Мазмұнға өту
Home

Сыр

Сәндібек Жұбаниязов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сыр

Авторы: Сәндібек Жұбаниязов

Сыр C C Сәндiбек ЖҰБАНИЯЗОВ сыр Өлеңдер Алматы “Жазушы”

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.– 192 б. ISBN 978-601-200-484-7 Автордың шығармасына өзек болған қоғамдағы әлеуметтік және азаматтық құбылыстар, жастық пен махаббат, туған ел мен өлке туралы толғаныстар жыр тілінде сәтті өрнек тапқан. Жан толқыны мен жүрек күйінен өріліп төгілген жырлары сезімді оятып, жаныңды елең еткізеді. ISBN 978-601-200-484-7 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 Ж 80 ' Жұбаниязов С., 2014 ' “Жазушы” баспасы, 2014 Ж 80 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

ДАЛА Болашағын болжаған кім ілгері, Жырақта жүр ауылдың жүгермегі. Қуған арман кетті де қара үздіріп, Туған дала, аңсаттың бүгін мені. 1-бөлім

C C АСҚАР ТАУ МЕН АҚ БҰЛАҚ “ӘКЕ ДЕГЕН АСҚАР ТАУ” Ес білгелі Ой-бағымда осы ұғым

көп гүлдеді. Көп гүлдеген ойымның тек бір жері – Тамыры мықты болғанмен, жаны нәзік, Сәл нәрседен – қасірет шектірмегің. Тарих куә мұныма, Амал нешік, Ғасырлардың құптаған отты үндері Санасына тасырдың еш сіңбеді. Тарих өтірік айтпаған – білші мұны, Эх, таулардың... Таулардың тіршілігі! Тасырлардың белгілі құлқы-мұңы, Аласарта алмаған ол түгілі – Алай-түлей заманның көшкіндері, Сыр C C Таулар даңқы қарыштап кетті ілгері, Арманым да соңынан екпіндеді. Биікті аңсау тым тәтті, Енді ешқашан Мүмкін емес тоқтату, Достым, мені. Биікті аңсау ащы да... (Сен қашпасаң?!) Басқа әңгіме – ол үшін

кештім нені. “АНА ДЕГЕН АҚ БҰЛАҚ” Мұнда да мен Сәби шақта-ақ аңғарғам тұнған әлем. (Тұнған әлем аңғарған мен ғана емен.) Мөлдірлігі қандырып жанарымды, Сыңғыр үнін елжірей тыңдаған ем. Шаттық, Қайғы шарпысқан бұл Даламен Матастырған мақсатын шыңдап ерен, Ана – Бұлақ болмысын бейнелеуге Аздық етер әрине, бір ғана өлең. Сыңғырлаған ағысы тынбаса деп, Қоса ағуда күндерім мұң-наламен. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ...Жырақ кетсем бойдағы нұрды еселеп, Шуақ шашып тұратын дәл артымнан, Бастау көзі сол нұрдан жаратылған Бір жыр күтіп жүргендей Ол да менен, Қалам алғам сондықтан мол дәмемен... Қаншама арман мезгілсіз өшірілді, Өмір өтер:

өткені көшірімді – Таңы – шаттық, түсі – азап, кеші – мұңды. ...Әкелердің болмаса есімі үлгі, Аналардың болмаса есімі үлгі, Аз күн жарық дүниенің несі нұрлы?! О, ағайын, Тауыңа, Бұлағыңа Көптеп-көптеп көргім кеп ғашық ұлды, Көптеп-көптеп көргім кеп ғашық қызды Еске салдым тағы да ҚОС ҰҒЫМДЫ. Сыр C C СЕНДIМ, АНА... Асыл ана, алабұртса дерегiм, Алаңдамай күй кеше бер дер едiм. Тағдырымның талқысына бой бермей, Сенiмiмдi серiк етiп келемiн. Сендiм ана – атаның боз басына, Сендiм ана – асылдың тозбасына. Жамандықтан жиренiп жанын үккен, – Сендiм ана – арудың көз жасына. Сендiм ана – жүйелi

ұранға да, Сендiм ана – киелi Құранға да. Олар менi үндедi өзiңдей боп, Ал, өзiңнен мен неге тұрам дара. Ұмтылысты үзбеймiн алға қарай, Атқызармын көз iлмей таң да талай. Тежелмеспiн ешқандай тосқауылға Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Сендiм ана... Сенiмiм алдамағай! КӨКЕМЕ Күншығысты бетке алғам арманымды әндете, Алға жүру бақытын – мәңгi ете гөр, мәңгi ете! Шақырайған күн көзiн көлегейлеп қолыңмен, Жүрсiң бе әлi елеңдеп, жолға қарап, жан көке?! Алатаудан ескен жел әнiн қосып әнiме, Асықтырып бiттi әбден алдағының бәрiне. Кеткен күннiң есесiн келген күннен дәметем, Күте алмасаң ештеңе – ертеңiңнiң мәнi не? Тағдырластар көбейдi –

мазалаған ортақ дау: Күнге жақын бару мен оған барар жол таппау. Айып етпе аласа, – тiлге тиек болмасаң, Ой қосуға сен жайлы менiң көкем шорқақтау. Бағы шығар аспанның – асқақтығы, кеңдiгi, Сыр C C Соры болса, аңсаушы азаймас па ендiгi. Биiк тапшы сен де бiр – аспан ба, әлде басқа ма, Ғашық болу белгiлi, ұғып алғам мен мұны. Езбелейiн несiне – еңбек ет деп елiңе, Құрғақ сөзден құлақты құтқарудың емi не? Көкжиектiң жүрегi көкеме ұқсас – ұққаным, Биiктiгiң байқалса, сүйе салар сенi де. Меңдеген мұң сол ғана – сұрай қалсаң сен менен, Күнi бойы күрсiнiп, түнi бойы тергелем. Көрiктi ойға кенелтер

кереметтер қарсы алса, Кедергiлер қайтады көкем қалған жолменен. Сағынышым таң ата өлең болып көз iлдi, (Сөздiң күшi жетсе егер бейнелеуге сезiмдi?..) Кептелгендi көмейге жанарыңмен айтқан ең, Елестетсе осы жыр көке, сол бiр кезiңдi... Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АНАҒА ХАТ Ана, өзіңді сағындым бүгін ерек, Тосын уайым тоғысты түніме кеп. Бар дүниеге жан-дүнием бетін басты, Көктей солып көңілдің гүлі кенет. Жатқан кім бар биікті төрлеп тегін, Татып біраз ащыны көрмекші едім. Сағыныштың семсері сұғылды да, Өз бояуын жоғалтты өрнек сезім. Кереметтер кезікпей қиялдағы, Нұрсыз күндер ұлыңды жиі алдады. Кәусарынан жұтса да

кей сәттердің, Құтысына еркінше құя алмады. Үміт бар-ды арманды айдан тоспақ, Құлыпталды қайтесің, Қайран соқпақ, Кілтін тауып ашқанша – Сыр C C Кереметтер Іріп кетті ит те ішпес айранға ұқсап. Іңгәлаған уақытты текке өлтіріп, Сеніміңе алдым ба шек келтіріп. Тәліміңді тәрк етсем шектен шығып, Теңе ағашқа – Діңгегі кеткен шіріп. О, құдірет, үміттен айықтырма, Соқыр сезім сенімді майып қылма. Арман деген сөз боп па – Өзің бар да, Теңіз деген сөз боп па – Қайықты ұлға. Табаныма өкініш шоқ төсейді, Келер күнді өткен күн етсе сыйлы... Секундтармен жарысқан сансыз ойлар Сағатымды сындырып кетпесе игі...

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АЛПЫС – ТАЛТҮС Көке, бүгін толдыңыз алпыс жасқа, Жүзге дейін серт етіп шалдықпасқа, Көңілді бір әуенді шалқып баста. Жастықпенен жарасып Жалғыз сәтке Құрдасыңның бәрін де шал ғып таста. Текке отырмай, Тең түсер мөлдір таңмен, өлең арнап, олқыңды толтырсам мен... Он жасыңда “Мен үшін”, “Отан үшін” От кештіңіз ауылда кемпір-шалмен. Тыңдап қазақ, украин, тыңдап орыс, Жиырма жаста басталды “Тыңға жорық”. Жат пиғылдар жаулады жапан түзді, Жапан түзбен ғана тек тынбады ол іс. Өте бере отыздан... Мен шыр еттім, Сыр C C Бұл шырыл да біраз жүк еншілетті. Шіркін, арман, көп едің, көгілдір ең, Таң қалумен, таңдаумен

он жыл өтті. Елу десе, сала алмай ән шырайлы, Сезім шошып, сенімім қалтырайды. Жүрегімнің көгінде сол елуге Жетпей кеткен жұлдыздар жарқырайды. Ашты бүгін құшағын алпыс жас та, Ақсақалдық ғұмырда тәртіп басқа, Тағдырыңды тырысам жарты ұқпасқа – Оймен шолып өткенді, Өсиет айтып, Көкірегіңді көп мұңнан аршып таста. 1995 жыл. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АРМАН САПАРЫНДА Тағы да артта қалып тастанды қыр, Тағы да қайталанып аққан дүбiр, Сайланып сонау жылы сары күзде Ауылдан Алматыға аттанды ұл... Ұл едi тағдырына көктен қарар, Ол жақтан бiлiнбей тұр көптен хабар. Бiр мiнi тым сенгiштiн... (кiм бiлiптi?). Сенiмдi аяқ асты

еткен де бар. Орман ой талабына от тiлетер, Демегей – маңдай терiн төктi бекер. Тапты ма iздегенiн нән қаладан, Көздеген мақсатына жеттi ме екен? Әйтеуiр, ел үмiтi ескiрмедi, Әзiрге жаманаты естiлмедi. Сыр C C “Керемет тарту етем де – дейтiн едi – ойымнан шықпай қойған ес бiлгелi”. Жазмыштың жайлы тиген заңы кiмге, Самал жел, сарыуайым сарының не? Айта сал амандығын – алаңдатпай, Тосып жүр кейуана әлi күнге. Қашан да ойлылардың байлығы – мұң, Көзге ыстық еске алсаң да қай қылығын. Көңiлi бостау едi сол баланың Қасынан қаша алмайтын қайғылының. Қайғының қара тастай салмағы бар, Қой, оның бетiн аулақ,

жан бағылар. Арына кiр жұқтырмай кетiп едi, Алдауға үйретпесе сондағылар. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жүрегi қуанды ма, қажалды ма, Ол ендi басқа әңгiме өз алдына. Көп болса, сәл мұңайып қалған болар, Анасын елестетiп көз алдына. Сипаты ел бiлетiн ендi өлеңге, Өзi айтар өзi жайлы кең көлемде. “Керемет тартуым бар...” дейтiн едi, Сол сөзге сенейiкшi сен де, мен де!

Сыр C C ТУҒАН ДАЛА Кінә артпа, Далам, Арманым кетті қарыштап қиял-дүлділмен, Соқпағым мынау соқтырар қайда кім білген?.. Мазасыз ойлар меншіктеп алып санамды Қасиетіңді енді ұққандай болып тұрмын мен. Жырақтап барам Жылжысам ғана өтелерме деп жол құны, Желкенді ойды сырғытып сезім толқыны. Кеудеме қоныс аударған сынды Жер-шарын Жаралап біткен жарылыстардың солқылы. Шыдап та бағам, Күнің мен түнің алмасып тұрар десекте, Әр атқан таңға мені де қоса есепте. Туған жер, әлі топырағыңа оралам Тосырқап кеткен үміттеріңді алып жетекке. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ТУҒАН ЖЕР Торқалы тойың кеп қалды, ойымда асқақ ән, Туған жер, Жеттім жырдан сый

дайындап саған. Жалғыз байлығым – бейнеңді жүрегімдегі, Көктегі жеті жұмаққа айырбастаман. Ақ тілек құшқан арманды арайға нұсқап, Қасиеттілігіңді ей, Ырғыз, қалайда құптат. Ырғызбай сенде туған-ды, құт дарыған ұл – Тағдырың содан тараған Абайға да ұқсап. Той қылып жатсың. Қанша ұл-қыз талапты, дарын, Өртене жүріп халқына таратты нәрін. Туған жер, сенің бағың сол – Бауырыңда өскен Ұшыра білдің ұрпақтың қанаттыларын! Сыр C C Арнаған жырым арнаңа қосады ма ағын, Жағаңнан сенің арманға жасадым адым. Мейірхан ағам сияқты сені ойлап Ырғыз, Сарғая жаздап жағаңды, о, сағынамын!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ТУҒАН ӨЛКЕ Көкжиекке өрлегем, Көзімді арбап қарлы шың. Жүрегімде тербеген Туған өлке, армысың?! Мені ұшырған аспанға, Шапағатың өлшеусіз. Қанша қанат қақсам да, Аласамын – мен сенсіз! Сәтсіздігім басталма, Ұшпас биік ер, – елсіз. Айдан алқа тақсам да, Ажарсызбын – мен онсыз. Жанарымды жас кернеп, Жүрем кейде мұңайып. Ұлың болып өссем деп – Тек өзіңе лайық. Ешбір елден таппайтын, Естімеген жан адам, Бақытыңа бастайтын – Жол салсам деп жаңадан... Осы ой тербеп жүремін... Осы ой арбар мені мың, Солай соғар жүрегім, Солай өтер өмірім. Сыр C C ЖИЫРМА ЖЫЛДАН СОҢ Ұстаздан тәлiм алып қаншама жан, Есейiп, елдiң жүгiн

арқалаған. Ұзаса, ұмыта алмай балалықты, Бар түлек шәкiрт шағын аңсап алар. Мектебiн қимай-қимай өрiптi ұл-қыз, Қоштастық он жетiде ерiксiз бiз. Бас иiп бүгiн ұшқан ұямызға Жиырма жыл өткеннен соң келiп тұрмыз. Ұстаздар, сiздер асқақ тауларсыздар, Ықтадық қаһарына алғанда ызғар. Ұшырып түлектердi әр жыл сайын, Жүректен ұшпай, қонып қалғансыздар. Оралса өскен жерге босайды әркiм, Бiр сезiм жүректерде атой салды. Көңiлiң тулап ала жөнеледi,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Көргенде ағайлар мен апайларды. Ұстазы мен ұясына нұр тiлеген, Ұрпағың келдi ортаңа, сiлкiне бер. Қаламай қояр едiк өзге бақты Сол күндер қайтып келсе, шiркiн егер! Оралмас ендi әрине, ол күй өткен, Самалы сағыныштың желпи ескен. Шаттыққа бөлене бер алтын ұя, Мың алғыс айтамыз бiз ақ ниетпен. Сыр C C БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ Ақтөбе педколледжі – 85 Сеңгіріне сексеннің шықтың самғап, Ұштың самғап, бақытты құштың сонда-ақ. Дәл осылай – Білімнің биігінде Қалықтай бер үмітін ұлттың жалғап. Мол білімнің бола бер нұр мекені, Тек сонымен көрелік

бірге сені. Өрелі жас Биікке өткел еткен – Өткеніңді келешек үлгі етеді. Түлектерің қыр төсін дүбірлетіп, Жаңғырыққан – Тауларға үнің жетіп. Академик Жұбанов тәлім алып, Ұшып шыққан өзіңнен Құлымбетов. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Талай түлек ел қорғар жолға аттанды, Халқы ұмытпас қаһарман боздақтарды. Үргенішбаев, Жазықов, Озмитель – “Кеңестің батыры” боп ардақталды. Сол жылдары Сәрсенова, Молдашевтар, Талаптыға

шуақты жолды ашып бар, Көкірегіне нұр шашты – Жылдарында Жаңбыр менен жатса да алмасып қар. Басты сенде жан шөлін құсалы ері, Жақты сенен өнерін – құшар елі. Білігі зор Райымбергенов Ысқақ пен Соның бірі – Дінішев Мұса еді. Тәтті келер терген дән терің сіңіп, Ерен еңбек – Қашаннан өмір құны.

Сыр C C Біліміне бағынған бірнеше шың Рабиға апамыз – соның бірі. Тізе берсе дәл мұндай сұңқары көп, Сұңқарлары ел бағын тұрса тілеп, – Тұлпарлары мәреге озық келіп, Бұлбұлдары бақтарда шырқар үдеп. Ізгі әуенге үн қосқан Нұрлы орда, Қырлы жолды жалғай бер Сырлы жолға. Жарақтанған біліммен жан болсам деп – Талаптанған қыз бенен ұлды қолда. Шыққан шақта сексеннің сеңгіріне – Сан қыранға ұясың енді, міне. Тоқсан-жүзді бетке алып жүзе бергін, Толтырып ап кемеңді ел жүгіне. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АРМАН ӘЛДИІ Білгім келіп сағыныштың не екенін, Жүрек қалап жұрттан өзге жеке өмір. Арманымның туын биік көтеріп: “Жандары бар жырға ғашық

өте бір, Аңдары бар баяғыдай адамға өш, Таулары бар гүл көмкерген етегін, Апа, – дедім, – Алматыға кетемін”. ...Қала жаққа қамданғалы – Жоқ төзім, Құштар көңіл, оған қоса пәк сезім: – “Үлгі тұтқан үлкендерден үйренем Маған қарап есіне алар жас кезін. Көкірегімде күмбірлейді жаңбыр ән, Жаңбыр әнім, баста жолға сан бұраң. Жабасағым, саған арнар тілекті Әр тамшының үлесіне қалдырам. Сыр C C Мүмкін емес ұмытуы мені мұң, Бұған себеп – сенің маған сенімің. Көнереді көзқарастар бұрынғы, Түбегейлі өзгереді өмірім. Анашымды, өзгесін де ұмытпай, Хат жазамын арасын көп суытпай. Білім алу – ең бірінші парызым, Басты мақсат жүзеге аспас

мұны ұқпай. Қала аруы, сенен күтем бір қауіп, (Бұл қауіптен тілеп алар құрсау ұқ). Менмен әлем, мейірімге тарылма, Менің көңілім сұлулыққа тұрса ауып. Сүйіп көрем біреуіңді ең әсем, Тазалығы Тәңіриямен теңесер. Өлең жазам сосын өртеп ішімді от, Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Ақын болып шалқу үшін емес ол... Сені өзіме тарту үшін емес ол, Өзгелерден арту үшін емес ол... Өміріңе шуақ шашу жырыммен – Көңіліңді суытқанда көп есер! Көшелерін Алматының көп кезер, Жарысқанда жолда қалар еспе жел, Қаңғыбас та атанармын... (о, ащы ой!) Ащы өксік алқымыма кептелер...” ...Қарсы алдымда қарлы Алатау, Көктөбем, Және арманым –

ғұмыр бойы көксеген. Кәусар кезім, Сондай кәусар сезіммен Алып-ұшып Алматыға жеткен ем... кАЛА Сезiм – менiң үркегiм басыбайлы, Сұлулықтан ғана тек шошымайды. Алыс кетпей, сыр ашсам осы жайлы, Алматының көктемi аса ұнайды. 2-бөлім

C C ӨЛЕҢ-ӨМІР Жеткен едік қалаға Өмірге ынтық топ өрен, Желеп-жебеп өр өлең. Шайырларды көреген Кем санамай төреден. Жүрген едік ән салып, Махаббатқа малынып. Сұлулыққа тамсанып, Дегдарлыққа табынып. Ақындардың сөзі құт Талантына бас ұрып. Вокзалдарда көз іліп, Лифте таң атырып, Наз арнадық заманға, Тоқпағына шағылып. Жас ойнады жанарда Жасыл белді сағынып. Арманшылдың әманда, Соры – күдік, бағы – үміт. Қара түнде таңылдық Қалам менен дәптерге Бар уайымнан арылдық Өлең келген сәттерде. Сыр C C АРМАН МЕН АЛМА Алма жайлы аңызға елтiп құлағым Ауылда өстiм... Алматыда тұрамын. Елестесе дәмдіге өш сәби кез Көкiрегiмдi тербеп өтер

бiр ағын! Жаз пейiлмен жүргенiмде жыр жазып, Менi алысқа алып кеттi бiр жазым. Жаймашуақ мезгiлменен үндесiп Жолға шыққан талабыма ырзамын. Бiлмей-ақ қой, бұл ырзалық дерегiн, Өзiм де ұқпан мұның әлi себебiн. Бәлкiм, мәңгi мекен-тегi белгiсiз Сол себептi iздеп өтсiн өлеңiм. Аңыз арбап, Тәңiр болып тiлекшiм, Жылжуымды қалаған соң жүрек шын, Әуежай мен вокзал ғана күтетiн Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Елеске ерген топқа осылай iлестiм. Жолдар, жылдар... жадыратар, жылатар, Ай қоштасса, амандасар құла таң. Қанша салқын қарсы алса да Алматы Мен, әйтеуiр, осы шәрдi ұнатам. Түк бермедi десем қала, – түк алмай, Ұқсай қоймас шын уәжге

бұл ондай. Бақшасында алма мұңым пiстi әбден, Балғын шағым қалды бiрақ шыға алмай. Сатып кетпес әдiлеттен кесе өтiп, Адалдықты құрметтедiк, дос етiп. Тура бидiң – туғаны жоқ, ары тоқ, Шын сүйсiндiк шешiмiне өте тiк. Өтіріктен аулақ өрген iргесiн Еркiндiкпен шөлдi басып жүргесiн, Сыр C C Келешекке үмiт қана жол тартты, Бiрге кеттiк бiз де оған мiнгесiп. Тамыр алған алма жайлы аңыздан, Жырлар туды арманға нәр тамызған. Осы мақсат шырақ жақты, жылытты, Осы жолда жауратқанда сан ызғар. ТҮСТЕГІ БЕЙНЕ Мен де кеттім, Сен де кеттің, Ол қалды – Түніменен дөңбекшіді, толғанды. Өксігенмен ұта алмасын ұқты да, Өзін-өзі жұбатуды

қолға алды. Қалам алды отты ойлары жанды өртеп, Отты ойға дер кезінде мән бер тек. Жабығардай жазығы не жалғыз қап, Жанашырлық болғаныма мәңгі ертек. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Саған арың қандай бағыт нұсқауда, Мен жаныма сұрай алман түк сауға. Өз бойымнан табылмады қажет күш Оған қанша тырысқанмен ұқсауға. Қайырылмай кеттік біздер, Ол қалды. Қансырады. Қайраттанды. Долданды. ...Көк теңізді көлбей жүзіп баратқан Түсімде ылғи көріп шығам сол жанды. КҮЗГЕ КЕЛІП ТІРЕЛЕР ЖАЗ АЯҒЫ “Басталмаған қаланың дастаны әлі...” Қ.Мырзалиев. Алынғандай мақсаттың тас қамалы, Күндіз оқып, түн – кітап жастанады. Қызықтырмас тірліктің

басқа жағы “Басталған жоқ қаланың дастаны әлі”. Сыр C C Қалыптасқан қағида бәз-баяғы, Күзге келіп тірелер жаз аяғы. Бірінші жыл көп болса “дарындылар”, Бесінші жыл сол шіркін азаяды. Қаусырса да тағдырдың қысталаңы, Таусылмасын өмірге құштар әні. Бесінші жыл білімі молығады, Кей қыздардың бұрымы қысқарады. Аңдамасаң арманның қиын сыны, Арбамағай аярдың жылымшы үні. Алғашқы жыл құмартып бесіншіге, Ақырғы жыл аңсарсың біріншіні. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢБЫРЫ Алматының аспаны, Тыйып бiр сәт жауыныңды, Құлақ тосшы сөзiме. Ауылымнан бауырымды Алып кеттiң өзiңе. Жүр ендi ол (мендей боп)

жаттағалы, Жыр деп ұғып тамшылардың тырсылын. Ауылым тұр жоқтап оны, Анам санап жүрегiнiң дүрсiлiн. Аспан, Аспан! Шақырумен келесiң! Өр даусыңды жүрегiме жасырдым. Зар-мұңыңды жаңбыр қылып төгесiң, Жан-жырымды мен де төгiп отырмын. Алматының жаңбыры! Бауырымнан басқа сүймес, тоқтал ендi. Анам менiң, сүрт көзiңнен жасыңды. Жатқа да ердi бұл қазақ, – Таққа сендi, Барлығы да басынды. Сыр C C Тыңдамады Алматының жаңбыры, Өлеңдi де тыңдамас болды халық. Су астында жырым үнсiз қаңғыды, Көрген күнi күн емес – қорлық анық. Осы халдi көрiп тұрып сыртынан, Көнiп тұру, тиедi сұмдық ауыр. Жай оғынан қуат алып ұмтылам... Жарақаттың белгiсi –

тұнжырауым. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C КӨКТЕМ ӘУЕНДЕРI І. Алматының көктемi... жылда ерек бiр, Жастық шағы оралып гүл, терек тұр. Гүл, терекке құмартқан құрбы жанмен, Менiң iңкәр жүрегiм бiрге өрекпiр. Қиял қуып келгенiм кеше едi, Мұңға тұнық батырды неше менi. Көңiлiмнiң архивiн көтередi, Кезбе күннiң куәсi көшелерi. Iңкәрлiктiң қызғалдақ гүлiн ұстап, Бейiм жүрдiм пейiлге ұғыныспақ. Жиi ұмтылдым от көрсем көбелектей, Тiршiлiктiң отқа ынтық ғұмыры ұқсас. Көз жетпейтiн белестi – киген сағым, Мәңгi өшпейдi ес-түссiз сүйген шағым. Сыр C C Оралмайды ол кезең, қанша жерден, Отқа оранған көбелек күймен сағын. Алматының көктемi

жылда өстер, Ойы сөйлер көбейер үндеместер. Үндеместi жетелеп тың белеске, Кейiн қалған естелiк күнде елестер... ІІ. Дәмi қандай бақыттың бiрден келген, Татып көрген емеспiн, мүлде бiлмен. Көктемдерге құмартып көшкен жанға, Алматының бағында гүлдедiм мен. Сезiм – менiң үркегiм басыбайлы, Сұлулықтан ғана тек шошымайды. Алыс кетпей, сыр ашсам осы жайлы, Алматының көктемi аса ұнайды. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Көктем! Белес!.. Кезбеуге кiм шыдаған?! Жан сырыңа жасалар тыңшы қадам. Сыртқы әлем iшiңе тұтас енiп, Бiр мұң пайда болады шымшылаған... Наурыз, сәуiр, мамырды көл сезiне, Сусын еткем жанымның шөл кезiне... (Бiрде Марат ағамды

алып кетiп, Қарсы қойып алды рас ол да өзiне.) Көгiм шөгiп – Алатау еткен тәжiм, Көктем өткен күрсiнтiп, – өткен жазым. Естелiкке айналып жеткен қазiр, Кейiн қалған көресiм, өкпем, назым...

Сыр C C НАУРЫЗДАҒЫ ТIЛЕК Пенде боп мынау кең дүниеге келгесiн тегi, Өмiрде ғажап – көңiлдiң күймен тербетiлгенi. Қоғамның медет – бұрғаны кер бетiн берi. Табиғаттың нұрлы, мамыражай кезеңi келдi, Тәртiпсiз айнам, әдеттен тиыл сен де күндегi. Мөлдiр көкке енiп көгiлдiр арманға боян, Сезiмге ерiп сенен өзгенi көрмесiн Серi... Адамзат үшiн әуенi ерек жер бетiндегi Аналар тойы – көктемнiң алғашқы әнi, Сазды күйiмен сезiм пернесiндегi Наурыз тойына ұласып жалғассын әрi! Түнекке қамап тойлаған, яки шаттанған тұсын, Тiлi мен дiлi – қос қабат қайғы қапталдан қысып, Келсе де көктем, Наурызы оралмай қойып Көп жүрдi жұртың үмiтiн ақ таңнан күтiп. Түнектегiлер кешкен азапты жүректен өткiзе, Тұрқыңды тiктеп,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ел күткен үмiтке бет түзе. Жан жарасын жазатын арман асуы – Ұжданы қамшылап ұрпақтың алға басуы. Армансыз шарпып арайлы шақтарды үсiк, Алаштың бағы кетуге шақ қалды ұшып. Жайбарақат қалсаң, жабырқар күрсiнiп алап, Жарығыңды жағып түнекке кiр сыналап. Жамау боп қалсын олқының жыртығын жамап – Алатау асқан арманың аспанды құшып!

Сыр C C АНАЛАР МЕРЕКЕСІ Сегiзiншi наурыз – Аналар күнi, Ең әсем әуенге саналар үнi. Жарық дүниенiң қадiрiн түсiнер Тойлайды бүкiл балалар мұны. Думанға басып тойлайды бәрi, Оралмас шағын ойлайды кәрi. Күннiң нұры шуағын шашқанда Ұялып қарарсың жандай кiнәлi. Синоптик айтпай салқын жаңалық, Жанардан нұрлы жалқын таралып. Мейiрiм жiбiтiп алып-ұшар едiң, Мұздаған шағың артыңда қалып. Қалғандай асқақ тұста тұрағы, Көңiлдiң көкке ұшса пырағы. Қосыла оған шыңдар шақырса, Қош айтып, қимай қыс та тұрады. Шың сатысының шегесi төзiм, Ал, оны қағар егесi өзiң. ...Шуағың көктен себелер едi, Үстемдiк құрса дәл осы сезiм. P.S. Әйел – біздің таңдап алған жарымыз! Aру – біздің ұятымыз, арымыз! Ал, Анаға қарыздармыз бәріміз! Құтты болсын 8-наурыз!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C БӘРІ ӨЗГЕРЕР Тамсандырар тәтті ару боп құмары, Бойдақ жігіт сау басын тасқа ұрады. Аңсап жүрген бір күні жар табылды, Үйленген соң өзгеріп кетті бәрі. Алдыменен өзгерді көңіл-дөнен, Қоса шаппай тілегі өмірменен. Барлық шығын қоршады жан-жағынан, Ешбір табыс келмеді жеңілменен. Содан кейін өзгерді дос қатары, Дос көбейсе жанарың от шашады. Қоштасқан дос сол оттан жас жасады, Жар ақылы тек оны тоқтатады. Отау құрсаң – қиынды жеңе білгін, Жеңе білу – кейінге берер үлгің. Сыр C C Өздеріңе қатысты өзгеруі Жақсы, жаман жағына

ол өмірдің. ҚИЯЛ АСУЫ Қиялға малтып, сезiмге шалқып, Қара аспан төнiп төбемнен, Қаймағы ойдың көзiмде қалқып Қиялай астым белеңнен. Қарады Ай да томырықтанып Дегендей “Мынау қандай жан?” Сұлбасын – түнге iлiнiп қалып – Мұңыма ұқсаттым сарғайған. Үмiт жұлдызым – көрiнер әр түн, Бүгiн де маған қайрау бол. Жаныма жыр боп өрiлер, бәлкiм, Жұмбағын бүккен айдау жол. Тас түнек түнге – жанардай, мына, табынған едiм Айға шын. Өтем бе ендi таба алмай, сiрә, Адамға тиер пайдасын?! Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Қасиет бар-ды қаныма сiңген Жақсылық күтер сәрiден. Жұқтырды ненi Ай жанына түннен Құпиясын ашам әлi мен. МЕНДІК АРМАН... Болашағын болжаған

кім ілгері, Жырақта жүр ауылдың жүгермегі. Қуған арман кетті де қара үздіріп, Туған дала, аңсаттың бүгін мені. Мінезімен шошытқан жөргектегі, Мендік арман қашаннан өр бетті еді. Апатайым, аяулы қалқатайым, Қандай күйде жүрсіңдер мен кеткелі?.. Шаршатпаса шақырып сағым-жырмен, Бағаламан ашылса бағым бірден. Кереметсіп көзінің еті өскенді Сыр C C Көзге ілмейтін сол жанды сағындым мен. Жүрегімде оятқан сонда алғаш ән, Сені медеу тұтам да жолдарға асам. Арманыма тілектес, айналайын, Бұл өмірге келмес пе ем сен болмасаң?!. Өлген оймен өмірді түгеспелік, Ол жақта да сот барын

жүр ескеріп. Жер бетіне ақыры жол түскесін Қалдырмақшы ем өзімше бір естелік. Талабыңды шомылтып таң нұрына, Арманыңды аялау – арлы мұра. Жақсы жандар жолықты көп-көп жолда, Ғашық болдым бір-бірден... барлығына. Армантауға кемесін бұрғандар сан, Байыптамай бағытын қылған талқан. Мұңданба деп өзгеге айтсаң айтқын, Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Мұңдан, қалқам, бірақ сен – мұңдан, қалқам. Ең әуелі тиісті ой жетуге, Талай түнім сондықтан шерлі өтуде. ...Алатауға қараған тереземнен Айдың нұры кеп қапты тербетуге. БАР ҚҰМАРЫҢ БАСЫЛАР БАРСАҢ ҒАНА Балалық шақ – тұнық Көк, шалқар Дала, Құдiретiңе қараймын аң-таң қала. Қырды кезiп кетушi ек,

ай-хой, дәурен, Бiр ойлаған арманды қайта ойлаумен. Бара қалсам ауылға – бiрге болам, Қайтар кезде ермейсiң мүлде маған. Сенi алып қап, онысы менi өртеген, Ұзамай-ақ қойдың-ау сол өлкеден. Тұнығыңды аңсаймын ендi ұзақтан: Бұл жақ менен мiн тауып, – мен бұ жақтан, Тiл табыспай дiлiммен дүйiм маңай, Қайтып кеткiм келедi Сыр C C кейiн қарай. Туған ауыл – тұнық Көк, шалқар Дала, Бар құмарың басылар барсаң ғана. Жетсем деймiн өзiңе өлiп-өшiп, Керi ағысын тағдырдың керi кешiп. Жабырқасам осылай еске алам мен, Сағынышты басарсың басқа немен?..

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛЫ Бауыр таптық әр шеттен, Ойнап кейде от бастық. Қасқыр қылық көрсеткен Қой жылымен қоштастық. Құлақ қойсаң сөзді ұғып, Тірлік деген қас-қағым. Кетті біреу көз жұмып – Көзін ашып басқаның. Күрке іздеп түнеуге Қаңғығанды тым қысты. Бақыт қонды біреуге, Базбіреулер мұң құшты. Түп атасын сұрамай – Табылды да мың ие, Тексіздікке шыдамай, Төңкерілді дүние. Шашылдық та топтастық Тіреліп бір шешімге. Қой жылымен қоштастық, Сенім артып мешінге. 1991 жыл. Сыр C C ЕГЕМЕНДIК Баба арманы боп жеткен осы кезге, Бар қандастың iркiлдi жасы көзде. Жауларынан биiктеп мәртебесi, Дәл жанынан табылды

досы лезде. Қасiретiн қазақтың Құдай ұқты, Құдай ұқса, әрине, шынайы ұқты. Тәуелсiздiк орнады сәтiменен – Қазақстан халқына лайықты. Бодан елге бостандық – мұзарт арман, Көкжиекке көңiлiн ұзарта алған. Тәуелсiздiк тойына көрiк қосты Ұл – тұлпарын баптаған, Қыз – ән салған. Қазақ солай тiлегiн тауға жалғап, Қыр көрсеттi дұшпанға – жаулап алмақ. Ұлдың озса тұлпары, қыздың әнi Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Бастан мәңгi көшпес-ақ – онда ол бақ. ӘРІ-СӘРІ ШАҚ Аста төк боп өсегi мен күңкiлi, Алға озып өңешi мен құлқыны, Ауыс-күйiс боп жатқанда адамда Астанаға жолым түстi бiр күнi. Күн туар деп қуантатын қоғам күрт, Соңғы үмiтiн

сүйеп қойған оған жұрт. Сондай шақта құстай ұшып келген ем, Ұя iздей бастадым мен қонарлық. Болмағанын тiлемегем жолымның, “Арқада қыс ...” Тоңдым аздап. Қорындым. Бiр дос үнсiз мұңаяды – үйi жоқ, Бiрi тiзiмiн толқып шолар “Дарынның”. Қажет едi атағы һәм ақшасы, Сыр C C Гүлдемеудi бiлмеу үшiн бақшасы. Кәрi құлға ұқсамауға болмайтын, Бәрi пұлға кеп тiрелген шақта осы. ... Алды-артыңнан – тек Арқада тұрағы, Аязды жел, желдi аяз ұрады. Баспанасыз қазақ салар сызды әннiң, Бастамасы жүрегiңде тұнады. Ел едік-ау шежірелі, мұралы, Ұрпағының тұнжыраулы түрі әні... Бірі халқын Астананың сөз етті, Бірі Алматы жаңалығын

сұрады. Алматы ма?.. Онда да үстем бір атақ, Әсем көркін сол көрініс тұр отап. Сосын өзін тастап кетті Индира, Ақтауына кетіп қалды Рақат. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жүйрік атын қор қылатын кіреге, Жоқшылықты жауыңа да тілеме. “...Маңдайыңа қонбаса, әлде, мемсыйлық, Шалғайыңнан шәуіл кетпей жүре ме?!” Болашағы бас тартпаса мұнардан, Екi достан жырақтайды-ау бiр арман, Ендi шыға қояр ма екен бұлардан, Елуiнде елу кiтап шығарған?! “Жазмыш” – ақын тынбай жазсын, – деп едi, Жазғыштарға ұнағанмен со жерi, Өлеңiнен бiрi безiп бередi Көлемiнен аспай қойып “қорегi”. Арман – байтақ, кiмнiң жеткен құлашы, Бiрiксе екеу, –

қағылады сынасы. Әлеуметтiк көңiл-күйге ұласып, Көңiлденiп жарытпадық расы... Бетке ұстарың бұғып қалды қай тұста, Бетiн тiлiп айтпақпысың? Сыр C C – Айт – ұқса! Герольд Бельгер ұнамады бiреуге Қапелiмде қарсы шығып “Айтысқа”. Қанша өзге ұлт ортасында өз тiлiн, Осы немiс ұмытпады – сез сырын. Сүлеев пен Сүлейменов жұрты – Құл, Өз тiлiне салмай қойса көз қырын. Жатырынан жерiгенде бодан жұрт, Батыр азса, – ақыл айтса оған қырт. Пейiлдiдей сонысына пенденiң Салқын Қала, шамсыз Ауыл, Дала – аңғырт. Жәди, 2000. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C БҰРЫНҒЫ ӘЛЕМ ЕЛЕСІ Қожанасыр, көсе Алдар есiне енiп, Арман көрсе қуатын екiленiп – Кiтаптағы өмiрден

өсiп-өнiп, Посткеңестiк кезеңге үн қосып едiк. Апарардай көрiнiп Ұрымға өлең – Шындап қуса, армандар бұрылған ең. Бiр-ақ сәтте дүние баспен тұрып Быт-шыт болды бiр сәтте Бұрынғы әлем. Бұрын болған түрлi дiн қайта оралған, Кескестедi ежелгi шайтан алдан. Түстi айқасқа үмбетi медеу тiлеп Мұса, Дәуiт, Мұхаммед, Ғайсалардан. Алыстайды қуаныш гүлдесе мұң, Қуаныш, ол – келешек күнге сенiм. Сыр C C Күнге сенiм күйредi бөлшектенiп, Пайда болды бiр ұлтта бiрнеше дiн. Шөл кезiгер шөлiркеп қусаң көлдi, Билiк жақтан бұқара бу, шаң көрдi. Лаңкестiк әр елде сәнге айналды, Дәл осыған Бхутто1

душар болды. Саддам сынды, яки Ирак сынды, Тұлға жайрап, тұтас ел қирап тынды. Тағдырымен ұқсаған ауған-шешен Көшедегi үрейдi үйге ап кiрдi. Үрей өртi тiксiнттi – өңiрдi үйіткен, Аумай қалды қоңсылас жебiр киттен. Ал мен болсам арманға әлi сенем Ұққым келмей бөлегiн өмiр мифтен. 1 Беназир Бхутто – Шығыстың “Қара раушаны” атанған пә­кіс­ тандық қайраткер әйел. 2007 жылы лаңкестік салдарынан жазым болды. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Керi кетсе де ойға алған қандай iсi, Алдан бақыт күтетiн қалмай есi. Күдiгi мен үмiтiн күрестiрген Менiң басымдағы жағдай осы.

кАСIРЕТ 3-бөлім Тарлан едім – тұяғымен тас кескен, Арлан едім – ақ дауылмен бәстескен. Қашыра алмай қасиетін – қас тапқан, Жасыра алмай қасіретін – жас төккен... C C АЯУЛЫМ АИЯНЫҢ РУХЫНА І Сұлқ түстім бір сәтте болмай күйім, Өмір көшсе, сәні өшіп – оңбайды үйің! Биікке емес, бақиды құшағына Үкіліңді ұшыру қандай қиын! Бірі – тірі, бірі – өлі, қос реңді, Елес еніп, есімді екі бөлді. “Қалақтай ең, қабіріңде қалақ тұр...” Сүйіп оқыр өлеңім осы болды. Еңіреумен, әрине, бітпес ісің, Бірақ неге өксікті күтті осы күн?! Тым әсерлі сөйлемдей тіршіліктің

Сыр C C Шын сезіндім салмағын нүктесінің. ІІ Сан жұлдызды саған теліп, салдым ен, Көкте орны деп, қанаттансын алдымен. Ұшу емес, қиды қайғы құшуды, Қиып өтіп гүл-ғұмырды шалғымен. Тарлан едім тұяғымен тас кескен, Арлан едім ақ дауылмен бәстескен. Қашыра алмай қасиетін – қас тапқан, Жасыра алмай қасіретін – жас төккен... Тектілік-ай, бағаң сенің тым биік, Досқа өзіңе ұқсап өмір сүр дейік. Жырым саған зарын төксін соңғы рет, Жаным менің бір суынып, бір күйіп. Жасын түсіп шорт кескендей бағанды,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Тәтті қиял түнге сіңіп жоғалды. Бағытымды тұмшалады қараңғы, Жанарымның жасы жуды жағамды. Жан теңізі жіберердей құрдымға-ай, Буырқанды толқыны ұрып бір тынбай. Қатал өмір қоймайды екен сындырмай, Толқып, тасып... жағаға кеп тындым жай. Сыр C C ШОПЫР БАУЫРҒА Күрт көбейiп жаназа, қонақасы, Жиi келер жер болды мола қасы. Барлық жолдың бақиға апаратын Атақтысы бүгiнде – жол апаты! Терiс iске кей пенде текке елiктер, Төрден оған орын жоқ – тексерiп көр. Ұшақша ұшып – ажалға құшақ ашар, Тасып аққан тас жолда көп көлiктер. Келешектен осы шақ сый күткендi, Ентелейдi елемей күйкi iстердi. Қия жолда

бiр таныс қыршын кетiп, Бiр досымның аяғы гипстелдi. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Кiмге аяусыз тырнағын өлiм салса, Сол сезедi тұрарын өмiр қанша. Темiр тұлпар жүйткiген Қас-қағымда Ұқсап тынар табытқа – темiр қаңқа! Серт берсең де мың жерден шошымасқа, Селк етерсiң айналса осы расқа: Доңғалақтан дүние дөңгеленiп, Қол-аяқтан ажырап басы жатса! Жыр жазғаның жұбатпас, күн кешкенiң, Не астында қалғаның гүлдестенiң! Қуанышты көңiлден сырып тастар, Құлыптас боп қарсы алса бiрге өскенiң. Сенiң тас жол, үрейлi сұрың, кейпiң, Сен осылай өмiрдi тiлiмдейсiң. – Пәлекеттен сақта! –деп, – таңмен бiрге Кейуаналар боп алды күбiрлейтiн!

Сыр C C Шопыр бауыр, ие бол рөлiңе, Жылжы алға жолыңа гүл егiле. Ақсын өмiр ағысы әр күн сайын Кейуананың қосылып тiлегiне. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C КЕҢСАЙДА 22.05.94. Тағы басқа теңеу болса – теңеңіз, Біздің мынау сезімменен сел – егіз. Құрысын бәрі... қызықтырса халіміз – Өлгенді ойлап өрге қарай келеміз. Кетіре алмай көгіндегі қаяуды, Менің түндей қиялымнан Ай ауды. Жолдың шетін иемденген Маралтай, Ортамызда Құрбанай қыз аяулы. Кесапаты көзден моншақ төктірген, Ақынға азап – аза жайлы көп білген. Өзгелердің өмірі өшіп өңімде, Өз ойыммен әуре болып кеттім мен. Сыр C C Түнектерді тілдегенде талтүспіз, Жүре алмаймыз бірақ

титтей артып мұз. ...Жанарыңды мұң торлапты бұйрабас, Көшіріп ал жүрегіңе тәмпіш қыз. Өрге қарай келеді үшеу, ойда – Өлім, Жылағың кеп – жалын атар жай демің. Таза ауаны тұңғыш рет тергедім: Меңдекештер тұншыққанда қайда едің? Өрге қарай келеді үшеу, ой – Терең, Терең ойды олар кешкен айт, өлең. Кей жүрекке “Тассың!” дедім амалсыз – Жұмекенге жіби салсаң қайтер ең? Өрге қарай келеді үшеу, ой – Тылсым, Мөлдір әлем, Мұқаңдарға – Майгүлсің! Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жұмағамның “Ләйләсі” Ажалдың “Мұнар”-лардан қарашығын тайдырсын. Тағыда бір теңеу тауып, – теңеңіз, Біздің мынау сезімменен сел – егіз. ...Мейірімін

молаңызға жолдайтын Өмірді ойлап өрден түсіп келеміз! Сыр C C БАТЫР РУХЫ Т. Стамбековке Адам-пенде мың мінді, жүз күнәлі, Алау-өмір жылытады, шыжғырады. Арман-мақсат биікке алып шығып, Ажал-ұшақ қиып түсті Сіздідағы. Келе қалса ғайыптан мінсіз адам, Жан болары хақ оның Сізге ұсаған. Соны айтады – сыр бүккен қысқы дауыл, Көктемгі ағыс, жазғы аптап, күзгі самал. Қызықтырмай дүние, алтын жылтыр, Құрмет тұтқан қазақтың салтын, ғұрпын – Сіздей ұлды туғаны – ұлттың бағы, Ал өлгенің... Сорлатты халқыңды шын. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Уақыт өтер, ұрпақ өсер, қанат қағар, Батыр аға рухымен жарақтанар. Бейдауа дерт шипасы

сонда қонып, Беймаза жан сол кезде тағат табар...

Сыр C C ДАЛАДАҒЫ НАЛА Далада нала…– ежелден бізге таныс бұл: Қасалы Жебе құсалы Елге тағы ұшты! Ұшқынынан жүрегі күйіп ышқынды Арқалы ақын, Найзалы батыр, Намысты ұл! Талқыға түсті білекті менен білікті, Уақыт-қазы үкімін ішке бүгіпті… (Тарихтың кейде қайталанарын кім ұқты?!) Тағы да солай: – Жазалаушы топтың қырына Тағы да солай: – Жазықсыз жандар ілікті. Тарих, сенің қатпарың қилы, мың тарау, Мың қилы әнді шын дүлділ әнші шырқар-ау. Тағы да солай: – Домбыра сынып дойырдан, Тағы да солай: – Боздақты кәззап құртады-ау! Киелі жұрттан көрінді тағы қою шаң (Тоқтар ең кәззап, тап осы шаңға тойынсаң!) Жоқтайды Ана мезгілсіз өшкен боздағын, Жоқтайды Ана – өзгеге бұрмай ойын сәл… Алауын жағып – замандастарын маздатқан, Жалауын жығып… – (сорлы Ананы боздатқан), Жанып-өшкен қыршын жастың рухы Шаршытоптарда қол бастар әлі сөз бастар. Қалғыған ұлтты балқытпай – мақтап, көлгірсіп, Бауырым, оят есті ісіңменен, көр түртіп. Жаңаөзенді еске ал: – Моласын құшып ұлының – Ананы көрсең көз жасын тұрған жел сүртіп…

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АҚЫН ӨЛДІ... “Өліп қалды сорлы ақын, ал мақтаңдар!” Б.Үсенов Өліп қалды, сорлы ақын, өліп тынды, Өміріне жырымен теліп шыңды. Дана мұра қалдырып дүниеге, Танабына жүректің егіп мұңды. Өліп қалды сорлы ақын, өліп тынды. Нұрлы күнді шуағын жерге төгер, Жұтты түнек – қайғы әкеп елге шегер. Өліп қалды... көбейді “дос-жақындар” Жауығысып өтетін өлмесе егер. Құбылуға адамдар демде, – шебер. Өліп қалдың... Өлмейтұғын артыңда өлең қалды. Өнерді емес – қара жер – денеңді алды. Сенің жалын жырыңмен жібітерміз Сыр C C Көкіректе қатталған шемен-зарды. Өнер қалды артыңда, өлең қалды. Қиялыңмен

әлемді кездірдің де Қамкөңілден қайғыны бездірдің де, Және, және... Қай кезде де жақсылар Құтылмасын жаманнан сездірдің де – Өте шықтың өмірден, тез жүрдің де.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЖАЛҚЫ ЖҰЛДЫЗ Тербеледі белесте дала гүлі, Тербеледі бақшада және бірі. Тербер ойды сол гүлдей жайнап өсіп, Қыршын кеткен Кегеннің Жәнәбілі! Дәті бармай көруге бұл азапты, Жалқы жұлдыз сол түні жылап ақты. Бейуақта жалт өшкен жасын ғұмыр Сапарғали әулетін тұралатты. Кіл жалқыдан құралған мың сан шырақ, Сол бір түні көрінді тым самсырап. Сол бір түні жүрекке Сіңіп жатты Көз жасына оралған жыр тамшылап. Өлім де өмір! – Артыңда қалса нұрлы із. Өмір де өлім! – Ұқпаса парқын ұл-қыз. Мұң басқанда, Көгімнен күн қашқанда Жәудірейді Жәнәбіл – жалқы жұлдыз!

Сыр C C ШҰҒЫЛАЛЫ ІЗ Ажал деген сұр жылан, Қайырымсыз оқ атып шыққан ұңғыдан. Жыртқыш жанар көрмеген еш шын жылап, Жауыз көмей жолағанын қылғыған. Бір анаға балапанын жоқтатты, Бір арнаны тоқтатты Шардарадан шартарапқа жылжыған. Тосын қаза тітіркентті алашты. Көкіректе тұнды өксік жасы ащы – Ащы уыты әлі күнге шыжғырар! Айырылып асыл достан, Аяқталмай қалды дастан, Ағыл-тегіл жылады аспан Қабіріне топырақ салар кезінде, Шық ойнады жиылған қауым көзінде. Табиғат пен адамзаттың Қасіреті ортақ дегізген – Жалғыз тамшы ой әр жанардан үзіліп Қосылып жатты Шардарадай теңізге. Шабыт келсе – Ерекшеміз, жарқылмыз, Табыт келсе –

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Өлексеміз, марқұмбыз. Шектеулі ғұмыр – Бәлкім, қырық бес, бәлкім, жүз. Қуат алған өлеңнен Нұр-шуаққа бөленген, Ең бастысы – Қалды өшпес артында із. Суық қыста шұғыла шашып шырағы Сол із-сәуле жан жылытып тұрады. Өтсін көктем, жетсін жаз бен салқын күз, Ол шұғыланың баса алмайды орынын Барлық жарық, бар күндіз.

Сыр C C АУРУХАНАДА Ауруханада. Белгілі... Ауырғандар біледі – Өзге әлемнің кеңдігі Өзегіңді тіледі. “Жедел жәрдем” ап келді, Жолықпасаң өлімге, – Парақтап өмір-дәптерді Сараптайсың бәрін де. Жауап іздеп жалғаннан Мазаңды алар сұрақ бұл: “Кеше бірге болғаннан Жанашыр – кім? Жырақ – кім?” Ботамды аман көрсем деп? Бір тыншымас кісі еді, – Елде қалған кемсеңдеп Анаң еске түседі. Ұлын шексіз сағынып, Бозаратын реңі. Елде жүрген жабығып Әкең түске кіреді. Ғашық болсаң езіліп, Оқасы жоқ, жылап ал. Сүйгендердің сезімі Осы шақта сыналар. Бол жай пенде, бол Ұлы, Дерт алдында бірдейсің.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Дос-жаранның көңілін Осындайда іздейсің. Жанарыңа толар мұң, Жүрек ақтап, сенбейді. Бірақ бірін олардың Кінәлағың келмейді. Сендей, сірә, көп пе адам, Әлде сен бе, көп тілер. ...Әлдекімді жоқтаған Сырттан әуен естілер. Жайлап тұрып орныңнан Терезені ашасың... Сырнайлы топ сән құрған, Көңілді алып қашасың. Көшедегі көктеме Сәттік әсер сыйлайды. Өлімге емес, өкпеге Қиятындар – Қинайды. “Көңілге үн қоссаңшы, Кешіп біттім бір күйді!..” Үзіліп түскен қос тамшы Төмен қарай сырғиды. Еркелегің келеді, Ерініңе шоқ тамар. Терезеден енеді Салқын ойлар, саф самал...

Сыр C C ДАУРЫҚҚАН БІРЕУ... Даладан келген текті ұлдың, Даңғаза миын жеп тынды. ...Күткені елдің көп жылғы – Көк байрағын көке ілді. Құлшынған қазақ – құпталған, Қауымы үміт күтті алдан. “Барлығың үшін” деді де, Билікке жетті – Бітті арман. Нашасын шегіп “наз” қылды, Аранын ашты, аздырды. Айқайын салды – “Аспа-а-ан!” – деп Мас қылып мансап аз күнгі. Жұлдызы болып жайнамай, Қызара бөрткенге қайдағы Ай. Далада, мейлі қалада Даурыққан біреу – “Дайрабай...” Дулы думанды сезінбей, Мөлдіреп тұнды көзімде ой.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C “Бұлардың жай белгілі...” (Басалқы қылар сөзім ғой.) Қуанатын-ақ күн бүгін, Тілімді тістеп, тынды үнім. “... көк шолақ” үшін күрсінген Би-аға, өзің сындымын. ТҮНМЕН СЫРЛАСУ Түн-өмір, Түнек-өмір, Қараңғы өмір, Жанымда жазылмастай жараң небір. Тор болдың қара оймен қанша жанға, Айтшы, Түн, ашылмасаң – бағаң кемір. Құтқар, – деп құрсауыңнан құлыншақты, Сен куә – қанша тұлпар мұңын шақты. Қанша сұм пайдаланып мына сені, “Бал” деген жазуы бар уын сатты. Бір сәтке Күн болуды аңса, Түнім, Рухы ырза болсын баршасының – Жоқтады

Сыр C C жұрағаты жер бауырлап Жіберіп жер қойнына қанша ақынын?! Жамандық жылдан-жылға желіндей ме?! Кесер тұс келешегін көрінбей ме?! Салқындау орталарға қарағанда Айтшы сен, ыстық неге көрің кейде?! Жанымды шөліркеген жарытпасаң, Мен қазір алау жырдан жарық шашам. Көгіңді қоршап тұрған – жасырып көр – Жұлдыздар әруағынан қорықпасаң. ...Түн айтты: “Олар қашан Күн боп кеткен, Түнекті көрместей боп тілдеп кеткен. Жарқырат алауыңды, жоқ болайын, Өртеніп – армансызбын жыр боп төксем!..” Тарихты парақтауға жасқанасың, Жүректе қайғы қалар жатталатын.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Шүкірлік, аяулылар құшса да ажал – Аспанның меншіктепті-ау “Аспан” атын. Тағдыры тарландардың мың езілген, Мен қорқам заман, сенің мінезіңнен. Жарықты аңсап өткен жандар үшін Сырластым шарасыздан Түн, өзіңмен... МАХАББАТ 4-бөлім Ең әуелi сүю – сенiң мiндетiң, Сүйдiрем деп жалғасады түнге күн. Мен де сүйткем, Содан берi тұтқынмын – Мекендеген махаббаттың түрмесiн!

C C БАҚ ПЕН КӨЗ Көңiлiңiз бiр-ақ сәтте мұңға иiп, Сезiм кешiп қиялдан да тұңғиық – “Ғашықпын!” деп жар салдыңыз ғаламға, – Мұныңызды шын дейiк. Өр тағдырың өртенуге сұранса, Өз еркiңiз – құшақ аңса, жыр аңса. Бiр-екi ауыз сөзбен жауап берейiн Қанағаттан-дыр-алса. Әлгi сезiм әлекке сап не түрлi, Бел будыңыз, күн әлi ерте – екiндi. Қамыға ойлан, Кетпегей бақ ғайып боп, Қайта оралмас бүгiнгi таң секiлдi. Одан әрi құныға емiп күн нұрын,

Сыр C C Бақ пенен Көз жоғалтпады бiр-бiрiн. Көзiңiзге көршi қонып көп көздер Талас туды, жетедi ендi кiм бұрын?! Керiсiнше, жүрекке сан сұрақ сап, Арман, шiркiн, бара жатты жырақтап. Көздiң саны артты екен деп соңымда Көбеймедi бiрақ Бақ. Талпындыңыз, тоқтадыңыз немесе – Жағалауда жалғыз қалған кемеше. Арманына сай болмаса азабы Көз бенен Бақ алмайды ешбiр теңесе. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ӘРI КӨКТЕМ, ӘРI ГҮЛ

(Гүлназға) Бұла бейне – әрi көктем, әрi гүл, Тәттi түстiң өңге айналған шағы бұл. Ойша тағы әсемдейсiң содан соң, Содан кейiн төгiледi тағы жыр. Асқақ дейсiң, аппақ дейсiң ол да бiр, Алданудан ғана жолы болмағыр. Дегенiне көне кеткiң келедi Денеге жан керек етсең, – жанға жыр. Сезiм – тәттi, арман – алыс, жол – қиын, (Саған қарап мен де iштей толқиын). Дұрыс ұғам – тағдырыңды тiлдесең, Салқын леп сыйлап кетiп сол күйiң. Жүрегiңнiң ұрлатып ап сезiмiн Жүдер шаққа дәл осындай,

Сыр C C Тез ұрын. Осал тұсым жоқ демесiн ұры да, Мейлi, әйтпесе, ары бiлсiн өзiнiң. Ең әуелi сүю – сенiң мiндетiң, Сүйдiрем деп жалғасады түнге күн. Мен де сүйткем, Содан берi тұтқынмын – Мекендеген махаббаттың түрмесiн! ӨМІР ЖӘНЕ МАХАББАТ Асқақ ару – азаматқа бас қайғы, Ана-бала – дүниенің кіндігі. Түсінбесе тірлік әлі таптайды, Тиімді емес түсінсе де кім мұны. Түнек сезім тілгілеме сен мені, Тіршілікке шашқан сәулем желікпе. Өгей ғұмыр өлексе еткен пендені, Тірілуге құштар емес өлік те.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Бақыттылар барлығына бойсұнды, Бақытсыздың қорқынышты тілегі – Махаббатты ойлап тапқан ойшылды Мадақтады, сосын қарғап сіледі. Ұнамдылық – көздегені тірінің, Сол мақсаттан Махаббаты бас алды. Қалай ұнау?.. Жұмысы жоқ бірінің, Ал, бірінің ұмтылғаны жасанды. Дүниенің – санап жүрген – кілті өзін, Дүрлерім де дүбәраға бөленген. Маған оңай соқпай қойды бұл сезім Көз салған ем мүлдем басқа әлемнен. Содан кейін сансыз азап кештім мен, Саған бұдан тимейді еш кесірім. Қарау пиғыл күтпей-ақ қой ешкімнен, Мен де ешкімнің жаза қойман есімін.

Сыр C C Бағыңды күт қара жердің астынан, Қатып қалмай кейбір жансыз мүсіндей. ...Қан-қан болған жүрегімді лақтырам, Қағып алсаң бір тамшысын түсірмей. БАҚ ЖҰЛДЫЗЫН АЯЛА Талай түннің бесігінде тербеген, Сәби мақсат сәуле шашты – ада мұң. Бар тағдыры байланысқан жерменен Көкке апарып бір жұлдызды қададың. Жанарыңды жәудіретіп Айға сан, Жүрдің қанша жорығынан сыр тыңдап. Бар биікті сүю қажет, байқасаң – Ал, махаббат аспан үшін – Тым қымбат! Сәтсіздіктің кең ашылған араны, Сор болмағай Сеніміңе дөп келген.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Шиыр ойлар шимайлайды сананы Жұлдызыңа жан бітірген сәттерден... Шалдықпастан жетем деме сөреге, Сабақ алмай соқпағыңнан сүрінген. Қуаныштың таңы атты, Және де Шын қасірет басталады бүгіннен. ...Көкке барды – Дейді оны “Көк ұлы”. Бәрі жақсы: қонысы да, атағы... Толығады жұлдыздардың шоғыры, Тобыр әлі – пенделердің қатары. Тауқыметтің ащы дәмін татады, Нұр шашады көтеріліп көңілі. Көрмейді оны пенделердің қатары – Төзбейді оған жұлдыздардың шоғыры. Қысастықтан кейде ертерек солды гүл,

Сыр C C Кейде гүлдің өзінен де таптық мін. Қасіреттің кірлемеуі – Оңды бұл – Тазалығын сақтау үшін шаттықтың. Басқа түсінік қажет емес түсінсең, Барлығына уақыт өзі төреші. Жұлдыз жанын ұға алғаның үшін сен, Өзіңді өзің қуанышқа бөлеші. О, МАХАББАТ... “О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?..” М.Мақатаев. О, махаббат, жазала! Саған жаным шын асық Аялдайын жағаңа Өзім жайлы сыр ашып. Сезім тапсын бақытын Өзгелерге ұласып. Ғашық болу, – шынында, Ақындыққа сұрану. Болған еді бұрында Жандай сүйген бір ару... (Өкінсем бе мен бұған, Керек пе әлде қуану?..)

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Сол сезімнің – жолы ауыр, Соңы есте, басы ұмыт. Жетілмеген сана бұл, Қайтем бірақ, жасырып. Менен жыршы жасап ап, Ұзай берген жанымнан. Шөліркеймін қаталап Кездерімде сағынған. Жаз сезімді алғашқы Айлар жылжып, қар басты. ...Махаббат деп аталған Кәусар әндер алмасты – Мұңайтуға бәрі ұста. Одан әрі жалғасты Туған елге, ғарышқа... О, махаббат, жеңілме, Сен тірісің, тірісің! Қанша ақын бар өмірде Барлығының Пірісің. Сені сүйген – өлмесін, Сенбегендер құрысын. Шипа болар дертің де Гүлдеу үшін ой бағы. Парасаттың еркінде Бұла сезім бойдағы. Өркендедім өлеңде Өртті жүрек қоймады.

Сыр C C МЕНІҢ АЙЫБЫМ Есіркесін, теріс десін мені кім, Бір шумаққа он кінәрат телідім. Өлеңімді бөлшектеймін осылай, Бөлшектенбес үшін кейде сенімім. ...Көп былықтың – болғаны емес көлемді, – Қинады оны – (Cен, қосылмай көр, енді) Мұңдандыра алмағаны әлемді. Мұңайды ол, –. ...Мен де жырттым өлеңді. Аулақ бұдан қай ғасырдың тұрағы, Қай ғасырдың арналмайды жыр, әні. Жауыз келсе – тіл табысып қоғаммен, Бауыр келсе – қоғам қарсы шығады. Ақын соны тұншықтырып жырменен, Батыр үшін күнде майдан, дүрбелең. Үрейіңді ұшырардай үнсіздік –

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Тыным таппай жатсын мейлі тіл деген. Олқы тұстар ойдағымен көбейсін, Жоқтың орнын барың салсаң – төлейсің. Асағанды ардақтаса сол қоғам – Арланғанды айыптады, Не дейсің? Өзің ұқшы өзгесінің байыбын, Көзі бардың көргені – түн, айы – мұң. Мұңсыз әлем мінезіне таң қалып, Мінсіз өлең жазылмады – Айыбым. ӨТКЕН КҮН Жырақ қалды – десектағы,– Қиянда, Өткен күнге бұрылады жиі арна. Тобарсыған тірлік дәмін татып қап, Торыққанда тілдесемін қиялда. Сағыныштың самалы есер тым майда,

Сыр C C Сырлы шақтың сазын жүрек тыңдай ма? Бәлкім, сені қинамайды бұл қазір, Қиналмаған ұтады рас, мұндайда. Қалт үзіліп қайырмасы әнімнің, Қалың ойдың тұтқынына алындым. Әлде, мені өртеймін деп жарығым, Жылылығын жоғалттың ба жаныңның. Жалындатып, жанарыма мұң құйып, Қимас құсым, қалықтадың тым биік. Саған деген сағыныштан шарқ ұрып, Жиі батам Сезім-көлге тұңғиық.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C СЕЗІМ ЖАРҚЫЛЫ Жанарыма еніп маң дала, Жетектеп кетті шалғайға. Қарама маған таңдана, Мұндай шақ сенде болмай ма. Сөкпеші, сәтке сенделіп, Сұп-суық күнде тершісем. Алматыда мен болып Ауылды аңсап көрші сен. Керемет сезім оянып, Көгіне мөлдір мұң ілсе. Жүз шайыспай-ақ қоялық, Ең болмаса бүгінше. БҰЛА БЕЙНЕ Мерез ісі мезі қып кей пасықтың, Көңіліңнің төріне жайғасып Түн. Қараңғыға сіңдің де ғайып болдың, Бұла бейне, беймезгіл қайда асықтың. Жоғалтқандай жақын бір жанашырды, Жаным менің содан соң аласұрды. Күбірлеумен ішімнен сан атыңды,

Сыр C C Күндер өтті күй кешпей жарасымды. Өзгергендей өмірдің мәні тіпті, Жолығар ма сендей жан ары мықты. Тіміскілеп тінтемін түн қатпарын, Табыла ма... көңілім әлі күпті. Күлімдейді көп үміт – көкте күнім, Елес пе әлде, елтіген текке мұным. Көзім жұмып оқимын таң сәріде Қара түннің қалдырған естелігін. Құзырыңа құлдық қып шын бас ұрдым, Ғасырға тең түндерге мұң жасырдым. Жұлдыз бейнең жарқ етер күн туар ма Жарасына шипа боп бұл ғасырдың.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C КҮЗ ӘСЕРІ Көктем де өткен, өтер күз, Қашан өлер екенбіз?! Сағындырған сағымға Сәл сарғайсақ жетерміз. Асықтырған арман бар, Адасатын орман бар. Ол жақта да жолығар Обалыма қалғандар. Тәптіштесең мұң тізіп, Тағдыр деген тым қызық. Дауасы жоқ дертім бар, Дауысым жоқ – Тілсіз ұқ. Босатпайды қоршаулар, Торығып ап аңсау бар. Жараланған жүректен Жан төзгісіз қан саулар. Әрі бұлтты, әрі айсыз, Аспаным бар қолайсыз. Қол сілтеген жетеді, Жөн сілтеуге қалайсыз? Бәрі де өткен – өтерміз. Өкінеміз бекер біз. Келесі күз – Бөтен күз. Біз де өзгерер ме екенбіз.

Сыр C C ОЙ ЛӘЗЗАТЫ Әлдилесе жыр-бесік Көңіліме күн көшіп, Тыңдай алар жүрекпен Табиғатпен тілдесіп Жоқты аңсаса жегі мұң – (Жансыз құрлы сөз ұғын.) Әлдекімге тіс қайрап Әлек салса сезімім – Ой болмаса жаман-ақ... Ой жетектеп шың асып, Аспан жақты аралап, Айға азырақ сыр ашып Қайтам... Көңіл – қанағат. Сөйткен шаттық бір күнде Күйреп түсті…(Күрсінбе!) Тіріге тән тәлкек қой Перісің бе, Пірсің бе?! Бар жарықты басқа ұрып, Қараңғыға қашты үміт... Ойға қарыз ол қазір – Айдан Жұмақ аштырып. ТҮС Түсімде – Көңіл сүймеген Кездесіп небір бейнемен, Жорудың таппай жобасын Жабырқап қалам кейде мен. Түсінгін, мейлің, түсінбе, Түс көргіштігім үшін бе –

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Өңімде күліп келген жыр Күйдіріп шығар түсімде. Тон пішу деме күн бұрын, Түсіме еніп жүр бүгін – Айырылмастай ағайын Атажау санап бір-бірін. Үлкейіп кетсе шап-шағын, Қалқам-ау, кінә тақпағын. Түсіме еніп жүр бүгін – Қап-қара болып аппағым. Қара үзіп қамсыз қалпымнан, Қияға мен де талпынғам. Ыдырай берді түсімде Төбешік болып тау-тұлғам. Түртті ме жанның жарасын, Бұзылды-ау сәтке қарасың. Өлшеймін сосын оянып Өң менен түстің арасын. Торына Түстің түстің бе, Көмегі болмас түктің де. ...Азапты ойдың үстінде Жабырқап қалсам кейде мен, Тіксінбе, қалқам, тіксінбе.

Сыр C C АЖЫРАЙ БЕРДІ... Жабығып жүрген жалқы шағымда, (Есіме сонда түскенді анам.) Аспанымда Ай боп жарқырадың да Ешкімде жоқ күш бердің маған. Табысқым келмей жағалауменен Аялдатқанмын кемені жырақ. Шаттығым келте болады-ау деген Санамда сезім жоқ еді бірақ. Бәрібір енді, ғұмырда сорды Тәңірім тартқан сыйындай төксін. Қиналмастаймын (бұрын да болды) Ғашықтық сезім бұйырмай кетсін. Қимай да қимай қоштастымдағы Құлаттым Айды көгінен жерге. Бойымды билеген күш тасқындары Ажырай берді... Ажырай берер сонымен бірге. СҮРІНШЕК ЕДІҢ... Соқтықпалы өмір сынында сүріншек едің, Сен жақтан желмен бір хабар білінсе дедім. Жылылық күткен жанарың – жас моншақтатса, Сезіміңе, айнам, сенімнің жырын төгемін.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Сағыныш лебі жүректі тербеген сәтте, Қияли жан боп көріндім көлденең көпке. Жалғыздың мұңын жасқамай, жалғанда мынау, Жарыместік сынды жетем деу көздеген шекке. Өмірде өзің шырқайтын бас әнім дер ме ем, Әрине, әзір белгісіз асарым да өрден. Бақыттыларды көргенде бейхабар мұңнан Оһ, саған сондай жақсылық жасағым келген. Кететінімді ұқпастан тегістетіліп, Теңескім келген тауменен еңісте тұрып. Қатыгездіктің барлығын әлемге жауып Мұңданған болдым содан соң періштесініп. Табалай қарап талайлар кеткенде қырын, Кешігіп ұққан боларсың бетперде сырын. Кіршіксіз сезім бәрібір елеусіз қалмас Кещелер үшін өмірге кектенбе, күнім.

Сыр C C СЕЗІМ СЫРЫ Қатал жырым! Құй, ұнат, құй, ұнатпа! Тағдыр күліп қараса, Сыйын ақта. Жүрек болса кеудеде Тыныш қоймас... – Бақытсыз жан сыр ашты бейуақта. Бақытсыз жан жылады... Жыр – көздегі. Көңілімді көрініс күрт езгені. Ақындарды өртеген сезім жайлы Ұғымымды өзгерттім бір кездегі. Жан емеспін жабығып табар бақты, Тұрлаусызын тірілер сан аңғартты. Түгел қаузап неғылам, тоқ етері, Оған батқан қасірет – Маған батты. Кінәлі емес келбетің – от тастаса, Кескілеп өт жүрегім кек сақтаса. Мен Тәңірдей табынам махаббатқа. ...Тек басқаша! Жанарлардан жұмбақтау сыр ұқсақ та,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Өрт сезімге жүреміз ырық сап та... Шулы ортада шуақты көзбен сөйлеп Саған ғашық болайын. – Рұқсат па? Нұрландырған адамды әлемі – Түн, Жалғыз жарық, ол – сенсің, сенемісің?! Бүгінгі күн шаттықтан ән салам мен, Қайғырайын... (келісші) өлең үшін! Сүйіктің боп қалуға себеп санар, ...Жо-жоқ, күнім, мен емес – ерекше адам. Сәтсіз сүйген сол жанды емде десең, Мына маған ұнауың керек саған. Білемін мен қан ойнар түр-өңіңде, Одан да өткен қызу бар жүрегімде. Сақтай тұршы бейнеңді сол қалпында – Өлең сыйлап қалайын мына өмірге.

Сыр C C БАЛА МАХАББАТ Бақыт тағы ілінбеді қармаққа, Бағыттадық кемемізді әр жаққа. Күдер үздім. Қайтып маған, Махаббат! Аласұртар ащы уыңды талматпа. Қош бол, жаным, кездеспейміз енді біз. Жүрегіме салып кеттің теңбіл із. Жасыл бағым бір-ақ күнде сарғайды, Амал қанша, көктем де өтті, келді күз. Қалай өмір сүрем десең еркіңде, Алаңдатпас азабың да, дертің де. Өзіңді ойлап, мазам қашып, ұйқысыз, Жұлдыз санап отырмаспын мен түнде. Жанарыңды қайғы-тұман торласа, Жабырқатпас бұрынғыдай ол да аса. ...Оқта-текте альбомдағы бейнеңе Сәл тұнжырап қарайтыным болмаса...

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЕРТЕГІ ШАҚ Өткенге көңіл шөлдеген, Шөлдемеген кез аз мүлде. Кенезем кеуіп келген ем Сонау бір жылы КазГУ-ге. Күтіп тұрғандай алтын бақ, Жалтылы қалқып санада. Күлдік біз талай саңқылдап, Бесінші жатақханада. Тұтас жүректі бөлшектей, Қалың сезімге қамала, Жыладық талай көрсетпей Бесінші жатақханада. Сәл нәрседен от алдық, Сәл нәрсеге қуанып. Сезім шөлін баса алдық, Сұлуға көзді суарып. Бүгінде жүрек байланған, Таңдайы тұрмас шөл құрсап. Елеске қазір айналған Ертегі сынды сол бір шақ.

Сыр C C ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ Ән шырқап жүрген кең даласында – Жігіт пен қыз келіп жарасымға, Үйлену тойын тойлады сосын Қаланың әсем мейрамханасында. Жүректер бір-бірін сүйіп тынды, Тілектер жауын болып құйып тұрды. Екі жас осылайша бағындырды “Махаббат” деп аталар биік шыңды. Бұл күнгі таң да ерек қызарып атты, Ғашықтар ғана мұны ұғады қатты. Қалың ел, кездестірді деп ойлады – “Шөліркеп жүрген жанға тұма бұлақты”. “Құрметтей білгендер қос ата-ананы – Тәлім-тәрбие көрген жас атанады”. Тойда айтылған тілектер осыған сайды, Осы еді – Ана тілегі, Ата талабы. Азамат үшін – алынған бұл-дағы белес, Ару болып кезінде қинады елес. Сынағы алуан жол жатыр алда, әрине, Үй болу қиын, үйлену емес. “Кездестіре гөр деп естірек Ерді!” Тәңірден ару да көп тілеген-ді. – Ойлағандары осылай орындала беріп, Бақытты болсын, – десті ел, – қос жүрек енді!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C САЙЛАУ АПА Сауыққан жанда тұнар күш Айығып дерттен, мәз болған. Елден алған мың алғыс – Емі шипалы абзал жан! Таңды таңға асырып, Қажуды еш білмейді. Тазалыққа шақырып, Ауырмауға үндейді. Сөзін естіп серпілер Сырқат жандар мұңайған. Айығып барлық дертінен Суын ішіп тыңайған. Өзіңізге арналар Тілектің ең жақсысы. Құяр емі жанға нәр Сау ғұмырдың сақшысы!

Сыр C C АҚ ТІЛЕК I. Ақ отауға нұрын төгіп жарық таң, Бастай берсін Болашаққа жайнаған! Ару бол бірің – Алғыс алған халықтан, Ер бол бірің – Елдің қамын ойлаған! Баба салтын бізге жеткен кешеден, Ұрпақтары парыз тұтып, өтеген! Қыз бола біл – тәлім көрген шешеден, Ұл бола біл – үлгі алған әкеден! Өзгергенмен көп-көп әуен әуелгі, Үйленсең де, өзгермейтін парыз бар: Енді жансың – берген сертке тәуелді, Ата-ана мен ел-жұртына қарыздар! Жүздерiңнен төгiліп тек жылылық. Ақ отаудан

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C нұр шашылсын жан-жаққа: Мұның өзi бiлген жанға ұлылық – Кенеліңдер осылайша мол баққа! II. Көкейдегі сөзді ірікпей кейінге, тілек айтсақ: – Бір-біріңді сүйіңдер! Бірге асыңдар асулардан алдағы - Дәл осылай қолтықтасқан күйіңде. Өз орныңды табыңдар деп өмірден, Құтты қадам тілейміз шын көңілден. Бар ізгілік арналады сендерге – Той үстінде лебіз болып төгілген. Ал, ағайын, ақ отауға бақ тілеп, Жалқы жүрек өз сыңарын тапты деп, Шаттаныңдар той алауын қыздырып, Ақтарыңдар тілектерді тәттірек.

Сыр C C Үлгі тұтқан үлкендерден бата алып, Үміті мол болашаққа бет алып. Ортаңызға келді бүгін екі жас, Бірі күйеу, бірі келін атанып. Қос ата-ана қос балалы болып бір, Көңілдері қуанышқа толып тұр. Екі жастың құтты болып қадамы, Жолдарында жақсылыққа жолықтыр! ӨЗ ЖЕРІҢДЕ ГҮЛДЕШІ... Бейбіт көкте еркін ұшсын қыраның, Ынтымақ пен достық болсын ұраның! Еркелеп кеп теңіздерге қосылсын Таудан ойнап аққан мөлдір бұлағың! Халық отқа күйді қазір, Зобалаңды тидыра біл! Палестина есіңді жи, Оқты тоқтат Израиль!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Қоңсыласты сыйлай білгін дұрыстап, Сонда ғана қонар мәңгі ырыс-бақ! Бірлік тіле адамзатқа, бар елге, Дүрліктірме қару алып, ұрыс сап! Көрші ақысы – Тәңір хақы – бар мұрат, Бай болмассың өзге ырзығын тартып ап. Ойласаңшы болашағын ұрпақтың Көктеуі үшін, өспеуі үшін қалтырап! Бейбіт елдің бұзылмасын бір кеші, Қасіреттің не екенін білмеші! Бай болғанша – өзге елді отарлап, Жеке ел боп – өз жеріңде гүлдеші!

Сыр C C ДИНАМО Талаптыны қанаттыға жалғаған, Қуат-күшін туған елге арнаған Қырандардың ұясы бұл – Динамо Түлеп ұшып заңғар көкте самғаған! Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады – Динамо! Динамо! Динамо! Көзге ыстық көрінеді кимоно, Күрескерлер үстеріне киді, әне! Мықты болсаң боз кілемде атой сал, Қол соғады, жар салады Динамо! Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады – Динамо! Динамо! Динамо! Қаймықпастан дауыл, жауын, көк мұздан, Қара үзіп дара шығып шеп бұзған! Жеңімпаздың алауы бұл – Динамо, Сан жүректе намыс отын жаққызған. Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады – Динамо! Динамо! Динамо!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АЯЗДЫ АРМАН Аяз құшқан ар иесi алаңдатып, Дiрдектеймiн – ызғары маған батып. Ертеңiмдi еншiлеп екпiндейдi – Екi ой: “Адам-Қасiрет”, “Адам-Бақыт”. Ақтарылар түрi жоқ жақында олар, Құпияларды ұғуға Ақылға бар. Сәл тайдырсаң көзiмдi... (тайдырмашы!) Шайпау сөздiң иесi шақырып алар. Аязды жан, өрнегiң көркем неге?! Мұздақтарда, дауылда көрсемде не?.. (Болған екен болар iс, мөлтеңдеме!) Адасқым-ақ келiп жүр өзiңе ұқсап – Жанға ұқсамай жетуге сол көмбеге. Жүрiс керi кеткенмен бiр iс тынар, Шырғалаңда

Сыр C C шыдауға тырыссын Ар. Өзi арқылы өзгенi тану үшiн, Ертеңiне ерiнбей бару үшiн, Адасқан да армандап – Дұрыс шығар. Дәлелденер дауасы жөнге көнсең, Қаншалықты тиiмдi мендегi өлшем. Бiр құдiрет сезiнем – өзi үсiп, аялаған арманын – пенде көрсем. Қаңтар ойдан қатырсам көзiмде мұң, Аңғартқаным емес бұл төзiм кемiн. Сақтау керек соларды, Менi қойшы, – Жылытармын жыр арнап өзiмдi-өзiм.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ҮМБЕТБАЙ АҒАҒА Бөлейді деп мені ертең мың алғысқа, Ұясы үміт артады қыран құсқа. Ырғыз биыл тойлады елден ерек – Жүз елуге толды өзі, ұлы алпысқа. Олқы соғар – теңей бер көкке неше, Ондай өлшем өмірде жоқ немесе. Бірін-бірі даңқымен толықтырып, Құшақтасты осылай қос мереке. Жырымменен Ырғызға жетелейін, Елдің бағы – елесе жекені ұйым. Тойға бару қазаққа таңсық емес, Бұлай келу өмірге өте қиын. Күтті ұя, күттім мен, күтті бәрі, Бәрі күтсе – жанарға шық тұнады.

Сыр C C Ағыл-тегіл төгілді мың сан тілек, “Тойың тойға ұлассын!” – түпкі мәні. Бір-бір алғыс арналды әр қиялдан, Әр қиялды тербеді ән-күй арман. Ұшып бара жатты олар көкте бірге, Бұл өлеңде биігін қамти алман. Туған жердің әр тасы, төбешігі, Тебіренді түрткі боп ер есімі. Тойың тойға ұласты Алтын ұя, Сізге де, аға, айтпақ ем мен осыны!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ҚАРТТАРЫМ Қарттарым, қадірменді, жарқын жанды, Кешіргін – қайталасам қамтылғанды. Осынау шағын жырдың еншісінде Өзіңді шексіз сүйген қалпым бар-ды. Кез туып елге де сын, ерге де сын, Шайқаса дәуір-дауыл ел кемесін, Қадірлім, көз алдыма сен келесің, Қажырлы қайратыңмен дем бересің. Қайтпан, – деп халқым үшін, – жолдан нақты, Қайтадан гүлдетем деп тозған бақты, Жеткен де белестерің осал емес, Көрген де теперішің аз болмапты. Көріпсің – айбарлыңның аһ ұрғанын, Жазықсыз жапа шегіп, атылғанын. Мерейі озбырлықтың

Сыр C C үстем болып, Адуын, албырт үндер басылғанын. Жетістік жетеді рас, таласа алман, Сонда не жүрегіме жара салған?! Әйтеуір, көңілімде олқылық бар – Әуен бе мұң боп жеткен “Қара шалдан”. Шымшылап сансыз сұрақ миым ішін, Содан ба, сәл де болса күйік ішім. Сезерсің жүрегімнің жан дірілін, Ұғарсың мұңды жырдың құйылысын. Қарттарым, қадірменді, жарқын жанды, Шарықтар сан ғасырға даңқың мәңгі. Алатау көз алдымда аласарар Көргенде өздеріңнің нар тұлғаңды.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C НАҒЫЗ АҚЫН Ардақ тұтып ақын атын, Періштеге теңегем. Қияларға шақыратын – Қиялымда еді өлең. – Жек көрмейді олар өзін – Сүйгені үшін басқаны, – Деген ойға сана-сезім Жіпсіз байлап тастады! Жан сорласа аяқ асты, Ақын ұғар – бір ұқса. Жақсы көрер бар алашты, Бөлмей ру, ұлысқа. Жауы көріп бар адамды, Шалқаламас ісіне. Жақын тартар жаны адалды – Бөлмей үлкен, кішіге. Алған беттен қайта алмады Шабытына мінгенде, Бас июдің майталманы – Тазалыққа, гүлдерге. Оларға тән көрінетін Тағы да өзге пәк қылық: Өлеңдерім төгілетін, Сезімдерім мас қылып Мансапқа ол сатылмайды, Қызықпайды ол ақшаға!

Сыр C C – Мендегі ұғым ақын жайлы Бұрмас осыдан басқаға: ТАУ ТҰЛҒА “Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам!” – Деді біреу... Қалың ойға қамалам: “Кінәлауға тым шебер бір тобыр бар, Және оған қарсы топ бар – Көп одан”. Сол біреуге қосылмадым. Неліктен?.. Жалғыз ғана пікірі ме жеріткен, Аз емес қой мағына таппай көріктен, Мағынасыз өміріне келіскен. “Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам...” Ашуды іркіп, ақылыма жол алам: Еске оралып “Елім!” деген сол ағам, – Еркіндігін әзер тапқан моладан. Жақсы көрем ниеттерді арайлы, Аулақ еткін о, Тәңірім,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C қара ойды. Тіпті, аспандай көрінетін кей кезде Ағама ұқсас жолықтырдым талайды. Өткендердің көп естігем зар-мұңын, Сол естуден сан өксіген бар күнім. Өлеңге өріп өтсем деген өмірде – Бір-бір шыңым секілдісің әрбірің. “Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам!” ...Лас ойлар жоғалсын деп санадан – Тауларына таза көзбен қараған Аға, сізді мысал еттім мен оған.

Сыр C C БІРАҚ ТА... Зұлымдыққа сермелгенде боп қылыш, Талай ерлер қыршынынан қиылды-ау. Ең дұрысы – өмір сүрген тып-тыныш, Бірақ соның – олар үшін қиындау. Батырмысың – Елің сенген ерім деп, Сенім жүгін енді арқаңнан құлатпа. Өжеттігің – сын сағатта көрінбек, Өзің үшін боп шықпасын бірақ та. Ақынбысың, Айдалаға лақпа – Жырыңменен жүрек емін таппасаң. Дарыныңа басымды ием, Бірақ та – Дақпыртыңа елікпеймін ешқашан. Қайран, Уақыт! – Қалды ғой , – деп жырақта ол, Қартаң әжей жанарына жас алды. Сұлумысың, – табынамын,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Бірақ сол – Болмаса екен жасанды. Тұңғиықты тілгілеуді көздеген Жасынбысың – Жарқылыңнан мұң күлсін. Бұл жырымның шын мәнісін сезбеген Күмәндана қарар ма екен, кім білсін?! Жамылмайын тағдырдың түн-қайғысын, Сен де енді жұлдызыңды төкпе, мұң. Өмір, маған кез қылсаң да қайсысын, Болсын ада “бірақ та”–дан тек соның.

Сыр C C БЕСІНШІ ЖАТАҚХАНА Сырларын ашып далаға, жырларын қосып қалаға, Нұрларын шашып маңына, мұңдарын айтпай Анаға, Армандар тербеп бағытын айналамын деп данаға – Балғындар аңсап жететін бесінші жатақханаға. Жігіттер мұнда жүреді асқақ армандардың Пірі боп, Сұлулар мұнда күйдірер күн болып бірі, бірі – от. Қиялы көкте, мақсатын мансапқа әлі бұрмаған, Министрлерді менсінбес, әкімқараға қыры жоқ. Маңдайын тасқа соққанда мұқалып қатал қаладан, Туыс боп, дос боп көрініп жылыұшыраған бар адам, Жуықтап көкке көңілі суықтап тұрған манадан – Махаббат қанат қағатын бесінші жатақханадан! Жүздері бал-бұл жанғанда Күннің шуағы көмкеріп, Бес қабат үйдің жан-жағын жайлайды жұпар еркелік. Кірпіктен үзсе жұлдызды – Айдай жанарды төңкеріп,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Еркіндік кенет өшеді еркінде оның өртеніп. Бес қабат үйде бес көктем, бес күзді біз де өткіздік, Биіктік жаулап көңілді, шақырып алдан шексіздік. Шексіздің бірі мұң екен, сыңары сары сағыныш, Солардың бүгін еркімен бұл сырды сізге жеткіздік. АЗАМАТ АПА (Шәмшә апайға) Бiлетiн жан азамат дер сiздi, Апа, Бiрге тоңар ел деп бiреу мұздаса. Сiз секiлдi биiктерден сөз алған Әйел заты көп те емес бiзде аса. Топ көбейтiп жүре бермей құр сапта, Жасыл шам боп жол аштыңыз ұрпаққа. Сiздей тұлға шыңға өрлеген кейiнгi Қыз бен ұлға сүйеу болды сын шақта. Күн кештiңiз ұлттың жаны – Тiлде деп,

Сыр C C Тiлдiң бағы сiздей жанмен гүлдемек. Мектеп халi мазаны алар бүгiнде, Ауыл жайы оныменен бiрге кеп. Базбiреуден бұрынырақ Арды ұға, Қызмет емес, парыз шығып алдыға, Әдiлетке жақ болдыңыз әрқашан Адалдықты айналдырып дағдыға. Жемiсiмен әрдайым да жақсы күз, Жақсы күзге баламасыз нақты сiз. Еңбекпенен шығарып сап әр күндi, Еңбекпенен келген дәмдi таттыңыз. Бүгiнгi асқан асуыңыз бiр белес, Бұл белеспен тек iзгiлiк iргелес. Ұлт ұл-қызын баулыр ұстаз қауымы, Болғай сiзге тiлектес һәм мүдделес. 10.10.2002.ҚазМУ. Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЖАСЫЛ ӘЛЕМ

(Гүлнарға) Қара түннен дерт емiп, Қызыл күнге өртенiп, Өзiмдi-өзiм: – Сары мұңнан мүлдем без Қоңыр жырға, – Деп жұбатып жүрген кез. Сына өмiр, – деушi едiм, – сал арыма, Күмәнданба қоңыр боп қаларыма. Тыныштығым тулады түлен түртiп Жасыл әлем елестеп жанарыма. Жасыл әлем, Нұрлы әлем – мәңгi жасыл. Қиялымда бiр сезiм салды да асыр, Құпияңды ашшы, – деп, жалбарындым, құшағыңа құласын қаңғыбас ұл. Жасыл әлем – жайлауы жанарлының, Жасыл әлем!.. Жаныма жамалды мұң. Айналардай ол жақта

Сыр C C асыл затқа Көк тиындық құны жоқ адалдығым. Жасыл әлем – бақытым, базарым сен, Өмір бойы өлең ғып жазарым сен. Шырақ болып жанғандай күйге ендiм, Жырақ жоқтай жеткiзбес, – жана бiлсең. Көңiл-шыңнан төмендi шола қарап, Алға аттадым адымды санамалап, Жарты қадам қалғанда жасыл баққа, Жардан ұшып кеткенiм... О, Ғаламат! Бар бағытым бақиға кетiп тынды, Сезiм қалды тербеткен бесiк-мұңды, Жанарына жасыл нұр енбеген жан Менен гөрi ақылға жетiк сынды. Қиялымның қайғылы болды аяғы, Алда бiрақ, бiр үмiт бардай әлi.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ...Бақыт жайлы жаңалық аштым демен, Сiзден қалған ойлар ғой сол баяғы... ӘНШI ҚАРЫНДАСҚА (Данагүлге) Тағдырдың жолы сан-сала, Талайсыз сәтi қаншама Сарсаңға сенi салса да, Арманның шыңын аңса да – Шаршама, айнам, шаршама! Талаптан дарын туындар, Бағыңды сынап көр, қане, Өнерпаз болып туу бар, Өнерде қалу бар және. Толғантып мұңы, шаттығы, Арналсын әнiң халқыңа. Жалау ғып жанның пәктiгiн, Талпына бергiн, талпына! Өмiрдiң сырын түсiнбей, Жанарға кiреуке тұнғанда, Еңсеңдi, күнім, түсiрмей, Шыңдарға қара, шыңдарға! Желбiрегендей шыңнан ту, Биiктен көрiн, асқақта. Астана жүрiп арман қу, Жабасақ үнiн тоқтатпа.

Сыр C C Кездесер сай да, дөңес те, Шектеусiз ендi тәмам жол. Жүрсең де қандай белесте, Айналайын, аман бол! ШЫҢДАР Шыңдар, шыңдар – ақ басына күй сіңген, Шарықтауда шаттық барын түйсінгем. Перзентіне пейілді емес Табиғат, Бірақ сенің асқақтық бар кейпіңде – Бәрі маған ұқсап тусын дейсің бе?! ...Кешір, күнім, келіп Көкпен теңескім, Орманына еніп кетсем елестің... Оңашама ортақ болма, мұндайда, Мен ешкімді қажетсінген емеспін, Оған бола жазғыра алмас мені ешкім. Жанар ғой ол – биіктікке арбалар, Тұра бермей жүрегіңнен жолдама ал. Армандаудан жалыққан ба

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C адамдар, Табылады көзқарастар таңданар – Заңғарларды қомсынатындар да бар. Жетер енді, сылдыр сөзде сыналдық, Құдайсынып қыжыртқанша – Құранды ұқ. Шыңым менің, арманыңды ұққанша Сергелдеңге салшы біраз мұнар ғып, Сезім сыйлап – қызғануға тұрарлық. Шыңдар, шыңдар – ақ басына күй сіңген, Шаттық бар да мұң боларын түйсінгем. Перзентіңе пейілді емес мына өмір. Сенің де бір жабырқау бар кейпіңде – Маған неге ұқсамайсың дейсің бе?..

Сыр C C ДИДАРҒА Гүл де Сен боп – бақта емес, жүректе өскен, Күн де Сен боп – шуағын күліп төккен, Білім қуған Бес жылы бізбен өткен – Артта қапты қырық Қыс, қырық Көктем. Журфак еді ол – Жастықты ап, берген Білім, Соның себі – көрінсең Төрден бүгін! Сенің әрбір ісіңнен көрінетін Дүниеге Көктемде келгендігің! Жаз жайнайтын жүзіңде, күн ойнайтын, Дақ болмайтын тұнықты лайлайтын! Саған қанша ұқсағымыз келсе де – Әрпір-тәрпіл ісіміз құралмайтын! Уайым-мұңды Тілек пен жаңбыр жуып, Шықсын алдан Көктем мен Тағдыр күліп, Бәлен жасқа толған күн емес, бұл күн –

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Қайта туған күн болсын, – жан құлпырып! БАҚЫТ ҚҰСЫ Бірлік, достықта Отан күші, Баста шаттыққа Бақыт құсы. Сені Ер қорғайды, Биікті сүйіп, Әнін жолдайды! Бақ құсым, баста бізді Болашаққа жарқын! Елімнің жастары ізгі Лаулап, от боп жансын! Қыраным, Құмарым – Сенсің менің Бақ құсым! Самғай бер, Жалғай бер Күндердің ең жақсысын! Самғасын, Талмасын Ынтымақтың кептері! Қорғасын, Қолдасын Бейбіт елдің әскері!

Сыр C C Бағың – Бірлікте, Сонда көркің. Құсты үркітпе Қонсын еркін! Ұшсын қалықтап! Биікті сүйіп Қарауға жалықпа! БIР ҰҒЫМНЫҢ МҰҢЫ МЫҢ Сыйласқан жөн тiрлiкте,– деп тұжырып, Бiр ұғымның дәмiн татқам,– тұзы нық. Бұжыр мойын ұғымына кез болып Тұщымды ойым сала бердi бұзылып. Жаңалық та емес едi бұл анық, Жамандық та еместiгiн ұғалық. Төмендемес адам, – деген ойда едiм, – Төбесiне бұл ұғымды шығарып. Рас, мұны дейтiн болсам – бал-шекер, Төзiмi – шар табан асты тарс етер. Сонша сызат түсерi хақ жүрекке

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Тұщы ойыңды тұздап өтсе қанша есер. Осы ұғымды серiк етiп күнбе-күн, Бiрге ұйықтап, оянғанда бiрге тұр. Тiл табыспай, – төртке бөлiп ұйқыңды, Жүрегiңдi өртке бөлеп жүрмесiн. ШЫНАЙЫЛЫҚ Мағынасы махаббатқа жол ашқан, Шынайылық, жан қалауым о бастан. Көктi аңсаған көңiлiм бар мен үшiн: Ол – бәйтерек, ол – аспан. Сұр жебесiн мөлдiрлiкке кезенген, Көлгiрлiктi танып қойып кезеңнен, Бөлек кеттiм – тигiзердей кесiрiн Мақсатыма мұрат тұтқан ежелден. Табиғаты тұнып тұрған көрiкке, Ес арбалып дала кезген елiкке,

Сыр C C Қайттым талай қиялыммен қыдырып, Көңiлiме сезiм кiрiп желiкпе. Қырға ұқсатып кей қылығын шынайы – Тәнтi болдым түлкiге де мүләйiм. Қалып қоям ере жаздап ұдайы, Неге сонша нәзiк еттi, Құдайым! Асау сезiм шығып кетiп ырқынан, (Мейлi, менiң осы болсын – бiр күнәм!) Бас тартпаған болмысынан, құлқынан Бөрiге де құмартқанмын – ұрты қан. Тiлегi –таң, түрi – таңсық, тұрқы – паң, Сан сұлуға көзім саттым сыртынан. Аулақ салдым бiрақ кейде iргемдi Ажыраса ана көрген ғұрпынан. Шынайылық күтiп елден, өнерден, Кездерiм көп көңiл мұңға бөленген. Қалдым солай, –

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ешқайда да кете алмай, – Өзiм жазған өлеңмен. МӘҢГІЛІК ҚАС-ҚАҒЫМ Түнім Күнмен шектесті, Кесел болды... – кектесті. Бар ойыммен Бір әлем Ол жоқ жерде беттесті. Нені көрді? Не ұқты?.. Құрғыр, көңіл, желікті. Тұңғиығым – тұп-тұнық, Көкжиегім – көрікті. Жарығым жүр сол маңда (Алданбауымды арманда). Тұтастық көрем кейде мен Қайшылықтардан да. Мүлт кетіп мен мүлдемге, Мақтау айтса мүрдемде – Таңырқама тіріге Өле ғашық өлгенге. Қаперіңе мені ала, Қараңғыны арала – Жаңалықты жаңала. ...Жалғыз сәтке жап-жарық Бүкіл ғұмыр садаға!

Сыр C C АРМАНЫМ – СЕН ДЕ ТОЛҒАНСАҢ... Арманым болмас еді – Жамағат үшін жалаңаш қолымен шоқ қармап, Жаһаннамға да жүрексінбей барар топқа арнап Шырқалған әннен – жүйкесі әбден жұқарған – Жауыздықтың да жанарынан тұрса жас парлап. Арманым болмас еді – Қомағай құлқыннан құлазыған далам көгерсе, Жырқұмар жандар шабытқа содан бөленсе. Адуын жырынан әділет желі ескенде Қан жылаған әлгі қаңбақтай зырлай жөнелсе. Арманым болмас еді – Жерім деп талай жанұшыра шапқан аттандап, Баһадүр жанның жүрегінен жібісе қатқан дақ. Табиғат-ана табысып тыныштық-сәбиімен, Қуаныш әні қалықтай берсе аспандап. Арманым... Болмас еді – Толғантса сол да сені!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЖЫЛТЫРАҚ ОЙЛАР, АЛДАМА Басыма қонар бағымның, – Бұлыңғыр күнім бағытын бұрып, Тірлікте сүріндім бүгін. Кескілей бердім көзіммен көкжиегімді Көрініс іздеп сүртетін көңілдің кірін. Пендешіліктің қоя алмай пердесін түріп, Өзін ұқпаған – Жарытпас өзгесін біліп. Жанымды қоса турайды жарығымен алдап Жылтырақ ойлар жылжыған жер бетін тіліп. Өмірдің мынау кезігер сай-жарын, – Дара қарсы алар күш – Сенімім – айбарым жаңа. ...Алаңдап кетсең әрнеге – асыға жетем, Құлап түскен соң жиналған ойларымды ала.

Сыр C C АЙЫРЫЛЫСУ Түрiң бар-ау сағындырмақ, Қылығыңда ақыл басым. Тұрсың мiне, қолың бұлғап, Армандарың шақырғасын. Саған ұқсап алыс кетiп, Соқпақтарда сор кешiп ек. Талабыңды табысты етiп, Мен көргендi көрмешi тек. Тазаға ынтық жанарлардан, Төгiп өткен жаңбыр едiм. Құлай сенiп, сан алданған, Қайран, менiң пәк жүрегiм! Сезiледi жырымда мұң, Қалған белгi сол күндерден, Кештеу ұғып соның бәрiн, Жылдамырақ өлгiм келген... Әсерлер ғой бұл да өткiншi, Бар, ақ ботам, жолдан қалдың. Менiң жырым жүр деп бiлшi – Жолын тiлеп Армандардың!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ӨЗ ҚАЛПЫҢНАН ӨЗГЕРМЕ Түк те емес топта сөз бермеу, Тірлікті қиын безбендеу. Өмірлік мұңға айналды – Өз қалпымнан өзгермеу. Талайды көргем тілді, ойлы, Жанары сүйген түнгі Айды. “Өзгерме” деп ем – ит болды, “Енді адам ...” десем, қыңбайды. Ескертпек едім соларды, Бос емес екен топ алды. Бақытты болғам бір кезде, Бүгінде ол сәт жоғалды. ...Мәңгіліктегі мекенге, Мәңгіріп басың кетерде – Айналайын, адамзат, Аңқаусисың бекерге. Талабың болмай тіл алғыш, Тындырам деме құнарлы іс. Баянсыздығын ерте айтқан, Бақытым, саған мың алғыс. Сан рет ойдың салмағын, Көтере алмай қарға адым, Жырымды мұңға жалғадым,

Сыр C C ...Өзіңде қалды бар үміт – Өзгермей келген арманым. Тұрағың арғы беттегі, Өткелі жоқ боп – өкпелі. Жербетілік жалғызым, Жоғалтып алма тек мені ... Жоғалтып алма тек мені! ҚАЙРАУ Тұнжыр кейпің сыр бүккен, Өртенгендей өзегің, Жүдеп сұрқай тірліктен, Жүргеніңді сеземін. Кесіп өтер тіке сын, Бөсіп келсе – безінгін. Менен кеңес күтесің, Мен ондайда... Өзің біл! Елдің бәрі ақылды-ақ, Тыңда, бірақ түк деме. Таңдай бар ғой – тақылдат, Бармақ бар ғой – тістеле. Қателессең қайғы жұт, Етек дайын – еңіре... Шығар бәлкім, Ай күліп, (Саған емес) – Көгіне. Қайда кетер қашқан күн, Қауіптірек тосқан түн. Биіктігі аспанның Білген жанға батпан мұң. Азап керек өмірде, Алмай жүрме – қарыз ғып. Айдау емес өлімге, Үмітіңе тамыздық.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C АР ТЕРГЕУІ Кімге қажет құр ғана сезінгенім, Дұрыс болар толқымай, көз ілгенім. Өлең жазар алдында бейуақытта, Отырып алып тергеймін өзімді-өзім: Таң қалмағын заманға, таз қалыпқа, Қыран ұшар қиядан қаз жолықса. Төле бидің орнына, Күлтөбеде Төбет үріп жатқан кез аз болып па? Қысыр сөзді қысқартып – қыңсылатпай, Жаға білші жүрекке жыр шырақты-ай! Жаңарғандай сезінсін жан әлемі, Қабарғандар таңдары мұңсыз атпай. Тұяғымен от тастар шөмелеге – Тұлпарлықты тұтпас па ел өнеге. Қанішердің қолынан жазықсызды Құтқаруға шаппайсың неменеге?!

Сыр C C Басын соққан тағдырдың тау-тасына, Шапағатың болды ма жолдасыңа? Қанша жанның наласын арқаладың, Қандай пайда тигіздің қаншасына? Қауырсыны қатқанша талапты ердің, Қаншама рет қолтықтап – қанат бердің?.. Қуыстанар қылығың жоқ болса егер, Ар алдында “Ақпын” деп, – жауап бергін! Қиянаты жоқтығын сезіп кеш тым, Кінәсізге қанша рет ежіктепсің? Жауап бергін, қанеки! Бере алмасаң – Көзге күйік көрінбей, безіп кеткін! Күйреген жоқ рухы сахараның, Сиреген жоқ Адалдар қатары әлі. Дақ түсірмей ұстаған Арың ғана Адастырмай Арманға апарады. Ақбас шыңның басынан алаулатып, Арман таңы атқанда – (Қарау бақыт!)

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Ғайып болар көзден де, көңілден де Сергелдеңге түсірген санаулы уақыт. ЖЫРЫМДЫ ЖЕЛГЕ ТЫҢДАТТЫМ Құлықсыз құлақ құмға атып, Құлазып, қалғам түн қатып. Жынды кісіше жұбандым Жырымды желге тыңдатып. Аспансыз қалмас Ай-әнім, Жанымды қайда қоямын. Немкеттіге назар сап, Жек көре беріп... Аядым. Өртене сүйіп өз елін, Ерте өлгендердің көзі едім. Сыртымнан пішер тоныңды Сыртыңнан-ақ сеземін. Шетінеп кетсең, өлеңім, Шектеусіз азап – шегерім. Шерленген жүрек шеменін Сен емдерсің деп сенемін. Жеткізуге оны өзгерек, Жетеді менде сөз-дерек. Уақыттан әттең, ұяттау – Естісінуге езбелеп. Жырымды желге тыңдатып, Тентіреп келем түн қатып.

Сыр C C Сезінем ғажап – жүргендей Күллі ғаламды жырлатып, Мұңлы жанарды құрғатып. КӨҢІЛ ӘУЕНІ Орын бер жүрек пәк мұңға Сезімге бір сәт жеңдірсем. Тұп-тура келе жаттың да Тіл қатпай өте бердің сен. Ойладың нені сен сонда?.. – Әніме менің бөленбей, Мың жерден тыраштансам да Тілдеспей қойған әлемдей. Тіршілік жайлы толғанса, Көңілді тербер көп қой ән. Тілегің сенің сол болса. Көзіңе түспей-ақ қоям. Сілкінуден де қалыппыз, Төгілтіп әнді таңдайдан. Мұңдана берер халықпыз, Көрінбе бірақ сен де, айнам.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C СӘБИ ЖЫР Қабағымнан қар жауса күн ашықта, Қалыс ойлап, қарғашым, кінә тұтпа. Қасіретті көрмейтін көр көңілге, Кең құшағын – сірә да, жыр ашып па?! Жолдарымда аярлар кезігер мың, Жанарымда сол сәтте сезілер мұң. Айласымен пайдасын қамшылаған Пасықтықтан жиреніп мезі болдым. Өмірге де келмейді өкпелегім, Сәби-жырды аялап өтпек едім. Сан тараулы жолдарда сағым сынып, Мұқалмағай жігерім деп келемін. Сәби-жырға Тәңірдей кім сиынды?.. Кім де болса, енді оған тым қиын-ды. Тең бөліссем деп келем тауқыметін,

Сыр C C Ең болмаса, сен ұққын бұл күйімді! ҒҰМЫР МӘНІ Өмір желі өте суық, өкпекті, Содан өзін құртып алды көп текті. ...Пенделіктің иіріміне үңіліп, Бір ойымды алға тартқым кеп кетті. Түсім еді деп сендірдім мұнымды, (Түсінген жан – түс емесін ұғынды). Бірде аппақ періштеге айналдым. ...Енді азырақ ашайыншы сырымды: Түсім еді... Қарамастан әліме, Барып қаппын періштелер еліне.. Сол арада жолықтырдым бір пенде, Қабілетті екен ол да бәріне. Әдетім жоқ әлсіздерді табалар,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Әр адамның жанына сай баға бар. Соныменен... Қажет болса, сол пенде Уақытша періште де бола алар. Түсім еді... Түсін, мейлің, түсінбе, Улы жылан ысылдаған ішінде Әлгің менен өш алғысы келгені Пенделігін білгендігім үшін де. Перде киген “аз ұйықтар да, көп жортар” “Өзің үшін – өгейге қол созып қал!” Өңім болса, таң қалмас ем мұндайға. Түсім еді... Түсте қандай жазық бар? “Ақ қанатты періштелер қасымда, Аппақ-аппақ армандар бар басымда. Ауыздарды талғамайтын ақылдар айтылмайтын, Дұшпан да жоқ, досың да...”

Сыр C C Өзгертпейтін бет-бейнесін қашанғы – Өлмес өнер! Сенен алыс жасанды. Қайран дарын, құрбаны боп пайданың, Маған қарсы бар әрекет жасалды. Қалам алды – жыр жазбақ боп бір мезет, Шешенсіді – шаршы топта тіл безеп. Батырсынып ұмтылғанда – соққы алды, Сол соққы ғой, – жерде жүрген күнде жеп. Енді қалай аямассың сен оны, Өлді қанша, әлі қанша өледі?! Пендеге тән әлсіз сезім иектеп, Кейде рас, аялағың келеді... Айтатын жайт әлі де көп, Дегенмен, Бәрін қалай сыйғызарсың өлеңге. Көп періште мұнша аңғал болар ма?!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жалғыз пенде мұнша айлалы болар ма?! Оралуға мәжбүр болдым төменге. Түсімде ұштым. Жазаландым. Тоналдым. Төменде де ол бастаған топ алдын. Пенделіктер барлығына жетеді, Бұл да болса – бақыты ғой олардың. Білмей-ақ қой, өңімдегі халімді, Түс қой бәрі... Жастық жасқа малынды. Періштелер мұнда да бар – санаулы-ақ, Шарасы жоқ, қанша ұққанмен жаныңды. Түс те бітті. Басталды өмір жердегі. Тістеніп ем, тіл икемге көнбеді. Тапқан пайдам қанатсызға қосылып – Осы ғана мендегі. Сен де менше – қарамастан әліңе,

Сыр C C Түс көріп шық... Барма бірақ әріге... Сол түсіме арбалғаным соншалық Тәтті сезім тербетеді әлі де. Жыр жазайын жатып алып қосымда, Түсінуге ауыр тисе – шошынба. Тазалықпен туыс көрсең өзіңді – Ғұмырыңның мәнділігі осында. ЖАЛҒАНДЫҚ Іңкәр көңіл құмартып асқарларға, Ұштастырып үмітке тілегіңді, Зәуіде бір, жол тауып, басқанда алға, Жалғандықтар өртейді жүрегіңді. Қу жаныңды, бәрібір, қай жаққа тық, Қарыс сүйем аттатпай әп дегеннен, Қара нөсер астында қалбақтатып, Қара бұлт боп төнеді тас төбеңнен.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Жаралайды кей сәтте – Көлгірсіген Жәдігөйдің жымысқы күлкісі боп. Жалғандықты көргенде жан түршігер, Жанарыңда от болса, жұлқысып өт! АҚ АРМАНДАР КҮТЕДІ Ақ армандар – асқақ шыңда мекені, Иелерін күтуменен шаршады. Отқа оранған түбінде бір жетеді. Оған бірақ тырыспайтын қанша әлі?! Өртенгеннің азабына үстеме, Небір марғау әрекеттен жиреніп, Қала бергем, қызықтырмай ештеңе, Өз-өзімнен мазасыз бір күйге еніп. Тәңір, маған армансызды дос етпе, Кезіктірсең, күйреп түсем мен демде. Түніменен дөңбекшіткен

Сыр C C төсекте, Бір ащы өксік атой салар кеудемде. Қарауытты бүгін тағы төңірек, Тау жолына түскеніме боп кекті. “Өлтірсең де, бөле алмассың мені!” деп, Түнек жара айқай салғым кеп кетті. Тағдырымның қойылғанша нүктесі, Таңқалдырып өтесің-ау, Жер, мені. Жазғыруға бола ма екен, тіпте осы, Елесіне ессіз сенген пендені. Оңай емес сезіну де, – жан барын Асқақ бейне жанарынан жоғалған. Жақын бару үшін саған, арманым, Жырақтауға тура келді олардан.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЕҢБЕГІҢЕ САЙ КЕЛСІН Шабыт келсе – тасынып, Келмей қойса – ойланам. Бірден қалар басылып Ерке сезім ойнаған. Болса да сай күш, ынтам, Айналмаспын шеберге – Өзімді өзім ұсынсам Бойымда жоқ өнерге. Қарсы алдыңнан жол қашып, Жүйткіп онда ой-дөнен, Қанша жерден бол ғашық, Қонбаса өнер – қайғы ерен. Нұрын өнер төкпесе, Оған бола қамықпа. Арың сенің көкке өсер, Қалсаң таза қалыпта. Барлық дарын пірім – сен, Атаққа атың сай болса. Озбауға еңбек сіңірсең, Баспау керек қайғы онша.

Сыр C C АРМАН-ЖЫР Тапқан пайдаң өлеңнен қайсы? – десең, Бөгелмен. Жауабым сол бір жауап: Арман қуып келем мен! Күндер өтті тоналған, Күндер өтті... жаңа арман – Жақындатқан аспанға, Жырақтатқан анамнан. Көгімді бұлт торлайды, Жыр туады ол жайлы – Жұбанамын. Бұл сәттер Болмас, бәлкім, елге әйгі. Қарыздармын Таң саған, Жарқырауға жан салам. Жебеп келген түндерде Жұлдыздарым, болшы аман! Көңіл көкті сағынар, Өмір қашан оны ұғар?! Арман маған не берді... Жырларымда бәрі бар!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ЖҮЗДЕСУ Өзіңді алыстатып, Бізге іздеткен Өтіпті отыз қыс, жаз, күз бен көктем. Жетіпті басатын сәт сағынышты – Жүректі мың әлдилеп, жүз тербеткен!!! Отыз жыл сан қиындық тосты Асуда, Кезікті тілсіз жаулар – От та, Су да. Мұңдардан жан сарайын тазартайық, Сол үшін асығыңыз Бас қосуға!!! Жас едік, жалын едік шетімізден – Сүйгенді күйдіретін отымызбен! Бір сәтке оралайық балғын шаққа, Сол үшін табылыңыз кешімізден!!! Отыз жыл арада өткен аз ба, көп пе, Дәл соны айта алмай сөзбен екшеп, Күледі барлығы да мәз-мәйрам боп,

Сыр C C Түсуге бәрі құштар көзге ерекше! ЕЛЕС-ӘСЕР Бір сағыныш бойымды меңдеп алған, Кейде өткенге сүйрейді мендегі арман. Нән қаладан кей шақта көңіл қалып, Ұлықпанды аңсаймын елде қалған. Бірде шексіз қуанып, бірде налып, Сан ызғарға солмадық гүлдеп алып. Күлетінбіз риясыз, жүретінбіз Қой кезегін екі үйдің бірге бағып. Еске түссе осы бір бала кезім, Елжірейді жан-жүйке, сана-сезім. Жалтыркөлге түстеніп, Сарғопа асып, Оралушы ек кешқұрым дала кезіп. Мұның бәрі бұл шақта елес-арман,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Елес-арман – көктен нұр төге салған. Қуат берші, демеші қолтығымнан Шақырғанда қол бұлғап белес алдан. ӨМІР СЫНАҒЫ Тамсандырар тәтті ару боп құмары Бойдақ жігіт сау басын тасқа ұрады. Жар табылды, бірақ та ой-арманы Үйленген соң өзгеріп кетті бәрі. Алдыменен өзгерді көңіл-дөнен, Қоса шаппай тілегі өмірменен. Барлық шығын қоршады жан-жағынан, Ешбір табыс келмеді жеңілменен. Содан кейін өзгерді дос қатары, Досы көптің жанары от шашады. Кетіскен дос сол оттан жас жасады, Тоқтатса оны

Сыр C C тапқан дос тоқтатады. Отау құрсаң қиынды жеңе білгін, Жеңе білу – кейінге берер үлгің. Тек өзіңе қатысты өзгеруі Жақсы, жаман жағына ол өмірдің. ЖАҚСЫ АҒА Сізге ұқсау... – әркімге-ақ арман демен, Ұқсас шықса – соңғысын жалған көрем. Бар ойыңыз қуану болды бізбен, Мен осыны ойладым арнарда өлең. Өлең оты өртеді неше мені, Сізді қиял әлемі жетеледі. Қызықтырды Ұлт көгі жұлдыз толы, Қыр-жотасы жусанды-бетегелі. Шаршағанда сыр шертем сізге келіп, Жылы лебіздер кетеді

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C тізбеленіп. Мұндай сәтте қиялға ерік беріп, Жүз жаңарып үлгерем, жүз көнеріп. Қиял қуса не кешпес өзекті жан, Түн шегінсе атады кезекті таң. Жан-дүнием түңілсе, нұрын төгер Сіз секілді жан барын медет тұтам.

Сыр C C АРМАН ҚУСАҢ... Алуан-алуан арман қуып, жол шегіп, Алға бастық тосқан өрді еңсеріп. Теңіз-сезім толқынына оранған, Дауыл жырдан жатты таулар теңселіп. Бастық болды сапарластың бiреуi, Әкiм болды қатарластың бiреуi. Жұрты болсын деп тіледік – тілеуі, Серті болсын деп тіледік – тіреуі! Биiктерге бастап барса бiлiм тек, Сүйікті елі еміренер ұлым деп. Шынайы ер шыңға шықса нұр іздеп, Күннің өзі қарар еді күлiмдеп. Кісілігін жұтып қойып “кісі” боп, Шықпасын тек жануардай кісінеп. Ұқпасын тек

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C орынтағын өзім деп, Көктен биік, болса Арынан кішірек. Ары биік, кіші болса ұлтынан, Жас көбейер ұқсауға оған ұмтылар. Болмысынан нұр іздейтін себелер, Қалам алып жыр іздейтін тұрқынан. Болсын мейлі, болмасын ол серігің, Аяулысы болып қалса елінің, Сондай шақта шақырады биіктік, Ең бастысы – күйремейді Сенімің!

Сыр C C ТАЗА БОЛ Пенде жоқ деп мүлдем ада күнәдан, Ой түйсек те, көңіл бөлші мынаған: Аунақшымай, түнде тыныш ұйқтайды Қаншалықты таза болса бұл адам. Ішіңнен кеп іштарлық ит қапқанда: Қара түнге айналады ақ таң да, Көрінеді шөл даладай бақшаң да, Қолбаладай байың, биің, патшаң да. Езер сосын ит талаған жұлым жан, Безер досың жырым-жырым сұрыңнан. Дер кезінде қолға алмасаң өзіңді – Бұл тірліктен суынғаның суынған.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ҮМІТ ҮЗБЕЙ ЖҮРЕЙІК Сағынышты мәңгілік мұра сана, Біресе жыр тартады, – біресе Ана. Жырым жетсін сазымен ән боп елге, Мен де барып қалармын іле-шала. Қарасам да қай жаққа мұнар-сағым, Қалмауыңды елес боп кіл аңсадым. Тәңір соны қолдайды – деп сенемін – Берген серттен тайқымай тұра алса кім. Нұрын төгіп алтын күн Сіз бен бізге, Ілігейік есен-сау күзден күзге. Жоғалтармыз өмірде бір жақсыны, Бір жақсыны табармыз, іздерміз де. Деп ойлайық: өмірде адал басым, Көре алмаса адалды – жанарға сын. Жақсылықтан жүрейік үміт үзбей,

Сыр C C Сеніміміз жақсыға жоғалмасын! СЕЗІМ ДАУЫЛЫ Әртүрлі сезім кернейді Бейуақта жұмыр кәлланы. Мәңкүр мен Нәңкүр тергейді Есіңе салып Алланы. Соғады сезім Дауылдай, Жаныңды астан-кестен ғып. Жауады өлең Жауындай Күз көңілді көктем ғып. Қуаныш жетіп келеді Жеті қат көкке ұшырып. Өкініш зәрін төгеді Қайтадан жерге түсіріп. Алақұйын сәттерден Алағызып туатын Бас көтерер дәптерден Сондағы жыр қуаты – Дзотты өпкен кеудедей, Жүз атты өткен кермедей, Немесе сондай күй төгіп Бебеулеткен пернедей Сезім сезім болар ма, Өлең өлең болар ма Дәл осылай тербемей! Алаулатып кетті-ай бір, жалаулатып жетті-ай бір. Сынағыш пенен мінегіш Тіл беземей тоқтай тұр. Осындай сәттер қат қазір Жоқтасаң соны жоқтай біл!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ӨСПЕЙТІН ҰЛ Өнбес іске он ұмтылып, он құлап, Талаптанғам тарғыл үнмен ән құрап. Жаны ашыған достың бірі жұбатты, Жұбатқаны болып шықты сандырақ. Бір кісідей дәріптеуші ем достықты, Бұлдыр сөзі бұра тартып, бет жыртты. Азаптарға ақын жетпей жүргенде, Ақын деген – азап кешу деп қыртты. Бар ғұмырын безбендеген от, дауыл, “Ақын деген – азаптану” – жоқ дауым. От демейді бірақ азап ыстығын, Өзің күйіп, жалын алмай көп қауым. Қиын емес ойсыздыққа тайғанау, Тайғанап ап – жүрегіңе қайғы орау. Достықтың да достығы бар –

Сыр C C белгілі, Азаптың да азабы бар айнам-ау! Кешір, шектен шығып кетсем сәл асып, Көк желкемнен қадамағын қарашық. Көңіліңе жол таппаса бұл сөзім, Көз жеткізгін – жүргендермен адасып! СӨЗ УЫТЫ Қуандырған. Қыр асқан. Қарайлатқан. Кейбір сәтім көрінер арайлы ақ таң. Шабыт қысып жыр төккен шақтарымда Талай мақтау естідім талай достан. Тасасында қалғыппын қолпаштаудың, Қарастырмай шарасын сан соқпаудың – Мендей сүйген өлеңін шайыр досқа Көшірмесін айтқанда сол мақтаудың...

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Шоғын көсеп шырын сөз сезімімнің, Талай мәрте тым кештеу Көз ілінді. Мақтағаны Өзгенің сондай жылы – Өз бағаңды дегенмен, өзің білгін. ЖЫЛЫЛЫҒЫҢ – ҰЛЫЛЫҒЫҢ Бағзы баба рухы Сізді тергей ме, Жоқтамадың, – деп, – лайықты деңгейде? Сонау алаш арыстарын сағынып, Оңашада ойға шомам мен кейде. Ғажап еді арыстардың дәрісі, Қазақ қамын күйттеп өткен әр ісі. Азды ұрпақ Абылайдың түсіндей, Сағынайдың асындай боп мәнісі. Кеңестерді ұнататын келелі, Көкке ұзап кетті жандар өрелі. Түнгі аспанға

Сыр C C телмірмейді Алматы, Қолдан жұлдыз жасау оңай себебі! Сағынғанда оларды Сарқылам бар төзімнен, Бағынғанда наданға Жиіркенемін өзімнен. Ағылғанда жыр-дария, Болар бар сыр жария Түнімдегі – Мезеті жоқ көз ілген. Ми ашиды: Ұрпақ неге азыпты? Тұлпар неге шыр айналды қазықты? Дария бойлап қармағы жоқ ғаріп жүр, Онда қармақ жоғына кім жазықты? Қамап алар осы тектес сауалдар Қастан бетер қажытты. Дарияның арғы жағы – алыс-ты, Бергі жақта жаға кезген балықшы. О, бауырмал балықшы, Артықшылығыңды дәріпте, Қармақ берші аштық қысқан ғаріпке. О, мейірімді балықшы, Сазаныңмен тойындырып, Қазаныңның

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C жылылығын дарытшы... Қазағымның ұлылығын танытшы! КӨЗ АЛАРТПА ӨЗГЕ БАҚҚА Арманыңды деп алайық күрең ат, Жебеп жүрсін жандар сені тілегі ақ. Аласұра аламанға аралас, – Күрең атты топқа салмау біл ағат. Жігерліге жараспайды жүрген бос, Тілектеспін: гүлден қандас, гүлден дос! Өмір деген Ұлы бәйге-додаға Күмәнданбай күреңіңді бірден қос. Сынық сәуле жылт еткізіп алдан бір, Нұр себуге үгіттейді бар жаңбыр, Жыр төгуге жетелейді әр нөсер, Бір үлгі осы табиғаттан алған бұл! Күшті әлсізге қыр көрсетіп, төсті ұрып,

Сыр C C Қырып-жоймай, сұлап түспей ешбірі, Бейбіт күннің аясында жүріп те Батырлықты дәлелдеудің көп түрі. Жан бармаған заңғарларға талпына, Өрлеуіңмен сәуле түсір артыңа, Ізбасарың молдығына – ырза бол, Шомыл сосын бас айналар даңқыңа. Көктем келсе көппен бірге гүл тердік, Озған жанға гүлді сыйлап үлгердік, Өзгелердің бағы менен тағына Көз алартпай ғұмыр кешу – бұл да ерлік.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ИІРІМДЕР Алғаны сұлу болғаны Сезімге шексіз бөлейді. Махаббаттың сол бағы – Ақысын өбіп төлейді. Әрлі еді түрі жарының, Ащы еді тілі бірақта. Көзге нұр шашқан, Тәңірім, Қимапты-ау оны құлаққа. Сергелдең күйден түс қарғып, Сезіммен биік ұш қалғып. Өмірге осылай келеді Өнерге деген құштарлық. Өнерге деген құштарлық – Ұшпауға деген дұшпандық. Көгершін сезім көкте жүр, Сен мені тек сол тұстан күт. Биіктеу деп дарынсыздан дарынды, Өзеурейді, – онсыз да ол мәлім-ді. Және рас – ғашық болу биікке, Әрі ләззат, әрі қасірет, әрі үлгі.

Сыр C C Бақта өскен – қисық, түзу, мәуелі, Мақсат, шіркін, ұқсайды ма ағашқа? “Америка ашқысы” бар.., ал оны Жапқысы бар өзі емес, ол – ашса. Пенде-ғұмыр тоюға қабілетсіз, Тағы бір шың шақырды – тағы жеткіз! Армандарым көзімнің қарасы еді, Ал өзімді сол көздің ағы еткіз!

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C ӨЛАРА ӨРЕНІ (микропоэма) 1. Топырақ

Туыппын жылқы жылы бір қиырда, Қиырдан ұзау түсті тым қиынға. Шеңгелі “қалдырмашы” деп қиылған, Жабысып қырқа, дөңес, ылдиында. Шоқ түссе қау сезімге тоқтам бар ма, Ұзадық меже тұтып ақ таңды алға. Атаның ұрпағы едік Аса құштар Арманға, арманымен мақтанғанға. Жиылдық Алматыға кіл арманшыл, Биікті сүйген болсаң – құмар қансын. Алатау әдемі рас, Әдемі еді Оданда оны сүйіп шығарған жыр.

Сыр C C Жиналған Алматыға кіл ғұлама, Ой айтар сөйлеп кетсе құнды, жаңа. Аралас шабыт буса аламанға, Бумаса – Төсіңді бос ұрғылама! Арбайды күндіз қала жыр-әнімен, Түсімде ауылды ойлап шығамын мен. Үйрену нән шаһарға қиын тиді. Мұны ұқса – жайлауда ескен ұғады жел. Басталды құрылыстан біздің өмір, Кірпіштер әсемдікті тізді небір. Кетігін дұрыс тапса – ол да өнер, Өнерге табына біл, үздіге біл. Кірпішің – қуана біл – орнын тапса, Ғимарат ұрынбағай сел-бұршаққа. Қаланған іргетасы қараулықпен

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Құлады мемлекеттер сол бір шақта. Ұнатар арманды адам, Жаңбырды ұлу, Арманға арман қосар алға ұмтылу. Кең жолда жақсы көрсек – дос боп қалдық, Көрінер сәті осы деп Ардың сұлу. Қалды елде сырқат ана, дімкәс әке, Қалада қызу жарыс, сын, бәсеке. Кетеді аңдамасаң сан соқтырып, Өтесің аңғал досты мұңдас ете. Өмірдің табиғаты тым күрделі, Зырлатып, кейде бөгеп, жүрдірмеді. Аз емес шаттандырған жарқын сәті, Аз емес еңіреткен сүргіндері. Жел өбер, Борар кейде шаң, топырақ, Шаң қапса дір-дір етер жан-жапырақ.

Сыр C C Қарасын үзбесе деп арман-сағым, Қуасың түнгі аңсауды таңға құрап. Қалды артта тілекші жұрт, мөлдір қауым, Сол демеу – тентіретсе тағдыр-дауыл. Қолдайды ол асуларда, Қоймайды еш Көңілдің түкпірінен қол бұлғауын. Өрі биік Алматының – төрі кеңдей, Кеңдігін, биіктігін бөлісердей. Батасың терең ойға, Жатасың кеп Бағыңа әрі сеніп, әрі сенбей. Мінекей, Осындай шақ өтті бастан, Жандармен табыстырып жоқ сұрасқан, Бір табыс жуып-шайып сан шығынды, Бір шаттық сенен шығып көпке ұласқан.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C 2. Самал Ауылым кең даланың қиырында, Көмілген пендесі ойға, үйі құмға. Байқалар бір тектілік жаны түгіл, Қойында, жылқысында, сиырында. Өр талап өрендерін сүйер елі, Ерлері жігеріне сүйенеді. Күшігін үйрететін кішілері Үлкенді қаппасын деп түйедегі. Бойына сыйдырған бар әз ұғымды, Ол ауыл “Жабасақ” деп жазылынды. Көктемі – күншуақты, күзі – нәрлі, Сүйеді қысы қарды, жазы құмды. Алады қанаттысы шыңға бағыт, Амалсыз: – Жүрмін дейсің мұнда нағып?

Сыр C C Аяулы арманыңды ұрлап алып, Жыраққа әкетердей Жылдар ағып Туған ел, атың ыстық біздер үшін, Ұл-қызың ұзап кетсе – іздері шын. Сағыныш тамшысының Ащысысың, Ең тәтті естеліктер тізбегісің. Көліңді теңізге лайық деумен келем, Тулайды өр толқындай кеудемде өлең. Құшақтап бауырыңа бассаң болды, Алыстан алып-ұшып келгенде мен.

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C 3. Көкжиек Алматы, Көркің әсем, даңқың биік, Дегендей келген адам қалсын сүйіп... Қарайтын әсемдіктің жан сүйсініп, Қалайсың танытпауын салқын кейіп. Түндерде өлең өрдім саған арнап, Таңдарға тілек қосты ол ағараңдап. Төсіңде өлең қудым, Тәлім алдым, Табылды бойыңнан бар қалаған бақ. КазГУ-де өтті сәттер таңдай қаққан, КазГУ-де тұтанды шоқ жанбай жатқан. КазГУ-де талай ару жұбын тауып, КазГУ-де сан жігітке той тойлатқан! КазГУ бұл – бойдақтарға майдай жаққан, КазГУ бұл – тыныштықта айқайлатқан.

Сыр C C КазГУ бұл – шамы өшпес ешқашанда, Батып күн, атсын мейлі, таң қай жақтан. Сұлулық бұл мекенде көп қаншама, Секілді Алатаудан соққан амал. Медеуден күліп аққан мөлдір судан Жан шөлі басылардай – жоқты аңсаған. Шегініп бірте-бірте көктем кеші, Теңге ұстап қарашаның жетті он бесі. Шақ еді топан ақша демі біткен, Әкенің салар және жоқ теңгесі. Нұр шашып егемендік шырақтары, Жүрекке үміт-сенім тұрақтады. Жанарың боталайтын кейде рас, Ананы сағынғанда жырақтағы. Көп қарап көк аспанның жұлдызына,

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ C C Көп қарап қызғалдаққа, қырмызыға. Желпілдеп желік қуып жүргенімде Еліттім елік мінез Сыр қызына. Жібектей еркелеген Төлегенге Жүректі шат сезімге бөлегенде Кезікті кінә артқан мезет те рас, Өзімдей құмарта алмай ол өлеңге. Түк таппай дүкеннен дос сөресі бос, Жастықты шынтақтайтын сәл есінеп. Тоюшы ек тоқашқа емес, Мақтағанға: “Ойпырмай, жігіттің бұл төресі” деп. Замандас бірі осал, бірі мықты, Айтқызбай дәуір сырын ұғыныпты. Осалы мықтыларға ұқсап бағып, Мықтысы көрсетіпті ірілікті. Сыр C C Өткенді осындай бір заман бастан, Өткір-ді оның сыны ақ алмастан. Бабалар рухының жебеуімен, Жеттік біз осы күнге жоғалмастан.

C C МАЗМҰНЫ 1-бөлім. ДАЛА АСҚАР ТАУ МЕН АҚ БҰЛАҚ.........................................4 СЕНДIМ, АНА.....................................................................7 КӨКЕМЕ...............................................................................8 АНАҒА ХАТ.........................................................................10 АЛПЫС – ТАЛТҮС.............................................................12 АРМАН САПАРЫНДА.......................................................14 ТУҒАН ДАЛА......................................................................17 ТУҒАН ЖЕР.........................................................................18 ТУҒАН ӨЛКЕ......................................................................20 ЖИЫРМА ЖЫЛДАН СОҢ................................................21 БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ..................................................23 АРМАН ӘЛДИІ....................................................................26

C C 2-бөлім. ҚАЛА ӨЛЕҢ-ӨМІР.........................................................................30 АРМАН МЕН АЛМА..........................................................31 ТҮСТЕГІ БЕЙНЕ................................................................33 КҮЗГЕ КЕЛІП ТІРЕЛЕР ЖАЗ АЯҒЫ................................34 АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢБЫРЫ...............................................36 КӨКТЕМ ӘУЕНДЕРI.........................................................38 НАУРЫЗДАҒЫ ТIЛЕК........................................................41 АНАЛАР МЕРЕКЕСІ..........................................................43 БӘРІ ӨЗГЕРЕР.....................................................................44 ҚИЯЛ АСУЫ........................................................................45 МЕНДІК АРМАН................................................................46 БАР ҚҰМАРЫҢ БАСЫЛАР БАРСАҢ ҒАНА................48 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛЫ.......................................................50 ЕГЕМЕНДIК.........................................................................51 ӘРІ-СӘРІ ШАҚ....................................................................52 БҰРЫНҒЫ ӘЛЕМ ЕЛЕСІ..................................................56

C C 3-бөлім. ҚАСІРЕТ АЯУЛЫМ АИЯНЫҢ РУХЫНА.........................................60 ШОПЫР БАУЫРҒА............................................................63 КЕҢСАЙДА 22.05.94...........................................................66 БАТЫР РУХЫ.....................................................................69 ДАЛАДАҒЫ НАЛА............................................................71 АҚЫН ӨЛДІ.........................................................................72 ЖАЛҚЫ ЖҰЛДЫЗ..............................................................74 ШҰҒЫЛАЛЫ ІЗ...................................................................75 АУРУХАНАДА....................................................................77 ДАУРЫҚҚАН БІРЕУ...........................................................79 ТҮНМЕН СЫРЛАСУ..........................................................80

C C 4-бөлім. МАХАББАТ БАҚ ПЕН КӨЗ....................................................................84 ӘРI КӨКТЕМ, ӘРI ГҮЛ....................................................86 ӨМІР ЖӘНЕ МАХАББАТ.................................................87 БАҚ ЖҰЛДЫЗЫН АЯЛА..................................................89 О, МАХАББАТ....................................................................91 МЕНІҢ АЙЫБЫМ..............................................................93 ӨТКЕН КҮН........................................................................95 СЕЗІМ ЖАРҚЫЛЫ............................................................96 БҰЛА БЕЙНЕ......................................................................96 КҮЗ ӘСЕРІ..........................................................................98 ОЙ ЛӘЗЗАТЫ......................................................................99 ТҮС......................................................................................99 АЖЫРАЙ БЕРДІ.................................................................101 СҮРІНШЕК ЕДІҢ...............................................................101 СЕЗІМ СЫРЫ......................................................................103 БАЛА МАХАББАТ.............................................................105 ЕРТЕГІ ШАҚ.......................................................................106 ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ...............................................................107 САЙЛАУ АПА.....................................................................108 АҚ ТІЛЕК............................................................................109 ӨЗ ЖЕРІҢДЕ ГҮЛДЕШІ....................................................111 ДИНАМО.............................................................................113 АЯЗДЫ АРМАН .................................................................114 ҮМБЕТБАЙ АҒАҒА...........................................................116 ҚАРТТАРЫМ......................................................................118 НАҒЫЗ АҚЫН....................................................................120 ТАУ ТҰЛҒА.........................................................................121 БІРАҚ ТА............................................................................123

C C БЕСІНШІ ЖАТАҚХАНА...................................................125 АЗАМАТ АПА.....................................................................126 ЖАСЫЛ ӘЛЕМ...................................................................128 ӘНШI ҚАРЫНДАСҚА.......................................................130 ШЫҢДАР............................................................................131 ДИДАРҒА............................................................................133 БАҚЫТ ҚҰСЫ....................................................................134 БIР ҰҒЫМНЫҢ МҰҢЫ МЫҢ.........................................135 ШЫНАЙЫЛЫҚ..................................................................136 МӘҢГІЛІК ҚАС-ҚАҒЫМ..................................................138 АРМАНЫМ – СЕН ДЕ ТОЛҒАНСАҢ..............................139 ЖЫЛТЫРАҚ ОЙЛАР, АЛДАМА.....................................140 АЙЫРЫЛЫСУ....................................................................141 ӨЗ ҚАЛПЫҢНАН ӨЗГЕРМЕ............................................142 ҚАЙРАУ...............................................................................143 АР ТЕРГЕУІ........................................................................144 ЖЫРЫМДЫ ЖЕЛГЕ ТЫҢДАТТЫМ..............................146 КӨҢІЛ ӘУЕНІ.....................................................................147 СӘБИ ЖЫР.........................................................................148 ҒҰМЫР МӘНІ....................................................................149 ЖАЛҒАНДЫҚ....................................................................153 АҚ АРМАНДАР КҮТЕДІ..................................................154 ЕҢБЕГІҢЕ САЙ КЕЛСІН...................................................156 АРМАН-ЖЫР.....................................................................157 ЖҮЗДЕСУ............................................................................158 ЕЛЕС-ӘСЕР.........................................................................159 ӨМІР СЫНАҒЫ..................................................................160 ЖАҚСЫ АҒА......................................................................161 АРМАН ҚУСАҢ... .............................................................163 ТАЗА БОЛ............................................................................165

ҮМІТ ҮЗБЕЙ ЖҮРЕЙІК....................................................166 СЕЗІМ ДАУЫЛЫ................................................................167 ӨСПЕЙТІН ҰЛ...................................................................168 СӨЗ УЫТЫ..........................................................................169 ЖЫЛЫЛЫҒЫҢ –ҰЛЫЛЫҒЫҢ.......................................170 КӨЗ АЛАРТПА ӨЗГЕ БАҚҚА..........................................172 ИІРІМДЕР............................................................................174 ӨЛАРА ӨРЕНІ (микро поэма)...........................................176 1.Топырақ.............................................................................176 2.Самал.................................................................................180 3.Көкжиек............................................................................182

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. Е-mail: Zhazushi@mail.ru ИБ № 7303 Теруге 25.07.2014 жiберiлдi. Басуға 15.09.2014 қол қойылды. Қа­лы­бы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Roman». Бас­па табағы 12,0. Шартты баспа табағы 10,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № . Редакторы Әсем Бай Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Сәндiбек ЖҰБАНИЯЗОВ С Ы Р Өлеңдер

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙