Өлеңдер жинағы. II бөлім
Тұрсынхан Әбдірахманова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тұрсынхан Әбдірахманова – өлеңдері бірнеше тілге аударылған ғалым. Ақын поэзиясына нәзік лиризм мен философиялық терең ой тән. Көркем аудармаға үлес қосқан ақын бірнеше шығармаларды қазақ тіліне аударған. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі томдық шығармаларының жинағы жарық көрді.
АҚТАРДЫМ ЖҮРЕКТЕН БІР СЫР
ҒИБРАТ
Өктемдікпен келісе алмай
Тайталасып өр кеуде
Намыс буып бекініп тұр
Жарық дүние сөн деуге...
Кенет құздар шың құлады,
Өтер ме жан жаншымай
Өз қайғысы көрінді енді
Көл қасында тамшыдай.
Уақыттың құзырымен
Көріп соққан құйынды
Алқынған күш — асау толқын
Арнасына құйылды.
СЫР БӨЛІСЕМІН
Нар болып қаншама ауыр
Көтердім өмірдің жүгін.
Бәріне — жақын, дос, бауыр,
Сыйлап ем жанымның гүлін...
Өсті де көрсетпей шаңын
Көжектей сағалап жымын
Кетті олар,
Өмірдің заңын
Дегендей, бауырым, ұғын.
Не шара тағдырға көніп,
Халіммен мен келісемін.
Ойымды өлеңге өріп,
Оқушым, сыр бөлісемін.
ТАЙТАЛАС
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, Алатауды құлат маған.
Жарыла жаздап жүрсің келісе алмай
Қадамымменен алға бір аттаған.
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, қара аспанды құлат маған.
Басыма сен орнатқан қара түнде
Арымнан аппақ адал шырақ жағам.
Күні жоқ мені тағдыр жылатпаған,
Азсынсаң, көктен жасын құлат маған.
Басыма сен төңкерген қара таудың
Асты емес, нақ шыңынан тұрақ табам.
Мен шықсам, шықтым алға еңбегіммен,
Сен шықтың шың басына жеп-жеңілмен.
Әккісің осыменен көзің шыққан,
Алаяқ атамаған ел тегіннен.
ЕЛІГІМ
Ақшамда туған айдай ақ түсің,
Жаңа аяқтанған құлындай мүсін...
Әлде сен, қалқам, ару бейнеде
Аспаннан түскен періштемісің?
Құралай көзді үркек елігім,
Жаның кіршіксіз пәк-ау сенімің.
Һаллдай бейқам, аярсыз аңқауым,
Көрім көркіңді, басты мені мұң.
Осынау ғажап сымбатың, пішін,
Тамсантып кептің күйдірген ішін.
Өзге емес дүние-ай. өзіңнің тіпті
Болады-ау жақсы көрген бір түсің
Өмірге солай келгенің үшін,
Көп көзге ләззат бергенің үшін.
Өкінішке орай, бұл уақыт сенен
Өзгертіп бәрін алады-ау өшін.
Толып бір тасып төгілмес көңіл
Жоқ әсте, бастан ететін небір
Жақсы-жаманның қарымы болад,
Есесін алмай өтпейді өмір.
АЖУА ЕРІККЕН ЕЛГЕ
Ажуа еріккен елге,
Күлкі мол сен тұрған жерде.
Сылдыр сөз су болып аққан
Жазушы атанып сен де
Жүрсің-ау бейдауа пенде.
* * *
ТАЛЫС ҚҰЛАҚ БІТЕДІ САҢЫРАУҒА
Талыс құлақ бітеді саңырауға,
Жыбырласа ерінің қалдың дауға.
Өкшесіне абайсыз тисе аяғың
Өзің қашқан машаяқ,
Басың сауға...
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
Абай
ҚЫРАН ҚЫРЫМНАН КӨРЕДІ
Қыран қырымнан көреді,
Бірақ ол көрегенмін демейді.
Еліктен сымбатты өтпейді,
Бірақ ол сұлумын демейді.
Олар үндемейді,
Ой мен тіл бітпеген соң не дейді! Адам!
Адам тәуірді таниды, парықтайды,
Ойлайды,
Сөйлейді,
Қиялдап шарықтайды,
Көргеніне бойлайды,
Әбден анықтайды.
Әттең, ол пәндә...
Кейде әділ айтып, дәл танытпайды.
Осыдан
Жетесіз де желік туады,
«Мен!» — деп көкірек ұрады...
Көп бәрін көріп тұрады,
Бағасын беріп тұрады.
Күбірлейді күншіл,
Бола қалып шыншыл.
КӨП ПЕНЕН ДӨП
Тұз қатпасаң, татымсыз,
Төбетің соққан тамағың.
Көп қатын көрші тағы оны,
Кіржие қалсын қабағың.
Аз болса, дәмді дей алмай,
Көп болса, асап жей алмай,
Асыңа алдағы тоя алмай,
Жемей тағы қоя алмай,
Қалпыңды көрші, ой Алла-ай!
Әсіре көптің осылай
Татымсыз келер шағы бар,
Аздың мерей есіріп,
Алары абырой тағы бар.
Көп қорқытып дейді ғой
Тереңге түпсіз батырар.
Дегенінен де әр көптің
Көңілден шығар сәті бар.
Мөлшері бар, мәні бар.
Оны бірге татымас
Көптің қандай сәні бар?
Дөпке тәнті емес кім,
Дөп болғанға не жетсін.
* * *
ДҮНИЕ КЕҢ, АЯУЛЫМ, БҰЛҒАҚТА ДА
Дүние кең, аяулым, бұлғақта да,
Жүр осылай өлеңмен сыр бапта да.
Ақынның тек спортшы емесін ұқ,
Кейін қарай өзгені шынтақтама.
Көзге көлгір тақуа болғансыма,
Тағдыр талқы тартады жалғаншыға.
Дүние ісі кетпейді ақиретке
Өкінесің келгенде алдан шыға.
Бар кінәні аударма арамға құр
Тізгініңді бір мезет адалға бұр.
Бірге мыңды қосақтап құрбан етпе,
Айналаңда жаны пәк адамдар жүр.
Көз жіберсең көрерсің маңайыңа,
Биік тұрар адалдық талайы да.
Ар алдына ақжарқын бару үшін
Үңілгейсің өз ішкі сарайыңа.
АБАЙЛА ДЕСЕ, АШЫНЫП
Абайла десе, ашынып,
«Ал, әйда!» — десе, тасисың.
Қылығыңды қаз қойса,
Желкенді ғана қасисың.
Тоқыранның тәубесі,
Талайғы берген уәдең.
Күйкі күй кімнің отбасы,
Сол үйге таныс бұл адам.
ҚАРСЫЛЫҚ ЖОҚ
Қарсылық жоқ,
Сен де ұсын ат сауырын...
Айналаңның асылын тап тәуірін.
Өнер бірақ без емес, бояп сатар,
Сирек қонар дарын ол, тақ, бауырым!
Түлкі болып алдыңнан қағып кетсе,
Бүркіт болып іліп түс әлің жетсе.
Шаршы топқа соларың болмаса егер,
Құр қыжылмен өзіңді ғарып етпе.
ЕМХАНАДА
Іс Пір екен бұл
уақыттан өткен құзырлы?
Жетелеп алыс,
желісі ойдың түзілді
«Керме иық кесір,
бұйырмадың» деп жүретін
Бір досты көріп,
көңілім сонша бұзылды.
Мың шүкір деуші ем
кеткеніме саған бұйырмай,
Мінезін мін ғып
жүретін жарқ-жарқ құйындай.
Кесірден кісі
аулақ жүрмес пе дегенде,
«Көрер ем соны
тағдырдың қымбат сыйындай». -
Деуші еді ол,
сондай дос еді сыйға тұратын.
Сәбидей бейқам
таза еді жаны бұла тым.
Сан сала енер
тізгінін қолына үйіріп,
Талап тұлпарын
тек адалдыққа ғана бұратын.
Өтті ғой оған
өтті ғой
талай уақыт,
Уақыт пұлын, ба
болатын ылғи уақыт.
Білінбей саған
жылымдай жылжып жатып-ақ
Кетпей ме талай
тарпаң мықтыны уатып.
Кетіпті ол кімнің
өмірін көркем көктем ғып,
Мынау дүние
толған бір безер өктемдік
Ертеңге иек артумен,
күту, үмітпен
Арпалыспенен
өзі аз жылдарды өткердік.
Сол бір азамат
жүретін әзіл қайдалап,
Бұлтты білмейтін
болушы еді ашық ай қабақ.
Күндерді сол бір
түсіріп еске күлсек те,
Осы бір сөзін
айта алмай кетті қайталап.
Не бар екен бұл
уақыттан өткен құзырлы?
Жетелеп алыс,
желісі ойдың түзілді
«Қайран жастық» деп
Кенен атаны қайталап,
Жаным жабырқап,
құлазып көңілім бұзылды.
Бөсіп кеттің деспейді.
Сондықтан да қателерін
Ақтарамыз өлген соң.
Суырып ап қабірінен
Сүйреп қайта көмген соң.
Не болмаса
бойдағы бар
Күшін сарқып берген соң,
Енді ғана тыныш жатып,
Тынығар шақ келген соң.
Бұл жайында көрсін сенен
Абайсыз бір үн шығып,
Марғау кетіп, мәңгі бақи
Өтерсің, сен тұншығып...
Айтылған сөз — желден ұшқыр,
Жер түбіне жетеді
Сырыңды алып тек осы жыр
Ғасырды асып кетеді.
* * *
БІР АУЫЗ СӨЗ КЕУДЕМЕ ҚҰЙЫНДЫ АЛЫП
Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып
Кіргізгендей жанымды үйірді анық.
Соқыр,
саңырау,
мылқау боп жүрсең-дағы
Өмір сүру барады қиындалып.
Ал осы сөз дейсің ғой шықты қайдан
Атын естіп айтқанның қалдым қайран.
Ел тағдырын ойлайды деген сабаз
«Анау» ма еді ысқырып өсек жайған.
Пасықтармен маңайын қоршап, орап
«...Изм» — тіркеп өз халқын жауша тонап.
Қулық-сұмдық,
айла-амал,
өтірік-өсек
Жатады екен маңынан қарша борап.
Өтіп жатыр не амал құйғып күнің
Қас-қабағын баққанша биліктінің
Қаза жеткен көп артық шығар, достар,
Күйкілікпен өткенше бүйтіп күнің.
БАҚЫТТЫМЫН ДЕЙСІҢ
Бақыттымын дейсің,
Сенбеймін сөзіңе
Ішіңді көріп тұрмын
Қарап мұң тұнған көзіңе.
Бөгде сыр бермегеніңмен,
Сезімді жерлегеніңмен,
Сеземін кездескен жерде
Қысылып терлегеніңнен...
Әлемдегі халықтарда
Болған не сырбаз,
Ұстамды алыптар да.
Бәрі де жеңілген
Махаббат атты
Ұлы сезімнен
Сен дағы көз жұмасың
Сонау бір қалған кезіңмен,
Сол бір сезіммен
Ешқайда кете алмай өзіңнен.
ЕҢ ҚЫЗЫҚ ӨМІР
Апалап келіп,
Бауырыңа еніп,
Әр қайда жүріп,
Пайдаңды көріп...
Өткелден қиын
Өтіп алған соң,
Мақсатқа әбден
Жетіп алған соң.
Шынтақтап сені
Кейін ысырып,
Бірер сатыға,
Төмен түсіріп,
Кеткісі келеді
Мамықша ұшырып.
Сен де адамсың,
Көнесін бе оған,
Ниетін танып,
Соғасың қорған.
Кер қасқаға ұқсап
Қасарып алып,
Жан күйер көздер
Шоқтайын қарып
Тұрса, мейлің деп
Шықпайсың жолдан.
Осылай жүріп
Тозады көңіл
Тозса көңілін
Тимейді жеңіл.
Әйтсе де аңқау
Адалды адам
Ететін осы
Ең қызық өмір.
ЖЫБЫР СӨЗ
Жыбыр сөз өмірге орнығып
Алғалы, достар-ау қай заман!
Ойласақ, талайға тор болып,
Талайдың бақытын байлаған.
Талайды орманы, орнымен
Жыбыр сөз жер шетіне айдаған.
Талайлар қыршындай кетті ғой
Тереңнен ел қамын ойлаған.
Жыбыр сөз тасыған сұмдарға
Сөзімді шығын деп қараймын.
Жыбырға толтырып маңайын
Тыңдаған құлақты «аяймын».
САҚТАСЫН
Ақыл-көмек алатын,
Шың басына баратын.
Өзі болып алған соң
Аяғыңнан шалатын
Жақыннан құдай сақтасын.
Көлгірсіп келіп табатын
Көмек ап қанат қағатын.
Өзі болып алған соң
Шаян болып шағатын,
Шабаланып қабатын
Достықтан құдай сақтасын.
Елім деп судай ағатын,
Шыңға солай баратын.
Өзінен өзге қадамды
Қақпан болып қабатын
Бастықтан құдай сақтасын.
ҰСАҚ
Дейміз ғой керегі не ұсақталып,
Ұсақтар да қадамды тұсап қалып.
Жатады
Торы сынды өрмекшінің
Жалбыраған жалбысқа құсап барып.
Өсіріп өз маңайын құшаққа алу,
Әдейі өзгелерді тұсап қалу.
Татымды ірілерді ұсақтатып,
Молайды ірі тұрып ұсақталу.
Боламыз ұсақ қой деп ескермеген,
Төземіз әрекетке көш көрмеген.
Тамшы да тас жарады, із қалады,
Ұсақ ұшып көңілден кешкенменен.
«Ашыққаннан құныққан жаман».
(Халық мақалы)
ТОҒЫЗ АЙТ, ТІПТІ ТОҚСАН АЙТ
Тоғыз айт, тіпті тоқсан айт
Жоқ па деймін мұны ұққан.
Мода қуған «жалаңаш»,
Бой түзеген «аштар» жүр
Жүзіп ішіп тұнықтан.
Бар қайғысы — мансабы,
Барлық қамы — лауазым,
Соның үшін көрмедік
Қайда болсын дау азын.
Бір-біріне тосқауыл
Сылтау тауып, сынықтан,
Жаман дейді ұқпаймыз
«Ашыққаннан құныққан.»
ҰЯ БҰЗҒАН ҰТЫЛАДЫ
Етектен бірін-бірі басқан қауым,
Айтпайсың не екенін ашып дауын.
Бәрібір ел біледі,
таластарың —
Әрқайсың өз тобыңмен шығар тауың.
Сендердің шеккен бұдан зияның жоқ,
Болған соң — «ай» дер ажа тиярың жоқ.
Іс ақсап, шыбындар жүр босқа сорлап,
Ойланар кезің жетті-ау, зиялы топ!
Үлгі ме жеңіп алу жігіт бағы,
Таразы болмас па бір істің ағы.
Біз демей, мен дей берсең,
нар жолында
Жүк қалып,
сынады ғой халық сананы
Қай жаққа бұрмақсыңдар қауым көшін?
Айтамын мәймөңкелеп, жауып несін!
«Көш келіп Қаратаудан, тұлпар бос кеп»
Жатқандай шығардыңдар көптің есін.
Әсте де олай емес, құр бос егес,
Биік деп таласқаның жәй бір дөңес.
Алмайсың біле тұра қаперіңе,
Бағынды көтеретін ол ғана емес.
Жоқтай бір еліңе өзге пайдалы ісің,
Дау еттің ширек ғасыр,
қай намысың
Қалып еді аяқ асты, қыран болып
Шолатын бауырларым, қайда алысың?
Бабалар ойлантпас па өсиеті,
Ісінде шын азамат қасиеті!
Алыптар тобы қайда?
Тағдыры оның
Болмап па еді, халқымыздың қасіреті!
Кеп жүр ме сол тағдырды қайталағың?
Қайсыңа жетпей жатыр бай танабың?
Береке — бірлік түбі,
ұя бұзған
Ұтылады,
жөн бауырлар байқағаның.
Ісіңе дос табалап, дұшпан күлед,
Халықтан әрі бұйрық, әрі тілек:
Татулас қамшыларыңды ауыстырып,
Жаңарып,
жарқырап шық,
қайта түлеп!
ПӘНДАЛЫҚ
Себебі мың ауыр мұң
Үйір болды жастайын.
Жан сыздатады әлі күн
Бүйректегі тастайын.
Қанағаттан тәубәдан
Аттап әрі аспайын,
Мұңға қарай аяқты
Десең дағы баспайын,
Талап тыным бермейді
Үміт тұрады қасқайып,
Әрекетсіз тірлік тұл,
Қайда апарып тастайын!
Өмір — күрес тынымсыз,
Онысыз бел аспайсың,
Күрес — жеңу, жеңілу,
Құтқармайды, қашпайсың.
Жеңу — шаттық, жеңілсең
Мұң жоқ келіп баспайтын.
Ұзақ күндер өтеді,
Қабағыңды ашпайтын.
Көңіл жүйрік көк дөнен
Тұяғы жер баспайтын,
Жығылсаң жер көтеріп,
Бәрін қайта бастайсың.
Шөгір емес табанда,
Қолмен жұлып тастайтын
Бойындағы пәндалық
Қор ғып бағынды ашпайтын.
Ең үлкені күрестің
Пәндалықпен болса ғой
«Мен» жеңіліп, бойыңа
«Біз» көп қоңсы қонса ғой.
Өткінші бұл дүниенің бәрі де,
Шуағы да, ызғары да, зәрі де.
Баянды дер тауып көрші құбылыс,
Ең арысы уақыттың кәрі де.
Патша дейміз!
өтті, өзімен не алды?
Мирас болып өз басынан не қалды?
Адамынан жақсы деген сөз қалды,
Наданының ізі-түзі жоғалды.
Кейбірінің өлген соң ізі ашылып,
Сұмдықтары бойыңнан қан қашырып,
Ұғындырды мына пәни дүниеде
Еш нәрсені болмайтынын жасырып.
Мақтау сөзді бірінен-бірі асырып,
Айттым демей көп алдында асылық...
Бәріне де кінәлі өзі адамдар,
Құлай кетіп, мәнсап көрсе бас ұрып.
Мәнсабы бар кім болса да данышпан,
Онда мін жоқ, түскен келіп ғарыштан.
Жапырылып айнымаймыз қамыстан,
О, адамдар, қамыстыққа намыстан!
Алшаңдап аяқ
Шық басып жүрген соң
Барып,
кейбірі
Қырымнан шалып,
Әрнені түйсініп,
Білген соң танып,
Ата-ана қалады екен
Шақырып келтіре алмай
налып.
Заңдылық?
Бар да, жоқ мұнда...
Сөзімді бұрып,
Шығарма насыр.
Бәрі аралас...
Аталған ералаш
Бұл — үйренгіш
күйге енгіш
Достым, жиырмасыншы ғасыр!
* * *
Ұлтым десем шығасың саққа жорып,
Бейкүнәға күйені жақпа, қорық...
Мен намысын жоқтасам несі айып,
Көл жағасын жүрмей ме қызғыш қорып!
Қызғыш құрлы болмасам, бұл өмірге
Неге келдім сол ұлттың қызы болып?
Әр көлдің өз қызғышы болмай ма екен
Жүретұғын ен жайлап, еркін қонып!
Мен басымнан не өттім білемісің?
Көтере алмай салмағын тіреуішім
Сынып,
шаңырақ шайқалып түскен талай,
Табылмаған тірі жан сүйеу үшін.
Сан асудан бірге асқам жол ұшқасып,
Қан майданға да кіргем қол ұстасып.
Қара орманын Сібірдің Надеждамен
Бірге кешкем айтам деп ойымды ашық.
Кей ұғыммен кезінде майдан ашып,
Бас қойғанмын құдама айдан ашық.
Оң аяқпен кір дегем келініме,
Жүрегімнің есігін айқара ашып.
Ғасыр асты,
көргеміз жоқ еш шай деп,
Жапсырмағың әкеліп маған қай кеп?
Шикіл сары, көзі кек немеремнің
Атын қойдым кәдімгі Қойшыбай деп.
Тырнағымның астынан кір іздеме,
Біздің достық, емес қой круиз кеме.
Байтақ далам ризық жүз ұлтқа
Сылтауратып сен жоқты кіржіңдеме!
* * *
Сенбей тұрам,
Ешкімге де сенбеймін.
Скептик деп кінәләсаң сен,
мейлің.
Кіршігі жоқ сәби көңіл менде де
Кең даламдай болатұғын кең пейілім.
Опасыздық көріп бақтым өмірде
Сары аязда қарылғандай темірге.
Сенгіштіктен сергелдеңге сан түскем,
Қайтпек күдік ұяламай көңілге.
Адам алуан түрлілігін сонда ұққам.
Секемшіл де, күмәншілмін сондықтан.
Шорт үзіліп аңқаулықтың арқаны,
Үміт сағы сынып, күдік орныққан.
Ілгері әман
Жетелеп жеткіздің
Тәнтімін,
Әттең
Қандай құзырмен
Кәрі құлдырап,
Түсті бағаң?
Бақыт та нәсіп,
Аспан да ашық.
Шуылдақ басып...
Асылың жасық
Болды,
маңайың
Баяғы машық:
Гу-гу сөз, айтыс,
«Иә-ау бұл қай тұс?
Ол түс та бұл түс...»
Өзендей тасып,
Қара боп әппақ
Ақ болды қара.
Қарғалар қаптап,
Айнала — нала.
Кешегі сара жол
Қайда?
Қара!
Дал болды сана,
Бұған не шара!
* * *
Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде,
Мұңлының шырақ жаққан жүрегінде.
Көксейсің күндеріңді қайран көңіл,
Ойлама оралмасты құр егілме.
Баянсыз құбылмалы өмір нарқын
Дөп басып берген айтып туған халқың.
Маған күліп, саған, күңіреніп,
Күнәсі бар қай жайсаң, қандай жалқың.
Жақсыңды айтшы тауы шағылмаған,
Жыбырлап құрт-құмырсқа жабылмаған...
Көп дейміз,
көп бір толқын дауыл соқса,
Туынды көтеруге табылмаған.
Ойласаң өзің де сол көптің бірі,
Баянсыз басында бақ — қолдың кірі.
Дәм біткен күні көппен теңелесің,
Бауырым қанша биік болсаңда ірі.
* * *
Алаулап аппақ сәулесі шайып маңайды,
Батар күннің арайы қызыл тарайды
Біртіндеп күрең көлеңке жапқан қою түн,
Ақтанды күтеді ағарып атқан арайлы.
Осыған ұқсас адамның кейбір сәттері,
Әсте бұрылып жылжымайды ол бір сәт кері.
Құбылғыш өмір құйыны қуған кезде тек,
Адасып ақыл шығады әптер-тәптері.
КҮРТІ
Күрті!
Сары қамыс.
Басында үлпілдек сары мамық үкі.
Сары құм,
Сексеуілді сортаң
Екен де қазақтың бұл да бір,
Ғажайып киелі, түйелі жұрты.
Маңғаз нар
Мамырлап маң басқан,
Жібектей шудасын шаң басқан
Нар ніл,
Нар тайлақ,
Нар іңген
Шұбала жайылып
Қырлардан алды асқан.
Асфальт жол...
Зырлайды машина
Көзімнен сан сурет ауысты.
Көңілім кезіп кең даламды,
Қиялым аралап тауысты.
Сәнді көш...
Түйелер тізбегі...
Аян сыр жүректе...
Алау таң жүздегі...
Сәйгүлік Су жорға
Шолпының сыңғыры таныс-ты
Ән болып менің тар кеудемде
Замандар,
Адамдар қауышты.
ЛЕНИНГРАД
Сенде туып өспесем де,
Етпесем де сені тұрақ
Кең даламдай жатқан жырақ,
Сүйіктісің, Ленинград!
Октябрьдің бесігі деп,
Ән төгілтіп, өлең құрап,
Жүрегімнен мәңгі тұрақ
Бергенім хақ, Ленинград!
Аврораның гүрсілінен
Оянғалы өлкем жырақ,
Қауыштық та ниет құрап,
Бауырластық, Ленинград!
Елім өсті жерім гүлдеп,
Шұғылаңнан сенің нұр ап.
Сусындадым білім — бұлақ
Болдың маған, Ленинград!
Aт сауырын ұсындың сан
Соңыңа ердім үлгің ұнап.
Ленин жаққан сөнбес шырақ,
Сен алдымда, Ленинград!
Жамбыл жыры жігер шындап,
Көзін тікті әлем сынап
Гранит боп қалдың шыдап,
Мызғымадың, Ленинград!
Сен ақиқат күрескері,
Шежіресің көне құлақ.
Келер саған талай ұрпақ,
Білер мәнін сенен сұрап
Ленинград, Ленинград!
* * *
ӘЙЕЛ ДЕЙСІҢ ОСАЛСЫНЫП
Әйел дейсің осалсынып,
Көңілің жұбап құр алдайсың.
Өзің және сол әйелсіз,
Бір күн өмір сүре алмайсың.
Тіліңнің бар уын төкпей,
Ажуа етпей жүре алмайсың.
Әйел тілі батып кетсе,
Отқа түскен жыландайсың.
Сөзің дәмі келмейтіндей,
Онсыз кеңес құра алмайсың.
Осыныңмен сен де әйелге
Жатқа білген құрандайсың,
Күні өткен құралдайсың.
Сен-ақ сөйле
мынау ұлы ел атынан,
Самалды тау, сахара жер атынан.
Мен ерекше атақ-даңқ бүркенбей-ақ
Қара халық арасын ала тұрам.
Аласа ма,
биік пе өз дауысым,
Көң шоқыған көп қарға арасында
Қырғи болып демеймін дара тұрам.
Менің үшін ұлы жоқ, биік те жоқ
Туған халқым ұсынған санатынан.
ЯПЫР-АЙ, ҚАСКӨЙ ТАҒДЫР-АЙ
Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай,
Қандай еді салмағың.
Алысып бақтым,
Деп саған көнсем бе?
Түспей жүретін еңсем де,
Түлкідей сайқал
Сан құбылып келсең де
Қайсарлық қылып,
Жеңдірмен деп жүрсем де
Қайсыбір сәтте
Ішім жылып,
Сыртым күлсем де,
Мойымай тұрып,
Қасқайып,
Қасіретіңе көнсем де
Түбінде бәрін жеңсем де,
Қалмады шарам,
Келмеді шамам,
Бір мұрагер жанашыр
Қолымнан жасай алмадым,
Әйел ғып жараттың,
Тірлікке шақырдың,
(Бүгін сездім шын пақырмын).
Бірақ сен мені алдадың.
Жеңілдім.
Мықты екен қармағың,
Езді салмағың,
Бүгін мойындап
Айтпай қала алмадым.
ШАШУЫМ - ӘНІМ МЕН ЖЫРЫМ
1
Малға да, малы барға бас ұрмаған,
Кедейлік қасіретіне жасымаған.
Өмірге өзі шашу болып келіп,
Шашу боп өткен қандай асыл анам!
Жақсылық, қуанышқа шашу деген —
Қырандай аймағына шашып жеген
Халқымның үрдісі бар
Ел бағына
Баласа,
қарсы алатын шашуменен.
Есімін соған балап шашу қойған
Болар-ау
тұлғасынан, тұла бойдан
Күткен ғой үлкен үміт ата-ана
Жоралғы жақсылыққа деген ойдан.
Болғанын жарым ырыс жақсы тілек,
Өскенін жарлы байып, жастың түлеп
Таныдық,
Қошқарбайдың Шашубайы
Өнердің туын ұстап шыққан үдеп.
Тізгінін алуан өнер тең ұстаған,
Дегізген пай не қылған келісті адам.
Өмірге өнер сеуіп, думандатып,
Халқының бақытымен тыныстаған.
Сексеннің жетеуіне жасы барған,
Әркімге өлмес өнер-асыл арман.
Орны бар тірілердің қатарында,
Болар ма дәл осындай ғасыл арман.
Ұрпағы тұрса аман ұнаған жыр,
Шашекең енерінен құлаған нұр
Бүгінге ғасыр асып келіп тұрса,
Сенемін жасайтынын мыңдаған жыл.
2
Балқашта ас берілмек Шашубайға
Деген соң толқып көңіл тасымай ма!
Ас пен той салтанатты ел мәресі
Саңлақтар сайыс құрар осындайда.
Сан арман сан жүректе ғасыл жайға
Кездесіп,
Өнер көзі ашылмай ма!
Шын ақын дуда қызар ол да тұлпар,
Дүбірге тұлпар туған қосылмай ма.
Тұлпардан тұлпар өнер асырмай ма,
Шын әнші әні айға асылмай ма.
Киелі жыр қонғаны рас болса,
Тойда жыр інжу болып шашылмай ма.
Ендеше шалқы шабыт арындашы,
Ақынның ақын болар дарындысы
Халқының аруағын арқалаған
Мен дағы Шашубайдың қарындасы.
Қалайша тізгін тежеп тұрамын жай,
Шашекем байтақ елдің ұранындай.
Үн қос деп аруағы алып келді
Төгіл деп тасқынды жыр бұлағындай.
Той даңқы шабысындай бала кердің,
Жеткен соң жазушы-ақынды ала келдім.
Шашуым ән мен жырым ағайындар
Құбылтып «Ақ қайыңға» сала келдім.
Қабыл ал, жұртым тойың тойға ұлассын,
Шашекем сырнайындай жай құлашың.
Саршыған аунап түсіп, тоқырауындай
Толқыған ән, жыр, күйің айға ұлассын.
Аспандат қазақ жырын, шырқат кәні,
Толқысын «Тоқырауын
ырғақтары»
Әнші де ақын халық аты шыққан
Қайдасың!? Шық Шашекемнің ұрпақтары!
ДАРҚАНДЫҚ ТОЙЫ
Оралды наурыз араңа
Жақсылық басы сана да,
Мәнісін, жұртым, сарала,
Қосылар көп нәр санаңа.
Тілектер игі тілейтін,
Наурыз — нұрлы жыл басы.
Тазарып жаның түлейтін,
Дарқандық дәстүр жалғасы.
Береке-бірлік, достыққа
Мереке наурыз үндейді.
Ынтымақ сен де қос, құпта,
Өзгеріп өмір гүлдейді.
Қайырым, ізгі мейірім
Әмісе тізе бүкпесін.
Кеңейтіп адам пейілін
Көңіліне қынжыл іркпесін.
Балауса көктем бұралып,
Жаудырап наурыз тұр тұнып.
Жаңадан жаның нұр алып
Жасара берсін құлпырып.
Бақ-талай, жұртым, тілеймін,
Наурызға наурыз ұлассын.
Ұрпағың өсіп,мерейің
Тасытып, биік шың ассын.
КӨКТЕМДЕ
Тау күліп, тас мажырап,
Манаурап нұр тұнады.
Ақ алмас күннен құлай
Шашырап құлпырады.
Үлбіреп жұпар дала
Тағады гүл тұмарын.
Бұлбұл гүлге ұмтылады
Тынбайды жыр құмар үн.
Ие боп жүрегіне
Білмедім кім тұрарын.
ОТАНДАСЫМА
Жат жерде жүрген,
боздаған бота бауырым,
Түсінемін мен,
жүректе жараң ауырын.
Отанда отыр демесең,
Күйім артық па
Ұсына алмаған
Тізгінім аттың сауырын.
Қорланып бәрін
Күйініп еске аламын,
Сыздатып жанды
жүректе терең нала, мұң...
Шарасыздықтан
Шерменде күйді
бақсының
Қобызы сынды
Сарнатып гөй-гөй саламын.
БАС ТАРТАЙЫҚ АТОМНАН
Талықсыды, талды әбден ел ана,
Қинады дер болсаңыздар не ғана:
Жөргегінде үзілер ме жұлыны
Дүниеге келмей жатып «Невада!»
Үміт артып, арман құсын халық боп,
Ұшырғаны кеше әлемге анық боп...
Қызыр болып жет дегенбіз көмекке
Мәңгі сөнбей маздайтұғын жарық боп.
Балта ұрған кім осы ақ тілекке?
Қайта қамар болған түпсіз түнекке?
Қансыратып халықтың хас арманын,
Қанжар салған кім жаралы жүрекке!
Ел боп сенген, ҚЫЗЫЛ ЖАҒА, ағайын,
Ар алдында жүгініске бағайын.
Кім берді айт,
кімнен келген жарлық бұл?
Жарылыстан жан ұшырды маңайын.
Жетпеді ме мынау халық шеккен зар?
Екі сөйлеу әдет болып кеткен бе ар!
Ядролық молайтпайық қаруды, —
Деп кеше біз салмап па едік елге жар!
Heгe бүгін қайттық осы ниеттен?
Өмір берген қай құдай?
Қай би өктем?
Қорлау, ойнау тағдырымен халықтың
Етті езіп, өтіп болды сүйектен!
Айт халыққа!
Шықпай қалды неге үнің?
Түп төркінін аш, жарылыс тегінің! .
Ай аман, күн орнында тұрғанда,
Неге кием ХИРОСИМА кебінін!
Дәл он бес жыл жүрген ашық жарылыс,
Деген сөз бе мынау удан қанып іш!
Невада ашып бермегенде білмес те ек,
Неге өткердің бар зиянын танып іс?
Естігенде жұрт ұстады жағасын,
Жел бағытын бақылайсың, бағасың...
Көпке қанық осынау бір жат сырдан
Ақталасың, кәне қалай танасын?
Екі-үш айға жібермедің арасын,
Қайта жардың тырнап халық жарасын.
Невада ашып бермегенде, білмес те ек
Бой көтерген Курчатовтың қаласын!
Бейбіт күнді фашизммен күресте
Жеңіп алған кешегі ауыр күн есте.
Берлинді алып қайтқан абзал азамат,
Ақ қан болып көз жұмды, алды кім еске
Ар алдына кел!
Халыққа барды ақтар!
Қашанғы жұрт шеге бермек бейбақ хал?
Он екіде бір гүлі бүр ашпастан,
Неге өлімге қиды өзін боздақтар?
Жылау керек неге жесір қалып жар?
Жылау керек неге ана қағып зар?
Сәуле тиіп, жарымжан боп жас сәби,
Қиналғанын көтереді неғып ар?
Тозған бездей Деңгелеңнің бауыры,
Тұнжыраулы ұлы Абай ауылы.
Сері бөкен, кербез киік қалмаған,
Құлазыған қарт Шыңғыстың сауыры.
«Сарыөзек» жатыр ол бір бүйірде,
Сыры жұмбақ айналып зәр түйінге.
Еуропа асып кеп ракета қабығын
Жою керек неге Алматы түбінде?!
Балқаш пенен Арал анау айдыны
Семіп елге қоса түскен қайғыны,
Кім ойлайды?
Кім ойлайды, жарандар,
Жер шеңберден шығып кетер қай күні?!
Ай аман, күн есенінде осынау
Жау жеттілеп... Қайсы, кәне, тосын жау?
Сынақпенен қоса сынап төзімін
Керек болар қалың жұртты басынбау!
Бізге де аян Отан деген не екені,
Тағдыры оның халықпен бір бөтені
Болмайды әсте, бірге соққан жүрегі
Қазақ жері жүз ұлттың мекені!
Сөйлеп тұрмын мен сол халық атынан,
Бүкіл Әлем, бас тартайық атомнан!
Қауіпсіз жол тауып Отан қорғайық
Ілгері бас, «Невада — Семей», батылдан!
СІЛКІНШІ
Аяушы ем, білдірмеуші ем,
Жырға мұң шаққанында,
Қандым деп бұл өмірдің
Ашылмас
ақ боран, ақпанында.
Жансая дүниеде
Тек жырдан тапқанында,
Көмілген күз бұлтына
Ай сынды
мұңлы ойға батқанында,
Алыс бір оқшау қалған
Жұлдыздай
құлдырап аққанында.
Тоқырап саят өмір
Есігін жапқанында.
Қателік...
сыр...
кейіс-мұң...
Жуытпай ақ жаныңа,
Ашылшы ақтарыла
Сілкінші.
Тұр, сырласым,
Көкірек ән шырқасын,
Сұлу жыр сыңғырласын,
Бар әлем құлақ тігіп,
Өзіңді бір тыңдасын.
Өкініш өртеп ішін,
Мұңайтқан тағдыр сені
Төпелеп ұрсын басын.
ҚАРЫЗҒА...
Сұрадың, қарыз дедің,
Жәрдемді парыз дедім...
Ол сәтте мен ғажайып
Ақын ем, нағыз едім.
Енді өзім қайта аларда,
Кең дүние шайқалар ма!
Әуе айна, жер тебіңгі,
Ақындық менен байқалар ма.
Даттауға шара іздедің,
Бойымнан ар іздедің.
Серт қылдым, «Енді ешкімге
Бермеспін қарыз» дедім.
* * *
Мұңға мың себеп бар,
Кей-кейде дүние тар
Көрініп, көңілің жүдеп
Қағады жүрегің зар.
Маңып жоқ'болғың келген
Бауырым, болады хал.
* * *
Жүрек, шіркін, тәріздісің
Тарау-тарау жол торабы.
Сезім баурар магнитсің,
Бәрі саған жол салады.
Армандар бар әлем толы,
Саған ерем жетсе дейтін,
Сезімдерге дәнекер боп,
Мәңгіге алып кетсе дейтін.
* * *
Жүрегіңді зар жайласа,
Дәмі болмас бал шайнасаң.
Затқа айналып көз жұмарсың,
Тек дүниеге қарайласаң.
Қарынын аш, қабағың ток,
Жүзің жарқын ар ойласаң.
ҚАЖЫДЫМ
«Жалғыздың үні,
Жаяудың шаңы
Шықпайды» деген
Мақалдың мәні
Басымнан өтті,
Қажыдым әбден,
Өмірдің мынау
Жоқ сынды сәні.
Сүйеуші де жоқ,
Демеуші де жоқ.
Өзіме сеніп,
Еңбегіме тек,
Келемін ылғи
Ұмтылып өрге,
Бастырмас алға
Бөгетім де көп.
Көре алмай мені
Құл етпек дұшпан,
Өлімге қияр
Жек көретін де көп.
Қоярым қарсы
Ар, намыс, ұждан
Қос қолым ғана
Беретін көмек.
ДАУЫЛ БОЛ, ҰЙТҚЬІ
Дауыл бол, ұйтқы,
Нөсер бол, құйыл,
Сел болып жүйткі
тіліңмен
Бұлт болып жөңкіп,
Жасын боп құла,
Ығыспан қорқып
біріңнен.
Кел болып ажал
Алқымнан алар,
Найза боп қадал
жүректен.
Алармын күтіп,
Налыман әсте
Қабағым шытып
жүдеп мен.
Өзіңше таусың,
Төмпешік сорлы
Айлалы жаусың
аямас.
Жау ісі жанжал
Қапынды аңдыр
Қай күні қанжар
таямас.
Іздесең құн қол
Өз маңайында,
Сонардай оң-сол
жатқан із.
Ішіңнен күйіп,
Бересің сайқал
Өтірік ұйып
жатқа жүз.
Мұқалған қалам,
Дүмбілез ғалым
Өлімге адам
қиятын
Өз атын әңгі
Шақырған көкек
Жоғалтқан мәңгі
ұятын.
* * *
Қиындық жоқ өмірде мен көрмеген,
Бірін жеңсем, біріне мән бермегем.
Үгітілмей,
жаншылмай,
қара тас боп
Қатқан талай ауырға әл келмеген.
Ондай сәтте «бас кессең, тіл кеспек жоқ»,
Ойып түсер күйдіріп боламын шоқ.
Мінездердің табамын не түрлісін
Мейірімсізбін жалынсаң, обалым жоқ.
Бұл орныққан бірге кеп жетімдікпен,
Сан алданған үміттер жетім күткен...
Ар-намыс — тек әміршім табынарым,
Сүтіменен анамның бірге біткен.
НАЗА
«Ізгілер» күндеп мені қақпайлаған,
Найза ұшы, оқ аузына тақ байлаған.
Ісіңе өкінбеймін өмір уын
Бұйырып тұрса қалай татпайды адам.
Қазақтың бір қызы едім ортаңдағы,
Жазылмас жараң боппын қолқаңдағы.
Жабылып қара жасақ қалтарыстан
Қурайдай сындырмақсың сортаңдағы.
Ақындар қашан оңай жол таңдады?
Өмірден қай үлесін мол қармады?
Өнердің бұрын-сонды тағдыры осы,
Алдында талай шоқпар шолтаңдады.
Қырсыққа, қисық жолға бастамаған,
Өтер ме ұлы Абайдан асқан адам!
Қасақы, қаскөй топ қара шоқпар,
Оны да қай тозаққа тастамаған.
Біржан сал, Мәди, Ақан, Қанапия
Тауып па бұл өмірден жаннат ұя!
Жапалақ жарға, бақа басқа шығып,
Болыпты асу бермес қара қия!
Бұларға жауыққандар надан еді,
Белгілі арғы-бергі надан кебі.
Менімен қастасқандар бүгінгінің
Атақты «зиялысы, тамам бегі».
Алыптар тобы сонау жақсың қайда?
Болып еді қандай күйде, қандай жайда?
Қыршыннан қиған сендей қасақы топ,
Күтем бе келеді деп маған майда.
Соларға жұтқызған соң өмір уын,
Шығандап биікте тұр бүгін туың.
Дәлелдеп шықтың тағы машығыңды,
Төресін айтар әділ келер буын.
* * *
Мұңсыз жан жаралмас та,
Адамнан адам басқа.
Көк жойқын теңіз-көлшік,
Көңілі, көзі ашқа.
Сөз зая малға досқа,
Сен оны жанға қоспа.
Елеп іс-әрекетін,
Иінді мұңға тоспа.
Кінәм — сөзіңді кектегенім,
Әулие етпегенім,
Майшелпек болып, сенің,
Өңешіңнен өтпегенім.
Жасымды төкпегенім,
Өскенім, көктегенім,
Түшкіргеніңе жәрәкім Алла деп,
Ол — сенің мақсатқа жетпегенің.
Қанжығаңда кетпегенім.
Өзгеге көрсеткен қорлығың,
Қастығың, зымиян зорлығың —
Дерт болып бойыңды жайлады,
Қарға адым жер саған болды мұң.
Жағалап көрмеген ар елін,
Ниетін не қылған қара едің!
Тағдырыңнан ғибрат алмаған,
Не қылған бейдауа жан едің!
Өзге жан демейсің көгерсін,
Табуға қастық, пай, шеберсің!
Әлемде зұлымдық бар болса,
Өзісің, өзгеше не дерсін!
* * *
О, дүние!
Азамат берген уәде
Тәуліктен аспайтын болды.
Екі айтып, екі сөйледім-ау деп
Ол әсте саспайтын болды.
Аймақтан алар ғибрат жоқ,
Талпынған сана қоспайтын болды.
Адамгершілік бұл күнде
Ақшасыз аяқ баспайтын болды.
Қоғамдасын қолдайды,
Қауыммен қатар басқанға дейін.
Әріптесің қолдайды,
Өзімен қатарласқанға дейін.
Бұдан соң,
Бәрі жасқауға бейім,
Іздейсің, достым,
Бас сауға кейін.
Арғы да бергі өмірден
Тап өнер мәңгі көмілген.
Сен мені жерлеп қойсаң да,
Ән-жыр боп өтем өмірден.
Қарғалардың арасында
Бұлбұл сайрап әні болмас.
Көлсіз жерде шаңқылдаған
Шағаланың сәні болмас.
Топас, тобыр арасында
Ақын сөйлеп мәні болмас.
Ақымақтар арасында
Ақыл сөйлеп ары қалмас.
Жүрегіңді зар жайласа,
Жеген балдың дәмі болмас.
* * *
Шүкіршілік, атамай ерке қатын.
«Еркек қатын» әйгілеп берген атың.
Әйел болып тұрып-ақ қабылдайын
Өзің берсең мойындап еркек атын.
Жәрәкім Алла демедім,
Қалғанында түшкіріп.
Сонан бері дәмелім
Қояды сыздап ысқырып.
Қысыла алман қыс болып
Шықсаң да бір күн үскіріп.
* * *
Көріп жүрсің жанымда
Алаулаған шоқ барын.
Бірақ сенің сілтеген
Бола алмаймын шоқпарың.
* * *
Әркімде бар-ау
Арман.
Ілгері жетелейтін
Һаман,
Тек соның
Жаман.
Жол тапқыш,
пысықтарға ілесіп
Төтелейтіні,
Биікке шығып алған соң.
Халықтың үмітін
Өтемейтіні.
Жапалақтар жиналып
Кінә такты бұлбұлға:
Сайраудан бір талмайсың,
Алдыңа құс салмайсың.
Даусың бір, япыр-ау
Қарлығып неге қалмайсың!
Көзге тікен боп кірмей,
Көктөбенің бауырына
Мәңгіге неге бармайсың?
* * *
Айтыстың, аянбадың,
Айтшы не өндіре алдың?
Жамандап жаныңды салдың,
Кімді оған сендіре алдың?
Әккілік айла, амалыңмен
Биіктің бәрін де алдың,
Тек адамдық биігі бұйырмай,
Қауымнан ала аяқ ат алған
Сол жексұрын күйінде қалдың.
* * *
Жақсылық
Кімге мәңгі тұрақтаған,
Жамандық
Өзі тілеп, сұрап па адам!
Болған соң, қиюласып ауысад та,
Арасы екеуінің бір-ақ қадам.
* * *
О, адамдар. жүрегі, жаны ғажап,
Ізгілікпен андарды да емдеп жазад!
Тағыны да аяйсың, өз бауырыңа
Ұсынарың жаным-ау, неге азап?
Неге қимай біріне бір жақсылық
Кедергісің, кезіксе бір жақсы үміт?
Биіктікті бір саты қия алмай,
Ойлайтының өзара тек қас қылық?
Қалай ғажап, достар-ау, бұл Орталық,
Біреулерді толтырып, бірді орта ғып...
Кеше онда барған, бүгін данышпан,
Үйренесің нұсқау алып, жол танып...
Қалай ғажап Орталықта күш деген.
Тер төкпеске атақ-даңқты үстеген.
Өлі-тірі түгел сонда сортталып,
Құнды-құнсыз бәрін сонда түстеген.
Обыр ындының жемейсің.
Сыртың құр жаңа
Өзіңді өзің,
Биік тұлғаға, теңейсің,
Ішің нас, лас,
Жатқан ескілік
Құлжа емес рас кенейсің.
* * *
Халық мәтел қалт айтпайды.
Тек мәніне жету бар.
Адамдыққа, адалдыққа
Азбас басшы ету бар.
* * *
Наз айтасың ақтарылып,
Дұшпан күліп, дос тыңдайды.
Ой туындап, жүрек баурап,
Көктей қаулап еш тынбайды.
Әділеттен күдер үзген
Үміт өзекті осқылайды,
Ақырында жаныңды езген,
Шер үстіне қостың қайғы.
* * *
Өшпейтін от жоқ,
Өлмейтін ер жоқ
Жұмыр бас пәнде
Көрмейтін кер жоқ.
Егілме бауырым,
Егілме сел боп.
НАЛА
Торығып кеттім, қалқам,
Мұнымды түсінер кім!
Тұрсынхан жүрген тәрізді
Кірмейтін түсіне елдің
Өмірдің биігінде,
Даңқ, атақ иінінде
Кейіс жоқ қабағында,
Өзгеше күйі мүлде:
Бармайды литфондаға,
Алмайды қарыз сұрап,
Жанында жан жолдасы,
Жүрмейді жалғызсырап.
Қам ойлап жүгіретін
Шиеттей баласы жоқ.
Аяздай қысатұғын
Кәрі ата-анасы жоқ.
Ендеше Тұрсынханның
Жанының жарасы жоқ.
Көйлек көк, тамағы тоқ,
Басында наласы жоқ.
Тұр дейді алақанда
Тынысы жер үстінің.
Осының бәрі де рас,
Сырт көзге келістімін.
Тереңде еш адаммен
Бөліспес кейіс-мұңым...
Түзеуі қолдан келмес
Бар әттең кемістігім:
Тым адал жаралыппын,
Адамға сенгіш-ақпын
Сенгеннің арамдығын,
Лезде сезгіш-ақпын.
Сезгенімді ашық айтам,
Бетіне басып айтам,
Ол ертең қастық етер,
Жау болып мәңгі кетер,
Қапымды табар дағы,
Қақпанын құрар деген
Есептен асып айтам.
Бір тұрып, бірде құлап,
Қуантып, біреуге ұнап,
Біреуді кіжіндіріп...
Бәріне жүрмін шыдап
Осымен күн зымырап
Барады өмір ұзап,
Қаламын кім біледі,
Қай күні мәңгі құлап!
Көктөбені етіп тұрақ.
Күштіні көлгірсіп, алдап.
Күшсізге батырып бармақ.
Келесің бәрін де қармап,
Кезің жоқ, бос шыққан қармақ.
Осынау жәйіңді өзін
Жүресін ісіңмен жарлап.
Бір сұрақ!
Ойың жоқ па бір
Өзіңді ақтара талдап,
Арыңның алдына бармақ?
Жебеушің жебеп,
Қуатты қолдар
Жан-жақтан демеп,
Баянсыз баққа
Оп-оңай шомдың.
Қиынын қайттың
Түсетін жолдың?
* * *
Жақсының қашанда жауы көп,
Сондықтан басында дауы көп.
Күншілдер, жарамсақ, жағымпаз
Шеп құрып жабылар қауым боп.
Адалменен жолдас болсаң,
Жаңылғанда жарастырар.
Жауызбенен жолдас болсаң,
Күн ашықта адастырар.
* * *
Бөтендей бір, біліспеген тосындай...
Ең арысы жиында да осындай
Ұлы-қызы қазекеңнің бүйректей
Бөлінумен жүр бастары қосылмай.
* * *
Дүние-ай, ой жетпесті көз көреді,
Кездейсоқ қиракезік кез келеді.
Жанында жақсы дос боп жүрген жандар
Қас болып аяқ асты өзгереді.
Қоғамға тәуелсіз боп өмір сүру
Болмайды, болған да емес керек ұғу...
Бастықты қой, бастыққа жақындарға
Жағынып та молайды қабақ құру.
Есіктен кіргенінде жарқын күліп,
Жүгіріп, таласа кеп пальтоңды іліп
Жүретін «кішіпейіл» кеше ғана
Өзгере қалды бүгін сүттей іріп.
Тұрады қоғам бүгін осылардан,
Ертеңге ұрпақ, үрдіс қосып алдан.
Өрбиді хамелеондар молайып,
Болады сонда қандай ғасыл арман.
Жұртым-ау, не боп барады мына заман
Ар, ұят, адамшылық тұралаған.
Билеген зымиян, сұм, залымдармен
Қоғам боп қалай ғана тұрады адам.
Қаймығып жүр қасымнан, қабағымнан,
Жайлы, жұмсақ, кел дейсің жабағыдан.
Түпсіз жылым, тұңғиық жұтармансың,
Май шелпек боп от дейсің тамағымнан.
Құлақкесті күңіндей кіжінесің,
Қаймықпаймын, ызадан бүлінесің.
Қауіптеніп, жағама тап бере ме
Іні ойлайсың сыздансам сақ келе ме,
Қауіп қарап өзгере қалатын — жұрт,
Құлын деген өзіңе ат бере ме?
ӘЙЕЛДЕР
Ұмытқаным жоқ бірін, бәрі есімде.
Ертесін де, отты жылдар кешін де.
Көкіректі жауға деген кек кернеп,
Жылжытысқан ілгері ел көшін де.
Серттестік біз, жауды жеңбей есімде,
Тындырмай іс тыным ап, бел шешінбе,
Қол ойылып, аяқ сыздап, бел ұйып
Тұрса шыдау... деген келдік шешімге.
Жеріміз жоқ бұл уәдеден аттаған,
Болса дағы бұғанамыз қатпаған.
Тәсіл тауып сан өткердік қиынды,
Қайсыбірде еркек қолы батпаған.
Ұмытқаным жоқ бірін: бәрі есімде,
Ертесін де, отты жылдар кешін де.
Сол қиындар жарқырайды бүгінде
Ақ самайлы құрбылардың төсінде.
* * *
Сен сынды шоқпарым жоқ қолда сайлы,
Тобым жоқ, мені ешкім қолдамайды.
Япыр-ау жүз жасай ма мына құзғын
Деп мені ешбір пенде қарғамайды.
Аузында ірік-шірік мақал ескі,
Көрерміз кім боларын тоқал ешкі.
Сазарған қайрақсың бір қарғыс өтпес
Естіген қарғыстан тек қарның өсті.
Аға-іні боп жүрген жандар жарасып,
«Ел тірегі ардагерім» санасып...
Бір-ақ күнде бордай іріп жөнелді
Төрт жүз сомның пұшпағына таласып.
Кеп ішінде әр бүлікке бас болып,
«Аға» шықты бауырына қас болып.
Ұяласын таламайды қасқыр да,
Деуші еді, өттім тамағынан ас болып.
О, опасыз ақша, атақ, қандайсың,
Осалдарды ойсырата жалмайсың.
Топыраққа ғана тояр көздерді,
Бұл ғұмырда сен тойдыра алмайсың.
Дүние қоңыз болып өскен жасынан
Мақсаты сол, соған ғана бас ұрған.
Апайшылар айна сатқан көргені,
Соған ұқсап шірік байлық асырған.
Не күтесің құлқын құлы тасырдан.
Ар-ұят деген адамға
Жүре-бара келмейді.
Керісінше кейбіреу
Тіршілік қамын күйттеп,
Өсе келе аз арын
Өзі көміп, жерлейді.
Ары қымбат адамның
Жолы да бола бермейді,
«Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім мен дейді».
Деген сынды күншілдің,
Күйелі ісі үшін де
Арлы ұялып терлейді.
Арынан азған адамдық
Табиғатын қорлайды.
Сары алтын сөзден садаға
Санатқа қоспа ондайды.
Қарадай маған кектеніп,
Білемін жүрсің жек көріп.
Айтыса алмай бет келіп,
Қойып ең неңді тек беріп?
Ісіммен осы сөзіммен,
Осынау егде кезіммен,
Бар қалпым, мына өзім, мен,
Кетем ғой сені қоржынша бөктеріп.
Өзің де сезесің ғой,
Қайтесің, төзесің ғой.
Алам ғой он екі орап,
Салыссаң теңесіп бой.
Ішке бүксең сырыңды,
Ішқұса болып өтерсің.
Жеңіл ауыз жырынды
Білсе, есек боп кетерсің.
Жоқ сенімді серіктес
Қағазға төкпей не етерсің!
Неге мені білемін жек көресің,
Сенен тәуір дегенге кектенесің.
Бүгін алтын санаған көңіліңді,
Мәжбүр етем, әзің ап кеп бересің.
Бойым биік, жүзім ақ сенен гөрі,
Мүсінім бар сергек сән денеңдегі.
Сөйлеп кетсем, аузыңды ашқызамын,
Үйлесімім сазды әсем өлеңдегі.
Тезек теріп қаласың ән шырқасам,
Адасасың түтекте мен бұрқасам.
Ақ-қараны мен сенен тез танимын,
Сен жанаспас биікті мен қырық асам.
Ақ жарылып жүремін ақтарылып,
Әлем ән сап, алдымнан бақтар күліп
Тұрады ылғи бұлтты сәттерім аз
Сирек менде отырар шақ тарылып.
Танымастай бәйгеге қосыларды,
Соқыр деп пе ен жұрт көрмей осыларды?
Пейілім ақ, болған соң жүзім жарқын
Бақыт өзі алдымнан тосып алды.
Жарқыным жала жаппа сен маған,
Mен ылғи өзімнің ақ көңіліме бағам.
Аңқылдап жүріп төтемен кетем, тырнақ бүкпеймін,
Демеймін биіктеу тұрған дәрежелерге жағам.
Жарқыным, жала жаппа сен маған,
Демеймін әсте көңілінен шығып, көптің бәріне жағам.
Жаным қас жалпақ апайға тапсам тек адал,
ақ пейілімнен табам, Көрге де тап осы мінезіммен барам.
* * *
Неге өспейміз, бауырым, білесің бе!
Пәтуәміз озбайды күресіннен.
Тұлпар топқа түскенде жабы қосып
Жарбаңдауды берген ғой үлесіңе.
Ауылыңа ауып алдымен ықыласың,
Көлденеңдеп алдына жығыласың.
Оған қимай, не өзің топ жара алмай,
Батыр ашша балта ұстап тығыласың.
Адамдығың аса алмай бір басыңнан,
Аса қалса, табылып жолдасыңнан...
Қыр басына шықпайсың жарылсаң да
Жаға жыртар жау тауып ұрғашыдан.
Үкілеумен болмайды жабы тұлпар,
Әсте шынар болмайды жыңғылда тал.
Жабыларға жал бітсе, көрген күнің
Осы болар, ағайын, не амал бар!
«Жақсының жауы көп»
(Мақал)
ӨКШЕЛЕП МЕНІҢ, ШЫРАҚ, ІЗІМ БАҚҚАН
Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Сенсіз де жетіп жатыр құрған қақпан...
Сол «сылқым» бұл дүниеде біреу-ақ қой
Өзгесі болса, іздерсің басқа жақтан.
Ағаның құттықтадым қуанышын,
Қуанбай нәрестеге тұрамысың!
Көңілінде кімнің болсын шырақ жақсам,
Дегендей жақсылыққа бұрады ішім.
Ешкімнің бақ-талайын күндемеймін,
Жаным бар бұлтқа емес, күнге бейім.
Деген ғой күншіл көзі қос көреді...
Тәптіштеп арғы жағын мен не дейін.
АСҚАҚТАМА
Ойынды тымсық түсініп,
Тырп еткізбесем кектейсің.
Қақпанға көпті түсіріп,
Бір өзің аман кетпейсің.
Тосқын көп өмірде асқанға,
Құр талпынумен өтпейсің.
Жұлдыздар әдетте аспанда
Бұйырмай тұрса, жетпейсің.
Арқанды сүйеп «асқарға»,
Қарақтағаның арзан ой.
«Мың асқанға, бір тосқан»
Асқақтамағаның абзал ғой.
ДИАЛОГ
Сен қадірі қалмаған ба япыр-ау,
Кейінде - ілгері жылжымайсың, ақын-ау.
Үйімде шамың сөнбей, бүкшиіп,
Нұр төккенің, зая екен ғой пақыр-ау...
Өлеңіммен, өнеріммен танылып,
Келіп-ақ ем айтқанымнан табылып...
Көздеріне түспей жүрмін әдейі
Өлгеннен соң мақтасын деп жабылып..
* * *
Кім үшін жазғанмын өлеңді
Тұншыға сүзгілеп тереңді!
Жырыммен тербетіп оятам,
Айтам деп ойымды кемелді.
Жетегін желеу ғып өрліктің
Дегем жоқ бірден-бір мен мықтың.
Тел қозы отығып түңілген,
Тасбауыр тағдырға көндіктім.
Көндіктім жалаңаш, аштыққа,
Қайсарлық жасадым қастыққа.
Желбуаз желіккіш жел көңіл
Болғаны жоқ үйір жастықта.
Халқыма қабілет, дарынды,
Арнадым бойымда барымды.
Жерім жоқ алалық жасаған,
Баршаға жүрегім жарылды.
Қауым боп нұсқады алысқа
«Ұшар бол қатардан қалыспа»,
Деген соң ұмтылдым ғарышқа,
Елім деген ұлы қамысқа.
Жүрмедім кербез боп, керім боп,
Жат еді еңбекке ерінбек
Бетіне елімнің шіркеу боп,
Сағына дақ салған жерім жоқ.
Аязға шыдадым қар бастым,
Ыстығына күйдім құм-тастың.
Кейінге болам деп өнеге,
Арғымақ жалына жармастым.
Не жаздым осыдан басқа мен,
Бәсекем жоқ жайсаң қасқаңмен
Ортаңды ойсырата шайқап,
Қай толыңды төгіп тастап ем!
Аға-іні, бауырлар сыйлайтын,
Не жаздым қарсы топ жинайтын.
Әділет жолынан ауытқып,
Бір саты биікті қимайтын?
Шақ келмей тұрмын қай шекеңе,
Орынсыз мәреге жетеле дедім бе?
Барымды бар десең,
Көк құлап, күн ауып кете ме!
Нең кетті көңіліңді кеңейтсең,
Өсірмес өренді шөлейттен
Шықсаң бір, ауылым дей бермей,
Аймаққа назарды көбейтсең.
Жастығыңды, саулығыңды
Айырбасқа көне ғой,
Емханадағы орнымды мен
Үстеуімен берейін.
Таң қаламын.
Жаның кірлеп,
Ойын қалай бұзылған.
Әлде жылым ішің ызғар
Сыртың ба еді сызылған?
Ұрысың демеп едік,
Ақша жеп атық шыққанда.
Ұялғаны болар деп едік,
Үйінде жылдап бұққанда.
Қар кетіп із басылды деп,
Махамбет бола қалып,
Ұқсайсың-ау бойыңа
Жараспас найза алып шыққанға.
* * *
Дұшпаныма білемін аласамын,
Достарыма, биікпін, тамашамын.
Ақиқаты — қазақтың ақын қызы
Қай төріңе қойсаң да жарасамын.
Өтіп жатыр азаппен құйғып күнім.
Қас-қабағын бағумен биліктінің.
Құбылмалы уақыт таң қалдырып,
Кімді коймай жатырсың би ғып бүгін.
* * *
Бәрі алда деп жүруші ем үміт артып,
Ақбоз көңіл кейде ұшып, кейде қалқып,
Абайлатпай келді де аяр тағдыр,
Жата тұр деп бұйырды төсек тартып.
Денем жатыр, жаныма маза қайда,
Жазғыра ма-ау, аяй ма, жазалай ма.
Тыным алып көрмеген кекіректе
Тиым сала алмадым азалы ойға.
Шекем қысып, шарадай басым ісіп,
Тамырда өзен тасиды қаным ысып.
Айықпайтын ойыммен арпалысып,
Айтысам да жатамын аунап түсіп.
Қайран...
Қайран, сонау бір өткен
балауса кезің!
Құлпырып, бойында қан ойнап,
Билеген бір тылсым сезім
Толқыны тербеп,
Сабыр мен төзім
Тұлпардай тыпыршып,
Баса алмай өзін
Алаулап, Түк көрмей кезің
Тұмандап, Манаурап,
Масаурап өзің
Жүрегің билеген,
Тағатың күйреген кезің.
Қайран...
Қайран, толысқан сол бір бақытты кезім,
Аз ғана сәтке,
Аз ғана сәтке оралса,
Сонау бір қалған аяулы сезім,
Тарс та тұрс ашу шақырып,
Жер қылып бетін қайтарып,
Көргісіз етіп кетуші ем
Іздеймін бүгін...
Іздеймін сол бір
Құрбының қиылып айтқан
Мұң, назын, сөзін
Біліппін қайдан
Жоқты шам қылып,
Оны таң қылып,
Жауып жүргенімді
Қысқа өмірдегі ең қымбат
Бақыттың көзін.
Ұяда көргеніңнен озбай
Сен екеш сен де
Топ жинап, түйіліп келдің.
Бұл неге төрге шықты деп күйініп келдің
Булығып, теріңе сыймай,
Жүзіңнен көк дауыл үйіріп келдің.
Алды-артқа қарамай,
Көк қарға болып,
Күмбезге қонып,
Шолақ мұрныңды шүртите
Аспанға шүйіріп келдің.
Пәледен машайық қашады...
Төрі де, мөрі де
Сенікі бола-ақ қойсыншы
Әйтпесе, байғұс,
Мыйыңа қаның құйылып өлдің...
Тек деп жүрмесінші жұрт
Қалайша таласасың?..
Мынау ойың, бойыңмен
Қай төрге жарасасың?
* * *
Бір тал гүлің бұл маған
Құрметіңнің белгісі.
Қадіріңді сыйлаған
Танымасам, нем кісі.
Жүрек пақыр алғысын
Келеді айтып бергісі
Жеткізер ме бар тұсын
Терсем сөздің зерлісі.
Сөздің қыңыр кезі бар
Кейде ырқыңа көнбейтін.
Көңілде ойдың көзі бар
Айта бергің келмейтін.
Бұзып-жарған циклон сынды,
Сумаң ауыз жайған өсек.
О, бұл күнде өсек бұлды,
Аржағында жатса да есеп.
Доптай қағып жібереді
Ақ көңілді, аңқауларды.
Шың басына шығарады
Жылмаңдарды, жалқауларды.
Әділет деп тақылдама,
Сақ болғайсың ауызыңа.
Сүйенерің болмаса егер
Сиярсың ши қауызына.
КЕҢЕСШІ
Әншісіз, ғалым да сыз, ақын да сыз,
Кенде деп айта алмаймыз ақылға сіз.
Бұл тұста қателесіп кеттіңіз-ау,
Япыр-ау доктор болып неғыласыз.
Осы даңқ, атағыңыз жетіп жатыр,
Бір емес, үш салада іске татыр
Еңбекпен көріндіңіз аз болды ма? —
Деп бір «дос» жерлеп мені етті пақыр.
Құныққан деп тұр атақ дәмін татып,
Тежемек ақыл айтып бұрқыратып.
Басталған істің жетіп тынар шегі,
Барына өз ақылы жетпей жатып.
Сырттан жұрт тон пішуге қандай шебер,
Барды жоқ, жоқты бар ғып үйіп-төгер.
Мұндайға ел алдында борыш барын
Ойлап бас қатырмастар үйір келер.
Басынан қырат
Ойпаңға түсе бастаса,
Түпкі есебі,
Ойлары іске аспаса,
Тарс жауып кеткен
Есігін қайта, тоздырып,
Созылады-ай кеп
Шикі қайыстан тілген таспаша.
Балуыз сөз кеудеме құйынды алып,
Кигізгендей жанымды үйірді анық
БІР АУЫЗ СӨЗ КЕУДЕМЕ ҚҰЙЫНДЫ АЛЫП, КІРГІЗГЕНДЕЙ ЖАНЫМДЫ ҮЙІРДІ АНЫҚ
ЗАМАНА
Ақындардың аузында
Қай ғасырда да Замана.
Тілге орала бере ме ол
Болмаса онда айтарлық
Мадақ не мансұқ мағына.
Көңілінен көптің шықса ол
Талқыға бекер сала ма!
Биліктілерің бүйірлеп,
Бекер деп жала жаба ма!
Өз жақсысын жамандап,
Ел барқадар таба ма!
Ақын неге күңіренсін
Елге жәйлі, шуақты
Болып тұрса замана!
Шортанбай, Асан, Дулаттар
Бұқар менен Махамбет,
Ұлы Абай жаңаға
Шақырып, өзі алған бет!
Замана жәйлі не деді
Салып көр жұртым, санаңа!
Заманды қолдан жасайды
Ел бастаған даналар.
Қарапайым қалың ел
Соңынан ерер паналар.
Сонда ел жәйін ойлаған
Тағдырына терең бойлаған
Алып шығар тұйықтан
Даналардың ішінде
Суырылып шығар дара бар.
Ел басқарған қазақтың
Данасын түгесе алмаспын.
Санап айтып бітем бе
Өткірлерін жүзіндей
Қайраулы асыл алмастың!
Естігенім, көргенім,
Бүгін де әнім Замана.
Ой жіберіп өткенге
Ертеңді, жұртым, сарала!
Бағдарламаңды парықта,
Ұялатып санаға.
Жұдырық болып жұмылып,
Бірлеспей еңбек жана ма!
Еңіреп елім дегенді
Етектен тартпа, бағала!
Ұранын ұғып, ұйысып,
Шық жарқын байтақ жағаға!
МЕНІҢ ХАЛҚЫМ
Ежелден әлемге әйгі қазақ жәйі
Сыятын жарты Еуропа жерге байы.
Қызығып, Батыс, Шығыс көз алартып,
Болмапты тебінгісі кепкен айы.
Тағдырын қарғамаған көріп көктен,
Найзасын жүрегіне серік еткен
Дәстүрін ел қорғаған батырлары
Мирас қып ұрпағына сеніп кеткен.
Бермейтін ел намысын тағы қолдан
Далалық өзіне тән заңы болған
Жамынан арын биік ұстайтұғын
Мызғымас парасат, салт, сәні болған.
Ұйытқысы — ел сыйлайтын ханы болған,
Сыйлаудың дара сипат мәні болған.
Хан, қара ақылына сүйенетін
Қария, ел тұтқасы нары болған.
Ұрпағын мәңгүрт қылып өсірмеген,
Еркекке ездікті әсте кешірмеген.
Сезілсе ел шетінде жау жасағы
Байыздап үйінде бел шешінбеген.
Еркектің ерге лайық ісі болған,
Тістеген жерде қалар тісі болған.
Сөйлеуі ердің екі өліммен тең,
Үлкені үлкен, кішісі кіші болған.
Жамағат, міне осындай менің халқым,
Халықтық пайымдаңыз істер нарқын.
Қабанбай, Бөгенбайлар өрістетіп,
Қанына ел қазақтың сіңген салтын.
Сондықтан жерің мынау ұлан-ғайыр,
Бауырлар, сөз мәнісін ұғын, айыр.
Барсыңдар жүректілер, білектілер
Жетерлік кеңес құрсаң, бүгін шайыр.
Өзара жетпейтінің ауызбірлік,
Шіркін тек Ойлап соны етсең тірлік
Уәлі ауыздарды ұран етсең,
Дастанға кейінгілер өрер жыр ғып.
АҚ
Қазақтың ақ киелі ұғымыңда
Мәні оның — мағынаның тұнығында.
Пәктіктің періштедей баламасы
Тотықпас, мәңгі тозбас ғұмырында.
Не таза адал аққа баланады
Айғағы ақиқаттық саналады.
Жақсылық атаулының жоралғысы
Ар-намыс таразысы санадағы.
Киелі ақ сүт дейміз ана сүтін
Парызын мойындатып бермей ме үкім.
Қадірлеу ақ сақалды, ақ басты ию
Рәсімін күп алады дүние бүтін.
Көңілің, жан, жүрегің адал сезім —
Бағыштап аққа ниет еткен кезің
Киелі мағынаға болады ие
Әрқашан ақты жалғап айтқан сөзің.
Бұл мағына өзгермейді тұрсаң барлап,
Айтыла бермейді тек әркімге арнап...
Ақ жанды, адал халық қазақ жұрты
Деген сөз кетті тарап әлем шарлап.
Көк аспан құбылмалы көп елге ортақ
Аққа жақ Алла өзі берген жол сап
Қазақтың ақ көңіліне бағышталып
Туының түсі шіркін һәм болса ақ.
Жасаған ақтан туын Абылай хан
Бар оның негізінде ғажайып мән.
Алланың ақ жолы деп тұспал еткен
Ниетке тәнті қазақ елі оған нан.
Жөнделеп ту жасапты көгілдірден
Көргенде елең етті көңіл бірден.
Жөн еді-ау қазақ туын ақтан жасап,
Ақ үйдің төбесінен төгілдірген.
ҚАЗАҚСЫЗ ҒОЙ, СІЗ ДЕГЕН
Жат алдында жақсысын
«Сіз» деп сыйлай білмеген,
«Ол алғанша, жауға» деп
Жүлде қимай күндеген.
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Заты әйелді мазаққа
Жаралған деп білетін,
Мін таппаса ыржақтап
Өтірік ымдап күлетін
Қазақсыз ғой, сіз деген!
«Бөлінгенді бөрі алады...
Жүзі күйсін» деп алып...
Өзі болып шығатын
Ең дарынды, ең алып
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Көзі тірі кезінде
Кең дүниесін тарылтар,
Ғажап еді-ау сабаз деп,
Өлгеннен соң жарылқар,
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Алакөз боп өзара,
Ағайынмен сыйыспас.
Сыйғызып ап сыналап,
Туыс тапқан қиыспас
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Қолын жәйіп келгенді
Төре ғып төр ұсынар,
Балтаң белде болсынды
Айтуға да қысылар
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Мемлекеттік сыйлыққа
Жалғыз жанаса алмайтын
Қой торысып қолпаштап
Қосаққа алмай бармайтын
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Қопарып ап байлығын
Жатса айыл жимайтын
«Достығыңыз жарасып,
Жетім бұрышқа сыймайтын»
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Есем кетті-ау елде деп
Санап қылға тізбеген
Жоғалтқанын келмеске
Кеткеннен соң іздеген
Қазақсыз ғой, сіз деген!
* * *
Тура айтып қалам,
Бастықтығы тұра бермейді ойымда.
Оятып алам шетін намысын бойында.
Жыланның құйрығын
Абайсыз өзім басып ап
Шегіне алмай, жұбанам:
«Тәңір біреу-ақ, мойыма!»
Ойланам:
Япыр-ау, кезімді қалай жұма алам?
Құйғытып нарықтың құлағында жүр пысықтар
Қолдарыңа сенің кім алаң?
Ар қамшылайды
Қолымды қалай жұма алам.
Көріп жүр бәрі,
Үндемегендерге қайранмын.
Мылқауға қалай айналдым!..
Өз малым түгел деп
Тілімді жұтып, япыр-ау
Үйімде, жиында қалай жайландым.
Жаным-ау,
Қайтадан қалай жаралам!
Жағымпаздыққа қалай бара алам!
Бойымда жоқты қайдан таба алам!
Ұқпады-ау мұнымды жан адам!
Үндемейтіндер...
Япыр-ай қалай мықты еді!
Қай бастық айтса да, «құп!» деді.
Қай жаққа бұрсаң да
Бүлкектей берер күреңдей...
Кім екен деймін түп тегі.
Қой! Құдай өзі сақтасын ондайдан,
Қасқайып өлу ғой,
Оқ тисе дағы маңдайдан.
Қоян бол, Суыр бол інінен ұзамас
Татар дәм таусылған күні,
Шықпай қалмайды жан бойдан.
Өлім біреу, Себебі мың сан
Гу-гу сөз,
Айтылып жатар әрқайдан...
МЕРТІКТІ АРҒЫМАҚ КӨҢІЛ
Бірде тасу, бірде басу,
Алау көңіл қандай едің.
Қанжар мінез білмес жасу
Тозаң түспес сандай едің.
Күллі өмірдің бар тізгінін,
Асқақ ән мен жырға берген
Инеменен құдық қазып
Тереңінен інжу терген.
Адам едім, Адал едім
Әділеттің соңына ерген.
Араз едім, Наразы едім
Бос кеудемен көкірек керген.
Асырмаған, Жасырмаған
Ақиқаттың досы едім.
Билікті деп бас ұрмаған
Адалға ұран қосып едім.
Мұхит толқып, теңіз тулап,
Шайқалды өңір, өзгерді өмір
Төзе алмаған салмағына
Нәзік, мөлдір сынып небір,
Биік мерей аласарып,
Майырылды ақ алмас жеңіл,
Мертікті қайран арғымақ көңіл.
ЖАУАП СӨЗ
Жеті асқар жеткізбестей жасыңда,
Жер түбі боп көрінетін тосынға.
Абайлатпай келіп қонар бақыттай
Айналады екен, достар, ғасылға.
Тәубе жұртым, мен де асыппын жеті асқар
Барлағанға бұл сөзімде кеп астар
«Жетім қозы ем түңіле жүріп отырған»
Деген емен дайын тұрған тек ас бар.
Талай ашы тата жүріп ер жеттім,
Жеті асқардың бесеуінде тер төктім.
Тірнектедім төккен терден абырой
Демессіздер деп ойлаймын кері кеттің.
Өзім жеттім демен айтсам таза, нақ,
Намысымды қамшылаған мазалап.
Қоғам, қауым, әріптестер, аға-іні
Бірде разы, бірде қойған жазалап.
Бірі тізе, батырып бірі бармағын,
Әлі де көп түпсіз шыңырау жан-жағым.
Осы жиын бұйырып тұрған болар да
Қаппағаным қасақының қармағын.
Шат-шадыман отырғанда жайғасып,
Жүре тұрсам дейсің көңілің айға асып,
Айналама кейіп қалған кезімде
Не күтемін дейтінім бар ой басып.
Өмір кешу оңай емес әрине,
Қарлығаш та ұя салмайды әр үйге
Бақыт құсын әркім өзі қондырады,
Тәубешілге қолдағының бәрі игі.
Бұл өмірдің қаталдыққа бейімін,
Кеше жүріп сергелдеңін, сейілін,
Ие боппын халық махаббатына
Қайда барсам күндей құйған мейірін.
Бұдан асқан бақыт жоғын білемін,
Осы — қалған өмірімде тірегім.
Зор құрмет деп танып осы жиынды
Баршаңызға сол бақытты тіледім.
Алға басқан бір қадамым күйігің
Күншілім-ай түсіп кетіпті иінің
Ыстық-суыққа төзіп, жәйіңмен жүрсең
Өмір езі ұсынады биігін.
Ел қамын айтсам,
Сен өз биігіңнен бойлайсың.
Өзгенің бәрін
Өзіндей өзімшіл деп ойлайсың.
Өзі үшін барып,
Мал да жайылып келеді,
Десем, Таласып,
Кеңірдектеп келіп қоймайсың.
Айтқаным осы.
Әлі де айтам мұнымды.
Ойымды бұрмалап,
Өкпеледің деп
Танытып бердің құныңды.
Аяқтан шаларсың...
Мысық жүріспен жырынды.
Білем ғой жымсық сырыңды.
Талайғы көрген құқай ғой
Соңды-бұрынды.
Қайталап жүрсің
Ыңырана ыңылдап
Сол баяғы ескі жырынды.
Ысырып тастадым деме, сен!
Өмір толқынының шетіне.
Ызғары биіктен соғар
Көңілдер желінің өтіне.
Жоқ, мен үрлегенге ұшар
Қысқа ғұмырлы гүл емен,
Шынармын Көк тасты қақ жарып
Қасқайып шыққан бетіне.
Нөсерді көргем,
Аязды, долы боранды.
Сан рет жаным
Дүлей дауылды оранды.
Онда өрімтал,
Жас едім жаңа кектеген
Қазір кәрі еменмін
Тамыры терең,
Түйнек томарлы.
Кейбір саздауда
Қабығына оның мүк тұрып...
Асқақ бойымен тұрады
Көпке мықтылық мәнін ұқтырып.
Сол шынар, яки
Сол емен сынды мен дағы
Жанға жағынбай,
Биік деп табынбай,
Осы қалпыммен
Өлермін деймін
Тік тұрып.
Өйткені мен —
Көшпенді дала нәсілі
Ақпанда киіз үйде
Еңбектеп өскен,
Ғасырлар кешкен
Қабағына әмісе
Боз қырау яки шық тұрып.
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
«Қу», «пысық» деген aт қайда?
Арсыз болмай атақ, жоқ,
Алдамшы болмай бак, қайда?
Абай
АЙЫП ПА ЕКЕН ЖАЛЫНБАЙ
Айып па екен жалынбай,
Жағаласып бас қорғау,
Ез қылықпен есерге
Есе беріп, бос сорлау?
Бақырайтып көзіңді
Жала жапса күйелеп,
Оған қалай төзесің
Қалғандай ойың үйелеп.
Үндемеуді ұқса жөн,
Биіктігі болар деп
Мойындауға балайтын
Топас ақыл, томар көп.
Момынды жаман демейді ел,
«Қорқақ» депті ұлы Абай,
Үңіліп көрші оқушым,
Мәнісін менен сұрамай,
Тіл бас жарып, сүйектен
Сөз өтіп туар боран-ау.
Бәріне себеп тар кеуде
Бейақыл бейшаралар-ау.
Сөз базарлап күн көру болды машық,
Қайсыбіреу асырып төгіп-шашып...
Кейбіреулер жалына жармасады
Тәлтіректеп балаша шалыс басып.
Ғибрат алар сөз болса кеңес беріп,
Көзі барға көкіректе жүрсе еріп.
Тәнтісің ғой, — әттең-ай маржаны жоқ
Теңіз түбі тереңнен алған теріп.
Көлгір қазақ баласы жаппай ақын
Саудаласып бұлдайды таңдай ақын.
Абаймын деп шығады көп алдына
Ойламайды бар ма деп соған қақым.
* * *
Шет елдерге үлестіріп кен көзін,
Бауырларым қалып қойма кенде өзің.
Елге алақан жәйіп қалған кешегі
КСРО-дай болып жүрме пенде өзің.
Баю киын, жарлы болу оп-оңай,
Ел басынан өткен құқай ол талай.
Жарты әлемді билеп, беріп келіп кеп,
Мұндай күйге түсіп қалды-ау, ой тоба-ай.
Жеріндегі газ, мұнай боп керегі
Пайда көздеп Мұхит асып келеді.
Тұнып тұрған өз байлығы орнында
Қирамаған қалпы жалғыз терегі.
Сенің жерін шұрқ тесік кіл химия,
Қызыл жаға... алады оны кім тия!
Десіп келдік қоса түссек өзіміз
Сорлы далаң бола алады кімге ұя?!
Суын Сыр мен Арал,- Ертіс,
Есілдей Қалды құрып баяғыдай көсілмей.
Аруақтар, келер ұрпақ «қарғыс» деп
Жүрмесе игі бізге мұны кешірмей.
Орталыққа кеткен бұрын байлығың,
Білгеннен соң қалған жүрек шайлығып.
Қам ойлайды, шеттен кірген капитал...
Қалай болар дегенім ғой қаймығып.
* * *
Жақсы ұл туғызған қазақ,
Жақсы қыз туғызбай қалған жоқ.
Тек бөріктілерден есе тиіп,
Көрінген емес тарлан боп.
Көшке ілескен ер қосағы,
Бөркемік болса арман жоқ,
Әттең есті қыз езіңмен
Иық тіресіп, қатар тұрғанда
Беркінді бұлдап, Әмісе қорлап,
Кемсіткенің-ақ батты-ау
Лауазымына күпсіген
Билігіне бүксіген
Қасқырдай тоң мойын,
Топас «арлан» топ.
АЛДАСПАНЫМ
Алғанмен орын адам санатынан,
Жандар көп күн батырып, тан атырған.
Есті бар, сесті де бар оқ бойы озық
Елге еткен еңбегімен дара тұрған.
Бірі сен сол дараның адам атын
Асырған заңғарға абзал азаматым.
Ел деген ер тұлғасын таныттың да,
Ұрандай ұлтжандыға тарады атың.
Кетпейтін арындап та, құйындап та,
Қорғасын қалпың сақтап жиын топта
Еселі ел тағдыры турасында
Тек тұрып сөз тыңдаттың биік таққа.
Әкеліп ақиқатты ел алдына,
Тұрарды тірілткенің өз алдына,
Риза Ғабит аға аруағы да,
Бейнесі көптің мәңгі көз алдыңда.
Санасам еңбегің бар сала-сала,
Биіктеп шекпеніңнен аласада
Шығыпты, жетім бұрышта жүргендер де
Риза тағдыр қырын қараса да.
Көбейіп келешекте көпір жұлдыз
Құрысын тамұқ біткен қалмай бір із.
Мақсатқа жете берсін Алла жебей,
Соңыңнан Шерағалап ерген ұл-қыз.
Мерейтой құтты болсын алты асқарың,
Әмісе жарқын болсын алда аспаның
Жасай бер елі үшін жаны пида,
Жайсаңым, өткір алмас, алдаспаным.
ҮНДЕМЕ
Үндеме, үндеме, үндеме!
Үндемегендер ие жүлдеге.
Демесін биліктілер таңданып,
Дауысын кетерді бұл неге.
Жалынып, жағынып олжалы
Жүре бер тілінді күрме де.
Түйе алып түймесін
Қимайтұғын, жақыным,
Өзің ғана құптайсың
Осы ісіңнің мақұлын
Тойған күні безесің
Менен бес мың шақырым
Елуге кеп қалсаң да
Көрмей етер шығармын
Кірген күнін ақылың.
ТОЙЫҢЫЗ ТОЙҒА ҰЛАССЫН
Жүрек шын қуанғанын жасыра ма!
Қуанса, жыр толғамай басыла ма!
Қуанам мерейтойың тойға ұлассын,
Әбу Әл Атырауын асыл аға!
Толқынмен жасыңнан-ақ, етене едің,
Жалында ойнап өскен тете едің.
Тарту ғып жүрек сыйын аймағыңа
«Еділдің ақ толқынын» жетеледің.
Ақ тілеу жалғастырған алда үмітпен,
Жұртыңа жеңіс күнін арнай күткен
Алауын махаббат сыз окоптан
Ұшырдың ілестіріп «Ақша бұлтпен».
Халқыңның тауқыметін бөліспеген
Кезің жоқ,
Қан майданнан жеңіспенен
Оралдың, ел мерейін өсірдің сен,
Жаңалап туа берді келісті өлең.
Не дейін еңбектерің тізіп-теріп,
Халқына жан қуатыңды үзіп беріп
Келесің бірге жылап, бірге күліп,
Тұсарман таяса да күзің келіп.
Болсын да бар арманың ғасыл аға,
Жетіңіз Жамбыл ата жасына да.
Бар биік басын исін тілектеспіз
Әбу Әл Атырауын, асыл аға!
Дін
1
Дін деген мансұқтадық апиын деп,
Көріп бір келгендей-ақ хақ үйін деп.
Рухани тазалыққа уағыз жолын
Жауыппыз жаңа өмірге жат түйін деп.
Уағызы діннің — борыш, обал, саулап,
Әр адам ету абзал соған тауап.
Бұларды ойлағанның ерісі озық
Күнәдан пәк, бір ісі кетпес науат.
Парызың имандылық, қайрымдылық,
Қайырылу кем-кетікке мойның бұрып.
Ораза, намаз, қайыр-садақаңыз
Төркіні тәрбиенің — ғажап ғұрып.
Барласаң, дін сенімнің, пиғыл ойың —
Жан мен тән тазалығы — тұла бойың.
Пақырдың қиянат қып қақын жемеу
Ұрлыққа, қулық, өтірік тұрмау бейім.
Дін — тәсіл, қоғамды адал жолға бұру
Қалтқысыз адалдыққа ниет ұру.
Халыққа пәктік жолын нұсқағанды
Адамдық анасы деп керек ұғу.
Алла де, пайғамбар деп ата мейлің
Халыққа кім бар бұлай берген пейілін.
Ниет қып дін уағызын ұстағанның
Жаны пәк, ар-ұжданы таза деймін.
2
Дін — осы. Мұның несі кері кету?
Зияны қайсы? Кімді еңірету?
Пәндалық — алтын көріп жоқтан таю,
Амалдап көңілі ауғанға иелік ету.
Өз ісі адамдардың дін бұрмалау.
Жасырып залымдығын қымқырмалау.
Күншілден, дүниеқоңыз, өзімшілден
Тарайды дінге сүйеп іс шырмалау.
Адамға қандай жыртқыш бағынбайды,
Еркіне жіберсе, адам не қылмайды!
Қиянат, қастық, жаза, айла-амалға
Адамнан асқан шебер табылмайды.
Үңілсек төркініне терең бойлап,
Құбылта кеп шариғат деп орайлап...
Бұрмалап дінді өзінің пайдасына,
Не түрлі табады ғой азап ойлап.
Адамнан арыстан да қаймығады
Жолбарыс жолдан шығып ол бұғады.
Адамның жыртқыштығы жасырулы,
Алдында тұрған қас деп кім ұғады.
Ғаламға үңіліп көр қай ғасырда
Болмаған ардан аттап, айла асырған.
Үйіріп діннің заңын саусағында
Талайлар жұмсаған өз пайдасына.
Ендеше, гәп дінде емес, адамдарда,
Үндемей қапқан иттен жаман бар ма!
Ізгілік, зұлымдықтай мәңгі айқастың,
Көзі — адам жер жаралған замандардан.
Керенау, кердең сыздаған
Лауазым, атақ маңайым
Аулынан озып бір қадам
Шықпайды билік, ағайын!
Зымиян, залым, жымсықтың
Өсіріп өріс, талайын
Оңынан дағы солынан
Туғызып болды жаңа айын.
Сеніп-ақ қалсын шырағым
Көрмей-ақ күннің арайын
Бойыма туа бітпеген
Жағымпаздықты қайдан алайын!
Жарыла жүріп ағымнан
Ақ қырау болды самайым.
Өзгермей осы қалпымда
Тәңір алдына, достарым,
Аман-есен барайын.
ТҮРКІСТАН ТОПЫРАҒЫ
1
Арнайы шар тараптан Түркістан деп,
Түркістан тарихымда түп нұсқам деп
Киелі топыраққа тағзым еткен
Ғасырлар бойы адамдар тұс-тұстан кеп.
Барласаң Түркістанның тарихы мол.
Тегі деп ел қазақтың танитын сол.
Жібек де, қара, ақ та жатыр сайрап
Парасат адамзатқа тарайтын жол.
Атанып қасиетті кіші Мекке
Мейірім нұрын құйды әр жүрекке.
Жалғыз дән топырағында қаулап өніп,
Жайылды ізгілік боп төңірекке.
Ахмет Иассауи бағбаны
Халықтың шын әулие танығаны
Дэн аты мұсылмандық ұрығы екен
Пайғамбар мирас еткен арыдағы.
Мәнісі мұсылмандық — қайрымдылық
Дүниені тану тектен қайырын біліп.
Бақ пен тақ, баяны жоқ байлық бақпау,
Әрекет ету істі айырып, ұғып.
Күмбезін күн көмкерген мазарынан
Аймаққа нұр тараған ажарынан
Кем-кетік, қаріп-қасер ризық алған
Сөнбейтін оты мәңгі қазанынан.
Ұлы ма, түркі нәсіл ғұлама ма,
Дүниеге әмір еккен ұлы ана ма!
Із жатыр зиярат еткен ұлылықтың
Төркіні танылмайша тұра ала ма!
Мәңгі деп сеніп пе екен жалғанға адам,
Бар ма өмір ол дүниемен жалғанбаған!
Бабалар «бақи көшкен сапарымда
Болса орным Түркістан» деп армандаған.
Жәнібек осында екен Абылай хан,
Жандар жоқ мұнда атақпен дабырайған...
Қазыбек қаз дауысты жерленіпті
Нәсіл сөз саралаған лағыл ойдан.
Осылай Түркістанның топырағы,
Сыры мол көкірегіңе тоқыр әлі.
Бабалар қияметтің құзарынан
Бірлікке, берекеге шақырады.
2
Бүгін де әр қиырдан Түркістан деп,
Қара да, ақ, сары да тұс-тұстан кеп
Құйылып, бірі ізет етсе иіліп
Біреулер міңгірлейді Шыңғысхан деп...
Иә бұл Шыңғыс, Темір майдан небір
Төрі еткен киелі емес жәйдан өңір.
Тақ пен даңқ менменсінген тізе бүгіп,
Ұмытқан келгендігін қайдан өңір.
Иә бұл сан майданды көрген өңір
Намысын қорғап өсіп-өнген өңір
Түсіріп сабасына Темірді де
Көңіліне тауфих егіп берген өңір.
Көз жібер қата десең Отырарға
Сөйлеп тұр ол бойында оты барға...
Ел қазақ елдігімді айтар бір деп
Келеді жас Шоқанын тосып алда.
Беу дүние-ай елге, жерге егеміз де,
Есті де, сесті де бар... неге бізге
Демейміз көз алартып келімсектер,
Әр тұстан қамшы үйірмек төбемізде...
Өмірде әділетке қырын істер
Көп-ақ қой, адал қайсы мұны түстер!
Киелі ғимаратты тиын төлеп
Тым құрыса таптамаса ібілістер.
Неге сонша ұсақталдың
Ар бетіне сызат салдың
Болайын деп тұрған нардың
Қадамын сен тұсап қалдың.
Жоқ нәрседен алалайсың.
Сезер-ау деп санамайсың.
Арамдықты өзің істеп,
Өзгелерді қаралайсың.
Неге сонша ұсақталдың
Татымсызды құшаққа алдың
Амал құрып, айла асырып
Қай биікке ұзап бардың?
ТАЙҚАЗАН ТАҒДЫРЫ
Күш кімде болса,
Шындық сонда.
Әмір Темір
Тағдырдың көтермедік қай мазағын
Жарасы жазылды ауыр қай қазанын.
Түзеліп өресіне жеткен не бар
Орнына оралғанмен Тайқазаның.
Ұмыт па ақ табанды шұбырынды
Билеп пе ең өзің тізгін, шылбырыңды
Ұмыт па отызыншы жылдар сонау.
Үзіп пе ең аяқтағы шынжырыңды?
Ұмыттың ба аз боп шеккен азарыңды?
Тұрсың ба билеп өзің базарыңды?
Сестеніп «Мен!», «Менікі!» дей алмаған
Кім білмей тұр басында наза, мұңды?
Халқыма ризық болған ырыс көзі
Ортайып, оты сөніп тұрған кезі
Болмаған Тайқазаным қолын жәйіп,
Бұл күнде құшыр жинап тұрыпты өзі.
Өмірде ақшадан бұл харам бар ма!
Өтеді кезіп алуан адамдарға.
Аралап қойны-қоншы саудагердің
Кеп түседі Тайқазанға амал бар ма!
Бұл күнде ақша деген ең құзырлы,
Ақшаны патша қойып ел бұзылды.
Киелі Тайқазанға қол жайғызып,
Ақтады келімсегің дәм-тұзыңды.
Мекендеп Иассауидың кең мазарын
Аударған Тайқазаным ел назарын.
Киеңнен қорқа аттар табалдырығың,
Тазасы едің-ау сен ең тазаның.
Бұл күнде тахыт-ақша, бақыт-ақша.
Болады ер қадірлі ақша тапса.
Азамат иманжүзді жанның қоры
Егерде ақша бақпай, арын бақса.
Тағдырдың көтермедік қай мазағын.
Жарасы жазылды ауыр қай қазаның
Жазғырам кімді... Шүлен болып келген
Қол жайды қайыр сұрап Тайқазаның.
Болдық па мұны дағы ірі іс дер?
Болдық па мұны да әлде құбылыс дер
Қазанға тиын тастап, қабірді аттап
Шығады күмбезіне ібілістер.
ҚЫМБАТЫҢМЫН
Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сыр сөйлейді қаламына.
Мағжан
Мен не қылдым япыр-ау бастықтарға
Олар желіп, біз еріп бастық алға.
Деп жүруші еш бастықтар өзі істеген
Ұшырайтын болдық қой қастықтарға.
Мен не қылдым япыр-ау «адамдарға»
Басқызғысы келмейді қадам алға.
Құйын сынды құбылған мынау пәни,
Заманына лайық амал бар ма!
Көріп, біліп әр істің жөн-жобасын.
Танып айтып қаласың дәл бағасын.
Әділетті аяусыз тұншықтырып,
Адалдарды арамза алдағансың.
Ауызыңнан сөз шығып алмағайып,
Жөн былай ғой деп қалсаң, ол да айып.
Әрбір күшті өзінше тиірмен тартып,
Іс түйіні кетеді құмға сайып.
Ала қойды жатқанын бөле қырқып,
Көріп қала қоясын түлен түртіп...
Осыдан соң елдікке шақырғанын
Не қыламын көлгірлік көзге бүркіп.
Әуре-сарсаң қулығын асыра алмай,
Қоя берсем еркіне басынардай...
Жымысқы істің жырынды шеберлері,
Жабылады жоңғарлық қасы бардай.
Жоңғар емен қанымда қосалқы жоқ,
Елім, жерім дегенде осалдық жоқ.
Мен қазақтың тап-таза тол қызымын
Ұлтым деген игі іске қосарым көп.
Мені кейін ендеше шынтақтама,
Mен жәйлі іске кіржиме, бұлтақтама.
Тақияңа тар келіп тұрғаным жоқ
Қымбатыңмын ұстайтын бұлдап қана.
Осал емен іргелі ауылданмын,
Білдік туын көтеріп ауырған мың
Арқалы қыз деп қосқан аруақтыға,
Киесі ұрып жүрмесін Бауыржанның.
Құдай маған қабілет бергеніне,
Бірқатар іс қолымнан келгеніне
Кінәлі емен, тартып мен алғаным жоқ,
Жарап жатсам, өмірдің өрнегіне.
Қайсысыңның ырысыңды қосып алдым,
Жібергенін Алланың тосып алдым.
Осыншама қастыққа баратындай
Кімнің ғана талап мен қосын алдым.
Алғаным жоқ. Ендеше, бауырларым,
Ұғынғайсың менен зор жауың барын.
Атақ, мансап, ақша емес, қорғайтұғын
Елдік намыс, жер-суын, тауың барын.
Ел тұтқасы қорғаның қосың бар-ды,
Талай тағдыр талқысын тосып алды.
Солар салған сара жол — түсерің сол
Ойлау керек даңқ қумай осыларды.
Пиғылыңды билесе келелі ой
Даңқ дегеннің өзі-ақ келеді ғой.
Нар азамат, жайсаң ұл дегізетін
Ел үшін еңбектің беделі ғой.
Жау іздеме ендеше отбасынан,
Арылып ал Шын жаудың ноқтасынан.
Қайқы қара болат бол тас шабатын,
Қаңылтырдай майырылмай жоққа сынған.
«БАРЛЫҚ - АРАСАН»
1
Көз тартар табиғаты емес ерек,
Жалтыр бет, жалаңаш тау, терең өзек
Түбімен сараң акқан шағын өзен
Қарайды жардан бойлап тал мен терек.
Жиекте тұма көздер бұрқ-бұрқ қайнап,
Өзенмен тоғысады жылжып жайлап.
Шипа су ыстықтығы қырық бес сельси
Балдақпен келген қайтады құлынша ойнап.
Аңшылар дару болар мұның сырын
Ерте ашқан,
Тек алынбай қолға бұрын
Келген ғой,
Шипа екенін көп кеселге
Тауыпты кейінірек зерттеп ғылым.
Мен оны санамаймын тізіп, теріп,
Күмәншіл табылса өзі қайтсын көріп.
Жазылып науқасынан айығады
Жылына сан мыңдаған адам келіп.
Осыған ат берілген
Барлық деген
Тізесін бұған жол сап нар бүкпеген
Тәрізді
Қайырымды әз табиғат
Берген — ақ
Жомарттықпен,
Нарлықпенен.
Барлықтың мағынасын түсіне алсақ,
Пайымдап, парықтасақ кетпей жаңсақ.
Өзіңнен өз қажетің шығып, бар боп
Отыру қиялдамай байлық аңсап.
Сол байлық ойлап тұрсам, осы «Барлық»
Түзелсең науқасыңнан айығып, арылып,
Отырсаң бар боп, cay боп тірлік етіп
Болар ма бұдан артық молдық, барлық.
Байлыққа қазақ, жері емес кенде
Жалған деп айта алар қайсы пенде
Адал да аңқау, жалқау қазағым деп
Тәңірінің өзі сыйлап берген көмбе.
Беу жұртым, бұл жеріңнен не шықпайды
Болмас еді игере алсаң несіп қайғы.
Амал не орталығың өз билігіңді
Өзіңе беруге әзір асықпайды.
2
КӨЗДІҢ СУЫ
Бетінде биік жота жалғыз жиде
Жамбастап жатыр сұлай түскен күйде
Ысқырған жел, үскірген сары аязға
Қалпы бар төтеп берген қыңбай мүлде.
Бұл да емес назарыңды баурайтұғын,
Өрбітіп ойыңнан сыр аулайтұғын
Жотаны тесіп шығып сыздықтаған
Мөлдір су көз жасынан аумайтұғын.
Жалғасып Өмір бойы үзілмейтін
Сыры көп табиғаттың біз білмейтін
Әйтсе де, өрге ылдидан жылып аққан
Бірінші көріп тұрмын судың кейпін.
Оқушым, және өзіне назарың бөл
Шипасы мұның дағы қасиеті мол
Жайнатып жанарыңды жібереді
Тегіннен ерге қарай салмапты жол.
Деп мұны айтады екен көздің суы
Қыста да жатса білем бұрқап буы
Жері ғой қазақ атты ел мерейін,
Көтеріп аруағын тұрған туы.
Шипасы жағынан бұл Арасанға
Батыстың қайнарлары жанасар ма!
Адамға аямай күш-қуат құйған
Құт мекен биігіңнен аласарма!
ҒИБРАТ ҮШІН АЙТАМЫН
Жалғыз қалсам,
Абайды алам үлгіге,
Қазақ үшін одан өткен бұлды не!
Ол данышпан болғаны үшін көре алмай
Дұшпандары сырт айналды тынды не?
Ұяластар мені жалғыз қалдырып,
Соғып көрмек жанды жерден талдырып.
Көптікті айтсаң, ешкі егіз, ит сегіз.
Ұтқан кім бар қамалды оған алдырып.
Менің балам бар қазақтың баласы.
Ақылсыздың оны ұғарлық санасы
Жоқ қой...жаман тұрады ылғи табашы
Мін іздеуге ғана келіп шамасы.
Халқым барда жалғыз әсте қалмаймын.
Ұққанға мен мыңға татыр нардаймын.
Білсеңдер мен иілмес еменмін,
Сынармын, тек жалғызбын деп бармаймын.
Қиналғанда, көмек керек кезімде,
Аймағымнан қуат алам төзімге.
Биік туған аласармай өтеді,
От сөнсе де шок қалады сезімде.
О, оқушы, сөз саптауын байқағын,
Бастан кешкен кім бар ылғи май таңын.
Ащы, тәтті өмір сүріп жатқанға,
Ойланар деп ғибрат үшін айтамын.
Сұлулық, сымбат көруге ғана
Тымық теңіздің беті тәрізді.
Тереңде тұйық ақыл мен сана
Әйгілейтұғын өмірге әр ізді.
* * *
Өмірге қанша жан келсе
Соншама тағдыр келгені.
Түрліше өмір өткеріп,
Түрліше бақи көргені.
Кейбіреу қысқа өмірін
Қор қылып аяқтайды.
Қазасы ондайлардың
Аянышыңды оятпайды.
* * *
Заман қашанда қытымыр
Оның дарқаны болған емес.
Күреспеген, әрекет етпеген жан,
Қандай заман болса да оңған емес.
* * *
Кейбіреудің артықтығы
Дәулет, ырыс, несібінде.
Алаяқтық, арамзалық
Өткере алар кәсібінде.
Кейбіреудің артықтығы
Жылтыраған құр бетінде,
Гүл тәрізді бір бүр ашып,
Солатұғын жел өтінде.
Кейбіреудің артықтығы
Аласармас ақылында.
Байлық, мансап, аруларың
Кететұғын тақымында.
Әттең мұны түсініп шын
Берер баға адам қайда.
Ауытқымай әділеттен
Қалатұғын адал қайда.
* * *
Ақын — елінің қаны мен жаны,
Адамдық ұждан, намысы, ары,
Қоғамдық, ойдың ту ұстаушысы,
Халқымен ғана бірге атар таңы.
Ақын — елінің тамырда қаны,
Жүрек соғысы, тыныстағаны,
Жүйке жүйесі, мінезі, құлқы
Толғантар оны болашақ қамы.
Әттең-ай, әттең, еленбей мәні,
Сөзінің құны, тереңде нәрі.
Танылмай, мәре бұйырмай заңды
Сайыста сорлап жанбай жүр бағы.
* * *
Махаббат деген адамдық мейір,
Көңіл қошына беретін пейіл,
Тек тауқыметін түрліше көтеріп,
Біреулер жылап, біреулер кейір.
Махаббат деген достық араны,
Жалғастыратын билеп сананы.
Қызуын ыстық көтере алмай,
Қайсыбір осал жолда қалады.
Махаббат деген биік тым, заңғар.
Санаулы ғана биігін андар.
Ойы кеткенмен, өресі жетпейтін,
Сенделме сумен бар небір жандар.
* * *
Адамдық парыз биік қалу деген
Тер төгіп ризығыңды алу деген
Осыны өткермекші болып жүріп
Күн кешесің әркімге баруменен.
Дарынсыз төресымақ адамдарға
Түседі талант ісі тамәмдарға
Түлкіге, құбылдарға, жылымдарға
Шешімі тіреледі амал бар ма!
Тіленші осы емес пе тірлік деген
(Жақсылық тағдырынан кім күтпеген)
Жетпеген алысуға өшті өмірлер
Тас керең талабыңа ірілікпенен.
Адам дедім, алаламай
Жәйіп салдым жанымды
Қадарымша құрметтедім
Аямадым барымды.
Адам ұқты.
Надан қорықты
Деп істеді әрекет
Татымсызға еткен қайырым
Жүрегімді қарыды.
Ызғарынан бақи барар
Туды дауыл сарыны
Дауыл мәңгі болмағанмен
Толмасы бар орыны.
* * *
Жағынып бір қалу ма еді қалайда,
Теңеместі теңепсің-ау Абайға!
Сен айтқанмен, халық қабыл алса ғой...
Не жүрмейді бүгінгі күн дал ойда!
* * *
Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған,
Құлармын демей орға жар аттаған.
Ұлтының ақ бетіне қара дақ боп,
Қылығы ар-ожданды шабақтаған...
Ұшар қанат жан пырағым
Сөнбейтұғын шам шырағым
Көз жұмғанша ой тұрағым
Бойымдағы бойтұмарым.
Қашан болсын ой бұрарым
Көңілім қалап бойға ұнарым
Ақ сәулелі ақ нұр, әрім,
Бойдан түспес бойтұмарым.
* * *
Ғажайып бір сәттер болған
Басыңа бақ құсы қонған
Ыстықта самал боп өбісіп,
Елемес суықты тоңған.
Ән салып аймағың тамам
Болмайтын көңілде налаң
Толқыған демдер тоғысып,
Бойында қалмайтын шамаң.
Ол сәтте аймағын жаңа,
Ақ мұнар ақыл мен сана...
Ес кеткен сол бір күндердің
Қалыпты елесі ғана.
Уақыт мойын бұрғызбай,
Арманды ұзақ қуғызбай
Көңілде көмескіленеді екен
Сөнермен алыс жұлдыздай.
* * *
Майдағы дала маужырап,
Көкжиек алыс мұнартып...
Басы мұз сұсты тау жырақ
Жаныңа ауыр мұң артып...
* * *
Толқытып алаңсыз кезің,
Барламай мәнісін өзің.
Мазалар шақ болады екен
Жадыңнан жоғалған сезім.
* * *
Бойы тәштектің,
Ойы да тәштек.
Жараса бермес
Қолпаштау, әспет.
Лауазымы бар
Өзінен биік
Амалың қайсы
Өмірде пәс көп.
* * *
Сумаң сусыл сыртыңнан
Бал ашып нені үймейді.
Орақ орып аузымен
Найза ғып тілін түйрейді.
Қисынбай қырға лаққан сөз
Жарға ұрынып күйрейді.
От лаулат мейлің өсектен
Күнәсіз жан күймейді.
* * *
Теледидар төрінде қабақ керіп,
Биліксіздер сұқпаты үкім беріп
Айту керек бұл істі, бүйту керек,
Деп жатқанда отырам күлкім келіп.
Сөзде тұрлау пәтуә жоқта тұрақ,
Бос даурығу не керек ойлар құрап.
Нені қалай шешерін, не істерін
Биліктілер жатпайды бізден сұрап.
Құдай да құлқынға қарап ауру береді.
Халық мақалы
Ойлағаны құлқыны болып
Жауша жапырып жақынын торып
Өзінен шығармай, өзгені сорып
Жүрсе де жарымай баратын болды-ау
Бақиға сорлы көктемей солып.
* * *
Жақсы-жаман көргенінен көз
Fибрат алмаған көр кеудеден без.
Ащы да тәтті өтпейтұғын сөз
Аулақ бол ынжық бозөкпеден ез.
* * *
Баласыз әйел — панасыз.
Панасыз болмас наласыз.
Бермегенсіп сыртқа сыр
Өткізер өмір шарасыз.
* * *
Жинағыңның ғажап екен қағазы,
Әрине ол нәріне емес таразы.
Оқырманың деп жүрмесе жарады,
Сырлап, сындап өткізудің наразы.
Суретшің де жанын салып мүсіндей,
Алған екен ең ғажайып ісіндей.
Шолақ ақыл әсіре сән киінер
Жарасымын тұрады кім түсінбей.
Бұлай әлі шығып көрген жоқ Абай,
Сонда да оны оқырманы жоқтамай
Қалған емес, қағазы осал болса да,
Өтеді бір күн дүкендерде тоқтамай.
Абаймын деп айта алмайсың өзің де,
Онның бірі Абай жоқ қой сөзінде.
Пайдалана бер ауылың, бауырың,
Шапағаты, тиіп тұрған кезінде.
* * *
Күн бар жерде көлеңке бар.
Екеуі де өмірге нәр
Екеуі де — қажеттілік
Жоғы сені көмуге бар.
Жанға ашпай сыр,
Болмай пана гүл бақша.
Орман тау, қыр
Кәрі бұлбұл бұл шақта
Қапада жүр,
Бой бермей тірлікке бұл.
Адам түгіл кепке
Құдай жақпайды,
Кондалықпен құдайды да даттайды
Өз мақсаты дегенде ең өзімшіл,
Адам ойын Құдай дағы таппайды.
* * *
Сан-сала мазалайды ойлар небір,
Тозбайтын, тоқтамайтын жоқ мәңгі өмір.
Көз жұмсам дәмім бітіп ертең бір күн,
Жұрт келер кімге айтарын білмей көңіл.
Жасаған мұнша кәріп қылдың неден,
Жараттың әйел атаулыдан төмен.
Жақпады қай қылығым, не жазығым,
Шақырдың қаһарыңды неменемен?
Жақын жоқ, жанашыр жоқ туған-туыс,
Мен үшін мынау ғалам жәй бір қуыс.
Өтеймін деп алатын қарызымды
Салатын жаназалап топырақ уыс.
Жүруші ем тірек көріп Мәриямды,
Артымда иемденер деп ұямды...
Жан тәтем қайтқан күнгі қылығынан
Кеудемде сезім өлді, ар ұялды.
Қақырап ақау түсіп талабына,
Сенімді менен кейін қаларына...
«Артынды баға алмаймын маған сенбе» —
Қанықтай-ақ құдайдың хабарына.
Туғанда балаларын қуанып ем,
Тәубе деп тағдырыма уанып ем.
Атасы басқалығын бәрі ұқтырды,
Қайғымды бүгін қайда қуамын мен.
Арман қуып, жетпей біреу тоқырап,
Біреу жетіп ырысқа бөгіп отырады.
Сонда-дағы бақыттың ең үлкені
Уақытында алу депті Сократ.
Кешіріңіздер, көңілдерге дақ салғым
Кеп тұрған жоқ, болашағым-бақ балғын
Дей алам ба... кейінгіге аманат
Көңілімнің бір қалтарысын актардым.
* * *
Алла бүркемегенді
Қастық бүркей алмайды.
Тұмшала мейлің түнек боп
Ұзаққа әсте бармайды.
Күншіл сорлы көмдім деп
Күпініп өзін алдайды,
Тәңірінің берген талайын
Тартып ешкім алмайды.
Жанып туған жұлдызы
Жарқырап шықпай қалмайды.
Біреуге мен көптің бірімін,
Біреуге ғажаппын, ірімін.
Әрсіздің, нәрсіздің бәрі — мен
Батқанға тікені тілімнің.
ЖҮРЕК
О, жүрек!
Жұдырықтай ғана бұлшық ет!
Бар еді сенде
Ғажайып қандай күш-құдірет.
Лүпілмен ғана,
Өмірді жалғай аласың
Түйілсең кейде
Дейсің: ал кәне менсіз қыбыр
Елжіреп елтіп
Табындырар да сәтің бар
Көбелек болып
Өлеңге өретін ақындар.
Топ етіп.
Жылан арбаған торғай тәрізді
Асқақ арулар
Алаулап өзі жақындар.
Сендегі, ой хой,
Мейірім қандай мейірім!
Жан атаулының
Билейтін сенсін бейімін.
Ұшқан құс
Дүлей тағы күш аттап өтпес қып,
Сен оятасың ұрпаққа деген
Ата-аналық ұлы сезімге пейілін.
Әттең-ай, Тәңірім
Біреуге сені ірі ғып,
Біреуге қуыс,
Әйтеуір жүрер тірі ғып,
Біреуге тас қып,
Айбынды қылып біреуге
Бергенін неге
Айтар
Бұл пәни дүниеде кім ұғып!
* * *
Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім?
Мен өскеннен кімің кәне кішірдің?
Қадамыңа тұсау болып қайысыңды
Орға қарай қай биіктен ұшырдым?
Неге осы қоймайсыңдар шырақтар?
Әркімге арнап Алла жазған шырақ бар.
Кімнің шырағын кім сөндіре алады?
Тағдыр жазған әр шырақта тұрақ бар.
Артық болса қабілетім, ажарым,
Алла маған бөлген шығар назарын.
Сенің үлес несібең ол емес қой
Оның үшін неге көбейді азарың?
Мені күндеп бүлінгенше қуып жет
Қабілетіңді асыр дағы озып кет
Оның бірі келмес болса қолыңнан
Күн көрсеңші бейшара-ау жүріп тек.
СЕЛҚОСТЫҚ
Жауыңнан қорықпа, азар болса — өлсең өлтірер. Досыңнан қорықпа, азар болса — ол сені сатып кетер. Қорыққанда селқостықтан қорық, олар сені өлтірмейді де, сатып та кетпейді. Тек олардың үнсіз бейжайлығынан Жер бетінде сатқындық пен кісі өлтіру орын алады.
Роберт Эберхардт,
соңғы Питекантроп патшасы
Әдетінсіз өзіндік
Өмірге келген адам жоқ.
Сол көп әдет ішінде
Селқостықтан жаман жоқ.
Жау мақсаты белгілі
Қапыңды табу, өлтіру
Ол болмаса басыңа
Сұмдықтар үйіп келтіру.
Досың селқос болса егер
Аңғармайды сатқанын,
«Ат біледі дегендей
Төс айылдың батқанын»
Сезінерсің тек езің
Селқостықтың батпанын.
Селқос болса қосағың
Қосынды жылытпас жаққаның
Үйінде болар ақпаның
Парықтамас дұшпанның
Жылан боп келіп шаққанын.
Селқос болса ұл-қызың
Үйіңе шам жақпадың
Қапыда ылғи қабарсың
Дұшпанның құрған қақпанын.
Селқос болса туысың
Тура жол әсте таппадың
Тыңдап ығыр боларсың
Лапылдап бейпіл лаққанын.
Түйсіне бермес бейдауа
Иесін келіп қапқанын.
Халқың селқос болса егер,
Көрмессің таңның атқанын
Сезіне бермес селқостық
Түбіне жетіп жатқанын.
Байыптамас сілейіп
Зердеге шырақ жаққаның
Қаперге алмас парықтап
Көшінің теріс баққанын.
Аңғара бермес пайымдап
Сатқындардың сатқанын.
Селқостықтан туындап
Зұлымдық судай аққанын.
ӨКІНІШ АҚЫН ЕРТЕ КӨЗ ЖҰМҒАНЫ
Жаратқан Алла қалай әйел затты,
Нәзіктеу, еркектерден инабатты,
Парасат, ақыл, енер тең ғып беріп,
Көңіліне асыл сезім ұялатты.
Өктемдік бұзбаған бар қай қамалды,
Зұлымдық асырмаған айла-амалды.
Әйелдік нәзіктікті әлсіздік деп
Күштілер өз қамына пайдаланды.
Пысықтар тездеп мұны заңдастырды,
Бірінен-бірі озып алға асырды.
«Мүлкі деп әйел ердің» қағида ғып
Әйтеуір пайда жағын қамдастырды.
Негізін біреу ұқты, біреу ұқпай
Қалған ба жаман әдет әсте жұқпай!
Көзіндей күнкөрістің күйге түсті
Қоғамдық өмірде әйел деңге шықпай.
Қалыңмал әмеңгерлік ғұрып болды
Түскен бір қыз мойнына құрық болды.
Құны жоқ, ешнәрсеге құқы да жоқ
Тағдырын кері арнаға бұрып болды.
Аударды зиялының бұл назарын,
Хал бұлай бола берсе ел азарын.
Әйелге ара түсті оқығандар
Танып өз бесігіне көр қазарын.
Біреуі жоқтағанның әйел мұңын,
Егіле ет жүректен төгіп жырын
Еді ғой ел ардағы Сұлтанмахмұт
Қоғамдық бұл құбылыстың ашып сырын.
Сондықтан көп шығарма келді өмірге
Ем болып, дауа болып қам көңілге
Белгілеп ұлт тағдырын беретұғын
Мән алып әлеуметтік бекітті ірге.
Ғұмырын жас гүлдердің көктей жұлу
Ілгергі қадамына тұсау құру
Жойылды зиялылар күресімен
Ерекше бүгін мұны керек ұғу.
Тағдыры әйелдердің көптің қамы
Болды да арайланып атты таңы.
Жеңісін күресінің көрмей өзі
Өкініш ақын ерте көз жұмғаны.
Бүгінгі өмір өзге, басқа азап
Бүгінгі қыздар өзге, басқа тозақ.
Кімдерге құда атанбай жатыр, ой хой!
Жақсысын жатқа бермес қайран қазақ!
ҚҰБЫЛУ
Сарыала күз, салқын леп таудан ескен,
Жоталардан боз тұман құлай көшкен
Бозғылт шілтер бүркенді үлбіретіп
Қалың жыныс өрмелей беткейде өскен.
Кеше сындар қарағай күнге ғашық,
Бүгін салқын ызғарға құшақ ашып.
Келін қайың тәрізді той қыл арман
Сары алтын теңгеден шашу шашып.
Көме түсіп құзар шың жақпар тасын,
Ол да өзгертіп байлапты ақ шалмасын.
Құбылуы заңды ғой табиғаттың
Жан сарайын уақыт ақтарғасын.
Ғалам өлі жалғыз сәт тынымдаса,
Дамығаны ілгері қыбырласа,
Тек адамдар қоян боп, қабақ бағып,
Жыл мезгілі тәрізді құбылмаса.
* * *
Сұлу сөйлейсіңдер,
Ақыл да жетеді...
Әттең іс өткергенде,
Сол ақыл қайда кетеді!
* * *
О, адамдар, таныңдар,
Әр кеудеде жалын бар.
Әрқайсысы әр тұста
Әр алуан жалындар.
Бірақ ұтады бұл күнде
Жалынды емес, достарым,
Өзі жұқа — инелік,
Бет терісі қалыңдар.
* * *
Қайда кеттің бұлбұл көктем,
Жүрегімде жыр гүлдеткен.
Шығандатып шың асырып,
Әуелете ән гулеткен.
Кеше жаман,
Бүгін жақсы,
Кешегі мол
Бүгін тапшы
Зіркілдеген
Заман — бақсы,
Күдік кетсін
Көңілдерде
Маздатып тек
Шырақ жақшы.
ТҮС
Жан жоқ шығар өмірде түс көрмейтін,
Ой жіберіп мәніне түс бермейтін.
Әлдененің хабары ғайыптан кеп
Аян берген ғажайып іс көрмейтін.
Біреу сеніп, деп түсім деп келеді,
Алдын ала жақсылық бөктереді.
Біреу үрей шақырып, қатер ойлап,
Қайыр береді тиеді деп көмегі.
Өңінде емес кейбіреу түсте байып,
Өмірі өтіп үмітпен жасы ұлғайып,
Бітпес арман арқалап кете барады
Айқара есік ашқанда дүние ғайып.
Рақат, бейнет ол да түс аты өмір,
Тірі пенде өткердім демес жеңіл.
Алла адамды беймаза жаратты өзі
Қайдан пайыз табады дөнен көңіл.
Дүние қуып, жұлқысып жүрсін мейлі,
Төккен терім, мақсатты ісім дейді.
Бақ — баянсыз, мансап — сор, ел — ұмытшақ
Мынау ғалам өзі түс, түсінбейді.
КӨРІНДІҢДЕР ТАҚ БИІКТЕН
Табатын жауқазындай жазға ұнасым,
Іздейін бүгін соны сөз бұласын.
Жеті асқар желіп асқан құттықтауға
Ғазиздің өзін һәм Гүлжазирасын.
Қос бауырым құтты болсын мерейтойың
Нарықтың құлағында салған ойын.
Тектілер ғана шығар тақ биіктен
Көрініп тұр түлғалы асқақ бойың.
Барласақ адам алуан жаратылған,
Жандар көп күн батырып, таң атырған.
Сапында саналылар орыны бар
Ғазиз бен Гүлжазира, дара тұлғаң!
Жеті асқар айтуға көп, өмірге аз.
Әрқилы ой, әркімде әр көңілде наз.
Еңбекте, от басында парасатты
Келдіңдер ғұмыр кешіп тәрізді жаз.
Санасам оның бәрін дерегім көп,
Көрнеуді көрсетудің керегі жоқ.
Кімнің кім екендігін шақ ғұмыры
Ойлаймын өзі-ақ айтып береді деп.
Ақ бурыл тартып сақал-шаш ағарып,
Келесің қосағыңмен қоса ағарып.
Халықтық ақ батаның заңды иесі,
Сендерді алда бақыт тосары анық.
Бауырлар біздер соған тілектеспіз.
Жылжыған жылдарды асып ұлы көшпіз.
Сексеннің сеңгірінде тойларында
Тойлайық тағылым, ғибрат — біздер ескі із.
Жоқ болып қалған ғұмырда озарыңыз
Бір-бірін ғана болып назарыңыз
Ақ шуақ қана болып ақ ордаңыз
Ешқашан тарқамасын базарыңыз.
* * *
Тым ақкөңіл жаным,
Бәріне сенем, бәріне
Қарамай ішкі
Тереңде жатқан нәріне...
Сол үшін болар
Кешірмес кейде тәңірдің
Ілігіп қалам кәріне.
EЛ КӨЗІНДЕ ЕҢСЕЛІНІҢ БІРІМІН
Қанша таным қалдың екен атпаған,
Қасіретім қалдың қанша татпаған.
Маған деген қанша ащы-тұщылар
Тұр екенсің тағдыр әлі сақтаған.
Көз жетпейді ұшығына бірінің.
Әрекетін жасап келем тірінің.
Бар жарасын жалап жазып жанымның,
Ел көзінде еңселінің бірімін.
БІЗ ДЕ ЖАС БОП, КІШІ ЖОЛЫН ӨТКЕНБІЗ
Мен көрмеген не бар еді, кімің бар?
Дүрімсисің бірдеңе боп құның нар,
Тәрізденіп мықшиясың лауазым
Салмағынан бадырайып мінің бар.
Өмір заңы ол, мен егде сен жас бүгін
Алға ұстарың өзі тек сол жастығың.
Жас болады көкірегі көр, басы жел,
Жанаспайтын маңайына жақсының.
Біз де жас боп кіші жолын өткенбіз.
Үлкендерге құлдай кызмет еткенбіз.
Толмай тұрып Толстойлық дәметіп
Жұлқынбай-ақ осы халге жеткенбіз.
Ақыл шығар төрге шықтың жасыңмен
Теңгеріліп өнерлі, алғыр, асылмен.
Қабілетпен емес қолдау, қолпашпен,
Жөн-жосықты ажыратпас басыңмен.
Ақылың толмай жас деп әдейі көтерді.
Көрмей, сезбей жүрміз қандай бекерді!
Жетесізге жетпей желге кеткен сөз...
Қай айтқаннан қай олқылық өтелді.
ШАБЫТ
Кешке дейін қағаздың ортасында көміліп
Отырамын ілгері жетелейді көп үміт.
Кейде сараң, самарқау ой кібіртік, ал кейде
Сел астында қаламын қылт-сылт қана көрініп.
Жақсы ойларым жанға азық жетелейді ілгері,
Ондай сәтте аяқты басады ойхой кім кері.
Шұқшиямын шүйіліп ақ қағаздың бетіне
Шымыр, пысық оралып тартылады жыр желі.
Шабыт шіркін аруана болса ғой пау күнде иген,
Шып-шып тершіп маңдайың көктем келіп, күн сүйген
Тәрізденіп төгіліп, риза боп өзіңе
Рақат сәт осыдан табар ма ақын жыр сүйген.
Дүбірлі думаннан қалдық,
Дәуірлеп құрмасақ та салдық.
Жүруші ек жарқылдап топта,
Кімнен нау болды екен жарлық.
* * *
Баяны жоқ көшпелі бақ
Кімді мәңгі еткен тұрақ!
Алла мейірін төкпесе егер
Ала аларсың кімнен сұрап.
Тірнектеп көрпедей құрап,
Құптарлықтай маңайға ұнап
Пайыздатып ала алмасаң,
Сенен мәңгі жүрер жырақ.
* * *
Өз малым түгел,
Өзгелерің мейлің қоңыз тер.
Деген тәрізді
Басы ауырмастан келіп көр.
Жылпылдап қолдан
Сусыған балық тәрізді,
Кей мықтыларға
Жойылып болды сенімдер.
* * *
Еститұғының қашанда бірлік-береке,
Ұйыған соған мызғымас болып дәнекер.
Сауданың бәсін дәл тауып айтқан мақалдап,
Қайран аңқау ел ұжмақты әлі дәметер.
Екі сызық маңдайға
Сұлай кеп түсті көлденең.
Еңкею дегенді еске алмай,
Өрлікпен ширақ келген ем.
Сыр алдырмаған сұқ көзге
Шымыр жүрегім,
Асаудай тулап,
Алқына бердің, сен неден!
* * *
Әйелдің мүшкіл халі көзге ұрады.
Мүсіркеп үлкен-кіші сөз қылады.
Әрекет етер деген оны ұғып,
Бітелген биліктілер көз-құлағы.
Опасыздық көп көрдім,
Сенбей тұрам ешкімге.
Жетім қонжық орманда,
Тәрізді өмір кештім де.
Үмітшіл көңілің ілгері қозғайды.
Өрбігіш арманың бітпейді, тозбайды.
Сол үшін аспанға үш, жерге түс, тау төңкер
Бәрібір ешкім де жазмыштан озбайды.
Жарамайды селқостық,
Жасау керек әрекет.
Бойындағы кетеді,
Сонда ғана пәлекет.
Парықты парықсызбен егеспейді,
Ақылды ашу жеңсе, не деспейді.
Кез болса талайына тағдыр жазып,
Басынан пәнда адам не кешпейді.
Баянсыз, алдамшы бақ қонғанменен
Жақсыға жаман әсте теңеспейді.
Тұрлауы, тұрағы жоқ бұл пәниден
Жаралған жанды-жансыз не көшпейді?
Тек қана әр кеудені байыздаған
Халыққа мирас, нақыл сөз өшпейді.
* * *
Үлкеннен үлгі,
Кішіден ізет!
Бауырым, сен менімен байқап «ойна»
Әркімнің өз мың қойы жүреді ойда.
Болғанмен мансап көзі көк аспанда,
Жер басып жүргеніңді сезбей қойма.
Дарияға өз ақылын теңемес кім,
Қызғанда қабырғасына кім кеңессін.
Қулығын кей пасықтың елемеспін,
Намысын қорғай алмас ез емеспін.
Баянсыз қолдың кірі бак дегенің
Болмайды бүлдірмесі «тақ» дегеннің
Өзіне өзге емес өзі риза
Есерді ерегессем бөктеремін.
Әр ненің даңғыры бар күйге тең бе?
Көгалға қос тігіледі, үйге тең бе?
Құрметті жағынудан айырмасаң
Мен айтып кембағалым, үйретем бе?
Қалдырған талай нақыл бағы заман
Ойы ұшқыр, жаны сергек таныр адам.
Үлкеннен үлгі, жастан ізет дейді.
Кеудеде сәулесі жоқ ұқпас надан.
Уағызынан табылар
Жердің және көктің!
Болашақ танып табынар
Қандай жеміс ектің?
Ризығы болар көптің
Қандай ұрық септің?
Болашақ болар борышты
Қаншама тер тектің?
Өмір деген жылжыған көштің
Бар бағдар барысында,
Ажыратып, қақыратып
Екіге бөле алмас ешкім.
* * *
Абай айтқан жұмбақтың бірі менмін,
Өзің білші, келмесе бұған сенгің.
Жұмбақ сырын ашатын «ұлылықтың»
Өзі жұмбаққа айналар мұны білгін.
Бола береді осылай биліктілер,
Ойрандаса ошағын құқы теңнің.
* * *
Хан деңіз, қара деңіз бәрі шартты
Дәреже, атақ, даңқты кімнен артты.
Адамдар қолдан жасап мұның бәрін,
Жіліктің майлы басын өзіне тартты.
Дүние-ай, өтер ме екен мына жалған,
Көп ісім орындалмай ойыма алған.
Көкиген көп тымақтан озық бойым,
Көрінбей келе жатыр коп томардан.
* * *
Әлем аппақ
Жауған қардан
Арайлы ақ нұр тарағандай.
Жүректер де әппақ болса
Көңілді алау орағандай.
Жүрсе адам атаулылар
Жан шуағын жәйіп салып,
Отырмаса кейіп-налып
Ақтығынан ғайып қалып.
Сөйтіп шіркін адамдардың
Күллі әлемі аппақ болса!
Қабағына ылғи ғана
Аппақ нұрлы шуақ қонса.
РУХЫҢ МӘҢГІ ГҮЛДЕР, СЕН БӘЙТЕРЕК!
Беу, дүние, опасы жоқ пәни жалған
Айырылдық қазақ халқы, қандай нардан!
Алыптың ӨЗТҮРІКТЕЙ еңбегімен,
Әлемге қазақ деген атың барған.
Арыстан сұсты, айбарлы, жүректім-ай
Ақ алмас құрыш дене білектім-ай.
Қабанбай бабасындай халқым деген,
Ел қамы ойлағаны өр тілектім-ай.
Қапыда көз жұмдың-ау қайран ерім,
Кең ойлап, мол пішетін кемеңгерім.
Бір сырлы, сегіз қырлы қабілетім,
Сан соғып, есеңгіреп қалды-ау елің.
Ғайыптан тап болып ең ажал қайдан!
Ұстаз боп ұланыма қанат жайған
Тұлғаға тұғыр болар жалғастырып,
Дәстүрді мирас қалған Қабанбайдан.
Амал не, ажал тандап келеді дейді,
Халқыңның ерек өзің деген бейілі.
Сен салған үлгі медеу көңілдерге,
Мектебің өсіп әлі кемелдейді.
Тарихың, таңдандырар өмірің бар,
Тағдырың айта қалар көңіл бұрар.
Жазылар саған арнап талай дастан,
Оятып ой-санасын ұрпаққа ұнар.
Ғибрат бар Алла ісіне тоқтау керек,
Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек.
Жаннатта болып жаның артындағы
Ұрпақты аруағың жүрсін жебеп.
ЕГІЗ ДҮНИЕ
Дүние егіз.
Тұрады:
Қосу менен алудан
Не болмаса,
Жаңа кеп,
Ескі өліп, тыным алудан.
Дін негізгі тұрады
Ұйып сену, нанудан
Саясат соған барабар
Мақсаты пайда табуда.
Кім ұтылды, кім ұтты,
Құрады бұл да негізін
Саралап, талдап алуда.
Мәселе қалай тануда
Ол да бір жатқан саясат
Саясаттан іздеме
Іздеме, достым, саябақ.
Әділет деген таразы
Озады пәни дүниеде
Әділетке табынған.
СЫНЫҚҚА СЫЛТАУ
Бұл сезім арналады ұққандарға
Мәніне терең бойлап шыққандарға.
Әйелді жаратты Алла деп ғаламға
Ұрық ек, өмірге әкеп ұрпақ жалға.
Осылай қабырғаммен кеңес құрсам,
Тәңірінің пәрменіне көңіл бұрсам,
«Майданда ері өлген соң ерге шықпау —
Адалдық» — деген сөзді қалай ұқсам?!
Кім жалғап халық санын өсіреді?
Болашақ қамы қалай шешіледі?
Шыққанда Мұхаммедке Хадиша ана
Ері өлген, дәулеті мол жесір еді...
Әйелге ұрпақ көру несібе еді,
Сонымен талай түйін шешіледі.
айланып көр қазыққа қалмағанды
Алланың өзі дағы кешіреді.
Болса да әйелге мол тағдыр тезі.
Тіршілік атаулының сол ғой көзі.
Нұр шашқан исламды әкеп үлгі емес пе
Мұхаммед пайғамбардың өмірінің өзі.
Берейін дегенім жоқ бұдан дерек
Әркімнің шыққан тауы өзіне ерек.
Опасыз, оқпаны көп бұл пәниде
Сыныққа сылтау іздеп неге керек!
Сұңғыла сөз мәнісін негіздейді,
Шын әділ мұнын қалай дегізбейді.
Уәде — себеп. Адам Алла берген
Бұйрықты ризығын теріп жейді.
ДҰШПАН
Басындырсаң басына береді
Қулық сұмдығын асыра береді
Жоқты бар ғып, үйіп-төгіп,
Күл, қоқысты тізіп тереді.
Өтірік күліп, арбап жүріп
Жұлыныңды үзіп береді.
Сөйтіп тағы сол екі жүз қалпы,
Өтірік жылап, өсекті құрап,
Кеңсайға апарып терең көмеді.
Дүние ісі ақыретке кетсе..,
Сазасын бәрібір Алла береді.
ЖЫЛЫ ҚАБАҚ
Арасан-Капалда демалып жатқанда
Шәймерден деген ақсақал бастап, бір
топ майдангер, еңбек ардагерлері ауырып
қалғаныңды естіп, көңіліңді сұрай келіпті.
Содан туған бір шумақтар еді.
Ауырғанның көңілін сұрай барамыз.
Демейміз ғой дертін бөліп аламыз.
Тарыққанға жылы қабақ. таныту
Ізгіліктен бастау алады тарап із.
Жарым ырыс жақсы сөздің не бірін
Айтып, Алла жалғасын тек өмірін,
Шипа берсін шыбын жанға деп тілеп,
Науқас жанның көтеру ғой көңілін.
Бабалардан мирас бізге бұл ғұрып,
Тұрған жоқ па елдік сырын білдіріп.
Бүгінгі кей зиялымыз секілді
Жатпапты олар жақсы көңілін бұл қылып.
Бүгінгілер қабағына қаратып,
Онсыз елге күн шықпастай, таң атып,
Ызбарланып, ызғар шашып маңына
Жүреді ғой қарадай қар боратып.
Кейбір дүрдің сәлемі де сатулы
Әр қадамы мол есепке батулы.
Көңіл нарқын көтеріп піл бола қап
Сиретеді араңдағы татуды.
АДАЛДЫҒЫ ОСЫ МА?!
Ауа лас, су лай
Аспан сұрғылт, жер тақыр
Адам бүгін сор маңдай
Қасірет біткен кеп жатыр.
Ядролық сынақтың
Кесірі енді білініп,
Ұрпақты бүгін жұтарман
Обыр қуып жеп жатыр.
Кеше Семей Бүгін бұл —
Лобнор дейді шығыста
Бардық... келді ол бізге...
Жәйім қайсы ұғысқан
Бүйіріңнен дүрсілдеп
Бүйрек түсерменде тұр
Адалдығы осы ма
Сыйлас көршің туысқан!
БҰЙЫРЫП ТҰРСА ҮЗІМ НАН
Бұйырып тұрса үзім нан
Кәпірдің қолынан да татасың.
Алланың болса әмірі
Жат топырақта да жатасың.
Бақ келіп қонса бармақтай
Шыққан тегіңе қарамай
Байлық теңізіне де батасың.
Ақсүйек болып айтулы
Ақылгөй болып та үн қатасың.
Тек жасыра алмайды
Уақыт емшінің өзі де
Ісіңнің барша қатасың.
Замандардан әрқашан
Сыр тартатын кемел бар
Сөйлейтін тіл-жақ болып
Өлең-жыр деген өнер бар.
Дүниенің ісі дүниеде қайтып,
Пәндәнің ешқандай ісі
Бақиға кетпейді деген бар.
ЖІГІТТІҢ ГҮЛІ ДЕЙДІ ӨНЕРЛІНІ
Қадірлі емес жігіт байлығымен,
Мансабы — қолындағы айдынымен.
Қадірлі ол — ел тірегі ақылды ісі,
Табылған әділеттен қай күнінен.
Жігіттің гүлі дейді өнерліні,
Айнымас бүгінінен келер күні.
Маңғаз да сырбаз қалпы қашан көрсең,
Өнеге болашаққа еккен гүлі.
Осының бәрін көрем тал бойыңнан.
Толғаған терең де, кең нұрлы ойыңнан
Аптықпай анық басқан алымыңнан,
Атқарған, өткерілер іс бойынан.
Іліндің жаңа ғана ер жасына
Шаршамай шығар талай шын басына.
Бейбітжан мерейтойың құтты болсын.
Қазақтың Гомерінің1 кел жасына.
Көп емес ат берсем де, атан берсем,
Бір сырлы, сегіз қырлы ақтангер сен
Таусылмас сый орнына қабылдашы
Аз жолды әдейі арнап апаң өрген.
ЖҰМБАҚТАР
Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.
(Кітап)
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.
(Маса)
Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.
(Қарағай)
Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.
(Қайың)
Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.
(Кітап)
АЛАУ СЕЗІМ
Алау сезім қанатында
Көңіл көпті қиялдайды.
Қонбайынша құзар шыңға
Арманнан бой тыя алмайды.
Махаббаттың ақ жалыны
Шарпымаған жан болмайды,
Бірақ бәрі мәңгі үзілмес
Ғасыр асқан ән болмайды.
Ол көңілдің көктем шағы,
Гүлі көктеп бір дүр еткен.
Жанды жаулап, көзді баурап,
Жадыратып бір түлеткен.
Алқындырып, алауға орап,
Аймағыңды сағым қуған.
Санаң сезбей өзге сырды,
Табындырған, сағындырған.
Мәңгілік жоқ, мәңгі де жоқ,
Сезім сусып түскен торғын.
Жібек желдей желпіп өтіп,
Зырлағанда уақыт орғып,
Күн еңкейіп, ыстық қайтып,
Таудан шапақ асырады.
Соған мойынсұнып сонау
Алау сезім басылады.
* * *
Аузымызда бисмілләміз,
Табынған тәңіріміз, сен!
Бұйрығын мүлт жібермей
Орындар әміріміз, сен!
Дүние мүлкіміз, сен!
Ерінде күлкіміз, сен!
Ал сенің ойлағаның не?
Неге есіңнен шығамын мен?!
АРАМЗА
Жымиған жымысқы күлкі,
Құбылма қылығы түлкі,
Мыртмерез байланған беріш,
Мүләйім бер жағы келіс
Аржағы арамза кері іс.
Құйрығы бір тұтам теріс.
Бәрібір алмас-ау өріс.
* * *
Білгің келсе сен мені
Тереңдеп үңіл сөзіме.
Ала алсаң ғибрат табарсың.
Айтылмаса да өзіңе
Азық болар ақырғы
Жеткеніңше кезіңе.
БИШІ
Жанарды жаулаған сымбаты
Шебер қолдан шыққан мүсіндей
Алақанға алып қондырсаң
Қоярдай жерге әсте түсірмей.
Шаншылып башпайдың ұшынан...
Керемет көрмессің тап мұндай.
Сылдырсыз су сызған көлдегі
Жарасқан қос жұбай аққудай.
Елік дәл елеңдеп орғыса,
Еркелігі билер еркінді.
Жүрісі Керіктей кербез-ақ
Еру ғып елтітер әркімді.
Зымырап зырласа, ұршықтай,
Құйынның қимылын танытқан.
Әуелеп ұшқанда ауада
Айнымас қалқыған мамықтан.
Маусымдық гүл ғұрлы бүр ашпай,
Жас сұлу өмірмен қоштасып...
Дененің қимылы осылай
Сөйледі тағдырын қос ғашық.
Ғасырлар қойнауын актарып
Тылсымдай сырларын жан ұққан
Сан қырын саралап өнердің
Табылмас қараудан жалыққан.
ӘНІМ СЕН
Талдым бойдан тағат кетті
Табындырдың қалқам өзің,
Жан жүрегімді алау етті
Жаудыраған қара көзің.
Ақ нұр тарап жатқан әсем,
Ақ маңдайың — ай қиығы
Сөзің тыңдап дария кешем.
Күміс күлкің жан ұйығы.
Керік жүріс кербезім-ау,
Қалай саған табынбайын.
Назы балдай нәркесім-ау
Қалай сені сағынбайын.
Сенсіз менің кірмес әрім
Үйіресің адам жанын.
Жүрегімде өшпес жалын
Үзбей салар сенсің әнім.
Қартайғанда махаббатты
Жаз дегенің қинады-ау
Үлкен сезім ұндай-ақ
Өлеңіме сыймады-ау.
АШУ ДЕГЕН - ӘЛСІЗДІК
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,
Әдеті надан адамның.
Абай
Ашу деген әлсіздіктің белгісі
Кімнің әлсіз келеді дейсіз болғысы
Тұтанады да намыс оты бойдағы
Төзе ала ма қиянатқа әр кісі.
Бойындағы мығым болса қабілет
Қиянатшыл біле тұрып әділет
Жолын бұзып, бұрмаласа ақ ісің
Ғарап болса, дарынсыздың бағы үдеп.
Біле тұрып кім қорлыққа төзеді,
Сол қорлық қой әлсіздіктің өзегі.
Әркімге ақыл үлестіргіш «дананы»
Келгенде көр әлсіздіктің кезегі.
Ашулану әлсіздік деп ұғынып,
Қалсаң дәйім үн шығармай бұғынып.
Өз намысын қорғамайтын өз деген
Ат тағады дұшпандарың мұны да ұқ.
Ол ақиқат, кепке кісі жақпайды,
Біреу даттап, біреу жорта мақтайды.
Абзалы адам өз ақылымен жарлы боп,
Әрбір ісін өз бойына шақтайды.
Ен қастерлісі қазақтың,
Абыройы еді қызының.
Өзін езі тұл қылды,
Шорт кесіп тастап бұрымын.
Жат босаға аттады,
Ұмытып күллі ырымын.
Қасында жүр аталып,
Адам аты бар бірінің.
Асып кетіп жатқаны
Қытайы мен қырымын...
Ата дәстүрі еді
Ең қасиеттісі қазақтың
Одан да қалып шала боп,
Жүр мәңгүрт байғұс атанып.
ЕСІНДЕ БОЛСА ДЕП ЕМ ҰРПАҚТАРДЫҢ
Ешкімнің ой түбіне жетпегенін,
Табағын тартпай тағдыр өтпегенін
Білсем де, шым батамын иірімге
Күн сөніп, құлардай-ақ кек дегенің.
Тірлікте түйінім көп шеше алмаған,
Құлаштап дария өмірді кеше алмаған
Кең тұсау, ұзын арқау болмай менде...
Өрісім толғандырады өсе алмаған.
Қорықпаймын бақиға мен барам-ау деп,
Жайнаған жарық дүние қалады-ау деп.
Тағдырға ризамын, тек, ойланам
Бір күні ұмыт болып қалам-ау деп.
Бәрінде азды-көпті жинақтардың
Оқушым, өзіңе аз-кем сыр актардым.
Балаған ұрпағыма ән мен жырым,
Есінде болса деп ем ұрпақтардың!
ДЕРТІҢ БОЛСЫН СӨЗ ӨНЕРІ
Болардай көз суарып көргендер мәз
Жақсылық тал бойында емес қой аз.
Ерекше жымиғанын аймағыңа
Нұр шашып жайнатады бір әсем жаз.
Татымды тал бойыңа жарасатын
Бар өнер, ақыл, білім, парасатың.
Наз айтып тәңіріңе тарсын дерлік
Жәйің жоқ, талайың тау таласатын.
Сондықтан ақын Күләш, болма алаң,
Айналаң — жар жолдасың, бала-шаған,
Бәрі де өнерлілер өрге ұмтылған,
Деп тұрған қара кектен неге қалам.
Гүл бітсін деймін солар қадамына,
Еліңнің тілеп соны әр адамына
Ғұмыр кеш, шарапатың тисін көпке
Жақсылық күткен қарап жамалыңа.
Келер күн кімге мәлім не берері,
Киенің иесі — ақын не келелі.
Жебеген сөзі елеулі ел қызы бол,
Тек қана дертің болсын сөз өнері.
Асыл берсем оңады,
Торқа берсем тозады.
Өлмейтінге келгенде,
Өлеңнен не озады!
Аталы сөз айтуды маған
Қимайды екенсің-ау!
Маңыңа «измдер» тобын
Жинайды екенсің-ау!
Қазақтық қаны мол жанды
Сүймейді екенсің-ау!
Биліктіні көрсең алдында
Билейді екенсің-ау!
Шаман келетінге бисіп, қамырдай
Илейді екенсің-ау!
Мына заманнан ішіңе түймедей сыр
Түймейді екенсің-ау!
Өрелі сөзге ұюды
Білмейді екенсің-ау!
Тәуекел деп кебенек кебін
Кимейді екенсің-ау!
Тегіңді танып,
Негізіңе тартып
Қаттыны сынарман ғып,
Имейді екенсің-ау!
Мінсіз жан жаралмайды
Осының бәрін мін дейін,
Өзіңді сонда кім дейін?
Мәңгүртсің бе білмеймін!
* * *
Құдайдың бермегенін
Адамнан сұрап ала алмайсың.
Аллаға сыйынып мың қайтара райдан қайт,
Бәрібір қайтадан жаралмайсың.
Ғұмыр бойы жақсылық жаса,
Жақынға жаға алмайсың,
Рақмет ала алмайсың.
Сөйтіп өзі қысқа ғұмырды
Қымырандай іріте жүріп тамамдайсың.
* * *
Жақсысы менен
Жаманы егіз өмір бар.
Тозаңнан жеңіл
Торғыннан аппақ көңіл бар.
Қара ниет бар
Ғасырлап жусаң ағармас,
Мәңгі үміт бар
Мұрат бар жерде жоғалмас.
АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ
Сүйер ұлың болса сен сүй,
Сүйсінерге жарар ол.
Абай
ДАРЫН
Дарын екен ерекше жаратылған,
Сүйген ұлы Алланың, дара тұлға.
Жәй адамды жаратса топырақтан
Дарынды Алла жаратқан жан отынан.
Сондықтан ол маздайды, алаулайды,
Ажарынан ақ сәуле таң аумайды.
Тазалықтың, әділет, адалдықтың
Туы болып аймаққа ар аунайды.
Оймен біліп бұл тылсым дүние сырын,
Ізгілікке жақ болып, келмей қырын.
Шапағатымен шарпып шар тарапты,
Аймағына даналық шашар нұрын.
Ол — ұлы Абай, ұлы ақын, ұлы дарын
Жетелеген ғарышқа адам арын.
Сүйсіндірген қазағын сүйікті ұлы
Рухымен игерді жердің шарын.
Бұл ғажайып ғаламат дарын күші,
Өлмейтұғын рухтың өшпес ісі.
Әлем өлең патшасы деп таныған
Әзірге жоқ Абайдан дара кісі.
Тыңдаған жан сөзіне ұйып өтті,
Даналығы әлемге сүйікті етті.
Көз жұмса да бүгінмен бірге жасап,
Рухымен елімді биіктетті.
Елі барда мәңгілік Абай тірі,
Тәңірдейін талаптың сүйер пірі,
Тарай берер әлемге әлі талай,
Күн шапағы тәрізді алау нұры.
ЖАЛҒЫЗ ШЫРАҚ
Жайлаған қараңғылық қара түнек
Далада ар күрсініп, нала үдеп.
Селт етіп оянбаған ой мен сезім
Шағында тұралаған сана жүдеп.
Сәтті бір күні жанып жалғыз шырақ
Жарқырай түсті Алладан медет сұрап.
Зорайып бірте-бірте бара жатты
Аймаққа шашты шапақ ғажап нұр ақ.
Нұр шашқан сол шырақты ерте-кешті,
Жел үрлеп, дауыл ұрды, өшпеді, өсті.
«Жақсы озбай, жаман тозбай» мимырт, митың
Соқпақсыз, соқтықпалы жолдар кешті.
Оңай ма жаңа туу, ескі өлу
Байырғы жедел соны күйге ену.
Шайқасын махаббат пен ғадауаттың
Сан жеңіп тартты ілгері шырақ шеру.
Сәулесі түспеген бір қалмай жырақ
Алаулап шырақ алыс күннен нұр ап
Алысып етекбасты мыңмен жалғыз
Ақыры Хан2 шыңынан тапты тұрақ.
Жарқырап шыңнан алау шашқанында
Мойындап биіктері басқаның да.
Патшасы өлең сөздің шам шырағы
Жайнады ел қазақтың аспанында.
Бұл күнде түн-түнек жоқ далам жарық
Шырақтың мән, сырына ұрпақ қанық,
Әлемдік поэзия көгінде ол
Пайғамбар болып қалды мәңгі жанып.
Бұл шырақ ұлы Абай ақын еді,
Ғаламға әйгі болған аты, тегі.
Ұлының ұлы дүбір мерейтойын,
Өткізіп думандатып жатыр елі!
АҚЫН АТЫН СӨЗІ АҚТАСЫН ДЕГЕН ОЛ
Емеспін бұл өңірге ғайып, бөтен
Өнердің ауылынан алдым мекен.
Зәмзәмім, түңғыш татқан бал бұлағым
Жайында айтсам сірә айып па екен.
Ғұлама ойы мұхит, теңіз білім,
Данышпан бірегейім, пілдей ірім.
Халықтың қазақ деген маңдайына
Жаратқан Алла арнап сөздің пірін.
Ғаламға бұл әйгілі ұлы Абай
Теңеуді теңі жоққа табам қалай?
Қазақтың ақыл ойы, өнерінде
Секілді тактың бірі аспандағы ай.
Танытып өлең құнын сөз патшасын!
Деген ол ақын атын сөзі ақтасын
Амалдап қарағайды талға жалғап
Әсте ол ақын болса, сөз сатпасын.
Ол қайда, керісінше кәсіп болды,
Атақ, даңқ үлескендер тасып-толды.
Сөз сатып асыраған жанұяны
Нәпақа әркімге өлең нәсіп болды.
Сөз құнын терең бойлап ұғынған кім
Қолына қалам алса, бірі мәннің
Бола қап, күнкөрістің көзі етті
Бәрі ақын бір жол құрай алған жанның.
Әсіре болып кетті нөпір өлең,
Кезікпей тіл тұшынып оқыр өлең
Құдағи, құда, жегжат өлең болып,
Табылмай көңіліңе тоқыр өлең.
Сондықтан өлең сөздің құны түсті,
Кей-кейде бармақ басты, көзді қысты,
Жол алып, қой торылар бәйгеден кеп
Лауазым қазылық қып тындырды істі.
Ұлы Абай көзін ашқан тұнық бастау
Бұзылып, молайды жыр жамау-жасқау.
Нарықша бәсекеге түсіп өлең
Абайдың уақытынан да әрі асты-ау.
Абайдан сөз қалмапты айтылмаған,
Алсаң да қай негізден қай турадан.
Шер қосты көкірегінде көзі барға,
Дауа не бойкүйезге жәй тыңдаған.
ДАНАЛАРЫМ
Қазаққа Алла жазып дана берген,
Дананы үш-үштен ғып дара берген.
Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,
Деген бе тақ тұрсыншы тамам елден.
Содан ба тақ санды елім қадірлейді,
Жора ғып «қырықтың бірі қыдыр» дейді.
Үш, жеті және қырық бір киелі сан,
Үңіліп мәніне көп кідірмейді.
Даналар егіздей боп ғұмыр кешкен,
Қашанда ел тағдыры шықпай естен.
Ұғысып бірін-бірі емеуріннен,
Не қиын іс түйінін сөзбен шешкен.
Төле би, Әйтеке би, би Қазыбек,
Шағында бір-біріне ел назы көп.
Алдынан үшеуінің қайтады екен,
Адамдар әділдікке дән разы боп.
Бұдан соң тұрад Шоқан, Ыбырай, Абай,
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай.
Жүсіпбек, Ахаң, Жақаң бұлар үшеу,
Қатерден қаймықпаған өңшең нар-ай.
Шәкәрім, Сұлтанмахмұд, сонау Мағжан,
Тілеген қазағымның деп бағы жан.
Бәрінің қам-қайғысы туған халқы,
Болса деп өркенді ел бар жағынан.
Әлихан, Тұрар және Смағұлдар,
Беу дүние осылардай туса ұлдар.
Аспаным биігірек болар еді,
Арманым болмас еді құр сағымдар.
Ендігі үш — Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер,
Заманнан бұлар ерек көрді көп кер.
Қаныш пен Мұхтар, Әлкей — ғұламалар,
Елім деп ғұмыр кешті, төкті көп тер.
Уақыт өтер халық, қоғам қалар,
Даналар туар ірі дараланар.
Соңғы үш Сәбит, Ғабит, Ғабиден ғой,
Демеймін бұлармен де тамамдалар.
Ер қазақ, ер тұлғалы ерен қазақ,
Ақ сауыт атса, бұзар берен қазақ.
Даналар өнегесін ту ғып ұстап,
Ғасырлар асар талай өрен қазақ.
ТАҒЫЛЫМНАН ТӘЛІМ
Оқып, жаттап Абайдың сөзін теріп
Өзгелердің бойынан ғана көріп,
Өзімізге жолатпай айтқан сынын
Бүгінгілер келеміз көкірек керіп.
Таң қаламын, өзара жау емеспіз,
Бірақ әсте жүрмейміз дау, егессіз.
«Ақыл сөзге ынтасы шабандаған»
Бүгінгілер біз сірә сау емеспіз.
Данышпан боп кетерміз білсек бәрін...
Әйтсе дағы көңіліңе құяр нәрін
Еңбектен соң адамды адам етер —
Өнер-білім, ұстанған ғибрат, тәлім.
Тұнып тұр ғой сол ғибрат ұлы Абайда
Ала білсе, зерделеп жиса бойға.
Тікенсіз гүл, жылансыз кен жоқ дейді
Толғанар көп, достарым, салып ойға.
* * *
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырымдатып.
Абай
Кім туралы не демейді бұл орта
Ар түсірер сөз шығарады жорта.
Дыбыс шықса шабалана жөнелер
Сабалаққа керегі де жоқ қолқа.
Ой, сабазым, бұл керемет батыл ғой,
Жүрегі от, басы тұнған ақыл ғой! —
Десе болды, көрмей алдында әкесін
Жағадан ап, сыбап сілкіп жатыр той.
Ал айтақшы мырс-мырс күліп ішінен,
Бір рақат тауып лас ісінен.
Сырт көз сырын білмейді деп дүрімсіп,
Жүріп жатыр жем іздеген күшіген.
* * *
Сөзін оқып Абайдың
Бола қалып шерменде...
Естен бәрі шығады
Ғибратқа келгенде.
Гуілдесіп өз ара
Саралап ұғып тұрамыз
Өтірік, мактан айтқанда
Бәрінен озып шығамыз.
Шындай қылып бұл күнде
Әйелдерден асырып
Өсек айтады еркектер
Әр үйден тарап жатады...
Шыққанын кімнен тергеп көр.
Ұнамаса бұл сөзім,
Мойынға кетпей еріңіз.
Абайды оқып өзіңіз,
Зерделеп біраз көріңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көрсеңіз.
Абай
Жігітке нұр жауады еткен талап,
Дөп тандап адал жолға түссе қалап.
Ой мен іс қатар жүріп қиюласса,
Ешқашан ер еңбегі болмас ғарап.
Бой ұрса жетіп болып қанағатқа,
Жақсылық қана ойлап жамағатқа.
Әділ кеп кем-кетікке рақым етсе,
Азамат ие нағыз адам атқа.
Осылар Абай айтқан бес асыл іс
Бір аттап желіп жеткен бар ма асығыс,
Ақырын жүріп анық басқанның тек
Қолынан келіп болар бұл ғасыл іс.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Абай
Сырбазсың, әр кеудеге шырақ жаққан
Кісімсіп, жіптіктетіп айтпас мактан,
Бетіне бүркеу кимей, ақ жарылып,
Несібе кім бар бүгін адал тапқан.
Жайына қалды Абай айтқан нақыл,
Сөз теңіз тұншығарлық, бәрі ақыл.
Азамат санағаның жымысқы боп
Шыққанда сан соғасың қалып ғапыл.
Тарайды нән үйлерден бүгінгі өсек
Жатады негізінде қилы есеп.
Жеңіл сөз шағыстырған, жағыстырған,
Бұл күнде күшке ие кесек-кесек.
Біреуге ол билік, биік тақ береді,
Біреуге мол несібе бақ береді.
Біреуді тақтан төмен домалатып,
Бүтінді мызғымайтын қақ бөледі.
Өсекке үйір бүгін бөрік киген,
Айтады адамдай-ақ көріп, білген.
Жандайшап жағымпаз да құр қалмайды,
Сүмең сүр өлекшіндей жемтік ілген.
Қайсыбір креслода төмен етек,
Бірде онда, бірде мұнда дерсің көкек...
Арадан жем түсіріп іліп-қағып,
Табады күнкөрісін өсек төпеп.
Солай дос, бүгінгі күн өсек құнды,
Айта алсаң қисындырып етіп бұлды.
Иланбас, сенбес кісі тауып көрші,
Қарайтын қисынына танып шынды.
2
Өсек пен өтіріктің негізі бір,
Айналған өңі теріс жатады сыр.
«Беті адам, құйрығы шаян» Абай айтқан
Жетеді тоған жасап, өзенді бұр.
Өресі өтіріктің бір-ақ тұтам,
Деуші еді өтірікшінің жүзі жұтаң
Жүз жанбай отырады креслода
Дегендей өтірігіммен қайтсем де ұтам.
Алады ұжым жасап ұту үшін,
Түйені түгіменен жұту үшін.
Сайратады дайындап кеп жиын жасап,
Арлыны арсыз жеңіп түту үшін.
Сыпайы сырты, сырбаз сайын жігіт,
Аңқаулар тәуір санап күткен үміт.
Топсалы алып-салма екі жүзін,
Сәт сайын ауыстырады өтірік күліп.
Сөйтіп ол көпке ақыл үлгі айтады,
Танымай кім екенін пілге айтады.
Күншілдің күңкіліне еріп іс қып
Әркімнің қасіретін ұлғайтады.
* * *
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Абай
Киюді жақсы киім орынымен,
Болғандай көпке ғибрат қонымымен.
Бұрын-сонды ешкім мансұқ еткен емес,
Тек бүгінгі әсемпаз жоқ оны білген.
Сәнқой көп сән киімге мән беретін.
Әсіре сән кигенді нән көретін,
Жеті қат көк үстінде сәнқой десең,
Данышпан деген сөзбен тең көретін.
Іші емес әдемілеп сыртын сақтар,
Көбейді көбелектер, қуыршақтар.
Паш етіп жасырарын жайып салып
Жайтаңдар жан-жағына ұрыншақтар.
Бар ісі сәнге айналып бағып-қаққан,
Үстіне жапсырғыштан барын тапқан.
Даңқ іздеп, атақ қуған әсіреге
Түсірер ел көзіне бұл да мақтан.
2
Емес деп байлық мұрат, жоқтық ұят
Зердеңе жастайыңнан халқың құяды.
Сән киім тауып кисе жер бетіне
Әсіре әсемпаздар зорға сияды.
Жүргенсіп, шайқап төгіп, үрлеп ішіп
Бұлықсып өз буына өзі пісіп.
«Өзінен басқа ойы жоқ» кербез керім
Бүлінеді сынсыз бойын сырлай түсіп.
Сымбаттың кемістігін ақ атлас
Байқатпай бөгде көзден бүркер рас.
Сезбейді жақын-жаты білгендігін
Баттасқан қара майдан ішін лас.
Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім
Ол мерген болды, мені атты.
Абай
Ит асырап бағамыз,
Бабын оның күйттейміз.
Ең жексұрын адамды
Жазғырғанда ит дейміз.
Ит — адамға дос дейміз.
Өтірік деуге батпаймыз.
Риза сәтте адамға,
«Ой, итің!» — деп мақтаймыз.
Ашулансақ, адамға
Ит жемі боп өл дейміз.
Батыл десек, адамның
Сырттаны ғой ол дейміз.
Қастық қылған жымсықты
Қалдырмайша титтей із,
Мысық жүріс, үндемей
Қабатұғын ит дейміз.
Жағына шығып жауының
Ит иесін сатпайды
Өз өресі жеткенше
Адалдығын сақтайды.
Ит иесін қаппайды,
Адам аузын жаппайды.
Кей қылығы адамның
Адамдығын таптайды.
Итке қысас қылғанда,
Қина дейміз иесін.
«Алла мен ар алдында
Көріп алдым киесін» —
Деп, қалтырап, дірілдеп
Көгереді түсіміз,
«Біз адамбыз!» — деп жүріп
Неге бұлай ісіміз.
Келіс мейлің келіспе,
Деп жүргендер адамбыз.
Қиянатшыл, опасыз,
Көбіміз иттен жаманбыз.
НӘСІЛ
О дағы қалыбынан аса алмайды
Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.
Абай
Заңдылық бар жан атаулы
Нәсіліне тартатын.
Түсі, мінез, әдетімен
Айырмасы артатын.
Сол арқылы топ ішінен
Нені болсын таниды
Нәсілінен түсі өзгесі
Көзімізді қариды.
Оғаш, ерек көрінеді
Топ ішінде ақ қарға
Қарғаға тән қылығынан
Ақтығы оны актар ма!
Баурап назар тұратұғын
Алалығы түсінде
Дейміз бүлік мінездерді
Ала тай жылқы ішінде
Heше алуан момақан бар
Мүп-мүләйім пішінде
Алалығы тұрады оның
Бадырайып ісінде.
Болғаны жоқ,
Болмайды әсте,
Бұл ғаламда жасырын
Кімнің болсын әрекеті
Айтып береді нәсілін.
Қыран бүркіт не алмайды салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Абай
1
Зерделеніп Абайдың сөзін теріп,
Өзгелердің бойынан ғана көріп,
Өзімізге жолатпай айтқан сынын
Бүгінгілер келеміз көкірек керіп.
Біз, әрине өзара жау емеспіз,
Бірақ, әсте жүрмейміз дау егессіз.
Дара тұлға ойымыз көк тіреген,
Өзімізше қайсымыз тау емеспіз!
Осы таулық қоспайтын басымызды.
Жүргіміз жоқ алдағы басып ізді.
Жол салушы көсембіз әрқайсымыз
Өрге сүйреп тек қана өз тасымызды.
Одан ары үйірлеп топ құраймыз,
Сәл билікке іліксек, нақ құдаймыз
Намысты да арынды, дарындымыз
Білімпазбыз кімдерден жон сұраймыз.
Қағып қойып арқадан ойы тапшыны,
Тандап алып сәуегей айтақшыны.
Оралғы боп жолына оқпан тізіп,
Орға жықпай жүреміз қай жақсыны.
Ұшырмаймыз қыранды бабындағы,
Іліп түсер нағыз дер шағындағы.
Ел намысын кім ойлап жатсын тәйір,
Қарға қамы тұрғанда тобындағы.
Қиянат іс сыртынан өз алдына,
Көз жұмамыз қыранға кез алдында
Жетелеп кеп жораға жүргізген соң
Қарғалар жүр қыран боп көп алдына.
Намыстыны көтерер ел мерейін,
Жат-жаланың алдында қорлап кейін
Ысырамыз, әдейі ерегеспен,
«Ырылдатып, ит сақтап» дегендейін.
Абай айтқан даңғаза, далақтаумен
Атақ пенен қалтаны қарақтаумен
Келеміз ғой бүгінгі зиялылар
Өзімізді өзіміз теңеп таумен.
Ынтымаққа ынтамыз шабандаған,
Ғибратқа келгенде табандаған
«Тікенсіз гүл, жылансыз кен жоқ» қой дер
Жасырмақ боп ауруын амалдаған.
Қай мансапқа құдай-ау таласпадық,
Ал ойымыз, өреміз жанаспадық.
Надандықтан арылған, оқыған ел
Заманынан Абайдың ары аспадық.
* * *
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды.
Абай
Сірә, ешкім мақтауды жек көрмейді
Тек әсіре мақтаншақ өктемдейді.
Ата-анасы болғанын ұмытады
Атақ қуып алысқа кеткен бейілі.
Өзін-өзі мақтаған өлім дейді,
Әзір өліп қалғандар көрінбейді.
Ұятынан өлетін кім бар бүгін
Судан құрғақ шығып, «мен керім!» дейді.
Мұны ұқпай, жарандар тұрған бар ма?
Ғибрат алып мойынын бұрған бар ма?
Ең сыпайы, сырбаз деп ұғынғаның
Сырбаздығын тұрады бұлдап нарға.
«Былай болса тәуір еді мынау ісің» —
Десең, жетіп жатыр ғой бұзып түсін,
Өш алудың жоспарын құрады екен
Парасатты деп санап жүрген кісің.
Кегі бітпей айтылған аз ғананың
Буы жеңіп биліктің аз ғана күн
Текті жердің түлегі деген төрең
Көрдік ойы бойынан озбағанын.
Қыз кәдірлі халыққа қылығымен
Тазалығы, жанының тұнығымен
Бояуымен көзіңді без де бұрады
Қалатұғын мәңгі жоқ қызығымен.
Жігіт нәрлі күшімен, мысыменен
Көп көңілінен табылған ісіменен
Сұлулық көп табына бермейтұғын,
Көзді тартып тұрса да түсіменен.
ҮШ ПІРІМ
Өлең жазсам, көз алдымда
Ойшыл қалпы тұрады Абай
Мені бекер кінәләма
Сыншы бауырым абайламай.
Қос періштем қос иықта.
Ілияс, Қасым қос кемеңгер,
Ауыр жолда, ыстық, суықта
Аруағымен демегендер.
Поэзия асқарлары
Қолдаса Ілияс, Қасымменен
Ондай шақта маған қайдан
Үйір болсын жасық өлең.
СЫРҒАҚ
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел.
Абай
Білмеймін өзім дағы не үшін жүрмін,
Әйтеуір сордың селін кешіп жүрмін.
Құдайдан келген көрге төзесің ғой,
Қылығы қорламаса кесірлінің.
Сөзімен бөлінбейік, жарылмайық,
Өтейік сор селінен болып қайық.
Деп алып, сойыл соғар ұжым құрып,
Сырғақтап істе сөзден кетеді тайып.
Бұл күнде іс басында осындайлар,
Кісімсіп ел тұтқасы үкілі айдар,
Білгенге құлақ аспас, өзі білмес
Ұялас көп топасқа қанын қайнар.
Қайтесің жөн-жосығын білмей тұрса,
Қысас қып және ісінді кері бұрса.
Біреудің тілегі үшін көптің қамын
Құрбан ғып теріс бағып құдай ұрса.
Айтқаннан, ұялтқаннан түк өнбейді,
Тобының жоғын ғана түгендейді.
Жұлын күрт іштен үңгір сыпсың жымсық
Сиқырлап кей мықтыны жүгендейді.
Бет келсең апатайлап жүгіреді,
Алдында иіледі, бүгіледі.
Адам жоқ қаптап кеткен хамелеон,
Беу жаным келер күннен түңіледі.
11.08.1993 жыл.
ҰЛЫ ДАРЫН
Данышпан жаратылған ұлы дарын,
Әлемнің тәнті еткен ұлыларын.
Мұхаңды, ол арқылы білді әлем
Дүниеде қазақ атты ұлттың барын.
Абайдай поэзия пайғамбарын
Ертелеп танып, біліп ой аңғарын,
Паш етті ол арқылы күллі әлемге
Екенін қазақтардың дарқан дарын.
Таныды Елбасын һәм адамдарын,
Кең жайлау жаны дарқан, жігер жалын.
Тентегін тыйып, рухын таза ұстап,
Арының садағасы еткен жанын.
Бұзбайтын, бұздырмайтын дәстүр салтын,
Өрісті өнерлінің жүзі жарқын.
Өзіндік сипатымен ерек тұрған
Танытты табиғаты дара халқын.
Ұлдары болса Абайдай, қызы қандай,
Екенін білді Әйгерім, Тоғжандай.
Ағылшын, орыс қызы қатарында
Тең тұрып тағдырлары тоғысқандай.
Танытты даңғыл дарқан Абай жолын,
Ел қазақ жүрегінен алған орын.
Ұйыған зиялысы ұлы елдердің,
Өткенге, бүгінге де тапқан қоным.
Арманы биіктету ұлт өресін,
Өркенді елдерменен бой теңесін.
Кем туып, кеще болып жаралмаған
Халықпыз дей бастар еді ол кенесін.
Жастарға үлгі-өнеге әр қадамы,
Мегзеді ғылым, өнер сан-салалы.
Таусылмас жан азығын мирас етіп,
Іргесін алуан өнер ол қалады.
Ғұлама теңіз білім ойы асқақ,
Жақсыға, жаңалыққа елін бастап,
Әлемдік ұлылардың жолын алға
Жылжытты өнер туын жоғары ұстап.
Пайғамбар, демесеңіз адам аты,
Ғажайып ел-жұртына махаббаты.
Әлемдік даңққа бөлеп туған халқын,
Өлшеусіз тиді ұлтына шапағаты.
Тоғысқан түрлі талант бір басында,
Біртуар ғана жан деп бір ғасырда,
Күллі орыс зиялысы мойындады
Таң қалып парасаты, тұлғасына.
Айтулы батыстың сөз зергерлері
Әуезов ойдың озық кемеңгері,
«Абай жолы» ғасырдың теңдесі жоқ,
Шығармасы есімде дегендері.
Мақтаныш өскеніміз өнеге алып,
Ілімін зерделеніп, сөзін танып.
Әуезов есімімен мәңгі бірге
Жасайды өлмей, өшпей біздің халық.
ҰЛЫДАН ҒИБРАТ ТАРАЙДЫ
Жер көгерткен жаңбырдай
Нұр құйып көңілге арайлы.
Балғыннан Бұлан өсірер
Ұлыңнан ғибрат тарайды.
Ұлттық тағылым негізін
Ұлылар солай қалайды.
Дәстүр боп елдік орнығып,
Баурайды үрдіс маңайды.
Ұлылар айтқан ұлағат
Танығанға Таң айлы.
Көкірегі ояу, көзі от
Зерделі жанды жанайды.
Ұлағатын ұлының
Ұғынған терең жан құптар.
Абайды танып, әлемге
Танылды ӘУЕЗОВ МҰХТАР!
ТАСТАНДЫ
Шат мінезі жоқ,
Көзінен мұң төгіп,
Жатқанын білмейді
Бетінен кім өбіп.
Неге оны аяйды,
Ұға алмай қарайды.
Әркімге жаутаңдап,
Түсінбей маңайды.
О, бейбақ сормаңдай,
Не жаздың Тәңірге
Тым сорлы болғандай!
Ілініп кәріне
Бақытыңды орғандай.
Сүт құйып құтыдан
Еміздік беретін
Сезеді-ау жүрегі
Анасы емесін.
Омырауға тұмсығын
Көміп сүт сормайша,
Сүт иісі, ана иісі
Көкірегін алмайша,
Өксігі басылып,
Құштары қана ма!
Ананың ақ төсі
Орнықпай санаға.
Содан соң ғана ол
Таниды анасын,
Ана сүті оятады
Сәбилік санасын
Осыны сезінбей,
Қайтып ол ашылсын,
Шер көкірек өксігі
Ол қайдан басылсын!
Елжіреп егілем,
Қолымнан келер не!
Тағдырын түзетіп,
Тәңірі елер ме!
Сонау бір сұлуға
Ой-сана берер ме,
Имандылық орнап,
Оралып келер ме!
Айта алмай қойдық-ау
Бүгін біз басқа әнді.
Таңба тұр жүзінде,
Деген: мен — тастанды.
КАРПАТ АУАСЫ
Назар баурап көп кезден келген алқап,
Тотияйын торқалы жасыл Карпат,
Көз суарып көркіне орныққандай
Алау көңіл басылды құмар тарқап.
Тау да таңсық емес-ті орман дағы,
Ел қазақтың жетерлік орман, бағы.
Әсем Карпат аңыз боп бізге жетіп,
Ауасымен баураған болған шағы.
Яремчаның туристік базасында,
Серуендеген адамдар арасында
Жүріп орман ішінде оттегіне
Мас боп біреу қалыпты нанасың ба!
Басшылары базаның етіп қауып,
Әрбір саққа жүгіріп, ойлар ауып...
Аяғынан тік тұрып күллі турист,
Үш күн іздеп алыпты әрең тауып.
Тапқан жерде ол ұйқының құшағында
Депті оранып, маужырап нұр сағымға:
Бекер ояттыңдар-ау дәл осылай
Көрмеп едім тынығып бұл шағымда.
Мұндай-мұндай жағдайлар көп-ақ екен,
Алла ерекше жаратқан жаннат мекен,
Адамдарға бұйырған несібе боп,
Сол адамдар қолынан тозбаса екен.
ГУЦУЛАДА
Қылқанды ағаш құрамы жасыл орман
Жайқалып тұр еккендей адам қолдан.
Жұтсаң, жұпар ауасы дертке шипа
Кеше соғыс кезінде болды қорған.
Кербез өзен, күлегеш мөлдір бұлақ,
Сықылықтап, сылдырап таудан құлап..
Сарқырама кей тұста кездеседі,
Гуцулдардың сазды бір әнін құрап.
Гуцулщина дейді екен бұл өңірді,
Соғыстан із қозғайды жүрегіңді.
Партизандар соқпағы Карпатты ерлей
Жалғап асып барады мына өмірді.
Ұжмақ жерді осындай көзім көріп,
Алсам-ау деп шіркін-ай өлеңге өріп...
Яремчада «Партизан даңқы» есімді
Мұражай тұр соғысты сөйлеп беріп.
Отан! — деген от сезімді етіп пайым,
Мұражайдан тыңдайсың соғыс жәйін.
Ковпак, Руднев, Довбуштың атынан-ақ
Қалтырапты фашистер қамыстайын.
Көркі ғажап көз тартқан мынау аймақ,
Тамашасы таусылмас жүрсең айлап.
Коцюбинский, Франко, Украинка
Іздері де ой тастап жатыр сайрап.
Адам әсте тоя ма ізгі арманға,
Армандауды мансұқтап бұзған ар ма!
Әттең дүние әйгілеп, атынды айтып,
Өміріңнен не жетсін із қалғанға!
АҚҚУ ӘН
Ән қандай, әсем сазды наз үн қандай!
Құрсауы тұла бойдың жазылғандай!
Талдырып тал бойыңды үзілткенде
Тосыннан бір тылсым сыр танылғандай.
Шығандап бір сәт шалқып аспанға өрлеп,
Қалықтап қайта оралып қалқып, көлбеп,
Жалт беріп және аспанға тік шаншылып,
Ақ білек жібергендей серпи демеп.
Сорғалап құйылғанда жел өтінде,
Айдынды қалқып бірде кел бетінде,
Көзіңе елестейді жұбай Аққу
Жәмила-Даниярдың келбетінде.
Ал сазгер атағы асқақ кемел бүгін
Еңбегі әйгілеген кемелдігін.
Сан саққа сәтте сені түсірді ән
Танытып Әлияның шеберлігін.
ЖҰП ПЕН ЖАЛҒЫЗ
Адамды әуелде Алла жаратқанда
Жұп пен жалғыз еткен ғой қарап маңға
Ой түйсеңіз танисыз құдіретін
Ұқсап айқындалады таң атқанға.
Иық екеу қарашы басын жалғыз,
Аяқ-қолың екеуден, кеудең жалғыз.
Қозғаушысы әрекет істеріңнің,
Әміршісі махаббат жүрек жалғыз.
Мимен ойлап әрнені ұққандайсың,
Әр тұйықтан кілт тауып шыққандайсың.
Есіл-дертің сол болып, есің ауып,
Әмірімен жүректің жұп таңдайсың.
Жүрекке әмір жүрмейді соның үшін
Қалауым деп танисың оның ісін.
Жүректі Алла жаратқан жалғыз етіп
Әркім тандап өз жұбын алу үшін.
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ҰРАНЫ
Біз қазақтың жалынды ұланымыз,
Елге қорған, ертеңгі бұланымыз.
Тәуелсіз де өркенді жас жолбарыс
Отан құрған ер болу ұранымыз.
Қамалмайтын қараңғы, қапас торға,
Сөнбес шырақ маздаған біздің жолда!
Алар асу, қонар шың, бағыт айқын,
Болашақтың аламыз кілтін қолға!
Көтереміз жоғары елдік туын,
Жайқалтамыз жаңа, жас ғылым нуын!
Кәусар бұлақ халыққа көзін ашып,
Сусындайтын етеміз келер буын!
Өркенділік бүгіннің талмас әні,
Шоқан, Абай арманы алға асады.
Тылсымдардың талайғы сырын ашқан
Әл-Фараби салған із жалғасады!
Хас болаттай қайраулы жігеріміз,
Барыс болып басамыз ілгері біз!
Өркенді елдер болашақ көшін бастап,
Дейміз бүкіл әлемге «Бізге еріңіз!»
ӨМІР ИІРІМДЕРІ
БАСТАУ
Ана алдында асқар тау да аласа, —
Дөп айтылған сөз-ау барлап қараса.
Ақылынан бастау алып ананың
Отбасы орнап, жер бетіне тараса.
Ұл мен қызын бөліп ұстап ұяда,
Қызды ұшар құсқа балап қияға.
Бір-бірінің лайлатпай тұнығын,
Ұлды мәңгі қазық еткен ұяға.
Отының басын адал, таза қорғап қап,
Туыстықтың негізін нық орнатқан.
Қаны бірді туысқандыққа тұтқа ғып,
Адамдықтан адастырмас жол тапқан.
Ұлттың басы осы міне барласаң,
Адамдықтың әліппесі андасаң.
Тегің осы мен қазақпын дегізер,
Дәстүрлі салт үлгі-өнеге жалғасаң.
Қандастығын. ұран болған ұлтыңа,
Миыңа орнап жүрек тұрған бұлқына,
Зерделеткен төмендетпей тегіңді
Әрбір істе әмір еткен ырқыңда.
Ана құрған сол отбасы — қауымың
Кіндік қаның тамған жерің — ауылың.
Қорғап алған байтақ өлке осынау
Ел қалаған — ұлы Отаның бауырым.
Бұған өтті сан мыңдаған ғасырлар
Толып, дамып, көп ойды іске асырған.
Жалғас тауып жасай берсін ұлғайып,
Рух алған ана сынды асылдан.
10.03.1999 жыл.
ДҮНИЕГЕ АРУ ҚАЛПЫҢ КЕЛМЕГЕНІҢ
Тоғыз ай құрсағында құндақтаған,
Бүйірден тепкілесең үн қатпаған.
Қалпыңнан шикі өкпедей сылап, сыйпап,
Өсірген ару етіп бұлғақтаған.
Қаз басып, апыл-тапыл тәлтіректеп,
Әрнені ауызға ұрып, дәмін тектеп
Жүргенде, от пен суға түсірмеген
Анаңның арқасында өстің көктеп.
Зердеңе зердей тоқып зейін құйып,
Не асыл тал бойында саған қиып,
Қаз қойды кез алдыңа әлемді әкеп,
Дүниені мынау жарық тартты сый ғып.
Өмірді тек сонан соң зерделедің.
Жақсыны жаман менен термеледің.
Жадыңнан шығармайша тектерің сол —
Дүниеге ару қалпың келмегенің.
12.03.1999 жыл.
БЕЗ
Дүниеге келген адамның
Бар адамдық қарызы.
Ұл әке болып, қыз ана
Өткеру өмір парызы.
Тұңғыш сүйген нәрестең —
Тұңғыш татқан балың.
Бейнетіңнің бәрі естен
Шығар болса да қалың.
Қиындыққа төзбей,
Тән қызығын көздей,
Балының дәмін сезбей,
Тірлігі бар ездей.
Сәбиін қиып бақиға...
Жел ауызға боп оқиға...
Жер басып жүр кей бойжеткен
Сылып тастар бездей.
17.03.1999 жыл.
ҚАЙТЫП КЕЛІП
Қырық үй болып қызын тыйған,
Ең асылдан жасау жиған.
Барша ауыл ат салысып,
Отау берген тарту сыйдан.
Халық едің қайран елім,
Қыз бермеген таппай теңін.
Он үшінде ой түсіріп,
Жиған қыздың етек-жеңін.
Шықпаған қыз жаман аты,
Қорланбаған текті заты.
Мәңгі қалған алтын ұя —
Ақ босаға алған аты.
Қызы кері аттамаған,
Ондай қызға бақ қараған.
Қайта шапқан жауға балап,
Ел бетіне дақ санаған.
Қонағым деп, аяулы елік,
Аттандырған барын беріп.
Ата-анасын жер қылған жүр
Тойы өткен соң қайтып келіп.
18.03.1999 жыл.
АБЫРОЙ
Ұлы қасиет-абырой мәнісі нар,
Абыройсыз қалса адам сағы сынар.
Абайламай оны өзі төгіп алса,
Оралуын жігіттің бағы сынар.
Абыройына сақ болар намысы бар,
Төкпеу үшін абырой жан ұшырар.
Шалыс басып қыз төксе абыройын,
Өлімдейін ұятқа елі ұшырар.
Аяқасты бұл күнде қыз намысы,
Абыройын төгіп жүр ұшар құсы.
Ұятты өлім санаған қайран қазақ
Шарасыздан тұншықты құрып мысы.
Ұқтың ба бұл сөз мәнін зиялы қыз,
ВУЗ бітірдің, биік ой-қиялыңыз.
Зерделедің парасат пайымдадың,
Соған сай ма әрекет зиятыңыз.
Көше бағып, күзетіп жол жиегін,
Қайда бұрдың көңіліңнің көкжиегін?
Жан сақтарлық жалғыз жол сол болды ма,
Ойладың ба не дер деп жан күйерің?
Еуропадан сол ма тек алған үлгің?
Келсе тәуір ас ішіп, киім кигін,
Еңбек деген айтулы абырой бар
Қимасың сол ерекше келсе білгің.
Аз қиынға осынша сыр білдірдің,
Ұзақ тұрар деп едің бұл бұлдыр күн.
Қайсысынан артық ең базардағы
Қап арқалап күн көрген көп құрбыңның.
Түсер жолың зерделеп сол еді ғой,
Абыройды сақтауға қол еді ғой!
Ана сүтінен соңғы қорегің сол,
Тілегіңді сол ғана береді ғой.
Жақын-жаты сұқтанған келбетіне
Жақсы аты жайылған жер бетіне
Жаны таза, жүрегі періштедей
Түсірдің-ау қара дақ ел бетіне.
10.03.1999 жыл.
НАМЫС
Қыз намысы дейміз-ау қыз намысы
Еркін қонған қайран ел құзға құсы.
Шыңға ұя салатын кілең қыршын
Қайда отыр бұл күнде құрып мысы.
Жоқ па екен оларда ер намысы
Келмей ме екен ол арын қорғағысы.
Жомарт қолын байлаған, жоқ жайлаған,
Емес пе екен нарықтың «қолғабысы».
Ұрлық түбі қорлыққа неге барсын,
Біле тұра ұятқа неге қалсын.
Ашыққанға тоқ мұндар ақыл айтады,
Лажсыздан екенін кім аңғарсын.
Азаматтың ашатын бақ-талайын,
Биліктілер жарылқар жоқ маңайын.
Күнкөрістің көзін тарс жауып қойса,
Тұрар дейсің әдептен аттамай кім!
Сонда қылмыс төркіні қайда жатыр,
Қайдан келді жоқшылық-заман ақыр?
Ар мен жанын саудаға қалай түсті?
Тауысарман боларсың ойлап ақыл.
Ар сақтама, жан сақта дейді халық,
Үңіл мақал түбіне бойлап барып.
Ардан жаным садаға дейді тағы,
Сақтап кәне қаласың қайсысын алып?
Мұны әркім өзінше пайымдайды,
Бас ауырса жан қорқып, уайымдайды.
Үш күн аштан сұрама ақыл дейді,
Ақыл кетсе, пәнда адам не қылмайды!
Ақылсызды емес бұл ақтағаным,
Барған жанды қылмысқа мақтағаным.
Ел билігін ұстаған жақсы-жайсаң,
Сен айтпасаң, мен лаж таппағаным.
28.03.1999 жыл.
ҚҰЛАМА
Қызым саған айтайын,
Ұлым сен де құлақ сал,
Бұл өмірде болмайды
Мәңгі бақи тұрақтар.
Жақсы-жаман өтеді,
Көрген түстей ұмытылып.
Мақсатына жетеді,
Қарманған жан ұмтылып.
Қиындықтан құтылу
Жолы — еткен әрекет.
Әрекетті ұяда
Тұрақ табар берекет.
Берекенің түбі еңбек,
Тауып алу қарманып.
Жоғыңды берер түгендеп
Өзгені одан жалған ұқ.
Ақыл, білім, парасат,
Ол да еңбекпен келеді.
Төгіп ап салған жарақат
Абыройыңды әкеп береді.
Сүрін, бірақ түрегел,
Бойыңды тікте құламай,
Асыл сөзді діттегін,
«Мал тап» деген ұлы Абай.
23.03.1999 жыл.
МҰҢ ШАҒАМЫН АБАЙҒА
Ұлы баба, мен сізге мұң шағамын
Өлең сөздің сындырдық мұнша сағын.
Сөз патшасы сіз қойған түсер менде
Қайтсын ақша патша боп бұзса тағын.
Жыр тыңдауға құлықты бұрын зерек
Дейтін болды бүгін жыр кімге керек?
Құлақ біткен нарық деп жар сап жүріп,
Сыңғырынан доллардың тұнса керек.
Кеше ағалар көтерген қара шаңырақ
Қалт-құлт етіп әзірге тұр қаңырап.
Жазушылар үйі еді бүгін жалгер
Үйі болып күңірентіп тұр аруақ.
Жауапкерлер жауаптан қашып кетті
Қай мұхитты білмейміз асып кетті.
Жазушылар — бүгінгі азушылар
Деген гәптер еңсені басып кетті.
Кеңесу жоқ сөз етіп халімізді
Біреу бағып жатқандай малымызды
Өтпелі шақ бір өтер мұңайма деп
Жұбатамыз біріміз-бірімізді.
Қаламгерлер үйі еді әп-әдемі
Әлі күнге бітпей-ақ қойды әлегі.
Бұлғалақ іс, бұлдыр сөз бұлаққа аққан
Жазушылар үшін жоқ еш көмегі.
Ұлы баба, осындай сыңай болды,
Саудагерлер ұйысып құдай болды.
Ел тағдырын шешкен сөз ер тағдырын
Босағада көз сүзген құмай болды.
Өнер алды болған сол сөз үрдісі
Бас жармаса, тас жарар болған күші.
Жаңғағымен нарықтың жараса алмай
Түр сынарман сырқырап азу тісі.
06.07.1994 жыя.
* * *
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек
Замана оны илемек.
Абай
Алысқа, өскен елге көз қадаған.
Абайдан ұлағатты сөз тараған.
Ой салып көкірегінде көзі барға
Жері жоқ жан жүректі қозғамаған.
Дей алман одан ғибрат алмаған бар,
Зерделеп ой тезіне салмаған бар.
Зиялы коғамбыз деп күпсінеміз
Үзігін ғадауаттың жалғағандар.
Абайдың кейіпкерлері әлі тірі,
Келмей ме жағымпаздың жаны сірі.
Сырт бейне, киім киіс, тұрмыс өзге,
Қалпында ішкі залым сырдың түрі.
Пысықтар кеше Абай еткен мансұқ,
Жортып жүр танаулап іс тындырғансып.
Кейбір паң, машинаға азар сыйып,
Іркілдеп бара жатады нәнсіп, нарсып.
Қоғамда тиылмады ұры-қары,
Адамдық тарылудан терді тары.
Қалғанды түнде сорлап, күндіз жарлап,
Айтады шыдамасты адам ары.
Саудаға негізделген зор кәсіп бар.
Оларды жүргізеді көзі ашықтар.
Ісі ол ерінбеген, екі асардың.
Бүгінгі «қымбат енер» тез машықтар.
Адамдар айнығанда адалдықтан,
Зұлымдық өрбитінін надан да ұққан
Бар зауал феодализм қалдығы еді,
Бүгінгі ағайынға қалай жұққан!
Қоғамдық сырларға біз қанықпыз ғой
Деуші едік дерт жұқпайтын алыппыз ғой
Заманның құбылмалы құйынында
Баяғы «жартас» күйде қалыппыз ғой.
БАЙ БОЛМАЙДЫ БАҚЫРЫП
Танытпақ боп бұлқындың байлығыңды,
Бірден артық, бірден кем шайлығыңды
Білуші едік, ризық болып кімге,
Жалғап жүрсің осы сен, қай ғұмырды?
Көп алдында түйедей тайраңдадың,
Өрескелін ісіңнің ойға алмадың
Кім не ұқты байғұс-ау, кім қирады,
Көрдің кімнің бақырып бай болғанын?
Кілем таптау байлықтың белгісі ме?
Ел куәгер өрескел болды ісіне.
Атақ пен даңқ, парасат, байлық бәрі
Бұйырады пейілі кен кісіге.
Қылығыңа парықтап бойладың ба?
«Мен ғана мен!» дегенді қоймадың ба?
Кісі мүлкін ластау кір аяқпен
Көргенділік емесін ойладың ба?
Туармысың ішің тар мұнша майда
Болсам дейсің тек өзім бай, құдай да
Басынып кеп біреудің мүлкін таптап,
Бағанды сен асырмақ болдың қайда?
Бұлықсыған боласың бұла қарап
Бар жәйіңді біледі мынау алап.
Шүберекпен сыртыңды бүркемелеп,
Түп тегіңнің жыртығын жүрсін жамап.
Әр асылдың нарқы бар кім білмейді,
Ындыны ашқа ешқашан күн күлмейді.
Пешенеңе жазбаса, бұйырмайды,
Жерге түсіп, көкке ұшып бұлқын мейлі.
14.05.1998 жыл.
АҚЫН БОЛЫП НЕ КЕРЕК
Ақын болып не керек,
Аузың уәлі болмаса.
Айтқаныңа ел ұйып,
Көкірегіне сөзің қонбаса.
Ақын сонда ғана ақын
Кешегі Асан, Бұқардай
Ел қамын еңіреп толғаса.
Жүрек сөзін тебірене
Ұрпағына жолдаса,
Елі боп оны түсініп,
Елбасы болып қолдаса.
Еңсесін халқы көтеріп,
Елдік қамын қамдаса.
Жұдырық болып жұмылып,
Бірін-бірі қолдаса
Айтқанынан ауытқып,
Айнығандар болмаса.
Береке-бірлігін құптап,
Тәңірі ісін оңдаса.
Тағылым алар талайлар
Ұлағатты ұлы сөз
Болашаққа жолдаса
Ақын сонда шын сорлы
Мұның бірі болмаса,
Сөзін танып, қаперге ап
Ілтипат қылар зейінді
Ұрпағы болмай сорласа.
06.08.1998 жыл.
HAЛA
Бұл тағдырдың талқысына
Алты жастан көнген ем.
Ащысын да, тұщысын да
Әбден татып көрген ем.
Ризығына риза болып
Алғыс айтып Тәңірге
Бұйырғанға қанағат қып,
Жетегіне ерген ем.
Бітпей әсте қойды-ау әбден
Кереғарлық көлденең,
Түйін, түйнек болып қатты
Байланған сор, шер-шемен.
Кетермісің бітеу жара
Ашылып бір жарылмай,
Көз жұмамын ба япыр-ай
Қалың сордан арылмай.
Қосып айтып не қылайын
Татымсыздар қылығын
Жетесізге арнаған сөз,
Желге кеткен бос шығын.
06.05.1999 жыл.
ҰЛТЫМ ДЕСЕМ
Ұлтым десем, жөнелесің тайсақтап,
Ойынды іркіп, әлденеден бой сақтап.
Бүгін айтып, ертең қайтып сөзіңнен,
Айырыласың көрік басар көзіңнен.
Ата-бабам мирас еткен қайран жер,
Ортақ Отан көрінгенге ойлап көр.
Ығыстырып, ие болып, орнығып,
Кешегідей көрсетпей ме қорлығын.
Бұдан жаман шақта ірге бұзбадық,
Күнін көре берсін дедік, қызбадық.
Келімсекке Отан етіп, ырза ғып...
Таңдандырды мынау шүлен мырзалық.
Жаудан жерді қашан қорғап беріп ед?
Қара шекпен шеркей сүйреп келіп ед!
Отан етер сіңді қандай еңбегі?
Сағым сынды намысымды жерледі.
Ортақ Отан!
Құлағымды қарыды,
Қай айтқаным қай мықтыға дарыды?
Халық не дер деген бар ма қаперге ап
Есі барлар естігенде налыды.
Өз жерімде неге болам құрамдас,
Өз төріне өз ғана еркін шыға алмас.
Ертең киер құл қамыттан тартып бой,
Намыс қуып өлгенім мың артық қой!
БАРЫС БОЛСАҢ
Айта-айта жауыр болды тіліміз,
Сорлылыққа саймас па екен мұнымыз!
Тәуелсіз ел сөйлемес пе өз тілінде,
Жатқа қалай дей аламыз іріміз!
Абориген неге болам үйімде,
Егемен ел боп отырған күйімде
Ұлтым, жерім, тілім қазақ дей алмай,
Неге ұрындым шешілмейтін түйінге!
Тәуелсіздік бола ма екен осындай,
Тілім ұлттық тағдырыма қосылмай,
Нендей қауіп жалтақ, жалпақ апай ғып,
Отырғаны түсініксіз тосын жай.
Қызы қызым, ұлы ұлымнан артық па!
Өзіңді көр, өзгені әкеп нар тұтпа!
Қабілеті ерен болса тілімді
Үйренсін де қол жеткізсін нарлыққа.
О, бауырлар шақырамын намысқа,
Күн тымықта қалтырамай қамысша,
Барыс болсаң, қазақ болып айға ұмтыл,
Ұқсар болсын әрекетің барысқа.
СҰРАҚ
Тарысы піскеннің тауығы болып,
Тайраңдаған даңғой местің сауығы болып,
Қалтаң толып...
Баянсыз таққа қонып,
Ар-ұжданды жаңқадай жонып,
Көкек болып әр бұтаққа қонып,
Қалай адам боп
Жер басып жүруге болады.
Екі иініңнен дем алып, тасып толып?
Бұлай топ көбейтіп жүргенше
Жоқ болған абзал ғой
Жуадай солып.
НАРЫҚ ШАҚТЫҢ КӨКТЕМІ
Егіліп мұң шағып едім,
Есінеп ой бөлмедің.
Ұйқас құрып бос лағып едің,
Қажет деп бой бермедің.
Гейне
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Қырсауланып, қыза коймай күн көктен.
Қуана алмай көктем бар деп қызықтап
Адамдардың көк базарда күні өткен.
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Қырсауланып, қыза қоймай күн көктен.
Көктем көңіл бизнесменде бос жатып
Вольво мінген, адамдай ақ тер төккен.
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Қырсауланып, қыза қоймай күн көктен.
Көтере алмай үстінде үлде-бүлдесін
Бай қызының ғана жүзін нұр өбкен.
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Қырсауланып, қыза коймай күн көктен.
Көктем гүлін терер сәби қол жайып
Базарда тұр, көрген жүрек дір еткен.
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Бұл көктемде кім көңілді, кім өктем?
Жоқ-жітіктің қабағында қар борап,
Көрінбейді көктем жырын түлеткен.
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Күлкілер жоқ, түлкілер коп кіл өктем.
Аяқ басу ақша, қылмыс болған соң
Қабақ жазып күлмей қойды күн көктен.
Күн екеш күн күлмей қойды көктегі,
Маусым болды, шекеден күн өтпеді.
Есі бардың есеңгіреп қалмаған
Есінде қалар мынау нарық көктемі.
26.04.1995 жыл.
ЗАМАНҒА СОНДАЙ КИЛІКТІҢ
Саудада достық жоқ.
Сәлемде борыштық жоқ.
Халық нақылы
Жараған жұрт жүруге
Түгел сауда соңында.
Шама да жоқ, шара жоқ,
Кәрі-құртаң, момында.
Бизнесмен деп аталған
Алыпсатар — саудагер.
Оның мың ғып есірмек
Болып түскен әуреге ел.
Жаны, ары, иманы
Айналғандай ақшаға.
Қоғам деме, ақша де.
Көзі түспейді басқаға.
Мыңға сатады онға алып,
Әкесіне өзінің
Өлдім десе бұрылмайды
Қарасына көзінің.
Достық жоқ дейді саудада,
Алла алдына бар мейлің.
Нарықтың заңын бұзбайды,
Баю жеңген бар бейілін.
Адамда ындын бұзылды
Нарық езіп, айығып тым.
Ешкімнен күтпе шарапат
Заманға сондай киліктің.
«Қоғамын достық құрамыз»
Дейді санашыл шырылдап...
Ділі, тілі басқаның
Иттері үреді ырылдап...
* * *
Япыр-ай, не боп барады мына заман,
Біріне-бірі қақпан құрады адам.
Негізі сауда қоғамда
Адамдар қалай дос болмақ
Айбалта төніп тұрмаса,
Төбесінен қос қолдап.
Атасын келіп тонайды немересі
Нарықтан өзі қалт-құлт тұралаған.
Өз қамын ағайындар қарақтайды,
Қор санап көпті, көрнеу ар аттайды
«Басында күл төбенің күнде жиын»
Атынан аударыла далақтайды.
Ала өкпе жүгірген жұрт түсіп терге,
Білмейсің кей қылықты қалай дерге.
Жасаған адамдығың жаның ашып
Кетеді отырғызып тақыр жерге.
БІЛІП ПЕ ЕҢ
Нарық деген не екенін біліп пе ең?
Он үш-ақ сом бір тиындық сіріңкең
Арпалысып ал да, құнын асыр сен,
Нарық осы, ал бойына сіңірсең.
Енді қалған ғұмырында сауда үйрен.
Айық ескі адалдықтан сау күйден.
Асыр, жұмса бар білгенің байлық қу,
Бизнесмен бол ақша күреп, тау үйген.
Капиталист бол тек пайданы көздеген.
Ебін тауып қымқырып қал өзгеден.
Ата-бабаң істемеген кәсіп бұл
Арамнан мал жыюға әсте төзбеген.
Бірақ бұған сен барасың амалсыз,
Түп тегінен болсаңдағы хабарсыз.
Ар сақтамай, жан сақтауға көшсе жұрт,
Ұрандаумен не тындыра аларсыз!
Саудагерлік коғам күллі жер үсті.
Ғажап санап биліктілер келісті.
Күшті, тісті ғана өмір сүре алар
Тағылардың тәртібін жон көрісті.
Ақылдылар ғана қалып өмірде
(Шынын айтты қарамай-ақ көңілге)
Ақымақтар жер бетінен құрымақ
Оған орын жоқ нарықтық өңірде.
«Ақыл ағып кетіп жатыр» деп бізден
Кез жасы көл адасып қап көп ізден...
Айыптыға саналады кей асау
Ажырамас түпкі терең негізден.
Міне үңілсең төркініне нарықтың
Шырқын бұзған шырылдатып халықтың
Бір ғана «изм» болашаққа қақылы
Әрекет қып жатыр оны танып кім.
* * *
Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап,
Төгілдіріп көсемімсіп айтады-ақ...
Сөзбен бітер істің жоғын қалайық
Ежелден-ақ келеді ғой байқап-ақ.
Кәрілер мен бала қамы деседі,
Сол ғана ма емдер қоғам кеселі?
Зейнеткер деп дабырайтқан азамат,
Зейнет көрмей базарда күн кешеді.
Елу жігіт, алпыста ел ағасы,
Дейтін еді біздің халық данасы.
Орда бұзар, ел басқарар шағында,
Ол зейнеткер, жастарда тақ таласы.
Іс мұндайда қайдан бассын ілгері,
Айналғандай аспанда ай, күн кері.
Алла емес, ауыздарда тек ақша,
Жердің үсті аласапыран жын-пері.
Қоғам мынау алыпсатар қаптаған
Адалдықты аяқ асты таптаған.
Ар, абырой, адамшылық саудада,
Не қалды екен бұл коғамда сатпаған.
Осы болса орнайтұғын ұжмағым,
Біткені артық шығар татар тұз-дәмім.
Нарық түбін парықтамай күмп етіп,
Ұсынған соң халыққа өмір мұздағын.
АМАЛСЫЗДЫҢ АЙҚАЙЫ
Ащы сөйлеу ашынғанның
жан айқайы сияқты.
Көп айқайға дейтін халық
«қасқырдан да ұят-ты».
Амалсызға айып салып,
аузын жаптық япыр-ау.
Бұл өле бер деген сөз бе
серіппестен тұяқты.
Олай барсаң, арбаң сынады,
дөңгелегі қақырап.
Былай жүрсең, өгіз өледі,
қан сіміріп топырақ.
Қаламгерім, жаның төзіп
отыра алар ма екенсің
Ертеңіңнен ел түңіліп,
ойға қалса тоқырап.
Оның атын қара бастың
қамы дейді халқымыз.
Өзі үшін өрістеген
малменен тең нарқыңыз.
Үн шығармай, тұншығардай
болып келіп едік қой,
Бұл қай жора? Осы ма бар
құқықты ел қалпымыз?
Кемістіксіз қай сала бар?
Біз айтпасақ, кім айтар!
Мүшкіл халі халқымыздың
кімді болсын мұңайтар.
Айтқызбасақ, неге құрдық
орталығын ақпарат,
Халық қамы биліктінің
деп ек ісін тыңайтар.
Кей ұжымның аты ғана
Заты өшермен шырақтай.
Мұны айтқанды ысырамыз
кейін қарай ұнатпай.
Бұрынғының Бұқарындай
ақсақалдар гөй-гөйін
Құлаққа ілмей кей билікті
сырғып сусиды сынаптай.
Заң-заң дейміз, табынамыз
заңды қолдан жасап ап,
Бұқпантайлап іс атқарып,
ел көзінен тасалап..
Жан айқайы — ар айқайы,
ар соттасын адамды
Ардан биік заң бар демен
аттамас шын азамат.
«Айқай салдың» деп тұқыртып,
айыптадық «Өркенді».
Ол болашақ емес пе еді
неге қидық ертеңді.
Нені үміт қып келер күннен
не күтеміз ағайын!
Шетін намыс биліктінің
өзі қиса желкенді.
САБЫР БЕРСІН САНАҒА
Болсыншы деп тек тыныштық,
Тіледік, кеңес құрыстық
Татулыққа тырыстық
Түлен түртіп бара ма!
Құдайға шүкір тынышпыз
Жазбаған бойын құныспыз...
Бұзылмаған шырышпыз...
Сонда да үйің пана ма!
Көп тағдырды күйреткен,
Көбелек қылып билеткен,
Отбасынан күй кеткен
Шағың тек соғыс қана ма!
Қалпыңа қазір көз жібер,
Сусыды құмдай көп жігер.
Үзілермен тұр көп күдер,
Жоқ соғыс ойда, санада.
Жақсылық басы нарық деп,
Боласың ертең қарық деп,
Бүйірің шықпай арық боп,
Зұлымдық кірді араңа.
Тоғыз боп жоғың қамайды.
Жауыздық үдеп тарайды.
Көңілдер жоқ күн арайлы
Бұл соғыс салған жара ма?!
Күн орнында, ай аман
Соғыс жоқ әзір таяған.
Тынымда кәзір қай адам?
Бұл соғыстан болған нала ма?!
Мол еді бұрын назарың,
Себебі кеткен мазаның.
Сол еді басы назаның
У сепкендей жараңа.
Жүргізіп бүгін әмірін
Ақша боп тұр ғой тәңірің.
Өзі боп өмір нәрінің
Әкелген бүлік араңа.
«Бар — жарастық, жоқ — ұрыс»,
Ұрыста бола ма тұрыс!..
Іріді төзімдер құрыш
Тек сабыр берсін санаға.
ЖОҚ ЗАМАНЫ
Құйыны жоқ заманның
Болмасына көз жетті.
Кешегі күн жалындап,
Лапылдаған сөз жетті.
Бұдан артық қоғам жоқ,
Енді ұжмақ орнайды,
Кісі еңбегін қанаған
Қоғам, адам болмайды.
Десті, сенді ел, уда шу...
Жасасын да жасасын!
Құйынды тыя алған жоқ,
Тағдырдан қайда қашасың!
Тамтығы қалып ес жиды ел,
Паналап талдың, тасасын,
Құйыны тынды халықтың
Жартысын жұтып «Жасасын!»
Енді келді бұл заман
Дүниесін базарлап,
Бары-жоғын пұлдаған.
Өзін-өзі тәркілеп,
Өзін-өзі тұлдаған.
Ақырында «Жоқ» орнап,
Бірінен-бірі ұрлаған.
Жоқ құйыны ұрғандар
Тұралаған, тұрмаған.
Билік алған білгіштер
Құйынсыз коғам құрмаған.
Құйыны дауылға айналып,
Адамдар — қаңбақ зырлаған.
Қирады-ау деп қаңбағым
Әкімдер мойын бұрмаған.
Оқпанға құлап тоқ заман,
Орнады келіп «жоқ» заман.
* * *
Ұзақ ғұмыр дегенің
Япыр-ай қалай қысқа еді.
Көрінетін ұзақ боп
Тәтті ұйқыдағы түс тегі.
Нарық атты заманда
Қылмыстан тұрады іс тегі.
Адамды ардан аздырып,
Азап пен сорды үстеді.
Ұлығы ұры, басшысы,
Аспаннан жерге түспеді...
Өзі қысқа өмірді
Қысқарта түсіп күштеді...
Киімің бар, тамағың тоқ,
Ал жанында бір тыным жоқ.
Басың аман, бауырың бүтін,
Неге сонша уайым көп.
Айналаңның бәрі үрей
Күннен-күнге барады үдей
Жалмауыздай жақындаған,
Жалмап келеді қандай дүлей.
Нарық-баға бәсекесі,
Өмір-өлім әр егесі.
Жеңілгеннің құлап туы
Керілмейді керегесі.
Күнде аспанға ұшқан баға,
Алар емес тұрақ таба
Түпсіз теңіз жұтып барады
Көрінер ме шығар жаға.
Уайымның басы осы
Не болар деп жастар қосы.
Болашақтан күдер үзбе,
Туар да бір адам досы!
* * *
Нарық деген көкдауыл құйын соқты
Жапырақтай ұшырып дүйім көпті.
Терін төгіп, ток жүрген кеше ғана
Еңбеккерге ерекше тиді соққы.
Етем деген күні ертең көпті қарық
Бүкіл елге бүйідей тиді нарық.
Қара халық сорлады қайыршы боп
Екі қолға бір күрек таппай қалып.
Адамшылық барады азып-тозып,
Бәйгеден кеп сотқардың аты озып.
Адастырған ақылды заман туды,
Жүгенсіздік жол алып қаулай қозып.
Топырақтай төңкеріп дүниені,
Құйын болып үйіріп жылы ұяны.
Тойымы жоқ, аларман, тоқ монтандар...
Айтыңдаршы ағайын, кім тияды.
ҒАЙЫП ДҮНИЕ
Дүние ғайып екен жоқ дерегі,
Ойыңа келмегенді көз көреді.
Діңгегі діңі мықты деп сенгенің
Оп-оңай ертеңінде өзгереді.
Сайрадық біздің өмір керемет деп,
Бақ, дәулет басымызда, не керек деп.
Бір пысық үрлеп қалды, ұшты бәрі,
Қозғалады қоғам зорға бүгежектеп.
Бір пысық шыға келді: «енді ел болдық,
Жойылады сан ғасырлық көрген қорлық!»
Деп жүріп, қоса орнатты ез зорлығын,
Құрды да саясатын темір тор ғып.
Тәуелді адам содан биліктіге,
Ақшаны патша қойдық құйғып түге.
Сенгенің семіріп ап сөзде тұрмай
Құбылды бірде шіге, бірде бүге.
Құлады адамшылық, ар дегенің,
Қу болған хамелеон нар дегенің.
Әйтеуір түсініксіз даңғазалық
Нанғысыз бір адал құл бар дегенін.
Айналаң тек аларман, жүрген жебір,
Тек қыспақ, шуағы жоқ көңіл көпір
Самардай сайрап жүріп сенген
Сойын Орнатты өз халқына оқпан өмір.
Оқушым, құп алмасаң, етпе айып,
Баяны, бағдары жоқ дүние ғайып.
Ғажап па құйынында құбылма өмір
Бүгінгі нық кетуі ертең тайып...
ҚАУЫЗ ТІРЛІК
Азат басың болсын ірі
Қолдан келмес іске ұмтыл.
Абай
Бүгінгі бар ертең жоқ қауыз тірлік,
Арман болған қазаққа ауызбірлік.
Кеше жүрген телмеңбай теңгеріліп,
Билік тиіп, биік тұр ауызға ілініп.
Тонап алып ұялмай елім дейді
Салып қойып саудаға жерім дейді.
Бар байлығын халықтың жатқа беріп,
Еліме еткен еңбегім керім дейді.
Ескі сүрлеу, ескі ізбен қыбыр-қыбыр
Бөліп алып билеген өңшең тұғыр.
«Қолдан келмес іске ұмтыл» Абай айтқан,
Қылығына күйесің қайнап зығыр.
* * *
Сорлы біздің қазақ,
Көргенің қорлық азап.
Қап арқалап, сауда құрып,
Өлуге қалдың аз-ак.
Қасіретің қашан тарайды,
Шығар ма бір күн арайлы.
* * *
Қара шапан, ақ жаға,
Тиеліп алған Вольвоға,
Бұрқырап құйған әтірі
Атқосшысы нөпірі...
Ордаңдап ашып есігін
Ойқастап кіреді Ордаға.
Гу-гу айтыс мол кеңес
Сапырған бос сөз олқы емес.
Сөз-асырған айласы...
Халыққа жоқ пайдасы.
ЖОҚ
Қайран жер, ана!
Сен — ана, ел — бала.
Көрмедің не ғана!
Кешпедің нендей күй
Қандай гәп, не нала?!
Естимін қайғылы үн,
Ысырап байлығың,
Халқың жүр, тентіреп
Таба алмай шайлығын.
Құнардан айырылдың,
Шүйгінің көк тақыр.
Өзен-көл тартылған
Тандыр боп ол жатыр,
Теңізін суалған,
Ну орман қуарған,
Аң ауып мекенінен
Қоң алмай арыған
Шүйгін жоқ жарыған.
Бір жұтым су арман.
Ер азды, ел азды
Әлсізге қорған жоқ,
Күш-қайрат көрсетіп
Қолға ту алған жоқ.
Биліктің бүгінгі
Ісінде жалған көп
Өз қамынан озып,
Қорған боп, қормал боп.
Қолға іс алған жоқ.
Қыран боп қомданып,
Қиынға барған жоқ,
Амал не! Амал не! Қазыбек,
Әйтеке Төле би тарлан жоқ.
Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай батыр жоқ.
Жер ғана емес-ау
Қалды елің тақыр боп.
* * *
Біреу батыр болады
Қан кешіп, жан сап жүріп.
Біреу батыр болады
Секіріп сахнада ән сап жүріп.
Ақ боран, сары аязда
Елі үшін ырыс жиған,
От қақтап домналарда
Көк болат құрыш құйған
Таңырқап таң қалады.
Тамағын тамсап тұрып.
* * *
Бұл ұрттар мені кім деп сұрасын да
Сөз сатқан саудагермін расында
Сөз су емес жататын тегін ағып
Құнына... ішпей тұрасың ба?
Қасым Аманжолов
Мал емес кейбіреулер сөз бағады,
Әсіре мақтау айтқан кез бағалы.
Мақтау сөз айтқан кейбір саудагерлер
Жүлде алып, шекпен киіп, шен тағады.
Әйтеуір биліктіні мақтап сөйле,
Қолыңнан келгенінше жақтап сөйле.
Сорғалап сорақы ізі жатса дағы
Бәрінен арашалап ақтап сөйле
КӨҢІЛ
Қайран көңіл, жайраң көңіл марқасқа,
Бүгін салған әнің басқа, жыр басқа.
Алаңдайсың, алаулайсың орнықпай,
Толып жатқан тұрлаусыздық жүр баста.
Бүгініне риза-хош күйің жоқ,
Ертеңінде шешілмеген түйін көп,
Толқығанда өзендейсің тасыған,
Қисынына келмей тұрған қиын көп.
Кейде толқып бір нүктеге қадалдың,
Кейбір сәтте кезіп кетеді жанар шың,
Алқындырып, алаулатқан жаныңды,
Бұл бұрқаққа төтеп қалай табарсың.
Бәрі орынды бәріне шат ажарың,
Жоқ бұрынғы аймағыңа назарың.
Кірбің қабақ, қытымыр жан тәрізді,
Баурап алған бар күйінді наза, мұң.
Күн райы — құбылмалы көңіл-ай,
Себебі мың, салдары ауыр небір жай...
Майдандасқан қайшылықтар тоғысын,
Дейміз қымбат, қимас, қызық өмір-ай.
Ал өмірді мүсіндейді пысықтар,
Құп алмасаң, арасынан ұшықтар.
Түз тағысын елестетіп кезіңе
Құлатады, құлайсың сен құшып жар.
Қира кезік, қырқыс адам қоғамы,
Сол алғашқы, өзгергені жоқ әлі.
Таласқанда асып түсіп жыртқыштан,
Өркениет аты ғана жоғары.
Күрес атап, құптап мұны заң дейміз,
Өркендетер тек осы деп қам жейміз.
Мұңсыз қараң мынау ғалам деп және
Мәңгі өмір оты осы нан дейміз.
Бұдан кейін ұрынбайша әр неге,
Көңіліңді құбылдырмай көр кәне.
Сор қайнаған, шер жайлаған бойыңды
О, ағайын, болмай көрші шермене.
Мақсатсыз өмір қызықсыз,
Жетелер жігер күйреген
Адамдар-ай біз де қызықпыз,
Бұзылды дейміз күй неден.
Қанағат ауып, көшкендей,
Тойымсыздар тек қалыпты.
Обырлық тегін ескермей,
Жетелеп жүрген нарықты.
Мансұқ еді бір кез саудагер,
Елді енді жайлап алыпты.
Періштең болыпты-ау демер,
Сүліктей сорған халықты.
Обыр бар жерде мақсат жоқ.
Әрекет мәнсіз, қызықсыз.
Жұлып та, алып қашқан топ.
Үдеген қылмыс, құрықсыз.
Нашаға берген күліп жүз,
Түсер ме тауып түзік із,
Үмітсіз шайтан десе де,
Жегуге жігер құлықсыз.
Әрекет қамы — күнкөріс,
Идеал деген күйреген.
Ақша боп арман биігі
Күйіне көп жан билеген.
НЕГЕ, НЕГЕ, НЕГЕЛЕР..
Өмірге мынау құштарлық неге бұзылды?
Жас жігіттердің үміті неге үзілді?
Өзіне-өзі қол жұмсағандар көбейіп,
Ұлғайтып неге барады олар тізімді?
Қорланып намыс, тіс қайрап жүрген бір ісім
Атаның салтын, дәстүрін бұзып, үлгісін.
Ұлың нашақор, тауық қораны торыған,
Түлкіге ұқсап қонақүйлерде неге жүр қызың?
Үмітті жалғап, үнемі тәуір күй күттің,
Неліктен ғана осынау халге киліктің?
Ауруханалар лық толы ауру нәресте,
Өкпе құрт жайлаған қоғамнан қандай сый күттің
Сұрай берсем мен түгесілер ме негелер,
Рухани азып, құлдырай түсті неге ел?
Өртеніп орман, теңіз бен келде су құрып,
Ақбөкенінен айырылып болды неге жер?
Тағы да толған, жауапсыз қалған негелер,
Тұтқасы елдің болады деген не кемел
Ер мен әйелдің атқарар ісі ауысып,
Жаялық жуып, үйінде отыр неге ер?
Таусылар емес, таусылар емес негелер,
Бой ұрдық халық көсегесі деп көгерер.
Нарыққа көштік арықтап неге тұралап,
Барады осынау гүлденер өсіп деген ел?
КОНТРАСТ
Жетті жылап, жылауық күз,
Жер салбырақ, ауада сыз.
Аспан бұлдыр, күн ажарсыз,
Тәрізді бір тұнжырақ қыз.
Түнерулі күн ғана емес,
Көше кернеп жосыған жұрт.
Құйын нарық күйін алып,
Көңілдері қираған құрт.
Шалқыған шат байлар ғана –
Бизнесмендер, аз ғана топ.
Мұқтажы жоқ, жайлау жаға,
Сауда күсет, қалтасы тоқ.
Қоғамы бұл - аз бен көптің,
Қауымдасы бар мен жоқтың.
Айтар болсам, анығырақ,
Нөпірі бұл аш пен токтың.
* * *
Уын төгіп тіліңнің,
Қорламағың кім еді?
Қорғаның еткен іріңнің
Тегін жұрт түгел біледі.
Анасын теуіп ойнайды,
Көргенсіз бала деген бар.
Соның кебін кигенің
Емес пе шырақ, өзіне ар?
Ол да өзіңнің тарихың,
Өткенге, ұқсаң, осқырма!
Ортаңда отыр дұшпанын
Таба боп егес бос құрма.
Әуелде құдай жаратқан,
Құл емес оны адам қып.
Құл атын берген қорлағыш,
Жатып ішер надандық.
Кімнің де болса түп-тегі
Адамдығы танытар.
Хикметтерді не түрлі
Тек жүрегі ізгі жан ұғар.
АУЫЛ ӘЙЕЛІНІҢ МҰҢЫ
Имей әсте ешкімге өр басымды,
Көрсетпей-ақ келіп ем көз жасымды.
Мынау заман зілмауыр сындырар боп
Иығымда сездірді қорғасынды.
Көшпей қимай келіп ем ауылымды
Ата-бабам жайлаған сауырымды.
Ағайындар аталас, ауылдастар
Жақсы-жаман бөліскен қауымымды.
Ауыл дерлік қалмады бейнесі де,
Тәптештейін баяндап мен несіне.
Қираған үй, құлаған клуб, дүкендер,
Бомба түскен салады елді есіңе.
«Жетім кезден анам боп аялаған,
Үлгі-өнеге мейірімін аямаған.
Мектебім тұр қалтырап, қалт-құлт етіп,
Мұғалім боп ұзақ жыл саялаған.
Ірге бұзбай отыр ек көшпей қалып,
Дегендейін әліптің артын бағып.
Амал қалмай барады қайтпек керек
Нарық қысты жыландай орап алып.
Қозғалғанда барасың қайда көшіп,
Қай жер күтіп тұр сені май желі есіп.
Қаладағы баспана бас күрделі іс
Күйің қайсы сатып ап етер кәсіп.
Еститінің өзің көр өз күніңді
Тұжырымды тоқ етер сөз бүгінгі.
Өзі көрмек өз күнін болған мынау
Ой тұралап, қылмыстан көз сүрінді.
Көзің кетсе, ториды көршің сені,
Адамдардың ауылда барар жері — Полиция
Оның да мұқтажы көп...
Ісің түссе алады тонап сені.
Қайда барсаң сонымен қорқыт көрі,
Қадам басып ұрынбай көрші ілгері.
Кәрі-құртаң әйтеуір кем-кетіктің,
Басар тауы таусылды, барар жері.
КІМ ДЕЙСІҢ
Ел үшін еңбек еткенді
Құл деп қорлау бұл қай қылық?!
Сол құлдың еңбегі емес пе
Төрт құбылаңды сай қылып,
Отырған сені бай қылып.
Өзің тонап алдын да,
Жібердің шетел асырып,
Құл жасап берген байлықтың
Қалғаны жатыр шашылып.
Шікірейіп келгенге
Есігің айқара ашылып.
Билеп-төстеп өзіңді
Қулығын отыр асырып.
От, суыңа да ие боп
Берекеңді әбден қашырып.
Еңбек ері деп өзің,
Жырлаған кеше Шамшырақ.
От басында ой басып
Қалып отыр сансырап.
Құл деп оны қорлайсың,
Өрекпіп тіпті қоймайсың.
Жатып ішкен наданның,
Айтқаны шын деп ойлайсың.
Төркінін сөздің білмейсің,
Әкең, ағаңды құл дейсің.
Ел қамын ойлар ақын-ау
Халқыңды ертең кім дейсің?
* * *
Ойға қалсаң, басыңа не келмейді,
Еш уақытта дүние теңелмейді.
Қандай қоғам орнасын бұл пәниде
Күшті, тістілер ғана кемелдейді.
Әсте ұтпайды билеген ар-намысы,
Ар аттаған танылып арлан кісі,
Жүреді екен жер басып жалған кісі,
Шен, шекпенді атанып тарлан кісі.
Екі қоғам, саясат екі түрлі
Куәсі боп таныдым осы ғұрлы
Келеңсіздік билеген дүниені
Кемелді деп шатасқан келер күнді.
Өнерлі бол ғұлама кемел мейлі,
Өрлеп биік ғарышқа теңел мейлі,
Байлық, билік болмаса, жоқ-жітікті
Күрмелмейтін қысқа жіп көгендейді.
Қоғамын ол — бар мен жоқ, аш пенен тоқ.
Саясат ол — айла-амал әрекет тек.
Билік, байлық бәрі бос әурешілік
Сол байлығың түгесер ғұмырын жоқ.
БІР ТОЛҒАМДАР
Дәулетімен бола ма адам жақсы,
Көзге жиған тапқанын қолы тапшы.
Парызынан адамдық артығырақ
Көрінетін «сырты түк» тоқты жақсы.
Байлық қоса ма адамға зияндылық,
Зиян деген ашуы қиын құлып.
Сирек дарын әркімге бұйырмайтын,
Тәнті болып барша жұрт ұйыр қылық.
* * *
Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз,
Жоғары парасаты, ары дейміз.
Ал соны танытар қай қасиеті?
Қандай іс, қай енбегін кәні дейміз?
Елім деп аузы айтып, қолы істемесе,
Халықтың бақ, дәулетін үстемесе,
Ұлтының тілін, әдет-ғұрпын, салтын
Үлгі етіп ұрпағына түстемесе.
Адамдық парызынан табылмаған,
Халыққа қашан жақсы танылды адам!
Өнерге көкірегі қор, маңайы шол
Ындыны аш уызынан жарымаған.
Санда бар, санатта жоқ көптің бірі,
Күнелткен ел қарасы әйтеуір тірі.
Аты бар бөрік киген — барлық бәсі
Өзіндей кимешекке ол да ірі.
* * *
Күншілге ұнай бермейді бардың ісі,
Адал, әділ бағалау — ардың ісі.
Барлық ісін дәулеттің арқасы дер,
Өткергені болса да нардың ісі.
Өз қалпына риза адам бар ма?
Бір бұтаққа қос қонбас ала қарға
Сауысқандар болады жақсыға қас,
Жарамылшы пәстереге амал бар ма!
Қанша малды жиғанмен ебін біліп,
Бай-бағылан боп қадірлі болмас жігіт,
Ел көңілі — ақ сандық, кілтін тауып,
Шықпаса өрге өнердің туын тігіп.
Алғандар коп болса да етіп машық,
Шын өнердің олардан ауылы қашық,
Жан тұшынып, санамен сезінбеген
Өнер-нәсіп бұл күнде көке жасық.
Жампаңдап жан-жағына өсек тасып,
Жүретұғын ақын бар етіп кәсіп.
Ұялмағаны әнші боп, ән де салады,
Аймағынан тұрмақ боп артып, асып.
Жүгіріп түрлі жылға өзекпенен,
Жиренбей дос та болады кәззәпенен.
Әйтеуір алда тұру бар арманы
Ойы жоқ бәсін біреу сезеді деген.
* * *
Жетекке еріп желіккен еспе көңіл,
Еспе көңіл билеген бөспе өмір.
Тырна болып тыраулап аспанға ұшқан
Тыраштарға толды пай мынау өңір.
Күн осылай тыраумен өтіп жатыр,
Құны кеміп адамдар болды пақыр.
«Адасқанның алды жол, арты соқпақ»
Боп жүрмесе жарады-ау соңы тақыр.
Ән саламыз, жыр жазамыз белсене,
Шындығына бермейді оның ел сене.
Шын шаттығы шыр-пыр істі шыңғырып
Шың асырсаң әсері жоқ еңсеңе.
Неғайбылдан тұман көңіл жайлауы,
Сусып жатқан сөз түйіні, байлауы...
Түп тұғыры тұтас емес қоғамның
Тіршілікте бітіп жатыр қай дауы!...
* * *
О, бауырым, көпке жаққан кісі тап,
Парасаты, қылығы мен ісі ұнап,
Алла сірә жаратады-ау міншілді
Мына өмір қалмасын деп қысырап.
Міншіл байғұс мін таппаса жүдейді,
Тапқан міні кейде тіпті үрейлі.
Бұл өмірде қисық, күншіл, міншілді
Деген рас қабір ғана түзейді.
* * *
Уағыздаймыз ауыз жаппай адамдық
Дейміз бәрін соған сайып тамам ғып.
Адамдықтан туындайтын ең асыл
Арман болып бара жатыр адалдық
Сауда.. ақша — дүр сиқырға байланып,
Ақ жанды ел атың мүлде жәй қалып
Кетпесе игі қасиетің ағайын,
Арамдықтың қоғамына айналып.
* * *
Оу, қызым-ау, бұл ісің не көріне...
Бөлтірігін тастамайды бөрі де.
Мал екеш мал еміреніп бауырына
Басқа төлді алып жатады төліге.
Сөзім емес сынай айтқан кекесін,
Тәңір өзі бермес пе еді етесің...
Таңдамақ шар сынағанда сыйқынды
Бұдан жаман жүзің күйіп етесің.
* * *
Бояу жетеді, қасты боя, шаш боя.
Өз еркінде Оған қандай түс қоя
Алам десең табылады түрлері,
Тұла бойды алмасаң да бос қоя.
Осыменен жүргендер бар күні өтіп,
Табиғатын боямаға құл етіп.
Бойда қалмай өз қалпында бір нүкте
Өзін-өзі искусственный етіп.
Бәрі ғажап, бәрі импорт — шетелдік!
Шетелдікпен шаруаны «көтердік»...
Қымқырғанын айналдырып Виллаға
Кетті тіпті шетелдерді мекен ғып.
Жымқырғанын жарқыратып қоя алмай,
Өз елінің азаматы бола алмай,
Тышқан ұстап ұрлап жейтін мысықтай
Шалжаң қағып шетелде жүр ой Алла-ай!
* * *
Өмір алан, боп кетті етер ойын,
Ойындардың көрдік қай небір сойын!
Ал ойыншық — тағдыры адамдардың,
Қоса орнатқан қорлығын сенген қойым...
Сенген қойым заң орны еді амал қайсы!
Заңды бұзып өздері келсе қайшы.
«Күйсегенің...» дегеннен не шығады
Түлкі уәзір заманда қасқыр қойшы...
Байкал, бауырым, сөз төркінін танып айт,
Мәнін біліп, мағынасына барып айт.
Байлар ғана теңдесі жоқ текті деп...
Өзіңді де, көпті де есіңе алып айт.
Текті дейді ел бастаған көсемді,
Мәнді сөзбен көпті ұйытқан шешенді.
Текті ме екен көпті тонап байыған,
Пысықсымақ қағып кеткен есеңді.
* * *
О, тәңірім, естімеген елде көп...
Тойған күні төсін ұрар пенде көп.
Қыран менен қатар қойып қарғаны
Болатұғын «қателікті» жөндемек.
Түзу шықса зәуде айтқан бір сөзі,
Төле би боп толғайтұғын дүр өзі,
Көтере ғып руының ұранын
Бола қалар әділеттің туы өзі.
Болғаннан соң жәйің басқа, жан басқа
Басқалықты қалай қаперге алмасқа!
Ертеңің, ең осал тұсың ойлантып,
Жөнің бар ма ұқыптырақ болмасқа.
Алаңын. жоқ сеніп келсең қандасқа,
Қандасың да болып шықса қам басқа.
Көлеңкесі түсіп, көңіл кірлетіп,
Амалың не жан жайлауын шаң басса.
Адам өзін-өзі барлауы сирек қой,
Саралайтын кемістігін билеп бой.
Ақтарылып ар алдына баруға,
Біреу қайсар, біреу әлсіз, күйрек қой.
Кемістіксіз жан болмайды несі мін,
Дер кейбіреу өзінше айтып кесемін.
Пәндалықты түсінуге болар-ау
Залымдыққа ету қылмыс кешірім.
* * *
Жас кезімде жармастыңдар ағалап,
Өз қамдарың, күйіттеп кеп сағалап.
Бүгін пілсіп көкитіндер мені көр
Күн кере алмас кәрі атанға бағалап.
Жас қартаю, жарлы баю заңдылық,
Ал жаманның жақсы болуы — таң қылық.
Алла жерге қаратпайды әуелгі
Жаратқанын аруақты нән қылып.
Балаларды кінәлаймыз жазғырып,
Басымыздан өткендей-ақ аз қылық...
Өзімізге шаң жуытпай өкпелеп,
Әжемізге шағынатын наз қылып.
Қайран ана кешіп бала күнәсін,
Келінінің табатұғын «күнәсін».
Алла әзі жаратқан-ау кінәні,
Кешірімнен табатын ғып ұнасым.
* * *
Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә,
Пысық болсаң, кінәлі тұрып, көпке ұна.
Қылмысыңның шығып жатып сирағы
Су жұқтырмай билік ал да, топ құра.
Қарама артқа көпке тиді кесірім,
Деп ойлама!.. Қате кетті несі мін!..
Қойдан қоңыр аман болса аңқау ел
Кінә тұрған жерде тұрады кешірім.
* * *
Жағынбадым, жалынбадым ешкімге,
Өзімді-өзім бағып сергек өстім де,
Талап, еңбек серік болды жасымнан,
Несібеме риза ғұмыр кештім де.
Қадам сайын құрылған сан бөгетке
Төздім, айтпай тарынып еш наз-өкпе.
Сонда дағы өкшелейді өзімшіл
Атақ, байлық, мода қуған желөкпе.
Ашыққаннан жаман дейді құныққан,
Бұл өңірден саудагер тап мұны ұққан!
Ашқарақтың мол ақша боп арманы
Кейбіреулер адамдығын ұмытқан.
Ал осының ойласаңыз мәнісін,
Саясаткер құрып саудаға әр ісін,
Адамдардың құлқынын да нарықтап,
Өзгерткеннен ізгілікті — ар ісін.
* * *
Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде,
Айналаң мұң, жан мұқалмас темір ме!
Жас қартайып, жаңа келіп, ескі өліп,
Күні ауыспас көлеңкеге өмір ме!
Төрт құбыласын түгел ғып кім ұстасын,
Адам, Хауа көрсеткен ғой нұсқасын.
Өлместі Алла, тозбасты ұста соқпайды,
Сайтан ғана сезбес өмір қысқасын.
* * *
Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз,
Дүниеде мәңгі жоғын ұғамыз.
Әсте бітпес мақсат қозғап көңілді,
Үмітке еріп сан майданға шығамыз.
Алатұғын түгесе алмай үлесін,
Mіce болмай «Адам!» деген ұлы есім,
Жалғайды екен мәңгі өздері адамдар
Ізгілік пен зұлымдықтың күресін.
Бүгінгі күн қазақ жаппай саудагер,
Саудагерді алып сатқан дауда кер.
Обалсыздың алшы түсіп асығы,
Аймақты алып тебешікке тау төнер.
Алғаннан соң ақшаға әбден құнығып,
Адалдардың лайлап бар тұнығын,
Нарықшылар бөкті дағы байлыққа
Адамдарды қойды түгел ұры қып.
* * *
Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған,
Атойлап аңғарғанға тұрады алдан.
Үңіліп терең барлап түсе алмаған
Жүреді көкірегінде түйіп арман.
Түсетін жол осы еді-ау жас ұрпаққа,
Тәуелсіз ел боп шалқып шыққан шақта.
Беу дүние, өнер құсын торға қамап,
Кез болдық нарық деген қайтқан баққа!..
Ілгеріге жетелейтін,
Жан азығым таусылды.
Жұртың үшін шырылдаған
Кім естиді дауысыңды!
Жақсылықтан күдер үзіп,
Жан жүрегім жаншылды,
Келер ме екен дейтұғын күн
Көңіл бұлттан аршылды.
Шақ болады ерекше жанға жайлы,
Көрінетін сол сәтте таңғажайып.
Аңсағанда алауы ақылды алар,
Оралуы екінші алмағайып.
Билеп алып ырқыңды ес аудыра,
Ауыздықсыз тәрізді асау құла.
Шығып кетер шығындап ала қашып,
Шалыс басу дегенің осы-ay сірә.
* * *
«Ақ туым!» десең мейлің, жағына біл,
Жайқалып өссін десең бағында гүл.
Өз тобыңа бір сіңіп алғаннан соң
Өз тобыңа боласың сен дағы піл.
Жағына білмегеннің күні қараң,
Намыстыға биліктің көңілі тараң.
Өнерліні ауызға алмай-ақ қой
Қалтасымен қадірлі бүгінгі адам!
* * *
Бір күнде ел таныған ерке нар қыз,
Әрине, бір қатармыз емес жалғыз.
Егіліп елдің қамын айтамыз деп,
Бұл күнде санатта жоқ, санда бармыз.
Кім айтар біз айтпасақ, халық мұңын,
Сен қырын келе берме жарықтығым,
Үнсіз болу бас шұлғу емес шығар,
Деген бар білдірмес бөрі арықтығын.
Жаңғырығы әлемді алған Желтоқсан,
Сенен соң да келелі іс көп ел тосқан.
Халық бүгін таңқалар іс жетерлік,
Кейде кейіп, кейбіріне қол соққан.
Тым қауіпті терең барсаң Мұра жақ,
Онан да өткен «ана жақ» пен «мына жақ»,
Ұлт пен тілдің билейтұғын тағдырын
Ой дүние-ай ұл тумапты-ау бұл қазақ...
Тырысайық құру үшін құқықты ел,
Төле би ғып заңгерлерге құқық бер.
Тағдырыңды тапсыр сеніп соларға
Ертең жүрер даңғыл жолын сол алда.
Әдет-ғұрпы, салты жоқ ұлт болмайды.
Ал бұларсыз елдік орны толмайды,
Заң тізгіні келімсекте сол қайғы
Бұл тәрізді іс Желтоқсанды қорлайды.
* * *
Үмітшіл көңілің
Ілгері қозғайды,
Өрбігіш арманың
Бітпейді, тозбайды.
Сол үшін аспанға ұш,
Жерге түс, тау төңкер
Бәрібір ешкім де
Жазмыштан озбайды.
Өзіңе-өзің риза
Болып жүрсің бірдіні.
Бәрі есіңе түсер-ау
Көз жұмарда бір күні.
Бұл дүниеде семіз,
Ол дүниеде арық
Боларыңды еске бір
Қойсаң деймін алып.
Құдайға, аспанға шығып,
Алғандай өзін нән ұғып,
Бір ауыз сөз қатуы мұң
Бетіне сұйығы шығып...
Болғаны көмекші ғана,
Санайды өзін бір дана.
Қайда апарып тынар екен
Елімді осындай сана.
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген қайда!
Азамат болсаң тисін көпке пайдаң.
Еріккеннен қабылдау сұрамайды ел,
Іздемес деп әулие бастық қайда.
Өзі егіп қоғамға түрлі дауды,
Қойды жиып қабылдап мұң тыңдауды.
Қатыгезден тас қамал құрып алып,
Жойды өзіне мұң шаға маңайлауды.
* * *
Ағайынмен аз сөзге келсең барлап,
Күнкөрістің қиынын төгеді зарлап.
Биліктілер бұларды қайыршы ғып
Әлі тумағанның жүр қамын қамдап.
Енді елу жылдан соң мол боламыз...
Қазақ жерін ен жайлап, қол боламыз...
Әбден интернационал болып таза
Аты бар да заты жоқ ел боламыз...
* * *
Қасарыспауға санама,
Қасқайып тұрған қайсарды.
Жалынғанды тәңірі
Өлімнен қашан қайтарды?
Қорлауға көніп егілмей,
Намысты еңсе көтерер,
Жансауғашыл жасықтар
Бір-ақ өлмес, екі өлер.
* * *
Табалама, таңданба,
Аяғын шалыс басқанға
Топастарға да тақ тиіп,
Ұшады бөркі аспанға.
Құзырымен сондайлардың
Ғажайып ұлы ақылдар
Айырылған ғой бастан да.
Бұйырмаған құтылу
Жазмышынан қашқанға.
* * *
Дүниенің бәрі шартты,
Бақ баянды болған емес.
Мансабыңды бұлдап сонша,
Адамды қорлап құрма егес.
Мансап сорлы көзі қызыл,
Қай мықтыдан қалмаған бұл!
Сыйлы болар мансапсыз-ақ
Адамдықтан болмаған тұл.
10.12.1996 жыл.
* * *
Оқып, талдап есіп ек құлақ қанып,
Бүк-шігесін қалдырмай кіл ақтарып.
Нарық атын жамылып, желек киіп,
Капитализм алды орнап, тұрақталып.
Сонда айтылған гәптерді көзбен көрдік,
Келе ғой деп жоқшылық төрді бердік.
Көрсеқызар, айнығыш сайқал сынды,
Бақталастық, бақастық соңына ердік.
Мемлекетке еңбек ету құрметтің,
Еркі кім боп табыс тапса күреп кім.
Адамдығын сезініп, жерді нық басып
Рухы биік, құқығы тең жүретін.
Енді сорлы, жұмысы жоқ күн көрер,
Жалындырмай жұмысты оған кім берер.
Біреуге еңбек ету құлдық қамыт қой,
Намысты ер қорланғаннан күнде өлер.
Мақтан еді қызыл болу бір кезде,
Билік алған кедей-кепшік дүр кезде.
Судай аққан судыраққа дес беріп,
Билік кетті, бүгін халі мүлде өзге.
Шыдай алмай сауда атты құзырға
Кейбіреулер теңейді оны қызырға.
Кешегі күн бүгін шығып есінен
Өңеш созып өзеурейді қызылға.
Тақ құмарлар өрісі әбден кеңейді,
Топ құраған көсем сымақ көбейді.
Көз үйренді таңданбайсың көргенде,
Құлжалардың орнындағы кенейді.
Бір кездері билік басқан бауырға,
Өгейсиді үйреніп қап тәуірге.
Құдай білсін дәуірлерін кім болып
Желтоқымды жайдақ салған жауырға.
Қыңырайдың теріс қарап сөзім үшін,
Ар алдында ашынған кезім үшін.
Халық көрдім күнелткен күңіреніп,
Тебірендім солардың төзімі үшін.
Сен, көрбілте мұнымнан нені ұқтың,
Көң-қоқысқа күні өткен ойың тұтқын,
Көрінгісі келетін сен секілді
Жағымпаздар ындыны аш, бері құлқын.
* * *
Ұяласып ылғи қиқым-сиқыммен
Өш алмақсың мынау қиқы-сыйқыңмен.
Білуші ме ең, «хан артынан жұдырық»
Бір кездері Абайға да ит үрген.
Қылығыңның кімге батсын азары,
Деп қарайды шығын бұған назары.
Білуші ма ең «әліптің бар ақыры»
Асықпағын, «сүт көп, көмір аз» әлі...
* * *
«Жекешелеп, өзің көр өз күніңді»,
Киелі де жүйелі сөз бүгінгі.
«Баста ақыл ашынған» ауыр жолын
Таңдағандар тобына көз сүрінді.
Бастаған жол ол талай саналыны,
Ымырасы болмаған аралығы.
«Жалғыз жүріп жол таппай, көппен жүріп
Адас» деген халықтың даналығы.
* * *
Әділет пе тудыру сөз таласын,
Мойындамай оянған ел санасын.
«Кимешектер кітап оқып» білімнің
Бұлағынан қанды қазақ баласы.
Нәтижесі бизнесмендер бүгінгі,
Өрге сүйреп бара жатқан жүгінді.
Іргетасы ол келер күннің көркейер
Маңдайына нарық туы тігілді.
* * *
Әйелдердің мейрамы — Сегізінші март,
Шүленсымақ бұл күні бастықтар мәрт.
Қарттар үйі, ауылдар азалыдай,
Әкімдерге жақынның жүздері нарт.
* * *
Бұл сиқырлы перденің бергі беті,
Арғы жағы ызғырық желдің еті.
Жас-кәріні қарыған уақыт аяз,
Күйреуікке таяу тұр жұттың шеті.
* * *
Болмадым деп тойында өкіне алман,
Ондай тойдың бәрі де менен қалған.
Ілтипатын көргенмін ұлылардың,
Ағалардан аруақты алғыс алғам.
Олар Алыптар тобы болатұғын,
Халық қамын ойымен шолатұғын.
Еңбегімен қадірлі өсер ұрпақ
Ырысы асып, кемі өсіп толатұғын.
Танып істің мәнісін, хал-қадырын,
Суырылып шықса бір алға дарын.
«Өзі алмайды, қыранға алдырмайды»
Дегендейін қосады қарғаларын.
Дарын дара шығуын оң көрмейді,
Қой торысы тепеңдеп өңмендейді.
«Пұшық айтып қор қылған» есіл әндей
Орынына іс әсте оң келмейді.
* * *
Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді,
Ер намысын езге ұқсап жерлегенді.
Қиындықты қоғамға өзі қосып,
Қылмыспенен күресіп ерлегенді.
Көрдік бұрын ойға әсте келмегенді,
Өлімдейін ұяттан өлмегенді.
Өнер, білім, ғылымды қуған жастар
Саудагерлікті үйреніп зерделенді.
* * *
Жәйіп тұрған алақан бала көрдік,
Ата-ананың жүзінен нала кердік.
Құлақ естіп көрмеген қатыгездік,
Әуре-сарсаң дамыған сана көрдік.
Азып-тозған тентіреп ауыл көрдік,
Қарттар үйі жүрекке ауыр көрдік.
Іштен шыққан сәбиге жаны ашымас,
Жүрегі тас, қуыршақ ару көрдік.
Анау да жоқ, бұл күнде мынау да жоқ,
Молың жұмыс іздеп тек шұбырған топ.
Табылады деп кергитін күрекке б...
Молшылықта сөз екен айтылған тек.
Ұзақ бола көрмесін бұл азарың,
Қабақ ашып кірсінші шын ажарың.
Аулақ кетіп өмірден жойылсыншы
Кірмейтұғын түсіңе құл базары.
* * *
Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр,
Қара бақыр алтын боп ай құшып тұр.
Бүгінгі арзан ар-намысы адамның
Аяқ асты, қадір-құны түсіп тұр.
Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр.
Бақыры мол бақыт құсын құшып тұр.
Ендігі арзан — өзі аз ғұмыры адамның
Доллар берсең, иықтан басы ұшып тұр
* * *
Күні туды қайсыбір алаяқтың,
Өсімінен қалады сені аяп кім?
Сауда заңы біріңді он есе ету
Ол пайдадан қалады жан аяп кім!
Зыр жүгіру — дені сау жастың ісі,
Қалтасы ток, қайғы жоқ мастың ісі.
Келеңсіз іс, керенау кей қылықтан
Кәрі-құртаң, кемтардың қашты түсі...
Үміт күткен бүгінгі жас талабым,
Бұрылсыншы тіліңе қас-қабағың.
Ағылшыны жоқ, бірақ көз сүрінеді
Ағылшынша жарнамасы астананың.
Аға тілді аспанға көтергеннен,
Пірдей көріп соңынан көп ергеннен,
Өзіңді қор, өзгені зор тұтқаннан
Аз болды ма азабың бекер көрген.
* * *
Бағышталған «саңырау» күштілерге,
Сөз қадірі құлдырап түсті жерге.
«Бас жармаса, тас жарған» қайран тілдің
Қалғаннан соң тағдыры мүскіндерге.
Заман бұлай кім білген ауысарын,
Залымдықпен сенгенін қауышарын.
Ел тағдырын шешкен сөз Бабам қойған
Өреден құлап құнын тауысарын.
* * *
Қиындықты уақытша деп санайды,
Бар менен жоқ қоғамы қайда тарайды.
Әйтеуір ол еңбек етеді біреуге,
Жұмыс берген шекесінен қарайды.
Құқығы жоқ оның баста әуелгі,
Бәрібір ол қожайынға тәуелді.
Парасаты тең тұрған сол азамат,
Өзіндей, тек қалталы оған дәу енді.
Бір ұрпақ, жүздеген ұлт неше миллион
Жасаған қолыменен кеше дүниең
Ғұмыры, өткергені түгел мансұқ,
Патшалар ісі үшін неге күйем?
Таңдантады еткенді ылғи жаман деген,
Қосақтау «измдерді» адамменен,
Бөліп ап ақ-қарасын дәл айтпас па,
Патша ісін шатастырмай заманменен.
* * *
Ағылшын жоқ Алматыда,
Ағылшынша жарнама,
Ана тілінді ауызға алма,
Орысша да сарнама.
Тілің сынса, көтере бер
Тарта бергін азабын.
Енді ағылшын боп шыға кел
Үйренімпаз қазағым.
Тәуелсіздік алдық деп қуанғанмын,
Қадамдарды алғашқы құп алғанмын.
Жүре келе түзелер деп көш жөнін,
Күтіп үміт жалғағам, уанғанмын.
Жаңалықты мол жырлап жырға қостым,
Ел қабағы ашылар әндер тостым...
Жат қорлық пен өз қорлық қосақтасып,
Арды ақша билеген заман кештім!
«Айтып еткен ақында арман бар ма! —
Депті ол, — бүгін ақынға қалған бар ма
Ақын айтып жатыр деп көңіл бөліп,
Мәнісіне тереңдеп барған бар ма!
Ақынды қой, халыққа қалған бар ма?
Назар салып кеңесін алған бар ма?
Нар үстінен ит қауып, қисайған іс...
Орынынан жылжымай қалған жарда.
* * *
Сонша армандап, қол жетіп,
Болған кезде егемен,
Ұлттық намыс өзгенің
Намысынан неге кем?
Тілім, ділім қазақ боп
Қай уақытта теңелем?
Тәуелсізбін деп көпке
Дәлелдеймін неменен!
* * *
Заманында нарықтың
Ар, абырой — бәрі пұл.
Пұлы болса қалтада,
Татымсызға да адам құл.
Капиталистік қоғамның
Артықшылығы осы.
Ұмыт болды деген сөз
Адам адамның досы.
Саналы сарғайды,
Сабырлы тозды.
Шалмайтын шалғайды
Делебелер қозды.
Нарық деп сабылып,
Ақшаға табынып,
Ақыры адамнан
Алаяқ озды.
01.03.1997жыл.
* * *
Ұйымдасып, ұғысқалы, ұлт болғалы жарандар,
Көпті бастап ұран тастап, ұйтқы болған адам бар,
Әлмисақтан ел аузында, бұдан халық, хабардар,
Солай бастау алған мынау жер үстінде ғалам бар
Бірін патша, бірін төре, әкім қойып, айдарлап.
Іс өткеріп, бұзып, түзеп келе жатқан қоғам бар.
Алды үміт жетелеген өмір керуен, арты із,
Сол ізбенен ілгері озған бүгін мынау қалпымыз.
Тіршілік тұнжыр көк мұнар басқан бейуақтай,
Кек дөнен көңіл шығатын емес ойнақтай.
Зілмауыр заман зілзала сынды үрейлі,
Өзендей өмір тұрар ма терең бойлатпай!
Мегзелген меже меңіреу дерлік тым алыс.
Адам өмірі жанталас ылғи арпалыс.
Орныққан көңіл, алаңсыз өмір армандай,
Ондайда аяқ баспайды дейсіз кім шалыс.
Түзу жол тауып түзелер ме бұл ел көші!
Алынар ма бұл анық қылмыскердің пердесі!
Жетесіздей-ақ бір оянбай қойды-ау қазақтың
Елім деп соғар жүректе ұлттық зердесі.
Бастыққа кенде емеспіз көп-ақ пысықтар
Ауруды аластап, кеселді емдеп ұшықтар.
Бабалар салған адал жол қалып, ар аттап,
Дегендей бұзды тәп-тәуір әнді пұшықтар.
* * *
Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек.
Қадірің кетіп, атандың қазақ еріншек.
Үлгісін ескі жат елдің жаңа деп киіп..,
Арамы іске әккі қуларды керім деп.
Панасы жоқтай шарасыз қалған ел мынау,
Құнары тозып, құрағы солған жер мынау.
Әрекет қылар, берекет құрар белсеніп,
Ер езге айналып, мәңгүрт пе мынау дерлік-ау.
Кешегі қазақ атанған дарқан кең қолтық,
Ұрлық пен қарлық, қылмыс жайлаған ел болдық.
Алла ашынып аямай зауал бергендей
Деген тәрізді кең қолтығың үшін көр қорлық.
Жосыған жастар жөңкіліп жүрген саяқтай.
Толтырып базар жан-жаққа көз сап жалақтай.
Жұлып кетерлік, іліп кетерлік ілікпей,
Торуылда жүр жұқ болар түйір қарақтай.
Сатпайтынды сатуға болып алдық тым ұста,
Халық үшін дегенге қалта жыртық, қол қысқа.
Түзеймін деп келгенге тізгін бердік. тежемей,
Дейтін жан жоқ қазағым, жем болдың-ау.., құсқа
Жоқ па еді өзінде электрші инженер
Намыс қылмай билікті жат қолына кім берер
Тістегеннің аузында, тұтқанда кетіп байлығың
Алақан жайып аймаққа, телмеңдеп болдың күн көрер.
Жерді сату — елді сату, Отаныңды, Анаңды
Ел алдында бұл әрекет танытады бағанды,
Десіп кеше ұлылардың көзін көрген зиялы
Көтеріле хат жолдады таппаған соң амалды...
Қорғап берген ата-баба жер байлығың тоналды.
Тонналаған түсті металл шетел асты жоғалды.
Обыр көздер төніп жатыр енді өзен, көліңе
Байқоңырдан басталған сор ес жиғызбас боп алды.
Нелерді естіп, нелерді көрмей бүгін
Жүрміз қандай тектемей өмір жүгін.
Қорғайды деп сенгенін қорқау шығып,
Жұтқандар жүр түсірмей түйе түгін.
Жасап болып, қылмыспен күресеміз
Жібермейміз, кетпейді көпке есеміз.
Жең ұшынан жалғасып, жемсауымыз
Толғаннан соң шіреніп іс шешеміз.
Ауызда Алла, адамдық аяқ асты
Жан түршігіп, естіген құлақ басты.
Тозақ оттан қорықпай, аруақ аттап,
Ұрлайтын жүр зираттан құлпытасты.
Қылмыскер боп жаралып анасынан
Туа ма адам өмір ғой жан ашынған.
Абайлатпай жарға ұрып, жүйке тозып,
Айыратын адамды санасынан.
* * *
Жастардың жәйін ойласам, жаным жылайды,
Шіркеуден пана тауыпты, дейді ұнайды.
Қабылдап дінін уағыздап ұйып жүрген бар
Отандай ортақ етіп алыпты құдайды.
Деп жүріп жолдас, жолыңды қойып, қан қостың,
Әйелің сары, келінің торғылт бар қосың.
Немере, жиен, дін, тілің ортақ, ал сонда
Ұлтыңды айтар бойында нең қалды достым?
* * *
Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау...
Болса да ауыр, тіліміз жауыр тәңір-ау.
Өз тілін қор деп, жат тілді зор деп күн кешкен
Қалпыңды не деп ұқ дейсің маған бауыр-ау,
Жаңара да бер, жасара да бер кім қарсы?
Халқым деп күйсең бола берейік біз жаршы.
Ұлтыңның болшы намысын жоқтар шын ұлан,
Ділің де тілің қазақ боп нағыз тұра алшы.
Өмір — тоғысы қуаныш пенен кейістің,
Азары ауыр көкейге қонбас кей істің
Мемлекет үшін Алтын қор – Адам десіп ек
Сол бір ісіміз ала алмай қойды өріс тым.
Көңілдер тұнжыр, жүретіндер аз жайраңдап
Мәнісі мынау уақыт ауып, тайған бақ
Қоғамға бүгін байлардан өзге қажетсіз
Өзен өмірдің жағасында қалды қайрандап.
Қатар кино көру қиын бала-шағаң отырып,
Тағы дүлей ербеңдеген ес жия алмай өкіріп...
Өркениеттен алған үлгі өмірге еніп барады...
Мәдениет басшылары, өзің айт десең өтірік.
Ал осыдан басқалары кісі өлтіру жайында
Соңын соның ағайындар өзің ойла, пайымда.
Ертеңгі күн өз ұрпағың үйреніп бар тәсілін
Опық жерміз деген қауіп келмей ме әсте ойыңа.
Үміт қып, ел сенімін осы ақтайды
Дегенің іс тізгінін босатпайды...
Түзу жол тауып тура жүре алмай,
Тұлпарға қой торысын қосақтайды.
Шамалап өз өресін парықтамай,
Ғарышқа қол созады арық талай.
Көрмеген қолына өнер құсы қонып,
Игергенсіп жүр шынды алып талай.
* * *
Үрей деген япыр-ай, қандай өктем
Жарлығындай тәңірдің түскен көктен.
Ие болып бойындағы ерік-күшке
Қара есегі етеді-ау іске жеккен.
Үрейленсе адам не өткермейді,
Құтылуға қатерден кеткен бейілі,
Қос көрініп құбыжық қорыққанға
Іс мәнісін кең толғап тектемейді.
* * *
Мінезім әсері емес жәй егестің
Деп көрші ілтипатқа сай емессің,
«Тексіз келін етерін күңге сәлем»
Түсінбейтін топасың мен емеспін.
Еліме әйгі ақынмын құқығым бар
Қоятұғын көлденең еңбегім нар.
Креслоны тақ көріп йен қалған
Иіле алмас төркінін ұғатындар.
* * *
Жүрегім күйіп, езілді бауыр,
Жағдайын керіп ауылдың ауыр
Тыңдар құлақ жоқ биліктілерде,
Айтудан болды тіліміз жауыр.
* * *
Кім кетсе де бұл өмірден.
Мынау дүние қараң қалмас.
Бұзық арам, мафия топ
Сонан соң да табар жалғас.
* * *
Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен,
Зәредей зәрулік
Зауалдай зор бір күшке енген.
Сонда бүкіл өмірі тәуелді өткендердің күйін көр,
Тағдырын күткен қиылып құзыры үстемнен.
Тереңдеп әрі тобыр мен топқа мойын бұр,
Топта құзыр бар, тобырда қамытты мойын құр
Алладан аяу, адамнан қайыр безбенде,
Себеп пен салдар сарсаңға салған ойым тұр.
Себебі — күрек, салдары — жәйулі алақан,
Сананы солдырып, тығырыққа әкеп қамаған.
Япыр-ау сонда адам өмірі тұра ма
Тірліктен ылғи жыртық көңілді жамаған!
Күнде көрерің тағдырлар жүдеп, жабыққан,
Ғұмырын қарғап, тірлігін жалғап тарыққан.
«Қымбат қазынаң — адам!» деп жазды Ата заң
Биліктің қайсы тереңдеп мұны жаны ұққан?
Төбеңде тоқпақ,
Аузында қақпақ,
Азаматы егемен елдің,
Ұлың ұрлықшы,
Қызың жезөкше
Тірлігің күйкі
Ұйқы-тұйқы
Өміріңнің сыйқы
Күпсінген бей дауа-ау
Неңмен теңелдің?!
* * *
Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы
Солдырып мынау өмірге үйді наланы
Өзі аспанда, жердегі сорды ұжмақ деп...
Мейірімсіздік басты байлыққа бөккен даланы.
Естідік пай-пай естідік талай сұмдықты
«Хабар» арнасы-ақ жеткізді талай шындықты...
Әкесін атып, сәбиін көміп қоқысқа
Ұлың мен қызың мынау қоғамды пір тұтты.
Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған
Құлармын демей орға жар аттаған.
Ұлтының ақ бетіне қара дақ боп
Құрбан ғып адам атын ар аттаған.
Санаулы сараласаң санатта адам,
Баю боп бар ынтасы жалақтаған,
Сенгенім қорғайды деп өзі тонап...
Қылығы ар-ұжданды шабақтаған.
* * *
Тісін қағып,
Тікенін алып,
Жинақ бердім жаңадан
Цензурасыз құқықты елміз
Десем,
Нанар ма жан адам.
Жалтағым жоқ
Жанмын деуші ем,
Адал туған анадан
Пенде болдым
Уақытқа
Сансыраған санадан.
* * *
Қосақталып жүреді ар мен намыс,
Болмаған соң өзара аулы алыс.
Намыс жоқта ар жетім, ақ айран боп,
Ақтарылып жатары көпке таныс.
Намыс қуу дегенің бүгін сирек,
Көп тұстарда ерекше жатыр күйреп.
Ұлт намысын ұран ғып ұстар деген
Азаматта жігер құм, ақыл күйрек.
Бірдіні боп дем алып екі иықтан,
Әр мүскінің нән санап пілді жыққан.
Өзі де ұғып болмаған руының
Алыбысып бұлықсиды айға шыққан.
Арқасында нарықтың есе тиіп,
Қара шұға сөпөлөк мода киіп.
Ысқырығы жер жарған бес ешкілі
Мерседеске барады зорға сыйып.
* * *
Өмір — керуен, жетелеген алды — үміт, арты —
«Измдерден» өтіп талай ілгері озған халқымыз
Қилы тағдыр — құмырсқа жол қыбырлаған ілгері
Күліп-жылап келе жатқан сол баяғы қалпымыз.
Күнкөрісің үшін күрес жаңа көрген сор емес
Саясат та адамдарға жаңа құрған тор емес
Ұран тастау, елді бастау ұжмақ өмір уәде,
Әлмисақтан келе жатыр бауырым, бұл соңы емес.
20.07.1998 жыл.
МАЗАСЫЗ ЖҮРЕКТІҢ БІР ҚАЛТАРЫСЫ
Сұлу — бақыттылығынан сұлу сәт болады.
Жаңа ғашық болған шағыңда ай да жаңарған тәрізденеді.
Мұхтар Әуезов
ҰЛЫ СЕЗІМ
Ұлы сезім!
Сені іздедім.
Білмеймін неге іздедім.
Қалай ғана бұл ойды негіздедім!
Алауы өшкен бұл пәни тірлігіммен
Сен мәңгіге япыр-ай егіз бе едің!
Алды-артыма қарамай сені іздедім,
Күн қайтқанда мұның не дегізбедің!
Сені іздедім әйтеуір кеп іздедім,
Тірлігіммен осынша егіз бе едің!
Аланы кеп алапат күнді өткердім
Дауылды кеш, жауынды түнді өткердім.
Жоғалтқанын таппаған жолаушыдай,
Айықпайтын жаныма мұң бөктердім.
Ұлы сезім! Сен сірә осындай ма ең,
Абайлатпай алатын тосындай ма ең!
Құйынында үйіріп адастырар,
Қинап құшар қылықты досымдай ма ең!
Ұлы сезім, япыр-ай, осындай ма ең!
ҚЫЗЫҚ БОЛДЫ-АУ
Алабұртып, алқынып, алаңдадым,
Кімді іздеймін, білмеймін, таба алмадым,
Асау тұлпар тәрізді тықыршыған,
Тыным таппай толқыды алау жаным.
Тежемек боп асауды амалдадым,
Сарылсам да емін еш таба алмадым.
Асау баққан қалпыма, алау қаққан,
Шарам болмай тұйыққа қамалғаным.
Қызық болды-ау! Япыр-ай қызық болды-ау!
Ұлы сезім сабырды бұзып болды-ау.
Құйынында құбылып үйіргенде,
Ақылымнан таппадым түзік қолдау.
Ұлы сезім! Сен деген көңіл алаң,
Жүрегіммен сайысқа түсті санам.
Бір кеудеде екі ұдай тілек өрбіп,
Сыйыстырған бар ма екен сірә адам.
Қызық болды-ау!
САБАҢА ТҮС
Ұлы сезім! әлемге тараған іс,
Жан атаулы хош көріп қалаған іс.
Алла өзі жаратып, бойыңа егіп,
Табиғатын осы деп қараған іс.
Табиғи іс ендеше ол Ұлы бақыт,
Адам ба екен көрмеген оны татып,
Өзі қалап құмартып жан жүрегің,
Құптап тұрса тұла бой кіл ұнатып.
Ғалам толы махаббат — ұлы сезім,
Алдырмаған бар ма екен оған өзін!
Бар қалпыңды бұрылтпай баурап алса,
Кім таба алар бойынан тахат, төзім.
О, ағайын ендеше кінәләма,
Сүймеу күнә, ұмтылмау тірі адамға.
Көрсеқызарлық қана жараспайды,
Айнымаудың несі мін ұнағанға.
Болады тек лайығы жарасымы,
Құлай сүйер әркімнің жан ғашығы,
Ол да іркілмей табылса шын ойыннан,
Сол ғой мынау дүниенің ұнасымы.
Мұндай сезім — адамға ұлы бақыт,
Қалағаныңды құшу жан ұнатып,
Тежейді тек келгені, ойлантады
Түс ауғанда күн қайтып бара жатып.
Ұлы сезім, алқынба, сабаңа түс,
Есті кісі өткерер саралап іс.
Күні еңкейіп, марқайып, күш қайтқанда,
Ғасыл бола бермейді қалаған іс.
Кешір, сөкпе, сен дағы ұлы сезім,
Саған еріп ес шығар емес кезім.
«Үкіміңе әркім құл» депті Пушкин,
Мен күл болмай көрейін тауып төзім.
Кей қылықтан болып көңілің алаң,
Әрқайсысын саралап бойлап санаң...
Ынтықтардың отынан деп ойлайсың,
Жанып кетпей қалай тұр мынау ғалам!
02.08.2000 жыя.
* * *
Ұл тілейді құдайдан жылап қазақ,
Ұлсыз қалса тұрғандай күтіп тозақ.
Қатыгездік, мейірім тайталас тұр,
Жеңіп шығар қайсысы бақ пен азап.
Көріп жүрміз бұл күнде талайларды,
Бақыт қонып ұлдыға арайланды
Дей алар кім... жетеді ұл да, қыз да
Балшықша илеп аяқпен жүрген арды.
Мына қоғамға Алла тек берсін бейіл,
Қызда ұят көбейсін, ұлда мейір.
Тайталаста жеңсін де иба, ынсап
Сан себептер жоғалсын ұлға кейір.
17.07.2003 жыл.
МОЛОДЕЦ, БАСТЫҚ!
Молодец, бастық!
Сөзінде тұрды, ерледі!
Ұят па? Қой оны, жерледі...
Ашпаған есігі жоқ,
Шынжыр табан боп сүйреді...
Көмекке келді мансап,
Батыр да кәрді жан сап.
Бәрібір іс енбеді.
Еңбек сүйремеген соң
Зілмауыр атақ
Бағынбады, келмеді.
Бастық сөйтіп көк тері шығып
Япыр-ай, босқа терледі.
29.01.2001 жыл.
* * *
Көптің бірі емеспін, дарасымын,
Рухымын елімнің санасымын.
Тілі берік, жүрегі даласындай.
Қазақ дейтін халықтың баласымын.
Одырайдың еді деп мынауың кім
Түсінікті төркіні сұрауыңның...
Мен де сені таныдым тұрпатыңнан
Арқауыңның бос қалған бұрауынан.
26.05.2001 жыл.
* * *
Жерді ешкім әкете алмас көтеріп,
Бос даурығып талас құрып не етелік.
Қойнауынан байлық күреп қопарып,
Қауымдасып зор мақсатқа жетелік.
Десіп, ойхой, бөркімізді ұшырып,
Измдендік қолымызға түсіріп.
Жекешелеп халық мүлкін алшаңдап
Жүрміз бүгін бірдіні боп ісініп.
10.06.2001 жыл.
* * *
Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп
Қазағым, елім, далам деп
Қаламгерлерге арнадым
Болатын жәйің алан, деп.
Халықтың халы бүгінгі
Жүрекке түскен жараң деп
Емдемесе жара асқынар
Сарғайтар солып санаң деп.
Байлығың шетел қолында
Мұнай, мыс, уран, қолаң да
Телміріп жатқа көз сүзіп
Саудаға түсті балаң да.
Түгесілмес сұмдықтан
Сансырады санам да.
Саудаға салған сәбиін
Болды ма қоғам ғаламда.
18.06.2001 жыл.
ҚҰЛАҚ ЕСТІМЕГЕНДІ КӨЗ КӨРДІ
Лайықсыз тәуір кісі қылса жұмыс
Артына өле-өлгенше болады ұят.
Халық жырынан
Естімеген елде көп, естімеген,
Ер адасты дәстүрден есті деген.
Халқымыздың ғажайып әдет-ғұрпы,
Тәрізді еді бүгін де ескірмеген.
Қарқаралы тауының бауырында,
Қаз дауысты Қазыбек би ауылында,
Бата тілеп, қатынға бас ұсынған
Таң қалды жұрт азамат бауырына.
Толып отыр жасы үлкен азаматтар,
Лауреаттар, ғалымдар айтулы-ақ нар.
Ақсақалдар отырған жерде әйелге,
Бас тартпайтын қазақтың дәстүрі бар.
Бір-біріне қарасып таң қалысты,
Түсіне алмай өрескел аңғал істі.
Қозғалысып қойды да үн қатпады,
Көзін төмен түсірді әр намысты.
Ал жаулықты бас салып басты алды.
Ақсақалдарға ұсыну жәйіне қалды.
Ең болмаса біріне мезіреті етпей,
Құнжаң қағып әркімге үлес салды.
Кеше алыптар отырған қара шаңырақ,
Қаламгерлер қастерлеп тұтқан ардақ,
Соның терінде отырған басшы —
Нұрлан Қаперіне алма да оны да аңлап.
Қазақтықтың қаймағы бұзылмаған,
Жерден келдім деуші еді ол бұрын саған.
Сол ортадан зәредей үлгі-енеге,
Сыпайылық япыр-ай бұйырмаған.
Арқа сүйеп билікті адамдарға
Әккі қулық қолданар айла-амалға.
«Айдағаны бес ешкі ысқырығы
Жер жарғанға» бұл күнде амал бар ма!
18.10.2001 жыл.
БАТА БЕРДІМ
Абылайхан даңғылынан түсіп төмен,
Өмірдің қилы қырын ойлап келем.
Бір кезде өз көзіме өзім сенбей,
Дауысым да шығып кетті паһ-паһ деген.
Тірсекке шашы түскен, тал шыбықтай,
Қысылып маңайынан әсте ықпай.
Қолында ши сыпыртқы тротуарды
Сыпырып жүр бір ару, қабақ шытпай.
Риза болып кетіп таяу келдім:
— Атың кім, айналайын? — сауал бердім.
— Гүлнар, — деді ару таң боп қарап,
— Қолыңды жәй, — дедім де, бата бердім.
— Қорланып бұл еңбекке жасың төкпей,
Қиында қайсарлық қып баса-көктей,
Қасқайып қарсы тұрып жеңе білген
Қалпыңнан айналайын, гүлде кектей.
Біліпсің жақсы-жаман тегін тектей,
Ұмтылған мақсатына қалмас жетпей.
Тер төгіп, тілім наныңды адал жепсің,
Сайынның көшесімен лағып кетпей.
Атынды тауып қойған гүлдің нәрі,
Сай екен сымбатың да, тұлғаң әрі.
Ізеті, әдебімен әлемге әйгі
Еді ғой қазақ қызы елдің сәні.
Көркіңе сай екен де ақыл-ойың
Асырсын мәртебеңді келер тойың.
Үлгі боп аймағыңды тамсандырып,
Көтере бер еліңнің абыройын.
Кірісті ол қайтадан жұмысына,
Алла берген несібе-ырысына.
Сыпырғышың тазартсын кір-қоқыстан
Қыз намысын бастаған қыры сына.
16.11.2001 жыл.
МЕНІҢ МІНІМ
Жететін құлағыңа күндік жерден,
Менсінбей ән төресін Алла берген.
Өнердің алды қызыл тіл деп ұғып,
Сыйқырлы сұлу сөздің соңына ергем.
Болғам жоқ ел қарасы көптің бірі,
Бағынды ән тәңірі, сөздің пірі.
Поэма, түрлі толғау өлеңдерде
Айтулы ақтарылды өмір сыры.
«Бір қанаты ақындықтың білімділік»3
Бой ұрдым негізі деп ғылымды ұғып.
Ноқталап асауынан айықтырып,
Игеріп иығына алдым шығып.
Кіші іні, назар бөлген үлкен аға,
Құптады еңбегіме беріп баға.
Тынымсыз талпынудың арқасында
Жақындай берді талай алыс жаға.
Осылай шығармашылық қалыптасқан,
Ұмтылғам тек ілгері жалықпастан.
Көргенім, түйгенімді өмірдегі
Жасырмай жария етіп халыққа ашқам.
Ауырам тек қазақ деп жасырмаймын,
Көлгірдің жалпақ апай қасыңдаймын.
Бұлықсып байлық қуып бермеймін жоқ,
Болған жоқ әсте қара басым қайғым
Сүрлеумен халық өткен жүріп келем,
Жоқтарым көптің мұңы толғап терең.
Келеді үрлеп ашқым құлақтарды
Халықтың қасіретіне болған керең.
Бір үлкен, мінім де бар білем өзім,
Болмайды нәнсымақта құлақ-көзім.
Ащы да ашық келеді мәймөңкесіз
Алдында кімнің болсын айтар сөзім.
Әсіре жек көремін жағымпазды,
Кім болсын бетіне айтам өкпе-назды.
Табынар тәңірім деп сиқырланып,
Аққу ғып көтермеймін жердегі қазды.
Істерді ашық, айтам ұнамаған,
Сол үшін қағылсам да сыбағадан.
Көлденең еңбегімді қоям кейде,
Балаға бермейді емшек жыламаған.
Адалға ақ жарылам, ақтарылам,
Ондайды Алла жебеп, бак дарыған.
Бір рет Димекеңнің алдын көріп,
Еңбегім жанып, содан соң жарығам.
Кешірім кетіп жатса сөзім өктем,
Айта алман тағдырыма жоқ деп өкпем...
Ең бақытсыз дүниеде — мінсіз адам.
Деп бұрын зиялылар айтып кеткен.
Бақытсыз да емеспін, бақытты да,
Биледі көп жәйіңді уақыт мына.
Тарынбаймын сонда да тағдырыма,
Қорғайтыным қызғыштай арым ғана.
26.06.2001 жыл.
ЯПЫР-АЙ
Япыр-ай, шырағым,
Тыныш бір жүрмейсің
Өзгенің шырағы
Жанды деп күндейсің.
Өзіңше марқасқа
Бір алып пілдейсің,
Піл болудың мәні
Не екенін білмейсің.
Өзіңнен биікті
Кінәлап етпей жау,
Қанағат деп жүрсең
Болады денің сау.
Алланың бергені
Ол дербес несібе
Ол артып кетті деп
Күндейсің несіне.
Дертіңнің бойында
Атын біл — күншілдік.
Мерт болып қап жүрме
Ызадан тұншығып.
20.12.2001 жыл.
АРДЫҢ ҚҰЛЫ, ЕЛДІҢ ҰЛЫ БОЛ
Аяқты шалып басып, тәлтіректеп,
Әрнені ауызға ұрып дәмін тектеп.
Жүргенде-ақ үмітті едім мен өзіңнен
Қолынан бұл қыпшақтың келер көп деп.
Бүгін сен ол үмітімді ақтағандай,
Айтулы жігіт болдың мақтағандай.
Әкеліп қызыл диплом алдыма ұрдың
Тұлпардай озып келген қасқа маңдай.
Айдосжан, бұл айтулы сыйың маған,
Қол созған әркімге бұл бұйырмаған.
Тер төккен еңбегіңнің жемісі ғой.
Нарықта бүгінгі әр іс қиындаған.
Тілегім — әлі де алға оза бергін,
Айтулы азаматы болып елдің.
Ағылшын еліне енді дипломат боп
Алқынбай бәйгемізден тағы келгін.
Болса да бұл қолыңда құдіреттің,
Қамшылап әкеңді де ғалым еттім.
Енді сен дипломат бол халыққа әйгі
Орында, мен аналық әмір еттім.
Ақ батам — әр ісінде болсын қоным,
Әрқашан ойдағыңа жетсін қолын.
Ар құлы, халық ұлы азамат бол
Зиялылар ішінен алып орын.
21.08.2001 жыл
КЕЛ, ЖАҢА ҒАСЫР
Кел, Жаңа жыл! Кел төрлет жана ғасыр!
Адамдардың мерейін аспанға асыр,
Саған аман жетуді қиялдаған,
Жан біткеннің арманы болсын ғасыл.
Қарт қуанып мәз болсын өсермен жас,
Жабырқау жан қалмасын, қабағын аш!
Жөргегінде жас сәби шалқып күлсін,
Жақсылықтан ғаламға мол шашу шаш!
Молшылықтың есігін айқара аш,
Жомарттығың әлемге болсын да паш,
Жер үстінде мейірім салтанат құрып,
Бір-біріне тірі жан болмасын қас.
Пәндаға бер қанағат, ынсап, ұят,
Әр жүректе гүлдесін зерде, зият,
Өнер-білім, ғылымға ауған көңіл,
Көктеп есіп, көгерсін болып мият.
Адам көңілі бұрылсын табиғатқа,
Қажеті оның зерттеліп түссін хатқа.
Жер — ұлы Ана талауға түспей жатқа
Құрметтеліп бөленсін ілтипатқа.
Жаңарсын да жасарсын байтақ дала,
Болып келген баршаға ризық, пана.
Таупық тауын Алланың уағызына
Бетін бұрсын бұзылып кеткен сана.
Зұлымдықтан арылсын күллі қоғам,
Жаңа ғасыр, мұрындық бол сен соған,
Адамшылық, ар-ұят, имандылық,
Әлеуметтік зор тұғыр болсын оған.
Кел, Жаңа жыл!
Кел, төрлет, жаңа ғасыр!
Жаңа тілек, жаңа үміт, арман асыл,
Алла құлы, ар ұлы ең зиялы
Болып өссін өмірге келген нәсіл.
20.02.2001 жыл.
ҚУАН, ЖҰРТЫМ!
Құзырлығы құдайдай тәу өткізіп,
Қойған халден құтқарған тәуелсіздік,
Саған бүгін сый басқа, құрмет басқа
Елім шырқап шың асып, шықты үздік.
Тағдырынан көрген кер талай азап,
Келімсектен естіген талай мазақ.
Кейін қалды кер заман келмес болып
Көтерді еңсе тәуелсіз ел боп қазақ.
Қуан жұртым, бүгінгің шын қуаныш,
Егемен боп өткердің қыруар іс.
Ірге тепті, орнықты, міне, он жыл
Аспанға атып бөркіңді ұшырар іс.
Елдігіңді күллі әлем мойындады,
Сан армандар іске асты ойындағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп.
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.
Бола алған соң әр істе нағыз серік,
Қарымды һәм тереңде ойын көріп.
Келелі істер жайында кеңес құрды,
Айтулы елдер басшысы іздеп келіп.
Қуан, жұртым, бүгінгің шын қуаныш,
Игерілді алар шың, тындырар іс.
Тәуелсіздік тойланып ғасырлары
Қазақ елі шынықсын болып құрыш.
10.12.2001 жыл
ДАЛАНЫҢ МҰҢЫ
Көсілген кең сахара жазық едім,
Кеудеде жаны барға азық едім.
Ұя едім, үміттіге өмір едім,
Қазаққа ата жұрт, түп қазық едім.
Тер төккен талаптыға жанын қинап,
Масайраттым ақ алмас, алтын сыйлап.
Ынтымақты, береке-бірліктінің
Еңбегі еш кеткен жоқ көңілі қирап.
О, адамдар, маған да көз салыңдар,
Қойнауымда не асыл бар алыңдар.
Мен Анамын, ірікпеген бойда барын,
Парыз барын анаға еске алыңдар.
Теңізім — көлшік бұл күнде, өзен жыра,
Қара орманым қайысқан өртке ұрына.
Берді жасыл жайлауым, жауқазыным
Әсер өлкем айналды сортаң, сорға.
Қарт Дегелең, Хан Шыңғыс, Алтай алқа
Көк жартасы көкке ұшып болды жаңқа.
Ертіс, Есіл, сексен көлді сері Көкше
Алтын шолпылы атанғам ару Арқа.
Өн бойымды улады дәрі өтіп,
Бойымда қан осылар, әрім кетіп
Ракеталар жалыны жүзімді өртеп,
Қуат-күштен айырды әр әлім кетіп.
Каспий, Арал, Жейхұн мен дария Сейхұн
Төзгісіз-ақ бүгінгі көрсең сыйқын.
Мұнайлы буға уланды бал бекіре
Толмай жатыр сонда да түпсіз құлқын.
Айта берсем мұндай гәп түгесілмес,
Байлық күреп жатқан соң кім есірмес.
Өз байлығын өзі игеріп, иеленбеген
Мына ұрпақтың кінәсін тәңірім, кеш!
Алып жатыр асылымды жат жұрт бөліп.
Менің мұңымды ойлар бір біртуар жан
Арашалар деп толғанам үміт өріп.
17.03.2001 жыл.
* * *
Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды,
Өмір — күрес, кемшіні әсте толмайды.
Бес қоғамды түгел зерттеп салыстыр,
Адам үшін қайсысы екен оңтайлы.
Бәрінде де еңбек озық тұрады,
Адам айла, түрлі тәсіл құрады.
Өз жайына риза пенде болмайды
Мол отырып, баюға бой ұрады.
Баю үшін түрлі тәсіл құрады,
Көңіл баурар биік тұрады ұраны.
Бай-кедейге бөліп тастап коғамды
Сел боп тасиды саясаттың бұлағы.
Байығандар кедейлерді жалдайды.
Көп енбекке аз төлеп мол қармайды.
Суырылып шығып, билік құрып пысықтар
Айла асырып саясат деп сарнайды.
18.05.2001 жыл.
* * *
Ұжмақ қоғам болғаны жоқ болмайды,
Пәндаға Алла арнап тағдыр жолдайды.
Не жазса алғаш маңдайыңа, сол болады
Жан азабын берсе міне, сол қайғы.
Қиын деген өзгенің бәрі өткінші,
Күрес өмір кедергісі коп түсі.
Үмітпенен ғұмыр кешкен пендеміз
Мәңгілік жоқ, бәрі өзгерді деп білші.
13.05.2001 жыл.
* * *
Көше адамды өз заманы өсірген,
Қабілетіне қарай аяқ көсілген,
Бір-бірінің ар-намысын қамшылап
Деген қалма ілгері озған көшіңнен.
Кім ұнатпас өнегені бұл сынды,
Көкірегінің көзі барлар ұмтылды,
Намыстының бойда отын тұтатып,
Қоғам, адам, тек ілгері құлшынды.
13.05.2001 жыя.
* * *
Өз халқының қайғысын сезінбегеннен үлкен ақын шықпайды.
Евг. Евтушенко
Мызғымас деп келдік көптер коғамы,
Онда көптің мәртебесі жоғары.
Көп ұйғарып көпке беріп билікті
Еш пенденің кемітілген жоқ ары.
Еске алынып қабілеті, дарыны
Биік еді азаматта ар үні.
Қалтасы ток дарынсызға тақ тиіп,
Бүгінде жүр таудай етіп тарыны.
15.05.2001 жыл.
* * *
Адам баласының ең қажет екі қасиеті — ақыл-оймен сөз.
Плутарх
Адамдық қасиетіңнің мән-болмысы
Ой мен сөз бойындағы пәрмендісі.
Ой түбі ақыл болса, сөз арқылы
Көрінер ол ойыңның ең мәндісі.
Адамы ек қазақтың кең аспанының,
Тұтқыны емес едік бас қамының.
Қарынның ашқаны емес, куәсіміз
Бүгінгі сез қадірі қашқанының.
20.05.2001 жыл.
* * *
Өнер деп, өлең сөзді тандап едік,
Ойы жоқ сылдыр сөзге бармап едік.
Ер құнын шешкен екі-ақ ауыз сөзді
Әділет заңына балап алған едік.
Сөз деген бүгінгі күн судай акты,
Төркіні танылмады құмға батты.
«Қызыл тіл — өнер алды» деген қазақ
Өз тілін орға жығып тұралатты.
20.05.2001 жыл.
ЖЕБЕСІН, АҚТАЙЛАҚ БИ АРУАҒЫ
Уа, армысыз, ақындардың іргелі елі,
Көк қаудай қуалай өскен сал мен сері.
Сыбанды сауықшыл ел атандырып,
Жол салған Ақтайлақтай кемеңгері.
Бәрі сал, бәрі сері қара көктен,
Атағы ғасыр асып бізге жеткен.
Бір ғана байғарадан он жеті ақын
Аруағын ел қазақтың дүрілдеткен.
Ішінде айтулысы Ақтайлақ би,
Алла өзі ел қазаққа жіберген сый.
Шешендік сөз үрдісін шың асырып,
Тік ұста елдік туын, тентекті тый.
Деген ол, бар қазаққа үлгі айтқан,
Бабасы би боп Пекин барып қайтқан.
Әділ де, ақылды да парасатты,
Көсем боп туған елін мол байытқан.
Шешіліп алдынан сан дау тараған,
Таза ұстап ел арасын жау, жаладан.
Рухани биік елдік қасиеті
Болған соң қыдыр дарып бақ қараған.
Шөп шыққан жеріне өсті болып бітік,
Ұрпағы Ұлы бабасын кетпей ұмытып.
Басына айтулы асқар Кесене сап
Аруағын аспандатып отыр күтіп.
Ұйтқысы бұл еңбектің Айтқазы Мұхтар,
Іс-ақ қой намысты ерді ел боп құптар.
Көтеріп елдік туын асқақтатып.
Перзенттік парыз өтеуге етті ықпал.
Ендеше алғыс айтулы азаматқа,
Бұйыртқан зор үлгі іс ел қазаққа.
Жебесін Ақтайлақ би аруағы
Бөлене берсін ұрпақ ғажап атқа!
Ұлассын тойын тойға уа, халайық!
Үлгілі іс, өнегелі ел молайып,
Өлгені жебеп, тірісі байыған
Көгерген көсегесі ел болайық!
Билемей елін, өзі жерін, суын,
Еңсесін көтере алмай келген бұрын.
Өсіріп ел мерейін аспандатып Көк
Байрақ кекке көтер елдік туын.
04.09.2001 жыл.
АРМЫСЫҢ
Армысың әйгілі әсем Қарқаралы!
Бауырынан өнер өрген сан салалы.
Ән кектеп, күй қаулаған құнарлы өлке
Ұлылар ту тіккен жер Арқадағы.
Армысың, нұрлы Нұра, сұлу Талды,
Есімің естігенде-ақ есте қалды.
Айтулы Қояндының жәрмеңкесі
Деген де бала күнде-ақ құлақ жарды.
Қазыбек қаз дауысты, Бұқар жырау,
Кім еді деп бір қазақ бермес сұрау.
«Әнді ерттеп, күйді мінген ел» осынау
Даңқына келе жатыр түспей қылау.
Шешендік сөз бұлардан мирас қалған,
Тыңдаған рухтанып, ғибрат алған.
Әлемнің шешендерімен сайыс құрса,
Тұрар еді оқ бойы озық Цезарлардан.
Мәдиді Жүсіпбектер жалғастырған,
Дәстүрді кейінгілер алға асырған.
Әбікен күйі, Қасым өлеңдері
Өлмеуін бүгінгі ұрпақ қамдастырған.
Үйреніп Жүсекеңнен Мәди әнін
Түсініп қыры-сырын, ашып мәнін.
Шырқадым шетелдерде, ұйып тыңдап,
Алғысын, аямады алақанын.
Зерттедім, зерделедім Қасым жырын
Ғалымдар қолға алмаған менен бұрын.
Докторлық диссертация қорғадым,
Ақтара ашып кепке талант сырын.
Сондықтан сіздерге емен мен де бөтен,
Буғанмын әр қиынға белді бекем.
Қаламым қолдан әлі түскені жоқ.
Қасымша халық күйін жырлап өтем.
Ақынын ардақтаған өнегелі ел,
Жақсысы жапырақ жайған игеріп төр.
Көбейсін Қасым жолын жалғағандар.
Мерейің асып, толып өркендей бер!
03.09.2001 жыл.
ҚАЗАҚТЫҢ ЕРКЕ ҚАСЫМЫ
Отанын, туған өз елін,
Жыр етіп, елең өзенін.
Тасытқан Қасым сол Қасым,
Өр тұлғасын өлеңнен
Құя салған мол Қасым
Ортамызда жүр жортып,
Артында ұзақ ғұмырлы
Өлмейтін жыры болғасын.
Жүре алмайтұғын жай басып,
Киіп те жармай шайқасып.
Осалдықпенен айқасып,
От шайнаған қазақтың
Ерке Қасымын бұл заман
Дегендей көрсін байқасын.
Орғытып Байкал барды да,
Тереңге қармақ салды да,
Шөлп-шөлп еткен шортанын
Шоқтықтан ұстап алды да.
Би билетті бұралтып,
Қайыңына, талына
Жартасын жара жаңғыртып.
Ән салғызды тауына,
Қазақтың қарғамауына.
Тайталасып Талғармен,
Өрлігін тартып алды да.
Оралдың алып боранын,
От кешті майдан барды да.
Қыран құстың қанатын,
Арыстанның ашуын,
Жолбарыстың жүрегін
Бойына жиып алдыда,
Айқасты жаумен жасын боп.
Қанжарын көкке қайрады,
Абдолла жырын толғады,
Ел, намыс туы көтеріп,
Деп ұранды салды да.
Қолдады оны туған ел,
Көтерілді халық бек.
Әр адам тылда айқасты,
Еңбекпен жаудан алып кек
Маңдайдан соққы алған соң
Тізе бүкті зұлым жау.
Жеңістің туы желбіреп,
Шырқалды қайта, қарғам-ау!
От кешкен Қасым оралды,
Дариға сол қыз қайдалап,
Қуанышына ақынның
Қызығып тұрды ай қарап.
Шықпас қып түйген уыстан
Тізгінін алуан енердің.
Оралды Қасым от шашқан
Найзағайы боп өлеңнің.
Ғасырлар талай өтсе де,
Жоғалмас жырдың асылы.
Арамызда жүрер ән салып,
Қазақтың ерке Қасымы.
25.09.2001 жыл.
* * *
Кім өтпеген бұл өмір,
Қара да өткен, хан да өткен.
Ұлы атанған жандар да
Еңбекпен мақсатқа жеткен,
Ақылы, парасатымен
Айналған ісі мәндіге.
Аттары қалды артында
Өлмес болып мәңгіге.
Әркімге нәсіп болмаған
Бұйырған талайы асқанға,
Пәндәлықтың тек шегі жоқ,
Әркімнің көңілі аспанда.
Өмірден соның бәрі өтті,
Бәрі де ұжмақ-дәметті.
07.05.2002 жыя.
ҚОС ТІЛ
Қос тіл...
Қос айыр тіл жыланда ғана...
Тудырды көңілде нала.
Япыр-ау кедергі не бұл!
Шырылдап шыңғырып сана,
Дал көңіл дала кезеді,
Жүрегің, жаның сезеді,
Бұлтақтап бұқпантайлаған
Жалтақтық жаныңды езеді.
Апыр-ау бұл
Басы ма жаһанданудың?
Бас иіп ғаламданудың?
Үзіліп тегіңді ұмытып,
Адасып мүлде қалудың.
Әйтпесе жылан емеспін,
Неге мен қос тілді болам.
Көш бағдар, бағытын ұқпай
Япыр-ай сарсылды-ау санам.
05.10.2002 жыл.
БӘЙТЕРЕКТЕР КӨГЕРЕР
Бесік етіп даласын
Құндақтаған жырларын,
Өтіпті мынау пәниден
Қалихан есімді дарын.
Айтыскер еді сайыста
Болмаған орны босаға,
Қасқайып келіп тұратын,
Шаң жұқтырмай шашаға.
Өзі ұлыны асыра
Ұлықтап мен не дейін,
Атағын әлем асырып
Танытып-ак еді Семейін.
Аруақты асыл топырақ,
Құлапты бір Бәйтерегін.
Білдіріп көңіл жұртыма
Есімін өлеңге өрейін.
Аман болсын туған ел,
Бәйтеректер көгерер.
Тай өсіп әлі-ақ ер жетіп
Тұлпар боп өсіп теңелер!
19.11.2002 жыл.
Сөйлесе сөздің асылын
Зер етіп төккен жезтаңдай
Ақын өтіпті өмірден
Хабар еді зілмауыр қандай!
Сөз аза тұтып бір ауық,
Күрсініп ауыр налыды ән.
Жетімдік бір сәт шекті өнер
Өткенде ақын Қалихан.
19.11.2002 жыл.
Құндыз ішік, бұлғын бөрік,
Көз қуантар сәнге серік
Затсың бірақ, бір жаманың —
Бере алмайсың ақыл бөліп.
Мәз етесің тыраштарды,
Жүретұғын көкірек керіп,
Ыбыр-жыбыр аймағына
Сөз өргізіп, есек теріп.
Қазағым деп жаны ауырмас,
Бір күн ішіп жегенге мас.
Қызыл көрсе, оттай қызып,
Арғысына басы ауырмас.
Қаперге алмас қоғам мұңын,
Парықтамас заман сырын.
Ертеңімен әуресі жоқ,
Көргенге мәз бүгін күнін.
ТОРЫҚПА, БАУЫР!
«Жұлдыз» журналының 2002 жылғы № 9 санынан Серікжан
Қажиев деген ақынның «Өмір-тұлпар, жармасамын жалына»
топтамасын оқығаннан соң туған жалдар.
Автор
Ақын екенсің төгіліп тұрған
Ар-намысқа көп көңілін бұрған.
Арман-мұңыңды жырға ақтарып,
Заманмен мынау жекпе-жек құрған.
Кездесе берген бейшара тірлік
Үгітпесінші ақынды күл ғып.
«Абыз» қарттар да, төре «бауырлар»
Өткінші дүние өтетін сырғып.
Бай менен кедей — қарама-қайшылық,
Қоғам көрген жоқ одан аршылып.
Мансаптыларды айт арын таптаған
Қолдың кірінің соңында сарсылып.
Торықпа, бауыр, көтер көңілді,
Іздеме әсте оңай, жеңілді.
Қуаныш-кейіс егіз өрілген
Өзі ұсынған Алла өмірді
Ақыл деп ұқпа ұшқары ойлап,
Ірітпе таза көңілімді қаймақ.
Дегендей «бақан жаққан баста бар»
Білдірдім ойды тереңге бойлап.
05.10.2002 жыл.
* * *
Ерегестірсең кіміңмен болса да тайталасам.
Ергенек құрма есігіңе, бәрібір айқара ашам.
Сен жаралған сүйек пен еттен мені де
Алла жаратқан,
Пұшайман боларыңды біл байқамасаң.
24.08.2002 жыл.
АҚЫН ҚИЯЛЫ
Жезтаңдай әнші,
Айтулы ақын,
Зиялы ғалым атанып,
Бейнеткештік таныттым.
Қиялдаймын
Зейнетін көрсем,
Қаһарманы болып халықтың.
Кім қаламас биіктігін,
Еңбекпен шыққан тауының
Айып етпе, бауырларым,
Құптайды мұны қауымың.
Әнші Ақын
Әрі Ғалым
Үш азамат едім тегі.
Татымай ма бір әншіге
Лаулап жанған еңбегі?!
27.10.2002 жыл.
ТАЙТАЛАС
Еске алып қазақ сахарасының данасын
Қолпаштағансып дейді кейбіреу
Сарасың. Жалтара алмай мойындап біреу әнімді
Дейді: сырнайың жоқ тек, өйтпесе
Нағыз Майраны еске саласың.
Жоқ, бауырым,
Мен Сара да емес,
Майра да емес, өзіммін.
Тұрсынхан боп өскем
Тарланын жегіп төзімнің
Сайысып жүріп тағдырмен
Бір жеңіп, бірде жеңіліп,
Болған қуанып,
Жылаған дағы кезім мың.
Өмір тізгінін өз қолыма алып жетіде,
Қарылып өскем ақ боран, аяз өтіне.
Капитализм екен деп жалтарман бүгін.
Заманнан көмек көп көрдім,
намыс, талап пен жігер жетелеп,
Жетіле бергем, жетіле.
Қоғам қолдады
Есігін ашып білімнің
Көрсетіп жолын
Нағыз өзі боп жебеп пірімнің
Қабілетімді
Зиялы аға, бауырлар танып демеді,
Тайсалмай ендім
Ақсарайына енердің,
Қыңыр ғылымның.
Генерал! — деді біреу.
Сездім сөзінің астарын.
Ойлаушы ғана деп
Жүреді екен мені бас қамын.
Жоқ жарқыным!
Қуғаным әр кез тек қазақтың ғана намысы
Көздеген емен атақтың, даңқтың аспанын.
Рас, қой торы күрең болғам жоқ әсте
болмаспын деймін әлі де.
Өз орның болмаса
өмірдің мынау сәні, мәні не!
Кімің бар десе, ауызға ілініп,
мерейін ұлттың өсіру —
Ортақ парыз, қазақпын деген
Намысты ұл-қыздың бәріне.
Осынау парыз
Кетпейтін әсте көңілден.
Заманның даму
ағысымен бірге өрілгем.
Теңгермегеннің төрінде емес,
төбесінде құрам тайталас
Алланың әмірі — тізем бүгілмей
Тік тұрып өтем өмірден.
Солай бауырым, мен
Сара да, Майра да,
Генерал да емес, өзіммін.
Өзге болмаймын әсте
Төркініне үңіл сөзімнің.
Әр заманның дара тұлғалары бар, тақ тұрар,
Көрмесең саған не дейін
Үңіл, әділдігіне
Көкірегіндегі көзіңнің.
28.08.2002 жыл.
ОЙЛАШЫ
Сыртын сылап адам жақсы бола ма?
Қараға ақ жамағанмен қона ма?
Дейді ғой жұрт: «Адам көркі шүберек»,
Шүберекпен бар олқылық тола ма?
Ажар мәңгі бола ма адам жолдасы?
Өткінші бір шақ емес пе болмашы.
«Өмір озар, ажар тозар» күн барын,
Өзің шырақ, бір азырақ ойлашы.
Алаулаған албырт шағың ол да өтер,
Өкінерсің өткеніне күр бекер.
Болсаң егер жаны сұлу жақсы адам,
Ол қасиет — сүйегіңмен бір кетер.
20.05.1957 жыл.
«ЖАС ЖҮРЕККЕ»4
Көзге ыстық көрінесің,
Жастық жыры, «Жас жүрек»,
Қалады бір көңіл өсіп,
Айтса қауым жақсы деп.
Кешіріңіз ағат айтсам,
Ойыңызды түйсінем,
Кім жазса да, не жазса да,
Жүрек тербер жыр сүйем.
* * *
Өмір, шіркін, маған сонша өшіктің,
Қырларыңды, сырларыңды кеш ұқтым.
Жас баладай мен талпынсам, биікке,
Сен сұстанып дейсің дәйім: «кешіктің».
Жоқ, қалмаспын аяңдамай желермін.
Сайыс құрсаң, мен бәйгеңнен келермін.
Бел бермеспін мен де саған алыспай,
Жеткенінше жасырынып сөнер күн.
10.10.1959 жыл.
* * *
Маған қарап тұрдың да,
Оның жырын мақтадың.
«Тобықтан бәлем ұрдым ба?!.»
Дегенді ішке сақтадың.
Қаталаспа, қақтықпа
Досымнан менің жау іздеп.
Өзімшіл, күншіл аптықпа
Табылмас менен жауыз кеп.
Сен айтқан даңққа бас ұрман,
Іздемен атақ тақытын.
Қауымда өстім жасымнан
Қызықтап адам бақытын.
1960 жыл.
БІРЕУ
Көтеріліп, қомақтанып,
Қоқиланып келесің
Жақсылардың жақсысы деп
Тек өзіңді көресің.
Судыр сөзге шешен-ақсың,
Дәйім әзір кеңесің.
Қас жүйріктер сайыс құрса,
Көрінбейді елесің.
Түймедейін өзге жұрттың
Түйедей ғып тересің.
Осымен-ақ сен өзіңнің
Жайынды айтып бересің.
1961 жыл.
НӘН
Жаныңнан өтті сонау нән...
Оралды кері сәлемің.
Аяндай басып соңыңнан
Абайлап бәрін келемін.
Несіне түйдің қабақты?
Несіне түсің бұзылды?
Сен кірер жауып «ұжмақты»
Дедің бе кетті «қызырды?»
Мәңгілік бақыт тапты кім?
Өзгеріп бәрі жатпай ма
Жоғалтқан бүгін шаттығың
Оралып ертең таппай ма?
Өмірден татсаң ащы сый,
Соңғысы болар деп пе едің?
Қуаныш, кейіс - егіз күй,
Орыны бар ма өкпенің.
БӘС
Маған адам қас деп
Ойламаймын әсте.
Мынау кесер басынды
Тіксең дағы бәске.
Тұтқаның жөн есте:
Санап досты өшке
Ызындасаң нанбаймын
Таңертеңнен кешке.
У тілінді кес те,
Ілес сау бір көшке.
Жөн жүрмесең жоғал,
Ол дүниеге көш те.
1960 жыл
ҚЫЗ ӘЗІЛІ
Биікке бір жүгіріп
Шықпақсыз-ау төтемен.
Жүрегіме үңіліп,
Әзілдейсіз, көтерем.
Әзілге артпа үмітті,
Ұсақ әзілде не тұр?
Мазақ етер жігітті
Әлсіз әзіл қыл көпір.
Әзілшілді әзір деп
Жалаң ұғып қалмаңыз,
Жүр екем деп әзілдеп,
Өкпелетіп алмаңыз.
1969 жыл.
«ҚАЛПАҚҚА»
Ербиіп, делдиіп тұрасың,
Әйтеуір жүрген соң баста.
Неменең бар айтсаң расын,
Бойында соныңнан басқа?
Ыстықта емессің көлеңке,
Жел керсең қаңбақша ұшасың.
Күз түсіп, қуарса көк ерте,
Аяздан бұрын сен қысасың.
Барламай бойыңды не қылса,
Шаршайсың бос әуре болып құр.
Қалпаққа ғашықтар табылса,
Дүкенде ол «құрымағыр» толып тұр.
1966 жыл.
ЖАУАП
Ежелден егіз еді ән мен өлең,
Әнді өлең, өлеңді мен әнмен өрем.
Әнші, ақын бір жүрекке симасын деп
Кім екен айтып жүрген «әділ төрем»?
1959 жыл.
ҚАСАҚАНА
Тұрмастай боп жығылды деп
Бар әлемге жарласаң да,
Құбыжық деп, құбылды деп,
Көрінгенге зарласаң да,
Негізіңе тартып кеміс,
Жамандасаң қорласаң да,
Қарғаларың жиып тегіс
Қарқылдасаң, қалмасаң да,
Қара бұлт боп төніп келіп,
Қастықпенен торласаң да,
Аққа қара жұға алмайды
Жұқтырам деп зорласаң да,
Адал жаным алаулайды
Сөндірем деп болмасаң да,
Асау басым иілмейді
Асқар болып қармасаң да ,
Тізем сірә бүгілмейді
Бүктірем деп болмасаң да,
Қаздаң басқан қадамым бар,
Алдына алып бармас ол да.
1960 жыя.
* * *
Көктем таңы. Сұлу дала.
Көк пүлішпен көмкерілген.
Торғын аспан күліп қана
Тұр шатырдай төңкерілген.
Махаббатты әлемдегі
Оятқандай белгі етіп.
Нұр тәңірісі — күн оянды,
Жер жүрегін елжіретіп.
1960 жыл.
Ән де, жыр да Айсұлу,
Әңгіме де Айсұлу.
Қаптап кеткен Айсұлу...
Қайда кеткен жай сұлу?
КЕМСІТІП, МЕНІҢ СЫҢДЫРА БЕРМЕ САҒЫМДЫ
Пәле шықса, шығады-ау деп тек осыдан,
Аулақтағандар жүр қаламгерлердің қосынан.
Халқымның бар мызғымас берік дәстүрі,
Қиындық туса, қиырдан басы қосылған.
Жүсіпбек, Ақаң, Жақаңның, асқақ Мағжанның,
Жолы бар салған, бүгінмен келіп жалғанды.
Ұстағандар жүр солардың берік дәстүрін,
Ақын үніне тосқауыл бола алған кім!
Намысы жоқ жасанған жауға алдырған,
Сағы үшін елдің айқасып білек талдырған
Үрдісі бар Қабанбай, Бөгенбайлардың,
Баукеңнің кеше жұлдызын елдің жандырған.
Менің де үлгім жоқ емес тегі әйелден,
Әлия, Мәншүк шығып еді өзге қай елден!
Қаным қазақ, намысым жоқтар соныкі,
Сыбансам білек, кем түсер дейсің қай ерден.
Кемсітіп, менің сындыра берме сағымды,
Жауыңа бұлда астында биік тағынды.
Қарындас үшін мөлдіреп көзден жас ағыз,
Еліміз үшін тілейтін біздер бағынды.
05.05.1995 жыл.
МОЙЫНДАУ
Иә мен «эгоистпін»
«Мойындайын» сөзіңді.
Көрсеқызар құлқыннан
Қызғанамын өзімді.
Қарайғанға қарауға
Қиман қара көзімді.
Қадірлемес адамнан
Қызғанамын сезімді.
АЛАҚАНЫМДЫ АЯДЫМ
Аузынан еш сөзі түспей есіліп,
Қашан көрсең жүргені оның есіріп.
Үлескенде жастар жақсы әзіл-наз
Осы байғұс қалса керек кешігіп.
Дөрекі әзіл, дөңбек сынды қонымы
Аңғармайды бар ма, жоқ па орыны.
Қырау басқан самаймен де санаспай,
Жарбаңдайды жайдақ мініп торыны.
Көсіледі әлін білмей аяғын.
«Үйренгені үйдегісі баяғы...»
Шапалақпен шартылдатып беруге
Нансаңыздар алақанымды аядым.
Қисық ағаш түзеткенге жөнделіп
Кетпесе де мұны осылай емделік.
Қыздар берген шапалақтан сорлының
Кеткен сірә екі беті көн болып.
Абайла десе, ашынып,
Ал, әйда десе, тасисың.
Қылығыңды қаз қойса,
Желкенді ғана қасисың.
«Тоқыранның тәубесі»
Талайғы берген уәдең...
Күйкі күй кімнің отбасы
Сол үйге таныс бұл адам.
НЕСІ АЙЫП
Аға дедім, алдыңнан
Өтуді кесіп лайық
Көрмедім де, жол бермедім
Сол үшін тактың ірі айып.
Ұлтымды бастың бетіме,
Жалғадың да «шылықты».
Сол сәтте сізден жүрегім
Тіксіне бір сыр ұқты.
«Тайраңдай басып алдыңнан,
Тайтаңдап өтсем орынды»
Болар ма еді, ағатай,
Ұнатамысың сонымды?
Иығыммен бір қағып
Түспегеннен алдыңа,
«Мәдениетіңіздің»
Аяғы ақсап қалды ма?
Көрмедім көне заманды,
Мен тумай ол өліпті.
Әдеп деген әйтсе де,
Қаныма еріп келіпті.
Ұғынбастан жанымды
Жағымсыз тақтың бос айып,
Аға алдында әдептің
Өзіңіз айтшы несі айып.
AHA
Атып тұрды орынынан, дыбысы
Шығып кетті жиіледі тынысы.
Сілкіп қалды, торғын көйлек толқыды,
Тәрізденіп судың сұлу толқыны.
Жұдырыққа солқылдатқан бүйірін,
Танданады көтеріп қап иінін
Торға түскен еліктейін дірілдеп,
Сәл отырып есін жиды біріндеп.
Аңқау жаны жайды жаңа ұғынып,
Қыршып қалды қызыл ернін жымырып.
Еміреніп тұнғыш сезім оянып,
Айдай жүзі кетті нұрға боялып.
Бүлдіршіндей бал бөбегі өзіне
Ұқсап қана елестеді көзіне.
АДАМ - ПӘНДА
Тағылығы дейміз ғой тағы ісін —
Күнкөріске тек қана бағынышын.
Жан иесі атаулы ішіндегі
Саналы істің адам ғой тәңірі шын.
Жіберіп көр еркіне сол адамды,
Құдай білсін қайтерін бұл ғаламды.
Біреуі атап, біреуі сұлу аулап,
Бірі дүние құлы боп тұлғаланды.
Іркіп, бүркеп, білдірмей кей сұмдығын,
Адам ойлап істейді зұлымдығын.
Іші ондай адамның қашан болсын
Бұлты қою тәрізді бұлыңғыр күн.
Тіпті мұнын бәрінен дара тұрған,
Ең ізгі, ең кемеңгер дара тұлғаң
Кейбірі «алтын көргенде жолдан тайып»
Гәп танытар пәнда боп жаратылған.
Өмір күрес дегенің осылардан
Басталмай ма барына қосып алған.
Әлсізге әлді күштілік етеді ғой
Бар тағдырын қасқайып тосып алған.
Олай болса, қоғам да күштінікі,
Ұйтқысы көп тілді мен тістінікі.
Айласы мол, әрекет, қулық-сұмдық
Ұйыстыра білетін істінікі.
1993 жыл.
ЖҰМБАҚТАР
Сені қуантып,
Ақ нұрға шылап,
Өзі күйініп,
Тұрады жылап.
(Майшам)
Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.
(Сөз)
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.
(Құмырысқа)
Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.
( Сағат)
ШЫДАМ
Өмір — шексіз жәбірші,
Бір сәт сүрініп жаңылшы,
Қазып көлденең тартқан
Тәрізді ол қабыршы.
Шыжғырып күн күйдіреді,
Ұшырып, су үйіреді.
Сары аяз үсітіп, қарып,
Жаныңнан жіп иіреді.
Бұршақ ұрып өтеді.
От өртеп тыйпыл ғып кетеді.
Төзесің қарсы әрекет қып,
Шыдам бәріне жетеді.
Бұл апат, өтесің аман,
Күрессең, түспейді бағаң.
Осының бәрінен дағы
Биліктің жәбірі жаман.
Ол алпыс айлалы келеді
Айладан сұмдық өрбіп, енеді
Қастығын жасырып істейді,
Ақпын десе, адамдар сенеді.
Top құрып сыртыңнан орап,
Сырт көзге сыпайы болад.
Сауысқан сырын жасырып,
Көк қарға... күмбезге қонад.
Қақпаны қабілет сайын,
Құрулы тұрады дайын.
Шыдамдар шегіне дейін
Созылады ұққанша жәйін.
Күрессең жаласы дайын,
Қазылар еткенше пайым.
Ар-намыс аяусыз кірлеп,
Іздейді бассауға дәйім.
Ойлашы, оқушым, достым,
Кеңесімді өзіңе қостым.
Шыдамда шек болмас па деп,
Сұрағымды алдына тостым.
Кеше көрдім, бауырым,
Сәлемдестің үзіліп.
Бүгін тұрсың ба ауырып
Сызданыпсың сызылып?..
Не әдетің шырағым,
Сабынша қалу бұзылып.
Қымыран сынды сырыңды
Болмадық қой біз ұғып.
Өз басыңмен жүрсеңші,
Өз күлкіңмен күлсеңші
Құлағы қазан... шөмішің...
Уақытша ғой білсеңші.
Ол түгілі тахытың
Емес мәңгі бақытың.
Өтірік күлген шағы бір
Құбылмалы уақыттың.
Сабаз болсаң солардай
Шығарсың қайда Сәкендер.
Сары құм болған сан жігер...
Санаңа салып, көз жібер.
«Дүние — көл, заман — жел»
Айдаса, қаңбақ боларсың.
Артқы толқын келгенде,
Шегініп сен де қонарсың...
ДОДАҒА ОДА
Тірлік — дода...
Көкпар алу ерге сын
Мінезімді ер үстінде тергесін.
Бұл далада —
Менің ұлы айдыным.
Айдынымды
Дәуір желі тербесін!..
Нұрлан Оразалин
Өмір — күрес, қоғам — дода,
Додаға түседі өзіне сенген.
Топ ішінен талайы оза
Көкпар алады күші асып жеңген.
Өзіңе деген,
Нұрлан, сенім өтеліп,
Көкпарды тастадың
Одаққа әкеліп.
Бұл — қазақ салты, үлкен шаңыраққа
Көкпарды сыйлау ойлап, ағайын,
мәніне жетелік!
Әсіре мәз болып көкпар түскен үй,
Ауыл шаттанып,
ән-жырдан тартып сый, Той жалғасын тауып
серпіліп халық, Кешеді бастан
ғажайып шатты күй.
Сол рәсімді өткердің Нұрлан!
Мен шашу шаштым ән менен жырдан.
Қара шаңырақ бір түлеп қалды
Алыптар тобы сонау — ағалар құрған.
Бауырлар аңғар, сөзімнің парқын,
Нықтап іргесін қазақтың салтын,
Дәстүрін асыл аспандатайық,
Ұлттың, ұрпақтың жүзі үшін жарқын!
Айдыны өсіп, көрінбей нұрдан,
Дәуірдің желі гулесін қырдан.
Теңселіп дала, шайқалсын орман,
Ақындар төккен ғажайып жырдан!
Айдарынан жел есіп қалам,
Көкпарлар сыймай додалы алаң
Құлпырсын қызыл тіл өнерімен
Тамсанып оған таңғалсын ғалам!
25.02.2003 жыл
ШЫРҚАЙ БЕР, АБЗАЛ АЗАМАТ
Таңдай қақпағаны жоқ
Театр толы жандардың,
Жүрек толқынын жасыра алмай
Әннен мол әсер алғанның.
Шықты дауыстары:
— Жасай бер абзал азамат!
— Бұйырсын бәрі ойыңа алған арманның!..
Шатыр да шұтыр
Соғылған шарт-шұрт алақан,
Шаттық үйіріп жалындап жанып,
Сахна төріне қараған.
Жанарлар жаудыр қуанғанынан жасаурап,
Кенжеғали Мыржықбайұлына жауды алғыстар
Әншіні үкілі аламан жүйрікке балаған.
Академиктер, Ақын-жазушы, әнші артистер
Зиялы қауым келіпті
Түсініп өнердің сырларын терең мәністер.
Классикалық шығармалар орындалуы шебер-ақ.
Риза көңілін паш етіп жатыр әрбір намыскер.
Құшақ-құшақ Сахнаға сыймай гүл шоқтар
Арналған әншіге
Жүрек алғыстары емес толастар, тоқтар.
Әнші де ерекше шабыттана шырқап берді-ай кеп
Көзінде ойнап алаулап жанған нұр — от бар.
Батыс, Шығыс, Қазақ сазгерлерінің және Абайдың
Классикалық шығармаларын —
Арияларын, романстарын, әндерін тағы талайдың
Екі сағат бойы үзіліссіз шырқап,
Риза еткен халқын әншіні
Қаперге алып ерекше құрметтеу
Мемлекетіміздің парызы-ау деп санаймын.
Маусым, 2002 жыл.
АРНАУЛАР
КӨЗІМЕ ҚАРАМАШЫ
Көзіме қарамашы,
Адалмын айналайын!
Тұрғам жоқ деп өзіңнен
Ат, атан байланайын.
Елім деп шүберекке
Жан түйген азаматқа
Тілекті жалған айтып,
Мен неге айлалайын,
Биікті аласартып,
Неліктен майдалайын,
Адалмын айналайын!
Халықты сүттей ұйып
Отырған іріткісі Келетін
Күш пілдердей
Емеспін бүлік кісі.
Жүрегімнен орын алды
Парасаты биік кісі.
Қабылдап шешіміңді
Құп алар ұйып кісі.
Деп жүрген бір тұлғасың
Елімнің сүйіктісі.
Бола бер тілектеспін.
Халқымның ұйытқысы.
Әлемге асырдың сен
Танытып қазақ атын
Еліме арқа тірек
Аяулы азаматым.
Мегзеген болашақты
Арайлы тұрсын таңың
Халқымның бақытына
Жасай бер, НҰРСҰЛТАНЫМ!
АЗАМАТЫМ
Жерім жоқ әсте өтірік көлгірсіген,
Өзге ойым жоқ пікірімді ел білсіннен.
Ерекше даралаймын азаматты
Танылып жүрген ерек елге ісімен.
Айтулы ол азамат Иманғали
Іс мәнін көріп жедел білген тани.
Ең жүдеу бүгін қазақ ауылы еді
Қынжылып жүретін жұрт іштен нали.
Доп басып халық ойын танығандай
Намысын әр әкімнің жанығандай.
Премьер-министр боп келісімен
Ауылдан бастады істі жаны қалмай.
Әр аудан, әр ауылды көзбен көріп,
Тереңдеп іс мәніне бойлай келіп,
Қиынның кілтін тауып, кең зерделеп,
Көтерді ел еңсесін енбекке өріп.
Жариялап жедел соны бағдарлама
Бұрды ол ауыл ісін жаңа арнаға.
Сілкініп рухани өсіп халық,
Іске асып жатыр алға қойған шара.
Шешіліп шиеленген талай түйін,
Халықта көтерілді түскен иін.
Бастаған азаматын елі қостап,
Әлі де алынбақ шың талай қиын.
Естиміз әрбір істе алға басу
Жаңа іс жаңа жеңіске ұласу.
Сәттілік әр ісіңе тілей тұрып
Арнадым, жан бауырым, жырдан шашу.
Әр ауыл, әрбір үйде қазақ отын
Маздата бер жайсаңым, текті затым.
Елі үшін от, оқпаннан тайынбайтын
Денін сау, аман жүрші азаматым.
04.07.2002 ж.
ҰСТАЗЫМА
Бір жөнім қалмасын деп танытпаған
Бар ынта пейіліңді салып маған,
Шындаған құрыш құйып ұстадайын
Ұстазым үйретуден жалықпаған.
Мүдірген жерім болса дәл ұқпаған,
Андаусыз кетсе кейде.шалыс қадам,
Секілді мейірімді қамқор анам
Кейісті көрсетпеген қалып маған.
Барлаған өмір өрін шарықтаған
Болжаған болашағымды анықтаған
Шағында әр биіктен күле қарап
Қаншама қиялында қалықтағам.
Қыранның қия құзға қасқаратын
Бекіттің өзің баулып жас қанатын
Қарадың үміт толы назарыңмен
Ұшқанда қомдап құсын қос қанатын.
Сілтедің үнемі тек өмір өрін
Соныңмен мекендедің жүрек төрін.
Әрқашан ілгеріге жетеледі
Ақниет қосқан игі тілектерің.
ДИМАШ АҒАҒА
Димаш аға!
Жұртымның асыл қорғаны,
Ырысы асып ашылған болса ел бағы
Сіздің арқаңыз мерейі өсіп халқымның
Қазақ есімі әлемге әйгі болғаны.
Реңі кіріп гүлденсе байтақ кең далам,
Миллиард құйып тасыса байлық арнадан,
Алматы тақса төсіне орден жайнатып,
Сіздің арқаңыз еліме күт боп орнаған.
Ашылып бағы халқымның өссе ұл-қызы
Көрінсе сайрап өскендігінің күнде ізі.
Қар бұзып жол сап, бағдарлап берген бағытын
Өзіңіз аға темір қазығы — жұлдызы.
Еңбегіңізді тәптіштеп тізіп не дейін
Асыл аға деп жырыма қоса берейін.
Береке басы халқымның ерен мақтаны
Жасай бер аға, биіктей берсін мерейің.
ЕСКЕ АЛУ СӘТІНДЕ ТУҒАН ОЙ
Аяулы ұстазым Е. С.ЬІсмайыловтың туғанына сексен жыл толуына
Өтірік дерсің
Елден ерек дана еді
Десем
жан жаралмышы дара еді.
Ерік сізде...
Мен білетін Есағаң
Жаны жайсаң,
Қарапайым ғана еді.
Адам ба екен
Тартпаса егер қанына
Шапағаты тиетұғын маңына
Кімсің демей
Көмек беріп жатқанша
Ұқсатушы ем
Азаматтың нарына.
Терістік, түстік
Деп адамды бөлмейтін,
Майдаланып
Ұсақ сезді термейтін.
Талаптыны жетегіне ілескен
Қаны бірге
Туыстан кем көрмейтін.
Сыйлағанда Михайлович Викторды1
Бабасындай
Аяғынан тік тұрды.
Ұйғыр жігіт
Хамраев Мұратхан
Екінші әкем
Есағаң деп ұқтырды.
Менің өзім
Матай қызы, Найманмын.
Өнер іздеп
Өрге құлаш жайғанмын.
Әйел жолы
Қыл көпірден өтсем де
Өтпейсің деп
Дұшпан торын жайған мың.
Сүрінбей-ақ
Өтетұғын тұстан мың
Сан құлатты
Қиянаты дұшпанның.
Есағаң мен
В.М.Синельников — академик.
Ұйғыр ғалымы
Шайзаданың сондайда, Ұясынан
Қайта түлеп ұшқанмын.
Мен ғана емес
Ұя болған мыңдарға,
Жас жігерін
Хас болаттай шындарда
Өзі ұста,
Шағын үйі дүкендей
Қайнап жатар еді-ау
Кейбір тұстарда.
Мына отырған
Профессор Тұрсекең
Демеңіздер
Ғарыштан кеп түсті екен.
Дүкенінен
Есағаңның шыққан-ды.
Бүтін міне Қасқа маңдай
Сұс бөтен.
Қайран аға!
Кетсе де ерте өңірден
Кеткені жоқ
Жүректерден, көңілден.
Дос-жараны,
Шәкірттерімен бірге жүр
Осы дер ем
Мәңгі кетпеу өмірден.
Тұрсынбек Кәкішев.
ЖАСАҢЫЗ ТҰТАС ҒАСЫР
Ә. Нұршайықовтың жетпіске келген мерейтойына
Өрнектеп зерлеген соң сөз тазасын,
Зергер деп халқы берген өз бағасын.
Жеті асқар желіп асқан құттықтаймыз
Қазақтың көркем сөзінің Әзағасын.
Тереңнен тердің дағы шын асылын.
Даралап халқыңа тән ұнасымын.
Әркімге бұйырмайтын пәк сезімді
Саралап ғибрат дейтін шың асырдың.
Еліңнің Бауыржандай дара адамын,
Қорғаған ұлт намысын нар адамын
Көбіктен, көрмей үрген көпірмеден
Арылтып, ақиқатын сараладың.
Кетпейтін түймедейге асып-тасып,
Қалмайтын түйедейге мойып, жасып.
Көп кешкен сынық арба сырбаз мінез,
Келесіз ақырын жүріп анық басып.
Аяулы Халимаңмен қол ұстасып,
Қызығы ұл-қызыңның, болып нәсіп.
Асқарлар қалып жатсын басын иіп,
Жасыңыз тұтас ғасыр толып, тасып.
АЗАМАТ
Өмірге тура қарап бойлағанды,
Қайыса халық қамын ойлағанды,
Ардақтап, азамат деп айтқан абзал
Әрқашан адамдығын жоймағанды.
Көлгірсіп күшті алдында тұрмағанды,
Әз ойын әділеттен бұрмағанды,
Өз малым түгел, өлсең өзің біл деп...
Іс жөнін құлқыны үшін бұрмағанды.
Әмісе сөзі түзік, ойы адалды,
Ұнатпас дәсерсітіп бояғанды,
Қаһарға «тіл кеспек жоқ» деп қасқайып,
Қасиетін дар алдында жоймағанды.
Көретін көптің күйін өз қосындай,
Қалмайтын халық десең сөз қоса алмай,
Әділет тұрған жерде ғана тұрар,
Профессор Кәкішұлы жан осындай.
Іңкәрі ғылым болып ұйыған-ды
Талғамай талаптыға нұр құйған-ды.
Жетелеп, жебеген соң өсер жасқа
Парасат биіктері бұйырған-ды.
Әйгілі, лауазымды сан адамдар,
Бүгінгі нарықты нық қалағандар,
Мамандар, талай доцент, профессорлар
Алдынан Тұрсынбектің тарағандар.
Түнекте қалған бір кез жарқын арман
Тарихта ақ таңдақ боп айқындалған.
Күш салып көп күңкілден арашалап,
Жолына шашты шуақ Сәкен салған.
Еңбегі ел алдында ұшан-теңіз,
Ғылымда салған ізін сонар деңіз.
Тұрсынбек қаламынан қанаттасып,
Жәйді өркен сын мен ғылым өрлеп егіз.
Мерейтой жеті асқар құтты болсын,
Бойыңа бітпес жігер қуат қонсын.
Ақынның берер саған ақ батасы —
Өмірін енді жасар ұжмақ болсын!
СӘБИТКЕ
Игердің, бауырым,
Пайғамбар жасын.
Келеді өрге
Домалап тасың.
Көре алмаған құр
Күңдейді қасың,
Досыңа сыйлы
Сары алтын басың.
Басында үйің,
Бауырында қазан.
Өмірің гүлді
Шуақты жаз — ән.
Сайдың тасындай
Дүбірлі ұрпақ —
Досановтар жүр
Іргеңді шындап.
Аймағың сонша
Мәнді де сәнді
Текті ұлан өскен
Аумақты гүл бақ.
Жақсының дәйім
Жауы көп дейді,
Не қиратыпты
Шәуілдеп мейлі.
Саған зиян жоқ
Біле білсе олар
Бүлініп босқа
Әз жанын жейді.
Ең үлкен бақыт —
Құралайың ғой.
Онымен еткен
Әр күнін бір той.
Шығармашылық
Бағың биікте
Даниярың ен
Шырағың сүйікті.
Бір байқағаным
Таң қалып тіпті
Бас шайқағаным
Кем-кетік көрсең,
Жаның төзбейше,
Шырылдайды екенсің
Бар бейіл ынтаңды салып,
Қолдан келгенше
Қалтаңнан алып,
Көмек бергенше
Соңына түседі екенсің
Ай, жыл өтсе де
Қыруар қымбат
Уақытың кетсе де,
Тынбайды екенсің
Оң нәтижесіне
Мықтап жеткенше.
Апам не дер деп
Сен құлақ тостын,
Ғұмырлы бол деп
Мен тілек қостым.
Жағың түспейше
Жамандық көрмей еш
Әйгілі, даңқты
Қалпыңмен осы
Болып өткейсің
Адамның досы.
СӨЗ СЫРЫН CAPAЛAFAH САҢЛАҚ ДҮЛДІЛ
Ұлтына, тегіне әсте қарамайды
Адамды тек дарыны даралайды.
Ойменен әрбір істің парқын танып,
Не жақсы, не жаманды саралайды.
Ондайды бала жастан Алла демеп,
Тобынан шоқтығы озық тұрады ерек.
Аймағы әр ісіне тәнті болып,
Халқына тарайды аты деген зерек.
Зеректік алып шығады асулардан,
Ондайда болады ылғи ғасыл арман.
Әр істе қабілеті дараланып,
Тау табыс тұрады оны тосып алдан.
Қояды Алла өзі ұмсындырып,
Ілгері, тек ілгері ұмтылдырып.
Таудайын талабына нұр құйылып,
Әр ісін өткереді ырқын біліп.
Академик Зәки Ахмет осындай жан,
Жаралған бар тұлғасы намыс-ардан.
Тамамдап он бес жаста онжылдықты
Он тоғызында ВУЗ бітіріп диплом алған.
Сол жылы-ақ Ленинград барып жетті,
Академияға аспирант болып өтті.
Саралап Лермонтов пен Абай жырын
Шығыстанушыларды тәнті етті.
Жетелеп жастай бойға қонған дарын,
Ноқталап ғылымның дүр арғымағын,
Жиырма екі-ақ жаста атанды ол ғұлама
Таңдантып Ленинград ғалымдарын.
Табысын бұдан соңғы білесіздер,
Өлшеусіз ел ісіне үлесі дер.
Ғылымда ол алмаған шың қалған жоқ,
Бұйырды талай атақ дүр есімдер.
Әлемге бүгінгі күн аты кетіп,
Әйгілі академик Ахметов
Зәкиді ел қазақ боп танып асқақ
Жетпісін тойлап жатыр дүрілдетіп.
Мерейтой құтты болсын жан бауырым,
Өзіңе дән риза ел, қауымың.
Сөз сырын саралаған саңлақ дүлдүл,
Әлемді шарлай берсін самғап үнің.
Сыйласам коп емес-ау ат та, атан
Мен емес кінәлі оған нарық қатаң...
Ішінде торқалы тон жүре берсін
Иығыңа апаң жапқан зерлі шапан.
07.10.1998 жыл.
ТӘЖ КИГІЗЕМ
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серік Смаилұлы Қирабаевтың туғанына жетпіс жыл толу мерейтойына арнау.
Бабалардан келе жатқан тартып ізді,
Шыр еткен сәтте-ақ танып затыңызды,
Серік болып жүрсін деп ұзақ жасап,
Ырым етіп қойған-ау атыңызды.
Бұл тілекті тәңірі қабыл еткен,
Берген Сізге мол дарын қабілет пен.
Сіз жасаған тау еңбек, зор биікке
Аз-ay деймін адамдар қолы жеткен.
Жасап қазақ ғылымын алға асырып,
Ағалардың ұлы ісін жалғастырып,
Шын серік боп МҰХАҢА, ҚАЖЫМДАРҒА
Бердің жеміс жастарға сан ғасырлық.
Азаматқа бұдан зор еңбек бар ма!
Құдық қазып инемен шыққан алға!
Нәтижесін ұрпаққа мирас еггің,
Деп тілеймін тәңірден ғұмырын жалға.
Болса әлі де іске ассын арманды ойың
Қамы болып еліңнің жүрген жәйін.
Маған, мендейлерге де шарапатың
Тиіп, асты мерейім, өсіп бойым.
Ел қызығар өмірің бар тамаша,
Әлиядай-ақ болар жар қаласа.
Серік болған Серікке әрқайда да
Ақылына тәнті бар хан, қараша.
Жеті асқар Мерейтой құтты болсын,
Ырыс-несібе шарасы тасып, толсын.
Қам-харакет елі үшін еткен бауырым,
Мұхаммедтің басына нұры қонсын!
Тәж кигізем. Мұнымды біреу ұғар,
Ұқпас үшін мен емес жолдан шығар.
Елбасылар, бұрын-сонды тәж кигендер
Парасаты Сіздей-ақ болған шығар.
ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР АЗАМАТ
Hұpтай Салықұлы Сабильяновқа
Пәниге адам болып келгеннен-ақ,
Қаз басып тірлік дәнін тергеннен-ақ
Өзіндік әрекетін бастайды адам
Зердеге өмір сырын өргеннен-ақ.
Біртіндеп қалыптасып көзқарасы,
Пайымы басталады өз санасы
Жеткенше дүние сырын зерделейді
Ғаламның ақтарылып әр саласы.
Ары қарай қалыптасып өзіндік ой
Тұлға боп дараланып көрсетіп бой,
Ұласып даналыққа ілгері озып,
Кей алғыр қара үзіп кетеді ғой.
Сен соны танытыпсың Желтоқсанда,
Қалың жас ел қазақ деп үн қосқанда.
Тұтатып зерделіде намыс отын,
Сестену сілкінумен ұласқанда.
Шығыпсың тәуелсіздік туын ұстап,
Тұтатып кеудеде от намыс қыстап.
Қамысты сағалап күн көріп жымда,
Бөрікті атанудың несі ұшпақ! —
Деп көшті бастапсың сен, Нұртай балам,
Бұла жас кезінде ел деп болып алаң.
Шығыпсың Жаңа алаңға ұйытқы болып,
«Кімге күл еді қазақ!» деген санаң.
Мен мұны «Жас Алаштан» оқып білдім,
Жүргенін дәл жанымда текті ұлдың.
Ұлы іске үлкен басымды ие тұрып,
Жүз көріп, алғыс деуге ниет қылдым.
Таныстым тағы талай игі ісіңмен,
Шынқожа ер бабаңның үлгісімен
Ғұмыр кеш, елім деген ер-азамат,
Танылған халқына зор ұлы ісімен.
Мен жай бір осындағы тілекші апаң,
Кім елім десе соған беріп батам,
Тілегін тілеп жүрем, игі ісін
Оңғар деп тәңіріме тіл де қатам.
06.03.2003 жыл.
ДИМАШ АҒАҒА НАЗ
Димаш аға, әз аға,
Наз айта келдім алдыңа.
Етпеңіз айып бөлмеуге
Уақытыңызды амал қалды ма!
Өнерін өлең ұстаған
Бірімін қазақ қызының.
Үркердей ғана шоғырмыз,
Не дейін санап тізімін.
Еңбегім де бар, талап көп,
Өз ортам кезге ілмейді.
Қыздарын мендей өзге елдің
Ерекше талант, гүл дейді.
Әлемге әйгі Зульфия,
Армянның және Сильвасы.
Қазақтың сонда қызы ма
Саналар кемге сый басы.
Отыздай кітап шығарып,
Туған ел жырын толғадым.
Өз ортамнан әрі асып
Танылар бірақ болмадым.
Москвадан бес жинақ
Талпынып жүріп шығардым.
Етті-ау деп енбек бағалап,
Қадірін мұның ұғар кім!
Оқыған адам жырымды
Жазыпсың жаман демейді.
Намысын қуып қазақтың
Қызын өзге кім елейді!
Радиола ән салып,
Есігін қақтым аспанның.
Тамсандырып үлкенді,
Аузында жүрмін жастардың.
Зейін салып зерттедім,
Ілияс, Қасым жырларын.
Дәреже алдым докторлық
Ақтарып, ашып сырларын.
Ренжи көрме әз аға,
Мақтанға сайып сөзімді.
Сарылып еткен еңбегім —
Тұқырта жегіп төзімді.
Маңдайдан терді сыпырдым,
Бәрінің тартып бейнетін.
Іздесем, аға, айып па
Бейнеттің аздап зейнетін.
ЗИЯЛЫҒА
Зілінен әзілі мол жеңіл назым,
Көңіліңнің қалдырмапты-ау маған жазын.
Томсарып, сәлемдеспей теріс айналдың
Жақ деген адалдыққа әділ қазым.
Жоқ еді наздан өзге ойым бөтен,
Жанымды әзіл айтып жеңілдетем. —
Деп едім, қаңбақша ұшты қайран сезім,
Назды да ұққанға айту керек екен!
СЕМЕЙГЕ, БАУЫРЛАРЫМА
Ежелден қызын қазақ сыйлаған ел,
Жаманға, қиянатқа қимаған ел,
Үлгі етіп айдарлысын айналаға
Атағы аймағына сыймаған ел.
Тереңдеп ол жағына тоқтамаймын.
Ол әркім айтып өткен соқталы айдын.
Жазғанмын қазақ қызы монологін,
Жіберер жоғалтқанын жоқтамай кім.
Сондықтан даралаймын бүгінгіні,
Аймаққа жетіп жатқан дүбірлі үні.
Апамыз сегіз асқар асыпты деп,
Ерекше екпіндеген тұғырлыны.
Шақырып туған Семей той бастады.
Сонымен кеп көкірекке ой тастады.
Құзырын уақыттың қуып алыс,
Арнаған апасына айға асты әні.
Абайдың атындағы театрда
Шоқтығы биік тұрған әр ғасырда.
Жыр, өлең, толғауларын апасының
Төгілтіп әнші, артистер шың асырды.
Жармада айдынды қол жағасына
Еңселі ақ отаулар жарасуда.
Ән-шашу, жүрек жарды жыр-жоралғы
Шынынан Қалбатаудың әрі асуда.
Ақсақал, ақ жаулықты тұрғыластар,
Сонада құмда ойнаған жалбыршаштар.
Көз сулап, көңіл босап, күндер-ай деп...
Таңданып таңдай қағып жатыр жастар.
Үкілі домбырасын қолына ұстап,
Қарсы алған сал Біржанды Сараға ұқсап.
Ай маңдай ақ қыз шықты ақ отаудан,
Алардай асау болса, сөзбен тұсап.
Тұрсынбек көз тастады Сәбит жаққа,
Іркіліп тұрса керек Сәбит шаққа.
Әзілі қырғи тілді қыз-жігіттің
Көтерді сөз мәресін алтын таққа.
Дәстүрден айнымаған ауыл барын,
Танытты туған өлкем, бауырларым.
Анасын сексеніңде төркіндетіп,
Түлетті тұғырыңда өнер нарын.
Негізі мұның сонау көргенділік,
Үйренген ұясында көргенді іліп.
Алаштың азаматтарынан қалған үлгі
Өткеру іс төркінін тектеп, біліп.
Абайдың қазтабаны тиген өлке,
Қайырмақ қалай шолақ ойлап келте!
Өнерге табына бас иген елдің
Келеді өнер қуған қызы да ерке!
Ойлапты соны мықтап бауырларым,
Аяқтан тік тұрғызып ауылдарын.
Басшылық бас шұлғыту ғана емесін,
Танытты намыс қуған қауым барын.
Рақмет, бауырларым, ойлыларым,
Заманға бойлай білген бойлыларым.
Пір түту қазақтықты, ел дәстүрін,
Мызғымас болсын мәңгі бойтұмарың.
21.07.2002 жыл.
АЯГӨЗГЕ
Армысың, қарт Аягөз сүйікті өңір,
Тұратын көруге әркез бұрып көңіл
Соғыстың от жылдарын сенде өткергем
Бетпе-бет сан қиынмен келіп небір.
Соғыс тез сестендірген жастық жалын
Әрекет еткізді ойлап істің мәнін. Жеңіс деп,
Ұлы Отан деп соққан жүрек
Төзетін әр қиынға етпей шағым.
Табылып ел көңілінен үміт еткен,
Жастарға ұйтқы болған күндер өткен.
Қашанда бір жағында үлкен істің
Айтулы жастар жүріп терін төккен.
Осылай өмірімнің біраз жылын
Өткердім жылға балар әрбір күнін.
Тектедім жақсы-жаман зерделедім
Көкірекке түйіп талай өмір сырын.
Армансыз өңіріңді араладым
Зерделеп әр көргенді сараладым.
Ғажайып Қозы-Баян ескерткішті,
Ай, Таңсық сөйлеп берді дара Нарын.
Кезінде ескерткішті Шоқан көріп...
Пушкин де қызыққан ғой ести келіп.
Түйсем де көкірегіме кейбір қырын
Заманның ауқымына жүрдім еріп.
Өңірі Аягөздің мол шежіре
Игеріп ұйыстырған елді өзіне
Билері, батырлары, ақындары
Ұйытқан ел қазақты әр сөзіне.
Байғара, Ақтайлақ би, Дулат, Әріп,
Бүгін де халық ұйып сөзін танып,
Елдігін әлемге әйгі етіп отыр
Аруақтар жебеуімен рухтанып.
Халыққа мирас болған мұра асыл
Толғанын тойлап отыр он бес ғасыр.
Бүгінгі нарық шақта жора дейік
Арманы өсермен жас болсын ғасыл.
Ұлассын аруақты елім, тойың тойға
Бергей-ақ Алла медет Әрбір ойға.
Алғаның орындалып ел мерейі
Тасысын қамал бұзар қуат бойда.
08.06.2002 жыл.
СӘЛЕМ, ӘСЕМ ӨСКЕМЕН!
Сәлем әсем айтулы қала, Өскемен!
Тарихың терең, тағдырың бүгін өскелең.
Қатар бой түзеп, тетелес тату құрбың-ай
Иық тіресіп Семеймен егіз өскен ең.
Көсілген кербез бауырын алып Алтайдың,
Ырғынды бүгін ырысқа бөгіп марқайдың.
Титан-магний, қорғасын-мырыш, сары алтын
Комбинаттары жуып тазарды бойдан бар қайғың.
Экономикаң, өсті өрлеп мәдениетің
Көрген жан риза, сүйсініп басын иетін.
Сәнді сарайлар, сәулетті тұрғын үйлер бар
Еңбек адамы алшаңдай басып кіретін.
Бәрінен дағы адамың өсті, адамың,
Аршындай басып, айрықша алып қадамын.
Қойшы қазақтан өсті ғажайып металлург
Әлемге кетті есімі Ахат ағаның.
Жырлаған сені Ілияс, Иса Байзақов,
Болашағыңның екенін ерек байқатып,
Омырауында Отанның алтын алқа деп
Келеді ел жырлап бақыттан бөркін айға атып.
Көркейе бергін, көріне бергін биіктен,
Құтты қонысым, құнарлы өлкем сүйікті ең.
Төркін деп танып, тебірене сайрап мен де өсіп,
Шыңындағы Алтай айнымай тұрмын киіктен.
26.05.2002 жыл.
АЛҒЫС
Президенттік клиникасының хирургі Марат Әнуарұлы Насибуллинге
Ғажап жан екенсің бір балам,
Марат, Жаратқан-ау өзіңді Алла қалап.
Осынша иманжүзді болармысың
Тұратын маңайына мейірім тарап.
Алдыңа осыменен екі келдім,
Өз анандай алаңдап көңілің бөлдің.
Мейірімің шипалы қолың сенің,
Дем берді де оңалып жүре бердім.
Ұмыттырды мүлде езін сынған аяқ,
Қалам деген қауіп жоқ ұстап таяқ.
Бар пейілің назарың менде болып,
Ем жасадың ұқыптап мені аяп.
Өз ісіңе екенсің білгір, берік,
Тәтті жанды қолыңа берер сеніп.
Күліп қайтып жатқан кәп жылап келіп,
Тынды көңілім, қуандым көзім көріп.
Көңілім өсіп жазылдым мейіріңнен,
Ғибрат болар әркімге пейіліңнен.
Жүзіңе Алла үйірген имандылық
Болармысың осынша пейілің кең.
Алғыс айтам, Маратжан, жан жүректен,
Бата берем аналық ақ тілекпен.
Ғұмырлы бол, үбірлі-шүбірлі бол,
Қолың жетсін ғарышқа мақсат еткен.
04.06.2003 жыл.
Емханада.
ЖЫРЫММЕН ҒАНА ДЕМЕЙІН
Шәмшиябану Сәтбаеваға
Қадіріңді айтып, досым, не дейін,
Маңғазым деп жырыммен ғана демейін.
Өз қалпыңа лайықты мәреңмен
Құттықтаймын, арта берсін мерейің.
Еңбегіңді тізіп-санап не дейін,
Жайсаңым деп жырыммен ғана демейін.
Ақырын жүріп, алқынбай жеткен мәреге,
Жүлделі ылғи кезіңді ғана көрейін.
Болашақ деп, бағдар беріп не дейін,
Ақ пейілім, жырыммен ғана демейін.
Жарқырап жанып, жұлдызы болып еліңнің
Көтере берші қазақ қызының мерейін.
ТІЛЕК
Қарағым, қадірменді Сәнияшым,
Қуанам тапқаныңа жан ұясын.
Құттықтап жаңа тіккен отауыңмен
Тілеймін бақыттың мол дариясын.
Мекенде бақ дария балықтай жүз,
Көрмесін қабағың бұлт, табаның сыз.
Көп болсын ұзын арқау, кең тұсауың,
Маздасын ошағында от жылдарға жүз.
Әйтеуір дүниеде бардың бірі,
Немесе байлық баққан — қолдың кірі
Болмассың, Серігіңмен серіктесіп,
Болыңдар адам ұлы, ардың құлы.
ӘР ЛЕБІЗІҢ АУМАСЫН ЖАНҒАН ӨРТТЕН
Сенбе әсте, сенбе ақын Фариза қыз,
Ақындардың дегенге бәрі жалғыз
Ел мерейін өсіріп аспандатқан
Үлкен шоғыр қазақтың қызы бармыз.
Сара, Мариям, Шолпаннан бізге қалды із,
Жалғастырған сол ізді өңшең нармыз.
Ұлы аналар қаны бар бойымызда,
Намысынан туған ел табылармыз.
Қалам сөйлеп қолдарда безектейді
Биліктіге айтқан наз, сөз өтпейді
Лауазымның бұл күнде бәрі керең
Жүрек жылап, өртенсін өзек мейлі.
Төтеп берер нарықтың дауылына
Үміт артып әйелдер қауымына
Жатқан жоқ па әлемдік зиялылар
Зәру болған арғымақ сауырына.
Күрес қана арманды алға асырады
Сан армандар болады ғасыл әлі
Ақын қыздар үшкірсе ұрандатып
Керең болған құлақтар ашылады.
Үшкіруді сен баста парламенттен,
Әр лебізін аумасын жанған өрттен
Елім десін еңіреп ер-азамат,
Баю деген айнысын алау дерттен.
Азып-тозған ашылсын елдің бағы
Көтерілсін жастардың сынған сағы.
Игі іске ат қосып жұмылармыз
Бой тасалап қалмаспыз біздер дағы.
20.05.2000 жыл.
ТӘУБЕШІЛГЕ
Тәубе деңді мүләйім өп-өтірік,
Өз есебін түгелдеп ток отырып.
Ісі болмай мөлиген мүсәпірмен
Еңбекқордың есесін жеп отырып.
Тәубе тамақ бола ма қарның ашса
Құтың кетіп бойыңнан қуат қашса
Ораза-намаз тоқтықта деп жатпай ма
Жоқтық қамап, андыздап аузын ашса.
Әрине, бұл ар атта деген емес,
Әрекетсіз болма деп берген кеңес,
Қарекет пен қанағат қауышқанда
Ғана, келген қиындық қауіпті емес.
МҰЗАҒАҢА
Ақындықта қатарынан ұзаған,
Еңбектерін саралау ол ұзақ ән.
Ақын, әнші атанған ел қазақтың,
Өнерінің бір шыңы ол — Мұзағаң.
Ән мен жырға берілген де құлаған,
Шығарманың азабына шыдаған.
Дала кезіп маржан терген жалықпай,
Еңбек сүйсе, сендей сүйер бір адам.
Қай жанрға Мұзағаңдар бармаған,
Қапысыз-ақ қалың етіп қармаған.
Қисық, қыңыр, қырыс мінез сөздердің,
Қай асауын бағындырып алмаған.
Бабалардан қалған бай, мол мұраның
Інжулерін тірнектеп том құрадың.
Ұйыстырып, інілеріне бас болып,
Әуелеттің қазақтың Әнұранын.
Еңбекпенен көктем өтті жаз өтті,
Күз де өтермен, қыс күтіп тұр кезекті.
Демей — біздің шаршамайтын Мұзағаң,
Сөзден сарай салып жұртын мәз етті.
Қыс келер деп қысылмайтын, саспайтын,
Батылданса, бәрін ұрып тастайтын,
Қуат тауып — нарықтан да шарықтап,
Жыр жазады қайта өмір бастайтын.
Халқың сүйіп дейді өзіңді Мұзаға,
Талай жастар саған еріп Мұзаға.
Келді — енді бәйбішеңнің қасынан,
Ғасыр аспай Мұзағасы ұзама.
ОЛ ЕЛІМНІҢ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШІ
С. Ерубаевтың сексен жылдығына
Қарадым суретіңе қалдым қайран
Жүзінде нұр ойнаған аумай айдан
Бүлдіршін балалық пен даналықты
Тәңірім тоғыстырып қалай қойған.
Рухты жан екенсің асып туған
Өмірге осыншама ғашық туған.
Қазақтың аспанында үркерінің
Бірісің ажал мысын басып туған.
Бір туар бірегейі жас дарынның,
Мәңгі от алауындай жас жалынын,
Ескерткіш мәрмәр тақта тұр бетінде,
Ең Тұңғыш Қазақстан жастарының.
Еңбекпен ғана құрыш шынығарын,
Барлаған дара дүлдүл ұлы дарын,
Ерлігін Островскийдің қайталаған,
Білсе ғой әлем қазақ ұлы барын.
Киелі Түркістандай топырақтың,
Перзенті асыл туған аруақтың.
Сен болдың бірі биік тіреуіштің.,
Көтерген алыптар тобы шаңырақтың.
Еңбегің қалды артында ұлан-ғайыр,
Өзіңсің жез таңдайлы ұлы шайыр.
Өртеген өзегіңді халық қамы,
Ер туса дедің елге етсін қайыр.
Көздемей өз мүддеңді бақпай бойың,
Халық үшін бар қайратың ақыл-ойың.
Жұмсаған жайсаңым-ай аққан жұлдыз,
Тіріде жасамаған ешбір тойын.
Қазақтың тарихында Саттар барын,
Кім ұмытар лаулап келе жатқан жалын.
Жар құшу, бала сүю алаңдатпай
Халқына бойда барын ақтарғанын.
Елімнің ол тарихи ескерткіші,
Аға деуге аузы барар емес кісі
Көктеген жаңа ғана жас жауқазын,
Қалпында қалды бейнең өшпес пішін.
Киелі топырақтан бата алып,
Перзентін ұмытпай жұрты есіне алып
Саттардың көрмей кеткен бар қызығын,
Ұрпағы қызықтауда той атқарып.
Тойларың тойға ұлассын Түркістаным,
Ескермей нарықтың да мол қыспағын.
Көруге жазсын тәңір елім деген,
Бүгінгі ұрпағыңның нұр құшқанын.
Тәтем Тұрсынбекке
Мейірім бұлағы едің,
Жаның нұр жаннатта болғай!
Атыңды өлеңге өріп,
Жүрермін жоқтап жыр толғай.
МҰРАТ
Халық артисі Мұрат Мұсабаевтың рухына
Халқымның мақтанышы едің, Мұрат,
Сүйікті ең өнеріңмен көпке ұнап.
Дегеннің он қолы өнер нағыз өзі,
Сен едің жапырақ жайған көкше құрақ.
Ұлы Абай, ер Алпамыс, батыр Тарғын,
Тұлғасын сомдадың сен, өңшең нардың.
Тамсана таңдай қағып тыңдаушы еді,
Нұрлана алау қаққан жүздер жарқын.
Жан едің алуан өнер тілін білген
Айшықтап ағаштан да түйін түйген.
Тістегіш электрді бағындырып,
Тетіктеп көк темірден тұлпар мінген.
Ақ көңіл парасатты кішіпейіл,
Үлкенге кішіге де беріп бейіл.
Жүретін жарқын жүзбен жанашыр боп,
Жан едің жаның тұнып тұрған мейір
Арман-ау, арман ерте көз жұмғаның
Бірі едің ел мерейі зор тұлғаның
Не қайран тура келген сұм ажалға,
Дейміз де жанатта тек болсын жаның.
Қазақтың өнеріне күн сәулесін,
Түсіріп жолыңды ұстап жүр Зәурешің.
Шәгім жоқ. Мұсабаевтар әулеті,
Өнерде боларына тұрлаулы есім.
СӘУЕГЕЙГЕ
Жылы қабақ берсем,
Шенің үшін емес-ті.
Ісінді жөн көрсем
Сенің үшін емес-ті.
Атқа қондың ентелеп,
Қолтығыңнан демедім.
Есті кісі ел демек,
Ел қамы ғой деп едім.
Ел мақсатын желеу ғып
Жылымнан сау өттің
Жылмаңдарды медеу ғып,
Мұратыңа жеттің.
Алданыпты алғашқы ой
Деп ойлаған ірі.
Болып шықтың сәуегей
Көп көлгірдің бірі.
Қабағыңды бақпаймын,
Білем, сөйтіп жақпаймын.
Кірпігімді қақпаймын
Қамығып мұң шақпаймын.
Тағдырым шен қолында
Емес деген жанмын.
Не жіберсе арнап
Хақтан күтіп алдым.
Бір күнін, бір сағатың өтпей босқа,
Ғылымнан іңкәр дүниең болмай басқа.
Халықтың ақ сандықтан сыр актара
Жетіпсіз ел ағасы деген жасқа.
Ел деген мақсат-мүдде қиялында,
Сүйікті отағасы ұяның да.
Рахаң атандыңыз әдебиет
Сүйетін үлкен-кіші зиялыға.
Сан сала еңбегіңді тізіп, санап
Не дейін кеткен елге кеңінен тарап.
Қайсыбір атағы мол азулыны
Байқасам, тымақпенен ұрып алады.
Сіз жазған Гүлстанның бұлбұлдары
Болмай-ақ, Шоқан сынды ұлттың ары,
Санайтын ел мерейін өз мерейі
Жетер еді болса сіздей ұлдың бәрі.
Тілегім, болашағыңа айтар датым,
Деген бар ер шығарады елдің атын.
Халқына қара нар боп кызмет ет
Мақтан ғып десін жұртын Азаматым.
Ұзақ жылдар еңбек еттің
Табандап бел қайысып.
Әрі ғылым, әрі қыңыр
Бастықтармен сайысып.
Екеуін де жеңіп шығып,
Профессор, қайраткер
Атын алдың, еңбек жанып,
Ғарыш асып, ой ұшып.
Сәкен аға ескерткішін
Аспандатып қойысып.
Ел ағасы жасқа кепсің
Ақсақалдыққа ойысып.
Жарасар-ау отырғаның
Мынау көркем вазадан Конфет алып,
Күбірәңмен күңкілдесіп шәй ішіп.
РУХЫҢА БАС ИЕМІН
Жақсылық шарапаты тиген белгілі журналист Ләзизә Мешітбайқызы Серғазинаның сексен бес жас мерейтойына
Дала қызы ем жүректе көп нала, мұң,
Оқу, өнер еді көбіне алаңым.
Мамандық жоқ, білім саяз баланың,
Жүрісіндей тәлтіректеу қадамым.
Естісем де журналистік жайында
Бейімділік бар демеуші ем бойымда.
Қараңғы еді қою орман тәрізді
Тайталасты үміт, күдік ойымда.
Осы қалпым, редакция есігін
Имене ашып кірдім күтіп шешімін,
Не болар деп отырғанда, сәл сынап
Зейін қойсаң білмегеннің несі мін.
Дедің дағы, жылы жүзбен қарадың
Жүрегіме сенім күйді жамалың.
Содан былай ылғи сенен сезіндім
Қасиетті қамқорлығын ананың.
Себеп болдың қабілетімді ашуға,
Талаптанып тек ілгері басуға.
Құларман құз, кезіккенде қиын жол,
Жігер бердің, жібермедің жасуға.
Университет есігін де нұсқадың
Шын жанашыр ақылыңды ұстадым.
Аз кеңестің өмірде үлкен бет бұрыс
Жасайтынын сонда ұқтым, Ұстазым.
Дала қызы ем, жетілмеген жасыл ем.
Бүгін биік армандарым ғасыл ең.
Шарапаты деймін дағы жақсының
Ләзизә апай, РУХЫҢА бас ием.
АРНАУ
Ұшқан ұям «Бөке» мектебінің директоры М. Құрманбаеваға
Үлкенін, сыйлап ауыл қариясын,
Гүлдентіп Ережепбай жан ұясын.
Әдепті келін, жақсы жар, жақсы ана
Бола алған қарапайым Мәриясың.
Ұстаздық еттің қырық жыл жалықпадың,
Тағылымы ұлы еліңнің танытқаның.
Тәй-тәйлап жас баладай бағып, баулып,
Жолына азаматтық бағыттадың.
Ой қостың, тәлім күйдің зердесіне,
Өмірден орын ал деп кең көсіле,
Сендірдің тер төкпесе еш уақытта,
Бақыттың өзі іздеп келмесіне.
Кетпеді бұл тұрғыда еңбегің еш,
Әр тұста мектебіңнен созылған көш,
Ізіндей жатыр сайрап сүрлеу, соқпақ,
Озса да жасыра алмас уақыт еш.
Ізі ол Дүйсенханның, Күлдерханның,
Семейде Мендіғали, Сайлауханның.
Бақтының бағы болған қыздары мен,
Мәдениет Алматыңа Мұратханның.
Сан жерде сан сұраған тілеу келді,
Тәңірі жазған екен түлеуге елді.
Жұртыңды бастап отыр өз түлегің,
Жол салып әкімдікке Тілеуберді.
Тізбелеп түгеспеспін «Хандарыңды»
Әлі де іздер талай жалғарыңды.
Нарықтың құлағында ойнар әлі
Таланттар шығар озып алға арынды.
Рухани болмасын деп қазақ кедей,
Бар ынта-жігеріңмен азап демей,
Жұмсадың ғұмырыңды ұстаздыққа,
Не дейін еңбегіңді ғажап демей.
Әрине ол ескерілмей қалғаны жоқ,
Еліңе бергеніңнен алғаның көп
Демеймін, әйтсе дағы халқың риза,
Халқы риза азаматтың арманы жоқ.
Жаралған адам ризық теру үшін,
Тергенін аймағына беру үшін.
Тағы бір жарты ғасыр нысана ет,
Жемісін келер ұрпақ көру үшін.
Молайтып сыйлы ауыл қариясын,
Гүлдентіп жас ұрпағын, жан ұясын
Көрейік жүрген ұстаз, ана, әже
Бөкенің мектебінің Мәриясын.
СИЛЬВАҒА
«Сыйлашы» деп қайта-қайта қылқылдап,
Бір «сараңнан» сұрап алған бұл кітап
Арараттан аққан мөлдір көз екен
Сусындатар шипа судай бұрқылдап.
Жаныңды айтсаң, жайдары екен, жаз екен,
Сезімді айтсаң, сұлу, сырлы наз екен.
Сыбызғының сыңғырынан әдемі
Жарқын үнің мөлдір екен, таза екен.
1961 жыл.
СОФЫҒА
Арманның толтырып сан кезелерін,
Таңдапсың Софы бауырым, сөз өнерін.
Жетіпсің мақсатыңа шынды игеріп,
Еліңе арнап оның не кемелін.
Бұрқапты роман, өлең, әңгімелер,
Өзі кеп бас иген-ау әр күн өнер.
Балқытқан құрыш, болат пештеріндей
Соғыпсың сөз сарайын халқың енер.
«Оттарын Астананың» «Алаулатып»
Өлеңнен шырақ жақтың жалаулатып.
«Елім-ай» жер қойнынан күңіренгенде,
Толқытты төсекте елді сан аунатып.
Жана алаң қорым болған Желтоқсанда,
Тілегін үйде отырып ел қосқанда,
Колбинмен тайталасып шыққанында
Риза едім елмен ойын ұласқанға.
Бітем бе табысыңның санап бәрін,
Үмітін халқың артқан сан ақтадың.
Оу, жұртым, «тірлігіміз бірлікте» — деп,
Жақтадың еліңе шын таң атқанын.
Келімсек қылыш ұстап шыққан кезде,
Тұрғанда басынғаны ұрып көзге.
«Біз кімбіз? Құлмыз ба осы?» — деп сестеніп
Сүйсіндім сен суырылып шыққан кезде.
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Ер туып жоқ елді бар қыла алмайды.»
Ризамын тәнті етіп тамсантыпсың.
Өлеңнің айтулысы Тұманбайды.
Софыжан, мерейтойың құтты болсын,
Ордаңа аруақ жебеп қызыр қонсын.
Жасай бер ел мерейін асқақтатып,
Деміңе дос жылынып, дұшпан тоңсын.
Сөйлеттім тілім безеп қаламымды,
Білесің халқым үшін алаңымды.
Сыйлаймын «Сөйле, қалам!» кітабымды
Сен толға ендігі айтар нала, мұңды.
Кітапқа қосып, сыйлап қалам берем,
Ел мұңын еркің десең тізіп терем.
Қанаты боп қарлығаштың су сепсін де,
Ашсын ол құлақтарды қалған керең.
Қаламға, халқыңның сен мұңын сөйлет,
Тергіле, көзге ұрған шынын сөйлет.
Қайнасын бойда намыс, алауласын
Заманның бүркемей шын сырын сөйлет.
23.06.2001 жыл.
Исадан.
ЖЕҢЕШЕМЕ
Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің 85 жасқа толуына арналған салтанатты кеште оқылған құттықтау. «Батыр аға туралы баллада» жазғанымды айта келіп бұл өлеңді аяулы жеңешем Асылға арнап, арқасына зер қамзол жаптым.
Өмірде бар арманы болған ғасыл,
Мадақта, мақта мейлің аспанға асыр
Лайық киелі орда бәйбішесі
Тойыңыз тойға ұлассын жеңгем, Асыл!
Әз жеңгем, атың да Асыл, өзің де асыл,
Отыңның басы жайлау жазғы жасыл
Парықтай білген батыр парасатын,
Жасай бер әз жеңешем, тұтас ғасыр.
Сырбазсың кең пішілген мінезге бай,
Қосылған кемел ақыл ағама сай.
Батырды алақанда аялайсың,
Риза боп пір тұтады ұйып маңай.
Парасат пайымыңа болған енжар,
Күнім жоқ, Қасағама болдың тең жар
Риза көңілімнің алғысы деп,
Жабамын иығыңа зерлі кемзал.
21.05.2003 жыл.
ТАЙКВОНДИСТ МЕДЕТКЕ
Қаршадай болып ұлтының
Намысын қорғап алысқан
Тайквондист Медет атадан
Дарабоз туған арыстан.
Чемпионаттарда әлемдік
Қара белдік үшін сайысып
Тоғыз жасында жұлдыз боп
Қараған күліп ғарыштан.
Корея, Германияда
Чемпионаттарға қатысып
Бірінші, екінші орын ап
Елінің даңқын асырған.
Бұдан соң үш жыл ішінде
Он мәрте жеңіске жетіп
Астана шаңырағына
Жеңістің туын шанышқан.
Он бір-ақ жаста жас ұлан
Батылдығыңа бас ұрам.
Ұлы жеңісің әлі алдында
Таймасын, бағың басыңнан.
Аналық батам бұл берген,
Дарабоз туған асыл жан
Естілсін даңқың келесі
Жиырма екінші ғасырдан.
25.09.2002 жыл.
Астана.
КӨЛЕҢКЕ КӨҢІЛІМЕ ТҮСІРМЕП ЕҢ
Жар жолдасым Ғаббас Сәдуұлының рухына
Білген не өмір сырын білмеген не!
Өнерің асып топтан дүрлеген не!
Данышпан болса да әйел адам емес,
Қасында бір бөрікті жүрмегенде.
Ат мінсе, қайдан мінді нендей сыр бар!
Ac ішсе, қайдан ішті, берген кім бар?
Тер төгіп, несібесін тауып жүрсе,
Көрінбес, көзге ілінбес әйел мұңдар.
Жүргенде осы халде ризық теріп,
Рахымы түсіп Алла аян беріп,
Басыма ақ сәуледен үкі тақтым,
Қолыма алтын жүзік киіп көріп...
Кез болдың осыдан соң қайран Ғабам,
Тұрақтап басыма бак баяндаған.
Шақ кештім, Еңселі орда Отағасы,
Сен болдың бәйтерегім саялаған.
Көлеңке көңіліме түсірмедің,
Көрмедім өңім түгіл түсімде мұң.
Сабырлы, кең пейілің арқасында
Әсте бір болғаны жоқ ісімде мін.
Кеңесшім, кең қолтығым, ақылдасым,
Сен барда домалады өрге тасым.
Атамай атымды да Жантайым деп
Асырған мәртебемді абзал досым.
Боздағым, жаны дарқан, жайсаңым-ай,
Маңғазым, мамыражай май таңындай.
Салмақтым сабырын еш сарқымаған,
Түгеспен қадіріңді айтсам ұдай.
Сен едің ойлайтұғын баста миым,
Ұғып ем тәңір өзі берген сыйым.
Өзің де риза боп, ақ жарылып,
Мен деп ең келтірген жан сенің күйің.
Өмірде жоғары ұстап адам атын,
Өтеміз деген қайран азаматым.
Күнәсіз нәрестедей көзің жұмдың,
Жандай-ақ ертең үйге оралатын.
Белгі жоқ өміріңнің соңын күткен,
Демінде қиналыс жоқ бір үф еткен.
Қиылып, қимай қарап жүре бердің
Адамдай ақырын үйден шығып кеткен.
Бұйырып тәңір өзі берсе кімге,
Сәтті күн атады ғой ел сенді де,
Иманды екеніңе иландырып,
Көз жұмдың қараған күн бейсенбіге.
Жамбасың жұма күні жерге тиді,
Ақ шуақ, әсем күнді тәңір иді.
Жасадың тоғыз асқар арып-ашпай
Ғұмырды Алла мұндай кімге қиды!
Алдың ғой парасатың ақылыңмен
Жатыңа бірдей сыйлы жақыныңмен,
Отырмын саған ұқсап көзім жұмып,
Түйсем деп өмірімнің ақырын мен.
Бұйырды сәтті күні көптен топырақ,
Жүрмейтін қабақ шытып, әсте тоқырап,
Тектім-ай тең келері, теңдесі жоқ
Жантайың сенсіз үйде қалай отырады!
08.04.1998 жыл.
ҚЫРЫҚ ШЫРАҚТЫҢ БІРІ ҚИІҢ
Қырық шырақтың бірі едің,
Менің үшін маздаған.
Жүрегімде жыр едің,
Үзілмеген, жазбаған.
Жазбасам да көңілімде
Шырқап ылғи жүретін,
Әнім едің өмірімде
Өзіңмен әрім кіретін.
Таба алмайды жан арқау
Жүрегін мұң шымшыған.
Сазы салқын самарқау
Сыңар Аққу сыңсыған.
Қалаулым, ақ шырағым,
Тек мен үшін маздаған.
Енді жырдың шуағын
Қалай табам, жан Ғабам!
10.11.1997 жыл.
ҚАЙРАН ҒАБАМ
Қайран Ғабам қайтейін
Сен кеуменен күн өтті.
Жүрегіме мәңгі өшпес
Тастап кеттің ұлы отты.
Кем-кемдеп жеп жанымды
Мүжіп бара жатыр сол
Тіл қатысып, түс ашып
Дей алмаған бақұл бол.
03.02.1999 жыл.
АҢСАУМЕНЕН ӨТЕРМІН
Түсімде өзі аян беріп,
Алла қосқан жан жарым.
Біліп бәрін қарсы алып ем
Алдымда арай тан барын.
Алдамады Алла өзі
Әмір кештім шуақты.
Мейірің нұр боп сәуле шашты
Ұямызда тұрақты.
Саған беріп өмірімнің,
Бар тізгінін, түйінін
Арайына бөленіп ем
Ақ махаббат күйінің.
Отыз жылдай өмір өтті,
Шытыспаған қабақты.
Жарасымды ғұмыр көпті
Таңдандырып қаратты.
Жантайым деп жанымды ұғып
Мерейімді көтердің.
Жан қалаулым, қайран Ғабам,
Аңсауменен өтермін.
01.10.1998 жыл.
ӘМИНАҒА
(70 жылдығына)
Жетпісің мынау мерейлі
Құтты болсын, Әмина.
Талайың өсіп, тау болып,
Бақытқа толсын жан ұя.
Қазақтың бір қызысың,
Халқы үшін жаралған.
Елімізді асып есімің
Әлемге бүкіл таралған.
Шықтың жастай жалындап
Қанатында ойнап өнердің.
Енбегің бар сан сала,
Халқыңа десе не бердің.
Ұстаздық еттің жалықпай,
Қызына қазақ үлгісің.
Ыбырай салған ізбенен
Жалғадың ғылым үрдісін.
Имандылыққа бой ұрып,
Хақ үйін көрдің құм асып.
Сен салған үрдіс бүгінгі
Ертеңмен жатар ұласып.
14.05.1998 жыл.
СУЫҚ СҰРҒА
Өмірдің көріп бақты-ау қиянатын
Күшті жоқ қиянатты тыя алатын
Деп жүріп, иреңдеген суық сұрды
Келіппін маңайыма ұялатып.
Таныдым шұбалып кеп шаққан күні,
Ыстық қан жүрегімнен акқан күні.
«Оңдылар» одақтасып жаназамды
Шығарып жерлемек боп жатқан күні.
Бәрібір аққа күйе жаға алмады.
Қияр жан қиянатқа таба алмады.
Өзді-өзін әшкерелеп одақтастар
Шығуды қара майдан амалдады.
Оларға бастық болған екі еркек
Алдымда етеді екен өтірік көлкек.
Суық сүр ұясының ұятты оты
Өздерін азар қалды кетпей өртеп.
ІНІЛЕРГЕ
Үйренбеген ештеңе ағасынан,
Ағасының алғандар жағасынан,
Өз ортаңды қойғанда, көрші елдердің
Сақтансаңдар болмас па табасынан.
Халқымыздан ғибрат қалған сез мол,
«Әкеңе не істесең, алдыңа сол...»
Деген бар ғой, не дер ең аға болып,
Інілеріңе айтқаның боп жатса қор?
Тоқтар едім сөзінде негіз болса,
Аға орнын басарың теңіз болса.
Көлге айырбас қақ суын өткің келеді,
Ойында тек «өз жемім семіз болса».
Таста дейсің қолыңнан қаламыңды,
Терме дейсің жайқалған лала гүлді.
Кім көнеді. Оларда топты жарып,
Іні кезде үлесін ала білді.
Тұрғаным жоқ ағалар бұлдап жасын,
Берген бейіл ініге ықыласын.
Тай ғұрлы тер төкпестен күреп тағы
Алсам дейсің ағаңның сыбағасын.
Ағаң мұны түсінбей тұра ала ма?
Әділеттен ат басын бұра ала ма?
Шеттен алған үлгің ол, сен көркемдік
Деп ақылға сыймасты сыналама.
Сол ағалар сөзінің асылын ал,
Өнеріңді олардан асырып ал.
«Айдағаны бес ешкі, ысқырығы
Жер жарғанның» кеудеңде тасыры бар.
Ақын болсаң, арам ой қарақтама,
Отыз екінші жыл жоқ, жалақтама.
Өлсең рухани өлерсің кедейліктен,
Санаң болса, өлсең де ар аттама.
Жармаспа сен, үлкеннің жағасына,
Жайма уыңды ұрпақтың санасына.
Тұлпар туған мәрені сұрап алмайды,
Жігерің жек, күшіңді сал ашына.
Кеше үлкен ағалар көзі барда
Келген Сырбай, Жұбандар бүгін нарға
Баланғандар немесе Олжас, Қадыр
Ізет бұзған солардың кезі бар ма?
Алмайсыңдар неге үлгі осылардан,
Тек еңбекпен болады ғасыл арман.
Абыройға жетпейді айғайменен,
Менмен кеуде өз арын шашып алған.
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бірі,
Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.
ЫРЫСЛАНҒА
Он сегізге толған күніне
Ырыслан, он сегізге жаңа толдың
Басында тұрсың өтер ұзақ жолдың. -.
Алдында талай асқар асулар тұр
Бағыты, бағдары бар оң мен солдың.
Бұл жолды оңай емес өту деген,
Мақсатқа алға қойған жету деген.
Адам боп бұл өмірге келгенменен
Тым қиын адам болып кету деген.
Өмір жоқ рақатын тек беретін,
Адамдық парызын коп өткеретін.
Ар құлы азаматқа сын сәттер коп,
Болады шағын тілек шектелетін.
Өткелі қиындықтың сабыр, төзім,
Зердеңе қонсын менің осы сөзім.
Емесін байлық мұрат бағамдай біл
Қызыл деп ұққайсың зор мансап көзін.
Өмірдің кілті мынау өнер, білім,
Білімді ашар алуан өмір сырын.
Ең жақын досың болсын талап, еңбек
Қанағат, рахымға келме қырын.
Болар тек тілегінде ата-анаң
Ол жайлы баспағайсың шалыс қадам
Қадірін айналаның адалдығын
Біле алмас тек дүние қуған надан.
Сен үшін келіп отыр мынау жиын,
Зерделе, түй көңіліңе өмір сыйын.
Лайық бұл құрметке азамат бол,
Кеудеңе таупық орнап, қонсын зыйын.
Жан балам, құтты болсын он сегізің,
Бұйырсын бақытты өмір кеш теңізін.
Зиялы қауымның зор тұлғасы бол,
Ұрпақтан ұрпаққа озып қонсын ізің.
Қуаныш құтты болсын Рая, Қайрат,
Келген жұрт қуанышқа сыйын сайлап.
Береке, ырысың артып қуана бер.
Шуақты бола берсін өмірің жайнап.
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, Байғара-Ақтайлақ би қоғамдық, қорының Президенті Мұхтар АЙТХАЗИНГЕ
Тәңірінің жазуымен мынау ғалам —
Ғажайып түрлі мәнге толы Алаң.
Әуелде маңдайына Алла жазып
Қойғанды сол Алаңнан алады адам.
Бұйырады ол біреуге ақыл болып,
Өнер деп біреу риза мақұл болып.
Ғылым деп біреу көпке ризық етіп,
Құр қалмайды жан атаулы ғапыл болып.
Атайды мұны ризық — несібе деп,
Еңбегі, енді бірдің кәсібі деп.
Жер басқан ғаламдағы пәндә адамның
Әйтеуір несібесіз нәсілі жоқ.
Мұхтаржан сенен Алла аямаған,
Ерекше нұрын төгіп аялаған.
Ақындық, әншілік һәм ғылым беріп,
Жаратқан жан ғып еңбек саялаған.
Азамат ақ халатты аққан терім,
Тәнті боп еңбегіңе мақтанды елің.
Әр жанға денсаулықтай байлық үлеп,
Адамға өмір сыйлап жатқан керім.
Алпысың — мерейтойың құтты болсын,
Басыңа түгесілмес бақыт қонсын.
Айтқазин Мұхтар атың әлемді алып,
Аймағыңа ақ ордалы ауыл қонсын.
Сырбазы ер жігіттің ақ саңлағы,
Қолдасын Ақтайлақтай би аруағы.
Ұл-қызың, немерелер оза самғап,
Гуляңмен қоса ағар бақшаңдағы.
Екі қырық, бір жиырмадан жасың ассын,
Ырызық, ырыс-несібең толып тассын.
Бүгіннің өнер сүйген Сал-серісі
Ғұмырың болашақпен мәңгі ұлассын.
ТОЙЫҢ ТОЙҒА ҰЛАССЫН
Алауламай, аймағыңа бұлқымай,
Сыпайы ылғи, сырбаз ғана бір сыңай.
Ақырын жүріп, анық басып келесің
Ел қазақтың ақын қызы Тұрсынай.
Тағдыр сынын халқыңменен бір көріп,
Өмір сырын өлеңіңе бірге өріп.
Жүрсең дағы қиыр жайлап, шет қонып,
Қиындықта көргенің жоқ сыр беріп.
Өз еліңнен бұрын Саха таныды,
Жүрегіңді намыс оты қарыды.
Төзім таптың тек еңбекке табындың
Өлеңінде ғана қалды сарыны.
Тағдырласым, тереңдеп мен не дейін,
Кездестірмес кім өмірдің өгейін.
Жарып шықтың, алып шықты еңбегің
Биіктей бер, есе берсін мерейің.
Жүзің жарқын ашық болсын алда да
Өлең өзен таси берсін арнада.
Бір болса да бірегейің боп өссін
Бақыт құсың, сүйенішің Сардана.
Ақ тілегім — тойың тойға ұлассын,
Асқақ жырың асқар өрлеп, шың ассын.
Сыпайы ылғи осы сырбаз қалпында от
Болмасын да енді татар бір ашшың.
АЙЗАДАҒА
Айзадасың ба!
Күнзадасың ба!
Есімің ғой ол
Тұрған не мұнда!
Өс адам болып
Толымды сынға
Мақсатыңа жет
Сүрінбей сында.
Есігін аштың
Мектептің бүгін.
Жеңіл деп жүрме
Өмірдің жүгін.
Тер төгіп күрес
Қиынға қынба,
Қамалды биік
Алмайша тынба.
ЖАПЫРАҚ ЖАЙЫП КӨКТЕГІН
Қазыбекке
Елу жасың құтты болсын, Қазыбек,
Ғұмыр кешкін көктемі мол, жазы көп.
Маңайыңды арайлы ақ нұр қоршасын,
Алланың тек ақ мейірін азық ет.
Әрине, елу ел ағасы жасың бұл,
Өрге қарай өрмелейтін тасың кіл.
Бүгін істер ісің кейін қалмайтын,
Мақсат үшін майдан ашар ғасыр бұл.
Ғылым үшін нағыз кезің сайысар,
Табан тіреп жон, қабырғаң майысар.
Атақ емес, адамдықтың қарызын
Өтесе тек, арлы азамат ай құшар.
Әрқилы әркім өткізеді өмірін,
Кейбіреу мәз көтергенге көңілін,
Жүз граммның құлы болып жүрген бар
Атқарғандай Алланың зор әмірін.
Білемін сен, ондайлардан аулақсың
Көздегенің қиынды алу жаулап шын.
Докторлықты кейін ысыра бересің,
Соның үшін келіп отыр дауласқым.
Кандидаттық қорғап істі бастадың,
Аспиранттар да тәрбиелеп тастадың.
Өзіңе емес, өзгеге жазып құнды еңбек,
Бауырым-ау немеден сасқаның.
Емес мұным асығыстық еткенім,
Кеңесімнің мәнісіне жет дегім
Келгені ғой, Арнұр, Айдосқа үлгі боп,
Денің сау боп, жапырақ жайып көктегін.
Бұл өмірде өкінішің болмай еш,
Құрбыларыңның арасында бастап қош,
Арлы азамат ағайынға қадірлі
Мәдетіңмен қоса ағарып ғұмыр кеш.
МӘШҺҮР АЗАМАТ
Табылмас бұл кім еді деп сұраған,
Емес ол жаңа талап бак сынаған.
Қазаққа ғана емес, алуан елге
Мұқанов Сәбит сынды мәшһүр адам.
Ырымдап атын дағы Сәбит қойған,
Сәбитше алуан енер тап деп бойдан.
Игеріп сөз өнерін сұлу сомдап,
Әйгілі жазушы боп шықты ойдан.
Батыс пен бүгінгі бар шығыстағы,
Тізгінін күллі жанр буа ұстады.
Адамның жанының шын тамыршысы
Дегізіп сөз өнерін нық ұстады.
Шарлады құз-қияны, «тау жолдарын»
Қолдады қыран қанат шын мол дарын.
Қолдады киелі Отан «Ақ аруана»
Жанынан биік тұтқан намыс-арын.
Тәнті етіп талай менмен тарпандарды
Асауды бұғалық сап арқандады.
Шынжырын «тозақ шеңбер» бұрап үзіп,
Рысқұлбек Қайрат болып талқандады.
Тәуелсіз ел боп жанған шамшырағы,
Жауапсыз қалған халық сан сұрағы.
«Қазағым, қайда кетіп барасыңнан»
Ақ алмас «Кимбирлинг» боп шарқ ұрады.
Осылай сермеді ұзақ ол қанатты,
Әлемге тараған із, жолдар жатты.
Қорлағыш қолы жетпеген дегендейін
Қайсыбір көре алмаған қорлап бақты.
Қыңқ етпей ол бәріне тапты төзім,
Қайсардай қинаудағы ұстады өзін.
Өзге елдің жазушылары мұны естіп,
Таң қалып аузын ашып, жұмды көзін.
Кембағал күншіл сынын ысырып тастап,
Мәскеуде дүрілдетіп тойын бастап,
Еңбегі жеңіп ғасыр иығынан
Қарайды Сәбит жаңа үрдіс бастап.
Ал Сәбит, мерейтойың болсын құтты,
Аймақты, елеңдеткен дүйім жұртты.
Айтулы азаматтың күндері өтеді,
Ақшаңқан ашық, бірде болып бұлтты...
Сақтасын тағдыр сені өзге бұлттан,
Арыстар тағдырыңдай торлы құлыптан.
Кімде жоқ күншіл дұшпан көре алмайтын,
Top құрып тонын пішіп жүрер сырттан.
Тойларың тойға ұлассын Құралай келін,
Биіктей берсін әлі қонар белің.
Сәбиттей қосағыңмен қоса ағар,
Мәриям апай сынды танысын елің!
ЖАСАЙ БЕР, ӘРІПТЕСІМ!
Таппай ма әр кеудеден жыр ұясын,
Жыр сүйген жүрегіме нұр құйғасын.
Құттықтап мерейтойымен мен де келдім,
Қазақтың Сазгер ұлы Нұрғисасын.
Соққандай бар тұлғасын он мен күйден
Нұрғиса тәрізді сүй өнер сүйсең.
Қазақтың кен даласы — Сары жайлауы
Ән-күйін тала тыңдап басын иген.
Ақ басын ақ сәлде боп бұлт ораған,
Бойынан Алатаудың гүл бораған.
Жаңғырып ән-күйінен Нұрғисаның
Әлемге баурайынан жыр тараған.
Тау дерлік табысың бар, керім ісің,
Ән-күйді ерттеп мінген пері мүсін.
Қазақтың бақ-талайын аспандатып,
Жасай бер, әріптесім, елім үшін!
АРНҰРҒА
Ар нұры деп ат қойып ем туғанда,
Апыл-тапыл өмірге бел буғанда,
Ар-намысың болсын деп ем қос қанат,
Құбылмалы құйын арман қуғанда.
Ғылым — теңіз жұлқып аштың есігін,
Құтты болсын! Күтем одан есімің
Айдынында Арнұр атты қасқиған,
Жолбасшысын келер ғылым көшінің.
Ендім деме жәйлі, жылы құшаққа
Кез боларсың сан ірі, сан ұсаққа.
Кедергіні кесіп от, сен, кездескен
Ұқсап мынау өткір, асыл пышаққа.
Пышақ — қару.
Тауып жұмса орынын,
Іс өткерсең, тап тетігін, қонымын.
Жас Қаршыға жасынменен ойнаған Күз,
Шың болсын қыран қонар орының.
Алдында ылғи сәуле шашсын ар нұры.
Пәнда адамның жаралмышта бар міні.
«Ең бақытсыз — мінсіз адам» деген бар.
Ұнатамын болған жанды ар құлы.
САФУАНҒА
Ақ шаңдақ өмір ылғи құйындаған,
Сайысы адамдардың тиылмаған.
Көтеру халық бағын сол сайыста
Әркімнің талайына бұйырмаған.
Ал Сәке, сізге осы бұйырыпты,
Ел қамы сөз боп тілден құйылыпты.
Десіп жүр шаршы топта Колбинді сіз
Сыйғызып құбырына үйіріпті.
Колбиннің болмай шығып иі мықты
Құбыры мойынынан қиылыпты...
Басшысын өзі сайлап тәуелсіз боп,
Ел алшысынан асықты үйіріпті.
Халқыңыз қадірлеген сіздей ұлын,
Дән риза тағдырына сірә бүгін.
Көрсетті дария көңіл дарқандықпен,
Нарықтың қыспағына қыңбайтынын.
Ал, Сәке, мерейтойың құтты болсын,
Бақ дарып шаңырағыңа ортаң толсын.
Сексеннің сеңгірінен асар шақта,
Жанында Қызыр және Бағдат болсын.
ЖЕҢГЕМЕ
Үмітің үзіліп,
Сен сорлап қалғанда
Қол созымда тұрған
Жете алмай арманға
Тілегің топшыңнан
Қиылып, кесіліп,
Көз жасың қол болып,
Тиылмай талғанда,
Мен жаным езіліп,
Еңіреп барып ем,
Барынша мұңыңды,
Бөлісіп алып ем,
Қатыгез тағдырға
Наз айтып налып ем,
Ортақ боп қайғыңа
Жанымды қарып ем.
Сен менің дұшпаным
Жасаған қастықты,
Біліп кеп,
Назарыңды әдейі
Бұрып кеп,
Сайқалдана,
Өтірік күліп кеп,
Жез тырнағыңды
Ішіңе бүгіп кеп,
Табалап қас ойлап.
Тұрдың.
Мені жығылды,
Құладыға балап,
Тұрмас боп
Мертіктіге санап,
Көзінде қуаныш масы ойнап,
Тұрдың масайрап.
Сонда таныдым кім екеніңді.
Жат, дұшпан, бөтеніңді.
Тек мен құламадым,
Майрылмас болат
Мәңгі бұла жаным
Биіктеп жүз есе көтерілді.
Солай қателестің, жеңгем!
Мен алты жасымнан бастап
Дұшпаннан келген
Талай керді көргем.
Сен құсап
Биліктіге сүйенбей-ақ
Бәрін де жеңгем.
Сайыс, сен, бойыңа теңмен!
Оңбайды алаяқтарға ерген.
Осындай оңбаған қылықтарың үшін
Күнде көзіңе көрсетіп шұқып тұрып,
Кеудеңе нұқып тұрып
Алла сазанды берген.
Теңсің ғой бүгін қара жермен.
Бірақ сен жоқсың бұған бойлап көрген.
Осылай болады сүмеңдеп
Биліктің соңына ерген.
Беу бейшара сорлы-ай,
Шырағы жана алмай сөнген.
НЕ ҚЫЛҒАНЫҢ
Кеше ел, жер деп келіп табынғаның,
Қазақстан еді ғой сағынғаның.
Қай Отан, қай ел-жерің енді арманын
Бүгін кеп күңіренгенің не қылғаның?
Кім қуып, кім шақырып зорлап еді?
Кім шектеп намысыңды қорлап еді?
Мұнда сен, кімнен қандай жапа шектің
Басынды қай қара бұлт торлап еді?
Жүрек тау еді кеше салған әнің,
Қара тас, Талқа бүгін таңдағанын.
«Күн туды көретұғын елді аман» — деп...
Қай елін деп ұғайық алдағаның?
Отырып Алматыда бөлек ауыл
Болғанын ағайынға, шырақ, ауыр.
Су ішкен құдығына түкіргендей
Бойыңды кеулеп алған қандай дауыл?
Туған жер, әрине, ыстық түсінікті,
Көңіліңе көлеңкесін түсіріпті.
Тамған жер ел қазақтың кіндік қаны
Сен туған жерден қалай кішіріпті.
Емес не тамырында қазақ қаны,
Қалайша бөгде ел сені азаптады?
Ата-анаң, балаларың туған топырақ,
Демессің өз парызын аз ақтады.
Адамның Отаны ма туған жері
Кім қайда тумас қуса тағдыр желі.
Соққан қан тамырдағы ділі, тілі,
Ұлтының емес пе адам нағыз төлі.
«Қалар ем... балаларым...» — деп қиналып,
Не батып жүр жаныңа сонша налып?
Жақындап ел арасы ашылды ірге,
Негіз жоқ күрсінуге жүрек талып.
Үш үйсің Алматыда бір ғана өзің.
Қауымың құп алады бұлдап сезің
Әйтеуір жақын жатқа түсініксіз,
Болғаны қалған жұртта екі кезің.
ТҰРСЫНБЕККЕ
Артымнан іздеп келер бауырымсың,
Емессің ел қарасы тәуірімсің.
Қанаттас сен тұрғанда кім өткереді
Апаңның мерейтойдай ауыр ісін.
Адамның бауыр деген бауыр еті,
Қаны бір қазақтың бір ақ ниеті.
Өзі емес, көңілі туыс болып жатса,
Танылар адамдық мол қасиеті.
Біз бұдан емеспіз ғой құралақан,
Көңілге дәнекер ме ат пен атан.
Бір ауыз жылы сөз ғой адамдарды,
Туыстай табыстырып жалғап жатқан.
Ерекше тәнті бұған қазақ атты,
Ол тұрған жерде озар адам аты.
Рухы биік тұрар ұлтым десе,
Халқының дара тұлға азаматы.
Тұрсынбек, тандап алдым өзіңді ерек,
Тойымды басқар өзің, бастық бол деп
Түбі бір арғын-найман бір туысқан
Тегім бір, матай қызы емес бөлек.
Әзіл ғой! Шынымды айтсам мен өзіңе Тәнтімін.
Тура айтар от сөзіңе
Айтса істеп, кессе үзетін азаматсың
Кім сеніп үміт артпас мінезіңе.
19.03.2002 жыл.
ИЫҒЫҢА ЗЕР ШАПАН
Ақындар қауымымыз кейде тату,
Дүрдараз қалжыңға да кейде бату.
Өзін, де апта соқпай басылмайтын
Арқаның ақ бораны ақын Ғафу.
Болсаң да өзің шағын үлкен жүрек,
Торғайдың даласынан ұшқан түлеп.
Қаршыға шақар мінез,шапшаң ілгіш,
Демейтін мынау түтек, мынау түнек.
Орғытып, жалында ойнап «Ақбоз аттың»,
Торғайдың даласында арындаттың.
Құйғытып жүріп талай «Белден асып»,
Ғажайып «жер астында жұлдыз» жақтық.
Туған жер шарлап талай сырын таптың,
Мәуесін жырлай жүріп шырын бақтың.
Арманы ғасыл болған асыл ұстаз
«Қоңырауын кең даланда» сылдыраттың.
Жүректе құттықтаған жалын басым,
Келіп тұр үлкен-кіші дарындасың.
Зер шапан иығыңа ата жолы
Деп жабады ақын апа-қарындасың.
КҮЛИЯҒА
Құзырымен тағдырдың,
Мекен бізге бір ұя
Өз қызымдай өзіңе
Бауыр бастым, Күлия!
Маған серік, өмірге
Көктем сынды көріксің.
Өзің де сол көктемде
Дүниеге келіпсің.
Қасиетіңді тергіштеп,
Тізіп айтып не дейін,
Құттықтап туған күніңмен
Аналық бата берейін.
Ғұмырлы бол, бақытты
Басында бұлтсыз тұрсын таң
Сол ақ таңдай тілегі
Өзіңнің апаң Тұрсынхан.
ҮМІТ КҮТКЕН БАУЫРҒА
Түңілсем етті
шықпас деп сенен ештеңе.
Бұл өнеріңді
байқадым екен кеш неге!
Сен деп жүргенде,
желкесін қидың сенімнің
Шықпадың дөңге
бой көрсетпедің сестене.
Кешірім жасап
жүргенде тілің, қалпыңа
Қайшы келетін
елімнің дәстүр, салтына
Сағымдай жазғы
құбылғыш па едің осындай
Кезеңі келсе,
сырт айналатын халқына?
Барабар соған
болып тұр мынау қылығың,
Тіл менен ұлт
ажыратқысыз бір ұғым.
Тілді тұжыру —
жағадан алу атанды,
Адамдық арға
сыйыспас қылық бұл, ұғын.
Керте сен келме,
халықтық игі ұлы іске.
Өзің білмесең,
білгенді бөгеп тиіспе,
Халық қой түгіл
жылқы да емес бұл күнде
Көнбейді оны
қайыра берме ескі күйіске!
АҚ ШАҒАЛАМ
Сүйікті бауырым Мәдениеттің қырық жас — мерейтойына
Еркелетіп Мәдет дейміз
Мәдениет атынды.
Ата-анаң танып қойған
Бойда парасатыңды.
Адамдыққа ұя сынды
Аққұба тал бар қалпың.
Баурап тұрар айналаңды,
Мінезің де ақжарқын.
Өзің шағын ақ Шағала,
Ақ пейілің даладай.
Ақ жарыңның адалдығы
Сезімі пәк баладай.
Ұяң — ұжмақ, отың басы —
Ылғи шуақ, жылылық.
Босағанды аттаған жан
Ғибрат алар сыр ұғып.
Жұп көгершін тәріздісің
Отырғанда Қазбекпен
Шуағы мол шаңырағың
Балаусалы мәз көктем.
Алыс-жақын ағайынға
Бүкпесіз ақ жарылдың.
Жақсы-жаман қай күйде де
Адамдықтан табылдың.
Тәнтімін деп мен не дейін
Қанатымдай ақ құсым
Мерейтойыңмен құттықтап,
Айтам жүрек алғысын.
Сенем сенін өміріңе,
Көркейіп нәр қоса алар.
Қос құлының аман болып,
Қосағыңмен қоса ағар.
ЖАҚСЫСЫҢ ДЕСЕМ, ШЫНЫМ
Жақсысың десем, шыным.
Жақтасым етейін деп тұрғаным жоқ.
Әрі алшы, әрі тәйке түсіп,
Лайлыққа көңілімді бұрғаным жоқ.
Ондай әдетім жоқ мүлде,
Тура айтам айтарымды.
Сайқалсып кеп, сыр тартпақшылар
Ит қосқандай боп сан қайтарылды.
Сиқырсып үйіме келетіндер де бар
Өткелден өткенінше,
Сұрқия сиқыр күлкімен
Келді де кетті өзінше.
ЕРНАРҒА
Ернар деп ат қойдым,
Болсын деп ер нары.
Еңбегің болсын деп
Өмірде ел қамы.
Ұққандай ойымды
Таңдадың мамандық
Мақсатқа жет, жаным,
Тілеймін амандық.
Алапат атомнан
Түтілген жерің бар.
Суалған теңізің
Суы азған көлің бар.
Тереңдеп үңілсең
Төгер мол терің бар.
Сенімді ақтауға
Аянбай кіріс сен,
Тәуелсіз еліңді
Белсене құрыс сен!
Болашаққа үмітпен
Ел артқан сенім бар.
Эколог EPHAPFA
Алла өзі болсын жар.
Еңбек ет халыққа
Күрестен жалықпа.
Қиынға кез болсаң,
Соңы деп тағы ұқпа.
Адамның өмірі
Көк толқын күрес тек,
Нар жүгі парызың
Қиынмен күресте.
Несібеңнің өзін
Табасың күреспен
Мәзірі әзір боп
Көргем жоқ үлескен.
Боркемік бор болма,
Жауыңмен тайталас,
Достыққа құшақты
Әрқашан айқара аш.
Кең ойлар кемеңгер,
Еліңнің ары бол.
Халқыңның ішінде
Ең мәшһүр нары бол.
Тілейміз құттықтап
Жиырма бес жасыңмен
Беймаза өмірде
Болсын тек қасың кем.
ЖАҚЫНДАРЫМА
Пана болып-ақ бақтым мен сендерге
Қарсы тұрып тағдырдан келген керге.
Сан еркекке алдырмай көкірегімді,
Намыстарың жібермей менмендерге.
Аға дедіңдер, аға болмадым ба?
Сенімдеріңді сенген қорладым ба?
Батыр ағаң бастатқан талайыңа
Болдым қорған — қара орның, орманың да.
Мен табылып бақтым-ау сан биіктен.
Зейіндеріңе содан не түйіп ең?
Есіл еңбек еңіреп, еңсем түсіп,
Сан қалдым ғой шыға алмай мен күйіктен.
Ойласаңдар сендерден не тілеймін,
Айтқанды істе өмірге бекі деймін.
Бойларындағы қаным қарайлатып,
Жетегінде келемін жетім ойдың.
Көптіктерін көрсетіп бақтың маған,
Белгілі ғой бәрібір барар сағаң
Тіріде адам қадірін білген бе адам,
Көз жұмған соң есіңе түсер бағам.
ҚАЙЫРКЕНГЕ
Мен көргенде алғаш сені Қайыркен,
Мына аруға деп ем келер қай ұл тең!
Тұла бойың еді ақыл-парасат,
Құйылғандай ілтипат пен қайырдан.
Келбет-көрік берген AЛЛA даралап,
Кеңес құрсаң көңіл мұңнан тазарад.
Аймағыңа нұр шашар бір сәтің бар.
Қызығардай небір абзал азамат.
Кейін көрсем, ізгі арманың алға асып,
Әбуіңмен жұптасыпсың жалғасып.
Күбірі әсем қос көгершін секілді,
Шіркін-ай деп қызығардай сан ғашық.
Білдің алда тұрмағанын дайын бак,
Шығар биік межеледің пайымдап.
Қамал бұзар енбек қана екенін,
Ұқтың бағдар бағытыңды дайындап.
Игердің де бір белесін ғылымның,
Соған қарай ынта қойып бұрылдың,
Азамат қып өндір ұлдар өсірдің,
Алла ұзақ етіп берсін ғұмырын.
Құтты болсын мәртебелі мерейтой
Өсе бергін өркендіге теңеп бой,
Елу ердің жасы болса, әйелдің
Бәйбіше боп толысатын жасы ғой.
Мен алдағы бақытыңа сенемін
Табады адам ұмтылумен керегін,
Талаптанған ғана жетеді мұратқа
Болды, игердім ғылым шыңын демегін.
Ақ тілегім қосағыңмен қоса ағар,
Аман болсын асыл екі босағаң.
Аман болсын қос құлының болашақ
Бақытыңа бақыт әкеп қоса алар.
ҚҰТТЫҚТАУ
Адам боп бұл өмірге келгеннен соң,
Азамат боп қатарға енгеннен соң,
Шарықтап арман құсы аспанды аңсап,
Кетпей ме шарлап қанат кергеннен соң.
Ондайда ойға оралар небір асыл
Болса деп көңілдегім түгел ғасыл.
Тілейді тағдырынан, талпынады,
Домалай берсе дейді өрге тасым.
Жар сүю, бала сүю алғашқы арман
Мол тұрмыс, мамыр ғұмыр тосса алдан
Атақты болу, тағы небір тілек
Өрбиді жерді қойып асқар барған.
Адамның арманында шек болмайды
Еш нәрсе әрекетсіз тек болмайды.
Талпынып талаптанып жетеді өзі,
Зор бақыт өзі аспаннан кеп қонбайды.
Теміке, сізде бәрі бар осының,
Шырағы болдың тіккен өз қосыңның
Бар еді бір арманың ол да болды
Берді Алла тілегіңнің ең тосынын.
Әлде бір олқың бар жан сияқтанып,
Жүруші ең ой түкпірін жиі актарып
Арманың Ахан келді дүниеге
Оныңнан айың туды қияқтанып.
Ал осы қуанышың құтты болсын,
Арнадан асып ылғи кемің толсын.
Не дейін жас нәресте алдын орап,
Ордаңа бақыт құсы болып қонсын.
Қайролла, Айнагүлжан айналайын,
Нәрестең нұрын құйған болсын айың.
Сен бұзып, Аханды өмірге әкелдіндер
Қуанды шын көңілден бар маңайың.
Бәтима балбұл жанған бал бәйбіше,
Алла не берсе соны көрдің місе.
Ақ тілек арманыңа жеттің міне,
Өмір кеш үріп төгіп, шайқап іше.
Бақытты болыңыздар тілектеспін,
Ордаңның ырысы асып, өркені өссін.
Ұрпағың өрбіп кеңге қанат жайып,
Бақытты шат-шадыман ғұмыр кешсін.
АЗАМАТ
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды»
Деп кеше ақын Иса жырға қосқан
Бүгін сөз ер-азамат аға жайлы:
Дегеннің ер азамат мәні бөлек
Тәптештеп айтып несін берем дерек.
Ісімен, ел сүйсінген өнерімен
Азамат көптен биік тұрса керек.
Деген бар ел мұраты — ер мұраты,
Шығады азаматымен елдің аты.
Атса оқ, шапса қылыш,батыр жүрек.
Ісімен танылады тегі, заты.
Айтулы ер азамат Ораз Әбіш,
Есімі ел қазаққа әбден таныс.
Ақырын жүріп, анық басып көпке,
Еліне сыйлағаны тау-тау табыс.
Отырмыз бүгін тойлап сексен бесін,
Қалдырмай қалтарысын бүк-шігесін.
Қазақтың бір ғасырлық тарихының
Мұқият жасап берді шежіресін.
Бұл істе асып түсті ол ғалымдардан,
Ақтару көне тарих болған арман.
Халықты қатыстырып дерек беріп
Негізге өткерілген істерді алған.
Айтулы оқиға жоқ қағас қалған,
Сөз болған алған биік, жеткен арман.
Зерттеуші ғалымдарша талдай келіп
Қаз қойып көз алдыңа жайып салған.
Өткерген іс халықтық жатқан қайнап,
Тізіліп кез алдыңнан етеді сайрап.
Өнер мен әдебиет ұлылары
Кәдімгі тірі кезі жүр гүл жайнап.
Айтулы ұмыт қалмаған ұлы-қызы,
Бәрінің әрекеті жарқын жүзі.
Деректі фильм болып көз алдында
Сайрап жатыр кешкен жол, қалған ізі.
Өткенді көріп, танып масайрадық,
Енбегін сан-сан ғасыр жасайды анық.
Сен салған өнер жолы қызықтырып,
Ізіңмен жүрер талай жас ойланып.
Осындай ұлы еңбекті, Ораз аға,
Сыйладың халқыңа оған жетпес баға.
Ұлассын тойың тойға ғұмырлы бол,
Береді өлмес өнер биікті ала.
05.05.2001 жыл
ҚАЗЫБЕККЕ
Айналайын Қазыбекжан ерледің,
Менменсініп әсте көкірек кермедің.
Ақырын жүріп, анық басып биікке,
Терің төгіп, тек еңбекпен өрледің.
Елеместен нарық шақтың құйынын,
Жеңіп алдың бүгін ғылым биігін.
Докторлармен тайталаста үш сағат,
Дес бермедің, биік тұрды білімің.
Қол қойды олар міне нағыз ғалым деп,
Биік әрі қалай терең қарым деп.
Бір ауыздан дауыс берді ғылымға
Еркін барар шын айтулы дарын деп.
Алдың жеңіп дәрежесін доктордың,
Еңбектің де ең ауырын өткердің,
Табандылық, қажыр, қайрат, жігермен,
Шын ғалымдар тобына еркін кеп кірдің.
Мызғымас қып, ірге тасын — тұғырын.
Салдың дағы алдың қамал мығымын.
Екі аттамда енді екі шың қалды,
Оған да жет ұзақ болсын ғұмырың.
Бұл жолда да еңбек болсын бұлдарың,
Дәлелдеп шық екеніңді шын дарын.
Мақтаныш қып күллі қазақ қуансын,
Өзі екен деп нары айтулы тұлғаның.
Халқына арна енді қалған әр істі.
Жақындатып алынбаған ғарышты,
Өркендетіп шаруасын ауылдың
Ізбасары бол кешегі Қаныштың.
26-30.04.2001
МҰРАТҚА
Қазақтың хат танымайтын қара шалы, алтын іздеу шаруасының оқымаған геолог инженері, ауылымыздың ақсақалының бірі, Әлмұха Сәкенұлының немересі — техника ғылымының кандидаты Мурат Сәкенұлының туғанына елу жас толған торқалы тойына арнау
Дүниеге адам болып келгеннен соң
Ентелеп өмірге еркін енгеннен соң,
Арманы, мақсаты жоқ жан болмайды,
Тізгінін тағдыры түйіп бергеннен соң.
Үміт қып атыңды да Мұрат қойған,
Табылар деген болар мүдделі ойдан.
Сен шығып ата-бабаң көңілінен,
Қабілет азамат дер таптық бойдан.
Тұрғам жоқ асыра айтып, бекер мақтап,
Білем ғой сөйлеу мәнін бойға шақтап.
Көз көріп, көңіл танып білгенді айтам,
Үмітін ел-жұртыңның жүрсің ақтап.
Тәуекел етіп будың ғылымға бел,
Игердің бір белесін сүйсінді ел.
Ақ бұрқақ атқылаттың жер қойнынан
Адамзат баласына ризық дер.
Осының езі дағы үлкен ерлік,
Кез ашқан ақ маржанға дария сел ғып.
Уақытша қол байлайды ақша патша,
Қойған соң мәртебесін биік, төр ғып.
Демеймін биіктен сен күдер үзді,
Кездеген арманыңды нарық бұзды.
Бірақ бұл уақытша, күні ертең,
Сенемін жалғарыңа үзген ізді.
Сенемін алыс қадап жанарыңды,
Әлі алда сан биікті аларыңды.
Техника ғылымының докторы боп,
Жастарға, жаңаға жол саларыңды.
Аналық бұл ақ батам болсын ғасыл,
Сен жалғап арманыңды ілгері асыр.
Ұрпағың, отың басы өркен жайып,
Алдыңнан ақ жол ашсын жаңа ғасыр.
25.01.2001 жыл.
ЛӘЗИЗА
Жақсы дос, жаны құрбы Ләзизасың,
Тәнтімін маған ерек ықыласың.
Достыққа жаны ынтық жан екенсің,
Басыңа бақ-талай боп нұр құласын.
Көр дедің ескі қоныс — жаңа үйімді,
Ұғындым ниетіңді жан сүйінді.
Адамның ішін барлар сұңғыласын,
Әркімге көрсетпейсің бұл сыйынды.
Алдыма алып астау шеке қойдың,
Ризамын ықыласыңа әбден тойдым.
Тектіден өрген ерек ұрпақсың-ау
Деп іштен түйіп мен де толғап қойдым.
Әр ісің көңілімде тапты ұнасым,
Сондықтан менің де ауды ықыласым.
Жамандық көрмей жаның нұрлы өмір кеш
Кірпияз қыран мінез текті Ылашын.
22.08.2001 ж.
ГҮЛСӘНГЕ
Әзағаң, Әзілхан сұрап, Асқарбек Қоңырұлы деген сазгердің «Гүлсән» атты әніне жазылған өлең.
Ұмыта алман өзіңді,
Аққұба тал кезіңді,
Тұла бойды, ақыл-ойды,
Баурап алған кезіңді.
Жылдар өтті арада
Жан тағатын таба ма!
Жаудыр көзім, жалғыз өзің
Мәңгі қалдың санада.
Құлағымда әз үнің,
Бал қылығың әзілін,
Сағыныштың сарқылмаған
Саған деген сазы мың.
Ардағым-ау, ардағым,
Өзің ғана арманым.
Алау жанға дару іздеп,
Осынау әнді арнадым.
25.11.2001 жыл.
АҚОРДА ҮЙ БОЛЫҢДАР
Болашаққа деген ұлы сеніммен
Қол ұстасып өтпек болып өмірден
Балаларым игі қадам басыпсың.
Бата бергем аналық ақ көңілден.
Қабақ шытпай ұзақ ғұмыр кешіңдер!
Ұрпақты боп үбір-шүбір өсіңдер!
Құрбыларың қызыға қарап, үлгі алып,
Надия мен Ернардай бол десін ел.
Қанат қағып қияға ұшып қоныңдар,
Жақсыларға өмірде үлкен орын бар.
Қонақ тандап түсетұғын іздеп кеп,
Ырысы асқан Ақорда үй болыңдар.
Дүние опасыз, бақ баянсыз білгейсің,
Ар-намыспен дос боп қана жүргейсің.
Аты арымас ардың құлы азамат
Болсаңдар тек, жаман өмір сүрмейсің.
Мен анаңмын. Аналық ақ тілегім —
Арың аппақ, мөлдір таза жүрегің
Бол Алланың сүйген құлы екеуің
Мен сендерге сол бақытты тіледім.
20.08.2001 жыл.
АЙМАН-АЙ!
Ән салғам, Айман-ай деп, күн мен ай, — деп
Мені қой, Мұхаң өзі толғады-ай көп.
Зор жырға арқау болған Аймандардың
Шын ай боп бірі аспанға шырқады-ай кеп.
Ол — қазақ. Мұсақожа қызы Айман,
Аумайды десем сияр аспанда айдан.
Әлемдік актриса скрипкасы
Шын мәнде күллі әлемге үнін жайған.
Міне шын Ер деп таныр шыған өрлік
Қыңырдың қыбын тапқан нағыз Ерлік.
Тер төгіп асау өнерді ауыздықтап
Алғанды осынау ғажап көзбен көрдік.
Сүйсінтіп өнеріңе елді дүйім
Бауырым, құтты болсын алған сыйың.
Таныттың кішіпейіл, зыйындылық
Риза еттің ұстаздарыңның танып күйін.
Өсе бер, айды қойып күнге де жет,
Шын асқақ өнеріңе тәнті емес жоқ.
Әлемді сүйсіндірдің еңбегіңе
Алла да ақ мейірін тегері хақ.
26.01.2001 жыл.
ӨЛЕҢ СЫЙ
Әмір қымбат кеудеде жаны барға,
Жаннан қымбат және жоқ ауырғанға.
Шебер қолы жаныма шипа болған
Зор алғыс хирург — Марат Әнуарға.
Келіп ем төрт аяқтап жүре алмай,
Күре тамыры қиылып қалған жандай.
Мараттың шипалы қолы арқасында
Тынышталдың дерт дауасы табылғандай.
Маратжан, айналайын ғұмырлы бол,
Ашылсын алдыңнан тек ақ нұрлы жол.
Ел алғысы атынды аспандатқан
Ұлы хирург - ел қазаққа әйгілі бол!
Қолымда жоқ алғыстан басқа сыйым,
Тозғанынша басымда қалған миым.
Алғыс айта жүрермін қабылда сен
Ақ бата деп апаңның өлең сыйын.
07.05.2002 жыл.
АҚ ТҰЛПАРҒА
Ақ тұлпар әкеп сыйладың, балам,
Жүректен алғыс айтамын саған.
Есіңе алып әжем бар еді деп,
Болғаның үшін мені ойлап алаң.
Тұлпарың ғажап тұлпар-ақ екен,
Түйір мең жоқ-ау бойында бөтен.
Құйрығын тігіп, аспанға атылып,
Көзінен жүзік өтердей бекем.
Делдиіп танау, жалтылдап кезі,
Бабына келген жарау-ақ өзі.
Болат тұяқтар опырып жерді,
Күш қайнап бойда бұрқаған кезі.
Желменен ойнап, желбіреп жалы,
Жүйрікті сұлу мүсіннен таны.
Дегендей көздің жауын алады
Тасып тұр бойда құлпырып қаны.
Құйғытып келеді даланы турап,
Шаң қалып жатыр соңында будақ.
Жалынын жастық жаныммен сезіп
Мен тұрмын ойда көзімді сулап.
Тұлпар — ол символ сыйғызған бәрін —
Бойына күш һәм қабілет-дарын
Тоғысқан биік парасаттылық,
Қасиеттіліктің танытқан нәнін.
Құрметің қабыл. Рақмет, Ернар.
Тұлпарың сынды өзінде бір Нар.
Ізгі жүректі нарлығын үшін
Әмісе жебеп Алла өзі қолдар, Әумин!
16.11.2001 жыл.
МӘДЕНИЕТКЕ
Елуге келдің ентелеп,
Ел жұртыңа еркелеп.
Бәйбіше Медет боп балпима
Ол әзір саған ертерек.
Шағында мынау нарықтың
Талабы мол халықтың.
Ұстаз боп өсер жастарға
Азаматтық әлі танытқын.
Кезі кеп жатса орайлас
Ақылдан алтын сарай аш.
Біздердей кемпір-кепшекке
Қайратыңнан қарайлас.
Қос құлының ер жетіп
Тілегіңнен табылды.
Жегжат, құдалар молайып
Өсіре түссін бағынды.
Өркендей бер, өсе бер
Көсегең бауырым көгерсін,
Айдос, Айнұрды іздеп кеп шаңырағыңа
Қонақтар болсын көгершін.
Бақытқа ұяң бөленсін,
Қазыбегіңмен қоса ағар.
Дендерің сау боп әмісе
Көркейе берсін босағаң.
07.06.2002 жыл.
ЕРАСЫЛ
Ерасыл аты қалай келді ойға,
Кемелдік барын періште бойда
Қалай сезді екен ата-ана жүрек,
Тектілік сырына дегендей бойла.
Екі-ақ жаста өзі, мінезін көрші,
Марқасқа маңғаз, жүрегі де ерсі!
Бала боп әсте жеңілтектігі жоқ,
Тәрізді бір кемел елдің серісі.
Титімдей бөбек, жаралған ерек,
Өсе бер, берсін Алла өзі көмек.
Қазаққа кемел келешек қорған деп
Қояйын мен де бата беріп, демеп.
Тұлғасы болғын келешек ғасыр,
Ғалымбек, Күлима арманын асыл
Алла қолдасын тіл-көзден аман
Ержет титімдей сүйкімді Ерасыл.
ЖАРАСҚАНҒА ЖАРАСПАҒАН
Өлеңнен өзге жайлы жақ ашпаған,
Биікке ұмтылмаған, таласпаған
Кісідей әркімге айдар үлестіру
Ақынға Жарасқандай жараспаған.
Ерекше биіктерге жанаспаған,
Теруден ұсақ-түйек әрі аспаған.
«Бес ешкі айдағаны ысқырығы Жер жару»
Жарасқанға жараспаған.
Өзінен өзгені оқып әлі ашпаған,
Халықтың пікірімен санаспаған,
Түсініп сөз мәніне бойлай алмай,
Ой түю Жарасқанға жараспаған.
Бар шығар асуларың әлі аспаған...
Өспейді ауылынан әрі аспаған,
«Мүйізсіз мал сүзеген келетінін»
Айтқызу Жарасқанға жараспаған.
Сөз шығар ұшқарыңан қайдан бұлар
Дегендей адасқан сөз жәй қаңғырар.
Көрпені бойға шақтап көсілген жөн,
Айдарды үлестірер айдарлылар.
1983 жыл.
Осы жұрт мені бір күн министр қойып,
бір рет министр Тахташ десе, несі кетеді екен!
Хади Тахташ
Келген ойды
Қайтемін матап, тұсап.
Ақтарайын
Әз ақын Тахташқа ұқсап.
Кейбіреудей
Маған да тиіп жаңсақ,
Бұйырса ғой
Әнеу бір биік мансап.
Президиумда отыру бар міндетім
Болса, Пай-пай
Жұрт жүрсе тамақ тамсап...
Қарқарадай
Қоқитқан шашым болса,
«Ақыл бұлақ боп аққан» басым болса,
Соңғы мода Кигенім асыл болса,
Қаңтарылып тұратын қайда барсам,
Былқылдаған ақ «Волга» атым болса.
Экраннан, эфирден, түрлі жиылыс...
Мейлі айтпасын
Жұмысты опырды деп.
Лауазымым аталып,
Сол жиылыста
Айтса болды
Қатысып отырды деп.
КЕЛІНІМЕ
Мынау сенің емес әсте төл үнің,
Ақырынырақ шәпілдеші, келінім.
Бірі көріп, бірі көрмей шабынар
Кимесеңші хайуанаттар кебінін.
Күл төбе де, кіл төбелер сенікі,
Бола қойшы бибісі әлем төрінің.
ТЫМАҚ КИГЕН
Лайлап менің тұнық бұлағымды,
Бұлдапсың, құдам, киген тымағыңды.
Тымағың таразы емес адамдыққа,
Тоңдырмас киім ғана құлағыңды.
Жоқ депсің ұяңда бір тымақ киген,
Озбапсың тозған сонау құлақ күйден...
Қалыпсың от басында оқысаң да,
Ақылды жаулыққа бас тымақ та иген.
Тымағың «еркек» деген сөзің шығар,
Мәнісін тасырлықтың болсақ ұғар.
Жармастың жаулығыма шарасыздан,
Таппадың бойымнан мін сағым сынар.
Тұлпар ма тамақ біткен тұмары бар,
Орманның шірігі бар, шынары бар.
Қажетті қыл да өтпейді қас болаттай,
Жаулықтың астында да тұрады пар.
Нар ана еткен талай бұдан бұрын.
Жаулыққа келе берме, құдам қырын.
Игерді кеше Дина, өнер шыңын,
Жаулық деп қараймысың оған бүгін?
Динаны кемсітпей-ақ Құрманғазы
Тыңдаған, өнеріне болған қазы.
Қарқара жаулығы емес, енері үшін
Жамбылмен қатар тұр ол, ел маңғазы.
Сен бұған терең бойлап бармадың ба?
Құрмандай атадан үлгі алмадың ба?
Шықпаса өз басыңнан еш болмаса,
Құдам-ау маңайға көз салмадың ба?
Әлия, Мәншүк ойың бұратындар,
Тең ісің қайсы оларға тымағын бар?
Ұлтыңның абыройын аспандатып,
Осылар жаулық асты тұратын нар.
Ғазиза, Фариза бар, өзгелер бар,
Шекеңе жаулықты боп кеп тұр ма тар?
Өнерде мен бұлардың апасымын,
Ал сенің тымағыңнан өзге нең бар?
Өмірде әйел-еркек мәні бірдей,
Жүрмісің мағынасын әлі білмей?
Бірінсіз ғалам да жоқ, адам да жоқ,
Қалады коғам қараң, әрі кірмей.
Ендеше, құдам, тойып асқақтама,
Қоқиған тымағыңды бос мақтама,
Таразы тымақ емес, адамшылық,
Көрпеңді көсіл бойға шақтап қана.
ҚАЛАМДАСТЫҢ ӘЗІЛ-ШЫНЫ
Жаппар деп қойған екен атынды ерек,
Еректік мәнісін сен білсең керек.
Өмірбек әулетінен сыйынғанның
Келесің пірі болып жебеп-желеп.
Пәндаға бұдан артық бақыт бар ма?
Сонымен теңелмей ме бақыты зорға
Не дейін зорсың демей бұған қоса,
Сөйлетіп сүйрік қалам алсаң қолға.
Қағілез өзің жұқа қамыстайсың,
Сөйлесең, қалыңдардан қалыспайсың
Жырлаған кеше Мәди, Қарқаралы
Көтерген бүгін ту ғып намыстайсың.
Қалтақтап жүріп астың сегіз асқар,
Тоқтама ғасырға да бет қой, қасқар.
Саралап соз маржанын терең бойла
Әлі де сен актарар гауһар тас бар.
Қаймықпа нарықтан сен, қорқа соқпа,
Ұқсама табанының бүрі жоққа.
Жымырған жымда құлақ қыли болмай
Бір ауық жыр садағын Бұқарша оқта.
Халықпен ажыраспас ойы, сөзі,
Мұқтаж-ақ бүгін елің Бұқарға өзі.
Қорықпа үш әріптен, үрейленбе
Жүрегіңді шайлықтырған сонау кезгі.
Ал мынау мерейтойың құтты болсын.
Ардагерлер алқасының ісі де оңсын.
Жебейтін сыйынғанды Жаппарсың ғой,
Бақ түнеп аймағыңа қызыр қонсын.
Бұқар бол деп жүктедім міндет саған,
Ақын ба, азамат па мұны ұқпаған.
Көмегі тисін деген тілекпенен
Сыйладым мірдің оғы — алтын қалам.
22.01.2001 жыл. Алматы.
БІР РЕДАКТОРҒА
Бауырым, бұл ісінде жоқ естілік,
Соныңның дауысы жатыр кімге естіліп.
Өлеңім шықса болды газетінде
Қоясың қой торыңды мінгестіріп.
Түсе алар кімге оның көлеңкесі
Оқыған газетіңді дер ол несі.
Қонғанмен бір бұтаққа бұлбұл, қарға,
Қарғаның көтерілмес мәртебесі.
29.02.2001 жыл.
БІР ДОЦЕНТКЕ
Жадымда жоқ, бұрнағы күн, кеше ме,
Бір доцентке ұшырастым көшеде.
Сәлемдессем Алатауға қарайды,
Шолғысы жоқ төмпешікті, маңайды.
Ертеңінде профессордың жанында,
Келе жатсам институт бағында,
Әлгі доцент көріп жылмаң қағады,
Сұрап жатыр үйді, бала-шағаны.
— Қалай өзі, һәм, иә, жаттаймыз,
Сембі сайын сізді іздейміз, таппаймыз.
Коллективте тату едік, Тіпті біз
Есіңізден шықтық білем, ұмыттыңыз.
— Судыраған болайын-ау сөзіңе,
Дәйім сенің түсу үшін көзіңе,
Кезек күтпес ісім болып, Ертелеп
Профессорды жүре алам ба жетелеп.
Болады екен адамдар да бұл сынды!
— Деп жүрегім бір сот ауыр күрсінді.
Осылардан сонылап із қалмаса,
Әттең сонау болашаққа бармаса.
АВТОГРАФТАР
АЙПАРАҒА
Автограф не?
білмейтін Айпарашсың
Бақыт есік Айпарашқа
айқара ашсын!
Төрт жастағы Айпараш
тез ержетіп,
Ұлы әжесінше атағы
айдан ассын.
Ел тобықты анасы —
Айпара ана
Сен дәстүрін анаңның айналаңа
Даналығын жарасат, өнегесін
Үлгі етіп ек өсермен әр санаға.
Бата берген мен де әжең Тұрсынханмын,
Өкілімін асқақ ән, жыр сұлтанның.
Арғымақ жыр саған да тоссын иық,
Ақ сәулесі алдыңнан тусын таңның.
17.06.2003 жыл. Емханада.
АБЫЛАЙҒА
Абылай қойып атынды
Ырымдады-ау ата-анаң.
«Баталы құл арымас»,
Құр болма, балам, батадан.
Алла жебеп өзіңді,
Абылай бабаң қолдасын,
Бұл өмірде Сен, кіші Абылай,
Олқың, кемің болмасын,
Төрт құбылаң сай болсын,
Ұрпағың өсіп бай болсын,
Өмірің жарқын шуақты,
Ашық күн мен ай болсын.
Байлық мұрат емес деп,
Халық айтқан нақыл бар.
Азамат бол айтулы,
Тұла бойың тұнған ақыл, ар.
Ақылыңмен шығасың,
Кез келген киын тұйықтан.
Кемеңгерлік те келеді
Хан-қараны ұйытқан.
Түптеп теріп түйгенде
Жазмыштан бәрі — Алладан.
Елдің ұлы, ар құлы Адам болып қал, балам!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру