TELEGEI

Home

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. ХVIIІ кітап

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. ХVIIІ кітап

МӘДЕНИ МҰРА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев Мәулен, кеңес төрағасы Асқаров Әлібек, жауапты хатшы Қоғамдық кеңе...

1 БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАН XІX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА

І - тарау

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қазақтардың шаруашылық құрылысын талдауға; кірісердің алдында үш жүздің - Кіші, Орта және Ұлы жүздердің қоныстарының жағрафиялық орналасуын қысқаша еске салайық. Кіші жүз - Сырдария өзенінің төменгі сағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші ру тармақтары үш ұрпақтың - Байұлы, Жетіру және Әлімұлы ұрпақтарының кұрамына енді. Кіші жүздің шығыс бөлігін осы рулармен қатар Арғын руының кейбір тармақтары (Шақшақ, Айдарлы, Қырық мүлтік және басқалар) мекендеді. Билеуші сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп Бларемберг100 XІX ғасырдың 40-жылдарында Кіші жүз халқының жалпы саны еркек - әйелін қоса есептегенде, шамамен 500 000 адам, ал шаңырақ саны 100 000-ға жуық деп анықтаған. Орта жүз - Семей, Ақмола облыстарының, Сырдария, Жетісу облыстарының бір бөлігінің жерін алып жатты. Орта жүз жерін мекендеген барлық рулар мен ру тармақтары Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат деп аталатын жеті ру бірлестігінің құрамына кірді. 1833 жылы подполковник Бутовский101 жазған статистикалық суреттемеге сәйкес, Орта жүзде 116 500 шаңырақ болды, ал егер әр шаңыраққа 4 адамнан келді деп есептейтін болсақ, халық саны 468 000 адам болған. Ұлы жүз - Жетісу, Әулиеата (қазіргі Жамбыл, Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облыстарының жерін алып жатты және Дулат, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, ЬІсты, Сіргелі, Ошақты, Қаңлы және Шанышқылы деп аталатын негізгі рулардан құралды. Ю.Южаков'02 жинаған ең соңғы мәліметтер бойынша, Ұлы жүзде шаңырақ саны 95 000-ға жетті, ал Аристовтың101 мәліметтері бойынша, халық саны еркек, әйелді қоса есептегенде 550 000 адам болды. Қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы еді. Олар жылқы, түйе, сиыр, қой және ешкі өсірумен айналысты. Көшпелі мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі - оның көшіп жүретіндігі. Жас шөп қылтиып көрінісімен қазақтар ерте көктемде көше бастаған. Олар әуелі көктемгі жайылымға (көктеу) көшіп барған, мұнда ыстық түскенге дейін болып, со сын шөбі шүйгін, суы мол жазғы жайылымға (жайлау) қоныс аударған. Жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға (күздеу) орын ауыстырған, ал қараша айында қысқы қонысқа (қыстау) көшіп барып, күн жылынғанға дейін, әдетте наурызға, кейде сәуірге дейін сонда тұрған.

Қазақ рулары жақсы жайылым үшін өзара қырқысып келген.

XІX ғасырдың бас кезінде жекелеген рулар арасында кешу жолдарын, жазғы жайылымдарды және қыстақтарды болу негізінен алғанда аяқталды. Қыстақтар жазғы жайылымдардан көбінесе жүздеген шақырым қашық болатын. Шекті руының екі ауылы ежелден Арал теңізінің солтүстік жағалауын, «Құланды» түбегін малдың қысқы тұрағы етіп таңдап алған, ал екінші қысқы тұрақ Ырғыз уезіне қатысты Орда - Қорған болысының жерінде бола¬тын. Шекті руының жазғы жайылымдары Ембі уезіндегі Темір - Орқаш болысы шекарасының бойымен Мұғаджар тауы арқылы өтетін де, одан әрі Ор өзенінің жоғарғы ағысына дейін созылатын. Көшу жолының шалғайлығын көрсететін екінші бір мысалды титулды кеңесші Идаров103 келтіреді. Шөмекей руы ауылдарының бір бөлігі Сырдария және Қуаңдария өзендерінің бойында, екінші бір бөлігі Қызылқұмда қыстаған. Бұл ауылдар өз қыстауларынан шамамен алғанда сәуір айында көшіп, маусымның бас кезінде-ақ, Тобыл өзеніне, Құм және Ұлқияқ өзендеріне дейін ұзын саны 1 500 шақырым жер жүретін. Идаров бұл жазғы жайылымдарға қазақ ауылдарының бәрі бірдей жете алмайтындығын атап көрсетеді. Кедей қазақ ауылдары, Тобыл өзеніне жетпей, орта жолда, Қараөзек жағасында, Қарақұмда және басқа жерлерде тұрып қалады. Кейбір зерттеушілер қазақтардың көшіп жүретін белгілі бір жерлері болған жоқ, сондықтан олардың боранға киліккен жерде қыстауына тура келеді деп дәлелдемек болады. Мұндай пікір сын көтермейді. Ашмарин былай деп жазып, дұрыс атап көрсетеді. «Әр қазақ руында өзінің белгілі бір көшетін жолы бар. Оның бағыты тек топырақ және климат жағдайларына ғана емес, руаралық қатынастарға да байланысты болады. Қырғыз руының белгілі бір көшу жолына ие болуы ең жақсы дегенде - руаралық тату келісімнің нәтижесі, ал ең нашар дегенде -ондаған жылдарға созылған руаралық күрестің салдары».104 Егер қазақ руларының көшіп жүретін белгілі бір аймағы, қысқы қоныстары болмаса, олар мүлде мал ұстай алмас еді. Гәп жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстардың мал шаруашылығының белгілі бір талаптарына сай келуге тиіс екендігінде. Жазғы жайылым үшін шұрайлы шөбі мен тұщы суы мол жер таңдап алынды. Қысқы қонысты таңдап алуға қойылатын талап ерекше болды. Қысқы қоныс қар басып қалмайтын, бораннан ықтасыны бар жерден алынды. Қыстақтың жұқа қар жамылғысының астында қалған, мая жейтін шөбі жеткілікті болуға тиіс. Жұртқа мәлім, қазақтардың жылқысы мен қойлары жыл бойы далада жайылып жүреді. Қыста мал тебінде болады, яғни қардың астында қалған шөпті тұяғымен аршып жейді. Қазақтар қысқы қоныстарын жазғы уақытта тапталудан мұқият қорғайды. Аға сұлтан Мұса Шорманов Сібір өкімет орындарының талабы бойынша арнайы берген жазбасында қазақтардың қысқы қоныстарын былай сипаттайды: «Ірі қара мал қысқы уақытта қамысты, селеулі, шилі шабындықтарда, қойлар мүгі, жусаны бар таулы алқаптарда және ойпаң, сортаң жерлерде, түйелер шиі, қияғы, көгі бар таулы өңірлерде жайылады, ал жылқы жазда шөбі тапталмаған жерлерге бағылады».105 Қазақтар шаруашылығының жайылымдық - көшпелі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры ең алдымен табиғат жағдайына тәуелді еді. Қазақтардың малының көбі дүркін-дүркін қайталанып тұратын жұттан қырылды. Қазақтар әдетте қысқы уақытқа шөп дайындаумен айналыспады, мұның өзі олардың климат жағдайына тәуелділігін едәуір арттыра түсті. Феодал шонжарлардың қауымдық жерлерді тартып алуы және патша өкіметінің отарлық басқыншылығы қазақтар айналысатын мал шаруашылығының сипатына кейбір өзгерістер енгізді. Жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстардың маңызды аудандарын өкімет орындарының басып алуы негізгі қазақ рулары көшетін жолдардың бағыт-бағдарын бұзды. Соның салдарынан әр түрлі қазақ руларының ауылдары араласып, бірге көшетін болды. Жайылымдық жер іздеп жүріп әр түрлі рулардың араласып кеткені туралы Орынбор әскери - губернаторы Эссен граф Нессельродаға былай деп жазды: «Қырғыз даласында ру тұтас ру болып табылмайды... буған олардың өз бастықтарына бағынышты болу шартының көп себі тиді».106 Жердің тапшылығы көшу аймағының өзгеруіне және әр түрлі рулардың араласуына себеп болды. Өкімет орындары мен феодал шонжарлардың жақсы жайылымдарды тартып алуы салдарынан, әсіресе шекара шебіне жақын орналасқан қазақ руларының бір бөлігі жартылай отырықшылық өмір салтына көшеді. Бүл рулар қысқа қарай өз малдарына шөп дайындай бастайды. Жазда жайлауға көшуді жалғастыра берді. Мысалы, 12 ООО үйлі Қыпшақ және Жағалбайлы руларының өздерінің жерлері Орынбор қазақ әскерлеріне берілгеннен кейін, қыста малдарын тебіндетіп жаюға мүмкіндіктері болмаған соң, шөп шабуға көшті. Колледж тіркеушісі Андреев олар туралы былай деп жазды: «Қазіргі кезде бүл қырғыздар түгел дерлік шоп шабумен айналысады, - басым көпшілігі егін еге бастады, - кейбіреулерінің салып алған үйлері де бар, олар шаруашылық жөнінде орыстарға барынша еліктеуге тырысатын сияқты, мұның өздеріне пайдалы екендігіне көздері айқын жететін сияқты».107 Орынбор ведомствосы қазақтарының шөп шабуға және тұрақты қысқы қоныстар салуға көшуі туралы шеп бойындағы қазақтардың қорғаншысы Белозеров те жазды: «Мұндағылар қысқы уақытқа арнап шөп шабады және тезек дайындайды, ал күздің бас кезінде қысқы қоныстарына біржола көшіп келіп, мұнда бүкіл қыс бойы, көктемге дейін тапжылмастан отырады және ұсақ малдарын қораларда, жеркепе сияқты қазылған қораларда, шұңқырларда сақтайды».108 Қазақтардың шөп шабуға көшкендігін Қазақ даласының солтүстігіндегі шет аймақтарын аралаған А.К. Гейне те атап көрсетті. Ол былай деп жазды: «Бірнеше киіз үйдің иесі болған қырғыз жұтта көп малынан айырылды, сол себепті оның кеп малды азықтандыра алатын қыстағы енді өзінде қалған малды сақтауға қолайсыз бола бастады. Бұдан былай, -деді ол бізге, - менің малымның азайып қалғаны соншалық, отбасымның көмегімен қажетті мөлшерде шөп шауып алып, өзімді кездейсоқ жағдайларға ұрынудан қамтамасыз ете аламын».109 Сөйтіп, қазақтардың шөп шабуға көшуі мал шаруашылығына белгілі бір тұрақты сипат берді, оның қолайсыз табиғи жағдайларға қарсыласа алуын күшейте түсті. XІX ғасырдың бас кезінде, әсіресе 20-30-жылдары, қазақтардың шөп шабуға көшуіне байланысты және шекаралас орыс халқымен сауда байланысын күшейте түсуі арқасында малдың кейбір түрлері ерекше маңызға ие бола бастады. Мал шаруашылығының негізгі саласы қой шаруашылығы болып қала берді. Орта Азия саудасының тарихын зерттеуші белгілі ғалым А.Н. Тетеревников былай деп жазды: «Қырғыздың экономикалық тұрмысында қой ең маңызды рөл атқарады. Бүл малды орыс көпестері де, орта азиялық көпестер деп те бағалайды». 110 Әсіресе, ірі қара малдың маңызы айтарлықтай арта бастады. Ірі қара малдың тебінге бейімделгендігі себепті Орта және Кіші жүздердің қазақтары XІX ғасырға Дейін оны өсіру ісімен аз айналысты. Шөп шабуға көшуге байланысты жағдай басқаша қалыптасты. Ірі қара мал ет Тағамының қайнар көзі және көлік ретінде ғана емес, сонымен бірге сүт өнімінің қайнар көзі ретінде де бағалана бастады. Қазақтар май өндіріп, оны рынокта сататын болды. Бүл өзгерістерді халық мақалдарынан да аңғаруға болады. Егер бұрын сиырды малдың басқа бір түлігіне айырбастаған қазақ «Малдың жаманы - сиыр» дейтін болса, енді «Сиыр - пұл» дейтін болды. Орта Азиядағы керуен саудасының өсуіне қарай негізгі көлік құралы ретінде түйенің де маңызы арта түсті. Шекара Шебі бойында көшіп жүрген қазақтар, атап айтқанда, шектілер, шөмекейлер, жағалбайлылар, жаппастар орыс көпестеріне түйе сатып, өздері де түйелі керуенге жол бастаушы болып қызмет етті. Мұның өзі оларға мол табыс келтірді, Орынбор әскери губернаторына берілген бір жазбада былай делінген: «Бұқар мен Хиуаға тауар жеткізгені үшін міндеттеме бойынша әр түйеге төленетін ақы 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетеді»."1 XІX ғасырда қазақтарда егіншілік те едәуір дамыды. Мұнымен негізінен алғанда қазақ кедейлері - егінші деп аталған жатақтар айналысты. XІX ғасырға дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, не өзара феодалдық қырқыс - барымтаның салдарынан малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды. XІX ғасырдың 20-30-жыл- дарында шекара Шебі маңында да, сондай-ақ ел ішінде де тұратын қазақтардың едәуір бөлігі егіншілікке көше бастады. Бұған ең алдымен сол бір жер тапшылығынан туған жайылымсыз мал шаруашылығы дағдарысы себеп болды. XІX ғасырдың 20-30-жылдарында патша үкімет орындары қазақ шонжарларымен қосыла жақсы жайылымдарды тартып алды. Өздерінің қысқы қоныстары мен жазғы жайылымдарынан айырылған қазақтар егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Қазақтардың жаппай егіншілікке көшкендігін көптеген фактілер куәландырады. Орынбор өлкесінде болған чиновник Артемов былай деп жазды: «Далалы жерде егіншілік мал шаруашылығынан кейінгі ең маңызды кәсіп болып табылады, бүл сала халық санының көбеюіне және мал бағуға арналған жердің жеткіліксіздігіне байланысты недәуір тез дамып келеді»."2 Ілгеріде айтылғандай, егіншілікпен әуелі қазақтардың ең кедей бөлігі айналысты. Қазақтардың егіншілікке көшуінің себептерін анықтау үшін Орынбор даласына арнайы барып қайтқан титулды кеңесші Идаров былай деп жазды: «Малы, киім-кешегі жоқ жарлы-жақыбайлар көбінесе егін егіншілікпен айналысады, сондықтан да егінші деген сөз қырғыздарға адамның хал-күйін нашар екендігін білдіреді».103 1849-1853 жылдары Қазақстанның бірқатар облыстарын аралаған кен инженері А. Влангали өзінің жазбаларында былай деп айрықша атап көрсетті: «Қазақтар егіншілікпен аз шұғылданады, соның езінде мұнымен олардың тек ең кедейлері ғана айналысады. Оларды бай қазақтар жалдап алады, ал ауыл шаруашылығына қажетті нәрселердің бәрін олар өздерінің қожайындарынан алып тұрады»,"3 XІX ғасырдың бірінші жартысында егіншілік қазақ жерінің едәуір белдігіне тарайды. Сейдәлиннің деректеріне 114 қарағанда, Кіші жүзде «Торғай өзені маңында тұрған, Торайғыр, Қаз, Кедел, Өтей, Таз, Қырық мүлтік, Айдарке, Ақтәшкі, Тағыши, Бақай тармақтарынан құралатын Қыпшақ және Арғын руларының қазақтары егіншілікпен айналысқан. Олар астықты Торғай өзені маңындағы қазақтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарындағы қазақтарға да жетерліктей мөлшерде ендірген. Сібірден, Бағаналы руынан ақшөмішшілер, яғни астық сатып алушылар астық алу үшін келіп тұрған. Егіншілер жыл сайын қыркүйек айында астықты малға, көбінесе қойға айырбастау үшін қызу жұмыс жүргізген, ал жоғарыда аталған ақшөмішшілер мыңдаған қойларды айдап келетін болған». Орынбор ведомствосындағы қазақтардың арасында диқаншылықтың таралуы жөнінде генерал-адьютант Катенин Сыртқы істер министріне былай деп жазды: «Далаға бірнеше он шақырым бойлай енсеңіз, Оралға құятын барлық өзендердің, Ембі, Ырғыз, Торғай, Тобыл өзендері мен олардың салаларының, құмға сіңіп жоғалып кететін дала өзендерінің көбінің аңғарларынан жыртылған немесе тұқым себілген егістіктердің үлкенді - кішілі алаптарын көресіз».115 Орынбор өлкесінде жағдай осындай еді, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты Орта жүзде 40-жылдары қазақтардың едәуір бөлігі көбінесе шекара Шебіне жақын маңда тұрған жатақтар мен байғұстар, егіншілікке жаппай көше бастады. Г.Шахматов пен Броневскийдің деректеріне қарағанда, Көкбекті округіне қарасты Алтай, Қарпық, Бөрінайман, Терістамғалы, Күнсақ, Матай, Сарыжомарт, Көкжарма болыстарында 1000-ға жуық қазақ отбасы егіншілікпен айналысқан. Генерал-майор Броневскийдің116 деректері негізінде жасалған мына төмендегі кестеде егіншілікпен айналысқан болыстардағы егістіктердің көлемдері көрсетілген.

Болыс аты
Жер аты
Неше гектар тұқым себілген
Ескерту

Бөрі найман
Жанат өзені бойында

94

Чиру

14

Үменке

62

Ұланай

12

Қараөзек

58

Күнсақ
Сарыөзек

30

Матай
Қызылке

20

Ұрынхайке

15

Сарыжомарт
Волковчевье және В. Черновой өзендері бойында

52

Шилімақ және Қарғалы өзендері бойында

49

Барлығы:

416

Аталған болыстардың қазақтары барлығы 1.71 десятина және 15 партау бидай, 53 десятина және 4 партау арпа, 4 десятина сұлы, сондай-ақ 101 десятина және 4 партау тары екті. Орта жүздің басқа округтерінде егіншіліктің салыстырмалы таралуы туралы Идаров былай деп жазды: «Диқаншылықтың даму дәрежесіне қарағанда, округтерді мына тәртіп бойынша: Көкшетау, Көкпекті, Аягөз, Қарқаралы, Ақмола, Баянауыл деп тізуге болады». 103 Қарастырылып отырған кезеңде Сырдария аймағында егін егушілікпен айналысушылар саны едәуір көбейген, Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженскийге хабарлауында тілмаш Сұбанқұлов: Сырдарияда егін егушілікпен 500-ге жуық отбасы айналысты, олар Қаратөбе елді мекенінен Сырдарияға дейінгі алқапта 3 мың десятина жерге тұқым сеуіп, әр десятинадан 100 пұт бидай немесе тары алды деп көрсеткен. Жетісуда, Балқаш көлі мен Іле өзені маңында тұрған Ұлы жүз қазақтары да егін егушілікпен айналысты. Ұлы жүзде егіншілік бұрыннан бар болатын. Ол Орта Азиядағы дақыл егетін егіншілікті аудандардың ықпалымен дамыған-ды. Бүл жайында генерал-майор Броиевский былай деп жазды: «Жеті өзен елді мекенінде, Балқаш көлі мен Іле өзені маңында көшіп жүрген Үлкен Орда қырғыздары мен тастай тағы қырғыздар егіншілікпен айналысуға ынталана кірісіп, тары, бидай, арпа өсіріп жүр. Еңбек сүйгіш Ташкентпен көрші болу оларды осы кәсіпке ұмтылдырды».118 Мұның бәрі егіншіліктің Қазақ даласының едәуір бөлігіне таралғандығын айқын көрсетеді. XІX ғасырдың 30-жылдарыиа қарай кедейлермен қатар қазақтардың неғұрлым дәулеттік бөлігі де егіншілікпен шұғылдана бастады.

Кей жерлерде қазақтар айтарлықтай өнім жинады.

Артемьевтің деректеріне қарағанда,112 Орынбор ведометвосында егін егушілікпен айналысқан 6 700 отбасы жыл сайын орта есеппен 530 000 пұт астық жинады. Кіші және Орта жүздерде егіншілік едәуір дәрежеде орыс қоныс аударушыларының ықпалымен дамыды. Орыстармен жиі қарым – қатынас жасап,шаруашылығымен, тұрмысымен танысқан қазақтар олардың шаруашылық әдістерін тез игеріп алды. Егер егіншілікке көшуге жердің тарлығы эсер еткен болса, егіншілікті тез меңгеруге көбінесе орыс шаруаларының себі тиді. Қазақтар негізінен алғанда көлдер мен өзендердің жағалауларында егін салды. Өйткені, батыс аудандарды есепке алмағанда, Қазақстанда егіншілікпен тек қолдан суландыру жағдайында ғана айналысуға болатын еді. Қазақтардың егіншілігін сипаттайтын, қолда бар жазбаларға қарағанда, қазақтар барлық жерде өздерінің егістіктерін қолдан суарумен айналысып, бүл іске әбден шебер болып алған. Егістік жерлерін суару әдісін сипаттау үшін 1847 жылы губернатор Обручев Арал теңізіне барғанда соның қасына еріп жүрген Нешельдің119 қазақтардың ирригациялық жүйесін суреттеген еңбегінен үзінді келтіреміз. Оның әңгімелеуіне қарағанда, қазақтар оз учаскелерін үстіңгі жағынан көлемдері әр түрлі шаршыларға бөлген, осы шаршылардың ең үлкендері бір бағытқа есептегенде 8 фут болды. Осы шаршылар арқылы жыралар жүйесі жүргізілді, олар бір жағынан өзенмен немесе қолмен, ал екінші жағынан - ең қашық немесе дөңес шаршымен жалғасып жатты. Егер жер өзеннен құрғаққа қарай дөңес болса, қыруар еңбек жұмсаудың нәтижесінде жоғары көтерілген су төмен қарай ағып кетпеуі үшін жыралар көлденең үйінділермен тосылды. Су бассейнінен әуелі ең дөңес шаршыға су құйылды, мұның өзі әлгі шаршылар суға әбден көлкіп кеткенге дейін жүргізілді. Содан кейін жоғарғы шаршылар мен оларға жақын орналасқан шаршылардың арасындағы үйінді топырақты жырып, оларға су жіберді. Қазақтардың өз егістіктеріне қолдан суландыру әдісін қолданғаны жайында генерал - майор Броневский де жазды: «Бұқтырма қамалының сырт жағынан, Нарым тауының етегі мен тау бұлақтарынан жыралар арқылы келіп жатқан сумен толтырылған едәуір келемді егістік жерлерді көрдім. Жердің топырағы тастақ болғанымен, ылғалдың, қолдан суарудың нәтижесінде мұнда тары дақылы бітік өседі»118. Қолдан суландыру әдісінің қолданылғандығыны суландыру жүйелерінің толып жатқан қалдықтары ғана емес, сақталып қалған халық әні де айғақ бола алады. Бүл әнде шығырмен суарудың тиімділігі айтылады. Шығыр дегеніміз - көліктің көмегімен қозғалысқа келтіріп, су алып шығатын доңғалақ.

Шығырдың түп атасы әлі шынар,
Шынарға сыйынбасаң шығыр сынар.
Шынарға әлі менен көп сыйынсаң,
Қашанда егін бітіп, көңіл тынар.

120 Қол қауғаның көмегімен суарудың неғұрлым қарапайым әдістері қолданылды. Мұндағы қол қауға дегеніміз ұзын сырықтың бір ұшына байланған шелек. Сол сырықтың көмегімен құдықтан су алынып, арықтарға құйылады. Бөкен өзені аймағындағы Қарауыл жасық болысының қазақтары пайдаланған қолдан суару техникасын егжей - тегжейлі суреттей келіп, Влангали: қазақтар «нақ осы қолдан суландырудың арқасында мол өнім»"3 жинайды деп атап көрсеткен. Қазақтар қолдан суландыруда біраз жетістікке не болғанымен, тұтас алғанда егіншілік қарабайыр сипатта болды. Топырақ өңдеу техникасы өте төмен деңгейде еді. Қазақтардың көпшілігі жерді ағаш соқамен, темір кетпенмен өңдеді. Мәселен Г. Шахматов кейбір қазақтардың жерді «орыс соқасына ұқсас түренсіз ағаш соқамен, екінші бір қазақтардың темір күрекпен»116 жыртатындығын айтқан. Орыс селоларына жақын тұрған қазақтардың тек болмашы бөлігі ғана темір соқа сатып алып, жерді соның көмегімен өңдеді. Бұл жөнінде Мұхаммедғали Тяукин былай деп жазды: «Шекара Шебі маңында көшіп жүріп, егіншілікпен айналысатындар (қазақтар - Е.Б.) жерді кәдімгі орыс сабанымен немесе соқамен жыртады».121 Қазақтардың бір бөлігінің темір соқаны қолдануға көшкеніне қарамастан, қазақ жұртшылығының негізгі бөлігі жерді бұрынғысынша ағаш соқамен өңдеді. Санкт-Петербургке келген қазақтар 50-жылдары-ақ өздеріндегі егіншілік құралдары тым қарадүрсін екенін айтып, ауыл шаруашылығы құралдарын жетілдіру жөнінде бізге көмек көрсетсеңіздер екен деп өтініш білдірген. Олар былай деп жазған: «Біз, әлбетте, көптеген жерлерде мал шаруашылығынан безіп, егіншілікке көшіп жатырмыз. Бізге өз егіншілігіңізді көрсетіп, ездеріңіздің жақсартылған құралдарыңызбен бізді таныстырсаңыздаршы, өзіміздің жаман соқамыз бен кетпеніміздің мүлде жеткіліксіз екендігін біз түсінеміз».122 Сонымен, XІX ғасырдың орта тұсына қарай егіншілік кәсіптің мал шаруашылығынан кейінгі екінші түрі болды. Енді егін егуішілікпен тек жатақтар мен егіншілер ғана емес, ауқатты қазақтар да айналысатын болды. Кіші және Орта жүздерде егіншілік шаруашылықтың ерекше саласына айналды, бүл жүздердің халқының санымен салыстырғанда егін егушілікпен шұғылданушылардың саны әлі көп болмағанымен, егіншілік қазақ тұрмысынан берік орын алды. Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендерінің жағалауларын мекендеген қазақтар бау-бақшалық шаруашылығымен айналысты. Сейдалиннің әңгімелеуіне қарағанда, жүгері, қарбыз, қауын, пияз, сәбіз және асқабақ тұқымдарын бірінші рет Торғайға 1800 жылы Сейітқұл деген қазақ әкелген көрінеді. Өрік пен жүзім тұқымдарынан басқаларының бәрі жақсы өнім берген. Сырдария қазақтары тек қана қауын, қарбыз және асқабақ өсірген. Қазақтар жерді кетпенмен қазып, жүйектер жасаған, сосын бақша дақылдарының тұқымдарын сепкен. Қауыннан тәтті тағамдар дайындаған. Бұл туралы Сырдария қазақтарының арасында ұзақ уақыт тұрған орынборлық көпес Д.У. Бедов қызғылықты мәліметтер хабарлайды. Ол былай деп жазады: «Қауынды ұзынынан бірнеше тілімге бөліп, күнге кептіріп, қысқы уақытқа сақтап, қор жасайды, осы әдіспен қақталған қауын тілімдерін жіңішке арқан сияқты етіп өреді де, қапқа салады. Қауынқақ деп аталатын бүл тағам өте ұзақ жатса да бүлінбейді».123 Қауыннан тағам дайындаудың бүл әдісі Сырдария (қазіргі Қызылорда облысы) қазақтары арасында күні бүгінге дейін сақталған. Қазақтар аң аулаумен де ертеден айналысты, әсіресе түлкі мен қарсақ аулаудан көп кіріс түсті. Аң терісі қазақтардың тек өз мұқтаждығына ғана жұмсалып қоймай, сонымен бірге едәуір мөлшерде сатуға түсіп тұрды. Орыс көпестеріне өткізілетін тауарлардың арасында қасқыр, түлкі, қарсақ және басқа аңдардың терілері болды. Қазақтардың басқа кәсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады. Мұнымен қазақтардың ең төмен бөлігі - жатақтар мен егіншілер айналысты. Қазақтар балықты арнаулы тормен, аумен аулады. Үлкен өзендерде, мысалы, Сырдарияда қазақтар балықты «сүзгіш» деп аталатын аудың көмегімен ұстады. Қазақтар балықты өз қажетін өтеу үшін пайдаланды, базарға апарып сатпады. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер кәсібі айтарлықтай орын алды. Тері илеу, оқ-дәрі, бояу дайындау, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу, метал мен жүн өңдеу дамыды. Қазақтардың көшпелі өмір салты киіз үйдің кереге, уықтарын дайындайтын шеберлерді ерте қалыптастырды. Кереге жасаушы мұндай шеберлер ірі феодал ауылының маңайында тұрды. Ұсталық ісі ерекше орын алды. Қазақтар жез балқытудың тәсілін білді. Шеттен әкелінген темірден үй ішілік алуан түрлі заттар жасады және шалғы, орақ, соқаның ұшы сияқты еңбек құралдарын әзірледі. Күмістен зергерлік бұйымдар жасады. Суық қарудың барлық түрлері, мылтықтар дайындалды. Қазақ әйелдері киіз басты, текемет, сырмақ, кілем тоқыды, кесте, тоқыма бау, сондай-ақ киіз қалпақ, тон, ішік, аяқ киім сияқты үй ішілік бұйымдарды өз қолдарымен шебер жасады. Қысқасы, кеңінен тұтынылатын заттардың едәуір бөлігін қазақтар өздері әзірледі. XVІІІ ғасырмен салыстырғанда XІX ғасырдың бірінші жартысында қолөнер бұйымдарының түрлерінде көп өзгеріс бола қойған жоқ, бұрын қандай нәрселер. жасалған болса, сол нәрселер өндіріледі. Осы бұйымдардың бәрі негізінен қазақтардың оз қажеттерін өтеуге жұмсалды. Қолөнер кәсібінің жеке түрлері айтарлықтай жетілдірілді. Сол кезде Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып істеген белгілі шығыстанушы В.В.Григорьев былай деп жазды: «Былғары дайындайтын, тері илейтін, ұсталық, токарьлық және басқа қолөнер кәсіптері отырықшы село халқында қай дәрежеде болса, көшпенділерде сол дәрежеде, кейде тіпті жоғарылау деңгейде». 124 Көкшетау округінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде болған Словцев қазақтардың ұсталық өндірісіне жоғары баға берді. Ол былай деп жазды: «Әсіресе ұстаның күміспен қаптап жасаған заттары әдемілігімен көз тартады. Балта, жүген, ер-тоқым әбзелдері, пышақ, үзеңгі сияқты заттар сапасы жағынан біздің Ресейдегі осы іспеттес өндірістің таңдаулы заттарынан ешбір кем емес».125 Қазақтар XІX ғасырдың бірінші жартысында бірсыпыра қолөнер бұйымдарын ішкі қазақ базарында сатты. Орынбор Шекара Комиссиясының 1847 жылғы есебінде былай делінген: «Ер-тоқым, киіз, түйе жүнінен тоқылған мата, тоқыма беу, арқан, киіз үйдің керегелері, темірден және күмістен жасалған бұйымдар сияқты өздері жасаған заттарын қырғыздардың өздері сатты».126 Қазақстанда талай рет болған Колмагоров127 та түзде қолөнершілердің өмір сүргендігін хабарлайды. «Егер XVІІІ ғасырда қазақтарда қолөнер кәсібі үй ішілік сипатта болса, XІX ғасырдың орта тұсына қарай кейбір қолөнер кәсіптерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп, қолөнердің жеке аудандар бойынша мамандандыра бастағаны байқалады. Балташы, ағаш шебері және ұста істері жөнінде арнаулы шеберлер пайда болды, ал бүл істермен қазақтардың тек кедей бөлігі ғана айналысты».117 XІX ғасырдың 60-жылдарында қазақ даласында болған А.К. Гейнс Қазақстанның жекелеген аудандарының қолөнер бұйымдарын дайындауға мамандануы туралы әңгімелейді. Гейнетің айтуына қарағанда, «ағаштан жасалған ең таңдаулы заттар Қаржас және Айдабол болыстарында» болса керек. Торғай мен Тобыл өзендерінің бойымен көшіп жүрген Орынбор ведомствосының қазақтары айырбас жасау мақсатымен «жеткілікті мөлшерде ағаш бұйымдарын дайындады».128 Дегенмен қолөнер бұйымдары негізінен сол заттарды өндірген шаруашылықтардың үйдегі қажеттерін қанағаттандыруға жаратылды. Қолөнер әлі де көбінесе үй өндірісі сипатында болды, ал өнеркәсіп еңбегі нәтижесінде жасалған бұйымдар қазақ рулары. арасында тек айырбасқа түсті. Қазақтардың кеңінен тұтынылатын заттарға (жақсы мата, ыдыс, үй ішінде пайдаланылатын басқа да заттар) деген өскелең талаптарын толық өтеуге өздеріндегі өндірістің шамасы жетпеді. Өнеркәсіп бұйымдарына, ең алдымен кеңінен тұтынылатын заттарға деген зәрулік қазақтарды көрші мемлекеттермен тауар айырбастауға итермеледі. Қазақтардың Ресеймен айырбас сауда жасауы XІX ғасырдың бірінші жартысында кең өріс алды. Орынбор, Троицк қалалары, Петропавл, Пресногор, Омбы, Семей қамалдары және Орал Қазақстанмен сауда жасаудың басты-басты орындары болды. Левшиннің деректеріне қарағанда, XІX ғасырдың 20-жылдарында орыс көпестері тек Сібір қазақтарынан ғана 3 миллионға жуық қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін өгіз сатып алып, күміспен есептегенде жалпы сомасы 8 миллион сомға сауда жасаған. Мұнымен қатар мыңдаған түйе, мыңдаған тонна тері, қой терісі, қозы елтірісі, киіз, кілем және басқа тауарлар сатып алынған. Ресей қазақтармен сауданы татар көпестері немесе өздерінің қазақ тілін білетін сауда қызметкерлері арқылы жүргізген. Егер орыс көпестері қазақтардан мал және мал шаруашылығы шикізаттарын сатып алса, ал қазақтар олардан ти ұға, кенеп, өңделген тері, боз, қытай жібегі, темір, шай, қант, темекі, ағаш, ыдыс-аяқ, мал емдеуге арналған дәрілер: скипидар, мұнай, мүсәтір сияқты бұйымдар сатып алған. Небольсиннің деректеріне қарағанда, XІX ғасырдың екінші ширегінде, 1827 жылдан 1837 жылға дейінгі он жылдың ішінде Қазақстанмен жасалған орыс саудасының айналымы 10,53 миллион сом мөлшерінде болды. 1840— 1850 жылдары бүл көрсеткіш 15,73 миллион сомға жетіп, бір жарым есе өсті. Ресейдің қазақ даласымен саудасында тауар әкелу тауар әкетуден асып түскен. Орынбор губерниясы бойынша жасалған айырбас сауда осыны дәлелдейді.

Тауарды сырттан әкелу
1846-647 868 сом 44 тиын
1847-749 769 сом 60 тиын
Тауарды сыртқа шығару

1846-469 694 сом 44 тиын
1847-490 299 сом 64 тиын

XІX ғасырдың бірінші жартысында патшалы Ресейдің Орта Азиямен сауда жасауында Қазақстанның транзиттік маңызы өсе түсті. Ресейдің Орта Азия хандықтарымен керуен саудасы Орынбордан, Троицкіден, Петропавлдан және Семейден Қазақ даласы арқылы жүріп өтті. Қазақстанның тек солтүстік облыстарының жерімен ғана мына төмендегі бағдарлар бойынша 5 керуен жолы өтті: 1. Петропавл қаласынан Ташкентке, Қоқанға және Бұхараға. Керуен Ақмола приказы, Ұлытау елді мекені арқылы жүріп, одан әрі Шу өзенін кесіп өтеді де, Созақ, Түркістан арқылы Ташкентке барады. 2. Петропавлдан Құлжаға - Баянауыл, Қарқаралы, Аягөз, Қапал арқылы. 3. Семейден Құлжа мен Қашқарияға - Аягөз және Көкпегі приказдары, одан соң Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейлері арқылы. 5. Семейден Қоқанға - Керуен Аягөз, Қарқаралы, Шу және Ташкент арқылы өтеді. Ресейдің Орта Азиямен жасаған саудасы жөнінде Ханыковтың есебінен және Британ Елшілігінің хатшысы Ломлей жазған материалдардан алынған кейбір деректер Орта Азия саудасының жағдайын әбден айқын сипаттайды. 1840 жылдан 1850 жылға дейінгі он жылдағы сыртқы сауданың айналымын мына төмендегі цифрлардан көруге болады59: Апарылғаны: Бұхараға, Хиуаға, Коқандқа - барлығы мынадай сома: 783 785 ф. ст. 199 830 ф, ст. 30622 ф. ст. 1 014 237 ф. ст. Әкелінгені: Бұхарадан, Хиуадан, Коқандтан - барлығы мынадай сома: 1 096 380 ф.ст. 209 425 ф.ст. 39 936 ф.ст. 1 345 741 ф.ст. Ханыковтың мәліметтеріне Караганда59, Ресейдің Орта Азиямен жасаған керуен саудасын жыл сайын 5 мыңнан 6 мыңға дейін түйе қамтамасыз етті. Ломлейдің деректеріне қарағанда, егер 1828 жылы Ресейден Бұхараға, Хиуаға және Коқандқа апарылған тауарлар 23 620 ф.ст. болса, 1840 жылы бұл көрсеткіш 65 674 фунт стерлингке жеткен. Патшалы Ресей Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі, кілем және басқа заттар сатып алып әкеткен. Орта Азиядан сатып алынған тауарлардың арасында мақта және мақтадан иірілген жіп бірінші орында болды. Мұны Ресейдегі тоқыма өнеркәсібінің шикізат пен шала өнімге деген өскелең қажеттерін түсіндіруге болады. Жұртқа мәлім, ерікті жалдама еңбекті қолданудың негізінде дамыған мақта-мата өнеркәсібі XІX ғасырдың бірінші жартысында едәуір өрге басты. Қазақстаннан тауар сатып алуда мал шаруашылығы шикізаты, әсіресе тері елеулі орын алды. Бұл шикізат көбінесе шекаралық ауылдарда өңделді. 1837 жылы Орынбор губерниясында 59 тері өңдеу зауыты жұмыс істеді130. Орта Азия хандықтарымен және қазақ даласымен жасалған сауда жайында біз келтіріп отырған деректер XІX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Орта Азияның шаруашылығы Ресейдегі дамып келе жатқан капитализмнің қажеттерін сауда арқылы барған сайын көбірек байланысып, оны жаңа базарлармен қамтамасыз етіп отырғандығын дәлелдейді. Ресейдің Орта Азиядағы саудасы жөніндегі деректер Қазақстанның және Орта Азия хандықтарының Ресейдің шикізат базасына айналғанының айғағы болып табылады. Қазақстан тек Ресей тауарлары. сатып алынатын орын ғана емес, сонымен бірге маңызды шикізат көздерінің бірі болды. Ресей көпестерінің қазақ даласымен саудасы көбінесе айырбас сипатында болды да, айырбастың үстем формасы ретіндегі тауар-ақша айналысына ұласты. Үш жасар қой жалпыға бірдей балама болды. Қазақ даласымен сауда жасалғанда отарлық сауданың белгілері, оның баламасыздығы айқын білініп тұрды, алайда ол айырбас сауда атымен бүркемеленді. Орыс саудагерлері арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы шикізатқа айырбастап, мол олжаға кенелді. Мәселен, Петропавл кеденінің бастығы Чернявскийдің деректеріне қарағанда, шойын қазан қымбат аң терісіне айырбасталды, соның өзінде шеңберінің әрбір 22 сантиметрі үшін бір түлкіден немесе 4 қарсақтан немесе тұлыптық ең жақсы 3-5 теріден алды. Мұнай айырбас жағдайында салмағы бір пұт, шеңбері 2 метрдей болатын қазанның бағасы ақшаға шаққанда 50 сомға жуықтады, ал сол қазан Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиынға сатылды. Осының өзі-ақ көпестердің пайдасының мөлшері туралы түсінік берсе керек. Екінші бір айқын мысалды Красовский келтіреді: «Орыс саудагері 5 тиын тұратын шытты 30 тиынға сатты, ал сапасы нашар мақпал қойдың жарты етіне сатылды, яғни қырғыз бүл матаның 1 аршыны үшін күміспен 1 сом төледі, ағаш ыдыс қойға, яғни 1 сомға сатылды». Орынбордағы орыс көпестерінің алдын ала арақ ішкілігі аңғал қазақтарды қалай алдайтындығын егжей-тегжейлі суреттей келіп, граф Ян Потоцкий былай деп жазады: «Өздеріне орыс көпестері алдап өткізіп жіберетін тауарлардың бағалары туралы қазақтардың мүлде дерлік ешқандай түсінігі болмағандықтан, мұндай айырбас сауданың пысық көпестерге мол табыс келтіретіндігін оп - оңай түсінуге болады».132 Сауданың отарлық сипаты Қазақ даласына сапасы ең төмен тауарлар сатылғандығынан да байқалды. Көп жағдайда қазақтардың өздерінен сатып алынған шикізаттан қылшық жүнді мата жасалып, ол сол қазақтардың өздеріне сатылды. Саудагер Владимир Кузнецов былай деп жазды: «Семейге орыстардан сапасы орташа, тіпті сорты темен тауарлар жеткізіледі, ал Кяхтада міндетті түрде ең жоғары сапалы тауарлар талап етіледі».133 А. Тетеревников та осыны атап көрсетті. Ол былай деп жазды: шетке шығарылған тауарлардың арасында «біздің Мәскеудің қытай жібегі, тік, без, әсіресе өте ірі, айқын әрі түрлі-түсті бедері бар шыт сияқты маталардан тұратын кездеме тауарлары»218 басты орын алды. Ресейдің Қазақ даласымен айырбас саудасының күшеюі және бірте-бірте тауар-ақша қатынастарының енгізілуі арқасында Қазақ даласында ішкі сауда дами бастады. Алғашқы кездерде ол негізінен әлі айырбас сипатында болды. Айырбас сауда тек рулардың арасында ғана емес, сонымен бірге үш жүздің қазақтары арасында да орын алды. Мысалы, Сырдария қазақтары мамырдың аяғы мен маусымның басында Сібір ведомствосының Сарысу өзені жағасындағы казактарымен кездесіп, малмен және ағаш бұйымдармен айырбас сауда жасады. Сауда-саттықта ақша қолданылған жерлер де болды. Қазақтардың ішкі саудасын зерттеген А.Тетеревников былай деп жазады: «Бүл мал табыны қолма-қол ақшаға сатылады да, сол ақшаның бір бөлігіне егіншіден едәуір мөлшерде астық сатып алынады».128 Кең көлемде дамығандығында қарамастан, орыс саудасы Қазақстанда ескі өндіріс әдісі мен капитализмге дейінгі қатынастарды өзгерте алмады. Сауданың қандай дәрежеде «ескі өндіріс әдісінің ыдырауына ықпал ететіндігі ең алдымен өндіріс әдісінің беріктігі мен ішкі құрылыс байланысты болады», 134 - деп кезінде Маркстың өзі-ақ атап көрсеткен-ді. Қазақстанда өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуы, қатынас жолдарының болмауы, шалғай аудандардың сауда орталықтарынан қол үзіп қалуы ескі өндіріс әдісінің сақталуын туғызды. Сауда - өсімқорлық капиталдың үстемдік етуі «өндіргіш күштерді дамытудың орнына» олардың тек қана әлсіреуіне апарып соқтырады, «сонымен бірге ол осы кесірлі (капитализмге дейінгі - Е. Б.) қатынастарды мәңгілік етеді, ал бұл қатынастардың тұсында қоғамдық еңбек өнімділігі капиталистік өндірістегідей еңбектің өз есебінен дамымайды».134 Қазақстанда айырбас сауданың дамуына байланысты өсімқорлық істер кең тарады. XІX ғасырдың орта шенінде орыс көпестерінің едәуір бөлігі өз тауарларын қазақтарға қарызға берді, бұл үшін қазақтар осы қарыз бен оның проценттерін оз малымен өтеуге міндеттенді. Бүл жөнінде Красовский былай деп жазды: «Тек көпестер ғана емес, бірсыпыра уақыт бойы егіншілікпен мүлде айналыспай келген қазақтар да қырғыздардың есебінен сауда-саттық жасайды. Олар көпестерден тауарлар алады да, оларын қырғыздарға апарып, кем өлшеп, таразыдан жей отырып, несиеге береді».4 Бұндай алыпсатарлықтың бір айқын мысалын өзінің жазбаларында А.Влангали келтіреді: «Нарым және Құржым аудандарының егінші қазақтары болмағанда, 1847-1848 жылдардағы құрғақшылықтың салдарынан ұнның бағасы бұрын-соңды болып көрмеген деңгейге жететін еді. Тату көршілік хақысына адал олар бірнеше мың пұт бидай ұнын әкеліп, пұтын 18-30 тиын күміс ақшаға сатты. Халықтың ауқатты бөлігі бүл мүмкіндікті пайдаланып қалуға асықты. Олар ұнды сатып алып, сосын оның пұтының бағасын 60-75 тиынға дейін кетерді, сөйтіп мол олжаға қарық болды».113 Діндес татар көпестері қазақтардың есебінен орыс көпестеріне қарағанда көп байымаса, аз байыған жоқ. Бүл жөнінде тағы да сол Влангали былай деп әңгімелейді: «Қазақ даласында Қоқан тауарларын сатудан татар көпестері орасан коп пайда тапты. Мысалы, олар Ташкентте көк былғарыдан тігілген жүз жұп аяқ киімді 200- 240 сомнан алады да, қазақтарға сатқанда 1 жұп аяқ киім үшін бір жарым қойдан екі қойға дейін алады».113 Қазақ даласында, қарыз кіріптарлығына ұшыраудың етек алғандығына: «Жол - онымен жүру үшін салынған, ал адам - алған қарызын қайтару үшін жаралған» деген мәтел айғақ бола алады. Сөйтіп, сауда капиталы айырбастағы делдал болып қана қоймай, сонымен бірге процент беретін капиталға, яғни өсімқор капиталға айналды. Маркс өсімқор капиталын сауда капиталының «өгізі» деп атайды. Қазақстанда сауданың өркендеуі қазақтардың шаруашылығының заттық өндірістік негізін өзгертпесе де, дегенмен тауар-ақша қатынастарының одан әрі енуіне жәрдемдесті. Қазақтардың арасында арнаулы сауда серіктіктерін ұйымдастырған саудагерлер пайда болды. (Мысалы, Ахмет Жантөрин, Құланбаев және басқалар). Олар ақшаны өсімқорлық проценттер алатын болып қарызға берді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы батырақтың пайда болуын туғызды. XІX ғасырдың бірінші жартысына тән белгі қазақтардың арасында «шет кәсіптің» пайда болуы еді. Мұндай кәсіп неғұрлым еркін капиталистік еңбек формасына көшу жолымен жартылай басыбайлылық кіріптарлық еңбек формасынан құтылуға ұмтылған қазақтардың ең кедей бөлігі ауыр жағдайда болуынан туған. Кезінде В.И. Ленин: «Кешіп жүру (шеттен кәсіп іздеу - Е.Б.) жалдау мен жұмыспен өтеудің кіріптарлық формаларын қиратады»135-деп атап көрсеткен болатын. Артемьевтің деректеріне қарағанда112, шекара бойындағы орыс тұрғындарында және Каспий теңізінің балық аулайтын кәсіпшіліктерінде бақташы болып жұмыс істеген қазақтардың жалпы саны еркек, әйелді қоса есептегенде 20 мыңға жетті. Тек бір ғана Ембі балық аулау кәсіпшіліктерінде 200-ге таяу қазақ жұмыс істеді127. Шеттен табыс іздеп кеткен қазақтардың көпшілігі балық аулайтын кәсіпшіліктерде жұмыс істеп, Шеп бойындағы ауқатты тұрғындарға жалданды. Тек болмашы бөлігі ғана тау-кен өнеркәсібінде, атап айтқанда, алтын кен орындарында, Баянауыл таскөмір кен орындарында және Қарқаралы қорғасын кенішінде жұмыс істеді. Бүл кәсіпорындардың қожайыны Попов 1843 жылы Талды көл кен орындарынан 12 840 пұт таскөмір, ал 1846 жылы Қарқаралы қорғасын кенішінен 5 292 пұт қорғасын рудасын өндірді. Алтын өнеркәсіпшілерінің қазақтарды жалдау тәртібі туралы сол кезде Батыс Сібір өлкесінде қызмет істеген Григорий Колмагоров хабарлайды127. Оның айтуына қарағанда, жалданып жұмыс істеген қазақтар үш категорияға бөлінген. 1. Жаз айларында жұмыс істейтіндер, бұлар тек мамырдан қазанға дейін ғана жұмыс істеді, оларға ай сайын күміс ақшамен 3 сомнан 4 сомға дейін төледі, сонымен бірге олар жатар орынмен қамтамасыз етілді. 2. Шымтезек оятын жүмысшылар. Алтыны бар шөгіндінің қалыңдығына қарай оларға күміс ақшамен 3 сомнан - 5 сомға дейін төледі. 3. Алтын кен орындарындағы жүмысшылар, олар өздеріне бөлініп берілген учаскелерде қожайынның құрал - саймандарымен, приказчиктердің қадағалауымен жұмыс істеді. Олар өздері шайып берген алтынның бір мысқалы үшін күміс ақшамен 1 сом 50 тиын ақы алды. Шеп бойындағы орыс қожалықтарына жалданған қызметші қазақтардың жағдайы ауыр болды. Бүл жөнінде Орынбор Шекара Комиссиясының әскери губернаторға жеткізген бір хабарында былай делінген: «Қазақтар өздеріне жалданған қырғыздардың еңбекақысын беруді ұзаққа созады, сөйтіп оларды, былайша айтқанда, ұзақ уақыт бойы кіріптар етеді». Шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қатынастарына да эсер етпей қалған жоқ. Келесі тарауда біз осы қатынастарды қарастыруға көшеміз.

2 - тарау

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ

Қазақстандағы әлеуметтік қатынастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институттардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және біз назар аударып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын анықтаудың маңызы өте зор. Мәселені бұлай қарастырмайынша, жекелеген феодалдық институттардың таптық және әлеуметтік мәнін ашу мүмкін емес. «Қоғамдық ғылым мәселесіндегі ең сенімді нәрсе,- дейді Ленин,- негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс қалай пайда болды, бүл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысынан қарау және осы даму көзқарасы тұрғысынан сол заттың қазір не болып отырғанына қарау».136 Революцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы «ақсүйек» пен «қара сүйек» деген екі әлеуметтік топты ғана білді137. Олар ақсүйекке барлық чингизиттерді, ал қарасүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды. Бұл екі топ барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік категориялар болып тұлғаланды. Сондықтан бүл авторлардың еңбектерінен XV ғасырда да, XVІІІ-XІX ғасырларда да «ақсүйек» пен «қарасүйекті» кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы, қарастырылып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде олардың қандай орын алғандығы анықталмай қалды. Жұртқа мәлім, XV ғасырдағы ақсүйек ХІХ ғасырдағы ақсүйектен көп жағдайда өзгеше болды, дәл осыны «қарасүйек» жөнінде де айтуға болады. Патриархалдық - рулық қатынастардың ыдырауы және таптардың саралануы процесінде «қарасүйектің» приемная өздерінің жағдайы жағынан чингизидтерге дес бермейтін текті шонжарлар және тәуелді қоғамдық топтар егіншілер, жатақтар, байғұстар бөлініп шықты. «Ақсүйек» терминінің шығуы қазақ халқы тарихының бастапқы кезеңдеріне жатады.«Ақсүйек» шонжарларының пайда болуы татар-моңғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымен байланысты еді. «Ақсүйек» өкілдері өздерін Шыңғыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этно генезисін зерттеумен арнайы шұғылданған сұлтан - Меңдәлі Пірэлиев138 былай деп жазды. «Ақсүйектің қарасүйекке үстемдік етуі жөніндегі табиғи құқықтар деген ұғым бүл халықтарға (қазақтар мон өзбектерге) монғолдардан көшті деп қорытынды жасай аламыз... Қожайындар жерде жаратылған жандар болмауы мүмкін дейтін қияли түсініктер оларды қарапайым халықтан өзгеше тайпа деп есептеттірді»139. Академик В.В. Радловтың атап көрсеткеніндей, «тора» деген ежелгі түрік термині «ханзада» деген мағынада қолданылады. Г.Шлегельдің арнайы жазылған еңбегі ежелгі түрік халықтарындағы және монғолдардағы осы терминнің тегі мен мағынасына арналған. Орта Азияның тарихын зерттеуші Кәрі - Құрбан - әлі Қажы – Халид – Бек - Оғлы «төре» терминінің шығуын да Шыңғыс хан заманына жатқызады. Ол былай деп жазады:21аил

Мұның аудармасы: «...қазақ хандарын әдетте төре деп атаған. «Төре» деген соз кезінде Шыңғыс ханның заңдары мен заңдар жиынтығының атауы болған, кейін оның ұлдары мен ұрпақтарының қастерленіп аталуына айналған. Автор «төре» сөзі бағыныштыларды қамшымен жазалау деген мағынаны білдіретін парсының «дрэ» деген сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Бұдан әрі автор қазақ хандары Шыңғыс хан заманынан бері «төре» сөзін өздерінің ұлдары мен туыстары жөнінде қолданды деген түсінік береді. Ханның бұйрығы сөзсіз орындалатын; хан өзінің бағыныштыларын өлім жазасына кесе алатын болған, бірақ оның ұлдары мен туыстарына мұндай құқық болмады - олар өз бағыныштыларын тек қана жазалай алды. «Төре» дегеніміз ханның туыстары, олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды. Автор былай деп жазады:

Мұның аудармасы: «төре» сөзі «атақ» деген мағынаны Шыңғыс ханның заманында мұндай атақ қолында толық билігі жоқ чиновникке берілген... Тибиян Нафидің үндіс тілдерінде жарық көрген кітабында «төре» сөзі қолында толық билігі, үлкен беделі жоқ адам деген мағынада қолданылған... Біздің заманымызда төре деп ханнан төменірек тұратындарды атайды».21 Мұның бәрі Меңдәлі Пірәлиевтің «төре» деген терминнің шығуы жөніндегі пікірін қуаттай түседі. Жұртқа мәлім, монгол шапқыншылары өздері басып алған Орта Азия елдерінде жергілікті тұрғындарды басыбайлы деп санап, оларға ұрып-соғу жазасын қолданды. «Ақсүйек» өкілдері - төрелер бөлек феодалдық кастаны құрап, қазақтың рулық қауымының құрамына кірмеді. XVІІІ ғасырға дейін «ақсүйек» өкілдері — хандар мен сұлтандар - қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде үстем болды. Қазақстандағы патриархалдық - феодалдық қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек «ақсүйек» өкіл ғана хан болып сайланатын. Сұлтан деген атақты тек чингизиттер ғана алатын. XVІІІ ғасырға дейін бүл атақ қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде чингизидтердің үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ XІX ғасырдың бірінші жартысында «ақсүйектің» бұрынғы біртектілігі енді байқалмайтын болды. Артықша жағдайдағы осы бір сословие ықпалының әлсіреуіне чиигизидтердің арасында мүліктік теңсіздіктің өсуі себеп болды. Олардың сословиелік біртектілігіне патша үкіметінің саясаты да елеулі соққы берді. Патшаға қызмет етуге көнген және үкіметтен ата тегінен бері дворян деген атақ алған билеуші сұлтандар мен аға сұлтандарды есепке алмағанда, 1822 жылғы жарғының негізінде және Кіші жүздің саяси жағынан өзгеріске ұшырауы нәтижесінде чингизиттердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айрылып қалды. «Ақсүйектің» ұрпақтары қалған бұқарамен араласып кетті. XІX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор Шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтарының - сұлтандардың, билердің және тархандардың жағдайы зерттелді. Зерттеушілердің бірі, ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник д'Андре қазақтардың арасындағы чингизидтердің жағдайына мынадай анықтама береді: «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханнан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардың көбі ата тегін білмейді де. Өздерінің ақсүйектен тарағандығын дәлелдеу үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады. Ордада Шыңғыс ханның мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз... Халық ішіндегі қандай да бір мәселені талқылағанда немесе шешкенде сұлтанның дауысы басқа да қырғыздардың дауыстарымен бірдей саналады. Мұндайда сұлтанның арнайы дауысы, өзге қырғыздардан артықшылығы бар дейтін ерекше құқығы болмайды».141 Бұдан әрі д'Андре «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдет-ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүйектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді. Бірақ бұл дәстүр де барлық жерде бірдей сақталмады. XІX ғасырдың бірінші жартысында төрелер «қарасүйекпен» некелесе бастады. Мұндай төрелер «қараман» деп аталды. Мәселен, «қарасүйекпен» құдандалы болғаны үшін төре Барақтың руы солай аталған болатын, Сонымен «төре» сословиесі енді біртекті болудан қалды. Бай төрелермен қатар кедей, күйзеліске ұшыраған, касталық оқшаулығынан айрылған төрелер де болды. Солардың көбі «қарасүйектің» өкілдерімен қыз алысып, қыз берісіп кетті. Сонымен, XІX ғасырдың бірінші жартысында «ақсүйек» атағының сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жүйесінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ. Сұлтанның шаруашылығы қауыммен тығыз байланыста болды, өйткені оған қауым мүшелері қызмет етті. Ақырында төрелердің өз арасында көшпелі қауымдағыдай патриархалдық - рулық қатынастар орын алды. Қарастырылып отырған кезеңде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының жерді пайдалануға қатынасы, сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жағдайларға сәйкес бірдей болды. Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшиндары - билер еді. Соз болып отырған кезеңде билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XІX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар соттала істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты. Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, чингизидтер би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген соз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады. Ол былай деп жазады:

Мұның аудармасы: «би» деген атақ, әрине, «бек» деген сезден шыққан».
«Би» және «бек» сездері (кабир газим) деген араб сөзімен мағыналас.

Мұның аудармасы: «бір рудың басы немесе ру старшыны немесе қала бегі». «Түрік Лу-ати»14 деп аталатын түрік сөздігінде «бек» сөзінің мағынасы былай анықталады:

Мұның аудармасы: «Бек» - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефирбек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бүл мағынада «бек» деген атақ «prіnce» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамында көрнекті орын алды. Сұлтандар мен ру шонжарларының көшпелі қауымды қанау формалары сәйкес болғандықтан, оларды жеке - жеке суреттеп жатудың қажеті жоқ. Сұлтандар сияқты ру шонжарлары (билер, батырлар) да қазақ қауымына өздерінің үстемдік жүргізуін қамтамасыз ететін патриархалды - рулық қатынастардың сақталуына мүдделі болды. Феодалдық міндеткерліктің көптеген формалары патриархалды - рулық әдет-ғүрыптардың пердесімен бүркемеленді. Егер XVІІІ ғасырда сұлтандар қосымша құнды азық - түлік рентасы формасында, ал ру шонжарлары жұмыспен өтеу рентасы формасында иемденсе, XІX ғасырдың бірінші жартысында сұлтандар мен ру шонжарлары рентаның екі түрін де - азық-түлік рентасын да, жұмыспен өтеу рентасын да алды. Малды жеке отбасылардың меншігіне шоғырландыру қауымдық жерге иелік етудің шоғырландырылуына да ежелеп соқтырды. Жер қатынастары К. Маркстың: «Жерге жеке, сондай-ақ бірлесіп иелік ету болса да ешқандай жеке жер меншігі болмайды»,- деген формуласына келіп тірелді. Азия елдеріндегі жер қатынастары туралы Маркстың айтқан бүл пікірі қазақтарда болған жер қатынастарын түсінудің кілтін тауып берді, оларда қауымдық жер иелігімен қатар сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді озбырлықпен тартып алуынан көрінген жеке жер иелігі де болды. Алайда бұл XІX ғасырдың бірінші жартысындағы жер қатынастарының сипатын әлі толық ашып бере алмайды. Бүл кезеңде сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді озбырлықпен пайдалануына патша өкіметінің қауымдық таңдаулы жерлерді басып алумен ұласқан отарлық саясаты келіп қосылды. Бүл жағдай жер пайдаланудың қалыптасқан тәртібін өзгертпей қоймады. Негізгі қазақ руларының атам заманнан бергі дәстүрлі көшу бағыт-бағдарлары бұзылды, мұның өзі мал өсірудегі дағдарыс себептерінің бірі болып, қазақтардың шаруашылығы құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Өткен тарауда атап көрсеткеніміздей, қазақтардың отырықшылыққа және шөп шабуға көшуі, осыған байланысты қысқы қоныстардың халық шаруашылығындағы маңызының өсуі жеке иелікке ең алдымен қыстауға арналған жерлердің тартып алынуына әкеліп соқтырды. Қысқы қоныстарға тұрақтау барысында шөбі шұрайлы қыстаулар феодал басшы топтың иелігіне көшті. «Білек кімдікі болса, жер соныкі» деген осындайда айтылған. Қазақтардың жер пайдалануын тексеру материалдарында бір қазақтың әңгімесінен үзінді келтірілген, ол былай депті: «Байлардың әрқайсысы 2-3 қыстауға орналасып, біз сияқты кедей-кепшіктердің шабындықтары мен қоныстарын тартып алып жатыр».143 Ру шонжарлары мен сұлтандар енді рудың таңдаулы қысқы қоныстары мен шабындық жерлеріне билік жүргізу құқығымен шектеліп қалмады. Олар бұларды жеке иелікке ала бастады. Архив деректемелерінде мұны дәлелдейтін толып жатқан айғақтар бар. Жетісу өлкесі қазақтарының әдет-ғүрыптары мен тұрмысын зерттеген подполковник Метелицин мен Изразцов былай деп жазды: «Қыстау адамның жеке меншігі болып табылады және қандай да болсын басқа мүлік сияқты мұра болып қалады: қыстауды әкеден кенже ұлы мұра етіп алады, т. т. Қыстауды меншік иесінің рұқсатынсыз пайдалану жайылымдық жердің шөбін малға таптатқаны үшін шығынның есесін толтыру жазасын қолдануға мүмкіндік береді».144 Сұлтандардың, ру шонжарларының таңдаулы қыстауларды басып алуы қазақ қоғамының ішінде жер үшін күресті шиеленістіріп жіберді. Билер мен сұлтандардағы қысқы қоныстарды күшпен тартып алу әрекеттері жасалды. Қазақ феодалдары өздері иеленген қыстауларды өздерінің жеке меншігіне бекітіп беруді өтініп, патша әкімшілігіне жүгінді. Бүл орайда Бозиев деген қазақтың үстінен шағым жасаған феодал Д. Байсеңгіровтың хаты назар аударарлық. Ол: «Маған, яғни Байсеңгіровке, тиесілі қысқы жайылымдық жерге рұқсатсыз келіп қоныстанбақшы, бүл Бозиев деген17 жыл бойы Уақ болысын қоныстанып, енді осында көшіп келіп, бөтеннің қыстауын күшпен тартып алмақшы»145, -деп жазған. Сібір қырғыздарының облыстық бастығына би Жолымбет Дабасов та осындай хат жолдады. Ол былай деп жазды: «Бобровский бекінісінен жеті шақырым жерде 30 жылдан бері қысқы қонысым бар еді, қазір сол жерлерді Керей болысының қырғыздары Меңдібай және Текей Бекшиндер күш көрсетіп тартып алмақшы, сондықтан асыл текті сізге осы өтінішімді жолдай отырып, бұл өтінішіме құлақ асуыңызды жалбарына өтінемін».145 Мұндай фактілер өте коп. Айта кету керек, осы өтініштердің бәріне өкімет орындары өте ден қоя қарады, бұл жөнінде басқа бір орайда толығырақ айтылатын болады. Сөйтіп, жер пайдаланудың өзгерген тәртібі және қазақтардың шоп шабуға көшуі және ауыл-ауыл болып тұрақты қыстауға орналасуы ру шонжарлары мен сұлтандардың таңдаулы қысқы қоныстарды басып алып, оларға жеке меншік құқығы негізінде иелік етуіне мүмкіндік берді. Сонымен, жерге феодалдық меншіктің түпкілікті қалыптасуы жүзеге аса бастады. Алайда біз қазақтарда феодалдық қатынастардың қалыптасуы XІX ғасырдың бас кезіне ғана қатысты екен деген асығыс қорытынды жасамауға тиіспіз. Көшпелі феодализм дейтіннің өзгешелігі негізгі өндіріс құрал-жабдығы ретінде малдың жекелеген феодалдардың қолдарына шоғырлануына байланысты қауымдық жердің де іс жүзінде солардың иелігіне көшуі негізінде мұнда феодалдық қатынастардың бұдан бұрын да қалыптаса бастағандығында еді. Феодалдық жер меншігінің пайда болуы қазақтардың әлеуметтік -экономикалық қатынастарына ірі өзгерістер енгізді. Қазақтардың феодал басшы тобы тек қысқы қоныстарды ғана иемденіп қоймай, іс жүзінде жайлауларға да иелік етті. Орынбор Шекара Комиссиясының қазақтардың көшпелі аудандарын зерттеумен арнайы шұғылданған чиновнигі Л.Баллюзек сұлтандардың, билердің және ақсақалдардың қазақ қауымдарының жазғы жайылымдарын иелену жөніндегі құқықтары туралы қызықты деректер хабарлайды. Ол былай деп атап көрсетеді: жайлауларда әр түрлі ауылдардың арасында нақты шекаралар белгіленіп, оларға жерге найза шаншып, құмға немесе сазға ру таңбасын салып және ұзын шөптерді бау етіп байлап белгі қойылды, осылай бола тұра жайылымдық жерлердің іс жүзіндегі иелері сұлтандар, билер және ақсақалдар еді. Бұдан әрі Л.Баллюзек былай деп атап көрсетеді: екі жетекші өздерінің жазғы жайылым жөніндегі құқықтары туралы, дауласып қалса, іс жасы үлкенінің пайдасына шешіледі. Егер дауласушы екеудің бірі - сұлтан, екіншісі -қарапайым қырғыз болса, даулы жер біріншісіне, яғни сұлтанға беріледі; егер дауласқан екі адамның бірі - би, екіншісі бүкіл руға белгілі ақсақал, старшын болса, мәселе соңғының пайдасына шешіледі, егер дау би мен қарапайым қырғыздың арасында болса, даулы жер біріншісінде қалды».8 Билер мен сұлтандардың жазғы жайылымдарға иелік етуге құқығы болғандығын Сібір қырғыздарының Шекаралық басқармасында қызмет істеген Михаил Граменицский де көрсеткен болатын. Ол былай деп жазды: «Ең тәуір қоныстар мен ең шұрайлы жайылымдарға байлардың киіз үйлері тігіліп, малдары жайылады, ал кедейлердің үлесіне тек жарамсыз жерлер ғана қалады».146 Жаз жайлау, қыс қыстауды шындығыңда сұлтандардың иеленгендігін Алтынемел болысының қазақтары мен сұлтан Абылайхановтың арасында болған жер дауы да' дәлелдейді. Ұлы жүздің белгілі сұлтаны Тезек Абылайханов жазғы және қысқы қоныстарға иелік еткен. Сұлтан қайтыс болған соң қоныстары мұра болып оның отбасына көшкен. Жерлері болмағандықтан, Алтынемел болысының қазақтары Тезек Абылайхановтың жазғы және қысқы қоныстарын пайдаланғысы келген. Осыған байланысты Тезектің әйелі Жетісу губернаторынан көмек сұрағанда, одан: «Полковник Тезек Абылайхановтың мұрагерлерін қырғыздардың қысымынан қорғау туралы және полковник Абылайханов пайдаланған қысқы және жазғы қоныстарды ешқандай бөліп-жармай, тек солардың ғана иелігінде қалдыру туралы»147 нұсқау келіп түседі. Сондай-ақ Төртуыл болысының белгілі биі Шоң Едігеұлы мен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сельяниновтың 1830 жылы жазысқан хат-хабарлары да көңіл бөлерлік.148 Генерал-губернаторға жазған хатында би Едігеұлы: «Ежелден бері біз қоныстанып келе жатқан елді мекендер, атап айтқанда, Баянауыл және Ереймен деген қысқы қоныстар мен Итемген және Мамай деген жазғы қоныстар мәңгілік біздің иелігімізде қалдырылса екен» деп өтінеді. Бүл өтініш қанағаттандырылған. Генерал-губернатордың жауабында айтылғанындай, «хатта атап-атап көрсетілген жазғы және қысқы қоныстар сол елді мекендердегі көлдермен бірге оған (би Едігеұлына - автор) мәңгілік тиесілі». Ру жерін қазақ шонжарларының басып алғандығын көрсететін басқа да мысалдарды келтіруге болады. «Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі тексерудің материалдарында» XІX ғасырдың 40-жылдарында Мамай руы қазақтарының жазғы жайылымдарын Қоңыр - Құлжа сұлтанның күш көрсетіп тартып алғаны көрсетілген. Өздерінің рулық жайылымдарынан айырылған бұл қазақтар Ақмола округіндегі Бұғылы тауына кетуге мәжбүр болған. Тағы бір сұлтан Шорманов Мұса Малқозы руының жазғы жайылымдарын тартып алды, ал кейін осы тартып алған жеріне Қаржас руынан шыққан тумаластарының 100 шаңырағын орналастырды».149 Бөкейханның баласы Сұлтанғазы Садыр руының жазғы жайылымдарын тартып алып, өзінің құлдарымен, төлеңгіттерімен бірге сол жерге қоныс аударды. Бұл орайда мынаны атап айту керек, сұлтандар мен ру шонжарлары қазақ қауымдарының жазғы қоныстарына іс жүзінде иелік еткенімен, оларды жеке меншіктеу ресми түрде әлі жоқ еді. Сұлтандар, ру шонжарлары - билер жазғы қоныстарды көшпелі қауыммен бірлесіп иемденді. Жазғы қоныстарды пайдалану тәртібі туралы Орданың Шығыс бөлігінің песірі Половоротов былай деп жазды: «Сақталып қалатын қысқы қоныстардан басқа жерлердің, жайылымдардың, оны айтсаңыз, Шеп маңындағы пішен дайындалатын жерлердің иесі жоқ десе де болады». 150 Жазғы жайыл ымдарға қауымдық меншіктің сақталуына сұлтандар мен ру шонжарларының өздері мүдделі болды, өйткені жайлауларға қауым иелік етеді деген сылтаумен өздерінің көшпелі қауымды. қанауы оңайырақ еді. Феодал басшы топтың - сұлтандардың, билердің және ру шонжарларының басқа да өкілдерінің үстемдік рөлі қазақ қауымдарының жазғы және қысқы қоныстарына иелік ету мүмкіндігімен ғана айқындалып қойған жоқ: олардың жер пайдалану жөніндегі құқықтары тағы да бірқатар феодалдық міндеткерліктерде жүзеге асты. Жерге рулық меншік және ең алдымен жайлауларды иеленудің қауымдық сипаты патриархалдық -рулық пердемен бүркемеленген феодалдық міндеткерліктің формаларында белгілі із қалдырды. Мұның өзі іс жүзінде капитализмге дейінгі азық-түлік және жұмыспен өтеу ренталары түріндегі нағыз феодалдық міндеткерліктер еді. Егіншілікпен айналысатын аймақтардан ұшыр деген салық, ал мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардан зекет жүйелі түрде жиналып тұрды. «Ұшыр» сөзінің төркіні «гашара» деген араб сөзінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда «он» деген мағынаны білдіреді, гашарун - оныншы немесе оннан бір бөлігі. «Гашар» сөзін қазақтар бұрмалап «ұшыр» немесе «ғұсыр» деп айтады. Бұл салық егін егушілікті кәсіп еткен қазақтардан алынды. О баста белгіленген дәстүр бойынша, ұшыр жинаушылар егіннің оннан бір бөлігін алды. Алғаш ұшыр салығы егіншілікпен ежелден айналысып келе жатқан Сырдария қазақтарынан жиналды. Егін егушілік басқа да аймақтарға таралуына байланысты ұшыр барлық жерде жиналатын болды. XІX ғасырдың бірінші жартысында ұшыр феодал басшы топтың баюының негізгі көздерінің біріне айналды. Орынбор Шекара Комиссиясының тілмашы Ф. Сүбіханқұловтың хабарына қарағанда151, Сырдария қазақтарынан ұшыр егіннен алынған түсім батмандарының152 санына қарай жиналды. Егер тұқым суармалы емес танапқа себілген болса, батманның оннан бір бөлігі, ал суармалы егістіктен - жиырмадан бір бөлігі алынды. Зекет қазақтарда, исламның қабылдануымен бірге пайда болды.153 Бастапқыда зекет күйзеліске ұшырап кедейленген тумаласарға көмек көрсету мақсатымен жиналды. Кейінірек зекет феодалдық міндеткерлікке айналды. XІX ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек хандарда ғана болды. Бүл жөнінде Бөкей ордасын зерттеуші А. Еврейнов былай деп жазды: «Жалпы алғанда ол (зекет) қазақ ордаларында ханның қадір-қасиеті ауызша айтып мадақталуына жатады, онан соң ол ханның қадір-қасиетін көтермелеу үшін оның отбасы, үрім-бұтағымен күнкөрісіне халықтың қаражат жинап беруі түрінде көрінеді. Өзінің негізделуі және халықтың әдет-ғұрпы бойынша, зекет мал санынан алынатын салық, яғни малдың қырықтан бірі ханға берілуге тиіс».154 Хан өкіметінің жойылуына байланысты зекет жинау құқығы сұлтандарға және ішінара билерге көшті. Айта кету керек, бүл кезеңде де зекет жинау жарлы - жақыбай, жетім-жесір қазақтарға көмек көрсету деген сылтаумен жүргізілді. Бірақ мұның өзі тек сыртқы бүркеме ғана еді, ал шын мәнінде рулық кұрылыстың бұл ескілікті институты дамып келе жатқан феодалдық қатынастардың қажеттерін өтеуге бейімделген-ді. Зекет барлық мал иелерінен жылына бір рет, жазғытұрым, қазақтар өздерінің қыстауларынан енді қозғала бастаған кезде жиналған. Орынбор Шекара Комиссиясының чиновнигі д'Андренің деректеріне қарағанда, зекет жинау тәртібі мына төмендегідей болған:

40 қойы болса, зекетке 2 қой берген
120 " 300 " 400 " 500 " 600 "
3 " 3" 4" 5" 6"
5 түйесі болса, зекетке 1 түйе берген

10' 15' 20' 25'
2" 3" 4" 5"
Көшу кезінде жүк артылған түйелерге зекет салығы салынған.

Ірі қара малдан мынадай зекет салығы алынған: 30 бас малы болса, зекетке 1 тайынша берген. 60 " " 2 " " 90 " " 3 " " 120"" 4"" XІX ғасырдың бірінші жартысында осы екі салық ұшыр мен зекет - жүйелі түрде жиналды және феодалдық міндеткерлердің заңдастырылған түрі болды. Бұлармен бірге «сый-сияпат» деген желеумен феодал басшы топтың пайдасына заттай міндеткерліктің алуан түрлері жиналды. Солардың арасында соғым ерекше орын алды. Қыста хандарға, сұлтандарға және ру шонжарларына азық болсын деп мал түрінде жиналатын салық «соғым» деп аталды. Жоғарыда есімі аталған д'Андре соғымның міндетін былай сипаттайды: соғым «хан немесе сұлтан бүкіл қыс бойы халықтың есебінен күн көретін болсын және бастықтардың тоқ болуы үшін ордалықтардың өздері аштыққа да шыдайды дегенді білдіру үшін беріледі».155 Келесі кесте қазақ феодалдарының соғым деген желеумен қазақтардан жыл сайын шамамен қанша мал алғандығы туралы белгілі дәрежеде мағлұмат береді.

Ру атауы
Шаңырақ саны
Шаңырақ санына қарай әр рудан қанша соғым берілуі тиіс
Адай

1503

100

Алаша

2640

176

Байбақты

3205

213

Беріш

5085

339

Жаппас

904

60

Есентемір

466

31

Ысық

669

44

Масқар

361

24

Қызылқұрт

825

55

Ноғай

1093

72

қанша соғым берілуі тиіс Адай 1503 100 Алаша 2640 176 Байбақты 3205 213 Беріш 5085 339 Жаппас 904 60 Есентемір 466 31 Ысық 669 44 Масқар 361 24 Қызылқұрт 825 55 Ноғай 1093 72 Қонақасы етсіз қашан тарқады?

Алып келіп пысып тұрған марқаны,
Қонақ жігіт риза боп кетсін деп,
Көмейінен пышақпенен тартады...

Азық-түлік рентасының болуы қазақтарда патриархалдық - рулық сарқыншақтардың сақталуына себепші болды. Азық-түлік рентасы туралы Маркс былай деп жазды: «Азық-түлік рентасының өнімнің және өндірістің өзінің белгілі бір сипатына байланысты формасының нәтижесінде, осы форма кезінде селолық шаруашылық пен үй өнеркәсібін біріктіру қажеттігінің нәтижесінде, осы форманың тұсында шаруа отбасы өзінің рынокқа, өндіріс өзгерістеріне тәуелсіздігі және қоғамның осы отбасынан тыс тұрған бөлігінің тарихи қозғалысына тәуелсіздігі арқасында мүлдем дерлік дербестік сипат алуы нәтижесінде бүл форма, мәселен, Азияда байқалып отырғанындай, тоқыраған қоғамдық қатынастардың базисі болып қызмет ету үшін өте-мөте жарамды болып табылады».158 Жоғарыда баяндалғаннан байқап отырғанымыздай, азық-түлік рентасының түрлері (зекет, ұшыр) патриархалдық сыйлықтардың бүркемеленген формасында көрінді. Рулық институттардың ескілікті сарқыншақтары Қазақстандағы дамып келе жатқан феодалдық қатынастардың қажеттеріне бейімделгендігін аңғару қиын емес. Азық-түлік рентасымен қатар жұмыспен өтеу рентасы болды. Азық-түлік рентасымен салыстырғанда жұмыспен өтеу рентасы неғұрлым көне формада көрініп, құқықтық нормалар саласында берік сақталған патриархалдық - рулық қатынастармен астасып кетті. Әдетте жұмыспен өтеу рентасы «рулық көмек» түріңде көрінді. Айта кетейік, XІX ғасырдың бірінші жартысында рулық құрылыстың осы бір ескілікті институтын бүкіл феодал басшы топ - сұлтандар, билер, ақсақалдар және жаңа әлеуметтік топ - байлар шебер пайдаланды. Феодал басшы топ феодалдық жұмыспен өтеу міндеткерлігін «туысқандық көмек», «жетімдерге қамқорлық» деген желеумен өздерінің тумаласарын аяусыз қанауға икемдеді. Қазақтардың қалың бұқарасынан алынған жұмыспен өтеу рентасы орыс помещигі шаруашылығында қолданылған шаруаның жұмыспен өтеуіне өте ұқсас еді. Тек қазақтардағы жұмыспен өтеу көбінесе туысқандық көмек түрінде болды. «Ресейде капитализмнің дамуы» деген еңбегінде В. И. Ленин помещиктік шаруашылықта кең түрде қолданылған жұмыспен өтеу рентасының түрлерін атай келіп, былай деп жазды: «Жоғарыда ескертілгеніндей, жұмыспен өтеу барынша алуан түрлі болады. Кейде шаруалар ақша үшін өз құрал-саймандарымен жер иесінің жерлерін «кесімді жалдау», «десятиналап жұмыс істеудегі табыстар», «теңдеме жерлерді» ұқсату дейтіндерге және т. т. жалданады. Кейде шаруалар қарызға астық немесе ақша алып, сол алған несиесін түгелімен немесе несиесінің проценттерін жұмыспен өтеуге міндеттенеді. Бүл форма тұсында жалпы жұмыспен өтеу жүйесіне тән белгі, атап айтқанда, жұмысқа бұл сияқты жалдаудың кіріптарлық өсімқорлық сипаты ерекше айқын көрінеді. Кейде шаруалар «егіннің тапталғаны» үшін жұмыс істейді (яғни егіннің тапталғаны үшін заң бойынша белгіленген айыпты жұмыспен өтеуге міндеттенеді), әншейін «абырой үшін» - яғни, жер иесінен алатын басқа «табыстарынан» айырылып қалмау үшін, одан бір рет тамақ ішіп, тегін жұмыс істейді. Ақырында, жер үшін жұмыспен өтеушілік не жарма-жаршылық формасында, не шаруаларға арендаға берілген жер, шабындық және басқалар үшін тікелей жұмыс істеу формасында барынша коп таралған. Кейде шаруа мұнымен қатар «жер иесінің бұйырғанын» істеуге міндеттенеді, жалпы алғанда «тыңдауға», оның «айтқанын істеуге», оған «қолғабыс етуге» міндеттенеді.

Жұмыспен өтеу деревня тұрмысындағы жұмыстардың бүкіл циклін қамтиды».135 Шаруаның жұмыспен өтеуінің Ленин келтірген толып жатқан түрлері Қазақстанның егіншілікті аймақтарында не ана, не мына түрінде орын алды. Бірақ мұнда жұмыспен өтеу бүркемелі сипатта болды. Сұлтандар мен феодал шонжарлар туысқандық көмек деген желеумен кедей қазақтарға құралдар мен тұқым берді, бүл үшін жарлы - жақыбайлар қожайынның жерін жыртып, өз еңбегі үшін егіннің болмашы бөлігін алды. Мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда жұмыспен өтеу біраз өзгеше формада көрінді. Мұнда ол мил шаруашылығымен байланысты болды. Жұмыспен өтеу формасындағы қанаудың негізгі объектісі қоңсы деп аталды. Қоңсы - іс жүзінде жартылай басыбайлы болған кедейлер. Олар оз отбасыларымен сұлтандарға және ру шонжарларына барып, мардымсыз ақы үшін олардың шаруашылықтарына қызмет етті. Қоңсы феодалдардың ауылдарымен бірге ылғи көшіп жүрді, олардың жылқысын бағып, неше түрлі ұсақ жұмыстарды атқарды, қоңсылардың әйелдері сиыр, бие, қой, ешкілерді сауып, кір жуды және феодалдың үй шаруашылығына көмектесті. Бүл үшін қоңсы көшіп-қону кезінде байдың көлігін пайдаланды, уақытша пайдалануға бір не екі сауын сиыр, кейде қой немесе ешкі алды. Революцияға дейінгі тарихнамада қоңсы институты мүлде талданбаған. Ресми патша құжаттарында да «қоңсы» термині кездеспейді. Солай бола тұрса да, қазақ даласында болған көптеген саяхатшылар мен патша чиновниктері, «қоңсы» деген терминді қолданбағанымен, осы әлеуметтік топтың болғандығын корсетті. Қазақтардың арасында болған Ф. Назаров осы әлеуметтік топ жөнінде былай деп жазды: «Нұрадан Есілге құятын Қаракөл өзені маңында біз ешқандай малы жоқ қырғыздарды кездестірдік... Тамағын асырау үшін олардың көпшілігі жақын маңда көшіп жүрген қырғыздарға барып жалданады».159 Қоңсылар туралы неғұрлым толық дерек Михаил Граменицкийдің еңбектерінде кездеседі. Ол былай деп жазды: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын бағады... Егер сұлтанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді».46 Қазақ феодалдары әдетте бақташы жалдамаған, өз кедейлерінің - қоңсылардың тегін еңбегін пайдаланған. Қоңсылардың арасында сол байдың кедей туыстары, кейде «жамағайын» деп аталатындар болуы мүмкін. Бір рудан, мысалы, Арғын немесе Керей руынан тараған қазақтар өзара жамағайын болып есептеледі, мұндайда қазақтар «ата тегі бір» дейді. Ру шонжарларында кейде тіпті бұрынғы чингизидтер де қоңсы ретінде жұмыс істеді. Мәселен, «төрелердің» тұтас бір ауылы Мұса Шормановқа қоңсы болды. Феодал мен қоңсы - кедейдің өзара қарым-қатынастарынан сауын деп аталатын өзінше бір жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасты. Қоңсы өзінің феодалынан уақытша пайдалануға сауын сиыр алады да, бүл үшін шаруашылық жұмыстың алуан түрлерін тегін атқаруға міндеттенеді. Бүл орайда қалыптасқан қатынастар феодалдың өзінің кедей тумаласуына «туысқандық көмегі» түрінде, ал егер ол жақын адамы болмаса, онда ылғи бірге көшіп жүріп, «оз» адамы болып кеткен қоңсыға көмек беру түрінде көрінеді. Мұнымен бірге өз бұйрығы орындалмаған жағдайда феодал өзі берген малды кез келген уақытта қайтып алуға құқықты болды. Сөйтіп, рулық көмектің ескілікті институты феодалдық қоғам жағдайында өзінің қарама-қарсылығына, яғни еңбекші қазақтарды қанаудың құралына айналды. «Сауын» Қазақстанның мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі аймақтары үшін жұмыспен өтеудің өзіндік формасы болды. XІX ғасырдың бірінші жартысында кедей тумаластарға «көмек» көрсету түрінде (аманат мал) несиеге тол беру практикасы кең таралды. Бүл үшін кедей қоңсылар немесе феодалдың кедей туыстары белгілі мерзім өткен соң бір жасар тайыншаның немесе тоқтының орнына екі жасар мал қайтаруға міндеттенді т.б. Бүл жөнінде Орынбор Шекара Комиссиясының чиновнигі Лукин былай деп жазды: «Қырғыздар қарызға мал береді де, мал алады. Егер қырғыз қарызға бір жасар тоқты немесе тайынша берсе, келесі жылы екі жасар, ал үшінші жылы - үш жасар мал алады».160 Кедейге - қоңсыға немесе тумаласқа несиеге мал бергенде феодал онымен куәгердің көзінше малды өсімімен қайтару мерзімі туралы келіседі. Кедей малды қайтармаған жағдайда несие берген кісі бидің талқысына жүгінеді де, би кедейге малды қайтару жөнінде үкім шығарады. Кейде кедей несие беруші феодалға қарызды жұмыс істеп өтеуге тиіс болады. Мұның өзі жұмыспен өтеудің ең езуші түрі болды. Феодалдық қатынастардың осы жүйесінен «ортақтастық», яғни таластардың оз феодалына ұжымдасып көмектесуі пайда болды. Феодалдар ортақтастықты шөп шабу, қыстақ салу және ақырында: терең құдықтар қазу кезінде пайдаланды. Туыстары көрсеткен көмегі үшін феодал оларды тойдыра тамақтандыруға міндетті болды. Ортақтастық Қазақстанның көшпелі аймақтарында да, егіншілікті аймақтарында да кең түрде қолданылды. Егіншілікпен айналысқан кедейлер қоңсылардың ерекше тобын кұрады. Олар егінші деп аталды. Бірақ егіншілер неғұрлым күрделі әлеуметтік топ болды. Бүл топқа қоңсылар ғана, яғни өз шаруашылығын жүргізу қабілетінен айрылған қазақтар ғана емес, сонымен бірге малы жеткіліксіз болғандықтан, өз бетімен көшіп-қона да алмайтын, бірақ өз алдына егіншілікпен шұғылдана алатын қазақтар да енді. Егіншілікпен айналысу қазақтардың әр түрлі топтарын бір категорияға - егіншілер категориясына біріктірді. XІX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор ведомствосының шығыс бөлігіндегі қазақтардың арасында болған П. Небольсин егіншінің қоғамдық жағдайына мынадай анықтама береді: «Тұқым сеуіп, оз бетімен егін егушілікпен айналысып, немесе егіншілікпен шұғылданатын бай қырғыздарға жұмыс істеп күнелтетін адамдарды егінші деп түсінеді».161 Өздерінің егістік жерлерін өңдеу үшін феодалдардың егіншілерді жалдау тәртібі туралы Сырдария қазақтары арасында ұзақ уақыт бойы өмір сүрген Орынбор көпесі Д.У. Белов біраз деректер хабарлайды. Ол былай деп жазады: «Қожайын кедейге тек қана жер, тұқым және мал береді, ал кедей жерді өңдегенде оз азық-түлігімен күн көреді немесе қожайыннан шартты мөлшерде арпа не тары алады. Бірақ қызметшіге бүл мөлшерді айына 20 батпаннан аспайтындай етіп белгілейді».123 Тегінде, феодал мен егіншінің арасында ақы төлеу тәртібі туралы нақты уағдаластық болмаса керек, егінші жұмыс істегенде қожайынның ауызша айтып берген уәдесімен шектелген сияқты. Егіншінің өз феодалының жеріндегі осы жұмысын помещиктің имениесінде шаруаның жұмыспен өтеуінің кіріптарлық формасымен салыстыруға әбден болады. Айырмашылық тек қана мынада: өз феодалының жерінде егіншінің жұмыспен өтеуі өзара «көмек» дейтінмен бүркемеленеді, феодал тұқым, мал беру арқылы егіншіге көмектеседі, ал егінші оз еңбегімен «көмектеседі». Өздерінің жағдайы жағынан жатақтар егіншілерге жақын тұрды. Малдары болмағандықтан олар көше алмады, сондықтан ұдайы қыстауды сағалады. Жатақтардың жағдайын сипаттай келіп, И. Завалишин былай деп жазды: «Жатақ байларға бақташы, ал Шеп маңында тұратын қазақтарға батырақ болып жалданады, тіпті Шеп маңындағы қалаларда, станицаларда, елді мекендерде тұтас ұлыс болып топталады, бірақ осының бәрі тек бір үзім нан үшін ғана еңбектену».3 Тек біршама бай адамдар - сұлтандар, феодалдар, билер, ру шонжарлары, малы коп ауқаттылар ғана көше алды. Осындай бір бай туралы кедей жатақтың айтқаны мына төмендегідей: «Мамакеңнің малы көп, сондықтан оның көшуге мүмкіндігі бар».162 Бұл сездер жатақтардың экономикалық жағдайын жеткілікті дәрежеде айқын сипаттайды. Қазақтардың ең қайыршыланған бөлігі байғұстар болды. Байғұстар - қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица қазақтарына жалақы іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар. XІX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топ болды. Артемьевтің деректеріне қарағанда»2, тек Кіші жүз бойынша ғана байғұстар еркек, әйелін қоса есептегенде 20 мыңға жуық еді. Шеп маңындағы ауқатты қазақтарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып,жерін жыртты, үй іші жұмысының алуан түрін атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істеді. Бұдан басқа кейбір байғұстар бай - феодалдардың қарамағында болып, үй қолөнершілері ретінде жұмыс істеді. Осындай байғұстардың жағдайын көзбен көргендердің бірі былай деп жазды: «Екінші бір киіз үйде оттан алыс, есікке жақын тақыр жерде малдас құрып отырған егде байғұсты көресіз, ол бір тілім нан мен бір жапырақ ет үшін күні бойы қолындағы бізбен теріні тесіп, тарамыспен дөрекі етік тігіп отырады. Алба-жұлба күпісі мен тозығы біткен тақиясы оның сіңірі шыққан кедей екенін, ал босағада отырған сиқы оның сорлы жан екенін көрсетеді. Бұл кезде киіз үйдің төрінде үстіне тау болып жүк үйілген, әбігерлердің қасында, астына бұқарлық көрпе төсенген, үстіне жібек бешпент киген қожайынның өзі отырады. Бір қолына мүйіз мүштігін сәндене ұстаған ол, екінші қолымен сақалын маңғаздана сипап қойды».163 Станица казактарына жалданған байғұстардың жағдайы жайында басқа бір орайда соз болады. Қазақ ақындарының бірі (Шортанбай) қазақ кедейлерінің ауыр да аянышты жағдайын былай сипаттады:

Байды Құдай атқаны
Жабағы, жүнін сатқаны.
Кедейің қайтіп күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.

Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
Шығын деп тілмаш алады.

Азық-түлік және жұмыспен өтеу ренталары формасында феодалдық міндеткерліктің болуы Қазақстандағы феодалдық қатынастардың тарихи қалыптасу процесін бейнелейді. Феодалдық қатынастар ыдырай бастаған кезде пайда болған ақша рентасы Қазақстанда мүлде дерлік болмады. Тек патша үкіметі ғана қазақтардан ақшамен түтін салығын алды, соның өзінде салық жинаушылар қазақтардан тиісті 1 сом 50 тиынның орнына қой алды, сосын оны базарға апарып сатып, едәуір олжа тапты. Бүл факт қазақтарда ақшаның айналыста әлі аз болғандығын дәлелдейді. Сібір генерал-губернаторлығының қазақтарынан заттай төлем жинау туралы да осыны айтуға болады. Жұртқа мәлім, феодалдық қоғамда қосымша өнімді иелену экономикадан тыс күштеу негізінде жүзеге асады. Бұл кезде экономикадан тыс күштеу формалары қазақ қоғамында өзгеше түрде көрінді. Бір жағынан, феодалдық міндеткерлікті (ұшыр, зекет және әр түрлі сыйлықтар) өтеу міндеттілігі императивтік сипатта болған әдет нормаларымен анықталды. Екінші жағынан, «туысқандық көмек» көрсету және тағысын тағылар түріңде көрінген жұмыспен өтеу түрлері феодалдық қоғам жағдайында қазақтардың қалың бұқарасын қанау құралына айналдырылды. Қазақтар бұларды ру бойынша да орындауға міндетті еді. Сөйтіп, патриархалдық әдет-ғүрыптар экономикадан тыс күштеу құралы болды. Қанау қатынастары тікелей өндірушінің жеткіліксіз өндіріс құралдарымен - күш-көлікпен, тұқыммен - жабдықталуына немесе феодалдардың кедей қазақтарға малды қарызға беруіне байланысты болған кезде экономикадан тыс күштеу әдістері феодалдың тікелей өндірушіге экономикалық қысым жасауымен ұштасты. Сөйтіп, егіншілікті елдерге қарағанда, Қазақстанда экономикадан тыс күштеу әдістері біраз өзгеше форма алды. Бұл орайда әскери күшке сүйенген өкіметтің рөлін теріске шығару дұрыс болмас еді. Әр түрлі міндеткерліктерді ұдайы жүктеп тұруда ханның немесе сұлтанның өкіметі үлкен маңызға не болды. Феодалдық міндеткерліктердің жоғарыда сөз болған формаларымен қатар бүкіл феодал басшы топ - сұлтандар, билер және ру шонжарлары - қатысқан табыс көздерінің басқа да түрлері болды. Бүл – сот талап ету істерін қарау. Біз мысал үшін тек құн мен айыпты ғана алып көрейік. Бұлардың пайда болуы патриархалдық - рулық құрылыс кезеңіне жатады. Сот істерін қарауға қатыса отырып, билердің, сұлтандардың, хандардың рулық құрылыстың осы бір ескілікті институттарын баю көзіне айналдырып жібергендігін аңғару қиын емес. Құн өлтірілген адам үшін қанды кектің орнына төленді. Феодалдық қатынастардың даму кезеңінде құн феодалдық құрылысқа бейімделіп, қазақтарды қанау құралдарының біріне айналды. Қарапайым қазақтар мен сұлтандардан алынатын күн мөлшерлері әр түрлі болды. Мысалы, қарапайым қазақтың өлтірілгені үшін толық құн төлегенде үстіне кілем жабылған ең тәуір деген сыңар өркеш түйе, жаулық пен бірнеше шапан, тон, белбеу, шалбар, етік, өлтірген кісінің қару-жарағы мен аты немесе 1 ООО қой, 40 бие және құл беретін болды. Кейде құн 10 түйемен ауыстырылды. Қожаны өлтіргені үшін 3 000 қой, сұлтанды өлтіргені үшін 7 000 қой құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. Бұған хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі көлденең тартылды. Құн туралы келтірілген деректер ең алдымен үстемдік етуші феодал басшы топтың мүдделерін қорғайтын жазылмаған заңның таптық сипатын жеткілікті түрде айқын көрсетеді. Құн алуға феодал басшы топ - сұлтандар мен билер мүдделі болды. Сондықтан өзара соғыстар мен рулық қақтығыстарға көбінесе сұлтандар мен билердің өздері арандатып отырды. Мұндай қақтығыстар кезінде негізінен қарапайым қазақтар қазаға ұшырайтын. Бұл жөнінде орыс публицисттерінің бірі - Г. Шахматов былай деп жазды: «Жылпос қырғыздар судьялармен, сұлтандармен, билермен келісе отырып, екі жақтың да арам пиғылынан оңай олжа табу үшін қасақана жауыздық істердің отын тұтатады, бұдан біреулері байып, екіншілері кедейшілік пен қайыршылыққа ұшырайды».116 Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша күн олжа деп есептеледі, сондықтан құн алушы істі талқылаған ханмен, бимен және өлген кісінің жаназасын шығарып, құдайға құлшылық еткен молдамен және, ақырында, құн алуға жіберілген жасауылмен олжаны бөлісуге тиіс. Мысалы, өлген қазақтың отбасы құн үшін төленген 1 000 қойдан, өлген кісінің мүліктік жағдайына қарай, 50-ден 100 қойға дейін алған. Құнның едәуір бөлігін билер иемденген олар чиновник Лазаревскийдің деректеріне қарағанда, құнның 1/2 кейде 1/3 бөлігін алған, ал қалғаны хандар мен сұлтандардың үлесіне тиді. «Істі қараушы, - деп жазады чиновник Биглов, - кінәден жас түйе алады және одан тағы да ең тәуір деген кәрі түйе талап етіледі, бүл ханның үлесі деп аталады, егер ханның ұрпағынан ешкім болмаса, әлгі үлес талап қоюшыда қалады».165 Айыптылардан құн алу, әсіресе қазақтардың ең кедей бөлігіне өте ауыр тиді. Қазақтардың әдет-ғүрыптары бойынша құнды тек өлтіруші ғана төлеп қоймайды, құн төлеуге оның алыс-жақын туыстарының бәрі қатысады. Құнның мөлшері едәуір қомақты болған жағдайда оны өтеуге бүкіл ру тармағы адамдары, тіпті рудың өзі түгел қатысатын болған. Кісі өлтірушінің өзі 50 қой, бір түйе және бір жылқы төлеген, оның ең жақын туыстары 25 қойдан; ал жамағайындары 2 қойдан беруге тиіс болған т.б. Дүркін-дүркін қайталанып тұратын өзара алауыздықтар мен рулық қақтығыстар кезінде кедей жылына бірнеше рет құн төлеуге қатысқан. Кедейлердің шаруашылығын күйзелтуге құнның тигізетін ықпалы жайында Орынбор ведомствосының батыс бөлігіндегі қазақтардың арысында болған Орынбор Шекара Комиссиясының чиновнигі Лазаревский былай деп жазды: «Кейде кедей ең соңғы торпағын 4—5 қойға ауыстырып, бұлардың біреуін жылап - еңіреп құн төлеуге береді, әйтпесе оның дүние-мүлкін жасауылдар өздері-ақ тартып алады. Кейде құн төлейтін ру тармағының кедейлігіне байланысты құнның өтеуіне кісі өлтірушінің ең жақын туыстарының қыздарын алады. Кей руда бір жылда 2, 3, 4 құн төленеді, демек, әр шаңыраққа 2, 3, 4 қойдан келеді және мұны көбінесе балаларын әрең асырап, аш отырған кедей төлеуге тиіс болады. Мұндай кедейлер қырда, Шеп бойында өте коп және олар жылдан - жылға көбейе түсуде».166 Феодал басшы топтың - сұлтандардың, билердің - табысы мұнымен шектелмеді. Олар ұрлық жасаған кісіден айыппұл алуға да қатысты. Қазақ әдет-ғүрыптары бойынша, мал ұрлағаны әшкереленген ұры әуелі ұрланған малды қайтарып беруге тиіс, ал содан кейін оған 3 тоғыздан тұратын айып салынуы керек. Әр тоғыздың басында түйе немесе жылқы, немесе өгіз тұруға тиіс. Егер тоғыздың басында түйе тұрса, бұл «түйе бастаған тоғыз» деп аталады, тоғыз егер жылқыдан басталса, «ат бастаған тоғыз», ал үшіншісі «өгіз бастаған тоғыз» деп аталады. Түйе ұрлағаны үшін - бірінші тоғыз - 9 түйе, екінші тоғыз - 9 ат, үшінші тоғыз - 9 сиыр Жылқы ұрлағаны үшін - бірінші тоғыз - 9 ат, екінші тоғыз - 9 сиыр, үшінші тоғыз - 9 қой және т.т. Қалыптасқан әдет-ғүрыптарға сәйкес, бірінші тоғыз ұрланған мал түлігінен басталады. Осы айыппұлдан істі қарауға қатысқан ханға немесе сұлтанға хандық, яғни бір бесті ат немесе бір бесті атан беріледі. Ханлықтан кейін билік келеді, ол сот ісін қараған биге беріледі. Билік ханлықтың жартысына тең болады. Ақырында, жасауыл ақы деген болады, ол бидің шешімін орындату үшін жіберілетін жасауылдың еңбегі үшін төленетін ақы. Сонымен бірге «даушыға жіпкесер» деген де төленеді. Бүл істің біткендігін куәландыратын жоралғы. Іс шешілгеннен кейін сот талқысына қатысушылардың бірі ұрының аяғына байланған жіпті пышақпен кеседі. Бүл ең соңғы жоралғы. Жасауыл ақы мен «даушыға жіпкесер» ақы биліктің құнына тең болды. Қазақтардың қалыптасқан әдет-ғүрыптары бойынша, төленетін айыптан талапкер де, оның туыстары да ештеңе алмайды. Алынған мал түгелімен сот ісін қарауға қатысушыларға бөлініп беріледі. Әрине, сот орындаушыларының рөлін атқарған сұлтан, би, жасауылдар қомақты үлес алады. Ұрлық жасағандарды жазалаудың қатаң шараларын сұлтандардың өздері әдейі көтермелеп отырған. Бағанағы чиновник Лазаревский мұндай әдет-ғүрыптың пайда болу тегін білгісі келгеніңде қазақтардан мынадай жауап алады: «Қырда ұрылар көп, оларға әр түрлі шаралар қолданып көрген, жазалаған, алайда одан ұрлық жасау азаймады, аз мөлшерде айыппұл төлеттіріп те байқаған, эсер етпеген, сондықтан сұлтандар басқалар ұрлыққа аяқ баспасын деп, ұрының дүние-мүлкін сыпырып алынатын қатаң жазалау шараларын қолдануды ұйғарды».166 Қазақ сұлтандары мен билері, сондай-ақ барымта жөніндегі істерді қараудан түскен табысты бөлуге де қатысты. Ескілікті рулық институт болып табылатын барымта дамып келе жатқан феодалдық қатынастар жағдайында феодалдық алауыздықтардың бір түріне айналды. Қазақтар мен орыс үкіметі арасындағы ресми хат-хабарларда «барымта» сөзі бірінші рет 1740 жылы «Талап, тонағандары үшін кек алу» мақсатында Орынборға келген қазақтарды ұстап беру жөнінде патша үкіметіне Кіші жүздің ханы Әбілқайыр осы кезде келісім берген-ді. Орынбор өлкесінің тарихшысы Рычковтың атап көрсеткеніндей, ол кезде жұрт барымта деп «талау мен тонауды»167 түсінетін. Шын мәнінде алғаш рет жасалған ұрлық, қыз алып қашу, басқа ауылдардан малын айдап әкету барымта деп есептелмеген. Мына жағдайда ғана: егер зиян шегуші жақ өздеріне қысастық жасаушыларға оз туыстарымен бірігіп қарсы әрекетке шықса, сөйтіп өшін алса, ал бүл жақтағылар бұған жауап ретінде аналарға тағы тиіссе, міне, сонда ғана бұлардың ісі барымта болып саналады. XІX ғасырдың орта тұсында, барымтаның күшейе түсуіне байланысты, Орынбор өкімет орындары осы бір істің сипатын зерттеумен арнайы шұғылданды. Осы зерттеудің нәтижесінде «барымта туралы» арнаулы жазба дүниеге келді. Шекаралық чиновниктер құрастырған бұл жазбада барымта былайша сипатталады: «Алғаш рет жасалған ұрлық немесе тонау барымтаға жатпайды, бастапқы қысастықтан кейін жалғасқан бірқатар ұрлықтар немесе тонаулар барымта деп аталады. «Барымта» деген сөзді облыстық әкім осы мағынада қабылдап, іс жүргізу жұмысында қолданған».39 Сұлтандар мен ру шонжарлары жеке бастарының баюы мақсатында кеңінен пайдаланған барымта кедейлердің шаруашылығына ауыр тиді. Ал ең бастысы, барымта күшті ыдыратып, руаралық соғыстарды күшейтіп жіберді. Мұның өзі орталықтандырылған мемлекет құруды тежеді. Орынбор Шекара Комиссиясында қызмет еткен және 1839 жылы Хиуа экспедициясына қатысқан жазушы В.И. Даль (Луганский) барымтаның қазақтарға бүкіл зияндылығын былай суреттейді: «Барымталар» және мұның үстіне біреудің қолымен от көсейтін сұлтандар қолдап отырған өзара қырқысулар шексіз көбейіп кетті. Барымта апатқа, күйзеліске ұшырататын кәсіпке айналды... барлық рулар мен тайпалардың өзара араздасып, өштесіп кеткені соншалық, қайсысының қайсысында ақысы кеткенінен шатасқан олар шапқыншылық жасау үшін тиімді әр сәтті пайдаланып қалуға тырысады».168 Қазақтардың әдет-ғұрыптары бойынша, барымташылар мен ұрылар бірдей болмаған. Егер жұрт ұрыны жек көрсе, барымташылар белгілі деңгейде құрметке бөленген. Барымтаға қатысу қазақтар үшін «абырой» деп есептелген. Ғасырлар бойы дәріптеліп келген осы дәстүрді сұлтандар мен билер жеке бастарының баюы үшін шебер пайдалана білді. Қазақтар арасында барымташылар туралы: «ол ұрлаған жоқ, барымталап алды» деген соз бар, мұны айтқанда оның барымтаға «заңды» құқығы бар-мыс дегілері келген. Барымталап алған малынан барымташының өзі өте аз алады. Мысалы, ол 200 жылқы барымталап әкелсе, соның тек 20-30-ын ғана өзіне қалдырып, қалғандарын сұлтандарға, билерге және туыстарына бөліп береді. Феодал шонжарларға, сондай-ақ қожа, молда сияқты мұсылман дінінің шонжарлары да жатты. Сұлтандар сияқты қожалар да рулық қауымнан тыс болып және өздерін Мухаммед пайғамбардың алғашқы ізбасарларының ұрпақтарымыз деп есептеді. Өздерінің қоғамдық жағдайын қожалардың өздері қалай бағалағандығын білу үшін қожа Мұхаммед Ғали Оспановтың Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына жолдаған хаты өте-мөте назар аударарлық. Ол Кенесарыны жақтаушы ретінде сотқа тартылған болатын. Ол былай деп жазды: «Мен пайғамбардың ұрпағынан тараған қожамын. Сондықтан өзімді асыл тектілерден өрбідім деп есептеймін. Бірақ осындағы абақтыда ұрлыққа, қарақшылыққа байланысты ұсталған, ар-ұяттан жұрдай тексіз адамдардың менімен бірге орналастырылуы мен үшін қорлық, сол себепті сұлтандар, билер сықылды асыл текті адамдар жатқан ерекше бөлімшеге мені ауыстыру жөнінде жарлық берілуін қиыла өтінемін».169 Дін атаққа ие болғандардың өкілдері ретінде қожалар алым-салықтардан босатылды және оларды тек сұлтандар ғана жазғыра алатын болды. Бірақ солай бола тұрса да, мұсылман дінінің шонжарлары қожалардың қоғамдық жағдайы Орта Азиядағы хандықтармен салыстырғанда Қазақстанда мардымсыз еді. Мұсылман дінінің шонжарлары арасында, мысалы, XІX ғасырдың бас кезінде старшын болған Тамық Шақатаев, Шүкірәлі Сұлтанмұхамметов және басқа қожалар сияқты тек жекелеген өкілдері ғана ерекшеленеді. Мұның себебін, бір жағынан, исламның Орта Азиядағы басқа елдерге қарағанда Қазақстанда едәуір кеш таралғандығымен, екінші жағынан, қазақтардың көшпелі өмір салты қырда исламның нығаюына мүмкіндік бермегендігімен түсіндіруге болады (қазақтарда мешіттер, медреселер, т.т. мүлде дерлік болмады, осыдан келіп мұсылмандықты уағыздаушылар да аз болды). Және, ақырында, мәжусилік діннің сарқыншақтары (шаманизм) қазақтарда күшті болды, осыдан келіп «бақсы» дейтіндер көбейіп кетті. Исламның қазақтарға ықпалының әлсіз болғандығын көптеген айғақтардан көруге болады. К. Губаревтің170 әңгімелеріне қарағанда, қазақтар «молдалар мен ахундарды татарларға ұқсап әулие-әнбие санамайды». Осыған тән басқа бір айғақ мынадай. Дауылбаевтың айтуына қарағанда, 1830 жылы Баязит деген троицкілік татар сауда ісімен Торғайға Арғын руының қазақтарына барып, сонда қыстап қалады. Бірде, ол Құран оқып отырған кезде, қазақтар одан бұл кітапты оқымауды өтінеді. Бұған көңіл бөлмей, әлгі татар әрі қарай оқи берсе керек, сол кезде ауылдың тұс-тұсынан қазақтар сол татар отырған киіз үйге жиналып, оның «барлық кітаптары мен Құранды тартып алып, отқа тастайды да, енді татардың өзіне қол сала бастайды, істің насырға шауып бара жатқандығын аңғарған татар жылап-еңіреп, мені өлтіре көрмеңдерші, бұдан былай кітап оқымақ түгілі, тіпті намаз оқуды да қояйын деп жалынады».171 Осының бәрі шаманизмнің сарқыншақтары күшті болған қазақтардың арасында исламның терең тамыр жая қоймағанын көрсетеді. Демек, қожалар, жалпы мұсылман дінінің өкілдері өзбектерде және Орта Азияның басқа да халықтарында ие болған беделге қазақтардың арасында жете алмаған. Феодал басшы топқа тархандар да жатты. Тархан деген атақты XІX ғасырда орыс өкімет орындары, ал Ішкі Ордада (Бөкей ордасында) бүл атақты феодал шонжарлардың көрнекті өкілдеріне олардың мемлекет алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін ханның өзі берді. «Тархан» деген атақ тұңғыш рет император Елизаветаның жарлығымен 1743 жылы 11 шілдеде Жәнібек батырға берілді. 1821 жылы әскери губернатор граф Эссен би Аманша Сеңгірбаев пен Жаңбыршы Саламысовты «арнаулы тапсырмамен Хиуаға жорық жасағанда аянбай қызмет қылғаны үшін»172 тархан атану дәрежесіне жеткізді. «Тархан» деген атақ әкеден балаға мұра болып қалуы немесе жеке өзіне берілуі мүмкін. Бірінші жағдайда тархандардың ұлдары да «тархан» деп аталды. Мысалы, жоғарыда аталған тархан Жәнібектің баласы - Дәуіт батыр Әскери Коллегияның 1759 жылғы жарлығында тархан деп аталған. Сөз болып отырған кезеңде тархандар ерекше артықшылықпен пайдаланған жоқ, олар тек салық төлеуден ғана босатылды. Тархандардың құқықтары туралы Ішкі орданы басқару жөніндегі уақытша Кеңес былай деп жазды: «Олар (тархандар - Е.Б.) егер қолдарында ханның грамоталары болса, султандармен және қожалармен қатар тек алым-салықтарды төлеуден ғана босатылды, басқа артықшылықтармен пайдаланған жоқ».173 XІX ғасырдың бірінші жартысында тархандар әлеуметтік топ ретінде қазақтардың қоғамдық - экономикалық өмірінде елеулі рол атқарған жоқ. XІX ғасырдың орта тұсында -ақ тархандар институты жойылу шегінде тұрды. Тархандардың жекелеген ұрпақтарының әулеттік тархан атағын өздеріне бекітіп беру жөнінде үкіметке өтініш жасауы, сірә, осыған байланысты болса керек. Орынбор Шекара Комиссиясының деректері бойынша, Ішкі істер министрлігі әр кезде бекіткен тархандар саны XІX ғасырдың 60-жылдарында 20 адамнан аспады. 173 1869 жылы Сенат мәжілісінде тархандар туралы мәселе арнайы талқыланды. Сенаттың шешімінде тархан деген атақтың жойылып бара жатқандығы атап көрсетілді, сонымен бірге тархандардың қалған ұрпақтарын жан басы салығынан босатып, олардың барлық істерде тархан деп аталуына рұқсат ету жөнінде шешім алынды.174 Қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде көрнекті рол атқарған келесі әлеуметтік категория -батырлар. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған. «Батыр» деген соз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде - ақ қазақ дал асы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді. Қазақтардың қалмақтармен болған кейінгі соғыстары нақ осыны дәлелдейді. 1730 жылы Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншыларының аса ірі шайқасында Бөгенбай, Есет және Әбілқайыр хан өздерінің батылдығымен ерекше көзге түсіп, халық оларды батыр деп атап кетті. Бұдан кейінгі жылдарда болған оқиғалар да нақ осыны айғақтайды. Мәселен, Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі Төлебай Жеке батыр деп аталды. Демек, сыртқы жаулармен болған ірі қақтығыстар кезінде өздерінің ержүректігімен көзге түскен қазақтар батыр деп аталған. Қазақ халқы өздерінің қаһармандық қиссаларында жыр етіп, батырлардың бейнелерін ғасырлар бойы қастерлеп келеді. Кейінгі кезде руаралық күресте, барымтада, тағысын - тағыларда көзге түскен кез келген адам батыр деп аталатын болды. Мысалы, С. Трубин қазақтар өздерінің барымтадағы батылдығымен «батыр» деген құрметті атаққа175 ие болатындығын жазды. Қазақ бай - феодалдары да руаралық қақтығыстарда, жұдырықтасып төбелесуде көзге түскен өз адамдарына батыр атағын беріп тұрды. Батыр деген құрметті атақты жарлы-жақыбайдан шыққан кедей адамдар да иеленді. Мәселен, Кенесары Қасымов қозғалысына әскери шонжарлардың ірі өкілдерімен қатар Арғын руынан Бұқарбай батыр (Орта жүз), Шұбыртпалы руынан Ағыбай батыр (Орта жүз) сияқты кедей батырлар да білек сыбана қатысты. Алайда осының бәрі батырлардың белгілі бір әлеуметтік тапқа қатыстылығын ашып көрсетпейді және олардың таптық кескінін айқындамайды. Егер біз «батыр» терминінің дәстүрлі түсінігін негіз етіп алып, батырларды таптан жоғары тұрған әлеуметтік категория деп сипаттасақ, қателескен болар едік. Ең әуелі біз мынаны есте ұстауға тиіспіз, феодалдық қоғамда әлеуметтік қатынастар патриархалдық - рулық сарқыншақтармен қалай бүркемеленсе де, бірде-бір әлеуметтік категория таптық ортадан тыс өмір сүре алмайды. Батырлар жөнінде осыны айтуға тура келеді. Әрине, батырлар институты өзінің дамуында белгілі өзгерістерге ұшырады. ХІ-ХІІ ғасырлардағы аңызға айналған батырлар мен XVІІІ-XІX ғасырлардағы батырлардың арасына тендік белгісін қоюға болмайды. Батырлар о баста тайпалардың, рулардың әскери қолбасшылары болған деп есептеу керек. Феодалдық қатынастардың пайда болуына байланысты әскери қолбасшылардың қызметі өзгере бастады. Өздерінің тегі қандай болса да, тіпті жарлы-жақыбайдан шыққандарына қарамастан батырлар бірте-бірте ру шонжарларының құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармен бірдей рөл атқарды. Батырлардың қоғамдық жағдайында бірте-бірте болған мұндай өсуді бірқатар тарихи мысалдардан көруге болады. XІX ғасырдың бірінші жартысында Арғын руының биі Шеген батыр және Тілеуқабақ руының старшыны Есет Көтібаров өздеріне бағынышты руларда толық билік жүргізді. Олар салық жинады, айыпты болған тумаластарын жазалады, басқа қазақ руларымен өз руы атынан келіссөз жүргізіп отырды. Мұның өзі феодалдардың әскери шонжарлардан тап болып қалыптасу көрінісі, яғни феодалдық қоғамның бастапқы кезеңіне тән іс еді. XІX ғасырдың бірінші жартысында Кенесары көтерілісіне белсене қатысқан ірі батырлардың бірі Жоламан Тіленшиев еді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал-майор Генстің деректері бойынша, «Жоламанның 800 жылқысы, 2 000 қойы, 50 түйесі және оның әрбір ағасы не інісі, баласы, жиені, немересі өз беттерінше мал ұстаған, осылардың бәрін қоссаңыз едәуір мол байлық. Ал осынау үбірлі-шүбірлі әулеттің үлкені Жоламан болған».176

Жоламан Табын руының өзі қожа, өзі биі іспетті болды.

Бұл мысалдар батырлардың таптық жағдайын жеткілікті дәрежеде айқын суреттейді. Әскери шонжарлардан феодалдардың қалыптасуы және олардың ру шонжарларына айналуы қазақтардың әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістермен тығыз байланысты, ал бүл өзгерістер қазақ қоғамының феодалдануы және көшпелі қауымның жіктелуі сияқты ортақ жәйіттен туған болатын. Сонымен бірге қазақтардың жоңғар, ал кейін Орта Азия басқыншыларымен болған соғыстары да батырлардың әлеуметтік ролінің өсуіне елеулі ықпал жасады. Осы соғыстардың барысында батырлар ру шонжарларының құқықтарын иеленіп, қоғамдық өмірде жетекші тұлғаларға айналды. Бүл туралы қазақ ағартушысы Шоқан Уалиханов былай деп жазған болатын: «Батыр - қырғыздарда ру басы сұлтаннан кейінгі ең маңызды, әрі көрнекті тұлға... Ол - ең беделді адам, оның ақыл-кеңесімен халық әрқашан есептесіп отырады».177 Батырлардың таптық табиғатын Шоқан Уәлиханов тауып айтқан, осы бағадан олардың феодалдық сатыда екінші орын алғандығын көруге болады. Осыған орай мынаны да атап өткен жөн: қазақ байлары мен сұлтандарының бір мезгілде батыр атағын иеленуі XІX ғасырдың орта тұсына өте-мөте тән жәйт болды. Мысалы, Тезек сұлтан, ол сонымен бірге Тезек батыр атанған. Кенесары батырларының арасында да осылай болған. Бұл жәйт қазақ қоғамының феодал басшы тобы арасында батырлардың әлеуметтік жағдайының күшейе түскендігін дәлелдейді. XІX ғасырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа әлеуметтік топ - байлар көрнекті рол атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар бұрын қандай да болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырылып отырған кезеңде «бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие болған. Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық және өсімқорлық істермен айналысқан бірсыпыра бай - феодалдар пайда болды. Мысалы, Кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы султан Жантөрин, П.Небольсиннің айтуына қарағанда: «қырғыздардан құралған едәуір үлкен сауда компаниясының жарнашысы болды және өзінде 25 приказчик ұстады».161 Сауда компаниясының мүшесі болған Кулімбаев деген қазақ та 10 приказчик ұстаған. Бұл байлар тек саудамен ғана айналысып қоймай, процент үшін басқаларға несиеге ақша беріп отырған. Султан Ахмет Жантөринді наградаға ұсынуға байланысты оған мінездеме жазған Орынбор Шекара Комиссиясының торағасы Ладыженский Азия департаментінің директоры Синявинге былай деп жазған: «Орданың батыс бөлігінде оның (Ахмет Жантөриннің - Е. Б.) үлгісімен көпес, немесе арбакеш, немесе тұз тасушы болмаған бірде-бір дерлік қырғыз жоқ. Ахмет сауда-саттықпен өзі де шұғылдана жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да айналысқысы келген әрбір қырғызға, әрине, өзі үшін едәуір тиімді жағдайда ақша беруге әзір турады». 178 Сұлтандар ортасынан да, ру шонжарлары ортасынан да, сондай-ақ көбінесе «қарасүйек» шонжарлар арасынан да бай феодалдар шықты. Сол заманнан бері сақталып келе жатқан «Батыр болып, бай болса, патшадан несі кем?» деген сияқты халық мақал-мәтелдері соны аңғартса керек. Бай - феодалдар өз шаруашылығы үшін қызметшілер жалдауды әдетке айналдыра бастады. Егер ру шонжарларында «туысқандық көмек» көрсету деген желеумен қоңсылары мен руластары бақташы болып жұмыс істесе, ал бай қызметшіні шарттық (сөз жүзіндегі) негізде белгілі бір ақы беріп жалдады. Орынбор чиновнигі д'Андренш деректеріне қарағанда, «бақташы» деп аталатын қызметші жылына 12 қойға дейін немесе бір жылқы алған. Сонымен бірге қожайын өз есебінен оны тамақтандырып, киіндіруге, ал қысқы уақытта тұрғын үй тауып беруге міндеттенген. Оның есесіне қызметші өз қожайынының рұқсатынсыз басқа бай - феодалға кете алмайтын еді. Д'Андре былай деп жазды: «Бір жылға жалданған қызметші қожайынының келісімінсіз басқа адамға ауыса алмайды». 179 Бай - феодалдардың қызметші жалдауға көшуі капиталист жалдаудың алғашқы хабаршысы еді, бірақ ол әлі де жұмыспен өтеудің ауыр азабы астында өтіп, әрі патриархалдық - рулық сарқыншақтармен бүркемеленген болатын. Орынбор көпесі Беловтың айтуына қарағанда, қазақтар бай - феодалдарға жыл маусымдарына қарай жалданған. Егер қызметші қыста жалданса, жалдау мерзімі жер көктегенге дейін, яғни көктемге дейін созылады, бұл жағдайда қазақтар жалдау мерзімін «көктеу» деп атайды; егер қызметші жазда жалданса, жалдау мерзімі қойдың күзгі қырқымына дейін немесе су қатқанға дейін деп белгіленеді, мұны «күзеу» немесе «мұз қату» деп атады. Қызметшілерге төленетін ақының мөлшері ері жөнінде Белов123 мына төмендегі нормаларды атап көрсетеді: егер қызметші бір айға жалданса, бір жасар қой, егер тұтас бір жылға жалданса, бесті ат алады. Сонымен бірге бай - феодалдар керуен саудасымен айналысты. Кейде бай - феодалдардың өздері керуен басы болып, қазақ даласында сауда-саттық жүргізді, бірақ олар көбінесе оз түйелерін қарапайым қазақтарға уақытша беріп, бұл үшін олардан белгілі мөлшерде ақы алды. Небольсиннің деректеріне қарағанда, керуен саудасымен Әлім руынан Шүрен, Қабақ, Төртқара, кейде Тілеу және Шекті тармақтарының қазақтары, сондай-ақ Жетіруден Тама тармағы қазақтарының бір бөлігі айналысқан. Бай - феодал керуен саудасына оз түйелерін бергені үшін ақыны ақшамен, кейде тауармен алған. Сонымен, феодалдық құрылыстың қойнауында пайда болған әлеуметтік топ - байлар -қазақтардың экономикалық өміріндегі жаңа құбылыс еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бай - феодалдар тауар-ақша істерімен, бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланысты болды. Рас, XІX ғасырдың алғашқы жылдарында олар қазақтардың қоғамдық құрылысына әлі елеулі ықпал жасай қоймаған еді. Бұл түсінікті де, өйткені ескі өндіріс әдісінің бастаулары негізінен алғанда өзгеріссіз қалған. Алайда осыған қарамастан, байлар айналысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірісінің пайда болғандығын корсетті. Мұны, әсіресе, Қазақстанның реформадан кейінгі экономикасының мысалынан айқын көруге болады. XІX ғасырдың орта тұсында - ақ байлар айналысқан іс қазақтардың экономикалық өмірінде нық орын алды. Халықта сақталып қалған мақал-мәтелдер осыны көрсетеді.180 Рас, бұл мақал-мәтелдерде байдың рөлі көбінесе төмендетіліп көрсетілген, ол өзінің маңызы жағынан текті шонжарлардан төмен тұрады. Мұны, мысалы, «Қалыңдықтың әкесі бай болса да, тексіздің қызын алма» деген мақалдан да аңғаруға болады. Алайда бай -феодалдардың өскелең әлеуметтік маңызын сипаттайтын мақал-мәтелдер де пайда бола бастады:

«Жұлдыздар жиналып ай болмас, кедейлер жиналып бай болмас».
«Бай мақтанса - табылар, кедей мақтанса - қағылар».
«Ауызы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін».
«Бай қатыны өлсе, төсек жаңғыртады, кедей қатыны өлсе, басын қаңғыртады».

«Бай болсаң - шалқай, кедей болсаң - еңкей».
«Күштімен күреспе, баймен тіреспе».
«Кедейдің ұлы болғанша, байдың қулы бол».
«Байдың ісі - бұйыру, жарлының ісі - жүгіру».

«Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы». «Патриархалдық - рулық сарқыншақтармен бүркемеленген феодалдық қанау бай -өсімқордың ауыр езгісімен ұштасып, еңбекші қазақ бұқарасының едәуір бөлігінің қайыршылануына әкеліп соқтырды. Байғұс, егінші, жатақ және бақташылар болуы патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты күшейе түскен қазақ қоғамы ішіндегі әлеуметтік сараланудың белең алғанын дәлелдейді. Өзгеге тәуелді адамдар қатарына жататындар ішін де - құлдар да болды. Қарастырылып отырған кезеңде құлдар қазақтардың қоғамдық - экономикалық өмірінде айтарлықтай рол атқарған жоқ. Бүл кезде құлдар әлеуметтік топ ретінде құрып біту шегінде тұрған-ды. Құлдар негізінен соғыс кезінде қолға түскендер болатын. XVІІІ ғасырда қазақ хандары қалмақтармен, ойраттармен, башқұрттармен ұзақ уақыт бойы соғыстар жүргізіп, қолға түскен әскери тұтқындарды құлға айналдырып отырды. XVІІІ ғасырдың ортасында Батыраштың көтерілісіне байланысты Қазақ даласына қашқан башқұрт отбасыларын құлға айналдыру жөнінде қазақ хандары мен султандарына патша өкімет орындарының өздері рұқсат етті. Нұралы ханның, сұлтандардың, старшындардың атына келіп түскен 1755 жылғы 5 қыркүйектегі Жоғары мәртебелінің грамотасында босқын башқұрттардың әйелдері, балалары, малдары және бүкіл дүние-мүлкі сіздерге сыйлыққа беріледі делінген. «Мұның өзі, - дейді Крафт, - Қырғыз даласында кең көлемде өріс алған құлдықты мойындаудың заң жүзіндегі түңғыш актісі болды, ал көшпелілер мұны толық пайдалануға дереу кірісіп те кетті».181 Тұтқынға алынған адамдардың арасында тек башқұрттар, қалмақтар, парсылар ғана емес, орыстар да болды. Соғыста қолға түсірумен бірге қазақтар құлдарды базарлардан сатып та алатын еді. Құлдарды қайдан алдыңдар деген сұраққа Ақмола приказының Тезек Жанжігітов бастаған билері 1830 жылы мынадай жауап қайтарған: «Қырғыздар құлдарды сатып алады, шапқыншылық кезінде қалмақтардан, қара қырғыздардан тұтқын етіп қолға түсіреді, қалыңдық үшін қалыңмал төлеушілер де құлдарды қалыңмал есебіне сатып не қосып береді немесе біреуге сыйға тартады, ал бұл еріксіздер өз ырқымен иесінен кетіп қалу құқығынан айырылған. Өз ұлтын құрметтеу белгісі ретінде қырғыздарды құлдануға жол берілмейді.182 Құлдарды сатып алу жөнінде: «Өзіңнен тумаса - ұл емес, сатып алмасаң - күл емес»; «Егер сатып алмасаң - құлды қайдан аласың» деген мақалдар да айтылған. Құлдарда ешқандай құқық болмаған. Оларды жазалай да, өлтіре де аласың. Бүл үшін иелері ешқандай жауапқа тартылмайды. Ат жарысында құлдарды бәйгеге тіккен. Қазақ жігіті үйленгенде ол төлеген қалыңмал есебіне қалыңдықпен қоса құл немесе күң ере келген. Сонымен бірге өлген адам үшін құн төлегенде айыпты адам малмен бірге құл немесе күң берген. Қазақтардың әдеттегі құқығы жөніндегі материалда құлдардың бас бостандығы болмағанын дәлелдейді. 1. «Құл - зат; қожайыны оны өмір сүргізуге де, өлтіруге де құқықты». 2. «Құлдың дүние-мүлкі оның қожайынына тиесілі». 3. «Қожайыны рұқсат етпесе, құлдың үйленуге, ал күңнің тұрмысқа шығуға құқығы жоқ». 4. «Қожайыны шектен тыс қатал болса да, құлдың шағым жасауға құқығы жоқ». 5. «Қожайыны өз құлын сатуға, кепілдікке, құлдыққа беруге құқықты». 183 Құлдардың қоғамдық жағдайы «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген мақалда да дәл бейнеленген. Сондай-ақ «Құл арғымаққа мінсе де құл болып қалмақ» деген де бар. Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Күңдер ірі феодалдарда күтуші болып жұмыс істеді. Құлдар қожайынның малын бағу үшін біршама аз пайдаланылды т. б. Құлдардың болғандығына қарамастан, Қазақстан құл иеленушілік формацияның сатысынан өтпеді. Құлдарды қолға түсірудің негізгі көзі әскери басып алу болғанымен, мұның өзі құлдықтың орнығуына әлеуметтік база жасай алмады. Қазақтарда құлдық үйдегі іс сипатында болды. Мұның өзі малды жайылымда бағудың және патриархалдық -рулық тұрмыстың сақталуына байланысты еді. «Туысқандық көмек» деген желеумен сұлтандар мен билер өздерін тумаластарының - қоңсылардың, байғұстардың, жатақтардың және тағысын тағылардың тегін еңбегімен қамтамасыз етті. Сондықтан құлдардың еңбегі феодал шаруашылығында жетекші рол атқармады. Қазақстандағы құлдықтың тағдырына Ресейге қосылу елеулі ықпал жасады. 1822 жылы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы жарғының шығуы орыс үкіметінің қазақ даласындағы құлдыққа көзқарасында бетбұрыс кезең болды. Жарғының 276-параграфында: «1822 жылғы 22 шілдеге дейін қырғыздарда болып келген еріксіздер қожайындарында қалдырылады және оларды сату, басқа адамға беру және мура етіп қалдыру құқығы сақталады, бірақ осы күннен бастап өз жұртының қырғыздарын жаңадан құлдануға қатаң тыйым салынады»,- деп жазылған. Қазақстанда құлдықтың жойылуын бастап берген құжат, күмән жоқ, оң іске мұрындық болды. Сібір қырғыздары туралы жарғы шыққан соң да қазақ феодалдары шекара Шебі бойында әр түрлі жолдармен қолға түскен тұтқындарды Хиуа мен Бұқардың базарларыңда сатуды жалғастырмай қоймады. Бірақ мұндай жөйіт бірен-саран ғана кездесті. 1822 жылғы Жарғыдан кейін құлдықтың маңызы тез құлдырай бастады. XІX ғасырдың орта тұсында – ақ қазақтарда құлдар аз қалды. Мұны біз Ф. Злобниннің 182 материалдары негізінде жасаған мына төмендегі кестеден көруге болады (деректердің тек Орта жүзге ғана қатысы бар):

Округтің атауы
Киіз үйлердің саны
Құлдар
Күңдер

Сергиополь

17

33

24

Көкпекті

8

20

41

Қарқаралы

29

68

64

Ақмола

10

31

25

Атбасар -

24

2

Баянауыл

4

9

26

Көкшетау

5

19

11

Барлығы

73

204

193

Қазақ даласындағы құлдықтың қалдықтарымен күрес жүргізе отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторы 1859 жылы сұлтандар мен мәртебелі қазақтардан өздеріндегі барлық құлдарға бостандық беруге міндеттейтін қолхат алды. 60 - жылдары Сырдария қазақтарында болған С. Болотов былай деп жазды: «Қырғыздарда құл иеленушілік жоқ және бүл жөнінде өткен уақыттан аңыз да қалмапты». 184 Қазақстандағы құлдықтың жайын арнайы зерттеген Н. Крафттың деректеріне қарағанда, құлдықтың біржола жойылуы 1875 жыл деу керек. Будан әрі құлдардың ұрпақтары, қазақтармен туыстасып, біразы бостандық алып, қоғамның толық құқықты мүшесі болса, енді біразы төлеңгітке айналды. XІX ғасырдың бас көзінде төлеңгіттер феодалдарға тәуелді адамдардың қатарында болды. «Төлеңгіт» деген сөз қазақ сөзі емес, ол Алтай қалмақтарының «теленгет» деген сөзінен алынған. Төлеңгіттіктің дамуы қазақ қоғамының феодалдануы жағдайымен байланысты болды. XІX ғасырдың бірінші жартысында төлеңгіттік кең таралып қана қоймай, сонымен бірге оның мазмұны XVІІІ ғасырдағымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерді. XVІІІ ғасырда төлеңгіттер көбінесе хан мен сұлтандардың әскери қызметшілері болған. Олар жауапты дипломатиялық тапсырмаларды да жиі орындады. Төлеңгіттіктің дамуы ол кезде қазақ хандығының саяси ұйымымен байланысты болса, XІX ғасырда төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер қазақ мемлекеттілігінің құлдырауымен байланысты еді. Бүл мемлекеттіліктің XІX ғасырдың жекелеген кезеңдерінде қайта тууымен қатар төлеңгіттердің бұрынғы рөлі қалпына келді. XІX ғасырдағы қазақ қоғамындағы төлеңгіттердің жағдайын зерттеуді біз төлеңгіттік қандай әлеуметтік топтардан өсіп шықты деген мәселеден бастаймыз. Қолда бар деректер төлеңгіттіктің пайда болуының екі жолы туралы соз етуге мүмкіндік береді. Біріншіден, төлеңгіттер бұрынғы құлдардың ұрпақтарынан құралған. Өкінішке қарай, құлдың төлеңгітке айналу барысын айқындау қиын. Қазақтардың әдеттегі құқығына сәйкес, «құлдар оз қожайындарының қалауы бойынша ақы төлеп бостандық алуы мүмкін, бұл үшін қожайын талап еткен сомада ақша немесе бәлен мал, қандай да болсын дүние-мүлік беруі керек».185 Сонымен бірге басында бостандығы бар қазақтың күңмен некелесуінен туған балаларға бостандық беріледі. Сөйтіп, қазақтардың әдеттегі құқығына сәйкес, құлдардың бір бөлігі бостандық ала алатын болды. Қоғамның толық құқықты мүшесі болған бүл құлдар төлеңгіт бола алатын еді. Құлдардың бұрынғы ұрпақтарынан төлеңгіттердің құралу фактісі ешқандай күмән туғызбайды. Бас штабтың поручигі Герн 1845 жылы Кенесары ордасында болып, былай деп жазған: «Султан Кенесары Қасымовтың тобыры оның өз төлеңгіттерінен құралған, оған Абылай ханнан қалған бүл төлеңгіттердің саны 1 ООО үйлі жанға жетеді және көбінің тегі қалмақ».186 Басқа деректемелерден де осындай пікір кездесіп қалады. Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір, мысалы, былай деп жазған: «Төлеңгіттер - ерте заманда құлға айналдырылған және ақсүйектерге қызмет етуді ғана білген адамдардың ұрпақтары».187 Және, ақырында, өкімет орындары Бура найман болысының қазақтарындағы малдың санағын жүргізгенде Жүсіп және Қолан Қылышевтар деген султандарда қалмақтар мен қарақалпақтардан тұратын 8 киіз үй төлеңгіттер бар екендігі анықталған.188 Аталық-Матай болысында жүргізілген санақ кезінде де дәл осындай жағдай байқалған. Бүл болыста тек бір султанда ғана 14 киіз үй төлеңгіт - түрікмендер болған.189 Осы келтірілген деректер құлдардың ұрпақтары төлеңгітке айналғанын айқын дәлелдейді. Екіншіден, басында бостандығы бар қазақтар да төлеңгітке айналған. Қарастырылып отырған кезеңде еркін қазақтардың төлеңгіт есебінде сұлтандар мен ру феодалдарына қызмет етуі жиі кездеседі. Осыған орай: ерікті қазақтар сұлтандар мен ірі феодалдарға төлеңгіт болуында нендей себеп бар деген сұрақ туады. Бүл мына жағдайға байланысты еді: көшпелі қауымның ыдырауына және феодалданудың күшеюіне орай қауымдар ез мүшелерінің мал-мүлкін барымталардан және өзара қырқыстан бұрынғыдай қорғай алмады, соның салдарынан қазақтардың бір бөлігі мүлде күйзеліске ұшырап, материалдық жағдайларының ауырлығынан сұлтандарға баруға мәжбүр болды. 1833 жылы Омбы облысының бастығының нұсқауымен округтік сот қадағалаушысы Скорин төлеңгіттердің жағдайын тексерді. Султандарға төлеңгіт болып баруға қазақтарды не мәжбүр етті деген сұраққа Орта жүздің белгілі биі Шабатай Сагалов былай деп жауап қайтарды: «Біріншіден, малы болмағандықтан кедей қырғыздар дәулеттілерді паналап, тамақ асырау үшін тіпті өзінің бүкіл бала-шағасымен мәңгі қалып та қояды... Екіншіден, малы бар қырғыздар малын ит-құстан қорғау үшін күзетші іздейді... Үшіншіден, жазықты болсын, жазықсыз болсын, жазаға тартылудан сақтанып сұлтанның немесе басқа бір ықпалды қырғыздың қолтығының астына кіреді».182 Орынбор өлкесіндегі қазақтардың әдеттегі құқығын жазу кезінде қазақ билерінен де осындай жауап алынды. Қазақ әдет-ғұрыптары туралы жазылған материалдарда төлеңгіттер «бұрынғы кездерде әрбір орда әкімінен қорғаныс іздеді» делінген. Сол тұстағы үздіксіз өзара қырқыстардан кейін тұтас отбасылар сұлтандарға барып, олардан өздерін қорғауды, күнелтуге көмектесуді өтінген... Көп жайда ханның немесе сұлтанның төлеңгіті болудағы мақсат - айыпты болған адамның заң алдында жауап беруден жасырынып қалуды ойлауы». 190 Төлеңгіттер мен султандардың арасында қандай қатынастар қалыптасты? XІX ғасырдың бірінші жартысында төлеңгіттер басыбайлы болды деп кесіп айту дұрыс болмас еді. Бүл жайында Базаев деген бидің пікірін сұрау жөніндегі материал көңіл бөлерлік мағлұмат береді, ол мынаны айтқан: «Төлеңгіттердің өз ырқымен басқа қожайынға кетуге немесе ешкімге де тәуелді болмай бөлек кетуге құқығы бар. Егер қожайыннан бөлініп кетуіне оның тарапынан кедергілер (мүліктік сипаттағы есеп айырысу) кездесетін болса, онда қырғыз әдет-ғүрыптары бойынша бидің айтқан төрелігімен төлеңгіттер қожайыннан өздеріне тиесілі малын алып бөлініп кетеді».182 Төлеңгіттер малдың және басқа мүліктің меншік иесі де болған. Олардың жерге деген қатынасын анықтау қиынырақ. Тек қана белгілісі сол, төлеңгіттер қауымнан байланысты мүлде үзген жандар еді. Сұлтандарды паналаған соң төлеңгіттер тек оз иелерінің жерінде ғана көше алатын болды. Қисықов деген төлеңгіт өзінің жауабында: «Қыстау Жас көш құмында, султан Дәулеткерей Шығаевтың жерінде», - деген. Сөйтіп, материалдық жағдайдың қисынына қарай төлеңгіттердің феодалдарға тәуелді хал-күйін қалыптасты. Төлеңгіттердің еңбегі феодалдардың шаруашылығында аз пайдаланылды. Төлеңгіттер көбінесе өз қожайынының жасақшысы, күзеткер жан серігі болып қызмет етті. Сонымен бірге төлеңгіт оз қожайынының барымта немесе мал айдап кету мақсатымен жасайтын жортуылдарының бәріне қатысуға міндетті болды. Тінәлі - Қарпық болысындағы билерден төлеңгіттердің міндеттері туралы пікір сұралғанда, олар былай деген: «Төлеңгіттер султанды және оның меншігін қорғауға, сапар кезінде оның қасына еріп жүруге, шабарманы болуға және басқа істерді орындауға міндетті. Ертеректе төлеңгіттер өлім жазасын орындаушылар болды».182 Алайда төлеңгіттердің міндеттері мұнымен шектелмеген. Олар зекет жинаумен айналысты, сондай-ақ жауапты тапсырмалармен қожайындардың атынан басқа руларға жіберілді. Ішкі ордада төлеңгіттердің арасынан ру басқарушылары - старшындар тағайындалды. Мысалы, Ішкі Орданың ханы Жәңгір төлеңгіт Шоң Еділбаевты старшын етіп тағайындаған болатын.187 Төлеңгіттердің көпшілігі күйзеліске ұшыраған қазақтардан құралды деп кесіп айтуға әбден болады. Мұны дәлелдеу үшін кейбір фактілерді келтірейік. Жуатай Буранайман болысында жүргізілген санақ материалдары негізінде біз жасаған мына төмендегі кесте188 төлеңгіттердің өздері тәуелді болған сұлтандармен салыстырғандағы мүліктік жағдайын айқын көрсетеді.

Сұлтандар
Киіз үй саны
Адам саны
Мал саны

еркек
әйел
жылқы
Ірі қара

қой

Ыбырайым Қылышев - болыс басқарушысы

1

3

1

106

5

150

Сұлтан Қолап Қылышев

1

1

1

150

4

400

Төлеңгіттер Жаманкөт Ертісбаев

1

2

3

9

1

Құрынбай Алтаев

1

3

2

2

2

2

Самырса

1

2

2

2

8

Жұрынбай

1

2

2

2

4

Өтеп Көптаев

1

2

1

1

1

Қарақалпақ төлеңгіттер

Бағанбек Төменов

1

2

1

2

Бурабай

1

2

1

Күйшібай

1

2

3

4

5

Жұрынбай 1 2 2 2 4 -Өтеп Көптаев 1 2 1 -Қарақалпақ төлеңгіттер -Бағанбек Төменов 1 2 1 2 -Бурабай 1 2 1 -Күйшібай 1 2 3 4 -5 жағынан, феодал шонжарлары - сұлтандарға, билерге, бай - феодалдарға, әскери шонжарлар - батырларға; екінші жағынан - қазақ еңбекші бұқарасына, соның ішінде бұлардың анағүрлым кедейлері: байғұстарға, егіншілерге, жатақтарға және бақташыларға бөлінді. Сөйтіп, біз көшпелі қауымның ыдырау жағдайына және қазақтардың осы негізде қалыптасқан жер жөніндегі қатынастарына талдау жасадық, сондай-ақ султандар мен ру шонжарлары көшпелі қазақ қауымдарының мойнына салған әр түрлі феодалдық міндеткерліктерді көрсеттік және патриархалдық - рулық тұрмыстың қазақтарды қанау түрлеріне ықпалын зерттедік. Бұл орайда сақталып қалған қауымдық жер иелігі қазақтардың өндірістік қатынастарына патриархалдық - феодалдық сипат бергендігін атап көрсеттік. Сонымен бірге кішігірім көрініс болып табылатын көшпелі ауыл қандас туыс адамдардан құралуын әлі де сақтап қалған-ды. Бұл жағдай да қазақтардың феодалдық қатынастарына патриархалдық - рулық сипат берген. Егер қазақ қоғамының экономикалық дамуы қазақ қауымының ыдырауы мен феодалдық қатынастардың дамуы бағытымен жүрсе, патриархалдық - рулық тұрмыс идеология, тұрмыс саласында және қазақтардың қоғамдық өмірінің ұйымдасуында әлі де берік болды. Патриархалдық - рулық сарқыншақтардың сақталып келгендігіне мына төмендегі мақал-мәтелдер айғақ бола алады.180

«Кісі елінде султан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
«Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас».
«Көлденең кісі көңілге қарамайды».
«Жеті атасын білмеген - жетесіз».

«Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын».
«Ит тойған жеріне, ер туған жеріне».
«Туысы бірге түртпейді, түбі бірге кетпейді».

Ру ішін патриархалдық - рулық тұрмыстың болуы ру старшыны - ақсақалдардың беделінің сақталуынан көрінді. Бұрын жасы ұлғайған адамдарды ақсақал ден атайтын, өмірден мол тәжірибесі бар адам деп олардан ақыл-кеңес сұрайтын. XІX ғасырдың бірінші жартысында «ақсақал» деген сөздің бастапқы мән-мағынасы жоғала бастады. Енді қолында билігі бар кез келген адамды жасына қарамастан ақсақал деп атайтын болды. Мәселен, билеуші султандар мен аға султандар ақсақал деп аталды. Құқықтық қатынастар саласында патриархалдық - рулық тұрмыс сарқыншақтары әйел рөлінің төмендетілуінен байқалды. Қазақтардың әдеттегі құқығының нормаларына сәйкес өз жұбайының дүние-мүлкін мура етіп алуға әйелдердің құқығы болмады. Әдет-ғұрып бойынша, «әйел тек өзіне ғана иелік етеді және тек өзі үшін ғана жауап береді». Сонымен бірге әйел қазақтардың қоғамдық өміріне қатыса алмады. Сот ісін қарау кезінде әйел тіпті куә ретінде де қатыстырылмады. Егер әйел биге шағым жасаса, оның талабы заңсыз деп есептелді және қаралуға жатпады. Әйел еркекпен тең құқықты болмады. Мұны әйел өлтірілгенде төленетін құнның мөлшері де дәлелдейді. Отбасылық қатынастар саласында қазақтарда патриархалдық - рулық тұрмыстың сақталуы отбасының үлкені саналатын еркектің балаларға үстемдігінен байқалды. «Ата-ананың өз балаларына өктемдігі шектелмеді, тіпті балаларының өмірі де олардың өз қолында болды».144 Әкесіне тіл тигізгені немесе бағынбағаны үшін бала әуелі таяқ жейтін болған, ал осы қылығын қайталаса, ол қайда барсаң, онда бар деп үйден қуылған. Әке баласын бір өзі жазалай алмаған жағдайда, ол «...туыстарын шақырып, тентекті бәрі бірігіп жазалаған». Бұл жағдайға тән нәрсе сол, бала әкесінің үстінен шағым айта алмаған. «Балалардың ата-аналарының үстінен жасаған шағымдарына көңіл бөлінбеген, ал мұндай шағым тым маңызды болып көрінсе, төрешілер ақыл-кеңес беруден, уағыз айтудан әріге бара қоймаған».192 Әкенің балаларға үстемдігі мүліктік қатынастарға да жүрді. Егер ұлы жеке отау тіксе, әкесінің оған мал бермей қоюы да кездесетін. Әкемнің дүние-мүлкі мен малынан енші аламын деп баласы үміттене алмайтын. Патриархалдық - рулық қатынастардың сарқыншақтары дін саласында да сақталды. Ілгеріде атап көрсеткеніміздей, қазақтарда исламмен бірге шаманизмнің қалдықтары, табиғат құбылыстарына табыну әлі күшті-тін. XІX ғасырдың бірінші жартысында исламды ресми түрде уағыздаушылардан - молдалардан гөрі бақсылар қазақтар арасында көбірек танылды деп айтуға әбден болады. Патриархалдық - рулық тұрмыс қазақтарда рулардың ас беріп, жаназа шығаруларында да сақталды. Бұл рәсім жылына үш рет, атап айтқанда, кісі қайтыс болған соң жеті күн, қырық күн және бір жыл өткеннен кейін істелген. Асқа өлген адамның жақын туыстары түгел жиналады. Егер өлген кісі атақты адам болса, оның асына бүкіл ру өкілдері келетін болды. Ақырында, қазақтарда патриархалдық - рулық тұрмыстың сақталғандығын ру ұранының болғандығы да куәландырады. «Ұран» соғыс, барымта, бәйге т. б. кезінде руластарды «Бір жерге жинау үшін атойлап айтылады. Рудың ураны ретінде әдетте бәріне ортақ рубасының есімі алынған. Мысалы, «Албан» осы аттас рудың ұраны болған. Қазақтардың әрбір руының өз ұраны болғаны сияқты, султандардың да, қожалардың да оз ұрандары болды. Қазақтар: «Арқар Ұранды төре», «Алла Ұранды қожа», «Алаш Ұранды қазақ» дейді. Мынаны атап айту керек, уран қазақтардың патриархалдық - рулық тұрмысы сарқыншақтарының ішіндегі ең өміршеңі болып шықты. Бүл жөнінде Орынбор Шекара Комиссиясының чиновнигі Л. Баллюзек былай деп жазған: «Қырғыздар үшін қазіргі әдет-ғұрыптардың бірде-бірі дәл ұран сияқты қасиетті бола алмайды, өйткені ұран бүкіл руластарды, тіпті олардың дос-жарандарына да, басқа рудағы құда-жекжаттарына да қарсы шапқан түрде жұмылдыра алады. Қырғыз өзіне етене ұранды естіген бойда-ақ өзге дүниені ұмытады».8 Феодалдық қатынастардың дамуы жағдайында ру ураны феодалдық өзара қырқыстардың құралына айналып, қазақтардың қоғамдық өмірінде кертартпа рөл атқарады. Патриархалдық - рулық тұрмыс қазақтардың қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуында да сақталды. Ру ақсақалдарын құрметтеу XІX ғасырдың бірінші жартысында әлі күшінде еді. Олжаны бөліскенде, көшкенде, ақырында, тіпті киіз үйге топ болып кіріп, жайғасқанда да ру ақсақалдарын құрмет түту тәртібі сақталды. Ең құрметті орын - төр ең үлкен рудың өкілдеріне беріледі. Мысалы, Ұлы жүзде Жалайыр руы ең үлкен ру болып есептеледі. Олжаны бөлісер, ас берілер кездерде ең әуелі: Жалайыр руынан ақсақалдардан кімдер бар деп сұрайтын болған. Қазақтар: «Ноқта ағасы Жалайыр бар ма?» - дейді. Дәл осындай тәртіп Кіші жүзде де болған, мұнда ең үлкен ру Әлимолла руы деп саналған. Өзінің байлығы мен ықпалы жағынан бүл ру басқа рулардан ерекше болған. Әлимолла жайында бас штабтың полковнигі Бларемберг былай деп жазған: «Қырғыз халықтық сеимдерінде әлимоллалықтар бірінші болып дауыс береді, бірінші болып істің ұйғарымын айтады, осы ұйғарымды үлкен рудың қабылдауы ортақ мәмлеге келу және оны орындау жөнінде толық кесім айтылған болып есептеледі. Ал Кіші жүздің ұсынысы әлимоллалықтарды оны орындауға міндеттей алмайды».193 Қоғамдық қатынастар саласында да, тұрмыс саласында да қазақтардың бүкіл өмірі патриархалдық - рулық сарқыншақтарға толы болды. Мұның бәрі еңбекші қазақтарға өздерінің таптық мүдделерін түйсінуде бөгет жасады. Патриархалдық - рулық қатынастар барлық қазақтардың таптық «ынтымағы» туралы қазақтарда жалған түсінік туғызған. Сондықтан рулық дәстүрлерді ұстанушы ру шонжарларының патриархалдық - рулық тұрмыстың сақталуына мүдделі болуы кездейсоқ емес. Қазақтарда патриархалдық - рулық тұрмыс тек қоғамдық қатынастар, идеология және тұрмыс салаларында ғана емес, сонымен бірге саяси өмірдің ұйымдастырылуында да өміршең болды. Ол қазақтардың біртұтас мемлекет болып бірігуін едәуір тежеді. Барымтаның, ру уранының болуы рулардың өзара араздығын қоздырып, ру шонжарларының орталықтандырылған өкіметке өшпенділік рухында тәрбиеленуіне жағдай жасады. Сол себепті Кенесары Қасымов көтерілісі кезінде кейбір қазақ руларының өз рубасыларымен бірге оқшаулану пиғылында болғаны тектен-тек емес. Әдетте, ірі ру шонжарлары біртұтас мемлекеттік өкімет ұйымдастыру ісін қолдаудан бас тартатын. Патриархалдық - феодалдық құрылыс, сондай-ақ қазақ қоғамының экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде ру тұрмысы сарқыншақтарының сақталуы оның жалпы мешеулігін айқындап берді және оның будан былайғы дамуын өте қатты тежеп келді.

3 – тарау
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАТШАЛЫ РЕСЕЙ XІX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА

Жұртқа мәлім, Қазақстанның патшалы Ресейге тәуелді болуының басы XVІІІ ғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XІX ғасырдың алғашқы жартысында ғана бағындыра алды. Маркстың бірнеше рет ескерткеніндей, шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу «орыс патша өкіметінің дәстүрлі саясаты» болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XІX ғасырдың 30-жылдарына дейін орта азиялық істер патша өкіметінің «үлкен саясаты» саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға назар аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XІX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бүл бағыттағы саясатын тездетпеді, ол неғұрлым жайбасармен жалғасқан. Орта азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды. Канцлер Нессельроде қаржы министрі Канкринге: «бұл сауда біздің бүкіл азиялық саясатымыздың негізін қурайды» деп жазғаны буған айғақ. Орыс патша өкіметінің саясатының Орта Азияда және сонымен бірге Қазақстанда жандандырылуы XІX ғасырдың 20-жылдары басындағы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» деп аталатынға байланысты (1822 жыл) Ресей әкімшілігі жүйесін әуелі Орта, одан соң Кіші жүзге енгізу жеделдетілген кезден басталады. Ал іс ағылшын - орыс бақталастығы шиеленісуіне байланысты 30-жылдарда бұрынғысынан да кең өрістей түсті. Бұл былайша болды: Ресейдің Таяу Шығыстағы Адрианополь және Ункиар-Искелес шарттары бекітілуінен көрінетін табыстары Англияны бұған қарсы әрекет жасауға итермелеген. Николай І үкіметі Ункиар-Искелес шартының орындалуына жағдай туғызатын Түркиядағы үстемдігін сақтап қала алмады. 1841 жылғы Лондон келісімі Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Содан да патша өкіметі үшін Орта Азиядағы өз орнын нығайту көбірек маңыз алды. Орта Азия біртіндеп ағылшын - орыс күресінің негізгі аймақтарының біріне айналды. Егер ағылшын - орыс бақталастығының майданы орыс меншігі шекарасынан сыртқары созылып, Хиуа - Бұқар - Қоқан - Иран - Ауғанстан - Үндістан бағыты арқылы өтсе, ал Қазақстан бұл кезде жақын мандаты тылға, шабуылға әзірлік аймағына айналды да, оған бекіну патшаның бірінші кезектегі міндеті болды. Ресей, орта азиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді. Бүл елдерге және одан ары Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң орта азиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және одан әрі Орта Азияға кеулеп енуге болатын еді. Бұдан басқа, Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализмінің экономикалық мүддесінен туындаған-ды. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстан да өнім өткізу және арзан шикізат базары ретінде, отарлық үстеме пайда көзі ретінде патша өкіметінің назарын өзіне бірден аударған. XІX ғасырдың басында Қазақстан Ресейге тек соз жүзінде ғана бағынды және онда да тұтас емес, өйткені оның бір бөлігі Қоқан мен Қытайдың ықпал ерісінде болғандықтан патша өкіметі бірінші кезекте қазақтардың саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын құртудан бастады. Осы мақсатпен негізінен үш бағытта жүретін бірқатар шаралар жасалынды, олар: 1. Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте және жекелеген бекіністер салуды жеделдетуден және осы бекіністерге жапсарластыра казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан көрінген әскери тұрғыда бекініп алу бағыты. 2. Ең әуелі округтар мен округтік приказдар құрып, әкімшілік басқару реформаларын жасап, содан соң нәтижесінде қазақтардың саяси құқықтары күрт шектелетін, басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда орнығып алу бағыты. Ең соңында, үшіншісі, қазақтардың жерін жаппай басып алудан, салық салуды және әр түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т. б. монополия алу секілді) енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты. Осындай шаралардың жиынтығы, сайып келгенде,патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Патша өкіметінің Қазақстандағы отар¬лау саясатының ақиқат мақсатын патша чиновниктерінің қоғамдық пікірден жасырғаны түсінікті еді. Солай бола тұрса да, өкіметтің кейбір өкілдері өздерінің пікірлерін ашықтан-ашық білдірді. Осы тұрғыда Орынбор өлкесіндегі бір белгілі чиновниктің айтқаны көңіл аударарлық. Ол Орынбор әскери губернаторы граф П.П.Сухтеленге былай деп жазған: «Мен қырғыздардың басына жұмақ орнатқысы, оларға білім бергісі, сөйтіп оларды Еуропа халықтары шыққан биікке көтергісі келетін филантроптарға еліктей алмаймын. Мен қырғыздардың ешқашан егін екпеуін, ғылым түгілі тіпті қолөнерді де білмеуін бүкіл жан-тәніммен қалаймын, бірақ, сонымен бірге, оларды біздің нанды жеуге, біздің жай шұғаны, Ресейдің басқа да осындай қарадүрсін бұйымдарын пайдалануға үйреткім-ақ келер еді».194 Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Орынбор әскери губернаторы Обручевпен жазысқан хатында Қазақстанда жүргізіп жатқан отарлау саясатының сипаты туралы ашық айтқан. Мәселен, Обручевке жазған хаттарының бірінде Ладыженский былай дейді: «Комитет (Азиялық Комитетті айтып отыр - Е. Б.) төрағасы мырзаның пікірі жалпы мынаған келіп саяды, ол үкіметтің қорғаншылық жасауынан Орда мүлде мақрұм қалып, оз надандығының түн-түнегінен мәңгі оралмаса екен, сөйтіп, бұл қырғыз халқының жабайы қарапайымдылығын пайдалануды атамзаманнан бері тәсіл еткен Шептің қол астындағы көз жұмып, бас шұлғитын алым-салық төлеушісі күйінде қалса екен деп тілейді».195 Осы саясатты жүргізіп отырғандардың мойындағанындай, патша өкіметінің отарлау саясатының шын мәні, міне, осындай. Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатында, бір жағынан, қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйенді. Соңғысы, әсіресе жаулап алынған орынды бекіту үшін маңызды болды. Ал жаулап алынған аймақты бекітуді патша өкіметі тек қазақ қоғамының пұрсатты табына сүйене отырып жасай алды. Феодал шонжарларды өз жағына тарту мақсатында патша өкіметі олардың Қазақстандағы пұрсатты жағдайын мойындаған еді. Біріншіден, султандар мен билерге жеке меншік құқығымен қыс қыстауларды және жаз жайлауды өздерінің жеке меншігі ретінде иеленуге рұқсат етілді. Онан соң оларға үкімет қорғап тұрған жер мен мүлікті мұра ету құқығы бекітілді. Екіншіден, султандар мен билер аға султан, болыс билеушісі т.б. ретінде әкімшілік қызметке тағайындалды. Қызметке орналасқан султандар мен билерге дворяндар әулеті деген атақ берілді. Үшіншіден, султандар мен билер салықтардан және басқа да міндеткерліктерден босатылды. Оларға үкімет пайдасына заттай төлем, түндік басынан және басқа да алым жинау құқығы берілді. Ең соңында, султандар мен билерге сот қызметін атқару жүктелді. Жергілікті жерде қазақтардың дағдылы құқығы жүріп тұрса да дегенмен сот талап ісінің едәуір бөлігі султандар мен билердің қатысуымен, орыс әкімшілігінің үкімі арқылы өтетін-ді. Султандар мен билерге арқа сүйеу саясаты, бір жағынан, халық бұқарасын қанауды күшейтті, әрі қазақ қоғамының таптық саралану процесін тездетті. Екінші жағынан, султандар мен билердің жеке меншік құқығымен жер иелене алатынын бекіту көшпелі қауымды ыдыратып және сол арқылы феодалдану процесін объективті түрде шапшаңдатты. Мұның қазақ қоғамы тарихи дамуының одан арғы барысында, әлбетте, оң мәні болған еді. Енді үкіметтің султандарға, ру шонжарлары - билерге қатысты саясатын нақты талдауға көшеміз. Феодал шонжарларға жер меншігін бекітіп беру жолымен олардың үстем жағдайын сақтап қалуға тырысу қазақ кедейлерін сұлтандар мен билердің қыстақтары мен жайлауларына қол сұғуға мәжбүр еткен кезде үкімет басындағылар әрдайым феодал шонжарларын қолдап отырды. Соны көрсететін бір мысал, 1831 жылы султан Шама Абылайханов Омбы облыстық басқармасының бастығына былай деп шағым еткен: «Осы жылы жер болу жөніндегі Қарқаралы округтік приказы біздің көшіп-қонуымызға жер бөлген еді, қазір ол жерден бізді ығыстырып, кім көрінген иемденуге ниеттенуде, соның салдарынан біздер тыныштықтан айырылдық, сондықтан бүл жерлерді маған бекітіп беруді сұраймын».196 Султан Шама Абылайхановтың өтініші қанағаттандырылған. Омбы бастығы Қарқаралы приказына: «бұған көз жеткізіп, сұраушының өтінішін мүмкін қадарынша қанағаттандырарсың» деп жарлық беріпті. Баян - Атығай болысының биі Қадыр Шымболатов Батыс Сібір генерал-губернаторына осындай өтініш білдірген. Батыс Сібір генерал-губернаторы оның өтінішіне орай былай деп жарлық береді: «Жер жыртып, егін салуына, көшіп-қонуына, шоп шабуына және мал жаюына арнап, қарауындағы қырғыздармен қоса, Қоскөл және Сүйріктікөл деп аталатын мекендерді оған берсін деп тиісті адамға бұйырыңыз».197 Үкімет феодал шонжарлардың Қазақстандағы үстем жағдайын бекітумен ғана шектелмеді, сонымен бірге оларды патшаға қызмет етуге тартты. Қазақтың сұлтандары мен билерін патша әкімшілігінің қызметіне қатыстыру М.М. Сперанский 1822 жылы жасаған «Сібір қырғыздары туралы жарғыда» көзделген. Жарғыны енгізуде көзделген негізгі міндет жарғының соңғы бөлігінде төмендегіше тұжырымдалған: «Сібір Шептері, күзет мағынасында алғанда әрдайым уақытқа арналған мекемелер емес, бірақ өзіміз иеленген қырғыз жерлеріне орнатылған тәртіптің таралуына орай бүл күзет ілгері жылжи береді де ең ақырында, нақты мемлекеттік шекараға жеткен соң тұрақты орын тебетін болады».198 Басқаша айтқанда, міндет мынада еді: Қазақстандағы тәуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына жымын білдірмей қосып алу керек еді. Осы мақсатпен Орта жүз жерлерінде сыртқы округтар ұйымдастырылып, олардың басына «округтік приказдар» қойылды. Приказдарды аға султандар басқаруға тиіс болды. Оларға заседательдер ретінде 2 «құрметті қырғыз» және 2 орыс тағайындалды. Аға султан тек бір ғана султандар жиналысында 2 жылға сайланды. Заседательдер де сол мерзімге сайланды. Аға сұлтанға «Ресей қызметінің майоры» деген әскери атақ берілді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін олардың «орыс дворянына лайық» деген диплом сұрауға құқығы болды. Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Әрбір округтің аумағы қатаң межеленген жері болды. Бұл округтің тұрғындары басқа округтің жеріне жергілікті бастықтың арнайы рұқсатынсыз өте алмайтын еді. Өз бетімен өтіп кетудің қандайы болсын қатаң жазаланды. Болыстардың басында болыстық старшындар турды, олар да патша өкіметіне шын берілген султандар мен билерден сайланды. Болыстарды басқаратын султандар мен билер 12 класты чиновниктерге теңестірілді.

Ауылдарды селолық бастықтарға теңелетін старшындар - билер басқарды. Орта жүздегі хандық үкімет Жарғы бойынша таратылды. Жарғы шыққаннан кейін көп кешікпей Кіші жүздегі хандық үкімет те таратылып (1824 жыл), Батыс Қазақстан даласы билеуші султандар басқарған үш алқапқа - батыс, орта және шығыс алқаптарға бөлінді. Әрбір билеуші сұлтанның міндетіне Орданың тайпалардан туратын тұтас бөлігін басқару да, сондай-ақ билер мен султандардың ауылдарды және жекелеген тайпаларды басқаруына бақылау жасау да жатқызылды. «Орданың көз алдында салмағын арттыру үшін» әрбір билеуші сұлтанға алтын қылыш, ту, қызмет дәрежесі көрсетілген грамота берілді. Булардан басқа қырғыз старшындарының ұғымында бас султандар атағын пайдалы да, тартымды етуге Азия комитеті билеуші султандарға арнайы 100 сомнан күміс ақша, жылына 60 қанардан қара бидай ұнын беруді тағайындады. Батыс және орта бөліктер арасындағы шекара Илецк қалашығынан басталып, Елек пен Үлкен Қобда өзендері арқылы, одан соң Темір өзенінен оңтүстікке бұрылып, Арал теңізіне дейін өтті. Орта және шығыс бөліктері арасында шекара Степная қамалынан басталып, Тоғызақ және Тобыл өзендерінің жоғарғы жағын ала өтіп, оңтүстікте Сырдария өзеніне дейін жетті. Қазақ даласында адамдар тағдырын шешетіндер Орта жүзде аға сұлтандар, Кіші жүзде билеуші султандар болды. Султандар жанына 200 адамдық казак отрядтары қосып берілді. Сұлтандарға мұндай отрядтар казактарға «орыс рухында» ықпал ету үшін берілді деп ресми түрде айтылды. Ал шындығында бұл отрядтар султандарды күзетіп, әскери -полициялық қызмет атқарды. Сонымен бірге жергілікті өкімет солардың араласуымен султандар жұмысына өзіндік бақылау жүргізіп отырды, қажет болған жағдайда оларды патша әкімшілігінің талабына орай әрекет етуге көндіріп отырды. Жоғарыда айтқанымыздай, патша өкіметі султандарды әр түрлі міндеткерліктер мен салық төлеуден босатты. Мәселен, Сібір корпусы штабының бастығы генерал - майор Броневский 1832 жылғы 17 ақпанда шекаралық өкіметке: «Көкшетау округтік приказының төрағасы болып істейтін султан Абылай Ғаббасов пен Қарқаралы округтік приказының төрағасы султан Тұрсын Шыңғысов әрқайсысы мың бас жылқысы, 1500 өгізі және 1000 бас қойы бола тура заттай алым төлеуден біржола бос деп саналсын және олар қайтыс болғанда бұл құқық олардың аталас ұрпақтарына берілсін»200 деп жазды. 20-жылдардагы басқару жүйесін өзгертуге талдау жасағанда, феодалдық басшы топтың отарлау аппаратымен сіңісіп кету процесін айқын көруге болады. Патша өкіметіне қызмет етуге көшкен қазақ султандары мен билері Қазақстандағы феодалдық - отарлау езгіні бейнелейтін еді. Орта жүздегі аға султандар мен Кіші жүздегі билеуші султандарды шын мәнінде үкімет тағайындап отырды; лауазымды адамдарды жаңадан сайлау дегенің орыс әкімшілігінің шексіз бақылауымен тана жүргізілді. Болыстық және ауылдық старшындардың қылмайтыны жоқ еді. Патша қызметіне ауысқан қазақ феодалдары - аға султандар, болыс билеушілері, ауылдық старшындар және дистанциялық бастықтар -еңбекшілерді феодалдық жаншудың бұрынғы формаларын сақтап қана қойған жоқ, сондай-ақ үкімет атынан салық жинады (түндік басынан алым, заттай төлем, жөндеу жүргізгені үшін алым, билет үшін алым, көшіп-қонғаны үшін ақша төлеу т.б.). Осындай ақшаны жинау кезінде қазақ феодалдарының қылмаған қиянаты жоқ. Мысалы, Сүйеуғали султан түтін басынан ақша жинау кезінде тиісті 1 сом 50 тиын орнына, қазақтардан қой мен өгіз алып отырған. Сондай-ақ Орынбор өлкесіндегі Орданың шытыс бөлігінің билеуші султаны Ахмет Жантөринді де көптеген қазақ рулары қиянат жасатқаны және парақорлығы үшін айыптады. Орынбор Шекара Комиссиясы төрағасына Арғын, Қыпшақ рулары қазақтарының атынан 315 адам қол қойған арыз берілді201. Ахмет Жантөриннің қылмысты ісін тексеру үшін комиссия құрылып, комиссия бүл іспен бір жылдай айналысты, бірақ ақыр соңында Ахмет Жантөрин кінәсіз деп табылды да, қазақтардың арызы аяқсыз қалды. Сондықтан халық бұқарасының бүл султандарға соншалықты жек көрушілікпен қарауының бекер еместігін жергілікті чиновниктер сан рет атап көрсетті. Мәселен, Орынбор өлкесінің тарихшысы С.Н. Севастьянов былай деп жазды: «Ресей тарапынан қолдау жасалғанына қарамастан, билеуші султандар қырғыздар арасында беделіне ие бола алмады... Бүлікші қырғыздардың султандар билігін сыйламағаны былай тұрсын, тіпті оларды өлтіріп тастап отырды. Мысалы, Жантөрин султанға осылай істелді».59 Жаңа ереже бойынша Кіші жүзде де, сондай-ақ Орта жүзде де сот ісін жүргізудің бұрынғы жүйесі қатаң өзгеріске ұшырады. Сатқындық, кісі өлтіру, қарақшылық, барымта, орыстарды тұтқынға алу, сондай-ақ үкіметке қарсы бас көтеру жөніндегі бүкіл істі патшаның әскери соты қарайтын болды. Шеп бойындағы тұрғындарға шабуыл жасап, үйлерін тонағаны және оларға 20 сом күмістен асатын мөлшерде материалдық шытын келтіргені үшін қазақтарды билеуші султандарды қатыстыра отырып, Шекара Комиссиясының азаматтық қылмысты істер соты соттады. Сөйтіп, билер сотынан барлық маңызды сот құқықтық мәселелер алынып тасталды. Осыдан бастап билер тек қана екінші дәрежелі мәселемен айналысатын болды. «Құны 20 сом күміс ақшадан кем түсетін шығынға ұшыратқаны үшін шағым түскенде ондай қазақтардың ісін Орынбор жергілікті қазақ бастықтарының бақылауымен өздерінің халықтық салты бойынша тексеріп, жазасын белгілейтін болды».202 Соның салдарынан қазақтардың сот ісін қарауы әбден былықты. Сот істері жүздеп жиналып қалып, ұзақ уақыт қозғалыссыз жатты. Тек қана билеуші султандар: Арслан Жантөринде шешілмеген істің саны 2-3 мыңға, ал Баймұхамбет Айшуақовта - 2 мыңға дейін жетті. 1845 жылы Орынбор өлкесіне арнайы келген стат кеңесші Любимов қазақ даласындағы сот ісінің былық жағдайы туралы былай деп жазды: «Билеуші султандар, старшындар маған келіп шағынып: бір істің өзін қарауда қатынас хат жазысу қазіргідей көп уақыт алып жүріп жатқанда, өздерінің қырғыз салты бойынша олардың 20 ісін шешуге болатын еді және бұған қырғыздар да соншалықты разы болар еді, дегенді айтты. Жалпы олардың тілегі - Ордадағы кез келген істі (әрине, маңызды қылмысты істерден басқасы) қазіргі белгіленген тәртіп бойынша емес, оз салттары бойынша шешуге (бұрын, Ереже шыққанға дейін солай болғанындай) руқсат етілсе екен, ал қазіргі белгіленген тәртіп толып жатқан тексеруді, ұзақ уақыт қатынас хат жазуды талап етіп істі сүйретпеге салады, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қаржысы да, песірлікке адамдары да жоқ әлгі қырғыз басшылары аса қиын жағдайға тап болып отыр, Билеуші султандардың бір ғана шығыс қағаздары 1500-ден 3000-ға дейін жетеді және бұлар қайда десеңші? - далада, Ордада, ал дұрысында мұның бәрі де қырғыздардың тұрмыс жағдайына, тұтыну дәрежесіне лайықталып қарапайым шешілуі керек қой».203 Патшаның соттық жүйесін енгізу ру шонжарлары - билердің қоғамдық жағдайын едәуір өзгертті. Олар қазақ қоғамында пайдаланған беделінен айрылды. Осынау билердің жағдайы жөнінде Красовский былай деп жазды: «Қазіргі уақытта билердің өзі адалдығына қарай сұрыптала бастады, ендеше қырғыздар олардың арасынан бүл талапқа сай келмейтіндерін тауып үлгерген сияқты... Істі шешумен күн көретін билер табысты аз алатын болды; ал кейде мүлде табыссыз қалды; біреулері бұрынғыша халықтың әділ кеңесшілері болып қалды да, өзгелері жоғарыдағылардың заман өнегесін көре отырып, арам жолға түсті, сөйтіп халықтың бұрындары еш кінәратсыз жұмыс істеген әділ сотының ішінен парақорлық деген пәле ақыры өзіне жылы орын тапты».4 Билердің қоғамдық жағдайдағы өзгерістері халық мақалдарында көрінді: «Жаңа соттан әділдік күтпе, жаңа байдан қарыз алма», «Егер халқында екі би парақор болса

- халықта маза жоқ, егер қой қорасында жақсы ит болса

- қасқырдан келер қаза жоқ», «Аяздың аңдығаны - арық мал, ал бидің аңдығаны - басына іс түскен адам», т. с. с.

Даланы басқарудың жаңа жүйесі, әсіресе «Сібір қырғыздары туралы жарғы» далада ғасырлар бойы орнаған тәртіпті елеулі түрде өзгерткені сонша, қарсыласудан сескенген үкімет жаңа басқару жүйесін бірден енгізе алмады. Округтік приказдар құрылғанша қазақтар арасында дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазақтарды: приказдар (дуандар) мүмкін болатын шабуылдардан қорғау үшін құрылады, ал жер өздеріңнің мәңгілік пайдалануларыңа қалдырылды,- деп сендірді. Шынында да дайындалып жатқан қайта құру туралы алғашқы мәлімет қазақ ауылдарында әжептәуір дүрлігу туғызып, адамдарды сескендірді. Бұл тұрғыда Сыбан - Найман болысындағы бес қазақ руларының 1824 жылғы қыркүйектегі үзілді-кесілді талап қойған хатын айту керек, олар бұл хатында төмендегі талаптар қабылданатын жағдайда ғана приказдар құруға руқсат ететінін жазды: 1. Жаз жайлау мен қыстау орналасқан жерлер шекарасы бойынша осы арадағы алтын мен күмісі, басқа да кендері бар орындармен қоса, балық аулайтын көлдерімен, тағы сондай игіліктерімен аталған бес ру тармақтарының иелігіне мәңгілікке қалдырылатын болсын. 2. Біздерге, балаларымыз бен әйелдерімізге, мәңгі - бақи заттай төлем салығы салынбасын, солдатқа адамдарымызды алмасын және басқа да міндеткерліктер жүктелмесін. Егер алда-жалда бізден алым талап етілетін болса, алымның жеңіл түрлері сұралсын, мысалы, бізге бөлінген, біз тұрып жатқан жер үшін төлер едік, онан соң өнеркәсібіміз үшін жыл сайын 25 түндіктен бір түлкі беріп отырар еді. 3. Төбелес пен кісі өлімінен аулақ болу үшін ішімдік үйлерін ашпау керек. 4. Әскер жіберілмесін, өйткені нан жоқтығынан солдаттарды немен асырамақпыз. 5. Біздің халық арасында ұшырасатын кісі өлтіруден басқа барлық іс біздегі мұсылман талқысына берілсін. Біз күн көріп жатқан жерге ешкім де, тіпті мейірбандық іспен келушілерді қоса ешкім де араласпасын, тек оны бірден - бір билеуші генерал-губернаторға ғана бағындыру керек. 6. Біздің болыстан басқа болысқа қызметке адамдар жіберілмесін, себебі өз болысын өздері қорғау керек, ал егер осы үшін қажеттілік туа қалса, онда адамдарды жан санына қарай емес, түтін саны бойынша алатын болсын. 7. 3-5 жыл сайын патша ағзамға депутаттар жіберу құқығы болсын.204 Бұл құжатта қазақтардың өмірлік мүддесіне қатысты мәселелер баяндалған еді. Ал бүл талаптарды үкіметтің қабылдамай тастағаны белгілі. Бұл арада мынаны атап айту маңызды: қазақтар кейін Кенесары туы астына жиналып, ерлікпен күрескенде нақ осы талаптарға қол жеткізуді ойлаған еді. Приказдар ашудың дайындық жұмыстары 1824 жылға дейін созылды. Осы жылы екі приказ: Қарқаралы және Көкшетау приказдары ашылды. Одан соң приказдарды ашу мынадай ретпен жүргізілді: 1831 жылы Аягөз приказы, 1832 жылы - Ақмола, 1833 жылы -Баянауыл және Үшбұлақ, 1834 жылы - Қарағай, 1838 жылы - Көкпекті приказдары.

Округтердің аты
Ашылу уақыты
Саны
Адам саны

Болыстар
Ауылдар
Киіз үйлер
Еркектер

Әйелдер
Екі жыныстан да
Қарқаралы

1824 8/ІV

17

419

22864

64043

82612

146655

Көкшетау

1824 29/VІ

10

144

8778

26187

307318

5691

Аягөз

1831 17/VІ

13

2964

15067

31099

32277

63376

Ақмола

1832 22/VІІІ

15

118

6655

28749

38332

67081

Баянауыл

1833 22/VІІІ

12

791

18132

28053

37404

65457

Үш бұлақ

1833 22/VІІІ

11

300

15019

22426

29915

52341

Аман қарағай

1834 30/VІІІ

33

188

11045

33971

39230

73201

Барлығы

111

4924

97560

234528

290501

525029

Үш бұлақ 1833 22/VІІІ 11 300 15019 22426 29915 52341 Аман қарағай 1834 30/VІІІ 33 188 11045 33971 39230 73201 Барлығы 111 4924 97560 234528 290501 525029 береді, сөйтіп қырғыздар жиі-жиі Танталдың күйін кешті: су қақ жанында, бірақ ішуіне болмайды, сондай-ақ балық та аулай алмайды.207 1811 жылы Новоилецк Шебі деп аталатын құрылысқа кірісу ұйғарылды. Бұл Шепті салу біраз кештеу, 20- жылдардың басында іске асырылды. Соның салдарынан Блек пен Оралдың аралығындағы су мен жайылымға бай жерлер Кіші жүз қазақтарынан тартып алынды. Қазақтардың Елек пен Орал арасындағы жерінен айрылғанына келіскісі келмеген Табын руының старшыны Жоламан Тіленшиев жерді қайтаруды қайта-қайта талап етті. Бутан Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы жауап беріп: бұл жерлерде үйлер, бекіністер салынғанын, оларда туз өндіруде жұмыс істейтін қоныстанушылар тұратынын және жерді қайтаруды талап етуден ештеңе шықпайтынын айтты. 1835 жылы «Жаңа» Шеп құру басталды. Ол Ор және Троицк қамалдарының аралығымен тура бағытпен дерлік тартылды. Осынау кеңістікте Қыпшақ пен Жағалбайлы рулары көшіп жүрген-ді. Оларды жерінен қуу қарсаңында колледж тіркеушісі Андреев былай деп жазды: «Ескі және жаңа Шептер аралығындағы жерді қырғыздың екі руы, атап айтқанда, Қыпшақ пен Жағалбайлы рулары мекендейтін, саны 12 000 түтін шамасында, олар осындағы шабындықты пайдаланды әрі өздерінің тұрақты қыстақтары да бар. Қазір бұл жерлерді бастықтар Орынбор казак әскерлерінің казактарын қоныстандыруға арнауы себепті мынадай сұрақ туады: бүл аймақты мекендеуші қырғыздарды қайда орналастыру керек... Ескі және жаңа Шептер аралығындағы барлық кеңістікті шолып шығып, оз жолындағы кездескен ауылдарды мүмкіндігінше аралап көргенімде мен мынаған көз жеткіздім: бұл жерді бүкіл қырғыз даласындағы ең тәуір өңір деп атауға болады екен, жоғарыда айтылған қырғыздар оны атам заманнан бері қоныстанып, қыс қыстауларына, мал тебіндетуге ең қолайлы жер деп таныған. Бастықтар мұндай жерімізді тартып алғанда, орнына нақ осындай қолайлы жер бермейді дегенге олар сенбейді.107 Осы Шептен батысқа қарай орналасқан 10 000 шаршы шақырымнан астам барлық жер қазақтардың пайдалануынан алынып қойған. Қазақ ауылдарын әлгі аймақтан көшіру ұйғарылды. Рас, барлық ауылды бірден көшіру мүмкін емес-ті. Дей тұрғанмен, көптеген қазақ қауымдастығы құнарлы жерлерінен айырылды. Қазақстан жерін одан әрі жаулап алу және отарлау қазақтарды жақсы қонысы мен жайылымынан айырды. «Патша өкіметі,- деп жазды Сталин жолдас,- бұратана халықты қу тақырға ығыстырып, ұлт араздығын өршіту үшін шет аймақтың шұрайлы жерлеріне отарлаушы элементтерді қасақана қоныстандырды.208 Сонымен жерді тартып алу, приказдар құру, Жаңа және Елек Шептерін салу қазақ бұқара халқының тіршілік ету жағдайына нұқсан келтірмей қоймады; ал қазақтар өздерінің көшіп-қонып жүрген жерлерінен және бұрынғы тәуелсіздіктерінен өз еркімен айрыла қоймақ емес-тін. Қазақтар үшін жер мәселесі басты мәселе, өйткені жақсы жер, шұрайлы жайылым мен өзен-көлдері болмаса, мал өсіруге де болмайтын еді. «Мал бағатын халықтарда, - дейді Маркс,- жердің табиғи өніміне меншік - мәселен, қойды меншіктену -бұл сонымен бір мезгілде шабындықты да меншіктену деген соз, мал бағушылар сол шабындықтармен көшіп отырады.209

Патша өкіметінің жерді жаулап алуы қазақтардың жағдайына қалай эсер етті? Жақсы жерлер мен жайылымдардан айрылған соң көшпелі мал шаруашылығы бұрынғы көлемінде жүргізіле алмақ емес. Қыс қыстауы мен жаз жайлауы тартып алынғаннан кейін қоғамдық ұдайы өсу процесі елеулі түрде бұзылды. Қазақ даласындағы жағдаймен танысу үшін Орынбор өлкесіне арнайы келген Азия Департаментінің директоры К.К. Родофиникин сол кезеңнің жағдайына нақты баға береді. Міне, оның жазғаны: «Енді қырғыздар, біріншіден: казактардың олардан қысқы кезде малдарын тебіндету үшін ішке өткізіп жібергеніне шамадан тыс төлем талап етуінен және одан соң Шеп сыртында жатқан жерлерге осы маңның тұрғындарының орынсыз қожалық етіп, әр түрлі талап қоюларынан әбден жапа шегуде. Мұнымен қатар қыстауларға қатысты, айдалада жатқан көлдерден түз өндіруге қатысты да қырғыздарға әр түрлі қысым жасалады... Қырғыздар бұл секілді қыспаққа Шепке таяу қыстақтарға қатысты да кездесіп отырады. Қысқы кезде далада мал үшін пана боларлық жердің аз кездесетіні белгілі. Сондықтан далалы жерді қоныстанған қырғыз рулары қыстау үшін кейде Сырдарияға және Орданың басқа да шалғай бөліктеріне дейін ұзап кетуге мәжбүр болады. Біздің Шепке таяу үнемі көшіп жүретін ордашылар үшін Шеп маңындағы өзендердің маңызы зор, өйткені бұл күнде далада сирек кездесетін тоғай мен қамыс өзендердің кей тұстарында бар, ондай жерлер қысқы ысқырған боранда қырғыздарға пана, суықта жылытатын отын әрі малға қорек берер еді.210 Жекелеген округтерде қазақтар өздерінің қыс қыстауы мен жаз жайлауынан айрылуын аға сұлтандардан көрді. Атап айтқанда, Қарқаралы округінің аға султаны Шама Абылайханов Омбы облысының бастығына былай деп жазды: «Мен өз тарапымнан Ресейге қызмет етуге әрдайым әзірмін, бірақ менің қарауымдағы қырғыздардың кәрі-жасы түгел мені кінәлап, орыс бастықтар біздерге ешқандай көңіл бөлмейді деседі... Қазір де біздің жазғы және қысқы қонысымыз жайында өтініш жасапсың деп айыптап басымды қатыруда. Біздің жаз жайлау, қыс қыстауымызда орыстар қазір Әсіресе және өзге де таулар төңірегіндегідей шеп дайындауда, әрі қарауыл қойылған, сол жерімізде қыстауымызға батылымыз жетпейді. Өйткені біздің малымыз шөпті жеп, таптап тастайды да, орыстармен арада жанжал туады дейді... Сондықтан мен оларға не деп жауап берерімді білмеймін. 196 Қазақтардың Шеп бойындағы далада шеп шабу мен ағаш кесуіне тыйым салынды. Орынбор ведомствосы батыс бөлігінің қазағы Беріш руынан шыққан Шулы Жолбарысовты патша үкіметі Зеленов ірі бекінісі саяжайында ағаш кескені үшін қатаң жазалады. Мұндай тыйым салу, әсіресе, мал тебіндей алмайтын боранды қыста қиын соқты. Жемшөп қоры жоқ көптеген қазақтардың малы жиі-жиі жүздеп - мыңдап қырылды, ал Шеп бойындағы казактар пішенді қазақтарға арзандау бағамен сатқаннан гөрі шірітіп жібергенді дұрыс көрді. Орынбор өлкесінде болған стат кеңесшісі Каминский: «Мен Орал Шебінде жолсапарда болған кезімде Калмыков, Сахарная қамалдарында және әр түрлі ірі бекіністерде Орал казагының бұрынғы жылдары шөмелеге салынып, маяланып қойылған, әбден шіріген шөптерін кемерінен асқан Орал суы ағызып әкетіп бара жатқанын оз көзіммен көрдім. Ал казактар оны қырғыздарға арзандау батамен сатқысы келмеген,211 -деп жазды. Қыс қыстаудан айрылған қазақтар шөпті станицалық казактардан қымбат бағасына сатып алуға мәжбүр болды. Олар үшін мұның қаншалықты жадаушылық болғаны Орынбор әскери губернаторы Перовскийдің мына сөзінен көрінеді. «Қырғыздар оз малын асырау үшін казактар Орал сыртындағы Орда қырғыздарының көшіп-қонуына берілген жерден шауып алған шөпті қымбат бағасына сатып алуға мәжбүр болып, қатты таршылық көруде. Мәселен, өткен қыста қырғыздар осы шоп үшін, 5 немесе 6 арба болатын шөмеле үшін казактарға 70-80 сом төлеген. Оның үстіне бұл қырғыздар Шеп бойына қоныстану және Шеп бойындағы жерді пайдалану құқығын алғаны үшін үкімет белгілеген салықты да төлеуде.212 Қазақ даласын отарлау жергілікті шекара үкіметі мен қазақ әскерлерінің шектен тыс қиянат жасауы жағдайында жүргізілгенін атап айту керек. Жергілікті үкіметтің көбінесе пайдакүнемдікке салынуынан орталық органдардың нұсқаулары әрі бұзылып, әрі бұрмаланып отырды. Азия Департаментінің нұсқауы бойынша қазақтарға шекаралық ауданға таяу жерлерде (сырт жағынан) көшіп-қонуға және Орал өзенінен балық аулауға рұқсат етілген еді. Солай бола тұрса да Оралдың әскери кеңесі бүл жерді түгелдей өзімдікі деп есептеп, отан қазақтарды жібермеді. Стат кеңесшісінің толық мүшесі Родофиникин өзінің Орынборлық үкіметке берген жарлығында былай деп жазды: «Үкімет ешқашанда Шеп сыртындағы жерді қазақтарға меншікке берген емес және олардың қырғыздарға қарсы өз әрекеттерін ақтауға тырысқан бүкіл дәлелі негізсіз: ордалықтарға қатысты қаулының бірде-бірінде үкімет Шепке таяу, оның сырт жағындағы жерлерді қырғыздардың кедергісіз пайдалануға құқығын жоққа шығармады.213 Мұндай жағдай Сібірдің шекаралық Шебінде де болды. Сібір үкіметі шекара тұрғындарын жергілікті қазақтарға әдейі айдап салып отырған. Шекара Шебін бұзды деген желеумен қазақтардан өлшеусіз айыппұл өндіріп, шекарадан кездейсоқ өтіп кеткен малды қайтармаған, т.е.с. Сол Родофиникин Сібір үкіметі тарапынан қазақтарға қандай қысым жасалып отырғанын да айтты. Ол былай деп жазды: «Сібір шекарасы маңында жүргізілген Сима белгісі деп аталатынның осалдығы да қазақтардың қырғыздарды оз беттерінше қыспаққа алуына сылтау болды, олар разъездердегі қолдан жасалған шекара белгісінен титтей де болса табиғи қираған жерді көрсе (мұндай қирау қазақтардың өздерінің салақтығынан болатын), оны да ішкі бетке өтіп кетудің салдары деп есептейді де, сол арқылы қырғыздардан алым алып, оларға қысым жасап отырады.213 Жергілікті шекара үкіметінің зорлық-зомбылығы, орыс бодандығына өткен қазақтарға айуандықпен қарайтыны туралы мұны көзімен көрген біреу үрейлене жазды: «Ресейді қорғанышым болды деп сеніп, оған алым-салық төлеп тұруға көнген қырғыз-қайсақтарды бұл күнде генерал-губернатор казактардың шекаралық командаларының тепкісіне салып қойды, екеуара жанжалдасып қалатын болмашы іс үшін де қырғыз-қайсақтарды сап құрып таяққа жығады, тұтқындайды, ал олардың әйелдерін адам құрлы көрмей қорлайды, осының бәрін бейне бір осы қыруар халықты Ресейден сырт айналдыруды көздеп, әдейі істейтіндей әсер қалдырады».214 Сонымен, патша өкіметінің отарлау басқыншылығы қазақтарды жақсы жерінен айырды. Қазақтардың көптеген жазғы жайлауы мен қыстауларының патша өкіметінің қарамағына көшуі ғасырлар бойғы қалыптасқан көші-қонның дәстүрін бұзды. Бұл басып алулар феодалдандыру процесінің жаппай тереңдеуімен байланысты қазақтардың қалың бұқарасына одан бетер ауыр тиді, аталмыш басып алулар қауымдық жерді өз шонжарларының тартып алуы жағдайында жүргізілген еді. Демек, қазақтардың ақыр аяғында халықтық күреске айналған жер үшін күресуінің халық бұқарасы тұрмысында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бүкіл жүйесінде терең тамыры бар еді. XІX ғасырдың бірінші жартысында жерді басып алу қазақтарға салық салуды енгізумен қатар жүргізілді. 1837 жылы патша үкіметі Кіші жүзге түндік басынан алынатын алым деп аталатын тұрақты салық енгізді, оны барлық қазақ түтін басына 1 сом 50 тиыннан төлеуге тиіс болды. Бүл салықты дистанциялық бастықтар мен ауыл бастықтары жинады, ал жиналған ақша билеуші султандар арқылы Шекара Комиссиясына беріліп турды. Түтін басы салтының қазынаға дұрыс түсуіне билеуші султандар ез бастарымен жауап берді. Өйткені оны жинау кезінде парақорлық және басқа да теріс әрекеттер өріс алған. Үкімет түтін басы салтының орнына көбінесе халықтан қой, бидай, тары, арпа т.б. секілді заттай алып отырды. Түтін басы салығын төлеу үшін кейде әр үй 6-8 пұттан бидай беретін болды, өйткені, ол кезде ұнның бір пұты жәрмеңкеде 20-30 тиын туратын. Дистанциялық бастық Асфандияр Суйеугалин Шөмекей, Төртқара руларының қазақтарынан түтін басы салығы деген сылтаумен мүйізді ірі қара алған. Батыр Жанқожа Нұрмұхамбетов басқарған бес рудың қазақтары Орынбор губернаторына хат жазып, осы дистанциялық бастықты дереу орнынан алып, ісін сотқа беруді талап еткен. Ақырында, ол түтін басынан ақша жинаудан аласталды. Мұның бәрі некен-саяқ кездесетін жағдай емес-ті. Түтін басы салығын заттай жинау, әсіресе кедей-кепшіктердің жанына қатты батты. Орынбор Шекара Комиссиясының торағасы өзінің бір көрсетіндісінде: «Орданың Шығыс және Батыс бөлігінің қазақтарынан түтін басы салығы үшін бір-бір қойдан алынады, қазақтарда ақша болмағандықтан есесіне ең тәуір деген қой алынады,215 - деп жазды.

Бір поэмада түтін басы алымы қиындық келтіретіні туралы былай делінген:
Шенеунікке бай да алым төлеген,
Артық емес қалған-құтқан көнеден.
Алым төлеп сақтау үшін бір үйді

Бар еңбегін салып жарлы-жақыбай
Ештеңе жоқ, сосын өзі құриды.

Түтін басынан алымды заттай алудың қырсығынан жалдаптыққа жол ашылды. Алым жинаушылар, билеуші султандар, дистанциялық бастықтар салық есебінен жиналған малды, астықты т.б. сатып, ал қазынаға ақшалай төлеп отырды. Сатудан түскен сома мен түтін басы алымының мөлшерлері арасындағы айырма әлгілердің оз қалтасына түсті. Орынбор Шекара Комиссиясының толық емес есебі бойынша 1837-1846 жылдарда тек Торғай облысынан тана түтін басы алымынан 572 344 сом күміс ақша жиналды. Шекара Комиссиясының бір көрсетіндісінде: «Қазақ кедейлерінің көпшілігі түтін басы салығына төлей алмайтыны салық жинау кезінде айқын болды»,216 - деді. Осы салықты төлейтін қазақ халқы санының біртіндеп өскенін төмендегі кесте көрсетеді:216

1837 жыл 23 259 сом 67 т. 25 мың үй
1838 жыл 17 044 сом 44 т. 12 мың үй
1839 жыл 19 773 сом 85 т. 13 мың үй
1840 жыл 14 945 сом 42 т. 10 мың үй

1841 жыл 57 520 сом 01 т. 38 мың үй
1842 жыл 72 500 сом 16 т. 48 мың үй
1843 жыл 90 825 сом 52 т. 60 мың үй
1844 жыл 87 873 сом 03 т. 59 мың үй

Үкімет қазақтардың түтін салығын жинауға наразы болуының себептерін анықтау үшін Орынбор өлкесіне стат кеңесшісі Любимовты арнайы жолсапарға жіберді. Өлкедегі қазақтар жағдайымен нақты танысқаннан кейін Любимов былай деп жазды: «Енді сіңірі шыққан кедей қырғыздардың өзі түтін басынан алынатын ақшаны шіріген бай адамдармен бірдей төлейді. Бұл салық біріншісіне мүлде ауыр тиетіндіктен ол талап етілген алымды төлеу үшін өзінің ең соңғы көрпе-жастығын сатады».217 Шеп маңындағы жерде көшіп-қонатын Орта жүз қазақтары әрбір 100 бас малта бір бастан жөндеу жүргізілгені үшін алым төледі, ал сосын бүл алым алыстағы қазақ ауылдарына да тарады. Бұдан басқа да олар ясак деп аталатын тұрақты салық - заттай төлем төлеп туратын. 1820 жылы 12 сәуірде Орынбор шекара Шебінің тұрғындарына қызметшілікке жалданатын қазақтардан да алым жинау бекітілді. Жалданған әрбір байғұстан айына алынатын мұндай алым 50 тиын. Үкімет үшін бұл қазынаны толтырудың өте тиімді көзі болды, сонымен бірге барлық станицалық чиновниктер арзан жұмысшы қолымен қамтамасыз етілді. Каспий теңізіндегі балық аулау кәсіпшілігінде, туз өндіру мен ағаш кесу саласында да байғұстардың еңбегі кеңінен пайдаланылды. С. Севрюгин өз күнделігінде бір балық кәсіпкерінің сөзін келтіреді, сөзінде ол балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істейтін қазақтардың жағдайын айқын бейнелейді. Міне, оның айтқан сөзі: «Казактарды қызметшілікке жалдай алмаймыз, тиімсіз, себебі қырғыздарға берілетін ақымен салыстырғанда казакқа әр маусым сайын 3-4 сомдай артық ақы төлеуге тура келеді, будан басқа казак қызметшіні өзіміз жеп отырғандай нанмен тамақтандыруға тура келеді, ал қырғыздар болса арпа бидай ұнынан пісірілген жалғыз шелпекті балық майымен қосып жегенге риза».218 Кейінірек байғұстар балық кәсіпшіліктеріндегі, атап айтқанда, Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерілістің белсенді қатысушылары болды. Олар Кенесары Қасымов көтерілісіне де қатысты. Билет берілгені үшін жиналған ақша саны жыл сайын өсіп отырды. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.219

1820 жылы 11 924 сом 00 т.
1825 жылы 22 892 сом 30 т.
1830 жылы 27 228 сом 26 т.
1835 жылы 45 116 сом 64 т.

1836 жылы 48 104 сом 42 т.
1837 жылы 45 951 сом 55 т.

Мұнда салыстыру үшін тек кейбір жылдар ғана алынып отыр. Бұлар қызметшілікке жалдануға рұқсат алу үшін байғұстар төлеген соманың өскенін көрсетеді. Билет берілгені үшін алынатын алымның барлық сомасы 1820 жылдан 1837 жылға дейін 537 032 сом 94 тиын болды. Бұл шарадан түсетін табыстың маңыздылығын мынадан аңғаруға болады: Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский 1838 жылғы 7 мамырда байғұстарды қызметшілікке жалдануға барынша қызықтырып отыру және оларға билетті «өздері талап еткен бойда-ақ әрқашан еш кідіріссіз беру»202 қажеттілігі туралы арнайы нұсқау берген. Шеп маңындағы аудандарда туратын Орта жүзде жарлы қазақтар - жатақтар коп болды. Олар жыл бойы қыстақта қалып, станица казактарына жалданды. Олар казактар үшін қысқа отын дайындады, егіндік жерді, бау-бақшаны өңдеді, шоп шапты, мал бақты, балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істеді. Осының бәріне жатақтар жартымсыз ақы, айына 3 сомнан аспайтын тана күміс ақша алды.4 Жерді, туз кенін, Каспий теңізіндегі, Оралдағы, кейін Сырдария, Ырғыз, Торғай, Тобыл және Арал теңізіндегі балық өндірісін оброктың күтімге бергені үшін ерекше алым тағайындалды. Үкімет орман байлығын, өзен тоғандарын және жер қойнауы байлығын монополиялап алып, оларды жергілікті қазақ халқын аяусыз қанаудың құралына айналдырды. Орынбор Шекара Комиссиясы төрағасының жарлығымен 1837 жылы Шеп маңындағы жерлерде көшіп-қонған қазақтарға ақшалай алым енгізілді. Ол мал басына қарай жүргізілді – жылқыға - 9 тиын, мүйізді ірі қараға - 6 тиын, қой мен ешкіге - 3 тиыннан жиналды. Тек үш жылда, 1837-1839 жылдары ғана көшіп-қонғаны үшін 60 078 сом ақша жиналды.220 Егер қазақтар осында қыстап қалса немесе Шеп маңындағы жерлерге ішкерілеп еніп кетсе, үкімет олардан жазбаша міндеттеме және олар қайтып оралғанша кепіл ретінде өзі қалап бір қазақты аманатқа алатын болды. Қазақтар өздерін тыныш ұстауға, ешкімге ешқандай зиян тигізбеуге, ағаштарды кеспеуге әрі жерді бүлдірмеуге міндеттенді. Қазақтардың жазбаша міндеттемелерінің бәрі бір сарынды болатындықтан мысал үшін Бозбет бөлімшесіндегі жағалбайлы руының міндеттемесінен үзінді келтіреміз: «Макити қамалы тұрғындарына жататын қазыналық шөпті өз малымызбен таптамаймыз да, ұрламаймыз да, ал шөп тапталатын болса, онда жапа шегушіні қанағаттандыруға міндеттенеміз. Орал өзені бойында өсіп тұрған орман ағашын отамаймыз. Және осылардың барлығы үшін ортамыздан сайланған атаман - Бозбет бөлімшесінің қазағы Баляснен Адыровты қашан көшіп кеткенімізше кепілдікке береміз».221 «Әскери іздеу » деп аталатындар да қазақ ауылдарына бір сор болды. «Әскери іздеу» деп бейне бір қылмыстыларды іздеу үшін қырда жарақтанған жазалау экспедицияларын айтқан. Жазалау отрядтары ауылдарды ойрандап, малдарын айдап, мүлкін тартып алып отырған. Оларға билеуші султандар белсене көмектескен. 1830 жылы тек бір ғана Байбөрі болысында жазалаушылар зорлық жасап, 12 мың қойды, 2 мың сиыр мен 700 түйені айдап алып кеткен. Толып жатқан алым-салық әбден діңкелеткен қазақ кедейлері жиі-жиі оз балаларын құлдыққа беруге мәжбүр болды. 1809 жылғы заң арқылы қазақ балаларын дворян еместердің де сатып алуына руқсат етілді. XІX ғасырдың басында Атырауда бір айда ғана 100 қазақ баласын сатқан. Ұл баланың құны 4 не 5 қанар қара бидай ұны, қыз баланың құны 3 не 4 қанар қара бидай ұны.222 Патша үкіметі Қазақстанды басқару үшін қазақтардың оз ішінен қажетті кадрлар даярлауға талпынды. Кейбір билеуші султандар жанынан оқу мерзімі 3 жылдық мектеп ашылған-ды. Олар ру билеушілері, дистанциялық және жергілікті бастықтар жанынан песірлер даярлап шығарды. Сабақ өткізу орыс, татар тілдерінде оқып-жазуға, құранның сүрелерін талдауға негізделді. Балалардың бір бөлігі мектепті бітірген соң Орынбор Шекара Комиссиясы жанындағы курсқа жолдама алды. Айрықша тексерілгендер әрі курсты жақсы бітіргендер Орынбордағы Неплюев училищесіне жіберілді. Бұл училищеде көбінесе сұлтанның руластарының балалары оқитын. Мәселен мұнда билеуші султан Ахмет Жантөриннің улы Сейнетхан, оның інісі Махмуд және немересі Омар, султан Сейдалиннің інілері - Әлмағанбет пен Тілеу, султан Хамза Қаржасов және басқалар оқыды. Патша үкіметінің отарлау саясаты қазақ қоғамының феодалдану процесінің одан әрі күшеюін тоқтата алмады, бірақ бұл саясат қазақ қоғамы басшы тобының отарлау аппаратымен сіңісуіне, қанаудың отарлау - феодалдық жүйесінің дөрекі түрінің тереңдей түсуіне әкеп соқтырды. Қазақтың халық бұқарасы екі түрлі езгінің қыспағында қалды: оз шонжарлары бір жағынан және отарлық үкімет екінші жатынан қара қазақтың жанын шытарды. Сол кездің бір ақынының осынау заманды сипаттай келе халықтың мұң-зарын мынадай сөздермен беруі тегін емес:

Замана қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайың,

Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылған зорлығың.
Князьді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің биіңдей,

Дуанды көрдік үйіңдей.
Абақты тұр алдыңда,
Қазылып қойған көріңдей.
Байлар зорлық қылады,

Мал көзіне көрінбей.
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріңдей.
Ойлағаны жамандық

Жарадан аққан іріңдей.
Замана түрі бұзылды,
Текеметтің түріндей.
(Шортанбай)

Егер біз патша өкіметінің Қазақстанға қатысты отарлау саясатын зерттеумен ғана шектелетін болсақ, онда қазақтардың Ресеймен қандай қатынаста болғаны толық ашылмас та еді, әрі жаңсақтықтың да орын алуы мүмкін еді. Өкінішке қарай, бізді қызықтыратын мәселенің тарихнамада баяндалуы нақ осы кемшілікпен ақсап жатыр. Мұның өзі тарихи процесті түсінуде өрескел бұрмалаушылыққа соқтырмай қала алмады. Мысалы, қазақ ұлтшылдары өздерінің Қазақстан тарихы бойынша «зерттеулерінде»223 қазақ халқының патша өкіметімен күресін орыс шаруаларының Орынбор және Сібір өлкесіндегі күресінен бөліп алып қарастырды. Олар қазақтар мен орыстардың қарым-қатынасын қанаушы халық пен қаналушы халықтардың қарым-қатынасы тұрғысынан көрсетуге тырысты. Мәселенің бұлайша қойылысының маркстік – лениндік тұжырымдамамен ешбір байланысы жоқ екені түсінікті. Қарастырылып отырған кезеңде қазақ қоғамы ішінде әлеуметтік және таптық саралану болғаны белгілі. Сібір мен Орынбор өлкесіне көшірілген помещиктер мен чиновниктердің ауыр ездісін басынан кешкен орыс шаруалары туралы да нақ осыны айтуға болады. Сондай-ақ Орынбор, Орал қазақтары арасында да әлеуметтік саралану орын алған. Ауқатты қазақтар мен қамал коменданттары жарлы қазақтарды аяусыз қанады. Помещиктердің, чиновниктердің және сұлтандардың езгісін бірдей көріп келе жатқан орыс шаруалары мен қазақ еңбекшілерінің тарихи тағдырлары ортақтығы, төменде көретініміздей, олардың өз қанаушыларына қарсы одан арғы күресінде өзара қандай қарым-қатынас жасауы қажеттігін көп жағдайда айқындап берген-ді. Орыс қоныс аударушыларының тарихы патша өкіметінің Сібір мен Орынбор өлкесінде белсенді түрде жүргізген отарлау ісімен байланыста болды. Сібірге қоныстандыру XVІ ғасырдың аяқ кезінен, патша Федор Иваннович пен Борис Годуновтың туысында басталды. Орыс шаруаларын көшіріп қоныстандыру, ең әуелі жаңадан басып алынған жерді игеру қажеттігінен туды. Қоныстанушылардың едәуір тобын егінші шаруалар немесе «жер жыртушы адамдар» кұрады. Булар Сібірге күшпен, патша үкіметінің ерекше жарлығымен көшірілді. «Жер жыртушы адамдар» Вятька, Вологда, Архангель және Перьм жерінен апарылды. «Жер жыртушы адамдар» мемлекеттік жерде жұмыс істеді, яғни «патша ағзамның егістік жерін» жыртты. Бұған қоса олар «патша ағзамның бұйымтайы» деген атпен мәлім көптеген міндеткерлікті өтеді. «Патша ағзамның бұйымтайы» деген ұғымға қазыналық үй тұрғызу, құрылыс үшін ағаш кесіп жеткізу, кеме жасау, қазыналық ағашты ағызу, жолдарын жөндеу, күту; көлік беру т. б. осындай істер енгізілді. Бұдан басқа: Романовтар Үйінің адамы таққа отырар қарсаңында болып өткен шаруалар көтерілісі, діни - қоғамдық қозғалыс және, ақыр соңында, ескі салт-жора турасында 1685 жылы шығарылған қатаң жарлық баптар шаруаларды көшіріп қоныстандыруға себепші болған еді. Петр І патшалық еткен дәуірде солдатқа адам алуға разы болмаған көптеген шаруалар қоныс аударды. XVІІІ ғасырда Сібір халқының едәуір бөлігі мемлекеттік тау-кен зауыттарына тіркелген зауыттық шаруалар болды. Гагамейстердің224 мәліметі бойынша Елизавета мен Екатерина . ІІ патшалығы тұсында Алтай зауыттарына 12 мың шаруа адамы тіркелді. 1760 жылы Екатерина ІІ жарлықтарымен Сібірге ондаған мың шаруаларды солдатқа алынатын еткізе отырып, әйелдерімен және балаларымен қоныс аударту көзделді. «Орыс шаруалары мен казактардан шыққан» кулактар «Ұлы державалық ұмтылыстың сенімді тірегі» болып XІX ғасырда Сібірге қаптай орналасты. 225 Сібірдің осынау кулактары туралы Красовский былай деп жазған: «Бай шаруа дегеніміз Сібірде бай мұжық секілді жыртқыш - қанаушылардың ең төменгі және ең саны коп түрі. Бұл адамдарды елдегі ерекше сословиені қурайды десе де болғандай: бір өңкей бай мұжықтар ғана туратын 40 үйлі деревнялар бар».4 Рас, Сібірде ірі помещиктер жер иелігі қалыптасқан жоқ, демек, басыбайлылық право да болған емес. Солай бола тұрса да, Сібірдің халық бұқарасы тек оз кулактарының ауыр езгісіне ұшырап қана қоймай, сонымен бірге жоғары шенді чиновниктердің -губернаторлар мен округтік бастықтардың езгісін де бастан кешті. Орынбор өлкесіне қоныстандыру Сібірге қарағанда едәуір кеш басталды. Мұның себебі қазақ даласын жаулап алу іс жүзінде XVІІІ ғасырдың аяқ кезінен басталған-ды. Орталық облыстардан Сібірге және Орынбор өлкесіне қоныс аударылған шаруалардың экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Сібірге көшірілген қазыналық шаруаның жағдайы жөнінде оны көзімен көргендердің бірі былай деп жазды: «Көлдер маңындағы батпақты тұл жерлерге көшірілген 48 мыңға дейінгі қазыналық шаруа адамдарының тапқан-таянғаны тек тамақтануына және балық кәсіпшіліктеріне салық төлеуіне ғана жетуші еді, оларға о баста патша ағзамның құзырымен берілген осы бір тіршіліктің өзін бұл күнде генерал Капцевич көпсініп, енді міне әлгі 48 мың жан иесі мүлде қайыршыланып, өмірден күдер үзуде».226 Патша әкімшілігі адам баласы төзбейтін қиянат жасады. Халықты шімірікпестен тонау, пара алу, ұрлық - Сібір халықтарын, соның ішінде орыс қоныстанушыларын да қанаудың таңдап алынған тәсілі болды. Сібірдің байырғы тұрғындарының бірі С.С. Щукин өз естелігінде былай дейді: «1819 жылы Сперанский генерал-губернатор ретінде Сібірді аралаған кезінде әр түрлі адамдардың көз көріп, құлақ естімеген қиянаттарын көріп аң-таң қалды, ол осындай ісі үшін жолында кездескен бірінші исправник Зиновты жұмысынан босатты, оның үстінен түскен шағымның бар айтатыны: көпір салғаны үшін шаруаларға тиесілі 50 сомды ұстап қалғаны екен, ал генерал-губернатор ілгері жүрген сайын шағым да көбейе береді. Томскіде келген бойда ол өзі орнынан алған исправник Зиновқа хат жазуға бұйрық беріпті, оған исправниктердің ішіндегі ең адалы болуыңыз себепті Иркутскіге келіңіз, жаңа қызметке тағайындаласыз», деп жазыпты деседі.227 Жергілікті үкімет орындарының қиянатына ренжіген Сперанский күйінішпен граф Кочубейге: «Иманды үкімет болмаса мен қалай басқара алам?.. Көміп тастады дейді, Сібірде, әрқашан оз бетінше иіп әкететін заңдар бар дерсің және заңдарды орындаушысыз - ақ орындауға болатын сияқты»,227 - деп жазды. Тарихшы Ядринцевтің227 көрсеткеніндей, жұртты тонағаны, пара алғаны үшін екі губернатор, 48 чиновник Сперанскийдің жарлығымен сотқа берілді, ал қылмысты деп табылған барлық адам саны 681 болды. Бұлардан басқа қызмет бабымен қылмыс істеген, бәрінен бұрын пара алған айыптылардан сомасы 22 847 000 сомның ақшасы өндіріліп алынды. Орынбор өлкесіндегі шаруалардың жағдайы бұдан тәуір болған жоқ. Мұндағы шаруалардың едәуір бөлігі помещиктердің қолындағы басыбайлы және зауыттарға телінген шаруаларын. Шаруалардың өз помещиктеріне тәуелді болуы туралы төмендегі мәлімет айтып береді.228 Қол астында 10-нан 100-ге дейін басыбайлы шаруасы бар помещиктер саны - 1216; 100-ден 200-ге дейін - 111; 200-ден 500-ге дейін - 74; 500-ден астам - 27; 1 000-нан астам - 12; 2000-нан астам - 6; 5000-нан астам басыбайлы шаруасы бар - 1 помещик болды. Басыбайлы шаруалар заттай алым-салықтың барлық түрін төлеп қана қоймай, сонымен қатар қожасының даласында 3 күн жұмыс істеуге міндетті болды. Зауыт шаруаларының күйі де бұдан жақсы болмады. Олар жеке меншіктік және қазыналық шаруалар болып бөлінді. Жеке меншіктегі зауыттарда жұмыс істейтін шаруалар мардымсыз жалақы алып турды. Қазыналық зауыт шаруаларының өмірі қатаң тәртіптелді. Олар тау-кен бастықтарына бағындырылып, әскердегіше өмір сүрді. Сібір мен Орынбор шаруаларының хәлі осындай еді. Экономикалық жағынан олардың орталық Ресейдегі басыбайлылардан ешбір дерлік айырмасы болмады. Орал мен Орынбор казак әскерлері арасында да таптық жікке бөліну басталды. Өзінің әлеуметтік кұрамы жөнінен казактар бір текті емес-тін. Ескертетін бір нәрсе, Орынбор казак әскері Орал казактарынан өзгеше еді. Орынбор казак әскерін осы өлкеден патша отарлауының тірегі ретінде үкімет әкімшілік ыңғайда жасақтанған-ды. Орал (Жайық) әскері XVІІ ғасырда - ақ өзінің экономикалық жағдайы жөнінен басыбайлыларға жақын қашқын шаруалар мен құлдардан туратын ерікті казак қауымынан құрыла бастаған. Өз беттерінше өмір сүрген Орал казактары көпке дейін өздерінің еркіндігін сақтап қалуға тырысты. Орал қазақтары арасында әлеуметтік теңсіздік айқын көрінді. Казак кедейлері - «әскери партия» казактардың ауқатты басшы тобының - «казак старшындарының» аяусыз қанауына ұшырады. Үкіметтің сенімді тірегі болған старшындық топ оған адал қызмет етіп жатқан шақта, казак бұқарасы кез келген сәтте жарылуға дайын тұрған оқ - дәрі қамбасы секілді болды. XVІІ ғасырда Орал әскерінің казактың еркіндігін жою қазақ кедейлері арасында байқалған қатты наразылықты басып тастағаны болмаса жоя алған жоқ. Патша үкіметінің Орынбор өлкесіндегі казактарға сақтана қарауы табиғи нәрсе. Жайықпен Еділ казактарының 1773-1775 жылдардағы Пугачев көтерілісіне қатысқанын Орынбор үкіметі күні кешегідей әлі естен шығармаған-ды. Казак әскери қонысындағылардың ауыр жағдайы әскер атаманы Логутов Орынбор әскери губернаторы Неплюевке былай деп жазды: «Қамал коменданттары өктемдігін жүргізіп Шепті казактарға шектен тыс қиянат жасауда. Олар казактарды басыбайлы шаруалар санатында қазыналық жұмыстарға жегеді: қамалдың айналасында ор қаздырады, дуал тұрғыздырады, отын тасытады, тағы басқа осындай жұмыстар істетеді. Орынбор әскері қатардағы құрамының жағдайы оңып тұрмаған. Осы әскердің тұрмыс жағдайын жазған Бухарин былай дейді: «Шептегі жағдай барған сайын үрейлі болып күшейе тусті. Басшылар (солдаттардың) жоғарыдан бұйрық солай болғандықтан казактарға тек жұмыста ғана емес, сондай-ақ олардың үй іші тұрмысында да олар бейне бір каторгаға жер аударылған адамдардай қарады. Олардың үйлерін он-онға бөліп, сырттан келген солдатты - капралды әрбір 6-8 үйге қарауыл етіп қойды. Өз еріктерімен қамыр да илемесін, қарбыз да жұлмасын дегені ғой. Қатындар капралдарға толық бағынышты болды... Капрал болмашы нәрсе үшін шағым айтса болды жазықтыны дереу дүренің астына алады... Мен - комендантпын әрі құдаймын, қаласам жазалаймын, қаласам кешіремін! Осындай коменданттың кешірімін алу үшін оған қаз, үйрек, ұсақ мал тарту етуің керек, осыдан келіп кіші шенділердің қашуы және оларды ұстап алып соттау туындайды».230 Қамал коменданттары өзі би, өзі қожа еді. Олар тұрғындар үстінен сот үкімін шығарып, оларды дуал тұрғызуға және басқа да бекіністер жасауға зорлап жекті. Мәселен, Губерлин қамалының коменданты майор Бутлер қамал жөніндегі бұйрығымен 1817 жылты 25 тамызда казактардан ішкі полиция кұрды, ол казак әскери қонысындағы ішкі тірлікті бақылауға алды. Өздерінің жергілікті бастықтары мен «графтық» коменданттарының езгісіне ұшыраған Орынбор казактары іштей қатты толқыды. Осыны көргендердің бірі, казак жазушысы Иосиф Игнатьевич Железнов ызаланып былай деп жазды: «Сіз казак әрі қойдай жуас, әрі арыстандай айбарлы болуын қалайсыз ба, бұл екі қасиет сыйыспайды, ендеше сіздің қалауыңыз сол қалау күйінде қала береді. Ал жоғарыдағы және жергілікті бастықтар нақ осынау сыйыспайтын қасиеттерді Орынбор казактарының басынан көргісі келген.230 Николай режимі жағдайында солдаттарға да қиын соқты. Олардың ауыр өмірін сол кездегі Орынбор өлкесінде айтылған солдат әнінен керуге болады:

Әскери елді мекенде
Өмірің нағыз азапты.
Бәріне емес бірақ та!
Аштыққа салып казакты

Әкімге жақсы екен де,
Жүргендей тегі жумақта!
Полкқа - тұтқын сал бұғау,
Суық, аштық, қалжырау

Бәрі де жаман Қырымнан.
Әскерді ұстап арпаға,
Бидайды басып қалтаға
Үйреніскен бұрыннан.

Солдаттай сымға тартылған,
Жағалай мекен - там тұнған.
Бәрі де дұрыс сызылған.
Сыртынан көрсең - ұқыпты үй,

Ішіне кірсең... бітіп тұр,
Әбден тозып бұзылған.
Комитеттер, дүкендер,
Үлгілі бау - күт елге

Сырттай тана көрініс.
Округтар мен облыс
Бәрі толған залымдар,
Кімді болсын табыңдар:

Қазынашы, қадақшы,
Үй бастығы - сарапшы,
Бәрі түгел қарақшы.

Солдаттар мен казактар қонысы тұрғындарының жергілікті үкімет қыспағына шыдай алмай шалғайдағы қазақ даласына қашып кеткен оқиғалары да болды. Мәселен, Звериноголов батальонының бір солдаты 1817- 1825 жылдар аралығында 6 рет қашқан. Алтыншы рет қашқаны үшін оны полк сапы алдында шыбыртқылап алып, сосын каторгаға айдаған. Басқа бір қатардағы солдат Иван Шелковников 8 рет қашқандықтан дарға асылған. Солдаттар мен шаруалардың қашуы, әсіресе, XІX тасырдың 30-40-жылдарындаты бұрқ ете түскен казактардың ірі көтерілістері кезінде жиі ұшырасады. Бүл қашулар адам төзгісіз ауыр жағдайлар мен жергілікті бастықтардың езгісіне қарсы стихиялық қарсылықтың бір түрі болды. Орынбор өлкесіндегі қоныс аударып келген шару¬алар XІX тасырдың бірінші жартысының өн-бойында феодалдық - басыбайлылық езгіге қарсы талай рет ашық күреске шықты. Орынбор өлкесі шаруаларының соңғы ірі көтерілісі қазақтардың Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен тұспа-тұс келді. Орынбор өлкесі шаруаларының көтерілісі жайында полковник Авдеев: «Кенесары Шеп үшін де сақтануға мәжбүр етіп, қырғыз даласын толқытқан кезде, өлкенің өзінде тәртіпсіздік пайда болды. Буған Челябі мен Троицк уездеріндегі кейбір болыстардың казак сословиесіне 1840 жылғы 12 желтоқсандағы Ереже жөніндегі үндеуі себеп болған еді»,232 - деп жазды. 1840 жылы 12 желтоқсандағы Орынбор казак әскері туралы Ережеге сәйкес Жаңа Шеп ауданы тұтасымен осы әскердің құрамына кірді де, ал оның халқы казактарға айналдырылды. Сондай-ақ ішкі казак кантондары да, Жаңа Шепке қоныстандырылып, таратылатын болды. Жоғарғы Орал, Троицк, Челябі уездері мемлекеттік шаруаларының бір бөлігі де қоныс аударылуға жатқызылып, олар Орынбор казак әскерінің құрамына тіркелді. Азаматтық губернатор Талызын жергілікті шаруалардың көңіл күйін білместен, Орынбор әскери губернаторы Перовскийге: «шаруалардың казак сословиесіне кіруге бірауыздан ниет білдіргені туралы» хабарлайды, ал Перовский оз кезегімен мұны асығыс Николай І жеткізеді. Ал бүл екі арада шаруалардың ешқайсысының өз еркімен казак атанғысы келмейтінін және өздері орын тепкен мекендерін тастап кетпейтіні айқын болды. Казактар мен шаруаларды Жаңа Шеп ауданына қоныстандыру туралы алғашқы хабар халықтың үлкен наразылығын туғызды. Қазақтар Жаңа Шепке қоныстанудан бас тартты, біздің еркін болуымызға және өз билігіміз өзімізде болатынына Петр І уәде еткен жарлықтары бармыс деп дәлел айтты. Мұнымен санаспаған үкімет әскери отрядтардың көмегімен Жаңа Шепке 2 877 казак отбасын қоныс аудартты. Байырғы тұрғындардың айтуына қарағанда, қоныс аударту кезінде кейбір отбасыларына тіпті «пештегі пісіп тұрған қалашты алуға да» рұқсат етілмеген. «Барлық казактарды, - дейді сол кездің бір азаматы, - Кантон Кеңесіне (Чекалин үйіндегі) жинап, бұйрықты оқыды, жиналуға үш күн мерзім берді және үшінші күннің таңында қатындарға пештегі қалашты алып үлгіртпестен, айналайындарды қаладан қуып шықты».233 Троицк уезінің Кундровин, Жоғарғы және Төменгі Увел болыстарының мемлекеттік шаруалары, саны 8 750 адам Жаңа Шепке қоныс аударуға және әскери сословиеге кіруге үзілді-кесілді қарсы болып, көтеріліске шықты. Көтерілістің басқа болыстарға жайылып кетуінен қорыққан әскери губернатор Перовский казак атанғысы келмейтін барлық шаруаларды Орынбор әскері төңірегінен көшіруге рұқсат сұрап Әскери қоныстандыру департаментіне өтініш білдірді. Шаруалар көтерілісі кешікпей Троицк және Челябі уездерінен Орынбор әскерінің басқа аудандарына - шаруалары казак сословиесіне кіруден үзілді-кесілді бас тартқан Павлов, Городищенск және Донецк станицаларына ауысты. Көтерілісшілерді жуасыту үшін жіберілген, полковник Тимлердің жазалаушы отрядының өзі ештеңе істей алмады. Көтерілісті басқарушылардың бірі Иван Воронин шаруаларды чиновниктердің бұйрығына бағынбауға, жылы орындарынан қозғалмауға шақырды. О л оз ауылдастарын: «Егер шаруаларды казактарға айналдыру керек деп патша ағзамның өзі айтқан болса, онда барабан соғылып барып, жарлық оқылған болар еді, ал жарлық барабан соғылмай оқылғандықтан, булары жалған»254 - деп сендірді. Орынбор өлкесіндегі шаруалар толқуының өсуінен қауіптенген патша үкіметі мұны қатал шара қолданып тыю керек деп шешті. 1843 жылғы 4 мамырда патша ағзамның барлық қазыналық шаруалар казактар болып есептеледі деген жарлығы шықты. Мұны орындау үшін Николай І дің флигель - адъютанты полковник Туманский Орынбор өлкесіне жолсапарға жіберілді. Бірақ бұл жарлық та әсер етпеді. Троицк уезінде тек 1 850 шаруа ғана казактар болып саналуға келісім берді де, ал қалған 5 720 шаруа үйлерін тастап, Бузулук уезіне ауып кетті. Кундравин болысында қазақ атануға 525 шаруа келісті де, қалған 1944 отбасы казак сословиесіне кіруден бас тартты. Орынбор уезінің өзінде болған көтеріліс анағұрлым ұзаққа созылды. Мұнда бірінші болып Городищен станицасы мен Николка, Дедуровка, Павловка, тағы басқа селолардың шаруалары көтерілді. Оларға қарсы күреске наказной атаман, генерал-майор граф Цукато командалық еткен 4 мыңға жуық солдат, гарнизон артиллериясының екі зеңбірегі қоса жіберілді, бұл генерал шаруалар көтерілісін аяусыз жаныштады. Шаруалар көтерілісін басқаны үшін барлық офицерге монархтың алғысы жарияланды да, кіші шенділерге адам басына 50 тиыннан үлестірді.232 Осынау көтерілістердің бәрінің жеңілу себебі олардың шағын аймақтан аспаған бытыраңқылығынан әрі бірыңғай басқару орталығының болмауынан еді, осыдан келіп патша әскері бір-бірлеп талқандай алды. Шекара Шебіне жақын туратын казактармен қазақ кедейлерінің, шаруалардың және солдаттардың өзара қарым-қатынасы қандай болды? Патша өкіметі дұшпандықтың отын жағып, ұлттық алауыздықты қоздырғанымен станица шаруалары, солдаттар және қазақтар өзара дос болды. Қазақтар орыс шаруаларымен қызу сауда байланысын орнатты, олардың шаруашылық жетістіктерінен үлгі алды – отырықшылыққа көшті, үй салды т.б. Сібір қазақтары сыртқы округтерінің басқармасы бойынша есепте былай делінген: «Қырғыздар орыстармен жиі араласатындықтан, барған сайын отырықшылық өмір салтына көндігуде әрі тұрғындардың осы өміріне еліктеп, өздеріне үй салып, егіншілікпен айналысуда».235 Көкшетау, Аманқарағай, Баянауыл округтерінің және Ақмола округі бір бөлігінің қазақтары туралы басқа бір құжатта: жергілікті қазақтар орыстармен жиі-жиі араласып тұратындықтан отырықшылық өмірге үйренуде және орыстарға еліктеп өздеріне үй, басқа да құрылыстар тұрғызуда»236 делінген. Бұдан басқа қазақтар мен орыс шаруалары арасында айырбас сауда орнады. Осы сауда жөнінде Омбы земство сотының торағасы: «Қырғыздар өздері жасаған заттары мен бұйымдарын Текелі округіндегі'шаруалар селосына алып келіп айырбастайды, шаруалармен болатын мұндай жасырын айырбас едәуір сомаға жасалатын сияқты»,237 -деп жазды. Орыс шаруаларымен қызу сауданы шекаралық Шепке жақын туратын қазақтар тана жүргізіп қойған жоқ, сондай-ақ алыс аудандардың қазақтары да осындай саудамен айналысты. Мұны: «Шалтай дала төрінде, тіпті Сырдария мен Қуаңдария өзендері бойында, сонымен қатар Үстіртте көшіп жүретін қырғыздардың жалпы үлкен бөлігі сияқты мұндағы қожайындардың өздері де сол айырбасты пайдаланып қалу үшін жазда Шепке таяп келіп аялдайды»236 - деп жазған генерал Обручев атап айтқан-ды. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Госфордтың қолындағы деректерге қарағанда, бір тана Сібір Шебі бойымен орыс тұрғындарының қазақ даласына жыл сайынғы тасып апаратын астығы 736 ООО пұт болған.239 Қазақтар шаруаларға жиі-жиі қолқа салып, олардан қарызға тұқым, кейде тіпті егіншілік құралдарын алып тұрды. Бұл жөнінде С. Болотов жазды: «Қырғызда себетін тұқым жоқ болса оны өнімнің жартысын беремін деп уәделесіп қарызға алады да, айтқанында тұрады».240 Белгілі саяхатшы - зерттеуші П.П. Семенов XІX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың орыс қоныстанушыларымен өзара қарым-қатынастары туралы былай деп жазды: «Орыстың егіншілік колониясы бұратаналар үшін мұнда орналасқан әскерлерден гөрі әлдеқайда тиімдірек»... олар «өздерінің көшіп-қонып жүрген көршілерімен ұдайы қажет болатын өзара көмекке және екі жақтың өндірген нәрселерін алмасып отыруға негізделген тату қатынаста өмір сүруге»241 ұмтылады. Қазақтардың шаруалармен және ішінара қазақтармен қарым-қатынасы жөнінде Баянауыл округі қазақтарының естелік - әңгімелерінен білуге болады. Мәселен, Әділхан Көкқұлақов былай дейді: «Ертеде әрбір қазақтың станица казактары мен шаруалары арасында таныстары болды. Бірдеңе қажет болып Дуанға (приказ) бара қалсаң, бірден - ақ оз досыңның үйіне түсесің, сол арқылы өзіңе керек заттарыңды тауып аласың, ал кейде ол өз қолындағысын береді». Жазда олар даладағы дос қазақтарына келіп, аунап-қунап кетеді... Патша үкіметі станица казактары мен зауытқа тіркелген шаруалардың іс-әрекеттерін қадағалау арқылы оларды қазақтардың XІX ғасырдың 30-40-жылдарындагы ұлт-азаттық қозғалысынан оқшаулауға және олардың қазақтармен қосылуына жол бермеуге барынша тырысып бақты. Дегенмен жекелеген шаруалардың көтерілісші қазақтарға қосылуға ұмтылған әрекеттері бізге белгілі, алайда ондай шаруаларды ұстап алып күзетпен кері қайтарып отырған. 1839-1840-жылдары Хиуа экспедициясына қатысушы Н.П. Иванов оз естелігінде былай деп жазды: «Қожайынның шаруалары қырға кетуді әлдеқашаннан - ақ ойластырған-ды... Бірақ 200-те жуық отбасы Ембіге таяу жерде ұсталып қалды».242 Қазақ елді мекендері тұрғындарының негізгі бөлігі және зауыт шаруалары Кенесары қозғалысына ниеттестікпен қарады. Мұны Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал Генстің өз күнделігінде: «Орал казактарының не істейтіні белгісіз. Олардың казак деген атының өзі бұрынғы істерін еріксіз еске салады, қалай болғанда да оларға сенуге болмайды. Зауыт шаруалары олардан да қауіптірек болуы мүмкін»,61 - деп үрейлене жазуы дәлелдейді. Орынбор әскери губернаторы граф Перовский де әскери министрмен өзінің жазысқан хаттарында осыны айтады. Ол: «Қаскүнемдер халық ішіне неше түрлі өтірікті таратып, олардың сеніміне ие болуда... Көпшілігі өзара ауыз жаласқан, айыптыларды ұстап бергісі келмейді, үкімет орындарының бұйрық - жарлығына бағынар түрлері жоқ, ол ол ма, қолайлы сәті түсе қалса менің көзімді құртпақшы»,243 - дейді. Граф Перовский Орынбор өлкесіне көршілес қазақ даласында Кенесары Қасымов бастаған қазақтар көтерілісі басталған кезде Орынбор шаруалары туралы осылай деген. Өкімет билігін қолына ұстап отырғандардың барлық шараларына қарамастан шаруалар мен станица казактары қазақтар көтерілісіне мейлінше іш тарта қарады. 1836 жылы Кенесарының Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа наразылық хат жазып, Табылды Тоқтин мен Көшенбай Қазанғапов бастаған өкілдерін жұмсағаны мәлім. Бүл хатты Горчаковқа тапсырудың реті келмеді, өйткені оларды жолшыбай билеуші султан Тұрлыбек Көшенов ұстап алып, арнайы күзетпен Омбыға жөнелтті. Қазақтарды күзетпен алып жүрген офицерлер Қазанғаповтың станица шаруаларымен таныстығына қайран қалады. Булар тоқтаған жерлерде шаруалар Қазанғапов пен оның жолдастарын танып, жылы шырай білдіреді. Бұл туралы Сібір қырғыздарының шекаралық бастығы полковник Ладыженский өзінің хабарында былай деп жазған: «Көшімбай Қазанғапов орысша сөйлесуді жақсы біледі, әрі Горькая Шебі бойында көптеген станица казактарымен таныс екен, оны осы станицалар арқылы Омбыға алып бара жатқанда осыны білдік. Бұл туралы әскери сот комиссиясына хабарлауды өзімнің борышым деп білемін».244 Кенесары қозғалысына жекелеген басыбайлы шаруалар мен қашқын солдаттар қатысқан. Олар Кенесары әскерінде отрядқа жол бастаушы қызметін атқарды, мылтық жасаумен айналысты, ал біреуі тіпті Кенесарының жеке хатшысы болды.245 Өзіне қашып келген шаруалар мен солдаттардың бәрін Кенесары ықыласпен қабылдады. Өкінішке қарай, Кенесарының орыс халқына көзқарасын сипаттайтын құжаттар архивтерде аз сақталған. Алайда, тіпті мүлде толық емес деректердің өзі-ақ көтерілісші қазақтардың станица шаруаларымен белгілі дәрежеде байланысы болғанын көрсетеді. Мәселен, 1838 жылы Кенесары генерал Горчаковтан қазақтың жерін қайтарып беруді және қазақ даласынан әскерді әкетуді талап еткенін, Горчаковқа бұл талапты орындамаған жағдайда «Сібір үкіметінің нақ орталығына шабуыл бастайтынын, ондағы станицалар шаруалары арасында өзіне тілеулестер коп екенін»246 ескертеді. Міне, басқа бір мәлімет мынадай. 1838 жылы Сібір генерал-губернаторының тапсырмасымен ведомость247 жасалып, онда Кенесары көтерілісінің саудагерлерге, чиновниктерге, қазақ султандарына және шаруаларға келтірген материалдық зияны атап көрсетілген. 1 951 994 сом 72 тиын жалпы сомадан шаруа шеккен зиян бар болғаны .100 сом тана, қалғандары саудагерлердің, чиновниктердің және қазақ султандарының үлесіне тиеді. Будан Кенесарының орыс шаруалары мен станица казактарын аяғаны көрініп тұр. Ақырында, Кенесарының шаруалар мен солдаттарға қайырымдылық көрсетуі оның әскери тұтқындарға көзқарасынан да көрінеді. Тұтқын Андрей Иванов өзінің жауабында: «Тұтқында болған кезімізде бізді ұрып-соғып жазалаған жоқ. Қайта Кенесары қожайындарымызға біздерді дұрыстап тамақтандыруды міндеттеді, жәбірлеуге жол бермеді»248 - деп мәлімдеді. Саяси жер аударылғандар Кенесары көтерілісіне қатысты. 1830 жылғы поляк көтерілісі басып тасталғаннан кейін оның көптеген қатысушыларының Сібір мен Орынбор өлкесіне жер аударылғаны белгілі.Жер аударылған поляктардың Кенесары көтерілісіне қатысқаны жөнінде тек үзік-үзік деректер тана бар. Полковник Аржанухин өзінің бір көрсетіндісінде былай деп жазды: «Кенесары султан мен Жоламан батырдың қасында Сібірден қашқан 100-ге тарта поляк бар... оның бірі майор деседі және сол Шептен қашқан әр тектілер де топ-тобымен оған барып жатқан көрінеді».249 Кенесарыға қосылған поляктардың саны жөніндегі Аржанухин хабарының қаншалықты рас - өтірігін білу қиын. Әйтсе де қашқын поляктардың санын ол өсіріп айтып отыр-ау деуімізге болады. Алайда поляктардың Кенесары көтерілісіне қатысқаны ешқандай күмән туғызбайды. Көтеріліске қатысқан Иосиф Гербурт250 деген бір поляк көтерілісшілердің өздерінің басшысы Кенесарыға арнаған әнін шығарған. Ән тексі академик Веселовскийдің архивінен табылды, 1850 жыл деп көрсетіліпті. 1830 жылғы поляк көтерілісіне қатысқаны үшін жер аударылған басқа бір поляк Густав Зелинский қазақ жерінде тұрды. Кенесары Қасымовтың көтерілісі кезінде ол «Қырғыздар»157 деп аталатын үлкен поэма жазды, онда патша отарлаушылары мен оз феодал - сұлтандарының екі жақтан езгісін бастан кешкен қазақтардың ауыр жағдайы айтылады. Қазақстанда сондай-ақ бірнеше декабристер де тұрған. Атап айтқанда, 1829 жылдан 1856 жылға дейін Бұқтырма уезінде отставкадағы подполковник Матвей Иванович Муравьев -Апостол өзінің жер аударылу мерзімін өтеді. Олардың қазақтар көтерілісіне көзқарастары жөнінде ешқандай мағлұмат сақталынбаған. Бұлардан басқа XІX ғасырдың бірінші жартысында Сібірге шектесетін қазақ даласында әр түрлі ұлыстардың өкілдерінен көптеген саяси жер аударылған адамдар болды. Қазақтардың шекара халқымен өзара қарым-қатынасы туралы біздің мағлұматтарымыз қаншалықты үзік-үзік болса да, оларды атап өту маңызды. Бұл мағлұматтар осы қарым-қатынасты толық мәнде баяндап бере алмаса да, олардан қанаушылыққа бірдей ұшыраған адамдар арасында өзара сенім мен достықтың нышаны кейін кеңестік құрылыс жағдайында екі халықтың мызғымас одағын құруға жеткізді. Саяси және экономикалық тығыз байланыстар негізінде қалыптасқан достық қатынастарды дамыту жолында Ресей самодержавиесі, оның агенттері - патша чиновниктері, кулактар, казак атамандары, қамал коменданттары кесе-көлденең тұрды.251 Олар шынында да қазақтың тәуір жерлерін (жайлауы мен қыстауын) басып алды, ауыр алым-салықтың астында қалдырып, әскери шапқыншылық жасап қазақтарды қайыршылыққа ұшыратты. Олардың осындай іс-әрекеті орыс және қазақ халықтары арасындағы сенімді арттыруға ұзақ уақыт кедергі жасап келді. Келесі тарауларда («Қозғаушы күштер») орыс халқының жекелеген өкілдерінің қазақтардың көтерілісіне қатысуы айтылатын болады. Олардың қатысуы кездейсоқтық емес-ті, отан оз феодалдарының езгісін бастарынан кешкен екі халықтың тарихи тағдырларының ортақтығы себепші болған-ды. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстар, сондай-ақ езушілерге қарсы бірлескен күрес қазақ және орыс халықтары достығын дамыту үшін объективтік алғышарт жасады. Мұның өзі коп жағдайда қазақ халқының және оның қайраткерлерінің бұдан былайғы жерде Ресейге иек артуын туғызды.

4-тарау
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАНДЫҚТАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Көшпелі қазақтар оңтүстікте ортаазиялық үш хандықпен - Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесті. Бұлардың ішіндегі анағұрлым азулысы 20-30-жылдарда Хиуа мен Қоқан хандықтары болды. Осы кезде Ұлы жүздің бір бөлігін Қоқан жаулап алды, әрі ол Орта жүз жерінің едәуір бөлігін алуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізіне шектескен, сондай-ақ Үстірт пен Маңғыстау ауданына орналасқан қазақ қонысын Хиуа басып алды. Хиуа мен Қоқан ықпал етудің саяси әрі экономикалық шараларына қоса қазақтарға идеологиялық жағынан ықпал етудің, соның ішінде шылғи реакциялық діни ағым болып табылатын мюридизмді тықпалады. Қазақ жерінің өздері басып алған бөлігіне олар ауыртпалығы жағынан патша отарлаушылары езгісінен едәуір асып түсетін феодалдық езгі жүйесін орнатты. 30-жылдарда қазақ даласында өрістеген оқиғаны айқын ұту үшін ортаазиялық хандықтардың, ең алдымен Хиуа мен Қоқан хандықтарының жай-күйіне және олардың қазақтарға қатынасына қысқаша тоқталуға тура келеді. XІX ғасырдың басында Хиуа белсенді шабуыл саясатын жүргізді. Ел түзер ханның (1800-1806 жж.) тұсында Мерв түрікмендерінің жерін жаулап алу жолымен Хиуа хандығының шекарасы кеңейтіле түсті. Оның мирасқоры Мухаммед Рахимнің (1806-1824) кезінде Хиуа ірі мемлекетке айналды. Елді ыдыратуға тырысқан өзінің саяси қарсыластарымен үздіксіз күресе отырып, ол өзінің алдындағы хан тұсында басталған Хиуа хандығын біріктіру жолындағы күресті аяқтады. Белгілі дәрежеде Мухаммед Рахимды реформа жасаушы деп атауға болғандай. Ол мемлекетті басқару ісінде тәртіп орнатуға тырысты. Салық жинауды ретке келтірді және теңге жасайтын сарай салдырды. Ол өзінің есімі бейнеленген алтын және күміс теңгелерді жасата бастады. Сонымен бірге Мухаммед Рахим орталықтандырылған үкіметке қарсы шыққан жекелеген феодалдармен аяусыз күрес жүргізді және бірқатар ұсақ дербес бектіктерді өзінің қол астына бағындырды. Оның тұсында Хиуа хандығына Арал иеліктері мен қарақалпақ қоныстары біріктірілді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Хиуа хандығы солтүстіктегі шекарасы - Сырдария өзенінің Арал теңізіне ойысынан басталып, оңтүстік-шығыста - Ауғанстанмен қазіргі шекараға дейінгі жерді алып жатқан болып табылды. «Мухаммед Рахим қайтыс болған 1825 жылы Хиуа хандығы, - дейді Ханыков, - шын мәнінде Хиуа әміршісіне бағынышты саяси біртұтас мемлекет болып есептелінді».252 Парша үкіметінің мағлұматы бойынша253 Хиуаның соғыс уақытында 20-дан 35 мыңға дейін атты әскер сақтауға мүмкіндігі болды, оның 5 мыңы мылтықпен қаруланған және 7 зеңбірегі бар. Гельмерсеннің мәліметі бойынша214 Хиуа ханыңда сол хиуалықтардың өздері құйған 15 зеңбірек болған. Тұрақты әскерден атпен қызмет атқаратын солдаттар ғана жалақы алып тұрған. Оларға жылына 25 червонец берілді. Командирлер жылына 40-тан 70-ке дейін червонец алатын. Булардан басқа армияда тұрақты емес әскерлер болатын, бірақ олар жалақы алмады. Тек соғыс қимылы кезінде жауынгер жаудың басы мен құлағын кесіп әкелсе тана сыйлық ретінде 5 теңгеден 10 теңгеге дейін алатын болды. Хандық үй басынан орыс ақшасымен 15-тен 45 сомға дөйін алым алатын, алымды жинаушылар ешқандай жалақы алмайтын болғандықтан халыққа қатты қиянат жасаған. А. Вамберидің мәліметі бойынша255 Хиуадағы салық былайша бөлінбек: а) жер үшін салық -хараж. Өңдеуге жарамды жердің әр учаскесінен 10 танапқа (бір танап 60 шаршы кезге тең) хан 18 теңге (алтынмен 4 сом 50 тиын шамасында) алды; э) кеден салығы, бұл салық бойынша жүктегі әрбір заттың құнының 2.5 проценті ұсталынады, өгіз, түйе және жылқы малдарының басына бір теңгеден алынады. Данилевскийдің хабарына қарағанда, көшпелі тайпалардан Хиуалықтар жинайтын салық 1 миллион сомнан аса кіріс береді екен, ал ханның жыл сайынғы кірісі 3 миллион сомға дейін жеткен. Мухаммед Рахим Сырдарияның төменгі сагасын мекендеген қазақтарға өз әмірін жүргізді. Бутан дейін Хиуа алым жинаушыларын көрмеген қазақтар қарулы қарсылық көрсетті. Мухаммед Рахим үш рет 1812, 1816 және 1820 жылдары қазақтар қонысының ойранын шытарды. 1820 жылты шапқыншылық елді неғұрлым жұтатып тастады, онда бірнеше жүз қазақ қаза тапты, мың әйел тұтқынға алынды, 65 мың қойды, 15 мың түйені, 7 мыңнан астам жылқыны айдап әкетті т. б. XІX тасырдың басындағы Қазақстанның аса ірі саяси қайраткерлерінің бірі Арынғазы султанның (1815- 1821) Ресей империясының жоғарғы қорғаушылығына сүйеніп, қазақ хандығын нығайту жолымен қазақтардың тәуелсіздігін Хиуаның көз алартуынан қорғауға ұмтылған әрекеті нәтижесіз аяқталды. Бутан басты себеп: бұл тұста Қазақ мемлекетінің өздеріне жай ғана тәуелді болып қоюын азсынып, Қазақстанды империя кұрамына қосып алуға тырысқан орыс үкіметінің қол ұшын бермеуінен еді. Арынғазы Калугада айдауда жүріп, 1833 жылы өлді. Сырдария қазақтары Хиуа ханына бағынуға мәжбүр болды. Хиуаның табысқа жетуіне билікті аңсаған қазақ сұлтандары мен хандарының өздері қолайлы жағдай туғызды. Хиуа ханының қолдауына арқа сүйемек болған Шерғазы Айшуақов өзінің қызын Аллақұлға күйеуге берді және өзі осы ханның қанатының астына кірді, сонан соң оның билік жүргізуін тек Табын және Шекті рулары ғана мойындаса да, өзін Кіші жүздің ханы деп жариялатты. Кіші жүз халқының негізгі бөлігі Шерғазыны сатқын деп жек көрді, сондықтан да оны қолдамады. Мухаммед Рахим өлгеннен кейін Хиуа тағына оның улы Аллақұл (1825-1842 жж.) отырды. Мухаммед Рахим өзінің тірі кезінде Аллақұлды жақсы көрмеді және оны таққа отыруға дайындамады. Бұл турасында Мухаммед Рахимнің хан сарайында болған ауғандық ханзада Ша-Вадс-Фердух төмендегідей қызғылықты деректі айтады: «Мухаммед Рахим қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын өзінің екі үлкен ұлын шақырып алып, олардан: мен көз жұмған соң хандықты қалай басқаратын ойларың бар деп сұрайды. Аллақұл: Мухаммед Риза құсбегі мен Мухаммед Жүсіп махтеридің ақыл-кеңесімен басқарамын дейді. Екінші ұлы Рахманқұл: халық қамын ойлайтын боламын және әкемнің өнегесімен жүремін дейді. Бірінші ұлының жауабына разы болмаған, екінші ұлының уәдесіне қуанған Мухаммед Рахим соңғысын өзіне заңды мирасқоры деп таныды».256 Сөйте тура Мұхаммед Рахим дүние салғаннан кейін сарай маңындағылардың талап етуімен Аллақұл хан деп танылды. Оның хандық етуі кезінде елді шын мәнінде билеп-төстеушілер инактар, махтерлер және басқа да сарай маңындағылар болды. Хан төңірегіндегілердің ішінде бірінші орынды бір мезгілде әрі бас қазынашы, әрі әскерлерге командалық етуші сексендегі махтер Жүсіп Сарт иеленді. Орыс тұтқындарының айтуына қарағанда, «ол мейлінше қатігез жан болған әрі Ресейді жек көрген».257

Хиуа хандығының басқа бір шын билеушісі Асалұғам есімді құсбегі болды. Орыс тұтқындары мен Хиуаға сапарлап барған орыс чиновниктерінің айтуынша, Аллақұлдың ағасы Рахманқұл мемлекеттік қайраткерлерге лайық ақылды болған. Оның инак атағы бар, өзі Түркістан қал асында тұрған, Рахманқұл орыстарға бағдарлама ұстанып, ханға үнемі «Ресеймен дос болуға кеңес беріп отырған». Аллақұлдың тұсында Сырдария маңындағы даланы мекендеген қазақтармен ұзаққа созылған соғыс қайта басталды. Күрес қазақтар үшін табысты болмады. XІX ғасырдың 20-30-жылдарында Шекті, Табын, Төртқара, Байұлы руларының бір бөлігі Хиуа ханының билігі астында болды. Данилевский суреттеуі негізінде біз дайындаған төмендегі кесте259 Хиуа ханының қол астында болған қазақ руларының қай жерге орналасқаны жөнінде біраз түсінік береді.

Қазақ руларының аты
Қазақ руларының орналасқан жерлері
Табын руы
Гурген қаласының маңында (Хиуадан 43 шақырым) көшіп-қонып жүрген.

Төртқара
Қыпшақ қаласы маңында (Хиуаның солтүстік-батысы)
Табын
Байұлы

Қоңырат қаласы маңында (Хиуаның солтүстік-батысы) көшіп-қонып жүрген
Табын руы
Алшын
Маңғыт қаласы маңында (Хиуаның солтүстік-батысы) көшіп - қонып жүрген

Шекті
Байұлы
Табын

Табын Әзірше үкімет Кіші жүздің бүкіл жері империяның иелігі екенін мойындауды батыл талап етті. 1842 жылы Хиуаға жіберілген подполковник Данилевскийдің қолындағы нұсқауда Сырдария өзені, Арал теңізінің солтүстік жағалаулары және Үстірттің солтүстік беткейі Ресейдің мемлекеттік шекарасын құрайтыны, сондықтан Хиуа алым жинаушыларының бұл шекарадан өтпеуге және Ресейге бағынышты қазақтардан зекет жинамауға тиіс деп көрсетілген. Осыған қарамастан шекаралық аудандарда хиуалықтар мен орыстардың арасында жиі-жиі қақтығыс болып тұрды. Құсбегі Нұрмұхаммед өзінің Перовскийге жазған хатында орыс үкіметінің қазақтар ісіне араласпауын, олардан зекет жинауға бөгет жасамауын талап етті. «Олай болмаған жағдайда, - деп қорқытты құсбегі күмәнсіз білетін бол, әбден сайланып, сансыз әскермен сенің иелігіңе шабуыл жасаймын және барлық мұсылман меншігін сенен тартып алып кетемін».264 Хиуаның ауыр езгісін көрген қазақтар оның билігінде қалғысы келмеді. 1839 жылы Хиуа экспедициясына қатысушы Н. Иванов былай дейді: жергілікті қазақтар Хиуа жорытын құптай отыра: «Егер ол тұтқындалатын болса Аллақұлдың оз басы аман қалатыны рас па?» - деп сұрады. «Жоқ» деген жауапты естіген соң олар: «Бүл жақсы болғанымен қасқырды еркіне жіберуге болмайды. Жауды аяған - жаралы», 265 деп өз ойларын білдірді. 1834 жылы Ново-Александров қамалынан Хиуаға жіберілген армян Турпаев та осыны айтады. Жолда кездескен қазақтар өздерінің Хиуа чиновниктерінен қиянат көріп отырғандарын білдірген. Турпаев: «Қырғыздар Хиуа ханының өздеріне жасаған қиянатын айтты, соның бұйрығымен будан үш жыл бұрын булар тоналыпты, сол жолы 400 қырғыз бауыздалған, 40 әйелді күң етіп алып кеткен. Оның үстіне булар астық және тауарлар тасыған кезде өкіртіп салық салады, түйе басына 5 сомнан, кейде одан да көп ақша алады десті, орыс үкіметін мақтап, тек соған ғана бағынғысы келетінін айтты» 266 - деп жазды. Хиуа ханның ауыр езгісі туралы Сырдария қазақтары Кенесарыны қолдаушы Досбол биге де шағынды: «Жылына Сырдария қазақтарының үш рет терісін сыдырады. Қазір өзінің бізге ауыртпалық келтіруі жөнінен өзбектер орыстардан асып түсіп отыр».267 Хиуа хандарының қазақтарға деген саясатынан Қоқан саясатының сойқаны кем түскен жоқ. Қоқан хандығы XVІІІ ғасырдың басында, өзбектің Шахрух би басқарған, Минг деп аталатын бір тайпасы Фергананы тәуелсіз мемлекет етіп құрған кезде пайда болды. Шахрух бидің мұрагері болып Нарбота би таққа отырды. Ол жаңа мемлекеттің астанасы ретінде Қоқан қаласын таңдады. Замандасы Ахмет Шайхтың 268 айтуына қарағанда, Нарбота өзін ханмын деп атамай, «бек» деген лауазымды иеленген. Минг әулетін құрушылар Шахрух би мен Нарбота тұсында Қоқан хандығы шағын вилает болып табылатын. Хандықтың жері тек Фергана аңғарымен және Ходжентпен шектелді. Нарбота биден соң таққа оның үлкен ұлы Әлім (1799- 1809 жж.) отырды. Ол хан атағын иеленген сәттен бастап Ферғана Қоқан хандығы болып аталды. Қоқан хандығын біріктіруші Әлім хан тарихшы Наливкиннің сөздерімен айтқанда «қуатты әрі өз алдына бөлек отау тіккен мемлекет құруды көксеп, осы жолда іс қылады».19 Өзінің ашкөздік жоспарлары бойынша жас Әлім хан Хиуа хандарынан кем түспеді. Оның билік жүргізген алғашқы жылдары туралы Наливкин былай деп жазды: «Әлім хан қолында барды ұқсатып, жайластырып қана қоймай, оз иелігін қаншалықты ұлғайту мүмкіндігі туралы да ойлап және осыған тікелей байланысты өзінің жеке басына тиесілі қазынаны еселеп аттыруды көздеп, дереу жаулап алу жолына түсті».19 Әлім хан тұсында Қоқан хандығының жері едәуір ұлғайтылды. Ол өзінің жаулап алу саясатын Орта жүз қазақтарының қонысына басып кіруден бастады.Шымкентті, Сайрамды және Құрамды басып алды. Әлім хан жорықтарын жергілікті тұрғындарды қырып-жоя отырып жүргізді, сол үшін оған «Залым», Шир-Гара (жауыз Жолбарыс) деген ат қойылды. Әлім ханның Шымкент, Түркістан және Әулиеата аймақтарына жорығы жайлы молда Әлім-Махмуд хажы былай дейді:

«Әлім хан өз әскерімен Ташкенттен шығып, екі күн өткесін Шымкент қаласына жетті. Қаланы қоршап алып, атқылай бастады. Қаланы қоршау 20 күнге созылды және күн сайын атыс болып турды. Әскер Дешті Қыпшақ далаларында орналасқан Әулиеата және Түркістан қалаларына жетіп, оларды түтін қалдырмай тонауға кірісті, сөйтіп малдарын тартып алып, адамдарын қырып тастады».24 Әлім ханның қатыгездігін, сондай-ақ «Тауарих Шахрохидың» авторы да көрсеткен. Міне, оның жазғаны:

«Ханның жарлығымен Түркістан мен Ташкенттің төңірегіне жорық жасалды. Аш қасқырдай жалақтаған хан әскері Дешті Қыпшақ даласына еніп алып, кең даланы қазақтар үшін тар қапасқа - тозаққа, көрдей қараңғы зынданға айналдырды... Жолбарысқа ұқсас атты әскер қазақтарды кескілеп, дүние-мүлкін түк қалдырмай талап алу үшін қазақтың даласымен құйындатып өтті».25 Өзі хандық құрған жылдары Әлім хан ат үстінен түспей, сансыз соғыстарға қатысты, Ходжент пен Ұратөбеге әлденеше рет жорық жасады. Әсіресе, Әлім ханның Ходжентке жасаған жорығында қан көп төгілді. Әлім ханның күйеу баласы Қажы – Мұхаммед – Хаким – хан - Төре (Мунтахаб-ут-Тауарихтың авторы) Ходжент үшін болған шайқасты былайша лепіре суреттейді: «Сейхунның (Сыр¬дария) суы аққан қанның әсерінен анар шырынына ұқсап кетті», «жеңіс лебі Әлім ханның бетіне самал болып есіп, ал Жүніс қожа мүлкін, әскерін, қазынасын тастай Ташкентке қашты».269 Әлім хан Ташкентке екі рет жорық жасаған. XVІІІ ғасырдың аяғында Ташкентті белгілі ташкенттік шейх Аптуардың (шейх «Хавен-и-Тахур» - таза тақсыр) ұрпағы Жүніс қожа басқарды. Ташкент бектері арасындағы өзара тартыс Әлім ханның Ташкентті ба¬сып алуына жәрдемдесті. Жаулап алынған күннен бастап Ташкент ортаазиялық хандықтар арасындағы жанжал ошағына айналды. Бұл кезде Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттығында делдалдық рол атқарған Ташкент ірі сауда-өнеркәсіп орталығы болатын. Әлім ханның толассыз әскери жорықтары халық бұқарасының жағдайына ауыр эсер етті. Бұл халық арасында қатты наразылық туғызды. Наливкин былай деп жазады: «Әлім ханның есіл-дерті соғысу, қалғандарына соғыстың еш қызығы жоқ еді, олардың көз алдында ханның жаулаушылыққа әуестігі оның жеке басының ермегі сияқты көрінді, мұның халық үшін титтей де пайдасы болмағаны өз алдына, ол қыруар уақытты текке кетіру, қаржыны босқа жұмсау, жиі-жиі адамдарды қазаға ұшырату еді».19 Бір сәтсіз жорықтан кейін Әлім ханның жақтастары оны тастап кетіп қалды, 1809 жылы ол өлтірілді, «Тауарих-Шахрохидың» авторы оның өліміне бір шумақ өлең арнаған, онда халықтың Әлім ханға деген ашу-ызасы мен жек көрушілігі айтылған.

Қылышына сенсе егер де хан әлі,
Бір күні ол өз басын да шабады,
Қылыштасқан - өледі адам шүбәсіз,
Тиме ешкімге, қанын төкпе кінәсіз.

Әлім ханның мирасқоры інісі Омар (1809-1821 жж.) болды. Ол өз дәуірінің саналы адамдарының бірі еді. Омар хан белгілі ақындарды өз төңірегіне жинаған, тіпті оз әйелдерінің ішінде өзгеше ақын Нәдира да болды. Ол діни адамдарды қамқорлығына алып, сол үшін де «Әмір - Эль-Муслемин» (діндарлар әміршісі) деп аталды. Сарай ақындары халықтың қамын ойлаған адам деп Омар ханды көкке көтере мадақтайды. Алшындығында, бағындырылған көрші халықтар түгілі, жергілікті декхандардың да оның тұсында шекесі қыза қойған жоқ. Омар хан Қоқан хандығының шекарасын едәуір кеңейтті. Ол ең әуелі Орта жүз қазақтары мен Алатау қырғыздарына сұқтанды. Оның тұсында айнала төңірегімен қоса Түркістан қаласы басып алынды. Қаланы алу құрметіне Омар хан үлкен той жасап, Қожа Ахмет Иассауи мешітіне барды және барлық шейхтарға сый көрсетті. Түркістан ауданының жаңа хакімі болып Шайх-и-Бадаль тағайындалды. Сырдария, Шу және Сарысу өзендері бойымен көшіп - қонып жүрген қазақ руларына Қоқан ықпалын күшейту ниетімен Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған, тағы басқа да бекіністер салынды. Сөйтіп, Сырдария өзенінің Қоқан бекіністері орнаған орта ағысы енді Қоқанның шекаралық облысын құрады да, оны Ақмешіттен Қашқардың болашақ қожасы Жақып бек басқарды. Жақып бек Ташкент құсбегіне тәуелді болғандықтан, отан Ақмешіт округінде көшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналған салықты беріп тұруға міндеттенді. Халықтан салық жинау кәдімгі феодалдық тонауға айналды. Бұл турасында Ладыженский: «Жақып бек өз төңірегіне әккі тонаушыларды топтастырды да, Сырдың оң жағында көшіп-қонып жүрген қырғыздарға шабуыл жасай бастады, сөйтіп әр кезекте олардың көп-көп малын және дүние-мүлкін тартып алып, барлығын Қоқан базарларына сату арқылы тойымсыз Нұрмұхаммед қүсбегі мен одан да бетер тойымсыз өзінің де қалтасын толтырып отырды» 270 деп жазды. Орта жүз руларының көбі Қоқан ханының қол астында болды. Осы мәселемен арнайы айналысқан Ю. Южаковтың мәліметі бойынша, Қоқанға бағынатын қазақ рулары мыналар: Бестаңбалы, Сиқым, Шымыр, Жаныс. Ал Бестаңбалының өзі Шапырашты, Жалайыр және Сырғалы деген тармақтардан тұратын-ды. Бұл рулардың қай жерге орналасқаны және сандық құрамы туралы Ю. Южаковтың деректеріне сүйеніп біз жасаған төмендегі кестеден көріп-білуге болады: 102

Ру аттары
Киіз үй саны
Жазғы және қысқы қоныс орны
Бестаңбалы

35 мың Шу өзенінің сол жағалауында, Қарақұм құмы маңын қыстап, Қаратаудың қос беткейінде көшіп-қонып жүреді.

Шымыр
9 мың

Шу өзенінің сол жағалауында, Иткеші елді мекені маңында қыстап, Арыс пен Боралдай өзендері бойымен көшіп-қонып жүреді.

Сиқым
5 мың

Жаныс
7 мың

Қазығұрт тауының маңында және Келес өзені маңында қыстап, Ақсу, Сайрам және Бадам өзендерінің бастауларында көшіп-қонып жүреді. Қоқан хандарының Ұлы жүз бен Қырғызстандағы жаулап алушылық саясаты тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқанның өзі және оған бағынышты Ташкент, Әндіжан қалалары өздерінің жағрафиялық жағдайына орай әуелден-ақ сауда өнеркәсіп орталығына айналған. Соның ішінде Ташкент қаласы Ресеймен және қазақ даласымен ортаазиялық сауданың орталығы болып, сонымен бір мезгілде Құлжамен және Шәуешекпен сауда жасаушы мемлекеттердің жол торабында орналасқан еді. Ұлы жүздің және Алатау қырғыздарының маңызды керуен жолы өтетін жері Қоқан хандарының жаулап алу әрекетінің нысанасы болғаны мәлім. Сонымен бірге бүл облыстардың өздері де сауда қатынасында маңызды болғаны белгілі. Өздерін патша өкіметі жаулап алғанға дейін Ұлы жүз қазақтары негізінен Қоқан хандығымен сауда-саттық жасады. Қоқан бектерінің Ұлы жүз бен Алатау қырғыздары жерінің жаулап алынған бөлігіне өздерінің сауда-саттық орындарын неліктен ашқаны осыдан-ақ түсінікті болса керек. Атап айтқанда, Пішпек қамалында қоқандықтардың 1000-га тарта отбасы болды да, мұнда тұрақты базар жұмыс істеді. Тоқмақ селосы маңында да 200-ге жуық қоқандықтар турды, олар да жергілікті халықпен сауда жасаған. Қоқан бектері осы жерді басып өтетін керуендерден үнемі баж салығын алып отырды. Қашқардағы саудада қоқандықтар монополиялық жағдайды иеленді. Өзінің монополиялық жағдайын қорғау үшін қоқандықтар қаруланған сақшылары бар ерекше чиновниктер ұстау құқығын иемденді. Қоқан хандығы үшін ең табысты зекет жинау болды. Тек бір тана Шымкент уәлаяты бойынша хан жылына 80 мың сомға дейін алды. Ю. Южаковтың102 деректеріне сүйенсек, жыл сайынғы зекет жинау төмендегіше түрде көрінеді:

Бестаңбалықтардан - 8 000-нан 10 000 қойға дейін
Сырғалылардан - 6 000-нан 8 000 қойға дейін
Сиқымдардан - 2 000-нан 2 500 қойға дейін
Шымырлардан - 2 000-нан 2 500 қойға дейін

Жаныстардан - 2 000-нан 2 500 қойға дейін Зекет жинау ерте көктемде басталатын. Қырта алдын ала жігіттер жіберілетін; олар зекет жинаушылар келер алдында малдың есебін алып, ең тәуір қойларды іріктеп қояды. Харадж егіншілікпен айналысатын халықтан жиналды. Тұқым себілген алқаптың көлемін «тақып» дегенмен өлшейтін. Бір тақып 1/6 гектарға тең болды. Бір тақыпқа бидайдан 12 чирикке дейін, яғни 78 қадақ, ал қошқа 3-тен 5-ке дейін батман (1 260 қадақ) септі. Әрбір қошта 15-тен 20-та дейін тақып болды. Ю. Южаковтың көрсеткеніндей, Қоқан бектері әр қоштан хараджға деп орта есеппен 40-тан 70 путқа дейін бидай алды. Алайда Қоқан салық жинаушылары бұл салықтардың белгіленген дәстүрлі нормасын ешқашанда сақтаған емес. Сырдария қазақтарының бастығы, коллеж кеңесшісі О. Я. Осмоловский былай деп жазды: «Мал санының қырықтан бір бөлігін алуды белгілеген барша мұсылман заңына қарама-қайшы қоқандықтар неше түрлі зорлық-зомбылықпен түтін басынан жыл сайын 6 қойдан, ал бай қырғыздардан бұдан екі есе көп алды, бүл санға басты зекетшіге, сондай-ақ оның көмекшілеріне қырғыздар беретін сыйлықтар енбейді. Егіннен қоқандықтар түсімнің үштен бір бөлігін, ал қамал маңында көшіп-қонып жүретін кейбір қырғыздардан астық күйінде алынатын харадждың орнына піскен нан мен тары ботқа алатын. Салықты отын, көмір, пішен түрінде алу да харадж есебіне жатқызылды. Әр түтін басынан жылына 24 қап көмір, 4 тең сексеуіл және 1 000 бау шоп пен қамыс талап етілді».271 Қазақтарға зекет пен харадждан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мәселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өндеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т.б. мәжбүр болды. Әскери іс-қимыл кезінде әрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал әскерде қызмет еткен кезінде қазақтарға бір тиын да төленбеді. Қоқандықтар қазақтарды түрліше себеп-сылтаумен тонайтын. Мұндайда олардың ойлап таппайтыны жоқ, осы жайында И. Крафт бір қазақтың аузынан жазып алған мынадай әңгіме бар: «Салық жинаушы қоқандықтардың қаншалықты айлакер болғанын түсіну үшін мына бір оқиғаны келтіру жеткілікті. Қырғызбен кездесіп қалған зекетші оның бетіндегі жырықты көреді де:

- Бетіңді қайда жырып алып жүрсің? - деп сұрайды.

- Қамыстың арасымен жүріп ем, жырып кеткені, - дейді қырғыз.

- Мен ендеше сенің жауыңды құрттым, - дейді зекетші, шабылған қамысты көрсетіп, - сол үшін маған бір қой беруге тиіссің.

Немесе: Қырғыздар Қоқан чиновникке атқосшы болып келе жатқанда біреуінің аты сүрініп кетеді. Чиновник сол сәтте-ақ:

- Атың неге сүрінді? - деп сұрайды. Қырғыз жайбарақат қана жауап береді:

- Төмпешікке сүрінді.

- Сол төмпешікті көрсет, - дейді чиновник. Ештеңе ойында жоқ қырғыз әлгі төмпешікті тауып, көрсетеді. Чиновник қылышымен төмпешікті шауып түсіреді де қырғызға:

Маған бір қой бересің, сенің оң сапарыңда кездескен кедергіні жойдым мен»272 - дейді. Қоқан билеп-төстеген ауыр жылдар халық санасында ұзақ сақталды. Найманның биі Жан кісінің Қоқан ханына өтініш білдірген жырында былайша толғайды:

Ассалаумағалейкум,
Алдияр ханымыз.
Алдыңа келген қарашың,
Арызды қабыл алыңыз!

Өтірік болса арызым,
Мінеки сізге жанымыз.
Өзіңіз қосқан зекетші
Біздің елде Жүзбай бар,

Жүзбайдың жүрген жерінде
Жылауменен ойбай бар.
Және мұның жолдасы
Қаратамыз, Дадан бар.

Еріп жүрген соңында
Қырық - отыздай адам бар,
Шоңмұрын деген молдасы бар,
Төлеген деген жорғасы бар,

Атына жемді салуға
Алты еннен қылған дорбасы бар...
«Кем түсім» деп алады,
«Кеусенім» деп алады,

«Орта зекет» деп алады,
«Құшақ зекет» деп алады.

Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар Қоқан билеп-төстеушілігіне қарсы талай рет көтеріліске шықты. Омар хан басқаруының соңғы жылдарында тұтанған көтеріліс айрықша өршеленген сипат алды. Қоқандық салық жинаушы Сейдүқұл бек Дешті Қыпшақ даласына келгеннен кейін Түркістан, Шымкент, Сайрам және Әулиеата төңірегін мекендеген қазақтар арасында көтеріліс жаппай бұрқ ете тусті. Көтерілісті Тентек төре басқарды. Оның төңірегіне жиналған 12 мың қол Қоқан әскери бекіністерін қоршап алып, қалалардың бірінен соң бірін ала бастады. Көтерілістің бастапқы кезеңі туралы Наливкин төмендегіше деректі хабарлайды: «Қырғыздар (қазақтар) Қоқан хандығынан бөлініп шытуды ойластырды, сол себепті Тентек төре дегенді өздерін басқаруға және Омарға қарсы әскери қимыл бастауға шақырды. Түркістан маңында, Тентек төренің қол астына 12 000 қырғыз жиналды».19 Көтерілген қазақтар тіке шабуылмен Қоқан қамалы Сайрамды алып, оны өздерінің орталығына айналдырды. Көтеріліс маңайындағы елді мекендерді тез қамтыды. Көтерілісшілерге Шымкент, Әулиеата және басқа қалалардың қазақтары қосылды. Көтерілістің қарқыны қоқандықтарды қорқытайын деді. Омар хан шұғыл шаралар алуға мәжбүр болды. Көтерілісшілерге қарсы Әбіл – Қалым - Аталық басқарған әскерді жіберу ұйғарылды. Қоқан әскерінің жақындап қалғанын білген соң көтерілісшілер жетекшісі Тентек төре өз әскерін екіге бөлді. Көтерілісшілердің тең жартысын өзі басқарып, Сайрам қамалына орнықты да, қалғаны Шымкент қамалына бекінді. Қоқан әскерлері бүл қалаларды қоршап алды. Көтерілісшілер оларға өршелене қарсылық көрсетті. Ұзақ қоршаудан кейін ғана көтерілісшілер азық-түлігі таусылғанын қаруларын тастап шықты. Мұндай көтеріліс Алатау қырғыздары арасында да болды. Мәселен, Кетментөбе болысында қырғыздың үш руы - Бағыш, Саяқ және Сатық рулары бас көтерген.274 Омар хан Ходжентке, Ұратөбе, Заминге қарсы таты бірнеше жорық жасады. Ол өзінің сәтті бір жорығынан кейін көптеген нөкерімен Маргелан мен Әндіжанға аңшылыққа аттануды ұйғарды. Бірақ осыған дайындық кезінде Омар хан ауырды да, кешікпей қайтыс болды (1821 жылы). Омар хан өлген соң Қоқан тағына оның жасөспірім улы Мәделі хан (Мухаммед Әлі) (1822-1842 жж.) отырды. Моделі хан тұсында хандықтың жекелеген облыстарын дербес басқаратын қүсбегілердің рөлі, әсіресе, күшейе түсті. Құсбегілердің орталық үкіметке тәуелсіздігін Моделі ханның өзі де атап көрсеткен, ол солардың бірі Хан-Кули-би туралы айта келіп, былай дейді: «Мен Хан-Кули-биге барлық хандықты әлдеқашан-ақ тапсырғанмын, сондықтан оның не істегісі келсе де еркі бар».19 Ташкент құсбегі де Қоқан ханының билігін тек соз жүзінде тана мойындады. Моделі хан үшін регенттер билік етті. Барлық жаулап алынған елді мекендер олардан салық жинаулары үшін қүсбегілерге берілді. Ұлы жүздің басып алынған жерінің бір бөлігі және Сырдария бойындағы қазақтар жері Ташкент қаласымен қоса Ташкент Құсбегіне берілді, осы үшін ол жыл сайын 20 мың червонец төлеп тұруға тиісті болған».275 Ташкент қүсбегі халықтан алым-салықты көбірек сығып алуға тырысты. Жазған хаттарының бірінде ол езіне бағыныштыларға былай деді: «Жоғары дәрежелі ханымыз Қоқан дуанының төменгі жағын мекендейтін алты сан қарақалпақтар мен қырық сан өзге де халықтарды және Іле өзені бойындағы тастай тағы қырғыздарды менің иелігіме өткізіп, осы халықтардың бәріне қатысты бүкіл істі шешу билігін маған берді... сонан соң Үлкен ордадағы қырғыздардың бірнеше болысы бізге бодандыққа алынды».275 Ұлы жүз қазақтары мен Сырдария бойындағы қазақтардың Ташкент қүсбегінің билігіне көшуіне байланысты салық езгісі одан сайын күшейе түсті. Ташкент қүсбегінің кейінгі саясаты түгелдей өзіне тек Ұлы жүздің ғана емес, сондай-ақ Орта жүздің де қазақтарын бағындыруға бағытталды. Осы ойын іске асыру үшін ол ашық шықпай, кәпірлерге қарсы «тазалат» («қасиетті соғыс») уранымен орыстарға қарсы күресте қазақтарға туысқандық көмек көрсету деген сылтаумен әрекет қылды. Қазақ руларына арналған хатында ол: «Бірінші ниетім: орыс қанымен өзімнің ақ сақалымды қарайту»276 - деп жазды. Қазақтар Құдияр хан (1845-1875 жж.) тұсында да қоқандықтардың билігі астында жапа шекті. Құдияр хан не бары 10 жасында таққа отырды. Оның билікке ие болар кезінде сарай төңірегіндегілер жік-жік болып қырқысып жатқан, әр топ оз адамын хан етіп көтергісі келген. Оның тұсында ауыр езгіні тек қазақтар ғана емес, жергілікті еңбекші декхандар да бастан кешті. Тарихшы Петровский бір қоқандықтың әңгімесін келтіреді: «Бізден барлығы үшін: дүкенді күзететін өзіміз болсақ та күзет үшін, базарға өз көлігімізбен уақытша аялдасақ та, базардағы орын үшін, сатып алынған сүлік, сатылған отын мен сабан үшін ақы алады. Ханның жұмысына мыңдаған адам жегіледі, мұндайда жүмысшыларға ақша мен тамақ бермейтіні былай тұрсын, тіпті олардың өздерінен ақша алады. Иә, Құдай езің сақтай гөр, егер кімде-кім жұмыстан тайсақтаса, мұндай да жағдай болды, ондай адамдар сол жұмыс жүріп жатқан жерге тірідей көмілді».277 Құдияр ханның тойымсыздығы мұнымен де шектелмеді. Ол езі тікелей өсімқорлықпен шұғылданды, көптеген саудагер агенттер ұстады, олар өздері монополияландырған кәсіпшіліктердің өнімін сатумен айналысты. Мысалы, Құдияр хан түйе ұстап, түйелерді ерекше чиновникке - даруга башына бақтыратын. Бұл түйелердің бір бөлігі Фергана базарларына хан тұзын тасуға пайдаланылды. Көптеген көпестер осы ханның жарнашылары болды».19 Қазақтардың Ресеймен қатынасын зерттеген кездегі сияқты, міне енді олардың ортаазиялық хандықтармен қатынасын анықтау кезінде де қазақтардың еңбекші бұқарасы мен оларға көршілес Орта Азия ұлыстарының жағдайында көптеген ортақ белгі бар екенін көреміз. Қанау түрлері ұқсас болмаса да біртекті болды. Орта Азия ұлыстары да оз феодал шонжарларының ауыр езгісін бастан кешті. Осында, оңтүстікте де Қазақстанның солтүстік шекараларындағыдай, мұндай ұлыстардың арасында жақындасу үшін алғышарт қалыптасты. Бірақ үстем таптардың саясаты халықтарды жақындастыруға емес, қайта олардың арасында дұшпандықты қоздыруға бағытталды. Әсіресе, қазақтардың жағдайы қиын болды. Оларға тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі екі жақтан - оңтүстікте Қоқан мен Хиуа жағынан, ал солтүстік-батыста империя жағынан қауіп туған-ды. Әрине Қазақстан үшін ортаазиялық хандықтарға немесе Ресейге бағынудың халық шаруашылықтың және әлеуметтік салдары тіпті де бірдей болған жоқ. Феодалдық соғыстармен және өзара алауыздықтармен берекесі кеткен Қоқан және Хиуа сияқты мешеу елдердің билік жүргізуі қазақтардың не шаруашылық, не әлеуметтік құрылысын өрге бастыра алмайтын еді. Ал империя құрамына қосу қазақтарды анағұрлым жоғары қоғамдық, шаруашылық және әлеуметтік құрылыспен жақындастырды, бүл жақындасу, біздің көргеніміздей, халық бұқарасы үшін шексіз азапты болуына қарамастан, шаруашылықты жылжытуда да, қоғамды дамытуда да оң жолға бастағаны сөзсіз. Алайда, екі жақтың да агрессиясы саяси тәуелсіздіктен біржолата айырылу қаупін төндірген. Қазақтардың 30-40-жылдардағы негізгі міндеті өзінің мемлекеттілігің сақтап қалу үшін күресу, мұның өзінде екі майданда - Ресей патша өкіметіне және ортаазиялық хандықтарға қарсы күресу еді.

Осындай күрес басталған, ал оны сұлтан Кенесары Қасымов басқарды.

2 БӨЛІМ

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМОВ БАСТАҒАН АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

5 - тарау

КЕНЕСАРЫ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ

Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырларда болған барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде-ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды. Қозғалыстың бүкіл халықтығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек. Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Оны ресми архив деректерінен алып, әлі де болса толық емес мәліметтер негізінде өзіміз жасаған төмендегі кестеден анық байқауға болады. Кестеде жекелеген рулар мен олардың тармақтарының аттары, олардың көтеріліске қатысқан жылдары көрсетілген. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашыраңқылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестеге қатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген туыстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз. Міне, осы себепті қыпшақтар, мысалы, 1838, 1839, 1841, 1844 және 1845 жылдары аталып өтіледі, ал 1842-1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсетілмеген. Мүмкін олар күресті жалғастырған да болар, бірақ олардың сол жылдардағы күресі қолда түскен деректерде байқалмады.

Ру аттары
Жылдары
Хабарлаушы кім
Деректерге сілтеме

Қыпшақ

1838

Балта Пнаевтың көрсетуі
ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 1967-іс, 1-парақ
Табын

Қарауыл (Арғын) «

Тұтқын Лобановтың көрсетуі
ЦВИА, ВУА қоры, 1161-іс, 229-230 - парақтар
Қозған (Арғын)

Алшын Жаппас «

Белгісіз чиновниктің көрсетіндісі
ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 179-іс, 121 - парақ
Жағалбайлы

ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 140-іс, 20 - парақ
Шөмекей

1839

Белгісіз көпестің көрсетуі
ҚРТА, 4-қор, 1-тіз- бе, 2134-іс, 20-23 - парақтар
Табын

Төртқара « « «

Шекті « « «

Қыпшақ «

Горчаковтың Чернышевқа рапорты
ЦВИА, ВУА қоры, 1161-іс, 63-64 - парақтар
Жаппас

1840

ЦВИА, ВУА қоры 1161-іс, 206-парақ
Қыпшақ

1841

Кенесарыда болған Көлебай Құқановтың көрсетіндісі
ҚРТА, 4-қор, қосымша тізбе, 156-іс, 2-3 - парақтар
Шөмекей

Төртқара « « «

Алшын « « «

Шекті « « «

Табын

1841

Билеуші сұлтан Ахмет Жантөриннің көрсетіндісі
ҚРТА, 4-қор, 2231 а - іс, 36-37-парақтар
Қыпшақ

Кенесарыда болған хорунжий Балғожа Жаңбыршиннің көрсетіндісі
ЧМТА, 6-қор, 4976-іс, 28-29-парақтар
Арғын

Тама

1842

Казак Федоровтың көрсетуі
ЦВИА, 1201-іс, 5 - 8-парактар
Бағаналы

1843

Кенесарыға болған сұлтан Санәлі Мырзағалиевтің көрсетіндісі
ЧМТА, 1201-іс, 5 - 8-парақтар
Арғын

Жоғары және төменгі шекті

Табын « « «

Тама « « «

Байбасы « « «

Шекті « « «

Шөмекей « « «

Жаппас « « «

Алшын «

Язы Яновтың көрсетіндісі
А.Рязанов, Аталмыш шығармасы, ІІ бөлім, 18-бет
Қарауыл (Арғын)

Шорман Асатовтың көрсетуі
ҚРТА, 64-қор, 140-іс, 129-134 - парақтар
Атығай (Арғын)

« « « Уақ « « «

Керей « « «

Төртқара «

Әскери старшын Лебедевтің көрсетіндісі
ЦВИА, 1201-іc, 59-парақ
Жағалбайлы

Әскери министр Чернышевке мағлұмдама хат
ЦВИА, 1201-іc, 66-парақ

Төртқара

1844

Орынбор әскери губернаторы әскери министр Чернышевке мағлұмдама хаты
Серебренников. Түркістан өлкесі, V том, 30-бет, Ташкент, 1914
Қаракесек (Назар бөлімі)

1844

Орынбор әскери губернаторы әскери министр Чернышевке мағлұмдама хаты «

Шекті « « «

Алшын « « «

Арғын

1844

Қабақ (Шекті)

1844

Әскери урядник Ивановтың көрсетуі
ЧМТА, 6-қор, 54-73-іс, 76-парақ
Көксалық

ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 140-іс, 129-130-парақтар
Қозған (Арғын)

Қалқаман (Жаппас) « « «

Алтай « « «

Көкпақ « « «

Темеш « « «

Қарпық « « «

Тама «

Сонда «

Төрткүл « « «

Балталы « « «

Арғын

1845

Поручик Герннің генерал Ладыженский- ге рапорты
ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 2621-іс, 941-парақ
Төртқара

Шөмекей « « «

Тама « « «

Табын « « «

Бағаналы « « «

Керей « « «

Қыпшақ « « «

Шекті (Арғын) «

Шоқпыт Қарабаевтың хабары
ҚРТА, 64-қор, 2651-іс,
605-606-парақтар
Алтын

Әлім « « « Шөмекей « « « Төртқара « Алшын « Шекті « Табын 1841 Билеуші сұлтан Ахмет Жантөриннің көрсетіндісі ҚРТА, 4-қор, 2231 а - іс, 36-37-парақтар Қыпшақ « Кенесарыда болған хорунжий Балғожа Жаңбыршиннің көрсетіндісі ЧМТА, 6-қор, 4976-іс, 28-29-парақтар Арғын « Тама 1842 Казак Федоровтың көрсетуі ЦВИА, 1201-іс, 5 - 8-парактар Бағаналы 1843 Кенесарыға болған сұлтан Санәлі Мырзағалиевтің көрсетіндісі ЧМТА, 1201-іс, 5 -8-парақтар Арғын Жоғары және төменгі шекті Табын « Тама « Байбасы « Шекті « Шөмекей « Жаппас « Алшын « Язы Яновтың көрсетіндісі А.Рязанов, Аталмыш шығармасы, ІІ бөлім, 18-бет Қарауыл (Арғын) « Шорман Асатовтың көрсетуі ҚРТА, 64-қор, 140-іс, 129-134 -парақтар Атығай (Арғын) « Уақ « Керей « Төртқара « Әскери старшын Лебедевтің көрсетіндісі ЦВИА, 1201-іc, 59-парақ Жағалбайлы « Әскери министр Чернышевке мағлұмдама хат ЦВИА, 1201-іc, 66-парақ Төртқара 1844 Орынбор әскери губернаторы әскери министр Чернышевке мағлұмдама хаты Серебренников. Түркістан өлкесі, V том, 30-бет, Ташкент, 1914 Қаракесек (Назар бөлімі) 1844 Орынбор әскери губернаторы әскери министр Чернышевке мағлұмдама хаты « Шекті « Алшын « Арғын 1844 « Қабақ (Шекті) 1844 Әскери урядник Ивановтың көрсетуі ЧМТА, 6-қор, 54-73-іс, 76-парақ Көксалық « ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 140-іс, 129-130-парақтар Қозған (Арғын) « Қалқаман (Жаппас) « Алтай « Көкпақ « Темеш « Қарпық « Тама « Сонда « Төрткүл « Балталы « Арғын 1845 Поручик Герннің генерал Ладыженский- ге рапорты ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 2621-іс, 941-парақ Төртқара « Шөмекей « Тама « Табын « Бағаналы « Керей « Қыпшақ « Шекті (Арғын) « Шоқпыт Қарабаевтың хабары ҚРТА, 64-қор, 2651-іс, 605-606-парақтар Алтын « Әлім « қарамағындағы Жаппас руының кей тармақтары өздерінің көтеріліске теріс қараған ру басыларының ықпалынан шыта алмады, енді біреулері белгілі бір себептерге байланысты көтеріліске қатысуға тәуекел етпеді. Ақырында, біз қарастырған ресми мәліметтерде қазақ рулары мен тармақтарының бір-бірімен араласып, шатасып кеткенін айыру керек. Қазақтың руға бөлінуін кез келген біле бермейді. Оны тек зерделі адамдар ғана жадында сақтай алған. Ендеше, бұл мәселеден хабардар болмаған патша чиновниктерінің және басқа да адамдардың ақпарларында қате мәліметтердің кездесуі табиғи нәрсе. Жоғарыдағы кестеден жекелеген қазақ руларының қозғалыс ағысына біртіндеп араласқанын байқауда болады. Көтеріліске қатысушы рулардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Өйткені бұл кездері қозғалыс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы кезеңде қозғалыс Қазақстанның қазіргі жерінің едәуір бөлігін қамтыған еді. Кестеден көрінетіндей, Кенесарыны анағұрлым белсене қолдағандар: Қыпшақ284, Төртқара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Шөмекей, Бағаналы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын рулары және басқа да кейбір рулар.Аталған қазақ руларының барлығы бірдей патшалы Ресейге қарсы күреске шыққан жоқ. Шөмекей және Шөмішті, Табын сияқты рулар қазақ даласының ішкергі бөлігінде өмір сүргендіктен олар Ресеймен онша жанаса қоймаған-ды. Бұл рулар Сырдария, Қуаңдария өзендері бойында және Қызылқұмда жаз жайлап, қыс қыстап жүрген. Олар Хиуа және Қоқан хандықтарымен шекаралас қоныстанған. Шөмекейліктер мен Шөмішті, Табындар Қоқан және Хиуа бектерінің ауыр езгісін бастарынан кешіріп жатты. Сондықтан да осы қазақ рулары ортаазиялық хандықтардың езгісінен құтылу үшін Кенесары көтерілісіне қосылды. Дәл осыны Ұлы жүз руларына (Дулат, Жалайыр, Найман) байланысты да айтуға болады. Көтеріліс орталығы Ұлы жүз иелігіне ауысқанда бүл қазақ руларының Кенесарыға қосылуы - олардың патша отаршылдарының езгісінен емес, Қоқан бектерінің қанауынан жапа шеккендігінен еді. Кейбір зерттеушілер Артын және Жаппас руларының Кенесары көтерілісіне қатысуын жоққа шығарады. Мысалы, М.И. Стеблин - Каменская Шеген Мусин бастаған Арғын руы Кенесарыға қосылған жоқ, сондықтан 1845 жылы көтерілісшілердің қатарында Арғын руы қатыспаған деуге негіз бар деп қорытынды жасайды. Алайда істің мәні мынада: «Арғын» рудың жалпы атауы, ал бүл рудың құрамында Қазақстанның барлық аймағында шашырай орналасқан Қарпық, Темеш, Қаракесек, Атығай, Қарауыл сияқты толып жатқан тармақтары бар еді. Аталған ру тармақтары, біздің кестеден көрініп отырғанындай, көтеріліске белсене қатысқан. Рас, Артын руының тек би Шеген Мусиннің қол астындағы бір бөлігі ғана 1845 жылға дейін көтеріліске қосылмады. Бірақ, Арғын руының ата мекенінің ортасынан ойып патша бекіністерінің салынуына байланысты арғындардың бұл тобы да Кенесарының көтерілісіне қосылды285. Ал, Арғын руының рубасы Шеген Мусин өкімет алдында беделді болғанымен, өзінің келісімінсіз Арғын руының жеріне бекіністер салуға рұқсат бергені үшін енді билеуші султандарға қарсы өштік пиғыл көрсете бастады. Ол 1845 жылы былай деп жазды: «Сіз маған алтын алқа бердіңіз. Мойныма таққан соң мен қызға, әйелге айналдым, ал барқыт шапан киіп жас жігітке айналдым... Алтын, күміс ақша алдым. Менің жерімде дала султаны Ахмет бекініс салып маған орыстан әскер берді. Не істеуім керек? Мен Ахметке ризамын. Тек қана басымызға шаш киіп, аузымызды мұртпен жабу ғана қалды. Оны да істеймін әлі! Біздің дініміз бір және тіліміз де бір. Сіз осындай іс жасауға жол бердіңіз. Мен дәрменсізбін. Сіздің патшадан рақым сұраймын деген уәдеңізге біз сеніп қалған едік, бірақ мынадай күтпеген оқиға болды және неден болғанын білмеймін. Менің ойымша, сен тақтық сұлтандықтан, ал мен би лауазымынан бас тартуымыз керек. Мынадай мақал бар: «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Біз кеңесіп іс қыла алмадық, сондықтан мен өзімді лауазымды би, сені тақтық султан деп ойламаймын. Мен: Ахмет ақылдасатын болар, ойымызды ортаға салармыз деп ойлағанмын, бірақ булай болмады, сондықтан мен өзімен-өзі ақылдастым. Неліктен булай, білмеймін»286. Жаппас руына байланысты да осыны айтуға болады. Жаппас руының белгілі бөлігі (Қалқаман) 1838 және 1843 жылдары көтеріліске қатынасып Кенесарыны қолдады. Кенесарыны Жаппас руының тек зауряд хорунжий Жантабыл Төлегенов287 пен Алтыбай Көбековтың қол астындағы тармақтары ғана қолдамады, олардың ауылын Кенесары 1845 жылы талан-таражға ұшыратты. Осы деректің негізінде өкіметтің ресми хат жазысуларында Жаппас руының көтеріліске қатысуы жоққа шығарылып, Кенесарыны Жаппас руының бітіспес жауы ретінде көрсетеді. Мұндай ойдың негізсіз екендігін деректерге жүгінсек анық көз жеткізе аламыз. Кенесарының Жаппас руына тізе батыруына мынадай оқиға себеп болды: 1844 жылы осы Жаппас руынан зекет жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберген болатын. Бұл кезде жаппастықтардың Алтыбай мен Жантабыл бастаған кейбір тармақтары патшалы Ресеймен тығыз байланыста болып, ішінара Қоқан хандығымен де сыбайласа араласты. Жаппастықтар Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздеріне жүктелген зекетті жинап беруге уәде етіп, кешке қонақасы беріп, ауыл-ауылға бөліп қондырды. Түн ортасы ауып, жасауылдар ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий Жанғабыл өзінің жақтастарын жиып, Наурызбай мен оның жасауылдарын өлтіруге уәделесті. «Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін, әрі жақтастарын жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті орыс отряды келе жатыр деп хабар таратты, ал кімде-кім көтерілісшілерге қарсы шытудан бас тартса, қатаң жауапқа тартылады деп үрейлендірді. Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болмасын жаппастық оның сөзіне еріп бүлікшілерге қарсы көтерілді және олардың қолға түскенін қырып-жоя бастады»288. Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп, Наурызбайдың қонысына жақындаған кезде, қастандық туралы жаппастықтардың бірінен хабарланған ол, өзінің бірнеше серіктерімен жасырынып үлгерген еді. Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді; Байтабын ұзақ атысып, қатты қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған кезде оққа ұшты. Осы оқиғаға байланысты зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов Орынбор Шекара Комиссиясына жолдаған рапортында былай деп жазды: «Ресейдің бодандығында адал боламыз деген антымызға сай және патшамыздың жауларынан кек алу үшін біз қас дұшпандарымыздың 95 адамын өлтірдік»299. Кенесарыға Байтабын батырдың өлімі өте қатты батты. Омар Шипин өзінің «Жеті батырдың оқиғасында» сол кезде Наурызбаймен бірге болған жасауыл Төлегеннің әңгімесін келтіреді. Кенесары Байтабынның қаза тапқанын естіген соң, өзінің барлық жасақтарымен бірге үш тәулік бойы аза тұтады. Төртінші күні батырдың бейітіне ескерткіш орнатады. Осы ескерткіш әлі күнге дейін сақталған. Ескерткіш орнатылған жер «Байтабын доңызы», ал көз жұмған жері «Байтабын соры» деп аталады. Болған оқиғадан кейін Кенесары Жалпақ бастаған өзінің өкілдерін Артын руының басшысы Шеген Мусинге жұмсап, онан «жаппастықтармен жоғарыда аталған оқиғаға байланысты бітімге келу үшін араға түсуін және бұл оқиғаға Наурызбайдың өзі кінәлі ме, әлде жаппастықтар кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізуін»300 өтінеді. Сөйте отырып, жаппастықтардың рубасыларын тәубасына келтіру үшін Кенесары зауряд хорунжий Жаңғабылдың және басқа да қырғынды ұйымдастырушылардың ауылдарына қарулы шабуыл жасайды, соның салдарынан жаппастықтардың бірқатар ауылы талқандалады. Жаңғабылдың, Алтыбайдың, Султан Омаровтың, ауыл иесі Мырзабек Құлмановтың, Ниман Алтыбаевтың Наурызбайдың жасауылдарын қыруды ұйымдастырғандардың бәрінің біраз малдарын айдап әкетеді. Жаппастықтардың ауылдарына шабуыл жасау барысында Кенесары елшілерінің өліміне кінәлі болмаса да, кейбір бейбіт ауылдарға шектен тыс қатыгездік жасау ісі де орын алған. Алайда Жаппас руы тармақтарының дені, Наурызбайдың жасауылдарының өліміне қатысы жоқтары, көтерілісшілерді белсене қолдауын тоқтатқан жоқ. Буған Наурызбайдың жасауылдарын қыруды ұйымдастырушылардың бірі - жаппас Елемес Сұлтаибаевтың билеуші султан Ахмет Жантөринге мына жауабы дәлел: «...Султан Кенесары Қасымов маған және зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновке өткен жылғы Кенесарының жақтастарын өлтіргеніміз үшін өштесуде, ол бізге шабуыл жасамасын деп ауылдарымызбен Сібір Шебіне қарай жылжыдық. Бірақ руластарымыздан 120 ауыл Торғайға қарап бөлініп кетті, біздің қанша бөлінбеуге шақырғанымызға қарамастан, олар Кенесарыдан бас тартпаймыз, себебі біз оның жақтастарын өлтіруге қатысқан жоқпыз деп жауап берді»301. Кенесары ешқашан жаппастықтарды өзінің саяси дұшпаны санамаған. Жанжалды тоқтату мақсатында ол 1845 жылы Жаппас руына өзінің өкілін бітімге келу үшін келіссөз жасауға жібереді. Ол «үш адамға - Байтабын, Қанай және белгісіз тағы бір азамат үшін құн төлеуді» талап етті. Сонымен бірге олардың мінген аттары мен қындарындағы қылышын қайтарса, онда ол Жаппас руына ешқандай кек сақтамай, біткен іске салауат дейміз»,302 -деді. Сонымен, біз қазақтың қандай рулары көтеріліске қатысқанын талдап және кейбір қазақ руларының әр жылдары көтерілістен неге шеттегенін, ал кейбір рулардың тіптен қатыспаған себебін де көрсеттік. Алайда көтеріліске қатысқан рулардың қыстауы мен жайлауын көрсетпесек, пікіріміз дәлелді болмас еді. Рулардың көшіп - қонатын аудандары туралы Красовскийдің4, Мейердің6, Галкиннің303 және Орынбор Шекара Комиссиясының іс жүргізу қағаздарында сақталған 1840 жылғы бір кестенің304 материалдары негізінде жасалған келесі мәліметтен Қазақстанның әр аймақтарындағы көтеріліс болған жерлер туралы дерек ала аламыз. Бұл кестеден қазақтың Ұлы жүз және Кіші жүз руларының қай жерлерді мекендегені туралы мәліметті байқаймыз. Ұлы жүз қазақтарының дені көтеріліске оның соңғы кезінде қосылды, бүл кезде қозғалыс орталығы Торғай мен Ырғыз аймақтарынан (Кіші жүз) Жетісу жеріне ауысқан болатын.

Ру аттары
Қай жүз
Рудың қоныстаған жері
Қыстауы

Жайлауы
Шекті
Кіші жүз
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігі, Үлкен Борсықтар

Олал өзені бойы
Кете

Алшын « « «

Табын «

Борсық құмдары
Ембі өзені бойы
Тама

Шөмекей «

Қарақұм, Сырдария және Қуаңдария өзендері
Тобыл және Өлкеаяқ өзендері
Шөмішті

Табын « « «

Төртқара «

Сырдария өзендері
Ырғыз өзені және Мұғалжар таулары
Шекті

Арал теңізінің оңтүстігін және Сырдария өзені
Ор өзенінен және Ембіден Ырғызға дейін
Қаракесек

Ор, Суандық, Ырғыз өзендері
Жоғарғы Орал маңы, Ырғыз және Ор бойы
Алтын

Сырдария, Қуаңдария және Қарақұм
Торғай, Өлкеаяқ, Тобыл өзендері бойы
Жаппас

Сырдария өзені
Тобыл мен Торғай арасы, Троицк маңы
Керей
Орта жүз

Тобыл мен Торғай өзендерінің бойы
Тобыл, Обаған, Тоғызақ өзендері бойында арғын, қыпшақтармен аралас көшті
Серкеш (Алшын)

Каспий теңізінің жағалауы Атырау қалашығының маңы
Қалдығайты және Бунтурға өзендері бойы
Қыпшақ

Ертістің сол жағы
Ақмола, Ақкөл, Тайшанкөл маңы
Бағаналы

Қарақоңыз өзені бассейні және Сарысу өзенінің төменгі ағысы «

Алтай
Орта жүз
Ақтау маңы және Атасу өзені бойы
Есіл, Нұра, Шідерті өзендерінің жоғарғы сағасы және Сарысуда

Қарпық (Арғын) « « «

Темеш (Арғын) «

Сарысудың орта ағысы, Бетпақдала
Нұра, Сарысу және Есіл, Ақмоланың шығыс жағы және Қарқаралының оңтүстігі
Арғын

Торғай өзені

Айдабол «

Қызылтау, Далба таулары (Баянауылдың оңтүстік бөлігі)
Шідерті және Өлеңті өзендерінің бүкіл бойы

оңтүстігін және Сырдария өзені Ембіден Ырғызға дейін Қаракесек « Ор, Суандық, Ырғыз өзендері Жоғарғы Орал маңы, Ырғыз және Ор бойы Алтын « Сырдария, Қуаңдария және Қарақұм Торғай, Өлкеаяқ, Тобыл өзендері бойы Жаппас « Сырдария өзені Тобыл мен Торғай арасы, Троицк маңы Керей Орта жүз Тобыл мен Торғай өзендерінің бойы Тобыл, Обаған, Тоғызақ өзендері бойында арғын, қыпшақтармен аралас көшті Серкеш (Алшын) « Каспий теңізінің жағалауы Атырау қалашығының маңы Қалдығайты және Бунтурға өзендері бойы Қыпшақ « Ертістің сол жағы Ақмола, Ақкөл, Тайшанкөл маңы Бағаналы « Қарақоңыз өзені бассейні және Сарысу өзенінің төменгі ағысы « Алтай Орта жүз Ақтау маңы және Атасу өзені бойы Есіл, Нұра, Шідерті өзендерінің жоғарғы сағасы және Сарысуда Қарпық (Арғын) « Темеш (Арғын) « Сарысудың орта ағысы, Бетпақдала Нұра, Сарысу және Есіл, Ақмоланың шығыс жағы және Қарқаралының оңтүстігі Арғын « Торғай өзені Айдабол « Қызылтау, Далба таулары (Баянауылдың оңтүстік бөлігі) Шідерті және Өлеңті өзендерінің бүкіл бойы мәліметтерге қарап Кенесары көтерілісіне қатысушылардың таптық құрамы туралы нақты пікір айту өте қиын. Екі жақты езгіге: солтүстік-батыста патша өкіметінің отаршылық езгісіне, оңтүстікте ортаазиялық хандықтардың езгісіне және султандар мен билердің патриархалдық -феодалдық қанауына ұшыраған қазақ халқының қалың бұқарасы Кенесарының соңынан ерді, оның жеңісі әбден титығы шыққан адам төзгісіз ауыр тұрмысты жеңілдетеді деп ойлады. Қазақтар өздерінің көтерілісшілерге қосылу себебін: «зорлық пен зомбылықтан өлетін болдық» деп түсіндірді. Мысалы, Сарым болысының азаматы Жанғұтты би Бумантаев Ақтау комендантына берген жауабында былай деп көрсетті: «Кенесарыдан қорыққандықтан емес, татарлар мен қарқаралық орыстардың тықсыруынан қырға ішкерілей ендік, алыстағанда іздегеніміз тек тыныштық еді»305. Дәл осындай жауапты Ақтау комендантына Соқыр би мен Базар старшын да берді: «Біздің қырға ішкерілей кетуіміздің бірден-бір себебі Құдайменді султан мен татар Бегіштің жәбірлеуі»305. Кенесары көтеріліске қатысқандарға тек жер беруді ғана емес, сонымен бірге, ауқатты, бай өмір сүресіңдер деп те уәде етті. Бұны Кенесары жақтастары берген жауаптардан да көруге болады. Орынбор Шекара Комиссиясындағылар олардан «неге Кенесарыға қосылдыңдар?» деп сұрағанда, олардың көпшілігінің жауабы біреу болды: «Кенесары бізді байлыққа жеткізбекші болып уәде берді». Бағаналы руынан шыққан Тұрлыбек Темағынов тергеу барысында «Мен Кенесарыға байлыққа жету үшін қосылдым»306, - деп жауап берді. Кенесарының екінші бір жақтасы, Кенесарының жүзбасысы болған Тайман Мейірманов былай деді: «Кенесарыға қосылған себебім, оның Ордада атағы шықты және оның табына қосылған адам бай болады деген соң бүкіл отбасыммен, туған-туысқандарыммен Кенесарыға көшіп бардым»306. Сонымен бірге, Кенесарының тартып алынған қазақ жерлерін қайтаруды және салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен әр түрлі салық салуды тоқтатуды патша үкіметінен талап етуі және оның бұрын қазақтарға тиесілі болған жерлерді қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі - қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай еді. Кенесары былай деп жазды: «Қазіргі бастықтар жерді кесіп-пішіп, қамал салып, халықты мазалауда»307. Ол екінші бір хатында: «Сіз бен біздің ғасырымызда жер тарылды, су тартылды. Орыстар келді де қырғыздардың жерін тартып алды»308,- дейді. Билеуші султан Ахмет Жантөрин де осыны айтады: «Кенесары султан далаға бекіністердің салынуына қатты наразы және барлық қырғыздарға «бастықтар қырғыздардың ең жақсы жерлерін тартып алып жатыр» деп жар салды»309. Кенесары қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды. «Ата-бабамызға тиесілі жерге салынған бекіністерді талқандап, өртеп жіберемін»310 деп өкіметке сес көрсетті. Қоқан ханымен тынымсыз күрес жүргізе отырып, Кенесары олардың шеңгеліндегі Ұлы жүздің жерлерін қазақтарға қайтаруды мақсат етті. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы осыған байланысты Азиялық Департаментке былай деп жазды: «Өзінің (Кенесарының - Е. Б.) Қоқан жерлерін басып алуға тырысуының түпкі мақсаты - сол жерді кейін қазақтарға бөліп беру»311. Кенесары қазақтарға салық салуға да үзілді-кесілді қарсы шықты. Николай І-ге жазған хатында ол: «Біздің халықтан заттай төлем жинай бастады және оларға жан - жақты қысым көрсетіп, шектеп жатыр», бұл «біздің халық үшін үлкен қасірет»312 деп мәлімдеді. Генерал Горчаковқа жолдаған басқа бір хатында ол былай деп жазды: «Қазақ халқына баж салығын салдыңыздар, демек, бүл бізге қысым жасағандарыңыз... алым-салық төлеп сіздердің қол астарыңызда тұру, тіптен мүмкін емес»312. Кенесары «қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз»313, яғни тәуелсіз Қазақ мемлекеті деген уранмен күрес жүргізді. Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де, сонымен қатар байғұстардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске белсене қатысуы табиғи еді. Көтеріліске байғұстардың қатысқаны туралы Кенесарының ордасында болған көптеген орыс чиновниктері әңгімелейді. Екатерина станицасы маңында көтерілісшілер қолға түсірген А. Иванов кейін тұтқыннан оралған соң болған тергеуде: «Кенесарының қол астында 1500 жас өспірім қазақтар мен бақташылар бар»314 деп көрсетеді. Кенесары ордасына арнайы барған патша жансызы Мыңбай Тұяқов: «Кенесарының кедейлігін, қарусыз екендігін көрдім. Олар зорығып өлген жылқының етін жейді, әрі киім киістері де жұтаң... Олар әдеттегі байғұстар сияқты өмір сүреді»315 деп хабарлайды. Ақырында Мейер де: «Кенесары туының астына негізінен үйсіз-күйсіз ер жүрек жігіттер ғана жиналған»6 деп көрсетіпті. Байғұстар мен жатақтардың көтеріліске қатысуы туралы қазақтың халық әнінде де айтылады: Далада от қып-қызыл боп лаулаған, Соғыс өрті ол қырып-жойып жаулаған... Жатақтар жүр от ішінен кетпеген, Байғұстар да сатылмаған, серт берген. Тек байлар той елін сатып үйренген, Кенесары ісін солар, әне, күйреткен...316 Көтеріліске егіншілер де белсене қатысты. Архив деректерінде Сырдария бойын мекендеген Шекті, Кішкене Шекті және Төртқара рулары егіншілерінің көтеріліске қатысқаны туралы айтылады317. Сонымен бірге, көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мекендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі көтерілісшілер қозғалысының орталығы болғаны белгілі. Полковник Бизановқа берген жауабында Кенесарының ағасы Әбілғазы: «Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының жақтастары болғанымен, негізінен олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарлы-жақыбайлар»318, - деп мәлімдеді. Өзінің жауабында Шерман Асатов былай деп хабарлады: «Кенесарының жақтастарынан басқа оның қасында 300-ден астам үй төлеңгіттер бар, олар қысы-жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді. Орта және Кіші орданың әр түрлі руларынан құралған төлеңгіттермен қоса, олардың қатарында Қарауылдар, Атығайлар, Уақтар, Керейлер де бар»319. Соғыс жағдайында төлеңгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны түсінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төлеңгіттер негізінен әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес. Тіпті көтерілісшілерге қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз деп атады. Мұның өзі уақытша болса да төлеңгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді. Алайда төлеңгіттіктің уақытша қайта өрлеуі жалпы әлеуметтік дамудың ағымын тоқтата алмады, олардың бір кездегі әскери жасақ ретіндегі қызметі әлсіреп, бірте - бірте феодалға басыбайлы адамдардың тобына айналып бара жатты. Мұны Кенесарының көтеріліске қатыспаған өз туыстарындағы, мысалы, Шыңғыс Уәлихановтың, султандар Абылаевтардың, Рүстемнің және басқалардың қол астындағы төлеңгіттердің жағдайынан -ақ көруге" болады. Осы султандар төлеңгіттерді басыбайлы адамдарға айналдыру үшін өкімет орындарымен үздіксіз хат жазысумен болды. Дәл осындай жағдай көтеріліске қатыспаған барлық султандардың төлеңгіттеріне де ортақ еді. Бұл мәселені «Әлеуметтік қатынастар» деп аталған тарауда терең талдағанымыздан біз осымен шектелеміз. Кенесары әскерінің ішінде қазақтың барлық үш жүзінен есімдері дүйім жұртқа әйгілі, неғұрлым беделді батырлар да болған. Шұбыртпалы руынан шыққан Кенесары батырлары: Ағыбай (Орта жүз - Қарқаралы), Сүйіндік руынан Жанайдар батыр (Орта жүз - Баянауыл), Қыпшақ руынан (Орта жүз - Торғай) Иман Дулатов (Аманкелді батырдың атасы), Табын руынан Жоламан Тіленшиев (Кіші жүз - Сырдария), Дулат руынан Бұғыбай батыр (Ұлы жүз - Жетісу), Атығай руынан Аңғал батыр (Орта жүз - Көкшетау), Қыпшақ руынан Басықара батыр (Орта жүз - Ақмола), Арғын руынан Жеке батыр (Орта жүз), Дулат руынан (Ұлы жүз) Жәуке, Сұраншы және Байсейіт батырлар Кенесарының серіктері болды. Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан (Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр т.б.) батырлармен қатар Кенесары батырларының арасында феодал бекзаттардан шыққан аты әйгілі султан Наурызбай, Табын руының биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2 ООО қойы және 50 түйесі болган61. Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады. Олардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар. Кейбір батырлар өздерінің жеке естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, архив құжаттарында көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімдері сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалған. Мысалы, Кенесарыны Ұлы жүздің Тәуік, Сыпатай және т. б. батырлары қолдаудан бас тартты. Архив материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен , оның толық мән-жайын білудің реті келмеді. Айта кететін бір жай, сыртқы жаудың басып алуынан сақтанған батырлар өздерінің әр түрлі әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, белгілі бір уақытқа дейін бірлесіп қимыл жасады. Алайда, түптеп келгенде, батырлардың әр түрлі әлеуметтік тегі қозғалыстың соңына қарай оз салқынын тигізбей қоймады. Батырлардың әлеуметтік тегі туралы мәліметтерді біз негізінен фольклорлық материалдардан алып отырмыз. Архив деректері тек қана батырлардың әскери қимылдарын сипаттаумен ғана шектеледі, ал олардың жеке бастары туралы мәліметтер үзік - үзік қана кездеседі. Кенесары және оның серіктері жөніндегі фольклор материалдарының құндылығы сонда, олардың көпшілігі XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кенесары батырларының өздерінің және көтерілістің басқа да қатысушыларының өз аузынан жазып алынған. Кейбір материалдарды сол оқиғаларды көзімен көрген адамдар жазып қалдырған. Т. Титақовтың Кенесарының батырлары Шынбай Мыңбаев (Ағыбайдың бауыры - Е.Б.) пен Бектеміровтың аузынан 1900 жылы жазып алған естелігі ерекше қызықты86. Олардың айтуына қарағанда, Атыбайдың әкесі Олжабай Шұбыртпалы руынан шыққан, ол өзінің бауырлары Мынабай, Танабай, Мыңбаймен (олардың ағайындарын қосып санағанда 62 үй болған) бірге көтеріліске алғашқы күнінен бастап қатысқан. Олардың бәрі де Кенесары әскері қатарында шайқасқан. Мысалы, Танабай Кенесары қолбасшыларының бірі және көтерілісшілердің арасында аса беделді болыпты. Олжабайдың өзі де батыр кісі еді. Ағыбайдың шешесі Ақмола облысында көшіп-қонған Тарақты руының қызы екен. Әкесі қайтыс болған соң 13 жасар Ағыбай шешесімен қалады. Олардың бар байлығы тек «бір түйе, бір ат қана» болған. Басқа малдары болмаган86. Кейде тіске басар ештеңе табылмай қалғанда Ағыбайдың шешесі жиі-жиі бай көршілерінен май, сүт және басқа қажетті нәрселерді рұқсатсыз алып отырыпты. Тым шектен шығып бара жатқан соң бірде Кенесарының әкесі Қасым ол кісіден бүл әдетін тоқтатуды және көршілерді мазалауды қоюын талап етіпті. Ағыбай Саржан мен Есенгелдінің және Ержанның 1836 жылы Ташкент құсбегіне барған елшілігіне қатысты. Кенесарының көтерілісіне ол қатал өмір мектебінен өткен, есейген батыр болып қосылды. Ағыбай Кенесарының құрдасы әрі оның бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны ешуақытта өз атымен атамай, әзілдеп «Көсе» деп атап, өте жақсы көріп, қатты сыйлапты. Ағыбайды көзі көргендер оның сыртқы түрін былай суреттейді: «Ағыбай - иегінің айналасында ғана өскен сақалды (қазақтар мұндай кісілерді «көсе» атайды), ұзын бойлы, кең иықты, шүңірек көз адам еді. Оның қолдары ұзын еді, сүйікті қаруы тоғыз түйінді сырғалармен әшекейленген найза болды. Найзасы құлан терісінен жасаған мықты қайыс белбеуінде ілулі туратын еді. Арқасында дөңгелек қалқаны, жанында күнге шатылысқан қылышы мен қысқа қайқы семсері болды».86 Көтерілісшілердің Атыбайға деген ерекше құрметі туралы оның әйелдерінің бірімен Кенесарының әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамдарға мың басы, бес жүз басы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «көсеге» атақ бермейсіз?» - деп сұрапты. Сонда оған Кенесары: «Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа «Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ілескен жауынгерлер «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі. Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын» деп жауап беріпті».86 Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң Ағыбай Шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының жеріне қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген мекенде қайтыс болды. XІX ғасырдың екінші жартысында айтылған «Ағыбай батыр» қиссасы оның ерлік жолына арналған. Кенесарының екінші бір атақты батыры - Амангелдінің атасы, Қыпшақ руынан шыққан Иман еді. Ол 1780 жылы бұрынғы Торғай уезінің Дулаттың Қызылжары деген жерде туған. Иманның әкесі Дулат дәулеті шағын адам болыпты. Иман Кенесарыға 1839 жылы қосылды. Есіл өзені жағасындағы Көкалажар қамалын Кенесары әскері қоршауға алғанда, гарнизондағылар көтерілісшілерді жақындатпай ұзақ атысады. Сонда Иман батыр кішігірім тобымен байқатпай барып, қамалдың сыртынан соққы беріп, оған басып кіреді. Шайқас аяқталған соң Кенесары сарбаздарын жинап, ерлігіне таңданғанын айтып, «Менің қасымда жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы, Аякеңнің болғанына өте ризамын»320 дейді. Сонан кейін Кенесары құрметінің белгісі ретінде батырды «Аяке» деп атап кетіпті. Иман жасы үлкен адам ретінде Кенесарының әскери қеңесінің мүшесі де болған. Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр (Кіші жүз, Сырдария маңы) да Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың өз өмірбаянының қызықты кезеңдері туралы әңгімелері халық арасына кең тарап кеткен321. Ол қоқандықтардың «Күреш деген қазақ ауылына322 шабуыл жасағаны туралы былайша әңгімелеп берген. Ауылдың тоналып, адамдардың тұтқынға айдалып кеткендігін естіген Бұқарбай батыр өзінің жасағымен қоқандықтардың соңына түседі. Ол қоқандықтарды қуып жетіп, малды қайтарып, тұтқынға түскендерді босатады. Солардың арасынан Күреш байдың сұлу қызына көзі түседі. Ауылға оралған соң Бұқарбай батыр Күреш байдан қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Күреш: «Қоқандықтар малымды айдап, жұрдай қылып тонап кетті, сондықтан қызымның қалыңмалына 47 бас мал бермесең қызымды сатан бере алмаймын» дейді. Сонда Бұқарбай батыр: «Менде жалғыз тұяқ та жоқ, ондай көп малды қайдан табамын», - депті де, қызға қарапты. Сонда қыз орнынан тұрып, әкесіне қарап: «Егер Бұқарбай бізді қоқандықтардан құтқармағанда қазір мен қайдағы бір Қоқан бегінің күңі болып жүретін едім. Бұқарбайдың бұл жолғы сіңірген еңбегі одан қалыңмал талап етпеуге лайық емес пе! Мен тек осыған күйеуге шығуға серт беремін»323 - депті. Бұл оқиға Бұқарбайдың кедей ортадан шыққандығын айтқызбай-ақ айғақ етіп тур. Басқа фольклор материалдарында Бұқарбайдың ерліктері мен оның халық арасындағы аса беделді болғандығы баяндалады. Фольклор материалдарында басқа да батырлар туралы үзік мәліметтер бар. Мысалы, Омар Шипиннің ауыз әдебиеті шығармаларының негізінде жазған «Жеті батырдың қысқаша тарихы» атты шығармасында Құдайменді батыр туралы былай дейді: «Феодал Сандыбаев Ерден Құдайменді батырдың қалыңдығын тартып алып, Қара Кеңгір мен Сары Кеңгір және Ұлытау маңындағы жайылымдарын бермей, оны қуып жібереді. Сонда Құдайменді өз ауылынан кетіп қалып, Кенесарыға барып қосылады»88. Кенесарының кейбір батырларының әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер архивтік деректерде де сақталған. Мысалы, Бас штабтың поручигі Герн 1845 жылы Кене¬сары ордасында болып, оның жақтастарының жалпы кедейлігін, жайылымдарының нашарлығын айта келе, Жеке батырдың ауылында «15 не 16 сиыр тана бар екен» деп хабарлайды. Жеке батырдың шын аты - Төлебай. 1838 жылы Ақмолаға тіке шабуыл жасаған кезде көрсеткен ерлігі үшін Кенесары оны «Жеке батыр» деп атап кетіпті. Поручик Герннің Жеке батырдың не бәрі 15-16 сиыры бар деген хабары, 5-10 үйден құрылған бұл ауыл өз адамдарының қажетін зорға қанағаттандырып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір құжатта: «Кенесарының өзге жасақтарының ішінде оның ерекше сеніміне ие болғандар, қарапайым қырғыздардан шыққан батырлар: Жеке, Жанайдар, Сүтен және Шоқмар325 атап өтіледі. Міне қарап отырсақ, Кенесары батырларының бір бөлігі халық бұқарасының арасынан шыққандар екен. Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері -султандар мен ру шонжарлары да катысты. Олардың бір бөлігі көтерілістің басынан өздерінің феодалдық жасақтарымен Кенесарыға ерді және соңына дейін оған адал болды. Булар негізінен жақын туыстары еді. Султан Сейілханның жауабына қарағанда,325 1846 жылдың соңына дейін Кенесарымен үнемі бірге жүрген туыстары мыналар: Наурызбай, Ержан Саржанов, Құдайменді, Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Басалқа Тоқтамысов, Кенесарының қайнағасы және т. б. Булардан басқа, Кенесарының жақтастарының арасында патша өкіметіне наразы, 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарты» енгізілгеннен кейін өздерінің бұрынғы артықшылықтарынан айрылып қалғандар немесе кедейленген султандар болды. Олардың да бір бөлігі Кенесарыны көтерілістің ақырына дейін қолдады. Патша өкіметіне наразы султандардың бірі Сарман Тұрсынханов тергеу барысында: көтеріліске қосылған себебім «арамыздан бірімізді де аға султан етіп сайламай, бұл атақты қарапайым биге бергендіктен»327 деп мәлімдеді. Көтеріліске белсене қатынасқан султан Қосай Жолбарысов туралы шекаралық басқарманың чиновнигі Сердюков: «Оның тұрмысы нашар және адамдары да жоқ»328 деп хабарлады. Султандардың екінші бір бөлігі көтеріліске халық бұқарасының қысымымен байлығынан айрылып қалудан және халық арасындағы ықпалын жойып алудан қорқып қосылды. Олардың арасында даланы басқарудың жаңа жүйесінде белгілі бір қызмет атқарып жүрген кейбір султандар да бар еді. Сібір шекаралық казактарының бастығы полковник Талызиннің 1838 жылғы жазған мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола округі султандарының көпшілігі қосылып қана қойған жоқ, сонымен бірге Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау округтері султандарының да қосылғаны анық. Басқа барлық султандар сырттай үкіметке адал болып көрінгенімен, Кенесарымен жасырын байланыста болды»329, деп жазуы бекер емес. Бұл султандар көтерілістің уақытша серіктері болған-ды. Олар көтерілісшілерді көтерілістің алғашқы кезеңінде ғана (1837-1838 жылдары) қолдады. Көтеріліс бір ауданнан соң екінші ауданды қамтып, қазақ жерінің едәуір бөлігіне тарала бастаған кезде көптеген султандар (Маман Аблаев, Қоңырқұлжа Құдаймендин, Күшік Айшуақов, Султан Дайыров, Көбеков т. б.) қозғалысты сатып, жау жағына шығып кетті. Күшік Айшуақов көтерілісшілер қосынында жүріп полковник Талызинге құпиялап былай деп жазған: «Менің округке келе алмағаныма кешірім сұраймын. Қазір Кенесарыдан бірте-бірте алшақтап барамыз, біз оны дұшпан деп есептейміз»330. Сұлтан Дайыров та Талызинге жолдаған хатында өзінің көтерілісшілер қосынынан кетуге дайын екендігін хабарлайды. Ол: «Патша ағзамға қарсы шығу және қару көтеру ешуақытта ойымда жоқ және зиян келтіруді де ойламаймын, қай жерде болмайын, бар уақытта да патшаға адал қызмет етуге дайынмын»330 - деп жазды. Кенесары көтерілісіне ру шонжарлары - билер және басқа ірі феодалдар қатысты. Мысалы, Шоң Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т. б. Мұса Шорманов көтерілісшілерге қосылғандықтан ғана өзін тоналудан аман алып қалды. Егер қосылмаған жағдайда «ызаланған бүлікші оның бар малын барымталап алатын еді».331 Мұса Шорманов өзін ақтау және патшаға адалдығын көрсету үшін, орынборлық өкімет орындарына: «Кенесарыға ешуақытта қосылған емеспін және оның күресін қолдаған жоқпын. Ол мені шақырған еді, бірақ мен онан бас тарттым. Сізге белгілі, үнемі Кенесарының қаскөйлігіне қарсы күресіп келдім»330 - деп жазды. Үкімет өзінің тыңшылары арқылы ру шонжарлары және сұлтандармен тұрақты байланыс жасап тұрды. Үкімет булардың жері мен байлығын сақтап қалуға уәде бере отыра, Кенесары Қасымовтың «тобырынан» бөлінуге кеңес берді. Көтерілістің шешуші кезеңдерінде олар шынында да көтерілісшілерді тастап, патша үкіметі жағына шығып кетті. Көтеріліске жекелеген рулардың билері және ірі феодалдардың қатысуы көтерілістің жалпы дамуына әсер етпей қоймады. Патриархалдық - рулық қатынастардың қалмай қойған сарқыншақтары және орталықтан безіп, біртұтас мемлекеттің құрылуына мүдделі болмаған ірі феодалдар мен билердің әрекеттері көтеріліске шыққан халықтың күшін біріктіруге елеулі түрде кедергі келтірді. Кенесары оларға қарсы әр түрлі әдіспен қимыл жасады. Кейбір кездерде рубасыларынсыз - ақ қазақ руларымен байланыс жасап, арасына үндеулер таратып, тікелей жұмыс жасады. Алайда қазақ руларын олардың басшыларынан бөліп әкету Кенесарының қолынан өнебойы келе бермеді. Мысалы, Арғынның қошқар бөлігін басқарған би Шеген Мусин 1845 жылға дейін көтеріліске қосылмады. Күреске оның қол астындағы ру тармақтары да қатыспады. Кенесары Шеген Мусиннің руластары арасындағы беделімен сөзсіз санасты, сондықтан оған қарсы ашық қарулы қақтығысқа бармады. Шеген Мусиннің және басқа да рубасыларының беделі мен ықпалы қазақ қоғамындағы патриархалдық - рулық қатынастардың сарқыншақтарына негізделген еді. Осы дәстүр адамға өз руының «көсемінің» беделі мен билігін мойындауды міндеттейтін-ді.

Дәл осындай пікірді Есет Көтібаровқа байланысты да айтуға болады.
Есеттің Кенесары көтерілісінен қол үзуін қалай түсіндіруге болады?

Мұның басты себебі: тағы да сол патриархалдық - рулық қатынастардың сарқыншақтарында, рулық тұйықтық пен жершілдікте жатыр. Есет Көтібаров Шекті руы Тілеуқабақ тармағының рубасы бола жүріп, кейбір қазақ султандарына жолдаған хатында өзінің руын «Тілеуқабақ халқы»332 деп атап, өз ру тармағының мүддесін жалпы халықтық мүддеден жоғары қояды. Кенесары оның ру таласы жөніндегі бір шағымын уақыты өтіп кеткен деп қараудан бас тартқанда, Есет өкпелеп, онымен байланысын үзеді. Сонымен бірге Шектілер мен Төртқаралықтардың арасындағы бұрыннан келе жатқан рулық жанжалды да ұмытпау керек. Кенесарының Есет пен достық қатынас орнатуға және көтеріліске шыққан рулардың күшін біріктіруге ұмтылған әрекеттерінің бәрі аяқсыз қалды. Қазақстанға тән қозғалыстың тұйықтығы мен бір жердің шеңберінен аспауы және патриархалдық - рулық қатынастардың үстемдігі Есеттің мінез-құлқына, іс-қимылына эсер етті. Есеттің ортақ жауы - патша өкіметіне қарсы күресі халық бұқарасының күресін жеңілдететінін жақсы түсінген Кенесары онымен әскери қақтығысқа бара қойған жоқ. Есеттің көтерілістен шет қалуының өзі рулық томаға-тұйықтықтың қаншалықты күшті екендігін және көтеріліске шыққан халықтың бірігуіне кедергі жасағандығын көрсетеді, сонымен бірге, кейбір батырлардың күрес барысында ру феодал шонжарларымен ауыз жаласып кеткенін де көреміз. Ықпалы аз және әлсіз рубасыларын Кенесары қорқыту арқылы, кейде әскери күш қолданып бағындырды. Кенесарының Құдаймендин сұлтанға қарсы жорығы осы тұрғыдағы шара болды. Осы жорық жөнінде Кенесарыда болған Тасболатов былай деп хабарлайды: «Жақын арада ол Қарқаралы бағытында қозғалып, сол округтің аға султаны, подполковник Құдаймендиннің қалған малын қуып әкетуге және қазақтардың арасында Кенесарыны балағаттағаны үшін және Құдаймендинмен бірге орыс отрядтарына көмектескені үшін сол Қарқаралы округіндегі Жамантайдың да жылқысын алуға, ауылын тонауға барады».333 Ескерте кететін бір жай, Кенесары мұндай феодалдарды өте жақсы білетін және олардың көңіл күйін де түсінетін. Алайда өзінің алдына патшалы Ресейге, Қоқанға және Xиуаға қарсы жалпы майдан құру мақсатын қойғандықтан, ол қандай жолмен болса да көтеріліске қатысушылар санын көбейтуге тырысты. Оған сенімсіз болса да, уақытша болса да одақтастар аса қажет еді. Егер кейбір султандардың немесе ру билерінің өзіне қосылмайтындығына көзі жетсе, оларды қорқытып болса да бейтарап қалдыруға тырысты. Кенесарының Назар руының билері Байтөре мен Қаракөшікке жазған хаты сөзімізді дәлелдейді. Бұл хатта ол: «Менің хан екенімді мойындаңдар, мендік болыңдар, сендермен жақындасқым келеді... Егер бұрынғы іс-әрекеттеріңе өкінсеңдер, іштеріңдегі ең сыйлы адамдарың маған келсін. Мен сендерге қайырымдылықпен қараймын. Ал егер келмейтін болсаңдар, онда мен 30 жыл сендерді күтіп жүріп ем, енді - 30 жыл бойы ісім сендермен болады. Қудай алдымнан жарылқасын. Сендерге өзімнің қызметшім Бабықты жіберемін, оның сөзіне сеніңдер»334 - деп өтінді. Міне, сондықтан да Кенесары көтерілісшілерінің арасынан сол кездегі қазақ қоғамының белгілі сұлтандарынан және ру билерінен бастап ауылдың кедейі - жалшыларға дейінгі әр түрлі өкілдерін көреміз. Көтерілісшілер құрамының бұл секілді әр түрлілігі ерте болсын, кеш болсын қозғалыстың бәсеңдеуіне, соңынан оның жеңілуіне де эсер ететіндігі түсінікті. Айрықша тоқталып өтерлік жәйт: көтеріліске басқа да ұлт өкілдерінің қатысуы мәселесі. Бұл жерде ескере кететін нәрсе, қазақтың езілген халық бұқарасы сол кезде де орыс халқының күресіне жанашырлықпен қарады. Бұл әсіресе Пугачев көтерілісі кезінде ерекше байқалды, қазақтар көтеріліске шыққан шаруаларға материалдық көмек қана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге, өздері де Емельян Пугачевтің туы астына жиналды. Алайда мұндай жағдайлар аз болған еді. XІX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың орыс жұртшылығымен қарым - қатынасына кейбір алғышарттар жасалған-ды. Ол мына жағдайларға байланысты болған еді. XІX ғасырдың 20-30-жылдары патша өкіметі Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды күшпен империяның шет аудандарына көшіре бастады, соның ішінде Қазақстанмен шекаралас жерлерге де көшірді. Шаруалар өздері үйренбеген жерлерге қоныс аударғанға наразы болды және қазақтардың көтерілісіне тілектестікпен қарады. Патша өкіметі тәртібіне Сібір және Орынбор бөлімдеріне әскери қызметке жаңадан алынғандар да наразы еді. Көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесарыға көтеріліс аймағында туратын әр түрлі ұлттардың жекелеген өкілдері қосылды. Ортақ жауға - патша өкіметіне - қарсы қазақтармен бірге қазақ далаларында өкімет орындарының қудалауынан қашып жүрген орыстар, татарлар, башқұрттар да қосылды. Олар Кенесары әскерінде қару - жарақшы, отрядтар жетекшісі қызметін атқарды. Олардың көтеріліске қатысуы туралы бас штабтың поручигі Герн былай деп жазды: «Кенесарының қасында Сібір және Орынбор губернаторларына бағынышты барлық рулардан коп қазақтар бар. Олармен бірге бес орыс, торт башқұрт және алты татар бар. Олардың кейбіреуі Кенесары армиясына қару-жарақ, оқ-дәрі жасайды».335 Қару-жарақ шеберлері ролін атқарған аталмыш орыстардан басқа қашқын солдаттар да болды, олар командирлік қызмет атқарды. Атап айтқанда, Белешев және Малкин осындай солдаттар еді. Малкин туралы қызықты мәліметтерді өзінің көрсетіндісінде Анюшин былай деп хабарлайды: «Кенесары оны бай қалыңдыққа үйлендіріп, қол астында 40 адам беріп, бастық етті. Олардың бәрін оз ордасы маңында ұстайды... Қазір Кенесарының қасында бірінші жасауыл Хусни (башқұрт), Кішік екінші жасауыл деп жүр... Кішіктің онда балуан ретінде даңқы шығыпты. Ал Кенесары оған Батырмұрат деп ат қойыпты»337. Үкімет өзінің елшілері және жансыздары арқылы Кенесары әскерінде қызмет ететін қашқын солдаттардың санын білмек болып мәлімет жинауға тырысты. Герн бастаған елшілікті Кенесары ордасына жіберер алдында генерал Обручев «Кенесары ауылдарында орыс азаматтары бар ма, жоқ па, соны білуді (алып-қашпа сөздерге қарағанда, бар сияқты), егер бар болса, оларды кері қайтаруға Кенесарыны көндіруді»338 арнайы тапсырған.

Қашқын орыстың біреуі Кенесарының жеке хатшысы болып та қызмет еткен. Кенесарыға тұтқынға түскен орыс офицері Ур өзін тұтқындалысымен Кенесарының хатшысына, қазақ шапанын киген тақырбас белгісіз бір орысқа алып барғанын айтады. Белгісіз бұл орыс Урға өзінің қай губерниядан екенін айтудан мүлдем бас тартқан. Осы қашқын орыс туралы тұтқыннан шыққан орыстар мен патша өкіметінің жансыздары да хабарлаған еді. «Оның тілмаш екі адамы бар... бірі татар, Троицк қаласынан, екіншісі орыс, өзін офицермін дейді».339 Кейбір қашқын орыс солдаттары қатардағы жауынгер ретінде Кенесарының әр түрлі әскери жорықтарына қатысқан. Жаппастықтардан зекет жинау кезінде Наурызбай бастаған 200 жігіттің ішінде, оның жеке адютанты Николай Губин деген де болыпты. Жаппастықтар қастандық жасағанда Губин Наурызбаймен бірге қоста еді, алайда атына мінуге үлгермей тұтқынға түсіп қалады. Кейіннен оны Орынбор шекара өкіметіне табыстайды. Кенесары қолға түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде еткен. Кенесарыда тұтқында болған П. Федоров тергеуде былай деп мәлімдеді: «Кенесары бірнеше рет православие дінінен бас тартуға үгіттеп, қыздардың ең жақсысына үйленуді ұсынды, алайда мен әр түрлі сылтау айтып, көнбей қойдым».340 Кенесары ортаазиялық хандар мен дінбасылары сол шақта барынша насихаттауға тырысқан «кәпірлерге» қарсы қасиетті соғыс - «ғазауат» үндеуін ұстанған жоқ. Әдетте Қоқан немесе Хиуа хандары өздерінің басқыншылық соғыстарын (ғазат) үндеуімен бүркемелеуге тырысатын. Мұндай жағдай Саржан Қасымов көтерілісі кезінде де болды. Қоқан ханы қазақ жерлерін басып алуды көздеп, Саржанды орыстарға қарсы қасиетті соғысқа және мұсылмандарды бірігуге шақырды. Бұл сөзсіз реакциялық үндеу еді. Ал, Кенесары болса өзіне қашып келген өзге халықтардың өкілдерінің бәрін де құшақ жая қарсы алды. Оларға білімі мен тәжірибесіне қарай әр түрлі қызметті сеніп тапсырды. Кенесарының әскерінде көптеген башқұрттар мен татарлар болған. Олардың күреске қатысуы туралы Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал Гене: «Оларда (қазақтарда - Е.Б.) көптеген башқұрттар мен татарлар бар, олардан аса маңызды істерді күтуге болады».61 Башқұрттар әдетте қару жасауға өте шебер келеді, кейбір мәліметтерге қарағанда, олар Кенесарыға тіпті зеңбірек құйып беруге де тырысқан. Мысалы, өзінің жансыздарының көрсетулеріне сүйене отырып, султан Ахмет Жантөрин Орынбор Шекара Комиссиясына жолдаған құпия хабарында былай деп жазды: «Қазіргі кезде Кенесары: мендегі екі башқұрт зеңбірек құюға кірісті деп қазақтардың арасына сөз таратуда, екеуіне он қазақты көмекке беріп, оларды Ақкөл көлі жағасына жұмыс істеуге қалдырыпты; пайдаланатын заттарынан тек көмір ғана белгілі, оларға сексеуіл ағашын күйдіріп дайындалған бірнеше арба көмір апарып беріпті»332. Кенесарының армиясында қашқын татарлар да қызмет еткен, олардың көпшілігі басшылық қызметте болған. Татарлардың бірі - Әлім Жағудин әскери кеңестің мүшесі де болыпты. Көтеріліс жеңілгеннен кейін ол Пермь қаласына жер аударылған. Сібір тарихының белгілі зерттеушісі И. Завалишин өзінің 1859 жылы Әлім Жағудинмен тікелей таныс болғандығын және бір кезде Жағудиннің «белгілі қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың кеңесшісі, елшісі және рухани досы болғандығын»5 жазады. Басқа ұлыстар өкілдерінің көтеріліске қатысуының маңызы мен дәрежесін толық анықтау өте қиын. Алайда олардың күресіне ұйымшылдық сипат беруге көмектескенін, өз білгендерін көтерілісшілерге үйреткенін сеніммен айтуға болады. Сонымен бірге Кенесары қосынында қарақалпақтар, түркмендер, қырғыздар мен өзбектер де болған. Олардың арасында ерекше көзге түскені Самарканд пен Бұқарда білім алған өзбек Сайдақ қожа Оспанов еді. Елшілік келіссөздерде және д е хандықты басқаруда ол Кенесарының ең сенімді көмекшісіне айналды. Патша үкіметі Сайдақ қожа Оспановтың қызметіне айрықша үлкен маңыз бере қарады. Кейіннен Сайдақ қожа Оспанов тұтқынға алынды. Үкіметтің ресми құжаттарында ол туралы былай деп жазылды: «Оспанов өзінің мейлінше ақылдылығымен, сөзге шешендігімен ерекшеленеді. Кенесарының басты көмекшілерінің бірі, оны коп жағдайда зекет жинауға және ордалықтарды Кенесары жағына тартуға пайдаланды. Қолға түскен кезде, онан әр түрлі бұйрықтар мен ордалықтарға арналған үндеулер табылды».332 Кенесары көтерілісіне қатысушылардың құрамы, міне, осындай болды. Халық бұқарасының өздеріне етене әрі түсінікті мақсаттар үшін, ең бастысы, жоғалтқан жайылымдары үшін күреске кеңінен қатысуы көтерілістің аумақтылығын қамтамасыз еткені даусыз. Халықтың қолдауының нәтижесінде ғана көтеріліс он жыл бойына созыла алды... Екінші бір даусыз нәрсе, ол көтерілістегі басшылық рөл халық бұқарасында емес, Қазақстандағы бұрынғы патриархалдық - рулық бытыраңқылықты жоюға тырысқан орта феодалдық топтардың қолында болғаны. Көтерілістің барысымен және Кенесарының саяси шараларымен танысқанымызда біздің оған көзіміз жетеді. Әзірге, көтерілісте қоғамдық күштердің бұлайша орналасуы заңдылық екенін атап өтуге болады, себебі Кенесарының ұлт-азаттық қозғалысы феодализм жағдайында патриархалдық - рулық тұрмыс сарқыншақтары күшейіп алған шақта дамыған еді. Қазақстанда патриархалдық -феодалдық қоғамдық қатынастар мен рулық тұрмыс үстемдік етіп тұрған кезде халық бұқарасы өзінің феодал басшы тобының билігінен және ықпалынан шыта алмады.

6-тарау
САРЖАН МЕН ЖОЛАМАННЫҢ ӨЗ-ӨЗІНЕН БАСТАЛҒАН КӨТЕРІЛІСІ (20-30-ЖЫЛДАРЫ)

Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясатының күшеюіне және ортаазиялық хандықтардың басқыншылығына қарсы халық бұқарасының наразылығы Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған көтеріліске ұласқанға дейін-ақ біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30-жылдарда ол жергілікті жерлерді тана қамтып, тез өшкен жалын іспеттес түрде тана болғанымен, онда жақындап келе жатқан дауылдың да белгілері байқалған еді. Кенесары Қасымов көтерілісінің алғашқы хабаршысы - XІX ғасырдың 20-30-жылдары болған Саржан Қасымов пен Жоламан Тіленшиевтің қозғалысы еді. Батыр Жоламан Тіленшиев Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы болған. Алғаш сол XІX ғасырдың 20-жылдары Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметі тартып алған кезде-ақ Жоламан батыр оз руын бастап күреске шыққан еді. Бастапқыда бұл жерлерді тартып алу Елек тузын тасу үшін жаңа жол салу керек деген сылтаумен жүргізілді. Ал жаңа жол салынып біткенде, тасымалдаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деп бекіністі Шепті Елек өзеніне ауыстырды. Жаңа Елек Шебі 29 бекіністен тұрады, Қазақтар Орал, Елек, Берден және Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылып қалды. Үкімет бұл жерлерге Орал мен Орынбор әскерлерінің казактары мен орыс шаруаларын қоныстандыра бастады. Ал қазақтар бекіністердің салынуына қарай өз жайылымдарынан ығыстырыла берді. Осы басып алушылық Жоламан көтерілісіне себепші болды. Алғашқыда ол қазақтардың құқығын бейбіт жолмен қорғауға тырысты. 1822 жылы Орынбор әскери губернаторы Эссенге жолдаған хатында Жоламан былай деп жазды: «Әбілқайыр ханның тұсында қазақтарға Оралдың арғы жағындағы шабындықтарды пайдалану және өзеннің жартысынан балық аулау еркіндігі беріліп еді, 1810-жылға дейін қазақтар бұл еркіндікті кедергісіз пайдаланды, ал кейін Ресей Елек өзенін алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын берілген жерлерді пайдалануымызға тыйым салды. Ал біз болсақ, орманы, суы жоқ иен далада көптеген ауылдарымызбен мұқтаждық көріп отырмыз. Өзен мен Самара өзендері маңындағы Нарын құмдарында орыстардың үлкен қарауылдары қазақтардың мал жаюына қысым жасауда, сондықтан, біз ірі бекіністер мен қарауылдарды әкетуді өтінген едік, бірақ руқсат ала алмадық. Біз сізден 1810 жылға дейінгі құқығымызды иемденуге, Орал мен Елек аралығындағы даланы кедергісіз пайдалануға рұқсат етуіңізді екінші рет өтіндік, бірақ тағы да жауап ала алмай отырмыз...»341. Бұл жолғы әділеттілікке жетуге ұмтылысы сәтсіз аяқталғанына қарамастан, бір жыл өткен соң Жоламан Эссенге тағы да хат жолдайды. 1823 жылы 6 тамызда урядник Плешков арқылы Эссенге жолдаған хатында, Жоламан қазақтардың наразылығының басты себептерін айқын да анық ашып көрсетіп, олардың талаптарын баяндайды. «Жоғары мәртебелі патша ағзамның мақсаты бізге дәл осындай арсыздықпен қарау емес шығар деп үміттенеміз,- деп жазды Жоламан. - Егер олай болмаса мен тархан ретінде сізден Нарын құмдарын, жаз жайлап, қыс қыстаған Өзен бойын, Жайықтың далалық жағын, Елек қорғанысынан тыс жатқан Елек өзенінің екі жағын да бізге беруді, сол жерлерге салынған ірі бекіністер мен отрядтарды әкетуді сұраймын. Егер сіздің қолыңыздан келмесе, онда патша ағзамға осы туралы хабарлауыңызды өтінемін. Онсыз да Санкт-Петербургке жіберген елшілеріміз Арынғазы Абылғазиев пен тархан Жүсіп Сырымовтың (атақты Сырым батырдың баласы - Е.Б.) қайтып оралмауына байланысты және олардың елге қайтуына император патша ағзамның неге руқсат етпей отырғанын білмегендіктен ордалықтар мазасыздануда, егер біздің өтінішімізге патша ағзам құлақ асып, көңіл бөлсе, онда біз оған риза болар едік, егер олай болмаса, біздің ордалықтардың көңілі қалып, мазасы кетері хақ»341. Хатының жалғасында Жоламан Сібірге жер аударуға үкім шығарылған, Орынбор түрмесінде отырған Төленбай Құндықовты босатуды талап етеді, оның оралуын Жоламанның қолында тұтқында отырған жасауыл Падуровты босатудың шарты етіп қойды.342 Солай болар-ау деп ойлағандай, бұл хат та жауапсыз қалды. Осыдан соң Жоламан 1823 жылы 3 қыркүйекте тағы да Эссенге алдыңғылардан да ұзақ етіп жаңа хат жазады. Бұл хатқа да Эссен жауап бермеді, оның орнына «тұтқындарды босатудағы үлкен табыстары» үшін Жоламанға 327 сомдық сыйлық жібереді. Сонымен бір мезгілде Орынбор Шекара Комиссиясы Жоламанға бұдан былайғы келіссөздердің Шерғазы хан арқылы жүргізілуі керек екендігін хабарлайды. Ал Жоламан оны халқын сатқан опасыз ретінде өте жек көретін. Патша өкіметі тонаған қазақтардың өмір сүруге қажет талаптарын бейбіт жолмен қанағаттандыруға тырысқан Жоламанның әрекеттері осылайша нәтижесіз аяқталды. Неше рет жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған соң Жоламан қарулы күрес жолына түсуге мәжбүр болды. Оның отрядтары шекара заставаларына, билеуші султандардың қонысына т. б. шабуыл жасай бастады. Жоламан Тіленшиевті ұстау үшін далаға қайта - қайта жазалау отрядтары жіберілді. Алайда ержүрек батыр өзінің жігіттерімен бірге қутыннан жеңіл құтылып кетіп, кей кезде дұшпанға елеулі соққы да беріп отырды. Көтеріліске шыққан қазақтар бұл шақта қарап жатпай, Жоламан Тіленшиевке қарсы жүргізілген барлық іс-қимылға белсене қатысушы, патша өкіметіне әбден берілген Шерғазы ханға да қарсы күресті. Жоламан 1823 жылы күзде тұтқындағы жасауыл Падуровты босату жайлы келіссөз жүргізуге келген хорунжий Биккининге Ресейге қарсы соғысты Елек өзені бойына бекініс Шебін салғаны үшін жүргізіп отырғандығын, себебі «ол жерлерде бұрын қазақтармен бірге мұның өзінің де мал азығына ыңғайлы жерлері болғаны, ал қазір тақыр далада көшіп-қонуға мәжбүр болғанын, олар үшін қазір аштан өлу немесе оз істері үшін күресіп өлудің бәрібір екендігін, Жаңа Елек Шебі бойындағы жерлер ордалықтарға берілмесе, Өзен, Қамыс -Самар жанындағы қарауылдар әкетілмесе...» онда ордалықтар бекініс Шебіне шабуыл жасауды тоқтатпайтындығын» айтты343.Алайда Жоламан көтерілісінің кең қанат жайған кезі 1835 жыл болды. Осы тұста Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ рулары өз беттерінше күреске шыға бастады. Орск мен Троицк арасында Жаңа Шеп салынуы оларды 10 000 шаршы километрден астам жерінен айырған еді. Осы қазақ руларының жағдайы адам төзгісіз ауыр бола бастады. Малдарын қырылудан аман сақтау үшін, олар шекараға жақын жерлерге көшіп-қонуға және сол үшін өте үлкен сомада ақы төлеуге тиіс болды. Аталған рулар ең наразы руларға айналды, олар Шеп маңы бекіністеріне, сауда керуендеріне және билеуші султан ауылдарына жиі - жиі шабуыл жасауға көшті. Орынбор ведомствосының билеуші султаны Құдаймендин өзінің бір хабарламасында былай деп жазды: «Қазіргі кезеңде біз жақтағы ордалықтардың арасында тыныштық жоқ, дүрбелең. Шектілер мен жағалбайлылар бізге адал ордалықтардан миллион бас (түпнұсқада осылай - Е. Б.) әр түрлі малды айдап алып кетті, сонымен бірге 50 адамды өлтірді».344 Билеуші сұлтандардың ауылына шабуыл жасау себептерін қазақтар сол султандардың «үкіметтен қазақтарға мал батуға рұқсат алып беруге жарамай отырғандығы үшін»345 деп түсіндірді. Сонымен, бұл патша өкіметі билігіндегілер сендіргендей, әдеттегі барымта болған жоқ, бұл патша өкіметіне сатылған өз қанаушыларына қарсы күрес еді. Кенесары Қасымов бастаған Орта жүз қазақтарының көтерілісі басталғанда, Жоламан оларға көмекке баруға асықты. Ол Кіші жүздегі қазақ руларының басым көпшілігінің күресін біріктіруші болды. Ол өзінің тыңшылары арқылы Шекаралық Шепке жақын көшіп-қонған барлық қазақтарды елдің ішкі жағына өтіп, Кенесары көтерілісіне қосылуға шақырды. Көтерілісшілер қозғалысы 1838 жылы Кіші жүзде Бөкей ордасында халық көтерілісінің көсемдері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов атқа қонған кезде ерекше өрлей түсті. Сонымен, 1838 жылдың орта тұсына қарай Елек қалашығынан Орск, Троицк қамалдарына дейінгі шекаралық Шепке жақын жерде көшіп-қонған қазақтар көтеріліске қамтылды және олар топталып Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Көшкен қазақтарды қайтару үшін және Жоламан көтерілісін басу үшін патша үкіметі қырға үш отряд жіберді. Полковник Мансуровтың отряды Орскіден, полковник Падуров басқарған 750 солдат - Орынбордан және полковник Гекенің отряды Електен шығуға тиіс еді. Алайда бұл отрядтардың барлығына да табысқа жетуге жазбапты. Мансуровтың отряды 16 тамызда Төртқара руының ауылдарын шауып, көптеген малды тартып алды. Оған одан әрі Ырғызға жету үшін ұзақ жолды жүріп өту керек еді. Көп күндік жол жүріп, Ырғызға зорға жеткен бұл отряд Жоламан Тіленшиевтің қонысын таба алмады, аттар да, адамдар да қалжырағандықтан, онан әрі жылжу мүмкін болмай қалды. Полковник Мансуров өз отрядымен кері қайтуға мәжбүр болды. Падуровтың отряды да Жоламанды қалайда тірідей қолға түсіріп, көтерілісін қайткен күнде де басуға арнайы тапсырма алғанына қарамастан жорығын сәтсіз аяқтады. Полковник Падуров тұтқында болғалы бері Жоламанды өте жек көретін, ол оңтүстіктен жылдам жылжи отырып, тамыз айында Белағаш пен Қараторғайға жетті. Осы жерде оған Жоламан батыр Табын, Тама, Жағалбайлы, Алшын, Жаппас, Шекті, Төртқара руларының 500 ауылымен Торғай, Қарақұмға көшіп кетті деген хабар жетті. Бұл кезең Кенесарының Орта жүз қазақтарын бастап, Орынбор өлкесінің шекарасына жақындаған кезімен тұспа-тұс еді. Осыдан соң, полковник Падуровқа да ештеңе бітірмей кері қайтуға тура келеді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Гене былай деп көрсетеді: Жоламан «өзін Ресейде қарақшы деп атағанына ашулануда, ол: қарақшылық жасап жүрген жоқпын, Ресеймен соғысып жүрмін» деп есептейді. Оның соғысқа дайын кем дегенде 3 000 адам әскері бар»61. Тартып алынған жерлерді қайтаруды талап ете отырып, Жоламан Орал казак әскерлерінің әскери атаманы генерал - майор Бородинге былай деп жазды: «Бұл жерде біздің де өтінішіміз бар. Әбілқайыр хан тұсында біздің халқымыз пайдаланғандай Нарын құмдарын толық және Өзеннің үш өзенін беріңдер, ал егер ол мүмкін болмаса: ең болмағанда Елек өзені бойындағы Жаңа Шепті әкетіңдер. Онда бізді дос санайсыздар. Мен сұраған жерлерді берсеңіз онда біз дос боламыз, егер бермесеңіздер, онда жау боламыз»345. Жер үшін, жоғалтқан жайылымдар үшін күрес Жоламан Тіленшиев қозғалысының басты мазмұны болды. Осындай күрес Орта жүздегі Саржан Қасымов қозғалысының да негізі болды, алайда Саржан қозғалысында Жоламан көтерілісіне тән емес себеп те күшті еді, ол - Абылай хан ұрпақтарына жататын сұлтандардың басшылығымен қазақ хандығын қайта өрлету сияқты мақсат. Саржан қозғалысына түрткі болған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғының» енгізілуі еді. Патша үкіметі бұл «Жарғыны» жүзеге асыруға бірден кірісе қойған жоқ. Үкімет әуелі тиісінше дайындық жұмыстарын жүргізу керек деп шешті. Осы мақсатпен қырға, жеке қазақ руларымен жұмыс жүргізу үшін, осы приказдардың құрылуының қажеттігін дәлелдеуші патша тыңшыларын - қазақ султандарын жібере бастады. Олар приказдар жергілікті халықтың мүддесін қорғау үшін ашылады-мыс деп дәлелдемек болды. Сұлтандардың негізгі бөлігіне қарама-қарсы халықтың қалың бұқарасы приказдардың құрылуына басынан - ақ наразы еді, сондықтан осындай үгіт-насихат жұмысы қажет болды. 1824 жылы қазақ даласында алғашқы приказдарды құру үшін екі экспедиция жасақталды, бірі - Омбы облысын басқарушы полковник Броневскийдің бастауымен Қарқаралыға, екіншісі - полковник Григоровскийдің басқа руымен Көкшетауға жіберілді. Полковник Броневский экспедициясының Қарқаралыда көрінуінің өзі қазақ бұқарасының күреске шығуына жеткілікті болды. Өз беттерінше көтерілген халық Қарқаралы таулары маңында шоғырлана бастады. Қазақтарға сөзін тыңдата алмайтынына көзі жеткен Броневский жергілікті султандар мен ірі феодал байлардан Жарғыны іске асыруға көмектесулерін сұрады. Күткеніндей - ақ, султандар мен ірі билер Броневскийге шынында көмек көрсетті. Олар халық атынан сөйлеген болып, өздерінің кеңестерінде приказдардың ашылуына келісім берді. «Бірінші округтік приказдың ашылу орнына жиналған аса беделді сұлтандар мен халық старшындары,- деп жазды Красовский,- жаңа құрылыстың қабылдануына келісімдерін білдіруге асықты. Сөйтіп, 1824 жылы 8 ақпанда Қарқаралы округі ашылды, оның құрамына шамамен 20 мыңдай үй кірді»4. Сонымен 1824 жылы 8 ақпанда султандар мен билердің белсене қатысуымен патша өкіметі бірінші Қарқаралы приказын құрды, оның бастығы болып аға султан, подполковник Тұрсын Шыңғысов сайланды. Осы жылы подполковник Григоровский Көкшетау приказын кұрды. Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақстанда одан әрі бұталау ісінің басталуы ролін атқарды. Қарқаралы және Көкшетау приказдарының өз беттерінше күреске көтерілген халық бұқарасына Кенесары Қасымовтың атасы Саржан султан басшылық етті, ол 1824 жылдан 1836 жылға дейін патша старшындары мен ата сұлтандарға қарсы қажымай-талмай күрес жүргізді. Саржан приказдарды жоюды, қазақ даласынан әскерлерді әкетуді және қазақтардың бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті. 1825-1826 жылдары Саржан Қасымовтың туы астына көтеріліске шыққан Қожан, Тама, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары жиналды330. Осы уақытқа дейін көтерілісшілердің саны едәуір көбейіп қалған еді. Қарқаралы округтік приказының 1826 жылғы 14 маусымдағы хабарында былай делінген: «Мына соңғылары, 1 000-га жуық жиналған адамымен болыстарды төңіректеп, оларға өздерінің салық жинаушыларын жіберді, бағынбағандарға шабуыл жасап, тонап кетеді»338. Көтерілісшілердің қатары күннен-күнге көбейе түседі. 1826 жылдың ортасына таман Саржан өзінің ордасын Бұғылы және Тағылы деген елді мекенге көшірді. Осы жерде оған Қаракесек, Үйсін, Жағалбайлы және Шор болыстарының қазақтары қосылды»330. Саржан бауыры Есенгелді екеуі ауылдарды аралап, жұртты өкімет пен аға султандарға қарсы күреске шақырды. Ол әсіресе Бөкей ордасының султандарын өте жек көрді, соның ішінде Қарқаралы округінің аға султаны Тұрсын Шыңғысовқа да өш еді. Жергілікті өкімет орындарына Саржан Қасымовтың ниеті туралы хабарлай отырып, Омбы облысының басқарушысы полковник Броневский былай деп жазған: «Саржанға барлық қарақшылар жиналуда. Олар Ордадағы жалпы тыныштықты бұзып, жеңілтек қырғыздарды желіктіруде, Ресей үкіметінің енгізген тәртіптеріне зиян келтіруде... Саржан сұлтан 1825 жылға қарай Қарқаралы округі сұлтандары - Тұрсын Шыңғысов және басқа да сұлтандарды Ресейге бағынғаны үшін жек көріп, өштесті, тіпті қарулы коп адам жинап, округке шабуыл жасауға да батылы барды»346. 1826 жылы тамызда Саржан өзінің отрядымен Қарқаралы приказына жорық жасады. Саржанның Қарқаралы маңында көрінгені туралы хабар патша өкіметі билігіндегілер мен аға сұлтандарды бір дүрліктіріп тастады. Тұрсын Шыңғысов сол сәтте-ақ Омбы облысының бастығы, полковник Броневскийден көмек сұрады, ол дереу жүзбасы Карбышев бастаған отрядты көмекке аттандырды. Осы отрядтың уақытында келіп жетуі Қарқаралы приказын талқандалудан аман сақтап қалды. Карбышев отряды «султан Саржан Қасымовтың қаскүнемдік әрекетіне тосқауыл қойып үлгерді». Нашар қаруланған көтерілісшілер әуелгі бетте шегінуге мәжбүр болды. Алайда осы алғашқы әрекеттің өзі патша әкімшілігіне елеулі қауіп тудырды. Осы туралы біршама кейінірек коллеж профессоры Путинцев полковник Броневскийге жазған рапортында былай деп көрсетті: «Қарқаралы приказы султан Саржан Қасымовқа қарсы отряд жіберілуін өте қажет етіп отыр, ол Қарқаралы округінде қырғыздар арасында наразылық тудыруды ойлап, осы ведомствоға қарасты қырғыздардың тоналу және приказдың өзіне шабуыл жасалу қаупін тудыруда»330. Өкімет билігіндегілер «басты бүлікшілердің» - көтеріліс басшыларының шындап соңына түсті. 1825— 1826 жылдары, атап айтқанда, көтерілісшілер Қарқаралы приказына шабуыл жасаған кезде, Саржан Қасымовтың бірнеше жауынгер серіктері тұтқындалды. Көшіп-қонып жүрген жерлерінен айырылған көптеген болыстардың қазақтары 1827-1830 жылдар аралығында елдің ішкі аудандарына көше бастады. Мысалы, Тарақты және Қарсақ болыстарының 1426 киіз үйлі қазақтары Ақтаудың арты жағына қоныс аударды. Соларды қайтару үшін Ақмола приказы жанындағы әскери отрядтың бастығы, полковник Шубинге Қарқаралы округіне көмектесу тапсырылды. Бірнеше отряд жасақталып жіберілгенімен, олар ештеңесіз оралды. Жай жүрмеген бұл отрядтар бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, қазақтарды одан әрі ызаландыра түсті. Тек Карбышевтың экспедициясы кезінде-ақ, жергілікті қазақтардан 100 қой, 36 ат, 10 сиыр т. б. тартып алынды. 1832 жылдың басынан Саржан қайтадан белсенді қимыл жасауға көшті. 1832 жылы наурызда Сұлукөл деген елді мекеннен шытып, екі інісі және 400 адамдық отрядымен Қарқаралы округіндегі Ресейге бағынған билердің ауылдарына шабуыл жасап, 1 600 жылқысын айдап әкетті, басқа да алғандары көп болды. Осы шабуыл туралы хабар дереу Омбыға жеткізілді. Саржанның соңынан түсуге жіберілген жүзбасы Потаниннің отрядымен Сұлукөл маңында қатты шайқас болды. Зеңбіректері бар Потанин отрядының екпініне шыдамай, Саржан отряды кеш бата шетіне бастады. Жүзбасы Потанин Саржанның туысы, султан Қасым Жасыбековты және төрт қазақты тұтқындап, 13 мылтық, 112 атты және басқа да нәрселерді қолға түсірді. Осы сәтсіздік 1832 жылы Саржанды патша өкіметіне қарсы бірігіп күрес жүргізу үшін Ташкент қүсбегімен одақ құруға итермеледі. Ташкент қүсбегі оның ұсынысына қарсы болған жоқ. Осы жағдайға байланысты барон Ур былай деп жазды: «Отан (құсбегіне - Е. Б.) Саржан өзінің әкесі және бауырларымен бірте барды және булар өте жақсы қарсы алынды»347. Саржан Ташкент қүсбегімен бірте тез арада біршама коп мөлшерде әскер жинап алды және қазақтарды патша өкіметіне қарсы көтеріліске шақыратын хат пен үндеулерді жан-жаққа тарата бастады. 1832 жылы Саржан мен Ташкент қүсбегінің Орта жүзге келуі патша өкіметін мазалай бастады. Батыс Сібір генерал-губернаторы Вельяминов жедел түрде бірнеше отряд жасақтап көтерілісшілерге қарсы аттандырды. Осы жолы да көтерілісшілер патша отрядтарының тегеурінінен елеулі шығынға ұшырады. Көтерілісшілер тек Қарқаралы және Көкшетау округтері қазақтарынан ғана белсенді қолдау тапқан. Міне, сондықтан да өкімет бытыраңқы түрдегі бұл көтерілістің жеке ошақтарын тез арада басып тастады. Көтерілісшілердің ізіне түсе отырып, патша отрядтары Сарысу өзені бойында Ташкент құсбегі салдырған екі бекіністі қоршап, басып алды. «Осы сәтсіздіктер,- деп жазды барон Ур,- Ташкент құсбегін Ресейден қырғыз даласын тартып аламын деген мақсатынан бас тартуға мәжбүр етті, бірақ оның жауынгерлік желігін толық баса қойған жоқ»347. Алайда сәтсіздіктерге қарамастан Саржан күресті тоқтатқан жоқ. 1833 жыл барысында ол кішігірім отрядтармен патшалы Ресейге бағынышты султандар мен билердің ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттер мен разъездерге шабуыл жасап отырды. Көтерілісшілердің ізіне тусу күшейе түсті. Генерал-губернатор Вельяминов Омбы облысының бастығына Саржан Қасымовты қауіпті жау ретінде ұстауға бұйрық берді. «Бүлікші Саржан султан,-деп жазды ол,- өзінің шығу тегі жағынан Орта жүздегі қазақтарға ықпалды адам, оған және оның сыбайластарына, құпия тыңшыларына ерекше көңіл бөлуіңізді сұраймын, ыңғайы келсе, оларды ұстап алыңыздар, әсіресе, соңғыларын қолға түсіріп, заңға сәйкес қатал түрде сотқа тарту керек»330. Алайда Саржанды ұстау әрекеттерінің барлығы сәтсіз аяқталып отырды. Ташкент иеліктері төңірегінде жасырын жүріп, Саржан шапқыншылық жасауын жалғастыра берді. Патша өкіметіне күтпеген жағдай көмектесті. Атап айтқанда, Саржан Қоқан ханының Ташкенттегі ел басқарушысы - құсбегінің қолынан қаза тапты. 1834 жылы мамыр айында Ташкент қүсбегі Саржанмен бірге, алты мың адамдық әскерімен Орта жүз аймағына басып кіріп, Көкшетау округіне 200 шақырым жерде, Ұлытау маңына орналасқан-ды. Қүсбегі «Қорған» деп атаған бекініс салып, қазақтарға «бүлікшілікке шақыратын екі жүздей хат жолдады». Шорман және Тілеулі билерге жазған хатында ол былай деді: «Біз 40 мың адамдық күшпен, 6 айға жететін азық-түлігімізбен келдік және Алашахан деген жерге тоқтадық...»348. Ташкент құсбегіне қарсы күресу үшін бір мың адамдық 6 зеңбірегі бар, генерал-майор Броневский басшылығындағы отряд жасақталды. Ол 1834 жылы Ақмола приказынан шығып, Ұлытауға жылдам жетті, бірақ қүсбегі оның келе жатқанын естіп, Бетпақдалаға қарай қашты. Қорғанда қалдырған шағын гарнизон аз уақыттан соң Броневскийге берілді. Осыдан кейін Ташкент құсбегі Ресейге қарсы жорыққа шыққан жоқ. Патша отрядтары ығыстырған Саржан бұрынғыдай Қоқан ханының қолдауына үміттеніп, өзінің сарбаздарымен Ұлы жүз жеріне оралды. Осы жерде ол Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы даланың бытыраңқы күштерін патша отаршыларына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент қүсбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл Ұлы жүз қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген қүсбегінің мүддесіне сай емес еді. Осы негізде туған жанжалдың нәтижесінде ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан мен оның ұлдарын аюуандықпен өлтірді. Бұл жауыздық тралы толық мәлімет көтеріліске белсене қатысқан Шынбай Мыңбаевтың естелігінде бар. Ташкент қүсбегі өз қол астындағы қазақ даласындағы Саржанның іс-әрекетін естіген соң, балаларын келісім жүргізуге жіберуін сұрап Қасым Абылайхановқа өкілін жібереді. Қасым өзінің балалары - Саржан, Есенгелді және Ержанға 20 жігіт қосып, құсбегіне аттандырады. Олардың арасында кейіннен Кенесарының атақты батыры болған, ол кезде 19 жастағы Ағыбай да бар еді. «Өзбектің бектері,- деп еске түсіреді Мыңбаев, - келген қонақтарды үлкен құрметпен қарсы алды. Қонақтарды күтуге бөлінген өзбектердің арасында бір қазақ бар екен. Ағыбай одан көз алмай қарап отырады, ол да сөйлесуге тырысады, бірақ өзбек бектерінің арасында олар тіл қатыса алмайды. Төртінші күні қонақ болғанда, кешкі асты түн ортасына дейін кешіктіреді. Қазақ қолайлы жағдайды пайдаланып, Атыбайға: сендерді өзбек бектері біріңді қалдырмай бауыздап тастауды ойластыруда, мен өзім Шұбыртпалы руының қазағымын деп хабарлайды. Ағыбай оған атты ертте деп қана айтып үлгереді... Ағыбай үйден байқатпай шығып, атқа міне салып, Қасымға болған оқиғаны бірінші болып хабарлайды».86 Саржанның өлтірілуі туралы Омбы облысын басқарушы полковник Талызин Орынбор әскери губернаторына былай деп жазды: «Біздің оны ұстауға тырысуымыз 7 жылдай бойы нәтижесіз болып еді, ақырында Қоқан ханы мұның иелігіндегі жерлерде көшіп-қонып жүрген Саржанның іс-әрекеттері ташкенттіктерді де еліктіріп әкетуінен қауіптеніп, оны баласы екеуін өткен жылы жазда Ташкент қаласында өлтіріп тастады».330 Патша өкіметі Саржан Қасымовтың өліміне үлкен мән берді. Алайда олардың: Саржан Қасымовтың өлімінен соң қырдағы толқулар тоқтайтын шығар деген үміті ақталмады. «Сібір қырғыздары туралы жарғының» енгізілуіне жауап ретінде халық бұқарасы бас көтеріп, Саржан Қасымов жетекшілік еткен көтерілістің өте зор маңызы болды. Ол алдағы айқастарға бұқараны дайындап, саяси күрестің жақсы мектебі қызметін атқарды. 20-30-жылдардагы күрестің барысында мына жәйт: өзгелерден оқшау бытыраңқы қимылдан нәтиже шықпайтыны және ортаазиялық билеушілерден көмек күту көтеріліс басшыларының өздері үшін қатерлі екені анықталды. Бұл сабақ Кенесары Қасымовтың көтерілісінде ескерілді. Онда қазақ жүздері жұртшылығының көпшілігі Кенесары Қасымовтың басшылығымен атқа қонып, патша отаршылдарына, Қоқан мен Хиуаға қарсы жер қайысқан сап түзеп күреске шыққан еді.

7 – тарау

ОРТА ЖҮЗДЕГІ КӨТЕРІЛІС

Саржанның өлтірілуі қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының одан арғы дамуын ұзақ уақытқа тоқтата қойған жоқ. 1837 жылдың жазында аз уақытта Қазақ даласының үлкен бір бөлігін қамтыған бұрынғыдан да ірі, жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілістің басшысы -Саржанның інісі, қозғалысқа бұрын-соңды болып көрмеген ауқым берген Кенесары Қасымұлы болды. Абылай ханның немересі, Қасым султанның баласы Кенесары Орта жүздің саяси өмірінде жүз жыл бойы басшылық рөл атқарған шаңырақта дүниеге келіп, тәрбиеленді. Саяси белсенді қызмет Кенесарының атасынан бастап, аға-інілеріне және әпке - қарындастарына дейін әулеттік дәстүр болып есептелді, бұл жағдай болашақ көтеріліс басшысының мінезі мен саяси-идеялық көзқарасының қалыптасуына терең әсер етті. Кенесары 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау деген елді мекенінде дүниеге келді349. Кенесарының атасы Абылай хан (1711-1781 жж.) ерекше даңқы шыққан адам болды. Ол Орта жүз султандарының кіші ұрпағы, Түркістан қаласын иеленушінің немересі еді. Аса күрделі шиеленіскен халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қол астына біріктіруге ұмтылған. Қазақстанды басып алуға тырысқан көршілері патшалы Ресей, Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама-қайшылығын шебер пайдалана отырып, Абылай іс жүзінде оз елінің тәуелсіздігін сақтап қала алды. Абылай ханның қызметін сипаттай отырып, тарихшы Левшин былай деп жазды: «Қырғыздардың сол замандағы билеушілерінің бәрінен жасымен, қулығымен және тәжірибелілігі, танымал ақылымен асып түскен, қол астындағы халқының санымен күшті және өзінің Ресейдің әйел патшасымен, Қытай бөгде ханымен байланыстарымен ордаларда даңқты болған Абылай Орта орда өкімшісінің барлық құқықтарына сай қасиетті өз бойына жинақтаған адам еді. Өз қадір-қасиетіне сенімді болған ол өзінің үлкен бедел иесі болуымен және абайлап әрекет жасауының нәтижесінде, өте шеберлікпен өзіне жақтастар тарта білді. Өзінің күштілігімен дұшпандарын ықтыра білген ол, керек жерінде, өзін бірде орысқа бағыныштымын, бірде қытай қол астындамын деп мойындағанымен, шын мәнінде ең тәуелсіз билеуші болды»222. Халық аңызы бойынша, Абылай жас кезінде қуғындалып, кедейлікте өмір сүріпті, ауқатты билерде жалшы болыпты, ал кейіннен қатардағы жауынгер ретінде жоңғар ойраттарына қарсы шайқасқа қатысқан. Оның ерекше жау жүректігі, ерлігі және тапқырлығы Абылайды аса даңқты батырлар қатарына тез қосып, сонан кейін мемлекеттік қызметке де кең жол ашқан. 1731 жылы ол Әбілмәмбет ханның көмекшісі болды және соның атынан 40 жылға жуық ел басқарды. Тек соның өлімінен кейін 1771 жылдан бастап, Абылай Ресей де, Қытай да ресми мойындаған хан болды. Халық аңыздары мен қиссаларында жырланған атасының образы Кенесарыға бала кезінен сүйікті болған деу керек. Ол Абылайды мақтан тұтатын және өзінің әрқашан оның ісін жалғастырушы және оның құқықтарының заңды мұрагері екендігін атап айтып отыратын. Міне, сондықтан Кенесарының патша өкіметі орындарына жазған хаттарында және қазақтың әр түрлі руларына арнаған үндеулерінде Абылай есімі жиі аталатынын көреміз. Кенесары «атасы Абылайға тиісті жерлер үшін» күресетіндігін және «атасының жолымен жүретіндігін» ашық және бүкпесіз жариялады. Өзінің үндеулерінде ол «Абылай тұсында қазақтар еркін және бейбіт өмір сүргендігін» еске салып отырады. Абылай есімі Кенесары әскерінің жауға шапқандағы ұраны болды. Патша өкіметінің ресми құжаттарында Абылай ханның балалары былайша сипатталады: «Барлық бас көтерушілердің басшылығына Қасым Абылайхановтың әулеті келді, олар байлығы жатынан, туыстық байланыстары жөнінен және өзінің іскерлігімен қырғыздарға ерекше ықпалы бар және өзінің шыту тегі Абылай ханнан болуы себепті бүкіл Орта жүзді билеуге заңды құқығымыз бар деп есептейді»329. Кенесарының өз атасына және оның саяси мұрасына деген көзқарасын айқын аңғарып қана кейбір тарихшылардың Кенесары қызметін хан болуға ұмтылған атақ құмар адам ретінде көрсетуінің қате екендігіне көз жеткізуге болады. Хан болуға үміткер басқаларға қарағанда, Кенесары хандық билікті тартып алушы емес: оған заңды құқығы бар адам және билік ол үшін Абылайдың саяси бағдарламасына сабақтас өзінің нақты саяси бағдарламасын іске асыруына мүмкіндік бермекші. Кенесарыға әкесі Қасым сұлтанның да үлкен ықпалы болды. Қасымның бүкіл өмірі Абылайдың ісін жалғастыру үшін және өз руының қол сұғылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тынымсыз, бірақ нәтижесіз күреспен өтті. Қасым патша өкіметінің отаршылдық әрекеттеріне батыл қарсы шықты. Қасымның ерекше қабілеттілігін оның дұшпандары да мойындаған. Мысалы, Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Қасым туралы былай деп жазған: «Ол пайда табуды ғана ойлаған, тонаумен өмір сүретін, жай қарақшыдан жоғары тұр. Ол қырда ат ойнақтатып шыға келіп, ал үкімет тарапынан сәл ғана сес көрсетілсе, із-түзсіз көзден тасаланатын жан емес. Ол мұндай ғайыптан пайда болатындардан шығу тегі жағынан да, алдына қойған мақсаты жағынан да және қабілеті жағынан да жоғары тұр, сондықтан оны елемеуге болмайды»234. XІX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Қасым қазақ жеріне бекіністер салуға батыл қарсы шықты. Батыс Сібір генерал-губернаторы Капцевичке жазған хатында Қасым «приказдың жойылуын және орыс отрядтарының қырдан кетуін талап етті».350 «Осы талапқа жауап ретінде патша үкіметі қырды жаңа отрядтармен толтырды және Ақмола бекеттер шебімен байланыстырып Ақтау бекінісін салуды бастады. Осыдан соң Қасым султан балалары Саржан, Есенгелді және Кенесарымен Алтын, Тоқа, Уақ және басқа да рулардың 40 мың отбасымен Көкшетаудағы бауыр басқан туған жерін тастап, Қоқан хандығының иеліктеріне көшіп кетті»35. Қоқанға бара жатып, Қасым азаттық күреске Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды қосамын және Орта Азия хандықтарынан көмек аламын деп үміттенген болатын. Алайда Қасымның Қоқан ханымен ынтымақтасуға ұмтылуынан ештеңе шықпады. Керісінше, бұл әрекеті оның балалары - Саржан мен Есенгелдінің, ал кейіннен Қасымның өзінің қаза табуына соқтырды. «Діндес» ханның қолдауына сүйену әрекеті толық сәтсіздікке ұшырады. Қасым султанның отбасы Қоқан хандығының иелігінен кетуге мәжбүр болып, Сібір генерал-губернаторлығы бақылауындағы Ұлытау елді мекеніне қоныс аударды. Міне, осылай, Кенесары бала кезінен әкесі Қасымның патша өкіметіне қарсы күресінің куәгері ғана емес, сол күреске қатысушы да болған. Өкімет орындарының әкесінің отбасын қуғындауы Кенесарының есінде мықтап сақталып қалған-ды. Кейіннен өзінің атасы мен әкесі өмірінің күреске толы ауыр жылдарын есіне ала отырып, Кенесарының былай деуі тектен-тек емес-ті: Менің атам - Абылай Сібірде дүниеге келіпті, ол Аягөз және Қарқаралы округтерінде көшіп-қонып жүргенінде Сібір отрядтары қыр соңынан қалмай тынышсыз өмір кешті. Өз әкем Қасым мен ағам Саржанды да Көкшетау округі мен Есіл өзенінің бойын қоныс етіп жүргенінде Сібір отрядтары үздіксіз қуғындап отырып еді. Кенесарының және оның отбасының отарлық езгінің бар ауыртпалығын өз бастарынан да өткеруі Кенесарының саяси санасынын қалыптасуында маңызды рөл атқарғаны күмәнсіз. Оған көп нәрсені бастан кешіруге тура келген. Өзінің Генске жазған хаттарының бірінде Кенесары өзін султан Жамантай Бөкеевтің айдап салуымен қырға жіберілген отрядтардың 1825, 1827, 1830, 1831, 1832 және 1836 жылдары, ал кейін 1837 жылы екі рет, 1838 жылы торт рет, 1840 жылы үш рет тонағанын айтады.202 Міне, сондықтан Кенесары патша өкіметі мен Қоқан хандығының Қазақстанға ауыз салуы әкелген қайғы - қасіретті басқалардан гөрі сезініп, ұға алды. Қарулы күреске Кенесары жас кезінен араласқан, ол әкесінің қол астында шайқасты, ал кейіннен атасы Саржан бастаған көтеріліске белсене қатысты. Кенесарының Саржанның көтерілісшілер отрядтарының қатарында болуы туралы алғашқы хабар 1825 жылға жатады353.Алайда Саржан өліміне дейін, яғни 1836 жылға дейін Кенесары өзін батылдығымен жұрттың бәрінің құрметіне бөленген ержүрек батыр ретінде ғана көрсеткен. Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға өзінің әкесі мен ағасының өлтірілуінен кейін ғана шықты. Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуында қазақ хандығының тәуелсіздігін қайта өрлету үшін күрескен оның отбасы белгілі рол атқарды. Осы тұрғыдан бұл отбасы өздерінің қарабастарының мүдделерімен ғана шектелген басқа султандардың отбасыларынан айқын ерекшеленген-ді. Мұны белгілі қазақ этнографы және ауыз әдебиетін жинаушы Жүсіп Көпеев те атап айтқан, ол былай деп жазды: «Қасым Абылайұлы тұқымынан басқалары тек оз бастарының қамын ғана ойлайды, олардың басқа ештеңемен ісі жоқ»354. Кенесары отбасына тән нәрсе - ондағы туысқандық байланыс пен қатынастың нәтижесіндегі достық пен ауызбірлік қана емес, сонымен бірге рухани жақындық. Кенесарының жақын серіктерінің ішінен оның бауырлары - Наурызбай мен Әбілғазы, оның әпкесі Бопай және жиені Әлжанның болуы тектен-тек емес, олар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды. Кенесарының қасында оның басқа да туыстары - інілері Құттақ пен Мұса, оның немере інілері, Саржанның балалары - Ержан, Құдайменді, Иса және Қошқарбай, султандар Дайыровтар - Тойшы, Сатыбалды және Әли т. б. болды. Кенесарының туыстарының ішінен нақ кімдердің көтеріліске қатысқаны Орынбор жеке корпусы командирінің әскери министрге жолдаған мына мәліметінен анық көрінеді: «Султан Кенесары Қасымовпен бірге дұшпандық іс-қимылға қатысқан ордалықтардың тізімі.

Кенесарының бір туған бауырлары:
Құшақ
Оның баласы Әбілфейіз
Бопай

Наурызбай бұлардың балалары әлі жас
Мұса
Кенесарының немере інілері:
Құдайменді

Ержан
Иса Саржанның ұлдары
Қошқарбай
Кенесарының ағайындары:

Сұлтандар:
Тати
Әли Дайыр балалары
Сатыбалды

Сатыбалдының баласы: Қадырбай Сұлтан Сәмекенің алты ұлы, Кенесарының әпкесінің балалары, есімдерін біле алмадық...»355. Осылардың арасынан Наурызбайды, әпкесі Бопайды және Әбілғазыны ерекше атап көрсету қажет. Наурызбай - Кенесарының інісі. Ол 1822 жылы дүниеге келген. Жас өспірім кезінен-ақ, әкесінің отрядында жүріп өзінің ержүрек жауынгер екендігін көрсеткен. Кейіннен, Кенесары кезінде, Наурызбай ең қауіпті жерлерде соғысатын ерекше топты басқарды және Кенесарының ең жақын кеңесшілерінің бірі болды.356 Наурызбайдың жауынгерлік ерлігі туралы халық «Наурызбай батыр» деп аталатын тамаша жыр шығарды. Осы жыр туралы қазақ музыкасының белгілі білгірі Затаевич былай деп жазды: «Бұл батырлар жыры - қазақ симфониясының қуатты финалының эскизі іспетті. Бұл қуатты унисонды әзірлейтін, сүйікті қазақ батырының салтанатты шеру тартып жорыққа аттануы мен жауын жеңіп қайтқан ерен ерлігін суреттейтін кіріспе»337. Наурызбай өзінің отрядымен Кенесарының барлық ірі әскери шайқастарына қатысып, елеулі қызмет атқарды. Ол әрқашан ез жауынгерлерінің алдында жүрді және оларды соңынан ерте білді. «Топ жарған» деп аталатын халық дастанында Наурызбай ерлігі жырланады.

«Рүстем - Дастан болмаса,
Асыл туған Наурызбай
Өзге ерлерден кем бе еді!?»
(Нысанбай)

«Ерлігі Наурызбайдың ерен еді,
Хан Кене ақылдасқан зерек еді.
Ортада оба аташтай терек еді,
Екеуі қапылыста өліп кетті,

Қазақтың баласына керек еді».
(Омар Шипин)

Халықтың бір аңызында Наурызбайдың жеке басын былайша сипаттайды: «Наурызбай төре жайшылықта, өз елінде жүрген кезінде мінезі жұмсақ, аса бір мейірбан кейіп танытатын. Ал дұшпандарына қарсы жорыққа аттанған шақта түрі мүлде өзгеріп айбаттанып кететін».354Қырғыз тарихшысы Б. Салтабаевтың очеркінде Наурызбайдың сырт пішіні, кескін-келбеті толығырақ сипатталған: «Наурызбай 23 - 25 жас шамасында. Ұзын бойлы, дене бітімі сымбатты жігіт. Өңі қызылшырайлы, жылтыр, ат жақты, бет-әлпеті өзге қазақтардан гөрі ірірек. Жанарынан ұшқын атқан қара - қоңыр көзі байыппен қарайтын. Төбесіндегі жылтыраған маржан моншақпен өрілген айдары самайына дейін түсіп туратын. Мұрт, сақал әлі шыға қоймаған. Шайқасқа ол әрқашан түгі ақ - жирен тартып құлпырған ақ боз атқа мініп шығатын. Шайқас кезінде ол оң қолын бос ұстап, шынтағына дейін түрініп, жеңін белбеумен қатты тартып буып қоятын... Наурызбай оз дұшпандарының үрейін ұшыратын. Оның шайқаста найзаны қос қолдап ұстағанын бірде-бір қырғыз көрген емес. Әдетте зілдей ауыр найзаны қандай кезде болсын тек бір қолымен ғана ұстауының өзі оның шын мәнінде алып күш иесі болғандығын көрсетеді. Ол басына төбесі қызыл пүлішпен қапталған, бұлғын терісінен тігілген тымақ, үстіне көптеген қара құйрықтары салбыраған саршұнақ терісінен тігілген, мұның да сырты қара көк пүлішпен тысталған тон киеді. Тонның жағасы, жеңінің ұштары және етегі айналдыра қара - қоңыр құндыз терісімен көмкерілген».358 Өзінің әскери ерліктерімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы күндерінен - ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің күйеуі Сәмеке мен оның туыстары султан Сартеке және Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен. Олар келісім бермеген соң Бопай 1837 жылы өзінің күйеуін және оның туыстарын тастап, өзімен алты баласын алып, өз тағдырын көтерілісшілер тағдырымен біржола қосады. Бопай зекет жинайтын және көтеріліске қосылмаған сұлтандардың мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын 600 адамдық ерекше топты басқарды. Бопайдың Арғын руына зекет жинауға келгені туралы жансыз Самрат Мамаев былай деп хабарлайды: «Кенесары төлеңгіттерімен бірге Кенесары ісіне қатысуымен қырға кең танылған, оның әпкесі Бопай да келді».339 Осымен қатар, Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты және өзі де жау тылына партизандық жорық жасайтын. Бопай Кенесарының барлық кеңестеріне қатысып отырған, ал Кенесары Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асқан. Бопайдың улы - Нұрқан да көтерілістің белсенді қатысушысы болды. Патша отрядтарымен болған бір шайқаста ол тұтқындалады. Оның ержүректігі туралы жүзбасы Лебедев былай деп жазды: «Біздің қолымызда қазір қолға түскендер - Кенесарының туған жиені, оның әпкесі Бопайдың баласы, султан Төрехан (Нұрхан - Е. Б.) Сәмекин, Таңатар болысының құрметті биі - Инемнің шәкірті Айдарбек Қуандықов және Кенесарының төлеңгіті - Сәрсенбай бар, олардың алғашқысы жан ұшыра қарсылық көрсетуі нәтижесінде қатты жараланған».360 Әбілғазы - Кенесарының інісі - 1821 жылы Көкшетауда дүниеге келген. Өз анасы қайтыс болған соң, өгей шешесі - Қожақ ханымның қолында тәрбиеленген. Ол Кенесарының кеңесшісі ретінде белгілі болды. Әбілғазы Кенесарының өкімет орындарымен және ортаазиялық хандықтармен барлық аса маңызды хат алысуларын жүргізіп отырды. Айта кететін нәрсе, Әбілғазының орыстарға бағдар ұстауды жақтауы және Кенесарыға Ресеймен достық қатынаста болуға кеңес беріп отыруы еді. Бұған Кенесарының Перовскийге өзі жазған хаты мысал бола алады, ол: «Әбілғазы Қасымов Ресей мемлекетінің және басқа да иеліктердің әдет-ғұрпы мен заңын жақсы біле отыра, міне, екі жыл бойы бізге Ресей уағыздарын айтып, оларды ұстануға және сол бойынша жүруге шақыруда»361, - деп жазды. Кенесарының хатына қарағанда, Әбілғазы орысша хат таныған. Әбілғазының Ресейге дұрыс көзқараста болуы, оның ұзақ уақыт Қоқан ханында тұтқында болып, Қоқан бектерінің қазақтарды қалай жек көретінін көргенінен де болуы керек. Өзі туралы кейбір мәліметтерді Әбілғазының өзінен білеміз: «Менің әкем төрт жыл бұрын келісім жасау үшін Қоқан ханына шақырылған болатын. Менімен бірге Қожақ - ханым да барды, әкем сол жерде ұсталып, қайтыс болды, ал Қожақ - ханым және мен Хиуа ханы Аллақұлдың өтініші бойынша босатылдық, біздің артымыздан ол Юсупбекті жіберді. Сонан соң мен Кенесары султанның қасында болып, песірлік ісімен айналыстым».362 Қасым султанның әулетінен тек оның үлкен ұлы Құшақ султан ғана Кенесары ісінен шет қалды. Кенесарының онымен қатынасы өте шиеленісте болды. Бейбіт қазақ руларының малын тартып алып, білгенін істеп, бетімен кеткені үшін Кенесары оған бірнеше рет ашуланып хат жазып, оны қатаң жазалаймын деп қорқытқан. Өз кезегінде Құшақ інісінен қорқатын, іштей оны көре алмайтын және кезі келгенде оның көзін құртуды да армандайтын. 1844 жылы шілдеде Құшақта тұтқында болған, Орынбор Шекара Комиссиясының чиновнигі Григорьевтің әңгімесі осы тұрғыдан көңіл аударарлық. «Бізді тұтқынға алғаннан кейінгі тоғызыншы күні,- деп жазды Григорьев,- султан Құшақ Қасымовтың Жыланшық өзенінің сағасындағы Ақкөл деп аталатын жердегі ауылына келдік. Бірнеше сұрақтардан кейін аталған султан маған: «Менің інім Кенесары Ресейдің бітіспес жауы, ол менің ақылымды тыңдамайды. Мен оны жек көремін, орыстарға көмек беруге, оның қарақшылық ордасын көрсетуге дайынмын және оның менен қашып құтыла алмайтындығына кепілдік бере аламын,- деді. Сонан соң ол дауысын бәсеңдетіп, былай деп жалғастырды: - Сендер менің қонағымсыңдар, тұтқын емессіңдер, мен Орынбор жерінде көшіп-қонып жүрмін және сендердің де Сібір ведомствосына қатыстарың жоқ. Алаң болмаңдар, мен сендерді босатамын»363. Ағайынды екеуінің арасы қатты жанжалға бара қойған жоқ және араларындағы қатынастары толық үзілген жоқ, алайда Құшақтың көңіл күйін аңғаруға жоғарыдағы құжат жетіп жатыр. Өкінішке қарай, Кенесарының анасы - қалмақ қызы туралы мәлімет өте аз. «Наурызбай -Қаншайым» деп аталатын халық дастанында ол туралы былай дейді:

Анасы Наурызбайдың ерекше еді,
Ақылы жаннан асқан дара тегі.

Кенесарының саяси мінездемесіне осы еңбектің басқа тарауларында тоқталатын болғандықтан, бұл жерде біз оның жеке басындағы екі қасиетіне - батылдығы мен адамдарға деген адамгершілігіне - тоқталып өтеміз. Кенесары атқа мінуді және садақ тартуды бала кезінен үйренген екен. Ол Көкшетау таулары мен Бурабайды мекендейтін жабайы аңдарды аулауға шыққанды өте жақсы көрген. Қазірге дейін Бурабай мен Көкшетаудағы тау шатқалдары мен асулар оның есімімен «Кенесары үңгірі» деп аталады.

Кенесары жас кезінен батылдығымен және ержүректігімен ерекшеленген. Жас өспірім кезінде-ақ ол біржолы құрдастарына: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымнан танбаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін»365, - деп айтқан екен. Кейін Кенесары шынында да ержүрек батыр және қолбасшы болды. Тарихшы Смирнов оның есейген жылдарын сипаттай келіп, былай деп жазды: «Иығында полковниктік белгі эполеттары бар барқыт бешпенті бойына жарасқан, соңынан ту ұстаушылары ерген Кенесары ылғи өз тобының алдында құйғытып бара жататын». Кенесарыны Л. Мейер де осылай сипаттап, оны «шексіз ержүрек еді» деп атап өтеді. Көтерілісшілердің өздері Кенесарыны ерекше қаһармандығы үшін жоғары бағалаған және оны «ержүрек батыр» деп атаған. Осы туралы билеуші султан Ахмет Жантөрин: «Оған жан-тәнімен берілген жақтастарының бәрі де оны керемет батыл және асқан ақылды хандардың бірі деп қана атайды», - дейді. Кенесарының өз ордасында болған және соғыста тұтқынға түскен орыстарға қатынасы жөнінде де айта кету қызғылықты. Кенесарыда болған Семей приказчигі Уфимцев былай деп әңгімелейді: «Оның бірінші тосқауылының алдында-ақ бізді тоқтатып, сендерге не керек деп сұрады. Біз Кенесары патшада жұмысымыз бар деп жауап бердік. Осыдан соң бізді солай қарай алып барып, сәлден кейін Кенесарының бұйрығы бойынша мені киіз үйге кіргізді... Босағадан аттасымен мен басымды жерге тигізе үш мәрте тағзым еттім және оның киімін сүйейін деп едім, бірақ ол маған қолын берді және басымнан сүйді, сонан соң маған отыр деп бұйырды да, кім боласыз, қайдан келесіз деп сұрай бастады. Мен: «Ресейденбіз, Семейденбіз, Қүлжадан келеміз, жәрмеңкеде болдық» -дедім, сонан соң Қытайдан әкеле жатқан сыйлықтарымды қабыл етуін өтіне бастадым. Ол қарсы болған жоқ. Сыйлықтар әкелінген кезде, ол жайып салуға бұйырды, заттарға қарап күлді де, өзінің әйелдерін шақырды. Сонан соң ол бәрін жинап алып кетуді бұйырды. Осыдан кейін менің өзінен не қалайтынымды сұрады. Мен біздің керуенге тимей өткізіп жіберуін сұрадым. Ол «Сендердің керуендерің қайда?» деді. Мен олар киіз үйлердің ар жатында тұр, мені сол арада күт деп бұйырғанмын деп жауап бердім. Ол «Сенің менде қонақ болғаныңды қалаймын. Екеуміз біраз сайрандайық. Мен Ресейді жақсы көремін. Сен шарап ішесің бе?»- деді. Мен «Ішемін, бірақ ащысын емес, жүзім шарабын қалаймын» дедім. «Мен де сөйтемін», - деп Кенесары, тамақ дайындауға және шарап әкелуге бұйрық берді. Біз күн сайын екеуміз оңаша отырып тамақтандық. Ол мені осылай бір апта бойы ұстады, әр түрлі жайлар жөнінде сұраумен болды. Мен ақыры Семейге жүретін уақытым болғандығын, қожайынның бізді күтіп отырғандығын айттым. Кенесары мені босатуға келісті»368. Бұдан біз қызықты бір нәрсені: Кенесарының діннің тыйым салуына қарамастан, шарап ішкендігін көреміз. Екінші жағынан, жалпы бірде-бір құжатта оның діни фанатизм! туралы ештеңе айтылмайды. Кенесарыға дәл осындай мінездемені оның ордасында болған барон Ур да береді: «Кенесары қымбат бұқар кілемі жабылған үлкен сандықтың үстінде отырды,- деп жазады ол - Мені көре салысымен, ол сандықтан тұрып маған қол беріп бірдеңе деп сәлемдесті. Менің тіл білмегендіктен жауап беруге қиналып тұрғанымды байқап, Кенесары өзінің тілмашын шақыруға бұйырды, оның келуін күтіп, біз үнсіз бір-бірімізге қарап тұрдық... Қырғыздарша киінген, шашын тақырлап алдырған, бірақ орысша өте жақсы сөйлейтін тілмаш келді, мен оны қашқын казак екен деп ойладым, бірақ ол маған онысын мойындағысы келмеді... Кенесары менімен жылы сөйлесті. Әр күні ол мені өзіне шақырып алып, ұзақ әңгімеге кірісетін. Бұл әңгімелердің негізгі мазмұны оның бұған дейін өзі жасаған шапқыншылықтарынан ақталу еді»369. Кенесарының орыс тұтқындарына қалай қарағаны туралы пікірлер де көңіл аударарлық. Оларда Кенесары қанішер,қатыгез болды-мыс деген аңыз жоққа шығарылды. Мысалы, 1844 жылы Кенесарының тұтқынында болған урядник Андрей Иванов өзінің көрсетіндісінде былай деп жазады: «Біз тұтқында болған уақытта бізге қатал қараған жоқ, тек отын дайындау мен қудық қазуға жекті. Кенесарының бұйрығы бойынша, барлық тұтқындарды әр түрлі ауылдарға және жеке қожайындарға таратып жіберді, бір - бірімізді тек ауыл көшкен кезде ғана көретінбіз, басқа уақытта біздерді кездестірмеуге тырысты. Кенесары біздің қожайындарымыздан бізді дұрыстап тамақтандыруды талап етті және жәбірлеуге жол бермеді». Кенесары бейнесі салынған сурет сақталған жоқ, алайда оның сыртқы түрін суреттеген мәлімет бізге дейін жетті. Қазақ Наурызбай Шегеновтың айтуы бойынша, «Кенесары орта бойлы, ашаң, таңқы мұрындау» болған көрінеді. Кенесары ордасында болған барон Ур оның сыртқы сипатын осыған ұқсас суреттейді. Кенесары «орта бойлы, арықша келген, жүзі қалмақ тектес, қысаң көздерінде ақыл оты мен қулық бар, бет - пішінінен қатыгездік көрінбейді»369,- деп жазды. Кенесарының сыртқы түрінің толық суреттемесін Б. Салтабаев өзінің очеркінде береді: «Кене хан арықша келген, орта бойлы, жуан мойынды еді. Оның жүзі қара торы, тартымды, көздері жалтылдаған бүркіттікіндей қызыл және танауы делдиіңкіреген еді. Кішірек мұрты және қалың, сары-қоңыр шоқша сақалы бар. Ол аз сөйлейтін және өзін қаталдау, байсалды, үлкен бір бекзаттықпен ұстайды. О л басына құндыз терісімен көмкерілген кішігірім тері тымақ киеді. Киімдерінің сыртынан түйе жүннен тоқылған сүр шекпен жамылып, оның ішінен кәмшат терісінен тігілген тон киеді. Жейдесі мен шалбары ақ матадан қолдан тоқылған». Н. Н. Середа Кенесарының жеке басына мынадай көңіл аударарлық мінездеме береді. «Кенесары өз жасақтарының ықыласына лайық билеуші бола білді,- деп жазды ол - оның жасақтарының рухының жоғарылығына еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай еді... Кенесары өзінің шабуылдары кезінде бейне бір жолындағының бәрін тып-типыл ететін дала дауылы сияқты құйғыта жөнелетін, алдынан қандай кедергі кездессе де тоқтамайтын. Қайта, керісінше, қандай да бір кедергі болмасын оның қайтпас қайсар жігерін жани түсетіндей, өзінің ойлаған мақсатына жету жолыңда кездескен барлық тосқауылдар, мұның топан суындай арындаған қуатының алдында күйреп бітпейінше оған тоқтау жоқ. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары бағалайтын және оның серіктері өз қолбасшысына шексіз беріліп, шын жүректерімен оны қатты қастерлейтін». 1837 жылы қазақ халқының көтерілісін бастаған Кенесары Қасымұлы осындай еді. Бұған дейін көргеніміздей, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Сыртқы жаулап алушыларға қарсы атасы Абылай, әкесі Қасым, атасы Саржан жүргізген күрес сабақтарын Кенесары ескерді, бұл оның өзінің алдындағылар жіберген бірқатар қателіктерге ұрынбауына көмектесті. Кенесарының қызметінде қазақ қоғамындағы рулық жанжалдасуды және феодалдық бытыраңқылықты жоюға және біртұтас мемлекеттік билікке жетуге ұмтылу айқын байқалады. Шынында, тек осылай болғанда тана елді езгіге түсу қаупінен сақтап қалуға болатын еді. Кенесары 1837 жылы көктемде, өзі көтеріліске шығар алдында, патша өкіметін Көкшетауда және Ақмолада, яғни Кенесарының өзінің туған жерінде бекініс жүйесін салудан бас тарту қажеттігіне көзін жеткізу үшін әрекеттер жасаған болатын. Бұл кезде Қоқан хандығы иелігінде көшіп-қонып жүрген Кенесары, осы мақсатпен патша өкіметіне арнап, наразылық білдірген бірнеше хат жолдады. «Ата-бабаларымыз мура еткен,- деп жазды ол осындай хаттарының бірінде ,- Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоқзақ - қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін тана емес, сонымен бірте бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті». Күткендей - ақ бұл хаттар жауапсыз қалған. Ал Кенесарының өзі бауырларынан айрылып, ортаазиялық хандықтардан ешқандай көмек болмайтындығын, тек Қоқаннан тана емес, Хиуа мен Бұқардан да көмек ала алмайтындығын түсінген соң, Қоқан иеліктерінен кетіп, өз туған қоныстарына оралуға шешім қабылдайды. 1837 жылдың көктемінде Кенесары өзінің ең жақын серіктерімен Орта жүздің Ақмола округіне келеді. Бұл дәрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай әсер етті. Бутан дейін ішінен тынып жүрген қазақтар Кенесары Қасымовтың туы астына топ-топ болып жинала бастады. 1837 жылы Ақмола приказының Байдалы, Алексинск, Қойлыбай - Шағрай, Жанай -Қалқаман, Темеш, Тыналы болыстарындағы қазақтар көтеріліске шықты. Осыған байланысты полковник Талызин өзінің хабарламасында былай деп жазды: «Тамыз айында Ақмола округінің алты балысы Кіші жүзге, орыстар билігінен азат етуге уәде берген Абылайхановтар әулетіне қосылуға көшіп кетті».372 1837 жылдың соңында оларға Қыпшақ және Керей руларының қазақтарының көп бөлігі қосылды. Қазақтардың Ақмола приказынан жаппай көшіп, Кенесарыға қосылуы Сібір өкімет орындарына аса күшті әсер етті және олардың арасында біраз уақытқа дейін абыржушылық, сасқалақтаушылық туғызды. Ақмола приказы аумағындағы мұндай жаппай қозғалыстың пайда болуы кездейсоқ емес еді. Осы уақытта Ақмола приказы патша отарлауының тірек пунктіне айналған-ды. Ақмола қамалымен қоса онымен бекеттер шебі арқылы байланысқан Ақтау қамалы салынған болатын және осы қамалдан басқа бекіністерге де жол тарайтын. Ақмола приказы қарамағыңдағы қазақтар патша өкіметінің отарлық езгісінің ауыртпалығын және олардың тыңшылары - аға сұлтандардың озбырлығын өз бастарынан өткерген болатын, патша өкметі қазақтардың жайылымдарға, көлдер мен өзендерге бай жақсы жерлерін тартып алып, өздерін бекіністерде жұмыс істеуге және ауыр алым-салық төлеуге мәжбүр етті. Ақтау қамалын салу кезінде ағаш тасып жеткізуге керек деген сылтаумен қазақтардың аттары мен түйелерін тартып алып, кейіннен қайтармай қойды. Орта жүздің орталығында орналасқан Ақмола приказындағы қазақтардың жаппай көтерілуі алдағы күрестің хабаршысы және патша өкіметіне ашық қыр көрсету болды. Сібір өкімет орындары бөлініп шыққан болыстарға титулды кеңесші Менкович пен аға султан Қоңырқұлжа Құдаймендинді үш сұлтанмен бірге жіберуді ұйғарды. Алайда олардың қаракетінен ештеңе шықпады. Қазақтар туған жерлерінде приказдар жойылмайынша, өз қоныстарына оралмайтындықтарын мәлімдеді. Менкович пен Қоңырқұлжа Құдаймендин бөлініп шыққан болыстардағы қазақтарды бұрынғы орындарына бейбіт жолмен қайтарудың мүмкін еместігін түсінді, сонымен бірге олардың күресуге бел байлағандарына да көздері жетті. Осы келіссөздерден кейін-ақ олар Кенесары ордасына жақын орналасқан басқа қазақ болыстарына бармай-ақ кері қайтты. Менкович 1837 жылы 4 қазанда жазған өзінің хабарламасында былай дейді: «Қырғыздардың қатты көңілі қалған, себебі мен осы округтегі қырғыздарды тыныштандыруға тырысқаныма қарамастан ештеңе істей алмадым. Олар өздері ұдайы мекендеп келген жерлеріне қайта орала қояр ма екен».371

Көтеріліс күн сайын жаңа аудандарды қамтыды.

Көтеріліске шыққан қазақтар ұсақ топтарға бөлініп, разъездер мен бекеттерге қарулы шабуыл жасап, чиновниктер мен саудагерлерді тұтқынға алып отырды. Шекара басшылары көтеріліске шыққан қазақтарға қарсы күресу үшін өздеріне отрядтар жіберуді қайта-қайта талап ете бастады. 1837 жылы 31 қазанда Менкович Омбы облысының басқарушысы, полковник Талызинге былай деп жазды: «Оларды ауыздықтау үшін отрядтар арқылы қатаң шаралар қолдану қажет, отрядтарсыз қандай да бір табысқа жету мүмкін емес, себебі аталған болыстардың ежелден тәуелсіздікке үйреніп қалған қырғыздары біреуге бағынуды ауыр езгі деп санайды»371. Алайда Омбы әкімшілігі алдын ала дін басыларын араға салып көруді және соның көмегімен көтерілісшілердің арасына іріткі салуды жөн көрді. Осы мақсатпен 1837 жылдың соңында Омбы мұсылман мешітінің басшысы ахун Мухаммед Шариф Әбдірахманов Ақмолаға жіберілді. Ол Кенесары әскерінің санын білу туралы өте күшті тапсырма алған еді. Осы бір тыңшылық қызметпен қатар, ол қазақтардың бұрынғы қоныстарына қайту қажеттігіне көздерін жеткізуге тиіс болатын. Ахун Мухаммед Шариф Әбдірахманов өзінің нөкерлерімен бірге тез арада Ақмолаға жеткізілді және одан әрі бөлініп кеткен болыстарға жүріп кетті. Қарағаш деген жердегі Айтқожа - Қарпық болысының басқарушысына келген соң ол Тәңірбергенов және Сапақ билер бастаған қазақ шонжарларын жинап, бөлініп кеткен қазақтардың көңіл күйін сұрастырып, сонан соң құранға сүйене отырып, олардың еліне қайтып оралуының қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Қазақ шонжарлары оның сөзін теріс көрмегенімен халық оған салқын қарағанын айту керек. Барлау жұмыстарын күшейту үшін ахуннан кейін көтерілісші қазақтарға султан тұқымынан шыққан өкілдер баруы керек еді. Бірақ султандардың ешқайсысы да қауіп ойлап, өз еркімен барғысы келмеді. Омбы облысының басқарушысы, полковник Талызин бөлініп кеткен болыстарға Қоңырқұлжа Құдаймендиннің балаларын жіберуді қайта-қайта талап етті. «Мен соңғы рет талап етемін,- деп жазды Талызин Құдаймендинге. - Сіз осы хатты алған бойда қырғыздарды ауыздықтау және бүлікшілердің іс-әрекетін барлау мақсатында тиісті жерге өз балаларыңызды 24 сағаттың ішінде дереу жіберуіңіз керек. Мұны «Сіз бұлжытпай орындауға міндеттісіз». Аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин патша өкіметінің бұйрығына мойынсұнғандықтан, көтерілісшілер қосынына өзінің балалары Жаналы мен Шыңғысты жіберді. Жаналыға барлық шараларды қолданып, Ақмола округінің қазақтарын қырға ішкерілей енуіне және Кенесары Қасымовқа қосылуға жібермеу тапсырылды. Сонымен бірге ол Кенесарының алдағы жорықтары туралы мәлімет жинауға тиіс болды. Шыңғысқа көтерілісшілер тұтқындаған султан Қатыбаев пен орыс саудагерлерінің босатылуына қол жеткізу міндеті жүктелген еді. Екеуі Тыналы - Қарпық жәке Темеш болыстарының қонысына келуін келсе де одан әрі Кенесары ордасына баруға батылдары жетпеді. Олар әдеттегі тып-тыныш көшіп-қонып жүрген қазақтарды емес, жаппай атқа қонған, дұшпанымен күреске тас түйін бекінген кек алушыларды кездестірген. Екеуі Кенесарының алдағы жорықтары туралы нақты мәлімет ала алмады, бірақ онымен бірге көшіп жүрген, ауылдары ұзақ жолға дайындалған әскер қосынына ұқсаған қазақтардың соңынан бақылау қойды. Бөлініп кеткен қазақтарды қайтара алмасына көздері жеткен соң және өз бастары үшін қауіптенген Жаналы мен Шыңғыс Құдаймендиндер кейін қайтады. Аға сұлтан Құдаймендин күн сайын Кенесарының шабуылын күткендіктен, өзін және отбасын көтерілісшілерден қорғайтын әскери отряд жіберуді өтініп, Талызинмен жиі-жиі хат жазысты. Хаттарында Кенесарыға қосылған қазақтардың барлығы өзін жек көретіндігін баса айтып отырды. Осындай хаттарының бірінде ол: «Кенесары Қасымов менің Ресей үкіметіне берілгенім үшін маған елеулі зиян келтірудің жолын іздестіріп жүр, отан Қасымовқа берілген осы округтегі қазақтар да жағдай жасауда» - деп жазды. Сұлтандардың сәтсіз сапарынан кейін қырта Чириков бастаған жазалаушы отряд жіберілді. Көтеріліс ауқымын білмегендіктен, Чириков қарулы орыс отрядының көрінуінің өзі-ақ қазақтардың «елірген тобырының» тарқап кетуіне әсер етеді деп ойлады. Чириков отрядына бөлініп кеткен қазақтарды қайтару және көтеріліске «жұртты желіктірушілерді» жазалау тапсырылған еді. Отрядқа Талызиннің «көшпелі қыр қазақтарына» арналған үндеуінің 200 данасы берілген болатын, онда ол заңға қарсы шығудың қауіпті екендігін айтып, қатаң жазалаумен қорқытады. «Ақмола округіне,- деп жазды ол үндеуінде ессіз султандар Кенесары мен Көшек Қасымовтар бастаған тәуелсіз қырғыздардың қарақшы тобы кірді. Кейбір нашар қырғыздар өздерінің жеңілтектігінен жалған сөзге еріп, округтен бөліну туралы жаман ойға берілді, өз жерлеріне қарақшыларды жіберіп, олармен ауыз жаласты және бұл жөнінде бастыққа хабарламады. Егер қарақшылар бір жерде көріне қалса немесе сезікті адамдар көрсеңдер, онда барлығың және әрқайсың оларды ұстауға және өз приказдарына жеткізуге міндеттісіңдер». Патша өкіметінің қоқан-лоқысы көтерілісшілерді қорқыта алмады, керісінше, оларды Кенесары маңына топтастыра түскен. Чириковтың шатын отряды Кенесарының саны коп көтерілісшілеріне қарсы тура алмады. Жекелеген қақтығысарда едәуір адамдарынан және қару-жарағынан айырылған Чирнков кері қайтты. Полковник Талызиннің үндеуінен де ештеңе шықпаған. Керісінше, үндеумен танысқан соң, өкімет орындарының қорқытудан басқа ештеңе уәде етпейтіндігіне қазақтардың көздері жетті. Чириков экспедициясының сәтсіздігі Омбы билеушілерін ызаландыра түсті. Өздерінің әлсіздігін мойындағысы келмеген Омбы әкімшілігі сәтсіздіктің бар кінәсін Ақмола приказының ата сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендинге аударып, оны «әрекетсіздігі» үшін кінәлады. Өзінің бір қатынас қағазында Талызин Құдаймендинге былай деп жазды: «Сіздің округіңізде жаппай тәртіпсіздіктер болып, болыстар тарқап, олар залым султандар Қасымовтарға қосылып жатқан шақта осы султандардың қарақшылары біздің адамдарға шабуыл жасап, тонап, біздің бір тілмашты ұстап әкетіп, енді Ақмола приказын талқандап, қырдағы біздің басқармамызды құртуды ниет етіп отырғанда Сіз, сұлтан, приказ ісін жауып қойып, ауылыңызда тып-тыныш ұйықтап жатырсыз». Бұл екі арада Кенесары патша отрядтарына, бекеттер мен разъездерге, жек көрінішті аға султандардың ауылдарына қарулы шабуыл жасауды күшейте түсті. Ақтау бекінісі арқылы Троицк мен Петропавлдан шығып, Ташкент пен Бұқараға баратын сауда керуендері жиі өтетін еді. Қазақтардың көтерілісінің басталуына байланысты енді сауда керуендері қарулы отрядтың қорғауымен жүретін болды. 1837 жылы 27 қарашада Ақтау комендантының міндетін атқарушы әскери старшын Симонов Петропавлдан Ташкентке баратын көпес керуенін қорғау үшін хорунжий Рытовтың басшылығымен алты урядник және 48 казактан туратын отряд жіберді. Шекарадан 50 шақырым ұзаған соң 4 желтоқсан күні, хорунжий Рытов 22 адамды азық-түлігімен, жем-шөбімен Қойлыбай - Болат деген елді мекенде қалдырып, өзі қалған казактармен шекараға кері оралады. Сөйткенше болмай Кенесары өзінің тобымен қалған казактарға шабуыл жасап, оларды толық жойып, сонан соң хорунжий Рытовтың ізіне түседі. Үш сағатқа созылған ұрыстың нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Рытовтың тобы толық талқандалып, ал өзі қаза табады. 21 казак ауыр жарақаттанады. Тірі қалғандардың ішінен екеуі қоршаудан қашып шығып, Ақтау бекінісіне жетеді. Онда олар болған жайды әскери старшын Симоновқа хабарлаған соң, ол сол күні-ақ Кенесарының соңына түсті. Оны қуып жете алмаған соң, қайтар жолда Кенесарының 8 серігін қолға түсірді. Көп кешікпей олар Омбыға жеткізіліп, Омбының жанындағы Ордонанс - Гауз сотының шешімімен Шығыс Сібірге каторгалық жұмыстарға айдалды. Патша өкіметі бұрқ еткен көтеріліске қатысушыларды қудалауды, міне осылай бастады. 1837 жылдың соңына қарай көтеріліске Ақтау бекінісін жақын маңдағы қазақтар да қосылды. Олар туған қылмыстарынан жаппай көтеріліп, Балқаш көлі мен Шу өзеніне қарай көшкен. Патша өкіметі олардың кету себебін анықтау үшін сұлтан Күшік Айшуақовты жіберді. Қуандықтар Ақтау бекінісі жойылмайынша және тартып алынған жерлерін қайтармайынша, оралмайтындықтарын ашық айтты. Султан Күшік Айшуақовтың райларынан қайтармақ болған үгітіне олар былай деп жауап берді: «Болысқа тілмашы бар казактар келгенде, олар жас келіншектер мен қыздарды тартып алып, олардың абыройын төкті. Мінуге бәйге аттарымызды алып кетіп, кейіннен қайтармай қойды. Егер осынша жәбірленбесек, онда біз өзіміз мекендеген суымыздан көшпес едік. Егер патша ағзамның бізге мейірі түсіп, Ақтау дуанын жоятын болса, онда біз оралар едік»371. Қуандықтардың жауабынан олардың отарлық зорлық - зомбылыққа қарсылық көрсетіп отырғанын, алайда жоғарыдағы билеуші тақсыр әділеттілік көрсетер деп үміттенетінін көреміз. Қазақтар Ақтау бекінісін салар алдында үкіметтің бұларға: сендерді өз қамқорлығымызға аламыз, шабуыл мен қысым жасаушылардан қорғаймыз, ал құқықтарыңа, әдет-ғұрып және тұрмыстарыңа қол сұқпаймыз деген уәдесін ұмытқан жоқ болатын. Полковник Талызин Ақтау бекінісінің қазақтарына арналған бір үндеуінде, патша қазақтардың алаңсыз тыныш өмір сүруіне, отбасылардың еш уайым-қайғысыз өмір сүруіне және малын бағып, көбейтуіне»371 барлық жағдай жасайтынын жазған болатын. 1838 жылдың басында Ақтау аймағынан көшіп кеткен қазақтар патша үкіметіне коп адам болып хат жазып, оны қазақ Қосубай Торбықов арқылы жолдаған екен. Хатта: «Бізге жер мен суды бұрынғыша өздерің пайдаланасыңдар деп уәде еткен еді, бірақ соған қарамастан, бекініс салған соң, аталған жер мен суды біздің қарамағымызға берген жоқ»371 - деп жазды қазақтар. Ақмола приказы мен Ақтау маңынан қазақтардың жырақтап кетуінің себебін білуге барған патша чиновниктері хабарларының бірінде олардың Балқашқа қарай көшуінің және Кенесарыға барып қосылуының негізгі үш себебін көрсетеді: 1. Ақтау бекінісінің, онымен Ақмола арасындағы және Аягөз бен Қарқаралы арасындағы бекеттердің салынуы және дәл осындай бекеттерді Қарқаралы мен Ақтау аралығына салу жоспары. 2. Ақтау бекінісінің және Аягөзге баратын жол бойына салынатын бекеттер құрылысына аттар мен түйелердің алынуы. Аттар мен түйелерді азық-түлік және ағаш тасуға деген сылтаумен алып, оларды қайтармай қойған. 3. Заседатель Тахановичтің қырта қазақтардың малының санағын алуға шытуы. Әдетте мұндай санақтар қазақтарға салық салу үшін жүргізілген. Таханович көптеген қазақтардың малының санын өсіріп жазып, олардың ызасын келтірген. 1837 жылдың соңы мен 1838 жылдың басында Кенесары көтерілісіне Қарқаралы округіндегі барлық дерлік болыстар қосылды. Көтеріліске: Жиенбай - Шақшақ, Қара -Ақтымбет, Керей, Кәрсен - Керней, Қояншы - Тағай болыстарындағы қазақтардың көп бөлігі қосылды. Көтерілісшілер қатарына 634 үйден тұратын Қырғыз болысы түгелдей қосылды, тек султан Атымтай Батыровқа қарасты аз ғана үйлер қатысқан жоқ. Надей -Тобықты болысы құрамындағы 891 үймен және Төлеңгіт, Алтөбе мен Алтеке - Сарым болыстары да қосылды. Қарқаралының белгілі ақыны Күдеріқожа қазақтардың туған қоныстарымен қоштасуын былайша суреттейді:

Қарқаралы қайран тау,
Тиюші еді пайдаң тау...
Түлкі менен қарсақтай
Түгі де басқа жеріміз.

Айдын шалқар көліміз,
Жағалай қонған еліміз –
Баса бір тартқан желіміз.
Сондай жерге қонғанда

Көтерілген көңіліміз,
Кіруші еді бейіліміз.
Кетейін деп кетпедім,
Қалды-ау есіл жеріміз 373.

Қарақаралы округіндегі көтерілістің белсенді қайраткерлерінің бірі - султан Құдайменді Ғазин болды. Бұған дейін ол Кәрсен - Керней болысының басқарушысы болған, кейіннен, 1837 жылдан ол Омбы облысы бастығының шешімі бойынша «заңға қарсы және болыстық басқарушы қызметіне сай емес әрекеті үшін» орнынан алынған еді. Құдайменді Ғазин өзінің отрядымен чиновниктерге және аға султандардың ауылына шабуыл жасап отырды. Ол халықты патшалы Ресейден бөлінуге шақырды. Оған қарсы бірнеше рет жіберілген жазалаушы отрядтар ештеңе шығара алмаған. Ең соңында оған қарсы сот ісін бастап, оны Омбы округтік сотының қарауына жіберуге шешім қабылданды. Құдайменді Ғазин Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдаған аз ғана султандардың бірі. Құдайменді Ғазинді көтеріліске итермелеген себептер: қырға жаңа басқару жүйесінің енгізілуі, приказдардың (дуандардың) қурылуы және оның өз басының құқығының шектелуі деу керек. Кейіннен Құдайменді Ғазин ұзаққа созылған түрмеге қамалудан құтылған соң, қайтадан көтеріліске білек сыбана қатысып, сатқын сұлтандарға қарсы аяусыз күрес жүргізді. Көтерілістің нәтижесінде, көптеген султандар қарамағындағы ауылдарынан айрылды немесе ауылдары мүлде азайып қалды. Қарқаралы приказының аға султаны, подполковник Шыңғысов Омбы облысының басқарушысы Талызиннен осындай султандар енді қайда бармақ, оларға жалақы төлеу керек пе деп сұрауға мәжбүр болды. «Мұндағы округтен қазақтардың өткен жаз бойы қырға ішкерілей көшіп кетуінің салдарынан кейбір облыстарда қазақтар мүлде қалмады, ал кейбіреуінде олар сондай аз, тіпті ешбір санатқа жатқызуға келмейді»374, - деп жазды Шыңғысов. Қарқаралы округіндегі қазақтардың көтерілісінен кейін іле қарсылықтың қуатты толқыны Орта жүздің басқа да аудандарын қамтыды. Енді патша өкіметі Қазақ даласында құрылған барлық приказдардың тағдыры туралы ойлана бастады. Шекара басшылары енді жаңа әдіс қолдануға кірісті. Көтеріліске шыққан қарқаралықтарға олар кішігірім отряд жіберді, осы отряд мүмкіндігінше қақтығысқа бармай, жеке болыстарды бұрынғы қоныстарына кері қайтуға көндіруге тиіс еді. Отрядқа Талызиннің «Менің қайырымды қарқаралықтарым» деген үндеуі берілді. Бұл үндеуде ол бұрынғы қорқытуын қойып, керісінше майда тілмен қазақтарға әсер еткісі келді. Оның үндеуінен үзінді келтірейік: «Қарқаралы округінің қайырымды халқы, барлық жетесіз ойлар мен жетістірмес сенімдерден аулақ болыңыздар, - өздеріңнің туған жерлеріңнен ажырамаңыздар және екінші зор қылмысқа аяқ баспаңыздар».374 Ақмола мен Қарқаралы округтерінің қазақтары топ - топ болып, Кенесарының туы астына жинала бастады. Олар көтерілісшілердің жиналу мекені сияқты болған Балқаш және Шу өзеніне қарай бағыт алған. Қарқаралы округінен кеткен қазақтарды қайтаруға жіберілген барлық отрядтар ештеңе тындыра алмады. Қарқаралы округінің аға султаны, подполковник Тұрсын Шыңғысов бөлінген қазақтарды бейбіт жолмен қайтару мүмкін еместігіне көзі жеткен соң, қарулы отрядты көмекке шақыруға мәжбүр болды. «Осы округтің, - деп жазды ол, - бүлікшіл сұлтанға кеткен қазақтарының бірде-бірі өздерінің бұрынғы орындарына қайтып оралған жоқ».371 Кенесары қозғалысына басқа округтердің де қазақтары қосыла бастады. 1837 жылдың соңында Аманқарағай округінен Кенесары көтерілісіне 2 мыңнан астам қазақ қосылды. Аманқарағай округі Батыс Сібір және Орынбор губернаторлығының шекарасында орналасқан еді және бұл жерде Түмен - Арғын, Қыпшақ, Керей рулары қоныстанғанды. Аталған қазақ рулары алым-салық төлеуден қашқақтап, бірде Батыс Сібір губернаторлығына, бірде Орынбор губернаторлығына жиі өтіп кетіп отыратын. Осы кезде Кенесары Қасымов көтерілісіне Баянауыл округтік приказының қазақтары да қосылды. Осы округтен қазақтар көтерілісін белсенді ұйымдастырушылардың бірі -Кенесарыға өзінің Қаржас болысымен жұрттан бұрын келіп қосылған және кейіннен оның ең жақын серігі болған - Сейтен Азнабаев. Сейтен Азнабаев дүниетанымы кең адам еді. Оның өзі жас кезінен патша өкіметінің отарлық езгісінің бар ауыртпалығын басынан өткеріп, патша отаршыларының сұлтандармен бірігіп, қазақтардың жақсы жерлері мен жайылымдарын және үй-жайларын тартып алғанын өз көзімен көрді. Оның ағасы Тайжан патша отаршыларына қарсы күресте қаза тапты, ал оның отбасы Туринскіге мәңгілікке жер аударылған. Сейтен Азнабаев Кенесарымен бірге күреске ұзақ қатыса алмады. Патша өкімет орындары оны қолға түсірді. Олар көтерілістің ұйымдастырушысын ұстаған соң Баянауыл округінің қазақтары өз мекендеріне қайтып оралады деп ойлаған еді. Бірақ олай болмай шықты. Сейтен Азнабаевтың орнын басқалар басты. Сейтен Азнабаевты патша жендеттерінің қолына ұстап бергені үшін Қуатов үлкен наградаға ұсынылды. Сейтен Азнабаевтың ұсталғаны туралы хабар алысымен Сібір корпусының штаб бастығы генерал-майор Фондерсон: «Сейтен Азнабаевты қатаң қарауылмен және кісендеп, дереу Омбыға жеткізіңдер»37, - деп бұйырды. Сейтен Азнабаев Омбының жанындағы Ордонанс - Гаус сотына тартылды. Сот процесі кезінде полковник Ладыженский Горчаковқа былай деп ескертті: «Сейтен өзінің ықпалымен қырға кесірін тигізеді және оны онда қалдыру тағы бір қарақшыға тап болу деген соз. Ол өзінің өлтірілген ағасына қарағанда өте қу және айыбы ауырлау».371 Баянауыл округтік приказындағы Төрткөл болысының көтеріліске шыққан қазақтарын Таймас Бектасов басқарды. Кейіннен Кенесарының жанында елеулі рөл атқарды және оның әскери мәселелер бойынша ең жақын кеңесшілерінің бірі болды. Таймас Бектасовты Кенесары қатты сыйлап, жақсы көрді. Сол уақыттағы ресми үкімет құжаттарында Таймас Бектасов туралы былай делінген: «Ол Кенесарыдан бір елі қалмайтын және орыс отрядтарына шабуыл жасаған сайын, істің басы-қасында болып, орыстарға қалай қарсы тұру керек екенін айтып, Кенесарыға көбінесе жөн-жоба көрсетіп отырды, сонысы үшін Кенесары оны жақсы көретін және онымен бір табақтағы тамақты бөліп жейтін»371. Патша әкімшілігімен тығыз байланысы бар, бірақ қазақ руларының арасындағы байлығы мен беделінен айырылып қалудан қорыққан, кейбір билер мен султандар Баянауыл округі қазақтарының көтерілісіне қосылуға мәжбүр болды. 150 үймен ірі феодал Мұса Шорманов, 125 үймен Бабатай және султан Ел емес Жайнақов қосылды. Алайда қозғалыстың барысында олар көтерілісті сатып кетті. Баянауыл округтік приказының ата сұлтаны Маман Абылайов пен оның жанындағы орыс отрядтарының еш нәрсе жасауға шамалары келмеді. Маман Абылайовты өзінің ауылында Кенесарыны жақтаушылар тұтқынға алды. Патша үкіметі «іс тындыра алмады-мыс» деген сылтаумен аға сұлтандық қызметінен алуға мәжбүр болды. Алайда Маман Абылайовты орнынан алған соң да, жағдай жақсара қойған жоқ. Көтерілісшілер Ақмола аумағына өтіп кетіп, Кенесарыға топ-топ болып қосыла бастады. Патша үкіметі Баянауыл округінің аға султаны етіп бұрынғы заседатель Боштай Тұрсынбаевты тағайындады. Ол бұрыннан патша үкіметіне шын берілгендігімен белгілі болған еді. Ол алғашқылардың бірі болып Сібір өкімет орындарына Баянауыл округіндегі қазақтардың Кенесарының қарулы көтеріліске шақыруына байланысты толқи бастағанын жеткізген-ді. Полковник Талызинге жазған өзінің бір хатында ол Омбыда өзімен кездесіп, ауызба-ауыз сөйлесуіне руқсат сұрайды. «Қазақтардың бүлікші Кенесары Қасымовқа қосылу туралы ойлары бар екендігі жайында мәліметім бар болғандықтан, өзіңізбен ауызба-ауыз сөйлесу үшін Омбы қаласына баруым керек деп есептеймін»371. Көп кешікпей оған қалаға баруға руқсат етілген соң, Баянауыл округіндегі көтерілісті басудың өзі жасаған жоспарын алып, Омбыға жетті. Омбы өкіметі оның келгеніне қатты разы болды және үкіметке берілгендігі үшін оған ерекше қабылдау жасады. Баянауыл округіне жіберілетін жазалаушы экспедицияның жоспары Тұрсынбаевтың қатысуымен жасалды.

Баянауыл округіндегі қазақтардың көтерілісі үдей түсті.

Орта жүздегі бытыраңқы көтеріліс ошақтары Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1838 жылдар аралығында біртұтас қозғалысқа біріге бастады. 1838 жылы көктемде Кенесары Тобылды Тоқтин және Көшімбай Қазанғапов бастаған 5 адамды Батыс генерал - губернаторы князь Горчаковқа патша өкіметінің саясатына қарсы арнаулы наразы хатпен жіберді.

Бұл құжаттың маңыздылығына байланысты оны толық келтірейік: «Екі иеліктегі халықтың тыныш өмір сүруін қалайтынымды Сізге хабарлауды құрмет деп есептеймін, ал Сіз бұл күнде мені қол астыңыздағы халықты өзіне қаратып алуда деп күдіктенесіз, менің айтарым, қайта Сіз біздің атамыз Абылайға тиісті жерлерде округтік дуандар құрып, қырғыздардан баж салығын аласыз, олай болса, сіздер бізді қыспақта ұстап отырсыздар, ал біз бутан наразымыз және сіздердің қол астыңызда салық төлеп өмір сүру бізге мүмкін емес; мысалы, Ресейді басқа бір ел басқарса қалай болар еді - міне сондықтан бізді де түсініңіздер: мен әрине өзімнің жағыма Баянауыл, Қарқаралы, Ақмоладағы өзімнің халқымды алдым, бірақ енді оз халқымды түгелдей өз жағыма шығарып алу да ойымда бар, алайда жалпы қырғыз халқының игілігі үшін, қырғыз халқының бұрынғы жағдайда қалуы пайдалы болар еді, онда оз арамызда да және сіздермен де өмір тыныш болар еді. Бірақ қазір дуанбасылар өздері ел аралағандарында қазақтардың ең жақсы сәйгүліктерін мініске алуда, ал оларды иесіне қайтарғаны үшін тіленіп ат мініп, шапан киеді, казактар болса күніне үш қойдан жеп, қырғыздың жақсы нәрсесін көрсе, сыпырып кетеді. Ол туралы дуанбасыларға талай айтылды, бірақ одан еш нәтиже шығар емес. Патша ағзамның заңы бойынша біздің адамдарды өлтіруге, тонауға тыйым салынғанымен, ол орындалмай отыр, себебі жақында тана Төрткөл болысында Азнабай мырзаның бір әйелін, екі келінін, қызын және тағы бір әйелін тартып алып кетті, қазір олардың қайда екені белгісіз. Сізбен бар уақытта достық қатынаста болуды тілей отырып, жоғары мәртебелі, Сізден мынаны сұраймын: 1) Ақтау бекінісін жойыңыз, 2) Ақмола дуанын да жойыңыз, 3) қырдағы басқа да мекемелерді түгел жойыңыз, 4) тұтқында отырған біздің адамдарды да және султан Қоңырға жіберілген екі қырғызды да босатыңыз... Осының бәріне мына өзім жіберіп отырған адамдар арқылы жауап алатын болуымды қарастырғайсыз».371 Бұл хатта қазақ халқының наразылығы ғана білдіріліп қоймаған, сонымен бірге мұнда Кенесарының саяси бағдарламасы да баяндалған. Хаттағы негізгі мәселе - жер мәселесі. Бұл түсінікті де, себебі XІX тасырдың 30-жылдарында жерді тартып алудың жиіленуі қазақ тұрғындарының көбінің мүддесін аяқ асты етті. Кенесарының Ақмола, Баянауыл және Қарқаралы округтерінің қазақтарын өз жақтастарының қатарына жатқызуы кездейсоқ емес. Себебі осы округтерде патша өкіметінің жерді тартып алуының ауыр зардаптары ерекше айқын сезілген еді. Осы хатында Кенесары талаптары орындалмайтын болса, онда өзінің патша өкімет орындарына қарсы шытатынын және аталған округтердің тана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарының қазақтары мұның туының астына жиналатынын ашық көрсетеді. Онан әрі Кенесары алым-салықтың езгісіне және чиновниктердің озбырлығына наразылық білдірген. Ақырында, Кенесары қазақтарды бұрынғы жағдайында қалдыруды, яғни атасы Абылай ханның тұсында болған жағдайды: қазақтар Ресейдің қорғаушылығында болғанымен жері және мемлекеттілігі жағынан дербес болған кезін қалпына келтіруді талап етті. Осы мәселеде Кенесары сонау Абылай уақытынан бері болған ірі халықаралық және ішкі саяси өзгерістерді ескермей, Ресеймен қабырғасы тең адаммен сөйлескеніндей мінез көрсеткенін айту керек. Әйтсе де кейінгі жылдары Кенесары қазақтар мен Ресей арасында өзгерістер болғандығын түсіне бастады және Ресеймен қатынасты қалыпты күйге келтіру үшін бірқатар шаралар қолданды. Бұл туралы кейінірек тереңдеу тоқталып өтеміз. Кенесарының өкілдері хатты князь Горчаковтың қолына табыс ете алмады. Омбыға барар жолда оларды ата султан Көшенов қолға түсіріп, қарауылмен Омбыға айдады. Тек 1839 жылдың қазан айында ғана Омбы жанындағы Ордонанс - Гауз әскери соты олардың ісі бойынша үкім шығарды. Үкім шығарылғандардың «әрқайсысын мың адамдық саптың алдынан дүре шыбықпен ұрғызып бір рет өткізу, қызметке жарамдысын кызметке беру, ал жарамайтындарын Шығыс Сібірді қоныстануға жер аударумен жазалау керек»375 деп белгіленді.

Үкім коп кешікпей орындалган376.

Ал бұл екі арада Кенесары Сібір әкімшілігімен келіссөзі іске аспаған соң, бекіністер мен казак бекеттеріне шындап қарулы шабуыл жасай бастады. Ақтау мен Ақмола арасында орналасқан разъездерге жасаған бір шабуылдың кезінде әскери старшын Симоновтың отрядын талқандап, оларды қаруларын тастап қашуға мәжбүр етті. Кенесары 10 пистолет, 9 мылтық, 113 қылыш, 7 найза, 495 мылтық оғын, 490 пистолет патронын және басқа да нәрселерді олжалады. Сонымен бір мезгілде Кенесары мен оның серіктері патша өкіметіне берілген сұлтандардың ауылдарына да шабуыл жасап отырды. 1838 жылдың басында Кенесары Ақмола приказының аға султаны, подполковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің және оның туыстарының ауылдарына шабуыл жасады. Шабуылдың нәтижесінде тек қана жылқыдан 12 мыңы айдап әкетілді. Осы қарулы шабуыл туралы капитан Құлеке Искенин Батыс Сібір корпусы командирінің адъютанты Спиродоновқа былай деп жазды: «Бүгін мен, султан Кенесары Қасымов аға султан, Құдаймендиннің және оның бауырларының бар жылқысын айдап алып кеткендігі туралы хабар алдым»371. Қоңырқұлжа Құдаймендин Омбы облысының басқарушысы Талызиннен әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Көтерілісті басуға арналған әскери жорықтың жоспарын жасаумен шұғылданып жатқан Талызин Құдаймендинге шығыныңның өтеуіне өзіңе бағынышты рулардан жылу жина деп ұсыныс жасады. Өзі жіберген қатынас қағазында Талызин: «Мен Сізге өз қол астыңыздағы қырғыздардан салық жинауды тапсырамын, себебі қазіргі кезде Сіздің тоналған нәрселеріңізді қайтаруға мүмкіндігіміз жоқ»371 - деп жазды. Кенесары бекіністерге, разъездер мен бекеттерге шабуыл жасай отырып, шекаралық Шептегі әскери қимылды одан әрі жандандыра түсті. Осы уақыттың ішінде тек Ақмола маңынан ғана жергілікті чиновниктерге тиісті 2 592 бас малды айдап әкетті. Осы қозғалыстың ерекше бір көрінісі - Кенесарының әпкесі Бопайдың отрядының жорықтары еді. Ол Көкшетау округіндегі қайтыс болған Уәли ханның туыстарының ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасады. 1838 жылы Бопай өзінің отрядымен Батыс Сібір губернаторлығының солтүстік-батыс аудандарына ішкерілей еніп, әрекет етті. Бұл жерде ол Аманқарағай приказына шабуыл жасады. Көптеген мал айдап әкетілді. Кері қайтқан жолында Сырымбет елді мекенін қоныстанған бұрынғы күйеуінің туысқандарының ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратты. Осы жағдайға байланысты заседатель Редько Талызинге былай деп хабарлады: «Сұлтанша Бопай Қасымова өзінің 200 адамымен Аманқарағай округінің қырғыздарынан көптеген малды тартып әкетті және қайтар жолында, Сырымбет елді мекеніне келіп, қойманың құлпы мен есігін бұзып, ондағы киіздерді, елтірілерді және көп азық-түлік қорын алып кеткен»371. Кенесарының қарулы шабуылдарының жиілеп кетуіне байланысты полковник Талызин барлық шекара басшыларына Қазақстанға ірі әскери экспедиция келіп жеткенше қолда бар адамдардан жеке отрядтар жасақтап, оларды Кенесары Қасымовтың соңына түсу үшін қырға жіберіп отырыңдар деп ұсыныс жасады. Өзінің нұсқауында Талызин: «Сіздерде бір ғана мақсат болу керек, ол - қарақшы Кенесарыны жою және көшіп кеткен болыстарды қайтару»371, - деп жазады.

1838 жыл ішінде әр түрлі округтерден осындай бірнеше отряд жасақталды. 1838 жылы құрамында 500 солдаты бар патша отряды Торғай мен Жандар - Керубте қоныстанған султан Саржан мен Алтай, Қарпық және Темеш руларының ауылдарына шабуыл жасады. 400 адам өлтірілген және 100 адам, оның ішінде би Баяндин де бар, тұтқынға алынған. Сол жылы Қараөткелден (Ақмола округі) Қоңырқұлжа Құдаймендин және әскери старшын Карбышев басқарған және 500 солдаты бар бір отряд шықты. Олар Айрақұмды мекендеген Құшақ Қасымов пен Сайдақтың ауылдарына шабуыл жасады. 21 қыз, 8 әйел, 25 еркекті өлтіріп, 80 адамды тұтқынға алды. Осы отрядтардың барлығы Кенесарының соңына тусу үшін арнайы жасақталғанымен, өздеріне жүктелген міндетті орындамады. Өздерінің бейбіт халықты тонаған әрекеттерімен олар қазақтардың ашу-ызасын одан сайын өршіте түсті. Қоңырқұлжа Құдаймендин өзі жорықтан оралғаннан кейін полковник Талызинге былай деп жазды: «Ақмола округтік приказы отрядтың нәтижесіз оралғанын өкіне хабарлайды»371. Батыс Сібір генерал-губернаторына және Омбы облысының басқарушысына көтеріліске шыққан қазақтар Кіші жүз қазақтарымен қосылу үшін Торғай жаққа көшейін деп жатқандығы белгілі болды. Осындай сыбыстар жергілікті әкімшілікті ерекше абыржытқан. Көтерілісті талқандаудың әр түрлі жоспарлары жасалынып, шабуылға шығудың уақыты жөнінде қызу айтыстар болды. Кейбіреулер шабуылды қыста бастауды ұсынды, себебі осы уақытта Кенесарының отрядтары өз ауылдарына тарқайды, ал сонда көтеріліс басшыларын ұстау оңайға түседі деп есептеді. Ал басқалары көктемде бастауды ұсынды. Ақыры, шабуылды 1838 жылдың жазында бастау керек деген шешім қабылданды. Титулдық кеңесші Минкович дайындаған әскери жоспардың мәні мынадай еді: көктем туысымен қазақтар Тортайға қарай, яғни Орынбор ведомствосы жеріне қарай жылжиды, осы кезде орыс отрядтары Ақтау бекінісінен шығып, Ұлытауды айналып өтіп, олардың ту сыртынан барып шүйлігуі керек371. Шекара басшылары аға сұлтандармен бірлесіп, даланы үндеулерге толтырып жіберді. Олар құранға жүгіне отырып, егер қазақтар оз мекендеріне орамаса, құдайдың қарғысына ұшырайды деп ескертті. Осындай бір үндеуден үзінді мынадай: «Жоғарыда айтылған қасиетті антты бұзғандарың үшін сендерді бүл дүниеде қайыршылық, аштық пен ауру күтеді, ал антты бұзғаны үшін ең ауыр жаза өлім, о дүниедегі өмірлеріңде сендерге пейіштің хор қыздары жоқ, сендерді жылап-сықтау, тіс шықырлату мен мәңгілік азап күтуде. Бұл үндеудің сөздері біздің қасиетті кітабымыз құранға негізделген, ол сендердің тұманданған саналарыңды ашып, туған жерлеріңе қайтып оралуларың үшін сендерді сенімге келтірсін. Ал сонда сендердің жүректерің өздерің армандаған тыныштыққа бөленсін»374. Үкімет осындай үндеулерді күрестің идеологиялық әдісі ретінде кеңінен қолданған. Алайда патша өкіметінің және жергілікті феодалдардың екі жақты езгісіне ұшыраған және туған қоныстарынан айырылудың ауыртпалығын бастан кешірген қазақтар өкіметтің үгіттеуі қандай өңге енсе де оған сенбейтін еді. 1838 жылдың күзіне қарай Кенесарының жазалаушы отрядтармен қарулы қақтығыстары ұзаққа созылып, табан тірескен соғыс сипатына ие бола бастады. Әсіресе, Ақмола приказы үшін шайқас өте қиян-кескі болды. Ақмола приказы күшті бекіністі аудан - тын. Оның айнала төңірегі қазылған терең ормен қоршалып, жақын маңдағы жолдардың бәріне тосқауыл қойылды. Ақмоланы ата султан Қоңырқұлжа Құдаймендиннің отряды және әскери старшын Карбышев басқарған қамал гарнизоны қозғады. Кенесарының шабуылы 1838 жылы 7 тамыз күні таң ата басталды. Оның садақшылары қамалды садақ оғының ұшына байланған, тез тұтанатын майланған шүберекті жағып атқылады. Қамалдың көптеген жерлерінде өрт шықты. Гарнизондағы солдаттардың бір бөлігі өртті өшіруге ұмтылғанда, Кенесарының Басығара батыр бастаған бір отряды қалаға басып кірді. Қамалға тіке шабуыл кезінде Басығара батыр ерлікпен қаза тапты. Оның отряды гарнизонный тегеурінімен шегіне бастаған кезде, Кенесары Басығараның денесін тастамауды және алынған шептен шегінбеуді бұйырды. Кенесарының үндеу тастауынан қанаттанған Ағыбай, Иман және Наурызбай батырлардың отрядтары қамалға қайтадан басып кірді. Қантөгіс, көше шайқасы басталып, ол табан тірескен түрде ымырт үйірілгенше созылды. Түнде әскери старшын Карбышев және Қоңырқұлжа кішігірім отрядтарымен қамалдан қашып шықты. Келесі таңда үйінділерге айналған қамал әлі де өрт құшағында жатты. Кенесары қару-жарақтар мен әскери тұтқындарды қолға түсірді.377 Ақмоланы талқандаған соң Кенесары 1838 жылдың күзгі айларында жүйелі түрде приказдарға, бекеттерге және разъездерге шабуыл жасап, дұшпанның дайындалған жем-шөптерін жойып, қатынас жолдарын қиратып, партизандық күрес жүргізуді жалғастыра түсті. Ол сатқын султандардың ауылдарын жиі-жиі шапқыншылыққа ұшыратып, шекаралық Шеп маңындағы чиновниктер мен тілмаштардың малдарын айдап әкетті және сауда керуендерін қолға түсіріп отырды. Осыны Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковтың талап етуімен жасалған, төменде келтіріліп отырған ведомосттан коруге болады, онда Кенесары көтерілісіне байланысты 1838 жылғы шығын көлемі туралы Орта жүздегі жеке округтер бойынша мәліметтер берілген.371 Қай округтерден тартып алынған Аталған адамдардан алынған мал-мүліктің мөлшері (соммен есептелгенде)

Баянауыл округінде:
Қазақтардан: Саудагерлерден 34054-7563025-93
Көкшетау округінде: Саудагерлерден3726-70
Қарқаралы округінде: Саудагерлерден

Шаруалардан: 118 865-79100
Үшбұлақ приказында: Саудагерлерден 42790-50

Ақмола округінде: Ақмола приказы мен Ақтау бекінісі чиновниктерінен, тілмаштарынан және басқа адамдардан әскери шендерден, әрқилы сауда адамдарынан 582 347-15 23 085-50663818-40

Бүкіл округтер бойынша БАРЛЬІҒЫ 1951994-72 Көріп отырғанымыздай, мұнда Ақмола қазақтарының «қазір де тұрып жатқандарының» шығындары едәуір көп. Бұлар негізінен көтерілісшілерге қосылмаған Қоңырқұлжа Құдаймендин бастаған сұлтандардың және басқа да ірі феодалдардың шығындары. Кенесары жасаған барлық жорықтардың дені Құдаймендиннің, оның туыстарының ауылдарына және Уәли ханның әйелі Айнамгүлдің ауылдарын шабуға арналған еді. Және де олардан коп мөлшерде мал мен мүлік тартып алынды. Саудагерлердің шығындары да әжептәуір. Троицкіден немесе Петропавлдан шытып, Ақмола арқылы Ташкент пен Хиуаға баратын керуендерге жүйелі түрде шабуыл жасап отырып, Кенесары белгілі бір саяси мақсат көздеді. Орта Азиямен сауда патшалы Ресейге коп пайда келтірді деп білген ол сауданың берекесін қашыруды ойлады. Бүл іс қолымнан келсе, онда өкімет салынған приказдардың бәрін өздері-ақ жояды деген сенім бар еді Кенесарыда. Кенесарының мұнысы дұрыс болмасы түсінікті еді. Азаттық қозғалысының орталығы Тортай мен Ырғызға ауысқанда бутан Кенесарының өзінің де көзі жеткен. Жоғарыда келтірілген ведомоста тек Қарқаралы округіндегі шаруалардың аз тана шығыны болмаса, жалпы станица шаруаларына шабуыл жасалғаны туралы мәліметтердің болмауы кездейсоқ емес. Алайда 1838 жылдың соңына қарай Кенесарының іс-әрекеті тек партизандық шабуылдарды ұйымдастырумен тана шектелген жоқ. Ол іс жүзінде бұрыннан армандап жүрген мақсаты - бірлесіп күресу үшін Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарын біріктіру ісін қолға алған еді. Қозғалыстың сипаты мен ерекшелігін түсіну үшін елеулі мәні бар осы бір маңызды мәселе дворяндық - буржуазиялық тарихшылар тарапынан ескерілмей келді. Бүл мәселені қазақ тарихшылары да қарастыра қойған жоқ. Көптеген зерттеушілер бұл бірігу процесін кездейсоқ факті деп санады. Шындығында істің мәні басқада еді. Орта жүз аумағындағы қазақтардың бытыраңқы қозғалысын басқара және оны біртүтас қозғалысқа біріктіре отырып, Кенесары сонымен бір мезгілде Кіші жүздегі көтерілістің басшысы Жоламан Тіленшиевпен байланыс жасады. Осындай алдын ала дайындық болмағанда Кіші жүз қазақтары өздерінің басшыларымен бірге Торғай мен Ырғыз аймағында Кенесарыға қосыла қоймас еді. Әдеттегі уақытта, қазақтардың арасында жайылым үшін жиі-жиі жанжалдар мен қақтығыстар болып тұрғанда, бөтен рулардың жеріне жолшыбай жай соға кетудің өзі қиын болатын, ал бүтін округтің өзгенің жеріне қоныс аударуы туралы соз болуы да мүмкін емес еді. Ал мұның қазір мүмкін болған себебі: бірлесіп күресу қажеттігін екі жақ та түсінгендіктен. Кенесары өзінің жасауылдары арқылы Кіші жүздің патша өкіметі мен билеуші сұлтандардың езгісіне ұшыраған және 30-жылдарта қарай өздерінің жақсы жайылымдарынан айырылған жекелеген руларымен (Жағалбайлы, Жаппас, Тама, Табын және т.б. рулар) байланыс жасап турды. Аталған рулардың көтеріліске қосылуы қарсаңында Орынбор өлкесіне келген стат кеңесшісінің толық мүшесі К. Родофиникин осы рулардың ауыр жағдайымен сол жерде танысқан соң Орынбор өкімет орындарына былай деп жазды: «Осы кеңістікте қазір Қыпшақ, Жаппас, Жағалбайлы рулары көшіп-қонуда. Олар өздерінің малдарының саны жатынан ордалықтардың ішіндегі ең дәулеттілері болып есептеледі. Алайда олардың малына керекті жайылымдарды бұл күнде Орынбордың әскери тұрғындары тарылтып отыр, ал Жаңа Шептің арғы жағына өткенімен, олар онан әрі қиындыққа ұшырайды, себебі Жаңа Шептің арғы жағындағы жерлер әлдеқайда құнарсыз және ол жерлерді қырғыздардың басқа рулары жайлайды. Орда басшылары осы себептерге байланысты екі Шептің ортасында көшіп - қонған қырғыздарға осы жерде қала тұруға рұқсат сұраған болатын, себебі, бүл жерлерді казак селениелері әзірше иелене қойған жоқ және қырғыздар Шептің арты жағынан ыңғайлы жер тапқанға дейін осында қала тұрғаны жөн болар еді, егер осылай болмаған жағдайда олар өздерінің малдарының үлкен бөлігін сатуға және кішігірім ауылдарға бөлініп орда даласына тарқап кетуге мәжбүр болады, бүл сөзсіз олардың далалық шаруашылығының кері кетуіне алып келеді»210. Қыпшақ, Жаппас, Жағалбайлы руларының Орта жүздегі көтеріліске жанашырлықпен қарауы және Кенесарыға көмектерін ұсынуы түсінікті де. Бұл туралы Кенесары ордасында болған Қарпық болысының қазағы Бекқожа Тілесов мынадай мәлімет береді: «Орынбор Шебіне қарсы бетте көшіп-қонып жүрген Кіші орданың қазақтары Кенесарыға көптеген сыйлықтар апарып, оны өзінің ауылдарымен бірге бұларға көшіп келіп, тұрақты мекендеуге шақырды және оның жасатын күшейту үшін керек болған жағдайда адамдар беруге де уәде етті»378. 1838 жылдың күзінде Кенесары бастаған Орта жүз қазақтары Кіші жүз жеріне - Ырғыз бен Торғай ауданына, Орынбор ведомствосының шытыс бөлігіне өте бастады. Бұл аудандар Батыс Сібір губернаторлығынан да, Орынбор губернаторлығынан да біршама алыс жатқандықтан, олардың Кенесары үшін үлкен стратегиялық маңызы болды. Сондықтан бұл аудандардың коп уақыт ұлт-азаттық қозғалыстың орталығына айналуы кездейсоқ емес. Орта жүз ауылдарының үлкен бір бөлігінің бөлінуі және олардың Кіші жүз жеріне жаппай көшуі туралы хабардың шындығына көздері жеткен соң Сібір өкімет орындары қазақтарға жаңа үндеу жариялады, онда қыстың түсуімен қорқытып, жорықтарының ессіздігін көрсеткісі келді. «Жаз өтті, күз түсті, қақаған аязымен қыс келе жатыр, айдалада маңып естеріңнен адасқанбысыңдар, бәтшағарлар?»371. Сібір өкімет орындарының қарамағынан кеткен қазақтар мынадай тәртіппен орналасты: Ақмола және Қарқаралы округтерінің болыстары - Әлеке, Байдалы, Тінәлі - Қарпық, Алшын - Жағалбайлы, Қаракесек, Айтқожа - Қарпық, Төбе - Темеш - Қарақұм және Аққұм елді мекеніне, сондай-ақ Жыланшы Тортай сағасы маңына орналасты. Ақмола және Баянауыл округтері болыстарының бір бөлігі – Қойлыбай - Шағырай, Малай - Қалқаман, Тінәлі - Қарпық болысының бір бөлігі, Қозған, Айдабол, Қаржас болысы Бағаналы, Торайғыр - Қыпшақ болыстарымен бірте Қараторғайдың сағасына, Кенесары ордасына таяу барып орналасты. 1838 жылдың соңына қарай Орта жүз қазақтарының Кенесары бастап көтеріліске шыққан кейбір болыстары – Әлеке - Алтай, Бидәлі - Алтай, Төбе - Темеш, Тінәлі - Қарпық, Айтқожа - Қарпық, Қойлыбай - Алтай, Алшын - Жағалбайлы болыстары «Орынбор Шебіне қарсы беттегі далада көшіп-қонып жүрген Алшын - Жаппастықтарға қосылды».371 Көп кешікпей бутан дейін-ақ қайтпас қайсар өжеттігімен ерекшеленген Табын, Тама, Шекті, Шөмекей, Төртқара руларының қазақтары өздерінің басшысы Жоламан Тіленшиевтің бастауымен Тортай аймағында Кенесарыға келіп қосылды. Сонымен бірге оған Ішкі ордадан (Бөкей ордасынан) кеткен султан Қайып Ғалиевтің Кенесарыға ниеттес болғаны жөнінде мәлімет бар. Бөкей ордасындағы халық қозғалысының көсемі - Исатай Тайманов бұл кезде (1838 жылдың күзі) дүниеден өткен еді. Оның серігі, белгілі ақын Махамбет Өтемісов шатын отрядымен Хиуаға кеткен болатын және сол жақтан хат жолдап, қазақтарды Хиуаның боданы болуға шақырды. Хиуа ханының қазақтарға қаны қас екенін білетін Кенесары Махамбет Өтемісовті қолдай қойған жоқ және онымен барлық қатынасты үзді. Кенесары жағына шыққан султандар жаңа жерге келген соң аға сұлтандармен және жекелеген феодал - байлармен хат жазыса бастады. Олар осылайша Кенесарыдан іргені аулақ салудың қарекетін қарастыруға кіріскен. Кенесары мен оның серіктеріне қазақ халқының күшін топтастыру үшін үлкен жұмыс жүргізу қажет еді. Кейбір ықпалды рулар, мысалы, Арғын руы әлі көтеріліске қосыла қойған жоқ-тын. Осы рудың басшысы Шеген Мусин әлі де болса Кенесары мен үкімет арасында бұлтарып, амалдап жүр еді. Бірқатар қазақ рулары - Шекті, Кішкене - Шекті рулары Сырдария маңында көшіп-қонып, Жанқожа Нұрмұхаммедовтың бастауымен Кіші жүздің өзге көтерілісшілерінен бөлек күрес жүргізіп жатқан-ды. Арал және Каспий теңіздері аралығында көшіп-қонған Адай руы да осындай жағдайда еді. Сонымен қатар, көтеріліске қатысушы рулардың өздері бұрыннан келе жатқан араздықтары негізінде жиі-жиі жанжалдасып қалып отырды, көтеріліске қосылған кейбір ақсүйек феодалдар көтерілісшілерден бөлініп кету үшін ыңғайлы жағдай іздей бастады. Кенесары билеуші султандар мен ата сұлтандардың қарамағындағы руларды олардың ықпалынан шығаруға көп күш жұмсады. Ол сұлтандарды өзіне жау санайтынын жасырмай Кенесары өкімет орындарына былай деп жазды: «Сібір мекемесіне бағынышты қырғыздар: Қоңырқұлжа Құдаймендин, Құлжан Күшіков - Алтай тармағынан, Аққошқар Кішкентаев - Қарауыл тармағынан, Жауқашқар, Орынбор мекемесіне қарасты қырғыздардың билеушісі султан Ахмет Жантөрин, Жаппас руынан Жанғабыл, Күкір, Бигажандар... Осындағы есімдері аталған 8 адам біздің қас дұшпанымыз».379 Кенесары көтерілісшілерге материалдық көмек көрсетпей, қайта олардың ішіне іріткі салуға тырысқан, қол астындағы рулардың Кенесарының жақтастарымен араласуына тыйым салған ру шонжарларына да дұшпандықпен қарады. Мұндай билер Кенесары жасауылдарына зекет жинауға ғана кедергі жасап қойған жоқ, сонымен бірге коп ретте келіссөз жүргізуге жіберілген Кенесарының өкілдерін өлтірді де. Кенесары ондай билерді қатаң жазалап, ауылдарын шауып, тонап отырды. Кенесарының 1837 жылғы, әсіресе 1838 жылғы жиі - жиі қарулы қақтығысқа ұласып отырған белсенді күресі - Кенесары Ресейден толық бөлінуге талпынды деген тұжырымның қалыптасуына әсер етті. Бұл мәселе әбден түсінікті деп есептелінгендіктен, Қазақстан тарихнамасында арнаулы түрде зерттеле қойған жоқ. Алайда бұл бір қарағанда түсінікті сияқты болғанымен, мәселе толық анық емес. Жоғарыда біз Кенесарының Горчаковқа жазған хатынан үзінді келтірдік. Кенесары онда Ресейден бөлінейін деп отырмағандығын, империямен тек Абылай хан тұсында болған қатынасты қалпына кетіру керек дегенін айтқан едік. Қозғалыстың сипатын түсінуге осы мәселенің үлкен маңызы болғандықтан, бұған толығырақ тоқталайық. Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы Әбілқайырдың бастауымен 1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны мәлім. Мұның өзі сыртқы және ішкі себептерден туған қажеттілік болды; XVІІІ ғасырдың 30-жылдарында жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің қаупі төнген. Әбілқайыр бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі - Ресейден әскери көмек сұрады. Сонымен бірге орыстарға бодан болуға қазақтарды империямен экономикалық және сауда байланыстары да итермеледі. Бодандықтың шарттары бойынша қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және мемлекеттік дербестігін сақтап қалды. Орта жүз бодандығының басы 1740 жылға жатады. Осы жылы орыс үкіметіне Кенесары Қасымовтың атасы Абылай ант берген болатын. Сәл кейінірек, 50-жылдарда Абылай екі жақты бодандылықты - Ресейге және Қытайға бодан болуды қабылдады. Патшалы Ресей мен Абылайдың арасындағы қатынас империяның Орта жүзді қорғаушылығы сипатында болды. Абылайдың хандығы тұсында Орта жүздің қазақтары өзінің саяси дербестігі мен мекендеген жерінің тұтастығын сақтап қала алды. Міне, қазақтар Ресейге бодан болуды ерікті түрде қабылдаған кездегі алғашқы жағдай осындай еді. XІX ғасырдың басына қарай қазақтар мен патшалы Ресей арасындағы қарым-қатынаста елеулі өзгерістер болды. XІX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі Қазақстанда қорғаушы болудың орнына оны отарлық жаулап алушылықтың барлық әдістерін қолдана отырып, шын мәніндегі бағыныштылық күйге түсіруге бет бұрды. XІX ғасырдың 20-30-жылдарының өзінде-ақ патшалы Ресей қазақ даласына екі жақтан - Сібір мен Орынбор жақтан басып кіріп, қазақ жерлерінің ең шұрайлы үлкен бір бөлігін тартып алып, енді Қазақстанның орталық аудандарына қарай жылжи бастаған. Тартып алынған аймақтарда әскери бекіністер, қамалдар мен приказдар (дуандар) және т.б. салына бастады. Сыртқы саяси жағдайдың осылай өзгерген кезінде Кенесарыға өкіметпен қорғаушылық туралы келіссөз жүргізуге тура келді. Ол өзінің қызметінің алғашқы күндерінен - ақ патша үкіметімен қатынас орнатып, ортақ тіл табуға ұмтылды, сонымен қатар, ортаазиялық хандықтарға бодан болудан бас тартты. Осы мәселеге байланысты билеуші султан Ахмет Жантөрин былай деп жазды: «Кенесары олармен (жақтастарымен - Е.Б.) кеңескен соң, Хиуаның қол астында болмауға нақты шешім қабылдады».380 Кенесары өзінің жақтастарына былай дейді: «Ресей барлық мемлекеттерден ірі және орыс патшасы барлық патшалардан үлкен»381. Өзінің басқа бір хатында орыс патшасын ол «аға» деп, ал Абылай мен Уәлиханды «патшаның інілері»324 деп атайды. Бірақ осының өзінде, қайталап айтайын, Кенесары өкіметпен өзінің дипломатиялық келіссөздерінде атасы Абылайдың тұсындағы қатынасты қалпына келтіруді талап етумен болды. Кенесары Ресейдің қорғаушылығы астында болуға келісім бере отырып, қазақтардың саяси тәуелсіздігін және жерінің тұтастығын сақтауды талап етті. Біз жоғарыда үзінді келтірген Кенесарының Горчаковқа Тобылды Тоқтин және Көшімбай Қазанғапов арқылы жіберген хатында да империямен қатынас туралы мәселе нақ осылай қойылған болатын. Осындай хат Николай І-дің де атына жіберілген. Осы хаттардың барлығы да жауапсыз қалды. Кенесарының бұл хаттары туралы кейінірек Батыс Сібір генерал-губернаторы былай деп жазды: «Қырдағы тәртіпсіздіктердің басты кінәлісімен келіссөз жүргізуді өзіме мін санағандықтан, солай болған соң да олардың Патша ағзам Императорға қандай да бір шарт қоя аламыз деп үміттенуіне жол қалдырмау үшін, әрі сол Патша ағзамға құлдық ұрып көне беру қажеттігін ұқтыру үшін мен Кенесарының хатын жауапсыз қалдырдым»382. Кенесарының дипломатиялық тұрғыдағы сәтсіздіктерін оның Абылайдың заманынан бергі уақытта қазақтар мен патшалы Ресейдің сыртқы саяси қатынастарында болған өзгерістерді түсінбегендігінен деу керек. Кенесарыға патшалы Ресей Қазақстанның аса маңызды аудандарына мықтап орнығып, онда бекіністер салып, тірек пункттерін нығайтты және өздері басып алған аймақты тастап кету ойында да болған жоқ. Өзгерген жағдайға байланысты Кенесарының патшалы Ресей көнетіндей басқа жолды табуы керек еді. 30-жылдардың соңындағы өзінің әрекеттерінің сәтсіздігін ол Сібір өкімет орындарының дұшпандығынан деп түсінді. 1838 жылдың соңында өзінің жақтастарымен Орта жүздің жерінен кетер кезінде Кенесары былай деп жазды: «Менің дұшпандарым көп, ал Сібір басшыларының мені жамандағаннан басқа маған қылар жақсылығы жоқ».383 Екінші бір хатында Кенесары Сібір өкіметі «қырғыздардың қанын сүліктей сорды»384 деп жазды. Кейіннен Кенесары Горчаковқа жазған хатында өзінің Орта жүз жерінен Орынбор әскери губернаторлығына қарасты Ырғыз бен Торғай жаққа кетуін былай деп түсіндіреді: «Міне, 9 жыл бойы үздіксіз қуғындаудан басқа, Сіздің тарапыңыздан бізге ешқандай қайырымдылық та, кешірімділік те бола қойған жоқ. Ең алдымен, біз өтінішіміз жазылған хат беріп елші жіберген едік; Сіз жіберілген: адамға алдандыңыз, оны тұтқында ұстап барып босаттыңыз; бұған біз өкпелей қойған жоқпыз, біздің мойын ұсынғанымыздың дәлелі ретінде онан кейін тағы екі хат жолдадық, бірақ Сіздің ведомствоңыздағы аға султандар мен болыстар жіберілген адамдардың аттарын тартып алып, хаттарды Сізге жеткізбей отқа жағып жіберді. Сібір басшылары тарапынан қандай да болмасын жақсылық күтуден үмітімізді үзуіміз - біздің бөлектенуіміздің және бірнеше жылдар бойы бағынудан кетуіміздің себебі болды»385. Өзінің жақтастарымен Ырғыз және Торғай аймағыңда орналасып болған соң, Кенесары Орынбор өкімет орындарымен келіссөз жүргізе бастады. Көтеріліске шыққан қазақтарға және Кенесарының оз басына байланысты В.А. Перовский Горчаковқа қарағанда басқаша көзқараста болатын. Соғыс министрі Чернышевтің өзін қатты қолдауына сүйенген Батыс - Сібір генерал-губернаторы Горчаков тек қарулы күрес арқылы көтерілісшілерді талқандап, Қазақстанды отарлауды да аяқтау керек деп есептеді. «Үрей туғызу, - деп жазды Горчаков, - азиаттармен келіссөз жүргізгенде табысқа жетудің маңызды тәсілі».386 Сондықтан да көтерілістің алғашқы күндерінен - ақ Горчаков көтерілісшілермен бір рет те келіссөз жасауға ықылас білдірген жоқ және олардың хат жазып айтқан өтініштерін жауапсыз қалдырып отырды. Міне, сондықтан Кенесары өзінің хаттарында Горчаковты жиі жазғырып, менің ауылдарымды заңсыз тонадың деп кінәлауы да түсінікті. Орынбор генерал-губернаторы, граф В.А.Перовский Горчаковқа қарама-қарсы көзқараста еді.Ол да өте ықпалды адам болды, тіпті оны Николай І - дің өзі қолдайтын. Перовский туралы айта келіп, Орынбор өлкесінің тарихшысы Лобысевич былай деп жазды: «Патша ағзамның ерекше сенімін пайдалана отырып, яғни өзінің барлық іс-қимылына күшті тірегі болғандықтан, граф Василий Алексеевич, әсіресе өлкені басқарудың екінші кезеңінде ерекше батыл, іскер және барынша дербес бола білді»230. Перовский көтерілісшілермен болған жанжалдарды жазалау шарасын қолданбай, бейбіт жолмен шешуге ұмтылды. Сыртқа істер министрі Нессельроде және Николай І - дің өзі бастапқы кезеңде Перовскийдің көзқарасын жақтады және оның көтеріліске шыққан қазақтар туралы жоспарларын қолдады. Тек, 1838-1839 жылдардағы Хиуа экспедициясының сәтсіздігінен кейін Перовскийге және оның саясатына деген көзқарас өзгеріп, үкімет басшылары енді көтеріліске шыққан қазақтарды бұрынғысынша аяусыз қуғындап жатқан князь Горчаковты көбірек қолдай бастады. Перовский көтерілісшілермен ортақ тіл табуға тырысты, әрі олардың патшалы Ресейге бодан болуды ерікті түрде қабылдауына қол жеткізгісі келді. Бутан Орынбор Шекара Комиссия сының төрағасы Ладыженскийдің Азия Департаментіне жазған хабарламасы айғақ бола алады: «Бодандық заңдарынан туындайтын шарттарды ерікті түрде қабылдау және адал орындау қажеттігіне Кенесарының көзін жеткізу - біздің шешуімізге данышпандықпен ұсынылған міндет осындай» 387. Перовскийдің көтерілісшілермен тіл табысуға ұмтылуының себебін, ең алдымен Ресейдің отарлауының барысында 30-жылдардың соңында оңтүстік - шығыс пландармда қалыптасқан жағдаймен түсіндіруге болады. Осы уақытта феодалдық - крепостниктік қанаудың қаталдығына қарсы Орынбор өлкесінде шаруалар мен қоныс ауып келген әскери казактардың жаппай бас көтерген қарулы көтерілістері болғаны белгілі. Орынбор екі жақтан дұшпан күштердің қыспағында қалды; бір жағынан - Орынбор шаруалары қысса, екінші жағынан - қазақ көтерілісшілері жай жатпаған. Осындай күрделі жағдайда Орынбор өлкесінің әскери губернаторы граф В.А. Перовскийдің алдында шиеленіскен жағдайды барынша бәсеңдету міндеті тұрды. Орыс шаруалары мен қазақ көтерілісшілердің қарулы көтерілістерін бір мезгілде басуға нақты мүмкіндігі болмағандықтан, ол өзінің қазақтарға деген саясатын өзгертуді ұйғарды. Көтерілісшілер басшыларының әскери қимылдарды тоқтату тілектерін қостап, Кенесарымен келіссөз жүргізуге ықыласпен кірісті. Перовский бұл жерде әскери қимылдарды тоқтатуға қол жеткізуді ғана ойлаған жоқ, сонымен бірге қазақтардың Ресейге өз еріктерімен бодан болуын да қалады. Көреген саясатшы ретінде ол қазақ даласына жеке отрядтарды жіберуден нәтиже шықпасын түсіне білді. Сондықтан да Перовский қазақ мәселесін бейбіт түрде реттеуге тырысты. Сонымен қатар, Перовскийдің қазақ даласындағы саясатына оны қоршаған ортасы да белгілі дәрежеде әсер етті. 30—40 жылдары Орынборда алдыңғы қатарлы прогресшіл интеллигенцияның өкілдері өмір сүргені белгілі. Сол кезде Орынборда Перовскиймен бірге Түркістан мен Қазақ даласы тарихы бойынша ғылыми еңбектерімен белгілі В.В. Вельяминов-Зернов. «Орыс тілі түсіндірме сөздігінің» авторы, жазушы В.Даль (казак Луганский), аса ірі шығыстанушы - ориенталист В.В. Григорьевтер жұмыс істеді. Сонымен қатар, Перовскийдің жанында ұзақ жылдар бойы Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болған Г.Ф. Гене болды, ол қазақтарға жылы қарайтын. Байырғы тұрғындардың айтуына қарағанда, Г.Ф. Гене өзінің үйінде қазақтың жетім балаларына арналған баспана ұйымдастырған. Өзі қайтыс болғанда Гене артына қазақтардың тарихы мен этнографиясы бойынша құнды зерттеу (қолжазба күйінде) қалдырды. Перовскийдің өзі сол замандағы алдыңғы қатарлы адамдармен араласып жүрген. Ол А. С. Пушкинмен және В. А. Жуковскиймен жақын қатынаста болды. Перовскийдің атасы Антон Погорельский белгілі жазушы еді, ал оның жиені - ақын граф А.К. Толстой болатын. Ақырында, сол жылдары Орынбор өлкесінде айдауда көптеген поляктар болған, олардың арасында А. Мицкевичтің белгілі досы, Орынбор музейінің негізін қалаған Томаш Зан; ол кезде Орынбор Шекара Комиссиясында қызмет еткен, дарынды И.В. Виткевич бар еді. Кейіннен оған ауған әмірі Досмұхаммедтің жанындағы үкіметтің құпия тыңшысы ретінде көрнекті рол атқаруға тура келді. Осылармен қатар, Перовскийдің саясатын Петербургтегі ықпалды топтар да қолдап отырды, соның ішінде Азия Департаментінің төрағасы К.К. Родофиникин де бар. Перовский онымен күн сайын хабарласып отырған. Көтеріліске шыққан қазақтарға байланысты мәселеде және Қазақстанды отарлау саясатын жүргізу әдістеріне байланысты Орынбор және Батыс Сібір губернаторларының арасында алауыздықтың болғанын зерттеушілер талай рет атап өткен. Патшаның отарлау саясатын Орта Азияда белсенді түрде жүзеге асырушылардың бірі -Түркістан генерал-губернаторы Романовский былай деп жазды: «Қырғыздардың Ресейге бодандығы басталған кезден-ақ, қырғыздар басқарылу тұрғысынан екі бөлініп, Орын¬бор мен Сібір генерал-губернаторларының қол астына берілді. Осы бір-біріне тәуелсіз бастықтар қырғыздарды басқарудың ең қолайлы әдістері туралы, сондай-ақ жалпы қырдағы істі жүргізудің мәселелері бойынша әрқашан келісіп отырмайтын. Қайта олардың бүл екі мәселеге де байланысты көзқарастары көбінесе қарама-қайшы келіп отыратын»388. Ал Кенесарының көтерілісіне байланысты Перовский мен Горчаковтың арасында қызу айтыс туып, кей кездерде тіпті олар шекісіп те қалып отырған. Көтеріліс орталығы Кіші жүзге ауысқан соң Кенесары генерал Перовскийге арнайы хат жолдады «Мен - Кенесары султан, - деп жазды ол, - атам Абылай ханның тұсынан орыстармен өз ағайындарым сияқты тату тұрдым, ал олармен жанжалдасуымның себебі -Омбы және Петропавл (Сібір Шебіндегі) тұрғындарының бізге тыныштық бермеуі... Осы жаққа келген соң айтарым - мен ешқашан Ресейдің дұшпаны болған емеспін, осы туралы жоғарғы бастықтарға жеткізуіңізді сұраймын»389. Бутан жауап ретінде Перовский Кенесарыға былай деп жазды: «Шекара Комиссиясының төрағасы Генстің маған алып келген Сіздің хаттарыңыздан мен Өзіңіздің Генске жолдаған хаттарыңызда басшылар алдына барып, кінәлі еместігіңізді айтып ақталмақшы болғаныңызды, әрі басшыларға бағынғыңыз келетінін және де көптеген өтінішін генерал Генске жолыққыңыз келетінін біліп риза болдым... Мен генерал Генске Сіздің көшіп-қонатын жеріңізді көрсетуді және Сізді қанағаттандыру үшін Сіздің қандай өтініштеріңіз бар екенін білуді тапсырдым»390. Кенесарының патшалы Ресеймен жақындасқысы және оның қорғанышы астында болғысы келетін ойының шындығына сенген Перовский Кенесарымен келіссөз жүргізуді ұйғарды. Бүл кезде Кенесары да, Перовский де туып қалған жанжалды реттеу жолдарын біле қойған жоқ-тын. Дауды бейбіт түрде шешудің жолдары енді-енді байқала бастаған еді. Кенесары жазалаушы отрядтардың тонауын тоқтатуға, тартып алынған жерлерді қайтаруға қол жеткізуді көздеді және Ресейдің қазақтарға қорғаныш болу шарттары туралы келісіп алуды қалады. Өмірлік маңызы бар осы мәселелердің шешілуіне қарай Кенесарының өкіметпен будан былайғы қатынасы қалыптасатын еді. Кенесарының өкімет орындарына жолдаған бірінші хатында көтерілген мәселеге Орынбордағылар құлақ аса қарады. Бутан Перовский мен Генстің орталықпен хат жазысқаны мысал бола алады. Гене коллеж кеңесшісі Ларионовқа былай деп жазды: «Батыс Сібір басшылары өздерінің қырғыздарға қатысты бұйрық-жарлықтарында осы халықты әлденендей бір жек көрушілік ниетті басшылыққа алады, сол себептен де олар әділеттілік дегенді мүлде жиып қойып, көбінесе ордалықтардың мал-мүлкін тонау, небір зорлық - зомбылықтар жасау шараларын қолдануға бейім»91. В. А. Перовский Кенесарыны өз қорғауына алуға шешім қабылдады. Ол Кенесарының хатын әскери министр Чернышев пен вице-канцлер Нессельродеге жіберіп, олардан Кенесарыға патша ағзамның кешірімін алуға көмектесуді өтінді. «Осыған қосып жіберілген бүлікшіл султан Кенесары Қасымовтың хатынан, - деп жазды ол, - Жоғары Мәртебелім Сіз Кенесарының сөзсіз түрде Патша ағзамның рақымын алуды қалайтынын, егер Патша ағзам мүсіркей қалса, онда өздеріндегі өкіметке бағынғысы келетінін көресіз»313. Хаттың соңында Перовский қазақтардың наразылығы мен қырдағы толқуының себебі -қазақтарға Сібір өкіметі тарапынан қысым жасалып отырғандығынан деп көрсетеді. Ол патша ағзамның Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковтан Орынбор губерниясында көшіп-қонып жүрген қазақтардың ісіне араласпауын талап етуді өтінді. Әскери министрлік осы хат туралы Горчаковты хабардар етті, ал ол бутан шамданып қалып, дереу Перовскийге былай деп жазды: «Мен ешуақытта да Орынбор ведомствосына қарасты қырғыз-қайсақ тайпаларын басқару ісіне араласуды ойлаған емеспін. Менің барлық іс-қимылым бір тана мақсатқа - өзімнің генерал-губернаторлығымның шекарасын жыртқыш - қарақшылар тобынан, яғни Кенесары Қасымовтан қорғауға тана бағытталған болатын, оның бүлігі тым қауіпті, себебі сұлтан өзінің тонаушылығын қайсақтарға бұрынғы еркіндігін қайтаруға уәде беріп, саяси бетпердемен тұмшалайды. Сондықтан оның қырғыз даласында жеңіл табыс табуды ғана ойлап қоймай, сонымен бірге, ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіруден дәмелі жақтастары көп» 313. 1840 жылдың басында Кенесарының ісі кешірілді, оның нағашысы Қарашевпен бірге өзге де туыстары тұтқыннан босатылды. Алайда Ресейдің қазақтарға қорғаныш болу сипаты туралы мәселе шешілген жоқ. Осы мәселенің бейбіт түрде шешілуінен үміттенген Кенесары Орынбор өлкесінде қарулы қарсылықты тоқтатты. Уақытша бітімнен кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Перовскийдің қылығына ызаланып, Кенесарыға қарасты ауылдарға қарулы шабуылын тоқтатқан жоқ. Сондай-ақ ол әскери министр Чернышевке: Кенесары бізге сырттай ғана бағынды, ал шыңдығында өзінің «жыртқыштық істерін» күшейтуде, - деп арыз айтты. Горчаков өзінің хаттарының бірінде Перовскийге тағы былай деп жазды: «Кенесарыны Сібір шекарасынан аластаңыз немесе оны жазалауды маған беріңіз, мен оны жақтастарымен қосып оз ұяларында талқандаймын»391. Кенесарымен достық қатынасын жалғастырған Перовский Орынбор Шебінде тыныштық орнағандықтан, Кенесары өзінің «адал берілгендігі туралы антын» қайтадан бұзады - ау деп ойлаған да жоқ болатын. Перовский дереу Горчаковқа жауап қайтарды: «Султанды кінәлі деп үзілді-кесілді айта алмаймын, себебі Орынбор мекемесіне қарасты әскерлер арасында ол ешқандай да толқулар тудырған жоқ, ал оның тонаушылыққа қатысуы туралы бірнеше қайсақтың куәгерлігі бұлтартпас дәлел бола алмайды»391. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Гене Кенесарыға арнаулы хат жазып, Горчаковтың өзін кінәлауы орынды ма, соны хабарлауын талап етті. Бутан Кенесары былай деп жауап берді: «Император тақсырдың манифесінен кейін менің Ресейге қарсы шықпағаным бір Құдайға аян. Дұшпандарым мені сіздің алдыңызда кінәлағысы келеді, ал мен бастықтардың алдына барып өзімнің кінәлі еместігімді дәлелдеп бере аламын. Дұшпандарым мені өлердей жек көреді және Сізбен жақын қатынаста болғаныма іштері күйеді»383. Қазақстан тарихшылары арасында, әсіресе, революцияға дейінгі тарихшыларда Кенесарының Орынбор әкімшілігімен қатынасы шығысқа тән қулық болды, бұл кезеңде Кенесары Ресейге қарсы бітіспес ойда еді деген пікір қалыптасқан. Осы пікірге мынадай бір түзету енгізуді жөн көріп отырмыз. Кенесары империя мен Қазақстанның Абылай хан тұсындағы қатынасын қайта қалпына келтірген жағдайда ғана күресті тоқтатуға шын дайын болатын. Бұл шарттың орындалуы, әрине, мүмкін емес еді, ал қалыптасқан жағдайды Перовскийге қарағанда Горчаков анағұрлым дұрыс бағалаған. Өзінің талаптарының орындалмасын Кенесары да түсінген болар. Соған қарамастан, Кенесары қозғалысын түсіну үшін мына жәйтті - көтерілісшілер мен Ресейдің жақындасу жолына кедергі болған орыс атаулыға деген ұлттық дұшпандық емес, Кенесары жеңе алмас күш -Ресейдің отарлық қанау жүйесі бар патша үкіметі екенін атап айту маңызды.

8 тарау

ҚОҚАНМЕН КҮРЕС. ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІС

1840 жылдың соңында Орынбор өкімет орындарымен жасалған уақытша бітім бойынша Кенесары шекара Шебіне қандай да болсын шабуыл жасауды тоқтатты. Бұл жағдай 1842 жылға дейін созылды, Әйтсе де, осы мерзім ішінде Сібір отрядтарымен жекелеген қарулы қақтығыс болып тұрған. Бұл тыныстаудың Кенесары қозғалысының дамуына үлкен маңызы болды. Орта жүздегі көтеріліс әлі де болса шағын аймақты қамтыды және Кенесары ағасы Саржанның ісін тек анағұрлым батыл түрде жалғастырған еді. Торғай аймағында Кенесары Орта жүздің де, Кіші жүздің де қазақтарының азаттық қозғалысын басқарды. Қозғалыс аймағы бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді, ал қозғалыстың өзі Орта жүз руларының бір бөлігінің ғана аумағы жағынан шектелген көтерілісі болудан қалды. 1840— 1845 жылдардағы күрестің дамуының соның алдындағы кезеңдегіден екінші бір ерекшелігі - Кенесарының Қазақ хандығын қайта құруға деген талпынысы құпталып, оны халық хан көтерді. Қазақ руларының белді өкілдері Кенесарыны хан ету жайын кеңестерде алдын ала талқылағаны туралы Жағалбайлы руынан Көлбай Қоқанов былай деп хабарлайды: «Кенесары мені ілтипатпен қабылдады, оның 40 үйден ғана құралған ауылы бар. Бірақ оған жан-жақтан қырғыздар ағылып келді, оның ішінде жаппастықтар, шөмекейліктер, төртқаралықтар, алшындар мен шектілер де бар... Қырғыздар сұлтан Кенесарыны барлық рулардың ханы етіп сайлау туралы кеңесуде... Оның ауылына жиналған ордалықтардың сөзіне қарағанда, олар өзара ымыраға келіп, Кенесарыны хан сайлауға келісіп отыр»392. Кенесары әрекетін бақылап отырған өкімет орындары өздерінің жансыздары мен билеуші султандар арқылы барлық амалды қолданып, көтерілісшілер арасына іріткі салуға, рулық араздықты қоздыруға, олардың біртұтас мемлекет болып бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысты. Патша үкіметінің бұл жолғы килігуі нәтижесіз болды. Әскери министрлікке жолданған бір көрсетіндіде Кенесарыны ң хан сайлануы кейінгі күнмен хабарланған: «Қыркүйекте Кенесары өзіне хан атағын алып, Сібір ведомствосындағы қырғыз болыстарына өз атынан жарлық беруге кірісті»393. Шынында да, 1841 жылдың қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері ата дәстүр салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп, хан сайлады.

Бұл заңды құбылыс еді.

Барлық ұлт-азаттық қозғалыс халықтың қалың бұқарасының қолдауына сүйенсе, өзінің ұлттық мемлекетін құруға тырысатыны белгілі ғой. В.И.Ленин былай деп жазды: «Ұлттық көтеріліс дегеніміз не? Ол - езілген ұлттың саяси тәуелсіздікке жетуге, яғни өз алдына ұлттық мемлекет орнатуға талаптанған көтерілісі»394. Ахмет Кенесарин өзінің естеліктерінде мынадай көңіл аударарлық жәйтті еске алады: «Кенесарыны хан сайлаған кезде, Кіші жүздің шекара Шебі маңындағы даланы қоныстанған руларының бір бөлігі Кенесарыдан Орынбор өкімет орындарымен хат жазысқанында, өзін әзірше хан деп атамауын өтініпті, сол үшін өздерінің Кенесарыға жасырын қолдау көрсететіндігін, ал соз жүзінде патша өкіметіне берілгендігін және Кенесары көтерілісіне қатысы жоқтығын жариялайтындығын баяндайды». Орынбор әскери губернаторы Перовский Кенесарының хан сайланғанынан хабардар болысымен: «Хан болып сайланғаның рас па?» деп Кенесарыдан бұл сұраққа жауап беруін талап етеді. Перовскийге жауап хатында Кенесары мені ешкім де хан сайлаған жоқ дейді. Бұлай деу себебі, сірә, оны хан етіп сайлаған рулардың шекара Шебіне таяу жерде көшіп-қонып жүргендіктен патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраудан қорқатындарын ойлаудан болса керек. Сөйтіп, Кенесары өкімет билігіне өзара қырқысқан күрестің немесе рулық егестің нәтижесінде емес, көтерілістің барша жұрт таныған көсемі ретінде хан сайлауы арқылы келген еді. Көтерілістің осы кезеңінің тағы бір ерекшелігі сонда, Кенесары азаттық қозғалысты бастай отырып, өз ағаларының «діндес» ортаазиялық хандықтардан тірек іздеген саясатынан біржола бас тартқан. Кенесары екі майданда: патшалы Ресеймен де, сондай-ақ ортаазиялық хандықтармен, соның ішінде бірінші кезекте Қоқан хандығымен және Ташкент құсбегімен күресуге бел байлады. Кенесарының Қоқанмен бұдан кейінгі күресін, тек Қоқанның қол астындағы қазақтарды қосып алагеуім қылуы деп бір жақты пайымдауға болмайды; қазақтардың тәуелсіздігіне елеулі қауіп төндірген қоқандықтармен күрессіз біртұтас тәуелсіз мемлекет құру мүмкін емес еді. Міне, сондықтан да, Кенесарының Қоқанмен күресінің мақсаты - қазақтарды оңтүстік көршіге қандай да болсын тәуелділіктен құтқару болды. Кенесарының 1841 жылы қайта құрылған қазақ хандығын ұйымдастырудағы қызметі тәуелсіздік үшін күрес міндеттеріне бағындырылды. Сондықтан да осы қаралып отырған кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын қарастырайық. 1840 жылғы уақытша келісім бәтуасыз болғанына қарамастан, ол Кенесарыға күрес майданын оңтүстікке ауыстыруға мүмкіндік берді. 1838 жылы-ақ Қоқан мен Ташкент қүсбегі Кенесарыны өз мақсаттарына пайдалануға тырысып, отан Қоқанға бодан болуды ұсынады. Бұл туралы Тоқа - Қарпық болысынан Есқара Өтембаев былай деп хабарлайды: «Қайыңды, Қашырлы деген жерде көшіп-қонып жүрген Кенесары Қасымовтың ауылына екі мың адамдық әскерімен Ташкент құсбегі келді. Ол егер Кенесары Ресей үкіметіне тәуелділіктен жырақтап кеткен болыстармен Ташкентке бағынуға келісім берсе, онда бұл Кенесарымен татуласып, оны Ташкентке көшуге шақырады, ал егер келіспесе, онда құсбегі Кенесарыға соққы бермейінше бұл арадан қайтпайтындығын айтты»395. Кенесары Ташкент құсбегіне бодан болудан бас тартты, Осы мәселеге байланысты В.А. Перовский граф Нессельродеге былай деп жазды: «Өткен жылдың қазан айында Ташкент билеушісі ызалы Кенесарыға сыйлықтар жіберді және оны дос болуға шақырып, қырта бекініс салуға руқсат сұрады, егер келіссең сатан көмектесетін боламыз деді. Ал Кенесары өзінің күні кешегі дұшпанына сенбегендіктен, одан бас тартты»395, Ташкент құсбегі Орта жүздің бөлінген қазақтарын Қоқанның бодандығына алу әрекетін тоқтатқан жоқ. Байбек Бекболатов деген қазақ сол кездегі мынадай фактіні хабарлайды: «Орта жүз аймағынан көшкен Дүйсенбайдың Іле өзені маңындағы Шашақ болысында жүрген кезінде оған Қоқан қүсбегінің арнаулы өкілі келіп, Қоқанға бодан болуды талап етті. Ол Қоқан билеушісінің атынан әр болысқа бір-бір ташкенттік песір алуды ұсынды, алайда сол болыстардың қырғыздары өздерінің атынан билеушіден кешірім сұрауды өтініп, оның ұсынысын қабылдай алмайтындығын айтты»397. Қоқан хандығымен күресте Кенесары Бұқар мен Қоқан арасындағы 1840 жылты соғысты шеберлікпен пайдалана білді. Төңкеріске дейінгі тарихшылар ортаазиялық хандықтардың ішкі жағдайын сипаттағанда әдетте арабтың ежелгі мақалын пайдаланады: «Үрімде (Түркияда) жан рақаты, Дамаскіде -қайырымдылық, Бағдатта - ғалымдық, ал Түркістанда ашу-ызадан және жауласудан басқа ештеңе де жоқ». Орта Азияда 40-жылдарда өрістеген оқиғаларға қарасақ, бұл мақал негізсіз айтылмаған сияқты. Осы кезеңде Бұқар хандығының басшысы - Насрулла әмір болды, оны халық шектен тыс қатыгездігі үшін «Қасапшы әмір» деп атаған. Насрулла шексіз билік орнату үшін, феодалдық бытыраңқылық қалдықтарды жою үшін күрес жүргізді, бүл күрес ерекше қатыгездікпен ұштасып жатты. Бұқар хандығы бұрыннан Қоқан хандығының байлығына және оның қол астындағы жерлеріне қызығатын. Қоқан хандығының ыңғайлы жер жағдайы Орынбордан Ташкентке, Бұқардан Хиуаға баратын керуен жолдарына билік жүргізуге мүмкіндік берді. Қоқанға қарсы соғыс ашуға сылтау табыла кеткен. Бүл кезде Қоқанды билеген Моделі хан өзінің Ұратөбеде тұратын өгей шешесі Ханша айым сұлуға (Омар ханның тоқалы) ғашық болып үйленеді. Осы туралы хабардар болған Бұқар әмірі Насрулла Моделі ханға Райым қалмақтан хат жіберіп, Моделіні шариғат ісін бұзған, әкесінің әйеліне үйленген «көпір» деп жариялады. Ашуланған Моделі хан Бұқар әмірі жіберген адамдарды тұтқындады, бұл Қоқан ханының соғыс ашуына сылтау болды. 1840 жылы Бұқар әмірі Ұратөбеге қарай жылжып, сәл уақытқа ғана созылған қарсылықтан соң қаланы басып алып, содан кейін Қоқанға бет алды. Әмірдің әскері Моделі ханға тұтқиылдан бас салды, оның үстіне көптеген беделді Қоқан бектері Қоқанның Бұқар иелігінде болуын қалайтын еді. Бұл туралы петропавлдық екінші саудагер Кенжетай ақсақалдың туысқандарына жазған хаты мәлімет береді: «Сол кезде қоқандықтар жайбарақат болды, себебі ханның інісі Лариханның күшті жақтастары бар еді, аналардың Қоқанды хан тұқымын ауыстыру үшін ғана басып алатындығы әңгіме болып жүретін»398. Осы күресте Қоқан да, Бұқар да Кенесары тарапынан қолдау табуға мүдделі болды. Бірақ Хиуа хандығының мүддесі де бұдан артық болмаса, кем болған жоқ. Хиуа хандығы Перовскийдің 1839 жылғы жорығынан кейін-ақ мұндай жорықтың қайталануынан қауіптеніп, Кенесарымен одақтасу, содан кейін Хиуаның батыс шекарасын патша әскерлерінен қорғауға Кенесарыны көндірмек ниетінде болатын. Осы мақсатпен 1840 жылдың күзінде Аллақұл хан Кенесарыға хат жолдап, оны «Сырдарияда хиуалықтар салған бекініске орналасуға» шақырды. Кенесары бұл ұсынысқа: «Ол бекіністе тұрақты тура алмайтындығын, қазақ даласының бел ортасында жүруді қалайтынын, ал Хиуамен бұрынғысынша әдеттегі достық қатынаста бола беретінін»399 айтып, нағыз дипломатиялық тұрғыда жауап береді. Мұндай бас тарту Кенесарының Хиуаға тіпті де бодан болғысы келмегенін, онымен әскери одақ құруды одан бетер қаламағандығын көрсетеді. Ал оның Бұқарға қатынасы басқаша болды. Қоқан хандығын әлсірету үшін, Кенесары Бұқар мен Қоқан соғысқан кезде Бұқар ханын қолдап отырды. Осы жағдай туралы Сібір Кеден округі бастығы өзінің қаржы министріне жолдаған құпия хабарында былай деп жазды: «Бұқар ханы Қоқан мен Ташкентке қыр көрсетіп, жорық жасады... Осыған байланысты Бұқар ханы Кенесарыны әскери қимылдар бастауға пайдаланды»400. 1841 жылы қыркүйектің басында Кенесары Шөмекей, Төртқара және Табын рулары қазақтарының ең бір ержүрек жігіттерінен жасақталған 4 мың адамдық әскерімен Ташкентке бет алды.401 Бірақ оның әскерінде жұқпалы аурудың шығуы жолын біршама бөгеді. Алайда оның әскерінің екінші бөлігі Созақ, Жаңақорған, Жүлет және Ақмешіт қамалдарын қоршауға алды. Әсіресе, Созақ қамалы үшін қиян-кескі соғыс болды. Оны көзі көрген адам әңгімелейді: «Кенесары Созақты 18 күн бойы қоршауға алды; осы қамалдың дуалына өрмелеп шығу үшін ағаштан саты жасатқан»407. Кенесары Созақты және басқа да бекіністерді талқандап, төңірегіндегі Қоқанға бағынышты қазақтарды өзіне қосып, оларды Торғайға қарай көшуге мәжбүр етті»403. Созақтың, бірнеше қамалдар мен бекіністердің алынуы қазақтың қалың бұқарасының алдында Кенесарының беделін көтеріп тастады, әрі өзі үшін де ірі моральдық жеңіс болды. Ал жеңілген Қоқан ханы Кенесарыға мәңгілік одақ құруды ұсынуға мәжбүр болды. Бірақ Кенесары будан бас тартып, қазақтарға тиісті жерді қайтаруын талап етті. 1842 жылы сәуір айының бас кезінде Бұқар әскерлері Қоқан қаласын алды. Аңыз бойынша, Бұқар әмірі Қоқанға кіргенде алдынан Моделі хан шытыпты. Насрулла оны діни ғалымдардың жиналысына ертіп келіп, мынаның шариғатқа қарсы істері үшін не шара қолдануға болады деп сұрапты, сонда «ғалымдар оны зеңбіректің аузына байлап ату керек» деп ұсыныс айтқан көрінеді. Наливкиннің жазғанына қарағанда Моделі хан Бұқар әмірінің бұйрығымен бауыздалған. Бұқар мен Хиуаның Қоқан биліктері үшін өзара қырқысатындығын алдын ала болжаған Кенесары Бұқардың тым күшейіп кетуіне жол бермеу үшін Хиуамен келіссөз жүргізеді, ондағы мақсаты хандықтардың араздығын одан әрі қоздырып, оларды әлсірете түскісі келген. Оның есебі дұрыс болды. 1842 жылы Қоқан үшін Хиуа мен Бұқардың арасында кескілескен күрес басталды және ол алма-кезек жеңіспен жалғаса берді. Осы кезеңде Бұқар ханының билігіндегі Қоқан құлдырап кетті. Оған бағынышты болған қазақ және қырғыз рулары өздерінің азаттығы үшін күреске шықты. Сырдарияның жағалауларында көшіп-қонған Шөмекей, Төртқара және Табын руларының қазақтары көтерілді. Олар Кенесарыдан көмек сұрап, өздерінің күресіне басшылық жасауды өтінді. Кенесары келісімін берді. Билеуші султан Ахмет Жантөрин осы мәселе туралы Орынбор Шекара Комиссиясына былай деп жазды: «Жұрттың айтуы бойынша бұл шара Кенесарының өз еркімен емес, аталған рулардың өтініші бойынша жүргізіліп отыр, себебі олар Сырдария маңында көшіп-қонғандарында жиі-жиі ташкенттіктердің шабуылына ұшырап отырған»404. Қоқанның әлсірегенін пайдаланып қырғыз руларының Ыстықкөл маңында көшіп-қонған едәуір бөлігі өздерін тәуелсіз деп танып, «Қоқандықтарды Қаракөл, Барыс тауы және Қоңыр өлең өзендері бойында салынған кішігірім бекіністерінен қуып шықты»405. Хиуа ханы Бұқармен күресінде Кенесарының тым болмаса бейтараптығын сақтап қалу үшін оған өзінің өкілі Базарбай арқылы «15 тамаша мылтық пен бір арғымақты» сыйға тартты. Кенесары сыйлықтарды қабыл алды, сонан соң өзінің серіктерін: мұндай мылтықпен атқанда «300 құлаш жердегі, тіпті одан да алыстағы бірде-бір құс оның оғынан құтыла алмайтындығын»406 айтып, мылтықтың сапасын жоғары бағалады. Бұқар мен Хиуаның арасындағы күресті пайдаланған Қоқан тұрғындары көтеріліске шығып, өз қаласын азат етті. Қоқандықтар хан тағын Моделі ханның туысы Шерәліге ұсынды. Әбіл - Ғафар бектің айтуынша: «Бұқарлықтар кеткен соң Қоқан хандығында бейбітшілік пен тыныштық орнады. Ол кезде кәртаң тартып қалған Шерәлі хан, кең пейілді және момақан билеуші болып шықты. Сонысы үшін ол ел ішінде «бөстек» аталды»407. Бұқар әміріне қарсы табыспен жүргізілген алғашқы әскери қимылдардан кейін, 1842 жылы қарашаның соңында Хиуа ханы қайтыс болды да орнына баласы - инак Рахманқұл таққа отырды. Алғашқы күндерде - ақ ол өзінің қатал жазалауларымен халыққа жек көрінішті болды: «Хиуалықтар қазіргі ханын ұнатпайды. Шектен тыс қаталдығы және Рахманқұлдың жарлықтарында жиі орын алған заңсыздықтар тұрғындардың оған деген ашу-ызасын туғызуда»408. Хиуаның да, Бұқардың да күшеюіне мүдделі болмаған Кенесары осы екеуінің ортасында бұлтарып, амалдаумен жүрді. Достық бейтараптылықты сақтағаны үшін Хиуа ханы Рахманқұл Кенесарыға алтындалған ер-тоқымымен, ноқта - жүгенімен үш арғымақ, үш қылыш, он екі мылтық, көп қорғасынды»409 сыйға тартты. Кенесары өзінің Хиуамен достық байланыстарын онымен сауда қатынасын дамытуға шебер пайдалана білді. Осы кезде Кенесарының жақтастары Орта Азия базарларында сауданы қызу жүргізді, мал сатып, одан түскен қаржыға мылтық, оқ-дәрі, қорғасын және басқа да қажетті тауарлар алып отырған. Кенесарының Қоқанға қарсы жүргізген әскери қимылдары Орынбор әкімшілігін абыржытты. Орынбор әскери губернаторы Перовский Кенесарыдан бұл қылығын түсіндіруді талап етті. «Сіз Бұқар ханының Қоқанмен соғысына неге араласасыз, сол үшін қырғыздарды көптеп жинап жатқаныңыз қалай?»410 деп сұрады ол. Өзінің жауабында Кенесары қазақтардың Қоқанмен соғысының себептерін былай деп нақтылай тұжырымдады: «Біздің қатарымыздағы руларды қоқандықтар тартып алған болатын. Ал оған дейін олар менің ағаларым Саржан сұлтанды, Есенгелді султанды, Әлжан султанды, әкем Қасымды өлтірді. Биылғы 1841 жылы біз ондағы руларды азат ету үшін Қоқанға әскер жібердік... Осы рулардан әлі де 6 600 үй қалды»4". Кенесары мен Қоқан арасындағы соғыстың себебін білу үшін арнайы жіберілген патша жансыздары Кенесары дәлелдерінің дұрыстығын растады. Атап айтқанда, Сібір Кеден округінің бастығы былай деп жазды: «Кенесарының қырғыз-қайсақтардан едәуір қол жинап Қоқан иелігіне өту себебі, ол Ресейге бағынышты қырғыздардың соңғы дүрлігу кезінде Қоқанға ауысқан бөлігін қайтарып алуды көздеген»412. Алайда Кенесарының дәлелдері үкіметті қанағаттандырмады, себебі империяға бағынышты сұлтанның оңтүстіктегі жауласу қимылдары Орта Азиядағы орыс саудасының мүддесіне нұқсан келтіретін еді. Кенесарыдан оңтүстіктегі дұшпандық әрекетін тыйып, орыс шекарасына қоныс аударуды талап етті. Кенесары сырттай бағынғанымен іштей қатты күйінген еді. Мұның қандай да бір дербестік алып, өз бетінше ел билеуіне орыс үкіметінің ешбір жол бермейтініне көзі жеткен. Сол кезде, яғни 1842 жылдың басында орыс әкімшілігінің құрамында маңызды өзгерістер болды: Перовский Орынбордан кері шақырылып алынды, оның орнына генерал Обручев тағайындалды. Ол Кенесарыға да және жанжалды бейбіт түрде шешу мүмкіндігіне де сенбеді. Бұл Горчаковтың жағдайын жеңілдетті, оған Кенесарыға қарсы шешуші шаралар қолдануға мүмкіндік туды. Қырмен арадағы уақытша бітім, сол 1842 жылы Горчаков тарапынан бұзылды. Сотников басқарған Сібір отряды Кенесарының ауылдарын шауып, коп малды айдап әкетті және 10 адамды, соның ішінде Кенесарының әйелі Күнімжанды тұтқындап алып кетеді. Осыдан көп ұзамай Сібір отряды енді Кенесарының Ақсақал төбеде көшіп-қонып жүрген ауылдарын ойрандайды. Абайсыз отырған елді қанға бояп, жүзге таяу адамды шауып өлтіріп, 3 000 жылқы, 10 000 қойды және 25 адамды тұтқын етіп айдап әкетеді413. Горчаковтың арам ниеті көздеген жерінен шықты. Кенесары Сібір өкімет орындарына қарсы аттануға мәжбүр болды. 1843 жылдың бас кезінде ол Батыс Сібір генерал-губернаторлығының шекара шебіне шабуылын күшейтті, Ресейге дос Жаппас, Алшын руының султаны Алтыбай Көбековтың ауылдарын шапты, ал султан Алтыбай өлтірілді. Сонымен бір мезгілде Кенесары Қоқан иелігіне де шабуылын қайта бастады. Кенесарының осы шабуылы уақытша бітімнің бұзылуына себепші болды. Патша отрядтарымен қарулы қақтығыстар қайта басталды. Кенесарының жағдайы аса қиындап кетті. Ол патша өкімет орындарымен қандай да бір бітімге келу үмітін үзді. Кенесары өзінің хаттарының бірінде генерал Обручевке былай деп ызалана жазады: «Өткен 1839 жылы Орынборда тұрған генерал - әскери губернатор мен генерал Гене бізге патша ағзам Императордың мейірімі мол манифесін жариялап, біздің жаңсақ басқан істерімізді кешіргенін хабарлаған еді. Мұндай қадірлі адамның сөзіне сенгендіктен біз мылтық ату мен қылыш жұмсау дегенді тоқтатып, Ұлы Мәртебелінің иелігіндегі кең далада тыныш өмір кешкенбіз... Ал биыл наурыздың 21-де, өзіміз аңға шытып кеткенде, Омбы облысынан шыққан Сотников басқарған отряд ауылдарымыздың біразын шауып, бірнеше адамды оққа ұшырып және сұлтанның зайыбы Күнімжанды алып кеткен... Бұл оқиғадан кейін мен қайырымдылықты тек бір Алладан ғана күту керек, ал орыс бастықтардан ешбір жақсылық күтуге болмайды деген қорытындыға келдім».414 Қырдағы әскери қимылдардың қайта басталуына байланысты генерал Обручев Кенесарыға қарсы жазалау экспедициясының қажеттігін негіздей отырып және бұл экспедицияның жоспарын толық баяндап, 1843 жылдың басында арнайы мағлұмдама хат тапсырды, сондай-ақ әскери министрден осы шараға қажетті қаржы бөлуді өтінді. Ол соғыс шығындарына 14 мың сом бөлуді және соның үстіне таты да 3 мың сомды Кенесарының басын әкелген адамға сыйлық ретінде беруді өтінді. Обручев сонымен бірге Кенесарының тұтас бір армиясы бар және ол Орынбор қамалына шабуыл жасау қаупін төндіріп отыр деп те ескертті. Оның мағлұмдама хаты Орынбор өлкесінің бұрынғы әскери губернаторы ретінде В.А. Перовскийге өз пікірін айтуға берілді. Перовский Обручевтің жоспарына егжей-тегжейлі ескертулер жасап, бұрынғысынша Кенесарыны қорғады. Ол былай деп жазды: «Меніңше Обручев мырза Кенесарының қимылынан және ордалықтардың ниеті түзу еместігінен түйме дейді түйедей етіп, бекер қауіптеніп отыр. Мұның хабары негізінен қырғыздардың ұзынқұлақ сыбысынан құралған және онда татымды ештеңе жоқ». Перовский одан әрі былай дейді: «Өкінішке қарай, экспедиция жоспары және отрядтың құрамының өзі, меніңше қате, ал қолданылайын деп отырған шаралардан ешқандай пайда болмайтынына көз жеткізумен қатар, экспедицияның әр түрлі сәтсіздіктерге ұшырайтынын болжау қиын емес сияқты»415. Перовскийдің ескертпелеріне қарамастан Николай І маусымның 27 күні қырға жорық жасауға руқсат берді, ал Кенесарының басын әкелген адамға берілетін 3000 сом сыйлық ақшаны шаңырақ салығынан төлеуге руқсат етті. 1843 жылы 10 шілдеде Обручев қырта әскери старшын Лебедевтің басқаруымен 300 адамдық отряд шығарды. Лебедев Кенесарымен Ырғыз өзенінде кездесті. Бірақ бұл жолы да Кенесары патша отрядымен қақтығысқа бармай, өзінің өкімет орындарының бұйрығына мойын ұсынатындығын, Ресейге мәңгі бодан болып қалатынын және Орынбор ведомствосының шекарасына қайта көшіп баратынын айтып, Лебедевті көндірді. Лебедев Орынбор әскери губернаторынан нұсқау сұратты. Орынбор әскери губернаторы дереу жауап беріп, әзірше соғыс ашпай, сол Ырғыз бойында отрядымен қала тұруға бұйырды. Сонымен бір мезгілде билеуші сұлтандарға жедел түрде отрядтар жасақтау тапсырылды, онан соң жорықтың мақсатын құпия ұстау міндеттелді. Мысалы, орданың шығыс бөлігінің султаны Ахмет Жантөрин сәуірдің соңында Тобылдың жоғарғы жағына келгенде, оған мынадай шараларды жүзеге асыру жуктелді416: 1. Сенімді және патша өкіметіне берілген қазақтарды жақсы аттарымен жинау; 2. Жорықтың мақсатын жарияламау, жорық басқа мақсатқа арналған деп лақап тарату. Алайда билеуші сұлтандар өздеріне қарулы отрядтарды уақытында жасақтай алмады. Ахмет Жантөрин белгіленген жерге кешігіп келді, ал султан Баймұхамед Айшуақов 500 қазақты ғана жинай алды. 1843 жылдың тамызында полковник Бизановтың жалпы командалық етуімен билеуші султандар Арслан Жантөрин және Баймұхамед Айшуақовпен 5000 адамдық отряд Сахарный қамалынан «бүлікші султан Кенесарыны» жою үшін жорыққа шықты. Батыс Сібір генерал-губернаторлығында құрылған басқа отрядтар Омбыдан, Петропавлдан және Қарқаралыдан аттанды. Осымен бір мезгілде Орынбор әскери губернаторы Обручев «көшпелі қазақтарға» үндеу жариялады: «Сіздерге, - деп жазды ол, - өздеріңізге пайдалы кеңеспен сөз арнап отырмын; адаспаңыздар, бұл күнде қорқыныштан қалтыраған жауызды тастап, бұрынғы қоныстарыңызға оралыңыздар, сіздер Кенесарының қатарында болатын болсаңыздар, өздеріңізге және отбасыңызға бақытсыздық әкелулеріңіз мүмкін, сондықтан сіздерді алдын ала сақтандыру үшін осы үндеуді жариялап отырмын»417. Бұл кезде Кенесарының күші арта түскен. Оның қол астында Бағаналы, Арғын, Табын, Тама, Байбақты, Шекті, Шөмекей рулары және басқа рулардан 5 мыңнан астам ауыл болды. Полковник Бизановтың отряды билеуші султандар Баймұхамед Айшуақов және Арслан Жантөринмен, бастапқыда Ырғыз өзені бойымен, ал кейіннен Өлкеаяқ өзенінің төменгі ағысымен сол маңда қоныстанған Кенесары ауылдарына қарай жылжыды. Осы жерде олар арнайы барлауға жіберілген Наурызбайдың кішігірім отрядымен қақтығысып қалды. Қақтығыс кезінде Наурызбай ауыр жараланды, алайда ол шегіне шайқаса отырып, қырта жылыстап кетті. Ұзаққа созылған ауыр жорықтан шаршаған Бизанов оның соңынан түсе қойған жоқ. Есесіне ол Кенесары ауылдарына қарай жылжып, көптеген малды қолға түсірді. Бірақ Кенесарының өзімен ұрыс салудың сәті түспеді. Тобыл жақтан жылжыған Ахмет Жантөрин отряды кешігіп қалып, Бизанов отрядымен қосыла алмады. 1843 жылы қыркүйектің 17-інде Торғайға келген соң сұлтан Ахмет Жантөрин Бизанов отрядының шайқастарда күшін сарқып, ешқандай нәтижесіз Орск қаласына оралғанын естіді. Жантөрин Тобылға қайтуға мәжбүр болды. Міне, осылайша Бизановтың жорығы сәтсіз аяқталды.Қалған патша отрядтары да Кенесарыны шайқасқа тарта алмады. Кенесары өзінің жігіттерімен кең далада әдіс - амал қолданып, дұшпанның күшін әлсіретті. Қалжыраған отрядтар күздің жаңбырлы суығы басталысымен, әскери қимылдарын тоқтатып, қырдан кетуге мәжбүр болды.

Кенесарыға қарсы әскери қимылдарды келесі 1844 жылы қайта бастау ұйғарылды. Уақытша тыныштықты Кенесары алдағы күреске дайындық үшін пайдаланды. Өкімет орындарының мәліметі бойынша, осы кезде оның жақсы қаруланған 8 мың адамы418 болды. 1843 жылдың соңында Ержан Саржановпен бірге Кенесары 3 500 жігітпен Орынбор ведомствосының орта бөлігінің билеуші султаны Арслан Жантөриннің Ойыл өзені бойындағы ауылына шабуыл жасады. Кенесары қолының тосыннан лап қойғаны соншалық, ауыл тұрғындары жақын шекара Шебінен көмек шақыруға үлгірмеді. Шабуылдағандар сұлтанға елеулі нұқсан келтіреді, оның 5 500 жылқысын, 3500 түйесін, 970 сиырын және 7 000 қойын айдап әкетті. Арслан Жантөрин өзіне көмекке жіберілген 500 солдаты бар отрядпен Кенесарының соңына түсті. Бірақ Ор өзеніне келіп жеткен соң ол Кенесарының қарулы күшінің едәуір басым екендігін біліп, онан әрі соңына түсуден бас тартуды ұйғарды. Қайтып келген соң Арслан Жантөрин Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына былай деп жазды: «Кенесары султан тағы да менің ауылыма шабуыл жасауға дайындалуда, себебі, маған жеткен мәліметтерге қарағанда, енді ол ең алдымен менің өміріме қастандық жасамақ және менің әулетімді құртпақ көрінеді».419 Осы хабарға жауап ретінде Орынбор әскери губернаторы Орданың батыс бөлігінің билеуші султаны Баймұхамед Айшуақовқа «дала қарақшысы Кенесарының» ізіне түсуі үшін Арслан Жантөринге қарулы көмек көрсетуге бұйрық берді. Сонымен қатар Арслан Жантөрин отрядын зеңбіректермен және басқа да қару-жарақпен күшейтуге шешім қабылдады. Алайда бұл шаралардан да нәтиже шықпады. Кенесары бастаған көтерілісшілер бұрынғыдай шекара Шебіне және жексұрын султандардың ауылдарына бұрынғысынша шабуыл жасаумен болды. Осымен бір мезгілде Кенесары Ұлытау жақтан өтіп барып, Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылған қазақ даласына енеді. Осыдан барып Горчаков Ұлытау мен Арғын атаға қазақ отбасыларын көшіріп - қондыру арқылы бұл жерлерді басып алуға рұқсат сұрап және өзіне екінші Сібір полкі құрамынан арнаулы отряд бөліп беруді өтініп, канцлер Нессельродеге сөз салады. Горчаковтың өтініші қанағаттандырылады. Кенесары кең даланың бір жерінен екінші жеріне лезде орын ауыстырып, өзінің соңына түскен қуғыншыға ұстатпай кететініне Кенесарымен бұған дейінгі жылдардағы күресте көзі жеткен патша үкіметі, көтерілісшілерге қарсы жекелеген отряд жіберуден нәтиже шықпайтынын түсінді. Сондықтан үкімет 1844 жылдың көктемінде қырға 3 отряд жіберуге шешім қабылдады. Отрядтар Орск қамалы, Ұлытау таулары және Тобыл өзені жағынан бір мезгілде аттанып, Тортай ауданындағы Кенесары ауылдарына жан-жақтан тап беріп, Кенесарыны қоршауға алып, шегінер жолын жауып тастауға тиіс болатын. Орынбор және Батыс Сібір губернаторларына күштерін біріктіре бірігіп қимылдау ұсынылды. Орынбор губернаторлығы тарапынан патшаға берілген қазақтардан отряд жасақталды, бұл қазақтарға егер шайқаста қаза тапқан жағдайда үкімет олардың отбасына пенсия тағайындауға уәде берілді. Бұл отряд толық әскери дайындықта Тобыл өзенінің бас жатында болуға тиіс еді. Сібір генерал-губернаторлығы жағынан 2 отряд құрылды: бірі - жасауыл Лебедев басқарған екі зеңбірегі бар 250 жауынгер, екіншісі - жүзбасы Фалилеевтің басшылығындағы 150 казак. Әскерлерге жалпы басшылық жасау генерал-майор Жемчужниковке тапсырылды. Ол жасаған жоспар бойынша әскери старшын Лебедев бастаған Орынбор отряды мамырдың бесінен қалмай Орск қамалынан шығып, Қамысты бағытында жылжып, онан әрі Ырғыздың төменгі ағысын бойлай отырып, мамырдың жиырмасында Кенесары қоныстанған Торғай маңына келуге тиіс болды. Ахмет Жантөриннің отряды Тобыл жақтан шығып, Қабырға, Өлкеаяқ өзендері бойымен, онан әрі Тайпақ өткелі арқылы жүріп, 29 мамырға қарай әскери старшын Лебедевтің әскерімен қосылуға тиісті еді. Орынбор жақтан шыққан отрядтарға Сібір әскерлері келіп жетісімен Кенесарының Тортай ауданынан Қарақұмға, Борсыққа және Мұғалжар тауларына шегінетін жолын кесіп тастау тапсырылды. Жасауыл Лебедевтің басқаруындағы Сібір отряды мамырдың бірінен кешікпей Ұлытау жақтан шытып, Орынбор әскерлерімен қосылу үшін Торғай өзеніне қарай жылжуы қажет еді. Отрядтың алдына көтерілісшілерді Торғайға тықсырып, қоршауды аяқтау міндеті қойылды. Горчаков әскери министрге былай деп жазды: «Сібір отряды Ұлытауды және Сарысу өзенінің сагасын алған соң көтерілісшілер Торғай немесе Ырғызға қуылады»420. Сібір өкіметі Ұлытау таулы ауданын алуға ерекше маңыз берді. Себебі, Ұлытаудың Кенесары үшін тек шөбі шүйгін жайлау ретінде ғана емес, ірі стратегиялық маңызы болды. Орта және Кіші жүздің түйіскен жерінде орналасқандықтан, әрі Орынбор, Батыс Сібір губернаторлықтарының біршама қашықтықта болғандықтан, Ұлытау таулары қазақтар жиналған орталық болды және оған барлық жүздердің көтерілісшілері ағылып келіп жатты. Фалилеев бастаған және бір Сібір отрядын Сарысу жаққа жіберудің мақсаты -Кенесарыны Орта Азия хандықтарының иеліктеріне және Ұлы жүз аумағына өткізбеу болды. Осы отрядтарға жергілікті әкімшілік үлкен үміт артты. Олар жан-жақтан соққы берудің нәтижесінде Кенесарының қырда бұлтаруына жол қалдырмай, Қарақұм, Борсыққа, сондай-ақ Ұлы жүз жаққа кететін жолын кесіп тастап, көтерілісті басамыз деп ойлады. Горчаков былай деп жазды: «Егер Кенесары Торғай, Өлкеаяқ, Телғара өзендерінің бойындағы бекіністердің ортасына түсер болса, онда барлық шараларды қолданып, екі жақтағы бекіністен бір мезгілде соққы беріп, бүлікшілерді бірден құртып жіберу керек»420. Әскери старшын Лебедев басшылығындағы Орынбор отряды мамырдың 5-інде жорыққа шықты. Қиын асулардан асып, Ақкөл көлі мен Жыланшық өзеніне жетіп, Ырғызға бет алды. Лебедев отрядына қосылмақ болып Ырғыз өзенінің бас жағынан билеуші султан Ахмет Жантөриннің отряды да қозғалды. Кенесары ордасы бұл кезде Ырғыз өзенінің оң жақ беткейін жайлап отырған еді. Ол өзінің тыңшылары арқылы патша отрядтарының бағдарын күні бұрын біліп алды да, «Кенесары шегініп кетіпті» деген жалған сыбыс таратты. Ол Орынбор және Сібір әскерлерінің Торғай өңірінде қосылуына мүмкіндік бермеуді өзіне міндет етіп қойды. Егер бұл екі әскер қосылса, өзінің шегінер жолы кесілетінін Кенесары ұққан. Бірақ көп кешікпей-ақ Төртқара руының билері мен старшындары арқылы Лебедев Кенесарының нақты мекен-жайы туралы хабар алып, асығыс Ырғызға аттанды. Жолда оған билеуші султан Ахмет Жантөрин отряды қосылды. Лебедевтің отряды Ырғызды төмен бойлай жүріп, мамыр айының соңында Талды өзеніне жетті, сол жерде жаңа көшкен ауылдың орнын сипап қалды. Кенесары отрядының Қарақұмға шегінер жолын кесу үшін Лебедев Торғайға баруды ұйғарды. Оның бұл айласы іске асты: Кенесарының Қарақұмға шегінер жолы жабылған-ды. Алайда осы уақытта Торғай ауданына жетіп, Лебедев отрядымен бірге Кенесарыны қоршауға алуы тиісті Сібір отрядының мұнда әлі келіп жетпегені анықталды және қай жерде жүргендері де белгісіз еді. Осы жағдай Кенесарының Ұлытау жаққа аман-есен өтіп кетуіне мүмкіндік берді. Экспедиция жоспарының іске аспағаны туралы әскери старшын Лебедев әскери губернатор Обручевке былай деп хабарлайды: «Мамыр айының отызы шенінде менің Торғай өзенінің сағасында болатыным Сібір бастықтарына белгілі еді. Ал қазір маған Сібір отрядының Ұлытау мен Торғай арасында жоқ екені мәлім болды, ендеше бұл отряд Кенесарының одан әрі шегінер жолына тосқауыл бола алмақ емес»420. Әскери старшын Лебедев өзінің Кенесары отрядының ізіне түсуін жалғастырмақ ойы болып еді. Бірақ Сібір отрядының көмекке жақын арада келмейтінін білген соң, ол шекара шебіне оралуға шешім қабылдады. Орскіге барар жолда Кенесары адамдарының «Кенесары жағында екен» деп әдейі таратқан жалған сыбысына сеніп қалған Лебедев, өкіметке берілген Байқадамов бидің ауылын тонап кетті.

Ахмет Жантөрин султан өзінің отрядымен бөлініп, Тобылға бет бұрды. Әскери старшын Лебедевтің Кенесарымен күресте ешқандай елеулі нәтиже шығармай, тіпті Ұлытау жақтан келе жатқан генерал-майор Жемчужниковтың отрядына да қосылмай Орскіге оралғанын естіген Орынбор генерал-губернаторы старшын Лебедевке былай деп жазды: «Сіз өзіңіздің қол астыңыздағы отрядтың Ұлытау мен Сарысудағы Сібір отрядтарымен бірлесіп қимыл жасауына негізделген экспедицияның басты мақсатынан мүлде ауытқып кеттіңіз... Сіз өзіңіз хабарлағаныңыздай, Ұлытауға бағыт алып қашып бара жатқандардың және Кенесарының өзінің соңына түсудің орнына керісінше әрекет етіп, осы айдың төрті күні бүлікшіл емес ауылдарға шапқыншылық жасап, олардың коп малын айдап әкеткенсіз»420. Көп кешікпей әскери старшын Лебедев Орынборға шақырылып, орнынан алынды және патшаға адал Байқадамов бидің ауылын шапқаны үшін сотқа берілді. Лебедевтің орнына Орынбордың 3-казак полкінің командир!, полковник Дуниковский тағайындалды. Далалық жағдайда соғыс жүргізу тәсілін білетін бірден-бір адам - Лебедевтің қызметтен қуылуының үкімет үшін орны толмас зиянды салдары болды. Кенесарыға шекесінен менсінбей қарайтын басқа офицерлердей емес Лебедев көтеріліс басындағы султанның қандай тәжрибелі дұшпан екендігін жақсы түсінген. Атап айтқанда, ол Кенесарының аса күшті артықшылықтарының бірі - атты әскерді шеберлікпен басқара білуі - қырда жол тапқыштығы екендігін дұрыс ескерген еді. Өз отрядына да сондай ептілік, жеңілдіктің қажеттігін дұрыс түсінген ол орыстардың Орта Азияға жасаған жорықтары тарихында алғаш рет жүрісі шабан, зілдей ауыр арбалы түйе керуенінен бас тартып, оның орнына өзі бас-көз бола отырып, азық-түлік, оқ-дәрі тасымалдауға арналған жеңіл арбалар жасатты. Осыдан соң-ақ оның жасағының жүрісі ширап, көтерілісшілерді өкшелей ізіне түсетін болған. Кенесары да Лебедевті осал жау емес деп санап, дұрыс бағалай білді. Дуниковский Лебедевке қарағанда далалық соғыс жүргізу тәсілін білмейтін. Ол жұмысын өзінен бұрынғы басшының берген нұсқаулары мен жаңа шараларын өзгертуден бастады. Дуниковскийдің отряды өзінің ауыр арбалы керуенімен жылжып, генерал-майор Жемчужниковтың Ұлытау жақтан бағыт алған әскеріне қосылмақ болып, шілденің басында жолға шықты. Кенесары Шөмекей руындағы Құрамыс деген жансыз арқылы Дуниковскийдің отряды туралы толық мәлімет алған соң оған қарсы тосқауыл ретінде шағын отряд шығаруды ұйғарды. Бұл отрядтың міндеті - қоян-қолтық шайқасқа бармай тиіп-қаша соғысып, жау күшін титықтату. Сонымен бірге Кенесары бұл уақытта шешуші соққы беруге дайындалды. 1844 жылы шілденің жиырмасынан жиырма біріне ауысатын түні Тобылдың бас жағындағы Өлкеаяқ өзенінің маңында Кенесары Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып, толық талқандады. Шайқаста белгілі сұлтандардың қырық төрті қаза тапты. Дуниковский отрядының негізгі күштері султан Ахмет Жантөриннің қосынына жақын орналасқан-ды, тіпті олардың жан даусы шыққан айқайы кулактарына келіп жетсе де, өздерінің тұзаққа түсіп, қырылуынан қорқып, Дуниковский сұлтандарға көмекке бармады. Ахмет Жантөриннің отрядында болып жараланған қазақ Қоспақов Шекара Комиссиясындағы тергеуде былай деп жауап берді: «Кенесары Қасымов бізге шабуыл жасаған кезде әскери отряд (Дуниковскийдің - Е. Б.) бізге тым жақын. еді, біздің айқайымызды, әсіресе мылтық даусын естуге болатын. Бірақ отряд бізге ешқандай көмек көрсетпеді».420 44 сұлтанның өлуі Орынбор және Батыс Сібір губернаторларының есін шығарып жіберді. Дуниковскийдің рапортына Обручев: «Масқара, ұнамсыз хабар, осындай іс болғанына сену қиын»420 деп бұрыштама жазды. Шілденің жиырма бесінде Дуниковскийдің отряды мен Ахмет Жантөрин жасатының тірі қалғандары Торғайға жақын жердегі Ақкөл көлі маңында генерал-майор Жемчужниковтың сібірлік отрядына қосылды. Бұл кезде Кенесары Талды және Шет-Ырғыз өзендерінің сағаларында қоныстанған ауылдарын Мұғаджар тауларының Батыс беткейіне көшіріп үлгірді. Қоршауға алу жоспары іске аспады. Керек десеңіз, тамыз айының басында Кенесары отряды жау тылына өтіп, Орынбор Шекара Шебі маңынан бір-ақ шықты. Осы жерде олар көтеріліске қосылудан бас тартқан Төртқара және Жағалбайлы руларының билері мен старшындарының ауылдарын талқандады. Ор өзені бойында көшіп-қонған Жағалбайлы руының өзінен 700 жылқы, 3 000 қой және 160 ірі қара айдап әкетілді. Дұшпан тылында жорықта жүріп Кенесары жергілікті қазақтарға үндеу таратты. Бұл үндеуде ол өзінің Орынбор шекара Шебіне шабуыл жасау жоспарын жариялап, қазақтарды өз отрядына қосылуға шақырды. «Әуелі мен Екатеринск станицасын өртеймін, - деп жариялады Кенесары,- сонан кейін Наследник және Атамановск станицаларын жермен жексен етемін, осыдан соң Орынбор мен Троицк шептеріне шығамын»421. Үндеуге жұрт құлақ асып, жергілікті қазақтар Кенесары отрядына қосыла бастады. Тамыз айының ортасында Кенесары күтпеген жердей Екатеринск станицасын қоршауға алды. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы сонша, станицадағы казак әскерлері бірден ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Кенесары отряды станицаның форштарын өртеп, талқандап кетті. Екатеринск станицасына шабуылдың нәтижесінде Кенесары 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 22 найзаны, т.б. қолға түсірді. Коп мал айдап әкетілді. Коллеж тіркеушісі Немчинов өзінің хабарлауында Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына былай деп жазыпты: «Екатеринск станицасының тұрғындары барлық малдарынан, үйлерінен, астықтарынан және әр түрлі мүлкінен айрылып, мүсәпір күйге түсті»420. Кенесары әскерлерінің өз тұрған орындарын тез ауыстыра отырып, шапшаң қимылдауы және қырда булардың соңына түсіп жүрген әскерлердің ту сыртынан шыға келуі өкімет орындарын естен тандыра таң қалдырды. «Бейне бір отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын батыр қарақшы болды той мұның өзі дегендей, артында аңыз қалдырып ол (Кенесары - Е. Б.) ұстатпай кетті».422 Кенесарыға қарсы әрекет етуші отрядтар қайткен күнде де Кенесарының көшін қуып жетіп, көтерілісшілерді талқандаңдар деген қатаң жарлық алды. Ал генерал - майор Жемчужников бүл кезде Кенесарының ордасының қайда екенін білмек тұрсын, оның ауылдарының да қай жерде қоныстанғанынан хабарсыз болатын. Екі отрядқа да Торғайдан Ырғызға қарай жылжуға бұйрық берілген-ді. 25 тамызда генерал-майор Жемчужников өзінің жансыздары арқылы Кенесары ауылдарының қуғыннан жан сауғалап, оңтүстікке, Мұғаджар тауларына көшіп кеткенін біледі. Ұзаққа созылған ауыр жол машақатынан кейін бүкіл әскерімен жау соңына түсу қиын болатынын Жемчужников түсінген. Сондықтан ол таулы жерде соғысуға қабілетті, арнаулы отряд жасақтауды ұйғарды. Мұндай отряд Орынборға қарасты әскерден 280 казактан және сібірлік 170 солдаттан құрылды, олардың екі зеңбірегі болды. Әскери старшын Сычуров командалық еткен өзге отрядтарға Кенесары артымыздан шығып шабуыл жасап жүрмесін деп Шет -Ырғыз бойына барып бекінуді бұйырды. Генерал-майор Жемчужниковтың отряды 22 тамызда Мұғаджар тауына келіп жетті. Осы кезде оған Кенесарының негізгі ауылдары Ембі өзенінің бас жағына өтіп кеткені, қалған ауылдарының.тау шатқалдарына мықтап бекінгені туралы хабар жетті. Осыдан соң Жемчужников онан әрі қуғындаудың мәні жоқ екенін түсініп, кері қайтуға шешім қабылдады. Қыркүйектің бас кезінде Сібір отряды Ұлытауға кетті, ал полковник Дуниковскийдің Орынбор отряды Ырғыз өзенімен құлдилап, Орск қамалына қарай бет алды. Генерал-майор Жемчужников басқарған 1844 жылғы жорық осылайша масқара болып аяқталды. Генерал-майор Жемчужниковтың әскери экспедициясының сәтсіздігі бірқатар себептермен түсіндіріледі. Сол себептердің бірі - дала жағдайында соғыс жүргізуді білмеуі. Жергілікті жағдайды есепке алмастан оперативтік жоспарларда жекелеген отрядтардың жылжу мерзімдері белгіленіп отырды. Сондықтан да кейбір отрядтар келісілген жерге уақытында жете алмады. Генерал-майор Жемчужниковтың басқаруындағы Сібір отряды жорыққа дайын еместігінен тек шілденің басында ғана жолға шыға алған. Әскери старшын Лебедевтің отряды бірнеше күншілік жорықтың нәтижесінде көрсетілген жерге айтылған уақытта жеткенімен, оның Сібір отрядын кездестіре. алмағаны белгілі. Оперативтік жоспарды жүзеге асырудағы бұл секілді келісіп алмаушылық, жорықтың негізгі стратегиялық мақсаты - Торғай маңында Кенесарыға бір мезгілде жан-жақтан соққы беру жоспары орындалмауына әкеліп соқты. Оның үстіне көлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз етілу тұрғысынан алғанда отрядтар далалы жерде ұзақ жол жүруге әзірленбеген болатын. Отрядтар өздерінің қырға жорытын екі-үш айға жоспарлап, соған шамалап, азық-түлік, оқ-дәрі алып шыққан еді. Ал іс жүзінде әскер қырда мамырдан қыркүйектің аяғына дейін болды. Сондықтан азық-түліктің, көліктің тапшылығы отрядтарды үлкен қиыншылыққа ұшыратқаны түсінікті. Ұзаққа созылған ауыр жүрістен аттардың бір бөлігі зорығып қалды. Әскерлерге аттарын ауыстырып міну оңайға түспеген. Патша әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қазақтар да құштар бола қойған жоқ. Штаб бастығы, генерал-майор Озерский былай деп жазды: «Азық - түліктің жетіспеуі, аттардың жүріске жарамауы жорықты жалғастыруға еш мүмкіндік бермейді»420. Отрядтар жүріп өткен жердің бәрінде жергілікті тұрғындардың ашу-ызасы, дұшпандығы байқалды. Жол көрсетуші қазақтар көп жағдайда отрядтарды алдап, адастырып отырды. 1843 жылдың өзінде-ақ әскери старшын Лебедев өзінің хабарлауларының бірінде былай деп көрсетті: «Орынборға жақын жерде, Орданың орта тұсында көшіп-қонған қырғыздардың мойынсұнғанын көремін деген үмітте едім, бірақ өкінішке қарай, булардың адалдығы шалғай шығыстағы қырғыздардың адалдығынан кем болмаса, артық емес».420 Дұшпан қазақ даласынан кеткен соң, Кенесары шекара Шебі бойына көтерілісшілерден шатын отрядтар қалдырып, өзі Мұғаджар тауының арғы бетіндегі Ембі өзеніне құятын Ойлы қала және Аты жақсы өзендері бойында көшіп-қонған оз ауылына кетті. Күз түсісімен Кенесары ауылдары Мұғаджар тауының шығыс беткейіне қайта өтті. Дұшпанның жаңа шабуылын күткен Кенесары алдын ала Мұғаджар тауларына бекініп алды. Кенесары шекара аймағына қалдырған ұсақ партизан отрядтары өне бойы қимыл әрекет үстінде болған-ды. Олар шекарада орналасқан орыс қоныстарының берекесін кетіріп, шаруашылықтарына елеулі нұқсан келтірді. Орынбор Шекара Комиссиясының күнделігінде шекара Шебінде болған оқиғалар күнбе-күн қағазға түсіріліп отырған. Осы жағдайды нақты көрсету үшін мынадай фактілерді келтірейік: 9 тамыз күні белгісіз салт атты бесеу Софинск станицасынан Александровскіге үкімет қағаздарын алып келе жатқан казак Етчисановқа тұтқиылдан тап берген. Барлық құжаттарды тартып алып, салт аттылар тез көзден тайып болған. 1 қыркүйек күні Михайловск станицасының маңында 2 казакқа он бес адам шабуыл жасаған, олардың аттарын, жүктерін тартып алып, тайып тұрған. 10 қыркүйек күні бір топ қазақтар Римник станицасының тұрғындарына шабуыл жасап, малдарын айдап әкеткен. 14 қыркүйек күні қазақтардың шатын отряды Полтава станицасына шабуыл жасады. 21 қыркүйек күні Наследницкая станицасы маңында Ержан Саржанов бастаған қазақтар отряды пайда болды. Қыркүйектің 21-не қараған түні олар Орданың шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны қырға арнайы аттандырған Құлмен Бабаевтың отрядына шабуыл жасады.

21 қазақ күні Наталинская қамалы казактарының малын айдап әкеткен. Көтерілісшілердің осы секілді ұсақ қақтығысулары мен шабуылдарының бәрі шекара Шебінде қатты дүрлігушілік туғызды және дұшпанның едәуір күшіне қол байлау болды. 1844 жылғы соғыс операцияларында Кенесарының әскери өнері айқын көрінген еді. Ол орыс қол басшыларының қателіктерін шеберлікпен пайдаланып, оз отрядтарын қоршаудан аман алып шығып, соған кейін дұшпанға елеулі моральдық соққы беріп отырды. Оқиғалардың одан арғы барысына полковник Дуниковский экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының ерекше маңызы болды. В.А. Потто былай деп жазған: «Экспедицияның бұлай сәтсіз аяқталуы, әлбетте қырғыздардың (яғни қазақтардың - Е.Б.) біздің айбынымызға деген соңғы сенімін жоғалтты, сонымен қатар, сол оқиғалардың қазіргі тарихшыларының бірі «қырғыз Шамилі» деп атаған өздерінің жеңілмейтін ханына қырғыздардың әрі сескене, әрі құрметтей қараушылығын туғызды»34. Бірақ Кенесары 1844 жылдың табыстарына масаттана қойған жоқ. Ол алдағы күрестің ауыр боларын түсіне білді. Оны жақтайтын ауылдардың шаруашылығы құлдырай бастаған. Қазақтар шекара аймағындағы өздерінің шұрайлы жерлерінен айрылып, жайылым тапшылығын көрді. Сонымен бірге малдарының көбін жұт жалмады және ұзаққа созылған әскери жорықтардан өздері де қалжыраған еді. Шекарадағы саудадан қол үзу - күнделікті тұрмысқа қажет заттардың, әсіресе, нанның тапшылығын туғызды. Оның үстіне Қоқан және Хиуа бектері Сырдария даласына таяу мекендеген Кенесары қарамағындағы қазақ руларын тоқтатқан жоқ. 1844 жылдың соңында Кенесарының мәселе көтеруімен Кенесары мен генерал Обручевтің арасында уақытша бітім және тұтқындар алмасу туралы жаңадан келіссөз басталды. Кенесары үкіметтің белгілі бір талаптарына көнуді ұйғарды. Егер күрестің бірінші кезеңінде Кенесары өзінің атасы Абылай хан тұсында орын алған қатынастарды қайта қалпына келтіруді талап етсе және қазақтардың саяси тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығы сақталған жағдайда ғана Ресейдің қорғаушылығына келісетінін білдірсе, ал енді қазіргі қалыптасқан жағдайда патшалы Ресейді қазақ даласынан тайдырта алмайтынына және өзінің бұрынғы вассалдық қатынастарды қалпына келтіруді талап етуінің орындалмайтын іс екеніне көзі жетті. Бұл оның 1844-1845 жылдарда жазылған хаттарынан - ақ көрініп түр. Күрестің жаңа кезеңінде патшалы Ресей қазақтар үшін өмірлік маңызы бар аймақтарға берік орнығып алған кезде, Кенесары енді Қазақстанның басып алынған жерлерін түгел қайтару туралы талап еткен жоқ, тек қана патша үкіметі әлі иелене қоймаған аймақты -Ақтауды, Орал өзеніне дейінгі Есіл - Нұраны қазақтарға қалдыруды сұрады. «Біз бұрынғы бастықтар тұсында басып алынған және дуандар құрылған жерлерді сұрамаймыз,- деп жазды Кенесары,- біздің қазіргі өтінішіміз Ақтау, Есіл - Нұрадан Орал өзеніне дейінгі жерлер алынбаса екен, дуандар құрылмай және қырға отрядтар жебірілмесе екен»423. Сонымен қатар, бұл кезде Кенесары қазақтарды вассалдық тәуелді болу түрінде Ресейдің қорғаушылығы астына алуды талап етпеді, қайта керісінше, қазақтардың патшалы Ресейге бодан болуға айналуы туралы нақты мәселе көтерді. Осыған байланысты Шорман Асатов өзінің Орынбор Комиссиясына жолдаған хабарламасында Кенесарының Тұрлыбек сұлтанға айтқан сөзін келтіреді: «Тұрлыбек князьға жақындау той, Кенесарыны Ресейдің бодандығына алу туралы рұқсат сұрап көрсін, егер Кенесары үшін Ұлытауда дуан құратын болса, ол тынышталады, патша ағзамның барлық бұйрықтарын үнсіз орындайтын болады».424 Бұл туралы Кенесарының өзі Долговқа былай деген: «Ұлытау мен Ақсақалдар аралығындағы жерді менің иелігіме беретін болса, басшылардың барлық талаптарын орындаймын деп ант етуге әзірмін»420. Ал князь Горчаковқа ол былай деп жазды: «Бізге Ұлытау, Сарысу және Үшкемпірден Жыланшық - Тортайға дейінгі жерлерді алып берсеңіз, онда біз ант беруге және оны қандай түрде ұсынылған болса да берік сақтауға дайынбыз, еш уақытта император ағзамға бағынышты халыққа қарсы қару көтермеуге уәде береміз»324. Күрестің жаңа кезеңінде, сыртқы саяси жағдай өзгерген шақта, Ресейге бодандық туралы және өз қол астындағы қазақтардың көшіп-қонған жерлерін сақтау туралы мәселенің осылай қойылуы ол үшін тұйықтан шығудың бірден-бір жолы еді. Бұл кезде көтерілісшілер Қазақстанның орталық аудандарында - Торғайда, Ырғызда, Ұлытауда, Есіл - Нұрада көшіп-қонып жүрген-ді. Бүл жерлерден айрылу олар үшін талқандалумен тең еді. Тек қана жазалаушы экспедициялар шығарумен және қазақ даласына әскер жіберумен таяу арада көтерілісшілердің көзін жоя алмайтынын түсінген үкімет Кенесарының күресті тоқтату және тұтқындар алмасу ұсынысын қабылдады. Түпкілікті келіссөз жүргізу үшін Кенесары ордасына арнаулы елші жіберілмек болды. 1844 жылдың соңында Кенесары ордасына келген Орынбор Шекара Комиссиясының өкілі Баймұхамед Жаманшин (Шектінің ішіндегі Қабақ руынан) Орынбор әскери губернаторы Обручевтің хатын тапсырды. Қайтарында ол орыс тұтқындарын алып қайтуға тиісті болатын. Кенесары оның келгеніне қатты қуанды. Баймұхамед Жаманшин былай деп жазды: «Кенесары менің ауылына келгенімді естісімен өзіне шақыртып алып, қандай хабар алып келгенімді сұрады. «Жақсы хабар» деген едім, «Санәлінің хабарындай емес пе?» - деп күмән келтірді. Ал мен Комиссия төрағасы мырзаның бұйрығын ауызша жеткізген соң, әбден көңіл қоя тыңдаған ол риза болып: «Көрейік егер сен шын айтсаң, хатта да солай жазылған болуы керек» деді. Мен қолына ұстатқан хатты оқып болып, Кенесары Комиссия төрағасы үшін және аса бір қуанышты хабар жеткізген мен үшін құдайға дауыстап ризалық білдірді, сонан соң маған қарап: «Мен осы күнге дейін бірде-бір бастықтан осындай хат алған жоқ едім. Бұл хаттағы сөздердің шындығын мен толық түсінемін және менен не талап етілсе, бәрін де дереу орындауға дайынмын», - деді. Сонан соң ол менен орыстар мені қудаламай ма, олар бұрында мені ренжітпеймін деп уәде берген еді, бірақ сөздерінде тұрмаған деді... Мен жеткізген хабардың шындығына және басшылардың қайрымдылығына толық сенген соң ол былай деді: «Жаңа генералдың ордалықтарға жасаған әділдігі, кең пейілділігі және қамқорлығы туралы қырғыздардың жақсы пікірде екенін көптен білетінмін және де орыс үкіметіне толық бағынуға келісемін»... Мен Кенесарыға келген күні-ақ ол әр ауылға таратылған тұтқындарды жинауға, олардың жолға дайындап мол азық-түлік, киім-кешек, көлікпен қатар, бір үлкен киіз үй беруге, жолдық азыққа 44 қой ала шығуға бұйрық берді... Қайтар кезде мен қоштасу үшін Кенесарыға келдім, екеуіміз құдайға сыйынып алған соң, ол менің қолымнан ұстап тұрып былай дейді: «Менің қолымды қайырымды генералға жеткіз және оған мен оның барлық талабын орындайтынымды, Пайғамбар атынан ант бергенімді айтып бар, бірақ ол мені жылауға мәжбүр етіп жүрмесін, ал мен оны сыйлағандығымнан барлық орыс тұтқындарды босатып отырмын»425. Баймұхамед Жаманшиннің осы сөздерінен көрініп отырғандай, Кенесары бұл жолы өкіметпен түпкілікті келісімге келуге және өзінің өтінішінің орындалатынына сенімді еді. Алайда, осының өзінде, үкіметтің Кенесарыға деген көзқарасы әлі де анық емес болатын. Үкімет Кенесарының коп істерін кешіруге дайын еді. Бұл туралы Орынбор генерал-губернаторы Обручев былай деп жазды: «Қашан Кенесары үкіметке және қол астындағы ордалықтарға қатысты өз міндеттерін толық біліп болмайынша және ол міндеттерді мүлтіксіз орындауға ант бермейінше, оның біздің заңдарымыз мақұлдамайтын, алайда Құранда кешірілетін дәстүрлі қылықтарын үлкен қылмыс ретінде бетіне басып айыптау орынсыз сияқты»420. Алайда өкімет Кенесары оз өтінішінде көрсеткен шектеулі аймақтың өзінде де Қазақ хандығын қалпына келтіруге көне қоймады. XІX ғасырдың 40-жылдарына қарай патшалы Ресей қазақ жеріне әбден ішкерілей енген болатын. Сібір мен Орынбор жақтан созылған бекіністер Шебі Орта жүз ауданында қосылуға тиіс еді. Енді патшалы Ресей алдында Қазақстанды Ресейге қосуды толық аяқтау және оны Орта Азия хандықтары мен Алатау қырғыздарына одан әрі шүйлігетін алаңдарға айналдыру міндеті турды. Бұл тек Орта Азиядағы сауда - саттық мүддесінен ғана туындап қойған жоқ, онымен бірге, Орта Азиядағы ағылшын - орыс бәсекелестігінің күшеюінен де туындаған жоспар еді. Орта Азияда бекініп алмайынша, патшалы Ресей Орталық Азиядағы өз мүддесін қорғай алмайтын.426 Петр І - нің өзі кезінде: «Қырғыз-қайсақ даласы, Орта Азияның есігін ашатын қақпа» депті. Патшалы Ресейдің өз тылында біртүтас жері бар мемлекетті қалдыра алмайтыны түсінікті еді. Ресейдің жері Қазақ даласымен шектескен, сол себепті мемлекеттік шекараны қамтамасыз ету үшін қазақтармен байланысқа түсуге мүдделі болған уақыт әлдеқашан өткен. XІX ғасыр патшалы Ресейдің алдына Орта Азияны уысында ұстаудың жаңа міндеттерін қойған, ал Қазақстан осы жолдағы бір кезең ғана еді. Кенесарымен келіссөз жүргізуден бір жыл бұрын, граф П.Д. Киселевтің Бөкей Ордасындағы баяндамасына Николай І: «Бір патшалықтың ішінде екінші патшалықтың болуы мүмкін емес»427 деп бұрыштама соққан екен, төңірегіндегі жұрт мұны жаттап алыпты. Міне, осы қысқа тұжырым тек Бокей ордасының жұпыны автономиясына ғана емес, сонымен бірге кімнің тарапынан айтылса да тәуелсіздікті аңсаушылықтың бәріне өлім жазасы кесілген үкім сияқты еді. Осындай жағдайда, патша тарапынан осындай үзілді-кесілді нұсқау болып тұрғанда Кенесарының талабы орындалмас қиял ғана болатын. Кенесары мен өкімет арасындағы қатынасқа айқындылық берген султан ордасына келген, шекара Шебі маңындағы қазақтардың қорғаншысы Долговтың елшілігі болатын. Бұл елшілік Кенесары ордасына 1845 жылы 19 ақпанда аттандырылды. Екінші елшілікті Бас штабтың поручигі Герн басқарды. Үкімет Долгов пен Гернді Кенесары ордасына жібере отырып, оларды қайткен күнде де Кенесарыны сөзсіз бағынуға көндіруге міндеттейді. Сонымен қатар, оларға көтерілісшілер мекенін жан-жақты зерттеу тапсырылды. Өте құпия түрде Гернге Ырғыз және Торғай өзендері бойынан, яғни көтерілістің тап ортасынан екі бекініс салуға ыңғайлы жер таңдау жүктелді. Ешбір күдік туғызбау үшін Гернге Кенесары жақтың тұтқындарын алып бару ісі ресми тапсырылған. Елшілік құрамына қазақтардың ауру түрлерін және этнографиясын зерттеу үшін доктор Майдельді қосқан. 1845 жылы сәуір айының бас кезінде 45 күндік жол жүріп, Долговтың елшілігі Кенесары ордасына жетті. Сәл кейін поручик Герн келді, ол тұтқыннан қайтарылған әйелін ала келген еді. Долгов әкелген хаттан Кенесары үкіметтің онымен әсте де тең дәрежеде істес болғысы келмейтініне тағы да көз жеткізді.

Хатта былай деп жазылған: 1. «Орынбор ведомство сының Қырғыз-қайсақ даласын мекендеуші барлық қырғыздары Ресей Империясының ажырамас меншігі болып табылады және әр үйден күмістей 1 сом 50 тиын салық алынады. 2. Орынбор қырғыздарынан зекет жинауға тыйым салынады, себебі олар қазынаға үй басына алынатын ақша төлейді. 3. Ұрлық және ауыр қылмыс жасаушылар Ресей Империясының заңдарымен сотталады. Сонымен бірге, 50 сомнан асатын талап істері Шекара Комиссиясында қаралуы тиіс. 4. Қашқын орыстарды, татарларды, башқұрттарды жасыруға тыйым салынады. Кенесарыға ондай адамдарды дереу Ресейге қайтару ұсынылды. 5. Орыс патшасына адал мойын ұсынған адам болса, Кенесары «Ресей өзіне жау санайтын адамдармен және үкіметтермен қандай да болсын қатынасын үзсін». 6. «Сұлтан мырза сізге, Сіздің туысқандарыңызға және жақтастарыңызға, орталықтардың ешқайсысына да үкімет беретін атақтан басқа ешқандай атақты, дәрежені өз беттеріңізбен иемденуге рұқсат етілмейді».420 Сөйтіп, Кенесарының бірде-бір талабы қанағаттандырмады. Кенесарының: Ырғыз, Торғай, Ұлытау, Сарысу, Есіл - Нұраны менің қазақтарымның қоныс етуіне қалдырыңыз деген өтінішіне Ладыженский: «Өзіңізді жақтаушы қырғыздармен бірге жаз жайлау, қыс қыстауыңыз үшін мен Қара Қоға елді мекенін белгілеймін, бүл айналасындағы төңірегімен көп жер»420 деп жауап берген.

- Долговқа берген нұсқауына Ладыженский былайша қатаң ескерткен: «Кенесарының өзінің жақтастарымен бірге көшіп-қонуына мен бөлген жердің аса ыңғайлы екенін түсіндірерсің, қысқа қарай ол бұл арадан сәл оңтүстікке, ал жазда осы елді мекенге таяп көшуіне болады. Алайда Қарғау және Ырғыз өзендерінің сол жақ жағалауына өтуіне, сондай-ақ Торғайды бойлай және Шет-Ырғыз өзенінен бастап Ырғызды жоғары бойлап көшіп-қонуына рұқсат етілмейді»420.

Өзіне ұсынған кемсіткен шарттарға қорланған Кенесары, өзінің кекесінді жауабын жасауылы Кенже арқылы Долговқа жеткізеді: «Онсыз да өзіміздің ата мекеніміз болып табылатын жерлерді орыстардың бізге сыйға тартуына жол болсын»420. Кенесарыға ешқандай саяси құқық берілмеді. Оған билеуші султандарға қатардағы султан ретінде бағынуға кеңес берілді. Келіссөз жүргізудің пайдасыз екендігіне көзі жеткен Кенесары елшілікпен тікелей кездеспей, күн сайын қоныс ауыстыра отырып, оларды өзімен бірге екі ай көшіп жүруге мәжбүр етті. Долговтың көшіп-қонуды тоқтату туралы талабына Кенесары: малды оттату үшін осылай етпесіме болмайды деп жауап берді. Ісіне сақ Кенесары елшілердің кіммен болсын кездесуіне мүмкіндік қалдырмай, оларды сыртқы дүниемен бөлектеп тастады. Кенесарымен келісімге келуге болмайтынына әбден көзі жеткен Долгов Орынборға қайтуға мәжбүр болды. Қайтар алдында оған Кенесары Орынбор әскери губернаторының атына толық етіп жазылған хат тапсырды. Бұл хатта ол үкімет ұсынған шартты қабылдай алмау себебін көрсеткен еді. Хат былайша аяқталған: «Менің қазақтарым ел қатарлы егіншілікпен айналысып, аң аулап, басқа да бейбіт іспен айналысқанда ғана мен тыныш өмір сүре аламын»420. Долгов пен Герннің елшілігі кері қайтқан соң Кенесары мен үкімет арасындағы хат жазысу тоқтады. Долговтың елшілігі оралғаннан кейін көп кешікпей Ресей үкіметі Кенесары көшіп-қонып жүрген жердің ортасынан екі бекініс салды: бірі - Ырғыз өзенінде, екіншісі - Торғай бойында. Біріншісін «Уральск» деп, екіншісін «Оренбургский» деп атады. Бұл бекіністердің салыну мақсатын Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы былай деп белгіледі: «Бұл бекіністер қай уақытта болса да, Кенесарыға немесе сол тектес бүлікшілер ордалықтар арасында толқу туғызғысы келсе, соларға қарсы батыл қимыл жасауға сенімді тірек болуға тиіс»420. Көтерілісшілер көшіп-қонып жүрген жердің дәл ортасынан бекіністердің салынуы олардың осы аудандардағы күресін қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды соңғы жерлерінен айырған. «Өз көзіммен көргендегі айтпағым, - деп жазды Обручев, -бекіністер ең жақсы, шөбі шүйгін аймақтың қақ ортасынан салынған, ал бұл жерлерге күзде және қыста Орынбор ведомствосы қырғыздарының едәуір бөлігі ауылдарымен, малдарымен келіп қоныстайды».428 Енді патша өкіметінің билігін қолына ұстаушылар өздерінің бекіністерінен қазақ ауылдарына күн сайын шабуыл жасай алатын болды. Кенесары Ырғыз бен Торғайда бекіністердің салынуына қатты наразы болды. Ол: орыс бастықтар «қырғыздардың ең жақсы жерлерін тартып алуда, атап айтқанда, Торғайда, Ырғызда және Ұлытауда бекіністер салуда»420 деп арыз айтты. К. Есенгариннің сөзіне қарағанда, Кенесары Әзірет - Алатау тауының шытыс етегіндегі Қоқы көлі маңына кетуді ойлаған. Егер мұнда да қалу мүмкін болмаса, онда ол жолшыбай Табын руының белгілі батыры Жоламанды өзіне қосып алып, Бұқарға өтіп кетуді жөн көрген. Бекіністер салынған соң көтерілісшілер алыстағы қазақ руларымен байланыс жасай алмай қалды. Сонымен бірге, қуғындаудан сескенген қазақ рулары енді Ырғыз бен Торғай аймағына көшпейтін болды. Көтерілісшілердің жағдайы туралы Кенесарының туысы Сейілхан Орынбор үкімет орындарына берген жауабында былай деді: «Қырға бекіністер салынғанға дейін барлық қырғыздар Кенесары жақтастарымен хабарласып, керек нәрсенің бәрін беретін, ал бекіністердің салынуымен осының бәрі тоқталды. Кенесарының Сібір қырғыздарымен де ешқандай қарым - қатынасы жоқ».429 Ырғыз бен Торғай ауданын тастап кетудің алдында Кенесары Бұқар ханына және алыстағы Адай руларына елшілер жіберіп, көшіп-қонатын жер беруін өтінді, ал Бұқар ханынан зеңбіректер мен шамхалар жіберуін сұрады. Кенесары сондай-ақ 100 жігітке Наурызбайды басшы қылып, Алатау маңын мекендеген (Ұлы жүз) немере атасы султан Рүстем Абылаевқа аттандырды. Кенесары оған «Ырғызда, Торғайда және Ұлытауда бекіністер салынғанын, сол себепті өзінің көшіп-қонуына бұл арада енді қолайлы жер қалмағанын» хабарлап, өзін қол астындағы қазақтарымен қабылдауын өтінді. Рүстем Абылаев елшілерді жақсы қарсы алып, олардың ішінен 50 адамды алып қалды. Ал қалған адамдарға сол Наурызбай бас болып кері қайтуды және Кенесарыға мынадай сәлемін жеткізуді ұсынды: «Менің берер ақылым: құдай әзірше күнәсін кешіріп тұрғанда аталған жерлерді тастап, менің жаныма көшіп келсін».420 Сонымен бірге Кенесары қазақ руларының өкілдерін және өзінің аса көрнекті кеңесшілері мен батырларын жинап үлкен кеңес өткізді. Осы кеңесте күресті онан ары жалғастырудың жоспары жасалынды және қоныс аударуға мүмкін жерлер белгіленді, сондай-ақ көрші мемлекеттерге, атап айтқанда, Қытайға қолдауларын өтініп, сөз салу ұйғарылды. Осы жайында Орынбор Шекара Комиссиясына билеуші сұлтан Ахмет Жантөрин үзіп-жұлып хабар жеткізді. Ол былай деп жазды: «Ресейден қауіптенгендіктен, әйтеуір ерте ме, кеш пе, өзін ұстайтынын біліп, ол жасырынуға болатын ыңғайлы жер табу үшін өзінің ордалықтарымен кеңесті». Біршама нақты мәліметтер Көшімбет Балықов (Иман батырдың жиені) және Досан Қарабаевтың әңгімесінде бар.430 «Кенесары шақырған кеңеске әр түрлі рулардың өкілдері жиналды, атап айтқанда, кеңеске мына адамдар қатысты: «Бегімбет руынан - Иман, Тәуке батыр, Арғынның Төлек тармағынан - Жәуке батыр, Қарауыл руынан - Баубек, Керей руынан - Қошқарбай батыр, Төртқара руынан - Байгелді және Әйгер, Берді руынан - Сүгірбай. Осы кеңесте төрағалық еткен Кенесары жиналған батырларға қырға ішкерілей көшіп кету қажеттігін айтты. Бұған Қошқарбай батыр: «Атта жал, адамда - қам жоқ, жылы орынды суытып, қыс ішінде қайда көшпекпіз» - деп жауап берген. Сонда Иман батыр орнынан атып тұрып, Қошқарбай батырға қарап былай деген: «Қолына қылыш ұстамаған, үйінен аттап шықпаған, момын халыққа басшы болуды қолға алған Кенесарыны қолдаудың орнына, Қошқарбай, сен басқа түскен істің тауқыметіне шыдамай, өзің ойлап тапқан қиыншылықтарды адамдардың басына үйіп - төккенің қалай? Жағадан алып жатқан жауға қарсы күрес -халықтың қамын ойлау емес пе?».431

Кеңесте Торғай мен Ырғыз ауданын тастап кету туралы шешім қабылданды. Кенесарының Сарыарқадан кетуі көтерілісшілер үшін ауыр қайғы болды. Солардың бірі -Досқожа ақын көтерілісшілердің налуын былайша суреттейді:

Бу қоныстан кеткен соң
Көреміз бе Есілдің
Көкорай тартқан өзенін?!.
Артымда қалып барасың,

Көгеріп жатқан өзенім.
Өзеннің бойын бос қойып,
Сыртқы көгін жегенім.
Күр атыма теңелген

Жазғы мінген көбеңім.
Қонысым қолда тұрғанда
Болашақ еді дегенім,
Ат мініп, жарақ асынған

Сағынар мырза өз елін432.

Кенесарымен бірге Тәуке батыр, Иман, Жәуке батыр, Төлебай және басқалар кетті. Торғай мен Ырғыз аймағынан бірінші көшкен Иман батыр бастаған Бегімбет руы болды. Ұлы жүз аймағына қоныс аударған кезінде Кенесары Қоқан хандығымен күресті жалғастыруды, сөйтіп оның қол астындағы қазақ руларын өз жағына шығарып алуды ұйғарды.

9-тарау

КЕНЕСАРЫ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ

Енді Кенесары хандығының саяси құрылысын қарастырайық. Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға арналып қолданған шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты болды. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл шаралар негізінен XІX ғасырдың 40-жылдарының бастапқы кезеңіне жатады. Қазақтарды біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей патша өкіметіне және Орта Азия хандықтарына қарсы ойдағыдай күресуге болмайтынын Кенесары түсінген. Қазақтардың түбіне жететін олардың бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы және барымта деп ол талай рет ескерткен. Хорунжий Жаңбыршин Балгожата433 жазған хатында Кенесары орталықтандырылған мемлекет туралы оз ойын ашық айтады:

Ойда Қоқан, қырда орыс,
Хакім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей
Біздің қазақ баласы,

Алдырып жүрген дұшпанға
Өзі - өзінің аласы69.

Нысанбай ақын да өзінің дастанында рулық араздықтың, барымтаның және бірліктің болмауының зияндығы туралы жырлаған.

Бірлік болса біздерде,
Кім мазалар бұл қазақтың баласын?69

Рулық араздық қазақ қоғамын бөлшектеп жіберген. Мысалы, Шекара Шебі маңында көшіп-қонған Шөмекей және Төртқара руларының «өз бетімен ауа жайылған» қазақтары Жағалбайлы руының қазақтарымен жауласса, ал соңғысы Қыпшақ және Жаппас руларымен жанжалдасуда еді. Араздықтың басты себебі жайылым үшін талас. Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ қоғамының өндірістік қатынастарын феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметін өзгерте қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түскен. Ол қазақ жерін өз хандығының меншігі деп қарап, бұл ойын бірнеше рет атап айтқан. Кенесары Герн арқылы үкіметтен өзінің «ата-бабасынан қалған жері»434 Ұлытауды қайтарып беруді талап етті. Өзінің бір хатында ол былай деп жазды: «Әкеміз Абылайдың мұраға қалған жерімізге қаптата бекініс салынды».420 «Сіздер, - деді ол Горчаковқа арналған бір хатында, - атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар».435 Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. «Абылай қазақ ордаларының ханы болды, - деп мәлімдеді ол. - Сондықтан бұлар соның меншігі»436. Ол «қазақ халқын орыс езгісінен азат етемін» деп уәде берді, «себебі барлық қазақтар атам Абылай ханнан өреді»436. Рулық қоныстарды бөлудің феодалдық тәртібіне сай ол көбінесе ең жақсы жайылымдарды өзіне алып отырды. Орыс жансыздарының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары «шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан» қоңды көрінеді, ал оның қарамағындағы ауылдардың малы жақсы жайылымдардың тапшылығынан «арық - тұрық» сида32. Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде оң нәтиже берген бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқы күштерінің бірігуіне, Қазақ мемлекеттілігінің күшеюіне алып келді. Тек бір есте ұстайтын жәйт, осы реформалардың бәрі феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған, ол кезде басқаша болуы мүмкін де емес еді. Кенесары тұсындағы хан билігінің әлеуметтік негізін билердің орта тобы мен төре тұқымына жатпайтын феодалдар, батырлар құрады. Кенесарының қарамағындағы батырлары көтерілісте ерекше рол атқарумен қатар, қазақтардың феодалдық мемлекетін құруда да белсенділік көрсеткенін атап өтуіміз керек. Батырлардың Хан Кеңесінде басым көпшілік болғанын айтпағанның өзінде, олардың көпшілігі хандықтағы жеке істерді басқарды. Қазақтың біртұтас мемлекетін құруға негізінен феодалдардың орта тобы мүдделі болды, олар бұл іске өздерін аман алып қалатын шара ретінде қарады. Ал ірі ру феодалдары біртұтас мемлекеттің құрылуына қарсы болды, себебі орталықтандыру олардың дербестігінің соңы еді. Кенесарының қайта құрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Әуелі мемлекеттік аппаратты құру ісіне тоқталып өтейік. Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі турды. Оның жанында ең жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның кейбір туыстарынан құрылған Кеңес жұмыс істеді. Хан Кеңесі - кеңесуші орган ғана болды; билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отырған Ақсақалдар Кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшелік еді. Кенесары Хан Кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сеніміне бөленген азаматтар ғана мүше болды. Мәселен оның інісі Наурызбай батыр, Ағыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би Шоқпар Бақтыбаев, Сайдақ қожа Оспанов т.б. Хан Кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының аса маңызды мәселелері қаралды. Кеңес бар уақытта Кенесары пікірімен есептесіп отырды. «Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең батыл және ең ақылды хандардың бірі деп есептеді»437. Кенесары мемлекетті сот, елшілік, қаржы, әскери іспен және азық-түлік жинау мәселелерімен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды. Мұның өзінде де Кенесарының мемлекеттік басқаруы әлі де болса толық сараланып бола қойған жоқ еді. Елшілік келіссөзді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбаев, Есенгелді Саржанов, Сайдаққожа Оспанов және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді. Олар қырғыздармен, Қытаймен және патша әкімшілігімен болған келіссөздердің барлығына қатысты. Кейіннен Пермьге жер аударылған Әлім Жагудин туралы 1859 жылы жазған еңбегінде И. Завалишин оны Кенесарының белсенді кеңесшісі және елшісі деп атап көрсетті.5 Поручик Герн Кенесарының елшілерді қабылдау рәсімін былай суреттейді: «Орынбор Шебінің орыс чиновнигі қасындағы серіктерімен Кенесары ауылдарына жақындаған кезде, - деп жазды Герн, - Кенесары чиновникке; султан Кәрібайға және басқаларына арнап, үш киіз үйді оз ауылынан екі шақырымдай жерге тіккізді, сол уақыттан бастап оларға азаттықтарға тән ең жақсы тағамдар тартыла бастады».420 Екінші бір құжатта елшінің алдына бару тәртібі суреттелген. «Герн Кенесарының ауылына келісімен сый-құрметпен қабылданды және ертеңіне Кенесары отан 100 құрметті жасауылдан туратын өкілдік жіберді, оның ішінде султандар - Наурызбай мен Құдайменді болды. Бұл өкілдік, Герннің түсінігінше, оған бас иіп, сәлемдесуге келгендер»420. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбайға, Әбілжапарға, Қажыбай, Шақғазыға, молда Арғынбайға және Бұқар иелігіндегі барлық көпестерге ескертемін, зекет жинау үшін султан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдұлсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер»438. Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық сот істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Сот ісін жүргізу тәртібін Кенесарының жеке рубасыларына берген нұсқауларынан байқауға болады. «Сіздерге белгілі болсын, сіздердің араларыңыздағы ұрыс-керіс пен жанжалды қарау, адам өлімі мәселесін де шешу Сейілхан султан мен Шоқпар биге тапсырылған. Олардың қолдарында осы істерді жүргізуге руқсат берілген жарлық бар».438 Ірі текті феодалдардың малы мен мүлкін мемлекет қарамағына тартып алу ісін Кенесарының әпкесі Бопай басқарды. Көтерілісшілерге көмектесуден бас тартқан ірі феодалдардың мал-мүлкі тартып алынып отырды. Күшпен тартып алардан бұрын, мал-мүлік иелері алдын ала хабарландырылып отырған. Архив деректері жергілікті жерлердегі билікті «Кенесары эмиссарлары» деп аталған жасауылдардың жүргізгенін айғақтайды. Кенесары жасауылдары әр руға бекітіліп қойылды. Олар алым-салық жинау барысын, жоғарғы өкімет шешімдерінің орындалуын бақылап, көшіп-қону аудандарын белгіледі және Кенесарыға қосылған рулардың көңіл күйін бақылады т. б. Олар ауыл-ауылға Кенесары үндеулерін таратып, халықты көтеріліске шақырды. Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер де пайдаланылды, оларға әдетте кең құқық берілетін. Өзінің жауабында төлеңгіт Алданазар Жантаев былай хабарлайды: «Кенесарының төлеңгіті болғандығымнан мен өзім қалаған үйге кедергісіз қонып, керек кезінде, көлікті де пайдалана алдым, өткен күзде барлық бағаналылықтардың Кенесарыға өз еріктерімен зекет төлеуі осының айғағы»438. Кенесары иеленген аймақта оның айтқандары бұлжытпай орындалды. «Кенесары жақтастарының арасында қатаң тәртіп сақталған. Қорыққандықтан барлық бұйрықтар бұлжытпай орындалады, ал егер кімде-кім қашқақтаса немесе қателессе ондай адамның басына қылышпен бір немесе екі рет ұрып жазалап отырған»438. Сөйтіп, Кенесары тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік т. б.) ие болды. Кенесарының мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталықтануына белгілі бір дәрежеде игі әсер етті. Сот-құқықтық реформаның мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді. Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен ізашарларының ісін жалғастыра білді. Сондай ізашарлардың бірі тарихта әдеттегі құқық жинағы «Жеті жарғының» авторы ретінде белгілі, ірі сот реформаторы Тәуке хан (1680-1718 жылдар) еді. Тәуке заңдары өзі құрған мемлекетті нығайтуға бағытталған-ды. Әдеттегі құқық нормаларын дамушы феодалдық қатынастар талабына сай бейімдей отырып, ол ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке султандар мен старшындардың дербестігін шектеді. Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол сот билігін толық оз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша, сот құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша елеулі соққы берілді. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға, Кенесарының заң шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған Арынғазы султан болды (1815-1821). Оның реформаторлық қызметі Тәуке ханға қарағанда басқаша сипатталатын. Соған қарамастан Арынғазының сот ісін құру қызметі хан билігін нығайтуға арналған еді. Оның біріктіруші саясаты феодалдық негізде құрылды. Арынғазы ру шонжарлары - билердің сот құқығын шектеді. Рулар арасындағы дау-жанжал ол тағайындаған қазы арқылы шешілетін болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметіндегі бір жаңалық - ол сот ісін қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша емес, шариғат дәстүрі бойынша жүргізу. Бұл сөзсіз түрде оң қадам және қазақтардың құқықтық қатынастарының дамуындағы белгілі бір кезең болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметі туралы Мейендорф былай деп жазды: «Өзіне халық ықыласын аудару үшін әділ сот жүргізуде, бірақ ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін бейтаныс Мухаммед заңдары бойынша жүргізді»439. Кенесарының қызметінде қазақтардың әдеттегі құқығын тура жоққа шығару байқалмаса да, оны бар уақытта қолдана қойған жоқ. Бұл жатынан оның Арынғазымен ұқсастығы көп еді. Сот құқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді. Өзінің заң шаруашылық қызметін Кенесары әдеттегі құқықтарға өзгерістер енгізуден бастады, ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдар қолына берді. Мысалы, ол Төртқара руының құрметті билері етіп Байтен Бекмырзаев пен Қазанғап Өтебасовты бекітті. Шөмекей руында «би атағын Тағбан Мәмбетбаев алды.440 Қызметін жеке ісіне пайдаланған билерді Кенесары дереу орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған және оларға «граф» атағын берген. Кенесары ордасында болып қайтқан хорунжий Құсияпғали Орманов Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал-майор Ладыженскийге: Кенесары шөмекейліктердің құрметті биі етіп, граф ататын қоса беріп, Өтетілеу Кетебаевты тағайындады деп жазған. Құсияпғали Орманов хатының соңында былай дейді: «Кенесары жоғарыда есімдері аталған билерге «графтарға» деп хат жазған, ол ол ма Кенесарының әйелі де менің молдам арқылы хат жолдап, әлгілерді «графтар» деген».420 Рулар арасындағы аса маңызды сот істерін, сондай-ақ өзінің қол астынан тыс жерлердегі рулардың буларға талап қойған шағымдарын Кенесары тікелей өзі қарады немесе сол жерлерге арнайы жасауыл жіберіп қараттырды. Талап қойылған сот ісін қарауды негізінен үш топқа бөлуге болады: 1) Кенесарының қарауындағы рулардың барымта және адам өліміне байланысты қаралатын сот істері; 2) Кенесарыға бағынышты емес рулардың арыздары қаралатын сот істері, олар бутан жиі арызданатын; 3) Кенесарыға қарасты қазақтар мен патша болыстары арасындағы дауды шешетін сот ісі.

Осы топтардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.

Рулар арасындағы жанжалды қарағанда, Кенесары араздықты тоқтатуға және өзінің жақтастарының арасында бірлікті сақтауға тырысты. Ол өзінің қарамағындағы қазақтардың малын рұқсатсыз тартып алуға қатаң тыйым салды және тартып алынған жағдайда малды бірден қайтарып беріп отырды. Өзінің атасы Көшек султаннан ол айдап әкеткен жылқыны бір құлынын да қалдырмай қайтаруды талап етті және оған «өзінің барымталауға, тонауға келмегенін, қазақ халқын орыс езгісінен құтқару үшін келгенін»436 айтты. Кенесарыға қарасты қазақтар өздерінің жанжалдарын шешуді өтініп, оған жиі келетін болған. Мысалы, Арғын руының өкілдері Мыңбай, Талпақ, Байман Кенесарыға қыпшақтардың үстінен арыз айтып келеді, сонда ол өзінің жасауылдары Масақ пен Қажауға «сұраушыларды ертіп, бағаналы - қыпшақтарға баруды, арғындардың арызын сөзсіз қанағаттандыруды»420 бұйырады. Жасауылдар Арғын руының өкілдерімен қыпшақтар ауылына келіп, билермен бірге істі қарап, арғындардың арызын қанағаттандырады. Осылайша Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым үшін болатын жанжалдарды өршітпей, екі жақты бітістіріп отыруға барынша тырысып баққан. Халық ауызында сақталған «Бұқарбай батыр әңгімесінде» Кенесарының осы саясатының айқын айғағын көреміз. «Бұл кезеңде, - деп еске алады Бұқарбай, - біз, Кенесары батырлары, күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне «Қызыңды кімге бересің?» дегенімізде, ол «қалыңмалсыз ешкімге де бермеймін» және де «сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар» деді. Бұл сөзге шамданған біз «оның қызын тартып алып, малын айдап әкетейік» деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: «Бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба бұл. Егер сендерге қалындық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзіміздің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін»441 деді. Кейде өздерінің, даулы мәселелерін шешуді өтініп, Кенесарыға оның қол астынан сырт жерлердегі рулардың қазақтары да келетін болған, ал Кенесары олардың мәселесін қараудан ешуақытта бас тартпаған. Мысалы, төлеңгіт Есқара Қосқадамов былай деп көрсетеді: «Алшындар Кенесарыға келіп, ерте уақыттардан бері араздасып келген Бағаналы руымен татуластыруды өтінді. Кенесары бутан келісіп, әз атынан Қадыр биге, Жүзен биге және Басалқа сұлтанға хат жіберді»435. Оған алыстағы Адай және Шекті руларының өкілдері де жиі келіп отырған. Мысалы, Көтібар батыр балалары Дәрібай және Есетпен келіп, төртқаралықтармен «ертеден келе жатқан жер дауын» шешуді өтінеді. Кенесары «одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен ескі дау»420 болуы себепті мұны құп көрмеді. Кенесары оларға төртқаралықтармен татуласуды ұсынған еді, бірақ бұлар келіспей, өкпелеп әз ауылына қайтып кетті. Соңғы мәселе - ол Кенесары жақтастары мен империяға «адал берілген» билерге қарасты ауылдар арасындағы сот істері. Мұндай жанжалдарды көп жағдайда өздерінің бодауындағы қазақтарды Кенесары қарамағындағы ауылдардың малдарын барымталауға айдап салып, патша тыңшылары туғызатын. Бұл секілді жанжалдарды басу үшін Кенесары өз жақтастарының малын барымталаған руларға өзінің өкілін жіберіп отырды. Егер будан нәтиже шықпаса, Кенесары билеуші султандарға соз салып, осы дауды шешуді өтінетін. Ал егер бұл да табысты болмаса, Орынбор Шекара Комиссиясына немесе тікелей губернаторға мағлұмдама хат жолдап, билеуші сұлтандардың бұл істі шегінуге пайдасы болмағанын түсіндіретін. Дәлеліміз нақты болу үшін, оның хатынан бірнеше үзінді келтірейік: «Назар руының қазақтары менің көп жылқымды айдап әкетті, сәл уақыт өткен соң мен біраз арғындарды ертіп, өзара дауды бітістіру үшін соларға бардым, бірақ олар бізбен төбелесіп, көп адамымызды өлтіріп, көбін тұтқындады».420 Басқа бір хатында: «Тілеуқабақ және Қарабас руларының қазақтары бізді жыл сайын мазалауда. Біз оларға адамдарымызды жіберіп жылқымызды айдап кеткен істерін қарағымыз келіп еді, бірақ олар мүлде бет бақтырмай қойды. Бұл туралы билеуші сұлтандарға айтып едік, олар да біздің өтінішімізге көңіл аудармады»442 - деп жазды. Орынбор әскери губернаторы генерал Обручевке хатында Кенесары былай деп жазды: «Тілеуқабақ, Назар, Шүрек рулары өздерінің бұрынғы жауыздықтарын қайталап, бастапқыда Жағалбайлы руының бірнеше ауылдарын тонап, малдарын айдап кетті, сонан соң төртқаралықтардың жеті рет жылқысын айдап әкетті және үш рет ауылдарын тонады, ал шөмекейліктердің тоғыз рет малын ұрлады»440. Өкінішке қарай, Кенесары сот ісін қарағаны үшін ханлық (хан үлесі) алған - алмағанын білу қиын болды. Екінші бір анықтай алмаған нәрсеміз - құн мен айып жүйесіне Кенесары қаншалықты өзгеріс енгізгені. Құн мәселесі жөнінде біз архивтерден бір ғана көңіл аударарлық құжат таптық. Феодал құлдарының ешқандай құқығы болмағаны белгілі, тіпті иесі өлтіргені үшін де жауап бермеген. Белгілі феодал Сейтен би Азнабаевтың есігінде Тілеген Кенетаев 20 жылдай құлдықта болды. Қашпақшы болған әрекеті үшін Азнабаев оның анасы мен қарындасын өз үйлерінде өртеп жіберді және Кенесарыдан өз құлын өлтіруге руқсат сұрады, «Кенесары оны өлтіруге рұқсат етпеді, қайта оның ұзақ жыл еңбегі үшін 40 ұрғашы құнан немесе 20 құлынды бие беруді, әрі Сейтен отқа өртеген анасы мен қарындасының құнын төлеп, өзіне бостандық беруге бұйырды».443 Келтірген үзінді құл Тілеген Кенетаевтің жауабынан алынды, оны бұл Кенесарының өз аузынан естіген. Бұл мәліметтерден біз Кенесарының құн төлеуді сақтап қана қоймай оны құлдарға да қатысты еткенін көреміз. Жалғыз осы фактіден бұл мәселе бойынша түйін түю қиын. Тек атап өтетін нәрсе, архивтердегі барлық деректерден білетініміз -Кенесарының өзінде және жалпы көтерілісшілер арасында құл деген болмаған. Кенесарының құлды еркіндікке босату туралы және оған басы бос қазақ құқығын (құн, төлеу) беру туралы шешімі аса көңіл аударарлық. Кенесарының мұндай шешім қабылдауына патша өкіметінің Қазақстандағы құлдыққа қарсы саясаты эсер еткен болуы да мүмкін. Қазақ руларының сотқа жүгінгендегі негізгі дауы - барымта мен ру араздығына Кенесарының қалай қарағаны айтуға тұрарлық. Кенесары жақтастарының кейбіреуінің жауабынан және патша жансыздарының көрсетіндісінен біз Кенесарының барымтаға жаны қас болғанын білеміз. Мысалы, Кенесары тобының Дәнекерлеп тергеуде былай деп жауап берген: «Кенесарымен бірге көшіп-қонамын, бірақ ол тонауға руқсат етпеді, алайда біз, жолдасым екеуміз өзіміз кеттік».420 Кенесары барып қайтқан Қанжығалы болысынан биі Ноғар Таймасов өзінің жауабында былай деп хабарлайды: «Оның рұқсатынсыз жылқы айдап әкетіліпті, бірақ ол мұндай істі қолдамады және кінәлілерден айып алды, ал жоқ іздеп келген адамға 40 жылқысын қайтарды.420 Мынадай тағы бір оқиға болған. Кенесарының жасауылы Дүйсенбай бес жолдасымен Арғын руына барып, бізді Кенесары жіберді дейді де, «таңдаулы аттарымен, соның ішінде биелермен зекет төлесін» деген Кенесарының ауызша бұйрығын жеткізеді. Кенесарыдан келгені рас па, өтірік пе, соны тексергенде Кенесарының ондай бұйрық бермегені анықталған. Осы жағдайды естіген Кенесары Сейілханды Арғын руына жіберіп «Дүйсенбайдың талабы орынсыз екендігін, сол үшін Дүйсенбай мен оның жолдастары бастарына қылышпен ұрып жазаланатынын»440 жеткізуді тапсырды. Кенесарының барымтаға деген көзқарасын оның Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына жазған хатынан да байқауға болады. Онда ол Шүрен, Тілеуқабақ және Назар руларының малын барымталады деп көрсеткен султандар хатының өтірік екендігін дәлелдеді. Кенесары былай деп жазды: «Қазір біз Назар, Шүрен, Тілеуқабақ руларымен аразбыз, сондықтан олар бастықтарға біздің үстімізден арыз жазып, қаралағысы келеді. Олардың бұл қылығын естіп мен қатты қиналдым. Жоғары мәртебелі тақсыр, егер мүмкін болса, бізге бір сенімді адам жіберсеңіз, ол аталған рулардың басты билерін және бізді жинап, ісімізді қараса, егер біз олардың жалғыз тайын болса да ұрлап, кінәлі болсақ, онда бізді жер бастырып жүргізбей-ақ қойыңыз».324 Кенесары қызметін бақылаған үкімет орындары да оның барымтаны тоқтату туралы шешіміне көңіл аударды. «Кенесары оз жағындағы қырғыздарға барымтаны, ұрлықты тоқтатуға және тыныш өмір сүруге бұйрық берді, сонан кейін оның көшіп-қонған жерінде тыныштық орнады»438. Барымтаға байланысты пайда болатын руаралық жанжалды Кенесары қалай да шешуге тырысты, мысалы, ол Шөмекей және Төртқара руларының арасында барымтаның тыйылуына қол жеткізді. Осы жағдайға байланысты әскери старшын Лебедев былай деп жазды: «Кенесары аталған рулармен достасып алды және оларға барымтаны доғару жөнінде жақсы кеңес беруде».420 Осының бәрі Кенесарының барымтаға теріс қарағанын көрсетеді. Алайда бұл Кенесары жақтастарының кейде өз еркімен мал барымталап отырғанын жоққа шығармайды. Бүл арада көтеріліске қатысудан бас тартқан және материалдық көмек көрсеткісі келмеген ірі феодалдардың мал-мүлкін тартып алуды барымтамен шатастырмау керек. Кенесарыға барымталанған малды қайтаруды өтініп, оған қарсы билер де келіп тұрған. Мысалы, 1842 жылы Арғын руының ру басшысы, белгілі Шеген Мусиннің малын Сібір мекемесіне бағынышты Бағаналы руының қазақтары айдап әкетеді, ал кейін сол мал Кенесары жақтастарының қолына түседі. Мұны естіп-білген Шеген Мусин қолға түскен малды қайтаруды өтініп, Кенесарыға өз баласы Қазыбекті жібереді. Кенесарының бұйрығы бойынша, «Қазыбекке олардан айдалып кетілген жылқылардың бәрі дерлік қайтарылды».420 Кенесары жауласушы руларды татуластыруға ерекше мән берді. Ол ру араздығы мен өзара жауласуды тоқтатпайынша, мемлекет бірлігін қамтамасыз етуге болмайтынын түсінген. Кенесары хан сайланған күні - ақ барымтаны тоқтатуды және жауласушы рулардың татуласуын бірінші кезекте талап етті. «Кенесары оларды өзара татуластыруға тырысуда... оның ауылына жиылған арғындар өзара татуласуға және Кенесарыны хан сайлауға келісті».420 Өзінің жансыздарының хабарларына әрқашан күдіктене қарайтын билеуші сұлтан Ахмет Жантөрин Лебедевке былай деп жазды: «Кенесары бейбіт көшіп-қонған казак тайпалары Шөмекей, Төртқара және Шекті руларымен достасып алған, оның ақылына құлақ асқан аталмыш рулар барымтаны қойғаны өз алдына, сонымен бірге бұрын өздері, айдап әкеткен малдарды иелеріне қайтарып берген».313 Кенесары қызметінің осы жағына үкімет ерекше маңыз берді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Генстің хаты осыны көрсетеді: «Жаман жағы, оның (Кенесарының - Е.Б.) татуластырушы, жарлық беруші рөлін орындауға кірісуі, яғни ол орда басшысына айналған, ал осылайша табысты қимылдаған сайын жақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейеді де, бізге соншама қауіпті бола түседі».31 Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Кенесарының қызметі рулық араздықты жоюға және қазақтардың әдеттегі құқығына елеулі өзгерістер енгізу нәтижесінде оны жалпы мемлекеттік құқық дәрежесіне көтеруге көмектесті деуге болады. Ал жауласушы руларды бітімге келтіру феодалдық алауыздықтың тыйылуына жеткізді. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Бүл феодалдық алымды мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұқар хандарына салық төлеуден және орыс өкіметіне түтін салығын төлеуден, әлбетте, құтылған еді444. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне эсер етті. Алайда соғыс уақытының талабы Кенесарыны хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермеледі, ал бүл оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен қатар ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретіндегі сыйлықтар алып отырды. Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды.420 Көптеген Кенесары жақтастарының жауабы және патша жансыздарының көрсетіндісі осы өлшемді растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару - жарақ, ер-тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге жұмсалды.

Ауыл басынан алынатын ерекше алым туралы көптеген куәгерлер әңгімелейді. Мысалы, арғын Даңғар Надырбеков тергеу кезінде Кенесары жасауылы Сейілханның басқаруымен салық жинауға бөлінген 20 шақты адамның құрамында болғандығын, «Қыпшақ руының 2 ауылынан бір-бір жылқыдан салық алғанына қатысқанын» айтқан420. Жаппас руының қазағы Иманқұл Сарыбаев Орынбор Шекара Комиссиясына берген көрсетуінде, өзінің Арғын руында болған кезінде, Кенесарының 130 төлеңгіті «әр ауылдан бір жылқы, бір шапаннан зекет жинауға келгенін» хабарлайды.440 «Зекет» термині бұл жерде дұрыс қолданылмаған сияқты. Өйткені, зекет ешқашан ауыл басына шағылып алынбаған. Алайда, Кенесары қоқандықтар мен хиуалықтар сияқты жан басы және үй басы салығын енгізген жоқ. Архивтік құжаттардан зекетпен қатар қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін жылу жинап отырғанын байқаймыз. Мұндай «ерікті жәрдем» шын мәнінде қосымша салық болды және о сындай «жәрдемдер» жиі жиналып отырған. Мысалы, «Кіші орда қазақтары Кенесарыға коп мөлшерде ұн әкеліп отырды».324 Урядник Лобановтың хабарына қарағанда, «хиуалық және орынборлық алшындар Кенесарымен байланыс жасап, оны хан санаған, оған астық және мал беріп отырған».324 Екінші бір құжатта Бағаналы руының қазақтары Кенесарыға «ең жақсы 30 семіз бие» сыйға тартқаны хабарланады.420 Кенесары өзінің бір хатында: «бізден азық-түлік ал деп тінәлі - қарпықтардың өздері маған ұсыныс жасады» дейді.436 Зекетпен қатар «ұшыр» салығы да жиналды. «Ұшырды» тек егіншілікпен айналысатын рулар тана төледі. Олар салық жинаушыларға қырмандағы астықтың 1/10 бөлігін беріп отырды. Бұл уақытта Кенесары жақтастарының біршама бөлігі Сырдария, Сарысу, Іле өзендері жағалауларында, Ырғыз бен Торғай өзендерінің тармақтары бойында егіншілікпен айналысқан. Барлық жиналған салық әдетте жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды. Жалпы алғанда, Кенесары салықтарының ауыртпалығы арта түсті, бірақ Кенесарының салық саясаты өзі құрған мемлекеттің нығайтуына көмектесті. Бұрын әрбір ру феодалы салық жинай алатын, мұның өзі мемлекеттік биліктің әлсіздігінің басты себептерінің бірі болған еді. Ал, енді салықты тек жоғарғы өкімет қана жинай алды және ол өкіметтің материалдық жағдайын нығайтып қана қоймай, қазақ мемлекетінің беріктігін күшейтті. Әскери күшті ұйымдастыруда, Кенесары өзінің алдындағы дәуірмен салыстырғанда, ешқандай түбегейлі жаңалық енгізе қойған жоқ. Соған қарамастан, әскери күштерді ұйымдастырудағы оның кейбір жаңалықтары көңіл аударарлық. Кенесары жиырма мың жігіттен туратын армия құрды. Оның ұйтқысы батырлар бастаған жасақтар мен төлеңгіттер болды. Ерекше қауіп төнген кездерде Кенесары маңына жасақшы жігіттер жиналатын болған. Әскер басында Кенесарының өзі турды. Ал, оның аға - інілері мен жақын достары әскери кеңес құрды. Оның құрамында Кенесарының жақын серіктері - інісі Наурызбай, Сайдақ қожа Оспанов, Кенже, Таймас Бектасов, Жеке батыр, Ағыбай батыр, Жоламан Тіленшиев және т.б. болды. Әскери кеңесте соғыс жоспарлары жасалып, үлкен жорықтар алдындағы жауапты шешімдер қаралатын. Іс жүргізу жағын ұзақ уақыт Бұқарда тұрған өзбек Сайдақ қожа басқарды. Оның жауынгерлері жорық шатырымен және азық - түлікпен әруақытта қамтамасыз етіліп отырды. Тіпті Кенесарының әскермен бірге жүріп, азық-түлік сататын Орскілік екі көпесі - Құсаин және Мұса Бұрнаевтар болды. Әскер жүріп өтетін жолда алдын ала жасақтар тынығуға тоқтайтын, керек кезінде аттарын ауыстыратын және азық-түлік пен жем алатын қоныстар дайындалатын. Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Көтеріліске қатысқан қазақтардың бірі - Әбілғазы патша түрмесінде отырып, Кенесарыға хат жазған екен, онда ол кейбір жолдастарын қызметтегі атағымен «жүзбасы», «мыңбасы» деп атаган420. Солармен қатар, асқан мергендерден құрылған ерекше отряд бастығы «мерген басы» қызметі болды. Бүл отрядқа өз қаруын меңгерген, «құралайды көзге атқан» мерген жігіттер кірді. Айта кететін нәрсе, әскердің осындай басқару тәртібі ортаазиялық мемлекеттерде Шыңғыс хан заманынан бері қалмай келген. Мұндай жүйенің өміршеңдігі далалық жерлердегі соғыстың сипатына және әскери қимылдарды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Кенесары әскери іске жүйелі түрде үйретуді алғаш рет жолға қойды. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Орынбор Шекара Комиссиясына берген жауабында би Шоқпар Бақтыбаев: «200 адам қару қолдануды және жаяу соғыс жүргізуді үйренуде»438,- деп атап көрсетті. Көтерілісшілерді әскери іске көтеріліске қосылған қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйретті. Құсмұрын приказы Уақ болысының қазағы Бегалиннің көрсетуінде былай делінген: «Кенесары ауылындағы орыстар мен башқұрттар оның жақтастарын зеңбіректен атуға, сап түзеуге солдат әдістеріне үйретуде».438 Кенесарының солдаттарды үйретуге арналған тұрақты қосыны болғанын онымен келіссөз жүргізуге келген қырғыз манаптарының өкілі Қалығұл да растайды. Ол: «Мыңға жуық жігіт мергендікке үйреніп жатты. Жігіттердің жеке топтары қылыштасу, ал бір тобы найзаласуда жаттығу өткізді»445 - деп жазды. Қатаң әскери тәртіп орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Тәртіпті бұзғандардың қайсысы болсын қатаң жазаланып отырған. Кенесары сатқындық үшін өлім жазасын қолданған. Тұтқынға түсіп, Кенесары ордасында болған барон Ур бір өлім жазасына байланысты былай деп жазды: «Кенесары ауылға қайтып желе жатып, қарауылда тұрған қырғыздың ұйықтап жатқанын көрді. Өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін, басқаларға үлгі ретінде оны өлім жазасына кесті».369 Кенесары әскерінің тәртіптілігін билеуші султан Ахмет Жантөрин де мәлімдейді. 1845 жылы маусымда Обручевке жазған хабарында былай дейді: «Кенесары атқа қонып, тіл қатса болды, адамдары көз ілеспес жылдамдықпен жиналып, қаруларымен ат үстінен табылады».420 Мұны Кенесары ордасында болып қойған орыс тыңшысы Ханқожа Жаңбыршин де айтады. «Бірде, - деп жазды ол, - Кенесары әскерлеріне ұрысқа дайын болуға бұйрық берді. Ол жұрт алдына шығысымен, оның әскерлері ат үстінде отырды және жолға шығуға дайын болды. Осындай фактілер Кенесары әскерлерінің арасында қатаң тәртіптің болғанын байқатады. Оның қосыны әр уақытта толық әскери дайындықта тұрды. Бұл Долговтың хабарламасында арнайы атап өтілген: «Кенесарының бейқамбыз деуі жай сөзі, бұл оның ұдайы сақтығы мен байқампаздығын байқатады. Оның ордасы әр минут сайын шабуылды не қуғынды күтіп, әзір тұрған уақытша қосынға ұқсайды»420. Бұйрығы орындалмағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған. Осы туралы Кенесары ордасында болған қорғаншы Долгов былай деп жазды: «Олардың барлығының дерлік (оны қарсы алуға шыққан 13 адам - Е.Б.) бастарында «шік» деп аталатын ерекше жазалау белгісі (кінәлі адамның басына қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған) - болды, ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналады, ешқандай іске қатыса алмайды».420 Кенесары алғаш рет әскери айырым белгі енгізді. Оның әскерлерінің кеуделері мен иықтарында қызыл және көк матадан жапсырмалары болған. Белгілерді тағу тәртібі туралы Күрең Абылаев өзінің жауабында былай деді: «Бұл бүлікшілердің бәрі кеуделеріне үш қатар қызыл бау тағып алған».435 Сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл шұға қынапты қылыш асынған. Ал Кенесарының өзі орыс полковнигінің эполетін таққан. Кенесары шайқастарда ерекше көзге түскен жігіттерді әлеуметтік жағдайына қарамастан көтермелеп отырған. Кейде қарапайым қазақтардың өзін жасауылдыққа тағайындаған. Поручик Герннің мәліметіне қарағанда, Кенесары әскерінде «ерекше ерлігі үшін» бас сыйлық - үкімет қаруы берілген. Сыйлық беру мынадай ретпен жүргізілген - әдеттегі таяқ не құрықтан кейін найза, сонан соң селебе пышақ, одан кейін қайқы қылыш, одан әрі жасауыл атағы»420. Көтерілісшілердің негізгі қаруы әлбетте суық қару болды. Сонымен бірге атылатын қарулар да болған. Мысалы, 1846 жылғы қырғыздармен соғыста Кенесарының 5 мыңдық атты жасағы қылышпен, найзамен. айбалтамен, білтелі мылтықпен және бірнеше зеңбірекпен қаруланған»446. Кенесары әскерінде біршама көлемде оқпен атылатын қарудың болғанын, Тоқмақ маңындағы Майтөбе деген жерде оның отрядын қырғыздар талқандағаннан кейін манап Орманның басқа да олжамен бірге «мыңнан аса білтелі мылтықты» қолға түсіруі дәлелдейді446. Бірақ мұндай көлемдегі қару Кенесарыда әрдайым бола бермеген. Мысалы, 1845 жылы Кенесары ордасында елшілікте болған Долгов пен Герн оның қаруының аз екендігін байқаған. Герн былай деп жазды: «Султан ауылында не бары жүзге жуық мылтық болды, олардың өзі білтелі және тірек ағашты еді, сонымен қатар оның үш ұзын мылтығы бар, оларды ылғи үйіне таяу жерге қояды, ал шайқаста ол өз қолына ұстайды. Бұл мылтықтар Бұқар әмірінен алынған, жол жүргенде түйеге артулы болады. Ал қылыштардың көбі Бұқардыкі, Златоуда жасалған қылыштар да біршама баршылық».420 Көптеген сарбаздардың қолында орыстың саперлық пышақтары бар, олар мұны орыстардан олжалаған. Кенесарының негізгі күштерінің қару-жарағы мықты күзет қойылатын жылжымалы киіз үйлерде сақталады. 1845 жылы Кенесары ордасында мұндай жеті киіз үй болды. Әр жорыққа шығар кезде соған қатысатындарға әлгі киіз үйлерден қару-жарақ беріліп, ал жорықтан соң қазына мүлкі ретінде қайтарылып отырады. Қылыш, пышақ, найза сол жерлерде де соғылатын болған, бірақ көп бөлігі шайқастарда қолға түсірілді немесе сатып алынды. Долгов былай деп жазды: «Кенесары ауылында бірнеше қашқын башқұрттар тұрады. Олар қырға татарлар әкеліп сататын орыс қаруынан жасырын түрде әр түрлі қару-жарақ жасайды. Кенесары оқ-дәріні Бұқардан алып турады»420. Мұны екі башқұртты еске алған Герн де растайды: «Оның бірі күміс зергері қоқандық қашқынмен бірігіп султан қаруын емдейді. Екінші қару жасаушы шебер мылтық ұңғысын жасайды». Кенесары солардың көмегімен зеңбірек жасау ісін жолға қоймақ болған. Герннің айтуынша, «башқұрттың зеңбірек жасауы үшін әр үйден бір таған мен бір кетпен жинауға бұйрық берген. Бұл жұмыс ағашы мол Тосын құмдарында жүргізілмек еді».420 Жаппас руының қазағы Омарбай Аманбаевтың жауабында: «Кенесарының темір зеңбірегі бар, оның ауылында Сібір мекемесіне бағынышты Бегіш есімді қырғыз турады. Ол зеңбірек пен мылтық жасайды және осы көктемде 100 мылтық жасапты», - делінген. Кенесары әскерлеріне сапқа тұрудың кейбір түрлері белгілі болған. Әдетте оның атты және жаяу отряды екі қатар сап түзеп тұрған. Шекті билері Кенесары ордасына келген кезде қылышпен қаруланған, екі қатар сап түзеген құрметті қарауыл қарсы алған.420 Олар мұндай қарсы алуға таңырқап, бастапқыда бұл өздерін ұстау үшін істелген шара ма деп қорқып қалғанымен, кейіннен Кенесарыда осындай қарсы алу тәртібі бұрыннан бар екенін естіп көңілдері жайланды. Кенесары ордасы әрдайым әскери қосын түрінде болды. Оның үйінде әртүрлі қару-жарақ ілулі турды және үйінен 200 метрдей қашықтықта тұрған күзетшілер ешкімді арнаулы рұқсатсыз табалдырықтан аттатпайтын болған, сонымен бірге Кенесары ауылдары белгілі орындарға қойылған қарауылдармен күзетілген. Әскери тұтқын урядник Лобанов былай деп жазды: «Кенесары әрдайым сақтану шараларын жүргізіп отырды: қыста жолдарға күзет қойса, ал жазда жетекте аттары бар екі адамнан туратын қарауылды дұшпан келуі мүмкін жақтарды бақылауға 50 және 100 шақырым жерлерге жіберіп отырған. Олар әсіресе, өзен бойларына көп көңіл бөлген».423 Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық барлау біршама жақсы жолға қойылған. Ол сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындаған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізіп отырған. Көп жағдайда барлаушылар жау тылында қимыл жасады. Ал кейде жау әскерлерінің арасына кіре алған. 1843 жылы Орынбор және Сібір әскерлерінің біріккен жорығы кезінде полковник Бизанов басқарған Орал казак отрядының құрамында барлаушы Төлебай болды. Әскер саны, қару-жарағы және отряд бағдарлары туралы қажетті мәліметтерді жинап, Төлебай осының бәрін дер кезінде Кенесарыға жеткізіп отырды. Бұл Кенесарының тиісінше қорғаныш шараларын жасауына мүмкіндік берді. 1845 жылы Долгов бастаған патша елшілігі тек қана елшілік үшін ғана емес, барлау жұмысын жүргізу мақсатында келген кезде, Кенесарының барлау ісін жақсы жолға қойғанының арқасында олар көтерілісшілердің саны және Кенесарымен көшіп жүрген қазақтар мөлшері туралы ешқандай мәлімет ала алмады. Долгов елшілігі келуден бірнеше күн бұрын оның алдынан шығуға Кенже бастаған 13 белсенді қазақ жіберілді, олар 20 наурызда Айби - Аққұм көлі маңында елшілікпен кездесіп, буларды жақын мандаты ауылдармен байланыс жасау мүмкіндігінен айырды. Келген 13 қазақтың ішінен тек Кенженің ғана Долговпен ресми сөйлесуге руқсаты болды. Ал, қалғандары елшілік жүретін жолдарда ешкімнің де олармен сөйлеспеуін қадағалады. Долгов еріп келе жатқан қазақтардың сұраққа жауап беруден қашқақтап, аз сөйлеуіне таңырқаған еді. Кенесары ордасынан қайтып оралған соң Долгов: «Кенесары ауылдарының саны туралы мәлімет жинай алмадым, себебі олармен байланыс жасау тіптен мүмкін болмады», - деп көрсетті.420 Долговтың қайтар кезінде шығарып салушы ретінде елшілерге Баймұхамед Жаманшин және Бекбатыр ерді. Олар Кенесарыдан арнаулы барлау тапсырмасын алған болатын. Елшілермен бірге Орынборға барған соң оларға Орынбор өкіметінің көтерілісшілерге байланысты будан әрі қайтпек ойлары бар екенін білу тапсырылды. Кенесары өз дұшпандарының арасында тұрақты барлаушылар ұстады. Осындай барлаушылардың бірі -Мыңжасар әрдайым шекара Шебіне жақын жерде жүріп, дұшпан отрядтарының жылжуын Кенесарыға хабарлап отырды. Барлық қазақ рулары ауылдарында Кенесарының әкімшілік қызметпен қатар барлау тапсырмасы бар тыңшы жасауылдары болды. Олар дер уақытында қазақтардың көңіл күйін, олардың өкіметке көзқарасы жайында және көтеріліске қарсы султандар мен билердің не істемек ойлары бары туралы мәлімет беретін болған. Өзінің бір рапортында коллеж регистраторы Немчинов былай деп жазды: «Кенесарының барлық қазақ руларында тыңшылары бар. Олар Кенесары үшін қажымай, талмай және табысты қызмет етеді».420 Кенесары армиясында әскери құпия өте қатаң сақталған. Тіпті, тәжірибелі патша жансызы қыпшақ Ханқожа Жаңбыршин Кенесарының болашақ жорық жоспарын білу үшін арнайы тапсырмамен Кенесары ордасында болғанымен жорық туралы ештеңе біле алмаған. Жаңбыршин езінің сәтсіздігі туралы қапаланып былай деп хабарлайды: «Кенесарының кенеттен жолға шығуы себебін ауылда қалған адамдардан білуге қанша тырысқаныммен, ешкімнен қанағаттанарлық жауап ала алмадым».420

Бірақ іс мұнымен бітпеді.

Кенесары дұшпаны алдау әдісін де кеңінен пайдаланған. Ол әлдебір бағытқа бет алған болғансып, дұшпанды теріс жолға салып жіберіп отырған. Мысалы, генерал - майор Жемчужников басқарған Сібір және Орынбор отрядтарының бірлескен шабуылы кезінде оларды осылай алдады. Орыс чиновнигінің ресми бір хабарламасында былай деп айтылған: «Кенесары өзінің ауылдарымен тынымсыз көшіп-қонып және оз ізін жасыру үшін жалған көшіп отырды, күндіз бір жерге келіп тоқтаса, ал түнде сол жерден мүлде басқа жаққа көшіп кетеді»420. Сондықтан да ресми құжаттарда Кенесары ауылына арнайы жіберілген кейбір чиновниктер мен тыңшылардың сәтсіздігі, барлау тапсырмасын орындамауы туралы жиі айтылуы тектен-тек емес. Чиновниктердің бірі қынжыла отырып, былай деп жазды: «Көтерілісшілердің не істемек ойлары бар екені туралы толық хабарды қазақтардың үндеместігінен жеткізе алмаймын».420 Алайда Кенесарының агентуралық барлауы жақсы болды, сондықтан патша тыңшыларының бірде-бірі көтерілісшілердің арасына кіре алмады деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл іске Кенесары ерекше көңіл бөлгеніне қарамастан үкімет оз жағына қаратқан султандар мен билер Кенесарыға сыйлық апарғансып, қудаланған болып, оның ордасына кіріп, қажетті мәліметтерді алып отырған. Солардың әкелген мәліметтерінің арқасында жазалаушы отрядтар Кенесары жақтастарының ауылдарын талай рет шапқан. Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде әр түрлі соғыс тактикасын пайдаланған. Қазақстанның кең даласы оған жылжып орын ауыстыра соғыс жүргізу әдісін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Кенесары жігіттері шебер шабандоз болғандықтан, жер жағдайын жақсы білгендіктен қуғыннан жиі құтылып кетіп отырған. Олар дұшпанды айналып өтіп, тұтқиылдан көкжелкеден соққы беретін. Мысалы, 1844 жылы билеуші султан Ахмет Жантөриннің отряды Кенесарының ізіне түскен кезде, төтеннен сыртынан соққы алып, толық дерлік жойылып кетті. Кенесары әскерлері табиғи бекіністерді шебер пайдалана білді (қамыс, бұта, төбе т.б.). Патша отрядтары бәрінен де қазақтардың тұтқиылдан шабуылдауынан қорықты. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Ақтау қамалына жақын Тіленші - Шет бекетіне Кенесарының шабуыл жасауына байланысты штаб бастығы генерал-майор Фондерсонға былай деп жазды. «Егер қамыстар мен бұта арасы және басқа да таса жерлер алдын ала толық тексерілгенде, олардың төтеннен шабуылы болмауы да мүмкін еді».436 Жеке қамалдар мен бекіністерге шабуыл жасаған кезінде Кенесары жасағы шашыранды қатармен алға ұмтылып, артынша бәрі қосылып, қамалды жан-жағынан қоршаған. Бұл әдіс, әдетте, дұшпанды әбіржітіп, оның күштерін шашыратуға мәжбүр ететін еді. Мұндай тактиканы Кенесары 1838 жылы Ақмола приказы мен Ақтау қамалына шабуыл жасаған кезде-ақ кеңінен қолданған болатын. Осындай шайқастардың бірін Ақтау қамалының коменданты капитан Кастрюрин суреттеген еді. «Өткен маусым айының 22 күні сағат жетілерде бүлікші султан Кенесары Қасымов бастаған 2 мыңға жуық қазақ бекініске шабуыл жасады және олар шашырай шабуылдап, сағат ширегіндей уақыт өткенде бекіністі қоршады».436 Кенесары шегінген кезде де ерекше тактика қолданған. Тосқауыл ретінде шекара Шебіне жақын жерлерде ұсақ партизан топтары қалдырылды. Олар бектерге, жол айырығындағы топтарға қарсы сәтті қимылдап, арбалы керуендерге шабуыл жасап отырған. Дұшпан әскерінің қозғалуын қиындату және бәсеңдету үшін Кенесары өзі шегінер кезде қырға өрт қойып, құдықтарды қиратуға бұйрық берген, бұл далалық соғыс жағдайында дұшпан үшін қосымша қиындықтар туғызған және оларды жем-шөпсіз, сусыз қалдырған. Мысалы, В.А. Потто осыны айта отырып, былай деп жазды: «Қырғыздар ауылдарында сирек қорғанады, әскер жақындаған кезде шөпсіз, сусыз далаға алдын ала шегініп кетуге тырысады. Қуғынды кідірту үшін олар құдықтарды бастырып кетеді немесе қырға өрт қойып, жем -шөп пен суаттарды жояды»34. Кенесары негізгі қарулы күштерімен қатар ерекше отрядтары болды. Оларды әпкесі Бопай, інісі Наурызбай, Жоламан Тіленшиев, Саржан Ержанов, Жеке батыр және т.б. басқарды. Бұл отрядтар дұшпан тылына рейдтер жасады және көтеріліске қатысудан бас тартқан султандар мен ірі феодалдардың мал-мүлкін тартып алып отырған. А. Рязанов Кенесарының әскери жорықтарын баяндаған кезде қыс түсісімен қазақтар көтерілісі бәсеңдеп, қозғалысқа қатысқан барлық жігіттер қыстауларына қайтады. Олар тек көктем мен жазда, көк шөптің өсуімен аттар тез оңалып, қазақтар «алғашқы қымызға тойып алып, делебесі қозған соң» Кенесары маңына жиналып, келесі жорыққа дайындалады дейді. Оның мұндай тұжырымы сын көтермейді. Кенесары қыс кезінде де жорыққа шыққан. Тек оған алдын ала дайындалатын еді. 1838 жылдың бас кезінде Ақмола округтік приказынан Кенесары ордасына патша жансыздары би Жақан Қапин және Сасық Қопынбаев жіберілді. Сыйлық әкелген адамдар ретінде олар Кенесары ордасына кірген кезде арнайы түрде қысқы жорыққа дайындалған құжынаған қарулы адамдарды көреді. Өздерінің хабарында олар былай деп жазды: «Барлық қазақтар қаруланған. Кенесары қос тұрғызуға бұйрық беріп еді, аз уақыттан кейін екі жүзге жуық қос тұрғызылды. Және қардан 30-дай орын дайындалды, оларға жетіден онға дейін адамдар орналасты. Бүл жиында 2 700-дей қазақ болды, солардың арасында қыпшақ рубасылары Иман (Амангелдінің атасы - Е.Б.) және Жартыбай бар»436. Кенесары далалық соғыс жүргізудің өзіндік әдісін енгізді. Дұшпан ашық далада әлденені паналап қорғанатын болса, онда Кенесары әскерлері оқ өтпейтін нәрселерді қалқалап шабуылға шыққан. Садық Кенесары өзінің естелігінде осы туралы былай деп жазды. «Менің әкем Кенесары хан осылай бекінген орыстарды әдетте шабуылдаған кезде оқ өтпейтін жуан етіп ұзыншалап өрілген шөпті қалқалайтын».447 Кенесарының әскери тактикасында дұшпан қосынына елшілер жіберу әдісі ерекше орын алды. Елшілер келіссөз жүргізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қарсыластар арасында іріткі салып, үгіт-насихат жүргізді, олар, әсіресе, казактар арасында сөйтті. Бұл жатынан елші Салытан Әбілқайыровтың қызметі мысал бола алады: «Ол казактардың бір бөлігін, тіпті офицердің өзін бүлікшілер шайқасына қосып алу үшін неше түрлі айла-амал қолданды».435 Осындай жаңалықтармен қатар Кенесары армиясында күрес ортағасырлық ескі күрес әдістері де пайдаланылды. Қырғыз манаптарымен қақтығыс кезінде шайқас батырлардың жекпе-жегімен басталып отырған. Сонымен қатар қарсы жақтың өлген адамдарының бас терісін сыдырып алатын болған т.б. Сөйтіп, тәртіпті армия құрған Кенесары оны сол уақыт талабына сай әскери өнерге үйретуге күш салды. Сондықтан әскери күштерді ұйымдастыруда кейбір жаңалықтар енгізуді ойластыруы осындай себептерден туған болатын. Кенесарының шаруашылық саласындағы шаралары ерекше көңіл қоюға турарлық. Ол қазақтар арасына егіншілікті таратуға тырысты. Отырықшылық пен егіншілікке көшу идеясы шындығында Абылай ханнан қалған еді. 1764 жылдың өзінде Абылай өзінің қоластындағы қазақтарды егіншілікке үйрету үшін Екатерина ІІ-ден 10 шаруа отбасын жіберуін өтінген болатын448. Атасының ісін немересі Кенесарының жалғастырғысы келген. Әскери қимылдардың басталуына байланысты Кенесарының қоластындағы қазақтар енді бұрынғыдай шекара маңындағы орыс тұрғындардан немесе Қоқан мен Хиуадан астық сатып ала алмайтын. Кенесары үшін тұйықтан шығудың бір ғана жолы - қазақтардың егіншілігін кеңейту болды. Қазақтарды егіншілікке және отырықшылыққа көшіруге ұмтылып отырғанын Кенесары өкімет орындарымен хат жазысқанда жиі атап айтқан. Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручевке жазған бір хатында ол былай дейді: «Қайырымды генерал маған патшаның шапағатын алуға көмектессе, онда мен тыныш өмір сүріп, оз қазақтарымды егіншілікпен, аң аулаумен және басқа бейбіт істермен айналысуға мәжбүр етер едім»420. Алайда, генерал В.А. Перовский бастаған Орынбор өкімет орны қазақтардың отырықшылыққа және егіншілікке көшуіне қарсы болы. Перовский және басқалар айырбас сауда үшін қазақтардың мал шаруашылығымен айналыса бергені дұрыс деп білді. Сондықтан да шекара Шебіне жақын жердегі отырықшы қоныстар граф Сухтеленнің, ал кейіннен генерал Перовскийдің бұйрығымен жойылып отырды. Бұл саясат Шекара Комиссиясы чиновниктерінің бірінің әскери губернатор Сухтеленнің атына жолдаған хабарлауынан айқын көрінеді: «Мен қырғыздардың мәңгілік бақташы, көшпенді болғанын, еш уақытта астық сеппегенін және ғылымды білмегенін былай тұрсын, тіпті, қолөнерді де білмегенін шын көңілден тілеймін».194 Перовский қазақтардың жерге ынтасына қарсы шара ретінде Орынбор тұрғындары мен казак әскерлеріне сендер егіншілікпен айналысыңдар, қазақтарға лайықты бағасына астық сататын болыңдар деп ұсыныс жасады. Осылай болса, деп ойлады Перовский, қазақтарға егіншілікпен айналысудың қажеттігі болмай қалады, «сөйтіп қазақтар айырбас саудаға зияны тиетін істі қолға алуын тоқтатады»234. Орынбор билеушілерінің осы саясаты туралы белгілі публицист Артемьев мынадай дұрыс ескертпе жасаған болатын: «Халықты осындай кәсіппен (егіншілікпен - Е.Б.) айналысудан алыстату әділетті бола қоймас, бір жағы, егіншілік оларды кедейліктен құтқарса, ал екіншіден - отырықшылыққа, жалпы адамзаттың жаңа қадамы болатын бейбіт тұрмысқа үйрететін еді».112 Кейіннен Орынбор губернаторы Катенин де дәл осыны айтып, былай деп жазды: «Менің алдымдағы генерал-адъютант, граф Перовский ордалықтар арасында байқалған егіншілікке деген ынталарының артуын және жеркепе салуға бет бура бастағанын ұнатпай, қолынан келгенінше қарсы шаралар қолданып баққан. Оның басты себебі, қырғыздардың Ресейге бағыныштылығын арттыру ойы еді. Оларды астық қажет болғанда бізге жалынуға мәжбүр ету және өз күштерімен өндірулеріне тыйым салу»423. Орынбор өкімет билігінің қарсылығына қарамастан, Кенесары оз ойын табандылықпен жүзеге асыра бастады. Егіншілікпен айналысқан руларға барынша көмектесті. Ал, бұл іспен айналыспаған руларды егін егуге үгіттеді. Ұлт-азаттық қозғалыстың орталығы Ырғыз бен Торғай аймағында қазақтардың едәуір бөлігі суармалы егіншілікпен айналысты. Мысалы, Ырғыз бен Торғай ауданында мыңға жуық отбасы егіншілікпен айналысқан.324 Егіншілікті басқа да рулар кәсіп етті. Мысалы, Қаракөл мен Қызылкөл арасын мекендеген Шөмекей руын, Ор маңын, Ащылы бұлақ және Тасбұлақ елін мекендеген Жағалбайлы руларын атауға болады420. Қазақтар суармалы егіншілікті жақсы білді. Арық жүйесін шеберлікпен жүргізіп, егістікті суаруға тиімді ыңғайластырды. Мысалы, Жыланшық пен Торғай өзендері арасындағы егінші қазақтар ұсақ көлдерді арық жүйелері арқылы қосып, егіншілікті суаруға пайдаланды420. Орынбор даласындағы қазақтар арасында егіншіліктің таралуы туралы белгілі шығыстанушы, Орынбор Шекара Комиссиясының бұрынғы төрағасы, кезінде қазақтардың егіншілікпен айналысуына қарсы болған В.В.Григорьев баяндайды. Ол былай деп жазды: «Батыс бөлікте барлық кедергілерге қарамастан егіншіліктің күшейгені сонша, енді қырғыздар тіпті Орал казактарын астықпен қамтамасыз ете бастады»449. Орынбор даласындағы қазақтардың егіншілікке көшуі оз нәтижесін берді. Сол уақыттан бастап қазақтардың белгілі бір бөлігінің, негізінен кедейлердің, егіншілік басты кәсібіне айналды. Кенесарының егіншілік пен отырықшылыққа көшу туралы ойы, әскерлер жан-жағынан қысып, өз ордасын Ұлы жүзге көшіруге мәжбүр еткенде де есінен кетпеді. Осы жерде де ол өзінің жақтастарын дереу егіншілікпен айналысуға үгіттеді. Осыған байланысты Орынбор Шекара Комиссиясының есептерінде былай деп жазылған: «Ресей төңірегіне оралуға мүмкіндігі болмағандықтан, ол өзінің жақтастарына Іле мен оның тарауларының жағалауларында егіншілікпен айналысуға ақыл берді»450. Кенесары жақтастарының егіншілікпен айналысқанын Кенесары ордасында болып қайтқан Дәулеткелді Беспаев та (Назар тармағынан) әңгімелейді. «Қиын жағдайда болғандықтан, Кенесары өзінің жақтастарына тамақ табудың жалғыз жолы әрі лайықты шара ретінде егіншілікпен айналысуды ұсынды»324. Сонымен Кенесарының егіншілерді қолдау саясаты қазақтардағы егіншіліктің онан әрі дамуына әсер етті. XІX ғасырдың 50-60 жылдары-ақ егіншілікпен қазақ руларының едәуір бөлігі айналысты. Кенесары көтеріліске қатысушылардың материалдық жағдайын жақсартудың жалғыз жолы егіншілік деп түсінген деу керек. Бұл Кенесары серігінің бірі Марал Құрмановтың сөзімен расталды, ол өзі «сендерді егіншілікпен байытамын» деп қазақтарға уәде беріпті. Кенесарының саудаға қатынасы да әңгімелеуге турарлық. Бастапқыда ол орыс саудасын патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырудың бір жолы ретінде санап, оған қарсы болды. Сондықтан да ол Петропавл, Орынбор және Троицкіден қазақ даласы арқылы Орта Азияға бет алған сауда керуендеріне шабуыл жасап, сауданы тыйып тастауға тырысты. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының мәліметі бойынша, тек 1837— 1838 жылдары Кенесары сауда керуендеріне шабуыл жасауының нәтижесінде 277 550 сомға зиянын тигізді.436 Жәбірленгендердің ішінде Қазан, Вятка, Рязань және Петропавл көпестері болды. Алайда шығынның жалпы сомасы едәуір коп еді. Себебі, Кенесары керуендерге шабыл жасап қана қойған жоқ, сонымен бірге оз иелігіндегі аймақтарда көпестердің барлық товарларын тартып алып отырды. Төмендегі кесте436 Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа берілген ресми мәліметтер негізінде жасалған және 1838 жылғы Кенесары әрекетіне байланысты саудаға келтірілген зиян көрінеді. Ең көп зиян шеккен Ақмола округінің көпестері екен (жалпы соманың 2/3 бөлігі), бұл егер Ақмоладағы сауданың ірі көлемде жүргізілгенін есептесе, түсінікті де еді.

Округтің аттары
Келтірілген зиян мөлшері
Ақмола
663 818 сом. 40 тиын

Қарқаралы
118 865 сом 79. тиын
Баянауыл
68 025 сом 93 тиын

Шубұлақ
42 790 сом 50 тиын
Көкшетау
3 726 сом 70 тиын

Барлығы
892 227 сом 32 тиын

Кенесары Ресей Орта Азиямен саудасын тоқтатса, онда өкімет қазақ жеріндегі бекіністерін жойып, әскерлерін алып кетеді деп ойлап қателескен. Кенесары ордасында болған көпес Мухсимов пен Ибрасовтың жауаптары осыны растайды. «Кенесарының ойы біздің көпестердің Ташкентпен және соған жақын жерлермен, қырғыз даласымен сауда қатынастарын тоқтату болды. Ол сонымен Ресей үкіметінің шетелмен сауда жасаудан түсетін пайдасын болдырмай тастағысы келді. Ал, пайда түспейтін болса, онда Ресей үкіметі қырда құрған сыртқы округтері мен Ақтау қамалынан бас тартады деп ойлады».436 Алайда оз ордасын Ырғыз бен Торғай (Кіші жүз) маңына көшіргеннен кейін коп кешікпей Кенесары оз ойының қателігін түсінді және бәленің бәрі саудада емес, патша өкіметінің әскери - отарлау саясатында екендігіне көзі жетті. Сонымен қатар ол шекара Шебі аймағын мекендеген қазақтардың жергілікті орыс тұрғындарымен қызу сауда жасайтынын да жақсы білген еді. Тілеу және Қабақ ру тармақтарының билері Кенесары ауылына келгендерінде, оған орыстарды жеккөрген әрекетін қоюға ақыл берді. Себебі, «олардан нан және басқа сатып алып, пайда ғана көріп отырғандарын»451 айтты. Кенесары жақтастарының бір бөлігі де керуенбасы және кіреші болып қызмет етіп жүрген432. Олар Жағалбайлы, Шөмекей руларының, Төртқара руының бір бөлігінің, Байұлы руының Жаппас тармағының, Қыпшақ руының Қарабалық және Торайғыр тармақтарының қазақтары болатын. Саудадан пайда түсетінін түсінген Кенесары енді керуендерге шабуыл жасаудың орнына оларға баж салығын сала бастады. Мұндай салық салғанда ол жекелеген керуенбасылардың көтерілісшілерге көзқарасы қандай екенін және олардың кімнің боданы болып табылатынын ескерді. Саудадан баж салығын өндіру тәртібі туралы билеуші султан Ахмет Жантөрин мынаны хабарлаған: «Жаппас руының кіреші қазақтарынан әр қостан - бір жылқы және 8 зат, ал бұқаралықтардың әр қосынан - 9 зат алса, сол керуендегі Арғын руының кірешілерінен ештеңе де алмады»451. Бұл жерде бірден көзге түсетін нәрсе Жаппас руының керуенбасыларынан және татар кірешілерінен баж салығы көп алынатыны, бұқарлықтардан одан әлдеқайда аз алынатыны, ал арғындарға ешқандай баж салығы салынбайтыны. Мұны олардың көтерілісшілермен әр түрлі қарым-қатынаста болуымен түсіндіру керек. Жап¬пас руының рубасылары зауряд -хорунжий Жанғабыл Төлегенов, Алтыбай Көбеков көтерілістің бас кезінен-ақ көтерілісшілерге дұшпандықпен қараған болатын. Татар керуенбасылары да сөйтті. Сондықтан да Жаппас руының керуенбасы және татар кірешілері көп мөлшерде салық төледі. Ал бұқарлықтар мен арғындар басқаша жағдайға қойылды, себебі олар Кенесарымен достық қатынаста болды. Кенесары жақтастары Бұқар базарларында, тіпті қызу сауда жасады, олар мұнда мал айдап әкеліп, өздерінің шаруашылықтарына қажет тауарлар сатып алатын. Орыс сауда керуендеріне де баж салығы өнебойы коп салына бермеген. Мысалы, 1841 жылы Орынбор өкіметімен жасалған уақытша бітім кезінде Кенесары олардың қазақ даласымен саудасын кеңейтуге жағдай жасап отырды. Кенесарының орыс саудасына көзқарасының өзгеруін, оның 1845 жылты соңғы келіссөздерге дейін өкімет билігін қолына ұстаушылармен достық шарт жасасуға үміттенгенімен түсіндіруге болады. Сонда, дейтін ол, - қазақтар Ресеймен тығыз экономикалық байланыс орната алады. Бутан оның Орынбор губернаторына мынадай өтінішпен хат жазуы дәлел: «Барлық султандарды, дистанция бастықтарын және старшындарды, Орынбор Шебі бойындағы бөліктердің басқарушыларын орнынан алып, барлық ордаларды бүтіндей менің қарамағыма беріңіз, сонда мен патшаға адал қызмет ететін боламын да, тыныштық бұзыла қалса, барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын... Сонымен қатар, Орынбор өлкесіне дейінгі кеңістікте жол қатынасын жетілдіру, яғни қауіпсіз өнеркәсіп саудасын жасау қолдан келер іс болар еді».451 Осыған байланысты Небольсиннің 1841 жылы 13 қыркүйекте Троицкіден шыққан орыс сауда керуені туралы хабарын келтіре кеткен жөн. Бүл керуен Ақмешіт арқылы Бұқарға баруы керек еді. Алайда Бұқар мен Қоқан арасындағы соғыстың басталуы керуеннің онан әрі жылжуын тоқтатты. Сонымен бірге Кенесары жасағымен Ақмешітті қоршап жатқан бұқарлықтарға көмекке аттаныпты деген ' сыбыс та тарайды. Сондықтан тоналудан қорыққан керуенбасы Ақмешіттің жағдайын білу үшін және «еркін өтуге Кенесарыдан руқсат сұрауға» шапқыншы жіберді, сол үшін оған 350 бұқар пілләсін беруге» ұсыныс жасады. Керуен Кенесарыдан рұқсат күтіп, бір айдан аса уақыт бір орында турды. Небольсин былай деп хабарлайды: «Кенесары өзіне ұсынылған сыйлықтарды жақсы қабылдап, әкелгендерге жылы шыраймен қарады және керуенді онан әрі мазалаудан қорғау үшін өзіне байланысты шараның бәрін қолданды... Өзі де Ақмешіт маңында болған Кенесары саудагердің жолына ешкім бөгет жасамауы, оларға мұнда ешкім тимейтін болуы жөнінде әрекет жасады».453 Алайда керуенге Бұқарға аман-есен жету жазбаған екен. Жолда Қызылқұм маңында, оған «қатыгез қырғыздар» шабуыл жасап, 500-ге жуық түйелерін айдап әкетті. Кенесарының орта азиялық және орыс саудасына көзқарасына сипаттама беру үшін саудагер Рахим Адамов пен Уәли Халимовтың жауаптарының үлкен маңызы бар: «Мен Кенесары сұлтанның өзіне барған соң, ол менен бізге қажетті заттарың бар ма деп сұрады және ол өз ордасынан 3 күндік жердегі ауылдарына айырбас жасау үшін бақылаумен жібермекші болған екен. Бірақ менде қажетті заттардың жоқтығына көзі жеткен соң Орскіге дейін еркін өтуге өз мөрі басылған қағаз берді. Сонымен бірге ол керуенбасы Мырзабай Азимжановқа өзінен қорықпауын және оның Бұқарға аттанса, өзінің қазақтарына оған қорған болуына бұйрық беретінін айтып баруды тапсырды. Ол біздің саудагерлерді айырбас жасау үшін оз ауылдарына шақырды және бізді қорғауға уәде берді».438 1845 жылы Герн мен Долговтың елшілігі сәтсіздікке ұшыраған соң патшалы Ресеймен достық шарт жасасуға болмайтынына көзі жеткен Кенесары Бұқар және Хиуа мен қызу сауда жүргізуге шешім қабылдады. Зекеттен жиналған малды Кенесары Бұқар базарларына айдады және онан түскен ақшаға қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алды. Мысалы, Төртқара және Шөмекей руларынан жиылған 2 400 қойды ол Хиуа базарына апарып сатты, одан түскен ақшаға екі зеңбірек, 200 шамхал сатып алып, орыстарға тойтарыс бермек болды».451 Екінші бір құжатта мынадай мәлімет бар: «Кенесарыдан Хиуаға әкелінген қойлар базар батасы бойынша сатылды, ақшасына мылтық сатып алынды»451. Кенесары өз аймағындағы сауданы қолдап отырды. Өзіне қосылған руларда сауда жасаған көпестерді оз қасына ұстады. Өкімет тапсырмасы бойынша Кенесары ордасында болған султан Саналы Мырзағалиев былай деп әңгімелейді: «Кенесары ауылдарында Орскіден шыққан татар көпестері Хусаин және Мұса Бурнаевтардың сауда жасап жүргенін көрдім, мен Орынборға Кенесары қағаздарын алып қайтқанымда, олар: әлі де сонда қалған болатын».451 Кенесары оз ауылдарында сауда жасаған көпестерге баж салығын салмады және олардың мүддесін қорғап отырды. Генерал Генске жазылған бір хабарламада былай деп айтылған: «Бүлікшілердің ауылдарында болған саудагерлер көп пайда табуда, себебі бұлардың ауылдарында сауда жасағандықтан және өздері келетін болғандықтан оларға тимеуге бұйрық берілген».451 Кенесары өзіне қосылған рулардан біраз нәрселерді өзі де сатып алып отырған. Сібір қазақтарының шекара бастығы хабарында: «Кенесары өзінің жақтастарымен Албан және Дулат рулары қырғыздарының арасында жүріп, қырғыздардан қымбат бағамен сәйгүліктер сатып алды, сонымен қатар біраз азық-түлік қорын жасады» делінген435. Кенесарының қолдауының нәтижесінде қазақтардың орыс тұрғындармен сауда байланысы кеңейе түсті және шаруашылықтың натуралды негізінің ыдырауының алғышарттары қалыптаса бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ даласындағы сауда онан әрі кең қанат жайды, бірақ ол негізінен өзінің айырбас сипатын өзгерте қойған жоқ. Егер біз Кенесары құрған мемлекеттің өзіндік өзгешелігіне қысқаша тоқталмасақ онда оның хандығының ішкі саяси құрылысының сипаттамасы толық болмас еді. Азиядағы мемлекеттер ертеден - ақ өздерінің тұрақсыздығымен белгілі, олар тез ыдырап отырды. Марксті өзі «азаттық қоғамдардың, экономикалық құрылымының беріктігі және қозғалмайтындығы» мен «азаттық мемлекеттердің ұдайы ыдырап және қайта құрылуының, олардағы әулеттердің жиі ауысуының арасында айырмашылық бар» екенін атап өткен болатын. «Осы қоғамның негізгі экономикалық элементтерінің құрылымына саясаттың сан құбылмалы дауылдары эсер етпейтін еді».454 XVІ-XVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті өзінің берік еместігімен және бірнеше рет ыдырауымен осы тұжырымға нақты мысал бола алады. Қазақ мемлекеті көшпелі мемлекеттер типіне жатты. Ал оның берік болмауы оның өндірісінің патриархалдық -феодалдық сипатымен және экстенсивті мал жайылымдық шаруашылыққа байланысты болды. Көшпелі шаруашылық мемлекеттік орталық құруға кедергі болды және патриархалдық - рулық тұрмыстың сақталуына жағдай жасады. Мұның бәрі, түптеп келгенде, өндіргіш күштер дамуының төменгі сатыда тұруымен байланысты еді. Шаруашылықтың экстенсивті мал жайылымдық көшпелі болуынан оның саралануының нашарлығы келіп шықса, ал мұның өзі Қазақстанның жалпы экономикасының мешеулігіне байланысты болды. Осының бәрінен келіп, саяси қондырманың берік болмауы және вассалдық қатынастардың нашарлығы пайда болды. Әр феодал өзі салық жинады және өзін жоғарғы өкіметтен тәуелсізбіз деп санады. Бұл мемлекеттік бірлестіктің бағынышты бөліктері арасындағы байланыстың әлсіздігін туғызды. Кенесары дәл осындай тәртіпті жоюға күш салған. Салықты тек жоғарғы өкімет жинай алатын болды, сөйтіп ол күшейіп, ал жеке феодалдардың билігі кеми бастады. Жартылай тәуелді қазақ руларын мемлекеттік бастауға бағындыру (жасауылдар арқылы басқару) және біртұтас басқару жүйесін құруда осы мақсатты көздеді. Мысалы, Ақсақалдар Кеңесін жойып, оның орнына Хан Кеңесін құру - Кенесарының билікті орталықтандыруға ұмтылғанын көрсетеді. Оның қазақтарды отырықшылыққа, егіншілікке көшіруге талаптануы, Қазақстанда қалалық орталықтарды салуды армандауы (бұл туралы бір халық жырында айтылады455) - осының бәрі іске аса қалған жағдайда Қазақ мемлекетінің беріктігінің алғы шартын жасайтын еді. Кенесары өзінің реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеген патриархалдық - рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты неғұрлым алдыңғы қатарлы формаларын құруға алғышарт жасады. Кене¬сары Тәуке ханнан кейін феодалдық негізде қоғамдық құрылыстың анағұрлым оң формаларына негіз қалаған аса ірі мемлекеттік қайраткер болды. Алайда Кенесары өзінің реформаларымен күрт бетбұрыс жасады деп айтуға болмайды. Тарихи жағдайларға байланысты ол ғасырлар бойы патриархалдық - рулық қатынастардың сарқыншақтарын, ру араздығын, халықтың әр жерге бытыраңқылығын жоя алмады. Кенесарының барлық қызметі осы сарқыншақтарды жоюға және біртұтас мемлекет құруға бағытталған еді. Бірақ Кенесары өзінің қысқа өмірінде қазақтың үш жүзік біртұтас мемлекетке шоғырландыра алмай кетті. Кенесары құрған қазақ мемлекеті туралы кейбір мәліметтер XІX ғасырдың 60-жылдарында Садық Кенесары қозғалысына байланысты жасалған «Тарихи анықтамада» бар. Оны Кенесарыға замандас чиновниктер құрастырған еді. Онда жарияланған мәліметтер тарихи шындық тұрғысынан алғанда, күдік тудырмайды. «Голос» газетінде жарияланған осы құжатта Кенесарыны былайша сипаттайды: «Абылай ханның тікелей ұрпағы, оның немересі Кенесары өзінің ерекше ерлігімен аты шыққан батыр және қазақтар арасында ерекше беделді адам болатын. Ол ақырында Үлкен орданың және тіпті орыстар билігіндегі Орта және Кіші ордалардың кейбір руларының ханы атанып, орасан зор билікке ие болды. Қазіргі Түркістан облысынан Ташкентке дейінгі аралықты толық дерлік, Семей облысының жартысынан астамы Кіші орданың бір бөлігін және Сібір мекемесі Ішкі орда қазақтарының тең жартысын өзіне бағындырды және солардың толық билеушісі болды».456 Сол кездегі тарихи жағдайларға байланысты Қазақстанға патшалы Ресей мен .Орта Азия хандықтары шын қауіп төндіріп тұрғанда Кенесары өзі құрған мемлекетті сақтай алмады. Оның қызметі қазақ мемлекеттілігін қайта құрудағы уақыт өткізіп алып барып талаптанған іс болды. Кенесары хандығының ішкі саяси құрылысына талдау жасауды аяқтай келе, өзара тартыс пен барымтаның, патша өкіметінің отарлық саясаты және Қоқан мен Хиуа езгісінің ауыртпалығын бастан кешкен халықтың қалың бұқарасын біріктіріп, топтастыратын өкімет билігінің қажеттігін ертеден - ақ түсінгенін айта кету керек. Кенесарының орталықтандырылған біртұтас мемлекет құруға талпынуы халық мүддесіне сай келген. Осы мәселеге байланысты белгілі тарихшы, сол кезде Орын¬бор Шекара Комиссиясында қызмет еткен А. Левшин былай деп жазды: «Хан бола алмайтын даңғой султандар мен старшындардан басқа саналы қырғыздардың барлығы әр бастықтың жеке басшылығын талас пен өзара күрестің басы деп біледі. Біздің барлық ордаларды бір хан басқарған кезде, біздер тыныш және бақытты өмір сүрген едік дейді олар. 3 бастық билегелі жағдайымыз нашарлап кетті. Ал енді, билеушілер көбейе түссе, бізге бұдан да қиын болмақшы»437.

10 тарау

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ КҮРЕС. КЕНЕСАРЫНЫҢ ҚАЗА ТАБУЫ

Кенесары Торғай мен Ырғыздан Сырдария маңына кетер кезде, ол үшін біршама ыңғайлы жағдай қалыптасты. Хиуа мен Бұқар арасында 1842 жылы басталған соғыс бәсеңдеместен 1844 жылға дейін созылған. Екі жақ та қатты әлсіреген-ді. Сол кезде Хиуада тұрған Ростовтық 2-гильдиядағы көпес Пичугин былай деп әңгімелейді: «Бұл үш билеуші екі жылға созылған соғыстан өздерінің күшін, қаржысын әбден әлсіретті және соғысты жалғастыруға шамалары да жетпейтін сияқты. Әсіресе, Хиуа тым әлсіреген, отан біздің саудагерлер куә: хан өзінің экспедициясын Мерв түбіне жорыққа әзірлегенде (қыркүйек айында) өзінің бай адамдарынан, тіпті чиновниктерінен де әскерге тарту үшін күшпен, зорлап көп мөлшерде ақша жинады. Сондықтан халық отан тым наразы, әмір өз әскерімен ел ішіне екінші рет кіре ме деп қорқады».420 Бұқарда тұрған Ресей саудагерлерінің көптеген көрсетулеріне қарағанда, ұзаққа созылған соғыстан Бұқар да дәл осындай күйге түскенін аңғарасың. Бұқар мен Хиуа арасында уақытша бітім 1845 жылы көктемде ғана жасалды. Моның алдындағы бірнеше жыл бойы Бұқар әскерлерінің тонауына ұшыраған Қоқан хандығының да күйі жоқ-тын. Ұзаққа созылған өзара соғыстан едәуір әлсіреген Орта Азия хандықтары енді қазақтар үшін бұрынғыдай тым қауіпті емес еді. Негізгі жау бұрынғыша Қоқан хандығы болған. Қоқанға көмектескен Хиуамен қатынасты бұзуға тура келетініне Кенесарының көзі жеткен-ді. Бұқармен уақытша бітім туралы 1844 жылғы келіссөз кезінде Хиуа ханы оның Қоқан мен Ташкентті иеленбек ойынан бас тартуын талап етті. Сондықтан Кенесары әлбетте Бұқар әмірімен келіссөз бастады. Бұқар әмірі достық белгісі ретінде Кенесарыға «күміс сауыт пен алтын қылыш сыйға тартты. Ал өткен жылы Бұқар ханы Кенесарыға, оның өтініші бойынша, кафтан тіккізу үшін екі орам ақ жібек жіберген-ді. Оны қырғыздар «қаттау» дейді. Мұндай киімнен оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін, найза кірмейтін көрінеді»420. Кенесары үшін Сырдария маңында ыңғайлы жағдай қалыптасқанына қарамастан, ол Хиуамен және Қоқанмен бір мезгілде күресуге бел байлай алмады. Хиуаға қарсы күресті Кенесары Шекті руының батыры Жанқожа Нурмухаммедовтың Хиуа әскерлерімен күресіне қарулы көмек берумен шектеді. Жанқожаның өзі Кенесарыдан жиі көмек сұрады. «Кенесары султанның туысы - Кіші Борсық маңында көшіп-қонған Шекті руының биі Жанқожа Кенесарыға қырғыздарын жұмсап, оның ауылдарын тонауға қауіп төндіріп отырған хиуалықтарға қарсы күресу үшін қарулы адамдарды көмекке жіберуін өтінді»420.

Кенесары өзінің негізгі күшін Қоқанға қарсы жұмсады.

Кенесарының Қоқанмен күресінің мақсаты Сарыарқадан өзіне ілескен ауылдар үшін Сырдария маңынан қоныс иелену еді. Айта кететін нәрсе, Кенесарының қоныс аудару бағытын дұрыс табуы. Осы аймақ Кіші және Орта жүздің оңтүстік жайылымдарына және Ұлы жүз руларына да жақын болды. Екінші жағынан, бүл жерге патша өкіметі әзірше билік жүргізе қоймаған еді. Ал Орта Азия хандықтарының әлсірегенін біз жоғарыда айттық. 1845 жылғы жаздың соңында Кенесары Қоқанға қарсы күресін бастай отырып, Жанқожа Нұрмұхаммедовтен көмек сұрады. Кенесары оған былай деп жазды: «Жанқожа батыр, қоқандықтар біздің қазақтарға тыныштық бермеуде: тонауда, өлтіруде, қоқандық бастықтар сіздің ағаңыз Сарман биді өлтірді, сондықтан Сізден сұрайтыным: егер Сіз келіссеңіз, онда мен Ұлы және Орта ордалардан жігіт жинап, Созақ қаласына келемін, ал Сіз Кіші ордадан жігіт жинап, қоқандықтармен соғысу үшін Созаққа келіңіз»458. Жанқожа Кенесарыға көмектесуге қуана келісті. Ол өзінің жігіттерімен Кенесарыға келіп, біріккен күштерімен қоқандық Жаңақорған, Жүлек, Созақ қамалдарын қоршауға алды. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал - майор Ладыженский жансыздардың көрсетулеріне сүйене отырып жазған хабарламасында былай депті: «Кенесары Сырдарияға, Қоқан жерінде көшіп жүрген қырғыздарға адамдарын жіберді де аналарды қорқытып, 700 адамды оз жағына шығарып алды, сөйтіп, олармен қосқанда 1 000 қырғыз шабуылға шығып, қоқандықтардың үш қамалын талқандады»451. Кенесары көмек сұрап Шөмекей, Керей, Шекті, Алтын және Әлім руларының қазақтарына сөз салды. Оның бұл үндеуіне жұрт бірден құлақ асты. Олар көмек беруге дайын екендіктерін білдірді. Аталған рулардың қазақтары дереу ерікті жасақтар құрып, оларды Кенесарыға аттандырды. Оның әскеріне Шөмекей руынан - батыр Тоғанас Байтоқов, Дариан Самраков және Қараш Бұғалақов, Керей руынан - Жұбан би мен сұлтан Тұтым Асанов, Ше¬ген руынан султан Ұшыр Садырбек, Алтын руынан Көшкен бай Мажағұлов және Әлім руынан Жанғожа келіп қосылды. «Жоғарыда есімдері аталған батырлардың бәрі коп қарулы адамдарымен Кенесарының жалпы күшіне қосылды».420 Кенесары әскерлерінің екінші бір бөлігі Түркістан мен Ташкентке бағыт алды. Ал Кенесарының негізгі күштері Қоқанның Ақмешіт (казіргі Қызылорда) қамалын қоршады, алайда оның қосынында көп адамның өмірін жалмаған тырысқақ ауруының пайда болуына байланысты қоршаудан бас тартуға тура келген. Сонымен бірге Бұқар мен Қоқан хандықтары одақтасып, қазақтарға қарсы біріккен жорық дайындап жатқаны белгілі болды. Осының бәрі 1846 жылдың басында Кенесарыны оңтүстік-шығысқа, Балқаш көлі мен Іле өзені аймағына қоныс аударуына мәжбүр етті. Кенесарының Іле өзені маңына келгенін алдын ала білген Аягөз округінің султаны Бөлен Шанхаев өкімет орындарына былай деп жазды: «Кенесары қайтадан Іле өзені маңына жақындай бастады, ауылдарды тонап, малды айдап әкетуде, бөтен қырғыздарды өзіне шақыруда, біреулерін алдап-сулап шақырса, ал саны аз топтарды қорқытып өзіне тартады. Оның Жетісу өлкесін тыныш қалдыратынына сенуге болмайды».436 Шынында да, Ұлы жүздің солтүстік аймақтарындағы рулардың (Дулат, Найман, Үйсін) қазақтары өздерінің жерлеріне бекіністер салынғанына және ең шырайлы шабындықтары приказдар (дуандар) салу үшін тартып алынғанына наразы болғандықтан Кенесары көтерілісіне қосылды. Осы аймақтың қазақтары былай деп жазды: «Біз, шынында, сіздердің қол астыңызға өттік. Бірақ полковник Кострюринге Көкпекті (Көктерек) округі аумағындағы өз жерімізде қаламыз деп ант берген болатынбыз. Ал, енді неге бізді еркімізден тыс Аягөз приказының басқаруына көшірдіңіздер»439.

Үкімет Кенесарымен күреске генерал-майор Вишневский басқарған әскер бөлді.
23-826

353

Қыс жақындап қалған, Кенесары Балқаш көліндегі адам аяғы жетпес Қамал аталатын түбекте қыстап шықпақшы болды. Қамал түбегі стратегиялық жағынан өте ыңғайлы жерде орналасқан: ол жан-жағынан табиғи қамалдармен - Балқаш көлімен, Іле өзенімен көптеген батпақты өзендерімен қоршалған болатын. Түбекке батпақты шығанақ арқылы өтуге болатын, өткелдің тереңдігі ат бойы еді. Осы шығанақ арқылы тек түйе жалдап қана өтетін. Түбектің ұзындығы 70 шақырым, ені 6-12 шақырым. Сонымен қатар түбекте табиғи бекіністер - сексеуіл тоғайы, қамыс т.б. көп еді. Әскери отрядтың бастығы Есаулов былай деп жазды: «Ол (Кенесары - Е.Б.) Балқаштағы табиғаттың өзін мықты бекініске айналдырған, «Қамал» деп аталатын түбекті таңдап алды. Онда ол өзінің барлық жақтастарымен көшіп-қонуда. Және осы жерде Іле өзенінен өткел жоқ болғандықтан, олар сол жерден қатты қарсылық көрсететін ойы бар»435. Генерал-майор Вишневский қазақ султандарымен ақылдаса отырып, Кенесары отрядын қоршауға алуға шешім қабылдады. Ұзақ қоршауға шыдамаған Кенесары соғыса отырып, Іленің сол жағасына өтті. Ал ол жерден Ұлы жүздің орталық аймағы - Алатау аңғары мен Шу өзені бойына көшті. Ұлы жүздің қонысында Кенесары қиын жағдайға тап болды.Осы кезеңдегі Ұлы жүздегі саяси өмірді анықтайтын негізгі фактор Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы орыс ықпалын күшейту еді. 1824 жылдың өзінде-ақ Ұлы жүздің Сүйік Абылайханов бастаған султандарының бір бөлігі орыс бодандығын қабылдаған болатын. Бірақ, XІX ғасырдың 30-жыларына дейін патшалы Ресей бірқатар жағдайларға байланысты, Ұлы жүзде де, сондай-ақ Ала¬тау қырғыздары аймағында да өзінің отарлау ісін жеделдетіп жүргізе алмаған еді. Бұған себеп, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен, ең бастысы Қытаймен өз қатынасын бұзғысы келмеген. Себебі, Ұлы жүздің шығыс аймағы соз жүзінде Қытай ықпалында болған-ды. Сол кезде патша әскерлерінің қытайлықтармен қандай да болсын қақтығысы Кяхты саудасына сөзсіз эсер етер еді, бұл сауданы орыс көпестері өте жоғары бағалайтын. Любимовтың мәліметіне қараганда461, Кяхты саудасы орыс көпестеріне жыл сайын 15 миллион сом күмістен табыс келтіріп отырған. XІX ғасырдың 40-жылдары жағдай біршама өзгерген. Қытай таяуда ғана Шығыс Түркістан мен ішкі Қытайдағы ірі көтерілістерді бастан кешіріп еді. Бурхан-Эддиннің немересі, Амурсананың серігі Қожа Жәңгір қоқандықтар мен қырғыздардың көмегімен Шығыс Түркістанға ба¬сып кірді. Жәңгір қытай әскерлерін талқандап, Қашғарды алған соң, өзін хан деп жариялады. Мұнымен бір мезгілде ішкі Қытайда «Ненюфардың ақ су гүлі» құпия ұйымы дайындаған көтеріліс басталды. Осы көтерілістерді зорға басқан кезде, 1839 жылы Қытай мен Англия арасында соғыс басталды. Соғысқа Кантондағы ағылшындардың апиын қоймаларының талқандалуы сылтау болды. Апиын сатудан ағылшын үкіметі үлкен пайда табуда еді. Англиямен соғыс Қытай үшін мүлдем сәтсіз аяқталды. Қытай үкіметі енді ағылшын көпестеріне Кантонға қоса, Шанхай, Амой, Нинпо, Фучжоу және басқа да портты қалаларды ашуға мәжбүр болды. Мұның бәрі Қытайдың Батыстағы рөлін төмендеткен. Орыс үкіметі енді орта азиялық хандықтардан да қауіптене қойған жоқ. XІX ғасырдың 40-жылдары басталып, 1845 жылға дейін созылған өзара соғыстың нәтижесінде Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарының күші әлсіреген болатын. Орта Азия хандықтары патшалы Ресей сияқты қуатты мемлекетпен ашық күреске шыға алмайтыны түсінікті еді. Сонымен бірге орта азиялық хандықтардың өзара соғысы басқа мемлекеттермен сауда байланысын бұзған еді. Осы жағдайлардың барлығы Орта Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатына эсер етпей қоймады. 1843 жылы Ресей Хиуа ханы Рахманқұлмен достық шарт жасасты. Енді Хиуада орыс көпестері баж салығынсыз сауда жасауға мүмкіндік алды. Хиуа ханы Ресейге бағынышты халықтарға өз билігін таратпауға уәде берді. Осыған қарамастан, Орта Азия жеріне қарай жақындай түскен орыс үкіметі өте сақ қимылдады, орта азиялық билеушілермен арақатынасын шиеленістіріп алмауға тырысты. 1844 жылғы генерал майор Жемчужников басқарған Сібір және Орынбор әскерлерінің Кенесарыға қарсы біріккен жорығы кезінде ақ, Орта Азия хандықтарының әскерлерімен қақтығыспау керектігі қатаң ескертілген болатын. «Түсініспеушілік болмас үшін Орта Азия билеушілерінің өзара қақтығысына ешқандай да араласпау керек, сондай-ақ бұқарлықтармен және қоқандықтармен сәл де болса қақтығысып қалмау үшін Орынбор даласындағы жортуылды Сырдария мен Телікөлден әрі асырмау, ал Сібірдегі жортуылды Шу өзенінің бергі жағымен шектей тұрған ләзім». 1845 жылы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің Ресейге бодан болуды қабылдауы орыс үкіметі үшін Ұлы жүз жеріне енуге тамаша жағдай жасады. Бұл жерде айта кететін нәрсе, Орта және Кіші жүздердегі қарағанда Ұлы жүз қазақтарының бодандықты қабылдауы біршама өзгеше жағдайда болған еді. Ұлы жүз қазақтары Қоқан бектері мен Қытай өкіметінің екі жақты қинауын бастан кешіргендіктен Ресейдің Боданы болу шетелдіктердің ауыр езгісінен құтқарады деп есептеді. Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына ерікті түрде өтуінің басты себебі осы. Патша өкіметі жаңа отарлау ауданының осындай ерекшелігін ескергені сөзсіз. Сондықтан ол өзі Кіші жүз бен Орта жүзді жаулап алан кезде қолданған отарлық езгі әдістерін Ұлы жүзге қолданбады. Осы мәселеде граф К.В. Несельроденің Николай І-ге жазған мағлұмдама хатының ерекше маңызы бар: «Үлкен орданың Ресейге жақында ғана бодан болуы себепті, өзінің Шептен алыс жатуы себепті және басқа да көптеген себептерге байланысты оған Орта ордадағыдай тәртіп орнатуға келмейді, онда приказдар құру, бәр-бәрі үкімет қойған чиновниктердің бақылауына алып, сол чиновниктерге басқартып қою жақында ғана бізге мойынсұнған қырғыздарды сөзсіз секем алдырмақ, тіпті олардан заттай төлем талап етудің өзі көптеген себептерге байланысты ыңғайсыз және ертелеу. Біріншіден, бұл қырғыздардың Ресейге ерікті түрде қосылғанын есте ұстау керек және осының өзі оларға біршама жеңілдік жасауды қажет етеді. Екіншіден, бұл ең бастысы, біздің мақсатымыз: осы Үлкен Орданы Ресейдің ықпалына бағындыру, онда сауда үшін қажетті тыныштық орнату, осы арқылы Батыс Қытаймен, әсіресе Қашқариямен және Орта Азияның бір бөлігімен сауданы өркендету үшін қауіпсіз сауда жолдарын орнату»462. Осы кезде Қытай иелігіндегі жерлерде көшіп-қонған қазақтардың бірқатар рулары -Байжігіт, Зай - екі жақты бағыныштылықта болды. Олар бір жағынан, Қытай билігін мойындаса, екінші жатынан, Ресей билігін мойындады. Қазақтардың осы руларына байланысты жергілікті өкіметке берген кеңесінде Нессельроде былай дейді: «Ақылға салып қарасақ, қазақ руларына қатысты істе қытайлармен тату көршілік ережелерін бұзбай, аса сақ болу керек»462. 1845 жылдан кейін Қоқан хандығы Ұлы жүздің коп бөлігінде ықпалынан айырылғанымен, Алатау қырғыздарының қоныстарында үстемдігін сақтап қалған. Көптеген қырғыз тайпаларының қонысы Ұлы жүз жерімен шекаралас еді. Қазақтардың тікелей көршісі Сарыбағыш руы, ал мұның жақын көршісі Бұғы руы. Тілі, мәдениеті, қоғамдық құрылысы жағынан қырғыздар қазақтарға жақын. Қоғамдық құрылысындағы бір өзгешелік -қырғыздарда сұлтандар болған жоқ. Қоғам екі топқа бөлінді: ру шонжарлары - билер және халық бұқарасы - бұқара (фукара сөзі - кедей дегенді білдіреді). Неғұрлым ықпалды билер ерекше оқшау топ - манаптар тобын кұрды. Манаптар өз кезегінде үш топқа бөлінді463: бас манап, орта және шала (кіші) манап. Соңғы екі топ бірінші топқа тәуелді еді. Руаралық дау-жанжалдар манаптар съезінде қаралып отырды. Қоқан үстемдігі дәуірінде халық «шынжырлы манаптар» деп атаған манаптар тобы ерекшеленді. Олардың манаптығы атадан балаға мұра болып қалатын. Кейбір «шынжырлы манаптар» қолындағы мал саны қисапсыз коп болды. Атап айтқанда, Бұғы руын басқарған Бұрым бай манаптың иелігінде 10 ООО киіз үй болған екен464. Шынжырлы манаптардың бірі - Қырғызстанның таулы аймағында ең жақсы жайылымды иеленген Ниязбеков еді. Ол өзінің «бұқарасына» қаталдығымен аты шыққан. Қырғыз халқының жадында Ниязбековтің балалары туралы мынадай өлең жолдары сақталган465.

«Орман, Субан - екі бек,
Бердіқожа, Бердібек,
Ажы, Шетен алты бек,
Рысқұлбек, Қожабек,

Ниязбектің сегіз бегі
Түгелінен төбе бек».

Қырғыз халқы - «бұқара» әлгі манаптар алдында мынадай феодалдық міндеткерлік түрлерін өтеді: 1. Саан - мал сүтін пайдаланғаны үшін жұмыспен өтеудің бір түрі (мұндай міндеткерлікті қазақтар «сауын» деп атаған). 2. Құш - бұқара халық малды және еңбек құралын іске пайдаланғаны үшін манапқа астықтың жартысын беруі керек. 3. Салық - жұртшылықтан азық-түлік, ақша алады. 4. Шығым - манаптардың құрметіне той жасауды ұйымдастыру үшін арнайы салық. 5. Сойыш - манаптың қысқы тамағын қамтамасыз етуге арналған мақсатты салық, қазақтардың «соғымы» сияқты. Дербес Қоқан хандығы құрылған соң өзбек бектері қырғыздарды ойсыратқан шапқыншылықтарын бастады. Өздерінің жаулап алушылық саясатында Қоқан бектері XІX тасырдың басынан - ақ бұлармен ауыз жаласқан феодал басшы топ - билерге және қырғыз манаптарына сүйенді. Бутан 1801 жылы Қоқан ханы Әлім ханға қырғыз билерінің елшілер жіберіп, сыйлық апаруы мысал бола алады. Елшілік кұрамында Сарыбағыш руынан Ерқабат Есентұлов, Талас қырғыздарынан Қарамақов және т.б. болды. Келген елшілер Қоқан ханының қырғыздарға билігін мойындап, бастарын иген. Қоқан ханы қырғыз билеріне эрқашан қамқор болута уэде етті жэне өзі де ел- шілерге сыйлық берді. Қоқан хандыты қырғыз жерлерін эскери жолмен тартып алуды 1807 жыл шамасында бас-тады. Осыған байланысты қырғыз тарихшысы Солтабаев былай деп жазады: «Қоқан ханы 1807-1810 жылдары дала қырғыздарына өзінің мың адам әскері бар құсбегін жіберіп, әскер қорғаған бекіністер салдыра бастады. Ал қырға билік жүргізу үшін «елбегін» жіберді»466. Қырғыз даласын отарлауды Қоқан бектері екі бағытта жүргізді. Ташкенттен Шымкент, Әулиеата арқылы Пішпек пен Ыстықкөлге, отарлаудың екінші бағыты - Фергана аңғарынан басталып, Құғарты асуы арқылы Тоғыз - Торсуға, Қошқарға, Нарынға, Атбасыға бағытталды. Осы екі отарлау шебінің бойы қамалдарға толды: Талас, Қошқар, Нарын, Саңғалды, Тоғыз-Торсу, Мерке, Аспара, Пішпек, Тоқмақ, Ақбекет, Қарабалта, Ыстықкөл және т.б. Дәл осындай бекіністер Ұлы жүз қазақтарының жерінде де салынған болатын. Шу және Іле өзендері жағалауларына керуен сарайлар салынды. Қоқан хандары қырғыз даласын өзінің «датқалары» (провинциялардың әскери бастықтары) арқылы басқарды. Қоқан билеушілері қырғыз манаптары сьездерінің шешімдерін кез келген уақытта өзгерте алатын болды. Қоқан билеушілері Пішпек пен Тоқмақта қоқан билігіне наразы қырғыздарды қамау үшін түрмелер (зындан) салды. Қоқан отарлауы манаптар мен байлардың қырғыз халқын қанау құралы болған ісләм дінінің Қырғызстанға тарауын күшейтті. Қырғыздар қоқандықтардың ауыр салықтарының езгісінде болды. М. Венюковтың көрсеткеніндей салық жүйесі мынадай баптардан турды.467

Түнлік зекет - түтін салығы, әр үйден бір қойдан.

Қой зекет - қой салығы, әр елу қойдан біреу; кей кезде 40 қойдан, тіпті 20 қойдан бір қой алып отырған. Қарарлы (Харареля) - егіншілік өнімінен алынатын салық, әр қырманнан - үш қойдан. Осы салықтармен қатар, қырғыздар асырау міндеткерлігін де атқарған. М. Венюковтың мәліметіне қарағанда, Солты руы және Сарыбағыш руының бір бөлігі Қоқан әскерлерін асырау үшін жыл сайын 5,5 мың пұт бидай мен тары берген. Жекелеген қырғыз руларын бағындыру Қоқан өкіметінің шектен тыс қаталдығымен жүргізілді. Әсіресе, Омар хан тұсында Кетментөбе елді мекеніндегі қырғыз руларын бағындыру үшін жасалған Қоқан әскерлерінің жорығы елді қатты күйзелтті. Бұл жерді үш қырғыз руы мекендейтін еді: Сарыбағыш, Саяқ және Сәтік. Қоқан хандары осы рулардың байлығына бұрыннан көз сүзуде болатын. Нарбота бидің және Әлім ханның кезінде-ақ бірнеше жорықтар жасалғанымен, оларды бағындыра алмаған еді. Омар хан Қырғызстанның осы таулы аймағын қайткенде де бағындыруды өзіне мақсат етіп қойды да, Қоқан әскерлерінің басшысы етіп мыңбасы Сейтқұлбекті тағайындады. Сейтқұлбек Кетментөбедегі қырғыздарға түн ішінде кенеттен шабуыл жасады. Көптеген тұтқындар мен мал-мүлікті қолға түсірген. Қоқанға жеңімпаз болып оралды. Қоқан әскерлері кетісімен осындағы қырғыз рулары көтеріліске шықты. Көтерілісшілерді жуасыту үшін оларға қарсы Бекназар би жіберілді. Ол көтерілісті қатыгездікпен басты. Тарихшы Наливкин былай деп жазады: «Бекназар би әйелдер мен балаларды да аямастан, жауыздықпен өлтіріп, елді түк қалдырмай тонап, көп олжа (негізінен мал) және көптеген тұтқындарды қолға түсіріп, Қоқанға қайтты»19. Міне, осылайша қырғыз халқы бұрыннан - ақ екі жақты езгіні өз манаптарының және Қоқан билігін бастан кешіруде еді. Орыс әскерлерінің алдыңғы бөлігінің Қырғызстанға жақындай бастауына байланысты манаптардың ішінен кейбірі орыс өкіметімен байланыс жасауға тырысты. Оған манап Жаңалық Құтлиннің 1821 жылы генерал Броневскийге жазған хаты куә: «Сіздердің керуендеріңізді Қашғарға және Ақсуға шығарып салғымыз - ақ келеді. Бірақ біздің Ордада бұзық қырғыздар бар және олармен күресе алмай отырмыз, сондықтан соларды тыйып тастауға билігіңізді қолдансаңыз екен»439. 1839 жылы граф Нессельроде өзінің Ұлы жүздің приставына берген нұсқауында былай деп жазды: «Сарыбағыш руының тастай тағы қырғыздардың манабы Орманды (егер ол Іле аңғарына немесе тауға кешіп кетпесе) Ресейдің адал боданы ет және Бугы руының басшысы Боранбаймен хабарлас, ол бұрыннан - ақ Ресейге адал берілген бодан болуға тілек білдірген, оның бізге адал қызмет етуінің екінші бір маңыздылығы - ол тастай тағы қырғыз манаптарының ішіндегі ең күштісі, иелігінде 15 мың үй бар. Ал Сарыбағыш руында тек 6 мың ғана үй бар. Орманның оз иелігінде 2 мыңға жуық, сонымен қатар тағы бір жағы - Бұғы иелігіндегі жерлерден Қашғарияға баратын басты жол өтеді»468. Ішкі бытыраңқылыққа және руаралық күреске қарамастан, қырғыз халқының арасында саяси бірігуге ұмтылушылық болды. Бірақ мемлекетке бірігу процесі жеке феодалдардың арасындағы билікке таласқан күреспен, яғни феодалдық соғыстармен жүргізілді. Барлық қырғыз жерлеріне саяси билік жүргізуге тырысу манап Орманның (1790-1853 жылдар) қызметінде ашық байқалды. Орман кәдуілгі феодал болатын. Оның қырғыздарды саяси біріктіру үшін күресі қырғыз халқына өз үстемдігін орнатудың амалы еді. Кенесарымен соғыстан сәл ғана бұрын Орман өзін хан деп жариялады. Алайда «Орман хан тұсындағы қырғыздар» атты зерттеудің авторы, қырғыз тарихшысы Б. Жамғыршинов былай деп жазды: «Орман хан өзін барлық қырғыздардың ханымын деп есептегенімен, шындығында Сарыбағыш, Саяқ және Бұғы руларынан басқа рулар оның билігін мойындамады. Бірақ оның хан ататын алуына қарсы да шыққан жоқ»469. Оның халық таныған көсем бола алмағаны осыдан-ақ белгілі. Соған қарамастан оның феодалдық монархия түріндегі саяси билікке ұмтылуы халық арасында қолдау тапты және бұл қолдау ол жерлерге Кенесары келген уақытта қырғыз ауыз әдебиетінде бейнеленді. Қазақстанның оңтүстігінде және Қырғызстанда, міне, осындай жағдай қалыптасқан еді. Кенесарының Орта жүзде өзіне жаңа қолдаушылар табатынын және оның іс-қимылы Орта жүз аймағын өзіне қосып алуға кедергі жасайтынын түсінген орыс үкіметі Кенесары қозғалысын тұншықтырып тастауға барынша тырысып бақты. Сол үшін өздері ұнататын әдісті - қырғыздарды қазақтарға айдап салуды, яғни патшалы - крепостниктік құрылыстың ұлттық саясатына тән әдісті пайдаланды. Сталин жолдас былай деп жазды: «Патша үкіметі соңына таман жаңа жауыздық ойлап тапты. Ол халық арасына дұшпандық сеуіп, халықтың әр түрлі топтарын, бүтін бір Ұлттарды бір-біріне айдап салды».470 Қазақтар мен қырғыздар арасында ұлттық араздық тудыру әдісі өз жемісін берген. Бұған қазақтар мен қырғыздар арасындағы бұрыннан келе жатқан ру араздығы да көмектеспей қалған жоқ. Кенесары Ұлы жүз аймағында көрінісімен өкімет билігіңдегілер қырғыз манаптарын Кенесарыға қарсы бірігіп күресуге шақырды. Өкіметтің қырғыз манап тарымен келіссөз жүргізгені туралы Орынбор Шекара Комиссиясының есебінде былай делінген: «Сібір қырғыздарының Шекара Бастығы олардың басшы билері Боранбай мен Кішкене Пірназаровқа көтерілісшілердің өздеріне нұқсан келтіруіне жол берілмеуін, реті келсе, Кенесарыны ауылдарымен қосып жойып жіберу керек, деп жазды және өздерінің осы мәселеге байланысты істерін орыс отрядтарының нақты күшінен қолдау табу үшін жасауыл Нюхаловпен келісіп алуды тапсырды. Осының нәтижесінде тастай тағы қырғыздардан Нюхаловқа татар Мухаммед Тагиров келіп жолықты».48 Кел іс сөздің нәтижесінде қырғыз манаптары Кенесарыға қарсы бірлесіп күресуге өкіметке уәде берді. Орынбор Шекара Комиссиясының есебінде көрсетілгендей, «қырғыз манаптары Кенесарыға қарсы күресте не өздері өлуге, не жауды құртуға шешім қабылдады». Қырғыз манаптарында болып қайтқан өзбек Жақып та осыны айтады. Ол былай дейді: «Сол өлкелерде болғанымда, тастай тағы қырғыздардың басшы билері, генерал-губернатор Капцевичтің кезінде Омбыда болған Боранбай мен Кішкене Пірназаровтың Кенесарыға қарсы соғысуға және оны талқандауға дайын екенін естідім».435 Үкімет Кенесары көтеріліске Ұлы жүз қазақтарын көтере ме деп қорыққан. Генерал-майор Вишневскийдің қарамағына жасауылдар Нюхаловтың, Абакумовтың және Карбышевтың отрядтары берілді. Вишневский Ба¬тыс Сібір генерал-губернаторына: «бүлікші султан Кенесарыны қырғыздар сеніміне ие болғызбауға және оны жақтастарымен қоса сол жерлерден қууға, ал мүмкіндік бола қалса, оның өзін ұстауға қолымнан келетін шаралардың бәрін қолданамын» деп уәде берді459. Вишневский Орта жүздің Аягөз, Қарқаралы, Көкпекті округтерінің аға сұлтандарын және патша өкіметіне берілген қазақтарын Кенесарымен күреске тартты және сонымен бір мезгілде Ұлы жүздің ықпалды сұлтандарын Кенесарыға қарсы қоюға тырысты. Оларды көңілдендіріп қою үшін ордендермен наградтап, шенін өсірді. Мысалы, сұлтан Әли Әділов полковник шенін және Андреев лентасына тағылған алтын медаль алды, сұлтан Хәкім де осындай медальмен наградталды. «Үкіметке ерекше адал» басқа да қазақтарға наградалар берілді. Ұлы жүздің сұлтандары оз кезетінде өздерінің патша өкіметіне берілгендігі және Кенесарыға қарсы бірігіп күресуге дайын екендігі туралы жазбаша былайша сендірді: «Біздің мекенімізге келген Кенесары мен оның жақтастарына халық тыныштығын бұзушы ретінде қарап, оны өзіміздің дұшпанымыз деп есептейміз және Кенесарының да, оның жақтастарының да біздің мекенімізде болмауы үшін онымен ешқандай мәмлеге келмейміз. Етер де қазір немесе бізден алыстап кеткеннің өзінде, оның Орта орданың, әсіресе жақын мандаты округтердің қырғыздарына қарсы қимылы туралы ести қалсақ немесе байқасақ, онда бүлікшінің айуандық қастандығын болдырмау үшін өздеріңізге дереу хабарлауға уәде береміз».459 Генерал-майор Вишневский жасауыл Нюхаловтың отрядын Кенесарыны Алатау етегіндегі қазақтармен біріктірмеу үшін Қапал мен Қараталға аттандырды. Сонымен бірге ол сұлтандарға хат жолдап, Нюхалов отрядтарына көмектесуді өтінді. Көп кешікпей-ақ Нюхаловқа аға сұлтан Бөлен Шанхаевтың отряды қосылды, ал Әли Әділов пен

Сүйік Абылайханов сұлтандар қарулы көмек көрсетуге уәде берді. Осындай жағдайда Кенесарыға өз сарбаздарын жинау үшін және халықты біріктіру үшін көп жұмыс істеуге тура келді. Кенесары Ұлы жүз сұлтандарының көмегі мен қолдауына сене алатын еді, олардың кейбірімен, тіпті туыстық қатынаста болатын (мысалы, сұлтан Рүстем, Сүйік Абылайханов). Бірақ күресті жалғастыру үшін тек қана Ұлы жүз қазақтарының көмегі аздық ететінін түсінген ол, енді Алатау қырғыздары мен қазақтардың күшін біріктіруді ойлады. Кенесарыға шынында қырғыз халқының көмегі қажет еді. Ұлы жүзге өту кезінде оның әскерінің кұрамын толықтыратын және материалдық көмек беретін оз қарамағындағы ауылдардың бір бөлігінен айрылған болатын. Бүл ауылдар бірқатар жағдайға байланысты (жазалаушы отрядтардың қуғынынан және жаңадан баратын жерде жайылымның жоқтығынан қорқып) бәрі бірдей Кенесарыға ере алмады. Сонымен бірге шегінген кезінде Кенесары өз әскерінің бір бөлігінен айрылған-ды. Оның күресінің ең соңғы күніне дейін Кенесарының қасында болған ақын Нысанбай өзінің дастанында туысқан қырғыз халқынан көмек сұраған Кенесары былайша толғанып еді дейді:

Солтүстікте орыс бар -
Жерің мен берсең малыңды,
Балаңды берсең солдатқа,
Отыратын қоныс бар.

Күншығыста шүршіт471 бар –
Адам жейтін аюдай...
Оңтүстікте қоқан бар –
Қатын қылып қызыңды,

Қарсы келсең дарға асып,
Күнде Қоқан қоқаңдар472

Қоқанның билеп-төстеуіне қарсы бірлесіп күресуге шақырып, қырғыз халқына Кенесарының үндеу тастағаны туралы өзінің «Қырғызстан тарихы» кітабында Сыдықов та айтады. Ол былай деп жазады: «Қазақ ханы Кенесары Орманға өзінің өкілін жіберіп, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу үшін қырғыз, қазақ болып күш қосуды өтінді».473 Кенесары сонымен бірге, Ұлы жүзде жүрген өзіне басқа да жүздерден адамдар келіп қосылады деп ойлады. Ол ең алыстағы қазақ руларына дейін үндеулер жіберіп, көтеріліске қосылуға шақырды. Орынбор мекемесіне қарасты руларға арналған үндеуінде Кенесары былай деп жазды.435 «Жаратқан иеміздің еркінен, кәпірлердің қыспағынан біздің Орта жүз бен Кіші жүздегі жақсы заманымыз бастан өтті, сондықтан біз Ұлы жүздегі Шу мен Іле бойына қоныс тептік... Егер сіздер бізге деген сенімдеріңізге және адалдықтарыңызға байланысты бізге көшпек болсаңыздар, онда бізді Қоқы деп аталатын жерден табасыздар. Бүл хат сіздер бала-шағаларыңызбен кәпірлердің тепкісіне түспесін деген ниетпен жазылып отыр». Екінші бір үндеуде былай деп жазылған: «Біз сұлтанымыздың інісі Сейілхан мен Шоқпар биді Кіші және Орта жүздерге жіберіп отырмыз. Бүл екеуіне ондағы бізге іш тартатын бауырларымызға Ұлы жүздің жері мен суы туралы хабарлау және кімде-кім бала-шағасымен кәпірлердің құлдығында қалғысы келмесе, солардың бәрін осында бастап алып келу міндеттелді». Осындай «бүлікшіл хаттар» туралы Орынбор әскери губернаторы былай деп жазды: «Кенесары қырғыздарды орыс езгісінен құтылу үшін Орынбор даласынан кетіп, өзінің жаңа қонысы Шу маңына жиналуға шақыруда»338. Амал не, бұл үндеуден ойлағандай нәтиже шықпады. Кенесарының жаңа жерде Кіші және Орта жүз қазақтарын біріктіру арманы орындалмаған. Орта жүзден өзінің жігіттерімен тек сұлтан Құдайменді Ғазин Қарқаралыдан келіп қосылды. Ал Ұлы жүз аймағында Кенесарының отрядтары жүріп өткен жердің бәрінде жергілікті қазақтар оларға қосылып отырды. Кенесарыға Ұлы жүздің Дулат, Үйсін, Жалайыр руларының батырлары қосылды. Жамбыл өзінің естеліктерінде былай дейді:

Жетіп келді қасына Саурық пенен Сыпатай,
Жас та болса Байсейіт жүрген еді қалыспай.
Сұраншы батыр ол - дағы –
Кенесары қасына бәрі келіп жиналды.

Келген батырлардың арасындағы ең жасы - Байсейіт болды. Ол Дулат руының Ботпай тармағынан еді. Оның әкесі Тойшыбек өзінің бауыры Керіммен бірге халық арасын¬да «қос батыр» атанған екен. Жамбыл Байсейіт батырға байланысты қызықты бір оқиғаны баяндайды. Кенесары Дулаттарға келгенін естіген Байсейіт оның әскеріне қосылуға тілек білдірген, бірақ ол алдын ала сұлтанмен кездесіп алмақшы болады. Бірде Байсейіт ешкімге құлақ аспастан, Кенесарының ордасына кіріп бармақшы болғанда, әкесі Тойшыбек есік алдында тоқтатып: «Әй, көргенсіз бала, ханға рұқсатсыз кіруге бола ма екен?» - дейді. Сонда Байсейіт әкесіне былай деп жауап беріпті: «Мен оған хан деп келіп отырған жоқпын, батыр деп келіп отырмын, ал батырлар бір-бірінен қорықпас болар»474 депті. Үйге кіргенде, Кенесары оны қуана қарсы алады. Аталған батырлармен қатар Кенесарыға Тойшыбек, Байзақ және тағы басқа да батырлар қосылған. Онымен әпкесі Бопай бұрынғысынша байланыс жасап турды. Ол өзінің 500 жігітімен Үйсін руынан зекет жинауға қатысады. Жасауыл Нюхалов генерал Вишневскийге былай деп хабарлаған: «Кенесарыға Үлкен орданың Шымыр, Жаныс, Сарыүйсін және Сиқым руларының қазақтары қосылды, енді олардың жалпы саны 20 мың шаңырақ болып қалар»435. Шынында, Ұлы жүздің біршама бөлігінің қазақтары қосылғаннан кейін Кенесары қайтадан елеулі күш - 20 мың адамдық әскер жасақтай алды475. Шу өзені бойына ол енді қамал сала бастаған, бірақ соғыстың басталуына байланысты құрылыс тоқтап қалады. Кенесары үшін қырғыздармен қатынас біршама қиындық туғызған . Ол Сайдақ қожа, Шоқпар би, Есенгелді Саржанов бастаган338 елшілерін қырғыз манаптарына жіберіп, Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресуге шақырды. Осы хабар генерал Вишневскийді қатты абыржытқаны сонша, ол Кенесарының Алатау қырғыздарымен байланысын тоқтату үшін Қапал ауданына дереу жүзбасы Абакумовтың отрядын аттандырды. Кенесарының қырғыздармен келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Сарыбағыш руының Орман және Жантай бастаған манаптары Кенесары ұсынысын қабыл алмады. Сонымен бірге, олар өздерінің тумаларын қазақ ауылдарына шабуыл жасауға үгіттей бастады. Қырғыздармен қатынасын шиеленістірмеу үшін Кенесары өзінің ауылдарына шабуыл жасаған кезде тұтқындалған Қалша би бастаған 200 жігітті 1846 жылы тұтқыннан босатты. Сол жылы Орман мен Жантайға арнап жазған хатында ол қырғыздарға ешқандай жамандық ойламайтынын түсіндірген болатын. «Менің осында келуімнің себебі,- деп жазды ол, - жауласып, қан төгу емес, қазақ пен қырғыздардың күшін біріктіріп, оларды Қоқаннан болу, жалпы қоқандықтардың қыспағынан құтқару. Солай бола тұрса да кейбір ыңғайсыз істерге жол берілді, ал қазір арамызда болып өткен жайлардың бәріне мен салауат айтамын және сіздердің түсінбестіктеріңізді кешіремін. Менің жаулық ойламайтынымды Қалша биді 200 жігітімен титтей де жәбірлемей босатқанымнан көре аласыздар. Осы хатты алған соң қауіптеріңізді сейілтіп, менің алдыма келіп, сөзіме құлақ асу рәсімін жасаңыздар да, көңілдеріңізді жайландырыңыздар. Егер бұл ұсынысты қабыл алмасаңыздар және жауласудан бас тартпасаңыздар онда өз обалдарыңыз өздеріңізге»447. Осы хатта патшалы Ресейге қарсы күреске шақырған үндеу жоқ. Бұл кездейсоқтық емес. Ол патша отарлауының езгісіне түсе қоймаған қырғыздардың мұндай үндеуді қолдай алмайтынын түсінген еді. Қырғыздардың сол кезеңдегі негізгі жауы - қазіргі Қырғызстанның барлық жерін билеп-төстеген Қоқан ханы болатын. Алайда Ұлы жүзбен қоныстары шекаралас және өздерінің сыртқы саясаттағы әрекеттерінде Қоқан мен патшалы Ресейдің арасында жалтақтап күн көруге мәжбүр болған Орман және Жантай манаптар, әлбетте, Кенесарыны қолдай алмады. Бірақ ең бастысы бұл да емес еді. Сыдықовтың жазғанына қарағанда, Орман Кенесары елшілерімен келіссөздерде бір жолы былай депті: «Ол (Кенесары - Е.Б.) екі халыққа билігін жүргізетін етіп мені сайласын, өзі менің келісіміммен ғана қимыл жасасын»473. Бутан сенуге де болады, себебі Орман барлық қырғыздарды өз қол астына біріктіргісі келген адам. Оз тарапынан Кенесары да «сөзіме құлақ асу рәсімін жасаңыздар», яғни айтқанда менің билік жүргізуіме көніңдер деп талап ет¬кен. Кенесары өзінің өктемдігіне мойынсұн бағандарды қорқытып алудан да тайынған жоқ.

24-826

369

Кенесарының хатын алған соң, Орман мен Жаңтай оны манаптардың мәжілісінде талқылап, султанның ұсынысын қабылдамауға шешім алды. Олар хаттың Қоқанға қарсы бірігіп күресейік деген тұсына емес, қырғыздарға күш көрсетіп, өзіме қосып аламын дегеніне назар аударған. Жамғыршиновтың жазғанындай: «Қырғыз манаптары Кенесарының түпкі ойы Орманнан бастап қырғыздың феодалдық - рулық шонжарларының барлық өкілдерін биліктен айыру деп білді». Халық бұқарасына үстемдік жүргізетін биліктен айыру олар үшін Қоқанға бағынудан да үлкен қорқыныш туғызды және таптық мүдде жалпыхалықтық Ұлттық мүддеден жоғары қойылды. Кенесары қырғыз манаптарына жазған хаты уақытында қазақ пен қырғыз арасында кең тараған сияқты. Оған бүл хаттың мазмұнын әр түрлі нұсқада жырға қосқан көптеген фольклорлық - материалдар дәлел бола алады. Сөйтіп, Алатау қырғыздарының ішкі саяси, сондай-ақ, олардың Орта Азия хандықтарымен және патшалы Ресеймен өзара қарым-қатынасына талдау жасай келе, патша өкіметі мен қырғыз манаптарының Кенесарыға қарсы бірігіп күресуінің кездейсоқ емес екендігіне көз жеткіземіз. Балқаш пен Іле аймағынан ығыстырылған Кенесары 1846 жылы Қоқанға қарсы күресті одақтастарсыз, тек өзіне қосылған Ұлы жүз қазақтарының күшімен бастауға мәжбүр болды. 1846 жылы ол Әулиеата (қазіргі Жамбыл қаласы) ауданына басып кіріп, Мерке қамалын қоршауға алды. Сәл ғана қарсылықтан соң датқа (қамал коменданты) өзінің гарнизонымен берілді және соның белгісі ретінде өзінің «Қызыл ауыз»466 атты сәйгүлігін Кенесарыға сыйға тартты. Датқа сонымен бірге Пішпек қүсбегімен және қырғыз манаптарымен уақытша бітім туралы келіссөз жүргізуге де уәде берді. Ахмет Кенесарин: Меркені алған соң Кенесары датқаны аластап, Меркенің билеушісі өзі болды деп жазады447. Мерке құлаған соң, қырғыз манаптары Пішпек құсбегі Әлішерден: «Кенесарымен күрес жүргізесіз бе, әлде уақытша бітім туралы келіссөзге кірісесіз бе» деп сұрады. Әлішер былай деп жауап берді: «Мерке датқасы қорқақ және жауыз, ал мен өз ханымның адал құлымын және оның сенімін ақтаймын. Менің екі зеңбірегім бар, сондықтан онымен соғысуға дайынмын». Әлішер мен Орман манап қырғыздарға елдің ішкі жағына көшуге кеңес берді, ал өздері әскерімен Кенесарыға қарсы аттанды. Жер жағдайын жақсы білгендіктен, олар Кеклі тауларындағы ыңғайлы орынға бекініп алды. Алатау тауларындағы алғашқы қарулы қақтығыстарда екі жақтан да көп шығын болды. Қырғыз манабы Дөнентайдың генерал Вишневскийге жазған бір хатында былай делінген: «Кенесары бізге келіп, дұшпанға айналды. Өткен жылы олар біздің ауылдарымызды талқандап, шабандозымызды өлтірді, ал біз Алла тағаланың шапағатымен қаруланып алып, султан Бөкеннің басшылығымен олардың 4 мың адамын жер жастандырдық»462. 1846 жылдың орта шеніне қарай біршама тыныштық орнады да, екі жақ әскери қимылдарды тоқтатуға және уақытша бітім жасасуға келісе бастады. Алдағы келіссөздер туралы Сібір қырғыздарының шекара бастығы былай деп жазды: «Тастай тағы» қырғыздарға Кенесары өзінің және Ғали султанның атынан бітім туралы келісуге елшілер жіберіп еді, бірақ олар әлі оралған жоқ»435. Кенесары бар уақытта да қырғыздармен әскери қақтығысты тоқтатуға тырысты. Мұны жүзбасы Абакумов та растайды, ол: Кенесары «барлық шараларды қолданып, қырғыздармен бітімге келуді ойластыруда»415 деп жазған. Қырғыздар жағынан елші болып белгілі манап Қалығұл келді, кейіннен ол Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа Кенесарының басын жеткізгені үшін алтын медаль алды. Кенесары Қалығұлды қабылдап, бірнеше күн ордасында күтті, тіпті оған Наурызбай да қонақасы берді. Наурызбайдың кескін-келбетін біз алғаш рет осы Қалығұлдың суреттеуінен білдік. «Барқыт қамзол киген, мұрты енді тебіндеп келе жатқан, ұзын бойлы жас жігіт қонаққа шақырды. Кейіннен оның Наурызбай төре екенін білдім». Кенесары Қалығұлмен казактар мен қырғыздар будан былай достық, тату көршілік қатынаста болады және қырғыздар Кенесарының кеңесіне құлақ асады деп келісілді. Қалығұл қырғыз халқының атынан: «Қырғыздар мен қазақтар достық қатынастағы дербес ел болады және барлық маңызды істер бойынша Кенесарымен ақылдасып отырады және оның сөзіне құлақ асады»466 деп уәде берді. Сонымен бірге тұтқындар алмасуға да келісті. Кенесары Қалығұлдың өтініші бойынша, қазақтардың қолынан қаза тапқан қырғыз батыры Тастанбектің найзасы мен болат қылышын қайтарды да, Қалығұл Кенесарының қолға түскен жігіттерін төлемін төлесе, қайтаруға уәде берді. Кенесарының тұтқынға түскен екі сүйікті батырын (бірі қайын ағасы, Орынборда тұтқында отырған әйелі Күнімжанның ағасы) босату туралы келіссөз кезінде қырғыздар біреуіне 64 қара баран жылқы, ал екіншісіне -10 түлкі ішік, 10 тоқыма шапан, 10 құндыз, 10 құла ат, 10 түйе төлем төлеуді белгіледі. Кенесары қолға түскен жігіттері мен екі батырын босату үшін әр ауылдан бағалы заттар жинауға бұйрық берді, бірақ «жиналған мүлік оның қайын атасы мен сүйікті батырын босатуға жетпеді».338 Уақытша бітімді көп кешікпей қырғыздардың өздері бұзды. Манаптар қырғыз батыры Жаман қараны өлтіргені үшін Ұлы жүздің батыры Саурықтың ізін аңдыған. Саурық дем алып жатқан кезде оның жасағына 70-80 қырғыз шабуыл жасап, жігіттерін өлтіріп, 700-дей жылқысын айдап әкетті. Саурық қуғынға шыққан кезінде торуылға түсіп, қырғыздар қолынан қаза тапты. Қырғыз манаптарының Саурыққа шабуылы, жылқы айдап әкетуі, келісім шарттың бұзылуына, қарулы қақтығыстың қайта басталуына және Кенесары мен оның серіктерінің қазасына алып келді. 1847 жылы Кенесары қырғыздар жеріне басып кірді. Бұл күресте Кенесарының көздеген негізгі мақсаты - қазақтар Алатау қырғыздарының ортақ жауы Қоқан үстемдігіне және Қоқан бектерінің сенімді одақтастары қырғыз манаптарына қарсы күресу еді. Сондықтан ол қырғыздарға қарсы жорықты Қоқан жағына шығып кеткен манаптар сатқындығына жауап ретінде қарады. Бірақ осының өзінде ол күрестің феодалдық әдістерін қолданып, үлкен қателік жіберді. Оның жазалаушы шаралары манаптардан гөрі қырғыз халқына қатты батты. Ол бүтіндей ауылдарды өртеп, әйелдерді де, балаларды да аямады. Бірақ қатыгездік екі жақтан да болды. Қырғыз манаптары өкіметке жазған хаттарында: «Кенесарының сансыз коп жақтастарын өлтіргенін, көтерілісшілерді аяусыз азаптағандарын және Кенесары мен оның серіктерін қинап өлтіргенін» мақтанып жазды. Феодалдық дәуірге тән қатыгездік көтерілісшілердің де күрес әдістерінен орын алған. Кенесары да, әлбетте, оз дәуірінің шеңберінен аса алмады. Феодалдық қоғам жағдайындағы ұлт - азаттық соғыстары туралы Энгельс былай деп жазған: «...халық соғысында көтеріліске шыққан ұлт қолданған әдістерді соғысты дұрыс жүргізудің жалпы жұрт мойындаған ережелерін салыстырмай немесе қандай да бір басқа ойша жасалған өлшем бойынша қарамай, тек қана көтеріліске шыққан халықтың өркениеттіліктің қай сатысына жеткеніне қарап бағалау керек»476. Кенесарының қатыгездігін оның шыққан ортасымен, сол ортаның салт-санасының оның идеологиясына және күрес әдісіне эсер етуімен түсіндіруге болады. Алайда, дәл осы феодалдық күрес әдістері Орман мен Жантайдың қырғыз халқын Кенесарыға қарсы күреске жұмылдыруына көмектесті. Кенесарының Қырғызстанда манаптардың феодал жасақтарымен емес, халықтың қарсылығына тап болып күресуіне тура келген, оның түбіне жеткен де нақ осы жәйт. Кенесарының Қырғызстандағы істерінің аз зерттелгені сонша, ондағы оқиға барысын толық қалпына келтіру қиын. Тек Орман хан қолданған Кенесарыны талдау тәсілдерін атап өту керек, онысы қақтығыстың немен аяқталуында белгілі рөл атқарды. «Кенесарымен соғыс кезінде Орман хан өзінің отрядтарына қазақтарға көрінетін жолмен шаңдатып, таудан түсуге бұйырды. Төмен түскен соң, олар шатқалдар арқылы кері қайтып, онан қайтадан төмен түсіп отырған. Осы көрініс үздіксіз 3 күнге созылған. Мұны көріп отырған Кенесары Орман ханның шаңға оранып, үсті-үстіне оған келіп жатқан әскерінің көптігіне таң қалыпты деседі. Орман хан түнге қарай әр адамға жеке-жеке от жағуға бұйрық береді. Түнде таудағы сансыз оттарды көріп Кенесары былай депті деседі: «Қырғыз көп пе, әлде аспандағы жұлдыз көп пе?»469. Кенесарының қырғыз әскерлерімен соңғы шайқасы Тоқмақ селосының шығыс жағында, Пішпек қаласына жақын Кеклі тауларында болды. Кенесары әскерлері Шу өзенінен 1-2 шақырым жердегі Майтөбе деген таулы үстіртке орналасты. Қырғыздар ғасырлар бойы Майтөбені «қанды жер» деп атайды екен354. Майтөбеге солтүстік шығыс жатынан Кеклі тауы жалғасып жатады, жергілікті халық оны «қасиетті төбе» деп атаған. Осы төбенің батысында Шу өзеніне дейін созылған Қара қоныс аңғары жатыр. Осы аңғар екіге бөлінеді: бірі «Алмалы сай» деп, ал онымен шектесетін аңғар «Саулман» деп аталады. Бұл аңғарлар орманға бай, ортасынан асау өзен ағып жатыр. Кенесарыны қырғыз манаптарының тұтқындаған жері осы «Алмалы сай» еді. Кенесары штабы Майтөбеде орналасқан болатын. Ондағы Кенесары жақтастары салған уақытша бекіністің, таулы үстірттің шығыс жағынан қазылған ордың және тас үйіндінің қалдықтары осы күнге дейін сақталған. Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздар жеңісімен аяқталатыны алдын ала белгілі еді. Біріншіден, патша отрядтарының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырды. Генерал - майор Вишневскийге рапортында жасауыл Нюхалов былай деп жазды: «Мен аса белгілі билерге - Бұғы руының биі Борамбай Бекмұратовқа және Әжібай Сералинге, Сарыбағыш биі Орман Ниязбековке, Солты руының биі Жаңғараш Есхожинге хат жолдап, сендердің де, орыс үкіметінің де жауы Кенесарының көзін кұртайық деп шақырдым».435 Екіншіден, қазақ султаны Рүстем және Сыпатай би Кенесары қозғалысына тоналудан қорқып қосылған адамдар еді. Шайқас болардың алдындағы түнде олар Кенесары жасақтарынан қашып кетті. Ол туралы Мәдбек Бекқожаев былай дейді: «Сыпатай мен Рүстем торс түнде оз әскерлерін бөліп алып, Шу өзенінің арты жағына өтіп, «Мықан суына» жеткен соң өткел іздеп, таң атқанша жүрді. Осы кезде оларды қырғыз әскері байқап қалып, шабуыл жасады. Артта жау, алда өткел бермес батпақ су, міне, осындай жағдайда қазақтар қырылып, бір бөлігі қолға түсті»477. Сыпатай мен Рүстем көрсеткен қызмет ұмыт қалған жоқ. Кейіннен манап Жантай Қарабеков Сібір қырғыздары шекара бастығынан султан Рүстемді наградтауды сұрай отырып, былай деп жазды: «Рүстем султан мен Сыпатай Әлібеков би әскерлерін алып, кетіп қалды да менің Кенесарыны жеңуіме жағдай жасалды»459.

Үшіншіден, Қоқан бектері оз әскерлерін Орман манаптың қарамағына берген-ді. Жағдайдың үмітсіз екендігін түсінген Кенесары әскери кеңес шақырып, қоршаудан шыту жолдарын қарастырды. Наурызбай Кенесарыға мынадай ұсыныс жасады: Маған Тама руынан Құрман батыр және Ағыбай батыр бастаған, ұрысқа жарамды 200 жігіт беріңіз, мен сол жігіттермен қырғыздар шебіне шабуыл жасап, бұзып өтемін»447 деді. Бұл ұсынысты барлығы қолдағанмен, Кенесары келіспеді. «Егер біз бұзып өтсек, онда тоқтамай қашамыз. Кімнің аты жүйрік болса сол құтылады. Ал халықтың басым көпшілігі қырылып қалады. Егер мен, әскер басшысы бола тура қашып кетсем, онда мен бұдан былай халыққа хан бола алмаймын»447. Кенесары барлық аттарды сойып, тек азық-түлік артатын 30 ат қана қалдырып, қолға найза алып жаяу сытылып шығуды ұсынды. Бірақ оның ұсынысын ешкім қолдамады. Соғыс кезінде атынан айрылу қазақтар үшін жаман ырым болатын. Көмек келеді-ау деген оймен келесі күнге дейін күтуге шешім қабылданды. Бірақ көмекке ешкім келмеді. Кенесары мен Наурызбай әрқайсысы оз отрядтарын басқарып, қоршауды бұзып өтуге ұйғарды. Кенесары өзінің отрядымен Қарасуық деген батпақты өзен арқылы қоршаудан шықпақшы болды. Өзеннен өту кезінде коп адам суға кетті, осыған қарамастан жауынгерлер Кенесарыны аман алып қалу үшін әрекет жасады. Осы оқиғаны көтеріліске қатысқан адам былай суреттейді: «Кенесарының жүздеген адамдары желкеден төнген қара қырғыздардың соққысынан суға кетті, бірақ өліп бара жатып, өздерінің сүйікті султаны Кенесарыны құтқаруға тырысты. Өздерін құрбан ете отырып, олар султанды суға батып бара жатқан атынан ауыстырып, оз аттарын беріп отырды»475. Қоршаудан шығуға тырысу сәтсіз аяқталды. Наурыз¬бай өзінің отрядымен күші басым шайқаста қаза тапты. Кенесарыны манаптар қолға түсірді. Өзін өлтірер алдында Кенесары қырғыз манаптарына тағы да оз ойын айтты: жауласуды қояйық та, ортақ жау Қоқанға қарсы бірлесіп күресу үшін қазақтар мен қырғыздардың күшін біріктірейік деп ұсыныс жасады. Алайда қырғыз манаптары бүл жолы да оның ұсынысын қабылдамады. Кенесары өзін өлтірер алдында, иін тірескен халық жиналып тұрған сол бір шақта өлеңдетіп қоя берді. Өлеңінде өз елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында өзі жүргізген аса ауыр күрестің бүкіл өткен жолын баяндады, Сарыарқаның кең даласын, шайқаста қаза тапқан серіктерін еске алды. Кенесары өлтірілер алдындағы сәт былайша суреттелген: «Кенесары жиналған жұртқа, алыстағы тауларға, күн шуағы төгілген биік аспанға, онан соң жан-жағына қарап алып, ән бастады. Ән ұзақ айтылып, жиналғандар ұйып тыңдады. Ән сөздері тыңдаушының бойын билеп, жүрегін баурап, қатты толқытқан. Ол өзінің өлеңінде туып-өскен кең даласында, кіндік кескен ауылында өткен бар өмірін есіне алған еді»478.

Кенесары өлімі оның серіктері үшін, әскери достары үшін ауыр соққы болды. Я. Панферов көтеріліске қатысқан Нысанбай ақынның сөздері арқылы көсемінен айырылған қазақтардың терең қайғысын білдіреді. «Кенет шатқал тыныштығын ғажап домбыра үні бұзды, оған қосыла Нысанбайдың «Е... е... е е... Алла - ай!» деп басталып, сол жерде шығарылған жоқтауы айнала жұрттың жүрегін мұңға бөлеп, жанын тебірентті:

Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Халық иесі хандардан
Жетім қалдық айрылып.

Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып,
Балдағы алтын ақ берен
Тасқа тиді майрылып.

Кемшілік түсті басыма
Көрінгеннен қаймығып...
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз,

Наурызбай төре кеткен соң,
Бастан тайды бағымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз.

«Жоқтау ұзақ айтылып, шатқал - шатқалды, сай - сайды қуалап, кең далаға Кенесары батырдың өлімін естіртіп кете барды. Зар еңіреген домбыра үні барлық дүниені булықтырды. Тыңдаушылардың қара торы жүзін ағыл - тегіл жас жуды, кейде олар өксіп -өксіп алады. Бүкіл табиғат осы жоқтау әніне бой алдырып, жылап тұрған сияқты»479. Кенесарының өлімі туралы хабар жетісімен Орын¬бор Шекара Комиссиясы жан-жаққа жарлық жіберіп, онда «Орынбордың қарауындағы қырғыздарға, біздің бәріміздің ортақ жауымыз өлді деп хабарлады»420. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков осы соғыста көзге түскен қырғыз манаптарын түгел өзіне шақыруға шешім қабылдады және оларды ордендермен наградтауға ұсынды. Кейіннен бұл шаралар жүзеге асырылды. Кенесарыны өлтірген Әлібековке Горчаков арнаулы хат жолдады, онда былай делінген: «Құрметті қырғыз Қалығұл Әлібековке! Бүлікші Кенесары Қасымовтың ісінде көрсеткен ерлігіңіз бен қызметіңіз үшін, өзіме император тақсыр берген билікке сай, Сізге, Георгиев лентасына түйреп мойынға тағатын күміс медаль жіберіп отырмын. Сіздің осы жорары сыйлықты дұрыс бағалайтыныңызға және Өзіңіздің қасиетті императорға берілгендігіңізбен үкіметтің сенімін ақтайды деп сенемін»475. Соңғы шайқаста, Сібір қырғыздарының шекара бастығы Вишневскийдің мәліметіне қарағанда, Орман манаптың қолынан Кенесарының інісі Наурызбай, оның екі баласы және басқа да 15 султан қаза тапқан338. Соны¬мен бірге көптеген қатардағы қазақтар өлтірілген, мыңға жуық адам тұтқындалған. Қырғыз манаптары Орман мен Жантай өздерінің риза болғанының және достығымыздың белгісі ретінде, қазақтардың бастарын Қоқан ханына сыйлыққа жіберді. Бұл туралы капитан Рыльцовқа берген жауабында бір керуенбасы былайша еске түсіреді: «Мен Ташкентте тастай тағы қырғыздардың басшыларға сыйлыққа жіберген Кенесары адамдарының екі арбаға тиелген бастарын өз көзіммен көрдім. Бастарды ұзын сырыққа іліп, Ташкент базарына іліп қойған. Жергілікті басшылар бұл іске риза болып, тастай тағы қырғыздарға сыйлықтар беуде».338 Өкімет қырғыз манаптарының Кенесары көтерілісін басуда көрсеткен көмегін жоғары бағалады. Осы туралы генерал-майор Гасфорд өзінің Сыртқы істер министрлігін басқарушы Л.Г. Сенявинге жазған хатында Орман Ниязбековтің қызметін бағалай отырып, былай депті: «Оның осы істе септігі тимесе, Кенесарыны өлтірмесе, онда біздің ісіміз ол кезде бізге тиімсіздеу басқаша сипат алары сөзсіз еді»468. Қапал уезінің қазақтары Кенесары үшін кек алу мақсатында қырғыз манаптарына қарсы жорыққа аттанған. Олар өлімге қатысы бар бірнеше манапты аяусыз жазалады. Соның бірі - Төрегелді манаптың ауылы тоналып, өзі тұтқынға алынды. Кенесары қазасынан кейін, іле XІX ғасырдың 50-жылдары Қырғызстанда сол Орман бастаған өзара тонаушылық феодалдық қырғын соғыс басталды. Сарыбағыштықтарды бастаған Орман Бұғы руының Ыстықкөл жағалауындағы бай жайылымдарын басып алып, өзі иемденгісі келді. Осы соғыстың барысында, 1855 жылы Орман қаза тапты. Кенесарыны өлтірген жендеттің бірі - Жантайдың қазақтар тұрсын қырғыздардың өздеріне де қандайлық жек көрінішті болғанын, оның өзінің хаты да айтып тур: «Менің дұшпаным коп, досым аз, қазақтардың немесе тастай тағы қырғыздардың Сізге мені жамандауы оп - оңай, оларға сенбеңіз. Мен баяғы жуас қалпым дамын, айтқанына көніп, айдауында жүретінімді айтып патшаға хат жазып, өз адамдарымды жібергеніме де көп болды. Қырғыздарға сенгенше маған сеніңіз»420. Жамбыл өзінің «Сұраншы батыр» дастанында Жантайды екіжүзді, ішмерез ретінде суреттейді.

Құдияр хан қағынды,
Тағы қанды сағынды,
Алатын орыс қазақсың
Аламын деді, бәріңді...

Қырғызды ханға батырған,
Әркімге бір сатылған
Орман хан бар қолыңда,
Қазақты барып талайық,

Патшадан бұрым алайық,
Деген мақсат ойында.

ҚОРЫТЫНДЫ

XІX ғасырдың 20-40-жылдарында Қазақстанда қазақ халқының бұдан былайғы тағдырларына және жалпы Орта Азияның тағдырына аса зор ықпал еткен оқиғалар болды. Еңбекте қаралып отырған отыз жылдағы сая¬си және әлеуметтік-экономикалық істерді тым болмаса қысқаша жиынтықтау үшін, ең алдымен осы оқиғалар соның аясында өрістеген сол бір кең халықаралық ахуалды, сондай-ақ патшалы Ресейдің Орта Азияны жаулап алуды көздеген жалпы жоспарларының ішінде патша өкіметінің Қазақстандағы билеп-төстеушілігінің қандай орын алғанын ескеру қажет. Патша өкіметінің Орта Азияны жаулап алу жолында жеткен ең басты табыстарының бірі Қазақстанды біржола бағындыруға және оны патша өкіметінің отарына айналдыруға дайындықтың толық аяқталғаны деу керек. Ресейдің, орта азиялық хандықтардың және Қытайдың аралығында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызын еске алсақ, Ресей өкіметінің Қазақстанды отарлау фактісінің тарихи маңызы түсінікті болмақ. Орта Азия мен Қытайға және одан әрі Ауғанстанға, Үндістанға, сондай-ақ Орта Азияның арғы түкпіріне дейін апаратын ежелгі сауда жолы Қазақстан арқылы өтетін-ді. Нақ осы бағытта Қазақстан арқылы әскери -операция желісін де тартуға болатын еді. Қазақстан жеріне орналасып алып, оз әскерлеріңді осыңда алып келсең болды, ендігі жерде Орта Азия хандықтарына жорықтарыңды бастап жіберуге және Орта Азияға одан әрі шабуылдауыңа жол ашық. Мұны кезінде Энгельс те айтқан екен, ол былай деп жазыпты: «Олар (орыс әскерлері - Е.Б.) Қырғыз даласына өтсе болды, Оңтүстік Шығыс Түркістанның жақсы өңделген және құнарлы облыстарына тап болады, бүл аймақты оп -оңай жаулап алады»481. Сөйтіп, Энгельс патшалы Ресейдің бүкіл Орта Азияны жаулап алуының сөзсіздігін атап айтумен бірге, империя мен орта азиялық хандықтар арасындағы Қазақстанның оқ қағарлық рөлін де айтып отыр, бұл соңғысы біз үшін ерекше көңіл аударарлық тұжырым. Қоқанға, Хиуа мен Бұқарға батыл шабуыл жасау үшін және оңтүстік шығыста Қытайдың шекарасына тұмсық тіреу үшін осы оқ қағар қалқанды плацдармға айналдыру патша өкіметінің орта азиялық саясатының аса маңызды міндеті тұғын және де бұл міндетті патша өкіметі XІX ғасырдың 2СМ0-жыл- дары бойында тамаша орындап шықты. Бұл істі жүзеге асыру бірте-бірте жүргізілді, оның қарқыны екі түрлі жәйтке байланысты болды, бірі - сыртқы саясатқа байланысты еді, мұнда ағылшын - орыстық Орта Азиядағы бәсекелестігі негізгі рол атқарды, ал екінші жәйт - ішкі саясатқа байланысты болды, мұнда патша өкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылық көрсетуі шешуші рол атқарды. Егер патша өкіметі Кенесары көтерілісін басу үшін 10 жыл бойы әлектенбегенде бұл өкімет Қазақстанды әлдеқайда қысқа мерзімде өзіне бағындырып алатын еді де, Орта Азия бағытындағы соңғы шебіне коп бұрын барып жететін еді, бұл айдан анық нәрсе. Патша өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы оз саясатын жандандыруы XІX ғасырдың 20-жылдарында ғана қолға алынғаны белгілі. Бүл саясат әуелі Орта жүзде, содан кейін Кіші жүзде Ресейдің әкімшілік жүйесі енгізілуімен басталған болатын, 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» дейтіннің шығарылуы осы істің аса маңызды элементі болып табылды. Патша өкіметінің ауыз салуы алғашқыда қазақ халқының елеулі қарсылығын туғыза қойған жоқ, өйткені султандар мен рубасыларының басым бөлігі патша өкіметіне қызмет етуге көшкен болатын. Сол себепті оқиға аса тыныш жағдайда, әрі баяу өрбіді, оның үстіне тұтас алғанда орта азиялық істер 30-жылдардың басына дейін патша өкіметінің сыртқы саясатында жалпы жанама рөл атқарған-ды. Бүл арада тіпті Қазақ даласының шекарасының өзі дәлме - дәл белгілі болмағанын айтсақ та жеткілікті. Левшиннің сөзіне қарағанда, бұл шекараны «ойша ғана топшылауға болады және де оның бағыт - бағдарын сызып көрсету өз қолындағы іс».222 Жаңа әкімшілік жүйені енгізудің қаншалықты баяу жүргізілгенін мынадан - ақ көруге болады: 1824 жылы ашылған Көкшетау және Қарқаралы округтерінің ұйымдастырылуымен 1831 жылы ашылған Аягөз округінің ұйымдастырылуы арасында аттай 7 жыл өткен. Алайда 30-жылдардың басында жағдай өзгереді. Патша өкіметінің Қазақстандағы билеп-төстеушілік қарқыны осы онжылдықтың, әсіресе, екінші жартысында күшейе түседі. Бутан себеп, Иран мен Ауғанстандағы оқиғалардың өрістеуіне және Орта Азия хандықтарындағы айла-шарғылардың күшеюіне байланысты ағылшын - орыс бәсекелестігі шиеленіскен болатын, сондай-ақ Хиуа мен Қоқанның қазақтарға шапқыншылығының арта түсуі де әсер етпей қалмады. Ағылшын - орыс бәсекелестігі майданының негізгі шебі Қазақстаннан тым алыста екендігіне қарамастан көптеген отарлаушы - чиновниктердің дүрліге байбалам салуы көңіл аударарлық жәйт. Мысалы, Батыс Сібір әскери округінен полковник Бутовский 1836 жылы ерекше мағлұмдама хат тапсырып, онда ағылшындар Орта Азияға оз ықпалын «табыспен батыл» жүргізе отырып, «енді қырғыздарға тақап қалды» деп атап көрсеткен. «Қырғыздарды қолға түсіру үшін Ресейдің өте коп сома жұмсап, шығынданғанын» еске сала келіп және қазақ даласын басқару жүйесінің толымсыздығын сынап, Бутовский: «Каспий теңізі мен Қытай аралығына, Әмудария өзені бойына біздің нығайтылған Шебімізді аңдаусызда әрі батыл түрде орнатып... бүл жерлерде нық табан тіреуіміз керек» деп талап етеді. Ол мұнымен де шектелмей, одан әрі Астрабад шығанағына десант түсіруді және сонымен бір мезгілде орыс отрядтары Каспий жағалауынан, Орынбор мен Семейден шытып Амудария аудандарына жылжитын болуын жобалайды, нәтижесінде Хиуа орыс шекарасының ішінде қалып қоятын болады».482 Хиуаның тыныш отырмауы да орыс үкіметін қатты қауіптендірген. Шынында да Хиуа 1832 жылы Мервті жаулап алып, Каспий маңындағы түрікмендердің бір бөлігін өзіне бағындырып қана қоймай, сонымен қатар Үстірт және Сырдария қазақтарының да буларды хандар тағайындау және Сырдарияда Қинджабай және Шырқайлы қамалдарын салу арқылы билік жүргізеді. Ол аз болғандай, Хиуа Ембі өзеніне дейінгі жерді иемденбек болады және Мұғалжардың солтүстігін ала, сондай-ақ Ембі мен Үстірт аралығында көшіп-қонып жүрген қазақтар арасында Ресейге дұшпандық жұмысын жүргізеді. Сонымен, нақ осы себептер – ағылшын - орыс бәсекелестігінің шиеленісуі және Хиуаның агрессиясы - патша өкіметінің Қазақстандағы саясатын жандандыруға елеулі ықпал жасайды. Бұған 1839 жылты Хиуа экспедициясы мақсатының тұжырымдалуы дәлел, ол тұжырым Ерекше Комитет журналының бетінде 1839 жылы 11 наурызда былайша жазылған: «Ресейдің Орта Азиядағы маңызын қалпына келтіру және орнықтыру қажет, хиуалықтардың ұзақ уақыт бойына ауыздықталмауы салдарынан және, әсіресе, ағылшын үкіметі біздің өнеркәсібіміз бен саудамызға зиян келтіре отырып, бұл өлкелерге өз үстемдігін жүргізуін қоймай келе жатқаны кесірінен Ресейдің Орта Азиядағы маңызы әлсіреп қалды». 30-жылдары Қазақстанға шабуылын күшейткен патша өкіметі қазақ даласына мықтап бекініп алады. Бүл ретте патша өкіметі кордовдар мен бекініс Шептерін жеделдете салу және жазалау экспедицияларын жасақтау сияқты әскери әдістерді ғана емес, дистанциялық жүйені енгізу, округтер мен округтік приказды одан әрі ұйымдастыру, султандарды сатып алу және басқа осындай саяси әдістерді тана емес, сондай-ақ экономикалық әдістерді де қолданып қимылдаған. Жерді басып алу, әсіресе, 1835 жылы күшейе түседі, 1837 жылы шаңырақ басынан алым жинау енгізіледі және тағы басқа осы сияқты. Осының бәрі отарлық езгіні күшейте түсіп, бұл жағдай сол қалпы үдей беріп, 40-жылдары да бәсеңдемеген, буған қазақтың феодал басшы тобының езгісі қосыла келіп, екі жақтан бірдей қанау мен езуге ұшыраған бұқара халық бұрын-соңды болмаған қасірет шекті. 1839 жылғы Хиуа экспедициясының сәтсіз аяқталуы және Орта Азиядағы ықпал өрісін шектеген 1840 жылғы ағылшын - орыс келісімі патша өкіметінің Қазақстандағы белсенділігін бәсеңдетуге тиісті еді, өйткені осы белсенділіктің 30-жылдары үдеуінің бірден-бір себебі Хиуаға және жалпы Орта Азияға ауыз салуды көздеуден туындаған еді ғой. Бірақ, іс жүзінде олай болмай шықты, өйткені патша өкіметі Қазақстанға әбден баса-көктеп еніп алған еді. Рас, Хиуаға екінші рет жорық жасау уақытша кейінге қалдырылған-ды, оның үстіне үрейлері ұшқан хиуалықтар патша өкіметіне елеулі кеңшіліктер жасағандықтан Хиуа патша өкіметінің тырнағына ілікпей аман қалған болатын. Ал Англияға келетін болсақ, ол Иран мен Ауғанстанға Ресейдің аяғын тартып басатынына қол жеткізді де, патша өкіметінің Қазақстандағы билеп-төстеуін тыятын талап қоймады, өйткені мұндай талап империяның ішкі істеріне араласу болып саналатын еді. Оның үстіне ол кезде Қазақстан ағылшын мүдделері ықпал етуге тым шалғайда еді, отан қоса ағылшын - орыс қатынастарының орталығының өзі де Таяу Шығысқа ауысқан болатын.

Осының бәрі мынаған әкеліп жеткізді: 40-жылдары патша өкіметі, рас, ың-шыңсыз түрде, Қазақстандағы өз позициясын барынша нығайту және болашақта Орта Азияға шабуыл жасау үшін қолайлы плацдарм жасау саясатын үдете жүргізумен болды. Мұның өзі мынадан көрінді: 1842 жылы Ғасан көлі түрікмендерін бітімге келтіру, 1844 жылы Жаңа Маңғыстау шығанағын игерген және ол жерде Жаңа Петров бекінісін салған, 1845 жылы Торғай мен Ырғыз өзендерінде бекіністер орнатқан, 1847 жылы Сырдария өзенінің төменгі сагасында Райым бекінісін, 1848 жылы Қарабұтақ және Қос арал қамалдарын салған, 1848-1849 жылдары Арал теңізінде флотилия ұйымдастырған, Алатау қырғыздарымен жақындасқан және басқа шараларды іске асырған. Нақ осы жылдары Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеу аса кең түрде жүргізілген. Арал теңізі мен Балқаш зерттелген, тас көмір кені іздестірілген, жер бедері картаға түсірілген. Кенесары көтерілісінің 1847 жылы жеңіліске ұшырауы, көтерілісшілерді қуғындаумен айналысқан күштердің қолын босатып, Қазақстанды бағындыру ісін бұрынғыдан да жеңілдетті. Осылардың нәтижесінде 50-жылдардың басына таман бүкіл Қазақстанды іс жүзінде патша өкіметі жаулап алды, осыдан соң патша өкіметі өзінің орта азиялық саясатының жаңа кезеңін бастап, Қоқанға, Бұқар мен Хиуаға шабуыл жасады да, толық табысқа жетті. Қазақстанға орнығып алу жөніндегі патша өкіметі жүргізген саясаттың қысқаша қорытындысы осындай. Қазақстанды Ресейге қосудың нәтижесі және патша үкіметі жүргізген саясат қазақтардың экономикасы мен тұрмысына елеулі өзгерістер енгізді және аса ірі әлеуметтік-экономикалық салдарларға соқтырды. Бүл салдарлардың ішіндегі ең маңыздысы патриархалдық - рулық қауымның күйреуі негізінде қазақ қоғамын феодалдандыру процесінің айтарлықтай тездетілуі. Бұл процесс Қазақстан жаулап алынудан көп бұрын басталған болатын, ал бұл шақта ол бірнеше есе шапшаңдатылған - ды. Бұл арада қазақ феодализмінің ерекшелігін ескеру керек, ол ең алдымен қазақтардың мал бағып, көшіп-қонып жүрген тұрмысымен байланысты болған. Қазақстан феодалдары коп мал иеленген, қауымдық жерлерге шын қожалық еткен. Қазақ феодалдарының -хандардың, султандар мен рубасыларының еңбекші бұқараға экономикалық және саяси үстемдік жүргізуі нақ осы негізде орын алған. Мұндай ерекшелік көшіп-қонып жүретін өзге халықтарда да болатыны байқалған. Мысалы, Л.П. Потапов былай деп жазады: «Көшпелілердің ең басты өндіріс құралдары (жайылым және мал) негізінен феодалдардың қолында болған. Ертедегі феодалдық қатынастардың мұндағы сипаты әлгі жайылымдардың формалды түрде рулар немесе тайпалар тобы үшін қауымдық жер деп саналуынан көрінеді. Ал іс жүзінде, мысалы, Алтайлықтарда жайсаңдар мен байлар шөбі шүйгін жайылымдарды өздері үшін қоршап қойған да, өздерінің тайпаластары мен тумаластарына бұл жерге мал жаюға тыйым салған. Зайсандар мен байлар, оны айтсаңыз, осы қауымдық жайылымдардың бір бөлігін орыс шаруаларына немесе қазақтарға (Шу даласы) жалға беріп, жалдау ақысын өз қалтасына салған. Қазақтарда феодалдық қатынастардың дамуы қауымның көшіп-қонатын жерлерін озбырлықпен тартып алудан да туындаған. Қырғыздарда сөз жүзінде қауымдық болып саналатын жерлерге, жайылымдарға, іс жүзінде манаптар билік жүргізген. Манаптар қырғыздардың жекелеген топтары үшін көшіп-қонатын жердің шекарасын белгілеген, олардан, сол сияқты қазақтардың да әлгі жерлерге мал жайғаны үшін: «от май» және «сойыс» аталатын заттай және ақшалай алым жинаған, өздерінің күйеуге тиетін қыздарына жасау ретінде жайылым жер беретін болған. Тувалықтарда хошунды басқаратын феодал - «нойон» көшіп-қонатын жерлерді кімдерге беруді өзі шешкен. Демек, көшпелілерді сөз жүзінде қауымдық, ал іс жүзінде феодалдық болып табылатын жайылымдарды меншіктену көшіп-қонатын жерлерге феодалдардың билік жүргізуі түрінде көрінеді.483 Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақтың көшіп-қону жағдайындағы мал шаруашылығына қандай өзгерістер енгізді? Патша өкіметінің Қазақстанды билеп-төстеуі көптеген қазақ рулары үшін сонау баты заманнан бері көшіп-қонып жүрген жерлері болып табылатын аймақтарды бірінен соң бірін басып алумен қатарлас жүргізілгенін жоғарыда көрдік. Мысалы, 1835 жылы Троицк мен Орск қамалдары арасына бекіністердің бір тана «Жаңа Шебін» жасау кезінде 10 000 шаршы шақырым жер бөлініп алынған. Шөбі шүйгін, суы мол, көк майса жайлауы көсілген осы бір кең дала Кіші жүздің ең таңдаулы аудандарының бірі еді, сол себепті одан айрылу бұл өңірді мекендеген қазақтардың жанына қатты батты. Соз болып отырған отыз жыл ішінде, әсіресе, үдей түскен осындай басып алушылықтың салдарынан қазақтар кейде, тіпті мал жаюға келмейтін жарамсыз жерлерге ығыстырылып тасталды. Аса ірі рулардың ғасырлар бойы қалыптасқан, көктем мен күзде қоныс аударатын дәстүрлі бағдарлары бұзылды, ал мұның өзі, біріншіден, қазақтардың топ-топқа бөлініп шұрайлы жер үшін қырқысуына әкеліп соқты (әсіресе, сырттан келгендер бұл араны ертеден мекендеп отырған рулардың үстіне тап болғанда сөйтті), екіншіден, рудың өз ішіндегі күресті шиеленістірді, өйткені жаз жайлау, қыс қыстау болатын ең жақсы жерлерді ру шонжарлары басып алып, өздерінің жеке меншігіне айналдырды, үшіншіден, осы негізде көшпенді патриархалдық - рулық қауымның ішіндегі таптық саралаудың жеделдеуіне және бұл қауымның бірте-бірте ыдырауына соқтырады және, төртіншіден, мал өсіру жайылым дағдарысының шектен шыға күшеюіне әкеліп соғады да, содан барып тұрғындардың көпшілік бөлігі қайыршылыққа ұшырайды. Бұл арада мынаны ерекше атап айту керек: султандар мен байлардың және ру билеушілерінің қауым жерін тартып алуын патша үкіметі барынша қолпаштап отырған. Бұған дәлел сол, байлардың және ру шонжарларының жалпы алғандағы ру адамдарымен арада болатын барлық жанжалдарын өкімет орындары ұдайы алғашқыларының пайдасына шешіп отырған, яғни қауымнан тартып алынған жерлер байлар мен рубасыларының жеке меншігі етіп бекітіліп берілген. Осы мәселе жөнінде бір ресми құжатта былай делінген: «Рубасы неғұрлым ықпалды болған сайын, соғұрлым жерді басып ала береді, соның салдарынан малы аз ауылдар аумағы кең, ең жақсы жерлерді қоныстанады да, малға бай руларға жер жетпей қалады. Мынадай мысал келтірелік, Қоңырқұлжа сұлтанның бір өзі (Ақмола округінде) 400 шаршы шақырымға дейін жерді алып қойған. Осындайлардың салдарынан кейбір қырғыздар белгілі бір жерді қыстау құқығынан айрылып, қыс қыстаусыз қалады да, не жалға алған жеріне ақы төлеуге немесе қыстаулық жерлерді тартып алған адамның пайдасына жұмыс істеуге мәжбүр болады».484 Қазақ даласындағы жер мәселесін шешіп отыру үшін арнайы құрылған (Айрықша комитет) шешімінде былай делінген: «Қырғыздардың қыстауы жеке адамның меншігі саналсын, ондай адам қыстауды мұралануға және өзінің толық меншігі ретінде оқшаулауға құқықты болсын»484.

Бұл арада мұндай шешімді құптап келтірілетін дәлелдің сиқы мынадай: «Қырғыздардың түсінігі мен салт-жоралары бойынша, қырғыздардың қыстауды жеке меншіктенуге құқылы болуын мойындау олардың осы қыстауларын орыстарға сатуларына мүмкіндік туғызады, осының арқасында қырға орыс тұрғындарын қоныстандыру ісі жеңілдейді. Мұның өзі қырғыздардың орыс ұлыстарымен жақындасып, қосылып кетуіне және мемлекеттілік негізін қалауға қызмет етеді».484 Міне, нақ осы себептен де патша отаршылары қауымдық меншікті жеке меншікке айналдыруды барынша қолпаштап бақты. Соның салдарынан мұның алдындағы кезеңге қарағанда, енді феодал басшы топ қыстауларға және ішінара жайлауларға іс жүзінде билік жүргізуші ғана болып қоймай, сонымен бірге осы жерлердің заң жүзіндегі иесі де болып алған, ал мұның өзі былайғы жұртты қан қақсатып, қаңғыртып жіберу деген сөз. Осындай фактордың ықпалымен, әсіресе, олардың ішіндегі екі фактордың - жерге жеке меншікті орнықтырудың және малды феодал басшы топтың қолына шоғырландырудың ықпалымен көшпелілер қауымының ыдырауы едәуір жеделдейді. Жоғарыда айтылған: әр түрлі руларды араластырып жіберу және оларды тармақтар мен тармақшаларға ыдырату ісі де қауымның күйреуіне көмектеседі. Будан былай көшіп-қону кезінде бір рудың құрамында басқа рулардың толып жатқан тармақтары араласып жүретін болды. Чиновник Метелицин қалыптасқан жағдайға түсінік бере отырып, мына сөзді тектен-текке жазған жоқ еді: «Ру деген енді бұрынғы қомақты мәнінен айрылып, қажетсіз болып қалды. Оның орнын болыс басты, ал болыста әр түрлі рулар мен ру тармақтарының мүшелерін көресіз».436 Белгілі түрдегі асыра сілтеуіне және тым кесіп айтылуына қарамастан Метелициннің бүл сөзінің жаны бар, өйткені ол сол кездегі өмір ағысын дұрыс көре білген. Ал енді көшпелілер қауымының ыдырауы басқа да салдарларға соқтырған-ды. Әңгіме мынада: ауқатты феодал басшы топтың саны артуымен және олардың қолына материалдық мол қазынаның қорлануымен бір мезгілде кедейлердің де саны арта түседі. Кедейлер дегеніміз бұрын қауымның мүшесі болған, енді әрқилы себептердің салдарынан қолындағы малынан айрылған адамдар. Бұл кедейлердің бір бөлігі, мысалы, қоңсылар, кірмелер және бақташылар қауымның төңірегінде қалып қояды да, байлардың жартылай басыбайлы құлына айналады немесе оларға батырақ ретінде жалданады. Кедейлердің екінші бөлігі қауымнан тысқары жаққа кетеді де, Шеп маңындағы казактарға балық, тұз және басқа кәсіпшіліктерде жалданып жұмыс істейтін байғұстарға айналады немесе бір орынға тұрақтап, жер жыртып, егін егумен айналысып, егінші болып алады. Байғұстар туралы неғұрлым толық деректер сақталуына байланысты, біз әуелі байғұстарды сөз етпекпіз. Орын¬бор Шекара Комиссиясының мәліметіне қарағанда, 1850 жылдың420 қарсаңында байғұстар саны мынадай болған:

Кіші жүзде - 21 000 адам
Орта жүзде - 3 000 адам
Ұлы жүзде - 2' 743 адам

Олардың (бәрінде жер болмаған және көпшілігінің жалғыз аты, санаулы ғана қойы мен ірі қарасы болған, ал мұндай шатын шаруашылықпен отбасыңды асырау мүмкін емес-тін. Орынбор Шекара Комиссиясының 40-жылдары жинаған деректері осыны растайды, аталмыш Комиссия Шеп маңындағы ірі бекіністерде жалданып жұмыс істейтін байғұстардың санын және олардың дүние-мүлкін көрсеткен ведомость жасаған. Сондағы деректер бойынша біз жасаған кестеде420 3 ірі бекініс қамтылады: Ірі

бекіністің
немесе
қамалдың

аты

Үй саны
Еркектер
Әйелдер
Түйе

Жылқы
Ірі қара

Қой

Ешкі
Кулагин қамалы

61

152

125

42

57

92

173

41

Топол қамалы

32

91

74

42

55

132

534

Қандауыр ірі
бекінісі

13

34

28

12

15

32

100

Топол қамалы 32 91 74 42 55 132 534 -Қандауы р ірі бекінісі 13 34 28 12 15 32 100 -Қырда жасалатын сауданы сипаттай келе А.К. Гейне былай деп жазған: «Қырғыздар Ресейден жалпы ең нашар тауарларды алады, яғни мұнда Ресейдің өзінде барлық жәрмеңкелерде көрсетіліп, ондағы жұртқа ешбір ұнамаған заттар сатылады. Соның өзінде осы бір қоқыр-соқыр тауар қырғыздар даласында малта айырбасталып өте тиімді өтеді, осыны көргенде өзінің орта азиялық саудасын кеңінен дамытпай отырған орыс өнеркәсіпшілеріне қалай таңданбассың».109 Бұл жерде айқын көрінетін нәрсе: Гейне сауданың мұндай әдісін сөкпеген, тек қана болып жатқан істі айғақтап, оның одан әрі осылайша өріс ала беруін аңсаған. Сауда негізінен шекара Шебіндегі қамалдарда XVІІІ тасырдың өзінде-ақ ұйымдастырылған «айырбас ауласы» деп аталатын аулаларда жүргізілген. Алайда осы әңгіме өтіліп отырған кезеңде сауданың жаңа түрлері де пайда болып, кейін барынша кең қанат жаяды. Бұлар, біріншіден, жәрмеңке, мысалы, 40-жылдары Қарқаралы округінде өмірге келген атақты Қоянды жәрмеңкесі және, екіншіден, қазақ даласының ең шалғайдағы түкпірлеріне де жеткен жүйе - тауарды алып барып, сату жүйесі. 1831 жылы тері мен салоға салынатын баж салығын, сондай-ақ 1835 жылы астық пен темір бұйымдарға баж салығын жою тауарларын алып барып сататын саудагерлердің қызметіне едәуір өріс ашты. Мына бір жәйт көңіл аударарлық: осындай саудагерлердің басым көпшілігі не татарлар немесе одан да көбі бұрынғы байғұс қазақтар, булар батырақтықтан «адам қатарына қосылып», Шеп маңындағы орыс көпестерінің приказчиктері болып алған еді. Осы қазақ приказчиктерінің көбі кейін өздері көпес болып алды. Қырмен сауда айналымы өкімет орындары сауда жолдары мен керуендерді қырағы күзету жөнінде шаралар қолданғаннан кейін 40-жылдары ерекше өсе түсті, бұл жәйтті Ф. Энгельс те атап айтқан болатын481. Нақ осы жылдары орыстың мерзімді баспасөзінде орта азиялық рынокты иеленіп алудың қажеттігін насихаттаған бірқатар мақала жарияланады, сонымен қатар Ост-Үндістан сау¬да компаниясы сияқты қуатты сауда компаниясының көмегімен орта азиялық рынокты иеленіп алу жоспарлары жасалады86. Орта Азияның және атап айтқанда, Қазақстанның шикізат және зат өткізу рыноктары ретіндегі рөлін сол кезде жетекші сауда-өнеркәсіп иелері толық мойындайды. Қырмен сауда айналымы тек айырбас түрінде ғана емес, ақша түрінде де өсе берді. Қазақтар Хиуа мен Бұқардан сылдыраған теңге алып келіп, шекаралық Шепте өздеріне қажетті тауарларды ақшаға сатып алды. Қорғаншы Белозеров 1846 жылы айтқанындай: «Қырғыздармен сауда соңғы кезде қолма-қол ақша арқылы жүргізіле бастады, осыдан соң қырғыздар өздері сатып алған тауарлардың бәрін қолма-қол ақшаға сататын болды».420 Орыс өкіметі, оз тарапынан, орыс теңгесін Қазақстанға өткізуге тыйым салынған шешімін өзгертуге тиіс болды. Осы жайында граф Нессельроде П.К. Эссенге былай деп жазды: «Жоғары мәртебелім, Сіз жергілікті жағдайға қарай, Өзіңіздің қарамағыңыздағы қырғыздардың алтын теңге, күміс теңге, жез теңге болсын, орыс теңгесінің бәрін де қолдануына рұқсат етпес пе екенсіз».48 Осындай рұқсат болғаннан кейін тауар-ақша қатынастары бұрынғыдан да кең қанат жайып, натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына бірте-бірте көшуге жағдай жасады. Сауданың дамуы қазақ қоғамының шаруашылық құрылымына бірнеше бағытта ықпал етті. Сауда капиталы бәрінен бұрын мал шаруашылығына ықпал еткен-ді, К. Маркстің айтуы бойынша, ол «Айырбас құны болуы үшін мал шаруашылығына өндірістік сипат береді, өнімді барған сайын тауарға айналдырады».485 Мұның өзі сол кездегі Қазақстанға қолданғанда былай болып шығады - бутан дейін сол күйінде тұтынылып келген ішек, былғары, иленген қой терісі, бұзау терісі сияқты өнімдер тауарға айналады. Бұл арада тағы бір айтарлық, XІX ғасырдың басында-ақ Орынборда қойлар тек майы үшін сатып алынатын, ерітілген қой майы сабын және шырағдан жасалуы үшін Еуропаға өткізілетін. Сауданың мал шаруашылығына ықпалының алғашқы көріністері осындай еді. Бүл жөніндегі екінші бір салдар табын құрылымының бірте-бірте өзгеруі деу керек. Кезінде А. Левшин атап көрсеткеніндей, XІX' ғасырдың басында Кіші ордада табынның 99 процентін қой мен ешкі құраған. Ол кезде негізгі сұраным қойдың майы болғандықтан (шырағдан және сабын жасау үшін) табынның мұндай құрылымы сауда капиталын қанағаттандырған. Алайда 30-жылдардың аяғы мен басында ірі қара малта, жылқы мен түйеге сұраным көбейе бастайды да, мұның өзі табынның құрылымына тиісінше өзгеріс енгізеді, бұл жайында кітаптың басында айтқанбыз. Ақырында, үшінші салдар болып табылған жәйт - феодал басшы топтың тез байып алуы, себебі малдың көбі солардың қолында шоғырланды да, малды базарға шығаратын сатушы негізінен солар болды. Бұл жағдай ру шонжарлары мен сұлтандардың бір бөлігінің байларға, көпестерге және өсімқорларға айналуына апарып соқты, ал дамудың сол кезеңінде өсімқорлық саудадағы делдалдық қызметтен ажырағысыз еді. Феодал басшы топтың өкілдері - сұлтандар мен рубасылары барған сайын сауда делдалдарына айналады да, өздерінің қазақ қоғамындағы билік жүргізуші ролін бұрынғыдан бетер күшейте түседі. Қырмен сауданың өзіне тән таты бір ерекшелігін, яғни оның өсімқорлық сипатын атап айту қажет, мұндағы өсімқорлық тауар операциясын кіріптарлық мәмлеге айналдырған. Көпестер қазақтарға тауарларды несиеге береді де, кейін осы тауарлардан процент алады, ал бұл процент дегені кейде тауардың әдепкі батасымен барабар болып шығады. Мұндайды елей қоймайтын зерттеушілердің өзі осы жағдайды айтпай тура алмаған, мысалы, Тетеревников былай дейді: «Көпестер жағдайға қарай тауарды несиеге береді, кейін несиені жинауға кіріскенде, әлбетте, әр түрлі қысым жасалмай тұрмайды»128. Тек орыс саудагерлері ғана емес, олардың қазақ әріптестері де, яғни тауарды алып-сатушылар да сөйткен. Сауда айналымдарының өсуіне қарай қорланған капиталдар сауда -өсімқорлық операцияларға салынатын болған. Бұған себеп, капиталистікке дейінгі қатынастар үстемдік еткен жағдайда сауда - өсімқорлық операцияларға салынған капитал өнеркәсіп орындарына салынған капиталдан әлдеқайда коп пайда берген. Өсімқорлықтың үстемдік етуі қазақ қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына үлкен соққы болып тиген. Мұндайдың болмай қоймайтынын Маркс талай рет айтқан-ды. Ол былай деп жазған еді: «Азиялық формасында өсімқорлық экономикалық кері кетуден және саяси парақорлықтан басқа ешқандай жаңалық енгізбей, тым ұзаққа созылары хақ. Тек өндірістің капиталистік әдісінің қалған басқа жағдайлары қай жерде және қай кезде өмірден орын алатын болса, нақ сол жерде және сол кезде ғана өсімқор бір жағынан феодалдар мен ұсақ өндірісшілерді күйзелте, екінші жағынан, еңбек шарттарын орталықтандыра және бұларды капиталға айналдыра отырып, өндірістің жаңа әдісін жасаушы қарулардың бірі болып табылады».134 Мұндай жағдайлар ол кезде Қазақстанда болмады. Өсімқорлық малшының шаруашылығынан шикізатты сорып алатын аса қуатты құрал болып табылды да, ал сау¬да капиталына келгенде бұл өсімқорлық тек бағынышты болу рөлін ғана атқарған, сауда капиталының мүддесі басым түсіп отырған. Сондықтан мұнда Маркстің мына тұжырымы тура шығады, ол былай деп жазған бола¬тын: «Өсімқорлық өндіріс әдісін өзгертпейді, бірақ отан арамтамақ жәндікше жабысып алады да, осы өндірісті толық күйрегенінше күйзелтумен болады. Өсімқорлық өндірістің шырынын сорады, оны қансыз - жансыз сәлдеге айналдырады, сөйтіп ұдайы өндірісті бұрынғыдан да кері кеткен жағдайларда қарекет етуге көндіреді».134 Бұл дәуірде (20-40 жылдары) орыс сауда капиталының Қазақстанға енуі қазақ қоғамы дамуындағы тоқырауды бұзған жоқ, мұның өзі, бір жағынан өндіріс құралдарына негізгі жеке меншік болып табылатын малдың көшпенді малшылардың қолында шоғырлануына қарамастан, екінші жағынан, еңбекшілердің жаппай жарлы - жақыбайлануына қарамастан осылай болды. Оған себеп: .«Ағылшын саудасына қарағанда орыс саудасы керісінше әрекет етіп,- Азиядағы өндірістің экономикалық негізін сол күйінде қалдырады».134 Қазақ даласындағы орыс саудасына егжей - тегжейлі талдау жасалған алдыңғы тараулардан көргеніміздей, Ресейден келетін тауарлардың елге енуі өндірістің ескі әдісінің негізін бұзған жоқ. Егер Үндістанға арзан мақта - мата әкелінуі үнді ұршығын қажетсіз етіп тастап, үйдегі өндіріске қатты соққы болып тиген болса, ал Қазақстанда өйтпеді, мұнда жергілікті жерде үйдегі өнеркәсіпте киіз басумен айналысатын және орыс тауарлары бәсекелеспейтін осындай басқа да өнім түрлерін өндіретін еді. Екінші жағынан, сауда қазақ экономикасының негізі болып табылатын мал шаруашылығын да бұзған жоқ, тек қана оны өз қажеттеріне икемдеп алды. Ал қолөнер өндірісіне келетін болсақ, ол енді-енді дамып, мамандана бастаған еді, онан соң, мұнда да әлгі орыс бәсекесіне ешбір қатер төнбеген болатын. Осындай себептерге байланысты қазақ қоғамының экономикалық негізі сол бір мешеу күйінде қалып қойған-ды. Натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өту, әлбетте, орын алған, алайда ол тым баяу жүрді. Бұған қарап, әрине, біз әңгіме етіп отырған 30 жылда бәрі де өзгеріссіз қалған еді деуге болмайды. Қайта, керісінше, патша өкіметінің ойлаған жерінен шықпай, отарлау саясаты елде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық негізгі істерді коп жайда тездеткен еді, қазақтың патриархалдық - рулық қауымы ыдырап, қазақ қоғамы феодалданды және таптық тұрғыдан сараланды. Отарлау саясаты қазақ қоғамының ішінде таптық күрестің, сондай-ақ қазақ халқының Хиуа мен Қоқан агрессорларына және қазақ феодалдарымен одақтаса қимылдаған патша отарлаушыларына қарсы ұлт - азаттық күресінің шиеленісуін туғызды. Қазақстанның Ресейге қосылуының салдарлары 20- 40 жылдары қаншалықты қомақты болғаны әлеуметтік - экономикалық қатынастар саласындағы ілгерілеулер мысалынан бәрінен де айқын көрінеді. Таптық сараланудың жеделдеуі нәтижесінде қазақ қоғамының феодал басшы тобы сан рагынан ана өсіп қоймай, жарлы - жақыбайланған кедейлердің құралақан қалуы есебінен өз жағдайын едәуір нығайтқанын да біз жоғарыда айттық. Алайда іс мұнымен де шектелген жоқ. Феодал басшы топтың оз ішіндегі құрылымдық ілгерілеуді, оның құрамының өзгергенін және феодалдардың әр түрлі категориялары арасындағы билік үшін күресуді айта кету аса маңызды. Ғасырлар бойы бір өзі ғана үкім жүргізіп келген «ақсүйектер», яғни чингизидтердің бұрынғы ұрпақтары өздерінің бір кездегі маңызынан және артықшылықтарынан айрылды. Чингизиттердің ұрпақтары - төрелер мен «қара сүйектердің» некеге отырып, «қараман» деп аталатын жаңа категория қурайды, сөйтіп бірте-бірте тектілерден гөрі ауқаттылармен қосылып кетеді. Патша үкіметі ерекшелеп атақ беріп, дворяндар санатына қосқан тархандар көзден мүлдем тайып болды. Осымен бір мезгілде ру шонжарларының – феодал - рубасыларының, билер мен ақсақалдардың, сондай-ақ әлеуметтік жаңа категория - оз қолдарына аса ірі қазына жинаған «байлардың» маңызы мен үлес салмағы сан рет артады. Бұлар «ақсүйектен» шыққандар, солай бола тура саяси және экономикалық билікті барған сайын оз қолдарына алып алған осылар болғандықтан олардың үстемдік етуші феодал басшы тобының ішінде маңызы мен рөлі үздіксіз арта береді, ал бұл кезде султандар маңыздан айырыла бастайды. Одан әрі бұл жағдай дами түседі де, қырдағы сословиелік аристократия ру шонжарларымен, байлармен жымдасып, қазақ қоғамының үстемдік етуші жоғарғы тобының нығаюына әкеліп жеткізеді. Осылардың бәрі патша өкіметінің отарлау саясатының ықпалымен орын алғанын айту қажет. Бұл құбылыс «ақсүйектер» өкілдері султандардың мысалынан ерекше айқын көрінді. Султандардың патша өкіметіне қызмет етуге барғандары өздерінің сұлтандық айрықша құқықтарын (рас, шектелген түрде) сақтап қалды да, феодал басшы тобының ішіндегі оз жағдайынан да айрылмайтын болды. Ал патша өкіметімен істес болуын тоқтатқан султандар оз құқықтарынан айрылды, қазақ қоғамының үстем топтары арасындағы беделін жоғалтты. «Қара сүйектен» шыққан феодалдар туралы да осыны айтуға болады. Мынаны есте ұстау керек: патша өкіметі өзінің Қазақстанды жаулап алу саясатында басқарудың хандық жүйесін әуелі әлсіретуді, содан кейін біржола жоюды көздей отырып, феодал -рубасыларына сүйенді, бұлардың султандармен күресін қолдап отырды. Феодалдық алауыздықтың отына май құйған патша өкіметі оз саясатымен сословиелік және рулық шонжарлар арасындағы, феодал - сұлтандар мен феодал - рубасылары арасындағы қайшылықты шиеленістірді, сөйтіп, ақырында феодал - рубасыларының феодал -сұлтандарды жеңіп шығуына жеткізді. Сонымен қазақ қоғамының феодал басшы тобы құрылымында және құрамында болған өзгерістер патша өкіметінің отарлау саясатының ықпалымен болды деу керек. Патша өкіметі Қазақстанды жаулап ала отырып, қазақ феодалдарын өзіне бағындырды және олардың қырды басқару саласындағы құқығын шектеп, сонымен бір мезгілде еңбекшілерді қанаудың феодалдық әдістерін заңдандырды. Феодал басшы тобының отарлаушылар аппаратымен жымдасуы нақ осы негізде болған еді, соның салдарынан еңбекші қазақтардың екі жақтан бірдей езгі көруі күшейе түсті. Әңгіме болып отырған отыз жылда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында басқа да өзгерістер болған-ды. Құлдықтың маңызы құлдырайды да, 50-жылдардың басына таман мүлде жоғалады. Соғысу жолымен де, сондай - ақ Хиуаның, Қоқанның және Бұқардың құл сатылатын базарларынан енді құлдар сатып алынбайтын болады, ал бұрынғы құлдардың ұрпақтары жеке басына бостандық алып, төлеңгіттерге айналады. Мұнда да -Қазақ даласында құл иеленушіліктің жойылуы ісінде патша өкіметші саясаты ықпал еткенін айту керек, ол 1822 жылдың өзінде - ақ қазақтардың құл иеленуіне тыйым салған заң шығарған болатын. Төлеңгіттердің әлеуметтік міндеті едәуір өзгереді. Олар бұрын ірі феодалдардың жасақтары және олардың жеке басын күзетушілері болса, енді бірте-бірте жартылай басыбайлы айналып, феодалдардың шаруашылығында малай және қызметкерлік міндеттер атқарып, феодалдарға тәуелді нөкерлер болып алады. Төлеңгіттер мен қазақ қоғамындағы феодалдарға тәуелді жай, адамдар арасындағы айырма бірте-бірте жойыла бастайды. Патриархалдық - рулық қауымның жедел ыдырай бастауының, сондай-ақ, қоғамдық -экономикалық өмірдегі өзге де өзгерістердің ықпалымен жекелеген рулар ұсақтап, жұтап, өзара қосылып кетеді. Мысалы, Бларемберг атап көрсеткеніндей: «Шөмекейліктердің, табындардың (Керейт руы) арасында мал ұстамақ тұрсын, үстеріне киер киімі, ішер асы, бастарында панасы жоқ, әбден кедейленген ауылдар да бар... Олар астық егеді, балық аулайды, жартылай жалаңаш немесе мүлде жалаңаш күйлері қамыс күркелерді мекендейді және өздерінің осындай тұрмысын түзеуге қолдарында титтей де мүмкіншіліктері болсайшы».487 Тұтас рулардың жаппай қайыршылануына патша өкіметінің жерді тартып алуы және феодалдардың қауым жеріне озбырлықпен билік жүргізуі себеп болуымен бірге бұған көшіп-қонатын қолайлы жер үшін, жайылым үшін ұзаққа созылған өзара жанжалдасудың, жұт сияқты стихиялық апаттардың, сондай-ақ қоқандықтардың тонауы мен көтерілген қазақтарға қарсы патша үкіметі ұйымдастырған жазалау экспедицияларының да әсері болды. Атап айтқанда, Кенесары көтерілісіне қатысушылар айрықша қатал қуғындалған еді. Олардың қатты жазаланғаны сонша, тіпті 20 жыл өткеннен кейін де қайыршылық пен күйзелістен естерін жия алмаған. А.К. Гейне 1865 жылы жазғанындай: «Қазіргі Атбасар округін дүр сілкіндірген Кенесары бүлігі қырдың бір бөлігін жансыздандырып тастады. Қаңырап қалған қыстаулар бүліктен кейін келіп иеленушілердің қолына көшті».109 Тек жазалау экспедициялары ғана емес, сондай - ақ көтерілісті басу ісінде үкімет орындарымен ынтымақтасқан қазақ сұлтандары да елді тонап - талаған еді. Осындай султандардың бірі Қоңырқұлжа Құдаймендин болды, ол туралы жаңағы Гейне: «ол өзі шектен шыққан тонаушы еді» деп жазған. Гейнстің сөзіне қарағанда, «Кенесарыға ерген болыстар қырқыншы жылдары қайтып орала бастағанда қорғаншылық көрсетуге тиісті бастықтар оларды бос жатқан жерлерге орналастыру үшін Қоңырқұлжаны жұмсайды, Қоңырқұлжа істі бұл қазақтардың қолындағысын жұрдай етіп тонап алудан бастады».109 Жекелеген рулардың жаппай қайыршылануы қазақ қоғамында таптық антагонизмнің өсуіне әкеліп соқты, ал бұл антагонизм рулардың ішінде таптық саралану ісінің шапшаңдауына байланысты онсыз да шиеленісіп кеткен болатын. Жарлы-жақыбайларға айналған кедейлермен қатар біз Баянауыл округінің байы Азнабай сияқты ірі байларды да көреміз. Азныбайдың 25 мың бас малы болған, сондай-ақ ақ мола округінің биі Сапақ 18 мың бас малға ие болса488, 400 шаршы шақырым жерді басып алған султан Қоңырқұлжа Құдаймендинде 12 мың бас мал болған, тағы басқа осындай. Шекті руының құрамында 1 200 үйі, еркек – әйелін қосқанда 5 мың жаны бар, Назар тармағын мысалға алсақ, жарлы-жақыбайлар мен ауқаттылардың арасындағы алшақтық, әсіресе, айқын көрінеді. Осы ру тармағының қолындағы 7 мың жылқының 3 мыңнан астамы, яғни тең жартысына жуығын би Бисембі Баджықов иемденген420. Дүние-мүлік жағынан бүл секілді мүлдем кереғар теңсіздік барында, аса қаталдық феодалдық қанау мен екі жақты езгінің қыспағы жағдайында таптық күрес дамымай тура алмайтыны түсінікті. Бірақ бүл даму қазақтардың әлеуметтік құрылысы жалпы мешеу қалғаны себепті, патриархалдық - рулық сарқыншақтардың, әсіресе, идеологиялық толымсыздықтың аяқтан шалған кедергілеріне кезіге отырып баяу жүрген болатын. «Ежелгі рулық дәуірдің моральдық ықпалы да, мұраланған көзқарастары мен ойлау әдістері де дәстүрлерде көпке дейін сақталып қалды да, тек біртіндеп қана жойылып бітті»489 деп атап көрсетті Ф.Энгельс. Қазақ кедейлерінің таптық сана-сезімі өсуін тежеген негізгі себеп нақ осы-тын. Ісләмнің реакцияшыл ықпалы да әжептеуір кедергі келтірген. Өздерінің патша өкіметіне алданғанын талай рет дәлелдеген татар моллалары да сол патша өкіметінің ықпалын қазақ бұқарасы арасында тарату үшін пайдаланған. Бүл жағдайға кезінде Шоқан Уәлиханов та назар аударып, былай деп ашық жазды: «Қырғыз даласы үшін ненің дұрыс болатынын біле алмай отырмыз: діни өктемдіктен аулақ бұрынғы надандығы дұрыс болар ма еді, әлде 300 жыл бойына кері сүйреп келе жатқан қазіргі татар ағартушылығы дұрыс па».490 Осы тежеуші жәйттердің бәрі қазақ кедейлері сана - сезімінің өсуіне және қазақ қоғамында таптық күрестің көрінуіне оз таңбасын салмай қойған жоқ. XІX ғасырдың 20-40 жылдарындағы өзіне тән жағдайларда еңбекшілер күресі патша өкіметіне және оның адал одақтастары қазақ феодалдарына бір мезгілде қарсы бағытталған - ды. Мұның әбден түсінікті болатын себебі: бұқараны екі жақтан бірдей езушілер нақ осылар еді. Қазақ қоғамындағы патша өкіметін қолдайтын феодал басшы тобымен шайқаспайынша патша өкіметіне қарсы шығуға болмайтыны сияқты, олардың сырттан қолпаштаушысы патша өкіметімен қақтығыспайынша, қазақ феодалдары мен байларына қарсы шыға алмайтын едің. Осы бір қарапайым ақиқат Жоламан Тіленшиевтің қозғалысынан бастап, Кенесарының қуатты көтерілісіне дейін алғанда, 20-40 жылдардағы барлық бұқаралық ұлт - азаттық қозғалыстары мысалынан тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Кенесары көтерілісінің жеңіліс табуы себептерін тыңғылықты зерттеу айрықша маңызды, өйткені сөйткенде тана қозғалыстың сипатын және оның сөзсіз жеңілетінін айқындаушы әлеуметтік-экономикалық және саяси жәйттердің бүкіл жиынтығы айнадан көргендей көз алдыңа келмекші. Шындығында, 1847 жылы жазда Майтөбе маңында көтерілісшілер әскерлерінің талқандалуы және Кенесарының өзінің өлтірілуі, шын мәнінде, көтерілісті жеңіліске душар еткен себептер тізбегінің соңғы буыны болып табылғанды, Көтерілістің жеңіліс табатынының тарихи сөзсіздігінің негізгі себептері бәрінен бұрын көтеріліс болған кездегі ішкі саяси жағдайға, орталықтандырылған тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға кешігіп барып кіріскендіктен жатыр. Кенесарының оң талпыныстары, оның қазақ халқын біріктірмек болған бүкіл қарекеті жол тауып өтіп болмайтын кедергілерге кездескен. Қазақстанның феодалдық бытыраңқылығы және феодал басшы топ пен өкімет билігіңдегілер үсті-үстіне қоздырып отырған ру аралық күрес Кенесарының барлық бастамаларына қатты кедергі жасады. Султандар мен ықпалды ірі билердің көпшілігі Кенесарыны қолдамады. Бүл арада әңгіме олардың патша өкіметі кеңселерінде қызмет еткендігінде тана емес. Бұдан гөрі елеулі маңызы бар нәрсе - олар өздерінің айрықша жағдайларынан айрылып қалудан қорқып, орталықтандырылған және нығайтылған Қазақ мемлекетін құруға мүлде мүдделі болмады. Нақ осы себептен де, Арслан және Ахмет Жантөриндер, Тұрлыбек және Тұрсын Шыңғысовтар, Баймұхаммет Айшуақов, Қоңырқұлжа Құдаймендин сияқты патша өкіметімен анағұрлым тығыз байланыстағы султандар бірдей-ақ Кенесарыға қарсы шыққан. Олар көтерілісті басуға белсене қатыса отырып және халық ішінде іріткі салған үгіт-насихат жүргізіп, қозғалысқа коп зиян келтірді. Ірі феодал султандар мен билердің екінші бір бөлігі көтерілістің жекелеген кезеңдерінде Кенесарыға амалсыз қосылғанымен, реті келген сәтте-ақ Кенесарыны сатып кетіп отырды. Мысалы, султандар Боштай Тұрсынбаев пен Мұса Шорманов сөйткен, Шорманов өкімет басындағыларға өзінің опық жеп жазған хатында былай дейді: «Ол (Кенесары - Е. Б.) мені шақырды, ал мен барудан бас тарттым. Кенесарының айуандығына қарсы әрдайым күресіп келгенім өзіңізге де белгілі ғой».436 Феодал басшы топтың санаулы өкілдер ғана қозғалысқа ақырына дейін адал болып қала алды. Булар негізінен не Кенесарының туыстары немесе онымен бірқатар жылдардан бері тығыз байланыс жасап келген достары еді. Қазақтың кейбір ықпалды руларының қозғалысты қолдауына Кенесары тым аз дәрежеде ғана қол жеткізді. Шекті руы, Арғын руының бір бөлігі, сол сияқты Адай руы сияқты ықпалды да күшті рулар көбінесе күрестен тыс қалды. Бутан себеп, бір жағынан, кейбір рулардың (мысалы, Адай руы) күрестің негізгі ошақтарынан жырақта болуы, екінші жағынан, ең маңыздырағы, ру арасындағы жайылымға таласқан барымтаның кесірінен болған ертеден келе жатқан алауыздық, мұндай алауыздықты Кенесары, әлбетте, қысқа мерзім ішінде жоя алмаған еді. Мысалы, Жағалбайлы руы сонау атам заманнан бері Жаппас және Қыпшақ руларымен, ал Шөмекей мен Төртқара рулары Жағалбайлы руымен өштесіп келе жатқан т. б. Патша әскерлерінің тегеуірінімен көтерілісшілердің басқа жерлерге шегінуге мәжбүр болып, ондай жаңа жерлердегі жайылымдар мен шалғындарды пайдалануына тура келетіндіктен бұл аймақта бұрыннан тұрып жатқан рулармен сөзсіз қақтығысып қалатыны да өз салқынын тигізбей қойған жоқ. Ақырында, патша тыңшыларының рулар арасында дұшпандық отын тұтандыруы, атап айтқанда, Батыс Сібір мұсылмандарының басшысы ахун Әбдірахмановтың осындай іске діншілерді пайдалануы маңызды рөл атқарған. Кенесарының кейбір руларға қатысты жекелеген қателесулері де іске тежеу болғаны түсінікті, бұл жайында төмен де әңгімелемекпіз. Қалай болғанда да, осы айтылғандардың бәрі қосыла келіп, Кенесарының қазақ халқының өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы аса қажет болып отырған бірігуіне қол жеткізе алмауына әкеліп соқты. Феодалдық - патриархалдық ортаға тән нәрсе: алауыздық, бытыраңқылық және оқшау-оқшау томаға - тұйықтық ерте болсын, кеш болсын, қозғалысқа кесірін тигізбей қоймайтын еді. Мұны Кенесары да, оның ең жақын серіктері де жақсы түсінген. Нысанбай, мәселен, өзінің бір жырында былай депті:

Ойда Қоқан, қырда орыс,
Хакім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей
Біздің қазақ баласы,

Алдырып жүрген дұшпанға
Өзді - өзінің аласы.69

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан тым мешеулігі, соған байланысты рулық және таптық мүдделердің жалпыхалықтық мүддеден басым түсіп отыруы жоғарыда айтылғандардан маңызы кем емес басқадай салдарларға соқтырған-ды. Қазақстанға тән жағдайларда, ең әуелі - оның халық сирек мекендеген жерінің көлемі орасан зор болуы жағдайында әлгіндей салдарлар қозғалыстың түбіне жетпей қоймайтын еді. Біз Кенесары қозғалысының біркелкі жүрмегенін, көп ретте өз бетінше өрбіп отырғанын айттық. Кенесары көтерілісі сонша уақытқа созылған 10 жыл бойына көтеріліс елдің барлық аса маңызды аймақтарын және барлық дерлік негізгі ру топтарын қамтыпты. Бірақ бүл бір мезгілде, біркелкі болмады, сол себепті өкімет әскерлері көтерілісшілерді олар қай жерде, қай уақытта бой көрсетсе, өз күшін сол жерге шоғырландырып, көтеріліс ошағын дереу жойып жіберіп отырды. Мұның өзі патша өкіметі үшін ірі ұтыс саналса, көтерілісшілер үшін орны толмас ойсырау болып табылды. Басқасының бәрін айтпағанда, бүл жерде екі жағдай үлкен рол атқарған: біріншіден, көтерілісшілер көшіп жүрген мал өсірушілер еді, олардың материалдық өндірісі малдың от оттап, су ішуіне толық тәуелдігін. Екіншіден, өкімет билігіндегілердің Кенесары қозғалысын бағып - жаншуда қолданған негізгі тактикасы - көтерілісшілерді олар мекендеген малға жайлы шөбі шүйгін аудандардан жыраққа, қу тақырға қуып тастап отырды. Кенесары өзіне адал қазақ руларымен шегінген үстіне шегіне беруге мәжбүр болды - Көкшетаудан Торғай мен Ырғыз аймағына, ол жақтан Балқаш маңына, одан соң қашан Тоқмақ түбінде қайғылы қазаға ұшырағанша, Қытайдың шекарасына дейін ығысқан. Жай ғана шегінсе бір сәрі ғой, өзінің ауылдарымен, малдарымен бейбіт түрде көшіп отырса да ештеңе етпес еді, ол үздіксіз шабуылға ұшырап, көтерілісшілерді діңкелеткен ұрыс жүргізе отырып, өзін, әсіресе, өзінің жақтастарын мал-мүліктен жұрдай еткен қатты шығынға ұшырай отырып шегінген болатын. Мынаны айтсақ та жеткілікті: 1836 жыл мен 1840 жыл аралығындағы 5 жылда, әскери отрядтардың шабуылынан Кенесары мен оның аға-інілері 1 635 адамынан өлідей айрылды, 220 адамы (соның ішінде бұлардың әйелдері, балалары да бар) тұтқындалып кетті, ал айдап әкетілген қыруар мал, тоналған дүние-мүлік қаншама420. Осындайдың салдарынан Кенесарыға ерген бірқатар рулар әбден жұтап, қозғалыстан уақытша шығып қалуға, көтерілісшілермен болмашы ғана байланыс жасап отыруға мәжбүр болды. Мысалы, Сарысуға шапқыншылық жасалғанда тып - типыл етіліп таланған жағалбайлықтар 1839 жылы Кенесарыдан уақытша қалып қоюға мәжбүр болған (олар естерін жиған соң 1843 жылы қайтадан келіп көтеріліске қосылды). Қыпшақ руының бір бөлігі де бастарынан осындай күй кешкен т.б. Осы бір аса маңызды жәйтті есте ұстап қана Кенесары ұранының бұқара халыққа қандай тартымды күші болғанын толық бағалай аласың, өйткені, Кенесары жолшыбай малынан, ескі жақтастарынан айрылғанымен жаңа орынға келіп жеткен бойда өзіне оп-оңай жаңа серіктер тауып отырған. Олардың көбі оз еріктерімен, тіпті қуана-қуана келіп, Кенесарының туы астына тұрған. Өзгелері көтерілісшілердің кектенуінен қорқып, айбынды Кенесарының қаһарына ілігуден сақтанып барып, көтеріліске қосылған. Алайда, қалай болғанмен де, Кенесары өзі жүрген жердің бәрінде де сарбаздарының санын толықтырып отырған, сөйтіп күрес жаңа серпін тауып қайта өршіген. Ал енді, Кенесары қалдырып кеткен жерлерде күрес тоқтаған, өйткені көтерілістің осында қалған жақтастары мен қатысушылары мықтағанда Кенесарыға материалдық көмек жіберумен және зекет төлеумен ғана шектелген. Көтерілістің бұрынғы аймақтарында Кенесары кетісімен қарулы күрес тоқтаған. Соның нәтижесінде мезгілде өрістеуі деген болмаған, сондықтан өкіметтегілер көтерілісті бүкіл Қазақстан бойынша басу үшін күшті бөліп-бөліп, шашырата орналастыру дегенді білмеген. Көтерілістің өзге ошақтарын басқарған батырлар да күреске әр түрлі уақыттарда қосылып отырған. Кенесары қозғалысы басталарда Исатай Таймановтың көтерілісі іс жүзінде аяқталған. Кенесарыға қосылған; Жоламан Тіленшиев тым тез сахнадан түсіп қалды, Жанқожа Нұрмұхамедов тек көтерілістің соңғы жылдарында тана, онда да уақытша түрде Кенесарымен одақтасқан. Және аса көрнекті батыр Есет Көтібаровты Кенесары қанша өзіне тартпақ болса да көнбей қойды, ол, қайта 1843 жылы билеуші сұлтан Баймұхаммед Айшуақовқа өзінің Кенесарыға қарсы күресетінін айтып уәде берген. «Кенесары, - дейді Есет, Айшуақовқа хатында, - бодан дар қатарында болғысы келіп, Жаманшин биді Орынборға аттандырды, ал бізді өзіне шақырып, бірақ біз рұқсат ала алмаған соң қорқып, отан бара алмадық. Қазір жұрт кім мықты болса, содан қорқады. Сіздің қол астыңыздағы қабақшалар да дұшпанның (яғни Кенесарының - Е. Б.) көз алдында бейбіт қырғыздар өлкесіне келіп жүріп, өздерінің отбасының амандығы үшін сөз жүзінде онымен дос болуда. Егер Сіз айбынды дұшпанға қарсы шыға қалсаңыз, онда біз де қылышымызды қынабынан суырып, отан тап береміз».470 Тек 1855 жылы, Кенесары қозғалысы басып - жаншылғанына көп жыл өткен соң ғана Есет Көтібаров өзі көтерілісті бастап шықты, ал 1856 жылы Жанқожа Нұрмұхамедов те көтеріліс бастады. Кенесарының бірлесіп күресейік деген ұсынысын бұл екеуі де неге қабылдамады? Себебі, бәрінен бұрын Кенесары олардың саяси бақталасы еді. Оның зекет төлеуді және өзін хан деп тануды талап етуі Есеттің де, Жанқожаның да құқықтарына нұқсан келтірген. Бұл жайында өзінің Есет Көтібаров туралы монографиясында В.Ф. Шахматов былай деп жазады: «Кенесарының хан ретіндегі билігі мен ықпалы Арал маңы аймағында күшеюін бұл екі батыр қалады ма? Әлбетте қаламаған. Олар әрқашан сұлтандарға, феодал бекзаттарға тәуелді болмау жатын қарастырып келген-ді. Тәуелсіз, өз билігі өзінде осындай батырлар хандардың билігі қайтадан орнауын, содан барып өздерінің оларға бағынышты жағдайға түсуін, бұл жерде Кенесарыға бағынуды қалар ма еді? Әрине, жоқ».491 Сонымен, қара басының қамын тана ойлаған жергіліктілік, таптық өзімшілдік мүдделері Есет пен Жанқожаның Кенесарыны қолдауына бөгет жасады. Ақырында, күрестің кең көлемді бірыңғай ұлт - азаттық майданын құруға Кенесарының өзінің қателесулері де бөгет жасаған. Атап айтқанда, патша өкіметін қолдаған сұлтандармен және билермен күрес жүргізгендерінде Кенесарының бейбіт рулардың ауылдарына шапқыншылығы жұрттың жанына қатты батқан-ды. Мысалы, Кенесары көтеріліске қатысудан бас тартқаны үшін Жаппас руының ауылдарын үш рет - 1843,1844 және 1845 жылдары аяусыз талқандады. Кейде Кенесары ауыл тұрғындары көтеріліске іш тартатынын, ал көтеріліске қосылмау себебі бұған өздерін сүліктей сорған қанаушы феодалдық - рулық басшы топ жібермей отырғанын ескерместен билеуші султандардың қарамағындағы ауылдарға шабуыл жасады. Осы феодалдық - патриархалдық басшы топқа тап беріп, талқанын шығарудың орнына Кенесары ақ - қарасын ажыратып жатпай анасын да, мынасын да жаппай ойрандап, қарапайым ауыл адамдарының ашу-ызасын туғызып, кек сақтатты, сөйтіп көтеріліс жауларының санын көбейтті. Өкімет басындағылар Кенесарының мұндай қателіктерін барынша өршіте түсіп, мұны өзінің көтерілісшілерге қарсы жүргізетін үгітінде дабырайтып айтып, шебер пайдаланды. Мұны Л.Мейер дұрыс аңғарған: «Егер Кенесарының өзі жеңілтек және дөрекі болмағанында, тонауға құнықпағанында, ол барлық үш орданы да өз төңірегіне топтастыра алатын еді, сөйтіп қырдың қаһарлы ханына айналып, Орта Азияның ол кездегі мемлекеттері: Қоқан, Бұқар, Хиуа үшін аса қауіпті болар еді».6 Л. Мейер өз еңбегінде жазып отырған «жеңілтектіктің» де, «тонауға құнығудың» да, әлбетте, іске қатысы шамалы. Кенесары қателесулері сол дәуірге сай сенімнен туған - ды, құдіреттіліктің белгісі қорқытып ұстау деп білуден болған еді. Қырда үстемдік еткен әдет - ғұрыптар мен салт - жораларға орай қаталдық қазіргі біздің бағалауымыздан гөрі басқаша мәнге не болған. Қаталдық әдеттегі іс ретінде бағаланған. Мұнымен, әрине, Кенесары жіберген саяси қателесудің маңызын кемітіп көрсетпек емеспіз, мақсат оның қателесу себебін түсіндіру ғана. Кенесарының осы қателесуінің насырға шапқаны сондай, мұны өкіметтегілер өз мақсаттарына шебер пайдаланған. Олар Кенесары шапқыншылығынан жапа шеккендерді қорғаушы болғансып, «жыртқыш Кенесарының сойқанынан» сақтап қалушылар рөлін ойнауға ұмтылған. Қырға аттандырылған отрядтарға Кенесарының қателіктерін қайталап жүрмеңдер деп қатты ескертіп отырған. Мәселен, полковник Лебедевке 1843 жылы берілген нұсқаудан біз мынаны оқимыз: «Жалпы Кенесарының құтырынған шайқасын құрайтын оңалмас қырғыздардан, жоғарыда айтылғандай, Кенесарының арам ойлы кеңесіне ұйып қалып емес, кек алар деп қорқып оның соңынан ерген қырғыздарды айыра білу керек».420 Бүл жарлықтар жеме-жемге келгенде орындалмасы белгілі. Дегенмен бірқатар жағдайларда, Кенесарыға үлкен зиян шектіріп, жүзеге асырылды да. Ол шақта халықаралық жағдай да тым қолайсыз қалыптасқан. Бөлшектенген және өзара байланысы шамалы 4 бөлікке бөлінген (Ұлы жүз, Орта, және Кіші жүздер, сондай-ақ «Ішкі» немесе Бөкей ордасы), едәуір дәрежеде патшалы Ресейдің билігіне түсіп қалған Қазақстан қазақтардың біртұтас мемлекет болып бірігуіне жол бергісі келмейтін мемлекеттермен жан-жағынан қоршаулы күйде еді. Патшалы Ресей де, Қытай да және орта азиялық хандықтар да - Хиуа, Бұқар және Қоқан қазақ даласын оз мақсаттарына пайдалану үшін қазақтарды билеуге өзара күрес ашқан-ды, ал іс жүзінде олар Қазақстанды өздерінің екі ортасындағы оқ қағар қалқан ретінде қалдыруға, оның қазіргі күйінен өзгермей тұратын болуына мүдделі - тін. Кенесары олардың арасында олай да былай бұлтарып, біреуімен уақытша одақтасып, екіншісінің тегеурінде төтеп бере алатын еді. Ол атасы Абылайдың үлгісімен солай етті де, сөйтіп уақыт ұтып, белгілі бір кезеңге өзінің тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз еткен-ді. Алайда отарлық құлдықтың бұтауын қазақ халқының мойнынан біржола жұлып тастау да, орталықтандырылған дербес мықты мемлекет құру да оның қолынан келмесі хақ, өйткені Ресей де, орта азиялық хандықтар да, Қытай да оның мұнысына жол бермейтін еді. Олардың қарулы күштерінің Кенесары күштерінен асып түсіп жатқаны соншалық, олармен қарулы күреске бардым дегенше жеңілдім дей беру керек. Патша өкіметі қырғыз манаптарымен уақытша әскери одақтасқан кез¬де, Кенесары тауға ығыстырылып, талқандалып және тұтқындалып, ақыры, осылай болған да еді. Кенесарының қайғылы қазаға ұшырауы ол шебер басқарған күрестің аяқталуы болды. Жоғарыда аталған жәйттер жинала келіп, көтерілістің жеңілуіне әкеліп соққан-ды. Енді зерттеушілер үшін ең бір елеулі мәселеге, атап айтқанда - патша өкіметінің жергілікті жерлердегі және орталықтағы басшыларының Кенесары көтерілісіне қатысты ұстанған тактикасы туралы мәселеге көшелік. Бұл тактика дұрыс түсінудің маңызы болатыны, мұның өзі Кенесары көтерілісінің тұтас 10 жыл уақыт ұзаққа созылу себебін ашып білуге көмектеседі. Ең алдымен атап айтатынымыз, Кенесары көтерілісінің бүкіл өн бойында өкімет орындарының тактикасы өзгеріп отырған. Мұның себебін билігіңдегілер алғашында көтерілістің күшін де күрестің дамуында Кенесарының өзінің қандай маңыз аларын жете бағаламауынан деп түсіндіру керек. Әуелі олар Кенесарыны тек өзінің қара басының қамын ойлап, хан болуға жай ғана дәмелі адам деп білген. Мұндай ойдың билік басындағыларға Кенесары саяси жау ретінде төндіре алатын қауіп бұл арада жоқ деп тоқмейілсу туғызғаны түсінікті. Келіссөз жүргізуге, алдап - сулап, өз жағына тартуға жасалған барлық әрекеттен ештеңе шықпаған соң тана, әуелгі беттегі шағын жазалау экспедицияларының, онда да билеуші султандар басқарған, Кенесары көтерілісін жою міндеттелген экспедициялардың сәтсіз аяқталуынан кейін тана өкімет басшылары күрестің жаңа тәсіліне көшеді. Генерал Жемчужников командашылық етіп 1844 жылы Орынбор мен Сібірден бір мезгілде басталған Кенесарыға қарсы біріккен ірі жорықтан нәтиже шықпағаннан кейін және полковник Дуниковскийдің сәтсіздікке ұшырауынан соң, күрестің жаңа тәсіліне көшу қажет болған. Көтерілісті басу үшін неғұрлым тиімді шаралар қолдану, соның өзінде күшті мейлінше аз жұмсау керек деп табылды, өйткені Қазақстандағы патша гарнизондары шағын - шағын еді, ал патша өкіметінің Орта Азияда өктемдік жүргізудің кең жоспарын ескергенде, буларға жүктелген міндет аса зор болатын. Мұндай шаралар Кенесарыны өзі туып-өскен даладан бірте-бірте аулақтату, оны шекараға дейін ығыстырып алып келу, сөйтіп кері қайтар жолын кесіп тастау сияқты бұл кезде ескіріп те үлгірген тактикамен емес, басқаша жолмен жасалған. Көтерілісшілерді көшіп-қонған қоныстарынан және малдарын баққан жайылымдарынан айрылдырып, даладан ығыстыру шаралары бұл жолы бекіністер салу және кордондар тізбегін орнату арқылы жүргізілді. Мұндай бекіністердің патша өкіметінің Қазақстанды билеп төстеуін бірте-бірте кеңейтіп, бекіту үшін будан бұрын-ақ салына басталғаны және бұл істің Кенесары көтерілісіне байланыссыз - ақ жүргізілгені бізге белгілі. Алайда далада бекіністер салынуы көтеріліспен күресте аса зор рол атқарды. Осы мағынада алғанда, Тортайда Орынбор бекінісінің және 1845 жылы Ырғыз өзенінде Орал бекінісінің салынуы айрықша маңызды болып табылды. Әскери тарихшы генерал-майор Терентьевтің жазғанындай, «осы бір атақты қарақшыға қарсы жасалған іс - әрекет мынаны тағы да дәлелдеді: мұндай істе сыпайылық та, жұмсақтық та, қаталдық та көмектеспейді, айлалы да төзімді көшпендіні кең далада қууда отрядтар дәрменсіздік көрсетеді, сондықтан қоныстардың ара - арасынан және оларды айналдыра тұрақты бекіністер салу ғана әйтеуір бір нәтиже бере алады».30 Кенесары көтерілісін басу «Ресейдің біраз күш жұмсауын қажет етті» деп көрсеткен тарихшы Г.Е. Грум - Гржимайло да осыны айтады: «Кенесары көтерілісі, - деп жазды ол одан әрі, - мынаны көрсетті: қазақ қоныстарының арасында мекендеу және қарамағында мықты отрядтар ұстау арқылы ғана даланың тез үнін өшіруге және кез келген тосын оқиғаға барлық жерде әзір тұруға үміт артуға болады, сондықтан үкімет Орынбор Шебі жағынан бірқатар бекіністер салуға, Сібір Шебі жағынан бекіністі мекендер санын көбейтуге және шаруалар мен казактарды Жетісу өлкесіне қоныстандыра бастауға шешім қабылдады. Бұл шешімін үкімет жүзеге асырды».492 Көтерілісшілерді даладан шетке ығыстыру мен оларды жақсы қоныстарынан айырудың тікелей салдары Кенесарының соңына ерген рулардың малдан жұрдай болуынан, көтерілісшілер қосынындағы аштық пен қайыршылықтан көрінді. Кенесарының көтерілісі, түптеп келгенде, әскери күшпен емес, сол әскери күштің көмегімен жасалған өзгеше экономикалық қоршаумен басып - жаншылды, аштықтың шеңгелімен құртылды деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кенесары отрядының, қырғыздардан жеңілуі кездейсоқ болған құбылыс - тын. Көтеріліс онсыз-ақ басып тасталынатын еді. Кенесарыны Қазақстанның негізгі аймақтарынан бірте-бірте ығыстыру саясаты ұзақ уақытты қажет еткені түсінікті. Осы жағдай да жоғарыда аталған жәйттермен қосыла келіп, өкімет орындарының бір қарағанда босаң көрінген тактикасының сырын және көтерілістің ұзаққа созылу себебін түсіндіріп бере алады. Алайда мұнан басқа да себептері болған, оларды да айта кетуіміз керек. Патшалық басқару жүйесіндегі кертартпалық пен консерватизм осындай себептердің бірі, соның салдарынан жергілікті өкімет көтерілісшілерге қарсы дер кезінде шара қолдана алмады. Кез келген қадамды, кез келген ұсақ-түйек істі Петербургтегі әр түрлі министрліктермен келісіп алу керек еді (Әскери министрлікпен, Сыртқы істер министрлігімен, Азиялық Департаментпен, Бас штабпен т.б.). Ол кездегі қатынас жолдары бойынша Орынбордан немесе Омбыдан жөнелтілген қағаз Петербургке жеткенше, ол қағазыңа жауап алғаныңша апталаған, айлаған уақыт өтеді. Бүл екі арада оқиғаның беталысы өзгеріп, ол бойынша жаңа жарлық қажет болады, сөйтіп көтеріліспен жедел күресудің орнына таусылмайтын кеңселік хат жазысулармен айналысасың. Бұған Орынбор әскери губернаторы граф В.А. Перовский мен ерекше Сібір корпусының командирі, князь Горчаков арасындағы шиеленіскен кикілжің де қойылған. Олар Кенесарының көтерілісіне түрлі көзқараспен қараған, осы жағдай да патша өкімет орындары мен әскери отрядтардың іс-қимылына едәуір дәрежеде тосқауыл болған. Соның салдарынан бұл іске әскери министр граф Чернышев арқылы Николай І патшаның өзі араласып, екеуінен Кенесарыға қарсы бірлесе қимылдауларын талап етеді. Тек осыдан кейін тана - 1842 жылы - Кенесарыға қарсы күш қоса аттанған. Алты жыл уақытты текке жіберіп алған. Будан басқа Орынбор мен Омбы көтерілістің канат жаюынан дүрлігіп жатқанда, Петербургіміз бақпаған күйі қалған. Жалпы империялық істер тұрғысынан алғанда, атап айтқанда, Ауғанстандағы, Ирандағы және орта азиялық хандықтардағы ағылшын - орыс бақталастығынан туған Орта Азия мен Орталық Азиядағы оқиғалардың қым-қуыт қабаттасуы қасында Кенесары көтерілісі жай ұсақ-түйек нәрсе көрінген. Сол себептен де бұл көтерілісті басуға байланысты істер қайта-кайта кейінге қалдырыла берді де, түптеп келгенде, қозғалыстың барысына эсер етпей қоймады. Мұның бәрінен толық хабардар Кенесары өзі үшін қолайлы жағдайларды өз мақсатына шебер пайдалана білді. Өкімет орындарының Кенесарымен күресте қолданған тактикасы туралы мәселені тамамдамас бұрын көтеріліс көсемінің көзін жоюдың таты бір жоспарына қысқаша тоқтала кеткен жон. Әңгіме оның әскері ішінде тыңшы жіберіп сатқындық жасау жолымен Кенесарыны тірідей қолға түсіріп, көтерілісті басшысыз қалдыру жобасы жайында болып отыр.

27-826

417

Орынбор корпусының командашысы жаяу әскер генералы Обручевтің әскери министрдің атына жолдаған көрсетіндісінде былай делінген: «Султан Кенесары Қасымовтың әйелін жанына қосып, Кенесары ауылына аттандырылған бас штаб офицерінің қасында осындағы көпес Пустоловтың приказчигі де болған еді. Осы приказчик қырда сауда жасаған кезінде Кенесары ауылдарында жүрген, Сібір Шебі №7 батальонының қашқын унтер-офицері Владимир Гавриловпен кездесіп қалады. Ол өзінің қырдан отанына қайтып оралғысы келетінін және султан Кенесарыны үкіметке ұстап беретінін әлгі приказчикке айтқан, онан соң бұл сөзімді тісіңнен шығарушы болма, Кенесарының құлағына тисе мені бұл дүниеде тірі қоймайды деп өтінген. Нақ осы Гаврилов жаңағы приказчиктен менің атыма беріп жіберген хатында: Кенесарыны ұстап беруіме ол бүлікші қысқы ордасында болатын кез, нақты айтқанда, қаңтар айы қолайлы деп жазыпты». . Тоболь губерниясы Ялуторов қаласының тұрғыны, мещаннан шыққан унтер-офицер Гаврилов өзінің жолдасы Егор Иванов екеуі 1838 жылы наурыз айында қырға қашып кеткен. Обручев: анықтау жүргізгенімде Гавриловтың ешқашан ешқандай қылмыс жасамағанын білдім дей келе әскери министрден мынаны сұрап білмек болады: «Қайырымды тақсыр, сізден мына бір жайды сұрап білуіме рұқсат етуіңізді қиыла өтінемін: біздің отрядтарға сол бүлікшіге қарсы іске кірісу жүктелетін кезде Гавриловтың Кенесары султанды ұстап беруін құп алуыма бола ма және ойына алған істі орындап шыға алатын болса, мойнындағы қылмысы кешірілетінін, сондай-ақ ақшалай сыйлық алатынын айтып, Гавриловқа уәде беруге бола ма?». Міне, осылайша, билік басындағылар ештеңеден де жиренбестен Кенесарының көзін құртуға тырысқан. Кенесары көтерілісі жеңіліс тапты. Алайда қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында бұл көтеріліс ең құрметті орын алмақшы. Бұл көтеріліс барлық үш жүз жұртшылығының көпшілігін патша өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың XІX ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылды. Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және қазақтардың неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Бұқара халықтың отарлауға қарсы пиғылын айқын көрсеткен Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында оңға бастар рөл атқарды. Көтеріліс бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылды. XІX ғасырдың 50-60-жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы күрестің негізінде дамыған-ды. В.И. Ленин жазғандай: «Бұқараны шын тәрбиелеу бұқараның өзінің дербес саяси және, әсіресе, революциялық күресінен ешқашан бөліп алынуы мүмкін емес. Қаналған тапты тек күрес қана тәрбиелейді, тек күрес қана оның күшінің шамасын өзіне аңғартады, оның ой-өрісін кеңейтеді, оның қабілетін көтереді, оның ақыл - ойын саралайды, оның ерік-жігерін шыңдайды»394. Кенесары қозғалысы оз елінің азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап қалу үшін жанын қиюға әзір қазақ халқының аса зор қарсыласу күшін көрсетіп берді. Бұл көтеріліс Кенесары алға тартқан саяси талаптар бойынша прогресшіл көтеріліс еді. Мұны ең әуелі Кенесарының ру аралық жауласуды және феодалдық бытыраңқылықты жойып, орталықтандырылған біртұтас мемлекет құруға талаптануынан көреміз.

ТАРИХШЫ ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ

ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

Қазақ тарих ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлес қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандарды былай қойғанда, тіпті кейінгі Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақстан тарихнамасы толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да (тарих ғылымының тарихы) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларын таныстырумен шектеледі. Тіпті Қазақстан тарихшылары Қазақ Совет Энциклопедиясына да түгел енбеген. Мұның басты себебі, сталиндік әпербақан саясатқа сай қазақ ұлттық интеллигенциясының «ұлтшылдық» желеуімен қудалануы, іс жүзінде орыс шовинизмін үстемдік етуі. Ол заманда «улы орыс халқына» бойсұнған «кіші халықтар» оз тарихын тек жалған интернационалистік, орыс халқының оларды біріктіріп, басын қосып, компартияның басшылығы арқасында социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды. Осылайша тарих ғылымы «халықтар достығын» көлгірси дәріптеуші идеологиялық құралға айналып, өзінің ғылыми объективтік мәнінен айрылды, әдейі бұрмаланды. Ал осы идеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылыми дәлелдеусіз - ақ партия - кеңес алпауыттарының қаулысымен, немесе демократиялық заңды жолмен, яғни Кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл - ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырды. Қатаң партия бақылауы Кеңес халқының әділ де, шын ғылыми тарихын жасауға жол бермей келді. Көптеген тарихшылар, әсіресе КОКП тарихын зерттеуші партияның ең сенімді тарихшылары (олардың жазғандары тіпті ерекше «саяси-партиялық ғылымға» жатқызылды) іс жүзінде еріксіз де, ерікті де Кеңес тарихын бұрмалап келді. Сөйте тура олар шетелдердегі (КСРО мен достас социалистік елдерден басқа) өз әріптестерін біздің тарихымызды бұрмалаушылар, антикоммунисттер қатарына жатқызды. Міне, ақыл-ойды тұншықтырған идеологиялық темір құрсаудан босанған, сөйтіп тәуелсіздік алған халқымыз егемен елдің тарихын да жазу міндетінің алдында тур. Қазақстан тарихшылары халқымызға және' бізді танып білгісі келетін басқа халықтарға енді бұрынғыдай «саяси ботқа» емес, дәм - тұзы татымды ғылыми еңбектер беруге борыштар. Бірақ бұл тез уақыттың ішінде біте қояр іс емес. Біз бұл жұмысты жаңа ізденістерден бастауымыз абзал. Бірақ қазіргі экономикалық қиыншылықтар тұсында, оның үстіне Қазақстанға қатысты архив қорлары басқа елдерде болғандықтан көлемді, тың тарихи еңбектер жазу қиындай түсуде. Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған, тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де, аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да қазіргі дәуірдің таяудағы игілікті ісі болса керек. Оқушы қауымға ұсынылып отырған осы кітап сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш Кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, Кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмахановтың ең басты еңбегі. Бүл кітаптың Кеңес тарихнамасындағы орнын басқа ешбір туындымен салыстыруға болмайды десек, бұл сөзіміз шындықтың шеңберінен шықпайды. Сонымен бірге бұл шығарма өзінің заманындағы ресми сталиндік көзқарасқа кереғар келгендіктен жас тарихшының тағдырына үлкен кесел келтіргенін де жасырмауға тиістіміз. Бүл жағдай кезінде қазақ тарих ғылымының дамуына идеологиялық шідердің мықты болғандығын дәлелдесе, саяси пайдакүнемдікке (конъюнктураға) ғылыми адалдықты қарсы қойған автордың батылдығын да көрсетеді. Бекмаханов - объективті ғылыми шындықтың жағындағы зерттеуші. Оның есімі осынысымен биік тұғырға шығып, ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болған. Бекмаханов жайлы жылы пікір айтқан академиктер Греков, Панкратова, Дружининдер Кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және оз пікірлерін ешуақытта да өзгертпеген, тіпті ең жоғарғы партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді. Қорыта келгенде, Ермұхан Бекмаханов - қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы. Бірақ, өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінді де, сталиндік - империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарыққа шығуына жол ашпады. Бұған себеп тарих ғылымы Бекмаханов тұжырымдамасының деңгейінен төмен тұрды. XІX ғасырдың 20-40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын, оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылы жетпеді. Осындай жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың (ұлттарды азат еткен ұлы Қазан төңкерісі, ұлы орыс халқы), жалған интернационализмнің (ұлы орыс халқы Ресейдің барлық халықтарын біріктірді) сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді. 1992 жылы «Қазақ университеті» («Санат») баспасы абыройлы іс жасап, Бекмахановтың аталмыш монографиясын қайтадан басып шығарды (Е. Бекмаханов. Казахстан в 20-40 годы XІX века. Издание второе. Послесловие доктора исторических наук, проф. А. Такенова). Бұл еңбектің бірінші басылымы тарих ғылымының докторы, проф. М. П. Вяткиннің редакциясымен 1947 жылы (Алматы, Қазақ біріккен мемл. баспасы) жарық көрген болатын. 2-басылымда ешбір озгерту жасалмаған, тек жағрафиялық және адам атауларының көрсеткіші алынып тасталған. Бұл басылым халық арасында жылы ілтипатқа ие болғандықтан баспа кітапты тұңғыш рет қазақ тілінде жариялап отыр. Бұрынғы басылымдарда оның авторы жайлы көбіне айтылмайтын. Әрине, тарихи зерттеуді оның заманынан және оны жүргізген авторынан ажыратуға болмайды. Сондықтан да тұлғалы ғалымды оқушы жастарға толығырақ таныстыру әділетті де, әрі тарихнамалық мәні бар деп білеміз. Сонымен бірге егемен елдің жастары өткеннен тағлым алып, тарихи зерттеудің ауыр жолымен танысып, әр кезде де таланттың жауы дарынсыздық, іштарлық, көре алмаушылық екенін де естерінде ұстағаны артық болмас деген ойдамыз. Ермұхан 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында, № 10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бегенұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер табына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екені, ал Ермұхан Абылайдан тараған 7-буын екені соңғы кезде ғана анық ашық айтыла бастады. Әкесі Зында Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан 6 жасқа келгенде дүние салады. Анасы Бәпіш отбасының ауыртпалығын бір өзі көтеріп, үш баласының қамқоршысы болады. Ерекеңнің өз қолымен жазылған өмірбаянында шешем колхозшы, 1932 жылы қайтыс болды дегеннен басқа сыр ашпаған. Шындығында оның анасы мен қарындасы ашаршылықта өліп, денесі қайда қалғаны да белгісіз. Ермұхан тек атасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Дінше де 1931 жылы, тым ерте, қайтыс болады. Ермұхан Баянауылда 7 жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін 1932 жылы Семейде жоғарғы оқу орнына даярлайтын 1 жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық коммисариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін бітіреді. Бекмахановтың педагогтық қызметі Алматыдағы №28 мектепте, 1937 жылы Алматыдағы педагогика ғылыми - зерттеу институтында (қазір Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты) басталып, 1939- 1940 жылдары осы институттың директоры болады. Оған қоса ҚазПИ-дың аспирантурасын тәмамдап, 1940-1941 жылдары БКП (б) Орталық Комитеті жанындағы жоғарғы партия мектебінде оқып, оны жедел бітіріп шығады (Бекмаханов 1939 жылы партия қатарына өткен). Ұлы Отан соғысы жылдары жас тарихшы өзінің білімін толықтырумен қоса тікелей ғылыми зерттеу жұмысымен де толассыз айналысады, әр түрлі оқу орындарында да дәріс береді (ҚазПИ, Оқытушылардың білімін жетілдіру институты, 1947 жылдан өмірінің соңына дейін - ҚазМУ). Бұдан әрі Бекмахановтың өмір тарихы былайша өрбиді: 1941-1942 жылдары ҚазКСР Оқу халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы, 1942-1944 жылдары - Қаз (б) КП Орталық Комитетінің лекторы, 1943-1948 жылдары ҚазКСР ҒА - ның тарих, археология және этнография институтында (қазір Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты) аға ғылыми қызметкер, біраз уақыт институт директоры С. Юшковтың орынбасары. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болады. Мысалы, қазақ мектептері үшін тұңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық құрал жасауға ат салысады. Ол еңбектері 1938-1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жарияланады. Ал тарих ғылымына белсенді аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасады да, ол әрекетінің жемісті басталып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, қамқор жетекші болған КСРО Ғыл.ым академиясының академигі (ол кезде корреспондент мүше), белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовамен кездесуі эсер етті. 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуацияланады. Қай кезде де іскер, тынымсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, сотын талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Іздегенге - сұраған дегендей, бұл идеяның басы-қасында сол кезде Оқу халық комиссариатында істейтін Бекмаханов жүреді. Осылайша құрылған Ресей және Қазақстан ғалымдарының үлкен шотыры ең әуелі мектеп оқытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығарады. Методикалық құрал дереу баспаға беріліп, тіпті Өзбекстанда да жарық көреді. Будан кейін орыс тарихшылары мен жергілікті ғалымдардың үлкен шоғыры бірлесіп, ерте дүниеден бастап сол кезге шейінгі қыры да, сыры да мол қазақ тарихының бір томдығын жазу ісіне кіріседі. Бұл оңай жұмыс емес-ті. Орыс ғалымдарының көбі қазақ тарихын бұрын жете білмейтін. Оларға Алматы архивтерінің қоймалары кеңінен ашылып, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында арнайы ғылыми оқу залы ұйымдастырылады. Қонақтар қазақ халқының өмірімен де тікелей танысып, музей, театрларға барып, зиялы қауыммен де өзара байланыста болады. Сонымен бірге олардың арасында Ресей халықтары тарихының тұжырымдамаларын терең түсінетін КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының директоры, академик Греков (ол Ташкентте тұрған), Панкратова, Дружининдер болса, сол кезде-ақ Қазақстан тарихын зерттеп, Қазақстан тарихы очеркінің, Сырым Датұлы туралы монографияның авторы Ленинградтық профессор Вяткин, археолог Берн- штам, Лурье, тарихшылар Кучкин, Зутис, Якунин, Миллер, Баевскийлер бар еді. Қазақ Ғылым академиясынан да белгілі ғалымдар, жазушылар кірді: Әуезов, Марғұлан, Мүсірепов, Мұқанов, Исмайлов, Кенжебаев, Покровский, Тимофеев. Осылардың ішінде ең жасы да, бірақ көзге түсер іс атқарғаны да Бекмаханов болды. Кітапты редакциялауға жоғарыда есімдері аталғандардан басқа академик Мещанинов, Малов, Сауранбаевтар қатынасты. Жауапты редакторлыққа А. Панкратова және сол кездегі тәртіп бойынша республика партия Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Мұхамеджан Әбдіхалықов тағайындалды. «Қазақ ССР тарихын» дайындауда үлкен дау туғызған мәселе 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты болды. Авторлар ұжымының талқысында Б. Бекмахановтың көзқарасы қолдау тауып, сол тарауды жазу оған тапсырылады. 1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» Алматыда жарыққа шықты. Кеңес республикаларының тұңғыш дербес тарихын жазудың бастамасы болғандықтан және оған соншама беделді ғалымдар күш салғандықтан бұл кітап бірден көзге түсті. Басылым Сталиндік сыйлыққа ұсынылып, сарапшылардың алғашқы сынынан мүдірмей өтті. Бірақ авторлардың қуанышы көп ұзамай, керісінше, бірнеше жылға созылған бітпес дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияға ұласты. Сталиндік сыйлық жөніндегі комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Яковлев «Қазақ ССР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, зиянды кітап деген жөнсіз пікір айтып, сарапшыларды шошынтты. Сыйлық берілмейтін болды. Осы саяси қырағы Яковлев кім еді? Оның ойынша, Отан тарихы біртүтас КСРО тарихы, яғни «орыс ұлты тұрғысынан» жазылған тарих болуы тиіс, әр республиканың жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм принципіне сай келмейді. Бұл негізінен сталиндік тұжырымдамаға сай келетін догмат, қасаң, улы державалық шовинистік көзқарас еді. Бірақ сол кездегі идеологиялық, саяси жағдайда «Қазақ ССР тарихының» авторлары үшін қауіпсіз де емес екенін кейінгі оқиғалар толық дәлелдеді. Қазақ халқының тарихына субъективті, сыңар езу көзқарас Панкратова бастаған ғалымдар тобын бейжай қалдыра алмады. Тарих майданындағы жағдайды талқылауды Панкратова ВКП(б) Орталық Комитетінің алдына қояды. Ұсыныс қабылданып, 1944 жылы 29. V,-8.VІІ аралығында көрнекті Кеңес тарихшыларының жиналысы өткізіледі, оны ВКП(Б)П ОК хатшысы Щербаков басқарып, жиналысқа тағы екі хатшы Андреев пен Маленков қатысып отырды. Бірақ OK шақырған кеңес мақсатқа жеткізбеді, тарихшылар екі ұдайы пікірде қалды, ал партия хатшылары жөн соз айтудан бас тартты. Буған көңіл толмаған Панкратова OK атына жазған хатында Яковлевтің көзқарасы «Қазақтардың ұлттық сезіміне терең қаяу салады» деп көрсетті (Письма Анны Михайловны ПанкратовойВопросы истории, 1988, №11. с. 54-79). Кеңестен кейін Яковлевтің өзі Панкратоваға келіп «Қазақ ССР тарихын - да» әр жерден 10 беттен артпайтын көлемде өзгеріс жасау қажет. Жалпы кітап жақсы", деп көлгірсуі екіжүзділік пе, әлде шындықты мойындау ма? Түсіну қиын. Дегенмен кеңестегі азшылықтың пікірі баспасөз арқылы елге тарап кетті: М. Морозов дегеннің рецензиясы «Большевик» журналында жарияланды (1945, № 6). Морозовтың қазақ тарихының маманы еместігі ғылыми жұртшылыққа айдан анық. Ол негізінен кеңестегі теріс пікірді жинақтаушы ғана. Ал теріс пікірдің ауыртпалығы алдымен Бекмахановқа түсті. «Қазақ ССР тарихының» «жағымсыз 10 бетінің» авторы 1943 жылы 28 маусымда Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1946 жылы Бекмаханов докторлық диссертациясын қорғап, оны «Қазақстан XІX ғасырдың 20-40-жылдарында» деген атпен 1947 жылы жарыққа шығарды. Осыдан соң Кенесары көтерілісін сынаушылар ашықтан-ашық Бекмахановқа ауыз сала бастады. Бұрын «Қазақ ССР тарихына» бағытталған сын пікір Бекмахановтың монографиясына ауысты. Бұл әсіресе жергілікті сыншыларға жеңілдік туғызды. Өйткені бір адамға жабылу «Қазақ ССР тарихының» авторларына, беделді ғалымдарға, мәскеуліктерге тиісуден гөрі оңайырақ болды. Оның үстіне 1947 жылы Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы» қаулысынан кейін «байшылдар» мен «ұлтшылдарды» әшкерелеу науқаны басталған болатын. Яғни 47-жылы «37-жылдың»'исі шыға бастаған. Ең әуелі ВАК - қа Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланған деген арыз түсті. Бүл істі тексерген академик Дружинин плагиат туралы пікірді толық теріске шығарып дәлелдеп берді. 1948 жылы 28 ақпанда КСРО Ғылым академиясының тарих институтында Бекмахановтың монографиясы талқыланды. Буған Алматыдан әдейі келген тарих гылымының кандидаты Айдарова қатынасты. Тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың жазбаша пікірлері оқылды. Қазақстандықтар Кенесары қозғалысы реакцияшыл, феодалдық - монархиялық ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір айтты. Бұларға Дружинин, Бахрушин, Вяткин, Кучкиндер қарама-қарсы шықты. Пікірталас қорытындысында академик Греков автордың жеке басына тиісу, оны буржуазияшыл - ұлтшыл деп айыптау ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударды. Өкінішке қарай, Мәскеудегі дискуссия да шындыққа, ортақ пікірге жеткізбеді. Жанжал күшейе түсті. Осының дәлелі - 1948 жылы шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясында Бекмахановтың кітабына арналған бес күндік дискуссияның материалдары. Мұнда кітапты сынаушылар тарапынан өте қатал пікір мен ұсыныстар болғаны көңіл аударады. Мысалы: «Бекмахановтың кітабы мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл - ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек. Сондықтан оны пайдаланудан дереу шығарып тастау қажет». Немесе: «Еңбек ғылыми жағынан шатасқан, идеялық жағынан зиянды». «Кітапты Мәскеуде қолдаған жолдастар Бекмахановтың... ұлтшылдық ауытқуын заңдандырып отыр». Сонымен «ұлтшылдар» қатарына мәскеулік ғалымдар да өтіп кетті. «20-40-жылдардагы Қазақстан» жөніндегі қарсы пікірлердің тепе-теңдігін бұзуға «Правда» газеті көмекке келді. 1950 жылы 26 желтоқсанда бұл газет Шойынбаев, Айдарова және Якуниннің «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік – лениндік тұрғыдан баяндайық» де¬ген қатал сын мақаласын жариялады. Бұл Бекмахановтың қарсыластарын ел алдында партия Орталық Комитеті атынан қолдау болып қабылданды. Өйткені «Правданың» сөзі - партияның сөзі. Газет қаншама белгілі ғалымдарға қарсы осы үш тарихшыны қолдағаны бізге түсінікті. Бұдан кейін қазақ «ұлтшылдарына» қарсы майдан жеңіске жете берді. Е. Бекмаханов 1951 жылы 15 мамырда «ірі саяси қателіктер үшін» ҚазМУ - ден, КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан шығарылды, партия қатарынан да шығарылды. Бір қызығы, Бекмаханов 1948 жылы Қазақ КСР тарихы кафедрасы меңгерушісі болды, ал, 1949 жылы 30 тамызда КСРО тарихы кафедрасының профессоры атағын алды. Жоғарыда айтылған аласапыран жағдайда Қазақ КСР тарихы кафедрасы жабылып, ол тек 1958 жылы 21 мамырдағы КСРО жоғары оқу орындары министрінің бұйрығымен сол жылғы 1 қыркүйекте, яғни Бекмаханов айдаудан қайтқан соң ашылады. Қазақстандағы түңғыш Қазақ тарихы кафедрасының ашылуы да Бекмахановтың тағдырымен байланысты болғаны. Бекмахановқа бұдан кейін КГБ - дегілер де «көңіл» аударып, әсіресе, Б. Сәкенов «іс» қозғайды. Бекмаханов бір кез Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы мектепте тарих пәнінен сабақ берді, кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мұғалім болып жүргенде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Одан РКФСР қылмыстық кодексінің (Қазақ КСР емес) 58-бабының 10-тармагы, 2-бөлімінде көрсетілген айыпқа сәйкес «Кеңес өкіметіне қарсы пікірде болып, 1942-1951 жылдар аралығында ұлтшылдық идеяларды уағыздап және антисоветтік үгіт жүргізгені үшін» айып тағылды. 1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы соты Бекмахановты 25 жылға соттап, ГУЛАГ лагеріне айдады. Бекмаханов тағлымы жеке басқа табыну дәуіріндегі тылымда ойлау - зерттеу бостандығы болмағанын, тарих ғылымы тұмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақтардың саяси қолшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дәлелдейді. 40-50-жылдардағы тарих майданы, әдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияға ұшыратты, еліміздің объективті тарихын жазуға тұсау болды, қажетсіз сыңаржақ «еңбектерге» жол ашты, халқымыздың ұлттық санасын тұмандандырды. Соның сазайын қазір де тартып отырмыз. Бекмахановтың ісі шын ғалымдар арасында үлкен адамгершілік те барын көрсетті. Бекмахановтың жазықсыз екенін, 1950 жылға дейін оның көзқарасын Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметовтың өзі қолдап, Кенесарыны халыққа рух беретін саяси ұранға айналдырғаны көпшілікке мәлім. Бірақ кейін ол да өз пікірлестерін қорғамады, ОК бюросында Бекмахановты партиядан шығару туралы ұсынысты өзі енгізіпті. Оның есесіне: Бекмахановтың көзқарасы бәрімізге ортақ көзқарас, сондықтан оны ғана айыптау әділетсіздік деп, адалдықтың ала жібін аттамаған мәскеулік тарихшылар болды. Солардың ұйғаруымен Панкратова Ы.С. Хрущевқа кіріп, Бекмахановты босатуды сұраған, оның бала - шағасына да көмектесіп тұрған. Заман өзгере бастады. 1953 жылы 16 қазанда КСРО Бас Прокуроры Бекмахановты ақтады. Тарихшының өмірі будан кейін де тез өзгере қоймады. Ол 1954 жылы 1 қыркүйекте ҚазМУ - ге қайта, бірақ аға оқытушы болып қана орналасты. Отбасы жеке үй жалдап тұрып жатты. Ғалым мұндай ыңғайсыздыққа да шамданбай, бар күшін ғылыми ізденуге жұмсады. 1957 жылы Мәскеуде «Ғылым» баспасы оның көлемді жаңа монографиясын («Присоединение Казахстана к России») жарыққа шытарды. Осыдан кейін оның докторлық дәрежесі мен профессорлық атағы қайтарылды. 1958-1966 жылдар ғалымның өміріндегі тыныш, әрі жемісті жылдар болды. Бүл оған бұйырған соңғы 7 жыл екен. Мұнда кафедра жанынан аспирантура ашу, мектеп оқулықтарын шығару, жоғарғы оқу орнына оқулық даярлау, арнаулы ғылыми кеңес ашу, тың тақырыптарда ғылыми зерттеулер жүргізу, одақтық ғылыми кеңестер мен конференцияларға қатынасу. Бекмаханов бірнеше ғылыми жинақтарға редактор, «Қазақ КСР тарихының хрестоматиясын», Жоғарғы оқу орындарында оқылатын Қазақ КСР тарихы оқулығының проспекттісін, «Очерки истории Казахстана XІX века» атты оқу құралын, көптеген мақалалар жазып үлгерді. Бекмахановтың кафедрасы сол аз уақытта 20-дан аса ғылым кандидаттарын шығарды, көптеген талапты жастарға ғылымға жол ашты. 1962 жылы Бекмаханов Қазақ КСР Ғылым академиясына корреспондент мүше болып сайланды. Сол кезде Ерекеңнің Қазақстан тарихын барлық жоғары оқу орындарына енгізу ойында болатын. Ол идея соңғы бір-екі жылда ғана іске асты. Асыл азамат Ермұхан Бекмаханов 1966 жылы 6 мамырда 51 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден өтті. Оның Бауыржан Момышұлымен қоштасарда айтқан соңғы сөзі: «Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз!» болса керек. Ал осыған халық атынан кешірім сұрап, жауап. бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз той тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға т. б. арнап жазып едім. Інім едің - сенімен қоштасып, басыңа қойып турмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әрқашан да есімдесің, бауырым. Жылаушы Б. Момышұлы. 7.V.1966. Алматы». Біздің жұбанышымыз Ерекеңнің мектебі, асыл идеялары, танымы мол еңбектері жастарға мұра болғаны!

Әбу Тәкенов,
тарих ғылымының докторы, профессор.

CІЛTEMEЛEP

1 Ленин В.И. - Таңдамалы шығармалар, толық жинағы, 26-том, 236 бет.
2 Энгельс Ф - Маркс - Энгельс архиві, І (VІ) том, 246 бет.
3 Профессор Вяткин М. П.- Батыр Сырым Датов. М., 1947.

4 Красовский М. - Сібір қырғыздарының облысы. Жағрафия мен статистикаға арналған материалдар, СПБ, 1868. 5 Завалишин И. - Батыс Сібірді сипаттау, ІІІ том, Сібір - қырғыз даласы, СПБ, 1867.

6 Мейер Л - Орынбор ведомствосына қарасты Қырғыз даласы,1865. 7 Небольсин П. - Орынбор Шебі тарапынан Орта Азиямен, Хиуамен, Бұқармен және Қоқанмен сауда жасалуы жайындағы очерктер, СПБ. 1856. 8 Баллюзек Л. - Кіші Қырғыз ордасында халықтың қазірде де заңдық күші бар әдет-ғұрыптары. «Империялық Орыс Жағрафиялық Қоғамы (будан былай - ИОЖК) Орынбор бөлімшесінің жазбалары», ІІ кітап, 1871. 9 Мякутин А. - Қырғыздардың нақты тұрмысы. № І— И, «Труды Оренбург. Ученой Архивн. Комиссии», XXV, 1910. 10 Маковецкий П. - Қырғыздардың заңды әдет - ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдар, І кітап, Омбы. 11 Самоквасов Д. - Сібір бұратаналарының әдеттерінің, құқығының жинағы. Варшава, 1876. 12 Добросмыслов А. - Торғай облысындағы XVІІІ және XІX ғасырларда орын алған қырғыздар соты. Қазан, 1904 13 Крафт И. - Түркістан өлкесіндегі және далалық облыстардағы сот бөлімі. Орынбор, 1898.

8 Баллюзек Л. - Бұл да сонда, 133 бет
14 «Отечественные записки». 1830, №124.

15 «Қазақтардың орыс қоныс аударушыларымен өзара қатынастары» деп аталатын тарауды қараңыз.

16 Словцов - Сібір тарихы, 2 томдық. 17 Ядринцев Н.И. - Сібір бұратаналары, олардың тұрмысы және қазіргі жағдайы. 1891.

18 Усоф Ф. - Сібір казак әскерлерінің статистикалық сипаттамасы, СПБ, 1879.
19 Наливкин В. - Қоқан хандығының қысқаша тарихы. Қазан, 1886.
20 «Записки Восточ.отд. А.О.», 1. том, 227-278 беттер.

21 Кәрі – Құран – Әли – Қажы – Халид – Бек - Оғлы. - Тауарихамсе. Қазан, 1915.

22 Тарих Шахрохи. 23 Мунтахаб-ут-Тауарих. Археология жанкүйерлерінің Түркістан үйірмесі мүшелері мәжілістерінің және хабарламаларының хаттамалары. XVІІ жыл, Ташкент, 1913.

21 Аталмыш шығарма. 140 бет.
24 Молла – Әлим – Махмуд - қажы. – Тарих - Түркістан, Ташкент, 1915.
24 Бұл да сонда, 124 бет.

25 Молла – Нияз – Мұхаммед – Бен – Молла – Ашур - Мұхамеди. - «Тарих - Шахрахи».

26 Зимин Л. - Мунтахаб-ут-Тауарих, 107 бет. 27 Бүленбек 1870 жылы «Вестник Европаның» 8-санында және осы журналдың 1871 жылғы 9-санында жарияланған; оның авторы Н.Середа Полтава губерниясының тұрғыны. Ол 1840 жылы туған. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында тәрбиеленген. 1875 жылдан бастап ол Орынбордың қала басы қызметіне бекітіледі. Осы лауазымда ол кейбір үзілістерді қоспағанда 1892 жылға дейін қызмет атқарған (бұл өмірбаяндық дерек Середаның Чкаловтағы Мемлекеттік тарихи архивте сақтаулы қызметтік тізімнен алынды).

28 Смирнов Г. - Султандар Кенесары және Садық. Ташкент, 1889.
6 Бұл да сонда.
4 Бұл да сонда.
29 Добросмыслов А. - Тортай облысы. Тарихи очерк. Тверь, 1902.

30 Терентьев М. - Орта Азияны жаулап алу тарихы. І-ІІ томдар, СПБ, 1906.
6 Мейер Л. - Бұл да сонда, 57 бет.
6 Бұл да сонда.
29 Добросмыслов А. - Бұл да сонда, 70 бет.

30 Терентьев М. - Бұл да сонда, 203 бет. 31 Рязанов А.Ф. - Кенесары Қасымов көтерілісі (1837- 1847 ж.ж.), І-ІІІ б., ЛОИИ (қолжазба).

31 Бұл да сонда, ІІ бөлім, 101 бет.
31 Бұл да сонда, І бөлім, 31 бет.
32Стеблин - Каменская. Бұл да сонда, 249 бет.
32 Бұл да сонда.

33 Якунин А. - Кенесары Қасымовтың көтерілісі. «Большевик Казахстана», № 8, 1939.

33 Бұл да сонда, 54 бет. 34 Потто В.А. - Қырдағы жорықтар хақында. «Военный Вестник» 1873, № 1-4, 254 бет.

33 Якунин А. - Бұл да сонда, 43 бет. 35 «Жинақты» құрастырушы сол кезде Жетісу инженерлік дистанциясының бастығы қызметін атқарған әскери инженер-полковник Серебренников А.Г.

36 «Семей облысының естелік кітапшасы», 1900-1902 жылдарға қатысты. 37 Қазақстан Республикасының тарихи архиві, (будан былай - ҚРТА), 4-қор, 1-тізбе, 2794-іс, 123-144-парақтар, 1846.

38 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 4236-іс, 271-байлам, 1870.
39 ҚРТА, 5-қор, 531-іс, 26-байлам, 9-10-парақтар.

«Орынбор өлкесі бойынша барымтаға нақ қандай тонаулар мен ұрлаулар жатқызылатыны жөнінде мәлімет түсіру туралы». 1861 жыл. Едеуір материал жиналған еңбек: «Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар». ІV том,1940. 40 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2378-іс, 15-парақ. «Тархан Бекболат Бекбаевтың өзінің ұрпағына тархандық атақ берілуін өтінуі жөнінде». 1847.

41 Berіchten uber Chіwa, Висһага, Сһокапсі, St. Peterburg, 1839,іahre. 42 Ресей империясының әскери - статистикалық шолуы. XІV том, ІІІ бөлім, СПБ, 1848.

43 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2621-іс, 879-892-парақтар, 1845.
44 Бұл да сонда, 941-944-парақтар, 1845.
45 ЦВИА, ВУА қоры, 1161-іс, 229-231-парақтар, об.

46 Чкаловтың Мемлекеттік тарихи архиві (будан былай - ЧМТА), 6-қор, 5557-іс, 4-8-нарақтар, 1844. 47 ЦГИАЛ, Полиция департаментінің қоры. Исполнит, 1835, 273-іс, 4-13-парақтар. 48 ЦГИАЛ, Ішкі істер министрлігінің (будан былай - 11М) қоры, Жер бөлімі, 8-іс жүргізу, 134-қор, 1-2- парақтар, 1834.

49 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 31-іс, 416-417-парақтар, 1837.
50 ЧМТА, 6-қор, 5496-іс, 8-14 беттер.
51 Бұл да сонда, 57-60-іс, 2-12-парақтар, 1846.
52 ҚРТА, 82-қор, 169-іс, 20-парақ, 1838.

53 Бұл да сонда, 1-тізбе, 12-13-парақтар, 1838. «Қырғыз Тобылды Тоқтинды және Кенесары Қасымовтың басқа да сыбайластарын сотқа тарту туралы».

54 ЦГИА, Бас архиві 1-9, 1-іс, 489-499-парақтар, 1838— 1849 жылдар. 55 ЦГВИАЛ, 9-қор, Аудитор, департ., 4-болім, 208-байлам, 1-істің бөлігі. 91-102 беттер, 1842.

56 ЧМТА, 6-қор, 12-іс, 16-17-парақтар, 1844.
57 Бұл да сонда, 5-парақ, 1844.
58 Бұл да сонда, 10-іс, 8-13-парақтар, 1841.
59 Бұл да сонда, 169-қор, С. Н. Севастьяновтың қолжазбасы.

60 Бұл да сонда, 96-қор, полковник Авдеевтің қолжазбасы.
61 Бұл да сонда, Ібб - қор, Г.Ф. Генстің қолжазбасы.
62 Лафарг П.- Мәдениет тарихы бойынша очерктер. М., 1926, 51-54 беттер.
63 RadloffW. - Aus Sіbіrіcn, L., 1874, 162 бет.

64 Жеріне жеткіздік деп айта алмаймыз, өйткені олардың өлеңдерінің бәрі түгел жазылып алынбаған, онан соң жазылу сапасы да өнебойы оңып тұрған жоқ. Өкінішке орай, айта кететін жәйт: Қазақстанда фольклорлық қазынаға және оларды ғылыми өңдеуге күні бүгінге дейін лайығынша көңіл бөлінбей келеді, ал олар көңіл бөлуге лайықты - ақ дүниелер. Осындай елеулі олқылық зерттеушінің жұмыс істеуін қатты қиындатады. 65 ЦГИА, Өз. КСР, 715-қор, 15-іс, 57-парақ. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасының Орынбор әскери губернаторына жеткізген көрсетіндісінен, 1854.

66 Бұл да сонда, 57-парақ. 67 Ивановский А. - Қырғыздың халық ақын-жырауы Ноғайбай. «Этнографиялық шолу», ІІІ кітап, 1889, Мәскеу, 10-17 беттер. 68 Қараев. - Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбай туралы жыры. 10 бет. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазба қорында сақтаулы.

69 Бұл да сонда, 312 бет.
70 Нысанбай. - Кенесары туралы жыр. 335 бет.

71 Мұқанов С,- Қазақтың XІX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 52 бет. С. Мұқанов соңғы кезде Кенесарының бас батырлары жорықта онымен бірге болғанын теріске шығарып мақала жазды. Алайда ол кісінің мұнысы Нысанбай жырындағы деректерге де, сондай-ақ басқа мәліметтерге де қайшы келеді. 72 Басығариннің өзі былай деп жазады: «Кенесары және Наурызбай дастанын жөндедім, қажетті орамдарын ұтымды қолдандым». Қараңыз: Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбай туралы жыры. Жинаған Басығарин, 47 бет, Мәскеу, 1924 ж.

73 Бұл да сонда, 7 бет.
74 Бұл да сонда, 18 бет.

75 Қараңыз: «Кенесарының қырғыз манаптарымен күресі және Кенесарының қаза табуы» делінетін тарау, осы тараудан тиісті үзінділер келтірілген. 76 Қараевтан жазып алынған. Қолжазба Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының (бұдан былай - КРҒАТӘИ) қолжазба қорында сақтаулы. 77 Алекторов А. - Қырғыздардың халық әдебиеті». Қараңыз: «Астраханский вестник», 1893 ж., №1222.

78 ҚРТА, 82-қор, 1-тізбе, 170-іс, 19-байлам, 99-100- парақтар, 1843. 79 Естелік «Жаңа мектеп» журналында басылды. Қызылорда, 1925 ж., № 3, 35 бет. 80 Қараңыз: «Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының хабары» Қазан, 1900 ж., XVІ том, І кітап.

81 Добросмыслов А. И - Қараңыз: 29-ескерту. 82 «Наурызбай - Қаншайым» дастаны, 88 бет. Кенесары туралы жырлар мен дастандар жинағы. Баспаға дайындаған Қазақстан Республикасы Тіл және әдебиет институты. 83 «Жасауыл қырған» дастанын Нұркипов 1936 жылы Торғай қаласында жазын алған. Қолжазба 24 бет.

84 ЧМТА, 6-қор, 54-іс, 50, 137-8140, 1840. 85 «Саржан батыр» дастанын Ф.Мұқанов 1940 жылы жазып алған (қолжазба 72 бет), КРҒАТӘИ - ның қолжазба қорында сақтаулы. 86 Титақов Түлік. - «Абылаев Қасым, Наурызбай, Ағыбай және басқалар жөнінде тарихи мәліметтер», 1900 жыл, 31 бет. ҚРҒАӘИ - ның қолжазба қорында сақтаулы. 87 Көпеев Ж. - Қазақтардың фольклоры мен этнографиясы, тарихы жөніндегі материалддар. І—ІІІ томдар. ҚРҒАТӘИ - ның қолжазба қорында сақтаулы.

88 Шипин Омар - «Жеті батырдың қысқаша тарихы». Қолжазба қазақ тілінде.
89 Шипин Омар. - Қараңыз: 88-ескерту, 5-6 беттері.

90 Жамбыл. - Кенесары дулаттықтарда (естеліктер). КРҒАТӘИ - ның қолжазба қорында сақтаулы.

91 Доскей. - «Доскейдің әңгімесі». 92 Арғынбай. - «Бүлінген қазақ», 1911. Қараңыз: Кенесары Қасымов туралы жырлар мен дастандар жинағы. Баспаға дайындаған ҚРҒАТӘИ. 93 Жамбылдың Байсейіт батыр туралы жырынан үзінділер «Кенесарының қырғыз манаптарымен күресі және Кенесарының қаза табуы» (1846-1847 жж.) тарауында келтірілген.

94 Жамбыл. - «Сұраншы батыр», Алматы, 1939. 95 Академик Радлов. - Оңтүстік Сібірді, Жоңғар даласын мекендеуші түрік тайпаларының халық әдебиеті үлгілері. ІІ белім. Қырғыз тіліндегілері, СПБ, 1870. 96 Қараңыз: Кенесары туралы жырлар мен дастандар жинағы. Баспаға дайындаған KPFАТӘИ.

97 Мәскеуде 1932 жылы шығарылған, қараңыз, 20 бет.
98 Қырғыз - қазақ жырлары. КИХЛ, 1932, 87 бет,
99 Қараңыз: «Сүйінбай» дастаны - жинақ, Фатима, КИХЛ, 1935.

100 Ресей империясының әскери - статистикалық шолуы, XІV том, ІІ бөлім, СПП, 1848, 73 бет. 101 Аристов Н.А. - Түрік тайпалары мен ұлыстарының этникалық құрамы туралы және олардың саны жөніндегі жазбалары. СПБ, 1897, 101 бет. 102 Южаков 10. - Орта Азияда тапқанымыз, ІІ. Шымкент округі. «Отечественные записки», № 7, 1867, 757 бет.

101 Аристов Н.А. - Аталмыш шығарма, 79 бет. 103 Идаров. - Сібір ведомствосы қарауындағы Қырғыз даласы және онда жаңадан құрылған Семей облысы. «Ішкі істер министрлігінің журналы», VІІ бөлім, 1854. СПБ, 93 бет. 104 Ашмарин. - Көшу жолдары, қысқы қоныстар мен жазғы жайлаулар. «Советская Киргизия», №5-6, 1925. 105 Шорманов Мұса. - Павлодар уезі қырғыздары туралы жазбалар. Қараңыз: «ИОЖҚ Батыс - Сібір бөлімшесінің жазбалары», XXVІІ кітап, Омбы, 1906. (Мұса Шормановтың мақаласы XІX ғасырдың 40 жылдарына қатысты). 106 ЦГИАЛ, МВД қоры, Жер бөлімі, 8-департ., 95-іс, І б., 1823, 44-51 парақтар. 107 ЧМТА, 6-қор, 5661-іс, 13-15 парақтар. «Ерекше тапсырмаларды орындау үшін жоғары мәртебелінің төңірегінде болатын коллеж тіркеушісі Андреевтің жазбалары». Аталған қазақ руларын қоныстарынан қуар алдында Андреев оларға арнайы барған болатын.

108 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2798-іс, 82-83 парақтар, 1846. 109 Гейне А.К. - Әдеби еңбектерінің жинағы, І том, СПБ, 1897. Күнделік 1865 жылғы. Қырғыз даласымен саяхат, 408 бет. 110 Тетеревников А.Н. - Қырғыз даласы ішкі саудасы очеркі. СПБ, 1867, 7 бет.

111 ЦГИА, Бас архив, 1-іс, 139-540 парақтар, 9 тамыз, 1845 ж. 112 Артемьев А. - Орынбор ведомствосы қарауындағы Қырғыз даласы туралы бірнеше заметка. «Ішкі істер министрлігінің журналы», қазан, 1859, 26 бет.

103 Идаров. - Аталмыш шығарма, 92 бет.
113 Wlangalіs - Peіse Naeh der Ostlіehen Kіpgіsen Steppe, 1856, 81 бет.

114 Сейдалин. - Торғай өзені бойында егін егушіліктің дамуы туралы. «ИОЖҚ жазбалары», № 60,1 кітап, 1870. 115 ЦГИАЛ, МВД қоры, 8-іс, жүргізу, Жер бөлімі, 9-іс, 4-18 парақтар. Ген. адъютант Катениннің «Орынбор ведомствосы қырғыздары арасында егін егушіліктің дамуы туралы» жазбалары. 116 Шахматов Г. және Броневский. - Орта Орда қырғыз - қайсақтарының егін егушілігі туралы ескертулер. «Земледельческий журнал», №6, 1832. 103 Идаров. - Аталмыш шығарма, 25 бет. 4-қор, І - тізбе, 3225-іс, 2-3 парақтар, об. 1848. 118 Броневский. - Орта орда қырғыз-қайсақтары туралы заметкалар. «Отечественные записки», 1830, № 120, 193-194 беттер.

112 Бұл да сонда, 36 бет. 119 Нешель - Ор қамалы мен Арал теңізі аралығындағы Қырғыз даласы туралы ескертулер. «Жағрафиялық хабарлар», Надеждиннің редакциялауымен. СПБ, 1848, 126 бет.

118 Бұл да сонда, 143-144 беттер. 120 Бұл өлеңді Орынбор Шекара Комиссиясында қызмет еткен Тілеулі Сейдалин XІX ғасырдың 60-жылдары жазып алған.

113 Бұл да сонда, 81 бет.
116 Бұл да сонда, 618-619 беттер.

121 Мухаммед Ғали Тәукин. - Орал сыртындағы далада көшіп жүретін ордалықтардың шаруашылығы туралы жазбалар. «Экономические записки», №41, 1861. 122 Небольсин П. - Саяхатшы қырғыздар. «Русский вестник», XXІX том, 1860, 47-49 беттер. 123 Салтыков-Шедрин атындағы көпшілік кітапханасы. Қолжазба бөлімі, ІV қор, № 551, 438-549 беттер. «Сырдария аймағында көшіп жүрген қазақтардың шаруашылығы, саудасы, сот ісін жүргізуі туралы Орынбор көпесі Д.У. Беловтың Орыс жағрафия қоғамына берген жазбасы», 1869. 124 Григорьев В.В. - Қырдағы көшпелі тұрмыс және зерттеулер. «Восточное обозрение», 1882, № 12. 125 Словцов. - Ақмола облысындағы Көкшетау уезіне 1878 жылы жасалған сапар кезіндегі қолжазбалар. «ИОЖҚ жазбалары», ІІІ кітап, Омбы. 1881, 51 бет. 126 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 3082-іс, 86-нарақ. Орынбор Шекара Комиссиясының 1847 жылғы есебінен. 127 Колмагоров Г. - Сібір ведомствосы қарауындағы қазақ даласындағы өнеркәсіп пен сауда туралы. «Орыс жагр. қоғамы жазбалары», ІІІ бөлім, СПБ, 1855.

127 Бұл да сонда, 4 бет.
109 Бұл да сонда.
128 Қараңыз: 110-ескерту, 9 бет.
129 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2798-іс, 28-парақ, 1846.

126 Бұл да сонда.
59 Бұл да сонда, 20-іс, 3 l-45-парақтар.
59 Бұл да сонда.

130 Орынбор әскери губернаторының 1836 және 1837 жылдарғы есебі. Жалпы істер департамент! қор комитетінің ішкі архиві (Совет жөнінде), 51-іс, 77-78 парақтар. (Дәйексөз Бурнаковтың Ресейдің Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастарының тарихы жөнінде жазған мақаласынан алынды. «Советское востоковедение», 1941, ІІ том, 10 бет).

131 Қараңыз: 4-ескерту, 244 бет. 132 Compte Jean Potockі-Voyage dans les Stepps d. Astrakhan, Parіs, 1829,11, 88 бет. 133 ҚРТА, генерал С.A. Хрулевтің қоры, №379, 11 - іс, 51-парақ. «Көпес Вл. Кузнецовтың Семейдегі сауда туралы жазбасы», 1844.

128 Бұл да сонда, 8 бет.
128 Бұл да сонда, 10 бет.
134 Маркс К. - Капитал, ІІІ том, М., 1932, 232 бет.
134 Бұл да сонда, 427-428 беттер.

4 Бұл да сонда, І бөлім, 425 бет.
113 Бұл да сонда, 26 бет.
133 Бұл да сонда, 26-27 беттер.

125 Ленин В.И. - Шығармалар толық жинағы, 3-том, 266 бет. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1974.

112 Бұл да сонда, 39 бет.
127 Бұл да сонда, 6 бет.
127 Бұл да сонда.
115 Бұл да сонда, 41-45 парақтар, 1845.

136 Ленин В.И. - Мемлекет туралы, лекция, 97 бет. 137 Атап айтқанда, Н.И. Гродеков былай деп жазды: «Халықтың қалған бөлігі ақсүйекке қарама-қарсы қарасүйек деп, сондай-ақ бодан қараша және нөкерлер деп аталады». (Сырдария облысының қырғыздары мен қара қырғыздары, І том, Қалыпты тұрмыс, Ташкент, 1889, 5 бет.) 138 Султан Меңдәлі Пірәлиев - 50 жылдары Орынбор губернаторы болған белгілі шығыстанушы В.В. Григорьевтің бүркеншік аты. 139 Султан Меңдәлі Пірәлиев - Орал сырты даласынан хаттар. «День» газеті, 1862, №32.

140 Schlegel G. Tagіn et Tore, «T'onng Paa», vol VІІ.
21 Бұл да сонда, 243 бет.
21 Бұл да сонда.

141 ҚРТА, 4-қор, І - тізбе, 2794-іс, 142-парақ, 1846. Ерекше тапсырмаларды орындайтын чиновник д'Андре жинаған қазақтардың әдет-ғұрыптары туралы материал. Чингизидтердің роліне берген анықтаманың билеуші сұлтандарға қатысы жоқ деп автор ескертеді.

142 Хусейн Казим Кадри. - «Түрік Лy-ати», І бөлім, 1927, 720 бет. 143 Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдар. ІX том, Петербург - Воронеж, 1898, 19 бет. 144 ҚРТА, 64-қор, І - тізбе, 4236-іс, 271-байлам, 1870. Подполковник Метелицин мен Изразцовтың «Жетісу» облысы халқының әдет-ғұрыптары туралы» жазбалары. 145 ҚРТА, 345-қор, 1-тізбе, 322-іс, 34-байлам, 44-иарақ, 1830. «Қырғыз Дербіс Байсеңгіровтың Дербіске тиесілі қыстауды күшпен алғысы келетін Кукту Бозиевтің үстінен жазған шағымы туралы». 145 Бұл да сонда, 66-парақ. 1831. Сібір қырғыздарының облыстық бастығына би Жолымбет Дабасовтың хаты.

8 Бұл да сонда. Қазан, 150 бет. 146 Граменицкий М. - Сібір қырғыздарының даласы. «Түркістан жинағы», 41-том, 12-13 беттер. (Жинақ Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасының шытыс бөлімінде сақтаулы.)

147 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 4151-іс, 265-байлам, 3-4 парақтар.
148 ҚРТА, 345-қор, 327-іс, 37-44-парақтар, 1830.

149 Румянцев П. - Қырғыз халқының әлеуметтік құрылысы бұрын және қазір. «Вопросы колонизации», №5, 1909, 126 бет. 150 ҚРТА, 4-қор, І - тізбе, 2798-іс. 51-51-парақтар. Қырғыздардың әдет-ғұрыптары. Орданың Шығыс бөлігінің песірі Половоротов жинаған. 1846. 151 ҚРТА, 4-қор, 3225-іс, 2-3-парақтар об. 1848-1851 жылдар. «Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженскийге тілмаш Сүбіханқұловтың рапорты». 152 Батман әр түрлі салмақты көрсететін: Бұқар мен Самарқандта 1 батман 6 путқа теңелсе, Шығыс Бұқар жағында батманның салмағы 10 пұттан 15 пұтқа дейін есептеліне берген. 153 Зекет жайында құранда былай делінген: «Құдайға құлшылық етіңіздер, зекет беріңіздер және Жаратқан иеңізге жалбарынып, садақа беріңіздер, бірақ, шын жүректен беретін болыңыздар» құранның (Әлмузаламил тарауынан). 154 Еврейнов А. - Ішкі немесе Бөкей қырғыз-қазақ ордасы, 1851. «Түркістан жинағы», 382-том, СПБ, 1883. (Ташкентте, Әлішер Науаи атындағы көпшілік кітапханада сақтаулы.)

155 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2794-іс, 247-байлам, 123 бет, 1846.
155 Бұл да сонда, 1449-іс, 3-парақ.
156 ҚРТА, 4-кор, 1-тізбе, 2466-іс, 26-28-парақтар, 1844.
157 Зелинский Густав. - Қазақ (дастан), Алматы, 1964, 18 бет.

158 Маркс К. Энгельс Ф. - Таңдамалы шығармалар, 9- том, 2-болім, 325 бет.
135 Бұл да сонда, 207-208 беттер.

159 «1813-1814 жылдары Қоқанға жіберілген Сібір корпусы бөлімшесінің аудармашысы Филипп Назаровты ц Орта Азияның кейбір халықтары мен жерлері туралы жазбалары», 19 бет. СПБ, 1821.

146 Бұл да сонда, 16 бет. 160 ҚРТА, 4-кор, 1-тізбе, 2798-іс, 27-парақ. Қазақтардың әдет-ғұрыптары, жинаған Орынбор Шекара Комиссиясының кіші тілмашы Лукин, 1846.

161 Небольсин П. - Жолаушының әңгімелері. СПБ, 1854, 317-318 беттер.
123 Бұл да сонда.
5 Бұл да сонда, 100 бет.

162 Сырдария облысы статистикасы үшін материалдар жинағы, ІІІ том, «Этнографиялық материал», 17 бет.

112 Бұл да сонда, 39 бет. «Воскресный досуг», №72, 1864.
164 «Дала жырлары», Мәскеу, 1940, 268 бет.
116 Бұл да сонда, 617-618 беттер.

165 ҚРТА, 4-қор, 2798-іс, 20-25-беттер. «Қырда заң күшіне ие болған қырғыз әдет-ғұрыптары туралы мағлұматтар жинағы», 1845-46 жылдар үшін. Материалды жинаған Биглов. 166 ЦГИАЛ, МВД қоры, Жер бөлімі, 8-іс жүргізу, 1862, 23-нарақ. Ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник Ф. М. Лазаревскийдің Кіші орданың батыс бөлігіндегі қазақтардың басқару ісі, сот ісін жүргізуі, шаруашылығы мен тұрмысы туралы жазбалары. Лазаревский Орынбор Шекара Комиссиясында 6 жыл қызмет етіп, көптеген қазақ ауылдарында болған. Дәйексөз Қазақстан Республикасы тарихы жөніндегі материалдар жинағының V томы бойынша келтірілген. ЛОИИ қолжазбасы.

166 Бұл да сонда.
167 Рынков - Орынбор өлкесінің тарихы, 317 бет.
39 Бұл да сонда.
168 Даль В.И. - Шығармалары, VІІІ том, 321 бет, СПБ, 1884.

169 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2465-іс, 17-парақ. Қожа Мухаммед Ғали Оспановтың Орынбор Шекара Комиссиясына жолдаған өтінішінен, 1845.

170 Губарев К - Қырғыз даласы. «Современник», V-VІ томдар, СПБ 373 бет. 171 Даулыбаев - Торғай облысындағы Николай уезі қырғыздарының 1830 жылдан 1880 жылға дейінгі өмірі туралы әңгіме. «ИОЖҚ Орынбор бөлімшесінің жазбалары», Р / кітап, Орынбор, 1881. 173 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2378-іс, 15-парақ. «Тархан Бекболат Бекбаевтың өзінің әулетіне тархандық атақ беру туралы өтініші жөнінде». ҚРТА, 5-қор, 839-іс, 59-байлам, 2-3-парақтар «Тархан» деген атақ және оның құқықтары туралы мәлімет алу жөнінде, 1864.

173 Бұл да сонда. 174 Крафт П. - Султандар, тархандар, билер (тарихи анықтама). «Тургайская газета», № 120, 1897. 175 Трубин С. - Хиуа және Бұқар хандықтарына жасалған дала жорығы туралы естеліктер. «Военный сборник», № 4, 1864, 384-386 беттер.

176 ЧМТА, 165-қор, З - іc, Г.Ф. Генстің қолжазбасы, 48- парақ, об. 177 ҚСРО Ғылым академиясының архиві, Шоқан Уәлихановтың 23-қоры, 8-іс, 24-парақ.

161 Бұл да сонда, 309 бет. 178 ЦГИАЛ, МВД қоры, Жер бөлімі, 8-іс жүргізу, 8-іс, 27- 29-парақтар, об., 1848. Ладыженскийдің Л.Г. Синявиннің атына жолдаған мағлұмдама хатынан. 179 ҚРХА, 4-қор, 1-тізбе, 2794-іс, 153-парақ. Ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник д'Андренидің Орынбор Шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша жинаған қазақ әдет-ғұрыптары туралы материалдары, 1846.

123 Бұл да сонда. 180 Алекторов А. - Қараңыз: 77-ескерту, № 1195. Біз сонымен бірге Даулыбаев келтірген мақал-мәтелдерді де пайдаландық. «Торғай облысындағы Николай уезі қырғыздарының 1830 жылдан 1880 жылға дейінгі өмірі туралы әңгіме». -«ИОЖҚ Орынбор бөлімшесінің жазбалары», ІV кітап, 1881, сондай-ақ Гродеков - «Сырдария облысының қырғыздары мен қара қырғыздары», І том, Ташкент, 1889. 181 Крафт И. - Қырғыз даласында құлдықтың жойылуы. «Қырғыздардың өткен дәуірінен», Орынбор, 1900, 99 бет. 182 Зобнин Ф. - Қырғыз даласындағы еріксіздер, құлдар және төлеңгіттер туралы мәселе жөнінде. «Семей облысының естелік кітабы», VІ кітап, Семей, 1901, 40 бет. 183 Қырғыздардың заңдастырылған әдет-ғұрыптары, дәулеттің түрлері және оларға берілетін құқықтар туралы. «Түркістан өлкесінің статистикасына арналған материалдар», ІV том, 1876.

182 Бұл да сонда, 96 бет. 184 Болотов С. - Сырдариядан. «Русский вестник», 62- том, 1866, Мәскеу, 183 бет.

185 Қараңыз; 183-ескерту. 186 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2621-іс, 941-944-иарақтар. Гернның Ладыженскийге рапортынан, 26.VІ.1845.

187 ҚРТА, 4-қор, 1587-іс, 4-парақ, 1831.
188 ҚРТА, 82-қор, 41-іс, 93-95-парақтар, 1844.
189 ҚРТА, 81-қор, 48-іс, 2-3-парақ, об„ 1847.
182 Бұл да сонда. 39 бет.

190ҚРТЛ, 4-қор, 1-тізбе, 2794-іс. 247-байлам, 124-парақ, об., 1840.
182 Бұл да сонда, 39 бет.
182 Бұл да сонда, 41 бет.
Бұл да сонда, 1-парақ, 1831.

Бұл да сонда.
188 Бұл да сонда, 58-іс, l - парақ, об., 1846.
182 Бұл да сонда, 39 бет.
190 Бұл да сонда.

191 Небольсин П. - Волганың төменгі сағасы очерктері. СПБ, 1852, 153 -155 беттер.

191 Бұл да сонда.
180 Бұл да сонда, №1222.
144 Бұл да сонда, 104-парақ.

192 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2798-іс, 248-байлам, 34-35- парақтар. «Қырғыздардағы сот шындығының бастауы», қорғаншы Александренский жинаған, 1846.

8 Бұл да сонда, 165 бет. 193 Орынбор ведомствосына қарасты Ішкі (Бокей) және Орал сыртындағы (Кіші) ордалар Қырғыз - қайсақтары жерін әскери - статистикалық шолу. Құрастырған бас штабтың полковнигі Бларемберг. «Ресей империясының әскери - статистикалық шолуы», XІV том, ІІ бөлім СПБ .1848, 75 бет. 194 ЦГИАЛ, МВД қоры, Жер бөлімі, 8-іс, 1-2-парақтар, об., 1830. Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге бір чиновниктің (фамилиясын ажырата алмадық - Е.Б.) хаты.

195 ЧМТА, 6-қор, 5496-іс, 283-285-парақтар. Ладыженский - Обручевке. 1847. 196 ҚРТА, 345-қор, 332-іс, 34-байлам, 99-парақ, 1831. Шама Абылайхановтың Омбы облыстық басқармасы бастығына хатынан. 197 ҚРТА, 345-қор, 366-іс, 37-байлам, 18-парақ, 1831. «Старшын Қадір Шымболатовқа шабындық және жайылымдық жер бөліп беру жөнінде Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығы бойынша іс».

198 Заңдардың толық жиынтығы, І том, 38 бет. 199 ҚРТА, 345-қор, 1-тізбе, 215-іс, 17-байлам. Азия Комитетінің қырғыздардың Кіші ордасын басқаруды қайта құруға арналған 1824 жылғы 31 қаңтардағы қаулысынан. Қол қойғандар 3. Линский, Г. Нессельроде, Е. Канкрин. 200 Орта Қыргыз Бөкей ордасы ханының және оның ұрпақтарының жазысқан хаттарынан. «Семей губерниясының жазба кітапшасы», ІV кітапша, 13 бет.

201 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2939-іс, 5-парақ, 1847.
59 Бұл да сонда, 11-12-парақтар.
202 қрха5 4-қор, «Орынбор Шекара Комиссиясы», 2798- іс, 3-5-парақтар.

203 ЧМТА, б - қор, 5750-іс, 2-12-парақтар. Стат кеңесшісінің толық мүшесі Любимовтың көрсетіндісінен үзінді.

4 Бұл да сонда, 78-79 беттер. 204 Коншин - Дала өлкесі тарихына арналған материалдар, 6-7 беттер. «Семей облысының естелік кітапшасы». Г/ кітапша, 1900. 205 Кеппен - Тоғызыншы тексеру (Ресей тұрғындары саны туралы зерттеу), 121 бет. СПБ, 1857.

206 Жыраубатаев Д. - Дастан. 207 Костюрин Вл. - Батыс Сібірді аралағанда. Омбы - Семей. «Новое время» 1832, №2291.

107 Бұл да сонда.
208 Сталин И. В. - Марксизм және ұлт - отар мәселесі, 61 бет. М., 1937.
209 Маркс К. - Капиталистік өндірістің алғы турлері, 24 бет, М'., 1940.

210 ЧМТА, 6-қор, 5496-іс, 13-14-парақтар. Стат кеңесшісінің толық мүшесі К.К. Родофиникиннің көрсетіндісінен үзінді.

196 Бұл да сонда. 211 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2833-іс, 23-парақ, об. «Стат кеңесшісі Каминскийдің жазбасынан», 1845. 212 ЧМТА, 6-қор, 4934-іс, 3-36-парақтар, 1839. Перовскийдің Орал казак әскерлерінің наказной атаманы, полковник Кожевниковқа жазған қатынас қағазынан.

213 Қараңыз: 210-ескерту.
213 Қараңыз: 210-ескерту.

214 ЦВИА, 891-іс, 2-4-парақтар. «Генерал Капцевич басқаратын Батыс Сібір туралы мәліметтер. Ол жақтағы істерді көзімен көрген адамның айтқанынан» 2 маусым, 1826 жыл.

215 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2832-іс, 42-43-парақтар.
216 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2810-іс, 45-47-парақтар.
216 Бұл да сонда.
217 ЧМТА, 6-қор, 5750-іс, 2-12-парақтар.

218 Севрюгин С. - Теңіз балықшыларында жұмыс істейтін қырғыздар. «Түркістан жинағы», 25-том (қолжазба Ташкенттік Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік кітапханасында сақтаулы).

219 Қараңыз: 202-ескерту, 3338-іс, 251-парақ об.
202 Бұл да сонда, 2900-іс, 229-23О-парақтар.
4 Бұл да сонда, 409 бет.

220 Қараңыз. 202-ескерту, 3002-іс, 29-30-парақтар. «Шекара Комиссиясының табыс және шығыс ведомосты».

221 ҚРТА, 4-қор, 1449-іс, 1-тізбе, 3-парақ. 222 Левшин А. - Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласын сипаттау, ІІІ бөлім, 90 бет. СПБ, 1832.

223 Асфендияров С. - Қазақстан тарихы туралы очерктер. Алматы, 1935.
224 Гагемейстер - Сибирді статистикалық шолу. ІІ бөлім. СПБ, 1854, 52 бет.
225 Қараңыз: 208-естелік, 71 бет.
4 Бұл да сонда, ІІ бөлім, 244 бет, 1865.

226 Қараңыз: 214-ескерту.
227 Ядринцев Н - Сібір отар ретінде, СПБ, 1882, 502 бет.
227 Бұл да сонда, 504 бет.
277 Бұл да сонда, 328 бет.

228 Рязанов А. - Орынбор өлкесі (Тарихи шолу), Орынбор, 1928, 120 бет. 229 Рязанов А. - Дала үшін күрес торабында, 1835-1845. Мемлекеттік жағрафия қоғамының Орынбор бөлімшесінің Еңбектерінде жарияланған. І кітап (XXVІ), Орынбор, 38 бет. 230 ЧМТА, 169-қор, 136-іс, С.Н. Севастьяновтың қолжазбасы. «Орынбор казактары дамуы тарихындағы коменданттық тәртіп туралы».

230 Бұл да сонда. 231 Өлең XІX ғасырдың 30-жылдары Троицк қаласында Орынбор батальоны солдаттарынан жазып алынған. Өлең әскери тұрақтардағы солдаттар арасына кең тараған («Русская старина», 1872, қараша, 591-593 беттер). 232 чмра, 96-қор, 133-іс, полковник Авдеевтің «Орынбор казак әскері туралы» деген қолжазбасы, 256-257- парақтар. 233 Юдин П. - граф В. А. Перовский Орынбор өлкесінде. «Русская старина», маусым, 1896, 533 бет.

234 Қараңыз: 229-есксрту, 32-бет.
232 Бұл да сонда, 256-258-парақтар.

235 қрхд; 374-қор, 1-тізбе, 64-іс, 2-байлам. Қырғыз даласындағы сыртқы округтерді басқару туралы есептен, 1840. 236 қрт/ц 374-қор, 11-болім, 7-байлам, 283-парақ. Сібір қырғыздарын Жеке Шекаралық басқару жөніндегі есептен, 1843. 237 қрхд5 345-қор, 1-тізбе, 84-іс, 5-байлам, 5-парақ. Омбы земстволық сотының Тоболь азаматтық губернаторына көрсетіндісінен, 1825.

238 ЦГИА, ӨзКСР, 715-қор, 6-іс, 160-парақ. Обручев әскери министрге, 1845. 239 Бұл да сонда, 13-іс, 55-парақ. Генерал-лейтенант Гасфордтың түсініктемесі.

240 Қараңыз: 184-есксрту, 194 бет. 241 Семенов П. - «Түркістан жинағы», XV том, СПБ, 1868, 178 беттегі мақаласы. 242 Иванов Н. - 1839-1840 жылдардағы Хиуа экспедициясы. Көзімен көргендердің очерктері мен естеліктері, СПБ, 1873, 5 бет.

61 Бұл да сонда, 31- 49-парақтар. 243 В.И. Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхананың қолжазба бөлімі, Барятинскийдің қоры. Бар (ІІІ және 20/25. Перовскийдің А.И. Чернышевке хаты, 9 маусым, 1837 жыл. (Хат француз тілінде жазылған.)

244 қрха, 82-қор, 1-тізбе, 169-іс, 29-парақ.
245 Қараңыз: 230-ескерту.
246 қрТд, 64-қор, 1-тізбе, 179-іс, 159-161-парақтар, 7 тамыз, 1838.
247 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 20-іс, 54-55-парақтар.

248 қРТА; 4-қор, 1-тізбе, 2442-іс, 24-парақ.
249 ЧМТА, 6-қор, 4857-іс, 144-парақ, 1838 ж.

250 Гербрут Иосиф - Кенесары бүлігі. «Кенесары туралы жырлар мен дастандар жинағы» (қолжазба).

157 Бұл да сонда. 251 Зобнин Ф. - Қазақ әндері. «ИОЖҚ Семей бөлімшесінің жазбалары» І кітап, Семей, 1903,3 бет (өлең Плоек поселкесінде жазып алынған).

252 «ИОЖҚ жазбалары», V том, 281 бет, СПБ, 1851.
253 ЧМТА, 5584-іс, 88-90-парақтар. Хиуа хандығы туралы жазбалар.

254 Гельмерсен Г. - Хиуаның қазіргі жағдайы. «Отечественные записки». VІІІ том, 122 бет, 1840.

255 Вамбери Л. - Орта Азиямен саяхат, 166-167 беттер, СПБ, 1865. 256 қрта; генерал Хрулевтің қоры, № 379, 30-іс, 48- парақ. «Хиуа хандығы туралы жазбалар», 1839.

257 Бұл да сонда, 50-парақ.
258 Иванов П. - Хиуа хандығы архиві, XІX т., С.-Петербург. 1940, 229 бет.
259 Данилевский - Хиуа хандығын суреттеу, 1843. «ИОЖҚ», V кітап, СПБ, 1851.

260 Килевейн Е. - Хиуаға сапардан үзінді... 1856-1860 жылдар. «Этнографиялық жинақ», V кітап, СПБ, 1862, 12 бет. 261 Nachrіchten uber Chіwa, Buchara, Сһокапё und nordwestlіchen Theіl des chіnesіschen Staates, gezamu elt dem Prasіdenten der Asіatіschen Crenz-Comіsson іn Orenburg- Magor Gens, bearbeіtel und mіt Anmerkungen versehen von Gr.O. Gelmersen. S.Peterburg, 1839. 262 Голосов Д. - Генерал-адъютант В.А. Перовский бастаған орыс әскерлері отрядының 1839 жылы Хиуаға жорығы. «Әскери жинақ», XXІX том, № 1-2, СПБ, 35-36 беттер. 263 ЦГИА, ӨзКСР, 715-қор, 2-іс, 57-парақ. Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовскийдің Николай 1-ге хабарламасы, 1840.

264 Орынбор казак әскерлері жайындағы материалдар, ІІ кітап, 411 бет.
265 Қараңыз: 242-ескерту.

266 1834 жылы Ново-Александровск бекінісінен Хиуаға жіберілген тілмаш армян Тұрпаевтың күнделігі. «Түркістан жинағы», 1867, ІV том. 267 Билердің өлеңдері мен нақыл сөздерінің жинағы. Жинаған Жақыпов, 203 бет (қолжазба). Алматыдағы Ұлт кітапханасында сақтаулы, қолжазба бөлімі.

268 Тауарих-Хамсе Шахрохи, 10-11 беттер.
19 Бұл да сонда, 144 бет.
19 Бұл да сонда, 78 бет.
24 Бұл да сонда.

25 Бұл да сонда, 77 бет. 269 Хаджи – Мухаммед – Хаким – хан - Төре - Мунтахаб-ут-Тауарих. Археологияны қызықтаушы Түркістан үйірмесі мүшелері мәжілістерінің хаттамалары және олардың хабарлаулары, XVІІ, Ташкент, 1913, 107 бет.

19 Бұл да сонда. 25 Бұл да сонда. 270 ЦГИА ӨзКСР, 715-қор, 14-іс, 9-10-парақтар. «Хиуа және Қоқан иеліктеріндегі істің соңғы кездегі жағдайлары туралы 1852 жылы және 1853 жылдың басында алынған мәліметтер бойынша жасалған жазба».

102 Бұл да сонда, 459 бет.
102 Бұл да сонда, 763 бет.

271 Зыков С. - Арал теңізі мен Сырдария өзеніне орыстың иелік етуін растайтын очерк, 1847 жылдан 1862 жылға дейін. «Морской сборник», № 6, 1862, СПБ, 308 бет.

272 Крафт И. - Қырғыздың өткендегісінен. «Тургайская газета», №21, 1903. 273 Мұқанов С. - Қазақтың XVІІІ-XІX ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер. І бөлім, Алматы, 1942, 108 бет.

19 Бұл да сонда 119 бет
275 ЦВИА, ВУА қоры, 1132-іс, 15-17-парақтар.
275 ЦВИА, ВУА қоры, 1117-іс, 14- 15-парақтар.
274 Қараңыз: 19-ескерту, «Кенесары және қырғыз манаптары» тарауы.

19 Бұл да сонда, 131 бет. 276 ЦВИА, ВУА қоры, 1132-іс, 3-парақ. Жеке Сібір корпусы командирі ген.- лейт. Сулиманың Ташкент құсбегінің дәмесі жөнінде әскери министр граф Чернышевке рапортынан, 1834. 277 Петровский Н. - Қоқан хандығы очеркі. «Вестник Европы», X кітап, 1875, 745 бет.

19 Бұл да сонда, 201 бет. 278 Ахмет Жантөриннің көрсетіндісінде Кенесарыны жақтаушылар ретінде жалғыз Табын руы ғана емес, сондай-ақ Шөмекей және Төртқара рулары да аталған. 279 Хорунжий Балғожа Жаңбыршиннің бұл көрсетіндісінде Кенесарының жақтастары ретінде Артын руынан басқа Алшын және Қыпшақ рулары да аталған. 280 «Өзім жинаған мәліметтер бойынша мынаны білдім: Кенесары төңірегінде шамасы 5 000 ауылдың қазақтары бар, олар мына рулардан: Бағаналы, Арғын, Жоғары және Төменгі Шектінің екі тайпасы, Табын, Тама, Байбақты, Шекті, Шөмекей, Жаппас және басқалар» (султан Саналы Мырзағалиевтің жауабынан). 281 Генерал Обручев өзінің көрсетіндісін Орынбор Шекара Комиссиясының 1844 жылы 12 қыркүйектегі мына анықтамасына негіздеген: «Шекара Комиссиясы істерінен алынған анықтамаға қарағанда, Орынбор ведомствосының өздерінің тікелей бастықтарына бағынудан кетіп, бүлікші султан Кенесары Қасымовқа қосылған қырғыздары мына руларға жатады: Төртқара, Қаракесек, Назар, Шекті, Қабақ тармақтары, Алшын руынан -Серкеш тармағы, Артын руынан - Алтай Қалқаман тармағы, Бағаналы руынан - Балталы тармағы және Қарабас руының бір бөлігі». ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2547-іс, 28-парақ. 282 «Кенесары султанның тобыры төлеңгіттерден (1 000 адамға дейін) және оған қосылған арғын, төртқара және шөмекей, тама мен табын қаңғыбастарынан құралған, бағаналықтар, керейлер, қыпшақтар және Орынбор мен Сібір ведомстволарының барлық руларынан адамдар бар». (Бас штаб поручигі Герннің Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал Ладыженскийге рапортынан), 1845. 283 Адай қазақ руларының ішіндегі саны коп рулардың бірі. Ол 20 мыңға жуық шаңырақтан тұрады. Адайлықтар Маңғыстауда, Бозашы түбегінде және Үстіртте қыстаған. 284 «Мен тұтқында болған кезімде қыпшақтар 1838 жылдан бастап Кенесарыға мынадай екі жағдайда айрықша көмек көрсетті: бірінші - 1839 жылы сәуірде Орынбор ведомствосының байы Балғожа шабуыл жасалғанда және екінші - сол жылы Көкшетау округіне басып кіргенде» - тұтқын Лобановтың жауабынан. (ЧМТА, 6-қор, 5071-іс, 100-105-парақтар). 286 «Арғындардың бүкіл ордасы өздерінің ауылдарымен және малымен бүл маңнан көшіп кетіп, бүлікші Кенесарының жыртқыш қырғыздарының тобырына барып қосылды», -майор Томиловтың Обручевке көрсетіндісінен. (ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2757-іс, 243-249-парақтар, 1846.)

286 Қараңыз: 181-ескерту, 1-10 беттер, 1900. 287 Жанғабыл Телегенов - зауряд хорунжий, би, 46-дистанцияньщ бастығы, Жаппас руының Қарасұр тармағын басқарды. Ол Торғай мен Тобыл аралығында көшіп жүрді, қыстауы Сырдария өзенінде болды. (ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 3404-іс, 310-байлам, 83-10б-парақтар.) 288 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 137- 140-парақтар, Ахмет Жантөриннің Орынбор әскери -губернаторына 1840 жылғы 19 қарашадағы рапорты.

299 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 123-парақ.
300 Бұл да сонда, 137-140-парақтар.
301 Бұл да сонда, 5610-іс, 102-122-парақтар.
302 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2757-іс, 72-парақ.

4 Бұл да сонда.
6 Бұл да сонда.

303 Галкин - Орта Азия және Орынбор өлкесі бойынша этнографиялық материал. СПБ, 1867. 304 ҚРТА) 4_ҚОр; і - тізбе, 247-байлам, 2794-іс, 16-17- парақтар. Бұдан басқа П. Небольсиннің «Жолаушының әңгімелері» (СПБ, 1854) кітабында келтірілген, қазақ рулары туралы материалдар пайдаланылды; автор қазақ рулары және олардың көшіп-қонатын жерлері жөніндегі материалды билеуші султан Ахмет Жантөриннің айтуымен жазып алған.

305 ҚРТА, 82-қор, 167-іс; 19-байлам, 399-парақ, 1839.
305 Бұл да сонда, 636-парақ, 1840.
306 ЦГИА, Бас архив 1-9, 1-іс, 489-499-парақтар.
306 Бұл да сонда, 465-466-парақтар. «Бүлікші султан

Кенесары тобырынан Орынбор ведомствосы даласына жер аударылған қырғыздардан 1846 жылы 24 қарашада алынған жауаптан». 307 ҚРТА, 4-қор, 2621 - іс, 893-896-парақтар. Кенесарының Орынбор әскери губернаторына хатынан, 1845. 308 ЦВИА, 1201-іс, 204-парақ. Кенесарының Сібір генерал-губернаторына хатынан. 309 қрта, 4-қор, 1-тізбе, 2756-іс, 879-парақ. Ахмет Жантөриннің Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына 1845 жылдың 6 қыркүйегіндегі рапортынан. 310 Бұл да сонда, 2547-іс, 12-16-парақтар. Кенесары ордасында болған Мұхамед Рақым Әділовтың және татар Уәли Халитовтың тергеудегі жауаптарынан. 311 ЦГИА, ОзКСР, 715-қор, 6-іс, 171-172-нарақтар. Орынбор Комиссиясы төрағасының Азия департаментіне 1845 жылғы 20 қарашадағы көрсетіндісінен.

312 қртд; 82-қор, 1-тізбе, 169-іс, 14-парақ, Кенесары - Николай І-ге.
312 Бұл да сонда, 15-16-парақтар. Кенесары - Горчаковқа.
313 Середа Н. - Аталмыш шығармасы. «Вестник Европы», 1870, VІІІ, 567 бет.
314 ҚРТА, 4-кор, 1-тізбе, 2442-іс, 23-33 беттер.

315 Бұл да сонда, 2560-іс, 220-байлам, 37-парақ.
6 Бұл да сонда, 57 бет, 1865.

316 «Кенесары туралы жыр», «Қырғыз-қазақ әндері», 90 бет. ГИХЛ, 1932. (Кенесары туралы жырды карт жырау Әжібек Барменовтың аузынан П. Феоктисов Семей облысындағы Делбегетейде Аққұдық елді мекенінде 1918 жылы жазып алған. Әжібек Барменов бұл өлеңді өзінің атасы ақын Құдайбергеновтен естіпті. «Арғы атам Құдайбергенов ақын еді, бұл жырды маған өзі айтып берді, сүйегі қурап қалған баяғыда оның, тастақты аңғарында Жетісудың»),

317 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2547-іс, 28-парақ.
318 ЧМТА, 6-қор, 5410-іс, 184-185-парақтар.

319 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2621-іс, 941- 944-парақтар. Герн - Ладыженскийге, 26 маусым, 1845 жыл.

61 Бұл да сонда. 3-іс. 31-49-парақтар. 86 Бұл да сонда. (Материал 1900 жылы Кенесарының батырлары - Шынбай Мыңбаевтың, ол кезде 88 жастағы және Бектеміровтың, ол кезде 90 жастағы, ауыздарынан жазып алынған. 29 бет дәптер КРҒАТӘИ - нің қолжазба қорында сақтаулы.)

86 Бұл да сонда.
86 Бұл да сонда.
86 Бұл да сонда.

320 Иман батыр туралы естеліктерді 1940 жылы Торғай облысына ғылыми экспедиция жасалғанда Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Жақыпбаев сол кезде 81 жастағы Досан Қарабаевтың және Көшінбек Балықовтың (Иманның немересі) аузынан жазып алған. Қолжазба ҚРҒАТӘИ - дің қолжазба қорында сақтаулы, 6-8 беттер. 321 «Бұқарбай батыр» туралы әңгіме Мұсылманқұл Жиреншиннің аузынан жазып алынған. КРҒАТӘИ - дің қолжазба қорында сақтаулы.

322 Көреш ауылы Сырдария маңында көшіп-қонған.
323 «Бұқарбай батыр» әңгімесі.
88 Бұл да сонда.
324 Серебренников - Түркістан өлкесі, V том, Ташкент, 1914, 70 бет.

87 Бұл да сонда, ІІ бөлім, 180 бет. 325 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 33-36-парақтар. Бүлікші сұлтан Кенесары Қасымовтың іс-әрекеті жөніндегі жазбалар. 326 ЦГИА, Бас архив 1-9,1-іс, 491-496-парақтар. Сейілхан бастаған Кенесары жақтастарының ісі жөнінде 1847 жылы 8 қаңтардағы қаулының журналдан көшірмесі.

327 ЦГВИАЛ, 9-қор, ауд. департ. 4-бөлім, 208-байлам, 4-іс, 102-парақ, 1842.
328 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 162-іс, 303-319-нарақтар, 1844.

329 ЦГАДА, Мемлекеттік архив, XІ разряд, 1217-іс, 2-11-парақхар. Бүлікші султан Кенесары Қасымовтың іс - әрекеті жөніндегі жазба.

330 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 181-іс, 199 бет.
330 Бұл да сонда, 225-парақ.

331 ҚРТА, 82-қор, 151-парақ. Кенесары ордасында болған Төлеген Жамантөлиннің тергеудегі жауабынан.

330 Бұл да сонда, 28-іс, 140-143 беттер. 332 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2757-іс, 242-байлам, 24-парақ. Есеттің султан Айшуақовқа жазған хатынан.

333 ҚРТА, 82-қор, 167-іс, 19-байлам, 93-нарақ, об, 1838.
334 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 242б-іс, 125-парақ.
335 334-ескертуді қара, 17-парақ.
336 Кішік - Малкиннің есімі.

337 A, 4-қор, қосымша тізбе, 191-іс, 4—5-парақтар.
338 Қараңыз: 324-ескерту, 92 бет.

339 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 25-28-нарақтар. Бүлікші султан Кенесары Қасымов жөнінде соңғы алынған мәліметтерден жазба.

зад ҚРХА, 82-қор, 1-тізбе, 170-іс, 19-байлам, 10-парақ, 1.842.
61 Бұл да сонда, 31-9-парақтар.
332 Бұл да сонда, 243-249-парақтар.
5 Бұл да сонда, 3 бет.

332 Бұл да сонда, 2620-іс, 250-253-парақтар. 341 «Орынбор архиві Комиссиясының еңбектері», 1906, XVІ кітап, 11 бет. Севастьянов С - «1839-1840 жылдарда Хиуа экспедициясының аттануына себепші болған Орынбор өлкесіндегі оқиғалар».

341 Бұл да сонда. 118 бет. 342 Жасауыл Падуровты прапорщик Медведовпен қоса қазақ Шоқы 1823 жылы 1 шілдеде тұтқындайды да, Жоламанға табыс етеді, Орынбор билеушілерімен ұзақ келіссөзден кейін 1823 жылы 1 қарашада тұтқын Падуровты Жоламан босатады. 343 Қазақ КСР тарихының материалдары (1775-1828), 449 бет. КСРО Ғылым академиясының баспасы, 1940.

344 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 1236-іс, 4-парақ.
345 Бұл да сонда, 1036-іс, 195-парақ.
61 Бұл да сонда, 31-49-парақтар.
345 Бұл да сонда, 141-парақ.

4 Бұл да сонда, 103-104 беттер.
330 Бұл да сонда, 6-іс, 14-15-парақтар.
330 Бұл да сонда, 5-іс, 16-парақ.
330 Бұл да сонда, 5-іс, 35-38-парақтар.

346 Генерал-майор Броневскийдің қырғыздар туралы жазбалары. «Отечественные записки». 87-88 беттер, 42 - бөлім, 1830. 330 Бұл да сонда, 5-іс, «Қарқаралы округі қырғыздары көрсеткен ашу-ыза туралы», l-2-парақтар, 1826. 347 Барон Ур - Қырғыз даласындағы торт ай. «Отечественные записки». 1848, XІ том, 150 бет.

347 Бұл да сонда, 151 бет.
330 Бұл да сонда, 13-іс, 158-159-парақтар, 1833.
348 ЦВИА, ВУА қоры, 1117-іс, 6-парақ.
86 Бұл да сонда, 21 бет.

330 Бұл да сонда, 12-іс, 61-62-парақтар. 349 Авторы белгісіз бір ескі жырда Кенесары тіпті құйтақандай болып туыпты, Шоқай би оны қолына алып тұрып: «Тым кішкентай екен, ендеше мұның есімі «Кене¬сары» болсын депті» дегенді айтады.

222 Бұл да сонда, 265 бет.
329 Бұл да сонда, 12-13-парақтар.
234 Бұл да сонда, 163 бет.
350 Қараңыз: 329-ескерту.

351 Кенесарин Ахмет - Кенесары және Садық (Өмірбаяндық очерк), 8 бет, 1889.
352 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2620-іс, 705-710-парақтар.
202 Бұл да сонда, 2268-іс, І - тізбе, 20-30-парақтар.

353 СГИАЛ, і - қор, Сібір Комиссиясы, 269-іс, 906-парақ, 1826. «Исторические записки», № 12, 1941, 236 бет. 354 Көпеев Жүсіп - ІІІ том, қолжазбаның 81 беті, ҚРҒАТӘИ-дің қолжазба қорында сақтаулы. 355 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2547-іс, 68-111-парақтар. Орынбор жеке корпусы командирі мырзаның 1844 жылы 18 шілдеде әскери министрге жолдаған көрсетіндісі. 356 1844 жылы Кенесарыда тұтқында болған урядник А. Иванов өз көрсетулерінде жазғанындай, «Кенесары барлық істе де бәрінен бұрын Наурызбаймен ақылдасып отырады, ал, Наурызбай басқаларына қарағанда мейірімдірек және ақылдырақ, әрқашан орыстарға ара түседі». ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2442-іс, 30-парақ.

357 Затаевич - Қырдың 1000 әні, 51 бет.
354 Бұл да сонда, 25 бет.

358 Саптабаев Ғ. - Қырғыз тарихының материалдары (қолжазба), 394-бет. ҚРҒА кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы. Автор Наурызбайдың кескін-келбетін оны көрген адамдардың аузынан жазып алған.

359 ЧМТА, 6-қор, 5610-іс, 371-375-парақтар, 1845. 360 ҚРТА, 84-қор, 1-тізбе, 135-іс, 94-95-парақтар. Ақмола отряды командирі жүзбасы Лебедевтің Сібір қырғыздарының Шекаралық бастығына 1840 жылы 8 шілдеде берген рапорты.

361 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2341-іс, 24-парақ.
362 ЧМТА, 6-қор, 5610-іс, 184-185-парақтар.
363 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2439-іс, 31-парақ.
364 Халық жыры «Наурызбай - Қаншайым».

365 ЧМТА, 6-қор, 4976-іс, 71-72-нарақтар.
366 Қараңыз: 351-ескерту, 5 бет.
6 Бұл да сонда.

ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2757-іс, 243-249-парақтар. Ахмет Жантөриннің Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына 1845 жылы 19 маусымдағы көрсетіндісі. 368 Орлов А.В. - Орыстар Кенесарыда мейман болғанда. Приказчик Уфимцевтің жазбаларынан. «Оренбургский листок». 1889, №28.

369 Қараңыз: 347-ескерту, № 10.
370 ҚРТА; 4-қор, 1-тізбе, 2442-іс, 24-парақ.
371 ҚРТА, 64-қор, 1-тізбе, 182-іс, 102-парақ, 1838.
369 Қараңыз: 347-ескерту.

358 Бұл да сонда.
313 Бұл да сонда, 8-кітап, 530 бет, 1870.
313 Бұл да сонда.

372 КСРО ҒА архиві, 25-қор, 1-тізбе, 2/2-іс, «Бүлікші султан Кенесары Қасымовтың іс-әрекеті жөніндегі жазбалар».

371 Бұл да сонда, 13-іс, 83-8б-парақтар.
371 Бұл да сонда, 105-110-парақтар.
371 Бұл да сонда, 422-423-парақтар.
371 Бұл да сонда, 416-417-парақтар.

371 Бұл да сонда, 511-512-парақтар.
371 Бұл да сонда, 137-139-парақтар.
371 Бұл да сонда, 180-іс, 86-парақ.
371 Бұл да сонда, 17-іс, 164-165-парақтар.

373 Бұл да сонда, 18-іс, 82-парақ.
373 Бес ғасыр жырлайды. 1-том, Алматы, «Жазушы», 1989, 297, 299 беттер.

374 ҚРХА, «Қырдағы генерал-губернаторлықтың» 64- қоры, 18-іс, 532-533-парақтар.

374 Бұл да сонда, 17-іс, 33-34-парақтар.
371 Бұл да сонда, 179-іс, 191-парақ.
371 Бұл да сонда, 28-іс, 17-18-парақтар.
371 Бұл да сонда, 93-95-парақтар.

371 Бұл да сонда, 133-134-парақтар.
371 Бұл да сонда, 18-іс, 513-парақ.
371 Бұл да сонда, 164-іс, 15-16-парақтар.

375 ҚРТА, 82-қор, 1-тізбе, 169-іс, 38-39-парақтар. Қырғыздар Тобылды Тоқтинды, Кенесары Қасымовтың өзге де сыбайластарын әскери сотқа тарту туралы. 376 Сотталған қазақтар Тобылды Тоқтин мен Көшімбай Қазанғапов бастаған қазақтар Кенесарының адал серіктері еді. Олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округтерінен-тін. Ол жақта булардың мекен еткен туған жерлерін тартып алып, приказдар тұрғызғанды. Тобылды Тоқтин мен Көшімбай Қазанғапов өзгелерден ерекше болатын. Тобылды Тоқтин Ақмола округіндегі Кіші Жәдігер - Төрткүл болысында 1803 жылы туған. Ол Шығыс Сібірде айдауда жүрген жерінен 1841 жылы қашып шығып, Кенесарыға қайтадан келіп қосылады. Тобылды Тоқтин Қыпшақ, Тама, Қозған, Көксал руларының жетекшісі болады. Көшімбай Қазапғапов 1805 жылы туған, Көкшетау округінің Атығай болысынан. Ол орысша жақсы сөйлей білген, Горькая Шебіндегі көптеген станица шаруаларымен дос болған. Полковник Ладыженский өзінің князь Горчаковқа жолдаған хабарламасында тұтқындалғандардың әр қайсына қысқаша мінездеме бере келіп, Көшімбай Қазанғаповты ерекше атайды. Ол былай деп жазған: «Бұл қырғыздардың ішінде Көшімбай Қазанғапов барып тұрған тентек, бұзақы, сірә, Кенесары жақтастарының бірі болар».

371 Бұл да сонда, 18-іс, 691-парақ.
371 Бұл да сонда, 438-парақ.
371 Бұл да сонда, 969-971-парақтар.
371 Бұл да сонда, 182-іс, 179-парақ.

371 Бұл да сонда, 184-іс, 3-4-парақтар.
371 Бұл да сонда, 13-іс, 26-27-парақтар.
374 Бұл да сонда, 18-іс,- 820-823-парақтар.
377 Ақмоланың алынуы туралы. Көпеев Жүсіп - Аталмыш шығарма, 2 томдық.

371 Бұл да сонда, 20-іс, 54-55-парақтар.
210 Бұл да сонда.
378 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 140-іс, 90-парақ.
371 Бұл да сонда, 180-іс, 140-парақ.

371 Бұл да сонда, 179-іс, 121 - 122-парақтар.
379 ЧМТА, 6-қор, 5575-іс, 5-6-парақтар.

380 ҚРТА 4-қор, 1-тізбе, 2277-іс, 4-парақ. Қоқан хандығы Кенесарының ежелгі жауы еді, онымен Кенесары ешқандай келіссөзге барған емес. 381ЧМТА, 6-қор, 5410-іс, 32-парақ. Шоқпыт Қарабаевтың Генске көрсетіндісінен.

324 Бұл да сонда, ІІ том, 225 бет. Кенесарының Николай 1-ге хатынан. 382 ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 2180-іс, 4-парақ, 191-байлам, желтоқсан, 1840. Орынбор әскери губернаторының Кенесары елшілері жөнінде сұрау салуына Батыс Сібір генерал губернаторының жауап хатынан.

383 Бұл да сонда, 2341-іс, 24-парақ. Кенесары - Перовскийге, 1841.
384 Бұл да сонда, 2622-іс, 1055-1062-парақтар, 6 қазан, 1845.
385 Қараңыз: 326-ескерту, 122-парақ, 1845. Кенесары - Горчаковқа.

386 ҚРХА, 4-қор, 54-іс, 53-54-парақтар. Горчаков - Николай І - ге, 24 маусым, 1846. 230Булдасонда,34-іс,3-5-парақтар. Лобысевичтің Орынбор өлкесінің ірі басшылары туралы шығармаларынан көшірме.

387 Қараңыз: 326-ескерту, 396-парақ, 6 ақпан, 1845 жыл.

Ладыженскийдің Сыртқы істер министрлігі Азия департаментіне көрсетіндісінен. 388 Романовский Д.И. - Орта Азия мәселесі жөнінде заметкалар. СПБ, 1868, 19-бет. Екі губернатордың арасындағы алауыздық туралы Долинский де жазған: «Қазақ даласы екеуіне бөліп берілген Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір о бастан-ақ мүдделері бір -бірімен табыспайтын, араларында ешқандай да әкімшілік және сауда ортақтығы жоқ екі бөлек иелік сияқты еді». (Долинский В. - Ресейдің Орта Азиядағы өз иеліктеріне көзқарасы туралы және Қырғыз даласын икемдеу жөнінде. СПБ, 1865, 20 бет.)

390 Қараңыз: 326-ескерту, 143-іс, Кенесары - Перовскийге, 1841.
ЦВИА, 1251-іс, 51- 52-парақтар. Перовский - Кенесарыға.
91 Бұл да сонда.
313 Бұл да сонда, 566 бет.

313 Бұл да сонда, 230 бет.

Сібір округі штабының архиві, Сібір корпусының 2-бөлімшесі, 1842, № 35. Серебренников - Түркістанды жаулап алуға қатысты материалдар, ІV том, 18 бет.

391 Бұл да сонда, 19 бет. 383 Бұл да сонда, 2340-іс, 126-парақ, Кенесары - Генске, 26 наурыз. 1843 жыл. 392 ҚРТА, 4-қор, қосымша тізбе, 156-іс, 2-3-парақтар. Жағалбайлы руының старшыны Көлбай Қоқановтың Ор қамалының коменданты, полковник Маевқа 1841 жылғы 14 маусымдағы хабарлауынан.

393 ЦВИА, 1201-іс, 5-8-парақтар, 1841.
394 Ленин В.И. - Шығармалар толық жинағы, 30-том, 130 бет.
395 Қараңыз: 371-ескерту, 597-598-парақтар, 2 қараша, 1838.

396 Қараңыз: 326-ескерту, 39-парақ. Генерал Перовский - граф Нессельродеге, 10 қаңтар, 1839 жыл.

397 Қараңыз: 371-ескерту, 69-80-парақтар.
398 ЧМТА, б - қор, 10-іс, 2-13-парақтар.
399 Қараңыз: 370-ескерту, 2277-іс, 2-парак.

400 Қараңыз: 326-ескерту, 32-парақ. Сібір Кеден округі бастығының жоғары мәртебелі қаржы министрі мырзаға Г842 жылғы 12 қаңтардағы құпия хабарламасынан. 401 Қараңыз: 370-ескерту, 2231-іо, 36-37-парақтар. Орынбор Комиссиясының 1841 жылға есебінен. 402 Қараңыз: 398-ескерту, 8-13-парақтар. Файзолла Рамазановтың туысы Мырқалымбайға 1841 жылы 30 қаңтарда жазған хатынан.

403 Қараңыз: 370-ескерту, 2300-іс, 1-2-парақтар.
404 Қараңыз: 370-ескерту, 2331-іс, 36-парақ, 1841.

405 Тастай тағы қырғыздар туралы заметкалар. Түркістан өлкесі статистикасы үшін материалдар. Маевтің редакциялауымен, ІІІ кітап, 384-385 беттер. СПБ, 1874. 406 Қараңыз: 370-ескерту, 1757-іс, 166-парақ. Жансыз Күлжан Күлменовтың хабарынан. 407 Петровский Н. - Қоқан хандығы жайындағы очерктер. «Вестник Европы», X кітап, 1875, 737 бет. 408 ЧМТА, 6-қор, 5584-іс, 89-90-парақтар. Хиуа хандығы және оның көрші облыстар мен көшпелі халықтарға қатынасы жөніндегі жазбалар.

409 Бұл да сонда, 91- 95-парақтар. 410 Қараңыз: 226-еекерту, 182-парақ. «Орынбор әскери губернаторының султан Кенесары Қасымовқа 1842 жылты 2 қыркүйекте жолдаған хатынан көшірме». 411 Қараңыз: 370-ескерту, 2343-іс, 18-19-парақтар. Кенесарының генерал В.А. Перовскийге жазған хатынан, 1841.

412 Қараңыз: 326-ескерту, 29-іс, 30-парақ. 413 Қараңыз: 370-ескерту, 2340-іс, 258-парақ. 8-тамыз, 1843 жыл. Кенесары - Генске. (Келтірілген сандық деректер Кенесарының хатынан алынды). 414 Қараңыз: 370-ескерту, 2540-іс, Ю-12-парақтар. Кенесары Обручевке, 18 қараша, 1844 жыл. 413 Қараңыз: 270-ескерту, 127-парақ, «Султан Кенесарыға қарсы экспедиция жасау тақырыбына ген-ад. Перовскийдің ескертпесі», 30 маусым, 1843 жыл.

416 Қараңыз: 370-ескерту, 2276-іс, 4-9-парақтар.
417 Бұл да сонда, 2340-іс, 324-325-парақтар.
418 Қараңыз: 324-ескерту, ІV том, 144 бет.
419 Қараңыз: 370-ескерту, 2426-іс, 1 -2-парақтар.

240 ҚРТА, 4-кор, 1-тізбе, 2559-іс, 2-парақ.
420 Бұл да сонда, 2651-іс, 793-799-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2547-іс, 181-парақ.
420 Бұл да сонда, 59-61-парақтар.

420 Бұл да сонда, 2559-іс, 2-парақ.
420 Бұл да сонда, 9- 13-парақтар.
421 Қазақтың «Айқап» журналы, наурыз, 1914, 111 бет.
420 Бұл да сонда, 2520-іс, 13-14-парақтар.

422 Симагин В. - Оренбургский листок, № 26, 1889.
420 Бұл да сонда, 2547-іс, 59-61-парақтар,
420 Бұл да сонда, 2340-іс, 183- 184-парақтар.
34 Бұл да сонда.

423 Қараңыз: 270-ескерту, 6-қор, 130-131-парақтар. Кенесарының Орынбор әскери губернаторына жазған хатынан, 1845.

424 ҚРТА, 81-қор, 4-іс, 175-парақ.
420 Бұл да сонда, 2621-іс, 705-710-парақтар.
324 Бұл да сонда, 151 -І52 беттер. Кенесарының Горчаковқа хатынан.
425 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 211-214-парақтар, 23 желтоқсан, 1844.

420 Бұл да сонда, 2620-іс, 250-263-парақтар. Генерал Обручевтің Азия департаментіне жолдаған мағлұмдама хатынан, 6 ақпан, 1845.

426 Бұл жайында «Қорытынды» тарауда егжей-тегжейлі баяндалған. 427 «Леонид Федорович Львовтың естеліктерінен». Орыс архиві, 1885. №2, 218 бет.

420 Бұл да сонда, 2620-іс, 315-321-парақтар, 13 ақпан, 1845.
420 Бұл да сонда, 294-304-парақтар.
420 Бұл да сонда, 327-552-парақтар. Ладыженский - Долговқа.
420 Бұл да сонда, 315-321-парақтар.

420 Бұл да сонда.
420 Бұл да сонда, 2511-іс, 2-13-парақтар, 1845.

428Қараңыз: 326-ескерту, 195-парақ. Генерал Обручевтің әскери министр Л.Г. Синявинге 1845 жылғы 2 қазандағы рапортынан.

420 Бұл да сонда, 2-3-парақтар. 429 Қараңыз: 326-ескерту, 465-466-парақтар. Бүлікші султан Кенесарының тобырына қатысқан қырғыздардың жауаптарынан көшірме, 23 қараша, 1846 жыл. 420 Бұл да сонда, 2756-іс, 986-парақ, 1845 жыл. Султан Арслан Жантөриннің Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына мағлұмдама хатынан.

430 1950 жылдары Торғай ауданында әлі көзі тірі кезінде 80 жаста еді. 431 ҚРГАТӘИ-нің қолжазба қоры. Иман батыр туралы естеліктер. 5 бет. Ғылыми қызметкер Жақыпов Торғай ауданына 1940 жылы жасалған ғылыми экспедиция кезінде Қарабаевтың және Балықовтың ауыздарынан жазып алған. 432 Мұқанов С. - Қазақтың XVІІІ-XІX ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер. Алматы, 1942, 83-84 беттер. 433 Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының Ұзын тармағын басқарған. Торғай, Тобыл және Аят өзендері аралығында көшіп-қонған. Орынбор Шекара Комиссиясының пікірінше ол адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де, өз руластары алдында өте беделді болған. Ол ретінде Шығыс ордада ғана емес, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған». (ҚРТА, 4-қор, 1-тізбе, 3404-іс, 310-байлам, 83- 86-парақтар, 1850.)

69 Бұл да сонда, 150 бет.
69 Бұл да сонда.
434 Қараңыз: 420-ескерту, 2622-іс, 1059-парақ, 1845.
420 Бұл да сонда, 2621 - іс, 805-парақ, 1845.

435 Бұл да сонда, 82-қор, 1-тізбе, 169-іс, 14-парақ, 1839. Сондай-ақ, Стеблин-Каменская М. И. - Аталмыш шығармасы, 250 бет.

436 Бұл да сонда, 179-іс, 198-парақ, 1838. 436 Бұл да сонда, 13-іс, 542-парақ, 1837. Сондай-ақ, Стеблин-Каменская М. И. - Аталмыш шығармасы, 251 бет.

32 Стеблин - Каменская М. И. - Аталмыш шығармасы, 251 бет.

Қараңыз: 420-ескерту, 2757-іс, 243-249-парақтар. Билеуші султан Ахмет Жантөриннің Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасына 1845 жылғы 19 маусымдағы көрсетіндісінен.

5 Бұл да сонда.
420 Бұл да сонда, 2757-іс, 167-парақ.
420 Бұл да сонда, 2622-іс, 965-парақ.

438 Қараңыз: 326-ескерту, 471 бет. Кенесарының керуен - басыларына хатынан, 1847.

438 Бұл да сонда. Кенесарының белгісіз қазақ руларына хатынан.
438 Бұл да сонда, 519-520-парақтар, 1844.

438 Бұл да сонда, 489,499-беттер. Қазақ Кенжебай Байнақовтың Орынбор Шекара Комиссиясы тергеуіне жауаптарынан.

439 Вяткин М. П. - Қазақ КСР тарихының очерктері. ОГИЗ, 1941,234 бет.
440 ЧМТА, 6-қор, 5450-rіc, 117- 142-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2621-іс, 117-142-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2621-іс, 823-824-парақтар.

436 Бұл да сонда, 542-парақ.
420 Бұл да сонда, 2661-іс, 605-606-парақтар.

441 Кенесары туралы жырлар мен дастандар жинағы. (Баспаға дайындаған ҚРҒАТӘИ.) «Бұқарбай батыр» қиссасы Мұсылманқұл Жиреншиннің аузынан жазып алынған.

435 Бұл да сонда, 167-іс, 19-байлам, 781-парақ, 1841.
420 Бұл да сонда, 156-іс, 2-3-парақтар.

420 Бұл да сонда, 2340-іс, 126-парақ. Кенесарының Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы, генерал Генске хаты,1843.

442 ЦВИА, 1201-іc, 5 l-55-парақтар.
440 Бұл да сонда, 5575-іс, 7-парақ, 1845.

443 ҚРХА; 374-қор, 3-тізбе, 16-іс, 5-байлам, 3-парақ. Темеш болысының қазағы Тілеген Кінетеевтің заседатель Сердюковтың тергеуіне жауабы, 1839. 420 Бұл да сонда, 2294-іс, Орынбор Шекара Комиссиясының 1841 жылғы есебінен.

420 Бұл да сонда, 2340-іс, 85-8б-парақтар.
440 Бұл да сонда, 5610-іс, 63-67-парақтар.
324 Бұл да сонда.

438 Бұл да сонда, 481-парақ. Ладыженскийдің әскери губернатор Обручевке баяндамасынан, 1845. 420 Бұл да сонда, 155-іс, 13-парақ. «5-дистанция бастығы әскери старшын Лебедевтің жеке Орынбор корпусы штаб бастығына 1841 жылғы 2 ақпандағы рапортынан көшірме».

420 Бұл да сонда, 2340-іс, 85-86-парақтар.
420 Бұл да сонда, 156-іс, 2-3-парақтар.
313 Бұл да сонда, 155 бет.
31 Бұл да сонда, 94 бет.

444 Қоқандықтар қазақтардан үш түрлі алым жинаған: «1) түндік зекет - әр шаңырақтан 1 қойдан; 2) ал зекет - 50 бас малдан 1 бас мал (2 процент); 3) харадж - егіншілерден әр қырман үшін 3 қойдан. Бұларға қоса ауық - ауық әскери алым жинаған, әр шаңырақтан бір тіллэ (алтын теңге) немесе 3 қойдан».

Академик Бартольд В.В.- Қырғыздар (тарихи очерк), 52 бет, Фрунзе, 1927. Хиуалық алым жинаушылар Сырдария маңындағы қазақтардан мынадай зекет жинаған: «100 ірі қара малы бар адам 2 тіллә, сондай-ақ, 13 ірі қара малы және 40 қойы бар адам да 2 тіллә төлеген».

Иванов П.- XІX ғасырдағы Хиуа хандарының архиві. СПБ, 1940, 209-210 беттер. Орынбор Шекара Комиссиясы құжаттарының бірінде қазақтардың Хиуаға төлеген салықтары туралы былай делінген: «Алым жан басына салынбай, әр шаңырақтан 15 сомнан 45 сомға дейін алынған». ЧМТА, 6-қор, 5584-іс, 91-95-парақтар. Хиуа хандығының жай-күйі туралы жазба.

420 Бұл да сонда, 2755-іс, 1186-парақ.
420 Бұл да сонда. 2851-іс, 5-парақ.
440 Бұл да сонда, 6-қор, 5610-іс, 371-375-парақтар.
324 Бұл да сонда, 245-бет.

324 Бұл да сонда, 224 бет.
420 Бұл да сонда, 2757-іс, 72-парақ.
436 Бұл да сонда, 140-іс, 329-парақ.
420 Бұл да сонда, 2465-іс, 18-парақ. Әбілғазы - Кенесарыға, 1845.

438 Бұл да сонда, 489,199-парақтар.
438 Бұл да сонда, 493 бет, 1847.

445 Солтынбаеа Б. - Қырғыз тарихының материалдары, 382 бет. (қолжазба), ҚРҒА кітапханасының қолжазба бөлімінде сақтаулы.

369 Бұл да сонда, 209 бет.
420 Бұл да сонда, 2757-іс, 243-249-парақтар.

420 Бұл да сонда, 2621-іс, 833-парақ. Долговтың Орынбор Шекара Комиссиясы төрағасына 1845 жылғы 7 маусымдағы көрсетіндісі.

420 Бұл да сонда, 2621-іс, 75-778-парақтар, 1845. 435 Бұл да сонда, 170-іс, 19-байлам, 82-парақ. Полковник Фалецкийдің жеке Сібір корпусы командиріне көрсетіндісінен, 1843.

420 Бұл да сонда, 4-кор, 1-тізбе, 2621-іс, 926—931- парақтар. 446 Степняк К. - Султан Кенесары Қасымов тарихына материалдар (Қара қырғыз К. Әлібековтің естеліктері), Ташкент, 1923, 6 бет.

446 Бұл да сонда, 8 бет.
420 Бұл да сонда, 2621-іс, 929-парақ.
420 Бұл да сонда, 879-892-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2622-іс, 970-979-парақтар.

438 Бұл да сонда, 493-парақ, 8 қаңтар, 1847 жыл. 420 Бұл да сонда, 2560-іс, 220-байлам, Кенесары ордасында болған Шекті руының адамы Жұмыр Жазмұхаммедовтың тергеудегі жауабынан. 423 Бұл да сонда, 2-іс, 351-352-парақтар. Кенесарыда тұтқында болған Сібір Шебі казак әскерлерінің уряднигі Лобановтың тергеудегі жауабынан.

420 Бұл да сонда, 2621-іс.
420 Бұл да сонда, 2192-іс, 26-29-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2757-іс, 243-249-парактар.
420 Бұл да сонда, 2540-іс, 136-139-парақтар.

420 Бұл да сонда, 13-іс, 500-501-парақтар.
436 Бұл да сонда, 181-іс, 124-125-парақтар.
436 Бұл да сонда, 182-іс, 129-парақ.
34 Бұл да сонда, 38 бет.

436 Бұл да сонда, 13-іс, 541- 544-парақтар.
447 Қараңыз: 351-ескерту, 43 бет.

435 Бұл да сонда, 167-іс, 19-байлам, 31-парақ. Заседатель Момогеевтің Омбы облысы басқарушысына көрсетіндісінен, 1838. 448 Указ КИД, 9, 11, 1764, № 130. Бұрынғы Орынбор генерал-губернаторының архиві, І кітап. Орынбор Архивтік ғылыми комиссиясының басылымы, 1889, 214 бет. 420 Бұл да сонда 2621-іс, 705-710-парақтар. Қорғаншы Долговтың Орынбор Шекара Комиссиясы төрағасы, генерал Ладыженскийге көрсетіндісі, 1845.

194 Бұл да сонда.
234 Бұл да сонда, 21 бет.
1,2 Бұл да сонда, 37 бет.

423 Бұл да сонда, 106-парақ. Ген.- ад. Катениннің әскери министрге мағлұмдама хатынан, 1858.

324 Бұл да сонда, 37 бет.
420 Бұл да сонда, 2652-іс, 8-15-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2621-іс, 879-892-парақтар.

449 Григорьев В.Д. - оның 1816-1881 жылдардағы хаттары мен еңбектері бойынша құрастырған Н. И. Веселовский. СПБ, 1887, 222-223 беттер. 450 қрта, 1-тізбс, 2810-іс, 9-10-парақтар. Орынбор Шекара Комиссиясының есебінен, 1846.

324 Бұл да сонда, 276 бет. 420 Бұл да сонда, 1016-іс, 9-парақ. Қырғыз даласына келген әр түрлі азияттардың Марал Құрманов жайындағы хабарламаларының көшірмелерінен.

436 Бұл да сонда, 181-іс, 119-120-парақтар.
436 Бұл да сонда, 20-іс, 54-55-парақтар.
436 Бұл да сонда, 18-іс, 177-178-парақтар.

451 ЧМТА, 6-қор, 5450-іс, 162-165-парақтар. Бүлікші султан Кенесары Қасымов жөніндегі жазба, оның жақтастарының және жансыздардың жауаптарының негізінде белгісіз автор құрастырған. 452 Небольсин П.- Ресейдің Орта Азия елдерімен, Хиуамен, Бұқармен және Қоқанмен сауда-саттығы очерктері, 9 бет, СПБ, 1856. 451 Бұл да сонда, 5410-іс, 255-258-парақтар. Билеуші султан Ахмет Жантөриннің Орынбор әскери губернаторына 1841 жылты 4 қаңтардағы рапортынан.

451 Бұл да сонда, 4976-іс, 28-29-парақтар, 8 сәуір, 1841 жыл.
453 Қараңыз: 452-ескерту, 53-54-беттер.

438 Бұл да сонда, 1-іс, 292-парақ. 1844 жылы Кенесарыда болған саудагерлер Рақым Адамов, Уәли Халитовтардың жауабынан.

451 Бұл да сонда, 5450-іс, 162-165-парақтар. 451 Бұл да сонда, 5584-іс, 89-90-парақтар. Хиуа хандығының күй-жайы, сондай-ақ оның көрші облыстарға және көшпелі халықтарға қатынасы туралы я сазба орыс көпестерінің Хиуадан келген керуені приказчигінің көрсетулерімен құрастырылған. Авторы белгісіз. 451 Бұл да сонда, 5410-іс, 7-8-парақтар. Султан Саналы Мырзағалиевтың Орынбор Шекара Комиссиясына 1843 жылдың 5 сәуіріндегі рапортынан.

451 Бұл да сонда, 4976-іс, 1-2-парақтар, 3 маусым, 1839. 435 Бұл да сонда, Сібір қырғыздарының шекаралық бастығының жеке Сібір корпусы бастығы Горчаковқа 1846 жылғы 26 маусымдағы көрсетіндісінен.

454 Маркс К. - Капитал, І том, M, 1930, 270-271 беттер. 455 ҚРҒАТӘИ - нің қолжазба қоры. «Жасауыл қырған» дастаны. Жырау Орман Өтеповтың аузынан 1926 жылы жазып алынған.

456 Садық Кенесарин жайында «Голос» газетінде жарияланған, №169, 1868. 457 Азия департаментінің стол бастығы А.И. Левшиннің Сыртқы істер министрлігінің нұсқаушысы, полковник Ф.Ф. Бергке тапсырған ескертпелері, 1823. Қазақ КСР тарихының материалдары (1785-1828), ІV том, 1940, 439 бет. 420 Бұл да сонда, 1718-іс, 2-6-парақтар, 1845. Орынбор саудагерлерінің Хиуада тұрып жатқан орыс приказчиктерінің хаттарынан және олардың Орынборға қайтып келген біреуінің әңгімесінен алынып беріліп отыр.

420 Бұл да сонда, 28-29-істер, l-2-парақтар.
420 Бұл да сонда, 2757-іс, 67-68-парақтар.
458 Мұса - Жанқожа Нұрмұхаммедов батыр туралы әңгіме.

451 Бұл да сонда, 5610-іс, 371-375-парақтар. Генерал - майор Ладыженскийдің генерал Обручевке көрсетіндісі, қараша 1845. 420 Бұл да сонда, 2651-іс, 605-606-парақтар. Хорунжий Красноярцевтің жансыз Самрат Мамаевтың 1845 жылғы 22 қазандағы көрсетуі негізінде жазған рапортынан. 436 Бұл да сонда, 4-іс, 122-123-парақтар. Сібір қырғыздарының шекаралық бастығы кеңесі. 459 Коншин Н.— Аягөз округінің ашылуы. «Семей облысының естелік кітапшасы», ІV кітапша, 1900. 435 Бұл да сонда, 54-іс, 114-парақ. Әскери отряд бастығы, жасауыл Нюхаловтың Сібір қырғыздарының шекаралық бастығы, генерал-майор Вышневскийге рапортынан, 1846. 460 Бұл бодандықтың мән-жайын емші Зиберштейннің жол жазбаларынан қараңыз, Тарихи архив, №1, 1936. 461 Любимов - Құлжа трактаты. «Батыс Сібірдің естелік кітапшасы». Омбы, 1882, 71-72 беттер.

420 Бұл да сонда, 2547-іс, 68-111-парақтар. 462 ҚРТА, 81-қор, 4-іс, 151- 157-парақтар, 17 сәуір, 1847. Граф Нессельроденің патша Николайға «Үлкен орда қырғыздары туралы» мәліметінен. Түпнұсқасында: «Орындалсын» деп бұрыштама соғылған.

462 Бұл да сонда, 156-парақ. 463 Манаптар жайында толығырақ материал Вышнеторскийдің еңбектерінде, Н.И.Гродековтың басылымында. - 1889, Талызиннің - 1898, А. Хорошкиннің - 1872, Е. Ковалевтың - 1895, Н. Зеландидің - 1885 жылғы басылымдарында т.б. бар. 464 «ИОЖҚ жазбалары», V кітап, СПБ, 1851, 141 бет. Батыс Сібір генерал-губернаторынан алынған мәліметтер. Ол туралы Шоқан Уәлиханов еңбектерінен де қараңыз. 455 А. Хасановтың «Орыс патша өкіметінің Қырғызстанды жаулап алуы» деп аталатын қолжазбасынан алынды. (Қолжазба САГУ - дің кітапханасында сақтаулы, Ташкент.)

466 Қараңыз: 358-ескертуі 282 бет. 467 Венюков М. - Орыс Азиясы шеткі аймақтарына саяхат және олар жөніндегі жазбалар. СПБ, 1868, 164 бет.

19 Бұл да сонда, 121 бет.
459 Бұл да сонда, 71-бет.
468 ЦВИА, 37-іс, инв. 51, 287-іс, 31-парақ.

469 Жаңбыршинов - Қырғыздар Ормон хан дәуірінде. (Қырғыздардың XІX ғасырдағы феодалдық - рулық соғыстары тарихынан.) КСРО FA Тіл, әдебиет және тарих институты, І кітап, Бішкек, 1945. 119 бет.

470 Сталин И. В. - Шығармалар, І том, 187 бет. 48 Бұл да сонда, 183-іс, ІІ бөлім, 33-парақ. Бүлікші султан Кенесары Қасымов жөнінде. Орынбор Шекара Комиссиясының есебінен, 1847

435 Бұл да сонда, 54-іс, 7-байлам, 241-парақ, 1847.
459 Бұл да сонда, 91 бет.

459 Бұл да сонда. Куәгер болып қол қойғандар: Сүйік Абылайханов, подполковник Эли Әділов, Ақынбек Абылаев, Адамзат Ибаков, Қамбар Аланов, Жанғазы Сүйіков, Мамырқан Әділов және басқалар.

471 «Шүршіт» деп қытайды айтқаны.
472 ҚРҒАТӘИ-нің қолжазба қоры. Шипин Омар - Жеті батырдың қысқаша тарихы.
473 Сыдықов - Қырғыздардың қысқаша тарихы, Уфа, 19123, 1 бет.
435 Бұл да сонда, 54-іс, 7-байлам, 224-225-парақтар.

338 Бұл да сонда, 265-бет.
474 Қараңыз: 441-ескеріу. Жамбылдың Кенесары дулаттарда деген естелігінде.
.474 Бұл да сонда.
435 Бұл да сонда, 7-байлам, 207-парақ, 1846.

475 Кенесары Қасымов тарихына материалдар, 7-бет, Ташкент, 1923. (1846-1847 жылдардағы оқиғаға қатысушы Әлібеков Қалиғолланың куәлік етуімен.)

338 Бұл да сонда, 280-бет.
447 Бұл да сонда, 17 бет.
473 Бұл да сонда, 1-бет.
469 Бұл да сонда, 120 бет.

466 Бұл да сонда, 390 бет.
447 Бұл да сонда, 10-бет.
466 Бұл да сонда, 390 бет.
462 Бұл да сонда, 41-іс, 6-парақ.

435 Бұл да сонда, 54-іс, 41-42-парақтар. Сібір қырғыздары шекаралық бастығының Сібір корпусы командир! Горчаковқа көрсетіндісінен, 1846.

435 Бұл да сонда, 189-парақ. Абакумов - жасауыл Нюхаловқа. 466 Бұл да сонда, 386 бет. Кенесарының уақытша бітім шарттарын және Қалиғолланың келуін автор Қалитолланың өз аузынан жазып алған. Қалиголла әбден қартайып барып 1899 жылы қайтыс болған. 338 Бұл да сонда, 275-276-беттер. Кенесары ордасында болған би Дәулеткелді Бесбаевтың жауабынан.

476 Маркс К. және Энгельс Ф. - Шығармалар, XІ том, І - бөлім, 166 бет.
469 Бұл да сонда, 121-122 беттер.
354 Бұл да сонда, ІІІ том, 81-87 беттер.
435 Бұл да сонда, 54-іс, 127-парақ, 1846.

477 Кенесары Қасымовтың көтерілісі жөнінде. Қордайдағы «Кеңес» колхозында Бекқожаевтың аузынан А. Ділібаев жазып алған, 7 бет.

459 Бұл да сонда, 105-106 беттер.
447 Бұл да сонда, 22 бет.
447 Бұл да сонда, 23 бет.

475 Султан Кенесары Қасымов тарихына материалдар. Көтеріліске қатысқан Қалиғолла Әлібековтің естеліктері Степняктің өңдеуімен, 7 бет, Ташкент, 1823.

478 «Тургайская газета», №21,1901. 479 Палферов Я. - Алатауда. (Кенесары Қасымов бүлігінің тарихынан, 1843-1847.) «Исторический вестник», тамыз, 1904, №8, 501-502 беттер.

420 Бұл да сонда, 36-парақ.
475 Бұл да сонда, 12 бет.
338 Бұл да сонда, 10-110 беттер.

338 Бұл да сонда, 112 бет. Сары Алтаевтың отряд бастығы Нюхаловқа хабарлауынан. 338 Бұл да сонда, 232-233 беттер. Орынбор корпусы командашысының әскери министрге рапортынан.

468 Бұл да сонда, 37-іс, 2-5-парақтар. 420 Бұл да сонда, 60-в-іс, 135-парақ. Манап Жантайдың болыстардағы жағдай туралы Алатау округінің бастығына хатынан.

480 Жамбыл - Сұраншы батыр, Алматы, 1939, 10-17 беттер.
481 Энгельс Ф. - «Ресей Орта Азияда», XІ том, 1-бөлім, 367 бет.
222 Бұл да сонда, 2 бет.

482 Попов A.Л. - «Орта Азия плацдармы үшін күрес», 223-224 беттер, «Исторические записки», 1840, № 7. 483 Потапов Л.П. - Көшпелілердегі патриархалдық - феодалдық қатынастар жайындағы мәселе жөнінде. «Этнография институты. Қысқа хабарлар», ІІІ том, 1947, 66- 67 беттер.

484 ҚРТА 5_қ0р; 1603-тізбе, 117-байлам, 10-27- парақтар.
484 Бұл да сонда.
484 Бұл да сонда.
436 Бұл да сонда, 4236-іс, 271-байлам.

420 Бұл да сонда, 3641-іс, 217-220-парақтар, 1851.
420 Бұл да сонда, 3795-іс, 207-215-парақтар.
103 Бұл да сонда, 103 бет.
420 Бұл да сонда, 3641-іс, 81-83-парақтар.

485 Маркс К. - Шығармалар, XІX том. 1-бөлім, 385 бет.
109 Бұл да сонда, 174-бет.
481 Бұл да сонда, 364 бет.

486 Кушева Е.Н. - ортаазиялық мәселе және XІX ғасырдың 40-жылдарындагы орыс буржуазиясы. «Исторический сборник», № 3, 1934. 133-162 беттер.

420 Бұл да сонда, 2798-іс, 40-парақ, 1846.
48 Бұл да сонда, 124-іс, 1-3-парақтар.
485 Бұл да сонда, 354 бет.
128 Бұл да сонда, 8 бет.

134 Бұл да сонда, 528 бет, 1936.
134 Бұл да сонда, 527 бет, 1936.
134 Бұл да сонда, 300 бет, 1936.

487 Бларемберг - «Ресей империясына әскери статистикалық шолу». СПБ, 1848, XІV том, ІІ бөлім, 106 бет.

109 Бұл да сонда, 279 бет.
109 Бұл да сонда, 287 бет.
488 КСРО ҒА архиві, Ш. Уәлихановтың қоры, №23, І- тізбе, 6-қор, 14-парақ.
420 Бұл сонда, 4554-іс, 120- 122-парақтар.

489 Энгельс Ф. - «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы», 1937, 155 бет.

490 Уәлиханов Ш. - «Жоңғар очерктері», «ИОЖҚ», 1861, ІІ кітап, 43 бет.
436 Бұл да сонда, 28-іс, 140-парақ.
69 Бұл да сонда.
420 Бұл да сонда, 2268-іс, 41-55-парақтар.

420 Бұл да сонда, 329-іс, 115-парақ. Есеттің Кенесарыны ұнатпауы рулық алауыздықтың салдарынан. 491 Шахматов В. Ф — Есет Көтібаров. «ҚРҒА хабарлары», тарихи серия, 2-кітап, 1946, 113 бет.

6 Бұл да сонда, 6 бет.
420 Бұл да сонда, 2547-іс, 68-111-парақтар.
30 Бұл да сонда, 200 бет.

492 Грум-Гржимайло Г. Е. - Батыс Монголия және Урянхай өлкесі. ІІ том - осы елдердің Орта Азия тарихымен байланыстырылған тарихи очеркі. СПБ, 1926, 197 бет.

394 Бұл да сонда, 350 бет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АРХИВТІК ҚОРЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

1. Қазақстанның Орталық Тарихи архиві (ҚРТА) - Алматы қаласы: 2. Чкалов Тарихи архиві (ЧМТА): 3. Өзбекстанның Орталық Тарихи архиві (ЦГИА ӨзКСР) - Ташкент қаласы: 4. Мәскеу қаласындағы Орталық Әскери - Тарихи архиві (ЦВИА): 5. Мәскеу қаласындағы Орталық Тарихи архиві (ЦГИА): 4-қор - Орынбор Шекара Комиссиясынікі, 338-345-қорлар - Омбы облыстық басқармасыныкі, 81, 82-374-қорлар - Сібір қырғыздарын Шекаралық басқару басқармасынікі, 2-3-қорлар -Алатау округі және Үлкен орда Қырғыздары бастығынікі, 370-қор - Орал облыстық басқармасынікі. 166-қор - Орынбор Шекара Комиссиясының бұрынғы төрағасы, генерал-майор Г.Ф. Генстің қолжазбасы, 6-қор - Орынбор әскери губернаторлығынікі, 169-қор -Севастьяновтың қолжазбасы, 96-қор - полковник Авдеевтің қолжазбасы және Орынбор кеден басқармасынікі. 715-к,ор - подполковник А. Е. Серебренников «Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы» бойынша жинаған архив материалдары, Түркістан генерал - губернаторының қоры. Әскери министрліктің ВУА қоры, Сібір комитетінің қоры (1821-1838), Әскери министрлік кеңесінің қоры. Сыртқы істер министрлігі Бас архивінің 1-9-қоры. 6. Ленинград (қазіргі Санкт - Петербург) қаласындағы Орталық Әскери - Тарихи архиві (ЦВИАЛ): 7. Ленинград қаласындағы Орталық Тарихи архиві (ЦГИАЛ): 8. КСРО Ғылым академиясының Архиві, Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында: 9. В. И. Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімі -Мәскеу: 10. Салтыков-Щедрин атындағы кітапхананың қолжазба бөлімі, Санкт-Петербург қаласында: 11. КСРО Fылым академиясы Тарих институтының Ленинградтық бөлімшесі (ЛОИИ): 12. Әлішер Иауаи атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың Шығыс бөлімі - Ташкент қаласында:

Әскери министрліктің аудиториалық департаментінің қоры.

Ішкі істер министрлігінің қоры, жер бөлімі, Атқарушы полиция департаментінің қоры. 23-қор - Шоқан Уәлихановтың қоры (қазір ҚР Ішкі істер министрлігінің Тарихи архивінде сақтаулы) - қазақтардың және қырғыздардың тарихы мен этнографиясы жөніндегі жарияланбаған еңбектері, заметкалары және көшірмелері. Фельдмаршал князь А. Барятинскийдің қоры. Көпес Беловтың Сырдария қазақтарының шаруашылығы және саудасы жайындағы жазбасы (Жазба XІX ғасырдың 60- жылдарына қатысты). Қазақстан Республикасы тарихы жөніндегі материалдар, М.И. Стеблин - Каменскаяның редакциясымен дайындалған (қолжазба). «Түркістан жинағы» материалдары. 13. Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары архиві. Ташкент қаласында: 14. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазба қоры: 15. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Шығыс бөліміндегі қолжазба қоры. Алматы қаласында: 16. КСРО Ғылым академиясы Қырғыз филиалы Тіл, әдебиет және тарих институтының қолжазба қоры (ИЯЛИ КирФАН): Өзбек тарихшылары: Молла Мырза Әлім бек, Дамулла Мырза Рахим Әлім бек, Дамулла Мырза Рахим Ташкенди, Молла Жүніс Шиғаил Датқа, Мұхаммед Риза-Мира және басқаларының қолжазба еңбектері. Қазақ халқының XІX ғасырдың бірінші жартысына қатысты тарихы бойынша фольклорлық материалдар жазбалары. Фольклорлық материалдар (жырлар, дастандар және батырлар жөніндегі қиссалар). № 172 қолжазба - «Қазақ-қырғыз оқиғалары жөнінде», сондай-ақ, қырғыздардың фольклоры мен тарихы бойынша езге де материалдар.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Абаза.к. - Түркістанды жаулап алу. СПБ, 1902.

Абрамов Н.А. - Сібір ведомствосының Керей қырғыздары. «Географические известия». №11. 1866. Александров Н. - Перовск және Қазалы уездеріндегі Кіші орда қырғыздарының көшіп-қонатын жолдары. «Туркестанские ведомости», №51, 1484. Алекторов А.Е. - Граф Василий Перовский және ол басқарған Орынбор өлкесіндегі қыр халықтары. «Оренбургский край», 1893, №109, 112, 115, 118, 121. Ашмарин - Қоныстану жолдары, қыстаулар мен жайлаулар (Тарихи суреттеу). «Советская Киргизия», №5-6, 1925. Базинер - Қырғыз даласы арқылы Хиуаға сапар. «Географические известия», 1849. Баймурзин А. - Үлкен және Орта ордаларды патша өкіметінің жаулап алу тарихынан. «Известия Казахского филиала Академии наук СССР», тарихи серия, І кітап, Алматы, 1940. Балцашин Н.Н. - Қырғыздар туралы және жалпы Ресейдің қол астындағы мұсылмандар туралы, СІІБ, 1887. Баллюзек Л. - Кіші қырғыз ордасында заң күшіне ие болған және ішінара қазір де сондай халықтық әдет - ғұрыптар. «ИОЖҚБСБ жазбалары», ІІ кітап, Қазан, 1872. Бардашев - Тастай тағы қырғыздар туралы заметкалар. «Түркістан өлкесінің статистикасы үшін материалдар», ІІІ кітап, СПБ, 1874. Барон Ур - Қырғыз даласында төрт ай болуым. «Отечественные записки», ІX том, 1848.

Бартолъд В.В. - Қырғыздар (тарихи очерк). Бішкек, 1927.

Бекмаханов Е.Б. - Кенесары Қасымов көтерілісінің бұқаралығы туралы мәселеге. «Известия АН Каз ССР, серия историческая», № 2, 1946. Венюков М.И. -Іле сырты өлкесі мен Шу бойы елдерінің очерктері. «Орыс Азиясы шет аймақтарымен саяхаттар және солар жөнінде жазбалар», СПБ, 1868. Веселовский Н.И. - В.В. Григорьев, оның хаттары мен еңбектері бойынша, 1816-1881 жж.-СПБ, 1887. Владимирцев Б.В. - Моңғолдардың қоғамдық құрылысы. Моңғолдың көшпелі феодализмі. JІ, 1934. Wlangalі - Peіse nach den ostlіchen Kіrgіseb-Steppe (1849-1883), 5. S. - Petereb, 1856.

Вяткин М.П. - Қазақ КСР тарихы туралы очерктер. JІ, 1941.

Герман - Қырғыздар туралы, «Вестник Европы», 1821, 119-бөлім, №20, 121-болім, №22, 1822, №3, 4, 127-бөлім, №22. Герн Вл. - Қырғыз-қазақтардың мінезі мен әдет - ғұрпы. Қырғыздардың мал шаруашылығы. «Семей облысының естелік кітапшасы», Семей қаласы, 1899. Гернгросс және Ковалевский - Қырғыз-қайсақ даласы батыс бөлігінің суреттелуі. «Горный журнал», 4-бөлім, 1840. Глуховский - Ресей үшін Бұқар хандығының маңызы туралы және Орта Азияға біздің ықпалымызды берік орнықтыру, тың шаралар қолдану қажеттігі туралы жазба. СПБ, 1867. Голосов Д. - Ген.- адъютант Перовский басқарған орыс отрядының Хиуаға 1839 жылты жорығы. «Военный сборник», XXІX том, № 1-2, СПБ, 1863. Голубев JІ. - Орта Азияға саяхаттан үзінді. - Іле өлкесі, «ИОЖК» журналы, ІІІ кітап, СПБ, 1863. Граменицкий М. - Сібір қырғыздары даласы. «Тургаский сборник», 41-том, СПБ, 1870. Григорьев В.В. - Орынбор қырғыздары және адалдығы, сондай-ақ сауда ісіне үйренуі. «Народная беседа», №1, 1864. Добросмыслов А.И. - Тортай облысы. Тарихи «ИОЖҚ Орынбор бөлімінің хабарлары», 15, 16, 17-кітаптар. Долинский В. - Ресейдің орта азиялық иеліктерге қатынасы туралы және Қырғыз даласының құрылымы туралы, СПБ, 1865. Жаңбыршинов Б. - Ормон хан дәуіріндегі қырғыздар. «КСРО Ғылым академиясы Қырғыз филиалы Тіл, әдебиет және тарих институтының еңбектері» (бұдан былай - «КСРО ҒА, ҚТӘТИ еңбектері»), І-кітан, 1945.

Желябужский Е. - Хиуаны жаулап алу очерктері. М. 1875.

Жуковский И. - Орынбор өлкесінде нақты орын алған оқиғаларға қысқаша шолу. СПБ, 1832. Жуковский С. - Ресейдің Бұқармен және Хиуамен соңғы жүз жылдағы қатынастары. Петроград, 1915. Завалишин И. - Батыс Сібірді суреттеу, ІІІ том, Қырғыз даласы. Москва, 1867. Загряжский Г. - Қырғыздардың қалыпты әдет - ғұрпы және Түркістан өлкесінің көшпелі халқының халық соты туралы. СПБ, 1876. Ивановский А. - Қырғыздың халық ақыны әрі термеші Ноғайбай. «Этнографическое обозрение», № 3, 1889. Идаров - Сібір ведомствосына қарасты қырғыз даласы және онда жаңадан құрылған Семей облысы. «Ішкі істер министрлігінің журналы», VІІ бөлім, СПБ, 1854.

Ильинский А. - Кенесары және Наурызбай. «Тургайская газета», №21, 1901. Ильясов С. – Патриархалдық - рулық және феодалдық - буржуазиялық қатынастардың сарқыншақтары. «КСРОҒА Тіл, әдебиет және тарих институты қырғыз филиалының еңбектері», 1-кітап, 1945. Иматов В. - Орынбор губерниясының тарихы туралы ойлар. «Оренбургские ведомости», №15-18, 1874. Иорк фон Вертенбург Г. - Орыстардың Орта Азиядағы міндеттері. Ташкент, 1900. Исаков Л. - Султан Саржан Абылаевты қоқандықтар өлтіргеннен кейін оның әйелі Бопай ханымның жоқтауы. «Тургайская областная ведомость», № 3, 1894.

Казанцев И. - Қырғыз-қайсақтарды суреттеу. СПБ, 1867.

Крахелев А - Ертедегі билер соты. «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям», № 48, 1888.

Кун А. - Қоқан хандығының очеркі, СПБ, 1876.

Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар (1775-1828), ІV том, КСРО ҒА баспасынан. 1940. Қырғыз даласы - «Оренбургские губернские ведомости», 1849, №11, №13; 1850, №14. Қырғыз даласы шаруашылын жағынан алғанда - «Экономический журнал», тамыз, 1888. Қырғыз даласындағы моллалар туралы - «Түркістан өлкесінің статистикасы үшін материалдар. «Жылнама», ІІІ бөлім, 1874. Қырғыз - жатақтар - «Русская речь», тамыз, 1879, СПБ. «Қырғыз - қазақ жырлары», ГИХЛ, 1932 (Қараңыз: «Кенесары туралы аңыз»), Қырғыз-қайсақ Орта ордасында болған оқиғалар туралы. «Сибирь» газетінің жинағы, І том, СПБ, 1876.

Қырғыз-қайсақтар - «Сибирский вестник», 146-том, №4, 1880.
Қырғыз-қайсақтар - «Отечественные записки», 1843, №4.
Қырғыз мақалдары - «Туркестанский сборник», 95-том.

Қырғыз сот ісін жүргізудегі кейбір терминдерді түсіндіру. «Туркестанская ведомость», № 42, 1873.

Қырғыз соты және ант беру. — «Восточное обозрение», №19, 1884. Лазаревский Ф. - Орынбор ведомствосына қарасты қырғыздар жайындағы очерктер. «Русский дневник», № 14-15, 1859. Левшин А. - Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу, І—ІІІ бөлімдер, СПБ, 1832. Леопольдов А. - Орыстардың қырғыздарға қатынасы. «Саратовские губернские ведомости», № 5, 1856.

Лобысевич Ф.И. - Орта Азияға ендей ену. СПБ, 1900.

Маковеский П.Е. - Қырғыздардың юридикалық әдет - ғұрыптарын зерттеу үшін материалдар, І—ІІ кітаптар, Омбы, 1886. Максимов - Қырғыздардағы халық соты. «Юридический журнал», VІІІ кітап, 1897. Макшеев А. — Түркістанды тарихи шолу және орыстардың оған ендей енуі. СПП, 1890. Малицкий Н.Г. - Қоқан билеген кездегі Ташкент тарихы жөнінде. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің хаттамасы.

Мартене Ф.Ф. - Ресей мен Англия Орта Азияда. СПБ, 1880.

Мелиоранский П.М. - Қырғыздардың мақалдары мен жұмбақтары. «ИОЖҚ шығыс бөлімшесінің жазбалары», VІІ, І-ІV кітаптар.

Мейер Л. - Орынбор ведомствосына қарасты қырғыз даласы, 1865.
Михайлов - Қырғыз даласы. «Санкт-Петербургские ведомости», №155, 1866.

Окладников - Якуттердің әлеуметтік құрылымы. «Советская этнография», 1947, № 2. Орлов А.В. - Кенесарыда қонақта болған орыс (приказчик Уфимцевтің жазбаларынан), «Оренбургский листок», №28, 1889.

Орынбор қаласының кімі, «Тургайская газета», № 24, 1896.

Павлов Н. - Іргелес елдердің қысқаша тарихи очеркімен байланысты Түркістан тарихы. Ташкент, 1910.

Петровский Н. - Қоқан хандыгының очеркі. «Вестник Европы», №10, 1875. Петухов А.Е. - Генерал Перовскийдің Хиуаға экспедициясы туралы айтқанда. «Оренбургский листок», №26,1884. Погорельский жэне Батраков В. - Қыргызстанның көшпелі ауылының экономикасы. М, 1930. Полферов Я. - Алатау тауларында (Кенесары Қасымовтың 1843-1847 жылдардағы күресі тарихынан). «Исторический вестник», №8, 1904. Попов А.Л. - Орта Азиялық пландар үшін күрес. «Исторические записки», № 7, 1940. Потанин Н. - Қоқан хандығы туралы 1830 жылғы жазбалар. «ИОЖҚ хабаршысы», 6-кітап, 1856.

Rotockі Jean - Voyage dans les steps d' Astrahon, Parіs, 1820. Потто В. - Қырды шарлағандағы жолжазбалардан. «Военный сборник», XVІІІ том, «Туркестанский сборник», 185-том. Сабатаев С- Торғай облысы Қостанай уезі қырғыздарының ақсақалдар соты және аралық соты. «Этнофафический сборник», №3, 1900.

Савельев П. - Бұқар 1835 жылы. СПБ, 1836.
Садық Кенесарин туралы. «Голос» газеті, №169, 1868.

Самокрасов Д.Я. - Сібір бұратаналарының әдебиеттегі құқығы жинағы. Варшава, 1876. Самсонов А. - Сібірлік Қырғыз даласының очерктері. «Туркестанский сборник», 25-том, 1869. Саратов көпесі Я.П. Жарковтың қырғыздар туралы жазбасы. Оқу кітапханасы, 1852, ІІІ бөлім, 114-126-томдар. Севастьянов С. - Хиуаға 1839-1840 жылдары экспедиция жасалуына себепші болған Орынбор өлкесіндегі оқиғалар. «Труды Оренбургской ученой архивной комиссии». XVІ кітап, 1906. Севрюгип С. - Қырғыздар - теңізде балық аулау ісінде қызметшілер. «Туркестанский сборник», 25-том, 1869. Сейдалин Т. (султан) - Торғай өзені бассейні бойында егіншілікті дамыту туралы. «ИОЖҚ Орынбор бөлімінің жазбалары». 1-кітап, Қазан, 1870. Серебренников А.Г. - «Түркістан өлкесінің жаулап алыну тарихы үшін материалдар», І-XVІІІ томдар, 1917. Середа Н. - Орта Азияға баратын ескі және жаңа жолдар туралы. «Беседа» газеті, № 8, 1872.

Столпянский П.Н. - Орынбор қаласы тарихы жөнінде материалдар. Студенецкий Л. И. - Қазақ шаруашылығы экономикасы бойынша очерктер, «ИОЖҚ Батыс Сібір бөлімінің хабарлары». Омбы, 1929.

Сұлтан Кенесары Қасымовтың материалдары, өңдеген Степняк. Ташкент, 1923. Сібір қырғыздары облысын билеушінің архивінен көшірмелер. «Туркестанский сборник», 15-том. Талызин А. - Пішпек уезі. Тарихи очерк. «Жетісу облысының естелік кітапшасы», 1898 жылға, Верный.

Тастайдағы орда. - «Северная пчела», № 192, 1861.

Тастай тағы қырғыздар туралы заметкалар. «Түркістан өлкесінің статистикасы үшін материалдар». Маевтің редакциялауымен, ІІІ кітап, СПБ, 1874.

Терентьев М.А. - Орта Азияны жаулап алу тарихы, І—ІІІ томдар, СПБ, 1906. Шорманов М. - Батыс Сібір қырғыздарының мал шаруашылығы туралы. «Сельское хозяйство и лесоводство» журналы, №16, 1883. Черняев М. - Султан Кенесары және Садық. «Русский вестник», VІІІ кітап, 1889.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙