Бабалар сөзі. 49-том
Бабалар сөзі
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
"Бабалар сөзі" сериясының 49-томына «Көрұғлы» эпосының Ә.Жүргенбаев, Е.Есенжолов, Ә.Жұмағазин, Е.Құлсариев, А. Хангелдин нұсқалары және Хасан бин Мирбабаның жариялауымен 1885 жылы Қазанда жеке кітап болып басылған «Хикаят Көрұғлы сұлтан» атты нұсқасының 1940 жылы Ж.Сыздықов жасаған аудармасы енгі...
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
КӨРҰҒЫЛЫ /ДАСТАН/
Қызылбаста Шаадат деген хан өтеді екен. Сол Шаадат дейтін хан дүниеге келген соң әсемпаздық, сұлу көркемдікті өзімнен өткізбеймін деп дүние жүзіндегі асыл тас, лағыл жауһарларды жинап мұртына тізіп, соның сәулесіменен қызылдап өзінің отырған көлеміне жарығын түсіріп отырады. Бір күні ой туды «Шаадатқа, осы дүниенің жүзінде менен сұлу, көркем адам бар ма екен. Халық дегеніміздің құлағы алыстан хабарласып тұрады ғой, осы халқымды жинап алып, менен көркем адамның бар екенін, жоқ екенін халықтан сұрап көрейінші», – деп, сол оймен бір күні халқын Шаадат жинап алды. Халық түгел жиналады дегеннен кейін: – «Сіздерді жинап тұрғаным дүние жүзінде, осы менен көркем, сұлу адам бар ма, соны көрсеңіздер қорғанбай айтыңыздар! Мен өзімше өз алдыма, өзімнің алдыма көркемдіктен ешкімді түсірмеймін, – дейді. Сонда Шаадаттың елінде бір мәстен кемпір бар екен, үш жүз бес жасқа келген екен, сол елде өмір сүрген екен, сол уақытта дейді.
– Бір қасықтай қанымды кешсең, балам, мен айтайын деп, халық бара алмай тұрғанда мәстен кемпір барыпты.
– Қаныңызды кештім, толық айт, таба алмасаң басыңды кесем дегеннен кейін кемпір
– Тәп-тім» деп Шаадатқа айтып жатқан жауабы:
Сіз әшейін әсемдікпенен әсемпаздықты қолдан үйіріп отырсыз.
Қайдағы асыл тас, лағыл жауһарды жинап мұртыңызға тағып соның сәулесімен ғана көрікті көрініп отырсыз. Сіздікі қолдан еккен екпе. Түрікпен деген ат төбеліндей ел бар. Оның Толыбай дейтін бегі бар. Онан туған баланың бәрі, шынжыр қатар бек деп айтады халық. Сонан бір бала туды, атын Бек қойды. Ол баласы көркейіп ат үстіне мінген соң, Бектің үстінде бір бұлт жүретін болды. Ол жүрген жерде өмірі қараңғылық болмайды, күні де, түні де жарық болатын болды. Соған Бекке Раушан дегенді қосып, Раушенбек атаныпты тағы, сіздікі әшейін-ақ, сөз көлеміңіздегі үй ішінде тұрған, қолдан істеген өнер ғой деді.
– Олай болса, – деді Шаадат – менің алдыма тірі жүргенімде ондай әсем сұлу, көркем адам түсуге тиісті емес, – деп ойға келіп, өзінің мейірімсіз мирахорларын шақырып алып, сондай бір жан бар дейді, соны маған байлап әкеп бер деді. Соған мирахорлары аттанып барып Әуіс дейтін көлге құс салып жүргенінде, қапыл Раушенбекті әкелетін күні Шаадат жатып түс көреді. Түсінен жаман шошып, ертеңіне халықын жинап алып, осы түсімді шешетінің бар ма? – деп түсін айтып жатқан жері екен.
Өте қайрат шапқан Шаадат түс көрді,
Арылмайтын атқара алмас іс көрді.
Раушенбекті мирахор әкеп байлаумен,
Таң алдында жатып Шаадат түс көрді.
Бір мықты кеп етті бұған қысымды,
Адам екен қарай алмас ұсынды.
Алтын тақта тапжылмастан отыр еді,
Кідірмеді келісімен ұшырды.
Түнде көрген Шаадат хан түсінен,
Айрылды сол буын кетті күшінен,
Қалай болсын ойлағанда тұрағы,
Сөнгендей болды жайнап тұрған шырағы.
Көрген түстен жаны қалмай шошынып,
Таң атқан соң Шаадат хан тұрады.
Аудырмады Шаадат хан қалыпты,
Көрермін деп ойлаған жоқ жарықты.
Бұл түсінің білу үшін мәнісін,
Таң атқан соң шақырып алды халықты.
Тайын тұрған Раушенбектің табына
Не кездеспед ердің ойла бағына.
Зар еңіреп Раушенбек тұр еді,
Душар қылды Кәждекемді бағына.
Еңірегенін көргеннен соң баланы,
Халық келіп толтырып тұр көшесін,
Не етерін Шаадаттың білмес пешесін,
Болмай қалды елдің түгел сұрағы,
Өз кеуліне қайтып сөзі ұнады.
Бұл Шаадат қысылды неден сол,
Сенделу мен халқы келіп тұрады.
Шаадат айтты: Бір ғажайып түс көрдім,
Өте қиын тыңдаңыздар іс көрдім.
Біреу келіп етті маған қысымды,
Қалмады жайым зәремді ұшырды.
Арпалыстым әлім келмеді дұшпанға,
Алтын тақтан мені жерге ұшырды.
Басым жерге домаланды кесіліп,
Қаным судай өз аузыма ішілді.
Салып тұрсың бұл сөзіме деді зер,
Ақылы толық Шаадатпын кемеңгер.
Жоритұғын ер болсаңдар келіңдер,
Белді буып мәкен туған талапкер,
Таба қойсаң күнің онда ашылды –
Онда қызыл көре алмассың жасылды,
Таба алмассың әуре болып келмеңдер,
Мен табанда кесіп алам басыңды.
Мұнан кейін басыңды кесіп алам деген соң, Шаадаттың алдына бара алмай, халықтың еңсесі түсіп тұрғанда, сол елде мәкәндаған жасы жүз беске келген бір мыстан кемпір бар еді. Сол мәстен кемпір бастан аяқ жердің жүзін кезіп отырған, көп жасаған кемпір сол Шаадатқа барып:
– Бір қасықтай қанымды кешсең, балам мен осы түсіңді жорып берейін деді.
Хан, кештім – деді.
– Мен емес түсің балам табылды,
Ел қиналып мұның үшін жаңылды.
Бастан аяқ түсіңді балам жориын,
Бір қасықтай қисаң менің қанымды.
Дұшпаныңды Құдай қолға беріпті,
Енді ешкім ала алмайды ерікті.
Түнде көрген түсің сенің Раушенбек
Педе болып өз қолыңа келіпті.
Раушенбектің орынды болды келгені,
Келгеннен соң жөн болады өлмегі.
Шешең айтқан тыңдай берші шетінен
Шықпайды деді аңғарсам балам ебінен.
Сені өлтірер жау қашықтайын болмайды,
Раушенбектің болады осы белінен.
Шын нәсілін білесің бе Раушанның
Түрікпеннің болады ол тегінен.
Кемпір тілін көрдіңдер ме алғанын,
Кеуліндегі тапқаннан соң арманын.
Халқын жинап Шаадат хан қалдырмай,
Майдан жайға құрып жатыр дарбазын,
Білмегенге сәл нәрседен себеп деп
Бас уәзірдің қараңдар ертіп барғанын,
Құлағың сал деді барып: «Шат,
Айтатұғын өзіңізге ұшбу кәп,
Көп жинаған дүние қолда мал болар,
Әркім сондай тұрмысынан зар болар.
Жалғыз басты түрікпеннен қорқып өлтірсең,
Өле-өлгенше сүйегіңе ар болар.
Бұл құлды,ей базар жаққа сатайық,
Ахірет пен көрген күні тар болар.
Қатын алмай, бала қайда осыдан
Қала түгіл қу басына зар болар»
Уәзірінің осы айтқан сөзін орынды деп тауып, кеуілін нығытты Шаадат хан. Апарып базарға сат деді. Раушенбектің мойнына шынжыр арқан байлап мирахорлар базарға алып бара жатыр.
Айтқан тілін уәзірінің алады,
Алмағанда ақыл қайдан табады?
Шынжыр арқан мирахорлар кешікпей
Мойнына Раушенбектің тағады.
Әмірін сол ойлау үшін патшаның
Жетектеумен базарға ертіп барады.
«Құл сатамын кімдер қардар, кім алад», – деп
Жаңғырықтырып базарға айқай салады.
Түс ауғанша базар сауда қыла алмай,
Түс ауған соң базар тарап барады.
Көрген күні бұл ғаріптің тар еді,
Ойлағаны аңғарсаңдар бар еді.
Сәудегерлік кәсібімен беті ауған
Жалғыз үйлі бір түрікпен мұнда бар еді.
Етпеуші еді тіршілікте өмір ет
Ашып еді өз-өзінен енді шет
Жүруші еді қызылбаста тірлік қып,
Аты еді ол түрікпеннің Кәжденбек
Тайып тұрған Раушенбектің табына
Не кездеспейд ердің ойла бағына?
Зар еңіреп Раушенбек тұр еді,
Душар қылды Кәждекемді бағына.
Еңіреген көргеннен соң баланы
Жақын келіп тыңдап тұрды жанына.
Назар салып қарап еді Кәждембек,
Түрікпен елдің ұқшастырды задына.
Таныған соң адам шыдап тұрар ма?
Бірге туған өзінің тектес қанына.
Кәждем айтты: «Жаратқан жалғыз Құдайым,
Енді кәйтіп бұл жұмысқа шыдайын.
Қамқұн болып қолға түскен жан екен,
Неде болса мұны сатып алайын.
Бір перзентке зарланумен жүр едім,
Қамқұн болған қуансын деп Күләйім»
Делдалға айтты: «Қымбат айтып бұлдама
Мен аламын әгәр келсе ымлаға».
Дәлдәлменен арман – бермен сөйлесіп,
Сатып алды үш жүз екі діллаға.
Шын кәдірлі Кәждембектей ер еді,
Түрікпен елі асыл соның тегі еді.
Раушенбекті сатып алып Кәждекем
Күн батқан соң сарайына енеді.
Қамқұн болған отыр еді Күләйім
Жас сәбиді келгеннен соң көреді,
Көргенінде нұрын ердің Күләйім
Шаттану мен шалқыды енді жүрегі.
Кеуілімде көп еді деді уайым
Жұмысымыздың аңғарғандай сылайын.
Бір перзентке зарлау менен отыр ек,
Киіміменен жеткерді-ау деді Құдайым.
Келгеніне болып еді бір талай
Қайғы менен қасірет шеккен аһ-уай,
Ұл перзенттен кеміс еді бұл ғаріп,
Жалғыз қызы еді оның аты Ақалай
Бұл екеуі келгеннен соң сыр ашты
Бір-бірінен жөндерін сол сұрасты.
Ашылды деп айтылады шегінен,
Екеуі де нәсілі әнді тегінен,
Қамқұн болып сырын ашты екеуі
Жүргеннен соң не қыларсың жөнімен.
Бұл екеуі жөн сұрасып көріп ед,
Екеуі болды екі түрікпеннің тегінен.
Қариялардың айтып кеткен мысалы
Соғар бір күн алдына ал ол тоқалы
Бала болып қолымызда қалсын деп,
Ақалайын неке қиып қосады.
Аман ердің шығар деген атағы
Оңға айналса ісінің енді шатағы
Ақалай мен көіңіл қосып Раушенбек,
Күні-түні шықпай үйде жатады.
Таудай ердің қайт болар ма талабы
Жүрсе егер көрерсіздер қараны.
Бірнеше күн үйден шықпай жатқан соң,
Раушенбекке Кәждем жігіт барады.
Қалай мынау болып жатыр тұрағың,
Күні-түні қалай жетед шыдамың.
Үйден шықпай, жатып қалдың Раушенбек
Келіп тұрмын тыңда мені шырағым.
Басың артық ойлап тұрсам төресің,
Ақ ісіне пендесің ғой көнесің.
Күні-күні жатып алсаң шықпай сен,
Қапа болып бір жерде жаным өлесің.
Келіп тұрмын сен сияқты данаға,
Тыңдатам деп айтқанымды балаға.
Қапа болып өліп кетерсін Раушенбек
Гуләйт етіп қайтайық деп қалаға».
Таудай еді Раушенбектің талабы,
Айтылған соң көңіліне қонды жаңағы.
Ата тілін алмай бала қала ма,
Еріп келед Кәждембекке жаңағы.
Жұмыс келсе көрерсіңдер оңынан,
Қайғы, қасірет тарқамайды мұңынан,
Бахыт қашып, бағы тайған сорлыға,
Бір қу басты дұшар қылды-ау жолына.
Жерде жатқан қолына алып қу басын,
Сынай берді қу бастың алып тұлғасын.
Бұл кедейлік әр жігітті мұңайтар,
Ғажап емес Раушенбек шын айтар,
Топырақты жамылу мен жатырсың
Сені тұлпар басы деп жаным, кім айтар?
Көңілімнің көп еді ойда данасы,
Көздің ақты-ау көптен бері сорасы.
Құл боп келіп қызыл басқа сатылдым
Кім айтады мен, Толыбай сыншы баласы?
Өтесің-ау басымыздан дүние, бақ,
Ажал деген тиерсің-ау бір күн-ақ.
Екеуміздің көрген күніміз бұл болды,
Екеумізде бір тиындай баға жоқ.
Айтып тұрған мен сорлының табыма,
Қалар ма екен айтылмастан тағы да.
Бағым қашып, бабым тайып жүргенде
Ат қып Құдай көрсетпейді-ау бағыма!
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Өз елімде Раушенбек бек еді.
Қу басты алып еңіреп тұрған Раушанды
Шаадат пен бір уәзір көреді.
Бастан аяқ баян айлап қалдырмай
Шаадатқа уәзір айтып келеді.
Кеше сатқан құлыңыз сіздің жылап тұр,
Бір қу басты құшақтаумен ұнап тұр.
Бұл, дариға тұлпар басы деп айтад
Сол сүйекті құлыңыз сол сынап тұр.
Шаадат айтты: «Анық көрсең едің ер
Ақылы кеңес енді дейміз кемеңгер,
Нәсілі әндік, сыншы шығар ол құлың.
Бірің барып көп кешікпей алып кел,
Айтқан ақылды қайдан табады».
Құшақтатып қу басын сол Раушанды
Шаадатқа алып келді жаңағы.
– Біздің елде көп күн болды жүргенің,
Ондай өмір қиын болар сүрмегің,
Жерде жатқан қу басты тұлпар басы – деп,
Бас екені айтшы қайдан білгенің.
Раушан айтты: «Еркі келсе келмес ердің жүргісі,
Айтып еді ертеректе бір кісі.
Тұлпар атты сынау маған қиын ба?
Жетпіс екі жерде болар белгісі,
Ғаріпті ердің күн көреді нешеуі.
Өтіп жатыр қайғы күннің кешеуі,
Сол айтылған жетпіс екі белгінің
Осы баста бар екен, тақсыр жетеуі,
Төртеуі бар құлағының түбінде,
Үшеуі бар тістерінің жігінде,
Осы айтылған нанбасаңыз сөзіме
Не айтайын Шаадат хан өзіңе.
Қолымда тұр, сол қу басты әкелдім,
Көрсеттім, мен нанбасаңыз көзіңе».
Көзі менен Шаадат хан көреді,
Көргеннен соң сыншылыққа сенеді.
Сыншылығының шын екен деп жаман құл
Бір ақ күлше силық деп бұған береді.
– Таймай сынап тұра сөйле табыңа,
Дақ тигізбе, Раушан енді жаныңа,
Сәті дандық сыншы екенсің Раушанбек
Қандай нәрсе білесің сынап тағы да?
Раушан айтты: «Ұнады ма бұл ісім?
Осы айтылған әңгімеме сіз түсін,
Жаңабайлап назар салсам білемін,
Сиыр малдың тас бауыр туған тынжысын,
Не айтсаңда беріп тұрмын мен тәжім.
Тыңдаңызшы құлақ салып сіз өзіңе,
Жаңабайлап назар салсам білуші ем,
Түйе малдың туған асыл бір жампозын.
Сыншылықта екі талай ұққаның,
Сыншылықтан жоқ ед титтай жұтқаным,
Және абайлап назар салсам білемін,
Адамзаттың құл мен асыл сырттанын.
Шахадат айтты: «Ұнап тұрды бұл ісің,
Жиын болса жаман құлым шын күшің,
Өзің айтқан сөздеріңді ақтай бер
Сен сиырдың тап, деді енді тынжысын.
Раушенбек іздеді енді қарап сиырын,
Талай жердің басып келед қиырын
Іздеген менен таба алмай келед тыжыны,
Сыншылықтың білді тиген қиынын.
Раушенбек келе жатыр еді өкініп,
Таба алмасам қалдым ғой деп бекініп,
Сары қызыл ала талпақ бастау бір бұзау
Топырақ шашып қасына келді өкіріп,
Келгеннен соң бұқа қарап тұрмады,
Тұяғымен топырақ шашты тырнады.
Құлақ салып тыңдап еді Раушенбек
Жетпіс екі көтеріп дауыс шығарды.
Жалпақ екен сол бұқаның сауыры,
Мың басатын аяқтың қандай ауыры,
Назар салып қарап еді Раушенбек
Пынжы екен сол бойымен бауыры.
Бұқаны алып ұстап алып жетелеп,
Шаадатқа келді Раушан төтелеп,
Көп айналмай Шаадатта келеді,
Өз елінде Раушенбек бек еді.
Бауыздамай кіндігінен кесті де,
Қос бауырын қолына алып береді.
Қарап тұрса бауырының бәрі тас
Шаадатта көзіменен көреді.
Сыншылығын шын екен, – деп жаман құл,
Бір-ақ күлше сыйлық, – деп тағы береді.
Сыншы екенсің аңғардым деп мен өзім,
Не айтсаңда бере берші сын сөзің.
Өзің айтқан сөздеріңді ақтай бер,
– Сен түйенің тап, – деді енді жампозын.
Қайғы-қасірет айрылмайды мұңынан,
Айтсаң неттің құтылып сол шыныңнан,
Жалған айтпай шыныңды Раушан айта бер,
Енді өзім ере жүрем соңыңнан.
Таба қойсаң күнің сенің ашылды,
Онда қызыл көре алмассың жампозды
Ен далада кесем, – деді басыңды.
Раушенбек ғаріп іздеді түйесін,
Талай жердің басып келед киесін,
Іздегенмен таба алмай келед түйені,
Сыншылықтың білді тиді киесін.
Раушенбек келе жатыр еді ойланып,
Таба алмасам қалдым ғой деп жайланып,
Тігулі тұрған бір лашықтың түбінде,
Көк ала бас бір түйе тұр байлаулы
Раушенбек жетіп келіп қасына,
Екі-үш мәрте көре берді айналып.
– Бұл түйеде қандай ақың бар еді, – деп,
Біреу шықты шотасын алып сайланып,
Өзіңе-өзің келе атырсың дем беріп,
Алдыңызға көк дауылды өңгеріп,
Тілімді алсаң бұл түйеден аулақ жүр.
Бес үйлі жан отырмыз мұнан күн көріп.
Құлағың сал, деді Раушан, – Шаадат,
Тыңдай берші сөзімізді айтқан нақ,
Пұлың жетсе бұл түйені сатып ал,
Жампозы осы түйенің деді ақиқат.
Шаадат айтты дегенменен табылды,
Босқа қақпа деді құлым дабылды,
Әлде болса аңғарып көр түйені
Жалған болса, төгем, – деді қаныңды.
Раушан айтты: «Қалдыма сөз тағыда,
Кім таласар Тәңірі берген бағыма,
Осы түйе жампоз болмай қалса әгәр,
Менде ризамын бір қасықтай қаныма.
Сатып алды Шаадат хан үлекті,
Бауыздамай торпымақты әулетті
Пышақшы салған асың жетеді,
Аралаумен түгел соны өтеді.
Бар қыспағын сыпырып қолға алғанша,
Мыңқ етпестен жаны шығып кетеді.
Көзіменен Шаадат хан көреді,
Сыншылыққа енді Шаадат сенеді.
Сыншылығын шын екен деп жаман құл
Бірақ күлше силықты тағы береді.
– Келтірермін жалған айтсаң тезіңді,
Адамзаттың құл мен сырттанын білем деп едің
Кім боламын, айтып бер менің өзімді.
– Ашуыңды тақсыр енді жинаңыз,
Сыйлық беріп мені орынсыз сыйлама.
Өзіңізге жасым менің жетпейді,
Өзің үшін тақсыр мені қинама.
Қаһарланып Шаадат хан ақырды:
– Жасырасың айта салып бар сырды,
Жасырмай-ақ айта бер деп қалдырмай,
Кесем егер жалтаңдасаң басыңды.
Раушан айтты: «Енді бұған не дейін,
Тірі жүргенде шықпайтын шығар мерейім.
Осы залым мені өлтірмей тынбайды,
Өлсемдағы шынын сөйлеп өлейін.
Көп болғанда келтірерсің кезімді.
Мен деп едің айтқанына төзімді.
Сына деуді қоймасаңыз Шаадат
Әнеукүні-ақ байқағанмын өзіңді.
Астыңдағы бір арыстанның байтағы,
Сен адамның байқауымша шайтаны.
Қариялардың сөзі жалған емес тұр,
Әрбір нәрсе деген нәсіліне қайтады.
Түбіңізге тек дарылып кеткен дарымай,
Бақ қонған соң жүрген жансың арымай
Негізіңді байқап қалдым Шаадат
Негізіңе нан қосқан екен жарымай.
Осы жерде көп күн болды жүргенім,
Аз болды ма еткен менің еңбегім.
Сонда маған беріп тұрған сыйлығың,
Шалпылжы сыйлықты маған берген.
Ешкімнің жоқ бұл сөзіме таласы,
Келсе әркім сыпа берсін шамасы.
Аңғардым сенің нәсіліңді Шаадат
Бір наубайшы құл сарттың сен баласы.
Көргеннен күнің Шаадат хан тар көрді,
Айлағанын өз кеуліне зар білді,
Әділетті айтқан жанды өлтіруге
Халықтан сол қорықты да, ар көрді.
Аудармады Шаадат хан қалыпты
Көрсетпеді бұл сөзінен жарықты.
Бұл жұмысты ашу үшін Шаадат
Жинап алды қалдырмай түгел халықты.
Халық келіп толтырып тұрды көшесін,
Есіткенше білмейді мұның пешесін.
Бұл жұмыстың масқарасын ашуға
Шақыртып алды тағы жатқан шешесін.
Қаһан келді бір уақытта бүгіліп,
Халық тұрды ал жағынан жүгініп.
«Қай баласын танымаймын шырақ» – деп
Сықсиып жүр күн салып енді үңіліп.
Шаадат айтты: «Күтіп тұрмын манадан
Қайнады балаң кейбір қапа қарадан.
Мынау тұрған жаман құл мені құлсың дейді,
Шын айта ма айтшы мұны анажан?
Қартайса да кемпір тура кісі еді,
Жалталамай тура жолмен көшеді.
Қалдырмады ақ-қарасын қария,
Қағып түгел енді көпке шешеді.
Менің жұптым патша болған халыққа,
Назары түскен сонда аш пен арыққа,
Ол жүргенде халқым түгел кенеді,
Шын қадірлі ел ағасы ер еді.
Халықты басқарып тұрсадағы бұл ғаріп
Бір перзентке зар айлаған кем еді.
Жүргенінде зарығумен падиша
Бір наубайшы сарт қолына кеп еді,
Баласындай осы сартты көріп ед,
Әйел алып сартқа патша беріп ед,
Қолымызда қызмет еткен нан жауып,
Наубайшы боп сартта енді жүріп ед.
Арасында бір-екі жыл өткен соң,
Сол сарт әйелінен бір ұғлан көріп еді,
Сұм дүние ойласаңыз пасық ед,
Онда өлім өз басыма қашық ед,
Тұмсығын сол күң емшегіне тигізбей
Бауырыма алып келіп басып еді.
Падишаның ханымы туды дегізіп,
Халыққа да толық хабар шашып ед.
Тілім сөйле дегенім осы анықта,
Түсіндірші тұрған мынау халыққа.
Сонан бері падишаның баласы,
Әлі күнге шықпай келеді жарыққа.
Ешкімнің жоқ бұл сөзіме таласы,
Түрікпеннің көзінің қандай шарасы?
Шын айтады мынау тұрған Раушенбек
Бір наубайшы құл сарттың сен баласы.
Шаадат айтты: «Көңілімнің көп болды алаңы,
Не етермін асырап баққан ананы».
Қысылғаннан көзі көрмей Шаадат
Жан-жағына назар салды қарады.
«Падишамыз нәсіліңіз туған құл екен» деп,
Екеу-екеу күңкілдеп халық барады.
Салған үлкен Раушенбек бүлік тұр.
Бірін-бірі келген халық іліп тұр,
«Падишамыз нәсілі әнсіз құл екен», – деп,
Жымың-жымың екеу-екеу күліп тұр.
Шаадат айтты: «Сөзің сенің тақымды,
Жанға жаман айтқан сөзің батылды,
Өлмей менен қайда енді құтыласың,
Түсірермін қолдасың ғой сәтіңді.
Сыншы екенсің жаман құлым тоқталма,
Азын-аулақ сынап бер деді атымды.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Раушенбектің отша жанды жүрегі.
Амал бар ма екі етпейді әмірін,
Шаадаттың ізінен енді ереді.
Зығырданы Раушенбектің қайнады,
Көзі оттай ердің енді жайнады.
«Кісі елінде сыншылық балам етпе», – деп,
Және әкесінің сөзін тартып ойлады.
Басын шайқап, жасын төгіп көзінен,
Балаларша бармағын тістеп шайнады.
Әңгіменің айтылғанмен халалы,
Осы иттің тиед деп ақыр залалы.
Жүз елудей наз бедеуі бар еді бағылған,
Сарайына Раушенбек барады.
Не істерін ойлап қайдан біледі?
Дүрс-дүрс соғып келе жатыр жүрегі,
Падишаның өмірін екі етпес,
Сарайына бесінде келіп енеді.
Келсе тұрған тұлпарлар екен бекініп,
Келе жатқан сәби еді ғой өкініп.
Тістеп, теуіп жан жүргізбей маңынан,
Тұрған бәрі енді мұның секіріп.
Ат жақпады көрген менен табынан,
Кінә тауып болар ма патша малынан.
Көргенменен ат жақпады сұлтанға,
Сұр мен шағыр екі аттың сипап жалынан.
Мұны көріп шыға келді далаға,
Тәңірі жәрдем болмаса мұндай балаға.
Таудай ердің қайт боп қалған талабы
Енді жүрсе көрерсіздер қараны.
Баста сәлде, қолда аса, астында жазық торы ат бар,
Бір диуана «иһу» салып барады.
Диуана өзі мінген жалбыр торыға,
Раушенбектің түсіп кетті назары.
Түсірмеген екен мұның бабында,
Ашпай жүрген диуана екен бағында.
Бөтен жақтан болмайды екен алаңы
Әр жерден де жылқы екен бар хабары.
Шаадатқа көп кешікпей Раушенбек,
Беріп жатқан барып енді жауабы.
– «Көріп келдім, барып тақсыр, атыңды
Ішінде жоқ ұзылы титтей татымды.
Сұр мен шағыр екі ат көрдім ішінде,
Алда қашық емен жақын жерге тартымды.
Көргенді айтпай енді қайтып тұрайын,
Шындық айтпай қайтып тақсыр шыдайын?»
Бір диуана мініп барады жалбыр торыны,
Падишалық құзырыңа лайық.
Тоқсан ғасыр ел болған соң өткендей,
Ойланбаса машахат және шеккендей.
Жау қолында қала қойсаң бір бұрыс,
Қашсаң әгәр, жылқы екен құтқарып кеткендей,
Өз қолыңнан дұшпан қашса шағылып,
Қуа қойсаң көп ұзатпай жеткендей.
Бұл сөзіме, ей Шаадат құлақ сал,
Сізге тағы айтып тұрмын сөзді дәл,
Сұр мен шағыр екі атыңыз ішінде,
Жүз елуін берсеңде соны сатып ал.
Мен айтпаймын өлтірсеңде өсекті,
Тақсыр сіз де білесіз ғой есепті.
Жем мен шөпке сроғыа өңшең қайтесің,
Түбірі шықпас салып өңшең есекті.
Қаһарланып Шаадатхан ақырды,
Мирахорын кел деп жылдам шақырды.
Алдарына шақырып алып бұларды,
Жандарына айтып қатты батырды.
– Көрдіңдер ме иттің маған ізләрін,
Келтіріңдер басына мұның кезләрін,
Дұшпандығын көрмейсің бе залымның,
Ойыңыз деді апарып тысқа көзләрін!?
Маған мұның айтқан сөзі жақпады,
Еш сөзінен береке мұның таппады,
Дұшпандығын көрмейсің бе залымның,
Бір диуананың бір есегін маған мақтады.
Жүз елудей наз бедеудің қасында,
Диуана мінген бір есек те ат па еді?
Басқа жақтан болмайды титтей алаңы,
Қор қылуға айналды мұндай баланы.
Падишаның әмірі екі бола ма?
Раушенбекті тысқа алып барады.
Зар еңіреп келе жатыр Раушенбек,
Кәждембек те бірге жүрді жаңағы.
Жапан жүзге алып барып мирахор,
Раушенбектің екі көзін ойып алды.
Жарық күні қалдау мұның түндей боп,
Үңірейіп қалды екі көзі індей боп.
Жігіт еді екеуі де аталас,
Көзінен сол, төгілді жерге қанды жас.
Әңгіменің білген ерге халалы,
Екі көзін Раушенбек ойғызып,
Кәждекемнің айтқан сонда азалы:
– Қайтқаныма шыны менен ырай-ау,
Жұмысымыздың оң болмады сылай-ау,
Алла деген бір пенде еді Раушенбек,
Не пиғылынан тапты Құдай-ау!
Не пиғылынан Раушанбектің тапқаны
Елдің тұзын еред сондай ақтады.
Қадір мәулен не жазығы бар еді,
Ерте түсті ажалдың бұған қақпаны.
Қор қылдың ба Раушенбектің өзләрін,
Келтіртті хақ болса дакезләрін.
Қадір мәулен не пиғылынан тапты бұл,
\Ойғызғандай екі қара көзләрін?!
Қайғы, сана, салдың бізгә уайым,
Қалай қылып бұл қорлыққа шыдайын.
Еліне қамқу болған жан еді,
Қайтардың-ау бұл ғарыптың райын.
Бұл қалпы мен ертіп барсам мен үйге,
Қамқұн болған қайғыратын болды-ау Күләйім.
Әңгіменің айтылып түгел халалы,
Тиді бұған қызылбас иттің залалы.
Раушанбегін күн батқан соң жетелеп,
Үйіне сол Кәждем енді барады.
Екі көзі үңірейіп қалған індей боп.
Қалғаннан соң жарық күні түндей боп,
Барғаннан соң Күләйім оны көреді,
Бермепті-ау деп жаратқан әділ төрені.
Раушенбектің екі көзін көргенде,
Сенді шалқып тұрған оның жүрегі.
Қызылбастың тиген екен азары,
Қайтып кегін бұл екеуі алады.
Раушенбектің екі көзін көрген соң,
Күләйімнің айтып жатқан азалы:
– Сақтық пенен ертелі кеш отыр ек,
Киіміменен жеткерді-ау деп баланы.
Қайтқаныма шыныменен ырай-ай,
Шын арыстан, раушан еді-ау нұбай-ай.
Алла деген бір жан еді бұл ғаріп,
Не пиғылынан тапқаны шын Құдай-ай.
Көңілімнің кетпей қалды сайғаны,
Қандай жерден болмақ енді жайлары.
Кісі елінде басыңды бағып тек жүрмей,
Жан алдату керек затпеді қызылбас иттің тайлары.
Ердің келмес кісі елінде күлкісі,
Көп жинаған қызығы жоқ мүлкісі,
Кісі елінде басыңды саға айламай,
Жамандатып кетер деп пе ең қызылбас, иттің жылқысы?
Қанды аралас төкті көзден жасыңды,
Енді көңілің қайтып жаным ашылды?
Кісі елінде сыншылықты қайтесің,
Босқа бағып жүрмей шырағым басыңды.
Кеше көрген қиындықты өтіңдер,
Тіршілікте мақсұтыңа жетіңдер,
Ахыр бір күн ит пен құсқа жем қылар,
Туған елге екі бекзат кетіңдер.
Бұл сияқты көрдің құстың сен?
Ит пен құстың тастар бір күн жеміне.
Қариялардың айтқан сөзі қате емес,
Ерді туған, итті тойған жеріне.
Раушан айтты айтса анам ақылды,
Кім айтады бұл болмаса ақылды,
Ақылы дана асып туған Күләйім,
Айтқан сөзі бәрі сондай мақұлды.
Жаратушы жанның бәрі бұйрығы
Босқа жылап отырмайық деді бұлар.
Таң атқан соң өтінішім Қаждеке
Базар жаққа деді ау мені ертіп бар.
Ұйқы қызығын көре тұғын көзім жоқ,
Бақтымызға кездеседі деді қандай мал.
Құлағыммен дүбірін тыңдап көрейін,
Кетпейтұғын бұл жұмыстан деді хал.
Бөтен жақтан болмады титтай хабары,
Қор қылған соң Раушенбектей дананы.
Тыңдаған соң айтқан сөзін Кәждембек
Барлығында енді қабыл алады.
Таң атқан соң Раушанбегін жетелеп,
Базар жаққа Кәждем кетіп барады,
Келе жатыр қамқұн болып қабағы,
Жауатұғын күндей болып қабағы.
Баста сәлде, қолда аса, астында жалбыр, тор ат бар,
«Иһу» салып диуана өтіп барады,
Диуана мінген өзі жалбыр торының,
Дүбірі кеп құлағын ердің шалады.
Раушан айтты бұл сөзімді нақтап кел,
Диуана тұсымыздан өткен мынау жақсы атпен.
Өзім үшін я, Кәждем тыңдашы,
Кімде болса нақ осыны тоқтат деді.
Қолға түссе, деді Кәждем осы ат,
Кеуілдегі орындалар мақсат дер,
Диуананың естіген соң құлағы,
Аттың басын бұрып кейін тұрады.
Енді жақын Раушенбек келеді,
Өз елінде арыстан туған бек еді.
Көретұғын көзі қайда ғаріптің
Сылап-сипап қолыменен көреді.
Қанды аралас қызылбас төккен жастарын,
Қор қылған соң не қыларсың достарым.
Көре тұғын көзі қайда ғаріптің
Сылап-сипап аттың көреді бастарын.
Кәждемге айтты қымбат айтып бұлдама,
Мен аламын егер келсе ой, Аллаға,
Кәждемменнен арман-бермен сөйлесіп,
Сатып алды алпыс екі ділдаға.
Қайтты екеуі сол тұлпарды жетелеп,
Келе жатыр Һәулісіне төтелеп.
Раушан айтты: «Қайтпасын қисса ырайың,
Әр жұмыстың алды оңғарар сылайын.
Қамқұн болып жүргенімізде Кәждеке,
Ойда қапты, ескерді – деді Құдайым.
Бұл сөзімді тыңдаңызшы құлақ сап,
Айтайын мен кеңесімді сізге нақ.
Ойдағы атым кез келіп қалды Кәждекем,
Қырық күндей түнекке салып мұны бақ,
Сонда шығар деді Кәждем мерейім,
Енді бізге мұнан артық не дейін.
Қырық күн шарты біткеннен соң торыны,
Алып келші соны өзім көрейін.
Айтқан тілін Раушенбектің алады.
Кім тыңдамайды бұл сияқты дананы.
Айтқанындай күннің көзін көрсетпей,
Қырық күнге шейін түнекке салып, бағады.
Қырық күн шарты біткеннен соң, Кәждекем,
Раушенбекке торыны алып барады.
Әңгіменің тыңла бегілер наштарын
Көрдіңіз бе сабырлы ердің сасқанын,
Көретұғын бұл ғаріптің көзі жоқ,
Тауып сипап қол мен көрді бастарын.
Тор атыңды келтіріпсің бабына,
Түсініпсің деді Кәждем тағыда,
Құлағың сап тыңдап отыр Кәждеке,
Тер қалмапты торының енді жанына,
Енді екеуміз мінгесіп алып «шу» десек,
Ұшқан құста ермейтін бопты шаңына.
Бұл сөзіме Кәждекемде салшы шер,
Ақылы толық өтпес селдей кемеңгер,
Падишаның ат сынайтын қырық қабат дивалына,
Ай жарығымен торыны кешке салып көр.
Қасиеті қандай екен байқа да,
Қайта айналып маған бәрін айтып кел.
Айтқан тілін Раушенбектің алады,
Алмағанда ақыл қайдан табады?
Ер тоқымын салды енді торының,
Сынбасын деп Раушенбектің назары.
Өте қиын ырғуы дивалдан,
Ай жарығымен Кәждем кешке барады.
Бұл сияқты ерлікке ісі ұсады,
Жақын келіп тақымын Кәждем қысады.
Ердің етер қорғанбайтын ісі еді,
Жиып тұрған тор тұлпардың күші еді.
Жақын келіп тақымын қысып қалғанда,
Қырық кездей ар жағына түседі.
Қайта айналып Раушенбекке келеді,
Баян айлап бәрін айтып береді.
Раушан айтты өзінікін жөн қылар,
Сізді де сол бір жеріңді кем қылар,
Бұл мейірімсіз қызылбасқа сенбейік,
Көп кешіксек ит пен құсқа жем қылар.
Кеше көрген қиындықты өтейік,
Жаратқанның жазуына не етейік?
Хабар тапса қызылбас бізді құртады,
Күн айналмай Кәждеке енді кетейік,
Қайғы-сана тағы салар уайым,
Жәрдем болар біз ғарыпқа Құдайым.
Көп кешікпей бұл арадан кетейік,
Алла жазса туған жерге жетейік.
Хабар берші Ақалай келсін Күләйім,
Әңгімемнің тыңдасаң осы халалы,
Хабар тисе тағы тиер залалы,
Көп айналмай Кәждеке мұнан кетейік,
Келсін деді артық туған Бабалы.
Келді үшеуі көп кешікпей есітіп,
Екі бектің тигеннен соң хабары.
Келгеннен соң Ақалайдай қызын көріп,
Кәждекемнің айтып жатқан ғазалы:
– Жалған емес тоқты шалдым шыныма,
Көңіл бөліп тыңдашы деді мұңыма.
Жан перзентім Ақалайым қайыр, хош,
Жұрттың сені бермедім ұлына.
Кейбір кезде жүргенімде зарығып,
Шаршап әбден өз күшім тайып шалығып,
Көріп едім жан перзентім Ақалай,
Зар еңіреп жүргенімде тарығып.
Кісі елінен таба алмадық біздер дос,
Қайғырғанмен болмайтын болды енді бос.
Жан перзентім жазуы хақтың бұл болды,
Амал бар ма көргенімше хайыр хош.
Әр жұмыстың аңғарыңдар сылайын,
Қайтып енді бұл қорлыққа шыдайын,
Жан жолдасым ахиреттік хош болшы,
Алла жазса көрісерміз Күләйім.
Әңгіменің айтылған осы халалы,
Қызылбастың тиді бізге залалы.
Тұрғанымызда осылай болып тисе хабар
Көп жылқының егесі болып қалдыңыз,
Хайыр хош бол құл да болсаң Бабалы.
Артық пен қарап тұрмын кеміне,
Құлағың сал Кәждекемнің сөзіне,
Мал мен жанды тапсырып тұрмын Бабалы
Көргенімше хайыр хош бол, өзіңе.
Сол уақытта ісінің көріп сылайын, –
Деді бұған қайтып енді шыдайын,
Ақылы дана тарыққанын көрген соң,
Айтып жатыр асыл туған Күләйім.
– Артық туған ер жігітте болар ма,
Еңірейтін болса босқа уайым,
Ақылы кеңес айтамын сіздей данаға,
Айтпағанмен барлық сырды бала ма?
Қамқұн болып қайғырмаңдар екеуің,
Өздеріңнің жолыңа біздер садаға.
Көп болғанда бір жолғы тапқан малың да,
Айналмаңдар қатын менен балаға.
Кеше көрген қиындықты өтіңдер,
Мақсұтыңа ер болсаңдар жетіңдер,
Құқысы бар ерлер бұған мұқамас,
Жаның сауда елдеріңе жетіңдер.
Айтқан тілін Күләйімнің алады,
Бұл сияқты кім тыңдамайды дананы.
Раушан айтты ер жетеді шартына,
Тоқтау салды Раушенбекте қартына.
Мен сорлының көретұғын көзім жоқ,
Кәждеке алға, мен мінейін артыңа.
Бұл екеуі айтты сөз бен сербесті
Екеуін де көрсе жандар ер десті.
Біреуі сау, біреуі соқыр екеуі,
Бір торы атқа хош айтысып міңгесті.
Не екенін ойлап қайдан білемін,
Осы айтылған кеңесіме толық сен.
Хайыр хош деп қалыңдар үшеуің,
Алла жазса қайта айналып көрермін.
Не екекнін ойлап қайдан біледі,
Раушенбек өз елінде бек еді.
Біреуі сау, біреуі соқыр мінгесіп,
Торы атпенен қақпа жаққа келеді,
Кетуі де қиын мұның құтылып,
Қалай шығады ұшбу жерден сытылып.
Биіктігі қырық кездей қақпаға,
Жан жағын сол тұрған әскер бекініп.
Таудай еді екі бектің талабы,
Назар салып жан-жағына қарады,
Әстен-әстен абайлап тұр екі бек,
Жақындап сол қақпаға да барады.
Жақын барып тәуекелдеп екеуі,
Қаңтарулы тор тұлпарды алады,
Торы тұлпар көтерілді доптай боп,
Жанған өртте қарап тұрсаң шоқтай боп,
Ердің етер ескерсеңдер ісі еді,
Жиын тұрған тор тұлпардың күші еді,
Қаңтаруын алғанында торы тұлпар,
Қырық кездей ар жағына түседі,
Аман өтті екі бекзат шаталмай.
Қарауыл да қалды кезеп аталмай,
Не екенін ойлап қайдан біледі.
Алла сақтап есен өтті бұл ерді.
Есен аман дұшпандардан құтылып,
Ойнақтасып жолға түсіп жөнелді.
Болмай қалды мирахорлардың тұрағы
Қайтып адам бұл жұмысқа шыдады.
Көз алдынан айрылды бұл дұшпаннан
Күңіреніп мирахорлар жылады,
Бұл дүниеде енді қайтып жүреміз,
Қалай өмір десті бұлар сүреміз?
Көз алдымыздан айрылып қалдық дұшпаннан
Кесті басты Шаадаттан өлеміз.
Таудай ердің қайт болып қалды талабы,
Жабылып қалды мирахордың қабағы.
Айтпаған мен Шаадат хан өлтіред,
Еңіреу мен Шаадатқа барады,
– Құлағың сал бізге деді Шаадат,
Айтатұғын өзіңізге ұшбу хақ,
Қапылдықта бір дұшпаннан айрылдық,
Тақсыр міне келсең деді алда бас
Қиындықтың бізден тақсыр өткені,
Мақсұтына тірі кетсе жеткені,
Мылтық кезеп ата алмадық періні
Неде болса есен сау сол кеткені.
Сол уақытта көзден төгіп жастарын,
Шаадат хан шайқай берді бастырын.
Балаларша бармағын шайнап Шаадат,
Шақырып алды жан-жағынан достарын,
– Бір қапыл бізден асылы өтіпті,
Тірі кетсе соқыр түбімізге жетіпті.
Өзі сыншы емес пе еді соқырдың,
Бір тұлпарды тауып алып бекітті,
Көп кешігіп тұрмаңыздар бұл жерде,
Сол соқыр ғой елге қашып кетіпті.
Белді бекем бір екеуің буыңдар,
Ер болсаңдар қызатұғын долы бар,
Өзі айтып ед сол соқырдың деп тартымды.
Сұр мен шағыр екеуін мініп қуыңдар,
Құтқармайды осы екеуі қашқанын.
Таптырмаңдар иттің онша достарын,
Жете қойсаң маған тірі әкелмей,
Кесіп әкеп көрсет деді бастарын.
Қалай шыдап енді бұлар тұрады енді,
Болмай тұрған ізі менен тұрағы.
Сұр мен шағыр екеуін мініп, бір кезде мирахор,
Раушенбекті есіткен екен кұлағы.
Жақын жердің таңдап бұлар төтесін,
Не биік белдерден асып сілтесін.
Жете қойса басын кеспей нетеді,
Деген сөзді Шаадат хан етеді.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Қуып келед елге қашқан бұл ерді,
Кеше түсте кетіп еді Раушенбек
Тұлпарының қалай дабыс келеді?
Тауып шапты қызылбастар төтені,
Деді таныс емес де еді мекені,
Бүгін түстен күн еңкейіп бара жатыр,
Арттан қуып шағыр енді жетеді.
Раушан айтты: «Ей, Жаратқан Жаппар, бұйру бар,
Бұл сөзіме Кәждеке енді құлақ сал,
Қаны қызып астындағы ат елегізіп,
Келе жатыр, отырсыз-ай бихабар,
Тыңдап келем Кәждеке сіз тыңдашы
Артымызда біздің үлкен бір дүбір бар,
Мен сорлының көре тұғын көзім жоқ,
Сіз өзіңіз, қараңызшы қандай мал?!
Бөтен жақтан болмай тіпті алаңы,
Кім тыңдамайт Раушенбектей дананы,
Есіткен соң айтқан сөзін Кәждекем,
Денесін бұрып артқа назар салады,
Бастан аяқ түс-түтігін көрген соң,
Баян айлап айтып жатыр жаңағы.
– Жалғыз аяқ көпті жеген табырды
Неге жетсін бір кеткен соң сабырды,
Келе жатқан ат реңін байқадым,
Ала аяқ көбелек көз шағырды.
Кәждем айтты біздерге болсын Алла жар,
Жаратушы деп келеміз ғой бисұңқар,
– Я, Кәждем саспаңызшы осыдан
Тұлпар басын жылдам енді бұрып ал,
Өтінішім өзіңізге Кәждеке,
Күн астында тұлпардың басын тура сал.
Айтқан тілін Раушенбектің алады,
Түйіліп келеді қапылыстан жау халалы
Тұлпар басын бұрып алып Кәждекем
Күн астына аудармастан салады.
Айтқан сөзін Раушенбектің алады,
Алмағанда қайдан тапсын дананы,
Тор тұлпардың басын бұрып Кәждекем,
Күн астына аудармастан салады,
Шаппақ түгіл қалмақ мінген шағырың,
Қалша қарап, селтиіп тұрып қалады.
Өз елінде озушы еді ағылып,
Кең майданда жүруші еді жағалап,
«Жамандатқыр келіп кәзір өлгір», – деп,
Басқа, көзге қала береді сабалап.
Жау қолында қалмады ерлер тұтылып,
Жолға түсті қайта оралып құтылып,
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Жәрдем болып көркейтті енді бұл ерді,
Құтылып алып қызылбастан екеуі,
Ойнақтатып жолға түсіп келеді.
Кісі еді екеуі де келбетті
Кесімдікке еңкейіп сонда ай жеті,
Кесімдікке ай еңкейіп келгенде
Артта қалған манағы қол құр кетті,
Раушан айтты кім таласар бағыма,
Айтып тұрған кездестірмесе табыма.
Я, Кәждем би хабар әлі келе атсың,
Бір дүбір бар артымызда тағы да.
Я, Кәждем артымызға салғын зер,
Шын қадірлі өз еліңде едің ер,
Түсін баян айла артыңда ат қол аттың
Ақылы кеңес едіңіз ғой кемеңгер.
Артқа назар тағы Кәждем салады,
Құрметтейді Раушенбектей дананы,
Артқа қарап назарлап ед Кәждекем,
Баян айлад көрді дағы жаңағы ,
Жауһар дарын келе жатқан нұр, – деді
Сол сапта шашпай кетем сыр, – деді
Осы жеткен реңі аттың Раушенбек
Ала аяқты көрінеді сұр, – деді.
Раушан айтты: «Жәрдем болар онда бұйру бару
Тоқтаңызшы айламайық, – деді зар,
Астыңдағы тор тұлпарды бұрдағы,
Ай астына аудармастан тура сал».
Айтқан сөзін Раушенбектің алады,
Бұл сияқты бұрыннан білед дананы,
Тұлпар басын бұрып алып Кәждекем,
Ай астына аудармастан салады.
Алған еді айтқанын мұның ұғынып,
Кетті енді торы мұнан шығынып,
Ай астына салғанында сұр аты,
Тоңқияды қара жерге жығылып,
Жүргенменен кепті бұрын аралап,
«Тұлпар деп сол бағаңды сенің бағалап,
Жамандатқыр келіп кәзір өлгір» – деп,
Қалмақ қалды басқа көзге сабалап.
Тілі майда айтса ердің шебері,
Хан ісіне кәнде болса көнерді,
Есен аман қалмақтардан құтылып,
Ойнақтатып жолға түсіп жөнелді.
Таудай ердің қайт болмады талабы,
Енді жүрсе көрерсіздер араны,
Есен аман қызылбастардан құтылып,
Екі бекзат ойнақтатып барады.
Кәждем айтты: «Жаратқан жалғыз бұйру бар,
Тірі жүргенде төгілмейді, – деді, ар,
Құлақ салып тыңдап отыр Раушенбек
Айтатұғын өзіңізге бір кәп бар.
Кейбір кезде айтып сөзді мақтадың,
Кейде ерсің тұзыңды да ақтадың,
Жалған сенен өл-өлгенше шықпайды,
Белгілі ғой Тәңірі берген бақтарың.
Кеше елден шығар кезде Раушанбек,
Бұл торыны шалқитып неге мақтадың?
Бір ғапылдық ойланбаса еткені,
Мен айтармын деп тұрмын-ау өкпені.
Сіз айтқандай тұлпар емес бұл жорық,
Сұр мен шағыр артынан қуып жеткені.
Жалған десең көзіме айт Раушенбек,
Тек айлаңменен құтылып қана кеткеніңг
Айтқан сөзің қалдыма бала шабына,
Қалар ма екен айтпағанмен тағы да,
Шалқитып та бұл торыны мақтап ең,
Ұшқан құс та ермейді деп шаңына.
Шын қадірлі Раушенбек ер еді,
Кәждембектің бұл сөзіне күледі.
– Қалдыңыз ба Кәждеке сонан шошынып,
Едәуір-ақ қалыпсыз-ау қысылып,
Шаппақ түгіл астыңыздағы тор тұлпар,
Жинаған жоқ ішін әлі құтылып,
Жау жетті деп қамшы соқсаң санына,
Жерде болмай көкке ары асушы ед.
Айтатұғын бір сезім сізге тағыда,
Таймай тұрып айтып қойшы табына.
Қаны қызу бекзат едің Кәждеке,
Дақ тигізіп жүрме мұның жанына.
Ертең елдің көргеніңде қарасын,
Жаңылып кетіп, қамшы ұрып жүрме санына.
Түрікпен деген оны да ойла жеріңді,
Осй айтылған аласың ба кебімді,
Жаңылып кетіп қамшыны ұрсаң санына,
Аңсап келген көре алмайсың еліңді.
Батыр туған екеуі де бек еді,
Бір-біріне әзіл айтып күледі,
Түсінісіп айтқан сөзге екеуі
Ойнақтатып Шамбілбелге келеді.
Таудай ердің қайт болмаған талабы,
Жүрсең еркін көрерсіздер қараны,
Тұтас майдан тұяғымен тоздырып,
Екі бекзат келе жатыр жаңағы.
Қанша қашық дегенменен жерлердің
Шапқан сайын тартылады талабы.
Түні менен жазылғанда тор тұлпар,
Бес жүз жер бауырына алады.
Тәңірі артық жаратқан мұндай данасын,
Біледі сол екі бекте шамасын,
Арасына он үш күндей жол салып,
Үргеніштің түсте көрді қаласын.
Қызу кірді Кәждекемнің қанына
Рахат бір енген болды жанына,
Раушенбектің айтқан сөзін жаңылып,
«Айт» жануар деп қамшы ұрып қалды санына.
Келе жатқан тері жаңа төгіліп,
Ұмтылған сол торы тұлпар беріліп,
Санға қамшы тигеннен соң тор тұлпар,
Көкке қарай көтерілді желігіп.
Болмай кетті Раушенбектің тұрағы:
«Сөзім қайда Кәждем айтқан манағы,
Туған жерді көру қиын біздерге» –
Деп еңіреп егетіліп жылады.
Кім таласар тәңір берген несіпке,
Қызыл тілім сөйлер болсаң кешікпе,
Үргеніште саналылар жиналып,
Намаз оқып отыр еді мешітте.
Жар солқылдап бара жатыр отырса,
Бір дүбірді құлақтары есітті.
Бір-біріне бұл қалай деп сұрасты,
Біреулері тоқтай тұр деп жарысты.
Біреулері жер қозғалып барад деп
Кәлимә айтып өз-өзінен қорықты.
Тоқсан үште бір қария бар еді,
Тоқтатты да былай жауап беріпті:
– Түрікпеннің арғы атасы Толыбай,
Түрікпен елі түгел ерді соңына-ай.
Толыбайдың баласы еді Раушенбек,
Қызылбастың түсіп кеткен қолына-ай.
Артық пе екен көнбеген шығар кеміне,
Қызылбас ит жүргізбеген ғой жөніне.
Өзі сыншы бір тұлпарды тауып ап,
Қашқан екен Раушенбек еліне.
Қарасы да қалған шығар көрініп,
Қалмаңыздар мешітте бірің ерініп.
Ертеректе Толыбайдан естуші ем,
Тоқтамайд деп тұлпар кетсе желігіп.
Жеті жерден он-оннан жеті тұлпарды,
Жеті арқанды тостырайық бөлініп.
Қапысын таппай тоқтамайды бұл тұлпар,
Кеткен екен дейді әбден желігіп.
Раушенбектен неге қалсын шегініп,
Неге отырсың мешітте енді ерініп,
Күңіреніп шығып еді далаға,
Көз ұшында бір бұлт келед көрініп.
Жеті жерден он-оннан жетпіс тұлпары
Жеті арқанды керіп тұрды бөлініп.
Торы тұлпар қайтпайды енді бетінен,
Дауыл болып соққан желі лепінен.
Келе жатқан желігіп тауып төтені,
Қандай айла бұған халық етеді.
Желіккен соң жерге тимей тұяғы,
Алтауынан қабат қарғып өтеді.
Көңілі сондай болғаннан соң алаңға
Қайғы түсіп болды уайым заманда.
Тоқтамасын тор тұлпардың білген соң,
Үстіндегі салды арқанды адамға.
Торы тұлпар қайтпай кетті бетінен,
Екі бекзат сыпырылып қалды көтінен.
Қайтып болсын енді мұның тұрағы,
Раушенбектің сөнген екі шырағы.
Туыстар кезекпенен көрісіп,
Зар еңіреп дат-дария деп жылады,
Таудай ердің қайт болмаған талабы,
Енді жүрсе көрерсіздер араны.
Екі көзден Раушенбек айрылып,
Қайым болған қамқұн енді заманы.
Кәждекемнің де өз туысы бар еді,
Құрметтеумен оны да алып барады.
Шын қадірлі өз елінде бек еді,
Ойлы туған ақылы кеңес кен еді,
«Қадір болып ортамызда отырсын», – деп
Раушенбекке мешіт салып береді.
Жұмыс келді есен келіп оңына,
Қайғы-сана хақ түсірді мұңына,
Кәждембекке жай салып берді халқы,
Құрметтеумен күтіп жатыр оны да.
Өмірлерін халық түгел тіледі,
Көзбен елін Кәждем ғана көреді.
Отау болып өз алдына отырсын деп,
Баршагүлдей сұлуды алып береді.
Қамқұн болған есен елге қосылып,
Шаттықпенен елдеріне жүреді.
Тағдыр түсіп басындағы жазулы,
Үш жылдан соң Раушенбек дүние салып жөнелді.
Не екенін ойнап қайдан біледі,
Кәждекемнің де жат боп қалды-ау жүрегі.
Баласы еді бірге келген еліңнен,
Бұл дүниеден хош айтысып Раушан жөнелді.
Қадір етіп барлығыда құрметтеп,
Алып барып қабыр салып көмеді.
Жаратушы жанның бәрін бұйру бар,
Айлаған мен болады ма енді зар,
Раушенбектен айрылған соң Кәждекем,
Сарылғандай болып қалдау тағы нар.
Тұра тұрсын Раушенбек пен Кәждембек,
Артта қалған Күләйімнен хабар ал.
Көп жылды балды елінен асқан кек,
Біреуінен айрылды келген екі бек.
Бұл екеуі елге қашып кеткенде,
Ол Ақалай екі қабат боп қалып ед.
Жалғыз қаздың шығады ма үндері,
Қайғыменен арылмай бастан түндері,
Хасірет шегіп жүргенінде Ақалай
Туатұғын жетті енді күндері.
Күн болмады Ақалайға баянды,
Бір күн шошып көрген түстен оянды.
Таң алдында жатыр еді Ақалай,
Шілтендер кеп берді бұған аянды.
«Хан ісіне пендесің ғой көнесің,
Хақ жазулы деді қалай көресің,
Жазулы осы Жаратқанның Ақалай
Ертең түсте шаһит солып өлесің.
Қамқұн болма Аллаға шет боларсың,
Көр ішінде сәбиіңді көресің.
Кеуіліңнің сақтама енді дақтарын,
Сақтамасаң тұзыңды сонда ақтадың.
Ғайып ирен мен қырық шілтендер жиналып,
Көрден туған Көрұғылы деп қояды, аттарын».
Естіген соң ұшбу сөзді құлағы,
Көрген түстен шошып Ақалай тұрады.
Басын сүйеп отырады Ақалай,
Езіліп бір майдай бұл жылады:
– Жұмысымның келмейт сылайы-ай
Қайтқаныма ақырында рай-ай.
Күләйім бір сүймеген пәндең екен-ау,
Жаратушы еді жалғыз Құдай-ай.
Сақтау деді ол ғарыптың жүрегі,
Қайтып адам бұл жұмысқа сенеді.
Тағдыр жетіп артындағы мен өлдім,
Һәм жүрегі, һәм еді ғой тірегі.
Деді қайғылар о басынан өтпеген,
Машахаты бар ма оның шекпеген,
Бір сүймеген пәндең екен Күләйім,
Туғаннан-ақ көзінің жасы кеппеген.
Ақ ісіне енді неде болса көнейін,
Алла жазса сол жұмысқа сенейін,
Өзім өліп кеткеннен соң білерді,
Күләйімға кәзір барып не дейін.
Анық толық Ақалайдың есі еді,
Өзі айтып, өзі сиынып шешеді,
Күләйімға көрген түсті айтады,
Ертең түсте шаһит болып көшеді.
Қайтып болсын бұл ғарыптың тұрағы,
Көзі көрді өлігін сол жаңағы,
Қамқұн болған Күләйім еді бұл ғарып,
Жаппар Ие деді дағы жылады.
– Кеуіліне салған соң енді уайым,
Хақ ісіне сабыр қылып тұрайын,
Қамқұн болған еңіреттің перзентті
Ақалай еді тілегі сол Құдайым.
Басымыздан қапылдық талай өткені,
Жанымыздың көп машақат шеккені,
Қадір мәулен не жазығым бар еді,
Туғаннан-ақ көзімнің жасы кеппеді?
Бұл дүниеде енді қайтып жүремін,
Қандай өмір қызық пенен сүремін?
Еңіреттің Жаратқан Құдай қайтадан,
Мына Ақалай ед жалғыз менің тілегім,
Айтқан менен болмайды ғой енді бос.
Қадір мәулен Жаратушы көңіл қош,
Оңға айналмай келе жатыр туғаннан,
Не жазығым бар еді енді біздің?
Жан перзентім, жүрегім әрі бедерім,
Амал қанша, Ақалай жан, қайыр қош!
Көңілімнің көп болып тұрған халалы,
Туғаннан-ақ қайғының тиген залалы.
Құлда болса өз қолында жүр еді,
Есітті де еңіреп келді Бабалы,
Ақалайдың өлігін құшып құшақтап,
Зар еңіреп Бабалы да жылады:
– Бұл жалғанда енді қайтып жүрермін,
Қандай өмір, деп еңіреді, сүремін?
Ертең Кәждем есен келсе бұл жерге,
Жан перзентім қайда десе не дермін.
Сөнгені ме шыны менен шырағы-ай,
Жұмысымның келмей қалды-ау ырай-ай
Қадір мәулен ортамызда пәрзент еді,
Бізге мұны қимадың ба Құдай-ай?
Еңіреуменен қашанға отырсын параға,
Жазуына Хақтың енді бола ма?
Ақалайды ақ жусын арулап,
Апарып қойды шеткерілеу молаға.
Ердің қайтып енді шығар атағы,
Қайғыменен басын толық шатады,
Бабалы да хасірет шегіп қамқұн боп,
Бірнеше күн үйден шықпай жатады.
Миа салы қыс болмай барад бойына,
Ұшырады қайғының үлкен тойына,
Қамқұн болып он күндей бұл жатып еді,
Бір ой түсті Бабалының ойына.
Бұл дүниеде не болмақшы кепесі,
Босады ма өмірдің де шегесі,
Ертең Кәждем келіп менен сұрайды-ау,
Көп жылқының мен деп кетті-ау игесі.
Қайтып енді ижтиһат қылып тұрайын,
Жәрдем бізге боларда тағы құдайым,
Кәждем келіп жылқым қайда дегенде
Не деп жауап бере алмай тұрайын?
Қамқұн болып жатқан менен болмайды,
Түгел шығып жиыстырып санайын.
Бойын алып шықты бір күн далаға,
Барып жүрді бөлініп кеткен қараға.
Оң болса енді Бабалының талабы,
Басқан сайын гүл бітіп тұрса қадамы.
Көп жылқысын әр жерден енді жиып ап,
Түгендеді Бабалы құл санады.
Көп жылқының өзі де иесі,
Тауып салсаң тыңдар сөздің жүйесі.
Жиыстырып санап еді жылқыны,
Ішінде жоқ жалғыз Боздыр биесі.
Көңілінің көп болып тұр алаңы,
Баратұғын мерзімді жерін қарады,
Таба алмады іздегенмен биені,
Аққа етті Бабалы құл наланы.
Таба алмайтын болды қағып шамалы,
Боз биені іздеп жүрді жер кезіп,
Боз бие еді-ау көп жылқының анасы.
Таба алмастан еңіреп ғаріп келе атса,
Ақалайдың назары түсті моласы.
Бабалы айтты енді қайтып өтейін,
Тірі жүргенде мақсұтыма жетейін,
Тумаса да туғандай болған перзентім,
Ақалайға дұға қылып өтейін.
Соны айтып келе атыр едің-ау анадай,
Дұға қылып кетейін деп шыдамай,
Кім тыңдамайт тапса сөздің жүйесін,
Құлда болса берген Алла киесін.
Шұбатылып келе жатыр көреді,
Көп қабырдың ортасында биесін.
Көңілі де қалған еді суалып,
Шаттанады биені көріп қуанып,
Боз биесі көп моланың ішінен,
Келе жатыр өзіне қарсы шұбалып.
Естігенін ойына енді тоқыды,
Түсіп әйет моласына оқыды,
Құлда болса көрдің бе асыл зерегі,
Таптырарма ердің ойына керегі.
Әйет оқып отыр еді Бабалы,
Жалаң аяқ баланың ізін көреді,
Көргеннен соң жақын келеді шыдамай,
Көңіл шіркін таппай қалды енді жай.
Көрген сайын ізіне соның тоймаған,
Бұл қалайша һажайып деп ойлаған,
Назар салып қарап отырса Бабалы,
Шарық ұрып қабырдың аузын ойнаған.
Бабалы айтты: «Қайттыма менің райым
Қалай ойлап тетігін мұның табайын?
Жалған айтсам өлгенім ғой а, Құдай,
Сақтасыншы өтіріктен Құдайым,
Шықпай қалар өтірік айтсам мерейім,
Кәзір барып Күләйімға не дейін!?
Күн батқан соң қып тәуекел бұл жерге,
Қайта айналып деді енді келейін,
Не ғажайып жұмыс екен Құдай-ау?
Өз көзіммен әуелі кеп көрейін».
Күн батқан соң қайта айналып келеді,
Құлда болса ақылы толық ер еді,
Түні менен кірпік қақпай Бабалы,
Банабарлап сол қабырды жүреді.
Болып отыр Бабалы құл енді аң-таң,
Қиналып тұр көргенінше шыбын жан,
Барлық жердің бәрі тастай қараңғы,
Көрдің іші жанып тұрған раушан.
Сығалады қабырының аузынан,
Атқандай боп туылады енді таң,
Ақалайдың лахатының үстінде,
Шөгіп жатыр алғыр бүркіт арыстан.
Жатыр еді Бабалы құл сүрініп,
Қайтып мұны ұстаймын деп ілініп,
Ұйқы дұшпан жатқанында Бабалы,
Көзі кетті таң алдында ілініп.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Әр істің де болмайды ма себебі,
Жатыр еді көзі ілініп Бабалы,
Ғайып Ирен мен Қырық Шілтендер келеді.
– Ғарып болған құлағың салшы Бабалы,
Бізді тыңдап білші деді шамалы,
Ертең ерте тұрып енді базарға,
Өрік, мейіз, құрманы тіпті көп қып ал.
Бұл қабырдың аузына ерте жеткейсің,
Бір-біреуден тастап ұзап кеткейсің.
Көңіліңнің болмасын қапалық пен заманы,
Осы айтылған сөзімізді орында,
Ертең ұстап берейік деді баланы.
Таң атқан соң Бабалы құл тұрады,
Жаңағыны естіген еді құлағы.
Ертең ерте базар жаққа барады,
Ұстау енді арманы мұның баланы.
Кәждембектің көп дүниесін аяйма,
Өрік, мейіз, құрманы көп қып алады.
Ұшқан құсты құтқармайтын Бабалы,
Ерттеп мінді астында боз биені жаңағы.
Ертең ерте келіп мұнда жетеді,
Бір-біреуден тастауменен кетеді.
Аман ердің шығар деген атағы,
Бөтен ойда жоқ еді, мұның шатағы.
Төгіп барын таусылған соң жемістің,
Қайта санап күтіп соны жатады.
Бала шығып төгілген жеміс көреді,
Дәмін алып бір-біреулеп тереді,
Балалықтың хақысы жеңіп, теріп жеп,
Бабалының нақ үстіне келеді.
Бабалыны көріп кейін қашады,
Боз биеге Бабалы қамшы басады,
Дақ тигізеді боз биенің жанына,
Мейірімі келмес саннан аққан қанына.
Ұшқан құсты құтқармайтын боз бие
Көрұғылының ермей қалды шаңына.
Келе жатыр бала енді алыстан,
Ер өледі деген бар ғой намыстан.
Сол дұшпанан қашып бала келіп еді,
Қабырының аузында жатыр арыстан.
– Есігімді босатсаңыз кәйтеді,
Қуып келе жатыр деп зарлады бір дұшпан.
Өзім патша дұшпандардан қорқамын,
Алыс жерден шаршап келдім ортағым,
Есігімді босатсаң кәйтеді арыстан,
Осы есікте болмаса сенің ортағың?
Оған мойнын арыстан да бұрмады,
Айтқан менен арызы тұрмады.
Ағып тұрды көзінің енді сорасы,
Еңіреп тұр арызын айтып баласы.
Бұл арыстан қозғалмады тыңдап,
Бабалының жақын келді қарасы.
Қиын болды осы бір жұмыс балаға,
Тыңдамады арыстан мұны жанада.
Жақын келіп қалғаннан соң Бабалы,
Қабырды тастап қашты бала далаға.
Кім таласар ердің берген бағына,
Таймай жүрген уақытында табына,
Жетемін деп өкім қылып балаға,
Қамшы басты боз биенің санына.
Білмей тұрды ойлап мұның шамасын,
Ақылының алжастырып данасын.
Ұшқан құсты құтқармайтын боз бие
Көрмей қалды Көрұғылының қарасын.
Көрұғылы айтты: «Енді бұған ие дермін
Қай яққа бұл құтылып күнімді көрермін?
Бабалы айтты: «Кеуілімде болды нақ,
Түспей қалса не қыламын, – деді сәт.
Адам айтса нанар ма екен, Құдай-ай
Бір жаяуға жете алмад деп шапқан ат.
Бұл сияқты көре аламадым баланы,
Қалай жүйрік осыншама адымды.
Бостан-босқа енді үйге қайтам ба,
Күләйімға сөзімді жалған айтам ба?
Түндегілер шілтен десем Құдай-ай,
Барлығы да мені алдаған шайтан ба?
Алты асқар асу қиын бел еді,
Боз биемен тепектеп бұл келеді.
Қырық елудей сәлделі адам ұстап тұр,
Жас баланы көзі енді көреді.
Аттан түсіп Бабалы құл қалады,
Зар еңіреп дәт-дария етіп жылады.
Жаңағы бір айтқан сөзім асылы,
Кешіре гөр деп еңіреп бұл жылады,
Көзін басып тізерлеп жүріп Бабалы.
Бір-бірлеп қолдарынан алады,
Бұл ғарыптан тағы қашып кетер деп,
Қол-аяғын байлап берді баланы.
Жас баланы байлап беріп шілтендер,
Ғайып болып кетіп қалды жаңағы.
Қол-аяғы байланған соң сәбидің
Айтып жатқан осыларға ғазалы:
– Юзім киза яғым мен білегім
Енді қашпай бірге ілесіп жүремін.
Шыныменен мен десең Бабажан
Сұрайтұғын өзіңнен бар бір тілегім.
Бетін жуды көзінен аққан жасына,
Құлағың сал әңгіменің нашына.
Неде болса мауқын басып кетсін деп,
Қабырының тура барды басына.
Ақ ісіне неде болса көнейін,
Енді қашпай біргелесіп жүрейін,
Шыны менен мен десең анажан,
Ембесем де тым болмаса көрейін.
Барса аузы жабылыпты қабырдың
Сөзін тыңда Көрұғылыдай сәбидің:
– Мауқым басып кетейін деп келіп ем
Жаппар Құдай құдірітіңе не қылдым?
Кірем десем бітеліпті бізге жол,
Көңілімде қайғы менен хасірет мол.
Хош, алдияр қияметте көрермін,
Бізге берген ақ сүтіңе риза бол.
Шыр айналып тұрмын келіп моладан,
Күдер үзіп қалдың ба мендей баладан.
Зар еңіреп жалғыз қозың келгенде,
Бір басыңды көретсейші анажан!
Өліп қалған денеңнен көріп күтімді,
Емізіп ең маған ақтыр сүтіңді,
Қайткенімде ақтай алам осыны,
Екі арада болмайтын шығар бітімді.
Жалғаншыға бара жатырмын жан ана,
Кеше көрші белге бастыр жүзіңді.
Көңілімнің көп болар тұр алаңы,
Қайым болып бар атыр-ау заманы,
Хайыр хош боп ғарасатта көрерміз,
Жалғаншының мен боп барам адамы.
Бабалының қайтты көңілі қуанып,
Көрұғылының келе атыр көңілі суалып.
Мұны көріп тағат қылмай Күләйім
Келе жатыр көзінен жасы шұбалып.
Артық еді әркімнен жасы шұбалып,
Жас баланы көргеннен ақ иеді,
Бауырына басып алып Күләйім
Иіскеп-иіскеп ақ бетінен сүйеді.
Иіскегенде ақ бетінен сәбидің
Тас емшегі тартылып қалған иеді.
Асылы бала жан перзентін көрген соң,
Иіскегенде жас баланы еміреніп,
Алпыс екі тамыр түгел иеді.
Қол ұстаса қағысқанда қияды,
Дұшпан иттің тиерме екен зияны,
Мен айналдым форымыңнан Көрұғылы
Көкесінен аумай қапты мияғы.
Бүгін өлсем енді менде арман жоқ,
Тұлпар аттың қалған екен тұяғы.
Үйіне ертіп жас сәбиді барады,
Бөтен жақтан болмай титтей алаңы.
Күні-түні шығармай тысқа бағып жүр,
Қызылбасқа тиеді-ау деп хабары.
Енді қойса бұл мейірімсіз қызылбас,
Тиер-ау деп шырағыма залалы.
Сыр шашпады дұшпан түгіл, досына,
Жан жүргізбейді Көрұғылының қасына,
Шығармастан үйде бақты Күләйім
Қысқа күнде пәруана болып басына.
Сөйтіп жүріп Көрұғылыдай сәбиін
Шықты онның бір жылдары жасына.
Он жасында әр жұмысты ойлады,
Қайрат керіп қанатына симады.
Күләйімнің тілін алмай Көрұғылы
Бір күн көше бойлап енді ойнады.
Көңілінің көп болып жүр алаңы,
Оңға айналсын сәбидің асыл талабы.
Көше бойлап келе жатыр еді Көрұғылы
Ойнап жатқан көрді бір топ баланы.
Балалықтың қақысы жеңіп Көрұғылы
Көп айналмай соған жетіп барады.
Ойын деген өте қызық сәбиге,
Көп баламен бұлда ойын салады,
Мәйлі онда, мейлі болсын жиырмада,
Шәк келтірмейт лақтырып баланы.
Біреуінің мініп алып төсіне,
Шекесінен шеке тамыр алады.
Шыбын жаны қызылбас иттің тым тәтті,
Алған жаңа шеке тамыр тым батты.
Құтылған соң состиып тұрып қызылбас,
Анадай жерге барып тұрып тіл қатты.
«Тыңда қырда көрсін десең қызықты,
Келесіңде қисық қыласың жүзікті.
Әкемізге барып айтсақ осыдан,
Елден қуар сендей жетім бұзықты».
Асыл туған Көрұғылыбек сымбатты,
Қызылбастың тілі бұған шын батты,
Жиыстырып ойынының бәрін тастады,
Жерге тамды көзінің мұның жастары.
Не екенін бала ойлап біледі,
Соқты жаман естіген соң жүрегі.
Тастады да ойынның бәрін Көрұғылы,
Келіп үйге күн батқан соң енеді.
Қамқұн болған отыр еді Күләйім,
Баласының түрін енді көреді.
Қарақұрым болып келген Көрұғылы,
Көргеннен соң ұшты Күләйім жүрегі.
«Болмай келді тұлпар барды тұрағын,
Неге жасқа толып тұрар шырағың.
Тіл алмадың ойнап кеттің сен бүгін,
Қандай іске кездестің деді шырағым».
Көрұғылы айтты: «Жаратқан жалғыз бұйру бар,
Бұл сөзіме жаным ана құлақ сал,
Өле-өлгенше сүйегіме мөр болды,
Естен шығып кетпейтін шығар бұл азар.
Артық пен сұра көрдім кеміні
Бұл қызылбастың неге келдің еліне,
Бұл мейірімсіз тілі жаман өлтірді,
Ілестірмес бізді өмір шеріне.
Қалмас тілім тіршілікте жаңылып,
Қайғы басты сәбиіңді сабылып.
Жаным ана шындығынан сөйлеші,
Кісі елінде отырмыз біз неғылып?
Бұл дүниеде орынсыз іске көне ме?
Шындық айтса ешкім соған сене ме?
Жаным ана шыннан сөйлеп түсіндір,
Дүниеге атасыз адам келе ме?
Айтқан сөзі сындырып тұр белімді,
Көргім келмейд өлгенімше кеміңді,
Жаным ана жан сақтамай шын сөйле,
Кім боламын тауып бер менің елімді?
Кешіре көр артық айтсам қапаңды,
Бір қызылбастың тілінен бас шаталды,
Дунияға атасыз адам келе ме?
Кім боламын тауып бер менің атамды?
Бұл жалғанда енді қайтып жүремін,
Қалай енді етіп өмір сүремін.
Шын айтпасаң жан салып ана тыңдашы,
Тау мен тасты қаңғып босқа өлемін.
Көтере көр шындық сөйлеп белімді,
Анық туған анамсың ғой сенімді,
Бұл жалғанда өмір сүру қиынды,
Шыннан сөйле тоқтатайын белімді».
Естіген соң Күләйімнің құлағы,
Енді қалай бұл жұмысқа шыдады.
Жаңағана сөнген күнім жанып ед,
Жасын дария етіп тағы жылады.
Ешкімнің жоқ деді бұған таласы,
Қайта ағызды-ау көзімнің екі парасы,
Шырағыма қайдан жүріп кездесті,
Бұл мейірімсіз қызылбастың баласы.
Тұтпай қалар жалған айтсам мерейің,
Енді бұған, – деді ойдан не дейін,
– Құлағың сал деді жаным шырағым,
Сөзін тыңда бір азғантай анаңның,
Арғы атаңды сұрасаңыз Толыбай,
Түрікпен елі түгел еріп ед соңынан.
Сонан туған өзіңнің әкең Раушенбек,
Қызылбастың құл боп келген қолын-ай.
Сыншылығы басына жетіп арыстың,
Екі көзін ойғызып еді сорына-ай,
Артық пенен көне алмап еді кеміне,
Ілестіре ме қызылбастар шегіне.
Қамқұн болған сорлы еді әкеңіз
Жүргізбеді қызылбастар жөніне.
Менің жұптым, сенің тағаң Кәждембек,
Осы екеуі қашқан еді еліне.
Әңгіменің осы жаным халалы
Үлкен иттің саған да тиер залалы.
Шынымды айтпай не ғылайын шырағым,
Қайда болды анаң енді қарағым.
Кеткеніне көп жыл болды екеуі,
Сонан бері жоқтыр жаным хабары.
– Жаратушы жанның бәрін ие бар,
Сіз де ана деді маған құлақ сал,
Ұшбу сөзім кеуіліңе ұнай ма,
Қарамайтын жан екен бұлар ырайға.
Жалғыз бала атасын іздеп табады,
Болмаса солай Алладан бала тілей ме?
Артық пенен көрем мен де кемімді,
Сілтеп бердің ризамын жөнімді,
Жаным ана қапа болма бұл іске,
Іздеп табам атам менен елімді.
Күләйім сол жауап қатты балаға,
Есіңе ал деп шырақ мұны жанада.
«Артық пенен көз салып тұрмын кеміне,
Раушенбекті жүргізбей бұлар жөніне,
Көрұғылы ұстап ақырында өзләрін,
Көрсетпеді басқан кейін ізләрін,
Бұл мейірімсіз қызылбастар а Құдай,
Әкеңнің сол ойған екі көзләрін.
Тыңдап тұршы бұл сөзімді шамалы,
Көптен бері жоқ деп едім ғой хабары,
Қамқұн болған Раушанбектей әкеңнің,
Іште кетті көрген қайғы сапары».
Көрұғылы ақылы толған көктейді,
Не бір күндер, пендеден енді өтпейді,
Себеп пенен ақырында жеткен ұл
Ағалар ойлаңызшы не істейді?
– Мұның үшін қамқұн болма жан ана,
Сірә, бәрі өліге өмір кетпейді.
Есен болсам елде еркін жүрермін,
Тірі болсам атамды анық көрермін.
Өмір берсе Жаратушы жалғыз Хақ,
Қайта айналып бұл шәһәргә келермін.
Сарғайтармын Шаадаттың жүзләрін.
Мен де соның көрсетпеспін ізләрін,
Тірі болса ертіп келіп екеуін,
Көз алдында мен де оярмын көзләрін.
Сақтаулы сол жұмыс болсын тілекте,
Таптырармын іздегеніме керекті.
Жаным ана қамқұн болмай отыра бер,
Сәбиің сол қайта айналар тілекте.
Әңгіменің деді ана халалы,
Тиген екен ғой қызылбас иттің залалы.
Құлда болса көп жылқының егесі,
Келсін дедікөп кешікпей Бабалы,
Кісі екен Бабалы да киелі,
Көп малыңа сол Бабалы иелі.
Туған жерге аттанамын жан ана,
Алып келсін деді боздұр биені.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Ашу қысса жаста болса күлерді.
Көрұғылының естіген соң хабарын,
Боз биені алып Бабалы келеді.
Ойнап бала сол уақытта күледі,
Жастықтың бұл ойласаңдар түлегі,
Қару-жарақ саймандарын дайындап,
Оң қарына бала енді іледі.
«Бақытымды жаратқан өзің ашқын», – деп
Боз биеге секіріп бала мінеді,
Салдың тағы жаныма менің уайым,
Жаратқушы қайтарар өзі шырайын,
Аттанған соң Көрұғылыдай сәбиі,
Білдіреді енді тілек Күләйім.
«Қиыншылық жерлерден есен өткізіп,
Жалғызыма жәрдемдесші Құдайым.
Анаң шыдап бұл жұмысқа тұрама,
Ертеректе айтушы еді ғұлама,
Есен барып туған жерін көргенше,
Жалғызымды тапсырдым жалғыз Құдаға.
Патша Құда анық айтқан сөзіме,
Келтіре көрме жалғызымды тезіңе.
Елін есен барып ол көргенше,
Жаратушы тапсырдым бір өзіңе.
Тағыңыздар барлығында бұған тер,
Қайғы мен қалдым менде болып шер.
Елін есен қозым барып көргенше,
Тапсырдым мен Ғайып Ирен Қырық Шілтен.
Шырағымды дақ тигізбей бағып жүр,
Адасса әгәр тура жолға салып жүр,
Дұшпан торып сырттан жүріп қадалса,
Дұшпаннан сол жырағырақ қағып жүр.
Менде тағат бола ма екен Құдай-ау,
Ереймін ғой көргенімше қағып жүр,
Артық пенен салыңдар назар кеміне,
Көңілім босқа деді енді еріме,
Елін есен қозым барып көргенше,
Тапсырдым мен арыстандай бөріге,
Қиыншылық жерден мұны өткізіп,
Көп машақат көрсетпеңдер шеккізіп,
Ғайып ирен мен қырық шілтен енді сиындым,
Еліне сен жеткір мұны жеткізіп,
Жұмыс келсе көрермізде оңына,
Бастадың-ау басты қайғы мұңына
Жалғыз еді дунияға бұл келген,
Ешкім жоқ ед ерген мұның соңына,
Қадір мәулен еңіредім тапжыламай,
Құлақ салсаң мен сорлының мұңынай,
Қозым елін есен барып көргенше,
Біздер құрбан, тоқтың соның жолына.
Ер екенін ойласаңыз өнерді
Жаратушы асылында тереңді,
Көрұғылыдай жас сәбиің түн қатты,
Жауатұғын күндей болып серігі.
Анасы мен хош айтысып көрісіп,
Туған жерге енді сәби жөнелді.
Жұмыс келсе көрерсіздер.......... да
Анасының тыңдамаған мұңында.
Күләйімнің тілегін қабыл әйләтті,
Қырық шілтендер кұтіп тұр екен жолында,
Мінген бие астындағы ылуладан,
Қол көтеріп жабысты бұлар шылаудан.
Несіне енді сол сұлтан асықты,
Бұрын мұндай есітпеген дауысты,
Елін есен барып өзі көргенше,
Туған жерге Көрұғылы бек асықты.
Қиыншылық не бір жерден өткізіп,
Хақ машақат көрсетпеді шеккізіп,
Алыс жердің танабын тартып шілтендер,
Он үш күнде кетті мұны жеткізіп.
Кім таласар тәңір берген нәсіпке,
Қызыл тілім сөйлер болсаң кешікпе,
Үргеніште саналылар жиналып,
Намаз оқып отыр ед сол мешітте.
Терең жерден қозғалып тұр ойлары,
Тап оның жоқ еді жүзінің тайғаны,
Үргеніштің қаласы осы деген соң,
Әр тарапқа қашып кетті ойлары.
Босағасына түсті дағы мешіттің,
Боз биені мықтап соған байлады.
Қабыл болса Көрұғылының тілегі,
Алып ұшты елін көріп жүрегі.
Намаз оқып отыр еді саналар,
Сәлем беріп үстіне енді енеді.
Таудай ердің қайт болар ма талабы,
Жабылған сол, жауатын күндей қабағы.
Ізетпенен, төсін басып тізерлеп,
Бір-біреулеп қолдарынан алады.
Аң-таң болып барлығыда қарап тұр,
Бұл сияқты көрмеген өмір адамды.
Тоқсан үште бір кәрие бар еді,
«Жолың болсын, кімсің, – деп – балам» сұрады.
– Келісім сөз сөйлейін, тыңдаңыздар кебімді,
Жол болсын деп, сұрадың менен атажан,
Іздеп келем түрікпен деген елімді.
Түрікпеннің арғы атасы Толыбай,
Еріпсіңдер түгел соның соңын-ай,
Өзім әкем Раушенбек аты бар,
Қызылбастың құл боп барған қолына-ай.
Сыншылығы басына жетіп әкемнің
Екі көзін Шаадат ойған сорына-ай.
Бұл дүниеден көрмей кеткен жарықтың,
Аудырмаймын айтқанда сөздің халықтың.
Атам елге шыдай алмай қашқанда,
Мен анамның қарнында жас қалыппын.
Алла берсе қиын емес қой ерікті,
Біле тұғын ер болса бұған серікті,
Туатұғын күні жақын келгенде,
Шәһит болып анам менің өліпті.
Құдіретіне қиын іс бар ма Құдайдың,
Көр ішінде өлі және көріпті.
Осынау сөзім тыңда ата татымды,
Келтірген ғой ескертелік татымды.
Ғайып ирендер, Қырық Шілтендер жиналып,
Көрде туған, Көрұғылы депті атымды.
Бір ғасырдың өз басымнан өткені,
Көп машахат жанымыздың шеккені,
Шыдай алмай азарына қызылбастың,
Көп жыл болды атам елге кеткелі.
Менің көңілім сонан болды алаңды,
Қайыдастар орнатқандай заманды.
Кеткеніне көп жыл болды білмеймін,
Раушенбек, Кәждембек тағы тағамды.
Әңгімемнің ұшбу енді халалы,
Жанға тимес кемен екен залалы,
Ес жиған соң елімді іздеп келемін,
Сонан бері білінбей кеткен хабары.
«Жаратушы жанның бәрін бұйырған,
Деді – балам, бір кәрия құлақ сал.
Ертең менен көріп бірдей кезінен,
Аумай қалған байқап тұрмыз көзінен.
Тұлпардан бір қалыпты-ау асыл тұяғы,
Айнымайды Раушанбектің өзінен.
Болмады енді саналардың тұрағы,
Естіген соң кәйтіп бұған шыдады?
Күңірентіп мешіттің ішін саналы,
Еңіреумен егітіліп жылады,
Кезек-кезек құшақтап алып сүйеді,
Көрұғылыдай арыстан туған баланы.
Кәждембектей тағасы бар еді осында,
Отыр еді шыдай алмай жаңағы,
Іші оттай Кәждембектің күйеді,
Бауырына қысып алып сүйеді.
Табаларма ойда мына достарын,
Көрдіңдерме сұмдық пенен асқанын,
Көрұғылыны бауырына қысып ап,
Мөлтілдетіп төкті-ау Кәждем жастарын.
Көңілінің көрдіңдерме өскенін,
Не һиһімді деді ойдан кеткенін.
Иым алып бір қария сөз сөйлеп,
«Тыңда – деп, сол, – жаным бала, естігін
Екі жыл болды Раушенбектей әкеңнің,
Дүние салып хош айтысып кеткенін.
Аңыларма кісі елінен достарын,
Ете ала ма қызылбаста басқанын,
Қамқұн болма жаным бала осыған,
Берсін саған ата-анаңның жастарын.
Қалар ма екен айтылмай менен тағыда,
Таймай тұрсың нұр үстіне тағыңа.
Жолдас болып Раушенбектің иманы,
Дүние естісін атасының барып жанына.
Естіген соң Көрұғылының құлағы,
Қайтып шыдап адам бұған тұрады,
Әкесінің естіп мынау өлгенін,
Жаппар Ие етіп ызалы жылады.
Қалмайды сөз тыңда деді тағыда,
Дақ тигізді-ау жас сәбидің жанына.
– Рас айтасың жаным ата сөзіңді,
Ит тімектей батасың сол жаныма.
Бұл дунияның көргем талай жалғанын,
Көрдіңдерме көрген оның зардабын.
Қызылбаста екі көзін ойып алып ед,
Іште кетті-ау жан көкемнің арманы,
Таусыларма бұл дунияның ермегі,
Асылында нәсілі оны тербеді.
Сірә, арманда кеткен екен жан көкем,
Мен сияқты перзентін көзі көрмеді.
Бұл дунияның көрдім талай дүзүгін,
Қызылбас иттің білесіңдер ғой бұзығын,
Жаратқаннан тілеп алған перзентін.
Жаным көкем көрмей кетті-ау қызығын.
Енген емес ұйқыда бір түсіме,
Құлақ салып тыңда менің ісіме,
Қызылбастан көрген түгел азары
Жан көекмнің кеткен екен тісінде.
Бұл сөзімде десеңіз егер қате бар,
Онда адам оны ойламай шаталар,
Құлағың сап арызымды тыңдашы,
Бұл жаңалар отырған мұнда аталар.
Жалған емес айттым сөздің расын,
Бұл дунияда кең жайылар құлашым,
Өзім ісім өздеріңмен баба жан,
Жан көкемнің көрсетіңдер моласын.
Көзден аққан рахым етші жасыма,
Артық кем деп айта алмассың осыны,
Мауқымды мен басайыншы жан ата,
Тұтан алар ертең барып басына.
Кім тыңдамайт Көрұғылыдай дананы,
Көңіл сүйді көрген жұрттың баланы,
Айтқан сөзін саналар тыңдапты,
Ортаға алып бейтке ертіп барады.
Көзден аққан тағат қылмай жасына,
Әркім сондай сүйсіндіред досында,
Жас сәбиді ортаға алып саналар,
Қабырының алып келді басына.
Келгеннен қалай шыдап тұрады,
Қызылбас иттің салған баста ылаңы,
Әкесінің қабырының үстін құшақтап,
Зар еңіреп көрді көріп жылады.
Ақылы кеңес ойлап тұрса данадан,
Еңіреп тұрды қоршап енді баланы,
Басалқа айтып тұрғызам деп келгеннің
Тұрғыза алмады Көрұғылыны бір адам.
Еңіре мен өксіп жатты Көрұғылы
Құрбан болып атасын қойған моладан.
Бихабар боп бұл дуниядан жөнелдің,
Мен сияқты тілеп алған балаңнан,
Кешіре көр болса егер қатамнан,
Талай ердің басы мұндай шаталған.
Ажал аспас тастай күнә астынан,
Мен сияқты ажыраспас босаңнан,
Молаңды сол құшақтаумен еңіреп,
Хабар алшы жатқан мендей балаңнан.
Ақылы мырза шыдамаса болар ма
Айтты қайта бір насихат оларға,
Келгенінде балаң қозы сіздерге
Қозғалмадың еш болмаса молаңда.
Рахым еткей көзден аққан жасымды
Кісі елінде қайдан табам досымды,
Көрмесеңде еңіреп қозың келген соң,
Бір көтерсей жаным ата басыңды.
Қайтып қалды сәбиіңнің райы-ай,
Бұл сапарда оң болмады сылай-ай,
Ең болмаса көзін маған көрсетпей,
Жаратушы алдың ба ахыр Құдай-ай.
Біздің көрген күннің бәрі қараңғы,
Қайғы үстіне қайғы міне жамалды,
Зар еңіреп молаңның тұрмын басында
Мен сияқты сезесің бе балаңды?
Соққан менен не қылмақты жүрегім,
Оң болмаған жаста болсам тілегім,
Жазуына Хақтың қандай айлам бар,
Хайыр хош бол ғарасатта көрермін.
Я, Құдайым, зарлап келдім атадан,
Айтқызбасын сөзімді Алла қатадан,
Алла жазса ғарасатта көрерміз,
Хайыр хош бол нағылайын атажан?
Еткен менен болар ма екен ел билеп,
Қояларма жас сәбиге бұлар кек,
Барлығыда сөзін тыңдап сәбидің,
Тұс-тұсынан қамап тұрды еңіреп.
Қамқұн басты саналарды күткенде,
Қазылғандай болды бұған төңірек,
Көңілінің болмай тіпті алаңы.
Ешкімніңде тимес бұған залалы,
Кәждембектей тағасы тұр ішінде,
Көрұғылыдай артық туған баланың.
Күні-түні пәруана боп басына,
Жас сәбиді енді бұлар бағады.
Таудай еркін ойлап тұрсаң тағында,
Тәңір берген кім алады бағында,
Жүре берді боз биесін бағумен,
Әкесінің салып кеткен бағында.
Тым қадірлі ойлап тұрсаң ер еді,
Нақ сандықты шынжырға салып егеді.
Райхан араб деген патша бар еді,
Бір күндері жолы түсіп келеді.
Райханда көк қасқадай тұлпар бар,
Назары түсіп көкқасқаны көреді.
Кеулі кетті көкқасқаға Көрұғылы,
Көп кешікпей Райханға келеді.
Ізетпенен келіп еді жас сәби,
Қолын алып бұған сәлем береді.
«Көңілдегі кесірлерім басылды,
Білесіз ғой Көрұғылы деген атымды,
Әкем өліп қамқұн болып жүр едім,
Кеулім көріп атыңызды шатылды.
Көрмей сыншы мені тақсыр Көрұғылы
Бір шаптыршы биеме қасқа атыңды».
Райхан айтты: Әй, соқтыма, бала жүрегің,
Маған қояр осы ма сенің тілегің,
Әркімнің де мақсұты бар ойында,
Істесең айтып, енді саған беремін,
Бір шаптырып боз биеге берейін,
Баршагүлдің бір ұстатшы білегін.
Атты көріп қашты сонда ақылы,
Ұрынбайма ер деген сол шатылды,
Көкқасқаға кеулі кетіп Көрұғылы
Қолын соқты деді түсті мақұлға.
Үзбей тұрған ойласаңыз күдерді,
Атан үзер деген бар ғой шідерді,
Жас баланы алдаймын деп Райхан,
Көкқасқаны түсті де салып жіберді.
Боз биенің сүйегін анық таныды.
Не біледі батыр адам алыбы,
Жіберген соң Бозбиені көк қасқа
Кешікпестен келіп енді жаныды.
Таудай ердің көрдіңдерме талабы,
Алдайын деп тұр екен кәпір баланы,
Шапқанында Боз биеге көкқасқа,
Шылбырынан кейін тартып қалады.
Қариялардың айтып кеткен мысалы,
Жаста болса Райханды ұстады.
Тақиясын жұлып алып Көрұғылы,
Қолы менен енді барып тосады.
Көрдіңдерме асты ердің зияны,
Қашқанменен арамдық қой қиялы,
Тақиясын тостыдағы Көрұғылы,
Қолыменен боз биеге құяды.
Келтірген соң байқатқан соң наштарын
Қамқұн болған қорғай алмай бастарын
Көкқасқаның сідігі енді.........................
.................................................................?
Соққан оның көрді алып жүрегін,
Жалған аятсам деді сөзден өлемін.
Мақұл дедім ат сідігіне қызығып,
Анам бетін деді қайтып көремін,
Бұл дүниеде құрсын менің жүргенім,
Бүйтіп өмір не болмақшы сүргенім,
Ат сідігіне айырбастап анамды,
Бүйткенімше жақсы емес пе еді өлгенім?
Оңға айналса болар еді-ау не істерім,
Ғапылдықтың жаңа білдім өткенін,
Ат сідігіне анамды айырбастаппын,
Қайтып көрем анамның енді беттерін.
Жаманатқа арылмастай таңылдым,
Жаңылғандай Жаратқан Ием мен нағылдым?
Өз анамды ат сідігіне айырбастап,
Бақытымнан бастан түгел арылдым.
Қайтып қалды Көрұғылының райы-ай,
Оңға айналса жұмысымның сылайы-ай,
Өз анамды ат сідігіне сатыппын,
Қалай болды-ау Жаратушы Құдай-ай?
Ғапылдықтың кейін білдім өткенін,
Ашылады сөзден шындық шектерім,
Өз анамды ат сідігіне сатыппын,
Жаратқанның кәйтіп көрем беттерін.
Бұл дүниеде еркін еді жүргені,
Жақсы еді шаттық өмір сүргені
Ердің сөзі екі болса дұрыс па,
Ондадағы барлығы бір өлгені?
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Жас сәбидің соқты қайта жүрегі,
Амал бар ма уадаға қол соқты,
Келіп енді үйіне сәби енеді.
Түсі қашқан Көрұғылыны қараса,
Баршагүлде жас сәбиді көреді,
– Қайдан келдің – деді, жаным шырағым,
Мен пәруана басыңнан күнде боламын,
Түсің неге мұнша қашты сәбиім,
Айтшы сөздің шындық пенен халалын.
Бұл жалғанда тегін келіп тұрмадың,
Көргенсің ғой бір жаманның азарын,
Айтшы жаным сұрағаным достарым,
Көңілімнің көтерейін хоштарын.
Тілі тисе кімдер екен тигізген,
Атаңа айтып кестірейін бастарын.
Көрұғылы айтты: «Дунияда менің жүргеніме
Менен басқа жоқ қой ана ермегің,
Жолы түсіп біздің елге жан ана
Райхан араб деген патша келгенін.
Астындағы көк қасқа бар тұлпары,
Назар түсіп сол қасқаны көргенім,
Бұл дунияның ойламаппын өлімін,
Жалған айтсам қалай болар сенімім.
Қол соғыппын мақұл келіп Райханға,
Көкқасқаға кетіп сонда көңілім.
Шығар ма алмай көңілім ғапыл лепімді,
Балаң сұрап Райханға өтінді,
Ақыл кетіп алжасыппын жан ана,
Көріп тұрмын өлмеген соң бетіңді.
Сол уақытта жауап қатты Баршагүл,
Миуа бақша жалғызмысың сен бір гүл,
Жауап берді наза болған балаға,
Кім таласад ақылы кеңес данаға,
Тып болғанда бір жылғы тапқан малмында
Өзім менің басыңнан сенің садаға,
Кеулі қалып қояр-ау деп сәбидің
Шыға келді Баршагүлде далаға.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Алдаған ғой жастығын біліп бұл ерді,
Баршагүлді білегінен іліп ап,
Райхан араб қашып елге жөнелді.
Қайғы сана тарқар ма ердің мұңынан,
Кім тыңдамайт айтса сөзді шыңынан,
Өзі буаз боз биемен Көрұғылы
Қуып келді зерттеп соңынан.
Айтып кеткен нұсқа қылып қария,
Халыққа болған етек жайып жария,
Ілектесіп келе жатыр еді Көрұғылы
Кездесті алдан үлкен Аму-дария.
Қайтпайтұғын көк қасқаның беті еді,
Шын адалдық Көрұғылының не етеді.
Арман бермен бұрын өткен көк қасқа
Секіріп сол Аму-дариядан өтеді.
Таудай ердің қайт болып қалды талабы,
Егер жүрсе көрерсіздер араны,
Өткеннен соң арғы бетке Райхан
Көрұғылыға қайта айқай салады:
– Ашуыңды Көрұғылы бек жинама,
Жалған айтсам мені де сен силама,
Құлағың сал адал сөзім өзіңе,
Боз биені астыңдағы қинама.
Боз биеңді бала енді жақсы бақ,
Айтатұғын өзіңе сөз ұшбу хақ,
Боз биеңді күтіп бақсаң Көрұғылы,
Боз биеңнен туад сенің Ғират ат.
Ат кеуліне мен де қалдым ұнамай,
Адам айтпай шындық сөзді тұрама-ай,
Кемдігімді құбла кісінің ығы мен,
Бара жатқан мен пәндемін шыдама-ай.
Бұл дунияның көрген мен аз ғой базарын,
Оғандағы бала сынбасын деп назарың,
Ақыры сол өзіңнен өлем Көрұғылы,
Өз атымның сідігі еді ажалым.
Бұл жұмысым келмей барады оңына,
Хасіретті жан азады мұңына,
Кемдігімді құбыла кісіге шыдамай,
Шайтандықтың түсіп барам жолына-ай.
Қайтып болсын енді ердің тұрағы,
Жасқа толды-ау Көрұғылының шырағы.
Қадір мәулен алжастырдың мені деп
Қапа болып хасіретпенен жылады-ай:
– Көңілімде көп еді, – деді – алаңым,
Кәпелім ғайым болдау заманым,
Өз анамды ат сідігіне сатып мен,
Кәждембекке енді не деп барамын.
Мені Құдай қай кезде өзің еледің,
Екі атаға әр уақытта тел едім,
Өз анамды ат сідігіне айырбастап,
Кәждембектің дидарын қайтып көремін.
Қайтып қалды-ау сәбиіңнің райы-ай,
Жұмысымның оңбай қалды-ау сылайы-ай,
Өз анамды ат сідігіне сатқанша,
Шыбан жанды алсаң қайтеді Құдай-ай.
Бұл дунияның көрдім талай жалғанын
Өзен бойын жағалау мен зарладым,
Өз анамды ат сідігіне сатып мен,
Іште болды қайнап енді қыспағым.
Бұл жалғанда енді қандай жүрермін,
Опасы жоқ дунияға қалай сенермін,
Халық маған сын қоятын болып тұр,
Жүзін енді халықтың кәйтіп көрермін?
Көңілімнің көп болып тұр алаңы,
Бұл сияқты зарықтырдау баланы,
Қу далада қашанғы жүрсін еңіреп,
Кәждембекке бір күні бала барады.
Түсі қашқан Көрұғылыны қараса,
Сынып қалған баласының назары,
Кәждем айтты: – Ішің оттай күйді ме,
Халық сені туғаннан-ақ сүйді ме,
Мұнша неге келдің қалқам жүдеумен,
Бір дұшпанның тілі саған тиеді ме?
Көңіліңнің көркейтейін қоштарын,
Шындық сөйлеп жақсы болар ашпағың,
Қандай иттің сөзі тиді өзіңе,
Айтшы маған кесейін деді бастарын».
Көрұғылы айтты: «Дунияда құрысын жүргенім
Өлмеген соң алдыңызға келгенім.
Балаң сондай етті қата бір жұмыс,
Ат сідігіне айырбастап анамды мен бергенім.
Бұл сияқты тыңдап тұрсаң, кебімді,
Қайғыменен от жалын еттім лепімді,
Өлмеген соң келіп тұрмын жан ата
Көріп сенің ербиіп мен бетіңді.
Кәжден сонда жауап берді балаға:
– Ондай жұмыс не екен сендей данаға
Әйел деген бір жылғы тапқан малым да,
Әйел түгіл өзім сенен садаға.
Айтқаннан соң әңгімесін мақтанып,
Қорғалау мен келіп еді сақтанып,
Атасының естіп сөзін әділдік,
Көрұғылы бек кетті енді шаттанып.
Енді болмад басқа жақпен алаңы,
Көрген адам таңырқайды баланы,
Әкесінің бағы ішінде Көрұғылы
Боз биесін күтіп жүрді жаңағы.
Боз бие де жылқы еді сымбатты,
Бағасы артық басқалардан қымбатты,
Туатұғын күні бітіп боз бие,
Дөңбекшіп сол бақ ішінде толғатты.
Көңіліне бұл жұмысты біле алмай,
Көлкөліне шыдамы жоқ іле алмай,
Көрұғылыбек сасып жүрді абыржып,
Не қыларын енді бұған біле алмай.
Жеті күндей боз биесі толғатты,
Дөңбекшіді жан қиналып туа аламай.
Таудай ердің қайт болар ма талабы,
Тәңірі артық Жаратқан мұндай баланы.
Туа алмасын білгеннен соң Көрұғылы,
Ішін жарып құлынын сыртқа алады.
Сілкінді де орнынан тұра келеді,
Қайғы біткен қанаттай екі құлағы,
Назар салып қарап еді Көрұғылы,
От орнындай екен оның тұрағы.
Сыпатына көрген сайын тоймайды,
Анау-мынау төменде екен тұяғы,
Неге болсын ердің енді алаңы,
Атасы сыншы жылқыға бұл маманы.
Жіп тигізбей мойнына тұлпардың
Қырық құлаш жібек арқан тағады,
Көрген сайын көргісі келед тоймады,
Анық тұлпар осы ғой деп ойлады.
Бір ағашқа шатымайды арқаны,
Теректерге секіріп Ғираты ойнады,
Кірді ердің көңілі енді қуанып,
Соң қалғанмен қайғы менен суалып.
Ғират атын көргенні де есінен,
Бәрі кетіп тұрады енді қуанып,
Қала алмайды ешбір жерге бекініп,
Жүрген қайғы кетіп қалды өкініп.
Ғират аты күн санау мен сүйсінді,
Теректердің басынан жүріп секіріп,
Қабыл болса ұшбу ердің тілегі,
Не екенін алдын болжап біледі.
Үргеніштің Ақыл хандай ханы бар,
Тоқсан үшке Ақыл бір күн келеді,
Басындағы тағдыры бітіп Ақылхан,
Бір күндері дүние салып жөнеді.
Осылардың ескері бірақ заңдары,
Есі бүтін ер болса сөзді аңдады,
Патша өлсе халқын жинап майданға,
Тырп еткізбей тұрушы еді шаңдары.
Бақыт құстай құсы болды түрікпеннің,
Сол құс кімге қонса соны патша сайлады.
Бұл сияқты аудырмайды халықты,
Көргеннен соң не қыларсың жарықты.
Хабар шашып шақырып алды бір күні,
Майдан жайға алтын діңгек халықты,
Жұрттың бәрі барғанында жиылып,
Көрұғылы бек бақ ішінде қалыпты.
Бұл дунияның көрдіңдер ме жалғанын,
Не бір мұңлық тыңдап тұрсаң зарларын.
Бүкең қағып кемпір шалда бара жатыр,
Патша болмақ барлығының арманы.
Тиыш тұр деп етті бұған қысымды,
Бұрын тәртіп осы болған соң түсінді.
Түгел халқын жинап болған соң,
Бақыт құсын ортасынан ұшырды.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Халықтың алды жауатын күндей түнерді,
Жиналған сол көп жиынға айналмай,
Көрұғылы жүрген баққа құсың жөнелді.
Халық түгел жиналып тұрған дулады,
Делегзіп қалды ғой деп шулады,
Неге болсын көңілінің алаңы,
Қиын болмақ сөйлер ердің маманы.
Бақыт құстың ұшқан жағын бағдарлап,
Шуылдап сол халық кетіп барады.
Сыр шашпаған ойласаңыз досына,
Кеуілінің кір келмейді хошына.
Ғират атын ойнатып жүрген Көрұғылының,
Бақ ішінде бақыт құс қонды басына.
Ғират аты қонған құстан үрікті,
Салып жатып тоқталғаны еді бүлікті.
«Ей, жапалақ қандай ақың бар ед» – деп,
Екі мәртебе көтеріп жерге сілікті.
«Ей, жапалақ, көтермеймін ойыныңды,
Сен келгенмен мен ашпаймын қойнымды,
Ғират атымды бүлдірмей аулақ кетсейші,
Ашулансам жұлып алам мойныңды».
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Халқы үшін туған анық ер еді.
Ел егесіз қалды ғой деп күңіреніп,
Шұбыру мен халық мұнда келеді.
Бақ ішінде Көрұғылы мен алысқан,
Бақыт құсты түгел халық көреді.
Қалған кеулі халықтың да суалып,
Мұны көріп кеулі қалды жұбанып.
Шынжырға барып тауыпты деп орынын,
Халық сондай күңіренді қуанып,
Көрұғылыны ортаға келіп алады,
Құрмет етті басын иіп балаға.
Кім таласады ердің берген бағына,
Тайса оңға келмейді ғой тағы да,
Жас баланы ортаға алып құрметтеп,
Отырғызды патша болып тағына.
Құрмет етіп жатыр бәрі балаға,
Айтқан менен шындық бар ма, нана ма,
Мына келіп алтын таққа отырған,
Ғират аты қалып қойып ед далада.
Көрұғылы айтты: «Ердің еркін зерегі,
Әр істің де болмайды ма себебі,
Падишалық тақтыңыздар, халқым-ау,
Түгел тыңда, маған жоқ қой керегі.
Менің кеулім күн санаумен шалықты,
Ойы тұрды, һәр қиял мен балықшы,
Алтын таққа патша болып отырғаннан,
Ғират атымды бір сипағаным артықты.
Оған халық айтсадағы көнбеді,
Қуанышқа бөленіп тұрған елдері,
Алтын таққа құрмет етіп ұстады,
Оған ырық Көрұғылы бек бермеді.
Айлатарсың ақырында мейлі зар,
Ашулансам күндеріңіз болар тар,
Мені алдап алып келіп бұл жерге
Ғират атымды ұрлайын деп жүрсің ұрылар.
Қалай шыдап Ғират атымды көрмей тұрармын,
Қайтып енді көре алмасам шыдармын,
Жолымды аш, ашу қысты қиынды,
Біріңді де қоймай қазір қырармын.
Кімдер қарсы келер мұндай балаға,
Тәңір артық туғызған мынау данаға,
Айтқанымен тыңдамады халықты,
Жұлқынып сол шығып еді далаға.
Ердің қандай түнеріп тұрған айбаты,
Сыртқа шықса орынында жоқ Ғираты.
Неге қалсын ұшбу жерде кідіріп,
Қиын енді бұған тұру мүдіріп.
«Ей, ұрылар, Ғират атымды алып кетті», – деп,
Келе жатыр ізіменен жүгіріп.
Бұл сияқты дунияға келген енді шер,
Асыл бұйым жатқан мынау болды бел.
Ғират атты бара жатқан жерінен,
Ортаға алып ұстап еді шілтендер.
Қай бір жерге салсаң Ғират тайынбас,
Жатыр еді жабдықтап шілтен айылдап,
Қару-жарақ саймандарын сауытын,
Бәрін қойған ұшбу жерге дайындап.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Сүйретінді ізіменен келеді.
Көрұғылыбек келе жатқан жүгіріп,
Қырық-елудей сәлделі адамды көреді.
Ашу қысып, айбатланып Көрұғылы,
Сәлделіге жетіп енді келеді:
– Айлатармын бәріңізге енді зар,
Көретұғын күндеріңіз болды тар.
Ғиратымды көзің қиып союға,
Апарасың кайбір жерге ұрылар.
Енді күнің кәйтіп сенің ашылды,
Қызыл менен көрсетейін жасылды.
Ғират атымды қай жерге енді соясың,
Кесейін бе түгел деді басыңды?
Көңілдің көптен болған екен алаңы,
Ұры болса қайым болар заманы.
Ақылыңның алдында келді ашуың
«Қара, – деді, – бізге толық балам-ау
Ғират атың мінуге келді шырағым,
Келіп тұрған біздер едік бабаң-ай.
Деседағы ердің беті тайынбады,
Сөзімізді тыңдап тұршы енді нақ.
Ғиратыңа мінгізуге келіп ек,
Қару-жарақ сайманыңды дайындап».
Сол уақытта Көрұғылыбек тұрады,
Есітеді сөздерін алып құлағы.
Ашу қысып көзіне қан тоылп ед,
«Кешір», – деп сол зар еңіреп жылады,
– Ашу қысқан біз сияқты баладан,
Артық кетті-ау, айтқан сөзім шамадан,
Асылығым жаңағы айтқан артықтар,
Кешіре гөр, – деп еңіреді, – Бабажан,
Жас баланы киіндірді шілтендер,
Жайнап кетті дунияға келген мұндай ер,
Қару-жарақ саймандарын іледі,
Жас құс болды Көрұығылы бек тіледі.
Оң қарына қалдырмастан қаруын,
Дайындаған енді бала іледі,
«Бақытымды Жаратқан өзің ашқыр» деп,
Ғират атына Көрұғылыбек мінеді.
Олай-бұлай жас сәбиді жүргізіп,
Шаттандырды кеулін тауып күлгізіп.
«Соғып тұр ма, – деді – балам жүрегің,
Не сөзіңді айтқан мен ер едім,
Қол жайдағы осы бүгін сұрашы,
Не айтсаң да қабыл болат тілегің».
Көрұғылы айтты: «Маған берсең толық бақ,
Барлығың да тұрған шілтен аруақ.
Көп тілекті тілемеймін сіздерден,
Қабылдасаң тілек менде екеу-ақ.
Көңіліңе бұл жұмысымды хош көрсең,
Бабаларым ойларыңды бес бөлсең,
Бір тілегім өздеріңнен сұрайтын,
Бір жүз жиырма бес болад, маған жас берсең.
Қабыл айла тілегімді айтқан соң,
Жалған емес тілеп тұрмын мұны шын,
Шын тілегім өздеріңнен Бабажан,
Өле-өлгенше жаудан бетім қайтпасын.
– Сөзіңіздің өте жақсы іреуі,
Болмас балам, аңғаршы сөздің жүдеуі,
Тілегіңіз орынды болды жан балам,
Қалып тұр-ау сол тілектен біреуі.
Жастық пенен кеуліңнің көп алаңы,
Кейін сонау қайғы болар заманы.
А, шырағым, қол көтерде сұрашы,
Қалдырдың перзент деген баланы.
Көрұғылы айтты: «Бұл жұмыстан шегінбе,
Деп ойламас ешкім бізді тегінде.
Қабыл айла тілегім менің екеуі
Әйел жолда, бала менің белімде.
Еркін соғад ердің болса зерегі,
Асыл сөзді асыл адам егеді,
Жаным баба қабыл айла екеуін,
Балаңыздың осы екеу-ақ тілегі».
Қырық шілтендер қайтарып бұған үш айтты,
Қабыл алмады, қайтарып сол мұң айтты,
Тоқтата алмад қанша айтқанмен баланы,
Түнеріп тұр жауатын күндей жаңағы.
Қартайған соң қапалық сыймас жігері,
Дұға қылып бұлар енді ағады.
Райханның азары жүр елінде,
Еске түссе от болып та жанады.
Ғират атына мінгеннен соң Көрұғылы,
Кәждембекке көп айналмай барады:
– Көруге мен келдім сіздей атамды,
Кешірдің-ау кешірілмес қапамды.
Райханның азары жүр есімде,
Бергін маған жаным ата батаңды,
Қалай шыдап еске түссе тұрамын.
Етіп кетті-ау, Райхан маған ылаңын,
Дунияда тірі жүрсем, жан ата,
Менде салам барып соған ылаңын.
Сұм дунияның көрді талай жалғанын,
Неше күндей қайғыменен зарладым,
Райханның еткен арам ісінен
Іште жүр еді әлі күнге арманым.
Жаным ата, қолыңды жай дұға бер,
Дұрыс болар аттанып соған бармағым.
Жас баланы енді Кәждем көреді,
Бас барға Кәждемнің ірге төрі еді,
Қолын жайып, сақтай көр, – деп ұғылымды,
Кәждем мына, енді бата береді.
Атасынан алып дұға Көрұғылы,
Ойнақтатып Райханға жөнелді.
Ғират аттың білінбейді шапқаны,
Басқан сайын жер солқылдап нақтады.
Кешегі Аму-дария бұған жер ошақ,
Ғират аты дариядан аттады.
Сыр шашпады жүрерінде досына,
Түрікпен елден жан ертпей кетті қасына.
Дариядан өткеннен соң Көрұғылы,
Тас құдықтың барды жетіп басына.
Тас құдыққа барып аттан түседі,
Іһіри шарап өз қолымен ішеді.
– Көңілімде көптір менің уайым,
Сабыр етіп ермін ғой деп шыдайын,
Қандай халда отыр екен Баршагүл,
Диуана болып әуелі өзім барайын.
Мен жалғыз боп дунияға келіп ем,
Жәрдем болар қай уақытта Құдайым,
Бұл сөзімді тыңдап тұр еді Ирен баб
Тәңір берген өшпейтін шығар деді бақ.
Жан жолдасым тапсырамын өзіңе,
Ұқыптап ал айтқанымды Ғират ат,
Қару-жарақ киімдерін шешініп,
Ғират атқа Көрұғылыбек тапсырад.
Ойланып сол ішіне істі түйеді,
Асыл туған, артық мұның сүйегі,
Қару-жарақ саймандарын тапсырып,
Жалба-жұлба бір шекпенді киеді.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Шын қадірлі жаратылған ер еді,
Дунияда артық сенің айбатың,
«Сөзді тыңда, – деді – тағы Ғиратым,
Айтатұғын бір сөзім бар тағы да,
Кім таласад ердің берген бағына.
Қапыл қалма Ғират атым тапсырдым,
Жақындатпа жау келе қойса жаныңа.
Қиындықты неде болса өткейсің,
Меніменен бірге машахат шеккейсің,
Дұшпан келіп ұстаймын деп ұмтылса,
Тістеп, теуіп қашыққа ұзап кеткейсің».
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Тапсырады атына қару бұл енді,
Аса алып диуана болып, қолына,
«Я, Хақ» деп сол Көрұғылыбек жөнеді.
Райханың сарайына кешікпей,
Келіп енді диуана болып енеді.
Бұл сияқты ойласаңыз қаруы,
Дунияның қараңғы боп кірседағы сарайға,
Баршагүл сол өз баласын таныды.
Болмай кетті көргеннен соң тұрағы,
Жасқа толды қарап тұрып шырағы,
Шыдай алмад көргеннен соң баланы,
Егітіліп Баршагүл де жылады.
«Не себептен қамқұн болды Баршагүл» –
Деп Райхан Баршагүлден сұрады.
Ақылы кеміс құтыларма осыдан,
Беріп жатқан Баршагүлдің жауабы:
– Кеуліңізге кәйткенде мен ұнаймын,
Кейбір іске кәйткенімде шыдаймын,
Мұсылманның баласы ғарып болғанға
Есіркеп мен, – деді, Райхан жылаймын.
Шын ақылды ойлап тұрсаң ер еді,
Ақылы дана Барша қызыдың көп еді,
Саған осы Құдайы қайыр садақа, – деп,
Бір жүзік пен хат жазып енді береді.
Баршагүлдің жазған хатын алды да,
Ей Хақ, деп сол қайта айналып жөнеді.
Ердің қайдан ескерсеңдер айбаты,
Дунияға батыл туған қайраты.
Тас құдыққа қайта айналып келіп ед,
Тұр екен сол қалыбынша Ғират аты,
Қыңырсынбай бұл жұмысын сүйеді,
Жад етеді Жаратқан жалғыз иені.
Жалба-жұлба шекпендерін тастады,
Қару-жарақ сайманын қайта киеді,
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Қараңғының кеткен шығар түнегі,
Баршагүлдің жаңағы жазған хаттарын,
Көрұғылы бек ашып енді көреді.
Жорытқытып алатұғын түсіндей,
Былай депті Баршагүл ішіндей:
– Тасқұдықтың басында жаным жата бер,
Бұйырған тұз тағамыңды тата бер,
Көңіліңнің болмасын титтей алаңы,
Райханның қайым болар заманы.
– Сабыр түбі сары алтын деп айтып ед,
Таза сақта шырақ осы тазаны.
Кір жуам деп ертең ерте анаңыз
Тас құдықтың басына енді барады.
Сататұғын неше түрлі бұлы бар,
Бұл ісімнің ойлана қойсаң ізі бар.
Кір жуам деп ертең түсте барамын,
Гүлнәр деген Райханның қызы бар.
Айтқан ісін өз кеуліне тұтады,
Тұтқан адам әр уақытта ұтады.
Анасын ол Тасқұдықта күтуменен,
Неге болсын енді көңіл алаңы.
Тәңір артық Жаратқан мұндай баланы,
Баста сынап жүрседағы қисайып,
Оңға айналды Көрұғылының алаңы,
Айтқанындай ертең түсте кір жууға,
Гүлнарды ертіп, Баршагүл жетіп барады.
Шошып кетті Көрұғылыны көрген соң,
Гүлнар сынды қызы оның жаңағы.
Кетіреді бір уақытта шыдамды,
Өз кеуліне болған асыл ұнамды.
Көрұғылыны көргеннен соң түрлерін,
Кетіріп тұр өз-өзінен шыдамды.
Іші оттай Баршагүлдің күйеді,
Асыл ерді әйел де болса сүйеді.
Көрұғылыны құшақтап алып еңіреп,
Кезек-кезек бетінен сол сүйеді:
– Менде болсын Көрұғылы жан құлағың
Жеткердің ме Алла бізге алалын.
Сені алдап Райхандай бұзығың,
Етті біздің ақ некеге арамын.
Гүлнар деген жалғыз қызы бұл тұрған,
Жаның әзір көрген емес азабын.
Менен сәлем Кәждекеңе толық айт,
Гүлнарды сол Кәждекемге қосып қайт.
Қайта айналып сонсын жаным келерсін,
Күнің туса раста осыны көрерсің,
Еткен ісі арам болды арабтың,
Шаһарына келіп жаным төнерсің.
Айтқан сөздің тыңдап тұршы төтесін,
Сабыр етсең не қиыннан өтесің,
Қамқұн болып қалған шығар Кәждекем,
Бұзғаннан соң араб астыр некесін.
Келгеннен соң толық мынау ақылға,
Көрұғылы бек келді дұрыс мақұлға,
Не екенін ойлап қайдан білерді,
Қорғаннан соң тыңдатпай ма бұл ерді.
Гүлнар сынды Райханның қызын алып,
Ойнақтатып кейін қайтып жөнеді.
Бір сұмдыққа Баршагүл енді бастады,
Абыржу мен өз-өзінен тапқаны,
Алып келген жуамын деп кірлерін
Тас құдыққа түгелінен тастады.
Шашын жайып, бетін жырып ойбайлап,
Шаһарына Райханның қашқаны,
Болмады бұл сапарда талабы,
Түйіледі дауысты естіп қабағы.
Айқай салып берекесін алды да,
Райханға енді жетіп барады:
– Нағып жатсың, – деді, – арыстан Райхан,
Шыға жаздады мен ғарыптан шыбын жан,
Шыдам ұстап жату қиын өзіңе,
Айырылып келдім Гүлнар сынды қызыңнан.
Келтіруге айналдырды кезімді,
Тыңда менің шындық айтқан сөзімді,
Қайрат қайда қарсыласар онымен,
Шаншып тастап кете жаздады өзімді.
Лүпілдеді естіп Райхан жүрегі,
Қайтып адам бұл қорлыққа көнеді,
Киетұғын киім таппай үйінен,
Қос көрпені көктеп мойынға іледі,
Жайдақ мініп көк қасқаға Райхан,
Қызын қуып артынан сол жөнеді.
Көрдіңдерме сөздің асып шегінен
Тыңдаңыздар әділ айтқан кебінен.
Боз биеге дарыған соң қасқаның,
Қадамы сол бұрынғыдан кеміген,
Жиып тұрған басында оның күші еді,
Тұлпарнықтың есесін ішеді,
Қаран келіп қалғаннан соң көк қасқа,
Дарияның ортасына түседі.
Қайтып болсын Райханның тұрағы,
Құл ызаға қайтып енді шыдады,
Дарияның ортасына түскен соң,
Толқынымен Райхан аралға ығады.
Көп машақат Райханға көрініп,
Қалай шықсын дариядан шегініп,
Су сіңген соң үстіндегі қос көрпе,
Бет-бетіне ағып кетті сөгіліп.
Айналғай болып қалды алаңы,
Алды-артына болған шығар харамы,
Өлдім-талдым дегенінде Райхан
Бір шығанақтан шықты жалаңаш,
Қайғы сана тарқамай тұр мұңынан.
Тыңдаңыздар айтқан әділ жырынан,
Райхан араб қызын қуып кетті деп,
Әскерлері шыққан екен соңынан.
Бүркіреумен әскерлері келеді,
Не екенін түсініп қайдан біледі,
Тұт жалаңаш дарияның жағасында
Райханды әскерлері көреді.
Біреуі айтты: «Ай дуниядан шын мақтан,
Деді бәрің кейін тұрып шын сақтан,
Райханға қандай жағдай кездескен,
Шығар деді біреуі мұны жын қаққан».
Біреуі айтты: «Ей, тиышың мен тек тұрған
Назар түссе бәрімізге бур құрбан,
Дені сау деп кім айталар осыны,
Шынында сол Райханды жын ұрған».
Біреуі айтты: «Қайтып бұры қыспайық,
Жеңілдікпен айтып сөзді ұшпайық,
Қаһарланса бәрімізді қырады,
Айдалада сол Райханды ұстайық».
Біреуі айтты: «Тереңнен ақыл ойлайық,
Кейін қашып шегініп мұнан таймайық,
Қапылыста қырып кетер біздерді,
Ебін тауып Райханды байлайық».
Қайтып болсын Райханның тұрағы,
Мұны естіп қайтып адам шыдады,
Әңгіменің, – деді – Райхан алалы,
Бір иттің сол тиді маған залалы.
Жаратушы жанның бәрін бұйру бар.
Айлағанмен енді болмас босқа зар.
Жанаттарым артымнан келіп тұрсыңдар,
Бұл кеңесіме, деді Райхан, құлақ сал!
Пиғылынан бұл Райхан тапқан жоқ,
Ажал деген аты шадыр қапқан жоқ.
Хикаямды тыңдаңыздар шырақтар,
Райханды ештеңеде қаққан жоқ.
Басымыздан бір қапылдық өтіпті,
Ахырында түбімізге жетіпті.
Дұшпандар еді өзімізге шын мықты,
Гүлнар сынды қызымды алып кетіпті.
Өз елінде Райхан үйде қамалды,
Кеулім қалды ақылымнан аралды,
Киетұғын киімнің бәрін әкеткен,
Бір киімді састым сонда таба алмай.
Азарының көрмейсіңбе өткенін,
Түбімізге ахыр мұның жеткенін,
Киім таппай киетұғын үйден мен,
Қос көрпені беттестіріп көктедім.
Ердің еткен ойлап тұрсаң ісі еді,
Кеміп қалған көк қасқаның күші еді,
Жамандатқыр қадамы кеміп қалған соң,
Дарияның ортасына түседі.
Дунияда қайтып болсын тұрағым,
Кетті-ау бізден тыңда нөкер, шыдамым,
Амал қанша ортасына түскен соң,
Толқынменен ығыстап мен ығамын.
Көп машахат көзіме менің көрініп,
Қала алмадым бұл жұмыстан серіліп,
Судың бетін адыра қалғыр қос көрпе,
Бет-бетіне ағып кетті сөгіліп.
Алды-артыма болып тұрмын қарамас,
Шындық айтса енді сізге жарамас,
Райханды ештеңеде қаққан жоқ,
Жаңа шықтым тұттай болып жалаңаш».
Барлығыда есітіп бұған күйінді,
Жаңа көңілі әскерлердің сүйінді,
Аттан түсіп уәзірлері секіріп,
Шешіп берді үстерінен киімді.
Қайғы менен хасірет басқан Райхан,
Түгел енді алып киім киінді,
Айтты сонан соң: «Тұрған мұнда шырақтар,
Сендер бекем қорғансың ғой тұрақтар.
Бір азғантай айтатұғын кеңесім –
Деді түгел маған енді құлақ сал.
Не екенін адам қайдан біледі,
Дунияға жаңа келген ер еді.
Қапыл қалмай дайындыққа кіріңдер,
Ертең біздің елге – деді келеді.
Дұшпандардың қарсыласса көзі ойылған,
Табы менен тайғызбас ешкім жайынан,
Көрұғылыдай жаңа шыққан бір толқын,
Қырық жылдап құтылмай тұрып жайылған.
Ертең бізге, – деді, сонау келеді,
Мен білмеймін қандай адам өледі.
Бірің қалма кейінге сол сытылып,
Қалсаң кеттің қырылумен ұтылып.
Түгел сонау жиналсын деді әскерлер,
Қарсы алайық алдынан сол күтініп,
Бұл сөзімді дұрыс болар ұғынбақ,
Айттым енді аңласаңдар сөзді нақ.
Қаһарына адам шыдап тұра алмас,
Аянбай бір көрейік деп қыймылдап,
Болмай кетер қаһарынан тұрағы,
Қарқынына кәйтіп адам шыдады.
Мықты болып күтпесеңдер алдынан,
Тұқым қоймай, – деді, бізді қырады».
Болғаннан соң Райхан араб күйінді,
Қорқынышпенен толқыттың – деді, миымды,
Қала алмады қол ұстасып бәрі де,
Әскер қалмай ертең түгел жиылды.
Жаратушы жанның бәрін бұйру бар,
Айлаған енді болмас босқа зар.
Тұра тұрсын дайындалып Райхан,
Көрұғылыбектен елге кеткен хабар ал.
Аудырмаған Көрұғылыбек қағысты,
Көрсетуге халқына бір жарықты,
Райханның Гүлнар сынды қыздарын
Еліне алып есен енді барыпты.
Барғаннан соң хабар шашып жинады,
Той жасады өзінде сол халықты,
Тұлпар аттың қалған соң артта тұяғы,
Балапан ғой қыран басқан ұяны.
Халқын жинап бірнеше күн той қылып,
Гүлнарды сол Кәждекемге неке қияды.
Кәждем айтты: «Дунияның көрдім жалғанын,
Небір күнде қайғыменен зарладым,
Балалы адам жетеді екен мұратқа
Титтей жоқ, – деді, Кәждем арманым.
Баласыздың қайғыменен күні өтеді,
Таппайды ол өмірінше төтені,
Қариялардың сөзі қандай асылды,
Балалы адам деген мұратына жетеді.
Кеулімнен кетті-ау барлық уайым,
Айтпай мұны енді қайтып шыдаймын,
Талабыма жеткіздің перзентім
Ризамын Жаратқан жалғыз Құдайым».
«Болмас, – деп, ем өмірінше қатаңдық,
Шаттандырсам келіп мұндай атамды,
Райханнан көрген азар есімде,
Бар, – деп, тағы қолын жайып батаңды.
Көрейін мен Райханның сылайын,
Жәрдем болса мен жалғызға Құдайым,
Халқым түгел батаңды бер, – деп, қол жайды,
Қайта айналып шаһарына барайын.
Не екенін ойлап қайдан білерді,
Ашу қосып бұрыннан жүр бұл ерді,
Ел-жұртынан атасынан бата алып,
Ойнақтатып Ғиратпенен жөнелді.
Қабыл болса Көрұғылыбектің тілегі,
Алдыңғы топта сол Райханда тұр еді.
Жер қайысқан әскері бар Райхан,
Жалғыз өзі сол майданға кіреді.
Қойға тиген бөрідей-ақ Көрұғылы,
Бөлек-бөлек жауды алысқа бөледі.
Айлалары еркін ердің асып жүр,
Дұшпан жаман Көрұғылыдан сасып жүр.
Келе алмайды бетіне тура біреуі,
Сұсы жаман Көрұғылының басып жүр.
Келе алмастан қарсысына біреуі,
Тау тасалап, жан сауғалап қашып жүр,
Жалғыз өзі сол майданға барып жүр,
Қарсыласқан есінен әбден танып жүр,
Бұрқ-сарқ етіп айқасып қалса біреуі,
Ат сауырынан төңкеріліп қалып жүр.
Құтқармайды Ғират аты қашқанын,
Бөлді жаудың тас-талқан ғып составын,
Жер тезектей түсірді жерге Көрұғылы,
Домалатып кесті жаудың бастарын.
Шырқыратты арабтардың жандарын,
Атқызбады төніп алып таңдарын,
Өзен бойын сарқыратып ағыды,
Судай қылып арабтардың қандарын.
Таудай еркін орындап жүр талабын,
Бұл сияқты жаратқан артық дананың.
Басқан сайын Ғират аты астында,
Жазып барад еркін шауып қадамын.
Жақын жерде қолын алып тартып жүр,
Кезең келіп қалғанында садағын.
Жақын жерден көріп тұрып санапты,
Кеңінен жайды Көрұғылы бек қанатты,
Садақ алып тартқанында Көрұғылы
Он-он бестен топырлатып құлатты.
Ақыл менен көрдіңдер ме айласын,
Айласының көріп тұрды пайдасын,
Оңды-солды кездескенді төніп жүр,
Жауларға сап өкпесінен найзасын.
Жауларды да кеңінен кеп жайратты,
Тереңінен бұл сол ойларын ойлатты.
Батырларын шаншып алып найзамен,
Маймылдай-ақ көтеріп көкке ойнатты.
Таудай ердің қайт болар ма талабы,
Айтылған сөз есінде еді жаңағы.
Сескенбейді асыл туған Көрұғылы
Жалғыз өзі ортасына барады.
Артық пенен көріп тұрды кемдерін,
Тәңірі артық жаратқан соң ерлерін,
Шешінер ме аттан түсіп Көрұғылы
Болғаннан соң тұйықтап бір белдерін.
Тозаң қылып тоздырады Райханның,
Жатқан бойда елсіз мынау жерлерін,
Таудай ердің қайт болар ма талабы,
Ердің жүзі ойласаңыз харамы.
Басында сол жаудан беті қайтпайтын,
Жаратқан сол еді ғой мынау баланы.
Сегіз күндей ұрысады арабпен,
Шаршап талмай біраз жерге барады,
Он үш мыңдай әскері бар арабтың
Он мыңын сол сегіз күнде алады.
Қала алмайды жау дегенде аянып,
Кез қылады найзасы қанға боялып,
Шауып шығып шетіне сол дұшпанның
Демалып тұр найзасын жаққа таянып.
Қайтып мынау қарқынынан өзгерді,
Көре алмады қарсыласып төнгенді,
Дем алған соң қайта аттанды Көрұғылы
Өлтіруге Райханды келді енді.
Келе жатыр еді шаншып, шауып жауларды
Өзіне сол Райханның кез келуі,
Аузы кетпей Көрұғылының тілектен,
Шықты шауып жалғыз өзі түбектен.
Бұрқ-сарқ етіп айқасып ет Райханды,
Шанышты сол барып енді жүректен,
Өтіп кетіп тұрғанда найзасы
Қара жерге барып ұшып дір еткен.
Басына істі Райханның келтірді,
Жаһаннамға жанын жайға жітірді.
Керек еткен дұшпаны осы Көрұғылының
Жапан түзде қан ғып оны өлтірді.
Қалды бәрі қалғандары табынып,
Бұрынғы сол өз дінінен жаңылып,
Келе алмады қарсысына ешбірі,
Барлығыда тұрды түгел бағынып.
Кәждембектей тағасын мұнда алдырып,
Жөндетеді кеткен жерін шақ қылып,
Келгеннен соң Көрұғылы бек бабына,
Дақ тигізді егескеннің жанына.
Кәждембектей алдырып мұнда тағасын,
Райханның отырғызды тағына.
Бұрын кеткен қариялардың пешесін,
Түйіндерін шын сөйлесең шешесің,
Жалған емес шындыққа тілің барса егер,
Көркейесің, өшпейсің өмір өсесің.
Молда жинап талақ салған қайтадан,
Неке қиды шариғатпен шешесін.
Мына енді еркін мынау қосылды,
Көрген жандар Көрұғылыбектен шошынды.
Алда жоқта қиын іс жоқ асылы,
Баршагүл мен Кәждем тағы қосылды.
Дунияның тартсада бұрын зардабын,
Нұсқа болып бұрынғылардан қалғаны,
Қосылды да Баршагүлге тағы бұл
Кеуліндегі бітіреді арманын.
Енді мұның жұмыстары күймеді,
Кеуілінде көп еді істер түйгені,
Өз халқы мен арабтың халқын қосып ап,
Патша болып Кәждем анық биледі.
Көркейеді көңілі шалқып Кәждембек,
Төбесі сол көкке мұның тигені.
Төбесі көкке тиіп, мақсұтына жетіп, баласы мақсұтына жеткізіп енді, күндердің күні өткеннен кейін Күләйім оның есінде жоқ, соған баласы Көрұғылы барып, Гүлнар сұлуменен, өзінің бұрынғы жұбайы (менің шешем) Баршагүлмен көңіл қосқан соң, Күләйімді ұмытуыңыз орынсыз, менің шешем өлмей есімнен шықпайды Күләйім, бірталай мал-жан сонда қалды. Мен соған аттануым керек, сізден көп уақыт жауап күтіп едім, мені жұмсайды ғой деп едім. Есіңізден Күләйімнің шынымен шыққаны ма? Мен соған аттанам дұғаңды бер деп жатқан жері.
– Артық айтса әркім істен тосылған,
Тапқан тағам өз қолынан жедік нан.
Күләйімді неге ата ұмыттың,
Жолдасың еді кішкентайдан қосылған?
Бізге сонда отырушы тілекте,
Айту керек өз аузыңмен елепте,
Жаным анам тәрбиелеп өсірді,
Шықпас өмір өлгенімше жүректе.
Тыңда сөзді – деді, таға халалға,
Ұшырмадың көп уақыт залалға.
Кішкентайдан қосылған жан жолдасың
Атамастан ұмытып адам қала ма?
Қызылбастың елінде қалды еңіреп,
Көрген күні тұтқын болып азарда,
Қабыл болса естілер хаққа тілегім,
Өз қолынан жан анамның түледім.
Батаңды бер енді тағы өзіме,
Іздеймін мен жан анамды жүремін.
Тұрғаннан соң өз-өзінен жабығып,
Айтқан сөзі батты жанға енді нық,
Баласының естіп мұндай кеңесін
Тұрды аздап Кәждембекте ұялып:
– Қайғырып тұр қаспас қазым табымды,
Айтқан сөзің орынды балам табылды,
Бердім бата, жәрдем болсын Жаратқан,
Ашсын Алла – деді балам бағыңды.
Не екенін ойлап қайдан білерді,
Ойға түсіп ашу қысып жүр еді,
Тағасынан алып бата Көрұғылы,
Қызылбастың еліне енді жөнелді.
Таудай ердің қайт қылмаса талабын,
Бөтен жаққа бөлмеді ой мен алаңын.
Шапқан сайын серпе бір сіркіреп,
Ғират атта жазып келе жатыр қадамын.
Бұл сияқты Жаратқан артық баланы,
Оңдалған соң қайт болмайды талабы,
Арасында он үш күндей жол шауып,
Шаадаттың еліне түсте барады.
Ердің етер, ойлап тұрсаң ісі еді,
Жатып көрген ұйқыда бір түс еді.
Қақпасынан ойласпай-ақ Көрұғылы
Тал түсте, сол арман асып түседі.
Қайтпайтұғын енді ердің беті еді,
Қаһары сол от жалындай леп еді.
Ғират аты кідірмейді қақпаға,
Ар жағына секіріп енді өтеді.
Болмай тұрды Көрұғылының елеңі,
Ақылының тұңғиық сондай тереңі
Қамқұн болған отыр еді Күләйім
Сәлем беріп сарайына енеді.
Көргеннен-ақ таныды, міне құлынын
Назар салды Күләйімде көреді.
Сұм дуния ойласаңыз кеңірек,
Тарылып еді басына мұның дөңірек,
Таныған соң баласын сол құшақтап,
Дөп дария етті енді еңіреп.
Етпейді ме әр уақытта ер істі,
Кім істейді ойласаңыз терісті,
Есен-аман анасымен қауышып,
Бұл екеуі еңіреп енді көрісті.
Көрұғылы айтты: «Етпеңізші уайым,
Деп едің ғой етіп тағат шыдайым,
Қызылбастың күнін қаран етермін,
Қамқұн болма – деді анам Күләйім.
Тірі жүрсем шығар анам мерейің,
Мұнан артық енді сізге не дейін?
Дем алайын қасыңда жатып бір түнше,
Ертең ерте қызылбасты көрейін.
Тиер екен қайтып бізге залалы,
Әңгіменің ана осы халалы,
Қызметі болып еді бабамда
Қай яқта енді – деді атам Бабалы.
Бабалы да жетті кешке жылқыдан,
Тигеннен соң Көрұғылының хабары,
Көрұғылы айтты: «Хасірет қайғы мұңым бар,
Айтылды сөз тыңда бабам шынында
Жалтаң қағып жан-жаққа шығып кетпеңіз
Ертең менің айтатұғын кебім бар».
Шын арыстан еді мынау сымбатты,
Ғираттың тұлпар бағасы қымбатты,
Бұл үшеуі шуласумен жатқанда,
Күн шығады көтеріліп таң атты.
Сыбанулы Көрұғылыбектің білегі,
Енді жаудан қайтар ме екен жүрегі?
Бақытым Жаратқан өзің ашқың, – деп,
Ғиратына таң атқан соң мінеді.
Бабалының ізіне еріп Көрұғылы,
Айқай салып майданға енді келеді.
Даусыменен шықты бәрі далаға,
Қалмады енді қатын менен бала да,
От жалын сол келе алмайды лебіне,
Шығып жүрді ойнап бір шаһар шетіне.
Кез келгенін апат қылып кетеді,
Кім келмекші Көрұғылы бектің бетіне.
Қарсы келсе өздері опат тауып жүр,
Ғиратпенен аралап майдан шауып жүр,
Бұрқыратып тоздырып жүрді даласын,
Тас талқан ғып шапты түгел қаласын.
Жалғыз өзі сескенбей-ақ барып жүр,
Қарсыласса атынан түсіп қалып жүр,
Көрінгенді қайратына таң қылып.
Шаһарын сол ағызды судай қан қылып,
Бұрқыратты қызылбастың шаһарын,
Жан көрмейтін түнек енді шаң қылып,
Ертең менен бірдей шауып кешінен,
Кейде талмай өте шығад бетінен.
Тайынарма, қариялардың нақылы,
Судан, – деген, ойлап көрші, шешінген.
Қарсы келіп тіреуге енді келмеді,
Танып жатыр қызылбастар есінен.
Құтқармайды Ғират аты қашқанын,
Бөліп жүрді қызылбастың бастарын,
Тоғайына барып тықты көбісін,
Құтқармайды Ғират атта қашқанын.
Жалғыз өзі майданға еркін барып жүр,
Құмары сол Көрұғылы бектің қанып жүр,
Кімдер келсін қарсысына бұл ердің,
Қарсыласқан қызылбас естен танып жүр.
Таудай ердің қайт болмаған талабы,
Жүргеннен соң қайтар ма екен араны,
Сегіз күндей қызылбаспен ұрысып,
Тасталқан ғып шаһарын шауып алады.
Өзен бойын жағалатып айдады,
Қатын менен иесіз қалған баланы.
Кім таласар ердің берген бағына,
Тыңда сөзді, ескерімді тағыда,
Елін шауып, апат қылып, бағынтып,
Тас тигізді қызылбастың жанына.
Қалай енді бұған ойы тез келді,
Шабуына барлығы да кез келді,
Қарсы келіп бетіне тоқтам бере алмай,
Өз-өзінен қызылбастар өзгерді,
Ойнақтатып келе жатыр еді Көрұғылы
Шаадаттың өзіне енді кез келді.
Таудай ердің қайт болар ма талабы,
Түюлі жүр Көрұғылының қабағы,
Өлтірмеді шауып шаншып Шаадатты,
Тірідей сол сұлтан ұстап алады.
Сарғайтады мұның да енді жүзләрін,
Келтіріп тұр өз басына көзләрін.
Атама еткен ахыретің осы деп
Бұл да ойды екі қара көздерін.
Шықыратты Шаадаттың жандарын,
Атқызбады енді қарап таңдарын,
Атасына еткен ісін қайтарып,
Көзден төкті жас аралас қандарын.
Басына істі Шаадаттың келтірді,
Жаһаннамға жанын оның жітірді.
Егескенде екі талай қор қылып,
Шаадатты апат қылып өлтірді.
Кім таласар ердің берген бағына,
Дақ тигізді ойласаң ердің жанына.
Түгел барып бағынып дінге кірген соң
Жинап алды майдан сынды залына.
Халқын жинап Бабалыдай бабасын,
Шаадаттың отырғызды тағына.
Қариялардан қалған осы мысалы,
Кеуілінің Бабалыны да кетті тосабы
Қызы бар еді Шаһида атты Шаадаттың
Неке қиып Бабалыға қосады.
Маңайына барып ешкім тимеді,
Көңілінің қандай жақсы сүйгені.
Еткен еңбек Көрұғылыдан қайтып тұр,
Патша болып Бабалыңыз биледі.
Артық пенен көз салмады кеміне,
Не қыл дерсің Көрұғылыдай бегіне.
Бабалыны отырғызып сол таққа,
Еге қылды Шаадаттың жеріне,
Көп жылқысын шығарып шаһар шетіне
Өз анасын алып қайтты еліне.
Қабыл болды Көрұғылыбектің тілегі,
Алып ұшты енді сәби жүрегі,
Есен әкеп анасын алып оралып,
Ай жолына қайтып елге келеді.
Бұрынғылардан қалған осы мысалы,
Кетпей қайтеді көңілдің енді тосабы,
Есен әйлә Күләйімдей анасын,
Кәждембекке тіршілікте қосады.
Тапқан назар салмайды ма алапқа,
Өтіп жатыр бірнеше күн санапта,
Талапты ерге нұр жауабы дегендей,
Көрұғылыбек жетті мұндай талапқа.
Жазылған сөз нұсқа болып баяғы,
Кеміс қалды Көрұғылының қай яғы?
Халық үшін арнап жазған еңбегі,
Тамам болды Көрұғылыбектің аяғы.
Бұл Көрұғылы ертеректе тарих болып әр ұлт өзінің тілінде жазып келе жатқан ғой мұны. Мана басында айтып кеттік қой қандай жағдайларменен, осындай тарих басталып кететіндігін. Бірақ, мен мұны өз жанымнан шығарып отырғаным жоқ. Берігірек келген соң Керейіт – Ақбек – Орынбай дейтұғын кісі айтып жүретін еді. Ол кісі менің өкіл әкем еді. Сонан құлағым көп қынығып еді. Қаныққанмен ойдағыдай толық айта алмай жүрдім. Ол Орынбайдан Қара–Тамыр– Тұрымбет дейтін жырау алған екен. Тұрымбеттен Метей–Сарқасқа–Молдахмет дейтін кісі алған екен. Молдахметпенен бірге филормонияда істеп жүргенімде Молдахметтен осының толығын үйреніп халыққа 25 жылдай осыны тыңдатып жүрмін.
КӨРҰҒЛЫНЫҢ ҚЫЗЫЛБАС ҚАЛДАРХАННЫҢ БАЛАСЫ РАЙХАНМЕН СОҒЫСЫ
Айла мәдет Жаппар Хақ,
Сөйлесін деп біздерге
Беріп еді тіл мен жақ.
Бір қиссаны аяқтап,
Тамам етіп кетейін,
Жар болса егер аруақ.
Неше болып таралған
Бұл өзбектің баласы,
Түрікмен халық ішінде
Айырар ердің сарасы.
Қазақпенен бұлардың
Әуелінде бір екен
Атасы мен бабасы.
Түрікменнен шықты Толыбай
Тұлпар мініп, ту алып,
Ерлігінің уақытында
Халқы жүрді қуанып.
Мұның оғлы Жығалы,
Дұшпанменен айқасқан
Бұл да жүрді кек алып,
Дұшпанменен қылды ұрыс,
Ерлігі мұның сыналып.
Жығалының баласы
Патша болды Мұңлықбек.
Қызылбаспен соғысты
Қарап тұрмай бұлар тек.
Һәр залыммен соғысып,
Басын жойды бұл ерлік.
Жамағаты зар жылап,
Жесір қалды Алтыншаш,
Өзі сұлу, қолаң шаш.
Сұлулығы мұншама –
Көрген адам болар мас,
Бұрын тапқан бала жоқ,
Жүкті болып бишара,
Отыз бірде қалды жас.
Біраз уақыт өткен соң,
Алтыншаш бір күн ауырды,
Бозұғландай сол шақта
Шақырып алды бауырды...
Бозұғланға айтпаққа
Кірді қиял есіне,
Сол шағында баян қып
Кіріп еді Қырық шілтен
Сол күні мұның түсіне.
«Алла салды, дариға,
Ғәзиз басқа, нетермін?
Көргенім өтірік болмаса,
Ертеңгі күн бесінде
Дүниеден өтермін...
Аһ, дариға, арманда
Көңілім кетті тына алмай,
Бұл аурудан жазылып,
Белімді бекем буа алмай.
Кеткенім бе іштегі
Шырағымды көре алмай?
Өзімменен ішімде
Бірге кетті арыстан.
Текежәуміт халқына
Болса керек данышпан.
Құрсағымда тілеген
Несібесін алыстан.
Атқа мініп ер жетер
Маңына келмес еш дұшпан.
Бір айдан соң табармын,
Ұмытып кетпей, шырағым,
Ашып ал көрді, Бозұғлан!»
Бозұғланға мұны айтып,
Жұмды көзін Алтыншаш.
Құдіретіне Алланың
Тағдыр жетіп қойды бас.
Жаназа оқып жиылып,
Апарып қойды қабірге
Ағайын, қауымы қарындас.
Рақым етіп Құдайым,
Көр ішінде туғызып,
Жан беріп оны тербетті,
Ғаусыл, ағзам, Қырық шілтен
Іштірді қолдан шәрбатты.
Сүт шығып ана төсінен
Біріне-бірін емірентті.
Төстен бұлақ ағызып,
Көрұғлына жағызып,
Бірнеше уақыт жыл өтті.
Жеті жасқа келгенше,
Үйретіп әрбір ғылымды,
Атқарды бастан міндетті.
Моладан шығып жүретін
Көрұғлы ерге күн жетті.
Талаптары көңілінде,
Көрұғлы сыймайды.
Далаға шықпай тұруға
Еш тақаты болмайды.
Дүйсенбі күн тал түсте
Моладан шығып ерігіп,
Жалғыз өзі желігіп,
Жүгіріп жүріп ойнайды.
Бұл уақытта бала ғой,
Жалғыз ойын керегі.
Көрінгенге ұмтылып,
Талпынады жүрегі.
Айы, күні, мұңы жоқ,
Емшектен басқа керегі.
Жәмбілбелдің шәрі деп,
Топырақ, тасты қорған қып
Тілеген мынау тілегі:
«Қазір Алла айтқанымды хош көрсе,
Бәрін маған дүнияның бос берсе,
Аға сұлтан, патша болсам түрікменге,
Ұзақ ғұмып жүз жиырма жыл бас берсе.
Жұртты жинап ақсақалдан бата алсам,
Молда жиып ғалымдардан хат алсам,
Аға сұлтан, патша болсам түрікменге,
Өзім жиһанкез Көрұғлыбек атансам.
Сұр бұлтпен аспандағы ойнасам,
Дұшпандарды бір шыбықпен айдасам,
Атса мылтық өтпейтұғын ер болсам,
Жүз мың жауды айдаһардай жалмасам.
Бір Құдайдан мен тілеймін үмітті,
Дарбазаға соқтырсам болат кілітті.
Өзім жиһанкездей Көрұғлыдай ер болып,
Қасыма ертсем қырық бір атты жігітті.
Қасыма ертсем не жиһанкез балуанды,
Талап қылып мен жауласам жауларды,
Қырық бір жігіт қастарымда бір болса
Құлатар ем асқар ала тауларды.
Белге байлап аспаһандай болатты,
Көкке ұшырып мінсем сонда Ғиратты.
Ел-жұртыма он екі де хан болсам,
Өлгенімше жағып өтсем шырақты?..
Мен бір өтсем қатарыммен, теңіммен,
Болсам батыр дұшпан жүрмес шеңімнен.
Перзент тумас перизаттан қатын бер,
Оймақ ауыз, құралай көз періден.
Көрұғлының шілтен болып достары,
Перизаттың қалам болса қастары.
Перзент тумас қатын алсам бір сұлу,
Болса дәйім оның он төрт жастары.
Пері нұры аспанменен таласпас,
Айтар сөзден Көрұғлыбек адаспас.
Күнде қыздай перизаттан қатын бер,
Бала тапқан қатын ерге жараспас.
Сен емессің шілтен, пірім құлақсыз,
Атқа мінсем іс қылмаспын тұрақсыз.
Дүниеде басты берме, Ғират бер,
Өтіп кетсем ризамын тұяқсыз.
Жәмбілбелге соқтырсам алтын шынарды,
Асқар таудай көрінсе биік мұнары,
Әр діңгекке жүзден атты байлатсам,
Бәрі бірдей мойнында алтын тұмары.
Қызылбасқа мен істетсем жұмысты,
Жүз мың жауға берсем едім тынышты.
Ұста жиып, патша болсам періге,
Аспаһандай соқтырсам өткір қылышты.
Мен салдырсам алтын таққа өрнегі,
Әр қылыштың болса тіллә кемері.
Ешбір арман қалмас еді көңілде,
Қызылбасқа көрсетсем сан өнерді.
Бір Құдайға қылдым бүгін тәубаны,
Үлкен-кіші жинап алсам ағаны.
Күнде шарап қырық жігітпен ішкендей,
Алтынменен соқтырсам мейманхананы».
Көрұғлы сұлтан бүлініп,
Туғаннан жауға өшіккен.
Пендесі құры қалар ма,
Тәңірі жазған несіптен?
Бақты ашылса біреудің,
Ғайыптағы нәрселер,
Жұмалап келер есіктен.
Сөкпеңіздер ғайыплап,
Келтірді деп нешіктен.
Себеплерін айтайын,
Апаның сөзін ұмытып,
Арада неше жыл өтті
Бозұғланның кешіккен.
Кешіккенін айтайын:
Бозұғланның бар екен
Ақбілек атты бір жары,
Ол күндегі адамнан
Артық екен ажары.
Соңынан ерген әуре боп,
Мал мен басын тәрк қылар
Біреудің түссе назары.
Ақбілекті әр жерден
Іздеушілер көбейді.
Қашпаса егер ұзаққа,
Таянғандай сықылды
Бозұғлан ердің ажалы.
Күйген тауға Бозұғлан
Ақбілекті алып жөнелді,
Мінгені қара тұлпары,
Қиядан көріп іледі
Қолындағы сұңқары.
Ауламаққа көп екен
Құлан, құлжа, арқары.
Елсізге шығып дем алып,
Дұшпандардан құтылып,
Қасыреті жаңа тарқады.
Апасының Бозұғлан
Айтқан сөзін ұмытты,
Көңілін мұнан суытты.
Етегінен Күйгеннің
Бір құланды қуыпты.
Құлан ұзап кеткен соң
Келе жатып Қарамен,
Бір сахара далада
Көп молаға жолықты.
Аң аулап жүр Бозұғлан
Сахара майдан даладан,
Өте берді гулетіп
Көп зиратты моладан.
Жалаң аяқ құм басқан,
Бір адамның ізі бар
Тым-ақ үлкен шамадан.
Тартты аттың тізгінін,
Көп зираттың ішінде,
Неғылып жүр деп бұл адам?
Көңілінде бар бұл күнде
Бозұғлан ердің санасы,
Әлгі іздің шыққаны
Қарап тұрса шамалап,
Тапсырып кеткен баяғы
Апасының моласы.
Жақсы адамның сөзінің
Қай күнде болмас екеуі,
Жер мен көктің бар ма екен
Арасында тіреуі?
Молаға батыр таянды,
Апасының тапсырған
Есіне түсып сол жерде
Қақсаған зарлап тілеуі.
Із иесі аң емес,
Байқаса бөтен жау емес,
Көрде туып, көрде өскен
Көрұғлыдай жиені.
Зар етіп Хаққа қылды зар,
Өлмесем менің болар деп
Алды, артымның сүйеуі.
Жапанда өскен тағыға
Қашан қолы жетеді?
Ердің есі кетеді,
Ұстауға талап етеді.
Түсіре алмай қолына,
Арада төрт ай өтеді.
Бозұғланды көрсе алыстан,
Зытып бір қашып кетеді.
Көрмегені жақсы екен,
Көріп қолы жете алмай,
Бозұғланның қайғы мен
Қапасы ішін өртеді.
Сандалды батыр далада,
Қабырғасы сөгіліп.
Қиып тастап кете алмай,
Аш күзендей бүгіліп.
Төрт айдан соң Бозұғлан
Бар хайласын түгесіп,
Баладан қайтты түңіліп.
Келе жатқан батырды,
Көргеннен соң Ақбілек,
Алдынан шықты жүгіріп.
Бозұғлан сонда сөйледі:
«Сенсің менің Ақбілек,
Сүйген жарым, алғаным,
Қалайша менің басылар
Дүниедегі арманым?
Моласынан апамның
Бір тамаша ер көріп,
Күзетіп соны қалғаным.
Бар хайласын түгесіп,
Қапалықпен келіп тұр
Ұстай алмай нарларың.
Есіктің алды қар ма екен?
Қатар-қатар жар ма екен?
Бір перзентке дүниеде
Біздей де ешкім зар ма екен?
Алып келсем сүйеніш
Болар еді қарағым,
Ұстар амал бар ма екен?»
Сонда Ақбілек сөйлейді:
«Молада жүрген тағыға
Болып па едің ынтызар?
Шын тілеген бендеге
Болар деген Алла жар.
Мен айтсам сөздің мақұлын,
Ұстайтын оның ақылын.
Алма деген жемісті
Көп қылып сонда алып бар,
Тастап кетсең әр жерге,
Теремін деп жүргенде,
Ілінбес пе екен ақсұңқар?
Молада туып өсірген
Алланың қалай пәрмені?
Жалғыздықтан кетіп жүр
Бозұғланның дәрмені
Бітейін деп келеді
Тарыққан ердің арманы.
Теріп алып Бозұғлан
Әр жерге әкеп тастады
Қызықсын деп алманы.
Көрден шығып Көрұғлыалмаға жатқан қарады.
Көргеннен соң қызығып,
Аузына бірін салады.
Тәттілігі батырдың
Көңілінн мұның ұнады.
Әр нәрседен хабарсыз
Далада өскен бала-ды.
Бір-бірлеп теріп үстіне
Бозұғланның барады.
Қараға мініп ұмтылды
Көргеннен соң Бозұғлан,
Көрұғлының іздері
Жол боп жатыр қазылған.
Қарасын көрмей қалады.
Қосылса да жақыннан.
Барса көрге Көрұғлы
Тесігінің аузында
Жатыр екен арыстан.
Тұрар емес шошынып,
Адасты батыр ақылдан.
Кейін қалды адамзат
Атпен қатар жарысқан».
«Өкпем күйіп жүгіріп,
Келіп тұрмын алыстан.
Қалайынша бұл жерде,
Жатырсың келіп данышпан?
Ұстай деп қауіп етіп,
Адамзаттан қашамын.
Іздемесең қалың сор
Орнымды бер, арыстан!»
Сонда арыстан сөйледі:
«Жау болуға жарамас,
Танытайын ағаңды.
Ана сүтін емуге,
Мұнан былай харам-ды.
Артыңнан қуған Көрұғлы
Бозұғландай тағаң-ды,
Білдір деп мұнда жіберген
Қырық шілтен бабаң-ды.
Енді саған көретін
Рұқсат жоқ анаңды».
Көрұғлы сонда сөйледі:
«ей, арыстан, дүниеде
Мен бетіңді көрмеспін.
Айрылсам ана сүтінен
Тірі де болып жүрмеспін.
Жалғаншының ләззаты
Шарабына бермеспін.
Пірлерім болса мәдеткер,
Еш біреудің сөзіне
Құлақ салып көнбеспін.
Екі қолды байламай
Жөнділікпен жүрмеспін.
Жүз жиырма жас сұрағам,
Өтірік пірлер айтпаса,
Бұйрық жетпей өлмеспін.
Жөніңді маған білдірші,
Кім екенің білмеспін?»
«ендеше баян етейін,
Жаныңа раушан егетін
Көріп тұрған піріңмін.
Жамандыққа қимайтын
Хош иіслі гүліңмін.
Әр уақытта жад етіп,
Ауызда сөйлер тіліңмін.
Кедергі болып асырмас,
Дұшпанға тартар беліңмін.
Қайрат-қуат беретін,
Қапаларың шығарар,
Көңілдегі желіңмін.
Танымасаң танырсың,
Көр ішінде жеті жыл,
Балапандай баулыған
Шайқыұлы піріңмін».
Айтқаннан соң батырдың
Піріне көңлі бітеді.
Төменшілік жүзімен
Рұқсат бер деп жалынып,
Көп өтініш етеді.
Осылай сөйлеп тұрғанда
Қараменен сабалап
Бозұғлан ер жетеді.
Талқан қылып тау-тасты,
Тағы қашып Көрұғлы
Жүгіре тауға жөнеді.
Қанатты Қара тұлпарға
Бір көрсетпей қарасын
Адастырып кетеді.
Бозұғлан сонда зар етіп,
Бір Құдайға жалнды,
Астындағы тұлпары
Қара терге малынды.
Қайғы түсіп көңіліне
Көздің жасы құйылды.
Пірлер медет бермесе,
Ұстар ісі қиын-ды.
Қызыр, Ілияс пірлері
Себепкер болып сүрінтіп,
Көшке таман бір жерге
Бала шаршап жығылды.
Жатқан жерін көрген соң,
Атынан түсіп Бозұғлан
Байлайын деп ойлайды.
Көрұғлы жатып жылайды:
«Адамзат маған зар ма еді?
Мендей ғаріп жетімге
Мынау дүние тар ма еді?
Түсте қуып шаршатып,
Кешке таман ұстадың.
Менде кеткен әйтпесе,
Әкең құны бар ма еді?»
Бозұғлан сонда сөйлейді:
«Сенен басқа менің жоқ,
Бұл уақытта тіреуім,
Жалғыздық түсіп басыма
Серік қыла алмадым
Көп түрікменнің біреуін.нағашың жүр қан жұтып,
Болмаған соң зар етіп
Алды-артымда сүйеуім.
Енді мені жылатпа
Көрде туған Көрұғлы,
Айналайын, жиенім.
Білсең, балам, Көрұғлы,
Алыс емес жақының».
Ақылмен ойлап біледі,
Жеті жаста Көрұғлы
Ақ сұңқар құстай түледі.
Аруақтары жар болып,
Талаптары ойлаған
Ретіне келеді:
«Бұл сөзіңе нанбаймын,
Білсең айтшы, адамзат,
Менің әкем кім еді?»
Бозұғлан сонда сөйлейді:
«Бас қосалық, шырағым
Екі жерде жүрмелік,
Сұрасаң саған айтайын
Мен нағашың жетімек,
Дұшпандармен соғысып,
Сенің әкең, қалқам-ау,
Шәһид болған Мұңлыбек!»
Ақыл-ойы батырдың
Жаңа кірді есіне.
Барлығын баян еткен соң,
Кідірсін енді несіне?
Шайхыұлы сол күні,
әуел бастан тамамдап,
Көрұғлыдай батырдың
Берген баян түсінде.
Жар болса тәңірі құлына
Даяр қылар керегін.
Көрұғлының Бозұғлан
Байлаған шешті білегін.
Есі кетіп қуанып,
Бақытымды Құдай ашты деп,
Баса алмады жүрегін.
Көзінің жасын тыймады,
Терісіне сыймады,
Болды деп қабыл тілегім.
Бозұғландай еріңнің
Көңілінен қайғы алынды.
Неше жылдай өсірген
Піскен қауын жарылды.
Арам тер боп бойында,
Мінгескен соң екеуі,
Қара тұлпар шабылды.
Жүз мың жауға төтеп те
Беретұғын бір өзі
Арыстан мұнан табылды.
Қауіпсіз жүрген дұшпанның
Күні енді тарылды.
Моладан өте бергенде,
Көрұғлыдай жас бала
Тағасына жалынды:
«Тілегім бар, тағам-ау,
Қабыл етсең тілейін,
Рұқсат берсең анамды
Не халде екен көрейін!
Жансыз тәнін бұлақ қып,
Асырап еді анашым,
Барып оны көрейін.
Екі емшегін иіскелеп,
Көңілімді суытып,
Кешікпей, аға, келейін.
Кетемін ғой арманда,
Көре алмаймын жалғанда,
Ақ мамасын емейін!»
«Болып тұрсың, қозым-ау,
Жапанда жалғыз шынарым,
Бұл жалғанда қалайша
Басылар менің құмарым.
Қайғыменен қан жұтып,
Бірнеше жыл байланған
Екі көзім жанарым.
Қашумен жүріп күн көрген.
Дұшпаным көп қорқамын.
Күйген тауда тұрағым,
Жібермеймін, шырағым».
Көрұғлы сонда сөйледі:
«Қайран, ғазиз анам-ай,
Қорек алып төсіңнен
Жеті жыл жаттым жапанда-ай.
Дүние жүзін әуес қып,
Ықтиярым жоқ басымда.
Жөн тартып енді барам-ай,
Оқымаған бәтдұға-ай,
Кетті тастап қарғама-ай.
Шарасыздан барымын
Тағамның сөзін қия алмай,
Қайрылуға жарамай».
Көрұғлыны алып жөнелді
Бозұғланның көңілі өсіп,
Бірі іні, біі аға боп,
Ақыл қосып, жөндесіп.
Күйген тауға келеді.
Тұлпарға қара мінгесіп.
Асығып шауып келеді.
Жолыққанша сұлуға
Ақбілектей кездесіп.
Мекен еткен Бозұғлан
Күйген таудың арасын.
Жаздым-ау деп келеді,
Көңілдегі жарасын.
Қарап тұрып Ақбілек
Мінгесулі екі ердің
Көрді алыстан қарасын.
Көрейін деп жүгірді жиені мен тағасын.
«Өтірік пе, шын ба?» – деп,
Зар етіп Хаққа келеді.
Қолмен ұстап жағасын.
Көзінен ағып қанды жас,
Сүйіп жатыр иіскелеп
Көрұғлындай баласын.
Ақбілек пен Бозұғлан
Мекен еткен неше жыл
Күйген таудың басында,
Көрұғлы ермек қасында.
Шаттықпенен жатады
Біраз уақыт осында.
Жан аямас Бозұғлан
Бұл уақытта тигеннен,
Жаннан қайтпас жүрегі
Қайратына сенгеннен.
Көрұғлы ермек қылсын деп,
Аң қумаққа Күйгеннен,
Бозұғлан ер қойып тұр
Көрұғлыдан жан аяуды.
Алыс емес аңдысқан
Дұшпан мұның таяулы.
Келе жатыр сандалып,
Кербиеге қос артқан
Батырдың көзі көреді
Қырық бір жүрген жаяуды.
Көргеннен соң Бозұғлан
Үйіне қайтып шабады.
Астындағы Қараны
Екі жақтап сабады.
Мекен еткен жайына
Көңілі қатты шошынып
Шабуыл қойып барады.
Сөйледі келіп Бозұғлан:
«Ай, шырағым, қайдасың?
Қырық бір дұшпан мен көрдім,
Жүрегім қатты сескенді,
Сен таппасаң айласын?
Қараға мініп қарсы бар,
Қару-жарақ асып ал,
Алдыңда жауың жайрасын.
Ғарып болған нағашың
Батыр туған ерінің
Көреді қашан пайдасын?
Атқа мінсең, бағланым,
Жүз мың дұшпан болса да,
Маған аян қймасың.
Дұғада мен болайын,
Кәміл пірлер қолдасын.
Бес қаруды іл бойыңа,
Қолыңа алған ақ сүңгі,
Шанышқанда қанға тоймасын.
Аспаһанды іл беліңе,
Келді дұшпан көріне.
Шарайна, білдік, дулыға
Ілші бір оны иніңе.
Тырнақ алды сапарың,
Бір Құдайға тапсырдым,
Жауды қоспа үйіріне,
Кеудеден жанын айырып
Таянт қолын бүйіріне!»
Түрегеліп Көрұғлы
Қаруды алды қолына,
Түспекке жаудың соңына.
Оңар емес бұл күнде
Келсе дұшпан маңына.
Қараға мінді арыстан,
Несібесін тілеген,
Құрсақта жатып алыстан.
Баруға бетін түзер тұр
Жолдас алмай соңына.
Көрұғлы сонда сөйлейді:
«Бозұғландай нағашым,
Қарудың айтқын жайларын,
Әр тарап бұл күнде
Болуда тұр ойларым.
Жүз мың дұшпан болса да
Білмейсің бе, тағам-ау,
Сұлтаныңның жайларын!
Тірі болсақ көрерміз
Қызылбас пен қалмақтың
Неше түрлі «тойларын»».
Бозұғлан тұрып сөйлейді:
«Сақтасын Құдай жат жаннан,
Бұйрығымен Алланың
Кәләм түсті аспаннан.
Мынау садақ қалыпты
Рүстем мен Дастаннан,
Ер жігіттің көп болар
Жау ішінде қайласы,
Көпке тиер пайдасы.
Ибраһим мен Халелден
Қалған мынау найзасы.
Сұраған соң, шырағым,
Баян етпек дұрыс-ты,
Онан былай асқан соң,
Істерсің, қалқам, жүрісті,
Бабаң өткен ер Дәуіт
Саған кеткен қалдырып,
Сауыт пенен қылышты».
Көрұғлы батыр қуанды,
Есітті мұны сүйініп.
Жау дегенде ьалпынды
Аш бүркіттей түйіліп.
Бес қаруды асынып,
Сауытты алды киініп,
Баруға бетті түзеп тұр
Сансыз дұшпан болса да,
Қамайын деп иіріп.
Бозұғлан сонда сөйлейді:
«Сымбатыңа-ай, шырағым,
Дұшпандар тұр қарасып,
Шыққан жоқ ең далаға
Кете көрме адасып.
Шеңгеліңнен құтылмас,
Келген жаулар сабасып.
Құтты болсын, сұлтаным,
Бес қаруың бәрі де,
Тұр бойыңа жарасып.
Бозұғлан тағы сөйлейді, –
Бағланым жауға жөнелді,
Бұл дүниенің сардары.
Бітіп қайтсын бұл жолда
Жалғызымның арманы.
Сұлтаным қашан келгенше
Осы орында қозғалмай,
Нағашыңның тұрғаны.
Жауымды жаулап беретін,
Сенсің жаным қорғаны.
Жолдасың жоқ қасыңда,
Ғайыптан қолға түсіріп,
Кетпесес жауың болғаны.
Ақбілекпен екеуміз,
Шүкіраналық етіп ек,
Назарын пәс қып қайтарма,
Маған бергін бір тілек.
Біздер аз дүр, көп дүр кәпір,
Салар қозым заман ақыр
Сұлтаныма бергін медет
Ғұмар, Ғұсман, Әбубәкір!..»
Көрұғлы ер жөнелді
Қара атпенен сабалап,
Шошынар емес тұрса да
Жүз мың дұшпан қамалап.
Күйген таудың басында
Отыр екен қырық бір ер.
Әрқайсысы арыстан, шер,
Салса бір көзін шамалап.
Көзін салып қараса,
Ойда біреу келеді,
Тас бұршақтай домалап.
Сапабек деген бір батыр
Бар еді мұның ішінде,
Қисабы жоқ күшінде.
Тоғысқанда жаулармен,
Он санға өзін бағалап,
Жолдасына сол шақта
Сапабек тұрып сөйлейді:
«Болады бүгін бір ерлік,
Намысты қолдан бермелік.
Беті қайтар ер емес.
Жеті жасар келеді,
Алайын деп жүгермек.
Бөлек-бөлек қашалық,
Күйген таудың басында,
Қарап тұрып өлмелік».
Қаша-қаша жөнелді,
Кербие қалды байлаулы,
Жүгі қалды жайраулы.
Басына түсіп уайым,
Жаннан басқа нәрсені
Батырлар қойды ойлауды.
Көрұғлы жетсе артынан,
Бұлардың орны сайлаулы.
Енді шауып Көрұғлы
Кербиеге барады.
«Тырнақ алды олжам» деп,
Маңдайынан тақ етіп,
Анықтап белгі салады.
Қашқан ерлер иіріп,
Бір жерге әкеп қамады.
Құтылмасын білген соң,
Сапабектей асылзат,
Қол қусырып батырдан
Сауғаға жанын сұрады.
Құлақ салып сөзіне
Көрұғлы да тұрады.
Сапабектей асыл зат
Ұнады ердің көзіне,
Тар жерде болар жолдас деп,
Батырлардың жүзіне
Назарын тігіп қарады.
«Сұраған қырық жігітің
Осылар», –деп пірлері
Айтып еді өзіне,
Соны есіне алады.
Таныған соң Көрұғлы
Аттан түсіп көрісті.
Өңшең батыр шерлерге –
Жиһан кезген ерлерге,
Ғайыптан мұны тап ылған
Риза болды пірлерге.
Болсам керек Иншалла,
Он үште патша Жәмбілге.
«Қырық жігітім, серігім,
Аманат қоям бұл жерге.
Бес жылдан соң беліңе –
Алмас қылыш байлатып,
Арғымақ ат сайлатып,
Қос-қос дабыл қақтырып,
Түрікмен халқын бақтырып,
Құс салып сайран етерсің
Һауадақ деген көлдерге».
Сапабек тұрып сөйлейді:
«Болса бұйрық Алладан
Жолдас болып ерерміз,
Геғылып күнді Күйгенде
Жаяу жатып көрерміз.
Бес жылға шейін бұл жерде,
Ас, киімсіз, жалаңаш,
Қалайынша жүрерміз?
Біздерге рахым етіңіз,
Кербиені тастап кетпесең,
Біз күмәнсіз өлерміз?!»
Көрұғлы тұрып сөйлейді:
«Бұл аштықтың, нарларым,
Түспеңіздер соңына,
Туған шығар, Иншалла,
Жұлдыздарың оңына,
Көрұғлының Сапабек,
Кәміл піріне жыласаң,
Арқар, құлан, киіктер,
Келіп түсер қолыңа.
Саятшы қып тапсырдым
Қырық шілтен жолыңа.
Талапты туған сардарым,
Тәуекелден бас бұрма.
Талапқа белін буғандар,
«Далада аштан қөлем», – деп
Уайым-қайғы қылмаңдар?
Айтқанымнан бұрылып,
Бөтен жаққа бармаңдар.
Бөтен істі көңіліңе
Жігіт болсаңалмаңдар!
Бес жыл деген бес-ақ күн,
Уағдадан танбаңдар.
Аманат қып сендерді
Тапсырдым, бабам ер Қамбар,
Қамбар өзі қолдаса,
Айтатын қайғы не қам бар?
Кербиені алып жөнелді,
«Аман бол, – деп, – Сапабек!
Өзім тірі жүргенде,
Дұшпандарға кетпес кек,
Бұл уақытта екпінім
Козғалтқандай жер мен көк».
Бозұғлан үйде жылайды;
Бірер жауға сыналмай,
Мінді деп атқа ертерек.
Батыр келді үйіне,
Тұлпармен қара соқтырып,
Тасып келді мақтанып,
Іздеген жауын бұқтырып.
Нағашысы қуанды
Көңіліне шаттық көп кіріп,
Жеңгесінің жанында
Жата берді Көрұғлы
Кербиені бақтырып.
Бір күндері болғанда
Аңға кетті Бозұғлан.
Талап етіп жол бастап
Бозұғлан үйде жоқ кезде,
Далада келіп бір адам
Жөн сұрайды дауыстап:
– Қоңыраулы қатар-қатар нар бар ма?
Сөз айтпаймын ақымақ туған заңғарға.
Қалдарханның баласымын – Райхан,
Бұл ордада сөйлескендей жан бар ма?
Ер Көрұғлы мұны естіп сүйінді,
Қамқа тонды тал бойына киінді.
Сөйлеспекке Райхандай патшамен,
Үйден шығып тысқа қарай жүгірді.
– Танымаймын, аға, сенің затыңды,
Өтірік айтпай, рас айтшы атыңды.
Саған берген есен-аман сәлемім,
Түсіп берші астыңдағы атыңды.
– Ат таныған мұның өзі қандай бек?
Ғиратыммен дұшпандардан алдым кек.
Көзің тиер Ғиратыма, қарама,
Жеті жасар көрден шыққан жүгермек!
– Кетесің бе көзім жасын аққызып,
Мінер ме еді Ғиратыңды бақтырып.
Маған, аға, Ғиратыңды бермесең,
Кер биеме кетсең қайтер шаптырып?!
– Үйге барып патша екенім білдірсең,
Бір көргізіп іш-бауырымды күйдірсең,
Ғиратымның орамалы сол болсын,
Жеңешеңді құшақтатып сүйдірсең.
Мақұл көрді мұның сөзін Көрұғлы,
Алаңғасар ердің ісі белгілі.
Сүйдірмекке Райханға бетінен
Үйге барды жеңгесін ап келгелі.
– Жан бітіріп сурет еткен Құдайым,
Тарқар еді көңілімнен уайым.
Ақ бетіңнен бір сүйгізші патшаға,
Кер биеме бір шаптырып қалайын.
– Бір ғапылық, қозым, бастан өтпесін,
Түбімізге осы Райхан жетпесін?
Тұла бойым тітірейді, шықпаймын,
Шықсам алып бұл зәнталақ кетпесін.
– Сен шықпасаң жеңге бетің көрмеймін,
Тірі болып бұл дүниеде жүрмеймін.
Мен тұрғанда қам жемегін, жеңеше-ау,
Жүз мың жауға қолдан сені бермеймін.
– Бір Ғиратқа нардай белің бүгілді,
Бұл сөзіме қабырғам, қозым, сөгілді.
Бір көрінсем – кетермін білемін,
Бітіріп қал, жетімегім, көңіліңді.
Жиенінің айтқанына ұялып,
Тұра келді Ақбілек белі бұралып.
Тұра келіп ақ орданың ішінде,
Ақ түлкідей болып жүрді шұбалып.
Көрұғлы тұр Ақбілекті тапсырып,
Райхан тұр ішкі сырын жасырып.
Наше жылғы ғашығы еді Ақбілек,
Ала қашты арғымағын шаптырып.
Бір кеткен соң келер ме енді қайрылып?
Алтын жыға сынды енді майрылып.
Балалықпен Райхан сырын байқамай,
Жеңгесінен қапыда қалды айрылып.
«Кең дүниеде маған бүгін болды тар,
Я, Мұхаммед, Алла досты пайғамбар,
Аңға кеткен нағашымды көрсетпей,
Бенде десең, Жаппар Құдай, жанымды ал?!
Адам болып қалай жүрем мен мұнда,
Қалдым сорлап мен қапыда,арманда.
Нағашыма мені тірі көрсетпей,
Жеті жаста аманатыңды, ал Құда!»
Жол боп жатыр Ғират ізі қазылған,
Тағдырда іс осылай дүр жазылған.
Осылай зарлап Көрұғлы бек жүргенде,
Төрт күннен соң келді аңнан Бозұғлан.
Үйдің келіп тұра қалды алдына,
Ажалсыздан өлмеген соң қалды да:
«Көрұғлы қозым, үйде осы бармысың,
Болсаң үйде, кел бері шық алдыма?!
Бір қапылық, қозым, бастан өтті ме,
Бір дұшпанның көңілі менен бітті ме.
Мен келгенде үйден неге шықпайды,
Алла қосқан Ақбілегім кетті ме?»
– Төрт күн болды мен айрылып жатыппын,
Сонда-дағы бір қызыққа батыппын.
Жеңешемді жоқтамашы, нағашы,
Бір айғырдың тұқымына сатыппын.
– Сұлу жарым жоқтап едім, мен мұңдық,
Көңілімнен жаңа шықты қапылық.
Тұқым алсаң айғырынан болғаны,
Шыбын жаным сенен болсын құрбандық.
Құлын тапса Ғират қылып мінерсің,
Есен болсаң ұзақ дәурен сүрерсің.
Жеңгең үшін қам жемеймін, шырағым,
Аман болсаң бір күн алып келерсің.
– Үркер менен аспанда бар таразы,
Қиқу салар тауықтардың қоразы.
Бұл сөзіңе көңілім менің шаттанды,
Жан нағашым, саған болдым разы.
* * *
Уақыт толып біткен соң,
Кербие бір күн толғатты,
Шығара алмай жануар,
Ішіндегі Ғиратты.
От оттамай, су ішпей,
Дамылсыз жатып аунады,
Биеге батыр қарады.
«Құлыншағым, жазым болар, – деп, –
Тұншығып өліп қалар», – деп,
Шыдай алмай Көрұғлы
Аяңдап үйге барады.
Аспаһандай қанжарын,
Жұқа шаптың тұсынан,
Бісмілла деп салады.
Қиған қамыс құлақты,
От орындай тұяқты,
Бір наз бедеу ішінен,
Шауып шықты жануар,
Бейне тұлпар сияқты.
Болды жаңа бір ермек,
Ерге берді бір тілек,
Жеткізді атқа құдірет,
Ойлағаны болған соң,
Көрұғлыға енді не керек?
Кербие өліп артында,
Қалды құлын жетімек.
Бозұғлан келді шапқылап,
өрдегі жылқы ішіне,
Күнтүн жүріп дамылсыз
Жәмбілдің шықты беліне.
Жылқы салған айнала
Һауадақ деген көліне.
Он бие ап жөнелді
Жылқысынан бөлді де.
«Ғиратыңды еміз» деп
Он биен ап келді,
Күйгенде жатқан еріне.
Қой көтерер семізді,
Қатқанда бетін кім баспас
Түпсыз жатқан теңізді!
Құндаққа орап балаша,
Бір өзіне Ғираттың
Рн биені емізді.
Бейне бала сияқты,
Көрұғлы батыр Ғираттың
Тілегенін жегізді.
Тәрбиелеп бағумен,
Құнан тайдан бұл өсті.
Дөненінде үйретті
Жібектен арқан сүйретті.
Бейне пырақ атындай,
Салған әбзал жарасты.
Жеңгесін кеткен қумаққа,
Бесті жасына қарамай,
Жалына батыр жармасты.
Жарқылдатып байлайды
Беліне гауһар алмасты.
Асықса да уақытсыз,
Пірлерден рұқсат болмасты.
Бір көргенше жеңгесін,
Көрұғлы батыр төзбесті.
«Арманда ғапыл қалдым», – деп,
Өлгенше күдер үзбесті.
Жүгіріп жүріп далада
Табандарын тас кесті.
Қырық шілтен, ғайып ерен
Шүкрлік тауда кездесті.
«Қалдархан барам, – деп, –
Жеңгемді барып алам», – деп,
Рұқсат тілеп пірінен,
Сол жерде батыр сөйлесті.
Сонда пірлер айтады:
«Бір шапқан соң Ғиратты
Ала алмассың тоқтатып.
Күнтүн жүрсең шаршамас,
Алғайсың, жаным, ұмытпай,
Отыз күнде оттатып,
Берді бата пірлері»,
Шығатұғын кез болды
Ат пен ердің терлері
Жаудан қайтпас тастүлек
Нағыз осы күндері.
Жиһанда жоқ, келіскен,
Екеуінің түрлері.
(Бұл сөзімнің ішінде
Өтірік жоқ өңдері).
«Ақбілекті ізде, – деп, –
Үмітіңді үзбе», – деп,
Бата берген осы еді
Көрұғлының пірлері.
Пірлерінен бата алып,
Ғиратқа мінді арыстан.
Ойламайды қалар деп,
Қатар шапқан жарыстан.
Балдырғандай майысып,
Он үшке келген жасында,
Іздеді жауды алыстан.
Көрсетпей күшін Ғираттың,
Кім қорқады дабыстан?
Кірді қалың түбекке,
Кейін қалған көп елді,
Бозұғланға тапсырды.
«Қамалға қарай айда, – деп, –
Қозғады елді қоныстан. –
Жұрт болыңдар бас қосып,
Қай уақытта келермін,
Осы барған ұрыстан?
Мен тіріде Бозұғлан,
Кемдік болмас басыңа.
Ақбілекті көргенше,
Өмір берсін жасыңа.
Күйген таудың басында,
Қырық жігітім бар менің,
Сапабекке сәлем айт,
Ертіп соны қасыңа».
Бозұғлан сонда сөйледі:
«Жаратушы бір Алла,
Көрұғлы үшін еттім зар,
Жүзі жарқын, беті ашық –
Бергіл бұған ықтияр.
Мен тапсырдым қозымды,
Үш жүз алпыс пайғамбар,
Өзіңнен мәдет болмаса,
Бір ғаріпте не хал бар?»
Бозұғлан және сөйлейді:
«Есен болса дұшпанға
Салса керек зымыстан,
Бағланымды тапсырдым
Хожа Ахмед Түркістан.
Барша пірлер аманат,
Тар жол, тайғақ кешуде,
Нашарларға болысқан».
Ер Көрұғлы жөнелді
Күнітүні шер т артып,
Секіртіп Ғират ойнатып,
Сулығын жүген шайнатып,
Тұяқтан ұшқан тозаңы,
Һауадақтың жүзін шаңдатып.
Үстібасын шаң басты,
Дамыл алмай жол тартып,
Найзаның басын шоқтатып,
Садағын салған оқтатып,
Бір жүріп Ғират кеткен соң,
Ала алмассың тоқтатып.
Қаарланды батырың,
Айшылықты аттатып;
Тұяғы тиіп кеткенде,
Тасты күл ғып таптатып.
Ғират сынды жануар,
Келе жатыр шаңдатып.
Көрұғлы келеді
Көзін салып қиядан.
Қарауыл қарап, жер сынап,
Неше түрлі алуан,
Осы күнде кез болса,
Қорқар емес жүз мыңнан.
Жанында жоқ жолдасы,
Болмаса жәрдем Құдадан.
Көрұғлы іздеп жеңгесін,
Шығып кетті елінен,
Гулетіп өтіп барады,
Дымсыздының дөңінен.
Қарғытады Ғиратты
Таулы, тасты жерінен.
Өткелі жоқ өтетін
Тұнжырап жатқан түбі жоқ,
Көркін деген дарияның –
Соқты арыстан белінен.
Көрұғлы сонда сөйлейді:
«Атсыз ерде не хал бар?
Жаман аттың белгісі
Жауды көрсе шабаңдар,
Жан серігім, Ғиратым
Болды уақыт шабылар.
Қалдарханның шаһарынан
Мұрадым қашан табылар?
Осы асудың бойында
Бауырыңды жаз еркін,
Бір секірсең аржаққа
Шықпайсың ба немене?»
Мақтайды батыр жалынып,
Асытан мінген Ғиратты,
Күдіре жалды, қыл құйрық,
Хайуан заттан сымбатты...
«Қолымнан менің келер, – деп, –
Жай жүруім бекер, – деп, –
Шығып едім бұл жаққа.
Осындай қиын жерлерде
Салам саған салмақты».
Тәукел деп Аллаға,
Астындағы Ғиратты
Көркіннен сонда қарғытты.
Балаша орап өсірген
Көрұғлы батыр құндаққа,
Мінбек үшін жау жаулап,
Ерегіскен дұшпанға
Заман ақыр салмаққа,
Күнітүні жөн тартып
Қалдарханға бармаққа,
Ақбілекті айырып,
Райханнан алмаққа.
Бес жылдан бергі дерті бұл,
Әуелден айтқан серті бұл.
Көзін салмай жанжаққа.
Аспан көкпен таласып,
Көркін дариядан әрі асып,
Ғират барып түсіпті
Сексен қадам ар жаққа.
Жүгіртумен Көрұғлы
Келеді шаһар жанына.
Қарамайды көз салып,
Жайылып жатқан малына.
Бұлардың көп азына.
Жөн сұрасып сөйлесті
Қой баққан елдің шалына.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан ар жаққа өткен соң, бірнеше күн сапар шегіп, Қалдарханның еліне келіп, қойшы шалдың киімін киіп диуана болып жүреді. Енді шаһарға кірмекші болып, Ғиратына сөйлейді:
«Шығып едім он үшімде соғысқа,
Сыр білмеген талап етіп ұрысқа,
Ғират атым, мен келгенше, аман бол,
Берік болғын аспаһандай қылышқа.
Ғират атым, сенсің менің жолдасым,
Қалдарханға жаяу кетті жолбарысың,
Бес қаруға, Ғират атым, мықты бол,
Бір аунаған жерлеріңде қалмасын!
Бір ғапылық бұл басымнан өтпесін,
Жаяушылық маған енді жетпесін.
Шілтен пірім, Ғиратыма мықты бол,
Мен келгенше елге қашып кетпесін!»
Әлқисса, таяқ алып, өзі жолға түсіп, кешке таман хан дарбазасына келіп тұрса, Ақбілектің даусын естиді. Ақбілектің Көрұғлының келгенін біліп сөйлегені:
– Жан жаратып сурет еткен Құдіретім,
Пайғамбардың артық сүйген үмбетім.
Аманесен, асылзатым, келдің бе,
Кейін қалған бізден жылап, перзентім?
Сен жалғызсың көп дүр мынау қызылбас,
Зар жылама, көңілімді қыл қара тас.
Сен екенің қызылбастар білмесін,
Кейін тұрып, Көрұғлыбек, амандас.
Көңілімнен жаңа шықты қапалық,
Жау қолында ғарып болған біз мұңлық.
Өлсем Хаққа осы күні ризамын,
Шыбын жаным болсын сенен құрбандық.
Белгілі болған бұл дүниеде дыбысың,
Жау дегенде болмас, сірә, тынысың.
Көп кешікпей, Көрұғлыбек, кейін қайт,
Қандай жерде болып келді жұұмысың?
– Жерменжексен қызылбасты етпекке,
Түптүбіне дұшпандардың жетпекке.
Көңілің қандай, Ақбілектей жеңеше,
Келіп едім алып қашып кетпекке?
– Қызылбастар мазақ етіп күлмей ме?
Ала қайрат Көрұғлыға бермей ме?
Кетер едім сеніменен бұл түнде,
Өз байталым алып қашты демей ме?
Әлқисса, Қалдарханның бір сұлу қызы бар еді, соны алып кет, маған екінші мәрте келерсің дегені:
– Талдап шашты осы түнде өрейін,
Күн батқан соң алдап қызды келейін.
Құтпан уақты даяр болып тұрыңыз,
Шамам келсе, сұлуды ертіп келейін.
Сен келгенше осы жерде тұрайын,
Талабыңнан қайтармасын Құдайым.
Бұл шаһарда онан асқан ару жоқ,
Өзі сұлу аты десең, Күләйім.
Әлқисса, Көрұғлыбекпен сөйлесіп қайтқан соң Ақбілектің Күләйімға келіп айтқаны:
– Қыз бикешау, талдап шашты өрелік,
Қызғалдақ гүл алтын бақтан терелік.
Ағаң ұйықтап жатқанында екеуміз,
Сейіл құрып біз бақшадан келелік.
– Бір ғапылық, жеңге, бастан өтпесін,
Аға оянып түбімізге жетпесін.
Күнде маған айтпаушы едің бұл сөзді,
Шықсам алып бір дұшпаным кетпесін.
– Талдап шашты қыз бикеш жан өрер ме?
Қараңғыда қызғалдақ гүл терер ме?
Сенің ағаң Райхандайын мықты ер,
Маңайына дұшпан батыл келер ме?
– Жақсылық іс – жарым ырыс ырымды,
Қайырмаймын, жеңгем, сенің тіліңді.
Барар едім сеніменен қосылып,
Неге айтпайсың, жеңге, маған шыныңды?
– Алып шықсам алма мойның бұралтып,
Бақша ағаштан гүл терелік түн қатып.
Қайғыдертке ішім толды қыз бикеш,
Келейін мен бұл шерімді тарқатып.
– Ақылы асқан менің жеңгем нар ма еді?
Көрсет деген бір жігітің бар ма еді?
Әлі де сен маған шыныңды айтпайсың,
Бір Алланың сүйген құлы бар ма еді?
– Алтын, күміс Райханның қаласы,
Көңілімнің жазылмайды жарасы.
Неше күндей ғашық болып сыртыңнан
Көрсем деп еді Мырзабектің баласы.
– Барар едім сол жігітке сайланып,
Кетпес пе екен менің ағам оянып?
Райханнан мен қорқамын шықсам да,
Кешікпеймін барсамдағы айналып.
– Ғашық болған сұлу жігіт өзіңе,
Бұл жігіттің сынық қылма жүзіне.
Көп тоқтатып мен қасына қоймаспын,
Бір көрініп келесің ғой көзіне.
Ертіп шықты алма мойнын бұралтып,
Бақша ағашқа бұлар келді түн қатып,
Он үш жасар Көрұғлыдай арыстан
Тұрған екен Ғират атын ойнатып.
Жұлдызы туды Көрұғлының оңынан,
Кім қуады қараңғыда соңынан.
«Мырзабектің баласы», – деп нандырып,
Күләйімді тапсырады қолынан.
– Аманесен өз жұртыңды көргейсің,
Көп кешікпей Көрұғлыбек келгейсің.
Қыз екен деп өз көңіліңді аудармай,
Бозұғландай нағашыңа бергейсің.
Нардай белі нағашыңның бүгілді,
Мен дегенде қабырғасы сөгілді.
Апарып бер аманесен Көрұғлы,
Осы қызды мендей көрсін көңілі.
Күләйімнің жоғын біліп Райханның Ақбілекке айтқаны:
– Күн шыққанша күн жағыма қараймын,
Ерте тұрған, қатын, сенен сұраймын.
Қарасамда көрінбейді бұл үйде
Қайда кетті қарындасым Күләйім?
– Үстібасым, тақсыр патшам, кірлендім,
Ерте тұрып кірім жуып жүргенім.
Сонан бері іске айналып жатырмын,
Қайда екенін қыз бикештің білмедім.
– Он үшінде Ғиратына мінгендей,
Аспаһаны аш беліне ілгендей.
Онан басқан еш дұшпаным жоқ еді,
Текежәуміт Көрұғлыбек келгендей.
Бір ғапылат бұл басымнан өткенді,
Ұйқы түпке осы бүгін жеткенді.
Онан басқа еш дұшпаным жоқ еді,
Түрікменнен Көрұғлыбек алып кеткенді.
Көрұғлыдан мен айрылып келермін,
Ғиратыма енді нағып мінермін?
Жейдедамбал су болыпты, Ақбілек,
Тал бойыма не киімді киермін?
– Жоқ деп айтсам, бегім, көңілің қалады,
Бар деп айтсам, патшам, көңілің толады.
Екі көрпе алдыартыңа ілермін,
Бірі шапан, бірі камзол болады.
Райханның жанына ол келеді,
Бостау қылып екі көрпе іледі.
Ер ерттетіп Ғиратына мініп ап,
Қос көрпені жалпылдатып жөнеді.
Құлақ салың Райханның сөзіне,
Салды көзін бесті Ғират ізіне.
Ерте тұрып қуып еді Райхан,
Көрінеді нақ тал түсте көзіне.
Көрұғлының атына айтқаны:
«Қаршығадай кеттім қызды ілдіріп,
Қарғы судан жүйріктігің білдіріп.
Зар жыласын артыңдағы Райхан,
Қызылбасты кетші, Ғират, күйдіріп.
Мынау залым түскен екен соңыма,
Жұлдыздарым туған екен оңыма.
Ғаусыл, ағзам Ғиратыма бер медет,
Ұстап берме қызылбастың қолына!»
Ғиртына көңілі бітіп өседі,
Райхан залым арнамысты кешеді.
Бойын билеп қарғып еді дариядан
Қырық бір қадам ар жағына түседі.
Райхан қарғытып еді, алды қырға, арты суға түседі. Сонда Көрұғлыға айтқаны:
– Жүз мың дұшпан келсе дамыл таптырма,
Ғиратыңды басқа адамға бақтырма.
Қадірлеген Ғиратыңды Көрұғлы,
Қартайды деп бір байталға шаптырма.
Мен жете алмай Ғиратыммен қалғаным,
Өлгенімше іште кетер арманым.
Өз тұқымы Ғиратымның жау болып,
Атым жетпей қапыда мен болғаным.
Екі көзім жасқа толып жылайын,
Сені алдырып таптым міне уайым.
Ағаң қалды екі көзі төрт болып,
Көргеніише хош аман бол, Күләйім!
Көрұғлының еліне келіп қырық жігітке айтқаны:
– Қырық жігітім, сен қыларсың ерлікті,
Мен көрсетпен тірлігімде кемдікті.
Көрген адам әбзеліңе таң қалсын, Масатыдан атқа салғын терлікті.
Қырық жігітім сапарыңды ойлаңдар,
Жау дегенде жанған шоқтай жайнаңдар.
Қалдарханға талап қылды сұлтаның,
Тас кесердей алмас қылыш сайлаңдар.
Ұзақ қылды Көрұғлыға өмірді,
Талай жігіт дәулетіңе семірді.
Қырық екісі басын қосып бір шықты,
Киіп алып өңшең болат темірді.
Ат құйрығын аса шөлде өргендер,
Жау көрінсе берен сауыт кигендер.
Көрұғлымен қырық екісі бас қосты,
Әрбірісі жүз мың жауға тигендер.
– Бір ғапылат Бозұғлан хан өтпесін,
Түбімізге дұшпан жауың жетпесін.
Текежәуміт халқын сізге тапсырдым,
Мен келгенше алды-артыма кетпесін.
Баршамызда қаршыға құс бидайық,
Бедеулерді аса шөлде сынайық.
Қамшы сарғыл бедеу атқа, нарларым,
Майдан болса ат шаппаққа лайық.
Бедеу атқа ерлер қамшы салады,
Бал Ғираттың шаңын көрмей қалады.
Көрұғлындай он үш жасар сұлтаның,
Тосып-тосып әр орында алады.
«Жолдас болдым, қырық жігітім, жасымнан,
Қызыр, Ілияс еш кетпесін қасыңнан.
Өте алмайсың, қырық жігітім, дариядан,
Айналғанда бір айлық жол басынан.
Рұқсат берсең сіздерден мен кетейін,
Бір қарғытып дариядан өтейін.
Қырық бір арыстан, қош аман бол көргенше,
Қалдарханға бүгін өзім жетейін».
Ғиратының басын тура қаратты,
Бір он үш күн жемін беріп жаратты.
Шу дегенде алып ұшып жөнелді,
Бейне дүлдүл секілді өзі қанатты:
«Ғират атым, басыңменен алыстым,
Ұшқан құспен жануарым жарыстың.
Ағыныңа мен келемін шыдамай
«Тарта-тарта екі қолым қарыстың».
Ғират айтты: «Патша хабар алыпты,
Қызылбасқа бізден хаьбар барыпты.
Құба таудың төбесіне тоғыз мың
Қарауылшы Райхан патша салыпты».
«Бір Құдайға осы бүгін жылаймын,
Бұл қияда өзім шауып бұлаймын.
Екі жетім бұл жиһанда қосылдық,
Жау ішінде қайратыңды сынаймын.
Жау дегенде шыбын жаннан кешермін,
Түрікменнің Көрұғлыбек есермін.
Құба тауға осы бүгін жетпесең,
Басыңды мен екі жерден кесермін».
«Аямай сал қамшыңды бір өзіме,
Құлағың сал және айтқан сөзіме.
Намаздігер болған кезде, Көрұғлы,
Көрсетермін Құба тауды көзіңе».
Жолындағы дариядан өткізді,
Көрұғлының Ғират көңілін біткізді.
Намаздігер болған кезде батырды,
Құба таудың нақ басына жеткізді.
Әлқисса, Көрұғлы ұрыспаққа тұрғаны:
«Кейін қалды қырық жігітім, ерлерім,
Шарап берген қырық арыслан, шерлерім.
Қан төгілер осы бүгін кез болды,
Ғаусыл, ағзам, келгін бері, пірлерім.
Ұрысайын қызылбаспен жүз алуан,
Сақтағайсың жүмле пірлер көп жаудан.
Бір өзіңе зар жылайын сыйынып,
Мәдеткерім сен болғайсың, ер балуан!»
Бұл сөзді айтып Көрұғлыбек зар жылап,
Ғмиратының екі көзі жаудырап.
Намазшамның кездерінде еріңіз,
Қызылбасқа жаңа кірді «Аллалап».
Ғиратымен келіп еді ойнатып,
Қызылбасқа жаңа кірді шаңдатып.
Қырық ілтендей Көрұғлының пірлері,
О да кірді бір жағынан таңдантып.
Есіттіңіз бұл қиссадан талай сөз,
Ер Көрұғлы ұрыс қылды қара көз,
Аспаһанды сілтегенде жауына
Ұзарады сол уақытта сегіз кез.
Қызылбастың өкшесін атпен бастырды,
Жермен-жексен нешелерін тас қылды.
Ұрыс қылып Көрұғлы жалғыз өзі,
Тұс-тұсына қызылбасты қашқызды.
Һәр ұрыста шері зада арыстандай,
Қар бұзылып, көктемде су тасқандай.
Он төрт күн ұрыс қылды Көрұғлы,
Өтіп кеткен Рүстем менен Дастандай.
Қызылбасты зар еңіретіп жүдетті,
Талқан қылып қызылбасты жүн етті.
Он жеті күн дамыл алмай қырған соң,
Құба таудың басынан төмен қан кетті.
Әлқисса, он тоғыз мың әскердің көбін қырып, азын қашырып, тау басынан түсіп найзасын жерге шаншып қойғанда, найзасы шыр айналып тұрмады, енді найзасына қарап бір сөз деді:
«Ер жігітке қарудың бар пайдасы,
Атсыз болмас ер жігіттің айласы.
Шанышқан жерде айналасың, тұрмайсың,
Жауап бергін Халел-Ибраһим найзасы?!»
«Жеті жаста мені ұстаған жолдасым,
Көрұғлыбек көрде туған жолбарысым.
Өлтірмекке уәзірлермен сөйлесті,
Көріп тұрмын жеңешеңнің көз жасын.
Бір ғапылат батыр сенен өтпесін,
Осы жауың түбімізге жетпесін.
Осы түннен қалмай барып жеңгеңді ал,
Бекер қаны мойныңызда кетпесін!»
Дамыл алып Көрұғлыбек жатыпты,
Ұйқы көрмей қабақтары қатыпты.
«Бір азғана мызғып мұнда алайын», –
Ұйқы деген қатты жанға батыпты.
«Қырық қиял түскен екен ойыңа,
Бір қызықтың таяныпсың тойына.
Ұйықтаған соң оянбайсың, Көрұғлы,
Кер жалқаулық мінген екен мойныңа».
Көрұғлыбек қарғып тұрды қозғалып,
Ғиратына мінді найза қолға алып.
Мініп алып Көрұғлыбек жөнелді:
«Қызылбаста жеңгем болды, – деп, – шын ғаріп».
«Ғиратым, сен төрт аяғың көтерсің,
Тыным көрмей дүниеден өтерсің.
Қалдарханға талап етті сұлтаның,
Қай уақытта ол шаһарға жетерсің?»
«Шыққан терім менің бойдан аққан соң,
Қызылбастың балалары жатқан соң,
Аямай, тарт, Көрұғлыбек, қамшыңды,
Жеткізейін құтпан азан айтқан соң».
Ғират сонда ұшып көкке секірді,
Екі арада біраз уақыт өтеді.
Құтпан уақыты болғанында Ғираты
Қалдарханның қақпасына жеткізді.
Мықтыларын қызылбастар іздеткен,
Түніменен қақпалары күзеткен.
Төрт мың найза һәр қақпаның аузында,
Ойын ойнап сардарларын түзеткен.
Қызылбастың Көрұғлыға айтқаны:
– Қараңғыда атты жолға саласың,ъ
Қайда кетіп сөйлеспестен барасың?
Ақылың жоқ жындымысың, ай жігіт,
Айтшы бізге қай шаһардан боласың?
– Арғы атамыз пірге қылған қызмет,
Өзім әкем патша болған Мұңлыбек.
Өзім атым көрден шыққан Көрұғлы,
Қызылбастар, есітіңіз мұнан кеп.
Қызылбастар найза алып ұмтылды,
Көрұғлыбек аждаһадай құтырды.
Қызылбаспен ұрыс қылып бұл түні,
Айдың жүзі сәуле көрмей тұтылды.
Қызылбасты Көрұғлыбек келіп састырды,
Өзіне-өзін дұшпандардың шаныштырды.
Түн ортасында ұрыс қылған Көрұғлы,
Тұс-тұсына қызылбасты қаштырды.
Көрұғлыбек қақпа аузын қан қылды,
Қалдарханды түн ортада даң қылды.
Төрт мың найза қызылбастан сындырып,
Әркімдерді көп тамаша таң қылды.
Көрұғлының Райханның ордасына келіп сөйлегені:
– Болар ма екен Жаппар Алла мейірбан,
Келіп едім Ғиратыммен қяидан.
Арыстанның іздеп және келіп тұр,
Үйде болсаң шықшы бері, жеңгежан!
Шақырса да жеңгесі оған келмеді,
Қайда екенін жеңгесінің білмеді.
Қаңтарды да Ғират атын далаға
Енді жаяу ордасына келгені.
Төрт жағында бұл орданың жүгірді,
Жөн таба алмай қараңғыда мүдірді.
Қараңғылық үйдің іші болған соң,
Шамшырақты тұс-тұсына жандырды.
Көрұғлы жеңгесін таба алмай Ғиратына айтқаны:
«Қарайып тұрған менің қаным бар,
Ғират атым, енді қандай әлің бар?
Бұл мекеннен таба алмадым жеңгемді,
Жан-жағыңа батыл, Ғират, көзің сал!»
«Бұл шаһардың мен таяндым шетіне,
Ол жеңешең кірмеді ме түсіңе?
Аман жатыр, қаһарманым, жылама,
Қырық бір құлаш зындан жайдың ішінде».
Ғират өзі енді бастап жөнелді,
ХХХХХ жаққа Көрұғлыны алып келеді.
Қараса да көз жетпейді түбіне,
Бұл қиямет мынау оған көрінді.
Жан жаратып сурет еткен Құдіретім,
Пайғамбардың абзал қылған үмбетін.
Ақбілектей жеңешежан, бармысың,
Іздеп келді айыпты бір перзентің?!
– Медет бергін жігіттерге Құдайым,
Көңілімнен жаңа шықты уайым.
Аман-есен, арыстаным, келдің бе,
Мен құрбандық дауысыңнан болайын?!
– Көрұғлыдай келді сіздің дарқаның,
Иінімде бар болат сауыт қалқаным.
Мен тастадым, жеңеше, ұстап шыға көр,
Қырық бір құлаш өрген жібек арқаным.
– Маңдайымда менің көзім жайнаған,
Ай, шырағым, жеңгең соры қайнаған.
Ұстап шығар бұл арқанды шамам жоқ,
Екі қолым бекітулі байлаған.
– Ер емеспін іздеп келген бекер мен,
Бұл хххх мен де түсіп кетер ем,
Тартып алар түскеннен соң кісім жоқ,
Бұл жалғыздық басқа түссе нетермін?!
– Ер Көрұғлы қапа қылма өзіңді,
Ей, шырағым, көңілің неден бұзылды?
Көмек берер келіп сізге, сұлтаным,
Шақырсаңшы қырық шілтендей піріңді.
Көрұғлыбек сонда тұрып аһ ұрды,
Қысылған соң кәміл пірді шақырды.
Шылауынан кетпейтұғын қырық шілтен,
Алыс емес, Қызыр, Ілияс жақын-ды.
Он үште еді Көрұғлының жастары,
Қысым көрді бұл уақытта бастары.
Қызыр, Ілияс, кәміл пірлер жар болып,
Жетіп келді бірі қалмай достары.
Қысылғанда бір Құдайым пана еді,
Арқанменен Көрұғлыны салады.
Қызыр, Ілияс, қырық шілтен жиылып,
Кезекпенен тереңнен тартып алады.
Шүкір қылды Жаппар Хаққа көңілі өсіп,
Шылауынан қалмас пірлер ілесіп.
Таң сарғайған мезгілінде Ғиратқа,
Ақбілекпен шықты екеуі мінгесіп.
Ғиратының мінді екеуі беліне,
Бір қияның аты шапты шөліне.
Бес мың әскер Райханның соңында
Кеткен екен Архарумның шәріне.
Көп олжаға батыр қалды молығып,
Кәміл пірге көңілі оның толығып.
Құба таудың шыққаннан соң басына,
Қырық жігітке амандасты жолығып.
Көрұғлының Сапабекке айтқаны:
– Ер Сапабек, қашқан жауға барып кел,
Рүстемдей бір ұрысты салып кел.
Бес мың әскер қырғаннан соң, Сапабек,
Райханды тірі ұстап алып кел!
– Осы тауда сіз тұрыңыз қарайып,
Бір ұрысты қылайын мен ғажайып.
Бес мыңменен ұрыспаққа барайын,
Бата берші, арыстаным, қол жайып?!
Көрұғлыдай сұлтанынан бата алып,
Архарумға қашқан жауға бет алды.
Ықыласымен сұлтан ата берген соң,
Батырлар атты айдап жолға салады.
Қырық жігіт бұл арадан кетеді,
Екі арада біраз уақыт өтеді.
Бірнеше күн дамыл алмай қуған соң,
Райханның әскеріне жетеді.
Бес мыңменен барып ұрыс салады,
Кешікпей-ақ екі мыңын алады.
Аты шаршап болдырған соң ерлерің
Қырық бірі де қолға түсіп қалады.
Қызылбастар аттың басын бұрады,
Көптігінен тұқымдары құрымады.
Ғират біліп, Құба таудың басында,
Байлауында ойын салып тұрмады.
«Бір бейнетті, Ғират атым, білдің бе?
Батыл көзбен жануарым, көрдің бе?
Байлауыңда ойын салып тұрмайсың,
Жауға кеткен қырық жігітім өлді ме?»
«Қырық жігітің Райханға барыпты,
Екі мыңын кешікпей-ақ алыпты.
Аты шаршап болдырған соң ерлерің
Қолға түсіп қырық бірі де қалыпты.
Ей, сұлтаным, мен айтайын сөз басын,
Жауға түскен өңкей сенің жолбарысың.
Байлауымда ойын салып тұрғаным:
Көріп тұрмын қырық жігіттің көз жасын».
Көрұғлы:
– Ғиратыма мініп алып жөнермін,
Мен айналып он төрт күнде келермін.
Он төрт күнде егер қайтып келмесем,
Ол дүниенің базарында көрермін.
Ақбілек:
– Қызылбастың туралап шаншы сыртынан,
Тұқым қоймай дұшпандардың жұртынан.
Райханнан қиянатты көп көрдім,
Шынжыр тағып жетелеп кел ұртынан.
Ай, шырағым, құлағың сал сөзіме,
Тілек тілеп жас аламын көзіме.
Құдай досты пайғамбарға тапсырдым,
Төрт шаһаряр көмек берсін өзіңе.
Ер Көрұғлы Ғиратына мінеді,
Қашқан жауға бетін қойып жөнеді.
Ерте тұрып қуған екен батырың,
Нақ тал түсте Райханды көреді.
– Бенде болған нарларымда арман көп,
Ойладың ба мені өліп қалған, – деп.
Іздеп келді арттарыңнан Көрұғлы
«Қайдасың, – деп, – қырық жігітім, Сапабек?»
Қырық бір жігіт көрді жаудың айдауын,
Жау алғанда көрді олардың жайлауын.
Сұлтанының даусын естіп батырлар
Дал-дал қылды темір шындыр байлауын.
Алла қосып қызылбастан несіпті,
Көрұғлының айтқан сөзін есітті.
Босанған соң қырық жігіт бас қосып,
Айғай салып қызылбасқа тиісті.
Көрұғлы алды аспаһандай қылышты,
Көп дұшпандар көріп қашып жылысты.
Қырық екісі басын қосып батырлар,
Бірнеше күн қызылбаспен ұрысты.
Екі мыңды сап қылыпты осыдан,
Қолға түсті жалғыз өзі Райхан.
Жаяу айдап Ақбілекке әкелді,
Неше түрлі бейнет көріп қысылған.
Көп азаппен Райхан патша өледі,
Жәмбілге Көрұғлы қайтып келеді.
Райханның қазынасы көп екен,
Алып келіп Бозұғланға береді.
Көрұғлының дабылы жұртқа кетеді,
Патшалықпен барлық өмірі өтеді.
Өз сүйгені Ақбілекке қосылып,
Бозұғлан хан мұрадына жетеді.
КӨРҰҒЛЫ СҰЛТАН ХИКАЯСЫ
(Бірінші саласы) Ескі нақыл, аңыз хабарларға қарағанда, заман-заман болғалы, Жәмбілбел шаһар болғалы, Жәмбілдің ең әуелгі әкімі Ағалық хан болды, одан соң Жығалы хан болды, одан соң он бес жасында, ділда жығасы басында, қырық жігіті қасында, Көрұғлы сұлтан болыпты. Толған бидайдай теңселіп, ділдалары жарқылдап, найзалары сартылдап, арыстандай айбаттанып, Жәмбілбелде тұрақтап, ұлы шаһарға айналдырды. Қырық шақырым жерге қамал салдырып, биіктігі қырық құлаш, ені алты құлаш қорған жасатты. Қорғанды жүз тоқсан рет қатарлап, ішіне ************************ көңіл ашарлық, қызықты жерлер салдырып, жеті мың мешіт, жүз елу медіресе салдырды. Көрұғлының тақтының алдында Сүлеймен тақты бір кішкене ********* айналғандай еді. Лала гүлдерінің алдында Иран бағы бір кішкене бақша сияқты еді. Жәмбілбелді көрген адам: «Енді бір көрсем!»– деп арман қылып өтетін еді. Керұғлы сұлтан отыз жасқа келгенде Қызыр мен қырық шілтен, он екі имам келіп, батасын беріп кеткен еді. Пірге қол тапсырған еді. Көрұғлыға қандай бәле келсе де, бұлар құтқарып алатын еді. Қырық жасқа келгенде, Қызыр мен қырық шілтен, он екі имам келіп:
— Ей, сұлтан! Не мақсатың, қандай тілегің бар? Бізден тіле, біз Алладан тілейік. Мұратыңа жеткізейік,— деді.
Көрұғлы: «Ата-бабам осы уалаятқа патша болды. Бірақ ешқайсысының даңқы шығып, мұрасы қалмады. Менің сұрайтыным: әуелі, өмірім ұзақ болса екен, екінші, әлемге атым, даңқым шықса екен, одан басқа тілегім жоқ»,— дейді. Бұл сөзді естіген соң пірлері Құдайдан тілеп, Көрұғлына жүз жиырма жыл өмір алып берді. «Өзің өлгенше жамандық көрме, қияметке барғанша абыройың жоғары, ерлігің үстем болсын»,— деп батасын берді. Пірлердің осы дұғасы қайда барса да медет беріп, Көрұғлының даңкы шартарапқа жайылыи кетті. Шеру тартып ұрысқа шықса ылғи жеңіп отырды. -Көрұғлы келді» десе, кызылбас елінің жылаған баласы қоркып, тоқтайтын еді. Көрұғлы қырық жасқа келгенде оның даңқына ғашық, өзіне құмар болған Қап тауы патшасының қызы Ағажүніс пері келіп, Көрұғльна әйел болды. Қырық бес жасқа келге Үндістаннан Мысқал пері келіп тиді. Елу бес жасында Иран бақтан Гүлнәр пері келіп тиді. Бұдан басқа тоғыз әйелді адам заттан алған еді. Кім де болса перизаттарға таң қалатын еді, өйтсе де бұл он екі әйелден бір перзент көрмеді, бала сүймеді. Көрұғлы пірлерінен «даңқым шықсын, мәртебем жоғары болсын» деп тілегенде, балам болсын деп тілемеген еді; пірлер үш қайтара не тілегің бар деп сұрағанда, Көрұғлының аузына «перзент» деген сөз түспеген еді. Көрұғлы жүз жасқа келгенде перзентсіз болғанына өте қапа болды, бала зарын тартты. Перзентті болмаған соң, Асфаһен шаһарынан Қалдар дегеннің ұлы Хасанды алып қашты. Хасанханды балам деп сүйіп, маңдайынан иіскеп, өзімнің мұрама ие болатын балам осы деп, онан үміткер болды. Хасанхан келгенде Жәмбілбелдің салтанаты артып, дәулеті шалқыды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады. Көрұғлының көңілінде ешбір арманы қалмады. Дәулет-мүлкін, бар билікті Хасанханға берді. Жігіттеріне бастық (сардар) етті. Сол араді бес жыл өтіп кетті. Бір күні Көрұғлы ел-жұртына риза болып, Хасанхан және қырық жігітпен шат-шадыман болып отырды да ишаратпен мына ғазалды айтты:
Сөз айтайын алуан-алуан,
Бұл дәулетті берді мәулен,
Жәмбілбелде сүрдік дәурен,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Ұрыс болса, жеңіп алдың,
Дұшпандарға найза салдың,
Сұлу құшып қызын алдың,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Әмірімді орындадың, 10. «Сардарым!» деп сөз тыңдадың,
Арғымақты ерттеп міндің,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Дұшпандарға кебін піштің,
Жаудың жүрек, баурын тестің,
Су орнына шарап іштің,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Жәмбілде шах, дарқан болдым,
Асқар таудай Балқан болдым,
Мен еліме қалқан болдым, 20. Арманың бар ма, қырық жігіт?!
Кежім болды маған мауыт,
Медет қылды пірім Дәуіт,
Ақ кіреуке кидің сауыт,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Қызыл бастың елі қырыс,
Рүстемдейін салдық ұрыс,
Тақтық белгс алтын қылыш,
Арманың бар ма, қырық жігіт?!
Алмас қылыш тақтық белге, 30. Дұшпан қорқып, бастық өрге,
Қызыл жалау, найза белде,
Арманың бар ма, қырық жігіт?
Көрұғлыдай шах, сұлтаның,
Хақ тағала мейірбаның,
Ортанда отыр Хасанханың,
Арманың бар ма, қырық жігіт?!
Көрұғлының бұл сөзін естігеннен кейін қырық жігіт: — Ей, сұлтаным, рас айтасыз! Әуелі Құдай, екінші сіздің дәулетіңіздің саясында кимегенді кидік, ішпегенді іштік, ешнәрседен кемдік көрмедік, қайғы-қасірет шекпедік, титтей де арманымыз жоқ. Ендігі бір арманымыз: Күнхар патшасының елінде Бұлдырық қасап дегеннің бір ұлы бар екен, көркін көрген адам атынан қүлап, есінен танады екен, ер сымбатты, батыр тұлғалы, періште сипатты екен, есімін Ғауазхан деп атайды екен. Сол Ғауазханды алып келіп, алдыңызға отырғызып, езіңізге ұл қылсаңыз екен. Сонда арманымыз болмас еді,— дейді де, қырық жігіт былай дейді:
Сұлтаны едің осы Жәмбіл елінін,
Панасы едің үлан-байтақ жерінің,
Мирасқорың өз бойыңнан болмадыі
40. Қырық жігіттің бар арманы осыеді!
Сіз өлген соң кімге мұра болады,
Перзентсізден жүрек уға толады.
Құдай сіздеи бір баланы аяды –
Қырық жігіттің бар арманы осы еді!
Бітпес, сірә, бенделердің арманы,
Алдап кетер бұл дүниеиің жалғаны.
Артыңызда бір мирасқор қалмады –
Қырық жігіттің бар арманы осы еді!
һауадақ көлге сұңқарыңды шүймедің, 50. Жарқылдатып тіллә жыға кимедің,
Мейірленіп, бір перзентті сүймедің –
Қырық жігіттің бар арманы осы еді!
Бермеді алла бір перзентті өзіңе,
«Қозым-ау» ден қарамадың жүзіне,
Ойнатпадың отырғызып тізеңе –
Қырық жігіттің бар арманы осы еді.
Ғаріптерге пана болған, сұлтаным,
Қырық жігітке дана болған, сұлтаным,
Жәмбілдейін қала салған, сұлтаным. – 60. Қырық жігіттің бар арманы осы еді! Әлқисса, Көрұғлы сұлтан қырық жігіттің бүл ғазалын есті-геннен кейін өзінің перзентсіз екені есіне түсіп, қапа больш күйінді. «Сол Ғауазханды алып келсендер, Жәмбілді, қазынам-дағы дәулетімді, сарайдағы барымды, қоңыраулатқан нарымды беремін. Маған мирасқор боласындар!—деді де, алтын кеседегі шарапты жұтып,— кәне, кім барады»,— деп Көріұғлы ғазал айтты:
Менің үшін бір жанына кешетін,
Дұшпандардың жүрек, баурын тесетін.
Жанымда бір батыр жігіт бармысың,
Бүл кеседен шарап жүтып ішетін?
Іс түскенде дариядай тасатын,
Сол Күнхардан Ғауазды алып қашатын.
Бұл кесені тегін деме, жігіттер,
Ернің тисе көңілдерің ашатын.
Айтқан сөзді екі кылмай ұғатын, 70. Іс түскенде қайсар жігіт түратын.
Жанымда бір батыр жігіт бармысың,
Бұл кеседен шарап жүтын алатьш?
Дүшнандарды бет қаратпай жеңетін,
Сол Күнхардан Ғауазды алыи келетін,
Бұл кесені тегін дсме, жарандар,
Мезгіл жетті арғымаққа мінетін.
Арманым жоқ көрсем оның шырайын,
Жасатар ем мен алтыннан сарайын.
Ғауазды алып мұнда келген жігітке 80. Қырық күндей ойын-сауық қүрайын!
Қалы кілем, қоңыраулы нар берейін,
Қазынамда, алтынымды төгейін.
Ғауазды алып, мүнда келген жігітке
Алтыиымды тұлғасына теңейін.
Үйретейін оған терең ғылымды,
Тапсырайын оған Жөмбілбелімді.
Ғауазды алып мұнда келген жігітке
Билетейін текежәуміт елімді.
Ұлан-байтақ теңіздерді берейін. 90. Балқытайын күнде оның мерейіи.
Ғауазхаиды алып келген жігітке
Жәмбілбелдей шаһарымды берейін...
Патшалардың натшасы асыл затым-ды,
Міндірейін Ғауазға Ғиратымды.
Ғауаз ұлым келе қалса осында,
Тіктірейін үстіне алтын шатырды.
Мен Көрұғлы кайғы тартқан зарығып,
Зар жылаймын қүдіретке жалынып.
Бұл кесені қолымнан ал, жігіттер, 100. Көрмесем де Ғауазханды сағынып... Сонда Көрұғлының қырық жігіті ести түра, ешқайсысы: «Мен барайьш»,— дей алмады. Көрұғлы: «Кәне, талапкерлерің бар ма?»—дегі үш қайтара айтса да, қырық жігіт үндемеді. Төртінші қайтара айқанда жолбарыстай білекті, арыстандай жүректі, Рүстемдей қайратты, майданда жалғыз айбатты, балдай шырын сөзі бар, қүралайдай көзі бар, Саратан жүлды-зындай, түнық теңіз қүндызындай, жастығынан балбырап, өрген кекіл салбырап, тіллә жығасы басында, қырық жігіті касында, дүлдүл Кер ат астында, өзі он алты жасында Хасан-хан орнынан ұшып тұрып, тағзым етіп, қол қусырып, атасының колындағы кесені алып, шараптаи жүтьш-жүтып жіберді де, Көрүғлыға қарап мына сөзді айтты:
– Осы жолға болдым өзім талапкер,
Хасан балаң әрі азамат, әрі ер.
Ғауазханға бару маған болды арман,
Мен барайын, атажаным, бата бер!
Мен садаға дәулеті мол халқымнан,
Әр адамның ақ дидары шалқыған,
Мен Күнхарға сапар шегіп барайын,
Атажаным, енді маған бата бер!
Мен барайын алыс Күнхар еліие,
110. Аяқ басып, көз көрмеген жеріне.
Сыйынамын Ғайын ерен піріме,
Атажаным, енді маған бата бер!
Бұл жолда жоқ маған туған іні, аға,
Мен жүрейін алыс, байтақ далаға.
Тапсырыңыз мені жалғыз құдаға,
Атажаным, енді маған бата бер!
Мен жаспын ғой, бұған шыдап тұрам ба,
Бармау, сірә, келіспейді ұланға.
Тапсырыңыз мені он екі имамға, 120. Атажаным, дұғада бол, бата бер!
Ауызға алдым пірім хазірет Ғалиді,
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Уәлиді.
Бұл сапарға жол шегемін, тәуекел,
Атажаным, енді маған бата бер!
Бұл сөздерді айтып сонда Хасанхан,
«Тар жолда әмән құдай өзі мейірбан.
Талап қылдым бұл сапарға жүруге,
Батанды бер, атажаным, уа, сұлтан!» –
Сонда, Көрұғлы он алты жастағы Хасанханның бұл ерлігіне, «мен барамын» деген талабына қайран қалып: «Балықтың тіршілігі сумен, менің тіршілігім сенімен, өзім-нің баяғы жастық шағым болса сені жібермес едім. Менің жасым жүзден асып, бойдағы қайратым қайтқан шақ, балам! Сен бұл жолға жалғыз барамысың?! Күнхар патшасының елі көп, жері кең. Қырық жігітті өзіңе жолдас қылып ал», – деп, Көрұғлы Хасанханға және жігіттерге қарап былай дейді:
– Енді сендер Ғауазханға кетесіз,
130. Бад-бақыттың байтақ шөлін өтесіз.
Не десе де Хасанханның тілін ал,
Бас-басыңа билік айтып не етесіз!
Ғашық болдым бал Ғауаздың жүзіне,
Көзім қашан түсер екен көзіне.
Ынтымақты қолдан берме, жігіттер,
Күлағың сал, Хасанханның сөзіне!
Көзім нүры, Хасанханым, жанарым,
Мен білемін оның жолды табарын.
Бас-басыңа би болмаіщар, жігіттер, 140. Еске алындар Көрұғлының қаһарын.
Хасанымды жалғыз ғой деп білмеңдер,
Әдеп сакта, алдында оның күлмеңдер.
Бұл сапарда Хасан болды сардарың,
Көз нұрымды ренжітіп жүрмендер!
Сұлтан болды енді Хасан сендерге,
Адастырып жүрмеңіздер шөлдерде.
Маған қандай қызмет етсең, оған да ет,
Жан аяма тайғақ кешу жерлерде!
Хасанханның абыройы бар басында. 150. Сардар болды ол он екі жасында.
Күн-түн демей қызмет етіп, жігіттер,
Болыңыздар Хасанханның қасында!
Әлқисса, Көрұғлы сүлтан қырық жігітке қарап: «Менің бұл сөзіме құлақ салыңдар, мен сендерге Хасанханды сардар еттім, әрқашан да аруақ қолдап, пірілеріміз медет берсін», – деді. Хасанханның беліне тілләдан кемер белбеу, алтындаған тілләдан қылыш байлады, үстіне тоғыз қабат торқадан киім кидірді. Басына тоғыз қабат шашақты тілла жыға кигізді. Адамдар қайран қалды. Тұла бойына, тұлғасына таң қалмаған, сүйінбеген адам болмады. Мұны көрген Көрұғлы қуанғаннан мынау ғазалды айтты:
– Екі көзің құралайдай жарқырап,
Кигендерің жарасып тұр саудырап.
Көрген адам таң қалғандай тұлғаңа,
Тоғыз қабат торқа киіп, балбырап.
Дәл бойыңа келіседі жүрісің,
Сен елімнің шоһизада Күнісің,
Киген киім бәрі-дағы жарасқан
160. Кемер белбеу, алтын тіллә қылышың.
Арулар да саған қарап таласқан,
Он бұрымдай сүмбіл шашын тарасқан.
Адамзаттан артық түлға бітінті,
Тал бойыңа кигендерің жарасқан.
Дұшпан сенің тұра алмайды жолыңа,
Жарқылдатып найзаны алсаң қолыңа.
Сымбатыңнан мен садаға кетейін,
Қуанамын киіміңе, тоныңа.
Кай 170. Өлгеніңше дұшпан келмес қасыңа,
Жаңа толдың сен он алты жасыңа.
Не кисең де жарасады тұлғаңа,
Жарасып тұр тіллә жыға басыңа.
Көрұғлының көз жанары — ұлысың,
Қиын-қыстау жүретұғын біл жолды!
Көрұғлы сұлтан бұл ғазалды айтқан соң, Хасанхан орнынан тұрып, қол қусырып бата тіледі. Сонда, Көрұғлы әуелі құдайға, екінші медеткер шрлеріне тапсырым:
– Айтқан сөзім, құлағың сал, ұнай ма? Сені көрмесе сорлы атаң шыдай ма? Мен садаға сымбатыңнан, перзентім, Тапсырамын сені жалғыз Құдайға.
180. Қызыр болғын медет берер жолдасың,
Әрқашан да пірлер сені қолдасын.
Сан қилы азап, алыс жолда, сапарда,
Қор болмағын, балам, сенің өз басың.
Пірлеріме сыйынамын сен үшін,
Ғауазханға сапар шектің мен үшін.
Жалғыз балам бір аллаға тапсырдым,
Медет бер, қырық шілтен, ер үшін...
Қырық жігітке хан сайладым өзіңді,
Тыңда балам менің айтқан сөзімді. 190. Жолың болсын, тезірек кел, жан балам,
Атаң көрсің ақ дидарың, жүзіңді! –
деді.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан осы ғазалды айтып: «Көз нұрым, жан перзентім, пірлеріме сыйындым, осы сапарыңнан аман-есен қайта көр. Пірлерім саған медет берсін. Соларға аманат етіп сені тапсырдым»,— деді. Сонда Хасанхан атасының бұл сөздерін естіп, шыдай алма-ды. Орнынан түрды да:
– Сапар шеғіп, мен Күнхарға барамын, Көтерейін айрылудың азабын. Орындауға енді көңіл талабыи,
Ата жаным, көріскенше хош енді!
Жапан шөлде не кешпейді басымнан,
Талап қылдым бұл сапарға жасымнан.
Су орнына балдай жұтып іштім қан,
Ата жаным, көріскенше хош енді! 200. Сағынғанда кім келеді қасыма,
Қона ма әлде қарға, құзғын басыма?
Талап қылып мен Күнхарға барамын.
Аққу үшар айдын шалқар көлдерде,
Сапар шектім шетсіз-шексіз шөлдерге.
Алыс жолда халім нешік болады,
Ата жаным, көріскенше хош онді!
Алыс елге, үзақ жолға жүремін,
Бүл сапардың азабын да білемін,
Аман болсам алты айда келемін, 210. Ата жаным, көріскенше хош енді –
деді.
Әлқисса, Хасанхан: «Осы сапарда аман болсақ, алты айда келерміз, Ғауазханды да әкелерміз»,— деді де, алмас қылышты беліне байлады. Қырық жігітлен ат ойнатып, тағы да Корұғлы сұлтанға қарап ғазал айтты:
Атажаным, біз кеттік,
Бад-бақыттың шөліне,
А йдын шалқар көліне,
А п.іс Күнхар еліне.
Кырық жігітті сайладым,
Алмас қылыш байладым.
Бұл санарға жүрдік біз,
Арғымақ ат міндік біз,
Айбынды ту алдық біз. 220. Ақ иайзалар жаріқылдап,
Қыран құстай шүйіліп,
Қызыл мауыт киініп, .
Ауыздығын кеміріп,
Бедеу аттар міндік біз!
Тіллә жыға басымда,
Қырық жігіт қасымда,
Көкке найза біледік,
Бад-бақытқа жөнедік,
Ғауазхандай ұланды 230. Сізге әкеліп берелік.
Жапап шелдеи өтеміз,
Шеру тартын айбынды
Енді сапар шегеміз,
Карсы келген дұшнанды
Бет каратпай жеңеміз!
Әлқисса, Хасанхан қырық жігітпен күн-түн демей жол жүріп, қырық бес күн дегенде шөлдерден өтіп, белес-белес асулардан асып, Бад-бақыт тауьшың бөктеріне келіп, дем алды. Қырық жігіт те тынықты. Бад-бақыт тауының арғы беті Күнхар намазы мезгілінде келген адам шаһар базарына бесін уақы-тында жететін еді. Таудың – Бадбақыт тауы деп аталуында да себеп бар еді: Көрұғлы осы тауға келгеиде, таудың басына шығын жол қарай-тын; таудың басы ашық болса, жолы болып, олжалы қайтатын, тау басы мұнарланын, тұман болса, жолы болмай, жігіттері қырылып, сапары сәтсіз болатын еді. Хасанхан таң сәріден тұрды да осы таудағы әулиелердің зиратына бата қылып, пірлерден медет тілеп осы ғазалды айтты:
– Айналайын, жаратқаным,
Жәмбілбелді тұрақтадым.
Үялмайын Көрұғлыдан,
Медеткер бол құлыңа!
240. Мүсәпірмін осы жолда,
Өзің баста тура жолға,
Жаратқаным, жолымды оңда,
Медеткер бол құлыңа!
Тында менің айтқан зарым,
Құрбан болсын саған жаным,
Құдай досы пайғамбарым,
Медеткер бол құлыңа!
Бұл дүние өтер бір күн,
Туып өскен қалды жұртым, 250. Қызыр, Ілияс, қырық шілтен,
Медеткер бол құлыңа!
Әлқисса, Хасанхан осы ғазалды айтты да, қырық жігіттің қасына келді де, атына мінді. Сол арада Бадбақыт тауының басына шығып қараса, жан-жақты тұман қоршап түр екен. Мұны көрген соң жігіттер де ойланайьш деді. Соида Хасенхан жігіттеріне қарап:
— Батыр жігіт майдапда сыналады, қорқақ жігіт үйінде отырыи-ақ өледі. Батыр жігіт он дүшианды найзамен түйреп, бес дұшпанмен жекпе-жек күреседі. Ер жігіттің жолы оңалады, қорқақтың басы майданда калады,— деді.
Тағы да Бад-бақыт тауының басына шығыіГ қарап еді, Күр-жістан шаһарының мүнаралары керінді. Шаһар ішін түман басын, бүлдыр сағым қоршап тұр екен. Жігіттер мүны корген соң кейін қарай қайтпақшы болды. Хасанхан жігіттердің қорық-қанын сезді де: «Елге не бетімізбен барамыз, Көрұғлы сұлтанға не дейміз? Бұл жолда не өлеміз, не Ғауазханды алып кетеміз»,— деп жігіттерге қарап айтқаны:
Осы жолда Ғауазханды тақымға ал,
Я өлеміз, я жеңеміз, жігіттер!
Киіндік біз оқ өтнейтін қалқанды,
Қуантайық Корүғлыдай сұлтанды,
Үрыс салын алалық біз Күнхарды,
Я өлеміз, я жеңеміз, жігіттер!
Сауыт кидік саср алтыннан жығамыз,
Ерегіссек майданда ойран саламыз,
260. Осы жолда Ғауазханды аламыз,
Я өлеміз, я жеңеміз, жігіттер!
Жәмбілбелге біз қалайша жетеміз,
Асу белден, жапан шөлден өтеміз,
Үялмастан елге қалай кетеміз –
Жоқ, өлеміз, я жеңеміз, жігіттер!
Нағыз батыр қиындықты елей ме!
Қорқақтарды батырларға теңей ме,
Елге барсақ бізді қатын демей ме?
Я өлейік, я жеңейік, жігіттер!
Әлқисса, Хасанханның бұл сөзіне жігіттер құлақ салмады. Әрқайсысы өзара кеңесіп: «Бұл сөзді Хасанхан мас болып айтып тұр. Әйтпесе, бұл сөзді айтпас еді. Біз Күнхар шаһарына кірсек те, Күнхар патшасының алдынан Ғауазханды қалай аламыз? Алған күнде де осынша үлкен шаһардан қалай өтеміз? Біздің Ғауазханды алғанымызды дұшпан біліп қалса, қырқымызды қырық жерде домалатып, басымызды кесіп, Ғауазханды алып қалмай ма? Ғауаздың жаны бізге жан бола ма! Бір Ғауаз үшін өлеміз бе! Көріне көзге өлгеніміз жөн болмас»,— деп, Жәмбілбелге қарай бет алып, жөней берді. Сонда Хасанхан қырық жігітке ашуланып былай деді: 270. – Жауың келіп, тізе бүгіп, жер болсын,
Дұшпаныңның сағы сынып, құл болсьш.
Қайтпаңыздар бұл жұмысты бітірмей,
Қатын ерлер! Жұмыла сендерге де жол болсьн!
Жиылдыңдар айтып жорық кеңесін.
Кеңестерің бітіп, қайтып келесің.
Көрұғлының не деп бетін көресің?
Қыз текелер! Сеидерге де жол болсын!
Уа, қатындар, құлағың сал бәрің де.
Киініңдер қатын киім тәніңе. 280. Не жейсіңдер Ғауазханды сұраса?
Бәйбішелер, сіздерге де жол болсын!
Айбаттанса Көрұғлы өзіңе,
Тап болсаңдар ашулы оның кезіне,
Қарайсыңдар қалай оның жүзіне?
Қыз текелер! Сендерге де жол болсын!
Өздеріңше әр жұмысты бітіріп,
Өз алдыңа би боласың, құтырып.
«Ғауаз – ұлым қайда екен?»– деп, сұраса,
Не дейсіңдер? 290. Уа, қатындар! Жол болсын!
Хасенханның өсиетін тыңдамай,
Кәпірлердің қамалдары шаңдамай,
Не дейсіңдер сонда сендер, ұялмай?
Қыз текелер! Сендерге де жол болсын!
Ғауазханды құтқара алмай кәпірден,
Әбірей алмай, елге қайтпай, біз неден?
Қылыштасып қан жорықта кәпірмен,
Ей, қатындар! Сендерге де жол болсын!
Ажал жетіп, қан жорықта өлерміз. 300. Ғауазханды құтқарармыз, келерміз.
Қызыл қанға боялармыз, жеңерміз.
Ей, мүгедек жігіттер-ау, жол болсын!
Хасенхандай ерлер де бар айбатты,
Жауға жорық салатұғын қайратты.
Ең болмаса, көрсетпей бір сайқақты,
Қыз текелер, сендерге де жол болсын!
Әлқисса, Хасанханның бұл сөзіне де қырық жігіт құлақ салмады. Жәмбілге қарап бет алып жүре берді. Хасенхан бір-екі рет ұмтыльп, сөз айтқысы келсе де, жігіттер қайтып бара жатқан соң, шыдай алмады, соңынан еріп Хасенхан да жүрді. «Көрұғлы атамның алдында тізе бүгіп, батасын алып, өзім, жалғыз да болсам, қайтып келіп, жорыққа кірісермін»,— деді де, *** намазын оқып, Жәмбілге қайтты. Сол уақытта Ағажүніс пері будақтаған шаңды көріп, Көрұғлыға былай деді:
Жігіттердің бәрі де аман.
Дұспандарың болды жаман.
Мұны шешу маған күмән,
310. Көрінеді шаңды тұман.
Туғандай-ау акыр заман!
Ағажүніс ерінеді,
Киіктейін керіледі.
Будақ тұман көрінеді:
Бекзадалар, бұл не тұман?
Бұл будақтың пірі бар-ау.
Біле алмаймын, сыры бар-ау.
Атты әскер, ері бар-ау.
Бекзадалар, бұл не тұман? 320. Туғандай-ақ ақыр заман!
Елді басты мына шаңдақ,
Шыққандай-ак бізді таңдап.
Әскерлері топ-топ саңдақ,
Бекзадалар, бұл не тұман?
Туғандай-ақ ақыр заман!
Тұман басты әр қиядан.
Үміт үзсін жаннан адам.
Шығайық біз енді соған.
Бекзадалар, бұл не тұман? 330. Туғандай-ақ ақыр заман!–
Ағажүніс қайғыланды,
Мұңға батып, көп толғанды.–
Жәмбілбелді тұман алды,
Бекзадалар, бұл не тұман?
Туғандай-ақ ақыр заман!
Әлқисса, Көруғлы Ағажүніс перінің сөзін естіді де, қорғандағы мейінханада отырған жігіттерін ертіп, қорғанның қақпасына шықты. Өзінің ақ бедеу атын та-ныды. Хасенханның астындағы арғымақты көріп, қуанып қалды. Жаньндағы қы-рық жігітпен олардың алдынан қарсы шықты. Көрұғлы алдынан шыққанда, қырық жігіт ие айтуға білмей, ұяльп, жан-жаққа бытырап жүре берді. Хасенхан атасының алдына келіп, аттан түсті де, Көрұғлы сұлтанға қарап, жылап қоя берді. Сұлтан Хасенханды алтын таққа отырғызды да: «Шырағым, балықтың тіршілігі суменен, менің тіршілігім сеніменен! – деді де, Ғиратты өзі мініп. – Қалай да болса, Ғауазды алып келем», – деп, жүре берді. Бесін намазы уақытында Бадбақытқа келіп жетті. Бадбақытқа келгеннен кейін неше түрлі бәле, азап алдынан шыққандай болды. Сөйтіп, Көрұғлы былай деді:
– Қанша өскер жатыр екен осында?
Не келсе де, айбатынан тосылма.
Жауымды іздеп тас-талқан қылуға
Келдім іздеп мен – Көрұғлы осында.
340. Төгілсін бұл майданда бір қызыл қан.
Алла болсын бізге енді мейірбан.
Қару-жарақ, белге қылыш буынған
«Уа, Алла!» – деп, бір ат қойшы, Хасенхан!
Бұл кәпірлер, мен білемін, жоқ болар,
Көрген күні өздеріне көп болар,
Енді ат қой, «Бір Алла!» деп, Сапабек,
Ердің ісі жауып тұрған оқ болар.
Кәпірлерді быт-шыт қылып жеңелік.
Борандатып оқты борай себелік. 350. Уа, қайдасың, досым менің – Ымрағұл?
Ат қоялық, жаудың күшін көрелік.
Кейін қалма, қырық жігіт, келіңдер!
Белдесіңдер, дұспан күшін көріңдер.
Жолбарыстай айбаттанып майданда,
Жанды қиып, жау жазасын беріңдер!
Арғымақтар көкке қарап секірсін.
Қырғын тапсын топты кәпір, өкірсін.
Ат қойыңдар арыстандай жұлынып,
Бойда қайрат, қару-жарақ бекінсін. 360. Қырық жігіт, айтқанымды тыңдаңдар!
Алдаспаңды кан жорыққа шындаңдар.
Көрұғлыда енді арман қалмасын,
Ат қойыңдар, енді қарап тұрмаңдар!
Әлқисса, Көрұғлы бұл сөздерді айтты да, алтындаған дабылын қа-ғып, әскерін жинады. Аллаға сыйынып, Қызыр, Ілияс, Ғаусы, Ғаяс, қырық шілтен, он екі имамның аруағына жалынды. Олардан медет тіледі. Сонан соң былай деді:
– Қайтқанмен, бізге ел қайда?
Жалындым енді Құдайға.
Құдайым, мағаи медет бер,
Медет берер күніңіз!
Кешір бәрін күнәнің,
Тізе бүктім, жыладым. 370. Он сегіз мың ғаламның иесі,
Медет берер күніңіз!..
Бір Жаратқан Алла – сен –
Патшалардың панасы.
Жолыңнан бізді тайдырма.
Медет берер күніңіз!
Бізге рахмет, сүннет бер.
Қияметіңе туын бер.
Уа, Мұхаммед Расул,
Медет берер күніңіз! 380. Жалынамыз, медет бер!
Болыңыздар себепкер.
Досым менің – Шаһариар,
Медет берер күніңіз!
Топты әскер легіне,
Қайрат қылдық легіне.
Пірім менің – Шаһмардан,
Медет берер күніңіз!
Имам Ағзам – дін туы,
Үмбетіміз, біз – құлы, 390. Ғаусыл Ағзам – піріміз,
Медет берер күніңіз!
Семсер алмас алайьқ,
Жауға қарсы шабайьқ.
Қызыр, Ілияс, Ғаусы, Ғаяс,
Медет берер күніңіз?
Зар илеген ғаріппін.
Нәпсіге еріп, жаныппын.
Отыз жаста пір болған
Қырық шілтен әзіздер, 400. Медет берер күніңіз!
Заман өтті... Қартайдым.
Жасымда батыр атандым.
Он екі имам – пірім-ау,
Медет берер күніңіз!
Жәмбілбелді биледім,
Ғаріптерді сүйедім.
Ата-бабам Арувғы,
Медет берер күніңіз!
Жәмбіл еді жеріміз, 410. Ылғи саңдақ еріміз.
Атамның да пірлері,
Медет берер күніңіз!
«Көрұғлы» дер белгім жоқ.
Шықты аузымнан жалын, шоқ.
Сыйынатын біздегі ишан,
Медет берер күніңіз!
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтты да, барлық пірлеріне, аруақтарға сыйынды. Атына мініп, алтынды дабылын үш-төрт рет кақты. Бір үлкен көк шатырдың жанында топталған жауды көрді де, соларға қарай ат қойды. Бұларға жақындағанда алдынан Қызыр, Ілияс, Ғаусы, Ғаяс, қырық шілтен, он екі имам шыға келді. Көрұғлы сұлтан атының шылбырын ұстап, тоқтатты. Көрұғлы сұлтан бұларды көргеннен кейін аттан түсіп, бұлардың басқан ізінің топырағын көзіне сүртіп, пірлерімен қосылып шатырға келіп кірді. Сонда Қызыр:
– Ей, Көрұғлы! Сен Жәмбілден шыққанында әуелі Алла-ны ауызға алмай, «Өлермін, өлмесем, Ғауазды алып келемін!» – дедің. Бұған Құдайдың ашуы келіп, қаһарланды. Сені жермен-жексен етпекші болды. Біз сенің үшін Құдайдың алдына барып, жетпіс үш мәрте бас ұрдық. Сенің бір тамшы жаныңды біз алып қалдық. Егер де сен ең соңғы ретте әуелі Құдайға, екінші пірлеріңе жалынбай, жалаң ерлігіңе салынғанда, сенің жаның қалмайтын еді.Сенің ақылға түсіп, Алланы ауызға алғаннан кейін біз саған медет бердік, сүйемекшіболдық. Енді саған мынаны айтамыз: «Осыдан барған соң Бадбақыттың тауына шық та, жан-жағыңа қара!Сол уақытта бір ақсақ адам қой бағып жүреді. Бұл қойшының аузында бір тісі жоқ, адаммен де, Құдаймен де жұмысы жоқ, Өзі кәпір болса да, Ғауазханды жақсы көретін адам. Ол жыльнда бір мәртебе барып, Ғауазханньң айдай жүзін, құралайдай көзін көреді. Қой баққанда оның алатын ақысы да сол. Сен сол қарттың жанына барып, киімін ки, қолыңа таяғын ұста, қойын айдап, Ғауазханның атасы – Бұлдырық қасапты сүра. Бұлдырық қасаптың қатыны – түрікмен қызы, өзі – мүұсылман, аты – Күләйім. Мұның қызылбастардың қолына түскеніне қырық жыл болды. Ол ешкімді де танымайды. Туған-туысканынан бір адамды да көрген емес. Оның түрікменде Қоңырбай деген ағасы бар. Сен оған барғанда, «Қоңырбаймын»,– деп барсаң, жұмысың жөнделіп, олжалы боласың», – деді.
Бұлар тағы да басқа өсиеттерін айтып, Көрұғлына бата қылып, қала берді. Көрұғлы да пірлерінен бата алып, Ғиратын ойнақтатып, ауыздығын қарш-қарш шайнатып, кіреуке сауыты жарқылдап, Бадбақыт тауының басына шықты. Жан-жаққа қарап, қой бағып жатқан шалға келіп: «Бұл қой кімдікі?» – деді. Сонан соң былай деп жырлады:
– Астымда ойнап Ғиратым,
Иығымда жарқылдар
Кіреуке сауыт, калқаным.
420. Айтшы қария кімдікі
Баққан қойың азаппен,
Меһнат шегіп баққаның?
Сонда қ а р и я:
Арғымақты ойнатып,
Қойды сұрап не етесің?
Естісеңіз, айтайын,
Қойды сұрап, не етесің?
К ө р ұ ғ л ы:
Сұрауға келдім әдейі.
Артымда ерген кісім бар.
Қой кімдікі? Айтыңыз.
430. Онда менің ісім бар.
Қария:
Сөзің болса, сұрай Бер.
Қойымды өзім бағамын.
Қой иесі – өзіммін.
Жоғың болса, табамын.
К ө р ұ ғ л ы:
Сөзіме менің құлақ сал.
Сенікі емес осы мал.
Қой иесі мен едім.
Ашуланба, тентек шал.
Қария:
Келші менің қасыма.
440. Таяқпен берем басыңа.
Қой иесі – өзіммін.
«Мен – иесі»,– деп, тасыма
К ө р ұ ғ л ы:
Уа, сөзіме құлақ сал,
Койды баққан сендей шал.
Айтпасаң, айтпағ мейілің
Ғауаздікі осы мал.
Қария:
Шөл кезерсің, ебелек.
Айдай жүзін көрмесең,
Ғауазды сырттан сөйлеме!
450. Бір таяқ жеп, өлме сен!
К ө р ұ ғ л ы:
Бадбақыттың қиясы,
Сөздің де бар жүйесі,
Осы малдың, дәулеттің
Ғауаз ғана иесі.
Қария:
Қайдан оны білесің,
Оқыдың ба хатынан?
Сағынбасаң ажалды,
Садаға Ғауаз атынан!
К ө р ұ ғ л ы:
Менің атым – Көрұғлы,
460. Ғауазды іздеп келемін.
Шақырып кел Ғауазды,
Тілегенің беремін!
Қария:
Білемін сенің атыңды.
Өмірде әділ жүрдің бе?
Ғауазханды сұрама!
Отыз тісің қиралып,
Қайтарсың кейін, білдің бе?!
Әлқисса, қойшы қарияның ашуы келіп: «Ғауазханға мен құмар болып жүрсем, сен оны алып кетпекші боласың? Адамыңа кездеспей жүр екенсің», – деп, таяғын қолына алып, шапщаң басып тұра жүгірді. Көрұғлының шылбырынан ұстап, тоқтатпақшы болды. Көрұғлы аттаи түсті де, қол-аяғын байлап, кеудесіне тепкілеп: «Дауысыңды енді шығарушы болма!» – деп, таяғын альп, киімін киіп, өзінің қару-жарақтарын бір оңаша жерге жасырып қойды да: «Уа, Ғиратым! Қару-жарағымды саған тапсырдым, сені Аллаға тапсырдым. Мен қайтьш келгенше, мьнау малға да, анау шалға да сақ бол!» – деп, мына жырды Ғиратқа айтты:
– Жорықта менің жолдасым,
Сенсің – менің қанатым. 470. Аллаға сені тапсырдым,
Қарашығым, Ғиратым!
Қойшы болып киініп,
Жаяу барып жетермін.
Аман боп тұр көргенше,
Ғауазханға кетермін.
Қолғанатым – Ғиратым,
Мінсем, шерім тарқаған.
Жау жараққа сақ боп тұр,
Тапсырамын мен саған. 480. Жаныңа жанды жолатпа,
Ешкім сені көрмесін,
Оттап жүріп ұмытпа,
Дұспан шіркін білмесін.
Еш адам да білмесін,
Қаруымды алмасын.
Жарағымды жоғалтып,
Аяқсыз иең қалмасын!
Шалға сақ бол, Ғиратым,
Басқа сөзге алданба! 490. Тағы да өсиет айтамын,
Сақ болып тұр бұл шалға!
Келгенімше жатсын ол,
Өз азабын тартсын ол.
Шақырмасын біреуді
Уа, Ғиратым! Сен сақ бол!
Даңқым шыққан Көрұғлы,
Шалдың туды зарлар күн.
Қос аяқтап ішіне теп,
Шалдың шықса егер үні. 500. Мен келгенше жатсын солай
Берме шалға биттей орай.
Даусы шыкса, жібер теуіп
Кетсін солай, жер домалай!
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ғиратқа бұл сөздерді тапсырды да, жүре берді. Қойшы біраз жұлқынып, даусын шығарып, айқай салайын деп еді, Ғират кеудесінен басып, шал жерге кіріп кете жаздады. Қорыққаннан үндемеді. Көрұғлы сұлтан қойды аралап, құнан, дөненін саралап, төрт жүз қойды бөліп айдап, Күржістан шаһарының қақпасына келді. Қақпа жабылып қалған екен. Көрұғлы сұлтан: «Мен Қоңырбаймын», – деп, қақпа алдында жатқан күзетшілерге былай деді:
Жетегімде қатарлаған нар ма екен?
Осы ел-дағы саудагерге зар ма екен?
У-шуың жоқ бәрің бірдей жатырсың,
Аш есікті. Іште адам бар ма екен?
Жасы кіші қызмет істер үлкенге,
Бізден жасың әлде сенің үлкен бе?
510. Арақ ішіп, сауық салған жігіттер,
Аш есікті, кірейін мен дүкенге.
Әуейіленіп бәрің бірдей жатыпсың,
Жарастықты, балдай арақ татьпсың.
Мен бір келген алыс жолдан саудагер,
Уа, тұрыңдар! Маған есік ашылсын!
Мал жимайтын, сауда-саттық тойым бар,
Берекелі базар қылар ойым бар.
Аш есікті, құрбашылар, қақпаны,
Қорасымен айдап келген қойым бар. 520. Саудагерлер қапаланып, күймесін,
Алыс жолдан келіп тұрмыз біз де тым.
Кіргізіңдер, есік ашып, біздерді,
Біреу-міреу бізге келіп тимесін.
Мен – жолаушы екі жұртты алдырған,
Сауда қылып, дүние кезіп қаңғырған.
Бір қойымды жүз қылып алармын.
Паша алдында ешкімге де қалдырман.
Көзімнен жас, «Аһ!»– деғенде, төгілер,
«Жолдасым!» – деп, қабырғам да сөгілер. 530. Аш есікті, кірейіи меи ішіне.
Уа, құрбашы, сенен соны өтінем!
Әлқисса, Көрұғлының бұл сөзін құрбашылар естіген соң бір-біріне: «Бұл өзбек елінен келген саудагер екен, малы көп екен. Егер де мұны шаһарға кіргізбесек, бір малы жоғалса да, басымызға пәле болар»,– деп, қақпаны ашып, қойды айдап Көрұғлы шаһарға кірді. Жолыққандарға сәлем берді. «Қайда бара-сың?» – дегендерге Көрұғлы: «Мал-жанымыз аман», – деп, «Қанша койың бар?» – дегендеріне: «Ауылдан шыққаныма бүгін жиырма бес күн болды»,– деп, «Қойды қаншаға сатар едің?» – дегендеріне: «Қойым неше күннен бері жолда жүріп, шаршап қалды»,– деп жауап берді. Кейбір қызылбастар: «Атың кім?» – деп сұраса: «Бес-алты атым бар еді, бірақ әрқайсысын да әркім мініп кетіп, бұл жерге жаяулаип келдім»,– деді. Көрұғлы бұларға жауап берген сайын олар мәз болып күлетін еді. «Мұның өзі бір ақымақ өзбек екен, ертең базарға қойын салса, талап алып кетейік», – деп, өзді-өзі дабырласып әңгімелесті де, ертеңіне барлығы да базарға қарай жүгірді. Бірақ базарға қой түскен жоқ, қой саудасы ашылған жоқ еді... Көрұғлы қойларды көгендеп, қолына бір келтек алды да, «Көрген жұрт мені «ақымақ» деп ойласын»,– деген ниетпен аузына түскен сөзді айтып тұрған сықыл-данды. Бір кезде ділда жығасы басында, бес жүз адам қасында, дәл елу бір жасында, тайпалған жорғасымен Бұлдырық қасап келіп, қой базарын аралап, құнан, дөненін саралап жүрді. Көрұғлының қасына келіп, жанында тұрған адамдардан: «Бұл қайдан келген адам?» – деп сұрай бастады. Қасында тұрғандар: «Мұның қайдан келгенін біле алмай тұрмыз, біз бір нәрсе сұрасақ, бұл өз алдына бір нәрсе айтады, өзіңіз сұрап байқаңыз», – деді. Сонан соң Бұлдырық қасап: «Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың?» – деп сұрап еді, Көрұғлы былай деп жауап берді:
Б ұл д ы р ы қ қасап:
Жолаушы боп біздің жерге келіпсің,
Көп ішінде жалғыз өзің жүріпсің,
Нәсілің кім, қайдан келдің, қай елсің?
Уа, өзбек, мұнда не қып жүріпсің?
К ө р ұ ғ л ы :
Ажал жетсе, қызыл гүлдей солармыз.
Қойымды айдап сіздің елге келемін.
Нәсілім менің – түрікпеннің ұлымын
Шаһарыңа сауда етуге келемін.
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
540. Жарастырып ат кекілін тараймын,
Сіздің елге қой сатуға жараймын.
«Өзбек» деген ата жұртым болады,
Руың кім? Мен руыңды сұраймын.
Көрұғлы:
Менің елім бейне шекер шалқыған,
Қайда жүрсем, пірім қалмас артымнан.
Нәсілімді сұрасаң, мен айтайын,
Менің руым Текежәуміт халқынан.
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
Кім біледі ішіңдегі ойыңды,
Қуанамын көріп сенің бойыңды.
550. Біздің елге неге келдің, айтыңыз,
Сатамысың алып келген қойыңды?
Көрұғлы
Ешбір менде қалтарыссыз ойымның,
Арамы жоқ осы түрған бойымның.
Қой бағасьн әзірінше білмеймін,
Өз иесі келгенінше қойымның.
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
Ойлап тұрсам, мынау өзбек сұм екен,
Басқан жерің гүл бітпейтін құм екен.
«Бұл қойлардың иесі бар»,– дейсің сен.
Айтшы маған, қой иесі кім екен?
Көрұғлы:
560. Жалғыз жанға қашан болсын Құдай жар,
Дозақының бейілі жоқ, көңлі тар.
Мені «жалғыз» деп ойлама өзіңіз,
Бұл шаһарда менің туған жездем бар.
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
Үлкен сәлде басыма мен орайын,
Айбаттанып, сұлу мұртты бұрайын.
«Бұл шаһарда жездем бар»,– деп айтасың.
Кім еді ол? Жездең атын сұрайын.
Көрұғлы:
Сен сұрасаң, мен айтайын, өзің тап.
Сұрасаң да, білер оны шаһарда-ақ.
570. Жездем атын, сұрасаң, мен айтайын,
Оның атын дейді деген: «Бұлдырық қасап»
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
Қайыры болар, көрген азап-жапаң-ды.
Көрсетерсің оған енді опаңды.
Жездең аты болса егер Бұлдырық,
Білемісің атын енді, апаңды?
Көрұғлы:
Қайғы-қасірет тарттым мен де, уайым,
Айырыпты бізді ежелден Құдайым.
Бала күнде, жаңылмасам, кетіпті,
Атайды екен апам атын Күләйім.
Б ұ л д ы р ы қ қасап:
580. Қалды алыста Текежәуміт еліңіз,
Әулетіңіз, түрікпендей жеріңіз.
Апаң менен жездеңді де атадың,
Енді өзіңді маған айтып беріңіз.
Көрұғлы:
Бала күннен тарттым уайым мен ұдай,
Жаратыпты мені солай бір Құдай.
Асылымды, нәсілімді айтайын,
Менің атым, сұрасаңыз, Қоңырбай.
Әлқисса, Бұлдырық қасап мұны естіген соң: «Е, шырағьм, Қоңырбайым! Аман-есен келдің бе? Ол жақтағы туған-туысқан, ата-ана, қарындастарымыз аман ба?» – деді де, Қоңырбайға қарап, былай деді:
– Асқар тауда тұман ба?
Елді көру күмәнда. 590. Уа, Қоңырбай, сұраймын,
Ондағы ел аман ба?
Айрылдық, амал жоқ.
Ақ сүтін емген аналар,
Түрікпен елім аман ба?
Текежәуміт еліміз,
Қонысымыз, жеріміз,
Бақшалы, бұлбүл гүліміз,
Туысқандар аман ба?
Қайғы басқан көңілді, 600. Баса алмаған шерімді,
Көрмесек те елімді,
Ондағылар аман ба?
Шықтың, міне, ойымнан,
Бақшада гүл ашылған.
Айналайын бойыңнан!
Байтақ елдер аман ба?
Жалғыз өзім жүремін,
Алтынды жібек киемін,
Садағаң сенің кетейін, 610. Құрбы-құрдас аман ба?
«Бұлдырық» деп атаған,
Мен кетейін садағаң!
Қоңырбайым, бауырым,
Ондағы елдер аман ба?
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Бұлдырық қасаппен сөйлесіп, бір-бірінің хал-ахуалын сұрасты. Көрұғлы: «Ғауазхан қайда екен? «Көріп кетейін»,– деп, келіп едім, – деді,– жезде». Ол уақытта Ғауазхан Хұнғар патшаның үйінде еді. Күндіз-түні Хұнғар патша да сауық-сайран құрып жатыр еді. Мұны естіген соң Бұлдырық қасап бір нөкерін Хұнғар патшаға жіберді. «Ғауазханның бауыры келіпті, мұнда келсін», – деп хабар берді. Барған адам Хұнғар патшаға барып, бұл уақиғаларды сөйледі. Мұны Хұнғар патша қабыл алды да, Ғауазхан: «Менің бауырым қандай адам екен?» – деп, қайдағы жақсы ат, жақсы киім киген адам болса, соған қарап келе жатты. Көрұғлы Ғауазханды көрді де, жүгіріп барып құшақтап, екі бетінен сүйіп, тама-ғынан иіскеп, жылап, Ғауазханға былай деді:
Көңілден арман кетті, көріп сені.
Тағдыр, пәрмен беріп, қуып мені!
Жалғыз-ақ көңілдегі арманым – сен,
Сені көрсем, табылар дерттің емі.
Алтын зер, жұпар гүлді сыйлайын мен, 620. Толғанып қаршығадай жылайын мен.
Зар болып бір көруге пірден тілеп,
Тарттым ғой сенің үшін уайым мен.
Бойыңнан мендей бауырың садағасы,
Құлақ сал төгілгенде көздің жасы.
Таң сәріден жалындым бір Аллаға,
Көрсем деп дидарыңның шұғыласын.
Сені іздеп, тұра алмадым елімде мен,
Гүл шешек, балаусалы жерімде мен.
Ақырында сені іздеп шықтым, Ғауаз, 630. Жапанның жаяу кезіп шөлін де мен.
Аждаһа шыдай алмас уға-дағы,
Айдадым қойды шалқар суға-дағы.
Әдейі іздеп келіп шаһарыңа,
Сорлыңыз саудагер боп, жұбанады.
Жанымдай көрем айтқан сөзіңді мен,
Өлгенше сақтармын-ау өзіңді мен.
Тау-тасты, жапан түзді кезсем-дағы,
Шүкірлік, көріп тұрмын жүзіңді мен.
Келбетің дидарыңа жарасады, 640. Қай дұспан малын беріп таласады?
Жүзінді, шүкір, Алла, көзбен көрдім,
Жараса, берем малдан садақаны.
Ежелден күйдіреді сенің өртің,
Жүрекке шемен болған сенің дертің.
Армаи жоқ, қазір таңда өлсем-дағы,
Құдайға мың шүкірлік, айтқан сертім...
Әлқисса, Көрұғлы бұл сөзді айтты да, Ғауазханнан үш рет айналды. Көкірегіне қысып, көз жасын жаңбырдай төкті. Бұлдырық қасап мұны көріп, кейде күліп, кейде жылап жіберетін еді. «Өзбек халқы сондай бауырмал болады екен-ау!.. Жиенін сағынып, айналып, толғанып жүргенін қарашы!»—деп, жанындағы адамдарға қарай берді. Мұны көргендердің барлығының да көңлі бұзылып, жыласып алды. Көрұғлының үстіндегі ескі шекпені Ғауазханның тәніне батты. Ғауазхан атасына қарап, мынау ғазалды айтты:
–Таудың қары ерісін,
Татсын адам жемісін.
Шекпенің батты денеме,
650. Өзбегім, тоның құрысын!
Мырза сұңқар шүймесе,
Дабылын белге түймесе,
Мұнша қойды қайтеді,
Бір жақсы тон кимесе?
Ер ме, жауға шаппаса,
Кезеңнен айла таппаса?
Өзбегім, малың құрысын,
Астыңа тұлпар жақпаса...
Сөз айтамын сіз үшін. 660. Әйтпесе мен кім үшін?
Малды жиып қайтеді,
Тақпаса белге қылышын?
Балқан тауын баса өтіп,
Талқан суын ас етіп,
Қалқан, сауыт кимесе,
Бітеді екен мал не етіп?!.
Дүние жалған өтеді,
Малды да тастап кетеді.
Күлдіргенше дұспанды, 670. Келмей-ақ қойсаң, не етеді?
Баласыз өткен жалғанда,
Малы жоқтар арманда,
«Нағашыңмын»– деп келіпсің,
Дұшпанға болып шерменде.
Әлқисса, бұл сөздерді айтты да, Ғауазхан: «Ел-жұртқа мьна қалпыңмен келіп, мені масқара қылдың, енді қайтуың керек»,—дегенді айтты. Бұл сөзді Бұлдырық қасап естіп:
– Ей, ақылсыз бала, мұндай сөзді сөйлеме! Осынша қой айдап жүрген кісі ат-тон таба алмайды деп білесің бе? Осы қойдьң төрттен біріи шығарса да, мырза мен бектің салтына түсер еді. Бірақ сенің бұл нағашың жолаушылықты мойнына алып, жапан кезіп, күні-түні жол жүріп, әулиелікке бет алған адам екен… Енді мұндай сөз айтсаң, мен сені өлтіремін. Қазір қарындасына алып барып кездестір. Өзің нағашыңа қызмет қыл, құрмет көрсет, – деді де, Көрұғлыға қарап: «Бұл қойларыңиың бағасын да айтып қой», – деді. Сонда Қоңырбай:
– Ей, жезде! Бұл қой қазір менікі болса да, түбінде сенікі болар, өзің базар бағасымен саудалай бер! – деді.
Ғауазханға қосылып, екеуі жөнеле берді. Ғауазхан нағашысын ертіп анасына келді де, мына жырды айтты:
Ойласам, бұ дүниенің ісі жалған.
Құдай сүйген құлында бола ма арман?
Әдейі айта келдім сізге бір сөз:
Құлақ сал осы сөзге, ей, анажан!
Естіңіз бір ғажап сөз қызыл тілден, 680. Жәуміттен сізді іздсп біреу келген.
Ел кезіп, түзде жүріп, шөл қуалап,
Әдейі аңсап келген алыс жердеи.
Сымбатты, жарастықты бойы да бар,
Білмеймін қандай қиял ойьнда бар?
Шаһарға саудагер боп айдап келген
Алдында бір қыдыру қойы да бар.
Таң ата кіріпті ол бұл шаһарға,
Қос тиеп, жүгін артып үлкен нарға.
Ешкімді бұл қаладан танымайды, 690. Қойын әкеп салыпты ол базарға.
«Өзбек» деп мұны көрген мазақ қылып,
Күйдірген оның жанын азап қылып.
Тұрғанда дел-сал болып осы кісі,
Келіпті жанына оның атам біліп.
Өзбекке бір қарапты, атам келіп,
Сұраса, ол сөзіне жауап беріп.
Заузатын, жұрағатын, туған елін,
Жер-суын қалдырмастан, бәрін теріп,
Жауабын өзбек те берген сәндеп, 700. «Жолаушы сапар шеккен мен бір жан,– деп,
Атапты сонда менің есімімді,–
Шаһарда менің туған жездем бар»,– деп.
Өзбектің саған ұқсас келбеті де,
Қарасам сөзіне де, келбетіне.
Жәумітте бар ма еді ағайының?
Әкелдім көрсеткелі оны, міне?!
Бұл сөзді мен айтпаймын ойын үшін,
Киініп, айтқан сөзге енді түсін.
Үзбесең күдерінді нағашыңнан, 710. Уа, анам, әкел маған сүйіншісін!
Неше күн жол жүріпті, жапан кезіп,
Сен үшін туған елден бұ да безіп.
Нағашың іздеп келді арнап сені.
Тұрасың үйде қалай енді төзіп?
Біреулер тойғанынан би билейді,
Біреулер уайым тартып, нан іздейді.
Сұрасам атын оның, берді жауап,
«Нағашың – Қоңырбаймын – атым»,– дейді!
Әлқисса, Ғауазхан осыны айтты да: «Мен барлық жай-жапсарын сұрадым, нағашым есік алдында күтіп тұр, тез үйден шықсайшы!»—деп айқай салды. Күләйім, «Қоңырбай келді»,– деп естіген соң-ақ шыдай алмай, есік алдына шықты. Үйден еңіреп шықты да, жүгіріп келіп «Қоңырбайдың» мойньнан құшақтады. Сонда Күләйім Қоңырбайды құшақтап тұрып айтқаны:
Жүрегімде қайғы өртеніп, 720. Солған гүлді шарбағым.
Қырық жылдай көргенім жоқ,
Аманбысың, шырағым!
Тұла бойды алып уайым,
Кез келтірмей бір Құдайым,
Жылап-сықтап сені ойлап,
Күткен еді Күләйім!
«Бер,– деп,– Алла тілегім»,
Қақ айрылды жүрегім.
Бір көруді арман қып, 730. Күні-түні тіледім.
Кімді көрсем, «Төркінім»,– деп,
Күні-түні қайғы меңдеп,
Ботадай боп боздап жүрдім,
Көздің жасы бейне сел боп.
Гүлдей болып мен де солдьм,
Дұспанға да күлкі болдым.
Енді Аллаға шүкір қылам,
Аман-есен сені көрдім.
Қасіретпен жылап жүрдім, 740. Көздің жасын бұлап жүрдім.
Бір көруге ынтық болып,
Жасағаннан сұрап жүрдім.
Батыр қызар, көрсе майдан,
Дұспандары қалар қайран.
Елім-жұртым аман ба екен?
Айналайын, жүрсің кайдан?
Сор жаратқан мені Құдай,
Қайғы-зарды таттым ұдай.
Өлгені – кім, тірісі – кім? 750. Айтшы, бауырьм, уа, Қоңырбай?! Әлқисса, Күләйімнің бұл сөзін естігеннен кейін Қоңырбай да ботадай боздап еңіреді. Екеуі сөйлесіп, хал-жайды сұрасқаннан кейін Қоңырбай:
–Уай, шырағым! Елдің барлығын сұрағаның мақұл. Бірақ Көрұғлы – бізге дұспан. Оның несін сұрай бересің? – деді. Бұл сөзге Күләйім:
– Ей, өз елің болған соң, қайсысын айырайын, сонан соң сұрап жатырмын. Кәпірлер: «Көрұғлы пәлендей жерді шауыіп алыпты, пәлендей олжамен қайтыпты»,– дегенде, мен көйлегіме сыймай қуанамын. Егер, «Жеңіліп қалыпты, пәлендей жерден қашып шығыпты»,– десе, ішкен тамағым ас болмайды. Сондықтан да Көрұғлыны көбірек сұрағанымның мәнісі – осы, – деді.
Мұны естігеннен кейін Көрұғлы өксіп-өксіп жылап жіберді.
Әлқисса, Ғауазхан нағашысын мейманханаға кіргізіп, алдына тоғыз түрлі табақ тартты. Біресе Көрұғлының тізесіне отырып, біресе мойнынан құшақтап еркелеп отырды. Ас арасында түрікпен елінің жайын, Жәмбілбел шаһарының халін сұрап отырды. Сонда Көрұғлы:
– Ей, Ғауазхан! Елге алып кетсем, барар ма едің? – деп сұрады. Бұл сөзге Ғауазхан:
– Егер алып кетсең, барар едім, сенімен бірге жүрер едім, – деді.
Ғауазханның бұл сөзін естігеннен кейін Көрұғлы Ғауазханды сүйіп, құшақтап, өзі Жәмбілбелде отырғандай болды. Онан кейін Көрұғлы былай деді:
Елді көру күмән ба екен?
Басқа түскен заман ба екен?
Бәрін сұрап тауыса алмаспын,
Көрұғлыбек аман ба екен?464646
Көңілде сөз қалмасын болып арман,
Тәңірге аян болғанмен, бізге жалған,
Біздің ел сондай ғажап, тамашалы.
Барар ма ең, алып кетсем, ей, Ғауазхан?
Иманды көгерткендей тамашасы, 760. Жарасып қалың орман, тау мен тасы.
Бұлағы бөктерінде сылдыр қағып,
Сайраған жүз құбылтып бұлбұл нәші.
Жарасқан асқар тауы бұлағымен,
Басында киік ойнап лағымен.
Көрген жан көзі қиып кете алмайды,
Естісе сылдыр суды құлағымен.
Таулардың самал соғып саласынан,
Ен жазық ат шабады даласынан.
Қашқан аң құтылмайды әрқашан да 770. Бектердің найза ұстаған баласынан.
Тартылып сырнай, керней, сауық құрып,
Тамаққа арқар сойып, бұ да – қызық.
Кеш болса, қыз-бозбала араласып,
Кетеді думан болып, ойын қызып.
Адамы – бәрі ноян, бәрі бекем,
Көргенде, өзім-дағы тамаша етем.
Сауықтың неше түрі – бәрі сонда,
Уа, Ғауаз, жүремісің? Алып кетем!
Жүресің сұңкар салып һауадак көлге, 780. Сен де бір мырзасы боп Жәмбілбелге,
Түрікпен әрқашан да болған ынтық
Тұлғалы әсем туған сендей ерге.
Кез болып біздің елдің бақытына,
(Кім қарсы сенің, қалқам, бақытыңа?)
Бақшада бұлбұлдарға күй толқытып,
Мұрагер боларсың сен тақытыма.
Көрұғлы айтқан сөзді естігеннен кейін Ғауазхан: «Анадан рұқсат алсаң, мен де сол елге кетер едім»,– деді. Әлқисса, Көрұғлы: «Жәмбілге бек болып, менің Ғиратыма мін, бұл елден шық. Менімен бірге елге жүр»,– деді. Әрине, қызылбастарға Ғираттың даңқы жайылған еді. «Ғират!»– десе, қызылбастардың жылаған баласы қоя қоятын. Көрұғлы Ғиратты абайсызда айтып қалған еді. Ғауазхан мұны естіді де, ұшып тұра келіп, далаға шықты да: «Біздің үйде «Қоңырбаймын» деп Көрүғлы отыр екен, бізді алдап жүр екен!» – деп, мына сөзді айтты:
Бізді ақымақ қылған екеи,
Алдаусырап ұрған екен.
Жиылындар, уа, жарандар,
790. Көрұғлы келген екен.
Жаяулатып кедей болып,
Астына бір құнан мініп,
Жасырынып Қоңырбай боп,
Кетпекші екен алдап соғып.
«Қоңырбай»,– деп, бізді алдап,
Жұртты алдап, көзді арбап
Көрүғлы келген екен
Әкетуге бізді байлап.
Сөйтіп, бізді алайын деп, 800. Сырын біліп, шабайын деп,
Көрұғлы келген екен
Маған шеңгел салайын деп.
Мұрадына жетейін деп,
Ойдағысын етейін деп,
Келген екен кәпір өзбек
Мені алып кетейін деп.
Бәрің мұнда жиылындар,
Бір тағдырға сыйынындар.
Бекзадалар, құрбашылар, 810. Ал, келіңдер, жиылыңдар!
Әзірейілдей айбаттылар,
Семсер болат, қайраттылар,
Бәрің келіп, жиылыңдар.
Күшті жендет, сайқақтылар.
Бүйтіп адам құтырар ма?
Жиылыңдар, есің барда.
Тапа тал түс дұспан келіп,
Үйге келіп отырар ма?
Көзден жасын төктіріңдер. 820. Қабырғасын сөктіріңдер.
Басын кесіп, қасын тіліп,
О дүниеге жеткізіңдер.
Ішім сезді мұның сөзін.
Ойып алып екі көзін,
Қол-аяғын байлаңыздар,
Жау-дұспанға етпей төзім.
Жалынса да, қоймай аман,
Орнатыңдар ақыр заман.
Ей, жарандар, жиылыңдар, 830. Тудырыңдар жауға тұман.
Аяғын кесіп, құнтитыңдар.
Көзін ойып, бұлтитыңдар.
Бәтшағарды байлап алып,
Бар денесін сымпитыңдар.
Әлқисса, Ғауазхан бұл сөзді айтып жылап тұрды. Көрұғлы бұған қайран қалды. Өзінің айтқан сөзіне өкініп, Ғауазханның артынан жүгіріп шықты да, мейманханаға Ғауазханды алып келіп:
– Ей, Ғауазхан! Сағаи не болған? Сен дуана болып кеттің бе? Әдейі сені кө-рейін деп алыстан іздеп келсем, сен мені «Көрұғлы» деп, жау қолына бермек-шісің. Мені олар өлтірсе, жақсы бола ма? Мен кім? Көрұғлы кім? Көрұғлының екі иығына он екі кісіден жиырма төрт отырады. Оның құлақтары қалқандай, екі көзі шарадай, аузы да, мұрны да қазылған апандай, бір бәтшағар емес пе? – деді.
Сонда Ғауазхан сақ-сақ күліп, бұл сөзге мәз болып қалды. Бұдан кейін Көрұғлы:
– Мен осы елге Көрұғлыдай сұлтан болсам, астымда Ғиратым болса, оған сені мінгізсем деген қиялмен айтып отырмын. Өзім Көрұғлыны көрсем, кескілеп өлтірер едім,–деді. Бұған Ғауазхан нанып қалды да, Көрұғлыны «нағашы» деп мойнынан құшақтап, тағы да еркеледі. Күн намазшамға таянып қалды. Сол кезде Бұлдырық қасап қойды сатып алып, ақшасын Көрұғлыға алып келді. Көрұғлы пұлды алды да, үшке бөліп, бір бөлігін Бұлдырық қасапқа, бір бөлігін Күләйімге берді де, бір бөлігін өзі алды. Бұл пұлдан Ғауазханға неге бермеді деп, көңіліңізге келмесін, Ғауазханға, үйден шыққанда, төрт жүз қара қозыны айдап шығып едім. Ол қозылар жолда семіздіктен құйрығын көтере алмай, жүре алмай қалды. Сөй-тіп, ол қозыларды жолда бір қойшыға тапсырып кеттім. Ертең нәсіп болса, өзіңіз Ғауазханмен жүріңіз, қозыларды өз көзіңізбен көріңіз, сонан соң қайтып келерсіз, – деді Көрұғлы.
Бұлдырық қасап бұл сөзге ризалығын білдіріп, күлімсіреді. Таң атқанша неше түрлі құрмет көрсетіп, Көрұғлыны әбден сыйлады. Таң атқан соң Бұлдырық қасап бір жорғасын мініп, Ғауазхаиды бір атқа мінгізіп, қаладан шықты. Көрұғлы сұлтан бұлар шыққаннан кейін Күләйімді шақырып алып : «Енді көрсек, көрмесек те, қош болып тұр»,– деді де, қоштасты.
К ө р ұғ л ы :
Мұңды сіңлім, қош енді,
Көргеніміз осы енді,
Іздеп келдім алыстан,
Көргенімше қош енді!
К үл әй і м:
Сорлы қылды бір Құдай,
840. Тұрамын ба жыламай?
Мейірімді қандырып,
Үш-төрт күн жат, Қоңырбай!
Көрұғлы:
Жыл жатсам да, тояр ма?
Оған тағдыр кояр ма?
Аман боп тұр, сіңлім,
Малға бармай, болар ма?
К үл әй і м:
Жүрегіме от түсті,
Өртенді үйім, шоқ түсті.
Ата-анама сәлем де,
850. Сапар болсаң; Қоңырбай
Тағы бір соқ жол үсті.
Көрұғлы:
Сөз бенен сөз үласар,
Еппен айтсаң, ұнасар.
Аман болсам, айтайын,
Олар да сені сұрасар.
К үл әй і м:
Молда алады қаламды,
Жүрекке салдың жараңды.
Жұрт иесі – Көрұғлы,
Оған да бір сәлем де
Көрұғлы:
860. Ат кекілін өрген-ді,
Тағдыр жазса, көрген-ді.
Айтпай-ақ қой сәлемді,
Мен – Көрұғлы, біл енді!
К үл әй і м:
Қоңырбай-ау, құлақ сал.
Қайғыланып, тарттым зар.
Шығауын қоспашы,
Елге сөлем айта бар!
Көрұғлы:
Таба алмайды ізімді,
Тыңда менің сөзімді,
870. Тапсыр маған, Күләйім,
Бал Ғауаздай қозынды!
К үл әй і м:
Уа, Қоңырбай, маспысың?
Маған, сірә, қаспысың?
Неге берем Ғауазды,
Өмірімнің иәспісін.
Көрұғлы:
Бақшада гүл семеді,
Алдымызда бел еді.
Бірге жүріп Ғауазхан,
Жәмбілбелді көреді.
К үл әй і м:
880. Неге барсыи еліңе,
Сенің Жәмбілбеліңе?
Тарта сөйле, Қоңырбай,
Ерік бермей тіліңе.
Көрұғлы:
Бақшадағы гүл болар,
Көзден жасың көл болар.
Қош-аман бол, Күләйім,
«Айырылды» деген сол болар.
К үл әй і м:
Тыңдат маған сөзіңді,
Көре алмадым жүзіңді.
890. Жылап қалдым артьңда,
Айтып кетші өзіңді.
Көрұғлы:
Дүниенің жалғаны,
Алланың баска салғаны.
Атым менің Көрұғлы,
Жәмбілбелдің сұлтаны!
Әлқисса, Күләйім мұны естіген соң: «Мұнда келші, көріселік, сен Жәмбілбелдің ханы болсаң, мен шынында да Ғауазханнан айрылады екенмін», – деп, анык Көрұғлы екенін біліп, Бұлдырық қасаптың артынан жүгірді. Сонда Күләйім: «Ғауазханды тастап кетіңдер!» – деп жылап, былай деді:
– Бұл сөзіме ықыласпен құлақ сал.
Тегін бе еді даладағы саған мал?
Ғауазханды неге алып барасың?
Жолың болсын, келіп мұнда, тентек шал!
900. Қам көңілді жүрегімді өртеме,
Тарттым қайғы елім үшін ертеде.
Баламды алып қайда кеттің, тентек шал,
Бір келерсің мұнда, кеш пе, ерте ме.
Дұспан жауың саған келіп, ел болсын,
Аяғыңа бір жығылсын. жер болсын.
Артыңа бір қарамайсың, ақымақ шал,
Қарасайшы, ей, «Қоңырбай», жол болсын!
Аман болсақ, қысты, жазды көрерміз,
Кұдай берген ризықты да терерміз. 910. Кетер болсаң, өз бетіңмен жүре бер.
Ғауазханды қалай қолдан берерміз?
Тілімді алсаң, енді артынан ермеңіз,
Арманда боп, қайғыланып өлмеңіз.
Қоңырбай боп алдап келген Көрұғлы,
«Қозы алам»,– деп енді бұған сенбеңіз!
Әлқисса, Күләйім: «Бұл Қоңырбай емес, Көрұғлы болып шықты. «Мұнан қозы аламыз»,– деп, Ғауазханнан айрылып жүрмелік. Сөйтіп, күні-түиі қайғыда, армаида өтерміз», – деді. Бұлдырық қасап Күләйімнің бұл сөзін құлағына ілместен, жорғаны сауырына бір салып, шаһардан шығып жүре берді. Күләйім Бұлдырық қасаптың артынаи қуып жете алмай, енді Ғауазханнан айрылғанын сезіп, Көрұғлының қасына келіп: «Ей, Көрұғлы! Енді көріскенше, өзіиді Құдайға тапсырдьм, Ғауазханды саған тапсырдым»,— деді де, былай деп жырлады:
– Сөз келген соң, енді несін жасырам?
Құрметтеймін, аяғыңа бас ұрам.
Өз сүйегің еді балам Ғауазхаи,
Сол Ғауазды енді саған тапсырам.
920. Ем табылмас енді менің жарама,
Енді жауап, сірә, менен сұрама.
Ерке болып өсіп еді Ғауазым,
Ашуланып ақ бетіне қарама.
Көрдің, білдің, қолдан таттың тұзымды.
Саған айтпай, кімге айтамын сөзімді?
Ашуланып, нәзік көңілін ренжітпе.
Айламенен алып кеттің қозымды.
Ренжітіп, көздің жасын бұлатпа,
Жау дұспанға таба қылма, сынатпа. 930. Ғауазханды енді саған тапсырдым,
Қапа қылып жалғызымды, жылатпа.
Мен-дағы ойлап, жан-жағыма қараймын,
«Аман бол»!– деп, бір Құдайдан сұраймын.
Сау-саламат, амаи-есен елге бар,
Қастық қылсаң, өлтіруте шыдаймын.
Не қылайын? Еліңе қайт саламат,
Көрмей-ақ қой, мұнда келіп, жаманат.
Көріскенше қош болып тұр, Көрүғлы!
Ғауазымды тапсырамьн. Аманат! 940. Сау-саламат мұнан кайтып, елге бар.
Ғауазханға мен болармын ынтызар.
Барғаныңша бір Құдайға тапсырдым,
Көріскенше болсын саған Алла жар!
Әлқисса, Күләйім бүл создерді айтты да, амандасып жылап қала берді. Көрұғлы жолбарыстай щарқ ұрып, шаһардан шықты да, Бұлдырық қасап пен Ғауазханның артынан жетті. Оларды көп қойға алып келіп, бір қара қозыны Ға-уазханға көрсетті. «Төрт жүз қой» дегені жеті жүз кой болып шықты. Сонда Ғауазхан Бұлдырық қасапқа қарап, былай деді:
Достар біздің жасасын.
«Жау» дегенің қалмасын.
Атажаным, бұл қалай?
Бір сұмдықтар болмасын.
Бүгін бір түс көрдім мен,
Бізге кәдік болмасын.
950. Бұл қозыға қызықпа,
Тегін қозы, тек олжа
Күманды шырға болмасын.
Аяғыңиан айрыльп,
Қанатыңиан қайрылып,
Ғауаздан да айрылып,
Атам, жүзің солмасын.
«Қозыны ал!»– деп алдаған
Көрұғлы болмасын!
Қорқамын мен көзінен, 960. Кейде айтқан сөзінен.
Түстен тұрмыи шошынып,
Біліп істің оңбасын.
Әлқисса, Ғауазханның бұл сөзін естігеннен кейін Бұлдырық қасап жапырақтай қалтырап, не қылуға білмей сасьп қалды. «Рас айтасың, шырағым, бізге қауіпті күн туды»,— деді. Сонан соң Көрұғлыны шақырып:
– Ей, Қоңырбай! Біз Ғауазхан екеуіміз қозыны айдап кете берейік— деді.
Сонда Көрұғлы Бұлдырық қасапқа:
– Немене дейсің?– деп, бір қарап еді, Көрұғлынын ашулы көзі Бұлдырық қасаптан өтіп кеткендей болды. Оның бар қайраты екі көзінде болатын еді. Көрұғлының бұл жұмысты айламен істегендігін білген Бұлдырық қасап атына мініп жөнелмекші болды. Сонда Көрұғылы сұлтан Бұлдырық қасапқа қарап:
– Патшаңа сәлем айт, мұнда келсін», – деп, мьна сөзді айтты:
Үш-ак күндей осы арада боламыз.
Осы арада дем аламыз, қонамыз,
Патшаңа бар, әдейі арнап сәлем айт.
Ғауазханмен күтіп оны тұрамыз.
Мен майданда қайратымды сынайын,
Рүстемдей жорығымды салайын,
Патшаңа бар, әдейі оған сәлем айт,
970 Үш күнгеше күтіп оны тұрайын.
Үрыс қылып, шыбын жаннан кешейін,
Дұспандардың өкпесінен тесейін.
Жауға салып қияметтей заманды,
Су орнына қызыл қанды ішейін.
Жаудың-дағы әуселесін білейін,
Тіземменен қанды кешіп жүрейін.
Үзеңгіні қызыл қанға малшылап,
Дұспандардың жүрегін бір тілейін.
Көрсетейін қайратымды жалғанда, 980. Дұспандарым болып калсын шерменде.
Патшаға әдейі сәлем жеткіз, Бұлдырық,
Боп жүрмесін, жорық ашпай, арманда.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтты да, Бұлдырық қасапты жөнелтіп, Ғауазханды қолынан жетектеп Ғираттың алдына алып келді. Ғауазхан Ғираттың тұлғасына, диюдей келбетіне, шаншылып біткен тұяғына, тамағына, көзіне таң қалып, Ғиратқа есі кетті. Сонда Көрұғылы өзінің киімдерін киіп, қару-жарағын асынды, сонан соң Ғауазханға қарап, былай деді:
К ө р ұ ғ л ы :
Дертті жүрек болған алаң,
Сенсіз маған дүние қараң,
Дәл тұлғаңнан айналайын,
Ғиратқа мін, Ғауаз балам!
Ғауазхан: Шартарапта екі көзім.
Тыңда менің айтқан сөзім.
Атыңа, сірә, мінбеймін,
990 Солғанынша екі жүзім.
К ө р ұ ғ л ы :
Не сөз келді қиялыңа,
Әлде Ғират ұнады ма?
Ғауазжаным, мін Ғиратқа,
Жетерсің сен мұрадыңа.
Ғауазхан:
Есіткемін сенің затың,
Ел билеген саясатың.
Ерлігіңді көзбен көрмей,
Не деп мінем мен Ғиратың?
К ө р ұ ғ л ы :
Өлтірсең де, міне алмаймын, 1000. Мініп атқа жүре алмаймын.
Елден әскер келгенінше,
Қанды майдан көргенімше,
Қайратыңды білгенімше,
Ғиратыңа міне алмаймын.
Ғауазхан:
Әскер келер будақ-будақ,
Майданда ерлер қалар тулап.
Кел, Ғауазхан, атқа мінші.
Көпке қалай шашам топырақ?
К ө р ұ ғ л ы :
Жасым болса, жетіп қалды,
1010. Әл-қайрат та кетіп қалды.
Жалғыз өзім ұрыс қылман.
Төгейін бе текке қанды?
Ғауазхан:
Батырлардай айбаттанбай,
Жолбарыстай қайраттанбай,
Үзеңгіден қанға батпай,
Мінбеймін, өзбек, атыңа.
К ө р ұ ғ л ы :
Көпке қалай қарсы тұрам,
Көпке қалай қылам шыдам?
Сөз таласып тұрғаныңша,
1020. Ғиратқа мін, ей, Ғауазхан!
Ғауазхан:
Майданға да кірген жақсы,
Жау жүрегін тілген жақсы.
Қашып кетіп құтылғанша,
Қан майданда өлген жақсы.
К ө р ұ ғ л ы :
Асқар таудан өткен жақсы,
Жау жүрегін сөккен жақсы.
Одан-дағы, қарсы тұрмай,
Осы арадан кеткен жақсы.
Ғауазхан.
Бәрін-дағы көрген жақсы,
1030. Қан майданда жүрген жақсы.
Жаудан қашып кеткеніңше,
Жау қолынан өлген жақсы.
К ө р ұ ғ л ы :
Қырық мыңға жалғыз өзім
Етемін бе, сірә, төзім?
Ол – қырық мың, мен — жалғызбын,
Уа, Ғауазхан, ойлашы өзің...
Ғауазхан:
Арыстанға кез бола ма?
Шын ерлерде көз бола ма?
Батырларға қан майданда
1040. Қырық мың кісі сөз бола ма?
Әлқисса, Көрүғлы сүлтан Ғауазханнан бұл сөзді естігеннен ксйін Ғауаздың ерлігіне риза болды. Енді Бұлдырық қасапқа келейік: Бұлдырық қасап Ғауазханнан айрылып қалған соң, шаһарға келіп, Хұнғар патшаға келді де, Көрұғлыиың келгендігін, Ғауазханнан айрылғандығын, барлық уақиғаны айтып берді. Хұнғар патша бұл сөзді естіп, мейлінше ашуланып, сырнай, кернейін тартқызьп, дабыл ұрып, қырық мың жігітті сайлап жинап алды. Қырық мың жігітті өзі бастап бесін намазы ке-зінде Көрұғлының жатқан жеріне келді. Көрұғлы сұлтан бұларды көріп, Ғауазханнан бата алып, Ғиратты ойнатып, былай деді:
Әлек салып бастарыңа,
Қарсы кадам басқаныңа,
Сен ол жақтан, мен бұл жақтан,
Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Найзалатып қашқанынды,
Асқа мініп тұлпарымды,
Үміт үзген жандарыңнан,
Ксл, батырлар, жекпе-жекке!
Шатырыңды шаңға бөлеп, 1050. Батырыңды қанға бөлеп,
Алдыма сап қуайын мен.
Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Хұнғарыңды қуайын мен,
Сауытынды жуайын мен,
Менменсіген ерсымақтар,
Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Ұрыс қылып кеше, күндіз,
Куә болсын көкте жұлдыз.
Сендер қалың, мен дін жалғыз, 1060. Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Қызыл қанды-ай ағызайын,
Көзден жасың тамызайын.
Талқан қылып, кәпір, сені,
Қан майданда бір жеңейін.
Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Көрүғлы деп атар мені,
Талқан қылып Күнхар сені,
Қан майданда бір жеңейін,
Кел, батырлар, жекпе-жекке!
Әлқисса, Көрұғлының бұл сөзін естігеннен кейін қызылбастар өзара әңгіме құрып, ақылдасты. «Бұған жеке-жеке болып барсақ, ол уақытта бірімізді де қоймас, одан да мұны бәріміз ортаға алып, қоршалық», – деп, жаппай ат қойысты. Көрұғлы да бұларға қарсы тұрып, қырып-жойып, кез келгенін найзамен түйреп лақтырды. Қандары ағып, бастары жарылып, құлақтары кесіліп, көздері тесіліп, сауыттары сетіліп, оқтар атылып жатты. Бұлардың басына ақыр заман туды. Өліктер таудай болып үйіліп жатты. Жер-көктің арасын будақтаған шаңдақ алып кеткендей болды. Бұл майданды көрген адам былай дер еді: 1070. Жолбарыстай жұлынып,
Ғиратымен жұмылып,
Айбаттанып Көрұғлы ,
Ат қойды майдан ішінде!
Көк найзаны жебелей,
Ғиратымен өрелей,
Жауға салып қырғынды –
Ат койды майдан ішінде!
Болат қылыш жарқылдап,
Кесілген бас, ұшқан топ 1080. Айбатынан сампылдап,
Ат қойды майдан ішінде!
Ақ бедеуге салып мауыт,
Қан майданда ауық-ауық
Жарқылдады алтын сауыт.
Ат қойды майдан ішінде!
Тамашаны көріп балқан,
Кәпір болып талқан-талқан,
Алтын жебе, күміс қалқан,
Ат қойды майдан ішінде! 1090. Жолбарыстай ақырып,
Бар қайратын шақырып,
Жан аямай жау жапырып,
Ат қойды майдан ішінде!
Жарастықты құрған шатыр.
Жау болған ол ылғи кәпір.
Қиратылып талай батыр,
Ат қойды майдан ішінде!
Кандар ағып болып селдей,
Дұспан болып қара жердей, 1100. Арыстандай Көрұғлы
Ат қойды майдан ішінде!
Қылыштан қандар тасып,
Көргендердің көңілі жасып,
Акыльнан қалды адасып,
Ат қойды майдан ішінде!
Жан-жағынан әскер камап,
Бірі талап, бірі сабап,
Барлығын да қирата бер,
Ат қойды майдан ішінде! 1110. Алтын керней, күміс сырнай
Кағылады дамыл қылмай.
Сырттандай жонданады.
Ат қойды майдан ішінде!
Кесілді бас десте-десте,
Ханның жолы болды кесте.
Арыстандай Көрұғлы
Ат қойды майдан ішінде!
Ақ найзалар сатырлады,
Берен мылтық патырлады. 1120. Тас-талқан боп батырлары,
Ат қойды майдан ішінде!
Ұрыс қылып алуан-алуан,
Кәпірлерге әлек салған.
Міне, осылай Көрұғылы хан
Ат қойды майдан ішінде!
Әлқисса, Көрұғлы хан Хұнғар патшаның қырық мың әскерімен ұрыс қылып, қойдай қырып, қандарын судай ағызды. Бірнеше мыңын қырып салды. Майдан өлік сасығандай болды. Көрұғлы қылышын бір сермегенде он бесін бірдей қырып тастайтын еді. Көрұғлының сілтегенінен аман қалғаны болмайтын еді. Майдан жері ойылып қалды. Көрұғлы қашқандарын ұстағанда жиырмасын бірден ұстайтын еді. Жұдырықпен бір қойғанда, есінен танатын еді, жерді қауып жығылатын еді. Көрұғлы сұлтан қарсыласқан жауын бидайдай жапырды. Дұспандар құтырған иттей алас ұрып, жерді құшақтап жығылатын еді, кейбіреулері өзінің жағасын жыртып, кейбіреулері: «Бұдан қашан құтылар екенбіз?!»– деп, көздерінің жасын көлдей қылып жылайтын еді. Сонымен, Көрұғлы шамазшамға дейін соғысты. Су орнына қан ақты. Олардың жартысынан асасы қырылып бітті. Бірақ ерегіскен жау Көрұғлыға ат қойып, соғысты тоқтатпады. Көрұғлы сусап, әбден қалжырады. Сол уақытта Көрұғлы Құдайдан медет тілеп, былай деді:
Азап қылған баршасы,
Баршасы да дозақи.
Медет берер кезіңіз,
Рухыңыздан Нұқ нәби!
1130. Сізді жақсы көрген жәлил
Пәрзәнтіңіз – Ысмағұл.
Мен сорлыға медет бер,
Айналайын Ыбраһым халил.
Аруағыңнан сұраймын,
Бір өзіңе жылаймын.
Медет берер кезіңіз,
Дәуіт ұлы Сүлеймен.
Қылма мені шерменде.,
Сорлы болған мен пенде. 1140. Айналайын Расулым,
Медет бер, мен дегенде.
Жаудың саны жоқ екен,
Өздері де көп екен.
Медет бер мен сорлыға,
Басқан жерім шоқ екен.
Жүрегіме түсті ойран,
Жауды көріп, мен қайран.
Медет берер күніңіз,
Әбубәкір, Ғұсман. 1150. Сорлы құлың жылады,
Сізден медет сұрады.
Медет берер құлыңа,
Пірім – қазірет, уа, Әли!
Әулиелер киер женде.
«Уһ!»– дегендер болар пенде.
Медет берер күніңіз.
Пірім – қазірет, уа, Зенде!
Соғыспасам, болар емес.
Көңіл шіркін толар емес. 1160. Медет бер мен сорлыға,
Ғаусы, Ғаяс, пірім – Ілияс.
Зарлап, менен шығады үн.
Жетті уақыты бір намазшам.
Медет етер күніңіз болды,
Пірім менің – он екі имам.
Көкке жетті зарым менің,
Шаршап бітті әлім менің.
Хабарсыз-ақ кеткенің бе,
Мені сүйер пірім менің? 1170. «Көрұғлы»,– дкп, есті сөзім.
Алақтады екі көзім.
Сізден медет болмаса егер
Не қыламын жалғыз өзім?
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтты да, тізесіне сүйеніп отырды. Осылай отырғанда, көзіне бір будақтаған шаң көрінді. Шаңның ішінде ақ киімді адамдар топ-топ, лек-легімен келіп: «Нй, Көрұғлы, сен налыма, саспа, енді бір ат қойсаң, бұлардың сазасы берілер»,— деді. Көрұғлы ат қойып еді, Хұнғар патшаның әскерлері быт-шыт болып шаһарға қашты. Көрұғлы жаулардан қалған жүйрік ат, зерлі тон, қамқалы шапандарын жинап алып, көп олжамен Ғауазханның алдына келді. Ғауазхан мұны көріп, атасының қайратына таң қалып: «Көрұғлы деген атағыңды ақтадыңыз, енді арманым жоқ», – деді. Көрұғлы Ғауазханға алып келген олжа атынан бір жақсы атты ерттеп беріп, өзінің алған олжаларын он мың атқа тиеп, Бадбақыт тауының басына шықты. Сонда Ғауазхан ел-жұртымен, Күржістанмен қоштасып, былай деді:
Көрінеді Бадбақыт белі,
Неше күндік екен шөлі?
Аман болғын көріскенше,
Ойнап өскен Күржістан елі.
Басыма түсті оның қаһары,
Қайғыменен таттым заһары.
1180. Аман болғын көріскенше,
Ойнап өскен Күржістан шаһары.
Зар иледім, толы кезем.
Қияметте көрісерміз,
Аман боп тұр, жұртым менің,
Айрылды сенен тәнім.
Ойран болды менің жаным.
Аман болғын көріскенше,
Соны берген Күләйім анам.
Есен болсам, көрермін мен, 1190. Шаһарыңа келермін мен.
Мұңды, сіңлім, қарындастар,
Қош болыңдар, келермін мен.
Ғауаз балаң көп зарланар,
Жүрегімді қайғы алар.
Атам разы болсын маған,
Сәлем тапсыр, уа, қарғалар!
Көре алмадым мен бетінді,
Ақтамадым ниетінді,
Сәлем айттым, мұиды шешем, 1200. Кешір, анам, ақ сүтіңді.
Қанатымнан қайырылдым,
Тұяғымнан майырылдым.
Жалпы ағайын, аман боп түр,
Бәріңізге сәлем қылдым.
Көрдім, міне, майдан жерді.
Көремін бе қайтып елді?
Ағайындар, аман боп тұр,
Ғауазханың сәлем берді.
Әлқисса, Ғауазхан: «Елімді енді көремін бе, көрмеймін бе, қош болып тұрындар!» – деп, жылап, көзінің жасын сүртіп, Бадбақыт тауынан түсті. Олжаларды алдына салып айдап Жәмбілбелге бет алды. Сонда Көрұғлы көңілденіп Ғауазханға бір қарады да, былай деді:
Құдай болды мен сорлыға мейірбан, 1210. Ағыздым мен бұл майданда қызыл қан.
Кекіліңнен, дәл бойыңнан айналдым,
Кұлақ салып, тыңда мені, Ғауазхан!
Құлақ салған, Ғауазханым, тіліме,
Бет алдық біз Жәмбілбелдің еліне.
Көзің салып бір қарашы, Ғауазхан,
Келдік, міне, Жәмбілбелдің жеріне.
Анау тұрған тау атасы – Құз Балқан,
Бұл елде сен боларсың бек дарқан.
Жәмбілбелге келгеннен соң, шырағым, 1220. Қырық жігітке хан боларсың, Ғауазхан.
Көрінді әне Жәмбілбелдің бау-бағы,
Миуалары, бұлбұл қонған шарбағы.
Суын ішіп, шөліңді бір қандыршы,
Шараптайын ағып жатыр бұлағы.
Бұлдырайды Жәмбілбелдің мұнары,
Бау-бақшалы, алуалы шынары.
Бір қарасаң, көзің әбден тояды,
Басылады көңілдің де құмары.
Осы жүрген Жәмбілбелдің шөлі ғой, 1230. Айналамыз Жәмбілбелдің жері ғой.
Шүкір, Алла! Келдік, міне, Жәмбілге,
Көрінеді анау шалқар, көлі ғой.
Ат шабуға лайықты Һауадақ даласы,
Сайран салған бек, мырзалар баласы.
Келдік, міне, Жәмбілбелге, Ғауазхан,
Көрінеді Жәмбілбелдің қаласы.
Әлқисса, Ғауазхан Көрұғлының бұл сөздерін тыңдап келе жатқаңда аддынан Хасенхан нөкерлерімен карсы алды. Көрұғлы мен Хасанханға сәлем беріп, кішілік етті. Ғауазханның келбетіне, Рүстемдей сәулетіне, айдай жүзіне, шекердей сөзіне, құралайдай көзіне таң қалысты. «Айтса, айтқандай-ақ екен!»– деп, бәрі де риза болысты. Бәрі де Жәмбідбелдің қақпасына келді. Сол уақытта Ағажүніс пері Мысқал пері, Гүлнар пері және Көрұғлының тоғыз қатынын ертіп, барлығы Көрұғлының алдынан шығып, үзеңгісіне көзін сүртіп, Ғауазханды Ағажүніс пері қолтығынан сүйеп, атынан түсірді. Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ғауазхаңды алып келіп, Жәмбіл шаһарына кіргізіп, қырық жігітті қөасына жолдастыққа берді, бәрі де мәз-мейрам болды. Көрұғлы сұлтан Ғауазханды мейманханасына кіргізіп, қырық жігітті қасына отырғызып, көңілдегі арманы орындалған соң, Ғауазханға қарап былай деді:
Тыңда менің айтқан тілім,
Сенсің менің қызыл гүлім,
Кекіліңнен айналайын,
1240. Қозым, көңілің толды ма?!
Алтын кесе жарасып тұр,
Келбетіңе таласып тұр,
Ұрыс-майдан,, байтақ елім,
Қозым, көңілің толды ма?!
Арыстандай айбатың бар,
Жау-дұспанға қайратың бар,
Жұмақтағы хор қызындай
Қозым, көңілің толды ма?!
Кекілің жүз бұралып, 1250. Беліп қындай бұралып,
Жігіттерің ылғи саңдақ,
Қозым, көңілің толды ма?!
Дұспандарың тартсын қайғы,
Өмірлерің өтсін зайқы.
Қырық жігіт – саған жолдас.
Қозым, көңілің толды ма?!
«Көрұғлы!»– дер, шүкір, Алла!
Енді, Ғауазым, арман бар ма?
Бекерге өтер осы дүние. 1260. Қозым, көңілің толды ма?!
Әлқисса, Көрұғлының бұл сөзін естігеннен кейін Ғауазхан көңілденіп, қырық жігітті қасына отырғызды. Екі кекілін екі жаққа тастап, сәулетімен айбаттанып, бір кеседен шарап ішті. Қырық жігіттің біреулері Ғауазханның өзіне, біреулері сөзіне, біреулері алмадай жүзіне, біреулері құралайдай көзіне таң қалысып отырды. Сөйтіп6 қырық жігіттің айбаты арта түсті. Шарапты ішіп, көңілденіп, жер-көкке даңқы жайылды. Ғауазханның басыма жыға, беліне ділда кемер белбеу байлап, үстіне алтын қамқа кигізіп, Көрұғлы барлық мүлкін, тақытын, мөрін Ғауазханға берді. Жәмбіл еліне, Текежәумітке сұлтан етіп тағайындады. Билікті Ғауаздың қолына берді. Сөйтіп, Ғауаз хан болып, мұратына жетті.
КӨРҰҒЛЫ СҰЛТАН ХИКАЯСЫ (ЕКІНШІ САЛАСЫ)
Ескі нақыл, аңыз, хабароарға қарағанда, Ғауаз ұлан Жәмбілбелге, түрікмен еліне өте даңқты болып, бір адамға да зорлық-зомбылық көрсетпеді. Қырық жігітпен мейманханада күндіз-түні сауық-сайран құрып жатты. Қырық жігітпен шарап ішіп отырғанда, біреуінің кесесі қолынан түсіп, болмаса, кесенің ішінде бір тамшы шарабы ішілмей қалса, оны айыпты санап, ат-тонын саттырып, өзін айыпты деп санайтын еді. Қырық жігіт бір-бірімен ретсіз сөйлеп, ретсіз күліп, не болмаса, бір ретсіз жұмысты істемейтін еді. Егер де мұндай ұнамсыз жұмысты істегендері болса, айыпты саналатын еді. Бұл қырық жігіт аңға шыққанда, болмаса, сауык-сайран, сейіл құрғанда, қасында Ғауазхан болса, бір түрлі жарастықты, салтанатты болатын еді. Егер де орталарында Ғауазхан болмаса, мүлдем берекетсіз өтетін еді. Сондықтан Көрұғлы және қырық жігіт: «Бізді ұдайы Ғауазханның алдында алса, арманымыз болмас еді»,– деп, күні-түні дұғада болатын еді. «Егер де Ғауазханнан айрылсақ, қайғымен өлерміз, өмірімізге ісіміз оңбас»,– дейтін еді. Қызыр, Ілияс Ғауазханға жолдас болды. «Енді Ғауазханның жамандығын көрмесек екен»,– деп қырық жігіт, барлық ел, ғаріп-қасерлер оның амандығына тілеулес болатын еді. «Ғауазханның алмадай жүзін, шекердей сөзін естісек!»– деп, дұғада болатын еді. Қызыр, Ілияс, Қырық шілтен жұма сайын келіп, Ғауазханға батасын беріп кететін еді. Оның айдай жүзін көріп, шекердей сөзін естіп, қырық шілтен дұғада болып кететін еді. Төрт жыл өткеннен кейін Ғауазханның атағы жер-дүниеге жайылып кетті. Әлқисса, Жәмбілге хан болып, ойнап-күліп өмір өткізді. Қасында қырық жігітпен отырып, күндіз-түні таң атқанша намазын оқып, жылайтын еді.Сол себептен Қызыр, Ілияс Ғауазға жұма сайын келіп, бата қылып кететін еді. Көрұғлы сұлтан жүз жиырма жасқа келді. Нардай шөгіп, белі бүгіліп, енді дүниенің баянсыздығын ойлады Өзінен бала қалмағанға қамықты. Ағажүніс перінің үйіне келіп, Мысқал, Гүлнәрді көріп: «Ей, медеткерлерім! Сіздер пері затынан болсаңыз да, маған құдалық етіп едіңдер. Енді уақытым болса, жақындады, жасым болса, жетіп қалды. Енді екі жылдан кейін өлуім мүмкін. Сіздер не ойлайсыздар, мен өлсем, не деп жоқтар едіңдер? Өлгенше, өз құлағьммен естіп кетейін», – деп, орданың оң жағында өлген адам болып жатты. Сол бір уақытта кезекпе-кезек Көрұғлыны былай деп жоқтады:
Он бесіңде айбаттанған нар едің,
Отызыңда бейне асқар тау едің.
Жүз жиырмаға жасың жетті, қартайып,
Көп кәпірге аш бөрідей тиісіп,.
Бұлт шайнап, мұз бүркіген күндерің.
Бұлт шайнап, мұз бүріккен күндерің!
Ғиратыңды құнанында үйреттің,
Дөненінде жібек арқан сүйреттің.
Қара тасқа болат найза түйреттің, 1270. Айбатыңмен тасты талқан қиратып,
Бұлт шайнап, мұз бүріккен күндерің!
Жорық ашып, жауға салдың ұрысты,
Рүстемдейін сілтеп болат қылышты.
Жігіттерге бердің алтын-күмісті.
Қызыл қанға шабуылда боялып,
Дін ислам жолын аштың, сұлтаным!
Бұл бір сөздер бұрын қалған мысал-ды,
Қас дұспанның қол-аяғы тұсалды.
Асфаһаннан Қалдарұғлы Хасанды, 1280. Жолдас кылып қырық жігіт нөкерді,
Ата болып, алып қаштың, сұлтаным!
Күй салдырап, тартқыздың сен саздарын,
Лашын құсқа ілдірдің сен қаздарын.
Жүз он бірге келгеніңде, сұлтаным,
Күржістаннан қасап ұғлы Ғауазды,
Боздаттың да, алып қаштың, сұлтаным!
Естіңіз, Гүлнарайым, сөзімді,
Телмірттің ғой менің екі көзімді.
Жиырмада Райхан араб қызьны 1290. Кекілінен ұстап қаштың, сұлтаным!
Заңғар тауда лашын құстың ұясы,
Таудың биік мұнарланған қиясы.
Бала екен бұл дүниенің миуасы,
Бұл бес күндік дүниеде еңіреп,
Дүниеден баласыз өткен, сұлтаным!
Қазы алдында болады екен найыбы,
Әр адамның өзінде бар айыбы.
Өзің кетсең бұл Жәмбілден бір күні,
Кім болады бұл тақыттың иесі, 1300. Дүниеден баласыз өткен сұлтаным?
Бұқараның бір аймағы – Регистан,
Бұлар да аман емес екен орыстан.
Бала деген – ата-анаға гүлстан,
Өзің өлсең, Жәмбілбелге кім ие,
Дүниеден баласыз өткен сұлтаным?!
Пайғамбарлар мінер жүйрік Пырақты,
Бала деген – ата-анаға шырақ-ты.
Бұл дүние бір бес күндік тұрақты.
Бала болмай, зарлап өткен жалғаннан, 1310. Дүниеден баласыз өткен сұлтаным?!
Басты көтер, Жәмбілбелдің сұлтаны,
Білтесіз шам жанбай, майды жұтады.
Бір перзентке бұ жалғанда зар болып,
Нардай болып қартайғанда шөккенің,
Дүниеден баласыз өткен сұлтаным!
Нардай болып зар еңіреп, шөгіпсің,
Көзден жасты көл қылғандай төгіпсің.
Қартайыпсың екі тізең бүгіпсің,
Дүниеде перзентің жоқ алданар, 1320. Дүниеден баласыз өткен сұлтаным!
Ашылмаса, қызыл гүлдер сола ма?
Ажал жетпей, еш бендесі өле ме?
Өзіңнен тумвса, бала бола ма?
Ғауазхан мен Хасанхан да перзент пе?
Дүниеден баласыз өткен сұлтаным!
Отызында еңіреген нар болдың,
Қайда жақсы болса, соған жар болдың.
Бір перзенттің жоқтығынан, сұлтаным,
Қырық жігітке ақырында қор болдың, 1330. Дүниеден баласыз өткен сұлтаным!
Жәмбілбелде сұлтан едің мінің жоқ,
Өзің өлмей, кәпірлерге тыным жоқ.
Өзің өлсең, бұл Жәмбілде бір күні
Алдыңда аға, артта қалар інің жоқ.
Дүниеден баласыз еткен сұлтаным!
Өзің кетсең, артта қалар ізің жоқ,
Өзің жалғыз, көпке айтар сөзің жоқ.
Бір күні өлсең бұл Жәмбілде бір күні,
«Атам!»– деп те жылайтын ұл-қызың жоқ. 1340. Дүниеден баласыз өткен сұлтаным! Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөзді естіп мейлінше көңілдеңді: «Бәрекелді, өлгенімше ризамын. Мен өлгеннен кейін де осылай жоқтаңыздар», – деп, орнынан тұрьп, мейманханаға жүре берді. Көрұғлы ссы уақытта: «Хасенхан мен Ғауазхан – екеуі бірін-бірі қалай жоқтатып сөйлер екен?» – деген ойға қалды да, үйдің сыртынан тыңдап тұрды. Бұлар да Көрұғлыны «баласыз», «перзентсіз» деп жоқтау өлең айтқанына ашуланып, көңілдеріне келіп: еді. «Уа, дариға, «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,– деген осы екен, біз өзімізді «Көрұғльның баласымыз» деп санасақ, ол бізді «перзентім», «балам» деп ойламайды екен», – деп көңілдері бұзылып, жылай берді. Бұлар Көрұғлыға білдірмей қайтадан мейманханаға кіріп кетті. Сонда Көрұғлы кіріп келіп: «Ей, Ғауазхан! Дүние деген – қонақ, дәурен деген бақыт емес пе? Кел, өз қолыңмен жігіттерге шарап бер!» – деді. Ғауазхан жігіттерді қатар-қатар отырғызып, ішініндегі кайғыны білдірмей, сыртынан күлген болып, жігіттерге шарап ұсынды. Ішіндегі қайғысы шыдатпағаннан кейін қолындағы кесесі жерге түсіп кетті, Соңда жігіттер: «Біз, осылай істесек Ғауазхан үстіміздегі тонымызды, астымыздағы атымызды сатып жіберуші еді, сауыт-қалқанымызды алып коятын еді, енді өзі айьпты болып қалды, не істер екен, байқалық?» – деп, бір-біріне сыбырласты. Сонда Көрұғлы хан жігіттердің сыбырласқан сөзін естіп, жігіттердің барлығьн шақырып алып: «Ғауазханньң айыбын мен төлейін, не тілесеңдер де, менен сұраңдар?» – деп, былай деді:
Жәмбілде мен өзім дарқан,
Пендесіне Алла мейірбан,
Ортаңызда һәм төреңіз, бегіңіз,
Айыпты болыпты ұлым Ғауазхан.
Кеше күндіз болдым оған мен іңкәр,
Әр қашан да Құдай құлға болар жар.
Қырық арыстаным, сіздерге мен айтайын,
Ұлым болды не себептен күнәһар.
Дірілдетер батыр жаудың жүрегін, 1350. Қолына алар сайқақ найза керегін.
Ғауаз ұлым болған екен айыпты
Қане, айтыңдар, мен берейін тілегін.
Қатарлайын шуда жалды нарымды,
Нарға тиеп бар мүкәмәл, барымды,
Ғауазханнан аямаймын, беремін,
Тілесең де Ғауаз үшін жанымды.
Сұрасаң да Текежәуміт елімді,
Ашылмаған бақшадағы гүлімді,
Ғауазханым айыпты болып қалды ма, 1360. Төре қылдың Ғауаздайын ұлымды.
Дұспаныма орнатамын қаһарды,
Сұраңыздар Жәмбілбелдей шаһарды,
Аямай, бәрін сізге берейін,
Сұраңыздар, Көрұғлы табар-ды.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан:
– Көңілдерінде арман қалмасын, сұрағандарыңды алыңдар, – деді қырық жігітке.
Сонда қырық жігіт:
– Сіздің бізге еш нәрсеңіздің керегі жоқ. Малыңыздың да, жұртыңыздың да бізге керегі аз. Бірақ Ғауазхан көптен бері ешқайда шықпай, қапа болып жүр, Ғауазхан көңілін көтерсін, сауық құрып, сейілге шықсын, өз елінен келгеннен бері ешқайда барғаны жоқ! – деді.
Сонан соң Ғауазханға Ғиратты мінгізіп, қолына сұнқарын, ділда дабылын байлатып, «һауадақ көлінен үйрек алып келсе, болады», – деді Көрұғлы.
«Ғауазханға Ғиратты ерттеп беріңдер», – деп, былай деді:
Тыңдаңыздар, мен айтайын бұл датты,
Құдайым осылайша сұратты.
Ғауаз ұлым ауға шығар уақыты,
Алып келші, әбзелдеп Ғиратты!
Ғиратыма Құдай берген ақылды,
1370. Жаман адам дүниеден қапыл-ды.
Жарастырып зер шоқтаған тоқымды,
Алып келші әбзелдеп Ғиратты!
Атағымыз жер мен көкке жайылды,
Жақсы адамдар осы күнде сейілді,
Берік тартып беліне күміс айылды,
Алып келші әбзелдеп Ғиратты!
Атқа мініп, көрсетейін ерлікті,
Жау-дұспанға орнатайын зорлықты,
Жарастырып алтын мауыт терлікті, 1380. Алып келші әбзелдеп Ғиратты!
Құдай берсе, сұрағаным қабыл-ды,
Бар мұратым әрқашан да табылды.
Жанына байла алтын дабылды,
Алып келші әбзелдеп Ғиратты!
Көрұғлына Құдай берген жігерді,
Дәулетімнен мың сан ерлер көгерді.
Жарастырып әдемі алтын егерді,
Алып келші әбзелдеп Ғиратты!
Көрұғлы сұлтанның бұл сөзін естігеннен кейін Сақи Мирақор Ғиратты ерттеп, жанына ділда дабылды байлап, Көрұғлыға алып келді. Көрұғлы Ғауаз ұланды Ғиратқа мінгізіп, басына ділда жығасын кигізіп, Ғауазға қарап, былай деді:
Көзіме толды. қанды жас, 1390. Пірлеріме идім бас.
Жолың болсын, Ғауазжан,
Сені Аллаға тапсырдым!
һауадақ көлге барып кел,
Сұңқарыңды салып кел.
Ертерек қайт, Ғауазжан.
Сені Аллаға тапсырдым!
Өсиет айтам мен саған,
Жан-жағым – жау қоршаған.
Жалғыз ұлым – Ғауазхан, 1400. Ғиратты саған тапсырдым!
Біреу көрсең жолама,
Бұрылып, оған қарама.
Ғауазжаным – ұланым,
Ғиратты саған тапсырдым!
Сұңқар болар қияда,
Қияда құз ұяда.
Ғауазжаным, шырағым,
Ғиратты саған тапсырдым!
Құсың қолдан ұшырды. 1410. Тасқа салма құсыңды.
Ғауазжаным, айналдым!
Ғиратты саған тапсырдым!
Қамшыменен ұрмаңыз,
Мойнын қатты бұрмаңыз.
Ғауазханым – жан балам,
Ғиратты саған тапсырдым!
Әлқисса, Ғауазхан Көрұғлы сұлтаннан бата альп, Ғиратты ойнақтатып, һауадақ көліне барып, ділда дабылын қағып, күн сәске болғанша тоғыз үйрек алдырып, Жәмбілбелге қарай бет алса да, шылым тартқысы келіп, басы айналып, бір төбенің басына келіп тұрады. Төбеден қарағанда, бір оба көрінді. Ғауазхан ауылға қарай барса, бір топ адам көрінді, осы ауылдан оқшауырақ бір үлкен үй, бір отау үй тігілген екен. Үлкен үйге қараса, босағасын алтынмен шаптырып, қама атластан киіз жапқан екен. Отауға қараса, күміспен шаптырып, ақ киізден жапқан екен. Ғауазхан бұл үйлердің қасына келгеннен кейін: « Үлкен үйден жөн сұрасам, ақымақтық, әдепсіздік болар, отаудан сұрап, бір шылым тартайыншы»,– деп, отауға қарай бет алып, зер кекілін тарап, былай деді:
Ғиратым ойнар жүз алуан,
Ділда қылыш, зер қалқан,
һауадақтан келе жатырмын
1420. Көрұғлы ұлы Ғауазхан.
Зер кекілді тараймын,
Оңға-солға қараймын.
һауадақтан келе жатырмын.
«Шылым бар ма?»- деп сұраймын
Бау ішінде гүл бар ма?
Мұнан басқа ел бар ма?
Мен һауадақтан келемін.
Шылым берер ұл бар ма?
Әлқисса, Ғауазханның бұл сөзін естіп, отаудан қарақат көзді, шырын сөзді, кірпігінен гүл жанған, бейне сурет сияқты бір келіншек жүгіріп шықты. Келіншек далаға шыққанда, қарсы алдында, кекілдері жарасқан, жасі баладай балбырап тұрған , екі беті алмадай Ғауазды көрді, Сонда келіншек Ғауаздың келбетіне таң калып: «Мұның қасьнда «жар» дегенің адам емес екен, «төсек» дегенің төсек емес, «ойын-сауық құрдық» дегеніміз бос сөз екен, бұған карағанда, байымның аузы апандай, мұрны дорбадай екен»,– деген ойға қалды. «Бұл жігітпен бір күн ойнап-күлсем де арманым болмас еді»,– жеп ойлады. «Не де болса, бір-екі сөз айтып қалайын, айдай жүзін көріп, шекердей сөзін естіп қалайын»,– деп, келіншек Ғауаз ұланға былай деді:
– Жүрегімде менің арман,
1430. Құдіреттен болар пәрман.
Мейман жігіт,қош келіпсіз,
Тыңда сөзді, ей, мырзажан!
Ашуланып қарамаңыз,
Кектіі кекіл тарамаңыз,
Мен ізіңнен айналайын!
Шылымым жоқ, сұрамаңыз.
Жоққа шара, не амалым?
Шылымым жоқ, сұрамағын.
Жолыңыздан кешігіңіз, 1440. Кекіліңнен айналайын.
Шылымменен ісіміз жоқ,
Таспық оқыр күшіміз жоқ,
Уа, бекзада, атыңнан түс,
Бірақ үйде кісіміз жоқ.
Бұ жалғанның бәрі бекер,
Көрұғлына болдың нөкер.
Қызмет қылар кісіміз жоқ
Атыңнан түс, болса лекер.
Енді айтпаған сөз қалды ма? 1450. Құдай басқа іс салды ма?..
Керек болса, атыңнан түс,
Кім әкелер оны алдыңа?..
Әлқисса, Ғауазхан бұл сөздерді естігеннен кейін өзінің мұңды мүсәпір екендігін біліп, атының басын бұрды да, кейін қайта берді. Бұл үй кіреуке сауыт жығасы, түрікмен елінің ағасы, Көрұғлы ханның нағашысы, Ахмет сардар дегеннің үйі еді. Бұл отауы еді. Ғауазханның алдынан шықкан келіншек Ахмет сардардың келіні еді, Ахмет сардардың бір қызы бар еді. Толған айдай он бес жасқа жаңа ғана келген еді. Жеңгесі шылым бермегеннен кейін кетіп қалғанын ол да білді. Үйдің жапсарын көтеріп, шылымды тұтатып, Ғауазханды шақырды. Бұл қыздың аты Ботакөзайым еді. Ботакөзайым Ғауазды шақырып, былай деді:
Астыңызда бедеу ойнар жүз алуан.
Иығыңа жарасады сом қалқан.
Бедеу атты, дабылпазды жан төрем,
Шылымды шек, бері келіп, бегіжан!
Айиалайын сендей ердің бойынан!
Талай ақыл табыларлық ойыңнан.
Шылымды тарт, бері келіп, жан төрем!
1460. Сендей ерге мен бір ғашық мейірбан!
Майдан көрсе, батыр жігіт жаңылмас,
Нұр көрмеген әулиеге жалынбас.
Әр уақытта шылым сұра, жан төрем,
Шылым деген кей жаманнан табылмас!
Жаман сезбес жақсы сөздің қадірін,
Диқан білер таудың белес, адырын,
«Зер қадірін зергер білер» дегендей
Жақсы білер жақсы адамның қадірін!
Ер жігітке әрқашан да майдан сын, 1470. Жаудың қолы кісенделіп байлансын.
Шылым тартып, өз қолымнан шегіп кет,
Кекіліңнен меңдей мұңлы айналсын!
Әлқисса, Ғауазхан Ботакөзайымнан бұл сөзді естіп, Ғиратты бұрды да, жапсардың тұсына келіп, шылымды тартып, құмарынан шықты. Қызға қараса қараңғы үйді жарық қылғандай шұғыласы түсіп тұр екен. Ғауазхан: «Бұл қыз маған лайық екен»,– деп, ішінен ойлады. Сонан соң оның елін, әке-шешесін сұрап білді де: «Шылымды енді өз қолыңмен бер»,– деп, Ботакөзайымға былай деді;
– Жүрген жерім асқар таудың белі еді,
Құс салғаным шалқар һауадақ жері еді.
Жолаушымын, бұл жерлерді білмеймін,
Айтшы маған, қай патшаның елі еді?
– Менің атым –Ботакөзайым, сұрасаң,
Бұл ауылдар Ахмет сардар елі еді.
–Жаңбыр жауса белес жерде көл болар,
1480. Барлығы да түрікпендей ел болар.
Мен сұраймын, Ботакөзайым, рұқсат ет,
Ахмет сардар деген адам кім болар?
– Басында бар екі зерлі жығасы,
Түрікменнің ақыл айтар ағасы.
Қырық мың аймақ қол астына қарайды.
Өзі және Көрұғлыға нағашы.
– Сөзің тәтті, жақсы заттың өзісің,
Ата-анаңның жанар шырақ көзісің.
Затыңызды мен сұраймын, Ботакөз,
1490. Осы елде қай патшаның қызысың?
– Мен сөйлесем, шырын тілдің сөзімін,
Ата-анамның нұрдай жанған көзімін.
Асылым менің – қызы болам Ахметтің.
«Атым»,– десең, Ботакөздің өзімін.
– Ізіңнен мен тәуап қылдым садаға.
Сені көріп, жүрек толды санаға.
Жарың бар ма, жалғызбысың, Ботакөз,
Бұл жауапты сұрауға енді бола ма?
– Бір жар үшін күндіз-түні жылаймын,
1500. «Кез келтір,– деп,– жақсы жарға!»– сұраймын.
Ешбір жарға қауышқам жоқ, жалғызбын,
Құдайымнан тілеп, жасты бұлаймын.
– Жалған сөзге жақсы адам ерер ме?
Атаң надан, айтқан сөзге көне ме?
Дәл бойыңдай теңестіріп зер берсем,
Ахмет сардар сені маған берер ме?
– Менің атам дүние, малға қарамас,
Дүниеге еріп атам, болмас мас.
Асыл заты тең болса егер, береді,
1510. Онан басқа еш нәрсені ойламас.
– Мал берейін түрікпендей елімнен,
Құшайын мен тал шыбықтай беліңнен,
Құмарландым нұр жүзіңе, Ботакөз,
Берші шылым, тартайын, өз қолыңмен.
– Өзің кімсің? Мал жиғандай. Берер ме ел?
Сапар шегіп, жүріп кепсің ұзақ жер.
Қолымнан кет садаға, жігітім,
Бере алмаймын өз бетіңе жөней бер.
– Жиярмын мен түрікпендей елімді,
1520. Сейіл қылып сенің туған жеріңді,
Көңіліме кек келмесін, Ботакөз,
Байқап-байқап, тарта сөйле тіліңді.
– Ойласам мен, өзің-дағы мұңдысың,
Сөздің, айтып, білдіресің түрлісін.
Сендей жігіт біздің елде жоқ еді,
Айтшы өзің, сірә, кімнің ұлысың?
– Бақшалардың шешек атқан гүлімін,
Сандуғаштың шырын балды тілімін.
Атым менің – елге атақты бал Ғауаз,
1530. Жәмбілбелде Көрұғлының ұлымын.
– Әрине, сен – бақшаларда гүлісің,
Перзенті жоқ Көрұғлының ұлысың.
Расымды айтам, ашуланба, ер жігіт!
Ұлы емессің, бір байталдық құлысың!
– «Ботакөз»,– деп алшаңдатпа өзіңді,
Ашулансам, ойып алам көзіңді.
Тарт тіліңді, байқап сөйле, Ботакөз,
Өзіңді алып, өшірермін үнінді.
– «Жүрген жолың асқар таудың белі,– деп,
1540. Жәмбілбелде Текежәуміт елі»,– деп.
Мен айтпаймын, жұрт айтады, аңыз қып, –
Ғауаз, Хасен – Көрұғлының құлы»,– деп.
– Таудың қары құздан құлай ерісін,
Ісім түссін бұдан былай сен үшін.
Құл болсам да, сені матап алмасам,
Жәмбілбелде Ғауаз атым құрысын.
– Батыр жігіт айтқан сөзден тая ма,
Берген сертін, іште сырын жая ма?
Көп тұрмаңыз енді мұнда, құл Ғауаз,
1550. Қолыңнан келгенін қыл, аяма!
– Ара шөлде арып, шаршап қалмасам,
Барғаннан соң Жәмбілге ойран салмасам,
Ғауаз атым бұл жалғанда құрысын,
Ерегісіп, енді сені алмасам.
– Алма жүхім ақ бедердің нақысы ғой.
Шешек болса, сазандасы тапшы ғой.
Сендей құлға тигенімше, уа, Ғауаз,
Қадақ болып өлгенім де жақсы ғой.
– Елге барып, тағы қайтып келермін,
1560. Сол уақытта әуселеңді білермін.
Атым құрысын «Ғауаз» деген, алмасам.
Құшып сені, ақ жүзіңнен сүйермін.
Әлқисса, Ғауазхан Ботакөзден бұл сөздерді естігеннен кейін көңліне ауыр алып, көзіне жас келді де: «Уа, дариға! «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!»– деген рас екен. Мен: «Көрұғлының баласымын»,– деп жүрсем, жұрт мені «Көрұғлының құлы» дейді екен. Мен өз елімде еш нәрсеге мұқтаж емес едім, Күнхар патшаның жігіті едім, алдымда екі мың кісі қол қусырып, кызмет ететін еді. Қазір мұнда да сонан артық емеспін. Бүйтіп жүргенше, өз еліме кетейін,» – деп, Ғиратқа қамшы басты да, еліне қарай бет алып, бір-екі белестен асты. Біраз барғаннан қейін көңіліне сабырлық кірді. Сөйтті де, «Бұл іс маған лайық емес екен. Менің мұндай сөз естігенімді қырық жігіт пен ата-анам қайдан білсін? Егер де бұлай кетіп қалсам, олар: «Ғауазхан арсыз, ұятсыз екен, Ғиратты мініп, қашып кетті!» – деп, үлкен де, кіші де мені қарғар. Бұлай еткенше, Жәмбілбелге барып, «Ахмет сардардың қызын алып бер», – дейін. Егер алып берсе, ол қыздың басына қара бүркеу жамылдырып, аяғына шәрке кигізіп, қырық жігітке шылым беретін қызметші қылайын. Егер алып бермесе, кінәні Көрұғлына аударып, сонан соң өз еліме кетсем, ешкім мені жамандап, сөз қылмас», – деп, қайтадан Жәмбілбелге қарай жүрді. Бір қолында құсы, бір қолында орамалы, көзінің жасын сүрте-сүрте жылап келе жатты. Көрұғлы сұлтанның есі-дерті, жаны да, малы да Ғауазхан еді. «Екінді болғанша Ғауазхан не қып келмеді?» – деп, орнында сабыр қылып отыра алмады. Жәмбілбелдің кақпасына бірнеше рет барып, Ғауазханды жоқтап, тынышы кетті. Ордада отырған Ағажүніс пері, Мысқал пері, Гүлнар пері және басқалары: «Ғауазханға не болған?» – деп, бұлар да қарап жүрді. Ымырт жабылғаннан қейін Көрұғлы шыдай алмай, қырық жігітпен және қақпаға келді. Қақпаға келгеннен кейін Көрұғлы былай деді:
һауадақ көлі Жәмбілбелден алыс па,
Жә болмаса, жері шалғай, шалыс па?
Сәске уақтын уәде қылған Ғауазхан
Келмеді ғой. Не боп қалды, қырық жігіт?!
Ғауаз ұлан – менің жалғыз құлыным,
Тіршілігім, сүйенішім, жұлыным.
Көріне ме? Қараңыздар қақпадан.
1570. Келмеді ғой. Не боп қалды, қырық жігіт?
Жүрек-бауырым қайғы-зарға уланды,
Сағындым мен Ғауазжандай ұланды.
Айрылдым ба жан қозымнан әлде мен?
Келмеді ғой. Не боп қалды, қырық жігіт?
Ғауаз балам биік таудан асты ма,
Әлде мінген аты оның қашты ма?
Жау-дұспанға кез болды ма торыған?
Не боп қалды? Келмеді ғой, қырық жігіт.
Адасты ма әлде Ғауаз ұланым, 1580. Көз жанарым, сүйенішім, шырағым?
Әлде шөлде сусап, шөлдеп жүр ме екен?
Не боп қалды, келмеді ме, қырық жігіт?!
Әлқисса, Көрұғлы бұл сөзді айтып болғанша, Ғауазханның келе жатқанын көрді. Ғауазхан қайғылы пішінмен жылап келді. Қырық жігіт аттарынан түсіп сәлем берді. Бұлар жақындағаңда: «Әрмен жүріңдер!»—деп сәлемдеспей өте шықты. Көрұғлы сұлтан ордаға келіп, «Неге кешіктің?»— деп сұрады: Сонда Ғауазхан жауап берді. Сонан соң Көрұғлы былай деді:
Бақшадағы қызыл гүлім,
Сен дегенде, шықты тілім.
Кекіліңнен айналайын,
Жаным менің, қозым, ұлым!
Ғауазхан:
Жолымда мен көп тарықтым,
Жау-дұспаннан бек зарықтым.
Ауға шығып, көлде болып,
1590. Бір қайғыға мен қалыппын.
Көрұғлы:
Тыңда менің айтқан сөзім.
Сенсің – менің көрер көзім.
Неге осынша кешіктің,
Айналайын, ұлым, қозым?
Ғауазхан:
Һауадақ көлге мен де бардым,
Қолымдағы құсты салдым.
Астымдағы Ғиратпенен
Біразырақ мен айналдым.
Көрұғлы:
Жан перзентім, қос қанатым,
1600. Алдымдағы мал, жанатым,
Кешіктің ғой, қозым менің:
Сағындырдың, қолқанатым:
Ғауазхан:
Һауадақта құс жоқ екен.
Маңында оның ел көп екен.
Біраз айналып соған қалдым,
Қызық-қызық жер көп екен.
Әлқисса, Көрұғлы мұны естігеннен кейін: «Расыңды, шыныңды айт, неге кешіктің? Өзің неге жылап келдің? Сенің көңліңді қалдырған адамды жермен-жексен етемін,» – деді.
Соңда Ғауазхан былай деді:
– Пеңдесіне болады ғой Алла жар,
Құс салдым да, жүрегімде тарттым зар,
Көргенімді енді сізге айтайын:
1610. Уа, жан ата! Бұ сөзіме құлақ сал!
Есіркеңіз көзден аққан жасыма.
Нелер жаман істер түсті басыма.
Жолаушының қүні құрысын, атажан,
Не жамандар келіп-кетті қасыма.
Жүрегімді бір қасірет жайлады,
Ғазиз басты мүсәпірлік байлады.
Мүсәпірдің күні кұрысын, атажан,
Менің сорым жанған шоқтай қайнады...
Арындады астыға мінген Ғиратым, 1620. Мезгіл жетті мұны да енді ұғатын.
Бір ауылға барып келдім, атажан,
Уақыт екен тәж-тақытым сынатын.
Іште жалын, жүрегімде дертім көп,
Өне бойды биледі у, отты шоқ.
Шылым тартып кетейін деп, бір елге
Ғиратпенен бардым-дағы, болдым дөп.
Қатар-қатар алқабында нар екен,
Мендей ерді көруге олар зар екен.
Барып едім шылым тартып кетем деп, 1630. Ахмет сардар деген біреу бар екен.
Ахмет сардар сол елдерде хан екен,
Қырық аймақ елі оның шәр екен.
Жүрегімді күйдіреді, дерт басып,
Ботакөз деген қызы бар екен.5555
Маған қыз да сөз сөйледі, білсін деп,
«Өмірінде есіне ала жүрсін»,– деп.
Өне бойды өртегендей сөз айтты:
«Ұл емессің, Көрұғлына құлсың!»– деп.
Ажал жетпей, мендей балаң өлмеді, 1640. Жүрегімді жалын басып, өрледі.
Рұқсат берші енді маған, атажан,
Сол қызды алмай, дертім менің сөнбеді.
Әлқисса, Ғауазхан: «Сол қызды алып бер, қырық жігітке шылым беретін, қызметші қылайын,»—деді. Көрұғлы бұл сөзді естігеннен кейін: «Ей, балам, қайғыланба! Бір Ахмет сардардың қызы түгіл, он Ахмет сардардың қызы сенен садаға кетсін! Сен аман болсаң, осы ел тірі тұрғанда, саған уайым жоқ,»—деп Ғауазды мейманханаға кіргізіп, өзі Жәмбілде сырнай-керней ойнатты. Жәмбілбелде тоқсан мың үйлі түрікпеннің ел ағалары, билері, кернейдің даусы шықса, жиылатын еді. Көрұғлы билерін сырнаймен шақыртып алатын еді. Олар кернейдің даусы шыққаннан кейін жиылысып қалды. Бұлар:
— Ей, Көрұғлы сұлтан, бізді кернейлетіп неге шақырдыңыз, қандай жұмыс болып қалды?—деді.
Сонда Көрұғлы сұлтан шақырған жұмысын айтып, Ахмет сардарға елші жібермекші болып, былай деді:
Көрұғлы деп атадым өзімді,
Перзент үшін мен сарғайттым жүзімді.
Тыңдаңыздар, мен айтайын, әлеумет,
Хикаясын Ғауаздайын қозымның.
Ғауазжаным зер кекілін өріпті,
Бір нәрсеге көңілін қатты бөліпті.
һауадақ көлге барғанында Ғауазжан
1650. Нағашымның Ботакөз қызын көріпті.
Сал құлақты Көрұғльның сөзіне,
Қараңыздар шұғылалы көзіме.
Ахметтің қызын көріп бал Ғауаз,
Ғашық бопты қыздың сұлу жүзіне.
Соның үшін мен белімді байладым,
Не де болсын, Ғауаз үшін таймадым.
Тоқсан биім, мен айтайын сіздерге
Бәріңізді жаушылыққа сайладым.
Естідің бе Көрұғлының сөзін де? 1660. Нелер адам ғашық болған ізіме.
Бәріңізді соған жаушы сайладым,
Берсін Ахмет Ғауазыма қызын да.
«Біздер – келген Көрұғлыдан жаушы,– де,–
Сөзге құлақ айта келген салшы»,– де.
Сардар берсін Ғауазыма қызын да,
«Керек болса, сұрағанын алсын»,– де.
«Жығалы» деп атар менің затымды,
Көкте де аңыз қылар менің атымды.
Нағашыма керек болса дүние-мал, 1670. Аямаймын, беремін Ғиратымды.
Беріңіздер қатар-қатар нарымды,
Нарға тиеп, зерлі алтын, барымды.
Малға келсе Ахмет сардар тағы да,
Аямаймын, берем мүкәмәлімді.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтқанда солқылдап жер күңірен-гендей болды, бірақ тоқсан би еш нәрсе демеді. Өйткені бұлар жаушы болып бар-майын десе, Көрұғлыдан қорқады,барайын десе, Ахмет сардардан қорқады. Егер барса, бұларды қылышпен кескілейтініне көзі жетеді. Бұл билердің ішінде Жартыбай деген ақ сақал би бар еді, бұл биді барлық билер де өте қадірлеп сыйлайтын еді, сондықтан да «биеке» деп атайтын еді. Жартыбай би Көрұғлының бұл сөзін естіді де, «Жауабын мен берейін»,– деп, жан- жаққа қарап, бір толғанғандай болды. Сол уақытта бір бидің Жартыбайға көзі түсіп:
— Ей, Жартыбай ақсақал! Бұл сөзге жауап берудің билігін сізге бердік. Көрұғлы сұлтанға жауапты өзіңіз беріңіз, сіздің сөзіңізді бір бұзбаспыз,— деді.
Сонда Жартыбай ақсақал былай деді:
– Жартыбай деп атаушы еді өзімді,
Солдырмаңыз менің қызыл жүзімді.
Тоқсан биің: «Жауап бер»,– деп, қоймады,
Тыңда, сұлтан, менің айтқан сөзімді.
Түсірейін мойнымнан бір парызымды.
1680. Өтедім мен, намаз оқып, қарызымды.
Көңіліңізге, сұлтан, ауыр алмаңыз,
Мен айтайын, тыңдаңыз менің арызымды.
Ұсталардың соғатыны темір ме?
Молдалардың оқығаны Забур ме?
Тыңдасаңыз өсиетім, Көрұғылы,
Билеріңді жаушылыққа жіберме.
Ахмет сұлтан күштілігін білдірер,
Қылышпенен жүректерін тілдірер.
Жаушы болған билеріңді өлтіріп, 1690. Дос-дұспанды елімізге күлдірер.
Жібергенмен, одан нені табасың,
Ел алдында құр ұятқа қаласың.
Сөз тыңдасаң, билеріңді жіберме,
Қызын бермес, жіберсең де, нағашың.
Кемер белбеу жарасады беліңе.
Зорлық қылсаң, кім келеді еліңе?
Неге берсін бір байталдық құлыңа,
Берсе, берер, қыз сұрасаң, өзіңе.
Әлқисса, Жартыбай ақсақал бұл сөзді айтқаннан кейін билердің барлығы да Жартыбайдың сөзін мақұлдап, ақсақалды ортаға алып, риза болып, жауырынын қағысты. Сонда Жартыбай: «Бұлардан қорқайын ба? Айтар сөзімді айтып салғым келді,» – деп, жүре берді. Сонда Көрұғылының билерге ашуы келіп, көзі шарасынан шығып, мұрты тікірейіп кетті. «Уа, дариға, бұлар мені «қартайды» деп, басынды-ау! Баяғы күнім болса, бәріңді де қылыштың жүзінен өткізіп, қаныңды судай ішер едім,» – деп, жолбарыстай ыңыранды, арыстандай толғанды, ыза кернеді. Сол бетімен мей-манханаға кірді. Ғауазхан бұл сөздердің бәрін де үйдің ішінен тыңдап, білген еді... Ғауазхан қырық жігітті қатар отырғызып, барлығына арақ-шарап беріп, мас қылып тастады. Көрұғылының мейлінше назаланып келгенін біліп, қолына бір кесе арақ алып тұрып, Ғауазхан былай деді:
Өлме, ата, ұзақ жаса, 1700. Өміріңде қыл тамаша.
Ұсынамын ата сізге,
Шарап толы алтын кесе.
Атым Алла, жарым Алла!
Көзден жасым тізіліпті,
Жүрегім де езіліпті,
Түз-несібем ойлап тұрсам
Жәмбілбелден үзіліпті.
Атым Алла, жарым Алла!
Қайғы басты бір басымды, 1710. Көзден аққан көр жасымды.
Аман болып көріскенше,
Қайран ата, хош бол енді.
Қағбам Алла, жарым Алла!
Қызыл гүлді біз терерміз,
Зер кекілді біз өрерміз.
Аман боп тұр, қайран ата,
Қияметте бір көрерміз.
Қағбам Алла, жарым Алла!
Бұл замандар қандай заман, 1720. Басқа түсті қалың тұман.
Жаным ата, көріскенше
Сау-саламат болғын аман!
Атым Алла, жарым Алла!
Әлқисса, Ғауазхан бұл сөзді айтты да, қолындағы кесесін жерге төңкеріп, мейманханадан шығып, ат тұратын сарайға барса, Көрұғлының екі аты ойнап алысып тұр екен. Бұл аттың біреуі Ғират, екіншісі — Мәжнүнкөк. Ғауазхан ойланып тұрып бұл Ғират — Көрұғлының аты, дәулеті де, перзенті де, қолқанаты да, сүйеніші де осы, бұған мініп кетсем, мен дұшпандық істеген болармын деп, Мәжнүнкөкті әбзелдеп мініп алды. Жәмбілбелдің қақпасынан шыққанда, Ғауазхан Жәмбілді қимай, жүрек-бауыры езілгендей болды, сонда Жәмбілдің елі, һауадақтың көлі, мұнарлы сағым белімен қоштасып мынаны айтқаны:
Бақшада ашылады Жәмбіл гүлі,
Сайрайды талға қонып ән бұлбұлы.
Аман бол, көріскенше хош болып тұр
Сауық сап, сайрандаған Жәмбіл елі.
Ер жігіт не көрмейді түссе басқа,
Жаза етіп аяғымды бастым тасқа.
1730. Аман бол, қайта айналып көргенімше,
Қия алмай қойным толды менің жасқа.
Кетпессің көңілімнен қайран елім,
Күйдірді жүрегімді сенің шерің.
Аман бол, қайта айналып көргенімше
Ойнаған, сейіл құрып Жәнбілбелім!
Жүрекке айрылудың түсті дерті,
Дариға сөнер ме екен жанған өрті?
Аман бол, тағы қайтып келгенімше,
Асыр сап, ойнап-күлген Жәмбіл кенті! 1740. Құзданған асқар биік, асу белім,
Көрінген мұнарланып шөгер шөлім,
Аман бол, енді сені көргенімше,
Құс салып, дабыл қаққан һауадақ көлім.
Сорғалап меруерттей көздің жасы,
«Алланың добы дейді адам басы».
Аман бол, қияметте көрісерміз,
Жел гулеп қатар өскен алма ағашы.
Ежелде бұл жазылған тағдыр ісі,
Не көрмес тағдыр жазса мұңды кісі. 1750. Сәлем де Көрұғлына, тапсыр менен,
Аспанда ұшып жүрген Жәмбіл құсы.
Бақшада таза гүлді теріп едім,
Кекілді екі-екіден өріп едім,
Аман бол, елім-жұртым, құрбы-құрдас,
Көрерміз о дүниеде енді дедім.
Қасірет шектім елден айырылып,
Тұяғым тасқа шауын майырылып.
Көрерміз қияметте, қош-аман бол,
Келермін шүйген құстай қайырылып. 1760. Бет алдым, Күржістанға сапар шектім,
Күйініп қасіретпен зарды төктім,–
Деді де Ғауаз ұлан жасын сүртіп,
Солқылдап жылай берді оқтын-оқтын.
Әлқисса, Ғауазхан бұл сөздерді айтып, Жәмбілбелмен қоштасты. Сөйтіп, кетіп бара жатыр еді, сол уақытта Ағажүніс пері, Мысқал пері, Гүлнар пері және қырық жігіт әйелдері мен сейіл құрып жүр еді. Бұл дауысты Ағажүністің қасындағы жолдасы естіп: «Бір дауыс шығады. Ғауазхан жылаған сияқты, қараңдаршы»,— деді. Ағажүніс пері мұны естіп, қақпаның алдына шықса, аттың жалына сүйеніп, еңіреп келе жатқан Ғауазханды көрді. Сонда Ағажүніс пері шашын тарқатып жайып жіберіп, Ғауаз ұланды құшақтап, былай деді:
Тергеніміз гүл болсын,
Мендей анаң құл болсын.
Көзім нұры, қуатым,
Арыстаным, жол болсын!
Көзім нұры қарағым,
Айналайын шырағым.
1770. Сен кеткен соң, сарғайдық.
Хан, сұлтаным, жол болсын!
Тыңда, балам, сөзімді.
Төрт қылдың-ау көзімді!
Айналайын, қозым-ау,
Сырттаным, саған жол болсын!
Кенже қозым, құлыным,
Сүйенішім, жұлыным,
Айырылу – сенен дерт,
Сұлтаным, саған жол болсын! 1780. Кемер белбеу байлатып,
Астыңда атты ойнатып.
Көрұғлыны жылатып,
Арыстаным, жол болсын!
Қасіретін қоздатып,
Ботадайын боздатып,
Көрұғлыны жылатып,
Жаным – балам, жол болсын!
Екі меңің жарасар,
Сөзің бейне шырын-бал. 1790. Сөзімді айтам, бал Ғауаз,
Біразырақ құлақ сал!
Сен кеткен соң жылайды.
Кімнен медет сұрайды?!
Жәмбілге ие сен едің,
Кетсең тартар зар-қайғы.
Дертті болып өтермін,.
Өз басыма жетермін.
Мұнан кетсең, бал Ғауаз,
Мен де тұрман, кетермін. 1800. Бұл Жәмбілден екеуміз
Сірә да бір күн кетерміз.
Қан жылайды Көрұғлы.
Сонда, ботам, не етерміз?!
Біз тастармыз қаланы,
Шиманды жер, даланы.
Кетіп қалсаң, Ғауазхан,
Кімге болар обалы?
Құлынымдап қоздатып,
Қартайғанда боздатып, 1810. Қорықпайсың ба атаңнан,
Кімге болар обалы?..
Әлқисса, Ғауазхан Ағажүніс перінің бұл жырын естіді де, атынан түсіп, жылап, Ағажүністі құшақтап, былай деді:
Көңіл шіркін бос енді,
Бал шарапқа хош енді.
Көреміз бе, анажан,
Жолыққанша, қош енді!
Көңілім менің бұзылды,
Көзден жасым тізілді.
Көріскенше аман бол!
Тұз-несібім үзілді.
1820. Құдіреттен пәрменсіз
Пенде деген дәрменсіз.
Көріскенше қош болып,
Риза болып тұрғыл сіз.
Шыдай алмай дертіме,
Жандым қайғы өртіне.
Ақ сүтіңді кешіргін,
Жетейін мен сертіме.
Көңіл шіркін толмайды,
Уақты жетпей, солмайды. 1830. Құл болып мұнда жүргенше,
Кетпесем енді, болмайды.
Таудың қары ерісін.
Жәмбілбелдің елісің.
Мұнда тұрар бетім жоқ
Мүсәпірлік құрысын.
Ел аузына жоқ елек.
Мұнда тұрып, не керек?
Құл боп мұнда жүрмеймін,
Орын да жоқ ренжімек. 1840. Елге несіп тартыпты,
Бір жұмысты артыпты.
Мұнда мырза болғанша,
Елде жүрген артық-ты.
Мендей мұңды әлемде,
Жоқ та шығар бар елде.
Мастықпенен ұйықтаған
Жан атама сәлем де.
Мұнда құлға теңелдім.
Не нәрсеге кенелдім? 1850. Көргенімше қош боп тұр,
Күржістанға жөнелдім.
Балаңның мұндай кезіне,
Жолықтың ғой өзіме.
Жаным – анам, қош боп тұр,
Құлақ салғын сөзіме.
Әлқисса, Ғауазхан: «Не болса да, Алладан. Қазір өзім де жалғызбын. Қырық жігітке де, елдің бәріне де сәлем айтыңыз. Қош болыңыз, ана, ақ сүтіңізді кешіңіз!—деп.– Күржістан шаһары қайдасың?»– деп, артына қарамастан, қоштасып, жүре бердіі. Ағажүніс пері әйелдері менен зар жылап қала берді. «Енді Көрұғлы сұлтанға баласының кеткенін айталық»,– деп, келсе, Көрұғлы қырық жігітпен арақ ішіп, мас болып жатыр екен. Осы мастықтан Көрұғлы үщ күнге шейін есін жинай алмады. Қырық жігіт пен Көрұғлы үш күннен соң есін жиып, мейманханаға келді. Мұнда Ғауазханның жоқ екендігін көргеннен соң, Көрұғлы сұлтан Ағажүністің ордасына зар жылап келді, жүрегі өртеніп, ботадай боздады. Көрұғлы сұлтан Ағажүністің ордасына келсе, Ағажүніс пері Қап тауына ұшатындай болып, қанатын қомдап тұр екен. Көрұғлыны көргеннен кейін Ағажүніс пері Ғауазханның кеткенін естіртіп, болған уақиғаларды айтып, былай деді:
Ұшқыр едің, қанатыңнан қайрылдың,
Жүйрік едің, тұяғыңнан майрылдың.
Көрұғлы, арман қылып, күйіне бер,
Сүйенішің – бал Ғауаздан айрылдың!
1860. Ойлап тұрсам, жалған екен бұл дүние.
Бұл дүниеге бола алмақшы кім ие?
Ол еліңнің сұлтаны еді бал Ғауаз,
Бал Ғауаздай сұлтаныңнан айрылдың!
Арманменен сынды екі қанатың,
Кеткеннен соң бойындағы жанатың.
Қалды иесіз Жәмбілбелдей еліңіз,
Ел иесі – Ғауазыңнан айрылдың!
Майырылды менің екі қияғым,
Сарғаяды запырандай сияғым. 1870. Ғауаздайын ұлың кетті, сұлтаным,
Көзің нұры – Ғауазыңнан айрылдың!
Құдай салды басымызға тұманды,
Гүлдер солды, шалқар көлің суалды.
Жәмбіліңнен ойын-сауық ажырап,
Бал Ғауаздай қуатыңнан айрылдың!
Дұспандарың тыңдамады сөзіңді,
Өкпелеттің бал Ғауаздай қозыңды.
Басқан ізін енді таппай қаларсың,
Бал Ғауаздай сұлтаныңнан айрылдың! 1880. «Уа, балам!»– деп, қайғы тартып жылайын,
Қайғыланып, қара бүркеп, бұлайын.
Қайғы-қасірет енді сенен айрылмас,
Көңіл хошы – қаршығаңнан айрылдың!
«Уа, балам!»– деп, ботадайын боздашы,
Іштегі бір қайғы-дертті қозғашы,
Кеткен жолын іздеп келші Ғауаздың.
Денеңдегі шыбын жаннан айрылдың!!!
Таза гүлдер ашылды да солғаны,
Дүниеде біздей мұңлы болмады. 1890. Ғауаз кетті, Жәмбілбелің оңбады,
Тұйғыныңнан, сұңқарыңнан айрылдың! –
деді.
Әлқисса, Ағажүніс періден бұл сөзді естіп, Көрұғлы сұлтан зар жылады. Есінен айрылып, талып кеткендей болды. Бір уақытта есін жинап алып, Ағажүніске қарап, былай деді:
– Көзден жасым сел болды,
Дұспан келіп, ел болды.
Ғауаз кетсе Жәмбілден
Қараң қалып, шөл болды.
Үзілді елдің жұлыны,
Ғауаздай кетіп құлыны.
Рас болса кеткені,
Жәмбіл енді құрыды.
1900. Баса алмадым жау тілін,
Сарғаяды нәр гүлім.
Ғауаз кетсе Жәмбілден,
Не болады бұл күнім?
Тарттым перзент зарыңды,
Төктім намыс, арымды.
Кеткен болса Ғауазхан,
Көрер күнім тарылды.
Әрбір сөзің – маған бал,
Бұл сөзіме құлақ сал. 1910. Ел-жұртымды жау алды
Неге керек дәулет, мал?
Қартайғанда сор болдым,
Қасіретке мол болдым.
Ғауаз кетсе, саған да,
Барасың қайда, жол болсын?!
Құрбашылар жонданып,
Әлденеге толғанып,
Өзің қайда барасың,
Қанатыңды қомданып?!
Әлқисса, Көрұғлы бұл сөзді айтып, жылап: «Ғауаздың күйігі жаныма батып тұрғанда, сен қайда барасың?»– деді. Ағажүніс бұл сөзді естіп, Көрұғлыға қарап, былай деді: 1920. – Мүсәпірдің жүрегінде қайғы бар,
Қайда барсам, құтылмадым, тарттым зар.
Құлағың сал, мен сөзімді айтайын,
Ғауаз еді менің сәулем қуанар.
Бұл жалғанда көп қой біздің күнәміз.
Құдай болсын әрбір істе панамыз.
Тірі адам қайғысынан өле ме?
Уа, сұлтаным, құлак салып тындаңыз!
Көресің бе, көзден ақты қызыл қан,
Тәнімдегі тек шықпады ыстық жан. 1930. Дүниеде қалай тірі жүрермін?
Сүйенішім еді менің Ғауазхан!
Қайғы менен мен мұңымды шертемін,
Қасіретпен шыбын жанды өртедім.
Білмеймісің, Көрұғлы хан? Айтайын,
Бал Ғауазым, Жәмбілбелдің көркі едің.
Хан болдыңыз, билеп Жәмбілбеліңді,
Шекер тілмен бағындырдың еліңді.
Білмеймісің, Көрұғлы хан? Айтайын,
Ғауаз еді гүлдендірген жеріңді. 1940. Ғауаз кетті біржолата еліңнен,
Ол қоштасты асқарлы өр, беліңмен.
Өз қолыңнан қашырғандай Ғауазды,
Қудың, сұлтан, Ғауазыңды жеріңнен.
Бәйге ала алмас арғымақтың тоқтығы,
Сарғайтады іште арманның көптігі.
Уа, Көрұғлы, мұнша неге сандалдың?
Бәрі-дағы – бір перзенттің жоқтығы.
Жаман адам өз дәулетін тыяды,
Жақсы адам жаманға да сыяды. 1950. Бәрі-дағы бір тағдырдың ісі ғой,
Бір перзентті Құдай сізден аяды.
Әлқисса, Ағажүніс пері:
– Ей, Көрұғлы сұлтан! Басыңды көтер. Ғауаздан айрылып, бұл дүниені не бетімізбен көреміз, – деді. Сонда Көрұғлы бұл сөзді естіп, жолбарыстай толғанып, арыстандай ыңыранып, мейманханаға кірді. Онда қырық жігітпен отырып, Ғауазханды іздеп: «Не бізді ал, болмаса, Ғауазханның дидарын көрсет», – деп, Құдайға жалынды, зар иледі. Бәрі де жерге жатып жылады.
Әлқисса, Ғауазхан Мәжнүнкөкке мініп, «Ата жұртым, туған елім, қайдасың?» – деп, жөней берді.
Көңлі дертке бұзылған,
Көзінен аққан қызыл қан,
Хұнхар елге бет алып,
Жөней берді Ғауазхан.
Сәулетімен жарасып,
Мәжнүнкөкпен таласып,
«Тәуекел!»- деп, бет алып,
Жөней берді Ғауазхан.
1960. Басындағы дәулеті,
Жарастықты келбеті,
Мәжнүнкөкті мінді де,
Жөней берді Ғауазхан.
Бадбақыттың шөліне,
Басты қадам жеріне.
Ешкімге сыр айтпастан,
Жөней берді Ғауазхан.
Жәмбілбелмен қоштасып,
Дұспанменен кектесіп, 1970. Тәуекел қып Құдайға,
Жөней берді Ғауазхан.
Жалғыз өзі күйініп,
Лашын құстай шүйіліп,
Қамшы басып Мәжнүнге,
Жөней берді Ғауазхан!
Киіп алтын мауытын,
Кіреуке ақ сауытын,
Апандай қып жерді ойып,
Жөней берді Ғауазхан. 1980. «Алладан»,– деп бұл ісін,
Зерлі алтын қылышын
Жарқылдатып, толғанып,
Жөней берді Ғауазхан.
Астында аты арындап,
Кейде қатты ағындап,
Киген тоны жарқылдап,
Жөней берді Ғауазхан.
Іштегі арман қозғалып,
Ботадайын бозданып, 1990. Өз-өзімен сөйлесіп,
Жөней берді Ғауазхан.
Күржістанға бет алып,
Ел-жұртына ниет алып,
«Ата жұртым кайда?»– деп,
Жөней берді Ғауазхан.
Жолбарыстай жонданып,
Мәжнүнкөк толғанып,
Жол танабын қысқартып,
Жөней берді Ғауазхан. 2000. Шөлді басып, өрді асып,
Бадбақыттай белді асып,
Ботадай боздап, толғанып,
Жөней берді Ғауазхан.
Қайратына долданып,
Сұр жебесін қолға алып.
Елін іздеп, ұмтыла,
Жөней берді Ғауазхан.
Туған жерін сағынып,
Қылышы күнге шағылып, 2010. Мәжнүнкөк еліре,
Жөней берді Ғауазхан.
Ара щөлді күнде өтіп,
Айсыз қара түнде өтіп,
Сегіз күндей боп қалды,
Жөней берді Ғауазхан.
Ара шөлді күнде өтіп,
Айсыз қара түнде өтіп.
Сегіз күндей боп қалды,
Жөней берді Ғауазхан. 2020. Кезіп шөлдің даласын,
Асты таудың саласын,
Күржістанның қарасын
Көрді, әне, Ғауазхан.
Күн бесіннің шағында,
Басында ділда жығасы,
Күржістандай қалаға
Келді, міне, Ғауазхан.
Әлқисса, Ғауазхан күн-түн жүріп, «сегіз күн» дегенде, Күржістанға келіп қалды. Күржістанның қақпасына келсе, еш адам үндемейді, еш адамның да дыбысы білінбейді. Қақпаның алдына қара шүберек байланған екен. Жұрт бір-біріне қарар емес. Сонда Ғауазхан: «Бұл шаһардың ханы өлген бе, болмаса басқа бір пәлеге душар болған ба?» – деп, ойлады. Қақпаға келді де: «Қақпаны аш»,– деп, мына сөзді айтты:
– Жетегімде қатарланған нар ма екен,
Біздей іңкәр, сірә, іздесе, бар ма екен? 2030. Мүсәпір боп келіп едік бұл елге,
Қақпашылар есік ашар бар ма екен?
Әуес адам әр нәрсені тапқаны,
Талдап өріп, зер кекілді таққаны.
Құрбашылар, тұрыңдаршы ертерек,
Мүсәпірге ашыңызшы қақпаны.
«Мәжнүнкөк» деген менің атым бар,
«Түрікпен елі, өзбек» деген затым бар.
Жәмбілбелден әдейі іздеп келемін,
Алып келген Хұнхар ханға хатым бар. 2040. Көздің жасын көлдей қылып төгемін,
Бадбақыттың шөлін басып келемін.
Құлыпты аш, қақпаңызға кіргізіп,
Қолымдағы хатымды мен беремін.
Қызыл гүлді құмарлана теремін,
Жауабымды ханыңызға беремін.
Қақпаны ашып, кіргізіңдер, жігіттер,
Қала ішінде жұмысым бар, кіремін.
Әлқисса, Ғауазханның бұл сөзін естіп, құрбашылар қақпаға келсе, қақпа алдында бір бала келіп тұрғанын көрді. Зер кекілі салбырап, екі беті алмадай, нұрын төгіп, балбырап тұрған Ғауазханды көрген соң, құрбашылар: «Бәрекелді, өзбекте де мұндай сұлу бала болады екен,» – деп, таң қалысты. Бұл уақытта Хұнхар хан Ғауазханды іздеп, төрт жылдан бері тірідей көрге түсіп жатқан еді. Ешкіммен сөйлеспейтін еді. Бұлар: «Бұл баланың сүлулығы Ғауаздан тоғыз есе артық екен. Мұны Хұнхар ханға алып баралық. Сұлу баланы алып барғаннан кейін хан да еш нәрсе демес,» – деп, Ғауазханды Хұнхар ханның алдына алып барды да, Ғауазды сыртқа қойып, құрбашы Хұнхар ханға келіп, былай деді:
Бір Аллаға қарыз-ды,
Пендесі солай тәрізді.
2050. Хұнхар ханым, құлақ сал,
Айта келдім арызды!
Қызмет еткен тұзым бар,
Сарғаятын жүзім бар.
Сөзіме құлақ салыңыз,
Айтатұғын сөзім бар.
Асып асқар белінен,
Көрұғлының жерінен
Әдейі іздеп бір бала,
Келді Түрікпен елінен. 2060. Елші болып келіпті,
Сізге сәлем беріпті.
Түрікпеннен елші екен,
Өзі де сұлу, көрікті.
Мәжнүнкөктей аты бар,
«Өзбек» деген заты бар.
Түрікпеннің елшісі
Алып келген хаты бар.
Басындағы дәулеті,
Рүстемдейін әулеті. 2070. Артық екен, қарасаң,
Ғауазханнан сәулеті.
Сөйлеген тілі түркі екен,
Басында ноғай бөркі екен.
Өзіңіз көрсең, нанарсыз,
Ғауаздан артық көркі екен.
Сұңқардай түлер ұяда,
Ұшып бір жүрген қияда,
Сұлулығын көріңіз,
Ғауазыңнан зияда. 2080. Тұз-дәміңіз тартыпты.
Айдай толқып, балқыпты.
Көрсеңіз, сөзге нанарсыз,
Ғауазханнан артық-ты...
Әлқисса, Хұнхар хан Ғауаздың алдынан шықты. «Өзбек баласы қандай екен? Көрелік»,– деп ойлады. Ғауазхан Жәмбілбелге барып, мұсылман болғаннан кейін оның сұлулығы бұрынғысынан он есе артқан еді. Ғауазханды көргендердің бірі де танымады. Жалғыз-ақ Жұнхар ханның өзі танып, Ғауазханды құшақтап, екі бетінен сүйіп: «Енді өлсем де, арманым жоқ»,– деп, ел-жұртын Ғауазханға тапсырып, Хұнхар патша былай деді:
– Төрт жылдай жылап, бұл аз ба?
Қаршыға салып бір қазға,
Өңім бе, түсім бе? Білмеймін.
Жалғызым менің – Ғауаз ба?
Астымда мінген Пырағым,
Әр адамнан сұрадым. 2090. Өңім бе, түсім бе, білмеймін,.
Келгені менің шырағым?
Зарымды менің біліпті,
Жаратқан рақым қылыпты.
Жараңдарым, сәлем бер,
Сұңқарым, қозым келіпті.
Көзімнен атып қызыл қан,
Дерттеніп тәнде шыбын жан,
Кекіліңнен садаға,
Келдің бе аман, Ғауазхан?! 2100. Тал бойыңнан, сөзіңнен,
Мен сұраймын өзіңнен,
Қыпша талдай беліңнен,
Алмадайын жүзіңнен!
Жау жасқанып, қирасын,
Батыр жігіт ширасын.
Келдің бе аман, құлыным?
Атаң бір сенен айналсын!
Ділдадан тақтым жығаны,
Алтындаттым доғаны. 2110. Аман-есен келдің бе?
Атаң бір сенен садаға?
Тердім таза гүлімді,
Тарттым қасірет, зұлымды.
Айналайын, бал Ғауаз,
Бердім саған елімді,
Салалы өр мен даланы.
«Қайғы бір өртеп барады.
Айналайын, берейін
Күржістандай қаланы. 2120. Ашты Құдай бақытымды.
«Бақытқа дабыл қақтым»,– де.
Шырын сөзді бал Ғауаз,
Саған бір берем тақтымды.
Көреді екем бойыңды,
Арманыңды, ойыңды.
Иесі болдың Күржістан,
Жасайын қырық күн тойыңды.
Ішімдегі дертімді,
Салдың бір маған өртіңді. 2130. Қабыл етсең, бал Ғауаз,
Беремін барлық жұртымды.
Алланың көріп пәрменін,
Қалмаған еді дәрменім.
Бүгін өлсем, бал Ғауаз,
Дүниеден жоқ арманым.
Әлқисса, Хұнхар хан бұл сөзді айтты да, алтын тақытын, Күржістан шаһарын, қазынадағы малын, маңдайдағы барын Ғауазханға беріп, өкімет, мөрін және бермекші болып, Ғауазхан келуінің қуанышына қырық күн ойын, қырық күн тойын жасады. Қырық күннен соңм Ғауазхан орнынан түрып, қол кусырып былай деді:
– Ей, ғаламның патшасы! Мен бұл елден кеткелі төрт-бес жыл болып қалды. Атамның өлгенін естіп, оған дұға, бата қылған едім. Енді анам мен сіңлім бар. Олар да мені «келді» деп естігеннен кейін мені көруге асығады. Егер де сіз рұқсат етсеңіз, соларды да көрнім келеді, – деді.
Сонда Хұнхар патша:
– Ей, Ғауаз! Сабыр қылыңыз. Біраз жайланған соң барып келерсің. Өзің жас болсаң да, бас болдың. Енді сенен бір сұрайтын сөзім бар, егер білсең, маған жауап бер, – деді.
Сонда Хұнхар хан сұрады, Ғауазхан жауап берді:
Хұнхар:
Сөз айтамын жүз алуан.
Дүниеден кім қалған?
Бірнеше сөз сұраймын:
Жауап берші, Ғауазхан.
2140. Жердің жүзін шарладың,
Парасатпен барладың.
Қай жерде көрдің жақсы атты,
Айтшы маған арманым?
Талай жерде жүрдіңіз,
Бәрін де көріп-білдіңіз.
Екінші сөзім сұрайтын:
Жақсы адам қайда көрдіңіз?
Жәмбілбелде тұрдыңыз,
Сейіл-сайран құрдыңыз. 2150. Жақсы дінді қай жерде,
Бал Ғауазым, көрдіңіз?
Ел жақсысы қай жерде,
Ер жақсысы қай жерде?
Балам – Ғауаз, жауап бер:
Қайсы жерде көрдіңіз?
Әлқисса, Хұнхар ханның бұл сөзін естігеннен кейін Ғауаз былай деп жауап берді:
Ғауазхан:
Дүниені бір қыдырдым,
Жәмбілде хан боп тұрдым.
Көргенімді мен айтайын:
Жұрт жақсысын Жәмбілде көрдім. 2160. Бәйге бермес ылғи саңлақ,
Жігіттері мінген тандап.
Аспаннан құсты қайыратын
Ат жақсысын Жәмбілде көрдім.
Күржістандай нашар далаң,
Аттарыңның бәрі шабан.
Араладым бәрін тәмам,
Ат жаманын сендерде көрдім.
Жігіттері – ылғи батыр,
Дұспанына заман ақыр. 2170. Қызылбастан алып қашар
Батыр жігіт Жәмбілде көрдім.
Өлмес бұрын кебінін пішкен,
Жау көрінсе, еңсесі түскен,
Береке жоқ, құр даурыққан
Қорқақтарды сендерде көрдім.
Жауларымен алысқандай,
Атпен ойнап жарысқандай,
Айбаттары арыстандай
Балуан жігіт Жәмбілде көрдім. 2180. Бәрі ақылсыз, жігері жоқ,
Жауға қайрат, өнері жоқ.
Қолдарынан келері жоқ
Жаман жігіт сендерде көрдім.
Саһар тұрып, оқыр намаз,
Жалбарынып, қылатын әз,
Бір Құдайға жалынатын
Дін жақсысын Жәмбілде көрдім.
Бір ағашты жонып алып,
Оған қарап, күйіп-жанып, 2190. Құр суретке табынатын
Дін жаманын сендерден көрдім.
Текежәуміт елдері бар,
һауадақ деген көлдері бар,
Бір жігітке тоқсан адам,
Батыр жігіт Жәмбілде көрдім...
Әлқисса, Ғауазхан бұл сөзді айтып бітірген де жоқ еді, Хұнхар патша ашуланып, Ғауазханның сөзін бөліп жіберді. Көздері кеседей, мұрты тікірейіп, аузы апандай болып, ашуланды:
– Сен Көрұғлының дініне кіріп, мұнда азғырушы болып келген екенсің, мұны өлтіріндер! – деп, жендеттерін шақырып, былай деді:
– Жүрегімнен кетер емес бұл дертім,
Салды мынау дұспан отын, жау отын.
Құлағың сал, айтқан сөзді тыңдаңдар,
Мұнда келіп, құрбашылар, жендетім!
2200. Басқа дінғе Ғауаз ұлан кіріпті,
Жәмбілбелге шын көңілін беріпті.
Келіңіздер, азап қылар жендеттер!
Ғауаз ұлан жансыз болып келіпті.
Білмегенін білдірелік Ғауазға,
Көрмегенді көрсетелік сабазға.
Жансыз болып келген екен, білдірмей.
Ал, жендеттер, бал Ғауазды бауызда!
Қорықпаңдар көзден аққан жасынан.
Қарға-құзғын шоқып жесін басынан. 2210. Дар ағашқа алып барып, асыңдар,
Жұлыңыздар талдап-талдап шашынан.
Өз сазасын Ғауазханның беріндер!
Жүрек-баурын тілім-тілім тіліңдер.
Дарға асып, масқарақғып Ғауазды,
Өлтіріндер. Маған айтып келіңдер!
Жансыз болып келген екен еліме,
Ойран салып кетпекші боп жеріме.
Өлтіріндер, бал Ғауазды аяма,
Жөнелтіңдер, өзі жатар көріне!
Әлқисса, сол уақытта жүз жендет келіп, Ғауазханның мойнына арқан салып, зар-зар жылатып, дар ағашына қарай алып жөнелді. Бұл істі Ғауазханның анасы мен сіңлісі естіп, екеуі де үйінен жалаң аяқ, жалаң бас шығып, Ғауазханға келіп, жендеттердің қолына жармасты. Сөйтіп келе жатқанда, уәзірлерге, ақсақалдарға қарап, Күләйім былай деді: 2220. – Уа, жарандар, жарандар,
Сезіме құлақ салыңыз.
Қозыма азап көрсетті
Хұнхардайын ханымыз.
Кім нанады тіліңе?
Қылыштары белінде,
Жаркыратып асынып,
Ғауаз келді еліңе.
Басымды салып қараға,
Жүректі бұлап жараға, 2230. Шырқыратып, боздатып,
Тиесің неге балама?
Басқа түссе, көрерміз.
Еңірерміз, жүрерміз.
Біраз күн сабыр қылыңдар,
Ғауазды тағы берерміз.
Кім корықпас жанынан,
Кім қорғамас малынан?
Билер, барып айтыңдар,
Қисын қасық қанынан?
Әлқисса, Ғауазханның анасы: «Өз жұртым, өз елім», – деп, іздеп келген Ғауазды қанға боямасын, қанын кешсін», – деді.
Сонда билер:
– Рас, Ғауазхан сияқты ұландар жүз жылда бір-ақ туады. Қазір мұны өлтіріп, дарға асып жіберсек, түбінде қайғысын Хұнхар патшаның өзі тартады! – деді де, Ғауазханды дарға астырмай, зынданға салдырды. «Сонан соң қырық күнге дейін өсиет айтып, Көрұғлының дінінен бездіреміз», – деп ақылдасты. Неше күндей өсиет айтты, ақыл берді, бірақ Ғауазхан бұлардың сөзіне көнбеді. Айткандарын кабыл алмады. Сол екі ортада отыз екі күн өтіп кетті.
Ғауазханның жеті жасар Балайым деген сіңлісі болатын. Бұл Ғауазханды көруге өте ынтық еді. Бірақ Ғауазханды көруге еш ретін таба алмай жүретін еді. Бір күні Балайым зынданнан зынданды іздеп, Ғауазхан жатқан зынданның тұсына келіп, былай деді: 2240. – Дүниені бір көруге зармысың,
Жатқан зындан, тұншықтырған тармысың?
Іздеп келдім, ағажаным, қасыңа!
Бұл зынданда, бауырым-ау, бармысың?
Не десең де, бұйрығыңа жараймын,
Көрінбейсің, олай-бұлай қараймын.
Мен бір шерлі іздеп келген қасыңа.
Бұл құдықта, мұңды ағам, бармысың?
Бір Құдайым аман қылсын жаныңды,
Ағызбақшы қызылбастар қаныңды. 2250. Біле келдім әдейі іздеп халінді.
Бұл зынданда, жалғыз ағам, бармысың?
Жас сәбилер оқиды екен ежікті,
Дүние деген адамзатқа кезек-ті.
Тірі болсаң, бір хабарын бере көр.
Бұл зынданда, жалғыз ағам, бармысың?
Ботадайын жалғыз анаң боздайды,
Іште арманын, күйінеді, қозғайды.
Жүрек-бауыры өртенеді анаңның.
Бұл зынданда, жалғыз ағам, бармысың? 2260. Уай, қозымдап, шашын жайып жылайды,
Ертелі-кеш бір Алладан сұрайды,
Есі кетіп, өне бойын өрт алып.
Бұл зынданда, аға жаным, бармысың?
Әлқисса, Балайым: «Сені зынданға салып, азап көрсетті. Біз мұнды болдық. Жалғыз ағам, бармысың?» – деп жылады. Бұл сөзді терең зындан түбінде жатқан Ғауаз естіп, сіңлісінің зарына шыдай алмай, былай деді:
– Жалбарынам бір жаратқан Құдаға.
Көз жасынды, қайран сіңлім, бұлама.
Іздеп келген айналайын қарындас,
Көз жасыңнан ағаң болсын садаға.
Батыр жігіт шын майданда толғансын,
Жаудың қолы кісенменен байлансын. 2270. «Жыламашы: «Ағажан!»– деп, Балайым,
Көз жасыңнан мендей ағаң айналсын!
Мінуші едім майданда мен қызылды,
Сені көріп, мұнды көңіл бұзылды.
«Ағажан!»– деп, егілмеші, бауырым,
Жүрегіме салып қасірет – ізіңді.
«Адам басы – Алла добы»,– деген рас,
Құдай салса, не көрмейді ғаріп бас.
«Ағажан!»– деп, жылай берме, Балайым,
Көңіліңде дерт, жасыңда қан аралас. 2280. Бұзылған жоқ әлі менің сияғым,
Майрылған жоқ болат біткен тұяғым,.
Келдің бүгін, енді іздеп келмеші,
Көз жасыңнан айналайын, шырағым!
Жүрегіме түсті менің уайым,
Медет берсін пендесіне Құдайым.
Бүгін келдің, бүгіннен соң келмеші,
Дәл бойыңнан айналайын, Балайым!
Бұл кәпірлер өкімдігін білдірді,
Жүрегімді алмаспенен тілдірді. 2290. Бүгіннен соң келмей-ақ қой, Балайым,
Кәпір иттер тал белімді сындырды.
Молда алар қолға дәуіт-қаламды,
Жүрегіме салдырмашы жараңды.
Көреміз бе, көрмейміз бе дидарын,
Мұңлы, ғаріп анамызға сәлем де!
Ашуланып қарағам жоқ бетіне,
Иә, болмаса, сөйлегем жоқ лепіре.
«Сәлем!»– дегін жалғыз мұңды анама,
Риза болсын маған берген сүтіне. 2300. Күндіз-түні ол да боздап қайғырар,
Арман болып, қанатынан қайрылар.
Сәлем айтшы жан анама, Балайым,
Сегіз күннен Ғауазынан айрылар!
Жақсы адам жақсы болар жасында,
Ібіліс, шайтан – ер жігіттің қасы да.
Сегіз күннен бір көрерсің ағаңды,
Мұңды болған дар ағаштың қасында.
һауадақ көлге салып едім құсымды,
Кешер Құдай күнә қылған ісімді. 2310. Енді қайтып бұл дүниеде көру жоқ,
Көріскенше, мұңды сіңлім, қош енді!
Әлқисса, Балайым ағасының бұл сөзін естіген соң ботадай боздап үйіне қайтты. Ғауазхан зындан түбінде көңілін дерт басып, жолбарыстай ыңыранып, жүрегі өртеніп жата берді. *** Әлқисса, енді Көрұғлына келейік: Көрұғлы Ғауазхаи кеткен соң ешкіммен сөйлеспей, қырық жігітпен жата берді. Бұл екі арада бір ай өтіп кетті. Жәмбіл ордасында Ағажүніс пері: «Менің қозым – Ғауазхан!» – деп, күні-түні зар илеп, еңірейтін еді. Мұның даусына аспан да үн қосып, күңіренгендей еді Ғауазханды сондай іздеді. Өйткені, «Мынау – Ғауазханның жүрген жері, басқан ізі»,– деп, айтса, Көрұғлымен екеуі қырық мың ділдаға сатып алатын еді. Сол жердің топырағын көзге сүртетін еді...
Осылай етіп, арада отыз күн өтіп кектті....
Бір күні Көрүғлы қырық жігітін оятып:
– Ей, қырық жігіт! Біз осы жерде жатып: «Ғауазхан! Ғауазхан!» – деп, қырыламыз ба? Тұрыңдар! Атқа мінелік, һауадақ көліне барып, құс салып, дабыл қағып, сейіл құрып, көңілімізді көтерелік! – деп, қырық жігітке қарап, былай деді:
– Қырық жігіт, Жауға айтпа сырыңды!
Дұспаныңа көрсетіңдер қырыңды.
Бір сөзім бар сендерге де айтатын:
Бәріңіз де көк бедеуге мініңдер!
Айтпаңыздар іште сырды жау-жатқа!
Қаларсыңдар түбі бір күн ұятқа.
Тұрыңыздар бәріңіз де, жігіттер,
Қайраттанып,. арғымаққа мініңдер!
2320. Жау-дұспанды «ел» демеңдер, кесір-ді.
«Ел»,– десеңдер, жау мерейін өсірді.
Тұрыңыздар бәрің-дағы, қырық жігіт!
Жігерленіп, бедеу көкке мініңдер!
Айтқан сөзім ел-жұртыма жайылды,
Дұспан бетін қаймықтырып, қайырды.
Тартыңыздар атқа бекем айылды,
Айбаттанып арғымаққа мініңдер!
Ел қыдырғанбәрін көзбен көрер-ді.
Шығарамын енді мен де өнерді. 2330. Алтын ділда ерлеріңді ерттендер!
Жігерленіп көк бедеуге мініңдер!
Дұспаныңа көрсетіңдер ерлікті,
Жауға шауып, білдіріңдер зорлықты.
Атқа салып алтындатқан терлікті,
Қырық жігіт, енді атқа мініңдер!
Айыл тартып арғымақтың беліне,
Бір шабыңдар айбаттанып жеріне.
Жүріңіздер шалқар һауадақ көліне,
Қырық жігіт, жүйрік атқа мініңдер!
Әлқисса, Көрұғлының бұл сөзін естігеннен кейін қырық жігіт атқа мініп, Көрұғлының артынан еріп, Жәмбілдің қақпасынан шықты. Көрұғлы һауадақ көліне барғаннан кейін Ғауазхан жүрген жерлерді көріп, тағы да көңлі бұзылды. Әрқайсысы қара жерді құшақтап, зар еңіреп жылап, Жәмбілге қайтып келетін еді. Бір уақытта Күржістан жағынан келе жатқан көп саудагерді көріп, Көрұғлы сұлтан:
– Ей, жігіттер! Осы керуендерге жолығалық. Зектін алалық. Ғауазханнан хабар сұралық, – деп, саудагерлердің алдынан шығып:
– Қайдан келе жатырсыздар?.. Қайда барасыздар?.. – деп сұрады. Әрі Ғауазханнан хабар сұрады.
Сонда Көрұғлы былай деді: 2340. – Көрұғлы деп бізді айтады, білесіз,
Ей, керуендер, қайсы жаққа жүресіз?
Мен сұраймын, керуендер, сіздерден:
Қайсы жақтан сапар шегіп келесіз?
Сөз естіңіз біздей бектің тілінен,
Шаршағансыз Бадбақыт шөлінен.
Сіздерден мен сұраймын, керуендер:
Келесіздер қайсы ханның елінен?
Балдан артық, тыңдасаңдар, сөзім бар,
Жолға қарап телміргендей көзім бар. 2350. Білсеңіздер, жауап берші, жарандар,
Сұрайтұғын сіздерден бір сөзім бар.
Ей, керуендер, естіңіз зарымды,
Кайғы-дерттен жүрегіміз жалын-ды.
Айрылдым, мен арманда, жарандар.
Білесіз бе Ғауаздайын жанымды?
Тұрып еді Жәмбілбелдің елінде,
Өсіп еді, бекзада еді жерімде.
Айрылдым, мен арманда, керуендер,
Қайғыменен қабырғамыз сөгілді. 2360. Жетегінде қатар-қатар нар ма екен?
Нарларында зер қадаған сән бе екен?
Кетіп еді Ғауаз ұлан Жәмбілден,
Хұнхар ханда Ғауаз сұлтан бар ма екен?!
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан:
«Ей, керуен басы! Ғауаз ұланнан хабар білсеңіз, айтыңыз. Ол Хұнхар патшаға барды ма? Не болып жүр екен?» – деп сұрады. Сонда керуен басы бұл сөзді естіп, Көрұғлы ханға Күржістан елінде не болып жатқанын, қандай уақиғалар болғанын, өзінің естігендерін айтып берді:
– Ойласақ бір, бұл дүние пәни екен,
Адам жаны – Алла мүлкі, малы екен.
Естігенді бір бір саған айтайын::
Құлақ салып, тыңда мұны, хан ием!
Бұл дүниенің мал, жиһазы жалған-ды,
Олардан да пәни дүние қалған-ды. 2370. Ғауазыңнан енді хабар айтамын:
Бал Ғауазың Күржістанға барған-ды.
Ер басына түсер әрбір ғаламат.
Жақсыларға болар түрлі саламат.
Көргенімді енді сізге сөйлейін:
Ғауаз барды Күржістанға саламат.
Күржістанға Жәмбілбелден барды да,
Көп адамды қапалыққа салды да,
Күржістанға Ғауаз ұлың барған соң,
Сұлтан болды патшасының алдында. 2380. Ғауазханды ол да жақсы көреді,
Қырық күн той жасап, елі күледі...
Той өткен соң Хұхар патша Ғауаздан
Еліндегі жақсыларды сұрады.
«Бақшаларда таза гүлдер тердің,– деп,–
Жас болсаң да, көп жерлерді көрдің,– деп.–
Дін жақсысы қайсы жерде болады? –
Сұрады ол: – Бұған жауап бергін», – деп.
Жанындағы адам білер мініңді,
Сауық-сайран өткізесің күніңді. 2390. Намысыңды сырттан жыртып, Бал Ғауаз,
Көп мақтады еліңді де, дінінді.
Алтын шапқан, алтын жапқан ноқта-ды.
Ғауаз сөйлеп, Хұнхар паиша тоқтады.
Қырық жігіт пен өзіңізді көтеріп,
Ғауаз сені тамашалап, мақтады.
Көп дұспандар не демейді сыртыңнан,
Бір сөзбенен Ғауаз кетті жұртыңнан.
Хұнхар ханның алдына келіп бал Ғауаз,
Көп мақтады ел-жұртыңды сыртынан. 2400. Сонда Хұнхар екі көзі жайнады,
Ашуланды, қаһарынан таймады.
Терең зындан, бір құдыққа салды да,
Екі қолын бұғаумен байлады.
«Құлаққа ілмен енді айтқан сөзіңді,
Оярмын,— деп,— екі шұғыла көзінді.
Дегеніңнен қайпасаң сен, Ғауазхан,
Өлтірем»,– деп, Бал Ғауаздай қозыңды.
Әлқисса, керуен басы:
«Ей, қырық жігіт, уа, Көрұғлы! Ғауазхан зынданға сендерді мақтаймын деп жатыр. Енді сегіз күнде өлтіреді. Енді бармасаңдар, ол сегіз күнде өлтірілмек. Егер де Ғауазхан өліп қалса, оның қөз жасы сендердің мойныңда, екі қолы жағаңда болады», – деді. Әлқисса, Ғауазханның бұл хабарын естіп, Көрұғлы сұлтан ботадай боздап, інгендей еңіреді. Сонда Көрұғлы: «Ей, қырық жігіт! Ғауазхан біз үшін зынданда жатыр. Егер де біз оны іздеп барып, айырып алмасақ, бұл іс қатындардың жұмысы болар», – деп, Жәмбілге қайтып, қару-жарақтарын сайлап, сауыт, қалқандарын байлап, арғымақтарына мініп, Ғауазханды іздеп Күржістанға қарай жөнелді.
Дәптер деген – жазған хаттар.
Жер күңірентіп саясаттар,
2410. «Алла!»– деп, бектер жөнеді...
Күржістанға қойып бетті,
Көзден бір-бір жасын төкті.
«Алла!»– деп, бектер жөнеді...
Көрұғлы бас болып,
Кіреуке сауыт бөктеріп,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді.
Арындатып атын мініп,
Қамқа тонды, бөркін киіп,
Хорезмді басып өтіп, 2420. «Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Қалқандары жарқ-жұрқ етіп,
Найза-қылыш сарт-сұрт етіп,
Арғымақтар алас ұрып,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Ауыздығын бедеу шайнап,
Жігіттері етіп қайрат,
Көрұғлы бек бас болып,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді.
Аттарында зерлі мәуіт, 2430. Жарқылдаған құрал-сауыт.
Жер қазылып апандай боп,
Атқа шауьш ауық-ауық,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Қайраттары оттай жайнап,
Көргендердің іші қайнап,
Арғымақтар арын қағып,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Алмас қылыш белдерінде,
Айбаттанып елдерінде, 2440. Бадбақыттың шөлдеріне,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Түн болғанда, санап жұлдыз,
Сапар шегіп және күндіз,
Кейде лек-лек, кейде жалғыз,
«Алла!»– деп, бектер жөнеді!
Сегіз күндей шеру тартып,
Сауыт-сайман, қалқан артып,
Келіп жетті Бадбақытқа,
«Алла!»– деп бектер жетеді.
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан осы жүргеннен сегіз күн жүріп, сегіз күн дегенде, Бадбақыттың тауына келді. Осы тауға келіп, жатты. Таңертең тұрғанда, Көрұғлы сұлтан Ғауазды сағынып, көз жасын көлдей қып төгіп, қырық жігіттің алдына түсіп, жөней берді... Сол уақытта Көрұғлы сұлтан қырық жігітке Хасенханды бас қылып, өзі Күржістанға қарап, қырық жігітке былай деді: 2450. – Іс болмайды бір Құдайдан бейпарман.
Алдымызда көрінеді Күржістан.
Құлақ салып, қырық жігіт, тыңдаңыз,
Сізге қарап, сөз айтады Хасенхан.
Кейін қалды Жәмбілбелдей жеріміз,
Бұл жерлерің – Бадбақыттың шөліміз.
Алдымызда кәпір елі қаптаған,
Қырық жігіт, көзіңді ашып, көріңіз!
Кәпірлерге тарттырыңдар заһарды!
Көзіңді ашып, қырық жігіт, қаралы. 2460. Қараңыздар алдыңызға, қырық жігіт,
Алдымызда Күржістанның шәһәрі.
Біз келеміз Ғауазханға болып зар,
Ғауазханға бәріміз де шын құмар.
Жолбарыстай қайратқа мін, жігіттер!
Алдымызда кәпір елі бұлдырар.
Ойран болсын кәпірлердің қаласы,
Талқандалсын тауы, қыры, даласы.
Көріңіздер, Бал Ғауазды дарға асып,
Өлтірмекші олар, сірә, шамасы. 2470. Арындатып арғымақты желдіріп,
Жау-дұспанды айтқанға көңдіріп,
Талқандалық дардың нағыз қасында,
Кәпірлердің қанын судай сел қылып.
Кәпірлерге ақыр заман салалық,
Басын кесіп, ерегіссе, шабалық.
Ғауазханды құтқарып дар ағаштан,
Кел, жігіттер, қарсы шауып баралық!
Аттың басын жау-дұспанға бұралық,
Кәпірлердің күшін де бір сыналық. 2480. Қылыштарды жарқылдатып, айбатпен,
Бірін қоймай, дұспандарды қыралық.
Жау жеңіліп, өзі бізге ел болар,
Аққан қаны дұспандардың сел болар.
Дар ағашы быт-шыт болып, кәпірге
Естен кетпес бір қиямет күн болар.
Әлқисса, ... қырық жігіттің арасында Төлек деген жігіт бар еді, ол Қандағардағы тәжік еді, Ғауазханның айдай жүзіне, құралайдай көзіне, шекердей сөзіне ғашық болыр келіп, Көрұғлына нөкер болып жүр еді. Бірақ Ғауаз кеткеннен бері Төлек батыр да қайғыда болатын. Бірақ Көрұғлы сұлтан Күржістанға аттанарда оның қырық жігітке ермей, қалғысы келді. Қалайын десе, Көрұғлыдан қорқып, қалмайын десе, және қорқып еді. Көрұғлының бұл сөзін естігеннен кейін қорқып, қалтырап, нөкер болмаймын деп, былай деді:
Сыпайылық қылмайын.
Берген атыңды мінбеймін.
Саған нөкер болмаймын.
Тамғыңды жемеймін.
2490. Берген малың өзің ал.
Қара шайды ішпеймін.
Бидайыңды өзің ал.
Саған нөкер болмаймын.
Он бір пұт берген арпаңды
Өзің-ақ ал, Хасенхан.
Енді нөкер болмаймын.
Атым – Төлек батырмын.
Шығарда берген ақшаңды
Өзің ал. Нөкер болмаймын. 2500. Алдымызда көптеген жау.
Маған бердің жалғыз бедеу.
Ол бедеудің өзі – анау.
Жаудан өлер жайым жоқ.
Енді нөкер болмаймын.
Өзі асау, еті арық.
Мінем десем, тулайды кеп.
Жау қолынан өлерім жоқ.
Енді нөкер болмаймын.
Артта жылап анам қалды. 2510. Тағы бала-шағам қалды.
Енді жүрер жайым жоқ,
Атыңды өзің ал.
Жауға қарсы барыңдар.
Енді нөкер болмаймын.
Үйімде бар екі тазым
Және он бір ала қазым.
Өзім үшін асырадым.
Енді нөкер болмаймын.
Адыра қалды жиған малым. 2520. Жылап қалды сүйген жарым.
Бұл сөздерді саған айтам.
Енді нөкер бола алмаймын.
Әлқисса, Төлек шаһардың қарасы көрінгеннен кейін қорқып, атынан түсті. Хасенхан қылышын суырып алып, Төлек батырға қарап, былай деді:
Батыр Хасен – менің өзім.
Талай майдан көрді көзім.
Бері қара, батыр Төлек.
Тыңда менің айтқан сөзім.
Түстік біздер мұндай күйге.
«Қалар,– деген,– жаман үйде».
Сандалмаңыз, батыр Төлек,
2530. Сөздеріңді байқап сөйле.
Желігіңді басармын мен.
Қаның судай шашармын мен.
Жаның бізден артық па еді?
Тұрасың ба қашанғы сен?
Зорлығымды білдірермін.
Жүрегіңді тілдірермін.
Ат-тоныңды сыпырып ап,
Жұрт алдында күлдірермін.
Тез жүр, қанға боялмастан, 2540. Қанға жерік тоя алмастан.
Тауығыңды не деп айттың,
Қырық жігіттен ұялмастан.
Көбейттің бе алтыныңды?
Сөз сөйлейсің шарпуынды.
Сірә, өзге де қатын жоқ па,
Не деп айттың қатыныңды?
Кім үйретті бұл ісіңді,
Сондай оңбас жұмысыңды?
Өлдің; Төлек, енді қолдан. 2550. Көресің бе қылышымды?
Әлқисса, Хасенханнан бұл сөзді естігеннен кейін Төлек қорыққанан атқа мінді. «Тақсыр төрем, тәуба қылдым. Айтқан сөзімнен қайттым»,– деді. Жігіттермен бірге жүрген болып, Жәмбілге қашуға ойланып, қырық жігіттің ең соңынан еріп, қалай қашудың жолын көздеді. Сонда Хасенхан мұның арам ойын біліп, қасына келді де, Төлектің атына қамшы басты. Қамшы батқан ат Төлекті алып қашып, шаһарға қарай жөнеді. Төлек атоын тоқтат алмай, ақырында қорыққанынан қолындағы найзасын тастап, екі қолымен аттың жалынан ұстап, атына қарап, былай деді:
– Бұл ел қайда өлетін?
Бетімнен кетті ұятым.
Жаным-күнім, айналайын,
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
Өлгенміше ұмытпайын,
Атым менің,
Күн мен айым,
Бір жақсылық етіңізші,
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
2560. Өле өлгенше ұмытпайын,
Кекіліңнен айналайын,
Тоқта енді, жануарым,
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
Аз болды ма берген жемім,
Әлде жаман әбзелің?
Азырақ бір алшы демің.
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
Жығылып, өлсем, қайтер едің?
Жазығым жоқ саған менің, 2570. Жануарым, сандал керім.
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
«Төлек» дейді менің атым.
Жануарым, қолқанатым,
Тәк-тәк, өзбек сұр атым.
Әлқисса, Төлек бұл сөзді айтып бара жатыр еді. Хасенхан: «Бұл біреуге соқтығар»,– деп, тоқтатты.
Әлқисса, Көрұғлы жігіттерді бір жерге жинады да:
– Ей, жігіттер! Сіздер найзаны бір жерге қойыңдар да, қылышты іштеріңе байлап, екеу-екеуден қақпадан кіріңдер және базаршы болып кірелік. Мені оң жақ қақпадан табарсындар! – деді. Көрұғлы хан мен Хасанхан екеуі бір қақпадан кіріп, қырық жігіт бір жақтан кіріп, даярланып тұрды.
Хұнхар ханның бұл күні Ғауазды дарға асатын күні еді. Өзі алтындаған тақтының үстінде отырып, дардың қасында айбаттанып, барлық әскербасылары, нөкерлері қасында еді. Бұлар Ғауазханның мұрнын кесіп, өзін дарға аспақшы болды. Сөйтіп, Ғауазханды мойнына арқаннан байлап, қыл дұзақ салып, екі көзін байлап, дар ағаштың түбіне алып келді. Сол арада Көрұғлы, қырық жігіт мұны көріп, шыдай алмай, атының басын зорға тоқтатты. Көздерінен моншақтап жасын төгіп жіберді. Ғауазханды жендеттер Хұнхар патшаның алдына алып келіп еді. Хұнхар хан: – Ей, шырағым, Ғауазхан! Әлі де болса, ол дінен безіп, өзіміздің дінге кір. Біздің дінімізге кіріп, менің айтқанымды тыңдасаң, мен саған Күржістан шаһарын беріп, не айтқаныңды істейін, мақсатыңа жеткізейін,– дейді.
Сонда Хұнхар хан Ғауазға былай деді:
– Аман болсын ұзақ жылдар шыбын жан,
Не қылса да, құдіретті Жаратқан.
Бір сөзім бар енді саған айтатын:
Құлақ салып, тыңда мені, Ғауазхан.
Бүгіннен соң көре алмассың жүзімді.
2580. Көзім қимас сендей көпей қозымды.
Тал бойыңнан айналайын, Ғауазхан,
Құлақ салып, тыңда менің сөзімді.
Қайтып келдің асқар, асу беліңнен,
Көрұғлының билеп, өскен елінен.
Өлгенімше саған риза болайын,
Қайт, Ғауазхан, енді өзің дініңнен.
Солдырмашы бақшадағы гүлімді.
Алшы, қалқам, менің айтқан тілімді.
Көрұғлының діндерінен қайта көр, 2590. Бердім саған Күржістандай елімді.
Жау-дұспанға салармыз біз қаһарды,
Аждаһаның татқызармыз заһарын.
Көрұғлының дінінен қайт, Ғауазхан.
Саған берем Күржістанның шаһарын.
Құдай берсін пендесіне бақытты.
Берем саған алтындаған тақытты.
Қайтар болсаң Көрұғлының дінінен,
Боласың сен, Ғауазжаным, бақытты.
Молда оқыр жазған дәптер, хатымды. 2600. Ханзадамыз, білсең асыл затымды.
Көрұғлының дінінен қайт, Ғауазхан,
Берем саған салтанатты атымды.
Тыңда, Ғауаз, менің айтқан сөзімді.
Таба қылма дос-дұспанға өзіңді.
Егер діннен қайтар болсаң, Ғауазхан,
Саған берем Гүлнаһардай қызымды.
Әлқисса, Хұнхар хан:
Жалынсам да, діннен қайтпайсың. Саған не болған?– деді.
Сонда Ғауазхан бұл сөздерді естіп, шыдай алмай, Хұнхар ханға былай деді:
– Дүниеде бар ма екен бір мендей жан?
Мұңды қылған бізді-дағы Жаратқан.
Мен айтайын, құлағың сал сөзіме,
2610. Көңілдегі сөздеріме, Хұнхар хан.
Жем болмасын дұспандарға мүлкің, мал.
Бұл сөзімді тыңдасаңыз шырын, бал.
Арманым көп, шерім күшті ішімде.
Бұл сөзіме, Хұнхар патша, құлақ сал.
Әдейі іздеп келдім Жәмбіл белінен,
Айдын көлді Көрұғлының жерінен.
Басқа сөзің болса, қабыл етейін.
Неге қайтсын Көрұғлының дінінен?
Алла болар пендесіне мейірбан, 2620. Кеудемізде тұрғанында шыбын жан.
Өлтіресің. Өлтіре гөр, күн бітсе.
Лә ила һа елла Алла! Мен – мұсылман.
Диқандардың жүрер жері сайда екен.
Саудагердің іздегені пайда екен.
Өлтірсең, өлтір, сірә, аяма.
Лә ила һа! Мұндай өлім қайда екен?
Мұңды болып, көзден ақты қанды жас.
Қанды жасқа қосылды жас аралас.
Мұсылманмын. Лә ила Һа, елла Алла! 2630. Өлтір мені, діннен безген қызылбас.
Хұнхар ханға қыла алмаспыз біз назы.
Мақшар күні құрылады таразы.
Лә ила һа, елла Алла! Мен – мұсылман.
Қияметте Құдай болар ол қазы.
Аямашы, не іс келсе қолыңнан.
Ешбір пайда көре алмадым жолымнан.
Қайтар болсаң, өзің бір қайт дініңнен.
Қайт, кәпір-ау, өзің дозақ жолыңнан.
Әлқисса, Ғауазхан:
– Ей, Хұнхар патша! Өзің Көрұғлының дініне кір! Бұл дінмен өліп кетсең, пайғамбарға дұспан болып өлерсің. Өліп кетсең, жаның тамұқта болар. Бұл дінмен өтсең, кәпір боасың, – деді.
Әлқисса, Ғауазханның бұл сөзін естігеннен кейін Хұнхар патша ашуланып: – Өз күнәң өзіңде,– деп, жендеттерін шақырып алып, Ғауазханды дарға астырмақшы болды. Ғауазханның Балайым деген жеті жасар сіңлісі бар еді. Зар жылап, ботадай боздап келіп, ағасының мойнынан құшақтап:
– Өле өлгенше Көрұғлының дінінен қайтпа!– деді.
Сөйтіп, Балайым былай деді:
– Құдіретті Жаратқаным, Жаппарым,
Алла Құдай – пендечсінің тапқаны.
Ішімдегі сөзімді бір айтайын:
Ағажаным, саған айтар бар зарым.
Құдіретті Жаратқаным, Жаппарым,
2640. Алла Құдай – пендечсінің тапқаны.
Ішімдегі сөзімді бір айтайын:
Ағажаным, саған айтар бар зарым.
Жас орнына көзден ақты қызыл қан.
Іс болмайды Құдіреттен бейпарман.
Ішімдегі сөзімді бір айтайын:
Құлақ салып, тыңда мені, ағажан.
Неге келдің Көрұғлының елінен,
Өзің билеп, қызық көрген жеріңнен?
Әзер болса, бұл кәпірлер өлтірер, 2650. Қайтпа, ағажан, Көрұғлының дінінен.
Қаза жетсе, пендесі де өлмей ме?
Бақшадағы қызыл гүлдер солмай ма?
Әзер болса, бұл кәпірлер өлтірер
Сендей жігіт әрқашан да өлмей ме?
Құлақ салып, тыңда мені, жан аға.
Жаным болсын көз жасыңа садаға!
Бұл дініңнен қайтамын деп, ағажан,
Бір Құдайға күнә жасау бола ма?
Жүрекке дерт, түсті қайғы. Зарымды, 2660. Көзден аққан көресің бе қанымды?
Не деп жүзін көресің Пайғамбарыңды?
Түн де, күн де тарттым мен қайғы-зар.
Мейірім етер, жалғыз Алла бізге жар.
Діннен қайтып, кәпір болсаң, ағажан,
Не еді саған достың – шаһариар?
Мейірім етсін бізді Алла жаратқан,
Қияметте құтқаратын дозақтан.
Мені-дағы бірге өлтірсін, ағажан.
Лә ила Һа, елла Алла! Мен – мұсылман.
Әлқисса, Балайым бұл сөзді айтып: – Лә ила һа, елла Алла, Мұхаммед Расул Алла!– деп, мұсылман болды. Көрұғлы сұлтан мен қырық жігіт Ғауазханның жеті жасар сіңлісінің дінге кіргеніне көңлі бұзылып, есіркеп, жылайтын еді. Бірақ сол кезде Ғауазханның анасы ұлын дар ағаштың түбінде көріп, қызының мұсылман болғанын көріп: «Өлсем, осылармен бірге өлейін!– деп.– Лә ила Һа, елла Алла, Мұхаммед Расул Алла!»– деп, бұ да мұсылман болды. Жер жүзіндегі әулие-әнбиелерді айтып, медет тіледі. Сөйтіп, өксіп-өксіп жылап, былай деді: 2670. – Таза гүлдер солмасын,
Пенде мендей болмасын.
Айналайын Жаратқан,
Қозым текке өлмесін!
Жаратқаным,, құлақ сал,
Мен өзіңе ынтызар.
Айналайын, Жаратқан,
Менің қозым өлмесін!
Сенен басқа кімім бар?
Бір өзіңе еттім зар, 2680. Айналайын атыңнан,
Менің қозым өлмесін!..
Қорлық көрдім кәпірден.
Алысқандай кәпірмен
Медет қылшы, Мұхаммед!
Қозым менің өлмесін!
Уа, Жасаған! Тарттым зар.
Мәдет қылшы, Шаһариар!
Кәпірлерге болып қор,
Менің қозым өлмесін!.. 2690. Жас аралас қызыл қан,
Қызым да болар жан құрбан.
Пірім – Шахимардан,
Менің қозым өлмесін!
Жыладым мен күні-түн.
Шықты ауыздан жалынды үн.
Айналайын, Қырық Шілтен,
Менің қозым өлмесін!
Бір Жасаған – себепкер,
Зар иледім, медет бер! 2700. Ғаусы ағзам – піріміз,
Менің қозым өлмесін!
Қиямет түсті басыма,
Етегім толды жасыма.
Жасағаным, мейір қыл,
Менің қозым өлмесін!
Хұнхар ханның жері еді,
«Кәпір елі»,– дер еді.
Көрұғлыдан хабар жоқ.
Олар қайдан біледі?.. 2710. Менің қозым өлмесін!
Ботадайын боздаймын,
Іште дертті қозғаймын,
Көрұғлының ата пірі,
Менің қозым өлмесін!
Тілегімді беріңіз,
Тілек берер күніңіз.
Енді медет қылыңыз,
Менің қозым өлмесін!
Әлқисса, Көрұғлы мен қырық жігіт Ғауазханның анасының бұл сөзін естіп, арыстандай толғанып, жылап, ат жалына сүйенер еді. Әлқисса, Хұнхар патша Ғауазға, Ғауаздың сіңлісіне, Ғауаздың шешесіне ашуланып: «Тартыңдар бұларды дар ағашына!» – деді. Сонда Ғауазхан шынымен өлетінін сезген соң, жүрегі қарс айрылып, сіңлісіне былай деді:
– Солды менің, реңім кетіп, сияғым,
2720. Қайрылды қанат-құйрық, қияғым.
Ішімдегі дертімді бір айтайын:
Құлақ салып, тыңда мұны, шырағым!
Жаратқаным аман қылсын басыңды,
Тамағымнан іше алмадым асымды.
Ботадайын боздап қалған, шырағым,
«Ағажан!»– деп, төкпе көзден жасыңды.
Жалынып сен, жалбарынш: «Құда!– деп.–
Шыбын жаным Жаратқанға пида!»– деп,
Жүрегімді өртейді, жан сіңлім-ау, 2730. Жылағаның: «Бауыр, туған аға!» – деп.
Жендеттер тұр барлығы да қасымда,
Түскен екен мұндай қайғы басыма.
Құлағың сал, қайран сіңлім, бауырым,
Арман қылып өз-өзіңнен жасыма!
Құлағың сал менің айтқан сөзіме,
«Өлемін!»– деп, белді будым, өзіме.
Бала қылып бағып еді Көрұғлы.
Не себептен көрінбейді көзіме?!
Уа, дариға! Оның қадірін білмедім. 2740. Сейіл құрып сонда неге жүрмедім?
Дар қасында жылап балаң тұрғанда,
Қырық жігіт, Көрұғлы, келмедің...
«Сенің үшін сарғаяды жүзім. – деп, –
Төрт болады күте-күте көзім», – деп,
Келсе егер Көрұғлы бұл жерге,
Ат қояр ед дұспанына: «Қозым!» – деп.
Көзім тойып қарамадым жүзіңе,
Қана алмадым шекердейін сөзіңе.
Жан-жағыңа қарашы бір, сіңлім-ау. 2750. Көрінбей ме Көрұғлы көзіңе?..
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөзді естіп, бұрынғысынан да қатты жылады. Сонда Ғауазханның сіңлісі жан-жаққа қарап, көзінің жасын сүртті. Сол уақытта Ғиратты ойнақтатып, жолбарыстай айбаттанып, арыстандай қайраттанып тұрған Көрұғлы сұлтанды көріп, Хасензан мен қырық жігіттің де сәулетті тұрғанын көріп: «Көрұғлы болса, осы болар»,– деп, бұлардың кескінін, келбетін айтып, Балайым Ғауазханға былай деді:
– Арыстанның айбынындай әулеті,
Жолбарыстың айдынындай сәулеті.
Ақ сақалды, алтын жыға, Ғиратты,
«Уа, балам!» – деп, жылап тұрған кім екен?
Бір нәрсені терең шолып көздеген,
Әлденені күткендей-ақ іздеген,
Басындағы алтын жыға, кер бедеу.
«Уа, ботам!»– деп, еңіреп тұрған кім екен?
Құлағың сал бұл сөзіме, ағажан,
2760. Саған жылап тұр ғой ол бір жан.
Астындағы кер атымен, айбатты,
«Уа, інім!»– деп жылап тұрған кім екен?
Сұңқар құсы шарықтайды қияда,
Дәл айбыны періштеден зияда,
Өзі ғажап, өзі зипа бір жігіт,
Бедеу атты, дауылпазды кім екен?
Жүрегінен қайғы-дертін қозғайды,
«Уа, ботам!»– деп, саған қарап боздайды.
Өзі ғажап, жүзінен нұр көрінген, 2770. Бедеу атты, дауылпазды кім екен? Әлқисса, Ғауазхан бұл сөзді естіп болғанша шыдамай, Ғираттың атын естіген соң: «Бұл рас айтып тұр ма екен?»– деп, кәпірлерге бюілдірмей тұрды. Біраздан соң:
- Ей, жарандар! Мен бұл жарық дүниеден кетіп барамын. Не де болса, менің көзімдегі байлауымды шешіңдер, жарық дүниені бір көріп қалайын,— деді.
Кәпірлер: «Мақұл»,- деп, Ғауазханның байлауын шешті. Сонда Ғауазхан көзін ашып, ол жақ, бұл жаққа қарап, Көрұғлы мен қырық жігітті көріп, қуанғаннан жүрегі жарылғандай болып, кәпірлерге қарап:
– Жылайын мен зар-зар.
Көзден жасым тамшылар.
Бар тапқаның, Хұнхар-ау,
Я, сенікі, я, менікі!
Я сенікі, я менікі!
Сөз сөйлейді қызыл тіл,
Бақшадағы қызыл гүл.
Күржістандай қалың ел
Я сенікі, я менікі!
2780. Басыма салдың қаһарды,
Көрсетпедің баһарды,
Осы тұрған шаһар–ды.
Я сенікі, я меиікі!
Үстем болсын сенің бақытың,
Астыңдағы алтын тақтың.
Күржістандай қалың елің
Я сенікі, я менікі!
Кім есітер сенің зарың,
Қатарлаған барлық нарың. 2790. Мынау тұрған ділдаларың
Я сенікі, я менікі!
Дәптердегі хаттарың,
Астыңдағы аттарың,
Барлық мүлік, салтанатың
Я сенікі, я менікі!
Тыңда менің айтқан сөзім.
Сарғаяды бір қызыл жүзің.
Гүлнаһардай сұлу қызың
Я сенікі, я менікі. 2800. Жалын болып, уайымдадың.
Сөз де бітпес, қайымдадым.
Ордадағы айымдарың
Я сенікі, я менікі!
Әлқисса, Хұнхар патша Ғауаз ұланның бұл сөзін естіп, ашуы келіп: «Мұны неге осы уақытқа дейін тірі қоясыңдар? Өлтіріңдер, сойыңдар!» – деп, қаһарланған болды. Сонда кәпірлер дарға арқан тастап, Ғауазды аспақшы болды. Сонда Хасенхан: «Біз бүйтіп тұра берсек, Ғауазхан өліп қалмай ма? Алтын дабылды тезірек қақсаңызшы», – деп, былай деді:
Жас орнына көзден ағып қызыл қан,
Дар түбінде зар жылайды Ғауазхан: –
Бүйте берсек, Ғауаз балаң өлмей ме,
Тұрамысың осы жерде, атажан?!
Бақта ашылған таза гүлдер солмай ма,
Ғауазыңның пайманасы толмай ма?
2810. Бата берші бізге енді, атажан.
Бүйте берсең, Бал Ғауазың өлмей ме?
Көп іздеген мақсатыңыз табылды,
Қырық жігіт бөрі-дағы қапыл-ды.
Тұрамысың енді қарап, атажан?
Ертерек ұр алтын ділда дабылды.
Құлаққа ал біздің айтқан сөздерді,
Төрт қылдық-ау шұғылалы көздерді.
Ақ батаңды беріп енді, атажан,
Қоя берші жауға қарсы біздерді. 2820. Ер жігіттің сәулеті де құрыш-ты,
Тамаша қыл біздің жаумен ұрысты.
Ақ батаңды енді берші, атажан,
Көрсетелік жауға қаһар, жүрісті.
Әлқисса, Көрұғлы хан бұл сөздерді естіп, Ғиратқа қамшы басып, алтын дабылды қағып, қырық жігітке қарап: «Сендер Ғауазханды құтқарыңдар, мен Хұнхарға барайын», – деп, түрікпен тілімен, жігіттерге қарап, былай деді:
– Алмас қылыш жарқылдатып,
Найзаларды сартылдатып,
Атты айбынды ойнақтатып,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Белде алтын пышақтарың, 2830. Айбынды зер шашақтарың,
Шаң ойнатып, будақтатып
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Жолбарыстай қайраттанып,
Арғымақпен айбаттанып,
Ділда қалқан, сайғақты алып.
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Арыстандай айдын көрсет, 2840. Дұспаныңа айбын көрсет,
Қашсын жаулар болып лек-лек,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Аямаңдар, кешіп жаннан,
Майдан ақсын қызыл қаннан.
Он бір жақтан,
Бес бір жақтан
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне! 2850. Сарбаздарын ұстап алып,
Кесіңдер бас, қайраттанып,
Быт-шыт болсын кәпір малғұн.
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Қала ішін бассын тұман,
Кәпірлерді қылмай аман,
Болсын бүгін ақыр заман!
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне! 2860. Қосын болар әсте-әсте,
Топтаныңдар десте-десте.
Ұрыс қыльп, майдан ашып,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Атқа мініп қырық жігіт,
Ғауазханның көңілі тынып,
Ұлы майдан, ұрыс қылып,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне! 2870. Ат қойыңдар аңқылдатып,
Қылыштарды жарқылдатып,
Қан төгіңдер дар жанында.
Бар Ғауаздың үстіне,
Мен Хұнхардың үстіне!
Ғауаз ұлан болды жетім,
Майданда бір шықсын атым,
Өлмей, қайтпа, қырық жігітім,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне! 2880. Қалтыратып тау мен тасты,
Ағызыңдар қанды жасты.
Қырып-жойып қызылбасты,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Кәпір қашсын желге ұсап,
Қандары ақсын селге ұсап,
Әр біреуің арыстандай,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне! 2890. Жүректері парша-парша,
Аяқ басып алша-алша,
Соғыс қылып қырық күнгеше,
Бар Ғауаздың үстіне,
Өзім Хұнхар үстіне!
Бұл кәпірлер әбден сассын,
Қырық жігіттің көңлі тассын.
Құлағың сал, қырық арыстан,
Бар Ғауаздың үстіне!
Мен өзім Хұнхар үстіне!
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтып, ділда алтын дабылын қағып, қырық жігітке батасын берді. Сонда қырық жігіт кәпірлердің үстіне, «Алла!»– деп, ат қойып, қырып-жойып, көздерін ойып, тірідей сойып, қандарына тойып, арыстандай ақырып, жолбарыстай жапырды. Хұнхардың іші күйді. Дабылдар қағылып, найзалар шағылып, сауыттар жарқылдап, қалқандар сартылдап, бастар жарылып, бедеулер шабылып, майдан жері өлікке сыймай кетті. Оқтар атылып, найзаны батырып, сауыттар сетіліп, қандар жұтылып, қашқаны құтылып, тұрғаны тұтылып, жорық ашылды. Көздер көріп, құлақтар естіп, аяқтар жүріп, кәпірді қырып, сазасын беріп, ұрыс болды. Сол мезгілде пірлер медет қылып, кәпірлердің барлығы қырыла бастады. Кәпірлер тамсанып, мұмылманға арауақ жар болып, кәпірлердің көбі қашуға айналды. Қырық жігіт жолбарыстай айбаттанып, жеті күндей дем алмай, ауыздарына дәм алмай, соғыс қылды. Су орнына қандар ақты. Көп кәпірлердің басы сайда қалды. Сүйектері таудай болды.. Жаудың қаны аттың үзеңгісінен келді.
Хұнхар патшаны қуып отырып, ордасына апарып тықты, Хұнхардың туын жықты. Көрұғлы сұлтан енді тұтқындарды босатып, Хұнхар патшаның ордасында сырнай, керней тартқызып той қылдырды. Күржістан елінің барлығын дінге кіргізді. Бір айдан артық жптып, Хұнхар патшамен әңгімелесіп, көңіліндегі кектерін жойды. Көрұғлы сұлтан Хұнхар патшамен құшақтасып, дос болысты. Хұнхар патша өзінің қазынасын екіге бөліп, өзіне бір бөлігін алып, бір бөлігін Көрұғлы сұлтанға берді. Бірнеше нарға жүктеді. Хұнхар Ғауазханды және қырық жігітті мейлінше сыйлап, құрмет көрсетіп, үш күндік жерге ұзатып салды. Үш күннен соң Көрғлы сұлтанмен, Ғауазхан және қырық жігітпен амандасып, еліне қайтты. Сонда Көрұғлы сұлтан Ғауазханды алып. Күржістан елі кейін қалып, өзі көңілденіп, Жәмбілбелге бет алып, жөней берді. Бұған Көрұғлының көңілі толып, дүниеден армансыз болғанына қуанып, былай жырлады: 2900. Бір Алланың айтуымен
Болдым, арманым қалмады.
Қара көрдің ішінде тудым,
Арманым қалмады!
Қара көрде кіріп жаным,
Болып ана мейірбаным.
Жеті жаста ақыл-есім кірді,
Арманым қалмады!
Бұ дүние болар пәни.
Жәмбілбелдің мен сұлтаны 2910. Біраз күндік жалғанда жүрдім,
Арманым қалмады!
Бек боп Жәмбілбелінде,
Құс шүйіп һауадақ көлінде.
Түрікпеннің жерінде
Дәурен сүрдім өмірімде,
Енді арманым қалмады!
Салтанатты айбат қылып,
Жауларыма қайрат қылып,
Алтын тақтың үстіне міндім, 2920. Арманым қалмады!
Есітіп мендей ердің сөзін,
Шалқығандай айдай жүзі.
Жиырмада Райхан қызын алдым,
Арманым жоқ.
Абат қылып осы жерді,
Отызымда кәміл пірді,
Қырық шілтен, қазіреттерді көрдім,
Арманым қалмады!
Қызмет қылып ұлы ерлерім, 2930. Ханы болдым бұл жерлердің,
Дұғасымен пірлерімнің жүрдім,
Арманым қалмады!
Жығалар бар басымда,
Пірлер қазір қасымда.
Ағажүністі қырық жасымда алдым,
Арманым қалмады!
Берекет бар ісімде,
Жүрдім қызық ішінде.
Мысқал айымды қырық бесімде 2940. Көрдім, арманым қалмады!
Мен айтайын шын сырды
Тең қылады маған пірді.
Елуімде Гүлнар періні
Алдым, арманым қалмады!
Алып неше кенттерін,
Будақтатып өрттерін.
Қызылбасты ойран қылып
Алдым, арманым қалмады!
Жерге төктім қызыл қанды, 2950. Аман кылсын Құдай жанды.
Жүз жасымда Хасенханды
Көрдім, арманым қалмады!
Іштен қуып бар арманды,
Жүз онымда Ғауазханды
Көрдім, арманым қалмады!
Күржістанның бір сазасын,
Салып басқа бір қазасын.
Қызылбастың шын жазасын
Бердім, арманым қалмады! 2960. Мұнан барып, Хұнхар ханды
Алдым, арманым қалмады.
Теріп қызыл гүлдерінен,
Күржістанның елдерінен,
Байлап-матап, тұлпарынан
Көрдім, арманым қалмады!
Оң жағымда Ғауаз балам,
Сол жағымда Хасенханым.
Опасы жоқ жалған дүние,
Сенен арманым қалмады!
Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұл сөздерді айтып, ойнап-күліп, қырық жігітімен Ғауазханды ортаға алып, өзінің ділда жығасын Ғауазханға беріп, өз қолымен кигізіп, Ғиратты, Жәмбілбелді, Текежәуміт елін Ғауазханға тапсырды. Қатарлаған нарын, қазынадағы барын Ғауазға тапсырды. Сонан соң Ғауазға Ахмет сардардың қызын алып берді... Көрұғлы сұлтан өзі дүниеден безіп, барлық үкіметін Ғауазға беріп. Жәмбілге қайтып келді. Сонда келгеннен кейін Ғауазды барлығы да көріп, қуанысып, шат болып, елдің көңлі көтерілді. Ғауазханды сұлтан қылып, барлығы да мұратына жетті.
КӨРҰҒЫЛЫ /БОЗАЙ ТУРАЛЫ/
Бұрынғы өткен заманда түрікпеннің ішінде Бозай деген ер болыпты, Бозайдың алпысқа келген анасы болыпты, жетпіс екіде бабасы болыпты, жеті жасар баласы болыпты, өзі түрікпеннің ел қорғаушысы болыпты. Бозай: «Бар, – десе, түрікпен жүгірді», «Тұр, – десе, кідірді. Көзей деген араб патшасы болыпты. Көзей деген патшаға барып, Бозай жеті жасар баласына Көзейдің жеті жасар қызын айттырып, құда болыпты. Ол Бозай елге қайтып келеді, Бозай келместен бұрын тырыспайдан ауырып әкесі, шешесі, баласы, қатыны өліпті. Ол түрікпендер: «Жұқпалы науқас», – деп, әке, шешесі, қатыны, баласын көміп, қашып кетеді. Бозай үйіне барады.
Боз ордаға келеді,
Түрікпеннің кеткенін біледі.
Бозай сонда біледі.
Түндік жабулы,
Есік түсірулі,
Туған үйін көреді.
Найзамен қайырып есікті,
Ішке қарай қарады.
Үйдің астында жатқан
Төрт моланы тауып алады.
Іші жанып барады,
Екі үлкен бейіт қатар,
Бірі кішкене, бір үлкен бейіт қатар.
Күйгеніне шыдамай кеткенде,
Әйелі екі қабат екен,
Сол моланы ақтарып қарады.
Емшегін еміп жатқан
Баланы Бозай көреді.
«Ой, айналайын, менің балам екен
Ғой, – деп тартты деп еді.
Оған бала жүрмеді.
Әке екенін білмеді,
Көтеріп қатынды алады,
Бір күн бір түн бағады,
Мұрнының ішіне
Шырпы жағып қарады.
Шырпының жалыны
Әрі шалқып барады.
«Бұл, не қылса да, талып,
Тірілер-ау», – деп, Бозай бағады.
Үш күннен соң қатынының жаны кіріп,
Бозайға көзін салады.
Бозайды танып, сөйлесіп,
Сөздеріне қанады.
Түрлі асыл тамақ беріп,
Әйелін Бозай бағады.
«Мынау – сенің әкең», – деп,
Шешесі балаға айтады.
Бозай елге хабар салады,
Түрікпенді жинап алады,
Қатыны тіріліп,
Балалы болып,
Той қылып қарады.
Алтыннан бесік істетіп,
Күмістен шүмек қойдырып,
Алтын сақа, күміс теңге,
Есігінің алдын айнадай тақыр еттіріп,
Тақырға күміс төктіріп,
Аямай малды сойдырды,
Баланың атын қойдырды.
Баланың атын, «Көрден шықты», – деп,
Көрұғлы қояды.
Ел тарап кеткен соң,
Бір кімде науқастың құрты қалып,
Бозай әйелімен екеуі тырыспай ауру болады.
Екеуі де өледі.
Түрікпендер жиылып келеді.
Малы мен дүниесін талап алады.
«Бозай тірі жүргенде
Жәбір көрсетіп еді», – деп,
Малын талап алады.
Баланы өлтіруге қимай,
Жұртқа тастап кетеді.
«Өзі өліп қалсын», – деп еді.
Сонымен жер ошақтың ішінде қалады.
Қайта айналып біреулер:
«Тұншығып өлсін», – деп,
Күлменен жабады.
Ол топырақ жапқан соң,
Аспаннан жауын жауады.
Топырағы ашылып,
Балаға сусын болады.
Байыр деген халық
Кісі жіберіп, жер қарапты.
Бозайдың жұрты шалғын болып,
Отайып, сонша қадірлі болады.
Соны Байыр кісісі көреді.
«Сонша от жер көрдім», – деп,
Ханға хабар береді.
Ол жұртқа Байырдың
Ханы көшіп келеді.
Жағалап елі бұлақтарға қонады.
Ханның тезекшісі
Бозайдың жұртына барады.
Жұртынан тезек теріп жүргенде
Баланы тауып алады.
Баланы алдына алып,
«Маған табылған балам», – деп,
Тазалап, күн кеш болғанша бағады.
Емшекті аузына салады.
Тұла бойы балқып, сүйеді.
Сүті ағып, балаға иеді.
Қараңғы түскен соң,
Үйіне барады.
Беліне таңып алады.
Толғатып, ыңқыл салады.
Ыңқылдаған дауысы
Хан құлағына барады.
Ұйықтатпай, хан мазасын алады.
Хан айтты: «Ей, бәйбіше,
Қара күңге барып кел,
Неқып жатыр сол», – деді.
Үйден шықты белсеніп,
Қара күңге баруға жиіркеніп.
Үйінің қасында кемпір бар екен.
«Ей, ене, сен баршы, – деп, –
Қара күң тыныш таппай жатыр», – деп,
Қолына шам береді.
Кемпір қара күңге барады.
– Неқып тұрсың байғұс, – деп еді.
Толғағым деп қарады –
Баланы тарт, – деп еді.
Кемпір баланы түсіреді,
«Ұл бала тапты», – деп,
Кемпір бәйбішеден сүйінші сұрады.
Кемпір жеті күндей жүреді,
Баланы емізе береді.
Сонан соң тезегін тере берді.
Хан баланың атын Табылды қояды.
Бала үш жасқа келген соң қозы бағады.
Беске келгенше қозы бақты,
Бір күні асық ойнап жатқан балаға келеді.
«Асық ойнаймын мен», – деді,
Балалар мұны көрмеді.
Бұған асық бермеді.
Бала кешке үйіне келіп:
– Шеше, маған асық тауып берсейші, – деп сөйледі.
Шешесі: «Балам, екі асық беремін мен, – деді.
Айрылып қалма сен, – деді.
Баланы тауып алғанда алтын асық күміс кенейін тауып алады екен. Соны береді. «Ей, балам, мынау – алтын асық пен күміс кенейің айрылып қалма, айрылсаң, мені көрме», – дейді.
Бала асығын алады.
Балаларға таман барады.
Барып, ойын салады.
Балалардың асығының
Бәрін ұтып алады.
Қой баққан қойшы құлдың құлағына.
«Баланың алтын асығы бар екен», – деген сөз келеді.
Қойшы құл екі жағын жонып, Асық істеп, балаға асық ойнауға келеді. «Асық ойнаймысың сен», – дейді. – Ойнасаң беремін кел», – деді. Сонда құл сөйлейді: «Тұрған алады» деген ойын бар. Сап-сарасы, қай тұрғанымыз аламыз, бұл ойынға хан талас. Қара құлмен ойнап қалады. Бір асығын қара құл ұтып алады. Қыза-қыза алтын асық, күміс кенейін салады. Мұны да ұтып алады. Өгізіне мініп алды да, құл кетіп барады. Бала жүгіріп барып: «Ағаеке, ең болмаса, асығымның біреуін бер», – деп сұрап қарайды. Оған құл бермеді. Бала құлдың жағасынан алады. «Түбінде шешемді көре алмаспын», – деп қарады. Аударып өгіздент алады. Құлдың бар асығын бала тартып алады. Сонда құл айтады. «Ей, бала, сен – Бозайдың баласысың, мен – Бозайдың жылқышысымын, – дейді. –Сені жер ошаққа тастап кетіп, талап алған ел еді. Қара күң тауып алып, бала болып жүр едің, одан туғаның жоқ. Сенің Кенжебай деген жақының бар еді. Шешеңнен рұқсат сұрап ал», – деді. –Кенжебайға бар, – деді.
Көзей деген ханда жесірің кетті,
Соны да ойыңа ал», – деді.
Бала түнде үйге барады. Шешесіне:
– Шеше мені тудың ба, тумадың ба? – деп сұрады.
– Біреу азғырды ма, ер? – деді.
Өзімнен тудың сен, – деді.
– Түбінде, шеше, шыныңды айтпасаң,
Сенен кетем мен, – деді.
Сонан соң қара күң шынын айтып жылады,
Тауып алдым мен, – деді –
Тұмасаң да, туғандай,
Етіп бақтым, – деп еңіреді,
– Онда, шеше, ақ батаңды бер, – деді.
Тума іздейін мен, – деді.
Шешесі батасын береді,
Жылап-жылап қалады.
Бала түнде кетеді,
Ағарып таңдар атқанда,
Бір елсізге жетеді.
Алты күн жүрді далада.
Бір ай бала жүреді,
Таба алмай елді келеді.
Қалың қызыл құм көреді.
Табанын болса, жер қақты,
Маңдайларын күн қақты,
Тамақтарын шөл қақты,
Өлер болып, зар қақты,
Шөлдеп өліп барадыай,
Табанының терісі,
Сындырылып қаладыай.
Тақа өлер болады-ай.
Отырып далада, жылады-ай.
Қатты жаңбыр жауады-ай.
Шөлі қанып жүріп барады-ай.
Он күн жол жүргенде
Қалың түрікпенге құлады-ай.
Бір үйден сусын ішіп,
Кенжебай қартты сұрады-ай.
«Анау – Кенжебайдың үйі», – деген соң,
Сол үйге кетіп барады-ай.
Кенжебайдың үйіне келіп,
Кіріп, сәлем береді,
Кенжебайға барып, қолын алады,
Кенжебай балаға көзін салады.
Отырып Кенжебай бекінді.
– Әй, бала,кім боласың?
Сен бір Бозай кейпі секілді,
Бір жетім бала қалып еді, – деп өкінді.
– Жетім бала – мен, – деді.
Ет жақыным – сен, – деді.
Көзей деген ханда,
Жесірім кеткен екен.
Астыма ат, үстіме
Киім бер, – деді.
– Астыңа ат, үстіңе киім берейін.
Бала боламысың сен?– деді.
– Жесірімді алып келейін,
Бала болып көрейін.
Сонда Кенжебай ойлайды:
«Бұл ат мініп кетсе, өліп қалар, – дейді.
Бұған ат бермесем,
Қайда барар дейсің?
Менен ешқайда кете алмас», – дейді
Баланы тамақпен сыйлады,
«Кетемін», – дегенге, қыймады.
Бала түнде қолына құрық алып,
Жылқышының ертоқымын
Қолтығына қысып,
Ат іздеп барады.
Жылқыны тауып алып,
Мінетұғын ат іздеп қарады.
Дал-дұл болған баладан
Жылқы үркіп барады,
Бір асқақ – арық кер тай
Баланың келді қасына,
Құрыққа ұсына берді басына.
«Осы жылқының ішінен
Бір аттың құрығаны ма?» – деп,
Құрықпенен салады.
Тай жығылып қалады.
Тайға тіл бітіп, сөйлеп қарады:
«Ей, Көрұғлы,
Сыйлайтұғын халқың жоқ,
Қанша араласаң да,
Бұл жылқының ішінде
Мінетұғын атың жоқ.
Мен:
«Құлдар құрық салар, – деп,
Қолаң болып жүр едім,
Жылқышы жайдақ мінер», – деп,
Жауыр болып жүр едім,
«Күздігүні тісіне жұмсақ тиер, – деп,
Кенжебай сойып тастар», – деп,
Арық болып жүр едім,
«Мінетін тұлпар, – мен, – деді,
Үстіме мініп көр, – деді,
Қай жаққа барсаң да,
Жеткізейін мен, – деді.
Басына жүген іледі.
Дүп-дүр сілкініп,
Құнажын байтал болады.
Ерін салып қалғанда,
Дүр-дүр сілкініп,
Дөнежін байтал болып қалады.
Көрұғлы мініп алғанда,
Бесті байтал болады.
Кенжебайға жолықпай,
Күн батыс жақтың бетінен
Жолаушылап барады.
Қой өргізген бір шалға
Сәлем беріп, көзейдің
Жері қайсы, – деп сұрады.
– Жүретін жерің күн батыста,
Жүре бер, – деп, тұрады.
Бала жүріп келеді,
Бір айдың жүзі толғанда,
Қалың бір ну көрді,
Жағалай жатқан су көрді.
Қойшыға барып жолықты,
Көзей ханның елін сұрады.
Қойшы елін көрсетіп береді.
Қалың нудың жағасында
Дамыл алып аттан түскен.
Дамыл алып отырғанда
Қой баққан таз келеді.
Таз Көрұғлыға: – Көзей патшаның қозы бағушысы мен едім, – деп сөйледі.
Тазға: Көзейге бар, – деді.
«Күйеуің келіп отыр», – деп,
Сүйінші сұрап ал деді,
Жүгіріп қойшы
Ақмеденге барады.
Есігін ашып қарады.
– Әй, апа, сүйінші бер, – деді,
Көрұғлы күйеуіңді
Көріп келдім мен, – деді.
Өзі де түсінде көрген екен,
Көрұғлының келгенін білген екен.
«Сүйіншіге не аласың?» – дегенде,
Жүзігіңді бер деп сұрады.
Әй, мал ал жүзікті не қыласың? – деп сөйледі.
Жүзігіңді бермесең,
Көрұғлыны жүзіктей
Көрмегенің ғой Көрұғылыға барып:
«Сүйінші бермеді, – деп, қарайын, – деді.
– Көңліне келер Көрұғылының, – деп,
Ақмеден жүзігін алып береді.
Жүзігін құшақтап, Көзейге барып,
Апамнан: «Көрұғылы келді, – деп едім,
Сүйінші берді, – деп қарады,
Мұнанда сүйінші сұрады
Хан ашуланып:
– Жетім балаға қызымды беретін бе едім?» – деп,
Әрухан, Сәрухан екі батырын шақырып алады.
Екі батыр бес қаруын байланып,
Көрұғылыны іздеп барады.
Бұлар бүйтіп жүргенде,
Ақмеден сүйінші берген соң,
«Күйеуге табақ тартам», – деп,
Көрұғлыны алпыс қатын іздеп барады
Көрұғылыны тауып алады.
«Әй, қойшы, күйеуді көрдің бе?» – деп қарады.
Көрұғылы тәжім етеді,
Қатындар ернін шығарады.
Сонымен қатындар кетіп бара жатқанда,
Әру, сәру екеуі жетіп келеді,
Көрұғылы сәлем береді.
– Әй, таз Көбен, Көрұғылы дейтін батыр көрдің бе? – деп сұрады. Алшайып екеуі тұрады,
– Көрұғлы мен, – деді.
– Көрұғлы болсаң,
Кім боласың сен? – деді
– Бозай баласымын – мен, – деді,
– Бозайдың баласы сен болсаң,
Айдап кетемін деп, – ақырды,
– Жүрмегенде, не қыласың сен? – деді.
Екеуі қылышпен шабады,
Ортаға алып, қамады,
Ол бала да долданып,
Қылышын жұлып алады,
Түнімен ұрыс салады,
Екеуін аударып аттан алады.
Киімдерін сыпырып алып,
Құлақтарын кесіп,
Мұрнын тесіп,
– Бар, ханға хабар айт, – деп,
Қаруын іліп,
Киімін киіп,
Ерін байталына ерттеп,
Күшіне келіп тұрады.
Құлақтарынан айырылып,
Ханға барады.
«Бізді бір пәлеге жұмсадың ғой.
Бір пәле екен.
Киімімізді тартып алды,
Құлағымызды кесіп алды,
Оған мың кісінің әлі келмес», – деп сөйледі.
– Күйеуің сол болса,
Шабар сенің еліңді,
Сындырар сенің беліңді,
Өлтіре қоймас өзіңді.
Тыңда менің сөзімді.
Мен Көрұғлыға барайын,
Мен шақырып алайын.
Алты қанат алтын үй беріп,
Қонақ қылып қарайық.
Екі батыр Көрұғылыға барады.
«Атаң шақырып жатыр», – деп,
Қасына ертіп алады.
Алты қанат үй тігіп,
Қонақ қылып, қарады.
Сыншылар, атасы – бәрі көріп,
Сынап қарады.
Екі құлақтың арасы,
Он бір қарыс болады.
Адамнан қорқар ер емес,
Кісіден қорқар сері емес.
Бұған Меденді «бермейміз», –
Деуміз жөн емес.
Той қылып, ойын қылып,
Қорыққанынан қорғалап,
Ақмедені береді.
«Қараңғы үйге, шам жақпай,
Бетінің сәулесі жарық болды», – деп еді.
Атасы айтты:
– Әй, балам, Көрұғлы! Баламды бердім. Менде бала жоқ, үш-төрт жыл қасымда бол, – деді. Қасында болады, ақ отауын тігеді
«Ата маған рұқсат бер», – деп.
Үш күншілік жер, – деді,
Құбалы таудың баурына
Аң аулауға көшіп барады.
Он бес күн аң аулап
Сол жерде болады.
Бір күні Меден сөйлейді.
– Бір тілек сұрайын, б,еремісің сен? – дейді
– Жақсы, берейін мен деді.
Бүгін аң аулап
Таудың басына барғанда,
Не нәрсе болса да өлтір деп, – еді.
Қыр басына барады,
Таудың үстіне
Көк ала тұлпарын қаңтарып,
Ұйықтап жатқанын көреді.
Ұйықтап жатқан адамға келеді.
– Әй, нақылып жатырсың?
Тұр, – деп еді,
Көтеріп басын алады,
Көрұғлы: – Қалай жүрген адамсың? – деп, қарады.
– Қолыңды берші, көрісейін, баламмен, – деді.
Араб патша мен едім.
Бес жылдан бері
Ауру болып жүр едім.
Ол аурудан жазылмай,
Емі табылмай,
Білгіштер, бақсыларға қараттым.
«Сенің емің: Көрұғлы деген батырдың
Ақмеден деген әйелінің бетін иіскесең,
Тәуір боласың», – деп еді.
Дос боламын мен, – деді,
Көрұғлы батыр – мен, – деді.
Ауру болсаң сен, – деді.
Ахмеден деген әйел менікі,
Иіскетейін, жүр, – деді.
Үйге жүр, – деп еді,
– Жоқ, бармаймын, – деп қалады.
Көрұғлы үйге барады,
Үйге келген соң Ақмеден айтты:
– Менің: «Өлтір» дегенім қайда? Дұшпанды ертіп келгенің нең? Енді саған мен жоқпын, – деп, сөйледі.
– Қой, сандалма, бетіңді иіскетіп кел, – деді.
Нанбасаң, «Байталыңа айғырыңды шаптыр», – де. Ол сідігін бермейді. Ол берсе, сен де бер.
Оның айғыры – аспанға ұшатын айғыр, – деді. Көрұғлы үй артына барады.
– Әй, достым, айғырыңды байталыма шаптыр, – деп,
Сөйлеп қарады. Мана сен де бұл сөз жоқ еді,
Әйеліңнің тілін алғаның нең? – деді.
– Сідігін бермесең, онда аулақ жүр, – деді.
– Қалжың айтам, сенен аяйын ба? Байталыңды алып кел, – деді.
Шаптырайын мен, – деді. Байталын алып келеді.
Үшке шейін шаптырып алды деп еді.
Үйге Көрұғылы барады,
– Ал, Меден, барып кел.
Ол менен аяйтын емес екен, – деді.
Сонда Меден айтты:
– Батырым, менен сен айрылды. Астындағы көк айғыр ұшады, жерді баспайды. Кер байталды бақ, – деді. – Ішінде тұлпар құлын бар,
Төрт ай, он күнде
Құлындатып ал, – деді.
Ақ отауға сал, – деді,
Қырық күн ұдайы бақ, – деді,
Сүтпен сұлыға бақ, – деді.
Қырық күннен артқан соң,
Қанаты қатар, көк ала
Қира ат болар.
Соған мініп ізде мені, – деді.
Сонымен Меден үйден шығып барады.
Үй артына тұрады,
– Бері кел, – деп, арабты
Шақырып қарады.
– Өзің бермен кел, – деді.
Бармаймын, – деп сөйледі –
Әй, Көрұғлы, Меденің
Келмеді, – деп сөйледі,
Көрұғылы үйден ақырды.
– Қылыш жерсің, – деп, жапырды.
Арабы патшаға барады.
– Бетіңнен иіскеймін, – деп,
Алдына салып алады.
«Шу», – дегенде, көк ала ат
Боз бұлттың астымен,
Көк бұлттың үстімен алып жөнелді.
Күн бесін болғанда,
Жан-жағына қарады.
– Меденім қайдасың? – деп
Көрұғлы айғай салады.
Сыртқа шығып қарады,
Әйелден айрылып қалады.
Кер байталға мініп,
Олай-бұлай шабады.
Кер байтал табандап тұра қалады.
Бір жағынан күн бітіп,
Бір жағынан тіл бітіп,
Кер байталға тіл бітіп,
«Ішімде тұлпар құлын бар,
Қыса берсең, тастатарсың сен, – деді.
Жер басқан нәсте болса,
Жеткізер ем мен, – деді.
Аспанмен ұшқан адамға,
Қалай жетем мен, – деді. –
Ішімде төрт айда туатын құлын бар.
Соны бағып көр, – деді.
Батыр үйге барып,
Байталын бағады.
Әйелінен айрылып қалады.
Кер биені төрт ай, он күн толғанда,
Құлындатып алады.
Көк ала құлын табады,
Қырық күн ұдайы бағады,
Отыз тоғыз күн болғанда, асыр салып ойнап,
Жердунияға тұрмайтын болған соң,
Ғиратқа қырқыншы күн мініп алады.
Кер байтал сөйледі:
– Кейін қалды үйірім
Тартып тұр соған бүйірім.
Бір тұлпар тауып бердім ғой.
Рұқсат бер, табайын жердің қиынын.
Кер байтал кетті үйіріне
Ғиратқа мініп, Көрұғылы батыр жөнелді.
Арабы патша қарауыл қояды екен:
«Келсе, осы жақтан келер», – деп,
Қарауылшы күнде: «Көрұғлы келді», деп
Айғай салады екен.
Күнде елдері бүлініп шабады да жүреді екен.
Бір күні Көрұғлы келіп қалды.
Жеті ұлы дария өтіп, жеті су дариядан өткенде,
Ғираттың қанаты талып,
Төрт аяғын буып, арқалап өте шықты.
Соны көріп қарауылшы арабы патшаға барады.
– «Келіп қалды», – деп.
– Сен елдің мазасын алдың, – деп,
Бір құлағын кесіп, «Көрұғлыңа бар», – деп қоя береді –
Келе жатқан Көрұғлының алдына келеді
– Көрұғлы батыр – сен, – деді.
Сөз сөйлейін мен, – деді.
Арабы патша – сиқыршы
Әйеліңді жасырса, таптырмайды.
Бергі дүкен аузында
Сенің әйелің, қарындасы – екеуі,
Айнаға қарап,
Сұлулығына таласып отыр, – дейді.
Атыңды маған бер, – деді.
Сен өзің жаяу барып ала кел, – деді,
Сен келгенше,
Атыңды ұстап тұрайын мен, – деді.
Атын соған беріп, жаяу барады.
Екеуінің сұлулығына таласып отырғанын көреді.
Сонда қыз: «Әй, мында кел.
Мынау сұлу ма, мен сұлу ма?
Мынау – ағамның алған тоқалы,
Мен – қарындасы Күнсұлумын, – деді.
Сұлулығымды ашып берсең,
Алтын беремін мен, – деді,
– Жақсы, – деп, екеуін екі қолтығына тығып
Алып, жүре береді.
Араб атын бағып тұр екен.
Келіп, Ғиратқа мініп алып ұшады.
Көлденең дариядан өтеді,
Көк ала айғырмен
Патша да қуып жетеді.
«Тоқта-тоқта!» – деседі,
Тұлпарлар қызыл жездей еседі.
Қалмады тұлпар жайылып.
Көрұғлы тұр қайырылып.
Қарсыласа қалады,
Қылыштаса қалады.
Арабы патша Көрұғлының
Жағасынан алады.
Қарындасының қолынан
Тартқылап барады.
Қылышпен Көрұғлы,
Көк ала айғырдың
Мойнынан шабады.
Мойны үзіліп қалады.
Судың үстіне хан жетіп барады.
Төбетейін ескек етіп,
Бөркін қайық етіп,
Өтіп, аман қалады.
Көрұғлы Күнсұлу мен Ақмеденді алып, үйіне есен барады.
Екі әйелі мен үшеуі,
Қайындарына барып,
Бес күн қонақ болады.
Үйіне қайтып келеді.
Үйіне келіп жатқан соң,
Таң ағарып атқан соң,
Сырттан Меден барады,
Түндігін ашып қарады.
Көп кемемен аттанып,
Келген арабы әскерлерін
Көріп, таңға қалады.
Қиыршықтай көп әскерді көрген соң,
Жүгіріп үйге барады.
– Әй, Күнсұлужан, келіп қалыпты.
Батырды оятайын, – деп,
Ғиратты алып келсең сен, – деді,
Күнсұлу шығып үйден барады.
Ақмеден ойға қалады:
«Бұл еріксіз келген қыз еді.
Тұлпарға мініп қашар,
Ағасына барар», – деп,
Күнсұлуды шақырып алады.
Сен оята бер,
Ғиратқа мен барайын
Бөтен адамды жібермес, – деп,
Ақмеден жүгенді алып,
Тұлпарға барады.
Кетіп барады да, тағы ойға қалады.
«Мұным тағы қате екен.
Керегенің басындағы алтын алмасты алар, балқып жатқан батырды
Өлтірер, – деп,
Ақмеден үйге қайта келеді.
Қаруларын асынып, Ғиратқа қайта барады.
Ғиратты алып келеді,
Күнсұлуға: «Батырды оят», – деп еді.
Қиратқа мініп алады.
Жауға қарсы Көрұғылы батыр барады.
Қиялай қиқу салады.
Арабтар ұран шақырып,
Бұларды қамап қалады.
Арабы патша қауіп қылып, күйінді-ай,
Шү десе, қара ат ұмтылдыай.
Көрұғлы да құтырды-ай.
Бір қатарын қырып, сыпырды-ай.
Он бес күн ұрыс салады,
Быт-шыт болып барады.
Жекпе-жектеп ақырып,
Жодастарын шақырып,
Айуандай бақырып,
Қара қанды қақырып
Арабы патша барады,
Көрұғлыны көреді,
Жағаласа береді.
Найзаларын салысты,
Қылышпенен шабысты,
Ат үстінен алысты,
Сөйтіп жүргенде көп әскер
Көрұғылыны қамап алысты.
Көп әскер айлалап
Көрұғылыны найзалап,
Мойындарына шылбырын салысты.
«Тоқта, тоқта!» – деседі.
Бұнымен ұрысып жатқанда,
Арабы патша қашып кетеді.
Көрұғылы жиырма екі күнде
Қалмақты қырып, алады.
Санап еді аттарын,
Қырық мың аттар болады.
Жан-жағына қарады.
«Арабы патша қайда?» – деп,
Санын бірақ ұрады Қырық атты базарға алып барып, алты қанат алтын үй сатып алады. Сонымен үйіне барып, алты қанат алтын үйіне кіріп, қайындарын шақырып, мәз болысып қалады. Бұлар бүйтіп жүргенде, арабы патша еліне барып, хабар салып, жиып алып «Кім де-кім Көрұғлының Ғиратын әкелген кісіге төбесінен төмен қарай алтын құямын – деді. Кемпір келді де: «Мені маңына алып барсаң, алып келіп берейін», – деп, сөйлеп қалады.
Кемпірді Көрұғылының маңына алып келіп тастады,
Кемпір Көрұғылының аң аулайтын жолын тосып, жерде жасырынып қалады.
Меден сонда сөйледі:
– Көрұғлы жолдасым – сен, – деді.
Бүгін аң аулағанда, бір бәле көрінер.
Соны өлтіріп кел, – дейді.
Тілегімді маған бер, – дейді.
– Жақсы, – деп сөзге нанады.
Аңын аулауға мініп алып,
Ғиратпен аңға барады.
Аяңдап Көрұғлы келеді.
Бір жапаның астындағы,
Кемпірді көріп қалады.
Кемпірге сәлем береді.
Сәлемін кемпір алады.
– Сәлем берсең көп жаса, балам,
Ұлықпандай мың жаса, балам,
Баласы көп кемпір мен едім,
Тоғыз балам бар еді.
Араб патша шауып,
Көрсетті маған көрімді.
Сонымен садақа сұрап жүр едім.
«Шешесі жоқ кісіге
Шеше болайын, – деп едім,
«Қызметкері жоқ кісіге
Қызметкер болайын», – деп едім.
Әңгімені кемпір жаяды,
Жылаған кемпірді
Көрұғлы батыр аяды.
– Әй, шеше, кел, алдыма мін, – деді.
Шеше қылып, бағайын, – деп сөйледі.
Кемпірді алдына мінгізіп алады.
Үйіне қайтып барады.
Үйіне алып келеді.
Ақмеден сыртта жүр еді.
Алдындағы кемпірд көреді.
– Айтқан уәдең қайда? – деп еді
– Ой, шешемді бақ, сандалма, – деп береді.
Қатындар кіржіңдейін деп еді, қылышын суырып алып, екі қатынды шабуға барады.
Екі қатын: «Жорта айттық, батыр», – деп, жалынып қалады.
Сонымен амалсыз кемпірді бағады.
Кемпірге істері жағады.
«Бақпайын», – десе, Көрұғлыдан қорқып барады.
Шұбаттарын піседі
«Шешемнің тамағы тәтті», – деп,
Қолынан тамақ ішеді.
Кемпір ойлап-ойлап,
«Тәтті тамақ жасаймын», – деп, Көрұғлыға ашытып арақ жасады. Шыныға литрлеп арақты толтырды. Көрұғлы батыр келген соң, «Әй, балам, шырағым, тәтті тамақ істедім. Соны іш», – деді. Біреуін ащы етіп, біреуін тәтті етті. Тәтті еткен нәрсесін әуелі ішіп қарады.
Біреуін Көрұғылыға беріп қалады.
– Шешей, мынауың тәтті екен ғой, – деп, сұрап қарады.
Мәден сөйледі, – Қой, батыр, ендігісін ішпе сен, – деді.
Кемпір айтты – Осы келіндер менен арамдығы қалмайды.
Әуелі екі келінге ішкізіп,
Сосын берейін мен, – деді.
Келінге: – Іш, – деп, құйып береді.
– Ішпейміз, – деп еді,
– Қарашы, балам, тілімд алмады, – деп еді,
Көрұғылының түсі бұзылып,
Қылышты алды суырып.
– Сен дұшпан ба едің, екі әйел? – деді де,
Өлтіруге ыңғайланды.
– Әй, батыр, қалжыңға айтамыз ғой.
Құйып бер, деп қарады.
Көрұғылыдан қорқып барады.
Екеуі екі литрді ішіп алды.
Ішкен соң, «Тағы құй, тағы құйды» салады.
– Осы болар, – деп оған да құйды,
Көрұғлыға да құйды.
Ішіп салады.
Бәрі де есінен танады.
Үшеуі де жығылып, мас болып қалады.
Көрұғылының бар қаруын асынып,
Дорбаға жем салып,
Жемді де араққа былғап алады.
Басына дорбаны іліп алады.
Ғират жеген соң, бұда есірік болады.
Бар киімімен, бар қаруымен
Ержүгенімен Ғиратқа мініп кетіп барады.
Арабы патшаға алып барады.
Ғиратты көрген соң, бектерге: «Бақ», – деп,
Бегілербекке береді.
Той қылып, кемпірге алтын беріп, өзі мәз болып, өте мәз болысады.
Мас болған үшеуі көтеріп басын алады.
Олай-бұлай қарады.
«Шешем қайда кетті?» – деп, сөйлеп қалады.
Мас болғалы көп болды.
Сыртқа шықса, Ғираты жоқ болды.
Сонда Меден сөйледі:
– Әй, батыр, бұрын едік екі қатын ,
Сенімен болдық үш қатын, – деді.
Енді мұның дұрыс қой, – деді.
Ілулі тұрған киім жоқ,
Қару мен қылыш жоқ,
Көрұғлыға тыныс жоқ.
Батыр ойланды:
– Кемпір салды-ау ойранды.
Жер үстінде бар болса, сірә, қойманды.
Ғираттың жолында өлермін.
Өлмесем, алып келермін.
Алты айшылық жер екен.
Өте алмайтын теңіз суы көп екен.
Қолына таяқ алады.
Ғиратты іздеп, жаяу кетіп барады.
Жеті айшылық жерлеріңді бес айда жүреді.
Екі айшылық жері су екен. Судан өте алмай, жағалады деп еді. Су жағалап барады. Су жағасында балық аулап жатқан жиырма екі кісі көреді.
Жиырма екі кісіге қонады,
Жөнін сұрады.
Балықтарын беріп, сыйлап тұрады.
Көрұғылы айтты: – Ар жағына өтер едім,
Көмек берсеңдер, – деді.
Судың ені жоқ, жағалап өтпесең,
Екі айшылық жол, – деді.
Сонда балықшылар жұтпа ырғақ салып, ырғаққа балық түсіп, балығын ала алмай, бәрі ойласып тұр еді. Кетіп бара жатқан Көрұғылыны шақырып алады.
Көрұғылы балықшыларға келеді.
– Ырғағыңа арқан жалғап бер, – деді
Соны көрейін мен, – деді.
Қайыс, кендірлерін жалғап, Көрұғлыға жеткізді.
– Жолдастар арқаның үзілмей ме? – деп еді,
Көбі: – Шынжыр ғой, үзілмейді деп сөйледі.
– Сендер былай тұра бер, – деп, тартты.
Жиырмасы былай тұрады.
– Әуп! – деп қалғанда, сонда сапырып
Балықты суырып алады.
Қара жерге шығарып,
Қостың қасына алып келеді.
Сүйрелген балық орны қара жол болады.
Жиырмасы қуанып,
Көрұғлы қонақ болады.
Балығын кескілеп, кірге салып қарады.
Қырық бұт болады.
– Ал, қонақ, біздің мұқтажымызды бітірдің.
Қане, еңбек аламысың? – деді.
Мен арабы патшасының елін іздеп келем.
Соған судан өткізе аламысың? – деп сөйледі.
– Онда, бала, кемеге мін, – деді.
Он бес күндей жүреміз,
Өткіземіз біз, – деді.
Кемеге мінгізіп алады.
Сапар шегіп барады.
Жиырма екі күн жол жүріп,
Ар жаққа алып барады.
Жаяу Көрұғылы аралап елді қарады.
Арабы патшаның елдерін тауып алады.
Үстіне киген киімі жоқ,
Тыр жалаңаш болады.
– Мына мүсәпір, келші, – деп,
Әркім қонақ қылады.
Сонымен аралап жүріп,
Беглербекке тап болады.
Беглербекке келеді.
Аяп бұлар, шай-су береді. «Сен қаяқтан кеткен адамсың? Аралап жүргенде, қай жерлерге бардың? – деп сұрады.
– Менің араламаған жерім жоқ. Бармай жүрген жерім жоқ.
Сен түрікпенге бардың ба? «Көрұғлы» дейтін батыр бар, – деді, оны көрдің бе? – деді.
– Көрұғлыға бардым оны көрдім, – деді.
– Көрұғлының атын алып келіп, бағып жатырмыз. Жем жемейді, су ішпейді, соны, «қашып кетер», – деп, шідерлеп бағып отырмыз. Соның жем жегізгенін көрдің бе? – деді
– Оны жем жегізу оңай ғой. Жем жегізіп берейін не бересің сен? – деді.
– Қалағаныңды ала бер.
– Онда оңаша атқа барайын, оңаша болмаса, жем жегізбейтін едімау. Көрұғлы болып, жем жегізіп қарайын, – деді. – Киімдері болса, киімін алып кел, – деді. Оның жем бергенде «папи» дейтін сөзі бар еді. Он күн үйіне қонып едім, – дейді. Киімін киіп барады.
Ғиратқа барып,
– Сендер кейін тұр, – деп, сөйледі.
Құлағын тігіп көзін шаншып батырды таниды
Аздап қана оқыранып,
Іштен демін алады.
Жемін жегізіп, суын ішкізіп,
Әбден еліктіріп алады.
Ат бектеріне: «Мен су ішкіздім.
Мен жем жегіздім», – деп, көрсетті.
Үш күн бағады.
Бұлар көріп, таңға қалады.
Жеті күндей бағып, күйге келтіріп алады.
– Көрұғлының ойыны бар.
Қаруларын алып кел. Ойынын көрсетейін, – деп еді, мұның тілін алады.
Нанып бар қаруын алып барады.
– Көрұғлның ойынын көрсететін мүсәпір келді, – деп,
Арабы патшаға жаяды
– Ойынын көреміз, – деп, жиылып қалады.
– Ал, жүріңдер, – деп, Ғиратқа мініп алады.
Көп кісіге барады.
Ғиратты қақпадан секіртіп,
Арабты қыра бастады өкіртіп,
– Ойбай, өтірік сөз екен!
Мынау Көрұғлының өзі екен!
Әскер жиып алады.
Арабы патшасы
Тоғыз күн ұрыс салады.
Ғиратпенен шапқылап,
Қылышпенен тартқылап,
Садақпенен атқылап,
Дал болатынын дал қылды,
Құл болатынын құл қылды.
Қылышпен сссссс
Әрқайсысы әр жерге құлап жүр,
«Жан сауға!» – деп, сұлап жүр.
Аралап қара атты бұлап жүр.
Әрқайсысын әр жерде,
Пішен шапқан немедей қырып жүр.
Арабы патша барады,
Жекпежек ұрыс салады.
«Алысайық», – деп, сұрады.
Көрұғлы Ғираттан
Түсіп барады.
Белдесіп арабпен қалады.
Арабты жығады,
Аузына балшық тығады,
Көзіне пышақ сұғады.
Арабтар қашып
Бытшыт боп, бұғады.
Қырық күндей ұрысып,
Бәрін бірдей тауысып,
Қайтып еліне барады.
Еліне барған соң, елінің амандығын көрген соң, Меденге айтты: «Атаенемді шақырып алайық».
Қонақ қылып қарайық
Түрікпен деген елім бар,
Соған таман барайық, – деді.
Ата-енесін шақырып алады.
Сыйлап, үш күн бағады.
«Біз елге көшеміз», – деп,
Рұқсатты сұрап қарады.
Айтқанына көнеді.
Рұқсат береді.
Жембіл бел деген белдерге,
Ырғасты деген жерлерге,
Қалың түрікпен елдерге келді.
Келіп баяғы бозай өлген жұртына-ай.
Түрікпен деген ұлтым-ай.
Түрікпендер таң қалды,
Көрұғылыны көріп сыртынан.
Баяғы байырда жүрген қара күң садақа сұрап, «Көрұғлын көрмедім», – деп жылаған.
Байырдың елін тоздырып,
Ит арқасын қоздырып,
Даусын шашып, создырып,
Шешесін тауып алады.
Құшақтап тұрып жылады.
Бозайдың жылқышысы
Құлқараны да танып алады.
Байырдың елін шауып, көндіріп,
Құлқараны соған хан қояды.
Қара күңді шеше қылып,
– Бақ осыны, туған шешемдей баққан, – деп,
Әйелдеріне алып келеді.
Әйелдер ықластанып бағады.
Кенжебай жақыны сегіз арыс Сейілханның бәрін шақырып алып, той қылды. Түрікпендерді бес күн сыйлап, бағады. Көрұғлы көп жасқа келеді. Екі әйелінен бала жоқ, Әуезхан деген баланы асырайды.
Бір заманда ашуланып: – Сенің балаң емеспін, – деп еді,
Меден: «Өзіңнен тумай, ұл болмас,
Сатып алмай, құл болмас», – деген, осы екен-ау», –
Деп, енші береді.
Сонымен он бір бала асырап,
Бәрі осындай боп, кетті деп еді,
Меден айтты: «Әй, батыр,
Сен жаңа толғатайын деп жатқан қатынның
Баласын ала кел», – деді.
Соны асыраймын мен, – деді.
Көрұғлы алпысқа келеді. Ғиратпен ұшып аралап, дуыл деген халықтың хан болып түскен қартының үйіне келіп қонады.
Сонымен қонып шыққан соң,
Әр үйді аралап жүріп,
Толғатып жатқан қатынның үйіне келеді.
Үйіне кіріп, босағаға отырады.
Сонда қатындар: «Әй, үлкен кісі, әйел толғатып жатыр», – деп, біреуі итермелеп, біреуі жетектеп, шығарып жіберді Үйден шыққан соң үйдің жанына отыра қалады. Бұл үйден шыққан соң, қатын тиш таппай барады. Сонда толғатқан әйел айтты: – Әй, шешелер-ай, сол кісі шыққан соң, тынышым кетті. Сол кісіні үйге кіргізші, – деді.
Үйге Көрұғлы кіреді.
«Қатын тиышталды», – деп еді.
«Баланы тарт», – деді.
Шырылдап бала түседі.
Еркек бала деседі.
Түрегеліп, Көрұғылы барады.
Ішінен қылышын суырып алады.
Кіндігін кеседі.
Қатындар: «Көтек, қайтеді!» – деп,
Шошып қарады.
Баланың бір қолынан көтеріп,
Жудырмай, қойнына салады.
Сонымен қатындар: «Ойбай көтек!» – деп барады.
Әр ауылға, «Көтек!» – деп қатындар хабар беріп жатыр.
Атына мінді де, аулына жүре береді.
Меденге алып келеді.
«Айналайын, шырағым», деп, Меден жуып, сүйіп алады.
Сонымен ер жеткен соң,
Ол бала да тумағанын білгізіп, кетіп қалады.
Мұратына жетеді.
Осылайша баласыз болып өтеді.
ҚИССА ҒАУАЗХАН
(Ертай Құлсариев нұсқасы)
Бұрынғы өткен заманда, Жамбыл белдің белінде, өзбектің елінде, Көрұғылы деген батыр болған екен. Бір күндері Жамбыл белдің беліне, Һауаданың көліне ит жүгіртіп, құс салып қырық жігіті қасында, Ғираты астында кешке шейін жүріп, кешке таман қырық жігіттен бөлініп жалғыз келе жатқанда, бір жартастың үстінде құс кейпі бар бір қыз отыр екен. Сол қызды Көрұғылы көріп, қызға қызығып айтқан сөзі.
Көрұғылының қызға айтқаны:
– Бұл Жамбылдың белінде,
Өзбектің елінде
Көрұғылы сұлтан мен едім,
Атым шыққан бек едім.
Ғиратым бар астымда,
Қырық жігітім қасымда,
Жүз жиырма жасымда.
Төбеңге шашың түйілген,
Лашын құстай шүйілген,
10. Сипатың бар бидайық
Біздей бекке лайық.
Қайсы арзымның қызы едің,
Қай бақшаның гүлі едің?
Сұлтанға қызыдың берген жауабы:
– Бұл Жамбылдың белінде,
Өзбектің елінде
Көрұғылы бек сен болсаң,
Ғиратың бар астыңда,
Жолдасың жоқ қасыңда,
Беклігің сенің қайда бар, 20. Мақтанып бекер тасыма!
Көрұғылының қызға берген жауабы:
– Жаңа білдім сені мен
Мен бұлбұлдың теңімін,
Періден екен жынысың,
Селтеңдеген жүрісің,
Көрінеді көзіме,
Қызығып тұрмын сөзіңе,
Бері келіп, ей, шайтан,
Тауат қылығын ізіме.
Қыздың Көрұғылыға айтқаны:
– Бұл Жамбылдың белінде,
30. Өзбектің елінде
Көрұғылы бек сен болсаң
Сақал, мұртың қуарып,
Алпыс екі тамырың
Бәрі бірдей суалып,
Қубас өтіп дүниеден
Қара жермен тең болдың.
Періге бүлік қылыпсың,
Талайдың малын алыпсың,
Азуың шалып қарыпсың, 40. Ақиретке қарыз ғып
Мойныңа ғазап алыпсың.
Бұрын батыр болсаң да,
Аруаққа қонсаң да
Ғайратың кетіп қолыңнан,
Шығып кетті солыңнан.
Құры кеудең сүйірсіп
«Баяғы қайрат бар ғой» деп,
Найзаны тасқа түйірсіп,
Мұртың кетті шошақтап, 50. Мұрның кетті пұшықтап.
Бұрын батыр болсаң да,
Аруаққа қонсаң да,
Саған тиген әйелдер
Жатады томар құшақтап.
Дүниенің білдің бекерін,
Дәуреннің сүйтіп өтерін,
Опасы жоқ дүние,
Жаратыпты ол – Ие.
Иман сұра Құдайдан 60. Жасың жетті, қария.
Имандының бар пырағы,
Жайқалып тұрған құрағы,
Жарық бұлар көрінді
Жанып тұрған шырағы,
Теңім емес мен сенің
Иранбақ болар тұрағың.
Тіпті саған тимеймін
Бектігіңе күймеймін,
Ашулансам Көрұғылы 70. Қараңды тіпті көрмеймін.
Гүлфар пері атым бұл,
Тоғыры сертің құрысын,
Ала алмасаң қатын бол.
Гүлфар пері қыз бұл сөзді айтып ұшып кетті. Көрұғылы ұстаймын деп қуып, жете алмай қайтып келіп, түнімен қапа болып жатып, ертеңімен «Ғиратымды алып кел» деп жарлық етті.
Көрұғылы Ғиратқа мініп, Гүлфарды іздегені:
Бір жігіт әкелді Ғиратты ерттеп,
Еш адам жол болсын деп айтбас беттеп.
Үстіне сұлтан сонда мініп алды,
Жүрмеді Ғират тұрып, көткеншектеп.
Ғиратқа Көрұғылы бек ашуланды,
Атына ашуланып қамшы салды.
80. «Белгілі сапар жолға жүруші едің
Жүруге аядың ба бүгін жанды».
Ғираты астындағы жүрді қатты,
Ішінен Көрұғылы бек қапа тартты.
Серттесіп атымен осы жерде
Ғиратқа сонда тұрып бір сөз айтты.
Атына айтқан сұлтанның жауабы:
– Ал астымда, Ғиратым,
Жасымнан бірге қанатым,
Өмілдірік сом алтын
Омырауда манатың.
90. Шаба көргін бүгін сен,
Жайып екі қанатың.
Шабалмасаң маған серт,
Бір сайқалдың сөзінен
Ішіме толды қайғы, дерт.
Бақытым жаман басылды,
Көңілім жаман жасыды,
Бесін қалат болғанда,
Иранбақ атты шаһарны
Көрсетпесең көзіме, 100. Алармын кесіп басыңды.
Ғират Көрұғылы ашуланып ұрған соң қанатын жайып көкке ұшып, бесінде Қап тауына шықты. Ар жағында Иранбақ көрініп тұрды. Сонда Көрұғылы айтты: – Осыдан барсам, Иранбаққа кірсем, көп періні қырсам, Гүлфарды алсам, намаз құтпанды үйге барсам, – деп аттан түсіп, намаз оқи берді. Көрұғылы бұрынғы сеніп жүрген перісіне сыйынбады, тәкәппарлық қылып айтқан соң Көрұғылы қараса, Иранбақ көрінбей қалған екен. Сұлтан ойлады «бұл жерде тұрып болмас» деп, намаз құтпанда үйіне келіп, баласы Ғауазханды шақырып алып бастан-аяқ көрген істің бәрін айтып: – Маған шын бала болатын болсаң, осы Гүлфарды әкеп бер, – деп, батасын алтауы – адам заттан, үшеуі – перизаттан. Қатындары «Біз баланы жібермейміз, бала жас, жол алыс, баланы перілер өлтіріп қояды, қатын таппай отырсаң, өзің бар» деп жібермей қояды. Ғауазхан барайын десе шешесін қимайды, бармаймын десе әкесін қимай, жүре берді. Күндерде бір күн Жамбыл белдің беліне, Һауада көліне ит жүгіртіп, құс салып жүріп, кешке таман қырық жігіттен қашып шығып «Иранбаққа барайын атамның ризалығын қылайын» деп жүріп кетті. Жігіттер Ғираттың тұратын жерін қараса, жоқ екен. «Енді ертерек сұлтанға айталық» деп, Көрұғылына келіп айтады.
Көрұғылыға жігіттердің айтқаны:
– Бұл уақтылар болғанда
Бұл Жамбылдың ханы кәрідің,
Көрінгенді бала ғып
Жалынып соған арыдың.
Жүйрік едің, сұлтаным,
Табаныңнан тайрылдың,
Ұшқыр едің, сұлтаным,
Қанатыңнан қайрылдың,
Біреудің ұлын ұл қылып,
110. Ғиратты беріп астына
Бала Ғауаздан айрылдың.
Жоғалып кетті ол Ғауаз
Айналайын, сұлтан-ай,
Жасынған жездей майрылдың.
Біз Һауадаққа барып ек,
Тамаша сауық қылып ек,
Кешке шейін жүріп ек.
Кешке таман болғанда
Келеді ғой мында деп едік. 120. Миханаға қарасақ,
Көрінбеді Ғиратың,
Кигіздің ғой үстіне
Алтын лағыл, манатың,
Жоғалып кетсе ол Ғауаз
Айналайын, тақсыр-ай,
Сынды ғой екі қанатың.
Көрұғылының жігіттерге берген жауабы:
– Апарып Һауадекке жүрдің, – деді, –
Біреуің жаман сөзбен ұрдың, – деді.
Біреуің тілің тиіп, қашқан шығар,
130. Бұлжерге өтірік айтып келдің, – деді.
Біреуің тілің тиіп, қашқан шығар,
Бір Алла тұз-нәсібін шашқан шығар.
Жүргенше бүйтіп қор боп осы жерден,
Кетейін еліме, – деп, – ұшқан шығар.
Жігіттердің күйі:
Жігіттерде енді айтар сөз қалмады,
Қайрылып бөтен жауап қыла алмады,
«Ғауаздан біз де айрылдық, тақсыр-ай» деп,
Сол жерде барлық жігіт зар жылады.
Жігіттер зар еңіреп, төкті жасты,
140. Сөзінен Көрұғылының мұнша састы.
Тарқатып ашуларын Көрұғылы бек,
Ғауазды іздемек боп ақылдасты.
Көрұғылы Ғауазханды іздегені:
– Мәжнүн көкті, әпкелші,
Үстіне оның ер салшы,
Ізінен оның шалайық,
Олай-бұлай қаралық,
Еліне кетпес Ғауазхан
Қыла қоймас балалық.
Сабырлық қылғын, жігіттер,
150. Сабырлық бұған лайық.
Не болмаса, Құдай-ай,
Перілерге кетті ме?
Шын батамды беріп ем,
Айтқан сертке жетті ме?
Не болмаса, жігіттер,
Астындағы көкала ат
Іші пысып жүр еді,
Көптен бері шабылмай
Алып қашып кетті ме? 160. Алып қашса көкала ат
Баланы қылар масқара-ай!
Жолдасы жоқ қасында,
Жол көрмеген жас бала-ай!
Келді де Һауадеқтің ізін шалды,
Ғираттың шапқан ізін тауып алды.
Ғираты Иранбаққа кеткен екен,
Ғауазхан айтқан сертке жеткен екен.
«Батамды енді бұған берейін» деп
Артынан сұлтан қуып жеткен екен. 170. Ғираттың тауып алды шапқан ізін,
Бар Құдай кез келтірді жүрген кезін.
Ойылып жер ошақтай қалушы еді,
Ізіне қарғып шапқан келсе кезің.
Көрұғылы Ғауазханды іздеп, қоштасып қалайын деп бара жатыр.
Сұлтан атқа мінеді,
Лаулап оттай жанады,
Қырық жігітті ертіп ап
Ғираттың ізін шалады,
Қарап тауып алады.
Қарсы алдында Көрұғылы
180. Шабуылмен келеді,
Ашуына шыдамай
Кейде шауып, желеді,
Баласынан ажырап
Қайғысына көнеді.
Түн ортасы болғанда
Көрұғылыдай сұлтанның,
Кетіп бара жатқанда,
Жалғыз қара көреді.
Жолдасы жоқ қасында, 190. Толмаған нәзік жасында,
Адамнан зият ақылы
Ғираты бар астында.
Сұлтан Ғауазды көріп, қырық жігітке айтқаны:
Сұлтан сонда тұрады,
Атының басын бұрады.
– Қырық жігітім, кел, – деді, –
Бұл сөзімен сен, – деді,
Бара жатыр Ғауазхан
Бір бүлік бұған сал, – деді.
Бар ма екен, сірә, ерлігі,
200. Бойында бар ма серілігі,
Қарсы шапса өзіңе,
Бері қарай кел, –деді.
Қырық жігіт сонда тұрады,
Белді мәкәм буады,
Қолына найза алады,
Айғай-сүрен салады.
Кетіп бара жатқанда
Ғауаз сынды баланы
Жабылып бұлар қуады. 210. Тұлпардан туған бұл Ғират
Табандап қарап тұрады.
Ғауазхан қырық жігітке соғыспақ болып ұмтылғаны:
Мұны көріп Ғауазхан
Аттың басын бұрады,
Әңгіме дүкен құрады,
Қолына найза алады,
Пірлеріне сиынып,
Енді Ғауаз түйініп,
Келе жатқан жігітті
Быт-шыт қылып қуады.
220. Мұны көріп қырық жігіт,
Енді қайта қашады.
Аруағы Ғауаз асады.
Осы қашқан қырық жігіт,
Сұлтанды келіп басады.
Сұлтан сонда сөйледі:
– Тоқтағын, балам, тоқта, – деп,
Мұнан басқа жауыңыз
Сірә, балам жоқ па, – деп,
Көлденеңдей береді
Жақындап сонда келеді.
Ғауазханға Көрұғылының берген жауабы: 230. – Ғауаз атты баласың,
Көрұғылыдай сұлтанның
Көзінің ағы, қарасың,
Атаң айтқан сөзіне
Боташым, құлақ саласың.
Ғиратты мініп астыңа,
Жолдас алмай қасыңа,
Қаяққа кетіп барасың?
Бірге барсаң, қарағым,
Атаңнан бата аласың. 240. Әгер қашсаң, қарағым,
Құрыттың ғой екі дүниеде
Көрұғылының қарасын.
Ғауазханның әкесіне берген жауабы:
– Жылама, бабам, жылама,
Жыламай көңілің тына ма?
Әзелде Құдай қып қойса
Мен ғаріпке сыбаға.
Жас емеспін, Иншалла,
Орынсыз мені сынама!
Риза қылмай бабасын
250. Ғауазхан үйде тұра ма?
Үйде, түзде болса да
Ажалдан адам қала ма?!
Қырық жігіт нөкерім,
Жақсы қарап тұрыңдар,
Қартайып қалған бабама!
Үш қайтара сәлем де
Артымда қалған анама!
Мен періге барамын
Неше мәрте жол жүріп, 260. Қапа-қайғы мол жүріп,
Қайғыра берме, жан ата,
Іреңіңді солдырып.
Көрұғылыдай бабамыз
Оқ тисе де нар еді,
Біз сияқты ғаріпке
Байғұс атам зар еді.
Аға едің Хасенхан,
Інің едім Ауазхан
Бір сүйенішің мен едім, 270. Сүйенген аға сен едің,
Олай-бұлай боп кетсем
Әкем кетті қартайып,
Жасыта көрме сүйегін.
Және сізге тапсырдым
Жамбыл белдің белдерін,
Өзбектің елдерін.
Бұрынғыдай қызық қып
Шаңлақ қылып жүріңдер,
Һауадектің көлдерін. 280. Жыл айланып келгенше,
Ақ жүзіңді көргенше,
Қол ұстап сәлем бергенше,
Жамбыл белде бірігіп,
Қызық дәурен көргенше.
Жыл айланып келгенше,
Ақ жүзіңді көргенше,
Аман болғын, нөкерім,
Дүниенің білдім бекерін,
Дәуреннің сүйтіп өтерін. 290. Аналарды сізге тапсырдым,
Саргардан қырық нөкерім.
Көрұғылының баласына берген батасы:
– Жыл айланып келгенше,
Аман болғын, қарағым,
Сапар еттің періге
Қабыл болсын талабың.
Ата сөзін сыйладың,
Ұзарсын, шырақ, қадамың!
Ақ жүзіңді көргенше
Таусылмас менің ғәзәлім,
300. Жолдастыққа жарайды
Ғират деген пырағың,
Қысылған жерде, қарағым,
Пірлерден қуат сұрағын.
Адамын тауып сырлас бол,
Залымды жолдас қылмағын.
Неше күндік жолы бар,
Неше айлық жолы бар,
Деп айтады Гүлфар
Иранбақта тұрағын.
Көрұғылы сұлтан Ғауазханға батасын беріп қайтып кетеді. Жігіттердің қоштасып айтқан сөзі: 310. Ғауазхан, енді сені көреміз,
Жақтырсаң біз де сізге ереміз,
Келгенше жыл айланып, Ғауазым-ай,
Сарғайып қайғыңменен өлерміз.
Ғауазхан жүрмек болды Иранбаққа,
Сиынып әуел Құдай, аруаққа,
Айрылып бала Ғауаздан қырық жігіт,
Күңіреніп жылап қайтты Жамбыл жаққа.
Ғауазхан Иранбаққа жүргені:
Сапар шекті Ғауазхан
Жамбыл белдің белінен,
320. Ит жүгіртіп, құс салған
Һауадақтың көлінен,
Алтын тұрман жарқылдап.
Көрұғылының Ғиратына
Қамшы басты тақымдап,
Сауырынан аққан тер
Тебінгіде сылқылдап,
Терлегенде Ғираты,
Адам байқап болмайды,
Ор қояндай бұлтылдап, 330. Тұяғымен тас тесті
От жаққандай жылтылдап.
Он екі жаста Ғауазхан
Иранбаққа кетіп барады,
Аузынан жұпар аңқылдап,
Қаз мойынды Ғиратты
Сауырына сипай қамшылап,
Бауырынан аққан тер
Омыраудан тамшылап,
Сол көрінген таулардың 340. Өзенін өрлей салады,
Жол көрмеген жас бала
Бет алып кетіп барады.
Ел бар ма деп бұл жерде
Бұрылып Ғауаз қарады.
Ол өзеннің ішінде,
Айдалада бір жалғыз,
Қараша үйді көреді,
Қасына жетіп келеді.
Ол қараша үйдің жанында 350. Бір жирен тұр байлаулы,
Қатып қалған көрінді.
Ор қояндай сықылды,
Төңкеріп қойған астаудай
Көрінеді мықыны.
Қасына жетіп келгенде,
Бір қыз шықты ол үйден.
Ғауаз мұны көреді,
Адам емес бұл өзі
Перизаттың баласы. 360. Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы,
Шерте қырыс сыры бар.
Маңлайының арасы,
Аспандағы жұлдыздай
Көзінің гауһәр қарасы,
Меруерттей көрінген
Ақ тісінің арасы.
Өзі он бес жасында,
Толмаған нәзік жасында, 370. Шай орамал салыпты
Құндыз жиек басында.
Байлаулы тұрған жиреннің
Жетіп келді қасына.
Сол қыз жетіп келгенде,
Ғауаз сынды баланың
Есінен танып қалғаны-ай!
Ғауаз есінен танғанда
Әлгі келген сұлу қыз,
Байлаулы тұрған жиренге 380. Мініп алып кетеді-ай,
Болжалды жерге жетеді-ай!
Ғауазхан қызды көріп есі ауып қалып, қайта есін жиып, атқа мініп қуа береді.
Ғауаз есін жияды,
Енді артынан қуады.
Жирен ат кетіп барады,
Ортекедей ойнақтап,
Нар түйедей тайлақтап,
Көрсетпей жанына барады.
Артына қарап байқаса,
Көсілмеді аяғы,
390. Із сияқты болады
Ғираттың сонда тұяғы.
Жирен аттың артынан
Түстік жерге қуады,
Шаңы көрінбей барады.
Ғауазханның Ғираты
Бас, көзінен тер ағып
Табандап қарап тұрады.
Мұны көріп Ғауазхан
Аттың басын бұрады, 400. Қараша үйге бармаққа,
Сол үйден сұрап, қанбаққа,
Қайта айланып келеді.
Сол қараша үйдің ішінде
Бір шал отыр, көреді.
Шалды көріп, Ғауазханның берген жауабы:
Ғауаз сонда сөйледі:
– Айналайын, жан ата,
Ботаң айтқан сөзіне
Құлағыңды сал, ата.
Мен бір жауап сұрадым
Жөніңді айтып бер, ата,
410. Әлгі кеткен танысың
Жын ба, шайтан білмедім
Маған жауап бер, ата?
Шалдың Ғауазға берген жауабы:
Сонда шалың сөйлейді:
– Естімеймін сөзіңді,
Жоғалтқын араман көзіңді,
Өлтірермін жүгермек
У беріп сенің өзіңді.
Ағып тұрған бұлақтай,
Сауып тұрған шырақтай
Айдап жүрген малымнан,
420. Асырап тұрған жанымнан,
Жетпей кеткір, жүгермек,
Айырдың менің өзімді.
Ғауазханның шалға берген жауабы:
Ғауаз сонда сөйлейді:
– Ей, жан ата, жан ата,
Ботаң айтқан сөзіне
Құлағыңды сал, ата.
Жамбыл белдің белінде,
Өзбектің елінде,
Көрұғылы деген бек еді.
Сол Көрұғылының баласы
430. Атым – Ғауаз, мен едім,
Ерге серікші едім.
Көрұғылыдай бабамыз
Ғашық боп тұр бір қызға,
Соны іздеп кеп едім.
Көрұғылыдай бабамның
Жасынан бергі жолдасы,
Айғай-сүрен салғанда
Ұрылмаған бір қамшы,
Қанатымен көкке ұшқан 440. Болат еді бір басы.
Жете алмады осы атқа
Не болды екен, ей, ата,
Бұл сияқты Ғиратқа?
Менің айтқан сөзімді
Естімей тұр құлағың
Атымнан көңілім қалған соң,
Сол себепті сұрадым.
Бұл сөзге шалдың берген жауабы:
– Есіктің алды тау еді,
Көрұғылы деген қу қақбас 450. Енді бізге жау еді.
Естімеймін сөзіңді,
Жоғалтқын арыман көзіңді,
Өлтірермін, жүгермек,
У беріп сенің өзіңді.
Дегеніңе жетпегір,
Әрі бәлекет, жүгермек,
Алуға сені ептегір.
Тұр алдымнан, кет,– дейді, –
Кет деген сөзім кек, – дейді. 460. Қандай жанның ұлысың,
Қарғысым саған өтбейді?
Ғауазхан шалға қапа болып, мұны өлтіргенде не кегім бітеді деп, өз жолына жүріп кетеді. Ғауазхан шал жөнін айтпағанына һәм жирен атқа жете алмағанына қапа болып біраздап сөз сөйлегені:
“Жаратқан ием біреу бар
Әрі не қылсаң өз еркің,
Пәрмен, мүсәпірге жәрдем бер.
Ибраһим атты Пайғамбар,
Ғайып ирен қырық шылтен
Сіз болмадың мәдеткер.
Көңілім толды қапаға,
Иранбақты бет алып
470. Мен келемін сапарға.
Анық жөнін білмеймін
Келемін іздеп алысқа,
Иранбақты көргем жоқ
Шығып ем іздеп дабысқа,
Тым болмаса, Құдай-ай,
Астымдағы бұл Ғират
Жарамайды шабысқа”.
Ғауазхан бұл сөзді айтып келе жатса, айдалада қырық ақ үй тұр екен. Ол үйден қырық қыз шығып, Ғауазға берген жауабы:
– Ай мен күннің астында
Жарық сая сауасы, 480. Жалтырайды жарық етіп
Жарық дүние миуасы,
Қайда кетіп барасын
Жамбыл белдің беліндей
Көрұғылы бектің баласы?
Әкең тірі отыр ма,
Елің, жұртың бүгін де?
Жамбыл белдің белдері,
Өзбектің елдері,
Ит жүгіртіп, құс салған, 490. Һауадектің көлдері.
Не мұңдылар бар ма екен,
Біздей сорлы ханшалар
Сіздей бекке зар екен.
Сапар жолмен сарғайып,
Ұйқы көрмей қарайып,
Қайда кетіп барасың?
Сөзге құлақ салсың,
Аты-жөніңді айта кет,
Енді қайда барасың?
Ғауазханның қыздарға берген жауабы:
500. – Ей, ханыш, ханыш,
Қалжыңдама, ханыш.
Мен келермін ел жақтан,
Бері жаққа бет алып,
Тізгін тартып бұрылман,
Көңілім саған аударып.
Иранбақта бір пері
Көрұғылыдай бабамды
Қапа қылып кетіпті,
Соны іздеп барамын. 510. Аман болса, ханыш,
Қайтып сонда келермін,
Сұрағаның бар болса
Қолымнан келсе берермін.
Сонда қыздардың Ғауазханға берген жауабы:
– Астындағы Ғираттың
Қаламдай болған құлағы,
От орнындай тұяғы.
Сипатыңа қарасам,
Айдын көлдің құрағы.
Тіріде қабыл бола ма 520. Біз бишараның сұрағы?
Жолдас алмай қасыңа,
Ғиратты мініп астыңа,
Сапар тартып барасың
Толмаған нәзік жасыңда.
Бара алмайсын періге
Жеті жылдық дария бар,
Нансаңшы, менің осыма!
Шаршап шөлдеп жүргенде
Бір тынығып кетсеңші, 530. Енді менің қасыма.
Ғауазханның қыздарға берген жауабы:
Сонда Ғауаз сөйлейді:
– Мен келемін ел жақтан
Пері жаққа барамын,
Қабыл болса тілегім,
Дұшпанға батса білегім,
Гүлфар атты сұлуды
Періден тартып аламын.
Ақ тілекпен шыққанмын,
Неге жолда қаламын?
Бата берген атамыз,
540. Ризалығын қыламын.
Ол дариядан мен қорқып,
Атама не деп барамын?!
Жөнелді Ғауазхан осы сөзді айтып жүре берді, қапа боп ол қыздар қала берді. Ұстамақ боп барлығы жабылғанда секіріп, қара-көк ат ап жөнелді.
Ғират сонда мұны біліп,
Бар еді және онда таудай желік.
Ұстатпастан оларға қашып кетті
Адамға табыла ма ондай серік?
Жардам боп қысылғанда пайда болған
Ерлерге табыла ма мұндай көлік?
Сегіз күн Ғауаз батыр жүрді жолда,
550. Келеді шабуылмен елге кіріп.
Шаһарына Бұрқаншаның келіп кірді,
Ғауазхан қалады мұны көріп.
Көшесін аралады барын тамам,
Жаратты қанша мақұлық қадірменен,
Киіпті той-тойлаған бұл адамдар
Киімдер асылдан алтындаған.
Бәрі қалмақ, тілдерін адам білмес,
Сөйледі балдыр-бұлдыр шалдырлаған.
Ғауазхан келіп кірсе бір сарайға, 560. Бес жүз ат байлаулы тұр жарап қалған.
Байлаулы оңаша да жирен ат тұр,
Аққан тер үсті-басы қатып қалған.
Қалмапты мал секілді жануардың.
«Япырмай, қайтіп озды Ғиратымнан», –
Деп айтып Ғауаз батыр сынап тұрды.
Сарайбан тыста тұрған мұны көрді,
Біреудің рұқсатсыз атын көріп,
“Иә, мырза, бұл арада кімсіз?” деді.
Сарайбан патшаның уәзірі екен, 570. Бұл уәзір атты бағып тұрады екен.
Нәсілі өзбек бұл уәзірдің,
Түрік тіл сол себепті біледі екен.
Аттардың мәні-жайын білмек үшін,
Ғауазхан шалдан жауап сұрайды екен.
Ғауазханның Сарайбанға берген жауабы:
– Ассаламуғалайкум, ата,
Айналайын, жан ата,
Ботаң айтқан сөзіне
Құлағыңды сал, ата.
Мен бір сөзді сұрайын,
580. Маған жауап бер, ата.
Мынау тұрған жирен ат
Әлде кімнің аты еді,
Жөнін айтып бер, ата.
Арыстан туған атамның
Жасынан бергі жолдасы,
Айғай, сүргін салғанда
Ұрылмаған бір қамшы,
Қанатымен көкке ұшқан
Болат еді бір басы. 590. Жете алмады осы атқа,
Не болады екен, ей, ата,
Бұл сияқты Ғиратқа?
Сарайбанның Ғауазханға берген жауабы:
– Айналайын атыңнан,
Құрбан болып өлейін
Кербұғылы деген затыңнан,
Неге көңілің қалады,
Бұл сияқты атыңнан?
Ей, қарағым, шырағым,
Сапар шеккен адамның
600. Көңілінде қайғы, шері бар,
Бара алмайсың періге
Жеті жылдық дария бар.
Шыққан екен бұл Ғауаз
Көрұғылыдай бабаңның
Сапарына талап кез.
Кейіме, балам, атыңа,
Үстінде кепкен тері бар.
Біразырақ бұзылған,
Ұзын аққан сулардан 610. Ыстық ішкен жері бар, –
Деп айтып, Ғауазханға: – Тоқта, – деді, –
Сөздерін бабаң айтқан сақта, – деді.
Періге ей, шырағым, бара алмайсың,
Сөзімді менің айтқан ұқсаң, – деді.
Мәнісін мынау тойдың мен сөйлейін,
Үйге жүр, сусын тағам, жұтсаң, – деді,
Осы аттың бәрінен де озып келер,
Үш-төрт күн қолыма алып бақсам, – деді.
Хан еді Бұрқанша атты мұның өзі, 620. Бар еді Құндызай атты жалғыз қызы.
Ол ханның ұлы жоқ осы күнде,
Баласы, ұғыл-қызы жалғыз өзі.
Ол қызы жиырмаға келді биыл,
Тіл білер жетпіс екі оқып өзі.
Кәпір деп ешкім мұны ойламайды,
Шырайлы өзі сұлу, қызыл жүзі.
“Қызына рұқсат берді өзің біл, – деп, –
Қаласаң әлде кімді, соған ти” деп.
Бұл сөзді естіген соң сонда қызы, 630. Деп айтты «ат шаптырып елді жи» деп.
Той қылып ат шаптырып, елді жиған,
«Кім де кім аты озса тиемін» деп.
Сонымен ат шаптырып елді жиді,
Шақырып әр тарапқа қағаз берді.
Келіпті перілер де соны естіп,
Осындай бұл падиша өнер қылды.
Аты еді бір перінің мынау жирен,
Жануар жолаушылап жаңа келген.
Күн еді ат айдайтын бүгінгі күн, 640. Тоқтатып бұған қарап қойды енді.
– Бес күндей бұдан былай ат шабылар,
Сол күнде бұл жиреннің бабы болар.
Айдайды бұл аттарды айлық жолға,
Көбісі озбақ тұрмақ, жолда қалар.
Шырағым, бұл бәйгеге атыңды қос,
Келеді бұл бәйгеден Құдай білер.
Алып бар осы қызды сен атаңа,
Кәрі атаң үшбу қызға риза болар.
Ғауазхан Сарайбанның бұл сөзін мақұл көріп, атын қолына беріп, өзі сонда жатты. Бес күннен кейін патша жарлық қылып, ат шықсын деп жарлық етті.
Әлқисса, бес күннен соң патша келді, 650. Мұнара биік жерге шығып тұрды.
«Балалар енді атыңа мініп шық» деп,
Падиша баршасына хабар берді.
Жиылып балалардың бары келді,
Патша барлығына қағаз берді.
– Келсеңдер қайсың озып айлық жолдан,
Алғын, – деп, – Құндызайды, – рұқсат берді.
Жиылып тамам бала бәрі сонда,
Қолына билет қағаз алды сонда.
Атына жем-шөп алып жегізетін,
660. Жанына ақшаларын салды сонда.
Ақсап тұр бұл Ғираты Ғауазханның,
Бір тазша Ғауаз батыр болды сонда.
Адам деп санамастан Ғауаз ерді,
Батырың билет тимей қалды сонда.
Басынан мұнараның патша түсіп,
Тағына патша барып қонды сонда.
Ғауазхан билет ала алмай, аты ақсақ, өзі таз болған соң патша адам орнына көрмеді. Ғауазхан патшаның терезесіне келіп айтқаны:
Ғауаз сонда келеді,
Келіп сөйлей береді:
– Бұрқанша патша, құлақ сал,
670. Менің айтқан сөзіме,
Құндызайдың тойының
Тура кеппін кезіне.
Патша болсаң әділ бол,
Қорласаң кәріп, қасірді,
Кез боласың мақшарда
Жаһаннамның тезіне.
Алдымен озып келмеспін.
Ойнап, күліп келейін
Өзімнің қатар теңіммен. 680. Билет беріп, тақсыр-ай,
Жіберші қазір мені де.
Атым ақсақ, өзім таз
Көрінбей тұрмын көзіңе.
Ер кісің міне, мен,
Кіргіземін әкеңнің
Қазулы тұрған көріне.
Сонда Бұрқанша патшаның Ғауазханға берген жауабы:
– Қой, диуана, ойнама,
Ойнағанмен бола ма?
Садақа, қайыр берейін,
690. Атыңды байла қораға!
Орынсыз сөзді сен сөйлеп,
Терезеге жолама!
Бәйгеге кеткен ол аттар
Отыз күн ұдай жол жүріп,
Қайтады сонда қонаға.
Оған қайтып барасың?
Сөзімнің тыңла сарасын.
Қыз алам деп диуана,
Айдалада бір күні, 700. Шөлдеп, өліп қаласың.
Қимай тұрмын қорлыққа,
Кембағалдың баласын.
Сол сөзбен Ғауаз қайта барып, Сарайбанның үйіне қонды. Ертемен тағы да патшаның үйіне келіп, тағы да айтқан сөзі:
– Бұрқанша патша сен едің,
Бұл шаһарды билеген,
Телі менен тентегін
Тезге салып жөндеген,
Әділеті пашасы.
Сендей қатты патшаны
Өмірімде көрмеп ем.
710. Билет бергін қолыма,
Бұл бәйгеге болдырмас,
Жасынан бері шолағым,
Екі мезгіл жем жеген.
Билет бергін қолыма,
Қаратып тұрған жолыма,
Көріседі өлмеген
Өлсе өлер бір өзбек
Қорқып тұрсың сен неден?
Сонда Бұрқанша патша Ғауазға айтқан жауабы:
– Қой, диуана, сөзіңді,
720. Аяп тұрмын өзіңді,
Қыз алам деп, байғұс-ау,
Болдырып атың, шалдығып,
Қарға, құзғын жеп кетер,
Айдалада көзіңді.
Алысқа кетіп барасын,
Бақсылық қылсаң онан да
Тамағыңды тойдырып,
Атыңа жем-шөп табасың.
Киім-кешек бүтіндеп, 730. Олжаға батып қаласың.
Атың ақсақ, диуана-ай,
Даладан нені табасың?
Ғауазхан Бұрқаншадан билет ала алмай қапа болып, қайтып келіп Сарайбанға қонып, “ертемен тағы да бар” деп Сарайбан айтқан соң, үшінші күн Бұрқаншыға келіп сөйлей береді:
– Бұрқаншадай патшасың,
Ақылың жоқ, шатастың.
Кезек келіп өзіңе
Мен сияқты диуана
Амалын тегі таппайсың.
Шапсаң қылышың өтпесін,
Тілегің қабыл болмасын,
740. Ажалыңнан бұрын, патша,
Қара жер сені жалмасын,
Келет деп қосқан аттарың
Мұнда қайтып келмесін.
Қайдан білдің, Бұрқанша,
Мен сияқты ғаріптің
Тілегін Құдай бермесін,
Көзінің жасын көрмесін?
Ғауазхан бұл сөзді айтып болған соң, Сарайбан уәзір патшаға: «Тақсыр-ай мына диуананың жағы жаман екен, өлмесе ома болсын, билет беріп жіберіңіз», – деп патшадан билет әперді.
Деп айтып билет алды патшадан,
Бұл сөзге таң қалады есіткен жан.
750. Билет алып, патшадан көңілі бітіп,
Сөйледі сонда тұрып ер Ғауазхан:
– Бұрқанша патша сен едің
Бұл шаһарні билеген,
Телі менен тентегін
Тезге салып жөндеген,
Үш күн ұдай сіресіп
Қарысып сірә, болмадың.
Ерліктен сірә, жазбадым.
Ақыр алдым қолыма,
760. Қаратып тұршы жолыма,
Бұл барғаннан бармасам,
Бес жүз атқа жетпесем,
Айлық жолға барғанда
Бері қарай салмасам,
Алдымен озып келмесем.
Менсінбедің, Бұрқанша,
Ат бәйгесіне тең келіп,
Аттың тері қызыңды
Ат көтіне салмасам, 770. Ғауаз атым құрысын.
Ғауазхан бұл сөзді айтып, бесжүз аттың артынан қуып жүре берді.
Бұл сөзді айтып Ғауазхан
Шу деп сонда жөнелді,
Табан жолмен тарысып,
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Маядай мойнын созады.
Үстіндегі Ғауаздың
Алақаны тозады,
Қысылып жүрген жануар
780. Көтеріліп қызады.
Ғауаз сындай жас бала
Зырқыратып келеді,
Айтып-айтпай немене
Үш күндік кеткен аттардың
Бесін қалат болғанда,
Қарасын Ғауаз көреді.
Жақындап атқа келгенде
Ғират тағы ақсайды,
Үстіндегі Ғауазхан 790. Таз диуана болады.
“Бір диуана келді” деп
Балалар шулап күледі.
Бәйгедегі балалар Ғауазханды мазақтап күліп, басын шұқып, көкшолағын көтке шоқып, сүйтіп жүре берді. Ауазхан түнде қонған жерде Ғираттың ер-тоқымын сыпырып қоя берді. Ғират барлық аттарды теуіп, тістеп, шөбін тартып жеп жүргенде, бір бала келіп Ғауазды боқтап бір сөз деді.
Баланың Ғауазханға айтқаны:
– Диуана, байла атыңды,
Адам білмес затыңды,
Атыңның жерге шөбі жоқ
Сендей ақымақ көремедім,
Өмірінде ғафылды.
Сапар жолда жүргенде
Тастады теуіп атымды,
800. Ақсап қалса бұл атым
Беремісің, ей, қу таз,
Бір ат үшін басыңды?
Бұл қылығың қоймасаң
Тамам бала жиылып,
Біртіндеп жұлар шашыңды.
Ғауазханның балаларға берген жауабы:
– Бәйгедегі, балалар,
Қайсыңда сенің сана бар,
Мен жайымды айтайын
Құлақ салғын, ағалар.
810. Жамбыл белдің белінде,
Өзбектің елінде,
Ғауаз батыр мен едім,
Ерге серік сыр едім,
Дәм бұйырып бұл жерден
Сіздерге қонақ мен едім.
Заумен қонақ болғанда,
Кім екенім білмедің,
Көзіңе биттей ілмедің.
Сонда тұрып Ғауаздың 820. Ашуы қысып қайнады,
«Не дейсің, бала, бері кел!» деп,
Қолын қысып ойнады,
Ойнай салып қоймады.
Мұны көріп көп бала
Жабылуға ойлады.
Ғауаз сынды перінің
Барлығына тоймады,
Қабырғасын қысады,
Бұтына бала тышады, 830. Ғауазбенен алысып Кесектеп Ғауазханнан балалар қорқып, өзіне тамақ, атына шөп бермек болып уағда қылып жүре берді. Бір күні көп бала ойлады: «Диуана мықты екен, аты жүйрік екен, бұған бір амал қылайық, қайтар жерге қонғанда өзіне арақ беріп, мас қылып тастап кетелік, сонан соң қызды біреуіміз алармыз, мына тазға қор болмасын». Мұны Ғират біліп, Ғауазханның түсіне кіріп айтқаны: қанды құсады.
«Әуелінде жаратты
Ай мен күнді егіз қып,
Он сегіз мың ғаламды
Бір нұрынан таратты.
Жамбыл белде Көрұғылы
Сұлтан ұғылы хан Ғауаз
Періге қылдың талапты,
Астында тұлпар мен едім
840. Ұшар құстай қанатты,
Сапар жүріп бұл жолда
Бәйгеге қылдың талапты.
Ғауазым, маған қарашы,
Інжу менен гауһардай
Кекілімді тарашы.
Әуелі елден шығып ең
Сапар қылып періге,
Бұрқаншыға сен келдің
Сапар жүріп еріге. 850. Бір жиренге жете алмай
Көп қайғыны ойладың,
Жүгірмесем қоймадың.
Атаңа сенің жолдас боп
Жамбыл белді жайладым,
Сапардан шаршап келгенде
Сарайбан атты әузірге
Тойындырып байладың,
Бұл бәйгеге қоссам деп
Ғауазым, пірім, ойладың. 860. Айдап атты шыққанда
Сенде шықтың бірігіп,
Балалармен ерігіп.
Түсімді бұзып сол жерде,
Қалмайын деп тілігіп.
Атты патша санады,
Ат үстінде Ғауазхан
Диуана болдың сол жерде.
Қиқулатып көп қаламақ
Саған жапты жаланы, 870. Патша сені санамай
Көңіліңе салды ызаны,
Айдатты атты падиша.
Патшаға бардың бал Ғауаз,
Патша билет бермеді,
Үш күн ұдай сіресіп,
Қарысып, сірә, болмадың.
Билет алып содан соң
Кеткен атқа қосылдың,
Уайым қылмай есірдің. 880. «Балаға келіп кірсем» деп,
«Тілегім қабыл болса» деп,
Жолға салдың басымды.
Балаға жетіп келгенде,
Тағы бұздым түсімді.
Келеке мазақ бұл қылды,
Сен сияқты мүскінді,
Байлаулы бұлбұл құсымды.
Бұл баланы қорқытып,
Балаға салдың қысымды. 890. Әбден жеңіп алған соң,
Көңілім мәкәм толған соң,
Еш нәрсені ойламай
Келесін биғафыдай.
Бәрі бірдей жау екен,
Ойлағаны дау екен.
Мен бір сөзді есітіп,
Қайғы ойлаймын бүгінде.
Бұл барғаннан, Ғауазым,
Қайтар жерге қонғанда 900. Дәл отыз күн болғанда,
Тамам бала жиылып
Арақты сабап береді.
Арақ ішсең, қарағым,
Жығылып сонда қаласың.
Бір жығылсаң, қарағым,
Жеті күндей жатарсың.
Сен жығылғанда мас болып,
Мен сияқты Ғиратты,
Байлап тастап кетеді, 910. Бір терекке тас қылып.
Тілімді алсаң, қарағым,
Берсе арақ, ішпегін,
Айтқан сөзге түспегін.
Арақ ішсең, қарағым,
Жығылып сонда қаларсың.
Қалдым ғой деп ойлама,
Жәрдем тілеп Алладан,
Мәдет тілеп пірлерден,
Шабайын деп желігіп, 920. Жалмауыздай емініп
Тықыршып тұрған сорлыны,
Ағашта тұрған кеміріп,
Үстіме келіп мінгесін,
Жолға салғын басымды.
Үстімдегі Ғауазым,
Көрерсін сонда түсімді.
Көрұғылыдай бабаңыз
Жүз алпысқа келгенше,
Мұндай терге салмады. 930. Әне-міне сөз дегенше,
Ашып көзді жұмғанша,
Жеті күн кеткен аттардың,
Түс әлеті болғанда,
Шаңын сонда көрерсің.
Жақындап атқа келгенде,
Қамшы салма саныма,
Жәбір қылма жаныма.
Саныма қамшы салсаңыз,
Жаныма жәбір қылсаңыз, 940. Екпінімнен қағармын,
Қиратармын көп атты.
Біреу жалғыз, біреу көп,
Көп ішінде нелер жоқ.
Бір өзіңдей жалғыздың
Обалына қалмағын.
Осы сөзді есіңе ал,
Ғауазым саған зарладым.
Түс әлеті болғанда,
Атқа жетсең, қарағым, 950. Үлкен бесін болғанда,
Бір шығармын алдына.
Оздым ғой деп тұрмағын.
Үш кісі бар алдыңда,
Кешке шейін шабарсың,
Тыным көрмей барарсың.
Намаздігер болғанда,
Манас ердей батырдың
Аққұла атын көресің.
Сонда баспа көпір бар, 960. Онан қарғып өтермін,
Түнімен тынбай кетермін.
Ертеңгіде таң атса,
Шашырап сонда күн шықса,
Бір беткейдің тұсына
Қызыл алтай түлкідей,
Жирен атты көрерсің.
Жирен атты көргенде,
Сонда баспа көпір бар.
Қамшы салғын саныма, 970. Жәбір қылғын жаныма.
“Көрұғылы әкем қайда? – деп
Айт: «Қызталақ, жирен ат,
Түндегіні ойла» деп.
Жетіп барғын жанына.
Түске шейін ілесер,
Түстен кейін болғанда,
Одан ағып өтермін,
Кешке шейін жетермін.
Түнімен тынбай өтермін. 980. Ертеңіне таң атса,
Шашырап сонда күн шықса,
Сары белдің үстінде,
Көкқасқа атты көрерсің,
Көкқасқа атты көргенде
Әлің келсе басыма
Бұрып кеткін бір саймен.
Оза алмаспын олардан,
Жетіп барсаң қасына.
Ағам еді Көкқасқа ат, 990. Жиеншарым жақын-ды,
Кейінгі қалған Аққұла ат.
Ғират айтты: «Көкқасқа аттың үстіндегі сенің Күлшар бек деген бала күндегі досың, бүгінде бірің бек, бірің таз, танымай жүрсің. Сонда танырсың, досыңнан сұрап, осы қызды бер десең берер, сонан соң озып барармын» деп, Ғират түсінде баян қылды. Ғауаз ұйқысынан оянып, бұл қандай түс деп ойлап жүріп, ұмытып кетті. Отыз күн толғанда, қайтар жерге қонғанда, балалар арақты беріп мас қылып, атын бір терекке тас қылып байлап кетті, сол кеткеннен жетті күн өтті, Ғауазхан жеті күннен соң есі кіріп, тұрғаны:
Жеті күн тамам өткенде,
Арақ уы кеткенде,
Көзін ашып қараса,
Байлаулы тұр теректе.
Өзі жалғыз, көк дала,
Кетіп қапты көрінбей,
Бәйгедегі көп бала.
Мұны көріп Ғауаздың
1000. Көңіліне түсті бір сана,
Ғираттың айтқан бір сөзі.
Ұялады Ғираттан,
Шабайын деп желігіп,
Жалмауыздай емініп,
Қойнындағы шылымын,
Бірер сорып алады.
Ғиратқа мініп Ғауазхан
Қайраты қысып барады.
Жеті күн кеткен баланың, 1010. Артынан қуып салады.
Аяғы тимей Ғираттың,
Алып ұшып барады.
Түс әлеті болғанда,
Топырлаған көп тозақ,
Ғауазхан жетіп барады.
Жақындап атқа келгенде,
Ғиратқа қамшы салады.
Бұл шапқаннан Ғауазхан,
Шауып кетіп барады. 1020. Жол үстінде аттарды
Қағып кетіп барады.
Көрінгенін қамшымен
Салып кетіп барады.
Тұстатып бесін болғанда,
Алдына аттың шығады.
Оздым ғой деп тұрмады,
Кешке шейін шабады.
Тыным көрмей барады.
Намаздігер болғанда, 1030. Манас ердей батырдың
Аққұла атын көреді.
Одан ағып өтеді.
Түнімен тынбай кетеді,
Ертеңіне таң аты.
Бір беткейдің төсінде,
Ит қызқалтақ жирен ат,
Бұлаңдап кетіп барады.
Мұны көріп Ғауазхан,
Атқа қамшы ұрады. 1040. “Көрұғылы әкем қайда, – деп, –
Ит қызғалтақ, жирен ат,
Түнеугінгіні ойла!” деп,
Қасына жетіп келеді.
Түске дейін жол бермей,
Түстен кейін болғанда,
Бір ат сонда қалады.
Кешке шейін шабады,
Тоқтамай кетіп барады.
Түнімен тынбай салады, 1050. Ертеңіне таң атты.
Сәске шамалы болғанда,
Сары белдің үстінде,
Көк қасқа кетіп барады.
Көк қасқаны көргенде,
Аттың басын бұрғалы
Қос қолдап қатты тартады.
Екі күн, бір түн шабылған,
Қатып қалған мойны бар.
Екпінімен әл келмей, 1060. Көк қасқаға келеді.
Артынан Ғират келген соң,
Алдындағы Күлшар бек
Артына бұрылып қарады.
Ғауаз оны таныды,
Бірін-бірі танысып,
Аттан түсе қалады.
Екі тұлпар ойнақтап,
Бір қырқаның астында,
Айқасып келіп тұрады.
Ғауазхан мен Күлшар бек екеуі бірін-бірімен танысып, құшақтасып, Ғауазхан: «Мен Көрұғылыға баламын, осындай-осындай жұмыспен келдім, енді достық жолында осы қызды маған бер» деп сұрайды. Күлшар бек: «Сен бұл қызды әкең Көрұғылына апарып бер, достық жолына өзімнің қарындасым Жұлдыздай деген бар, соны сен ал», – деп уағда етті. Бұлар сондайлық жатқанда жирен ат келіп қалыпты.
Күлшар бек жирен атты көріп, Ғауазға айтқаны: 1070. – Ғауаз атты, досым-ай,
Қалағаның осыма-ай.
Қолқаңды сенің берейін,
Сөзіңе сенің сенейін.
Жирен ат келді артыңа
Түсші, шауып қалпыңа.
Ол жиренді қараса,
Маядай мойнын созады,
Басыменен алысып,
Үстіндегі баланың 1080. Алақаны тозады.
Ғауаз атқа мінгенше,
Озып тағы барады.
Ғауаз атқа мінеді,
Енді артынан қуады.
Ғират сынды тұлпарың,
Әудем жерге жібермей,
Жиреннен тағы озады.
Ғауазханның озғанын,
Күлшар бек те көреді. 1090. Осы жерден Күлшар бек,
Еліне қайтып жөнеді.
Алдына аттың шыққанда,
Ғауаз сынды батырың,
Екі күн тынбай шабады.
Үшінші күн болғанда,
Шаһарға жетіп келеді.
Ғираты тағы ақсайды.
Үстіндегі Ғауазхан
Бір диуана болады. 1100. Таз диуана келді де,
Қарауылшылар көреді.
Қиқаңдатып Ғиратын,
Патшаға жетіп келеді.
Келіп сөйлей береді.
Ғауазхан Бұрқаншаға келіп: «Атым бәйгеден келді, қызыңды бер» деп еді. Патша: «Ей, ақымақ, осындай ат бәйгеден келе ме, не айтайын, бір жерде жатып, аттың келетін уақты болды деп бүгін мұнда келіп, ұялмастан қыз сұрайсың» деді, Ғауаз айтты: «Мақұл, енді алтыншы күні жирен ат келсін сонан сұрағын, сөзім шын болса болды». Ғауаз тұра-тұрсын. Ендігі сөз Құндызайдан болсын. Құндызай Күлшар бекпен жақындығы бар еді, кімге тиесің дегенде Күлшар бекке тиемін дегеннен қаймығып, ат шаптырып той қыл дегені Көкқасқадан озар жылқы жоқ еді, сонымен болынған іс еді. Мұны бастан аяқ Құндызайдың Махпа деген қолында бір сақау қыз бар еді, сол білер еді, Күлшар бектің аты келмей, таз диуананың аты келген соң Махпа қолына көсеуін алып, от жағып отырып айтқан сөзі.
Қыз Махпаның жыры:
Ат шаптырып, ханша-ау,
Биылғы жыл той қылдың.
Күлшар бекке тием деп,
Бүткіл елді қор қылдың.
Той қылып әкең Бұрқанша,
1110. Атты алысқа айдады.
Сені алам деп, бикешжан,
Әркімнің соры қайнады.
Күлшар бекке тием деп,
Қылып едің айланы.
Тазға тиіп, бикешжан,
Қатарыңнан кем болып,
Көретін болдың пайданы.
Онша-мұнша құдірет болса,
Өзің емдеп аларсың, 1120. Бала едің зирек, айлалы.
Балтыры қотыр, басы таз,
Сау болса еді, япырмай,
Бикешке керек сайманы.
Шекесі түнда жалтырап,
Жұпары баста аңқырап,
Пұл шығарып алмайсың
Берді Құдай айнаны.
Өкпелеме, бикешжан,
Тағы да бір күн айтармын 1130. Сөзімнің болса қалғаны.
Қотыр болсын, таз болсын,
Құтты болсын бикештің
Ат шаптырып алғаны.
Махпаның бұл сөзіне Құндызайдың берген жауабы:
– Сөйлемегін, Махпа,
Орынсыз мені табалап,
Жүруші едің күн көріп,
Тұзым татып, паналап.
Бәйгеден таз келгелі,
Дұшпаным тұр сағалап. 1140. Таз болса қайтеміз,
Жаратқан Құдай берсе бай?
Не болды екен, Құдай-ай,
Көкқасқа деген Көк шолақ,
Қыршаңқы болса шолағы.
Бәйгеден аты келе ме,
Талапсыз болса бұл тазша,
Тілегін Құдай бере ме?
Хақтысына шыға ма,
Адамзат салса зеріме, 1150. Құдай салған нәрсеге,
Адамзат тегі көне ме?
Жамандатқыр Көкқасқа
Жылқыдан қалды дегенге,
Адамзат тегі сене ме?
Ендігі сөздің қысқасы, алты күнде жирен ат келді. Сонан Бұрқанша сұрады «диуана барды ма, бармады ма?» деп.
Жирен аттағы баланың берген жауабы:
– Той қылып, тақсыр, Бұрқанша,
Атты алысқа айдадың.
Билет бермей бұл таздың,
Бақтысын мұнда байладың.
Тыңлап тұрғын, тақсыр-ай,
1160. Бұл таздың салған ойранын.
Билет бермей бұл жерде
Көріп ем мұның қалғанын,
Қуып жетіп артымнан
Біздер көрдік барғанын.
Келеке қылып, тақсыр-ай,
Басын шұқып ойнадым,
Мінезі жаман ит екен
Қорыққанымнан қойғаным.
Тартып ішті тамақты, 1170. Сұрамағын, тақсыр-ай,
Бұл таздың әбден тойғанын.
Дәл отыз күн болғанда,
Қайтар жерге қонғанда,
Тамам бала жиылып,
Арақты беріп өзіне,
Көк шолағын терекке,
Тас қылып тұрып байладым.
Жеті күн тамам өткенде,
Қуып жетіп артымнан, 1180. Ат пенен атты қақтырып,
Сұрамағын, тақсыр-ай,
Бұл иттің салған ойранын.
Ерегесіп мұнымен
Бір қызға бола, тақсыр-ай,
Бүлдіріп жұртты қоймағын.
Ендігі сөз Бұрқанша баладан ақиқатын есітіп біліп, уағдасымен қызын бермек болады. Ғауазхан балалық қылып Құндызайды өзі алмақ болып, қызды жеңгелері күйеуге алып барамыз деп, айтқан сөзі. Құндызайды алып келсе, Ғауазхан өз қалыбына келіп отыр екен. Әйелдер күйеу бұл емес деп келіп, ханға айтып, Бұрқанша хан Сарайбанды шақырып: «Бұл қалай қал, бұл турадан білеріңді айт» дегенде, Сарайбан сөйлейді:
– Құлақ салғын, Бұрқанша,
Білгенімді қалдырмай,
Барын айтып берейін.
Сұрағаның бұл болса,
1190. Бастан-аяқ терейін.
Қатарыңнан кем болмас,
Үстем болсын мерейің.
Жамбыл белдің белінде,
Өзбектің елінде,
Көрұғылы деген бек еді.
Сол Көрұғылының баласы,
Мұны Ғауаз дер еді,
Сапар тартып бұл жаққа,
Бір себеппен кеп еді. 1200. Жамбыл белдің белінде,
Болып тұрған дегені.
Сипатына қарасаң,
Топай көлдің құрағы,
Мінген атын айтайын,
Жүз алпысқа келгенше,
Жолдас болған сұлтанның
Ғират деген пырағы.
Екі көзін қарасаң,
Гауһардың жанған шырағы. 1210. Лат-мұнат берді, тақсыр-ай,
Қабыл екен Құндызай-ай,
Тура келді мұраты.
Ғират пенен бұл Ғауаз,
Неше қилы суретпен,
Жақсы-жаман тұрады.
Ашуланса Ғауазхан
Дұшманын талқан қылады.
Бұрқанша бұл сөзге шаттанып қалды. «Патша жалғыз қызын тазға берді деген сөз маған өлімнен қаттырақ болып еді, өз теңі екен, болыпты» деді. Енді Ғауазхан Құндызайды алып жата берді. Бір айдан соң бір күні қасында жатқан Құндызайдың күліп, дабырлап сөйлегенін Ғауаз естіп, ұйқыдан оянып кетті. Бұл қалай деп сұрады, айтпады, ақыры Құндызай айтты: «Айтсам сен өлесің, айтпасам мен өлемін», – деді. Ғауаз айтты: «Сен айт, мен өлейін, сен өлмегін».
Құндызай сонда сөйледі:
– Ашуланба, шөлмегім,
1220. Дария шалқар көлмегім.
Жамбыл белден бұл жаққа,
Сапар тартып сәулем-ай,
Не себеппен келгенің.
Айтпайын десем сырымды,
Көрініп тұр бұл жерде,
Қазір менің өлмегім.
Көрұғылыдан бата алып,
Гүлфрады іздеп басында,
Өтірік па еді, тақсыр-ай, 1230. Бұл жаққа жортып келгенің.
Басында іздеп шыққаның
Гүлфар деген пері еді,
Қас қылатын адмды
Күндік жерден көреді.
Бір күні құс болып,
Бір күні ат болып,
Сондайлық өзі сері еді.
Қияметтік дос едік
Басынан-ай екеуміз, 1240. Ішінде қанша сыр болса,
Маған айтып береді.
Мен күйеуге тиген соң
Құтты болсын айтқалы,
Жарым түнда кеп еді.
Атаның тастап батасын,
Жатқаның Ғауаз дер еді.
Айттым қазір іздесін,
Жеті жылдық шөлі бар,
Жеті жылдық көлі бар. 1250. Барамын деп шөлдейсің,
Батырмын деп Ғауазхан
Сөзімен менің ермейсің.
Тілімді алсаң, қарағым,
Гүлфрады ұстап аламыз.
Михнат тегі көрмейсің.
Әйелде не ақыл деп,
Кісі орнына көрмейсің.
Ғауазхан, құлағың сал мына сөзге,
Бұл жерде дос адам жоқ менен өзге. 1260. Әр айдың он бесінде Гүлфарменен,
Екеуміз жолығушы едік қара көлде.
Аспаннан Гүлфар пері келеді ұшып,
Сұрайды қылышпенен мені қысып.
Алатау іші кең қара көлдей
Екеуміз жолығамыз суға түсіп.
Айтысып аман-есен зауқы сапа,
Сонымен қайтушы едік қош айтысып.
Екеуміз тілімді алсаң бір баралық,
Шешініп суға түсіп кеткен шақта, 1270. Құс кейіпті нәсіп болса біз алалық.
Мақұл деп Ғауаз батыр мұны тосты,
Құндызай ұстап бермек болды досты.
«Гүлфрады сөйтіп ұстап алалық» деп,
Құндызай Ғауазбенен ақыл қосты.
Сол айдың он бесінде бармақ болып,
Келетін Гүлфардың жолын тосты.
Уағдасы біз барғанша болар десіп,
Періге Ғауаз батыр тартты қосты.
Екеуі жолдас болып кетті жүріп, 1280. Болмайды бұл сырларын ешкім біліп.
Баяғы айтқан көлге жетіп келді,
Құндызай Ғауазбенен ойнап-күліп.
Ғиратты таса жерге тығып қойып,
Ғауазхан жапыраққа жатты кіріп.
Аспаннан Гүлфар пері келіп жетті,
Ол жерге қонамын деп талап етті.
«Осы жерде адамзаттың иесі бар» деп,
Қонбастан, қайта айланып ұшып кетті.
Құндызайдың Гүлфарға айтқан сөзі:
Құндызай сөз сөйлейді түбін ойлап,
1290. Гүлфарды жөні келсе емес қоймақ.
– Ақылың Гүлфар сенің қайда кетті,
Адамзат екі ай болды жатыр жайлап.
Қылмаймын саған қастық, қарағым-ай,
Кел енді біз қайталық күліп-ойнап.
Гүлфардың көлге қонғаны:
Гүлфар бұған сенеді,
Айтқанын мақұл көреді.
Құс кейпін тастап үстінен
Көлге барып енеді.
Мұндай болған істерді, 1300. Ғауаз батыр көреді.
Ғиратқа мініп ер Ғауаз
Құс кейіпке жетіп келеді.
Адамнан есті жануар
«Қалт шашып ғафы қалма» деп,
Тізесін сонда бүгеді,
Құс кейіпті барып іледі.
Қалағаны тиген соң
Шу деп Ғауаз жөнелді.
Осындай болған істерді, 1310. Гүлфар пері көреді.
Құндызайменен ұрысып,
Бек қабақат жұлысып,
Сонда айтқан сөзі еді.
Гүлфардың Құндызайға айтқан жауабы:
– Құндызай атты салдақы,
Дос болып ең менімен.
«Қылмаймын қастық тегі» деп,
Ант ішіп, қасам беріп ең.
Байыңа ұстап бергендей
Неше жерден көңілің қап, 1320. Жамандық менен көріп ең?
Қияметтік дос болып,
Сөзіңе сеніп келіп ем,
Мұндайлық тұтқын қылғандай
Алып едім неңді мен?
Бұл сөзім менің қатасыз,
Дос емес елдің батасыз,
Шаһимаран айтыпты,
Адамның ойы опасыз.
Опа қылмай кеткенің 1330. Тұтқынға салып басымды,
Нақ түбіме жеткенің.
Күнде сауық құс кейпім
Қолымнан шығып кеткенің,
Жаңа білдім, дүние-ай,
Басымнан дәурен өткенін.
Гүлфардың айтқан бұл сөзі
Құндызайға өтеді,
Опасыз деген бұл сөзі
Құндызайға өтеді. 1340. Опасыз деген бұл сөзі
Сүйегіне өтеді.
Айтпаса әгер Ғауазға
Басынан дәурен кетеді.
Гүлфардың жылап тұрғаны
Тақ түбіне жетеді.
Майдалап көңілін жұбатып,
Алдынан келіп өтеді.
Құндызайдың Гүлфарға айтқан сөзі:
Гүлфар атты досым-ай,
Орынсыз бекер күймегін,
1350. Опасыз ғой бәндеге
Баяны жоқ қой дүниенің
Әйтеуір әйел болған соң,
Ерге бар ғой тимегің.
Сұлтанға барып қосамын
Қастығым ба бұл менің.
Бұрын да болсақ дос едік
Сен болдың маған енем,
Мен болдың саған келінің.
Жақсы емес пе, Гүлфар-ау,
1360 Өлгенше бірге жүргенім.
Екі қыз сөйтіп жүріп татуласты,
Гүлфардың әр сөз айтып көңілін басты.
«Япырмай, жөні солай екен-ау» деп,
Қайтадан татуласып құшақтасты.
«Жүр енді Ғауазханға баралық» деп,
Қос жүйрік судан шығып қадам басты.
«Сапарың қабыл, жан балам!» – деп,
Ғауазға Гүлфар келіп амандасты.
Ғауазхан қуанады көргеніне
1370. Құндызай ақыл айтып ергеніне.
Басында іздеп шыққан жұмысының
Қолына михнатсыз келгеніне.
Құндызай Гүфарменен қолына алып,
Басына бақты дәулет келгеніне.
Аз-аздап білгенімше жаздым қағаз
Жамиғат айып етпе өрнегіме.
Ғауазхан қуанады іші күліп,
Піріне сиынада шүкір қылып.
Құндызай, Гүлфар менен Ғауаз батыр, 1380. Еліне Бұрқаншаның кетті жүріп.
Ғиратқа жер алыс пе қайда болса,
Кешікпей Күлшар бекке келді кіріп,
Жан досты қуанады мұны көріп,
Сүйегі әр сөзіне барады еріп.
– Келдің бе, енді менің айтқаныма,
Мен разы күйеу боп жатқаныңа.
Аспанда ұшып жүрген періні алдың,
Шешеңнің бәрекелді тапқанына.
Сынады ажал жетсе бір күн шөлмек,
1390. Азырақ ағайынға болдық ермек.
Бұрынғы уағдамен Күлшар бек,
Ғауазға Жұлдызайды болды бермек.
Той қылып, жұртын жиып Күлшар бек,
Ғауазды жүргізбекке жатыр жөндеп.
Той қылып әр тарапқа сауын айтты,
Ғауазхан күйеу болып, сонда жатты.
Той тарқап, тамашасы біткеннен соң,
Шығарды Жұлдызайдай перизатты.
Көк қасқа Ғиратпенен айырбас боп 1400. Ғауазхан Жұлдызайды ап, елге қайтты.
Ғауазханның Жұлдызайды алып қайтқаны:
Жұлдызай Ғауазбенен кетті жүріп,
Келеді неше күндей тынбай жүріп.
Қолына бақыт, дәулет қонғаннан соң,
Ғауаз ер келе жатыр шүкір қылып.
Шығарып Күлшар бек қайтып кетті,
Қоштасып Ғауазханмен қолын ұрып.
«Тағы да жолығармыз кез келсе» деп,
«Дүниеде аман болсақ, тірі жүріп».
Ғауаздың Бұрқаншыға Жұлдызаймен екеуі келгені:
Ғауаз келіп қарады
1410. Бұрқаншаның еліне,
Жұлдызайды тағы алып,
Шығып тұр асқар беліне,
Қолын ұстап көрісті
Шеше Гүлфар періге.
Сөйлесіп әзіл көрісті.
Құндызай деген серігі,
Бұрқаншадан сұранып
Қайтсам деді Ғауазхан
Һауадақтың көліне, 1420. Жамбыл белдің еліне,
Ғауазхан келіп сөйледі,
Бұрқанша патша атасы
Қару, қайрат беліне,
– Бір сезім бар, тақсыр-ай,
Тыңласаңыз айтайын,
Әкем кәрі, шешем бар,
Ел-жұртты сағындық.
Рұқсат бермен қайтайын,
Көргенімнің бәрін де, 1430. Сұлтанға барып айтайын.
Сізден болса мархабат
Жамбылға сапар тартайын.
Бұрқаншаның Ғауазға берген жауабы:
Жақсы айтасың, қарағым,
Құтты болсын талабың.
Жас та болсаң сұлтанның
Қажетіне жарадың.
Ұл-қызым Құндызай
Қолыңа түсті, қарағым.
Артыңда қалған шалдардың,
1440. Қабағына қарағын.
Мені өзіңе санағын.
Айларып тағы көріп жүр,
Бұрқаншаның жанабын.
Ғауаздың елі Жамбылға қайтқаны:
Тауға біткен шынар-ды,
Ер тарқатар құмарды.
Ғауазханға қош айтып,
Бұрқанша деген патша,
Құндызайды шығарды.
Төрт жылқы мініп,
1450. Жанына алып үш айды,
Екі қатын бір шеше,
Жад етеді Ғауазхан,
Жаратқан Жаппар Құдайды.
Бір үй тігіп алады.
Есеп қылмас Ғауазхан,
«Жалғыз кетіп барам» деп,
Уайым тегі қылмайды.
Қуанышпен Ғауазхан,
Еліне қарай басады. 1460. Жаңа туған баладай,
Күн санап Ғауаз жасады,
Баса берсін Ғауазхан,
Күлшар бектен сөз сөйлеп,
Көңілді біраз шалады.
Әлқисса, Ғауазхан көшіп, «Жамбыл, қайдасын» деп, кетіп бара тұрсын, ендігі сөзді Күлшар бектен естіңіздер.
Күлшарбек бек еді,
Өз әлінше төре еді,
Ғиратты мініп сауықпен,
Тұйғын салып жүр еді,
Қолынан қашып тұйғыны 1470. Сұрау салып жүр еді.
Жоқ қарап жүрген Күлшар
Келе жатқан ор жақтан,
Бір адамды көреді.
Жақындап соған келді,
Жолығып, сәлем береді.
Күлшар бек сөйлейді:
− Жоғарыдан келгенің,
Жолығып сәлем бергенің,
Тұйғыным қашып қолымнан, 1480. Жоғары-төмен өрледім.
Не білесің, не көрдің,
Білгеніңді сөйлейін.
Жолаушының берген жауабы:
− Құлақ салғын сөзіме,
Берейін сөйлеп өзіңе.
Бауы бар құс көрмедім,
Келмеді менің кезіме.
Ғауаз кетіп барады,
Өзінің туған жеріне.
Екі қатын, бір шеше,
1490. Көрінді менің көзіме.
Бір шаһардың бегісін,
Білемін, тақсыр, сені де.
Дәл шал болып қайтыпты,
Һаудактың көліне.
Жолаушының бұл сөзін теріс көріп, Күлшар бектің айтқаны:
− Бұл сөзің, мақұл емес, болды жалған,
Сен өзің жоқ екенсің хабар алған.
Екі шеше болғанда, бір қатын
Барлығын Ғауаз батыр менен алған.
Ақиқат сөзді біліп сөйлеу керек,
1500 Адамға пайда бермес бекер жалған.
− Құндызай, Жұлдызаймен екі қатын,
Оның да білуші едім ата затын,
Шешесі – Гүлфар пері, Ғауаз жалғыз,
Көкқасқа астындағы сенің атың.
Сенбесең барып көргін, тақсыр төрем,
Алысқа ұзаған жоқ жері жақын.
Күлшар бектің Ғауазды іздемек болғаны:
Үйіне Күлшар бек келді қайтып,
Ешкімге баян қылмас сырын айтып.
Қапа боп түніменен жатты сонда, 1510. Фамдатқа түре келді азан айтып.
«Ғауазхан уағдадан таныпты» деп,
Әскерін жинап алды хабар айтып.
Екі жүз әскер алып Күлшар бек,
Жөнелді Ғауаз ерге сапар тартып.
Азырақ Ғауазханның сөз сөйлейін,
Жамиғат, тыңдап отыр, көңіл артып.
Назым Ғауазхан
Ғауазхан келе жатыр жолмен жүріп,
Құндызай, Жұлдызаймен ойнап-күліп.
Көкқасқа байлауына тұрмас болды,
1520. Жануар жау дыбысын бұрын біліп.
Гүлфар айтты: − Жан балам, сақтанып жүр,
Үстіңе биғам болмай сауыт киіп.
Айыбы Көкқасқа аттың мынау еді:
Бір сисе тұрады екен үш күн сиіп,
Бір жерде қозғалмастан тұрып қалар.
− Қаларын қырық күннің қатарында симей жүріп,
Айтқаның маған ақыл, Гүлфар ана,
Бұл күнде екі жұрттан жүрміз дара.
Несіне сауыт киіп сақтанайын, 1530. Жаратқан бәндесіне тәңірім пана.
Гүлфардың айтқан сөзін тыңламастан,
Биғам боп жүре берді Ғауаз бала.
Қасында екі жүздей әскерімен
Сол жерде Күлшар бек келді жаңа.
«Қалайша уағдадан таңдыңыз» деп,
Соғысты бастай берді келе сала.
Күлшар бек пен Ғауазханның соғысы:
Күлшар бек Ғауазбенен
Қарсыласып қағысты,
Қарсы шыңыл салысты.
1540. Біріне-бірі тура кеп
Найзаласып қағысты.
Бірін-бірі аямай
Қылышпенен ұрады.
Ғауаз батыр жігіттен
Он алтысын қырады.
Ғауазханды өлтірмек
Күлшараның мұрады.
Соғысып Ғауаз жүргенде,
Жамандатқыр Көкқасқа, 1550. Сигісі келіп сол жерде,
Табандап қарап тұрады.
Атқан оғы дұшпанның
Ғауазды келіп ұрады.
Ғауаз сынды батырың,
Он жеті жерден оқ тиіп,
«Алла» деп аттан құлады.
Мұны көріп Күлшар бек
Ішінен судай тынады.
Құс кейіпін киіп үстіне, 1560. Аспанға шығып жылады.
Жауда жатыр жалғызы,
Бұған не айла қылады?
Басын сүйер адам жоқ,
Ғауаз батыр құлады.
Күлшар бек батырың,
Құндызай мен Жұлдызай
Екі бірдей сорлыға
Білген ісін қылады.
Қолдан келер шама жоқ, 1570. Өксіп-өксіп жылады.
Күлшар бек дұшпанын мұқатып, бір жерге қонып, жата берді. Гүлфар пері байлаулы тұрған Ғиратқа келіп, айтқан сөзі:
Гүлфар сонда жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Байлаулы тұрған Ғиратқа
Сөйлеген сөз былай-ды:
− Сұлтанның едің Ғираты
Жауға мінер май аты,
Ғауазхан жатыр өлмек боп,
Қайда кетті, япырмай,
Бұл Ғираттың ұяты. 1580. Ғауазханмен жолдас боп,
Ғиратым мұнда келесің,
Өліп жатқан Ғауазды
Көзіңмен Ғират көресің.
Жауға тастап жалғызын,
Таңламақшар болғанда
Көрұғылыдай сұлтанға
Не деп жауап бересің?
Сол сияқты сұлтанның
Қарасын қайтып көресің? 1590. Қайғы түсті санама
Ішім күйіп барады,
Тумаса да өзімнен,
Туғандай болған балаға,
Басың шешіп, жоғалып,
Көрінбей кеткін самға да.
Ертерек барып хабар бер,
Көрұғылы деген бабаға.
Жамбыл бел деген қалаға.
Гүлфардың айтқан бұл сөзі 1600. Ғират сынды тұлпардың
Сүйегіне өтеді.
Байлауын үзіп бұл Ғират
Босанып бірден кетеді.
Даладан қалған Ғауазға
Ғират кеп сонда жетеді.
Ғират жетіп келеді,
Ғауаз ерді көреді.
Сөйлеріне тілі жоқ,
Көзінің жасын төгеді. 1610. Мұнша жылап тұрғаны,
Жолдас болып Жамбылдан
Бірге келген ер еді.
Иіскеп Ғират ауызын,
Бетін сүйіп, өбеді.
Аунап Ғират шаң қылды,
Бал Ғауаз жатқан төбені.
Ғираттың бүйтіп тұрғанын,
Гүлфар пері көреді.
Қасына жетіп келеді. 1620. Ер-тоқымын алдырып,
Шұбатып ап шылбырын,
Намаздігер болғанда,
Қайдасың деп Жамбыл бел,
Ғират сонда жөнелді.
Түн ортасы болғанда,
Айғайлайтын үні жоқ,
Қос аяқтап қақпаны
Ғират сонда тебеді.
Ғираттың бұл тепкенін 1630. Қарауылшы көреді.
«Бізді Құдай ұрды» деп
Сұлтанға хабар береді.
Сұлтан Көрұғылы мына сөзді естіп айтқан ғазалы:
Сұлтан жетіп келеді,
Ғиратты сонда көреді.
Ғираты тұр сол жерде,
Ер-тоқымы алынып,
Қабағы түсіп салынып,
Сөйлеріне тілі жоқ,
Қан сабылып жабағып.
1640. “Айрылдық деп Ғауаздан”,
Жылай берді жабылып,
−Ғауазымнан айрылып,
Келдің бе, Ғират, қамығып?
Қайда қалды қарағым?
Бұл атынан айрылып.
Мұны көріп өзбек,
Жамбыл белді шаң қылды.
«Ой, бауырым» деп,
Жүрек, бауырын қан қылды. 1650. Аналары шуылдап,
Қайран қып, жұртты таң қылды.
Әрі-бері жыласып,
Іздемекке Ғауазды
Сұлтан енді қам қылды.
Ғират енді қайтады,
Басқа жоқ тегі айтары.
Бал Ғауаздан айрылып,
Басылып Ғират сайтаны,
Ізінше қайтып жөнеді. 1660. Сұлтан қуып келеді.
Таңға жақын болғанда,
Гүлфар атты перизат,
Ғаузға жетіп келеді.
Күндіз уақта жығылған
Түнімен жатып Ғауазхан
Таңға жақын болғанда,
Аз-аздап жауап береді.
Гүлфар пері Ғауазханды бір кезеңге шығарып, Ғираттың келетін жолына қойып отырғанда, Көрұғылының қарасы көрінеді.
Cонда Гүлфардың Ғауазханға айтқаны:
− Қарағым, Ғауаз, құлақ сал,
Менің айтқан сөзіме,
1670. Алыстан байқап қарадым
Үш бөлек қара көрінді,
Келе жатқан көзіме
Таң атып, жарық боп қалды,
Жауап бергін сөзіме.
Ғауазхан берді жауапты
Гүлфар сөзін ұнатты,
− Көрінген қара, Гүлфар-ау,
Сұлтан менен Ғират-ты,
Артындағы қарайған, 1680. Қырық жігіт деген мият-ты.
Үш ауыз ғана сөз сөйлеп,
Бұл Ғауаз деген батырың
Қайтадан барып құлапты.
Екінші сөзге Ғауазхан
Бере алмапты жауапты.
Ашуланса Көрұғылы
Алды-артынан қар жауар,
Қырау тұрып мұртына,
Сақалына мұз тұрар. 1690. Бұршақ жауып сабаса
Қаһарына кім шыдар.
Жақындап сұлтан келгенде,
Шыдай алмай ызғарға
Гүлфар ұшуға ұмтылар.
Көрұғылы келіп, Ғауаздай баласын өзі көргені:
− Мағлұм болып жатыр ғой,
Ақиқат болып өлгені.
«Ғауазым!» деп шақырды.
Сонда бір жауап бермеді.
Қайтерін білмей Көрұғылы
1700. Қапа боп қатты терледі.
Қысылып сұлтан тұрғанда,
Аспанда тұрған Гүлфарды,
Бұлардың сонда көргені.
«Бір ауыз жауап бергін» деп,
Сұлтанның айтқан өлеңі.
Сұлтанның Гүлфар періге айтқаны:
− Сенбісің аспандағы, Гүлфар пері,
Бұл жерде сұрап жатыр Ғауаз сері.
Берсеңші осы істің жөнін айтып,
Көрейін жаннан ғазиз Гүлфар сені.
1710. Біз болдық қазан ұрған жапырақтай,
Жамбылдың сұлап жатыр асқар белі.
Сонда Гүлфар сөйлейді:
− Тақсыр-ай, мен көнемін ыңғайыңа,
Балама мен де достық қылмаймын ба?
Сұлтан-ай, ашу басып, бір күліңіз,
Шыдамай қашып тұрмын ызғарыңа.
Қабырғам сізден жаман қайысады,
Бір дұшпан мұндай рәсуа қылғанына.
Көрұғылының сөзі:
Жіберді сұлан сонда қатты күліп,
Бұлттар жай-жайына кетті жүріп.
1720. Аспаннан Гүлфар пері жерге түсіп,
Сұлтанның қолын алады құрмет қылып.
Болған істі бастан аяқ бір-бір бастан,
Сұлтанға айтып берді Гүлфар тұрып.
− Айтысып қалың жаумен жалғыз өзі,
Атқан оқ денесіне кетті кіріп.
Суырғызып алдырыңыз барлық оқты,
Сонан соң тіріледі жаны кіріп.
Жігіттер масадай боп сорып жатыр,
Ғауазхан түрегелді есін жиып.
Ғауазхан ішіндегі оқты сорғызған соң есін жиып, түрекеліп, сұлтан мен барлық жігіттермен қосылып, амандасып, ахуалын сөйлеп, Күлшар бекті қуып ұстап алды. Құндызай, Жұлдызайды алып, жазық Ғауазда болып табылып, Көкқасқа атты өзіне беріп, өздері аман-есен елі Жамбылға барып, жай-жайында тұра берді. 1730. Келіп көрсе Көрұғылы
Ғираты тұр салынып,
Ер-тоқымы алынып.
Болғанын біліп пәленің
Жылады сұлтан қамығып,
Қайғыға мүлде шалынып.
Сұлтанның сеніп білді-ай,
Жылады Хаққа жалынып.
Асқар таудай сұлтанның
Басына тұман шалынып. 1740. − Келіп тұрсын, Ғиратым,
Жолдасың жоқ қасыңда,
Ерсіз жайдақ қалыпсың,
Не күн туды басыңа?
Жүз алпысқа келгенде,
Мен сияқты ғаріпке,
Көрсеткенің осы ма?
Тілегімді беріп ең,
Жаратып әуел басында.
Шұһаратым жайылып, 1750. Келмеген дұшпан қасыма.
Тәнің бар Ғират, жаның жоқ,
Күлтеленген жібектей,
Құйрығың мен жалың жоқ,
Алтындай көзің жайнаған.
Асфаһан қылыш байлаған.
Сұлтанның Ғауазханы жоқ,
Қабағың кеткен салынып.
Бұрынғыдай мәнің жоқ,
Туғанымда әуелде, 1760. Ата-ананың қызығын
Ғұмырымда көрмедім,
Жаным сен деп есіркеп,
Тілегімді бергенің.
Хандық орнап басыма
Дию, пері дұшмандар,
Сол болды менің ермегім.
Хасен хан мен Ғауазды,
Ғайыбынан бергенің,
Балапандай жарасып, 1770. Соңымнан, қалқам, ергінің.
Бір періге ғашық боп,
Шын батамды бергенім.
Кеткеннен соң, Ғауазым,
Ақиқат еді, Құдай-ай,
Бір жақсы түс көргенім.
Жолдасыңнан айрылып,
Қанатыңнан қайрылып,
Ғиратым жалғыз келгенің.
Атты көріп өзбек 1780. Қаланың ішін шаң қылды,
Қақпаның аузын қан қылды,
Он екі шеше Ғауазда,
Бетін жыртып зар қылды.
Сөйлерге Ғират тілі жоқ,
Барлық жұртты таң қылды.
Шешесі тұр Ғиратты,
Ортаға алып қамалып,
Анасынан айрылған
Балапандай мамалап, 1790. Аты келді, өзі жоқ,
Жығылған соң тау құлап,
Ағажүніс шешесі,
Жылады сонда зар жылап.
Қасірет басып қайғымен,
Не болғанын білмеді,
Өлемін деп шалқалап,
− Қайда қалдың ұлағым,
Болмады қабыл мұрадым.
Апалаған сөзіңді, 1800. Естімеді құлағым.
Асылзада алтыным,
Көз қуанышым, шырағым,
Ажалға балам кез болып,
Жапан түз болды тұрағың.
Иесіз қалып келіп тұр,
Ғират деген пырағың.
Қатты өтті бұл жерде,
Шешесінің сөздері,
Қызыл қанға толды ғой, 1810. Барлығының көздері.
Иесіз қалды бұ күнде,
Жамбыл белдің белдері.
Ит жүгіртіп, құс салған,
Һауадәктің көлдері,
Тамашасыз қалды ғой,
Саргардан қырық нөкері.
Ағажүніс перінің,
Ақиқат болды дүниеден,
Қасіретпенен өтері, 1820. Жүз алпысқа келгенде,
Баласынан ажырап,
Көрұғылыдай сұлтанның,
Иесіз қалары болды ғой
Алтын тақты отаны.
Басында пері болсам да
Адамның болдым баласы,
Тумаса да туғандай
Ғауаздың болдым анасы,
Мұндай іске кез болды 1830. Қартайғанда бабасы,
Бізді тастап кеттің бе
Ақылымның данасы,
Балдырғаным, Ғауазым,
Көзімнің жалғыз қарасы,
Күн орнына қан жауды
Жамбыл белдің қаласы.
Артық еді басқадан
Ақылының данасы,
Есін білмей еңірейді 1840. Ғауаздың сонда анасы:
− Келіп тұрсын, Ғиратым,
Жолдасың жолда қалды ма?
Жалғыздықпен жалбырап,
Жапан түзде қалды ма?
Сұлтаныңнан ажырап,
Басыңа қайғы салды ма?
Иесіз ат деп аямай,
Сені тонап алды ма?
Өлі-тірі жан бар ма, 1850. Шынымен өліп қалды ма?
Бұл Ғауаздан айрылып,
Ғиратым, мұнда келіпсің,
Өміріңде көрмеген,
Бір қайғыны көріпсің,
Сұлтанға шағып, жабығып,
Хабарын бізге беріпсің.
Мұның да рахмет
Адамға бермес керексің,
Қияметтік жолдас ең, 1860. Сол туралы келіпсің.
Шешелері Ғауаздың
Осылай зарлық етеді.
Сөйлеріне тілі жоқ,
Ғират қайтып кетеді.
Қырық жігіт қырланып,
Қасанхан жалғыз ағасы,
Белінде алмас кесірі,
Ғауазханның ағасы
Қасенхан жылар зарланып, 1870. Тұра алмады қырық жігіт,
Көзінің жасы парланып,
Ашу мен қайғы бірігіп
Қаны қайнап сандалып.
Киді сауыт қабаттап,
Алмас қылыш қолға алып,
Барабанын қақтырып,
Жасыл туын қолға алып,
«Бауырым!» деп Қасенхан
Арыстандай толғанып, 1880. Бадампай деген тұлпарға
Қасенхан мінді оңланып.
Ғират жалғыз келген соң
Қала ма жұрттың сабыры?
Көрұғылының босады
Бір жүз алпыс тамыры
Мажнүн көкке мініп ап
Соғыстың шықты дабылы,
Ғауазымнан ажырап
Кетті деп күннің жарығы, 1890. Жамбыл белді шаң басып
Қайғы да болды халығы.
Адам шыдап болмайды,
Бұлардың айтқан зарына.
Қырық жігіт, Көрұғылы
Ғираттың түсті артына,
Әлемді алып сарыны.
Ғауазымды деп айтар
Көретұғын күн бар ма?
Бір қасірет кез болды 1900. Кәрілікте, бұл қалда,
Айналайын, Құдай-ай,
Бір тигізші найзамды
Ғауазыма қас қылған
Нысапсыз сұмдарға,
Алдырмадым өмрде
Ерегіскен қуларға,
Өліп қалса Ғауазым
Шоқиды көзін қу қарға.
Сапар етті Көрұғылы 1910. Жамбыл белдің белінен
Жас орнына қан ағып,
Барлығының көзінен.
Қайғыменен қан жұтып
Жылауменен Қасенхан.
Һаудектің асты көрінер
Домалаған ақ көбік
Тұлпардың шыққан терінен,
Қайғыменен қан жұтып
Өлерін де білмеді, 1920. Ат басын бұрмай ырғытып
Айдын жатқан көлінен,
Алдында сұлтан арқырап,
Ашумен жаурап қалтырап
Алмас қылыш, көк сауыт,
Қараңғыда жарқырап,
Қырық жігіт қырынып
Жұлдыздай көзі жалтырап,
Бадампай деген тұлпарды
Ашуланып Қасенхан 1930. Ұра тартып қамшылап,
Бауырынан аққан тер
Тебінгіден тамшылап.
Үміт үзіп жанынан
Қорқар емес көңілі
Жығылса да тау құлап.
«Шабатын күнім жетті» деп,
«Басымнан бақыт кетті» деп,
Қасенхан келер зар жылап.
Әлемді алды бұл күні 1940. Көрұғылының сарыны,
Тілегімді бергін деп
Батырлардың бастығы
Мінәжат етті Ғалиді.
Барған сайын дәуірлеп
Тұлпардың өрлеп сарыны,
Ғауазхан деп аһ ұрса
Сұлтанның шығар аузынан
Будақ-будақ жалыны,
Қара бұлтты қаптатып 1950. Жауғызып бұршақ қарыны,
Ғират бастап барады.
Жоқтады сұлтан баланы
Анда-санда бұл Ғират
Тосып-тосып алады,
Ғират шапса шынымен
Адасып бұлар қалады,
Еңірегенде сұлтанның
Көзінен жасы тамады,
Қасіретпен қан жұтып, 1960. Нөпірген бұлттай қабағы.
Ылғи тұлпар мінгені
Жерге тимес табаны,
Бұлардың жүрген жерінен
Ойылып жерлер қалады,
Терлегенде тұлпарды
Адам байқап болмайды.
Ор қояндай бұлтылдап,
Тұяғына тас тисе,
От жаққандай жылтылдап, 1970. Шашақ найза қолында
Көрініп ұшы қылтылдап,
Асфаһан соққан ақ болат
Аш белінде қылтылдап,
Жер жаһанды шаңлатып
Бораны соғып бұрқырап,
Ғауазым деп қырық жігіт
Қозыдай маңырап, шұрқырап.
Арандай ашып аузын
Еті қызып тұлпарлар 1980. Келді түнде зырқырап,
Ауыздықпен алысып,
Көбігін шашып бұрқырап,
Таңда атты сонымен
Ағарып аспан жылтырап.
Қайғы мен сұлтан келеді
Келе жатқан бұларды
Гүлфар пері көреді.
Бұрынғы жатқан жерінен
Алып кеткен Гүлфары 1990. Ғауаз атты төрені.
Түнімен Ғауаз талықсып,
Ешбір жауап демеді.
Қаптаған қара көрген соң
Гүлфар атты шешесі:
− Қарағым, қалақам, Ғауазым,
Бір шығаршы жауабың,
Жамбыл белге көз салып,
Аспанда тұрып қарадым,
Екі қара алдында 2000. Бір топ бұлт келеді.
Бұған қайран қаламын,
Келер уақты боп еді
Көрұғылы сұлтан бабаның.
Ғауаздың берген жауабы:
Ғауаз сонда сөйледі:
− Алдында жалғыз көрінсе,
Ғират деген тұлпарым,
Екінші боп көрінген
Манжүн көгі астында
Көрұғылы деген сұлтанның,
2010. Бір топ қара бұлыттай
Қырық жігіт қырқарым.
Ашуланса сұлтаным
Қарлы жаңбыр аралас
Жауғызушы еді бұршағын.
Ғауазханның тілдері
Осы сөзге келеді,
Екінші сөздер демеді,
Жөнін айтып болғанша
Бұршақ жауып, төгеді. 2020. Мұны көріп Гүлфар
Шыдамай ызғарына
Құс кейпін киіп үстіне,
Аспанға ұшып жөнеді.
Көрұғылы Ғауазға келген жері:
Қара терге шомылып,
Ғират тұлпар келіп тұр,
Жауапсыз жатқан Ғауазды
Сонда Ғират көріп тұр,
Ғауаздың тәнін иіскеп
Көзінің жасын төгіп тұр,
2030. Сөйлеріне тілі жоқ
Жаны шығып өліп тұр.
Алтындай жалы жалбырап
Қаламдай болған құлағы,
Бауы үзіліп, салбырап,
Шыр айналып Ғауазды
Жасын төгіп, зар жылап,
Ешбір жауап ала алмай
Ғират деген арғымақ.
Артықтығы Ғираттың 2040. Мұндай істі кім қылмақ?
Ғауаз өліп қалар ед
Бармаса Ғират зар жылап,
Төніп тұрды Ғауазға
Екі көзі албырап.
Бұл Ғираттың артынан
Жетіп келді сол уақта
Көрұғылы деген бабасы,
Сақалына мұз қатып
Жайылып кеткен жағасы. 2050. Жарқылдайды шапқанда
Манжүн көктің тағасы,
Ғауазханды көргенде
Қанға толып кетті ғой
Жер мен көктің арасы,
Сұлтан сонда еңірейді
Болған соң мұндай баласы.
Маңайында бәнде жоқ
Көрінген дұшпан сынды жоқ
Қаза тауып жатқаны 2060. Екі таудың арасы,
Кісесін салып мойнына
Жылады Хаққа зарланып,
Көрұғылы сұлтан бабасы.
Алдына алды Көрұғылы
Ғауазхан деген баласын
Мінәжат етіп жылады
Әуел Құдай панасын,
Ғайып ирен қырық шілтен
Сиынатын бабасын, 2070. Көздің жасы ағылып,
Аллаға етті наласын,
Ботасын салып мойнына
Сұрады Хақтан баласын.
Жылады Хаққа жалынып,
Қабағы кетті салынып,
Жүз алпысқа келгенше
Көрмеген мұндай жабығып.
Ғұмырда беті қайтпаған
Көрмеген еді тарынып, 2080. Қырық жігіт, Қасенхан
Шулай берді жабылып.
Жеті пірге қол берген
Жетеуін бірдей тең көрген,
Кім нашар боп жыласа,
Көпке апарып теңгерген:
– Баба Түкті Шашты Әзиз,
Сұрадым мәдет сіздерден,
Он жеті жерден атыпты
Аямастан ку мерген.
2090. Қартайғанда бұл қайғы
Көрұғылыға кез келген,
Алла досты Мұхаммед
Үмметіне нұр берген,
Мәдет бергін, иә, Расул,
Бұл қайғы басқа кез келген.
Жазылмаса Ғауазым
Айналайын Құдай-ай,
Кетемін қайтіп бұл жерден,
Тілегім беріп басында 2100. Қуат беріп қасында,
Қарғыттың талай шың жерден.
Бұл сөзді айтып Көрұғылы
Аллаға етті наланы,
Қанша жылап тұрса да
Ғауаз атты жас берен,
Ешбір жауап қылмады.
Қасенхан қатты зарланып
«Жолына жаным құрбан» деп,
Алланы ақ жолына 2110. Бадампай деген тұлпарды
Құрбан да етіп шалады,
Қырық жігіт, Көрұғылы,
Иесіз тауда еңіреп
Күңірентті даланы,
Өлі-тірі белгісіз
Есінен бәрі танады.
Сонда тұрып Көрұғылы
Аспанға байқап қарады
Гүлфарды көріп сол жерде.
Көрұғылының Гүлфарға айтқаны:
2120. −Сенбісің аспандағы, Гүлфар пері,
Бұл жерде сұлап жатыр Ғауаз сері.
Баланы мұндай еткен қандай адам,
Ешқандай мағұлым емес маған тегі.
Осыны бастан-аяқ айтып берші,
Көрейін жаннан ғазиз, Гүлфар, сені.
Біз болдық қазан ұрған жапырақтай,
Жамбылдың құлап жатыр асқар белі.
Гүлфар-ай, өлсем-дағы мен разы,
Сұлтанның шығып кетті жалғыз көзі.
Гүлфар сөзі:
2130. Тақсыр-ай, мен көнемін ыңғайыңа,
Балаға мен де достық қылмаймын ба?
Қабырғам сізден жаман қайысады,
Бір дұшман мұндай рәсуа қылғанына.
Тақсыр-ай, ашу басып, бір күліңіз,
Шыдамай қашып тұрмын ызғарыңа.
Бұршақ ұрып барады төбемді ойып
Тоқтатқын ерік беріп мұз, қарыңа.
Жіберді сұлтан сонда қатты күліп,
Бұлттар жай-жайына кетті жүріп. 2140. Аспаннан Гүлфар пері түсті-дағы,
Сұлтанға көріседі тағзым құрып.
Сұлтанның қолын алып тұрғанында,
Сөйлейді Гүлфар пері сонда тұрып:
− Сөзім тыңла, ханымыз,
Бұл сырыма наныңыз,
Ғауаз болып жаралы
Кетіп тұр біздің сәніміз,
Жолыңызға құрбандық,
Бір шыбындай жанымыз. 2150. Ғауазханға оқ тиді −
Сорғызып оны алыңыз,
Ішіне кетті қанды су
Тұрады сонда ханымыз,
Әйел деп мені қорлама
Бұл сөзіме наныңыз.
Алғашында, тақсыр-ай,
Ақ жүзіңді көргенім
Балалықпен мастанып,
Қатты сөз айтып өрледім, 2160. Хандығыңа қызығып.
Сол туралы жырладым,
«Қараға бас болғанша –
Қанға нөкер деген сөз»,
Солай еді орны кем.
Қаталықты кешірерсіз
Аман-есен жазылса,
Ғауаз деген ермегім.
Ғауаз келді артымнан,
Жастық пенен Гүлфар 2170. Неше қилы шалқиған,
Жалғызың жатыр, тақсыр-ай,
Мен ғаріптің зарфынан.
Бұл жерлерге келгенде
Қуып жетті әскермен
Күлшар бек досты артынан.
Ғауазды атып тастады.
Алып кетті, тақсыр- ай,
Құндызай мен Жұлдызай
Келініңді қайтарып, 2180. Аузынан жұпар аңқыған.
Ғауазды жықты сұлатып,
Әпкетті қызды жылатып,
Қолдан келер ісім сол
Жібердім атты босатып.
Құс кейіммен құтылдым,
Тастамақ еді мен атып.
Шал деп сізді қорласам
Көрмес едім мүнәсіп.
Түрегелсе Ғауазым 2190. Сүйіншіге, тақсыр-ай,
Жатармыз арқа сыласып.
Ғашығыңа сақтаған
Бар ма нәрсең мүнәсіп?
Өткен іске өкінбе,
Сөйлесерміз сыр ашып,
Сізде жоғы, бізде бар
Бізде жоғы, сізде бар,
Өтінеміз сұрасып.
Көрұғылы мына сөзді қабыл алды. 2200. Гүлфарға бек қабағат ризаланды,
Масадай қырық жігіт қанын сорып,
Ғауаздың бәрін қоймай қанын алды.
Бал Ғауаз есін жиып, көзін ашып,
Сәлемет жүз көрісіп, сөз шығарды.
Ғауазды тірі көріп Гүлфарменен
Тоқтатты сұлтан сонда қайғы, зарды.
Ахуалын Күлшар бектің есітіп алып,
Қасенхан, қырық жігіт даярланды.
Атасы Көрұғылы бата беріп 2210. Ғиратқа Қасенхан ер мініп алды.
«Дұшманды тірі тұтып келіңдер» деп,
Көрұғылы осылайша ақыл салды.
Қырынып қырық жігіт құстай ойнап,
Тұлпарды пырлдатып, жолға салды.
Жөнелді Қасенхан ер қан төсеніп,
Көрұғылы, Гүлфар, Ғауаз мұнда қалды.
Қасенхан, қырық жігіт мінді атқа,
Сиынып әуел Құдай, аруаққа.
«Ғауазды өлтірдім» деп, жау мұқатып, 2220. Күлшар бек бұ да қайтқан ел тарапқа.
Қуды сонда Қасенхан
Қолына жасыл ту алып.
Түсі қашып құбылып
Қанын тартып қуарып,
“Көрұғылы бабам қолда” деп,
Дабылдың даусын шығарып,
Алмас қылыш белінде
Зәһәрге салып суғарып,
Бір уақтылар болғанда 2230. Бір кезеңгің үстіне
Бір шаң шықты шұбалып.
Шаңға таман барады,
Алдына көзін салады.
Қалың әскер қасында
Мырзалығы басында
Күлшар бек кетіп барады.
Мұны көріп Қасенхан
Барабанын қағады.
Қырық жігіт қырынып 2240. Жауды барып қамады.
Садақ артып сартылдап,
Найзалары жарқылдап,
Соғысып сонда қалады.
Қырғи қуған торғайдай
Топтанып сонда қалады,
Күлшар бек мырзаны
Тірі байлап алады,
Ешбір шығын болмады,
Денеге салды жараны, 2250. Қолға түсіп Күлшар бек
Іші оттай жанады.
Қасенхандай мырзаға
Сондағы айтқан ғазалы.
Сонымен Күлшар бек алды байлап,
Тұтқынға түсті батыр көзі жайнап.
“Сұлтанды бір көрсетіп өлтіргенің” деп,
Қасенге сөз айтады түбін ойлап.
Ғауаздың қасіреті еске түссіп,
Біреуін қояр емес қаны қайнап. 2260. Ғауаздың тірлігін естіген соң
Құндызай, Жұлдызаймен гүл-гүл жайнап,
Барлық әскер, жолдасы қыздарымен
Қасенхан кетті бәрін қайтып айдап.
Сұлтанға аз заманада келіп жетті,
Жолығып қол қусырып құлдық етті.
− Иә, тақсыр, әділетпен төрелік бер,
Ішімде тарқатайын қасіретті.
– Істедің не себептен ұшбу істі,
Қалдырмай сөйлегін, – деп жауап етті. 2270. Сол жаман Күлшар бек сөзін бастап,
Оқиға бастан кешкен баян етті.
Күлшарбектің сөзі:
– Арызымды тыңлаңыз,
Көрұғылы сұлтан бабамыз,
Тұра берсең ғаділдік
Біз де сіздің балаңыз,
Бала жаста бір жүрген
Ғауазбенен бір өскен,
Бір жерде еді қаламыз.
«Айлас қатын – мұңласып»
2280. Бір тауыпты анамыз,
Асық ойнап, алысып,
Жыртылған жастан жағамыз,
Өмілік болып достасып,
Қабылданған тобамыз,
Жеті жасқа келгенде
Ғауазханды сіз алып,
Айырылып достан қалғанбыз,
Әнден кейін, тақсыр-ай,
Бостан шаһар патшасы 2290. Мені апарып бала қып,
Сонда тұрып қалғанбыз.
Сөзімнің жоқты жалғаны,
Ғауазханды сағынып
Мен сияқты ғаріптің
Ішінде болды арманы.
Бір күндері, тақсыр-ай,
Жалғыз қызын бәс тігіп,
Ат шаптырып, той етіп,
Бұрқанша деген қалмағы, 2300. Кімде-кімнің аты озса,
Құндызай деген сұлуды
Ақиқат аттың алмағы.
Құндызаймен басында
Жақындық сөз сөйлеген
Күлшар бектің бар еді
Ішінде сондай арманы,
«Аты озғанға тием» деп
Көкқасқаға сеніп
Осылай қармақ салғаны. 2310. Бәйгеге қостық тұлпарды
Бес жүз атпен жарысып,
Айлық, апта жол жүріп
Ауыздықпен алысып,
Алдына шықтым аттардың
Қалмадым достан қалысып,
Жеті күн тамам өткенде
Ғират келді артымнан
Қуандым доспен танысып,
Көптен бері көрмеген 2320. Бір күн, бір түн, тақсыр-ай,
Құшақтастым жабысып.
Құшақтасып екі дос
Сол арада жылады,
Тірлікте жүзін көрсеткен
Шүкір еттік Құданы,
«Достыққа маған бергін» деп,
Құндызайды сүрады.
Өтінген соң Ғауазхан
Күлшар бек жан достың 2330. Сөзін екі қылмады,
Дос болмаса басында
Қойнындағы қатынын
Қайтіп адам қияды.
Сондайлық досты қор етіп,
Кетіп тұр ғой бұл күнде
Күлшар бектің бағасы.
Ғауазға сонда мен айттым:
− Жандай досым, тілімді ал,
Қайтпаған бақыт өрлеген, 2340. Жайқалған қызыл гүлің бар.
Бәйгеге шауып қыз таптық
Бұл олжаны, шырағым,
Менде алмайын, сенде алма.
Сұлтаныма алып бар,
Екеуіміздің бабамыз
Арамызда жалғыз шал,
Достығыңа, қарағым,
Бірге туған өзіммен
Қарындасым Жұлдызай 2350. Жұптыланып, соны ал,
Тыңдап тұрғын, тақсыр-ай,
Ғаділдікпен қарасаң −
Менде қандай күнә бар?
Андан соң өз жұрытма кеттім қайтып,
Досыма қошеметпен құлдық айтып.
Бәйгеге Құндызайды алғаннан соң,
Кел дедім жан досыма үйге қайтып.
Ғауазхан соныменен озып барған,
Уағдаға опа қылмай өзі алған. 2360. Сол жерде Құндызаймен ойнап-күліп,
Досына опасыздық бір іс қылған.
Сол қыздың себебімен бір күндерде,
Ақыры Гүлфарды да ұстап алған.
Жүрген жүріс, сөзінің бәрі де өтірік,
Бір күні күйеу болып маған барған.
Мұндайлық ақиқатын білгенім жоқ,
Уағдамен қарындасым тағы да алған.
Сонымен қош айтысып жүріп кетті,
Ғират тастап, Көкқасқа мініп кетті. 2370. Ел болған соң өсексіз болмас, тақсыр,
Бұл хабар бір күндерде маған жетті.
Қарындас пен әйелді қосып алып,
Досымның осылайша қорлығы өтті.
Иә, тақсыр, кім кінәлі, кім күнәсіз,
Беріңіз енді бізге әділетті.
Өлтірсең өз қолыңнан арманым жоқ
Оқиғам енді осымен тамам, бітті.
Көрұғылы тыңлап тұрды құлақ салып,
Бар сырды Күлшар бек айтты барып. 2380. «Ғауазға бұл қалай?» деп сұрағанда,
«Ақиқат, рас» деді, мойнына алып.
− Әйелін қарындаспен қосып алып,
Осындай уағдаға болдым қалып.
Иә, ата, барлық ғайып бір басымда,
Азапқа жан досымды қойма салып.
Балалық өтеді екен адамзаттан,
Нәпсімен бір осындай болдым кәйіп.
Жазық жоқ жан досымда сірә, әркез,
Мені десең иә, ата, байлауын шеш. 2390. Өз обалым өзіме мен ғаріптің,
Ер еді Күлшар бектің күнәсін кеш.
Иланып балалықтың әсерімен,
Еттім ғой жан досымның еңбегін еш.
Ұрынған уағдаға дәл өз басым,
Мендей жан жер жүзінде болмасын еш.
Байлады аруағына Құндызайды,
Достыққа маған берді Жұлдызайды,
Досыма ақырында қара бет боп,
Өлтірсең де уағдадан балаң тайды. 2400. Досымның дәм-тұзына мен ұрынып,
Оқ тиіп мекен еттім иесіз сайды.
Сол қыздың себебімен Гүлфарды алдым,
Орнатқан Күлшар бек күн мен айды.
Атажан, қайта достық батаңды бер,
Ғұмырда жолдас болмас мұндай жайлы.
Көрұғылы сөзі:
Сұлтанға шынын айтты екі бала:
−Ақиқат шыңдарыңды айтып өттің,
Ақыры екеуіңнің ісің шала
Сырыңды жан досыңнан жасырмай-ақ,
2410. Шындығын айтсаң нетті Ғауаз бала,
Сондайлық құрмет етіп, көмек берген.
Күлшар бек шын ақиқат болған пана,
Өтіріктің ақырында бір шыны бар.
Достардың болу керек көңілі сара.
Бұл күнде жасырғанмен ғайып істі,
«Алдыңнан болсын деген артың таза».
Шын айтсаң бұл досыңның көңілін сез,
Әгәреки, мақұл болса, қабыл көрер.
Қимаса жан досым деп бір шатақсыз, 2420. Бір сізге қарындасын тағы берер.
Жан балам, мұндай істі өнер көрме,
Ақырда бір басыңа зиян келер.
Жанданбас жалған сөзбен адам ұлы,
Бақытты адмзатқа Құдай берер.
Өлсеңде уағдадан неге тайдың,
Бұл ісің жігіттікке емес өнер.
Хан тайса, әділеттен, қара болмақ,
Араздық туғаннан соң адам өлер
Күлшар бек бұл ісіңнің бары достық, 2430. Бұл жерде нәсіп болып басты қостық.
Басында азаматтық етсең-дағы,
Ғауазхан балалықпен еткен бостық.
Сыйлапсыз көрмесең де мені, шырақ,
Ақиқат хандығымды сырттан сұрап.
Бұл сапар көмек беріп бақтысына,
Болыпсың Ғауаз жасқа үлкен мият.
Білемісің қадіріңді, қайран ерім,
Бір сізге істегеннің бәрі де ұят.
Ғауаздан мұндай істі көргенен соң, 2440. Арызға келсең нетті маған бірақ.
Ақиқат ерлігіңді естіген соң,
Болар ем Күлшар бек саған мият.
Әскермен қуып келіп, жықтың атып,
Сауытсыз жараланды қанға батып.
Ақыры сізбенен біз не болар ек,
Сол жерде қаза тауып қалса жатып.
Қыз табылар, қарағым, ұл табылмас,
Қайда қашып кетерсін қатар жатып.
Туғаным Көрұғылы боп рас болса, 2450. Ақыры сен де өлер ең қанға батып.
Барлығы балалықтың шалалығы,
Қайтеміз өткен істі қайта айтып.
Босатты байлауынан Күлшар бекті
Көрұғылы балаларға ақыл айтып.
«Ордасын Көрұғылының көріп қайт» деп,
Жөнелді ойнап-күліп Құдай хал қып.
Сөйледі әділетін сұлтан аға:
− Күлшар бек, сөзім тыңла, ғазиз бала,
Дос болғын Ғауазбенен бұрынғыдай. 2460. Сіздерге мен боламын ақыл баба.
Араздық адамзатқа пайда бермес,
Қызық көп тату болсаң дүнияда.
Ақ жүзің аналарың көріп қайтқын,
Шырағым, бұл туралы болма нала.
Күлшар бек осы сөзге ризаланып,
Сұлтанның ақыл айтқан тілін алып.
Достасып Ғауазбенен осы жерде,
Жамбылға қайтпақ болды бұл һәм барып,
Құндызай Жұлдызаймен аман-есен, 2470. Ғауазбенен қосылысты екі ғаріп.
Екі қыз өз күйеуін тапқаннан соң,
Тұрсын ба жалғыз қалып Гүлфар налып.
«Иә, тақсыр, сізге жолдас болалық» деп,
Өз шалын икемдеді сонда барып.
«Бір жүру балалардан ұят-ды» деп,
Көрұғылы Гүлфарменен кейін қалып.
«Ғауаз тұрды сүйінші беріңіз» деп,
Сұлтанға әзілдесті ебін тауып.
Гүлфардың айтқан сөзі балдан тәтті, 2480. Шалдың да келе жатыр көңілі ауып.
Жылап барып, барлығы күліп қайтты,
Етеді қуаныш пен ойын-сауық,
«Сүйінші шешемізден сұраймыз» деп,
Қасенхан Ғиратпенен кетті шауып.
Қасенханның сүйінші сұрап, Жамбылға барғаны
Ғиратқа Қасен кетті мініп алып,
Тірлікте не көрмейді бәнде ғаріп.
Арада азды-көпті сапар етіп,
Жамбылға бір күндерде жетті барып.
Ғауаздан жаман-жақсы хабар болмай,
2490. Отырған аналары күйіп-жанып.
Қуантып барлығында шатлық етті,
«Сүйінші, апалар!» деп Қасен барып,
Жарылмас жақсылыққа адам ұлы,
Сөніп қалған ғаріптің шамын жағып.
Ғауаздың амандығын естіген соң,
Шешесі қуанғаннан қалды талып.
Сөйледі Қасен батыр бастан-аяқ,
Не түрлі бұлт туралы болған анық.
Осындай аналары шаттық көрді, 2500. Күлдірді Қасен бала барлық елді.
«Өмірлі болыңыз» деп Қасенханға,
Осындай аналары бата берді.
Өзбек қуанышпен жерге сыймай,
Шаңлатты Жамбыл белдей асқар белді.
Көрұғылы, Күлшар бек, Ғауаз батыр,
Қаншалық әскерімен бұ да келді.
Он екі шешесі бар Ғауаз ерді,
Жалғыздың өліп-талып жүзін көрді.
Өзбек жаннан ғазиз құрмет етті, 2510. Күлшар бек асып туған кемеңгерді.
Той етіп қырық күндей Көрұғылы бек,
Шақырды дию, пері барлық елді.
Алты жүз ат қосыпты бәйгесіне,
Көкқасқа Ғиратпенен қатар келді.
Мұнымен той тамаша тамам, бітті.
Болмады бір адамның көңілі күпті.
Көрұғылы Гүлфарменен ғашық еді,
Бұлардың некхаланар уақты жетті.
Келгенде жүз алпысқа қызбен ойнап, 2520. Көпірден қалтыраңдап зорға өтті.
Атақты аты шыққан ер емес пе?
Аттары сүрінбей-ақ жолмен өтті.
Бұрынғы айтқан серттің барлығында,
Ғауаздың құрметіне азат етті.
Болғанмен жасы кәрі, бақыты бәле,
Гүлфарды жанан ғазиз құрмет етті.
Күлшар бек мейман болып екі ай жатты.
Өткізді ойын-сауық мұқабатты.
Құсын салып, ит жүгіртіп, тамашамен, 2530. Көлінен Һауадәктің қазын атты.
Көрұғылы баласындай ақыл айтып,
Беріпті Манжүн көктей тұлпар атты.
− Жасымнан бақыт болып қонып еді,
Күлшар бек сұрамағын бұл Ғиратты.
Бұл сөзін Көрұғылының қабыл көрді,
Күлшар жігіт екен асыл затты.
Бір күні Көрұғылыдан рұқсат алып,
Еліне Күлшар бек бұ да қайтты.
Ауызбен айтып болмас еткен сыйын, 2540. Олжаға барлық әскер тегіс батты.
Құндызай, Жұлдызайдай қарындасы,
Өтініп ағасына қош-қош айтты.
Қоштасып, қол алысып сұлтанменен,
Бостанның шаһарына енді қайтты.
Күлшар бек Манжүн көкке мініп алды,
Сұлтанға бек қабағат ризаланды.
Ғауазхан, Қасенхан мен қырық жігіт,
Еліне аман-есен алып барды.
Онан соң бір-біріне қош айтысып, 2550. Бұлар да Жамбыл белге қайта салды.
Жаулық істің аяғы достық болып,
Аяғы осылайша тамамланды.
Өлсе де Көрұғылының арманы жоқ,
Гүлфарды күндіз-түні қасына алды.
Сол адамның бәрі де өтіп кетіп,
Бұл дүние енді келіп бізге қалды.
ТҮРІКПЕН РАУШАНБЕК БАТЫР ТОЛЫБАЙДЫҢ БАЛАСЫ ҚАЛМАҚ БАТЫРЫ МАХРАММЕН СОҒЫСЫ
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Содан өсіп халық болған
Сейілхан мен Жайылхан.
Өз әкесі Сафиден
Ұрпақтап халық жайылған.
Сейілханнан туыпты,
Сегіз арыс түрікпен.
Қабағы қалың бурадай 10. Көрсе дұшпан үріккен.
Түрікпенде ерлер көп болған,
Жауды көрсе желіккен.
Арабы тұлпар мінгені,
Арқанда тұрып еріккен.
Жауды сезген исінен
Болмаса киген бөріктен.
Қарсыласқан дұшпанын
Сол күнде түрікпен жүдеткен.
Сол арада күнелткен 20. Қылыштан қанын тамызған
Неше батыр ер өткен.
Кәрия менен билерге
Қатар тұрып халқына
Ақша хан деген хан өткен.
Қалмақтың ханы Шағдат хан
Жеті атасын жер еткен
Түрікпен десе зар еткен.
Атаның кегін ала алмай,
Қалмақ деген халықты 30. Сол күнде Құдай қор еткен.
Ұрысуға Шағдат хан
Қырық жылға шейін күтініп,
Кек алуға мақсаты
Бұрынғы өткен деректен.
«Атаның кегін алсам» деп,
Күні-түні зарланып,
Өзін-өзі жүдеткен.
«Түрікпен елін шабам» деп
Палуанды жинап, үйреткен. 40. Ақша ханның баласы
Толыбай деген хан болып,
Жығалы хан атанды
Күрлеген бақтың тұсында-ай.
Толыбайдың тұсында
Тағы шапты қалмақты –
Ортаға келіп кіріп-ай.
Сол сапар өлді өз атам
Қолынан халқын беріп-ай.
Сол атадан хан еді 50. Келе жатқан шынжыр-ай.
.........................................1
Хандықты таста деп Толыбай,
Өзінен-өзі жеріп-ай.
Бақты өзі тепкені,
Болған шығар керім-ай.
Түрікпен елдің басынан
Көшкен шығар бақыты,
Сүректі күні болып-ай.
Шынжыр атақ тұқымнан 60. Хандық айтқан қараға
Осы сапар деп тұрмын
Бола ма деп жолым-ай.
Қолдан кеткен ерлерім
Толыбайды өлтіріп,
Тірілей байлап келтірсең,
Раушанбектей ұлын-ай.
Қаһармандай ерлерім
Түрікпен елге түсірсең,
Бұрынғы өткен күнін-ай. 70. Раушанбектей ұғыл туған
Толыбай ханның белінен.
Артық дейді жамалы
Адамзат емес періден.
Сымбаты асқан жан дейді,
Мұсылманның елінен.
«Қала салған» деп есіттім
Әудектің жеті көлінен.
Жаулаған жауы қалмақ ел
Бұрыннан болған қорындай, 80. Талай шауып қалмақты
Малдарын салған телімге-ай,
Түрікпендердің ерлігі,
Орасан көзге көрінді-ай,
Шамасы келген қалың [жау]
Қиядан келіп ұрынды-ай.
Кек ала алмай түрікпеннен
Біздің қалмақ бүлінді-ай.
Қалмақтың көрген қорлығы
Бұл күнде түссе есіме, 90. Көзімнің жасы төгілді-ай,
Қабырғам менің сөгілді-ай.
Құдайдан жәрдем болмады
Біздің қалмақ еліне-ай.
Атаңа нәлет түрікпен
Іс қылды көзге көріне-ай.
Шүкір......................киінді
Ақылхан деген хан болды,
Түрікпен елге келіп-ай.
О да берді қорлықты, 100. Қаптаған қалың еліме-ай.
Түрікпеннен көріп қорлықты
Сол күндерде біздің ел
Көрмеген, сірә, тынымды-ай.
Онан соң болды Ақша хан
О да қылды қалмаққа
Орасан үлкен зұлымды-ай.
Ақша ханның тұсында
Менің де көзім көріп еді,
Қанша хан қырылды-ай. 110. Түрікпеннің хандары
Бірінен-бірі орасан,
Артық болған білімді-ай.
Құдай артық жаратқан
Аты менен жігітін,
Сәтімен туып күнінде-ай.
Бұл хандардың тұсында
Біздің елге көрсеткен
Халық көрмеген қысымды-ай.
Ұранға шапқан ер шығар 120. Ұстасатұғын теңімен.
Осы көптің ішінде,
Ұстасатын ер бар ма,
Қалың түрікпен елімен?
Асып туған қайратты
Раушанбектей ерімен.
Аттанатын батыр кім
Қалың түрікпен еліне,
Бетпақтың құба шөлімен?
Раушан ерді кім барып, 130. Байлап келсе өлтірмей,
Хан күйеуі етейін,
Қызымды қосып теңімен.
Раушанбектей ер туған
Толыбайдай асылдан.
Асылы текдар зат еді,
Келе жатқан нәсілден.
Ұлы туған ер еді,
Дұшман көрсе ашынған.
Ерегіскен ерлерді 140. Қонысынан асырған.
Толыбайдың Раушанбек
Тірілей байлап келгенге,
Билігін беріп халқымның,
Орын беремін қасымнан.
Он сегіз жыл хан болып,
Халық биледім жасымнан.
Атам кегін алсам деп,
Көңілім менің талпынған.
Сарып етуге бар күшті 150. Аянбай жаным ашынған.
Шауып алмай түрікпенді,
Ашынған көңіл басылман.
Шағдат ханда бағулы
Алты жүздей палуан бар.
Екі талай ұрыста
Оған келмес адам пар.
Палуанның бастығы,
Махрамдай ер еді,
Қалмақтан шыққан зор еді. 160. Атаңа нәлет діні қара,
Ылақтырып ойнайтын
Екі жүз батпан тас шоқпар.
Ханның сөзін есітіп,
Палуан тұрып қылды зар.
«Түрікпенді шауып келуге,
Айтады, мен, деп талапқа».
«Қыз беремін» деген соң,
Хан күйеуі болуға,
Махрамның мейілі бар. 170. «Мен шабамын, – дейді, – түрікпенді,
Кең дүниесін қылып тар.
Раушандай бектерін
Тірілей байлап келуге
Боламын, тақсыр, міндеткер».
Махрамдай палуан
Қайраты асқан нар еді
Өзінің қалмақ елінен
Асып туған жан еді.
Барсам деген түрікпенге, 180. Бұрыннан да палуанның
Көңілінде бар еді.
Ерлігіне сиынып,
Іздегені ар еді.
Дінсіз де болса, палуанға
Бұрыннан Құдай жар еді.
Тұлпар мініп, ту алса,
Кімге де болса пар еді.
Найзасын қанға суарған,
Екілескен жерлерде 190. Теңдесі жоқ жан еді.
Қылыштан қанын тамызған,
Екілескен ерлердің
Қанын судай ағызған,
Осындай пиғылы тар еді.
Махрам сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
– Мен талап қылдым, Шағдатхан,
Түрікпен елге бармаққа-ай,
Ата кегін алуға
200. Түрікпенге салам салмақты-ай.
Келтірермін өзіне,
Бұрынғы берген азарын
Түрікпеннің қалмаққа-ай.
Түрікпен түгіл, сұлтаным,
Менің шамам келеді,
Әрбір жерді алмаққа-ай.
Түрікпеннің халқынан
Кегіңді алып бермесем,
Тапсыр мені әруаққа-ай. 210. Раушанбекті тірілей
Байлап әкеп мен берсем,
Бітер ме көңілің мен жаққа-ай?!
Түрікпен елге барамын,
Жанға серік болатын
Төрт жүз палуанды аламын.
Онан көп әскер не керек,
Харазымның халқына
Бір өзім де боламын.
Мені алатын батыр жоқ, 220. Түрікпеннің елінде,
Есіткенге нанамын.
Білмеймісің, сұлтаным,
Мен бір жанып тұрған шаламын.
Толыбай мен Раушанның
Қысқартамын қадамын.
Қоймай айдап екеуін
Алдыңа, тақсыр, саламын.
Қайда қиын жау болса,
Жұмсай бер, тақсыр, өзімді, 230. Мен жақсы қызметте боламын.
Түрікпендегі кек үшін
Қайғырып, тақсыр, мұңайма,
Ойдағыңды қыламын.
Қалың түрікпен елінің
Бірін қоймай қырамын.
Түрікпен елге бармаққа
Төрт жүз палуан сайланды,
Палуанның басы Махрам
Алмас қылыш байланды. 240. Төрт жүз палуан қол алып,
Махрамдай палуан
Жүрмекке енді ойланды.
Қайратты ерлер қамданып,
Қалдырмай қара байланды.
Қаһары қатты батырлар
Мұсылманның еліне
Салмаққа барып ойранды.
Махрамдай палуан
Қатты қаһар қолға алды. 250. Қалмақтың қалың еліне
Болғандай үлгі жол салды.
Бұл төрт жүз ердің айбатын
Көрген халық таң қалды.
Неше асқар бел қалды,
Туып өскен жер қалды.
Бірге туып бірге өскен,
Қатар-құрбы, тең қалды,
Қалың қалмақ ел қалды.
Қаһарына ерлердің 260. Жүрген жері қозғалды.
Мұсылманның еліне
Болатын болды бір жұмыс,
Бермесе Құдай жәрдемді.
Осы шыққан төрт жүз палуан
Мұсылманның елінен
Кек алуға арманды.
Шағдат ханнан аттанған
Төрт жүз палуан ерлердің
Ылғи тұлпар мінгені, 270. Гулетіп ерлер жөнеді.
Болаттан сауыт оқ өтпес,
Белсеніп ерлер киеді.
Тасқа тұрмас ақ сүңгі
Қарына батыр иледі.
Астындағы тұлпарлар
Тасқа тисе таңлағы
Саз балшықтай иледі.
Еті қызып шапқансын
Астындағы тұлпардың 280. Зорға басын биледі.
Қаһармен шыққан батырлар
Жанды көзге ілмеді.
Бетпақтың құба шөліне,
Батырлар атын шу деді.
Ерігіп тұрған тұлпар ат
Соққан желдей гуледі.
Түрікпен елге жетсем деп,
Аударыспақ ойнасып,
Асығып ерлер келеді. 290. Елін шаппақ түрікпеннің
Осыған көңілін бөледі.
Қырық жылдан бері жай жатқан
Харазымның түрікпен
Қауіпсыз жатқан ел еді,
Бес атадан түрікбенге
Талайдан дұшпан көп еді,
Шағдаттан шыққан төрт жүз ер
Қайраты қатты мол еді.
Мұсылман, қалмақ жауласқан 300. Бұрыннан қалған жол еді.
Толыбайдай сұлтанның
Өзі тастап хандықты
Бос отырған кезі еді.
Толыбайдың жалғызы
Раушанбектің мекені –
Әудек деген көл еді,
Раушанбек жалғанда
Жаннан асқан ер еді.
Жүзі көркем, шырайлы, 310. Адамнан емес пері еді.
Мінез-құлқы мүләйім
Құданың сүйген құлы еді.
Ысқауат – қайыр көп берген
Сақилығы шын еді.
Он жігітпен құс салып,
Сейілге шығар күні еді.
Әудектің жапан даласы
Раушанбектің шыққаны
Келатқан жаудың жоны еді. 320. Атаңа нәлет Махрам
Он жеті күн-түн жол жүрді,
Азғантай емес мол жүрді.
Ылғи тұлпар мінгені
Төрт жүз палуанды
Жазира шөлмен жүргізді.
Жүз батпан шойын шоқпарды
Асықтай атып Махрам
Ерлігін жұртқа білгізді.
Байлап қайтпақ мақсаты – 330. Толыбайдың баласы
Раушанбектей жалғызды.
Қайтар емес палуандар
Қалың түрікпен елінен,
Шағдаттың кегін алғызбай.
Байлап алып Раушанды
Ойдағы ісін болғызбай.
Мұсылман еліне
Болатын болды бір жұмыс,
Бермесе жәрдем бір Құдай. 340. Осы жүрген сәулетпен,
Шағдаттан шыққан төрт жүз ер
Жол жүреді нақ бір ай.
Ерлері кетіп аз қалған
Түрікпеннің елінде,
Махрамға жан жоқ сайма-сай.
Осы жүрген сәулетпен
Әудектің жеті көліне,
Келіп қонды жақындай.
Аттанып батырлар, 350. Харазым деген жерінен.
Туралап асып жол шеккен
Қу бастың құба шөлінен.
Есіткен қалмақ елаты
Туды деп жалғыз Раушанбек
Толыбай ханның белінен.
Түрікпенге шыққан анайы
Бұрынғы ата кегінен.
Күн-түндеп бір ай жол жүріп,
Жақынға келіп ол қонды, 360. Әудектің жеті көлінен.
Жата берсін бұл ерлер
Енді айталық кеңесті,
Алдағы түрікпен елінен.
Толыбайдың жалғызы,
Раушандай бегінен.
Бір күні шықты Раушанбек,
Он жігіт ертіп елінен.
Құс салып, киік ауламақ
Әудектің жеті көлінен. 370. Хан баласы Раушанның
Соған көңілі бөлінген.
Алғыр құс пен жүйрік ит,
Жинады қоймай шынынан.
Жолдас қылып ертеді,
Ерлерді сайлап теңімен.
Құс салып сейіл қылмаққа
Халқын жинап Раушанбек
Рұқсат алды көбінен.
Шырайлы еді Раушанбек 380. Адамзат емес періден.
Хан баласы Раушанды
Көруші еді артық түрікпен
Перзентінен өзінің,
Жалғыз туған белінен.
Халқына болған жағымды
Мүләйім мінез пиғылымен.
Алды-артында қара жоқ,
Жалғыз еді Раушанбек
Толыбайдың белінен. 390. Алдында аға болмады,
Артында жоқ және інісі,
Жалғыздық түсіп есіне
Қамығады шынымен.
Өзінен де туған бала жоқ,
Қамықты бегің сонымен.
Бұтақсыз өскен дарақпын
Өскен жапырақ көлімен.
Айқалап перзент сүймедім
Бала туып белімнен. 400. Жазатайым іс болса,
Жоқтайтұғын аға-іні жоқ,
Қалың түрікпен елінен.
Қартайған атам не қылсын
Уақты өткен күнінен.
Уақты хошлық қыламын
Қырық жігіт ертіп ізімнен.
Қалың жауға кез келсе,
Жәрдемші боп ата бер
Қалмағай тағы тізгіннен. 410. Арманы бар ма жігіттің
Атам жоқ деп іздесе,
Перзентің болып кейіннен.
Ердің құны бір оқтық,
Қиядан қыстау іс болса,
Жасаған Жаппар Құдай-ау,
Жанға бергей тоқымнан.
Уайымнан пайда жоқ,
Бір жігітке ойласаң,
Бұрынғының көзінен. 420. Жалғызға болғай мәдеткер,
Жасаған Құдай өзіңнен.
Нәмарт деп біреу айтпай ма
Шықса мынау сөзімнен.
Ойға түсіп бір қиял,
Жалғыздықтан сөз айттым,
Өзімде перзент уайымнан.
Кел, қырық жігіт, атқа мін,
Жүрелік Әудек көлімен.
Бұл сөзді айтып Раушанбек жігіттеріменен атқа мініп Әудек көлге қарай кетіп бара жатқан жері.
Қырық жігіт шу деп ат қойды, 430. Әудектің жеті көлінен.
Таңырқатты сәулеті
Мына түрікпен елінен.
Алғыр бұрты жүйрік ат,
Қару-мылтық асынған.
Асан көзге көрінер,
Жау құралы бір басқа
Асынған екен белінен.
Сәулетін көрген ерлердің
Жан келе алмас жанына-ай. 440. Ылғи тұлпар мінгені
Қияға салған көзін-ай.
Асфаһани қылышпен
Садақ, найза қолында-ай.
Ақ кіреуке сауытпен
Болат қалқан басында,
Тілләдан дабыл асынды-ай.
Шошынғандай көрген жан
Айбатына ерлердің
Бұл бара жатқан пормындай. 450. Ат қойды беклер шу десіп,
Бір-біріне жүр десіп,
Әудектің жүрер жолына-ай.
Шығарып салған қырық жігіт
Басқасы қайтып еліне,
Хан баласы Раушанбек
Он жігітпен бөлінді-ай,
Раушан мінген қанкері ат
«Шу» дегенде бәрінің
Қара озып кетті алдына-ай. 460. Сол күні шапты күнімен,
Келесі шапты түнімен,
Ұйқы алмай көзіне-ай
Бір күн, бір түн ат шауып,
Әудектің қара жалының
Келіп шықты белінен.
Белге шығып қарады,
Әудектің жеті көлінен.
Көзінің жетер шынына-ай,
Балдырған балғын мұнартып, 470. Әудектің шалқар көлдері,
Көрінді ыстық көзіне-ай.
Қамысты көлі Әудектің
Жағалай шатыр тігуге
Жақпады ердің көңіліне-ай.
Қоғалы көл, қулы көл,
Жекенді көл, желді көл,
Бұл төртеуі батырдың
Оң келмеді өзіне-ай.
Екі көлі бар еді 480. Бетпақтың құба көліндей.
Қызылкөл деген көл еді,
Қызыл тамыр қара оты,
Қалың шыққан жеріне-ай.
Тобылғылы, нұралы,
Біткен тасы қыналы,
Жағалай шатыр тігуге
Осы мақұл көрінді-ай.
Арғы жағы бұл көлдің
Бетпақтың құба шөлімен 490. Қалмақтың асқан жолы еді.
Ат басын бұрып батырлар
Соған құсын салмаққа
Сапар тартып жөнеді-ай.
Ол екі көлдің арасы
Ара күндік жол еді-ай.
Қызылкөлді жағалай,
Шатыр тігіп жатпаққа,
Батырлар гулеп жөнелді-ай.
Найзасын тасқа ырғады-ай, 500. Басқаға мойын бұрмады-ай.
Күн бесінге жеткенде
Қызылкөлдің басынан
Батырлар келіп құлады-ай.
Қызыл көлдің басынан
Жағалай шатыр тігіпті-ай.
Кешке дейін батырлар,
Шатырда жатып тынықты-ай.
Жағалай жатқан сабатқа
Ат жіберіп батырлар 510. Ер әбзелін алыпты-ай.
Жағалай айдында отырған
Құс төресі қу еді,
Қоймай атып алыпты-ай.
Ойын-күлкі сәулетпен
Сол күні ұйықтап жатқанда,
Хан баласы Раушанбек
Бір жаман түс көріпті-ай.
Отыр екен түсінде
Түрікпен елдің шағында-ай, 520. Бұрынғы ата бағында-ай.
Атадан қалған мирасын
Кіреуке алтын тағында-ай.
Қалың әскер тұр екен
Раушанбекті қорғауға
Қамалап оң мен-солын-ай.
Дүнияның ләззәтін
Бұл түсінде көріпті,
Жан көрмеген дәуірді-ай.
Қол қусырып, «сұлтан» деп, 530. Ортаға алып тұрады
Жанның бәрі жабырлай.
Жалаңаш қылыш қолға алып,
Неше мыңдай әскер тұр,
Тигізбей ханға зәбірді-ай.
Бұл сәулетпен тұрғанда
Киелі қара бура кеп
Раушанбекке шабынды-ай.
Иықтан алып жерге ұрды,
Раушанбектей ханыңды-ай. 540. Қамаған қалың әскердің
Біреуі кетті табылмай.
Босанып мұнан қашып еді,
Алдынан шығып бір қабылан
Тырнағын салды жаздырмай.
Тырнағынан қабыланның
Қырық бөрі келіп айырды-ай.
Босанып және ол қашты,
Жанының ойлап қамын-ай.
Аспаннан келіп көк бүркіт 550. Төбеден бұрып сұлтанның
Ағызды судай қанын-ай.
Төрт жүз қарға жалап жүр
Қанын жерге тамызбай.
Аспаннан түскен көк бүркіт
Қырық бөріні соғып жүр
Пәлекті ұрған дауылдай.
Дәрменсіз жатты Раушанбек
Көзі көріп барындай.
Біреу келіп байлады 560. Раушанбектің қолдарын,
Дәрменсіз жатқан шағында-ай.
Оянса батыр түсі екен,
Албырап тұрды өртеніп,
Көкірегі жалындай.
Тұра келсе таң атқан
Шақырып алды қасына
Жолдасының барында-ай.
Көрген түсін айтуға
Қырық жігітке жаңылмай. 570. Мен бір жаман түс көрдім,
Оңға жоры, жігіттер,
Кетпесін дауа табылмай.
Әлқисса, Раушанбек далаға шығып дәрет алып, келіп түсін айтып жорытайын деп келе жатқанда таудан құлап келе жатқан көп киікті көріп, түсін жорытуды ұмытып кетіп, жігіттерге ер сал деп бір сөз айтқаны:
– Ай,қырық жігіт, тұрыңдар,
Айтқан сөзді ұғыңдар,
Ер салып әбзел бедеуге,
Тезірек атқа мініңдер.
Таудан төмен құлады
Суға қарап көп киік,
Оны да шығып көріңдер.
580. Іздегенің сол еді,
Текесін таңдап алыңдар.
Он жігіт болса болады,
Менімен бірге жүруге,
Басқаң қоста қалыңдар.
Ат қағып келген ерлерім
Тынығып деміңді алыңдар.
Құмайды қосып киікке
Тамашасын көріңдер.
Өзімен кетет қызығы 590. Құс алмай-ақ қойыңдар.
Құс қызығы бір басқа,
Ит жүйрігін сынайық,
Бұл сөзіме наныңдар.
Мергендеріңді сынайық,
Қалдырмай мылтық алыңдар.
Жау құралы қалмасын,
Тастан асыл қылышты
Қия белге шалыңдар.
Ырғай сапты найзамен 600. Қалдырмаңыз садақты,
Қаруды жолдас қылыңдар.
Күн шығып қызып кетпесін
Тезірек атқа мініңдер.
Раушанбектің бұл сөзін
Есіткенсін жігіттер
Орнынан тұрды қуанып.
Он жігіт шықты сайланып,
Қолдан бөлек шұбалып.
Таярланды жүруге 610. Бедеу атқа ер салып,
Қылыш байлап беліне,
Найзаларын қолға алып,
Қорамсақ толған оқпенен
Садағын алды қамданып,
Бүркітін тастап құсына
Ылғи құмай тазыны
Шақырды беклер памданып.
Құмай келді бектерге
Шақырғансын жиналып. 620. Қиядан көздеп құмайлар,
Алды-артында бектердің
Жүгіріп жүр айналып.
Ал енді бектер шу десті,
Бір-біріне жүр десті.
Киікке қарай шамданып,
Киік тұрды қарасып,
Атты адамға таңданып.
Ылғи құмай тазыны
Көзі көрді киіктің 630. Адамға тұр еді алданып.
Тазыны көзі көргенсін,
Киік қашты тауды өрлеп,
Құтылуға қамданып.
Жабыла қуды жігіттер
Ұстамасқа арланып.
Таудан арман аспай-ақ,
Таңынан тартып құмайлар,
Көбі қалды қарпалып.
Ылғи құмай тазылар, 640. Құтқармады киікті
Екеу-екеу парланып.
Таудан арман құлады,
Бөлініп кетті төрт киік
Қарасын үзіп жауланып.
Тазылар қалды адасып,
Көре алмай оны қарманып.
Табанынан тас соғып,
Тырнағы сынып құмайдың,
Кейінде қалған киікке
650 Тұрып қалды алданып.
Құмайы тұрып қалғансын,
Раушанбек пен он жігіт
Атқа қамшы басады-ай.
Тұлпарды қысып шу десіп,
Шаңын шаңға қосады-ай.
Бір-біріне жүр десіп,
Ерлерді ашу қысады-ай.
Қарасын көріп келе жатыр,
Жеткермейтін осы еді-ай.
660. Арандатқыр төрт киік,
Қу бастың құба шөліне
Бет қойып соған асады-ай.
Шамасын байқап қараса,
Жалғаса қуған он бірі
Жете алмасқа осады-ай.
Раушанбек алдында
Қанкер атты қысады-ай.
Бұл киікке жете алмай,
Хан баласы Раушанның 670. Көңіліне қайғы түседі-ай.
– Астымдағы Қанкер ат,
Жылқыда тұлпар сен едің,
Дүлдүлден қалған жұраттай.
Мойның сұлу таяқтай,
Сымбатыңа болайын
Төрт қырлаған қайрақтай.
Құлағың сұлу жануар
Қиған қамыс қияқтай,
Төрт аяқты тұяғың
680. Сомдап қойған болаттай,
Жая көр алтын қанаттай.
Алдында қашып баратқан
Төрт аяқты хайуаннан
О да шыққан бір заттай.
Төрт аяқты хайуанға
Жете алмай қалған ұяттай.
Көңілде арман қалмасын,
Жеткере көр мен заттай.
Осыны айтып Раушанбек 690. Қанкер атқа шу деді.
Шу дегенде Қанкер ат
Соққан желдей гуледі-ай,
Табаны жерге тимеді-ай.
Тұяғы тиген тастарды
Саз балшықтай иледі-ай.
Биік белге шыққанда,
Қанкер аттай тұлпардың
Азар бойын биледі-ай.
Қанкер аттың қайраты 700. Денеге симай кернеді-ай.
Төрт киіктің үшеуін
Бөліп қалып Қанкер ат
Қолынан арды бермеді-ай.
Үш киікті Раушанбек
Найзаменен шапақтап
Жығып күлін бірледі-ай.
Енді қалған біреуін
Ұстасам деп терледі-ай,
Ілгері қарай өрледі-ай. 710. Ілгері шапты Раушанбек
Ұстасам деп киікті-ай.
Ізінен қалмай киіктің
Қырсыққа мықтап елікті-ай. Ары-бері ат шауып,
Шыға келді Раушанбек
Үлкен асқар биікке-ай.
Биікке шығып қараса,
Көзі көрді батырдың,
Ылдиында ол таудың
720. Бара жатқан киікті-ай.
Киіктен басқа ойы жоқ,
Таудан түсіп ылдилап,
Киікке келді жуықтай.
Киікке жақын келгенде,
Және көрді батырың,
Аттанып жатқан әскерді,
Бекініп тұрған тұйықтай.
Қалың жауды көргенсін,
Раушандай бегіңіз 730. Төбеге шауып шығады-ай,
Жан-жаққа көзін салады-ай.
Құба судың құба шөліне
Шығып кеткен қызықпен,
Жалғыз өзі тұрады-ай.
Көз жіберсе артына
Кейінде қалған он жігіт,
Шұбала шауып шығады-ай.
Шошайып тұрған бір өзі
Раушанбекті көрді. 740. Көрінген жер қашық па,
Раушанбектің қасына,
Бұлар да жетіп келеді-ай.
Ылдидағы әскерді
Бұлардың көзі көреді-ай.
Әскерді көріп жігіттер
Раушанбекке сөйледі-ай:
– Аң қуып шықтық, сұлтаным,
Әудектің қызыл көлінен.
Қызықпен келіп шығыпбыз,
750. Құба судың құба шөлінен.
Мынау түрі бөлек асқар ғой,
Қоштаспасақ болар еді-ау,
Қалың түрікпен елімен.
Мына тұрған жауың кім,
Келген бе қалмақ елінен?!
Тіл алдың ба сөйлесіп,
Мен сескеніп тұрмын түрінен.
Болмасын қалмақ аттанған
Шағдатханның елінен. 760. Он жылдан бері күткен деп,
Естуші едік шынымен.
Жиылды деп әскер естіп ек,
Жақын жерде шынынан.
Тіл алайық сөйлесіп,
Осы тұрған көбімен. Қанеки, сұлтан, баршы сал,
Ғайып емес ұрысқан,
Өзімен сыйлас теңімен.
Бұл сөзбенен ойланып,
770. Хан баласы Раушанбек
Жібермек болды елшіге,
Үш жігітті сонымен.
Үш жігітті сайлады,
Қалмаққа барып келуге,
Қайдан жүрген жау екен,
Мәні-жайын білуге.
Сапабек деген ер еді,
Сол жөнелді қалмаққа
Қос жігіт ертіп ізіне. 780. Сапабектей еріңіз,
Қамап тұрған қалмақтың
Тұралап қаратты өзіне.
Айбатпен тұрған палуан
Көрініпті көзіне.
Осы жүрген Сапабек,
Қайратты туған ер еді,
Ерлігінің белгісі
Қамап тұрған төрт жүз ер
Соған қарап жөнеді. 790. Қаһарлы тұрған ерлерге
Іркілмей жетіп келеді.
Палуанның басы Махрам
Түрі бөлек неме еді.
Айбатынан қорықпай
Соған жетіп келеді,
Махрам ерді көреді.
Махрамның айбатын
Тіптен көзге ілмеді.
«Не жұмыста жүрсің?» деп, 800. Тұралап айтып Махрамға,
Сапабек қаны сөйледі:
– Түрлеріңе қарасам,
Қалмақтан келген жандайсың.
Сымбатың бөлек қаһарлы
Халық ұстаған хандайсың.
Тастамай қару асынып,
Дүнияның жүзін шарлайсың.
Бедеу мініп астыңа
Алды-артыңды барлайсың.
810. Шын қаһармен аттанып,
Қай сапарға барғайсың?
Жөніңді сұрай мен келдім,
Қанекей, сөйле, қалмағым,
Кімді алып, кімді қорғайсың?!
Сипатыңа қарасам,
Бәрің бірдей төресің.
Тұлпар мініп астыңа,
Дүбір-дүбір қыласың.
Қабағың жаман қатырып, 820. Түн ұйқыңды бөлесің.
Жөніңді сұрап мен келдім
Қалмағым, қане жөніңді айт,
Қай сапардан келесің?!
Хан баласы Раушанбек
Елшіге мені жіберді.
Жөніңді айтып бересің.
Мен кәдімгі түрікпен елінен,
Түрімнен байқап білесің.
Түрікпен десе қалмағым, 830. Сірә, ұйқыңды аша бересің.
Жөніңді айтшы, батырлар,
Қай сапарға барасың?
Ат тұяғымен шаң қылдың,
Құба судың жапан даласын.
Қандай елде дәмең бар,
Кімнен олжа қыласың,
Біздер түрікпен елінен
Бұрыннан өзің білесің.
Атың жарау, өзің аш, 840. Түн ұйқыңды бөлесің.
Ана тұрған Раушанбек,
Толыбай ханның баласы,
Жөніңді айтып бересің.
Қалмақ бізбен кекті жұрт
Жеткізе алмаған өресін.
Көп жыл болды қалмақтан
Олжа қылмай келеміз,
Оны, батыр, сезесің.
Өзіңнен келіп ұрынсаң, 850. Бір жазғанын Құданың
Маңдайыңнан көресің.
Қанеки, ерлер, сөйлеші,
Қай сапарға келесің?!
Мен түрікпендегі Сапабек,
Көзіңді ашсаң көресің.
Бұрыннан қалған әдет бар
Көрсең көңіл бөлесің.
Бізге келсең ............2
Ажалың жетпей өлесің. 860. Раушанбек жіберді
Біліп кел деп хабарын.
Бұрыннан әркім сыйлайды
Жіберген ханның шабарын.
Қалдырмай жөніңді айтып бер
Қайсы болады шаһарың?
Тақ үстінде ханың кім,
Халық сұрап тізген қатарын.
Өз еліңнен шыққанда
Қай жер еді назарың?! 870. Қыздыруға келесің
Қай жерден ұрыс базарын?!
Алуға ойлап жүрмісің
Қалмақтың көрген азарын.
Түрікпен елге аттанып,
Бұрын қайтқан жоқ па еді қашарың?!
Қанеки, ерлер, сөйлеші,
Қай жерге жүрген сапарың?
Түрікпенге келсең аттанып,
Құдай білер кегіңді, 880. Зорлықпен келіп аларың.
Екі талай іс болса,
Кім біледі, батырлар,
Кім өліп кімнің қаларын,
Кім елге аман барарын.
Ерлігімен үдетіп
Кім жеңіп бақыт аларын.
Тез жөніңді айтып бер,
Көрмеймісің бұл келген
Хан баласы Раушанның
890 Жіберген саған шабарын.
Махрам сонда сөйледі:
– Біз қалмақтан келеміз,
Шағдат дейді ханымыз.
Мекен қылып отырған
Харазым дейді жеріміз.
Асфаһан деп атайды,
Туып өскен шәріміз.
Бұрыннан кетіп келатқан
Түрікпенде бар арымыз.
900. Ар алуға келеміз,
Осы біздің жайымыз.
Түрікпен елін шабамыз,
Денеңнен кетер жаныңыз.
Аттанып келген Махрам
Қалмақтағы нарыңыз.
Мен үстіңе келгенсін
Мүшкіл болар халіңіз.
Толыбай мен Раушанды
Алдыма алып келіңіз. 910. Екеуін байлап әкетсем
Аман қалар еліңіз.
Күмән деп батыр ойлама,
Осы біздің шынымыз.
Махрам палуан келгенсін,
Тұтам болар күніңіз.
Бес атасын өлтірген
Шағдаттай патшаның
Айыбын көп біліңіз.
Осы жолы қалдырмай 920. Кек алуға келгенмін
Ойран болар шаһарыңыз.
Енді мүшкіл боларын
Білмейсің бе халіңіз.
Түрікпен болып жиналсаң,
Бір өзіме келмейді,
Бар халқыңмен әліңіз.
Өзі келіп бас исін,
Раушанбекке барыңыз.
Менің айтқан сөзіме, 930. Құлағыңды салыңыз.
Бұл сөзіме көнбесе,
Зорлығымды көріңіз.
Сапар шегіп шыққанмын
Харазым деген жерімнен,
Асфаһандай шәрімнен.
Қара жер күйіп тас жанған
Шыққандағы кәрімнен.
Дін мұсылман шошынды
Қаһар төккен зәрімнен. 940. Төтелеп асып жол шектім
Құбастың Құба шөлімен,
Кек алуға шыққанмын
Сіздің түрікпен елінен.
Қалдырмаспын болса пар,
Бұрынғы ата кегінен.
Түрікпен елмен ұрысып,
Бұрын талай қандар төгілген.
Ашынып жүрген батырмын
Қабырғасы сөгілген. 950. Бұрынғы деп ойлама,
Шағдат ханның бұл күнде
Түрікпен елмен тең келген.
Тең келмек түгіл қайраты
Асып кетті бар елден.
Еліңді шауып, Сапабек,
Жебір-жесір қылуға
Әдейі іздеп мен келген.
Менің келген жерлерім
Қандай да болса жөнделген. 960. Маған қарсы келген жан
Оңалмайды еш жерден.
Талайы келіп жер құшқан,
Мұсылманның ерлері
Қарағай найза өңгерген.
Қылыштан қанын тамызып,
Мен Махрам деген палуанмын,
Талайларды меңгерген.
Айтқанды қылса Раушанбек
Алдыма келіп бас исін, 970. Жанын сұрап біздерден.
Ұрысқа шықса егесіп,
Шығады жаны тәндерден.
Бұл сапар аман кете алмас,
Ешбірің де біздерден.
Қоштаса алмай кетерсің
Қатын-бала елдермен.
Менің атым – Махрам,
Ерлігін халыққа сездірген.
Талайларды күнінде 980. Төсегінен бездірген.
Қара тасқа найзасын
Қарыс сүйем ендірген.
Талай жерде қисықты
Зорлықпенен көндірген.
Мұсылманның елдерін
Талай жерде бүлдірген.
Мені естіген батырлар,
Алдыма келіп бас иіп,
Бел шешіп қарсы жол берген. 990. Сен білмейсің, Сапабек,
Ойын көрме біздерден.
Ілгері өткен заманда
Иесіз жатқан қалмақты
Түрікпен талай бүлдірген.
Иесіз жатқан халық жоқ,
Еліне ие табылды
Халқын ұстап меңгерген.
Шұбар туды бұлғатып
Жауға шығар батыр көп, 1000. Қарағай найза өңгерген.
Мен сияқты қабылан
Аз халқын көпке теңерген.
Білмей жүрсің, түрікпен,
Басыңнан әруақ тайғанын
Осы күнде сендерден.
Хан болуға ерініп,
Тақтан түсті Толыбай
Қырсықтың басып сол жерден.
Әруақ тайды басынан 1010. Біткенсін бақты меңгерген.
Осы сапар түрікпен
Қисаяр бастан жығаңыз.
Қаза тауып біздерден,
Тілімді алсаң, Сапабек,
Раушанбекті байлап бер
Үмітің болса елдерден.
Осыны айтып Махрам
Жүз батпан шойын шоқпарды
Бұлғап қолға алады. 1020. Қабақта жатқан көк тасқа
Шоқпарды бұлғап салады.
Шоқпар тиген тастары
Ұндай болып барады.
Көрсетем деп қайратын
Лақтырып шоқпарды
Асықтай қағып алады.
Ерлігіне мас болып,
Ол айғайды салады.
Бір өзінің даусына 1030. Тау жаңғырып барады.
Түрікпен түгіл қасында
Еріп келген төрт жүз ер
Олар да естен танады.
«Раушанбек» деп шақырып,
Ол айғайды салады.
Көбік шауып аузынан
Жер тебініп тұрады.
Анда Сапабек Махрамның бұл сөзін есітіп, қайран болып, іштен қорқып, сырттан білдірмей қайтып келіп Раушанбекке сөйлегені:
Қайтып келді Сапабек
Раушанбектей еріне.
1040. Қауып етеді ішінен
Махрамның көріп түріне.
Раушанбекке сөйлейді,
Көргенін айтып көзіне:
– Мен барып келдім, сұлтаным,
Қалмақтан келген әскердің
Бастығы Махрам өзіне.
Жаудың түрі тым жаман,
Болмаса жәрдем Құдайым,
Сұлтаным, сенің өзіңе. 1050. Келдім деп айтат кек үшін
Түрікпеннің еліне.
Қайраты артық залымның
Көрінді менің көзіме.
Болған шығар бір жұмыс
Біздің түрікпен еліне.
Қалмаққа берген көп азар
Келсе еді кезіне.
Шыққан екен әдейі
Біздің дін Харазым еліне. 1060. Бұрыннан жүрген алалмай,
Түрікпенде жатқан кегіне.
Қаһарланып шығыпты
Нан пісіріп деміне.
Төрт жүз палуан шығыпты
Шағдатханнан бөліне.
Палуанның басы Махрам
Жалғыз өзін балап тұр
Жиналған қалың көбіне.
Махрам артық қайратты, 1070. Жан келмеген осы еді
Қатар жүріп шынына.
Жүз батпан ойын шоқпарды
Асықтай атып ойнап жүр,
Көрсетіп халықтың көзіне.
Түрі жаман кәпірдің
Қаһарманнан бұрынғы.
Кем көрінбеді көзіме.
Ызаланып мен келдім
Атаңа нәлет кәпірдің 1080. Әрбір айтқан сөзіне.
Аламын дейді түрікпеннен
Бұрынғы кеткен арымды-ай.
Бұзамын дейді талқандап,
Мекен еткен шаһарыңды-ай.
Талауға салып малыңды-ай.
Шығарам дейді кеудеден
Бір шыбындай жаныңды-ай.
Өздерің байлап бер дейді
Толыбай мен Раушанбек 1090. Екі бірдей ханыңды-ай.
Бұл екеуін бермесең
Көресің дейді Раушанға
Менің айтқан сөзімді-ай.
Түрікпенді шауып бұл сапар,
Кек алатын көзімді-ай.
Ұғылды атадан айырып,
Малыңды салсам тілімге-ай.
Қызды анадан айырып,
Шулатармын Сапабек 1100. Шырқыратып құлындай.
Табанға салып езермін
Солқылдаған мырзаңды-ай,
Сатып алған құлымды-ай.
Қаһары қатты залымның
Хан баласы Раушанбек
Қалмақтың сөзі осындай.
Күтініп шыққан төрт жүз ер
Жау құралын асынған.
Бұрыннан жүрген кекті іздеп 1110. Қалмақтың жаны ашынған.
Сен келе жатқан ер едің,
Шынжыр аттай нәсілден.
Екі талай жерлерде,
Талай кәпір Раушанбек
Алдыңа келіп бас ұрған.
Түрікпен елі бұрында Талай қалмақ елінің
Ішінен шыққан ерлердің
Бақытын бастан ұшырған.
1120. Ғайып ерен қырық шілтен
Тілеудар болып ерлердің
Кетпеуші еді қасынан.
Осы сапар қорқамын
Тая ма деп бақыт құс
Түрікпен елдің басынан.
Бетке тартып сөйледі,
Толыбайдың тастаған
Хандығын айтып басынған.
Аяғымен тепті деп, 1130. Басына қонған бақытты
Қалмаққа дабыл шашылған.
Бақ тепті деген сөздері
Есіме түссе қалмақтың
Шошынады ішім осыдан.
Мұсылманның табанын
Аудармаған Құдайым
Атаның тіккен қосынан.
Хан баласы Раушанбек
Жаудың түрі тым жаман,
1140 Не дейсің, ханым, осыған.
Хан баласы Раушанбек
Сонда барып сөйледі.
Қалмақтың айтқан сөзіне
Қаһары келіп сұлтанның
Көзі ешнәрсе көрмеді,
Сауытқа симай кернеді-ай.
Хан баласы Раушанның
Ашуы келмей не қылсын
Кемдікке көнер ер меді-ай:
1150. – Жауға теңдік бермеген
Бұрында түрікпен ерлері-ай.
Қалмақты олжа көп қылған
Ілгері өткен заманда,
Түрікпеннің бір топ елдері-ай.
Қалыпсың қорқып, Сапабек,
Махрамның сөзінен,
Зор көрініп түрлері.
Жәрдем болар бабадан,
Қайда кетті деп жүрсің 1160. Атаның кәміл пірлері.
Атаңа нәлет кәпірдің
Бұрыннан солай сөздері-ай.
Менменсіген көп ерлер
Бел шешіп берген жоқ па еді,
Әрбір жерде өздері-ай.
Шошынып неге сен тұрсың
Діні пасық кәпірдің,
Аспалық айтқан сөзіне-ай.
Талай кәпір сөйлейтін 1170. Жан көрінбей көзіне-ай.
Кәпірден ерлер бел шешіп,
Берген жоқ па еді өзімен.
Кәміл пірлер жар болса,
Төрт жүз палуан қалмақты
Азсынып тұрмын өзіме-ай.
Кел жүрейік кәпірге
Қарап тұру жөн емес,
Ер жігіттің өзіне-ай.
Осыны айтып болды да, 1180. Хан баласы Раушанбек,
Астындағы Қанкердің
Құйысқанын қысқартты,
Үзеңгісін ұзартты,
Шап айылын берік тартты.
Қалмақпенен ұрыспай,
Қайтпасына серт айтты.
Астымдағы Қанкер ат
Тұлпардан қалғансын жұрат
Толыбай ханның белінен, 1190. Жалғыз туған мен бекзат.
Жаман жауға кез болдың,
Қашан көңіл болар шат.
Жау жерінде серттесу
Бұрыннан ерге болған шарт.
Қалмақтың қалың жерінен,
Түтеген мылтық өзінен
Кіре алмасам маған серт.
Оқтан қорқып қорғалап,
Кіре алмай қалсаң саған серт. 1200. Кесіп қойған жеріне,
Қырық жыл жатқан қуарып.
Айдаһардың майына
Алған екен суарып.
Атадан қалған ақ сүңгі
Қалмақтың батыр еріне,
Шаншалмасам маған серт.
Шаншуыма шыдамай,
Ұңғыдан кетсең саған серт.
Айдаһардың тіліндей 1210. Салса кеткен білінбей,
Итке салса ыңқ еткен,
Нарға салса бүлік еткен,
Шекесі бос сылқ еткен.
Балдағы алтын ақ болат
Шабалмасам маған серт.
Шабуыма шыдамай
Балдақтан кетсең саған серт.
Бұл сөзді айтып Раушанбек
Қалмаққа қарап шабады. 1220. Басын қосып он жігіт
Тізелесіп барады.
Тілледен соққан дабылды
Дүңкілдетіп қағады.
Он жігіттің қайраты
Бір он мыңдай болады-ай,
Мазасын жаудың аладыай.
Араласып қалмақпен
Хан баласы Раушанбек
Аянбай соғыс саладыай. 1230. Раушанбектің қайраты
Көрген жанға ұнадыай.
Менменсіген кәпірді
Үлкен ермек қыладыай.
Кешке дейін ұрысып,
Қалмақты бегің қырадыай.
Ғайып ерен қырық шілтен
Атаның қалдың әруағы,
Басына мықтап қонадыай.
Әруақ орнап бақ қонып, 1240. Кез келген жауды қырадыай.
Қалмақтан келген төрт жүз ер
Ылажын таппай тұрадыай.
Уақыт болып күн батып,
Екі жаққа екі әскер,
Қосқа барып қонадыай.
Бір-бірінен қауып етіп,
Қарауылды қоядыай.
Түгендесіп адамын,
Түрікпеннен шыққан он жігіт, 1250. Раушанбектің жолдасы
Төртеуі-ақ аман қаладыай.
Сол күні жатып түнімен,
Таң атқансын Раушанбек
Ұрыстың қамын қыладыай.
Ұрыстан бұрын екі жақ
Өлігін жинап аладыай.
Өлгін жинап қараса,
Қалмақтан келген төрт жүздің
Екі жүзі қаладыай. 1260. Хан баласы Раушанның
Ерлігі халыққа жағадыай.
Тілладан соққан дабылды
Дүңкілдетіп қағадыай.
Аман қалған төрт жолдас
Қасына ертіп аладыай.
Тізе қосып бесеуі
Қалмаққа қарай шабадыай.
Бұл сапарда Раушанбек
Пірден медет табадыай. 1270. Тебіне келген қалмақты,
Қылышпенен шабадыай.
Мылтық жеткен жер болса,
Тартып кетіп барадыай.
Сол күні болған соғыста,
Екі жүздей палуанның
Бір жүзі-ақ аман қаладыай.
Бүгін тағы екеуі
Ақшам болып күн батып,
Екі жаққа тарадыай.
Әлқисса, анда Раушанбектің қайраты өте артық болып, қалмақтар не қыларын білмей қайран болды. Махрам тұрып ойлады: «Бұған ұрысқа шығып жазым болып кетсем, кейіннен адам қалдырмас. Бұ күнде бұған шықпайын ұрысқа. Амал керек екен. Бұған бір амал қылайын» деп, түнімен палуандарға ор қаздырып, бетін жауып айламенен, таң атқанда ордың бір жағында тұрып, Раушанбекті шақырып, бекке өзіме кел деп сөйлеген жері: 1280. – Қалмақтан келген Махрам,
Қайраты артық палуандай,
Жан пар келмес деуші еді,
Бір өзіме жалғандай.
Осы сапар торықты
Ерлікке көңілі қалғандай.
Ертіп келген төрт жүз ер,
Көбі өліп, аз қалдыай.
Ерлігіне Раушанның
Бастығы Махрам қалмақтар 1290. Қарап тұрып таң қалдыай.
Бұл не деген ер деді,
Айбаты көкті алғандай.
Мұсылманның басынан,
Таймаған екен бақыты,
Есіткенім жалғандай.
Түрікпеннің бұрынғы,
Өтіп кеткен ерінен
Күші басым көрінді
Он есе артық болғандай. 1300. Жаратып Құдай келтірген,
Орасан артық қайратты,
Осындай неден жалғанай.
Мен Махрам дейтін ер едім,
Екі талай жерлерде
Көнеден кекті алғандай.
Ерегіскен ерлерді
Табанға жаншып салғандай.
Ат басын түзеп барған жер
Үлкен олжа болғандай. 1310. Қаһарыма қарсы келе алмай
Ерлер есін таңғандай.
Мұсылман мен кәпірге
Мен айқындалған ер едім
Халыққа үлгі салғандай.
Менің жүрген жерлерім,
Той мереке болғандай.
Толыбайдың Раушанбек
Набұтқылды ерлерді,
Төбеден дауыл ұрғандай. 1320. Менсінбей тұрып ол ерді,
Қолдан бердім арымды,
Сескеніп тұрып қалғандай.
Толыбайдың Раушанға
Шықпасам өзім ұрысқа,
Болармын деді армандай.
Ерге керек қырық амал
Жаулы жерге барғандай.
Қанеки, ерлер, кеңес бер,
Ертеңгі ұрыс жабдықтан 1330. Қылайық айла болғандай.
Осыны айтып Раушанбек
Кеңесін беріп саладыай.
Отырып ерлер кеңесіп,
Ешбір айла табалмай,
Есінен мықтап танадыай.
Не айламен ұстауға
Білмей отыр қалмақтар,
Жалғыз түрікпен баланыай.
Ертен шықса ұрысқа 1340. Ұстатпайтын тұйғын деп,
Көп қайғыда қаладыай.
Астындағы Қанкер ат
Жаңғыз қазық ұрмаса
Қолға түспей кетед деп,
Сасық қамал боладыай.
Менменсіген ерлердің
Жүзі гүлдей соладыай.
Арыбері ойласып,
Көпшілігі кеңесіп, 1350. Бір айланы табадыай.
Бұл айласы қалмақтың
Көңіліне мықтап ұнадыай.
Мұнан басқа қылатын
Айла жоқ деп баршасы
Жабырласып қаладыай.
Таң атқанша батырлар,
Сексен құлаш жер қазып,
Білдірмей бетін жабадыай.
Үлкен айла таптық деп, 1360. Көңілдері толадыай.
Аттарын байласына
Жағалай ордың қасына,
Жабыла жатып қаладыай.
Таң атқансын Раушанбек
Орнынан тұрадыай,
Толғана мойнын бұрадыай.
Қасындағы жолдасқа
Әңгіме дүкен құрадыай.
Түнде көрген түсінен 1370. Іші қорқып сұлтанның
Қамығып тұрып жылады-ай.
Қасында қалған төрт жолдас
Мұңын айтар адам жоқ,
Басқа кімге шағадыай.
Көргеніне таң болып,
Ақылы қайран боладыай.
Не қыларын біле алмай,
Раушандай бегіңнің
Шашылып кетті қиялы-ай. 1380. Ұрыспай қайтып кетуге
Болмай тұр бектің ылажы-ай.
Ерлігіне жөн емес
Жау қалдырып артына,
Тастап кету бола маай.
– Көргенім жаман, жолдастар,
Бүгінгі майдан соғысқа,
Мен бармасам да боладыай.
Мен шошынып тұрмын түсімнен,
Бірақ жазғаны Хақтың болар-ай.
1390. Құлағың сал, жолдастар,
Менің айтқан зарымаай.
Қалмақ келген аттанып,
Алалмай жүрген бұрыннан
Түрікпенде жатқан арын-ай.
Бүгін көріп жаман түс
Мен шошынып тұрмын тағыдаай.
Бүгінгі көрген түсімде
Салтанатпен отырдым
Атаның мирас тағындаай. 1400. Таласпады ешбір жан
Құданың берген бағынаай.
Сол отырған кезімде
Үйіме келіп өрт тиді,
Бетімді жалын шалып-ай.
Халық жиналып кірісті.
Сонда бір ердің қамынаай.
Есімнен кетіп мен тұрмын
Өртке қатты қамығаай.
Сөндіріп кеткен жерлерін 1410. Ақ сақалды қарт адам
Жандырып жүр тамызаай.
От тұтатып жандырған
Мүзірек деген хан атам
Байқасам барып жанынаай.
Маған қарап бір айтты
«Ей, балам, болды, – деп, – мүшкіл халың-ай».
Бұл ахуалмен тұрғанда
Жау келді деген бір хабар
Бола қалды дабыл-ай. 1420. Ерлейін деп хан кірді
Ат абзалын қарасам,
Түгел емес жабдығыай.
Ер салып тарттым тартпасын,
Тартуыма келмей үзілді,
Күдеріден тіккен айылдай.
Жүген салып қарасам,
Ауыздығы сыныпты
Екі ортадан айырылмай.
Сонда да мініп жөн тарттым 1430. Ұрысуға жаумен барып-ай.
Жаудың түрін байқасам
Осы келген төрт жүз ер,
Ізденіп келген арын-ай.
Оқ салып садақ тартып ем,
Садағым сынып оқ қалды,
Ешнәрсеге дарымай.
Оқ қойып мылтық атып ем,
Өлшеулі салған оқ симай,
Мылтық та сынды жарылаай. 1440. Реттеп салған бес қару
Қалмаққа қарап жұмсасам
Бәрі де кетті дарымай.
Алтын жаға, ақ сауыт
Төбеден барып сөгілді,
Ешбір нәрсе дарымай.
Бас сауғалап қашып ем,
Қанкер ат барып жағылды
Бір шұқырды қалып-ай.
Қалмақ басты үстімді 1450. Қамшы салып жабылаай.
Есімнен кетіп жығылдым,
Қаным судай ағыпай.
Солай жатқан кезімде
Байлап алды қалмақтар
Қол өткіз салып қарымаай.
Байлауменен апарды
Шағдат деген ханынаай.
Мені көріп Шағдат
Қуанышпенен той қылып, 1460. Жинады халқын қалдырмай.
Мен осыны көріп ояндым,
Қанеки, жолдас, айтыңдар
Жақсылыққа жорып-ай.
Раушанның түсін есітіп,
Шошынады жігіттер
Осы жүрген жолынан.
Жалғыз Раушан болмаса,
Басқалары не қылсын,
Не келеді қолынан. 1470. «Түрі жаман түс екен»,
Деп ойлады жігіттер
Қандары қашып жүзінен.
Қорыққанын жігіттің
Білгеннен соң Сапабек
Жан-жағына көз салып,
Қарады оң мен солынан.
Сапабек тұрып сөйледі,
Көрген түстен қауып етіп,
Қалма деп беклер жолыңнан. 1480. – Хан баласы Раушанбек,
Мен жориын көрген түсіңді,
Бір Жасаған Құдай оңғарсын
Түсіңде көрген түсіңді-ай.
Бұл түсің жаман түс емес,
Бендеге берген Құдайым
Бақ пенен басты кесімді-ай.
Өлшеусіз нәрсе болмайды
Алланың жазған ісіндей.
Түстен неге қорқасың, 1490. Хақтың екі бола ма,
Лаухилде жазған кесімай.
Түске қарап өзгеріп,
Кетеді деп ойлама,
Лаухилдегі жазылған
Бір қаламның ұшын-ай.
Түсінде сенің көргенің
Үйіңе тиген өрт болса,
Өрт деген ерге дәулеттей.
Жүрген жерін жандырар 1500. Перзентің болып келбетті.
Сөнген отты жандырса,
Мүзрек патша атаңыз,
Қонады екен балаңа,
Атаның бағы дәулеті-ай.
Тартуыңа шыдамай
Садағың кетсе белінен,
Егелескен дұшманнан
Күшің басым болғаныай.
Мылтығың кетсе жарылып, 1510. Қарсыласқан дұшманың
Ортадан жарып жол берер,
Қаһарыңа шыдамай.
Қауып етіп тұрсың, балама-ай,
Көңіліңе түсің ұнамай.
Жаманжақсы болса да,
Құданың болар салғаныай.
Демеймін, балам, көргенің
Бұл түсіңді жалғаныай.
Ауыздықсыз ат кәп емес, 1520. Қорықпа, балам, онан-ай.
Жүгенсіз талай жау шапқан
Ақшахан деген атаңаай.
Жүгенсіз кеткен ер ғой деп,
Бұрыннан бар мақал-ай.
Байласа қалмақ түсіңде,
Ренжігенге көңілің
Көрінгені соған-ай.
Не ойласа сол кіреді
Түстің көбі осындай. 1530. Жығылғаны Қанкердің
Қауыпты жұмыс тап осы,
Жәрдем болсын бабаңаай.
Сенің көрген түсіңе
Құдай жолы мен айттым,
Жетегімде қан жирен
Шалынсын Құдай жолына-ай.
Ғайып ерен қырық шілтен
Жылауыңнан қалмаған.
Баба түкті шашты әзіз 1540. Ұрысқан жерде қолдаған.
Атаның қалың әруағы
Басыңа келіп орнаған.
Екі талай жерлерде
Қалмақтың жолы болмаған.
Мұсылманның елі үшін,
Хақ исламның діні үшін,
Не болса бенде болған-ай.
Атадан қалған көне әруақ
Қасыңнан, балам, қалмағай. 1550. Мен білгенімше жорыдым,
Хан баласы Раушанбек
Тағрифі түстің болған-ай.
Жақсылық, жамандық
Басы жұмыр бендеге
Алланың болар салғаны-ай.
Не көрсек те бұл сапар
Лаухида бітіп бұрыннан
Болғандай Хақтан парманай.
Қыбылыға қарай Сапабек 1560. Бір Алланы жад етіп,
Бір Құданың жолына,
Хан жирен атты шалған-ай.
Осы сапар жәрдем бол,
Хан баласы Раушанға
Хақтың досты сәруар-ай.
Толыбайдың белінен
Жалғыз еді Раушанбек
Қор қыла көрме кәпірге,
Шері Хақтың Мұртазаай. 1570. Он сегіз мың ғаламның
Падишасы Хақ Жаппар
Бір өзіңе тапсырдым,
Мұсылман үшін оқ атқан
Жалғыз түрікпен балағаай.
– Жорыдың көрген түсімді,
Бәрекелде, Сапабек,
Шынжыр аттай ер едің
Сен бұрыннан асыл тек.
Жаманжақсы айтты деп,
1580. Бұл сөзімді қылма кек.
Бірге жүрген жолдассың
Қылмайтұғын еш міндет,
Түс салмағын жорыдың
Артта қалған балаға
Болат деп сенен бір перзент.
Ұлы атаң әруағын,
Сол балаға тергедің,
Қонады деп зор дәулет.
Мен қызығын көрмейтін 1590. Баланы салдың алдыңа
Қалдырып мені кейін шет.
Өзіме түсім аян тұр,
Бұл сапар көрем көп бейнет.
Көрген түстің жақсылық
Салмағын менен жібердің
Жолдастықты қойып тек.
Жолдас болған ер едің,
Қарамадың көңілге
Тұз татысқан сұлтан деп, 1600. Түсімнен қорқып Сапабек,
Атыңды шалдың Құдайы
Бола ма деп жанға сеп.
Мен үшін айтсаң Құдайы,
Қанкерді неге шалмадың,
Хан жирен атты-ай мінер деп.
Қырсығып тұрған Қанкер ат
Ойламадың, Сапабек,
Бұл мінуге болмас деп.
«Бас садақа жақсы мал» 1610. Деген мақал бар еді,
Көнеден қалған жақсы кеп.
Басың аман боларсың,
Мен кетермін елден шет.
Қалың түрікпен елі үшін,
Көремін тағы не болса,
Жазған шығар Құдірет.
Сен жорыған түспенен,
Құтылмаспын сүрікке,
Қош болып тұр, Сапабек. 1620. Елге сәлем айтарсың,
Раушан мұны айтты деп,
Кел жүрейік қалмаққа,
Қарап тұру болмас еп.
Түсімді айтып жорытып
Мойынға алып мен тұрмын,
Көретін қайғы, қасірет.
Түс көрген досың жорытса,
Екінші мәрте тағы рет,
Осындай жоры, Сапабек, 1630. Ұрысқа барсақ мен жоқпын,
Қол алысып кетейік,
Бір-біреуде болса кек.
Қауышармыз махшарда,
Хош Алла жар, аман бол,
Түрікпеннен келген өңкей бек.
Қол қоштасып болды да,
Хан баласы Раушанбек
Қанкерге мініп алады.
Бір Құдаға сиынып, 1640. Қалмаққа қарай шабадыай.
Тілледен соққан дабылды
Дүңкілдетіп қағадыай.
Келе жатқан Раушанның
Алдынан шығып Махрам
Ұлы айғайды саладыай:
– Менсінбей сені тұрам деп,
Қырылды қалмақ адамы-ай.
Менің атым – Махрам,
Салатын қолды жағаңаай.
1650. Бөтен жаққа бұрылмай,
Түрікпеннен шыққан ер болсаң,
Келші бермен маған-ай.
Маған қарсы кез келсең,
Жаңылтармын төбені-ай.
Ерге қарсы келе алмай
Мас қып жүрсің балам-ай.
Байқасайық кел бермен
Ашылар кімнің таланы-ай.
Жалғыз жүріп жаулаған 1660. Мен Махрам деген ер едім,
Әрбір кеткен қаланы-ай.
Түрікпеннің елінен
Бұрынғы кегін Шағдаттың
Осы сапар алам-ай.
Сені өлтіріп бұл жерде,
Елін шауып түрікпеннің
Шулатып қайтсам деп тұрмын
Еліңде қатын-баланы-ай.
Әр жігітке екіден 1670. Берсем жесір жанады-ай.
Малыңды салып тілімге
Қалайда олжа қылам-ай.
Батыр болсаң кел бермен,
Бөтен сөзге қарамай.
Ашуланып бұл сөзге
Раушандай бекзада
Қанкер атты бауырға
Орай тартып қалады.
Қанкерге қамшы батқансын, 1680. Төрт жолдастың алдында
Көрнім жерде барады.
Қалмаққа жақын келгенде
Орды біліп жануар
Кекежіктеп Қанкер ат,
Аяғын баспай қалады.
Атқа кейіп Раушан
Және ұрды қамшыны.
Қанкер атқа сабалай.
Шу деп Қанкер қарғыды 1690. Өте алмады ар жаққа,
Орға түсіп барадыай.
Раушан орға түскенсін,
Кейіндегі төрт жолдас
Ат басын тартып тұрадыай.
Келе алмады қалмаққа
Бастарын сауға қылады-ай.
Раушанбекке келе алмай,
Түрікпеннен келген ерлерді
Төбеден Құдай ұрады-ай. 1700. Ердің тұзын ақтамай,
Бір жыраға бекініп,
Жасырынып тұрадыай.
Түрікпеннен шыққан жолдастар
Келе алмай кейін қалғансын,
Өзі орда болғансын,
Хан баласы Раушанбек,
Құдаға қылды наланыай:
– Құдіреті күшті Құдайым,
Құдіретіңмен жараттың, 1710. Бейістен арыз сыман-ай.
Өзіңнен басқа жәрдем жоқ,
Қалдым жапан даладаай.
Елден шыққан жолдастар
Бас сауғалап ол кеткен
Раушанбекке қарамай.
Өзің жәрдем бермесең,
Құдіреті күшті Құдайым
Қол салды кәпір жағағаай.
Раушанбек атанып, 1720. Қалғанда мен Құдайым,
Досқа күлкі, дұшпанға
Әр жерде болып табағаай.
Он сегіз мың ғаламды
Құдіретіңмен жараттың,
Келтіріп бәрін шарағаай.
Фазылыңменен сақтайсың,
Құрсағында ананың
Тоғыз ай, он күн баланы-ай.
Мен рахметіңнен үміткер, 1730. Жасаған Алла, болам-ай.
Мен ғаріпке назар сал,
Құданың досты Хақ сардар,
Тарыққан жерде балаңаай.
Қауыс, Қияс шілтендер,
Омар, Оспан екі жар,
Мен ғаріпке назар сал.
Сіздерден медет болмаса,
Қалмады менде ешбір хал.
Атадан туған жалғыз тақ, 1740. Мен бір жүрген кембағал.
Қызмет қылар бала жоқ,
Ермексіз қалды кемпір-шал.
Жасаған Алла жар болып,
Осы келген кәпірден
Түрікпен елін қорғап ал.
Халық аман қалса мен кетіп,
Ризамын, Зүлжалал.
Деп шығып едім сейілге,
Қалың түрікпен елінен, 1750. Туып өскен жерімнен.
Қоштаса алмай мен кеттім
Қатарқұрбы, теңімнен.
Жалғыз туған ер едім
Толыбай ханның белінен.
Бақытсыз болып тудым ба,
Ермеді қара ізімнен.
Алдымда туған аға жоқ,
Белімнен туған бала жоқ,
Артымнан ерер інім жоқ, 1760. Жаушылық жерде жалғыздың
Көргені құрсын күнінен.
Ағам болса алдымда,
Ат қоймас па еді кәпірге
Жанын қиып шынымен.
Әгәр інім болса артымда,
Мені тастап кетер ме,
Қинамай жанын күнімен.
Азғантай аудан кәпірге
Неге тастап ол кетсін 1770. Туса бірге өзіңмен.
Басқа қылар айла жоқ,
Тек жәрдем тілеп мен тұрдым,
Жасаған Құдай өзіңнен.
Мен шығып едім Раушанбек
Түрікпеннің халқынан,
Дұшпанға қылдым жорықты,
Атаның қалмай салтынан.
Он үш жаста ат мініп,
Ертіп ем халықты артымнан. 1780. Екіталай жерлерде
Дұшпаннан қорқып сескеніп,
Жерім жоқ еді тартынған.
Атаның жолын берік ұстап,
Қайда қиын жау болса,
Мен едім соған талпынған.
Мұсылман, кәпір именді,
Естігенде даңқымнан.
Толыбайдың Раушаны
Келді деп көп ерлері 1790. Тұралмас еді зарпымнан.
Түрікпен елінің қамы үшін,
Аузы түкті кәпірді
Қонысынан мен едім,
Талай жерде аударған.
Қан жуғандай қалмақты,
Мен едім оқпен ұшырған.
Бұ да Хақтың жазуы,
Өз қылғаным өзіме,
Бұл кұнде келіп тосылған. 1800. Бас аманда жолдастың
Бәрі бірдей ер еді,
Дұшпанға қарай бой ұрған.
Басыңа қиын іс түссе,
Қайрылмайды екен көп жолдас,
Болмаса тума бауырдан.
Егер Сапабектің қасында
Емшектес болса туысқан,
Салмас па еді соғысты,
Қалмақты қуып бұл ордан. 1810. Сапабектей ер сұлтан,
Қайрылмай кетер ер ме еді,
Бұ да Хақ ісі шығар жазылған.
Осыны айтып Раушанбек,
Орда қалды жығылып,
Қалмақ келді жабырлап,
Ор басына жиылып.
Шұқырда тұрған сұлтанды
Ұрып жатыр таспенен,
Бәрі бірдей үйіліп, 1820. Садақпен атып қалмақты,
Ор басына жолатпай,
Құдайға тұрды сиынып.
Түске дейін қалмақтан,
Раушан атқан оқпенен,
Жиырмасы қалды жығылып.
Домалатқан үлкен тас
Төбеден тиіп сұлтанның,
Сонда барып жығылды,
Көзінің жасы төгіліп. 1830. Құдықтан атқан садақ жоқ,
Жиналып қалмақ қарайды
Ор түбіне үңіліп.
Жығылғанын сұлтанның
Көзі көріп қалмақтар
Қуанды бәрі тас тастап.
Байқап еді үстіне,
Қозғалмады шимырлап.
Естен танып қалды деп,
Жабырласып қалмақтар 1840. Қуанады жүгіріп.
Арқан байлап беліне,
Құдыққа түсті жиырма адам
Байлауға қолын түйініп.
Солай жатқан жерінде
Раушандай сұлтанның
Қолын байлап саладыай.
Ер қаруы – бес қару,
Байлаған олжа қыладыай.
Арқан салып беліне 1850. Жоғары тартып аладыай.
Сол уақытта Раушанбек
Есін жинап, көз ашып,
Жан-жағына қарадыай.
Қараса қолы байлаулы
Қалмаққа пенде болғанын,
Сұлтаның сонда біледіай.
Раушандай бекзатты
Қалмақ байлап аладыай.
Дұшпанын пенде қылғансын, 1860. Көңілдері толадыай.
Шат болып көңілі Махрам,
Ұлы айғайды саладыай:
– Толыбайдың Раушанбек,
Адамыңа жолықпай,
Масығып жүрсің, – деп, – балам-ай.
Бағана кеткен төртеуін
Неге ұстамай қалдың? – деп,
Әскерге ашу қыладыай.
Раушанды айдап алдына
1870. Қайтпақ болды еліне.
Махрамның назары,
Жиырма жігіт айырды:
«Бағана кеткен төртеуін
Байлап кел, – деп, – маған-ай.
Егер сол төртеуін алып келмесең,
Көрсетпеймін сендерге
Шағдат салған қаланы-ай».
Алпыс жігіт қасында,
Раушанбекті айдаумен 1880. Еліне қарап жөн тартып басты қадам-ай.
Жөн тартып қалмақ кеткенсін
Тауға шығып Сапабек,
Жан-жаққа назар саладыай.
Бара жатқан қалмақты
Ердің көзі шаладыай.
Кеткенін оның білгенсін,
Үш жігіті қасында,
Төртеу болып Сапабек,
Қалмаққа қарай шабадыай. 1890. Көрнім жерге келгенде,
Қарсы соғып жиырмасын,
Жібермеске қарадыай.
Жиырмасыменен төрт батыр
Мықтап ұрыс саладыай.
Түске шейін ұрысып,
Қалмақтың жиырма палуанын
Сапабек қырып саладыай.
Аман қашып бір қалмақ
Махрамдай батырға 1900. Қашуменен барадыай.
Түрікпеннен көрген азарын
Махрамға барып шағадыай:
– Махрамдай батырсың,
Құлағың сал сөзіме-ай.
Қырылып қайттық түрікпеннен
Ерем деп сенің сөзіңе-ай.
Біреу шықты келбетті,
Барабар деуге болады
Раушанбектің өзіне-ай.
1910. Жолдастарым қырылды,
Мен қашып зорға құтылдым,
Көрініп жаным көзіме-ай.
Ол қояр емес сендерді
Келатыр қуып өзіңе-ай.
Раушанбектей батырын
Саған олжа қылдырмас
Мен шошыдым көріп түрін-ай.
Не қыларыңды өзің біл,
Жаңадан асқан бір тосу, 1920. Келген шығар кезін-ай.
Раушанбектің үстіне,
Жолата көрме ол ерді,
Шамаң келсе Махрам
Ертерек ұмтыл өзіне-ай.
Мұны естіп Махрам,
Ашуға симай кернеді,
Қаһары келіп палуанның
Көзі ешнәрсе көрмеді.
Айғай салып ақырып, 1930. Әскерге қарап сөйледі:
– Барайын өзім түрікпенге
Қырық кісі маған ер, – деді.
Ұрысқа түспей қырық жігіт,
Тек менің қайратым көр, – деді.
Ашу кернеп батырды
Маңдайы шып-шып терледі.
Раушанды алып жиырмаңыз
Елге қарап жүр, – деді.
Ат айылын берік тартып,
1940. Қару салып іл, – деді
Алды-артыңды байқап жүр
Бұл сөзімді біл, – деді.
Ана қалған төртеуін
Раушанбекке қосармын
Осы сөзім шын, – деді.
Төртеуі түгіл мен барсам,
Өздері түсер алдыма
Қалың түрікпен ел, – деді.
Түрікпен елі жұмыс па, 1950. Білемісің шамалап,
Менің атым – Махрам,
Мұсылман мен кәпірге
Белгілі болған жөн, – деді.
Осыны айтып Махрам
Қырық жігіт ертіп алады.
Сапабектің алдына
Кейін қарап барады.
Жауған күндей күркіреп,
Айбаты көкті шалады. 1960. Жүз батпан шойын шоқпарын
Лақтырып аспанға
Асықтай қағып аладыай.
Келе жатқан Махрамға
Үш жігіт пен Сапабек, Қарсы келіп қаладыай.
Қорықсын ба Махрам
Аянбай соғыс саладыай.
Түске дейін ұрысып,
Қалмақтан келген қырық ердің
1970. Отызын қырып саладыай.
Енді қалған он жігіт,
Махрамға қарамай,
Бытырап қашып барадыай.
Қарсы келіп Махрамға
Сапабектей сұлтаның
Аянбай ұрыс салады-ай.
Сапабек пен Махрам
Екеуі қылды ұрысты,
Бір-бірі жанын аямай, 1980. Сапабекті алалмай.
Махрамдай палуаның
Бір зор жұмысқа қаладыай.
Кезектесіп шоқпармен
Аянбай ерлер ұрадыай.
Ұрғанына шыдамай
Сапабектің қалқаны
Қақ жарылып барадыай.
Қалқаны сынып Сапабек
Екінші кезек ұрғанда 1990. Әлсіреп кетіп барадыай.
Қуат кетіп денеден,
Сапабектей сұлтаның
Жығылуға қарадыай.
Сапабектей ерлерден
Әл кеткенін білген соң,
Жолдасы келіп үш түрікпен
Түсе қалды арағаай.
Қаһары қайтқан Махрам
Тиялмады бұларға, 2000. Тек қарап тұрды даладаай.
Егер түрікпен қумаса,
Кетуге де ойлап тұр,
Ұрыс қылмай анадай.
Махрам сонда сөйледі:
– Түрікпеннен келген батырлар,
Білдің бе байқап шамаңды?
Менің атым – Махрам,
Егелескен дұшпанын
Салып жүрген табанғаай.
2010. Мені байлап алып қарашы,
Түрікпен елдің қорғаны
Раушанбектей бегіңе,
Егелескен ерлерге
Саламын ақыр замандыай.
Теріне алып ..............
Сапабектей еріңдер
Көргенін айтсын тамамдай.
Сонан кейін сендерді
Өлтіруге келіспес 2020. Еліңе барып бірігіп,
Қылар мүмкін амалды-ай.
Толыбай ханға сәлем айт.
Қалмақтар кеп сайланып,
Кетті деп байлап балаңды-ай.
Шамасы келсе Толыбай,
Аттана берсін қалмастан
Махрам соққан қамалға-ай.
Қалай бұзып ел шаппақ,
Түрікпен елге ие жоқ 2030. Тіреп алсам шалқандай.
Ойлар міскін түрікпеннің
Өтіп кеткен бұрынғы
Басындағы заманыай.
Раушанбектей ерді тірі ұстап,
Шағдаттай патшамызға
Тарту қылып барамыз.
Қайтадан келіп аттанып,
Қалың түрікпен еліне,
Саламын ақыр заманды-ай. 2040. Раушандай......................
.........................................3
Шағдаттың кегін алармын,
Бес атасын өлтіртіп
Бұрыннан жүрген алалмай.
Батыр емес ер жігіт
Босқа қайтса еліне,
Найзасы қанға боялмай.
Мен шын қатерге мінгенсін
Егелескен ерлерді 2050. Өлтірмей тірі қоям баай.
Ұйықтап жатқан қалмақ жоқ,
Бұл күні тегіс оянды-ай.
Кегіне қалмақ аттанар,
Бір шыбын жанын аянбай.
Кек алуға қалмақ елі
Уақыт жетіп таяндыай.
Толыбай хан билеп жүр
Бастан бақыт тайғандай.
Хандықты өзі тастады, 2060. Тақтан түсіп ұялмай.
«Ырысты қапқан ит» деген
Бұрыннан бар мақалда
Жаңадан біреу тумаса,
Бүгінгідей түрікпен
Алалмайды Шағдаттан
Басындағы бақыты
Тайып тұрған замандыай.
Пір қолдап жүрген біреу жоқ,
Түрікпен елді бүгінде 2070. Тірі жүрген адамдай.
Қаптаған әруақ ..........
Маған .................... адам жоқ.
Түрікпен түгіл Сапабек
Бұл жүрген адам...............
Толыбайға сәлем айт.
Шамасы келсе аттансын
................................ асықса,
Үйінде жатып қала алмас.
Және сәлем айтарсың 2080. Менің атым Махрам,
Ерегіскен ерлерді
Салып жүрген табанға-ай.
Сегіз және түрікпенді
Қалмаққа......................
Сізге менің көңілім алаңдай.
Бұрынғы түрікпен хандарын,
................................... азарын.
Бірін он қылып аламдай.
Күрлеген ардақ тұсында. 2090. Түрікпен жүрді мазақ қып,
Теңдік бермей адамғаай.
Көтерілді көп әруақ
Түрікпеннің басынан,
Енді Құдайда болмас панаңдай.
Құдайдан тілек тілеңдер,
Әруақтан.....................
Ендігі туған балаңдай.
Жаңадан туып ер шығып,
Ол өскенше Сапабек, 2100. Алармын мен мазаңды-ай.
Қысқа күнде қырық шауып,
Берермін сөйтіп жазаңды-ай.
Осы күнгі түрікпеннің
Тірі жүрген ерлері
Пар келе алмайды маған-ай.
Еліңе барып сәлем айт,
Қамдана берсін жиналып,
Мен бір айда қайтып келем-ай.
Мұсылманға медеткер, 2110. Әруақ деген пірі бар.
Әгар әруақ болмаса,
Мен секілді қабланға
Қандай адам болар пар.
Қиядан жүкті көтерген,
Мен бір келелі жүрген қара нар.
Шыдамасаң, түрікпен,
Менің айтқан күнімде
Жиналып біздің елге бар.
Қару-жарақ асынып, 2120. Раушандайын бегіңнің
Қалмақтан барып кегін ал.
Мен................ Сапабек
Жалғызыңа асықсаң
Біздің елге барып қал.
Осыны айтып Махрам палуан адамдарын Шағдаттың еліне қарап жүріңдер деп, тартып беріп Раушанбекті байлатып жөн тартып жүрген секілді.
Мойнынан алып қалмақтар
Хан баласы Раушанның
Екі қолын байлады.
Бенде қылып сұлтанды,
Алдына салып айдады. 2130. Кегім бар деп түрікпенде,
Әрқайсысы бір ұрады,
Азары түсіп қайдағы.
Махрам палуан жөн тартты,
Бетпақтың құба шөлімен
Қолдан ............................ айрылды
Раушандай бегіңіз,
Қайтпас түрікпен еліне.
Жетелеп кетті бір қалмақ
Раушандай бекзатты 2140. Арқан байлап белінен.
Қалмақтан көріп азарды
Хан баласы Раушанбек
Зарлады Хаққа шынымен:
– Барша жанды халық етіп,
Хақ Жаратқан Зүлжалал,
Ғаріптік түскен бендеңе,
Әрдайым назар сал.
Дін мұсылман елі үшін
Жанымды қиған ер едім, 2150. Кәпірге болдым кіріптар,
Мен ғаріпке медет бер,
Құданың досты Хақ сәруар.
Мұсылман мен кәпірге
Раушанбек атанып,
Бұл күнде болдым зар-зар.
Алланың досты Арыслан
Қысылған жерде қолымды ал.
Ғайып ерен қырық шілтен
Сіздерден медет болмаса, 2160. Қалмады менде зәре хал.
Жанға өзі бергейсің,
Он екі имам сегіз жар.
Жан аямай соғыста,
Дұшпанға бердім көп азар.
Өз қылғаным өзіме
Келіп тұр бүгін бимаһал.
Бимаһал бақта гүлімді
Солдыра көрме Жасаған,
Бендеңе болып медеткер. 2170. Түрікпен елден айрылдым
Жиырма сегіз жасымда,
Түсімнен таппай еш қарар.
Қасымдағы қырық жігіт
Артына көзін салмады,
Қалың ел қалды бейхабар.
Бас аман, деннің сауында
Қалмаққа бердім көп азар.
Қапыда түстім деп тұрмын
Кәпірдің қазған орына, 2180. Жазуы Хақтың бар шығар.
Құданың досты Хақ сәруар
Омар, Оспан шаһарияр
Зарыққан жерде қолымды ал.
Қалмаққа бенде мен болдым,
Орға түсіп кіріптар.
Өзім кетіп халық қалса,
Аман-есен жайында,
Мен ризамын, Зүлжалал.
Түрікпен елді қорғайын, 2190. Халықта адам қалмады,
Осыған үлкен қайғым бар.
Атам да болса қартайып
Уақты жетіп болды шал.
Мен бір басымды қайғырман,
Жаратқан қадір құдірет
Түрікпен елін қорғап ал.
Кейін қалған халқымды
Аманат сізге тапсырдым,
Жаратқан қадір біреу бар. 2200. Қалың түрікпен елі үшін,
Мен жанымды қиғанмын,
Жетпеді бүгін нақ ажал.
Қашан баққан халық едің
Қалың түрікпен елдері.
Ендігі жерде аман бол,
Көргенше халқым Алла жар.
Анда осыны айтып Раушанбек қалмаққа бенде болып Шағдатхан еліне кетті. Сапабекті алып үш жолдасы Әудектің қызыл көлінде жатқан жолдастарына келді. Жолдастарын қараса Сапабек өлер халетте үсті басы қызыл қан, есі кетіп қалған. Ерлердің қасында Раушанбек жоқ. Анда ол жігіттердің ішінде Айғанбек деген жігіт бұларға қарап бір сөз айтып тұрған секілді:
– Келдіңдер ме амансау,
Аңға кеткен ерлерім.
Қайдан таптың үлкен жау,
2210. Көрінеді жаман көзіме
Келіп тұрған түрлерің.
Көрінбейді көзіме Раушанбек,
Қайда қалды әскерің?
Жау келсе қалың қалмақтан,
Мұнда жатқан ерлерге,
Неге хабар бермедің?
Бенде болса Раушанбек,
Бұл келгеннен жігіттер
Жан аяспады ұрысып, 2220. Сол арада өлгенің.
Ар емес пе сендерге,
Өздерің өлмей сұлтанды
Қолдан ұстап бергенің,
Беттерің қызыл ұялмай,
Раушанды қалдырып,
Елге қарап жүргенің.
Өздерің тұрып сұлтанды
Жауға қарсы жіберіп
Лыпасын аял кигенің. 2230. Батырсынған жігіттер
Жау жоқ жерде ерленгенің,
Кәнеки, сөйле, жігіттер,
Сұлтаным қайда Раушандай,
Ұрысын айтып бермедің.
Құлағың сал, жігіттер,
Менің айтқан сөзіме-ай.
Раушанбектей асыл зат,
Көрінбеді көзіме-ай.
Ұрысып бек 2240. Қарамадың ба сұлтанның
Сіздерге берген тұзын-ай.
Қалды ма түрікпен зар болып
Раушандай сұлтанның
Басып кеткен ізіне-ай.
Бенде болды ма есіл ер,
Қалмақ келіп кезіне-ай.
Қалай болды халдерің,
Қанеки, ерлер, сөйлеші,
Оқиғаңды айтып өзіме-ай.
Енді сол жігіттердің ішінде, Аздарханбек деген бір жігіт тұрып, бастанаяқ өтілген оқиғаны айтып Айғанбекке қарап бір сөз айтқаны: 2250. – Құлағың сал, Айғанбек,
Менің айтқан сөзіме-ай.
Он бір жігіт біз түстік,
Асқар құмай тазымен
Қашқан киік ізіне-ай.
Киік қашты тауды өрлеп,
Тазылар түсіп көзіне-ай.
Құтқармады тазылар
Таудан арман құлатпай,
Қарнады жарып көбін-ай. 2260. Төрт киік кетті қара үзіп,
Тазының түспей көзіне-ай.
Тырнағын жарып тас тиіп
Тазылар қалды ере алмай,
Шапқан аттың өзіне-ай.
Он біріміз ат қойдық
Киіктің кеткен жүзіне-ай.
Неміз кетті соншама,
Жүзден төртеу жібермей,
Болғанды хақтың жазуы-ай. 2270. Қанкер атпен Раушанбек
Қатарласып шапқан-ай,
Қарасын кетті үзіп-ай.
Ертеңгі күн сәскеде,
Шаншып кеткен үш киік,
Көрінді менің көзіме-ай.
Қанкер ат пен Раушанбек
Шаншыған екен үшеуін,
Жеткенсін бедеу қызып-ай.
Онан өтіп біз қудық, 2280. Киік пенен Қанкердің
Айрылмай түсіп ізіне-ай.
Қызығымен киіктің
Кеткен екен Раушанбек
Құба судың кіріп шөліне-ай.
Сол күні жүріп күнімен
Келесі түн көп жүрдік,
Атқа бермей тыным-ай.
Ертеңгі күн сәскеде
Раушандайын сұлтанға 2290. Жолықтық келіп жабыла-ай.
Тұрған екен Раушанбек
Қанкер атты қаңтарып,
Бір бәлекер таудың басында-ай.
Амандастық сұлтанмен,
Сол Бәлекер таудың басында-ай.
Ылдиында ол таудың
Құба судың қызыл бұлағы,
Тұр екен табан үстінде-ай.
Ат сұлауға болмады 2300. Жинала қалмақ тұр екен,
Сол бұлақтың басында-ай.
Шағдаттың кегін іздеген,
Төрт жүз палуан ер екен,
Бастығы Махрам қасында-ай.
Елшілікке Сапабек
Қалмаққа барып сөйлесті
Әңгімесін ашып-ай.
Кек іздеген ер екен
Елден-елге асып-ай. 2310. Қалмақпенен ұрыстық
Түрікпен елге жібермей,
Бәлекер таудан асырмай.
Осы күнгі болған ұрыста,
Үш жүзі өліп қалмақтың
Серікке кетті қосылмай.
Төртінші күн қалмақтар
Түні бойы ор қазып,
Айласын бізден асырдыай.
Болжай алмай Қанкер ат, 2320. Орға құлап ұстатты,
Раушанбектей асылдыай.
Раушан қолға түскенсін,
Махрам залым ұрысып.
Әлсіретіп тастады,
Сапабектей асылды-ай.
Бір айда қайтып келем деп,
Қалмақ қайтып жөнелді.
Раушанбектей сұлтанды,
Бенде қылып косып-ай. 2330. Бүгін он бірінші күн болды,
Қалмаққа жөнеп кеткелі,
Раушанбектей досыңай.
Сонда, Айғанбек бұл сөзді естіп, Раушанбектің жағдайын естіп болып, енді Сапабектің халін сұрайын деп келсе, Сапабек өліп қалған екен. Сол жерде Сапабекті жырлап, отыз екі жігіт аттарына қара жауып, өздері қара киіп, түрікпен елге қайтып кетті. Неше күн жол жүріп, түрікпен елге жеткенсін Толыбайдың ордасына келе жатыр еді. Далаға шығып жүріп жігіттердің аттарына қара жапқан, қара киіп келе жатқанды көріп Раушанбектің әйелі Күлнарайым атасы Толыбайға қарап бір сөз айтқан жыры:
– Құбыла қара, жан атам,
Құлағың сал сөзіме-ай.
Жаппар Алла жаратқан,
Жәрдем болғай өзіңе-ай.
Тысқа шығып қарасам,
Түрі жаман топ атты
Көрінді менің көзіме-ай.
2340. Қара жауып атына,
Қара салған жүзіне-ай.
Қалмасақ еді зар болып,
Кешегі кеткен жалғыздың
Басып кеткен ізіне-ай.
Аңға кеткен жалғыздың
Келген шығар көп қалмақ
Қапияда кезіне-ай.
Қапыда жүрген сұлтанды,
Бенде қылып Шағдатхан, 2350. Алған шығар өзіне-ай.
Хат жазбасын деп едім,
Қазалыдағы туғанға.
Ойлаған шығар өлді деп,
Осы күнде халық жүр
Жиналған қалың думанда.
Бармайды десең салған хат,
Почтавой поезбен барып,
Күн құрғатпай со маңға.
Дұрыс емес десем адрес, 2360. Арналған колхоз диқанға.
«Жаңа талап» артам.
Белгілі еді районға
Елден хабар ала алмай.
Көңілім жүр қара тұманда.
Кім өліп, кімнің қалғанын,
Тарығып жүрмін біле алмай.
«Үйдегі қатын-баламда
Қалмаған шығар ешбір жан», –
Деп ойлап тұрған шамамда, 2370. Жұмаш пен Қапаш, Өтеген
Жазып едім Мұсаға.
Амандығын білдірсе
Үйдегі бала-шағам да.
Тірлігін есітсем,
Сағиджан, Абжан баланың
Болар еді қуат маған да.
Сау емес шығар балалар деп,
Осы күні көңілім тоқсан түрлі алаңда,
Жазуы шығар Құданың 2380. Түскенім мұндай аранға.
Болмаса менде жазық жоқ,
Белгілі шығар Құдайға.
Санаулы күнгі бейнетті
Шексін деген Лаухының
Жазуы шығар әзалда.
Санаулы бейнет біткен күн,
Иншалла, барармыз
Сабырлық берсін ажалға.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР. ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕ
Көрұғлы туралы фольклорлық туындылар әлем халықтары шығарма-шылығы үлгілерінің өте кең тарағандары санатынан орын алады. Аталған батыр Орталық Азиядағы түрікмендердің, қазақтардың, өзбектердің, қарақалпақтардың, тәжіктердің, арабтардың Сібірдегі Тобыл татарларының, Кавказдағы әзірбайжандардың, құмықтардың, армяндардың, грузиндердің, Кіші Азия мен Болгариядағы түріктердің, Таяу Шығыс және Балкан тұрғындарының сөз өнері үлгілерінде дәріптеле бейнеленген. Тарихшылар мен фольклортанушылардың басым көпшілігі бұл туындының дүниеге келуіне ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Оңтүстік Әзірбайжанда орын алған халық көтерілісі барысындағы оқиғалар негіз болғандығына ден қояды. Бұл көтерілістің қамтыған аймақтары мен қозғаушы күштері туралы Н.В.Петрушевский «Восстание ремесленников и городской бедноты в Тебризе в 1571 – 1573 гг.» атты мақаласында: «Восстание крестьян и ремесленников как в Азербайджане, так и в Иране и в других областях кызылбашского государства в 70-90-х годах ХҮІ в., на почве борьбы против налогового гнета, были часты. Помимо тебризского восстания, упомянем здесь о восстании в Ширване в 1577/8 г., о восстании в Талыше в 1580/81 г. В 1580 г. Произошли восстания народных масс, руководимых каландарами (дервишами), в Фарсе, Луристане, Хорасане. Еще раньше, одновременно с тебризским восстанием, в 1572 г. Вспыхнуло восстание в Гиляне, которое Шереф-хан Бтлиси называет восстанием «гилянского простонародья и черни»... Последняя четверть ХҮІ в. была временем ряда народных восстаний во всей Передней Азии, связанных с повсеместым ростом податей и феодальных повинностей»,– деп жазған (29, 220). Бұл көтерілістерге қатысушылардың барлығы 1518 жылы Кіші Азиядағы Тоқат ауданында орын алған көтерілістің көсемі – Жалал атты шейхтың есімімен «жалалшылдар» деп аталған. Жалалшылдардың қозғалысы ХҮІ ғасырдың соңына қарай күшейе түсті. Сол уақытта ауыл шаруашылығының күрт құлдырауы, соған орай кендір өндірумен айналысатын ұсақ феодалдардың (сипахтардың) кедейленуі, сипахтардың тізімі ревизияға ұшырауына орай көптеген ұсақ тимариоттардың (яғни, кендір өндірушілердің) әскер қатарынан шығарылуы Кара Языджи бастаған үлкен көтерілістің өріс алуына түрткі болды. Көп ұзамай тимариотттар-сипахтар қатарына шаруалар, көшпенділер, қашқын сарбаздар және зорлық-зомбылыққа ұшыраған өзге де адамдар қосылды. Көтеріліс уақыт өткен сайын өрши түскенін И.П.Петрушевский «Азербайджан в ХҮІ – ХҮІІ веках» атты мақаласында: «Движение джалали быстро распространялось и на территорию Курдистана, Армении и Азербайджана. Уже в 1602/3 г. Н.э. Искандер Мунши упоминает о поднявшихся в этих странах «черни и подонках» (аджамирэ ва обваш»)и «мятежников» (бидаулетан), к которым присоединились и османские воины. По словам того же автора, Южный Азербайджан и Ширван в то время находились «во власти сборища мятежников-джалалиев», а османский правитель правитель Али-паша отложился от султана и стал мятежником»,– деп, аңғартқан (29, 275). Тарихшылардың еңбектері Көрұғлы туралы халық туындыларының бірқатар кейіпкерлерінің прототиптері жоғарыда сипатталған халық қозғалысы кезінде белсенділік танытқан белсенді тарихи тұлғалар екенін байқатады. Мысалы, Көрұғлының есімін жазба бетіне ең алғаш рет Аракел Тебризский өзінің « Тарих» атты еңбегінде (1662 ж.) түсірді. Жалилшілдер көтерілісіне қатысушы көрнекі тұлғалардың бірі ретінде Көрұғлы ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Э.Челебидің «Саяхат кітабында» да еске алынған. Мысалы, Аракел Тебризский Парсы шахы І Аббастың кезіндегі оқиғаларға, ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың басындағы халық көтерілістеріне тоқтала отырып, сол қозғалыстың көсемдерінің қатарында қазірге дейін ашугтар айтып жүрген көптеген әндерді шығарған Кер-оглының да болғанын атап өтеді (14, 29). Армян саудагері Элиас Мушегян 1721 жылы өзі қағазға түсірген Көрұғлы туралы өлеңдерге жергілікті ашугтардың және байырғы тұрғын-дардың естеліктеріне негізге ала отырып берген түсініктемелерінің бірінде Көрұғлының Осман елінің таулары мен ормандарында тұрғаны, саны көп атты әскерімен жолдарда үстемдік құрғаны, кейде саудагерлерді тонағаны, кейде олардан бейбіт түрде ақша алғаны, бұл олжаларды өзінің жауынгер серіктеріне және кедей-кепшіктерге бөліп беріп отырғаны, бұның Парсының Аббас шахы мен Түркияның Мурад сұлтаны кезінде болғаны туралы дерек келтірген (14, 28). Осындай дереккөздері Көрұғлы туралы халық эпосының армян версиясының басылымына жазған алғысөзінде профессор Х.Самуэляннің: «Действительно, в ХҮІІ столетии существовала личность по имени Кер-оглы, пользовавшаяся огромной славой. В азербайджанских и турецких вариантах эпоса упоминается, что Кер-оглы по происхождению был туркмен тук и его его отец служил у султана Мурада»,–деген нық байламға бекінуіне (14, 27) алып келген. Фольклортанушы Б.А.Каррыев Х.Самуэляннің еңбегіндегі «тук» деген этноним жөнінде: «Точнее, племя теке»,– деп анықтама берген (13, 9). ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Оңтүстік Әзірбайжанда түркі тілді айтушыдан «Кер-оглы» эпосының үлкен мәтінін жазып алған И.Шопен Қара теңізден 7000 Париж футындай биіктікте орналасқан он жертөледен және оған кіре берісті қорғау үшін салынған құрылыстан тұратын Көрұғлының бекінісі қалдықтарын өз көзімен көргенін сипатап жазған. Ол бекіністің қайда екені туралы И.Шопен: «Из с. Кульпы я отправился в третье ущелье, разделившее гору Такалту от Партогской, или по-татарски Кер-оглы дага в продолжение первых тридцати верст дорога наша следовала вверх по правому берегу Аракса... После неимоверных трудностей мы, наконец, достигли... Ир-Абада... Ир-Абад находится у самой подошвы горы Кер-оглы, где уцелели развалины обиталища славного разбойника»,–деп жазған (32, 18-19). Осындай деректердің сақталғанына қарамастан, профессор Х.Самуэлян: «Проблема исторической личности Кер-оглы еще остается неразрешеной»,–деген ғылыми тұжырым жасайды (14, 27). Ал, И.П.Птерушевский: «Трудно сказать , однако, в каком отношении этот исторический Кер-оглы стоит к герою народных сказаний. На протяжении трехстолетий народными певцами-ашугами слагаются песни, передающие яркую эпопею любимого народного героя, блестящие подвиги его с конем Кырат. Возможно, что один из вождей джалилского движения принял на себя имя Кер-оглу, популярное благодаря сложившейся ранее легенде»,–деген байламды ұстанған (26, 328). Б.А.Каррыев өзінің Көрұғлы туралы эпос үлгілерінің барлық версияларын және тарихи деректерді шолу нәтижесін жариялау мақсатында жазылған монографиясында: «Таким образом, если даже воздерживаться от отождествлении героев с конкретными историческими личностями, нельзя не признать того факта, что именно события ХҮІ – ХҮІІ вв. в Южном Азербайджане легли в основу сказаний о народном мстителе, подобном Кер-оглы»,–деген дұрыс ой қорытындысын ортаға салған (13, 18). Жалилшілдер қозғалысымен байланысты оқиғаларда белсенділігімен көзге түскен бірқатар тарихи тұлғалардың Көрұғлы туралы халық туынды-ларының кейіпкерлері қатарынан орын алуы да бұл шығарманың тарихи не-гізі ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы саяси қақтығыстар болып табылатынын білдіреді. Мысалы, И.П.Петрушевский 1571 – 1574 жылдары болған Тебриз көтерілісіне басшылық жасаған кісілердің бірі Аваз атты палуан болғанына тоқталған (29, 221). Б.А.Каррыев осы дерекке сүйене отырып: «Возможно, упомянутый Аваз явился прототипом эпического Аваза или принял эпическое имя»,–деген жорамал жасаған (13, 17). И.П.Петрушевскийдің еңбектерінде Аббас шахтың қарсыластарының бірі, 1605 жылы Осман империясы әскерінің қарымта шабуылын басқарған талантты қолбасшы Джигалу-оглу туралы мәлімет кездеседі. Б.А.Каррыев осы тарихи тұлға Көрұғлы туралы жырларда кездесетін Жығалы атты кейіпкердің прототипі деп шамалайды (13, 19). Жоғарыда келтірілген деректердің барлығы Б.А.Каррыевтың Көрұғлы туралы эпостың тарихи негізі ХҮІ–ХҮІІ ғасырда Оңтүстік Азербайжанда әзірбайжан мен түрікмендердің бірге өмір сүріп, тізе қоса күрескен кезеңінде қаланған деген тұжырымының (13, 25) дұрыстығына көз жеткізеді. Көрұғлы туралы халық өлеңдерінің белгілі шығыстанушы А.Ходзько жазып алған үлгілері басылымының алғы сөзінде туындының бас кейіпкері туралы: «Герой настоящего рассказа Кер-Оглу тюркоман из племени туки (туркмен из племени теке – С.С.), уроженец Севернего Хорасана, живший во второй половине ХҮІІ столетия. Имя его сделалось известным с тех пор, как он начал грабить караваны, следовавшие торговыми путями из Персии в Турцию... Он – их народный, образцовый бард... Ни один значительный праздник у илатов не обходится без того, чтобы не пропеть хотя бы одну из песень Кер-Оглу»,– деген мағлұмат берілген (16, 1). Б.А.Каррыев: «Прообразами некоторых персонажей, например Кер-оглы, Айваза, Мустафа-бека, Сафар-Косе, Джигали-бека, Хамзы, Рейхана могли послужить исторические личности. Однако и здесь не может быть о тождестве действительно существовавщих героев и эпических, созданных народной фантазией»,–деген көңілге қонымды пайымдауын көпшіліке ұсынған (13, 42). Аббас шах пен оның тақ мұрагері болған немересі – Сафаның қатал саясатына қарулы қарсылықтардың ең ірілері Әзірбайжандағы курдтардың Мухри тайпасының 1610 жылғы толқуы, 1614 – 1615 жылдардағы Грузия мен Ширвандағы көтерілістер, курдтардың 1616 жылы Саламаста жаңадан тол-қуы, Карабахтағы армяндар мен әзірбайжандардың 1625 жылы көтерілісі және т.с.с. болды (13, 19). Көрұғлының ерліктері туралы жыр-аңыздардың тек түрікмен мен әзірбайжан және онымен қандас халықтар арасына ғана кеңінен тарап қоймай, олармен көрші тұратын өзге де халықтардың да рухани асыл қазынасына айналуының сыры осында жатыр. В.М.Жирмунский жырдың әр түрлі версияларын қарастыра келіп, олардың екі бағыттағы даму желісін анықтап, оның бірі ХҮІ ғасырдың соңындағы жалилшілдер қозғалысы оқиғаларының іздерін молынан сақтаған Оңтүстік Азербайжан версиясы, екіншісі Орта Азия (түрікмен, өзбек, тәжік, араб және қазақ) версиясы екеніне тоқталып (7), ол желілердің арасындағы елеулі айырмашылықтарды былайша сипаттаған: «Сравнителное изучение различных версий сказания о Кероглы (Гороглы) показывает, что на фоне общей традиции сюжета каждая из них имеет свое национальное лицо, отражает исторически сложившийся социальный уклад, психологию и общественные идеалы создавшего его народа. Азербайджанский Кероглы – удалой джигит, ашуг, «благородный разбойник», отважный боец против феодального гнета; туркменский – вождь воинственного кочевого племени; узбекский – идеальный эпический государь, могучий, справедливый и мудрый властитель, защитник трудового народа» (9, 217-218). Әзірбайжанның «Көрұғлысы» қысқа прозалық әңгімелер мен бас кейіпкердің аузына салынған өлеңдерден тұрады, ал, Орта Азия версиясында өлең мен қара өлең кезектесе отырып, оқиғалар кеңінен баяндалады, яғни, эпосты айтушылардың жырды тұрақты түрде өңдеп, өзгертіп және мазмұн жағынан толықтырып отырғаны айқын сезіледі. Бұл версия нұсқаларының ішінде Р. Мәзқоджаевтікі секілді басынан аяғына дейін түгелімен өлеңнен құралғандары да көп. Орта Азия версиясының бір тармағы болып табылатын қазақша нұсқаларды айтушылар да, зерттеушілер де бұның түрікменнің жыры екенін, бас кейіпкердің Түрікменнің Текежәуміт руынан шыққанын ескертіп отыруды өздерінің парызы санаған секілді. Қазақ жыршылары бұл эпостың Орта Азия версиясының барлық үлгілеріне ортақ бас қаһарманның шешесі қайтыс болған соң көр ішінде дүниеге келуі, оны ешкінің асырауы, баланы жақындарының ұстап алуы, есімінің қойылуы, өгей шешесінің (немесе жеңгесінің) тәрбиесін көруі, өзге елден келген атты кісінің өгей шешесін (жеңгесін) барымталауы, сол жаудың айғырына Көрұғлының өз биесін шағылыстырып алуы, соның нәтижесінде Ғираттың дүниеге келуі, Көрұғлының Бұлдырық қасаптың ұлы – Ғауазды алып келу үшін сапарға аттануы, оны ұрлап әкетіп, өзіне ұл етуі, Ғауаздың өкпелеуі, өзінің бұрынғы еліне кетуі, Жәмбілбелге қайта оралуы, үйленуі, Көрұғлының өз әйелдерінен өзі өле қалса, олардың қалай жоқтау айтатынын сұрауы секілді мотивтер қайталанады. Бірақ бұл мотивтердің кейде ішінара өзгеріске түсетіні (баланы сүтімен қоректіндіретін ешкіні көбінесе биенің алмастыратыны, Көрұғлының әйелдерінің саны да әр түрлі айтылатыны, Ғауаздың өкпелеуінің себептері, қалыңдық таңдауы әр қилы баяндалуы және т.с.с.) байқалады. Бұны жырдың осы томға кірген нұсқаларының және бұдан бұрын жарық көрген үлгілерінің ерекшеліктеріне көңіл бөлу арқылы айқын көреміз.
Біз құрастырған бұл кітапқа жырдың мынадай нұсқалары топтастырылды: 1. 1967 жылы Талиға Бекқожина Әбділда Жүргенбаевтың айтуынан магнитофонға жазып алып, одан кейін қағазға түсірген «Көрұғлы» атты жыр. 2. 1910 жылы Ерғали Есенжолов қағазға түсірген «Қисса Көрұғлы» атты жыр. 3. «Хикаят Көрұғлы» атты 1885 жылы Қазанда Хасан бин Мир-бабаның жариялауымен баспа бетін көрген жырдың 1940 жылы қазақтың көрнекті ақыны Жақан Сыздықов жасаған аудармасы. 4. 1941 жылы Әміреш Жұмағазин тапсырған «Көрұғлы (Бозай туралы)» атты жыр. 5. Ертай Құлсариев жырлаған «Ғауазхан» жыры. 6. Асайын Хангелдин жазып алған «Түрікпен Раушанбек батыр Төлебайдың баласы қалмақ батыры Махраммен соғысы» атты жыр. Жырдың «Көрұғлы» атты нұсқасының Р.Мәзқоджаев жырлаған варинаты бұрын «Көрұғлы» атты кітапта және «Батырлар жыры» атты көптомдық жинақтың 1989 жылы баспадан шыққан төртінші томында жарық көрді. Ә.Жүргенбаев, Р.Мәзқоджаевтың жырлаған варианттарды өзге халықтар эпикалық мұраларымен салыстыра отырып, бұл нұсқамен бір арнадан тараған туындылар Өбекстанда тұрған өзбектер мен арабтардан да жазылып алғанын байқадық. Өзбек шайырларынан жазылып алынған «Гор-оглы» дастанында да қазақша жырдың біз қарастырып отырған нұсқасындағыдай бас қаһарманның атасы – Толыбай сыншы, әкесінің аты – Раушан. Ал, Түрікмен версиясының көптеген нұсқаларында Раушан – бас қаһарманның әкесінің емес, әкесі соқыр етілгенге дейінгі өзінің аты. Өзбек дастанында Толыбайдың әкесі Мервтің билеушісі – Кавушту хан екені айтылады. Ал, қазақша нұсқаның варианттарында Толыбайдың әкесінің кім екені туралы сөз болмайды, бірақ оның ұлты түрікмен екені анық айтылады. Өзбекше және қазақша нұсқалардың барлығында Раушан қызылбас ханының тұтқынына түседі. Қызылбас ханының аты – Ә.Жүргенбаев варинатында Шаадат, Р.Мәзқожаев вариантында Шағдат, өзбекше нұсқада Шахдар. Осы тұста Шығыс халықтары сөз өнерінде Иранбақты соқтырушы ретінде көрінетін Оңтүстік Арабия әмірі Шаддаттың да бейнесі кездесетіні еріксіз ойға оралады. Қазақша нұсқада Раушанның тұтқын болуына қызылбас ханының қорқынышты түс көруі себепші болса, өзбек дастанында бас қаһарман әкесінің қалайша жау қолына түскені баяндалмайды. Қазақша және арабша нұсқаларда Раушанды құл базарында саудаға салынған жерде сатып алатын Ғаждембек өзбекше нұсқада Раушанмен бірге Шахдар ханның тұтқынына түседі, Ғаждембек – қазақша нұсқада Раушанның қайын атасы, өзбекше, арабша нұсқаларда қайынағасы. Қазақша нұсқада Ғаждембек қызылбас елінде саудагерлікпен айналысып жүрген түрікмен жігіті ретінде таныстырылады, ал, өзбекше нұсқада Ғаждембек пен онымен бірге Шахдар ханның тұтқынына түсіп, кейіннен Раушанның зайыбына айналған Биби-Хилал – түрікмен ханы Жығалының балалары. Ал, арабша нұсқада Раушанның түрікмен екені айтылғанымен, оның ата-басының кім болғаны сөз болмайды. Бұл нұсқада қызылбас ханының бейнесі кездеспейді және Раушан – тұтқын емес, түнгі қарауылдың бастығының ат бағушысы, оның ат бағуды қойып, өз еркімен құл базарына сатылуына атақты адам Ғаждембектің қарындасының оған ғашық болып, осындай әрекетке бару жөнінде кеңес беруі себепші болады. Қарындасы Ғаждембеккке өзіне қызметкер алып беруді өтінеді де, ағасы базарға барып, Раушанды сатып әкеледі. Көрұғлының әкесі мен шешесі осылайша табысады. Бұл нұсқада Ғаждембектің ұлты кім екені белгісіз күйде қалады, Қазақша, өзбекше нұсқаларда Раушанның ат сынауы, соның салдарынан қызылбас ханының қаһарына ұшырауы, соқыр етілуі баяндалса, бұндай сюжет арабша нұсқада жоқ. Көрұғлының қайтыс болған шешесінен моланың ішінде тууы қазақша, өзбекше нұсқаларда Раушан мен Ғаждембек ханның көңіліне жақпаған тұлпармен елдеріне қашып кеткен соң болса, арабша нұсқада кейіпкерлердің қашуына түрткі болатындай оқиға жоқ, тек қана Көрұғлының шешесі қайтыс болған кезде Ғажедембек пен Раушан қалада болады да, қаһарманның шешесін ауылдастары жерлейді, олар моладан шығып жүрген баланы байқаған уақытқа дейін Раушанбек те қайтыс болады. Қазақша нұсқада көрде туған ұлды Ғаждембектің қызметкері Бабалы байқап, амалын тауып ұстап, Ғаждембектің әйелі – Гүлайымға тапсырса, өзбек нұсқасында Көрұғлыны табушы, ұстаушы, тәрбиелеуші – бұрын балаға ешқандай қатысы болмаған Рустам деген бақташы. Арабша нұсқада қарындасының көрде ұл туғанын елден естіп, білген Ғаждембек моланы қазып, баланы алады да, қазақша, өзбекше нұсқаларда Көрұғлыны ұстарда орын алатындай қиыншылықтарға ұшырамастан, үйіне қайтады. Қазақша, өзбекше нұсқаларда Көрұғлының түрікмен еліне кеткен әкесі мен атасының соңынан келгенде мінііп келгені де, болашақ тұлпарының енесі болып табылатын да – өзін көрде жатқан кезде сүтімен асырап өсірген бие. Көрұғлының Райхан арабпен қақтығысы қазақша, арабша нұсқаларда бір туындының ішіндегі екінші салада бейнеленсе, өзбек дастанының «Гор-оглының жастық шағы» атты циклында суреттеледі. Қазақша, арабша нұсқаларда Райхан Ғаждембектің әйелін алып қашса, өзбекше нұсқада қолды болған әйел –жетім қалған қаһарманды өз тәрбиесіне алған Көрұғлының нағашы ағасы – Ахмедбектің келіншегі. Қазақша, арабша нұсқаларында Райханнан кек алуға асыққан Көрұғлы өзге ат Райханның өзіне де, еліне де жете алмайтын болған соң амалсыздан өз биесі мен Райханның айғыры шағылсуы нәтижесінде келетін құлынның дүниеге келуін, өсіп, жетілуін асыға күтіп, Ғират тұлпар дәрежесіне жетісімен, жеңгесін қайтару үшін сапарға аттанса, өзбек дастанында Көрұғлы Райханнан кек алғанға дейінгі уақытта оның түрікмненнің ханы болып сайлануы, Ғыраттан айрылып қалуы, Жүніс, Мысқал және Гүлнәр перілерге үйленуі секілді қиял-ғажайып жайттарға толы шым-шытырық оқиғаларды бастан кешіреді. Нағашысының әйелінің қарымтасы ретінде алып келген Райханның қарындасын Көрұғлы қазақша нұсқада Ғаждембекке, ал, өзбекше, арабша нұсқаларда Ахмедбекке әйелдікке береді. Арабша нұсқада бұл әрекет Райхан қайтыс болған Ғаждембектің жесірін алып кеткендігімен түсіндіріледі. Көрұғлының Райхан алып кеткен жеңгесінің есімі – қазақша нұсқаның Р.Мәзқожаев вариантында Баршайым, Ә.Жүргенбаев вариантында Баршагүл, өзбек дастанында Хал-Аим – Хол-Аим, түрікмен версиясында Гюль-Эндам, ал, арабша нұсқада оның есімі аталмайды. Райханның өтем ретінде алып келінген қарындасының есімі – Р.Мәзқожаев вариантында Құрбангүл, Ә.Жүргенбаев вариантында Гүлнәр, өзбек дастанында Зайдин-ай (немесе Зулхумар), түрікмен версиясында Бибиджан, арабша нұсқада оның да есімі айтылмайды. Қазақ қаһармандық эпосының сюжеттік инварианты құрамында міндетті түрде қайталанып келіп отыратын тұрақты мотивтердің санатына кейіпкердің ат таңдауын, алғашқы ерлігін және қаһрмандықпен үйленуін баяндау жататыны белгілі. Көрұғлы мен Араб Райханнның арасындағы қақтығыс бас қаһарманның өзіне сенімді серік, қанат болған Ғиратқа ие болуына, алғашқы ерлігімен танылуына және жат жұрттан қаһармандықпен қыз алып келуіне себепші болады. Эпостың қазақша нұсқасында Араб Райханды жеңген соң Көрұғлы қызылбас еліне аттанып, өзінің әкесін кемтар еткен дұшпандардың билеушісін жеңіп, өлтіріп, кек алып, сол елде қорлық көріп жүрген нағашы шешесі мен Бабалыны азат етіп, теңдікке жеткізеді. Арабша нұсқада бұндай оқиғалар кездеспейді, оның себебі өзінен өзі түсінікті. Ал, өзбек дастанында Көрұғлы Шахдар ханнан кек алуға асыға қоймағанын осы эпостың «Интизар» атты циклында Аваз бен Көрұғлының өзге серіктері Жәмбілбелге шабуыл жасаған Шахдар ханмен соғысқаны суретттелуінен аңғарамыз. Бұл нұсқаның қазақша варианттарының бір-бірінен кейібір айырмашылықтарына біз жоғарыдағы шолуымыз барысында тоқталдық. Оларды оқи отырып, өзге де айырмашылықтарды аңдаймыз. Біріншіден, Р.Мәзқоджаев варианты басынан аяғына дейін түгелімен өлең өрнегіне құрылған, ал, Ә.Жүргенбаев вариантында қара сөз бен өлең араласып отырады. Екі варианттың мазмұнында да, кейіпкерлер құрамында да өзгешеліктер ұшырасады. Мысалы, Р.Мәзқожаев нұсқасындағы Махрам палуан, қолбасшы Қызылбай, түрікмен елінің батырлары – Ахметбек, Әнуарбек, Мұқитек, қызылбас елінің батырлары – Шахмет Шарап, Зымыран, Таһир, Кенған секілді кейіпкерлер кездеседі, олардың іс-әрекеттері, тағдырлары, осы аталған кейіпкерлердің Көрұғлы мен Шағдаттың соғысы кезінде көрсеткен ерліктері кеңінен жырланады. Ал, Ә.Жүргенбаев вариантында олар мүлдем ауызға алынбайды, өйткені Көрұғлы Шағдатқа жалғыз өзі аттанады. Соған орай бұл варианттың соңғы бөлігі Р.Мәзқоджаев вариантындағыдан едәуір қысқа. Көрұғлының басты қарсыластарының бірі – араб Райхан Р.Мәзқоджаев нұсқасында Көрұғлыдан жеңілген соң, кешірім сұрап, жанын аман алып қалады, содан кейін бас қаһарманның сенімді одақтасына айналады. Көрұғлының кегін алу үшін Шағдат ханға қарсы аттанған төрт жүз мың қолға Райхан араб пен оның қолбасшысы – Қызылбай көп әскерімен қосылады. Ә.Жүргенбаев вариантында Райхан Көрұғлымен жекпе-жекте мерт болады. Қазақтар арасынан жазылып алынған Көрұғлы туралы жырлардың ендігі бір нұсқасында бас қаһарманның қызылбас ханы Қалдарханның баласы Райханмен соғысы суреттеледі. Жырдың Мәшһүр Жүсіп, Ерғали Есенжолов варианттары осы нұсқаға жатады. Демек, Б.А.Каррыевтың: «Помимо, известным по иным версиям врагов Гор-оглы (турецкого султана, персидского шаха) узбекский герой воюет и против других деспотов, например, против крымского Халдар-хана, о нем рассказывается в самобытном дастане того же названия»,–деп жазуы – ғалымның қазақша қолжазбалардың барлығымен бірдей жете таныс болмағандығының салдарынан кеткен жаңсақтық. Бұл нұсқаның қазақша вариантын оқи отырып, академик В.В.Радловтың эпостық туындыларға мотивтердің ақпалылығы тән екендігі жөніндегі ғылыми тұжырымының (1,10) дұрыстығына көз жеткізе түсеміз. Соның бір айқын белгісі: қарастырылғалы отырған нұсқада бас қаһарманның өз әкесінің «Мұңлықбек», Мұңлықбектің әкесі «Жығалы», Жығалының әкесі «Толыбай» деп аталады. Кейіпкердің шешесі «Алтыншаш», шешесінің інісі «Бозұғлан» деп аталуы да бұл варианттарды қазақ жырларының өзге үлгілерінен де, өзге ұлттардағы версиялардан да ала бөтен сипатқа бөлеп тұр. Академик С.Қасқабасов қаһармандық эпосқа тән типологиялық сипаттардың бірін: «Енді кейіпкер-батыр дүниеге келерде міндетті түрде бір төтенше оқиға болады, болашақ қаһарманның не әкесі, не шешесі қаза болады. Я болмаса, олар қуғында жүреді. Немесе ол туар кезде елді жау шабады»,– деп атап көрсеткен (10,260). Осындай құбылыс қазір тоқталып отырған нұсқада да қайталанады. Ол – кейіпкер дүниеге келместен бұрын әкесінің қайтыс болуы және бас қаһарманның көр ішінде өлі анадан тууы, сонда бірінеше жыл ешкімнің назарына ілікпестен өмір сүруі. Онда Көрұғлының әкесінің зорлықпен соқыр етілуі баяндалмайды. Б.А.Каррыевтың: «»,– деген ой қорытындысына (3,) жырдың осындай мазмұндағы нұсқаларына негізделіп жасалғаны анық. Дегенмен, Орта Азия халықтары эпосының кейбір үлгілерінде Көрұғлы туралы эпостың Оңтүстік Азербайжан версиясына жататын ұлттық нұсқаларда тұрақты түрде сөз болатын бас қаһарманның әкесі әділетсіз билеушінің қаталдығы зардабынан көзінен айрылғандығы және Орта Азия версиясында суреттелетін бас кейіпкердің көр ішінде дүниеге келуі қоса қабат баяндалатынына біз жоғарыда тоқталған Р.Мәзқожаев, Ә.Жүргенбаев варианттары және ... – айғақ. А.Н.Самойлович өзінің «Очерки по истории туркменской литературы» атты еңбегінде Көрұғлы есімінің этимологиясы әр қилы түсіндірілетініне: «Сын слепца» «по анатолийской-турецкой версии или «Сын могилы» (по среднеазиатской версии)»,–деп тоқталған (11, 157). Ал, К.Дмитриев Көрұғлының ұлттық версияларында бас кейіпкер есімінің этимологиясы әр қилы түсіндірілетініне назар аударып, соның бірі «Кере-гулы» сөз тіркесі екеніне тоқталады (12, 161). Бұл есімді қазақ тіліне аударғанда, «анықтықты жоғалтады» деген ұғымды білдіреді. Ал, Б.А.Каррыев түрікмен халқының аңыздарында және эпосының кейбір үлгілерінде қатігез билеуші Хункар бас қаһарманның атасы – Жығалы бекті көр соқыр етіп қана қоймай, саңырау да қылғаны баяндалатынына тоқталып: «Отсюда эпитет Кере-гулы – Кер-оглы, т.е. «Сын глухого»,–деген ғылыми тұжырым жасаған (3, 111). Бұндай жайттардың бас қаһарманның әкесі соқыр етілуімен көрде туылуынан өзгесі эпостың қазақша нұсқаларында ұшыраспайды. Жырдың Р. Мәзқоджаев, Ә. Жүргенбаев нұсқаларының алғашқысында Көрұғлының жақындарымен табысуына Көрұғлының пірлері балаға тікелей көзге көріну, ал, оның жанашырларының түсінде аян беру арқылы септігін тигізсе, ол туындыларда Бабалыға түсінде аян арқылы берілген кеңесті қазір қарастырылып отырған М.Көпеев, Е.Есенжолов варианттарында Бозұғланға оның зайыбы Ақбілек айтады. Ал, бұл нұсқада Көрұғлыға түсінде аян беретін, өңінде көрініп те жәрдемдесетін ғайыптан келген желеп-жебеушілердің өзгелерге, тіпті түрікмен эпосының өзге бір эпикалық туындысының бас қаһарманы болып табылатын Бозұғланға да, білінбеуі бас кейіпкерді айрықша даралай дәріптеуге мүмкіндік туғызып тұр. Соңғы аталған нұсқада Көрұғлы мен оның қырық жігітінің алғашқы кездесуін суреттелген тұста да осындай құбылыстың куәсі боламыз. Араб Райханның Көрұғлының жеңгесін алып қашуы Орта Азия версиясының нұсқаларының көптеген үлгілерінде ұқсас сарында баяндалатын эпизод. Дегенмен, онда Райханның қызының аты – Күләйім. Біз тоқтаған нұсқалардың алғашқысында «Күләйім» – кейіпкердің әжесі болса, өзбек дастанында ол Көрұғлының жеңгесі болып келетініне біз жоғарыда арнайы көңіл бөлдік. Жырдың қарастырылып оытрған нұсқасының варианттарының арсында мазмұндық айырмашылық кездеспейді, өзгешелік варианттардағы кейбір сөз қолданыстпарында және кісі аттарында ғана ұшырасады.
Мысалы, Е.Есенжолов вариантында:
«Түрікмен халықтың ішінде
Айырар ердің сарасы»,– деп берілген жыр тармақтары Мәшһүр Жүсіп вариантында:
«Түрікмен халықтың ішінде Ат пенен ердің сарасы»,– деп беріліп, шындыққа жақынырақ келетін, түсініктірек сипатқа ие болған. Толыбайдың ұлы Мәшһүр Жүсіп вариантында «Шағала», Е.Есенжолов вариантында «Жығалы» деп аталады. Біздің ойымызша, кейіпкер есімі соңғы көрсетілген вариантта дұрыс берілген. Олай деуге Жығалы деген кейіпкердің Көрұғлы туралы эпостың ұлтық версияларының көпшілігінде кездесетіні негіз береді. Жығалы жырдың ұлттық версияларында бірде Көрұғлының әкесі, бірде атасы ретінде көрінеді. Құдайдан Көрұғлы Е.Есенжолов вариантында жүз жиырма жыл, Мәшһүр Жүсіп вариантында жүз жиырма бес жыл өмір сұрайды. Көрұғлы туралы эпос Орта Азия халықтары айтушыларының репертуарына айналған соң тұтастанудың барлық түрлерін басына кешіргені айрықша назар аудартады. Бұны әсіресе эпостың өзбекше, тәжікше нұсқалары айқын аңғартады. Өзбектердің арасында Көрұғлы туралы қырықтан астам дастан бар, варианттарымен қоса есептегендегі саны жүздің үстінде. Қазақ жыршылары өздері жырға қосып отырған Көрұғлының түрікмен екенін ескертуді басты парызы санаса да, олардың репертуарындағы жыр нұсқаларының мазмұны мен кейіпкерлер жүйесінде түрікмен дастандарынан гөрі өзбек дастандандарына ұқсастық басым. Соңың бір айқын айғағы – Петропавлдық молда Хасан бин Мирбаба 1880 жылы қазақтар арасынан жазып алып, Қазан қаласындағы баспада жарияланған, 1890 – 1915 жылдар аралығында бірнеше рет қайтадан баспа бетін көрген «Көрұғлы сұлтан хикаясы» атты жыр. Бұл нұсқа Ташкентте Қазан төңкерісіне дейін литографиялық тәсілмен басылып шыққан кітап түрінде жарық көрген «Қысса Көрұғлы сұлтан» атты өзбек дастанына өте ұқсайды. Бұл кітаптың мұқабасында орыс тілінде: «Эта книга «Гор-оглы» исправлена в тексте и снабжена рисунками жителем Сибирской части города Ташкента Саражутдином Махсум Сидки в октябре 1915»,– деген мағлұмат берілген (3, 208). Б.А.Каррыев бұл дастанды былайша мазмұндаған: «»Сказители рассказывают и передают». Далее говорится, что первым ханом Чамбиля был Агалик-хан, затем Джигалик хан. После него стал пятнадцатилетний Гор-оглы, окруженный сорока джигитами. Гор-оглы возвел вокруг Чамбиля огромную крепость длиной в сорок верст, высотой в сорок, шириною в шесть аршинов. Возле крепости красовался большой сад. Перед ним даже сад Эдема был ничто. Когда Гор-оглы достиг тридацати лет, к нему явились Хидр, сорок чильтенов и двенадцать имамов. Все они молились за Гор-оглы. Эти святые постояннно сопутствуют герою во всех делах. Далее повествуется о битвах Гор-оглы на Гырате, о его женитьбе на сказочных пери, об усыновлении Аваза и Хасана. Все это составляет первую половину ташкенсткого издания. Вторая его часть посвящена Авазхану, его охотам, битвам и любовным похождениям» (3, 208-209). Осы қысқаша мағлұматтың өзі-ақ өзбектің бұл дастаны мен Х.Мирбаба жариялаған қазақ жырының арнасы бір екеніне дәлел бола алады. Оны Х.Мирбаба нұсқасының: «Әмма, рауиян ахбар уа нақилан әсар андақ руаят қылұрларкем заман заман болғанда, Жамбылның әуелгі хакімі Ағалық хан болды, андан Жығалы хан болды, андан соң он бес жасында, тіллә жығасы басында, қырық жігіті қасында Көрұғлы сұлтан хакім болды. Туғ бидақ ширлап, тіллә қалқанлар дұрлап, бөпеклі найза ширлап, шердик қалға салдырып, бәлантлігі қырық құлаш уа ені алты құлаш қылып қорғаныны жүз тоқсан жебе қылдырып уа ішіден жүз сексен шаррабе қылдырып уа ішінде оның тақытыны алдыда Сүлеймен бекер болып уа лалалары уа Ирамбағы болды»,– деген бастамасының өзбек нұсқасы бастамасымен сөзбе-сөз сәйкес келуі және жоғарыда орыс тілінде берілген аннотацияны ішінара түзетулер жасау арқылы қазақ жырының екі саласының мазмұны мен кейіпкерлер әлемі жөнінде мағлұмат беруге пайдалануға болатындығы сездіреді. Өзбек дастанының қазақша нұсқадан айырмашылығы: қазақ жырында Ғауазханның ұрыстағы ерлігі суреттелмейді, аңға шыққан сапарының және қызбен қарым-қатынасының біреуі ғана сөз етіледі. Х.Мирбаба жариялаған жырдың 1940 жылы көрнекті ақын Жақан Сыздықов жасаған аудармасы «Қазақ халық әдебиеті» сериясы бойынша 1989 жылы жарық көрген «Батырлар жыры» атты жинақтың төртінші томына енген. Біз бұл аударманың түпнұсқасын ешқандай өзгеріссіз жұртшылыққа ұсынып отырмыз. Олай дейтініміз бұл аударманың бұдан бұрынғы басылымында түпнұсқадан, аздаған болса да, ауытқушылық кездеседі. Ол қандай өзгерістер екенін анықтауды көзі қарақты оқушының өзіне қалдыруды жөн санап, біз жырдың Х.Мирбаба жариядлаған түпнұсқасы мен аудармасының арасындағы сәйкестіктің деңгейін қарастырмақпыз. Біздің бұл тұрғыдағы ізденістеріміз Ж.Сыздықов тәржімасының кейбір тұстарында түпнұсқада жоқ сөздерді де өз жанынан үстеуді, кейбір тұстарында түпнұсқадағы кейібр шумақтардың өзін аудармай тастап кетуді теріс көрмегенін анықтауға қол жеткізді. «Бабалар сөзі» сериясының қырық сегізінші томында жырдың Х.Мирбаба нұсқасы жарияланғанын ескере отырып, біз бұл жерде өз байқауымыздың бірнешеуін ғана ортаға салалық: Х.Мирбаба түпнұсқасының жоғарыда келтірілген бастамасындағы Көрұғлының хан болғаны айтылғаннан кейін келетін сөйлемді Ж.Сыздықов: «Толған бидайдай теңселіп, ділдалары жарқылдап, найзалары сартылдап, арыстандай айбаттанып, Жәмбілбелді тұрақтап, ұлы шаһарға айналдырды»,– деп аударған. Түпнұсқадағы «ішіден жүз сексен шаррабе қылдырырып»,– деген сөйлемнің баламасынан кейін аудармашы: «Жеті мың мешіт, жүз елу медіресе салдырды»,– деген түпнұсқада кездеспейтін сөйлем қосқан. Түпнұсқада әлқисса ретінде айтылатын қара сөздің бір парасы: «Сол махалда Ғауаханны жеті жасар сіңлісі балайым бар ерді. Зар жылап келіп ағасының мойнынан құшақтап өлсең Һәм деп бір сөзді айтты»,– деген сөйлемдермен аяқталады. Ал, аудармада ағасының мойнынан құшақтап тұрып Балайым «Өле өлгенше Көрұғлының дінінен қайта!»–деп, түпнұсқада айтылмайтын сөзді аузына алады. Одан кейін өлеңмен берілген Балайымның мынадай монологы да түпнұсқада кездеспейді:
«Әзер болса, бұл кәпірлер өлтірер,
Қайтпа, ағажан, Көрұғлының дінінен.
Қаза жетсе, пендесі де өлмей ме?
Бақшадағы қызыл гүлдар солмай ма?
Әзер болса, бұл кәпірлер өлтірер,
Сендей жігіт әрқашан да өлмей ме?
Тыңда мені құлақ салып, жан аға.
Жаным болсын көз жасыңнан садаға!
Бұл дініңнен қайтамын деп, жан аға,
Бір Құдайға күнә жасау бола ма?
Жүреке дерт, түсті қайғы. Зарымды,
Көзден аққан көресің бе қанымды?
Не деп жүзін көресің Пайғамбарыңды?
Түн де, күн де тарттым мен қайғы-зар.
Мейірім етер, жалғыз Алла бізге жар.
Діннен қайтып, кәпір болсаң, ағажан,
Не еді саған достың – шаһариар?
Мейірім етсін бізді Алла жаратқан,
Қияметте құтқаратын дозақтан.
Мені-дағы бірге өлтірсін, ағажан,
Лә илаһа, елла Алла! Мен – мұсылман!»
Одан кейін келетін «Әлқисса, Балайым бұл сөзді айтып: «Лә ила һа, елла Алла ! Мұхаммед Расул Алла!»–деп, мұсылман болды»,–деген сөйлем де түпнұсқада кездеспейді. Ж.Сыздықов жырдың осы тұсында түпнұсқадағы «дұспан» сөзінің орнына үнемі «кәпір» сөзін қолданып отырған.
Аудармашы өз жанынан мынадай эпизодты да қосқан: «Ғауазханның анасы ұлын дар ағаштың түбінде көріп: «Өлсем, осылармен бірге өлейін!– деп.– Лә ила һа, елла Алла, Мұхаммед Расаул Алла!»–деп, бұл да мұсылман болды. Жер-жүзіндегі әулие-әнбиелерді айтып, медет тіледі». Оның есесіне түпнұсқадағы кейбір сөздер мен шумақтар аудармада түсіп қалғанын байқаймыз. Мысалы, жендеттер Ғауазды дарға асуға айналған сәтте Хасенханның әкесіне дабылды жылдамырақ ұру қажеттігін ескертіп айтқан сөздерінің соңғы шумағы аударылмаған. Ол – мына шумақ:
«Хасан дер төктім жасымны.
Саудаға қосалық дұшпан басыны.
Қырық жігітке жауап беріп, атажан,
Тамаша қыл Хасанханның сүрішін».
Көрұғлы Хұнғар патшаны ордасына қуып тығып, туын жыққаны баяндалған соң түпнұсқада; «Ләкин, һәмма сәргардарлары, Хұнхар шах: «Әман»,– деп, Көрұғлы сұлтанның алдығы келділер»,– деген сөйлем кездеседі. Осы сөйлемнің аударылмай кетуі түпнұсқада осыдан кейін келетін сөйлемнің аудармасы болып табылатын: «Көрұғлы сұлтан енді тұтқындарды босатып»,– деген сөйлемде кімдер туралы хабар беріліп тұғанын түсінуді қиындатады. Көрұғлы туралы жырлардың бірқатар қазақша үлгілерінде Көрұғлының әкесі Бозай екендігі туралы айтылады. «Бозай» деген есім эпостың өзге ұлттардағы версияларында кездеспейді. Бұндай мазмұндағы жырлардың бірі «Бозай батыр и его сын Коруглы» деген атаумен «Тургайская газета» басылымының 1905 жылғы №32, 33, 34-сандарында жарияланды. Оны ел аузынан жазып алған – В.Мещенский. Бұл нұсқаның бір вариантын Ақтөбе қаласының тұрғыны Әміреш Жұмағазин 1930 жылы республикамыз Ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған. Нұсқаның Жамбыл жырлаған вариантын Б.Тұрсынбаев 1948 жылы бұл туындыны ұлы ақыннан үйренген өнерпаздардың айтуынан жазып алған. Бұл варианттардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктері болғанымен, бастапқыда бір арнадан өрбігенін аңдататын тұстары да баршылық. Ә.Жұмағазин нұсқасында Бозайдың түрікмен еліне қорған болған батыр екені, елі оның толық ықпалында болғаны баяндалғанымен, оның ресми түрде хан атағын иеленгені немесе иеленбегені нақты айтылмайды. Жамбыл нұсқасында Бозай жеңілуді білмеген қаһарман билеуші болуымен қатар талай елдерге жорықтар жасап, талап-тонап, өзге де зорлықтар түрін жасаған жауыз хан. Ал, «Тургайская газетада» жарияланған нұсқада кедейден шыққан Бозай батыр өз еліне шапқыншылық жасаған Қараноғай ханы Қазақайға тойтарыс беру үшін қол жинап, жеңіске жетеді. Көрұғлы эпосының Орта Азия версиясының барлық үлгілеріндегідей бұл нұсқада да Көрұғлы анасы қайтыс болған соң көр ішінде дүниеге келеді. Бірақ нұсқаның варианттарында болашақ қаһарманның шешесі әр қилы жағдайда қайтыс болады. Әміреш Жұмағазин нұсқасында Бозай жеті жасар ұлына Көзей деген ханның қызын айттыруға аттанғанда, елдегі әкесі, шешесі, әйелі және баласы тырыспай деген індетке шалдығып, соның салдарынан өледі. «Тургайская газетадағы» нұсқада жорықта жүрген Бозайдың артта қалған елін шапқан жау Көрұғлының шешесін өлтіреді. Ал, Жамбыл нұсқасында Бозай өзін кәрісінген жас әйелін өз бұйрығы бойынша өлтіртеді. «Тургайская газетада» жорықтан аман оралған Бозай әйелі – Айсұлудың қабірінің басында ойнап отырған баланы көріп, үйіне алып келеді. Ал, Ж,Жабаев нұсқасында көрде дүниеге келген ұлдың ешкіні еміп күн көріп жүргенін бірнеше жыл бойы ешкім байқамайды, ақырында ешкінің иесінің арызының анық-қанығын білмек болған кезде ғана аңғарады. Ал, Ә.Жұмағазин нұсқасында өзі жауға аттанған кезде екіқабат күйінде қалған әйелінің моласын қазып, шешесінің емшегін еміп жатқан нәрестені көрген Бозайдың әрекеті, яғни, жас нәрестесін өзі анасының бауырынан ажыратып ала алмаған соң, әйелінің шынымен өлі екенін немесе талып жатқанын анықтау үшін жарының мұрнына жанған шырпы тақауы көне мотивті жаңа заман жыршысының өңдеуіне мысал бола алады. Жырдың нанымды сипатқа ие болуын көксеген жыршы бұл тұста қазақ және өзге халықтар эпосында өлген адамның тірілуін баяндайтын сюжеттер сирек те болса, бой көрсетпей қалмайтынын ескере бермеген. Белгілі фольклортанушы М.Ғұмарова Қосай батыр туралы қазақ жырлары нұсқаларының бірінде бас қаһарманның кісі етін жеген соң тірілгенініне тоқталса, қырғыздың «Семетей» атты жырында бас қаһарман өлмей, ғайып болып, белгілі бір ғұрыптарды орындау нәтижесінде қайтадан тіріліп, кейіннен өз еркіімен қайтадан ғайып болады. «Осындай мотив «Көрұғлы» жырының Ә.Жұмағазин нұсқасындағы жаңа ғана біз тоқталған эпизодында бергі заман жыршыларының таным түсінігіне орай өңделіп, өзгеріске түскен»,– деген ойдамыз. Көрұғлыны қара күңнің бала етіп асырауы да – эпостың ұлттық өзге нұсқаларының ешқайсысында кездеспейді. Осы жерде Көрұғлының ел ортасына келген соңғы тәрбиесімен Жамбыл нұсқасында Бозай ханның өзі, «Торғай уалаятыныің газетінде» бас кейіпкердің ағасы - Әбіл айналысатынын еске түсірсек, артықтық ете қоймас. Көрұғлыға оның әке-шешсінің кім екені туралы шындықты ойнап жүргенде білуі – қазақ эпосында жиі қайталанатын типологиялық мотив. Оған көз жеткізу үшін Алпамыстың, Қозы Көрпештің өздерінің қалыңдығы туралы өздерінен жасырылып келген құпияны осындай сәттерде білгендігін еске алсақ та, жеткілікті. Бұл секілді эпизод осы томға енген нұсқамен қатар «Торғай уалаятыңың газетінде» жарияланған нұсқада да кездескенімен, оларда оқиға екі түрлі өрбиді. Мысалы, соңғы көрсетілген нұсқада Көрұғлы асығын тартып алған балалар зорлықшының бетіне оны менсінбей, қызын беруден бас тартқан Қазақай хан мен оның сұлу қызы, Көрұғлының атастырылып қойған қалыңдығы – Меден сұлу туралы шындықты басады. Ә.Жұмағазин нұсқасында бұндай шындықты айту үшін әуелі Көрұғлының асығын ұтып алып, осындай тәсілмен бас кейіпкерді өзімен тілге келтіріп, сондай жолмен болашақ батырдың санасын оятқан Бозайдың жылқышысы – Құлқара секілді кейіпкерлер де қазақ және оған туыс халықтар эпосында көптеп кездеседі. Эпос қаһармандарына сенімді серік бола білген малшылар мен құлдарды еске алғанда, «Қобыланды батыр» жырындағы Естемістің, «Алпамыс батыр» жырындағы Кейқуаттың, «Ер Қосай» жырындағы Қодар құлдың, Нәрік және Шора батырлар туралы жырдағы Телшора құлдың алдымен ауызға ілінетіні күмансыз. Қодар құл жетім қалған жас бала – Қосайға ат тауып беру, қалыңдығын айттыра бару, сансыз жаумен шайқаста серік болу, өз басын қатерге өлімнен аман алып қалу се-кілді көмектер көрсету арқылы бас қаһарманның өзін ағасы деп білуіне ықпал етсе, Мұрын жыраудан жазылып алынған «Нәрік» жырындағы Телшора құл да бас кейіпкердің тағдыры таразыға түскен кезінде үнемі қожа-йынының қасынан табылып, қиын-қыстау жағдайлардан шығудың жолдарын тауып жүреді. Телшораның өзіне қаншалықты қымбат екенін Нәріктің де жақсы тү-сінгенін оның елінен амалсыздан кетуге мәжбүр болған сәті суреттелген тұстағы:
«Ноғайдан алған тек жалғыз
Телшора болды жолдасы»,– деп келетін жыр тармақтары айқын аң-датады.
«Көрұғлы» жырының Ә.Жұмағазин нұсқасында Көрұғлының санасын ояту үшін болашақ батырдың балалық шағы өтіп жатқан елде құл болуға да көніп, ақыры сәтті кезін тауып, қажетті шындықты айтқан марқұм Бозайдың жылқышысы – Құлқара әрекеттерінің мәні мен мақсатын өз үйінің ешкісін бағып жүрген Шораның жігерін қайрай айтылған Телшораның мына сөздерін оқи отырып жете ұғынамыз:
«Туғаныңнан тумай кет,
Мұнан да жақсы өлгенің...
Нәріктен туған сен,– деді.–
Лақ бағып жүргенше,
Енді құрғыр өл,– деді.–
Атаң Нәрік кеткенде,
Қазанда еді қаласы.
Қазаннан мұны қаңғыртқан
Ноғайлының баласы.
Атаға тартып, кәніки,
Шора қрғыр, туғаның.
«Аға»,– деп, біз секілді құлдардың
Қасына келіп тұрғаның».
Ә.Жұмағазин нұсқасында Кенжебайдың аулына Көрұғлы оның әкесінің туысы екенін Құлқарадан естіп, біліп, барса, «Торғай уалаятының газетіндегі» нұсқада Кенжебай бұрын Көрұғлымен ешқандай туыстық байланысы жоқ адам ретінде суреттеледі. Алдыңғы нұсқада оның Көрұғлыны өзіне ұл етуіне бас қаһарманның өзінің ағасынан қалған жалғыз тұяқ екені себепші болса, соңғы нұсқада Кенжебайды бұндай әрекетке оның ешкімге бой бермей, басына шылбыр, жүген-ноқта жолатпай жүрген байталын ұстау аулының тұсынан кездейсоқ өтіп бара жатқан Көрұғлының ғана қолынан келуі итермелейді. Әрбір жыршының өз репертуарындағы жырға өзге жыршылардыікінен даралайтын өзгеріс енгізуге ұмтылатыны Ә.Жұмағазин нұсқасында Көрұғлының өзіне лайық іздеуі баяндалған тұста да байқалады. «Көрұғлы» жырының өзге нұсқаларында Ғираттың енесі ретінде көрінетін биелердің анау айтқан айрықшалығы сипатталмаса, біз қарастырып отырған жыр үлгісіндегі өзінің иесі келгенше өзінің тұлпар екенін байқатпай, арық, ақсақ әрі жауыр кер тай кейпінде жүрген бие өзінің қадыр-қасиетін аңғара қоймаған Көрұғлыға өзін танытып сөйлейді. Көзге қораш тай кейпінде бойын жасырып жүріп, иесі жүген салғанда, құнанға, ер салғанда, дөненге айналған, үстіне мінгенде бестіге айналған тұлпарлар бұл нұсқадан өзге жырларда да, мысалы, «Алпамыс бактыр», «Шора батыр» жырларының кейбір нұсқа-ларында, кездесетіні белгілі. Бұл нұсқалардағыдай адам секілді ақыл-есі, тілі бар, көріпкелдік, артықша амал-тәсілдерге жетіктігі, құбылушылыққа бейім-дігі арқылы бас қаһарманға ауадай қажет көмек көрсететін тұлпарлар бейнелкрі әлем халықтарының фольклорында көптеп кездеседі. Атқа мұндай ғажайып қасиеттердің телінуін зерттеушілер бір ауыздан ежелгі адамдардың ат тотемі туралы туралы наным-сенімдерімен байланыстырады. Көрұғлының Меден сұлуды іздеп бара жатқанда жолбарысты өлтіріп, оның тырнағынан жас өспірім баланы босатуы, ол баланың кейін бас қаһар-манның серігіне айналуы, Көрұғлының Меден сұлуды еліне алып келген соң Қиғаш Қаратау деген бекініс салуы тек «Торғай уалаяттының газетіндегі» нұсқада ғана баяндалады. Ұлттық нұсқалардың басым көпшілігінде кезде-сетін Жәмбілбел бекінісінің атауының орнын қазақ даласындағы таулардың атаулары басуын халқымыздың жыршылары өз жандарынан қосқан қазақы нақыш екені – даусыз ақиқат. Ә.Жұмағазин нұсқасындағы Көзей патшаның, «Торғай уалаяты газетінде» жарияланағн нұсқадағы Қазақай ханның Бозай өлген соңғы әрекеттері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабайдың: «Жетім ұлға қызымды бермеймін»,– деп, опасыздыққа бой ұруына ұқсайды. Ал, Меден сұлудың әрекеттері өзіне әуел баста айттырып қойған жігітке қосылу үшін бар күш-жігерін аямаған эпос кейіпкерлері – Баян сұлудың, Гүлбар-шынның және тағы сол сияқты көптеген арулардың адалдығын еске түсіреді. Ә.Жұмағазин нұсқасындағы Меден сұлудың алдағы оқиғаларды күні бұрын біле алатын көріпкелдік қасиеті қазақ фолькорындағы бірқатар арулардың да – мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаның, «Ер Төстік ертегісіндегі Кенжекейдің бойынан табылады. Ақмеденнің араб патшасының, мыстан кемпірдің қаскөйлік пиғылын оларды көрмей тұрып-ақ біліп, күйеуіне ол туралы ескертуі Құламергеннің әйелінің қылығын еске түсіреді. Ә.Жұмағазин нұсқасында Көрұғлының араб патшасымен соғысы тура-лы дәстүрлі сюжетке де біршама өзгеріс енгізілген. Ең алдымен бұл нұсқада араб патшасының есімі аталмайтыны бірден назарға ілігеді. Өйткені ол Көр-ұғлы туралы қазақ жырларының көпшілігінде, эпостың ұлттық нұсқаларында «Райхан» деп аталады және де ол нұсқалардың барлығында Райхан Көрұғлының не атасының, не ағасының әйелін алып қашады. Арабтың бас қаһарманның өз әйелін алып кетуі және Көрұғлының қарымта қайтара барғанда арабтың қарындасына қоса қолды болған өз жақынын бірден алып қайтуы жырдың біз қазір қарастырып отырған нұсқасында ғана суреттеледі. Ғираттың ұрлануы – Көрұғлы туралы эпостың ұлттық версияларының басым көпшілігінде баяндалатын оқиға. Эпостың Орта Азияда, нақтырақ айтқанда, Өзбектанда тұратын арабтардың арасынан жазылып алынған версиясында Ғират бір жасқа толғанда оны Қожа Қыдыр ұрлап алып, үш жыл баптап, қайтадан Көрұғлыға қайтарады, демек, батырдың тұлпарының жақсара түсуіне қолқабыс жасайды. Эпостың қазақша версияларының бірқа-тар нұсқаларында да тұлпарынан аз ғана уақыт айрылып қалып, қайғырған Көрұғлы Ғиратты ұстап алған Ғайып Ерен қырық шілтен екенін білгенде, сабасына түседі. Ұлттық версиялардың көпшілігінде өзге ел билеушісі Ғиратты қастандықпен ұрлатып алады. Бұндай жағдай Көрұғлы туралы эпостың ұлттық версиялары үлгілерімен түгелге жуық таныс Б.А.Каррыев «предпожитнльно их можно рассматривать как «историческую» основу большинство национальных версий эпоса» (3, 28) деп сипатама берген эпостың А.Ходзько ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Оңтүстік Азербайжанда жазып алып, жариялаған нұсқасын құрайтын он үш тараудың бірінде де баяндалады. Бұл нұсқада Анадолыдағы түрік тайпасының билеушісі – Гасан паша Ғиратты ұрлап әкелу үшін Хамза деген біреуді жұмсайды. Көрұғлы эпосының әзірбайбайжан мен түрік халықтары арасында сақталған нұсқаларының көпшілігінде, түрікмен версиясының кейбір үлгілерінде ат ұрлаушы «Хамза» деп аталады. Ал, түрікше нұсқалардың бірқатарында Көрұғлы Ғиратты Болу бей тұтқынға алған Кенан мен Айваздың өтеуі ретінде аталған билеушіге өз қолынан береді. Өзбекше версияда Көрұғлының екінші әйелі – Мысқал пері Көрұғлының асыранды Ғауазды азғырып, оны Ғиратты ұрлап алып, Румның сұлтанына апарып беріп, сол билеушімен бірігіп Көрұғлыға шабуыл жасауға арандатады. Түрікмен версиясы нұсқаларының көпшілігінде Ғиратты қазақтың Мыстан кемпірінің айнымайтын сыңары болып табылатын Зұлман кемпір ұрлайды. Ал, қазақша версия нұсқаларының ішінде Ғираттың қастандық салдарынан ұрлануы тек Ә.Жұмағазин нұсқасында ғана баяндалады және онда Араб патшаның тапсырмасын орындайтын Мыстан кемпірдің бас қаһарманмен кездесуін және зұлымдық пиғылын жүзеге асыру үшін жасаған айла-амалдарын, Көрұғлының Ғиратты өзіне қайтару үшін шекен сапырында басынан кешірген оқиғаларын баяндауда жыршының «Алпамыс батыр» жырындағы осыған ұқсас эпизодтарды үлгі етіп алғаны байқалады. Көрұғлының өз қанасынан перзент көрмегендігі, асыранды балалары, Ғауаздың әкелінуі, Ғауаздың өкпелеп, бұрынғы тұрған еліне кетіп қалып, қайта оралуы ұлттық версиялардың барлығында дерлік айтылады. Ал, Ә.Жұмағазин нұсқасының соңғы бөлігі онда Меденнің аузынан шығатын: «Өзімнен тумай, ұл болмас, Сатып алмай құл болмас» деген, осы екен-ау»,– деген сөздердің даналықпен айтылғанын көркемдік тұрғыдан дәлелдеуге негізделуімен эпостың өзге нұсқаларының барлығына қарама-қарсы сипатқа ие болып, ала бөтен дараланып тұрады.
С. Сәкенов
«КӨРҰҒЛЫ (Ғауазхан)» жыры
(Ертай Құлсариев нұсқасы) Көрұғлының атына байланысты эпос түркі халықтарына ортақ қазына болып табылады. Анадолы түріктерімен қоса, Орта Азияның қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ, тәжік сияқты халықтары мен Қап тауының әзербайжан, армян, т.б. жұрттарының фольклорында сақталған. Қазақтар жырлаған "Көрұғлы" дастаны 1885 жыл мен 1905 жылдар аралығында Қазан қаласында тоғыз мәрте қайта басылып отырды. 1905 жылы "Торғай газетінде" "Бозай батыр и сын его Коруглы" деген атпен [32-34 сандарында] В.Мещенский нұсқасы жарық көрді. Шығарманы әр халық өзінше өңдеп, өз дәстүрімен жырлайды. Қазақ елінде тараған "Көрұғлы" ертеден-ақ халық әдебиетіне сіңіп кетті. Оған біздің әдебиетіміздегі нұсқалығы әбден айғақ болады. Мысалы, бүгінгі күнге Көрұғлының әкесі Раушанбек туралы екі жыр, балалары Ғауазхан жөнінде бес жыр, Хасанханның ұлы Қасымхан жайлы бір жыр жетсе, ал, Көрұғлының өзі туралы он алты жыр сақталган. Бір таң қаларлығы: бұл эпос қазақ даласының төрт бұрышында да ерекше ықыласпен жырланып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстаннан Жамал Балғынбай баласы, Ерғали Есснжолов, Әміреш Жұмағазин; Солтүстік Қазақстаннан Хасан бин Мирбаба [аудармашы — Ж.Сыздықов], Құлмұхаммед Байғұлұлы, Молда Мұқан, Қошанов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Оңтүстік Қазақстаннан Рахмет Мозходжаев, Әбділда Жүргенбаев, Асайын Хангелдин, Сүйіпбек Мұсаев: Жетісудан: Жамбыл Жабаев, Ертай Құлсариев нұсқалары жиналып алыну арқылы бізге дейін сақталған. Е.Құлсариев – Жетісу жыршылық мектебінің соңғы өкілдерінің бірі. Сондықтан, "Көрұғлын" жырлауда жетісулық Сүйінбай, Құланаян Құлмамбет, Бақтыбай, Бөлтірік сынды өрелі ақындардан жеткен дәстүрді жалғастыруы – занды құбылыс. Абыз ақын Жамбыл 1938 жылы "Казахстанская правда" газетіне берген сұқбатында : "Сүйінбайдан үйренген "Сұраншы", Құлмамбеттің "Көрұғлы сұлтан" жырлары екі үлкен ақынның маған берген батасы мен ақындық сарқыттары еді" деген естелік айтса, фольклортанушы ғалымдар – О.Нұрмағамбетова мен А.Бұлдыбай да осы пікірді толық қуаттайды [24; 5, 110]. Өкінішке орай, жоғарыда аталган ақындардың ішінде тек Жамбыл мен Ертай нұсқаларынан өзгелері бүгінгі күнге жетпеген. Алайда, Жамбыл мен Ертай нұсқаларын салыстыра қарастырғанда, олардың мазмұны, сюжет желісі бірі-біріне мүлде ұқсамайтынын байқаймыз. Жамбыл жырлаған нұсқада негізгі оқиға Көрұғлы сұлтанның маңында өрбісе, Ертай жырлаған нұсқада оның асыранды баласы Ғауазханның ерлігі баяндалады. Жырдың мазмұны Қошановтың "Ғауазхан", Әзімхан Мұхаммедрахымовтың "Көрұғлы баласы Ғауазхан әңгімссі" атты нұсқаларына ұқсастау болғанымен, жыршының сюжеттік желі құрудағы өзіндік мәнері, стилі ерекше аңғарылады. Ертай жырлаған нұсқа толық, өлеңдік құрылысы 11 буынды қара өлең, кейде 7-8 буынды жыр үлгісімен де баяндалады. Қолжазба 1939 жылы Алматы облысы, Іле ауданында жазылған. 1960 жылы жарық көрген "Қазақ әдебиетінің" 1-том, 1-кітабында ол туралы ғылыми пікірлер айтылған. «Көрұғлы» жырының Е. Құлсариев нұсқасы бұдан бұрын аталған ақын шығармаларының «Жыр керуен» атты жинағында жарияланған. Бұл кітапты құрастырған – осы ғылыми түсініктеменің авторы.
Т. Әлібек
Түрікпен Раушанбек батыр Толыбай баласының қалмақ батыры Махраммен соғысы
(А. Хангелдин нұсқасы) «Көрұғлы» Орта Азия, Иран, Кавказ атырабы халықтары арасында кең таралған батырлық эпос. Жырдың әр түрлі версиялары мен жеке сюжеттік нұсқаларын қазақ, қарақалпақ, тәжік, татар, құмық, армян, грузин, түрік, түркімен, өзбек елдерінің жыршы, жырау, бақшы, ашугтары ертеден айтып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқаны мәлім. Әйтсе де, «Көрұғлы» эпосының кемелденіп, өсіп-өнген, барша эпикалық қуатымен қанат жайған жері түркімен елі болып саналады. Мұның басты себебі, жырдың бас кейіпкерлері Толыбай, Раушанбек, Көрұғлы, Сапабек, Әуез, Қасым бектердің түркімен теке руының тумалары болуынан екендігі анық. Дегенмен, «Көрұғлы» эпосы қазақ арасында да ерекше сүйіп тыңдаған, көпшіліктің көңілінен шыққан шынайы халықтық шығарманың бірі. Аталған батырлық туынды Абыл, Қашаған, Жиенбай, Оңғар, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт, Бітімбай, Жәмет, Әбілда, Рахмет т.б. көптеген жыр жүйріктері өзінше жаңғырта жырлап, халықтың құлақ құрышын қандырған. Сондай әдемі жырланған эпос нұсқасының біреуін ХХ ғасырдың 40-жылдары белгілі фольклор жинаушысы Асайын Хангелдин Арал өңірінен жазып алған. Көлемі 2500 жолға жуық бұл нұсқаның жыршысы туралы мәлімет жоқ. Бірақ шығарманың тілдік, стилдік ерекшеліктеріне қарап, бұл нұсқаның Сырдың төменгі ағысын жайлаған бұрынғы Кіші жүз қазақтарының жыршы-жырауларынан жазып алынғандығы айқын аңғарылады. Бір өкініштісі, араб әрпінде көшірілген қолжазбаның бастапқы және соңғы парақтары тозған, бірнеше жыр жолдарының жекелеген сөздері өшіп қалған. Соған қарамастан, эпос қаһарманы Көрұғлының әкесі Раушанбек батырдың ерлігін баяндайтын ғылыми құндылығы жоғары болғандықтан томға енгізіліп отыр. Шығарма қарапайым халық тілінде, эпикалық асқақ стилде жырланған. Жырдың сюжеті толық, оқиғасы қызықты оқылады. Эпостың мәтіні ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. (Ш.662) түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
С. Қосан
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР
Алла (Аллаһ) – ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: “Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес”. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.ә.с.) – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны – Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.
Әбубәкір – Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан, Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.) исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші болып мұсылман болды.
Әбубәкір – Расул Алланың “төрт сахаба” аты берілген сенімді серіктерінің бірі. Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды.
Әзірейіл – діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелердің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Әли – Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті халифа. Хазірет Әли – Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли – орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына “Шаһимардан”, “Қайдар”, “Арыслан”, “Шері”, “Мұртаза” сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың нышанына айналған. Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір сүреді.
Баба Түкті Шашты Әзіз – қазақ эпостары мен ертегілерінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды болып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп көрсетіледі. Әкесі – Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, содан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба Түкті Шашты Әзіз – Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген болжамдар бар.
Ғұмар (Омар) – Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты.
Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына “Әмір әл-муминин” дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге “Куббат ас-сахара” деп аталатын күмбез тұрғызды.
Ғұсман (Оспан) – араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті халифа. Ол – Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген.
Дәуіт – Құранда есімі кездесетін пайғамбар, Сүлеймен пайғамбардың әкесі.
Қызыр, Қыдыр баба – көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар – тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр] – ел аралап жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Қырық шілтен – Мифологиялық түсінік бойынша, адамды қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, қыдыр.
Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым] – ислам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол – Алла Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар.
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи рамазан айында хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түсті. Мұхаммед 610 жылы 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін – исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.ә.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы – “хижра”, яғни “қоныс аудару” деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың “Мұстафа” (таза, нұрлы, сипатты), “Расул” (елші), “Хабибулла” (Алланың сүйіктісі), “Сағидулла” (Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх – пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі “топан су оқиғасымен” байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі кемеге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман қалып, өмір қайта жалғасады.
Рүстем – Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, “Шаһнама” эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Сүлеймен – Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға “отыз ұлға татитын” бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында “аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген” деп дәріптеледі.
Шаһариарлар – [шаһар /п/ – төрт, йар /т/ – жар, серік] – тарихта “ал-хулафа ар-рашидун” деген атпен белгілі, араб мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халифа – Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.
Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз құдайлық дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген сенімді серігі, жолдасы болды және ислам дінін тарату, нығайту ісін ары қарай жалғастырды.
Ыбраһым – пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын алғаш уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы, Інжілдегі Авраам. Ең көп тараған аты – халил Алла (Алланың досы). Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ыбраһым өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар түсінбейді. Ыбраһымды патшаларына алып барады, ол оны өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала өзінің пайғамбарын оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып орналастырады. Бірде Ыбраһымға Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ыбраһымға өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын болжайды. Ол бала болашақ Ысқақ пайғамбар еді... Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі Қағбаны салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын құрбандыққа шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да, ұлы да бұған әзір еді, бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп, құрбандыққа шалу үшін көк қошқар береді. Ыбраһым Алладан өлімге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды.
Ыбраһым есімімен Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылықтың барлық рәсімі байланысты.
Ысмағұл (Ысмайыл) – Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбраһымның баласы, Інжілдегі Исмаил. Ол Алланың әмірімен әкесі Ыбраһым екеуі тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді.
Аңыздарда Ысмайылды Ыбраһымның күңі Ажардан туған үлкен ұлы екендігі жайлы айтылады. Әйелі Сараның қызғаншақтығы мен қастандығынан сескенген Ыбраһым Ажар мен Ысмайылды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі ас-Сафа мен әл-Маруа биігінің төбесіне шығады, оған құдықты, көгалды жер алыстан сағым боп көрінеді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның әмірімен Ысмайылдың өкшесі тиген жерден қасиетті Зәмзәм бұлағы атқылайды.
Ілияс (Илияс, Илья) – көне иудей, христиан аңыздарында Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей құдайларының бірінен шықан дейтін пікір де бар. Исламда Ілияс пайғамбардан гөрі әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыстырылып, “Қыдыр-Ілияс” деп те атала береді. Кейде оны “Қызыр” деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қыдыр әулие (ақсақал) түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде Ілиястың жанында “шілтендері”, яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар мен ертегілерде) қол ұшын береді. Қазақтар “Қыдыр дарып, бақ қонсын” деп баталасады. “Қырықтың бірі – Қыдыр” деген мақал да бар.
СӨЗДІК
Ағзам (ар.) – Ұлы мәртебелі, Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.
Азар /қ/– қинау, қысым жасау
Ақырет /а/ – о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы; діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы. Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық болады. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн.
Ақ, Хақ /а/ – шын, шындық, күмәнсіз ақиқат; нағыз; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Асфаһани қылыш – Асфаһан қаласында жасалған қылыш
Ғазал (ар.) – соңғы екі жолы ұйқасып келетін түркі халықтарының өлең өлшемі. Осы томға енген «Көрұғлы» жырының нұсқасында «ғазал» деген сөз жалпы «өлең» деген сөздің баламасы ретінде қолданылған.
Дарбаза, дәруаза /п/– қақпа.
Жаппар /а/ – құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.
Имам – мешіт басқаратын және намаз оқығанда алда тұратын дін басшысы, жетекші.
Имам ағзам – ұлы құдірет, таза ниет.
Кежім – кестелеп, оюлап жасаған әдемі ат жабу.
Қазірет – белгілі бір аймақтағы дін басы.
Қасам /а/ ант
Қиямет – діни сенім бойынша, о дүниеге барған әрбір адам өтетін қыспақ
Құрбашы – әскер басы.
Құтпан – бес уақыт намаздың ең соңғысы; құтпан намазы оқылатын мезгіл (түнгі сағат 10-11 аралығы).
Лаухил /а/ – тағдыр тақтасы
Мақшар /а/ – ақырзаман, қиямет күнінде болатын сот
Манат, мінәт /а/ – рақым, шарапат
Мәкәм /а/ – берік, мықты, бекем
Набұт /п/ – жоқ болып кеткен, жойылған; жою
Намаздігер /а/ – күн батар алдында оқылатын намаз мезгілі
Нәмарт /п/ – тексіз, жетесіз, нашар
Неках /а/ неке
Пері – ежелгі хикаяттарда, ертегілер мен аңыздарда, халық ауыз әдебиетінің өзге үлгілерінде кереметті, қасиетті жан иесі ретінде суреттелетін ғажайып жан иесі.
Пір /а/ – желеп-жебеуші, қолдаушы, қорғаушы, ұстаздық етуші қасиетті тұлға
Сой /ж.с./ – арғы заты, тегі
Таға /ө/ – нағашы
Тағриф /а/ – мағына, түсінік
Тәубе /а/ – тағдырға ризалық, шүкіршілік, қанағат тұтушылық
Тырыспай (тырысқақ) – денені тырыстырып, құрыстырып, лоқсытып құстыра беретін өте жұқпалы қатерлі ауру.
Һәм /а/ – және
Шәһар /а/ – қала
Шұһарат /а/ атақ, даңқ
ЖЕР – СУ АТАУЛАРЫ
Әмудария – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі. Көне атауы – Жейхун.
Бағдат – 1921 жылдан бері Ирак мемлекетінің астанасы болып табылатын көне қала. Ол Тигр өзенінің екі жағалауын бойлай салынған. Қаланы 762 жылы Халифа Мансұр салдырып, «Мадинат ас-Салам» («Бейбітшілік қаласы») деп атаған. Бағдат – орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың бірі.
Бұқар – б.з.д І ғасырда іргетасы қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі құйылысында орналасқан көне қала. Қазір Бұқара Өзбекстан Республикасындағы осы аттас облыстың орталығы.
Иранбақ – Шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиетінде әлемдегі кереметтердің бірі ретінде бейнеленетін ғажайып бақ. Аңыздарға қарағанда, Иранбақ Оңтүстік Арабияның әмірі – Шаддаттың жер үстінде жұмақ орнату ниетінің нәтижесінде дүниеге келген.
Күржістан – Грузия.
Қап тауы – Құран аңыздары бойынша жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі, бұл таулар аспан түстес зүбаржаттан құралған, ал, ең биік шыңында жанартау орналасқан, жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты. Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының арғы жағын Йәжүж бен Мәжүж деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқты тістерімен тесуге айналады, бірақ, ертеңгісін азан шақырылғанда, тау бастапқы қалпына қайта келеді, сөйтіп, әлгі құбыжық жан иелері адамдар мекендеген жерге келе алмағандықтан, Тажалдың зорлығы кейінге қалады. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты көптеген аңыздар бар.
Қырым – Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Алтын Орда ыдырағаннан кейін оның орнында пайда болған мемлекеттердің бірі – Қырым хандығының орталығы да сол жерде орналасқан. Бұл хандық кезінде орыс отаршылдығының салдарынан күйреген.
Түркістан – Орта Азиядағы көне қалалардың бірі, қазір Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Ол Сырдарияның оңтүстік жағалауында орналасқан. Араб тіліндегі көне жағрафиялық жазбаларда бұл қала орналасқан жерде ІV-Х ғасырларда «Шавагар» атты елді мекен болғаны туралы мағлұмат сақталған, қазір оның ізі де сақталмаған. Түркістанның ХІІ-ХІV ғасырлардағы атауы Яссы. Әлемге әйгілі ұлы тұлға – Қожа Ахмет Иассауи осы қалада өмір сүріп, дүние жүзіне мәшһүр еңбектерімен айналысқан. Қожа Ахмет Иассауидың Түркістандағы мавзолейі – иісі түркі халқы, күллі мұсылман жұртшылығы тәуап етіп, зиярат ететін қасиетті де киелі орын.
Үндістан – Азияның оңтүстік шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы – Дели қаласы.
Хорезм – Орта Азиядағы ерте дәуірлердегі мемлекет. Қазір Өзбекстан Республикасы құрамындағы аймақ. Хорезм туралы алғашқы жазбаша мағлұмат «Авестада» кездеседі. Хорезм Орта Азиядағы егіншілік мәдениеті жоғары дамыған ежелгі аймақтардың бірі.
Үргеніш – Орта Азияда орналасқан көне қала, қазір Өзбекстандағы Хорезм облысының орталығы. Біздің дәуірімізге дейінгі 1-ғасырдағы жазбаларда оның атауы «Юеянь» деп берілген.
ТОМҒА ЕНГЕН ЖЫРЛАРДЫ ЖЫРЛАУШЫЛАР, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Бекқожина Талиға (11.12.1919 ж. Семей қ. 17.09.1995ж. Алматы қ.) – музыкатанушы, қазақ фольклорының, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, әнші. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тамамдап, ол ұзақ жылдар бойы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарды. Ол қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілерінің ноталық жазбаларын жасау арқылы қазақ жырлары мен өлеңдері үлгілерін айтушылардың әуендеріне мәңгі өмір сыйлады. Бекқожинаның еңбектері мынадай жеке кітаптар түрінде жарық көрді: «Қазақтың 200 әні» (1972), «Қазына» (1979), «Шәкәрім» (1989), «Даланың назды саздры» (1996).
Жұмағазин Әміреш – 1930 жылдары қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, қағазға түсіріп, Тіл және әдебиет институтының Қолжазба қорына тапсырушылардың бірі. Ол Ақтөбе қаласында тұрған. Ә. Жұмағазин туралы бұдан өзге мәлімет жоқ. Ә. Жұмағазин 1941 жылы Ақтөбе қаласында қағазға түсірген «Көрұғлы» жыры жоғарыда аталған институттың Қолжазба қорына сол жылы түскен.
Жүргенбаев Әбділда «Көрұғлы» жырымен қатар «Қобыланды», «Алпамыс», «Атымтай Жомарт» жырларында айтып жүрген белгілі жыршы.
Жүргенбаев Әбділда 1914 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Ол 1938 жылдан бастап Нартай Бегежанов ұйымдастырған концерт бригадасында жұмыс істеген. 1943-1946, 1957, 1964 жылдарда өткен республикалық, облыстық айтыстарған қатысқан. Жыршы өзінің орындауындағы «Көрұғлы» жырының нұсқасын басында Керейіт руының Ақбет деген бөлігінің өкілі – Орынбай жырау айтып, одан Қаратамыр руына жататын Тұрымбет, одан Матай, Сарықасқа руынан шыққан Молдахмет ақын үйренгенін айтқан. Әбділда бұл жырды 1942 жылы Молдахметтен үйреніп, жиырма бес жыл айтып жүргеннен кейін магнитофонға жаздырған. 1967 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Әбділда жырауды шақыртып алып, ол білетін жырларды магнитофонға жаздырып алды. Бұл жұмысты аталған институттың сол кездегі қызметкерлері – Талиға Бекқожина мен Мардан Байділдаев атқарды. Жыр мәтінін магнитофон таспасынан қағазға көшірген – Т. Бекқожина.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру