TELEGEI

Home

Атақоныс

Аманхан Әлімұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Атақоныс

Белгілі ақын Аманхан Əлімұлының жаңа жыр жинағындағы өлеңдердің барлығы дерлік мерзімді басылымдарда жарияланып, олардың енді біреулері қайта қаралып, жаңарған күйінде жарық көріп отыр. Жинақ Алла жаратты табиғат пен адам, жалпы жаратылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады. Олардағы тіл, образ, музыка «Ақынның үндестік ұлы» екендігін көрсетеді. Əсіресе, ол «Мəскеу саздары» мен «Қызы

Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша шығарылды
Əлімұлы А.
Ə 55 Атақоныс / Өлеңдер мен толғаулар. – Алматы: «Жазушы»,

2013. – 224 бет.

ІSBN 978-601-200-448-9

Белгілі ақын Аманхан Əлімұлының жаңа жыр жинағындағы
өлең дер дің барлығы дерлік мерзімді басылымдарда жарияланып,
олар дың енді біреулері қайта қаралып, жаңарған күйінде жарық
кө ріп отыр. Жинақ Алла жаратты табиғат пен адам, жалпы жара-

тылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады. Олар-
да ғы тіл, образ, музыка «Ақынның үндестік ұлы» екендігін көр се-
те ді. Əсіресе, ол «Мəскеу саздары» мен «Қызылқұм» топтамала-
рында анық байқалады.

Жинақ жыр сүйер қауымға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5
© Əлімұлы А., 2013

ІSBN 978-601-200-448-9

© «Жазушы» баспасы, 2013

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5

Ə 55

ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ АҒАШ

...Əлқисса, Майлықожаға ақындық, Мəделіқожаға ба-
тыр лық дарыған деседі. Екеуі туыс адамдар. Тегі бір. Мə де-
лі қо жа елге түрлі салық салып, қара қазақты өзі бір талап,
күйеу балалары екі талап, құдалары тағы талап əбден ай

кə пір атанған Қоқан бегін тал түсте қорқыратып қойша ба-
уыз дай ды. Сол ісімен тарихта қалды. Бейіті Бадамның жа ға-
сын да. Майлықожадан ше? Майлықожадан не десеңіз өлең,
кім десеңіз Аманхан қалды. Менің досым Аманхан Əлім.

Əл бет те, басқа да ұрпақтары бар. Тікелей ұрпақтары! Бі рақ
арасында бізге қымбаты Аманхан болған соң сөз соған ар-
нал мақ. Ол:

Маған жаман жазуға еш болмайды,
Əруағы бағып тұр Майлы атаның,–

десе, бұны жауапкершілікті сезіну деп бағалаймыз, əрине.
Қоқан бектерімен айтыс-тартыста өктем шығып отырған
Мəделіқожа Бадам өзенінің жағасынан «пайғамбар алайһис
салам уə нəби мұхтарам ауладларына» яки қожаларға деп

тү гін тартсаң майы шығатын шұрайлы да шырайлы бір кең
қо лат ты алады. Ол кезде Бадам қазіргідей емес болса керек.
Май лы қо жа қалай деуші еді.

– Дегенде Бадам кедей, Бадам кедей,

Аттыны ағызасың адам демей.
Келгенде саршатамыз əлің құрып,
Жатасың ағуға да шамаң кемей,–

Атақоныс
дейтін кəдімгі Бадам өзені. (Ия, келмей емес, кемей. Гəп
ұй қас та емес, гəп түстік қазақтарының сөйлеу ерекшелік-
терінде. Мысалы, болмайды емес бомайды, қалмайды емес,

қамайды, келген шығар емес, кегент тə, баратын болар емес,
баратынт тə, жаңағы емес, жəңелдегі, бағанағы емес, бə ңел-
де гі т.б.) Жə, тақырыбымызға оралайық. Хош, де ңіз, та қы-
ры бы мыз ға оралсақ, тағы бір жылдары сол қан мен, термен

келген кең қонысты тастап қожекеңдер дария жақ қа ауады.
Оның дағы себеп жəне салдарлары бар. Ауып ке ліп, Қос жар-
суат деген жерге тоқтапты деседі. Заман тағы бір ау на ған-
да Қосжарсуат Қожатоғай боп өзгереді. Оны өз герт кен кім

де се ңіз, Əлімқожа деген кісі. Ал Əлімқожа кім еді де се ңіз,
Аман хан ның əкесі еді. Ауыл атының осылай өзгеруі туралы
құ жат бар.
Арыс шəрінен шыққан қара жол ешқайда бұрылмастан

да рия ға қарай тартады да отырады. Қайқая шапқан Қарагер
деген секілді. Ұзақ жүресіз. Оңтүстіктің қарға миын қай на-
тар сары шілдесінде жол өнбейді. Адыр-белес, қырқа-қы раң
деген атымен жоқ, қарасаң көзің талатын сарыжазық. Бір-

өң кей көрініс, біркелкі дала. Кенет тегі өмірде таусылып
болмайтын шығар деп іштей кіжініп келе жатқан күре жо-
лы ңыз ға мінер жақ бүйірден келіп бір айдау жол киліге ке-
теді. Оған түсіп біраз жүргеннен соң мұрныңызға ызаның

исі келеді. Күңсіген дала, қолқаны қапқан шаң мен тозаңнан
ке йін баяғы Иван Бунин жазатын «жұмақтың елесі» секілді
сал қын сабаттың жұпары жанға қандай жəйлі екенін айтып
жет кі зу қиын. Тағы аздан соң жолдың жиегінде өсіп тұрған

жал ғыз ағаш көрінеді. Маңай тұлдыр жазық. Шөп атаулыдан
итсигек пен изен, ал тал атаулыдан мүлде ада мына дала-
да бұл нағылған ағаш? Қайдан уə қалай келген? Ботаниктер
мұн дай ағаштарға орнитохорлы өсімдік деп ат беріп, айдар

та ғып зерттейді. Онысы құстың жемсауында əлдеқайдан жа-
затайым кеп, ғайыптан тайып тамыр жайған ағаш тұқымы

Аманхан Әлімұлы деген сөз. Осы ағашты мен Аманхан Əлімге ұқсатамын. Дара бітімімен! Жалғыздығымен. Қорықпайтындығымен. Не көрсем де өзім көремін дейтін жанкештілігімен! Өлеңде де, өмірде де. «Ақынды ақын ететін бір-ақ өлең болады. Қалғандары со ның дақпыртымен кетеді» дейтін де сөз бар. Бұрынғы қазақ тар дың «жылқы қойдың шаңына ілеседі» дейтін сөзін еске тү сі ре тін үшбу пікірге, əлбетте дау айтуға да, ке лі су ге де болады. Келісеміз десек, Аманханның алғашқы өлең де рінің бірі «Əкеме» деп аталатын. Шағын ғана жыр. Кеткенің бе деп хабарсыз – Ұрысты əжем Жиырма жыл жүрген жанарсыз. Безесің бе деп үйден сен – Ұрысты ағам, Төрт-бес жыл бұрын үйленген. Қарындасым да айтты өкпесін, Ұрысты анам Хабарсыз ұлы кеткесін.

Сəлден соң сөнді шырағдан..
Жаттым мен жылап,
Ұрыспағаны үшін бір-ақ жан!
О, əке!

Бар болғаны осы. Кезінде Əбділдə Тəжібаевтың алғы сө зі-
мен жарық көрген топтамасындағы осы өлең оның ақын дық
болмысын ашып тұрғандай еді. Сол қайсарлық, сол кез бе лік,
сол жалғыздық. Оның өмірдегі жолы да, өлеңдегі жолы да

жеңіл бола қойған жоқ. Өмірдегі демекші... Алыс Маң ғыс-

Атақоныс
тау да Тамшалы деген керемет бір қолат бар. Шілденің ші-
лің гір ыстығында ақ тер, көк тер боп таңдайың кеуіп келе
жатып, тастан тамшылап тұрған мұздай суға тап боласыз.

Іш сең тура шекеңнен шығады. Бірақ, шелегің оңайлықпен
тола қоймайды. Күту керек. Бір тамшы, екі тамшы, үш, со-
дан кейін зарықтырып барып төрт, жалықтырып барып бес
дегендей... Сөйтіп əзер жинаған шəрбетке бергісіз суы ңыз-

ды аяқ астынан ақтарып алмауға тырысасыз ғой, əлбетте.
Аманхан маңдайына əу баста тостағанын əзер деп толтыра
бергенде талай рет өз қолымен төгіп тастай салатын ақын-
дық ғұмыр жазыларын білсе де саналы түрде азат басын құл

ғып осы жолға түсті. Мектепті тамамдаған соң құ ры лыс та
жұ мыс істеді. «Неге оқуға түспедің?» деп сұрасаңыз «пəре
бе ре тін шамам болмады» деп шынын айтады. Пара де мей ді,
пəре дейді. Онысы бəле деген секілді естіледі. Сөйтіп жү ріп

əс кер ге кетті. Əскерден аман-есен оралған соң да КазГУ-ге
қа та ры нан кейін түсті. Кітабы да қатарынан кейін шық ты.
Шық пай қалуы да мүмкін еді. Себебі, ол кезде кітаптың бета-
шар өлеңдері міндетті түрде Коммунистік партия не Ленин,

тіп ті болмаса Тың игеру туралы болуға тиіс еді. Аманхан
Ле нин ді қайтсін, компартия Аманханды қайтсін-ау? «Жоқ
ондай өлеңдер менде, жаза алмаймын» дейді бұл шорт ке-
сіп. «Кітабым Күлəй дейтін қызға арналған өлеңмен ашылса

деп едім. Ол жақсы қыз. Мына өлеңді тыңдаңызшы» дей ді
де оқи жөнеледі:
Қас пен көздің, бауырым, арасында,
Асқақ кеуде соңына қарасын ба?

Басым кетіп барады білегінде,
Санам кетіп барады санасында.
Жаулап алған жанымды талма кеште,
Керемет күн кешегі қалмады есте.

Аманхан Әлімұлы
Ернім кетіп барады ерінінде,
Шайқалады шаттығым алма төсте.
Кеш ұғынған қадірін тірегім бе,

Сол қыз қазір мұратым, тілегім де.
Көзім кетіп барады бұрымында,
Өзім кетіп барамын жүрегінде.
Баспа қызметкерлері өлеңді жатып кеп мақтайды. «Бі-

рақ, басқа кезде Күлəйға арнайсың ба, Құдайға арнайсың ба,
шаруамыз жоқ кітап шығу үшін партия керек, тамыр» дейді
Заң ды ойлап. Енді қайтпек керек? Көмекке Байбота келеді...
Сонымен өлең жазылып, кітап шықты. Кейін Аман хан жұрт-

қа қолтаңба берерде кітабының алғашқы бетін жыр тып тас-
тап беріп жүрді.
Өлеңге адалдық. Бір мақтасақ Аманханды осы үшін мақ-
тай мыз.

Күлəй демекші, ол өзінің ең тамаша өлеңдерін жан жары-
на, балаларына арнап жазды. Арнау өлең дегенде қай-қай-
сы мыз да шошып қаламыз. Бізді мезі еткен ана бастыққа,
мына бастыққа, Үкіметке, ісі түсетіндерге арналған жə ді гөй,

жа рам сақ өлеңдерді оның шығарма-шылығынан таппайсыз.
Ме нің ше, ол өмірде бəрінен де Өлеңді биік қоя ды. Бұ ры лу,
ың ғай ға жығылу, үндемей қоя салу деген қа сиет тер Аман-
хан ға мүлде жат. Өлең үшін (өлең мен Ұлт Аман хан үшін

бір ұғым) кіммен болса да жаға жыртысуға де йін барады.
Ұлт деген ұғым ол үшін бөлек бір əлем. Аман хан ның арғы
аталары қазақ даласына ислам таратпақ боп келгенде жер гі-
лік ті халық күндіз-түні мұсылманшылық, мұ сыл ман шы лық

дей беретін сəлделілерге қарап бір ойға сонша бе рі лу ге бола
ма деп таңқалған көрінеді. Замандастары Аман хан ға Ұлт
мүддесі деген ойға осыншалықты жан жүрегімен бе ріл ге ні-
не қарап таңғалады.

Атақоныс
«Қазақ жалақорларына» дейтін өлеңінде (Пушкиннің
«Клеветникам России» дейтұғын жыры есіңізге түсті ме?)
Демеймін мен саған туыспын,

Қайталап айтамын іштей мың.
«Руыңмен у ішкін»
Мен ішпеймін.
Сен күлгін, мен кейін күлемін,

Дін аман ай, күнім.
Қазаққа ортақ деп білемін,
Кеудемді жайлаған қайғы-мұң,–
деп жырласа, бұл ойлар оның принципі. Əдеби жыл қо ры-

тын ды сын да өзінің бір жерлес ақынын қатты сынағаны сон-
ша, əлгі «Аманхан, сен əруақтан қорықпайсың ба?» дегенге
де йін барған. Ойнайсың қазақылықпен...
Ағысқа қарсы жүзу – Аманхан өлеңдерінің айнымас та-

қы рып та ры ның бірі. Мұқағалидың «Сəби болғым келеді»
дей тін өлеңі кезінде көптеген жас ақындарға еліктеу өлеңдер
жаз ғыз ды. Анығында тура осы аттас, осы аттас қана емес,
осы мағыналас өлеңдер əлем əдебиетінде жиі кездесетін.

Мысалы, «Хочу быть ребенком» ағылшын ақыны лорд Бай-
ронда бар, «Хочу быть отроком» орыс ақыны С.Есенинде бар,
Қуан дық Шаңғытбаевта «Мен пендеңді тағы бір ая, Құ дай,
Бала қылшы балдырған баяғыдай» дейтұғын бəйіт бар т.б...

Қыс қа сы, сол жылдары сəби болғысы келетін ақындар кө бе-
йіп кет ті. Аманхан болса соларға қарсылық танытқан се кіл-
ді «Сəби болғым келмейді» деген өлең жазды. Гəп өлеңнің
атында емес, затында десек те бұдан ақының модашыл емес

еке нін, өзінің бұлжымас бағыт бағдары барын аңғарар едік.
Бұл, сөзсіз құрметке лайық қасиет.
Марқұм Қасым Қайсенов ағамызды Жазушылар Ода ғы-
ның басшылары бірде жанжалдасып қалған ерлі-зайыпты

Аманхан Әлімұлы
екі кісіні қайта жарастыруға жібереді. Қаскең мəн-жəйді кө-
зі мен көрген соң, керісінше «мынадай аю қатынмен тұр ған-
ша бойдақ жүргенің жөн» деп еркекті қайрап, ажырастырып

ке ле ді. Сол сияқты Аманханға бір ақынның кітабы туралы
мақ тап сөз сөйлеу тапсырылады. Аманхан баспа бас шы лы ғы
айтқан соң келісе кетеді. Қолжазбаны алып үйіне келген соң,
асықпай əр өлеңге тоқталып талдай бастаса, ылғи бір нашар

өлеңдерге тап болады. Ертеңіне поэзия бөлімінің отырысы-
на кітаптың бір қайнауы ішінде жатқан шикі дүние екенін
дəлелдеп толыққанды рецензия жазып келеді. «Мұ ның не,
шырағым-ау?» дейді кітап редакторы сасып, бұның артында

пə лен ше кең дер тұрғанын білесің. Құртады ғой бізді». «Ну
и что, оның артында пəленшекең тұр, сіз менің артымда кім
тұр ға нын білесіз бе?». «Жоқ, білмеймін». «Біліп алы ңыз, ме-
нің артымда Қожакең тұр. Өтірік жазсам, сол кісіден ұят бо-

лады». «Қожакесі кім тағы да?». «Қожа Ахмет Ясауи». Осы
оқи ға дан соң Аманханды баспа бірсыпыра уақыт бойы ре-
цен зент тер қатарынан аластатып, жақын жолатпай қояды.
Кейде мынадай бір эксперимент жасалса деп ойлайсың.

Осы қаламгер қауым «ұзын санымыз сегіз жүзге тақап қал-
ды, қадырымыз жоқ, қаламақымыз аз» дегенді жиі айтады
ғой. Онысы рас та. Ал енді алда-жалда «қаламақы мүлде тө-
лен бей тін болды, атақ мүлде берілмейтін болды, кітап шы ға-

ру деген шаруа да тоқтады» деген қарар шығып, жүзеге аса
бастаса қалай болар еді? Қазіргі қатары сирегені сиреген бе,
əлгі сегіз жүзден əдебиет майданында сексені қалар ма еді,
сегізі қалар ма еді? Қаншасы жазуды сол мезет тастап кетер

еді? Сол кезде мына егемен Қазақстан елінде қаламақы үшін
де, атақ-мансап үшін де, кітап шығару үшін де жазбайтын
екі ақын қалса бірі Аманхан боларына сенемін. Ол ке ше гі
Ке ңес тің кең заманында да қаламақы алып жарытпады. Өйт-

ке ні өлеңді аз жазды. Сөйте тұра, бір жыл кітабы жос пар ға
енбей қалса баспаның директорының үстінен арызды қарша

Атақоныс
борататын кейбір ағалары секілді өлеңнің жыртысын жырта-
ды, өлеңнің отымен кіріп, күлімен шығады. Аналардың ғой
есіл-дерті ақша мен атақ, біздің Аманхандікі не, Алла-ау?

Революцияны Аманхан секілділер жасайды. Пайдасын
бас қа лар көреді. Көріп қана қоймайды, айдап салады. Өз
есе бін түгендейді.
Көп ақындарға тəн қандай кемшіліктер бар десе, оған жа-

уап та көп болары анық. Соның бастыларының бірі – ер ме-
лік. Кім не айтса соған сену. Мұндай адамдардың тұ рақ ты
жауы болмайды, болмай-ақ қойсын, өкініштісі ол емес, өкі-
ніш ті сі тұрақты досы да болмауы мүмкін. Аманханның дұш-

пан да ры да жиі ауысып тұрады. Оның жауларының арасын-
да Америка Құрама Штаттарының Президенті мен Израил
Прьемер-Министрінен бастап, Қожатоғай жолында қол кө-
тер ген де тоқтамай кеткен автобус шоферіне дейін бар. Кейде

жа ғаң ды ұстатып, əлі əдебиетке келмеген бір «жаз ғыш бай-
ды» жер-көкке тигізбей мақтап, қосыла мақ та ма ған дар дың
бə рін «сендер оны көре алмайсыңдар» деп түгел күстəналап,
есе сі не классик ақсақалдарды «əдебиетте түк бітірмеген»

деп əң гі ме айтып отырса, таңқалмаңыз. Ертеңіне əлгі жас
«талантты» түгін қалдырмай сыбап, əлдекімдерге қосылып
кеше ғана бірге талаған жасы үлкен ағасынан кешірім сұ рау-
дың жөнін таппай шыжбалақтап жүретіні тағы бар. Бір қы-

зы ғы əлгі айтақшылдарға бір рет еремін деп азғантай абы-
ройды айрандай төгіп алдым демейді, араға бір жыл салып
баяғы баланы қайта мақтап, баяғы шалды қайта сыбап ма қа-
ла жазуы əбден мүмкін. Осылайша бір қарағанда аумалы-төк-

пе лі, бəлкім кейбіреулердің көзіне тұрақсыздау кө рі не тін мі-
не зі бар десек те, ақынның жүрегінің түу түбінде қор ға сын-
дай бір салмақ бар. Ол беті толқығанмен түбі қоз ғал май тын
терең көл секілді. Бұлжымайтын, өзгермейтін, бір орнынан

жылжымайтын принциптері екінің біріне ұнай да бер мей ді.
Жалпы Аманханда біреулерге ұнау керек деген ой мүл де бол-

Аманхан Әлімұлы
майтын сияқты. Не дейсіз бұған? Марқұм Тəкен Əлім құ лов
қызық кісі еді. Бірде ағамызды ортаға алып сыра ішіп тұр -
дық. Не шайтан түрткенін білмеймін, Аманхан алым жоқ, бе-

рім жоқ, аяқ астынан «Көке, гəптің қысқасы нашар ақын сыз.
Өлең ді қойсаңызшы» десін. Маңай құлаққа ұрған танадай
тына қалды. Алматыда оған дейін де, одан кейін де дəл сон-
дай тыныштық болған емес. Аманхан сыраны бір жұт ты, аға-

мыз екі жұтты. Ағам бір жұтып аспанға қарады, Аман хан екі
жұ тып ағама қарады. «Жас жігіт, мен мə де ниет ті ақын мын»
деді Тəкен ағамыз көктен көзін алмай... Ке йін не болды? Кей-
ін түк те болған жоқ. Аманхан Тəкен кө ке сі нің хикаялары

туралы табақтай мадақ мақалалар жазды. Олары жыл дың
үз дік материалдары атанып, абыройға бөленді. Екеуі Тə кен
өл ген ше керемет дос боп кетті. Қазір де жас тарды жинап
Тə кен Əлімқұлов прозасы туралы лекцияға бер гі сіз əң гі ме-

лер айтады. Жастар демекші, мен жасырақ ке зім де аға ла ры-
мыз дың өзінен кіші ақындарды неге сонша мақ тай бе ре ті ні-
не таңданатынмын. Ал қазір түсінемін. Шын дық ты айтсам
жаңа өспірім жас шыбықты сындырып аламын ба деп қор-

қа ды екен ғой қайран ағалар. Арамызда қо рық пай тын жал-
ғыз адам Аманхан. «Сен өсе келе мынауский ақын бо ла сың,
əт тең надандаусың, оқуың журфактың деңгейінде қап қой -
ған, орыстарды оқу керек» деді бір жас ақынға. Мен ондайды

айта алмас едім, айтсам ана жігітті ауыртып алуым мүм кін
ғой, ол бірақ Аманхан ағасына ренжіген жоқ. Ке рі сін ше «рах-
мет» деді. «Ал мынау нағыз алаяқ болады, неге де сең өлең де
жазады, проза да жазады, əнге сөз де жазады. Ай тыс қа да кет

əрі емес. Композиторлығы да болуы мүм кін. Əн шы ға ра сың
ба ей?» деп сұрады соңғы модамен киін ген бір бозбаладан.
«Жоқ, аға» дейді ана байғұс көзі жы пы лық тап. «Шы ғар ма,
ұят болады!» деді Аманхан қадап. Несі ұят болады, бəтір-ау?!

Орыстарды оқу керек дегеннен шығады, қандай заманда
да Аманхан орыс əдебиетінен қол үзген жоқ. Мəскеудің əде-

Атақоныс
би басылымдарын жаздырып алудан жалыққан емес. Мəс-
кеу лік, Вологдалық ақындармен халықаралық телефон ар қы-
лы сөйлесемін деп ақысына бір айлық жалақысын тө ле ген

кездері де болды. Олармен достығы М.Горький атын да ғы
əдебиет иниститутының екі жылдық курсында оқы ған жыл-
дарында басталды. Бір қызығы Мəскеуде оқығаны туралы
еш жерде жазбайды да, айтпайды да. «Несіне мақ та на мын?»

дейді. Бізге қарағанда бүгінгі орыс қоғамында өлеңнің
қадырі бар. Яки ақындардың айтқанына құлақ салынады.
Біз де гі дей ақын өз алдына, саясат, билік өз алдына ауа жайы-
лып жат қан жоқ, саясат қанша дегенмен қоғамдық пікірден

аяғын тартады. Орыс əдебиеті дегенде айылын жимайтын
Үкімет орыста болған емес. Қазақстандағы секілді бетімен
кеткен саясатшылар, білгенін оттайтын саясат, жел қайдан
тұрса солай қарай құлай кететін ғалымдар, билікке лəппəй

тақ сыр лап күн кешкен жазушылар оларда Қазақстандағыдай
ба ға лы емес. Мүмкін, ғалымдарының алды Нобель сый-
лы ғы на ие боп (Ж.Альферов), ақындарының алдын бү кіл
христиан əлемі пайғамбардай (Ю.Кузнецов) ардақ тай ты ны

да содан болар. Əлде, Ресей сияқты алып империяны ұс тап
тұру үшін ұят-иманды да ұмытпау керек пе екен...
Аманхан Мəскеуден оралған соң өлеңге басқа көзбен
қа рай бастаған секілді. Аз жазатын, аз жарияланатын бол-

ды. Əт тең, сол М.Горький атындағы əдебиет институтынан
қол үзіп қалғанымыз дұрыс болмады. Орыс шовинизімін,
орыс тар дың кейбір салт-дəстүрлерін жек көруіміз керек,
бі рақ оның əдебиетінен үйренуді жоққа шығарып не бе-

реке табамыз? Орысты білу керек, содан кейін жек көр сең
сені тыңдауға болады. Білмейсің, түсінбейсің, оқуға са уа-
тың жетпейді, қарадан қарап жек көремін дейсің, ке ші рі ңіз
мұныңыз Абай заманындағы надандықтың өзі. Аман хан ның

«орысшылдығы» осылай дейді. Қыза-қыза келе орыс ұлт-
шыл да ры ның «держиморда» қылықтарына да еліктеп, оны-

Аманхан Әлімұлы
сы сол кездегі Үкімет басшысы Əкежан Қа жы гель динн нің
құлағына тиіп істі бола жаздағаны да бар. Содан бері Қа жы-
гель дин нің Қазақстанға қайта оралуына жан-тə ні мен қарсы

екі кісі болса, бірі – Аманхан. Бірақ, одан Əке жан ның хаба-
ры жоқ секілді. Содан соң Аманханның ли ри ка лық «мені»
ресми билікті қолдай бастады, қазақтың табанына кір ген
шөңге менің маңдайыма қадалсын деп тіледі, ресми би лік ке

екі адам шын берілген болса бірі Аманхан еді, əттең ресми
билік соны білмейтін секілді. Ресми билік демекші, біз дің
көбіміз Үкімет жаққа елеңдеп отырамыз. Баяғы Кеңес Үкі-
ме ті тұсындағыдай алақанға салып аяласа, құрметтесе, тіп ті

болмаса беделді жиындарға шақырып елеп-ескеріп отырса
екен дейміз. Шақырылмасақ өкпелейміз. Анадан гөрі мен
жақ сы жазамын ғой, ол неге құрметтеледі, мен неге сыртта
қала беремін дейміз. Ренжіп мақала жазамыз. Оп по зи ция ға

ке те мін деп қорқытамыз. Аманхан Үкіметпен арасын əл де-
қа шан ашып алған сықылды. Екеуі бірін бірі іздемейді. Тап
бүгін Министрлер Кабинетінің төрағасы немесе Министр
кім екенін сұраңызшы, Аманхан білмеуі əб ден мүмкін. Бұл

жа ғы нан ол кешегі Тəкен Əлімқұлов, Бердібек Соқ пақ баев-
қа ұқ сай ды. Расында, кімнің бастық екені Аман хан ға неге
керек, бастық бұған өлең жазып бермейді ғой. Міне, сізге
позиция!

Оның қай кезде де сынап-мінеп жүретін қаламгерлері –
Əб ді жə міл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Мұрат Əуе зов.
Үшеуі де оның ойынша «əдебиетке бергені жоқтар, қа зақ қа
жаны ашымайтындар, орысқа бүйрегі бұрып тұратындар».

Мұ рат Əуезовке тағар қосымша кінəсі «мұсылман дініне
қар сы қайдағы бір шаманшылықты (шамандықты демей-
ді) насихаттайды». Мұрат Мұхтарұлы исламға қашан, қа-
лай қарсы шығып жүр – естіген емеспін. Өз əкесі Мұхтар

Омар хан ұлы, арғы аталары Бақсайыс əулиеден тараған əу лет
болса Мұрат қалай дін дұшпаны болмақ – түсініксіз. Жалпы

Атақоныс
Аманханда бірден түсінуге қиын көзқарастар көп. Асылы, ол
туралы сөзді Аманхан жəне Темірбек Қожакеев деген та қы-
рып тан бастап, Аманхан жəне бүкілəлемдік сио низм торы,

Аман хан жəне мемлекетшілдік, Аманхан жəне Ас қар Сү лей-
ме нов, Аманхан жəне Тоқаш Бердияров, Аманхан жəне жас-
тар, Аманхан жəне заң журналистикасы секілді арналарда
таратып айтса əңгіме толық болар еді. Көріп отыр ға ны ңыз-

дай, тақырып көп салалы. Күрделі. Жүдə қиын да. Бір ма қа-
ла ға сыймайды.
Аманханның ең аз жазатыны Махаббат жəне Дін та қы-
рып та ры. Махаббатты неге аз жазатыны өз ісі, ал енді ата-

бабасы сонау ата қоныс Араб жерінен біздің сахараға ислам
ді нін насихаттаймын деп келіп тұрақтап қазақ боп кеткен
ауыл дың баласының дінге салқындығын қалай түсінеміз?
Пай ғам бар дың хадистерін тəржімалауға шақырамыз Аман-

хан келіспейді. Діни кітаптарды аудар дейміз тағы да мойы-
ны жар бермейді. Жұма намазға баралық дейміз уақыты
болмайды. Сөйтсек оны дін саласындағы жа сан ды лық тар
мен жəдігөйліктер жиіркендіреді екен. «Иман келтіру, бес

уа қыт намазын оқу, ораза тұту, садақа беру, қажыға бару...
Мен оның ешқайсысына дайын емеспін. Кезі келеді, да йын
боламын, сол күннен бастап дін қағидаттарын дұрыс ұс тау-
ға кө ше мін. Оған дейін өзімді де, өзгені де алдайтын жа йым

жоқ. Басқа күнəларым да жетеді» дейді.
Дін жолындамын дейтін екіжүзді еркектер мен əйелдер
оның өз тілімен айтқанда «кісінің жынын келтіреді».
Жазушылардың өздері жасап алған «жекеменшік жер-

ұйық та ры «яки сүйікті бір мекендері болады. Мысалы ма,
мысалы У.Фолкнердің Йокнапотафасы, К.Паустовскийдің
Ме ще ры, Ə.Нұрпейісовтың Аралы бар. Бұл дағы суреткердің
өзі ғана түсінетін жəне өзін түсіндіре алатын өз əлемін із-

деу ден туатын болса керек. Аманханның Йокнапотафасы
дария. Сырдария. Жыл он екі айдың қаншасын дарияда өт кі-

Аманхан Әлімұлы
зе ді оны өзі ғана біледі. Менің білетінім жиі барады. Сөй те
тұра оның туған жер туралы түсінігі басқа. Ол Алматыда,
Астанада тұратын кейбір ақындар мен жазушылардың ту-

ған жерін, туған елін сағынуын «фальшивая тоска» дейді.
Мұ ны сы, əсте кезінде Мəскеуден үйреніп келген орысшасы
болса керек. «Фальшивая тоска» иелерін иттей жек көреді.
«Əу же ке-ау, адамды туған елін сағынғаны үшін жазғыруға

бола ма?» деп ара түсе бастаңызшы, дереу «сенің айтып тұр-
ға ның марксизм үйреткен мəтібилік қой» деп өзіңізге бас са-
лады. Кейін білсем, таяқ тастам жердегі ауылын сағындым
деп өлең жазатындар, біріншіден, өтірік жылайтындар, екін-

шіден, өзіне дейінгі ақындардың ауыл туралы өлеңдеріне
елік теп варияция жасайтындар (мықты болса өзінше жазбай
ма?), үшіншіден, ең жаманы ауыл туралы өлеңдерден кө бі не
тар шеңберде қалып қойған надандықтың исі мүңкіп тұ ра ды

(мұнысын өзі орысшаға «ограниченность» деп аударады),
одан да жаманы жершілдіктің, рушылдықтың құлағы қыл-
тиып тұратыны тағы бар деп түйеді. Құй келісіңіз, құй ке ліс-
пе ңіз əңгіме осы. «Ауылымды аңсап жыласам, етегім жасқа

толады» деп жазған ақынға телефон шалып, «Не басыңа
күн туды, қатындарға ұқсап жылағанша автобусқа билет ал
да барып кел!» деп ұрысты. Трубканы қойған соң тағы да
«адам ның жынын келтіріп» дегенді қосты.

Қожатоғай ауылының тұсында дария жайылып барып,
иін жасап оралып ағады. Бейне ертедегі орыс пей заж шы-
ла ры ның суреттеріндегідей бір əдемі көрініс. Жарқабақта
Май лы қо жа ақынның үйінің орыны бар. Ақын сол биіктен

тө мен де лайтып жатқан жойқын өзенге қарап отырғанды
ұна та ды. Топ тораңғылдың теңге жапырықтары тынымсыз
сыбдырлайды. Тораңғылдың бұл түрі тек Сыр бойында ғана
өсе ді. Басқа аймақтарды жерсінбейді. Бұл өзі қызық ағаш.

Ес кек ті қайықпен жүзіп барып ортадағы аралдан шөп орып
жүр ген ауылдың балалары айқайлап сəлем береді. Бір кезде

Атақоныс
өзі де осындай желқайықпен арғы бетке талай қатынаған.
Ол кезде дария арналы да еді, асау да еді, көктем сайын
таситын. Бұрынғы шалдар тасудың екпініне қарап «мына

тасу қазан төңкерме» немесе «жын буған» деп ат қойып
жататын. Көктем жəйлі келіп, мамыражай жазға жалғасса
жер гі лік ті халық «гүл тасу келді» деп қуанады. Ілгеріде
қа зақ тар жоғарыдан салды, қайықты жақсы пайдаланған.

Қа йық шы лық əкеден балаға мұра боп қалатын кəсіп еді,
бү гін де екі үйдің бірінде моторлы қайық бар. Сал серуен
ғана емес, керек-жарақ жеткізіп алатын тасымал құралы,
кө лік. Аманханның Майлықожа атасы ақындығына қоса

он саусағынан өнері тамған шебер де екен. Бірде салмен ар-
тынып тартынып кеп осы иінде тоқтап, жүгін түсіріп жатса
керек. Жағада орысша оқыған баласы əкесіне көмектесудің
орнына қолын артына ұстап əрі-бері жүрген көрінеді. Соны

бай қап тұрған қу жақ ақынның бірі атпен шауып барып «Дат,
тақсыр!» депті. Сөйткеңше Майлықожаға ес жиғызбай тұт-
қиыл дан екпіндетіп:
«Тақсыр-ай, жоғарыдан сал ағыздың,

Салға артып бір-екі үйлік тал ағыздың.
Өзіңізге істетіп қарап тұрған
Тап енесін ұрайын балаңыздың»,–
депті де атын борбайлап кері қашады. Мақсат – Майлы

ақын ның жауабын тоспау, тосса жеңіліп қалуы мүмкін ғой.
Бұ рын ғы лар да қулықты жаман меңгермеген секілді. Есесіне
«пə лен жылы көктемде Майлықожаға былай дегенмін» деп
айтып жүруге жақсы... Сол дария, сол жағалау... Ана қол-

тық та бала кезінде балық аулады. Мына жерде əкесі Əлім-
қо жа ақ са қал ға қолқабыс жасап шөп шапты. Ал əне бір жер-
де тұң ғыш рет көршінің қызының күлкісі сұмдық сұлу боп
естілген... Қариялардың көбі жоқ. Достары да жан-жақта.

Аманхан Әлімұлы
Ауыл сыр тын да ғы көне қорымның етегі созылып бірталай
жерге жетіп қапты. Қабырстанға барған сайын жүрегі шан-
шиды... Бəрі де өзі білетін адамдар. Əке кесенесі, ана бейіті,

ту ған туыс, ағайын жекжаттар... Əр барған сайын жаңа өлең-
дер жазып келеді. Енді бір сəт Аманхан «жасаған» да рия ға
құлақ түріп, Аманхан салған суреттерді тамашалап көрелік:
Жанымның жабырқаса сүйенері,

Не деген су сылдыры киелі еді,
Толқыны бұйраланып баяғыдай
Түсіме Сырдария жиі енеді.
Білмеппін көкке сіңіп кетерін мен

Сондағы бір түтіннің жеке өрілген,
Жылтылдап көзге ұратын Сырдария
Көкжалдың жонындай боп көтерілген.
Арбайтын жанарымды сағым кешкі,

Сағымда қанша бала бағым көшті.
Ойымды бұзды кенет апам дауысы,
Жоғалған кешегі, əсте табылды ешкі.
Немесе мына бір суреттерге қараңыз:

Құс шалған лашындай жеткен едім,
Ұстатпай кетті бірақ ұяң көктем.
Алыста Ай алтыбақан тепкендей ме,
Тербеліп дарияның түбінде тұр.

Тораңғыл төбесінен түскен сəуле,
Аумайды бойжеткеннің шалмасынан.

Атақоныс
Қызылқұм үрлей соққан үрме құмды,
Көтердің кеудемдегі сірге мұңды.
Сағыныш саған деген сары белдік,

Шеше алмай, білесің бе, жүргенімді.
Қоздаған шоқ секілді ойымды үрлей,
Соқты жел ішін тартып тойым білмей.
Жағада жүрмін ертіп көлеңкемді,

Миямен пісіп толған бойым бірдей.
Оқырман осы тақылеттес жырларды оқығанда миямен
бойы бірдей балалық кезін аңсаған ақынның жүрек дүрсілін
ес тіп отырғандай күй кешеді. Бəлкім ақын бақыты деген сол

болар. Дарияның түбінде тербеліп тұрған Ай да керемет су-
рет. Дария Аманхан үшін географиялық бір нысан ғана емес,
жо ғалт қа нын табатын, келмесін сағынатын, өткенін ой елегі-
нен өткізетін, келешегіне сын көзбен қарай білетін, күнделікті

күй кі тірліктің шаң тозаңынан арылатын, арылып қана қой-
май қаршығаша сілкініп өмірге жаңаша бір ұмтылыспен,
тың бір күшпен қарайтын рухани əлем. Адамда осындай бір
ішкі əлем болуға керек. Əйтпеген күнде жұтаңдық, жү деу лік

қа мы ты мойныңнан түспей қояды. «Ақындар провинцияда
туады, Парижде өледі» дейді екен француздар. Қазақ жазба
ақын да ры ның соңғы төрт-бес буынының тағдырлары ұқ сас.
Ауыл, ауыл мектебі, Алматы, Университет, газет редакция-

лары не баспа маңындағы жұмыстар... Жұтаңдау өмір баян-
дар екені көрініп-ақ тұр. Тіпті, жасы отыз-қырыққа келгенше
ауылы мен Алматыдан басқа жер көрмеген ақындар қан ша-
ма? Əрине, ондайлар саусағын сорып өлең жазады, онысын

саусағын сорып отырып өзі сияқтылар оқиды. Арасында əс-
кер де болғандары, өндірісте, шаруашылықта, əдебиетттен
бас қа салада жұмыс істегендері, өмір көргендері аз болды.
Əдет те, əскерде болған азамат пен болмаған азаматты бір-

Аманхан Әлімұлы
ден та ну ға болады. Аманхан «Еске түсті жастығым əс кер де-
гі» деп басталатын цикл өлеңдерінде үлкен аза мат тық ойлар
түйеді. Сөйтіп əдебиетке келмес бұрын өмірдің неше түр лі

баспалдақтарынан өтіп табанының бүрі бар, əйел өсек тен,
қыбыр-жыбыр ұсақтықтан, ішінен қыл айналматын қыз ған-
шақ тық тан, бақай есептен, ынжықтықтан, дос тың жетістігін
кө ре ал мау шы лық тан ада, тік мінезді, бірбеткей, ерік күші

мық ты азамат болып қалыптасты да, бұл қа сиет тер өз кезе-
гінде оған ешқашан жылаңқы, бұлдыр, босбелбеу, жа ғым-
паз, жасық өлеңдер жазғызбады. Оның əйелдер поэзиясына
бө лек теу көзбен қарайтыны, ақынмын деп алдына келген

жас жеткіншектен əуелі өлеңнің шеберін емес, ер аза мат -
қа тəн қасиеттерді іздейтіні, ол қасиеттерді таппаса жатып
келіп ашуланатыны туралы талай алыпқашпа əң гі ме лер бар.
«Өлең ді ит те, құс та жазады, ең алдымен еркек бол» дей-

тінін жастар түгілі қатарлары да түсінбей түрлі-түр лі баға
беріп жатса да Аманхан өз принципінен айнымады. «Жы-
лаң қы лық сатқындықтан да жаман» деген ой түйіні əде мі
ай тыл ған əсем сөз ғана емес, өмірлік кредосы екенін екі нің

бірі біле бермейді. Оның тірліктегі де, өлеңдегі де көп қы-
лық та ры Тоқаш Бердияровты еске түсіреді. Марқұм Тоқаш
аға мыз дың өмірдегі ең жек көретін нəрсесі жасандылық бо-
латын. Оны кейбір естелік жазғандар «ылғи бастықтармен,

атақ ты лар мен айқасып жүретін» деп əжуалағысы келеді.
Олай емес. Əңгіме қызметі өскен адамның өтірікке біртабан
жа қын тұратынында. Əңгіме атақ алу үшін кейбіреулердің
арын сататынында.

Аманхан бір ақын ағамыз жөнінде «оның махаббат ту-
ралы өлең жазуға моральдық құқы жоқ» деп кесіп айт қа ны
бар. Бұны біз күлмекке жақсы қысыр сөз деп қабылдадық та
қойдық. Тағы бір ақын апамыздың кітабының соңына «Сен-

беймін!!!» деп үш бірдей леп белгісін қатар қаздитқанда да
күл дік. Осы бір күлкі Аманханға емес, өзімізге өзіміз бер-

Атақоныс
ген баға емес пе? «Ал сен»,– деді бірде маған, «неге Қо жа-
то ғай ға жиі кетіп қала бересің?» деп сұрайсың. Біраз үн де-
мей тұр ды да «адамның жынын келтіріп...» дегенді қосты.

Əл бет те, өнер адамының қанша ерік күші мықты болса да
іштей жаситын, өкінетін, опынатын, кейбір достарының сат-
қын ды ғы на, бейшаралығына, атақұмарлығына зығырданы
қай най тын кездері болатыны анық. Содан соң «тағы да Қо-

жа то ғай ға ма?» деп сұрамайтын болдым.
Аманхан ешкімге ұқсамайтын азамат, сондықтан да еш-
кімге ұқсамайтын ақын. Не десек те оның осы күнге де йін
шен-шекпен, қызмет, атақ-даңқ деген керуендерге қос қан

же тім тайлағы да жоғы рас. Ортамызда осындай ақын ның
барына өз басым қуанамын. Əлбетте, мұндай ақындар көп
болса нұр үстіне нұр. Бірақ, Аманхан жалғыз. Қожатоғай жо-
лын дағы жапандағы жалғыз ағаш секілді. Жақсылардың аз

болатыны, жалғыз болатыны несі екен осы?
Есенғали Раушанов

Аманхан Әлімұлы

ЖАЛҒЫЗ ТЫРНА

Күз деген қанат жайып қырда маусым,
Қақпанын қайтқан құсқа құрған-ау шын.
«Елім-ай» əніндегі мұң сазына,
Мысалы, ұқсатамын тырна даусын.

Шұбырма шуда бұлты араласқан,
Тарылып талма түсте бара ма, аспан?
Шынымен кеткенің бе, ей, сырық мойын,
Соңыңа қайрыла бір қарамастан.

Бойына шақтап жинап бізге арнарын,
Қалатын шығар қармап Күз қармарын?
Қаншама суық ұрса тоңған жерден,
Соншама сезем көкте ызғар барын.

Соңыңа қарамасаң қарамағын,
Жанымды келмесе де жаралағым, –
Жүзімді шайып дымқыл ауадағы,
Шашымды салқын желмен таранамын.

Сыз өтті куə етіп құла түзді,
Е, Алла, тезге салып сына бізді.
Ей, тырна, сен де жалғыз, мен де жалғыз,
Жайсыздау қарсы алдық-ау, мына, Күзді.

ҚЫЛЫҚТЫ ҚЫЗ

Қылықты қыз қыпша бел, қиық қасты,
Тұрсам да мен алдыңда иіп басты, –
Менен бұрын жел сипап бұрымыңды,
Менен бұрын тағы сол сүйіп қашты.

Қылығымды құлындай тұсады ма,
Бала шағым басымнан ұша бұла, –
Менен бұрын Ай нұры аймалады,
Менен бұрын түн алып құшағына.

Атақоныс
Аңғара да бермейтін күйді кейде,
Текке ұшпа сезіммен сүйді дей ме? –
Менен бұрын көк нөсер жуындырып,

Менен бұрын тəніңе тиді жейде.
Тартып тағдыр тағатсыз күзіңді алға,
Бойымды алған кезінде ызың, шалма, –
Менен бұрын ұйқыңнан таң оятып,

Менен бұрын Күн шайды жүзіңді алма.
Көрінісіндей көңілсіз жасты күннің,
Мысы еңсемді бір мезгіл басты мұңның.
Бақытты артық бəрінен сезінер ем,

Тисе басым шетіне жастығыңның.
* * *
Қарайған жар жағаның сес сілемі,
Ін қашты жықпылына кешті іледі.

Дария жақтан ескен желмен бірге,
Шибөрі жыласы да естіледі.
Сыбдыры естіледі қамыстың да,
Қияқ та қамыспен қас қағыстың ба? –

Дірілдеп тұрсың желдің өтінде сен,
Лебі де сезіледі ағыстың да.
Көңілді келе-тұғын қайғы алыпқа,
Ұғатын сияқты-ау жай халық та.

Қаншама салғанменен қармақ қаппас,
Ұқсайды көкте жүзген Ай балыққа.
Тұрмыз біз Сыр бойында қиық қастым,
Жағаны қашты, ой-хой, сүйіп тасқын.

Көнекөз басын бүкір тораңғыл да,
Тұрғандай алдында бір иіп жастың.
Сіңіріп өскен бойға дала күйін,
Мұндай күй кешкен емес бала қиын.

Көкте Ай, саған жерде қол жетпейді,
Көңілді қайда қоям алақұйын.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Қалатын жылан қабық қақ жайында,
Қытымыр қысқа келер бақ дайын ба?

«Қандай мұңды қоштасу жапырақпен», –
деп тұрғандай дірілдеп ақ қайың да.

Ілініп кірпігіме тұрған арай,
Қашады сумаң желмен қырға қарай.
Ана бір көш соңында бара жатқан,
Алар ма екен жолға тырна жарай.

Қалдырған артына дерт айықпастай,
Мезгіл де жатыр сырын жайып тастай.
Сап-салқын дарияның тұр астында,
Қалтылдап қаңтарылған қайық басты Ай.

Кешеден ашылмастан күз қабағы,
Жер салқын күй кешеді сыз тағалы.
Тінткілеп қойны-қонышын тоғайдың да,
Суық жел сумаң-сумаң із бағады.

Келмейтін тапты дерге аз-ақ тыным,
Басқалы қашан қайран жаз аптығын.
Кімдерге жүрдек уақыт тізгін қақты,
Қалдырып бара жатыр қазақ мұңын.

Алатын атам қамыс баулап Сырдан,
Түскенде қоңыр бір күз аунап қырдан.
Жағада жалғыз-жарым қалған үйрек,
Жаным сен емессің бе, ей, жаурап тұрған.

* * *
Бір сырды сыбдыр қағып,

Шерте бізге, –
Жап-жас бақ тұрды ырғалып,

Ерте күзде.
Қайыңға жел тиместен,

Тұр-ау жайлы, –

Атақоныс
Қыздан мұңды күй кешкен,

Бір аумайды.
Сыр-сыр еткен, қинап бір,

Сыпырғысы, –
Жапырақты жинап жүр,

Бүкір кісі.

Жарым көңіл, құла түз,

Асыл аға, –
Тынышты алған мына Күз,

Басыла ма?
Қатпа Күз берді бүгін де,

Бір-ақ хабар, –
Мекенімнен түбінде,

Тұрақ табар.

* * *
Қара бұлттай үйіріліп басқа бір мұң,
Тұрмын үнсіз басында жас қабірдің.
Қаза меңдеп жүректің қысылғаны,

Мысалы, қына түскен тасқа кірбің.
Ерте орап өрім жасты ыз кебінге,
Тірлігін о, Жаратқан, үзгенің бе?
Табиғат түк болмаған сияқтанып,

Маужырап тұр қалыпты күз лебінде.
Жүретін шуақ берді сезіп күндей,
Жарына жесірлік боп кезіктің бе, ей? –
О, жастық отбасылық тіршіліктің,

Қызығын жүрген кезде сезіп-білмей.
«Ұстағын ажал ғайып» – деуді есіңде» –
десең де келтірместен «беу» десінге,
Шыбын жан шығып кетсе шырыл қағып,

Кім ұстап тұра алады кеудесінде.
Басына қойды қиық мыстан Айды,
Енді оны тірлік түкте қыстамайды.

Аманхан Әлімұлы
Қоңыр күз жайлы тиді жамбасыңа,
Əйтеуір, тисе жақсы қыс та жайлы.
Жарына жаңа үйленген азап-ау шын,

Есітіп тұрмын ащы қаза даусын.
Шүкірлік етем, бізге қарағанда,
Күнə мен кінəдан сен тазалаусың.
* * *

Жасадым деген жетпей қам бір кешке,
Күн түсіріп батты, əне, қалбырды еске.
Өткізгендей електен көкте біреу,
Себезгілеп жауып тұр жаңбыр кешке.

Келтірмейтін тірлікті қайғың дерге,
Қоңыр мезгіл қом кешін жайды іргеңде, –
Ауыл менен дария арасында,
Əңгелектей дөңгелеп Ай жүргенде.

Былдыр қағып қыраттың ақ бұлағы,
Ұят қысқан ұяға шақ құлады.
Ат тұяғы ізінде дөңгеленген,
Қалды ымырттан қызарып қақ құлағы.

Көңілсіздеу көріністі көз аулады,
Күз тоздырған ауылдың бөз-ау бағы.
Қуалаған бір-бірін толқындардай,
Бұзады екен көңілді сөз аумалы.

Ұялаған көзіңе желік бір мұң,
Елеместен жаңбырды елік, құрбым, –
Жағасына су жеген дарияның,
Үсті-басың малмандай келіп тұрдың.

Оңып тұрған жайым жоқ өзімнің де,
Жасыра алмай сезімді көзім күлме, –
Сені сүйем дей алмай, бұтып-шатқан,
Құлағыңа қалқатай сөзімді ілме.

Дей аламын қалайша емес нала,
Оу, уақыт, өттің-ау сен есті ала.

Атақоныс
Көне қорыс сияқты тозып бітті,
Сол кездерден қалыпты елес қана.

ЕСТЕЛІКТЕН

Қара қарға ақ қардың үстіндегі,
Адам ойлап табатын ұсқын ба еді.
Азынап тұрған суық ішін тартып,
Мысалы, жайсыз тиген қыстың демі.

Танытып созылмалы сараң қылық,
Келеді түсіп белден қараңғылық.
Басталып кетті бассыз арты алапат,
Бас-көзге қарамайтын баран бүлік.

Ақ қар мен баран бүлік үндескенде,
Кететін шығар ұқсап түн көшкенге.
Сыртта аяз, үй оданда өткен суық,
Кешпеген шығар мұндай күйді еш пенде.

Бүлікті баран боран емес нала,
Мұнымды соқыр сезім демес бала.
Алматы жақтан ескен жылы желдей,
Жанымды жылытады елес қана.

Елес пе, елес деген ақ құба қыз,
Қонғандай басымызға бақ бұламыз, –
Қасыма отырдың сен қыңбай қысқа,
Есіме салып жазғы шақты нағыз.

* * *
Бұлдыр-бұлдыр ойнаған құба сағым,
Сүйемін мен ауылдың бұла таңын.
Кермек дəмді, иісі танауға ұрды,

Жусанын да, содан соң, ұнатамын.
Арман құсын қырандай ілгенімде,
Қадіріңді туған жер білмедім бе?
Сенде есімде баладай жылағаным,

Тағы есімде сəбидей күлгенім де.

Аманхан Әлімұлы
Мерез мезгіл жаныма қаяу сала,
Тұрмын келіп басыңа аяулы ана.
Жатаған жусан жайлап қабіріңді,

Желменен тербеледі баяу ғана.
Қаз даусындай қоймайтын созбасыңа,
Дуалы ауыз індеткен сөз басы ма?, –
Жусан дəмі сияқты кермек атқан,

Еріксіз ерік бердім көз жасыма.
Көңілсіздік көкейді тесті күле,
Жинап енді жатқанда есті, міне.
Қарап тұрып көңілім құлазиды,

Жүдеу-жадау ауылдың кескініне.
Селеудей секем алған айыр басы,
Көңілдің бұл, қарағым, қай ырғасы?
Созылып кетті неге қазақ мұңы,

Секілді «Елім-айдың» қайырмасы.
* * *
Бойы кеткен үйреніп шуға, мына,
Көңіл, шіркін, жоқ-барды қумады ма?

Өзімменен қалғанда өзім кейде,
Қуанамын ауылда туғаныма.
Салып мұздай алаңсыз қар мойынға,
Ерік беріп қыз-жігіт жарда ойынға, –

Жүрген кезде, жататын Сыр суытып,
Табиғаттың салқыны бар бойында.
Ай сəулесі ілініп тораңғылға,
О, туған жер ақ қарға орандың ба?

Сирек келер ашуы кең адамдай,
Анда-санда соғады боран мұнда.
Тауысардай адамның су шыдамын,
Кезіп Сырдың жағасын у-шу ағын, –

Қыс көрсетіп кей-кейде қытымырлық,
Құтыртып бір қоятын қу шұнағын.

Атақоныс
Кіді мінез көрсетіп бақтан безін,
Шытынап бір тұрғанда ақпан көзің, –
Аспай-саспай ауылдық мінезбенен,

Күн райын есімде баққан кезім.
Өткеніңнен қол үзіп кетпей бекем,
Сағыныш та аңсаудан көктейді екен.
Алаңдай беремін мен ауыл жаққа,

Тұрғандай əлдене бір жетпей, көкем.

* * *
Отырған қыз беріліп бақта, мұңға,
Ұқсап сендік көңіл күй ақпа құмға, –
Сусып неге тұрмайды бір қалыпта,

Келетіндей жентке сақтадыңға.
Көзі тұнық, сықпа бел, қияқ мүсін,
Айтшы, кімнің алдында ұяттысың?...
Жаның отыр жабырқап, сезінемін,

Жел гулеткен бос құбыр сияқтысың.
Болды неге шақшадай шара басың,
Сүйгеніңмен түсті ме араға сын.
Құлазытпа көңілді құла түздей,

Қарамаса, о, неме, қарамасын.
Беріліп елден ерек бір сынға ерік,
Кеудеңді кеткен кезде күрсін керіп, –
Жападан жалғыз өскен, жел өтінде,

Мысалы, сені талдай тұрсын делік.
Қайрақтай пышақ салды төзім едің,
Таппасаң болмас енді өзің емін.
Күйе түскен текемет сияқтанған,

Өсек жеген жаныңды сезінемін.
Өмір өтті өксікпен дей көрмегін,
Басты ісіңе айналар кейде ермегің.
Отырған қыз, беріліп бақта мұңға,

Өзіңді-өзің жегідей жей бермегін.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Сақтап өткен ерекше күйді есіңде,
Бозбалаға көңілің игесін бе?, –

Көйлегіңнің етегі дөңгеленіп,
Вальс билеп жүрдің сен би кешінде.
Көңіліңнің жаққандай күйі, мына,
Қолын артып жұп-жұмыр иығыңа, –

Ол да сені тартады əңгімеге,
Туа бітті қарамай тұйығыңа.
Екеуіңе қызығып алыста Ай да,
Дегендей бір қараспен табыспай ма? –

Дөңгеленіп барады əңгелектей,
Дəл сондайлық қабақты қағыс қайда?!
Қас қағымдық сезімді соза алдың ба,
Дөңгеленген дүние көз алдымда, –

Вальс десем мен сені, теңеу ғана,
Келген бірге содан соң сөз алдыңға.
Көктем келіп, шақ еді ақпан безді,
Елестетіп жұлдыздай аққан кезді, –

О, шіркіндер бақытты, қайдан білсін,
Сырттарынан сұқ қадап баққан көзді.
* * *
Болатындай екпіні селдің десе,

Жатып алды өтінде желдің көше.
Түсімде, Апа, өңімде сияқтанып,
Неге үйге үн-түнсіз келдің кеше.
Келер деуге мынаның саяғын-ай,

Күзгі түнде қанатын жаяды Ай.
Жылы пешке арқаңды беріп қойып,
Жүнді түтіп отырсың баяғыдай.
О, не деген таусылмас төзім едің,

Болмас енді таппасам өзім емін.
Жете алмайтын түбіне сөзді қуып,
Кеткенің не дейсің сен, сезінемін.

Атақоныс
Сөз бе, білсең, сөз деген дертім менің,
Сөзбен бірге шығады еркін демім.
Ішіп кетсем өлердей, тал бойыма,

Бітті ондай, о, Апа, бертінде мін.
Табиғат та шыққан бір ызды атағы,
Суық тиген жаныма Күз батады.
Сөз сіңірген бойына жүрегімді,

Ел мен жердің қайғысы сыздатады.
Неге тағдыр бастаған өртің демен,
Жап-жақсы ақын атандым бертінде мен.
Мұңды көзбен бермеші қарай маған,

Саған əлі сырым көп шертілмеген.
Іштім, жедім, аш болдым, торықтым да,
Əлде сол бір жайлардан қорықтың ба? –
Сенің үйге түсімде келгеніңді,

Келмейді ешбір адамға жорытқым да.
Болатындай екпіні селдің десе,
Жатып алды өтінде желдің көше.
Түсімде, Апа, өңімде сияқтанып,

Неге үйге үн-түнсіз келдің кеше.
* * *
Қылаулатып түсті де Күз ақ бетті,
Түсіретін сияқты тұзаққа епті, –

Сендік шайы көйлектің сусылындай,
Мендік жастық сусылдап ұзап кетті.
Күздің қыстай келгені қылаулатып,
Менің мұңды жаныма тұр-ау батып.

Сағынышты ілдіріп қанатына,
Тырналар да қайтуда тыраулатып.
Қыс та түсер ақбасты зəрі мықты,
Мысалы, еске салып кəрілікті.

Алға тарта бермегін жасты, жаным,
Алпыс шалған көңілдің бəрі күпті.

Аманхан Әлімұлы
Өтті-кетті ұқсастау құс бағымен,
Қала-тұғын қарбалас тұста кілең, –
Төрт мезгілі сияқты табиғаттың,

Адамның да тағдыры қысқа білем.
Бұлт үйіріліп кəрілік аспаныңда,
Мұңға түпсіз беріле бастадың ба?
Шəйі көйлек сусылы сияқтанып,

Сусып өтті жастығым қас қағымда.
* * *
Қаныққандай қаншама жайға бастан,
Айдау қара жол жатыр Айға қашқан.

Ілбіп басып келемін, мың сан көзді,
Аспан таңба сияқты тайға басқан.
Суға ерте түсірген қайықтай түн,
Мақпал қара желкенін жайыпты, айқын.

Жүрегімнің басында запырандай,
Қалған мұң бар мəңгілік айықпайтын.
Үзілмеді бозбала белі қайда,
Тимегесін тағдырдың желі майда, –

Желтоқсан мен Жаңаөзен арасында,
Келе-тұғын əндер көп «Елім-айға».
Суси-суси келгендей құм қашқанға,
Дүниені дүбірлі мұң басқан ба?, –

«Құстар əні» сияқты жайлап жанды,
Тырна даусын созады түнгі аспанда.
Суық шалды табиғат кезің көпте,
Таусылмайды білемін төзім текке.

Қозғаннан ба, бойдағы қатқан қаны,
Қол құстары қадайды көзін көкке.

– Е, Жаратқан, – дегендей – байқа маңды,

Іліп көкке қойыпсың Ай тағаңды.
Айдау жолмен аспанға шығып кетсем,
Оралмайтын шығармын қайта мəңгі.

Атақоныс * * * Өтті бастан неше бір жай құсалы, Жұбатар көңілімді қай құс əні. Жел тербеткен айдынның түбіндегі, Дір-дір еткен ерінің Ай, мысалы. Кездестік біз көңілсіз енжар күзде, Е, Жаратқан болагөр сен жар бізге. Жалғыз ағаш жайды ма жапырақты, Бітіп аяқ тимейтін нең бар түзге. Ауада да дымқыл бір сыз бар, білем, Тығылатын құшаққа қыздар кілең. Жалғыз ағаш. Белес-бел. Сен екеуміз, Ұзамай-ақ жамылар мұз-қар сілем. Мен, ол... Сен үшеуміз келдік қайдан, Тірлігіміз аумастан желдік жайдан. Кетуіміз керек-ау, сірə, біздің, Ақ қайыңдар тербелген ендікке, Айнам. Асқан жолдың үстінде тұрмыз жардан, Шақырады біздерді бір ізгі арман. Қара суық қабынып қағынғанмен, Бақпай-тұғын сияқты қыр міз, қарғам. Етек-жеңін жел түрген бұла күзде, Кетіп тынсақ ақыры мына біз де, – Сенің, менің жанымдай жапырақты, Жалғыз ағаш қалмай ма, құла түзде? Ел қарамас бақыты тайғанда ерге, Аспан мəңгі мекені Ай қам жер ме? Бізді қайдам... Тік тұрып құлайды анық, Жалғыз ағаш жапырақ жайған жерде. ОЙ Тұратын көңіл қаузап, алып бойдан, Арыла қоймадық-ау қалтқы ойдан, – Ұйқымнан оятады қарып кейде, Шоқтай бір күл астында қалып қойған.

Аманхан Әлімұлы

АЖАЛ

Қарамастан қайғыға ұрған көзге,
Үлкен жолдың үстінде тұрған кезде, –
Беттен алды кетіріп берекені,
Есіп есер суық жел қырдан кезбе.

Анам өтті өмірден, ағам да өтті,
Ажал келіп қалғандай маған да епті.
Алла жазды ғайыпсың тосын келер,
Қалай қарай аламын саған кекті.

Кең жайлаған Кеңсайды белес-белім,
Қабірімдей топ-томпақ елестедің.
Не көрінді көрініп ерте көзге,
Еркінде Алланың емес пе едім?

Белгісіндей тал-шыбық бүршігінің,
Шығармын мен, о, өмір, бір шығының.
Балауыз шам сияқты от жеп біткен,
Бара жатыр қысқарып тіршілігім.

Тұр желіндей жер сызған сыздап аспан,
Қайда қоям көңілді мұзға басқан.
Осындайда, ойпырмай, өмір шіркін,
Теңін тауып ұқсайды қызға қашқан.

АҚЫН МЕН МОЛДА

Ақын:

Кімсің сен?
Молда:

(Таңданған кейіппен)

Молдамын. Жайлап алды аза маңды.

Келдім мен шығаруға жаназаңды.
Ақын:

Менің бе?
Молда:

Ия, сенің. Табытты көрмедің бе?
Ақын:

Тарлау екен. Сыймаспын көрге мүлде.

Атақоныс
Молда:

Бетін аулақ. Күпірлік ете көрме.
Ақын:

Өмірімді өлеңмен өргенімде,

Шынымен, өлгенім бе?
Молда:

Өлең сыйқыр. Келеді өзі елеске.
Ақын:

Оқылатын өлеңдей Құраның да,

Алланың сөзі емес пе?
Молда:

Ақын Алла деймісің, сонда маған...
Ақын:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

Өлім құрдас,

Баста тұрмас.
Молда:

Неге сонша ойнайсын өлімменен,

Табытты ала келдім өзімменен.
Ақын:

Мен емес, жауым беріп тапсырысты,

Бүлдіріп жүрген шығар тақсыр істі...
Молда:

Онда ол ілікті Алла назарына,

Гүл емес тікен өсер мазарына.
Ақын:

Жо...жо..жоқ, тиіспеңіз,

Жүгінсін енді о, шіркін, өз арына.
Молда:

Сонда да, бəрін ұқ...

Балалық, жастық, кəрілік,

Осынау, өтер өмір үш өрімді,

Біледі Алла көресі, ішеріңді...
Ақын:

Дозақ та, ұжымақ та үйім менің,

Білмеймін қайсысына түсерімді,

Е, Жаратқан...
Молда:

Осыны білсең болды,

Бір Алла көрсетеді қалған жолды...

Аманхан Әлімұлы
* * *
Бүгінде Сіз де басқа, біз де басқа,
Ерікті беріп тұрмыз үзбе жасқа.

Барады жар жағалап жалғыз үйрек,
Ұрынып қалған білем күзге, қасқа.
Сап-салқын ауа, шіркін, алып бойдан,
Арыла алмай жүрмін қалтқы ойдан.

Сан саққа кетіп сана жамырайды,
Қозыдай енесінен қалып қойған.
Желіндей жерді сызған сыздап аспан,
Көңілді шала-тұғын ыз ба, бастан?..

Өмірім өте шықты, сүйгенімен,
Мысалы, ұқсап ұшпа қызға қашқан.
Қаңбақтай жел айдаған түзден түзге,
Жастар да ұқсамайды Сіз бен бізге.

Кəрілік кəділікке келмей-тұғын,
Түскен бір суық шалып ізбе ең жүзге.
Көңілге алғандай бір түйіп демде,
Сағыныш тал бойыңды иіткенде, –

Електен өткізгендей өміріңді,
Өкініш ауыр екен күйіктен де.
Дария жағалауы қия беткей,
Өмірде өткел бермес қияметтей.

Сызылып сан тұрардай алдыңызда,
Тағдырым сонша неге ұяң етті, ей...
* * *
Ұқсады, мезгіл, делік атқа арынды,

Жеткізген көңіл қалды жат сарынды.
Шоқтай бір қарып алған қолын оқыс,
Жатты ол отқа тастап хаттарымды.
Көңіл ме, көңіл, шіркін, сызды шақта,

Мысалы, міз бақпайтын ызды қақпа.
Осылай өртеуші еді жапырақты,
Бүкір шал жиып-теріп күзгі бақта.

Атақоныс
Айтылмай алуан-алуан сыр көздегі,
Есті қыз елестетіп тұрды өзгені.
Сөйлейді от тілімен жел шайқаған,

Сезімім балаң менің бір кездегі.
Лүпілін жүрегімнің сезбедің бе,
Тұрған қыз көңіл күйде өзге мүлде.
Ұясы махаббаттың өліп-өшті,

Айналып кетті лезде көзде күлге.
Хаттарды жиып-теріп өртегенің,
Үзгенің махаббаттың ерте демін.
Жыландай жалын тілі сумаңдаған,

Жеп жатты ғұмырымды керте менің.

ЖАСЫРЫН СЫР ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Балағы жерді сызған бала кезде,
Желбас ем желік қуды дала кезбе.
Көлбеңдеп көз алдыма келген шағым,
Жайларды небір еске салады өзге.

Балалық, өте шығып асық атты,
Ұрынып тосын жайға басы қатты.
Қызының өліп-өшіп сүйдім деген,
Жанына сəл-пəл үлкен жасы батты.

Онда ол қыз өрімдей он сегізде,
Жататын ұқсап шөпті жон теңізге.
Өткеннен сыр шертетін, о, көңілім,
Мезгілсіз қайтқан құстай қон көне ізге.

Көне із жол жағалай ала қашқан,
Көңілдің көлеңкесі нала басқан.
Куəсі болған талай жайдың сырбүк,
Көңілсіз көзін жерге салады аспан.

Болмайтын ыстық айда төзіп пенде,
Əлде бір бойды алған сезіктен бе?, –
Басымнан сипай-тұғын еркелетіп,
Үстінде үлкен жолдың кезіккенде.

Аманхан Әлімұлы
Көзімнен көзін алып қашқан кезде,
Көргендей болушы едім аспанды өзге.
Со шағы менен емес, кездесетін,

Өзге бір жас көңілден сасқан кез бе?..
Мендегі білмейтін ол сезімді ерек,
Жүретін етіп жылы сөзін қорек.
Өзіммен алып кетер, со көңілді,

Білгенге шыдам шыңдар төзім керек.
Төсіне, көңілменен жайған кілем,
Жүруші ем алқа тағып Айдан кілең.
Ол кезде оның мені еркелетіп,

Жүргенін інісіндей қайдан білем.
Алдымда ұзын-ырға жол тұрды ызба,
Көңілді дегендей бір толтыр сызға.
Құпия күйі кетті ашылмастан,

Өлердей іңкəрлігім сол бір қызға.
Басатын уақыт, шіркін, күртік дей ме,
Мезгілсіз көктеген бір бүртіктейге, –
Келетін сол пəк сезім бұл күндері,

Ұйқымнан оятады түртіп кейде.
* * *
Жаны нəзік, сызба бел, сезімі ілме,
Ұқсай-тұғын қырмызы өзі гүлге, –

Прометей сияқты аспан жақтан,
От ұрлаған қыз көрдім көзі күлме.
Мысалы, жүзі жылы, Ай қабағы,
Көргесін жаның қалай жай табады.

Көңілім желді күнгі көлге ұқсап,
Кеудеме сыймай шексіз шайқалады.
Толқындай бірін бірі ерте қашқан,
Күндері өтіп жатыр ерке бастан.

Ұрлатып отын алған ұрма кезде,
Бір сырды мен білмейтін шерте ме, аспан?

Атақоныс
Алдыра қоймай-тұғын жүлге шалма,
Сезімді буыны жоқ тілге салма.
Шіркін, қыз, маған ақжал қысқа ұрынған,

Кездесті екен неге? Білмесе Алла?..
Бұл деген ашылмаған сыр-ау бекем,
Мыс басты мезгілің де қыраулы екен.
Тамшыдай тамып кетер қас қағымда,

Ілініп кірпігімде тұр-ау, көкем!
* * *
Үлкен жолдың үстінде тұрған кезде,
Жел соғатын ызғарлы қырдан, кезбе.

Түн ұйқымды бұзатын жайсыз түс те,
Жағамнан алғандай бір сырдаң безбе.
Құлаққа ілмей кеңесін сөзі өтімнің,
Жан-тəнімен жабыңқы сезетінмін, –

Алып қала Алматы көшелерін,
Келетінін кезбедей кезетін күн.
Жатқан бүкір бүк түсіп тастап белді,
Алматыға үлкен жол бастап келді.

Сезіндім мен со шақта ызғары ескен,
Тұра-тұғын күш барын жасқап желді.
Қалаға келді бала жел мінезді,
Таң қылып талай тайқы шелді көзді.

Өзі де со бір желдей бас білмейтін,
Содан соң алуан-алуан елді кезді.
Төксе де нұр-шуағын аялы аспан,
Табан тірер табалмай сая бастан, –

Талай болған қанжоса жас жүрегін,
Арақпен де улады аямастан.
Сақтай алмай төзімі қалпын мықты,
Жағасынан жанының жалқы үн шықты.

Алып қала ауылға келмейді екен,
Өгей өмір көрсетті салқындықты.

Аманхан Әлімұлы
Байлап беріп бағымды құса-мұңға,
О, Уақыт, адымды тұсадың ба?!
Бұл күндері ұмыттым қанша қыздың,

Тұрғанымды жылынып құшағында.
Есіп желдей бас білмес қырдан, кезбе,
Ажал, шіркін, сап-салқын ұрған көзге, –
Айтпай келіп ақыры алып кетер,

Кіді жылдар өтінде тұрған кезде.
* * *
Жандай-ақ жабырқаулы несіп баққан,
Сап-салқын тұрды бір леп есіп бақтан.

Көңілмен күпті болған сыртқа шықсам,
Жел болып шықты тағы есік қаққан.
О, мезгіл тұр-ау, білем, шараң құрып,
Көзге ұрды көрсетесің аран қылық.

Кеш түсіп келе жатыр мысық табан,
Болатын шығар қою қараңғылық.
Келуге үйге сезем еріндіңіз,
Өріктей тəтті əрі өрімді қыз, –

Осы бір көңілсіздеу кезде маған,
Əдемі болып неге көріндіңіз.
Ұқсайды төгілетін көзің көлге,
Ерекше сізге деген сезімнен бе? –

Кезіңде жылап тұрған көрінесің,
Мəжүн тал сияқтанып өзің де елге.
Сарғалдақ түске туған боянды Ай да,
Бір сезім маған деген оянбай ма?

Ең соңғы жапырақтай дір-дір еткен,
Жанымды жабырқаулы қоям қайда?

МЫНА КӨКТЕМ

Үзілген тамшы болып ерте көктем,
Жақтауын тереземнің шертеді еппен.
Барады сылқ-сылқ күліп бала бұлақ,
Жып-жылы алтынкүрек еркелеткен.

Атақоныс
Қысты ақжем дегендей бір аһ ұр түзде,
Түсіріп жіберді Алла ақырғы ізге.
Қаздар төмен, тырналар биік ұшып,

Лек-легімен оралып жатыр бізге.
Біз дегенім жылы жақ – Қазақстан,
Құстар көкте қанатын жаза ұшқан.
Күн дөңгелеп құлады ұясына,

Аумай қызған бүйірі таза мыстан.
Ауыр-ауыр ойларға баттым да ескі,
Өтіп қыстан аман-сау қатқыл десті, –
Жаңбыр менен сүт исі аңқып тұрған,

Көк шалғынға көміліп жаттым кешкі.
Тастай бір бүр бетіне қына тепкен,
Қағылмайды араға сына тектен.
Құлақтанып алыста Ай да туды,

Жайлы тиді-ау, сеземін, мына көктем.
* * *
Тұрған талға көрсетіп име қалып,
Қарай-тұғын беймезгіл күй ме, налып.

Қара күрең отырдым суға қарап,
Ап-ауыр мұң кеудемді билеп алып.
Жүрегімді сағыныш сыздатады,
Сыздаған бір со тұста қыз жатады.

Алып тұла бойымды, жан-тəніме,
Соққан суық желімен Күз батады.
Баяу түсіп келеді кеш қабағың,
Өтті-кетті жайларды еске аламын.

Желбір-желең жүр бала желөкпелі,
Алмағандай суықтың сес сабағын.
Мезгіл жанды келетін өртедіге,
Қылын көңіл күйімнің шертеді ме?

Еске алып отырмын кездерімді,
Көрінетін ұқсастау ертегіге.

Аманхан Әлімұлы
Тұрса да үйі қол созым, көз көрімде,
Ұқсап қырық бұрымы өзге өрімге, –
Көрінетін Күнекей қыз сияқты,

Іздеп шыққан із бағып кездерімде.
Жалынан бір ұстатып саяқ жалған,
Тірлігімді кез бар ма, аяп қалған?!
Ертектегі сияқты махаббатым,

Бақытпенен жоқ, бірақ, аяқталған.

* * *
Бой алдырмай болмысы құс төзімге,
Көрінбестен бір мысқал сұс көзінде, –
Білмей-тұғын шын атын ешбір адам,

Қайтыс болды қария қыс кезінде.
Кезді өткізіп басынан ауыр жастан,
Жақсы бір жан ауылға бауыр басқан, –
Сабау басты қалпымен еш зиянсыз,

Өтті өмірден оқыстан ауырмастан.
Тұрмай-тұғын алдыңда жиі ақталып,
Көрсететін үлгідей ұятты, анық, –
Жылап тұрды басында үлкен-кіші,

Ағайынын жоғалтқан сияқтанып.
Шыққан шулы дүние-ай айран-салы,
Қайда өтті екен қартыңның қайран шағы.
Сырын шертіп еш жанға айтқан емес,

Əрі жұмбақ келгені қайдан тағы.
Қаралы жұрт тартылған елеп пе, асты,
Мысалы, көңіл күйі желек қашты.
Соңында қалып шалдың қоржын тамы,

Содан соң қалды иті шелек басты.
Келмей-тұғын жағдайға арып күтті,
Қара суық жер бетін қарып бітті.
Қытымыр қыс, əйтеуір, қырын келмей,

Жеңіл болды жерлеу де жарықтықты.

Атақоныс

КҮЗГІ ЭЛЕГИЯ

Кетер ме екен, апырмай, асып белден,
Кешеге дейін күзден жасып келген, –
Жел қуалап барады жапырақты,
Жапырақ та барады қашып желден.

Үлгермеді-ау қоштасып жазыменен,
Бітер екен ақыры назы немен.
Дарияның реңін ашып жүрген,
Асып кетті аққанат қазы белең.

Өмір өтіп барады ұяң бастан,
Тіршілік-ай, түндігі жиі алмасқан.
Топ тырнаның көшіне сап түзеген,
Қарап тұрды бір бала қия алмастан.

Салып тұрған, қара Күз, сазға бекем,
Қияметің көрсеткен аз ба, көкем.
Көз жасы мен суығы қатар келген,
Өзі бір қиқар қылық жазған екен.

Қайда барып тұрасың жеріп тектен,
Тұр ғой Алла бəрін де көріп көктен.
Өткен жылдар басымнан бұлбұл ұшып,
Қар сияқты қолымда еріп кеткен.

Бір адамды жүргендей құшып, мекер,
Бос əуреге тұрмын ба түсіп бекер.
Емес пе екен, жүрегім, көкала үйрек,
Мезгілінен ертелеу ұшып кетер.

* * *
О, мезгіл-ай, мезгіл-ай селдеп өтті,
Тосамын сұп-суық бір желге бетті.
Суырған күпсек қарды ақ түтектің,

Сарыны ұрысайлық елге жетті.

Сумаңдап таппай су да ағар жерді,
Күнінен күлбет мұздың хабар берді.
Жүр үйде күйбең қағып тоңғақ қарт та,
Іздеген қамшысын қағарға ерді.

Аманхан Әлімұлы
Ауруы меңдегендей ұстамалы,
Қойды-ау, ашылмастан қыс қабағы.
Қыраттан шыққан суық қабақтанып,

Мысалы, күн Алланың мыс табағы.
Көмілген үш күн жауған қалың қарға,
Ұқсап тұр бұзылмайтын жалың жарға.
Секілді сұрау белгі иілместен,

Тоғайда қалған тағы талың бар ма?
Үйіңмен, үйінді етіп қораңды да,
Соғады қалай-қалай боран, мына.
Қарасыз көз сүрінер дала жатыр,

Күй кешіп ақ кебінге орандыға.
Құмарлау жанды жеді сөзге бастан,
Түзейтін қытымыр қыс тез бе, қасқам?!
Жанымды жауратады желбір-желең,

Тұрғандай əлденені көздеп аспан.
* * *
Мысымен көгілдір көк басқан қырды,
Бүгінгі күнің неге жастан тұрды.

Іздейтін жоғалтқанын жылап -сықтап,
Көңілім болмадың-ау аспан ғұрлы.
Күркіреп күн үніндей жүз аттының,
Қойды-ау басылмай-ақ Күз аптығың.

Жиялмай тұрған шашын қыз сияқты,
Жаңбыр да тиылмады-ау ұзақты күн.
Белді буған жоқпыз ғой бекер бекем,
Шелектеп құйған нөсер өтер, көкем.

Əзірге көкбет аспан тұр ұшығып,
Су алып аулымызды кетер ме екен?!
Апырмай, сияқты ма аспан көшкен,
Дүние болып кетті астан-кестен.

Отыз жыл арасында өтті-кетті,
Болмай тұр мұндай жағдай бастан кешкен.

Атақоныс
Топан тасқын. Келмейді ежіктегім,
Бара жатыр ағызып кезіккенін.
Бала мысық тырнайды босағаны,

Жүр о, неме, ақырын сезіп ненің.
* * *
Қыс кетпесе, көктем де келмес еді,
Жатып қалған салбөксе сел көшеді.

Сондағыдай күлімдеп күміс Күн де,
Сондағыдай желбегей жел де еседі.
Жып-жылы жанға жайлы ескен леппен,
Көзіне бойжеткеннің көшкен көктем, –

Көлденең көк аттының көзін сатқан,
Көкейін бостан босқа тескен деп пе ең?!
Мезгілсіз ер-тоқымы бір аудымен,
Қыс өтті омырауы қырау кілең.

Бүршік жарған буыны бекіп талдың,
Төбесі тимей көкке тұр-ау, білем?!
Қанаты күйіп батқан ала кеште,
Шалқыған шалық тиіп бала, бөспе, –

Көк ілген көңіл күймен алып-ұшты,
Жайларды қай-қайдағы салады еске.
Қызыққа кенелткендей өзі бақты,
Дауысын бала бұлақ созып ақты...

Жел тербеп жапырақтар жамырайды,
Келтіріп көз алдыма қозы-лақты.

МҰҚАҒАЛИҒА

Тігіп жүрген біреулер көзін көптен,
Таңсық бізге кешпейтін сезім деп пе ең?!
Кезек-кезек жатырмыз кетіп біз де,
Жаққа наурыз айында өзің кеткен.

Іштік талай мас болып сендей біз де,
Желп-желп еткен жел шалды жеңдей күзде.
Кезімізді уланған арақпенен,
Құмға сіңген, мысалы, теңдейді ізге.

Аманхан Әлімұлы
Келе-тұғын қылықпен елден безге,
О, жастық-ай, бас білмес жел ме ең кезбе?!
Жат қылықпен қарсы алды алып қала,

Сендей бізді ауылдан келген кезде.
Қарамастан шатқаяқ сөзімізге,
Жан ұқпайтын сыр тұны көзімізде, –
Есенин мен өзіңдей боламыз деп,

Барып қаппыз біразға өзіміз де.
Игере алмай бойдағы сезім легін,
Сəл ертелеу болмаса көз ілгенің –
Түсінгенім Есенин емессің сен,

Есенин де сен емес сезінгенім.
Арақ деген дерт екен шалдықпалы-ай,
Аман-есен білмейміз қалдық қалай?..
Итін талай шулатып көршілердің,

Көршілердің мазасын алдық талай.
Жыққан жандар сияқты қосын күзде,
Қан жүгірді бүгінде тосын жүзге.
Заман басқа, заң басқа бұл күндері,

Басқа болып кеттік-ау сосын біз де.

* * *
Тұрады жаным кейде сыздап қана,
Торғайдай табалмаған мұздап пана.
Ауылдан кетіп тындым ақыры мен,

Кеткен соң алып шулы, қызды, ақ қала.
Ұрынып қалдық па əлде ала күзге,
Көрсетіп жат қылықты қала бізге, –
Көңілсіз өтіп жатты күндеріміз,

Іштегі ұрып мұң мен нала жүзге.
Тапты да əлсіздеу бір шала жерді,
Сеземін мені ауылдық бала көрді, –
Жігітке жергілікті жолықты да,

Өзгеріп сүйген қызым сала берді.

Атақоныс
Сезімге болмас мендік сел тең келіп,
Түсінген біздің жанды ел кем делік.
Беймаза тірлік жей-жей жастығымды,

Көзімнің алды кетті желкенделіп.
Етектен соқыр сезім тарта бізді,
Жүргенде кеңге беріп арқамызды, –
Махаббат, қала, сосын ана жігіт,

Жіберді араластырып картамызды.

* * *
Елестетер шуақты сəуір басын,
Көзің нұрлы, содан соң тəуір қасың.
Қарсылықсыз сыбырлап, дей бересің:

«Сүйе берме ернімді ауыртасың».
Игере алмай жастықтың селді кезін,
Дедім мен де: «Қоштасар келді кезім».
Кеттім содан ұстатпай, жылап қалдың,

Құдай ұрды, қайтемін жел мінезім.

ЖЕЛМЕН СЫРЛАСУ

Кеш бəрі, не пайда бар сезгеніңнен,
Түзелер түсіп жай жоқ тезге міннен.
Өксіген күздің қара суығында,
Ех, жел-ай, жел-ай сендей кезбемін мен.

Тұрғандай қабар беріп жайдан нала,
Қалаға келіп қалдың қайдан ғана.
Өтіңде тұрған жалғыз жабырқаулы,
Түскендей күй кешеді Айдан бала.

Айтшы сен, меніменен, бірсің неңмен,
Жетектеп кететіндей тұрсың жеңнен.
Ех, жел-ай, жел-ай желең, қайда қоям,
Жанымды жабырқаулы күрсін жеңген.

Қария тұр сүйеніп таяғына,
Таусылар кезі демнің таяды ма?

Аманхан Әлімұлы
Сені мен мендей ол да желбастанып,
Ауылын тастап кеткен баяғыда.
Жүретін тіршілікке налып көптен,

Тұрсаң да біреулерді алып беттен, –
Үрлейсің енді бірде қоздатардай,
Астында күлдің шоқты қалып кеткен...
О бастан ұнатамын желді өзім,

Ашатын кей жандардың шелді көзін.
Сенің де басылатын кезің келді,
Менің де бастығатын келді кезім.
* * *

Келмейтін жағажайда кемістікке,
Шуақты күн көзінен ең ыстық не?
Аспандай төңкерілген көз алдымда,
Сыймастан теңіз жатты кеңістікке.

Толқынмен майда ақжал араласып,
Көк сағым көкжиектен барады асып.
Көтере алмастан тұр судан басын,
Кеткендей жартас бұжыр жара басып.

Ерекше тұрмын күйде жағасында,
Жастығы қалған отты аға, осында, –
Сен болсаң таңғалмастан, қоясың тек,
Шағала қастарыңды қағасың да.

Келмейтін келе қашты балалыққа,
Ұғынып болмас, сірə, шалалық па?
Ей, теңіз түсінбедім тіліңді мен,
Не айтып тұрсың осы, далалыққа.

* * *
Қыз ернінде тұратын еріп демім,
Бір кездері бозбала, көрікті едім.
Ұқсай-тұғын еріні Айға оймақтай,

Өтті сол қыз кезінде қайғы ойлатпай.

Атақоныс
Екеуміз де елітіп жайлы лепке,
Сүйісуші ек куə етіп Айды көкте.
Құлағанда атжақты Ай қырға талып,

Сан отырдық аяқты Сырға малып.
Белгідей бір, елеусіз, түртіп алды,
Сол кез өтіп, бүгінде жұрты қалды.
* * *

Жұрты қалған, оралмас жастық қайта,
Бір кездегі бердің-ау мастықты айта, –
Жетпіс келе жатқанда тұсау салды,
Қанша белден қар шалды астық, байқа.

Алып ұшқан бастығып желді басым,
Салмақ тартты сабырға келді жасым.
Сайға құйған тірлігім су сияқты,
Тəңір берді несібем ендігі асым.

Мойымаушы ем, бірмойын жас шағымда,
Шыныменен шау тарта бастадым ба?
Буып-түйіп отырмын ғұмырымды,
Жиып-терген сияқты қас қағымда.

Кəріліктің қабағы қыраулы екен,
Мен ұқпайтын ішбақты сыр-ау бөтен.
Ақ кебінге оранған қыстай өлме,
Есік қағып мезгіл де тұр-ау, көкем.

Бунақ-бунақ буғандай сеңді Сырға,
Жиналмасқа қалды не енді қырға.
Тұр азынап қу тірлік түндік қақты,
Келе-тұғын келмеске желді бұрға.

* * *
Сəуір айы. Шуақты нұрды төккен,
Жатыр көкке көмкеріп қырды көктем.
Мың сан қолдай жып-жылы алақаны,

Мың сан сəуле құйылып тұрды көктен.

Аманхан Әлімұлы
Еріп ерте ақпанның тоң білегі,
Келді қамсыз құстардың соңғы легі.
Жатыр дүние жамырап қозы-лақтай,

Мезгіл кетіп көйлектей оңды деді.
Қыстағыдай қытымыр жоқ мінезі,
Күннің қызып келеді отты көзі.
Былдыр-былдыр бұлақтың тілі шығып,

Бұлдыр-бұлдыр мезгілдің өтті кезі.
Шоқтай жанып тұр, əне, ескен леппен,
Бойжеткеннің көзіне көшкен көктем.
Сыр жағалап барады со бір сұлу,

Бозбаланың көкейін тескен көптен.
Жұпар исі жиденің есті ала,
Жасарған бір кейіпті кешті дала.
Көңіліне жел бітіп, көктемменен

Қас қағымда қарыстай өсті бала.
Тұр алмастан көк аспан жерден көзін,
Е, Жаратқан бəрін де берген де өзің...
Көз алдыма келеді, о бастағы,

Қозы-лақтай, о, тірлік өрген кезің.
* * *
Табиғаттың бергені несіп, төкпе,
Жел де білем тұрған жоқ есіп текке...

Тең-тең бұлт легімен ойдай ауыр,
Тыным таппай барады көшіп көкте.
Жатқан дала томаға сыр ашқан ба,
Көзге ұрады көкжиек қыр асқанда.

Көшірмесі секілді көңілімнің,
Ала-құла күй кешіп тұр аспан да.
Аулай алсам бір сырды қарасынан,
Оқыс келіп қаққандай бар асынан, –

Кесіртке қысық көз жер бауырлап,
Тұр сығалап жусанның арасынан.

Атақоныс
Ден қойғанда көктемгі таза ауаға,
Көңіл күйді келтірер саз ауа ма?..
Қаққан қазық сияқты тұрған анау,

Саршұнақ та бір жайға мəз-ау, аға.
Табиғатпен келетін жүздескенге,
Не жетеді далада із кескенге.
Астан-кестен аспан жақ болып кетті,

Аяқ асты келетін түз көшкенге.
Тасқа біткен тамыры тектес шетен,
Бекер тірлік атаулы өтпес, көкем.
Буда-буда бұлттың көкті буған,

Арты айналып нөсерге кетпес пе, екен?..
Қорқынышты...

АУЫЛДА

І Сықыр-сықыр етеді ескі қақпа, Сыбдыр-сыбдыр етеді кешкі бақ та. Астан-кестен аспанда басталардай, Беттен ала күз желі есті, шақпа. Танытады табиғат салқын қалып, Ұясына күн батты жалқынданып. Жамбасқа алып қыр жақты Ай да туды, Сияқты бір сырғақты алтын балық. Су қашады сумаңдап қырдан сайға, Тал ұрынып жел қақты сырдаң жайға, – Жапырағы сыбдырлап, елмен кешкі, Намаз оқып өзінше тұрғандай ма?! Көктен ұрған суықты сезіп денем, Бақты түнгі шулаған кезіп келем. Түседі еске бал шағым балақ басты, Əліппені алаңсыз ежіктеген. Сүйеу болып жаныма өтер ме екен, Ғұмырыма азықтай жетер мекен.

Аманхан Әлімұлы
Неге алаңдай беремін аспан жаққа,
Құс жолына түсіп мен кетер ме екем.

ІІ Күндізгі күйбең, не түрлі, Басылып ауыл дүрмегі, – Мысықтың көзі секілді, Мық жұлдыз бағып тұр мені. Кезіңде қалған ес біліп, Жемейтін, айтшы, қам бар ма?! Иттердің даусы естіліп, Жанбайды кешкі шамдар да. Есіме түсіп түрлі аңыз, Отырмын, жардың жағасы... Кез түсіп қалған қырға күз, Тоғайдың семіп ағашы. Тырнадай шыққан жалқы үні, Жүрегім неге сыздайды?! Ертелеу түскен салқыны, Тиместен тұр-ау күз жайлы. Араға түсіп бір епті, Суысқан ерте арамыз, – Жегідей жейді жүректі, Қала асып кеткен қара қыз. Жанымды бір дерт басқанда, Жіберді, мезгіл, созып-ай! Адасып жүрген аспанда, Ұқсайды жетім қозыға Ай. Сыр бойы, солған сабағың, Күзден соң қалды жалбыз нең... Бағамыз түннің қабағын, Жетім Ай, сосын жалғыз мен.

Атақоныс

МЕНІҢ ҚАРА АДАМЫМ

(реквием)
Басқа түскен оқыс бұл бір сын еді,
Алатаудың тұнжырап тұр сілемі.
Көлеңкемдей қалмайтын қыр соңымнан,

Менің қара адамым күрсінеді.
Күрсінеді бір сырды сезетіндей,
Өсіп кеткен майбасты көз етіндей.
Аяқ асты жапырақ сияқты иман,

Мына өмірде не қалды төзетіндей.
Өлмесе де, қойғанмын жерлеп жанды,
Жағдайда жоқ салатын өрлетпе əнді.
Тіршілігім түтіндей көзді жеген,

Өмірім де жусандай кермек дəмді.
Кете алмай жүрген бір терлеп бойдан,
Арыла алмай аурудай шерлетпе ойдан, –
Арақпенен уланған жастығымды,

Жиырма бес жыл бұрын мен жерлеп қойғам.
Аумай-тұғын тұрақсыз еспе желден,
Мазасыздау мезгілсіз кеш те келген.
Арып-ашқан елім бар, жұтаң-жүдеу,

Келетіндей құлаған көшке белден.
Басылып іспе кеуде жаз аптығы,
Қолына тигенімен азаттығы –
Созылып кетті неге соншалықты,

«Елім-ай» əніндегі қазақ мұңы.
Үнін қосқан аққанат Сыр қуына,
Бойымды алған ертелеу жыр буы ма?
Иба қалып ауылдан алып келген,

Сіңіп кеттім қаланың дырдуына.
Ойламаған тірліктің шара, қамын,
Маған сонша күдікпен қарамағын.
Жұмсам болды көзімді бас жағыма,

Келеді де тұрады қара адамым.

Аманхан Әлімұлы
Жаратамын, десем де, жаратпаймын,
Өтті қанша артыма қаратпай күн?..
Түн ұйқымды қара адам бұзып тыныш,

Өмірімді кітаптай парақтаймын.
Желп-желп етпей жел соқса жең қала ма,
Балалығым қап қойды кең далада.
Ауылымнан шығуын шығып алып,

Жете алмай-ақ келемін мен қалаға.
Табылар да, табылмас сезім емі,
Бұл не деген өлермен төзім еді.
Қыстың күні туғаннан болу керек,

Өлеңімнен сыз ізі сезіледі.
Қара адам тұрады бас жағымда,
Бір үмітін артқандай қас қағымға.
Бейне көрем көзінен таңғы шықтай,

Келіп тұрған тіріліп жас шағым ба?
Ақынсың ба, деймін мен біз білетін,
Сүйе-тұғын жел қақты күздің өтін, –
Оқығанда өлеңін «сен үшін» деп,

Басы айналып бақыттан қыз күлетін.
Алдап кеттім қаншасын жоқ есімде,
Жүріп жастық алдырмас белесің де.
Ей, қара адам, кей-кейде жас шағымдай,

Атауыңды ішіп-ап келесің бе?
Қарбаласы бітпейтін, ала кеште,
Не жайларды, о кісі, салады еске.
Ауылдағы жанымды мейірім толы,

Жастығыммен тонаған қала емес пе?
Жететін желең желдей беліңді асып,
Ес біліп, етек жиған елім қашық.
Мəскеуде сырахана ішінде мен,

Сан тұрдым сағыныштың шөлін басып.
Сыра іштім Алматыда, Мəскеуде де,
Жел бітіп ақынжанды жас кеудеге,

Атақоныс
Эх, менің қара адамым осындайда,
Гөй-гөйге бала кезгі басты-ау деме.
Кетіресің мазамды келіп алып,

Өзі кеткен жастықтай, желі қалып.
Мына келіс, Сырдағы көктем бұзды,
Кеуде соқты көңілдің селі ме, анық.
Қап-қара, шойын қара, қара адамым,

Сен маған өткен шақпен қарамағын.
Ұжымақ па, тозақ па Алла жазса,
Қай-қайсысы болса да бара аламын.
Екеуі де əзірше емес бөтен,

Көз алдыма жатсынбай елестетем.
Ей, қара адам, қабағың ашылмайды,
Қай жағымнан жайсыздау жел есті екен.
Салып тұрсың есіме тағы нені,

Қызымды ма, ол менің бағым еді.
Қыз сағыныш, сағыныш соңы сағым,
Ұстатқан ба жеткізбес сағым елі.
Мен де бір күн жұлдыздай ақпаймын ба,

Өзімді-өзім өлердей тақпай мұңға, –
Алла, алса керегі болған шығар,
Берді, алды – сабырлық сақтаймында.
Аяқтан шалып тағдыр құлатпағын,

Жөн-жосықсыз ешкімді жылатпадым.
Лəйле менен бір қызды Вика деген,
Рас менің өлердей ұнатқаным.
Ол да менің өтпелі тіршілігім,

Жас кезімде бүр жарған бүршік ұғым.
Бұл күндері келеді отбасымда,
Өрім талдай нəр сіңді бір шыбығым.
Түк шықпасын сезініп құр егестен,

Қашамын да жүремін бір елестен.
Аңдуыңды қоймайсың, ей, қара адам,
Мен ашпаған ешкімге сыр емес пе ең?

Аманхан Әлімұлы
Көңілімде жел ойнай, дарақ шулап,
Күле алмаймын тірлікке қарап қунақ.
Іздеп келіп жүрсің бе, əлде менің,

Жастығымды өлтірген араққа улап.
Ұйықтап кетсем лүп етпе қас қағымда,
Келесің де тұрасың бас жағымда.
Құран оқып, құнттай жоқтағаның,

Бұлт буды, булықпа жас шағым ба?
Ей, қара адам, табарсың іздедің бе?
Оранармын бір күні сыз кебінге.
Алла жазды ақыры үзілетін,

Сезем менің ажалым күз лебінде.
Түк шықпасын ұқтырған құр егестен,
Жабырқаулы жанымның сыры емес пе ең, –
Жаналғыштың сияқты көлеңкесі,

Қашамын да жүремін бір елестен.
Көзім кетсе ілініп қас қағымда,
Қара адамым тұрады бас жағымда.
Өзің берген жаныңды өзің алғын,

Мендік орын болса, Алла, аспаныңда.

БАТПЫРАУЫҚ

Естен шығып шық кешті шақ бір ауық,
Құлын мінез басымнан бақ тұр ауып, –
Ұзын жіптің бір ұшын ұстап тұрып,
Жылан құйрық ұшырған батпырауық.

Тілдескендей біреумен аспандағы,
Толқыр еді көңілдің тасқан бағы.
Кеңістікті кере ұшқан бала қиял,
Уақыттың ұстатпас қасқалдағы.

Батпырауық жел қақты ауа керген,
Балалықты табылмас дауа дерме ең.
Күндерім де бүгінгі, мəселенки,
Жайсыз салған тоқымдай ауады ерден.

Атақоныс
Үмітпенен қарайтын əр ақ таңға,
Сусыма өмір артыңа қаратқан ба?
Үшбу хаттай көруші ем оны кейде,

Ақ тілекпен жолдаған Жаратқанға.
Жүре-тұғын ұйқымды бұзып көптен,
Оралмайды қайтадан жүзіп-көктен, –
Менің бала шағымның бір тамырын,

Батпырауық алысқа үзіп кеткен.

ҚҰРДАС КЕЛІНШЕККЕ

Ей, ару, арқау болған жырға біздің,
Өзі жоқ ізі қапты сырғаңыздың.
Қысылып-қымтай бердің етегіңді,
Салқыны жайсыз тиіп тұр ма күздің?

Оралып ойнай берді жел де етекпен,
Көңілді жағалауға сел де тепкен.
Отыз жыл өте шықты омыраулап,
Кездестік оңып-тозды белде шөккен.

Жасырын жүрек сырын ашты қымыз,
Қағынды қайталанбас жастығымыз.
Жоқ қазір сезім лебі көзге ұратын,
Сап көңіл, сап-сап көңіл бастығыңыз.

Десем де қыз қылығың жөн-ау да екен,
Қызығың кетті алдырмай сон...а-ауға тең.
Шетсіз де шексіз шетін ұстатпайтын,
Бұл өмір бұлтаңы көп, жол-ау, көкем.

Кезім жоқ еді саған сырды ашпаған,
Жастығым өтті-кетті жыр бастаған.
Қызығың бұйырмады жас кезімде,
Ендігің таңсық емес құрдас, маған.

ТҮН ЖӘНЕ МЕН

Еспе жел есіп беріп салқын күзгі,
Тұп-тұнық табиғаттың қалпын бұзды.
Түн түсіп келе жатыр мысықтабан,
Күн деген жұтып қойып алтын қызды.

Аманхан Әлімұлы
Ашылмай батқан еді қыз қабағы,
Содан ба қазан түп көк сызданады.
Қарақшы Ай қарауылға алып қасқа,

Бойынан бозаң белдің із бағады.
Артына қаратпастан еспе күштей,
Таң түгіл, көрген жайсыз кеш те түстей.
Қай тұста жастығымды жерлегенім,

Қарашы тұрғандығын еске түспей.
Кеткендей сіңіп жаным нуға қалың,
О, бозбас болдырдым деп туламағын.
Жамылып жарым түнді, жас шағымды,

Есімде арақпенен улағаным.
Тынымсыз қаппа желдің сүйген өтін,
Көңілім алақұйын күйге енетін, –
Қызбенен желөкпелеу бірге жатып,

Қызбенен бір тұрғанда үйленетін.
Бақбастан келді-кетті кеш қабағын,
Қайдағы-жайдағыны еске аламын.
Кей-кейде шалқып кетем шау тартсам да,

Тартқандай маған тірлік төс-табағын.
Ол кезде бозбала едім балғын қылық,
Балағын құлай-тұғын шалғынға іліп.
Шау тарттым, беріп тұрып бетіңді өмір,

Бұл күнде аяғымнан шалдың күліп.
* * *
Өз бағамды өзге емес, өзім білем,
Ашқын желбас шел басты көзіңді кең.

Алла берді кешіргін елден ерек,
Сала алмаймын саудаға сөзімді мен.
Қалалық та, бола алмай далалық та,
Бойға бітті арылмас балалық па?, –

Аяқ шалды айналар өкінішке,
Ерік беріп қоямын шалалыққа.

Атақоныс
Неге сонша о, тірлік, сезікті еттің,
Арасында жүре алмай төзіп көптің, –
Аса таяқ ұстанып кей кездері,

Кең даланы келеді кезіп кеткім.
Алып ұшпа ілесіп ескін желге,
Шақырады əлде бір кешкі үн белге.
Жел айдаған қаңбақтай қаңғып кетсем,

Көре көрме, ағайын, ешкімнен де.
Қайда қоям қылықты жел мінезді,
Аңсап тұрар не істі елді кезді.
Қарауылға неліктен жиі алады,

Ана біреу, апырмай, шелді көзді.
Көрсетеді мінезін жар да өзгелік,
Мына күзді қоса оған тар кез делік.
Үйді қойшы, өмір де тарлау маған,

Əйтеуір, бір қанымда бар кезбелік.

ЖАЛҒЫЗ ҚАЙЫҢ

(Баллада)
Сықпа бел қайың, неліктен,
Сыңсисың желдің өтінде.
Тұрысыңды жалқы көріп мен,

Ұқсаттым тұлдыр жетімге.
Жел қағып, күн жеп, шаң басып,
Қалыпты бұйра шашыңды.
Кеш ырыс, білем, таң нəсіп,

Сұрайын неге жасыңды.
Күн жүзің, сосын алмасқан,
Сырғаң-ау күміс Ай тегі.
Өзіңмен өзің қалмастан,

Сырыңды ашсаң қайтеді.
Жел не деп саған сыбырлай,
Жұлдыздар нендей сыр ашты.
Жел тартқан ішін құбырдай,

Ұлиды бөрі қыр асты.

Аманхан Әлімұлы
Тапқандай ойдың оябын,
Бір сырды ашты аққайың.
Көңілді қайда қоямын,

Шулаған күзде бақтайын.
«Кеше бір келіп бозбала,
Құшақтап ұзақ тіземді, –
Деді ол, іле сөзді ала:

«Жанымда сүйген қыз өлді...»
Жаралы екен жүрегі,
Берілген ұшпа сезімге.
Көрсең ғой, шықтай тұр еді,

Мұң табы тұнып көзінде.
Қоңыр күз, шөкпе қыр құба,
Кетуге жылап шақ қайым.
Мұңлылау сыңсып тұрды да,

Осы сырды айтты Аққайың.
* * *
Қиық қасты қанаттай қағасың да,
Кездестік деп мұң кештің тағы осында, –

Еске түсіп сүйіскен кездеріміз,
Дарияның су жеді жағасында.
Бойымдағы таусылып төзім тегі,
Лықсып шығып жүректен сезім легі, –

Сыршыл Сырдың толқыны сияқтанып,
Мұңның табын қоздатты көзімдегі.
Жеткізбейтін ұштығы жол-ай сызды,
Таба алмайтын іздеген оңай бізді, –

Мен он сегіз, сен онда он алтыда ең.
Тозбаған кез тоқымдай тоғай күзгі.
Қайтқан көкті сыналай құстың легі,
Аңғарта сен тағы да түстің нені?!

Аспан жақтан жанымды жауратардай,
Есіп тұрды жайсыздау қыстың лебі.

Атақоныс
* * *
Жеген жұтаң-жабыңқы көзді реңі,
Ауыр өте ауылға кез бір еді.

Жапырақтар көңілсіз сыбырласқан,
Күздің лебін салқындау сездіреді.
Өмір сырын ұқтырған өртеңдегі,
Қоңыр кештің не деген еркең лебі.

Күн шуағы қытықтап жаздағыдай,
Оятпайды ұйқымнан ертең мені.
Күндер-ай, сынап сынды сырғып аққан,
Қақпанын қарашаға құрды ма, ақпан.

Мұңлы саз менен басқа естімейтін,
Шалынып құлағыма тұрды бақтан.
Өткізіп алған бастан өңір жазды,
Ұзатып жатыр мұңды қоңыр қазды.

Есіткен сияқтымын бір қыздан мен,
Сыздатқан жүрегімді со бір сазды.
О, қыз да оралмастан жырақ кетті,
Орнынын тауып мəңгі тұрақ тепті.

Өмірдің мысалысы шексіз екен,
Қоюға болмай-тұғын шырақ, шекті.
Ауылдан қыз да кетті, мен де кеттім,
Мысалы, күйін кешіп дөңгелектің.

Көңілді қайда қоям сабыр басты,
Секілді басылғандай желдегі екпін.
Күндер-ай, күндер сынап сырғып аққан,
Тіршілік маған да бір құрды қақпан.

Бір адам сезінбейтін менен басқа,
Мұңды саз есіп күзгі тұрды бақтан.
* * *
Шетсіз-шексіз о, Өмір, тізбегің бе, ей,

Соқпай, сірə, өтпейді бізге мұң кей.

Аманхан Әлімұлы Жапырақты тербеген су бетінде, Өтіп жатыр күндерім күз лебіндей. Мүмкін емес түбіне жетуің де, Із-түзсіз тіршілік өтуің не? Мен бір жанды бақытты ете алмадым, Енді қиын бақытты етуім де. Саған мен де амал жоқ ұрынбасқа, Кеттің-ау деп ертелеу қырын, қасқа, Бұл күндері шертетін сырым басқа, Өзің едің жырлайтын жырым жаста. Ашпастан-ақ өтермін сырымды ұдай, Бірімізге қарады қырын Құдай. Бақ шулайды төгіліп жапырағы, Дəл осыдан отыз жыл бұрынғыдай. Көңілсіздеу қайтқан бір билі кештен, Өтті мезгіл не қыздар сүйді дескен. Қайда қоям жанымды жабырқаулы, Жұрты қалды жайлаудай күйді кешкен. ЭКСПРОМТ І Е, Алла мұсылманға ортақ үнмен, Қашатын кезде келді-ау жорта күннен. Тəн емес, саналары тұмшаланған, Дін басты адамдардан қорқамын мен. ІІ Қадірін біле қоймас сезінбеген, Көктемгі сел секілді сезім деген. Ілияс, Абайың да ешкім емес, Шабыттан шалқып тұрған кезімде мен. * * * О, дала күткен күпті сары қырқаң, Түбі атар созылмалы бəрібір таң.

Атақоныс
Біреулер қабір жақта шақыра ма,
Тыншымай кетті неге кəрі-құрттаң.
Кіді күз көз ілдірмей ұзақ түнің,

Тастайды көңіл қапты тұзақ-мұңын.
Салқын Ай сабау қарап тұр əйнектен,
Жатқанда басып ұшпа қыз аптығын.
Қап-қара түн қойнында аймақ біткен,

Мысалы, қоюлығы қаймақ тіптен.
Қайран күн қалып жатыр өтті-кетті,
Жалғандап жанға жайлы жай бақтықпен.
Жұлдыздар жымың-жымың ымдасқанда,

Не жетсін, қарап жатсаң түнгі аспанға.
Сабау Ай көңілсіздік басқан кезде,
Кетеді ұқсап кейде мұңдас жанға.

ЭКСПРОМТ

Жазылған жоқ əлі де өзекті өлең,
Жердің сызын алдағы сезет денем.
Алла жазды ажалға, таласпастан,
Тұрмын қарлы басыммен кезекте мен.

ҰНАТУ МЕН СҮЮ

Көз ілмей шығып, кей түн біз,
Жеткен бір жері жетеміз, –
Куə етіп Айды дейтінбіз,
Тескен тау асып кетеміз.

Сондайда, сондай кез еді,
Тескен тауымыз Алматы.
Сол қыз боп жастық өзегі,
Жанымда жыр боп қалды аты.

О өмір қайта келер ме, ей,
Көңілді құсша күйді ілген.
Ұнатып мені ол өлердей,
Өлердей оны сүйдім мен.

Аманхан Әлімұлы
Түспейтін тауып жолға өзге,
Тұрушы ем үйін күзетіп.
Махаббатыма сол кезде,

Кетті ме, əлде, сыз өтіп.
Алладан өткен күшті не,
Құдіретіне қараңыз.
Араға жылдар түсті де,

Суысып кетті арамыз.
Ұнату менен сүюдің,
Көк пен жер екен арасы.
Қашқаны болар қиюдың,

Махаббат өлді, қарашы.
Ұзатылып кетті ұзамай,
Берілем қазір ойға өзге.
Ұйқымды түнгі бұзады Ай,

Сол қыз боп туып кей кезде.
Махаббат өлді, қарашы,
Қашқаны шығар қиюдың.
Жер мен көк екен арасы,

Ұнату менен сүюдің.

* * *
Биыл күзде ауылға тағы келдім,
Сынып қапты тірліктен сағы елдің.
Бұлбұл ұшқан қуалай жел шалатын,

Көк шалғынға көмілген шағы белдің.
Кез туып тұр келеңсіз өртең дескен,
Мезгіл неткен тұрлаусыз серт ең, көшкен.
Кемпір болып алдымнан шығып тұрған,

Шығарамын қалайша еркемді естен.
Өтті – кетті жастықты жырға балап,
Елден ерек жүруші ек Сыр жағалап.
Сыртымыздан баққан бір көзді сезем,

Құйтақандай көшірмем тұр ма қарап.

Атақоныс Байқалады бағамсыз күзде есерлік, Айтшы бізде қалды не жүздесерлік?.. Тоғай тозып, дария табаны да, Қалыпты əбден көрініп із кесерлік. Бұлбұл ұшқан көзінен бұла шағы, Біздің жастық сағымдай қыр асады. Жағалауды мүжіген көнекөзді, Сылдыр-сылдыр су ғана сыр ашады. * * * Аудандық қонақ үйінде, Дем алып жатқан жайым бар. Көңілсіз менің күйім бе, Шулайды сыртта қайыңдар. Шулайды, əлем тарылып, Тығылды келіп əйнекке. Дарбыздай бұлт жарылып, Ойнайды жасыл жай көкте. Астан да – кестен дүние, Жайым жоқ тұрар қасқайып. Сезімге мендік кім ие, Көз нұрын кетті жас шайып. Көзімді алмай əйнектен, Қараймын келіп тесіліп. Бұл көктем, айтшы, қай көктем, Құйындай соққан көсіліп. Көңілсіз менің кезімдей, Шулайды сыртта қайыңдар. О, көктем тірлік көзіндей, Бүлініп тұрған жайың бар. ЖЕЛ Сенен қиқар тірлікте өтеді не, Еріп кетер сияқты жетегіңе, – Ентікпе жел ойнаған қыз шашымен, Тыным бермей қойдың-ау етегіне.

Аманхан Әлімұлы
Көңілдердің табысар жайлы аймағы,
Жапырағын ауылдың жайды-ай бағы.
Өліп-өшіп отырған екі ғашық,

Түсірді еске жайларды қай-қайдағы.
Ей, уақыт таппасаң бір еміңді,
Сал сағыныш меңдеді жүрегімді.
Қолды-аяққа тұрмастан лүп етпе жел,

Кеудемдегі қоздатты үре мұңды.
Түсіп тұрған тал-терек көлеңкесі,
Дірілдейді тұнған қақ желең төсі.
Жүдеу-жадау жұрт та жүр желді бақта,

Түзеу білмес не деген ел ең көші.
Көңілім əлденені түйді есебі,
Сезімім ала құйын күй кешеді.
Оятып жел жіберді шабытымды,

Əйтпесе, ол өлең болып имес еді.

* * *
Тұрмай-тұғын қызуын алмай бойдың,
Қас қағым сəт үзігін жалғай ма, ойдың, –
Мезгілінен ертелеу түскен қардай,

Неге ұшпа қыз есімде қалмай қойдың.
Болғанменен қайрақтай қалпым мықты,
Сездім білем бойыңнан салқындықты.
Ілесе алмай тобынан қалып қойған,

Жар қуалай жан жеді жалқы үн шықты.
Жалқы шыққан жар қуып тырна үні,
Арқау неге етпессің жырға мұны.
Запырандай ап-ащы кеуде тілді,

Көңілімді жайлаған сыр ма, мұңы.
Тоғай шулы, мен мұңды, қапа қыз да,
Сыр бойында айналған аты аңызға, –
Бірімізді біріміз алдағандай,

Шынымен-ақ кінəға батамыз ба?..

Атақоныс

МЕШІТТЕГІ ҚЫЗ

Жап-жас қыз кезіктірген мешіттегі,
Иманның тұр жүзіңнен есіп лебі.
Кетті өмір тəтті болып құрма дерлік,
Аузыңнан Алла атын есіткелі.

Жарасып ақ көйлегің үстіңдегі,
Аңғарта, қарғам, тағы түстің нені?
Сеземін киелі үйде тұрғаныңмен,
Кешкенің күзге ұрынған құстың кебі.

Не жайдан өтті-кетті қағыс қаппын,
О, тірлік сыр ұштығын тағы ұстаттың?..
Көзіңде мұң табы бар, молдаға сен,
Құранды айтшы кімге бағыштаттың?

Сыр тұнды көл қылығың көзіңдегі,
Лықсыған сыртқа тепті сезім легі.
Женттей майға бөкті қам көңілің,
Шыдамы шың салмақты төзім бе еді?

Жаныңда бір дерт барын сезінемін,
Табарсың Құдай қолдап өзің емін.
Таң қылып қойған қызға о, іңкəрлік,
Не деген құйын қылық сезім едің.

Айналып өтті сезем бұрын кей сын,
Тірлікті о, мұңды қыз құрым дейсің.
Сезгенім, тұрғаныңмен мешітте сен,
Күздегі жапырақтай дірілдейсің.

* * *
Қауқары жоқ көңіл-ай бүртік құрлым,
Қалдың неге ұштығын іркіп сырдың?
Жаздың жылы жаңбыры сияқтанған,

Сенің кермек жасыңды сүртіп тұрдым.
Өтіп бастан неше бір жай құсалы,
Жұбата алар жүректі қай құс əні?..
Су түбінде жел тербеп, толқын шайған,

Дір-дір еткен ерінің Ай, мысалы.

Аманхан Әлімұлы
Қалың қамыс, балғын кез, Сыр жағасы,
Сыңсып желден тоғайдың тұрды ағашы.
Ұрын келіп ұстап ап ұрымталда,

Ұрысқаны есімде бірде ағасы.
Қас қағым сəт берілмей құса-мұңға,
Толқып тұрдық табиғат құшағында.
Со жолы сырыңды ашпай жылап кеттің,

Сезімді алып ұшқан тұсадың да.
Бүгінде сен де басқа, мен де басқа,
Ұқсайтын жоқ мінез де желге баста.
Сумаң жел сыбырлайды құлағыма:

«Бекерге келгенсің деп елге, Қасқа»
* * *

Не жылау мынау, жылау болғанда боз бұлау,
Көкірегімдегі бүккен бір сырым қоздың-ау.
Қара күз келіп қарғалар басты қарқылға,
Желменен бірге мұңлы бір сазды созды бау.

Сағыныштай-ақ бүк түсіп жатқан сары дөң,
Қозғады-ай келіп əлде бір жайды əріден.
Басы піспеген іс болатын болса баладан,
Асы түспеген үй болатын болса кəріден.

Ауылға келіп ауыртып тұрмын жүректі,
Кемпірді көріп, келіншек еткен бір епті.
Оның да ерні кемсеңдеп тұрды сеземін,
Менің де ернім жапырақтай-ақ дір етті.

Не деген жылау, жылау болғанда боз бұлау,
Жастығым қалған жайдарман жасыл тозды бау.
Əдемі қыздың кемпір болғаны бір түрлі,
Менің де шал боп тұрғаным сөзді созғылау.

КӨҢІЛ КҮЙ

Енжар Сыр ағып жатыр баяу ғана,

Тұман кешкі.
Көңілге түсірмеген қаяу бала,

Күмəн кешті.

Атақоныс
Бір кезгі екпін қайда жарды жеген,

Сырдария.
Жағаңда сөгілмеген қарлы көбең,

Тұр қария.
Шыға ма, Ата, мұңды қалпың естен,

Үрей кешкен.
Суық жел қар сапырып салқын ескен,

Дүлей көшкен.
Ойда ауыл, қырда қабір тіршілік бір,

Жуық маңда.
Денесі қос қараның түршігіп тұр,

Суықтан ба?..
Қария, аңқау бала, мезгіл кешкі,

Мұз-қар кешті.
Келеді өңге тоғай теңбіл десті,

Ызғар есті.
Тірліктен сыр ауларсың қалпыңды ұқпар,

Шалғанда ойды.
Өмірдің өзінде де салқындық бар,

Алған бойды.
Ойда ауыл, қырда қабір, ажал алда,

Тіршілік бір.
Жан-тəнім Алла берді, тажал алма,

Түршігіп тұр.

ҒАШЫҚТЫҚ, ТӘ

Қанатын қара бұлттар жая қашты,

Күркіреп бір.
Күн ашық, соқыр жаңбыр аяқ асты,

Сіркіреп тұр.
Мысалы, оны майда сірке делік,

Жауып тұрған.
Барады үрке қашып бір топ елік,

Ауып қырдан.

Аманхан Әлімұлы
Қызғалдақ қырдың сəнін келтіреді,

Қыз ерінді.
Етегін бойжеткеннің жел түреді,

Үзер үнді...
Көгенін түс ауса да үзбеген бе,

Қозы аулада.
Піспеген басы əлі қыз дегенде,

Боз-ау бала.
Жер шұқып тұрысы анау көзіменен,

Жасықтық па?
Бұзылды о, шіркіннің сөзі неден,

Ғашықтық , тə...

АҚЫНҒА

Айналған келе-келе сыры мұңға,
Тастаған тірлігіне құрығың ба? –
Қартайды ол орда бұзбай отызында,
Қамал да ала алмады қырығында.

Салмайды бұ тіршілік басқа нені,
Апыр-ай, өтті-кетті жаc па, емі?..
Етеді шүкіршілік барға қазір,
Көрсеткен артын өмір қасқа ма еді?..

Алдырған бойын көзсіз қыңырлыққа,
Мінезі өрге тартты сығыр мықты, ə.
Сонда да бақытты өзі бола алмады,
Өлеңін өзек етіп ғұмырлыққа.

Көңілін көпіршіген сыраға алдай,
Сілтеді арақты да бір адамдай.
Өлеңі өлерменнің ісі болып,
Өмірден өтер ме екен мұра қалмай?!

ТҮНГІ КӨҢІЛ

Шашақты күн шалдығып қыр астың да,
Сылбыр түнге сыр басты ұластың ба?
Жанып шыққан күнімен сексеуілден,
Жылтырайды шоқ қана күл астында.

Атақоныс
Мысық көз Ай сұп-суық сұйық нұрды,
Жатаған тамға əйнектен құйып тұрды.
Қамықпа қараңғылық бөлме кезген,

Алғандай құпия бір жиып сырды.
Қараймын қарайғанға нала көзбен,
Желпініп желең желдей дала кезген, –
Жүргенді жаяу-жалқы ұнатушы ем,

Құлындай құлдыраған бала кезден.
Қарамас қыс-жазыңа кезім еді,
Өмірдің өткені о бір сезіледі.
Шақпа шоқ шырт-шырт етіп жарылады,

Білмеймін қашан көңіл көз іледі.
Бір-ақ рет берілер елге өтімді,
Ей, тірлік, жасырасың келбетіңді.
Күткендей əлде кімді алыс жолдан,

Жатырмын құлақ түріп желге түнгі.

1993 ЖЫЛДЫҢ ҚЫСЫ

Бақытың менен азабың,
Өрілген қатар тірлікте, –
О, сығыр менің қазағым,
Келесің қашан бірлікке.

Ортайып ырыс табағы,
Аш құрсақ күйге түстің-ау.
Ашылмай сыртта қабағы,
Азынап тұрған қыс мынау.

Жасың да, қалмай қартың да,
Келесің ілбіп көшпенен.
Армандай тірлік артыңда,
Алдыңда үміт өшпеген.

Арылмай жоқтық басыңнан,
Күйіндей күйің торғайдың.
Тым үлкен қабың асынған,
Одан да өткен зор қайғың.

Аманхан Әлімұлы
Кешетін қазақ күй ме еді,
Көретін қазақ жай ма еді.
Киім ілгіштей имелі,

Сап-салқын неге Ай лебі?
Айтар сөз мынау сасқанда:
«О, неге, неге көрмеді, –
Əуелі Алла аспанда,

Елбасы сосын жердегі?..»
Үйірліп үйдей басқа мұң,
Иман да қалды аяқта.
Шалдығып, шаршап қас қағым,

Ұйықтап кетсем оятпа.
Көңілді жайлар күй тынған,
Қайдағы бітпес іске еріп.
Оянсам, шіркін, ұйқымнан,

Молшылық жайлы түс көріп.

* * *
Тұратын пана көріп жиі ақ талды,
Лүп еткен желден сыңсып қияқ қалды.
Ап-ауыр составтардай бұлт көшіп,

Қаран су қаптап кетер сияқтанды.
Басталды бір ұлы көш аспан жақта,
Шуылдап қоя берді сасқан бақ та.
Алаңдап қарай бердім көкке мен де,

Соншама көңіл, шіркін, жасқаншақ па?
Кетті, əне, тыным таппай құрт-құмырсқа,
Көрсетіп мінез келді шырт сынысқа.
Мезгілсіз келген қонақ сияқтанған,

Жаңбыр да кенелтпес-ау, жұртты ырысқа.
Келтіріп көз алдыма сырды төккен,
Жаңбырдың исі ұрып тұрды көктен.
Көрсетіп торғайлар да тосын қылық,

Алғандай жаулап қатер қырды көптен.

Атақоныс
Мысалы деуге келер қиын қылық,
Көрсетіп жүрмесең де дүйім бүлік, –
Құдайдың құдіретіне шара бар ма,

Болмайтын, ей, табиғат, күйіңді ұғып?

КӨРІНІС

Із-түсіз тағдыр, шіркін, өтеді ме,
Сүрініп жығылды əйел етегіне.
Табытта ұлы жатыр, о, Жасаған,
Əйелдің көз жасына жетеді не?

Тобықтан қақты ажал қағыс келіп,
Жүргенде іздеп күндік табыс желіп.
Мысалы, кейде кетер лайланып,
Өмірді кері ақпас ағыс делік.

Тасқа ұрып басты жылар, жыртып жейде,
Жас ғұмыр ерте солған бүртіктей ме?
Со табыт, со ананың жасы мені,
Ұйқымнан оятады түртіп кейде.

* * *
Бір кезде бас білмейтін балғын едім,
Бұл күнде самайымды ақ шалды менің.
Аузынан жырып алып қасқыр жемін,

Есімде ішпей-жемей мас жүргенім.
Қаншама еріндерден от ұрладым,
Шау тартып мынау қазір отырғаным.
Жайлап ап жайлы жерін төрдің ханша,

Құшақтан қимай отты өрдім қанша.
Бүгінде өтті-кетті со бір кезім,
Жалыны қайтқан əзір көмір көзім.
Ұмытып мақсат деген басты ұғымды,

Арақпен улап біттім жастығымды.

Аманхан Әлімұлы
Бүгінде өзі кетіп, жұрты қалған,
Ұйқымнан оятады түртіп арман.

САБЫРЛЫҚҚА ШАҚЫРУ

Келетін бастан кешті көресінге,
Рұқсат аққұба қыз бересің бе? –
Бақытты етпесем де өкінбейтін,
Қаларсың қалқа болып ер есінде.

Сыңсып тұр сəл-пəл мұңды күміс қайың,
Ұмытып бір уақыт жұмыс жайын, –
Көміліп көк шалғынға мүмкін болса,
Тізеңе қойып басты тыныстайын.

Көремін сырды саған жөн ашқанды,
Табатын шығар сонда толас жанды.
Көзіңнен көгілдір мен теңіз көрдім,
Содан соң көрдім тағы көк аспанды.

Жаныма жағып жақсы қыз қылығың,
Қозғадың кеудемдегі мұзды бүгін.
Жүруші ем бастан кешіп тіршіліктің,
Кеудені жылытпайтын күзді күнін.

Бұ деген көрсеткен бір наз-ақ қана,
Қызуы өткен бастан жаз аптап, ə...
Сабыр тап,сап-сап көңіл, ей, Аманхан,
Оны да, өзіңді де азаптама.

БАЛЫҚТА

Күн шықты ұясынан жалқынданып,
Табиғат танытса да салқын қалып.
Отырмын қармақ салып қаран суға,
Ойымда ұстап алу алтын балық.

Құс-құтан арылмайтын тағы үстінен,
Жан-жағы қоға, жалды қамыс кілең.
Тіршілік жүдеу-жадау сезіледі,
Өмір де өтіп жатыр бағы ұштымен.

Атақоныс
Балалар бастан ұрып басынғалы,
Күшік те күрсінеді қасымдағы,
Жайсыздау су бетіне тиіп тұр-ау,

Желікпе желдің келіп қасынғаны.
Бір сурет көз алдына келтіргенде,
Еріксіз есі кетіп елтір кім де...
Мысалы, тоғай шулап, құс сасқаны,

Келеді қыз етегін жел түргенге.
Келетін тораңғылдың бүртігіне,
Бір сырды бүкпе көңіл іркіді ме? –
Кетердей батып суға қағып қалсам,

Қалтқы тұрды ілініп кірпігіме.
Табиғат манағы бір қалпың қалып,
Алды, əне, кешті қылаң жал қымтанып.
Келемін үйге қайтып, Ай да туды,

Секілді ұстатпайтын алтын балық.
* * *

Арақты бір адамдай шайқап едім,
Кім енді оның, досым, айтады емін?
Көзімде мұң табындай тұнып тұрған,
Жастығым оралмайды қайта менің.

Жетпейтін бір қайнауы шала жай-ақ,
Уақыт ұрын келсе қала ма аяп.
Тоқымдай тозған тоғай ішінде мен,
Шық кешіп жүгірмеймін жалаңаяқ.

Өткізіп бойдан, о, Күз, жауыныңды,
Сыңсиды дарияның қауы мұңды.
Желең бір жел айдаған қаңбақтай-ақ,
Қалайша қиып кеттім ауылымды.

Қызға да қаратпастан іргедегі,
Ұлы арман бастап кетіп бірде мені, –
Жіберді қосып қала у-шуына,
Жанымды жаулап алып дүрбелеңі.

Аманхан Әлімұлы Жел соқса шайқалмайтын шынар бекем, Жайымды жайма көңіл ұғар, көкем. Қамыспен жапқан үстін жатаған там, Жадымнан өле-өлгенше шығар ма екен. Сонау бір бала кезгі қалпым ба, анық, Жетеді құлағыма жалқы үн талып. Ауасы жетпей маған ауылымның, Тас қала танытады салқын қалып. КҮЗ Неге сонша қарғалар қарқылдайды, Көре алмай-ақ қойдық-ау тартымды айды, – Ей, қара күз жайсыздау ескен желі, Тимей ме деп қорқамын артың жайлы. Кеше Ай да мезгілсіз туды жайсыз, Көрсем деймін айдында қуды лайсыз. Жапырағы тоналған күзгі бақта, Тыңдап үнсіз отырдым шуды ыңғайсыз. Ей, табиғат, болмасаң өзің емі, Күздің кірбің кірпігі сезіледі. Қыздай бойын ұйқы алған ерте кеште, Көкірегімде тəтті мұң көз іледі. Қарай-тұғын бір мезгіл күліп көктен, Күн көзі де сап-салқын бүлік бөккен. Сына қағып ауаға, ауа көшкен, Тырналардың дауысы тұнық неткен. Өтіп бойдан мезгілдің сұмдық намы, Қалғандай бір сусыма құмдық қамы, – Күз көңілді қаузаған қапа қысып, Көзімдегі тұнған бір мұңды ұқпады.

ЖЕТІ КЕМПІР ӘРІ ӨЗІМ ТУРАЛЫ ЭЛЕГИЯ

Дей-тұғын бір жайсыздау жел ескен ең,
Көмілген көк шалғынға елес белең.
Ыдыстай ішімдіксіз дүкенге өтті,
Өткіздім жастығымды емес пе, мен.

Атақоныс
Қайтейін, ей, уақыт, игеніңді,
Өткізіп қоңыраулатып күйме күнді, –
Отырмын ертегідей айтып қазір,

Жеті қыз мені өлердей сүйгеніңді.
О, жастық, қолын созған көкте Күнге,
Соңыңа қарамастан кеткенің бе?
Басымда жеті кемпір жылап тұрар,

Өмірден өксік буып өткенімде.
Жайларды жабырқаулы түйе келіп,
Жағымсыз жанға түскен күйе делік.
Жастығым өтті-кетті шарап шалып,

Өзімді алды бір қыз иеленіп.
Бойымды алған кезде аза-қайғы,
Жетеуі жеті жерден мазалайды.
Өзіммен өзім қалып ойланамын,

Бақилық жақтағы бір жаза жайлы.
Танытқан тіршілікке ыза қалып,
Көрсетіп тұр-ау кіді Күз алалық.
Отырар жеті кемпір оңашада,

Өмірге менсіз өткен ызаланып.

СҰЛУЛЫҚҚА СҰҚТАНУ

Мысалы, десем дала қалы кілем,
Шалғынды күрең белі жалы, білем.
Көзіңнен көгілдір мен теңіз көрдім,
Ойнаған көк толқыны жалынымен.

Бір белгі қалғандай боп сояу Күзден,
Жаныңа түспесінші қаяу бізден.
Қиылған қасың қою қақпа қылық,
Теңіздің үстіндегі Ай-ау жүзген.

Шаншылған жебе дерлік кірпіктерің,
Көңілді тұр-ау ұшпа түртіп, керім.
Керілген кер маралдай керім қыз-ай,
Басыңды сертке бар-ау бір тік дерің.

Аманхан Әлімұлы
Назарға ілінбестен қалдым деме,
Тал мойын, қыпша белді балғын дене.
Көңілді қара шайдай тұнған бұзып,

Есіме не жайларды салдың неге?..
Шілде өте, салып тұрып Күз қармағын,
Сеземін жанды шалар ызғар барын.
Сұқтанып сұлулыққа тұрып, қарғам,

Көңілім өз-өзінен сыздар жарым.
* * *
Күй емес еді кешкен бұрын бастан,
Жастығым өтті-кетті бұрылмастан.

Қалдырмай кірбең жанда ұзақ түнге,
Қайдасың қалқа қыз-ай сырымды ашқан?
Бүгінде сен де басқа, мен де басқа,
Тынбастан соғып тұрған жел де қасқа.

Түсірем деуші ем сені келін етіп,
Отырған қатпа шалға өлме жаста.
Мен сендей жанды бұрын көріп пе едім,
Көзқұрты, көңіл ауды көрікті едің.

Сүйісіп тұрған кезде, сүлік сорды,
Кететін ерінімде еріп демің.
Келетін кереметтей қайлы деске,
Түсіріп тұрмын небір жайды да еске.

Сырт көзге патша тағы сияқтанған,
Тіземде отыратын Айлы кеште.
Көңілім бұзылмайтын алғыр, көкем,
Мысалы, Сырға салды сал бір бекем.

Қаншама еріндерді ақжем етіп,
Қанша ол тізелерді талдырды екен.
Жолықпай жүрген əлі иесіне,
Түседі о қыз неге жиі есіме?

Қанатын ерте от шалған көбелектей,
Əлде ол махаббаттың киесі ме?..

Атақоныс
* * *
Жатар жерге оралсам ішіп кешке,
Ұмтылатын еркелеп күшік төске.

Үй иесі жақтырмай қарсы алатын,
Əрекеті келетін пысық деске.
Іш пыстыға саятын ойыны ма,
Асылатын мас достай мойыныма?

Тұрып артқы аяқпен нан тілейтін,
Шек болмастан шіркіннің тойымына.
Таппай кетті-ау дегендей бұл үй тыным,
Алып түнгі тынышын ұлы ұйқының, –

Əлденені сезгендей ішін тартып,
Көкке қарап кейде ол ұли-тұғын.
Бұдан өткен көңілсіз күй табам ба,
Дос десек те қаншама ит адамға, –

Үн шығарар еді бір сəл-пəл мұңды,
Бұйра жүнді басынан сипағанда.
Күткін мейлі күтпегін бүлікті алдан,
Өтер-кетер дегендей күлік жалған, –

Жас көруші ем көзінен дөңгеленген,
Таңғы шықтай сап-салқын тұнып қалған.

АУЫЛ ТҮНІ

Қалатын қармап бақтай қай жеткені,
Келтірер көз алдыма жайды өтпелі, –
Буда-буда бұлтқа батып шыққан,
Мысалы, алтын бақа Ай көктегі.

Ақбозат, Көкбозат та тарпаң кілең,
Құс жолы шұбатылған арқан білем.
Мық шеге жұлдыз қақты қарап көкке,
Көңілсіз күрсінеді қартаң бір өң.

Төбесін тіреп тұрған қаққан ұстын,
Қамыспен жатаған там жапқан үстін, –
Қайдағы-жайдағыны еске салдың,
Жегідей жеген жанды шақта міскін.

Аманхан Әлімұлы
Жатушы ем, көкке қарап төбесінде,
О өмір өтті-кетті елесің бе?..
Жып-жылы жаздың түні мақпал қара,

Мазамды кетіресің келесің де.
Кеткендей аяқасты ауысып əн,
Қағатын Сырдың қалың қауы сылаң.
Көңілім құлазитын қарап жатып,

Жылаған шибөрінің дауысынан.
Айтып бір кетейінші жолай тағы,
Сыңситын тораңғыл да тоғайдағы.
Жастықтың ұшып кеткен оралмастай,

Қолыма қона қоймас оңай бағы.
Ойларға берілгенмен бекер бөтен,
Дауысым өтті өмірге жетер ме екен?..
Жаз өтіп, қоңыр күзде тірліктен мен,

Аспанға қарап жатып өтер ме екем.
* * *

От басып тобық шалған қырды құба,
Жайылып жайлау кезді жүрді құла.
Шелектеп жаңбыр құйып кететіндей,
Көк төсін бұлт буып тұрды бұла.

Аспанға қарап тұрдым аңтарыла,
Қарамас қапы қалды қам-қарыңа.
Көрінбей күн де кетті күміс жалды,
Атқандай болғанменен таң сарыла.

Адамдай көңіл күйін мұң бір басты,
Жел қақты жапырақтар сыбдырласты.
Үзіліп түсті көктен түйір тамшы,
Келтіріп көз алдыма, құрғыр, жасты.

Қабағы ашылмастан тұрған аспан,
Кеудемді жанға ашпастай сыр ма, басқан?
Ой легі ұстатпайды ұрын келген,
Түлкідей қылаң ұрып қырға қашқан.

Атақоныс
Өзіңде болғанменен өз ермегің,
Сен менің бұ күйімді сезерме едің?
Шелектеп жауын күткен ұшпа қиял,

Құдайдың бұлт буды кезер көгін.

Ты право, пьяное чудовище!
Я знаю: истина в вине.
Блок
Бір қарайған тұрғанда қарап белес,

Қараңғылық қарбалас таратты елес.
Блок сөзі қисынсыз, ей, маскүнем,
Тыңда мені: Ақиқат арақта емес.
Қырға шығып тұрасың мас кейіпте,

Кəрі əлде, білмеймін, жас дейік пе?
Ақиқатты іздеме зəҺардан сен,
Түбі апарып түсірер тас бейітке.
Жүрген кезде тумастан жыр киелі,

Бастан кешкен көңілсіз бір күй еді.
Шыныланып Ай беті, ішіп алған,
Сенің көзің сияқты кіртиеді.
Желден сыңсып тұратын қияқ мүсін,

Көзге ұрып тұрғанмен ұятты ісің, –
Сирағыңнан келмейді Сырдың суы,
Билеушісі əлемнің сияқтысың.
Шалғын шашын желменен тарап белес,

Тұрған кезде көңілге қарап па елес?..
Ей, маскүнем, десек те Блок айтты,
Тыңда мені: Ақиқат арақта емес.

ДУАНАЛАР

Жан-жүректі тазартар дуа болар,
Аят оқып шайтанды қуады олар.
Сіңір соқпақ қуалап ел кезеді,
Құдай жолын таңдаған дуаналар.

Аманхан Әлімұлы
Қайда барып тоқтарын Алла білер,
Жайлары жоқ кіріптар жалға жүрер.
Сиынары Жаратқан, оған қоса,

Тірлігі бар түйір құрт талғады дер.
Сүйеніші қолдағы асатаяқ,
Көңілдері көк ілді босамай-ақ, –
Байлық қуды жандарды шелді көзді,

Дұғасына оқыған қосады аяп.
Келмейтінін білмейтін айтып азап,
Ей, оқыған маңдайы тайқы қазақ, –
Балағынан ит алып, бала баққан,

Дуананы етпегін сайқы мазақ.
Көңіліне көшіріп кешті солма,
Келе-тұғын тілекпен көшті болға, –
Бірі сондай құлдардың Алла сүйді,

Түсті сіңір соқпақтан ескі жолға.
Келе жатыр аяңмен, сылбыр ғана,
Күн күйіп тұр, жел есті тұлдыр дала.
Құдай жолын ұмытқан адам көрсе,

Емшек іздеп жылаған бұл бір бала.
Жол бойында бір жанды кезіктірді,
Оның сырын жан жеген көзі ұқтырды.
Құдай ұрған қарақшы екенін ол,

Қу жүрегі айтпай-ақ сезіп тұрды.
Жалғыз-жарым жүргенді, шіркін, делік,
Қарны ашты, қарақшы, шырқын көріп, –
Жол үстінде дуана о пақырға,

Берді түйір талғажау құртын бөліп.
* * *
Ей, табиғат, күз атты шалаң қапқан,
Көңілсіз күй еседі жалаң бақтан.

Қабағында өмірдің салқындық бар,
Көңілімді көк ілді алаңдатқан.

Атақоныс
Меңдеп қапа кеудемді кеткен кезде,
Жап-жарық бір мық жұлдыз көктен кезбе, –
Салқын қалып танытып қарап тұрар,

Мұңның табы секілді шөккен көзге.
Келе-тұғын сеземін қайлы деске,
Қай-қайдағы түсіріп жайды еске, –
Ызыңымен ұйықтаушы ем масаның мен,

Қысыңқылау мысық көз Айлы кеште.
Қараша айы көк-жасыл көктем деп пе ең,
Шығып кеткен шығанға шектен көптен, –
Өткен-кеткен жанымды жайлап алды,

Айдың нұры сияқты төккен көктен.
Айналып өткендей ме балаң бауды,
Тірлігім дегендей бір қаламға ауды.
Ең соңғы рет тұрғандай көріп-біліп,

Ауылыма қараймын алаңдаулы.

ҚАЗАҚСТАН, КӨКТЕМІҢ ҚАЙДА КЕТТІ?

Бұлтты буған бұла жайма көкті,
Суық жел суыт соғып айдап өтті.
Сыртта Сəуір, сонда да қар жауып тұр,
Қазақстан, көктемің қайда кетті?

Қуанғаннан ататын бөрік деп пе ең,
Қыстан ел-жұрт жүргенде жеріп көптен, –
Қандай қадір бар дейсің қарда қазір,
Жерге түсіп болмастан еріп кеткен.

Осы болса жазғаны пешенеге,
Қытымыр қыс ызғары есе келе, –
Өткінші жел сияқты өтер-кетер,
Соққанымен тынбастан неше, өле.

Жайламай жайлауындай жайма көкті,
Қазақстан, көктемің қайда кетті?
Шуақты Күн күліп бір берші қыздай,
Сал самал сен де есші майда лепті.

Аманхан Әлімұлы
Қарамай көпке түскен арашаға,
Қаншама қырын тағдыр қараса да, –
Көктемді аяқтанып келе жатқан,

Қыспаққа алу қысқа жараса ма?
Қалайша сені, Ей, қыс, бақ санайын,
Сəуірге үндес емес ақ самайың.
Неліктен жер жастанып жатып алдың,

Тағынан түспей қойған патшадайын.

АМАНАТ

Есенғалиға
Қара бұлттай үйіріп басқа мол мұң,
Көбі кетіп, қалды азы қасқа жолдың.
Сəби болғым келмейді баяғыдай,

Баяғыдай келмейді жас та болғым.
Өткенімді көк тұман басып қалған,
Бара жатыр Күнім де асып талдан.
Кім көрінген парақтай кете-тұғын,

Кітап емес өмірім ашық қалған.
О, жел-ай, жел-ай соза тартқан ішін,
Қарай да алмайды екен артқа кісің.
Бастырып қоярсыңдар таспен өтсем,

Тұрғызу да басыма шарт па мүсін.
Беу, тірлік мұңды жанды сазың шалды,
Кеудемнен шықпай қанша əз үн қалды.
Басына қабірімнің таспен бірге,

Егіп қой Есен досым Мəжнүн талды.
Шамасы қайта айналып келмес демге,
Өмірден өткеннен соң елес пенде.
Тас басып жатсын тұрып кетпейтіндей,

Тал сыңсып тұрсын жайсыз жел ескенде.
* * *
Бір тартылған қайтадан толар ма айдын,
Болып қойған болары болар жайдың.

Атақоныс
Ертектегі секілді алтын айдар,
Балалыққа қайта мен оралмаймын.
Мойын ерте ұсынып қоян жайға,

Қалғып кеткен қам көңіл оянбай ма?
Қатар сиреп, сырласар кісі азайды,
Жалғыз-жарым жанымды қоям қайда?
Бітпей-тұғын күйбеңі тірлік мына,

Сарқылмайтын теңіздей сырды ұқтыра, –
Қысқан кезде өкпемді өксік буып,
Қызық ауды басымнан қырлық бұла.
Үйірілгенде үйдей бір басыма мұң,

Десе досым дем беріп жасымағын, –
Арашалап қалардай ажалдан да,
Мас адамдай мойнына асыламын.
Өтті-кетті тіршілік қызық білем,

Айдынында жүретін жүзіп кілең.
Жалғастырар жадымның жақсы тұсын,
Жалғай алмай келемін үзікті мен.
* * *

Мұң табынан шық тұнды көзіңдегі,
Сезіледі лықсыған сезім легі.
Жан сыздатып тұрған бір бұла дерттің,
Ей, уақыт сеземін өзіңде емі.

Жан-жүрегін жесе де неше нала,
Жинады есін емес пе, өсе бала, –
Кеше ғана арақпен жастықтықты улап,
Жастықпенен қоштасқан кеше ғана.

Бүгінде оның еңсесін қала езген,
Қалып артта бал шағы дала кезген.
Есек жеккен арбамен отын тасып,
Жақсы ауылда өскен ол бала кезден.

Самал көңіл қаншама есті ағыла,
Ерте бастан кірісіп кеш қамына, –

Аманхан Әлімұлы
Жатаған там үстінде жата-тұғын,
Жұлдыздардың жете алмай еш санына.
Ұясынан шықпастан қоя ма Күн,

Дала қызғылт жосаға боянатын.
Тірлік қамын жейтіндей елден ерек,
Қоразбен бір ұйқыдан оянатын.
Малдың қайтқан өрістен намы нəсіп,

Қозы-лақтар жататын жамырасып.
Күйіп-пісіп жүретін жеңешесі,
Нандық кеткен мезгілсіз қамыры ашып.
Аңғартады тасқайрақ төзім нені,

Өшкен оттай көздегі сезім бе еді?
Көңіл-қозы қалаға көгенделген,
Ауыл-ене сеземін өзіңде емі.

ДАЛА

Жел өтінде желбегейлеу тұрдым да,
Берілдім мен жан түсінбес бір мұңға.
Таң шуағын сіңіреді бойына,
Күнге арқасын беріп жатып қыр мұнда.

Таппай-тұғын жанға сая ерке елік,
Шаңқай түсте тұрады ауа өртеніп.
Ей, бозторғай, далалықпыз екеуміз,
Енді бірге сол жайлы сыр шертелік.

Жанымыздың лайланған тұнбасын,
Қапа көңіл тазарта алмас мұң басым.
Тұр ілініп ақселеуге таңғы шық,
Сығып-сығып алғандай ма, түн жасын?!

Жошы атының жорықтағы ізі ме,
Терең бір дақ түсіп қапты жүзіңе.
Сұлдыр сұлық жатыр дала көңілсіз,
Табиғаттың ұрынғандай күзіне.

Атақоныс
* * *
Менің туған жерімнің аспанында,
Жұлдыз неткен жақұттай керім еді.

Ай да сұлу қыздай боп көрінеді,
Менің туған жерімнің аспанында.
Менің туған жерімнің соқпақтары,
Қара жолға ұласар үзілместен.

Шығармайды ұнатқан қызымды естен,
Менің туған жерімнің соқпақтары.
Менің туған жерімнің адамдары,
Жылы жүрек, қонақжай – көзге көрген.

Күнге жақын тұрады өзгелерден,
Менің туған жерімнің адамдары.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Жападан жалғыз бөлмеде,
Жатырмын, ек кеш арасы.
Келмейді үйге ел неге,
Көрінбейді де қарасы.

Ерек бір күйде бүгін мен,
Түсірдім неге сені еске?
Қабырға бойлай жүгірген,
Елесің сенің емес пе?

Кескендей кенет жолымды,
Көңілсіз келген ой мынау, –
Жоқтықпен аяқ-қолымды,
О, тірлік, матап қойдың-ау!

Алыста о қыз айтулы,
Елес боп келіп тұрады.
Қауын тілікті Ай туды,
Сияқты көктің шырағы.

Оңаша бөлме, ой кешкен,
Жабыңқы жүрек сыздайды.
Өзіммен өзім сөйлескен,
Тимейді маған күз жайлы.

Аманхан Әлімұлы

АУЫЛҒА БАРҒАНДА

І Келе-тұғын көрініске іш-бау десті, Қарақұрым қарайған сұсты-ау кешкі. Жатаған там ана бір таныс маған, Таныс маған мына бір қыстау да ескі. Күндіз-түні аңдыған ала көзді, Қылықпенен күн қақты дала кезді, – Жар жағалап ойнаған қуаласпақ, Түсті есіме бал шағым бала кезгі. Жағасында тұрмастан жасып жолдың, Жастық қанша арнаңда асып-толдың. Ана жерде отырдым балық аулап, Мына жерде бір қызға ғашық болдым. Табанымнан сезбестен сыз өткенін, Əлі есімде қыз үйін күзеткенім. Өмір өте шығыпты өтпе желдей, Жүргенде іздеп жүректің біз өткелін. Жат жұрттық боп кетудің алды ма еді, Білмей тұрмын есіне салды нені, – Бірі танып тұрғанда күлімсіреп, Енді бірі танымай қалды мені. Мауқын басып көңілім жайлана ма, Келгенім жоқ, білемін, қайманаға. Көріп тұрған сияқты соңғы рет, Мұңлы көзбен қарадым айналама. ІІ Қыс кетпесе, көктем де келмес еді, Жатып алған сал бөксе сел көшеді. Баяғыдай күлімдеп күміс Күн де, Баяғыдай желбегей жел де еседі. Жан жылытқан жылы бір ескен леппен, Бойжеткеннің көзіне көшкен көктем, –

Атақоныс
Жанарды арбап, көңілді қаузай берді,
Сиқыр еді көкейді тескен неткен.
Сусып аққан ауылдың жайма құмы,

Салған еске қайдағы-жайдағыны, –
Өтті-кетті өмірдің өзіндей-ау,
Шағалмассың мұң етіп Айға мұны.
Көңілменен келетін дабыл қаққа,

Ұшпа мінез көрсетпей сабыр сақта.
Бір ауылдай қалыпты болып, əне,
Қарайғаны көбейген қабір жақта.
Салқын алып тал бойын қыр күзіңнен,

Ашып тұрған түймедей нұр жүзін мең, –
Сүйіскенім есімде Ай астында,
Үрдей ұяң, ауылым, бір қызыңмен.
Судай сіңіп келетін кетедіге,

Уақыт, шіркін, із-түзсіз өтеді ме?
Сырға батқан қайықтай, өткенді аңсап,
Тəтті мұңға батқанға жетеді не.

ТАБИҒАТ

Үшінші күн көк нөсер тиылмастан,
Өтіп жатыр бір мезгіл қиын бастан.
Қаптап кетті қаран су айналаны,
Неге жерге соншама түйілді аспан?..

Танытады көпшілік нала қалып,
Бір ойранды сеземін салады анық, –
Көше көлге айналып бара жатыр,
Кетпесе екен ақыры қаланы алып.

Астан-кестен боп кетіп қас қағымда,
Ей, табиғат мысыңмен басқаның ба?, –
Тоқтата алмай көзінің жасын, əне,
Ағыл-тегіл жылап тұр аспаның да.

Дегенменен қаншама сабыр сақта,
Құлақ жеген ұласып тағы ырғаққа, –

Аманхан Әлімұлы
Кеңсай тұстан күркіреп бір үн қашты,
Күрсінгендей өлілер қабір жақта.
Аумастан бір кезекті сынақты істен,

Алатаудан құлаған бұлақ күшпен, –
Су тасқыны барады алып қашып,
Қақпақылдай еменді құлап түскен.
Тірлік жоқтай көрініп жалғасынға,

Айран-асыр күй меңдеп алғасын ба?, –
Бұрын мұндай көрмеген қияметті,
Мысық отыр үрпиіп тал басында.
Қарамастан көңілге сасқан дескен,

Етіп алып тірлікті астан-кестен, –
Жатарсың-ау,табиғат, əлі-ақ мүлгіп,
Шығып естен мына күй бастан кешкен.

ТАҒДЫР

Жанды жырмен бір кезде өрте дейтін,
Арақпенен тоздырған ерте кейпін, –
Сəл масаңдау бір ақын деді маған:
«Енең емес тіршілік еркелейтін».

Бірден бірге ауысқан алтын мұра,
Ішкіш шайыр бойымда қалпың жүр, ə.
Кездескенбіз екеуміз ертеректе,
Жертөледе сататын салқын сыра.

Қайран мезгіл қызуын алып бойдың,
Жетегінде жүрдік біз шалықпа ойдың.
Мен болсам кеттім шығып кейін одан,
Сен болсаң сонда ұзаққа қалып қойдың.

* * *
Қараптан-қарап жүрек сыздайды ма,
Көрінген кеше ғана қыздай бұла, –
Өзіне жайлы тиер жатыспенен,

Шалқалай неге туды күзгі Ай, мына?

Атақоныс
Тірліктен салқын есіп тұрған-ау шын,
Сіңіріп кеңістікке тырна даусын, –
Барады қараңғылық қоюланып,

Қонғасын қара желді қырға маусым.
Қанатты сырық мойын қарақтарым,
Мен білер жалғыз жейтін бар-ақ қамың, –
Жылы жақ ол көксеген үйіріңмен,

Келмейді өңге жағын парақтағым.
Шығарып салып тұрмын Сыр басында,
Күйменен жар шетінде тұрғасынға.
Қаңбақты қауқары жоқ алып қашқан,

Желікпе желең желге қыр қасынды, ə!
Қараптан-қарап жүрек сыздайды ма,
Шалқалап неге туды күзгі Ай, мына.
Көлбеңдеп көк көйлегі өмір, шіркін,

Бұлаңдап өте шықты қыздай бұла.

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ӨЛЕҢ

Өмірді мен тарылар өріс демен,
Деп біреумен мезгілсіз керіскен ем.
Ұйықтап жатып күледі сəби неге,
Түсінде ойнап жүрме екен періштемен.

Алаңдатып айрықша қойған мені,
Өмір, сəби ойынға тойған ба еді?
Қолды-аяқа тұрмайды екеуі де,
Шыңыраудай жоқ білем ойдан кемі...

Тиер жайсыз көрсетпей сырық қылық,
Берілгенде себепсіз бүлікке ырық, –
Сəби желдей уілдеп бесігінде,
Өмір артын көрсетер күліп тұрып.

Өткел бермес тірлікте тар сағалы,
Бір салқындық сеземін бар шамалы.
Өтті-кетті басымнан сəби-өмір,
Қарттық өмір алдымда қарсы алады.

Аманхан Әлімұлы
Келе-тұғын көз жұма талғады дер,
Мүлік емес бұл өмір жалға жүрер.
Ұжымақ та, дозақ та үйім менің,

Қайсысына түсемін, Алла білер.

* * *
А-ға
Болмай-тұғын ешқандай ара түсіп,
От шалғандай тұла бой барады ысып, –

Оңашалау кафеде отырғанда,
Əдемі бір қызбенен шарап ішіп.
Таңдай таза лықсыған көзіндегі,
Кетер ме екен төгіліп сезім легі?..

Мұңға батып отырдым əлденеден,
Сейілтіп ал, о, мезгіл, өзің мені.
Жата-тұғын биіктен құлап кілең,
Шашы иыққа төгілген бұлақ білем.

Жан түсініп болмайтын, о іңкəрлік,
Бойды алған, не деген, бұла аптық ең.
Түскен жанға жаңа бір ізің бе еді,
О, табиғат, аңғартар күзің нені?.

Жанындағы тылсымды көріп-білмей,
Жылылықты сезінем жүзіндегі.
Шуақты екен шырайлы көркің, күнім,
Қоюланып кетпесе бертін мұңың.

Арқын-жарқын отырған қысылмастан,
Мінезіңнің ұнатам еркіндігін.
Қалыптасқан қашанғы қалып қалып,
Сезім билеп бойымды алыпты анық.

Ерекше бір отырмын көңіл күйде,
Жан түсініп болмайтын шалық шалып.

* * *
Бұл кездері шау тартқан сары бала,
Өтті-кетті күніңнің бəрі нала.

Атақоныс
Қара желдің өтінде тұрған тірлік,
Сағыныштан сарыала арыла ма?
Көріп-білсең сездірер өзі жайдың,

Көгендегі бүгінде қозыдаймын.
Мысалы, сен көзімді оты өшкен,
Салқын тартқан сəулесі кезіде Айдың.
Менің шулы кезімді ұқан ба, өзге,

Қыз-қырқынға қырындап шыққан кезде, –
Жалын жастық қарасыз қарға аунаған,
Құлпыратын түлкідей бұққан түзде.
Бойды алған тірліктің ызы шерсің,

Бозбала шақ қашанғы ізіңе ерсін?
Көзден таса басымда жылап тұрған,
Кемпір көрсең сүйген бір қызы дерсің.
Дей алмайтын, ей, тірлік күлкіңе көш,

Алар мүмкін мазамды мүмкін елес.
Бірін-бірі қуалай өкшелеген,
Алдырмастан келеді түлкі белес.
Шыдай-шыдай таусылған төзімнен бе,

Ажалды мен айтарым сезінгенде, –
Мəжүн талын егіңдер қабіріме,
Жылап тұрар басымда көз ілгенде.
* * *

Келтірер көз алдыма келеңсізді,
Етпестен ерте түскен елең күзді, –
Тұрғызып алып жылы жайымыздан,
Салады от пен суға өлең бізді.

Азынап тұрғанда жел қарып бетті,
Көңілім күй кешеді арып кетті.
Дөңгелек əңгелектей пісіп-толған,
Толған Ай төңірекке жарық төкті.

Жапырақ ескен желден сыр аулаған,
Жүрекке ұқсап дертті тұр-ау маған.

Аманхан Әлімұлы
Сынап түс сұрғылт көкті сыналаған,
Бір мұң бар тырна үнінде тыраулаған.
Ақпасын бекер, мезгіл, сораң мұңды,

Сыр толқып жатыр оппа орам құмды.
Сыңсиды ұзатылған қыздай тоғай,
Жатаған иір мойын тораңғылды.
Етпестен ерте түскен елең күзді,

Салады от пен суға өлең бізді.
Сағымға сағыныштай сартаптанған,
Кемедей батып-шығып белең жүзді.
Тонайды тойымсыз жел жалаң бауды,

Назарым бопсасыз бос алаңға ауды.
Дүние дөңгеленіп дөңгелектей,
Көңілім əлденеге алаңдаулы.

МУЗАҒА

Өзіммен өзім қалып ой кешкенде,
Сыр тартып не тірлікпен сөйлескенде, –
Мен сені «Қарындасым қандас» – деймін, –
Бералмас көктен басқа бойға еш пенде.»

Қарамай жалқы жүрек, рең-жүзге,
Қалыпты-ау келіп керме үз күрең күз де.
Сарыала сағыныштың мұңы шалған,
Білмеймін табар ма ол бір ем бізге.

Тірліктің жұтаң-жүдеу түрі мынау,
Тас тағдыр тастаған бұл құрығың-ау.
Өлең-жыр өмір болып өрілмесе,
Жан семіп сен де, мен де құрыдық-ау.

Бұлтты көктің келер күркірімен,
Мұңды Муза Алланың ырқы, білем.
Алып бірге кетермін оны өзіммен,
Өткенімде өмірден бір күні мен.

Атақоныс

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Келе-тұғын оқыстан мыс басқанға,
Өлі ұйқы бұзылып, түс қашқанда, –
Жап-жарық жұлдыз көрдім мық шегедей,
Қытымыр кіді қылық қысқы аспанда.

Қарашы отырғанын шарам құрып,
Көпек ит көрсетеді аран қылық.
Менің туған жерімді қымтап алды,
Ерте түскен қоп-қою қараңғылық.

Сырдың сидаң сыбдырлап ши,бұтағы,
Бастап кетті тірлікті күйкі тағы.
Қайырлы түн тілеймін таңға ұласар,
Адамдарға алаңсыз ұйқыдағы.

Баданадай көрініп алып қырдан,
Қасиетін нұр шашты сан ұқтырған, –
Жарық жұлдыз бақытым бала кезден,
Туған жердің көгінде жанып тұрған.

* * *
Суық күз сұрғылттанып сыз атқанда,
Тырна үнін тыңдап жатып ұзақ таңға, –
Түсіріп сағынышты құс жолына,

Сыңсытып не жетеді ұзатқанға.
Алланың жазуынсыз өлер деп пе ең,
Алты ай қыс өтіп, тума келер көктем, –
Жатады əлі-ақ аман болсақ егер,

Көрінбей көзге тұнды бел өрнектен.
Ақпанды елшісіндей жуық дескен,
Əзірше, əзірше ме суыққа ескен, –
Алдырып бойымызды тұрармыз-ау,

Қаңбақты бара жатқан қуып төстен.
Тоғайды алған ерте алтындап ап,
Қараша танытады салқын қабақ.
Шабақтың шоршысынан шыққан шым-шым,

Ойнайды толқынменен жалқы үн жалақ.

Аманхан Әлімұлы
Сұп-суық жұлдыз нені күзетеді,
Жайылып келе жатыр күз етегі.
Сағыныш құс жолына түсіп кетті,

Табаннан жүрекке ұрды сыз өтеді.

КЕМПІР

Аумайтын аума, тағдыр, қорғасыннан,
Қойды-ау арылмай-ақ сор басыңнан.
Секілді жоқшылықтың көлеңкесі,
Келеді ілбіп кемпір дорба асынған.

Мұң табы түскен ымырт көзіндегі,
Күліндей оттың өшкен сезім бе, еді.
Қайыстай қатпа жанның бойын алған,
Қашанға шыдар екен төзім легі.

Жайларды қай-қайдағы сезеді іші,
Жоқтықтың жан-жүрегін езе күші.
Кемпірдің суылдайды тұла бойы,
Көліктің шиқылдайды тезегіші.

Келмейтін ашып-жайды жарияға,
Мысалы, бұ дүние тар ұя ма?
Иесі шел көзденген нəн көліктің,
Салды айқай сағы сынды кəрияға.

Су суып, күннің көзі мұздағалы,
Кіділеу ашылмай тұр күз қабағы.
Көресі тірлігіне көнбістенген,
Кемпірдің жүрек тұсы сызданады.

ТАБИҒАТ

Тұратын пана көріп жиі ақ талды,
Лүп еткен желден сыңсып қияқ қалды.
Аспанды бұлт буып, нөсер құйып,
Қаран су қаптап кетер сияқтанды.

Бас көзге қарамайтын бетті неме,
Түбіме кіді мезгіл жетті деме.
Жамырап жапырақтар қоя берді,
Сыбдырлап қамыстар да кетті неге?!

Атақоныс
Жай емес еді көптен бастан кешкен,
Жағдайды көріп тұрмын аспан көшкен.
Қарбыздай жарылды да бұла бұлт,

Күркіреп күн де кетті астан-кестең.
Келмейтін деуге, сірə, тауыпты епті,
Сұп-суық жел де есті қауып бетті.
Пойыздай солқылдатып өткен жерді,

Нөсерін қимай бұлт ауып кетті.
Өсімдік сияқтанып тіні езілген,
Аумайтын ақын білем, күн өзімнен.
Көрдік-ау, ей, табиғат, көресінді,

Аумалы-төкпелі осы мінезіңнен.

ЖУСАН

Ұнатамын жусанды кермек дəмді, Бозторғай да салмайды ермекке əнді. Бір мұң қоздап қапалы көңілімде, Бір сағыныш барады кернеп жанды. Жападан жалғыз тұрмын кешкі белде, Тұрмайтын қолды-аяққа есті жел де. Қабағы ашылмастан кіді күннің, Секілді көрсететін сесті елге. Көзіме көрінеді күзгі Ай шерлі, Жастанып жатыр апам мұздай жерді. Шымырлап кеуде тұсым шыдас бермей, Жабыңқы жан жүрегім сыздай берді. Бір сезім түсініксіз кернеп жанды, Көзіме жас келеді кермек дəмді. Бозаңда бойтұмардай бозторғай да, Салмайды сезеді ішім ермекке əнді. ЖЕЛ Тынымсыз ұнатамын жел мінезін, Кезгенмін талай-талай елді де өзім. Басыңқы тартып қалған көңіл қазір, Байқаймын байыз табар келді кезім.

Аманхан Әлімұлы
Дегендей қатырайын бір сілесін,
Ел-жұрттың алып бүксіз тұрсың есін.
О, жел-ай, жел-ай айтшы неліктен сен,

Ішіңді тартып сонша күрсінесің.
Жағдайға талай-талай түсіп терлік,
Қылықпен торғай бақты мысық дерлік, –
Сен ұшпа, мен де өзіңдей жел мінезбен,

Қаншама қыпша белді құшып көрдік.
Шулатып кей кездері түз, қияқты,
Сыңсисын ұзатылған қыз сияқты, –
Желбегей желең-желпі желдей есіп,

Ұшпалау мінез енді бізге ұятты.
Тынымсыз ұнатамын жел мінезін,
Кезгенмін талай-талай елді де өзім.
Басыңқы тартып қалған көңіл қазір,

Байқаймын байыз табар келді кезім.

ЭКСПРОМТ

Тауысып көрерім мен ішерімді,
Менен де өтер өмір үш өрімді.
Дозақ та, жұмақ та үйім менің,
Білмеймін қайсысына түсерімді.

Е, Алла...

* * *
Қалып қойған қызығы кең далада,
Желп-желп етпей жел соқса жең қала ма?
Көп болса да ауылдан шыққаныма,

Жете алмай-ақ келемін мен қалаға.
О, тағдыр-ай, таппасаң өзің емін,
Тағы нендей жағдайға кезігемін, –
Қырық жылдан барады асып, міне,

Өзімді мен қаңбақтай сезінемін.
Ауылдан да қол үзіп кете алмадым,
Қалаға да қол созып жете алмадым, –

Атақоныс
Дұрыс шығар ендігі жерде менің,
Ұжмақ бенен тозаққа бет алғаным.
Қайсысын білмеймін мекендермін,

Көшірмесі ол жақта екен жердің.
Бірақ нəрсе білемін қайта қалсам,
Қайырмайтын құшағы бекем көрдің.
Ешкім берген қайтпастай сертің демес,

Жаулап алды жанымды бертінде елес.
Е, Алла, білетінім түбі барар,
Тозақ та, ұжымақ та еркімде емес.

ӨМІР І Түсетін салмақ, ой басым,

Қазаңда.
Атымды адам қойғасын,

Азам ба?
Уілдеп сыртта тұр тынбай,

Жел еспе.
Түседі неге құртымдай,

Ел еске.
Дария, ауыл аядай,

Иітпе.
Саусағын жүрек жаяды-ай,

Биікке.
Көрпедей тірлік ыстық-ау,

Қыз ашқан.
Қыраулы қыспа қыс мынау,

Сыз аспан.
Орақтай қапты шаншылып,

Ай көкке.
Өтпесін, өмір, тамшылық,

Əй, текке!

Аманхан Әлімұлы ІІ

Соға-тұғын айналып,
Өткен өмір өліп-өшпес азап пе ең?..

Ажалменен байланып,
Кіндіктесіп қалғанмын мен қазақпен.

Естерім «Елім-ай»,
Қорғасындай ойлар басып еңсемнен.

Келе жатыр желіп Ай,
Вагондармен түйе өркешті теңселген.

Құлазып тұр көңіл де,
Қызбен бірге кеткен қызық сияқты.

Өмір дейтін өмір ме,
Аяқ асты етсек, шіркін, ұятты.

Дала сəнін кетіріп,
Тұман жапқан айналаны кілкіме.

Өліп жатқан өтірік,
Дүние, шіркін, ұқсап кетті түлкіге.
* * *
«Аһ, жалған», болып қалар арада ақыр,

Тірлік пе, тірлік, шіркін, қара бақыр.
Тізбегі үшбу тырна көк сыналап,
Боздатып боз аспанды бара жатыр.
Танытып қырын қылық елді кезді,

Күн батты сүйрек ерін, шелді көзді.
Дария моп-момақан сырғып аққан,
Мінезін көрсетпейді желді кезгі.
Бозбала тасқа салды төзімің бе, ей,

Шығатын ұзақты түн көзін ілмей, –
Қар жауып тұр ертелеу, балаң сенің,
Бір қызға ғашық болған сезіміңдей.
Манағы батқан күндей жалқынданып,

Кіді кеш танытады салқын қалып.
Ай жүзген емін-еркін айдынында,
Мысалы, қармақ қапты алтын балық.

Атақоныс
Шарт сынды салып тілме шыныны еске,
Қанбастан қалған жандай қымы кешке, –
Не жетсін отырғанға осындайда,

Арқаны беріп қойып жылы пешке.

ЕЛЕС

Тынбайды тірлік мұнда жел естімен,
Көзімнің алды тұнған белес кілең.
Жаныма жалғыз қалсам жалау болған,
Ұнатам сырласымдай Елесті мен.

Келтіріп құлағыма сезікті үнді,
Кей кейде жүреді ол кезіп түнді.
Шығамын кірпік ілмей ондай кезде,
Еңсені көңіл күймен езіп тынды.

Қаншама қырат-қырда сағым көшті,
Кеудемді тосып желдей ағынға есті, –
Сан тұрдым, Елес болса тəтті қылық,
Бал шақтың жалаңаяқ қағын кешті.

Елесті мазалайтын кейде келіп,
Желбіреп тұрған желге жейде делік, –
Десем де, жанарына жалған сиған,
Көрініп тұрар кейде бейне елік.

Келетін жел мінезді желік дейге,
Қу көңіл бозбас кезге еліктей ме?
Жеті қыз болып Елес мені сүйген,
Тұрады көз алдыма келіп кейде.

Жималап азды-көпті жазғанымды,
Жабыңқы жасап, сосын, жаз қамымды, –
Жанымды жабырқатып «Құстар əні»,
Беріліп отырамын сазға мұңды.

СҰРАҚ

Көктем шыға қозғалып елді еліткен,
Керген Сырдың кеудесін сел желік пе ең?
Неге боран азынап тұрады да,
Ішін тартып ұлиді жел неліктен?

Аманхан Әлімұлы
Деуге сірə, келмейтін теңесті айлаң,
Өткен өмір сын түзді емес пе, айнаң?
Көз алдыма көлбеңдеп көңіл жеді,

Келеді де тұрады елес қайдан?
Қарақұрым ел-жұртты елеңдеткен,
Құлаққа ұрды тыныштық терең неткен?
Алла салар түбінде таразыға,

Жан даусыңды есітпес керең деп пе ең?
Іше-тұғын сүт қайда шайға қатып,
Ойланамын жайлылау жайда жатып.
Шүпірлеген жұлдыздар қайдан шығып,

Ай да, Күн де кетеді қайда батып?
Уақыт та, бақыт та, шырақтарым,
Неге тауып алмайды тұрақтарын.
Əйтеуір бір білемін, мына, өмірде,

Сұрақтан соң таусылмас сұрақ барын.

АҚЫН ҚАБІР БАСЫНДА

Алған ажал аспастан сертің түкке,
Келіп жүрер бір жанға бертін, тіпте, –
Жер жібермей тұрғанмен тəнін бір сəт,
Жүрген жаны аспанда еркіндікте.

Алып тұрар ақынын жиі есіне,
Сағыныштың сол адам иесі ме?

– Сені сүйдім – дейді ол, тіршіліктің,

Қарамастан жұқпалы күйесіне.
Өте-тұғын бұл өмір ойнап бір күн,
Жете алмаған тереңдей бойлап, құрбым, –
Қозы қарын қабірдің басында мен,

Қай қайдағы жайларды ойлап тұрдым.

Кеткен ақыл бойына неше сіңбей,
Қателігін е, Алла кешесің бе, ей?!
Уіл қағып күзгі жел, бізбен бірге,
Жоқтап тұрды марқұмды шешесіндей.

Атақоныс

АҢСАУ

Қуалай соққан кезде белдеуменен,
Етегін көйлегінің жел кеулеген, –
Сен болсаң биші едің буыны босаң,
Мен болсам ақын едім ел беу деген.

Құбылма қылық жанның бұлты десек,
Береміз Алла алдында бір күн есеп.
Текемет сияқтанып күйе түскен,
Көңілді жеп біттің-ау шіркін, өсек.

Су кешіп, тау мен тасты келгенде асып,
Ей, сезім, жанды қалған селме ең басып.
Жел қуып бара жатты жапырақты,
Жапырақ бара жатты желден қашып.

Менімен бірге елге күз-ау келген,
Есімде құлаған кез бұзау белден.
Сағыныш саған деген сары белдік,
Еш мұрша бере қоймас ұзауға елден.

Бəрібір ырғалмаңыз, ырғалыңыз,
Өткен шақ куə болып сырғалы қыз, –
Сүйісіп ауырғанша ерініміз,
Жадымда таң атқанша тұрғанымыз.

Уақыт өтті, кетті жел кеулеген,
Қуалай соққан жолды белдеуменен.
Жоқ қазір сол биші қыз буыны босаң,
Жоқ қазір сол ақын да ел беу деген.

ПОЙЫЗДА

Қоздатқан көңілдегі шаланы ескі,
Жылдамдық құс тістеген алады есті.
Жұлдызқұрт тізбегіндей пойызбенен,
Жарысып келе жатыр дала кешкі.

Күн батқан қанды бетін жалап қырдың,
Мен болсам терезеден қарап тұрдым.
Сен болсаң сымы ызыңдап, сыны қашқан,
Келесің бағананы санап, құрбым.

Аманхан Әлімұлы
Көк сырын көңіл басты шертесің бе, ей,
Ей, бақпа Ай құла қасқа кер төсіндей.
Вагондар, вагондар ма арлы-берлі,

Түйенің теңселеді өркешіндей.
Түн ауды, қараңғылық қасы қалың,
Жол алыс сынып сағың жасымағын.
Діттеген жерге сен де асығасың,

Күтпеген жерге мен де асығамын...
Қазақы қандай жақсы көрінгенің,
Сеземін сағыныштың керім демін.
Түсетін жерің сенің белгілі қыз,

Белгісіз түсе-тұғын жерім менің.
Жарысқан жылдамдықпен ақпа бұла Ай,
Өтпелі қоймаспын-ау шаққа құлай.
Біледі пойыз барып-қайтар жерін,

Күйреуден қан жылатты сақта, Құдай!
* * *
Қаншама қабақ шытып қараса да,
Бұзылмас бұла көңіл арасы, аға.

О кезде ол да ерке, мен де ерке,
Қосылса екі ерке жарасады, ə?!
Басылып кей кездері қораң құмға,
Көз шайды ұласатын сораң мұңға.

Шибөрі ұли-тұғын ішін тартып,
Ілініп Ай тұратын тораңғылға.
Не жетсін шіркін албырт жасты ұққанға,
Күрең тай көңіл көзсіз бастыққан ба?..

Аунаған ақ қауданға түлкіше ойнап,
Құшақты құланиек аштық таңға.
Келтіріп көрер көзге аштың кейпін,
Жағаны жалмауыздай тасқын жейтін.

О кезде ол да асау, мен де асау,
Ақ жалды дария да бас білмейтін.

Атақоныс Айтты не, айтпады не жақ талдырып, Бойымды ерекше бір шаққа алдырып, – Сүйгенмін оны жардың жағасында, Жүзінде түйнемедей дақ қалдырып. Бұ кезде күндер қалып өліп-өшкен, Алады анда-санда желігі естен. Сарғайған сағыныштай сағым орап, Жастықтың жұрты жатыр, елі көшкен. КӨҢІЛ КҮЙІ І Басқа түскен мына Күз бір сын еді, Көңілімнің табылмай тұрсың емі. Үйсіз-күйсіз ақынның өлеңіндей, Қолды-аяққа тұрмай жел күрсінеді. Түсіре алмай қағазға мұңның сөзін, Тиек етем тіліме түннің де өзін. Ұялайды жаныма қайғы табы, Тұтқан бұлт секілді күннің көзін. Жаңылдырды жүректі, тағы, ырғақтан, Бір үн жетіп құлаққа қабір жақтан. Əлденені сезгендей əлдекімнен, Алаңдайды көңілім сабыр тапқан. Сабырлық бар Күз басты айналада, Ұшпа көңіл ұшықпа жайлана ма? Мықты едім, менен де мықтылау жел, Айдап кетті қаңбақтай айдалаға. Меңдеп алар жүректі ырқы кілең, Жанды жейтін бұл тірлік түрпі білем. Қарапайым қайырымды бір қазақтай, Өлерімді білемін бір күні мен. ІІ Ұстатқан тіршіліктің қай ырғасы, Шайқалып тұр мық жусан айырбасы.

Аманхан Әлімұлы Əн болса ғұмыр қысқа алып қашты, Сезгенім жастық оның қайырмасы. Сезімге таң шығындай құмар бастан, Жанымды менің мұңды ұғар жас жан. Қалды артта қаппа кез қыз-қырқынмен, Қоян алған бүркіттей жұмарласқан. Көншісе көңіл қалай толғамайды, Түсімде көрдім кеше толған Айды. Қалмайтын қыбы келсе қапы, қарғам, Қоздатқан қаулан кезді болма жайды. Қамыс та баяғыдай шуламайды, Жүрек те бұрынғыдай туламайды. Көңілім кірбік тартып қалған қазір, Ауыбос қыз тақымды суламайды. Тұрса да сыртта шықтай мелдеп көктем, Жайым бар жардай ерте сел кеп тепкен. Жастығым өтті-кетті өліп-өшті, Жылқыдай жаздың күні желдеп кеткен. ӨКІНІШ І Етегін сезім-көлдің жел түрдің бе, Жайларды көз алдыма келтірдің не. Күйеуге шығып кеттім дегенше сен, Одан да махаббатты өлтірдім де. Өмірдің сезіп-білген күйіс-кемін, Салуға кірбің жанға тиіспедің. Сезіммен ешкім біліп сезбей-тұғын, Өзіңмен түсті есіме сүйіскенім. Отырдық дарияның жағасында, (Ашылған бал шағымның бағы осында) Эх, менің өліп тынған махаббатым, Қасыңды айдай қиық қағасың ба?

Атақоныс Жағаның құлағаны былай қалып, Дария жылжып аққан ылайланып. Отырдық сусыма құм үстінде біз, Тұр-ау тек арамызға сына Ай қағып. Неге біз жолығыстық ерте кеште, Желең жел не жайларды шертеді еспе. Махаббат өлсе оның тіршілігі, Сабындай қамшының келте емес пе? Келетін небір ойлар жел түрдіңге, Бердің сен ғашықтықтың еркін кімге?! Күйеуге шығып кеттім дегенше сен, Одан да махаббатты өлтірдім де. ІІ Қасықтай қақты тұнған олқысынбай, Шомылып жатып алды жол тұсында Ай. Көңілсіз келем үйге ілбіп басып, Еріксіз жемге үйренген қол құсындай. Мезгілсіз белден алар қаппа сызды, Неге мен жолықтырдым шақта Сізді. Табиғат һəм жүрегім жетімсіреп, Мұңлылау кештік күйді бақта күзгі. Із қалмай тыныштықтан құлаққа ұрды, Шешілмес алда таудай сұрақ тұрды. Былдырлап сыр ашатын айналаға, Неге біз бола алмадық бұлақ құрлы? Көңілмен қызыл түлкі қашты құмға, Беріліп тұрғанымда жасты мұңға, – Бала кез түсті есіме ауылдағы, Түсті еске қаладағы жастығым да. Оны бір мұңды соққан бейне делік, Көңілді мазалайтын кейде келіп. Күйедей түскен қалы кілемшеге, Жанымды жабырқаулы жей ме желік.

Аманхан Әлімұлы
Көрсетіп Ай үлгісін салқындықтың,
Көзім де кешті күйін жалқын шықтың.
Сен де бір қол құсындай жан екенсің,

Қауқарсыз қалма көңіл қалпыңды ұқтым....

* * *
Ауылға барғанымда бір жылы мен,
Қайтқанмын сырласа алмай қыр гүлімен.
Өмірден өтті əкем шілде айында,

Тірліктің салқыны есіп тұрды үнінен.
Келесі жылы тағы барғанымда,
Анам да тұрды өмірдің жар жағында.
Енді бір жолым түскен кезде ажал,

Тастапты жан ағама қармағын да.
О, өмір, дей алмаймын осыңды епті,
Найзағай тілгендей-ақ тосын көкті, –
Сияқты жаздай күзге ерте ұрынған,

Өмірден жастай, əттең, досым да өтті.
Ажал да аза күйін тұр ма шерте,
Қақпандай əккі аңшы құрған ерте, –
Тоқымдай тозып бітіп тоғайы да,

Тартылып табан қалды Сырдан ерке.
Көңілге күпті таппас дəруге емді,
О, өмір, өткінші ме ең ару демді.
Қайғы-мұң ұялатқан жүрегіме,

Қорқамын жиі ауылға баруға енді.
* * *
Өтті де қас қағымдай аз-ақ күні,
Басылды іспе кеуде жаз аптығы.

Созылып кеттің неге соншалықты,
«Елім-ай» əніндегі қазақ мұңы.
Келтірген көз алдыма жезді реңі,
Жайсыздау тиген тəнге кез бір еді.

Сыбдырлап сəл-пəл мұңды жапырақтар,
Ескенін күздің лебі сездіреді.

Атақоныс
Жаныңды не істейсің тоңса деме,
Доп басты, жырық көзді, қомша неме...
Япырай, Алматы да соңғы кезде,

Жылауық болып кетті сонша неге?
Булыққан бұлт буды сыздап аспан,
Көрсетіп тұр қылықты қызба бастан.
Қызығын алып, мына қу дүние,

Ұқсайды көрші ауылға қызға қашқан.
Қақпанын тарпаң тағдыр құрып тұр-ау,
Алады желбір желең шырықты, бау.
Күзгі жел, кіді мезгіл, елдің мұңы,

Көңілді қайда қоям қырық құрау.

* * *
Жаңбыр шайып, жел қаққан кеш сыз еді,
Табыла қоймас, сірə, еш күз емі.
Қаздар төмен, тырналар сəл-пəл биік,

Жабыңқы жайлауына көш түзеді.
Қашаннан сала алмайтын тыйымды ешкім,
Алқалы кесті алдын құйын көштің.
Тұратын жаңбырдан соң жыламсырап,

Мен неге мəжнүн талдың күйін кештім.
Ызды аспан, жері болса шақпа сызды,
Табиғат ұрындырды шаққа бізді.
Дария сылбыр ағып лай басты,

Сыңсып тұр сидаң қалған бақ та күзгі.
Үздікпе үзіп тынған ізгі үмітті,
Жоқ рең айналада жүз жылытты.
Ауыл да азып-тозып арқа-басы,

Қала да көрсетпейді қыз қылықты.
Ұқсаған жан-жүрегі таза ақ қарға,
Тарихта біз татпаған азап бар ма?
Өгей – шеше қылықты табиғат та,

Көрсететін секілді қазақтарға.

Аманхан Әлімұлы
Жатқан бір кең далаға бел теңделіп,
Сабыры саба басты ел тең делік.
Қайғы-мұң жей-жей жанды, қатпар-қатпар,

Көзімнің алды кетті желкенделіп.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

(баллада)
Көретін жүзін жоқ айна,
Куə етіп жұлдыз, бұла Айды, –
Жападан жалғыз тоғайда,

Сықпа бел сұлу жылайды.
Басы ма, баспа уайымның,
Оқиды аят желең жел.
Ұққандай сырын қайыңның,

Бүк түсіп жатыр белең-бел.
Сынаптай сырғып лайлы,
Сырдағы сылдыр қақпайды.
Мұң кешкен қайың бұла Айды,

Алқа етіп ол да тақпайды.
Ақ қайың, Ару, Ай кезбе,
Тіршілік құрған қақпан бар.
Бақытты болған қай кезде,

Жалғыздық дəмін татқандар.
Элегиялық тыныштық,
Жаулап та алды жүректі.
Бір ғана сəттік тынысты ұқ,

Жапырақ жалқы дір етті.
Ақ қайың жалғыз, Ай да тұл,
Алданып қалған ерке қыз.
Ұғатын біздер жай ма бұл,

Сыр ғана жырмен шертеміз.

Атақоныс

САҒЫНЫШ

Қараша түсе қайтқан қаз,
Сағынышымды ала кет,
Жетпесе жарға айтқан наз,
Аунатып күлге, талақ ет.

Ұмытқан болса Үр қыздың,
Көңіліне қаяу сала кет.
Жеткенін айтып бір күздің,
Өткенін ғұмыр санап өт.

Кез болса қонып өтетін,
Қауырсыныңды бере кет, –
Тұтатса ұшып жететін,
Ғайыптан-тайып керемет..

ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ

Тіршіліктің дауа жоқ жалғанына,
Тағдырдың бұл да болса салғаны ма? –
Қалғанына алданып жылап алып,
Жұбанады ұл туып алғанына.

Туылмаған қалуға қыстап бастан,
Құс мінез жігіт кетті ұстатпастан.

ШІЛДЕ

Шіліңгір шілде аспаны тұнық неткен,
Қарайды күннің көзі күліп көктен.
Борпылдақ күлге аунаған күрең тауық,
Су ішіп тұр қалбырдан жылып кеткен.

Шөл қысып кепкен таңдай тақылдайды,
Басынан кешкен жандай қапыл жайды.
Асты от, үсті де от қарып тұрған,
Жамбасы қызған құман сақылдайды.

Шілденің табы қаппа ұрған көзге,
Соқпайды-ау, тізгінсіз жел қырдан кезбе.
Миың да қайнап бір сəт кетеді екен,
Құдайдың күні өртеніп тұрған кезде.

Аманхан Әлімұлы Үркердей ауыл куə қолаттағы, Құлайды қырдан Сырға жол ақпалы. Дем алған иіннен қоразға ұқсап, Самауырын дастарқанға қонақтады. * * * Кезінде келіп қалған қақпа тұстың, Қаншама балалықпен баққа түстім. Көзімді жұмсам болды елестейді, Жатаған там қамыспен жапқан үстін. Алыстау сол бір кезден іргем бүгін, Қанша рет содан бері түрленді күн. Түсіме жиі енеді қалғып кетсем, Ен тоғай, Сырдария, бүргенді құм. Мезгіл-ай, құлын шақты алып қашқан, Бұл күнде ақтаңдағың шалып бастан, – Қалада ауыл жақты ойлаймын көп, Қазақы жанымменен қалыптасқан. Қалалық менен мəңгі шықпайды енді, Көңілім таза шалған шықтай белді. Тас қала сезімімді қатқылдатып, Уақыт төзімімді нықтай келді. Аңсаймын ауылдағы ызғын шақты, Қағып тұр желі суық күздің бақты. Бойымды билеп алған бұл сағыныш, Келмейді əңгімеге тізгін қақты. ЖЕЛ Табатын еркін есіп түзден емін, Мен деген біле-білсең Күз демі едім. Тығылып қойыныңа қош таппадым, Сен мені енді қайтып іздемегін. Бəрінде шығаратын бертін естен, Жел едім бір кездері еркін ескен. Ерніңнен бал татып, елтігенмін Табыла қоймас, сірə, көркіңе еш тең.

Атақоныс
Бəсеңдеу тартқан қазір жел мінезім,
Лайлау тартқан мөлдір көлді көзім.
Бүгінде баяғыдай есе алмаймын,

Сеземін етек басты келді кезім.
Табылмай көңіл жайлар төсекте емім,
Таусылды Алла жазды десек демім, –
Сонда сен есік қақса жел мезгілсіз,

Аманхан келіп тұр деп есептегін.
* * *
Жолдар шығып алдыңнан сан бұрымдай,
Қанша жаның дауылға қалды ұрынбай.

Таңғы шықтай, Қарағым, тап-таза едің,
Əдемі едің жəне де таң нұрындай.
Керуендей келетін күн көшкенге,
Жанымыздан сезбейтін мұңды еш пенде, –

Көзіміз бен көзіміз сыр ауласып,
Сөзіміз бен сөзіміз үндескенде.
Көкжиекке күн құлай жалқынданып,
Танытатын кей-кейде салқын қалып.

Біз жағада отырып, сылаң Сырда,
Ай жүзетін секілді алтын балық.
О, жастық-ай, көңілге түймедің не,
Ерекшелеу беріліп күйге мүлде, –

Қалыпты есте шашыңнан иіскегенім,
Қалыпты есте батылдау сүйгенім де.
Кигендей өтіп жылдар қыстың кебін,
Көзімнен бұлбұл болып ұштың менің.

Баланың күйін кешіп қала бердім,
Таба алмай қапы қалған құстың жемін.
* * *
Өтті кетті тірлікті тізесің бе,

Қалып қойған қунақ қыз, Күз есімде.
Қанша еркек бал татып ерініңнен,
Қанша еркектің отырдың тізесінде.

Аманхан Әлімұлы
Көрінгенмен кей-кейде қыздай бұла,
Оңашада жүрегің сыздайды ма?
Күзде басқан қынадай қырып алды,

Тіршілігің құлама құздай құба.
Болар жанды тағдырдың емдегені,
Ойын ғана біздікі кем дегені.
Өліп-өшіп сүймеймін мен де сені,

Өліп-өшіп сүймейсің сен де мені.
Жылдар өтіп желауыз қоспаса аңыз,
Бірге қазір жерді біз бос басамыз.
Қалай қалқа кездейсоқ жолығыссақ,

Солай қалқа білемін қоштасамыз.
Кете-тұғын соңынан еріп кісің,
Сөз жоқ қарғам жел мінез, көріктісің, –
Көрінгеннің қолынан дəм татқаны,

Болмаса тек болмыстай ерік құсың.
* * *
Қашаннан дүниені жалған білгем,
Сыр айтам енді есте қалған күннен.

Кеудемде Лəйлə деген қызбен бірге,
Өлтіріп махаббатты алғанмын мен.
Мезгіл-ай, есіп тұрған желмең белден,
Жас едік екеумізде елден келген.

Көктемнің көлеңкесі сияқтанып,
Көйлегі етуші еді көлбең-көлбең.
Бұлақтай кей кездері тұнамын да,
Бойымды алдырамын бұла мұңға.

Күй тартып, əн салатын қоңырлатып,
Тұр үні əлі күнге құлағымда.
Күздегі жердей өмір сыз-ау, көкем,
Қай жаққа қашан жастық ізі ауды екен.

Бүгінгі жарым емес өліп-өшіп,
О баста сүйген мені қыз-ау бөтен.

Атақоныс
Кеудемде табы емес пе сырдың қалған,
Бұл күнде мұңға батып жүрмін қарғам.
Жайларды еске салдың қай-қайдағы,

Көрініп ақ қайыңдай тұрдың да алдан.
Тым албырт алып ұшпа жаста қызба,
Сені сүйіп, үйлендім басқа қызға.
Бəріде өтті-кетті, өкінішпен,

Аманхан енді босқа жасты ағызба.

КҮЗГІ ЖОЛДА

Көңілсіздеу келемін күзгі жолмен,
Жел басымнан сипайды сызды қолмен.
Аят оқып ол мені жұбатады,
Есісінде бойды алған ізгі мол дем.

Сидаң бойлы сиреген селеу де ана,
Құпия бір сыр шертті бебеу қаға.
Жалғыздың жары Құдай, мына көрініс,
Көңілді жұбататын демеу ғана.

Уақыт жүзімді жеп, белді үзді,
Сыпырып алып кетер ендігі ізді, –
Сызы мен есісінде ізгілік бар,
Ұнатам желбір-желең желді күзгі.

Жүрегім əлде неден налып састы,
Қоғам-ай, шіріп біткен балық басты.
Күзгі жол жеткізбейді, мен келемін,
Есіме жайлар түсіп алып қашты.

Үстінде жолдың күнді өткіз мейлі,
Шетсіз де шексіз дала жеткізбейді.
Көкжиек көзді сорып, ұшпа көңіл,
Жаныма жалау болар септі іздейді.

Қасқа жол төбесінде бұлт көшкен,
Күндізгі бар ұмытып былықты естен, –
Бойыңды бірте-бірте жаза келе,
Астасып кетерсің-ау тұнық кешпен.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Малығандай жосаға төсті жалқын,
Қоңыр дала бұзбастан кешкі қалпын, –

Күздегідей жапырақ сыбдыр қағып,
Күздегідей желең жел есті салқын.
Сəуле мың сан құбылтып созытпа үтті,
Табиғаттан бір жайды қозып күтті.

Əлі-ақ мына кеңістік күзге ұрынып,
Күйге түсер жамаудай тозып бітті.
Отырамын оңаша ойды кешіп,
Созғанменен биікке бойды ілесіп, –

Бізден басқа ел-жұрттар баяғыда-ақ,
Аспан жаққа тобымен қойды көшіп.
Уақыт алып өтпе белден берік,
Басылар ақ бөкендей желген желік.

Елдің мұңын қозғайтын болады əлі,
Менен басқа жас ақын елден келіп.

ТЕЛЕФОНДА

Белгісіздеу алғандығы есті кім,
Ала құйын сапырынды кеш бүгін.
Өзіңді мен көрмесем де жан көке,
Сəл мұңлылау дауысыңды естідім.

Біреулерге дүние-мүлік, мал қайғы,
Сұрай бердің қайта-қайта хал-жайды.
Жан жолықпай жалау болар жаныма,
Тасқа соққан жағдайым бар маңдайды.

Айта-тұғын телефонда сыр да емес,
Жас кездегі көз алдымда тұрды елес.
Алматылық болып алдым, бірақта,
Алдырмастан келе жатар жыр белес.

Қылаулатып кіді қыстың ұнтағын,
Қараңғылық айналаны қымтадың.
Сөзімдегі сезінгенмен қапаны,
Көзімдегі көрмедің сен мұң табын.

Атақоныс

АНАМ ӨМІРДЕН ӨТКЕНДЕ

Тірлікте қанша кетілдім,
Сонда да өмір тұра ма?
Елуде тұлдыр жетіммін,
Бала етіп алғын Жыр – ана.

Тіршілік қанша қусаң да,
Жеткізбей-тұғын бір құмай.
Анашым болып, ту...у сонда,
Сырласып тұрсақ, шіркін-ай!

Сені мен маған сол кезде,
Жеңілдеу тиер тіршілік.
Кетпейін түсіп жолға өзге,
Анамдай алдан тұр шығып.

Үн-түнсіз қалу ұятты,
Созамыз бойды бұлтқа.
Сендегі тамыр сияқты,
Мендегі тамыр ұлтта.

Қым-қиғаш бітпей күресің,
Қойылмай жəне Жыр нүктең, –
Сен мəңгі өмір сүресің,
Мен болсам өтем тірліктен.

АЙҚАЙ

Оң жағымда кең дала жеткізбейтін,
Сол жағымда көк теңіз өткізбейтін.
Ортасында кеңістік қап-қараңғы,
Көзім түкті көрмейді көкті іздейтін.

Қараңғылық жайлаған жер мен көкті,
Қоңыр күзде түсі оңып ермен шөкті.
Мық жусанның иісі мұрынға ұрып,
Жанға жайлы тиеді термен төкті.

Теңіз жақтан сеземін салқын лепті,
Дала жақтың сеземін қалпын текті.

Аманхан Әлімұлы
Бастым келіп айқайға, кеңістікті,
Жападан жалғыз жайлап жалқы үн кетті.
Гулейді ызды жақта қалың маса,

Жігіт те емес едім алымды аса.
Діттеген жерге дауысым жетпей қойды,
Күпті өлең бір құлаққа шалынбаса.

БОМЖ

Жығылғандай самалдан қияқ талып,
Бойындағы жайына ұят қалып, –
Тұрады да қояды көз алдымда,
БОМЖ менің көлеңкем сияқтанып.

Тұрған көлдей көңілді тұнып көптен,
Шайқап шыққан елдегі бүлік шектен, –
«Қаламгерде» отырмын азан-қазан,
Арақ ішіп шет елдік жылып кеткен.

Құлазыған жанымды қоям қайда,
Бала сезім қайтадан оянбайды, ə.
Суылдатып жүректі бір қорқыныш,
Түсіреді үрікпе қоян жайға.

Көтерместен жүрісті атүсті арман,
Табиғаттай бұзылып оқыс, қарғам, –
Күй кешемін кей кезде БОМЖдардай,
Таңғы асын іздеген қоқыстардан.

Қарақошқыл биіктеу белдеуліктен,
Жыланқабық жарасы шелдеу біткен, –
Қараңғылау қатынға қапа көңіл,
Түбі тесік шелектей жөндеу күткен.

Бар-ау білем ұққанға күнде алалық,
Баяғыда бала едім тұл далалық, –
Қала бұзды, шешем жоқ ұрса-тұғын,
Алсам ба екен қара шаш түнді ана ғып.

Атақоныс
* * *
Сарыала сағынышқа ұласқан мұң,
Белгісі емес пе екен бұл асқанның, –

Шелектеп қаран суды құйды-ай келіп,
Тесіліп кеткендей-ақ түбі аспанның.
Өткелсіз күй өткізіп қиын бастан,
Тұр, міне, үшінші күн тиылмастан, –

Арасын көк пен жердің тұтып алып,
Шашындай қойған қыздың жиылмастан.
Көңіл жайлап жел мінез нала еспе,
Күйген қанат секілді ала кеште, –

Дарияның езуі көбіктеніп,
Қай-қайдағы жайларды салады еске.
Су иесі Сүлеймен бұрқанғандай,
Табиғат шайылды-ау қырқаң қалмай.

Айнала астан-кестен болып жатса,
Шелекбас төбет қана тұр таңқалмай.
Көз алдыма келтірген қауынқақты,
Желқайықты көтеріп, дауыл, қақты.

Гүрс-гүрс құлаған жар дауысы,
Үрей болып жайлады ауыл жақты.
Таусылмасын тағатсыз сабыр неге,
Қатер төніп тұрғандай қабірге де, –

Керек етер секілді Нұқ кемесін,
Субасты өмір басталса тағы іргеде...
* * *
Көңілімді болса егер ұғар кісің,

Қалған алыс қолтықта құмар құсым, –
Қамыс аралас балшықпен жапқан үстін,
Жатаған там жадымнан шығармысың.
Шибөрілер ұлыған іргесінде,

Қараша ауыл жанымда жүргесін бе?, –

Аманхан Әлімұлы
Көрем жиі түсімде қалғып кетсем,
Сыры, құмы, тоғайы, бүргесін де.
Көшіріп көкірегіме желең желін,

Сезініп ғұмырлыққа келем демін.
Сағыныш сары уайым сартаптанған,
Аңқыған жусан исі белеңде емім.
Мезгіл туып ұйықтатпас жарғақ қақты,

Ерауды жас елді аңсап сарнап бақты.
Қамсыз қаңбақ секілді жел айдаған,
Өте шыққан өмір-ай қармақ қапты.
Алып қашпа түбі бір аптығым да,

Басылған соң дембасар шаттығым ба?, –
Отырамын оңаша ауылды ойлап,
Жан түсінбес беріліп тəтті мұңға.
Болмайтынға қоздырып дауын қақпа,

Қарамайтын көңілге қауым қатты, ə.
Қоңыр қошқыл жапырақ құлағымды,
Жиі салып жүремін ауыл жаққа.
* * *

Сағынышын айтшы кім ұғар жастың,
Жатаған там жадымнан шығармаспын.
Құлақ түріп сырттағы құбылысқа,
Қаншама мен құныға құмар бастым.

Жел сəбидей жылайтын тартып ішін,
Табиғаттың сезгендей артық ісін.
Шамнан түсіп тұратын қабырғаға,
Көлеңкесі інімнің жарты пішім.

Есіттірмес беймезгіл ешкі үнін де,
Желдің арты ұласып сесті күнге, –
Көк түтінге көміліп отыратын,
Апам көне көмейлі пеш түбінде.

Ақырында қараусыз аты қалған,
Шыға-тұғын сары шал шатып алдан.

Атақоныс Ақжемденіп жататын алакеуім, Жол арқандай созылып жатып алған. Келген кезде ауылда құмар басқым, Сағынышқа сарыала мұң арластың. Балшық жапқан үстіне көк шығатын, Қоржын тамды жадымнан шығармаспын. ДАУ Жылап тұрар басымда жеті кемпір, Жарық дүние жарығым өшкен күні. Ертеректегі өлеңнен

Туған жердің қоштасқан құсы белмен, Сары күзде жапырақ үсіп өлген, – Дауын менен сұрайды қыз кезінің, Жеті бірдей келіншек түсіме енген. Рас білем, қалайды қайтарымды ар, Сендерге де менің де айтарым бар: – Мен жалғыз ем, жетеуің жеті жерден, Жастығымды тонаған қайтарыңдар. ТҮС Болсын мейлі, болмасын құй өнері, Мендей болып шықпаған сүйенері, – Жеті басты айдаһар сияқтанып, Жеті кемпір түсіме жиі енеді.

ОТЫЗ ЖЫЛДАН СОҢ І Жеңіп балаң ұшпалау шалықты ойды, Бір қызыңмен от сезім алып бойды, – Оман дария жағаңда сусыма құм, Сүйіскенім есімде қалып қойды. Мазамды алып тұрса да ықпа желің, Жаны таза арудың шыққа телім, –

Аманхан Әлімұлы Көз алдыма келтіріп теппе төсін, Елестеттім содан соң сықпа белін. Болмас білем, болмайды жырлап қалмай, Құшағымда қысылып тұрды ақ маңдай. Сен болсаң асып-таспай ақтың майда, Біздерден өліп-өшкен сыр баққандай. Ол он сегіз, мен онда жиырмада, Сағым шəлі оранып қиыр дала, – Əлденені жүрегі сезінгендей, Күрсінгені жадымда сиыр ғана. Тұрды үнсіз беріліп орам мұңға, Көлеңкесі қоп-қою тораңғыл да. Со жолы, о бойжеткен бетті жуған, Сіңгендей болып қалған сораң құмға. Жастықтың аштырмастан шелді көзін, Дегендей айырылысар келді кезің, – Отыз жыл бұрын мені Алматыға, Қаңбақтай қуып кеткен жел мінезім. ІІ Шашыңды талдап тараушы ең, Не жайлар түсіп есіңе, – Астымен көздің қараушы ем, Мен болсам теппе төсіңе. Қарамас көктем, күзіңе, Жастықтың еспе желі ме? – Тұрдым сан қарап үзіле, Сыртыңнан сықпа беліңе. Үзілмей үлпе үмітім, Албырттау асау кезімде, – Шырмалып жүрдім күні-түн, Шырмауық сынды сезімге. Жүректі тайдай тулатып, Табылмай жүрдік қай бақтан, –

Атақоныс
Ауылдың итін шулатып,
Кезім-ай, кезім Ай баққан.
Айлы түн, ауыл шетінде,

Дария, сосын ыспа құм, –
Самалдың тұрып өтінде,
Есімде толқи құшқаным.
Сондай да, сондай күн өтті,

Сондай да, сондай түн өтті, –
Талдырып талма білекті,
Қалдырып жолға жүректі.
Сол кездей көзді таңға іле,

Есімде қалды мəңгіге, –
Айтып та болмас əңгіме,
Айтпай да болмас əңгіме.

КӨҢІЛ КҮЙ

Тірлік емес тірлігім тұсау кілең,
Өтіп жатыр өмірім түс аудымен.
Сыртта шілде, түсіме қар кіреді,
Қағып тұрған есікті қыс-ау білем.

Мұңым менен шаттығым арбасқан ба,
Тіршілігім ұқсайды қар басқанға.
Етегімнен тартады ербең біреу,
Жарбаң біреу жағама жармасқанда.

Тас атқанда бір есер сезім көлге,
Көңіл шіркін көк дөнен көз ілген бе?!.
Сақтап тұрған шарапты бұзбай ұзақ,
Тығын менен бақытты сезінгенге.

Бастырмайтын құйрығын бұлаң желмен,
Қызылқанат таң атты қылаң белден.
Ұзақ сонар ой ұшы ұстатпайды,
Қутың түлкі секілді сылаң желген.

Ойламаймын бүгінде тойымды алғы,
Жұтаң жұртта ел көшті ойым қалды.

Аманхан Әлімұлы Жаратқанға жарасқан жалғыздық та, Уытындай шүйгіннің бойымды алды. Білем мезгіл қолданған шара бізге, Сұйық тартып ел кезді барады із де. Үлкен жолдың бойында Алла жазды, Өле-тұғын шығармын қара күзде. AЖАЛ Ұстай алмас ұштығын төзімменен, Бас білмейтін жел білем сезім деген. Алла жазды ажалға сұмдық сенем, Келе-тұғын кешікпей кезінде мен. Мінез дерлік болмыстан желге керек, Тірлігімді түйіндеп елден ерек, – Білем сосын қарамай бар-жоғыма, Қалдырарын тас басты белде дерек. ЭКСПРОМТ І Қара құйын соққандай қырдан кезбе, Мұңның табын сезгейсің ұрған көзге?! Қызмет пен атақтың аузын ұрдым, Өлең деген өмірім тұрған кезде. ІІ Жеткізбейді көкжиек қашқан киік, Көтертпейді еңсемді басқан күйік. Қайда қоям жанымды жабырқаулы, Дала байтақ, содан соң аспан биік. ІІІ Артыма қаратпайтын еспе күштей, Таң түгіл көрген жайсыз кеш те түстей. Қай тұсқа жастығымды жерлегенім, Қарашы тұрғандығын еске түспей.

Атақоныс
* * *
Эх, маған соншалықты көрінді не,
Алпыс таяу, жайланар көрім, міне.

Өтіп жатыр таңдайға татымастан,
Келмей-тұғын қу тірлік өрімдіге.
Ұқсаған мендегі бір жыр – налаға,
Жапырақ жабырқаулау ырғала ма?

Бүгінде егде тарттым, жастық шағым,
Аңқаулау күйде адасып жүр қалада.
Қуар арттан өкпел жел есіп бергін,
Барар жерге өзім де кешікпермін.

Шірік арқан секілді бір үзілер,
Арасында кешкен күн есік-төрдің.
Көңіл қалды көрініске қарап тұрып,
Көрсете алмай отырмын барақ қылық.

Есенғали жақынды іздеп барып,
Ішсем бе екен берсе егер арақты ұрып.
Қолды-аяққа тұрмайтын жел мінезді,
Жанымды қапқан өсек елді кезді.

Е, Алла, алсаң алғын енді мені,
Тек қана қалдыр ана шелді көзді.

ЕРКІНДІК

(Баллада)
Кей кезде тұрады ыз атып,

Өмірде сор-қайғы.
Ұшырып жібердім ұзатып,

Тордағы торғайды.
Бостандық берілді босама,

Ұша бер, қанаттым!
Жоқ деме тірлікте Қосаба,

Ажалы жаны ақтың.
Ыстықты, аязды сезініп,

Ұшпаған құс кем бе?

Аманхан Әлімұлы
Алланың, кетерміз көз іліп,

Назары түскенде.
Əзірше ұша бер, ұша бер,

Бағыңды ашқанда.
Қасірет-қайғыдан құса жер,

Қарайды аспанға.
Тордағы торғайдай өзім де,

Күндіктік күй кешем.
Əсері болмаса сезімге,

Өмірді сүймес ем.
Көрсетіп тамсанды таң қылық,

Десек те кие еді, –
Еркіндік адамға мəңгілік,

Өлгесін тиеді.

АУЫЛҒА БАРҒАНДА

Қызылын жиып-теріп тізген белдің,
Мен саған жалғыз емес күзбен келдім,
Мап-майда толқынына қызығамын,
Бетінде қуаң шөптің жүзген желдің.

Күн ұзақ ат үстінде өткіз мейлі,
Сіңір соқпақ сорабы жеткізбейді.
Күрмек басқан күріштің табанындай,
Көкжиек сорған көзім көкті іздейді.

Түскендей дарияға жар салмағы,
Бір діріл жүрегімде бар талдағы.
Жапырақ сияқтанған күздің күнгі,
Қатпа шал қалбаң қағып қарсы алмады.

Қарсы алмады Құралбек құрдасым да,
Арнаған ала құйын жыр жасымда.
Қайғы-мұң қызымменен қырын келген,
Жетерлік емес пе еді бір басымда.

Үйректей су бетінде ирек салған,
Тұрсың-ау сенде бізді илеп жалған.

Атақоныс
Кімменен толтырамын шырақтаған,
Орынын жеңгелердің сиреп қалған.
Бұл тірлік емес пе екен жылау бастан,

Менің де самайымды қырау басқан.
Мұрынын шұқып тұрған ана бала,
Өзімнің көшірмемнен тұр аумастан.
Келіспе жоқ шаруам, келіс тіптен,

Еліме келдім десем ең ыстық мен, –
Бұрынғы ауыл, содан соң сүйген кей жан,
Кетіпті-ау аспан асып кеңістікпен.

ҚУАҢ ЖАЗ

Ып-ыстық бетке ұрған қыр самалы,
Кетіріп көңіл күйді тұр шамалы.
Қалыпты-ау, қуаң тартып құба тал да,
Қақпай-соқпай қаңтардың бұршағы əлі.

Сияқты жеткізбейтін ала сағым,
Көңілдің қайда қоям нала шағын.
Жусаннан сəл-пəл биік, аптап ұрған,
Бел кетті бетегеден аласамын.

Асынып келер қыстың мұз жарағын,
Күтіп тұр алда кіді Күз, қарағым.
Жанымды мұздатады тəн сезбейтін,
Өмірде əлдеқандай ыз бар ағын.

Табиғат қам кеуілге қарасын ба,
Адасқан ала сағым арасында.
Қуаң жаз сияқтанып ыстық қапты,
Қуаң тартып өмірім барасың ба?!

Болмаған бұл жалғанда нелер ада,
Күн туса жер бесікке бөлер, аға.
Қуаң жаз. Қапа көңіл. Алда күзім,
Тұрмын мен əйтеуір бір өліарада.

Мезгілге қарамастан наза қысқан,
Аумайды жылы-жұмсақ жаз ағыстан.

Аманхан Әлімұлы
Бəрі де өтер-кетер, мені қойшы,
Аман бол, аман болшы Қазақстан.

БІР КЕЛІНШЕККЕ

Көзіңнен көрдім табын жасты мұңның,
Сеземін мысы қара басты түннің.
Мен сенен сұрамаймын ештеңе де,
Болмаса шеті ғана жастығыңның.

Отырмын ой орнықпай шарам құрып,
Көндікпе көңілді алып балаң қылық.
Алдымда алынбайтын тас қамалдай,
Көлденең жатып алды қараңғылық.

Білгенге жас емеспіз сен де, мен де,
Себепсіз көз салатын көлденеңге.
Кей-кейде ұшпа сезім ұшыққанда,
Келеді көңіл көзсіз желбе жеңге.

Келетін таспа кеуде бүлік дерге,
Бас білмес басуы кем күлік кер ме?
Келіншек. Қызыл шарап. Оңаша үй.
Алыстан Ай бағады түріп перде.

Не жетсін іштей бəрін сезінгенге,
Мына күй менен бе, əлде өзіңнен бе?
Көңілден кетер бəрі сағымға ұқсап,
Өмірден өтер-өтпес көз ілгенде.

Тойымсыз көрінісіндей қабір жердің,
Сөндіге келер отты тағы үрлер кім?!
Шайтанның шалығына шалдырмастан,
Е, Алла, нəпсі тыйды сабыр бергін.

ДИАЛОГ

– Тұрлаусыз тірлік түзер көшін келе,

Сыр бойы, тозған тоғай есіңде ме?
Сүйісіп тұрдық жардың жағасында,
Сол кезде дір-дір етті төсің неге?

Атақоныс

– Дір-дір етіп есімде тұрды төсім,

Соққан сосын жел алып Сырдың есін...

– Тоғай шулап, дария толқынданып,

Танытқаны есімде салқын қалып.
Ай да туған қасыңдай қынамалы,
Ұясына күн қона алтынданып.

– Ия, солай күн батты алтынданып,

Сен де тұрдың танытып салқын қалып...

– Түзейтіндей көрінер көшімді еркін,

Алматы еді ол кезде есіл-дертім.
Неге есіме отырмын алып айтшы,
Қай-қайдағы жайларды несін бертін.

– Иеленген сонда бір төсімді еркін,

Сол кезде сен ең менің есіл-дертім.

– Жол бөлініп неше бір тарамдарға,

Өтті-кетті уақыт шарам бар ма?
Жастық қалып бүгінде жел бастанған,
Келе-тұғын күй кештім қараң қалға.

– Айтшы өзің, менің де шарам бар ма,

Келе-тұғын күй кешсек қараң қалға.

ҚАЙЫРШЫ

Аяқ қолсыз қашалған тас түйін бе,
Қайыр тілеп отыр ол жас күйінде.
Тиын түстес жапырақ түсіп жатыр,
Алдындағы күн жеген бас киімге.

Тұнық жанар тұңғиық кешпе дер ем,
Одан мұң да, кей-кейде сес те көрем.
Жұмба көз көрме сен де көр соқырсың,
Жып-жылмаң желдей сен де еспе керең.

Ашар-ашпас мұндайда сыр керек пе,
Шайпау желмен шайқалып тұр терек те.

Аманхан Әлімұлы
Қас қағымда шелектеп төгетіндей,
Булығады боз бауыр бұлт еректе.
Тартты дерлік ырымға қай қабағы,

Туар əлі-ақ Құдайдың Ай табағы.
Бас киімге жиналған жапырақты ол,
Төгіп желдің өзіне қайтарады.

* * *
Уақыт құмға түсті із бе кетпе,
Жаз өтіп соқты желді күз де бетке.
Жалмауыз кемпір болып қу тіршілік,

Емес пе су бетінде жүзген өкпе.
Көз алдым көлбең қаққан сағым көшкін,
Тірліктің балақ шалды қағын кештім.
Болса да қанша ұста қолдан жасап,

Ешқашан бере алмайды бағымды ешкім.
Кей-кейде оятады түртіп арман,
Тұтанып кететіндей шырпы жалған.
Бүгінде самайымды қырау шалып,

Жастықтың өзі кетіп жұрты қалған.
Мысалы, айықпайтын шелді көзді,
Күйе өсек түсіп ерте елді кезді.
Сен онда он алтыда ең теппе кеуде,

Мен онда он сегізде ем жел мінезді.
Балықтай бауырына алтын басты,
Мезгілмен жар жағалай жалқы үн қашты.
Жылағым келіп кетер өтті-кетті,

Еске алсам махабаттың қалпын жасты.
От емес, өшіп-жанды қозға басқан,
Қаншама күндер өтті тозба бастан.
Есіме түссе сол кез жер еңіреп,

Тұрғандай көрінеді боздап аспан.

Атақоныс
* * *
Тып-тыныш тіршілікке ұласқан ба,
Салқын күн сабыр басты тұр аспанда.

Жамырап жапырағы жатқан талға,
Мұндайда не жетеді сыр ашқанға.
Жабыңқы-жұтаң жеген көзді реңі,
Ауырлау еңсе басты кез бір еді.

Тоқымдай тозған тоғай мұңды шулап,
Күрең қабақ күз лебін сездіреді.
Мысалы, шымши қашқан балдыз жел ме,
Мап-майда толқыннан қалды із көлде.

Қутаң қыз қунақ қағып қас қағымда,
Шығаннан шыға келді жалғыз белге.
Емес ем көп жастардың селтең бірі,
Көңілдің кетер ме екен еркем кірі...

Көзімнің құртын жей-жей бітірмегей,
Томпиған төсіндегі өртеңгірі.
Кездескен таныстай-ақ біз бұрыннан,
Өрілген аумай жатыр із бұрымнан.

Бүгінде өтті-кетті соның бəрі,
Жаздың жасыл бағындай күзге ұрынған.

КҮЗГІ КӨҢІЛ

Туатын ат жақты Ай келді кезің,
Түнгі аспан тұр аша алмай шелді көзін.
Ішін тартып ұлыған шибөрідей,
Көрсетеді келеңсіз жел мінезін.

Кер төсінде ойнаған қунақ қырбаң,
Ақжем соқпақ құлайды тулақ қырдан.
Тоғай емес, тоқымдай тоза-тоза,
Менің көңілім секілді шулап тұрған.

Жат еткендей жазымыш құсты көлге,
Уақыттың салмағы түсті белге.

Аманхан Әлімұлы
Күзді күнгі жапырақ сияқтанып,
Қанша сөзім із-түзсіз ұшты желге.
Қардың басын, мысалы, қар алатын,

Көңіл күйде қапалы барады ақын.
Қарс қабақ ашпайды қараңғылық,
Сен де өмір, жатсына қарама тым.
Тірлік немең білгенге бастан күйік,

Жаратқандай қышқылтым жастан жиып.
Үйде туып, амал жоқ түзде өлмеске,
Дала байтақ, сонан соң аспан биік.

БҰЛТПЕН СЫРЛАСУ

Ақ жалды төкпе бұлт, шөкпе бұлт,
Көрсетпей қырыс қабақ көпке қылық, –
Құйып бер нөсеріңді созылмалы,
Қысқандай қытық босқа өтпе күліп.

Келместей ыспа жайға дос жарытты,
Күбідей күдіс көңіл босқа арыпты.
Мен жерде, сен аспанда алас ұрдық,
Кім, қарғам, аяй қойсын қос ғаріпті.

Ей, мұңдас, шөкпей текке кертік белге,
Шым-шымдап жауын буа тертіп кел де, –
Қаптатып қаран суды жіберші бір,
Жасаған жіберместен ертіп желге.

Төбеден төніп келіп құрық салма,
Шөкімдей шөге-шөге тұрып қалма.
Сенің де құдыретіңді көрсін қауым,
Менің де айтарым бар сыр ұққанға.

Мына көп мысық тілеу жұрт-ау, қаппа,
Қол ұшын бермес сынсақ күрт аулақта.
Мен болсам бас сауғалап қайда барам,
Сен болсаң ауарсың-ау бір тау жаққа.

Қош болғын, қош есен бол көшпе бұлт,
Шомылған қызылқарын кешке тұнық.

Атақоныс
Келеді құлап көктен қараңғылық,
Ай болып туар енді өшкен үміт.
* * *

Тоғай тозып, реңі қашқан белдің,
Тұпнұсқасы секілді аспан көлдің.
Сарт-сұрт соғып тұр есік қабырғаны,
Ит қуғандай екпінмен ашқан желдің.

Қызылқанат ымырттың қайтып өңі,
Қарға аунаған түлкідей Ай түледі.
Өзіммен өзім қалып ой кешемін,
Орындалған адамның қай тілегі?..

Мысық табан Айды анау түнді кезген,
Сынап тартты десем мен құнды безбен, –
Көз алдыма келеді Көлбай досым,
Көңіл айтқан апама мұңды көзбен.

Тілегіме діттеген жетпей демі,
Атам жатыр қабірде беткейдегі.
Есімде жоқ айтшы, Аға, жерлегенде,
Шілде шалған құбыла өттей ме еді?

Ысқырғанмен ыспа құм күйінбеспін,
Өйткені мен отырмын үйімде өскін.
Кеткенімен келе үзіп, кері оралған,
Кер үлектің керілген күйін кештім.

Сыртта салмақ селеулі сала белге,
Ішін тартып өксиді бала жел де.
Оны қойшы... тіршілік тізгін қақты,
Түбі шикі күйінде қалады елде.

КЕЗДЕСУ

Теңселтіп əнтек самал есті қауды,
Булығып бұлт буған кеш жылаулы.
Елеусіз естен қашан шығып кеткен,
Қуғаның ұят болды-ау ескі дауды.

Аманхан Әлімұлы
О кезде буыны босаң балаң едім,
Ойыннан таба-тұғын санам емін.
Мен болсам жұмысым жоқ ештемемен,

Сен болсаң со бір қызға алаң едің.
Басында тұрған жандай құламаның,
Есімде көздің жасын бұлағаның.
Неліктен Айна сыртқа шықпады деп,

Сонда сен неге менен сұрамадың.
Мысалы, күйін кешсек дөңгелектің,
Уақыт қуған оны желдегі екпін.
Шешілмей со бір сауал со бір кеште,

Ауылдан сен де кеттің, мен де кеттім.
Қылық қой біле-білсең ұғар бастан,
Құйындай мінезбенен құм арбасқан, –
Əжесі Айна қызды сорымызға,

Үйінен қойған еді шығармастан.
Кім алған дейсің со бір қалпын қалап,
Сынық өң Ай да туған салқын қабақ.
Сен менен көрдің оның шықпағанын,

Шоршыды тұнық Сырда жалқы үн-шабақ.
Қу самал қуып қауды сайдан безді,
Сондағы салып еске қайран кезді.
Бекерге қоздаттың-ау ескі дауды,

Аспанға қарап тұрып айран көзді.
Менің де кеудем шулы тоғай күзгі,
Сенің де кеудең шулы тоғай күзгі.
Уақыт алып кеткен жолай қызды,

Қалайша тауып алды оңай бізді.

ТІЛЕК

Деуге келмес шалғайын шалдырды, айқын,
Салқын табын жанымда қалдырды ай, күн.
Мен өтермін, аман бол Қазақстан,
Аспан биік, жер терең алдырмайтын.

Атақоныс

КӨКТЕМДІ СЕЗІНУ

(Экспромт)
Сіреспе, сіреспегін, сіреспе қар,
Өліара аман болса бір есті алар.
Үзілсе атан жібің айып көрме,

Ынсап ет Алла берді үлеске бар.
Шатылсам сағыныштан шатылармын,
Қыс деген қызға ұйқас аты бар мұң, –
Жантақтай жарға біткен жалғыз-жарым,

Даланы жалқы жайлап жатып алдың.
Сынаптай сырғып суық қалады еппен,
Сал демін сағыныштың ала жеткен, –
Жанымды қалғып-мүлгіп бара жатқан,

Оятшы, қоңырау қағып бала көктем.

АҢСАУ

Мен кеттім басқа қызға үйлендім де,
Сен қалдың өзгешелеу күйге ендің де.
Есімде ұзақ бір түн омырауыңдағы,
Қойғаны ағытылмай түймең мүлде.

Қымталып сақталатын қыр асындай,
Сонда бір қалған еді сыр ашылмай.
Саласың қай-қайдағы жайларды еске,
Төбеде төңкеріліп тұрасыңда Ай.

Сен мені бастың деме ескі жырға,
Жамырап лағымен ешкі қырда, –
Күн сонда батқан еді оттай болып,
Малынтып көкжиекті кешкі нұрға.

Көрінген мен мұндалап бақпа тұстан,
Со кезде ұқсап тұрған отқа нұсқаң.
Сан-саққа қашқан мендік ойлар болса,
Үргедек үйректердей топтап ұшқан.

Сездірмей Ай қабағын қызға баққан,
Бұлтқа сіңе қашқан түзді алаптан.

Аманхан Әлімұлы
Сондағы көңіл күйді қайда қоям,
Көздей бір тасты жара сыздап аққан.
Жанымның жалқы ұшқан қасқалдағы,

Бүгінде өзге жанның ашқан бағы.
...Қалайша ұмыта алам айтшы оны,
Ай болып туып тұрса аспандағы.

* * *
Қанжығаға алғандай Күз бөктеріп,
Жұбын жазбай тырналар тізбектеліп, –
Іздеп кетіп барады жылы жақты,

Жылы жақты сағына іздеп келіп.
Осы ма еді о тірлік көрмегенім,
Ə дегеннен салмастан өрге демін, –
Төмен ұшқан тырналар көк сыналап,

Ала кетер суретім көрге менің.
Қара күздің сезгендей бүлікті ойын,
Қайттыңдарма, ей, тырналар құрық мойын.
Соңдарыңнан қарайды тал-теректер,

Сидаң тартқан созбалап тұрып бойын.
Басқа түскен дегендей бір сын еді,
Мұңға оранып Қаратау тұр сілемі.
Менің көңіл күйімді сезінгендей,

Ішін тартып жел, шіркін, күрсінеді.
Осындайда ойламай құла қамын,
Куə етіп ауылдың құба таңын, –
Сағынышқа алдырып тал бойымды,

Есенинді оқуды ұнатамын.
* * *
Мезгілсіз түскен ала қаспақ қардай,
Соңында мың сан ізін тастап, барлай,

Аспанды дүрілдетіп, дірілдетіп,
Бұлттар өте шықты составтардай.

Атақоныс
Бастыға келмейтүғын із қашқанмен,
Ісініп жатыр қилы ыз басқан көң.
Теңселіп оңды-солды желді күні,

Шулайды тозған тоғай күзгі аспанмен.
Көңілсіз өтіп жатыр күйрек жалған,
Судағы иректі іздей үйрек салған.
Сиреп қалған қатары кеңсені емес,

Аяймын мешіттерді күйреп қалған.
Кетіп-ақ тұр жайдарман жайдың мəні,
Мына жұрт сан көтерер қайғыңды əлі.
Булығып буғанымен бұлт көкті,

Өткені нəр тамызбай қай қылғаны.
Аспанның көзіндегі шелін шуда,
Сылыды ей, табиғат желің қума.
Теңселіп тұрған тоғай, көшкен бұлт,

Тағдырым емес пе екен менің шулы, ə...

СЕРЕ ТАУМЕН СЫРЛАСУ

Сере, сере, сере тау сіреспелі,
Мына тірлік бітпейтін күрес тегі, –
Басыңды бұлт буып, күз шалғалы,
Сеземін желің суық тұр ескелі.

Тартылған күрең табан таспа жолың,
Аңғартар аңның атпа баста молын.
Тінтиді бала бүркіт қойыныңды,
Салардай армансыз бір «асқа қолын».

Жанарын еспе балақ сүзген түзге,
Қайыру бермес сірə, сіз бен бізге.
Аңсары оның біле білсек егер,
Қыранда қия кезіп жүзген күзде.

Сере тау қарлы басың тұр-ау налып,
Біріміз бірімізден сыр ауладық.
Қалғалы күреңтөбел күзге ұрынып,
Біздің де самай қалды қырауланып.

Аманхан Әлімұлы
Үйіріп үйірімен мұңды басқа,
Өткізіп жатырмыз біз күнді қасқа.
Қалатын жайымыз бар өзіңе ұқсап,

Күн көзін көре алмастан түндік ашпа.
Мына тірлік бітпейтін күрес тегі,
Азынап суық желде тұр ескелі.
Біздің бас сіздің бастан басқалай-ау,

Сере, сере, сере тау сіреспелі.

ТЕРІСҚАҚПАЙ

Тұмағын айт қазақтың шын ауыр деп!
Есенғали
Жүрегімді шалдырып ыздай мұңға,
Болмаса да от-жалын қыздай мұнда, –

Тоңазыған жанымды жылытамын,
Сəулесіне солғындау күзгі Айдың да.
Көңіл күймен қапалау шешпе жейде,
Өзіммен өзім қалып кешке кейде, –

Жантақтай жалғыз-жарым жарға біткен,
Беріліп отырамын еспе гөйге.
Еспе гөй дегеніміз жел емес пе,
Содырдай соқтығатын келе көшке.

Басылып қалған тайып бастан бағы,
Бүгінде жоқ ұрда-жық ел егеске.
Жаттан да қалың қауым бауыр күткен,
Күн кешіп жатқан жоқ па ауыр, тіптен.

Ел-жұрттың бітеу тамақ тіршілігі,
Есектің арқасындай жауыр біткен.
Жантақшыл жаннан безді жардағы ізге,
Отырмын куə болып арма күзде.

Безбенге сала-тұғын салмақ тартты,
Қазақы қалып елдік бар ма бізде?
Құрдымға құлдыраған құлатпа арна,
Тартылған тас табанды бұлақтар да.

Атақоныс
Көтеріп жүре-тұғын баспен бірге,
Қазақта ауыр дейтін тұмақ бар ма?
* * *

Бір түйір қандай жансыз қатқан көзге,
Еріксіз жас үйірер татқан кезде, –
Ұнатам жусанды мен кермек дəмді,
Тағдырдың керегі жоқ жаттан да өзге.

Жарық дүние жаршысы ала таңға,
Аузын ашқан тіршілік балапан ба?
Өмір, сосын өлім де еншім менің,
Түскен сызық секілді алақанға.

Жұлдыздар мен жұлдыздар ымдасқанда,
Қарап жатып тұңғиық түнгі аспанға, –
Ауырмай да, сырқамай өлсем деймін,
Жүрегімді тəтті бір мұң басқанда.

Мезгілінде сарқып-ап сезім легін,
Дұрыс шығар кезінде көз ілгенім.
Күздің күнгі жапырақ сияқтанып,
Желге ұшты қаншама сөзім менің.

Желдей тұрған сап-салқын есіп желең,
Кермек дəмді тағдырды кешіп келем.
Бір түп жусан анамның қабірінің,
Өсіп тұр деп басында есіткен ем.

Түлкі індетті алдырмас айлаңызға,
Тірлік шіркін ұқсайды жайма мұзға.
Қалды жастық бұлттай көшкен бастан,
Қалды сосын армандай Лəйла қыз да.

Шегі-шеті сағымдай қусаң, кілең,
Жеткізбейтін далада тусаң, білем, –
Түсінесің сен менің кермек дəмді,
Ұнататын сырымды жусанды мен.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Анау-мынау жайларға көнбес тегін,
Жастық шақтың сезініп өлмес демін, –

Оралының барында ойнап-күлген,
Мен он сегіз, сен онда он бесте едің.
Тұлымыңа байлаған қайда шолпың,
Қол жетпейтін ұқсайды Айға ол күн.

Суға салып аяқты отырушы ек,
Сыр шолпылдап жататын майда толқын.
Құшағын жарық дүние түнге ашқанда,
Мысалы, келе-тұғын мұң басқанға, –

Тінткілеп түн қойынын мақпал қара,
Алқа Ай да өшіп-жанып тұрды аспанда.
Бетіңді бетіме кеп басқаныңда,
От ойнап қызыл-жасыл жас қанымда, –

Ен тоғай, сосын көшкен жерді қойшы,
Теңселіп тұрды алқалы аспаның да.
Сол бір кез көңілдегі көшпей, көкем,
Алыста жанған оттай өшпейді екен.

Жастық шақ елесіңе таң қаламын,
Тағдыры балға соққан төстей бекем.
Ұшқындай лықсып келген сезім легі,
Көтеріп мұңның табын көзімдегі, –

Мен болсам аума толқын күйді кештім,
Айтшы енді сезінген ең өзің нені.

ПАРАДОКС

Қақ көзін жылан қабық мұз басқанда,
Қараймын күдікпенен күзгі аспанға.
Қалайша қара қарға Алла жазып,
Жасайды асқанынша жүз жастан да.

Атақоныс
* * *
Көк нөсер үшінші күн тиылмастан,
Жатырмыз кезді өткізіп қиын бастан.

Шелектей түбі тесік күйді кешкен,
Қалаға жауын болып құйылды аспан.
Күз деген киіп алған кимешегін,
Имей-ақ қойсын басын имесе күн.

Жалғанда жары Құдай жалғыз-жарым,
Жетімдей көзін сатқан күй кешемін.
Не қылсын кей кездері күлкің кемін,
Үзердей созылмалы бір күн демін, –

Жүректей дір-дір еткен жапырақпен,
Ойнайды мысық-тышқан, шіркін, желің.
Қозыдай қыста туған кебе күнде,
Көмусіз келмейтұгын өлетінге, –

Мен ғана емес бүкіл Қазақстан,
Тынымсыз тұрмыз шулы жел өтінде.
Ал, айтшы бар алатын нең байыптай,
Қойды ғой кедейліктен ел де айықпай, –

Аумалы-төкпелі кез лықсып келген,
Төңкеріп тастамаса жел қайықтай.

ЖАСТЫҚ ШАҚТАН

Анау бір кездегідей басынба Күз,
Жалаңаш желең желмен қасынды аңыз.
Жүгіртіп үшеуара бір кесені,
Отырмыз бөтелкенің басында біз.

Аңыз ба, аңыз жатыр тұт жалаңаш,
Көтеріп сағым шаңды үтті ала қаш.
Тып-тыныш тірлік қалып құлақ, тұнды,
Желің де ізім-қайым ықты ала бас.

Бұлайша қарамаған күліп көптен,
Аспанның көзі ерекше тұнық неткен.
Борпылдақ, құмға аунаған бала торғай,
Шөл басты қақ суынан жылып кеткен.

Аманхан Әлімұлы
Жайлаған марғау тірлік дала қосын,
Санасын алып-ұшпа шала, тосын, –
Алдырып араққа отыр ақыл-есін,

Таба алмай көңілінің бала хошын.
Жанымды тыныштыққа ашқанда ұйып,
Дүние бейне ақ жал қашқан киік.
Өмірдің өткені де білінбейтін,

Дала кең, сағым шексіз, аспан биік.
Қалаға кетем түбі басынба Күз,
Қиялдан өрген отыр қасымда қыз.
Əзірше олар кексе, мен жап-жаспын,

Отырмыз бөтелкенің басында біз.

ТҮНГІ ҚОРҚЫНЫШ

Қорықпай еркін алып көр тынысты,
Бітірер көк бөрің де жортып істі.
Тып-тыныш құлақ тұнды түнде үрейлі,
Ай да тумай қойғаны қорқынышты.

Көзіме ұялаған ұйқым қайда,
Мып-мылқау тыныштықтан күй тыңдай ма?
Қап-қара түнек жапқан реңсіз көк,
Көрсетіп алар ма еді сиқыңды Айға.

Қорқынышты өлмелі қартың үшін,
Дүние тынып қалған тартып ішін, –
Жатқандай күтіп теңсіз бір пəлені,
Адами арға артпалы сарқып ісін...

Аңыздай тарап кеткен бертінде елге,
Соқпастан тұр лүп еткен еркін жел де.
Үрейін алып жұрттың дүрмек қапты,
Жайылып жатыр жайма көр түн белде.

Ұстаның ашылатын оңай бағы,
Көк талды шуламайды тоғай-дағы.
Топан су, Нұһ пайғамбар, қайран шалың,
Қараптан-қарап тұрып соны ойлады.

Атақоныс
* * *
Қолаң шашы төгілген тарама, Қыз,
Бұлай мұңлы көзіме қарамаңыз.

Жауынымен, сонан соң дауылымен,
Күпініп келіп қалды сары ала Күз.
Ымырттай қызыл қарын кешті ілетін,
Мен он сегіз жаста едім ес білетін.

Сен он бесте ең соғылған қоңыраудай,
Сыңғыр-сыңғыр күлкісі естілетін.
Орға келді оралып талма белге,
Елгезектеу есетін шалма жел де.

Жатып алып қалада тас қамалдай,
Сол бір кезді аңсаймын қалған елде.
Жия алмастан еркіндеу Ай қанатын,
Сыр бұрқанып, тоғай да шайқалатын.

Жаңбыр қысты бұлттай булықпалы,
Бір қорқыныш көзіңнен байқалатын...
Жазды ұзатып, табиғат, ыз басқанда,
Көңіл күймен келетін қыз қашқанға, –

Оқыстан жасын атып, ұшқыны ұшқан,
Көзіміз адасатын күзгі аспанда.
Жауыны мен дауылы түйіскен Күз,
Қашып шығып аяңда үй іштен біз, –

Түсініп бір болмайтын сезімменен,
Шын ғашықтар секілді сүйіскенбіз.
Аңғартып көзден бұлбұл ұштың нені,
Қарғадан басқа ауыр құстың кемі.

Тозыңқы тоғай жаққа жап-жалаңаш,
Қыр жақтан есіп тұрды қыстың демі.
* * *
Еңсемді жүрсе де, өмір, басып қайғың,

Алшы түскен қазақы асықтаймын.
Төрт құбылам түгелдей түйсік түйді,
Үйге неге сонда да асықпаймын.

Аманхан Әлімұлы
Көңілімнің көтеріп селді кезін,
Есті ме, əлде есерлеу жел мінезім, –
Қапаланып біреуге қарын басты,

Көріп, сосын, біреудің шелді көзін.
Тірсек қақты тіршілік қиын, жарым,
Сатқан кісі емеспін тиынға арын.
Сезінемін санаммен сары уайым,

Əйтеуір бір жанымда құйын барын.
Əліппені алаңсыз ежіктеген,
Жоқ балалық, қаланы кезіп келем.
Маскүнемдей неліктен күйді кешіп,

Неге сосын ұрыдай сезіктенем.
Жатқан көлдей тып-тыныш жел алдында,
Өзіме-өзім білмеймін келе алдым ба?
Біреу үшін имансыз өзімді мен,

Кінəлілеу сезінем ел алдында.
Ұялатқан көзіме жасықтай мұң,
Сырын тағдыр тұрса да ашып жайдың, –
Бала, əйел, қарамай қыз барына,

Үйге неге, апырмай-ай, асықпаймын?

ТАБИҒАТ

Көктем өтіп кеудеде сызы қалған,
Шығар əлі қаншама қызығы алдан, –
Ала құйын күй кешіп тұр құбылып,
Тыныштығын табиғат бұзып алған.

Болмай қалың Сырдағы ну бақ құрлы,
Қағып, сосын, күн жеді тулақ қырды, –
Жайсыздау бір жел есіп желбір желең,
Жайсыздау бір уақыт шулап тұрды.

Шай секілді бермеген шалға баптап,
Ұшқын атты ақ қылау қалбалақтап.
Мақпал мамыр көрсетіп жат қылықты,
Қалың қауым қапыда қалды алақтап.

Атақоныс
Ей, табиғат, састырған маңайыңды,
Тағдырыңнан татарсың талайыңды.
Тозаң қапты тораңғыл тұр тозыңқы,

Ақ шалғаны секілді самайымды.
Кедергіге кезіккен төзіп пе екпін,
Көңіл күйін жоқ қысты сезіп көптің, –
Сақал-мұртты жіберіп жалаңаяқ,

Кең даланы келеді кезіп кеткім.

ТҮНГІ ЖЕЛМЕН СЫРЛАСУ

Күн қақты өңім тұр сынып,
Жастықтың қаққан көшесін, –
Түнгі жел не деп күрсініп,
Түнгі жел не деп есесің.

Немедей қашқан түрмеден,
Өзіңе-өзің жаусың ба? –
Аяулық шоғын үрлеген,
Бір түрлі мұң бар даусыңда.

Тұрмайтын қолды-аяққа,
Ұшпасың сұмдық, сезгенім,
Ақынын тағдыр аяп па,
Дəл сендей мен де кезбемін.

Қақпаған бетін еш пенде,
Бір кезде жақсы бала едім.
Мұңлылау күйді кешкенде,
Табатын, ой-хой, дала емін.

О, тірлік, тірлік шатақ, ə!
Жастық та өтті шоқ басты.
Ертелеу өткен атама,
Қоя алмай жүрмін көк тасты.

Өң түгіл кірер түсіме,
Тар көше, сосын тас қала.
Ауылбай кейбір ісіме,
Күледі қайбір жас бала.

Аманхан Әлімұлы
Өткесін жанды сезім жей,
Жаратқан жазған кезеңнен, –
Басымда түбі өзіңдей,

Күрсінер желді сезем мен.

* * *
Келе-тұғын, мысалы, бірсін дерге,
Үзілетін түбінде жүрсін демде, –
Сырдария жататын толқын атып,

Су иесі Сүлеймен күрсінгенде.
Отыратын жағада қармақ салып,
Сары бала күн жеді жармақ қалып.
Ауыл сайда, сонан соң қабір қырда,

Жол қашатын тоғайдан тармақталып.
Ұқсай-тұғын тірлігі кірмесінге,
Қаншама кез білмеймін жүрді есіңде.
Түн жамылып жылайтын шибөрілер,

Аңғал-саңғал ауылдың іргесінде.
Со бір бала мінезін бұла ашқанда,
Жұмбақ-сынды қарайтын ұлы аспанға, –
Қоржын тамнан басталған тіршілігі,

Көп қабатты үйлермен ұласқанда.
Жүрдім-бардым жайларды сұраспайтын,
Менің жастық болмысым қыр асты, айқын.
Дір-дір еткен қалыппен кірпік қақты,

Жұлдыздар да əйтсе де сыр ашпайтын.
Тірлік шіркін бұлақтай тұнғасын ба,
Көнбей-тұғын бүгінде тыңдасынға, –
Өтті-кетті мезгілді куə етіп,

Отырмын мен шаршаулы, мұң қасымда.

Атақоныс

КӨҢІЛ КҮЙ

Тыныштық. Қала. Түнгі ызғар,
Жатқызбай елдің өсегі, –
Сырласым болып жұлдыздар,
Келемін бойлап көшені.

Олар да, көкте ыз бар ма,
Көңілсіз қабақ тұр бағып.
Көбелек көңіл қыздарға,
Қараймын мен де ұрланып.

Жабайы мысық көзіндей,
Айдың да нұры салқындау.
Болмайтын, сірə, сезінбей,
Жоғалтқан жазғы қалпын бау.

Тіршілік ұзақ, жол қысқа,
Ісімде кейбір шу басым.
Дауа жоқ екен болмысқа,
Кіділеу қыста туғасын.

Көз шалды көрініс алағаш,
Ұқсайды түрлі елеске, –
Шайқалған мастай, ана, ағаш,
Көлеңкем менің емес пе?

* * *
Марқұм қызым Əсемге
Оқыстан жауып өткен жаңбыр үнді,
О, қызым, жиі еске алам тағдырыңды.

Мəңгілік қозықарын төмпешікте,
Тоғысты жолың қарғам сан бұрымды.

ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕК

Тартып оны кетердей арақ құрдым,
Көңіліңнен көзіңе тарап бір мұң, –
Бір қолыңмен басынан сипап тұрып,
Бір қолыңмен қалтасын қарап тұрдың.

Аманхан Әлімұлы
Мұңлылау соққан сені бейне десек,
Мінезді көрсетесің кейде кесек.
Күйедей түскен қалы кілемшеге,

Жаныңды əлде қандай жей ме өсек?..
Деуге келер ұзақ түн көз ілмейді,
Билеп алсын бойыңды сезім, мейлі, –
Бəрібір еркек, шіркін, өліп-өшті,

Сенің мұңлы жаныңды сезінбейді.

ЭЛЕГИЯ

Сезініп иық қақты қатар кемін,
Таусылар кезде шіркін татар демім, –
Ішіп-жеп көзімменен көк аспанды,
Шалғында шалқамнан бір жатар ма едім!

* * *
Жанымды айықпастай мұң басқанда,
Келетін жұлдыздары ымдасқанға, –
Жылы бір қоңыр күзде өлсем деймін,

Қапысыз қарап жатып түнгі аспанға.
Келмейтін деуге, сірə, ерке неткен,
Күз желі көңіл қылын шертеді еппен.
Үзілді жүрегімнің бір тамыры,

Қызыммен бірге өмірден ерте кеткен.
Көз жасын көрсетпестен селдеп өтті,
Шіркін-ай, беріп жатып желге бетті, –
Əдемі қарсы алар ем қас қақпастан,

Ажалды мысық табан келген епті.
Көңілді алып қашқан мұзға басты,
Сүрлеме сіңір соқпақ құзға қашты.
Қаланы жамбасқа ала Ай да туды,

Қазандай қызылқарын қызған асты.
Толқындай сыңси келген сезім легі,
Қоздатып сағынышты көзімдегі, –
Жаратқан, ризамын алып кетсең,

Шаңдатқан құс жолымен өзің мені.

Атақоныс
* * *
Сабыр түбі сары алтын.
Халық мақалы.

Мен кеше еріп кеттім сайтанға бір,
Білмеймін одан қашан қайтам, Сабыр.
Қызымды алып жатқан құшағына,
Сырымды сосын саған айтам қабір.

Əзірше, əзірше ме мазамды алма,
Үзілді жетер-жетпес жаз арманға.
Бұлтпен сырласамын көкті буған,
Өзіммен-өзім қалып қазан жалда.

Кірпігін көтерместен қыраулы күн,
Оң жақтан сол иыққа бір ауды мұң.
Жоғалтқан қызын мендік ой секілді,
Аспан да ауыр тартып тұр-ау, бүгін.

Көңілмен қалған келер бақыр дерге,
Қосылып қайғы қысқан аһ ұрды ел де.
Тереңінен тегі тамыр тартқан еді,
Өнбестен гүл ғұмыры тақыр жерге.

Үзілмес үзеңгі өмір барда күткен,
Сақтасын деп Құдайым қарға үміттен, –
Отырмын жапырайып жал төбеде,
Жантақтай жалғыз-жарым жарға біткен.

Көңілді сұрай келген көпке тең бе,
Көктемгі ұқсаса да өкпе сеңге, –
Басайын оны əлгі сайтанменен,
Ей, бұлт, көз жасыңды төкпе сен де.

* * *
Аш қасқырдай сезінген андыздарын,
Қатқыл тағдыр жанымда қалды ызғарың.
Отан, қазақ, сонан соң қыз қазасы,

Алар ма екем көтере жалғыз-жарым.

Аманхан Әлімұлы
Өмірімді өлшеме өтер менің,
Алла білер қашанға жетер демім.
Ел-жұрт жəне отбасы болмаса егер,

БОМЖ болып өлгенше өтер ме едім.
Болмағасын оң ісің елге өтімді,
Жасырасың ей, Ажал, келбетіңді.
Жатамын да қоямын құлақ түріп,

Ызыңдаған масадай желге түнгі.
Асықпайды өтуге еріншек күн,
Қыз кезіндей, мысалы, келіншектің.
Тұратын жері бар да тұрағы жоқ,

Көңілім күйін кешкен келімсектің.
Кеудемнің шыққан желең тоңды-ай демі,
Сеземін уақыттың қонбайды емі.
Ақыры бір келетін айттырмастан,

Ажалдың тынысы да сондай ма еді.
* * *
Көрсетпестен көңілсіз желкем қылық,
Қойынынан өргізіп еркем күліп, –

Түйе өркешті теңселген трамвайда,
Қалғып-мүлгіп келемін ертеңгілік.
Қарсы алмаса үйдегі жар бүлігі,
Ерке дерлік оның шын бар қылығы.

Үрме көңіл секілді алып-ұшпа,
Қылаулап тұр Құдайдың қарлы күні.
Куə етіп ақ самай ақпан шалды,
Нəн жастықты жастанып жатқан жалды, –

Кетіре алмай отырмын таңдайымнан,
Түні бойы тілінен татқан балды.
Көріп жасты кірпігін мұңға малған,
Түсті бір қыз есіме құмда қалған.

Үйреттің сен Алматы қаталдыққа,
Лайланды қаншама тұнба, жалған.

Атақоныс Қалған қыздай емес ол Сыр бойында, Асылмайды жəне де құр мойынға. Еске түсіп екеуі етек басты, Сосын жарым состиып тұрды ойымда. Құлап көктен ұп-ұлпа қунақ қырбаң, Білем қаңбақ қашады тулақ қырдан. Түйе өркешті теңселген трамвайда, Менің емес біздің мұң шулап тұрған. КҮЗ І Тағы да келіп қапты-ау Күз, қарағым, Бойымды алып тұрды сыз бар ағын. Тұз қуып кеткен атан сияқтанып, Сен неге сонша, көке, түз қарадың. Айнала ұшқан қимай қаздай көлді, Бөктеріп қанжығаға жаздайғы елді, – Қонысты теуіп жатыр қоңыр қонақ, Өкпе өтті ылғал ұрды қазбай белді. Жаз, шіркін, қалай ғана қалды көрмей, Ағады сарша сағым жалды керней. Жел есіп тұр далада қаңбақ қуды, Қытымыр Күз қылыққа салды дердей. Көрініп қалғандай ма қыс құлағы. Түтіннің түбін тартсаң ыс шығады. Булығып бұлт буған басыр аспан, Төге алмай жасын неге қыстығады. Мұз қатты жыланқабық қына қаққа, Сырғыма сынап мезгіл сына қақпа, – Ана бақта бір қызды алдап кетіп, Бір қызбенен сүйіскем мына бақта. Қаға алмай кірпік басты қырауды да, Сезініп өзін жайсыз тұр-ау құла.

Аманхан Әлімұлы Айналып ауыл жақты өтті жаумай, Көңілсіз көшпе бұлт қыр ауды да. Мұңды ешкім сезінбестен көзімдегі, Сап-салқын соғып өтті сезім легі. Сыбырлап құлағыма бір періште. Күз емес Күз дегенің өзің деді. ІІ Келетін сөгілдіге көш іргесі, Өксікті желді желең жесір деші. Күз емес Күз дегенім сезінгенім, Менің көңіл күйімнің көшірмесі. Жайына балық қалып аулап тұрған, Құлады күн қабына аунап қырдан. Қайқы төс қайық қалды жаға жайлап, Жүретін қамыс тасып баулап Сырдан. Көңілді жайлап алған нала емес пе, Секілді күйген қанат ала кеште, – Езуі дарияның көбіктенген, Жайларды қай-қайдағы салады еске. Қаран су қаптай керіп қырат-қырды. Қорғасын бұлтты аспан жылап тұрды. Кенеусіз қара жауын созылмалы, Бұзады тыныштықты құлаққа ұрды. Тораңғыл болып маған сая, басты, Құшағын қараңғылық жая ашты. Қабірді жалғыз-жарым тасқын шайып, Етпесе жарар еді аяқ асты. Болғанмен болмысымнан қалпым мықты, Жайым бар топ ішінен жалқы үн шықты. Қатулы кіді күздің қабағынан, Сұмдық бір сезінемін салқындықты.

Атақоныс ЖЕЛ Қуалай соққан сүйем желді күзгі, Сол сансыз сыпыратын ендігі ізді. Есті алар қылығы бар ерке дерлік, Кей-кейде қойын кеулеп, белді үзді. Көріністі куə етіп көшкен көзге, Қылыққа бастап қыңыр естен безбе, – Айнала еңіс кезіп ескен кезде, Мен оған таба алмаймын еш теңді өзге. Ерекше сергек сезім сүймес еді, Тал бойым талма желге иді есебі. Көңілсіз көгал шайқап күрсінгенде, Көңілім ала құйын күй кешеді. Еңсемді жүре-тұғын езіп көптен, Кеткен-ау, шығып білем сезік шектен. Тұрмайтын қолды-аяққа жел секілді, Бір кезде мен де ауылдан безіп кеткем. Сай-сала, елең қылмай өзін де өрдің, Құйынша құбылысын сезім дермін. Қаңсыған бос құбырды қуа соғып, Ұлыған аш қасқырдай кезін көрдім. Елемей енді бірде күлкің кемін, Үзердей үздікпелі бір күн демін. Күз шалды жапырақтай жүрегіммен, Ойнайды мысық-тышқан шіркін желің. ӘЗІЛǧШЫНЫ АРАЛАС І Тіршіліктің сырына жастай қанып, Қалдым қатқыл қалада бас байланып. Өлмес жырмен енді мен желді ауылда, Тұрсам шіркін тал бойым тасқа айналып.

Аманхан Әлімұлы ІІ Су бетінде секілді пері күлген, Елес қашты қырмызы сері күннен. Ерінімнен ертелеу салқын тиген, Емде соны еркін қыз ерініңмен. Баяу түсіп келеді кеш қабағы, Қайталанбас осы сəт есті алады. Жанарыңда жарқылды жалқын бояу, Жанарымда Жиделі көшті алабы. Мен емеспін желөкпе бос адамың, Арманыңды арманға қоса аламын. Қособаның бүл кезде күні өткен, Үсіп кеткен болмаса қос анарың. * * * Сексеннің сеңгірінен асқан Аға, Ауылдық аума тірлік бастала ма? Отырмын қармақ салып дарияға, Қамалып қала бермей тас қалада. Отты күн су сағалап өртің өшті, Жел де жоқ желбір желең еркін есті. Тораңғыл басындағы қарға ұясы, Салады еске атамның бөркін ескі. Ашылар, не ашылмас қайта бағым, Сүліктей түннен тартқан Ай табағын, – Жан адам сезінбейтін мұңды сезіп, Жас талдай желді күнгі шайқаламын. Қамыстың үрпегінен ұшып қырбаң, Тұр сиыр шөл бастысын ішіп Сырдан. Кетті əне қоюланып сумен бірге, Ағаштың көлеңкесі түсіп тұрған. Тоғысқан сіңір соқпақ тармақ тартты, Күрсініп толқын жеген жар жақ жатты. Отырған қандай жақсы Сыр жағаңда, Балығың болмаса да қармақ қапты.

Атақоныс
* * *
Келе-келе бойсоза өсе бала,
Балақ қапты шаңыңды көше қаға, –

Кеше ғана тауысып бал күндерін,
Сүймеп пе еді бір қызды кеше ғана.
Өліп-өшіп сүйетін со бір қызды,
Куə етіп желең жаз, содыр күзді, –

Көз байлана жүретін жолығысып,
Тоз-тоз етіп жіберді өмір бізді.
Келмей-тұғын мезгілге қолдап өтті,
Бұрған кезі жастықтың жолға бетті.

Жиырмаға толдым да мен де кеттім,
Он сегізге толды да ол да кетті.
Ауыл қалды, бүгінде қалалықпыз,
Өтті-кетті қақ тұрды балалық та із...

Қарауытып ашпайсың қабағыңды,
Бар-ау сенде өмірдей алалық Күз.
Көкке кірбің қабақты қарап тұрып,
Ішкім келіп кетеді арақты ұрып.

Көңілсіздік билеген көбең кеште,
Көрсетеді көпек ит барақ қылық.
Сыздамалы ыз басты, ызың қашқан,
Келтірші бір ретке күзіңді аспан, –

Қай-қайдағы жайларды еске алып,
Қам көңілім тұрғаңда бұзылмастан.
* * *
Енді, Қарғам, таппасаң өзің емін,

Таң шығындай үйіріліп көзіме мұң, –
Сүйгенімнің бойынан маған деген,
Қара күздің салқынын сезінемін.
Жамыраған мезгілдей қозы алмасты,

Іштей үнсіз егіліп созам жасты.
Ақ шалғанын сезгейсің самайымды,
Жалғыз аяқ қайыңдай тозаң басты.

Аманхан Әлімұлы
Кең даланы (о өмір сезікті ме ең?..)
Кеткім келіп кетеді кезіп кілең.
Тағдырымда о бастан ешкім білмес,

БОМЖ-дықтың барлығын сезіп-білем.

Кірістен бе, немесе шығыстан ба,
Келмей кетті тірлігім ұғысқанға.
Ешбір адам естіп-білмей-тұғын,
Сыр аулайды жүрегім дыбыстан да.

Жолықтырған Тəңірім нұрлы күнде,
Сенен басқа ашамын сырды кімге?
Бар əйтеуір жан ұқпас беймазалық,
Менің, мынау, күйгелек тірлігімде.

Тоса-тұғын мезгілсіз бір сынды алдан,
Сезем жалқы жанымда күрсін қалған.
Түнгі аспанда тұңғиық жымың қаққан,
Көз алдымда жұлдыздай тұрсын, Қарғам.

* * *
Сабан сылақ, тар əйнек, қаққан ұстын,
Көрінгенмен көзіндей баққан істің, –
Су сорғалап тұратын көк нөсерде,

Қоржын тамнан қамыстан жапқан үстін.
Шықпай қанша уақыт жүрді есімде,
Шелекбас ит енжарлау үргесін бе? –
Жас баладай жылайтын ішін тартып,

Шибөрілер ауылдың іргесінде.
Келгім кейде келеді жылағым да,
Оңашада беріліп бұла мұңға.
Қозы-лағы жамырап кеткен кешке,

Жеңешемнің даусы да құлағымда.
Кеуде қақты келмейтін тек десінге,
Бал балалық базары өткесін бе?, –
Дір-дір етіп тұрады жұмбақ жұлдыз,

Сəл-пəл ғана ызғарлы көк төсінде.

Атақоныс
Алла жазды, апырымай, талғам ба екен,
Бақытымнан артықтау алған бөтен.
Түртіп кейде ұйқымнан оятады,

Жатаған там жадымда қалған бекем
* * *
Жылап тұрар басымда жеті кемпір,
Жарық дүние жарығым өшкен күні.

Ертеректегі өлеңнен.
Мезгілсіздеу ұрынған Күз лебіне,
Қарап қайтқан құстардың тізбегіне, –
Жеті бірдей келіншек мені сүйген,

Қайда екен деп сол ақын іздеді ме?
Жетеуі де қыз еді іліп алды,
Со бір кездің шоғы емес, күлі қалды.
Желдей тұрмас уысқа уақыт-ай,

Қанша қапа қалдырдым тілі балды?
Бұрып тұрып бетімді майда желге,
Сыр айт дегем, сан қызға сайға келде.
Өліп-өшті сөзіме сеніп олар,

Желең көңіл желігін жаймады елге.
Деп жүретін жігіттер сырғаңды ілем,
Құлпырып қызғалдақтай тұрған кілең, –
Жеті бірдей келіншек жеті қыз ең,

Қауындай қазан ерте ұрған білем.
* * *
Бəрі де бəрі ойымда,
Əлекке, Апа, түстім бе?

Ауылың Сырдың бойында,
Қабірің қырдың үстінде.
Құбыла беттен жел ескен,
Тірлік қой, тірлік қалытқы.

Қозыдай қоңыр тел өскен,
Қатарың сиреп қалыпты.

Аманхан Әлімұлы
Аңсаған көңіл жылау ма,
Өмірге өткен жетпек не?!
Қалыпты, тіпті, құлауға,

Оқыған мен де мектеп те.
Ұқсайды жастар жасынға,
Құдайға шүкір, дүрмек көп.
Жатаған тамның қасында,

Жап-жақсы жаңа тұр мектеп.
Сағыныш, сосын, торған мұң,
Үйірілген көзге жасым ба?
Қарғадай бала қорғанның,

Қонақтап отыр басында.
Сынаған талай бағымды-ай,
Қалаға қайтып кетермін.
Сонан соң, сарша сағымдай,

Сағынып қайта жетермін.
Ашылса-дағы бақ-айым,
Қаланы жата жайланып, –
Ауылға мəңгі ағайын,

Кіндігім қалған байланып.

ЕСЕНҒАЛИҒА

Бірімін, жақын, сендей бағы бардың,
Биыл мен де ауылға тағы бардым.
Сырдария, сəл-пəлдеу тозған тоғай,
Көкем, сосын білмеймін сағынар кім?

Келгенім жоқ сонан соң қайдағы елге,
Жусанның жұпары аңқып жайма белде, –
Шық қауып, ызға ысталып, тозаң басты,
Бетімді беріп тұрдым майда желге.

Су жеген жаға, əрі бүргенді құм,
Көңілім жаз күніндей түрленді мың.
Жүгірдім жар жағалап жалаңаяқ,
Алыс сал енді менен іргеңді мұң.

Атақоныс
Бастымда тас қалалық желік демін,
Тып-тыныш табиғатқа еліктедім.
Қамалмай тар қапаста, ауылыма,

Тұрғаным қандай жақсы келіп менің.

АУРУХАНАЛАСҚА

Қай қияға салмады төзім бізді,
Жел суырған көрерсің өзің де ізді...
Аурухана ішінде адасады,
Сəл мұңлылау шық тұнды көзім күзгі.

Бір-бірінен аумайтын қалыптай күн,
Қорғансыздау жанымды шалып қайғың, –
Ауру меңдеп жатқанда жалғыз-жарым,
Шығып қалған жағаға балықтаймын.

Қақпандай-ау құрылған қалаң қаппа,
Құлық та жоқ, құнықпа қаламсапқа.
Ала-құла бұлттай көшкен көкте,
Кетіп кейде жатады санам саққа.

Кезіккенде кеселдің кезіне мың,
Тапқанменен дəрігер өзің емін, –
Сыр мен қырдың ауасы жетпей маған,
Жатқандығын жаныммен сезінемін.

* * *
Көнер ме едім, білмеймін, көнбес пе едім,
Мен он сегіз, сен онда он бесте едің.
Оралыңның барында ойнап-күліп,

Махаббаттың сезінген өлмес демін.
Ойын қуды балалық қырда қалып,
Отырушы ек аяқты Сырға малып.
Адам ұғып болмайтын ұшпа сезім,

Бойды алып сол кезде тұрғаны анық.
Жатаған жарды аймалап толқын майда,
Жататын жайма мінез сол түн қайда?
Тыныштық тұнып тұрған тұнба судай,

Көтеріп кетуші еді шолпы үнді Айға.

Аманхан Әлімұлы
Мысалы, сенің тілсіз толқысыңдай,
Менің де сезер ме едің сол тұсымды-ай!
Тұрушы ең иығыма иек артып,

Үйренген жемге момын қол құсындай.
Үн-түнсіз қашып шығып үй-іштен біз,
Төсіме төсі келіп түйіскен қыз, –
Ен тоғай, сұлу Сырды куə етіп,

Есімде Айлы түнде сүйіскенбіз.
Айтқанда қорқытпай да, үркітпей де,
Келетін гүлін жайды бүртіктейге...
Сол сүйіс ерініміз ауырғанша,

Ұйқымнан оятады түртіп кейде.
* * *
Сіңір сүрлеу. Қоп-қою тұман алдым,
Күдік буып көңілді, күмəн алдың.

Түйе өркешті шөмеле, шөптің иісі,
Менің мұңды жанымды ұға алар кім?
Хабар алып қапа жан, қам жайымнан,
Кім сыйпайды, білмеймін, маңдайымнан.

Басында өскен анамның жусан дəмді,
Қу тіршілік кетпейді таңдайымнан.
Ұнатамын жатаған Мешітті мен,
Имандылық тұратын есіп кілең.

Бет түзетті сол жаққа бір тылсым күш,
Ұжымаққа ашылар есік білем.
Ұрыспадың, бəрі бір ұрыстың не,
Əрекетке о бастан тырыстым не.

Ілбіп басып келемін салыңқы бас,
Ауыл Сырда, бар қабір қыр үстінде.
Мешіт. Қабір. Жеткізбес дала байтақ,
Атақ-даңқ іздемей, қаламай тақ, –

Жүрген інім қой бағып қасындағы,
Шелекбасты итіне салады айтақ.

Атақоныс
* * *
Мы теперь уходим понемногу.
(Есенин).

Жинала бастаппыз-ау жолға біз де.
(Аманхан).
О, мезгіл, мезгіл, білем, бізді бақтың,
Күлкісін жұтып қойып қыз бұлақтың.

Қатарым сиреп жатыр, өзім болсам,
Мысалы, желең тартқан күзгі бақпын.
Келетін көңіл күйдей қашты ұғымға,
Беріліп отырамын жасты мұңға.

Көзімнен көре алмайсың күнделікті,
Жалынның лебін, сезім тасқынын да.
Жастығым қызыл түлкі қашты жылмаң,
Тірліктей үсті тегіс, асты бұлғаң.

Айрандай ашып кеткен миым менен,
Апыр-ай, қайда қоям басты зілман.
Өткен күн келді-кетті, елес білем,
Ғұмырым өтіп жатыр жел естімен.

Түсіме жиі енеді бұл күндері,
Ен тоғай, Сырдария, белес кілең.
Келетін қозы-лақтың өргеніне,
Біртіндеп бет түзедік көрге, міне.

О, Алла, тұз-дəмімді тауысқанша,
Көрсетіп, ризамын бергеніңе.
Күндер-ай, күндер өткен бір-бірін жеп,
Жатсыңдар қала, дала, қырға ұрын кеп.

Жүрегім күзді күнгі жапырақтай,
Өтінде қу тірліктің тұр дірілдеп.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Тырналардың дауысы тыраулаған,
Мұңның табын сездіріп тұр-ау маған.

Қалбаң-қалбаң барады қағаз қашып,
Бір кездері біреуден сыр аулаған.
Сыр-сыр етіп ұзын сап сыпырғысы,
Сұрау белгі секілді бүкір кісі, –

Жүр тазалап көшені кір-қоқыстан,
Жерге, сірə, келмейді түкіргісі.
Суық-сыпсың жылайды Күз балаша,
Пісіп жерді жемісі сызған алша, –

Айлы түнде түбіңде есімде жоқ,
Кетті ернімнің ыстығы қызда қанша.
Күзде, сірə, көрмедім сау бір айды,
Бағып тұрған сияқты тау да райды.

Анда-санда аспан да тұз қақтаған,
Теңбіл-ала терідей қаудырайды.
Қорғасын түс бұлттар көш түзеген,
Мысалы, еспе жіпті ешкі үзеген.

Азан-қазан күй кешіп тұр дүние,
Талбастанып жабайы кеш күзеген.
Қылаулатқан кез келді ұшқындатпа,
Мұңды көзбен қараймын міскін баққа.

Үйде жалғыз жатқаным дұрыс шығар,
Ізін емдеп жандағы тістің қаппа.
* * *
Ұласар арты дауылға,

Күміс жал жел-ай ысқырған.
Қымтанған тонды ауылға,
Келеді түсіп қыс қырдан.
Қалғиды қатпа тау, сілем,

Қытымыр қыстың бар табы.

Атақоныс
Ұлыған қасқыр дауысымен,
Құбыр да ішін тартады.
Ей, жел-ай, үйді іргелей,

Түндікті қағып-сілікпе.
Ақыры артың жүрмегей,
Айналып шулы бүлікке.
Тірліктің ұғып жалғанын,

Күрсінді бала өрімдей.
Қарашы, тіпті, қалғанын,
Мысықкөз Ай да көрінбей.
* * *

Үміт оты жанбайды байқаса алдан,
Кім бар дейсің жоқтықпен шайқаса алған.
Азып-тозған ауылдар жатыр қирап,
Көрінісіндей соғыстың қайта шалған.

Уақыттың шарпыған азапты өрті,
Кеткен маған сияқты мазақта еркі.
Жасыл бақтай мезгілсіз суық шалған,
Ауыртады жанымды қазақ дерті.

Дария да тасымай баяғыдай,
Су қанатын сусыма жаяды жəй.
Жылдағыдан ел іші жадау-жүдеу,
Қойшы Елбасын, сен оны ая, Құдай.

ӨЛІМ ХАҚ

Өлім хақ – дейтін жан Атам,
Ағам да соны айтады.
Салмағы оның сан атан,
Бар сосын түсер Ай табы.

Бүгінде мен де сол сөзді,
Қайталап айтам бағыма...
Өмірім барда жол төзді,
Өлім хақ тағы, тағы да.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Қарамай қара барқын рең басқа,
Күз келіп қалыпты-ау күрең қасқа.

Жаз деген желең кеуде желік керіп,
Елемей о шіркінді жүр ем баста.
Күп-күлгін ақтаңдақты күл шырайлы,
Бұзғанмен буыны босаң бұлт райды, –

Ат жақты Ай сəулесі күміс тізгін,
Сынаптай суда салқын жылтырайды.
Тыныштық орнағандай құсты көлде,
Салмағы уақыттың түсті белге.

Күзді күнгі жапырақ сияқтанып,
Қанша мұңды сөздерім ұшты желге.
Келетін ат жақтанған, шүкір деске,
Ай да туды қойғандай үтір кешке.

Жатаған тораңғыл да сидаң тартып,
Қайдағы түсіреді бүкірді еске.
Жетегінде кеткен мен жырдың желік,
Күзбен бірге ауылға тұрмын келіп.

Майлықожа үйінің орны жатыр,
Қамалындай алынбас сырдың берік.
Мұншама жан жүрегім имес еді,
Еш адам түсінбестей сүйді есебі.

Қырдағы қабірлер де қоңыр тартып,
Сырдағы ел де мұңды күй кешеді.
Күп-күрең көңілсіздік басқан бақта,
Мысалы, қысқа алдағы ашқан қақпа.

Сағынып келген жоқпа ем, Сырдағы елді,
Анау ит неге ұлиды аспан жаққа.

Атақоныс

ҚЫСҚЫ КӨҢІЛ КҮЙ

Ауруы қысқан шалдай ұстамалы,
Қойды-ау ашылмастан қыс қабағы.
Терезе жақтауында кептер отыр,
Табылмай талғап жейтін құс тамағы.

Күндер-ай, сынапқа ұқсап сырғып аққан,
Сұп-суық леп те есіп тұрды бақтан.
Қу тірлік өп-өтірік өлген балық,
Немесе құрған тісті қырлы қақпан.

Ауырады жүрегім таза ақ қардай,
Алдымда мен татпаған азап бардай.
Жағасы жайлау, сосын мамыражай,
Шіркін-ай, өмір сүрсем қазақтардай.

Мезгілсіз соншалықты тұмау қысқан,
Аман-сау өтсек, ой-хой, мынау қыстан.
Алқымнан алып тұр-ау əзірше ол,
Оқыстан келіп қалып сынау тұстан.

Кіді қыстың қар басты сіреу шағы,
Жанға демеу, жамбастан тіреу шамы, –
Қабір жақтан біреулер күбірлесіп,
Есік қағып тұрғандай біреу тағы.

Табиғат па табиғат бұрқамаған,
Аумай тірлік оттағы тұр табадан.
Ай-күн аман, сонда да, мені аңдып,
Жүргені тек болмаса бір қара адам.

* * *
Сұп-суық сыпсыңдаған салқын күзгі,
Көңілдің таңғы шықтай қалпын бұзды.
Сыпырып жатыр жел де жаздан қалған,

Сабындай оңып бітті алқынды ізді.
Талмалау тағдыр жолға салыпты өзге,
Бір мұңды жан қарайды налып көзге.
Жылайды жиі жаным, ауыл жақта,

Шық кешті жалаң аяқ қалып кез де.

Аманхан Әлімұлы
Ойнайды көз ұшында бұлың сағым,
Есіме салып қыздың тұлымшағын.
Өрекпе өліарадай өте шықты,

Қунақы құлдыраған құлын шағым.
Лебіне ерме көңіл еріп үннің,
Белгісі сынап мінез сері күннің, –
Қыздардың ерінінде ерікті алған,

Ыстығы кетті қанша ерінімнің.
* * *
Қуалай соғып сайды, өрлей белді,
Шайқаған емін-еркін желдей көлді, –

Жағасы жайлау жазғы көшіп-қонды,
Жастығым қайта айналып келмейді енді.
Көздегі сүртіп кейде жасты шала,
Қаншама жүрегімді басты нала.

Түсіме жиі кіріп жүр бүгінде,
Ажалым болып шулы тасты қала.
* * *
Қалған қатпа ауылда құр сілемі,

Табылмай-ақ көңілдің тұрсың емі.
Бағаналар басында тартылған сым,
Ызыңдайды, гулейді, күрсінеді.
Еп-еркін ерке еліктей ескен желді,

Мінездей көремін мен көшпен келді.
Қара күз қарауытып тұр қабағың,
Қыс алды кезіп жүрген сеспең белді?
Салқындықтың сезінген тосын демін,

Жұбатады мені кім, досым менің.
Көңілім ала құйын күй кешеді,
Иесіз қалған киіп қосын кебін.
Тірліктің жақсылықтан құр кезі ме,

Неге мен айта бердім сырды езіле.

Атақоныс
Қақ мұзы сияқтанған жылан қабық,
Шытынап көктің шелді тұр көзі де.
Мінезі желдей күзгі ескен ақын,

Кең жайып келе жатыр кеш қанатын.
Көзінен көрші қыздың аспан көрдім,
Мөп-мөлдір, кезде, мынау, есті алатын

ҚОШ БОЛ, КҮЗ

Қош болғын, қош бол енді Күз, қарағым,
Ұрмайды бетке қайтып ыз бар ағын.
Сыртта аяз, қарда аппақ қарға отыр,
Сайлайды іште қыстық қыз жарағын.

Қар жатыр мүйізденіп тыста қатпа,
Бұндайда күн де қастай қысқа қақпа.
Соншама неге сақтық көрсетеді,
Сауысқан ала бауыр ұшпа, бақта.

Салатын қолды-аяққа тұсау кілең,
Бұл деген жатып ішпе қыс-ау, білем.
Қаңтардың жиырмасы туған күнім,
Өмірім өтіп жатыр түс аудымен.

ЭПИТАФИЯ

О, Ажал, бар дертіме өзің бе емім,
Жай тапты жаным сұмдық сезінгенім.
Қабірімнің басында жылап тұрған,
Қай кемпірсің, көрмейді көзім менің.

КҮЗГІ КӨҢІЛ

Қамықпа қаламайтын ұзағанды,
Қарсы алып тұрмын кіді Күз ағамды.
Сап-салқын қоңыр тірлік қонақ бермей,
Қапыда қаным неге қыза қалды?..

Жималап келіп қалған төккен терді,
Мезгіл бұл ел-жұрт күткен көптен бергі.
Бүйідей жауын тиген жиырылады,
Тышқанқұлақ жапырақ өпкен жерді.

Аманхан Әлімұлы
Жанымның жабырқаулы далада емі,
Жеп қойды, қарғам, қапас қала мені.
Қуалай бау-бақ ішін соққан самал,

Сабырсыз сартаптаған сана ма еді?
Көңілсіз күйді кешіп бірауық мен,
Тірлігім айнымастан тұр-ау үттен.
Көз жасы тыйылмайтын ұзақты күн,

Алматы соншалықты жылауық па ең?
Ұласар арты кейін борасынға,
Табиғат көңіліңе қарасын ба?
Күрмеуге келмей өмір өтер ме екен,

Ауыл мен Алматының арасында.

ҚАБІР БАСЫНДАҒЫ ЖЫР

Тұрған кезде кілкіме шер жеп жанды,
Жел де айтпайды мұң басты ермекке əнді, –
Қабірінде өсетін жылда анамның,
Ұнатамын жусанды кермек дəмді.

Үнсіз қабір, жел үні саз-ау бөтен,
Көңілсіз күзге қалай жаз ауды екен?
Төбемде төңкерілген көкті керіп,
Түстікке кеш түзеген қаз-ау, көкем.

Күн батты көкжиекке ұятты алып,
Сыңсиды суық шалған қияқ талып.
Теңселіп баяу ғана тұр селеу де,
Менің мастау көлеңкем сияқтанып.

Қарабарқын аспанға қарап тұрып,
Ішкім келіп кетеді арақты ұрып.
Оратылған аяққа шелек басты,
Көрсетеді көпек ит барақ қылық.

Сөзің болса ағайын айт уəлі,
Ерте маған қалаға қайту əлі.
Қабір жақтан ауылдың шетіндегі,
Иманға тəн ұзамай Ай туады.

Атақоныс
Алдырмайтын тереңін құрдым жалған,
Жұртындайсың жел жеді қырдың қалған.
Күздің күнгі жапырақ сияқтанып,

Мен де ілініп тірлікке тұрмын, қарғам.

ЖАҢБЫР АЛДЫНДА

Найзағайын ойнатқан сабырды ала,
Кіді аспанға қараймын тағы ұрлана.
Айналаның бəрі шу, сыр бермейді,
Мешіт, сосын күтусіз қабір ғана.

Мен де тұрмын үн-түнсіз мылқау жандай,
Не істеймін көңілді бұлт ауғандай.
Түнек буып тұр көкті, енді маған,
Үйде мұңды бір əнді шырқау қалды-ай.

Қамсыз бір сəт таусылып жұрт амалы,
Тоғай шулап, дария бұрқанады.
Босап қалды күні ұзақ доп қуатын,
Балалардан ауылдың сырт алаңы.

Жел қуалай соғады құба белді,
Құдайдың күні жасын сыға келді.
Аспанға, сосын көзін сатқан сыртқа,
Қапа көңіл айтшы кім ұғады елді.

Шадыр жасын шарпыған үйітілді аспан,
Көрсетпейді сақтығын итің де асқан.
Не анда емес, мысалы, не мұнда емес,
Кезің құрсын, Табиғат, сиқың қашқан.

ҚАЗАҚСТАН

Мен өтермін, аман бол, Қазақстан,
Аспан биік, жер терең алдырмайтын.
Ертеректегі өлеңнен.
Ойлап дала, қала мен қыр қамын да,

Өткел іздеп өмірден тұрғаныңда, –
Бір жағыңда қаптаған қара Қытай,
Орман орыс шулайды бір жағыңда.

Аманхан Әлімұлы
Қалың көптің көрсеткен бұртаңы ма,
Қырын қарап биліктің тұр тағына.
Қазақстан қазақтың жалғызысың,

Сен мəңгілік керексің ұрпағыңа.
Жан-жағыңда жаулар тұр андыздаған,
Керек қана емессің жалғыз маған, –
Сақта өзіңді, тағы да, сақтағандай,

Жағаңнан алған кезде қанды із Қаған.
Кіріспей жүрген кезде жұртың қамға,
Қапыда қаза тапты бір тұлғаң да...
Аяққа оратылған желдей жауың,

Шалуда ішіңнен де, сыртыңнан да.
Жүргенде қазақ күнін құрта бұла,
Тусыздар тұғыр тілеп тұр тағы да.
Қазақстан, қазақтың жалғызысың,

Сақта, сақта өзіңді ұрпағыңа.

БОРАНМЕН СЫРЛАСУ

Ех, боран, боран сайтаның,
Қозған-ау, сірə, сезем мен.
Қайтемін, үйге қайтамын,
Өте алмай мұзды өзеннен.

Ақ құйрық бозбас құйынмен,
Үйіріп оңды-солыңды, –
Жаздырып көзді үйімнен,
Тастадың кесіп жолымды.

Болатын қамсау мал-жанға,
Шулайды тозған тоғай да.
Оралып үрмең шалғайға,
Жағадан алса оңай ма?...

Үркердей ауыл иті де,
Қояды үрмей мұндайда.
Қарайтын көңіл күйтіне,
Күлімкөз қамсыз күн қайда?

Атақоныс
Шұбыртып шоңбоз шудасын,
Бұрқанып тұрған қарлы кез, –
Ақындау болып туғасын,

Мен де сендей бар мінез.

ӨМІР

Қап-қара түн алатын Айсыз естен,

Теңіз кейде.
Күрсінеді сыртта жел жайсыз ескен,

Мені іздей ме?..
Көңілімді баспасаң астан-кестен,

Тауып қыбын, –
Аш бөрідей көзінде аспан көшкен,

Қауіптімін.
Бөрі мауқын басады айдалада,

Ұлып көкке.
Тыныш табам білмеймін қай қалада,

Былық көпте.
Үмітімді өмірдің үздің мұңы,

Қызым кетіп.
Өлсемде өлермін мен күздің күні,

Сызың өтіп.

ЖОЛ МЕН ҚЫЗ

Дегенге келіп жөнсіз жөн ауды өзге,
Тығылған борбас құмды жол-ау көзге.
Бір қызды жемге үйренген қол құсындай,
Есімде ұнатқаным сонау кезде.

Борбас құм көшер еді індетпелі,
Қаншама содан бері күн де өткелі?
Жайылма бұлттардай үлбіреген,
Кештім мен бастан талай мұңды өтпелі.

Жол болса шалдырмайтын шалма басын,
Тығылды көзге амалы қалмағасын.

Аманхан Әлімұлы
Қыз қағар еді кербез қияр-қимас,
Үзіліп кететіндей талма қасын.
Тірейтін түбі табан барасың да,

О, бастан ұқсап біткен дара шыңға, –
Жүрдім ала бұлттай адасып мен,
Қаншама қыз бен жолдың арасында?
Мен қалдым... Қыз да қалды... Жон ауды өзгең,

Құйрықты түлкі қашқан жол-ау көзден?
Кету менен жетуге түр ілініп,
Екеуінің тағдыры сонау кезден.

КӨЛ ТАҒДЫРЫ

Қуалай соққан көздей жайма көлді,
Ұнатам Мамырдағы майда желді.
Көргенде шымырлайды жүрек тұсым,
Жағасын жайлап жатқан қайдағы елді.

Көрсеткен қылығынан мола басты,
Ласқа тұнығымның толады асты.
Түсті де жұлдыз ағып аспан сыза,
Ай-күннің аманында жол адасты.

У-шудан арылмастан талды басың,
Талайды тағдырыңмен дал қыласың.
Досымның түңілгеннен сынып өңі,
Мерейі үстем болып қалды қасым.

Құлағын тыныштықтың түре кейде,
Қарғалар қарқылдаса бірегейде.
Үкілі үйрек тұрар үрке қарап,
Бетіңді шимайлаған шүрегейге.

Жайлаған жайма шуақ жайма көлді,
Таң қылып келді-кетті қайдағы елді.
Сипаған маңдайымнан май жаққандай,
Ұнатам Мамырдағы майда желді.

Атақоныс

БАЛЛАДА

Қызылқұм – қызыл теңіз доға жалды,
Құдайдың желі қайдан соға қалды?
Құлатты құныс қырдан қатпа қара,
Қапыстан жапырылған қоға малды.

Сексеуіл семіп-қатқан – сертім дейді,
(Қайтқан күн құмның кертіп өртін жейді)
Асыққан əлдеқайда албырт бала,
Қалайша буыны босап еркіндейді?

Жарылған жұмыртқадай Ай да туды,
Табатын табан асты қайда қуды, –
Қайқаңға қаға беріс тайқып шықты,
Жалғанға жариялап жайма шуды.

Тұрғанда сөгілместен қос-қоламым,
Қалайша қарым талып, бос боламын?!
Жалыны қайтқан құмның арасында,
Көңілі өз-өзінен хош баланың.

* * *
Отырдық біз ошақтың іргесінде,
Тəтті елес жан жұбатты тұрды есімде.
Күшік-жел қыңсылаған ішін тартып,

Жаңғыртып жадымызды жүрмесінде.
Бар ма болар-болмастан күйген дерің,
Жалын қайтып жарықтай сүйген керім –
Шоқ шырт-шырт ұшады шағыр көзді,

Ойып түсер оқыстан тиген жерін.
Жүрек құрғыр жүгенсіз сезер теңді,
Тастай бердің қиылып көз-еркеңді.
Тартпа ойдай табанын алдырмайтын,

Тірілді ме кеудеңде сөз ертеңгі?..
Ойма қарын сияқты тоярдағы,
Ұйытқыған көңілді ой арбады.
Иірім жанар иіріп тартып кеткен,

Жанбай қалай жанымның қояр бағы?!

Аманхан Әлімұлы
Таз қатқақты ық қағып, күйе жаққан,
Ұмар-жұмар аққа орап түйеді ақпан.
Үзік-созық дауысы естіледі,

Сары шалдың қаңбақтай түйе баққан.
Көкірегімде басылған қалып тасқын,
Қайтты ыстығы қапыстан шалық бастың.
Қайыс қара баланың қарасынан,

Шаңыраққа көзімді алып қаштым.

БЫЛТЫРҒЫ ҚЫС

Қатқыл тиіп денеге тұрғаныңды,
Арқау ете алсам мен жырға мұңды, –
Алдыменен аяусыз айыптар ем,
Табаныма төсеген сырғағыңды.

Қара суық, ашылмай қас-қабағың,
Қанша көңіл-көктемді жасқамадың, –
Сұп-сұр болып сұрықсыз қорғасын көк,
Басып тұрып еңсесін астананың?!

Сап-сап, көңіл, сабаңа түс, қарағым,
Қамдап жатыр дегендей қыс жарағын, –
Күн де қонды түтігіп ұясына,
Өткендей бір жүзінен ұстараның.

Қараңғылық қартадай қатпарланып,
Құпиясын ашуға жатты арланып.
Тіміскі жел тінтіген ара-арасын,
Əлденеден шулады бақтар налып.

Салқын нұрын төгеді айналаға, –
(Көтерілмей қам көңіл жайлана ма?)
Бунақ-бунақ бұлтқа батып-шығып,
Бара жатқан кемедей Ай да ана.

Қатқыл тиіп денеге тұрғаныңды,
Арқау ете алсам мен жырға мұңды, –
Алдыменен аяусыз айыптар ем,
Табаныма төсеген сырғағыңды.

Атақоныс

АУРУ СЫҒАННЫҢ ЖЫРЫ

О, Тəңір-ай, соншалық,
Қинайтындай не еттім?
Тағдырыма қол салып,
Ауруыңды сый еттің.

Құйын бидің сан түрін,
Меңгеретін оңай-ақ.
Бұл күндері, жарқыным,
Көтертпейді қол-аяқ.

Кім біледі, кеселім,
Созылады қанша айға?
Əлде сыған көсемін,
Қара жер де аңсай ма?

Келер-кетер бүлік боп,
Кезекті бұл дүние.
Мүлік дейтін мүлік жоқ,
Гитарама кім ие?

Шабысымен шаң өрген,
Арғымақ та қалды əне.
Өле қалсам, мені өлген,
Көме-тұғын жан кəне?

Азғана топ, досым-ау,
Кетті емес пе ел кезіп?
Тіршілікке осынау,
Тірі қал да, көр төзіп.

ТІРЛІК

Ұлыған аш қасқырдай боран мына,
Сілкілеп жатыр түндік, қораңды да.
Қисая кетті қартың қырын қарап,
Алаңсыз ала тонға орандыда.

Құлатпас күртік қарға жол аттыңды,
Қол бұлғап тұрған кезде қолат түнгі.

Аманхан Әлімұлы
Қытымыр қыс қысқанда қабырғадан,
Дүние іш тартады борап мұңды.
Түтіні қалған тамның қар астында

Ұқтырды тірлік барын Жарасқұмда.
Иісін тіршіліктің көтерген жел,
Із кескен жолаушыға қарастың ба?
Сұқтана сұқ тіккенмен сұр аспанға,

Жұтынған жұмбақ əлем сыр ашқан ба?
Құлады ат арытқан жалғыз қара,
Үркердей бір ауылға қыр асқанда.
Қай қазақ есіктерін алған іліп,

Жолаушы боран қаққан жалғады үміт.
Жөн-жосық, жол болсынның арасында,
Дастарқан мəзірі де қалмады ұмыт.

– Қарағым, тыныштық па ана жақта?

Бұл күнде алаңдаулы сана саққа, –
деген қарт иегімен сілтеп сыртты,
Көз тікті қараңғылық – қара даққа.

– Тыныштық. Тəтті өмірден түңілместен,

Тірлік кеш, ата, қалмас күнің көштен.
Тек мына сұрқай дүлей басылмады-ау, –
деп түйді сөзін қонақ мүдірместен.
«Аман-сау қағылғай, – деп, – таң қабағы»,

Ұйқыға өзінше əркім қамданады.
Сырттағы сойқан тынбай, ал, бөлмеде,
От өшпей, түнгі маяк – шам жанады.

ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАР ЖАУАБЫ

«Мен кеше жұлдыздармен сырласқанда...»
Сен мендей ғашық па едің түнгі аспанға?
Өзіңдей сыймай кетем бөлмеге мен,
Кеудемді əлдеқандай мұң басқанда.

«Түсімде бұрымыммен ойнадың кеп...»,
Сол күні, рас, сені ойладым көп.

Атақоныс
Өкпелеп тұрғандай боп елестедің:
«Сен менсіз талай тойды тойладың», – деп.
«Тойда бопсың, бір қызға қызықтың ба?..»

Олай, жаным, күдерді үзіп тынба.
Ерте көктем қайтадан оралғанмен,
Жаның қалар жабырқап, жүзіп мұңға.
«Сүйіктім деп көп жерде қайталапсың...»

Көп нүктені, аяулым, байқамапсың.
Əдейі ме, бекер деп осынымды,
Менің тұнық кеудемді шайқамақсың.
«Лала гүлдер бұл күнде қырда тұнды...»,

Мен жүрмін-ау өзіңсіз мұнда мұңды.
Жалын кешкен шығарсың гүлдер қуып,
Бойтұмарым, серік қып бір хатымды.
«О, от сезім, қай жаққа алып ұштың?!.»,

Оралмадың, жаныма салып ұшқын.
Келмесіңді білемін қасыма əсте,
Кесесінен бал татпай сағыныштың.

ҚАРАША

Тыраулаған үнінен тырналардың,
Лебі есіп жайсыздау тұр хабардың.
Ауыр тартқан ауаның салмағынан,
Сай-сүйегім сырқырап, мұңданармын.

Ағып түскен жұлдыздай жалқын көктен,
Таңғы шықтың жанары салқын неткен.
Қарашаның қабағы қатпар-қатпар,
Мамыражай жоғалтқан қалпын көптен.

Ойнай-тұғын самалмен балдыздайын,
Жапырағы сиреген жалғыз қайың, –
Көкке қарап көңілсіз сыланады;
«Көркімді енді, – дегендей, – алғызбайын».

Салмақ тартқан арудай Күз, қарағым,
Қабақ шытпа, жоқшымын, із қарадым.

Аманхан Әлімұлы
Еткен назым – жанымның жапырағы,
Кеткен жазым – орыны мұз-жараның.
Үнсіздікке көшкелі мұңым менің,

Қанша ойлардан, қоңыр Ай, түңілмедім.
Өміріме үңілсең, үңіле бер,
Өлеңіме бірақ та үңілмегін.
* * *

Көкжиек – көлге түсіп от шашқан күн,
Желөкпе желікпесі жетті ақшамның.
Булығып бұлқынғанда бура бұлт,
Бұрымы тарқатылып кетті аспанның.

Түн қойнына тығылып сағым дала,
Тұрмын келіп аулыңа тағы ұрлана.
Егілмеген жүрегің – жүрек емес,
Сөгілмеген қабырғаң – қабырға ма?

Арамызды беретін достық бөле,
Көңілдерді көзсіздеу қостық келе, –
Сабылмаған сағыныш – сағыныш па,
Қағынбаған жастықты жастық деме.

Арыла алмай келемін ойдан мына,
Тілегіме тілегім байланды ма?
Қайшылайды құлағын қараңғыда, –
Қазығында айналған қайран құла.

Керқұла арқырады байлаудағы,
Байғұстың ашылмай-ақ қойды-ау бағы.
Түбінде үйеңкінің үкіленген,
Қосшы дос қос мұңлықты ойлауда əлі.

Аттандап көтерілер сағым дала,
Кетерміз тау-тас кезіп тағы ұрлана,
Қосқай, – деп, – қос мұңлықты жеңгең қалып,
Ашқай, – деп тілеп тұрар бағыңды ана.

Атақоныс

ҚАРА СУЫҚ

Қарашаның қарашы қырсығын-ай,
Көкке ілініп көңілсіз тұр сынық Ай.
Қара суық еседі қабырғадан,
Жабылмаған түндігі тіршілік-ай.

Шытынайды қақтың да мұз жанары,
Алыста аспан айшықсыз сызданады.
Алты ай жазды армансыз алқымдаған,
Ашылмай-ақ қойды-ау бір Күз қабағы.

Еске салды мына күн қайдағыны,
Шаға алмассың мұң етіп Айға мұны.
Көкке қарап ұлыған шибөрінің,
Тоқымдай-ақ тоғайды жайлады үні.

Тобықтай қыр жамылған түн түндігін,
Сұп-суық күй кешеді, мүмкін, бүгін.
Суыртпақтап отыр ма сұрқай ойды,
Қаныпезер ойлаған құлқын құнын?

Тарқа күзгі өңірден əн тарқасаң,
Қар боратып жетесің, қаңтар, қашан?
Сай-сүйекті аяусыз сырқыратқан,
Болмас қара суықты қаңтармасаң.

* * *
Төрт қабырғам түгелдей байқағанға,
Мұңым бар деп жанымда айта алам ба?
Сан сүріндім қуатпен тоғыз балдық,

Арақ мені теңіздей шайқағанда.
Шайқаса да құлатпай тірлік кеме,
Қуатқа ерен бойдағы жүрдік сене.
Досыммен де кей кезде сыйыса алмай,

Жатымменен барушы ем бірлікке де.

– Тіршілікті сəбидің тынысындай,

Балаң жанды, қарағым, ұғысың-ай!, –
дейді ме Əкем, түсіме жиі енеді,
Кірісі мен өмірдің шығысындай.

Аманхан Әлімұлы

– Тіршілікті жарыңның тілегіндей,

Жүрген жайың бар шығар біле-білмей, –
дейді ме Апам, алыстан үн келеді,
Баяу соққан ғұмырдың жүрегіндей.

ҚАРТ

Қауырсынсыз құстай-ақ шарқ ұрды бау,
Қыстағы сымдай, жүйке, тартылдың-ау.
Қадалған қарашаға көзін сүзіп,
Сүйенген кетпеніне қартың мынау.

Қалайша қатқыл шақты оңай көрсін,
Көңілін жел көтерген тоғай дерсің.
Ұзатқан құс тізбегін күзге налып,
Дейді іштей: «Қызығымды тонай берсін...»

Жыртылған қара жердей қас-қабағы,
Қарауға алысқа ұзақ жасқанады.
Жанары тұманданып суланғанда,
Еріксіз кірпігінен жас тамады.

Бір жанып, енді бірде жанбай бағы,
Тірліктің қазанында сан қайнады.
Басталған анасының құрсағынан,
Өмір-бал кетпей тұрған таңдайдағы.

* * *
Ақ айдын көлдің еркесін,
Барасың, тағдыр, қайда алып? –
Қия алмай туған өлкесін,

Соңғы рет ұшты айналып.
Қайырылмай кетіп барады,
Қанатында қалқып арман жаз.
Мұңайған көзбен қарады

Кеудемде қыстап қалған қаз...
Кетердей қазір үгіліп,
Көк аспан төсі боркемік.
Көкжиекке күн тығылып,

Көкжиек жатыр өртеніп.

Атақоныс
Алдымда таулар көлбеген,
Оранып апты ақ шəлі.
Таңдайы кеуіп шөлдеген,

Бақтың да, анау, жоқ сəні.
Қоңыр күз алтын айдарлы,
Ақтарылып жатыр ағынан.
Ұршықтай дүние айналды,

Патша-жаз түсіп тағынан.
* * *
Қонды үйрек келіп жағаға,
Бауырын мөлдір шық шалып.

Мылтығыңды емес, жан аға,
Сағынышыңды шықшы алып.
Жеңгейге қазан астырып,
Ішпесек, сорпа, ішпейік.

Жазықсыз көзге жас тұнып,
Жүрмесін бізге құс кейіп.
Қанша ыстық болса жер төсі,
Сонша ыстық оған айдыны.

Жүрсінші көлдің еркесі,
Оңынан туып ай-күні.
* * *
Қаншама жан білмеймін көз қадады,

Болмағандай қас қағым өз баламы, –
Көлеңкесі секілді сары шалдың,
Сидаң қамыс ебдейсіз қозғалады.
Дайындыққа көшкенмен белдескелі,

(Болбыр бала, бола ма сенде ес, тегі?!)
Қарашаның қараған қабағына,
Қырат қуып қытымыр жел де еспеді.
Бірін-бірі аңдыған тірлік, мына,

Болар-болмас қылықпен сырды ұқтыра:
«Болмысыңа болайын, – деп тұрғандай, –
Болашаққа апарар бірлік – мұра».

Аманхан Әлімұлы
Бұзбаған бір келідей келтек кейпін,
Бала кезім ондайға селт етпейтін.
Өзім жұмбақ секілді ем, көрші үйдегі,

Жеңгем ғана зиянсыз тентек дейтін...
«...Жағалауға бас ұрған толқын майда,
Сидаң қамыс... сары шал... сол күн қайда» –
десем де мен, тістеніп, тіл қатпайсың,

Бүгіп бəрін бүйрегің солқылдай ма?!

АҚША ҚАР

Жауа берсін, нең бар сенің ақ қарда,
Қыстың сəні онсыз келмей жатқанда, –
Қонақтасын көк аспанның елшісі,
Иығыма, кең далама, бақтарға.

Аймаласын бөлмеміздің əйнегін,
Мазаласын шабытымды ой менің.
Ей, кінəсіз сұлулық-ай, сен де бір,
Левитанның бояуындай сөйлегін.

Көкжиегің көрінеді мұнартып,
Ақ сағымды керуенін шұбалтып...
Жауа берсін дарқан жерді жатсынбай,
Қара ойлардан əппақ əлем мың артық.

Менде қарды жатсынатын жоқ шама,
Боран ұлып дүлей күші соқса да, –
Жанарымда жарқ-жұрқ еткен сұлулық,
Ал, астымда ақбоз атты ақ шана.

САҒЫНЫШ

Қарлығаш, əжем жəне мен,
Қос аттың буын шығарып, –
Қиюы қашқан шанамен,
Қиқулап дөңнен құладық.

Кеңістік, аппақ, кеңістік,
Көзімнің алды көлбеген.

Атақоныс
Кеңістіктегі ең ыстық,
Келемін ұшып елге мен.
Қарашығыммен қарақат,

Қараймын келіп телміріп.
Кеудемді көптен алапат,
Құрсаулап алған сең жүріп.
Кең дала шексіз қар аппақ,

Көз тартқан, ойхой, сəт керім!
Келемін үнсіз парақтап,
Қиялмен көңіл дəптерін.

ҚАРТ СӨЗІ

Жылдарға құдірет жеткен бе,
Өткенді қайталамайтын?!
Бозжорға мініп көк белде,
Шақтамын шайқала алмайтын.

Қиырдан жазбай шалатын,
Бүгінде жүзден əр тайған.
От шарпып жастық қанатын,
Көңіл де көзсіз қартайған.

Қаншама асып-төгілдім,
Уайым емес ол да аса, –
Уақыт пенен көңілдің,
Ұғыспағандығы болмаса.

* * *
Ертектегі секілді ерке құрбым,
Күйге түсіп көңілсіз, шерте бір мұң, –
Бататынын айтарсың баянсыздау,

Бақытыңдай теңізде ерте күннің.
Атқара алмай аяқсыз сертің түкті,
Марғау тартқан шемендей бертін, тіпті, –
Жүрісіңнен таппастан маңғаздықты,

Күлісіңнен сезбессің еркіндікті.

Аманхан Әлімұлы
Мезгілінде тірлікте ызғар барын,
Аңғармаған оңаша сыздар жаның, –
Жел үйірген күлдей-ақ көтеріліп,

Жанып кеткен кезінде ізгі арманың.
Берілетін ойларға небір көркем,
Суытарсың менен де көңілді, еркем.
Салқын самал сияқты жайсыз ескен,

Салқын қарап тұрарсың өмірге ертең.

ТАҒДЫР

Көңілі ырза тағдырдың бергеніне,
Қартым шығып келеді төрге, міне.
Үш ұлының қызығын талшық етіп,
Шүкіршілік етеді көргеніне.

– Тағдыр, жалған, аялап жүрді кімді,

Өте қалсам, бұзбаңдар бірлігіңді.
Үш шаңырақ түтетіп отырыңдар,
Үшеуіңе тапсырдым тірлігімді, –
Дейтін қартым оңаша қалған кезде,

Өтті өмірден тынысын салған тезге.
Аманатын екеуміз орындадық,
Үшіншіміз кетті еріп жалған сөзге.
Отырғаным беріліп қайта мұңға,

Түсіме еніп атамыз, байқадың ба?..
Кенжесінің сұраса шаңырағын,

– Жел көтеріп кетті, – деп айтамын да.

* * *
Жан сырымды жасырын біледі ме,
Қан жүгірді балауса гүл өңіне.
От ойнаған көзіне қарадым да,

Атойлаған сөз бердім жүрегіме.
Өмірімнің өндірдей талма шағын,
Құшағыңа тым ерте алма, сағым.

Атақоныс
Ернімдегі шырынды жан татпаған,
Ерніндегі шырынмен алмасамын.
Кеудесінде құштарлық жатты ма ояу,

Қиық қасын қанаттай қақты баяу.
Жүрегімнің саусағы дірілдеді,
Жүзіндегі шарпырдай отты бояу.
* * *

Шығар, мына, тірлікті күндегені –
Құлағыма құрдымнан үн келеді.
Ұйқым қашып, кетеді санам саққа,
Алып бала – Алматы түнді емеді.

Соққылайды əйнекті күз нөсері,
Арасында ой-құсым із кеседі.
Неон шамның сəулесі дірілдеген,
Дірілдеген жаңбырмен жүздеседі.

Үнсіз саған телміріп қараңғылық,
Қылығыма құлықсыз алам күліп.
Көше кезіп кететін осындайда,
Отырғанын сеземін шарам құрып.

Қиян кезіп, қиялым, шарықтама,
Тиген оқыс бұл деген шалық қана.
Тарқатылған бұрымы аспан-қызды,
Бауырына тартады алып қала.

Кірпігімнен кіртиген ұйқы алады,
Мені біраз жалғыздық ұйпалады.
Ұйқысыз үй жарығы қармар таңды,
Түннің бітіп түбінде күй табағы.

Бір көктем кетті,
Қанаттарында құстардың.

Бір күз де жетті,
Ызғарын алып қыс, қардың.

Аманхан Әлімұлы

Жапырақ баяу,
Қонақтап жатыр жерге, əне.

Көңілім ояу,
Көктемдей жазар жыр кəне?..

ТУҒАН ЖЕРДІҢ БЕЛІНДЕ

Сарғайған сары күзде кимешегі, –
(Əлдене кеудесіне түйді есебі)
Терідей тұз себілген теңбілденіп,
Бүкір бел бұйығы бір күй кешеді.

Қара жел қалтаңдатқан бозғыл көде,
Сен-дағы түсім оңып, тоздым деме.
Құбыла-қызыл іңір қылаң ұрып,
Сексеуіл шоғындай боп қоздың келе.

Шудадай ширатылған түтін кешкі,
Шитідей кеуіп кеткен түтілді ескі.
Қабынған қараңғылық қанат жайып,
Жұлдыздар жұтаң көңілін бүтіндесті.

Таба алмай тұрған пана бүйрек-белден,
Көңілсіз көде ойнайды күйрек желмен.
Қабағы секілденіп тұр аспанның,
Бұлттар бунақ-бунақ түйдектелген.

Адасқан қараңғыда Ай – балықты,
Əр тұстан бір көрініп, қайғы алыпты.
Селдіреп секем алған сырдаң селеу,
Сəулеге солғын түскен байланыпты.

ОРМАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСҚА

ҚАРАП ТУҒАН ОЙ

Ағаштар,
Ағаштар,
Барады шегініп,
Жапырақ жастары төгіліп,

Трактор, крандар үнінен,
Тынысы тарылып,

Атақоныс Жүрегі егіліп, Ағаштар барады шегініп. Сұлулық тəңірі сал-қайың, Ең соңғы нұрға орап маңдайын, – Теңселіп тұрды да құлады, Тірлігі үзілген жандайын. Теңселіп тұрды да біршама, Құлады терек те, шырша да, – Ізгілік жолында адамдар, Қатыгез болармек мұншама. ТҮН Жазғы дала. Көк төсінде толған Ай, Көкірегінде бұлақ сəби күлкісі. Көңіліңде құйттай кірбің болмағай, Түн серігі, сері көңіл жылқышы. Самал салдай сапар шеккен гүл іздеп, Жусан кеуде төскейлерді кезеді. Дөңбекшиді əжей үйде. Түн. Із көп, Ояу кеуде əлденені сезеді. Ауық-ауық кəрі төбет мазасыз, Киіз үйдің іргесінен үреді. Көңілі ояу, жаз қылықты бала қыз, Көзін ілмей сыртқа құлақ түреді.

* * *
Көгілдір көктем, Елік қыз, есіңде ме еді,
Кең дала кербез көлбеңдей төсін кереді,
Есіңде ме еді?..

Алғашқы рет біз бірге асқанда қырға,
Шүпілдеп тұрған тегене аспан да нұрға,
Асқанда қырға.
Қызғалдақ ғұмырың құлпырып өмір төсінде,

Келе алмай тұрды, сеземін, көңіл шешімге,
Өмір төсінде.

Аманхан Әлімұлы
Жанарың жанып жұлдыздай жалқынды кеште,
Жүрегің, жаным, жүгенсіз алқынды төсте,
Жалқынды кеште...

Бақыттан сол бір бұл күнде бақыт та аспайды,
Алқара көк те жұлдыздан жақұт шашпайды.
* * *
Құлақ шымшып, жүзімді осқылаған,

Қара суық қатқылын тосты маған.
Қауындықтың айналған тірлігіне,
Сыңғыр-сыңғыр салмайды қос құлақ əн...
Шытынатып шыныдай қатқан қақты,

Суық қуған сұр төбет аттандатты.
Қайыстырды қартымның қабырғасын,
Қара суық киіздей қаққан бақты.
Киіз үйдің көз тігіп іш бауына,

(Шын тілектес бағымның ұшпауына)

– Есер самал есіңді алмай тұрып,

Аттан, – дейді қарт, – қарғам, қыстауыңа.
Қиыныңды қиямет демес едім,
Өмір, сонша, күрделі неге есебің.
Табиғаттың қарап ап қабағына,

Қабырғаммен оңаша кеңесемін.
Аттан десе ақылшым, аттанамын,
Тұяқтыға жардырып қақ қабағын.
Ала тонға оранып атқа қондым,

Ақпан-ата бар шығар сақтағаның.

ЖАЛҒЫЗ ТЫРНА

Жүректен желең желдей өткіземін,
Жанымның жабырқаулы жеткіз емін.
Жападан-жалғыз қалған сырық мойын,
Ақ тырна, айтшы қайда бет түзедің?

Түсіңе қарап тобың шеттетті ме,
Барасын түстік тұсты беттеп, міне.

Атақоныс
Тобырға қосылмайтын қосы түзу,
Тағдырың əлде ерекше текті етті ме?!
Жалғыздық о бастан-ақ бұйырған ба,

Сіңісті болып бойда түйір қанға?..
Өзіммен-өзім қалып сені ойлаймын,
Кеудені жүрек, шіркін, жиі ұрғанда.
Ұқсайды мұңды мезгіл түзді асқанға,

Су бетін жылан қабық, мұз басқанда, –
Қоштасып бара жатсың қонысыңмен,
Сынап түс сына қағып күзгі аспанға.
Кіді Күн иек артып тоят қырға,

Сағымды сары түске бояп тұр ма?
Жападан жалғыз-жарым сыздай-тұғын,
Жаныма ұқсап кеттің, ей, ақ тырна.

* * *
Сарғайған сағыныштан сары ала Күз,
Сіз бізге суық көзбен қарамаңыз, –
Мық жусан мығым жатқан жер тістеніп,

Екеуміз лебіңізбен таранамыз.
Салғандай басына өмір салмақты ойды,
Ілмиіп тұр бөз көде қалмақ бойлы.
Сыңсиды сыбызғыдай сидаң ши де,

Əлдекім дегендей бір алдап қойды.
Кеткендей барымташы барын қуып,
Еседі тағы түзден сарын суық.
Тек қана сілемдері ешкі үрпілі,

Қазығұрт көрсетеді қарымдылық.
Аңғарып тұрғандай-ақ басқа жайды,
Барады терең тартып аспан Айлы.
Жалғыз көз дəудей дүние жалаң тартқан,

Жаныңды қалай ғана жасқамайды.
Сарғайған сағыныштан сары ала Күз,
Сіз бізге сенімсіздеу қарамаңыз, –

Аманхан Әлімұлы Мық жусан мығым жатқан жер тістеніп, Екеуміз болашаққа бара аламыз. * * * Түсіме енді ауылдың қырат-жоны, Жорытпаймын ешкімге бірақ та оны. Өңез торы ат мініп жүр екенмін, Бала кезім... көзімде сұрақ толы. Бұлың-бұлың көшеді шəлі сағым, Бұлдыр-бұлдыр ойлармен алысамын. Көгі өнбей қой жүнді қоңыр белдің, Келмей жатқан секілді əлі сəнің. Күбірткедей кеудемде күлдіреген, Жарып шықты жанымды бұл бір өлең. Үмітті үзіп шығанға шығып кеткен, Сіңір соқпақ соңынан мұңды көрем. Сөлін сығып алғандай сары сағым, Шəлі бірде... бірде боз... жарысамын. Сары ала етек көрініс көгіс тартып, Шығарды оқыс көңілдің əрі-сəрін... ...Түсіме енді ауылдың қырат-жоны, Жорытпаймын ешкімге бірақ та оны. АҢСАУ І Ауылдан сен де кеттің, мен де кеттім, Мысалы, күйін кешіп дөңгелектің. Жықпылда жығып кетті жыңғыл атым, Жəне де жоқ сондағы желдегі екпін. Бəрібір шыж-быж болып тызылдайын, Райы жанымыздың бұзылды, айым, – Құм жұтқан керуендей со... о... н... ау жылғы, Із-түссіз кетпесек те ізім-ғайым.

Атақоныс Ұзаққа барам деуші ем майда бастап, Бұйырар қазан түбі қайда қаспақ. Мен жүрсем ауылды ойлап, енді біреу, Көңілді жүр ат жақты Айға тастап. Жекендей жаңа жұртта жүрем желіп, Алды ғой иемденіп бір өңді Елік. Тимеген жүген-құрық əлгі Айды, Қоп-қою құйрық-жалды күрең делік. Ай алыс, ауыл да алыс оралатын, Келтірмес оралуға орама күн. Ағатын ағыл-тегіл оңашада, Сағыныш қойдым содан сорам атын. Қап қойған əңгелектей қауындықта, Парқын пайымдасаң қауым мықты, ə! Біз болсақ не анда емес, не мұнда емес, Емеспіз қалалық та, ауылдық та. ІІ Күздің соққан мезгілсіз жел жүрегі, Əлібімен, өзіме, келді реңі. Бақтан көріп баласын ауылымның, Ет-жүрегім еріксіз елжіреді. Не жайларды есіме салады елден, Құлын-тайдай құлдырап дала, белден, – Қауынқақтай күн қақты мына бала, Ауыл демін қалаға ала келген. Кеп қалдың ба, мықты бол, жүр ең түзде, Қалалықтан басқалау рең бізде. Сені көріп сезіндім, жалғыз үйрек, Емесімді жалқы ұшқан күрең күзде. Сүріндірер сүреңсіз қайқаң белде, От жалыннан жаралған шайтанға ерме, – Аңғал-саңғал ауылды алаңдатар, Тас лақтырған бұзықтай бейқам көлге.

Аманхан Әлімұлы Сен де ауылдан, сонан соң мен де ауылдан, Желпілдейді етек əм жең дауылдан... Сəл-пəл мұңлы болмасақ, тас қалалық, Еш жеріміз жоқ біздің кем қауымнан. ҚОЛТЫҚТАҒЫ АУЫЛ Берместен, Сырдың бойы, шыдас мұңға, Қаңтарға қара суық ұластың ба? Секілді алтын түйме жылтырайды, Жанары шақпа шоқтың күл астында. Тіршілік тұр беймаза толқып тағы, Алдынан үш тарамыс жол шыққалы, – Түсерін қайсысына жатыр білмей, Қояндай бұққан ауыл қолтықтағы. Кеселі қоздағандай ұстамалы, Қойды-ау, ашылмастан қыс қабағы. Тұр, əне, салқын сəуле себезгілеп, Аспанның алабажақ мыс табағы. Күннің, бұл, сабау кірпік зорлығы ма, Жылан көз айналаға торды құра, – Қанталап қарашығы батты барып, Жабады ысты ымырт сорды, мына. Сор дейтін сор да емес, сортаң ғана, Күлетін артын ашып ортаң бала. Қар алмай қара суық басын, қалқам, Қыс қой деп қызылсырап шолтаңдама. Өзің біл келістің бе, керістің бе, Дүние өтер-кетер ер үстінде. Қолтықта ауыл жатыр алқам-салқам, Ұқтырып тірлік барын жер үстінде. ІІ Ішектей шыбын шалып ызың қашқан, Боран ұлып, бозы ұшқан бұзылды аспан. Сабанға орап сақталған сандықтағы, Жуылмаған аумайды жүзім жастан.

Атақоныс
Əжім түсіп жүзінен əр тайған-ау,
Тозған таға секілді жарты Ай да анау.
Болар-болмас болымсыз қозғалады,

Буыны босап, болмаса, қартайған-ау.
Бозінгендей боздаған борықтағы,
Жаман екен көңілдің торыққаны.
Ішін тартып ұлыған жел құбырда,

Мысалы, бөрі ойлаған жорық қамы.
Басы боран болғанмен арты тамыз,
Мезгіл деген міндетті ар тұтамыз.
Алты қанат ақ үйде жатар-жатпас,

Шоқ пен мұздай сезімдер шарпысамыз.
Аумайды қыс Құданың ноқтасынан,
Көк теңіздей көңіл де жоқ тасыған.
Қас-қабағын қонақтың бағып-қаққан,

Шыға алмай жүр бəйбіше от басынан.

ҚҰЙЫН

Табиғаттың тартқан бұл қай табағы,
Талай жыр ғып мен мұны айтам əлі.
Көкжиекте қоп-қою қара құйын,
Дарға асылған адамдай шайқалады.

Жеңді қолмен тұр тағы қармап аспан,
Ажал айдап лақтай жарға қашқан.
Сарша сағым толқиды шайқап құйын,
Сырдың суы секілді арнаны асқан.

Көрсетпестен мөп-мөлдір таза қалып,
Аспан да, ана, шойындай қазан алып, –
Тұрысына қарашы рай бермей,
Тіршілікке жердегі назаланып.

Иір-иір иірімнің тасқыны ма,
Мың құбылып шығаннан басты бұра, –
Астаң-кестең сапырып дүниені,
Қара құйын ұршықтай асты жыра.

Аманхан Әлімұлы Қай-қайдағы түседі түнек еске, Ер Төстікпен тірескен кіл, егесте, – Мекендеген жер астын жылан елі, Сумаңдаған хан Бапы тілі емес пе?! Арасында жер-көктің шаншылады, Қойшы бала қуалап қамшылады. «Жалбыр шашты найсапқа пышақ сілте, дейді шал айқай салып, – қан шығады...» Қара құйын, манадан байқағалы, Дарға асылған адамдай шайқалады. Мың құбылып тұрысы-ай, мына, күннің, Табиғаттың тартқан бұл қай табағы. ІНІМЕ ХАТ Желбас-ай, таппадың ба басқа амалын, Ұрда-жық мінезіңнен жасқанамын. Мəскеуде түсті есіме əлдеқайдан, Атамның тамын бұзып тастағаның. Көңілдей алаңдаулы үш қараға, – Жазды алып қанатында құс бара ма?.. Сүндетке отырарда есіңде ме, Ұрлана қарағаның ұстараға. Қалғасын көңіл деген қамбасында, Қу жүрек жалын атып жанбасын ба? Төсеніп жата-тұғын көлеңкесін, Өсетін кəрі жиде там қасында. Көнтері қалыппенен имедің бе, Жамбасы жер иіскепті жиденің де. Қоржын там салып алып жатсам деймін, Өзіммен-өзім қалып күйгенімде. АЙ Ақ сəулеңнен бөленген сəнге белең, Бүгінгі түн, шіркін, Ай əңгелек ең. Ішін тартып ұлиды саған қарай, Шелекбас ит қамыққан əлденеден.

Атақоныс
Иттің бұлай ұлуы емес тегін,
Көз алдына кім болып елестедің, –
Тұрдың ба, əлде, теңселіп көк төсінде,

Жұлып кеткен қайықтай жел ескегін.

– Келе жатқан секілді анталап мұң,

Батқан еді бағана қанталап Күн, –
Күшігіндей жоғалған көрінді ме,
Ұлуын-ай, – деді қарт – зəнталақтың.
Тары жұлдыз себілді көк төсіне,

Түсіретін түбегей жоқты есіңе.
Сынап сынды сырғыған сыралғы Ай да,
Көнбіс түннің кепілдей өтпесіне.
Ашпай-тұғын бір мезгіл сырды ұштығып,

Болмас мыстан сияқты тұрмысты ұғып.
Мен де итше жер тырнап ұлыр едім,
Көмейіме түйткіл тұр қыстығып.
* * *

Кіді мінез қыс жайын көз көргелі,
Ұшпа кеуіл қаншама сөзге ермеді, –
Ақ шалғаны болмаса самайымды,
Содан басқа ештеңе өзгермеді.

Болар бəлкім түбінде алды жырдың,
Жүрегімді жүгенсіз шалды бір мұң.
Мысық табан мезгілдің мінезінен,
Көңілімде көзсіздеу қалды кірбің.

Құшағына сап-салқын алған бақты,
Мір кем дүние мұңлылау жалғандатты.
Тіршіліктен түбі бір тірек табар,
Қорғансыздау көңілім қалған қатты.

Туған жердің қар басқан жыра, бағын,
Шуағымен жылытпай тұра ма Күн?!
Əзірше, сен, қыраулы терезедей,
Менің көңіл күйімді сұрамағын.

Аманхан Әлімұлы
* * *
Түсіме ылғи енеді жеті қайың,
Бастан кешкен ормансыз жетім айын.

Жандарына батады аздықтары,
Тəндеріне ызғардың өтті уайым.
Аңсап олар сыңсиды қатарларын,
Басу айтып жұбатып жатам бəрін, –

Аңғаратын секілді ақылдылар.
Балта саптық іздеген қатал барын.
Кəдімгідей жыр оқып жұбатамын,
Аттырардай жанымның бұла таңын, –

Неге екенін ұқпаймын кей кездері,
Жеті қыздай жетілген ұнатамын.
Тіршілігім тағдырдың сүйеді өтін,
Жеті қайың түсіме жиі енетін, –

Жеті ару шығарсың мені сүйген,
Жырымды оқып барыма сүйенетін.
Қалай ғана шығарам естен мұны,
Киелі сан жанымның ескен мұңы...

Жылап тұрар басымда жеті кемпір,
Жарық дүние жарығым өшкен күні.
* * *
Үзіліп сары жаздың ақырғы əні,

Өксігін басалмай жел жатыр ма əлі, –
Құлаққа шалынады жұмбақ сыбдыр,
Сабаннан суырылған шатырдағы.
Қабағын қарс түйіп қарай ма Күз,

Суық сөз қуған елге тарайды аңыз, –
Еріксіз сезім билеп бойды алған,
Сүйісіп тұрғанда ескі сарайда біз.
Қиыла қаққан көктің боз қасындай,

Сұп-сұйық салқын сəуле созбасын ба Ай?..

Атақоныс
Ерніме кермек тамшы тиді жұмсақ,
Жып-жылы өтпе жаздың көз жасындай.
Жайылған қараңғылық тарапты інге,

Тұрсың сен мысық көз Ай қарап кімге?!
Бойына тыныштықтың қан жүгіріп,
Қызығын қиды жастық барақ түнге.
Күрең Күз тыныш тапты иіп басты,

Балымен алмастырып күйікті асты.
Суық сөз, кермек тамшы, ыстық ерін,
Бұл деген əңгіме емес тиіп қашты.
* * *

Темір жолдың бойында өскен қайың,
Сезіліп тұр беймаза кешкен жайың, –
Тыныс кеміп, тамырың тартылады,
Составтардан бір екпін ескен сайын.

Солқыл сорған жаныңды көп мұң басты,
Сары ауру жапырақ төктің жасты, –
Айдар болып тағылмай айдалаға,
Жолаушыға қызмет еттің басты.

Жаңбыр шайып, жел қаққан кездерінде,
Сүттен құйған мүсіндей көз көрімде, –
Тұрдың салқын сыланып сұңғақ бойлым,
Бір тал шаштай телінген өзге өрімге.

Бунақ-бунақ, буынды толқын ғалам,
Өзгелерден қарайды салқын саған, –
Көтертпейді еңсеңді ертелі-кеш,
Шойын темір бір тынбай солқылдаған.

Көрмеген-ау, бақ-айың жанып тегі,
Пойыздағы аңғарсын халық нені, –
Білегіңді созасың терезеге,
Кет дегендей біреуің алып мені.

Аманхан Әлімұлы
МАМЫР ȃ МАЙ
Не деген мына мезгіл сабырлы еді,
Тынысын тіршіліктің таң үрледі.

Мөп-мөлдір мойыл аспан көзін тіккен,
Жаз деген жарқын айдың Мамыр меңі.
Мама қаз мақпал бауыр бұлт та ұшпа,
Көзге ұрар құбыла жақ тұрып тұста, –

Құлындай тағдырыма ұқсап кетті,
Тастайтын, бірақ, оған құрық қысқа.
Қаран су қаптай керіп қырат-қырды,
Ылдиға ыспа басын бір-ақ бұрды.

Сусамыр таз тақыр да мауқын басып,
Жыпық көз маубас бала жылап тұрды.
Меңі бұл жаз айының Мамыр атты,
Қоя тұр тықпаламай, тамыр, ақты, –

Алты ай қыс көгендеулі жəудір жанар,
Сағыныш қозы-лағын жамыратты.
Күн өткен кіді мінез қыс қамықты,
Тезіне салған білем ұста мықты.

Қу тірлік көз алдыма келтіреді,
Күрмеуге келмей-тұғын қысқа жіпті.

КЕЛЕДІ КҮЛТЕЛЕНІП...

Бөлекше бөзге ораған боз даланы,
Сары ала сағым сел түс қозғалады.
Түбінде ірі ақын болармын мен,
Келеді күлтеленіп сөз балағы.

Сағым да, өлеңім де алдырмастан,
Мысалы, жел қуалай жал бір қашқан.
Түтінге ыстай-ыстай кеуіп қалған,
Келтірді көз алдыма қалбырды аспан.

Қалбырың жөнсіз кейде қаудырайды,
Берместен ұшқын шаша бауға райды.

Атақоныс
Күн құлап күміс құлақ көкжиекке,
Сонан соң көрсем деймін жəудір Айды.
Əзірше көз суарып сағым көшпе,

Салады жылан бауыр ағынды еске.
Дүние өшер-көшер, бірақ та мен
Сүйектей сындырмаспын сағымды, ешке.
Со тұс тұр үйеңкідей күлтеленіп,

Өмірді жалын жеген білте делік.
Кей-кейде сəби жерге Күн де иіп,
Төс сауып көрсетеді бұлт енелік.
Мұқаңдай сағымнан соң сағым барын,

Түйсікпен үрпі іздеген бағымдадым.
Жалған да жапырақтай жанып кетер,
Ей, менің əз жүрегім қағынбағын.

КЕШ Қай тұсқа қу тірліктің тартты-ай көші, Құдайдың батты, əне, нарттай кеші... Көміліп көк түтінге апам отыр, Суланған көн тезекті тартпай пеші. Күз қаққан қырдың қалып құр сілемі, Табылмай қам көңілдің тұрсын емі. Күйсеген былтырғыдан қалған шөпті, Көңілсіз қасқа сиыр күрсінеді. Шаң-паңнан шайған сылбыр жауын бақты, Бастығып аңтарылған қауым қапты. Қорада жатқан қайық қаңсып қалған, Келтірді көз алдыма қауынқақты. Реті келген кезде сөз қыламын, Апамның жеген жанбай көз-құлағын, – Лып етіп ұшқын шалған көн тезектен, Шырт-шырттап шоқ ұшқындай қозды жалын. Түссе де сынықтай бір сызат күнге, Қызығын қыз ғұмырдың ұзаттым не...

Аманхан Әлімұлы
Тіршілік қоздап тұрса темір пеште,
Үгіле қоймас көңіл ұзақ түнде.
Санаған қылтанақты тізіп қылға,

Толқындай жаға жеген жүзіп мұңға, –
Түн қашты таң сібірлеп атар кезде,
Ей, жүрек, үмітіңді үзіп тынба.

МЕНІҢ МҰҢЫМ

Кірпігін көтерместен қыраулы күн,
Барады көшіп көкте тыраулы мұң.
Ап-ауыр қорғасындай бұлт басып,
Аспан да аласарып тұр-ау бүгін.

Беймезгіл қарқылдаған қарға үміттен,
Ырысым ыдыс жұқты бар ма күткен, –
Жападан жалғыз тамда жатып алдым,
Жантақтай жан баспайтын жарға біткен.

Кезімде қам көңілім жарға ашынған,
Бақ құсым кеткен ұшып бар басымнан.
Қап қара құйын со-н-а-ау көкжиекте,
Адамдай шайқалады дарға асылған.

Түсетін кез де келер ақыр көрге,
Бұйыртып бақты емес, бақырды ерге.
Жел қаққан сар жапырақ сағыныштай,
Қалбақтап қонып, əне, жатыр жерге.

Біз мұны жаны мұңды бейне делік,
Шым-шымдап сыр тартатын кейде келіп.
Қалыпты қалы кілем күйе жеген,
Көңілді қырық құрау жей ме желік?

Бітпейтін өмір, білем, ұзақ сарын,
Беріп тұр сызды аспан Күз ақпарын.
Дүние түсінер ме екен менің,
Жанымда жалған салған сызат барын.

Атақоныс
* * *
Кеудемдегі оянып бағы бар мұң,
Биыл жазда ауылға тағы бардым.

Жардан қайтқан жаңғырық сияқтанған,
Шəркез сол бір сезімді сағынармын.
Басылмаған байызы барақ түнде,
Мысық көз Ай тұрсыз, Сіз, қарап кімге?!

Салқын сəулең сыланған сынап білем,
Мысалы, тышқан бүкті тарапты інге...
Жылан қабық жайылма құмақ құмға,
Жалп етіп жата кеттім, тұмақпын ба?

Майда қоңыр дария бейіш лепті,
Бола қоймас керегі жұмақтың да.
Ала қанат атқанша таң сарылып
Көңілімнің бермейді аңсары ырық.

Тұр жағада досымның балық баққан,
Қайқы төсті қайығы қаңтарылып.
Бар ма еді көргенің осындайды,
Қап-қара түн қанатын тосын жайды.

Мысық көз Ай... Сыр бойы... Мысыр кеуде...
Үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
* * *
Түсіме енді қырғауыл құман кеуде...

Ымырт ауған, болмайтын тұман деуге, –
Бу бүлкілдеп барады буыны босаң,
Көңілімді жегідей күмəн жеуде.
Кеудемдегі қопсытпай қозға мұңды,

Сездім тоғай тоқымдай тозғаныңды, –
Жұтып қоя алмастан тұрғаныңнан,
Таяқ тастам жердегі созған үнді.
Жоқ па құны, табиғат, қынаң құрлы,

Көре алмастан көлбеген сылаң Сырды, –
Жүген-құрық айырған ес-еркінен,
Көз алдымда алқынып қылаң тұрды.

Аманхан Әлімұлы
Көңілімді жегідей күмəн жеуде,
Түсіме еніп қырғауыл құман кеуде.
Ұшпа сезім секілді сейілетін,

Түс шіркінді келмейді тұман деуге.

АЛАКӨЛ

Алакөл айшықтанып ай қабақты,
Сілемді тау етегін жайлап апты.
Мен болсам толқып тұрдым жағасында,
Сен болсаң əңгіме еттің қайдағы ақты.

Көл жатыр кілкіме бет күлгінделіп,
Қырандай со көріністі ілдім келіп.
Тынысын тіршіліктің таң үрледі,
Сонымен сен бір сырды білдің делік.

Жығылып-сүріндім деп жырдан безбе,
Қам тірлік барын білем ұрған көзге.
Күпірлік ете алмаймын күстəналап,
Жарығы Жаратқанның тұрған кезде.

Жаныма мезгіл салған нала емес пе,
Ілесіп келген еді бала көшке.
Қасқа жол қом арқандай қыр байланған,
Құрт дəмді қу тірлікті салады еске.

Күн шықты күміс жалды күрең қасқа,
Қан қызыл нұр жүгірді рең басқа.
Жанымды желпіп өтті періште жел,
Тірліктен түңілердей тұр ем баста.

Дегендей бастан ауды бір сын, міне,
Құмдақты жағалауда тұрсын күле.
Жайсыздау ақ жал толқын аунап түсті,
Сүлеймен – су иесі күрсінді ме?

СОҢҒЫ ТРАМВАЙ

Тыныс кеміп, мезгілсіз, сарқылма дем,
Кірпігіме ұйлығып жарқылды əлем, –
Бүлк-бүлк қағып теңселген трамвайдың,
Қалғып-мүлгіп келемін артында мен.

Атақоныс
Көңілсіздеу келеді Ай да ілесіп,
Тұр самал да жып-жылы майда есіп.
Бар мен жоқтың арасын сыналаған,

Қу тіршілік барасың қайда көшіп?
Қала оттары жылусыз жүзін бұлап,
Күн батқалы қаншама қызыл құлақ.
Сымға асылған трамвай білегінен,

Шыққан жұтып қояды ызыңды бақ.
Көше күңгірт шамыңды өшірмеші,
Менің көңіл күйімнің көшірмесі.
Бейуақыт келемін үйге қайтып,

Алматының ақ қанат кешір, кеші.
Сорым əлде, білмеймін, сірə, бағым,
Ұясына асыққан тұра ма Күн?
Мен де жетіп төсекке жығылайын,

Сен де қайдан шықтың деп сұрамағын...
«Көбелектер» ақшамда ұят қалған,
Көріктерін көлбете жиі ақты алдан, –
Кезек-кезек сорылып жалыны өшкен,

Темекінің тұқылы сияқтанған.
Кірпігіме ұйлыққан жарқылды əлем,
Көңілсіздеу игеріп қалпымды əрең, –
Əлемнің бір бұрышы, трамвайдың,

Қалғып-мүлгіп отырмын артында мен.
* * *
Мазалайды беймаза ой шалды шыңдап,
Қалай ғана жел кезген қалғысын бақ.

Көкте ойнаған көгілдір ұшқын көрдім,
Əлдебіреу жатқандай шалғы шыңдап.
Ат жақты Айдың сəулесін тізгін делік,
Қыздырмайды қанымды ызғын желік.

Қанатынан қайырылып жаз құлады,
Құшағына қызусыз күздің келіп.

Аманхан Әлімұлы
Төңкерілген таз төбе құла құмда,
Ұмыт қалған ұсқынсыз тұмағым ба?
Жабырқаулау күй кешем кер жалғанның,

Жарық қамыс екенін ұғамын да.
Қараңдайды шөмеле шөккен түйе,
Сеуіп жатқан секілді көктен күйе.
Жылытады тұмсығын шөпке тығып,

Үйірінен бөлініп кеткен бие.
Арығаны сияқты нулы жердің,
Жорығанда демессің туды көр күн, –
Тастай батып ұйқыға, түсімде мен,

Сүмбіледе суыған суды көрдім.

* * *
Боз боранның боздауы басталмағай,
Сары майдай ериді аспандағы Ай.
Ескен желдің екпіні жейді көзді,

Өтіндегі арылар жастан қалай.
Қырын қарап қытымыр тұрды ауылға,
Ұласардай ұрда-жық бір дауылға.
Бүйірі қызған құмандай қызыл күрең,

Көтерілді жер сызып қырғауыл да.
Сараң мезгіл жиынын түйді, есебі,
Шығасы аз мінезбен үйлес еді.
Қылтанақтай мия да қиық құлақ,

Кететіндей үзіліп күй кешеді.
Аштырмастан қарыстай қыс қабағын,
Есті ала еседі тыстағы ағын.
Қарымыңа қарамай қарпып алар,

Қыры қылдай қамысты ұстамағын.

Атақоныс

МӘСКЕУДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР

Ұстазым Көроғұлына
Наурыз нəркез Мəскеуде сəнденеді,
Шуағымен жылытып жан денені.
Мен отырмын өзіммен-өзім қалып,

Көз алдыма келтіріп хан Кенені.
Жел мінезді ұл едім еркін өскен,
Шығып кетті барлығы бертін естен.
Шалқыта алам шалдуар енді қалай,

Оңтүстіктің кеудемде өртін өшкен.
Құраннан да дəрісті берген, Аға,
Кетіп қалғым келіп жүр кер далаға.
Көзді жеген кермектеу түтінді аңсап,

Бойымды алған бертіңгі шер-нала ма?!
Күнде қалып күміс жал күрең мінген,
Келісе алмай кей кезде жүрем мұңмен.
Оңған шəлі өңіме таңғалмағын,

Тақсыр, Тағдыр, таймаған рең кімнен?
Көрсететін болымсыз бойды ғана,
Шемен тасқа шегелеп қойды қала.
Енді-енді игеріп келе жатыр,

Көк бөрісі оянған ойды бала.
5 наурыз, 1992 жыл.
Мəскеу

ҚЫЗ КҮЛКІСІ

Елең қылмай ызғарлы күздің өтін,
Сидаң бақта жалаңаш біз білетін, –
Ай нұрына ақ жүзін аймалатып,
Еркелеу бір елітіп қыз күлетін.

Жеп-жеңіл ол мінезді мақпал делік,
Тап-таза ол тұрғандай қапталда елік.
Көңілімнің төрінен көрсе қызар,
Оянатын ой бұзып жатқан желік.

Аманхан Әлімұлы
Иеленіп жүргенде дара бақты,
Қайран мезгіл қайырыла қарамапты, –
Қыз күлкісі біртіндеп салқын тартып,

Сосын өзі алыстап бара жатты.
Сол Ай қалды, сол бақ пен қалды түн де,
Үміт артып үркердей алғы күнге.
Сартап болған сағыныш санаға ұрып,

Сары уайым салмағын салды кімге.
Ауыр тартқан ағаштың сыз білегі,
Сондағыдай сидаң бақ, Күз күні еді, –
Ай нұрына ақ жүзін аймалатып,

Бейтаныс бір елітіп қыз күледі.

ТҮНГІ АСПАН

Мық жұлдыз қара басқанда,
Бермейтін біздер сезіне, –
Адасып жүрген аспанда,
Жабайы мысық көзі ме?

Қара ала бұлт аунайды,
Қауқары қалған бір түнем.
Сап-салқын сəуле аумайды,
Қопалақ інген үрпінен.

Қабағын ауыр таң баққан,
Аңсары ауып түзіне, –
Құс жолы ұлпа шаңдатқан,
Жабайы мысық ізі ме?

Жалғыздық сезем азап-ақ,
Таппастан жаны бір тыным,
Майлақы түнді мазалап,
Қағады жалп-жалп кірпігін.

Жанының таппай тегі емін,
Беріліп жүрген елеске, –
Жабайы мысық дегенім,
Жүрегім менің емес пе?!

Атақоныс
ӨЗІММЕНǧӨЗІМ ҚАЛҒАНДА
Алмастырар нұрсіңді жарап Күнге,
Мысық көз Ай тұрсыз, Сіз, қарап кімге?

Көңілсіздеу сенімен ей, Аманхан,
Өмір жайлы сырласу барақ түнде.
Күндіз де сол, қашанда мұңың басым,
Анық сені айтардай ұғынбасым.

Сусыз құдық секілді кеудең кейде,
Тығып алған бос шелек тығын басың.
Кіді күнді өткізіп ызба бастан,
Бұлт буған тұр тағы сыздап аспан.

Қарабыртып қарайсың сөзге тартсам,
Қайда қоям көңілді мұзға басқан.
Болмас енді таппасаң өзің емін,
Ұялапты бірегей көзіңе мұң.

Аунап түсер сүйсініп аруақтар,
Жыр мазалап жүргенін сезінемін.
Тозған ауыл, ондағы бұлт жайлы,
Шенсіз халық, сонан соң ұлт жайлы, –

Ойлар білем еңсеңді көтертпестен,
Аштырмайды-ау жаныңды құлып-қайғы.
Қарға адым келтірмей бір басуға,
Қара суық қабынып тұр ма асуда?..

Өмір жайлы, Аманхан, осындайда,
Көңілсіздеу сенімен сырласу да.

АЯНҒА

Құдіреті болғасын сағынарлық,
Биыл балам ауылға тағы бардық.
Желіменен ойнағын желең, Қарғам,
Құйын қылық көрсеткін қағынарлық.

Қағынарлық дегенім еркелегін,
Туған жердің иітіп бөрте белін.

Аманхан Әлімұлы
Сырдария сылдырап болар-болмас,
Сал сағыныш дертімнің шертеді емін.
Аян, сосын қасымда жаз-көбелек,

Жүрміз Сырдың жағасын сазға бөлеп.
Айбектің қайқы төс қайығында,
Суға кете үшеуіміз жаздаған ек.
Жайлап алмай көңілді күмəн келіп,

Қырғауылын жез мойын құман делік.
Күлгін жалы күмістей күлтеленіп,
Жер бауырлап барады тұман желіп.
Ымырт ауған... Жел демі қайтады ызба,

Тамып кете жаздап тұр Ай тамызда.
Жардан қайтқан жаңғырық сияқтанып,
Шыныменен қалаға қайтамыз ба?
Көрінбейді жар шеті қабақ талдан,

Шелек шолп-шолп етеді шабақ толған.
Ауыл... тоғай... содан соң алыстағы Ай,
Ине-жіппіз, мысалы, сабақталған.

ЭТЮД

Берместен тоңми сөзге орам,
Қашқандай алдан бір құмай, –
Орайда-орай боз боран,
Соғып-ақ берсе, шіркін-ай!

Соққанда қара құйындай,
Жабырқау жанға батса да ой, –
Келтіріп көзге тиынды Ай,
Дөңгелеп бара жатса ғой.

Саусағын созған бақша-бау,
Дірілдеп тұрса жұлдыз-мұң, –
Сонда мен бара жатсам-ау,
Бетке алып үйін бір қыздың.

Атақоныс МӘСКЕУ САЗДАРЫ І Жететін желең желдей беліңді асып, Ес біліп, етек жиған елім қашық. Мəскеуде сырахана ішінде мен, Сан тұрдым сағыныштың шөлін басып. Босаңсып көңіл бота боздағасын, Селеудей секем алған қозғаласың. Сағыныш сағыныш па сағым іліп, Тырнадай тұнық даусын созбағасын. Көлбай мен Əділғазы жоқ қасымда, Алыста айыл тартар от басым да. Көгілдір көзді Вика көз алдаса, Тобылғы торы сыра тоқтасын ба? Аңғартар алуан сырдың жайын кейін, Виканы сылаң қаққан қайың дейін. Маужыр түн пүліш түкті етек жайса, Айналып бақ кетуге Айым бейім. Бұралқы ит, кезбе мысық, көгершін көк, Ойлаймын бұлай жүрсең өлерсің деп, – Жерінер жерден жентек жем іздедің, Бойыңа болар-болмас нелер сіңбек. Тірліктің жақсылыққа жорып таңын, Көн мойын торсық байлап торықпадым. Арақтың шалығы сəл шалғанымен, Бұзылып кеткенім жоқ қорықпағын. ІІ Күлім көз сыршыл Вика айыптама, Тағдырым қалт-құлт еткен қайық қана. Қоңыр күз, қоңыр көңіл, қоңырқай кеш, Қанатын келе жатыр жайып жаңа. Келмейді жылы жерден ерте кеткім, Қожайын тоқ қалтасын шертеді ептің.

Аманхан Әлімұлы Ақ сары шашты қызды көгілдір көз Қазақша қарғашым деп еркелеттім. О, Русь, демей-ақ сен жер шеті едің, Жаңалық емес шығар өрсе тегім... Қымыз бен қызға құлай кете-тұғын, Қазақы мінез саған көрсетемін. Қайтарды құс тұмсық күн қысқа басын, Мезгілдің үрдісі асып қыстағасын. Аспандай ала бұлт əужемдеген, Қам көңіл қапа қысып ысталасың. Қалайша қайтарамын гүл өтемін, Дегендей ой астарын түлетемін. Қамырдай қараңғылық қоюланып, Қылымсып қымтай түсті түн етегін. Ашылып Сырдағыдай Айдың бағы, Қаққаны қалмақ қасын қай қылғаны. Топырақ түс шашымда саусақтары, Ойнайды аққудайын айдындағы. О, Вика сұлу емес, көріктісің, Көзіңнен көрінеді ерік күшің. Отты ауа, Сырахана, кермек түтін, Талайдың мұз жайлаған ерітті ішін. ІІІ Жырақта жүрген мұңын алымды ердің, Қартадай қатпар-қатпар қалың дер кім? Шалқыған толқынданып сары жазда, Көзіңнен көгілдір бір жалын көрдім. Сағыныш санамдағы ендік майда, Қадірін қара қыздың енді ұқпай ма? Сен мені салыстырма таулықтармен, Оларда мендегідей кеңдік қайда?! Сүйіспен қыз бағасы өлшенбейді, Сондықтан құшақ, міне, енсең мейлі.

Атақоныс Біз жақтың ақындары махаббаттың, Көзіне қарап жатып өлсем дейді. Десе де əлдекімдер түйді есебін, Мен сені мұнша құлай сүймес едім, – Басындай мық жусанның айрықталған, Алапат ала құйын күй кешемін. Созылған сүттей қою сұңғақ қайың, Мұндайда көлеңкесін бұлдап па, айым? О, Вика, біле-білсең қалың қазақ, Мықты ақын дейді мені тыңдап, қайым. Келмейтін көңіл күйге налып, састы, Үп етпе ұлпа сезім алып қашты. Қоп-қою бұйраланған көк шалғында, Тізеңе тыныстадым салып басты. Тағдырын тасқа түскен алымды ердің, Көкпарда сара салған салым дермін. О, Вика, ыстық желдей шалықтаған, Көзіңнен көгілдір бір жалын көрдім. ІV Алдырып араққа удай еркімді мен, Басамын сағыныштың өртін кілең. Ауыл... тоғай... содан соң алыстағы Ай, Бұл менің айықпайтын дертім, білем. Көңілім көгендегі жетім қозы, Сетіліп кететіндей секілді өзі. Сезімім сал бидайық шашақталған, Төзімім қатпа қайрақ бекім безі. Қызарып күн кірпігі қалыпты, ана, Қараймын айналама налып қана. Бұлттың көлеңкесін түсірмейді, Үстіме көк тіреген алып қала. Күйедей түскеннен соң ойға нала, Үгілме кесек көңіл жайлана ма?

Аманхан Әлімұлы Қаланы қызыл ала қан шайды да, Ақ күлгін бу жүгірді айналаға. Сырасы өткен сайын Шал құлайды, Қойғандай қазық баулап қалқыма Айды. Вика да көгілдір көз бұйығылау, Шалғындай шық шылқыған шалқымайды. О, Русь, жүрсем де көл, беліңді асып, Ес біліп, етек жиған елім қашық. Мəскеуде сырахана ішінде мен, Сан тұрдым сағыныштың шөлін басып. V Ауыл қалай... Мəскеуде күз қабағы, Қар жауардай қабынып сызданады. Қола Пушкин тұр солай қоңырайып, Суық самал судырап із бағады. Жабағы бұлт еңсесін басқан күйі, Жасын сығып алады аспан жиі. Бүрсеңдеген жапырақ бүкір белді, Бойын алар ызғардан қашқан бүйі. Көңілімде көктемнің көз ілгені, Селкеу тартқан сері бір сезім бе еді?! Қиын екен қыраулы қыс хабарын, Талма белді тал-қайың сезінгені. Ісінеді жаңбырдан тас та білем!.. Жанарыма тығылған аспанымен, – Лебі тартқан Айдаһар секілденген, Сіңіп кеттім əлемге басқа кілең. Не істейін шырқын бұзбау үшін, Жүгенсіздеу жанымның сыздауы шын. Солқылдаған метро, қасымдағы, Жұтып қоя береді қыз дауысын.

Атақоныс VІ Не жетеді алаңсыз ымдасқанға, Ел көшкендей жанымды мұң басқан ба? – Жұлдыздарды жымың көз жұтып қойған, Адасады жанарым түнгі аспанда. Осып өткен секілді жасын қайғы, Қам көңілім көк іліп тасынбайды. Бұрымды қыз буыны босағандай, Иығыма ыңғайсыз асылмайды. Шулы Мəскеу... Жалғыздық... жоқ Ай тағы, Күз сыпсыңдап өкініш көп айтады. Қолаң шашы шашылған қара түннің, Қала қоймас көзімде оңай табы. Тіршіліктің көрермін бұйырғанын, Шын шақырса шырылдап қиырдағы үн. Қалың тоғай, Сыр бойы, Сыралғы ел, Түбі қалар сол жақта түйір қаным. VІІ Мəскеу бүгін оранды қар мақтаға, Тасты Арбат қаққандай арнап таға, – Сұп-сұр күйі тиеді табаныма, Тістей берем мен болсам бармақты, Аға. Еңселі үйлер есепсіз иықтасқан, Көңілдердей күй кешкен күйік басқан, – Енді көкке келмейді бой созғысы, Бекер бізге дегендей иіпті аспан. Жанарымда жылтырап жасықтай мұң, Тесік қалта келемін... асықпаймын. Қола Пушкин биік тұр тұғырында, Ал, мен болсам қазақы асықтаймын. Кезбе мысық, бұралқы ит бүрсеңдеген, – Бірің ойнап, екіншің үрсең, – деп ем. Метроға тығылдың мейірім іздеп, Сезінемін көшеде құр сенделем.

Аманхан Әлімұлы

VІІІ

Қожатоғай... Сыр бойы... Белең төсі...
Кетсе де алып жыраққа өлең көші, –
Жатаған там жадымнан шығармысың,
Көлбей түскен жиденің көлеңкесі.

Тоғай жайлап тамырын жайып қалған,
Қалай кесіп аларсың айып шалдан, –
Намы бойдан кетпеген қамыс баулап,
Дарияға қайқы төс қайық салған.

Кете алмайды келеңсіз жұртың да асып,
Сары шалдан отырған мұртын басып.
Мал қайырдан бастайды кешкі əуенін,
Көрші-қолаң кетерде қыртыңдасып.

Қиын еді қайыстай қартың үшін,
Шибөрінің жыласы тартып ішін.
Қысық жарық іздейтін қабырғадан,
Көлеңкесін апамның жарты пішім.

Шайқап-төгіп сəбилік сезім көлін,
Қалай өте шыққанын сезінбедім.
Жұмбақ жұлдыз ойнама өткеніммен,
Таба алмастан отырмын өзім де емін.

Қараңғылық қарына жарық басар,
Ел-жұрт аман... жайым жоқ налып, сасар.
Əлдеқайдан еседі суық самал,
Жапырағын жанымнын алып қашар.

Сал сағыныш жүректі сыздатқалы,
Көкіректе қаншама мұз қатпады.
Алыс Мəскеу... Сыр бойы... Қожатоғай
Жұлдыздың жақсы емес пе түзде аққаны.

ДИАЛОГТАР

– О, жан еркем, не қалайсың менен сен?

– Болды, жаным, өзіңменен тең көрсең.

– Айтшы, Апа, сенде нендей бар тілек?

Атақоныс – Бөлме нанды бүтін жəне жарты деп. – Сен ше, асыл қарындасым нұр жүзді? – Жылатпауды мен сияқты бір қызды. – Жомарт көке, сен не дейсің ініңе? – Айырғанды бар мен жоқтың құны не. – Əке сен ше? Қабір жақтан естідім: – Өлгендерді ғайбаттама еш, Күнім. * * * Тентек жігіт десін мені қай теңім, Қызбалықтан бүлінемін, қайтемін. Сол кездері ойланбастан біреулер, Жаман жандар шығар дейді əй, тегің. Тентекпін-ақ, бірақ, текке тимегін, Тиістің бе, онда отыма күйгенің! Біліп алғын батыр киген сауыттың, Омырауында аман қалған түймемін! ҚЫЗЫЛҚҰМ Ə. Тəжібаевқа І Қызылқұм майға бөккен тары дерлік, Өзіңдей момақанның бары да ерлік. Кеудемді көптен буып келе жатқан, Сағыныш саған деген сары белдік. Момақан ішің емес, сыртың ғана, Аунаған ауық-ауық бұлтың нала. Есіме түсіп кетті қай-қайдағы, Қап қойған балалықтың жұртын қара. Сексеуіл семіп қатқан сертім дерлік, Шілденің бірге талай өртін көрдік. Жүргеннен шығар демеп құм қызыры, Тағдырға көрсете алсақ бертінде ерлік.

Аманхан Әлімұлы
Қып-қызыл жалын шарпып құбыланы,
Шалдығып шашақты Күн жығылады.
Алмастың жүзіндей құм салқын тартып,

Аптапта астар барын ұғынады.

ІІ Қызылқұм қызыл мейіз қатқан, білем, Қатталып құпиясы жатқан кілең. Əтештің айдарындай Ай да туды, Шағырмақ жұлдызды көк мақпал кілем. Дедім бе мақпал кілем, теңеу ғана, Қоса оған қайың деймін селеуді ана. Айрандай ұйып қалған тыныштықты, Бұзады қызыл қурай бебеу қаға. Қызылқұм жылтыраған салқын түсің, Айдаһар қорып жатқан алтынбысың? Қызылды Қызыр көріп жүре-тұғын, Сезеді моп-момақан қалпыңды ішім. Момақан дегенді мен қайталадым, Куə етіп көктің толған Ай табағын. Бұп-бұйра бүктетілген бұйығы құм, Сонда да бүлк етпейді байқағаным. Қызылды жел көтерген көрсең келіп, Көшкендей үрей салар сең-сеңге еріп. Тынымсыз құм тірлігі ыстық маған, Себебін айта алмаймын берсең де ерік. ІІІ Қызылқұм үрлей соққан үрме құмды, Көтердің кеудемдегі бірде мұңды. Сағыныш саған деген сары белдік, Шеше алмай, білесің бе, жүргенімді? Бүк түскен ішін тартып бүкір белің, Қараңдап көрінгенге шүкір дедім. Ажары солғын тартқан жарымжан Ай, Көңілсіз қоя салған үтір ме едің?

Атақоныс Бұлттай шуда-шуда шұбырмалы, Еседі бір қалыпты құм ырғағы. Төбеде томсырайып отырмын мен, Бүркіттей томағалы тұғырдағы. Қоңыр күз оңған өңір кимешегі, Керуен күндер кешкен күйде есебі. Өшірген өртей-өртей өз қызуы, Қызылдың құмы салқын күй кешеді. ІV Қызыққаның қызылдың бұлауына, Əбділда аға, көңілдің құлауы ма? Құмжуасын қыздармен теріп жүрсең, Күмəнім жоқ біріне ұнауыңа. Қыстағыдай сеземін түн тағы ұзын, Қаптап неге кетті екен мұнша ызың?.. Қызылқұмды сағынып жүрмін мен де, Барсам сөзсіз əкелем құм сағызын. Құм бұлауын аңсаған қарт ақыным, Анық бірін өзіңе тартатыным. Мамыражай тірлікті кеше бергін, Маңғазданып жатқанда марқа құмың. Қалың құмда түсіңде адасқаның, Өмірге үлкен өңіңде жол ашқаның. Қызуы өткен Қызылдың табанына, Тарлан ақын таппасын толас жаның. Қып-қызыл құм, Қызылқұм, қызыл бұлау, Терезеден телмірген күзің мынау. Тасыр тартқан ішектей талғам білмей, Қайран көңіл мұң еміп үзілдің-ау. Жо... жо... жоқ мұны айтқан мен емеспін, Сағымды сағынышқа теңемес кім?.. Қып-қызыл жүрегімді жалау етіп, Қып-қызыл құмда желдей келеді ескім.

МАЗМҰНЫ Раушанов Е. Жапандағы жалғыз ағаш ....................................................3 Жалғыз тырна ......................................................................................... 21 Қылықты қыз .......................................................................................... 21 «Қарайған жар жағаның сес сілемі...» ................................................. 22 «Қалатын жылан қабық қақ жайында...» ............................................. 23 «Бір сырды сыбдыр қағып...» ................................................................ 23 «Қара бұлттай үйіріліп басқа бір мұң...» ............................................. 24 «Жасадым деген жетпей қам бір кешке...» .......................................... 24 Естеліктен ............................................................................................... 26 «Бұлдыр-бұлдыр ойнаған құба сағым...» ............................................. 26 «Бойы кеткен үйреніп шуға, мына...» .................................................. 27 «Отырған қыз беріліп бақта, мұңға...» ................................................. 28 «Сақтап өткен ерекше күйді есіңде...» ................................................. 29 «Болатындай екпіні селдің десе...» ...................................................... 29 «Қылаулатып түсті де күз ақ бетті...» ................................................... 30 «Қаныққандай қаншама жайға бастан...» ............................................ 31 «Өтті бастан неше бір жай құсалы...» .................................................. 32 Ой............................................................................................................. 32 Ажал ........................................................................................................ 33 Ақын мен молда ..................................................................................... 33 «Бүгінде Сіз де басқа, біз де басқа...» .................................................. 35 «Ұқсады, мезгіл, делік атқа арынды...» ............................................... 35 Жасырын сыр туралы баллада .............................................................. 36 «Жаны нəзік,сызба бел, сезімі ілме...» ................................................. 37 «Үлкен жолдың үстінде тұрған кезде...» .............................................. 38 «Жандай-ақ жабырқаулы несіп баққан...» ........................................... 39 Мына көктем .......................................................................................... 39 «Тұрған талға көрсетіп име қалып...» .................................................. 40 «Бой алдырмай болмысы құс төзімге...».............................................. 41 Күзгі элегия............................................................................................. 42 «О, мезгіл-ай, мезгіл-ай селдеп өтті...» ................................................ 42 «Ей, аспан, мысыменен басқан қырды...» ............................................ 43 «Қыс кетпесе, көктем де келмес еді...» ................................................ 44 Мұқағалиға ............................................................................................. 44 «Тұрады жаным кейде сыздап қана...» ................................................. 45 «Елестетер шуақты сəуір басын...» ...................................................... 46 Желмен сырласу ..................................................................................... 46 «Келмейтін жағажайда кемістікке...» ................................................... 47

«Қыз ернінде тұратын еріп демім...» .................................................... 47 «Жұрты қалған, оралмас жастық қайта...» .......................................... 48 «Сəуір айы. Шуақты нұрды төккен...» ................................................. 48 «Табиғаттың бергені несіп, төкпе...» .................................................... 49 Ауылда .................................................................................................... 50 Менің қара адамым ................................................................................ 52 Батпырауық ............................................................................................. 55 Құрдас келіншекке ................................................................................. 56 Түн жəне мен .......................................................................................... 56 «Өз бағамды өзге емес, өзім білем...» .................................................. 57 Жалғыз қайың ........................................................................................ 58 «Қиық қасты қанаттай қағасың да...» ................................................... 59 «Жеген жұтаң-жабыңқы көзді реңі...» ................................................. 60 «Шетсіз-шексіз о, Өмір, тізбегің бе, ей...» ........................................... 60 Экспромт ................................................................................................. 61 «О, дала күткен күпті сары қырқаң...» ................................................. 61 Экспромт ................................................................................................. 62 Ұнату мен сүю ........................................................................................ 62 «Биыл күзде ауылға тағы келдім...» ..................................................... 63 «Аудандық қонақ үйінде...» .................................................................. 64 Жел .......................................................................................................... 64 «Тұрмай-тұғын қызуын алмай бойдың...» ........................................... 65 Мешіттегі қыз ......................................................................................... 66 «Қауқары жоқ көңіл-ай бүртік құрлым...» ........................................... 66 «Не жылау мынау, жылау болғанда боз бұлау...» ................................ 67 Көңіл күй................................................................................................. 67 Ғашықтық, тə .......................................................................................... 68 Ақынға .................................................................................................... 69 Түнгі көңіл .............................................................................................. 69 1993 жылдың қысы ................................................................................ 70 «Тұратын пана көріп жиі ақ талды...» .................................................. 71 Көрініс ..................................................................................................... 72 «Бір кезде бас білмейтін балғын едім...» ............................................. 72 Сабырлыққа шақыру .............................................................................. 73 Балықта ................................................................................................... 73 «Арақты бір адамдай шайқап едім...» .................................................. 74 Күз ........................................................................................................... 75 Жеті кемпір əрі өзім туралы элегия ...................................................... 75 Сұлулыққа сұқтану ................................................................................ 76 «Күй емес еді кешкен бұрын бастан...» ............................................... 77 «Жатар жерге оралсам ішіп кешке...» .................................................. 78

Ауыл түні ................................................................................................ 78 «От басып тобық шалған қырды құба...» ............................................. 79 «Бір қарайған тұрғанда қарап белес...» ................................................ 80 Дуаналар ................................................................................................. 80 «Ей, табиғат, күз атты шалаң қапқан...» ............................................... 81 Қазақстан, көктемің қайда кетті? ......................................................... 82 Аманат ..................................................................................................... 83 «Бір тартылған қайтадан толар ма айдын...» ....................................... 83 «Мұң табынан шық түнды көзіңдегі...» ............................................... 84 Дала ......................................................................................................... 85 «Менің туған жерімнің аспанында...» .................................................. 86 Жалғыздық .............................................................................................. 86 Ауылға барғанда ..................................................................................... 87 Табиғат .................................................................................................... 88 Тағдыр ..................................................................................................... 89 «Қараптан-қарап жүрек сыздайды ма...» ............................................. 89 Философиялық өлең .............................................................................. 90 «Болмай-тұғын ешқандай ара түсіп...» ................................................ 91 «Бұл кездері шау тартқан сары бала...» ............................................... 91 «Келтірер көз алдыма келеңсізді...» ..................................................... 92 Музаға ..................................................................................................... 93 Туған жердің жұлдызы .......................................................................... 94 «Суық күз сұрғылттанып сыз атқанда...» ............................................ 94 Кемпір ..................................................................................................... 95 Табиғат .................................................................................................... 95 Жусан ...................................................................................................... 96 Жел .......................................................................................................... 96 Экспромт ................................................................................................. 97 «Қалып қойған қызығы кең далада...» ................................................. 97 Өмір ......................................................................................................... 98 «Аһ, жалған», болып қалар арада ақыр...» .......................................... 99 Елес ....................................................................................................... 100 Сұрақ ..................................................................................................... 100 Ақын қабір басында ............................................................................. 101 Аңсау ..................................................................................................... 102 Пойызда................................................................................................. 102 «Қаншама қабақ шытып қараса да...» ................................................ 103 Көңіл күйі ............................................................................................. 104 Өкініш ................................................................................................... 105 «Ауылға барғанымда бір жылы мен...» .............................................. 107 «Өтті де қас қағымдай аз-ақ күні...» ................................................... 107

«Жаңбыр шайып, жел қаққан кеш сыз еді...» .................................... 108 Жалғыздық ............................................................................................ 109 Сағыныш ............................................................................................... 110 Қыз тағдыры ......................................................................................... 110 Шілде ..................................................................................................... 110 «Кезінде келіп қалған қақпа тұстың...» .............................................. 111 Жел ........................................................................................................ 111 «Жолдар шығып алдыңнан сан бұрымдай...» ................................... 112 «Өтті кетті тірлікті тізесің бе...» ......................................................... 112 «Қашаннан дүниені жалған білгем...»................................................ 113 Күзгі жолда ........................................................................................... 114 «Малығандай жосаға төсті жалқын...» .............................................. 115 Телефонда ............................................................................................. 115 Анам өмірден өткенде ......................................................................... 116 Айқай ..................................................................................................... 116 Бомж ...................................................................................................... 117 «Сарыала сағынышқа ұласқан мұң...» ............................................... 118 «Көңілімді болса егер ұғар кісің...» .................................................... 118 «Сағынышын айтшы кім ұғар жастың...» .......................................... 119 Дау ......................................................................................................... 120 Түс ......................................................................................................... 120 Отыз жылдан соң ................................................................................. 120 Көңіл күй............................................................................................... 122 Aжал ...................................................................................................... 123 Экспромт ............................................................................................... 123 «Эх, маған соншалықты көрінді не...» ............................................... 124 Еркіндік ................................................................................................. 124 Ауылға барғанда ................................................................................... 125 Қуаң жаз ................................................................................................ 126 Бір келіншекке ...................................................................................... 127 Диалог ................................................................................................... 127 Қайыршы............................................................................................... 128 «Уақыт құмға түсті із бе кетпе...» ....................................................... 129 «Тып-тыныш тіршілікке ұласқан ба...» .............................................. 130 Күзгі көңіл ............................................................................................ 130 Бұлтпен сырласу................................................................................... 131 «Тоғай тозып, реңі қашқан белдің...» ................................................. 132 Кездесу .................................................................................................. 132 Тілек ...................................................................................................... 133 Көктемді сезіну .................................................................................... 134 Аңсау ..................................................................................................... 134

«Қанжығаға алғандай күз бөктеріп...» ............................................... 135 «Мезгілсіз түскен ала қаспақ қардай...» ............................................. 135 Сере таумен сырласу ............................................................................ 136 Терісқақпай ........................................................................................... 137 «Бір түйір қандай жансыз қатқан көзге...» ........................................ 138 «Анау-мынау жайларға көнбес тегін...» ............................................. 139 Парадокс ............................................................................................... 139 «Көк нөсер үшінші күн тиылмастан...» ............................................. 140 Жастық шақтан ..................................................................................... 140 Түнгі қорқыныш ................................................................................... 141 «Қолаң шашы төгілген тарама, Қыз...» .............................................. 142 «Еңсемді жүрсе де, өмір, басып қайғың...» ....................................... 142 Табиғат .................................................................................................. 143 Түнгі желмен сырласу ......................................................................... 144 «Келе-тұғын, мысалы бірсін дерге...» ................................................ 145 Көңіл күй............................................................................................... 146 «Оқыстан жауып өткен жаңбыр үнді...» ............................................ 146 Əйел мен еркек ..................................................................................... 146 Элегия .................................................................................................... 147 «Жанымды айықпастай мұң басқанда...» .......................................... 147 «Мен кеше еріп кеттім сайтанға бір...» .............................................. 148 «Аш қасқырдай сезінген андыздарын...» ........................................... 148 «Көрсетпестен көңілсіз желкем қылық...»......................................... 149 Күз ......................................................................................................... 150 Жел ........................................................................................................ 152 Əзіл-шыны аралас ................................................................................ 152 «Сексеннің сеңгірінен асқан Аға...» ................................................... 153 «Келе-келе бойсоза өсе бала...» .......................................................... 154 «Енді, Қарғам, таппасаң өзің емін...» ................................................. 154 «Сабан сылақ, тар əйнек, қаққан ұстын...» ........................................ 155 «Мезгілсіздеу ұрынған күз лебіне...» ................................................. 156 «Бəрі де бəрі ойымда...» ...................................................................... 156 Есенғалиға ............................................................................................ 157 Ауруханаласқа ...................................................................................... 158 «Көнер ме едім, білмеймін, көнбес пе едім...» .................................. 158 «Сіңір сүрлеу. Қоп-қою тұман алдым...» ........................................... 159 «О, мезгіл, мезгіл, білем, бізді бақтың...» .......................................... 160 «Тырналардың дауысы тыраулаған...» ............................................... 161 «Ұласар арты дауылға...» .................................................................... 161 «Үміт оты жанбайды байқаса алдан...» ............................................. 162 Өлім хақ ................................................................................................ 162

«Қарамай қара барқын рең басқа...» ................................................... 163 Қысқы көңіл күй................................................................................... 164 «Сұп-суық сыпсыңдаған салқын күзгі...» .......................................... 164 «Қуалай соғып сайды, өрлей белді...» ................................................ 165 «Қалған қатпа ауылда құр сілемі...» ................................................... 165 Қош бол, күз ......................................................................................... 166 Эпитафия .............................................................................................. 166 Күзгі көңіл ............................................................................................ 166 Қабір басындағы жыр .......................................................................... 167 Жаңбыр алдында .................................................................................. 168 Қазақстан .............................................................................................. 168 Боранмен сырласу ................................................................................ 169 Өмір ....................................................................................................... 170 Жол мен қыз .......................................................................................... 170 Көл тағдыры ......................................................................................... 171 Баллада .................................................................................................. 172 «Отырдық біз ошақтың іргесінде...» .................................................. 172 Былтырғы қыс ...................................................................................... 173 Ауру сығанның жыры .......................................................................... 174 Тірлік ..................................................................................................... 174 Ғашықтық хаттар жауабы .................................................................... 175 Қараша .................................................................................................. 176 «Көкжиек – көлге түсіп от шашқан күн...» ........................................ 177 Қара суық .............................................................................................. 178 «Төрт қабырғам түгелдей байқағанға...» ........................................... 178 Қарт ....................................................................................................... 179 «Ақ айдын көлдің еркесін...» .............................................................. 179 «Қонды үйрек келіп жағаға...» ............................................................ 180 «Қаншама жан білмеймін көз қадады...» ........................................... 180 Ақша қар ............................................................................................... 181 Сағыныш ............................................................................................... 181 Қарт сөзі ................................................................................................ 182 «Ертектегі секілді ерке құрбым...» ..................................................... 182 Тағдыр ................................................................................................... 183 «Жан сырымды жасырын біледі ме...» ............................................... 183 «Шығар мына тірлікті күндегені...» ................................................... 184 «Бір көктем кетті...» ............................................................................. 184 Туған жердің белінде ........................................................................... 185 Ормандағы құрылысқа қарап туған ой .............................................. 185 Түн ......................................................................................................... 186 «Көгілдір көктем, Елік қыз, есіңде ме еді...» .................................... 186

«Құлақ шымшып, жүзімді осқылаған...» ........................................... 187 Жалғыз тырна ....................................................................................... 187 «Сарғайған сағыныштан сары ала Күз...» ......................................... 188 «Түсіме енді ауылдың қырат-жоны...» ............................................... 189 Аңсау ..................................................................................................... 189 Қолтықтағы ауыл ................................................................................. 191 Құйын .................................................................................................... 192 Ініме хат ................................................................................................ 193 Ай........................................................................................................... 193 «Кіді мінез қыс жайын кез көргелі...» ................................................ 194 «Түсіме ылғи енеді жеті қайың...» ...................................................... 195 «Үзіліп сары жаздың ақырғы əні...» ................................................... 195 «Темір жолдың бойында өскен қайың...» .......................................... 196 Мамыр – май ......................................................................................... 197 Келеді күлтеленіп... ............................................................................. 197 Кеш ........................................................................................................ 198 Менің мұңым ........................................................................................ 199 «Кеудемдегі оянып бағы бар мұң...» .................................................. 200 «Түсіме енді қырғауыл құман кеуде... ............................................... 200 Алакөл ................................................................................................... 201 Соңғы трамвай ...................................................................................... 201 «Мазалайды беймаза ой шалды шыңдап...» ...................................... 202 «Боз боранның боздауы басталмағай...» ............................................ 203 Мəскеуде жазылған жыр ...................................................................... 204 Қыз күлкісі ............................................................................................ 204 Түнгі аспан ............................................................................................ 205 Өзіммен-өзім қалғанда ........................................................................ 206 Аянға ..................................................................................................... 206 Этюд ...................................................................................................... 207 Мəскеу саздары .................................................................................... 208 Диалогтар .............................................................................................. 213 «Тентек жігіт десін мені қай теңім...» ................................................ 214 Қызылқұм ............................................................................................. 214

Аманхан ƏЛІМҰЛЫ

Редакторы Сəндібек Жұбаниязов
Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова

ИБ № 7278

Басуға 15.07.2013 қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman».
Офсетті басылым.
Шартты баспа табағы 11,76. Баспа табағы 14.

Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы,
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙