылып тұратын болды. Бұл өңірде бедердің қай элементінде орналасқан топырақ түрі болса да қазір сондай күй кешуде. Өзеннің арналық қырқасындағы және оған жақын учаскелердегі аллювий топырақ түрін зерттегенде олардың профилінде тұздың қоры өткен ғасырдың 60 жылдарындағы көрсеткішімен салыстырғанда едәуір молайғаны белгілі болды. Өзеннің ағысы мол жылдары арнадан асып жайылатын су топырақ профиліндегі тұзды төмен қарай жылжытып немесе топырақ бетінен шайып кетіп тұратын. Су қайтқан соң топырақ беті құрғап, қабаттағы су буланғанда ол тұздар жоғары көтеріліп тұрды. Сөйтіп, бірде төмен, бірде жоғары қарай жылжып жүретін тұздар топырақ профилінің жоғарғы қабатында тұрақтап, онша көп жинала қоймайтын еді. Бұл маусымдық қайтымды тұз режимі. Бұрын осы топырақ түрінің жоғарғы екі метрлік қабатында бір гектар жердегі тұздың қоры 90,0 56 тонна шамасында болса, қазір ол 117,0 тоннаға дейін көбейгені белгілі болып отыр. Соған қарағанда, маусымдық қайтымды тұз режимі бірте-бірте маусымдық қайтымсыз тұз режиміне ауысып бара жатыр деуге негіз бар. Қазір Сырдарияның арнасынан асып жан-жаққа жайылатын су жоқ. Кей жылдары ғана, мысалы, 1993 және 2005 жылдардағыдай, дарияның ағысы мол болғанда көктемгі тасқын су құйылатын азын-аулақ ой-шұқырлар болмаса шалғай учаскелерге су жетпейді, сонан олар құрғаған күйінде қалуда. Бұл жағдайда топырақ профиліндегі тұздың жылжуы тек бір бағытта жоғары қарай жүріп тұр. Сонан топырақтың күнгей бетіне көтерілген тұз шайып кететін су болмаған соң үстіңгі қабатта жинала береді. Бұл процесс тұрақты болса, онда маусымдық қайтымсыз тұз режимі қалыптасады. Жаңа атырауда (Қазалы оазисі) осы процессс басым. Бұрын арналық қырқада топырақ профилінің жоғарғы екі метрлік қабатындағы тұздың қоры 130,0 тонна болса, енді ол 156–159 тонна шамасында. Тіпті ылғалы мол бұрынғы көлтабандардың өзі қатты кеуіп, профилі құрғаған соң онда да тұз режимі маусымдық қайтымсыз сипат алғаны байқалады. Күріш егісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған науқан қызып тұрған кезде топырақтың генетикалық тегі мен түріне қарамастан аяғынан су жарайтын учаскелердің бәріне күріш егіп, кейін тастап кеткен топырақ түрлері қатты кеуіп, қуаңдану қатарымен дамуда. Олар тақырлау топырақтар. Жалпы Сыр өңірінде шаруашылыққа пайдаланып жүрген топырақтың негізгі екі түрі – гидроморф және қуаң (тақырлау) топырақтардың дамуы ылғалға байланысты. Гидрологиялық режим қолайлы болғанда топырақ жабындысының негізін гидроморф түрлері құрайды. Қуаңшылық жағдайда гидроморф топырақ құрғап, қуаң (тақырлау) топырақ түріне айналады. Бұл соңғысының мелиоративтік күйі тәуір болмайды. Демек, бұл екі түрлі топырақтың түп тегі бір. Сол себепті, жергілікті жерде гидрологиялық режимнің өзгеруіне орай бірімен-бірі жиі ауысып отырады. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыстың әсерінен қуаңдану процесі күшейіп тұр. Топырақтың мелиоративтік күйіне оның тигізіп тұрған зардабы аз емес. Сырдың атырауы мен оны қоршаған шөл даланың табиғаты қанша қуқыл, әрі қатаң дегенмен сор жерлер жаппай кездесе бермей, көбінесе ылди-ой учаскелерде шоғырланатын. Оның себебі олар айнала қоршаған дөңестерден жаңбыр және еріген қар суымен ағып келетін тұз жиынтығынан пайда болады. Қазіргі кезде бұл өңірде сорлардың таралуы жер бетінің бедеріне (рельеф) байланысты болмай оның кез келген элементінде кездесетін болды. Соған қарағанда, жердің сорлануы өте қарқынды сипат алып отыр. Демек, топырақтың мелиоративтік күйі нашар. Сырдарияның атыраулық жазығы, теңіз жағалауы, көптеген көл жүйелері мен оларды қоршаған шөл және шөлейт дала ландшафтары өзара белгілі дәрежеде байланысты болғанымен әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл өзгешеліктер олардың топырақ-климат жағдайынан байқалады. Соған сәйкес олардың әрқайсына бейімделген өсімдіктер қауымдастығы мен жануарлар дүниесі қалыптасқан. Өсімдік қауымдастығын 4 (төрт) топқа бөледі: саздақ және құмды жазықтардың, тау етегіндегі даланың және Сырдарияның атыраулық өсімдіктері. Саздақ шел дала Қызылорда облысының солтүстігінде, құмды жазықтар оңтүстігінде, олардың ортасында атыраулық жазық орналасқан. Саздақ шөл даланың фитоценозы солтүстік Арал өңірі мен атыраудың теріскей бетіндегі үштік бор қыраты мен жаңа атыраудағы қалдық төбелерде тараған. Мұнда эфемерлер, сұр жусан, бұйырғын, шала бұталар, кей жерлерде оларға сиректеу сораң, әртүрлі бұталар, ақ сексеуіл араласады. Өнімділігі гектарына 4 – 5 центнер. Көктемде және күзде малға жайылым болады. Сонымен бірге солтүстік шөл даланың Қарақұм, Мойынқұм, Сарысудың төңірегіндегі бұйрат және жал бұйрат құмдарда да фитоценоздың түрі осыған ұқсас. Сыр атырауының оңтүстігіндегі Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемерлер мен жусан өседі. Құм төбелердің арасындағы тақырлау жазықтарда өсімдік қауымдастығын бұйырғын, сексеуіл және күйреуік құрайды. Өлкеде өсімдік фитоценозының өнімді топтарын Сырдария өзені мен сулы өзектердің арналарына жақын ылғалды (гидроморф) топырақтарда астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер құрайды. Бұл топқа кіретіндер айрауық, қызыл мия, есек мия, тергүлді, қамыс, қияқ, бидайық т.б. Мұндай жерлерде шөптің өнімділігі гектарына 15-20 центнерге жетеді. Сырдарияның арналық қырқасында қалың өскен тоғайдың жоғарғы белдігінде жиде, тал, терек, тораңғыл, екінші белдікте – қалың шеңгел, жыңғыл, ал төменгі үшінші белдікте – астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер қалың өседі. Әдетте, арналық қырқаның суға жақын мұндай тоғайлы бөлігін жазғы жайылым ретінде пайдаланады. Өзен арнасынан шеттеу дарияның тасқын суы түсетін ойлау жерлерде қоспасыз таза қамыс өседі. Кезінде оның гектарлық өнімі 50 центнерге дейін болып тұрды. Ылғалы тұрақсыз қуаңдау жерінде қамысқа әртүрлі бұталар, ажырық, сорларда – сарсазан, балықкөз, қарабарқын араласады. Бұл Сырдария өзені тежеуге түспей мол суы еркін ағып жатқан кездегі өсімдік қауымдастығының күйі еді. Кейінгі кезде антропогендік қызметтің күшеюі себепті аймақтағы өсімдік қауымдастығы өзгеріске түсті. Сөйтіп, өсімдік биокешендері күрт өзгеріп, олардың дамуы экологиялық азғындау жолымен жүруде. Өзеннің ағысы тежеліп, өлкеде қуаңшылық белең алған соң бұрынғы көп түрлі қалың өсетін фитоценоздардың күйі төмендей берді. Қабаттағы су тереңдеп, топырақ профилінің жоғарғы қабаты кебуінен ең алдымен ылғалсүйгіш өсімдіктер тобы сирексіп, түр саны азайды. Жалпы бұл өңірдің өсімдіктер қауымдастығы бірде ылғал молайып, енді бірде қуаңданып, бірімен-бірі жиі ауысып тұратын құбылмалы жағдайға тез бейімделетін плаккаттық топтарға жатады. Атыраудың орталық ылғалды аймағынан шеткері жатқан тақырлау топырақтар су түсетін болса тез-ақ гидроморф түрге айналады да ондағы өсімдіктердің түрі көбейіп, биомассасы молаяды. Бұл жағдайда өсімдіктер қауымдастығы кәдімгі гидроморф қатармен дамиды. Сулану процесі кенеттен тоқтап қалса, әлгі гидроморф өсімдіктерін қуаң жердің түрі жұтаң, биомассасы аз қарапайым өсімдік топтары ауыстырады. Қазіргі кезде онша күшті өзгеріске ұшырамаған деп Сырдария мен сулы өзектердің арналық қырқасын айтуға болады. Оларда қабаттағы су жер бетіне жақындау жатады, әрі өзен арнасынан көлбеу бағытта тарайтын су мен ұдайы толығып тұратындықтан мұндағы өсімдік кешендері біршама тәуір сақталған. Бірақ бұрынғыдай өзен бойын жағалай созылып жатқан тұтастық жоқ. Кей жерлерде тым-тәуір қалың, кей жерлерде сиректеу бұталы тоғай бар. Әйтсе де оның да жүдеп-жадағаны көзге түседі. Саны азайып қалған көлдердің айналасындағы оқтын-оқтын су шаятын, ызасы мол жерлерде қамыс аралас әртүрлі қара шөптердің орнына ащы шөптер мен қарабарқын өсетін болды. Сөйтіп, жалпы гидроморф өсімдіктер қауымдастығы сирексіп, олар біртіндеп қуаң жерге бейімделген өсімдік топтарымен ауысып бара жатыр. Биокешендердің құрамында орман алқаптары ерекше орын алады. Биосферада жалпы өсімдік әлемі құрайтын фитомассаның 82 пайызын орман ағаштары береді. Ағаштар қоршаған ортаны тірі организмдерге зиянды әртүрлі заттардан тазартып, жан-жануарларға қорған болады. Әйтсе де Қазақстан жерінде орман аз екені белгілі. Сол азғантай орманның көлемі, ағаштарының түрлік құрамы Қазақстан жерінің әр қиырында әртүрлі. Солардың ішінде орманы жоқтың қасы дейтін Арал өңірі. Бұл өлкенің топырақ-климат жағдайы әртүрлі ағаштардан құралған қалың орманның өсуіне қолайсыз. Сондықтан осы өңірдің қатаң табиғатына бейімделген түрлер ғана орман алқабын құрайды. Олар қатты жапырақты топқа жататын кәдімгі сексеуіл мен өзен алқабындағы ылғалды жерлерде өсетін сиректеу терек, тал, қарағаш, тораңғыл, жиде ағаштары. Көлемі жағынан ең көбі сексеуіл өзен алқабынан шалғай жатқан құмдақ және саздақ жазықтарда, шөлейт аймақтардағы төбелер мен шабыр құмдардың бауырлары мен етегінде, Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың кейбір учаскелерінде тараған. Өткен ғасырдың 60 жылдарында Арал өңіріндегі орманның жалпы көлемі 2,9 млн гектардан артық еді. Оның 2,5 млн гектары сексеуіл орманы. Қазір бұл өңірдегі орманның жалпы көлемі 2,0 млн гектардан сәл ғана асады, оның 87%-ы сексеуіл орманының үлесіне тиеді. Қалғандары гидроморф аймақтағы ағаш аралас тоғайлар. Шығыс Арал өңірінде мал шаруашылығы үшін сексеуіл орманының құндылығы ерекше. Тоғайлы ормандардың адам мен жан-жануарлар, жалпы тірі табиғат үшін қаншалықты маңызды екенін әркім біледі. Дегенмен қазір өлкенің жаппай қуаңдануына байланысты асқынған экологиялық жайсыз құбылыстың зардабынан орман-тоғай қағажу қалған жоқ. Ылғалы кеткен жерлердегі ағаштардың тамыры қурап, діңгегі жалаңаштанып қалды. Азын-аулақ сақталғандары осы өңірдің табиғи жағдайына әбден бейімделген, анау-мынау өзгеріске көнбісті тал, тораңғыл, жиде сияқты ағаштардың өзі де жүдеп-жадағаны соншалық ландшафтарға жасаңсыған көрік беретіндей қауқары болмай тұр. Суы кеткен көлтабандар мен егістік айналымнан шығып, тастандыға айналған учаскелерде қатты тас құрақ қамысқа аралас жыңғыл, қарабарқын сияқты галофиттер мен шеңгел бұталардың өсуі өсімдік жабындысының күйі төмен екенін байқатады. Экологиялық ауыр дағдарыстың нәтижесінде қуаңшылықтан азып-тозған орман-тоғайдың келешегі күңгірт демеске лаж жоқ. Әрине, мұнан Арал өңірінде орман-тоғай алаңсыз назардан тыс қалды деген ой тумаса керек. Облыс жерінде орманды қорғау, оны өлкенің көркіне айналдыру мәселесі бұрын да күн тәртібінен түскен жоқ-тын, ал қазір жаңа экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасып отырғанда ол тіпті өткір қойылып отыр. Соның айғағы ретінде Республика деңгейінде қабылданған "Қазақстан ормандары" ұлттық бағдарламасын айтуға болады. Онда орманды сақтау, көбейту және тиімді пайдалану шараларын іске асыру көзделуде. Бұл құжатта Арал өңірі орманды көбейтетін ерекше географиялық нысан ретінде қаралып, әсіресе теңіздің кепкен орнында пайда болған жаңа құрлықты көгалдандыру мәселесіне айырықша назар аудару қажеттігі аталады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі дайындаған іс-шаралар 2010 жылға дейін Арал өңірінде экологиялық жағдайды тұрақтандыру, тұзды шаңның желмен көтерілуін тоқтату және Сырдарияның атыраулық табиғаты азғындамас үшін алдын алу мақсатында бірқатар күрделі жұмыстарды орындауды межелеп отырғаны үлкен үміт күттіреді. Атап айтқанда, теңіздің құрғаған орнында тәжірибе-өндірістік орман алқабын жасау, осы өңірдегі мемлекеттік орман қорына қарайтын 313,2 мың гектар жерге ағаштардың тұқымын себу мен көшеттерін отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру, 43,4 мын гектар жерде эрозияға қарсы, мал жайылымдарын және егістік жерді қорғайтын орман алқаптарын жасау, елді мекендерді көгалдандыру, құнары бұзылған егістік жерлерді шөп себу арқылы қалпына келтіру көзделіп, олар орындалу үстінде. Оған бөлінетін қаржының жағдайы да шешілуде. Бұл шаралар Арал теңізінің құрғаған орны мен оның өңірінде экологиялық жағдайды тұрақтандырып, бүлінген дүниені сәл болса да жөндеуге бағытталған бетбұрыс екені айқын.
4. АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ОРНЫНДА ЖАҢА ҚҰРЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
4.1. Жаңа құрлықтың бедері
Арал теңізінің қазақстандық бөлігінде судан босаған орнының аумағы 21,4 мың км2 (2002 жылғы мәлімет) кеңістікті алып жатыр. Бұл жаңадан пайда болған құрлық Арал теңізінің теріскейіндегі Сарышығанақ қолтығынан басталып, оңтүстік батыс бағытымен Қаратерең түбегі, теңіз жағасындағы Тоқпан, Жыңғылтүп учаскелері арқылы бұрынғы Ақбасты, Көзжетпес, Ұялы, Қасқақұлан, Ұзынқайыр аралдарының оңтүстік батыс сыртымен Барсакелмес аралының батыс беткейін 10 – 15 км-дей ендікпен айналып, теңіздің теріскейіндегі Құланды түбегінің тұсынан теріскей-шығыс бағытымен Берг бұғазына дейін созылып жатқан жазық дала. Құрлықтың жалпы бет-бедері жазық десек те әр бөлігінде микробедері бірдей емес. 2002 жылғы зерттеулердің нәтижесі бойынша жаңа құрлықтың қазақстандық бөлігін бірнеше геоморфологиялық аудандарға бөліп, әрқайсының бедерлік келбетіне жеке сипаттама берілді. І – геоморфологиялық аудан Қаратерең түбегінің батыс беткейінен Құланды түбегінің тұсында теңіздің жағасына дейін, онан шығысқа қарай теңіз жағасымен Берг бұғазына (Көкаралдың тұсы) дейінгі жазықты қамтиды. Бұл ауданның солтүстік шығыс бөлігінде бедері күрделі. Қаратерең түбегінің батыс беткейі бірыңғай құм. Оның ені 4 – 5 км, кей жерлерде 7 – 8 км. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіздің деңгейі тез тартылып, жағалау жалаңаштанған, бірақ әлі ызасы толық кете қоймаған кезде құмның беті тегіс болды. Бертін келе теңіздің айдыны шығыс жағасынан батысқа қарай алыстаған сайын қабаттағы судың деңгейі тереңдегесін құм грунттың беті құрғап қалды. Құрғақ сусыма құмды жел үрлеп, ол әртүрлі деңгейдегі жал құмдарға айналды. Олардың көпшілігі әлі бұташөп жауып үлгірмегендіктен эолдық процестің әсеріне берілуде. Құм төбелердің ара-арасында үстем желдің бағытымен солтүстік шығыстан оңтүстік батыс бағытымен созылып жатқан ені 4 – 5 метр дефляциялық қазғанақтар жиі кездеседі. Теңіз орнындағы жаңа құрлықтың шығыс жағалауындағы құмдарды Қызылқұмның жалғасы деп пайымдауға келіңкірейді. Тегі жағынан олар Арал ойпатының осы бөлігін теңіз суы басқанға дейін геологиялық дәуір ішінде байырғы жыныстарды эолдық процесстердің өңдеуінен пайда болса керек. Жағалық құмнан өткен соң батысқа қарай грунттың көпшілігі саздақ. Оның әр жерінде шоғырланып орналасқан құм төбелер кездеседі. Олардың көпшілігі шөптесінді, ал дарияның атырауында теңізге жақын бөлігіндегі құмдардың біразы жалаңаш. Ғылыми мәліметтерге қарағанда, геологиялық дәуір ішінде Сырдария өзені өзінің арнасын бірнеше рет жылжытқан көрінеді. Сырдарияның өз арнасын оңға қарай жылжытуға бейімділікпен ирелеңдеп ағатын тарихи ерекшелігіне алғашқы болып назар аударған С.С.Неуструев (1911) еді. Кейінірек бұл көзқарас Б.А.Петрушевский (1935) мен М.П.Герасимовтың (1948) тарапынан қолдау тапты. Алайда, геологиялық дәуір ішінде Сырдарияның ірі деңгейдегі өзен ретінде тарихи қалыптасу схемасын Б.А.Федорович (1952) ұсынды. Онда ол В.Г.Бондарчуктың (1949) өзен алқаптарының пайда болуын көл жүйелері теориясымен байланыстыратын ұсыныстарын негізге ала отырып, "Тұран шөліндегі ескі өзендер" деген еңбегінде Сырдария өзенінің қалыптасуы рет ретімен бірнеше кезеңнен өткенін көрсетеді. Осы схема бойынша, бірінші кезең – үштік дәуірдің соңында және төрттік дәуірдің басында оңтүстік Қызылқұмда Дариясай ескі өзенінің пайда болуынан басталады. Кейінгі дәуірлерде аталмыш ескі өзен 42-ші ендікпен (параллель) солтүстікке қарай жылжиды. Жоғарғы төрттік дәуірдің басында ол Жаңадарияның ескі арнасына, онан ары өзен тағы да жылжып, Қуаңдарияның арнасына түсіп ағады. Сырдарияның тағы да солтүстікке қарай жылжыған кезеңі кейінгі Хвалин дәуіріне тура келеді. Жаңа дәуірде Сырдария өзені Жосалы стансасының батысында тектоникалық қатпарды жарып, қазіргі арнасымен жаңа атырауды (Қазалы) жасайды. "Сонымен біз көріп отырған Сырдария өзі пайда болған тарихында арнасын бірнеше өзгертіп, әрдайым солтүстікке қарай алыстай берген" (Б.А.Федорович, 1952, 213-бет). Б.А.Федоровичтың ұсынған схемасы бойынша, оңтүстік Қызылқұмдағы ескі өзен Дариясайдан санағанда Жаңадария, Қуаңдария, сосын қазіргі кіші Аралға құйып жатқан Сырдарияның арнасы үшінші болады екен. Алайда, теңіздің астында қалған Сырдарияның ескі арнасы мен оның атауы туралы мәлімет ғылыми әдебиет бетінде кездеспейді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткеніндей, Дариясайдан бастап, бұл өзен өзінің арнасын оңға қарай үш рет емес, төрт рет жылжытқан болып тұр. Яғни, Қуаңдария мен қазіргі кіші теңізге құйып жатқан арнаның арасында үлкен теңізге құйған, кейін теңіздің астында қалып қойған ескі арна бұл есепке кірмей қалған. Біздің пікірімізше, Арал өңірінің осы бөлігінде бедер жасаушы негізгі фактор ретінде Сырдария өзені туралы мәлімет толық болуы үшін оның теңіз астынан шыққан ескі арнасына лайықты ат қойып, ғылыми айналымға қосқан ләзім. Егер көпшілік тарапынан қолдау тауып жатса, теңізден шыққан ескі арнаны "Аралдария" деп атауға болар еді. Сонда Дариясайдан оңға қарай өзеннің жылжуы Жаңадария-Қуаңдария-Аралдария, сосын қазіргі кіші Аралға құйып жатқан Сырдария өзені болады. Әрине, бұл осы мәселеге қатысты ғылыми жаңа мәлімет болары ақиқат. Ғылымда бұрын белгісіз жәйттің бетін ашып, көпшілікке паш етудің үлкен-кішісі болмайды. Ол бір мысқал болса да ғылымға қосылған үлес деп қарау орынды. Ескі заманда Қуаңдарияны тастап, оңға жылжып аққан өзен Қаратереңнің шығыс шетіндегі "Тастақ" қырқасының жарқабағына тіреледі де соңынан тағы да оңға таман ойысып, оң жағындағы Тұщыбас және Қарашалаң, сол жағындағы Баян ойпаттарының арасымен ағып, арналық қырқа жасайды. Сөйтіп, теріскей бағытпен аққан өзен қазіргі Берг бұғазына 15 км-дей жақындағанда Көкарал шыңының оңтүстік шығыс етегіндегі қырқаға тіреледі. Осы өзеннің негізгі арнасы батысқа қарай 90° бұрышпен кілт бұрылып, Қаратерең қырқасының теріскейінен жонды жарып, батысқа қарай бұрылады. О заманда қазіргі солтүстік кіші теңіз болмаған сыңайлы, өйткені, оның табанының белгілері үлкен теңізден едәуір жоғары жатыр. Өзеннің батысқа қарай кілт бұрылып ағуының басты себебі осы деп пайымдауға болады. Бертін келе теңіз суы молайып, деңгейі көтерілгенде теңіздің өзен ағысы тұзды, сондықтан массасы ауыр, әрі тығыз суымен қабысқан тұсында күшті кедергіге ұшырап, иірімденіп (турбулент) ақса керек. Сонан өзен арнасының екі жағасына ірі құм бөлшектер жинала келе биіктігі 15 – 20 метрдей құм шоқаттар пайда болған. Олар өзен арнасының осы бөлігінде арналық қырқаны құрайды. Ескі өзен, яғни Аралдария Қаратерең жонынан өтіп, батыс беткейдегі Арал ойпатының табанына түскен соң 16–17 км-дей жерге барғанда арна жайпауыттанып белгілері жазық даламен бірдей болып, тек «сәйке» түрінде ізі байқалады. Сөйтіп, жазық далаға жайылып аққан жайылма су теңіздің теріскейіндегі Құланды және Көкарал шыңдарының аралық тұсынан барып теңізге құйған.
4-сурет. Құйылыстағы ескі арық-атыздың фрагменті
5-сурет. Құйылыс. Батыс жағасындағы тоған (дамба)
6-сурет. Құйылыс. Арықтың фрагменті
Дарияның ағысы, жоғарыда айтылған "Тастақ" қырқасына тірелгенде тасқын судың бір бөлігі арнадан асып, өзеннің сол жағындағы "Ақкөл" мен оған жалғасып жатқан "Кәртіма" ойпаттарына құйған. "Кәртіма" толғанда артық су Қаратерең жонының оңтүстік батыс мүйісін айналып, Қаратереңнің батыс жағалауындағы жал құмның бойымен теріскей бағытта жылжып, Аралдарияның жазық даладағы жайылма суымен қабысады. Қазіргі "Құйылыс" деп жүрген табан сол Кәртімадан шыққан судың өзек түрінде баяу жылжыған ізі болса керек. Өйткені, Құйылыстың ауыр саздақ грунты баяу жылжыған судың құрамындағы өте майда лай бөлшектердің тұнбаға түскенінен жиналған шөгінді екенін меңзейді. "Құйылыс" өзегі тұрақты болмай, дария тасу жылдары ғана ағып, өзен қайту жылдары "Ақкөл" мен "Кәртіма" қолтықтарына су аз түсуі себепті құрғап қалатын болған. Сонымен ескі заманда қазіргі Қаратерең түбегі деп жүрген қырқа Сырдария өзенінің атырауындағы арал болғаны анық. Оны теріскей жағынан өзеннің байырғы арнасы, ал оңтүстік-батыс жағынан дариядан шыққан "Құйылыс" өзегі қоршап жатқан. Қаратереңнің батыс жағалауын белдеулеп жатқан құм шоқаттар 10 – 12 км-ге барғанда сарсазан шыққан майда төмпешікті, беті қабыршақтанған саздақ грунтті жазық далаға жалғасады. Осы тұста ені 17 – 20 км-дей болатын оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай Көкарал шыңының тұсына дейін көлденең созылып жатқан даланы "Құйылыс" жазығы деп атайды. Мұнда да көне заманда ирригациялық жүйе болғанын айғақтайтын деректер табылып отыр. Олар 3 – 6 суреттерден көрінеді. Бұл бұрынғы өзектің арнасы болғандықтан шығыс және батыс жағаларынан ортасына қарай баяу ылдилайтын астау тәрізді жазық. 2001 жылы Сырдария өзеніне салынған "Ақлақ" топырақ бөгеті бұзылмай тұрғанда "Ақкөл" мен "Кәртіма" қолтықтары суға толып, артық су "Құйылыс" арқылы Көкаралдың тұсынан теңізге құйған. Бірақ 2002 жылы "Ақлақ" бөгеті бұзылып кетіп, "Кәртіма" да, "Құйылыс" та құрғап қалды. 2003 жылы "Құйылыстың" су жайылған ұлтанына шөп қалың шықты. Өткен жылдан грунтте қалған ылғалмен мұнда майда сораң, басқа әртүрлі қарашөптер, кейбір микроойпаттарда шоқ-шоқ қамыс, қызылтамыр шөп жабындысын құрады. Жаңа дәуірде Арал теңізінің деңгейі шамамен 47 – 48 метрге дейін (аб.белгі) көтерілгенде тасыған теңіз суының қысымымен өзеннің арнасы оңға қарай ойысып, қазіргі кіші теңізге құйған кезде Аралдарияның арнасы, оның бойындағы үйінді құмдар теңіздің астында қалды. Теңіз тартылған соң судан шыққан үйінді құмдар эолдық процестің әсерінен аласарып, қазіргі биіктігі 7 – 10 метрдей ғана. Аралдарияның батыс бағытпен үлкен теңізге құйған тұстағы ескі арна мен онан тараған өзектердің құрғақ арналары анық сақталған. Сол жерден батысқа қарай шыққанда арналық қырқаның үйінді құмдары желмен тегістелген, олардың болар-болмас қана орны жазық бетімен бірдей болып жатыр. Батысқа қарай алыстаған сайын ескі арна баяу ағыстан қалған "сәйке" түрінде көрінеді. Қазіргі кезде аллювийлік шөгіндіден жиналған арналық құм төбелердің үстін бұта-шөптесінді жабынды әлі толық жауып үлгірмеген. Олардың жалаңаш баурайлары эолдық процесске берілуде, бірақ онша күшті емес. ІІ – геоморфологиялық аудан "Ақкөл" және "Кәртіма" қолтықтары, теңіз жағалауындағы учаскелер Тоқпан мен Қарашоқаттан батысқа қарай ұзынқайырдың солтүстік мүйісі арқылы қазіргі "Барсакелмес" түбегінің (бұрынғы арал) батысында 15 км қашықтыққа шегінген Арал теңізінің осы кездегі (2004 жыл) жағасына дейінгі ауқымды даланы алып жатыр. Жоғарыда аталған учаскелердің батыс беткейінде теңіз жағасынан ені 5 – 6 км, Қарашоқаттың тұсында 8 – 9 км болатын құм шөгінді Ұзынқайырға барып жалғасады. Әр жерде құм төбешіктердің ара-арасын қуалай орналасқан ені 10 – 12 метрлік дефляциялық шұқырлар жиі кездеседі. Құмнан батысқа қарай шыққан соң саздақ грунтті жазықтар әр жерде аумағы 10 – 15 км2-дей болып тараған. Оларда микробедердің негізгі элементтерін сарсазанның түбіне үйілген майда төмпешіктер, тышқанның індері, бұталарға (қарабарқын, жыңғыл) жиналған үйінділер құрайды. Олардың арасы беті бұжырланып, қабыршақтанған жалаңаш кебір. Беткі қабыршағы жұқа, оның астында қалыңдығы
5 – 7 см үлпілдеген тұзды саздақ масса, түсі күл тәрізді сұр. Тоқпан мен Қарашоқаттың тұсынан басталатын үрме құм жота 25 – 30 км-де ең биік учаскесі Ұзынқайыр аралымен жалғасады. Мұнда осы аттас елді мекен болған. Ұзынқайырдан батысқа қарай жота құм аласарып барып, 30 – 35 км жерде "Барсакелмес" қыратының шығыс жағындағы жайпауыт етегімен қабысады. Осы жерден бірімен-бірі жалғасып жатқан қыр төбелер теріскей бағытпен Құланды түбегінің тұсына дейін және оңтүстік батыс бағытпен Қасқақұлан (бұрынғы арал) жотасына дейін созылады. Қыртөбелер Барсакелместі шығыс жағынан белдеу тәрізді орналасып, қоршап жатыр. Оңтүстік батысындағы кей учаскелерде ондаған км-ге дейін жалаңаш сортаң дала. Бедердің сәл биіктеу белгілерінде жусан өскен қуаң даланың қыртөбелеріне ұқсайды. Барсакелмеске 35 – 40 км жақындағанда қызғылт түсті ірі түйіршікті үрме құм басталып, аралдың шығыс жағалауына 10 – 15 км-дей жерден құм шоқаттар мен ара-арасында сусыма құм қыртөбенің етегіне дейін барады. Онан ары Барсакелмес қыраты (бұрынғы арал), бар деректерге қарағанда, 20 млн жыл бұрын Арал ойпатымен бірге пайда болған көрінеді. Оның теңіз ішіндегі аралға айналуы беріректе, яғни осыдан 1-2 мың жыл бұрын Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы Арал ойпатын толтырған кезде болған сыңайлы. Барсакелмес түбегінің ұзындығы – 27 км, батыс бөлігіндегі ең енді тұсы – 11,5 км, ал шығысында – 2,5 км. Жалпы аумағы – 18,3 мың гектар. Теңіздің батыс жағалауындағы Құланды түбегіне дейін – 23 км, Арал қаласына дейін – 180 км. Барсаның байырғы шөгінділері олигоцендік саз, құмшық, мергель, оқта-текте әк кездеседі. Оңтүстік бөлігі абсолюттік белгісі 100 метрлік үстірт (7 – 8 суреттер). Теңіз бетінен ең биік нүктесі 117 метрлік Шағала тауы (гора Чайка). Әр бөлігінде кездесетін жайпақ сайлар мен онша терең емес ойпаттарда тақырлар немесе борпылдақ сорлар тараған. Солтүстік жағы теңіз толқынымен жиналған жал-жал құмды жайпауыт болса, оңтүстігіндегі жағалауы биіктігі 50 метрлік жарқабақ. Үш жағынан ені 200 метрден 2 км-ге дейін үйінді жал құм қоршап тұрған түбектің ауқымды бөлігінің грунты саздақ-сор шол дала. (9 – 10 суреттер). Жағалауды бойлай биіктігі 6 – 7 м үйінді жал құм. Қазір сол жал құмдар әртүрлі бұталар өскен шоқатты белдікке айналған. 1965 жылға дейін Арал теңізінің деңгейі жоғары тұрғанда Барсакелмес аралында ыза судан жиналған ащы көлдер болған екен. Олардың біреуінің ұзындығы – 6 км, көлденеңі – 0,7 км, тереңдігі 1,5 – 2,0 м болыпты. Кезінде аралдың жағалауын көмкеріп жатқан ені – 100 – 200 метр жал құм арқылы су көлге тұрақты түсіп тұрған. Қатты буланудың нәтижесінде көлдің деңгейі аралды айнала қоршаған теңіз деңгейінен бір метрдей төмен жатқан. Қазір ол көлдер жоқ. Барсадағы биік шоқылардың арасындағы саздақ сортаң ойпаттарда кей жылдары жиналған жаңбыр суынан тереңдігі 60 – 70 сантиметр уақытша қақ пайда болып, ол мамыр айының аяғында кеуіп қалатын болған.
8-сурет. «Барсакелмес». Теріскей мүйіс
9-сурет. «Барсакелмес». Жусанды дала
10-сурет. «Барсакелмес». Теріскей жағындағы теңізден шыққан грунттың келбеті
Барсакелмес түбегінің қазіргі табиғи күйі Арал теңізін қоршаған шөл даланың табиғатына ұқсас. Бедерінің белгілерінде пәлендей өзгеріс жоқ. Барсакелместі шығыс жағынан белдеу тәрізді болып орналасқан қыртөбелерден шығысқа қарай орналасқан "Массагет" даласы. Өткен дәуірде бұл аймақты егін егіп, мал баққан кердері тайпалары мекендегені белгілі болып отыр. Оны осы өңірден табылған елді мекендердің орны мен мавзолей және анық сақталған ирригациялық жүйелер айғақтайды. Ескі дәуірден қалған елді мекеннің орны (қала) мен мавзолей (кердері-2) Барсакелместен шығысқа қарай 30 – 35 км жерде жатыр. Осы жерден шығысқа қарай ескі дәуірдегі егіншілік мәдениетінің ізі бар тептегіс жазық дала. 1998 жылғы ғарыштан түсірілген суреттегі контурында бұл батыстан шығысқа қарай көлденеңі 65 – 70 км-ге, солтүстіктен оңтүстік батыс бағытпен 75 – 80 км-ге созылып жатқан жазық жер. Көне заманда суармалы егіншілік болтаң жерде микробедердің элементтері теңіз шөгіндісімен жабылып, жазықтың беті теп-тегіс көрінеді. Тек ирригация жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын ені 10 – 12 метр ірі жармалар, екінші кезектегі жармалар (ені 6 – 8 м) мен майда арық-атыздардың фрагменттері анық сақталған (11 – 12 суреттер). Теңіздің осы бөлігіндегі тереңдігі 25 – 30 м болатын. Су астындағы ондай тереңдікте грунттың бетін толқын ұрмайды. Содан болса керек, жармалардың іші теңіз шөгіндісімен (Cardіum Еdule) толып, екі жиегіндегі үйінді топырақ қаз-қалпында тұр. "Массагет" жазығының теңізден шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себепті, мұнда өсімдік жабындысы әлі толық жетілмеген, ол қалыптасу үстінде. Кейбір майда арықтар мен атыздардың фрагменттері сақталған учаскелерде әртүрлі шөптер қалың өскеніне қарағанда даланың топырағы егін егуге жарайтын сыңайлы. Әйтсе де бұл талай ғасыр теңіз астында жатып шыққан жер болған соң оның грунтын алдын ала мелиоративтік зерттеулер арқылы бағалау қажет.
Арал өңірі, археологиялық зерттеулер көрсеткеніндей, басын ғасырлар қойнауынан алатын Қазақстан жеріндегі мәдени ошақтардың бірі болып табылады. "Көне заманда мұнда ескі парсы жаулаушылары Кир мен Дарийдің қайсар қарсыластары Сақ-Массагет тайпалары мекендеген негізгі орталығы болды, ал кейінірек біздің жыл санағымызға дейін 1 – 11 ғасырларда олар грек-македон шапқыншыларының билігін құртып Ортаазия – Индияда Ұлы Құшан патшалығын құруда үлкен рөл атқарды" (С.П.Толстов, 1948, 55 бет).
Сырдың төменгі ағысын алғашқы мекен еткен ерте замандағы Келтемұнар балықшылары мен аңшылары болса керек. Біздің жыл санағымызға дейін ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында Келтемұнар тайпалары егіншілікпен айналыса бастайды. О заманда суармалы егіншілік әлі болмаған сыңайлы, сондықтан олар ызасы бар "қайыр" жерлерді пайдаланған. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ – V ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысын Массагет тайпалары мекендейді. Массагеттер алғашқы болып, суармалы егіншілікпен шындап айналысады. "Олар байырғы балықшылық кәсіпті егіншілікпен қатар жүргізген (мүмкін егістік жерді айдауды да білген болар), сонымен бірге тәуір дамыған мал шаруашылығы бар жартылай отырықшы тайпалар еді" (С.П.Толстов, 1948, 99 бет). Алғашқы Массагет егіншілері еккен негізгі дақылдар тары мен арпа болған сыңайлы. Массагет мәдениеті тұсында қолдан қазылған жармалар жүйесі арқылы суармалы егіншілік тым тәуір дамыды және ол қоғамдық дамуға күшті ықпалын тигізді. Сол дәуірде "Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егістің жалпы көлемі 2,2 – 2,5 миллион гектарға жетіп, оның 1,0 миллион гектары тұрақты суармалы eгіc болды" (С.П.Толстов, 1961). Арал теңізінің орнынан табылған ескі суармалы егіншілік мәдениеті ерте заманда осы өлкені мекендеген тайпалардың іргесі мықты, өркениеті дамыған мемлекеттің құрамында болғанын айғақтайды. Тарихи-археологиялық ғылыми деректерді талдаған мәліметтерге қарағанда (Жанұзақ Әкім, "Жас Алаш", 1 сәуір 2005 ж., № 39), біздің жыл санағымызға дейінгі І – ІІ ғасырларда құрылған Ұлы Құшан патшалығының құрамына кірген кердері тайпалары осы Арал өңірінде егін егіп мал баққан болса керек. Бұл тарихи деректерге қысқаша ғана шолу жасайтын болсақ, Құшан мемлекетінің негізін салған Ұлы Иозылар (Құджула Кадфиз патша), ал олардың ұрпақтары кердерілер болып табылады. Бұл қазақ руларының бірі. Атақты патша Канишканың заманында Құшан мемлекеті өзінің даму жолында ең жоғарғы сатыға көтеріліп, оның территориясы оңтүстігінде Үндістаннан, солтүстігінде Орталық Қазақстанға дейін, шығысында Қашғардан, батысында Каспий теңізіне дейін созылып жатқан. Кұшандықтар көптеген сәулетті қалалар мен қорғандар, ирригациялық жүйелер салып, суармалы егін мен бау-бақшаны дамытты. Сол заманда Құшанның мақтасы шетке шығарылып, тіпті сұлының мәдени түрі Қытайға тараған көрінеді. Сонымен бірге заманындағы ең озық технология мен әйнек шығаруды да жолға қойған. Ерекше назар аударатын жай, ол Құшан мемлекеті қоғам дамуында Рим империясы және Қытаймен қатар тұруы. Осындай мемлекеттің құрамында өмір сүрген кердерілер кім дейтін болсақ, Н. Веселовскийдің зерттеулерінде, кердерілер біздің заманымыздан бұрынғы бірінші ғасырда "Иозы", "Ұлы иозы" деп аталған. Ұлы иозылардың Арал өңірін мекендеген бөлігі "Кердері" деген атпен тарихқа белгілі. В. Бартольдтың деректерінде, б.д.д ІІ ғ. – б.д.д ІІІ ғ-да атақты Құшан мемлекетін құрған Ұлы иозылардың басшы ақсүйектері кердерілер болған. Құшан патшалығы ІV ғасырдың соңғы онжылдығында ыдырап кетеді. Ол ыдырағаннан кейін де оның басында тұрған кердерілер немесе Ғұнқидаридтер Иран, Ауғанстан және Үндістанды қайта жаулап алып, біраз уақыт үстемдігін жүргізеді. Одан кейін кердерілер Арал теңізінің өңірінде өз мемлекетін құрған. Арал теңізі орта ғасырда "кердері теңізі", ал Әмудария "кердері дариясы" деп аталғаны тарихтан белгілі. VІ ғасырда кердерілер батыс түрік қағанатының құрамына кіреді. Арал қаласының оңтүстігінен 70 км жерде табылған кердері кесенесі, Қазалы қаласының оңтүстігіндегі Жанкент қаласы, теңіздің орнынан табылған кенттер мен ирригациялық жүйелер орта ғасырдағы кердері мемлекетінен қалған ескерткіштер екені ақиқат. Өткен ғасырдың ортасында Арал өңірінде археологиялық зерттеулер жүргізген С.П.Толстовтың айтуынша, кердері мемлекетінің жерінде V–VІ ғасырларда салынған күйік қаланың тұрғындары жер өндеумен, мал шаруашылығымен және қол өнермен айналысқан болса керек. Темір өндейтін, мыс өндіретін және керамика шеберханалары болған. Араб шапқыншылығы кезінде тәуелсіз болған кердері тайпалары ерекше тілде, мүмкін эфталит диалектісінің бірінде сөйлеген болуы керек. Ғалымдардың пайымдауынша, кердерілердің ұрпағы қазақтың кіші жүз құрамындағы белді тайпалардың бірі. Қазақ пен қарақалпақ өздері дербес халық болып құрылу барысында кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтың мүйтен тайпасына кіреді. Н. Аристовтың мәліметінде, Ақтабан шұбырынды кезінде Арал өңірінің кердерілері Жайық бойына, Аралдың Қобда жағына және Електің сол жағына көшкен. ІІІ – геоморфологиялық аудан Арал теңізінің шығыс жағасындағы "жыңғылтүп" учаскесінен оңтүстікке қарай бұрынғы аралдар "Ақбасты", "Көзжетпес", "Ұялы", батысында "Қасқақұлан", "Ұзынқайыр" арқылы теңіздің қазіргі жағасына дейінгі жаңа құрлықты алып жатыр. "Жыңғылтүп" учаскесінің тұсында ені 3-4 км-дей абразиялық жинанды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Осы нүктеден батысқа қарай 21 км-де орналасқан Қасқақұлан аралына дейін жазық дала. Теңіз жағасынан шыққанда батысқа қарай 7 – 8 км-ге дейін грунты бақалшақты қатты саздақ. Онан ары грунттың беті борпылдақ, бақалшағы көп, профилі өте құрғақ. Бедері тегіс. Қасқақұлан аралының шығыс жақ шетіне таман орналасқан биіктігі 75 – 80 м шошақтөбе қыратты "Тау" дейді. Сол төбе батысқа қарай 5 – 6 км-ге дейін аласарып барады да теңіз жағасындағы жал құмға ұласады. Оны "кіші Тау" дейтінді. Онан ары кіші таудың солтүстік батысынан Теріскей бағытпен ені 2-3 км-дей жал құм 14 – 15 км-ге дейін созылып жатқан "Ұзынқайыр" аралы. Қасқақұландағы төбе тарихқа дейінгі ілгері дәуірде пайда болған. Жоғарыда "Барсакелмес" қыраты 20 миллион жыл бұрын Арал ойпатымен бірге пайда болды дегенбіз. "Қасқақұлан" тауы да сол кезде пайда болған. Барсакелместің оңтүстігі мен батыс жағасы тік жарқабақ болса, Қасқақұлан тауының солтүстік жағы тік жар. Бірақ қазір ол жарқабақ мүжіліп, жайпауыттанған және таудың өзі де өткен ғасырдың 40 – 50 жылдарындағыдан едәуір аласарып қалғаны көзге түседі. Алайда, Қасқақұланның аралға айналуы Барсакелмеспен бір кезде болған сыңайлы. Қасқақұланның байырғы шөгінділері олигоцендік құмшық, мергель, саз және оның арасында әк түйіршіктері бар. Қасқақұланның батыс шеті толқынмен үйілген жал құм болатын. Сиректеу болып қалған бұталарға үйілген құм биіктеп, олар шоқаттарға айналған. Сол қаз-қатар орналасқан шоқаттарға қарай, теңіздің бұрынғы жиегін дәл анықтауға болады. Қасқақұлан мен Ұзынқайыр құм шоқаттар арқылы бірімен-бірі жалғасып жататын қос арал болған-ды. Кіші таудан алдымен батысқа қарай орналасқан құм шоқаттар тізбегі 2-3 км-ге барғанда теріскейге бұрылып, 5 – 6 км-ге дейін созылады. Бұл екі аралды жалғастыратын құм шоқаттардың ара-арасында әр жерде тереңдігі 0,5 – 0,7 м теңіз суы болды. Қазір бұрынғы Қасқақұлан аралы теңізден босаған жазық даланың ортасындағы шоқы болып қалған. Мұнда өткен ғасырдың 80 жылдарында салынған екі құбыр құдық жұмыс істеп тұр. Үлкен тау мен кіші таудың арасындағы сәл еңістеу учаскеде салынған құбырқұдықтың тереңдігі 880 м, екіншісі үлкен таудың шығыс жағында теңіз жағасындағы майда шоқаттардың арасындағы саздақ табанда, тереңдігі 690 м. Екеуінің суы да минералдығы 5,5 – 6,0 г/л, яғни кермек, адам ішуге жарамайды, бірақ мал мен жабайы аңдар ішеді. Екі таудың арасындағы қыр төбенің ойлау жеріне салынған құбыр құдықтың суы шыққан алғашқы кезеңде жергілікті біреу-жарым тұрғындар жусан шыққан төбеге көкөніс, қауын-қарбыз, асқабақ, жүгері, тары егіп, тәуір өнім алып жүрді. Қазір сол егіндік болған учаскеде топырақ бетінде көзге көрінетін тұз байқалмайды. Қасқақұланнан оңтүстікке қарай жалпы бедері күрделі емес жазық "кердері" даласы. Жазықтың әр жерінде шағындау аумақты алып жатқан құм төбелер бар. Олардың ішіндегі аумағы үлкен құм шоқатты жоталары Ақбасты, Көзжетпес және Ұялы. Аталмыш төбелер теңіз толық кезінде ел мекендеген аралдар болған еді. Құм төбелердің арасында микробедер жаңа құрлықтың теріскей бөлігіндегі бедерге ұқсас. Кей учаскелерде грунттың беті жалаңаш кебір. Құм төбелердің етегіндегі құмдардың ара-арасында дефляциялық шұқырлар, кебір жерлерде сарсазанға үйілген төмпешіктер жиі кездеседі. "Кердері" даласы ескі заманда егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған алқап болған сыңайлы. Даланы айғыздап жатқан ірі және екінші кезектегі жармалар, арық-атыздар мен олардың фрагменттері ескі дәуірде мұнда тым-тәуір дамыған ирригациялық жүйе болғанын айғақтайды. Солардың бірі Ақбастыдан оңтүстік бағытпен 15 – 17 км-ге дейін созылып жатқан жарма. Оның екі жағына үйілген топырағы теңіз астында тұрғанда сол күйінде сақталып, енді қазір желмен мүжіліп аласарып барады. Жарманың тереңдігі 1,5 – 2,0 метрдей, кез келген жерден көлік өте алмайды. Онан басқа да жармалар тіпті көп. Демек, бұлар антропогендік микробедердің элементтері болып табылады. Біздің зерттеулеріміз Аралдың қазақстандық бөлігіндегі жаңа құрлықта ескі дәуірдің егіншілік мәдениеті екі жерде орналасқанын көрсетеді. Оның біреуі "Массагет" даласында. Мұнда егін суаратын суды "Аралдария" мен "Құйылыс" өзенінен алған. Тәуір дамыған екінші суармалы егіншілік жүйесі Қуаңдарияның теңізге құярлығында жатқан "Кердері" даласында. Бұл өңірдегі дихандар суды Қуаңдариядан алған. "Кердері" егіншілік ошағы "Жетіасар" мәдениетінің құрамдас бөлігі болса керек. "Массагет" және "Кердері" егіншілік мәдениетінің сипаты және дәуірі тұтас болған деуге негіз бар. Бұлардың арасын Қасқақұланнан Барсакелмеске дейін созылып жатқан құмды жота ғана бөліп тұр. Ара қашықтығы 65 – 70 км-дей. Жалпы табиғатта микробедердің түрлері көп, әсіресе Сырдың төменгі ағысында. Арал өңірінің микробедерін зерттеушілер (В.М.Боровский, М.А.Погребинский, 1958) бұл аймақ микробедердің көптүрлі және құрылымы күрделі болатынын көрсетеді. Мұндағы микробедерді генетикалық белгілеріне қарай бірнеше топқа бөледі:
* Желдің қызметінен пайда болған эолдық микробедер (толқын тәрізді құм
үйінділер, бұтаға жиналған құм);
* Ағын судың қызметінен пайда болған эрозия – аккумулятивтік микробедер;
* Ойық (оқпан) микробедер;
* Биогендік микробедер (іннің қасында үйілген төмпешік, бұта түбіндегі үйінді,
батпақтардағы биіктігі 0,5 м шоқалақ, қопақ).
Бұл соңғысын өсімдік пен жануарлардың тіршілігіне байланысты пайда болған әртүрлі элементтер құрайды:
* Тышқан індерінің жанында үйілген төмпешіктер; * жыңғылдың, қарабарқынның түбіне түскен вегетативтік органдармен араласып, үйілген төмпешіктер;
* сарсазанның түбіне жиналған үйінділер; * құрғақ қол табандар мен теңіздің жағалауына жақын тайыз суда қалың өскен қамыспен қоғаның орнындағы ірі қопақтар мен шоқалақтар (биіктігі 0,5 – 0,6 м).Олар қамыстың тамыры мен тамыр сабақтарының лаймен араласып жиналуынан пайда болған; * суда қалқып жүретін ірі қопақтар су қайтқан соң кішкентай микроаралдар күйінде қалады. Микробедердің аталмыш түрлерінің барлығы да Арал теңізінің құрғаған орны мен қолтықтарында, теңізге жақын орналасқан құрғақ көлтабандарда кеңінен тараған. Сырдарияның арнасынан оңға қарай Қарашалаң мен Бөген елді мекендерінің теңіз бетіндегі алды ойлау жазық. Бұрын мұнда майда көлшіктер теңізбен жалғасып, ауқымы үлкен қолтықтар болып жататын. Кей жылдары қолтықтың суы шығысқа қарай жылжып, теңізден қашығырақ жатқан "Тұщыбас" көлімен жалғасатын еді. Бұлардың арасын байланыстырып тұратын батпақты ойпат жерлерге қалың қамыс пен қоға өседі. Дария суы тасу жылдары оның оң жағынан тарайтын өзектер арқылы он жағалық біріне бірі жақын орналасқан шағындау типыл ойпаттар суға толып, көлемі ондаған шаршы шақырым, тереңдігі 1,5 – 2,0 метрдей, жиегі жайпақ кең ауқымды депрессия құрайды. Осы депрессияның ішінде диаметрі бірнеше шақырымдай қазан шұңқырларда жиегі батпақты сулы көлшіктер немесе құрғап қалған, онда сиректеу тас құрақ өскен учаскелер бар. Қазір солардың ауқымды бөлігі құрғақ. Мұнда микробедерді қопақтар, биіктігі 0,4 – 0,5 м шоқалақтар, көлшіктерді жалғастыратын кішігірім өзек болған жерлердегі үйінді құмдар, бұталардың түбіне үйілген сиректеу төмпешіктер құрайды. Кей жерлерде өртенген қамыстың орнында шала жанған қопақтар мен шоқалақтар кездеседі. Қаратереңнің оңтүстігінде жатқан теңіз қолтықтары Кәртіма мен Ақкөлдің табаны да ауқымды жазық. Ақкөлдің табанында кеуіп қалған қопақтар, сәл ойлау ызасы бар учаскелерде қамыс пен аралас әртүрлі бұталардың түбі шоқалақтанып, ерекше микробедер қалыптасқан. Сырдарияның теңізге шығатын аванатырауы аллювийлік майда құм, лай жиналған жазық жер. Аллювийлік шөгінді теңіздің байырғы терригендік шөгіндісін бүркеп жатыр. Мұнда көп тараған микробедердің түрі "оқпан". Оның кейбіреулерінің тереңдігі 2,0 метрден терең. Ғылыми әдебиет бетінде оқпанның қалай пайда болатыны жөнінде ортақ пікір жоқ. Әйтсе де кейбір авторлар (В.М.Боровский, М.А.Погребинский, 1958) майда саз, лайдан жиналған үстіңгі аллювийлік қабаттың астында жатқан төсеніш құмға су тигенде ол жылжып ағатын тәрізді. Содан оқпан пайда болады деп жорамалданады. Оқпан қалай пайда болса да микробедердің ең қолайсыз, шаруашылыққа, әсіресе суармалы егіншілікке зиянды түрі саналады, өйткені, жер суарғанда суды тартып кетеді. Берг бұғазынан оңтүстік батыс бағытпен Қаратерең түбегін жағалап биогендік микробедер түрлері кең тараған. Мұнда құм мен бақалшаққа (Cardіum Edule) араласып, тығыздалған шалаң (балдыр), шоқалақтар, тұрақты және теңіз бар кездегі ығынды (көшпелі) қопақтар жиі кездеседі. Теңіз табанының бұл бетін қалың бақалшақ массасы жауып тұрған шағыл құм. Теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан биіктігі 1 – 1,5 метр майда құм төмпешіктер микробедер құрайды. Тарихи-археологиялық, этнографиялық, антропогендік, географиялық, геоморфологиялық ғылыми деректерді сараптағанда, теңіздің тасуы жаңа дәуірде бірінші мыңжылдықтың соңғы ғасырларында болса керек. Соның салдарынан Арал ойпатының жайпауыт болып келетін шығыс бөлігінде бедер күшті өзгеріске түсті. Атап айтқанда, "массагет" және "кердері" егіншілік алқаптары теңіз астында қалып, сол жерлерде егіншілік мәдениетін жасаған елге қасірет әкелді. Сонымен бірге ойпаттың осы беткейіндегі Барсакелмес, Қасқақұлан, Ұзынқайыр, Ақбасты, Көзжетпес, Ұялы қыраттары теңіз ішіндегі аралдар болып қалды. Аралдария теңіздің тасқын суынан оңға қарай ығысып, оның ескі арнасы су астында қалды. Арнасы жылжыған өзен қазіргі Сырдария өзені болып, кіші теңізге құйды. Сонда солтүстік кіші Арал теңізінің пайда болуы тіпті беріде, яғни мыңжылдың шамасында болса керек. Бұрынғы Қаратерең қыраты дарияның атырауындағы арал болса, енді ол теңіздің түбегіне айналды. Оның себебі, дарияның сол жағында жатқан Ақкөл мен оған жалғас орналасқан Кәртіма көлдері теңіздің қолтығына айналып, бұрын дариядан шыққан артық су осы екі қол арқылы "Құйылыс" өзегі мен теңізге дейін ағатын болған еді. Енді "Құйылыс" өзегі теңіздің астында қалған соң Қаратерең қыраты теңіздің түбегі болып қалды. Дарияның оң жағындағы Қарашалаң және Тұщыбас, сол жағындағы Баян ойпаттары дария мен теңіз суы араласып жатқан суы кермек көлдерге айналды. Қазір олардың бәрі де құрғақ көлтабандар болып жатыр.
4.2. Климат режимінің қалыптасуы
Арал теңізінің климат режимі жөнінде жоғарыда келтірген қысқаша ақпарат өткен ғасырдың 50 жылдарындағы мәліметтер негізінде алынды. Ол кезде теңіздің деңгейі биік, суының массасы көп еді. Сол себепті, климат құрайтын элементтерінің көрсеткіштері онша қатаң болған жоқ. Сонан бері өткен жарты ғасырда бұл өңірде үлкен экологиялық өзгерістер болып, теңіздің үштен екіден (2/3) артығырақ бөлігі құрғап қалуына әкеліп соқтырды. Теңіздің құрғаған орнында ауқымды сусыз құрлық пайда болды. Жаңа құрлықтың климат режимі теңіздің толық кезіндегі жұмсақ климат режимінен әлдеқайда өзгеше қалыптасуда. Оның өзгешілігі континенттік белгілерінің күшейе түсуінде болып тұр. Соның айғағы ретінде қыс айларында дауылдатып соғатын қатты желдің жиі қайталануын, жазда атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейіп бара жатқанын айтуға болады. Теңіз толық кезінде бұл өңірде жаз айларында атмосфералық ауаның аномалдық ауытқуы сирек болатын құбылыс еді. Кейінгі жылдары жазда да ауа райының алай-түлей өзгеруі жиілеуіне қарағанда мұндағы климат режимі бұрынғы күйінен өзгеріп бара жатқанын аңғаруға болады. Арал гидрометеостансасының мәліметтері негізінде әр жылғы қаңтар айының орта температурасын салыстырғанда бұл көрсеткіштердің арасында ауытқушылық бар екені байқалады (2-3 кестелер).
2-кесте. Ауаның айлық орта температурасы °С
(Арал гидрометеостансасы, 2002 ж.)
жыл
Айлар тізбегі
жылдық
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ
XІІ
1998
-15
-10,3І
-1,8 8,8
18,2
28,3
29,6
26,9
18,4 8,7 -5
-5,7 8,4
2001
-10,9
-10,5
4,6
12,4
22,2
25,1
25,6
24,5
16,3
7,1 1,4
-7,1 9,2
2002
-3,3
-0,7
6,1 8,3
16,3
22,5
28,2
26,2
19,8 8,8 -4
-7,7
12,6
1998 жылдың қаңтар айының орта температурасы – 15°С болса, 2001 жылдың осы кезеңінде – 10,9°С, 2002 жылы бұл көрсеткіш – 3,3°С-қа дейін көтерілгені көзге түседі, ал ақпан айында тіпті 0,7°С-қа дейін көтерілуі температура режимінің күшті тербелуін айғақтаса керек. Кейінгі кезде жер планетасында ауаның температурасы жылынып келе жатыр деген пікір жиі айтылып жүргені белгілі. Жер шарының түкпір-түкпірінде болып жатқан табиғаттың дүлей құбылыстары соның айғағы деп айтылып жатады. Оның бәрі "жылыжай эффектісінің" ("парниковый эффект") әсерінен болып жүр дегенге саяды. Әрине, бұл құбылыстың сыр бере бастағаны рас. Әйтсе де Арал өңірінде айлық орта температураның мұндай құбылмалы болуына сол үлкен құбылыстың әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмас. Өйткені, аймақтың климаты континенттік болған соң ауа-райы тұрақты бола бермейді. Қазіргі кезде сол континенттік белгілерінің өзі қытымырланып бара жатқан сыңайлы. Демек, қазіргі экологиялық дағдарыстың салдарынан қалыптасып отырған табиғаттың азып-тозған күйі климат режимінде кем-кемнен ауытқушылық туғызып отыр. Арал өңірі ежелден жауын-шашыны тапшы болатын аймақ, Арал мен Қазалы гидрометеостансаларының көпжылдық орта мәліметі бойынша жауынның жылдық орта мөлшері 90 – 110 мм-дей болады. Әрине, бұл тұрақты көрсеткіш емес. Кей жылдары жауын көп жауады, ал енді бір жылдары тіпті аз болады. 1998 жылы Арал өңірінде жауған жауынның жылдық орта мөлшері небәрі 90 мм болып, соның 34 мм-і наурыз айында, 13 мм-і тамыз айында жауды. Ал 2002 жылы тек 8 айдың ішінде (қаңтар-тамыз) 134,4 мм жауын жауды. Онан келесі, яғни 2003 жылы бұл өлкеде жауын-шашын тіпті көп болып, оның жылдық орта көрсеткіші 182 мм-ге жетті. Әсіресе, мамыр айы жауынды болды.
3-кесте. Жауын-шашынның мөлшері (мм)
(Арал гидрометеостансасы, 2002 ж.)
Жыл
Айлар тізбегі
жылдық
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ
XІІ
1998
15
5,0
34,0 3,0 2,0 3,0 1,0
13,0
0
0
10,0 4,0
90
2001
14,9 2,7 4,6
11,7 3,8 7,6
11,3 4,7 5,6
15,2
11,0
13,7
107
2002
22,6
14,7
26,9
38,0
5,7
24,9 0,1 6,5 -
134,4
Климат режимін құрайтын элементтерінің бірі – ауаның ылғалдығы. Бұл өте маңызды көрсеткіш, өйткені, өсімдіктің қалыпты өсіп-өніп, көбірек биомасса жинауына тікелей ықпалын тигізеді. Жауынның көпжылдық орта мөлшері сақталғандығымен ауаның ылғалдығы оған байланысты бола бермейді. Бұрын Арал теңізінің суы мол кезінде оның бетінен буланатын су бұл өңірде мал-жанға жайлы өсімдік пен жануарлар әлеміне жағымды микроклимат жасап тұратын-ды. Теңіздің ауқымды бөлігінен су кеткен соң атмосфералық ауаның құрғақтануы күшейгені аңғарылады. Ауаның құрғақтығы неғұрлым жоғары болса, өсімдік жабынының биомасса жинауы соғұрлым төмен болады. Бұл жағдайда жем-шөп қоры шектеліп қалатыны белгілі. Ендеше ауаның құрғақтығы экономикалық зиян болатыны анық. Арал өңірінде атмосфералық ауаның ылғалдығы сәл-пәл көтеріңкілеу болатын кезеңі жылдың бірінші және төртінші тоқсандарына тура келеді. Бұл кезде жауын-шашын көптеу және салқын кезде судың булануы пәстеу болады. Алайда, ол кезеңдерде ауаның ылғалдығы өсімдік үшін пайдасы жоқ. Ауаның құрғақтығы мен жаз айларында ауадағы ылғалдың жеткіліксіздігі арасында тікелей байланыс бар және оның мәні өте жоғары. Атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейген сайын ондағы ылғалдың жетімсіздігі (дефицит) де өсімдіктің вегетациясына ауыр тиеді. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз жағасына жақын орналасқан жаңа атырауда (Қазалы оазисі) жүргізілген зерттеулер ауадағы ылғалдың жетімсіздігі 18,1-ден 27,1 миллибар (мб) аралығында болған (И.Я.Якупова және басқалар, 1973). Ол кезде Сырдария өзені тежеусіз ағып, жаңа атырау жеріне және Арал теңізіне мол су әкеліп тұрды. Жаңа атырау мен Арал теңізінің жағалауындағы көптеген көл жүйелері мен теңіз қолтықтары суға толы болды. Көл жүйелерінің жағасы мен айнала төңірегіндегі ылғалды (гидроморф) топырақтарда қалың шөп жабынынан көтерілетін транспирация, сонымен бірге Арал теңізінің айдынынан буланатын су бұл өңірде атмосфералық ауаның ылғалдығын көтеріңкі деңгейде ұстап тұрды. Сол себепті, жаз айларында ауа қанша құрғақ дегенмен ылғалдың жетімсіздігі миллибар есебінен онша көп болған жоқ. Сонан бері өткен уақыт ішінде бұл өңірде орын алған ірі экологиялық өзгерістердің салдарынан суы кеткен Арал теңізі, оның қолтықтары мен көл жүйелері ауаға ылғал берудің орнына тұзды шаң таратып отыр. Содан ауаның құрғақтығы мен ондағы ылғалдың жетімсіздігі күшейе түсуде (4-кесте).
4-кесте. Арал өңірінде атмосфералық ауадағы ылғалдың жетімсіздігі (мб)
(Қызылорда облыстық гидрометеоорталығы)
Метеостанса
Айлар тізбегі
Жылдық
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ
XІІ
Арал 0,4 0,5 4,4 4,8
21,7
26,7
27,7
21,4
6,1 6,3 0,9 0,5
141
0,1 0,4 3,8
15,6
46,9
27,0
27,8
15,7
14,5
4,2 0,3 1,7
152,7
Қазалы
0,9 0,9 3,4 9,9
13,9
22,2
25,0
20,1
12,6 8,3 2,0 0,9
120,1
0,5 9,6 1,2 7,6
13,6
23,7
22,4
20,3
14,2 6,7 2,4 0,9
123,1
1998 жылы Арал гидрометеостансасы жүргізген бақылауда ауадағы ылғалдың жетімсіздігі 152,7 мб болса, сол кезеңде Қазалыда 123,1 мб болған, яғни 70 жылдардағы көрсеткіштен 8 –9 есе жоғары болғаны байқалады. Кей жылдары көктем жауын-шашынды болса, онда ауа-райы салқындау болады да ондай кезде ауадағы ылғалдың жетімсіздік мәні де төмен. Енді бір жылдары, керісінше жауын-шашын аз, әрі көктем ерте шығып құрғақшылық болса ауадағы ылғалдың тапшылығы күшейе түседі, яғни, атмосфералық ауаның құрғақтығы күшейіп, өсімдіктерге, жалпы тірі табиғатқа жағымсыз жағдай қалыптасады. Сонымен Арал өңірінде климат құрайтын элементтері қолайсыз бағытта жиі өзгеріп тұрады. Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың қазіргі теңіз айдынына жақын жатқан бөлігінде климат режимі сәл болса да жұмсақтау, яғни өте күшті қуаңданбаған сыңайлы. Оған дәлел, жаңа құрлықтың қиыр-батыс шетінде орналасқан бұрынғы "Барсакелмес" аралында геологиялық дәуір ішінде қалыптасқан климат режимі онша көп ауытқуға берілмей сақталғанын айтуға болады. Бұл уақытша құбылыс болуы да мүмкін, өйткені, теңіз жаңа құрлықтың осы учаскесінің батыс жағында небәрі 15 км жерде жатыр. Ежелгі Барсакелместің климаты Арал теңізінің сыртындағы шөл даланың климатына ұқсас, соның ықпалымен қалыптасқан. Мұнда ұзақтығы 4 айға созылатын жазы ыстық (шілденің орта температурасы +24,2°С, шөпті суық ұрмайтын күннің саны – 204 – 213 тәулік, температураның абсолюттік максимумы +39°С. Қысы онша ұзақ емес, қарашадан ақпанға дейін ғана, бірақ суық. Қаңтар-ақпан айларында айлық орта температураның тербелісі 1,5°С-тан 12°С-қа дейін, ал ең төменгі температура – 25°С. Қыс айларында қатты суық жел ұдайы соғып тұрады және азғантай жауған қарды сай-жыраға үйіп тастайды. Көктем өте қысқа, бірақ тез жылиды. Жылына жауатын жауын 107,6 мм, көбінесе көктем мен күзде жауады. Барсакелместің үстінде атмосфералық ауа құрғақ, әрі ыстық болғандықтан бұрын теңіз үстінде пайда болған жауынды бұлттар Барсакелместі айналып кететін-ді. Егер жаңбыр жауса оның тамшылары жерге жетпей буланып кетеді. Сонымен Арал теңізі Тұран ойпатындағы шөл даланың тірі табиғатқа қытымыр әсерін бәсеңдетіп, буферлық қызмет атқарған болатын. Қазір оның орнындағы жаңа құрлықтың климат режимі шөл даланың климатының ықпалымен қалыптасу үстінде және өзі де өлкедегі экологиялық қолайсыз жағдайды күшейте түсуде.
4.3. Жаңа құрлықтың өсімдігі
Арал теңізін қоршап жатқан шөл дала мен теңіз жағалауының өсімдік қауымдастығы биомасса жағынан пәстеу болғанымен 84 түрлік құрамы жұтаң емес. Мұнда көпжылдық бұталар мен шалабұталар, ксерофиттер мен эфемерлер өсімдік жабынын құрайды. Олардың ішінде күрделі гүлділер, астық, бұршақ және мары тұқымдастар бар. Бұрын Арал теңізінің деңгейі жоғары тұрған кезінде теңізге жақын орналасқан байырғы мал жайылымдық қыр төбелердің шөбі шүйгін болатын. Оның себебі, айнала төңірекке теңіз суының капиллярлық жылжуы грунтте өсімдіктің өсіп-жетілуіне жеткілікті ылғалдың қорын жасап тұрды. Қазір теңіздің тартылуына байланысты шөп жабындысының биомассасы жұтаң болғанымен олардың түрлік құрамы сақталғаны байқалады. Мұндағы басты ерекшелік, саздақ және құмды шөл даланың өсімдігі сирек. Саздақ жерлерде өсімдік топтамасын бұйырғын, жусан және еркекшөп құрайды. Бар мәліметтерге қарағанда, Арал теңізінің жағалауы мен қыр төбелерде өсімдіктердің түрлік топтамасы 30-ға дейін болады. Теңізді қоршап жатқан қыр төбелерде сұр және қара жусан, теңізге қарай түсетін етек жағындағы сорларда бұйырғын, кей жерлерде жусан ойдым-ойдым болып өседі. Теңіз жағасындағы құмдарда өсімдігінің түрі бай. Мұнда ақ сексеуіл, жыңғыл, шөбер ақтікені, бұйрабас (курчавка), қоянсүйек тағы басқа бұталар едәуір қалың өседі. Әсіресе, Қарашоқат пен Тоқпанның тұсындағы жал құмдарда өсімдік жабыны қалың. Оның құрамында жыңғыл, ақтікен, бетін жел үрлеген дефляциялық жалаңаш табандарда қамыс, жал құмдардың баурайында қияқ, қоянсүйек, биіктеу учаскелерінде ак сексеуіл өседі. Жал құмдардың араларындағы ойлау жерлерде эфедра әжептәуір тығыз. Сондай-ақ құм жусаны, волоснец, аристида, текесақал кездеседі. Теңіз жағасынан алыстау қыр төбелердің етегіндегі сорларда өсетін топтың құрамында әртүрлі эфемерлер, мортық, текесақал және басқа шөп түрлері бар. Бұлар бұйырғын-жусан қауымдастығын құрайтын топтамалар. Еркек шөп қауымдастығына онымен бірге жуашықты мятлик, қылтықсыз бидайық, мортық пен ебелек кіреді. Кейбір сай-жыраларда қыс айларында қар көбірек жиналып, топырақтың ылғалы молаюы себепті қараған бұтасы, оның арасында бидайық, бұта шырмауық, барбарис, жапырақты гүлтемия, әртүрлі эфемерлер мен эфемер тектес өсімдіктер тобы қалың өседі. Арал теңізінің жағалауына жақын орналасқан қол жүйелерінің айналасы, Сырдария тасу болған жылдары оқта-текте су түсетін ой жерлер, суы кеткен көлтабандар мен теңіз қолтықтары өсімдігінің түрлік құрамы бай, биомассасы мол учаскелер болып табылады. Көл жағасындағы гидроморф топырақтар мен батпақтарда қамыс пен әртүрлі қарашөп қалың өседі. Малға шөбі шүйгін жайылым, әрі шабындық болатын солар. Сырдария өзенінің теңізге құярлығында орналасқан көптеген көлдер, көларалық ылғалды жерлер, су қашатын кішігірім өзектер, олардың ылғалды төңірегінде шөп жабындысы шаруашылық тұрғыдан тәуір бағаланады. Кей жылдары теңізге жақын жатқан Сырдарияның ағысымен байланысты Тұщыбас, Қарашалаң, Баян көлдеріне және теңіз қолтықтары Ақкөл мен Кәртімаға су түспей қалады. Сонда олар кеуіп, орнындағы және жағалауындағы шөптер қурап, қамысы тасқұрақ күйде қалады. Аталмыш көлдер мен қолтықтарға 2001 жылдан бері су түспей тұр. 2005 жылғы зерттеу ол жерлерде малдың тісіне ілінетін шөп түрлері қалмағаның көрсетті. Егер осы жерлерге су түсетін болса, онда жоғарыда аталған шөп түрлері тез-ақ жетіледі. Бұл Арал өңіріндегі ылғалды жерлерде өсетін өсімдік түрлерінің құбылмалы ортаға тез бейімделетін плаккаттық табиғатын айғақтайды. Оның шаруашылыққа пайдалы жақтары жоқ емес, әрине, ылғал жеткілікті болғанда тез өсуі. Сырдарияның ағысы тапшы болған жылдары шаруашылық маңызын жоғалтпаған, бірақ деңгейі төмендеп, жағалауы алыстаған көлдер мен көлшіктердің жиегіндегі қалың қамыс сыртқа қарай сирексіп, сапасы төмен, сондықтан малға жұғымсыз әртүрлі қарашөп аралас өседі. Мұндай жылдары тіпті Сырдарияның өзінің арналық қырқасындағы қалдық тоғайлар да сиреп, олардың арасында қалың өсетін астық тұқымдас шөптер жартымды биомасса жинамайды. Арал теңізінің құрғаған байырғы табанында жалпы шөп жабынының түрлік құрамы мен биомассасы грунттың құрамына орай түрліше қалыптасуда. Бірыңғай терригендік шөгіндіден тұратын грунтте өсімдік қауымдастығының негізін сарсазан, кейбір қатқылдау саздақ учаскелерде әртүрлі майда сораңдар, олармен аралас сиректеу быршылдақ сораң, балықкөз, эфемерлер өседі. Бұл топтың құрамы мен биомассасы топырақ құрылу процесіне пайдалы әсері жоқ және жайылым болып жарытпайды. Теңіздің құрғаған орнындағы әлі шөптесіні жетілмеген жалаңаш учаскелерде жағдайдың бұлай қалыптасуы грунт профилінің құрғақтығынан болып тұр. Егер теңіздің орнындағы жаңа құрлықтың кейбір учаскелеріне түрлі себептермен су жайылатын болса, онда ол жерлерде өсімдік қалың шығады. Мұндай жағдайда шөптің түрлік құрамы мен биомассасы жайылған судың құрамына байланысты болады. Оны 2003 жылғы зерттеулер көрсетті. Жайылған су тұщы немесе кермек болса, онда ылғалы бар учаскелерде майда сораң аралас әртүрлі шөп қалың шығады. Қаратерең түбегінен батысқа қарай орналасқан "Құйылыс" даласына 2001 жылы Кәртіма қолтығынан шыққан кермек су түскен болатын. Су көп ұзамай-ақ тартылып қалды да "Құйылыстағы" грунттың ылғалы молайып, табанға өсімдік қалың өсті. Оның құрамында майда сораң, қызылтамыр, ақбасшөп, әртүрлі қара шөптер, эфемерлер, сиректеу ксерофит бұталар, кейбір микроойпаттарда қамыс, қоға, олардың арасында жантақ өсті. Өсімдіктің жобалық жабыны 90%. Қаратереңнен батысқа қарай 110 км жерде осы Құйылысқа ұқсас "сораңды дала" деп аталатын жазық бар. Жазықтың көлденеңі 7 – 8 км. 2001 жылдың көктемінде үлкен теңіздің мұзы бұзылмай тұрыңқырап қалуы себепті кіші теңізден аққан су мұзға тіреліп, деңгейі көтерілген су оңтүстік бағытпен әлгі сораңды далаға жайылды. 2003 жылы мұнда өте қалың өскен быршылдақ ащы сораң тұрды. Жобалық жабыны 95%. Соған қарағанда, Арал теңізінің құрғаған орнына теңіздің ащы суы жайылатын болса, онда ол жерге алғашқы болып шығатын быршылдақ ащы сораң екен. Оның себептері бар. Атап айтқанда, аталмыш участоктың теңізден шыққанына небәрі 9 – 10 жылдай уақыт өтті. Сондықтан қабаттағы судың денгейі грунттың бетіне жақын жатыр (1,5–2,0 м). Ол судың құрамында галиттың (NaCl) концентрациясы жоғары. Қабаттағы су капилляр арқылы көтерілген соң грунттың беті қабыршақтанады, бірақ ол уақыт ішінде жүретін процессс болғандықтан қабыршақ әлі қатты емес. Бұл жағдайда тұзға өте төзімді деген өсімдіктердің өзі мұндай грунтте өспейді. Сонда оған шыдас беретін ащы шөптердің авангард тобынан ең алғашқы болып, осы быршылдақ сораң шығатыны белгілі болды. Уақыт өте келе қабаттағы ащы судың деңгейі төмендейтін болса, онда грунттың профилі кем-кемнен құрғайды да ащы судың капиллярмен жоғары көтерілуі саябырлайды. Сонымен бірге грунттың бетінде жаңбыр мен қар суы жиналып, оның бір бөлігі профилдың қабатына сіңеді. Содан грунттың күнгей қабаты тұщыланып, быршылдақ сораң сирекси береді, олардың арасында басқа ксерофит шөптер мен бұталар, әртүрлі қара шөптер мен эфемерлер өседі. Теңізден босаған, бірақ тұщы немесе ащы су түспеген учаскелерде өсімдік қауымдастығын алғашқы бастайтын Қарабарқын (Halostachys caspіca) бұтасы. Оны зерттеулер көрсетті. "Массагет" даласының оңтүстік бөлігінде теңіз суынан 90 жылдары босаған жазық жатыр. Мұндағы грунт өте майда құм, лайдан тұратын терригендік шөгінді. Грунттың бетінде жұқа, әрі жұмсақ кілегей қабыршақ бар. Ол майда желдің өтінен жылжып тұрады. Осы жазықта Қарабарқын бұталары өскен. Олардың шығыстан, яғни, теңізден ертерек босаған шөптесінді жазықтан батысқа қарай баяу таралып бара жатқаны байқалады. Бұталардың батыс бетіндегі алдынғы авангарды сирек, әр жерде шоқ-шоқ болып өскен. Арнайы жүргізген зерттеулер теңіздің астынан шыққан грунтте, жоғарыда айтқанымыздай, белгілі кезеңде су түспеген жағдайда, өсімдік жабыны қалыптасқанда оны Қарабарқын бұтасы бастайтыны белгілі болды. Жыл сайын терригендік шөгіндіге желмен ұшып түскен Қарабарқынның тұқымынан әр жерде азғантай бөлігі ғана көктеп шығады. Жас өскіннің түбіне жел айдаған құм, лай жиылып, үйіншік пайда болады. Үйінді өскен сайын бұта да бойлап өсе береді. Олар біртіндеп шоқаттарға айналады. Қазіргі кезде кейбір шоқаттардың биіктігі 4 – 5 метрге жетеді. Алғашқыда сирек шоқаттар кем-кемнен жиілеп, олардың арасын қуалап соғатын желдің екпіні де күшейе түседі. Сонан грунт бетінде дефляциялық микроойпаттар пайда болады. Ондай шұқырларда жаңбыр мен қардың суы жиылып, грунтте тұщы судың қоры пайда болғанда әртүрлі эфемерлер мен қарашөптер өседі. Біртіндеп ащы шөптер сирексіп, оларды астық тұқымдастар, эфемерлер тағы басқа өсімдіктер қауымдастығы ауыстырады. Сөйтіп, топырақ құрылу процесі өрбиді. Қалай дегенде теңізден шыққан терригендік шөгіндінің механикалық құрамы саздақ болса, онда өсетін өсімдіктердің алғашқы тобын Қарабарқын бұтасы бастайтыны белгілі болып отыр. Уақыт өте келе қарабарқын мен аралас жыңғыл, сексеуіл, әртүрлі ащы шөптер – майда құрғақ сораң, балықкөз, эфемерлер араласады. Теңіз тартылып, жағасы алыстаған сайын грунттың қабатындағы ащы судың деңгейі терең кетіп, грунт профилінің үстіңгі қабаттарында "құрғақ мелиорация" жүреді. Яғни, теңіз тартылғанда грунтте қалған ащы судың үстіңгі күнгей қабатқа көтерілуінен жиналған тұздар жаңбырқар суларымен енді төмен жылжиды. Сөйтіп, грунттың өсімдік тамыры шоғырланатын жоғарғы қабаты тұзсызданып, өсімдіктің түрлік құрамы көбейеді, олардың биомассасы молаяды, бұл өз кезегінде топырақ құрылу процесін күшейтеді. Әрине, өсімдіктің көп түрлі болып, тұрақты жабыны қалыптасуына ұзақ мерзім қажет және ол бірнеше кезеңнен өтеді. Егер теңіздің орнындағы грунт бірыңғай құм болса, онда оның өсімдік қауымдастығын бұталы эфемерлер ассоциациясы бастайды. Мұндай өсімдік жабынының сипатын Қарашоқат және Тоқпан учаскелерінің теңіз беті жағындағы құм алқаптарынан байқауға болады. Бұл жерден теңіздің кеткеніне 40 жылдай уақыт өтсе де мұнда өсімдіктің түрлік құрамы кедей, биомассасы жұтаң. Мұндағы бұталы эфемерлер құм төбелерді әлі толық жауып тұрған жоқ, сондықтан шаруашылық маңызы төмен, яғни малға жайылым болып жарытпайды. Уақыт өте келе құмдар тұрақтанып, нығыздалған сайын эфемерлер мен бұталарға жусан мен күйреуік араласады. Бұл соңғы екі түр құм төбелерде белгілі ретпен орналасады. Төбенің жоғарғы белдігінде бұталардан ақ сексеуіл, жүзгін, баялыш, ал эфемерлер сиректеніп, өсімдік жабынының құрамында раң шөбінің үлесі көбейеді. Мұндай құм төбелер көктем-күзге жақсы жайылым. Бірақ теңіз астынан шыққанына едәуір уақыт өтсе де бұл шала бекіген құм төбелерде өсімдік жабынының қалыптасуы баяу жүруде. Сондықтан олардың көпшілігі жалаңаш болғандықтан құм көшкініне беріліп тұр. Демек, үрме құм төбелердің шөптесінді күйге көшіп, тұрақтануына әлі де ұзақ мерзім керек. Теңіздің бұрынғы жағасындағы ылғал тепкен жал құмдарда бұталар мен шөптесіндер әжептәуір қалың өскені көзге түседі. Мұнда бұталарға үйілген құмдардан пайда болған майда шоқаттар мен ықтасынға жиналған қар суынан грунтте ылғал көбірек болуы себепті әртүрлі шөп қауымдастығы тез жетіледі. Содан мұндай учаскелерде шөптің түрлік құрамы көбірек, биомассасы да тәуір болғандықтан малға жайылымға қолайлы. Теңіздің саздақ грунтты жағалауындағы Қарашоқаттан жыңғылтүпке қараған бөлігінде бұрын қалың шөптесінді алқап болатын-ды. Онда бұталардан жыңғыл, шеңгел, қарабарқын, ақтікен; төменгі белдікте ақбас жантақ, шағыр (ақжусан), әртүрлі сораңдар ұйлығып қалың өсті. Сол шөптесінді алқаптың ені бірнеше жүз метрдей болды. Теңіз қайтқан соң олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып, қатты сиреп қалғаны байқалады.
13-сурет. «Қасқақұлан». Шығыс жағында теңізден шыққан табандағы сарсазан
14-сурет. «Қасқақұлан» мен «Жыңғылтүптің» аралығындағы жас сексеуіл
Тоқпаннан оңтүстікке қарай жыңғылтүп арқылы Қасқақұлан учаскелерінің аралығындағы кеңістіктің шөп жабыны тәуір жетілген (13-14 суреттер). 1999 жылғы күйімен салыстырғанда 2003 жылы мұндағы өсімдік қауымдастығы тіпті қалыңдап кеткені көзге түседі. Қасқақұланнан шығысқа қарай Жыңғылтүп және Ақбасты учаскелерінің арасында бұталышөп өсімдігі тіпті қалың, әсіресе сарсазан плантациясының қалыңдығы соншалық, тіпті арасында ашық алаңқайлар кездеспейді. Таза сарсазан плантациясының жобалық қалыңдығы 90 – 92%, ара-арасындағы сиректеу ашық учаскелерде әртүрлі эфемерлер мен құмдау жерлерінде раушангүлділер кездеседі. Грунты сәл қатқылдау учаскелерінде биіктігі 1 – 1,5 м ақ сексеуілдің өскіндері жетіліп келе жатыр. Олардың арасында биіктігі 2,5 – 3,0 метрлік жігер қара сексеуіл, тәуір өскен жыңғыл бар. Төменгі белдікте әртүрлі эфемерлер, торғай оты, раң, қызылтамыр, қарашөптер өсімдік жабынын құрайды. Шығыс жағында теңіздің бұрынғы жағасына жақындаған сайын грунты саздақ қатқылдау учаскелерінде өсімдігінің құрамында көпшілігі сарсазан, оған аралас қарабарқын, балықкөз, кейбір микроойпаттарда ақбас аралас әртүрлі қарашөптер өседі. Бұрынғы Қасқақұлан аралының байырғы өсімдіктер топтамасы Арал теңізің шығыс жағынан қоршап жатқан шел даланың өсімдіктеріне ұқсас. Мұндағы өсімдік қауымдастығы теңіз орнындағы жаңа құрлықта қалыптасып келе жатқан топтардан түрлік құрамы бай, бірақ биомассасы шөл даланың өсімдіктеріне тән жұтаң. Қазір бұрынғы Қасқақұлан аралы құрлыққа айналған соң мұнда шөл даланың белгілері күшейе түскені байқалады. Қасқақұланның шығыс жағында "үлкен тау", ал батыс шетінде "кіші тау" деп аталатын төбелер. Мұнда өсімдік жабының шөл даладағы байырғы қыр төбелердің өсімдігіндей түрлер құрайды. Олар көпжылдық бұталар мен шалабұталар, ксерофиттер мен эфемерлер. Екі төбенің арасындағы далада өсімдік топтамасын құрайтындар жусан, жантақ, бұйырғын, еркекшөп, ал төбенің жоғарғы белдігінде шөптің көпшілігі жусанның еншісіне тиеді. Саздақ учаскелерде бұйырғынның екі түрі және қаражусан өседі. Қасқақұлан аралының батыс жағасын жыңғыл өскен биік құм шоқаттар көмкеріп тұр. Шоқаттардың арасындағы дефляциялық ойлау учаскелерде майда сораң, балықкөз, әртүрлі эфемерлер өседі. Мұнда өсімдіктің түрлік құрамы теңіз орнындағы жаңа құрлықтың өсімдік түрлерінен әлдеқайда бай. Өткен ғасырдың 40 жылдарында осы жерде ақ сексеуіл қалың өсетін-ді. Қазір біреу-жарым реликті шоқтары ғана кездеседі. Бұрынғы теңіз жағасындағы жал құмда өте қалың өскен биік қара сексеуіл орманы бар. Сексеуілдің төменгі белдігінде шалабұталар, эфемерлер, шөбер ақтікені, ебелек өседі. Теңіз орнындағы құрлықта тек өзіне ғана тән абориген өсімдіктер қауымдастығы "Барсакелмес" учаскесінде де (бұрынғы арал) сақталған. Зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметтерді ғылыми әдебиет бетіндегі мәліметтермен салыстыра отырып талдағанда, оның өсімдігі Арал теңізін қоршап жатқан шөл даланың, әсіресе Үстірт қырқасының өсімдіктер топтамасына ұқсастығы сақталғаны белгілі болды. Өсімдік қауымдастығы кәдімгі шөл далаға тән көпжылдық бұта мен шалабұталар ксерофиттер мен эфемерлерден тұрады. Бар мәлімет бойынша, Барсаның флорасын құрайтын түрлердің саны 257, сырттан келгендері 7, яғни байырғы жергілікті емес. Олардың ішінде мары гүлділер, күрделі гүлділер, астық және бұршақ тұқымдастар, крес гүлдідер бар. Мұндағы өсімдік жабынына тән ең басты белгісі саздақ және құмды шөл даланың өсімдіктері сияқты сиректігі. Барсакелместің саздақ шөл дала бөлігінде өсімдік топтамасын бұйырғын-жусанды және еркекшөп құрайды. Оның бірінші тобына жататын өсімдіктердің түрлік саны 30-ға жетеді. Қыр төбелерінде сұр және қара жусан кей учаскелерінде ойдым-ойдым болып өседі. Сор жерлердегі бұйырғын шөл далаға тән екені белгілі. Өткен ғасырдың басында Барсакелмес аралында сексеуіл көп, әрі қалың өскен, әсіресе аралдың оңтүстік шығыс бөлігінде ауқымды кеңістікті алып жатқан сексеуіл орманы болған көрінеді (А.В.Цикуленко, 1924). Бірақ сексеуіл орманы аяусыз қырқылып, қазір онан өте аз қалған. Қалдық сексеуіл орманы көбінесе теңіз жағасындағы жал құмдарда ғана сақталған. Кейде бұйырғын-жусан қауымдастығының арасында әр жерде шоқ сексеуіл кездеседі және олардың бойы аласа 1-2 метр ғана. Бұйырғын-жусан аралас жабындыға қарағанда таза бұйырғын қауымдастығының көлемі аз және мұнда өсімдіктердің тек 14 түрі ғана кездеседі. Еркекшөп қауымдастығында өсімдіктің тек 6 түрі ғана бар. Олар еркекшөп, жуашықты мятлик, қылтықсыз костер, сиректеу мортық пен ебелек. Барсакелместің ортасында кейбір сай-жыраларда Қараған қалың өседі. Қыс айларында мұнда үрінді қар жиналады. Сонан көктемде топырақтың ылғалы мол болады да, Қарағанның арасында бидайық, бұта шырмауық, барбарис, жапырақты гүлтемия, эфемерлер мен эфемер тектестер өседі. Борпылдақ сорларда сарсазан, ал сорларды айнала әртүрлі сораңдар, шалабұта лимониум, тікенекті петросимония т.б. өседі. Барсакелместің құмдарында өсімдік жабыны бай. Оның құрамында сексеуіл, жыңғыл, ақтікен, курчавка т.б. едәуір қалың. Әсіресе шығыс жағасындағы құмда әртүрлі бұталар, кей жерлерде қамыс пен бидайық, биіктеу учаскелерінде ақ сексеуіл, ара-арасындағы ойпаттарда эфедра қалың өседі. Сондай-ақ құм жусаны, волоснец, аристида, текесақал жиі кездеседі. Арал теңізінің орнындағы жаңа құрлықта өсімдік қауымдастығының қазіргі күйін геоэкологиялық тұрғыдан бағалайтын болсақ, байырғы теңіз табанындағы өсімдік жабыны әр бөлігінде түрліше даму кезеңінен өтуде. Теңізден ерте босаған шығыс бөлігінде өсімдік қауымдастығы алғашқы қарапайым түрлік кезеңнен өтіп, көптүрлік кезеңде дамуға көшті. Теңізден кеш босаған батыс бөлігінде өсімдік қауымдастығының дамуы әлі бастапқы кезеңін өтуде. Сол себепті, мұнда биомассасы аз, түрлік құрамы жұтаң күйде. Теңіз астынан тіпті беріде, яғни осыдан 12 – 15 жыл ғана бұрын босаған қиыр батыс бөлігінде грунт беті шөптесінсіз жалаңаш. Мұнда галоксерофит бұталардың алғашқы түрлері ғана тарала бастаған. Қазіргі кезде өсімдігі көптүрлі, әрі биомассасы мол учаскелер теңіз жағалауындағы көл жүйелерінің айналасы, оқтын-оқтын су түсіп тұратын ой жерлер, құрғақ көлтабандар, көларалық құрғақ өзекшелер, теңіз қолтықтары, бұйрат құмдар кешені. Сулы көл жағасындағы гидроморф топырақтар мен батпақтардың шөбі калың. Сондықтан жергілікті тұрғындардың малына жайылым, әрі шабындық болатын солар. Теңіздің орнындағы жаңа құрлықтың шығыс бөлігі мен теңіздің бұрынғы шөптесінді жағасын және оған жақын орналасқан қыртөбелерді қоса бірнеше мал азықтық аудандарға бөлуге болады.
І мал азықтық аудан
Бөген, Қарашалаң, Қаратерең елді мекендерінің теңіз бетіндегі (батыс жағы) алды және Сырдария өзенінің оң жағындағы Қарашалаң, Тұщыбас және сол жағындағы Баян көлдері, құрғақ көлтабандар, көларалық өзектер, олардың маңайындағы ылғалды жерлер. Көл жағасынан сыртқа қарай ұзаған сайын қамысқа аралас әртүрлі шөптер өседі. Көпшілігі алабұталы шөптер, суы тұрақты көлшіктер мен Сырдарияның арналық қырқасындағы жиделі тоғайларда қарашөпке аралас астық тұқымдастар шөп жабынын құрайды. Гидроморф топырақтарда өсетін қалың қамыс сыртқа қарай сирексіп, бірте-бірте тасқұраққа айналады. Ойдым-ойдым сорларда әртүрлі сораңдар. Бұл мал азықтық ауданда көл арасында кездесетін құм төбелерде эфемерлерге аралас майда бұталар және жантақ өседі. Негізгі шабындық шөп қамыс. Оның көлемі жалпы шөп жабынынан алғанда көлдерге су түспеген жылдары 20 – 25%, ал көлдің суы молайып, деңгейі биік болғанда 35 – 40% болады. Сонымен бірге шаруашылық маңызы жоқ сорлар мен батпақтар бар. Осы ауданда шамамен 70% жер көлемін шабындық пен жайылымға пайдалануға болады. Олар бірнеше типке бөлінеді:
ІІ мал азықтық аудан
Қаратереңнен шығысқа қарай Жаңақұрылыс елді мекеніне дейінгі жазық, оңтүстік жағындағы Ақкөл мен Кәртіма қолтықтары, олардың төңірегіндегі ылғалды (гидроморф) жерлер мен қыртөбелер. Қолтықтар суға толғанда олардың айналасындағы ылғалды жерлердің суға жақындау бөлігінде қалың қамыс, сыртқары, яғни құрғақтау бөлігінде әртүрлі алабұталы шөптер өседі. Су түспей қалған жылдары қолтықтар кеуіп, онда су кеткен соң келесі жылы қамысы қалың шығады да онан кейінгі жылдары қуаңшылық жалғаса берсе қамыс сиреп, оған аралас әртүрлі мал азықтық маңызы жоқ, мысалы ақбас пен қызылтамыр, эфемерлер шығады. Ақкөл мен Кәртімаға 2002 жылдан бері су түскен жоқ. Қазір олар мал жайылымдық маңызын уақытша жоғалтып тұр. Егер "Ақлақ" тоспасының құрылысы 2006 жылы аяқталатын болса, аталмыш қолтықтар мен олардың төңірегі қайтадан қалпына келеді. Құрғаған көлтабандардың кейбір су жиналып қалатын ойлау учаскелерінде қамысқа аралас ірі бұталы жыңғыл, шеңгел, бірен-сараң жиде ағаштары өседі. Мұнда сор учаскелер де баршылық. Олардың шөп жабынын балықкөз, поташник, қарабарқын, быршылдақ сораң, алабұға, кейбір алаңқайларда ажырық қалың өседі. Ақкөл мен Кәртіма қолтықтарын шығыс жағынан қоршап тұрған бұйрат құмдар кешені (қыр төбелер) мал азықтық балансында маңызды рөл атқарады. Мұнда шөп жабының бұталы жусан-сораң мен аралас өскен күйреуік құрайды. Жалпы жайылым шөбінің 50%-ы солар. Төбе араларындағы жалаңаш сорлар аралас жатқан ойпаттарда күзде және ерте көктемде мал жайылым болатын шөп жабының поташник, сарсазан, қарабарқын құрайды.
Іll мал азықтық аудан
Қарашоқат, Тоқпан, Жыңғылтүп, Ұзанқайыр, Қасқақұлан, Ақбасты учаскелерінің арасындағы кеңістіктің ауқымды бөлігінде өсімдігі тәуір жетілген. Мұнда бұталардан сексеуіл, жыңғыл; төменгі белдікте ақбасшөп, торғай оты, ран, балықкөз, күйреуік және эфемерлер құрайды. Батыс жағында таза сарсазан плантациясы тіпті қалың. Бар мәліметтерге қарағанда, Арал өңіріндегі, әсіресе теңізден шыққан құмдарда өсімдігі жетіліп, тұтас жабынды құрауы үшін ұзақ мерзім қажет. Бұл процессс бірнеше кезеңнен өтеді. Мұнда алғашқы болып, әртүрлі бұта-эфемерлер ассоциациясы қалыптасады. Оның түрлік құрамы кедей, биомассасы аз. Сондықтан ол құмтөбелердің бетін толық жауып тұрмайды, мал жайылымдық маңызы жоқ. Екінші кезеңде өсімдік қауымдастығының түрлік құрамы мен биомассасы көбейеді. Сонан ондай құм төбелерді күзде-көктемде мал жайылымына пайдаланады. Бұл ауданда өсімдіктің дамуы екінші кезеңде тұр деуге болады. Сонан болса керек мұнда жабайы аңдар көп, оның ішінде Барсакелмес қорығындағы құландар да осында.
4.4. Арал теңізінің орнындағы жаңа құрлықта жануарлардың таралуы
Далалық зерттеу жұмыстары Арал ауданы бойынша Орман, балық және аң шаруашылығы мекемесі мен "Барсакелмес" қорығының мамандары көмегімен 1999 – 2003 жылдары белгілі әдістемелер арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жиналған мәліметтер аталмыш мекемелерде кәсіби жинақталған материалдармен салыстыру негізінде талданды. Қолда бар мәліметтер, теңіздің орнындағы жаңа құрлықтың әр бөлігінде жануарлардың түрлері сол учаскелердегі өсімдік қауымдастығының молдығына байланысты әртүрлі деңгейде қалыптасу кезеңін өту үстінде тұрғанын көрсетті. Теңізді айнала қоршаған көне құрлықты мекендейтін хайуанаттар класы мен олардың түрлері енді ғана осы экологиялық қуысқа (ниша) қарай ойыса бастағаны байқалады. Әрине, жаңадан пайда болған экологиялық қуыс (ниша) ұзақ мерзімде бос жатпайды. Бірақ сыртқы құрлықты мекендейтін фаунаның өкілдері оған таралып, оны қоныстануы және тұрақ мекеніне айналдыруы үшін сол жерде олардың тіршілігіне қажетті жағдай болуы керек. Бұл процессс қаншалықты тез жүретіні жаңа құрлықтағы өсімдік жабынының толық мәнді жетілуіне байланысты болатыны ақиқат. Өсімдік қауымдастығы неғұрлым көптүрлі, биомассасы мол болса ғана хайуанаттарға азық, әрі баспана табылады. Бұл жағдайда хайуанаттардың жаңа қоныста мекендеуі тезірек жүреді. Бірақ жаңа құрлық әр бөлігінде теңізден босаған мерзімнің ұзақтығына қарай көптүрлі өсімдік топтарының жетілуі бірдей емес. Соған орай жануарлардың таралуы да әртүрлі болып тұр. Осы тұрғыдан бағалайтын болсақ, теңізден 35 – 40 жылдай бұрын босаған бөлігінде өсімдігі тәуір. Сондай бөлігі ретінде бұрынғы "Қасқақұлан" аралы мен теңіздің шығыс жағасындағы "Жыңғылтүп" учаскесінің аралығындағы жазықты айтуға болады. Жаңа құрлыққа қоныс аударған жануарлардың түрлерін теңізді айнала қоршап жатқан көне құрлықты мекендейтін түрлерден бөліп қарауға болмайды. Өйткені, жаңа экологиялық орнының игеріп, онда тұрақтайтын солардың өкілдері болмақ. Демек, Арал теңізінің құрғаған орнындағы жануарлар туралы мәлімет осы географиялық нысандарды қамтиды. Сүтқоректілер. Арал өңірінде сүтқоректілердің 40-тай түрі бар. Олардың үшеуі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына тіркелген сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер, осы өңірдің фаунасын құрайды. Мұнда шөл далада тіршілік ететін түрлердің жалпы саны 25, сонан сан жағынан көбі 11 түрдің өкілдерінің үлесіне тиеді. Теңіз орнындағы жаңа құрлықта жүргізілген зерттеулер шөбі қалыңдау учаскелерде бір гектар ауқымды мекендейтін тышқандардың саны 2-3 дараға дейін, ал сондай ауқымдағы саршұнақтардың саны 1-2 дара ғана болатынын көрсетті. Бұл, әрине, теңіз сыртындағы көне кұрлықтағыдан әлдеқайда аз. Соған қарағанда, кеміргіштердің жаңа құрлыққа қоныстануы әзірге баяу сипатта деуге негіз бар. Түнде тіршілік ететін қосаяқтардың бір гектардағы дара саны 2 (екеу) ғана болды. Сондықтан болса керек, қасқыр мен шибөрі сияқты жыртқыштар өте сирек кездеседі. 2002 жылы Алматыдағы Зоология институтының мамандары жергілікті жердегі Орман, балық және аң шаруашылығы мекемесінің мамандарымен бірлесіп, белгілі әдістемемен жүргізген санағының нәтижесінде анықталған аңдардың саны мынадай болды:
қарақұйрық
шошқа
қасқыр
шибөрі
түлкі
қоян
борсық
ондатр
қырғауыл
51
40
169
265
37
1080
21
110
462
Теңіздің орнындағы құрлықта аталмыш жануарлардың түрлері қалай тарағанын дәл айту қиын. Өйткені, ірі сүтқоректілердің түрі сирек, ал кейбіреулері тіпті кездеспейді. Десек те жаңа кұрлықтың шығыс жағындағы бөлігінде ірі аңдар ептеп қоныстана бастағанын дәлелдейтін деректер жоқ емес. Бұл процесс қазір жүруде, өйткені, табиғи экологиялық орындар мекендеушілермен уақыт ішінде толығатыны белгілі. Рас, бұл процесті шектеуші фактор ретінде ішетін судың тапшылығы бірінші кезекте тұр. Олай дейтініміз, ірі сүтқоректілерді көбінесе суы бар жерде жиі кездестіруге болады. Теңіздің орнындағы бүкіл шел далада, ал оның ауқымы 21,4 мың км2, жұмыс істеп тұрған екі құбырқұдық (скважина) бар. Олар Қасқақұланда сонымен бірге осында шөптің қоры да тәуір. Сонан болса керек, бұрынғы Барсакелмес аралындағы құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты ірі сүтқоректілер осы Қасқақұланның төңірегін мекендеп жүр. Теңізден босаған жаңа құрлықтың қиыр батыс шеті бұрынғы "Барсакелмес" аралы. Бұрын теңіз толық кезінде ол арал болып тұрғанда ондағы жануарлардың түрлік құрамы айнала қоршаған құрлықтағы хайуанаттар түрлерінен біршама жұтаң болған көрінеді. Бар мәліметтерге қарағанда, ол кезде ондағы сүтқоректілердің түрі – 12 (сыртқы құрлықтағыдан үш есе кем), бауырымен жорғалаушылар – 8 (сырттағының 1/4), қосмекенділерден – 1, құстардың – 211 (бұл сыртқы құрлықтағымен бірдей) түрлері болған. Мұндағы фауна, әсіресе ірі сүтқоректілер тобы адам қызметінің нәтижесінде қалыптасқан. Өйткені Барсакелместегі сүтқоректілердің 12 түрінен үшеуін сырттан әкеліп жіберген. Олар құм саршұнағы, құлан мен қарақұйрық. Сондай-ақ 1929 жылы Барсакелмес аралына аққоян, қырғауыл, сұр куропатка жіберілді. Бұл соңғылары жергілікті жердің табиғатына тез көндігіп кеткенімен 1948-1949 жылдың қатты қысында қырылып қалды. Сол тұста Барса аралына түлкі де келгені анық болды. Ол жаңа қоныста тез көбейген, қазір де саны аз емес. Арал өңірінде қатты қыс болған 1948-1949 және 1979-1980 жылдары қарақұйрықта екі рет қырылған соң оның саны едәуір азайып қалды. Барсакелмес қорық мәртебесін алғанға дейін мұнда ақбөкендер болған көрінеді, бірақ саны аз болған. Бертін келе ақбөкеннің саны көбейіп, сонан мұндағы сүтқоректілер шөптен тапшылық көре бастады. Себебі, аралда кеміргіштер шектен тыс көбейген деген мәлімет бар. 2003 жылғы мәлімет бойынша, қазір онда ірі тұяқтылардан азын-аулақ ақбөкен мен қарақұйрық бар, ал құландар түгелдей шығып, Қасқақұланның маңын мекен етіп жүр. Барсакелмес аралы құрлыққа қосылған соң оның қорықтық мәні төмендеді деуге болады. Оның себептері көп. Арал теңізінің айдыны азайып, суы ащыланумен бірге құрғаған ауқымды орыны тұзды шаң тарататын далаға айналды. Бұл аймақтың ауа бассейнінде қалқып жүрген тұз уақыт өткен сайын қоюлана берді. Сонан теңіздің жағалауы мен аралдарында өсімдіктің вегетациясына жағымды микроклиматтың режимі бұзылды. Ауада қалқып жүрген тұздардың микрокристалдары өсімдіктің генеративтік (гүлі) органына өте аз мөлшерде түскеннің өзінде оны қысыр қалдыратыны белгілі. Бұл жағдайда өсімдік тұқым бермейді. Процесс сырттай қарағанда бірден байқалмауы да мүмкін. Бірақ уақыт өте келе өсімдік қауымдастығының жаңа популяциясы азая береді. Рас, өсімдіктердің түрлік құрамы ұзақ сақталады, бірақ биомассасы азғындай береді. Соның нәтижесінде топырақ беті жалаңаштанып, экологиялық дағдарыс күшейе түседі. Арал теңізі тартылған сайын оның төңірегінде ауа бассейнінің қуаңдануы мен ыстық аптаптың ағыны күшейеді. Сондай-ақ теңіз суының булануы, құрғаған жерден көтерілген шаңды боранның жиі қайталануы, қыс айларында шөп жабыны толық жетілмеген жартылай жалаңаш даланың ызғарлы суығы, шөптің тапшылығы, ішетін судың болмауы қорықтағы құлан мен басқа ірі сүтқоректілердің популяциясына ауыр тиді. Осы жағдайлар себеп болып, 1982 жылы Қапшағайға, 1986 жылы Бетпақдалаға және 1991 жылы Маңғыстауға жалпы саны 260 бас құлан көшірілді. Сонан тұқым беруге жарамсыз деген кәрі-құтаң 50 бас құлан қорықта қалып қойды. Сол қалған құландар өніп-өсіп, қазіргі кезде олардың саны 150-ге жеткені белгілі болып отыр. Соған қарағанда, Арал өңірінің өте ауыр экоклимат жағдайына төзімді құланның жаңа популяциясы пайда болды деуге негіз бар. Қорықты мекендеген құланның, ақбөкеннің және қарақұйрықтың популяциялары соншалықты ащы суды ішуге үйреніп, түр ретінде сақталуы былай тұрсын, ұрпақ санының көбеюі тірі организмнің қоршаған ортаға бейімделу қабілеті орасан күшті болатынын көрсетеді. Бұл Арал өңірін мекендейтін жабайы сүтқоректілерге қатысты ғылыми жаңа мәлімет десе болады. Сонымен бірге Барсакелместің шағын аумағында кейінгі кезде шөп қоректі хайуанаттардың тіршілігін шектейтін факторлар қалыптаса бастады. Ол сол хайуанаттардың шектен тыс тығыздығы, шөп қорының тапшылығы және кеңістік үшін түр ішіндегі өзара күрес болса керек. Сол себепті сүтқоректілер қорықтан шығып кетті де Барсакелмес жері тышқандардың иелігінде қалып қойған сыңайлы. Тышқандардың популяциясын шектейтін биологиялық (түлкі, күзен, жыртқыш құстар) және антропогендік (тышқан аулау) факторлар болмаған соң олар тежеусіз көбейіп бара жатқаны байқалады. Тышқандардың осы өңірдегі фитомассаны құртып жіберу қаупі жоқ емес. Бұл жағдайда онсыз да экологиялық күйі мәз болмай тұрған өлкенің қу далаға айналуы әбден ықтимал. Қазіргі кезде құланның саны көбейген, үйірлері Арал теңізінің шығыс жағындағы Тоқпан, Құйылыс, Жыңғылтүп, Қасқақұлан, Ақбасты учаскелерінің арасындағы шөбі қалың, ішетін суы бар ауқымды даланы мекендеп жүр. Бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанда тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың 49 түрінен Арал өңірінде 24 түрі кездесетіні жөнінде мәлімет бар. Бауырымен жорғалаушылар ортаның ылғалдығына онша сезімталдық көрсетпейді. Сол себепті, экологиялық жағдай қанша қолайсыз болды десек те олардың түрлік құрамы онша көп өзгермейді. Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтағы оларды есепке алғанда бақылау маршруттық-сызықтық әдіспен жүргізілді. Есепке алынғандар кесіртке, ешкіемер, тасбақа, қалқантұмсық, құмайдаршасы, оқжылан, полоз. Түнгі бауырымен жорғалаушылардан білезік, жалаңкөз, ысылдауық кесіртке (пискливый геккончик). Аталмыш бауырымен жорғалаушылардың түрлері жаңа құрлықта әлі толық тарамағаны байқалады, өйткені, сирек кездеседі. Герпетефаунаның саны және тығыздығы, олардың активтілігі маршруттық іздестіру арқылы жүргізілді. Қосмекенді мен рептилиялар көптеген экологиялық жүйелердің маңызды құрамы болатыны белгілі. Осы класқа жататын өкілдерінің таралуына қарап табиғи кешеннің жай-күйін, фаунаны құрайтын хайуанаттардың басқа түрлеріне олар тіршілік ететін ортаның қолайлы немесе жағдайсыз екенін дәл анықтауға болады. Яғни, герпетефаунаның тіршілігі, таралуы, көбеюі, кез келген аймақтың табиғаты туралы мониторинг іспеттес мәлімет береді. Арал теңізінің құрғаған орнында герпетефаунаның жылан, кесіртке, тасбақа сияқты түрлері анда-санда біреу-екеу, онда да жаңа құрлықтың теңіз суынан ерте босаған шығыс бөлігінде ғана болмаса, жаппай таралып, мекендей бастады деуге әлі ертерек. Теңіздің байырғы жағасында және сыртқы қыр төбелердің етегіндегі саздақ далада ғана бауырымен жорғалаушылардың бұрынғы күйде сақталғаны белгілі болды. Құстар класы. Республикалық Зоология ғылыми-зерттеу институтының мәліметіне қарағанда, XX ғасырдың басында Арал теңізінің жағалауында кездесетін құстардың түрлік саны – 319, олардың ұя салатындары – 173, ал қалғандары уақытша тоқтайтындар мен ұшып өтетіндер болатын. Сол құс түрлерінің көпшілігі суда жүзетіндер мен су жағасын мекендейтін қаз, аққу, үйрек, бірқазан, қарабай, құтан, шіл, шағала т.б. Теңіз тартылып, ауқымды бөлігінің орнында құрлық пайда болған соң құстардың тіршілік ететін ортасы азып-тозуы себепті олардың түрі де, саны да азайып кетті. Бар мәлімет бойынша 70 жылдардан бері теңіз жағалауындағы құстардың түрлік саны 170-ке, ал ұя салатындардың түрлік саны 68-ге дейін азайғаны белгілі болып отыр. Сол ұя салатындар қатарында бұрынғы қазтектестердің 143 түрінен – 3, шілдердің 17-нен – 6, шағаланың 13 түрінен – 4-і ғана қалған. Бұрын ұя салатындардың теңіз жағасындағы ценозбен байланысты тіршілік ететін 8 түрінен бірқазан, құтан сияқты бір-екі түр ғана кездеседі. Олар да Арал өңірінде тұрақтамай ұшып өтетіндер қатарында болып тұр. Себебі, ұя салатын қамыс, қоға қалың шыққан сулы мекен жоқ десе болғандай. Теңіз жағасында құстарға ұя салуға қолайлы мекен тек қазір бір жерде ғана бар. Ол Берг бұғазынан батысқа қарай 7-8 км жердегі Құйылыс деп аталатын батпақ. Оның шығыс және батыс 100 жағалауынан ортасына қарай еңістікпен баяу ылдилайтын жазық. Бұл көне заманда Сырдария өзені тасу жылдары арнаның сол жақ кемерінен асып жайылатын тасқын су теңіз қолтықтары Ақкөл мен Кәртіма арқылы Қаратерең қыратын оңтүстік мүйісінен айналып, ағатын өзектің теңізге құятын аяғы. Ол жөнінде жоғарыда айтқанбыз. Сол ескі өзектің теңізге тоғысатын жерінде теңіздің суы жайылатын тайыз көлшік бар. Оның ауқымы 5-6 км2. Мұнда суда өсетін өсімдіктердің (қамыс, қоға) "қопағы", шалаң (балдырлар) ұя салатын құстарға тәуір мекен болып тұр. Көлшікте қайық жүрмейді, грунты ұйық, сондықтан жаяу адам тағы жүре алмайды. Мұнда құстың түрлік құрамы көп емес, бірақ саны көп көлшікті жергілікті тұрғындар "құс базары" деп атайды. Осы жерде мекендейтін құстардың басым көпшілігі балық жейтін қарабай, онан саны аздау түрлері құтан, үйрек, қасқалдақ, шіл, шағала бар. Бұл 2005 жылғы мәлімет. Алайда, теңіз жағасындағы осы кішкентай ғана құс мекендейтін жер бір-екі жылда құрғап, ызасы бар грунтте майда быршылдақ қызыл сораң шыққан жерге айналуы әбден мүмкін. Өйткені, 2005 жылдың тамыз айында Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталуына байланысты үлкен және кіші теңіздер бөлектеніп қалды. Ендігі жерде үлкен теңіз тартыла береді. Ал әлгі құс мекені үлкен теңіздің жағасында. Сондықтан осы өңірді мекендейтін азын-аулақ құс түрлерінің келешегі қандай болатынын болжау қиын. Теңіздің бұрынғы жағалауындағы шөлейт қырларда ұя салатындардан 4 түрі бар. Олардың тобын құрайтын дала жыртқыштары – жапалақ, бөктергі, қырғи, аққұйрық. Аталмыш жыртқыштардың кейбір түрлері, мысалы, жапалақ, бөктергі теңіз астынан шыққан жаңа құрлықтың кейбір учаскелерінде кездеседі. Өсімдігі тәуір жетілген Қасқақұланның маңайындағы жазықта тышқандардың көбірек мекендеуінен болса керек әлгі жыртқыш құстар осында жиі кездеседі. Теңіздің жағалауында саздақ шөл даланы мекендейтін құстар тобы сол бұрынғыша сақталған. Осында мекендейтін байырғы құстардың көпшілігі торғайлар (бозторғай, молдаторғай, көккептер т.б.) жергілікті мамандардың мәліметтері бойынша, бір километрге есептегенде олардың саны 7-8-ден 48 – 50-ге дейін жетеді. Бірақ теңіз орнындағы жаңа құрлыққа олар әлі көптеп қоныс аудара қойған жоқ. Ол миграция процесі уақыттың еншісінде. Сонымен бірге теңіз жағасындағы жарлау қабақтарда ұя салатын қарлығаштардың да қатары сиреп қалғаны байқалады. Ихтиофауна. Теңіздің тартылуынан онда тіршілік ететін ихтиофауна көп зардап шекті. Судың тұздылығы көтерілуі себепті мұндағы 24 балық түрінің көпшілігі, әсіресе тұздылыққа сезімтал түрлері құрып кетті. 90 жылдары теңіздің солтүстік бөлігінде судың тұздылығы 38 – 49/1000 гр-ға (бір литр судағы тұздың мөлшері, грамм есебімен) жетсе, сол онжылдықтың соңғы кезеңінде бұл көрсеткіш 65/1000гр-ға дейін көтерілді. Судың тұздылығына шыдас бермей көптеген түрлердің құрып кетуі осыдан болды. Әйтсе де онан кейінгі кезеңде Берг бұғазына салынған топырақ бөгеттің сәл болса да пайдасы тиді деуге болады. Сол тұста Сырдария өзенінің аяқтағы ағысы түгелдей кіші теңізге түсіп, оның деңгейі 42,2 метрге (аб.белгіден) дейін көтерілді, яғни үлкен теңіздің деңгейінен 6,0 м биік тұрды. Сонымен бірге кіші теңізді балықтандыру мақсатында жіберілген камбала балығы (1970 ж.) тез жерсініп, мұнда тауарлы балық өндіруді қайта жандандыруға мүмкін болды. Қазақстанның балық ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, үлкен және кіші теңіздің арасында қысқамерзімде ғана топырақ бөгеті тұрған кезеңде, кіші теңіздің едәуір тұщылануына байланысты онда абориген балық түрлері мен омыртқасыздар кешені көбейе бастады. Бірақ ол жағымды процесс ұзаққа бармады. 1999 жылы екі теңізді бөлектеп тұрған топырақ бөгет жығылып кетті де кіші теңіздің экология-экономикалық жағдайы қайтадан қиындап кетті. Әйтсе де бұл уақытша қиындық деп күтілді, өйткені екі теңізді бөлектеу арқылы солтүстік кіші теңізді сақтау жобасы қолға алынып, көп ұзамай-ақ практикалық шаралар жүзеге асырыла бастаған еді. Соның игілікті нәтижесі ретінде 2005 жылы тамыз айында Көкарал бөгетінің бірінші кезегі аяқталып, солтүстік кіші Аралдың өз алдына дербес теңізге айналуын айтуға болады. Енді Сырдарияның аяққа келетін суының басым бөлігі түгелдей кіші теңізге және бір бөлігі теңіз жағалауындағы көл жүйелеріне берілетін болады. Демек, жақын уақытта-ақ Арал өңірінде балық шаруашылығын толық қалпына келтіруге болатыны ақиқат. Рас, Арал теңізі Қазақстан жеріндегі негізгі балық өндіретін нысан ретінде өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан кезеңде шип, севрюга, сырдариялық жалпақбас, қаяз сияқты құнды балық түрлері толық құрып кетудің алдында тұрды. Қазіргі кезде Қамыстыбас балық питомнигі бекіре балығын және Аманөткел тоғанды су шаруашылығы қаязды көбейтіп, кіші Арал теңізінде 102 осы түрлердің популяциясын қалпына келтіруді қолға алып отыр. Бұл оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді. Кейбір қолдан жерсіндірілген келімсек балық түрлерінің жаңа ортаға бейімделуі сәтті болды деуге негіз бар. Өйткені, дөңмаңдай, акамур, бычок, камбала, жыланбас сияқты келімсек түрлер қазір жергілікті ихтиофаунаның құрамында сан жағынан үстем болып тұр. Кіші теңіз бен көл жүйелерінде абориген балық түрлерінен сазан, тыран, плотва, ақбалық, торта, шортан, жайын, тісті балық, алабұға өндірістік ауланатын балықтардың негізін құрап отыр. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, кіші теңіздің суындағы тұздылығы 35/1000 гр, ал келешекте ол көрсеткіш 4 – 17/1000 гр-ға дейін азаяды деген болжам бар. Бұл солтүстік кіші теңіздің балық қоры молаяды деген сезім ұялатады. Зерттеулерге қарағанда, кіші теңізде судың тұздылығы 20/1000 гр болғанда бекіре балығының популяциясын толық қалпына келтіруге болады екен. Қазіргі кезде Арал өңірінің экологиялық, онан туындайтын экономикалық жағдайы жөнделеді деген ұғым қалыптасып отыр.
5. ТЕҢІЗДІҢ ҚҰРҒАҒАН ОРНЫНДАҒЫ ШӨГІНДІЛЕРДЕ ПАЙДА БОЛҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК КҮЙІ ЖӘНЕ ТҰЗДЫҢ ТАРАЛУ ПРОБЛЕМАСЫ
5.1. Шөгінділердің түрі
Жер бетіндегі құрлықта топырақ құрылу процесі литосфераның беткі қабатында үгілуден пайда болған ұнтақ аналық жыныстарда жүреді. Ұзақ геологиялық дәуірде теңіздің астында жатып, теңіз тартылған соң жаңадан пайда болған құрлықтың онан айырмашылығы бар. Мұнда топырақ құрылу процесі теңіз шөгінділерінде жүреді. Әдетте, олардың құрамы өте күрделі. Әсіресе, геологиялық дәуір ішінде лайы көп екі үлкен өзеннің суын қабылдаған Арал теңізінің астында жиналған шөгінділерді осындай категорияға жатқызуға болады. Сол себепті, мұндағы топырақ құрылу процесінің бағыты және пайда болған қарапайым топырақ түрлерінің агромелиоративтік қасиеттері сол жердегі шөгіндінің құрамына байланысты. Зерттеулердің нәтижелері теңіз орнындағы жаңа құрлықтың барлық бөлігінде шөгінділердің құрамы бірдей емес екенін көрсетті. Сондықтан топырақ құрылу процесін талдауды шөгінділердің тегі мен түсу сипатынан бастаған жөн. Ғылыми әдебиеттерде бар мәліметтерге қарағанда, Арал теңізінің шығыс бөлігінің таяздығы Сырдария мен Әмударияның шөгінділері жиналуынан болса керек. Тарихқа дейін 20 млн жыл бұрын жер қыртысының осы аймағындағы тектоникалық процесстердің нәтижесінде пайда болған Арал ойпаты ұзақ дәуір бойы құрғақ жатқан. Тек осыдан 50 мың жыл бұрын Сыр мен Әмудың орасан мол суы Арал ойпатына құйып, оны сумен толтырған соң теңіз пайда болды деген дерек бар. Әрине, өзендердің лайлы суы аз шөгінді әкелмесе керек. Сол шөгінділерді негізгі массасы теңіздің шығыс бөлігінде жиналғаны айқын. Судағы қатты тұнбалардың мөлшері жағынан Сырдария мен Әмудария дүниежүзіндегі өзендердің ішінде алдыңғы орындардың бірінде тұратыны белгілі. Л.С.Берг (1907) бұл екі өзеннің суындағы қатты тұнбаның мөлшері жөнінде Доранд пен профессор Шмидтің мәліметтеріне сілтеме жасайды. Онда 1875 жылдың мамыр айында Доранд Нөкіс қаласының тұсынан алған Әмударияның суын талдағанда оның бір текше метріндегі (м3) қатты тұнбаның мөлшері 968 грамм болғанын 104 хабарлайды. 1847 жылдың 1 қазанынан 1854 жылдың 1 қазаны аралығындағы бақылауда Әмудариядан Аралға құрамында 72469 мың тонна (72469 млн кг) тұнба бар 45480 млн м3 су құйылыпты. Есептеулерге қарағанда, бір ғана Әмудария өзінің тұнбаларымен шамамен алғанда 22 мың (22000) жылда Арал теңізін толтыра алады деп пайымдауға болады екен. Сырдария өзені Әмудариядан әлдеқайда кіші, ағысы да аз. Сондықтан оның теңізге түсіретін тұнбасы да көп емес. Оған дәлел, Л.С.Берг проф. Шмидтке сілтеме жасап келтірген мәліметінде, 1878 жылдың мамыр айында Қазалы қаласының тұсындағы Сырдария өзенінен алған судың бір текше метрінде (м3) 358 грамм тұнба болған екен. Бұл, әрине, Әмударияның тұнбасынан әлдеқайда аз. Әйтсе де ұзақ мерзімде Сырдария өзенінің Арал теңізіне жеткізген тұнбасы азғантай болмаса керек. Айта кететін бір жай, Сырдарияның Аралға алып келетін тұнбасының жалпы мөлшері жөнінде мәлімет Л.С.Берг пен басқа зерттеушілердің еңбектерінде кездеспейді. Әйтсе де Л.С.Берг өзінің "Арал теңізі" (1907) атты кітабында Сырдария өзенінің тұнбасын жанама жолмен бағалауға тырысқаны байқалады. Онда ол Сырдария өзені атырауының 1847 жылғы А.И.Бутаков жасаған картадағы шекарасын 1900 жылы К.А.Молчанов жасаған картамен салыстыра отырып, Сырдарияның атырауы аталмыш кезеңде едәуір кеңейгенін байқады. Атыраудың ауқымы кеңеюі үшін оған Сырдарияның мол суы тұнбаны көп әкеліп тұруы тиіс. Сол карталарды салыстырғанда, егер Қосаралдың тұсынан есептесе, жарты ғасырда Сырдария өзінің атырауын 5,1 км-ге, яғни жылына 97,1 метрге кеңейтіп отырған деп пайымдауға болады. Сонда 1847 жылдан 1900 жылға дейін Сырдария атырауының аумағы 35,7 км2-ге ұлғайған, яғни әр жылға 0,66 км2-ден келеді. Бұл тым үлкен шама. Салыстыру үшін айтатын болсақ, ірі өзендер Тигр мен Евфрат – 54 м, Ганг – 30 м, Дунай – 12 метрге ғана атырауын ұлғайтады екен. Теңіз түбіне жиналған тұнба көбейген сайын теңіздің деңгейі аз болса да көтерілуі тиіс. Ондай мәлімет бар, бірақ ол шамамен алынған және дәл Арал теңізі туралы емес. Арал теңізінің шығыс бөлігі тайыз болуын екі дарияның – Сыр мен Әмудың ағысы алып келген тұнба кұм-лайдан болғанын дәлелдейтін айғақты деректер болмаған соң ол жөнінде дөп басып айту қиын. Бірақ табанының аз болса да биіктеуіне өзендер тұнбасының қатысы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Арал теңізінің астындағы шөгіндінің құрамын батиметриялық әдіспен зерттегенде (И.Г.Бродская, 1952,1954) оның негізгі массасы карбонатсыз ұнтақ материалдардан құралғаны белгілі болды. Ол бөлшектер шығыстан батысқа қарай баяу еңістікпен орналасқан жазықты қалыптастырады. Теңіздің шығыс жағындағы тайыз бөлігінде ірі бөлшектер құм (md 0,35-0,15 мм бөлшектердің орташа диаметрі), онан ары батысқа қарай тереңдеген сайын шөгіндінің негізі алеврит (md 0,1-0,01 мм), ең терең батыс бөлігінде (Арал грабені) өте майда пелит
(md 0,005-0,001 мм) шөгінділер тараған.
Ғылыми әдебиет бетінде өзеннің аяғына оның ағысымен түскен шөгіндіні атыраулық аллювий деген ұғым қалыптасқан. Ағыстың күшіне қарай өзеннің құярлығында механикалық құрамы жағынан әртүрлі шөгінділер түседі. Өзен ағысының теңізбен тоғысқан жерінде ең ірі құм бөлшектер шөгеді. Онан ары ағыс теңізге сұғынып кірген жерінде шөгіндінің алдыңғы шебі орналасады. Кейбір авторлар оны тереңдіктің құлайтын облысы деген ұғымды қолданады (область свала глубин). Мұндағы шөгінділердің құрамы біркелкі болмайды, олар өте жұқа қабаттар түрінде теңіз бағытындағы еңістікпен орналасады. Онан ары құярлықтан ұзаған сайын сортталған өте майда аллювий көлденең шөгіндіге түседі. Ең соңында өзен ағысының ықпалы болмаған бөлігінде теңіздің байырғы терригендік шөгінділері түседі. Өзен атырауында шөгінділердің жиналу ерекшеліктеріне арналған көптеген ғылыми еңбектер бар. Еділ өзенінің атырауын зерттегенде алынған ғылыми мәліметтерді жіктеудің нәтижесінде Л.С.Берг және Н.Г.Краснова атыраулық шөгінділерді аванатыраулық, атырауаралық және байырғы атыраулық топтарға бөледі. Әмударияның атырауындағы шөгінділердің жалпы таралу заңдылықтары бір топ зерттеушілердің А.Ф.Шелаев, Н.Т.Муравьева, И.Н.Фелициант (1953), А.И.Калашников, Н.В.Кимберг, Е.П.Кочубей, М.И.Кочубей (1956) еңбектерінде берілген. Аталмыш зерттеулердің негізінде шөгінділердің түрі бедердің элементтеріне тура келетіні анықталып отыр. Бұл заңдылық өзен атырауында литогенез бен морфогенездің тұтастығын көрсетеді. Өзен ағысының теңізге сұғынып ілгерілеуі және оның бағытының жиі өзгеруі бұл процесске жаңа сипат беріп, шөгіндінің құрамында фациалдық өзгерістер туғызады. Құйылыстың алдындағы кеңістікте тұнбаның жиналуына ықпал жасайтын факторлардан теңіздің сол шөгінділер түсетін бөлігіндегі физикалық, физика-химиялық және химиялық жағдайларды айтуға болады. Бұл жөнінде бір топ авторлардың (А.Д.Архангельский, 1931; Л.В.Пустовалов, 1940; Б.А.Скопинцев, 1946, 1948; С.В.Бруевич, 1937, 1946; И.В.Самойлов, 1952) пікірінше, өзен ағысымен теңізге жеткен лайдың шөгіндіге түсуіне теңіз суындағы тұздардың коагуляциялық әсері, тотығу-тотықсыздану реакцияларынан пайда болатын шөгінділер, температура мен газ режимі, сондай-ақ әртүрлі организмдердің ықпалы болады. Лайдың шөгіндіге түсуіне су астындағы және теңіз бетіндегі өсімдіктер де күшті ықпал жасайды. Сонымен бірге теңіз түбіне түсетін лайдың мөлшеріне антропогендік қызметтің әсері де аз болмайды. Өйткені, өзен суының белгілі бөлігі егіс далаларына таралып, онымен бірге лайдың да едәуір бөлігі бірге кетеді. Әйтсе де қазіргі кезде өзендер ағысының тежеуге түсуі себепті, яғни өзендер су қоймалары арқылы өтетін болғандықтан олардың суындағы лайдың мөлшері күрт азайып кетті. Сонан атыраулық аймақ пен теңізге түсетін шөгінділердің сипаты өзгеріп, мөлшері кемиді. Атыраулық шөгінділерді зерттеген авторлар қабаттасып жатқан және қасиеттері жағынан әртүрлі аллювийді көптеген табиғи процесстерде аналық жыныстарға ұқсатады. Бұл жыныстардың қасиеті оның құрамына және қабаттасу ретіне қарай өзгеріп отырады. Ондай қасиеттері ретінде өзеннің суы жайылғанда және егістік жерді суарғанда олардың су өткізгіштігін, қабаттағы судың капиллярлық көтерілу жылдамдығы мен биіктігін, олардағы қоректік заттардың қорын айтуға болады. Сырдарияның аванатырауындағы грунттың бетін өзеннің аллювийлік шөгінділері бүркеп жатыр. Мұнда теңіз шөгінділерінің бір бөлігі өзен ағысымен келетін химиялық шөгінділердің үлесіне тиеді. Өзендердің ескі атырауларында химиялық шөгінді түсетін аймақтарды зерттегенде, өзеннің құйылысынан алыстау учаскелерде химиялық қолайлы жағдай қалыптасатын болса, көбінесе кальций мен магний карбонаттары шөгіндіге (олар известен доламитке айналады) түсетіні белгілі болған (Л.В.Пустовалов, 1940; Н.М.Страхов, 1950, 1954; С.В.Бруевич, 1937, 1941, 1946). Химиялық құрамы жағынан өзеннің құйылысына жақын учаскелерде темірдің (Ғе) және марганецтін (Mn) тотығы, темірдің шала тотығы (FO) мен тотығының (Ғ203) силикаттары, атап айтқанда, сидерит, глауконит, шамуазит шөгіндіге түседі. Арал теңізіндегі химиялық шөгінділердің негізгі формасы карбонаттар болса керек (Н.Т.Бродская; Л.К.Блинов 1949, 1952; С.В.Бруевич; Н.М.Страхов). Еділ өзенінің аванатырауында карбонаттардың шөгуі сазды құмшықтардың жиналған жерінен басталатынын Н.Г.Краснова (1951) көрсетеді. Н.М.Страховтың (1947) байқауынша, Еділ өзенінде ерітіндінің құрамында карбонаттың көбеюінен оның шөгіндіге түсуі өзен ағысы құйылысқа жеткенше басталатын көрінеді. 50 жылдары жүргізген зерттеулерінде М.Г.Бродская (1952) Арал теңізінің құрғаған табанында гипстың жұқалау қабатын көрген. Автордың пікірінше, ондай қабаттың пайда болуы теңіздің құрғай бастаған кезеңіне тура келетін сияқты. В.В.Егоров пен Е.И.Лукьянова (1959) Сарықамыс ойпатына жақын жерде аллювийлік шөгіндінің астында сидерит линзасы барын көрген. Авторлар мұны Әмударияның ағысы құбылып, бірде теңізге, енді бірде Сарықамыс көліне құйғандықтан су түспеген нысандар оқтын-оқтын кеуіп тұруы себепті әртүрлі химиялық шөгінділердің жиналуына себеп болған деп түсіндіреді. 2005 жылы Арал теңізіне жақын жерден Сырдарияға салынып жатқан "Ақдақ" тоспасының орнын қазғанда 18 метр тереңдікте аллювийлік шөгіндінің астынан сидерит пен темірдің тотығы аралас линза шықты. Бұл жоғарыдағы Сарықамыс ойпатынан кезіккен линзаға ұқсас болса керек. Аллювийлік шөгінділердің астында химиялық шөгінділердің болуы қабаттағы судың сапасына әсер етуі ықтимал. Мұндай химиялық шөгінділер теңіздің құрғаған орнында қалыптаса бастаған жаңа құрлықтың мелиоративтік жағдайына ықпал етеді. Жаңа құрлықта топырақ құрылу процесі жүретін шөгінділер екі топты құрайды: терригендік және аллювийлік шөгінділер. Аллювийлік шөгінділер Сырдарияның теңізге құйған жеріндегі аванатыраулық жазықта тараған. Бұл көлемі жағынан шағын учаске. Жаңа құрлықтың негізін терригендік шөгінділер құрайды. Әртүрлі шөгінділерде пайда болған топырақтарға салынған кесінділердің кейбіреулерін келтіреміз. Аллювийлік жазық. Берг бұғазының тұсында құм бөгеттен оңтүстік батысқа қарай 300 метр, бедері жазық. Өсімдігі сиректеу қарашөп, жыңғыл, ақбасшөп, сиректеу микро шұқырларда өскен тасқұрақ қамыс. 0 – 20 см қоңырқай боз түсті, тығыздығы орташа сазқұмшық, өсімдіктің майда өлі тамырлары қалың; 20 – 32 см үстіңгі қабаттан гөрі тығыздау, жоғарғы жағының түсі көгілдір болғанына қарағанда темірдің шала тотығы (FO) жиналған, өсімдік тамырларының орны сирек; 32 – 60 см сарғыш түсті майда құм мен құрғақ тығыз саз бірінің үстіне бірі қабаттасып орналасқан; 60 – 80 см бақалшақ аралас ірі түйіршікті құм; 80 – 160 см саз аралас майда құмшық пен жұқа саз қабаттар қабаттасып жатыр. Қабаттағы судың деңгейі осында. Сырдарияның ескі арнасы теңізге сұғынып кірген жердегі аллювийлік жазық. Шөп жабындысын әртүрлі эфемерлер, торғайоты, шытыр, бұталардан ақтікен, сиректеу жыңғыл мен қарабарқын құрайды.
0 – 7 см үлпілдеген жұмсақ қабыршақ, сұр түсті құмлай шөгінді, құрғақ; 7 – 20 см сұр қоңыр түсті саз құмшық, өсімдіктің майда тамырлары жиі, көпшілігі өлі тамырлар; 20 – 210 см жұмсақ саз қабат, әр кезеңде жиналған шөгінділердің қабаттары көмескілеу көрінеді, бірақ олардың құрамы мен морфологиялық белгілері бірдей, түсі сұр қоңыр, кейде сарғыштау (құла) болып көрінеді, қуыстылығы өте жоғары, төгілген суды бірден тартып кетеді. Тегі лёсс тәрізді карбон атты шөгінді. Сырдарияның ескі арнасының оңжағалық үйінді құмдарынан оңтүстік батысқа қарай 2 км жерде. Топырақ беті жұқа қабыршақты, өсімдігі – жыңғыл, қарабарқын, эфемерлер, сиректеу майда қамыс. 0 – 20 см сұр түсті майда құм лайдан жиналған, арасында өсімдік тамырларының ізі бар; 20 – 41 см қоңырқай түсті саз, ылғалы бар, өсімдіктің шіріген тамырларының орны байқалады; 41 – 63 см түсі сұр саз құмшық, темірдің тотығы (Ғ203) көбірек жиналған саз белдеу, сондықтан жолақ-жолақ болып көрінеді; 63–90 см қызғылт қоңыр саз, сандық тәрізді майда түйіршіктен жиналған. Сызаты көп, ұстағанда бөлшектеніп кетеді. Ылғал. "Құлтай" өзегінің батыс жағында 4 км жерде. Солтүстік шығысында сиректеу бұта өскен кұм төбе. Бедері тегіс. Өсімдігі майда сораң, әртүрлі эфемерлер, жыңғыл.
0 – 12 см беті қабыршақты, тығыз, түсі күлгін, өсімдік тамырлары сирек;
12 – 44 см қызғылт қоңыр түсті, саздақ, құрғақ, өсімдік тамырлары жиі;
44 – 92 см майда саз бөлшектерден жиналған, тығыз, құрғақ, өсімдік тамырлары кездеспейді. Қаратерең түбегінен батысқа қарай 17 км-де "Құйылыс" даласы. Бедері жазық. Өсімдігі майда сораң, қызыл тамыр, әр жерде микроойпаттарда шоқ-шоқ қамыс, ақбасшөп, қарашөп, сиректеу жыңғыл.
0 – 5 см саздақ, тығыз, бақалшақ аралас, құрғақ, сұр түсті;
5 – 20 см сұр түсті, тығыз, құрғақ, өсімдік тамырлары бар;
40 – 122 см қызғылт қоңыр саз;
122 – 142 см бақалшақ аралас көгілдір түсті құмшық;
142 см-ден төмен сұр түсті саз.
Берг бұғазынан оңтүстікке қарай 19 км, Құйылыстың аяғы. Жазық дала. Грунт беті жалаңаш, өсімдік жабындысы әлі қалыптаспаған, беті бақалшақты жұмсақ қабыршақ.
0 – 20 см сұр түсті құрғақ, өсімдік тамыры қалың;
20 – 45 см қоңыр түсті тығыз саз, ылғалы бар;
45 – 60 см бақалшақты құм, жоғарғы жағы сұр түсті төмен қарай сарғыштанады;
60 – 85 см құм аралас саз, төменгі жағы көгілдір түсті, темірдің шала тотығы болса керек;
85 – 120 см көгілдір түсті саз құмшық, ылғалы көп.
Қасқақұланнан шығысқа қарай жыңғыл түппен аралықта 3 км жерде, бедері жазық, өсімдігі бірыңғай сарсазан, жабындысы қалың 85 – 90%. 0 – 10 см сұр түсті өте майда құмшық, құрғақ, бетіндегі қабыршағы жұқа, өсімдік тамырлары сирек; 10 – 30 см қамыстың шала шіріген қопағы, түсі қызғылт қоңыр жұмсақ құрғақ масса, арасында извес түйіршіктері кездеседі; 30 – 48 см саз, түсі көгілдір, сірәтемірдің шалатотығының (ҒеО) жиынтығынан болса керек, өлі тамырлар сирек; 48 – 99 см түсі көгілдір майда құмшық, шіріген тамырлардың орны жиі кездеседі; 99 – 121 см майда құмшық, түсі сұр көгілдір; 121 – 125 см қара түсті саз құмшық, түсі өртең сияқты болғанына қарағанда сода бар сияқты, бірақ теңіз астындағы грунтте мұндай тереңдікте соданың пайда болуы екіталай;
125 см-ден төмен қарай біркелкі қызғылт-сарғыш түсті майда құмшық, құрғақ. Қасқақұланнан шығысқа қарай 6 км жерде, бедері жазық, өсімдік жабындысын сарсазан, жас сексеуіл, қарабарқын, әртүрлі қарашөп, эфемерлер, ақбасшөп тағы басқалары құрайды. Топырақ беті сұр түсті жұқа қабыршақты. 0 – 5 см сұр түсті бақалшақ аралас майда құмшық, құрғақ, майда тамырлар бар;
5 – 33 см сарғыш түсті құрғақ құмшық, өсімдіктің шіріген тамырлары бар;
33 – 38 см саздақ, құрғақ, түсі қызғылт-қоңыр, өлі тамырлар бар;
38 – 64 см сұр түсті құрғақ майда құм; 64 см-ден төмен сұр және қоңыр түсті қабаттар араласып жатқан саз. Қаратерең түбегінен батысқа қарай 50 км жерде "Массагет" даласы. Жаңа құрлықтың бұл бөлігі теңіз астынан шыққанына 12 – 13 жылдай болған жазық дала, шөп жабындысы әлі жетілмеген жалаңаш. Мұнда ескі заманнан қалған ирригациялық жүйелердің элементтері – ірі жармалар, майда арық-атыздардың сақталған фрагменттері жиі кездеседі. Грунттың беті майда құм, лай шөгінді, жұқа қабыршағы бар, аяққа оңай езіледі. 0 – 5 см сұртүсті өте майда құм, лай шөгінді, құрғақ, ірі бөлшектер немесе басқа органо-минералдық қоспалар жоқ;
5 – 52 см қызғылт қоңыр түсті саз, тығыз, құрғақ;
52 – 77 см көгілдір түсті саз құмшық, бақалшақ сиректеу кездеседі;
77 см-ден төмен қабаттасып жатқан саз, түйіршіктерінің формасы әртүрлі.
"Құйылыс" жазығы. Бұл "Массагет" даласының шығыс жағы. Қаратереңнен 25 км. Мұнда өткен дәуірде суармалы егіншілік болғанын солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 12-13 км-ге созылып жатқан ірі жарманың (ені 6 – 8 м) фрагментінен аңғаруға болады. Жарманың батыс беткейінде майда арықтар мен атыздар анық сақталған. Теріскей бетінде де осындай фрагменттер анық көзге түседі, бірақ мұнда атыздардың ішінде шөп жабындысы жоқ, тек кейбір майда арықтар мен атыздардың бойында майда сораң, қызылтамыр, әртүрлі эфемерлер қалың өскен. Соған қарағанда 2001 жылы Кәртіма өзегінен шыққан су "Құйылыс" өзегін бойлап, осы учаскеге жеткен сияқты. Үлкен жарманың теріскей қапталы жайпауыт, яғни үйінді топырақ тегістеліп кеткен, ал батыс қапталында үйінді топырақ анық сақталған. Жарманың осы беткейінде оның қабырғасын ойып жасаған шығырдың әуітіне ұқсас шұқырлар бар. Олардан майда арықтың сағасы шығады. Соған қарағанда Құйылысқа түскен судың жиегін тоғандап, оның суына шығырмен егін еккен болса керек. 0 – 25 см сұр көгілдір құмшық, сиректеу карбонат түйіршіктері кездеседі. Өлі тамырлардың орны көп, сонан қабаттың беті тарғыл болып көрінеді;
25 – 49 см коңыр түсті ылғалы бар саз; 49 – 54 см бақалшақ аралас майда көгілдір сұр түсті құмшық, төменгі етегін темірдің тотыты жиналған жұқа кілегей қабат шектеп тұр;
54 – 70 см қоңыр түсті саз, ылғалы бар;
70 – 100 см көгілдір түсті майда құм, ылғалы бар.
5.2. Әртүрлі шөгінділерде пайда болған топырақ түрлері және олардың мелиоративтік күйі
Теңіздің орнындағы жаңа құрлықтағы шөгінділер екі топты құрайды: байырғы терригендік және Сырдария өзенінің теңізге құйған тұсында жиналған аллювийлік. Сол шөгінділердің құрамындағы органикалық және химиялық бөліктерінің мөлшеріне байланысты топырақтың агромелиоративтік қасиеттері түрліше қалыптасады. Сырдарияның ағысымен теңізге түскен аллювийлік шөгіндіде құрылған топырақтың құрамы тұзды емес. Мұнда профильдің қабаттарындағы тұздың мөлшері (құрғақ қалдықпен) 1,0%-ға дейін ғана, яғни, мелиоративтік күйі тәуір. Мұндай топырақ түрі 15-16 суреттерде көрсетілген. Сырдарияның теңізге құйған жерінен оңтүстік батысқа қарай орналасқан жазықта тараған. Ескі арнадан алыстаған сайын аллювийлік шөгінділер азайып, шөгіндінің қабаты жұқара береді. Аллювийлік шөгінділерде пайда болған топырақтың құрамында тұз аз деуге болады, өйткені, профильдің тек беткі қабатында ғана тұз жиналған, ал төменгі қабаттарда оның концентрациясы (құрғақ қалдықпен) өте аз, шамамен 0,5 – 0,7%. Аванатыраулық аллювий шөгінділерінің құрамы тұщы сумен келген лай болған соң, ол карбонатқа бай және натрий тұздарының мөлшері төмен. Сондықтан аллювийлік топырақ түрінің мелиоративтік күйі егіншілікке қолайлы. Ескі дарияның аванатырауындағы жазық батыс бағытпен ұзаған сайын топырақтың мелиоративтік күйі күрделі бола береді.
15-сурет. Аванатырау. Лесс тәрізді шөгіндіде пайда болған жас топырақ
16-сурет. «Массагет» даласы. Бұжыр-қабыршақты грунт беті
5-кесте. Топырақтың су сығындысының құрамы
Кесінді номері
Қабаттың
тереңдігі, см
Құрғақ
қалдық, %
Аниондар
Катиондар
со -
НСОз
CL~
so; Са Mg
Na+K № 1
0-20
1,89
Жоқ
0,027
0,044
0,697
0,002
0,014
0,093
0,44
1,25
14,52
0,08
1,08
15,05
20-60
0,72
0,028
0,135
0,205
0,003
0,015
0,045
0,46 3,8
4,28
0,16
1,16
7,39
60-80
0,42
0,028
0,083
1,120
0,002
0,032
0,167
0,46
2,35
2,51
0,08
2,55
2,69
80-нен төмен
0,24
0,046
0,112
0,090
0,006
0,007
0,150
0,76
3,15
1,88
0,33
0,54
2,52
№2 0-7
0,21 -
0,040
0,030
0,090
0,006
0,007
0,150
0,66
0,85
1,88
0,33
0,54
2,52
7-20 1,0 -
0,040
1,503
0,031
0,002
0,007
2,67
0,66
42,35
0,65
0,08
0,54
43,04
20-дан төмен
0,57
0,039
0,360
0,021
0,002
0,003
0,729
0,64
10,15
0,42
0,08
0,23
11,76
№ 3
0-12
1,62
0,044
0,355
0,321
0,006
0,037
0,88
0,72
10,0
6,67
0,33
2,9
14,16
12-44
1,31
0,046
0,536
0,094
0,005
0,030
0,94
0,76
15,1
1,97
0,24
2,35
15.24
44-60
0,74
0,048
0,177
0,095
0,005
0,243
0,35
0,78 5,0
1,97
0,24
1,93
5,58
№7
0-10
3,8-9
0,078
0,911
1,647
0,003
0,0005
1,187
1,28
25,65
34,29
0,16
0,04
51,61
10-30
3,12
0,103
0,751
1,265
0,003
0,002
1,128
1,68
21,2
26,36
0,16
0,2
49,06
30-48
1,43
0,052
0,399
0,525
0,002
0,001
0,528
0,96
11,3
10,9
0,08
0,12
22,96
№8
0-20
2,52
0,063
0,785
0,861
0,041
0,001
0,889
1,04
22,1
17,92
2,4
0,08
38,65
20-70
0,32
0,063
0,161
0,059
0,001
0,012
0,157
1,04
4,55
1,24
0,04
1,0
68,3
70-98
0,63
0,063
0,217
0,125
0,001
0,002
0,218
1,04 6,1
2,61
0,04
0,2
9,51 №9
0-20
2,55
0,061
0,461
1,154
0,005
0,012
0,846
1,0
13,0
24,03
0,24
1,0
36,79
20-28
6,63
0,256
4,082
0,041
0,010
0,001
2,648
4,2
115,0
0,90
4,89
0,08
115,13
28-56
1,86
0,073
0,428
0,743
0,003
0,005
0.656
1,2
12,05
15,47
0,16
0,4
28.52
Аниондар
Катиондар
Кесінді номері
Қабат-
тың тереңді-гі, см
құрғақ қалдық, %
СОз
НСОз
CLT
so; Са Mg
Na+K
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 11 0-5 3,9 Жоқ
0,061
1,065
1,228
0,003
0,002
1,294
1,0
30,0
25,58
0,16
0,16
56,26
5-20
1,72
0,009
0,348
0,755
0,003
0,002
0,583
0,14
9,8
15,74
0,16
0,16
25,36
20-40
3,33
0,018
1,111
1,335
0,049
0,001
0,650
0,3
3,13
27,39
2,4
0,12
28,3
40-122
2,89
0,018
0,820
0,869
0,049
0,001
0,896
0,3
23,1
18,10
2,4
0,12
38,98
№ 12
0-5
6,78 -
0,019
1,892
1,623
1,097
0,0005
2.002
0,32
53,3
33,80
0.32
0,04
87,06
5-52
2,44
0,016
0,763
0,863
0,003
0,001
0,907
0,26
21,5
17,99
0,16
0,12
39,47
52-60
2,89
0,013
0,344
1,463
0.007
0,012
0,928
0,22 9,7
30,46
0,08
1,0
40,38
мг - экв. j
6-кесте. Топырақтың су сығындысының құрамы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 13
0-10
0,89
0,027
0,035
0.521
0,003
0,012
0,256
0,44 1,0
10,85
0,016
1,0
11,13
10-29
0,13
0,026
0,025
0,043
0,001
0,004
0,038
0,42
0,07
0,90
0,04
0,32
1,66
29-59
0,20
0,023
0,025
0,84
0,001
0,012
0,041
0,38 0,7
1,76
0,04
1,0 1,8
Түсініктеме: топырақтың су сығындысының құрамы жөнінде мәлімет аллювийлік және терригендік шөгінділерде пайда болған топырақ түрлерінің мелиоративтік күйінен хабардар ету мақсатында қысқаша беріліп отыр. Кейбір топырақ түрлерінде тұз аз. "Ақлақ" тоспасының тұсынан Сырдарияның сол жағалық арналық қырқасына жақын әртүрлі қарашөп өскен топырақ түрінде тұздың мөлшері онша көп емес. Бұл құрамында карбонаты мен қара шірігі бар топырақ түрі өзен ағысымен келген аллювийлік шөгіндіден пайда болған. Бұрын теңіз тасығанда бетін су шайып тұрған. Топырақ профилінде тұз онша көп болмағанына қарағанда теңіздің суы қанша ащы дегенмен "шаю эффектісі" топырақта тұздың артық мөлшерде жиналмауына себепші болса керек. Мұның жоғарғы 0 – 10 см-лік қабатындағы тұздың мөлшері 0,89% (құрғақ қалдықпен), ал профильдің жоғарғы жарты метрінде (10 – 59 см) тіпті тұз жоқ деуге болады, яғни оның концентрациясы 0,13 – 0,20% шамасында. Топырақтың бұл түрінің мелиоративтік қасиеті тәуір, сондықтан егін егуге қолайлы. Топырақтың су сығындысын талдағанда, ондағы тұздың құрамында күкірт қышқыл натрийдің (Na2S04) концентрациясы жоғары болуы назар аударады, бірақ ол тұз теңіз суында болмайды. Әйтсе де теңізден шыққан грунттың құрамында күкірт қышқыл натрийдің аз болмауын коллоидтық алмасу реакциясымен байланыстыру керек. Сонда бұл тұзды теңіз тартылған соң жаңадан түзілген туынды деп қараған жөн сияқты. Кейбір авторлар теңіздің құрғаған қолтықтарында теңіз суының булануынан қалған тұздың құрамы бірыңғай хлорлы натрий (NaCl) емес аралас болатынын көрсетеді (Н.М.Богданова мен В.П.Костюченко, 1977). 2002 – 2003 жылдары жүргізілген зерттеулерде алынған мәліметтерге қарағанда, топырақтағы тұздардың құрамындағы 116 кальцийдің (Са) концентрациясы ондағы НС03– мен S04= аниондардың мөлшерінен әлдеқайда аз екені байқалады. Олай болса, топырақта жиналған тұздардың құрамында гипс (CaS04) пен известен (СаС03) басқа да сульфат тұздары аз болмаса керек. Оның көпшілігі натрий сульфатының (Na2S04) үлесіне тиюі мүмкін, өйткені, катиондардың ішінде натрийдің мөлшері басым. Кейбір кесінділерден алынған үлгілерді талдағанда грунттың профильі бойынша жоғарғы қабаттарындағы тұздың концентрациясы өте жоғары болды. Соның ішінде басқа катиондармен салыстырғанда натрий әлдеқайда көп. Онан кейінгі көбі магний. Соған қарағанда, грунттегі тұздардың құрамында магний сульфаты болуы ықтимал, әйтсе де жалпы сульфаттардан гөрі хлоридтардың үлес салмағы едәуір жоғары. Бірақ хлорлы натрийдің концентрациясы көбейгенде грунттың бетінде пайда болатын қатты қабыршақ ("бронь") кездеспейді. Тек кейбір саздақ учаскелерде ғана грунттың бетінде бұжырланған қабыршақ бар, бірақ ол әлсіз, аяқ басқанда езіледі. Демек, бұл әлі толық жетілмеген жас қабыршақ. Мұндай қабыршақ қабаттағы судың деңгейі профильдің бетіне жақын жатса ғана пайда болады, мысалы 1,5 – 2,5 метр тереңдікте. Бұл жағдайда саз қабаттар арқылы капиллярмен жоғары көтерілетін ерітіндінің құрамындағы галит (NaCl) жинала келе грунттың бетіндегі қабыршақты қатайтады, яғни "брондайды". Теңіздің астынан жақында ғана шыққан грунтте бұл процесс әлі толық күшінде болмаса керек. Бірақ бұл процесс тоқтамайды, егер қабаттағы ащы су грунттың бетіне жақын деңгейде тұрақты күйде қалатын болса. Катиондардың ішінде мөлшері ең азы кальций (Са). Оның себебі, кальций карбонаты суда ерімейтін болғандықтан су сығындысына оның өте аз мөлшері ғана өтеді. Кестеде беріліп отырған су сығындысының құрамында кальций катионының мөлшері аз болып тұрғаны сонан. Ғылыми әдебиет бетінде Арал теңізінің орынындағы грунтте хемошөгінділердің ішіндегі ең көбі кальций карбонаты деген деректер бар. Өйткені, бұл тұздың негізгі массасы су астындағы грунтте шөгінді күйінде қалады. Оны Л.Блиновтың (1956) Арал теңізінің суындағы тұздың құрамы жөніндегі мәліметінен байқауға болады. Онда тұздардың ішіндегі ең аз концентрация кальций карбонатының үлесіне тиеді. Ол мәліметтер мынадай (%):
NaCl – 56,07 MgS04 –
25,87 KCl – 2,05 CaS04 –
14,98
MgCl2 – 0,82 CaCO3 – 0,21
Топырақтың су сығындысының құрамын талдағанда ондағы еритін тұздардың қорын анықтайды. Әйтсе де грунттың, немесе топырақтың мелиоративтік күйін бағалау үшін бұл әдіс арқылы мәлімет жеткіліксіз болады. Сондықтан зерттеушілер топырақтың құрамындағы табиғи ерітіндісін талдап, ондағы құрамдардың ара қатынасын білудің қажеттігін ұсынады. Сырдың атыраулық өңірінде тараған топырақ түрлеріндегі табиғи ерітіндінің химиялық құрамы өткен ғасырдың 50 жылдарында зерттелген болатын (А.А.Волохова, 1958). Сол зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтерді талдағанда топырақ ерітіндісінің концентрациясына байланысты ондағы аниондар мен катиондардың жиналуына қатысты кейбір заңдылықтар белгілі болды. Атап айтқанда, бұл өңірдегі топырақтардың ерітіндісіне сілті және жерсілті металдардың карбонаттары (С03) болмайтыны, тек сорларда ғана олардың болар-болмас ізі болатыны анықталды. Ерітіндідегі құрғақ қалдықтың концентрациясы жоғарылаған сайын ондағы гидрокарбонаттың (НС03– - 0,2-ден 2,12 г/л-ге дейін) және хлордың (С1) концентрациясы өсе береді, ал соңғысы ерітіндінің қанығуы ең жоғарғы деңгейге жеткенде де жинала беретіні белгілі болып отыр. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы бір литрде 40 грамға (г) жеткенде ондағы хлордың үлесі сульфаттан (S04) асып түседі. Сульфат ионы өзін басқаша көрсетеді. Ол ерітіндінің концентрациясы төмен болғанда хлор ионынан үстем болады. Кальций катионы ерітіндідегі құрғақ қалдық көбейгенде де тұрақты күйде қалады. Топырақ ерітіндісіндегі құрамдардың ішінде саны көбі натрийдің тұздары (NaCl, NaS04). Тіпті ерітіндінің концентрациясы төмен болғанның өзінде натрий кальцийден артық, ал концентрация көтерілген сайын ерітіндіде ол көбейе беретін көрінеді. Сонымен бірге ерітіндіде магний (Mg) да жиналады, бірақ ерітіндінің концентрациясы төмен болғанда ол натрийдің мөлшерінен едәуір кем болады. Егер ерітіндінің концентрациясы көтерілетін болса, онда магний көбейе береді. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы қандай болғанда да (төмен немесе жоғары) оның құрамындағы аниондардан сульфат (S04) пен хлор (О), катиондардан магний (Mg) мен (Na) басқа құрамдармен салыстырғанда басымдық көрсетеді. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде алынған мәліметтерге қарағанда, теңіздің орнындағы құрамында дарияның аллювийлік шөгінділері жоқ немесе өте аз болатын байырғы терригендік шөгінділерде пайда болған механикалық құрамы саздақ топырақтар ондағы тұздың мөлшері жағынан атыраулық қуаңданған шалғынды аллювий топырақ түріне ұқсас келеді, яғни, сорлану деңгейі орташа деуге болады. Теңіздің ортасындағы бұрынғы аралдар, яғни қазір жаңа құрлықтың учаскелері "Барсакелмес" пен "Қасқақұланда" топырақ жабындысының мелиоративтік күйіне қазіргі экологиялық өзгерістер күшті әсер етуде. "Барсакелместің" топырақ жабындысын үш топ құрайды: биіктеу төбелерде, жайпақ баурайларында – сортаң сұр топырақ және төбеаралық ойпаттарда – сорлар. Бұл топырақ түрлерінде қарашіріктің мөлшері өте аз – 1,5%. Кейбір авторлар "Барсакелместің" топырағын Арал өңіріндегі сұр қоңыр топырақ түріне жатқызады. Қазіргі кезде бұрынғы аралды айнала қоршап жатқан жалаңаш грунттен ұшқан тұзды шаңның негізгі массасы "Барсакелместің" топырағына түсіп тұр. Сонымен бірге құрамында тұз көбейген теңіз суының булануы да топырақ бетіне түсетін тұздың массасына өз үлесін қосуда. Бұл құбылыс теңіз жағалауындағы құмдар мен төбеаралық ойпаттау жазықтарда анық байқалады. "Қасқақұланның" топырағы "Барсакелместің" топырағына ұқсас. Мұндағы төбенің үстінде механикалық құрамы жеңілдеу сұр топырақ, ал батыс бөлігіндегі "кіші таудың" оңтүстік батыс беткейінде сортаң сұр топырақ түрі тараған. Бұл топырақ түрлері Арал теңізін шығыс жағынан қоршап тұрған сыртқы қыр төбелердің топырағын қайталайды. Арал теңізінің "Қасқақұланды" қоршап тұрған бөлігі 70 жылдары тартылып қалды. Сонан теңіздің құрғаған орнынан көтерілген тұзды шаңның "Қасқақұлан" аралына түсуі ертерек басталды. Қазіргі кезде аралдың шығыс жағындағы теңізден шыққан табанда өсімдік жабындысы тәуір жетілген, әжептәуір қалың. Сол ғана грунт бетіндегі тұзды шаңның желмен көтерілуін бәсеңдетіп, оның таралуына тосқауыл болып тұр. Теңіздің орнындағы жаңа құрлықта жас топырақтың даму бағыты мен деңгейін бағалау үшін оның құнарын құрайтын құрамдарының қалыптасу сипатын көрсету қажет. Ол құрамдардың ең бастысы – қарашірік. Зерттеулердің нәтижелері көрсеткеніндей жаңа құрлықтың барлық учаскелеріндегі грунтте қарашіріктің мөлшері бірдей емес. "Қасқакұланның" шығыс жағында сарсазан өскен бақалшақты табандағы грунттың профилінде қарашіріктің мөлшері 0,1%-тен аз, яғни жоқ деуге болады. Тек бір кесіндіде 20 – 28 см қабатта көміліп қалған қамыс қопағының есебінен ондағы қарашіріктің мөлшері 4,24% болды. Бұл тек осы учаскеге ғана тән белгі деуге болмайды, өйткені, басқа учаскелерде де көміліп қалған қопақ болса, ол қабаттағы органикалық заттың аз болмайтынын көрсетеді. "Құйылыс" учаскесінде топырақ профилінің 122 см-лік тереңдігіне дейін қарашірік бары анықталды. Мұнда беткі 0 – 5 см қабаттағы қарашіріктің мөлшері 2,54% болса, онан төменгі қабаттардағы оның қоры – 1,87-1,9% шамасында. Теңіз астынан шыққанына онша көп уақыт болмаса да грунттың бір метр тереңдігіне дейін осынша қарашіріктің болуын өсімдік жабындысының сипатымен байланыстыруға болар. Соңғы ширек ғасырда "Құйылыс" учаскесіне бірнеше рет су жайылып, грунтте ылғалдың қоры мол болуы себепті қалың шыққан әртүрлі шөптер (майда сораңдар, қара шөптер, эфемерлер) көп биомасса қалдырды. Сонан пайда болған қарашірік жоғарыдан төмен қарай сумен жылжыған деп пайымдауға болады. Топырақ құрылу процесінің алғашқы кезеңінде тұрған грунтте мұнша қарашірік болуы аномалдық жағдайға ұқсайды. Қалай дегенде теңіз орнындағы кейбір учаскелерде қарашіріктіңкөтеріңкі мөлшері Сырдарияның атырауындағы мәдени суармалы топырақтағыдан әлдеқайда жоғары. Атыраулықтың және тыңайған гидроморф топырақтарда қарашірік көбірек (4-5%),бірақ айналымда жүрген жерлерде көбінесе 1,5 – 2,0%-тен артық бола бермейді және әр жерде әртүрлі гидрологиялық режиміне байланысты жиналады. Бұл өңірде топырақтағы қарашіріктің динамикасы белгілі заңдылыққа бағынады. Ол ылғал мол болғанда топырақта органикалық заттың қоры молдау жиналуы, ал гидрологиялық режим өзгеріп, жер қуаңданатын болса, онда органикалық заттың тез азаюы. Атыраулық тың гидроморф топырақтардың жоғарғы жарты (0 – 50 см) метрлік қабаттағы қарашіріктің қоры сұр топырақты белдіктегі кәдімгі сұр топырақтағы қарашіріктің қорынан да артық болады. Осы көрсеткіш жағынан Сырдың гидроморф топырақтары жоғарырақ белдіктегі байырғы каштан топырағына жақын. Арал өңірі сұр топырақты белдіктің шөл аймағындағы климат режимінің ықпалында болғанымен мұндағы ылғалды топырақтарда қарашіріктің қоры мол жиналуы өсімдіктің қалың өсуімен байланысты. Гидроморф (ылғал) топырақтар қуаңдануға беріліп, ол процесс ұзаққа созылатын болса, ондағы қарашіріктің қоры азаяды да оның мөлшері ашық түсті сұр топырақтардағыдай деңгейде қалады. Бұл Арал өңірінің табиғатына орай топырақ жабындысына тән ерекшелік. Топырақ құнарының негізі болып табылатын қарашірік затының сапалық құрамына үлкен мән беріледі. Жалпы органикалық массадан өзгешелігі бар құрамы жағынан күрделі туынды зат болғандықтан қарашіріктің сапалық құрамы да ерекше. Ол ондағы органикалық көміртегі (С) мен азоттың (N) сандық ара қатынасына қарай бағаланады (И.В.Тюрин әдісі, 1951). Ғылыми әдебиет бетіндегі мәліметтер сұр топырақты белдіктің топырақ түрлерінде органикалық заттың құрамындағы көміртегі мен азоттың (C/N) ара қатынасы жақын – 4 – 6 шамасында болатынын көрсетеді. Бұл ара қатынас күлгін және қара топырақтардан 1,5-2,0 есе. Сұр топырақта олардың ара қатынасы жақын болғанына қарағанда мұндағы қарашіріктің құрамында азот аз болмаса керек. Өйткені, сұр топырақтағы органикалық заттың құрамында азоты көп микроорганизмдердің денесі мол болады (К.А.Красильыиков, 1944). Сырдарияның атыраулық гидроморф (ылғалды) және субаэралдық қуаң (тақырлау) топырақтарын зерттегенде (A.M.Петелина, 1951; В.М.Боровский, 1959) алынған мәліметтерді осы көрсеткіштері бойынша салыстырғанда соңғыларында C/N ара қатынасы тарлау болатыны анықталды. Олай болса, тақырлау топырақтарда қарашірік аз болғанымен оның құрамында азот көбірек болады екен. Теңіздің орнындағы жаңа құрлықта жас топырақтың қарашіріктенуі қуаң жағдайда қалыптасатын болғандықтан онда көміртегі мен азоттың (C/N) ара қатынасы тар және соған сәйкес азоты көбірек деуге негіз бар. Арал өңірінде топырақтағы органикалық заттың түсімі және оның минералдануы өте динамикалық процесс. Топырақтың ылғалдығына байланысты органикалық заттың түсуі де тез, минералдануы да жылдам жүреді. Демек, мұндағы органикалық заттың қоры өте тез жаңаланып отырады. Теңіз орнындағы жаңадан қалыптаса бастаған жас топырақтың кейбір түрлерінде органикалық заттың мөлшері көтеріңкі болуы олардың атыраулық топырақтарға ұқсастығын көрсетеді. Соған қарағанда жаңа құрлықта топырақ құнары жылдам қалыптасады деуге негіз бар.
5.3. Арал теңізінің суындағы тұздың таралу проблемасы
Арал теңізінің үштен екіден (2/3) артығырақ көлемі құрғап, оның орнында сусыз құрлықтың пайда болуы экологиялық ахуалдың даму бағытына қатысты көптеген проблемаларды қоздырды. Солардың ішіндегі бүкіл тірі табиғатты аздыратын ең қауіптісі тұздың желмен таралуы. Л.К.Блиновтың (1956) мәліметінде Арал теңізінің суындағы тұздың жалпы қоры 10–11 млрд тонна деп бағаланады. Аралдың суы түгел тартылғанда сонша тұз массасы желмен ұшып Орта Азия мен Қазақстан жеріне түсетін болса, онда ауқымды кеңістік тұздың астында қалған болар еді. Есептеулерге қарағанда, егер Арал теңізіндегі тұздың барлық массасын әр гектарға 500 тоннадан біркелкі жаятын болса, онда өте күшті сорланған жердің көлемі 20,0 миллион гектар болады екен. Әрине, теңіз суындағы тұздың айнала төңірекке жайылып, жердің бетіне түсуі бірден болмайтын процессс. Тұздың таралу процесі (импульверизация) ондаған жылдарға созылып, жыл сайын жерге түсетін тұздың мөлшері ондаған есе кем болады. Әйтсе де бұл жағдай Арал тұзының таралу қаупін сейілтпейді. Жоғарыда аталған 20 млн гектар жер шартты көлем. Ал егер сол тұз шағындау көлемді жерде жиналатын болса, онда оның массасы да әлдеқайда көп болар еді. Мұнда айырықша назар аударатын жай, ол тұздың құрамы. Аралдың суындағы тұздардың ішіндегі ең көбі натрий тұздары. Олар жерді сорландырумен бірге топырақтың физика-химиялық қасиеттерін нашарлатады. Теңіз толық кезінде суының тұздылығы Л.К.Блиновтың мәліметі бойынша 10,2–10,3% болатын. Сонан шөгіндіге тек СаС03 ғана түседі. Теңіз астындағы грунтте карбонаттың көптігі бұрыннан айтылып жүретін-ді. Арнайы жүргізген зерттеулерде (И.Н.Лепешкова мен Н.В.Бодалева, 1952) Аралдың суын 40°-тық изотермиялық жағдайда буландырып, ондағы тұздардың концентрациясын 29,8%-ға дейін көтергенде, теңіздің суы жалпы тұзданумен бірге 122 гипспен де (CaS04) қанығатыны белгілі болды. Табиғи жағдайға жақындатып жүргізген Л.К.Блиновтың (1956) зерттеулері де осыған ұқсас нәтиже берді. Жиналған мәліметтерді сараптау негізінде, Арал теңізі табанының барлық аумағындағы хемогендік шөгінді тек карбонаттан (СаСО,) тұрады деген тұжырым жасалды. Хемогендік шөгіндінің тек бірыңғай карбонаттан жиналуы Арал теңізі суының массасы 350 км3, деңгейі абсолюттік белгіден 39 метрге және теңіздің ауданы 33 мың км2-ге дейін азайған кезеңіне тура келеді. Кейінірек теңіздің деңгейі тағы да төмендегенде ғана карбонатқа гипс қосылады. Теңіздің ауқымы тарылып, судың массасы азайған сайын ондағы тұздардың концентрациясы да көтеріледі. Процесс жалғаса беретін болса, бірте-бірте су қоймалжыңданып, тұздық іспеттес күйге түседі. Осы кезден бастап, карбонат пен гипске мирабилит (Na,S04 Л0 Н20) қосылады. Әдетте, сол соңғы тұз тек салқын кезде ғана шөгіндіге түседі. Бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Ғалымдардың пайымдауынша, ол кезде Арал теңізінің ауқымы жиырылып, суы гидрохимиялық жағынан Қара Бұғаз көлдің рапасы (тұздық) әлі галитпен (NaCl) қанықпаған кезеңіне ұқсас болып қалады. Демек, Арал теңізі тартыла келе суы рапаға айналғанда, ондағы тұздардың шөгіндіге түсуі Қара Бұғаз көлдегі тұздардың шөгіндіге түсу схемасы бойынша жүретін сыңайлы. Ол схема бойынша қыс айларында салқындаған рападан шөгіндіге түсетін мирабилит пен кальций тұздары болады (CaS04). Жаз айларында кальций тұздарының шөгіндіге түсуі жалғаса береді, бірақ мирабилит еріп, ерітіндіге көшеді. Әйтсе де теңіз суы әлі де едәуір терең болғандықтан су массасы баяу жылиды, сонан салқын кезде шөгіндіге түскен мирабилит түйіршіктерінің бәрі ерімейді. Сондай-ақ қыс айларында шөгіндіге түскен мирабилит түйіршіктерінің бір бөлігі қатты дayыл соққанда толқынмен жиекке шығып қалады. Бірақ оның мөлшері Аралдың қоймалжың суынан шөгіндіге түскен тұз массасының азғантай ғана бөлігін құрайды. Онан ары Арал теңізі рапасының концентрациясы өскен сайын ол галитпен қанығады (NaCl). Осы соңғы тұздың суда ерігіштігіне температура әсер етпейтін болғандықтан оның шөгіндіге түсуі маусымдық сипатта болмайды, яғни, қысы-жазы бірдей түсе береді. Әйтсе де Арал рапасының галитпен қаныққан бастапқы кезінде қыс айларында судағы мирабилиттың түйіршіктенуі себепті рапаның жалпы тұздылығы азаяды да сонан галиттың (NaCl) шөгіндіге түсуі тоқтай қалады. Дегенмен өзендер суының түсуі толық тиылған кезде галиттың ерітіндіде қалуы ұзаққа созылмайды. Рапаның концентрациясы көбейгенде теңіздің түбіне барлық сульфат тұздары шөгеді де оның бетін галит бүркеп қалады. Алғашқыда галиттың қабыршағы жұқалау күйде тұрғанда жаздың ыстығында сульфат тұздары әлі ериді, бірақ өте баяу және аз мөлшерде. Біртіндеп галиттың "бронь" қабаты қалыңдағанда ол процесс, яғни сульфаттың еруі, толық тоқтайды. Сөйтіп, теңіздің орнында хлорид тұзды көлдің пайда болу процесі тез жүреді. Оның себебі, сульфаттардың шөгіндіге түсуі Арал теңізінің суы едәуір терең кезінде-ақ басталады, өйткені, теңіз түбіне түскен сульфат шөгінділерін ерітуге жаздың ең ыстық кезінде де жылу жеткіліксіз болады. Арал теңізі толық тартылып, хлорид тұзды көлге айналған соң шөгіндіге түсетін тұз массасында галиттың үлесіне 99%-ы, ал кальций тұздарының үлесіне проценттің азғантай бөлігі ғана тиеді. Уақыт өте келе тұзды көл тартылған соң оның орнындағы тұз массасының құрамында мирабилит (Na2S04 t10 Н20), глауберит (CaS04 ^а2804), астраханит (Na2S04 tMgS04't4 Н20) тағы басқа тұздар қалады. Олардың бетін таза галит (NaCl) қабаты бүркеп тұрады. Бір топ авторлардың (И.Н.Лепешков пен Н.В.Бодалева, 1952; СЮ.Геллер, 1969) мұндай схеманы ұсынуына Арал мен Каспийдің суы қоюлануынан пайда болған тұз шөгінділерінің кесіндісін зерттегенде алынған мәліметтер негіз болды. Ондай зерттеулер Аралдың маңындағы "Жақсы қылыш" және Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Қулы мен Ащысор тұзды көлдерінде жүргізілген. Арал теңізі тартылып, суы қоймалжың тартқанда, яғни, рапаға айналғанда ондағы тұздардың шөгіндіге түсу схемасына пәлендей күмән келтірмей-ақ оның кейбір осал тұстары жоқ емес екенін айтқан жөн. Жоғарыда айтылғандай қыстың күні су салқындағанда шөгіндіге түсетін мирабилит түйіршіктері жазда еріп, ерітіндіге көшетіні туралы пікірмен келісу қиын. Олай дейтініміз, теңіз түбіне шөгіндіге түскен мирабилит жазда күн қандай ыстық болса да ерімейді. Оған мынадай дәлелдер бар: сусыз мирабилиттің (Na2S04) 100 грамм судағы ерігіштігі: 0°-та – 5 гр; 10°– 9,0; 20°– 19,4; 30° – 40,8 грамм. Демек, жазда күн қандай ыстық болғанның өзінде тіпті 0,7 – 1,0 метр су астындағы грунт бетінде мирабилит еритіндей жылу болмайтыны ақиқат. Өйткені, күн сәулесімен келген жылу энергиясы теңіз суын жылытуға кетеді. Табиғатта жылу сыйымдылығы өте жоғары дене су екенін ескерсек, теңіз суын жылытуға кететін жылу аз болмаса керек. Оның мөлшері 1,0 гр суды жылытуға кететін калория 1,0-ге тең, яғни, осы көрсеткіш жағынан табиғи денелердің ішінде су жылу сыйымдылығы жоғары дене ретінде бірінші орында тұр. Сол себепті, салқын суда түйіршікке айналып теңіз түбіне шөгіндіге түскен мирабилит қайтадан еритіндіктен теңіз суына араласады деуге келіңкіремейді. Арал теңізінің суында мирабилиттің болмауы сонан. Л.К.Блиновтың мәліметінде де Арал теңізінің суында мирабилиттің болмауын осылайша түсіндіреді. Теңіз шегінгенде грунт бетіне шөккен мирабилиттің бір бөлігін су алып кетеді де құрғақта қалған бөлігі күннің ыстығында кристалданған суынан айырылып, сусыз натрий сульфаты – тенардитке (Na2S04) айналады. Бұл үлбіреген ақ түсті өте майда ұнтақ зат шаңмен бірге көтеріліп, ауаның ағынымен жан-жаққа тарайды. Егіндік, шабындық және жайылым жерлерге шөгіп, шаруашылық айналымдағы жерлерді сорландыратын осы тенардит. Теңіздің құрғаған орнынан көтерілетін тұздың құрамында тенардитпен бірге извес (СаС03) және гипс (CaS04) бар. Бұл соңғы екеуінің массасы көптеу. Топырақ бетіне түскен извес пен гипс екі валентті жер сілтілі металдың тұздары ретінде жерді сорландырмайды, қайта керісінше, мелиоративтік пайдалы жақтары бар деуге болады. Орта Азия мен Қазақстанда суармалы жерлердің топырақтары әрдайым сортандануға бейім, яғни олардың мелиоративтік азғындау қаупі барлық уақытта сақталады. Сол себепті, извес пен гипс тұздарының суармалы аймақтарда топырақ бетіне түсуін пайдалы құбылыс ретінде қабылдау керек. Рас, тұздың аты тұз, яғни минерал заты, оның топырақта шектен тыс көп жиналуы ортаның биологиялық белсенділігіне кері әсерін тигізетін фактор екенін жоққа шығаруға болмас. Уақыт ішінде теңіз орнындағы жаңа құрлықта шөп жабындысы жетілген сайын тұзды шаңның таралуы саябырлап, оның екпіні теңізді айнала қоршаған шөл даладағы дефляция процесіндей қоңыр күйге көшеді. Жаңа құрлықтың әр бөлігінде теңіз суынан босаған мезгілінің ұзақтығына қарай кезең-кезеңімен осы процесс жүруде. Теңізден арылғанына 35 – 40 жылдай болған шығыс бөлігінде тұздың желмен таралуы пәстеу, тіпті кейбір учаскелерде ол тоқтады деуге болады. Ондай учаскелерде шөптің жобалық жабындысы 60 – 70%, кей учаскелерде, мысалы, бұрынғы Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай Жыңғылтүпке дейінгі далада сарсазан плантациясының қалыңдығы 85 – 90%-ға жетеді. Жаңа құрлықтың қиыр батыс бөлігінде ғана теңізден босағанына 10 – 15 жылдай болған "Массагет" даласының грунті әзірге жалаңаш (16-сурет). Грунттың беткі 0 – 5 см-лік жұқа қабатында тұздың концентрациясы (кұрғак калдыкпен) жоғары. Бұл теңіз шегінгенде грунтте қалған судың капилляр арқылы көтерілуінен жиналған тұз. Өйткені, оның астындағы грунттың жоғарғы бір метрлік қабатында тұздың мөлшері онша көп емес. Соған қарағанда, грунттың күнгей бетіне жақын орналасқан жоғарғы қабаты мен 2,5 – 3,0 метрлік тереңдікте жатқан қабаттағы ащы судың арасында капиллярлық байланыс үзілгені себеп болса керек. Қабаттағы тұзды судың капилляр арқылы көтерілуіне грунт профилінің көп қабаттылығы және ол қабаттардың механикалық құрамының әртүрлілігі кедергі болып тұр. Жел соққанда тұз аралас шаң көтерілетін осы жас құрлық. Уақыт өте келе, мұнда шөп жабындысы жетілген сайын бұл процесс бірте-бірте тоқтайды. Әрине, ауқымы үлкен сусыз дала шаруашылық салаларына пайдаланылмай өз-өзімен жата берсе, онда ол Тұран ойпатының онсыз да жайсыз қатаң табиғатының бұрынғыдан да күштірек болатыны күмән туғызбайды. Аралдың құрғаған орнынан ұшып тұрған тұздың мөлшері жөнінде мәселені талдағанда, 1992 жылы баспадан шыққан Арал өңірінің экологиялық картасындағы мәліметті бағдарлама ретінде алуға болады. Онда теңіздің құрғаған табанымен қоса байырғы жағасынан шығысқа қарай жатқан кеңістікті бөлген шекара сызығы теңіздің контурын бойлап 5 секторға бөлінеді. Сол көлденең сызықтармен бөлінген бірінші секторға жататын теңіздің құрғаған орны тұз тарататын ошақ деп қаралады. Теңіздің жағасындағы ені 10 км-лік құрлықтың бір шаршы шақырымына түсетін массасын 600,0 тонна және одан сәл артығырақ деп, ал онан сыртқары жатқан 10 – 20 км ендікке түсетін тұздың массасы 200,0 тонна, 20 – 30 км-ге түсетіні – 80,0 тонна, 30 – 40 км-ге түсетін тұз 20,0 тонна деп бағалайды. Ғылыми болжам бойынша, келешекте, егер Арал теңізі толық тартылып, оның орнында таза тұздардың шөгінділерінен тұратын қалыңдығы шамамен 2,5 – 3,0 метрдей үйінді пайда болғанда да олардың желмен таралуы болмайтын сыңайлы. Өйткені, үйіндінің сыртқы бетін "бронь" іспеттес өте тығыз, әрі қатты галит (NaCl) қабығы жауып тұрады. Яғни, теңіз толық тартылғанда, оның орнында қалған тұздың массасы қанша көп болғанымен, бұрқырап, желмен ұшып таралуы мүмкін емес. Әрине, хлорлы натрий (галит) тұзына қарағанда, натрий сульфаты (Na2S04) желмен оңай таралатын майда ұнтақ екені белгілі, бірақ ол галиттен тұратын бронь қабықтың астында қалады. Арал теңізінің суындағы тұздардың проблемасы жөнінде ғылыми әдебиет бетіндегі болжамдар теңіз толық кезінде жүргізген зерттеулер негізінде жанама жолмен жасалған болатын. Оларды ұсынған авторлар теңіз суының массасы азайған сайын ондағы әртүрлі тұздардың рет-ретімен шөгіндіге түсу жолын жалпы дұрыс бағалаған десек те кейбір олқы тұстары жоқ емес. Оны біздің зерттеулеріміздің нәтижелері көрсетіп отыр. Бірақ біздің мәліметтеріміз бұрынғы авторлардың тұжырымдарын жоққа шығармайды, қайта оларды толықтырып, Арал теңізіндегі тұздың проблемасын объективті бағалауға қол жеткізді. Сол мәліметтерді талдау негізінде мынадай қортынды жасауға болады: • Арал теңізінің деңгейі қауырт төмендей бастаған алғашқы ширек ғасырдың аяғына таман теңіз суының тұздылығы 30%-ға көтерілгенде оның құрамындағы тұздардан тек кальций карбонаты ғана шөгіндіге түседі (СаС03). Бұл процесс ең алғашқыда теңіздің шығыс жақтағы тайыз бөлігінде жүрді. Сол себепті, жаңа құрлықтың шығыс бөлігіндегі грунттың құрамында карбонаттың концентрациясы жоғары; • Теңіз деңгейі төмендеуінің 35 – 40 жылдық екінші кезеңінде шөгіндіге кальцийдің карбонаттары мен бірге кальцийдің сульфаттары (CaS04) да түседі. Есептеулерге қарағанда, осы кезеңде құрғаған теңіз орнындағы грунтте шамамен 1,5 млрд тонна тұз шөгеді. Қазір теңіз деңгейінің төмендеуі сол екінші кезеңде тұр. • Құрғаған теңіз орнынан Орта Азия мен Қазақстан далаларына тұздың таралуын толық сипаттайтындай арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтерді толық деуге болмас. Демек, бұл әлде де тереңірек зерттеуді қажет ететін проблема. Егер Арал теңізінің құрғаған бөлігінен көтерілген тұз егіншілік аймақтарға тарайтын болса, онда оны суармалы жердің мелиоративтік күйін аздыратын зиянды құбылыс ретінде қарауға негіз жоқ. Ол жөнінде жоғарыда айтқанбыз. • Ғалымдардың пайымдауынша, Арал теңізінің суы толық тартылғанда орнында тұзды қол пайда болып, оның қатты және сұйық фазаларындағы тұздардың негізгі массасы шамамен
9,0 млрд тонна болады, яғни Арал теңізінің суындағы барлық еріген тұз.
6. АГРОМЕЛИОРАТИВТІК ТӘЖІРИБЕЛЕР НӘТИЖЕСІ
6.1. Далалық тәжірибе
Шаруашылыққа игерілетін жердің, әсіресе теңіз астынан шыққан, сондықтан топырақ құрылу процесі енді ғана қарқын алу үстіндегі қарапайым жас топырақтың агромелиоративтік күйін бағалау үшін далалық және вегетациялық тәжірибелер жүргізу қажет болады. Осы мақсатта 2005 жылы далалық тәжірибе "Ақкөл" теңіз қолтығының құрғаған табанына салынды. Тәжірибе салынған учаске Қаратерең елді мекенінің "Тастақ" бөлімшесіне және Сырдария өзенінің сол жағында Кәртіма қолтығына су беретін жармаға жақын орналасқан. Учаскенің жері байырғы теңіз қолтығының құрғаған табанында. Ақкөлде 2001 жылы су болған. 2002 жылы көлдің суы тартылып, орнында дені қамыс қалың шөп жабындысы болған-ды. Бірақ онан бері көлтабан құрғап, өсімдігі қатты сирегені сонша тіпті мал жайылымына жарамсыз болып жатыр. Грунт беті тобарсып, тілім-тілім жарықтармен бүркелген, кей учаскелері құм аралас бұрқыраған майшаңдақ Кұрғақ табанға салынған кесіндінің сипаттамасы мынадай: 0 – 41 см. Саз, түсі сұр-көгілдір, қолтықта су болған кезде грунт профилінің осы қабатында анаэроб процесінің нәтижесінде темірдің шалатотығы (ҒеО) көп жиналған, өсімдік тамыры қалың, көпшілігі қамыстың борығы мен майда тамырлары. 41 – 60 см. Майда құмшық, түсі сұр, темір тотығының (Fe203) таңбаланған ізі бар, бақалшақ көп, өсімдіктің өлі тамырларының орны сирек. 60 – 92 см. Грунттың профилі тығыз саз, ылғалы көп, түсі көгілдір, яғни тотықсызданған (ҒеО).
Топырақ кесіндісінің әр қабатынан алынған үлгілер лабораторияда талданды.
Қабаттың тереңдігі, см
Құрғақ
қалдық, %
Аниондар
Катиондар
0
СОз
HCOj
CL"
so; Са Mg
Na+K
1
2
3
4
5
6
7
8
9
0-41
0,52
Жок
0.040
0.88
0,167
0.006
0,009
0,34
7-кесте. Топырақтан алынған су сығындысының құрамы
мг - жв.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
0,66
2,50
3,47
0,33
0,77
5,53
41 – 60
0,21
0,027
0,066
0,07
0,003
0,008
0,18
0,44
1,85
1,37
0,16
0,62
2,88
60 – 92
1,02
0,033
0,238
0,218
0,003
0,003
0,67
0,54
6,70
4,54
0,16
0,23
10,85
Кестедегі (7-кесте) мәліметке қарағанда, грунттың жоғарғы жарты метрлік қабатында тұздың мөлшері (құрғақ қалдықпен) көп емес, яғни бұл топырақ түрін мелиоративтік күйі тәуір деп бағалауға болады. Грунт профилінің жоғарғы бір метрлік бөлігінің екінші жартысында да (60 – 92 см) тұздың концентрациясы небәрі 1,02%. Мұны да көп деуге болмас. Демек, теңіз қолтығының осы учаскесіндегі топырақтың мелиоративтік күйін ортадан тәуір деп бағалауға болады. Яғни, топырақтың мелиоративтік көрсеткіштері дақылдың (күріштен басқа) қай түрі егілсе де оның өсіп-өнуіне, өнім беруіне шектеуші фактор болатындай деңгейден төмен. Атап айтқанда, егін егуге қолайлы. Топырақ профилінде тұздың мұндай аз болуын ондағы тұздардың негізгі массасын су шайып кеткеннен болса керек. Бірақ бұл судан жаңада ғана босаған көлтабанның алғашқы жағдайы. Көлтабан сусыз, құрғақ, әрі өсімдік жабындысы жұтаң күйде ұзақ жататын болса, онда уақыт ішінде терең жатқан қабаттағы тұзды су біртіндеп капилляр арқылы төменнен жоғары қарай біржақты жылжиды. Ол жағдайда грунт профилінің жоғарғы қабатындағы тұздың концентрациясы көбейеді, әсіресе мелиоративтік шаралар жүзеге асырылмай, мысалы, қашыртқы жүйесін салмай суармалы егін егілетін болса. Әрине, егін егу мен жердің биологиялық белсенділігін күшейтетін шаралар, оның ішінде ауыспалы егіс енгізу, көпжылдық шөп себу арқылы топырақты биологиялық затпен байыту сияқты жұмыстардың көмегімен топырақтың агромелиоративтік жағдайын бақылауда ұстап тұруға болады. Ерекше назар аударатын жай, ол топырақтағы тұздың құрамында күкіртқышқыл натрийдің (Na2S04) көп болуы. Бірақ ол тұз теңіз суында болмайды. Соған қарағанда, теңіз суынан босаған топырақта осы тұздың концентрациясы жоғары болуын коллоидтық алмасу реакциясының нәтижесі деп қарау керек, яғни, бұл жаңадан түзілген туынды зат болуы ықтимал. Өйткені, теңіздің құрғаған қолтықтарында теңіз суының булануынан қалған тұздың құрамы бірыңғай хлорлы натрий (NaCl) емес аралас болады (Н.М.Богданова, В.П.Костюченко, 1977). Біздің зерттеулеріміз, топырақтағы тұздардың құрамында кальцийдің (Са) мөлшері ондағы НС03- мен S04= иондарының мөлшерінен әлдеқайда аз екенін көрсетті. Соған қарағанда, топырақта жиналған тұздардың құрамында гипс (CaS04) пен известен (СаС03) басқа да сульфат тұздарының мөлшері аз болмаса керек. Оның көпшілігі натрий сульфаты деуге негіз бар, өйткені, катиондардың ішінде натрийдің концентрациясы жоғары. Топырақ профилінің ең жоғарғы қабатында (0 – 41 см) натрийдің мөлшері 5,53 мг-экв. болса, төменгі қабатында (60 – 92 см) бұл көрсеткіш тіпті жоғары – 10,85 мг-экв. Осы төменгі қабатта хлоридтың концентрациясы сульфатқа қарағанда көп. Катиондардың ішіндегі концентрациясы ең азы кальций (Са) болды. Оның себебі, кальций карбонаты суда ерімейтін болғандықтан су сығындысына оның өте аз мөлшері ғана өтеді. Сондықтан беріліп отырған талдауда кальцийдің мөлшері өте аз екені байқалады. Шындығына келгенде, Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың грунтінде хемошөгінділердің ішіндегі ең көбі кальций карбонаты (CaC03) деген ғылыми деректер бар. Біздің мәліметтерімізге қарағанда, құрамында дарияның аллювийлік шөгінділері жоқ немесе өте аз байырғы терригендік шөгінділерде пайда болған механикалық құрамы саздақ топырақтардың құрамындағы тұздың мөлшері атыраулық қуаңданған шалғынды аллювий топырақ түріне ұқсас келеді, яғни орташа дәрежеде сорланған деуге болады.
8-кесте. Топырақтың құрамындағы гумус, жалпы азот
және жалпы фосфор (%)
Қабаттың тереңдігі, см
Қарашірік
Жалпы азот
Жалпы фосфор
0-41
1,58
0.056
0,096
41-60
0,79
0,059
0,072
Топырақ профилінің ең үстіңгі қабатында гумустың мөлшері 1,58% болды. Бұл көтеріңкі көрсеткіш. Олай дейтініміз, Сырдарияның атырауында ауыспалы егіс танаптарындағы мәдени гидроморф топырақтардың өзінде гумустың мөлшері мұнан жоғары бола бермейді. Көп жағдайда мәдени суармалы 130 топырақтарда гумустың мөлшері 1%-дан сәл ғана жоғары немесе онан төмен болады. Аймақтың топырақтарында органикалық заттың негізгі көзі болатын өсімдік қалдықтары барлық жерде бірдей емес. Органикалық заттың топыраққа түсетін мөлшері сол жердің гидрологиялық режиміне байланысты. Сол себепті, ылғалы мол топырақ түрлерінде органикалық заттың қоры молдау жиналады. Бірақ ол топырақ түрлері жергілікті жерде гидрологиялық режим өзгергенде қуаңданатын болса, онда құрамындағы органикалық зат тез азаяды. Біз зерттеу жүргізген топырақта гумус теңіз қолтықтарында қалың өсетін су флорасының қалдықтарынан жиналған болса керек. Кестеде келтірген мәліметте жалпы азоттың қоры аз емес. Ылғалды топырақтарда оның пайда болуы микроорганизмдердің, балдырлардың, қыналардың қалдықтарынан толығып тұрады (Д.К.Қарағойшиева, 1969). Мұндағы азоттың 90%-ы өсімдік оңай сіңіре алмайтын тұрде жиналады (Р.А.Чиркова, 1961). Топырақтың негізгі құнарлық элементі саналатын фосфорға келетін болсақ, оның осы теңіз астынан шыққан топырақтағы мөлшерін орташа деңгейде бағалауға болады. Бар мәліметтерге қарағанда (Р.А.Чиркова, 1968; И.Д.Шарапов, 1969; А.М.Нұрғызарынов, 1974), құрамында карбонаты көп топырақтардағы фосфордың басым көпшілігі суда ерімейтін түрде болады. Оның себебі, фосфор сол карбонаттармен әрекеттесіп, суда ерімейтін үш фосфатты кальций қосылысы түзіледі.
Чириков әдісі бойынша, топырақтағы фосфордың қорын 5 топқа жіктейді. Олардың І – 11 топқа жататын фосфаттары ғана суда ериді, демек, өсімдіктің тамыры оңай сіңіретіндері солар. Ал
ІІІ – У топтарға жататындары жылжуы қиын, сондықтан өсімдік оларды көбінесе тікелей сіңіре алмайды. Егер топырақта органикалық зат мол болса, мысалы, қамыстың шала шіріген "қопағы" түрінде, онда топырақтың сол қабатында өсімдік нашар сіңіретін және сіңіре алмайтын фосфаттың мөлшері 80 – 90% шамасында болады. Әйтсе де топырақтағы өсімдік оңай сіңіретін фосфордың мөлшері гумуске байланысты болмайтынын зерттеулердің нәтижелері көрсетеді. Дегенмен топырақта фосфордың жиналуы өте күрделі көпжақты процесс деп қараған жөн. Топырақтың жоғарғы қабатында фосфордың қорын толықтыруға үлес қосатын белсенді процесстердің бірі ретінде биологиялық процесті айтуға болады. Өйткені, ылғалы мол топырақта өсімдік тамыры көп орналасатын қабатында биологиялық аккумуляция жүріп тұрады. Бұл микроорганизмдер тіршілігінің барысында толастамай жүретін биогеохимиялық эффектінің нәтижесі. Ортада оптималды температура мен ылғал жеткілікті болғанда ондағы органикалық заттарды микроорганизмдер тез ыдыратып, минерал заттарға айналдырады. Сонда органикалық заттың құрамындағы фосфор босап шығады да топырақтағы оның қорын толықтыруға қатысады. Сонымен теңіз орнындағы жаңа құрлықтың топырағы құрамындағы қарашірік, азот пен фосфордың мөлшері жағынан Сырдарияның атырауындағы гидроморф топырақтың қуаңданған түріне жақын тұр. Арал теңізінің Ақкөл қолтығындағы осы топырақ түріне далалық тәжірибе жүргізілді. Тәжірибелік дақылдар: сәбіз, жуа, қияр, помидор, капуста, қызылша, қауын.
Тәжірибелік дақыл
Егістің
көлемі, м2
Сорт
Егілген күні
Алғашқы көгінің шыққан күні
nіcy мерзімінің ұзақтығы (күн саны)
1 м2 алаңнан
алынған өнім, кг/м2
Тәжірибе алаңынан жиналған жалпы өнім, кг
Гектарлық
өнім, ц/га
Сәбіз
68,0
шантане
8.04
20.04
120 күн
1,5
102,0
150,0
Жуа
76,0
қаратал
9.04
19.04
100-120 1,2
91,2
120,0
Қияр
28,0
нежинский
26.04
30.04
57-62
1,9
53,2
190,0
Помидор
90,0
тмк
22.04
18.05 (көшет)
2,8
252,0
280,0
Капуста
18,0
грибовская 47
26.04
2.05
80-88
1,2
21,6
120,0
Қызылша
18,0
бордо
26.04
4.05 2,0
36,0
260,0
Қауын
100
сары Куляб!
5.05
10.05
87,0
2,5
250,0
250,0
9-кесте. Далалық тәжірибенің нәтижесі. 2005 ж.
18-сурет. Далалық тәжірибе. Капуста
17-сурет. Далалық тәжірибе. Сәбіз
19-сурет. Далалық тәжірибе. Помидор
20-сурет. Далалық тәжірибе. Жуа
21-сурет. Далалық тәжірибе.
Қияр
22-сурет. Далалық тәжірибе. Қауырсын
Тәжірибелік дақылдардың агротехникасы. Тәжірибелік дақылдар егілетін учаскені алдын ала қопсытып (кетпен және күрекпен), сәбіз, жуа, қызылша, капуста атыздарға қатарлап, тұқымнан егілді. Қатар аралықтары: қызылша – 40 см, капуста – 70 см, сәбіз бен жуа – 45 см. Атыздарға әуелі су жіберіп, сосын топырақтың ылғалы оның толық су сыйымдылығы 60%-дай болғанда тағы да қопсытып, тырмаланып, тұқым қолдап егілді. Помидор, қияр, қауын арықтап егілді. Помидор көшеттеп отырғызылды. Ол үшін оның тұқымын қорада арнайы жәшікте өсіріп (22.04), сосын дайын көшеті 18.05 күні далаға егілді. Тәжірибелік дақылдар көктеп шыққан соң олардың күтімі агротехникалық ережеге сай жүргізілді. Егінді суару, түбін қопсыту, арамшөптерін құрту сияқты күтім жұмыстары дер кезінде орындалып отырды. Тәжірибелік дақылдардың егу алаңы, сортының аты, егілген күні, алғашқы көгінің шыққан күні, пісу мерзімінің ұзақтығы, 1 м2 алынған өнім (кг есебімен), тәжірибелік алаңнан жиналған жалпы түсім, гектарлық өнімі (центнер есебімен) кестеде келтіріліп отыр. Вегетациялық кезең ішінде дақылдардың бәрі бірдей әр гектарға есептегенде 5500 – 6000 м3 нормамен жаз бойы 12 рет суарылды. Бұл дақылдардың қай-қайсы да суға тілек екені белгілі. Арал теңізінің құрғаған орнында ауа райы өте қатаң екенін ескерсек тәжірибелік дақылдарды жиі суару өзін ақтады деуге болады. Дақылдардың жас көгі қалыпты өсіп-дамып, өздерінің фазаларына дер кезінде өтіп отырды. Дақылдардың вегетация кезіндегі күйі, орындалған агротехникалық шаралар, ауа райының көрсеткіштері туралы мәліметтер фенологиялық бақылау кітапшасына жазылып отырды. Егінмен тәжірибе жүргізгенде оның нәтижесі жиналған өнімнің мөлшерімен бағаланатыны белгілі. Кестеде беріліп отырған өнім деңгейіне қарағанда, тәжірибелік дақылдардың қай-қайсы да орта дәрежеде өнім берді деуге болады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, Сырдарияның атырауындағы аллювийлік мәдени суармалы топырақтарда аталмыш дақылдардан шамамен осындай өнім алынып жүр. Демек, теңіз астынан шыққан әлі толық жетілмеген жас топырақтарда егіннің (күріштен басқа) қай түрі болса қанағаттанарлық өнім алуға болады. Ол үшін тиісті агротехниканы қолданып, күтімін дұрыс ұйымдастыру қажет.
6.2. Вегетациялық тәжірибе
Вегетациялық тәжірибе жүргізу үшін топырақ алынатын жерге салынған кесінділердің сипаттамасы беріліп отыр. Қаратерең түбегінен батысқа қарай км жерде "Массагет" даласында кесінді салынды. Бұл шөп жабындысы жоқ жалаңаш дала. Грунт беті өте майда құм, лай шөгіндіден жиналған, даланың түсі бозамық сарғыш-қоңыр болып көрінеді. Грунттың беті қабыршақты, бірақ жұмсақ, үлбіреп тұр, аяқпен басқанда оңай езіледі. 0 – 5 см. Сұр түсті майда құмшық, лай шөгінді, құрғақ, ірі бөлшектер мен басқа органоминерал қоспалар жоқ; 5 – 52 см. Қызғылт-қоңыр саз; 52 – 70 см. Көгілдір түсті саз құмшық, бақалшақ бар. Вегетациялық тәжірибе жүргізу үшін тағы бір топырақ үлгісі аванатыраудан алынды. Аванатырау жазығы Аралдарияның ескі арнасы теңізге сұғынып кірген аяғында жатыр. Кесінді Берг бұғазына жақын келетін тұсында салынды. Өсімдік жабынының жобалық мөлшері 75 – 80%, яғни әртүрлі эфемерлер мен бұталардан тұратын өсімдіктер әжептәуір қалың. Топырақ бетінде жұқа қабыршақ бар, жұмсақ, грунттың қуыстылығы жоғары; 0 – 7 см. Жұмсақ қабық, құрғақ, түсі ашық сұр, лёсс тәрізді; 7 – 20 см. Түсі сұр-қоңыр тығыздау, саз, құмшық, өсімдіктің шіріген тамыр қалдықтары кездеседі; 20 – 110 см. Өте тығыз емес қабаттасып жатқан саздақ қабат, профилінде тік жарықтар көп, түсі сұр қоңыр, кейде сарғыштау.
10-кесте.
Кесінді салынған жер
Қабаттың тереңдігі, см
Қарашірік,
Құрғақ қалдық, %
Аниондар
Катиондар
CO,
НС03"
CL"
so; Са Mg
Na+K
"Массагет" даласы
0-5
2,46
2,52
Жоқ
0,063
0,785
0,861
0,041
0,001
0,889
1,04
22,1
17,82
2,40
0,08
38,65
Топырақтағы су сығындысының құрамы
' % л
мг — экв.
5-52
0,32
2,44
0,016
0,763
0,864
0,003
0,001
0,907
0,26
21,5
17,99
0,16
0,12
39,47
52-86
3,15
2,89
0,013
0,344
1,463
0,007
0,012
0,928
0,22 9,7
30,46
0,08
1,0
40,38
Аванатырау
0-7
0,59
0,21
0,040
0,030
0,090
0,006
0,007
0,150
0,66
0,85
1,88
0,33
0,54
2,52
7-20
1,18
1,0 -
0,040
1,503
0,031
0,002
0,007
2,67
0,66
42,35
0,65
0,08
0,54
43,04
20-110 -
0,57 -
0,039
0,360
0,021
0,002
0,003
0,729
0,64
10,15
0,42
0,08
0,23
11,76
Массагет даласынан алынған топырақта тұздың концентрациясы (құрғақ қалдықтан) жоғары. Даланың грунт беті әзірге өсімдіксіз жалаңаш жатқаны сонан болса керек. Массагет даласының теңіз астынан шыққанына да 12 – 13 жылдай ғана болды. Қазір құрғақ мелиорация жүруде, бірақ ол бастапқы кезеңде тұр. Грунт профилінде гумустың мөлшері едәуір көтеріңкі болуы ерекше назар аударады. Беткі 0 – 5 см-лік қабаттағы гумустың мөлшері 2,46%. Бұл жоғары көрсеткіш, әсіресе Массагет даласының теңізден жақын уақытта ғана шыққанын және далада әзірге шөп жабындысының жоқтығын ескеретін болсақ, бұл қабаттағы гумустың мұнша мөлшерде болуын теңіз тартылып, оның таязданған кезінде, жаз айларында жылы суда қалың өскен су флорасының қалдығынан жиналған деп түсінуге болар. Онан төмен орналасқан жарты метрлік (5 – 52 см) қабатта гумус тіпті жоқтың қасында, небәрі 0,32%. Грунт профилінің екінші жарты метрлік (52 – 86 см) қабатындағы 3,15% қарашірік ескі заманда осы даладағы тым тәуір дамыған суармалы егіншіліктен қалған органикалық зат екені күмән туғызбайды. Демек, бұл осы мәдени қабатта көміліп қалған органикалық зат. Кестедегі мәлімет аванатыраулық аллювий шөгіндіде пайда болған топырақтың мелиоративтік күйі Массагет даласының топырағымен салыстырғанда тәуір екенін көрсетеді, яғни, теңіз табанынан шыққан құрлықтың бұл бөлігіндегі аллювий топырақ тұздан таза деуге болады. Грунттың ең беткі қабатында тұздың концентрациясы (құрғақ қалдықпен) небәрі 0,21% болса, онан төмен жатқан қабатта ғана оның
Алайда, бұл топырақта қарашірік өте аз, әсіресе беткі қабатында. Мұны өсімдік жабынының құрамы мен грунттың құрғақтығынан деп қарауға болар. Мұндағы өсімдік жабынының көпшілігін эфемерлер мен бұталар, көпшілігі ақтікен, жыңғыл құрайды. Олардың топырақ қабатында қалған өлі тамыр массасы және бетінде қалатын түскіндері тез минералданып кетеді де органикалық зат қордаланып жиналмайды. Органикалық заттың тез минералдануына грунттың қуыстылығы күшті ықпалын тигізеді. Әйтсе де аванатыраудың сұр топырағының мелиоративтік күйі тәуір және құнары да мәдени дақылдардың өскіндеріне қолайлы деуге негіз бар. Теңіз астынан шыққан жаңа құрлықтың осы екі түрлі топырағымен вегетациялык тәжірибе жүргізгенде тәжірибелік бидай дақылы мезгілінде көктеп шығып, тым-тәуір өсіп-жетілді, дән берді. Бидайдың көктеп шыққаннан кейін өсіп-жетілуі, фазаларын өтуі, масақтануы, дән байлауы атыраулық суармалы алқаптарда ауыспалы егіс танаптарындағы бидайдан кем болған жоқ. Егу мерзімі ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сәл кештеу болды (15.05.), бірақ ол тәжірибелік бидайдың физиологиялық күйіне пәлендей кері әсерін тигізген жоқ. Вегетациялық тәжірибе 6,0 кг топырақ сыятын ыдыста Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің агробиологиялық учаскесінде жүргізілді. Бидайдың сорты Саратов-29. Топырақ үлгілері "Массагет" даласынан және аванатыраудан алынды. Әр топырақта тәжірибе үш вариантты болды: тыңайтқышсыз (б/у), азот, фосфор, калий (N РК) және көң берілген варианттар. Топырақты дайындау, ыдысқа салу, дәнді егу, вегетациялық күтім қолданыстағы белгілі әдіс бойынша орындалды. Тәжірибенің нәтижесі күткендей болды, яғни, "Массагет" даласының шығыс жағындағы шөптесінді бөлігінде және аванатырауда мәдени дақылдар егуге болады.
7. АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ Елдің әлеуметтік күйі көптеген сыртқы факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын динамикалық көрсеткіш болып табылады. Олар елдің материалдық тұрмысы, ауыз су мен атмосфералық ауаның сапасы, тұрған мекенінің тазалығы мен көгалдығы, жұмыспен қамтылуы, көңіл күйінің көтеріңкі болуы. Осы факторлар халықтың әлеуметтік күйін анықтайды және деңгейін қалыптастырады. Бұлардың әрқайсысының әсері бірдей болмайды, бірақ бірімен-бірі тығыз байланысты болғандықтан тұтас жүйенің бөліктері іспеттес жаппай ықпал етеді. Сол себепті, біреуінің жетіспеуін немесе тапшылығын басқа фактордың әсерін күшейту арқылы әлеуметтік жағдайды көтеруге әсте болмайды. Атмосфералық ауаны алатын болсақ, ол да адамға, оның тыныс-тіршілігіне әсері мықты болатын факторлардың бірі саналады. Бірақ атмосфералық ауаның шегі мен шектеуі жоқ динамикалық сипаттағы дене болғандықтан оның ластығы ең алдымен өндіріс орталықтары шоғырланған халқы тығыз ірі елді мекендер мен қалаларда өткір сезіледі. Әртүрлі улы химиялық қосылыстармен, әсіресе күкірттің қостотығымен (S02) қоюланған ауа әртүрлі ауруларды қоздыратыны белгілі. Арал өңірінде атмосфералық ауаны жалпы таза деуге негіз жоқ. Мұнда атмосфералық ауаны ластайтын заттардың құрамында үлес салмағы көбі жер бетінен көтерілетін тұзды шаң. Ауада қалқып жүрген тұз кристалдары адам денсаулығына күшті зиянын тигізеді. Сонымен бірге егіннің, жайылымдық және шабындық шөптердің өнімділігін кемітіп, экономиканы артқа тарту арқылы әлеуметтік жағдайдың нашарлауына ықпалын тигізеді. Десек те аталмыш факторлардың ішінде ең күшті әсер ететіндері ретінде елдің материалдық тұрмысы мен ауыз судың сапасын атаған жөн. Арал өңірінде экономиканың негізгі екі саласы – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы қарқынды дамыған. Сол себепті, елдің материалдық тұрмыс деңгейін анықтайтын осы екі сала. Халқының жартысына жуығы ауылда тұратын және 12,26 млн гектар ауыл шаруашылығына жарамды жері бар Қызылорда облысы аграрлық аймақ болып саналады. Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының аумағы ежелден суармалы егіншілік дамыған өлке болғаны археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Бар деректерге қарағанда, VІІ – V ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында 2,2 – 2,5 млн гектар егістік, оның бір миллиондайы тұрақты суармалы егістік болған (С.П.Толстов, 1961). Жаңа дәуірде бұл аймақта суармалы егістің көлемі көбейіп, өнімі молайған кезеңі кеңестік кезеңге тура келеді. Өткен ғасырдың 80 жылдарында мұнда 14 ирригациялық жүйеден 254,6 мың гектар жер суарылып жүрді. Әйтсе де кейінгі жылдары нарықтық экономикаға көшуге орай шаруашылықты басқару мен меншік түрінің өзгеруі, егіншілік саласын дамытуға қажетті құрал-жабдықтар мен қаржының жетіспеуі сияқты объективті себептерден бұл сала едәуір меңдеп қалды. Сонан суармалы жердің күтімі болмай, оның агромелиоративтік күйі төмендеуі салдарынан егін егіп жүрген жердің белгілі бөлігі жыл сайын айналымнан шығып қалып отырды. Әсіресе, кейінгі жылдары бұл процесс қатты белең алды. Қазір облыс бойынша 277,6 мың гектар суармалы жердің 144,8 мың гектары (52,2%) сорланып, оның 58,5 мың гектары егіске жарамсыз болып, тастандыға айналғаны соны айғақтайды. 90 жылдарда жалпы ауылшаруашылығы өндірісі тоқырауға түскенде, әсіресе суармалы егіншілік азғындаған күй кешті.
11-кесте. Қызылорда облысы бойынша жалпы eгіc көлемі (га) мен дәнді
дақылдың өнімділігі (ц/га)
Жыл
Барлық егіс көлемі, га
Оның ішінде
Барлық дәнді дақылдардың өнімділігі, ц/га
Оның ішінде
Дәнді дақыл, га
Күріш, ц/га
1990
254,1
139,8
33,9
52,0
1991
255,9
136,3
32,6
49,0
1992
262,8
148,1
27,7
37,3
1993
252,5
148,9
25,5
40,5
1994
229,2
123,8
19,7
21,7
1995
215,6
125,9
16,7
16,1
1996
182,4
104,2
26,2
22,4
1997
137,5
77,9
35,4
40,2
1990 жылы облыстың еккен барлық егіс көлемі 254,1 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 139,8 мың гектар болды. Осы қаралас eгіc көлемі 1993 жылы қайталанып, тіпті дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылдарға қарағанда сәл көптеу болғанды. Бірақ дәнді дақылдардың гектарлық орташа өнімі онша көтерілмей небәрі 25,5 центнерден айналды. Яғни, 1993 жылдан кейін жалпы егіс көлемі кем-кемнен азайып, орташа өнімі де кеми берді. 1997 жылы облыс бойынша, жалпы егіс көлемі 137,5 мың гектар, оның ішінде дәнді дақылдар 77,9 мың гектарды ғана құрады. Бұл 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда тиісінше 116,6 және 61,9 мың гектарға кемігенін айғақтайды. Мұның себебін су тапшылығынан болды деуге негіз жоқ, өйткені, 1990 жылдан кейін Қызылорда облысының жеріне келіп тұрған Сырдарияның ағысы мол болды. 1990 жылы осы өңірге жеткен Сырдың ағысы 14,3 км\ 1993 жылы тіпті 21,3 км3 болса, 1996 жылы да келген судың көлемі аз болған жоқ – 15,9 км3. Демек, осы кезеңде өлкеде суармалы егіншіліктің өнімділігін артқа тартатындай қуаңшылық болған жоқ. Сонымен қатар егіншілікке қажетті бұрыннан бар материалдық құрал-жабдықтар әлі сарқыла қоятындай емес. Солай десек те мүмкіндіктер толық пайдаланылмай бұрын тәп-тәуір дамыған егіншілік саласы құлдырауға бет алды. Мәселенің түйіні нарықтық экономикаға көшу, шаруашылық басқару жүйесінің өзгеруі, егіншілік саласын дамытуға қажетті құрал-жабдықтар мен қаржының тапшылығы сияқты объективті себептерден туындаған қиындықтарға тірелгенін айтқан жөн. Ауыл шаруашылығы өндірісінің, әсіресе суармалы егіншіліктің тоқырауға түсуі ең алдымен негізгі өндіріс құралы жердің иесіз қалғандығынан болды. Рас, жер тұтынушыларға бөлініп берілді, ал шындығына келетін болсақ, қолында материалдық қоры мен қаржысы жоқ қу кедей шаруалар жерге иелік ете алмады. Олай болған себебі, тәлімі жермен (жауынмен егін егетін жер) салыстырғанда пайдалануы өте қиын суармалы жерді, онда енгізілген ауыспалы егіс танаптарын, арық-атызына дейін бөлшектеп жекеге берді. 70 жыл бойы ұжымдық жұмыс істеп үйренген дихандар суармалы жерді дарақтап пайдалануға психологиялық және материалдық мүмкіндік тұрмысынан дайын болмай шықты. Суармалы жердің ирригациялық жүйелері, ағып келетін суы, оларға жыл сайын жасалатын жөндеу жұмыстары бар шаруашылықтың әлі қалыптаспаған жаңа түрін бірден алып кету оңай шаруа емес-тін. Осындай дағдарысқа тап болған жеке шаруа қожалықтары және шешімі ұзаққа созылған жер мәселесі қол байлау болып, суармалы жердің берекесі кетіңкіреп қалғаны ақиқат. Соның салдарынан егілмей қалған жерлер қайта сорланып, арамшөп басқан, мелиоративтік күйі азғындаған, құнары жоқ тастандыға айналды. Мұның басты себептерінің бірі ретінде ирригациялық жүйелердің азғындаған күйін айтуға болады. Облыстың егіс далаларына су жеткізетін және лас суды тартатын жүздеген шақырым даңғыл жармалар, шаруашылықаралық қашыртқылар, олардағы көптеген гидротехникалық құрылыстар жөндеуді қажет етті. Ол нысандардың көпшілігі осыдан 40 – 45 жыл бұрын пайдалануға берілгенімен осы уақыт ішінде күрделі жөндеуден өтпей келді. Сонан егіс алқаптарындағы суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) 0,60-тан аспады, ал жоспарлы ПӘК 0,80 болуы тиіс еді. Демек, облыстың егіс далаларында судың пайдасыз шығыны 40% болды, яғни, егін суарған судың жартысына жуығы жоғалып отырды. Суармалы егіншіліктің мұндай күйге түсуін материалдық қордың жетіспеуі мен ирригациялық жүйелердің тозуынан болды десек те егіншілік саласына жалпы экологиялық дағдарыстың теріс ықпалы аз болмай тұрғаны рас. Соның айғағы ретінде атмосфералық ауаның құрғақтығы күшеюі салдарынан егіс алқаптарының төңірегіндегі жерлердің бетінен қабаттағы судың күшті булануы, өзен суының минералдығы көтерілуі, жердің сорлануы сияқты себептер жиналып, жердің мелиоративтік күйін және топырақ құнарын төмендетіп жібергенін атап өткен жөн. Осындай себептерден 1992 жылдан кейін суармалы егістің көлемі де азайды, өнімділігі де төмендеді. Осы тұста облыс бойынша 1990 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 477,7 мың тоннадан, 1995 жылы 190,2 мың тоннаға дейін азайды, яғни, алынбай қалған потенциалдық түсім 287,5 мың тонна болды. Аталмыш 8 жылдық кезеңнің соңына таман, әсіресе 1997 жылы жағдай біршама тұрақтанып, өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардың гектарлық орта өнімі 9,0 центнерге көтерілді. Соған қарағанда, егер ұқыпты ұйымдастырып, бар мүмкіндіктерді толық пайдаланса, суармалы егіншіліктің берері әлі мол деуге негіз бар. Әйтсе де ирригациялық жүйелері тозып, егістік жері азғындаған суармалы егіншілік саласы аграрлық сипаттағы Қызылорда облысының экономикасын көтеруге қауқары жетпей тұрғаны құпия емес. Әзірге бұл саланы жоғарғы деңгейге көтеру уақыттың еншісінде қалып тұр. Облыс жерінде табиғи қорларды (жер-су) пайдаланудың қазіргі күйі қоғамдық дамудың талаптарына сай емес. Олай болса, суармалы жердің тиімділігін көтеруге бағытталған іс-шаралар экологиялық факторды есепке алу негізінде орындалуы тиіс. Елдің материалдық тұрмысы мен жалпы әлеуметтік күйін анықтайтын қозғаушы фактордың бірегейі ежелден мал шаруашылық саласы. Бағзы заманнан бұл аймақтың балауса шөбі шүйгін шабындығы мен ауқымы кең жайылымдары, мол суы төрт түлік малды мыңғыртуға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі мал шаруашылығы суармалы егіншілікпен үйлесімді дамыды. Табиғи ортаның жайлы жағдайымен байланысты дамитын, соған орай ағыл-тегіл өнім беретін мал шаруашылығының Қызылорда облысы бойынша қазіргі күйін тәуір деуге бола қоймас. Өніміне сұраныс көп бұл сала тоқырау үстінде. Фактіге жүгінетін болсақ, 1991 жылы облыс бойынша мүйізді ірі қараның саны 223,1 мың бас еді, ал 1995 жылы оның саны 183,3 мың бас болып, 39,8 мың басқа кеміп кетті. Сонан мал басының азаюы жалтаса келе 1998 жылы облыс бойынша мүйізді ірі қараның саны 143,8 мыңға түсті, яғни осы кезеңде 79,3 мыңы құрып кетті. Сондай-ақ экономикада жағымсыз осы процесті басқа түліктер де айналып өткен жоқ. Әдетте, саны көп, әрі өсімтал түлік қой мен ешкінің өзі аталмыш кезеңде 1 миллион 625,4 мың бастан 1998 жылы 490,4 мың басқа дейін азайды, яғни облыс 1 миллион 135,0 мың басын жоғалтты. Осы кезеңде 71,4 мың бас жылқыдан қалғаны 46,4 мың болса, 25,9 мың бас түйенің 18,6 мыңы бар деп ақпаратта көрсетіліп жүрді. Мал басының өсімі төлден құралатыны белгілі. Бірақ жалпы мал шаруашылығы тоқырауға тіреліп тұрғанда төл саны тәуір болмақ емес. Мал шаруашылығының экономикаға қосатын үлесі оның өнімі арқылы бағаланады. Бірақ, бұл көрсеткіштің күрт төмендеп кеткені тұтынуда жүрген мал өнімінің өте тапшы күйінен аңғарылады. 1991 жылы облыста өндірілген еттің (тірі салмақпен) мөлшері 23,8 мың тонна болса, 1997 жылы небәрі 3,9 мың тонна болды. Сүт 29,7 мың тоннадан 0,9 мың тоннаға дейін кеміді. Объективті шындығына келгенде мал шаруашылығы "табыссыз" сала деген жалған атқа ие болып, дамудан тоқырауы басым, бергенінен бермегені көп салаға айналуы кешегі Кеңес кезінде қалыптасты. Сырдың төменгі ағысында күріш егісінің көлемін көбейту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанда егіншіліктің басқа салаларымен бірге мал шаруашылығы да күріштің көлеңкесінде қалып қойды. Сөйтіп, мал шаруашылығы өндірістік жоспары бар, бірақ оған қамқорлық пен күтімі жетіспей жататын артта қалған салаға айналды. Сонан Қызылорда облысының халқы еш уақытта ет пен сүт молшылығын көрген жоқ. Сөйтіп, облыста малдың саны бар да, өнімі жоқ болып, экономикаға қосатын үлесі болмай жүргенде нарықтық экономикаға кездесіп, меншіктің түрі өзгеруіне орай мал шаруашылығының күйі әзірге жөнделмей тұрғаны ақиқат. Оған экологиялық тоқырау қосылып, саланы тығырыққа тіреп отыр. Экономикасы аграрлық салаға негізделген Қызылорда облысында егін мен малдың өнімі күрт төмендеп кетуі себепті азық-түлік базасының қалыптасуы халықтың мұқтажын толық өтейтін деңгейден едәуір төмен болып тұр. Кез келген аймақта азық-түлік базасы жергілікті жердегі табиғи, экономикалық, демографиялық, ұлттық-мәдени тағы басқа факторларға байланысты қалыптасады. Соған сәйкес азық-түлік рыногының даму бағыты мен көздері анықталады. Жергілікті халықтың азық тұтынуы қандай дәрежеде болып тұрғанын оның түрлік құрамына қарай бағалау объективті мәлімет береді. Сырдария өзенінің орта тұсы мен аяғына келетін атысының 50 – 70%-ын өзен арнасына құйылатын қашыртқы-сығынды сулар құрайды. 12-кестедегі мәлімет Сырдария өзенінің ағысы төмен қарай жылжыған сайын минералданып, құрамында әртүрлі ингредиенттердің концентрациясы көтеріле беретінін көрсетеді. 2003 жылы Көкбұлақтың тұсында дария суының минералдығы 864,7 мг/л болып, ағыс Шардарадан өткенде судың минералдығы екі есеге жуық көтерілуі соңы айғақтайды. Сырдарияның атырау басына (Жаңақорған) жеткен өзен ағысы Арал теңізіне дейінгі аралықта жолшыбай күріштік алқаптардан шыққан қашыртқы-сығынды сулармен әбден қанығып, лас күйде теңізге жетеді. Сырдария өзенінің ағысы Қызылорда облысының жеріне жеткенде оған негізгі лас су құюшы Жаңақорған ауданы.
Гидробекет
Судың минералдылығы (бір текше дециметрде мг есебімен)
БПК5-ОБҚ (оттегінің биологиялық қажеттілігі)
рН
2001
2002
2003
2001
2002
2003
2001
2002
2003
Көкбұлақ
283,4
767,0
864,7
0,98
1,36
1,5
7,63 8,0 7,6
Шардара
1179,7
1214,0
1370,0
1,30
1,92
2,24
7,52
7,9 7,9
Қазалы
1492,0
1276,0
1576,0
2,52
2,65
3,12
7,32
7,0 7,4
Арал
1507,0
1497,7
1612,7
2.N7
3,24 3.5 7.6 7,3 7,9
12-кесте. Сырдария өзені суының сапалық көрсеткіштері
13-кесте. Жаңақорған ауданының сол жағалық күріштік
алқабынан Сырдарияның арнасына құйылып тұрған сарқынды судың сапалық құрамы (2004 ж.)
Коллек тор рН
Тотығуы,
БПК, мг/л
Тұтқырлығы,
Са, мг/л
Mg, мг/л
С1, мг/л
NH3, мг/л
Нитрит, мг/л
Нитрат, мг/л
Құрғақ қалдық,
мг/л
мг-экв
мг/л
К-1
7,2 6,0 2,7
14,3
160,0
76,5
184,4
0,26
0,022
9,4
2276,0
К-2
7,18 5,7 2,9
15,9
200,0
71,6
149,9
0.27
0,032
8,2
1712,0
ШРМ
6,5-8,5
10,0
2,0 7,0
180,0
40,0
350,0
0,39
0,02 9,0
1000,0
Коллекторлардан Сырдарияның арнасына түсіп тұрған судың сапалық кұрамы өте нашар екені мына келтірген мәліметтерден-ақ байқалады. Онда еріген тұз көп, мысалы, К-1-дың суындағы минерал заттардың мөлшері 2276,0 мг/л, ол шекті рұқсат етілген мөлшерден (ПДК) 1276 мг/л артық. Коллектордың суы Сырдарияның арнасына түскен соң өзен суының минералдану деңгейі көтеріліп кететіні түсінікті жай. Ерте көктемде (наурыз-сәуір айлары) Сырдария өзені суының сапасын талдағанда, оның минералдығы 1236 – 1384 мг/л болды, яғни ПДК-дан әлдеқайда жоғары. Өткен ғасырдың 50 жылдарында ерте көктемде Сырдария суының минералдығы, әдетте, ПДК-дан төмен болатын-ды. Қазір өзен суының сапасы нашар екенін аңғаруға болады. Жаз ортасында өзен суының ағысы азайып, құрамында қашыртқы 150 сулардың үлесі көбеюі себепті оның минералдығы жоғары болатыны таңданарлық жай емес. Сонымен бірге өзен суының құрамындағы Са мен Mg сияқты суға тұтқырлық беріп, оның сапасын төмендететін химиялық элементтердің иондары көбейгені байқалады. Сондай-ақ өзен суында хлорид ионының концентрациясы көтеріліп бара жатыр. 70 жылдары оның көрсеткіші 100,0 мг/л-ден артық болмайтын-ды, ал қазір бұл Са ионының концентрациясы – 200,0 мг/л-ге дейін көтерілген. Рас, бұл концентрация осы ионта белгілеген ПДК-дан сәл ғана жоғары, бірақ судың тұтқырлығын күшейтіп, сапасын төмендетеді. Облыс халқының әлеуметтік жағдайын төмендетіп отырған көптеген теріс факторлардың ішінде ең зияндыларының бірі сапасыз су десек күмән туғызбаса керек. Судың ластануы өзеннің аяғында орналасқан елді мекендерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қиындатып, ел ішінде ауру-сырқауды, көбейтіп отырғаны ақиқат. Әсіресе, Қазалы жерінде жағдай өте ауыр. Осы ауданның аумағынан ауыз судың 356 үлгісін алып, лабораториялық талдағанда олардың 148-і гигиеналық талапқа сай еместігі белгілі болды. Сонымен бірге 960 су үлгісіне микробиологиялық талдау жасағанда 108 ГОСТ-қа сай бол-май шықты. Мұның себебін, әрине коммуналдық қызметтің өз деңгейінде болмауынан деп түсіну керек. Өйткені, сұйық хлор, хлор извесі сияқты заттарды суға қосатын қондырғылар болмағандықтан көптеген құбырларда суды залалсыздандыру процесі жүргізілмейді. Соның салдарынан ел ішінде вирустық гепатит (сары ауру) ауруына шалдығу жиі болып тұрады. Кейінгі жылдары судың сапасыздығынан іш ауруымен ауырғандардың саны облыс бойынша басым көпшілігі Арал теңізінің жағалауындағы тұрғындар арасында болып тұр. Арал мен Қазалы аудандарында ел арасындағы аурулардың саны 2,1%, бактериялық дизентерия – 2%-ға көбейгені туралы мәлімет бар. Сондай-ақ судағы кейбір химиялық элементтердің тапшылығы да ауру қоздыруға себепші болады, мысалы, фтордың мөлшері облыс бойынша нормадан төмен болып тұр. Сонан тістің қабығы (эмаль) бұзылып, үгітіліп шіриді. Деректі мәліметтерге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ішінде тісі шірігендердің саны Қызылорда қаласында – 86%, Арал қаласы мен Жаңа Қазалыда – 97%. Судың ластануы өте қауіпті ауруларды қоздыратыны дәлелденген. 1979 – 1993 жылдары жүргізілген зерттеулер (Төлеутаев К.Т.) өңештің қатерлі науқастану деңгейі бойынша Қызылорда облысындағы барлық аудандардың ішінде Арал ауданы бірінші орынды иемденсе, 1991 – 1993 жылдары Қазалы ауданы екінші орынға шықты. Аралда интенсивтік көрсеткіш – 88,1, ал Қазалыда – 53,2. Арал өңірінде әлеуметтік-экологиялық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетін болып тұрғаны, яғни адам денесінің иммундық күшінің азайып бара жатқаны жиі байқалуда. Көп жағдайда дімкәс адамдардың денесі дәріні қабылдамайды. Бұл өте қауіпті құбылыс. Осыдан келіп адам денесінің иммундық жүйесі, әсіресе, балалар мен екіқабат әйелдердің, көбінесе індетті ауруларға қарсы тұра алмауы жиі болып тұрады. Өкпе ауруына қарсы вакцина еккенде оның тиімді әсері болмайтыны да сирек емес. Сол сияқты сүзек, қызылша (корь) және жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың организмі иммунитет көрсете алмай жүргені облыс жеріндегі жалпы экологиялық жағдай адамның жайлы өмір сүруіне қолайлы болмай тұрғанын айғақтайды. Демек, аймақ тұрғындарының организмінде иммундық-қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті екені әркімге аян болуы тиіс. Оны дәрігерлердің "экологиялық СПИД" деп атауы текке болмаса керек. Шығыс Арал өңірінің қазіргі экологиялық күйі климат режимін, өсімдік пен жануарлар әлемін өте терең өзгеріске түсіру қаупі жоқ емес. Бұл жағдайда экологиялық дағдарыстың ең басты, әрі нәзік құрбаны осы өңірде тұратын адам болмақ. Бар мәліметтер қоршаған ортада тұздың көп болуы тірі организмнің клеткаларына гиперосмостық қысым жасайтын болғандықтан мембрананың құрылым-функционалдық күйін өзгертіп, сол себепті организм әртүрлі ауруларға тез шалдығатынын көрсетеді (Б.С.Әбдірасылов, 1995).
Р/с
Аурудың түрі
Кезең, жылдар
1970 – 1975
1975 – 1980
1980 – 1986 1.
Іш ауруы (сүзек)
1086
1708
2740
2.
Бауыр ауруы (гепатит)
1059
35538
22230
3.
Ішектің жұқпалы ауруы
6116
149551
28926
14-кесте. Қызылорда облысы бойынша әр кезеңде жұқпалы
аурулардың таралу сипаты (Арал-2006)
15-кесте. Қызылорда облысында туған баланың саны мен
халықтың табиғи өсімі туралы мәлімет (1000 адамға шаққанда)
(облыстық статистика басқармасы, 1999)
Әлеуметтік көрсеткіш
Ж ы л д а р
1990
1991
1992
1993
1994
1995
1996
Туған бала саны
32,2
31,0
32,4
31,8
30,3
26,4
24,4
Халықтың табиғи өсімі
24,9
24,9
24,9
24,0
22,0
19,2
16,6
Кестедегі мәліметке қарағанда, облыс жерінде 1990 жылы 1000 адамға есептегенде туған бала саны 32,2 болса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 24,4-тен болды, яғни кейінгі 7 жылда туған бала саны 7,8-ге азайғаны байқалады. Әрине, туған бала саны күрт азайып, материалдық қиындықтың тақсіретін тартып отырған халықтың тез өсуінен үміттенудің өзі артық. Оны мына кестедегі мәліметтен аңғаруға болады. 90 жылы осы өңірдегі халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 24,9 адамнан келсе, 1996 жылы 16,6-дан айналды. Жұмыссыздық пен материалдық тапшылықтан жүйкесі тозған ауылдық жердің тұрғындары біртіндеп қалаға, қаладағылар облыс аймағынан тыс жерлерге қоныс аударды. 1990 – 1997 жылдары облыс көлемінен сыртқа көшіп кеткен адам саны – 133214, ал осы кезеңде сырттан көшіп келгендер саны – 83412 болды.
8. АРАЛ ӨҢІРІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУЫҚТЫРУ
8.1. Арал өңірінің тағдыры – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың назарында
Арал теңізі мен оның төңірегіндегі елдің тағдырын Н. Назарбаев ешқашан жадынан шығарған емес. Елі мен жерінің қамы үшін қандай тәуекелге де баратын түсінігі терең, ірі саяси және мемлекет қайраткері хақында кешегі қызыл империяның ауыз аштырмайтын кезінде-ақ «Аралға араша» деп бүкіл дүниежүзіне үндеу жариялағаны белгілі. Қазақ халқының сан ғасырлық қиын-қыстау даму жолында рухани, тарихи-мәдени және демографиялық түп тірегі болып келе жатқан Арал өңірін «Сыр елі – Алаштың анасы» деп айтқан Елбасының қанатты сөзі оның бұл өлкеге, елінің тағдырына ерекше ықыласпен қарайтынын көпшілікке паш етеді. Сыр елі Назарбаев мырзаның сөзі мен нақты ісі қатар жүретініне кәміл сеніп, көз жеткізді. 90 жылдары Арал теңізінің тартылуы күн санап асқынған кезінде онан туындаған экологиялық апат барған сайын ушыға түсті. Осы тұста Арал апатына әлемнің назарын аударып, проблеманы шешу жолында Елбасы ерекше қайсарлық пен табандылық танытып, өзінің күш-жігерін аямай салды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қызылорда облысына сапары. 27-28 сәуір, 2005 жыл
25-сурет. Арал қаласындағы қалаішілік су құбырын ашу кезінде
26-сурет. Япыр-ай, мынау «Зәмзәм» суындай ғой!
27-сурет. Арал қаласындағы жаңа су құбырының қасында халықпен
кездесіп жатқан сәті
28-сурет. «Қосжар» елді мекенінің тұрғындарымен жүздесу
29-сурет. Әйтек су тоспасының бас жобасымен танысу
30-сурет. Әйтек су тоспасын ашу
31-сурет. Жер-судың игілігі
32-сурет. «Қараөзек» тармағындағы жаңа су торабы құрылысы
жобасымен танысу
8.2. Экологиялық жобаларды жүзеге асыру
Арал теңізі Тұран ойпатының жазира шөлінде мал-жанға жайлы табиғаттың тұтастығын сақтап келген буферлік құбылыс болды. Қазір теңіздің үштен екіден артығырақ бөлігі жоғалып, аумағы үлкен кеңістікте сусыз шөл даланың пайда болуы тек оңтүстік аймақ емес, бүкіл Қазақстан жерінде табиғаттың бұзылуына себепші болуда. Құрғаған теңіз орнында пайда болған жаңа географиялық нысанның дамуы екі бағытта жүруде: табиғи жолмен және табиғи процесстерді антропогендік реттеу арқылы. Антропогендік қызметтің негізгі мақсаты табиғи қорларды тиімді пайдалануға саяды. Табиғи қорлардың қай-қайсы да, айталық жер, су, өсімдік, жан-жануарлар тағы басқалары ұлттық байлық болып табылады. Сол себепті, оларды шаруашылық айналымға қосқанда ғана экономиканың өрбуіне, әлеуметтік жағдайдың орнықты дамуына жаңа серпін беретіні белгілі қағида. Осы тұрғыдан бағалайтын болсақ, теңіздің орнындағы жаңа құрлықтың табиғи қорлары сол күйінде жата бермей экономикаға қызмет ететін негізгі антропогендік нысандардың қатарынан орын алуы керек. Ондай мүмкіндіктер мол. Олай дейтініміз, кейінгі кезде табиғаты тоқырауға ұшырап, кетеуі кеткен Арал өңірі сияқты аймақтың өзінде де оның онан ары бұзылуын тоқтатуға, тіпті оны бұрынғы мөлдіреген күйіндей болмағанымен қалыптасқан экологиялық жағдайға орай ықшамдап, адамға қызмет ету мүмкіндіктерін қалпына келтіруге болатынына көзіміз жетті. Соның айғағы ретінде Арал теңізінде "Көкарал" бөгетін салу арқылы Солтүстік Арал теңізін (CAT) бөлектеп сақтау және Сырдарияға "Ақлақ" тоспасын салуды айтуға болады. Көкарал бөгеті тек Арал өңірінде ғана емес бүкіл Қазақстан жеріндегі алып құрылыс деуге тұратын сыңайлы. Өйткені, экологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған мұндай күрделі шараны жүзеге асыру үшін теңізді теңізден бөлектеп сақтау тәжірибесі бүкіл ТМД жерінде алғашқы болып орындалуда. Әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалардың ішінде Көкарал жобасы анау айтқан ірі жобалардың санатында болмауы да мүмкін. Айталық, Голландияда теңіздің қолтығын бөгетпен бөліп алып, оны гүлденген бау-бақшасы мен жайқалған қызыл гүлді мәдени жерге айналдыру тәжірибесімен салыстыруға келіңкіремейді. Бірақ біздің жағдайымызда Солтүстік кіші Арал теңізін бөлектеп сақтаудың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы орасан зор. Сондай-ақ қазір шаруашылық маңызын жоғалтпаған көлдердің суы жаңаланып, деңгейі тұрақты сақталады. Аймақ көгалданып, тұзды шаңның таралуы саябырлайды, жанға жайлы жұмсақ микроклимат қалыптасады, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады деп күтілуде. Игілікті шаралар толық нәтиже беруі үшін теңіздің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың табиғи қорларын, ең алдымен егін егуге және мал жайылымына жарамды жерлерін шаруашылыққа пайдалану қажет. Салынатын құрылыс нысандарының негізгі көрсеткіштері:
Солтүстік Арал теңізі дамбасы:
бөгетке баратын жолдың ұзындығы – 20,5 км;
бөгеттің ұзындығы – 13000 м;
бөгетке салған үйіндінің көлемі – 3200000 м3 (үйінді жергілікті құмтопырақтан салынып, үсті жергілікті қиыршық таспен (гравий) жабылады);
топырақты ойып алу – 600 мың м3;
бетон салу жұмыстары – 7180 м3;
үйінді топырақты бекіту – 2650 м2;
бөгеттің орташа биіктігі – 4,0 м;
бөгеттің қапталының белгісі – 44,5 м;
жолдың ені (гребень) – 9,0 м;
жоғарғы көлбеу (қапталмаған) – 1:4,8;
төменгі көлбеу (жергілікті қиыршықтаспен қапталған) – 1:3;
суағардың саны (водосброс) – 9, әрқайсының көлемі 5,5 х 9, олар қақпақпен (шандор) жабдықталған (2,8 м); қалыпты жағдайда тежелген су деңгейі (НПУ – нормально-подпертый уровень) – 42,0 БЖ (Балтық жүйесі).
Сырдариядағы Ақлақ тоспасы:
Шардара су қоймасынан төмен 1628,5 км бекетте орналасқан;
Ақлақ тоспасына баратын жолдың ұзындығы – 19,5 км;
топырақты шығару жұмыстарының көлемі – 898 мың м3;
бетон салу жұмыстарының көлемі – 22180 м3;
үйінді топырақты бекіту – 1960 м2;
үш су өткізгіш тесік – әрқайсының кеңдігі – 12 м, олардың биіктігі – 5,5 м, радиусы – 9 м қақпалар (затвор) реттеп тұрады;
* жобалық су өткізгіштігі: жазда – 515 м3/с, қыста – 400 м3/с;
* қалыпты жағдайда тежелген су деңгейі (НПУ) – 53,5 м БЖ;
* табалдырықтың белгісі – 48,5 м;
* дәстүрлі су құйылатын құдық түбінің белгісі – 37,2 м БЖ;
су жүретін жарманың ұзындығы – 100 м, ұлтанының белгісі -48,0 мБЖ; су атып кететін жарманың ұзындығы – 450 м, оның 200 метрінде ұлтанының белгісі – 42,0 м және 41,8 м БЖ
Сөйтіп, кіші Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық игілігін молынан көруге мүмкіндік туады. Р/с
Негізгі көрсеткіштері
Жобаны жүзеге асырғанға дейін
Жобаны жүзеге асырғаннан кейін
Ұлғаю (+) немесе азаю (-)
1.
Судың деңгейінің белгісі, м БЖ
38,0
42,0
+4,0
2.
Су айдынының аумағы, км2
2414
3288
+874,0
16-кесте. Жоба бойынша Солтүстік кіші Аралдың негізгі көрсеткіштері
3.
Судың көлемі, км3
15,6
27,1
+ 11,5
4.
Теңіз суының минералдығы (тұздылығы), г/л
23
17,0
-5,0
5.
Өндірістік балық аулау, мың, тонна 0,4
11,7
+ 11,3
6.
Теңізді толтыру уақыты, жыл 3-4 7.
Арал қаласына дейінгі қашықтык, км
75
12,0
-63,0
Түсініктеме: соңғы 10 жылда жыл сайын кіші Аралға түсіп тұрған судың көлемі 6 – 7 км3. Солтүстік Арал теңізін бөлектеу Арал өңірінде қордаланып қалған экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді бір өзі түбегейлі шешпейтіні о бастан белгілі болған соң оның жобасы кешенді дайындалды. Сөйтіп, жобаның құрамдас бөлігі ретінде Сырдарияға "Ақлақ" тоспасын салу арқылы өзеннің аяғына келген ағысын пайдалануды реттеу көзделді. ("Ақлақ тоспасының құрылысы аяқталғанда дария суының бір бөлігі Солтүстік кіші теңізге түседі, ал енді бір бөлігі теңіз жағалауындағы көлдерді толтырады. Соның нәтижесінде осы аймақта қалыптасқан шаруашылық салаларын қалпына келтірудің сәті түседі. Оларды ұстап тұру үшін қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Коммуналдық меншікке ауданаралық, шаруашылықаралық сандары, қалалар мен елді мекендердегі су тартатын құбырлар жатады. Бұл нысандарды ұстап тұруды коммуналдық су шаруашылық мекемелері су пайдаланушыларға су жеткізіп бергені үшін түсетін төлемдер мен жергілікті бюджеттің есебінен атқарады. Бұлардан басқа барлық су шаруашылық нысандары бұрынғы шаруашылық ішіндегі жармалар мен олардағы құрылыстар жеке меншік болып табылады. Оларды сол нысандардың иелері өз қаражатымен ұстап тұрады. Бұл жағымды процесс экологиялық ахуалдың тұрақтануына себін тигізіп, аймақта бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі өндіріс салаларын көтеруге мүмкіндік туғызды. Осы бағдарламаның аясында Сырдың суын ұтымды пайдаланудың ең тиімді жолы ретінде облыс жерінде көл жүйелерін қалпына келтіру жобаларын жүзеге асыру қолға алына бастады. Жоба бойынша Жаңақорғаннан Арал теңізіне дейінгі аралықта көл жүйелерін суландыру, оларды қалпына келтіру үшін тасталатын судың көлемі белгіленген. Шиеліден төмен қарай Қараөзек жүйесіне дейінгі оң жағалық – Шиелі-Телікөл, Нансай және Көксу жүйелеріне – 0,8 млрд м3, сол жағалық – Келінтөбе, Шиелі, Ботабай және Жаңадария жүйелеріне –1,8 млрд м3 су жіберу көзделеді. Сырдарияның орталық ескі атырауында: оң жағалық – Қараөзек, сол жағалық – Жаңадария мен Қуаңдария көл жүйелеріне 1,5 млрд м3 су тастау межеленіп отыр. Сырдария өзенінің соңғы 50 жылдық ағысының көлеміне қарағанда, Арал өңіріндегі көл жүйелерін қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ емес.
8.3. Балық шаруашылығын қалпына келтіру Арал өңіріндегі көл жүйелері қалпына келген жағдайда көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік туады. Елді мекендерді, егіндік, шабындық және мал жайылымдық жерлерді су басу қаупі сейіледі. Көл жүйелерін қалпына келтіру жобасын жүзеге асырудың бастамасы ретінде Қараөзекте су реттегіш құрылыс салуды айтуға болады. 2005 жылға құрылыстың бірінші кезеңін аяқтау үшін 500,0 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс біткен соң Қараөзектің арнасы секөнтіне 350,0 м3 су өткізе алатын болады, яғни бұрынғыдан 6 есе көп. Бұл Арал өңірін суландыруды көздейтін үлкен бағдарламаның аясында орындалатын маңызды шаралардың бастамасы болып табылады. Көл жүйелері қалпына келген жағдайда онан күтілетін экологиялық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелер баршылық. Солардың бірі балық өндірісін жандандыру, оны экономиканың тиімді саласына айналдыру болмақ. Соңғы ширек ғасырда экологиялық ахуалдың тоқырауынан туындаған түрлі объективті себептерден облыс жерінде балық шаруашылығы құлдырап кеткені мәлім. Әйтсе де балық шаруашылығын қайтадан көтеру мүмкіндігі жоқ емес. Өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін Сырдарияның төменгі ағысында қалыптасқан табиғи, гидрология-гидрохимиялық режимге байланысты көлдердің жалпы айдыны 115,0 мың гектардай болды. Олардан жыл сайын 8,0 мың тонна балық ауланып, бұл Арал бассейнінің қазақстандық бөлігінде ауланатын балықтың 20 пайызы болып еді. Көлдерді балық өндірісіне пайдаланудың жергілікті жерде жинақталған тәжірибесіне орай, олардың аймақтық және гидрографиялық белгілеріне қарай ірі-ірі көл жүйелеріне топтайды.
Көл жүйесінің аты
Жүйені құрайтын көлдердің аты
1. Қамыстыбас
Қамыстыбас, Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райм 2. Ақшатау
Ақшатау, Сорғақ, Қаракөл, Шөмішкөл, Қотанкөл 3. Ақсай-Қуаңдария
Жуансадырбай, Лақалы, Ханой, Қаратерең, Тасарық, Каукей 4. Ақлай-Ақирек
Мақпал, Жаркөл, Қаракөз 5. Қараөзек
Қараарын, Малтай, Бескепе, Майкөл 6. Теңіз жағасы
Тұщы, Қарашалан, Қаратерең, Ақбілек, Ақбасты, Жыланды, Баян, Жаңғылышкөл
18-кесте. Сырдың атыраулық аймағындағы ірі көл жүйелері (1996 ж.)
Осы көл жүйелерінің гидрология-гидрохимиялық режимі Сырдария өзенінің ағысымен тікелей байланысты. Арал өңірінде жалпы гидрологиялық режимнің қолайсыз бағытта өзгеру процесі басталғанға дейін бұл көл жүйелерінің суы мол, деңгейі биік, балығы көп болды. Кластер дегеніміз белгілі өндіріс саласында қосымша құнды құру үшін сол салаға тікелей қатысты буындардың тізбек бойынша біртұтас қимыл жасауы болып табылады. Ол буындар өндірушілер, жеткізушілер, тұтынушылар, өнеркәсіп инфрақұрылымы, ғылыми зерттеу институттары, мамандар даярлаушы оқу орындары. Демек, салаға қатысты сан тарау істер мен олардың жиынтық көрсеткіштері бір ортада тоғысып, сонан өндірістің бағасы анықталады. Балық кластері бір-біріне сабақтас бірнеше құрамнан (құрам) тұрады. Оларды даралап сипаттайтын болсақ, саны 9-ды (тоғыз) құрайды екен.
Нысандар мен орындалатын шаралар
Нақтылы өткізу
қабілеті, м3/сек.
Қайта жөндеуден кейін
Алдын ала бағасы, млн теңге
Суландыратын шабындық жайылым жерлер мен көл жүйелерінің көлемі
шығын, м3/сек.
көлемі, млрд м3
1
2
3
4
5
6
Қараөзекті және оның сағасы мен аяғында құрылыстарды жөндеу
60
300
1,1 -
810
1,5 млрд м3 су жинау, 35 мың гектар шабындық пен жайылым жерлерді және 12 ірі көлдерді суландыру
19-кесте. Сырдарияның арасы арқылы қыс айларында
2,6 млрд м3 суды жіберу және қауіпсіз өткізу шаралары
Жаңадария
35
100
0,6
650
20 мың гектар
жармасын
жайылымды,
кеңейту,
Ақсай-Қуаңдария
сағасындағы
көл жүйелерін
және су-тоспа
және кіші Аралды
кұрылыстарын
суландыру
қайта жөндеу
Нансай жармасын
10
30
0,2
200
30 мың гектар
кеңейту
жайылымды суландыру
Көксу жармасын кеңейту
10
30
0,2
150
10 мың гектар жайылым жерлерді және көл жүйелерін суландыру
Жаңа Шиелі
15
30
0,2
250
20 мың гектар
даңғыл жармасын
жайылым жерлерді
(ДЖ-МК) тазалау
және Телікөл көл
(Шиелі-Телікөл)
жүйесін суландыру
Ботабай көл
0
40
0,4
100
10 мың гектар
жүйесіне су баратын
жайылым жерлерді
ескі арналарды
және көл жүйелерін
тазарту мен
суландыру
кеңейту
Ақсай өзенің
30
80
0,3
200
Ақсай-Қуаңдария
және су
көл жүйесін және
өткізетін тоспаларды
30 мың гектар
қайта жөндеу,
жайылым жерлерді
жарманы
суландыру
Ауылшаруашылық
100
0,4
1300
80 мың гектар суармалы
жерлерді сумен
жерді шаю
шаю үшін коллектор-
және суармалы
дренаж жүйелерін
алқаптарда
тазарту
қабаттағы судың
деңгейін төмендету
Қорғаныс
дамбаларын
200 км
500
салу
Өзеннің арнасын
8 дана
500
кеңейту және
понтон көпірлерді
жөндеу
Жер қазатын снарядтар сатып алу
4 дана
300
Жобалау-іздестіру
жұмыстары
150
Барлығы:
2,6
5110 млн теңге= 39,3 млн АҚШ доллары
Арал өңірінде солтүстік кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және оқта-текте су түсіп тұратын ескі арналар мен өзектерді қоспағанда 150 – 160 көлдер бар. Сол көл жүйелерінен едәуір мөлшерде балық өндіруге болады. Сонда балық кластерінің бірінші құрамы сол көл жүйелерін суландыру болып табылады. Сол себепті, осы салаға салынатын алғашқы инвестицияның ауқымды бөлігі балық өсіруге қажетті су көздерін қалпына келтіруге жұмсалады. Солтүстік кіші Аралды сақтау мақсатында салынып жатқан Көкарал бөгеті, теңіз жағалауындағы көл жүйелерін суландыру үшін Сырдарияға салынып жатқан "Ақлақ" тоспасы және Қараөзек құрылысы, сондай-ақ көл жүйелерін суландыру жобалары балық кластерінің инвестиция тартатын көшбастаушылары болып отыр. Көкарал бөгетінің құрылысы 2005 жылдың тамызында аяқталып, кіші теңіздің суы үлкен теңізге қарай ағысын тоқтатты. Сөйтіп, Солтүстік Арал теңізін (CAT) бөлектеп сақтау арқылы аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және оны экономикаға елеулі үлес қосатын нысан ретінде пайдалануға қол жетеді деген үміт шындыққа айналды. Солтүстік кіші теңіздің қазіргі айдыны 87,0 мың гектар. Жарқын болашақта оны 330,0 мың гектарға жеткізуге болады. Сонымен бірге шаруашылық маңызын жоғалтпай, балық беріп тұрған көл жүйелеріне балық өсіруге қолайлы айдыны 60,0 мың гектардай көл жүйелері қосылатын болады. Дұрыс ұйымдастырылған балық питомниктері назардан тыс қалса,кластерлік жүйе нәтижелі болмақ емес. Сондықтан балық питомнигі кластердің ең маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Осы заманғы озат технология негізінде ұйымдастырылған балық питомнигі, онда өсірілетін шабақтар болмаса балық өндірісін көтеру туралы армандаудың өзі артық. Облыс жерінде бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан деуге болады. Облыста өнімді жұмыс істеп тұрған екі питомник бар.
9. АРАЛДЫҢ ТАҒДЫРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде қанатын жайған ел табиғи байлығын кәдесіне жаратып, жайлы табиғатының шипасын көріп отырған географиялық нысандар аз болмаса керек. Солардың бірегейі Арал. Әр пенде өзі өмір сүріп, рахатын көріп отырған мекенін әлемде теңдесі жоқ деген пиғылда болатыны ақиқат. Осы бір қағидат Арал өңіріне тура келетін сыңайлы. Олай дейтініміз, бассейндік аумағы 690 мың км2 ауқымды кеңістікті мекендеген талай халыққа Арал теңізінің әу бастан еткен адал қызметі осындай ойға жетелейді. Бұл ғажайып географиялық нысан әйгілі Тұран ойпатындағы жазира шөлдің жазда мыс қазандай қайнаған ыстық аптабын, қыста бет қаратпайтын қақаған суығын жұмсартып, мал-жанға жайлы климатын қалыптастырып келгені әркімге аян. Демек, Арал теңізі болмаса оған құйып жатқан қос өзендердің төменгі ағысында қалың елдің жайқалған егін мен бау-бақша өсіріп, төрт түлік мал өргізуі болмас еді ғой. Елдің ырзық-несібесіне теңіздің өзі қосқан үлесі бір төбе. Сөйткен Арал теңізін бір ұрпақтың көз алдында, геологиялық өлшеммен алғанда, қас-қағымда жер бетінен құртып жібере жаздадық.
КЕЛЕЛІ ІСТЕР НӘТИЖЕСІ
Арал теңізі ұзақ дәуір ішінде Тұран шөлінің ауқымды бөлігінде тірі табиғатқа жайлы жағдай қалыптастырып тұрған ерекше географиялық нысан болды. Алайда, соңғы 40 жылда теңіз бен оның деңгейін ұстап тұрған Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде өте ауыр экологиялық жағдай қалыптасып отыр. Оған осы екі өзеннің бассейндерінде суармалы егістің көлемі бақылаусыз көбеюі себеп болды. Атап айтқанда, о баста дайындалған бағдарламада оңтүстік аймақта суармалы егістің көлемін Ұлы Отан соғысына дейінгі 2,9 млн гектардан 4,0 млн гектарға жеткізіп, онан 4,0 млрд сомның өнімін алу көзделген еді. Ол үшін екі өзеннің жылдық орташа ағысы 100 – 108 км3 судың жартысын егін суаруға және басқа шаруашылық мақсаттарға пайдаланып, қалғанын Арал теңізіне жіберу арқылы оның деңгейін балық шаруашылығына зиян тигізбейтіндей деңгейде ұстап тұру жобаланды. Бірақ жоба мен практикалық істің арасында үйлесімділік бола бермейтіні белгілі. Сонан суармалы егістің көлемі межеден екі есеге жуық асып, 7,3 млн гектарға жетті. Ал ондай көлемді егісті суаруға екі өзеннің жылдық ағысынан шамамен 90 км3 су жұмсалып отырды. Нәтижесінде теңізге тиесілі судың көлемі жылдан-жылға азая келе, 1986 жылы өзендердің ағысы теңізге жете алмай егіс алқаптарында тоқтады. Сонан бері өткен 20 жылда Арал теңізінің айдыны үштен екіге (2/3) тартылып, қазақстандық бөлігінде ауқымы 21,4 мың км2 сусыз шөл дала пайда болды. Қазір ол континенттік климат жағдайында белгілі зандылықпен даму жолына түскен жаңа құрлық ретінде Арал өңірінің онсыз да нәзік табиғи кешенін бұрынғыдан бетер әлсіретіп, табиғаттың тұтастығын сақтап тұрған тепе-теңдікті бұзатын факторға айналды. Өйткені, теңізді қоршап тұрған шөл даланың ауқымы бұрынғыдан әлдеқайда кеңеюі себепті аймақта климат режимі, өсімдік пен жануарлар әлемі күшті өзгеріске түсу қаупі жоқ емес. Теңіз орнында пайда болған сусыз жаңа құрлықтың климат режимі оны айнала қоршаған Тұран шөлінің ықпалымен қалыптасуда. Мұнда жалпы континенттік климатқа тән жазы ыстық, әрі құрғақ; қысы қарсыз, әрі суық. Сол себепті континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Арал өңірін айнала қоршап тұрған таулы белдік жоқ ашық дала болғандықтан мұнда қыс айларында Сібірден жылжыған суық ауа еш кедергісіз келіп, кейде қаңтар айында абсолюттік температура – 40-44°С-қа дейін төмендейді. Бұл жағдайда аймақ көгалданып, тұзды шаңның таралуы саябырлайды, жанға жайлы жұмсақ микроклимат қалыптасады, Арал өңірінде бүкіл табиғи кешеннің бұзылуына тоқтам болады. Экологиялық жобаның игілікті нәтижесі толық болуы үшін балық шаруашылығын дамытумен бірге теңіздің құрғаған орнындағы жаңа құрлық пен жағалаудағы егін егетін және мал жайылымына жарайтын жерлерді шаруашылық айналымға қосу нәтижелі болары ақиқат. Ол үшін теңіз жағалауындағы елді мекендердің тұрғындарын егін егуге жұмылдыру қажет. Ежелден балық аулау мен мал өсіруді кәсіп қылған елдің бетін егіншілікке бұру оңай емес, бірақ мүмкін, өйткені, бұл конституциялық талаптарға сай қажеттілік. Әрине, оған объективті алғышарттар жеткілікті, мысалы, жер-судың қоры мол, қажетті құрал-жабдық табылады. Рас, жергілікті тұрғындар үшін бұл жаңа кәсіп өкілетті органдар тарапынан қолдау табуы керек. Онда егіншілікке бет бұрған жергілікті тұрғындар көпсалалы шаруашылық жүргізетін болады, яғни, егін егеді, балық аулайды және мал өсіреді, өздерінің материалдық тұрмысын көтереді, жұмыссыздықтан құтылады, балаларын еңбекке баулиды. Арал өңіріндегі жергілікті тұрғындарды экологиялық реабилитациялаудың ең тиімді жолы осы болмақ.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру