Бабалар сөзі 37 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 37-томына «Қобыланды батыр» эпосының Айса Байтабынұлы, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы, Сәдуақас Ділманов жырлаған нұсқалары енді.
Астана
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.
Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Батырлар жыры
37 том
ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басылымға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қорабай С. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар: Қосан С.(филология ғылымдарының кандидаты), Мурсалимова Н. (жауапты шығарушы), Әкімова Т. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 37: Батырлар жыры.—2006.—540 бет.
ІSBN 9965-35-288-7 «Бабалар сөзі» сериясының 37-томына «Қобыланды батыр» эпосының Айса Байтабынұлы, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы, Сәдуақас Ділманов жырлаған нұсқалары енді. Б 00(05)—07
ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-288-7 (т. 37)
© Әдебиет және өнер институты, 2006
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет
және
өнер
институты
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық
көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми
басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз алты томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы
болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек
айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз
томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,
баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы
қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен-
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен
қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
37-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды
батыр» эпосының бес нұсқасы енді.
«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған
отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы
қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың
қатарында—Марабай,
Қашаған,
Бітімбай,
Мергембай,
Біржан, Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға
болады. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп,
төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек
Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы
жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Біржан Толымбаев,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың
репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды. Ал
кезекті үшінші томға Айса Байтабынұлы, Сәдуақас Ділманов,
Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы сынды халық
таланттырының репертуарынан әр кезде жазылып алынған
таңдаулы жыр мәтіндері енгізіліп отыр.
Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қобыланды батыр»
жырының варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.
Мұның өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың
бірі десек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры
мен ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып,
араб әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес,
отыз жетінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе-
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де-
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—33,75 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Он таңбалы Ұрымда,
Қырық таңбалы Қырымда,
Қазақ елінде Қыдырбай деген бай өтті,
Төрт түлік малға сай өтті.
Іні де жоқ, аға да жоқ,
Өзінен туған бала да жоқ,
Бір перзентке зар өтті.
Малы артық болды бай,
Перзенті жоқ сұмырай.
Мекендерін сұрасаң,
Қалдығайты, Бұлдырты,
Өлеңті [мен] Шідерті,
Шоқа сайын бір жылқы –
Жирен деген көл еді,
Ешкіқырған деген бел еді,
Қобда деген жер еді,
Қобдада туған Қобыланды деген ер еді.
Қобыланды тумай тұрғанда,
Бұл Қобданың бойында
Алшағыр қалмақтың елі еді.
Қобданың алпыс саласы,
Тоғыз екен Алшағырдың баласы.
Қашан да жау екен
Қазақ-қалмақ арасы.
Алшағыр деген қалмақтың
Тоғыз ұлы бар еді,
Тоғыз қызы бар еді.
Мал менен басқа
Арманы жоқ жан еді.
Қобыланды батыр
(Айса Байтабынұлы нұсқасы)
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сол кезде Қыдырбай
Малдан бөтен еш нәрсесі жоқ шал еді.
Алшағыр ойды ойлады,
Асау сойып ақыртып,
Мая [сойып] бақыртып,
Той қылайын шақыртып.
Қыдырбай тойға келсін деп,
Ұлымды, қызымды көрсін деп,
Ұлым жорға мінсін деп,
Қызым жібек кисін деп,
Қыдырбайдың іші оттай күйсін деп,
Жаңғыздық пен шалдықты
Шекесіне тисін деп.
Алшағырдай қалмақтың
Екі уәзірі бар еді,
Таңырақ мұрын бекауыл,
Шошақ тұмсық жасауыл,
Шақыруға жіберді Қыдырбайға
Таң жаңа атқанда,
Ауыл ұйықтап жатқанда.
Қыдырбай[дың] баласы жоқ,
Қайғысы көп сұмырай
Түлкі ішігін жамылып,
Оттай беті қабынып,
Ұл түгіл, қызының
Басқан ізін сағынып,
Қайғымен іші күйініп,
Жүрегі қабынып.
Екі қалмақ келеді,
Қыдырбай сөйлей береді:
—Қоқаңдаған ит қалмақ,
Неғып жүрсің?—деп еді.
Таң жаңа атқанда,
Жұрттың бәрі [ұйықтап] жатқанда,
Неге келесің еліме,
Келме менің шеніме.
Сөз айтамын асырып,
Жүрмеді көңлім ашылып.
Біз перзенттің жоғынан,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Келдің бе мені басынып?!
Сонда қалмақ сөйледі:
—Алшағырдың әмір бергені,
Қайта етпей әмірін,
Шақырып тойға мен келдім,
Мені неге жау көрдің?
Алшағырдың тойы бар,
Той малына сойдырған
Ту бие мен қойы бар.
Барасың ба, Қыдырбай,
Бармайсың ба, Қыдырбай?
Қыдырбай өзі ер еді,
Үйіне қарап жөнелді.
Бәйбішесі Ақмаңдай,
Ақмаңдайға сөйледі:
—Алшағыр тойға шақырды,
Барамыз ба, қатын-ай,
Бармаймыз ба, қатын-ай?
Барғанымыз жөн болар,
Ауыл арасы жақын-ай.
Сонда Маңдай сөйледі:
—Балалы адам тең еді,
Баласыз адам кем еді.
Тілімді алсаң бармалық,
Бара қойсақ Алшағыр
Көңілі тасқан неме еді,
Малменен басы тең еді.
Барсақ бізге кемшілікті береді,
Бармағаның жөн еді.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Әй, қатын-ай, қатын-ай,
Жоқ екен сенде ақыл-ай.
Бара қойсақ, батыр дер,
Бармай қалсақ, қатын дер.
«Алжыған қақпас Қыдырбай
Үйінде қорқып жатыр» дер.
Мойнымызға алмалық
Жаңғыздық пен шалдықты.
Мойнымызға алалық
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көрсететін байлықты.
Осы малым тұрғанда,
Кім береді маған қорлықты.
Ақмаңдай сонда толғады:
—Неге керек малың-ай,
Малыңда жоқ қой сәнің-ай.
Қырмызы киген қызың жоқ,
Жорға мінген ұлың жоқ.
Арғымақ мініп ақырған,
Дұшпанды көрсе жапырған,
Айбатты туған інің жоқ,
Тойға барар жөнің жоқ.
Қыдырбай қатынының тілін алмады,
Сөзіне құлақ салмады.
Құлдың бәрін ұл етті,
Күңнің бәрін қыз етті,
Қисықты малмен түзетті.
Күңге қырмызы кигізді,
Құлға жорға мінгізді.
Қыдырбай тойға келеді,
Қыдырбайға келген кісі жоқ,
Қыдырбаймен ешкімнің де ісі жоқ.
Мал сойғанның қасында,
Жерошақтың басында
Қыдырбай сорлы тұрады,
Алмадай мойнын бұрады.
Ақмаңдай кемпір жылады,
Жылағанда не деді:
—Көрмедің, Құдай, көрмедің,
Іші-бауырым кірледің,
Көкірегім шерледің.
Қалмаққа берген балаңды,
Құдай, неге бермедің?!
Қалмақтай мені көрмедің,
Қу шанашыңды ұрлаған,
Құдай, сенің мен бе едім.
Алпыс екі тамырым
Бұл жалғанда имедің.
Кеуіп қалған ерінім,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бір перзентке тимедің.
Раушан екі көзім-ай,
Бір перзентті көрмедің.
Мен боздаған інгенмін,
Артымнан бота ермеген.
Мен көк шолақ биемін,
Соңымнан құлын ермеген.
Алшағырдың тоғыз ұлы
Жорғасын мініп ұрынып,
Алшағырдың тоғыз қызы
Қырмызы киіп, қырынып.
Қыдырбай мен Маңдайдың
Алдында жүрді көрініп,
Ақмаңдай тұр күйініп.
Алшағыр сонда ақырды:
—Қол астымда кім бар,—деп,
Жігіт бар ма ділмар,—деп,—
Қыдырбайға баратын.
Жаңғыздықпен шалдықты
Басына қайғы салатын.
Әлібек деген бір тазша,
Сөйледі сонда: «мен бар» деп.
Қыдырбайға келеді,
Әлібек сөйлей береді.
Сөйлегенде не деді:
—Ассалаумағалейкум, ақбасым,
Баласы жоқ қақбасым!
Қайдан алдың қатынды,
Ұл түгіл, қыз таппайтын.
Ақмаңдай мен Қыдырбай
Етпеттеп барып құлады,
Жер бауырлап жылады.
Маңдайына ұрады,
Шаш пен сақалды жұлады.
Қара нарды құшақтап,
Қара сабасын пышақтап,
Еліне қайтып жөнелді,
Ақ ордаға кіреді.
Ақмаңдай бейшара еңірей қоя береді:
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Кел, кетейін, кетейін,
Елді айналып өтейін.
Мында тұрып нетейін,
Маңғыстаудың Қараойы,
Әулиенің бар ойы.
Үш жүз сексен әулие,
Қойдай болып күренген,
Ұлсыздарға ұл берген,
Қызсыздарға қыз берген,
Жансыздарға жан берген.
Әулиеге барайын,
Мойныма бұршақ салайын.
Көрер ме екен көз жасын,
Барып бала сұрайын.
Темірден кебіс киеді,
Темірден таяқ алады,
Оймақтай аузы бүріліп,
Етек-жеңін түрініп,
Шыбын жаннан түңіліп,
Тұрмады кемпір кідіріп.
Әулиеге жөнелді,
Неше күн жаяу жүреді.
Жұмсақ жерде жүгірді,
Тастақ жерде кідірді.
Табанына тас кіріп,
Табанынан аққан қара қан
Бес саусағы жуылды.
Ақ татырдың басында,
Дөңгелек сордың қасында.
Қойын қойып иіріп,
Қойшылар отыр жиылып.
Кемпір соған келеді,
Со қойшының ішінен
Қызыл жүзді жас бала
Кемпірге сәлем береді.
Кемпір сонда сөйледі:
—Сәлем берсең, көп жаса,
Ұлықпандай мың жаса.
Сонда бала сөйледі,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сөйлегенде не деді:
—Ақ шашты анасың,
Көпті көрген данасың.
Ақ көйлекті кір басып,
Шеше, қайда барасың?
Сонда кемпір толғады:
—Менің немді сұрайсың,
Мұңымды айтсам жылайсың.
Торша аттың тоқтығы,
Тоқ болады шоқтығы.
Ел қаңғырып жүргенім,
Бір баланың жоқтығы.
Құдай қосқан шал қалды,
Төрт түлік мал қалды.
Жинаған дүнием тұл қалды,
Бір баланың жоғынан
Ел қаңғырып келемін.
Бала ойға түскенде
Жанамын да күйемін.
Сонда бала сөйледі:
—Айтайын, шеше, шынымды,
Кедейлік пенен жетімдік
Кетірді менің сынымды.
Бір жасарға келгенде,
Әкем өліп қалыпты.
Бес жасыма келгенде,
Шешемді Құдай алыпты.
Анадан жетім қалыппын,
Ағадан жетім қалыппын,
Жетім қалып зарықтым.
Он жасыма келгенде,
Байдың қойын бағыппын.
Жыл он екі ақыма,
Сарбас тоқты алыппын.
Алғаным сарбас тоқты ойық енді,
Беретін садақамды жөні келді,
Сол тоқтымды берейін.
Сонда кемпір сөйледі:
—Құдайдың өзі жақ деді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Еңбегің екен ол тоқты,
Мойныма борыш болмай ма хақ,—деді.
Сонда бала сөйледі:
—Шеше, босқа берейін,
Тоқтым бар сенде демейін.
Бейшара кемпір жөнелді,
Ақ тоқтыны жетелеп,
Баратын жолды төтелеп.
Кемпірдің ойы бөлінді,
Көзінің жасы төгілді,
Мұнар шалған бір қырқа
Со кемпірге көрінді.
Кемпір келді қасына,
Жеті күн жүріп со таудың
Әрең шықты басына.
Тау басына қараса,
Таудан аққан бұлақ бар,
Тасқа шыққан құрақ бар,
Тау басында шырақ бар.
Жер моланы көреді,
Қасына келіп түнеді.
Түн ортасы болғанда,
Таң сімері жауғанда,
Кемпір түсті көреді.
Түсінде келіп бір адам
Бір ұл, бір қыз береді.
«Ұлыңның аты Қобыланды,
Қызыңның аты Аққолаң» деп еді.
Көтеріп алса басын,
Түндегі көрген түс екен,
Түсінде көрген ісі екен.
Кемпір көрген түске нанады,
Аулына кетіп барады.
Кешегі кемпір кеткесін,
Қыдырбай жалғыз қалады,
Қыдырбайды құлдар талады.
Қыдырбайдың сұрамай атын мінеді,
Сұрамай киімін киеді.
Қыдырбай жылқысының ішінде,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Құлтай құлдың қасында,
Жүн тұмағы басында,
Құлтай—Қыдырбайдың құрдасы,
Қанды көйлек жолдасы.
Ақмаңдай кетіп қалғасын,
Қыдырбайдың қуарып қалған бір басы.
Құлтайдың қасында жүр паналап,
Жылқысын жүр аралап.
Қыдырбай түсті көреді,
Құлтай құлға келеді,
Еңіреп қоя береді,
Қыдырбай сонда не деді:
—Әй, құрдасжан, құрдасжан,
Менің де көрген түсім бар,
Түсімде көрген ісім бар.
Ақмаңдайым келіп жүр,
Бір жолбарыс, бір сұңқар
Емшегін Ақмаңдайдың еміп жүр.
Үйімнің оң жағына қарасам,
Ер қаруы—бес қару,
Босағама ілінді,
Құлаған жүгім жиылды.
Шаңырағымда төрт бүркіт көрінді,
Бұл не болар, құрдасжан?!
Сонда Құлтай сөйледі:
—Бұл түсіңді жориын,
Шамам келсе қориын.
Тілегің Құдай бергені,
Көзіңнің жасын көргені.
Ақсұңқар мен жолбарыс—
Ұл мен қыздың болғаны.
Төбеңдегі төрт бүркіт—
Тумай тұрып балаңның
Әруағының қонғаны.
Айтқан ауыз жұмғанша
Елпең-елпең жүгірген,
Етек-жеңін түрінген,
Бір әйелдің төбесі
Қыдырбайға көрінген.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбай соны көреді,
Көреді де күледі.
«Ақмаңдай ма екен?» деп жөнелді,
Жетіп келсе—Ақмаңдай,
Ақмаңдай сонда толғады:
—Аманбысың, шалым-ай,
Жанды, шалым, шамың-ай,
Сәнді болды малың-ай.
Арыстандай ұлың бар,
Айдан сұлу қызың бар,
Жарқырап тұрған күнің бар,
Сүйінші, шалым, сүйінші!
Сонда шал сөйледі:
—Өл десең, кемпір, өлейін,
Өкпемді оған берейін.
Мал билігін берейін,
Бас билігін берейін,
Құл болып су әкеліп берейін.
Тағы айтшы, кемпір, тағы айтшы,
Аузыңнан, кемпір, сүйейін.
Еңсесі биік ордаға
Екеуі келіп кіреді.
Нұр тамып жасарды қайта деп еді,
Жетпіске келген Қыдырбай
Жетпіс жасы кетеді,
Жиырмаға қайта келеді.
Аппақ қардай ет бітті,
Алмадай қызыл бет бітті.
Алтын сақал, күміс мұрт бітті,
Жауырын менен сырт бітті,
Бұғақ пенен ұрт бітті.
Алпысқа келген Ақмаңдай,
Он беске қайта келеді,
Қайта қыз болды деп еді.
Кәміл үш ай болғанда,
Үш айға кәміл толғанда,
Ақмаңдай жерік болады.
Қатыр-қатыр қара тасты шайнады,
Азудан азу қалмады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көк мұзға көлбеді,
Қоңыр күздей көрмеді.
Жалаңаш қарға аунады,
Аунап еді тоңбады.
Ақ дәретін алады,
Хаққа мойнын салады,
Кемпір ұйықтап қалады.
Түсіне бабасы енеді,
Бабасы сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
«Жерігің мұнан қанбады,
Көженің суы, ащы құрт,
Мұнан дауа болмайды.
Ақ сүйріктей білегің,
Қабыл еді тілегің.
Жерігің сенің қанады:
Жеті басты айдаһардың жесең жүрегін
Қабыл болар тілегің,
Қабыл еді тілегің».
Көтеріп кемпір басын алады,
Шалға таман барады.
Кемпірдің сөзі тым тәтті,
Шалды шайқап оятты.
Шалға кемпір сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Әй, шалым-ай, шалым-ай,
Қиналды-ау шыбын жаным-ай.
Үш айлық баланың қызуына шыдамай,
Көсілген аяқ жия алмай,
Өртеніп өзегім барады жанып-ай.
Айдаһар түгіл, кесірткіге әлің жетпейді,
Жеті басты айдаһардың
Жүрегін бересің қайдан тауып-ай?
Сонда шал жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Етпеттей барып құлады,
Сонда шал толғады:
—Алайымда бұлайым,
Әуре қылып жүр екен
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Біз қасқаны Құдайым.
Айдаһар түгіл кесірткіге әлім келмейді,
Оны қайдан табайын.
Әулие деп жүргенің
Көп шайтанның сөзі екен,
Мазақ қылып жүр екен.
Күн төбеден ауғанда,
Ұлы бесін болғанда
Ауылдың арғы шетінен,
Құбыла сарай бетінен
Келе жатыр көп адам.
Көп адамның ішінде
Көрінеді бір адам.
Ат моншақтан ат мінген,
Ақ болаттан тон киген,
Жауатын қардай түнерген,
Шүңірек көз, жар қабақ, орақ мұрын,
Қыдырбай көрмеген екен оны бұрын.
Үй артына келеді,
«Хабарласшы» деп еді.
Қыдырбай шықты жүгіріп,
Ел екенін біле алмай,
Жау екенін біле алмай,
Көзінің алды іріңдеп,
Буындары дірілдеп.
Шөкелекке сүрініп,
Қыдырбай шығып келеді.
Қыдырбайдай қартыңа
Бәрі де сәлем береді.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Танымаймын сендерді,
Кімсіңдер, жаным?—деп еді.
Ахмет тұрып сөйледі,
Ахмет екен зор кісі.
Бет аузында тұр екен
Батырлықтың белгісі.
Сөйлегенде Ахмет не деді:
—Мен мен едім, мен едім,
Мен болғанда кім едім,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мен ноғайлы деген ел едім.
Со ноғайдың ішінде
Айсаның ұлы Ахмет деген мен едім.
Мен келемін кім үшін,
Қыдырбай аға, сен үшін.
Алшағырдың тойында,
Жиренқопа бойында,
Тоғыз ұлды Алшағыр,
Саған айтқан сөзі үшін.
Жүр, қасыма ер,—деді,
Ахмет ұлың мен,—деді.
Алшағырдың баласы тоғыз, мен жалғыз,
Қызығымды көр,—деді.
Қыдырбай сонда еңіреді:
—Болды менің тілегім,
Берді Алла себебін.
Ахмет батыр сен болсаң,
Алшағырың құрысын,
Сенде бар менің жұмысым.
Жеті басты айдаһардың
Тауып бер маған жүрегін.
Ахмет сонда сөйледі:
—Қарағай садақ, қырық кез оқ,
Буынып алсам белге тоқ,
Қымбат па еді жылан боқ.
Кемпірдің табатыны ұл болса,
Ұл табатыны шын болса,
Қартайғанда кемпір-шал,
Ондай атты күн болса.
Ахмет батыр айдаһар іздеп жөнелді,
—Шу, жануар, шу,—деді.
Астындағы ақбоз ат,
Шулеген сайын гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Табанға тиген қара тас,
Саз балшықтай иледі.
Шаба-шаба есірді,
Төрт аяғы көсілді.
Буған малдай шешілді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тақымға тұрмай секірді.
Алқымдығы алқылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Ауызынан аққан ақ көбік,
Омырауында жалпылдап.
Гүдір таудың басымен,
Шамдария қасымен,
Алатаудың үстінен
Адырайып асады.
Тұра қашқан қоянды
Омыртқадан басады.
У дариядан өткенде
Жер өртеніп, тас күйген.
Ар жағына қараса,
Бір қызыл жар көреді.
Қызыл жардан шыққан бір түтін
Аспанға барып тиеді.
Жер өртеніп, тас күйген,
Айдаһардың демі екен,
Қызыл жар айдаһардың іні екен.
Манағы шыққан түтіні
Аузынан шыққан демі екен.
Ахмет те ер екен,
Көрмеген бұрын жер екен.
Ахмет ойды ойлады,
Атын тасқа байлады.
Айдаһардан таймады,
Алмасты қолға алады.
Айдаһардың ініне
Ахмет жетіп барады.
Айдаһар аузын аша алмай,
Ін ішінде қаша алмай,
Айдаһар Ахметке сөйледі:
—Ахмет деген сен,—деді,
Іздегенің мен,—деді.
Менің жүрегім алпысқа келген,
Маңдайға болды ем,—[деді].
Әруақты Ахмет,
Әруағыңнан мен қорқып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Аузымды аша алмай,
Тар жерден қаша алмай.
Ахмет, сен кетпейсің,
Келген жерден бас алмай.
Ахмет деген ер еді:
—Жанның бәрі бір,—деді,
Бұйым салып сұраймын,
Бұйымымды бер,—деді.
—Құйрығымнан берсем де,
Маңдайға болар ем,—деді.
Ахмет ер еді:
—Жақсы айтасың,—деп еді.
Айдаһармен келісіп,
Айдаһар Ахметке бір елі
Құйрығын кесіп береді.
Бір елі құйрығы, мұнан біл,
Он бес пұт шықты деп еді.
Құйрығын кесіп алады,
Тарлан аттың артына
Бөктеріп мықтап таңады,
Аулына қарай шабады.
Қырық күн жүрген жеріне
Жиырма күнде келеді.
Ақмаңдайдай кемпірге
Алып келіп береді.
Ақмаңдай асап жеп еді,
Шырадай көзі жайнайды,
Жерігі соның қанады.
Ақмаңдай бір ұл менен бір қыз туды,
Өтірік емес, шын туды.
Қыдырбайдың үйіне
Айы менен күн туды.
Нағыз үш күн болғасын,
Баланың кіндігі қалғансын,
Қыдырбай қуанғаннан той қылды,
Осы тойын мол қылды.
Молдалар келіп қамалды,
Сәлдесі қара қазандай,
Баланың атын таба алмай.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбайдың бір қойшысы бар екен,
Тоқсанға келген шал екен.
Көңілі тіпті ақ екен,
Қойын жақсы бағатын,
Қойдың бабын табатын.
Қойшы түсті көреді,
Қойшы тойға келеді,
Келе сөйлей береді:
—Шулама, молда, шулама,
Жамыраған қойдай дулама.
Баланың атын таппадың,
Байға неге жақпадың?
Мал алам деген көп молда,
Таяқтарыңды ұстадың.
Манағы қойшы сөйледі:
—Қобда деген жер болсын,
Қобдада туған Қобыланды деген ер болсын.
Қыздың аты Аққолаң—
Қобыланмен туған жұбай-ай.
Ғұмырын ұзақ қылып,
Бақытты берсін Құдай-ай.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Қойшымның аты жақты,—деп,
Қойшым атты тапты,—деп.
Жиналып келген көп молда,
Құдай малдан қақты,—деп.
Әй, Қойшыбай, Қойшыбай,
Бағып жүрген қойың бар,
Қандай малдан ойың бар.
Қалағаның бәрін ал,
Өзім малын берейін,
Он таңбалы Ұрымнан,
Қырық таңбалы Қырымнан
Таңда дағы бір қыз ал.
Қойшы байып ол кетті,
Етке тойып ел кетті.
Нар жетектеп, ат мініп,
Ақсақал молда бұл кетті.
Бата беріп мақтанып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Кемпір менен шал кетті.
Садақа алып қуанып,
Ақсақ, соқыр, пұшық, таз кетті.
Манағы туған баланың
Балтыры бар бесіктей,
Омырауы есіктей.
Қасқыр ауыз, қабақты,
Бұқа мойын тамақты,
Тасыған судай алапты,
Алғыр бура қабақты.
Алтыннан болды шүмегі,
Жібектен болды түбегі.
Мақпалдан болды жапқышы,
Мәулімнен болды тартқысы.
Бір жасарға келгенде,
Бесіктен бесік қоймады.
Екі жасқа келгенде,
Төр алдына симады.
Үш жасына келгенде,
Асау таймен ойнады.
Төрт жасына келгенде,
Шашылған малын жинады.
Бес жасына келгенде,
Белгілі жігіт болады.
Алты жасқа келгенде,
Ойынды талап етеді.
Жеті жасқа келгенде,
Көңілі әр нәрсеге желденді.
Сегіз жасқа келгенде,
Үлкен қолын сермеді.
Тоғыз жасқа келгенде,
Тұлпар болды мінгені.
Он жасқа келгенде,
Қайраты мен қызуы
Ықтияр басқа бермеді.
Он бір жасқа келгенде,
Қарағай найза өңгерді.
Он екі жасқа келгенде,
Мың кісімен бір өзін тең көрді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Он үш жасқа келгенде,
Дұшпанға салды шеңгелді.
Он төрт жасқа келгенде,
Азды-көпті тең көрді.
Он бес жасқа келгенде,
Торайғырдай тобайды,
Аруанадай шағайды.
Қара ағаштай бұтақты,
Сәукеледей шытақты,
Отырған жері омақты,
Сөйлеген сөзі сабақты,
Ойлады әрбір талапты.
Таудағы тарлан бөрілер
Салды көзді қияға,
Он екі айшылық жер еді,
Алты айшылық шөл еді.
Көктен деген кемпір—
Жәдігөй деген сол еді,
Куәлі кемпір сол еді.
Көктен деген кемпірдің
Аққұртқа деген жаңғыз қызы бар еді.
Қызыл ерін, ақ маңдай,
Екі беті қызыл күрең,
Мақпалдай түймедей болған басы бар,
Жібектей күлтеленген шашы бар,
Қиылған қара қасы бар.
Маржан тісі тізілген,
Раушан көзі сүзілген,
Жарқылдаған сәулесі
Күндік жерден көрінген
Әдемі артық қыз еді.
Көктен кемпір ойлады,
Ойлап ойға тоймады:
«Кіл он таңбалы Ұрымды,
Қырық таңбалы Қырымды,
Он екі баулы ноғайды
Шақырып той қылайын.
Кімде-кім күресіп жықса,
Алтын қабақ атып алса,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қызымды соған берейін.
Жалғыз баламды қойныма алдым, ұл еттім.
Қорама салдым, мал еттім,
Қарасын қылдым пана еттім.
Бақытты ерлігі бәрі бірдей,
Қалқамды сол кісіге берейін,
Қызығын жалғызымның көрейін»,—деп
Кемпір үлкен той қылды,
Жұрт тойға баруға қозғалды.
Қыдырбайға келген кісі жоқ,
Қыдырбаймен ешкімнің де ісі жоқ.
Қыдырбайды тойға шақырып
Ешкім келген жоқ,
Қыдырбай естіп білген жоқ.
Қобыланды он бес жасында,
Кәмшат бөрік басында,
Қаршығасы қолында,
Қарала тазы соңында,
Қоғалы көлдің басында,
Сұлу көлдің қасында
Ит жүгіртіп, құс салып,
Қобылан батыр жүр еді.
Қобыланның бір мінезі ерте тұрып,
Қарауыл салып, қосына қайтып келеді.
Қобылан қарауыл қарап тұр еді,
Сарғая келіп таң атты,
Қызарып келіп күн шықты.
Күн астына қараса,
Будақ-будақ бу шықты.
Бу астына қараса
Көтерген жасыл ала ту шықты.
Ту шетіне қараса ала-шолақ,
Ат құйрығын шарт түйген.
Көк болат тон киген,
Қабағы қалың түнерген,
Айыр сақал, тік мұрт
Келе жатыр бір адам.
Қобылан [оны] көреді,
Көреді де күледі:
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Мынаның өзі көп екен,
Ауыр әскер қол екен.
Әкемнің баласы жоқ,
Малы көп деп қызығып келе жатқан
Көп дұшпанның бірі екен,
Кім болса да білейін деп
Қобылан алдынан шауып жөнелді.
Жетіп келсе мұсылман,
Мұсылмандығын біледі,
Қобылан сәлем береді.
Сонда олар сөйледі:
—Ағалейкүм-әссалам,
Дүзің айдай, қасың қалам.
Қабағыңа қарасам,
Әруақ қонған таудағы тарлан бөрідей.
Сенің өзі қай ұлсың,
Қыдырбайдың ұлы түгіл, қызы жоқ,
Қай құлдан туып жүрсің?
Сонда Қобыланды сөйледі:
—Төңкерілсем топ едім,
Қара суда кеме едім.
Үлкен тымақ, кең қоныш
Қазақ қарақыпшақ Қыдырбайдың жалғызы
Қобылан деген інің мен едім.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Әскеріңді жүргізген,
Жүйрік атты мінгізген,
Ту көтеріп, топ жинап,
Аламан әскеріңді көп жинап,
Сенің өзің кім едің?
Сонда айыр сақал сөйледі:
—Мен мен едім, мен едім,
Мен болғанда кім едім,
Таудағы тарлан бөрі едім.
Ар жағымды сұрасаң,
Қазақ-созақ ел едім.
Сол созақтың ішінде
Естекбай, Мәстекбай хан екен,
Естекбай деген ер екен.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мен де сенің ағаңмын,
Ақсақалды бабаңмын.
Аққұртқаның тойы бар,
Сол тойына барамын.
Бұйырса Құртқа, аламын,
Бұйырмаса, қаламын.
Тойға барып көп кісі,
Соның бірі боламын.
Қобылан сонда ойлады:
«Мен де тойға барайын,
Бұйырса Құртқа алайын,
Бұйырмаса қалайын.
Тойға барған көп кісі,
Соның бірі болайын»,—деп,
Қобылан қосқа қайтып келеді.
Қостағы қырық кісіге,
Қобылан сөйлей береді,
Сөйлегенде не дейді:
—Әй, қырық жігіт, қырық жігіт, сендер елге қайтпаңдар.
Қайта қойсаңдар, әжем менен көкеме мені айтпаңдар. Әжем
жалғызым деп зарланар, көкем қайғыланып сандалар, қарағым
Қолаңым қайғы ойлар.
Қырық жігіттің бірі еді,
Мұрын деген бір жігіт
Сөйлей қоя береді,
Сөйлегенде не дейді:
—Қарағым, Қобылан,
Жан жолдасым, жараным,
Жарақты туған қарағым,
Сенен нағып қаламын.
Сен барсаң, бірге барайын,
Сенен нағып қалайын.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Әй, Мұрын деген ағам-ай,
Мен айтайын саған-ай.
Екеуміз кетіп қалғансын
Ел есіз де, мал есіз,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кемпір менен шал есіз.
Сен ауылда қал,—дейді,
Кемпір менен шалыма
Көзіңді сал малыма.
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Әруақ ерсін жаныма.
Сүйдеді де Қобылан,
Ақмаңдай деген кемпір
Әулиеге кетіп бара жатқанда
Жылқысын ішін аралап, келе жатыр еді,
Зар жылап бір кер бие,
Құлындамайды сол бие.
Кер биені құшақтап,
Ақмаңдай сорлы жылады:
—Кер бие-ау, сенде құлын жоқ, мен қасқаның ұлы жоқ.
Кер бие-ау, сенің құлының болмағасын, жалың жоқ, менің ұл
болмағасын, сәнім жоқ. Сенен құлын туса, менен ұл туса, енші
қылар едім мен бейбақ балама. Мендей тілек тілеп жүре көр, сен
зарлап.
Кер бие құлын туыпты,
Одан туған құлынды ешкім көрмей,
Көптігімен жылқының
Жеті жыл құр жүріпті.
Шешесінің айтқанынан
Қобылан естіп біліпті.
Тойға барарда үйретіп,
Сол торы айғырды мініпті.
Тоқпақ жалды торы айғыр,
Жеті жылғы құр айғыр.
Қобылан батыр жөнелді,
Үзеңгісі үзбе алтын,
Құйысқаны құйма алтын.
Жүгенінің бәрі алтын,
Сағалдырығы сары алтын,
Қамшысының сабы алтын.
Қырмызыдан терлігі,
Жібектен белдігі.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Атадан жалғыз демесең,
Артық еді қайраты мен ерлігі.
«Шу» деді де жөнелді
Аққұртқаның тойына.
Он екі айлық жер еді,
Күні менен түн жүрді,
Өтірік емей, шын жүрді.
Он екі айлық жер еді,
Он екі күнде жетеді.
Жиналған кісі көп екен,
Орақтың өлген жылы екен,
Со жылы ноғай тұл екен.
Қарасай, Қази—қос жайсаң
Тайқара атты жетектеп,
Келген екен тобымен.
Жаңбыршының Телағыс
Ақмоншақ атты жетектеп,
Бұ да келді тобымен.
Уәлидің Құбықұл құлаш,
Атты жетектеп бұ да келді тобымен.
Жаманбайдың Әуезі,
Ала атын жетектеп,
О да келді тобымен.
Көкаман қасқа, Көкқасқа,
Айқасқа мен Жанқасқа—
Ағайынды бес қасқа.
Қытайдың қызыл шәрінде
Аңқан, Жаңқан
Бұ да келді тобымен.
Быршымбай мен Көбікті
Бұ да келді тобымен.
Қараман Исапан
Бұ да келді тобымен,
Қайтпастың ауыр қол табымен.
Балуан сұлтан, батыр хан
Бұ да келді тобымен.
Тасқалалы Қазан
Бұ да келді тобымен.
Алшағыр мен бала хан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұ да келді тобымен.
Жұрт жиналған жер екен,
Аламан әскер көп екен.
Жұрт жиналып тұрғанда,
Тойдың иесі Көкаман
Айқай салып ақырды,
«Балуан» деп шақырды.
Мұсылман, кәпір қалма деп,
Жүйрігің болса айда деп,
Қарға бойлы Қазтуған
Мұсылманның ханы еді,—
Сексенге келген шал екен,
Қалмақтың басы балуан
Теміркөт, қолакөкірек,
Шойынкеуде деген қалмақтың балуаны
Ортаға барып отырды.
Беліне бес бұт шынжыр буынып,
Қабағын тастай түйініп,
Ортада тұрып сөйледі:
—Жерге біткен желкек жоқ,
Орамал бар да, телпек жоқ.
Кешегі Орақ өлгенсін,
Менімен күресетін мұсылманда еркек жоқ.
Қарға бойлы Қазтуған
Жан-жағына қарады,
Орақты жоқтап жылады:
—Мұсылманның баласы-ау,
Күресетін кім бар,—деп.
Кешегі өткен Орақтың
Ізіне болдым ділгар,—деп.
Екі көзі жаудырап,
Тұлымшағы салбырап.
Желке айдары желкілдеп,
Құралай көзі мөлтілдеп.
Екі иығы бүлкілдеп,
Тұла бойы селкілдеп.
Торайғырдың үстінен
Түсіп қалды ер Қобылан.
—Батаңды бер, ата-еке,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мен бар деп ол қалмақ,
Асқар ала биік таудай,
Ер Қобылан тау үстінде тұрып,
Тайдай екеуі күрес салады.
Жеті күндей күресті,
Бірін-бірі тіресті.
Орақтан туған қу Қази,
Сарала туы салбырап,
Шашағы тұс-тұсына жалбырап,
Астыңдағы көк аттың,
Салып кетті санына,
Жаман батты жанына.
Қобыландының қу Қази
Жетіп барды жанына.
Бара сала сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Сен сен едің, сен едің,
Мен мен едім, мен едім.
Мен болғанда кім едім,
Баба бір Түкті Шашты Әзиз,
Едіге сұлтан, Нұрадын,
Мұса мен Орақ ағам-ай,
Қарасай, мен—Орақтың баласы-ай,
Маған кімнің шарасы-ай.
Сен сен едің, сен едің,
Сен болғанда кім едің.
Сен үлкен тымақ, кең қоныш,
Қазақ деген сен едің.
Әкең сенің Қыдырбай,
Қойшы еді ғой сұмырай.
Халықтың арын алатын,
Астына атын мінетін,
Шалдан бала туар ма?
Жеті күндей күресіп
Жүрген кісі оңар ма?
Тумай кеткір, Қобыланды,
Қалмақты маған бер,—деді.
Сол мезгілде Қобыланды,
Көкпеңбек болды еттері,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобылекең бетіне шығып түктері,
Көтеріп алды аттың үстінен
Үйіргендегі лебінен
Тоқсан қалмақ жығылды.
Қалмақ жерге тарс етті,
Қалмақты жығып, төбесі көкке тиеді.
Көкаман қалмақ балуанын боқтады,
Аузына келгенін оттады.
—Жатқанында тұрмағыр,
Егізге екі болмағыр.
Тағы жесең тоймайсың,
Нан жегенде қоймайсың,
Бір жегенде жүз саулықтың етіне тоймайсың.
Бір қаршадай баланың астында,
Шаңдағың ұшып ойнайсың.
Көкаман тағы ақырды,
—Қазтуған,—деп шақырды.
Қазтуған, қапы қалма,—деп,
Қазтуған деген мұсылманның ханы екен,
Тоқсанға келген шал екен.
Ат жүйрігің болса айда,—деп,
Ат шабатын жерлері
Он күншілік жер болды.
Бес күншілік шөл, бас аяғы
Он бес күншілік жер болды.
Қалмақтың елінің қырық-тоқсан аты шықты.
Шабуға ноғайдың елі жиналып,
Он екі ат қосып жіберді.
Орақтың өлген жылы екен,
Сол жылы қара түйе еді,
Мойнында жалы жоқ,
Борбайында қоңы жоқ,
Адам көрер сыны жоқ,
Тастағанда жүні жоқ,
Қарны болса қабақтай,
Бұты болса таяқтай,
Талайды көрген қақсал деп,
Сүйегі қызса, тастар деп,
Қарасай қосты қара атты,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Құбығұл қосты құла атты,
Ахмет қосты торы атты,
Әуез қосты ала атты,
Төрехан қосты торы атты,
Телағыс қосты құла атты.
Он бес жасар ер Қобылан,
Жақыны жоқ бір туған,
Тоқпақ жалды торы айғыр(ды)
Қобылан қосып жіберді.
Қобыландының жоқ еді
Інісі менен ағасы,
Атқа шабатұғын жоқ еді баласы.
Шаудыр деген бір еркекті,
Мінгізіп торы айғырды жіберді.
Кілең жүйрік барады,
Шабатын жерден шабады.
Қарасайдың қара аты,
Қобыландының торы айғыр,
Қарасайдың қара аты
Ең артында қалады.
Келе жатыр қара аттың
Тар қолтығы жарылмай,
Ащы тері алынбай.
Ер Орақтың қайғысы
Көкіректен қалынбай.
Келе жатыр торы айғыр
Қартаның майы алынбай.
Ол күні шапты күнімен,
Жана шапты түнімен,
Бұлар шапты шынымен.
Арадан үш күн өткесін,
Төртінші күнге жеткесін
От орындай тұяқты,
Қиғаштандырды құлақты.
Ойнақтады алақтай,
Пайғамбар мінген пырақтай.
Кешегі кеткен көп аттың
Алдынан тосып құлапты-ай.
Алдымызда ат бар ма деп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Балалардан сұрапты-ай.
Сонда балалар сөйледі:
—Бізден қалмақ кетті ғой,
Қара аты құрғыр текті ғой.
Көкаманның көк аты,
Сұрқылтайдың торы аты
Кіші бесін болғанда,
Теңкейімізден өтті ғой.
Қараға қамшы сала көр,
Ұмтылып балдар қымтылды,
Қарғып қоян секілді,
Қашқан қоян секілді,
Ертеңгі күн бесінде
Кешегі кеткен көп аттың
Алдында озған секілді.
Талма тал түс болғанда,
Қара үздік келеді.
Кешке жақын болғанда,
Қалың құмға келгенде
Қара[ат] үздік кетеді.
Қатқыл жерге келгенде,
Торы айғыр басып жетеді.
Қарсы өрге келгенде,
Қара[ат] үздік келеді.
Ылди жерге келгенде,
Торы айғыр басып жетеді.
Орақтан туған қу Қази,
Жетім қалған сұм Қази
Сарала туы салбырап,
Сарала тудың шашағы
Тұс-тұсына жалбырап,
Сексен жігіт қасында,
Ақ қалпағы басында,
Сонда Қази сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ағылғыр, ноғай, ағылшы,
Торы айғырға жабылшы.
Тауға біткен аңдыздың,
Аспандағы жұлдыздың,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қазақтан келген бір Қобылан.
Торы айғырды тартпасақ,
Іні де жоқ, аға да жоқ,
Басына түсер жалғыздық деп,
Қази торы айғырды тартып жөнелді.
Көп қиқуға ергенде,
«Едіге!» деген бір дауыс
Құлағына тигенде,
Қара аттың қырық аршын бауыры жазылды.
Төрт аяқтың тиген жері
Жер ошақтай қазылды.
Бүктеліп жазылып,
Тірі сынаптай жылтылдап,
Ор қояндай бұлтылдап,
Шаңы аспанға бұрқылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауы жалтылдап алдында,
Үш күн бұрын келеді,
Ең алдымен қара ат сол келеді.
«Едіге» деген ұраны,
Қара аттың мойнында бар тұмары.
Артынан келді торы айғыр,
Мұсылман қосқан он екі ат
Бәрі дағы тең келді.
Қалмақтың қосқан көп аты
Ойдық желке, кекшіл бас,
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Есек сауыр, сүймен көт—
Келесі жыл болғанда,
Сүйектері жолдан табылды.
Ат бәйгіден келгесін,
Қазтуған хан айқай салып ақырды,
«Қобыланды, бермен кел»,—деді.
Қобыландағы іс бұқалы,
Саржа Қобыландыға береді.
Ана тұрған алтын қабақты
Саржасын береді.
Қобылан атты қабақты,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Талқан қылып құлатты.
Жиналған жұрт тарады,
Қобылан жалғыз қалады.
Қарасай, Қази қос жайсаң,
Кемпірге Көктен келеді.
Қарасай сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
—Әй, Көктен, тауға біткен аңдызым,
Аспандағы жұлдызым,
Аманат—Қобылан жалғызым,—деп,
Қарасай, Қази еліне қайтып жөнелді.
Қобылан жалғыз сол елде қалады,
Алты ай жатты сол елде.
Қобылан Аққұртқаны сынады,
Аққұртқа Қобыландыға ұнады, жиені құлады.
Ертең шешемнің біз қалайтын несі бар деп,
Қобылан Құртқадан сұрады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Түйені көркем көрсеткен
Дулығалы нар еді.
Отауды көркем көрсеткен
Басқұры мен бауы еді.
Шешемнің жан жолдасы—
Жай бұлты бар еді.
Жан сүйікті жараным,
Жаным сүйген қарағым.
Жай бұлытын сұралық,
Жаңғызым, жаным деуші еді,
Біз кемпірді сыналық.
Кереге мен уықты
Ақ күмістен соқтырды,
Сары ала атын жаптырды.
Шаңырақты күлдіреуіш
Сары алтыннан жаптырды.
Ұзын түндік қырмызымен жаптырды,
Үйдің ішін өнер салып ойдырды,
Қобыландының отауын қатарынан оздырды.
Аққұртқаны ұзатты,
Шашы бұйра, сақалы бұйра құлменен,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қатарлаған нарменен.
Нарларына қарасаң,
Мақпалдан жабу жаптырған,
Жібектен бұйда тақтырған,
Алтыннан мұрындық соқтырған.
Үзбе таққан үзілген,
Көрген адамның көңлі сүйінген.
Сәскелік жерден жарқылдаған
Сәукелесі көрінген.
Қобылан еліне Құртқаны алып жөнелді,
Жүрейін деп тұрғанда,
Көктен Қобыланға толғады,
Толғағанда не деді:
—Жуыспайды иегім,
Сырқырайды сүйегім.
Жаңғызымды алған жаңғызым,
Өлгенде көрген күйеуім.
Алдында ағаң бар ма еді,
Артыңда інің бар ма еді?
Адасқанға жол беретін
Шалыңның аты кім еді?
Халықты бастап жүретін,
Астана халқы еретін
Ханыңның аты кім еді?
Арлы жерде мал шашқан
Байыңның аты кім еді?
Арғымақ мініп ақырған,
Дұшпанды көрсе жапырған,
Ініңнің аты кім еді,
Әкеңнің аты кім еді?!
Сонда Қобылан сөйледі:
—Әкемнің аты Қыдырбай,
Қыдырып көрді сұмырай.
Шешемнің аты Ақмаңдай,
Баланың жайын айтқандай,
Тақылдайды тіл таңдай.
Баласы жоқ зарланып,
Жасы алпысқа келгенде
Әрең көріпті сұмырай.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Әкемнен бөтен бай да жоқ,
Әкемнен бөтен хан да жоқ,
Әкемнен бөтен шал да жоқ.
Алдымда тұрған аға жоқ,
Артымда тұрған інім жоқ.
Жалғыздықтан мінім жоқ,
Өзімнен бөтен ерім жоқ.
Қылышымның қияғы,
Қыз да болса бірге туған шырағым
Көкем қашан келед деп,
Екі көзі жаудырап,
Екі беті албырап,
Жүрген шығар аулында
Айналайын, Қолаңым.
Сонда кемпір сөйледі:
—Тауға біткен аңдызым,
Маңдайдағы жұлдызым,
Ормандағы құндызым.
Аңдап қон қонатұғын көліңді,
Жаңғызымды алған жалғызым.
Аңдап қон қарғам, аңдап қон,
Отау тігер жеріңді.
Мендей кәрі қаншыққа
Жаман сұмдық көрінді.
Кесіліп қалған бас көрдім,
Көзден аққан жас көрдім.
Астыңдағы торы айғыр
Ер тоқымсыз бос көрдім.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Ажалым жетсе, өлермін,
Аман болсам, келермін.
Келесі жыл толғанда,
Осы мезгіл болғанда,
Сонда сәлем берермін.
Қош, аман бол, шеше,—деп,
Қобылан батыр жөнелді.
Көктен шақырып алып күйеуін,
Қырық батпан шоқпар мен
Ақ батасын береді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қоштасып Қобылан жөнелді,
Көшіне салып келеді.
Құртқаға сөйлей береді:
—Аққұртқа деген сен,—деді,
Қобылан деген мен,—деді.
Менің жүрген жолыммен,
Шоқпарымның ізімен
Келесің Құртқа сен,—деді.
Қобылан өзі жөнелді,
Келе жатса ер Қобылан,
Қобыландының торы айғыр,
Танау тартып пысқырды,
Таудан үлкен ысқырды.
Келе жатса ер Қобылан
Бірі қара тау көреді.
Қалың ағаш көреді,
Қасқыр-қабан көреді.
Ол қара тау дегені
Қара дәудің өзі екен.
Терезе дегені
Маңдайындағы көзі екен.
Қалың ағаш дегені
Сақал менен мұрты екен.
Қасқыр-қабан дегені
Қара дәудің биті екен.
Зәңгі деген пері екен,
Аққұртқадай сұлуға
Ғашық болып жүр екен.
Осы жермен Қобылан жүред деп,
Қобыланды бағып жүр екен,
Дұшпанның бірі екен.
Қобылан салып келеді,
Қара дәу Қобыланға сөйледі:
—Белде, белде белдің бе,
Белден асып келдің бе?
Қыдырбайдың жалғызы,
Аққұртқаны алғандай,
Қағып төсек салғандай,
Сен Қобыландыны көрдің бе?
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сонда Қобылан сөйледі:
—Төңкерілсең деп едім,
Суға кеме мен едім.
Қобыланды түссе қолыңа,
Не қылайын деп едің.
Аққұртқаны алғандай,
Қағып төсек салғандай,
Әкең Қобылан мен едім,
Атаңалет, қара дәу.
Көрінгесін көзіне,
Шыдай алмай сөзіне,
Көтеріп шоқпар алады.
Қабырғасы қатпаған,
Омыртқасы өспеген
Он бес жастағы Қобыландыны қара дәу
Қақ басқа салып қалады.
Бір ұрғанда шыдамай,
Шоқпардың салмағына тұра алмай,
Жамалдағыр торы айғыр
Омақаса құлады.
Өмілдірік үзіліп,
Ер-тоқымы сыпырылып,
Торы айғыр кетті құтылып.
Он бес жасар Қобылан
Дұшпанда қалды тұтылып.
Жеті күн соғыс салады,
Дәл сегіз күн болғанда
Қобылан жалғыз қалады.
Қобыландының екі қолы бос кетті,
Екі көзден жас кетті.
Қол аяғы серек-серек,
Аузынан қан кетті.
Тірек-тірек ер Қобылан,
Анда санда тұрып кетеді.
Қармалап қара жерге қолын тіреп,
Сонда Қобылан жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Қобылан айқай салып ақырды,
«Қырық бабам!» деп шақырды.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Әруағы келеді,
Төбедегі төрт бүркіт,
Төртеуі де көк бүркіт
Қобыландыға жәрдем береді.
Қобылан әурақты ер еді,
Қобыланның әруағы
Бүркіт болып келеді.
Қара дәуді құлатты,
Қызыл қанын шұбатты.
Дәуді өлтіріп, жанына қаза келтіріп,
Басын кесіп алады,
Қанжығаға таңады,
Қобылан Құртқаға барады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Тоғыз күн болды келмедің,
Мені неге көрмедің?
Әр жерге мұндай тастасаң,
Қасыңа жүріп нетейін?
Ауыл жақын, ел жуық,
Ауылға қайтып кетейін,
Көптің бірі болып нетейін.
Сонда Қобылан күледі,
Күлейін деп күлмейді.
Ашуы ердің келеді,
Құртқаны Қобылан сабады.
Арқаға қамшы батқансын,
Ақ түйенің баурында
Әрмен-бермен жүреді,
Жүгіріп жүріп сөйлейді:
—Менің теңім сен едің,
Сенің теңің мен едім.
Ойнап айттым бір сөзді,
Қайтер екен деп едім.
Ендігәрі айтпаймын,
Ауылға тіпті, қайтпаймын.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Сен түгіл он ай көтерген,
Омыртқасын бүгілткен,
Қабырғасын сөгілткен,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көрмеймін деп апамды
Өзім қатты қорықтым.
Тоқсанға келген бабамды,
Көрмеймін бе аулымды,
Аққолаңдай баурымды,
Өзім қатты қорықтым.
Ойсыз әйел кем екен,
«Ер дұшпаны—әйел» деп
Үлкеннің сөзі жөн екен.
Менің жүрген жолыммен,
Шоқпарымның ізімен,
Қобылан еліне озып жөнелді.
Қобыланның қарындасы Аққолаң
Жатыр еді ұйықтап,
Ұйықтап жатып түс көрді,
Түсіңде әжептәуір іс көрді.
Көтеріп басын алады,
Кемпірге қарай толғады,
Толғаудың басын қозғады:
—Келмейді жаңғыз адам-ай,
Жаңғызым еске түскенде,
Күйемін де жанамын,
Байқадың ба, анам-ай?!
Менің көрген түсімде,
Түсімде көрген ісімде
Құбыладан қара дауыл қаптады,
Бөтенді Құдай сақтады.
Ұзын арқан таққанмын,
Жуан қазық қаққанмын.
Арқаным қалды үзіліп,
Қазығым қалды омырылып,
Үлкен үй қалды жығылып.
Шаңырақ сынды үзіліп,
Саба қалды тілініп,
Керегеге ілініп.
Тоғайдан қашқан түлкіні
Қара төбет алып жүр,
Бұлқылдатып шалып жүр.
Сонда кемпір сөйледі,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сөйлегенде не деді:
—Бұл түсіңді жориын,
Жақсылыққа қориын.
Құбыладан қара қаптаса,
Көкеңнің үйге келгені,
Тілекті Құдай бергені.
Ауылдың үсті шаң болып,
Үлкен жиын той болып,
Қара дауыл дегенің—
Жұрттың бәрі қаптай шапқаны.
Қазық қақтым дегенің—
Жеңешеңді алғаны.
Ер қазығы әйел ғой,
Арқандалып қалғаны.
Арқан қалса үзіліп,
Қазық қалса омырылып,
Тентек неме есер[ұл]
Келіншек көргенде,
Кеткені ғой қызығып.
Тоғайдан қашқан түлкіні
Қара төбет алғаны—
Қызыл түлкі дегенің
Аққұртқаның болғаны.
Қара төбет дегенің—
Қалашының итіндей
Көкең болғаны,
Жеңешеңді алғаны.
Менің көзім тартып тұр,
Көкекеңді көремін.
Менің ернім тартып тұр,
Жаңғызымды сүйемін.
Емшегім менің иіп тұр,
Ботам келсе, беремін.
Айтқан ауыз жұмғанша
Қарала тазы соңында,
Қаршығасы қолында,
Алқайлы алқылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Көк найзасы жылтылдап,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобылан батыр келеді.
Үйден шығып кемпір-шал:
—Өлгенде көрген жаңғызым,
Жалғанда көрген жаңғызым,
Жыл он екі ай жоқ болып,
Қайдан келдің?—деп еді.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Ата менен анам-ай,
Риза бол маған-ай.
Қалыңсыз да, кәдесіз
Алып келдім бір жеңге,
Қарағым Қолаң, саған-ай.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Оңбадың, Қобылан, оңбадың,
Өзіме тартып тумадың.
Өзім атқа мінбедім,
Құда болып, шапан киіп,
Қызық көріп келмедім.
Қыдырбайдың кемпірі
Ақмаңдай сонда сөйледі:
—Есіктің алды қалың тал,
Қалың талға жылқы сал.
Былшылдама, кәрі шал,
Он бес қатын әперсең де,
Жетпейтін бе еді біздің мал.
Қарағай ма еді, тал ма еді,
Айғыр ма еді, нар ма еді.
Жая ма еді, жал ма еді,
Бүйтеміз деген алжыған
Ойымызда бар ма еді.
Алшағырдың тойында,
Жиренқопа бойында,
Қара нарыңды құшақтап,
Қара сабаңды пышақтап,
Қайтқаның бар ма ойында?!
Көзді жерлер көл еді,
Көлсіз жерлер шөл еді,
Алшағыр бізге не деді.
Алшағырдың кегі
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көңілден қалмай жүр еді.
Атқа мініп қарғамның,
Атағы шықса, жаным құрбан деп еді.
Сонда шал сөйледі:
—Кемпірдің сөзі жөн еді,
Осы кемпір би-ау деп,
Үлкейдім ғой мен-ау деп.
Айналайын Қолаңым,
Жаңғызым алған жаңғызды,
Жылдам алып кел-ау деп.
Қолаң жорға мініп, жібек киіп,
Қырық қыз еріп қасына,
Алтын тақия киіп басына,
Жеңгесінің алдынан
Желігіп шауып жөнелді.
Боз жорға атпен ұрынып,
Оймақтай аузы бүріліп,
Маржан тісі тізіліп,
Сағағынан үзіліп,
Шытырмақ көйлек етінде,
Күн сәулесі бетінде,
Жеңгесіне келеді.
Сар Қобданың басында,
Ақ шоқы сайдың қасында
Жеңгесі мен Қолаң қыз
Бір-біріне жолықты,
Қуанышқа молықты.
Ертіп алып жөнелді,
Сар Қобда деген сала еді.
Сар Қобданың бойында
Қарағай қайың тал еді.
Сар Қобда деген ат қойған
Қыдырбай деген шал еді.
Сар Қобданың бойында
Қыдырбайдың тоғыз мың жылқы бар еді.
Жылқысының бәрі де
Қарақұрым сары еді.
Сары жылқы жалғасын
Сар Қобда деп ат қойған
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбай деген бай еді.
Таңертең жылқы суға құлады,
Күн батқанша шұбады.
—Мынау кімнің жылқысы?—деп,
Құртқа Аққолаңнан сұрады.
Аққолаң сонда сөйледі:
—А дегенде алдырмайды
Таулы жердің түлкісі.
Екі жақсы бас қосса,
Жарасатын күлкісі,
Бұл Қобылан көкем жылқысы.
Жылқы судан шығып барады
Су шетінде ойдық желке,
Қарны кең құрсақ кер бие
Шетінде судан шығып,
Бір суын кер биеге шабады.
Құртқа көзін салады,
Сонда Құртқа толғады:
—Әй, бикешім, бикешім,
Жібектен өскен шүйкешім.
Есіме түссең ылжырап,
Құртасың жеңешеңнің діңкесін.
Сен ауылға барып кел,
Атакем мен шешекем
Құлағына салып кел.
Мынау тұрған кер бие
Атакем мен енекемнен
Көрімдікке алып кел.
Қолаң қайта жөнелді,
Кемпір-шалға сөйлей береді:
—Асау үзді шідерді,
Ауыл көшіп үдерді.
Жеңешем, кемпір-шал, саған жіберді,
Мені тәуір көрсін деп,
Кер биені берсін деп,
Мені тәуір көрсін деп.
Қыдырбай сонда ақырды:
—Мал шашам ба далаға,
Өлмей билік берем бе,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Келін менен балаға?
Мал шашпаймын далаға.
Сонда кемпір сөйледі:
—Есіктің алды болмады,
Еккен талым алмалы.
Осы шалды Құдай алмады,
Өздігінен бармады.
Қарағай ма еді, тал ма еді,
Айғыр ма еді, нар ма еді.
Келінді, қызды болам деген
Ойында сенің бар ма еді?!
Сонда шал сөйледі:
—Кемпірде ақыл көп екен,
Менде ақыл кем екен,
Көргенін ұмытпай жүр екен,
Кер бие түгіл, үйірімен бердім,—деп.
Қолаң қайта жөнелді,
Жеңгесіне келеді,
Келе сөйлей береді:
—Көкем тәуір көрді,—деп,
Кер бие түгіл, үйірімен берді,—деп.
Сонда Құртқа ақырды,
Құлдың бәрін шақырды:
—Кер биені бағыңдар,
Ыссы болса биені
Салқын жерге алыңдар,
Салқын болса, жылы жабу жабыңдар.
Осыдан туған құлынды
Қобыландыға көргізбе.
Құлағына тигізбе,
Уыз сүтін емізбе.
Ауылға Құртқа жөнелді,
Құртқа ауылға келгесін
Асауын сойып ақыртты,
Маясын сойып бақыртты.
Ұлы жиын той қылып,
Халқын қоймай шақыртты.
Ахмет тойға келеді,
Ақмаңдай оны көреді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ахметтей батырды:
—Еңбегің сенің көп-ау деп,
Мақтанып басқа ки-ау деп,
Алтын енді телпекті,
Мақсатына ол жетті.
Телпекті алтын Ахмет киеді,
Сәскелік жерге телпектің
Сәулесі барады деп еді.
Тойға келген көп кісі
Шапан киіп, ат мініп,
Батасын беріп жөнелді.
Сақина салып, теңге алып,
Қыз-келіншек бұл кетті.
Мырза менен би кетті,
Бидің сыбағасы мол кетті.
Бес қаруын белге ілген,
Қобыландыны қорғаймын деген ер кетті,
Бәріне де Қыдырбайдың дәулеті мол жетті.
Той тарады, тілегін Құдай береді,
Көзінің жасын көреді.
Аққұртқа ақ отаумен келеді,
Қыдырбайдың төбесі көкке тиеді.
Алпыс екі тамыры
Маңдайдың балқып иеді.
Мақсатына жетті деп еді,
Қобылан өлең айтып, ән салып,
Ақ отаудың ішінде
Домбыраны қолға алып,
Отыр еді көлеңкеде,
Жіп есіп отырған екі қара күң сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Қобылан білмей жүр-ау,
Құлағына тимей жүр-ау.
Қобылан білсе, құлағына тисе,
Алшағырға барар еді.
Алшағырдың Қобда деген жерін,
Ешкіқырған деген белін,
Жирен деген көлін алар еді,—деп.
Байды аңыратқаны,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бәйбішені зарлатқаны,
Алшағырдың қорлығын білмей жүр-ау,
Білсе, кегін алар еді,—деп.
Екі күңнің сөзін естіп, Қобылан
Құлдарын шақырып алады.
Шақырып алып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ұлтан құл мен Сұлтан құл,
Екеуің де бермен келіңдер,
Жылдам атқа мініңдер.
Жылқыны Алшағырдың
Қорқып тұрған жеріне,
Мал түспеген жеріне
Жылқы жылдам алып келіңдер.
Екі құлға бұйырды,
Қобылан айтты, бармайтұғын амал жоқ,
Екі құл шауып жөнелді.
Көп жылқыға келеді,
Жылқыны көлге салады.
Қалмақтар көріп жылқыны
Таң-тамаша қалады.
Алшағыр сонда ақырды,
Таңырақ мұрын бекауыл,
Сүйрек мұрын жасауыл.
Алшағыр сол екеуін шақырды:
—Жылдам атқа мініңдер,
Бес қару белге іліңдер.
Мына жылқы кімдікі,
Жылдам барып біліңдер.
Кімнің малы болса да,
Ұстап алып келіңдер.
Белде, белде, белде ме,
Белден асып желді ме.
Қарасай-Қази қағысқан,
Кең қонысты көрді ме,
Жылқысын айдап келді ме?
Екі уәзір шауып жөнелді,
Жылқыға таман келеді.
Қыдырбайдың көп құлы
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қалмақты көзі көреді.
Жылқыға қалмақ келгесін,
Жылқыны тастап далаға
Құлдар қашып жөнелді,
Ауылға қашып келеді.
Үйге келіп жата алмай,
Қобыландыны оятуға бата алмай,
Қоныштары сартылдап,
Тоқымдары жалтылдап,
Шекпендері жалпылдап
Келгенін Құртқа біледі,
Аққұртқа Қобыландыға сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
—Басың көтер, алғаным,
Қағып төсек салғаным.
Жылқыда жүйрік құлдарың үйге келіп жүр,
Қалмақтың қолы тиіп жүр.
Қобылан көтеріп басын алады,
Жан-жағына қарады,
Шақырып құлды алады.
Осы еді ғой тілегі,
Жау дегенде жазғанның,
Қайтатын ба еді жүрегі.
Қобылан сұрап алады,
Құлдың атын мінеді,
Құл киімін киеді.
Құлдың болып біреуі,
Жылқыға құлын ертіп жөнелді.
Көп жылқыға келеді,
Бір тайын қалдырмай,
Шағырдың аулының үстінен жылқы құлады,
Күн батқанша шұбады.
Алшағыр мұны көреді,
Жанады да күйеді.
Құдай ұрған Алшағыр
Сар жорға атқа мінеді.
Бес жүз кісі қасында,
Қобыландыға келеді,
Сөйлегенде не деді:
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Мал түспеген жеріме,
Қорып тұрған көліме
Жылқы салған нең деді ,
Саған жылқы сал деген кім еді?
Жапырылды шабыным,
Қарағай менен талдарым.
Атаңәлет шұнақ құл,
Саласың кімнің малдарын?
Сонда Қобылан сөйледі:
—Тынық жатқан көліңді,
Шабыныңды жабырып,
Қарағай, талыңды құлатып,
Көліңді ылай қылған мен едім.
Тыныштық жатқан еліңе
Бір күн салайын деп едім,
Туырлығыңды тоқым қылайын деп едім.
Керегеңді қиратып,
Отын қылайын деп едім.
Қыздарыңды еріксіз
Қатын қылайын деп едім.
Не қылайын деп едің?!
Қойға тиген бөрімін,
Тарытпай қойман қоңынан.
Қиямет-қайым болғанша,
Мен қалмаймын соңыңнан.
Қызығымды ертең көр,
Қызылды-жасыл ту алып,
Найзамды қанға суырып,
Тиермін, бәлем, оңыңнан.
Әкемді аңыратып, шешемді зарлатып,
Тоғыз ұлыңды көргізіп,
Әкемнің ішін күйдіріп,
Неше жыл жаяу жүргізіп,
Неден кегің бар еді?!
Тазыңның сөзін тигізіп,
Балаңды тоғыз көрермін.
Мен таудағы тарлан бөрімін,
Аулыңа, бәлем, тиермін.
Тиермін де шабармын,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кегімді, бәлем, алармын.
Алшағыр сонда сөйледі:
—Әкең менен шешеңді
Ойыңа салған мен едім.
Сен туса екен деп едім,
Тілегіңді тіледім.
Тоғыз қызым кенжесі—
Ақбілек деген қызымды
Саған сақтап жүр едім.
Тоғыз балам сенімен он болып,
Ауыр әскер қол болып,
Жирен деген көлімді,
Ешкі қырған деген белімді,
Көрімдікке мен бердім,
Алыпсың ғой Аққұртқа деген келінді.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Сенен сұрап алам ба,
Жирен деген көліңді,
Ешкіқырған деген беліңді,
Қобда деген жеріңді?
Шаппай қойман еліңді,
Қимай қойман жеріңді.
Сонда Алшағыр сөйледі:
—Айналайын Қобылан-ай,
Бағыма менің туған-ай.
Қарағым, үйге жүріп кет,
Маған қонақ болып кет.
Алмасаң да арнадым,
Қарағым, жүр де көріп кет.
Қобылан өзі ер еді,
Езу тартып күледі.
Алшағырға ереді,
Аулына еріп келеді.
Алшағыр келіп ақырды,
Қыз-келінін шақырды:
—Қыз-келіншек қайдасың,
Қобыланды жалғыз қоймасын.
Атын ұстап байласын,
Үстіне отау сайласын.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қыз-келіншек жиналып,
Күйеуменен ойнасын.
Үстіне отау сайлады,
Атын ұстап байлады.
Қыз-келіншек жиналып,
Қобыландымен ойнады.
Күннің көзі батпай-ақ,
Елдің алды жатпай-ақ
Ақбілектей сұлуды
Маржан тісін тізілтіп,
Раушан көзін сүзілтіп,
Шытырмақ көйлек етінде,
Күн сәулесі бетінде,
Қобыланға алып келеді.
Қалампыр исі аңқыған,
Адамның бойы балқыған.
Салса балта өте ме,
Шағырлы таудың басынан.
Нелер келіп, нелер кетпейді
Ер жігіттің басына.
Ақбілегін асына,
Ақбілек келіп отырды
Қобыландының қасына.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Ақ отау деп жүргенің,
Қалашының қосы ма?
Шаңырақ деп жүргенің,
Шайгүм ілген мосы ма?
Көзің тұздай, мұрның біздей,
Әкеңнің сақтап қойған кейіпің осы ма?
Көрінбе көзіме, келме менің қасыма,
Мен сені алмаймын
Құртқаның басып кеткен ізіне.
Сонда Білек сөйледі:
—Әй, батыр-ай, батыр-ай,
Батырлыққа ылайық
Қияпатың, затың-ай.
Үйдегі қалған Құртқа қатын-ай,
Қатынды айтқан сен бір қатын-ай.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобылан ер ол ауылда
Ашуланып жатып қалды.
Қобылан аулына ерте жөнелді,
Әулие туған Аққұртқа
Аулына қалмақтың барғанын,
Қалмақтың қызына
Қобыландының көңлі ауғанын,
Аққұртқа оны біледі,
Кемпір-шалға Құртқа сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
—Балаң қалмақтың аулына барыпты,
Сөзіне дұшпан наныпты.
Төбесінде төрт бүркіт—
Айырылып онан қалыпты.
Қыдырбай естіп біледі,
«Аулына қалмақтың барды» деп,
Қобылан батырдың Қыдырбай келді қасына,
Қолындағы таяқпен
Қобыландыдай баласын
Салып қалды басына.
Қобыланды езу тартып күледі,
Аққұртқадан болғанын
Қобыланның іші біледі.
Су ішінде торта-ды,
Аққайрандай жортады.
Аққұртқаны ұруға
Әкесінен қорқады.
Жылқыға қарай жөнелді,
Ит жүгіртіп, құс атып
Алпыс күн жүрді далада.
Ашуланған батырдың
Шамалы күннің ішінде
Ашуы қалып бола ма?
Бір күні үйге келеді,
Отауына кіреді.
Түн ортасы болғанда,
Жер астында тор бесті ат
Дүбір де дүбір салады.
—Бұл неғылған дүбір?—деп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобылан Аққұртқадан сұрады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Ақ сүйріктей білегің,
Қабыл еді-ау тілегің.
Көптен бері жау көрмей,
Әруақ қысып лүпілдеп,
Жатқан шығар жүрегің.
Қобылан бұған нанады,
Ертеңгі күн болғанда,
Тор бесті ат дүбір салады.
Төрт аяқтың дүбіріне
Жер солқылдап барады.
«Бұл не қылған дүбір?»—деп,
Құртқадан Қобылан сұрады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—«А» дегенде алдырмайд
Таулы жердің түлкісі.
Екі жақсы бас қосса,
Жарасар ойын-күлкісі.
Бұ дүрсілді сұрасаң,
Атекемнің өрістегі ойнақтаған жылқысы.
Қобылан бұған нанады,
Тағы да ұйықтап қалады.
Келесі күн болғанда,
Мезгілім менің толды деп,
Шығатын уағым болды деп,
Тор бесті ат қатты аунады,
Сарайында тұрмады.
Төрт аяқтың дүбірі
Қара жерді жарады,
Жер солқылдап барады.
Ашуланып Қобылан ер,
«Жердің астында бағулы
Ойнас байың бар ғой» деп,
Құртқаны келіп сабады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Әй, батыр-ай, батыр-ай,
Туысқан тума, аға-іні
Жоқ еді менде жақын-ай.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұл дүрсілді сұрасаң,
Жан серігің, жолдасың,
Жауға мінер атың-ай.
Сонда Қобылан келеді:
—Алып кел бері, көрейін,
Көзіменен көріп сенейін.
Алтын кебіс сартылдап,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Алтын шашпау сарсылдап,
Маржан тісі тізіліп,
Раушан көзі сүзіліп,
Сағағынан үзіліп,
Атқа келді қыңырлап:
—Жазықсыз мені сабады,
Сен алмасаң кегімді,
Қай балам менің алад,—деп.
Мықтап тұрып бір соқ,—деп,
Атқа қойды сыбырлап.
Торы атты алып келеді,
Қобылан батыр көреді.
Маңдайынан тәу етіп,
Жауырын сипап торы аттың,
Танауынан сүйеді.
—Алғаным Құртқа, Аққұртқа,
Арманым жоқ,—деп еді.
Тор бесті атқа қараса,
Кесер басы сары алтын.
Үстіндегі түгінің
Жары күміс, жары алтын.
Танауына қарасаң,
Түбі түскен шелектей.
Құйрық жағын қарасаң,
Бұқарадағы жібектей.
Омырауына қарасаң,
Еділден шыққан аңғардай,
Төрт аяғы сандалдай.
Белдемеге қарасаң,
Қайырда жатқан сазандай.
Жауырнына қарасаң,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Төңкерген қара қазандай.
Құлағы бар құрақтай,
..............................
Екі көздің жанары,
Жайтаңдайды шырақтай.
Тай торы атқа ер салды,
Қызығып батыр мініп алды.
Секіріп торы ат қорс етті,
Қобылан жерге торс етті.
Сонда Қобылан ақырды:
—Атаңа нәлет қатын-ай,
Көргенсіз екен атың-ай.
Жеті дұшпанның бірі қатын екен,
Үлкендер, мұрның кесілсін,
«Әйел—жеті дұшпанның бірі» деп,
Айтқан сөзі жөн екен.
Тағы бағып антұрған,
Өлтірейін деп жүр екен.
Өзіңнің баққан атыңды,
Өзің ұстап бер-ау деп,
Тағы баққаның нең-ау?—деп,
Аққұртқа атқа жөнелді.
Қабағын түйіп, қасын сүзеді,
Аққұртқадан кете алмай,
Торы бесті ат айнала шауып жүреді,
Аққұртқа толғай береді:
—Айналайын торыша ат,
Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат.
Жалғызымдай көргенмін,
Көңілің өсіп тұрсын деп,
Жал-құйрығыңды өргенмін.
Түгіңе жұмсақ болсын деп,
Мақпалдан жабу жапқанмын.
Мойныңа жұмсақ болсын деп,
Жібектен арқан таққанмын.
Тілден аман болсын деп,
Молдадан тұмар ілгенмін.
Шапқанда жеңіл болсын деп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қара тоқты сорпасын
Қайнатып саған бергенмін.
Тісіңе жұмсақ болсын деп,
Арпа менен сұлыны-ау,
Қайнатып сүтке бергенмін.
Исім сіңіп қалсын деп,
Омырауымды иіскеттім.
Баламдай болып өссін деп,
Емшегім ұшын тістеттім.
Тұра тұр, торы ат, тұра тұр,
Ағаңның қолы қатты ғой.
Ұстатпасаң сабайды,
Жаны құрғыр тәтті ғой,
Арқама қамшы батты ғой.
Торы бесті ат тұра қалады-ау,
Аққұртқа ұстап алады-ау.
Екіде көзін жайнатып,
Құйрығымен ойнатып,
Қобыланға алып барады.
Қобылан батыр мінеді,
Енді жықшы мені деп,
Тақымын қысып жөнелді.
Намазды күн батарда,
Тасқабақтың баурынан
Тоғыз түлкі қақты деп еді.
Бір айда қырық бәйгі боп,
Бәріне де шабады,
Бәйгісін бәрінің алады.
Алшағыр қалмақ Барсаға қағаз жіберді,
Қазанның қызыл қаласы,
Дым-ақ алыс жер еді.
Тас қалалы ол Қазан
Кереметті ер еді,
Жан бармаған жер еді.
Қызыл қала, тас қала
Барғанды қылатын еді масқара.
Қағазында ол Шағыр:
«Көлімді ылай, елімді бүлгін қылды
Қазақтан шығып жас бала.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Соны алдап жіберсем,
Өлтіремісің сен?—деді.
Ол тірі тұрғанда,
Күн көре алатын емеспін мен,—деді.
Күнімді қалай көремін,
Биіктен ұшқан бүркіттей,
Салды маған шеңгелді.
Азғантай қазақ ауылын
Көп халқыма теңгерді.
Осы Қобылан қағыңғыр,
Айқара киім жамылғыр.
Ішіне кілем тоқырғыр,
Жорытулы басы жолда қалғыр,
Таңдайы кеуіп шөлде қалғыр.
Қобылан деген қазақ
Туырлығымды тоқым қылды,
Керегемді отын қылды.
Қызымды қатын қылды,
Баламды жетім қылды,
Әйелімді жесір қылды.
Тартып алды мекен еткен жерімді,
Ылай қылды тұнып жатқан көлімді.
Отымды өшірді,
Қонысымнан көшірді.
Лебі қатты ажарсыз,
Маған бір айдаһар секілді.
Ажарсыз осы иттің түсі суық,
Жерімнен мекен еткен қуды шығып.
Осыны өлтірермісің, қалмақ ағам,
Қайламен жіберейін саған, ағам.
Осыны өлтірмесең, Қазан аға,
Жаның ашымаған ғой маған, аға».
Алшағырдай қалмаққа
Қазаннан қабар келеді.
Қобыланды маған жіберсең,
Бір өзінің мың жаны болса да
Шықпай қалмас деп еді.
Алшағыр ойды ойлады,
Екі уәзірі бар еді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Таңырақ мұрын бекауыл,
Сүйрек мұрын жасауыл.
Уәзіріне сөйледі:
—Жан жолдасым, уәзірім,
Көнер ме екен алдауға
Қобылан деген көрімің?
Қобыландыны бір алдап,
Жіберейік Қазанға.
Қобылан барса Қазанға,
Жолығады-ау ажалға.
Жолығады бұл Қобылан
Өзінен мықты адамға.
Екі уәзірі сөйледі:
—Әкелу деген бұйым ба?
Сүйдеді де, жөнелді.
Жүрейін деп тұрғанда,
Уәзіріне Алшағыр
Тағы да сөйлей береді:
—Аулын Қобылан көрмесін,
Аққұртқадай залымның
Құлағына тимесін.
Екі уәзір сөйледі:
—Суық көлдің басында
Ит жүгіртіп, құс салып
Қобылан батыр жүр екен.
Қырық жігіт қасында,
Екі қалмақ келеді,
Қобыланды оны көреді.
Екі бірдей қалмаққа
Қобылекең сөйлей береді:
—Шауқым бұлбұл саласын,
Кідірсең жолдан қаласың,
Қалмақтар, қайда барасың?
Сонда қалмақ сөйледі:
—Асау үзді шідерді,
Ауыл көшіп үдерді.
Ханның қызы Ханбибі,
«Бүгіннен қалмай ер Қобылан,
Еркек болса келсін» деп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ханбибі саған жіберді.
Аңқау басты әл бітер,
Қалмаққа еріп жөнелді.
Қырық жігіт сонда сөйледі:
—Қасыңа сенің еріп барамыз ба,
Болмаса осы арада қаламыз ба?
Қорқам ба бұл қалмақтан жалғыз бармай,
Жүре бер сендер мен үшін аңнан қалмай.
Бас қосып қалмақпенен жүріп кетті,
Қасына бұл қалмақтың еріп кетті.
Аулына қалмақ келеді,
Қыздың тіккен отауға
Қобылан келіп кіреді.
Алшағыр қызы Ханбибі
Қобыландыны көргенде
Еңірей қоя береді.
Қобыландыны бай [етіп],
Әңгіме-дүкен құрады,
Алмадай мойнын бұрады.
—Жылайсың неге, Ханбибі,
Маған айт?—деп сұрады.
Ханбибі сонда толғады:
—Жібектен бөтен кимедім,
Жорғадан бөтен мінбедім,
Жаңғыздығыңды білмедім.
Жаңғыздығыңды білгенде
Қарасай-Қази қос жайсаң
Біреуіне тимедім.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Ол екеу де, мен біреу,
Мен мың бір кісіден кем бе едім?
Сонда Ханбибі сөйледі:
—Келеді біздің елге Қазан деді,
Кетті ғой сенімен бас қосам деп мазам,—деді.
Көбікті Ыршымбаймен келе қойса,
Болады сонда маған азап,—деді.
Қарасай Қазименен барар еді,
Атақты, әруақты адам еді.
Қазанға айтқанменен бара алмассың,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құртқадан ұлықсатты ала алмассың.
Кең қоныш, үлкен тымақ салпаң қазақ,
Баруға сен Барсаға жарамассың.
Ер Қобылан мына сөзге ашуланды,
Ашу келіп, ақылы кетіп қалды.
«Тас қала, қызыл қала бұл Барсаға,
..............................................
Қайтсем де барайын» деп көңілге алды.
Қобылекең сонда сөйледі:
—Қыз екенсің келімді,
Жібектен өрдің өзімді.
Ертең ерте жүрмесем,
Бір шыбындай жаныма
Тәңір берсін өлімді.
Толықсып дұшпан қуанып,
Төбесі көкке тиеді.
Алпауыт, аңқау ер еді,
Барса-келмес жолына
Алдап дұшпан жіберді.
Үйде жатып Аққұртқа,
Жаман түсті көреді,
Жамандықты біледі.
Іші оттай күйеді,
Көзінің жасын төгеді,
Кемпір-шалға келеді,
Еңірей қоя береді,
Еңірегенде не деді:
—Басыңды көтер бермен, кемпір-шалым,
Іс болды тарамайтын, көп ойландым.
Қазанға жолы алыс жұмсады ғой,
Қашаннан ата жауы дұшпан залым.
Жаңғызың жүріп кетті алыс жолға,
Атеке, біз қасқаға балаң қайда?
Басымнан кетті базарым,
Бетімнен кетті ажарым.
Сөзіне дұшпан ол нанып,
Алыс жерге жол тартты.
Құдай қосқан жаратып,
Жан сүйікті қарағым.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көріп қалатын ажарын,
Бір тілдесіп қалар ма,
Жолын тосып баратын.
Аққұртқа Қобыланның қарындасы Қолаң екеуі
Ар жақ пенен бер жаққа,
Қызғыш пенен тарғаққа,
Жарақсыз кеткен жалғыздың
Артынан қуып бармаққа.
Амандасып қоштасып,
Жаңғыз бенен қалмаққа
Жүретұғын жолына,
Қарындасы, қатыны,
Қобыландыға келеді,
Қобыланды оны көреді.
«Әйел шықса алдынан,
Ердің жолы болмайды» деп еді.
Жолықпайын бұған деп,
Қобылан шауып жөнелді.
Қолаңға Құртқа сөйледі:
—Түйені көркем көрсеткен
Дулығалы нар,—деді,
Суды көркем көрсеткен
Қарағай, қайың, тал,—деді.
Мені көрсе қайтпайды,
Көкеңнің жыны бар,—деді.
Мал шыдамас жауырға,
Шыдамас адам бауырға.
«Көкеке» деп зарласаң,
Қайтпас па екен ауылға?
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Табанға кіріп қара тас,
Табанын тасқа айырып,
Бес саусағы қара қанға жуылып,
Көкелеп айқай салады:
—Айналайын-ау, жаңғызым,
Тоғайға біткен аңдызым.
Аспанда Шолпан жұлдызым,
Базарда қымбат құндызым.
Құрттай ғана тұра тұр,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өлгенде көрген жаңғызым.
Ақ үйімдегі арыстаным,
Айбатты туған Арысланым,
Тұра тұр, жалғыз, тұра тұр!
Бетімдегі шарайна,
Жылқы салдым тоғайға.
Тоғайдағы шоғайна,
Өзің жаңғыз, өзің жас,
Барсаның жауы оңай ма?!
Алайма, көке, алайма,
Алысқа атың жарай ма?
Тұра тұр, көкем, тұра тұр,
Алмадай мойның бұра тұр.
Кіндіктен жеке жаңғызым,
Артыңда сенің кім қалды-ау,
Өрісің толған мал қалды-ау,
Зарлап кемпір-шал қалды-ау,
Ақ отауың тұл қалды-ау,
Арманда жеңешем бұл қалды-ау,
Зарлаған мендей қыз қалды,
Азғантай аулың бұл қалды.
Мен едім туған жалғыз бауырың,
Көкеке-ау, ессіз қалды-ау сенің ауылың.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Әй, қарағым, жолама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Желіккен көңіл, желді өкпе,
Ойлағанын істемей
Көкең, сірә, қоя ма?!
Сен, сен деме сен деме,
Сендей көркем ел деме.
Сапар еткен жерінен
Қайта ма екен ер неме?!
Айналайын, қарағым,
Бекер жылап шөлдеме.
Уәдем қатты антым бар,
Бір Құдайға аманат
Артымда қалған кемпір-шал.
Мал бағатын құлым бар,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жеңешең қалса, бағатұғын өзің бар.
Қайтпасын анық білген соң,
Қабағын Қобылан түйген соң,
«Жаңғызым!» деп ойбай салады,
Қайрылмай Қобылан барады.
Аққұртқа сұлу алғаны
Қытайы көйлек шұбалып,
Алмадай беті қызарып,
«Алғаным» деп жүгірді,
Көзінің жасы төгілді,
Қабырғасы сөгілді.
Жүйесі босап иеді,
Шөкелекке сүрініп,
Аққұртқа айқай салады:
—Жан сүйікті жарағым,
Таңдаулы менің қарағым.
Беліңде жоқ қой садағың,
Қауіпті осы талабың,
Неғылып сенен қаламын.
Есіме түссең, жаңғызым,
Күйемін де, жанамын.
Ауылдағы ажарым,
Бетімдегі базарым,
Жорға міндім ұрынып,
Қырмызы кидім қырынып.
Артында қалдым күйініп,
Дұшпаның жатыр сүйініп.
Інің де жоқ, аға жоқ,
Туысқан-тума жана жоқ.
Ішім бір толған қызыл шоқ,
Өзіңді алдап жіберіп,
Дұшпанның болды көңлі тоқ.
Жебелі найза сермейді,
Сауытыңды кимедің.
Суарған қанға ақ болат
Алмасыңды ілмедің.
Дұшпаның мен досыңның
Арасын айырып білмедің.
Дұғағатың тілеген
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ата-анаңа келмедің.
Құдай қосқан қосағың
Мен сорлыны көрмедің.
Бірде туған бауырың
Зар жылаған бикештің
Тілегін неге бермедің?!
Бір қалмақтың қызындай
Бәрімізді көрмедің,
Қош аман бол, алғаным.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Мен қайтпаймын, қайтпаймын,
Атымның басын тартпаймын,
Қайтамын деп айтпаймын,—
Деді дағы жөнелді.
Аққолаң мен Аққұртқа
Қайрылмасын білгесін
Екеуі ойбай салады.
«Уһ» дегенде бетіне
Тас өртеніп жанады.
Жаңғызым деп зарласа,
Көзінен қан сорғалап ағады.
Алмадай піскен екі бет
Он саусақпен алады,
Қолын қанға малады.
Біресе жылап, біресе талады,
Қайрылмай Қобылан барады.
«Шу, жануар, шу» деді,
Шу дегенде гуледі.
Төрт аяқтың тиген жер,
Қара тас тисе аяққа
Саз балшықтай иледі.
Әрі-бері жүрген соң,
Астындағы торы аттың
Алқа айылы алқылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Ауызынан аққан ақ көбік
Омырауында жалпылдап.
Өмілдірік жарқылдап,
Тақымының астында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ор қояндай бұлтылдап.
Жүрген сайын торы бесті ат,
Тірі сынаптай сылтылдап.
Басын тартса, торы аттың
Бөксесі кетті қызындап.
Екі құлақты қайшылап,
Қос танауы пырылдап.
Өлім деген ойда жоқ,
Өлең айтып ән салад
Ен далада шырылдап.
Ана ащы мен мына ащы,
Оттарына жері ащы,
Ішуіне суы ащы.
Жатуына жері тар,
Тау менен тас қызыл жар,
Онан да өтіп жөнелді.
Күдір-күдір, күдір тау,
Түйе мойын иір тау,
Қыз емшекті қиын тау,
Басы биік қиыр тау,
Бұдан да өтіп жөнелді.
Аю көлдің басынан
Аса жортып жөнелді.
Батпақ көлдің басынан
Баса жортып жөнелді.
Жері тартпа Қызылжар,
Қысылып өтіп жөнелді.
Қақпақты тау қарағайлы,
Қамай жортып жөнелді.
Жолы жоқ енді жондардан
Жортып өтіп жөнелді.
Асу-асу белдерден,
Аңызақ қаққан шөлдерден
Аса жортып жөнелді.
Күдір-күдір, күдір тау,
Көзі шыққан бүйір тау
Қиялап шауып жөнелді.
Қиғаштың биік тауына
Қобылан батыр келеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сарғая келе таң атты,
Қызара келе күн шықты.
Күн астынан қараса,
Будақ-будақ бу шықты.
Бу астына қараса,
Аламан әскер қол шықты.
Шамасын байқап қараса,
Мың кісіден мол шықты.
Анықтап әбден қараса,
Бес қаруды белге ілген,
Ұялмай беті бедірейген,
Мінген атқа жем берген,
Өзіне-өзі дем берген,
Жар қабақ, орақ мұрын,
Шүңірек көзденген
Жалғыз қара бұлт шықты.
Қобылан оны көреді,
Көре сөйлей береді:
—Сауытыма сан кісі,
Қылышыма қырық кісі,
Садағыма мың кісі,
Найзамның өзі жүз кісі.
Бір кісіге бір кісі,
Жолықтырған тәуір кісі.
Көп екен деп қашпаймын,
Жалғызбын деп саспаймын,
Қобылекең салып жөнелді.
Келе жатқан сол қараша,
Қара таудай зор қараша,
Қалмақтың ері Ыршымбай деген ер екен,
Қобыландыға жолықты.
Ыршымбай сөйлей береді:
—Шауқым бұлбұл саласын,
Кідірсең жолдан қаласың,
Жаңа өспірім баласың.
Атың жауыр, өзің аш,
Дүзің айдай қалам қас,
Қай сапарға барасың?
Алайын десем оңайсың,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алмайын десем ноғайсың.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Төңкерілсем төбе едім,
Суға салсаң кеме едім.
Қайтпас қазақ қара қыпшақ
Қыдырбайдың баласы
Қобыланды деген ер едім,
Іздегенім сен едің.
Сен құсаған қалмақты
Елден іздеп келемін.
Ыршымбай сонда сөйледі:
—Ақылың жоқ қазақ-ай,
Алшағыр алдап қылды мазақ-ай.
Кезегі саған келді ме
Ажал менен азап-ай.
Алыстан келдің сен арнай,
Қарындасың, қатының
Жылағанға қарамай.
Келсең маған өлесің,
Өлмей неғып жүресің.
Қазақ Қобылан сен болсаң,
Астыңдағы торы атты
Көп шабылмай бересің.
Әкең менен шешеңді
О дүниеде көресің.
Екеуі тұрып қағысты,
Жамду сөзге барысты.
Қыл жалаулы көк найза
Біріне-бірі салысты.
«Тайма, балам, тайма!» деп,
Табан тірей қалысты.
Екеуінің найзасы
Қармақ болып майысты.
Айдаһардың тіліндей,
Салса кеткен білінбей,
Алмасты қолға алысты.
«Қашпа, балам, қашпа» деп,
Қашпаласа қалысты.
Ағашқа шапқан балтадай
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бірін-бірі шабысты.
Тасқа шапқан немедей
Қайырылып дүзі қалыпты.
Сұқпалы сары қорамсапқа қол салды,
Сауыттан өтпей бұл қалды.
Бір-біріне ақырып,
Қарт бурадай бақырып,
Ат үстінен ұмтылды,
Тақымдарын қымтанды.
Асыл туған ер Қобылан
Ат үстінен көтеріп
Ыршымбайды алады.
Тоқсан құлаш зынданға
Алып барып салады.
Алпыс құлаш аяғы
Зынданға симай қалады.
Қобыланның көңілі тасып құтырып,
Қалмаққа айқай салады.
Атаңа нәлет көп қалмақ
Қобыландыны қамады.
Құтырған қасқыр көзденіп
Қобылан соғыс салады.
Оң келгенін оң атты,
Сол келгенін сол атты,
Қарсы келсе қыра атты,
Қашқандарын қуа атты.
Тебінгіден тесе атты,
Үзеңгіден үзе атты.
Талайын аттан құлатты,
Қызыл қанын шұбатты.
Қалмақтың бәрі айдарлы,
Айдарынан байлады.
Қалмақтың бәрі шалбарлы,
Шалбарлыны жалмады.
Қалмақтың бәрі тонды еді,
Сірә, Қобылан жолды еді.
Он бес күн соғыс салады,
Қалмақтың бәрін алады.
Шыбын көлдің қасында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шыңқау таудың басында
Қызыл қанын көреді,
Менменшілік Қобыланның
Көңіліне келеді.
Қобылан тұрып ойлады:
«Шабатын бедеу тоқ екен,
Дүние жалған боқ екен.
Қалмағың құрсын көп екен,
Көп болғанмен шөп екен.
Өз парыма келетін,
Қарсыласып жүретін
Еркек кісі жоқ екен.
Найза енді салысып,
Қылышпенен шабысып,
Жағаласты салысып,
Үзеңгіні тіресіп,
Жағаласып күресіп,
Батыр сондай жоқ екен.
Мендей қайрат адамға бітер ме,
Маған адамның әлі жетер ме?»—
Деп Қобылан далаға жөнелді,
Қалмақтың өрісте жатқан көп жылқы,
Көп жылқыға келеді,
Қобылан айдап жөнелді.
Көбіктінің сары аты
Жылқы ішінде жүреді.
Сол күні жіберген күні еді,
Жау екенін біледі.
Қалаға қашып жөнелді,
Қуып Қобылан қалады.
Жамандатқыр сары ат
Бауырынан жараған,
Шекесіне қараған.
Жеткізбеді торы атқа,
Жете алмай қалды сол атқа.
Бір жылқыға жете алмай,
Торы ат қалды ұятқа.
Аулына сары ат келеді,
Көбіктінің жалғыз қыз—
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қарлыға сұлу көреді,
Жылқыға жау тигенін біледі.
Қарлыға сары атты ұстап алады,
Қарлыға Көбіктіге барады,
Бара сөйлей қалады:
—Қарағаймысың, талмысың,
Айырмысың, нармысың,
Хан көке, үйде бармысың?
Жылқыға жау тиіп тұр,
Аузын ашып есінеп,
Сары ат келді кісінеп.
Көбікті атқа келеді,
Жау тигенін біледі.
Қолға тұрмай сары бесті ат
Ойнақтай берді деп еді.
Көбікті атқа мінеді,
«Жолықтыр мені» деп еді.
Жылқыға шауып келеді,
Сүдінін жылқының көреді.
Жау алғанын біледі,
Жалғыз шауып жөнеді.
Темір шоқпар қолында,
Қуып келед соңында.
Былайырақ Қобылан барыпты,
Аттың ерін алыпты.
Тас астаудың қасында,
Қобылан ұйықтап қалыпты.
Көбікті залым келеді,
Келгенін торы ат біледі.
«Жау келіп қалды жаңғыз» деп,
Қобыланды қара санға тебеді.
Ұйқысын ашып тұрғанша,
Ақырып қалмақ келеді.
Қобыланды ұстап алады,
Манағы мықты Қобыланың
Көбіктінің бетіне қарамай,
Алысуға жарамай,
Екпеттей барып құлады.
Торы бесті атты жетектеп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Тақымға қысып Қобыланды,
Көбікті кетіп барады.
Ауылына келеді:
—Темір үйдің ішіне
Алып барып қама,—деп,
Қарлығаға береді.
Көбікті қызы Қарлыға
Батпансыған батырды
Қолтығына қысып жөнелді.
Алып келіп зынданға
Қобыландыны салады.
Асты—зындан, үсті—темір үй,
Қобыландыны қамады,
Қобылан жалғыз қалады.
Торы бесті атты
Қалмақтар ұстап алады,
Тас қоршау үйге салады.
Жем жемейді, су ішпейді,
Қалмақты теуіп тістейді.
Қалмақтың сексен сегіз кісі бар еді,
Серкені бағып жүретін
Серкебай деген таз еді,
Серкені бағып жүреді.
Көремін деп Қобыланды
Серкесін айдап келеді.
Ойнақтап жүріп бір серке
Зынданға түсті деп еді.
Әңгіме дүкен құрады,
Қасына барып тұрады.
—Шығарып бер,—деп,—серкені,
Қобыландыдан сұрады.
Шығармады серкені,
Қарны ашқан Қобылан
Қарт қасқырдай қабады.
Қобыланды өзі ер еді,
Арманда болып жүр еді.
Қолға түскен серкені
Аш қасқырдай жеп еді.
Құдай ұрған Серкебай:
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Тыңдамадың,—деп,—сөзімді,
Өлтірейін өзіңді.
Қазандай қара қотыр тас
Қобыландының үстіне
Домалатып жіберді.
Қобыландының пірлері
Тасты ұстай алады.
Салқын болса Қобыланға,
Тас от боп жанады.
Суық болса Қобыланға,
Тастан сусын тамады.
Серкебай оны көреді:
«Қобылан, мен тамыр болайын,
Әулие екен»,—деп еді.
Өзі түсіп кетті деп,
Күнде бір серкені
Қобыландыға береді.
Қобылан:—Достым, сен маған
Бір аспап әкеп бер,—деді.
Қобыланды өзі тым шебер еді,
Серкебай түрлі аспап
Құралын әкеп береді.
Қобыланды Серкебайға серкенің мүйізінен
Тарақ істеп береді.
Ай қараңғы, күн бұлт күні тарақтың сәулесі
Сәскелік жерге түседі.
—Осыны, досым, ханның қызы
Қарлығаға көрсетерсің,—деп еді,
Серкебай алып қуанып жөнелді.
Тарақты алып келеді,
Қыздар жиналып,
Ойын салып жүреді.
Жарқылдаған сәулесін
Қарлыға сұлу көреді.
Қыздар бірінен-бірі сұрады,
Таң тамаша қалады.
Осы бірдеңе тазда бар-ау деп,
Жүгіріп тазға келеді,
Таз Қарлығаға тарақты береді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Бұл тарақты, қарағым,
Кім істеді?—деп еді.
Сонда Серкебай тұрып сөйледі:
—Дүние өтеді ғой қапыл,— деді.
Істеген кісіге сен болармысың
Көңілдес, жақын,—деді.
Істеген бұл тарақты
Қобылан деген батыр,—деді,
Қарлыға, жоқ қой сенде ақыл,—деді.
Тараққа Қарлығаның көңлі толды,
Қобыланға сол арада ғашық болды,
Қайғымен Қарлығаның іші толды.
Қарлыға сонда сөйледі:
—Серкебай деген сен,—деді,
Ханның қызы мен,—деді,
Сөйлесейін Қобыланға
Мен ертіп жүр,—деді.
—Күн бұлт, ай қараңғы, таба алмаймын,
Өзім де шаршап тұрмын, бара алмаймын.
Қарлыға сонда сөйледі:
—Хан кіреді ордаға,
Балалар оқиды молдаға,
Мінемісің, Серкебай,
Жүрісі жұмсақ жорғаға?
Серкебай сонда сөйледі:
—Мен өзім жылқы мініп жүре алмаймын,
Құрысын, мен жорғаға міне алмаймын.
—Хандар кірер ордаға,
Міне алмасаң жорғаға,
Мінемісің арбаға?
—Қарлыға, жорғаң құрсын еркіндеген,
Қарлыға, арбаң құрсын селкілдеген.
Өзімнің жаяулығым сондай артық,
Қолыма таяқ алып еркіндеген.
—Берейін бүтін киім кимеймісің,
Серкебай, тілегімді бермеймісің,
Мойныма мінгізейін, мінемісің?
Серкебай қыз мойнына енді мінді,
Мақтанып, өлең айтып сонда күлді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өзінің жаман сасық аяғымен
Омырауға бұл тепкілеп жүре берді.
Мойнына Қарлығаның мінгеннен соң,
Еліріп өлең айтып, ән жіберді.
Үстіне Қобыландының келді алып,
Еңкейді ханның қызы зынданға панар жағып.
Күші артық дүниеде батыр Қобылан,
Осы күні болып тұр ғой бақыр Қобылан.
Биік жастық, мамық төсекте өскен жазған,
Ішінде сол зынданның жатыр Қобылан.
Қарлыға тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүйдейді:
—Бай баласы сен,—деді,
Хан баласы мен,—деді.
Шығарайын зынданнан,
Кел, қолынды бер,—деді.
Қобылан ер жасқанбайды жатырмын деп,
Ойламайды осы күні пақырмын деп.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Есіктің алды ақ балшық,
Аң жібермейді ақ қаншық.
Мен сенбеймін өзіңе,
Өзіңнің айтқан сөзіңе.
Атаңа нәлет қу қаншық,
Көрінбе менің көзіме.
Қарлыға сонда сөйледі:
—Келдім сені тең-ау деп,
Теңдес туған ер-ау деп.
Сынап едің өзімді,
Байқап па едің сөзімді?
Желігіп ұшқан ақ сұңқар
Жем салғанмен қона ма,
Сыналмай ер мұқайтын бола ма?
Қаншық деген сөзіңе
Қыз мұқайтын бола ма?
Қамысы енді таймаса,
Көл мұқайтын бола ма?
Өтірігі шықпаса,
Сөз мұқайтын бола ма?
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Уәде қылып ант етсең,
Қобылан, сенің жолыңа
Шыбын жаным садаға.
Қобылан сонда сөйледі:
—Қатар көріп келдің бе,
Қарауға менің өзіме,
Мен сенейін сөзіңе.
Жан серігім торы атты
Көрсет менің көзіме.
Қарлыға сонда сөйледі:
—Алайым да бұлайым,
Жан жолдасым, жараным,
Болғайсың сен жұбайым.
Торы атқа қалай барайын,
Не деп айла табайын?
Сонда Қобылан сөйледі:
—Рас келсең сен,—деді,
Саған сендім мен,—деді.
Мен осы жатқанда қапылмын,
Алданып қолға түсіп жатырмын.
Өзіңе сенің сенейін,
Достығыңды көрейін.
Шапқанда терін сүртетін
Орамалым бар еді.
Қарлығаға сонда сөйледі:
—Исімді менің білер,—деп,
Кісінеп торы ат келер,—деп.
Атқа барып қайт,—деді,
Бір өтірік айт,—деді.
Ат от жемей, су ішпей,
Тістеп теуіп тұр еді,
—Сен кімсің?—деді уәзірлер.
—Мен мен едім, мен едім,
Мен де осы елдің бірі едім.
Мен құндақта жатқанда,
Орақ елді шапқанда,
Алып кетіп мен сол елде жүр едім.
Барсаның естіп хабарын,
Елге қашып келемін.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мен сол елде жүргенде,
Құлын күнінде жара шығып,
Дөнен күнінде іле болып,
Екі мезгіл емдедім,
Танып тұрғаны ғой жануар,—деп жауап берді.
Уәзірлер сонда сөйледі:
—Берменірек кел,—деді,
Осы атты бағындырсаң сен,—деді.
Ханымыз тәуір көреді,
Сұрағанын береді.
—Ханыңызға барып кел,
Құлағына салып кел,
Ұлықсатты алып кел.
Батырдың мінген аты ғой,
Еліктіріп келейін,
Тоқсан құлаш арқанды
Мойынына тағып бер.
Ханға бұлар барады,
Хан да қабыл алады.
Тоқсан құлаш арқанды
Мойынына тағады,
Қобыланға алып барады.
Жан жолдасы торы бесті ат
Қобылан жатқан зынданға
Құлағын тігіп қарады.
Зынданға арқан салады,
Шығарып Қобылан алады.
Қобыланды да ереді,
Қарлығадай сұлудың
Достығын кәміл біледі.
Мойынынан құшақтап,
Қарлығаны сүйеді.
Қобылан өзі ереді,
Әйел жанды неме еді.
Шыға сала Қарлығаға:
—Қала ғой, достым,—деп еді.
Бойыңда бола қойса, кірің кетер,
Дұшпаның аңдып жүрген зиян етер.
«Сары алтын сабыр түбі» деуші еді ғой,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ойнауға күлу менен күндер жетер.
Алдалап торы бесті атқа мініп алды,
Ер Қобылан қызылбаспен ұрыс салды.
Қамалап ер Қобыланның келді пірі,
Қырылды қызылбастың жаман ері.
Тегістік жерлер қаннан көл болды,
Сай саладан қан ағып,
Қан тасыған жер болды.
Ұрыс салды ер Қобылан
Тас қаланың ішінде.
Таң қалады көрген жан
Қобылан ердің күшіне.
Қобыланнан ажар қашып, түсі кетті,
Әруақ қысып есі кетті.
Бар еді батпансыған талай ерлер,
Бәріне Қобылан ердің әлі жетті.
Ақырып айқай салып ұмтылғанда,
Қатынды бала менен зар еңіретті.
Өлтірді Қызыл қалада Қазан ерді,
Қазанға қапелімде ажал келді.
Ақырып ұрыс салды Қобылан батыр,
Дұшпанға салды енді заман ақыр.
Айбатты асқар таудай талай ерлер
Ішінде тар көшенің өліп жатыр.
Қобыланға Құдай берді үлкен күшті,
Көрсетті бұл дұшпанға тамаша істі.
Ақырған аюдай-ақ талай ерлер,
Бөлініп екі басы жерге түсті.
Қобылан ер ұялмайды, қорықпайды,
Әр нәрсе әлім келмейді деп торықпайды.
Өзінен күші артық мықты адам
Қобыланға әлі күнге жолықпайды.
Ішінен Тас қаланың шығып Көбікті,
Қобыландыны көріп желікті.
Қатуланып қамданып,
Қарт бурадай шамданып,
Буырқанып бурсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Жетіп келді Көбікті.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көбікті келіп ақырды:
—Өлтірейін өзіңді,
Ояйын екі көзіңді.
Неден кегің бар еді,
Тыныштық жатқан еліме
Мұнша бүлгін салғандай,
Ел мазасын алғандай.
Екі бөрі таласты,
Бірін-бірі сабасты,
Үсті-басы қанасты.
Көптен тыным көрмеген,
Аты болса терлеген,
Өзі болса шөлдеген,
Жаңа келген Көбікті
Қобыландыны кідіртті,
Торыша атты сүрінтті.
Жағадан қолды салады,
Жағаласып қалады.
Бес қаруды тауысты,
Ат үстінен алысты.
Қобыландыдай батырдың
Қабырғасы қайысты,
Бақалшағы майысты.
Қарлыға мұны көреді,
Көзінің жасын төгеді.
—Өлтірме байымды,—деп,
Кетірме жайымды,—деп,
Қарлыға жетіп келеді.
Көбіктінің көк сауыт
Қызы тоқып беретін.
Оқ тиетін жерлерін
Қарлыға өзі білетін.
Қолға найза алады,
Оң қолтықтың астынан
Көбіктіге салады.
Найза салды, қан шықты,
Қанмен бірге жан шықты.
Атаңа нәлет Көбікті
Сары қасқа аттың үстінен
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қанатын жайып құлады.
Қарлығаның кетті қайрағы,
Әкесінен, апырай,
Қобыланға болып ғашық-ай.
Қаланың іші кетті ғой,
Өлімтіктен сасып-ай.
Сонда сұлу Қарлыға
Қобыландыға сөйлей береді:
—Көкорай шалғын саяға,
Қаланың іші көп сасық,
Сасықтан Жайық бола ма?
Өлгендерін көмейін,
Қаланың ішін түзейін.
Ұйқың әбден қанғансын,
Түйені сұлу көрсеткен
Дулығалы нар еді.
Суды сұлу көрсеткен
Қарағай, қайың, тал еді.
Мені көрсе көкеңнің,
Қасарма мінезі бар еді.
Мезгілді уағың болғансын,
Алғаным, саған барармын,
Өзім тауып алармын.
Қобылан шықты далаға,
Барды дағы ұйықтады
Қалың шалғын биік ағаш саяға.
Қобылан ұйықтап қалады,
Жеті күн жатты со жерде,
Дәл жеті күн болғанда,
Ұйқысы сонда қанады.
Ұйықтап жатып түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді.
Жан-жағына қарады,
Жан жолдасы торы атты
Тұра сала шақырды.
Жан жолдасы торыша ат,
Төрт аяғы сом болат,
Қолтығында қос қанат.
—Мойыныңа жұмсақ болсын деп
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жібектен арқан шешең Аққұртқа тағып ед.
Түгіңе жұмсақ болсын деп
Шешең сенің Аққұртқа
Мақпалдан жабу жауып ед.
Көңілің өсіп тұрсын деп
Жал құйрығыңды өріп ед.
Тілден аман болсын деп
Молдадан тұмар алып тағып ед.
Шапқанда жеңіл болсын деп
Қара тоқты сорпасын
Қайнатып саған беріп ед.
Тісіңе жұмсақ болсын деп,
Арпа менен сұлыны
Нар сүтіне қайнатып беріп ед.
Жан серігім тор бесті-ай,
Алдымнан туған аға едің,
Артымнан туған іні едің.
Менің балам сен едің,
Баламдай көріп жүр едім.
Торы бесті ат,—деп шақырды,
Торы бесті ат ақ шатырдың басында,
Дөңгелек сордың қасында
Торыша ат жусап тұр еді.
Көп құланның ішінде,
Шақырғанын тор бесті ат
Қобыландының біледі,
Құлағына тиеді.
Тілегімді берді деп,
Көзімнің жасын көрді деп,
Жаңғызымның дауысы
Құлағыма тиді деп.
Құланменен қоштасып,
Торы ат шауып жөнелді,
Қобыландыға келеді,
Қобыланды сөйлей береді:
—Жан серігім торы ат,—деп,
Мойынынан құшақтап,
Танауынан сүйеді.
Торы атқа Қобылан сөйледі:
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Айналайын торы бесті ат,
Төрт аяғың сом болат.
Қолтығыңда қос қанат,
Жануар, бүгін жылдам шап.
Менің көрген түсімде,
Түсімде көрген ісімде,
Атаңа нәлет Алшағыр
Мені алдап жіберіп,
Ауылымды шауып жүр.
Шешем менен әкемді
Мал соңына салып жүр.
Ықтиярсыз бағып жүр,
Аққұртқа менен Қолаңды
Темір үйге салып жүр.
Қапшықтан көйлек киіп жүр,
Қалмаққа тезек теріп жүр.
Таңертең кетіп далаға,
Кешке келед қалаға.
Мазақ болды екеуі
Қаладағы қатын-балаға.
Жеткізе көр, тор бесті ат,
Енді бармай балама.
Жеткізермісің, тор бесті ат,
Жетінші күні қонаға.
Тор бесті аттың төменгі ерні жыбырлап,
Жоғарғы ерні қыбырлап,
Тор бесті атқа тіл бітті,
Әңгіме айтып зырғытты:
—Жүру деген қиын ба,
Жеті күн маған бұйым ба?
Үзеңгімді ұзартшы,
Құйысқанымды қысқартшы.
Төс айылым төс тартшы,
Шап айылымды қысқартшы.
Салшы қамшы саныма,
Қарама бұттан шыққан қаныма.
Жеті күнге жеткізбей,
Әжем Аққұртқаның жеткізермін жанына.
Денсаулық берсе пірлерім
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бір шыбындай жаныма.
«Шу» деді жөнелді,
Әрі-бері жүргесін
Жүргенін торы ат білгесін,
Арандай аузын ашады,
Ақ көбікті шашады.
Жерде жатқан қара тас
Саз балшықтай басады.
Екі танау пырылдап,
Басын тартса, торы аттың
Бөксесі кетті қырындап.
Өлең айтып ән салды
Батыр Қобылан шырылдап.
Қыдырбайдай атасы—
Қу таяғы қолында,
Көп түйенің соңында,
Келеді деген баласын
Шалдың жоқ қой ойында.
Көп түйенің ішінен
Қобыландының еншісі
Қара нар боздап өтті зар-зар.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Қара нарым боздайды,
Құдай бізді қай уақытта оңдайды.
Лүпілдейді жүрегім,
Келер ме екен тілегім.
Көзім неге тартасың,
Жаңғызымды көрем бе?
Ерні құрғыр тартасың,
Жаңғызымды сүйем бе?
Иығы құрғыр тартасың,
Бүтін киім кием бе?
Тақымы құрғыр тартасың,
Мен де атқа мінем бе?
Келе жатыр бір адам,
Төскейден жалғыз құлаған.
Қыдырбайға келеді,
Келе сәлем береді.
Қыдырбай сонда сөйледі:
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Ағаликүмассалам,
Дүзің айдай, атың жарау,
Түн қатып сапар шеккен неткен адам,
Шырағым, не естідің, нені білуің бар еді?
Сен сияқты жалғыз балам—
Оның да мінгені тап осындай торы жылқы,
Тиылды жалғыз кетіп ойын-күлкі.
Әкесі сол баланың мен сұмырай,
Жауға кетті мал, қатыны, қарындасы,
барлық мүлкі.
Қобылан ер таянып көк найзасын,
Таянып ойға қалды,
Қор болған әкесіне көзін салды.
—Қайткенде, ата, қамыңнан құтылам,—деп,
Бақырып тор бесті аттан түсе қалды.
Қыдырбай нанар, нанбасын біле алмайды,
Мені мазақ қылған біреу ме деп,
Көңілі Қыдырбайдың сене алмайды.
Бақырып Қобылан батыр жылай берді:
—Әжекем, Қолаң бар ма?—деп сұрай берді.
Көңілі Қыдырбайдың сонда сенді,
Жалғызым көретұғын күн бар екен деп,
Бетінен Қобылан ердің сонда сүйді.
Қыдырбай Қобыландыға сөйлей берді:
—Білген екен қара нар,
Жыладым мен зар-зар.
Мына қырдың астында әжең бар,
Қу таяғы қолында,
Көп сарықтың соңында,
Әжең, менде арман жоқ,
Сен келгесін жалғызым,
Күніміз туды оңынан.
Келед деген ойда жоқ еді,
Ішіміз жалын шоқ еді.
Түйені тастап далаға,
Алмас өскен қараға,
Сары атан мініп алып,
Қобыландының артынан
Қыдырбай шауып жөнелді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Келе жатса Қобылан ер,
Шешесі оның Ақмаңдай,
Көп сарықтың соңында,
Қу таяғы қолында,
Жүгіреді шайт-шайттап,
Жете алмайды айтақтап.
Көзінің жасы төгіліп,
Қабырғасы сөгілді,
Табаны тасқа ойылды.
Табанынан аққан қара қан
Бес саусағы жуылып,
Жүгіреді бүкшеңдеп.
Табанынан тас кірсе,
Отырып алат кекшектеп.
Келе жатыр бір адам,
Төскейден жаңғыз құлаған.
Аты жарау, өзі аш,
Өксігін баспай жылаған,
Кемпірге келді сол адам.
Кемпірге салып келеді,
Кемпірдің бойы балқып еді,
Қатып қалған емшегі
Үрпіне сүт келеді.
Кемпірге келіп ер Қобылан,
Кемпірге келіп жылады.
«Мамамды бер» деп сұрады,
Сонда кемпір сөйледі:
—Құдай-ау, нанайын ба, нанбайын ба,
Зарланып мен зарығып жүргенімде,
Құдай беріп еді маңдайыма.
Әулие берген Қобыландыны
Тағы берет деп нанайыншы Құдайыма.
Жалғызым келмей жүргенде
Қандаймын мен,
Ботасы кеткен нардаймын,
Сағынғаннан зарлаймын.
Өңім бе, Құдай, түсім бе,
Түсім бе деп нанбаймын.
Қарағым, жалғыз Қобылан-ай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жалғызым аман келгесін,
Жоқ қой менде арман-ай!
Қарағым, жылдамырақ бара көрші,
Тұтқында жатқан Қолаң мен
Құртқаны жылдам ала көрші.
Құдайдың берген құл болсаң,
Әулие болған ұл болсаң,
Қалмақты өзіміздей қылып шаба көр.
Қалмақтың бүгін үлкен тойы еді,
Қолаң мен Құртқаны бүгін алатұғын күн еді.
Қобылан қашуланып қамданып,
Ашуланып, долданып,
Бар ашуын қолға алып,
Қобылан шауып жөнелді,
Алшағыр тіккен орданың есігіне келеді.
Келе сала ақырды:
—Ханбибі!—деп шақырды.
Ханбибі келеді,
Жүгіріп қорғаннан сүрініп,
Өтірік жылап антұрған
Көзінің жасы төгіліп,
Аямай сөйлей береді:
—Сен сен едің, сен едің,
Мен мен едім, мен едім.
Тілегіңді тіледім,
Келеріңді біліп, жаңғызым,
Той қылып жатқан мен едім.
Қобылан ашу қысып тұра алмай,
Сөзіне шыдамай,
Алмаспен салып қалады.
Ортасынан жарылып,
Екі жаққа құлады.
Алшағыр қылған үлкен той
Қан жулы болып барады.
Сары атанды сабалап,
Қыдырбай құлады.
Ер Қобыланға келеді,
Қайратын жалғызының көреді.
Жалғызы келмей тұрғанда,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбайдай қасқаның
Көңілі қара жер еді.
Жалғызы аман келгенсін
Төбесі көкке тиеді.
Қобылан Алшағырдай қалмақты
«Бұ да сендей шал-ау» деп,
Алшағырда кегің бар-ау деп.
Кегіңді өзің ал-ау деп,
Әкесінің қолына
Алшағырды береді,
Қыдырбай сапар қуып жөнеді.
Ай мүйізді ақ қошқар,
Қасқыр тартты қоңынан.
Қобылан атты бөрінің күні туып,
Оңынан алған ауыл қазақты
Сол күні алды қалмақтың жайған торынан.
Алшағырдай қалмақтың
Тұлымдысын тұл қылды,
Айдарлысын құл қылды,
Керегесін отын қылды,
Туырлығын тоқым қылды,
Балаларын жетім қылды,
Қатындарын жесір қылды,
Қыздарын қатын қылды.
Таққа мінген хандарын,
Би молда мен шалдарын
Нар түйедей бақыртып,
Жер ағаштың қасында,
Мал сойғанның басында
Қызыл қанын ағызып,
Байырлады ер Қобылан.
Қарындасы, қатын-ай,
Азғантай ауыл бақыр-ай,
Аққұртқа мен Қолаң қыз
Құшақтап ер Қобыланды жылағанда,
Аспан жерге бір тиді.
Дария тасып, тас балқып,
Қып-қызыл болып күн күйді,
Айрылған лағынан киік келді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жалғызым деп қорлығының бәрін айтқанда,
Қара тас жерде жатқан иіп кетті.
Кемпір-шал көңліндегі қайғы кетті,
Аққұртқа алдаумен сертке жетті.
Мақсаты болып, көңілі тойып,
Ешкіқырған деген беліне
Қайта келіп ел қонды.
Жирен деген көліне—
Мекен еткен жеріне.
Қонысынан Алшағырды көшірді,
Жанған отын өшірді,
Қобыландының түрлі мақсаты болды.
Қобылан мықты ер еді,
Тәуекелі көп еді,
Туысқан, тума жоқ еді.
Он жасы үлкен қатыны
Отыз беске келгенше
Таппады бала деп еді.
Отыз беске келгенде
Аққұртқа жерік болады.
Құдайым берді бала тілегіне,
Жолбарыстың жерік болды жүрегіне.
Қобыланға Құртқа сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Алған жарым —сен, —деді,
Аққұртқа деген мен, —деді.
Ішімде үш айлық балаң бар,
Жолбарыстың жүрегіне
Жерік болдым мен, —деді.
Жолбарыстың жүрегін
Тауып бер, батыр, сен, —деді.
Қуанып Қобылан күледі,
Қобылан сөйлей береді:
—Күн бар ма екен
Артымнан қара еретін,
Тізе қосып жүретін.
Күн болар ма екен біздерге,
Қарасын болып еретін.
Жолбарыс деген қиын ба,
Қобыланды батырдың
баласының жыры
(Айса Байтабынұлы нұсқасы)
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Жолбарыс алу бұйым ба?
Екеуі бір-біріне күліп айтып,
Екеуі бір тілекке кіріп айтып,
Құртқаның Қобыландыдан он жасы артық.
Қобылан келді жиырма беске,
Құртқа келді отыз беске.
Қыдырбай мен Ақмаңдай
Шарананың тілегін тілеп,
Екеуі зарланады ерте, кеште.
Қобыланның өзі ер еді,
Жаңғыздың жауы көп еді,
Азғантай ауыл ел еді.
Сенетұғын кісі жоқ,
Күндіз-түні жылқысын
Өзі бағады деп еді.
Жылқы бағып жүргенде,
Жылқы суға келгенде,
Қалың орман Қобдадан
Құтырып атты жолбарыс
Қобыландыдай батырға.
Қобылан сонда күледі:
—Сен аңның жолбарысы болсаң,
Мен жігіттің жолбарысы,
Нағылат, шіркін, —деп еді.
Жолбарысты шабады,
Жолбарыс шалқасынан құлады.
Ішек-қарнын жарады,
Жүрегін бауырымен алады.
Аулына қарай шабады,
Құртқаға алып барады.
Құртқаға алып барып береді,
Бісмілла деп жеп еді
Жерігі соның қанады,
Шырадай көзі жанады.
Күн алты айға толғанда,
Алатаудың астында
Аламан деген қалмақтың
Ханы еді, со ханның
Үлкен тойы болады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Апарайын деген торы атты
Ер Қобыланда ой болды.
Қобылан қырық кісі қасында,
Кәмшат бөрігі басында,
Бес қаруды белге іліп,
Ақ болаттан тон киіп,
Жауатын бұлттай түнеріп,
Қобылан тойға жөнелді.
Салқынменен түн қатып,
Ерте тұрып кеш жатып,
Дәл бір ай болғанда,
Қобылан барды бұл тойға.
Жиналған кісі көп екен,
Қарасай—Қазы қос жайсаң
Келген екен тобымен,
Төрехан мен ер Әуез
Келген екен тобымен.
Құбығұл мен Телағыс
Келген екен тобымен.
Орыс, қазақ, ноғай-ай,
Келген екен бұлар-ай.
Сар жалаулы сан қалмақ,
Көк жалаулы көп қалмақ
Келген екен тобымен.
Қыл жалаулы қызылбас
Келген екен тобымен.
Той өтіпті,
Ат бәйгіге кеше кетіпті.
Мұны Қобылан біледі,
Торы бесті атқа сенеді,
Сенімі ердің көп еді.
Кешегі кеткен аттардың артынан
Торы атты қосып жіберді.
Жігітек торы атқа мінеді,
Мініп алып жөнелді.
Кеткен аттың артынан
Күн батарда келеді.
Ат шабатын жерлері
Үш күншілік жер еді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Нағыз жүйрік келсін деп,
Қалмақтың бас ер алпаны
Алысқа айдап жөнелді.
Қапан көлдің қасынан,
Мақпал төбе басынан
Аттар шауып жөнелді.
Шу жануар шу деді,
Шу десе тұлпар гуледі.
Шабылып қалған торы аттың
Аяғы жерге тимеді.
Аттың санын қарасақ,
Үш жүз тоқсан ат екен.
Шу дегеннен он тұлпар,
Алдына шығып жөнелді.
Қарасайдың қара аты,
Көбіктінің сары аты,
Сұрқылтайдың торы аты,
Көкаманның көк аты,
Қараманның қара аты,
Қобыландының торы аты,
Телағыстың боз аты,
Темірханның тарлан аты,
Алаусаның ала аты,
Қапантіннің қара аты,
Сол он тұлпар жарысты,
Үзеңгіні қағысты.
Ол күні шапты күнімен,
Жана шапты түнімен.
Түн ортасы ауғансын,
Таң сімері жауғансын,
Шабылып қалған қара аттың
Сүйегі тулап қызғансын,
Арандай аузын ашады,
Аузынан көбік шашады.
Жерде жатқан қара тас,
Саз балшықтай басады,
Шабыстан-шабыс асады.
Көзі жайнап шырақтай,
Ойнақтайды ылақтай.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қасындағы қара ат,
Көре алмай қалды қара аттай.
Құлағын қара ат тігеді,
Аттардан озып жөнелді.
Жалғаса шықты тор бесті ат,
Төрт аяғы сом болат,
Қара ат пен торы аттың
Қолтығында қос қанат,
Екеуі озып жөнелді.
Көп қиқуға келгенде
Аллалаған ұраны
Қара ат пен торы аттың
Құлағына тигенде,
Бүктетіліп жазылды.
Төрт аяқтың тиген жер
Жер ошақтай қазылды.
Қарақшыға келгенде
Екі тұлпар тең келді.
Қарасай мінген қара аттан
Қобылан мінген торы аттың
Кесер басы кем келді.
Азбаған әруақ,
Адаспаған бұлт
Осы арада білінді.
Қалмақта бар сан жүйрік,
Жете алмай қалды бір жүйрік.
Ат бәйгіден келеді,
Тойдан тарап жөнелді
Аулына қайтты ер Қобылан.
Қобылан мінген торбесті ат
От оттамайды, су ішпейді.
Қобыландыдай батырды
Торы бесті ат қайта-қайта иіскейді.
Торы ат қызыл қан сиіп,
Көзінің жасы тамады,
Қобылан таң-тамаша қалады.
Сонда Қобылан сөйлейді:
—Ауырды-ау менің атым,—деп,
Осы тойға барма деп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Айтып еді қатын,—деп,
Құртқада көп қой ақыл,—деп.
Буаз еді Аққұртқам,
Қандай күйде жатыр,—деп.
Құдайдан жәрдем болмаса
Туысқан-тума жоқ еді,
Жаны ашитұғын жақын,—деп,
Уайым түсті батырға.
«Жан серігім, атым» деп,
Аулына Қобылан келеді.
Қолакөкірек деген бір қалмақ
Қобыландыны сырттан бағып жүреді.
Қобыландының құлы еді,
Қодар деген бір құлды
Қалмақ ұстап алады,
Қодар құлдан сұрады:
—Әй, Қодар, мен өлтірем, өлемісің,
Болмаса Қобыланның өлетінін білемісің?!
Мен саған күйеу қылып, қыз беремін,
Мал бөліп беріп, үстіңе үй тігемін.
Қодар шынын айтуға
Қобыландыны қия алмады.
«Қыз беремін, үй тігемін» дегенсін
Шұнақ құл тұра алмады.
Сонда Қодар сөйледі:
—Ер Қобылан бүгін-ертең келед,—деді,
Аққұртқа келетінін білед,—деді.
Ер Қобылан төсегіне жатқан күні,
Әруағы қырық күншілік жерде жүред,—деді.
Дәретін алмай жатқан шақта,
Оқ өтіп, сонда Қобылан өлед,—деді.
Сонда қалмақ сөйледі:
—Қодар деген сен, —деді,
Сөзіме айтқан сен, —деді.
Қобылан үйге келген күн
Хабарды маған бер,—деді.
Қыз беремін мал бөліп,
Бай қыламын мен, —деді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Келе жатып ер Қобылан
Қодар құлға келеді,
Қодарға сәлем береді.
Досына дүзі жұмсақ ер еді,
Сөйлегенде Қобылан не деді:
—Саумысың, аманбысың, Қодар ағам,
Үй тігіп, мал бөліп берем саған.
Өзіңнің қатарыңнан оздырамын,
Көздерін мырзалардың қыздырамын.
Ер Қодар, шаруасың малды баққан,
Баққаның көңіліме анық жаққан.
Ер Қодар Қобыланның сөзіне құлақ салды,
Қобыланның достығына қарамады.
Қалмақтың алдап айтқан алдауына
Қодар құл осы арада анық нанды.
Сағынып Аққұртқаны Қобылан барды,
Ат қағып алыс жерден шаршап келген
Ер Қобылан жатуына құмарланды,
Ер Қобылан төсегінде жатып қалды.
Түн ортасы болғанда,
Таң сімері жауғанда,
Аққұртқа шықты далаға.
Торы атқа көзін салады,
Асыл туған Аққұртқа
Атты барып көреді,
Көзінің жасын төгеді.
Өзінің көрген түсінен
Қорқып Құртқа жүр еді.
Қайғысыз Қобылан ер еді,
Құртқа келіп Қобыланға
Сөйлей қоя береді:
—Торы бесті атың желіп тұр,
Құлағын екі түріп тұр,
Бір дүбірді біліп тұр.
Басыңды көтер, алғаным,
Қағып төсек салғаным.
Ақ дәретіңді ал, —деді.
Сауытыңды ки деніңе,
Алмасыңды іл беліңе.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Сәуелім шайтан болмаса,
Дұшпан келді еліңе.
Сонда Қобылан сөйлейді.
—Әй, қатын-ай, қатын-ай,
Жоқ екен сенде ақыл-ай.
Нан піспей ме деміме,
Кім келеді шеніме.
Келе алмайды қызылбас
Басып кеткен ізіме.
Ұйқымды жатырмын қия алмай,
Төсегімнен тұра алмай.
Айтқан ауыз жұмғанша,
Жаулар аулын қамады.
Қобыландының мақпал түндігін
Найзаменен алады.
Қобыландының ауылы
У-шу болып жылады.
Асыл туған ер Қобылан
Төсектен тұра жүгірді.
Тай торы атқа мінеді,
Сауыт кимей деніне,
Қару алмай беліне,
Қысылып шықты жалаңаш
Жау келгенсін аулына.
Астында торы ат ойнайды,
Ауыздығын шайнайды.
Ауылға келген қалмақты
Қойдай қылып айдайды.
Қанша қалмақ болса да,
Ауылға тиген қалмақтың
Біреуі өлмей қалмайды.
Қалмағы түскір көп екен,
Жапындыда тұр екен
Бес жүз кісі шамасы.
Ауылдан жауды айдады,
Қыдырбайдың баласы.
Ер Қобыланның жоқ еді
Іні менен ағасы.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Астындағы торы атты
Суын айғыр шауып еді.
Жеті-жеті болғанда
Суға салып алатын.
Суға салса торы аттың
Екі қанаты бар еді.
Құлаш жарым қанатын
Суға салса жаятын—
Қобыландының өзі көретін.
Сол себептен торы атқа,
Жан жолдасым деп сенетін.
Асып кетті торы аты
Суға салар күнінен.
Бауырын торы ат жазалмай,
Қанатын жайып шабалмай,
Айрылды торы ат күйінен.
Қобыланға көзін салады
Қызылжардың үстінен.
Жамалдағыр торы ат,
Тартса басы әл бермей,
Суға қарап шабады.
Торы ат суға ырғыды,
Ауыздығы үзіліп,
Қобылан аттан жығылды.
Торы ат кетті құтылып,
Қобылан суда қалды тұтылып.
Өмілдірік үзіліп,
Ері қалды сыпырылып,
Қобылан суда қалады.
Жабыла қалған көп қалмақ,
Ұстай алмай торы атты
Бәрі айырылып қалады,
Торы ат кетіп барады.
Қобылан елдің ауылын
Қалмақ шауып алады.
Аққұртқа менен Қобыланды
Қара нардың үстіне
Екеуін жайдақ мінгізді.
Ақмаңдай мен Қыдырбай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Екі қасқа сұмырай
Малдарын жаяу айдады.
Азғантай ауыл қазақтар
Жауға түсіп шулады.
Қыз беретін Қодарды
Қалмақтар мазақ қылады,
Қодарды бірге алып барады.
Сұлукөлдің қасында
Аққұртқа бала табады.
Айдаса жөнге жүрмеген
Қобыландының көп малы
Баланы келіп қамады.
Аққұртқадай сұлуды
Ортаға малдар қамады.
Қолакөкірек деген ит қалмақ
Шабамын деп баланы
Алмасты қолға алады.
Қалмақ шауып келгесін,
Өлтіретінін білгесін,
Отыра қалып үстіне
Аққұртқа қасқа жылады.
«Өлтірме» деп қалмақтан,
Еңіреп тұрып жылады.
—Қысқарып қалған талабым,
Қара маңдай қабағым.
Өлтірмеші құлынымды,
Мен алмайын, сен өлтірме,
Далада қалсын ылағым.
Кімдер қорған болады,
Шаранада қалған шырағым.
Таңдайым кеуіп шөлдеймін,
Суалғасын бұлағым.
Қараңғыда қалып адастым,
Қап-қара бізді шаң басты,
Сөніп қалып шырағым.
Құдай-ау, Құдай, құлаттың
Қазақтың туы, ұранын.
Сағынып көрген құлыным,
Сұлукөлдің басында,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тау Омақаның қасында
Болып қалды-ау тұрағың.
О дүниеде ұжмақтың құсы болып,
Көкеңе жолыққайсың, шырағым.
Босағам сынды борлаған,
Керегем сынды торлаған.
Шаңырағым сынды шатынап,
Жаңғызымнан айрылып,
Маңдайым қалың сорлаған,
Тілінді табан қорланған.
Ішіме түсті қалың шер,
Тарамайтын шорланған.
Көтерілді Қобдадан
Неше жылдай орнаған.
Қобда қалсын әдіра
Бізге құтты болмаған,
Жаңғызымды жалмаған
Әдіра бізден қалдың ба,
Қобданың алпыс саласы-ай,
Қарағай-қамыс қоғасы-ай.
Әдіра бізден қалдың ба,
Қобданың тау мен арасы.
Әдіра бізден қалдың ба,
Бетегелі баурайы,
Сайы да менен саласы-ай.
Көрінер жерде қалмады-ау
Жаңғызымның моласы-ай.
Артында қалды аңыраған
Жаңғыздың ата-анасы.
Елдің кетті панасы,
Азғантай ауыл қазақтың
Бақытсыз қатын-баласы.
Әуелде жазып қойғасын,
Құдайдың қылған ісіне
Пенденің бар ма шарасы?!
Дүниеде жазылмас
Ақ бетімнің жарасы.
Жауға түсті-ау жаңғыздың,
Қорғаны болмай ауылы.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Түйеге мінді жаңғыздың
Жетім қалып бауыры.
Бүйтіп те Құдай бола ма,
Жаңғызымды жұтқанмен,
Жер мен суың тоя ма?
Олар кетіп қалғасын,
Бөрібай деген бай еді,
Төрт түлікке сай еді,
Малы көп дүниеге мол еді.
Он қатыны болса да,
Бір перзентке зар еді,
Баласы жоқ жан еді.
Бөрібайдың есікте
Қара күңі бар еді.
Қара күңге тыным болмады,
Күндіз жүріс тыным жоқ,
Түнде жатса ұйқы жоқ,
Құлағына тыным болмады,
Жұмсамай тіпті қоймады,
Қара күң ойды ойлады:
«Кел, бұ байдан кетейін,
Тыныштық тыным болмады-ау,
Мұнда жүріп нетейін.
Бөтен байға жетейін,
Басымның қамын етейін».
Қара күң қашып жөнелді,
Келе жатып қара күң
Қоғалы көлдің басында,
Қос шоқының қасында
Жылап жатқан балаға
Қара күң салып келеді,
Күңнің көзі көреді.
Баланы көріп қара күң,
Бойы балқып иеді,
Балаға емшек береді.
Бала емшек ембеді,
Күңге қолын сермеді.
Баланы аяп қара күң,
Қасында тұрып еңіреді:
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Бар шығар-ау сәбидің
Атасы менен анасы.
Емессің ғой, қарағым,
Тегін кісі баласы.
Еміздік жоқ, емшек жоқ,
Кімнің тиіп жатыр екен панасы.
Өзімнің балам дер едім,
Бойыма менің симайды-ау.
Өзіне-өзі қимайды-ау,
Тағыда күң ойлайды-ау.
Ізімше кейін қайтайын,
Баласы жоқ жан еді-ау,
Бар арманы бала еді-ау,
Бәйбішеге айтайын.
Байға қайта барайын,
Бәйбішеден сүйінші сұрайын.
Қайтадан келді жүгіріп,
Тұрмады құрттай кідіріп.
Қорқып келді ұрсат деп,
Көзінің жасы шұбырып.
Кідірмей келді жүгіріп,
Бәйбіше тұрып ақырды:
—Неше күндей жоқ болып,
Қайдан келдің сен?—деді.
Ұлықсатсыз көргенсіз,
Қыдырып кеткен нең,—деді.
Қыдыра берсең сен бүйтіп,
Өлтірмей қойман мен,—деді.
Қорыққаннан қара күң,
Отыра қалып еңіреді.
Еңіреп тұрып сөйледі:
—Өлтірсең де шынымды айтайын,
Бәйбіше-ау, өзің біл,—деді.
Қашып едім далаға
Шынымды айтпай бола ма.
Қоғалы көлдің қасында,
Тас шоқының басында,
Жолықтым бір балаға.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Жаңа туған жас бала,
Өзгеше оның сүйегі,
Мен көрмеген масқара.
Басы бақыр қазандай,
Сонадай жерден көрінді
Қайырға шөккен сазандай.
Омырауы есіктей,
Мойынды еті бесіктей.
Саусағына қарасам,
Құмға шыққан көсіктей.
Баланы барып мен көрдім,
Көрдім дағы мен идім,
Емшегімді мен бердім.
Емшегімді ембеді,
Қолыменен сермеді.
Шаранадағы жас бала
Қолы жұмсақ тимеді.
Көріп келдім мен,—деді,
Бәйбіше саған тең,—деді.
Кел, қасыма ер,—деді,
Көрсетейін мен,—деді.
Күңнің айтқан бұл сөзі
Бәйбішенің құлағына жағады.
Айтқан сайын бәйбішенің
Бойы балқып барады.
Бәйбішенің құлағына тиеді,
Бойы балқып иеді.
Қатып қалған шандырдың
Үрпіне уыз келеді.
—Тағы айтшы, күңім, тағы айт,—деп,
«Бала» деген аузынан
Күңнің барып сүйеді.
Көк арбасы күймелі,
Қара арбасы түймелі.
Жорға жегіп сүрмелі,
Он екі қатын бас қосып,
Балаға қарап жөнелді.
Ол қатынның біреуі
Жаңағы айтқан күң еді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Тауып алсам баланы,
Айналайын, күңім-ай,
Кіндік шеше қылам деп еді.
Балаға салып келеді,
Басшы болып қара күң
Баланы тауып береді.
Баланы көріп бәйбіше,
Бойы балқып иеді.
Қатып қалған шандырдан
Сүт парлады деп еді.
Арбаға баланы салады,
Аулына алып барады.
Бай да көзі көреді,
Төбесі көкке тиеді.
Тым көрмеген көзі бай,
Бойы балқып иеді.
Шөлдеп жүрген Бөрібай
Баланы барып сүйеді.
Таңдайы кепкен бейбақтың
Сусыны қанды деп еді.
Бөрібай байғұс қуанып,
Бәйбішеге сөйледі:
—Қарағай екен, тал екен,
Айыр екен, нар екен.
Жая екен, жал екен,
Алуа екен, бал екен.
Біздің үйден де, қатын-ау,
Жас баланың иісі
Шығатын күн де бар екен.
Асау сойып ақырталық,
Мая сойып бақырталық.
Ығы-жығы той қылып,
Халықты қоймай шақырталық.
Халықты шақыралық, бата алалық,
Балалы кісі болып атаналық.
Бала малдың сәні екен,
Баласы жоқ мал жинап,
Далада жүрген мал екен.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Бәйбіше тұрып сөйлейді:
—Әй, байым-ай, байым-ай,
Той жасауға жетеді,
Байым, сенің малың-ай.
Қол жайып көктен сұрасақ та,
Алдық қой жерден тауып-ай.
Он бес жасқа жеткенше,
Өсірелік бағып-ай.
Он бес жасқа келгенсін,
Малға айғыр салмалық,
Бір жыл төлін алмалық.
Сол жылы мал семірсін,
Малдың бәрі ту болсын.
Той малыңа сойғаның,
Ту бие мен қой болсын.
Етіңнің бәрі май болсын,
Халықтың көңлі жай болсын.
Бай да қабыл алады,
Баланы жақсы бағады.
Ақсақал жинап ат қойды,
Жасымыз толып таптық деп:
Ұлдың аты—Жаскелең,
Қыздың аты—Жансұлу.
Он беске бала келеді,
Жас он беске келгенше,
Той қылмады деп еді.
Ұзыны, көлденеңі бәрі бірдей,
Он бесте деңгеліне адам келмей,
Дәл он беске келгенде,
Бөрібай қартың той қылды.
Асауын сойды ақыртты,
Маясын сойды бақыртты,
Халықты қоймай шақыртты.
Бұл тойға кім келді,
Халық билеген хан келді.
Ақсақалды шал келді,
Ишан-молда, бай келді.
Ел билеген би келді,
Арға шапқан ер келді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ер келгенде кім келді,
Қарасай-Қази сол келді,
Құбығұл, Телағыс бұл келді,
Әуез батыр сол келді,
Алшағырдың Көпені сол келді.
Жұрт жиналып тұрғанда,
Қази сөйлей береді,
Тілге жүйрік ер еді:
—Ей, ер Қобыланды жау алды,
Жоқтаусыз ауылы жоғалды.
Жан бармады артынан,
Сұраусыз кетті сол ауыл,
Жаңғыздықтың зарпынан.
Аққұртқа менен Аққолаң
Айрылып кетті қазақ ұлтынан.
Кіндіктен жалғыз демесең,
Кешегі өткен Қобыланның
Қылышынан қан тамып,
От жанушы еді ұртынан.
Іздейтұғын кім бар,—деп,
Со Қобыланның ауылын.
—Іздейтұғын мен бар?—деп.
Жана Қази ақырды:
«Ол қалмақта кегім жана бар,
Іште кеткен бала бар».
Әуез батыр бұл шықты,
Құбығұл батыр сол шықты.
Қырымнан шыққан қырық батыр
Ақ түйе сойып ант етті.
Аузына алды Құдайды,
Көкірекке ұрды Құранды.
Батырлар сол жерден
Талап етіп жөнелді.
Қазидың ақ сақалды, сар тісті,
Жасқа толған кезі еді.
Қазиға Қасым баласы сөйлей береді:
—Ей, айналайын, ер көке,
Үлкейдің-ау сен, көке.
Қобыландының артынан,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Барайын соған мен, көке,
Батаңды бер сен, көке!
Онда Қази сөйледі:
—Жақсы айтасың, балам-ай,
Осы сапар барам-ай.
Құрдасым еді ер Қобылан,
Құрдасымның кегін алам-ай,
Қобыландыны өлтірген
Атаңәлет дұшпанды
Бір шабайын аямай.
Шабатын белі тоқ,—деді,
Дүние жалған боқ,—деді.
Қобыландыны өлтірген
Қызылбасты бір шапсам,
Арманым менің жоқ,—деді.
Сүйдеді де ер Қази
Әскерін ертіп жөнелді.
Қази кетіп қалғасын,
Бір-екі ай болғасын,
Бай-бәйбіше сөйлесті,
Сөйлескенде не деді:
—Ей, өлгенде көрген жалғызға,
Жалғанда көрген жалғызға
Қалың берелік, келін түсіріп,
Қызығын соның көрелік.
Құда болып барып-келіп жүрелік,
Сұрағанын берелік.
Бөрібай атқа мінеді,
Қалың берем балама деп,
Қыз іздеді деп еді.
Қыз жақтырмай Бөрібай
Бір ай жүріп далада,
Аулына қайтып келеді.
Бәйбішеге Бөрібай
Келе сөйлей береді:
—Таңдап алсын қарағым,
Сүйікті құмар жаранын.
Алып берсем жақпас деп,
Кейіген күні айтпай ма,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жаман қатын алып берді,
Мал қимай әкем қақпас,—деп.
Бәйбіше мақұл көреді,
Шақырып алып баласын
Кемпір-шал сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
—Жаңғыз да балам сен, —деді,
Ата-анаң сенің біз,—деді.
Балам атқа мін,—деді,
Он таңбалы Ұрым бар,
Қырық таңбалы Қырым бар,
Сан таңбалы санай бар,
Он екі баулы ноғай бар,
Аралап өзің жүр,—деді.
Алатұғын қызыңды
Өзің көріп ал,—деді,
Жетеді саған мал,—деді,
Аямайды кемпір-шал,—деді.
Қырық кісі қасына алып,
Қыз іздеп бала жөнелді.
Тәтті көлдің басында,
Бір ақ отауға келеді,
«Хабарласшы» деп еді.
Үйден шықты бір бала,
Бойжеткен енді сол бала.
Жаннан асқан сұлу қыз бала,
Қызды көзі көреді.
Қырық жігіттің бірі еді,
Тілге бір жүйрік ер еді,
Ер Хасен деген бір жігіт
Қызға сөйлей береді:
—Қолыма алғаным қылыш пен найза,
Бізбенен сөйлесетін әкең қайда?
Кигенің, қарындасым, қызыл шоқ па,
Бізбенен сөйлесетін ағаң жоқ па?
Жана Хасен сөйледі:
—Қыз бала жүк артады қара нарға,
Бізбенен сөйлесетін шешең менен жеңгең қайда?
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Сонда қыз тұрып сөйледі:
—Жарасат өзіңізге найза менен қылышыңыз,
Қалдырмай бәрін тағы сұрадыңыз,
Бар еді сіздің қандай жұмысыңыз?
Сонда Хасен сөйледі:
—Белде-белде белемін,
Белден асып желемін,
Мынау Бөрібайдың баласы,
Шыққалы елден көп болды,
Өзіңіздей әдемі, білімді
Қыз іздеп келемін.
Көңілге ұнағасын сұлу қыз,
Айттырайын деп едім.
Қыз сөйлей береді:
—Басыма тартқанымда қызыл шоқ,
Сөйлесең жақсыменен көңілің тоқ.
Жалған сөз ер жігітке неге керек,
Бөрібайдың ұлы түгіл, қызы да жоқ.
Сөзіңнің айтып тұрған бәрі жалған,
Не керек жалған сөзді ер жігіт көңліне алған.
Бар еді Бөрібайдың бір ұл, бір қызы,
Қатыны Бөрібайдың тауып алған.
Ол баланың әкесі жоқ, шешесі бар,
Көшінен Қобыландының түсіп қалған.
Шешесін іздемей ме Құдай атқан,
Айтайын, ол баланы Құртқа тапқан.
Ер Қази бастаушы еді қолдың басын,
Шыдай алмай іздеп кетті жан құрдасын.
Ер болса сол ерлерге неге ермейді,
Қаңғыға бұл құсаған қыз ермейді.
Сұрасаң әкем де хан, ағам батыр,
Дүние өтіп кетеді, бастан қапыл.
Ер Қази кек алам деп, іздеп кетті,
Ер болса бұл ауылда неғып жатыр?
Өтірік айтқан сөзге құлақ салып,
Әке кегін жоқтамай елде жүріп,
Бұл шіркін көгере ме қатын алып?
Жаскелеңдей батырдың
Көкпеңбек болды еттері,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сұп-сұр болды беттері,
Сауыттан шықты түктері.
Аулына қайтып жөнелді,
Жаскелең жолдасына сөйлесті:
—Әй, қырық жігіт, қырық жігіт,
Ауылға сендер қайтыңдар,
Бала өліп қалды деп,
Әкеме барып айтыңдар.
Жақсы ғой бұдан өлгенім,
Әкенің кегін жоқтамай,
Нағып тірі жүргенім.
Қасымдағы қырық жігіт,
Өкпелеймін сендерге.
Біреуің айтып бермедің,
Он беске жасым келгенше.
Қалың бермей маған-ай,
Осының болатынын білгенмін.
Қырық жігіт бірге жылады,
Хасен тұрып сөйледі:
—Көлді жерлер шөл емес,
Көлсіз жерлер көл емес.
Бір әйелдің сөзіне
Ашуланғаның жөн емес.
Сен үйіңе бар,—деді,
Әкең менен шешеңнің
Құлағына сал,—деді,
Ұлықсатын ал,—деді.
Әруақ қонар, қарағым,
Ұлықсат алып бар,—деді.
Хабарласпай кеткен соң,
Қайғыменен өлмей ме,
Үйдегі кемпір-шал,—деді.
Әруақ қонған ер болса,
Айтқан тілді ал,—деді.
Алдына батыр келеді,
Жаскелеңде қайла көп еді,
Өтірік ауырып келді деп еді.
Ауырып келіп жатады,
Ауырғаны кемпір-шалға батады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Кемпір-шал келді-ау жүгіріп,
Көзінің жасы-ау төгіліп,
Қабырғасы сөгіліп.
Көзінің жасы тамады-ай,
Мойнына бұршақ салады-ай.
—Жолыңа жаным құрбан,—деп,
Ауырады қай жерің, жаңғызым?—деп сұрады.
Баласы сонда сөйледі:
—Әй, ата, мен өзіңе тартқан батырмын,—деп,
Жауға бармағасын әруақ қысып жатырмын,—деп.
Сонда кемпір-шал сөйледі:
—Қарағым, алмай жүрген дауың бар ма,
Өзіңнің көңіліңде баратұғын жауың бар ма?
Баласы сонда сөйледі:
—Қайда кетті Қази ер,
Артынан соның бармасам,
Жауын бірге алмасам.
Бөрібайдың баласы,
Асылы жаман болды деп,
Қатарынан қалды деп,
Маған ел айтар,
Қатар-құрбы сол айтар.
Артынан соның барайын,
Қалмақпен соғыс салайын.
Он бесіме келгенде
Қайратымды сынайын.
Сонда Бөрібай сөйледі:
—Қарағай екен, тал екен,
Түйенің көркі нар екен.
Азамат болып ат мініп,
Біздікінен енді Құдай-ай,
Азамат шығатын күн бар екен.
Жүремін десең, жаңғызым,
Ат та тауып беремін,
Қару да тауып беремін.
Дүниеде мен қубас
«Кім атымды шығарат» деп
Арманда болып жүр едім.
Алты құлаш ақ бедеу,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Төрт аяғы қара алтын,
Кесер басы сары алтын
Ақ биеге мінеді.
Үзеңгісі үзбе алтын,
Құйысқаны құйма алтын,
Сағалдырығы сары алтын,
Қамшысының сабы алтын,
Шығыршығы шын алтын,
Жүгенінің бәрі алтын
Бес қаруды белге ілді.
Ақ болаттан тон киді,
Жауатын бұлттай түнерді.
Енесін іздеген құлындай,
Асығып бала жөнелді.
Тұла бойы қозғалып,
Екі иығы бүлкілдеп,
Тап осындай бар еді
Қобыландының мінезі.
Бала жауға жөнелді,
Келе жатып жылайды:
—Арманда болған анамды,
Армансыз болып мен көрсем.
Емшекке қатқан уыз сүт,
Ылжыратып мен емсем.
Атаңәлет қалмаққа
Қиқу салып мен тисем.
Өзімдей қылып балаларын жылатсам,
Қолакөкіректің қызыл қанын шұбатсам,
Аулымдай қылып аулын шауып алсам,
Апамдай қылып ат көтіне қызын салсам,
Қалмақтың дымын қоймай шауып алсам,
Балаларын жолға тастасам,
Болмас еді арман-ай!
Сонда болар едім
Көкеме анық тартып туған-ай.
Аша көр менің жолымды,
Бере көр, Алла, оңымды,
Сиынған пірім көкемнің пірі,—деп,
Шабуыл салып келеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Қобыландының төрт бүркіті
Төбесінде ойнайды.
Қобыландының жай бұлты
Төбесінде жайнайды.
Қобыландының әруағы
Жаскелеңге орнайды.
Алпыс күн қонды араға,
О да едәуір жер ғой
Жол жүрмеген балаға.
Алпыс күндей жол жүрді,
Күні-түні бұл жүрді.
Дәл алпыс күн болғанда,
Таң сімері жауғанда
Ер Қазиға келеді.
Он екі қабат ор екен,
Тоқсан қабат тор екен.
Айнала салған тас қорған,
Қобыландыны жоқтап біреу келер деп,
Қорған салып жүр екен.
Сол қорғаннан Қази батыр
Өте алмай жүр екен.
Жаскелең бала келеді,
Қазиға сәлем береді.
Сонда Қази сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ағаликумассалам,
Аманбысың, жан балам.
Қабағыңа болайын,
Қасарма туған ерсің-ау.
Тұрпатыңа қарасам,
Қобыландыдай көрінген,
Көрінсе көңіл сүйінген,
Сенің өзің кімсің-ай?
Сонда бала сөйледі:
—Мен мен едім, мен едім,
Мен болғанда кім едім.
Бөрібай шалдың баласы,
Жаскелең інің мен едім.
Сендей асыл ағадан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сауға аламын деп едім.
Сонда Қази сөйледі:
—Жақсы айтасың, шырағым,
Баланы сендей сүйемін,
Сауғаны саған беремін.
Келмеген бұрын жерім ед,
Көрмеген де елім ед.
Сасып тұр енді бұл атаң,
Жасым да толып келіп ед.
Осыдан тұрмын өте алмай,
Өтуге тәуекел ете алмай.
Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Он екі қабат орлары
Жер ошақтай жырым ғой.
Тоқсан қабат торлары
Тек салып қойған ырым ғой.
Ер тоқтай ма бұған-ай,
Дәл елудің ішінде
Қартайып пе едің, ағам-ай.
Қолыңдағы туыңды,
Шаппасаң, берші маған-ай.
Сол мезгілде ер Қази
Астындағы көк атқа
Салып-ақ кетті санына,
Жаман батты жанына.
Он екі қабат орынан,
Тоқсан қабат торынан
Қази өтті ақырып,
«Мұса!» деп ұран шақырып,
Жаскелең батыр бұл өтті.
Қазидың жалғыз баласы,
Айқайды көріп шыдамай,
Әкесінен қала алмай,
Айқай салып бұл өтті,
Қорықпай үш ер өтті.
Өңгесі қалды өте алмай,
Өтуге тәуекел ете алмай.
Қолакөкіректің шешесі
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Сол күні көрген түсі бар,
Түсінде жаман ісі бар.
Баласына сөйледі:
—Айналайын, қарағым,
Ел шетіне ер келді,
Жеті әулие пір келді.
Жұртта қалған ақ құлын
Айғыр болып келіп жүр.
Сені тістеп теуіп жүр,
Қызыл қаның төгіп жүр.
Қоңырауыңды қаға көр,
Әскеріңе хабар сала көр.
Сонда Қолакөкірек ақырды,
Уәзірлерін қоймай шақырды:
—Мына кемпірді дар ағаш
Алып барып іліңдер,
Қызыл қанын төгіңдер.
Өзінің түсі өзіне көрінсін,
Өзінің қаны төгілсін,
Қабырғасы сөгілсін.
Кемпірді уәзірлер
Сүйреп жөнелді.
Кемпір келе жатып жылайды:
—Ақ сүтімнің ағы ұрғыр,
Құдай ұрғыр, Тәңір ұрғыр.
Төксең де менің қанымды,
Қобыландының баласы
Еліңді шауып алады.
Сол күні Аққолаң түсті көреді,
Құртқаға сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:
—Айналайын, жеңеше-ай,
Мен айтайын саған-ай.
Тілекті Құдай беріп жүр,
Көзімнің жасын көріп жүр.
Неден себеп болды екен,
Жұртта қалған ақ құлын,
Жеңеше-ау, сені еміп жүр.
Менің ернім тиіп жүр,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бойым балқып иіп жүр.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Есіктің алды ақ балшық,
Аң жібермейді ақ қаншық.
Жоқты бір ойға салдырма,
Ішімді өртеп жандырма,
Жартаста қалған қарғамды,
Ойыма менің салдырма,
Өзегімді өртеп жандырма.
Суалып қалған бұлағым,
Ашылып көзі ағар ма?!
Сөніп қалған шырағым
Дүниеде жанар ма?!
Жартаста қалған қарғамды
Ит пенен құстар жеді ғой.
Кешегі өткен көкесі
Арманда кетті көре алмай.
Жартаста қалған қарағым,
Бұл дүниеде жолықпайды,
Ылағым,—деп еңіреп-еңіреп жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Айтқан ауыз жұмғанша
Аллалаған бір дауыс
Құлағын Құртқаның жарады.
Асыл бір туған Аққұртқа
Телміріп терезеден қарады.
Қобыландыдай бұғақты,
Жаурыны жалпақ сұңғақты
Жаңа өспірім жас бала
Терезенің алдынан
Өте шықты ақырып,
Аллалап ұран шақырып,
Жүрген жерін жапырып.
Қолакөкіректің алтын үй
Кідірмей соған кіреді.
Атын тасқа байлады,
Маңдайы жаудан таймады.
Далаға атын байлады,
Алмасын тасқа қайрады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Үйге кіріп келеді,
Алтын тақтың үстінде отырған
Қолакөкіректі көреді.
Ұшып тұра келіп Қолакөкірек,
Балаға орын береді.
Орнын берсе алмады,
Қалмаққа көзін салмады.
Құдайым бұл балаға берген күшті,
Қалмаққа көрсетеді түрлі істі.
Ақырып ақ алмаспен бір ұрғанда,
Қолакөкірек екеу болып жерге түсті.
Қолакөкіректің басын кесіп алады,
Қызыл қанын ішкенде,
Шырадай көзі жайнады,
Сусыны сонда қанады.
Қаланы шапты қан татып,
Өзіндей қылып зарлатып.
Қаланың ішін қан қылды,
Қобыландының әруағы
Сол балаға қонады.
Осы бала оқ атты,
Оқ атқанда мол атты.
Қарсы келген дұшпанды
Қағып тастап құлатты.
Жаскелең жүрген жағынан
Тіл қатпады жан шықты.
Қасымның жүрген жағынан
Ойбайлаған шу шықты.
Жаскелең айқай салады,
«Аққұртқа!» деген бір дауыс
Құлағына барады.
Сонда Құртқа сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Айналайын, Ақбикеш,
«Анам» деген бір дауыс
Құлағымды жарады.
Бойым балқып иеді,
Қатып қалған уыз сүт
Иіді бүгін деп еді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
«Анам» деп енді арнап,
Маған кім-ау келеді?
Сонда Қолаң сөйледі:
—Сөзіме менің айтқан сенбеймісің,
Көкемнің жайнаған жай бұлтын көрмеймісің.
Тілекті Құдай берді ғой,
Сәуелім шайтан болмаса,
Жұртта қалған ақ қозы,
Қошқар болып келіп жүр.
Жеңешем сені еміп жүр,
Бойың балқып иіп жүр.
Мен құсаған бейбақтың
Төбесі көкке тиіп жүр.
Қалмақты келіп сүзіп жүр,
Қалмақтың қанын төгіп жүр,
Қабырғасын сөгіп жүр.
Қабырғасын қаусатып,
Қара қанын төгіп жүр.
Сонда Құртқа жылады,
Көзінің жасын бұлады,
Есі ауып құлады.
—Көргенімше сенбеймін,
Қорқып қалдым, еңіреймін.
Ондай атты күн болса,
Өтірік емей, шын болса,
Шыбын жанды құрбанға
Айтар едім мен,—дейді.
Айтқан уыз жұмғанша,
Құртқа жатқан түрменің
Есігін бұзды бір адам.
Көзін салып қараса,
Тап Қобыландай сол адам.
Баланың жүзін көргенде,
Аққұртқа мен Қолаң
Есін танып құлаған.
Жаскелең келіп сөйледі:
—Әпекем менен анам-ай,
Танисың ба екеуің,
Жартаста қалған балаң-ай.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Мен Бөрінің баласы,
Иттер аузын салама-ай.
Жәрдемменен бақты ғой
Қырық ерен бабам-ай.
Басыңды көтер, әпеке,
Торығып босқа жыламай.
Жылайсың неге, жан апа,
Еміздік жоқ, емшек жоқ,
Құндағы жоқ, бесік жоқ,
Келгеннен соң қасыңа
Жұртта қалған балаң-ау,
Емшекке қатқан уыз сүт
Нәсібім ғой ембеген,
Берші, апа, маған-ау.
Аққұртқаның сол кезде
Бойы балқып иеді.
Емшегінде қатқан сүт
Төгілді жерге деп еді.
Жаскелеңдей жас бала
Анасының емшегін
Аймалап келіп емеді.
Ботасы емген інгендей
Аққұртқа сұлу иеді,
Сонда Қази біледі.
Қалмақты шауып алады,
Мақсаттары болады,
Көңілдері толады.
Ақмаңдай мен Қыдырбайды
Жаскелеңдей жас бала
Аққұртқадан сұрады.
Аққұртқа өлгенін кемпір-шалдың көрген екен,
Басына белгі қылып жүрген екен.
Сүйегін тауып алады,
«Әкемді тапқан анам» деп,
Жаскелеңдей жас бөрі
Жауырынына таңады,
Еліне алып барады,
Қалмақты қоймай шабады.
Айдарлысын құл қылды,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тұлымдысын тұл қылды.
Баласын қылды жетім-ай,
Қатынын қылды жесір-ай.
Туырлығын тоқым қылды,
Керегесін отын қылды.
Әкесінің кегін алды,
Көп олжаны тегін алды.
Қалмақтан айдап мал алды,
Арғымақ ат пен нар алды.
Күң қылам деп қыз алды,
Құл қылам деп ұл алды.
Шулатты-ау қатын-баласын,
Тастады-ау есіз қаласын.
Улатып та шулатып,
Еліне қайтып жөнелді.
Бір-екі күн шыққансын
Асыл туған Жаскелең
Қази ерге сөйледі:
—Әкем менің сен, —деді,
Ағам да менің сен, —деді.
Сен әкемнің жолдасы,
Бір жыл туған құрдасы.
Айқайладың кім үшін,
Далада қалған біз үшін,
Жауға түскен қыз үшін,
Мұсылманның ары үшін,
Шулаған қатын-бала үшін.
Жаңғызынан айрылып,
Зарлаған кемпір-шал үшін.
Құрдасыңның қаны үшін,
Мендей жетім бала үшін.
Ауылға біздің барыңыз,
Тумаған менен тұтынған
Еңбегі маған сіңгендей,
Шын тілекпен жүргендей
Кемпір-шалға барыңыз.
Құлағына салыңдар,
Кемпір-шалды қуантып,
Сүйіншісін алыңдар.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
Қази сонда сөйледі:
—Қасым деген сен, —деді,
Сенің әкең мен, —деді,
Қарға жүнді көк тарлан атқа мін, —деді.
Кемпір-шалға бар, —деді,
Құлағына сал, —деді.
Кемпір-шалды қуантып,
Ақ батасын ал, —деді.
Қасым атқа мінеді,
Мініп алып жөнелді.
Тап сол келетін күні Жансұлу түсті көреді,
Шешесіне сөйлей қоя береді,
Сөйлегенде не деді:
—Айналайын, анам-ау,
Мен айтайын саған-ау.
Менің көрген түсімде,
Түсімде көрген ісімде,
Жауға кеткен балаң келіп жүр.
Бір жағынан ай туып,
Бір жағынан күн туып,
Аман-сау балаң келіп жүр,
Төбесі көкке тиіп жүр.
Сонда кемпір сөйледі:
—Менің көрген түсімде,
Түсімде көрген ісімде,
Қарағым аман келіп жүр,
Мамасын келіп еміп жүр.
Ордасына кіріп жүр,
Көк атқа мінген бір адам,
Сүйінші сұрай келіп жүр.
Оң жағымда жон шырақ,
Сол жағымда сұр шырақ,
Көзі ашылып қайнады,
Екпіндеп суы төгіліп.
Су аяғы көгерді,
Қарағай-талдар көрініп.
Айтқан ауыз жұмғанша,
Қасым салып келеді,
«Сүйінші берші» деп еді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мақсаты болып баланың
Аман-есен келеді.
Осы сапар балаң асты деп,
Әруағы тасты деп.
Қалмақтан олжа көп алды,
Құл қыламын деп ұл алды,
Күң қыламын деп қыз алды,
Арғымақ ат пен нар алды.
Көкемнің серігіне жарады,
Көкемнің көңіліне ұнады.
Балаңның өзі ер екен,
Әруағы көп екен.
Ол баланың ерлігі
Көкемменен тең екен.
Бөрібай сонда сөйледі:
—Дегеніңе көнейін,
Өл десең де өлейін.
Сүйіншіге, қарағым,
Қалауыңды берейін.
Құл бол десең, бастығы
Өзім болып ерейін,
Малдан бөлек берейін.
Ақ батасын береді,
Дүние-мүлкім аяусыз,
Қарағым, саған берейін.
Жаскелең де келеді,
Аққұртқа мен қыз Қолаң
Қосылды елге деп еді.
Бөрібайдай байыңыз
Ұлы шығын той қылды.
Той малына сойғаны
Ту бие менен қой болды.
Жаскелеңнің ойлаған сөзі:
«Мен Бөрібайға шын бала болайын, Тілегі шын еді, көңлінде
алалық жоқ, Тілегімді шын тілейтін еді. Осыған шешем
Құртқаны берейін, Құртқаның ойын білейін. Шешемді беріп,
шын бала болып Жүрейін деп ой ойлады. Құртқаның көңілін
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫРЫ
біледі, Құртқада ақыл аса көп еді. «Қарағымды баққан шалға
Тисем тиейін»,—деп еді.
«Асқан дәулет—көп дүние, қарғам тірі болса, өзінен бөтен
ешкім жоқ қой,»—деп Бөрібайға тиіпті.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Ертегі еткен ерлердің
Тарихын айтып тамамда.
Бұл секілді ерлердің
Қалмасын сөзі табанда.
Он сан ноғай елінде,
Мекен еткен жерінде
Қыдырбай деген бар еді,
Халықтан асқан бай еді,
Төрт түлікке сай еді,
Жасы жеткен шал еді.
Дүниедегі арманы,
Бір перзентке зар еді.
Бір қара нары бар еді,
Қара нарға саба артып,
Қалы кілем жаба артып,
Жиын болса қалмады.
Бір күндері болғанда
Барайын деп Қыдырбай,
Соған ниет қылғанда
Қыдырбай шалдың алғаны,
Хақ некелі болғаны:
«Бармай-ақ қой жиынға,
Айналар ісің қиынға» деп,
«Барма» деп айтып тұрғаны.
Бұл айтқан тілін алмады,
Сөзіне құлақ салмады,
Бара алмай, сірә, тұрмады.
Қобыланды батыр
(Ережеп Тілеумағамбетұлы нұсқасы)
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Әлгі айтқан жиынға,
Келе жатыр еді Қыдырбай.
Кетіпті қара нарменен,
Жиынға сояр малменен.
Сол жиынға келгенде
Бір жаңа талап жас жігіт
Жетіп келді зорменен,
Түрлі ахуал назбенен.
Сонда тұрып сөйледі,
Қолында тұрып сазбенен.
Сонда бала не деді,
Сөйлегенде бүй деді:
—Дүние деген үй,—деді,
Үйдің көркін сұрасаң,
Хан менен патша би,—деді.
Құлақ салып тыңдасаң,
Бұл жүрісті қой,—деді.
Бұл жүрісіңді қоймасаң,
Бір-екі ауыз сөзбенен
Көрсетейін сый,—деді.
Қыдырбай шал, сен бе едің,
Дүниеге, малға кем бе едің?
Дүниеге, малға кем болсаң,
Ақылсыз жүрген неме едің.
Қаңғырып жүрген қу бассың,
Бас қамыңды жемедің.
Айтпасам да болмадың,
Еш уайым жемедің.
Нарға саба саласың,
Жұрт жиылған жиынға
Қай бетіңмен барасың?!
Өртеніп ішің жанбай ма
Жұрттың көргенде
Атқа шапқан баласын.
Сол ақылды білмейсің,
Ойласаң жүзі қарасың.
Жұрт көретін сының жоқ,
Ардақтаған ұлың жоқ,
Өлтірсе біреу, құның жоқ.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қызсыздарға қымыз жоқ,
Ұлсыздарға орын жоқ.
Бүйтіп жиын келгенше,
Енді саған өлім еп.
Мәз көріп жүрген бейбақсың
Жиыннан жеген асыңды.
Отырсайшы үйіңде,
Құдай кескен жасыңды.
Ақылды болсаң білерсің,
Менің айтқан сөзіммен
Көкірегің таудай басылды.
Бір күні көзің жұмылса,
Сауын айтып, жұрт жинап,
Кім берер ысхат Құранды,
Айдаған малың жылан-ды.
Қолыңда қалар перзент жоқ,
Басыңнан кетер бейнет жоқ,
Қаңғып жүрген қу бассың.
Қыдырбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Баламның жоғын білемін,
Алладан тілек тіледім,
Болмады қабыл тілегім.
Жиынға барып кеулімді
Көтеру үшін жүр едім.
Бұл жауапты есітіп,
Енді қалай күлемін,
Қайтып дәурен сүремін?
Енді қысқарт тіліңді,
Тыңдамаймын айтқан жырыңды.
Алдымдағы жас бала,
Ақыл-ойға мас бала,
Көп ішінде сөз айтып,
Мені қылдың масқара.
Алдымнан шығып келесің,
Келе маған күлесің.
Осы келер басыңа,
Не боларың білесің.
Мен кетермін, кетермін,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мұнда тұрып нетермін,
Көрсеткенін Құдайдың
Маңдайымнан күтермін.
Мал менен перзент, қатыным,
Сені талақ етермін.
Бұ сөзді айтып Қыдырбай,
Бір талапты бастады,
Қара нарын тастады.
Диуана болып Қыдырбай,
Қолына таяқ ұстады.
Ендігі еткен мақсаты—
Талай жерден өтеді,
Елден безіп кетеді.
Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Талай жерден өтеді.
Құптан мезгіл болғанда,
Сол мезгілдер толғанда
Бір көп мешітке келіп жетеді,
Көзі ұйқыға кетеді.
Әулиелер жиылып,
Түсінде аян етеді,
Түсіне кеулі бітеді.
Түсіне кеулі толады,
Бір лашын, бір бүркіт
Қолына келіп қонады,
Тұрып ала жылады:
—Айналайын Құдайым,
Құдіретіңе жылайын,
Кетер ме бастан уайым?!
Бұл нағылған екі құс,
Алғаныма барайын.
Отырған шығар жыланып,
Көзі жасқа буланып.
Тұра бола киінді,
Екі етегін түрінді.
Жүгірмей енді нағылсын,
Болып жүрген күйінді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Үйге қашан жеткенше,
Тоқсан екі жығылды.
Шыныменен жүгіріп,
Тоқтамай жолда кідіріп,
Елінен бесінде қара көреді,
Үйінде екен кемпірі,
Үшейшінің бірі еді.
«Шалым қашан келер» деп,
Қарауыл қарап жүр еді,
Қыдырбай шалын көреді.
Көреді де бейшара,
Көзінің жасын төгеді.
Сонда кемпір еңірейді,
Еңірегенде не дейді:
—Судың құндыз-қамасы,
Жыртылды ма, Құдай-а,
Кіреуке тонның жағасы.
Жүгіресің, жаймысың,
Көңілімде бармысың?
Ойлап келіп еңіредің,
Бір басыңның қайғысын.
Жүрегің ұшып кетті ме,
Түнде ұйықтап жатқанда,
Маған неге қарайсың,
Ыржиясың, байғұсым?
Шалым қалса болады,
Ойбай, құрсын, дүниясы.
Басқа келген бәледен,
Бастан құлақ садаға.
Шалым қалса болады,
Налынбайын балаға.
Қыдырбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Бүгін мен бір түс көрдім,
Түсімде қандай іс көрдім!
Бірі лашын, бір бүркіт,
Қолыма қонған құс көрдім.
Көлденең жатқан су Жайық,
Суға жүзген қу қайық,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қамалап келіп қасыма,
Батасын берді қол жайып.
Айтпаймын сөздің қатасын,
Түзей ме деп ойлаймын
Қыдырбай шалдың сапасын.
Көрдім тағы түсімде
Биік ағаш шақасын.
Тауып алдым сол жерден
Оңқай майлы қошқардың
Қорғасын құйған сақасын.
Бірі лашын, бір бүркіт
Қолымда тұрып талпынды,
Талпынып тұрып жемседі.
Жер жүзіне көз салып,
Қанатты қағып шарқ ұрды.
Судағы жүзген суын мен,
Киік пенен құландар,
Қасқыр, түлкі, жыландар,
Бәрі келіп жиылды.
Бес жыланды бір жеді,
Алты бөріні жайратып,
Аспанға қарап шарлады.
Кетіп едім сандалып,
Әуре болып тіл алмай.
Өзің ойлап білмесең,
Әуре болдым, кемпірім,
Тірідей жерге кіре алмай.
Сонда кемпір сөйледі:
—Айналайын үй кісім,
Оңға айланған екен бұл түсің.
Үңіліп едім жолыма,
Бірі лашын бір бүркіт,
Екеуі қонса қолыңа,
Түсің жақсы ұқсайды,
Бір нәрсе тап болмаса сорыңа.
Бірі лашын, бір бүркіт,
Екеуі қонса қолыңа,
Екі перзент көрерсің,
Көріп дәурен сүрерсің.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Балаң атқа мінгенсін,
Беліңе қару ілгенсін,
Дұшпанға табан тірерсің.
Өртеніп күйіп жанарсың,
Қолыңда бүркіт не болар,
Абайлаймысың шамасын?!
Қолыңда бүркіт желіксе,
Қанатын қағып желіксе,
Суда жүрген суынменен,
Тоғайда жүрген бұландар,
Қасқыр менен жыландар,
Бәрі келсе қасыңа—
Ол балаңның соңында,
Жүрген жаман адамдар,
Бәрін де жеңіп тамамдар.
Алты бөріні бір жесе,
Алты шері қалмақтың,
Қаласын шауып келтірер.
Бес жыланды бір жесе,
Бес ханменен қас болып,
Бәрін қоймай өлтірер.
Ауызды қойдым тобаға,
Қолымды қойдым жағама.
Бақташы болсын малына,
Қорықшы болсын қораға.
Батыр берме жасаған,
Алланың етер ісіне
Асығып сөйлеп бола ма!
Осыны айтып кемпірі,
Бір-біріменен сыйласты,
Ақылменен ойласты.
Екеуінің қылығын
Айтпай кетсек болмас-ты.
Тұз-тағам татысты,
Кемпір мен шал жатысты,
Қам-қызыққа батысты.
Екеуі бірге жатады,
Таң сарғайып атады...
Бір уақыттар болғанда,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Күн мезгілге толғанда,
Қысылып кемпір зарлады,
Көзінің жасы барлады.
Жолбарыс етін жегізді,
Бұған да жерігі қанбады.
Айдаһар етін жегізді,
Бұған да жерігі қанбады.
Пілдің сүтін ішкізді,
Бұған жерігі қанбады.
Күні-түні зарлады,
Аққудың етін жегізді,
Бұған жерігі қанбады.
Харам менен халалдың,
Бәрін де бұған жегізді,
Бұған жерігі қанбады,
Көрмеген адам нанбады.
Дәл отыз күнге жетеді,
Уайым-қайғы етеді.
Адамзаттан таймады,
Өлімге басын байлады.
Қара тасты нәр етіп,
Қашыр-қашыр шайнады.
Тасқа жерігі қанады,
Тоғыз ай күні толады.
Тоғыз ай, он күн толған соң,
Бұл дүниенің жүзіне
Екі бала келеді,
Тілегін Құдай береді,
Көзінің жасын көреді.
Екі перзент көрген соң,
Тілегін Құдай берген соң,
Қыдырбай елін жинады,
Жиып алып сыйлады.
Жақсылық түсті ойына,
Келейік мұның тойына.
Тоқсан ошақ қаздырып,
Түйе сойды бақыртып,
Айғыр сойды ақыртып,
Халқын алды шақыртып.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өгізді сойды өкіртіп,
Қойды сойды семіртіп.
Кіндік кесер жолына,
Қыдырбайдың тойына
Тауарларды шығарды
Тайыменен арбалап.
Ақшаларды шығарды
Қолыменен дорбалап.
Осындай тойың мол болсын,
Оралған ісің оң болсын,
Әлгі айтқан олжаны,
Қалайша бөліп алады,
Жиналып келген кемпірлерге жол болсын!
Өңкей кемпір жиналып,
Қыдырбайдан сыйланып,
Олжасын бөліп ала алмай,
Ортаға тегіс сала алмай,
Кемпірлер салды төбелес,
Басылмады ерегес.
Кемпірлерді бүлдірген
Шайтан залым ел емес.
Енді болды келемеж,
Шыныменен салды төбелес,
Басылмады ерегес.
Таяқты жеген кемпірлер
Шыныменен болды келемеж.
Тырналасып шындасты-ай,
Қарсы-қару қалыспай.
Бір кемпірлер алып жүр
Өрмек, басқұр тоқитын
Адырға менен қылышты-ай.
Аузын ашып кемпірлер
Таба алмады тынысты-ай.
Маңдайдан аққан қара қан
Төмен қарай ығысты-ай.
Құдай атқан көп кемпір
Бітірмеді жұмысты-ай,
Шығарып жатыр ұрысты-ай.
Біріне-бірі жол қоймай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Арық қойдай тырысты-ай.
Ақылы жоқ кемпірлер
Түземеді тұрмысты-ай.
Ұрысқақ кемпір ішінде
Болып жатыр қылмысты-ай.
Болып жатыр жағалас,
Өтірік емес, бәрі рас,
Болып жатыр сабалас.
Көп алып кеткен кемпір жоқ,
Олжалары шамалас.
Олжаны бөліп алуға
Шықпады кемпір ағалас.
Бір кемпірлер отырды
«Менің сынды белім» деп,
Екінші «мына жерім» деп.
Бір кемпірлер отырды
«Менің сынды қолым» деп.
Маңдайына төпелеп,
«Менің болды сорым» деп.
Кемпірлер қайрат салып жүр,
Олжаны бөлген алып жүр,
Ашылды менің жолым деп.
Бір кемпірлер қарап жүр,
Көзінің жасын бұлап жүр,
Кемпірлерден сұрап жүр.
Мойнымнан түсіп қалды деп,
Қайсы кемпір алды деп,
Жамылған жаман тоным деп,
Кемпірлер жатыр шоңқақтап,
Семіз қойдай тоңқаңдап.
Кемпірлерін алуға,
Шалдары келді қоңқаңдап.
Қолына қамшы алады,
Алып келіп сабады.
Қасқыр жеген қойдай ғып,
Ойылған апан-айдай ғып
Үйіне алып барады.
Олжасыз кемпір қалған жоқ,
Бұл сөзімде жалған жоқ.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Он сан ноғай еліңде,
Қаншама тойды етсе де,
Құлақ салған жігіттер,
Бұндай ас пен ұлы той
Бұл тойдан тіпті озған жоқ,
Мұндай тамаша қызық болған жоқ.
Алтын қабақ аттырды,
Ат жүйрігін шаптырды.
Мырзаға жорға мінгізді,
Жарлыға сарпай жаптырды.
Бұл салтанат болсын деп,
Жігітке қызды сүйдірді.
Құсбегілерді жинатып,
Қаршыға, бүркіт салдырды.
Саумал қымыз жақпас деп,
Хан-төреге балды алдырды.
Тойын жұрттан оздырды,
Қайғының туын бұздырды.
Түрлі ойын шығарып,
Мерекесін қыздырды.
Жырау-шайыр алдырып,
Ортаға кілем салдырып,
Жиналып келген халықтың
Құлақ құрышын қандырды.
Көре алмаған дұшпанның
Ішін оттай жандырды.
Ортаға балуан тұрғызды,
Елдегі бұзық тентекті
Келмей қалған тойына,
Қырық қамшы ұрғызды.
Қырық күн ұдай той болып,
Болмағанды болғызды.
Қыдырбайдың тойына
Жұрттың кеулі бітеді,
Тарқауға талап етеді.
Жиналып келген халайық,
Бұл сөзге құлақ салайық.
Жаңағы туған екі балаға
Ат қоюға ылайық
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Халқы талап етеді,
Ортаға асыл зат қойды,
Аузы иманды молдалар,
Аузы ұранды қожалар,
Ақсүйекті төрелер,
Бұлардың жолы бір бөлек,
Бұдан артық не керек.
Балаға енді ат қойды,
Атына қосып хат қойды.
«Қара қыпшақ Қобылан болсын,—деп,
Жасына бала толсын,—деп,
Халқына басшы болсын,—деп.
Атасының әруағы,
Басына таудай қонсын,—деп,
Дұшпандарын алсын,—деп,
Аяғына салсын,—деп.
Қобыланның атағы
Жердің жүзін жарсын,—деп,
Осы атағы болады,
Басқа атақ қалсын»,—деп.
Қобылан атын қояды,
Есіткен құлақ тояды,
Көп қайғыны жояды.
Ендігі қалған нашарға,
Ізінен қадам басарға,
Екеуі де сау болса,
Көп пайдаға асарға,
Сұлу болып туған соң,
Сұлулығы нашардың
Һәмме жұрттан озған соң,
Хансұлу деп атақ береді.
Күндерден күндер өтеді,
Айлардан айлар өтеді.
Жылдардан жылдар өтеді,
Жыл дәуірге жетеді.
Жыл айналып тағы да,
Қобылан атты жас бала
Бес жасынан өтеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жыл айланып тағы да,
Тоғызға жасы жетеді.
Тоғыз жасқа келгенде
Бес қаруын белге ұрып,
Жауды талап етеді.
Жауды қашан көргенше,
Қарсы қарап жүргенше,
Қыдырбайдың жылқысын
Бағып ермек етеді.
Сол мезгілдер болғанда,
Күн мезгілге толғанда,
Жылқы бағып жүргенде,
Қобыландыдай батырдың
Құлағына алыстан
Бір шуыл жетеді.
Қобылан мұны аңлады,
Құлағын салып тыңлады.
Аңғарда жатқан қасқырдай,
Қобыландай батырдың
Құлақтары шулады.
«Бір талапты етейін,
Сол шуылға жетейін,
Жетуге талап етейін.
Мұсылман менен кәпірдің
Екі атысқан жері болса,
Сонан өліп кетейін,»—деп,
Беліне қару іледі,
Сауыттарын киеді.
Қобылан батыр ер еді,
Қабағын тастай түйеді,
Жау көрсем деп тіледі.
Көп жылқыға кіреді,
Қолына тұлпар түспеді.
Алдынан шықты ала тай,
Ала тайды ұстап алады,
Басына жүген салады.
Екі айылды бек тартып,
Үстіне ерді салады.
Құйысқанын қысқартып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Басын көкке қаратып,
Бәйгі атындай жаратып,
Шығыршықты көк найза,
Ер қаруы—бес қару,
Қалдырмай белге іледі.
Бас ауырту не керек,
Жаңағы айтқан шуылға,
Алыстан шыққан дуылға,
Соған қарап жөнеді.
«Сол шуылға барамын,
Қайдан да болса табамын.
Дұшпан болса аламын,
Табаныма саламын.
Қобылан атты баламын,
Бармай нағып қаламын?!
Шын қаһарым келгенде,
Оттай гулеп жанамын».
Былайша деп Қобыланды ер,
Ала тайға мінеді,
Алты құлаш адырна,
Жүгенді белге іледі.
Қобыланды батыр жөнелді,
Рауан жолға келеді.
Келе жатып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
«Еділдің бойы ен шаған,
Жолдас қайың талменен,
Құлдар жолдас малменен,
Патша жолдас шерменен,
Хандар жолдас ханменен,
Шалдар жолдас шалменен,
Шекер жолдас балменен,
Молда жолдас азанменен,
Қатын жолдас қазанменен,
Сулар жолдас сазанменен,
Жүйрік жолдас тозаңменен.
Толықсыған көкірек
Басыларсың сен тағы,
Тамағынан аққан кәпірдің
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қара қошқыл қан менен!
Қыдырбайдың жылқысы
Маған десе жойылсын,
Мен малға айланар құл емен.
Мұны айтып Қобыланды,
Ала тайға мінеді.
Алты құлаш адырын
Орай белге іледі.
Жөнелді, Қобылан жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Алдынан соққан аңғарды
Жерошақ құрлы көрмеді.
Оңды-солды сермеді,
Қыза-қыза тұлпардың
Табаны жерге тимеді.
Құлақтың түбі терледі,
Терлеген сайын өрледі.
Еті қызып алған соң,
Рауан жолға салған соң,
Қобыландай батырға
Басына билік бермеді.
Бұлдыр-бұлдыр таулардан
Бұлдыра басып жөнелді,
Терең-терең сайлардан
Қарғып асып жөнелді.
Құлди-құлди жерлерден
Құлдырай басып жөнелді.
Төбе-төбе таулардан
Төтелеп асып жөнелді.
Қалың орман түлейден
Төтелеп асып жөнелді.
Ебелекті елсізден
Еңкеймей асып жөнелді.
Сусыз-сусыз шөлдерден
Шөлдемей асып жөнелді.
Тақыр-тақыр жерлерден
Тақылдатып жөнелді.
Асқар-асқар таулардан
Асып-асып жөнелді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жан жүрмеген жапаннан
Жалғыз өзі жөнелді.
Айдын шалқар көлдерден,
Асу-асу белдерден
Асықпай асып жөнелді.
Келе берсін Қобыланды ер,
Көп шуылға келейік,
Ұзата бермей бұл сөзді
Ортасынан бөлейік.
Шуылдан хабар берейік,
Сонда болар төрелік.
Қалған жері бар болса,
Жанымыздан төлейік.
Жаңағы айтқан көп шуыл,
Ноғайлықтың шәрі екен,
Сауапхан деген хан екен,
Жаңғыз қызы бар екен.
Қызының аты—Аққұртқа,
Өзі сұлу жан екен,
Ақылға артық дана екен.
Аққұртқаның сыртынан
Ашық жігіт көп екен.
Мен алам деп таласып,
Жүрген жандар бар екен.
Сауапхандай ханыңыз
Дауласпай қызымды алсын деп,
Армансыз болып қалсын деп,
Қарамасын батырдың
Елі-жұртын жиғызып,
Парпардың тасын тұрғызып,
Сындырған енді жігітке
Беремін деп қызымды.
Жаңағы айтқан көп дауыс,
Ол мылтықтың дауысы екен.
Сауапхан жақсы кісі екен,
Қобылан келе жатқанда,
Көрген мынау түсі екен.
Көрген түсін баяндап,
Жиылып келген халыққа
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сондағы айтқан сөзі екен:
—Шақыртуменен келдің бе,
Бұқара жұртым, бәріңіз.
Шақыртты деп қорықпа,
Сіздерге келмес кәріміз.
Айтатұғын сөзім бар,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Күн шығардан келді де,
Бір айдаһар ысқырды,
Құйрығыменен жер соғып,
Бүліне жаздады қамал шәріміз.
Түсім шайтан болмаса,
Бір аса жерден ер келер,
Анық туған шер келер,
Атқан оғы жерге енер.
Жұрт асылы келді деп,
Қолымдағы Аққұртқа
Соған қарай желденер.
Қыз алмағың қиынды-ай,
Бекер халқым жиылды-ай.
Патшаға құлақ салады,
Қыз тимейді деген соң,
Жұрттың көңлі қалады.
Батыр қашан келер деп,
Қаладан түспей қарады-ай.
Көрінді батыр қарасы,
Қатын менен баласы-ай,
Жалған деме бұл сөзді,
Шежіренің саласы-ай.
Жиылған көпке қарамай,
Парпардың қара тасына
Қобыланды кетіп барады-ай.
Ноғайлықтың жігіті
Ортасына алады-ай.
Қобыландай батырдың
Ашуы қаптап барады-ай.
Екі жігіт ноғайдан
Дізгінінен алады-ай.
Қобыландай батырың
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қолына сарыжай алады-ай.
Атқан оқтың демінен
Екі тұлпар, ала тай
Табанда жата қалады-ай,
Парпардың тасын ұрады-ай.
Парпардың тасын сындырып,
Патшаның кеулін тындырып,
Қобыландыдай батырдың
Басына бақыт қонады-ай!
Отыз күндей ойын қып,
Қырық күндей тойын қып,
Құртқадайын сұлуды
Қобылан батыр алады-ай.
Жұрт қызыққа кенелтті,
Сауапхан қызын жөнелтті,
Қатарлаған нарменен,
Алтын-күміс зерменен,
Доғалақтап [нарға] артқан
Алтын-күміс пұлменен,
Қырық отау үйменен,
Есікке салған күңменен,
Күң жолдасы құлменен.
«Мұны апарып тастаймын,
Қырық батыр ерменен.
Жер ортасы—Алатау,
Апарып соған сал»,—деді.
Осы айтқан жолменен
Қобылан батыр жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп,
Тау қарасын көреді.
Тау қарасын көрген соң,
Жақындап бұған келген соң,
Тауға жақын келгені,
Қасындағы қырық жігіт—
Өңкей тұлпар мінгені.
Көңілдері желігіп,
Қалайық деп көрініп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобыландыдай батырға
Кел, жарысайық деп еді.
Жарысып сонда кетеді,
Жарысып тауға жетеді.
Қобылан мінген Ала тай,
Жарысуға жарамай,
Артына тастап кетеді.
Қобылан мінген ала тай
Артында жалғыз қалады-ай.
Аз кідірсең, қызығы
Арт жағында болады-ай.
Артынан келіп қыз Құртқа,
Қобыланға келіп соғады-ай.
Ерінің аты қалған соң,
Ер салмай жолда тұрған соң,
Құртқа сұлу толғады,
Толғаудың басын қозғады:
—Төрт шәрі байтақ ел қалды,
Ойнап күлген тең қалды.
Паттауығы шөккен түйе таптырмас,
Бүлдіргені білектей,
Балдырғаны балқаштай,
Шөгіп жатқан үлектей,
Қайран өскен жер қалды.
Сыбызғы, қобыз дауысты
Үйрек пенен қаз қалды.
Бәрін айт та, бірін айт,
Ата-анама еткен наз қалды.
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім,
Аузымды ашпас наз едім,
Мөлдіреген қара көз едім.
Шашым сап күміспенен түрілген,
Жұрт көзіне көрінген
Сауапханның қызы едім.
Елде екеу болғанда,
Халық аузында сөз едім.
Көкірек те ақ еді,
Періштенің ізі едім.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алладан бұйрық болған соң,
Мен қайтейін, Құдая,
Бір аса жерге маңдай түзедім.
Мамыр шықпас қамыстан,
Ала тай қалды жарыстан.
Қалмасына амал жоқ,
Көзім көрді алыстан.
Батыр аңқау, ер көдек,
Аттың сырын білген соң,
Бекер өзі жарысқан.
Жамандатқыр, Ала тай,
Жамандардан қалғаның,
Ере алмай жолда тұрғаның.
Қобылан еді алғаным,
«Алғаның—Қобылан» дегенде,
Айтқан жұртқа нанбадым.
Жамандатқыр, Ала тай,
Көп жарыстан қалғаның,
Басыма қайғы салғаның.
Сен жарыстан қалғансын,
Кеудемде тұр арманым.
«Шаппа!» деп келіп шақырсам,
Есітер мекен құлағың?
Ала тай қалып жарамай,
Басыма қайғы жеткені,
Жауға бармас жамандар,
Артына тастап кеткені,
Бұндай амал еткені.
Шаппа деп келіп шақырсам,
Есітер мекен құлағы-ай?
Менің көңілім басылмас,
Жылқыдан тұлпар сыналмай,
От орындай тұяқты,
Қиған қамыс құлақты.
Хазіреті Ғалидің
Дүлдүліндей сияқты.
Бір тұлпарды мінгізбей,
Төбесін көкке тигізбей,
Менің кеулім басылмас!
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Осыны айтып Аққұртқа,
Айтып болды сөзін-ай.
Бұл сөзінің біткені,
Жер ортасы—Алатау,
Соған келіп жеткені.
Сауапхандай ханыңның
Алатаудың басына
Әкеліп тастап кеткені.
Тау басына келеді,
Келіп мұны көреді,
Қырық жігіт нөкерде,
Қобыланды менен Аққұртқа
Қол ұстасып, қоштасып,
«Қош, аман!» деп нөкермен,
«Қош Алла!» деп жөнелді.
Қырық жігіт нөкері
Еліне қарай қайтады.
Қобылан менен Аққұртқа
Еліне қарай тартады.
Өтірік айтса өзіне,
Кенелтейік кезіне,
Бұрынғы өткен жыраудың
Айтып кеткен көзіне,
Біз қалайық тезіне.
Жөнелді, Қобылан жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Неше күндер жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп,
Ел қарасын көреді.
Шаңдыкөл деген көл еді,
Қыдырбайдың жылқысы,
Есебі жоқ көп еді.
Жаңағы айтқан Аққұртқа
Көп жылқыға келеді.
Керіліп тұрған кер бие,
Мұны да көзі көреді,
Үшейші Құртқа деп еді.
Кер биенің ішінде
Ақылды пәруар тұлпар бар,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қос қанатты сұңқар бар,
Ақылменен болжап біледі.
Көп сөз қылып не керек,
Қобыландының атасы,
Қашаннан да Қыдырбай
Қабыл еді батасы.
Аман келді баласы,
Құртқа менен Қобылан баласы,
Қобыландайын батырдың,
Өлі-тірісін біле алмай,
Қайғы шегіп Қыдырбай,
Уайым шегіп жүр еді.
Баласы аман келген соң,
Қыдырбай шалың күледі.
«Елі-жұртым, жиыл!» деп,
Халыққа жарлық береді.
Қыдырбайдың келді заманы,
Қобыландай батырдың
Құртқаны алып келген соң,
Қыдырбайдай кәрінің
Тауды бұзды шамалы.
Халқы келді жиылып,
Тоқсан ошақ қаздырып,
Тегіс халқын алдырып,
Жақсылық түсіп ойына,
Төрт түлік малды айдады,
Сояйын деп тойына.
Дүнияны көруге,
Қыдырбай шал ілігін,
Жиылып келген халыққа
Берді тойдың билігін.
Қатар да қатар үй тікті,
Білдіруге күйлігін.
Ат тізесін бүктірді,
Алтын-күміс қазына
Бау төбе қылып үйдірді.
Ерегескен дұшпанның
Ішін оттай күйдірді.
Семіз малды сойдырды,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Аш-арығын тойдырды.
Олжасыз халық қалған жоқ,
Бұл сөзімде жалған жоқ.
Алтын-күміс шашуға,
Құртқадайын сұлудың
Бетін енді ашуға
Үйге енді кіргізіп.
Ата менен анаға
Иіліп сәлем бергізіп.
Келінінің бетін ашуға
Жырау-шайыр шақырды.
Құртқаның алдында сөз айтуға,
Шақырып келген жыраулар
Түсі басып Құртқаның,
Есектен жаман ақырды.
Нағылады екен шақырып,
Сөз білмейтін пақырды.
Келіннің бетін аша алмай,
Аяғын алға баса алмай,
Жырауларың қапылды.
Сонда Қыдырбай сөйлейді:
—Ай, келінім, келінім,
Келген екен келімің,
Керілдің де кірмедің,
Керіліп сәлем бермедің.
Сендей жаман келінді
Өмірімде көрмедім.
Таудай болған көңілім,
Бұрынғыдан меңдедім,
Кәпір, саған сенбедім.
Үйге кірмей тұрсың шегініп,
Шегініп тұрсың не біліп?
Бұл қылғаның өтеді,
Жеті атама жетеді.
Бүйтіп келін болғанша,
Кер үйге бақсаң нетеді.
Мал менен бала менікі,
Бұ тұрғаның ненікі?
Көңіліңді алған бар болса,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қарар малым сенікі.
Қорладың кемпір-шалыңды,
Тыңдамадың зарымды.
Кеуілде алған бар болса,
Аямаспын барымды.
Ханның қызы сен болсаң,
Ханның қызы бүйтер ме,
Мен ұрайын ханыңды?!
Сонда Құртқа сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Мен ақылды едім елімде,
Үшейші едім жерімде.
Ұрып қылыш сындырсаң,
Ойып көзім шығарсаң,
Ешкімге айтпан кегімді.
Мен айтпасам не білдің,
Қырық жігіт қасында,
Алатаудың басында,
Балаң жарыс салғанда,
Астына мінген Ала тай
Ере алмай жолда қалғанда
Қабырғам менің сөгілді,
Көзімнің жасы төгілді,
Кірмей тұрғаным сол еді.
Сыйлармын кемпір-шалыңды,
Бермесең алман малыңды.
Ықыласыңа ырзамын,
Көтерер деген назым бар.
Көп жылқыға көз салсам,
Көп жылқының ішінде
Кер биедей бие бар,
Бұл сөзімде жүйе бар.
Кер биені жаратқан
Бір Жасаған ие бар.
Өтірік айтқан сөз болса,
Бетке жағар күйе бар.
Жүк көтерген қара нар—
Жүк қалмайтұғын түйе бар.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сөзіме құлақ салсаңыз,
Айтқаныма нансаңыз,
Кер биедей биенің ішінде
Асылда туар бала бар.
Қайырлы шаһар қалаңыз,
Кер биені берсеңіз,
Разы болар тап сонда
Құртқа келін балаңыз.
Сонда Қыдырбай сөйледі,
Сөйлегенде не деді,
Сөйлегенде бүй деді:
—Жылқымдағы кер бие,
Көзге түскен бір бие.
Жорға-жүрмел жүрісті,
Ойлап келіп қарасам,
Бермегенім дұрыс-ты.
—Бермейсің неге келінге?—деп,
Ұлы жұрты жабылып,
Қыдырбайға ұрысты.
Сонда дағы Қыдырбай
Бермеймін деп тырысты.
Қыдырбай сонда толғады,
Кер биеден қозғады:
—Таң мезгілі болғанда,
Шолпан жұлдыз туғанда,
Жылқы жусап тұрғанда,
Шауып келді бір айғыр,
Қарасам түсі торы айғыр.
Кер биеге шапты да,
Ғайып болды сол айғыр,
Тегін емес ол айғыр.
Ақылменен қарасам,
Ақылменен сынасам,
Жаратқан Жаппар пана бар,
Айтар сөзім жана бар.
Кер биенің ішінде
Асылда тұлпар бала бар.
Кер бие тұлпар тапқан соң,
Күшіне тұлпар толар деп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жүйрік тұлпар болар деп,
Қобылан бала мінер деп,
Беліне қару ілер деп,
Алыс жолға кетер деп,
Батырға зиян етер деп,
Бермегенім сол еді.
Бұл сөзімді, келінжан,
Ойламаңыз бекер деп.
Әуелі екеуі керісті,
Керісіп тұрып келісті.
Екеуі енді кеңесті,
Кеңескенде екеуі,
Ақылдары теңесті.
Беруге тұлпар жөн келді,
Жөн келмек түгіл оң келді.
Кер биесін келінге
Қыдырбай қары береді,
Беріп кеулін көреді.
Берерінде сөйледі,
Сөйлегенде не деді,
Сөйлегенде бүй деді:
—Айтқан сөзім Хақ,—деді,
Кер биені бақ,—деді.
Кер бие құлындап қалғанда,
Сол уақыттар болғанда,
Адамзатқа көргізбей,
Аяғын жерге тигізбей,
Бір кілемді тап,—деді,
Үстіне баса жап,—деді.
Бұл айтқанды қылмасаң,
Туарында тұлпардың
Қасына келіп тұрмасаң,
Тайды да тұлпар атайды,
Тұлпар болып ұшпайды.
Әр істің болар сауабы,
Келініне Қыдырбайдың
Дұрыс берген жауабы.
Қобыландай батырдың
Жаулайтұғын жауы бар,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Даулайтұғын дауы бар.
Дауламай енді не қылсын,
Жан жағында қалмақ бар,
Қалмақты шауып алмақ бар.
Осы сөздің ішінде
Қандай-қандай салмақ бар.
Жауды жаулап кетеді,
Енді Құртқа нетеді,
Тұлпарын келіп күтеді.
Таудың басы жар еді,
Жаудың беті қара еді.
Қыдырбайдың есігінде
Басына ізет тимеген
Үш шұнақ құл бар еді,
Алып келіп құлдарды,
Кер биенің соңына
Әкеліп Құртқа салады.
«Үшеуің бағып жүр,—деді,
Кер бие құлындап қалғанда,
Бір хабарын бер»,—деді.
Бұнысы келді жобаға,
Аузы келді тобаға,
Кер биені жетектеп,
Үш құл алып араға,
Алып шықты далаға.
Үш құл оны бағады,
Баққаны майдай жағады.
Күндерден күндер өтеді,
Айлардан айлар өтеді,
Туатұғын мезгіл жетеді.
Кер бие, сірә, тұрмады,
Мезгілден асып кетеді.
Мезгілден асып кеткен соң,
Баяғы айтқан үш құлдың
Жаманға көңлі кетеді.
«Далада жүріп өлсін,—деп,
Көп қорлықты көрсін»,—деп,
Көңілдеріне жаман пікір жетеді.
Дүние деген жалдай-ды,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жақсының сөзі балдай-ды.
Туарында кер бие
Үш құлдарды алдайды.
Алдағаны емес пе,
Құлағың сал кеңеске.
Кербие өзін апарды
Асқар биік дөңеске.
Сол жерге барып құлындап,
Кер бие тұрды шыбындап.
Құлдарға енді көрінбей,
Туып салды құлындап.
Жүйрік ат шабар мойынға,
Қара темір шойынға,
Үш құл сонда қалыпты,
Ілгі жүріс ойында.
Сол уақыттар болғанда,
Күн сәскеге толғанда
Құртқа сұлу оянды,
Ойлады сонда қиялды,
Жақсыдан жақсы ұялды.
Келмеген соң құлдары,
Өтіп кетті көп күндер,
Құлдарға қарай жол алды.
Құлдарға енді келеді,
Келіп сөйлей береді:
—Ай, құлдар, сенің неткенің,
Үшеуара кер бие,
Араңдағы бір бие,
Ойын түзеп жатқаның.
Бірім-бірім шұнақ құл,
Жұлайын ба шашыңды,
Алайын ба басыңды?!
Қобылан батыр келген соң,
Не деп жауап берермін,
Жүзін нағып көрермін?!
Аямапсың қасыңды,
Кербиенің құлыны,
Құлындап сонда жүр екен,
Тұлпарлығы шын екен.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Үш аяғы жерге тимей,
Бір аяқтан жүр екен.
Кілемге салып алғанда,
Сол айтқаны болғанда,
Аспанға ұшар құс екен.
Атаңа нәлет құлдарға
Айтқан сөзі осы екен.
Құлдар мұны есітті,
Есітті де, өкінді.
Қобыланға бармаса,
Барып жауап салмаса,
Көрген күні нешік-ті.
Бұлар ойынын тастады,
Қобыландының алдына
Шығуға талап бастады.
Қобыланға келіп сөйледі,
Аққұртқаны жамандап,
Бұл сөзді айтып қақсады:
—Ассалаумағалейкум,
Қобылан сынды батыр-ай,
Арызым бар айтарға-ай.
Ойлап келіп қарасам,
Басыңнан бұлт шайқалды-ай.
Құдай да мін қосыпты,
Кәпір қасаң байталға-ай,
Тоқталып тұрмын айта алмай.
Алғаның таңдап Аққұртқа
Шашын талдап өріп жүр,
Ыржың, ыржың күліп жүр.
Ноғайлықтың жігіті
Күнде үйіңе кіріп жүр,
Құдайы жаман ұрып жүр.
Төсек жатыр шашылып,
Тұра алмадым жасырып,
Өлетін болым ашынып.
Аузың жаман дей көрме,
Алғаның таңдап Аққұртқа,
Аларсың бір күн қашырып.
Батыр аңқау, ер көдек,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бұған нанды бір кезек.
Қобыландыдай батырдың
Түгі шығып сыртына,
Шамырқанып шамданып,
Буырқанып бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Ат қойды өзінің
Байтақ жатқан жұртына.
Сол уақытта қыз Құртқа,
Қобылан келе жатқанда,
Ақылың болса, шық сыртқа.
Кімдер келіп сөз айтар,
Дым келмейтін жым-жыртқа.
Әйел болып туыпсың,
Әгерде еркек болғанда,
Болар ең аға бір жұртқа.
Сол уақытта Аққұртқа,
Әлеуметтер, сен тоқта,
Қылаң етіп қылт етіп,
Сылаң етіп сылт етіп,
Күшіген құстай сыңқылдап,
Қобыландай батырға
Алтын иекті Аққұртқа
Көтеріп жаулық сөйледі.
Тұла бойы былқылдап,
Қобыланға сөйлеп тұрғанда,
Аяғын басып тұрғанда,
Ойыла жаздады қара жер,
Тұрған жері солқылдап:
—Қобылан сынды ерім-ай,
Анық туған шерім-ай!
Тізгініңнен алайын,
Алмай нағып тұрайын.
Сенен бір тілек сұрайын,
Неден болды күнайым?
Сен өлтірсең, жұбайым,
Налымай өліп қалайын,
Налысам, нағып иман табайын.
Сені құлдардың сөзі кемітті,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сен өлтірсең, жұбайым,
Кеулім мұздай тазамын,
Құдайға нағып жазамын?!
Жаңғыз жаным шейіт-ті,
Өз қолыңнан арулап,
Құртқаңды өзің мәйітте.
Бұл сөзді есітіп Қобылан,
Тұлпардан ырғып түседі.
Қобылан жайын сұрасаң,
Өзі батыр кісі еді.
Жақсыны көрсе әрқашан,
Адамзаттың баласы
Көңлі таудай өседі.
Жаманның несін айтасың,
Жауды көрсе бара алмай,
Үні шықпай өшеді.
Құртқаның айтқан бұ сөзін
Қобыланды батыр шешеді,
Жаныса болат кеседі.
Жаңағы айтқан Құртқаның
Күнәсін ғафу кешеді.
Тастай беріп Құртқаны,
Құл ізіне түседі.
Құлдарды тауып алады,
Өтірігі шығады.
Атқа салып бастырды,
Құлдарды жаман састырды.
Құлдар жаман қорқады,
Алдына түсіп жортады.
«Өлтірме» деп жалынып,
Арыздарын айтады.
Арызын тыңдап Қобыланды,
Аттың басын тартады.
Өлтірмей-ақ құлдарды,
Тірідей азап артады.
Біреуін қойға салады,
Біреуін үйге салады,
Біреуін қосшы қылады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өлтірмей-ақ үшеуін,
Тірідей кегін алады,
Айдап жөнге салады.
Манағы айтқан Аққұртқа,
Азаматтар, сен тоқта,
Кер биенің құлынын
Тобығы меңді торы деп,
Тұлпардан жүйрік зоры деп,
Мойнына тақты тұмарды.
Тұлпарына ат қойып,
Құртқа сынды сұлудың
Тарқатты дейді құмарды.
Тұлпардың атын жазады,
Жоқты қайдан қазады.
Тұлпарға көңлі толады,
Көп қайғыны жояды,
Тұлпардың атын қояды.
Жерден сарай қазады,
Сарайға алып барады.
Жібектен жабу жабады,
Күмістен сулық соғады,
Алтыннан қазық қағады.
Сүт пенен сұлы, жем беріп,
Күніне тоқсан үлгеріп,
Ақ бармақпенен жем беріп,
Тұлпарын тауға теңгеріп,
Тұлпарын Құртқа бағады,
Баққаны майдай жағады.
Асылдан жемін кеміртті,
Тұлпарын бағып семіртті.
Жібек арқан тағады,
Тұлпарын құстай желдіртті.
Неше бір күндер бағады,
Бағып бабын табады.
Күндерден күндер өтеді,
Айлардан айлар өтеді,
Жылдардан жылдар өтеді,
Енді тұлпар мезгіліне жетеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мезгіліне жеткен соң,
Тұлпар болып кеткен соң,
Қылшық жүнін тастады,
Тұлпар өзін бастады.
Құртқадайын сұлудың
Ісі келді жобаға,
Аузы келді тобаға.
Сарайынан шығарып,
Құйрығыменен қунатып,
Жалыменен аунатып,
Алып шықты далаға.
Арқандап атты салады,
Қобыландайын батырдың,
Тұлпардың күні толды деп,
Мінуге тұлпар болды деп,
Арқандап қойған тұлпарға,
Тұлпарға келіп соғады.
Тұлпарға келіп қарады,
Ақылын салып сынады.
Қобылан батыр мінеді,
Сонда тұлпар желеді,
Һәр бір басқан адымы
Бір айлық жер еді.
Үстіндегі Қобылан
Қайғы шекпес ер еді.
Қайғы деген осы екен,
Менің тұлпар дегенім—
Ұшып жүрген құс екен.
Аспан менен жердің арасы
Үш ай тоқсан қыс екен.
Аққұртқа маған қас екен,
Үш құл маған дос екен,
Өлді деген осы екен.
Астындағы тұлпары,
Қос қанатты сұңқары
Аспанға ұшты деп еді.
Бұлтпенен аралас,
Ұшқан құспенен шамалас.
Сол уақытта Қобылан
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қайғы түсіп басына,
Көзінен ақты қанды жас,
Қан менен жас аралас.
Аспанда ұшып жүргенде,
Аспанменен болды шамалас.
Сонда тұрып жылады,
Көзінің жасын бұлады:
—Әй, жасаған Құдайым,
Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Тұлпар басын бермеді,
Басыма түсті уайым.
Тұлпар мінсем елендім,
Қалмақ жауға баруға,
Тағы да енді сүйендім.
Ер қаруы—бес қару,
Белге асынар қаруға
Бір гулеген желдің үстінде
Көрінбей асып барамын,
Көрінбей көзге қалуға,
Айналайын Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Өзің бір жәрдем бермесең,
Енді не амал қылайын?!
Жауда алмадың жанымды,
Төкпедің жауда қанымды.
Бір Құдірет өзіңе
Айтатұғын зарым бар.
Алтын, күміс, қазына,
Қазыналы шәрім бар,
Тоғай толған малым бар.
Қарындасым Хансұлу,
Бірге туған назым бар.
Таңдап алған халықтан
Аққұртқадай жарым бар,
Қарашаштай бағым бар.
Кім алады, Құдая,
Алтын, күміс тағым бар.
Осыны айтып Қобылан,
Қайта-қайта жылады,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алладан жәрдем сұрады.
Жерге түсіп тұлпары,
Қашан батыр тынады.
Сол уақыттар болғанда,
Күн мезгілге толғанда,
Ұйқыдан Құртқа тұрады,
Ұйқысы әбден қанады.
Арқандап қойған тұлпарға,
Кең қанатты сұңқарға
«Тұлпарым» деп шығады.
Тұлпарын келіп қараса,
Енді болып тамаша:
Қобылан батыр келіпті,
Тұлпарына мініпті.
Тұлпарына мінгенін,
Аспанда ұшып жүргенін
Үшейші Құртқа біліпті.
«Құрайт-құрайт, жануар,
Қайта талап ете гөр,
Өскен жерге жете гөр.
Құрайт-құрайт, жануар,
Құртқадайын сұлудың
Тұлпары ұшып кеткен соң,
Тек шықпаған жаны бар.
Құрайт-құрайт, жануар,
Қайта талап ете гөр,
Еліккен жерге жете гөр.
Шақырып Құртқа зарлай ма,
Көзінен жас парлай ма?!
Тұлпар қайтып келмесе,
Құртқаны келіп көрмесе,
Құртқаның кеулі қалмай ма?!
Сені тұлпар дегіздім,
Балдан саған жегіздім.
Абайламай, аңдамай
Қобыландыға мінгіздім.
Ұшып кеттің аспанға,
«Құрайттап» тұрмын шақырып,
Аспанға ұшып қашқанға.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қалып тұрмын, тұлпарым,
Күлкі болып дұшпанға.
Құрайт-құрайт, жануар,
Қайта талап ете гөр.
Ер шыдамас намысқа,
Қоян өлер қамысқа.
Құлағың сал, жануар,
«Құрайттаған» дауысқа.
Анық тұлпар сен едің,
Болдырмайтұғын шабысқа.
Шақырып Құртқа зарлай ма,
Көзінің жасын барлай ма?!
Сүттеп сұлы жем берген,
Күніне тоқсан үлгерген.
Тұлпарым қайтып келмесең,
Аққұртқаны көрмесең,
Құртқаның көңлі қалмай ма?!
Құрайт-құрайт, жануар,
Жаратушы пәруар,
Шақырам деп тұлпарды,
Құртқаң болды сәруар.
Жүре бермей аспанда,
Қайтып келсең болмай ма,
Кел, тұлпарым, бер хабар!
Жердің қиын алысы,
Айдын көлдің қамысы.
Құрайттаған Құртқаның
Аспандағы тұлпарға
Жетті дейді дауысы.
Қайта талап етеді,
Көзді ашып жұмғанша,
Соққан желдер тынғанша,
Әне-міне болғанша,
Еліккен жерге жетеді.
Тұлпарға мініп Қобылан,
Зәресі ұшып кетеді,
Тұлпар жерге түседі.
Бұны көріп Құртқаның
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тұлпар қайтып келген соң,
Көңілі таудай өседі.
Өтірік айтқан өзіне,
Жыраулардың көзіне,
Өтірік айтса өзіне,
Келейік сөздің тезіне,
Жиналған халық кезіне,
Осылайша деседі.
Әлқисса, ендігі сөзді Сәтемір ханнан есітің:
Қобыланды батыр болып туған соң,
Беліне қару буған соң,
Астындағы тұлпары,
Ұшқан құспенен тең болып,
Күш-қайратқа толған соң,
Алғаны таңдап Аққұртқа,
Үшейші дана болған соң,
Сәтемірдей патшаңыз
Қобыландыны күндеді.
Жоқ қылуға Қобыланды
Ноғайлының елінен
Қырық жігіт таңдап алады.
Қару-қапшық затпенен
Бұларға олжа салады.
Қобыландыны өлтірсек,
Кәллесін шауып келтірсек,
Орныма патша боласың,
Бесеуің бек боп тұрасың.
Қарындасы Хансұлуды
Біреуіңіз аласың.
Аққұртқадай сұлуды,
Оны біреуің аласың.
Қазыналы қаласын
Орталыққа саласың.
Дүнияның астына,
Сол айтқанды қылсаңыз,
Қарық болып қаласың,—
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
деп Сәтемір хан қырық жігіт сайлап алып, қайламенен
қырық жігітті далаға айдап жібереді. «Қырық жігіттің күші
Қобыланға келмей ме, соңынан жіберемін, Қобыланды өлтір»,—
дейді. Қобыландыға: «Елден бір қашқын кетті» деп хабар жібе-
реді. Ал Қобыланға келіп жаңағы адам сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:
—Ассалаумағалейкум,
Патшадан келген мен шабар,
Саған айтты бір хабар.
Хабар айтқан шабарың,
Бұдан басқа не табар.
Елден қырық қашқын қашып тұр,
Патша жаман сасып тұр.
Ханды қайғы басып тұр,
Ақылдарын шашып тұр.
Алсын деп еді батырды-ай,
Шықсын деп еді қатарға-ай,
Қырық қашқынның артынан
Қырық жігіт бір шықты,
Бұлар қалды бата алмай.
Өзің қуып бармасаң,
Патшаң отыр жата алмай,
Батыр аңқау, ер көдек,
Бұған нанды бір кезек.
Қууға етті бір талап,
Бір өзін мыңға бұл балап.
Тұлпарына мінеді,
Қаруларын іледі.
Қырық жігіт қашқынның
Соңынан қуып жөнеді.
Астындағы тұлпары
Арандай аузын ашады.
Еркіндеп аяқ басады,
Ақсұңқар құстай ұшады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
Мұны көріп қырық жігіт,
Алды-алдына қашады,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жаман көріп сасады.
Қобыланның әруағы
Қаратаудай басады.
Баспай енді нағылсын,
Әуел баста Құдайым
Шер қылып бұны жасады.
Қуып жетті соңынан,
Найзаменен шанышады,
Қанын судай шашады.
Қашпай тұрып қалғанын
Сарыжаменен атады,
Атқаны өліп жатады.
Жиырмасын өлтіріп,
Жанына қаза келтіріп,
Көп қызыққа батады.
Өлмей тірі қалғанын
Тірідей ұстап алады.
Түйедей мұрнын теседі,
Таңқайта мұрнын кеседі.
Қорыққанынан батырлар
Жел қайықтай еседі.
Қобыландыдай батырға
«Неге тидік» деседі.
Жиырмасын тірідей
Сәтемір ханның алдынан
Тізіп айдап өтеді.
Бұны көріп Сәтемір,
Зәресі ұшып кетеді.
Қобыландыдай батырға
Тағы бір амал етеді.
Барсакелмес жері бар,
Барсакелмес елінде
Қозғалмас деген дәуі бар.
Қаратаудай өзі бар,
Шаңырақтай көзі бар,
Батпан-батпан сөзі бар,
Сабаудай болған мұрты бар,
Шұбар қаптай ұрты бар.
Сақалдары сабаудай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қас-мұрттары бурадай.
Тістеріне қарасаң,
Тастан соққан қаладай.
Он саусақтың саласы
Он бестегі баладай.
—Батыр Қобылан сен болсаң,
Жұмсадым соған бар,—деді,
Барып соны ал,—деді.
Бұйрығын патшаның
Қобылан қабыл қылады,
Барайын деп тұрады.
Он сан ноғай елінен
Қырық жігіт алады.
Қырық жігіт ішінде
Қобыланның өзі мыңбасы,
Жарық жұлдыз жылбасы,
Жауға аттанса жолдасы,
Қашаннан да сырласы,
Қырық жігіті бар екен—
Қарамандай жолдасы.
Жолға шыққан ерлердің
Аман болғай мал басы.
Жауырыны жерге тимеген,
Ешкім бұған шықпаған,
Шыққан адам жықпаған,
Шыққанды жығып мықтаған,
Палуандар тоқтаған.
Сөзім бар түрлі алуан,
Қырық жігіттің ішінде бар екен
Қаршығадай палуан.
Мұны да жолдас алады,
Қырық жігітті тамамдап,
Мұны жолға салады.
Барсакелместің жеріне
Барайын деп біз тұрмыз,
Жердің алыс түбіне.
Қайтып келді ханына,
Ханның келді жанына.
Қобыландайын батырың
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ханға сөйлей береді:
—Ассалаумағалейкүм,
Алдияр сұлтан ханымыз,
Сөзге құлақ салыңыз.
Қобыланды батыр сау болса,
Жауға кетпес арыңыз,
Қош аман тұр, ханымыз.
Жұмсаған жауға барамыз
Қырық жігіт бәріміз.
Менің айтқан сөзіме
Ырза болып қалыңыз.
Тірі кеткен пендені
Келмейді деп білмеңіз.
Қозғалмастай қалмақты
Қобыландыдай батырың
Жеңбейді деп білмеңіз,
Мен келгенше барымды,
Аққұртқадай ханымды,
Хансұлудай назымды,
Һешбір жанға бермеңіз,
Алысқа қолды сермеңіз.
Қобылан сынды еріңді
Басқа ердей көрмеңіз.
Мен келгенше ханымыз,
Болып тұрың саламат!
Қырық жігіт азамат—
Осыларды тапсырдым,
Айтсақ сізге аманат.
Аманатқа патшамыз,
Қылып жүрме қиянат!
Жамандық қылсаң болады,
Келсек қайтып көп ұят.
Осыны айтып Қобылан,
Қарамандай жолдасы,
Қаршығадай палуан,
Ақылы көп алуан.
Сонда тұрып Қобылан,
Қырық жолдасы қасында,
Өзі қырық жасында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бақ-дәулеті басында,
Қырық батыр осында,
Батырдың тіккен қосында—
Жинап алды ерлерін.
Барайын деп келе жатыр
Жаудың алыс жерлерін.
Сонда тұрып Қобылан
Тұлпарына сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Жылқыда тұлпар сен едің,
Жігітте сұңқар мен едім,
Төрт аяқты малдарда
Сенен озбас деп едім.
Екі аяқты адамда
Менен озбас деп едім.
Барсакелмес жеріне,
Қозғалмастай дәуіне,
Ардақтаған тобығың меңді торыша ат,
Бүгін жеткіз деп едім.
Туырлығымен торыша ат
Тоқым тарттым беліне.
Көмек бер деп айтпадым,
Он сан ноғай еліне.
Сайлап алған қырық жігіт
Елге шықты көріне.
Біздер асып барамыз
Келмейтін жердің түбіне.
Осыны айтып болды да,
Тұлпарға көңілі толды да,
Жөнелді Қобылан жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Талпынған жерде мін бар ма,
Айналдырған қырық жігіт
Қалмақты іздеп барамыз,
Ит алған қуда сын бар ма?!
Қалмақтан соққан қалаға
Қайталап шабар күн бар ма?!
Қалмақтан кісі өлтірсек,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мойынға түсер құн бар ма?!
Етке түскен жараға
Дәрі салар күн бар ма?!
Ата менен анаға
Қосылмайтын күн бар ма?!
Адасып кеттім, Құдай-ай,
Қу мекен далаға.
Бұрын келген жер емес,
Жатып тұлпар бағуға.
Бұрын көрген жер емес,
Су ізденіп табуға.
Су таба алмай шөлдеді,
Азамат ерлер меңдеді.
Бір тілекті берместей,
Сүймес пендең мен бе еді?
Сусыз жерге келгенім,
Су таба алмай шөлдедім.
Су таба алмай тарықты,
Зар еңіреп қамықты.
Асыл туған ерлерім,
Көңлі жаман жабықты,
Көре алмады жарықты.
Сөйтіп жылап тұрғанда,
Со мезгілдер болғанда,
Көз жасын көріп батырдың,
Қазандай болған қара бұлт
Құбыладан шығып келеді.
Келе үстіне жауады,
Келе берді күркіреп,
Сулар тасып ағады.
Шөлдеп келген ерлерім
Суға әбден қанады,
Күш-қуатқа толады.
Күш-қуатқа толғансын,
Барсакелмес еліне
Жүруге талап қылады.
Енді батыр жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Барсакелместің жеріне
Жақындап бұлар келеді.
Бұл секілді ерлерім
Жол бейнетін көреді,
Халық үшін өледі.
Бұл ерлер келе берсін. Әлқисса, ендігі хабарды Қозғалмастан
есітесіз. Қара қыпшақ Қобыланның, Қараманның, Қаршыға
палуанның атағы қалмақ еліне жайылған екен. Қалмақ ханы
олар елге келеді деп қауіп етіп, Қозғалмас ханның Құнанбел де-
ген інісі қырық нөкерменен бұлардың алдында қарауыл қарап
тұр екен. Сонда Қобылан батыр қырық нөкеріменен Құнанбелдің
үстінен шығады. Бірден ұрыспайын деп Қобылан жалғыз өзі
Құнанбелдің үстіне барады.
Қырық нөкерін тоқтатып,
Қобылан сынды еріңіз
Құнанбелдей батырға
Барайын деп ойлады.
Бес қаруын Қобыланды ер
Беліне салып байлады.
Тұлпарына мінеді,
Салып жетіп келеді,
Құнанбелді көреді.
Құнанбелдей қалмағың
Былай деп жауап береді:
—Қобылан батыр сен,—дейді,
Құнанбел батыр мен,—дейді.
Кең майданда жолықтық,
Алдыңғы кезек сенікі,
Соңғы кезек менікі,
Айнымайтұғын ер болсаң,
Кезегімді бер,—дейді.
Сонда Қобылан сөйлейді:
—Құнанбелдей қалмағың,
Сенде бар менің алмағым.
Шыныменен қамдасам,
Шөптен оңай салмағың.
Меніменен ұрыссаң,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қатты батар бармағым.
Кезегіңді берейін,
Қалмағыңды көрейін.
Қасымда бар нөкерім,
Айтпайын сөздің бекерін.
Нөкеріме барайын,
Қатарласып тұрайын.
Әскеріңді жинай бер,
Басын қосып жұптай бер,
Кезегіңе шығайын,—
Дейді дағы Қобылан,
Қайтып салып келеді,
Нөкеріне сөйледі:
—Ал, нөкерім, қамданың,
Нөкерлерім сен,—деді,
Тұлпарыңа мін,—деді.
Атаңа нәлет қалмақты
Көріп келдім мен,—дейді.
Бұл сөзіме сен,—дейді,
Бес қаруды іл,—дейді.
Аттарыңның айылын
Босаң тартып мін,—дейді.
Қытай менен Қырым бар,
Сізге айтатұғын сырым бар.
Ұрысарда қалмақта
Істейтұғын ырым бар.
Менің айтқан сөзіме
Құлағың салып тұрыңдар.
Ат үстінен алысса,
Өтірік жығылып қалыңдар.
Ат жарыстырып қараса,
Озбай кейін қалыңдар.
Бел ұстасып күрессе,
Күшін сынап тірессе,
Өтірік жығылып қалыңдар.
Оқ жарыстырып қараса,
Қалмақтарың сынаса,
Қалмақтың оғын оздырып,
Мұсылман оғын қалдырың,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қалмақты сөйтіп нандырың.
Сол айтқан сөзде тұрыңыз,
Бұл айтқаным қылыңыз,
Бағындық деп қалмаққа,
Қол көтеріп тұрыңыз.
Соған дейін ерлерім,
Демдеріңді алыңыз,—деді.
Әлқисса, Қобыланды батыр Құнанбелге: «Нөкеріңменен
ұрыспаймыз, саған енді бағындық»,—деді. «Сендерге енді
біздер тимейміз, ертең еліңізге, қалаңызға барамыз, ұрыс-
пайтұғындығымызды мәлім етеміз,»—деді. Құнанбел бұл сөзді
есітіп шәріне қайтады. Көрген-білгенін Қозғалмасқа келіп
айтады. «Қобылан батыр біздің үстімізге қырық нөкеріменен
келген еді, тек атағы болмаса ештеңе емес екен, біз бағындырып
алдық, ертең қалаға келеді,»—деді. Қозғалмас Құнанбелге:
«Қой, бұл сөзіңді жалған айтасың,»—деді. Қарақыпшақ
Қобылан батыр болса, жолдасы Қараман батыр болса,
Қаршығадай палуан болса, алған қырық нөкері бәрі де батыр
болса, олар ұрыспай қайтпайды, бізге бағынбайды,»—деді.
Сол уақытта Құнанбел айтты: «Нанбасаң не қылайын, ертең
қалаға келеді, сонда көрерсің бағынғанын,»—деді. Әлқисса,
ендігі сөзді Қобыланнан естіңіз: олар әбден дем алып, аттарын
құйрығыменен қунатып, жалыменен аунатып, тұлпарларын
әбден күйге келгізіп, Қозғалмасқа түнде даярланады.
Қырық жігітін ертіп ап,
Әбден күйге келіп ап,
Мылтықтарын оқтап ап,
Найзаларын саптап ап,
Бес қаруын іліп ап,
Қалмақтың жайын біліп ап,
Батырларың аттанды,
Көтеріп кеулін шаттанды.
Тұлпар аттар қылтылдап,
Найза-қылыш жылтылдап,
Шаңы шығып бұрқылдап,
Аққан судай құлқылдап,
Кірді бұлар қалаға.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алыстан келген ерлерім
Басқа қарап тұра ма?
Тұлпар аттар жалт қойды,
Шабайық деп қалаға.
Қырық батыры ат қойды,
Кірейік деп қалаға,
Қатарласып ат қойды.
Кешегідей етем деп,
Қобыланды жеңіп кетем деп,
Атаңа нәлет Құнанбел
Бұларды аңдып тұр екен.
Қаласына кіргізбей,
Ұрысуға жүр екен.
Қарамады бұларға,
Қырық батыры сол кезде
Қалаға кірді анталап,
Қаласын бұзды балталап.
Бір адамға бір адам
Жекпе-жекке шыққан соң,
Қалмаққа болды зәнталақ.
Жекеме-жеке, жекелеп,
Кірерінде қалаға,
Қобыландыдай батырға
Құнанбел шықты алдынан.
«Атыңның басын тарт,—дейді,
Кейін қарай қайт,—дейді.
Кезегімді бересің,
Маған тисең өлесің,
Жауабыңды айт,»—дейді.
Сол уақытта Қобыланды ер:
«Бір жасаған Құдайым,
Өзінен жәрдем сұрайын,
Бұ қалмаққа шығайын.
Сөйлете бермейін қалмақты,
Бұның жанын алайын»,—
Дейді дағы Қобылан,
Шамырқанып, шамданды,
Ұрысуға қамданды.
Жақындасып қалысты,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бір-біріне барысты.
Екі батыр байқасып,
Нар бурадай шайқасып,
Бермеді Қобылан намысты.
Ақ білектің күшіменен,
Ақ найзаның ұшыменен
Ұрысты батыр бастады.
Сайға шыққан қаңбақтай,
Найзаға басын көтеріп,
Лақтырып тастады.
Қасындағы ерлерім,
Бұлар да жаудан қашпады,
Қорықпады, саспады.
Құнанбелдің нөкерін
Бір адамға бір адам,
Бұ да қырып тастады.
Атаңа нәлет қалмақты
Бір-біріне қоспады.
Ұрыс болды даладан,
Жердің жүзі қарақан.
Бұларға қарсы тұрмады
Қалмақтан шығып бір адам.
Енді кірді қалаға
Қырық нөкер бұл адам.
Атағы шыққан ер еді,
Ұрыса ма құры адам,
Қалмақ қашты қаладан.
Ат жолында тұрмады,
Қатын менен баладан.
Қала түгіл қалмақтар,
Қашты қалмақ саладан.
Жердің жүзі қан болды,
Кеудеде шыққан жан болды,
Үлкен соғыс қол болды.
Атаңа нәлет қалмағың
Тұс-тұсына дал болды,
Мысалы қалмақ мал болды.
Қаласына от берді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жеті күндей жанады,
Екеуінің соғысы
Әзіреті Ғалидің
Соғысындай болады.
Аттанып келген ерлерің
Қалмаққа бүлік салады,
Көп олжалы болады.
Қалмақтар болды шығынды,
Қалмақтың туы жығылды.
Қырық жігітін тоқтатып,
Қозғалмас қалмақ кәпірге
Енді Қобылан барады.
Іздегені Қозғалмас,
Бармай нағып қалады.
Асқар таудай қалмағың
Қарсыласып тұрады,
Кезегіне шығады.
Екі батыр айқасып,
Нар бурадай шайқасып,
Салды ұрыс байқасып,
Екеуі қимыл салады.
Қобыландыдай батырды
Атаңа нәлет бұл қалмақ
Көтеріп алып барады.
Жығылуға ептеліп,
Сол уақтары болғанда,
Екі батыр айқасып,
Соғысып сонда тұрғанда,
Қобыландыдай батырдың
Жетіп келді пірлері.
Қысылғаннан пірлердің
Ағып келді терлері.
Осы емес пе пірлердің
Бізді сүйейтұғын жерлері,
Пірлердің бар ма кемдері?
«Көтер де, балам, көтер,»—деп,
«Бұ жүргенің бекер,»—деп,
Жауырынан қағады.
Қобыландай батырдың
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қырық жігіттің күші пайда болады.
Қара таудай қалмақты,
Қара тастан салмақты
Тартып жерге ұрады.
Батыр болсаң сондай бол,
Қобылан болсаң бұндай бол,
Қандай болсаң сондай бол,
Кеудесіне кәпірдің
Лашын құстай қонады.
Белден алмас суырып,
Кәллесін кесіп алады.
Пірлері берді аянды,
Қанға бойы боялды.
Қаланың келіп қасына,
Дарбазаның басына
Қалмақтың басын мазақтап,
Көрсетіп қорлық азаптап,
Қазандай басын төңкеріп,
Көтеріп басын қояды.
Қозғалмасты өлтіріп,
Істі орнына келтіріп,
Ұрыстың жөнін бітіріп,
Қайғысын бастан жояды.
Қырық жігіті нөкерге
Қобылан қайтып барады.
«Қырық жігітім сен,—деді,
Қобылан батыр мен,—деді.
Қозғалмастай қалмақты
Ала алмай келдім мен,—деді.
Сен атыңа мін,—деді,
Соны барып көр,—деді.
Батыр болсаң, ерлерім,
Маған жауап бер,»—деді.
Бұлар атқа мінеді,
Қатарласып жүреді.
«Енді Қозғалмасың келеді,
Бізді аңдып тұр екен» деп,
Дарбазаның басында
Дәудің басын көреді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қайта қашып келеді.
Ер емес екенін бұлардың,
Сонда Қобылан біледі.
Ұрысып ерлер ар алды,
Қозғалмасты өлтіріп,
Қалмақтан үлкен шәр алды.
Алды толған мал келді,
Қыз-келіншек күң алды.
Алтын-күміс, қазына,
Қоймастан бәрін бір алды,
Түзетіп сөйтіп құралды.
Көп олжаға кенелді,
Ерлер қайтып жөнелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Ортада біраз жер алды.
Баяғы келген жеріне
Батырлар келіп дем алды.
Осындай соғыс іс көрді,
Қатты ұрыс күш көрді.
Кімдер бар да, кімдер жоқ,
Батырларын тексерді.
Со күн жатып Қобылан,
Сол күн жатып түс көрді,
Әжәптәуір іс көрді.
Ұйқысынан тұрады,
Түсін батыр жорыды:
—Ал, қырық жолдас, ерлерім,
Түсімді жорып қарасам,
Аман емес елдерім.
Әлқисса, «Енді сіздер мына алған малыңызды, алтын-күміс
олжаңызды ысырап, жоқ қылмай жайыңменен келе беріңіз,
мен алдын хабар алайын, жауап беріңіз, алдыңнан шығып хабар
табайын,»—деп қасындағы жолдастарынан жауап сұрады.
Олай болса, Қараман, Қаршыға екеуі Қобыландыға: «Іркіп тұра
аламыз ба сені, жақсы жауап, жүріңіз,»—деді. Енді Қобылан
батыр жауабын алып жүріп кетеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыландыдай еріңіз
Тұлпардың мінді беліне.
Келе жатыр еліне,
Туып өскен жеріне.
Тұлпарға мініп «шу» деді,
Шу дегенде гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Алдынан шыққан аңғарды
Жерошақ құрлы көрмеді.
Таудың қара тастарын
Саз балшықтай иледі.
Қарсы келген қабақтан
Қарғып атып жөнелді.
Ағын дария, сулардан
Ағып атып жөнелді.
Бүкіл, бүкіл сайлардан
Бүктеліп алып жөнелді.
Ауыздықпенен алысып,
Табан жолмен жарысып,
Шапса құстан озады,
Тұлпардың еті қызады.
Түзеді батыр шабысты,
Жақын қылды алысты.
Қос құлағы тігілді,
Көлге біткен қамыстай,
Түзеді тұлпар шабысты-ай.
Қалмақтың тиді кесірі,
Бұрын халықты билеген
Патша мен ханның бесірі.
Қобыландай батырдың
Астындағы тұлпары
Жерді жарды түсірі.
Қояндай шаңы бұрқ етті,
Тұлпар басқан қара жер
Ойыла жаздап солқ етті.
Бірнеше күн жол жүріп,
Тұлпар ұшып келеді,
Күндіз-түні демеді.
Бір жерлерге келгенде,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Табандап тұлпар жүрмеді,
Не екенін білмеді.
Екі аяғын тебінді,
Кейін қарай шегінді.
Арып-шаршап тұр ма деп,
Басына балдан жем берді,
Біразырақ дем берді,
Берген жемін жемеді.
Ашуы келді батырдың,
Шамырқанып, шамданып,
Қынаптан қылыш суырып,
Шабайын деп оңдалды.
Көре алмай қалдым қауымды,
Қарындас, туған бауырды.
Ұра, ұра тұлпарды
Алақаным жауырды.
Атаңа нәлет, тұлпарым,
Есек сенен тәуір-ді.
Басыңды баудай кесермін,
Құрсағыңды тесермін.
Кең майданда өлтіріп,
Қасқыр менен түлкінің
Мылжамына төсермін.
Қарғаға көзің шоқытып,
Енді ізіңе түсермін.
Қылышын алып қолына,
Салды тұлпар жалына.
Шапса қылыш кеспеді,
Тасқа тиген немедей,
Салса қылыш кеспеді.
Қылышының жартысы
Ұшып кетті аспанға,
Қыр көрсетіп дұшпанға.
Ашуланды Қобылан,
Қорлық көріп дұшпанға.
Жалынан шыққан жалын от,
Қараңғы жерді жарық етіп,
Аппақ болып барады.
Жануар, саған не болды,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Екі аяғын тебінді,
Тебініп жерді қорс қылды.
Бұрын-соңды қылмаған
Бұндай әдет іс қылды.
Таусылды жаннан азығым,
Неден болды жазығым?
Таң атқанда қараса,
Келіп басып тұр екен,
Құртқа сынды сұлудың
Сүтті сулы жем берген,
Көп байлаған қазығын.
Ойлап келіп қараса,
Елге мүшкіл туыпты.
Қираған көрді жана да
Кереге менен уықты.
Жалаң аяқ із жатыр,
Шешіндіріп талайды,
Ат алдынан қуыпты.
Қарудың жатыр сынығы,
Көрінеді қалайша
Жаудың салған бүлігі.
Нелер өліп қыз жатыр
Желпілдеген тұлымы.
Мылтыққа ұшқан ат көрді,
Бүлінген талай зат көрді.
Қазықтың түбін қараса,
Қары бойы хат көрді,
«Мен—Құртқа» деген ат көрді.
Құртқаның жазған сөзі екен,
Қобылан батыр келер деп,
Келіп мені көрер деп,
Шабылғанын елінің,
Осы хатпенен білер деп.
Жазған екен Аққұртқа,
Білім менен ақылға
Озған екен Аққұртқа.
«Сен кеткен соң, Қобылан ер,
Біздер көрдік көрімді,
Көрерсің жатқан өлімді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Әне жерден ту байлап,
Жеңілдетті ат сайлап,
Алшағыр алды қалаңды,
Қатын менен балаңды,
Малы-мүлкің, барыңды.
Өлтіріп кетті жұртыңды,
Қыдырбай ата қарыңды.
Бара жатқан мен емес,
Қалмақты қалап сүйерге,
Қалмақты қалап тиерге.
Үйген жүктің астына
Қанша сауыт көмгенмін,
Қатарын түзеп киерге.
Мұны тауып жана алсын,
Тұлпарым [менің] сыналсын.
Қобылан ерім болмаса,
Қалмақтан мені кім алсын.
Мен он жасыма келген соң,
Ойламаған жастықты,
Мен батырға етпеген қастықты,
Сауапханның елінде
Жұрт көп көріп еді аштықты.
Істің түбін көп ойлап,
Үйген жүктің астына
Көмгенмін мың-мың батпан астықты.
Мұны тауып және алсын,
Тұлпарларын жемдесін,
Сірә, асыға көрмесін.
Батырлар тапсын айланы,
Айлалы батыр пайдалы.
Үйген жүктің астына
Көмгенмін қылыш, мылтық, найзаны.
Мұны тауып және алсын,
Сірә, асыға көрмесін,
Азып келген тұлпарға,
Тағы да азап бермесін,
Барлық атын жемдесін.
«Сабырдың түбі—сары алтын»,
Сарғайған жетер мұратқа,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сабырсыз қалар ұятқа,
Осы айтқанға тоқтасын».
Қобылан атты еріңіз
Хатты қолға алады,
Бұған көзін салады.
Айтқанына көнеді,
Қағазды оқып болған соң,
Іші оттай жанады.
Қасындағы бейітке,
Өңкей мола шейітке,
Әкесін іздеп табады.
Сол бейіттің ішіне
Әкесін жерлеп қояды.
Әкесін қойып болған соң,
Алшағыр қалмақ еліне
Жүруге талап қылады.
Астындағы тұлпарға,
Қосқанатты сұңқарға
Сонда Қобылан толғайды,
Толғаудың басын қозғайды,
Толғамасқа болмайды.
Құртқаның сөзін тыңдайды,
Ісін Құдай оңдайды.
—Тоқымды тарттым, торы ат,
Мінейін деп беліне.
Бүгін жеткер, тұлпарым,
Алшағыр патшаның еліне.
Жылқыда тұлпар сен едің,
Төрт аяқты, бір басты
Сенен озбас деп едім.
Екі аяқты бір басты
Менен озбас деп едім.
Алшағыр қалмақ еліне
Бүгін жеткіз деп едім.
Сонда тұлпар сөйледі,
Төменгі ерні қыбырлап,
Иегіменен сыбырлап:
—Бұл айтқаның жөн,—деді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кел, үстіме мін,—деді.
Маған айтқан сертіңе,
Маған әбден сен,—деді.
Мініп алды атына,
Қарамады артына.
Батыр түсті салтына,
Іркілмей жүрді тартыла.
Мініп алып «шу» деді,
Ескен желдей гуледі.
Маңдайын көкке қаратып,
Құйрықтарын таралтып,
Шыбындай белін бұралтып,
Алыс жерден оралтып,
Түсіп кетті жолына.
Тұлпардың екі тізгінін
Алды дейді қолына,
Желі тұрып оңына.
Түсейін деп қалмақтың
Бүгін түсті соңына.
Ауыздықпенен алысып,
Табаны тұлпар тарсылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Қояндай шаңы бұрқылдап,
Оты шығып жылтылдап,
Найза қылыш қылтылдап,
Тұяғынан шыққан от
Қараңғы жерге жарқылдап,
Күйлеп асып келеді.
Неше күн жүрді кемінен,
Айрылмады жануар
Бұрынғы жеген жемінен,
Он бес күн жүрді кемінен.
Қобыланды батыр өтеді
Қос Қарашоқы дөңінен.
Бір аяғы жер басты,
Бір аяғы тау басты,
Жүрген жолдан аумасты.
Дөңгеленіп келеді,
Дөңгеленіп келатса,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алдында бір көп қараны көреді.
Біз келейік, келейік,
Аттап басып желейік.
Жаңағы айтқан қара адам,
Одан хабар берейік.
Айдатып кеткен мал екен,
Ақсақ сиыр, ақсақ қой,
Кемпір менен шал екен.
Қобылан сынды батырдың,
Алшағыр қалмақ алған соң,
Шауып кеткен малы екен.
Малының алды барса да,
Бұлар елге жете алмай,
Орта жолда жүр екен.
Бұларға Қобылан келеді,
Кемпір-шалдар көреді,
Көре сөйлей береді:
—Ассалаумағалейкум,
Алдымдағы азамат,
Астыңдағы жарау ат,
Асынғаның шарболат.
Бізге келсең, шырағым,
Сақтасын Құдай саламат.
Аяңдамай желдің бе,
Құдай айдап келдің бе?!
Хабарын айтшы, шырағым,
Қозғалмас кеткен аттанып,
Торытайдай жетімнен,
Шырағым, хабар білдің бе?
Қобылан сонда сөйледі:
—Олай деме, кемпір-шал,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Жоғалмасын баққан мал,
Аламаным қырық мың сан,
Алшағыр патша біздің хан.
Танымайсын сен мені,
Мен—Алшағыр ханның нөкері,
Сөзімнің жоқ бекері.
Танытпады бұларға,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кемпір-шалдар жыласып,
Бір-біріне қарасып,
Қалған екен адасып,
Дүние деген қиырды-ай.
Мен Қобылан емеспін,
Өңкей кемпір, жаман шал,
Баға берің сиырды-ай.
Енді Қобылан кетеді,
Біраз жерден өтеді,
Өтпей енді нетеді.
Қой соңында жылаған
Шешесінің дауысы
Құлағына жетеді.
Шешесі сонда жылайды,
«Сағындым» деп Қобыланды
Көзінің жасын бұлайды:
—Қобыланды жүрмін сағынып,
Сағынбайын нағылып.
Қайғыменен көзімнен
Жас кетеді ағылып.
Жібекті киген бәйбіше,
Кенепті жүрмін жамылып.
Жерге қарай үңіліп,
Жанымнан жүрмін түңіліп.
Қапталдағы қабырғам
Қайғыменен сығылып.
Туралды менің табаным,
Тарылды менің заманым,
Тәңірге бар ма амалым?!
Қобылан балам қайда екен,
Дұшпанның бұзған қамалын.
Тілеп жүрмін баламның
Күндіз-түні аманын.
Шөңге тілді табан етімді,
Жас кенелтті бетімді.
Көретұғын күн бар ма
Қобылан балам жетімді?!
Осы келген жай бұлт,
Қобыланның жайы секілді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Маған қайдан келсін хабарың,
Тілеп жүрмін баламның
Күндіз-түні аманын.
Сол уақыттар болғанда,
Күн мезгілге толғанда,
Қобылан жетіп келеді,
Келе сөйлей береді:
—Ассалаумағалейкум,
Алдымдағы қарт ана,
Ақылың артық сен дана.
Жүрген жерің қу дала,
Алладан болсын бір пана.
Алла болсын панаңыз,
Кетіп еді қай жаққа
Қобылан атты балаңыз?
Осы келген адамға
Анық көзбенен қараңыз,
Мен Қобылан емес пе,
Ақылменен санаңыз.
Сонда анасы сөйледі:
—Қарағым менің хан еді,
Жарық жанған шам еді.
Ауыр жүгін көтерген
Қайыспас қара нар еді.
Арқасында баламның
Хазіреті Ғалидің
Бес пәнжесі бар еді.
Қобылан сонда түсінді,
Бітірейін ісіңді.
Анасының сөзіне
Бар киімін шешінді.
Анасына іс етті,
Қалмақ жауға күш етті,
Дұшпанына тісі өтті.
Тастай беріп киімін
Хазіреті Ғалидің
Бес пәнжесін көрсетті.
Шешесі сонда көреді,
Көріп көңлін бөледі.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобыланның анық екенін
Енді шешесі біледі.
Көрсетіп батыр шамасын,
Жаманды Құдай қамасын.
Баласын анық білген соң,
Қолын алып жуырды,
Төсіндегі мамасын
Бауырына басады,
Маманың сүтін шашады.
Баласын көріп бейшара
Қайтадан өмір жасады.
«Қарағым» деп сүйеді,
Баласын аман көрген соң,
Төбесі көкке тиеді.
Екеуі де танысып,
Әлқуатын алысып,
Қуаныста қалады.
Бұнан шығып Қобыланды ер
Тағы кетіп барады.
Қайда екен деп Хансұлуы,
Соны іздеп барады.
Бағанағы айтқан анасы,
Келген жерде қалады.
Бір жерге келіп тұрады,
Қарындасы Хансұлуы
«Көкекем» деп жылаған
Құлағын жарып барады.
Хансұлу тұрып тарықты,
Зар еңіреп қамықты:
—Есіркер күнің бар ма екен,
Біз секілді ғаріпті.
Қобылан көкем қайда екен,
Бұлтың келіп қалыпты.
Бұлтың келді басталып,
Жерді қалдым жастанып.
Айқайлап шақырып жылауға,
Қалмақтан тұрмын жасқанып.
Ағекем келер күн бар ма,
Қалаға қарай қасқарып.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ханды шалар күн бар ма,
Жолбарыстай бас салып?!
Соны айтып тұрғанда,
Сол мезгілдер болғанда,
Қобылан салып келеді,
Келе сөйлей береді:
—Қарағым, қалқам, бармысың,
Көкеңді көрмей зармысың?!
Қабыл екен көз жасың,
Қадірлі болсын бір басың,
Қыдыр болсын жолдасың,
Ұзақ болсын көп жасың.
Қобыланды көкең мен,—дейді,
Қарындасым сен,—дейді.
Жарық болып таң атты,
Қарындасын жұбатты.
Анасына әкеліп,
Екеуін қосып сол жерде,
Енді Алшағырға қарай жол тартты.
Әлқисса, енді бұл екеуін жұбатып, қарындасы менен ана-
сын бір жерге қойып, Қобылан қалмаққа қарай келе жатыр.
Алшағыр қалмақ Қобыланның елін шауып алғанда Құртқа
Алшағыр ханнан отыз күн мәулет сұраған екен: «менің некем-
ді қиып алма,»—деп. Сондағы айтқаны қабыл болған екен.
Үшейші Құртқа: «Отыз күннің ішінде ерім Қобылан сау бол-
са, бір хабарын берер»,—деген екен, сол отыз күннің жиыр-
ма тоғыз күні екен бүгін, ертең отыз күні өтіп, Алшағырдың
Құртқаны алатұғын тойы екен. Жиырма тоғызыншы күні
Қобылан Алшағырдың елін түнде келіп көріп кетеді екен, сол
күні Алшағырдың бәйбішесі Қобыланның қалаға келгенін бі-
ліп түс көреді екен. Алшағырдың алты баласы бар екен, соған
көрген түсін шешесі айтып тұрған екен:
—Әй, балдарым, түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Күндізім болды қараңғы,
Көрмедім шыққан күнімді,
Түспенен шықтым түнімді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көзім таң мезгілінде ғана ілінді.
Ортасынан қасқайып,
Қақ маңдайым тілінді.
Есіктен кіріп келді де,
Кесіп алып жоқ етті
Сөйлеген қызыл тілімді,
Өшірді сөйтіп үнімді.
Және бір көрген түсіміз,
Бір қабағы қалың қара үлек,
Қаладан асып төбесі,
Бізге асып қарады.
Қорыққанынан жүрегім
Әлі лүпілдеп барады.
Бұл бір ақыл ой екен,
Қаланың іші қой екен,
Қойға бір көк жолбөрі кіріп жүр,
Бүліктіріп қырып жүр.
Қырық еркек қойым бар екен,
Бұған да тамам барып жүр,
Бұны өлтіріп салып жүр.
Алты бағлан қозым бар екен,
Алты жерде жарып жүр.
Ай мүйізді ақ қошқарым бар еді,
Оған дағы барып жүр,
Тамағынан шалып жүр.
Жабағысыз көк саулық
Бұл елеусіз қалып жүр.
Шешең түсті көріп жүр,
Бір жығылып тұрып жүр.
Бұл түсім шайтан болмаса,
Елімде дұшпан толып жүр.
Баласы сонда сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:
—Әй, анамыз, анамыз,
Біз де сенің балаңыз,
Бұл сөзіме қараңыз.
Мен түсіңді білмеймін,
Аман болар қалаңыз,
Ашылмағай арамыз.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Аққұртқаны атам алар деп,
Ортаға төсек салар деп,
Күндестігі құрысын,
Қадірсіз басым болар деп.
Өтірік түсті көргенің,
Өтірік айтып жүргенің,
Осы ма сенің білгенің,
Жақсы емес пе өлгенің?!
Бұл түсіңе нанбаймын,
Сөзіңе құлақ салмаймын,
Сөзіңді қабыл алмаймын.
Сонда анасы сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Жалған айтар мен емес,
Мені қылма келемеж.
Қобылан келсе үстіңе,
Сенен қорқар ер емес.
Бұл айтқаным болмасын,
Ісімді Құдай қолдасын.
Қабағы қалың қара үлек,
Қара қыпшақ Қобыланның,
Әруағы болмасын.
Тас қараңғы күн болып,
Һәркім білмес жол басын.
Қаланың іші қой дегенім,
Көп аламан болмасын.
Қойға тиген көк бөрі,
Қобыланды батыр болмасын,
Бүліктіріп қырмасын.
Келе салып Қобыланды ер,
Ақырзаман салмасын.
Қырық еркек қой дегенім,
Атаңыздың қасында,
Қырық уәзір болмасын,
Қырық жерде қырмасын.
Алты бағлан қозы дегенім,
Алты балам болмасын,
Алты жерде жармасын.
Ай мүйізді ақ қошқар дегенім,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тақта атаң болмасын,
Тақ үстінен тайратып,
Нар бурадай жайратып,
Кәллесін кесіп алмасын,
Бұл айтқаным болмасын,—деп,
Түсін айтып болады,
Тыңдалмай сөзі қалады.
Әлқисса, бүгін Алшағыр патшаның Құртқаны алатұғын тойы
екен, алтын тақты ортаға құрып, халқының бәрін жинайды.
Сол уақытта Қобылан мінген торыша ат өзгеріп бір ала шолақ ат
болады. Алланың әміріменен өзі де өзгеріліп, бір қалендер шал
бақсы болады. Қырық құлаш алмасын беліне таңып келіп тойға
кіреді. Сонда Алшағыр хан мұны көреді де:
—Ей, қалендер бақсы, сен,—дейді,
Алшағыр патша мен,—дейді.
Қызыл тілла берейін,
Бір бал ашып бер,—деді.
Қобылан батыр тірі ме,
Иә болмаса өлі ме,
Шын хабарын бер,—дейді.
Сонда қалендер сөйлейді:
—Менің атым қалендер,
Әзіл алғыш әлендер,
Ал, патшаға сәлем бер.
Алшағыр патша сен,—дейді,
Қалендер бақсы мен,—дейді.
Қобылан батыр тірі ме,
Иә, болмаса, өлді ме,
Осы тойға келді ме,
Әруағым біл,—дейді.
Алмасы кетті ұзарып,
Көзі кетті қызарып
Қобыландайын батырдың.
Бір қараңғы түн болды,
Алшағырға сын болды,
Қойға тиген бөрідей,
Алмаспенен сермеді,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қасына ешкім келмеді.
Бірін-бірі қырады,
Баяғы айтқан қырық еркек қой дегені
Ханның қырық уәзірі болады.
Мұны өлтіріп салады,
Бұдан өтіп барады.
Алты бағлан қозы дегені
Алты баласы болады,
Алты жерде жарады.
Бұдан өтіп барады,
Ай мүйізді ақ қошқар
Патша атасы болады.
Тақ үстінен тайдырып,
Нар түйедей жайратып,
Кәллесін кесіп алады.
Алшағырдың бәйбішесін
Тірідей ұстап алады.
Анасының өші бар,
Ала алмай жүрген кегі бар,
Ат алдына салады.
Қаласын шауып талқандап,
Қобыланды шауып алады.
Енді несі қалады,
Елін азат қылады.
Қалғанына от берді,
Жеті күндей жанады,
Алшағырдың қаласы,
Осымен тамам болады.
Бұ ертек жыр баяғы—
Бұ заманның қаяғы.
Көшіп келіп еліне
Балшықтан тамды салады,
Қайтадан қала болады.
Осыменен аяғы
Тамат-тамам болады.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жирен Қопа көлінде,
Ешкі қырған дөңінде,
Қалың қыпшақ елінде
Қыдырбай атты бай болған,
Төрт түлігі сай болған.
Он үш жасар Хансұлу
Байда жалғыз қыз болған.
Сексен төртке келгенше,
Бір перзентке шөл болған.
Қайғылы болған Хансұлу,
Он үш жасқа келгенше,
Қызығын аға көрмеген,
Соңынан іні ермеген.
Туысқанның қызығын
Екеу болып көрмеген.
Сексен төртте Қыдырбай
Дүния-малға бай болған.
Бұл жасына келгенде
Бір перзентке зар болған.
Отарқұл менен Қодарқұл,
Баласы байдың сол болған.
Екеуі байдың құлы еді,
Асыранды ұлы еді.
Толып жатқан жылқының
Қожасы болып жүр еді.
Құл десе де ағайын,
Қыдырбай сынды байыңа
Қобыланды батыр
(Нұрсейіт Битілеуов нұсқасы)
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өгейлігі жоқ еді.
Қыдырбай дөңнен өткесін,
Сексен төртке жеткесін,
Өзінен қайрат кеткесін,
Жаулығы елдің көбейді.
Қалың қыпшақ қазағы,
Байға жүрді мазағы,
Бір баланың жоқтығы
Дүнияның болды азабы.
Байдың елі кеңесті,
Ат құлағын теңесті,
Басын қосып жиналып,
Қыпшақ елі сөйлесті:
—Қыдырбай шалдың ұлы жоқ
Мал менікі дейтұғын
Қысқа аяқты қыз еді,
Хансұлудың күні жоқ.
Байдың өзі өлген соң,
Шырағы жанған сөнген соң,
Иесіз қалар бұ малы.
Ат жақсысын мінелік,
Құйрығын талдап өрелік.
Жау киімін киелік,
Қаруды бестен ілелік.
Таң азаннан тұралық,
Белді бекем буалық.
Батырлар туын жайнатып,
Арғымақ атты ойнатып,
Бай ордасын шабалық.
Сан жетпейтін жылқысы,
Малын талап алалық.
Туырлығын тілелік,
Тіліп тоқым етелік.
Керегесін кеселік,
Кесіп отын етелік.
Он үш жасар Хансұлу
Еріксіз ару етелік.
Осылай деп қамданып,
Елі жатыр жиналып.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Елдің біліп жаулығын,
Көптің көріп зорлығын,
Он үш жасар Хансұлу
Қайғыланып жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Сонда тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ағайын, саған не қылдым,
Дүнияда тірі жүргенде,
Баласы жоқ деп әкемнің,
Байдың мүлкін шабам деп,
Талауға мүлкін салам деп,
Сендерді Құдай қарғағыр,
Баласыз болып зарлағыр.
Мендей болып зарығып,
Тілегіңді Құдай бермегір.
Келсе жаудан қорғайтын,
Қыдырбай жүрген мұңды деп,
Қамқорлықпен қорғайтын,
Ағайын жұртым сен едің.
Он үшке жасым келгенше
Соңымнан іні ермедің,
Екеу болып жүрмедім.
Туысқанның қызығын
Бұл дүнияде көрмедім.
Әркімнің кетер қолында,
Қайырсыз дәулет бергенің.
Құдіретің күшті бір Құдай,
Пазылың сенің көп еді.
Кедейлікпен өтсем де,
Бұл дүниянің жүзінде,
Бейнет шегіп кетсем де,
Қыдырбайдың ұл-қызы,
Екеу болып жүрмедің.
Ата да анам бар едің,
Бұл дүнияға бай едің.
Бір перзенттің жоғынан
Қайғылы болған жан едің.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Дүнияда бала көре алмай,
Қорғасындай балқытып,
Жұпардай иісін аңқытып,
Бесіктен перзент сүйе алмай,
Өткенің бе дүниядан?!
Ата-анам өлген соң,
Лаулаған шырақ сөнген соң,
Алдымда сүйеу ағам жоқ,
Алладан бөтен панам жоқ.
Бір ініге зар болдым,
Қылатын қайла-шарам жоқ.
Кешегі өткен заманда,
Өзіңде қайрат барыңда,
Қыдырбай болып жүргенде,
Боз жорға атқа мінгенде,
Халық ұстаған хан болып,
Ел билеген би болып,
Төреңді ғаділ бергенде,
Халықтың болдың адамы.
Бұл жасыңа жеткенде,
Өзіңнен қайрат кеткенде,
Елдің болдың жаманы.
Мен секілді мұңдыны
Ұл етіп Алла бермедің.
Асыл киім кигізіп,
Ер қаруын ілгізіп,
Қызығымды көрмедің.
Қысқа аяқты қыз етіп,
Күндердің күні болғанда,
Қайғыменен қарайып,
Шырайлы жүзім сарғайып,
Қайғыда шегіп өлгенім.
Көптің көріп қорлығын,
Елдің көріп зорлығын,
Ағайынға қас болып,
Шабатынын білгесін,
Туып өскен қонысын,
Талақ етіп көшерге,
Бұл жерінен кетерге,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өзінше байың қам жасап,
Ағайынды аралап,
Сауын айтып зарлады.
Аяушылық жолдасын
Тауып алып Қыдырбай
Үркейін деп ойлады.
Қатардағы жолдасы
Қарабек дейтін бай еді,
Алты ұлы бар еді,
Қыз перзентке зар еді.
О да байға қосылып,
Көшейін деп ойлады.
Өзіне ерген жолдаспен,
Төрт жүздейін үй болып,
Шаруасы күй болып,
Жирен қопа көлінен,
Ешкі қырған дөңінен,
Қалың қыпшақ елінен
Үркіп көшіп жөнелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Асу-асу жерлермен,
Бетегелі белдермен,
Айдын шалқар көлдермен,
Ақша ханның еліне,
Мұсылманның жеріне,
Арып-тозып емденіп,
Әрең жеткен секілді.
Алысқа елін қондырып,
Қырық кісі қосшы алып,
Ақша ханның ордасы
Қыдырбай жетіп келеді.
Ханның жатқан ордаға
Еңкейе келіп енеді.
«Іздеген ханым сен ғой»,—деп,
Иіліп сәлем береді.
Ноғайлының Ақша хан
Жатқан жерден тұрады,
Көтеріп басын алады,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Тура байға қарады.
Жай емесін біледі,
Біле тұра сөйледі,
Сөйлеуінің ішінде
Қызметін сұрады.
Сұраған соң Ақша хан,
Қыдырбай тұрып толғады,
Бейнетін көріп қозғады:
—Қазақта малға бай болдым,
Ұл перзентке зар болдым.
Өзімде қайрат барында,
Дүнияны судай шайқадым.
Жақсы менен жаманның
Шекарасын байқадым.
Арызымды тыңдасаң,
Ханым, саған айтайын.
Бөлініп көштім елімнен,
Туып өскен жерімнен.
Естуің болар ертеден
Жирен қопа көліңнен,
Ешкі қырған дөңінен.
Өзімнен қайрат кеткесін,
Қызғалдақтай гүл жайнап,
Қызықты күнім өткесін,
Байтақ елім жау болып,
Талақ етіп қонысты,
Арада неше мен көшіп,
Адамымнан әл кетіп,
Ат мойнынан жал кетіп,
Толып жатқан елімді,
Көшершілік меңдетіп,
Дидарыңды көруге,
Иіліп сәлем беруге,
Арып-ашып келгенім.
Қайғылы жанды көремісің,
Ноғайлының ханы едің.
Қарт пенен қасырға
Қайырың тиген жан едің,
Маған қоныс беремісің.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қатарыңа алсаңыз,
Сөзіме құлақ салсаңыз,
Қарауыңда боламын,
Қонысыңа қонамын.
Ақша хан тұрып сөйледі:
—Естуші едім ертеден
Қалың қыпшақ еліңді.
Қыдырбай атты бай бар деп,
Естігенім сен болсаң,
Бір баланың жоғынан,
Қатарыңнан кем болсам.
Іздегенің шын болса,
Қалаулы жерден қонарсың,
Маған жолдас боларсың.
Жылама, байым, жылама,
Қайғылы көңілім ашарсың,
Өксуіңді басарсың.
Әлі де болса өмірің,
Қызық жасты жасарсың.
Бұл сөзді айтып Ақша хан,
Елі жұртын жидырды,
Қайғысын байдың қойдырды,
Жолдасын ертіп Ақша хан,
Қыдырбайға бас болып,
Жерін көріп аралап,
Қонысты жүрді жағалап,
Қыдырбай сынды байыңыз.
—Қалаған қоныс ал,—деді,
Бізге жолдас бол,—деді.
Паналауға келгесін,
Сүйікті жерін бергесін,
Қонысты байың алады,
Ордалы мекен құрады.
Көңілдегі қасірет,
Қайғысын ол жояды.
Сол заманда болыпты,
Алшағыр мен хан Тәуке—
Қалмақтың екі ханы еді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алдына шығар адам жоқ,
Мұсылманның еліне
Ағалығын етеді.
Алшағыр хан ханыңның
Алты ұлы бар еді,
Алтауы бірдей нар еді.
Ұл перзенті болса да,
Қыз перзентке зар еді.
Берейін десе Тәңірдің
Ерте-кеші бола ма,
Елуге жасы келгенде,
Алшағыр ханның бәйбіше,
Айдан ару ажарлы,
Күннен көркем көрікті,
Сымбатты сұлу қыз туды,
Өтірік емес шын туды.
Жиылып хандар кеңесіп,
Құртқа деп атын қойдырды,
Астана жұртын жидырды.
Алшағыр хан алдырды,
Халқына хабар салдырды.
Хабаршы деп ат қойып,
Әрбір ханның еріне
Екіден жансыз жүргізіп,
Тойға жиып алдырды.
Ел жиылып болған соң,
Жиылып келген адамға,
Аймағы ханның толғансын,
Елге жансыз салдырған,
Шабарларын жидырып,
Алшағыр хан сұрады:
—Келмей қалған ел бар ма,
Тимеген хабар ер бар ма?
Ханның сөзін есітіп,
Хабаршылар сөйледі:
—Ақша ханның елінде,
Қоныстанған жерінде,
Бөлініп көшкен елінен,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Үркіп көшкен жерінен
Қыдырбай менен Қарабек,
Қазақтың екі байы бар.
Ұлы менен қызы жоқ,
Көңілінің зары бар.
Ханым хабар бермес деп,
Олар тойға келмес деп,
Біз соларға бармадық,
Барып хабар салмадық.
Әлқисса, екі хан кеңесіп: «Ертеде біздің де естуіміз бар
еді, қазақ елінде хан болған деп, халқына жағымды болған,
өзінен қайрат кеткесін, жасы жеткен кезде, ел түрткісінен
ығысып, Ақша ханның қарауына келген екен ғой, алайда ондай
мұңдыларды шақыралық, көңілдегі қасіреттерін жойсын».
Бұлайша деп Алшағыр,
Екі жігіт алдырып:
—Ақша ханның елінде
Қыдырбай мен Қарабек—
Қазақтың екі байы бар.
Барып хабар салыңыз,
Кәріде көрген қызығым,
Қыз Құртқаның тойына
Біз шақыра жүрміз деп,
Соларға хабар салыңыз.
Екі жендет жөнелді,
Түн ұйқысын бөледі.
Бүкең-бүкең желеді,
Ақша ханның елінде,
Шаруасы жақсы жайланған.
Он екі қанат ордада,
Құс мамықтың ішінде,
Крауат төсек үстінде
Ұйқыда жатқан Қыдырбай,
Соған келіп сөйледі:
—Ал, Қыдырбай, келеміз,
Ат сабылтып жүреміз.
Бұйрығыменен ханымның
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Аяңдамай желеміз.
Елуге жасы келгенде
Хан жолдасы ханымнан
Сұлудайын сымбатты,
Қырмызыдай қымбатты,
Құртқадай асыл қыз туды,
Өтірік емес шын туды.
Ұлттың елін жинаған,
Көптің басын құраған.
Алтыннан қабақ аттырып,
Күмістен табақ тарттырып,
Ат бәйгесін шаптырып,
Жасап жатқан тойы бар.
Көңілді болсаң барасың,
Тойдан орын аласың.
Бұлайша деп хабаршы,
Ізінше қайтып жөнеді.
Қыдырбай сынды байыңыз
Жатқан жерден тұрады.
Асыл киім киініп,
Белді бекем буады.
Халқына хабар салдырды,
Әскерін жиып алдырды.
Төрт жүз жігіт қол алды,
Аз емес мол алды.
Қарадан киім кигізіп,
Бестен қару ілгізіп,
Пар ат жегіп күймеге
Саба салып толтырып,
Той сыйлығы болсын деп,
Екі жорға тай алып,
Алшағыр ханның еліне
Қыдырбай шықты жол алып.
Қалмақтың екі ханы айниды: «Түу елінен, жерінен симай
шыққан жарты бастарды не қыламыз?—деп,—олардың ұлы
да, қызы да жоқ». Алдынан шығып, аулына қарсы кісі жіберіп,
«ұлсыздың, қызсыздың көретін тойы емес» деп кері қайырады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Осылай деп екі хан
Ақыл ойлап кеңесіп,
Ат құлағын теңесіп,
Ақылын тапқан жөндесіп,
Әскерін алды жидырып.
Шіркеудің шығып басына,
Хан Тәукесі қасында,
Алшағыр хан сөйлейді:
—Алпыс әскер жиналып,
Ат жақсысын мініңіз,
Ер киімін киіңіз,
Жау жарағын іліңіз.
Келе жатқан Қыдырбай,
Алдынан қарсы жүріңіз.
Қыдырбайдың ұлы жоқ,
Қарабектің қызы жоқ.
Ұл мен қызы жоқ адам,
Қызық көрер жөні жоқ.
Кетсін кері еліне,
Мекендеген жеріне.
Келмесін олар ойынға,
Құртқаның келсе тойына.
Қазақ пен қалмақ жау едің,
Ұрыс болып арадан,
Қан сорғалар қойынға,
Қылыш тиер мойынға.
Хан бұйырды амал жоқ,
Бармасыңа заман жоқ.
Алпыс әскер жиналып,
Ат жақсысын мінеді,
Жал-құйрығын өреді,
Бес қаруын іледі.
Келе жатқан Қыдырбай
Алдынан қарсы жүреді.
Қалмақтар келіп сөйледі:
—Қыдырбай мен Қарабек,
Бармаңдар сендер ойынға,
Алшағырдың тойына.
Сендер барсаң бұл тойға,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қылыш тиер мойынға,
Қан сорғалар қойынға.
Ұлсыздарға орын жоқ,
Орынмен бірге ойын жоқ.
Қызсыздарға қызық жоқ,
Қызықпен бірге қымыз жоқ,
Қымызыңды жерге төк.
Сексен төртке келгенде,
Сақал-мұртың қуарып,
Қолыңа жасыл ту алып,
Төрт жүз жігіт қол алып,
Бедеу атын мінгізіп,
Бес қаруын ілгізіп,
Қарадан киім кигізіп,
Өзіңнен туған ұлың жоқ,
Қызықты сенің күнің жоқ,
Дәреже, қызық кімдерге
Көрсетем деп келесің?
Соғыс болса бұл тойда,
Ажалың жетіп өлесің.
Қызыл қаның төгілсе,
Кеудеден жаның жөнелсе,
Кегіңді бізден алғандай,
Өзіңнен туған ұлың жоқ,
Осы жерден кері кет.
Дария болып шалқыған
Қыдырбайдың көңілі
Қозғалдақтай қуарып,
Айдын көлдей суалып,
Боз жорғадан құлады,
Жер бауырлай жылады,
Қарттың жасы бұлады:
—Ай, жасаған Жаппарым,
Тілегімді бермедің,
Көзімнің жасын көрмедің.
Бұл жасыма жеткенше,
Соңымнан қара ермедің.
Ат шаптырып, той қылып,
Ұл қызығын көрмедім.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өзімде қайрат барында
Дұшпаннан таяқ жемедім,
Жаудан қорлық көрмедім.
Күндердің күні болғанда,
Шыбын жаным қиналып,
Бір баланың жоғынан
Қазақ пенен қалмақтың
Мені қу бас дегенің.
Бұл қайғыны көргенше,
Күнде бүйтіп өлгенше,
Құдая мені алсайшы.
Астанамның алдында
Қара оба қылып салсайшы.
Хансұлудай қыз бердің,
Дүния малын мол бердің,
Дұшпанға залал тигізіп,
Түн ұйқысын бөлгізіп,
Бес қаруын ілгізіп,
Ұл қызығын көрмедім.
Бұл сөзді айтып Қыдырбай,
Қайғыменен жылады,
Жатқан жерден тұрмады.
Сол кісінің ішінде
Жүз елу бес жасаған,
Азу тісі босаған,
Жақсыны талай өткізген,
Ақсақалды ағасы
Қасына байдың келеді.
Байдың басын сүйейді:
—Ай, Қыдырбай, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Алланың берген ұлы жоқ,
Ұлсыз елдің күні жоқ.
Әл дәрменің барында
Қыдырбай атты бай болдың.
Байлығыңа сәйкесті
Ел ұстаған би болдың.
Билікті тура жүргізіп,
Халықты бірдей көргенің.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жарлы, бай деп айырмай,
Үгітті дұрыс жүргізіп,
Әділ төре бергенің.
Ол күніңнің бірі жоқ,
Қайғысыз сенің күнің жоқ.
Бұл жеріңнен тұр,—деді,
Беліңді қынай бу,—деді,
Аллаға шүкір қыл,—деді.
Елімізге баралық,
Миыңда қалсын байымыз,
Бір мысалды сөз айтам:
Бізден бұрын өтіпті
Ноғайлыны билеген
Хан Мұсаның баласы—
Әулие туған хан Мамай.
Алған жары Ақтеңге,
Сол сұлудан ұл болмай,
Хан болса да халыққа,
Асыл туған хан Мамай,
Қайғылы Құдай етіпті.
Бұл сөзіме құлақ сал,
Ақылың болса ұғып ал,
Шешеннің сөзін есітіп.
Тізесін басып таянып,
Көзінің жасы боялып,
Жатқан жерден тұрады.
Оңына қарап Аллаға
Қыдырбай шүкір қылады.
Ызасынан қалмақтың
От болып іші жанады.
Ашу кернеп денесін,
Қайырды қалмақ шегесін.
Алтын сапты ақ пышақ
Қыдырбай қолға алады,
Күймеге таман барады.
Күйме толған сабаға
Қыдырбай пышақ салады.
Қымызы жерге төгіліп,
Омыртқасы бүгіліп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қабырғасы сөгіліп,
Алла деп атқа мінеді.
Ағайыны қаумалап,
Еліне аман келеді.
Он екі қабат ордаға,
Еңкейе келіп енеді.
Қатты-қатты дем алып,
Жүрегі байдың жарылды.
Бір перзенттің жоғынан
Тынысы байдың тарылды.
Он үшінде қосылған
Қыдырбайдың жұптысы
Ағзарбаптай бәйбіше
Қорасанға қой айтып,
Әулиеге ат айтып,
Шыбын жанға жан айтып,
Темірден кебіс киініп,
Темірден аса қолға алып,
Садақа деп қос тұлпар,
Жетегіне мұны алып.
Өзінің туған қайнысы
Жолдас етіп қасына,
Шығар күннің бетіне,
Сапарын шегіп жөнеді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Хан Мамайдың қараған,
Қырық шалғысын тараған.
Жаудың келер беті деп,
Түн ұйқысын бөлген жер,
Қасиетті ел ғой деп,
Дәретін алып, жуынып,
Белін бекем буынып,
Басына түнеп өтеді.
Жақсылықты сен алмай,
Еш нәрсені көре алмай
Бұдан да өтіп жөнелді.
Обаны көре отырып,
Тауды кезіп келеді.
Қызғышты судың бойында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Екі беті әулие,
Бәріне қоймай түнеді.
Ешкім оған келмеді,
Түсінде аян бермеді.
Көңлі ауып, түңіліп,
Мұнан да өтіп жөнелді.
Қақпақтының саласын,
Әулие бар шамасы,
Бір баланың жоғынан
Үмітін үзбей қайғырып,
Қыдырбай жүр арасын,
Етек-жеңін түрініп,
Әулиені қоймай қыдырып,
Шыбын жанын қинады,
Дамыл алмай жүгіріп.
Наз құмының бойында,
Қыз әулиедей апасы,
Соған келді емініп,
Тілектің болмас қатасы.
Өзі алпыс жасында,
Қайнысы туған қасында,
Іздеп келген піріне,
Өлі де болса көруге,
Ақ мешітке енуге,
Шырақшы бар қасыңда,
Жайын айтып тілдесіп,
Мұқтажын айтып сөйлесіп,
Ұлықсатын алады.
Есігін ашып еңкейіп,
Құба талдай майысып,
Сәлем етіп енеді.
Пердесі бар бетінде,
Жатыр екен үйінде,
Тәні бар да жаны жоқ,
Қыз апасын көреді.
Таһаратын алып, жуынып,
Белін бекем буынып,
Өлі адам деп шошынбай,
Қасына келді жүгініп.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Оң қолынан өбеді,
Өлі де болса апам деп,
Оң бетінен сүйеді.
«Демеуші пірім сен болсаң,
Мұңды келін мен,—деді,
Тілегімді бер,—деді.
Алпысқа келген жасым бар,
Бір перзенттің жоғынан
Қайғылы болған басым бар.
Тілегенім болмаса,
Біз секілді мұңдыны
Кіріптар қылмай дұшпанға,
Өлім бер де, қасыңа ал».
Осыны айтып зарығып,
Жарылқа деп қамығып,
Шаршап жүрген Ағзарбап
Апасына сүйеніп,
Көзі ұйқыға барғанда,
Қырық шілтердің анасы,
Зарлы жанның панасы,
Аққу болып топ жасап,
Балапаны қасында
Ақмешітке енеді.
Зарбаптың кірген жеріне,
Кідірмей о да енеді.
Кебенегін тастап қу болған
Адамзатқа енеді.
Жасы жеткен енесі,
Қайрылмаса Зарбаптың,
Болаттан соққан шегесін.
Алтын кесе қолында,
Өзі Хақтың жолында.
Ішін балдан толтырып,
Нұр суынан мол қосып,
Сыр суынан дәм қосып,
Сонда пірі сөйледі:
—Қайғылы келін сен,—деді,
Беруге келдім мен,—деді.
Алпыс жасқа келгенде,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бала бер деп енеңді,
Қинадың келін шын,—деді.
Сен үшін келіп қиналдым,
Үстіме киген қамқа тон,
Етек, жеңін жинадым.
Тілегенің ұл болса,
Құдайыңнан шын болса,
Қартайсаң да берейін,
Көзіңнің жасын көрейін.
Таба қылмай дұшпанға,
Осы жолы демейін.
Жатқан жерден тұр,—деді,
Таһарат алып, таранып,
Беті қолың жу,—деді.
Бір бала үшін қаңғырып,
Мехнат шектің арада.
Талай жерде шөл көріп,
Енең берген сусынды
Ыхласпенен ал,—деді.
Ішіп мейірің қанғандай,
Көңліме күн толғандай,
Қартайсаң да, келінім,
Ихласпен бергесін,
Тамырдың бәрі қамданып,
Денеде бойың жанданып,
Жас келіншек болғандай,
Бір Аллаға сиынып,
Етек-жеңін жиынып,
Жатқан жерден тұрады.
Келіп тұрған кемпірге
Келіншектей иіліп,
Сонда сәлем қылады.
Нұр суы мен сыр суы,
Қосылған балмен аралас,
Енесі берді қолына.
Ихласпен бергесін,
Бейшара Зарбап қалады,
Ішіп мейірі қанады.
Төбесінен Зарбаптың
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Нұрдың суын құяды.
Нұр суына шомылып,
Қызғалдақтай гүл жайнап,
Қырмызы күрең болады.
Сонда пірі сөйледі:
—Бердім, келін, шын,—деді,
Шын екенін біл,—деді.
Атса, мылтық өтпейтін,
Шапша, қылыш кеспейтін,
Дұшпан күші жетпейтін,
Суға салса, батпайтын,
Белін шешіп жатпайтын,
Аңсамай саумал татпайтын,
Шеттен келген дұшпаннан
Өз аймағын сақтайтын.
Асыл нұрдан жаралған
Қыдырбай шалдың еркесі,
Қыпшақ елдің серкесі,
Қара қыпшақ Қобыланды
Балаңыздың аты бар,
Жауға жазған хаты бар.
Енді жаның қиналмай,
Көп қайғырып жыламай,
Менің берген арыстан,
Ақ ниетіңмен күтіп ал.
Жеті ай, он күн дегенде,
Дүйсенбінің күнінде,
Қобыландыдай баланы,
Жеткізсе, Құдай көрерсің,
Нұрлы беттен сүйерсің.
Қол көтеріп, бата етіп,
Осы келген енесі
Ғайып болып жөнелді.
Алпыс жасар Ағзарбап,
Тілегін алып қуанып,
Қайғысын жойып жуанып,
Елге қарай жол жүрді,
Арада алты ай қаңғырып.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Арқа еті аршадай,
Борбай еті боршадай,
Болған екен со күнде
Қураған аршадай.
Табаны тасқа тесіліп,
Күре тамыр кесіліп,
Аяқтағы темір кебістің
Теңгедейі қалғанда,
Қолында темір асаның
Тебендейі қалғанда,
Иесіз қалған ордаға
Әрең жетті емініп.
Ордасына енеді,
Еңкейе келіп кіреді.
Белдеуінен құм басып,
Оң жағына қисайып,
Бәйбішенің жоғынан
Қалған екен жантайып.
Қыдырбай мен Хансұлу
Үсті-басын шаң басқан,
Нұрлы жүзін қан басқан,
Көзін жастан тыя алмай,
Ақыл ойлап жия алмай,
Жатыр екен бейшара.
Бәйшешектей қуарып,
Айдын көлдей су алып.
Бәйбіше келіп сөйледі:
—Әй, жан жарым, оңбадың,
Жатқаныңнан тұрмадың.
Беліңді бекем буынып,
Дүнияға ие болмадың.
Алты ай келдім қаңғырып,
Құдіреті күшті Құдайым
Бір балаға зар қылып,
Дұшпанның өтті ызасы.
Баласы көп адамның,
Батып кетті ызасы.
Бір інінің жоғынан,
Хансұлудай қарғамның
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кетіп еді мазасы.
Бергені пірім шын болса,
Хансұлудай мұңдының
Қабыл болар тілегі,
Жарылар оның жүрегі.
Жатқан жерден тұр,—деді,
Қынай белің бу,—деді.
Мал семізін сой,—деді,
Елі жұртың жи,—деді.
Құдайыңның жолына
Садақа бер жи,—деді.
Асыл нұрдан жаралған
Қара қыпшақ Қобыланды,
Қыз әулиенің басынан
Алып келдім шын,—деді.
Жеті ай, он күн болғанда,
Көреміз, соны біл,—деді.
Бейшара болған Қобыланды
Бәйбіше сөзін есітіп,
Көңілі толып ақырып,
Қарт бурадай бақырып,
Тұра келді шамданып,
Көрмеген ұлға мақтанып.
Белді бекем буынып,
Бір Құдайға сиынып,
Малға таман келеді.
Аямай мал қырады,
Елі жұртын жияды.
Қабыл болсаң байыңа,
Жиылған жұрттың батасы,
Батаның болмас қатасы.
«Бұл жасыңа келгенде,
Арыстанды болшы деп,
Ағзарбаптай бәйбіше
Дұшпанға қарсы тушы» деп,
Қол көтеріп бата етті.
Сөзіне көптің шүкір деп,
Ағзарбаптай бәйбіше
Бір Құдайға жүде етті.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Астан тарап кеткесін,
Сағынысып көргесін,
Зылиқа менен Жүсіптей
Шал мен кемпір ойнады.
Алпысқа келген Ағзарбап
Ойнаумен ісі болмады.
Қашса дағы анаңды,
Қайтпаған екен қайраты,
Жалындай екен айбаты.
Қарт бурадай сақылдап,
Құшағын созып жақындап,
Тіпті еркіне қоймады.
Бір күндері болғанда,
Шамалы күні толғанда,
Жерік болды бәйбіше.
Асқа мейірі шаппады,
Жерігін оның таппады.
Сасқалақтап Қыдырбай,
Бақсы, қожа, молданың,
Бәрін қоймай жинады.
Бәйбіше тұрып сөйледі:
—Алжыдың ба, Қыдырбай,
Бәленің бәрін жинайсың,
Әулие деп бұлардың
Басын неге құрайсың?
Маған берген бұл ма еді,
Молда менен бақсының,
Бала беруі шын ба еді?!
Мен тілеп алдым Алладан,
Мынаның бәрін кетіріп,
Ат жақсысын мін,—деді,
Бес қаруды іл,—деді,
Ер көңілді ерлерден
Алпыс жігіт ал,—деді.
Шалғын таудың басында
Хан Мұсаның баласы—
Орақ пенен ер Мамай,
Сапар шегіп бара жатып,
Елге зақым етер деп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ұйықтап жатқан аждаһа,
Ұстап алып қапыда,
Шынжырменен ноқталап,
Байлап кеткен шамасы,
Түсімде көрдім мен,—деді.
Басы менен жүрегін
Әкеліп маған бер,—деді,
Жерік едім соған шын,—деді.
Бәйбіше айтты, амал жоқ,
Жерік асын таппасқа,
Қыдырбайға заман жоқ.
Елге хабар салады,
Өзім деген жігіттен
Алпыс жолдас алады.
Шығар күннің бетіне,
Қиыр шығыс шетіне
Сапарланып жол шекті.
Түнде дамыл алмады,
Ұйықтап төсек салмады.
Неше күндей жол жүріп,
Шалғын тауға барады.
Етекке жақын келгенде,
Тау басында байқаса,
Көкті мұнар шалады.
Домаланып қара бұлт
Тау басынан көреді.
Жанып жатқан от көрді,
Ұшқындаған шоқ көрді.
Қасындағы жолдастар
Тау басына баруға,
Соған хабар алуға,
Үрейі ұшып сандалды.
Бір баланың жолында
Жанын құрбан етті де,
Арманы жоқ байыңның.
—Жолдастарым, қорықпа,
Шыбын жаннан торықпа.
Шыны тағдыр жетпесе,
Дәм таусылып бітпесе,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қаптаса да қалың жау,
Ажал жетпей өлмейді.
Көрініп тұрған қараға,
Келейін барып мен,—деді.
Осыны айтып дем беріп,
Тауға қарай емініп,
Қыдырбай шалың жөнелді.
Өзі көрген қараға
Іркілмей жетіп келеді,
Анықтап көзбен көреді.
Үйде қалған кемпірдің
Анық екен болжауы.
Ноқтаменен шынжырлап,
Қазыққа темір байланып,
Жатыр екен айдаһар,
Жолдасқа қайтып келеді.
Көзі көрген нәрсесін
Баян етіп сөйледі:
—Тау басында көрінген
Домаланған қара бұлт—
Айдаһардың сырты екен.
Тау басында көлеңке,
Анау тұрған екі оба—
Айдаһардың ұрты екен.
Жанып тұрған от жалын—
Аузынан шыққан лебі екен.
Мұнартқан аспанды—
Танауының демі екен.
Тау басында жалтырап,
Көрініп тұрған айдын көл—
Айдаһардың көзі екен.
Алпыс сажын ұзыны,
Иретілген жыландай,
Сол залымның өзі екен.
Осылай деп баяндап,
Сөзін айтып тамамдап,
Азан айтып шуласып,
Құдайым деп жыласып,
Жан басына садақа,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ай мүйізден айтысып,
Ақтан киім киініп,
Ұйқыда жатқан айдаһар,
Іркілмей жетіп келеді.
Жүректерін тоқтатып,
Көзбен анық көреді.
Отыздан екіге бөлініп,
Байдың алып алмасын,
Бас жағына төнеді.
«Өлсек, жаным шаһид» деп,
Күшпен ырғап қалады.
Бүктемелі ақ алмас,
Қайтпаған екен болаты.
Кеудеден бөліп алады,
Шынжырда басы қалады.
Бөлініп қалған бөксесі
Ұзынын жазып алады.
Мынау келген ерлерді
Құйрығымен бұлғап соғады.
Ұрандасып жинасып,
Бір Аллаға сиынып,
Алмасын тағы құрады.
Айдаһардың бөксесін
Екіге бөліп салады.
Төс етегін қайырып,
Екі жаққа айырып,
Жүрегін жарып алады.
Шынжырдан басын босатып,
Ат қоржынға салады.
Жүрегін алып бәйбіше,
Байдың жолы болады.
Елге қарай емініп,
Көңілі тасып шаттанып,
Келе жатыр желігіп.
Үйде қалған бәйбіше,
Бай кеткелі ұйқы жоқ.
Езу тартып күлу жоқ,
Жатушы еді ренжіп.
Байдың келер шағында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Таң мезгілі болғанда,
Ұйқыда жатып түс көрді,
Қайыры, жақсы іс көрді.
Байдың жолы болғанда,
Көңілі мақұл толғанда,
Ертеменен тұрады,
Белді бекем буады.
Дастарханы белінде,
Тәрелке тығып қойнына,
Пышақ алып қолына,
Алдынан қарсы жүреді.
Қыздардайын қылаңдап,
Түлкідейін сылаңдап,
Келіншектей сыланып,
Алдынан байдың жетеді.
«Жерік асың болды» деп,
Ат қоржынды алады.
Бәйбішеге береді,
Ыңғайланып оралып,
Оңынан барып алады.
Отырып жалғыз қалады,
Дастарханын жаяды.
Айдаһардың басымен,
Жүрегімен қосулы
Тәрелкеге салады.
Қызылын жерге ағызбай,
Тамшысын жерге тамызбай,
Бөрідей асап қабады.
Тіс құмары қансын деп,
Айдаһардың сүйегін
Ауызға салып шайнады.
Маңдайдан тері шұбырып,
Дене бойы су болып,
Бастан төмен ағады.
Қинап жатқан жерігі
Бәйбішенің қанады.
Жерігі қанып бәйбіше,
Болжаулы мезгіл болғанда,
Шамалы күні толғанда,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қарны шықты қампайып.
Отырғаннан тұра алмай,
Болжаулы күнін ұмытып,
Бейсенбінің күніне,
Алдырып атын мінеді,
Құрығын тасқа іледі.
Өзінің жалғыз қайнысы—
Қожабайды бас қылып,
Алыста жатқан жылқыны
Аралауға жөнелді.
Сәске мезгіл болғанда,
Шетіне жылқы енеді.
Бөлініп жатқан аралда,
Бетегелі аты ойда,
Қалың жылқы тағыдай,
Жеткен жерін көреді.
Талма түстің шағында
Одарқұл мен Қодарқұл—
Байдың екі баласы,
Көп жылқының қожасы,
Алтын шатыр құрулы,
Жатыр еді жайылымда,
Келе жатқан анасын,
Күтіп алды баласын,
Көтеріп аттан алады.
Астына мамық төсеніп,
Жайлы орынға қояды.
Қысырдың тайын сойдырып,
Қонақ етіп жайлады.
Күн зауалы ауғанда,
Қонақ болып аттанып,
Және кетіп қалады.
Ұлы бесін болғанда,
Ешкі қырған дөңінің
Басына Зарбап шығады.
Толғағы жетіп сол жерде,
Жүрер халі болмады.
Жаралы Құдай ыңрантып,
Кемпірдің жанын қинады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жеті ай, он күн болғанда,
Бейсенбінің күні екен.
Қыз әулиеден жаратқан,
Кәмілі пірі анасы
Жетіп келді қасына.
Қобыландының мамасы,
Аққу болып шуласып,
Қарашадай ойнасып,
Балапандары қасында,
Жерге келіп қонады,
Бәрі адам болады.
Алтын кесе қолында,
Нұрдың суы толулы,
Бетіне кемпір бүркеді.
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Айналасын қамады,
Ортасына алады.
Солардың жүрген жеріне
Бәлекет, малғұн келер ме!
Аман-есен босанып,
Қобыландыдай баланың
Желкесі жерге тақ етті,
Маңдайы күнге жарқ етті.
Қасындағы Қожабай
«Туысқанды болдым»,—деп,
Қуанғаннан қарқ етті.
Кіндігін кесіп алады,
Кіндік аға болады.
Ер едім деп айбынбай,
Қызылға қолын малады.
Бәйбіше сонда сөйледі:
—Кенжетайым, кел,—деді,
Бері таман жүр,—деді,
Талдан өрген жібектен,
Бұл жорғаның шылбыры,
Алпыс құлаш ұзыны,
Алып маған бер,—деді,
Буайын белді мен,—деді.
Алып берді қайнысы,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қызықты болды бәйгісі.
Тұзды суға салмаған,
Таза суға малмаған,
Қобыландыдай баласын
Бауырына салды анасы.
Бәйбіше сонда сөйледі:
—Ал, кенжетай, кет,—деді,
Менен бұрын жет,—деді.
Қыдырбай менен Хансұлу,
Қайғыда жатқан жандарға
Барып хабар сал,—деді,
Барып сүйінші ал,—деді.
Жеңгесін атқа мінгізді,
Елге қарай жүргізді.
—Қобыланды менен екеуің
Қош аман бол сен,—деді.
Қожабайдай қайнысы
Атқа қамшы салады,
Қара терге малады.
Айқай салып ұрандап,
Елге қарай шабады.
Бесін мезгіл болғанда,
Жез құманы қолында,
Өзі Хақтың жолында,
Ақ киімін жамылып,
Етек-жеңі малынып,
Дәретке шыққан Қыдырбай
Айқайды анық есітіп,
Көлегей қолын салады.
Көлеңкелеп күн жағын,
Құбылаға қарады.
Жосылған байың шаң көрді,
Ғажайып қарап таң көрді.
Қара терге боялтып,
Жетіп келді інісі,
Кеңіді байдың тынысы.
Қожабай келіп сөйледі:
—Қыдырбай көке, келгенім,
Мінекей сәлем бергенім,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жеңешеме ергенім,
Ат қосшы болып жүргенім,
Қайырлы болды сапарым,
Ілгері болды қатарым.
Ешкі қырған дөңінде
Жеңешем Зарбап ұл туды,
Өтірік емес, шын туды.
Бір Құдайға құл туды,
Қалмаққа қарсы күн туды.
Қобыландыдай баланың
Кіндігін кесіп алғаным,
Кіндік аға болғаным.
Хабарға келдім мен,—деді,
Сүйіншімді бер,—деді,
Балалы болдың сен,—деді.
Қыдырбай сонда жылады:
—Ұл туды,—деп,—кемпірден,
Аллаға шүкір қылады.
Сексен төртке келгенде,
Тілегімді бердің бе,
Қартайған шағым меңдеген
Соңымнан менің ерді ме?!
Сүйінші деп келгесін,
Келіп хабар бергесін,
Немді аяп қалайын,
Алдыңа барып салайын.
Шалғын көлдің бойында,
Сандал көктің үйірі—
Жүз елу жылқы бар еді,
Қарағым, соны айдап ал.
Онан өтіп жөнеді,
Аяңдамай желеді.
Хансұлу жатқан ордаға
Іркілмей жетіп келеді.
Қыздар тонын жамылып,
Шай орамал қолында,
Көлегейлеп қараған.
Күміс тарақ қолында,
Қолаң шашын тараған
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Хансұлуға келеді:
—Хансұлу қарғам сен едің,
Қожабай ағаң мен едім.
Ат сабылтып келгенім,
Қабыл болды тілегім,
Тарылмасын жүрегің,
Інілі болдың сен,—деді,
Сүйіншімді бер,—деді.
Ағзарбаптай анаңнан
Қобыланды туды шын,—деді.
Хансұлу сонда сөйледі:
—Алдама мені сен,—деді,
Нанбай тұрмын мен,—деді.
Алпысқа келген анамның
Тар құрсағы кеңір ме,
Тас емшегі жібір ме.
Қыдырбайдан ұл туып,
Соңымнан менің ерер ме?!
Мен секілді бейшара,
Екеу болып жүрер ме,
Дүнияда қызық көрер ме?!
Қожабай тағы сөйледі:
—Неге маған нанбадың,
Аллаға бер деп жыладың,
Көзіңнің жасын бұладың.
Келе жатыр анаңыз,
Қабыл болды тобаңыз.
Қобыландыдай баланың
Кіндігің кесіп алғаным,
Кіндік аға болғаным.
Қазір келсе көресің,
Анығын сонда білесің.
Бермесең де түңілме,
Қобыландыны ертесің.
Хансұлу сонда сөйледі:
—Он сегізде бермеген,
Жиырма бесте бермеген,
Отыз бесте бермеген,
Қырық бесте бермеген,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Елу бесте бермеген,
Алпысқа келген анамның
Жапырағы жайылмас.
Жақсы сөзің жарты ырыс,
Аман келсе көрерміз.
Құр кетпе,—деп,—әзірге,
Қазынаға енеді,
Бір тұлып алтын әкеліп,
Қожабайға береді.
Салатұғын жері жоқ,
Үстіне киген көк шекпен,
Етегіне түйеді.
Одарқұл мен Қодарқұл—
Байдың екі мырзасы,
Жылқыда жатқан малшыға
Барып хабар салады.
—Ағзарбаптан ұл туып,
Хабарға келдім мен,—деді.
Үшеу болдың сен,—деді,
Сүйіншімді бер,—деді.
Байдың екі баласы,
Інілі болдың дегесін,
Жарылғандай жүрегі,
Айқай сүрен салады,
Жинап жылқы алады.
«Күздік соғым болсын» деп,
Қысырдың екі семіз тайына
Бұғалық арқан салады.
Бейшара болған Қожабай,
Дүнияға қызығып,
Мал алам деп жүргенде,
Етегі оның кесіліп,
Алтыны түсіп қалады.
Шапқан аттың жолымен
Алты күндей із іздеп,
Әрең жинап алады.
Үйде қалған Қыдырбай
Құманын жерге қояды,
Белді бекем буады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Келе жатқан Зарбаптың
Алдынан қарсы барады.
—Ал, бәйбіше, көрейін,
Көрейін де сүйейін,
Өлмесең дәурен сүрейін.
Баурыңдағы балаңды
Алып маған бер,—деді.
Ұйқыдағы баласын
Алып берді анасы.
Ұйқысын құрсақ бөлмеген,
Тұзды суға салмаған,
Таза суға жумаған,
Ұйқыда жатқан баланы
Аңсап келген әкесі,
Ай құшағын ашады,
Бауырына басады.
Бала иісін аңқытып,
Ақ бетінен өбеді.
Дәмін алып тамсанып,
Әр мүшесін қалдырмай,
Сорлы байың сүйеді.
Қыдырбай сонда жылады,
Аллаға шүкір қылады:
—Бұл жасыма келгенде,
Есіркедің ұл беріп,
Өтірік емес, шын беріп,
Дұшпанға қарсы күн беріп.
Шыны Құдай бергесін,
Қобыландыны сүйгесін,
Көңілдері жасарып,
Өтіп кеткен жиырма бес,
Байға қайтып келмесін.
Мұны айтып Қыдырбай,
Бәйбішемен қосылып,
Ордасына келеді.
Алшағырдың әзәсі
Көңілінде жүр еді.
Бес қаруын ілініп,
Ер тоқымын арқалап,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жылқыға жаяу жөнелді.
Ешкіқырған дөңінің
Басына шығып ақырды,
Әруағын судай сапырды.
Одарқұл мен Қодарқұл—
Екі құлын шақырды.
Іркілмей жетіп келеді
Қыдырбайдың алдына,
Иіліп сәлем береді.
Сонда байың сөйледі:
—Бозжорғаның үйірін
Маған айдап кел,—деді,
Алла сапар оңдаса,
Жабайы жүрген бұл жорға,
Мінейін соған шын,—деді.
Бай айтқасын амал жоқ,
Кідіретін шама жоқ.
Айқай салып қиқулап,
Қыдырбайдың алдына
Бозжорғаның үйірін
Түгел айдап келеді.
Бозжорғадай тұлпарға
Қыдырбай салды құрығын.
Тартуына шыдамай,
Құрықтың бауы үзілді.
Көптен бері мінбеген,
Басына жүген кимеген,
Сахра жүрген боз жорға,
Лақтай атып тулады,
Киіктейін ойнады.
Қаһарланып Қыдырбай:
—Қайтты ма,—деп,—қайратым,
Бітті ме,—деп,—айбатым,
Аяғынан бұғаулап,
Құлағынан алады.
Басына жүген кигізіп,
Ер-тұрманын салады.
Айыл тартып бекітіп,
Құйысқанын қысқартып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өмілдірік тағады.
Екіндінің кезінде,
Намаздігер өзінде,
Алшағырдың еліне
Сапар шегіп жөнелді.
«Шу, жануар, шу» деді,
Боз жорға сонда гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Ауыздығын шайнады,
Көзі оттай жайнады.
Құйысқаны сартылдап,
Үзеңгісі жарқылдап,
Бес қаруы белінде,
Күндерден талай асады.
Астындағы боз жорға,
Аяғын жинай басады,
Аузынан көбік шашады.
Күн қызарып кеткесін,
Ұясына жеткесін,
Алшағыр ханның қамалы,
Көтерілген талабы,
Толығып тұрған амалы,
Тастан салған қорғаны,
Шойын қақпа құйдырған.
Күзетуге бақташы,
Екі жендет қойдырған.
Жетіп келді қасына,
Әруағы қонып басына.
Бағып тұрған жендеттің
Ұлықсатын алмады.
Сонда Қыдырбай салмақтап,
Айбалтасын қолға алып,
Шойын қақпа қиратып,
Алшағырдың сарайы,
Көтерілген талайы.
Ысырмалы әйнегі,
Жетіп барды тұсына.
Терезесін қиратып,
Аждаһадай ысқырып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қыдырбай шалың сөйледі:
—Қалмақ елін билеген,
Алшағыр хан, сен едің.
Қара қазақ елінде
Қыдырбай шал мен едім.
Қайғылы жүрген күнімде,
Құртқадайын қыз туып,
Алтыннан қабақ аттырып,
Күмістен табақ тарттырып,
Ат бәйгесін шаптырып,
Байтақ елді жидырып,
Тамаша тойды жасадың.
Аяушылық ойменен
Шақырдың мені тойыңа.
Келсін дедің ойынға,
Қуанғанның белгісі,
Төрт жүз жігіт қол алдым,
Аз емес мол алдым,
Еліңе сенің жол алдым.
Қарадан киім кигізіп,
Бедеу атты мінгізіп,
Бес қаруды ілгізіп,
Әскер жиып жайнатып,
Бұлбұл құсын сайратып,
Пар ат жегіп күймеге,
Қоңырау байлап доғаға.
Толтырып саба ішіне,
Жорға тай байлап тертеге,
Той сыйлығы болсын деп,
Еліңе еңсеп келгенде,
Алдымнан әскер жүргізіп,
Қалмақша киім кигізіп,
Сындырдың менің белімді,
Суырдың желге күлімді.
Көңілімдегі суалттың
Шалқыған айдын көлімді.
Баласы жоқ қу бас деп,
Сенен бала тумас деп,
Орны жоқ деп ұлсыздың,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кетсін дедің еліне,
Барсын дедің жеріне.
Саған берген Алланың
Бермесін маған білдің бе?
Сексен төртке келгенде,
Нұр суынан жаратып,
Қырық шілтеннен жаратып,
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Атса, мылтық өтпейтін,
Шапса, қылыш кеспейтін,
Өртке түссе, күймейтін,
Соғысса, жаудан өлмейтін
Қобыландыдай ұл туды.
Өтірік емес, шын туды,
Саған, қалмақ, күн туды.
Алтыннан қабақ аттырып,
Күміс табақ тарттырып,
Ат бәйгесін шаптырып,
Отыз күндей ойынға,
Қырық күндей тойыма,
Мәжіліске барсын деп,
Саған хабар етемін.
Өзіңе сенсең, қалмағым,
Табан тіреп жата бер.
Берген Құдай алмаса,
Мына қылыш салмаса,
Өмір берсе, жалғызым
Алты жасқа келгесін,
Арғымақ ат мінгізіп,
Тоғыз қабат ақ сауыт,
Мойынға орай кигізіп,
Бес қаруды ілгізіп,
Қасына әскер ергізіп,
Ай бетінен кіргізіп,
Айқай сүрен салғызып,
Күн жағынан кіргізіп,
Қалмақ жауын қырғызып,
Еліңе ойран салармын.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Құртқадайын қызыңды,
Еріксіз тартып алармын.
Қарқаралы қыздарың,
Қой соңына салармын.
Келсең дағы, Алшағыр,
Келмесең де өзің біл.
Осы айтқаным болар,—деп,
Басыңа күн туар,—деп,
Осыны айтып Қыдырбай
Ізін қайтып жөнелді.
Алшағыр қатты сасады,
Аяғын тәлтек басады,
Таба алмай ақыл сасады.
Үрейі ұшып сандалып,
Берекесі қашады.
Қатардағы Тәуке хан
Шақырып алды серігін:
—Қыдырбай жаңа келді,—деп,
Жаман хабар берді,—деп.
Қартайғанда ұл туған,
Асыл нұрдан жаралған,
Қобыланды батыр шын туған.
Шақырып кетті тойына,
Көңілі әбден толыпты.
Қобыландының тойына
Барайық,—деп кеңесіп,
Ақылдасып сөйлесіп,
Осылай кеңес құрады.
Барайын десе Алшағыр,
Қыдырбайға айтқаны
Бетіне шіркеу болады.
Бармайын десе Алшағыр,
Дүниеге келген Қобыланды
Қорқып сонан барады.
Алшағыр хан, Тәуке хан,
Алпыс солдат қосшы алып,
Алтын тиеп арбаға,
Күмісін салып қоржынға,
Бай тойына жөнелді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сексен төртте қыдырған,
Елдің бәрін жидырып,
Аямай бәрін сойдырып,
Бес жүз үйді тіктіріп,
Алтын қабақ аттырып,
Күмістен табақ тарттырып,
Отыз күндей ойынмен,
Қырық күндей той жасап,
Жетпіс күндей той етіп,
Салтанатын оздырып,
Той қызығын оздырды.
Көп жиылған адамнан,
Шебердің бәрін қалдырып,
Білімді жанды алдырып,
Кешегі туған балаға
Сауыт пен сайман соқтырып,
Бес қаруын даярлап,
Кілемге салып будырып,
Даярлады жидырып.
Еліне келіп Алшағыр,
Хан Тәукемен екеуі,
Кешегі туған жас бала,
Айбатынан жасқанып,
Өзінше ерте сақтанып,
Үркейін деп көлінен,
Кетейін деп жерінен,
Олар да жүрді қамданып.
Туған жерін қия алмай,
Қалмақтың қатын, қыздары
Қайғыланып жылады.
Қыдырбайдай шалыңның
Зарығып көрген баласын
«Жетпегір,—деп қарғады.
Молдадай боп қуарғыр,
Айдын көлдей су алғыр,
Ер жасыңа жетпегір,
Балалықтан өтпегір,
Кесір болдың, тудың да,
Бәле болып тудың да.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Айдын шалқар көлдерін,
Егіні шығып егілген,
Жидесі мен алмасы
Гүлден жерге төгілген.
Құмайттанған жерлері,
Төбесінде самалы,
Бетегелі белдерін,
Иесіз болып қалдың,—деп,
Қазына жиған сарайым,
Әдіра талқан болдың,»—деп,
Қыз-қатыны жыласып,
Айдаса малы шуласып,
Үш күн түннің ішінде,
Екі ханның елі еді,
Талақ етіп қонысты,
Үрке көшіп жөнелді.
Батыс пенен шығыстың—
Екеуінің арасы
Қалмақтың қалың елі еді,
Неше бір ханның жері еді.
Қосылам деп ұлтыма,
Сапар шегіп көреді.
Кеше туған Қобыланды
Бір жасына жеткен соң,
Еңбектеді ебініп.
Екі жасқа жеткесін,
Аяғы шықты жүгіріп.
Тілі шығып сөйледі,
Әр нәрсені біледі.
Үш жасына келгенде,
Үш асықпен ойнады.
Төрт жасына келгенде,
Төбеге шығып жүгіріп,
Әр талапты ойлады,
Ойын жағын қоймады.
Бес жасына келгенде,
Балалармен алысып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өз қайратын сынады.
Алты жасқа жеткенсін,
Балалықтан өтеді.
Одарқұл мен Қодарқұл—
Асыранды байдың баласы,
Екеуіне ілесіп,
Қызық көріп тамаша,
Жылқы бағып кетеді.
Қыдырбай мен Ағзарбап—
Атасы менен анасы
Одар менен Қодарға:
«Кетпесін жалғыз,»—деп,
Тапсырып қойды мамасы.
Ұсталмаған көп асау,
Құлан болып ойнаған,
Жүген-құрық салмаған.
Тайдай етіп үйретіп,
Қолға барып тұрғызған.
Малын бағып малшыдай,
Ұйқысын бөліп жалшыдай.
Жылқысын айдап алысқа,
Жауды тілеп жүреді,
Түн ұйқысын бөледі.
Қызылбас пен қалмақтың
Қалмады ма ерлері.
Байдың малын алмайды,
Талауға мүлкін салмайды.
Қайда кеткен қалмақтың
Бұрынғы өткен ерлердің
Қырғынынан қалғаны.
Сол тілекпен жүргенде
Алыста жанған от көрді.
Қараңғылық түнінде
Аспанға ұшқан шоқ көрді.
Атылған мылтық дауысын
Түнде көріп бүлдірді.
Кетейін десе жас бала,
Одарқұл мен Қодарқұл—
Екеуінен кете алмай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Түнде бар да, күндіз жоқ,
Қаптап жатқан қалың жау.
Соған бала жете алмай,
Зығырлары қайнады.
Бір күндері болғанда,
Бала сұмдық ойлады.
Табайын деп ақылды,
Одар, Қодар ағасы—
Екеуіне барады.
—Екі бірдей жан көке,
Сөзіме құлақ сал, көке,
Сендерге болдым жеткіншек,
Өзім жеке жүрейін,
Жылқы жинап көрейін.
Жирен қопа көліне,
Жылқының алды құлады.
Батпағына мал тығып,
Қалмасын құлын жығылып.
Бұл сөзіне нанады,
Жалғыз тастап баланы,
Алдына кетіп барады.
Ер жетті деп еркесі,
Қыдырбайдың серкесі,
Риза боп қалады.
Олар кетіп қалғасын
Құтылдым деп қоршаудан
Ат жақсысын мінеді.
Киімін түзеп киеді,
Бес қаруын іледі.
Түнде бар да, күндіз жоқ,
Қаптап жатқан қалың жау,
Сапар шегіп жөнеді.
Сонау жауға баруға—
Арманы батыр сол еді.
«Шу» дегенде жануар,
Астындағы боз жорға,
Соққан желдей гуледі.
Масаты киген шалбардың
Жел қаққандай балағы
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Дөңгеленіп келеді.
Көрініп тұрған Қаратау
Кідірмей жетіп келеді.
Басына шығып қарады,
Көре алмай қара барады.
Таудан түсіп жол асып,
Көлденең жатқан бел асып,
Аспанға жақын ауасы,
Алатаудан әрі асып,
Шалғын тауға жетеді.
Басына шығып қарады,
Дүнияға көзін салады,
Жердің шарын болжады.
Қарап тұрса таңданып,
Қобыланның жүзінен
Боз жорға аты астында,
Бір кесе балы қолында,
Кең дүниені байқаған,
Ақ киімін жамылған,
Етегі жерге малынған,
Боз жорға аты астында,
Жалғыз кемпір келеді,
Соны көзі көреді.
Иіліп келіп жас бала,
Алдына сәлем береді.
Әлқисса, Қобыланды кемпірдің мінген боз жорғасына
қызығады, осыны қалай да алуды ойлайды.
Сонда бала сөйледі:
—Әй, шешеке, біл,—деді,
Жоқ қарадым мен,—деді.
Тобыменен жылқым жоқ,
Сол жылқыны іздеумен
Мен балаңда күлкі жоқ.
Келе жатқан жолыңнан
Жайылып жатқан көп жылқы
Түспеді ме көзіңе?
Білімің болса сол малдан
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жөн сілтеші өзіме.
Сонда кемпір сөйледі,
Алдап тұрған баланың,
Оймен кемпір сезеді:
—Әй, қуарғыр, алдама,
Сенің малың жоғалмас,
Қалмақ оны ала алмас.
Асылың нұрдан жаралған,
Қыдырбай шалдың еркесі,
Қыпшақ елдің серкесі,
Қобыланды батыр сен,—деді.
Жасырсаң да жөніңді,
Біліп тұрмын мен,—деді.
Сөзінен кемпір жығылып,
Қобыландыдай жас бала
Езу тартып күледі.
—Ал, шешеке, кел,—деді,
Құба жонда кез болдық,
Ат аяғын көрісіп,
Жарысайын мен,—деді.
Баланың айтқан бұл сөзін,
Бәйбіше мақұл көреді.
Алға қарай ұмтылып,
Ақырын қозғап аяғын,
Байғұс кемпір шу деді.
Шу дегенде боз жорға,
Тұяғы тасқа тимеді.
Бала көзін ашқанша,
Жұмып кірпік қаққанша,
Қасындағы анасы
Көз ұшында көрінді.
Дауыл ма деп, жел ме деп,
Қобыландыдай жас бала,
Не нәрсе деп сезбеді.
Қатты салып айқайын,
Шақырып алды анасы,
Қасына барды баласы.
Қасына келіп сөз айтып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Әр нәрсені көп айтып,
Алдандырып әжесін,
Айылын қойды босатып.
—Ал, әжеке, бол,—деді,
Қапы қалдым мен,—деді.
Жаңа міндім жылқыдан,
Жын тоғына барлығып,
Терлемеді бұл,—деді.
Енді алдын бермейді,
Құлақтың түбі терлейді,
Шу деп кемпір тебінді.
Тебінгенше болмады,
Түп етектен алады,
Дөңгелектеніп барады.
Аудара тастап кемпірді,
Боз жорғаны жетелеп,
Қобыланды кетіп барады.
Мінген аттан айрылып,
Кемпір байғұс жылады.
Қобыландыны қарғады,
Қарғады да зарлады.
Моладайын қуарғыр,
Айдын көлдей су алғыр,
Балалықтан кетпегір,
Үйіңе қайта жетпегір,
Ата-анаңды көрмегір,
Иіле сәлем бермегір.
Өтірік айтып алдадың,
Жаяу тастап байладың.
Жаяу қалып далада,
Менің сорым қайнады.
Осылай деп өтірік қарғап, Қобыланды жаққа қарай аққу
болып ұшып, ғайып болып жөнеледі. Бұл кемпір қыз әулиеден
жаратқан өзінің пірі екен. «Балам заманында жалғыз еді, балаға
қарсы қалмақ көп еді, батамды берейін. Қыдырбай дүнияқор
бай еді, жылқысы көп болса да, жауға мінер төл аты болмас.
Боз жорғаны берейін,»—деп келген екен. «Ол балаға мен атты
қолымнан бермеймін, мені алдап ала алса, жауға да болмас,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
мені алдауға шамасы келмесе, ақылы жоқ, басы үлкен адамның
жаманы болар,»—деп келеді екен. Бұл боз жорға ат жұмақта
тұратын періштелер мінетін пырағы екен. Баласына батасын
беріп өз орнынан кете береді.
Сонан кейін Қобыланды
Жылқыға қайтып келеді.
Төл атын мінген жіберіп,
Анасы берген боз жорға ат,
Басына жүген кигізіп,
Ер-тұрманын салады.
Артық қайрат меңгеріп,
Бес қаруын бөктеріп,
Алдына қарай өңгеріп,
Өзі көрген қалың қол,
Қалмақ деген ауыр жау,
Сапар шегіп келеді.
—Шу, жануар, тұлпарым,
Алшайып міндім іңкәрім.
Атаңа нәлет қалмақты
Көруге толық іңкәрім.
Анасы берген боз жорға ат
Киіктей атып ойнады,
Шырақтай көзі жайнады,
Ауыздығын шайнады,
Ор киіктей орғыды,
Оғындай садақ зырғыды,
Қайыстайын созылды,
Қызғалдақтай құбылды,
Қара терге малынды,
Көбіктей тері алынды.
Күндерден күндер асады,
Бүктеліп аяқ басады,
Жаңбырдай терін шашады.
Сол жүргеннен тоқтамай,
Өзі көрген жауына
Іркілмей бала құлады,
Жалғызбын деп торықпай,
Жауды көп деп қорықпай,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Айнымайтұғын арыстан
Ортасына енеді.
Үркіп көшкен Алшағыр батыс, шығыстың арасындағы неше
ханның еліне барып, көп қалмақпен бірігіп, Қобыландыдан
қорқып отыр екен. Сол күнде қыз Құртқа он төртке келген екен.
Қобыланды келіп еріксіз тартып алады деп, өз ұлтыма беремін
деп шешендерді жинап, той жасап жатыр екен. «Кім де кім ал-
тын қабақты атып түсірсе, қыз Құртқаның иесі сол болсын» деп
шарт қойған екен. Бірнеше айдан бері жиналған ел батырлары
алтын қабақты жабылып түсіре алмай жатыр екен.
Бізден келген Қобыланды:
—Мен де көптің бірі,—деп,
Жалғыз туған атадан,
Көмексіз елдің ері,—деп,
Жалғыз болған адамның,
Көңілінде көп кірі,—деп,
Тисе қызын алайын,
Тимей кетсе атқан оқ,
Мен жайыма қалайын.
Бұлайша деп Қобыланды,
Ат үстінде тұрады.
Зеңбірегін қондырып,
Оң тізеге қояды.
Көз жетпейтін қабағын,
Үзейін деп сабағын,
Толғай тартып қалады.
Мерген еді жас бала,
Жалғыз шиден оқ атса,
Кетпес еді далаға.
Бір атқаннан қалдырмай,
Қалмақтың алтын қабағын
Үзіп жерге түсірді.
Жиынға келген көп қалмақ
Қобыландыдай баланы
Сонда сезіп біледі.
Қыз әкесі Алшағыр
Ханға жиылып барады,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ханға хабар салады.
Нәсілі басқа бір адам,
Ортамызға енгені,
Айнымай келіп кіргені.
Мерген екен ол өзі,
Алтын қабақ үзбесін,
Бір атқанда үзгені.
Қазақтан шыққан арыстан—
Қобыланды білем бұл өзі,
Қобыланды жалғыз, біздер көп,
Қыз Құртқаны бермейміз.
Ұлықсат етсең, Алшағыр,
Қобыландыдай батырмен
Соғысуды тілейміз.
Хандарменен бас қосып,
Мәжілісте бас болып,
Тақта отырған Алшағыр,
Қобыланды деп есітіп,
Үйден шығып далаға,
Алпыс құлаш ақ шіркеу,
Көзі түсіп балаға,
Алшағыр сонда ақырды,
Астана жұртын шақырды.
Сонда ханым сөйледі:
—Шулама, жұртым, шулама,
Жамыраған қойдай тулама.
Іздеп келген Қобыланды,
Артық туған атадан,
Дұшпанға деп жаралған,
Айнымай туған ер еді,
Қырмай бізді қоя ма?!
Қалмақ оған ата жау,
Ішсе қанын тоя ма?!
Қыз атасы мен болсам,
Құртқаны беріп сауға деп,
Аңсап келген арыстан,
Аман қалсақ болмай ма?!
Осылай халқын басады,
Қайта тойын жасады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобыланды мен қыз Құртқа,
Бөлек салып сарайға,
Асылдың басын қосады.
Тойлаған тойын бітіріп,
Астанасын таратып,
Құртқадайын сұлуды
Жөнелтуге ойлады.
Қыдырбайдай қазақтан
Асырамын деп байлығын,
Алтын, күміс, гауһармен,
Қырық нарды алдырып,
Қырмызы кілем жаптырып,
Жібектен арқан торлады.
Қыдырбайдың еркесі,
Қыпшақ елінің серкесі,
Асылы нұрдан жаралған,
Алты жасар жас бала
Қалмаққа жасап масқара,
Қыз Құртқадай сұлуды
Елге алып жөнелді.
Неше бір күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп,
Елге төніп келеді.
Ел қарасын көргенде,
Сонда Құртқа сөйледі:
—Арыстаным, айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Асылың нұрдан жаралған,
Жау қайласы жетпеген,
Өзіңнен ерлік өтпеген,
Сом жүректі батырым,
Елімді тастап ергенім,
Сүйікті жарым сен ғой деп,
Жетегіне ергенім.
Бұл жерге көшің тұрғызып,
Астыңдағы боз жорға ат,
Бергейсің маған тұлпарын,
Асыл туған сұңқарым.
Аралайын еліңді,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мен көрейін жеріңді,
Болжайын сенің көліңді.
Құртқадайын сұлудың
Бұл сөзін мақұл көреді.
Астындағы боз жорға
Қыз Құртқаға береді,
Атқа Құртқа мінеді.
Алтын қамшы қолға алып,
Ақ жыландай толғанып,
Қалың шаһар қыпшақтың
Көрейін деп жөнеді.
Астындағы боз бедеу
Киіктей ойнап келеді.
Салтанатты шаһардың
Шетіне келіп енеді.
Елеусіз адам болды да,
Аралап елін көреді.
Жирен көлге жетеді,
Көлді айналып өтеді.
Ешкі қырған дөңіне
Іркілмей жетіп келеді.
Биікке шығып таралып,
Жан-жағына қаранып,
Тоты құстай сыланып,
Қыдырбайдың көп жылқы,
Бөлініп жатқан әр жерде,
Аралап бәрін көреді.
Көш басында отырған
Қобыландыға келеді,
Келе сөйлей береді:
—Ұзын желке, шақша бас,
Ұзын желке, қисық бұт,
Көзі шегір ноғайлы,
Мұның несін ел дедің?!
Тулап жатқан балық жоқ,
Шулап жатқан бақа жоқ,
Ойнап жатқан үйрек жоқ,
Жүзіп жүрген қазы жоқ,
Тостағандай Жирен көл,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мұның несін көл дедің?!
Егіліп жатқан егін жоқ,
Төгіліп жатқан жиде жоқ,
Домаланған қарбыз жоқ,
Қауыны мұның тағы жоқ,
Қуарып жатқан қу түбір,
Мұның несін жер дейсің?!
Базарға сатса пұлы жоқ,
Ер мінетін бірі жоқ,
Жау айдағыр көп жылқы,
Мұның несін мал дейсің?!
Қобыланды сонда сөйледі:
—Ашуы ердің келеді,
Шарт қабағын түйеді.
Қалмақтың қызы қанымсың,
Әбілді Қабыл өлтірген
Әуелден-ақ залымсың.
Мұндай сөзге келгенде
Тілге жүйрік ғалымсың.
Дін ашылған еліме,
Гүл қопалы көліме,
Бетегелі беліме,
Туып өскен жеріме,
Арамсыз жиған малыма,
Ханың ұстаған халқыма,
Дінің күткен жаныма
Кемшілік бердің сен,—деді,
Боз жорға атқа мін,—деді.
Шалғын көлдің бойында,
Сандал көктің үйірі,
Жүз елу жылқы бар еді,
Соны көріп кел,—деді,
Аралап бәрін көр,—деді.
Ұнамаса бір тайы,
Қырылғырды қырайын.
Асылдан салып айғырын,
Жабыдан салып биесін,
Қайта жылқы жияйын.
Атқа сұлу мінеді,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ақ маңдайы жарқырап,
Алтын кебіс аяқта,
Үзеңгіге сартылдап,
Жылқыға қарай жөнеді.
Сәске мезгіл болғанда,
Күннің көзі қызғанда,
Сандал көгі бас болып,
Жылқы суға шабады.
Көп жылқының шетінде,
Құбыла жақ бетінде,
Жеке жүрген бір байтал
Алтын, күміс пішіні,
Соны көзі көреді,
Асылдығын біледі.
Тобылғы меңді торы құлын
Ішінде барын сезеді,
Батырға қайта келеді.
Сандал көктің үйірінен
Көріп көзім ұнатты,
Соны Құртқа жаратты:
—Көрімдік деп сұрайын,
Атекең келіп көргей-ді,
Кер қулықды бергей-ді.
—Ұнатқаның бір тай ма,
Сұрағаның сол болса,
Қыдырбай оны берер,—деп,
Сені көзбен көрер,—деп,
Елге көшіп келтірді.
Қобыланды бала келді деп,
Қыпшақ елі жиналып,
Көреміз деп келінді,
Үлкен кіші құралып.
Түйенің шешіп арқанын,
Бәрі жатыр жиналып.
Келінімді көрем деп,
Үйден шықты қозғалып,
Аса таяқ қолға алып.
Қадам басып аяғын,
Мығым ұстап таяғын.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кілең шалдар жиналып,
Алдынан байдың тұрады:
—Кер қулықты сұрады,
Келінің Құртқа келіпті.
Сандал көктің үйірінен
Кер қулықты көріпті,
Атам келіп көрер деп,
Кер байталын берер деп,
Көрімдік деп сұрайды,
Сонан хабар біз бердік.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Қалмақтың қызын көрмеймін,
Түбіне соның сенбеймін.
Келмесе кетсін көруге,
Тобылғы менді торы құлын—
Су айғырдың баласы
Ішінде жатыр биенің
Қобыландының тұлпары.
Нәсілі дұшпан болған соң,
Келініме сенбеймін.
Ашуланып кілең шал
Қыдырбайды қамады,
Бәрі жиылып сабады,
Басына таяқ жауады.
Бармаймын деп жиынға,
Қыдырбай кері кетеді,
Үйіне қайтып жетеді.
Бәйбіше шығып алдынан,
Қыдырбайға сөйледі:
—Қасқа болған Қыдырбай,
Балалы кісі болғасын,
Қызыққа елің толғасын,
Есің жинап алдың ба,
Дүнияға ие болдың ба?!
Қобыландының жоғында,
Малың түгел бас қайғы,
Көзіңнің жасын тыйдың ба?!
Келініңді көрсейші,
Бір байталды берсейші!
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жұртқа күлкі болғанша,
Бүйткенше қасқа өлсейші!
Бәйбішенің сөзінен
Жығылыс тауып Қыдырбай,
Жөнсіздігін білген соң,
Жиынға қайта келеді,
Келінін Құртқа көреді.
Сұрағаны бір байтал,
Кер байталды береді.
Сонан кейін Қыдырбай
Той жасауға кіреді.
Он екі күн ойынмен,
Тоғыз күндей тойымен
Аямай мал сойғызып,
Мереке сауық етеді.
Жиырма бір күн дегенде
Тойы тамам бітеді.
Көп жиылған алқадан,
Қобыландыдай батырың
Шебердің бәрін жинады.
Жирен көлдің бойынан,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қоршаған,
Жасыл сырмен сырлаған
Алтын сарай үй салып,
Сүйген жұпты Құртқамен
Қобыландыдай жас бала
Оңаша үйде қалады.
Көңілдері ашылып,
Қызықты сарай үйінде
Дәурен сүріп тұрады.
Бір күндері болғанда,
Туар кезі болғанда,
Қыз Құртқадай сұлуың
Кер қулықты алдырды.
Алтын сарай астынан
Жер қаздырып, үй салып,
Көзді адамдар көрер деп,
Тілді дұшпан сезер деп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тобылғы меңді тор құлын
Аман туса биеден,
Таңданғаннан өлер деп,
Қараңғы падвал үйіне,
Кер қулықты бағады,
Құртқа бабын табады.
Болжаулы күні біткен соң,
Толғатады кер қулық.
Астына кілем жайдырып,
Басын жерге тигізбей,
Аламын деп меңдіні,
Панар шамын жақтырып,
Қасында жүр күзетіп,
Аман-есен туғызып,
Тор құлынды алады.
Емізбеді анасын,
Сездірмеді мамасын.
Тәтті тағам, жем беріп,
Арпа, бидай асатып,
Өз қолынан бағады.
Ағаштан астау ойдырып,
Қулық бие байлатып,
Түтікпен сүтін құйдырып,
Өз денесін көрсін деп,
Шар айнасын жайдырып,
Стенаға ілдірді.
Түрлі гүлдер жайнатып,
Жібек арқан тақтырып,
Лағындай киік ойнатып,
Сапарда жүрген шағында,
Болсын сергек көңілі.
Әр уақытта қондырып,
Сандуғашын сайратып,
Торға салған сарайдың
Қақпалы еді әйнегі,
Ертелі кеш саяда,
Қақпағын ашып ысырып,
Болсын деп таза кеудесі,
Болсын деп желді өкпесі
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Таза ауаны келтіріп,
Қоңыр салқын соқтырды.
Ақылға терең қыз Құртқа
Торыша тұлпар бағады,
Меңдінің бабын табады.
Ат баққаннан қыз Құртқа
Көңіліне ердің жағады.
Сәрсенбінің түні өтті,
Бейсенбінің күні жетті.
Таң сәулесі болғанда,
Шолпан жұлдыз туғанда,
Қобыландыдай жас бала
Алдырып атын мінеді.
Шаруа киімін киеді,
Құрығын қарға іледі.
Алыста жатқан малына
Сапарланып жөнеді.
Бөлініп жатқан әр ойда,
Бетегелі сары ойда,
Тай құнаны ойнаған,
Құлындары төлі өсіп,
Жайлымда жатқан жылқының
Шетінен барып енеді.
Бетегелі сары ойда,
Бөлініп жатқан әр ойда,
Тобылғылы кең ойда,
Көрмеген адам құландай,
Қобыландыны көрген соң,
Құлағын тіге қарады-ай.
Қыдырбайдың баласы,
Қобыландыдай батырың
Малға қарай кеткенде,
Қызыл үкі тағылған,
Сырты сырлап жазылған,
Конверттеулі ақ қағаз
Қыз Құртқаның қолына
Пайда болды ауадан.
Алақандай ала хат,
Құртқа бұзып қарады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алшағырдың қатыны
Сұлу көзін салады.
Оқып тұрған Құртқаның
Тырсылдаған көз жасы
Ақ қағазға тамады.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Өксігін баспай егіліп,
Көзінің жасы төгіліп,
Менің әкем Алшағыр
Сәлем жазып ойланып,
Басылмаған қызығы.
Қасымдағы арыстан,
Барса келмес жолына
Келмесін деп айдадық.
Жетпесе де шамаңыз,
Келмесе де өреңіз,
Қара қазақ еліне
Дұшпандықты қоймадың.
Менің әкем сен едің,
Сенің балаң мен едім.
Қобыландыдай асылға
Басымды қосып сүйгенім.
Қалмақтың жазған жалған сөз,
Сапарланып жолдасым,
Осы жолға жүр едің.
Бұлайша деп қыз Құртқа,
Қағазды жинап қояды,
Белді бекем буады.
Батырдың келер шағында,
Түрлі тағам даярлап,
Алтын стол қойдырып,
Тамақтың бәрін жаяды.
Елеусіз етіп ала хат
Арасына қояды.
Ас қойғанда мақсаты—
Сынайын деп батырды
Түрлі қиял ойлады:
«Жасық болса жолдасым,
Хаттан бұрын ас көрер.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Асыл болса алыбым,
Аш жүрсе де аяусыз
Арасынан хат көрер.
Хатқа түссе назары,
Дұшпанына мыс берер.
Ашығып келіп ас алса,
Үйде отырып босқа өлер».
Осылай деп қыз Құртқа,
Әзірлігін етеді,
Арада неше күн өтеді.
Қыдырбайдың еркесі,
Қара қазақ еркесі
Үйге қайтып жетеді.
Алдынан шығып қыз Құртқа,
Айқайла бас бұралып,
Шапшаң басып аяғын,
Батырға қарсы жетеді.
Шылбырын алып жекелеп,
Боз жорғадай тұлпарды
Түсер жерге төндірді.
Аяғының астына
Барқыт мамық төсеулі.
Өзі жүріп артынан,
Алтын сарай ордаға
Қобыландыдай батырды
Есік ашып кіргізіп,
Шешіндіріп батырды,
Киімін сыртқа іледі.
Алып келіп столды,
Қобыландыны мінгізді.
Столға батыр таянып,
Айналаға көз салып,
Аспен жұмыс етпеді.
Ашса дағы тамағы,
Неше күннен ұйқы жоқ,
Қатса дағы қабағы,
Алақандай ала хат
Елеусіз жерден алады.
Алшағырдың сәлемі
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобыландыға жазылған,
Батыр көзін салады.
Ал, жамағат, құлақ сал,
Ханның сөзін ұғып қал,
Шыдайын деп келгесін,
Зейініңді аударып,
Құлағыңды таза сал:
«Қалам алып қолыма,
Сәлем жазып жолдадым.
Жирен қопа көлінде,
Ешкі қырған дөңінде,
Қалың қыпшақ елінде
Жылы нұрдан жаралған,
Қыдырбай шалдың өлкесі,
Қара қазақ серкесі,
Қызымды берген күйеуім,
Қисайғанда сүйеуім,
Жығылғанда тіреуім,
Тарыққанда демеуім,
Асыл едің арыстан,
Дұшпанмен қатысқан,
Мен жұмсасам барар ма,
Айтса тілім алар ма?
Күн шығардың бетінде,
Қызылбас қалмақ қалың жау,
Сол жауыма барар ма?
Бергі шеті жауымның,
Қырық қақпалы қызыл бас.
Ерлік етсең аларсың,
Күшің жетсе шабарсың.
Қарсақ жортпас қара ойда,
Түлкі жортпас сары ойда,
Жапалақ ұшпас жапанда,
Әкеліп берсең жауымды,
Үш самсадай жауым бар.
Шөршіттің ұлы Шүмекей,
Жалау сары жауыр қол,
Алдырмай жатқан ауыр қол,
Әкеліп берсе жауымды.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Онан әрі өткенде,
Қыйыр шығыс кеткенде,
Қалмақтың қаны қаһарман,
Қаһарын тігіп қараған,
Қырық шалғысын тараған,
Қалмақ елін билеген,
Өзі болған шағында
Дұшпанға теңдік бермеген,
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік,
Билеп тұрған елі бар,
Ел ішінде ері бар,
Жайылған әскер көбі бар,
Темірден соққан жолы бар,
Қазулы жатқан оры бар,
Жаюлы жатқан торы бар,
Аңсыз барған адамның
Ажалы мен соры бар.
Сол жауымды ала алсаң,
Болат еді асылың,
Қорықпай соған бара алсаң.
Онан әрі өткен соң,
Дәл отыз бес жасында,
Шалма бөркі басында,
Алтын тақа астында,
Жаһайілдей ханы бар,
Қыбырлаған жаны бар,
Жинаған әскер қолы бар,
Аз ғана емес молы бар,
Алыста жатқан жолы бар,
Әкеліп бер жауымды,
Арғы шеті жауымның,
Жаңғыз көзді Қарақұл,
Жеке тұрған дара құл,
Барса келмес ханы бар,
Ел ұстаған жаны бар,
Жасынан әскер ойнатып,
Білімге жеткен жайы бар,
Әкеліп бер жауымды.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тіліме менің нанбасаң,
Бұл жауыма бармасаң,
Сонан бері қалың жау,
Дабылын есітіп Құртқаның,
Алшағырды шабам деп,
Қызын тартып алам деп,
Отыр білем ойланып,
Әскер құрап жиналып,
Хабарласып қамданып.
Батырын салып алдына,
Ханы болып соңында,
Аттаныпты жиналып.
Осы елдерді алмасаң,
Өлтірер білем өзімді,
Жояр білем көзімді.
Қабыл көрсең, Қобыланды,
Мен бітірдім сөзімді.»
Хатты оқып хабарын,
Қобыландыдай батырың
Алты жастың өзінде
Аударды жолға назарын,
Көрейін деп қалмақтың
Жиналып жатқан базарын.
Үйден шығып жөнелді,
Құртқасына қонбастан,
Сол күні қонақ болмастан.
Атын мініп, тез жүріп,
Өзінің кіндік ағасы
Қожабайға келеді,
Келіп сәлем береді.
Болаты шығып айбатпен,
Артық туған қайратпен,
Жасымастан сөйледі:
—Көкежан, атқа мін,—деді,
Түн ұйқыңды бөл,—деді.
Қыпшақтының еліне
Түгел хабар бер,—деді.
Есін білген адамның
Бәрін жиып кел,—деді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыландыдай ініңіз,
Халық үшін туған ер еді,
Ел бейнетін көреді.
Жол жүремін алысқа,
Елім үшін намысқа,
Жаңғыз туған баламын,
Ата жауым қалмаққа
Сапар шегіп барамын.
Жалғыз едім атадан,
Алладан пәрмен сұраймын.
Қаламмен хат жазған
Алшағырдай патшаның
Айтқан тілін алайын.
Бармай қалсам қатын дер,
Нашар туған батыр дер.
Қыз Құртқаның қасында
Шыға алмастан жатыр дер.
Қожабайдай ағасы,
Адамнан артық данасы,
Білімге жеткен санасы.
Қобыландыдай батырдың
Аттанарын қалмаққа,
Біліп қалды шамасы.
Алдырып атын мінеді,
Қыпшақ елін аралап,
Хабар айтып келеді.
Ертең сәске кезінде,
Қыдырбайдың аулына
Елдің бәрі жиналды,
Басын қосып құралды.
Көктің кіріп анасы,
Қыдырбай шалдың баласы
Біраз ғана сөйледі:
—Сендер үшін туғаным,
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Сапар шегіп жол жүріп,
Жау еліне аттанып,
Шыбын жанды қиямын.
Ұйықтасам түсті көремін,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қиыр шығыс бетінен,
Қалың қалмақ елінен,
Атадан жалқы туған соң,
Алладан басқа панам жоқ.
Әруақтарға сиынып,
Жалғыз жүріп барамын.
Қобыландыдай баланың
Білсін деп жауға кетерін,
Қалмаққа қайрат етерін,
Сол үшін көпті жинадым.
Қош, аман бол, елдерім,
Ел шетінде ойнаған
Өз қатарлы теңдерім.
Жасы үлкен ағалар,
Білімі жеткен даналар,
Қожабайды бас етіп,
Қырық жігіт аламын.
Бұл жолымнан келгенше
Тілектес бол, ағайын!
Қобыланды аттағы Қожабайға:«Сенің қасыңа отыз тоғыз
жігіт қосам, өзіңмен қырық боласың, азық-түлік қару-
жарақтарыңды даярлап, сендер бүгін жүре беріңіз. Дүйсенбінің
күніне жауымның бергі шеті қырық қақпалы қызылбас, арғы
шеті хан Барсаға, сендер менің құбыла бетімде бір айшылық
жерде жүріңіз, айшылықтан көрінетін менің бөлек қара
бұлтым бар, сол бұлтымнан көздеріңді айырма, менің қасымда
жүрсеңдер, қалмақ жауы қамағанда найзаға туды байлап атқан
уақытта дүния жүзі шаң болып, ердің үсті шаң болар, күннің
жүзі қан болар, сол уақытта көзімді мұнар шалғанда жаудың
қайсы екенін, сендердің қайсы екеніңді біле алмай, босқа
қырылып қаларсыңдар. Жауының арғы шеті Хан Барса, аман
болса, сонда тоғысамыз».
Аттандырып ағасын,
Қобыландыдай жас бала
Жүрейін деп қалмаққа,
Үйіне қайтып келеді,
Боз жорға атын мінеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Әкесі жатқан ордаға,
Қобыланды жетіп келеді.
Түн ішінде баланың
Ұйықтап жатыр атасы.
Тілекте жоқ қатесі,
Қабыл еді батасы.
Құс мамықтың үстінде
Қырмызы көрпе жамылып,
Ақ орданың ішінде
Атасы мен анасы
Жатыр еді бас қосып,
Уайым жоқ ұйқыда,
Баласы келіп сөйледі,
Атасы мен анасы,
Түн ұйқысын бөледі:
—Жасы жеткен балам-ай,
Қабыл еді тобаң-ай.
—Бата берсең өзіме,
Алыста жатқан жау қалмақ,
Барар едім жауыма.
Қазақтың қалмақ жауы еді,
Әбілді Қабыл өлтіріп,
Әуелден бізге жау еді.
Қожабайды бас етіп,
Қырық жолдас жібердім.
Мен де ерте кетемін,
Соңынан қуып жетемін.
Ел үшін туған ер болсам,
Халық үшін туған мен болсам,
Үйде жатып өле алман,
Арды жауға бере алман.
Көмекші болса Құдайым,
Жәрдем берсе шабайын.
Бергі шеті жауымның
Қырық қақпалы қызылбас.
Бергі шеті жауымның—
Барса келмес қара құм.
Соған шейін барамын,
Дем беруші қолдаса,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қалмаққа қырғын саламын.
Қанын ішіп қанамын
Көкежан, сенің ұлыңмын
Құдайыңның құлымын.
Өлмеймін деп ойламан,
Ажалым жетсе сол жақта,
Елінде жаудың қаламын.
Оңғарылса сапарым,
Ұзақ жүріп келемін.
Жаудың қалың белгісі,
Үш жарым жыл толғанда,
Санаулы күн болғанда,
Он екі қанат ордаңа
Еңкейе келіп енемін,
Иіліп сәлем беремін.
—Аһа,—деді атасы,
Дұғаның болмас қатасы.
Жалғыз едің Қобыланды,
Алты жастан өтпедің.
Тоғызыңнан кетпедің,
Он үшіңе жетпедің.
Балдырғаным майысқан,
Құба талым қайысқан.
Жалғыз балам сен болсаң,
Айдын көлің суалды,
Моладай әкең қуарды.
Бара бер, балам, бара бер,
Тапсырдым сені Аллаға.
Алла деген пәнденің,
Тілектен құр қала ма?
Сен дүниеге келгесін,
Тілегімді бергесін,
Көзімнің жасын көргесін,
Бейшара көкең теңелді.
Теңелгеннің белгісі,
Жиынға бас енгені.
Өзім үшін Алладан
Тілегенім жоқ еді.
Бара бер, балам, бара бер,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жолдасың болсын пірлерің,
Өмір жетсе көрермін,
Ұзақ екен күндерің.
Осылай деп атасы,
Қырық шілтерге тапсырып,
Қолын жайып бата етіп,
Бетінен келіп өбеді.
Қобыландыдай баланың
Қасына келді анасы,
Ақ жарылып күн туған,
Емшек берген мамасы:
—Арыстаным, айбаттым,
Аждаһадай қайраттым,
Сені тілеп Алладан,
Әулие қоймай кезініп,
Күні-түні жол жүріп,
Алладан сені тіледім.
Наз құмының бойында,
Ақ мешіттің ішінде,
Қыз әулиенің қасынан,
Көріне келіп көзіме,
Қырық шілтердің анасы
Беріп кетті өзіме.
Айтқан сөзі енемнің
Көңілімде әлі бар.
Атса, мылтық өтпейді,
Шапса, қылыш кеспейді,
Отқа салса, күймейді,
Жаудан ұлым өлмейді,
Мамасы жауға бермейді.
Белін шешіп жатпайды,
Аңсамай қымыз жұтпайды.
Шеттен келген дұшпаннан
Өз аймағын сақтайды.
Асыл нұрдан жаралған,
Сыр суынан таралған,
Қырық шілтер қолдаған,
Лауқыда жазған хаты бар,
Қобыландыдай аты бар.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жеті ай, он күн дегенде,
Көресін деп ұлыңды,
Нұр суынан жұтқызып,
Сыр суынан ішкізіп,
Бал татырып, дәм беріп,
Қол көтеріп бата етті.
Алпысқа жасың келгенде
Тар құрсағым кеңейіп,
Тас емшегімді ерітіп,
Тамырды кеткен жібітіп,
Ай күніме мұң болып,
Өлгенде көрген сен едің,
Сенің анаң мен едім.
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Ақ сүт беріп еміздім.
Батыр туған ер жігіт,
Жалғызбын деп қамықпа,
Жас едім деп жабықпа.
Менен туған ұл болсаң,
Мұсылманның ары үшін
Өлмеймін деп ойлама.
Үйде өмір шексем де,
Далаға қумай қоя ма.
Мен сүтімді кешемін,
Анық тілек етемін.
Барған жауды қырмасаң,
Қылышымды қанға малмасаң,
Жаныңды құрбан қылмасаң,
Еш болған шығар еңбегім.
Кел, қарағым, көрейін,
Ақ бетіңнен өбейін.
Айтқан жылың болғанша,
Келер күнің болғанша,
Бекем буып белімді,
Түн ұйқымды бөлейін.
Бір Алладан тілейін,
Пірлер сені қолдасын.
Жеті ғайып қырық шілтер,
Қаптаған жаудан қорғасын,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сапарыңды оңдасын.
Қыз әулие апама,
Тапсырамын соған-ай.
Құшағын ашты аймалап,
Бауырына басты қармалап,
Бетінен сүйді майдалап.
Денесі кемпір балқыды,
Төске біткен екі емшек
Бұлақтай сүті ағады.
Дәмін алып таңдайға,
Ананың сүтін емеді.
Еміреніп анасы,
Қайта-қайта иеді.
Қолына алып қоштасып,
Қобыландыдай баласы,
Ажал жетсе бұл жолда,
Қақ қылма деп сүтіңді,
Көңілі тасып шарланып,
Онан өтіп жөнелді.
Алтын сарай ішінде,
Жайлы жатқан күнінде,
Таң шолпаны туғанда
Апасына келеді.
Жау жарағын байланып,
Апасы жатқан ордаға
Еңкейе келіп енеді.
Хансұлудай апасы
Жатқан жерден тұрады,
Орай құшақ салады.
Жай емесін біледі:
—Жалғызым неғып жүрсің?—деп,
Қасына жетіп келеді.
Қобыланды сонда сөйледі:
—Жалғыз апам сен,—деді,
Бауырласың мен,—деді.
Аттанамын қалмаққа,
Ұлықсатыңды бер,—деді.
Апасы тұрып жылады,
Көзінің жасын бұлады:
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Алты жасар баласың,
Мен пақырды жылатып,
Қайда кетіп барасың?
Қарағым, саған ерейін,
Өзіңмен бірдей жүрейін.
Сенің үшін, қарағым,
Жол бейнетін көрейін.
Сен үшін жаным қияйын,
Белді бекем буайын.
Шөлдесең сусын берейін,
Үйде жатып қуарып,
Айдын көлдей суалып,
Өзіңмен бірдей барайын.
Көңілдерім кір болып,
Нұрлы жүзім жер болып,
Қанды жас ағып көзімнен,
Қайғы кетпей сөзіңнен.
Жылап жүрген күнімде
Сені берген Құдайым.
Қобыланды сонда сөйледі:
—Жылама, апа, сен,—деді,
Ел үшін тудым мен,—деді.
Ер жігіттің қасына
Әйел ерсе болмайды,
Сапары ердің оңбайды.
Әруақ менен кетеді,
Сабыр тұтып, ай, апа,
Тәубе қылсаң нетеді.
Хансұлу және сөйледі:
—Аяғы қысқа қыз етіп,
Мені Құдай қор етті.
Жалғызымның шағында,
Жау қалмағын мол еттің,
Дұшпанымды көп еттің.
Жалғызым, сенен қалмаймын,
Түстік жерден ерейін,
Бұлтыңды кесе көрейін.
Жау ішінде шөлдесең,
Жете алсам сусын берейін.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мұны мақұл демесең,
Түстік жерден өтпесең,
Өз қолыңнан бауыздап,
Өз қолыңнан сойып кет.
Шыбын жаным құрбаным,
Қанымды іш те, тойып кет.
Мұңды сөздің тиегі,
Апасы менен інісі
Қош айтысып қолдасып,
Оңдасын деп өзіңді,
Жылатпа деп көзіңді,
Пірлеріне тапсырды.
Көңілі тасып желігіп,
Қыдырбайдың баласы,
Бұқараның панасы.
Қарысқан жаудың ағасы,
Алыста жатқан жылқыға,
Жолын тартып жөнелді.
Одарқұл мен Қодарқұл—
Байдың екі баласы,
Қобыландының ағасы,
Құл десе де қазағы,
Жоқ еді ердің мазағы.
«Бауырым» деп жыласып,
Жолын айтып жүретін,
Кетерге қалды қоштасып
Екі бірдей ағасы,
Қабыл болса тобасы.
Кеңес айтты оларға:
—Сөзіме құлақ салып қал,
Бір ғибрат алып қал.
Келместің барам жеріне,
Жау қалмақтың жеріне,
Сапар шегіп барамын.
Қатесіз пенде құл емес,
Өле қойсам бұл жауда
Құртқадайын жарым бар,
Көкежан, бірің аларсың,
Неке жолын саларсың.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбай мен Ағзарбап—
Ата-анам бұл қалды.
Ажалы жетіп ол өлсе,
Құрметтеп қоярсың.
Сонда құлдар сөйледі:
—Арыстаным, өлмейсің,
Жаудан қорлық көрмейсің.
Есен болсаң келесің,
Соңымыздан ересің.
Пірі кеткен жалғызым,
Құдайымнан қорықпай,
Қайтып келіп алармыз,
Қалай неке қиярмыз.
Артында қалған адамға,
Қамқорышты болармыз,
Балтаға басты салармыз.
Артыңда қалған кемпір-шал,
Өзіңдей етіп бағармыз.
Бұл жолыңа барып қайт,
Жауға қырғын салып қайт,
Елдің кегін алып қайт.
Осылай деп дем беріп,
Екеуі ертіп алады,
Жылқыға таман барады.
Жылқыда жүрген қос жорға,
Екі бірдей боз жорға
Құрығын салып мойнына,
Шынжырменен қосақтап,
Батырға ұстап береді.
Қос жорғаны жетелеп,
Құртқадайын арудың
Үйіне қайтып жөнеді.
Кеткелі батыр хабарсыз,
Келер мезгіл болды деп,
Асыл туған қыз Құртқа
Қарауылдап тұр еді.
Келе жатқан ерді көреді,
Таяқ алып қолына,
Алдынан қарсы келеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Басыңды жауға тастайтын,
Көрдім жерге бармайтын.
Екі бірдей жабыны
Аяқпенен басқа ұрып,
Қоя берді босатып.
Кейін жүрді бұлаңдап,
Алтын сарай ордаға
Жетіп келді қыз Құртқа.
Түрлі затпен баптаған,
Түрлі тағам жегізген.
Тобылғы меңді торыны
Арқан тағып ойнатып,
Алып шықты сарайдан.
Алтын тұрман жайнатып,
Қос құлағы тігілген,
Түлкідейін бүгілген.
Торышаны көргесін,
Көңілі ердің бөлінген.
Риза болып Құртқаға,
Езуін тартып бір күлген.
Алтын қазық байлаған,
Жібек алтын шылбырын,
Ер қасына шумақтап,
Құртқа сұлу іледі.
Қолтығынан көтеріп,
Аттандырып салуға,
Жақындап Құртқа келеді.
Сонда батыр сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Асыл туған қыз Құртқа,
Қолтығынан көтерме,
Көтерсе әйел болмайды,
Сапары ердің оңбайды.
Құртқа және сөйледі:
—Тілімді алсаң, Арыстан,
Бұл сапарға бармашы.
Атам ғой деп Алшағыр,
Сөзіне жаудың нанбашы.
Келмеске сені айдайды,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Дұшпандығын қоймайды.
Келмеске сені жіберіп,
Кейін қалған еліңді
Шабайын деп ойлайды.
Сонда батыр сөйледі:
—Үндеме, Құртқа, сен,—деді,
Барайын жауға мен,—деді.
Бармай қалсам қатын дер,
Жүрексіз туған батыр дер.
Қыз Құртқаның қасынан
Жамандықпен жатыр дер.
Осы жолға барайын,
Қуат берсе Құдайым,
Қалмаққа қырғын салайын.
Қайта келіп көрейін,
Жау болса оны білейін.
Жақындығы болмаса,
Алшағыр хан қалмақтың
Қанын жерге төгейін.
Сонда Құртқа сөйледі:
—Сұраймын сізден мен,—деді,
Астыңдағы торыша ат,
Бес айлығы кем еді.
Бес күндігі кем еді,
Бес жылдығы кем еді.
Осы жауға барарсың,
Жәрдемші болса Құдайым,
Қастасқан жауды аларсың.
Хан Барса мен Жирен көл,
Он екі айлық жол еді,
Алыс жатқан қол еді.
Қызылбас пен Барсаның
Арасы қалмақ ел еді.
Бәрін соның аларсың,
Оңғарылсын сапарың.
Оңғарылса сапарың,
Айтқан күнің болғансын,
Мерзімді күн толғансын,
Елге бетің бұрғансын,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жер ортасы Наз құмы,
Ар жағы оның алты айлық,
Бер жағы оның алты айлық,
Наз құмына келгенде,
Кемдігінен күнінің
Тұрып қалар торыша ат.
Батыр аңқау болады,
Ашуың келіп сол жерде,
Басын кесіп салмашы.
Ер тоқымды арқалап,
Даярлап жаяу қалмашы.
Қайырып батыр сөйледі:
—Мен осы жолға кеткенім,
Қалың жауға жеткенім.
Өліп кетсем бұл жолда,
Санаулы демнің біткені.
Қолыңда қалған кемпір-шал,
Ажалы жетіп ол өлсе,
Ел жұртыңды жиярсың,
Құрмет етіп қоярсың.
Жалғыз апам Хансұлу,
Бөлек қойма бұл үйге,
Өз қасыңа аларсың.
Сүйсе жұпты берерсің,
Ат шаптырып, той етіп,
Қызығын сүйтіп көрерсің.
Қобыланды мен қыз Құртқа
Сөзіне тамам етеді.
Қыдырбайдың баласы
Жауға қарай жол жүрді,
Сапарын шегіп мол жүрді.
Тобылғы меңді торыша ат
Ор киіктей ойнады,
Шырақтай көзі жайнады,
Бұлақтай ағып қайнады.
Белдерден көлдер асады,
Аяғын жинай басады.
Түлкідейін бұлаңдап,
Аузынан көбік шашады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шапқан сайын сыланды,
Қара терге боялды.
Тебінгі терге шірітіп,
Терлігін сүттей ірітіп,
Қалмаққа қарай жол жүрді,
Аз ғана емес мол жүрді.
Бөтен еді жылқыдан
Торышаның бедені,
Қобыланды сонда сөйледі:
—Тілегімді, Құдай, бер,—деді,
Дүния толған қалың жау,
Қалмақ деген ауыр жау.
Қырылып тамам болмасаң,
Еркек жаны таусылып,
Өңшең әйел қалмасаң.
Қысқы соққан борандай,
Көз бермейтін тұмандай.
Қалмақ келсін былдырлап,
Дүния толып жыбырлап.
Жердің жүзін шаң бассын,
Ердің үстін қан бассын.
Кең дүния тарылсын,
Қараңғы тұман күн болсын,
Батырға мықты сын болсын.
Екі тілек бізде жоқ,
Тілегі ердің осылай.
Бұлай ма деп Қобыланды,
Қалмақ жауын тіледі,
Түн ұйқысын бөледі.
Жамандатқыр торыша ат,
Алты айшылық жолына
Алты күнде барады.
Қырық күншілік сапарға
Күн арада құлады.
Қабыл болды тілегі,
Жарылды батыр жүрегі.
Шалғын таудың басында,
Аспанменен тірескен,
Қара бұлтпен күрескен
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бір қараны көреді.
Айнымай туған ер шабан
Іркілмей жетіп келеді.
Алабас атын меңгерген,
Екі тауын өңгерген,
Қалмақтың басы Домбауыл
Жетіп келді қасына.
Ақсақалды бабамның
Таңданады жасына.
Алпыс сегіз жасында,
Азу тісі балғадай,
Күрек тісі найзадай.
Аш бөрідей жараған,
Сақалын талдап тараған.
Сонда қалмақ сөйледі:
—Елпең-елпең желесің,
Ұзақ сапар жол жүріп,
Қай саладан келесің?
Қабағың жаман қатыңқы,
Түн ұйқыңды бөлесің.
Айтшы маған шыныңды,
Білдірші, бала, жөніңді.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Аты-жөнің кім еді,
Білдірші маған жөніңді.
Және де қалмақ сөйледі,
Домбауыл деген ер едім,
Еңіреп жүрген бөрі едім.
Мұсылманның елінен
Қыдырбай шалдың баласы—
Қобыланды келер дегенмен,
Қарауылдап жүр едім.
Сонда Қобыланды сөйледі:
—Алыста жатқан елім бар,
Шалғай жатқан жерім бар.
Жоқ жоғалтқан өзім бар,
Күні-түні жол жүріп,
Ұйқы басқан көзім бар.
Түзге жатып, түн жүріп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Іздеген жоғым таба алмай,
Келіп тұрған көзім бар.
Қыдырбайдың баласы,
Қобыланды батыр мен емес,
Мен деп айту жөн емес.
Алыс жаудың еліне,
Қызылбастың жеріне
Естіп едім кетті деп,
Көрінсе сенің көзіңе,
Жолықса сенің өзіңе,
Неғылайын деп едің?
Сонда қалмақ сөйледі:
—Көрінбеді көзіме,
Жолықпады өзіме.
Көрінсе менің көзіме,
Кездессе менің өзіме,
Екі қолын байлаймын.
Арқалатып екі тау,
Жеті күн жаяу айдаймын.
Дәл сегіз күн дегенде,
Басын кесіп алармын,
Қанын ішіп қанамын.
Менің әкем сен емес,
Мені қылма келемеж.
Бабаңдайын кісіні
Бұл алдауың жөн емес.
Шыныңды айт,—деп Домбауыл
Алабас атын тебініп,
Жалмауыздай емініп,
Жау көрмеген балаға
Жетіп келді емініп.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Алабас атым тебінбей,
Жалмауыздай ебінбей,
Сақал-мұртың қуарып,
Дене бойы суалып,
Қыдырбайдың ұлына,
Бір Құдайдың құлына,
Қалмақтың қарсы еріне,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Неғылайын деп едің?
Ал, айтайын шынымды,
Жасырмай-ақ сырымды,
Қалдырмайын қырынды.
Нұр суынан жаралған,
Сыр суынан таралған,
Қырық шілтерден тараған,
Қалмаққа деп жараған
Қобыланды көкең мен,—деді,
Іздеген жауым сен,—деді,
Дәмең болса кел бері.
Сонда қалмақ сөйледі:
—Мен секілді бабаңды,
Ала алмайсың қазағым,
Талай ерің көргенді,
Біздің қалмақ мазағын
Атысамысың, оныңды айт,
Күресемісің, шыныңды айт.
Шал да болсам аламын,
Домалатып басыңды,
Қанжығаға таңамын.
Қобыланды сен болсаң,
Қаныңды ішіп қанамын.
Сөзбен ерлер егесті,
Жекпе-жекке кел десті.
Қобыланды сынды жас бала
Айбаттанып ақырды.
Жеті ғайып бабасын
Жәрдем бер деп шақырды.
Ат үстінен алысты,
Найзаласып қағысты,
Қылыштасып шабысты.
Қыдырбайдың еркесін
Жеті ғайып қырық шілтер
Осы жолы қолдады,
Тілегін Алла оңлады.
Домбауылдай қалмақты
Жағасынан алады.
Дөңгелетіп батырды
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Түсіріп аттан салады.
Екі қолын байлады,
Екі тауын арқалатып,
Жеті күн жаяу айдады.
Сегізінші күн дегенде,
Басын кесіп алады.
Сексен құлаш зынданға
Домбауылды салады.
Ұзын екен денесі,
Сексен құлаш зынданнан
Екі сүйем, екі кез
Шығып жатыр аяғы.
Қарсы жауын алады,
Қанын ішіп қанады.
Пірлеріне жад етіп,
Аллаға шүкір қылады.
Белді бекем буынып,
Жау жарағын ілініп,
Пірлеріне сиынып,
Алдында жатқан қалың жау,
Қызылбас деген ауыр жау[ға]
Әскер тартып жөнелді,
Түн ұйқысын бөледі.
Тобылғы меңді торыша ат
Киіктей ойнап келеді.
Күдерден күдер асады,
Аяғын жинап басады.
Құйысқаны сартылдап,
Өмілдірік сом алтын,
Омырауда ылқылдап,
Тебінгі терін шашады.
Таң сәрінің шағында,
Қызылбастың шаһары
Іркілмей бала жетеді.
Қызылбастың елі екен,
Бекінісі мол екен,
Тастан салған қамалы,
Шойыннан құйған қорғаны,
Батыр Қобылан келгенсін,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қызылбастай жауының
Тарылды ғой заманы.
Қабатталынған қорғанның
Адам симас есігі,
Қол симайтын тесігі.
Алты жасар арыстан
Алыстан іздеп келгесін,
Қызылбасты жауының
Кесілді ғой тілегі.
Жауды көріп қамалып,
Пірлеріне сиынып,
Батыр Қобылан ақырды.
Жеті қайып бабасын,
Медет бер деп шақырды.
Басында бұлты ойнаған,
Нұрдың суын жаудырып,
Жайдың бұлты торлаған.
Аққудайын сыңқылдап,
Қараша қаздай сыңқылдап,
Жеті ғайып бабасы,
Үстіне келіп орнаған.
Алты жасар баланы,
Жаратқан пірі қолдаған.
Бурадайын сақылдап,
Айбалтасын қолына алып,
Тастан салған қорғанды,
Тойыннан салған қамалды,
Бұзайын деп ойлаған.
Бала жақын келгесін,
Шын қаһарын білгенсін.
Бекіністі қоршауы
Қорғасындай балқыған,
Тасты бұзып қиратып,
Көңілін бала ширатып,
Шойыннан құйған қамалды
Алмасымен тіледі.
Батырдың жетіп айбаты,
Торының шығып қайраты,
Қабаттанған қамалдан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қарғып өтіп жөнелді.
Қазулы ордан қарғытып,
Жаюлы тордан ырғытып,
Жебеден соққан жолдарын
Алмаспенен бөледі.
Жиырма төрт жерден ту байлап,
Туын тігіп айқайлап,
Сарала туын жайнатып,
Торыша тұлпар ойнатып,
Күн шығардың кезінде,
Жаудың кірді шетінен,
Оң жағының бетінен.
Шүлдірлеген қызылбас,
Жау келгенін біледі,
Жайнаған туды көреді.
Барабанын соғады,
Қоңырауын қағады.
Қыл жалау көк түтін
Баланың үстін жабады.
Тобылғы меңді торша ат
Жау ішінде ойнады,
Ауыздығын шайнады.
Күннің көзін шаң басты,
Ердің үстін қан басты.
Қараңғы тұман күн болды,
Балаға мықты сын болды,
Өтірік емес шын болды.
Қалың жауға енгесін,
Арасына кіргесін,
Алпыс құлаш ақ алмас
Қаһарланып сермеді.
Қасындағы көк алмас
Ай бетінен сермесе,
Күн бетінен өтеді.
Күн бетінен сермесе,
Ай бетінен өтеді.
Қалаған жауды көргенсін,
Жалғыздығын білгенсін,
Жеті ғайып қырық шілтер
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Балаға жәрдем етеді.
Нұрдың суын жаудырып,
Дария суын құйғызып,
Қыдырбайдың оқтарын,
Жұлдыздай ұшқан шоқтарын
Қара көмір етеді.
Демін алып жантаймай,
Кең жастықпен қисаймай,
Қырық қақпалы қызылбас,
Қырық күн жатып соғысып,
Онан да өтіп жөнеді.
Қарсақ жортпас қара ойды
Қайрылмай шауып, оны алды.
Түлкі жортпас сары ойды
Сарғая шауып, оны алды.
Жапалақ ұшпас жапанды
Жалықпай шауып тағы алды.
Үш самсаның елімен,
Үш ай жатып атысып,
Қызыл қанға батысып,
Тоқтамай шауып барады.
Әскері жоқ қасында,
Өзі бала жасында,
Жаратушы пірлері
Қиындық жолда жүргенде,
Дәм беремін деп еді.
Қобыландыдай батырдың
Өзімен бірдей жол жүріп,
Жаратушы анасы
Көп бейнетті көреді.
Шүршіттің ұлы Шөмекей,
Төрт айдайын соғысып,
Азырақ атын шалдырып,
Хаққа көңілін нандырып,
Дәрет алып жуынып,
Белді бекем буынып,
Бір Құдайға сиынып,
Сапарын шегіп жөнеді.
Бірнеше күн жол жүріп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Аз ғана емес мол жүріп,
Жалау сары жауыр қол,
Жауына жеткен секілді.
Арада сусыз шөл жүріп,
Еліне жаудың жетеді.
Талайды салып қырғынға,
Тоқтамай батыр өтеді.
Жалау сары жауыр қол,
Алдырмай жатқан ауыр қол,
Қауіпсіз жатқан қалың қол.
Алты айдайын алысты,
Ақ найзаны салысты.
Өткір қылыш, ай балта,
Оң мен солға шабысты.
Ұран салып ақырып,
Жеті ғайып бабасын
Жәрдем бер деп шақырып,
Аш бөрідей жалақтап,
Айдаһардай алақтап,
Ортадан ойып жол салды.
Қанша ауыр болса да,
Айнымай жатып бұны алды.
Ел шетінде бөлініп,
Алты дамыл және алды.
Жетінші күні аттанып,
Алға қарай жол алды.
Қалмақтың басы қаһарман,
Қиядан тұрып қараған.
Қара айдарын тараған,
Аш бөрідей жараған.
Өзіне біткен қайратты
Миллион қолға балаған.
Шалғын таудың басында
Қара қасқа тұлпар қаңтарып,
Даңқын естіп батырдың
Келеді деп ойлаған.
Түн жетісін өткізіп,
Сегізінші күн дегенде,
Күн сәскесі кезінде,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Торыша атын ойнатып,
Сарала туын жайнатып,
Төбесінде қара бұлт,
Оң күнінде орнатып,
Жауатын бұлттай түнеріп,
Тобылғы менді торының,
Жүрісін желдей есіріп,
Қаһармандай қалмаққа
Әні жетіп келеді.
Сонда қалмақ сөйледі:
—Нәсілің сенің кім?—деді,
Түн ұйқыңды бөлесің,
Дүбір-дүбір желесің,
Кім боласың сен?—деді.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Құдай артық жасаған,
Нұр суынан татқызып,
Аса қайрат дем беріп,
Қалмаққа қарсы жаралған.
Қыдырбайдың еркесі,
Қалың қазақ серкесі,
Қобыланды батыр мен,—деді.
Аш бөрідей алақтап,
Аждаһадай жалақтап,
Неғып тұрсың сен?—деді.
Сонда қалмақ сөйледі:
—Қаһарман көкең мен,—деді,
Қазақ елдің еркесі,
Қобыланды батыр сен болсаң,
Кезегімді бер,—деді.
Айнымай туған арыстан
Кезегін берді қалмақтың.
Қаһарланған қаһарман
Тау басына барады,
Қобыландыға қарады.
Қозы жауырын қол оғын
Оң қолына алады.
Өлтірем деп өзінше
Қобыландыдай баланы
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Толғай тартып қалады.
Жеті ғайып қырық шілтер
Қобыландыны қорғады.
Жолына оқтың тор жайды,
Саржаның оғын қағады.
Қорғап жүрген бабасы
Қобыландының көп екен,
Ортасына алады.
Қобыландыға жеткізбей,
Ақ сауыттан өткізбей,
Қалмақтың атқан қол оғы
Темірдейін иіліп,
Бүктетіліп қалады.
Сонда Қобылан ақырды,
Әруағын судай сапырды.
Қиындық жерде қолдаған,
Қырық шілтердей бабасы
Жәрдем бер деп шақырды.
Қабыл болды батасы,
Аққудайын ыңқылдап,
Қараша қаздай қиқулап,
Нұрдың суын жаудырып,
Оң жағына орнады.
Бабасы жетіп келгенде,
Қобыландының қайраты
Денесіне симады.
—Табаныңда аудармай,
Бәлем, қалмақ, тұр,—деді,
Бетіңді бері бұр,—деді,
Ажалың жетті біл,—деді.
Былайша деп Қобыланды
Үзеңгіге шіреніп,
Тебінгідей темір оқ
Қаһарланып тартады.
Қатты барған бұл оғы
Тоғыз қабат сауыттың
Көбісін бұзып қиратты.
Тоқтамастан кетеді,
Өкпеліктен өтеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қаһармандай қалмақты
Қара қасқа аттың үстінен
Төңкеріп тастап кетеді.
Ашуын басып Қобыланды,
Ақылын жиып алады.
Қынаптан қылыш суырып,
Қасына қалмақ барады.
Басын кесіп кеудеден,
Жүрекке найза былғады.
Қылыштың қанын татады,
Ат шалдырып, азырақ
Демін алып жатады.
Аз ғана жатып тұрғасын,
Белді бекем буады.
Пірлеріне сиынып,
Аллаға шүкір қылады.
Қаһарман ханның елімен,
Ту көтерген елімен,
Жинаған әскер көбімен,
Ел ұстаған биімен
Келісіп кеңес етпеді.
Ізгі жолға қалмақтың,
Сірә, бір тілі жетпеді.
Білмедің деп Хақ жолын,
Ізгілік одан күтпеді.
Қатын мен бала шулатып,
Қырғынға елін салады.
Жалғыз туған Қобыланды
Болаттан қатты жаралған,
Дін жауының еліне,
Рақым, сірә, қылмады.
Жаудың елін талқандап,
Аман өтіп жөнелді.
Ақырғы жауы хан Барса,
Бірнеше күн жол жүріп,
Арып-ашып жүденіп,
Бұған да бала жетеді.
Қаратаудың басында,
Қарақасқа аты астында,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қарауылын қараған
Қараманға жетеді.
Қобыланды келіп сөйледі:
—Қарақасқа атты байлайсың,
Әрнемені ойлайсың.
Ел шетінде жүресің,
Түн ұйқыңды бөлесің.
Білдірші маған жөніңді,
Кімнің жолын күтесің?
Қараман сонда сөйледі:
—Менің атым Қараман,
Бұйрығымен ханымның,
Қарауылды қараған.
Келеді деп бір адам,
Мені ханым айдаған.
Алыс жолдан келесің,
Түн ұйқыңды бөлесің,
Білдірші маған жөніңді
Қай сапарға келесің?
Сонда Қобылан сөйледі:
—Алыста қалған елімнен,
Шалғай жатқан жерімнен,
Айдын шалқар көлімнен
Сапарланып келемін.
Барсаның елін алам деп,
Еліне бүлік салам деп,
Нұр суынан жаралған,
Сыр суынан жаралған,
Қырық шілтер бабам қолдаған
Қыдырбайдың баласы—
Қобыланды батыр мен едім.
Менің жөнім сұрасың,
Хан Барсаны өлтіріп,
Ішуге қанын келемін.
Қараман
сонда
Қобыландыға
айтады:—Сенің
қырық
жолдасың бар екен. Еліміздің құбыла жағына келгелі үш күн
болды, өрістегі малымыздың семізін сойып жеп жатыр. Қырық
жолдасыңды шақыр, біз ердің ісін істелік, үш нәрсеге байлау
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
етелік: әуелі палуан күрес салалық, екінші бәйгіге ат қосалық,
үшінші аударыспақ жасалық. Осы үшеуін мен орындасам,
маған еліңді шабуға ұлықсат ет, егер сен орындасаң, елімді
шабуға мен ұлықсат етейін. Осылай деп екеуі уәде етеді.
Қобыланды жолдастарын шақырып алды, аман-сау алысқаннан
кейін, оларға Қобыланды айтады:—Бұл Барса келмес елі еді,
бұның айласы мол еді. Болат-шойын көп тастан құйылған
қорғаны мол еді. Ол шет жауына алдырмай, сол бетінше жатқан
ел еді. Сендер бәйгеден аттарыңды қалдыра бер; күрессеңдер,
жығыла бер; аударыссаң, құлай бер; сонан кейінгі айласын
өзім табайын. Сол айтқандай, Қараманның бәйгіден аты озды.
Күрессе, палуаны жыға берді. Аударыспақта Қараман қазақ
жігіттерін құлата берді.
Қарамандай қалмақтың
Үш мақсаты болады,
Көңілі дария толады.
Қуанышы кеудеде,
Айқайын салып ақырып,
Шаһарына жол алды.
Қараманның артынан
Қобыландыдай жас бала
Бұ да шауып барады.
Қамалдың есігі ашылып,
Қараман кетті қанына.
Ілесе келген Қобыланды
Есіктен ашық енеді.
Бейнет көрмей қамалдың
Ар жағына өтеді.
Ханына барып не айтар деп,
Бір саланың бойында
Қобыланды тыңдап тұрады.
Қырық құлаш шіркеудің
Басында тұрып қараған,
Сақалын талдап тараған,
Аш арыстандай жараған,
Жаңғыз көзді Қарақұл,
Жеке туған дара құл,
Сол шаһардың патшасы
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Білімді еді шамасы,
Соған келіп сөйледі:
—Барса келмес ханымыз,
Менің айтқан сөзіме
Құлағыңды салыңыз,
Өтірігі жоқ наныңыз.
Қамалдың шығып далаға,
Тау басында самалда,
Қарауылда тұрғанда
Қыдырбайдың баласы,
Қыпшақ елдің панасы
Қобыландыға жолықтым.
Бұрын келген өзінен
Қырық жолдасын алғыздым.
О да анық ер екен,
Үш байлауды қойғыздым.
Шапса, атым бәйге алды,
Күш сынасып бел алдым.
Қатар шауып қағысып,
Аударыспақ ойнадым.
Үш байлауды орындап,
Ханым келдім хабарға,
Құлағыңды саларға.
Әскер жиып бер маған,
Барайын деп мен тұрмын,
Қыпшақ елін шабарға.
Хансұлудай апасын
Ортадан ұстап аларға,
Кірес тағып мойнына,
Сізге қатын қыларға.
Сонда Барса сөйледі:
—Қобыланды келер жер емес,
Біздің қалмақ елінен
Қорлық көрер ер емес.
Өздігінен келмейді,
Ол бұл жақты білмейді.
Көрсетіп біреу сілтеді,
Қобыланды келді дегенше,
Қырылды елім десеңші.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қырық құлаш шіркеудің
Бас алмады баспасын,
Ырғып түсіп жөнелді.
Біздің ес білген ер адамнан еш адамды қалдырмас, бәрін
тауысар, бұл шаһар иесіз қалар, емшектегі ер баладан тоқсан
мың бала жидырып алдырып, көрінбейтін тамға тығайын. Сен
әскеріңді жиып соғыса бер, ақыры түпте өзім барайын.
Терең сала ішінде
Түлкідейін бой тағып,
Барсадайын ханыңның
Айтып өткен сөзіне,
Құлағын тігіп ой бөліп,
Әбден қанып алады.
Шыға беріп саладан,
Жасыл туын жиып ап,
Тобылғы меңді торыны
Ор киіктей орнатып,
Ауыздығын шайнатып,
Пірлеріне сиынып,
Тоғыз қабат ақ сауыт,
Ақ кебіні ішінде,
Мойынға орай киініп,
Пірлерін алып жадына,
Жетеді ғой балаға.
Медет берсе пірлері,
Қобыландыға мол еді,
Пірлері берген қазына.
Атаңа нәлет қалың жау,
Барабанын соғады,
Қоңырауын қағады.
Қыл жалау мен көк түтін
Батырдың үстін жабады.
Жиып жатқан көп әскер
Қобыландыдай батырдың
Айналасын қамады,
Ортасына алады.
Зеңбірек атқан оқтары
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жауған қардай борады.
Зеңбіректің оғымен
Қобыландының асыл ту
Пара-пара болады.
Мұның көзін шаң басты,
Ердің үстін қан басты.
Кең дүния тарылды,
Балаға мықты сын болды,
Өтірік емес шын болды.
Қазақ-қалмақ соғысқан,
Бұрынғыдан із қалды.
Шыны қимыл салады,
Барса келмес қалың жау,
Бұл елінде өлейін,
Өліп қаным төгейін.
Таусылмаса татар дәм,
Ойнап жүрген баладай.
Кеудедегі шыбын жан,
Жан жолдасым торыша ат,
Жеті ғайып қырық шілтер,
Әуре қылып нетер.
Тамам қылып қалмақты,
Жирен қопа көліме,
Ешкі қырған дөңіме
Сахара көшіп жайлаған,
Елдерге қайтып жетейін.
Қыдырбайдай байыңның
Он екі қабат ордасы,
Еңкейе барып енейін,
Ата-анамды көрейін.
Ағзарбаптай анамның
Мамасын екі емейін.
Хансұлудай апамның
Ақ жүзін анық көрейін.
Бұлайша деп Қобыланды,
Елін алып ойына,
Қырғынның кірді тойына.
Жиылып келген қалмақтың,
Қобыландыдай батырды
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көргендері таңырқап,
Көңілі толды сойына.
Бұлайша деп Қобыланды,
Қалың жауға енеді,
Оң бетінен кіреді.
Қылышы жеткен жер болса,
Қырып кетіп барады.
Садағы жеткен жер болса,
Тартып кетіп барады.
Балта жеткен жер болса,
Шауып кетіп барады.
Алты құлаш ақ найза,
Қамалған қалмаққа
Шұрқылтайдан салады.
Бір ай жатып алысты,
Екі ай жатып қағысты.
Үш ай жатып шабысты,
Төрт ай жатып соғысты.
Бес ай жатып бекініп,
Алты ай жүзін өткізіп,
Жетінші айдың аяғы,
Қамалған қалмақты
Әнікей тамам қылады.
Болған екен тамаша,
Сол уақытта қараса,
Қалың қалмақ таусылып,
Өзі қалды оңаша.
Қарап тұрса алақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Қай жағынан келер деп,
Төңірегін болжады.
Қауыпты жауы хан Барса,
Бұл дұшпаным келер деп
Қобыландының ойлауы,
Дұрыс болды болжауы.
Астында айғыр пілі бар,
Қай сөзімнің міні бар,
Маңдайда жалғыз көзі бар,
Айыр сақал Барса құл,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сақалының бір талы
Қисық біткен теректей,
Танауының кеңдігі
Тоғайдағы түбектей,
Бес қаруы белінде,
Астыңғы ерні жер тіреп,
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Тоқсан батпан шоқпарды
Беліне байлап қыстырып,
Кесейін деп басыңды,
Құртайын деп жасыңды,
Қаһарланып қара құл,
Жаңғыз көзді дара құл,
Айдаһардай ысқырып,
Бармағының астына,
Темекісін қыстырып,
Қобыландыдай баланы
Келе салды шоқпармен
Дәлдеп ұрған күшімен.
Қобыландыдай баланың
Талқан болды қалқаны.
Барсаның қолы батты енді,
Астындағы торша ат
Бауырлап жерге батты енді.
Шығара алмай денесін,
Кіріп кеткен жеріне
Бауырлап торы жатады.
Аттан түсіп Қобыланды,
Шоқпар алып жаяулап,
Барсадайын батырдың
Қасына барды аяңдап.
—Аһау Алла бер,—деді,
Көзімнің жасын көр,—деді.
Жеті ғайып қырық шілтер
Қасыма менің кел деді.
Қалмақтың қолы батты ғой,
Жүрелеп жерге жатты ғой.
Қолдайтын жерің бұл,—деді,
Қалмақтың батты ұрғаны.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Тарығып тұрған балаға
Пірлері келді қиқулап.
Ителгідей сыңқылдап,
Қара бұлт орнады,
Жайдың бұлты торлады.
Нұрдың суы жауады,
Сырдың суы жауады.
Жеті ғайып бабасы
Қобыландыны қолдады.
Көтеріп алды шоқпарын,
Қобыландының қолдары
Хан Барсаны басқа ұрды,
Тұра алмастай тас қылды.
Талқан болды қалқаны,
Барсаның басы жарылып,
Басынан аққан қызыл қан
Барсаның бетін жабады.
Маңдайдағы жалғыз көз
Ұясынан кетеді.
Айтып-айтпай немене,
Хан Барсаның ажалы
Тап сол күні жетеді.
Қыдырбайдың жалғыз еркесі
Ежелгі жауды жеңдім деп,
Оба қылып салдым деп,
Ағып жатқан қанының
Дәмін татып қарады.
Аққудайын сыланып,
Тоты құстай таранып,
Демін алып уһ деді.
Құлақ салып тыңдаса,
Жылап жатқан жас бала.
Анық дауысын есітіп,
Найзасын алып жай басып,
Жетіп келді қасына.
Тамның ашса есігін,
Жатыр екен жиында
Бесікпенен көп бала.
Жатыр екен жиылып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Торсығы түсіп аузынан,
Жылап жатыр бір бала.
Тамды бұзып қиратып,
Ағып жатқан дария,
Бесігімен ағызды,
Қойдай етіп тоғытып,
Бәрін тамам қылады.
Сонан кейін Қобыланды қырық жолдасын шақырып:—
«Бүлінген елден бүлдіргі алма» деген бар еді, мен олжаға
қызықпаймын. Керектеріңді алыңдар. Қырық айдан бері қарай
ұйқы көрген жоқ едім, біразырақ ұйықтап алайын,—деп, бір
таудың басына келіп жатып қалды. Көзі ұйқыға барғанда жа-
ман түс көріп, шошып оянып, қараса қырық жолдасы қырық
қыз алып келеді екен.
—Ал, жігіттер, келіңдер,
Бері таман жүріңдер.
Мен бір жатып түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Жирен қопа көлдерім
Суалғанға ұқсайды.
Ешкі қырған дөңдерім
Қуарғанға ұқсайды.
Қалың қыпшақ елдерім
Шабылғанға ұқсайды.
Бұл не болар, қырық жігіт,
Еңсесі биік ақ орда
Еңкейгенге ұқсайды,
Бұл не болар қырық жігіт?
Сексен төртте Қыдырбай,
Қу таяғы қолында,
Келелі түйе соңында.
Көзінің жасын бұлайды,
Жалғызым деп жылайды.
Бұл не болар, қырық жігіт?
Ағзарбаптай анамның
Қол дорбасы анамда,
Тоғыз мың саулық соңында,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қорлықпенен өтсін деп,
Қобыландының анасы,
Ата жаудың мамасы,
Тірілей ғазап көрсін деп,
Қара жол қылып айдайды.
Жалғыз апам Хансұлу
Көзінің жасын бұлайды,
Жалғызым деп жылайды.
Жезден шыбық қолында,
Нәсілі жау көп қалмақ
Хансұлуды сабайды.
Шыбықтың тиген жерінен
Қызыл қаны зулайды.
Бұл не болар, қырық жігіт?
Сүйген жарым қыз Құртқа
Алатаудың басында,
Боз жорға тұлпар астында,
Қобыландыдай жан жарым,
Он екі айлық сапардан
Бұлтың бар да, өзің жоқ,
Жалғызым қашан келер деп,
Қозыдай жетім маңырайды,
Көзінің жасын тыймайды.
Бұл не болар, қырық жігіт?
Одарқұл мен Қодарқұл—
Екі бірдей көкемнің
Екі қолы кесілген,
Түйедей мұрны тесілген.
Он екі арба соңында,
Міскіндіктің жолында,
Аузымен тезек терулі,
Бұл не болар, қырық жігіт?
Мырзабайдың Қожабай—
Өзінің кіндік ағасы-ай,
Білімді туған данасы,
Кейінде қалған елдердің
Қолында жаудың кеткенін
Біліп қалды шамасы-ай.
Батырдың көрген түстерін,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ғажайып көрген істерін
Жақсылыққа жорыды:
—Қарағым, бүгін түс көрсең,
Елге қайтар кезіңде,
Аман жетер өзіңді.
Жақсылыққа ишара,
Әжептәуір іс көрсең,
Қырылды қалмақ бейшара.
Жирен қопа көлдерің
Суалғанға ұқсаса,
Айдап жылқы салған-ды,
Ылайланып қалған-ды.
Ешкі қырған дөңдерің
Қуарғанға ұқсаса,
Тай құнаны ойнасын.
Төбенің басы ақ шатыр,
Тозаңы ұшып аспанға,
Әнің әндей болған-ды.
Қалың қыпшақ елдерің
Шабылғанға ұқсаса,
Кең жайылысқа қонғаны,
Мал қонысы болғаны.
Еңсесі биік ақ орда
Еңкейгенге ұқсаса,
Қобыланым келер деп,
Мезгілі оның толды деп,
Қыр басына қондырып,
Ішіне гүлдер жайнатып,
Адам қарап тұрғандай,
Қызықты етіп қойған-ды.
Қартайған әкең Қыдырбай
Түйе бағып зарласа,
Көзінің жасы парласа,
Жалғызым деп сағынып,
Жүрегі оттай қабынып,
Аша таяқ қолында,
Өзі Хақтың жолында,
Жез құманы қолында,
Белді бекем буынып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көңіліне алып күлісіп,
Жүрген шығар жолында.
Ағзарбаптай анамның,
Болар деп қабыл тобамыз.
Бұлайша деп бәйбіше,
Қыдырбай мінген боз жорға ат,
Қол дорбамен жем беріп,
Алдынан балам шығам деп
Әні күйлеп тұрған-ды.
Күзгі туған мизамда
Құртқа менен Хансұлу
Суытпан деп бауырын
Суық суға жерінбей,
Дәретін Зарбап алған-ды.
Мешітіне барғанда
Мұнара шығып басына,
Перзентім менің келер деп,
Қарауылдап тұрған-ды.
Жалғыз апаң Хансұлу
Ақ еттері осылса,
Ағып қаны жосылса,
Түбі бірге түктесін,
Ана сүтін емізген,
Тай құлындай тебіскен.
Сағынып көрген бауырым,
Дұшпанға қарсы дауылым.
Қобыланды келсе осыдан,
Бұрынғыдай болам деп,
Қасірет-қайғым жоям деп,
Есіне алса егіліп,
Көзінің жасы төгіліп,
Түлкідейін бүгіліп,
Қарауыл төбе елменен,
Араларын жол қылып,
Дамыл алмай жүргенде,
Әнің әндей болған-ды.
Қарағым, сенің түсіңді,
Жорысын Жүсіп пайғамбар.
Былайша деп жорыған
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұрынғыдан қалғандар.
Қол көтеріп бата етті,
Бір Құдайға жад етті.
Қобыланды сонда сөйледі:
—Тәуекел Хаққа сиынып,
Белді бекем буынып,
Жүрейін елге мен,—деді.
Мен бұл жерден кетейін,
Сабыр тұтып нетейін.
Демді болса торыша ат,
Кейінгі елге жетейін.
Жолдастар, сізден сұраймын,
Қалмақтың қызы сұлу деп,
Біріңді-бірің кемітпе.
Менің жұптым сұлу деп,
Аттың ерін алдырып,
Мейірін суға қандырып,
Келерсің деп жай жүріп,
Көріскенше қош бол деп,
Жинап туын алады,
Атқа қамшы салады.
Сапарын Алла оңдаса,
Елге бетін бұрады.
Қобыланды мінген торыша
Ор киіктей ойнады.
Түлкідейін бүгіліп,
Екі көзі жайнады.
Арандай ашып ауызын,
Ауыздығын шайнады,
Шапса ізі жосылған,
Шаңы шаңға қосылған,
Шаба-шаба ылғанды,
Қара терге былғанды.
Жер ортасы наз құмы,
Барса менен арасы
Алты айлық еді шамасы.
Алты сағат болғанда,
Түн ортасы толғанда,
Соған торы жеткенде
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Тарылды білем тынысы.
Өнбей қалды жүрісі,
Жүрер халі болмады.
Төрт тағанда тұрады,
Ашуы ердің келеді.
Атаңа нәлет торыша ат,
Кесейін деп басыңды,
Құртайын деп жасыңды,
Жеткізбедің жеріме,
Барғызбадың еліме.
Басыңды баудай кесейін,
Қаныңды судай төгейін.
Ер тоқымды арқалап,
Бір күн жүрген жеріңе
Он екі айда жетейін.
Құдіреті күшті Құдай-ай,
Күн біткенге түн бітті,
Торыша атқа тіл бітті.
Сонда тұрып сөйледі:
—Сөзімді тыңда сен,—деді,
Нұр суынан жаралған,
Сыр суынан таралған,
Қырық шілтерден жараған,
Құдайың артық қалаған,
Басыңды мыңға балаған,
Қыдырбайдың еркесі,
Байтақ елдің серкесі,
Жігітте сұлтан сен едің,
Жылқыда тұлпар мен едім,
Бес айлығым кем еді,
Бес күндігім кем еді,
Бес жылдығым кем еді.
Жауға міндің жаратып,
Басымды көкке қаратып,
Қамшыға бұтым қанатып.
Қырық күншілік сапарға
Күн арада құладым.
Алты айшылық жолыңа
Алты күнде құладым.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қалмақтың басы Домбауыл,
Құба жолда кез болып,
Басын кесіп алғаның,
Қанын ішіп қанғаның,
Көңіл шатқа қойғаның,
Онда да ерімді алмадың.
Қырық қақпалы қызылбас,
Қырық күн жатып соғыстың,
Онда да ерімді алмадың.
Қарсақ жортпас қара ойда
Қайырмай шауып оны алдың,
Онда да ерімді алмадың.
Түлкі жортпас сары ойда
Жалықпай шауып және алдың.
Жапалақ ұшпас жапанда
Жалықпай шауып тағы алдың,
Онда да ерімді алмадың.
Жапалақ үлкен ас жананды
Жалықпай шауып тағы алдың,
Онда да ерімді алмадың.
Қаһарманмен қағыстың,
Айғырдайын алыстың,
Саржа оғын тартыстың.
Күш-қайратың сынасып,
Найзаласып шабыстың.
Оңдалғасын сапарың,
Ілгері болып қатарың,
Дін дұшпаның өлтіріп,
Қызыл қаным татқаның.
Бұйқыт жатқан еліне
Бүліншілік салғаның,
Онда да ерімді алмадың.
Арада біраз күн өтіп,
Хан Барсаға барғаның,
Жеті ай жатып соғысып,
Еліне қырғын салғаның.
Талқандалды қаласы,
Шулады қатын-баласы.
Аттандаған айқайға,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Күренді сақал Қарақұл,
Атқа мінген ерлері,
Ел ұстаған билері,
Қырылды қалмай көмегі.
Барса келмес Қарақұл
Ақырында өлтіріп,
Жаһаннамға жібердің,
Онда да ерімді алмадың.
Бірге жүрген жолдасым,
Көзіңнің қырын салмадың.
Не жазығым бар еді,
Көк жусанның түбірін,
Ат шайнамас болар ма.
Ер көпшігін жастанып,
Ер қунамас болар ма.
Сыртым түтін, ішім боқ,
Атасы айуан мал едім.
Басымды кессең, Қобыланды,
Бір қазан ет болармын.
Өзіңе салдым төрені,
Не қылсаң да өзің біл.
Қобыланды атының сөзінен жығылыс тауып, өмілдірік
құйысқанын, айыл-тұрмандарын босатып, қару-жарақ, ер-көп-
шігін сыпырып алғанда, торыша аттың жон терісі жабысып,
ерімен бірге кетеді.
Наз құмының бойында,
Ер көпшігін жастанып,
Жатып қалды Қобыланды.
Құйрығын тігіп торыша,
Ойындағы құлындай
Шауып торы жөнелді.
Тоқтамастан дамылдап,
Жирен қопа көліне
Салып жетіп келеді.
Ұрттайтұғын суы жоқ,
Суалып жатқан көлінде,
Ешкі қырған дөңінің
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Басына шауып шығады.
Оттайтұғын оты жоқ,
Қуарып жатқан көрінді.
Құртқаға салған сарай,
Өзінің тұрған жері еді,
Бұзылып жатқан көрінді.
Құртқадайын арудың
Кір жуған суы бар екен,
Сіңбей жатқан көрінді.
Іш толтырып аузын шаяды,
Өкпе бауыры жалалық,
Тостағандай май алып,
Қобыланды қалған жағына,
Қайта шапты жолына.
Ер көпшігін жастанып,
Ұйықтап жатқан батырға,
Торыша келіп сөйледі:
—Наз құмының бойында,
Ешнәрсе жоқ ойыңда.
Ақ жастығың басыңда,
Бес қаруың қасыңда,
Жатасың нағып сен?—деді,
Көріп келдім мен,—деді.
Шабылған екен елдерің,
Суалған екен көлдерің,
Қуарған екен жерлерің.
Құртқаға салған сарай үй,
Екеумізді баққан жер,
Жайлы күйді тапқан жер,
Бұзылып жатқан көрінді.
Құртқадайын анамның
Кір жуған суы сіңбеген,
Толтырып ауыз шайғаным,
Өкпе-бауыр жал алдым,
Тостағандай май алдым.
Есім жиып әлденіп,
Көріп келдім бәрін де.
Жүретін маған күй болды,
Батыр саған сын болды,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көрген түсің шын болды.
Жатқан жерден тұр,—деді,
Беліңді қынай бу,—деді.
Келіп тұрған Торыға,
Еріңді салып мін,—деді.
Ұйықтап жатқан Қобыланды,
Ұйқыдан тұрып оянып,
Атқа жақын келеді.
Кекілінен бір сипап,
Миығынан күледі.
Қаруларын жиынып,
«Алла» деп атқа мінеді.
«Шу, жануар, шу» деді,
Соққан желдей гуледі.
Күдірден күдір асады,
Аяғын топтап басады.
Қараңғы түннің ішінде
Торыша тұрып қалады.
Қолындағы қос фанар,
Шамды жағып қарады.
Ер қасынан шылбыры
Кеткен екен жазылып,
Торыша тұлпар оралды.
Жиі барып шумақтап,
Ер қасына шалады.
Тағы торы шабады,
Лақтай ойнап барады.
Таң сәрінің шағында,
Тағы тұрды торыша ат,
Құлағын тігіп қайшылап.
Дыбыс тыңдап тұрады,
Құбыланың бетіне
Өзінің басын бұрады.
Іркілмей торы жөнелді,
Алатаудың басында,
Боз жорға ат қасында,
Ақ жейдесін жамылған,
Етек-жеңі малынған,
Жүрегі оттай қабынған,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Саулы нардай боздаған,
Таң сәріде жылаған
Қыз Құртқаның дауысын
Есіткен екен торыша ат,
Таныған екен қиядан.
Қобыланды жетіп келеді:
—Аман ба, Құртқа, сен,—деді,
Болжаулы күнді болдырып,
Мезгілді күнді толтырып,
Келдім бүгін шын,—деді.
Алатаудың басында,
Қалай жалғыз тұрғаның,
Неге, Құртқа, жыладың?
Ертеңді-кеш жылаған,
Сенің Құртқа дауысың.
Он екі айлық сапарда,
Жүрсем дағы алыста,
Құлағымнан кетпеді.
Сонда Құртқа сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Барма десем болмадың,
Тілімді айтқан алмадың.
Әйел ғой деп анасы,
Шын сөзіме қанбадың.
Болды ма менің болжауым,
Дос дегенің қас болып,
Алшағыр атаң бас болып,
Шауып кетті еліңді.
Сындырып кетті беліңді,
Кесіп кетті желіңді.
Қалмақтың түспей қолына,
Ажал бер деп Аллаға,
Қобыландының жолында
Алатау болды тұрағым,
Алладан медет сұрадым.
Болды қабыл тілегім,
Жарылды бүгін жүрегім.
Айналды оңға жұлдызым,
Суда қымбат құндызым.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыландының келуін,
Маған Құдай білгізді.
Ажарыңды көрген соң,
Арыстаным келгесін,
Аллаға жоқ арманым.
Сонда Қобылан сөйледі:
—Жылама, Құртқа, сен,—деді,
Арыстаның келгесін,
Тілегіңді Тәңір бергесін.
Сексен төртте Қыдырбай,
Көкемнің берші хабарын.
Ағзарбаптай анамның
Және берші хабарын.
Хансұлудай апамның
Білдірші маған сапарын.
Одарқұл мен Қодарқұл
Және сөйле жауабын.
Сексен төртте Қыдырбай,
Атамның несін сұрайсың!
Келеді түйе соңында,
Міскіндіктің жолында,
Тізеге жетпей шолақ тон,
Көз қанасы іріңдеп,
Буындары дірілдеп,
Түйе бағып жылайды.
Ағзарбаптай енемді,
Оның несін сұрайсың!
Қол дорбасы қолында,
Тоғыз мың сарық соңында,
Қорлықпенен өтсін деп,
Қара жол қылып айдайды.
Еркежандай сұлуды,
Оның несін сұрайсың!
Отыз төренің шылымын
Жағып беруге тұрады.
Жазатайым жанбаса,
Жезден шыбық қолында,
Жабыла солдат сабайды.
Екі бірдей қайнаға,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Асып еді пайдаға,
Жауға қарсы шабам деп,
Елді жаудан алам деп,
Екі қолы кесілді.
Он екі арба соңында,
Тоғыз бұт шынжыр қолында.
Жау қалмақтың елінде
Аузымен тезек тереді.
Сонда Қобыланды Құртқаға айтты:—Жау қалмақтың
еліндегі құл болып кеткен барлық қазақ баласына күн шығудан
бұрын хабарлап бол, найзаға ту байлап, қалмаққа араласқан
шағымда, үстімді шаң басып, көзімді қан басып, қараңғы тұман
басқанда, қалмақ пен қазақты айырмай, бос орынға қырылып
қалар,—деп, Қобыланды қалмаққа жүре берді. Алшағыр
ханның бәйбішесі түс көріп, жиналған жұртқа түсін жорытуға
берді.
—Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Қанжығада қан көрдім,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Тебінгіде тер көрдім,
Тебіне шапқан ер көрдім.
Бұл не болар халқым-ай?!
Ерні салпы көк бөрі,
Маңдайы жазық қас бөрі,
Бұл не болар халқым-ай?!
Ағаш құйрық аш бөрі,
Келте құйрық көк бөрі,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Оң қолында дақ қайыс,
Сол қолында жұп қайыс,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері май шұңқыр,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Ойда отырған отыз қой,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Отызын бірдей өлтірді,
Сәтіне ісін келтірді,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Қырда тұрған қырық қой,
Қырқын бірдей қырғаны,
Қырып оба қылғаны,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Алты бірдей ақ марқа,
Аяусыз етіп алғаны,
Мойнына арқан салғаны,
Бұл не болар, халқым-ай?!
Ай мүйізді ақ қошқар,
Мүйізінен алғаны,
Қорқыратып шалғаны,
Қанын ішіп қанғаны,
Жабағылы көк саулық,
Қой көтінде қалғаны,
Бұл не болар халқым-ай?!
Алты патшаның кандидаты Күсебай деген пұшық бар екен,
мұрны орта белінен жоқ екен, өзінше білімді адамның бірі екен,
отырғандар:—Мұны Күсекең жорысын,—деді.
—Балдар, жарты қадақ насыбай әкеп беріңдер, насыбайға
қана отырып, келінімнің түсін жориын,—деді.
Қана отырып насыбайға,
Сонда пұшық сөйледі:
—Келін, бүгін түс көрсең,
Барсаның түсі болған-ды.
Әжептеуір іс көрсең,
Барсаның ісі болған-ды.
Қанжығада қан көрсең,
Қобыландының қаны болғаны.
Тебіне шапқан ер көрсең,
Барса батыр болғаны.
Қобыландыдай ақылсыз,
Хан Барсаға барғаны.
Қазулы орда қалғаны,
Жаюлы торға салғаны.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көмір төгіп үйдіріп,
Көрікке ұрып күйдіріп,
Темір үйге салғаны.
Қобыландының сүйегі,
Өртеніп көмір болғаны.
Келін, сенің түсіңді
Қарауыл бабам жорысын.
Алшағыр хан келіп кемпірін сабады:—Сен-ақ Қобыланды-
ның тілегін тілейсің де жүресің екен. Барсаға барған адам тірі
келмейді. Сонда кемпір:—Менің түсім дұрыс жорылмады,—
деп, өзінің көрген түсін өзі жори бастады.
Сонда кемпір сөйледі:
—Халқым, тыңда сен,—деді,
Түс сөйлейін шын,—деді.
Мен бір бүгін түс көрсем,
Қобыландының түсі болған-ды.
Әжептәуір іс көрсем,
Қырғын ісі болған-ды.
Қанжығада қан көрсем,
Қалмақтың ханы болған-ды.
Тебінгіде тер көрсем,
Торыша аттың тері болғаны.
Тебіне шапқан ел көрсем,
Қобыланды ерің болған-ды.
Еріні салпы көк бөрі,
Торыша аттың болғаны.
Маңдайы жазық қас бөрі,
Қобыланды батыр болғаны.
Отырған жері ой шұқыр,
Ер көпшігі болған-ды.
Басқан жері май шұқыр,
Үзеңгісі болған-ды.
Оң қолында дақ қайыс,
Ол қамшысы болған-ды.
Сол қолында жұп қайыс,
Ол тізгіні болған-ды.
Ойда тұрған отыз қой,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Отызын бірдей өлтірсе,
Отыз төрең болғаны.
Қырда тұрған қырық қой,
Қырқын бірдей қырғаны,
Қырық биің болғаны.
Алты бірдей ақ марқа,
Алтауын алдына салып айдаса,
Екі қолын байласа,
Алты балаң болғаны.
Ай мүйізді ақ қошқар
Мүйізінен алғаны,
Қорқып атын шалғаны,
Қанын ішіп қанғаны,
Алшағыр хан өзің болғаны.
Жабағылы көк саулық,
Қой көтінде болғаны,
Біз бейшара болғаны.
Барма десең болмадың,
Тілімді айтқан алмадың,
Сөзіме құлақ салмадың.
Тіпті, ханым, нанбадың,
Өтірік болмас бұл түсім,
«Таң атсын, бәлем қалмақ,» деп,
Қорғаныңның сыртында
Қобыланды тыңдап тұрмасын.
Кемпір сөзін аяқтағаннан кейін Қобыланды тыңдап тұр
екен. Жеті қабат тас қорғанның темір есігін теуіп қиратып, Қо-
быланды кіріп келді де: «Ассалаумағалейкум, Алшағыр ата, ел
деп жүрсем жау екенсің, дос деп жүрсем қас екенсің, мені кел-
мес жауыңа айдап, елімді шапқаның не қылғаның?»—дейді.
Сонда Алшағыр хан: «Қаңғырып өскен қу қазақ, еліңді шапқан-
да не қылайын деп едің?»—деп Қобыландыға қылышын ала жү-
гірді. Ашу бойымен Қобыланды қолындағы қамшысымен Алша-
ғыр ханның басқа салып кетіп еді, ханның басы үш бөлінді.
Таң сарғайып атқан соң,
Таң шолпаны батқан соң,
Батыр туған Қобыланды,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Пірлеріне сиынып,
Белді бекем буынып,
Тоғыз қабат ақ сауыт,
Мойынға орай күйініп,
Найзаға туды байлады.
Атаңа нәлет қалмаққа
Аш арыстандай ақырып,
Ашумен қырғын салады.
Сарала туын жайнатып,
Торыша тұлпар ойнатып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,
Қобыландының басына
Нұрдың суы бұл жауып,
Кіреді жаудың шетінен,
Оң жағынан бетінен.
Ашуменен Қобыланды
Қалмаққа қырғын салады,
Мазасын жаудың алады.
Аждаһадай ысқырып,
Қайтпайтұғын күш қылып,
Жауға сайран салғансын,
Қалмақтың несі қалады.
Алты ханды елі екен,
Алты күндей соғысып,
Мінеки, тамам қылады.
Шіркеулерін қиратып,
Көңілін бала ширатып.
Көндім десе қош алып,
Тимесіне қаулы алды.
Ердің нанып ниетіне,
Қалғаны жаудың жұбанды.
Бастығы болып атасы,
Елін жинап алады.
Өсіп-өнген қонысы,
Мекенге қайта қондырып,
Көңілін елдің толтырып,
Өзінің туған енесін,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қыз Құртқаның шешесін
Өлтірмей алып қалады.
Қобыланды енесіне келіп:—Менің қарт екі көкемнің қолы
қайда?—деді.—Қарағым, келеріңді білген соң, қалмақтар
кесіп алған мақта, мақпалға орап, көмірдің арасына тығып, он
екі жерден кілті бар, алты құлаш ақ сандықтың ішіне салып
қойдым. Ана тұрған Алатаудың астында жатыр. Алып келсең
салып беремін, шірімеген шығар,—деді. Қобыланды тауға
барып, ортасынан бөліп, екі жаққа қайыра тастап, кілтін
бұзып, мақпалға ораулы қолды алып келді. Шірімеген екен, ту
биені сойып қазысына жарымай салып, әртүрлі дәрімен екеуін
қырық күн бақты. Қолы баяғыдай қалпына келді. Екеуіне шеше
қылып енесін және берді.
Тамам болды осымен
Бұл сөзімнің аяғы.
Ел құлағы есітіп,
Жыршы аузында айтылған,
Ерлердің ісі баяғы.
Жазарсыңдар толтырып,
Сөзімнің болса шолағы.
Таба алмасам қисынын,
Қызыл тілдің олағы.
Көңілдегі барымды,
Айтып өттім баяндап,
Бітірдім сөзді тамамдап.
Қобыланды батыр (Садуақас Ділманов нұсқасы) Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенде Орта жүз ішінен қыпшақ руынан тоқсан баулы қыпшақтың бірі қара қыпшақ деп аталады. Соның ішінде Қыдырбай дейтін ерте заманда бай өткен. Сол Қыдырбайдың баласы болмаған. Үлкейіп келгенде жалғыз Қобылан дейтін баласы болған. Бала көрмей зарығып жүргенде, халқын жинап алып: «Мені Қыдырбай демендер, мен қыдыр көрген бай болсам, төрт жағым тең болар еді, бұл малдан маған не пайда?! Балам жоқ, ертең өлсем кім болса соның қолында кететін. Менің атымды ендігі жерде бала көрмей торыққан Тоқтарбай деңдер, Қыдырбай болу маған неге керек?! Бала жоқ, ертең осы мал біздің осы қу басты шал шаруалық етіп не қылат деген сөз құлағыма тиіп те жүр». Осыны айтып налып жылаған. Халықтың қария ақсақалдары сол күндегі батыр жылағанға: «Құдай тілегіңді берер, алғыс алған ер едің, мынауың жаман, жақсы деп алалаған жоқ едің. Бізде, яғни жалпы халықта басқа көңіл жоқ, ер зарықпай, молықпас»,—деген сияқты, «тарықпа» деп ақыл айтқан. Келін балалы болар ма екен, мұның аты Аналық болсын деп, Аналық қойып, бата берген себебі—әйелінің аты бұрын Ақзарбап екен, жас шамасы алпысқа жақындап қалған. Мұның әкесі Қанымса, ноғайлы халқындағы атақты Қанымсаның қызы екен. Мысаның үш қызы болған, ең үлкені Ақзарбап, одан кіші Ақбілек, бұдан Төреқан туады. Ең кенжесі Ақсәуле, бұдан Құлбек туады. Мамай үлкен, Орақ кіші осылармен бірге туады. «Халықтың қайғырып берген батасымен маған не болар дейсің?»—деп, Қыдырбай зарығып біраз заман жүреді. Бір күні Ноғайлы халқында Ақшахан дейтін хан баласы жоқ жан екен, бір қызды болады. Үлкейген кезінде қыз
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
да болса ұлдай көріп, маңайдағы халықты шақырып, ұлы үлкен
той қылады. Сол тойға Қыдырбайды да шақырады. Қыдырбай
хан тойына саба артып, қант пен шай артып, Ақзарбап еке-
уі жүреді. Сол тойға Мамай, Ақзарбаптың ағасы, сол тойдың
басқарушысы болады. Сол күндегі халықтың қадірлі ханының
бірі екен, Қыдырбайдың малға мас болып, баланы ойламай бұл
уаққа дейін жүргеніне жақындықпен жаны ашып, Айсаның ұлы
Ахметті алдынан жібереді. Жібергендегі мақсаты: «Таңменен
татпай сол тойда нендей қызық бар» деп Қыдырбай сұрар. Сон-
да сен мынаны айт:
«Ұлы барға орын бар,
Қызы барға қымыз бар,
Ұлы менен қызың жоқ,
Тойда сенің нең бар,—де—деген екен. Ер зарық-
пай молықпайды, зарығып тілер ме екен».
Ахмет Қыдырбайға таң алдында соғып, таң алдында қойдың
алдында келе жатқан Қыдырбайға соғып, кім екенін танытпай,
Мамайдың тапсырғанын түгел етіп айтып кетіп қалады. Той-
дан қызық сұраймын деп көп қайғыға кездесті. «Балам жоқ,
тойға бару маған жөн емес екен» деп, жаңағы бала айтқанды
жұрттың бәрі айтады екен, қасындағы ерген жолдастарымен
Ақзарбапты елге қайырып, өзі сол жерде жаяу бала іздеп кете-
ді екен. Сол жылаған зарымен әулиеге түнеп, Құдай жылаған
көзінің жасымен бір ұл, бір қыз береді. Ұлының аты Қобылан,
қызы Қарлығаш екен.
Қысқарта келгенде, Қобылан халықтан асқан батыр бол-
ды. Бұл алты жаста Көктенің қызы Аққұртқаны алды. Он үш
жасында Көбікті деген қалмақты өлтіріп, Көбіктінің қызы
Қарлыға сұлуды алды. Қорытып айтқанда, жиырма екі жа-
сында Ақтауықты Алып ханның жалғыз қызы Илия сұлу
Қобыландыға ғашық болып, түсіне кіріп, Құртқаның соған
талап қылған бір саласы болатын. Бұл Қобыландының сегіз
саққа сөзі бар, соның бірі Илияны алатын саласы осы. Сонда
Құртқаның түсіне Илия сұлу он төрт жасар Қобыланға ғашық
болып, Құртқаның түсіне кіреді. Уәдесін түсінде берді. Бұның
себебі, Қобыланға ғашық болып, екі жылдан бері жер үстінен
іздеп, шын хабарын білмей тарығып, ауру болған ғашықтық
дертіменен бір күні Құртқаның түсіне кіріп, екеуі сыр айтып
сөйлеседі. Құртқа қыздың сөзінен жеңіліп, Қобыландыны
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
жібермекші болған. Бұл қыздың тұрған жері Қасарман
Қаратауының арғы жағында. Бұл күнде сол жерге Барса-кел-
мес деп атақ берген екен. Себебі, таудан асып жан бара алмаған
жалғыз-ақ есік бар. Таудан асуға еш мүмкіншілігі жоқ. Жеті
атасынан бері жаушылық көрмеген, ешкім таудан асып бара
алмай және есікті бұза алмай, қырық сан Қырымның қанша
батырлары болса да таудан асып, есікті бұзып өте алмаған. Ең
ақыры Қарасай-Қази барып, есікті бұза алмай, бұлардан бұрын
бірнеше батырлар барып қайтқан екен. Тесікті бұза алмай, Қази
таудан сал құлатып төте жол салған бірнеше батыр жолдасы
мен Қараүлектей қарт мамасы. Бұл Орақ-Мамайдың шешесі
сол күнде тірі екен, түсіне кіріп: «Балам, қайта алмайсың,—де-
ген,—Мұса, Айса, Жаңбыршы, өз атаң Мамай, Орақ, Ахмет,
Телағыс арғы аталарың да бұл таудан өте алмаған. Бекерге әуре
болмай қайт,»—деп қайырған екен. Жолының алыстығы үш
айлық жол екен. Шөл, өткел бермес дария, қиыншылық екен.
Бұдан Құртқаның да хабары бар екен, қыз да жасырмай түгел ай-
тып, бұл жайды түсіндірген қыз сөзінен ұтылып, бір тәуекел деп
жіберем деп уәде қылады. Қысқартып айтқанда, бұл сөздің басы
Құртқа мен қыздың түсіндегі сөйлесуімен басталады. Халық ау-
зында көне сөз, қария адамдардың айтуынша, көрген, білген бұл
жағдайды білетін ешкім жоқ, бұл бір айтылған ертегі.
Қобыландының сол күнде жасы жиырма екіде. Құртқа мен
Қарлыға дейтін екі әйелі бар еді, екеуінде де бала жоқ, екеуі
ермек қылып қол тұзақ, асық ойнап отырушы еді. Қобыланды-
ның қарындасы Қарлығаш жеңгелерімен ойын ойнап, көңіл
көтеріп қайтушы еді. Үшеуі отырып «қол тұзақ» деген ойын
ойнап Құртқа өз қолын көп түсіріп, Қарлығаштың қолын
аз түсіреді, кейде түсірмейді, оған себеп—жалғыз бала ерке
болған соң сыйлайды. Қарлыға ойнатып, ол әдепсіз олақ адам
Қарлығаштың қолы түссе, жібермей қалады. Асық ойнаса ұпай
салып, ұпайымды бер деп мазасын да алады. Сөйтіп жүргенде
Қарлығаш ашуланып, сендердің бөтен тілегің жоқ, ойыннан
бөтен деп ұрысқан екен. Қарлығаштың сондағы сөзі:
Қарлығаш ашуланып қайғы басты,
Көзінен ағызады қанды жасты.
—Сен екі ит ешнәрседен хабарын жоқ,
Ойынға аударғансын ықыласты.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Келемін анда-санда көрейін деп,
Көңілімді жалын шалған болайын деп.
Жан жеңгем, Құртқа, салшы құлағыңды,
Қарашы өзің ойлап жан-жағыңды.
Кемітпен өз басыңды,
Көретін күн бар ма Жаппар Құдай,
Ойлаған перзентіз деп көз жасыңды.
Ойлаған ешнәрседен хабарың жоқ,
Не дейсің мына тұрған жолдасыңды.
Бола ма ойын бала күлгенменен,
Үміттің қызығына сендер түсіп,
Жинаған ата-анаңның мүлкіменен.
Құдайдан бала сұра, ойын бақпа,
Жастарың келіп қалды осы уақта.
Зарлайды кемпір мен шал күндіз-түні,
Бір перзент жалғызымнан көрмедім деп.
Жасы жетіп қартайғанда мейірім қанып,
Балдардан бала туып сүймедім деп.
Көкемнің жасы асты жиырма жастан,
Дұшпанның қарсыласқан көңілін басқан.
Кемпір-шалдың зарланғанын естігенде,
Көңілі басылады судай тасқан.
Қу бедеу құлындамас қосты Құдай,
Жазғасын не амал бар әуел бастан.
Осылай айтты дағы жүре берді,
Жылаумен бір кідірмей есік ашқан.
Есітіп қыздың сөзін асыл Құртқа,
Уайым қара тұман қайғы басқан.
Бұрында ойламайтын жоқ-ты жері,
Қозғалды көңілінің қайғы-шері.
Біреуі екі көздің мұндай дейді,
Сырттағы не дейді екен бөтен елі.
Жанына бұрынғыдан қатты батты,
Балаға аз емес ет бұрын шөгініп,
Әл жетіп екі көзге асыл Құртқа,
Бүркеніп алтын тақта жатты өзі.
Жылаумен күні-түні жатып Құртқа,
Ұйқыға таң алдында барды көзі.
Жатқанда тұнық ұйқы тыныш тауып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бір сұлу сәуелінде енді өзі.
Сүйеніп алтын таққа бас жағында,
Бір сұлу жауап қатпай тұрды өзі.
Қарады сонда Құртқа көзін ашып,
Уһ деп демін алды мауқын басып.
Сүйенген қасындағы қызды көріп,
«Налыған ғаріп екен бұ да мендей,
Жарамас енді сұрап жөнін білмей».
—Жаным, сенің өзің неткен жансың,
Көрмеген бұл маңайда мәлірмесін,
Боласың қайсы жақтан , қай рудан,
Жарқыным, жүрісіңді баяндашы.
Илияның сөзі:
—Апажан, мен айтайын жағдайымды,
Жад қылар бір Жаратқан Құдайымды.
Кез қылды он төрт жаста мені мұндай,
Табылмас жер жүзінен уайымды.
Бір адам сәуелімде болып пайда,
Кездестім бұл сықылды қайғы жайға.
Тұрағын сұрамаппын қайда екенін,
Таба алмай жер жүзінен қайғы жедім.
Зарлаймын ғашықтықтың дерті түсіп,
Екі жыл әуре болып сонша іздедім.
Табалмай сол жоғымды зарыққаннан,
Жан апа, білсең айтың, сізге келдім.
Тапсырам, сіз жасырсаң бір Құдайға,
Қайғым бар кеткен асып осы жайда.
Қызы едің сен диюдің Көктен атты,
Басыңнан өтіп еді бұл ғашықтық,
Жаныңа сол мезгілде қандай батты.
Сарғайып запырандай жүзім солды,
Ғашықтық дертіменен ішім толды.
Жан апа данасы едің адамзаттың,
Қайғысы ғашықтықтың жанға батты.
Ғаріппін жылап жүрген жөн таба алмай,
Білесіз, берің маған шын хабарды.
Қаһарлы, түсі нұрлы, көркем жігіт,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көрген жан ол адамнан қылар үміт.
Сөйлесең сыр жасырмай текке сізде,
Қайғыға себеп болар ашсаң кілтін,
Жан ашыр жас жаным деп келіп тұрмын,
Халыққа Құртқа атың қылып үміт.
Көңілім қара тастай қалды қатып,
Қайғысы бұл ғашықтың жанға батып.
Үш рет сәуелімде кездескен жан,
Нұрына ғашық болдым ұйықтап жатып.
Ішсем ас тарамайды өз бойыма,
Түседі бір қызыл шоқ күнде ойыма,
Зарымды жаңылдырмай түзу сілте,
Арамдық кір салмай, апа, ойыңа.
Құртқаның сөзі:
Зарықтың мұнша неге жан қарағым,
Орнына келсе игі еді бұл талабың.
Атағы кім болады ол адамның,
Әуелде сұрап па едің сен, шырағым!
Жан емен дүние кезген, анам әйел,
Жасырмай біле қойсам мен, шырағым,
Тұрағы қайда болат қандай адам,
Білмесең, аты-жөнін, қайдан табам?!
Илияның сөзі:
—Апатай, мен айтайын бастан-аяқ,
Басыңа берген Тәңірім әуелден бақ.
Бойыңды кейін тастап сөз сұрама,
Қасыңа келіп тұрған мен бір қонақ.
Адамдай түсінбеген көп сұрайсың,
Айтайын әңгімемді мен бір құрап.
Екінші түсіме енген сапарында,
Қалғанмын аты-жөнін анық сұрап.
Білмейтін адам болсаң саған келмен,
Тыңдаңыз енді, апа, бермен қарап.
Айтты да осы сөзді қыз Илия,
Жіберді өксіп-өксіп қатты жылап.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Әй, апа мен ғаріппін болған мұңды,
Кез қылды жас кезімде мұндай күйді.
Анығын айтуға ұлықсат бер,
Ол адам қашықта емес, сіздің маңда.
Аяулық көрсетпедің маған тіпті,
Несіне құр айтайын, сөзім тыңда.
Тағыда тоқтап қалды қыз бейшара,
Егіліп босағанын біліп Құртқа:
—Атай бер, жарқыным, деп қылды ишара.
Сайрады сонда тұрып Илия жазған,
Көңілінде ауыр мүдде болып арман.
—Әй, апа мен айтайын тыңда өзің,
Сарыарқа саласында,—деді,—жерім.
Тарқатам бастан-аяқ көңіл шерін,
Ұлықсат сіз бергесін енді өзім.
Атағым Қобыланды деп айтып ет,
Атасы бай Қыдырбай қәдден асқан,
Атанған Ер Қобылан жеке туған,
Жері жоқ дұшпаннан ешбір сасқан.
Алғаным асыл Құртқа—дию қызы,
Білігі, тәжірибелі, жаннан асқан.
Тұрғанда Илия сөйлеп осы сөзді
Сұрланып Аққұртқаның нұры қашқан,
Илия Аққұртқаны тұрған бағып,
—Жан апа, кеттің деді сіз бір нағып!
Құртқа айтты:—Айта берің, жан шырағым,
Жайымды түгел айтам сен болғасын,
Арттан кезек келер әм, шырағым.
—Әй апа, мен айтайын ендігісін,
Орнына келер енді бұл жұмысым.
Жан апа, қатты шошып сыр білдірдің,
Көнбеске ылаж бар ма Құдай ісін,
Жас басым жалын болып, күйді жаным,
Қалдырсаң менің босқа тілегімді,
Алдында Тәңіріңнің күнәлісің.
Көргенсін Қобыландыны мен іздедім,
Екі жыл күтіп едім ердің сертін,
Ішіме салып кетті ғашық дертін.
Зарыққан мен сықылды жас баланы,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Аяман деген апа ердің сертін.
Айтты да осы сөзді қалды Илия,
«Уһ» деп демін алды сонда Илия.
Құртқаның сөзі:
Сөйледі Құртқа толғанып,
Ашумен жатқан байғұстың
Қайғысы қалың қозғалып:
—Ай қарағым, құлақ сал,
Сыр жасырман саған деп,
Билік қалса, қиын ба,
Бұл жұмысың маған дерт.
Өзі жалғыз, өзі жас,
Жаңағы айтқан сөзіңнің
Өтірік емес, бәрі рас.
Аға менен іні жоқ,
Өзінен бөтен демі жоқ.
Жалғыздың күні құрысын,
Алай-бұлай болып кетсе,
Тарылар деп қорқамын
Сонда менің тынысым.
Қартайған ата-ана бар
Теңдесі келмей отырған.
Өзімен туған Қарлығаш,
Ондай адам жалғанда
Мұқтажды жанға табылмас.
Жалғыздықтың кесірі
Бермей отыр теңіне.
Тұтқа болат демейді
Байтақ жатқан еліне,
Қарасы жоқ, қайтесің,
Сонан бөтен ізінде.
Бір Құдайға сен тапсыр,
Жалған жоқ айтқан сөзімде.
Жалғыз сағат көрмесе,
Ата-енесі төзе алмайт.
Нағып төзсін, ол байғұс—
Зарығып көрген баласы.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобыланды атаса,
Құриды мұның шарасы.
Алшағыр залым дос болып,
Достықтың түбі бос болып,
Алдап айдап жіберді
Көбектінің еліне.
Барса сонда өлед деп,
«Барма» дедім батырға,
Қарамады Қобылан
Достар айтқан ақылға.
Егестірді бір залым,
Саласың деп ақылды
Қойныңда жатқан қатынға.
Сол сапарда қорлықты
Көріп едік біз талай,
Қайырын берді соңынан
Жаратқан Ие бір Құдай.
Көңілденсе, көнеді
Өз дегені болмаса.
Қарсы айтатын жайым жоқ,
Енді оған не дейін?!
Сен зарығып жылайсың,
Менен көмек сұрайсың,
Тірі жүріп сау болса,
Маған со да болады.
Мен де білем, шырағым,
Екі жылдан бері қарай
Батырдың да жүрегін
Сенің қайғың алады.
Әуелден маған серті бар—
Сенсіз қатын алман деп,
Көңілге жара салман деп.
Қанша қатын алса да,
Қарсылық қылман өзіне.
Қарайып жүрсе болады,
Көрініп менің көзіме.
Жалын жансын тарықтың,
Жіберейін жалғызды
Тұрсаң айтқан сөзіме.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қарлығадай жәрдем ет,
Қысылған жерде өзіне.
Ата-аға деп аяма,
Ер керек болса құмарлық,
Ғашықтығың шын болса,
Еремін десең ізіне.
Жан ашырлық жан жолдас
Жамандықты сақтамас.
Шын Құдай десе өзі де,
Атасы менен інісін
Өлтіріп еді Қарлыға.
Ғашықтықпен ізіне
Екі қайыс, бір тізгін
Беріп қойып отырмын,
Қарлығажанның өзіне.
Сараңдық етті Құдайым,
Күң менен құлға көп берген
Баласын қимайды өзіме.
Жиырма екіде дәл жасы
Мұқтаж емес ешнәрсе.
Жалғыз бала болмаса
Атаға біткен ен дәулет
Жалғыздың тайса табаны,
Әлі де кімнің олжасы.
Ойлап ойға тоймаймын
Иесіз тұрған сықылды.
Шырылдап жатқан бала жоқ
Бұл төренің ордасы.
Ерте-кеші белгісіз
Жуық жанға қыр басы.
Жерің шалғай, жол алыс,
Қырымның аспас белі еді,
Арасы сусыз шөл еді.
Бара қой деп мен айтсам,
Еріксіз батыр жүреді.
Қиындық жерге кездессе,
Пірлері көмек береді.
Тәуекел еткен ер жігіт
Еш уайым жемейді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Едігенің тұқымы—
Қарасай-Қази қос батыр
Асалмай келді тарығып
Өткен жылы деп еді.
Алла берер бұл жолды
Жіберермін жөн сілтеп.
Жол мәнісін елменен
Түгел айтшы, қарағым,
Естісін анық құлағым.
Жасырмай сөйле сырыңды,
Оңайсынып келсін деп
Құдайға мен де тапсырдым,
Сақтасаң ішкі кіріңді.
Ақ тауықты алып қан,
Даңқы озған халықтан
Жете алмай Қырым сол жерге
Сан батырлар зарыққан.
Жалғыз Тәңірі жар болсын,
Мен ондайдан қорықпан.
Он төрт жасар Илия.
Қосқан шығар Құдайым,
Мен де тілек сұрайын.
Тірі жүрсе жалғызым,
Неше сұлу, неше қыз
Алмас дейсің талайын.
Илияның сөзі:
—Жан апа, сен сұрадың жер мен елді,
Арада бірнеше айлық сусыз шөлді,
Деп айтат қалмақ дию екі түрлі,
Қызыл сор маңайында тұрған елді.
Келеді көптен бері сол қоныста
Қиын дейді, жолы жаман, сақтар Құдай.
Жау алып еш көрмепті бұл қоныста
Күнінде Барсаланың бір барыпты.
Мыса хан, Айса батыр, Ер Жаңбыршы—
Бұлар да ала алмайтын қалы келіп.
Сақтатып жау келер деп содан бері,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Салыпты осы тауға шойын есік,
Батырлар өткен екен содан тесіп.
Тұқымы Барсаланың алып батыр,
Алпыстан жасы асты осы кезде,
Аман-сау әлі күнге келе жатыр.
Алыптың әрі ұлымын, әрі қызы,
Бала жоқ менен бөтен енді өзінде.
Інісі Қасарма хан он сегізде,
Беріпті тау атағын енді өзіне,
Жан батып маңайына бара алмады—
Не дию, не зәңгілер ала алмаған,
Қорқамын жалғыз ағам енді содан,
Кәрі ғой өзім атам кәрі қайтқан.
Таусалман атап айтып бәрін бірдей,
Бәле көп неше түрлі жолда жатқан—
Жалғыз-ақ қанды өзен бар өткел бермес,
Көпір бар жиылмалы адам білмес.
Көпірге батыр түссе, болар қарық,
Сақтансын ондай жерді есіне алып.
Басында бір адам бар өзгерілмес,
Жас жанмен тілегімді берсе Құдай,
Қиын жер қорқынышты адам жүрмес.
Ғашықтық дертіменен ұшырадық,
Бір Құдай сақтамаса, жөні келмес.
Аман сау таудан өтіп, бара қойса,
Қайламды менің еткен адам сезбес.
Үш түрлі белгіменен көрінермін,
Батырға ескертерсің қылып кеңес.
Алдағы не бар, не жоқ көз жетпейді,
Білмесе жалғыз Алла адам білмес.
Қиындық не ауырлық осы жолда,
Жан апа, зейінің қойып түгел тыңда.
Бір жаным пида қылып көргенімше,
Жүрермін мен де жылап бір Құдайға.
—Илия, берік болың айтқан сөзге,
Үш рет көрінгенде ер көзіне
Болады қандай белгің ескертіп кет,
Қалыпсың айтпағанмен бәрі өзіңде.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыз айтты: «Дұрыс, апа, сұрағаның,
Жолында бір ғашықтың жылағаным.
Белгіміз осы болар ат жалынға—
Енші атым көк қасқа ат бар, өзі тұлпар,
Көңілім бөтен малға болмайды іңкәр.
Иілсін Ақ тауықтың күрең жорға,
Талабын біз байғұстың Тәңірім онда.
Қайғылы қауіпті күн бола қойса,
Киермін қара киім, қара жорға.
Жанымды бірдей отқа саламын деп,
Жан апа, айтып тұрмын осы жолда
Қан кешкен қабырғадан болар ұрыс.
Ойламас ешбір адам оңай қолға
Түсет деп тереңдегі жатқан жұмыс.
Еркекше сездірместен бір жүремін,
Кейінгі қолдан келсе біздің жұмыс.
Құдайға арманым жоқ бір қосылсам,
Ғашық дерт жүрегімді қайғы шалған.
Әр хан да, қай батыр да қызың бер деп,
Әкеме әр жерден де сөз салдырған.
Берем деп сүйгеніне жалғыз қызын
Халыққа маңайдағы жар салдырған.
Сүйгенім Ер Қобылан—сенің иең,
Жүрсем де күңдігіңде арманым жоқ.
Адамды қор етеді дүние боқ,
Жан апа, аяқтадым мен сөзімді,
Жүректе ғашық қайғы бір қызыл шоқ.
Қобылан даңқы күшті, дебесі зор
Келеді деп қауіп ойлайды біздің халық.
Күзетші жол бойында қарауыл көп,
Қарасай-Қази дейтін екі ерден
Қаубайлап алаңдайды атам өзі.
Дабылды күшті дейді тымақ өзі,
Болмаса осы үшеуі, бөтен жақтан
Жан батып тие алмайт саған өзі.
Бір құла бар есік баққан тау қасында,
Өнер көп айтарлықтай өз басында.
Күші көп кеудесі зор үлкен дұшпан,
Сақтансын ең әуелі осы тұстан.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Амалдап осы таудан өтіп кетсе,
Ар жағын көре жатар талабынан.
Даңқына ғашық болып әуре болдым,
Жер басқан артық қой деп адамынан.
Жана апа, қарсылығың болмағансын,
Оң болар деп те отырмын талайымнан.
Жан апа, айтып болдым білгенше ақтап,
Құсамен өлем бе деп мен қорқамын,
Жіберші батырыңды ыждағаттап.
Құртқаның қызға берген уәделі сөзі:
—Илияжан, қарағым,
Қайырлы болсын талабың!
Бастан-аяқ түсіндім
Әңгімеңе, шырағым.
Қиын екен жолдары,
Алыстан талып барған ер
Оңай болмас алуға.
Алланың бардай жазғаны
Жас жансың ғой, шырағым,
Бір Құдайдан сұрай көр
Тілегің оңға келуін.
Атақты дұшпан асқар тау
Асуын білмес арадан,
Сауын айтып ел жинап,
Жөні келмес жана да.
Сарыарқасындай саладан
Қырымнан шыққан ерлер көп,
Ешкімнен көмек сұраман.
Өзі жалғыз, өзі жас,
Күтеді тағы Құдайдан.
Атасы қазақ елінде
Ізінен ерер ешкім жоқ.
Жалғыз-ақ Шора ағасы
О да жатыр қияда.
Ноғайлының халқына
Күні түсіп үңілсе,
Алыс екен жері деп
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жалғызбын деп түңілсе,
Сырттағы дұшпан күлмей ме?
Ажалы жеткен жан болса,
Үйде отырса өлмей ме?
Сіз сықылды асылдың
Аузынан шыққан сөзіне
Біз сықылды апасы
Уәде етіп сенбей ме?
Жіберемін тездетіп
Тау менен тасты бұзуға,
Қиын емес жігітке
Тәуекел етсе өзіне.
Жеті ғайып қырық шілтен—
Кәміл бәрі жар болса,
Есікті бұзу қиын ба,
Табармын амал өзіне.
Торша тұлпар сау болса,
Алысын жуық қылмай ма?!
Айла тізген оңғарса,
Тәуекел еткен ер жігіт
Жау санасып ұрыспас,
Егескен жауын алмай ма?!
Тәңірдің берген бағы бар,
Абыройы тағы бар.
Бірі басшы, бірі қосшы—
Жолдас болар қасына
Маңайдан-ақ табылар.
Саспа, қалқам, қамың же,
Апаңның сөзі бір болар.
Ерге жәрдем беретін
Әуелі Құдай, екінші
Жәрдем берер пір болар.
Ажалдан Құдай сақтасын,
Бейнетінен қорықпасын.
Тірі жүрсе ер жігіт,
Жұмысқа нендей жолықпас.
Тілегін берсе Құдайым,
Ықылас қойып еріме
Қосылам деген сен бір жас.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алла ағлам сөзіме
Нансын, балам, бәрі рас.
Құртқаның түсінен оянып тұрып, сәуелінде көргенге қайран
қалып, біраз ойға түсіп отырды. «Не де болса батырды алдырып,
өзіне кеңес салып айтайын»,—деп қиял ойлады.
Құртқаның толғауы:
Орнынан Құртқа тұрды ұйқы қанып,
Көрген түсі сәулесінде есіне алып.
Білмеді жын екені, пері екенін,
Отырды көргеніне қайран қалып.
Қыз сөзі көңіліне енді түгел
Қапыда уәдені берген қалып.
Болат деп мұның арты әлдеқандай,
Отырды уайыммен есін танып.
Кездесті бір қайғыға кесе түскен,
Ойласа тоқтатпайды сағым шалып.
Жатады қайта таққа қайта барып,
Құсамен ойлағанда іші толып.
Ойласа, ой жетпейді түбі терең,
Ақылға салып көрді түбін шолып.
Болмас деп енді қайту айтқан серттен,
Жасаған жазған шығар дәмін шеттен.
Көремін не де болса талабымнан,
Көрейін ақылдасып қарағыма.
Жалғыздың жары Құдай деген сөз бар,
Жәрдемдес болғай Алла талабыма.
Қатты жау асу бермес бұл Қаратау
Құдайға сыйынайын не де болса.
Сан батыр бара алмаған бұл Қаратау
Оңғарса Алла тізгін көрет тағы,
Батырдың шоши қоймас дер уағы.
Шақырып көргенімді баяндайын
Өзіне ақыл салып не дер тағы.
Шақырып Қарлығаны алды қасқа,
Адам жоқ екеуінен тағы басқа,
Қайғымен көзі толған мұның жасқа.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
—Қарағым, шақырып кел Қобыланды,
Жүректі үлкен тұман қайғы басқан.
Бір дертке осы күнде ұшырадым,
Сұрама мұның жайын, Қарлығажан,
Жалынға салдым төзбей ғазиз басты.
Қарлыға қайырмады, жүре берді
Шақырып әкелмекке қырдағы ерді.
Ерттеді ақбоз атты тез қамданып,
Тұрмады бөтен затқа енді айналып.
Көк сауыт дулығаны алды киіп,
Бес қару түгелінен беліне іліп
Жөнелді кідірместен жолға түсіп,
Құртқаның бұл сөзінен зәресі ұшып.
Қобылан сол күнде қырық жігітімен сейіл құрып, Тұманшы-
ның биік төбесінде шатыр құрып жатушы еді. Ит жүгіртіп, құс
салып, көңіл көтеріп, бір жағынан қалмақ халқының қалың
ортасында Ұлы Қобда деген жерде қоныс болатын, Ешкіқыр-
ған, Тұманшы деген екі өзен шыққан су бар, Қамыс құрақ ысық
көлдерде Қыдырбайдың көп жылқысы сол көлдерде жатады.
Қобыланның Қарақшы қасындағы бес жүз үй қазақ ноғай хал-
қынан бөлек жүрген көрінеді. Енді көршілері қалмақ хандары
еді, Қара Қобда, Сар Қобданың саласындағы мана қалмақтың
хандары еді. Хан Тәуке дейтін—қалмақтың күшті ханы. Сол
күндегі Ойыл саласында қалмақтың үш ханы бар еді: Қонжар
хан, осы күнгі Қонжар дейтін жер сол ханның атағына берілген.
Қариялардың аузында бар, сол Қонжардың ордасының ескі
орны Афған саласында Қайнар хан дейтін хан болған, қазақ
Сағыз Қайнар деп атақ берет, бұл сол ханның қонысы екен.
Қиыл деген сала да Қыналаны дейтін ханның жері. Ащы,
Ойыл, Алшағыр, Баба ханның қоныстары екен. Сағыздың
аяғы Теріс хан, мына жағы Тайсойған, Құмыра Оңғар ханның
қонысы, тағы бөтен қалмақтар да көп. Қысқартып айтқанда,
осы қалмақтың ішінде бес жүз үймен Қобылан жалғыз екен.
Арқаның алпыс екі саласында қырық сегіз хандық қалмақ бар
екен, жоғарыдағы көрсетілген қалмақтармен Қобылан келісім
жасап біріне-бірі тимеске уәде еткен. Сонда да сенбей, Қобылан
қарауыл қарап, үйіне жетісінде бір келеді екен. Қобылан ерте
тұрып қарауылға шығады, бөтен кісіні шығармай, өзі шығады
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
екен. Себебі—Қобыланның көзі үш күндік жерді болжайды
екен, күніне үш рет қарайды екен. Ертесімен ерте тұрып қарауыл
шығып қарағанда бөтен ешнәрсе көрінбей, тек ауыл жақтан бір
қараны көріп, Қобыланды қасындағы қырық жолдасын оятып
айтқан сөзі:
Қобыландының толғауы:
—Жігіттер, тұрың, жатпаңыз,
Аттарыңды алдыртып,
Ер салыңдар тездетіп,
Көрінеді бір қара.
Ертелеп келет ел жақтан
Жайшылық болса жарар ет.
Аман ба екен кемпір-шал,
Асығыс келет сол адам.
Жан-жақта дұшпан көп еді,
Оңайсынып қадаған
Бір жағдайда жүр шығар.
Сендер келе жатарсың,
Мен солай қарап барамын.
Осыны айтып Қобылан,
Жүре берді ілгері.
Бет-бетіне жүгіріп,
Ат жинады ерлері.
Астына мінген батырдың
Тұлпардан туған күлікті.
Не екенін біле алмай,
Ердің көңілі зерікті.
Астына мінген боз атты
Қатты жүріп булапты.
Жақындады Қарлыға,
Қобылан танып сонадан.
Жүрісі қатты Қарлыға
Мінген атын булаған,
Жау қаруын киініп,
Етек-жеңін жиынып,
Алысқа сапар еткенді.
Келеді сұлу шүйіліп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жақындап келіп батырға.
Аттан түсе қалады,
Ибалық етіп қырындап,
Теріс қарап тұрады.
Жайшылық па, жүріс не,
Асығып батыр сұрады.
Жасанып келген жау бар ма,
Тұтанып жатқан дау бар ма?
Ондай болса тәуекел,
Шал мен кемпір бұл сау ма?
—Жайшылық, жаным, саспа деп,
Еңсеге келген жау да жоқ,
Тұтанып жатқан дау да жоқ.
Атам мен анам дені сау,
Шақыр деп апам жіберді.
Бүгін түнде ауырып,
Азған болды бір сырқау.
Көзінің жасын булаған,
Тұрмайды тақтан құлаған.
Сұрап едім айтпады,
Шақырып жылдам кел деді.
Торы атыңды мін деді,
Жабысты бір дерт ішіме
Төзетін емес мен деді.
Қайыратын жағдай жоқ,
Өзің төрем біл деді.
Ойланды батыр Қобылан,
Найзасын жерге таянып:
«Налыды екен нағылып
Көзі жасқа боялып».
Қырық жігіті бытырап,
Келіп қалды артынан
Батырға жақын таянып.
Қыдырхан, Шапай, Мұсабай—
Қырық жігіттің бастығы
Қобыланға барады.
Бөтеннен жоқ достығы
Не хабар екен, ер, деді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Жайшылық,—деді Қобылан,
Кетіңдер жайлап соңымнан.
Осыны батыр айтты да,
Қарлығаны ертіп
Жүре берді соңынан.
Қобылан үйге келіп атын байлап жатқанда батырдың келге-
нін білмей әлде қандай болат деп Құртқаның аздап толғауы:
—Болады әлде қандай ойға алғаным,
Жұмысты жеті қайта ойға алғаным.
Жалғызым не деп шешер мұның жөнін,
Келгенде не деп айтам бұған өзім.
Құдая, құдіретіңнен айналайын,
Кез қылма осы жолда сақтағайсын,
Ажал мен бейнетіңнің құрған кезін.
Кездесіп сәуелімде бір қызбенен
Жұмысқа ұшырадым енді мұндай,
Ақырын қайырлы еткей, патша Құдай!
Айтты да осы сөзді асыл Құртқа,
Тағы да жата берді енді жылай.
Бұл сөзді түгел естіп болды батыр,
Асығыс үйге кірді енді қапыл.
Аққұртқа сасып қалды ерді көріп,
Орнынан түре келді таппай ақыл.
Қылышқа беліндегі салды қолды,
Сескентіп шошытпаққа ойлап өзін.
Аққұртқа жылай берді ерді көріп,
Суынған қанын тартып түсін көріп.
Қобыланның сөзі:
—Әй Құртқа, не себептен жаттың жылап,
Құдайдан не тіледің бүгін сұрап?!
Жасырмай шыныңды айтшы енді маған,
Жалтарсаң қылыш жан тұр ғой жақын.
Бас аман, ден сауында мұнша жылап,
Ырымың не себептен болды жаман.
Орынсыз зәбір берген жерім бар ма,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тарығып налығандай менің саған.
Құртқа айтты:—Әй бір жаным, сал құлағың,
Кемістік бір басымда аз ба еді менің.
Сол үшін еске түсіп қайғыландым,
Жаңылып ақылымнан сасып тұрмын.
Шешініп орныңа отыр, жаным,
Қылышқа қолды қойып шаппақ болып,
Ажарың қатты суып кірдің өзің.
Шешініп, қаруыңды ілші орнына,
Сөйлейін баян етіп мұңымды өзім.
Артынан күнәм болса, өлтірерсің,
Ризамын сен өлтірсең енді өзім.
Батырдың рахымы түсіп кетті аяп,
Келеді Аққұртқаға сонда қарап.
Кіре алмай Қарлыға да далада тұр,
Апамды қайтеді деп сырттан қарап.
Батырдың күлгендігін естігенсін,
Есіктен кіріп келді кідірместен
Ай секілді бұл жарқырап.
Батырды шешіндірді екі сұлу,
Құртқа да қорқып еді тым қалтырап,
Батырдың жайғасқанын көріп көзі,
Жарқырап айдай түрі кірді жүзі.
Батырдың қаруларын қойды іліп,
Отырды тақ үстінде бірге күліп.
Әңгіме кеңінен сөйлеп, көңілін бөліп,
Сұрады жаныменен:—Не көрдің деп,
Мұншама егілгендей не болдың деп.
Жасырмай айтшы маған бастан аяқ,
Шаршаттың мұнша неге қатты жылап.
Сөйледі сонда Құртқа көрген жайын;
—Оңғарсын бұл мүддемді бір Құдайым.
Батырым, кейімесең сен ренжіп,
Білесің атай қойсам мұның жайын.
Екі жыл болып еді түсіңе енген
Илия сұлу қыздың болған ғашық.
Жабысып дерті келіп өз басыма,
Отырмын уәдеменен берген сасып.
Батырым, біле тұрып бұрын айтпай,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сіз жүрсіз неден қорқып мұнша сасып.
Сіз айтсаң сырыңызды бұрын маған,
Көңілім жабығар ма ет мұнша менің.
Түңіліп сізден хабар алмағасын,
Сөйлестім сәуелімде араласып.
Серттесіп уәде бердім сол сұлуға
Алып кел енді соны жас санасып.
Алсаң да қанша қатын тарылмасын,
Қайғысы сондай күшті ғаріп жастың.
Жылайды ғашықтықпен сонша байғұс,
Ағызып көздерінен қанды жасты.
Қобыланның сөзі:
—Қой, Құртқа, пәле салмай енді маған,
Білгенім болса айтамын енді саған.
Түсіме сенен басқа жан енбейді,
Ондайды жабыстырып айтпа маған.
Құртқаның толғауы:
—Жарқыным, жалған сөйлеме,
Білмейтұғын сырыңды
Жатсам да үйде мен деме.
Екі жылдан бері қарай
Ұйқыңды бөліп тыныштай,
Тіліңді алған сол неме.
Бастағы айтқан сертіңнен
Асалмай жүрген сен едің.
Мұсылман кәпір екі ұлтан
Сені сүйген мен едім.
Білдірсе Құдай жаңылман
Алдама, жаным, білемін,
Қате айтып көрген жоқ едің,
Жасырғанға күлемін.
Сыр жасырма, жолдасым,
Жолыңда өлсем арман жоқ.
Жалғыз-ақ менде кемістік—
Әлі күнге бала болған жоқ.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ана менен атаңның
Көңілінде арман көп.
Көбікті қызы Қарлыға—
Бұл келгелі жеті жыл,
Бұдан да бала болған жоқ.
Құдайлық сырым айтайын,
Батырым, бермен мойның бұр.
Тоқсан қатын алсаң да,
Екеумізде тарлық жоқ.
Сақтама ішке айтпай сыр,
Он төрт жасар жас бала
Илия сұлу бұл екен,
Алыптың жалғыз қызы екен.
Сүйгеніне берем дер
Әкесінің сертті сөзі екен.
Екі жылдан бері қарай
Ғашық болып бір саған,
Қайғы басып жүр екен.
Арманым жоқ, Құдая,
Қосылсам саған дер екен.
Қасарма деген ағасы
Он сегіз жасар жас бала
Халықтан асқан ер екен.
Қасарманың Қаратау
Атағына арнаған.
Жаннан қауіп қылмаған
Барсала ханның баласы.
Заманында Алыптың
Шендескен жаны тарыққан,
Даңқы озып халықтан,
Жеті хандық байтақ ел—
Қалмақ, дию аралас
Көптігінен болған мас.
Жау көрмеген қашаннан,
Қаратаудай қорғаны
Ешкім онан асалмас.
Қырымнан шыққан саңылақ
Барған екен сол маңға,
Асалмай таудан тарыққан.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Билігі асқан хан Мыса—
Өз нағашың кешегі,
Орақ пен Мамай әкесі,
Сол Мыса екен тескен су тауы.
Қасындағы жолдасы—
Айса менен Жаңбыршы,
Ақшаның ұлы Зарлық бар,
Дұшпанға салған тарықты.
Жолдастарыменен Бөкен бар
Қырым деген халықтан.
Қайсысын айтып тауысам,
Мен батырмын деген бар.
Қайтқан екен бөгеліп,
Алынбасын жүрегің.
Қабыл болар иншалла
Бұл сапарда тілегің.
Қанды Орақ пенен Ахмет
Барған екен ер ағасы,
Бұлар да қайтқан өте алмай,
Мақсатына жете алмай.
Орақтан туған қос батыр—
Қарасай-Қази ер еді,
Бұл сенмен қаттар үзеді.
Өткен жылдың ішінде
Таудан әрі өте алмай
Бөгеліп қайтты деп еді.
Таудан төте жол салып
Тас құлатқан ер Ғазы
Асамын деп көлденең,
Жер ортаға барғанда
Қараүлектей анасы,
Шайқы Бұрқыт бабасы
Баруға ерік бермеген.
Ат артып, тон тозып
Тарығып қайтты деп еді.
Аттанам деп сол жерге
Қарасай-Қази қос берен
Қамданып жүрген кез еді.
Әзелде жазған ырыздық
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Айдаған жерден Тәңірім
Қайда да болса тереді.
Жасқанба, батыр, сөзінен
Бәленше бәлен дегенменен,
Тәуекел етсең кім артық,
Ойланып қарашы өзіңнен.
Кессең, тақсыр, міне, бас,
Асалмай зарлап отырмын.
Илияға берген уағдам—
Түндегі айтқан сөзімнен.
Осыны айтып тоқтады,
Қобылан басын шайқап қалды тоқтап,
Көрсетіп демін ішке енді сақтап.
Құртқаның батырдың ойланғанын біліп, қайрат беріп
айтқаны:
—Көңілім дария, сөз бұлақ,
Естігесін хабарын.
Жасыдың ба, жан шырақ,
Болған істі көп ойлап.
Уайымнан пайда жоқ,
Тәуекел етсең болмай ма.
Жас кезіңнен бері қарай
Кездесіп жүрсің талайға.
Жалғызбын деп жасқанып,
Сәуін етсең күлмей ме.
Қазақ пенен ноғайға
Оңына Алла кетірсе,
Ұзақ келер оңайға.
Батыр ма екен деуші едім,
Жасқанғаның нең деді.
Болат ба екен деуші едім,
Суаруы табылған
Жасық болған нең деді.
Ойлаған жерден шығар деп,
Есітсе соған құмар деп,
Егескен жауын алар деп,
Сынасып жауын саспас деп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Екі аяқты, бір басты
Баласынан адамның
Нағып кейін қалар деп.
Ойлаушы едім, батырым,
Жасып мұнша жасқанып,
Тоқталып қалған нең деді.
Бірі басшы, бірі қосшы,
Қасына жолдас еретін
Бұл маңайдан табылар,
Біраз жатқан ел деді.
Аға мен іні туған жоқ
Өзіңнен бөтен сенетін.
Тәуекел ет Аллаға,
Ажал жетсе ер жігіт,
Қайда да болса өлетін.
Жасыма, мырзам, жасқанып,
Қалдың неге тоқталып?!
Алла сапар оңғарса,
Келерсің аман атқарып.
Әрдайымда жүргенде
Жаңылма, жаным, жадыңа ал
Көкшауыл Бүркіт бабаңды.
Жаңылдырып кетпесін,
Мен сілтеймін, жан төрем,
Қиындық болмас жерлерді,
Жамандықты көрінген.
Жасырып қалман өзіңнен,
Жасқанба, батыр, бас көтер.
Жәрдемді жігіт жолдасты
Ертемін тауып ізіңнен,
Барамын деген сөзіңді айт.
Өтірікші болмайын
Илия сұлу мұңдыға.
Зарығып жүрген ғаріп жас,
Бір сен үшін тарығып,
Көзінен аққан қанды жас.
Барғың келіп тұрса да,
Өтінсін Құртқа дедің бе?!
Орынсыз жерге оқ атып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құртқа жөнсіз жалынбас.
Құдай берсе бір нәрсе,
Көремін деп ойлаймын,
Тілегі қабыл болса жас.
Ойланып, батыр, айтсайшы,
Құдай бір де, Құран шын,
Айтқанымның бәрі рас.
Бұл жалғанның жүзінде
Тани алмай қалмасам,
Илиядай жан болмас.
Зарландырмай тұрсайшы,
Ертеңді күнді кеш қылмай.
Зарланып жүрген байғұстың
Еңбегі күйер еш болып.
Ойна да, батыр, жата бер
Қамдатайын керегін.
Үміт еткен жеріме
Тездетіп хабар беремін.
Тұлпардан туған торыны
Бақтырайын баптатып.
Найзаны болат өзгертсем,
Шеберлерге саптатып.
Батырың төзе алмады, тұрды сонда:
—Әй Құртқа, ақыл айтың арбап маған,
Тілеймін әрдайымда бір Алладан.
Өтініп бір адамнан сәуеліңде,
Салмақты салғаның ба енді маған,
Қырық жігіт қасыма ерген тек саны бар—
Бірі жоқ қол беретін сасса маған.
Тәуекел не де болса еттім деді,
Қосатын адамыңды айтшы маған деді.
Күледі сонда Құртқа езу тартып:
—Бола ма иә болмай ма кім біліпті.
Болмайды ол сырымды ілгері айтып,
Досыңыз—ақыреттік белгілі адам
Қас ойлап жамандығы болмас саған.
Жалғызым, сен қойсаң енді өзіме
Келгенде көрсетермін сонда саған.
Болат деп Ер Қобылан тұрып кетті,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бұл жолдың керектерін міндет етті.
Барам деп кемпір-шалға сәлем бере
Баруға орда жаққа жүріп кетті.
Ақзарбап Қыдырбаймен қарсы алады,
Жалғызын көріп көзі сағынғаннан
Екеуі ортаға алып сөз сұрады:
—Қарағым, күнде-күнде келмейсің деп,
Біздерде сенен бөтен не ермек бар,
Жағдайын ата-анаңның білмейсін деп.
Жалғызым, жанын кезген болдың адам,
Қорқамын кездеседі қандай заман,
Құдайдан тілейтұғын тілегім жоқ,
Сен жүрсең көз алдымда болды аман.
Қарлығаш тағы келді үйге кіріп,
Еркелеп көкесіне көзін сүзіп,
Алдына келді дағы құлай кетті,
—Жалғызым, сағындым,—деп жасын төгіп.
—Қарағым, неге налып болдың мұндай,
Келуге күнде-күнде уақыт жоқ,
Жүремін қарауылда енді тынбай.
Ренжіп жүрмедің бе сен, шырағым,
Көтермей ойыныңды екі...*
Алайын басын кесіп, шашын қиып,
Жасырмай айт сырыңды болса солай.
Қарындасы Қарлығаштың толғауы:
—Жан көке, ойлап зарығам,
Зарыққанменен не пайда.
Сағатында көрмесем,
Ақ түріңді сағынам.
Әлде артыңда таяу жоқ,
Өзің жалғыз болғансын
Өшіккен жауда аяу жоқ.
Аңдыған дұшпан көп еді,
Қайсын тапса аямас.
Жарайтын жоқта қарындас
* Түпнұсқада осылай берілген.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Таңдап ерткен жігітің
Ат ерттеуге жарамас.
Алшағыр шауып алғанда,
Әкем менен әжемді
Қой көтіне салғанда,
Болып едім арманда.
Құртқа менен екеуміз
Жау қолында тұрғанда.
Мұсылманның таппадым
Ара түсер баласын,
Бұрынғыдан үдеді,
Көке, сенің бұл күнде
Қатар жатқан халықпен
Осы күнде таласың.
Жалғыздықтың зарына
Алысқа кетсең жол тартып,
Кім көз салар деп қорқамын.
Есіз қалған артыңа
Осындайды көп ойлап,
Шаршаймын көке зарығып.
Екі жеңгем не десін,
Есен сау өзің тұрғанда
Төбесі көкке тиеді.
Анда-санда барғанда
Құлағын кессем көнеді.
Құртқа—адамның данасы,
Отырса да далада
Осының бәрін біледі.
Олардан зәбір көрдім деп,
Саған айтар мен бе еді.
Жалғыз мұдда көңілімді,
Ойды бұзып тербеді.
Қобыланның қарындасына берген жауабы:
—Олай болса, Қарлығаш,
Бұл айтуың жөн,—деді.
Сөзіңе жауап берейін,
Ашуланба, жалғызым,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бұл сөзіме сен,—деді.
Мына отырған анадан
Екеуміз бірдей туғанбыз.
Неге жалғыз боламын
Сен тұрғанда соңымда.
Жасық жаман болмасаң,
Жүрмейсің бе жорықтың,
Түн ұйқыңды төрт бөліп
Мен жоғында жолында.
Аман тұрсақ, Қарлығаш,
Мені жоқтап дұшман қори ма.
Бибатпа сиын піріңе,
Сен де осал емессің,
Екі аяқты, бір басты
Баталмас адам өзіңе.
Шамданба, жана қатты айттым,
Еркеліктің қырсығы
Шықпай жүрсін жарыққа.
Ертеде өткен Дариға
Ғалименен алысқан.
Аяғында дос болып,
Құдай қосып табысқан.
Тәжірибе үшін айтамын,
Көңілге алма, қарағым,
Сен бір аман-сау тұрсаң,
Мен бөтендік ойламан.
Арнаулы екінші атың бар,
Тұр тұлпардың енесі.
Қару сайман бәрі әзір,
Біледі жеңгең Құртқа да.
Жүре бер тас алысқа,
Қорған бол өзің жұртқа да.
Атағың шықсын, қарағым,
Мұсылман кәпір ұлтқа да,
Құр жасытпа өзіңді.
Кім екенін байқап қой,
Еркеліктен пайда жоқ,
Есітпейін екінші
Мұндай айтқан сөзіңді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құртқаның Қарлығаға тобылғы меңді торы тұлпарды бақ
деп тапсырған толғауы:
—Қарлыға, мында кел деді,
Міндеттеймін бір жұмыс.
Бітіре алсаң сен деді,
Келмейтін болса қолыңнан
Маңнан аулақ жүр деді.
Атың әйел дегенмен
Ақылың дана сен едің,
Ат қадірін білетін
Әруақты ер едің.
Үлгер деп мұнымды,
Шырағым, саған сенемін,
Баптап бағып торы атты,
Алысқа батыр жүреді.
Сапарын Алла оңғарсын,
Үш айшылық алыс жол.
Жарауын түсір күйін тап,
Күндегі айға жарасын.
От пенен суды мұқтаж деп
Тілейтұғын болмасын.
Шырын болат нағыздан
Қақтыр аттың тағасын.
Сауыры күнге күйместей
Құбылған гүл-гүл масаты
Жаптыратын жабуын.
Кіндігінен жаратып,
Басын көкке қаратып,
Айшылық жерді алғандай.
Жарауын тауып күте алсаң,
Кетер торы ат бұдауға.
Биіктегі көз жетпес
Ертеңгі ұшқан тұрымтай
Басына шығып қоналмас,
Кездеседі сонда тау.
Сонда сырды бермесін,
Жарауында торы аттың
Жетпіс екі бабы бар.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Кеміс болып жорғасын
Көз жетпейтін дария
Шалқар алыс ені бар.
Қарғи алмай жүрмесін,
Осындай жерге сәйкестеп
Жаратудың мәні бар.
Қарлығажан, есіңе ал.
Ал жасырма ат күйін
Қатты болып ізімен сал.
Белі қатпай жүрмесін,
Қарсыласа ерменен.
Талабы мықты дауы бар,
Аударыспақ болғанға.
Белі қатпай қайысса,
Ер тарығып налыса,
Обалына қаламыз,
Осы араны есіңе ал.
Жундатып жұлынын
Омыртқаны өсірсең,
Тартса талмас жануар—
Шын тұлпардың тұқымы.
Жабайы емес нәсілі
Сонан еді асылы.
Еңбек етіп тапқанмын
Ердің серік аты деп.
Жалын сұлу қызындың—
Баласы еді бұл тұлпар.
Енесі еді кер бие,
Қасиеті тегінен.
Жолы болса батырдың,
Білінер нышан өзінен.
Әр дайымда ұйықтаса,
Шын жарауы түскенде
Кемісі жоқ, жетілсін
Төрт аяғы көсіліп.
Еш нәрседен шошынбас,
Етін кесіп алсаң да,
Қабағы қатып ашылмас.
Құйрығын жайып жалменен,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Кекілі жерге салбырап,
Қабағы тіптен ашылмас.
Осы айтқаным түгелдей
Бола қойса, төреден
Аман келет жалғызым.
Осы сапар жолынан
Ықылас етіп қарасаң
Бәрі де келет қолынан.
Қарлыға Құртқаның сөзін мақұл алып, болады деп
айтқаны:
—Жан апа, айтқаныңды орындармын,
Торы аттың бабын тауып неше түрлі.
Жасырман, жаным апа, сізден сырды,
Хайуанмен сөйлесе алам біліп тілді.
Торы аттың жетпіс екі күйін тауып,
Ат күйін таба алмасақ бізге қауіп.
Жаңылып кетпес емес жарар еді,
Жан апа, сіз де көрің ауық-ауық.
Жан апа, бала жастан баққан атың,
Әр қашан бабың өзің тапқан атың.
Жанына жем берерде жуық барсам,
Жаратпай бойын бағып сақтанатын.
Торы атты сүйіндір де қолыма бер,
Қарлыға бұл міндетті атқаратын.
Құртқа айтты:—Олай болса, жан қарағым,
Адамға менен бөтен үйір емес,
Айырып енесінен алдым талай,
Аударды ықыласымды соған қыздай.
Аузына емшегімді салушы едім,
Баладай бой ерітіп сорушы еді.
Балаң деп торы тұлпар сенің, Құртқа
Мазақтап батыр маған келуші еді.
Білемін көптен бері ол жайыңды,
Жатырқап сені торы ат жүруші еді.
Адамды мінезінен айырады,
Хайуан деп айтып болмас білуші еді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Әңгіме
Біз мұны ұлы Ерсайымның түс көріп оянып, таң алдында
әйелі Аюбикені оятып, «Түс көрдім, Қобылан ақыреттік досым
еді, оны өзің де білесің»,—деп, Барса келмеске жол жүруге
әзірленіп жатқан сапары екен. Қасына еретін сенімді жолдас
керек болып, ол жақтан ешкім таппай Құртқаға «жауда жаны
ортақ, елде малы ортақ өзіме сенімді серік кісі тап» деп, қысым
салған қалың ноғайлының халқына хабар айтуға арланып,
ақыреттік дос деп маған хабар салған хабарлаушы ақрылы
жаннан асқан адам данасы Құртқа сәуелімденіп, осы хабарды
маған түгел айтқан, сен де бір әйелден кем деп жүрген жоқсың,
осы түсім қалай, айтшы.
Әйелі Аюбикенің түсін жорығаны:
—Жориын батыр түсіңді,
Алла оңғарғай ісіңді.
Бұл түсіңді көргенің,
Ғажайып екен ойласам,
Сәуеліңде Аққұртқа
Түсіңе сіздің көрінген.
Ол шамданып жүруші ед,
Менің айтқан сөзімнен.
Қобыландыны бір ертіп,
Ұлы жиын дүбірге,
Аса ауыр қиынға
Салмақшы еді өзімен,
Қобыландыдай досыңмен
Өз басында кінә жоқ.
Қатыны Құртқа айлакер,
Ат желгізіп келгенде
Ақыреттік дос болып,
Қарындасың бергенде
Разы болып мен айттым:
«Өзіңе батыр белгілі
Көшекке атын жегізіп,
Жаяуласып жүрген біреуге
Мұнша неге қызығып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бикешті неге бердің»,—деп.
Сол сөзімді кектеген
Жібермей Құртқа тоқтатты.
Жеті жылдан бері қарай
Нағып аты жетпеді?!
Ақыл салған қатынға
Ердің ісі қашанда
Шығарма, сірә, мақұлға.
Достықтың шегін ұмытып,
Ойламай кеткен біреуге
Барамын десең, батырым,
Соқпасын мұның шамаға.
Қарны ашып ол неме,
Ерместей біреу қараға,
Еділ Жайық қайтадан,
Қалың жатқан ноғайлы,
Түсінсең айттым, батырым,
Бара көрме бұл жайға.
Ашуланып Ерсайым,
Жұдырықпен ұрады.
Шүйіріліп орнынан,
Тура қашып барады.
Денсаулығым олжа деп,
Ала алмады жаулығын,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Бір ашуға мінген соң,
Өлтірмей батыр тына алмас.
Керегенің басында
Ілулі тұрған көк алмас,
Тура қолды қояды,
Ала салып алмасын
Өлтірем деп Бикеннің
Соңынан қуып барады.
Тоқтасын ба қашқан соң,
Айшаның бұзып бұл кірді
Жапқан сарай қақпасын.
Ұйықтап жатқан сұлудың
Қойнына кіріп барады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шошып кетіп Айша қыз,
Орнынан тұрып қарады.
Қараса екен жеңгесі,
«Не болды?» деп сұрады.
—Мәнісін айтам артынан
Жылдам барғыл есікке,
Ағаң қуып келеді,
Өлтірем деп өзімді.
Көтере алмады томырық,
Жағдайын айтқан сөзімді.
Шапшаң барып ұсташы,
Көк алмасы қолында,
Ашуы көкең қатты еді,
Жазым қылар өзіме.
Естіп Айша жүгіріп,
Есікке таяу барады.
Келген екен батыр да
Екі көзі қызарып
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Өшіккен жауын өлтірмей
Ердің көңілі тыналмас.
Қолына ұстап жалаңаш,
«Қайда,—деп,—Бике?» сұрады.
Араға түсіп қыз Айша,
Сонда тұрып сөйледі:
—Жаным көке, сен, деді,
Үлкейгенде алжасып
Екеуіңе жөн бе еді?!
Ести қойса мұныңды,
Күлкі қылар ел деді.
Ашу—кәпір, ақыл—дос,
Ашуыңның түбі бос.
Ашуың бер, жан көке,
Өлтіргенмен не болды.
Ұйықтап жатқан жерімде
Үстіме құлап зар жылап.
Ашуыңды бермесең,
Мені туған көрмесең,
Әуел өлтір өзімді,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сыйламасаң сөзімді.
Ана орнына ардақтап,
Бағып еді баладай,
Еңбегі көп мойнымда.
Сол үшін, көке, өтінем
Ашуың берсең не етеді.
Тоқтайды Сайым Айшаның
Жығылыс тауып сөзінен.
Қазір кел деп киініп,
Жүре берді ізінен.
Үйге барып Ерсайым,
Құралын сайман киінді.
Ежір сақтап төзе алмай,
Жау құралын жиынды.
Айша да келді кідірмей,
Келе сөйлей береді:
—Жалғызым, көке, жол болсын,
Ашуың келсе тоқтамас,
Қадірлі туған ер едің!
Жолың болсын, жан көке,
Талабың қайда жүрмегі
Әзірленіп асықтың.
Сайым
Сонда Сайым сөйлейді:
—Қарағым Айша, қарындас,
Қобылан деген бар еді
Достым қалың жаңылмас.
Ақыреттік сол досым
Барса-келмес жеріне,
Ақ тауықты алыптың
Барайын деп өзіне.
Өзі жалғыз, өзі жас
Көмегіне шақырды.
Бармай қалсам, жарамас
Өлгенде бірге иманым,
Пірімен бірге жиғаным.
Сол сықылды досыма
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Барамын десем, бұл залым
Қарсыласып сөз айтты,
Жамандықты көп айтты.
Ашуым келіп сол айтты
Өлтірмекші мен едім.
Саған барып тығылып,
Жаны қалды өзінде.
Екіншіде көрмеспін,
Ертіп итті ізіме.
Кідірме, Айша қарағым,
Телкүреңді алып кел,
Ер тоқымын салып кел,
Өз қолыңнан ертіп бер,
Күн шықпай, қалқам, жүремін.
Не салғанын Алланың
Талайымнан көремін.
Жүгіріп Айша барады,
Телкүреңді шығарып,
Сарайда тұрған алады.
Ер тұрманын жабдықтап,
Ат үстіне салады.
Жетелеп келіп күреңді,
Ағасына толғады:
—Жаным көке, сен,—деді
Күні өткен күреңмен
Жол жүрем деген нең?—деді.
Сырт буын болған жазған ғой,
Жасы келіп қалған ғой.
Жүні қашып қарыған,
Алты ай жазға мінбедің,
Көріктің белгісі
Алған еті мынау ғой.
Тіл алсаң мінбе, жан көке,
Алыс жолға жарамас,
Жүрмей қалса, мінген ат
Көңіліңе қарамас,
Бөтенді тауып мін деді.
Ат барма басқа, қарағым,
Көптен мінген атым ет.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Осыдан бөтен жылқыға
Сенім[ім] жоқ, қарағым.
Қапелімде ат болмас,
Іздегенмен бөтен ат.
Тездетіп тауып беретін
Табылып тұр ма қолқанат.
Жан серігім қашан[нан]
Кәрі де болса күрең ат,
Ат керек деп бөтеннен
Сұрап жүру бізге ұят.
Айша
Сонда Айша сөйледі:
—Терлікбайдың Кершабақ
Білмейтінін көкесі
Осы арада біледі.
Салшы, көке, құлағың,
Терлікбай жан шырағың
Жалшы аты бар бағулы.
Жеті жасар Кершабақ
Алаулы қалмақ елінен
Тай күнінде әкелдің,
Енші қыл деп балаларға.
Ұмытпадың сен, көке,
Әкеліп соны берейін.
Қуанып кетті ер сонда:
Бар екен ғой ат қолда.
Есіңде бар ма еді, қарағым,
Алып кел мінем, шырағым.
Жүгіріп Айша жөнелді,
Жеңгесіне барады:
—Кілтті бер,—деп сұрады.
Кілтті Бике бермеді,
—Жаяу кетсін, бермеймін,
Баланың енші бір атын
Қартайғанда қаңғыртып,
Ала ма мұны Құдайым.
Жүре берсін атымен,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Не болғанын қарайын.
Ашуланды Айша қыз:
—Жігіт болса Терлікбай,
Ат табылмас деп пе едің?!
Құдай қосқан жарыңның
Қатты сөзін кектедің.
Кершабақтай тұлпарды
Естіген соң, хан көкем
Мінбей кетер деп пе едің.
Осыны айтып Айша қыз
Үйден шығып барады,
Тұлпар тұрған сарайдың
Есігін бұзып алады.
Алпыс құлаш ала арқан
Ішін жібектен иірген
Мойнына аттың тағулы.
Тайынан бері бапталып,
Бұл кершабақ бағулы.
Болаттан таға қақтырған
Сауры күнге күйер деп,
Біреудің көзі тиер деп,
Құлақ пенен құйрықтан
Басқа жерін жаптырған.
Ерігіп тұрған тұлпарды
Шығарып сыртқа қарады.
Күн көрмеген жануар
Көтеріп қызды көкке алып,
Ерік бермей барады.
Екі алып жерге түсірді,
Қаңбақтай қызды ұшырып.
Айрылып қалам деп састы
Айша сонда қысылып.
Далада көріп тұр екен,
Батыр да келді жүгіріп,
Арқаннан ұстап алады.
«Иә, Алла!» деп басына
Аттың жүген салады.
Алып келіп ерттеді,
Шудаменен желдіктеп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мақпалменен терліктеп,
Түзулеп ерттеп қарады.
Сапарым оңға келер деп,
Атты көзі көрген соң
Сүйініп батыр тұрады.
Сымбаты сұлу Кершабақ
Ер көңіліне ұнады.
Ұйықтап жатқан баласын
Оятып алып Ерсайым,
Бұрынғыдан бірім деп,
Тәуекел өзің мінің деп,
Баланы сүйеп мінгізіп,
Олай-бұлай жүргізіп,
Ел қыдыртып жүреді.
Жасырынып есікте
Бике мұны көреді.
Іштегі сырын білген соң,
Көзінің жасын төгеді.
Шақырып алып Айшаны
Табыстыр деп ерменен,
Кінәмді кеш деп тіледі.
Шыдамды Айша қыз
Көкесіне келеді,
Келе сөйлей береді:
—Құтты болсын, жан көке,
Кершабақтай тұлпарың.
Алыс жерге барасың,
Тағы да барма іңкәрің.
Көрсе көзің сүйінген,
Жеті жасар кер атқа
Емес пе шайқас, жан көке,
Қырық аршын семсер болатқа
Нағып мініп жүр демес.
Еш мүшесі кем де емес,
Көрген адам сүйінер
Құтты болсын бұл атқа.
Күнәсін кеш, ғафу ет
Жан жеңгемді жылатпа.
Терлікбаймен мен үшін
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ашуыңды тарат та.
Амалсыз көнді Ерсайым
Айшаның айтқан сөзіне.
Хан қосылған қашаннан
Ит те болса жолдасын,
Келсін деді өзі де.
Кештім деді күнәсін,
Өтіп еді айтқан сөзі де.
Аюбике келеді
Аяғына жығылып,
Күнәмді кеш деп тіледі.
Батыр кешті күнәсін,
Түсіріп аттан отырды,
Терлікбайдай баласын.
Жиналып келді халқы да
Жанға өлшеген қырық жігіт
Әзірленіп бұлар да
Түгел келіп көрінді.
Сайым
Сайым сонда сөйлейді:
—Нұрқасын мен Шыныбек,
Негізің еді асыл тек.
Қиын қыстау жер келсе,
Сеніштерім сен едің.
Алла сапар оңдаса,
Алысқа сапар шегемін.
Сен екеуің бас қылып,
Жиырма жігіт аламын.
Әзірленің тездетіп,
Иә өлім деп, иә бейнет
Таланжа саламын.
Жасқансаң қалың ермей-ақ
Өздеріңе саламын.
Жалғыз да болсам тәуекел,
Әзірлендім барамын.
Кеңесіңдер сырт барып,
Мәделсіз болсын біреуің.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Разылық ал өзінен,
Ренжу болып ермесін
Енді менің ізімнен.
Осыны айтып Ерсайым
Қырық жігітін бөледі.
Халыққа қалған сөйледі:
—Жаман айтпай жақсы жоқ
Барасың қалып өздерің.
Үлкен аға, кіші іні,
Аман болың келгенше.
Сапарым алыс, ұзақ жол,
Дұғада болың кәрілер.
Алдымда не бар екенін
Пендесі ғаріп не білер.
Балдағы жауар көк семсер
Жауға арнап соқтырған.
Ат тұяғы тимеген,
Ешкім барып көрмеген
Барса келмес жеріне,
Сондағы жатқан еліне,
Алып пенен Қасарма
Атағы шыққан еріне
Қазақтан шыққан Қобылан
Аттанып жатыр қамданып.
Қанша екенін білмеймін
Ер жинаған шақырып.
Ақыреттік досым ет,
Хабар салды келсін деп,
Сонымен бірдей боламын.
Артымда қалған, байтақ ел,
Жасымнан баққан жабдықтап.
Деңіңе дұшпан келтірмей,
Ешкімнен қорлық көрсетпей,
Бақи болың, қалған ел,
Қатын мен бала қара орман—
Байтақ халқым тапсырдым
Әуелі Құдай өзіңе.
Киікбай мен Бөкенбай—
Балдырғандай жас бала
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Барады қалып ізімде.
Аюбике жолдасым,
Ақыреттік қосылған
Жан жолдасым сен едің,
Налыма енді қолың бер,
Сапарыма жүремін.
Аман келсем оңғарып,
Тіріде сені көремін.
Ажалым жетсе бұл жаудан,
Көре алмай халқым өлермін.
Не де болса Алланың
Жазғанына көнемін.
Халқы шулап жылады,
Ішінен тынып Ерсайым
Сабырлықпен шыдады.
Халықтың мауқын басқан соң,
Қарындасы Айшаға
Тағы да сөйлеп қарады:
—Қарындасым, қарағым,
Артымда қалып барасың.
Дәл он беске сен келдің,
Толмаған ақыл баласың.
Інілерің басқарып
Ақыл салып жеңгеңе
Айтқанымды сен тыңдап,
Халқымды бағып қарашы.
Атағы әйел дегенмен
Белгілі едің сен маған,
Ақылың дана жан едің
Өзіңді өзің ұстаған.
Балалықпен аңдамай
Жаңылып жүрме, жан Айша,
Белгім бар саған тастаған.
Осыны айтып болған соң,
Киікбай менен Бөкенбай—
Екі бірдей баласы
Қол қусырып тұрады:
—Біз барайық бұл жолға,
Бата бер,—деп сұрады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шүкір қылды Ерсайым
Мұны естіп Құдайға.
Риза болды көңілі
Өзінен туған балаға.
—Разымын, балаларым,
Барам деген сөзіңе.
Жеткен жоқсың ертерек
Аттанатын жеріңе.
Адам болып ескерсең,
Еліңді бақ, қорған бол,
Барасың қалып ізімде.
Осы сөзбен тоқтатты
Қатын мен бала, елдерін,
Қатар құрбы, теңдерін.
Жаранлар, салсаң құлақты,
Айтайын деп келемін.
Нұрқасын мен Шыныбек
Қырық жігіттің сөздерін.
Келіс қылып арадан
Жиырмасы шықты бөлініп,
Жүрегінде жігер бар
Жігіт болып туған жан.
Мұндай жерден бөлініп
Басын тартып қала ма,
Сайымменен жиырма бір
Бөлініп шықты елінен.
Таңдап мінді тұлпар ат
Жарағанын елінен.
Садақ атып сандалып,
Халқы қалды ізінен.
Аюбике жолдасы
Терлікбайды көтеріп,
Батырдың жүрді ізінен.
—Тоқтай тұр, батыр, сабыр ет,
Сапарыңды оңғарсын
Бір жаратқан құдірет!
Бір-екі ауыз сөзім бар
Жадыңа батыр салайын,
Ұнаса мұны аларсың.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыландыдай досыңмен
Баруға бірге құмарсың.
Тізгінін бер өзіне,
Қарсы келме сөзіне.
Бабын тауып ұстасаң,
Жолдасын жауға тастамас,
Жамандық жолға бастамас
Мұсылманның баласын,
Мінезі еді қыстамас.
Қарсысына келмесең,
Кінә сақтап ұстамас.
Билікті берер өзіңе,
Пір деп ерер ізіңе.
Жамандық күнге кез келсе,
Тастап кетіп сен жүрме,
Жолдасыңды ізіңе.
Ондай әдіс қолданба,
Лайық болмас өзіңе.
Ханның қызы Илия
Ғашық болып барады.
Сарқыттап берсе алмаңыз,
Қызды көріп қызығып
Ұятқа үлкен қалмаңыз.
Сізге де бір қыз табылар,
Сол болар, батыр, олжаңыз.
Сәуелім шайтан болмаса,
Бейнетің көп ұлың жоқ.
Қайтарсыз аман бұл жолдан,
Терлікбай жаның Кершабақ
Жас күнінен бағып ем,
Күн тигізбей аялап.
Төрт аяқты бір басты
Қала қоймас хайуаннан.
Көңілің орта болмасын,
Сапарың құтты оң болсын,
Қош енді аман сау болың,
Жолың болсын, жолдасым!
Қобылан, Құртқа Қарлыға
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бізден сәлем айтарсың,
Тілектеспін жолына.
Осыны айтып әйелі
Қала берді соңында.
Сайымның жүріс көрінісі:
«Қош болың,—деп,—жігіттер!»
Сайым бастап жөнелді,
Маңдайын түзеп жөніне.
Жиырма жігіт Ерсайым
Дәл бесінде аттанды,
Жаратқан хақты жатқа алды.
Астына мінген Кершабақ
Ойнақтап басын өнерлеп
Ешан беріп батырға
Көңілін ашып мақтанды.
Арасы айлық жер еді,
Жеті күнде жетем деп
Шарт қойып батыр жөнелді.
Көлденең жатқан Жайықтан
Сол күні жүріп күнімен,
Тағы жүріп түнімен
Сәскеде келіп кесе өтті.
Ат суарып шалдырып,
Шатырын құрып дем алып,
Түс ауа тағы жүреді.
Ымпиты мен Жымпиты
Сарайшық дөңдер саладан
Кеселеп өтіп келеді.
Бірде желіп аяңдап,
Жүрісі қатты келеді.
Ыждиқатпен түн қатып,
Амандықты Алладан
Батыр Сайым тіледі.
Теректі шалқар саладан
Қараға соқпай батырың
О да жүреді даладан.
Төрт күн жүріп құлады
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобданың сала шетінен,
Шыбындыны баса өтіп.
Жүрісі қатты, күн ыссы
Ұйқыдан ерлер жүдеді.
Шығырлаудың қарасын
Сәскелік жерден көреді,
Бұрылып батыр маңдайлап,
Қобдаға төте жүреді.
Жүре тұрсын Ерсайым,
Жақындатты қарасын.
Азғантай кеңес қылайық
Қыдырбайдың баласын.
Ақылы дана Аққұртқа
Келе жатқанын біледі,
Халыққа хабар береді,
Соғым малын бөлгізіп,
Әзірлетті деп еді.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Еш нәрседен қауіпі жоқ
Қобылан қырда жүр еді.
Келе жатыр деп Ерсайым
Батырға хабар береді.
Енді, халқым, тыңдаңыз,
Құртқа сұлу дананың
Азғантай сөзі келеді.
Әңгіме Құртқадан
Құртқа мен Қобыландының кеңесі Сайымның алдынан
шығып күтіп алған соң әзірлік жасап, Құртқаның айтқаны:
—Батыр, сізге ұнаса, келе жатқан қонақтың алдынан
Қарлыға, Қарлығаш үшеуміз шығамыз, туғандық көңіл білді-
ріп. Сізде екі түрлі мойныңызда кінә бар: бірінші, достасқанның
бер жағында арадан жеті жыл өтті сәлемге бармадың, мен де
бара ғой деп айтпадым. Екінші, Сайымның еткен еңбегіне
қарап, достасқасын достық көңіл білдіріп шақырып алмадың.
Аюбикенің бір ауыз сөзі арада кінә болды. Бұл батыр ақ ниет,
адал жүрек, кінә кек сақтамайтын кісі болу керек. Өзің болсаң
бармайсың, осыны ойла, батырым, осы шыққан сапарында
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Аюбикенің айтқанын қылмай, ақыреттік досыма барамын деп
келе жатыр сол себепті сіз мынадай пормымен шығыңыз.
Оны ар, қор көрме, бір сапарға тілімді ал, сонда ұтасың,
бармаған кінәден құтыласын. Жаман атпен жайдық астында
тулақ салып жалаң аяқ жалаңбас қолыңа сабау алып ноқталап
мін, өзі шабан, өзі жаман болсын, құйрығы шолақ болсын,
соны көргенде ер ескеріп, мейірімі түсіп, сенің жалғыздықпен
қолың тимей жүр екен деп аяушылық етіп, бар күнәңді кешер,
осыменен шығайық.
Ертең ерте сіз бізбен жалғаса шығып бір тасада тұрарсыз, біз
күтіп алғаннан кейін келерсіз.
Бұл қалай?—деді Құртқа. Қобылан—Құртқа, жығылыс
таппайтын жерді ойла, бұл Сайымға менен кінә көп, мұнымен
кінәдан құтылатын болсам болыпты. Қойшы мінетін торшолақ
дейтінді мініп жүрді.
Сондағы Қарлығаға Құртқаның айтқан сөзі:
Құртқа айтты Қарлығаға:—Есіңе алың,
Тапсырған тапсырмамды орындағың.
Боз жорға көк аяқты түзу ертте,
Жүреміз ертең ерте қызға барың.
Қаз мойын қаракүрең жорғаны алың,
Үстіне ер тұрманын түгел салың.
Яқұт пен інжу маржан нақыштатқан
Құралы қолында еді жан ананың.
Бар дағы түгелінен сұрап алғын,
Сауыты сайманымен бір кілемде.
Білетін мұны тағы анам өзі,
Тегістеп түгел берсін қаруларын.
Сонымен күреңді алып сен жетелеп,
Таң ата Қарлығашқа хабар салың.
Киінсін жан көрмеген асыл киім,
Ер келсе ертең, бүгін еңсемізге
Болады бір тамаша үлкен жиын.
Тапсырып Қарлығаға осы сөзді,
Жабдықтатып жинады тағы да өзі.
Боз жорға ат алтын жалды жарқылдаған,
Үстіне киді киім асыл Құртқа
Күн көзі шағынданып жалтыраған.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қарлыға көк аяққа мінді өзі,
Асынып жау құралын көк сауытын
Үстіне көк сауытын киді өзі.
Айбаты жаннан асқан Қарлығаның
Қалай деп күрең атты жетекке алып,
Сынатып апасына келді өзі.
Жарайды деді, жаным, осы түрің
Екеуің бір пормыда киініңдер
Ортаңда мен жүремін сосын өзім.
Қаз мойын қаракүрең жетекке алып,
Ордаға келді сұлу хабар қылып.
Атынан жабу түсіп дыбыс бермей
Есіктің тұрды алдына қарсы барып.
Екі атты төбеп тастап сәлем етті,
Атасы енесімен көзін салып.
—Көп жаса, бақытты бол, жаным балам,
Мезгілсіз нағып жүрсің қылдың алаң
Қарағым, жүрмеуші едің бұл уақытта,
Жағдайын жүрісіңнің айтшы маған.
Ақзарбап орнынан келді тұрып,
Қарлыға жауап берді анасына
Бұралып бала қаздай мойнын бұрып:
—Жан ана, батырым Сайым келе жатыр,
Алдына бару үшін келдім мұнда.
Бикешті ерте кетем өзімменен,
Ат-тұрман керек болды қарулары.
Барады апам бірге біздерменен,
Сөйлесіп айтқан жоқ па сіздерменен.
Ақзарбап сонда тұрып берді жауап
Қарлыға келініне күле қарап:
—Қарағым, анық нәрсе мұның бәрі,
Отырған бақыт ойлап біз бір кәрі,
Досы ғой жалғызымның ақыреттік.
Барыңдар, жолың болсын, нағылайын,
Айтты да осы сөзді үйге барды,
Төрдегі жүкті бұзып кілемді алды.
Салынған Қарлығаштың бар құралы
Кілемді көтере алмай тұрып қалды.
—Қарағым, өзің келіп көтеріп ал,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құрмағы ауыр екен белім талды.
Қарлыға сәлем етіп үйге кірді,
Кілемді қолтыққа алып кетіп қалды.
Кілемді Ақзарбаппен бірге істеп,
Күреңнің еңгерулі ерін алды.
Қараңғы таңның көзі көрінбесін,
Сәулесі ер тоқымың жарқыраған.
Далада жүрген шығып маңайдағы ел
Бұл жарық не жарық деп қалтырапты.
—Жан ана, әруақты пірі едің,
Керегін өз қолыңнан берші салып.
Жүгенін жүгендеңіз өзің барып,
Сіз барда мен ерттеуге дұрыс болмас.
Терлігін сен жүгенде де өзіме бер,
Бөтеннен үлгірермін қолыма алып.
—Қарағым, болады,—деп барды Зарбап
Жүгенді жерден алып ат басына.
—Ей Алла, құтты қыл!—деп салды Зарбап,
Мақпалдан терегі бар зермен төккен,
Тұтынбай жатқан зат қой көрмей көптен
Қарағым, өзің ертте, үйге барам.
Атаңның дәрет суы соны жылытам,
Ақзарбап үйге кетті осыны айтып.
Қарлыға күрең атты ерттеді тез,
Ер тоқым сәулесінен ұялат көз.
Әзірлеп атты болып Қарлығаш
Ордасына келіпті тез.
Ақ сандық алтын аршын қолтыққа алып,
Үстінен қару салған кілем салып,
Жетелеп екі тұлпар келіп тұрып;
—Бикешім, есік аш,—деп дыбыстады,
Қарлығаш есікті ашып кіргізді үйге.
Асынған жау құралын көріп көзі:
—Жарқыным, не болды?—деп сұрады өзі,
—Алдынан Сайым ердің барамыз,—деп
Қысқалап әңгімесін айтты өзі,
Киінді Қарлығаш та тездеп тұрып,
Таранып тоты құстай құбылады,
Шырайына кісі бойы қарап тұрып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ақ сандық аузын ашып қойды жерге.
Болың деп Құртқа келді кіріп үйге
Киінген қыз киімі түрі бөлек,
Секілді екі көзі дөп-дөңгелек.
—Жан жеңге, қару іліп не қыламын,—
Құртқаға қарап айтты күлімсіреп.
Жылады сонда Құртқа қатты налып,
Батырдың жалғыздығын есіне алып.
—Қарағым, іні де сен, бәрі де сен,
Тілімді ал, айтқанды істе мені десең.
Қарлыға ер жолдасы жауға сергек
Ерсайым көңілі болсын төрден көріп
Сен дағы, көкежан, бірге тудың
Көз көріп, көңілі тойсын сонда суып.
Бес қару көк сауытпен тек жата ма,
Көкең де көзі көрсін шықсын буып.
Жоғында көкең үйде келсе дұшпан,
Намысты қолдан берме бірге туып.
Балалық тастайтұғын болды мезгіл,
Қарағым, ойыңа алшы бұл сөзімді.
Құдайым жат жұртқа жаратқансын
Қимайды, білмесін бе көкең өзі.
Қарлыға сонда тұрып әзілдеді
Бұл қыздың наурызы өтпейді деп,
Еркелік бойға сіңген кетпейді деп.
Досына көкесінің көрініске
Алдынан қарсы шығып бару үшін
Апамның айтқан сөзі бітпейді деп.
Жан апа, мен айтайын бір жағдайды—
Бала деп біз санаймыз әлі мұны,
Жігіттер мазамды алып кетпейді деп.
Қарлығаш ала көзбен бір қарады,
Ұялып Аққұртқадан қыз тұрады.
—Жетпей ме оңашада әзілдесең,
Кетші деп шапалақпен жаққа ұрады.
Күлімдей қойды Құртқа қырын қарап,
Сұлу да киінеді шашын тарап.
Асулы бес қаруын белге байлап,
Шығады ордасынан, иә Құдайлап.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мінгізді өз қолынан сонда Құртқа
Күреңге, қазмойынға, иә Құдайлап.
Сипаты Қарлығаштың жаннан асқан,
Қобылан келіп тұр еді сол арада
Ой түсіп қара тұман қайғы басқан.
«Құдайым, жат жұрттыққа жаратқаның
Аға жоқ ініменен жалғыз өзім.
Жалғызым неғып қиям бөтенге өзім,
Көрмесем жалғыз сағат тұра алмаймын.
Адам болып қалған екен анда Құртқа,
Кез болып Тәңірім жазып қандай ұлтқа.
Біз бала дегенменен бой жетті деп,
Дыбысы шашылып жүр әрбір тұсқа.
Теңіне өзің тауып қоса көрші,
Әуелде Құдай нашар жаратқасын,
Болмайды бізге серік, елге тұтқа».
Айтты да осы сөзді жасын төгіп,
Қобылан жүре берді үйге қарай.
—Құртқа, жүріңіз,—деп жолға түсті,
Қарлыға жалғыз қызды ортаға ала.
Толғау
Жүрді Құртқа маңдайлап
Тұмашының жалына,
Күн шыға барып қарамақ
Ерсайымның жолына.
Қуанышы қойнында
Келет деп тілеп ойында.
Қарлығаш пен Қарлыға
Балапан қаздай ылығып,
Келеді еріп соңында.
Күн шыға тауға барады,
Көзін салып қияға
Сұлулар қарап тұрады.
Күн шарпып тұрғанда
Шатыраған шаң шықты.
Шаң астына қараса
Бір топ адам бұл шықты.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Найзасына ту байлап
Кершабақ ат алыста
Дулығасы жарқырап,
Жиырма жігіт қасында
Батыр Сайым бұл шықты.
Ерсайымды көргесін
Аттан түсіп жаяулап
Үшеуі қарсы жүреді.
Сайымды көріп қарасын
Бұларды танып сонадан
Жігіттерге сөйледі:
—Мынау тұрған үш адам—
Құртқа менен Қарлыға,
Қарындасы Қарлығаш
Алдан күтіп жүр екен.
Аттан түсің, жігіттер,
Екі-екіден тең жүріп
Аттарыңды жетелеп,
Бастайын алда мен жүріп.
Осылай айтып Ерсайым,
Жігіттерге береді.
Айтқанын мақұл көреді,
Екі-екіден тең жүріп.
Қаруларын асынып,
Ер соңынан келеді.
Сайым бастап кер атпен,
Жүрді жолға құлатпен,
Қарсы келіп бұлармен
Аттан түсіп көрісті.
Амандықты білсін деп,
Сонда Сайым сөйледі:
—Бақытты бол, қарақтар,
Көктегі жүрген көк тұйғын
Саялы жерге қонақтар.
Аманбысың, саумысың,
Жан қарағым, шырақтар?!
Қобылан сау ма, қайда деп,
Қуанады кемпір-шал;
—Жақсымысың, қалай қал?
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құртқа
Сонда Құртқа сөйледі:
—Жолың болсын, жан аға,
Келгеніңді есітіп
Алдыңнан шығып тұр едік.
Дәм шашылып шет елге
Бөлек жүрген ел едік.
Сіз ауылдан шыққан соң,
Қауышпаққа аман-сау
Жаратқан Хақтан тіледік.
Батыр да қазір келеді,
Жалғыздың жайы өзіңде.
Белгілі ғой, жан аға,
Ері тегіс жете ме.
Арқаның алпыс салаға
Бір шаруамен айналып
Қалған шығар кідіріп.
Келер уәде деді аға,
Ата мен енем дені сау,
Жалғызың үйде тұралмайт.
Жалғыз ауыл болғасын,
Айдалада қалмақ жау.
Аюбике Айшамен
Балалар жүр ме аман-сау?
Осыны айтып тұрғанда
Астына мінген тор шолақ
Қыл жіппен мінген ноқталап,
Астына салып қом тұлақ,
Тор шолақ шабан жүрмейді,
Сабаумен келет сабалап,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Басына тартқан орамал
Жігіттер көріп күледі.
«Мынау қалай адам?» деп
Тамаша қылып көреді.
Қобыланды Ерсайым
Тани қалды көргеннен.
Ер көңілі босады
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мына түрмен жүргенге.
Жігіттерге кейіді
Танымай тұрып күлгенге.
—Жігіттерім, күлме,—деп,—
Бұл келе жатқан Қобылан.
Білмейтұғын жағдайын
Ақымақ адам мен бе деп.
Аттарың түйіп тастаңдар,
Шешіңіз қару-жарақты
Қол қусырып тұрық дет.
Осыны айтып Ерсайым
Аттан түсе қалады.
«Сағындым,—деп,—жалғызым»,
Алдынан кетіп барады.
Қобылан менен екеуі
Құшақтасып көрісті.
Ақыреттік достығын
Сол жерде халық білісті.
Иба қылып жігіттер,
Қол қусырып алдынан
Жігіттер келіп көрісті.
Амандасып тұрады,
«Жол болсын» деп Қобылан
Батырларға қарады.
Сонда сөйледі Ерсайым:
—Ау Қобылан, қарағым,
Арамыз шалғай алыста
Болып жүр ғой тұрағым.
Мұншама көңілің басылып
Жасыдың нағып, шырағым?
Өздеріңдей шын достың
Тілегіне қосылып.
Мен де бірге сұрадым
Жеті жылдан бері қарай
Бір-біреуді көрмедің,
Амандықты білмедің,
Жалғыздықтың жабасы
Ол жағдайды білмейтін
Адам емес мен деді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ол жолыңнан қысылма
Енді, жаным, сен деді.
Қарлыға, Құртқа, Қарлығаш
Алдымнан шығып тұрғасын
Разы болдым мен деді.
Мұнша түрің түсіріп,
Налып келдің досым деп.
Бірігіп тілек тілейік
Қарлыға, Құртқа, қолың жай,
Ақ батамды берейін.
Қайырмаған жан едім,
Қашаннан Алла мерейім,
Батасын Сайым береді.
Әумин деп қолын жайып
Қобылан, Құртқа, Қарлыға
Тілекті тілеп тұрады.
Бір перзенттің кемдігі
Көзден жасын төгеді.
Тоқтау айтып Ерсайым,
Бұлардың көңілін бөледі.
Ат сабылтып түн қатқан,
Мезгілсіз жерден дәм татқан,
Ұйқы бөліп түс қашып
Салғып ерлер келеді.
Күн ысып шөлдеп тұрғанын
Қобылан батыр біледі.
Жүріңдер енді қонақ деп
Әлден бастап жүреді.
Барыңыз деп ілгері
Қарлыға, Құртқа, Қарлығаш—
Бұларға сылтау бар еді.
Үшеуі кетті ілгері
Тамаша қылды жігіттер
Бөлек екен адамнан
Үшеуінің түрлері.
Бере ме адам қандай жан,
Көзі ұялып тынғандай,
Үшеуінің жүрісі
Бір адамнан туғандай.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қарлығаш қой кішісі,
Құртқа мұның қайсы екен,
Таныса алмай келеді,
Нысанбай сонда сөйледі.
Бозжорға атты Құртқа деп,
Даңқы шыққан жұртқа деп.
Жау қарағын асынған
Көбікті қызы Қарлыға
Тұлғасы бөлек адамнан.
Балдырғандай жас бала—
Қарындасы Қарлығаш.
Қаз мойынды күреңмен,
Жау жарағын асынған
Қобыланменен бір туған.
Мұның да келген келбеті
Еңкейіп жаннан шошымас.
Не десең де, жігіттер,
Құдай берген адам ғой—
Құртқа менен Қарлыға
Мұндай тауып қосылмас.
Күңкілдеп ерлер соңынан
Әңгімелеп келеді.
Қыдырбай мен Ақзарбап
Алдынан шығып күтеді.
Баланың досы Балпаң ер
Алдынан шығып тұралық,
Үлкенді-кіші бұлдамай
Көтеріп аттан алайық.
Тамаша қылып қасында
Халқына тұрды қамалап.
Жақсы менен жаманы
Қобылан мен Ерсайым
Екеуі кеңінен кеңесіп.
Халықтың айтып жағдайын,
Келеді ерлер сөйлесіп.
Жігіттерді шұбыртып
Шал-кемпірді көргесін
Аттан түсті жаяулап.
Алдына ерлер келеді
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбай, Зарбап көрісіп.
Екі жақтың адамы
Кезекпенен көрісті,
Амандықты білісті.
Көк шалғынды кепсенге
Масаты кілем салдырып,
Мақпалдан көрпе жайғызып,
Дем алысып отырды.
«Шөлдеп келді балалар» деп,
Ортаға саба қойдырып,
Өртепті сары самарды,
Ортаға қойған сабырды.
Белгілі елдің адамы—
Ақсақалдар жиылып
Конақпенен сөйлесіп,
Қастарына отырды.
Қыдырбай сонда сөйледі:
—Жолың болсын, Сайымжан,
Әкеңмен қатар тең едім!
Атағыңды есітіп
Құмар болып көруге
Көптен бермен жүр едім.
Баламның досы баламсын
Төрт жағың бірдей тең деді,
Құдай берген адамсын,
Сен де жалғыз ер едің,
Баламмен дос болған соң,
Нағылып бөтен көремін,
Үйге жүрің, қонақтар,
Талығып келген күн өтіп.
Жол жүру оңай емес қой,
Ұйқы бөліп жүдетіп.
Дем алған соң соғармыз,
Әңгімені үдетіп.
Төребай, кел, Ер Әшім,
Қонақпен бірге болыңдар.
Бөтеннің қара жөніне
Тыным алсын қонағым
Той қыламын бір үлкен.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мойнымда жүрген міндет бар,
Келген соң, Сайым шырағым,
Шақырамын сол тойға.
Аттарың болса, жаратып
Жүректі жігіт палуан
Бәйгем бар тігіп істейтін
Әрбір түрлі алуан.
Айтып болдым көп қараша
Қонағым, ер соңымнан.
Қонағын ертіп Қыдырбай
Ордасына енеді,
Ықласпенен тік тұрып
Қобылан күтті қонағын.
Қысырдың тайын сойғызып,
Түрлі жеміс, қант пен шай
Араласты шарабы
Қонақасы, құрметтен
Сын таппады қонағы.
Әңгіме
Қыдырбай қонағын жайлап болған соң, маңындағы халыққа
хабар салдырып, той қылды. Сайымның құдалық құрметті
жолынан құтылды. Той үлкен тамаша қызық болып өтті. Малды
аямай шашты. Жалғыз баланың құрметіне ат шаптырып,
палуан тұрғызып, тағы да басқа қызықтар жасады. Құданың
киітін атады, Сайымға бір бөлек өлшеусіз сыйлық берді.
Жиырма жігітке бас-басына ат пен шапан кигізді. Сайымды
ертіп Құртқа бір түйенің басына отырып, жүретін жолдың
жағдайын сөйлесіп, сондағы Құртқаның айтқан толғауы.
Толғау:
—Сайеке, салшы құлағың
Бұрын-соңды болған жоқ
Біздің үйде тұрағың.
Ағалықтан мінің жоқ,
Түсі бірге Айшамен
Тілегім бірге болған соң,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қарындасың салатын
Сізге бар-ды қолқасы,
Тыңдасаңдар айтамын.
Жалғыз еді жекелі
Қобыланның бір басы,
Бір адамның жаныма
Батып кетті көз жасы.
Сол жылаған байғұстың
Ықыласын қимадың,
Сәуелімде көрініп
Уәде қылдым өзіне.
Ғашық екен қайғылы
Алыптың қызы Илия
Дәл он төртте жасы бар.
Қобыландыны көруге
Пенде болып еруге
Қашаннан бері ынтызар.
Барса ханның баласы—
Алып пенен Қасарма
Аса туған ер дейді,
Жеті хандық ел дейді.
Қиындық жолы сондай-ақ—
Барса келмес қалың сор.
Бер жағында асырмайт
Асқар қара тауы бар,
Соған жүрет досыңыз.
Жалғызбын деп жабығып,
Жасығасын ер төрем,
Ақыреттік дос қой деп
Хабарлаған мен деді.
Ендігісін, жан аға
Келіпсің өзің біл деді.
Сайым:
Ерсайым естіген соң:—Мақұл,—деді,
Кімім бар сенен артық жақын,—деді.
Көрерміз бір Тәңірімнің бір жазғанын,
Қарағым, көңілдегі сол ма арманың.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жазуы бір Алланың, сірә, болар,
Көңілі адамзаттың әр неде ғой
Қарағым, белгіле сен де жол қамын,
Әзірленші жүрмек мақұл.
Дегенмен атың әйел данасы едің
Қарағым, білгеніңді айтшы маған
Қырымның талай барып аспас тауын
Құдайым берсін дағы деннің сауын.
Құртқаның өз тапсырмасымен білгенін баян етіп айтқаны
—Сайеке, артық білім жоқ,
Естіген ұзақ хабарым
Баяндайын, сіз тыңда.
Үш айшылық жолы бар,
Арада сусыз шөлі бар,
Жеті күн қонып шыққан соң,
Қандашының көлі бар.
Сәуелім шайтан болмаса,
Сол көлден шығып ажырар
Сіздерменен ұрысар.
Сол жыланды өлтірсең,
Жол болмайтын несі бар.
Осы айтқаным түс келсе,
Бәрі де түгел табылар.
Билікті берме батырға,
Жол билігін өзің ал.
Еркін берме әр жерде,
Батыр аңқау, ер күдек,
Қызу еді жаңылар.
Қара тауда есік бар,
Қырымның барған ханшасы
Өте алмай сонан тарыққан.
Сиыныңыз Аллаға
Шыққан соң шетке халықтан.
Оңын берсе өзі де
Бұзбай таудың несі бар.
Жаңылма, Сайеке, ескертем,
Екі түрлі тапсырам
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сол араны есіңе ал.
Қанды өзен дейтін өзен бар,
Шалқыған үлкен дария.
Жиылмалы көпір бар,
Қапыда түсіп жүрмендер
Осыны, аға, есіңе ал.
Екінші, тағы тапсырам
Алып шығып соғысар
Бірнеше ауыр қолменен.
Сол мезгілде Илия
Кездесер келіп көлденең
Елші болып жолығар
Әкесі мұны білмеген.
Астына мінер көк аяқ,
Ерекше киім киініп,
Желкеге шашын түйініп.
Ат жалында үкі бар—
Белгісі осы есіңе ал.
Екінші рет көрінер
Астына мінген күреңді
Сипаты бөлек атының,
Онда да белгі—үкісі.
Зарланып жүрген байғұстың
Сөзінің болмас мүкісі.
Жазым қылып жүрмесін
Аңдамай батыр бір жерде,
Сізге айтамын бұл сырды.
Қайғылы күнге кез келсе,
Астына мініп қараны.
Қалың ауыр әскер көп
Артықша дейді құрамы.
Алдырмайтын еш жанға
Бөлек рудың қыраны.
Жар болсын Құдай сендерге
Аман келіп қауышсаң,
Арман бар ма біздерге.
Атымыз әйел нашармыз,
Тілектестік болмаса
Қолдан келер жәрдем жоқ,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ере жүріп сіздерге.
Сансыз жатқан ноғайлы
Алданып па едім бұл жайда
Пендесіне несібе
Өлшеулі берген ризық
Бір жаратқан Құдайды.
Сайеке, көріп келесің
Жасыңнан бері талайды
Амал-айла сенде көп,
Өзіңе-өзің сақ болып,
Күтінбесең жарай ма.
Жетпіс екі бәле бар,
Жолы жаман қиындық.
Тәуекел етің жасыма,
Тізе қоссаң екеуің
Не де болса шошымай.
Қысқартайын сөзімді
Білдім, аға, осындай.
Бейнетің көп өлім жоқ,
Дәм татасын жол жүріп,
Ер тарықпай молықпас.
Бақ пенен дәулет жолында
Ізденбей үйде жолықпас.
Тәуекел етің, төзіңіз,
Ертеңгі күн таң ата
Қырық жігітті ертіп жүріңіз.
Артыңнан жүрем кешікпей
Бірер күн кейін еніңіз.
Айтып болдым мен енді
Ағеке, өзің біліңіз.
Пана қылып Ерсайым
Орнынан тұрып барады.
—Аттарыңды күтіңдер,—[деп],
Ерлерге жарлық салады.
Сол күні қонып жайғасып,
Күн шыға жүрді Ерсайым,
Кемпір-шалмен қоштасып.
Батасын беріп Қыдырбай
Садақасын сан айтып
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құда жолы Құдайға,
Қошқар бура айғырдан
Кісесін салып мойнына.
Жылатып тұрып тіледі
Балдардың аман келуін
Келіп елді көруін.
Қобылан
жүретін
күні
әке-шешесінің
қасына
келіп
көңілдерін көтеріп, алдарқатып отырды. Таң атты, деп Құртқа
мен Қарлыға торша атты ерттеп, батырдың құрал-сайманын
алып таң біліне Қыдырбайдың ордасының қасына келіп,
«жүретін мезгіл болды» деп Құртқа батырға хабарлады.
Қобылан орнынан тұрып, ата-анасына жүрем деп бата сұрады.
Сондағы Қыдырбайдың баласына берген батасы.
Сонда айтқаны:
—Батамды, балам, берейін,
Жасым жетіп келгенде
Сағынып көрген, жалғызым,
Жаратқан Хақтан аман-сау
Келуіңді тілеймін.
Өзің жалғыз, өзің жас
Алысқа кетіп барасың,
Әлде қандай боласың,
Баламның Алла бағын аш.
Тілектес еді сыртыңнан
Дін мұсылман қарындас.
Құдайдан тілеп алған соң
Елеулі сұлтан ер қылып,
Білегі жуан ер қылып,
Бергесін Алла тілегім
Бар ма деуім жарамас.
Жазғаны Хақтың бар шығар
Зарығып жүрген мұңды үшін.
Қарағым, кетіп барасың,
Жолдас қылдың қасыңа
Бозмұнай ұлы Сайымды.
Теңіңді тауып ерткесін
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жамаймын тағы уайым.
Тірі жүрсең, жалғызым
Көрерсін күннің талайын.
Шайқы Бүркіт бабама
Қамқор едің балама,
Тәңірдің берген ен дәулет—
Адалдан жиған малыма
Садақаға арнадым.
Қабыл ет, Жаппар Құдайым,
Жол иесі Қызыр, жәрдем бер.
Балалар қайтып келгенше,
Аман-сау келіп көргенше
Ажалыңа сабыр бер.
Қауыс, Қияс, Қызыр Ілияс,
Зарыққан жерде қолдан ал.
Жол иесі Қамбар тапсырдым,
Адасса, тура жолға сал.
Жеті әулие жеті пір,
Жер астына кәмбіл пір,
Жалғыздан бөтен кім бар
Зарланып Алла тілейін.
Көз жасымды көрер ме,
Артында қалып барамыз,
Кемпір мен шал, жас балдар.
Жасаған сен жар болып
Бұл мұңымды есіңе ал.
Ау, Ақзарбап, отырма,
Жалғызыңның аузына
Балдан тәтті тәттісін
Мамаңды бер ақ сүтің
Емсін балаң егіліп.
Босқа отырсың, сен шіркін,
Көзіңнің жасы төгіліп.
Білдірсе Құдай білермін
Аман келет жалғызым,
Шынарым тұр көрініп.
Мамасын берді анасы
Емді жатып қойнында
Жас баладай Қобылан.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алпыс екі тамыры
Кемпірдің иіп сүт шықты,
Ер мейірімі қанады.
Бетінен сүйіп Ақзарбап:
—Жыламаймын, жалғызым,
Жолың болсын, бар,—деді.
Есіңнен шығып жүрмесін
Кемпір менен шал,—деді.
Өз қолынан батырды
Қыдырбай, Зарбап мінгізіп,
Қош айтысып қалады.
Шал-кемпірменен амандасып жүріп қарындасы Қарлығаш
есінен шығып, амандаспай ұмытып жүре береді. Қарлығаш
көкелеп соңынан жүгіреді. Қарлығаштың даусын естіп, батыр
тұра қалады. Құртқа амандасып келерсің, келгесін бізге сендер
соқтырмай алып барасың деп, келген бетінде ашумен бізге зәбір
берер деп, Қарлыға мен Құртқа ілгері жүріп кетті. Батырға
тапсырды: «Бізге өкпелетіп жүрме, кінәнің өзіңнен болғанын
айтып бізге тапсырып кет»,—деді. Қарлығаштың көкесімен
қоштасып айтқан толғауы:
—Көкежан, соқпай кеткенің,
Өкпем күйіп соңынан,
Жан көке, қуып жеткенім.
Жазығым бар ма өзіңе,
Жалғызыңа қайрылмай
Мұнша, көке, неткенің.
Мен жолыңа құрбан ылағың
Қарағым деген сөзіңді
Есіткен қашан құлағым.
Кетеді деп есітіп
Қалмады сабыр тұрағым.
Шырылдаған дауысым,
Көке, естіп кідірдің
Сенің-ақ жалғыз құлағың.
Екі бірдей залымның
Дұшпандығын көрдің бе,
Қарындасың қалды деп
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Есіңе алмай ортаға
Неге алып барады.
Төбе шашын жұлармын,
Ренжіме, жан көке,
Қой көтіне салармын,
Зәбірімді Құртқадан
Тірі жүрсем алармын.
Жеке туған аға едің,
Тілекші көке мен едім.
Бір жанымды пида етіп
Тілегің тілеп жүр едім.
Құртқа білмес не бар ет
Сол себепті көрермін.
Сен келгенше, жан көке,
Қорлыққа неғып көнермін.
Осыны айтып жылады
Қобылан батыр егіліп.
Қарлығашты көтеріп
Алдына алып жылады.
—Қарағым, жалғыз бауырым,
Мен жоқ болсам сен қожа,
Елсіз деме ауылың.
Жеңгеңнен болған кінә жоқ,
Ата-анамның зарымен
Есімді танып барамын.
Зәбірлеме оларды
Өлтірсең де көнеді,
Айдауыңа жүреді.
Ашуыңды бас, жалғызым,
Көкең саған сенеді.
Еркелетіп өсірген
Өлгенде кетпес есіңнен
Бауырым, жалғыз сен едің.
Сенен бөтен кімім бар
Тапсырамын, шырағым,
Елің менен жұртыңды,
Осы айтқанды есіңе ал.
Қарлыға менен екеуің
Қатар жүрсең жан батпас.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ал қара көк шын тұлпар—
Торша аттың інісі
Биыл шықты төрт жасқа,
Жер астында бағулы.
Жеңешең саған баптаған
Сол атыңды мініп ал.
Ел шетіне жау келсе,
Қарлығаменен бірге бар.
Жөнсіз жерге сілтемес
Жеңгеңнің Құртқа тілін ал,
Сақтаса Құдай келермін,
Қош, аман бол, қарағым,
Жылама көзің жасын тый.
Сансыз жатқан жылқыңды
Жетісінде арала.
Бала емессің, шырағым,
Бұл сөзімді шамала.
Күнде соғып тұрғайсың,
Атаң менен анаңа.
Жазуы болар Алланың
Айтқаны адал бола ма.
Сапар шығып жол тарттым
Барса келмес жеріне.
Айтып болдым, қарағым,
Мен сөзімді өзіңе.
Әуел Құдай тапсырдым
Екінші сенің өзіңе
Иесіз қалған ел-жұртты
Аздырып алма ізімнен.
Санаң болса, жаңылма
Осы айтқан сөзімнен.
Көкеңде жалғыз арман бар—
Табалмадым жалғанда
Өзіңмен қатар теңінді.
Өз қолымнан бермедім,
Қызығыңды көрмедім.
Ат терлігін кептірмей,
Алысқа қолды сермедім.
Бір тәуекел Аллаға,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бұл емес жалғыз көргенім.
Қош есен бол, қарағым,
Мақұл болар жүргенім.
Қарлыға қайтар қазір-ақ,
Құртқа жүрер азырақ
Менімен бірге ілгері.
Қарындасы көкесінің сөзіне риза болып жылағанын
қойып:—Көке, жолың болсын, аман бол,— деп қала берді.
Қоштасып Қобылан Құртқа менен Қарлығаға келіп қосылды.
Қарлығаны кейін қайырды: «Қарлығашты жұбатып үйге
апарып көңілін бөл» деп. Батырменен қоштасып Қарлыға кейін
қайтты. Қарлығашты ертіп үйге келіп, ата-анасының алдында
қызмет етіп Қарлыға жүре берді. Құртқа менен Қобылан бірге
жүріп ілгері кетті. Сондағы Құртқаның сөзі:
Құртқа менен Қобылан
Ілгері жүріп барады.
Құртқа сынды данышпан
Әңгіме дүкен құрады.
—Жолың болсын, ер,—деді.
Осы кеткен жолыңнан
Аман-есен кел,—деді.
Білгенімді баяндап
Ерсайымға айтқаным,
Несін айтам сізге деді.
Шығарып салған жолдасың,
Жолдастыққа сәні жоқ
Дегені бар да бұрынғы.
Берік ұста, батырым,
Бұл сапарда өзіңді.
Сайымға бер қожалық,
Не айтса да көне бер.
Ақыреттік жолдасың,
Ойламас қастық өзіңе.
Кездесерсің бірталай
Бейнеттің құрған тезіне.
Қашқан жауды қума деп
Қусаң батыр қор болдың
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұл сөзімді анда,—деді.
Илия сорлы айынбас
Жазым қылып алма,—деді.
Түсіндірдім Сайымға
Осының бәрінен тегістей
Жеңіліп бұдан қалма,—деді.
Жолың болсын, ер төрем,
Жүріс болды бір ұзақ.
Разы болың, күнім, деп
Жасыңнан жауға мініскен
Атағың бар ер едің,
Аңсыз қалып сен жүрме.
Түрлі әдісті қолдан
Қолдан келсе, он дұшпан
Өлтірмекке қамданар.
Өзіңе-өзің мықты бол,
Қашса, қума соңынан.
Жасырынды жырамен
Жабулы жатқан түрі бар.
Арқаның емес саласын
Еркінше шауып жүретін
Батпақ қалың сор болар.
Ат шаршапты болдырып
Орға қызыл құм болар.
Жер әдісін білмеген
Тосыннан барған адамға
Қиындығы мол болар.
Жаңыла көрме піріңді
Тастап жүрме аузыңнан.
Естен Алла жаңылмас,
Сиынып жүрсең жол болар.
Қош есен, батыр, аман бол,
Көріскенше күн жақсы,
Әлде қандай күн болар.
Қорқыныш етпе бұл жолдан
Жазудан артық болмаған.
Тілеймін зарлап Алладан
Қолыңды бер, жалғызым,
Көрісейік көргенше.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жаным құрбан жолыңа
Қайтып аман келгенше.
Сен келгенше қайғымен
Уайымды шегермін.
Жеті ғайып қырық шілтен
Шенеуінен қолдасын.
Барып аман-есен қайт,
Қызыр болсын жолдасың.
Осыны айтып Аққұртқа
Ағызып төкті көз жасын.
Қолын алып батырдың
Аттың мойын бұрады,
Қош айтысып екеуі
Айрылып барады.
Қарасы асып кеткенше
Сол төбенің басында
Құртқа қарап тұрады.
Сыр бермеді Қобылан
Сабырлық етіп шыдады.
Бір Құдайға тапсырып,
Қарамай кетіп барады.
Күн сәскеге толғанда
Атқа үкім салады.
Кешегі кеткен Сайымның
Соңынан кетіп барады.
Желе аяңдап шоқытып,
Бұлан салып төңірегін
Жүріп батыр көреді.
Түстік деген шамада
Торша тұлпар терледі.
Терлеген сайын жүрісі
Ілгері басып өрледі.
Есінеп тұлпар жер тарпып,
Жүрісін тілеп жануар
Батырға ерік бермеді.
Басын жерге салады,
Жел маядай желігіп
Мойнын созып барады.
Тарта-тарта батырдың
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алақаны тозады.
Көктегі ұшқан құба үйрек,
Қараша қаздар қаңқылдап
Қатар ұшқан мұнымен
Шаң астында бөгеліп,
Қанатын қақпай қалады,
Тозаңы көкті шалады.
Төрт аяғы жиналып
Бауырында барады.
Құйысқаны сартылдап
Сауырына соғады.
Өмілдірік өрме алтын
Омырауда сартылдап
Тебенгі терге тиеді.
Шапқан сайын шалпылдап,
Найзасы батыр қарында
Күн көзінде жылтылдап.
Дулығалы көк сауыт
Үстіне киген секілді.
Қозы жауырын құбығып
Жанында дабыл жарқылдап.
Тоғыз қабат қалғаны
Түнерген қара бұлттай
Суық демін алады.
Ер Қобылан қайғырып
Артында қалған жұртты—
Атасы менен анасы,
Қарындасы Қарлығаш
Әлдеқандай болад деп
Келеді батыр ұмытпай
Зарланып айтқан сөздерін.
Құртқа менен Қарлыға
Жалғыз еді өз басым,
Бір Құдайға тапсырдым
Мекен еткен жерімді,
Жалпы жатқан елімді!
—Ишаратың көрінді,
Жан жолдасым—тор атым,
Көңілденіп желіктің.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Еркіңді бердім, жануар
Барынша шауып көр деді.
Қалғандарды қайғырып
Нағылайын мен деді.
Жан жолдасым—серігім,
Жасыңнан баптап баққаның
Көрмеп едім мен сені,
Көңілденіп мұнадай
Тізгінді созып шапқаның.
Баратын жерім алыс жер,
Өзің біл, тор ат,
Бастырмаған Құдайым
Дұшпанның жайған қақпанын.
Осыны айтып Қобылан,
Жинады бастан қалғанын.
Ер қасына іледі—
Шу жануар торы деп,
Сайымның жүрген жолымен,
Солардың жүрген ізімен—
Батыс пенен Құбыла
Екі ортасына маңдайлап
Батыр жүріп келеді.
Бірде шауып, бірде жайлап
Ат жүрісін бөледі.
Ойнақтап басып торша ат
Ауыздыққа сүйеніп
Басын жерге түйеді.
Тағы да жүріс батырдан
Ерік бермей тіледі.
Дәл бесіннің кезі еді
Торы аттың беріп тілегін
Еркін берді өзіне.
Кешегі кеткен Сайымды
Көрсетіп бүгін көзіме
Тасқан судай толқынды.
Бүктетіліп жануар
Илеуі жеткен қайыстай,
Созылып тұлпар шабады.
Сай менен сала жер келіп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұрайын десе көнбеді,
Қарғып өтіп барады.
Қате болып кетер деп
Ер қасынан берік ұстап
Бір қолымен Қобылан
Ағынына шыдамай
«Иә, Құдайлап» барады.
Сымбаты сұлу торының
Сырланып жонған сырықтай.
Құйрық-жалы суылдап,
Екпіні күшті торының
Мезгілсіз соққан дауылдай,
Омыраудан аққан тер
Екпінді жауған жауындай,
Жүрісті торы ат жануар
Көрейін бүгін қызығың.
Құртқа менен Қарлыға
Ерке жарды ұмытсын.
Өнеріңменен сені арбап
Аққудай болып таранып,
Торда тұрған сұңқардай
Артымда қалды қаранып.
Жүрші, торы ат, ерінбе,
Кешегі кеткен Сайымға
Бүгінгі күні баралық.
Түсініп тұлпар сөзіне
Есінесіп екі алады.
Жерді тарпып желігіп
Тағы да кетіп барады.
Өрге келсе, өрледі,
Алдында жатқан көк тасты.
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай болады,
Толарсақтай қара тас
Екпініне шыдамай.
Жұмсадыма етерін
Торатқа жазым болар деп,
Қауып бір етіп бір сонан
Маңайдағы тас болса,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ойнасып тұлпар тебеді.
Тұяғы тиген тас болса
Күл-күл қылып бөледі.
Тас шашырап тараса,
Таудағы жүрген аңдардың
Тигеніне өледі.
Тауда жүрген аңдарға
Үлкен қырғын сол болды,
Бұрқыраған қара тас.
Аңдар қашты безініп,
Тау маңында бола алмай
Ылдиға құлайт екпіні
Бөлінген өрттен түтіні
Өзінің шыққан шаңымен
Алды-арты келет көрінбей.
Ат шабысы ұнады
Ер көңілін жиренбей.
Күн еңкейді, кеш болды,
Сәскеде шапқан батырға
Отыруға дәретке
Торы ат ерік бермеді.
Кемімейді жүрісі,
Бұрынғыдан өрлейді.
Сипай соғып қамшысын,
Ер қиқулап сермейді.
Жетіп еді Сайым да
Кандашаның көліне.
Жеткен екен Қобылан
Бұ да байқамай тозаңмен
Кандаштың дөңіне.
Сайым көріп сонадан
Ер қарасы қуанды.
Көтерді туды Алдалап,
Шатырын құрып жігіттер
Алдынан қаптап барады.
Көтеріп аттан алады,
Амандасып көрісіп
Қуанысып қалады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
«Жолың болсын, батыр», деп
Бәрі шулап айтады.
Шатырды құрды жабылып,
Қалған екен Ерсайым
Досын іздеп сағынып.
Қыдырттырды торы атты
Жектіріп желіктеп,
Жүрген жолын сүйеді.
Батыр Сайым баяндап:
—Атты қинап келіпсің,
Мұнша қатты жүрісің,
Қашан шықтың, ер?—деді.
—Сәскеде шықтым бағана,
Ерлер қайран қалады.
Дәл жеті күн жол жүріп
Шалығып жеткен жеріне
Жарты күнде жеткесін
Таң қалды оның өзіне.
Сайым қорқып сөйлейді:
—Дем алайық осы жерде
Бірер күн жатып тоқталып,
Сонан кейін жүреміз
Осы жерден баллар аттанып.
«Мақұл» деді Қобылан
Дем алып сөйлесіп,
Отырды жайлап соңынан.
Жол жүріп талып келген батырлар аттарын жіберіп, дем
алып жата берді. Кешке күн батқан соң аттарын арқандап,
қарауыл қойып, тыныш ұйқыға кірісті. Сайым қарауылда
тұрған екі жігітке: «Көл жағына баса қарап сақ болыңдар,
ұйықтап отырып қалмандар, мұндай иесіз, елсіз суда
болмайтын мақұлықтан болмауды өте сақтану керек. Өзім де
ұйықтамай қарауылдайын, Қобылан ат соғып шаршап келген,
ұйықтасын, мұны ешқайсың оятпаңдар, қандай қиыншылық
кездессе де ешбір оятпаңдар»,—деп жай жігіттерге хабарлады.
Жеке шатыр тігіп, Қобылан еш нәрседен хабарсыз ұйықтап
қалды. Таң алдында су толқып көтеріліп сарыл, күріл дыбыс
білінді. Қарауылда жүрген жігіттердің тізесінен су келді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР Көлдің алабынан асып, тұман басып қараңғы дыбыс күшейді. Аттар кісінеп, арқанын үзіп, төзбеді. Сайым көлге қарай кете берді. Жігіттерге: «Саспаңдар, қашпаңдар да әзірленіп тұрыңдар, бұл көлде қауіпті жәндік бар шығар, өзім барайын, Қобыландыны оятпаңдар, тыныштық сақтап тұрың». Көлден айдаһар шығып, құйрығын сабай бастады. Батыр Сайым саспады, Жыланнан қорқып қашпады. Жалынын шашып бұл жылан Лебімен тартып Сайымды Жамандығын бастады. Құртқаның айтқан жыланы Осы екен деп Ерсайым Суырып алып қылышын Қадам ұрып барады. Тау менен тас жерді шөп Лебінен күйіп жанады. «Иә Құдай», деп Ерсайым Пірлеріне сиынып, Жыланмен ұрыс салады. Будақ-будақ бу шығып, Көлден шалып су шығып Арқанда тұрған тұлпарлар Шыдай алмай қан сиіп, Қиындық үлкен болады. Қырық жігіт те төзе алмай, Құдайына сиынып, Тездетіп ерлер киініп Төзе алмады лебіне. Бара алмады Сайымның Көмек бере өзіне. Ұйығып жүріп қырық жігіт Қобылан жатқан шатырдың Соқтықты келіп өзіне. Аяғын басып кетеді, Шатырдан да өтеді. Оянып кетті Қобылан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Дүбірімен бұлардың.
—Не болды,—деп, жігіттер?
Шатырдан басын шығарды.
Қыдырхан сонда сөйлейді:
—Састық, батыр, біз,—деді,
Жатырсыз ұйықтап сіз,—деді.
Шапшаң киін жылдам,—деп
Судан шықты бір пәле
Сайым жатыр ұрысып,
Көзіңді салып көр,—деді.
Ұрысып Сайым жүреді
Жыланмен алысып,
Алқымнан қолды салыпты
Алысуменен Ерсайым
Күн шыққанша зарықты.
Бар қаруды шабалмай
Екі қолын босатпай
Ер көңілі жабықты.
Құйрығын суға сабаса
Бұрқыратып борандай.
Сайымдықтан төзіп жүр,
Шыдатар емес болмаса,
Бұдан бөтен адамды.
Қобылан көзі көреді,
Киінуге шама жоқ,
Қылыш алып қолына
Жүгіре берді деп еді,
Сайым көрді сонадан
Қобыланның келгенін.
Киінбей батыр би ғапыл
Мұнша асығып жүргенін.
—Жан Қобылан, қарағым,
Асығып жүрген нең,—деді.
Ойнатып жүрген ағаң жоқ,
Жыланның түрін көр,—деді.
Кейін қайтып қосқа бар,
Киініп келші сен,—деді.
Кейін қайтты Қобылан
Сайымның тілін алады,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қосқа қайтып барады.
Шатырға кірді Қобылан
Шапшаңдатып киінді.
Әлде қайтып кетет деп
Батырдың іші күйінді.
Қобылан бүйтіп жатқанда
Батыр Сайым ақырды.
Хан телбеген жабырды
Әруағын ұрандап
Бабасын кәміл шақырды.
Көтеріп алып жыланды
Былғалап жерге ұрады.
Алты құлаш ақ семсер
Кеудесінен салады.
Басын кесіп жыланның
Лақтырып тастады.
Есінен қалмас ерлердің
Сол жыланнан сасқаны.
Ашушы деп жігіттер
Қобыланнан сұрады.
Есінен шығып қашқаны
Сайымның шығып алдынан
Ортаға ерлер алады.
Сақтады деп бір Құдай
Бәрі шулап тұрады.
Аузын желге толтырып,
Маңдайдан терін сыпырып,
Батыр демін алады.
Демін алып тынғансын,
Шақырып алып қасына
Қобыландыдай жолдасын.
—Әр дайымда, қарағым,
Ер сасқанда сабыр қыл.
Асығыстық қылмашы
Бір адамнан кем емес,
Жігітсің туған өз басың.
Кереметтен құр емес,
Құртқа сынды жолдасың.
Жолымыз болат, шырағым,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Айтқаны, сірә, көп еді.
Осы күйге төзсең
Жылан шығар деп еді.
Жыланды алсаң тарықпай,
Айтқаным бәрі анық деп.
Асылық болып жүрмесін
Көрерсіз аман бәріміз,
Деп еді қайтып халықты.
Иншалла сау болсақ,
Мақсұт болып қайтамыз
Талқан қылып алыпты.
Осыны айтты Ерсайым
Қобыланменен күйіне
Енші алысар жер келді.
Кел, батырлар, өзіңе
Қол билігін алыңыз
Құлшылық етем Қобылан.
Әруақты ер едің,
Арланбаймын ізіңе.
Шошып кетті Қобылан:
—Сен тұрғанда, Сайеке,
Қол менен жолды билеген
Мен алғаным нем,—деді.
Өзің биле, өзің ал,
Мен соңынан еремін,
Сіз айтқанға көнемін.
Кешігіппін, Сайеке,
Қосқа тезек теремін.
Сенің айтқан жеріңе
Өл десең де өлемін.
Тілегім бірге досымсың
Осы айтқаным бөтен бе,
Айтыңызшы, қырық жігіт,
Сайекең алда тұрғанда
Еш нәрседен тілеуім
Лайықпа мен үміт.
Жігіттер шулап сөйлейді:
—Батырдың сөзі жөн,—деді.
Сайеке, қашпа бұл жерден
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өзің басшы хан болдың.
Ортамыздан сайлаймыз
Атағының жолы еді,
Шариғатқа жөн деді.
Жаудан өлсек шейітпіз
Ақ кигізге аунатып
Хан қоямыз, Сайеке.
Қайтып елге барғанша
Басшы болсақ тұрамыз
Хансыз болсақ, болар ма
Енді біздің қарамыз.
Алыс сапар ұзақ жол
Жауға кетіп барамыз.
Үкіміңе көнерміз,
Соңынан тегіс ерерміз.
Осыны айтып қырық жігіт,
Басшы болып Қобылан
Ерсайымды көтерді.
Басшы қылып өздері
Хан сайлаған ерім деп,
Өздерінше той қылып
Қуанышты шаттықпен
Мерекесін жасады.
Көп айтқан соң амал жоқ,
Сайекең көніп қалады,
Екі күн жатты дем алып.
Екі күннен соң дем алып, ат тынығып болғансын, Қобылан-
дыны шақырып алып Сайым бастады:—Ей, Қобылан шырағым,
сені жұмсаймын, осы көлдің арғы бетінде жалғыз аяқ жол бар,
сол жол Қаратауға жеткізеді. Бұл жол Қырымның батырының
қайсысы барса да шұбырып жүрген жол еді. Сен барып тауды
бұзып жолды ашып қой, саған міндет осы, жол таусылған жерге
қай уақытта барсаң да сол жерге түс. Мен естіген хабарда жол
таусылған жерде қаз бойы қазып көмген тас бар, сол қабырға
қонуың керек. Барған батырлардың қайсысы болса да, жағдайын
жазып кеткен. Бұлар мән-жайы менен аттың бабы мен азық
іздеп, киік-құлан қағып барамын. Сен ертең ерте, Алла қаласа,
аттан дейді. Қобылан:—Құлдық тақсыр, мақұл,—деп орнынан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
тұрып қош алды. Атты баптап, азықтарын даярлап, ертең-ерте
Қобылан Сайымнан бата алып ілгері жүріп кетеді.
Қобыланның тауға қарай маңдайлап жолға түсіп кетіп бара
жатқандағы жүріс жағдайы
Қобылан жолға түсті иә Құдайлап,
Ат күйі керек болар ертең деп,
Қинамай бір жүріспен жүрді жайлап.
Торымен жел жорытып жүр дағы,
Алады біраз жерді ойдағыдай.
Алыс жол ары шалғай десе дағы
Торша ат шаршар емес келіп тынбай.
Шалдырып анда-санда сол арада
Келеді ескілікті сүрлеу жолмен,
Арада сусыз асқар таумен шулы
Алады желіктіріп торы тұлпарды.
Батырдың тау көргенше көңіл іңкәрді,
Араға жеті қонып көрді тауды.
Жолына үш айшылық жүрді жеті,
Таусылды тауға келіп жолдың шеті.
Күн болды намаздігер мезгіл өзі,
Бір бұлақ ағып жатыр тастан шығып,
Батырдың түсті келіп соған өзі.
Әзірленіп дүмше қойып отын жағып,
Артынан намазының тамақтанды.
Алланы бір жаратқан жадына алды
Сиынып Ер Қобылан пірлеріне,
Жіберіп атын отқа жатып қалды.
Жол жүріп неше күндей шаршаған ер
Оянды таң атқанда тыныш ұйықтап.
Намазын оқып алып етіп тамам,
Таусылған жерге келіп тас қараған.
Қар бойы жерден тапты қақпақ тасты,
Тасты алып Ер Қобылан қайран қалды.
Жазыпты келген ерлер жолдың жөнін,
Тақалып тау түбіне барың тіке,
Қырық қадам күн шығысқа барсаң өзі,
Сол жерде есік бар деп жазыпты өзі.
Ақыры Ер Қарасай-Қазименен
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ең соңы келген болар екен өзі.
Тастан оқып қанған соң,
Осындай хабар алған соң,
Жат етті батыр Алласын.
Тасты қайта көмеді.
Атын ерттеп мінеді,
Тауға тіке жүреді.
Аттан түсіп Қобылан
Қырық қадам жүріп қадамдап.
Есікті тесіп қарады,
Табалмай таудан есікті
Қайран болып тұрады.
Оқыранып торша ат
Үйілген тасқа барады.
Аяқпен тарпып көрсетіп
Ишарат ерге қылады.
Түсініп барды Қобылан
Торы аттың тауып тұрғанын.
Он қадам артық кетіпті
Қобыланның қадамы.
Артық екен бөтеннен
Өлшеуін жердің білмеген,
Адамнан есті жануар
Есікті тапты іздеген.
Қуанып кетіп батырың
Тауға шелгек салады.
Құшақтап тасты алады,
Тауды талқан қылады,
Күрекпенен балталап.
Көрінді есік жылтырап.
Тегіс ашты жан-жағын,
Шойын менен қара тас—
Қайнатып қойған бұл есік.
Аң-таң қалды Қобылан
Бозлатып бұлар нешік.
Есікті аңдап қараса,
Жетпіс екі таңба бар,
Балтаның түскен белгісі.
Қол қойыпты хат жазып
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Келген ерлер тарығып.
Ер Қобылан торықты
Бұза алмай кеткен бұлар деп,
Маған қалай болар деп.
Келген екен Едіге,
Одан туған Нұрадын
Жеткізбей Алла мұрадын
Жасында өлді деп еді.
Сонан бөтен тұқымы
Түгел келді деп еді.
Айса менен Жаңбыршы
Келіпті Мұса данышпан,
Ақылмен айласын
Бәрін бұған тауысқан.
Орақ пенен хан Мамай,
Ахмет пенен Телағыс,
Ералы менен Ермекбай,
Есқұлы менен Бұқарбай,—
Келіпті батыр саны жоқ.
Асам деп таудан бірталай
Бәрінің де анты бар,
Есікте жазған хаты бар.
Бұзамын деп зарығып, тарығып,
Енді мұны апырай.
Ең ақырғы келгені
Қазы менен Қарасай —
Қанды Орақтың баласы,
Темірхан ұлы Төрехан,
Алпамыс ұлы Жәдігер
Бүгілген мұнда сансыз ер.
Мәліктің ұлы ер Шора,
Қоянақ ұлы Қартқожа,
Қарыстың ұлы Ер Тарғын,
Бақтың ұлы Жалманбет,
Зарлықтың ұлы Алманбет,
Әлібек пен жан Шора
Келмеген тауға шамасы.
Төте жолды салыпты,
Таудан тасты алыпты,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Орақтың Қазы баласы.
Жер ортаға барғанда
Ұлықсат бұған бермеген,
Сиынып жүрген пірімен,
Қараүлектей мамасы,
Орақ пен Мамай анасы,
Келмеген адам болған жоқ.
Түгелді айтып таусылман.
Осының бәрін көргенсін,
Ер Қобылан долданды:
«Осының бірі мен де» деп
Балтамен келіп бір салды.
Балтасы ердің өтпеді,
Кешке дейін Қобылан
Бұзам деп есік өктеді.
Бұзылатын есік жоқ,
Сызып таңба салады.
Қайраты қайтып сал болып,
Амалы құрып батырдың,
Күн бата барды бұлаққа.
Есін танып отырды,
Намазын оқып жылады.
Әуелі Құдай, екінші
Пірлерден жәрдем сұрады.
Айшық оқып жастанып,
Қару жарақ, ер тоқым
Батырың жатып қалады,
Көзі кірді ұйқыға.
Таң мезгілі болғанда
Түсіне Құртқа енеді.
«Егілме, жаным ер,—деді,
Басыңды көтер сен,—деді.
Масағыңың ішінде
Ақ жібекпен ораған
Салып едім бір оқты,
Соны тауып көр,—деді.
Әзір етің жалғыз оқ
Жатушы еді өзімде.
Есіктің біліп берігін,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Беріп едім өзіңе.
Үмітпен кетерде
Мәнісін саған айтуға
Тұр да, батыр, атқа мін,
Көзіңді таңып көрместей,
Ау деген жерге кейін бар,
Тауға қарай текке сал.
Әруаққа сиынып,
Есікке оқты тартып қал.
Әруақ Құдай жар болса,
Бұзбай мұның несі бар.
Бұзыла қойса бұл есік,
Жоғалтпай оғың тауып ал,
Әрдайымда керек ер».
Орнынан шошып оянды
Зарығып жатқан жалғыз ер,
Ояна келсе түс екен.
Торы атқа ер салады,
Қоржынды қолға алады.
Құралын төгіп қарады,
Ақ жібекпен ораған
Жалғыз оқты табады.
Е, Құдайлап Қобылан
Өзінің көзін таңады.
Жынды адамдай ақырып
Кейін шауып барады.
Пірлеріне сиынып,
Қой жауырын көк жіп
Саржаны қолға алады.
Тауға шапты маңдайлап
Көкшауыл Бүркіт бабасы,
Жадына алып айқайлап,
Төбесіне төрт бүркіт
Шүйлігіп ердің төнеді.
Есікке тура басқарып
Батырды алып келеді.
Жақындадың балам деп
Ерге хабар береді.
Үзеңгіге шіреніп,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
«Иә, Алла» деп тартты оқты.
Есікке тура тиді оқ,
Талқан болды тас есік.
Кейін қашып барады,
Атын жазым қылар деп,
«Шешкіл, балам, көзің» деп,
Дыбыс беріп қарады.
Не екенін біле алмай
Қобылан аң-таң қалады.
Қорқып қашқан кісідей
Артына батыр қараса,
Үңірейіп тесік тұр,
Қайта шауып барады.
Тақалып тұр бір тасқа,
Ар жағына кетпеген
Оғын тауып алады.
Пірлеріне сиынып
Қоржынына салады.
Кірейін деді есікке
Шегініп торы ат жүрмеді.
Түсе қалды атынан
Жасқанды деп бұл неден.
Тағы да жатқан бар ма екен
Өткізбестен көлденең.
Аттан түсіп батырың
Тесікті өзі қарады.
Жебелі болат көк шеге
Қаққан екен жолына
Жүрсе аяққа кірсін деп,
Қобылан мұны көреді.
Білген екен жануар
Көрдің бе деп мынаны.
Айтқан жандай жануар
Оқыранып егу қағып
Ер соңынан ереді.
Балта менен қиратты
Құрулы қорған жебені.
Торы ат еріп соңынан
Пір батырмен бірге келеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тау қалыңы сондай-ақ
Күні-түні жеті күн
Шаққа шықты деп еді.
Қараңғыда жүрген ер,
Қиындықты көрген ер,
Күннің көзін көрген соң.
Жарыққа шығып келген соң
Омақасып құлады.
Біраз жатып ес жинап,
«Уһ!» деп демін алады.
Қасында торы ат жүр екен
Атты көзі көреді.
Жағалап тауды қарады
Бір төбенің басында
Жан-жаққа қарап тұрады.
Қалың орман, көп тоғай
Ар жағына көз жетпес,
Қалындығы ағаштың
Ортасынан оқ өтпес.
Ар жағында бір су бар,
Қалың жатқан елі бар.
Ар жағына көз салса,
Қаптаған қалың мал екен.
Көзі көрді бұларды
Барамын деп ертең
Түнде жүріп болмас деп,
Жолы қиын жер екен.
Осыны айтып Қобылан
Атының ерін алады,
Арқан тағып аунатып.
Атын жайлап болған соң
Намазын оқып қалады.
Оқып болып намазын
Зікір айтып Аллаға
Отырады жас бала,
Өзі жалғыз болған соң
Көңілді отыр жасыған.
Тау жағалап тоқтамай
Бір кәрі шал келеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қырық ешкісін айдаған
Жанына торсық байлаған
Асасы бар қолында
Өзі Хақтың жолында
Ақ сақалды кәрі адам
Барасын қайда балам деп
Батырдың жөнін сұрады.
Жөнін айтпай Қобылан
Мұнда сиқыр көп деуші ет
Соның бірі болар деп
Сынап келіп сұраған
Айтпаймын деді жөнімді
Сен сықылды шалдарға
Ешкінді бақ та жүре бер
Келдің бе мені алдарға
Сендей жанға сенбеймін
Тоқтамай жылдам кет деді.
Көп кідірсең бұл жерде
Өлтіремін мен деді
Оныменен қоймайды
Суырып оғын алады
Садаққа қолды салады.
Шын қаһарын көрген соң
Ғайып болып барады
Қайран болды Қобылан
Айыра алмай қалады
Апырау қақта қылдым деп
Көңілге күпті болады.
Қобылан пірін танымай жөнін айтпай қалды. Сол күні сол
жерге қонып, үлкен уайымға қалып, бұл шалдың не екенін
білмей, пірім болса қате қылдым деп, үлкен налып жатты. Ой-
уайымнан кім екеніне сенбей таң да атты. Таң атқан соң намазын
оқып, я Алла деп торы атқа ер салып мініп алып жалғыз аяқ
жолмен жүруге ойланды. Тағы да ой түсті, бұл тау иесіз емес
шығар кім бар, кім жоқ әбден қарап көрейін деп о жақ бұ
жағына шығып батыр қарады. Қараса тауда бір үлкен үңгір бар,
бір адамның жатқан орны бар, асулы қазан, жиналған құралы
көрінеді. Қой мұның аржағында адам бар шығар деп аттан түсіп
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
ішіне кіріп аралады. Адамның орны бар өзі жоқ, ат ерттеген
жеріне келді, байқап тұрса басқан табанның орны Қобыланның
табанынан екі есе үлкен, Қобылан қайран қалып, бұл нендей
үлкен адам деп атқа мініп ізіне түсті. Қалың тоғай арасымен,
жолға тарта берді.
Бұл жолы жаңағы жатқан судың арғы бетіндегі елге келді.
Қобылан суға келіп тұрып қалды. Жан-жағына қарап тұрса,
судың арғы бетінде қырық қыз суға түсіп шағала ойнасып
жүрген мұны көрді. Бір қыз пәуеска арбаға сүйеніп тұр. Түр
сипаты ана қыздардан бөлек, Қобылан қыздан сөз тартайын деп
судың өткелін сұрады.
Қобыланның айтқаны:
—Ар жақта тұрған, құдаша,
Іздегенім тамаша.
Өткелі қайда суыңның
Жөн сілтеңіз ұнаса.
Сонда сұлу сөйледі:
—Ар жақта тұрған, жолаушы,
Өткелін судың біле алман.
Жөніңді айтшы әуелі,
Көрмеген жансың бұл маңнан.
Түрің бөлек көрінеді,
Қай жерлерден келесің.
Өз жөніңді айтпасаң,
Өткелін судың айталман.
Қобылан:
—Ар жақта тұрған сұлу қыз,
Ажарың айдай көрінген,
Көргесін көңілім бөлінген.
Керек болса жөніміз,
Жасырмайын өзіңнен.
Мен алыс жердің адамы,
Шалғай жатыр бұл жерден
Еліміздің табаны.
Шаршап келем ат соғып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өткен соң судан айтамын,
Өткелің сілте, шырағым!
Қыз:
—Жасырма, батыр, сырыңды,
Айтпасаң да білемін
Кім екенің өзім де,
Жардан ұшып өлсең де.
Сен жасырдың мен айтпан,
Көрініп тұрған сырыңды.
Қобылан:
—Ар жақта тұрған, шырағым,
Есітсін мұны құлағың.
Сарарқада болады
Белгілі менің тұрағым.
Негізім қалмақ бірінен,
Мен Оңғар ханның баласы.
Атым Мұнар деуші еді,
Қорлық көріп Қырымнан
Осылай қарай келемін,
Жәрдем сұрап ханыңнан
Алыптың күшті дабылы
Келемін іздеп осыдан.
Қобылан дейтін ер шығып
Жолымды қиып айдады,
Сансыз жатқан жылқымды
Бір менен емес ол жақта,
Қалмаққа күнде бермеген,
Алыпқа барып айтпаппын
Жүріс көрдім көлденең.
Қыз:
—Ағеке, сабыр етіп түзе түрің,
Сөзіме менің айтқан сене тұрың.
Қызы едім Алмамбеттің Қалия атты,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Зәбірің сіздің көрген жанға батты.
Түрі бөлек жерді басқан
Таныдым астыңдағы торша атты.
Әкем бар Секен, жатса күні кеткен,
Қайғысы бастан асып......
Жылаушы еді көрмедім деп бір адамды,
Сол ма деп саған, ай, көңілім кеткен.
Ер болсаң сабыр етіп тұра тұрың,
Әкеме хабар берем барып бұрын,
Біледі кім екенің сені әкем.
Бұл жерде қарауылдап жүрмін көптен
Тау бұздың күңірентіп келіп өзің,
Таң қалдым сипатыңа көріп көзім.
Ер болсаң сабыр етіп тұра тұрың,
Әкемді ертіп келем осы жерге өзім.
Қобылан:
Қобылан қыз сөзіне қалды қайран,
Мұндай жан кездесіп ет бұрын қайдан.
Тәуекел не де болса көрейін деп,
Қызбенен уағда қылды сол арадан,
Қырық қызын ертіп алып қыз да кетті.
Жегіпті пәуескеге үш қара көк—
Хайуаннан түрі бөлек дөп-дөңгелек.
Үшеуі бір биеден туды ма деп
Қобылан қайран болып көз жіберді.
Қырық қызды қоя берді жөн жөніне,
Бәрің де бүгін барың енді үйге,
Келерсің ертең ерте сарайыма.
Жалғыз қалды жан жуытпай маңайына
Барады атасының ордасына.
Есіктен кіріп келіп қыз сөйледі,
Алмамбет жатыр еді алтын тақта.
Тау бұзған қандай адам болар ең деп
Көңілін қан жіберіп әр тарапқа.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қыз:
—Жан ата, басың көтер жатпа өзің,
Бір адам торы аты бар көрді көзім.
Сыр айтат ол жасырын енді маған,
Сол үшін, жаным ата, келдім саған.
Қалмақпын деп айтады ер қарағы,
Қалмаққа ұқсамайды түрі-түсі,
Бөлекше адамзаттан мұның иісі.
Өзіңнің көп жылайтын Қобыланың
Ұқсайды бұған соның түр-пішіні.
Астында қос қанатты мінген торы
Беліне асыл гауһар ілген болат.
Тоқтатып тастап кеттім сол араға,
Ол адам күтіп отыр сізге қарап.
Жегулі арбам әзір далада тұр,
Көрейік сіз сөйлесіп жүрші, атам.
Тау бұзып талқандаған—осы батыр,
Тез киін, жаным ата, кідірмеші,
Көрейік жан сезбесін жүріп қапыл.
«Иә, Құдай, бергеніңе мың шүкір», деп
Орнынан Алмамбет хан түрегелді,
Көз жасын жерге төгіп дөңгеленді.
Киініп шапшаң атып тәжін басқа,
Қыз бенен пәуескеге бірге мінді.
Есігін пәуекенің жауып тастап,
Қыз бен хан елден аулақ суға келді.
Батыр тұр ат үстінде найза таяп,
Тұрады тамаша ойлап қызға қарап.
Алмамбет жерге түсіп ерді көрді,
Танысы сонадайдан бұл пішімді.
«Тоқтамай, балам, өт!—деп,—бермен судан»
Қол бұлғап айғай салды.
Өткелден қыз жүгірді «бермен кел» деп,
Торы атпен батыр жүрді бұл көлбеңдеп.
Бар еді қайран өткен өте шықты,
Құданың құдіретіне шек келтірме,
Тамаша үлкен қызық бұл бір кепті.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Келді де ханға батыр сәлем берді,
Қалмақша сәлем беріп тұрды өзі,
Алмамбет ерді танып сөйлей берді.
Алмамбет:
—Қарағым, балам, жас,
Келдің бүгін қасыма.
Дидар қайып нәсіппен
Дегені Хақтың осы ма.
Менің атым Алмамбет,
Дұшпаным деп шошыма.
Ұмыттың ба, қарағым,
Астыңа мінген көк ала.
Аламын деп Құртқаны
Алты жасар күнінде
Бала ақырет сен бала
Тал құйрығың сүйреткен.
Тарпаң еді көк алаң
Асаудан жаңа үйреткен.
Қарсы соққан мен едім—
Жеті ханның бірі едім.
Әкеңмен құрдас Қыдырбай
Жасасып өскен тең едім.
Өлтірем деп Алып хан—
Алшағыр мен екеуін
Ортаға алып тұрғанда
Айырып алған мен едім.
Ұмытпан деп жалғанда
Достасқан батыр сен едің.
Қыдырбай мен Ақзарбап
Өлгенде көрген жалғызын
Өлтірем деуің жол емес [деп]
Екі жақ болып сол жерде
Аман сақтап қалғаным.
Сонан бермен жүр едім,
Көруге сені арманым.
Өлтіртпедің сен дейді,
Ер жетіп тұрған балам жоқ.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өзім жалғыз болған соң
Күнім кеткен қарымын.
Маңдайда барым жалғыз қыз
Мен көрмеген қорлық жоқ.
Таратып алды елімді,
Тартып алды жерімді.
Осы араға бір келсе,
Ұстап бер деп қарауыл
Етіп қойды өзімді.
Жеті ханның қорымен
Күндіз-түні жыладым,
Бір Құдайдан сұрадым.
Тіріде көріп өзіңді
Жалғызымды тапсырып,
Бер деп Хаққа ұлымды,
Мұсылман болдым дінім ақ
Өлтірем десең мен риза.
Ұмытып батыр сөзіңді
Арманым жоқ Құдайға.
Қалипа есімді жалғыз қыз,
Айтып болдым сөзімді.
Құдай бір де, Құран шын,
Сен ұмытсаң қайтейін
Қолыңнан өлтірт өзімді.
Қобыландай батырдың
Есіне түсті өткен іс.
Өкініп батыр жылады:
—Жаным атам, сен бе едің
Ажалдан аман сақтаған.
Көрмегелі көп болды,
Ұмытыппын, жан ата.
Олай болса, тоқтаман
Күнәмді кеш деп балаңа
Аяғына жығылды.
Алмамбет пен Қалипа
Екеуі бірдей жылады.
Айналайын, қарағым,
Қайырлы болсын талабың!
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тілегімді берген соң,
Қобылан сені көрген соң,
Сыртым бүтін, іш жалын
Үлкейгенде қорлықты
Өз теңімнен көрген соң.
Жанға сенімді, қарағым,
Сезіп қалса білдірер.
Жөніңді айтшы тездетіп,
Естиін түгел, шырағым.
Қобылан:
—Жан ата, келем елімнен
Өзің көрген Қобдадан.
Әр не болса кім көнбейт
Бір жаратқан Алладан.
Талабым бармақ Алыпқа,
Даңқы жарып шыдатпайт
Арқада жатқан халыққа.
Көрейін деп келемін
Қасымда бар қырық жігіт,
Бозмұнай ұлы Ерсайым—
Басшы болған аға бар,
Олар келет кейіннен.
Тауды бұзып шаққа өттім,
Кім бар еді бұл тауда?
Бір адамның ізі бар
Шошындық қорқып ізінен,
Қос тігіп жатқан орны бар.
Түгел, ата, баянда
Білгенің мен көргенің
Болса менен аяма.
Алыбың қайда, қанша жер,
Жақын ба мұнан айтып көр?!
Әңгіме
Алмамбет батырдың жағдайын естіген соң:—Шырағым, бұл
арада баяндап айтып тұруға болмас, біреу сезіп қалса, хабар-
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
лар. Сен қазір ізіңнен кейін қайтып, тесік аузына барып жата
бер, кешке ел жатқан соң нендей керегіңді Қалипажан жеткізіп
берер. Ертең өзің аңға шыққан адам болып барып қайтармын.
Қазір жанға көрінбей қарауымыз керек, Құдайың жар болсын,—
деп бетінен сүйіп, Қобыланды ізінен өткізіп жіберді.
Алмамбет әйеліне келіп сүйінші сұрап айтқан сөзі:
—Ау, алғаным, алғаным,
Орындалды жалғанда
Сұраған Хақтан арманым.
Сүйінші бер, ханымым,
Қобыландай баламның
Бүгін келіп қалғанын.
Алла тізгін оңғарса,
Ертең көріп қуанам.
Дұшпаныма ойранды
Қыса шауып салғанын.
Атаңәлет Алыптың
Өлгенде естен кетер ме
Елім менен жерімді
Тірідей тартып алғанын.
Шын сұрасаң Құдайдан,
Бермейтұғын жері жоқ.
Сайып қыран қасында
Ерген жолдас ері көп.
Көріп келдім көзбенен
Тауды бұзған сол екен.
Қасындағы жолдасы
Батыр Сайым дер екен.
Әзірленші тездетіп
Қалипамен екеуің.
Алтындаған ақ шатыр,
Тау басында ер жатыр.
Әзірлеші азығын—
Түрлі жақсы тағамды
Пәуескеге салдырып,
Күн батқан соң тездетіп
Жалғызыма барыңдар.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Керек екен нендей зат,
Өзінен сұрап қаныңдар.
Кемпір байғұс қуанды,
Қуанғанның белгісі—
Жылап жүріп қамданды.
Көк пәуеске арбаға
Жал менен жая, шекер бал,
Кемпір мен қыз жол салды.
Түрлі алуан тағамын
Әзірлеп кемпір алады.
Күн батуға шақ тұрды,
Батқанын күннің көрген соң,
Кемпір менен Қалипа
Қаладан шығып барады.
Дыбыстан біреу сезер деп
Қоңырауды сыпырып
Атқа таққан алады.
Үш қара көк жымиып,
Жолға түсіп жөнелді.
Қобыланды төзе алмай
Арқандап тастап торы атты,
Ер қаруы бес қару
Ер беліне асынып.
Бір төбенің басында
Қарауыл қарап жүр еді.
Келе жатқанын бұлардың
Сонадан көзі көреді.
Елін, жауын біле алмай,
Келіп атқа мінеді.
Найзасын жерге таянып,
Қос тіккен жерде тұрады.
Қалипа мен ханым да
Бөтен жан жоқ жанында
Арбадан түсіп тұрады.
Тек екеуін білген соң
Аттан түсіп келеді.
Қалипа сонда сөйледі:
—Мына тұрған жан анам
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көре келді өзіңді,
Бөтенсінбе, жан ағам.
Қобылан қарсы жүреді,
Ана деп сәлем береді.
Жалғызым, деп құшақтап
Көзінің жасын төгеді.
Даярлап келген азықты
Түгелінен береді.
Алтындаған ақ шатыр
Қыз қолынан тігеді.
Отырғызып шатырға
Жолың болсын балам деп
Қаншаның айтқан сөзі еді:
—Ау жалғызым, сұрайын,
Тату едік жалғанда
Қыдырбай, Зарбап Тәңірін.
Туғанда барып тойыңа
Сайқалдаған мен едім.
Сондағы туған Қобылан
Жалғызы байдың сен едің.
Құрдас едік екеуміз
Жалғанда тірі, сау жүрсең,
Дос болармыз дер едік.
Ақыры соқты достыққа
Дұшпанның қорлық күшімен
Тартып алып жеріміз,
Азды байтақ еліміз.
Қорлықта жүрміз, қарағым,
Баратын жерің Алып дейді.
Өзің жалғыз, өзің жас
Бара көрме, қарағым,
Қор боларсың көрімнен.
Тілеп алған жалғыз ең,
Жазым болсаң, өкініш
Өмірде кетпес өзімнен.
Қайтқыл, балам, бізді алып,
Барма бұған ізіңнен.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобылан:
—Жан ана, қайтпан қорынып,
Мықты екен деп торығып.
Не де болса Алланың
Мен жазғанын көрермін.
Барма деп айтпа өзіме,
Қорлығын берген сендерге
Оны алдына келтіріп
Ертермін, ана, ізіңе.
Қалипажан, қарағым,
Қарлығаштан кем көрсем
Мені Құдай таппай ма.
Жасанған жауға ер жігіт
Намысы үшін шаппай ма.
Ажалың жетіп бұл тұрса,
Сандыққа салып қойсаң да,
Кілтін мықтап салсаң да
Одан Құдай сақтай ма,
Тәуекел еттім өзіне.
Ертең-бүгін келеді
Артымда қалған Ерсайым.
Сойыстық малын жеткізіп,
Даярла, қалқам, қант пен шай.
Күніне келіп соғып тұр,
Жатамын енді дем алып,
Тыныштық берсе осы жерде.
Хан атама сәлем айт
Келген соң Сайым келер деп.
Алдында Сайым білгенін
Сосын айтып көрер деп
Қалипаға тапсырды,
Бұлар қайтты еліне.
Қобылан дем алып жата берді, Қалипа сұлу азық-түлігін
жеткізіп, бес жүз қой, жүз жылқыны бөліп айдап, Қобыланның
қасына тастады. Бір жетіден кейін Сайым да келіп тауға жетті.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ерсайым тауды бұзған ерді көрді,
Құдайға шүкірлікте батыр разы болды.
Оңғарар, ей жігіттер, жолымызды
Өтіпті тауды бұзып Қобылан ер.
Құдайым, мұсылманның тілегін бер,
Сан Қырым сасып қайтқан жер емес пе ед.
Жігіттер, Қобыланның қайратын көр,
Жібердім сынау үшін тауға жұмсап.
Өзімше бұзды деген жоқ еді ойым,
Жалғызым салған екен үлкен ойын.
Торы аттың ізіменен келер ме екен,
Жігіттер жүре берді тауға кіріп.
Нағылып кешікті деп Ер Қобылан
Тесікті байқаушы еді күнде келіп.
Қобылан қарсы келді ар жағынан.
Көрген соң ерді аман қуанысып,
Қамалап жабырласты жан-жағынан.
Ерсайым:—Разымын,—деп,—қайратыңнан
Қырымның бұзбас тауын бұздың жалғыз
Кім төзер, жаным, сенің айбатыңа.
Қобылан жүрді бастап жолдастарын
Өзінің жатқан мекен жерге қарап.
Алдында көрінеді алтын шатыр,
Шағылысып күн көзіне бұл жарқырар.
Шатырды қайдан алдың сен, жаным,—деп
Ер Сайым сұрады ерден бұл сыбырлап.
Шатырды көріп пе едің қоржындағы
Жүз кісі еркін кетер салып жүрген.
Бес жүз қой, жүз жылқы бар семіз тайдан
Ырыздық емес пе еді бір Құдайдан.
Естіп Сайым күлді болып риза,
Ашығып келе жатқан ер жүріп жолда.
Керектің біз жоқтаған бәрі әзір,
Қарағым, ризамын сіздің қолда.
Күлісіп ерлер түсті аттарынан,
Білмейді не боларын арттарынан.
Тамаша жан көрмеген шатыр екен,
Батырлар қарасып жүр жан-жағынан.
Құралы тағы әзір үй ішінде—
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жайнаған алтын табақ, күміс кесе,
Құрылған сабасы бар дала десе
Жайғасып отырғасын түсіндірді
Қобылан бастан-аяқ Сайым ерге.
Сөйлесіп дем алысып отырғанда
Қалипа Алмамбетпен келді қалып.
Көрісті қырық жігітпен батыр Сайым
Қонағын амандасып ортаға алып.
Жол болсын айтып болып Алмамбет хан,
Сөйледі бастан-аяқ айтып жайын.
Бұл Алып жеті хандық ел деп айтты,
Біреуі жеті ханның мен деп айтты,
Айлық жол осы арадан Алып өзі
Бар еді Шойынкөттей қарауылы,
Бұл тауды бағып жатқан соның өзі.
Түс көріп сол Шойынкөт сонда кетті,
Білмейтін дінсіз залым құдіретті.
Балаларым, тілімді алсаң қайтың елге,
Келіпсіз қиыншылық мұндай жерге.
Шамаңыз келмес дейді бұл Алыпқа
Шығармас қарын төксе ол жарыққа.
Батыр көп алуан-алуан айласы асқан
Жасы бар алпыс үште бұл Алыптың
Жан емес жастан бері тізе бүккен.
Тіл алсаң, кейін қайтың елдеріңе,
Хабар ет мұсылманның ерлеріне.
Бері қарай Едігеден аспаған тау,
Ат ізін ешкім келіп баспаған тау.
Бұзыпсыз жалғыз өзің, ер Қобылан,
Қорқамын сонда дағы бұл кәпір жау.
Ел табың амандыққа деп айтамын,
Қорқамын бұл залымнан артын ойлап,
Шынжырлап қойғандар бар мұнда байлап.
Аждаһа неше түрлі от шашатын
Дұшпанға даярлаған артын ойлап.
Айтты да осы сөзді жылай берді,
Балалар өздерің біл болдым енді,
Мезгілі жақындады келетұғын
Тау бағып осы арада жатқан барып.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Есітіп Алмамбеттен мұның жайын,
Батырлар төмен қарап қалды бәрі.
Батырдың жасығанын көріп көзі,
Қобылан ашуланып шықты зары.
Жасқансаң, елге қайтың бәрің деді,
Әркімнің өзінде ғой ықтияры.
Пендеге ажал біреу әзел жазған,
Қайталман мықты екен деп бұл Алыптан,
Өлермін, ажал жетсе, енді осыдан,
Адамнан екі аяқты ешбір қорықпан.
Сайеке, енді өзің біл қайтем десең,
Ат басын мен тарталман бұл жорықтан.
Шамданып ер Қобылан кетті тұрып,
Сөйледі қырық жігітке мойнын бұрып.
Құдай бір не де болса жазды өзі,
Жабысса жауды көрмей ердің көзі.
Құтылмас қашқанменен бұл адамзат,
Құрылған ажал бейнет болса тезі.
Сендерді зорламаймын соңыма ер деп,
Пәлеге мұндай тұрман қарсы жүр деп.
Тәуекел не де болса етем өзім,
Қырық күндік азық берің тез даярлап,
Жүремін енді ілгері мен аяңдап.
Айтты да осы сөзді батыр өзі,
Басына бір төбенің кетті шығып,
Қарады төңірекке шығып өзі.
Кеткен соң ер Қобылан, ер кеңесті
Адамның айтқан тілін бұл алмайды,
Маңдайын бағыттаса бұра алмайды,
Отырды қайран қалып Сайым өзі.
Жасқанып қырық жігіттің отырғанын
Сөйледі сонда Сайым көріп көзі:
—Жасыма, ей, жігіттер, құр тоқталып,
Жолдастық міндетімді атқаралық,
Адамға ажал біреу әзалдағы,
Бір шығып елмен жұрттан қорқып қайтсақ,
Дұшпанға сонда таба болам-дағы.
Қайтпаған бастан бағы жаңа талап,
Қобылан қайтпас мұнан кетті құлап.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жігіттер, өздерің біл не қылсаң да,
Бір барам Қобыланмен не болсам да
Құдайдан бір жаратқан жәрдем сұрап.
Қобылан сырттан үйге келді кіріп,
Ер жүзін тітіркеді бұлар көріп.
Алмамбет әңгіме айтты тағы отырып,
Батырдың келген кейіп көңілін бөліп.
Шырағым, өздерің біл ендігісін,
Сендермен тілек бірге жоқ-ты күшім.
Шойынкөт келіп қалар, сақ болыңдар,
Қарауыл берік болсын қойған кісің.
Шойынкөт қалай болар келсе өзі,
Көрерміз сонан кейін бір сөйлесіп.
Бірыңғай бұл залымның болсын өзі—
Залымға қылыш өтпейді тәні қатты,
Тәуекел етің, батыр, не де болса,
Жеті жыл осы тауда күтіп жатты.
Қолында тоқсан батпан шоқпары бар,
Құлатат қарын төксе тау мен тасты.
Күтініп ерлер жатты қарауылдап,
Бір күнде соқты дауыл күн дауылдап.
Борады тас бұршақтай домаланып,
Суылдап тауда терек соғып жерге
Шыдамай аттар тұрды екпініне,
Не болды деп, бір састы бұлар өзі.
Ұйқыда жатыр Сайым, Қобыландар,
Әншейін күн дауылы деп бір ойлап.
Айдаған қырық ешкісін шал да жетті,
Жолына Қобыланның салған епті.
Оятып Ерсайымды:—Тұр шапшаң,—деп,
Көзінің әлгі шал жасын төкті.
Жатпаңдар, тұрың, балам, шапшаң киін,
Жау келет, ыждиғаттап енді жиын.
Дәу келді жақын жерге ел жақындап,
Хабар бер Қобыландай батыр ерге.
Көрмен деп кетіп едім қатты ренжіп,
Қыдырбай еңбегінен келдім қорқып.
Жан жолдас бабасы едім жастан ерген,
Ол шіркін мені дұшпан айтсам көрген.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Танымай қалған шығар өзгергесін,
Көрмеген жау жерінде кез келген соң.
Хабар бер тезден барып алар атын,
Алдынан шықсын жаудың келе жатыр.
Құдайға жалбарынып көрің, балдар,
Дәм шығар иә бейнетпен осы ажал,
Өлемін деп ойламаңдар мұны есіңе ал.
Айтты да ғайып болды көздерінен,
Жаңағы келіп тұрған бұл ғаріп шал.
Сайым орнынан тұрып жігіттерді тездетіп аттарын алды-
рып, Қобыландыны оятты. Батыр, жау жақындап қалды,
тұр басыңды көтер. Қобылан орнынан түре келіп, тездеп жау
құралын киіне бастады. Сайым:—Мен барайын сен жайлап
келе жатарсың,—деп, атына мінді. Қобылан: «Тоқтай тұр, сенің
жауың қандай жау, маған түсіндірші»,—деді. Сайым тұрып:
«Тау бақташы—Дәу,—деді.—Осы дауыл соның дауылы келе
жатқан екпіні,—деді.—Жақындап қалған бұлар». Қобылан:
«Олай болса, аттарыңнан түсіңдер, мен көріп жау десем, бір-ақ
адам ба, олай болса, мен өзім-ақ барам»,—деп Қобылан торы
атты дұрыстап өз қолынан ерттеді.
Толғау:
Қобылан атын алдырып,
Жабдықтап ерттеп қарады.
Төс айылын берік тартып,
Шап айылын бос тартып,
Үзеңгісін ұзартып,
Құйысқанын қысқартып,
Бадана көзді ақ сауыт—
Осыны тарта киеді.
Балдағы алтын ай болат
Аждаһаның қанына
Үш қайырып суарған,
Шапшаң тарқар құмардан
Аш беліне іледі.
Иә Алла деп торы атқа,
Ер Қобылан мінеді.
Таң салқыны болғанда,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шолпан жұлдыз туғанда,
Дауылдың соққан түбіне
Маңдайын түзеп жүреді.
Қырық жігітпен Ерсайым
Батасын беріп жылады.
«Жолың болсын, барғыл!»—деп
Артында шулап қалады.
Тәуекелге бел байлап,
Найзасына ту байлап,
Алдынан жүрді бұл жаудың
Торы атпен батыр ыңғайлап.
Жүрді біраз жеріне
Жүре алмай аты ығады,
Дауылдың қатты лебіне.
Көп жүрдім десе аз жүріп,
Жүргізбей келеді бұл дауыл.
Тас топырақ бораған,
Биік терек, тал-қайың
Солқылдап жерді сабаған.
Ер емес пе Қобылан,
Осыларға шыдаған.
Сарғайды да таң атты,
Қызарды да, күн шықты.
Күн астына қараса,
Сары ала тұлпар астында,
Болат қалқан басында,
Он екі аршын бойы бар,
Кеудесі зор, басы үлкен,
Шойынкөт залым бұл шықты.
Қарасын көріп сонадан,
Тәуекел деп Қобылан
Адам ғой деп әйтеуір,
Не де болса шыдаған.
Найзасын кесе өңгеріп,
Алдына қарсы тұрады.
Келе жатыр Шойынкөт,
Күркіреген күн құсап,
Қараңғы айсыз түн құсап,
Түнеріліп бұлттай.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Тоқсан батпан шой темір
Тақымына салып тұр.
Он екі құлаш ақ найза
Өңгеріп кесе алыпты.
Тұлғасы жаман залымның
Бет алды суық неме екен,
Адамзаттың баласы
Мұндай ірі болар ма.
Кеш шамасы байқаса,
Он саусақтың саласы,
Екі қарыс ені бар
Екі қастың арасы.
Мұрны пештей құлаған,
Екі иықтың арасы
Жеті аршынға мол екен,
Мойны жуан бұғыдай.
Бет алдымен келе жатыр,
Қобыланды көзге ілмей,
Кісі екен деп қарамай,
Өте шықты қасынан.
Ерді көзге ілмеді,
Көзі түсіп көрмеді.
Қайтеді деп бұл шіркін,
Қобылан алдын орады,
Сонда барып қарады.
—Тоқта,—деді Қобылан.
—Тоқтамаймын мен,— деді,
Тауды бұзған кім,—деді,
Сол адамға барамын,
Соны тауып бер!—деді.
Қобылан сонда ақырды,
Қан тегпемін жапырды.
—Тауыңды бұзған мен,—дейді,
Бұзған жанды көргенде,
Не дейін деп ең сен,—дейді.
Ілгері басып жүрмейсің,
Жібермеймін мен,—дейді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шойынкөт:
—Тоқтатпа,—дейді,—жолымнан,
Тау бұзу түгіл, тас алу
Келмес,—дейді,—қолыңнан.
Қобылан сонда долданды:
—Аңда, қалмақ, көзіңді аш,
Тауды бұзып дал қылып,
Аудардым деді қара тас.
Күшігіндей қомбайып,
Көзің жерге түспеген,
Тасқындама көңілің бас,
Сендей нешеу өспеген,
Ісігіңді басармын.
Алда тізгін оңғарса,
Қаныңды судай шашармын.
Менменсіген көңіліңді,
Қазір-ақ бәлем басармын.
Ілгері аттап жүріп көр,
Көрсетейін көрімді,
Танытайын өзімді.
—Астам-астам сөйлеме,
Алғырсынып сөзіңді.
Ойынға келіп тұр деме,
Алдыңда тұрған өзімді.
Сөйлемейсің жасыған,
Тау бұзу келмес қолыңнан
Бастығың кім тау бұзған,
Жасырма маған сырыңды айт.
Шын сырыңды айтпасаң,
Бір ұрғаннан қалмассың,
Жатарсың тасты жастана,
Қобылан сондай сөйлейді:
—Е, Шойынкөт, сенбісің,
Тауды баққан жасыңнан?
Сенен қорқып жасыған,
Мен сырымды жасырман,
Сендей сасық қолдардың
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Аяғына бас ұрған.
Менің атым—Қобылан,
Ұрыссам жауды қашырған.
Сендейдің көрдім талайын,
Кеудесі зор кеуектің
Қанын судай сапырған.
Ұрысам десең тез қамдан,
Іздегенім сен дейді,
Қан шиді қайтпан жол-жолдан.
Шойынкөт:
—Қой, Қобылан емессің
Ат қосшы сен шығар
Хабарын біліп кел деген,
Кім екенін көр деген.
Қобыланды батырды
Қосыңа бар да тез жібер,
Обалыңа қалмайын,
Жаның олжа өзіңе.
Қобылан:
—Нанбасаң, шіркін, сөзіме,
Қобылан екей келмейді
Жан екен деп өзіңе.
Мені алсаң, келеді Қобылан.
Әр не келсе қылып көр
Енді маған қолыңнан.
Нанбасаң саған не дейін,
Ат басындай құланың,
Жұдырықтай алтыннан
Таразысын тартқанда
Бола ма ауыр салмағы.
Мен—Қобылан, шын нансаң,
Ілінген жерден жарылғай,
Болаттан соққан қарқарың,
Қобылан болса қормадың.
Жолдан қалу жөні жоқ,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Өнерің болса шығарың,
Тарқар сонда құмарың.
Шойынкөт:
—Қобылан деген даңқың зор,
Арқадағы қалмақтың
Қысқа күнде қырық шапқан,
Дабысың ауыр, даңқың зор.
Көзім көріп нанғаным,
Не Қобылан шын болсаң.
Ол елден адам тумадың,
Тек өзің деп нанбаймын.
Шойын менен қара тас,
Есігімді бұзғаның.
Бұзғанда өзім болмауым,
Көңілдегі арманым.
Мен болғанда сен иттің,
Көрер ем тауды бұзғаның.
Мен қола көкірек Шойынкөт,
Оңайын десең жолап өт.
Тоқсан екі қоңырау,
Бір бойыма тағынған.
Жеті хандық бұл халық
Бір өзіме бағынған.
Жасқанбай сөйлеп тұрасың,
Неткен жансың қағынған.
Тәуекел етсең төз деді,
Бір ұрғаннан қалмайсың.
Обалыңа қалармын,
Астыңдағы торы атты,
Түрі бөлек мал екен,
Жаныңа олжа бер деді.
Қобылан сонда шамданып,
Алдына қарсы келеді.
Лашын құстай шүйіліп:
—Жеңсең тұлпар сенікі,
Жеңілсең ала ат менікі,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Мақтанба, кәпір, сен—деді.
Кәміл пірім жар болса,
Көрермін артын мен,—деді.
Былшылыңды білмеймін,
Ұрысам десең кел,—деді.
Шойынкөт сонда ақырды,
Көтеріп алып шоқпарын,
Парпардың қара тасына
Қалыңдығы қырық аршын
Шоқпарды салып қалады.
Күл-күл болып қара тас
Көрінбей кетіп барады.
Ондағы еткен амалы—
Ерлігімді көрсін деп,
Тірілей атын берсін деп,
Кім екенін білсін деп.
Саспады бұған Қобылан,
Таяу келіп Сайым тұр,
Сақта деп Құдай соңынан.
Алмамбет пен Қалипа—
Бұлар да келіп жылаған,
Дәудің сырын біледі,
Құдайдан тілек сұраған,
Садақасын сан айтып,
Төрт түлік жатқан мал айтып.
Бір Құдайға зарлады
Алмамбет пен Қалипа
Жылаудан көңілі тынбаған.
Шойынкөт сонда сөйледі:
—Өз обалың өзіңе,
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Кезегімді бер,—деді.
Ұрамын, батыр, берік бол,
Қабыл еттім деп жүрме,
Қалқаныңды ки,—деді.
Ер Құдайға сиынды,
Қалқанын киіп басына
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Пірлерінен сұрады,
Қарсыма-қарсы тұрады.
Атаңәлет дінсіз ит
Тоқсан батпан шоқпармен
Ақырып келіп ұрады.
Тоғыз қабат қалқаны
Бет-бетіне тарады.
Ұруына шыдамай
Қалқан сынып дал болды.
Айналасы болды шоқ,
Сонда да батыр шыдады.
Екі қары салдырап,
Дүмпуімен шоқпардың
Аздап есін танады,
Күнді мұнар шалады.
Жерді тұман алып тұр,
Пірлер беріп медетті,
Шойынкөт естен танып тұр.
Талықсыған баланы
Дәудің көзі көрер деп,
Пірлер келіп бағып тұр.
Етпетінен толқыса,
Екпін торы ат сүйейді.
Шалқасымен құласа,
Шынтағымен тірейді.
Көлденеңге толқыса,
Қанатымен қағады
Адамнан есті жануар
Толарсақтан жерге еніп.
Ерді сонша бағады
Көк шаулы Бүркіт бабасы
«Балам, аш,—деп,—көзіңді»,
Қанатпен қағып қарады.
Есін жинап ер алып,
Амандыққа қуанып,
Дәуге қарсы барады.
Тұман кетті ашылып,
Мұнар кетті басылып.
Ердің көріп аманын,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Кейінде тұрған Ерсайым
Алмамбетпен Қаншадан
Сүйінші барып сұрады.
Шойынкөттің алдына
Қобылан қарсы барып тұр,
Ер аманын көрген соң,
Залым есін танып тұр.
Шоқпары кеткен үзіліп,
Сабы қалған қолында
Сағасынан бөлініп.
Шошыды сонда Шойынкөт
Ұрғанынан қалқанға,
Мұндай күшті жоқ шығар
Мына пәни жалғанда.
Осыдан аман-сау қалсам,
Болмас едім арманда,
Ұрымдағы он ұста,
Қырымдағы қырық ұста
Аман барсам, қырармын,
Бастарыңды алармын.
Сағасын шикі пісіріп,
Тарқатпадым құмарым.
Осыны айтып Шойынкөт,
—Жарадың, батыр, ер,—деді.
Кезегіңді ала бер,
Қатын емен мен,—деді.
Қайтадан мініп торы атқа,
Қорамсаққа қол салды,
Суырып алып көк жебе,
Көп оғына жол салды.
Пірлеріне сиынып,
Күшін қарға иініп,
Үзеңгіге шіреніп,
Жүректен тартып қалады.
Тоғыз қабат көк сауыт
Қатарланған дал қылды,
Көк сауыттың жағасы,
Тәніне барып өтпеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сынды оқтың сағасы,
Толқыды ала ат тұра алмай.
Ашуланды Шойынкөт:
—Сауыт түгіл оқ өтіп
Көрген жоқ еді күпеден.
Елемей жүріп қор қылар,
Сақтанайын немеден.
Түсі сұрғылт көк жебе
Өтпей қоймас денеден.
Түбі азғантай болғанмен,
Күші шіркін көп екен.
Осылай ойлап Шойынкөт
Найзасын қолға алады,
Батырға таулап салады.
Тигізбеді найзасын,
Ер Қобылан қағады.
Найзасы ұшып аспанға,
Ортасынан сынады.
Суырып алып қылышын,
Тағы да ерді салады.
Ұстады батыр қылыштан
Сабы дәудің қолында.
Дүзін ұстап қолынан
Ат үстінен тартысты.
Екеуі талқан қылады
Тау менен тастың арасын.
Тамашаға қырық жігіт
Сайым менен қарасын.
Екі бөрі тартысты,
Нағылып қылыш шыдасын
Ортасынан бөлінді.
Алғыр бүркіт қырандай
Бір-біріне төнеді.
Найза қылыш төзбеді,
Ортасынан бөледі.
Балталасты батырлар
Балта түк те қылмады,
Сағасынан сынады.
Екеуінің екпіні
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Рүстем мен Дастанның
Ұрысындай болады.
Қарудан пайда таба алмай
Екі күн тынбай ұрысты.
Ат үстінен екеуі
Жағаласты салады.
Дал-дал болды Сауыттың
Қатарланған жағасы.
Жәрдем берсін батырдың
Сиынып жүрген бабасы
Алмамбет, Қанша, қырық жігіт
Бір Құдайға жылады.
Ердің көріп қайратын
Тілекті Құдай берер деп
Ханша менен Алмамбет
Қорыққан көңілі тынады.
Астына мінген аттары
Жүрелеп жатып қалады.
Атынан түсіп екеуі
Қампиысып тұрады.
Біріне-бірі жүгіріп
Жұдырықпен ұрады,
Онда да амал болмады.
Шойынкөт:
—Жарайсың, батыр ер!—деді,
Қарудан пайда болмады,
Күресейік кел,—деді.
Болады деп Қобылан
Екеуі күрес салады.
Бірін-бірі көтеріп,
Жерден тартып алады.
Қобыландыдай баланы
Үш рет атты үйіріп.
Тіке түсті Қобылан
Қалмады бұған жығылып.
Еңіреп қалмақ сасып жүр,
Қанымды ішпей кетпес деп,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шын екен деп айтқаны.
Елемеген Шойынкөт
Сол мезгілде сасып жүр.
Алысты торы ат күн тынбастан,
Күн жетіге толғанда
Қобыландай жас берен
Бақалшағы майысты,
Қабырғасы қайысты,
Талдырып дұшпан барады.
Батырдың біліп талғанын
Қырық жігіт шулап жылады.
Алмамбет пен ханша
Мойнына салып кісесін
Әлде қандай болат деп
Еңіреп сорлы жылады.
Қалипадай жалғыз қыз
Садақа қылды бір жанын
Ағасының жолына.
Келмей ме деп талабым
Қорықты сорлы оңына.
Құрбан қылып бір жанын
Шыдай алмай Қалипа,
Сайымның келді жанына.
—Жан жолдасы ер,—деді,
Досыңа көмек бер,—деді,
Қарап тұрған нең,—деді.
Сайым сонда жылады:
—Жан Қалипа, қарағым,
Қобыланнан аянып
Несіне тірі қаламын.
Сабырдың түбі—сары алтын,
Сабырлық етпек жарасар,
Шыдайық аздап, шырағым.
Сонда жылап Қалипа:
—Жаным аға, кідірме
Қасына шапшаң бар,—деді.
Атаңәлет дұшпанның
Мойнына арқан сал,—деді.
Қыз сөзіне төзе алмай
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жүрді Сайым тебініп.
Қырық ешкісін айдаған,
Көн торсығын байлаған
Бабасы жетті боратып,
Ешкісін қуып жетеді.
Шапшаң жүр деп Сайымға
Дөңнен зулап өтеді.
Сайым да шапты көрген соң,
Пірлер қоршап келген соң.
Үсті-басын шаң басып,
Таңдайы кеуіп шөлдеген.
Батырдың кетіп қуаты,
Шөл соғып үлкен меңдеген.
Дәудің тілі кетіпті
Кездей шығып салақтап.
Екі көзі қызарып
Құтырған иттей алақтап.
Бабасы келіп қасына:
—Састың ба, балам, сен—деді,
Көрісерде сиынбай
Ұмытқаның нең,—деді.
Аузына қолын салады,
Толған екен топырақ
Екі ұртынан алады.
Бір стакан бал сүтін
Таңдайыңды жібіт деп
Аузына құяды.
Шөлдеп жүрген батырдың
Мейірі қанып шөл басып,
Ақылын жинап алады.
Пірің қылар пірім деп,
Сиынбадың бұрын деп,
Қимылда, балам, тоқтама,
Бір адамнан кем болмас
Тәңірі берген күшің деп,
Жауырына ұрады.
Сайымның барып қасына
Шал да тоқтап тұрады.
Төзе алмай жүр Қалипа
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Атеке деп еңіреп.
Шалдың келді қасына
Қалай екен халы деп.
Дәуім басым көрінет
Қорқып тұрмын әлі деп.
—Саспа, балам, сен,—деді.
Ағаң аман қауышар
Сүйіншімді бер,—деді.
Алмамбет, қанша сен үшін
Келіп тұрмын мен,—деді.
Алмамбетті оқытып,
Ақтың жолын білгізген
Қорлық көріп тарығып
Жүргенінде зар жылап.
Ақырет достық баласын
Кім екен мұнда келгізген.
Садақасын сандасын,
Сүйіншісін қамдасын,
Қуант барып өздерін.
Қобылан менен Шойынкөт
Алыса берді айқайлап.
Жүрген жері ерлердің
Жер ошақтай қазылды.
Сүт ішіп батыр тынығып,
Құлаш ұзап жазылды.
—Мықты бол!—деді Шойынкөт
Амалың болса етіп қал,
Тартамын жерден мен,—деді.
Салмағын жерге салады,
Бөкседен еніп барады.
Қобйекелеп айғайлап,
Бабасын батыр шақырып.
Төбесіне төрт бүркіт
Шүйлігіп төніп қалықтап,
Көкше бұлт жайнады.
Құдай тілек берді деп
Қырық жігіт Сайым қуанды.
Алмамбет пен ханша
Ей Құдайлап бұлар да
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сүйіншісін әзірлеп,
Кеудесін созып қарады.
Жасқанбай жүр Қалипа
Шал менен Сайым қасында,
Орамалы мойнында,
Көзінің жасын төгіп жүр.
Сырын білмейді батырдың,
Байғұс неге сөніп жүр.
Түгі тұтам сауыттан
Көктеп өтіп барады.
Екі көзі қызарып,
Күшін жинап алады.
Күркіретіп бұл дәуді
Суырып жерден алады.
Аяғын жерге тигізбей
Былғап жерге ұрады.
Кеудесіне мінгенде
Бозторғайдай күрсінген
Нағылып мұны жықтым деп,
Тұлғасын көріп бұл дәудің.
Өзінен өзі жерінген
Көсіліп жатты Шойынкөт.
Жықтың, батырсың-ақ,
Басымнан тайды ауыр бақ.
Күшің деңгел өзіммен
Қолдады сені әруақ.
Былшылдамай тек жат деп,
Қанжармен жаққа салады.
Шабайын деп тамақтан
Қанжарменен өктеді.
Тасты көскен көк қанжар
Тамағынан өтпеді.
Қалипа келді төзе алмай:
—Жаным, көке, жалғызым.
Тәніне қару өтпейді,
Өкшесінен оқ тарса,
Өлмей дұшпан кетпейді.
Ақырды сонда Қобылан:
—Қайдасың, Сайым, кел,—деді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мерген едің кешегі
Құралайды көзге атқан,
Жүргеніңде елде дет.
Мына атаңәлет дұшпанды
Қару өтпей шаршадым.
Қалипажан айтып тұр,
Өкшеден атып көр,—деді.
Атынан түсе қалады
Оғын қолға алады.
Атайын деп өкшеден
Сығалайды тізесін
Жерге батыр бүгеді.
Қобыланға тиер деп
Тағы қорқып сасады.
Кейіді сонда Қобылан:
—Мергендігің қайда,—деп
Сасқан жерде көрмедім
Сенен ешбір пайда,—деп.
Тисе тисін атқан оқ,
Ажалым жетсе өлермін,
Тура келіп тисе дүп,
Атшы шапшаң, кідірме.
Сайым тартып қалады,
Өкшеден оғы жарады.
Екі көздің арасын
Милығынан дүп шығып
Лайлалама лоқы деп
Қалмақ жанын береді.
Қанжарды салып сағақтан
Басын кесіп алады.
Айтқан сертін орындап,
Қанын ішіп қанады.
Уһ деп демін сонда алып
Ер Қобылан тынады.
Алмамбет қанша жүгіріп,
Қырық жігітті қамады.
Дәл жеті күн алысып,
Шойынкөт тамам болады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сол жерден түгелімен қосын артып, Алмамбеттің қаласына
көшіп барып, бірнеше күн жатып демін алып, сенімсіз
адамдарын ұстап өлтіріп, қалғанын зынданға салып, Алмамбет
көңілі жайғасып, тойын жасап көңілін бөліп болған соң
батырларға Алыптың жайын айтып, жөнін сілтеді. Әлде де тіл
алсаңдар, бармағандарың мақұл, барамын десеңдер, не амалым
бар, маңдайларыңнан көрерсіңдер. Алыптың көші мұнан он есе
артық, тағы басқалары да көп, мен қорқамын қалай да болып,
қай жағына жүрсеңдер де жүру керек деп сөзін қысқартты.
Қобылан, Сайым кеңесіп жүрмекші болды. «Алланың не
жазғанын маңдайымыздан көреміз. Қырық жігітке әлі де айлық
жер жол бар, сендер елге қайтыңдар, қайтпасаңдар осында
болыңдар, аман-есен біз келгенше жатындар»,—деп айтып
еді, оған жігіттер көнбеді, «Сендермен бірге барамыз Алланың
жазуы болар, қалмаймыз да, қайтпаймыз да»,—деді.
Олай болса, жүрудің талабын етіп әзірлену керек деп,
батырлар азықтарын даярлап жүруге дайындалды.
Алмамбет «жолдарың болсын» деп батасын беріп, батырларды
өз қолынан аттандырып жолға салды. Қалипа бұларменен
еріп күндік жерден қайтпақшы болды. Сайымға Қобыланмен
жолдың жөнін сілтеп, Илияның ғашықтық жайынан баяндап
айтқаны:
Қалипа:
—Жолың болсын, ағалар,
Ысқырып соқса дауыл жел,
Киіктің жетім ылағы
Жартасқа барып паналар.
Таудағы жүрген арыстан
Тау көбелей желетін
Тұяғын тасқа тигізіп,
Дүмпуін жұртқа білгізіп,
Түн қатып жортып жүретін.
Сол сияқты, жан аға,
Біз киіктің ылағы.
Күн бар ма кеткен сендерді
Амандықпен көретін.
Әзелде барған Алланың
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бар шығар несіп ырыздық.
Уайымнан түк өнбес
Тәуекел қылып төзелік.
Құлағың сал, жан аға,
Илия құрдас өзіммен.
Жылында келіп екі рет
Қайтушы еді өзімнен.
Қайғылы еді ғашықтық
Дерті түсіп өзіне
Сіздің жоқтап ізіңнен.
Тілегі қабыл байғұстың
Бола қойса жарар ет.
Байтақ жатқан көп халық
Басқарып тұрған мұны алып,
Пәрменменен атқарып,
Айдаған шығар әскерін
Аламан жинап сақтанып.
Тәуекел еттің нендей іс,
Кездессе де тоқталып
Саны жоқ әскер көп болар.
Көптігіне көнерсің
Алыппен қарсы келгенде.
Шендеспей қару қылыңдар
Жуи көрмең маңына,
Белдессең жазым боласың.
Амалын тапса Илия
Жүрген шығар ішінде
Ғашықтықтың зарымен
Қыз болып аға есінде.
Жолығар келіп тоқтамай,
Жолын тауып келе алса.
Қанды өзеннің бойында
Жиылмалы көпір бар,
Жуымаңдар өзіне.
Көпірге түссең, болдың қор
Сонда құрған амал мол.
Аждаһа, жылан, дәуі бар,
Хабарсыз болман, ағалар.
Осыны айтып Қалипа
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қолдасып тұрып зар жылар.
Қобылан сонда сөйлейді:
—Жасыма, қалқам, қарағым,
Тәуекел етіп алдымда
Не де болса барармын.
Құр қайғыдан пайда жоқ,
Ер тәуекел етпесе.
Қобылан Сайым бола алмас,
Айтқанына жетпесе.
Нағыламын мал қылып
Кершабақ пен торыны,
Көпірсіз судан өтпесе.
Сақтаған Алла талайдан
Мықты екен деп осы көп
Жасқануың жарай ма.
Тәуекел деп бел буып
Жау қарасын көрген ер
Санасуға жарай ма.
Кешікпе, қалқам, енді қайт,
Ата менен анама
Дұғада болсын сәлем айт.
Тілекті берсе көрерміз,
Аман болсақ келерміз.
Ажалым жетсе бұл жаудан,
Қашқанменен өлерміз,
Таусылған дәмге не дерміз.
Осыны айтып қоштасып,
Қалипаны қайырды
Кейінде қалған еліне.
«Иә, Құдайлап» батырлар
Жүрді бастап жөніне.
Арада неше қонады
Ат күйімен жай жүріп
Батырлар тартып келеді.
Бірнеше күн болғанда
Қанды өзенді көреді.
Шалқыған үлкен дария екен
Байқаса ені көз жетпейт.
Қан сықылды қызыл су,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Бұрқыраған шығып бу.
Көпіргенде көбігі
Жексенге тіккен отаудай,
Сел толқыны тым күшті,
Судың түрін көргенде
Қырық жігіттің құты ұшты.
Жоғары суды жағалап
Көпірді ерлер көреді.
Түсейін деп Қобылан
Көпірге сонда меңзеді.
Жібермеді Ерсайым:
—Мұның батыр нең,—деді.
Айтпап па еді Қалипа.
Шығарыңда Аққұртқа,
Ұмытқаның нең,—деді.
Есіне түсіп тоқтады,
Өтпесе көпір өзінен
Бөтен өтер амал жоқ,
Ерді қайғы басады.
Сәске болған мезгіл ед
Ер қысылып егілед,
Алладан бөтен жәрдем жоқ.
Тосыннан келген жолаушы
Көпірден бөтен не біледі.
Ердің біліп сасқанын
Тұлпардан туған торша ат—
Нәсілі сүйін жануар
Сүйегім асыл шын болат
Иек көтеріп есінет.
Жерді тарпып аяқпен
Үш қайтара кісінет.
Тізгінін созып ұсынып
Өтуге суға маңдайлат.
Ер түсініп атына
Сиынды сонда піріне.
Шегініп кейін шығады
Жынды адамдай айқайлап.
Көпіріп жатқан қанды өзен
Екпіндетіп шабады,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ақсұңқардай созылып.
Сонда торы ат ұшады,
Қоба үйректей пырылдап.
Кетті торы ат жылысып
Қырық аршындай шамасы
Ұшқан екен жоғары
Бір тарқады деп еді.
Қырық жігіт пен Сайымның
Мұны көріп құмары.
Ар жағынан торша ат
Жерге түсті дүмп етті,
Жат етті батыр Құдіретті.
Көпірді баққан жалмауыз
Залым жатқан қу, мыстан
Шошып кетті дірілдеп,
Орнынан тұрады,
Батырды көре қалады.
Қарбаң—құрбаң киініп
Батырға тура жүгіріп
Келе жатыр қу мыстан.
Қобылан түсіп жүгірді
Торы атты тастап сол жерге.
Ақырды мыстан бұл залым:
—Қайдан келдің сен,—дейді,
Менің жүрген жеріме
Келуші еді кім,—дейді.
Көктен ұшып түстің бе,
Боласың өзің кім?—дейді.
Жоқ қылайын қазір-ақ
Енді сені мен,—дейді.
Батыр болсаң сескенбе
Берірек кел,—дейді.
Жасамай қару Қобылан
Қамшысын алып қолына
Бір ұрғаннан қалмас деп
Астамшылық көңілмен
Жүгіріп барып ұрады.
Қолы қатты Қобылан
Кемпірге қатаң батады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Тізе бүгіп тік тұрды
Қан сорғалап басынан
Тоқтап кемпір тұрмады.
Қаруды қолға алғанша
Ұстады келіп жағадан.
Екеуі салды алысты,
Алқымнан алып кемпірді
Батыр бермет ерлікті,
Өшіккен залым желікті.
Екі емшекпен кезектеп
Енді сабай беріпті.
Емшегінің қаттысы
Кем емес ұрған күрзіден
Жауырынға тиеді.
Ер жанына батты енді,
Емшегі кемпір қатты енді.
Дүмпуімен ұрудың
Кесек-кесек қара қан
Аузынан атты енді.
Оқыранып тұр тұлпары
Есінің біліп сасқанын
Емшектен тістеп алады.
Төрт тағандап бұл тартып
Емшегін жұлқып жыртады.
Қалғаны да жүк болды
Талып жүрген батырға,
Келтірмей барат ақылға.
Қобылан сасып тарықты
Қанжарға қолы жете алмай.
Бөгелген сайын қырық жігіт
Дариядан өте алмай.
Кісінеді торша ат
Сайымға хабар салғаны.
Естіді Сайым дыбысын
Жаны төзбей қыдырды
Амалын таппай сасады.
Атқа қарай жүгірді,
Кер шабаққа мінеді.
Бүйтсем суға кеткенім.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Досым сасып жатқанда
Мен отырып неткенім.
Қозғалмандар, жігіттер,
Суға қарай шабады.
Айтқанындай Айшаның
Кер шабақта болады.
Арқасы тұлпар құрысып,
Аққан судай жылысып,
Жиырылып атты енді.
Қорыққанынан Ерсайым
Көзін тастай жұмады.
Ат жалынан берік алып
Ақтан жәрдем сұрады.
Ар жағынан дарияның
Торша аттың қасына
Кершабақ барып қонады.
Көзін ашып Ерсайым
Сонда тұрып қарады.
Аттан түсіп жүгірді
Қылышын алып қолына
Тұлпардан туған торша ат
Жұлып тастап бір емшек
Жабысқан екен тағы да.
Бір емшекті жібермей,
Толарсақтап жерге еніп.
Көзі жайнап тұр екен,
Қобыландыдай батырдың
Сасып жүрген кезі екен,
Жүгіріп Сайым барады.
Қылышым қата болар деп,
Жерге тастап қылышты.
Қайта салар шама жоқ
Қанжарға қол салады.
Өкпесінен кемпірдің
Шабысына қарай жарады,
Шалқалай барып құлады,
Қоя берді Қобылан.
Есін танып құлады.
Лөкілдетіп қан құсып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Батыр жатып қалады.
Мылжалады Ерсайым
Басын кесіп кемпірдің.
Өшіккен торы ат қоймады,
Торы атқа беріп тұрады.
Қос аяқтап тебеді,
Кемпірді төртке бөледі.
Жайғастырып болған соң,
Талып жатқан батырды
Аты келіп көреді.
Оқыранып иіскеп,
Еш нәрсе етпес дегендей
Кершабаққа жөнеді.
Ишарат қылып Сайымға,
Оқыранып қасарсып
Екеуі ойнап тұрады.
Жастық жастап басына,
Кідірмеді Ерсайым
Көпірдің барды қасына.
Тетігін көріп ұстады,
Батырларға өттің деп
Ыждиғаттап қыстады.
Батырлар шулап өтеді,
Қобыландыны көре алмай
Не болғанын біле алмай
Қорқынышпен жетеді.
Жайшылық деп Ерсайым
Батырларға хабарлап,
Қорықпай көңілін басады.
Қобылан жатты екі күн
Батқан екен жанына.
Кемпірді елеп көзге іліп
Қару алмай қолына.
Есін жинап ер болып,
Демін алып жатады.
Тынығып ерлер жатқанда
Тор тұлпар мен кер шабақ
Жау келгенін сездіріп,
Басын жерге салады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қауіп етіп аттың түрінен
Қарауылға Ерсайым
Өзі шығып барады.
Қырға шығып қараса
Жер жүзінде қайыққа
Қалың әскер, ауыр қол
Он жеті жерден ту байлап
Кел атқан қаптап көреді.
Қостағы жатқан батырға
Атой беріп шақырды.
Қобылан мінді торы атқа
Қасына Сайым барады.
Бұ да көріп қуанып
Қасында Сайым тұрады.
Найза шылбыр жалғады.
Үшеуін жаудың ала алмай
Екеуі қайран болады.
Қобылан сонда сөйледі:
—Тәуекел етпек, Сайеке,
Не де болса жарасар
Қаптаған ауыр қалың қол
Айтқандай-ақ бар екен.
Әрдайымда жігітке
Жәрдемші пір жар екен.
Алынбасын жүрегің
Неде болса өз басым
Көп екен деп сасалман,
Енді қорқып қашалман.
Жәрдем берсін Құдайым
Неде болса көрерміз.
Сайым сонда күледі:
—Сасқаным менің нем,—деді,
Ажал біреу әзалда
Жазықтан артық іс болмас,
Орынсыз дұшпан күш қылмас,
Тәуекел етпек жөн,—деді.
Ердің көңілі бекініп,
Аттарын ерттеп мінеді.
Дүбірді естіп қос тұлпар
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ерік бермей ерлерге
Жерді тарпып пысқырып,
Шиыршық атып ойнады.
Қара бұлт басында
Ерлерді келіп торлады.
Қанатын жайып төрт бүркіт
Сұңқылдап ұшып ойнады.
Қалың қолдың алдында
Қасарма ағаң келеді
Бірнеше батыр жолдаспен.
Ерлердің тұрып көргені
Көңілін үлкен бөледі,
Желігіп келген жау екен.
Шойынкөт пенен Алмамбет
Құртқан екен өздерін.
Таудан қалай өтті екен,
Тапшы мұны өздерің.
Жиылмалы көпірден
Өтті қалай аман-сау.
Кемпір қайда қараған,
Бір амалын тапқан ғой.
Болмаса ұйықтап сұм кемпір
Тыныштық тауып жатқан ғой.
Өтті қалай сол судан
Ойым жетпей келемін,
Қалай болар ақырын
Бұл Қырымның қаңғыған
Желігіп жүрген батыры.
Қырым Қырым болғалы
Таудан өтті демейді.
Мұса келген бір рет
О да ала алмай тарығып
Барсаланың күнінде
Қайтты кейін деп еді.
Осы келген Қобылан
Өзі жалғыз, өзі жас
Жеке туған ер еді.
Арқадағы қалмаққа
Он үйіне бір қазан
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ойната берді деп еді.
Қырымдағы атақты
Айтушының бірі еді.
Шойынкөт көрген түсінің
Қорқынышы көп еді.
Аумай келіп бар еді,
Бүлінбесе жарар ет
Байтақ елдің арасы.
Қан төгіліп қайтатын
Жеті атадан бері қарай
Келген тағы шамасы.
Қорыққанменен болмайды,
Жайсыз екен қарасы
Екеуіне көз салсам
Түрі бөлек ер екен,
Құрылған болат жебе екен,
Бұлтын көкке үрлеген
Өзінен артық адамды
Жер үстінен де көрмеген
Құстарын қолға қондырып
Ерігіп жүрген неме екен.
Төбесінде төрт құс жүр
Бұл не деген жөн екен.
Өзім барып келейін,
Екенін қандай көрейін,
Тоқтасын әскер осы жерге,
Бар жағдайын білейін.
Осыны айтып Қасарма
Қара қасқа тұлпармен
Батырларға жөнеді.
Келе жатқанын көрген соң
Елші екен деп бұл өзі
Қобыланды қайырды
Кейін қалған қосына.
Сайымның өзі тұрады
Сол төбенің басында.
Қасарма келді желігіп
Қара қасқа тұлпармен.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ұсыныс бас кел болат
Найзасын кесе өңгеріп.
Сөйлей берді Сайымға
Кідірместен бұл келіп:
—Жолың болсын ер,—деді.
Аты-жөнің білдірші
Кім боласың сен?—деді.
—Алыптың жалғыз інісі—
Менің атым Қасарма.
Қырым өткен жоқ еді
Бұл таудан қашанда,
Өттің қалай сен?—деді.
Сонда Сайым сөйлейді:
—Ау, Қасарма, сенбісің
Қан Алыптың інісі,
Артында жүрген тынысы.
Қиын ба еді бұл тауың
Бұзған жанға жұмысы.
Тауыңды бұзып талқандап
Шойынкөтті өлтіріп
Өзіңе келдім мен,—деді.
Асқақтап, батыр, сөйлеме,
Елшіге келсең жөніңді айт.
Ұрысу болса керегің,
Күш сынасаң мен әзір.
Таудан қалай өттің деп
Сұрағаның нең?—деді.
Сонда сөйлейді Қасарма:
—Қарсы келген адамның
Сөз сыпайы бола ма
Айтшы, батыр, қашанға.
Өзіннің атың кім,—деді,
Өткеннің белгісін
Көп сұрайын мен,—деді.
—Жөн сұрасаң айтайын
Менің атым Ерсайым,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыланның жолдасы.
Бұзылмай қалмас сау жүрсек,
Алла тізгін оңғарса,
Жаудың тіккен ордасы.
Сайыпқыран қырық жігіт
Бәрі батыр, бәрі бек—
Қобыланның жолдасы.
—Олай болса, Ер Сайым,
Қобыландыны шақыршы,
Көрейін енді көзіммен.
Жұмыстарың білемін
Ізденіп жүрген ізінен.
Қарындасым Илия
Ғашық болып қан жұтып
Қобыландының өзіне.
Қандай екен көрейін,
Ғашық болып ылғанған
Батырын анық көзімнен.
Қарындасым Илия
Теңін тауып қосылса,
Тегін берем деуші едім.
Айтқандай болса атағы
Өз көзіммен көрейін.
Ерсайым атой берді Қобыланға
Асығып отырған ер шаққа түзеп.
Атына мініп алды мұны көріп,
Қобылан келе жатқан көріп көзі.
Сайымға кете бер деді Қасарма өзі
Оңаша сөйлесейін батырға өзім,
Бұл жерде тұрма батыр енді өзің.
Батырдың келе жатқанын көріп тұрмын,
Түсінің бұл айтқанға, Сайым өзің.
Ерсайым түсінді де жүре берді,
Батырға ер Қобылан қарсы келді.
Сөйледі сонда Сайым айтып жайын
Қасарма келіп тұрған ханның өзі.
Балқыған нұры толып ай секілді
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Адамның сұлуы екен тағы да өзі.
Жас бала жас толмаған, сөзі батыл,
Батырым, аңдап сөйле болма ғапыл.
Төрт жағын бірдей балап сөйлейді екен,
Жеңіліп кейін қайттым мен де өзін.
Күйеуді көрем дейді өз көзімен,
Тең тауып қарындасым ғашық болса,
Берем деп өз қолымнан бердім сертті,
Оңаша сөйлесемін кел деді өзің.
Қобылан болады деп жүре берді
Қасарма ханға тұрған келді жетіп.
—Қобылан, жолың болсын, батыр өзің,
Бөтеннен маған жақсы болдың өзің.
Илия ғашық болды сонша жерден
Ізденіп келіп тұрсың мұнда өзің.
Бүлдірмей сонша жұртты елші салсаң,
Кім бермейт қызын тегін саған өзі.
Өлтіріп Шойынкөтті таудан өтіп,
Келіпсің сонша жерден мұнда өзің.
Батырым, жүрісіңді баяндашы
Қандай зат саған мұқтаж болған өзі.
—Қашаннан қаның қарсы едің, қалмақ,
Мұқтажым сенің тартып қызымды алмақ.
Оңғарса Алла тізгін бұл сапарда,
Өлтіріп хан Алыптың басын алмақ.
Қашаннан қаның қарсы жау болғасын
Мұқтажы жау адамның қандай болмақ.
Қасарма қайран қалды бұл сөзіне,
Қызбенен бітім қылмас жоқ түріне.
Мақұсты бізді құртып жеңбек екен,
Мұнымен жөн сөйлесіп болмас өзі.
Ойланып жан-жағына тұрды қарап,
Батырдың аты менен өзін сынап.
Оқ тартып қару менен ұрыс қылсам,
Қалар деп Илияжан тағы жылап.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ойланып ер Қасарма тағы да айтты:
—Қобылан, көнемісің мына сөзге,
Кемің жоқ сипат тұлға нұр түсінде
Себеппен сені айдаған қарындасым,
Құлады саған тағы ықыласым.
Қарусыз күресейік кел екеуміз,
Қарудан жазым болсақ қапа қылар,
Күні жетсе кім аяйды ерді құмар.
Жығылып-жығысқанды серт қылайық,
Сеніменен достасуға болдым құмар.
Ойымнан тас та болса түспеуші еді,
Әркімде өз көңіліндей ойлағанда
Өзіңнен адам артық демеуші еді.
Илия қарындасым сыр жасырмай
Мен ғашық Қобыланға болдым, аға,
Қоссайшы екеумізді сен деуші еді,
Құсамен қайғыланып күнде жылап.
Жалғыздың көңілін қимай жылаған соң
Шақырам осы күзге мен деуші едім.
Көңілімнен Илияның кетпейді сөзі,
Ғашықтық қайғы түскен байғұсқа өзі.
Илияның жалғыз ауыз сөзі үшін
Айтамын шын көңілімнен батыр өзі.
Жасқанып тау шағылмай бітім қылмайт,
Алыпты жалғыз ағам тентек өзі.
Қобылан, мақұл десең достық сөзім,
Өлімге қимай тұрмын сені өзім.
Сырыма шын айтқанда нанбасаңыз,
Не дейін бұдан артық саған өзім.
Қобылан мақұл көрді айтқан сөзін,
Қимай тұр Қасарманы бұ да өзі.
Атынан жерге түсіп екі батыр
Күреске ыңғайланды енді өздері.
Сайым да жақындап тұр бұл қасында
Екеуі салды күрес қыр басында.
Көтеріп бірін-бірі алып жерден
Буратты топырақты оң мен солға.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сан шұқыр болып кетті жүрген жері,
Таң қалды көрген жанның мұның өзі.
Алып та тұрды көзін жеті салып,
Шақ келген Қасармаға қандай жан деп,
Қайғырат қайтеді деп есін танып.
Бір-бірін лақтырат аямастан,
От шығат тиіп кетсе қара тастан.
Сол күні күніменен күресті ерлер,
Тынбастан түніменен жүрді тағы.
Шаршайтын адам емес бұлар тіпті,
Дүбірі бір күншілік жерге жетті.
Күн шықты көтеріліп ұясынан
Ерсайым тілеп тұрды бір Құдайдан,
Кәпірдің сүріндірме баласынан.
Талқан болат екі батыр жүрген жері,
Демім қалмат көк сауыттың жағасынан.
Тілейді жәрдем батыр енді ішінен
Жәрдемгер дем сүйеуші бабасынан.
Торлады көкше бұлт тағы келіп,
Бабасы Шайқы Бүркіт жуық келіп,
Ерсайым бұлтты көріп көңілі толды.
Батырға сонда ақырды жуық келіп:
Ей батыр, не қылғаның мұнша жүріп,
Төзе алмай келдім жақын бойым еріп.
Қобылан күлді сонда саспа, Сайым,
Абырой берсін өзі бір Құдайым.
Шамданып сүйек қызар қамшыменен
Бір ұршы жауырыныма енді Сайым.
Шақырып ұрандады батыр сонда,
Күші бар Ерсайымның екі қолда.
Шылбырын алып жиырып, қамшыны алып үйіріп,
Арқаға салып қалды қимылдатып.
Жиынып ердің қолы қатты енді,
Жай ұрса да батырдың арқасына батты енді.
Күшін жинап, қолын көтеріп жерден алды,
Айналдырып қаңбақтай былғап жерге ұрады,
Суырып алды қылышты шабайын деп.
Қасарма сонда күледі,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Батырға тіктеп қарады
Жарайсың, достым, ер деді,
Уағдадан жаңылып
Жұмсаған қару нең деді.
Өлтірем десең өзің кел,
Айтысқан сөзден жаңылып
Кетің батыр сен деді.
Жығылды батыр сөзінен,
Орнынан тұрып шақырды.
Ерсайымның өзінде
Жеті батыр жалғаса
Бірге келді ізінде.
Қасарманы байлады,
Қосқа апарып тастады.
Жігіттер алып жөнеді,
Жіберме деп сүйегін
Әскерге алып бұйырды.
Қаптады әскер қалың қол
Шапшаңдап мініп атына
Қобыланды алады.
Сайымменен екеуі
Тізе қосып ұрысты.
Араға түсіп кернеді,
Жігіттерге жібермей
Батырлар қылыш сермеді.
Қайырды жауды ақырып,
Қойға тиген бөрідей,
Қуды кейін жапырып.
Екеуінің дауысы
Жерді жарып барады,
Аямай ұрыс салады.
Ерлердің көріп қызығын
Әлімбет қатты тарықты.
Қасарма батып жанына
Көздің жасын тия алмай
Қалмаңыз енді бірің деп.
Осы жерге екеуін
Тірідей байлап келді деп.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жұмсады батыр палуан
Түңілгендей іс болды,
Көрген адам жанынан.
Қобылан салды ұрысты
Бет алдына шыдамай,
Жау табаны жылысты.
Суырып алды алмасын,
Жат етіп батыр Алласын.
Әшейінде бүктелген,
Шын тұлпарға жүктелген.
Сермегенде қырық құлаш,
Кескен жері жым-жалас.
Сермемесе бір құлаш
Шойынкөттің көргенін
Өтірік емес қылды рас.
Қамаладан қалыңды
Қақ барып батыр шабады.
Алып тұрып жиектен
Мұнарадан қарады.
Ердің көріп ұрысын
Іші оттай жанады.
Халыққа салды зарлықты
Қасында тұрған Алып хан.
Елші болып баратын,
Бұдан хабар алатын.
Кім бар екен көңілді
Тілегенін беремін.
Алдына келді Илия
Көк аяқ атпен ұмтылып:
—Барайын, тақсыр, мен,—деді.
Сонда Алып қалады:
—Жас баласың, қарағым,
Жасқанып қорқып бара алмай
Жалған айтып жүрмеші.
Сонда жігіт сөйлейді:
—Алдияр, бас тақсыр хан,
Жасқанман жаудың өзінен,
Ұлықсат болса өзіңнен
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Кім екенін айырып
Келу болса керегі
Айырып анық келемін.
Елшіге бейнет өлім жоқ
Білетін шығар Қырымда
Жол емес пе еді келе жатқан.
Ақымақ па ол адам
Білетін шығар бұрыннан.
—Олай болса, бар,—деді,
Осы екеуін айырып
Атағын біліп кел,—деді.
Туғызайын қара түн
Келген соң бұған мен,—деді.
Жүре берді Илия
Белгісін алып елшінің.
Қалың жауды аралап,
Ерлерге қарсы жүреді.
Қобылан мен Ерсайым
Елшіні көзі көреді.
Желігіп жүрген батырға
Елшіге барат қарамай,
Арасын жаудың аралай.
Қолында алған найзасы
Қалмақтан асып қайласы
Қара қошқыл қан болды.
Келте-келте сай басы
Қанменен ағып барады.
Қалмақтың киген дегені
Көпшілігі бұл қалмақ
Бірін-бірі басады.
Тұлпар менен Кер шабақ
Кеселеп басты белінен.
Илия қуып жетеді
Ерсайымның ізінен.
—Жол болсын, батыр ер,—деді,
Елшіге бейнет өлім жоқ.
Ханнан келген елшімін
Сөйлесейік кел,—деді.
Атақтарың кім болады
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жасырмай айтып бер,—деді.
Мұқтаж болды ханымыз,
Кім боласыз өзіңіз?
Сайым сонда қарады:
—Құртқа айтқан белгі бар.
Қызды тани қалады,
Әумин,—деді,—шырағым,
Өз жөніңді жасырмай
Әуелі айтшы, қарағым.
Түріңді аңдап қарасам,
Ұқсамайсың еркекке.
Илиямысың, шырағым,
Аттанарда Құртқажан
Айтып еді өзіме.
Ат пенен түрің ұқсайды
Сонда айтқан сөзіне.
Илия сонда күледі:
—Асыл төрем, ер,—деді.
Ғашық болып қан жұтқан
Сол Илия мен,—деді.
Көп кідірер жағдай жоқ,
Өзіңе өзің берік бол.
Әлде де келет ауыр қол,
Жетпіс екі палуанмен
Жібереді темір тор,
Қапыл түсіп қалмаңдар.
Қобылан менен Илия
Ишарат қылып көрісті,
Бірін-бірі танысып
Сол арада білісті.
Кетті кейін Илия,
Алыптың барды жанына,
Көргенін баян қылады.
Қобылан, Сайым ер екен,
Қырымнан шыққан екеуі
Қанды судай кешіп жүр.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шыдатарлық ер емес,
Мың кісіні көрмейді,
Бір кісідей көзге іліп.
Тобылғы меңді торы атты
Алдында жүрген Қобылан
Жасы жиырма шамасы,
Артында жүрген Ерсайым
Қырыққа келген түрі бар.
Бұл екеуі сау жүрсе,
Жан қалмайтын түрі бар.
Амалың болса қанымыз,
Енді қылып қалыңыз.
Екпінінен қорқып,
Шықпай келді жанымыз.
Алып:
—Разымын балам,—дет,
Сендей елші табылмас.
Бұл соғыстан маған керек,
Разы болдым өзіңе.
Таймай қарсы барған соң,
Жаудан хабар алған соң,
Өз қасымда бол,—деді
Хан қасына алады,
Тағы да төрт мың әскерге
Бер деп жарлық салады.
Шынжырменен байлаған,
Босанса, бүлік салар деп,
Дәулет бар еді ойлаған
Жетпіс екі палуан
Әрқайсысының қолына
Тоғыз қабат темір тор
Алың деп әмір береді
Қобыланды, байлап бер,
Көңілімнен тарқасын
Бүгінгі күнгі қапа-шер.
Дұшпанды байлап әкелсең,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сендерге азат беремін,
Осыны айтып босатты.
Байлауда тұрған ерлерін,
Жан торығып сасады
Көргенде мұның түрінен.
Астарына піл мініп,
Жүре берді өздерің.
Шаң үстіне шаң басты,
Бір-бірінен батырлар
Көптігімен адасты.
Еселеп келген әскердің
Тағы да көріп шапқанын
Қыдырхан сонда сөйледі:
—Лайық болмас, жігіттер,
Қоста тыныш жатқаным.
Бұрқасын мен Шыныбек,
Аттарыңа мініңдер.
Қоста қалың оныңыз
Отызың бірге жүріңдер.
Не салғанын Алланың
Бүгінгі күні көрерміз,
Ажалды болсақ өлерміз,
Бейнетті болсақ бөлерміз.
Қайырмады жігіттер,
Аллалап атқа мінеді.
Нұрқасын мен Шыныбек,
Қыдырхан мен Нысабай
Бастап алды төртеуі,
Жауға бұлар тиеді.
Шыныбек пен Нұрқасын
Жауды қырып оқ атты,
Оғын қардай боратты.
Батырларды көре алмай,
Аттарын шауып бұлатты.
Ер басына мың кісі
Санағанда келгенде.
Қайран болды Алып хан;
—Бәрі батыр неме екен.
Біздің әскер байқасам,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бір қоғажай шөп екен.
Шыдатар емес қарасам
Қырымнан шыққан қырық батыр.
Естуім бар ет сыртынан
Бас қосқан екен тегістен.
Дым қалдырмас бұлардың
Түрі жаман тұрыстан.
Манағы келген жетпісі
Қобыланды ортаға
Аңсыз жүрген алады.
Тоғыз қабат тор тастап,
Батырды байлап алады.
Тор ішінде қозғалмай
Ер Қобылан тұрады.
Тұс-тұсынан тартады
Қозғалта алмай тақымын.
Толқымай торы ат тұрады,
Төрт тағандап жануар.
Ақырды сонда Қобылан:
—Қайдасың, Сайым, кел,—деді.
Аңсыздықтан байланып
Түстім торға мен,—деді.
Даусын естіп сонадан
Нұрқасын мен Шыныбек,
Қыдырхан мен Нысанбай
Тобымен жетті бұл жерге.
Ердің көріп тұрғанын,
Байланып қол қалғанын.
Шыныбек сонда ақырды:
—Қырыл,—деп,—жігіттер
Қобылан үшін қан төгіп!
Байланыпты арыстан,
Дін дұшпаным тұр төгіп.
Жаным құрбан жолына,
Түсірмей жылдам алайық
Жау кәпірдің қолынан.
Жігіттер жауға қаптады,
Тартынып атын тартпады.
Сайым да келді бір жақтан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сұр шабақты бұлаған.
Қобыланның дауысын
Естіп батыр қараған.
Нар кескінді қолға алып,
Тор ұстаған дұшпанға
Тиді батыр оңдалып.
Торды талқан қылады
Сайым шапқан көк алмас.
Шіркін бөздей көрмеді,
Болат арқан темір тор
Дал-дал қылып қияды.
Қобылан да қозғалып
Босанып тордан ұмтылды.
Жетпіс екі палуанға
Ашуы келген Қобылан
Бүркітше тиіп жүреді.
Найзаменен шыдатпай
Ат үстінен түседі.
Торша аңсыз түскенге
Іші оттай күйеді.
Ашуы келіп долданып,
Қорамсаққа қол салып,
Суырып алып көк жебе,
Оны байлап тізеді.
Бүркіттей болып пілінен
Құрқырап ұшып құлады.
Амалы аспай пайдаға
Бет-бетіне тарады.
Жетпіс екіге келгенін
Біреуін шашау жібермей
Сол арада қырады.
Мұны көріп Алып хан
Сақалын жұлып жылады.
Жігіттері жиналып
Амандасып батырдың
Қал-жайын сұрады.
Есептесе Ерсайым
Сегіз жігіт жоқ екен.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
—Қоста нешеу қалды?—деп,
Шыныбектен сұрады.
—Қоста қалды он жігіт,
Жаудың түрін көрген соң
Қауышам деген сіздермен
Бізде жоқ-ты еш үміт.
Отызымыз келгенбіз,
Кім бар, кім жоқ белгісіз
Осы арада бас қостық.
Қобыландыдай батырдың
Торға түсіп шақырған
Даусын естіп ат қойдық.
Тірі жүрсе бар шығар,
Түгендерміз артынан,
Қазір қайдан табылар.
Қобылан сонда сөйлейді:
—Жігіттер, қайтың қосқа,—дет,
Алланың болар жазғаны.
Не де болса саспа деп
Бір тәуекел Аллаға.
Сайымменен екеуміз
Жау шамасы байқалды
Ажалдың уы тимесе,
Берерміз жауға сыбаға.
Қос жағына мықты бол,
Қайтыңыз енді шын, аға.
Сайым менен Қобылан
Ерлерін салып алдына
Қайтарып кейін барады.
Қашаған қуған адамдай
Қобылан мен Ерсайым
Қамаған жауды қуады.
Қалың түнек тұманнан
Шығарып салып бұларды.
Қайтадан шаппақ екеуі
Тарқатпай жүрген құмарды.
Сонда сөйлейді Қобылан:
—Соңы қандай болады,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жаудың тобы тым жаман.
Қайтсақ, олжа болар ет,
Бұл сапардан енді аман.
Қайда екен сегіз жолдасым,
Аман болса жарар ет.
Өлгеніме өкінбен
Олар аман сау болса
Не де болса өз басым
Қимылдай көр, Сайеке,
Сақтаулы күшің қалмасын.
Ажал жетсе, көрерміз
Сағым шалған қыр басын.
Екі күннен бұл асты,
Жау жалғасып ұласты.
Артымды бағып өзің жүр
Аңдығаны мен шығар.
Қорыққанменен қоя ма,
Мезгілі жетсе жан шығар.
Бет алдыммен жүрейін,
Көп болмақ түгіл сан болсын,
Қызығын мұның көрейін.
Осыны айтып Қобылан
Жауға тиді есіріп.
Шапты торы ат жазылып
Төрт аяғын көсіліп.
Көк алмасын алады,
Оң мен солға сыпыртып,
Батыр шауып қарады.
Қолына алып қылышты,
Ұлғайтты батыр қырысты.
Тебінгісін терлетіп,
Өтетті ерлік өрлетіп,
Түтігіп түсі бұзылып.
Түйдекпен тұрған топ болса
Төзе алмай кетті бұзылып.
Жау да болса сүйінді,
Көргені бұған қызығып.
Анда-санда қояды
Батыр қатты ақырып.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жүрегі ұшып көп өлді
Қайғыланып, аһ ұрып.
Қанды суға жіберді
Сонша төгіп сапырып.
Анда-санда қояды
Бармысың Сайым шақырып.
Астына мінген торы аттың
Жарауы түсіп желікті.
Ауыздықпен қан ішіп,
Қан ішкен сайын елікті.
Сымбатына көз салса,
Сырлап жонған сырықтай.
Мойнына көз салса,
Қобылан жонған уықтай.
Басын жерге иеді
Жауға батыр тыншытпай,
Желігіп асып тиеді.
Артында жүріп Ерсайым—
Бұ да қарап жүрген жоқ,
Ерлігін ердің сүйеді.
Найза қылыш, бес қару
Шапшаңдығы кім сондай
Көз ілеспей алады.
Қандай келсін ыңғайға
Келгенімен салады.
Саржасын тігіп атқанда
Он-он бестен құлады
Бұрынғыдан жапырып,
Жауды өшігіп қырады.
Алып тағы шақырды
Елшіге барар баласын.
Өзіміздің адамға айтып
Ашсын бұдан арасын.
Аждаһаны жіберем
Болмас деді өзгеге,
Бастарын бағып қарасын.
Қамданды сонда Илия
Күреңді мініп алады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қырмызы қызыл киініп,
Тағы да кетіп барады.
Аралап жаудың арасын,
Халқына хабар салады.
Қобылан менен Сайымға
Қарсы келіп тұрады.
Танымай қалып Қобылан
Найзасын алды үйіріп,
Илия қорқып бір састы,
Сайымға қарап бұл қашты.
Араға түсті Ерсайым:
—Танымай, батыр, оның не,
Елшіге бейнет өлім жоқ,
Тоқтай тұр,—деп айтады.
Біреу сезіп қалар деп,
Келіп тұрған Илия.
Ат үстінен сыбырлап,
Не хабары болар деп.
Илия сонда сөйлейді:
Жау тарайды қума деп,
Қаптатады жыланды,
Бастарыңды қорға деп.
Атсыз жаяу тұрыңдар,
Сонда болар бір амал,
Атқа жазым қылар деп.
Айтты да шауып жөнелді,
Кідірмеді деңіне
Араласып қалмақтың
Қашың деді көбіне.
От шашып келет аждаһа
Жерді сабап ысқырып.
Торша ат пен кер шабақ
Жер тарпиды пысқырып.
Аттан түсе қалады,
Қоя беріп екі атты,
Екеуі жаяу тұрады.
Етек-жеңін түрініп,
Жыланмен ұрыс салады.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шыдатпады екеуі
Дал-дал қылып қырады
Ұстап алып басшысын
Былғап жерге Қобылан
Құйрығынан ұрады.
Басшысы қолға түскен соң
Қалғаны қашып барады.
Тауға кетті басын бағып,
Алып көріп зарықты.
Қоймас деп мынау халықты
Басын жерге сабады.
Сақалын жұлып жылады,
Төрт күннен бері тынбаған,
Орыстың көрдім мұндайын.
Аждаһаны шыдатпай
Нешік амал қылайын.
Жетпіс екі палуанды
Талқан қылып мұны алды,
Енді алмаған не қалды.
Шығайын өзім мұнымен,
Кәрілік жеңіп кетпесе,
Бір тарқатып құмарды,
Артық емен халқымнан.
Он сегіз жасар Қасарма
Ғайып болды көзімнен,
Тірі-өлісі белгісіз
Артықпын ба солардан
Мен де өлейін ізінен.
Елшіні бала шақырды
Жеті күн дәулет берсін деп.
Ат жүрмеді өліктен,
Тоқтасын батыр желіктен.
Қамтамасыз болайын,
Қалғанымды жияйын.
Тілегім берсін сұраған,
Іркілмей, балам, бар соған.
Қамданды сосын Илия
Қандай заман болат деп
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мінді қара жорғасын.
Өлімге байлап аянбай
Жүр Илия бір басын.
Батырларға баяндат
Ханның салған қолқасын.
Сөйледі сонда Илия:
—Батырлар, енді сақтаның
Өзі шығат майданға.
Құдай жөнін бермесе
Оңайсынып ойланба.
Жақындаспа өзімен
Құдай ұрсын ізінен
Амалы көп істеген.
Қашса, қуып жүрмеңіз,
Бүркелмелі қандек бар.
Жебелі қорған түрі бар,
Қазған терең оры бар.
Сақ болыңыз осыдан,
Бірге жүрмін ішінде
Шошынып жаным қорыққан.
Аман қайтсаң игі еді,
Болса барып жорықтан.
Жасып отыр жасқанып
Жанына батып ел-жұрты
Уайым шеккен емес ет.
Бұл жалғанда талығып,
Амал құрып таусылды
Уайымы ойлаған.
Алам дейт қайтып нағылып
Айтып болдым, жігіттер,
Қайтамын деп ізімнен
Не дейсін ханның сұрауын.
Сонда Сайым сөйледі:
—Жазғанын Алла көрерміз,
Арта берсін сенімің,
Сен келген соң амал жоқ.
Сұрағаны жеті күн.
Дем алу болса берерміз
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Амалын тапсаң келіп тұр,
Хабарын бізге беріп тұр.
Тілек бірге, шырағым,
Бара бер деп Ерсайым
Батасын беріп қалады.
Жайшылықпен сөйлесіп
Қобыландыны көрген соң
Қыздың көңілі тынады.
Қош айтысып бұлармен
Аттың мойнын бұрады.
Арада бітім болған соң
Туын жинап долданып,
Жамылып қара басына,
Қалғанын ертіп қасына,
Қаласына қайтады.
Қобылан Сайым бұ дағы,
Қайтқанын көріп бұлардың
Қосқа қайта жүреді.
Ердің көріп аманын
Алдынан шығып жігіттер
Қуанысып қалады.
Жігіттерден Қобылан
Жоқ сегізін сұрады.
Айта алмай сонда бөгеліп
Шыныбектер тұрады.
Жоқтығын біліп жігіттің
Атынан түсіп Қобылан
Жер бауырлап құлады.
Аз кісіге көп қырғын
Мұны да батыр санады.
—Қасарма қайда жатыр?—деп
Жігіттерден Ерсайым
Қатты айқайлап сұрады.
—Шұқырда жатыр Қасарма
Неше күннен бер қарай.
Естіген соң шошынды
Батыр Сайым төзе алмай
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жүгіріп өзі барады,
Шұқырдан тартып алады.
Қол-аяғын босатып
Амандасып тұрады.
Амандасып ерменен
Қобыланның жатқанын:
—Ер Қобылан қайда?—деп
Сайымнан сонда сұрады.
Сайым сонда айтады:
—Әне жатыр батыр,—деп,
Аз кісіге көп шығын
Сегіз батыр жоқ болды.
Уайымдап соларды,
Келген соң естіп жатыр,—деп.
Сайымменен екеуі
Қасына ердің барады.
Сонда сөйлет Қасарма:
—Ажалды жан қайда өлмейт
Тірі жүрсе жалғанда
Ердің басы не көрмейт.
Өткен іске өкініп,
Батыр, мұнша қайғырма!
Басыңды көтер сен,—деді,
Ел-жұртымды қыдырып,
Байлаулы жаттым жеті күн
Ажалым менің жоқ шығар.
Құдай қосса досым деп
Ерлігіңе сенгенім.
Ұрысқалы жеті күн
Бүгін қайтып келгенің.
Мен де өзіңдей ер едім
Екі аяқты бір басты
Жанға болман дер едім.
Бағым тайып басымнан,
Халқымның кетіп қасынан,
Қол-аяғым байланып,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шұқырға түсіп қалғаным.
Көтермейтін жан бар ма
Рас болса Қобылан
Алланың басқа салғанын.
Байланып мұнда келген соң
Молдадан нысан үйрендім.
Ақтың жолын анықтап,
Құдай бір де, Құран шын,
Білдім кәмал мен танып,
Мұхаммедтің дініне
Ықылас қойдым шын нанып.
Достық қайда көңілің,
Көрісейік Қобылан
Енді екеуміз қолды алып.
Қобылан:
Көтеріп басын алады,
Құшақтасып көрісіп
Амандасып тұрады.
—Ақыреттік доспын,—деп
Қатемді өт,—деп сұрады.
Аз ғана күн жәбірге
Кездестірдім, Қасарма,
Көңіліңде қалып жүрмесін
Күнәмді кеш деп өтінем.
Әл шықпай шаршадым,
Ойға алған ісімнің
Шығармын қашан шетіне.
Айналдырған қырық кісі
Сегізі өліп қалған соң
Аз жара болмай өзіме
Жатыр едім қайғыланып.
Елге аман барайын
Күн болса ертең не дермін,
Атасы мен анасы
Алдымнан шығып жыласа.
Жасымнан жауға шыққан
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жаралы болған жоқ едім
Жаудан қалып жолдасым.
Қаса жаман қорғайды
Қысылған жерде өз басын.
Қалғаны аман болса да
Шүкір етем Аллаға.
Айтқан сөзің дұп-дұрыс
Құтылмайт пенде жазғаннан.
Күнәмді кешсең мен риза.
Шұқырға түсіп қалғанға
Достым дедім Қасарма.
Екі болмас сөзімнен
Не десең де ерермін
Осы сапар ізіңнен.
Жеті күн мәулет сұрады
Алып ағаң өзіңнен.
Мәулетін беріп қайырдым
Дос пенен қастың арасын.
Батыр, айтқан сөзіңнен
Ықыласың танылды,
Айрылды сөзіңнен.
Қасарма батыр кеңесіп,
Қобылан, Сайым үшеуі
Жатты ерлер тынығып.
Ертеңгі күн барады,
Жеті жігіт бөлініп
Сегізін өлген табады.
Арулады ақ жуып
Бұйырған жері осы деп,
Намазын оқып қояды.
Аттарын ердің баптады,
Мұқалған қару найзасын.
Күдігін құрып ер Әбжан
Кеміс жерін таптады.
Батырлар дем алып, жеті күн сол арада жатты. Қасарма
батырдан түрлі жағдайдың барын түсініп, көңілдерін көтеріп,
ойнап-күліп жата берсін.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Хан Алып та арланып тағы шықты
Жиынып бар қаруын алды бойға.
Тағы да майдан асты жекпе-жектеп,
Майданға өзі кірді жеке келіп.
Қобылан:
Батыр да әзірленді мұны көріп,
Жігіттер қарауылда хабар беріп.
Тобылғы жеңді торы атты
Алла деп ерін салады.
Бес қаруын байланып,
Алыпқа кетіп барады.
Тапсырдым деп Құдайға
Батыр Сайым қалады.
Майданда тұрған Алыптың
Қасына барып Қобылан.
Барса Алып тұр екен
Найзасын жерге таянып.
Күйінгеннен төзе алмай
Көзі жасқа боялып.
—Қаңғырып келіп, қазағым,
Ел бүлдірген нең,—деді.
Елемей қалып әуелде
Қапы қалдым мен,—деді.
Қасарман, нағылдың
Айтшы соны сен,—деді.
Қобылан:
—Рас па,—деді,—Алыбым,
Азайған шығар қалығың.
Біткен шығар жеріңнің
Қанменен аққан жарығы.
Қасарманы не етесің,
Алла тізгін оңғарса,
Сен залымсың имансыз
Жаһаннамға кетесің.
Сендей талай менменсіп
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Лебімен қазан пісірген.
Менің атым Қобылан,
Тағынан шаншып түсірген.
Басыларсың, Алыбым,
От жанып көңілің ісінген,
Мұсылман кәпір болған.
Орындалмай келе жатқан
Сен едің жалғыз арманым.
Беріктікке жан сақтап
Өзімнен бөтен жан жоқ деп
Ешкімді көзге ілмедің.
Алдыңа келді енді Алып
Алмамбеттей қанша.
Орынсыз зәбір бергенің
Есімнен менің қалар ма.
Алты жасар күнімде
Айдалада кездесіп
Өлтірем деп сүйгенің,
Сол кек үшін келгенім
Алшағыр мен Бабақан
Бар сенгенің Көбікті
Естіп пе едің егенін.
Білмей тұрсың, сен Алып,
Шамыңның жаққан сөнгенін.
Таусылғаның емес пе
Майданға өзің келгенің.
Халқың көріп түңілер
Жемтігіңді итің жеп
Салбыратып басыңды
Бәйтерекке келгенде
Астындағы ақ тобық
Алла қосса менікі.
Асылдық болмас бұл сөзім
Құдай деген ер едім.
Исламның ері үшін,
Халқымның байтақ қаны үшін
Сарарқадан келемін.
Етек кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өшпеді деп тауыңнан
Мақтанасың Қырымды
Өтіп келген мен едім,
Жер қобасы сен едің.
Нағып тұрсың сен шыдап,
Ұрысам десең кел деді.
Алып:
Ашуланып долданды,
Қобыландай батырға
Аңсыз тұрған кезінде
Толқытып найза бұл салды.
Қобылан шапшаң ер еді,
Найзасын тәнге тигізбей
Балтамен қағып жіберді.
Найзасы сынып Алыптың
Аспанға ұшып барады.
Екеуі келіп ұрысты,
Қарсыласып қағысып.
Түрлі амалын қылысты,
Найза қылыш жұмсады.
Қарудан пайда бола алмай
Екеуі біраз жүреді.
Екі жақта тұрған жан
Ұрысын көріп бұлардың
Қайран болып тұрады,
Найза сынса, жаңалап
Жеткізіп тұрды бұлар да.
Біраз заман жүрген соң,
Алып қарап батырға:
—Е, Қобылан балам, дейт,
Дұшпан да болсаң күшің тең.
Қолға алған қаруым
Түк қылалмат саған да,
Сүйегің болат шыны екен,
Өзіммен теңгел сен екен.
Қарудан болмайт еш пайда,
Жерге түсіп қаралық,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Белгі етіп жерді сызалық.
Арқан байлап белдесіп,
Тартысып сөйтіп қаралық.
Өткізіп тартып сызықтан
Күші жетіп кім алса,
Бағынып соған тұралық,
Көресің қалай сен?—деді.
Қашатұғын ер емес,
«Мақұл» деді Қобылан,
Аттан түсе қалады,
Айғай салды хан Алып
Артында қалған халқына.
Тоқсан құлаш тор арқан,
Тоғыз қабат сол арқан
Алғызып алып салады.
Жерді сызып қамданып,
Белдеріне байланып,
Екеуі барып тұрады.
Сонда Алып сөйледі:
—Ер Қобылан сен,—деді,
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі.
Мақұл десең ақырып,
Берік болып тұр,—деді.
Ер Қобылан есітіп
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Әруағын шақырып,
Салмағын жерге салады.
Бөкседен жерге енді енді
Батыр кіріп барады.
Су өгіздей өкіріп,
Тауда жүрген арқардай.
Тартты алып секіріп
Қозғалталмат қарында.
Қалды ма деп шамданып,
Соншама дұшпан бекініп.
Кәрілік жеңіп кетті ме
Алпыс үшке келгенде.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бақырғандай баланы
Тартып жерден ала алмай
Дәуренім бастан өтті ма.
Осыны айтып хан Алып
Нар бурадай бақырды.
Күшін жинап бойына,
Батырды тартып қарады.
Суырды жерден шыдатпай
Түтіккен екен сонда Алып
Тоқтатпастан батырды
Сызыққа алып барады.
Жалғыз табан бір сүйем
Жақындады сызыққа.
Қамданға шатағын алып
Қожекең жетіп қалыпты.
Етегінен берік ұстап,
Қобыландының Алыпты:
—Састым, балам, мен,—деді.
Жетпегенде тездетіп
Кетіп едің сен,—деді.
Салмағыңды сала бер
Не қылар дейсің кәпірші.
Сасқан екен Қобылан
Тәубеге келді соңынан.
Шалсынып батыр жүргенде
Шалдықтыра жаздады
Намысты беріп қолынан.
Тартты Алып ақырып
Арқанды үзіп барады.
Екпінімен тоқтамай
Етпетінен құлады.
Қайтадан тұрып хан Алып,
Тағы да арқан алдырды.
Белдеріне байланып
Ақырысып тұрады.
Кезегін алып Қобылан
Арқанды тартып қарады.
Бір тартқанда ала алмай
Екінші тартты шамданып.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Күшін жинап бойға алып,
Екі адым жерге қозғалтты.
Одан артық ала алмай
Батыр қайран болады.
Кезекті Алып тағы алып,
Мықты бол, деді, Қобылан,
Қате кеттім деп жүрме
Дауыңды салып соңынан.
Қобылан жерге салмағын
Ашуланып салып тұр.
Бабасы да жабысып,
Арқаннан келіп алып тұр.
Қанша Алып тартса да
Қаратаудай салмағы
Қобыланның болып тұр.
Балағынан тер құйып,
Қаһарланып кәрі Алып,
Үш тартып арқан үзеді.
Қозғалталмат орнынан
Сосын-ақ күдер үзеді.
Қабағын тастай түйініп
Атына барып мінеді.
Бұ несі деп Қобылан
Аңқаулықпен тұрады.
Уәдесі қайда деп
Атына кетіп барады.
Мінді де қашты қу алып,
Ойынан шықты қумайтын
Тобылғы меңді торымен
Соңынан қуып барады.
Құтылсаң Алып көрермін,
Айғай салды Сайымдар
Қума, батыр, қума деп,
Қателесіп қалма деп.
Ажал мен бейнет жігітті
Тартпай қоймас ізінен.
Екі көзге қан толып
Тоқтамады Қобылан.
Қуа берді жетем деп
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қашқан жауға қатын ер
Айырылып қалғанын
Намысын көріп долданып.
Жетпедің деп торыны
Қамшымен тартып жіберді
Ашуланып бір салып.
Қашты залым жөнімен
Өзінің білген жерімен.
Төте қуып тоқтатып,
Алдынан шығып тоқтатып.
Алдына шауып Қобылан
Басты жайған торынан,
Қабаттап қазған орынан
Жанына қамшы батқан соң,
Қабаттап салған ормен тұр,
Бүркемелей құлады.
Қандекке қазған жолынан
Қашқан Алып қарамай
Қаласына барады.
Орда қалып Қобылан
Сонда өкініш қылады.
Қаруы мен торы атты
Жау қолына түсер деп
Шығарып тысқа тыстады.
Жазғаны деп Алланың
Ер Қобылан саспады.
Алып келді жиналып
Ор басына анталап
Қанын ішіп қанам деп
Қуанып жүр зәнталақ.
Илия бұрын ілесіп
Батырға келіп қарады.
Қару қылмай беріл деп
Ерге ишарат қылады
«Тірі жүрсем бір амал
Табармын, батыр, саспа»,—деп,
Жайлап айтып барады.
Қобыланды берік байлап
Жеңген дұшпан алады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Көзі жайнап жауының
Қолында кетіп барады.
Шалықтап Алып қуанып,
Халқына хабар салады,
Қалғанын жинап алады.
Бітті деп мұқтаж, арманы
Алпыс екі амалдың.
Бәрі бірдей өзімде,
Шын қорқып қашты деп
Аңқау Қырым батырын
Орға келіп салғаным.
Керегі жоқ ендігі
Қостағы кейін қалғаны.
Өлтірсем қалай кек бітер,
Шақырып едім сендерді
Осыған ақыл салғалы.
Халықпен ақылдасып:—Қалай өлтіргенде құмарым тарқап,
кегім бітет,—деп үлкен кеңес ашты. Әркім әр түрлі ақыл айтып,
Алыпқа бірі де ұнамады.—Қайда елші балам, соны шақыр.
Елші балам не дер екен,—деп Илияны шақыртыпты.
Сонда Илияның толғауы:
—Алдияр тақсыр, ханымыз,
Ақылыңа салыңыз.
Байлауда тұрған дұшпанға
Қайтсек те келет әліміз.
Тез өлтіріп тастасаң,
Бітпес бұдан кегіңіз.
Шын сұрасаң айтайын,
Өзіңіз ойлап біліңіз.
Мылтықпен атсаң тез өлет,
Оныменен кек бітпес.
Дараға асып өлтірсең,
Созылып мойыны өледі,
Оныменен орнына
Қайсыбір кегің келеді.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Суға салып жіберсең,
Батады да кетеді,
Балық көрет қызығын .
Отқа жағып өртесең,
Көмір болып күйеді,
Халқың нені көреді.
Тілімді алсаң, Алып хан,
Сексен құлаш зынданның
Түбіне тастат апарып.
Аштан өлсін тарығып,
Ас пенен су бермейік.
Әбден өліп болған соң
Бәйтерекке ілейік.
Кешегі елді бүлдірген
Мынау Қырым демей ме,
Сөйтіп көңіл бөлейік.
Алып:
—Мақұл айтты балам деп,
Данышпан сендей табылмас,
Қысылған жерде қол бермес.
Тіліңді сенің алам деп
Зынданға сал деп бұйырды.
Көтеріп алып қырық кісі,
Зынданға алып барады.
Өз көзіңмен салғыз деп
Балаға бұйрық қылады.
Апарып тастап зынданға
Иә, Құдай, деп сиынып,
Қателікке күйініп,
Қобылан батыр жатады.
Қан-қаперсіз халық жайшылыққа салынып еш уайымсыз
жата береді.
Илия әрдайым түнде соғып батырдың азығын беріп, Сайым
кездесе ме деп бір қайыршының киімін киіп жүре береді. Бұған
аз күнде болса батырдың орда көретін бейнеті Сайым кездесіп
соқпады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Илия қанша барып жүрсе де, батыр қапа шегіп хабарласпады.
Берген тамақты жемей, қасына жиып қойып, өзінің қателігіне
өкініп, енді мұның соңы қалай болар екен деп осымен өткені ме,
деп уайым шегіп айтқаны:
Қобыланның зары:
—Жаратқан қадір Құдайым,
Асқаны һәм бар шығар,
Кешіре көр қатемді.
Өзіңнен жәрдем сұрайын
Мұсылманның ары үшін,
Қатын мен бала қамы үшін,
Өзім емес, халық үшін
Төңкердім жаудың талайын.
Көп тілеуі көл деуші ет
Халыққа пайдам тигіздім.
Жасымнан бермен жасаған
Халықтың көріп көз жасын
Құдайды да сынайын.
Ниетім ақ, дінім пәк,
Қор қыла ма бұл орда
Бір Алладан сұрайын.
Естіп тұрып ұмытып,
Еңбегін еш мен қылдым
Илиядай мұңдының.
Амалым бар ма алданып,
Жауды қуып соңынан
Жетпедің деп торы аттың
Санына қамшы ұрғаным.
Жаны ауырып күйзеліп
Аңдамай орда қалғаны
Жасимын ойлап жабығып.
Досым Сайым көп жігіт
Жүр екен артта не қылып.
Кете алмас Сайым ол тастап,
Жүрген шығар керменен
Мені іздеп ойқастап.
Нағып келмейді Қасарма
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сайымды бастап қалама.
Түрлі саққа жүгіртіп
Ойлағанмен көңіл ит
Еш нәрседен тына ма.
Батыр Сайым, көп жігіт
Тапсырдым Жаппар Құдайға.
У, дариға, не дейін
Кейінде қалған ата-анам,
Қарлығаштай жалғызым,
Көкем қашан келер деп
Жолымды күтіп қараған.
Көрмесе сағат көз алмай,
Қырға шығып қараған.
Жас жеткен кемпір, жан атам,
Болмай ма қабыл ақ батаң.
Орда жатыр зар жылап
Білмейсің бе жан ботаң.
Аман шығып бұл тордан,
Қолыңнан қашан дәм татам.
Көре алмай кетсем осымен
Қорлықпенен күн кешіп,
Жалғызыңды көре алмай
Өткенің бе ата-анам.
Құртқа менен Қарлыға—
Ақыреттік жолдасым,
Жатырмын орда жабығып.
Осы күнде өз басым
Ақылға дана сүйеуші едің,
Білер ме екен Аққұртқа
Зарығып бүйтіп жатқаным,
Ажалдың басып қақпанын.
Айтып едің кетерде
Тіліңді алмай Аққұртқа
Жау артынан шапқаным.
Зәбір қылып ешкімнің
Төккен жоқпын ақ қанын.
Тоқталар күнге келіп кез
Мінекей, енді жатқаным.
Илия салып еңбегін
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Зарланып жүр бұл байғұс,
Күніне екі келгенің
Қалипа ханша, Алмамбет
Алыстан келіп дос қылған,
Бір жаратқан құдірет
Олар да зарлап жүр шығар.
Сонша тілек ішінде
Нағылып мұнда жатамын.
Қой, көңілім, сабыр ет,
Әзелде болар жазғаны.
Иә өлім деп, иә бейнет
Жазған шығар Құдірет!
Ерсайым күнде зарлап мінеді атқа,
Сыр шашып сөйлемейді бөтен сыртқа.
Екі атпен күнде аралап таба алмай жүр,
Таң ата қайтып кетет шығып сыртқа.
Кездесіп Илияны көре алмайды,
Қырық бір күн деген күні душарласты
Илия тани кетіп асыл затты.
Білмеді батыр Сайым кетіп барат
Таныды астындағы екі атты.
Шақырып Ерсайымды тоқтатады
Жүр екен есін танып Ерсайым да
Танымай қызды көзі тосырқады.
Сөйледі сонда Илия:—жүрмісің, аға, сау-саламат,
Егесі қайда кетті торша аттың,
Қайғысы не нәрсенің жанға батты?
Жайын айт түнде жүрген жұмысыңның,
Білдірші барысы жөнін жұмысыңның.
Қарады сонда Сайым қызға еңкейіп,
Танымай қалған екен ер жаңылып.
Қарағым, Илиямысың, сенің өзің,
Мұндай іс кездесті деп, ау нағылып.
Мен жүрмін қырық күн болды қайғы басып,
Жолынан Қобыланның бұл адасып.
Хабарың қандай сенің айтшы маған,
Қобылан тірі бар ма, жан шырағым.
Бар деді жоқтағаның аға сенің,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Бейнетім аз болмады көрген менің.
Тұрғанда біреу сезіп көрер деді,
Соңымнан көп кідірмей ерің менің.
Ерсайым иә Құдайлап ере берді,
Басына жатқан зындан келді бұлар.
Иісін ердің біліп ат жануар,
Кісінеп оқыранды торы тұлпар.
Дыбысын аттың шыққан батыр біліп,
Ақырып Ерсайым деп дауыс салар.
Дауысын ердің естіп Сайым түсті:
—Жалғызым, аманбысың, денің сау ма?
Арқаннан жылдам ұста шығарайын,
Сезбесін ешбір адам осы маңда.
Арқанды салбыратып салды Сайым
«Е, Құдай, бергеніңе мың шүкір» деп,
Арқаннан ұстап алды тұрған дайын.
Суырып сексен құлаш бұл зынданға
Жарқырап жаңа туып күн мен айың.
Сайыммен құшақтасып көріседі,
Амандық бастан-аяқ біліседі.
Көрісіп Илиямен амандасты,
Қателік өткен іске күліседі.
—Жүрейік енді, батыр, көп кідірмей,
Қалар деп біреу келіп,—деді Сайым.
Қаруы, сауыт-сайман Қобыланның
Қоржында салулы еді бәрі дайын.
Киінді Ер Қобылан түк айтпастан
Ерттеді торша атты қайта қарап,
Құдайдан бір жаратқан жәрдем сұрап.
—Қорлығым естен кетпес мұнан көрген
Жөніме кете алмаспын енді қарап.
Қыз айтты:—Қойың, батыр, жөні келмес,
Барайық қосқа кейін осыменен,
Ат тоқым менің де әзір тұрған дайын.
Қобылан тыңдамады мінді атқа,
Хан жатқан шаба берді сол қақпаға.
Сайым да ала алмады бірге кетті,
Қақпаға сол бойымен келіп жетті.
Ат үсті тұтқасынан жұлып тастап,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қақпаға ер Қобылан кіріп кетті.
Қарауыл қара басып қалды сасып,
Екі жүз адам екен құты қашып.
Сайымға осыларды жайғастыр деп
Ордаға Алып жатқан қадам басты.
Суырды «иә, Алла», деп ер Қобылан
Белінде жау-жарағы көк алмасты.
Алыпқа ұйықтап жатқан кіріп барды,
Жатқанда шапсам ұят болады деп,
Білсін деп Ер Қобылан айқайлады.
Шошыды ұйықтап жатқан Алып сонда
Батырдың ащы шыққан дауысынан,
Көтеріп басын алып түрегелді.
Бүркіттей алғыр қыран ашуланып,
Үстіне ер Қобылан барып төнді.
Көтеріп Қобыланды түрегелді,
Залымды жан ұшырып арпалысып,
Қобылан қалды екеуі сонда алысып.
Үстінде алтын тақтың болды ойран,
Сайым да келіп қалды сырттан жылдам,
Батыр мен ер Алыпқа көзін салған.
Екеуі опыр-топыр болып жатыр,
Қауіпті дұшпан еді деп осы залым
Ерсайым қадам ұрып келе жатыр.
Көк өткір қанжарын қолына алып,
Алыптың салды келіп жүрегіне
Енінің шықты барып түбегінен.
«Аһ!» деп тақтан құлап кетті Алып
Сүйрелеп тепкіледі жерге салып.
Алыптың басын кесіп қанын ішіп,
Қобылан демін алды кегін алып.
Қатыны жүгіреді айғай салып,
Қолына алты құлаш семсер алып,
Алыптан не қылам деп тірі қалып.
Ерсайым тартып қалды қол оқпенен
Маңдайдан атқан оғы кетті жарып.
Екеуін айқастырып жерге тастап,
Алыптың сыртқа шықты басын алып.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қалаға хабар тиіп қалған екен,
Жаң болды көше бойы айғай салып.
Алыптың басын іліп бір терекке,
Қобылан жетті сонда айтқан сертке.
Ұрысты екі батыр түніменен,
Көшеде қуып жүріп жөніменен.
Адалың босқа өліп кетпеңіз деп,
Жалғаннан қапа шегіп өтпеңіз деп.
Кешегі қолға түскен мен Қобылан,
Қуамын өшіккен соң жау соңынан,
Өлтірдім Алыбыңды өз қолымнан.
Көріңдер теректегі тұрған басын,
Бекерге босқа өліп не қыласың.
Майдан жоқ тар көшеде болған ұрыс,
Бұл болды айтарлықтай үлкен ұрыс.
Жан сақтап ақылдысы үйге кірді,
Ақымақ ажалдысы босқа өлді.
Сайым мен Қобыланға не шақ келсін,
Шаһарды толқындырып жаман қырды.
Қырмас ет оқ атады қарсыласып,
Алыптың өлгендігін білмей халық,
Бүлінді осы түнде қырғын басып.
Күн шығып сәске болды сол уақытта
Қалған соң таң атуға батыр Сайым:
—Бір сұмдық болған шығар ерге,—деді.
Жігіттер, лайық па тек жатуға
Қалыңдар қоста оның ие болып,
Жүріңдер қалғандарың маған еріп.
Қасарма жігіттерді жүрді бастап,
Шыныбек ортасында туын ұстап,
Қалаға жақындаса көрді тозақ.
Айқай-шу қала арасы үлкен тұман
Ұрыстың болғандығын бұлар біліп
Қасарма «Иә, Алла» деп қойды атты.
Жігіттер, ізімнен ер бөлек шаппа,
Қазулы ор қандегінен Құдай сақта.
Айқайлап ұран салды енді бұлар
Бет алды жайсыз болды кірген жерден,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Құтылмайды қашқан адам Қасарма ерден.
Оғына оннан байлап құлатады,
Қасарма нағыз палуан, шын мерген.
Таныған Қасарманы халық көріп,
Жаным-ау, не болды деп қасына ерген.
—Мен десең тоқта, халқым, ұрыс қылма,
Айтамын ақыр жайын сендерге өзім.
Түсінген тоқтап қалды басын бағып,
Батырлар келіп жатыр шыдатпастан,
Дұшпанды қарсыласқан шөптей қағып.
Қобылан Ерсайыммен душарласты,
Қос тұлпар астындағы судай ағып.
Көргенсін бірін-бірі тұрды қалып,
Көрісті құшақтасып естен танып.
Сұрасып амандықты жігіттерден
Бәрі де ер қасына тұрды жылап.
Қасарма бар жағдайға алды қанып,
Қабағын бір шытпады есіне алып.
—Ей, достым, ренжімен бұған,—деді,
Өзіне өзі қылды ағам,—деді.
Берейік тең келсе тегін деп ем
Көнбеп еді әуелден-ақ маған,—деді.
Халықты босқа қырып тауыспайық,
Кейін де ел керек қой маған,—деді.
Халыққа жар салайын түсіндіріп,
Ұнаса бел айтқаным саған,—деді.
Қобылан:
—Сен едің ақыреттік сүйген достым,
Бейнеттің бір азғантай көрдің тосын.
Өлтірдім ашуменен мен Алыпты,
Көңіліңе сен алмадың мұны,—деді.
Доспын деп айтқан сөзім Құдай аты
Көңіліңде ешбір болмас мұның даты.
Халқыңды түсіндір де өзің тоқтат,
Кінәсіз болсын мұның кейінгі арты.
Біз саған билік бермей не қылайық,
Халқыңды жинап алып өзің тоқтат,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қозғалмай осы арада ал тұрайық.
Қасарма разы болып алды қолын,
Оңғарды ер тілегін болып жолы
Айқайлап шаһарына ер Қасарма
«Тоқтаң» деп хабарлады сонда тұрып.
—Қасарма менің атым елден кеткен,
Құтылмай келген кезі нәубеттен.
Ей, халқым, сабыр әйлап тоқтап тұрың,
Ажалы хан Алыптың бүгін жеткен.
Батырмен бітім болды тоқтап ұрыс,
Тастаңдар қаруыңды қылып тыныс.
Қасарманы дауысынан халқы танып,
Алыпты өлді деген естіген соң
Жапырлап көріп жатыр халқы барып.
Тоқтады осыменен соғыс арты,
Бағынды Қасармаға байтақ халқы.
Таратып бет-бетіне қалғандарын,
Орындап әр көңілде армандарын,
Қасарма ертіп жүрді енді ізінен
Қасында тұрған мейман қонақтарын.
Әкеліп өз жайына енді батыр
Жапырлап халқы шулап келіп жатыр.
Қостағы қалғандарды алып кел деп
Жіберді кісі қосып екі батыр.
Басына дарбазаның шығып тұрып
Халқына баяндады қайта батыр.
—Әй, халқым, тыныштықпен жатың енді,
Қорқыныш жаушылық жоқ кейінде өзі.
Жау түбі бітім деген айтқан жоқ па,
Кең бітім келісімді болды өзі.
Қауіпті қашқан халық неше күндей
Кім өлі, кім тірісін өзі білер.
Біле ме тосын адам басқа келмей,
Құрысын Алып өлсе онан арман,
Халыққа тыныштықты жоқ-ты салған.
Құтылдық бір пәледен жөнсіз айдар,
Қасарма ондай болмас деп бір ойлар
Шал-кемпір күбірлесіп шаруа жағын,
Жанар деп енді елдің шам-шырағын.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қобылан Қасармамен бақытты бол,
Шырағым, тыныштықпен тілегіміз,
Батасын беріп тарат бір парасын.
Қаладағы ұрыс басылғаннан кейін батырлар демін алып
шаһарының ішіндегі қырғыннан қаза тапқан адамдардың
өліктерін жинап, шаһар ішін толық тазартып болғаннан кейін,
ерлер басын қосып кеңесіп шаһар халқына Сынамбай молдадан
үйретіп сол шаһарға жеті жерден мешіт салдырды.
Қобылан, ер Қасарма, батыр Сайым
Сейілге күнде шығат құрал дайын.
Қасында сансыз ерген жолдасымен
Танытты тау менен тас, көлдің жайын.
Аралап аң атады таудан ерлер,
Көтеріп көңілдерін жүрді ерлер.
Салдырып жеті мешіт жеті жерден
Жұмылды ықыласпен тамам елдер.
Молда да дамыл таппай дін үйретіп,
Халыққа уағыз айтып халын сөйлер.
Батырлар кеңеседі тағы бір күн:
—Алмамбет ханды алдырып той жасалық.
Келгелі бес-алты айдың жүзі болды,
Кейінге қайту мақұл болар енді.
Хат жазып Алмамбетке Қобылан ер,
Қасарма, батыр Сайым бұлармен бір.
Жағдайды бастан-аяқ түсіндіріп:
«Келіңіз тегісімен кешікпеңіз,
Тойымыз сізді күтіп отыр ханым.
Қалипа ханшаменен бұл қалмасын,
Тыныштық болды жайлы ер арасын.
Қалдырма жанға серік жолдасыңды,
Жігіттер ер көңілді келсін тағын.
Хан сайлап халық өзгереді бұрынғыдай
Келіңіз ыждихаттап енді мұнда».
Жіберді Шыныбек пен Қыдыр ханды
Қасына ертіп жолдас елден алды.
Жүз кісі шақыруда аттанысып
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Жол тартып Алмамбетке кетіп қалды,
Арада бірнеше күн бұлар қонып,
Еліне Алмамбеттің жетіп барды.
Топпенен барсақ бізден шошиды деп
Алдынан екі жігіт хабар салды.
Қуантып Алмамбет пен Ханшаны,
Саны жоқ бұл екеуі сүйінші алды.
Торығып жатыр екен Алмамбет хан
Шықпаған кеудесінен құр шыбын жан.
Кеткелі екі ай, он үш күн болыпты,
Сарғайып запырандай жүз солыпты.
Есітіп қуанышты толды ханым
Басына қайта келіп өткен бағың.
«Жар бол» деп орынан түрегелді
Қуатты мұсылманның әруағы.
Қыдырхан Шыныбекпен көрді көзі,
Көрісті жылап тұрып бұларға өзі.
Саулығын Қобылан мен батыр Сайым
Есітіп орнығады көңілі өзі.
«Сол Алып шын өлді ме, айтшы маған,
Қайталап түсінейін айтшы маған».
Алмамбет қуанғаннан қараша халқына хабар салып, екі
күнде жиналып жүріп болды. Күн-түн қатып сансыз ауыр
қолмен Алмамбет хан келіп жетті, алдынан құрметпен Қасарма
қарсы шығып күтіп алуға даярланды. Қобылан Сайым бұларға
келе жатарсың деп кідірмей алдынан жүріп кетті. Жақындап
келіп аттарын тастап жаяулап, батырлар қол қусырып ханға
сәлем берді.
Алмамбет:
—Аманбысың, балаларым,
Сендерден хабар ала алмай,
Шаққа төзді жандарым.
Аман-есен жүрмісің,
Қобылан, Сайым қарағым?!
Қайыры болғай артының
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алыптың бұзып алыпсыз
Жан бұзбаған қорасын.
Өсе берсін бақтарың,
Халық үшін туған құралың.
Бұл жалғанның жүзінде
Адамға болмас деуші едім.
Ауатын күні келгенде
О, дәулет екен, шырағым.
Жерде жатпас тыныштап
Шойын менен қара тас.
Қоса көмбей өзіне
Желікпен ерткен жоқ еді.
Қорқытып ертті халықты
Қорлық беріп өзіне.
Әркімге де бір зауал
Деген сөзі бұрынғы
Рас екен өзі де.
Қасарма әділ жан болар
Дүниеге қызықпас,
Парасатты паң болар.
Алыппенен бір туды
Дегенменен Қасарма
Бір адамның баласы.
Қарап тұрсаң әр түрлі
Дос болыпсың онымен,
Халықтың тұтқа ерімен.
Айтқанынан қайтпайтын
Сондықтан аты Қасарма
Алыптың қойған аты еді.
Айтқанына көнбеген
Халыққа зәбір бердің деп,
Қарсы шығып алдына
Айтушы едің көлденең.
Аққа зауал жоқ деген
Қалыпты аман Қасарма.
Алғыс алған ер еді,
Қайырлы болсын, шырағым,
Қобылан, Сайым қос балам,
Жәрдем болған Алладан.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Ел жақта да көп шығар
Сіздерді аман келсін деп
Күндіз-түні зарлаған.
Жақын жерде отырып
Сөзім дұрыс, көңілім ақ,
Келіп хабар ала алмай,
Сендерге көмек бере алмай,
Жылаудан басқа не болсын,
Қолымнан келген күшім сол.
Айтқанымнан қайтпаймын,
Жалғыз қызым Қалипа
Жолдарыңа арнаған.
Төрт түлік жатқан малымды,
Кеудедегі жанымды
Атамаған қалмаған.
Бүгін ажал жетсе де,
Өкінбеймін Алладан.
Немді аяп бұдан қалайын
Қобылан жалғыз баладан.
Ақ батамды берейін
Қолдарың жай, балдарым,
Біз тілекші артыңда
Кемпір менен шалдарың.
Бола берсін, шырағым,
Жорытқан сайын жолдарың.
Мұнша қырғын соғыста
Шығын болмай тұрар ма.
Шайыт болған сегіз ер
Иманы болсын жолдасы.
Ойламаңдар, балларым,
Топырақ жазған жер шығар.
Жақсы жалғыз біреудің
Қадірлі сондай жан шығар.
Уайымнан түк өнбейт,
Ойыңнан, балам, сен шығар.
Өкініпсің тұрмапсың,
Сайымның тілін алмапсың.
Қателік, балам, ол жерің
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Оныменен амандық
Табыла бермес жігітке.
Сынаған адам сезбей ме
Жарамайды, шырағым.
Астана сенен дәм етет
Қобылан деген үмітке.
Көп тілеуі көл деген
Көрінді балам көзіңе
Аз күн болсын дәм татып
Жатып шықтың кілітке.
Жігіттермен амандасып болған соң Алмамбет, Қобыландар
қалаға қарай жүрді. Сансыз ауыр қолмен Қасарма, Илия аттан
түсіп жаяулап алдынан шығып, Алмамбет ханды аттан көтеріп
алып амандасты.
Алмамбет Қасармаға өткеніне қайырлы болсын айтып, жаңа
талабың құтты болсын деп айтқаны:
—Аманбысың, Қасарма,
Қайырлы болсын талабың.
Өткен іске жасыма
Болат едің, шырағым.
Барсаладан бер қарай
Халықты ұстап биледің.
Онда да шыққан мүйіз жоқ
Соқтығып ешкім тимеді.
Көлденең жатқан Қаратау
Ашып дұшпан келмеді.
Бақ таяр күнге кез келіп
Заманында Алыптың.
Қобылан, Сайым, қырық жігіт
Бұлардың өтіп келгені
Уақыт шығар дәм бітіп.
Себеп болып бұлардан
Ағаңның Алып өлгені.
Қазалы жан қайда өлмейт
Мұншама халық бөлгенің.
Жасымаған түрің бар,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Әлде де байтақ елің бар,
Өлді деп айтпан Алыпты.
Көрмеген қорлық жоқ еді
Маған зәбір бергенде
Араға түскен сен едің.
Жақсылыққа жақсылық
Ер алдына келеді.
Түсінерсің бұл сөзге
Түсін ашып не қылам,
Қобыланменен дос болып
Қосылыпсың, шырағым.
Қайырлы болсын мен айтып,
Сөз аяғын қысқартам.
Қасарма деген атақты
Ағаңның қойған атағы.
Белгілі еді халыққа,
Кімнің мақұл шатағы.
Алғыс алған ер едің
Алып жөнсіз ұрысса,
Араға түсіп кес-кестеп.
Талайды алдың айырып,
Алдынан шығып қайырып.
Сексен кісі бір жерде
Жазықсыз дарға астырып.
Қатын менен баласын
Өлтіріп еді бұл Алып
Айдап малға бастырып.
Разы болмай ісіне
Қарсы тұрған сен едің.
Ашылып араң кеткенде
Бітім айтып сендерге
Басыңды қосқан мен едім.
Мақтаныш емес бұл сөзім
Тірісі елдің біледі
Еске түссін деп айтам
Ескілікті бұл сөзді.
Көзі кеткен Алыпты
Күндеп айтқан сөз емес.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алып өліп қалған соң
Бұл айтуым жол емес.
Екі жұрттың елі бар,
Ескеретін ері бар.
Ел менен жұрт сенікі,
Боларсың ие, шырағым.
Мен бір сенің қонағың
Бұл сөзімді есіңе ал
Артық десем айтқаным
Қобылан, Сайым алдында
Мойныма менің кінә сал.
Болдым айтып, Қасарма,
Көңілдің кірі қайтпаса,
Ер ашуы тарар ма.
Қасарма:
—Сөзің мақұл, Алмамбет,
Айтуыңның міні жоқ.
Дендестерің екеуің
Зәбір берген кісің жоқ.
Тудың десең екеуің
Мойныма алам кінәні.
Сізге тиген еш жерде
Менің ауыр сөзім жоқ.
Көрдің зәбір талайын
Кек қылып ішке сақтама.
Хан, тақсыр, сізден сұраймын
Ел тағына өзің мін,
Бітсін көңіл зарыққан.
Бөтен демес сіз мінсең,
Осы тұрған халықтың
Мен қараша нөкерің,
Айтпан сөздің бекерін.
Құдай дескен досымның
Алдында айтып анықтасам.
Сен өлгенше Алмамбет
Қызметіңді өтермін.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Осыны айтып Қасарма
Алмамбетпен қолдасып,
Құшақтасып қалады.
Екеуін халық сол жерде
Шаққа айырып алады.
Бата қылып байтақ көп
Қалаға қарай барады
Түсірер жерде таумалап
Ханымыз деп Алмамбет
Ортасына алады,
Ақ киізге аунатып.
Қасарма мен Қобылан,
Батыр Сайым көп халық
Көтеріп алып барады.
Алтын таққа мінгізіп,
Басына тажы кигізіп,
Құтты болсын тағың деп,
Басыңа қонған бағың деп,
Халық алғыс береді.
Ат шаптырып, той қылып,
Жиын болды біраз күн.
Садырман сауық күн мен түн
Қасарма батыр басқарып,
Іс қылма деп айтады
Алмамбетке жасқанып.
Ойын-күлкі тамаша,
Осыменен қонағын
Ұзын сөздің қысқасы—
Жүргізбек болды атқарып,
Илияны Қасарма
Қобыланға қосады.
Қалауын салып алдына
Тартынбай енді алың деп
Разылықпен тұрады.
Қара қасқа тұлпарды
Қобыланға мінгізді
Торыға серік болсын деп.
Жауһарлы қылыш ілгізді
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Батыр көңілі толсын деп.
Аямады мал, дәулет,
—Ақыреттік сен, досым,
Атымды бердім арнаған.
Немді аяп қалайын
Илия жалғыз баладан.
Алмамбет пен Ханша:
—Жан Қобылан, балам,—деді,
Жалғыз қызым Қалипа
Қарлығашпен бір болсын,
Несіне алып қалам деп.
Құлағы кесік құлға бер,
Разымын саған,—деді
Келер жазға сау болсам
Қыдырбай, Зарбап, балдарға
Өзім арнап барам,—деді.
Разы бол, жалғызым,
Керегің болса аяман
Барды алдыңа сәлем,—деді.
Қобылан:
—Ата менен анам,—дет,
Ағалығым еш болмас
Мен ортаңда балаң,—дет
Мақұл көрсең айтамын
Көңілдегі мүддемді.
Өздеріңе саламын
Ақыреттік досым ет.
Қасымдағы Ерсайым
Соған арнап мен тұрмын,
Мұны қалай көресің?
Ханша:
—Жалғызым, бізден сұрама,
Бір билігін берген соң
Екілік бізде бола ма
Екі көзің біреуі
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Кімге берсең оған бер,
Сен қожасың балаға.
Разы болып ханына
Қайта келді Қобылан
Ерсайымның жанына.
Қырық жігітпен Ерсайым
Жатыр еді оңаша
Алтынды жауһар сарайда.
—Далаға шық,—дет,—екеуің,
Жүрмесін ешкім маңайда.
Сайеке, айтар сөзім бар,
Қырық жігіт пен саған,—дет.
Ертең ерте жүреміз
Кеңшілікте кеңесу
Мақұл көрдім сенімен.
Жолдас болған ер едің
Қиындықта менімен.
Қош айтысып аттан
Жүреміз ертең елімен.
Арада мәлел болмасын,
Жасың үлкен аға едің
Қалауды саған беремін.
Басы Илия олжаның,
Қолыңды қақпан, жолдасым.
Іркілмей алың қалауың
Билігін сізге беремін.
Жолда айтудың жөні жоқ,
Достан достың алуы
Қорғалама міні жоқ.
Сайым:
—Жақсы айтасың, Қобылан,
Олжа алам деп мал жинап
Ергем жоқпын соңыңнан.
Құдай беріп тілекті,
Дұшпанды жеңіп мұқатып,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Жаудың туын құлатып,
Қалдырдым атақ соңыма.
Осы да маған болады,
Ақыреттік жолдасың
Илияжанды атама,
Ауызға алған нең,—деді.
Сен разы болсаң, қарағым,
Арманым бар ма мен,—деді.
Бір ауыз айтар сөзім бар
Мақұл көрсең сен,—деді.
Қасармадай досыңның
Жалғыз атын алмашы.
Жанына серік өлшеген
Достыққа болмас жөн,—деді.
Нағыласың сен алып
Астына мінген қасқасын,
Өз дәулетің жетеді.
Берсе де алма басқасын,
Атсыз жаяу емессің,
Нағыласың сен алып.
Нағып шығар өздері
Кеңесіп жатыр жиналып
Мақұл ма деп айтамын,
Өзің біл, батыр, ойға алып.
Қобылан сонда күледі:
—Сайеке, асқан ақылың,
Өзім де ойлап жүр едім.
Астындағы бір тайын,
Жанға өлшеген серігін
Алмау ғой деп мақұлы.
—Бәсе, солай, шырағым,
Ойлаған жерден шығасың.
Зейінің жетет, қарағым,
Мен жөнінен қысылма.
Аман-сау елге қосылсақ,
Мақсатым болар, қарағым.
Көп айналман ерте-түн,
Күннің сәті көрінет,
Жүрейік елге, қарағым.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобылан:
—Сайеке, салшы құлағың,
Менің көңілім бір бөлек.
Дүние деген тұрақсыз
Аңдаған жанға дөңгелек.
Илияны бас қылып
Алдыңа тарту қылғаным—
Көңілімнің кірі жоқ.
Шын достықты білдірдің,
Айтуыңның міні жоқ.
Сіз қашты деп олжадан
Ойыма алған мұқтажды
Айтпауымның жөні жоқ.
Жалғыз едім анадан,
Тілегім де сен едің
Қысылған күнде сұраған.
Қырық бір күн орда жатқанда
Көзіңнің жасын көл қылып,
Ізімнен іздеп жылаған.
Қандай ауыр күн болсын
Саспаған досым сен едің
Сабырлық етіп шыдаған.
Асығыс деме мұнымды,
Арнап тұрған нұрым бар
Тілегімді тілеген.
Қалипа атты қызым бар,
Қарлығаштан кем көрмен.
Жазған шығар Тәңірім
Сынды жерде кез келген.
Хан баласы екен деп
Қайырылман бөтенге.
Достығыңа лайық
Қалипажанды арнадым.
Алмаймысың, Сайеке,
Томағалы тұйғынды
Қондырамын қолыңа.
Төрт түлік жатқан малымды
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сарып етемін жолына.
Ертең елге барғансын
Қыдырбай, Зарбап алдында
Халық жинап той қылып,
Беремін арнап қолыңа.
Алданатын мен емес
Дүниенің боғына.
Мен үшін шалған жаныңды
Жасқанбай жаудан тартынып
Ажалдың жайған торына.
Қашпа бұдан, Сайеке,
Шын достығын білдірген
Атағың шықсын Қырымға.
Қырыққа жасың келгенде,
Тереңнен қуды ілдірген.
Соны тыңдаған қырық жігіт
Қобыланның шын сөзі
Еріксіз айдап күлдірген.
Сайеке сонда сөйледі:
—Жақсы айтасың, қарағым,
Қыз алу емес талабым.
Заманы қатар жас өткен
Сен бердің де, мен алдым,
Не қылайын, шырағым.
Шыныбек сөйледі шыдамай:
—Сайеке, қашып неткенің,
Досың беріп тұрғанда
Мұнша қашып кеткенің.
Жасы өткен деп қате айтпа,
Қартайтарсың он қызды.
Берді досың шынымен
Ұмыттың ба, Сайым ер.
Қоштасам деп келгенде
Бике сұлу ізіңнен.
Досың берді, ала бер,
Қалипадай табылса.
Арманы бар ма жігіттің
Білігі асқан кемеңгер.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сонда Сайым күледі,
—Жігіттер, мені қыспа,—деп
Ағаға тарту ұсынған,
Атадан қалған нұсқа,—деп.
Қалипадан сұраңдар,
Көңілде мәдел болмасын.
Қанша айтқанмен әйелдің
Шашы ұзын ақылы
Теңін ойлар қысқа деп.
Мәлелсіз болса қашпайын,
Қобыланжан берген соң
Өзіне ақыл салыңдар.
Мақұл көріп Қобылан:
—Шыныбек пен Қыдырхан,
Екеуің енді барыңдар.
Қалипажанға хабарла
Көкеңнің сөзі осы деп.
Батыр Сайым жолдасы
Ақыреттік досы деп.
Сайекем сөзі дұп-дұрыс
Мәлелсіз болсын арасы.
Ардақтаған біреудің
О да жалғыз баласы.
Тұр кідірмей екеуің
Шапшаң барып сұрашы.
Шыныбек пен Қыдырхан
Екеуі кетіп барады.
Илия мен Қалипа
Отыр екен сарайда.
Шарайнаға қараған,
Дандармен шашын тараған
Тал шыбықтай бұралып,
Орнынан тұрды екеуі
Батырларды көрген соң.
«Жоғары шық» деп Илия
Ерлерге орын береді.
Қыдырхан сонда сөйледі:
—Шықпаймыз,—деді,—жоғары,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сен екеуіңе көз салсам,
Асқар таудың шынары.
Көрген жанның тарқайтын
Көңіліндегі құмары.
Қобылан бізді жіберді
Қарындасы Қалипа
Беремін дейді бір құлға.
Разы болса өзіне
Екі көзін біреуі
Арнайтұғын тұс келді.
Осы арада кезіне
Құл дегенге қорықпа
Құдайдың құлы адамзат.
Көңіліңде болмасын,
Қалипажан, ешбір зат.
Жалғыз ағаң жіберді,
Сайым сынды досына
Болсаң риза ыхтият.
Қалипа сонда жылады:
—Нағылғаны көкемнің
Сұрағаны менен,—дет.
Құлағы кесік құл болса
Көкем айтса көнем,—дет.
Сайым болса бергені
Қосқаны шығар Құдайдың
Неге бөтен көремі,—дет.
Жалғыз-ақ сұрар тілегім:
Қарлығашты көргенше
О жақтағы халыққа
Аман-сау барып қауышып,
Аққұртқамен табысып,
Сусын берсін қолынан.
Тілегім осы көкемнен,
Мен айтты деп қалмасын
Жығылыс тауып жолынан.
Жігіттер қайтып келіп айтты сөзін,
Риза деп не дегенге қыздың өзін.
Тілегін Қалипаның түгел айтты,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
«Мақұл» деп ер Қобылан қуанады,
Шүкіршілік көңілін сонда алады.
Күйеу деп Ерсайымды Қыдырхан ер
Кәдемді бересің деп жұлмалады.
Шыныбек ара түсті ағасына:
—Қыдырхан, қандай кәде аласыңдар,
Асығыс кәде сұрап айтқан сөзің.
Аман-сау ертең елге барғаннан соң,
Күйеуге отау тігіп өз алдына
Кәдеңді сонда аларсың, Қыдырхан ер.
Күлкімен ерлер көңілін қош етеді,
Екі адам ханнан келіп бұл жетеді.
—Қобылан, батыр Сайым келсін,—дейді,
Шақыртып хан жатыр,—деп жасауылдар.
Алмамбет:
—Қобылан, Сайым шырағым,
Мына отырған халықтың
Тілегі бар сұрайтын.
Ел мұқтаждан қылса
Ер емес пе баратын
Көлдененнен көрген жан
Білгіш болад, ер мініп.
Кеміс екен мынау деп
Айтпаса да сынайтын.
Кездеспесе сусынға
Халықтың бар-ды қаумашы.
Арқадағы көп халық
Екі қызға ердің деп
Алып келген олжасын
Арнап отыр Қасарма.
Ақ отаулы ордасын
Енші беріп тағы отыр.
Екі қызға сыбаға
Бес жүз бедеу жорғасын
Алпыс нарға арттырмақ,
Қыздардың керек жиһазын.
Гауһар алтын тасы бар,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сендерді жоқтап берген деп
Есіңе алма, балларым,
Дұшпанның көзі тоқтасын.
Мақұл деді көп халық
Ел кеңесіп тапқан соң,
Қалипа менен Илия
Салтаң еру жөні жоқ.
Қобылан, Сайым батырға
Алтындаған орданы
Кұрыңыз жапан шатырды.
Қобылан, Сайым, қарағым,
Қашпаңыз әлің бергенді.
Досыңның көңілі сүйінсін,
Дұшпанның көңілі күйінсін.
Қыдырбай мен Бозмұнай
Халықтан асқан бағы бар,
Мал-дүние табылар
Дұшпан көздеп береміз.
Бұдан да көп алсаң да,
Дүние жағы табылар.
Қасарма мен Алмамбет
Аямайды бар малын,
Қолың ашық алыңдар.
Қобылан:
—Жақсы айтасың, тақсыр хан,
Сіз берген соң тастаман.
Олжа аз ба біздерде,
Сіздерменен достасып
Қайтқасын елге бас аман.
Қасармадай досымның
Ықыласын көрген соң
Атын бердім өзіне.
Жанға өлшеген бір атын
Нағылайын мен алып,
Кінәсіз тұрмын қайырып.
Қасармажан, жасқанба,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Алып бердім атыңды.
Тілегіңде шулаған
Көріп тұрмын халқыңды.
Аманатым арнаған
Досым десең ұмытпа.
Ренжітпей баға көр
Алмамбет, ханша қартымды.
Екеуіңді шақырам,
Көріп қайтың бір келіп
Менің де тапшы халқымды.
Батаңды берсең болады,
Халық ұстаған, жан ата,
Мал кемісе жетісет,
Табылмайды ақ бата.
Бұл сөзімде жоқ шығар
Сынаңшы, халқым, еш қата.
Алмамбет сонда сөйлейді:
—Разымын, балам-ай,
Ақылдасып айтқандай
Болды ғой сөзің маған-ай.
Қонтажы ханның елінен
Тай күнінде әкелген
Қара қасқа тұлпарды
Арнап ердің өзіне,
Астындағы бір тайын
Алмағаның майма қол
Болды, балам, өзі де.
Қасыңа ерген қырық жолдас
Құр кетуі жөн болмас.
Ер басына қос бедеу
Қосарына бергенім.
Ер басына жамбы алып,
Жабамын жақұт қамқа тон,
Айтыңызшы көп халық.
Кеміс бар ма бұдан соң,
Қобылан, Сайым, қос балам,
Екеуіңе еркің жоқ.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қолыңа бердім дәулеттің
Ала берің ойға алған.
Осыны айтып болған соң
Халық шулап қозғалған,
Ханның сөзін мақұл деп,
Қасарма батыр сөйледі:
—Қобылан, Сайым—қос күйеу,
Ұялып иба қылмаңыз.
Көңілде болсын мүддеңіз,
Қайыру жоқ алыңыз.
Кінәсіз бердім қасқаны
Сен мінгенде бөтен бе!
Ер сынарлық емес ет
Көп ұйғарды не дейін.
Сөйлесе бер, Әлеке,
Жүргізетін қонақтың
Жабдығына кірейін.
Қасарма бес жүз бедеу мен алпыс нарды әзірлетіп, нарлар-
дың үстін кигізіп, масатымен қаптаған зәрмен шалдырып, екі
ақ отауды асыл жібек гауһар тастан алпыс нарға бастырып,
жүк арттырды. Жан көрмеген асылдан бес жүз бедеуді
әкеліп, матамай бос тастады. Себебі күрең шолақ бір биені
Қыдырханның қолына берді. Осыдан айрылмасаң бес жүзі еш
қайда кетпейді, ере береді; қасиеті осы сәскеде батырларды
аттандырып жатқанда қырық қыз нөкерімен Қасарманың алам
деп жүрген ғашығы, ханның қызы Қанбике сұлу бұл келіп
қалды. Бұл келген соң үш күн ерлерді тоқтатып кідіртті, ойын-
күлкі мереке болды. Үш күннен кейін батырлар аттанып жүріп
кетті. Қасарма Алмамбетпен кеңесіп, Қасармаға таудан өткізіп
бірнеше жолдастарыңмен таудан шығарып сал деп міндет
етіп, Алмамбет батырлармен қош айтысып шығарып салып,
батасын беріп қалды. Қанбике сұлу дым болмаса қыздармен
бірге болып таудан шығарып салам деп бұлармен бірге кетті.
Қасарма да қарсы болған жоқ. Батырлар арада бірнеше күн
жүріп тауға келді. Таудан өтіп тасбұлақтың басында бірнеше
күн дем алып, күліп ойнағаннан кейін Қасарма кейін қайтпақ
болды. Қасарманың қоштасып кейін қайтқаны:
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Сайым менен Қобылан,
Біраз жерге шығарып
Еріп келдім соңынан.
Естеріңнен шығарма,
Елдеріңе барған соң
Ақыреттік дос болдық.
Әзелде Алла жазғансын,
Ара шалғай ел қашық.
Достықтан кетпен адасып,
Қиыншылық күн келсе,
Қол берерміз жалғасып.
Келер жазға барармын,
Жазса Алла бір нәсіп.
Илияжан, Қалипа,
Қайғырмаңдар, қарағым.
Жат жұрттыққа жаралған
Адам едің әуелден,
Сен екеуің ақ сұңқар.
Екеуі шын қосылды,
Қияда жүрген кез келіп.
Құдай бір де, Құран шын,
Кетпес көңіл өзгеріп.
Қобылан сонда сөйледі:
—Қасармадай жан досым,
Көргенше қайта аман бол!
Бір-біреуді ұмытсақ,
Бола ма ойлау ондай жол.
Қол беруден мен қашпан
Қолыңды бер антым сол.
Бие бауда күтемін,
Қалдырмаңдар Ханшаны
Алып кел бірге келінді.
Кетейін деп жатқанда
Асығыста көрінді.
Құртқаменен таныссын,
Достарына табыссын.
Қасарма мен Қобылан
Құшақтасып екеуі
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сүйісіп ерлер тұрады.
Бірін-бірі қия алмай
Сайым келіп айырды.
Ерлікке емес лайық,
Амандықпен Құдайым
Қауыштырсын сұралық.
Қасарма, салшы құлағың,
Аз ғана күн бір болды
Бізбенен бірге тұрағым.
Тірі жүрсең жалғанда,
Ұмытпастай дос болдық,
Шықпасын естен, қарағым.
Жарым жазға келгенде
Қобылан ертіп бір барар,
Келмей кетпе, қарағым.
Кемпір мен шалға сәлем айт,
Аман жүрсем соғармын.
Мен де болдым баласы
Біз болып салып көзіңді,
Соларға тура қарашы.
Ойлағанда жалғызын
Құритын шығар шарасы.
Көрмесе саған тынбаған
Тілеген жалғыз баласы.
Қат бұйрығы болған соң
Амалсыз қалды артында,
Алданатын кімі бар.
Осы араны, қарағым,
Тапсырам саған есіңе ал.
Дүниеден сау жүрсем,
Жылына келіп соғармын,
Батасын алып тұрармын,
Мен болып ханның қолын ал.
Қыздардың қоштасқаны
Илия қош айтысты ағасына,
Мекендеп бастан өскен саласына.
Болғансын Хақ бұйрығы амал бар ма,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Шыдамай қыз тулады шарасына.
Төзе алмай аттан түсті ер Қасарма,
Туыстан тек екеуі шыдасын ба
«Қарағым, жылама!» деп айта алмады,
Бассын деп мауқын ерлер қайтармады.
Қалаған деп жалғыз ағам енді өзің,
Жар болсын жаратқан Хақ, жаным аға.
Ісіне Хақтың жазған бар ма шама,
Жеңгеммен бір жыл ойнап күле алмадым
Көңіліме осы үлкен болды жара.
Жылына бір келмесең разы емеспін,
Мен едім тілекшіңіз соңында жана.
Жеңгемді ала келің тастап кетпей,
Құдайым тілегімді берген жанмын.
Жан жеңгем іздеп келді өзім кетпей
Алдай көр Алмамбет пен Ханшаны.
Қалипа бір жыл туған құрдас еді,
Дәм жазып меніменен кетті шетке.
Жан аға, көңіліңде бар мұдда болса,
Кешірің өтінемін бізге кекті.
Қалипа зарлап тұрып айтқан сөзі,
Ойласа ата-анасын төзе алмайды,
Асалмай айтқан серттен кетті басым.
Қия алмай мен кеткен соң сорлы анам
Шақшылап қалды артта көздің жасын.
Жан аға, мен не айтам енді өзіңе,
Тапсырдым кемпір-шалды бір өзіңе.
Алладан ажал жетіп екеуі өлсе,
Кімім бар сенен бөтен қалған бізде.
Жаз келіп Илияға келмей кетсең,
Аршылмас бұл дүниеде сізден өкпе.
Жан аға, жалғыз қалып тұрсың жылап,
Ізіне екі қыздың енді қарап.
Жат жұрттық жаратылған біз әуелден-ақ,
Кемді күн болдық сізге бір бір қонақ.
Білмеймін алда күннің не боларын,
Пайда жоқ көп жылаудан тоқтатайын.
Қош болың, бірге келген ағаларым,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Күн бар ма көрмейтұғын уай дүния.
Бір келіп Қаратаудың салаларын,
Қалған ел амандасып араларын.
Сайым:
Қасарма, көп егіліп кеттің жылап,
Бауырға жан төзе ме көрсе шыдап.
Күн қызып бара жатыр аттанайық,
Сау болсақ кездесерміз талай-талай,
Құдайдан амандықты жалпы сұрап.
Бата қыл молда-ныса амандыққа,
Жүрейік қош айтысып енді қарап.
Батасын молдасына берді өзі,
Қол жайды әмин деп ерлер келіп.
Жалғыздың көрген күні осы ғой деп,
Қобылан тұрды батыр көңілін бөліп.
Қарлығаш біреуменен кете қойса,
Болам деп менде осылай шыдай алмай.
Жіберді көңілін бұзып жасын төгіп,
Қасарма мұны көріп сөз сөйледі:
—Қобылан, жасымашы, жалғыз ерім,
Мал емес адам едің етек-жеңің.
Құдайым тілек берсін өздеріңе,
Пайда жоқ құр тұрудан босқа іркіліп.
Тараса қош айтысып жөн-жөніне,
Қоштасып ерлер қарап бара жатыр.
Найзасын жерге таяп тия алмады,
Қасарма тұрды біраз тоқтап батыр.
Сайыммен ер Қобылан түсті жолға,
Сапарды Жаппар ием өзің оңда,
Сиынып пірлеріне жүріп барат,
Илия Қалипамен жылай қойса.
Шыныбек Қыдырханмен тоқтау айтат,
Сұлудың көңілін басып ерлер жүрді.
Кеткенше белден асып қия алмай
ер Қасарма қарап тұрды
Өлгеннен тірі айрылған жаман екен,
Болмас деп сосын аттың басын бұрды.
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Батырлар жолға түсті, иә Құдайлап,
Көтеріп найзасына туын байлап.
Ерсайым бастап келді елге қарай
Жігіттер қуанышпен келе жатыр,
Ән салып қуанышпен күліп-ойнап.
Сауырлап кеш жатады ерте жүріп,
Келеді ыждиғаттап тынбай тоқтап.
Аман-сау қауышсақ деп Құдай сақтап,
Арада бірнеше күн жол жүреді.
Көліне қандашаның тік жүреді,
Аман-сау қандашыға келіп жетті.
Дем алып жатайық деп бір-екі күн
Батырлар осы араға кеңес етті.
Қобылан қарауылға шықты қырға,
Жаяды жай бұлтын алып қолға.
Білсін деп амандығын асыл Құртқа,
Көрер деп біреу жүрсе шығып сыртқа.
Белгісін беріп батыр қайта келді,
Тігіліп жатқан әзір ақ ордаға.
Илия атын байлап алдан шығып,
Қуаныш болды ерге сол арада.
Қалипа қарындасы бірге тұрып,
Отырды Ерсайыммен кеңес қылып.
Қобылан көңілі жай боп үйге кіріп,
Сайеке, жарты жолға келдік қалып.
Қарасақ қайтер екен хабар салып,
Жіберсек екі жігіт біз ілгері,
Қуантып ел мен жұрттың көңілін ашып.
Мақұл деп батыр Сайым мына сөзің,
Өзім де ойлап едім мұның өзін.
Әбжан мен Ер Шыныбек барсын,—деді,
Сүйінші кемпір-шалдан алсын,—деді.
Төрт болып екі көзі хабар алмай,
Қуанып естіп көңілі тынсын,—деді.
Батырлар мақұлдасып осы сөзді,
Болады Шыныбек пен Әбжан ерді.
Қосарға екі ат алып бұлар кетті,
Жат етіп бір жаратқан құдіретті.
Жолменен бұлар жайлап жүре тұрсын,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Айтайын бір азғантай қалған елден.
Қыдырбай Ақзарбаппен жүрген зарлап,
Жалғыздың хабары жоқ қашан келер,
Күн-түні уайымменен көңілін бөлер.
Бір күні Аққұртқаның отауында
Отырды бұл үшеуі мұңын сөйлеп.
Аққұртқа көтерді көңілін делбеп,
Алдырған балгері бар Досқарадай.
Балыңды, балам, отыр ашып көр деп,
Хабарын жақсы-жаман білсең анық.
Жасырма Құдай кісі айтып көр деп
Жалғызым аман келсе бұл сапардан
Арылтам қырсығыңды бұған сен деп.
Досқара жауырынын алды қолға,
Жаяды құмалағын тағы да ала.
Бақсысы сарын тартып сарнай берді:
—Келеді балаң аман, бай Қыдырбай,
Жолдасы ат ылауы түгел аман,
Атап қой беретінің болса маған.
Ерсайым бастығы екен осы қолдың,
Қырсықсыз аман келеді осы жолдан.
Шығын бар сегіз адам жолдасынан,
Бәле жоқ бәрі де аулақ ер басынан.
Екі қыз нұр сәулелі тағы да бар,
Болмаса пірім шайтан
Келмей ме қазір хабар қыр басынан.
Қыдырбай сонда ақырды Досқараға,
Алдырттым сені арнап бұл араға.
Сенбейсің қанша айтсам да атамасам,
Алдайтын сені, жаным, мен бала ма.
Қораңа қой салайын бұған нансаң,
Көшерлік түйе берем бие қосып,
Төрт түлік малдан берем саған қосып.
Баламнан бүгін хабар анық келсе,
Айтқаның қате болмай көзім көрші.
Қыдырбай хақың жемес қара балаң,
Аузыңнан аман деген айналайын,
Жалғыздан аяп қалар не жаным бар,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Балыңды қарай берші мен қояйын.
Қарлығаш Қарлығамен қырда жүрген,
Күн-түні аттан түспеді қарауылдан.
Дұшпан көп қауіп етеді көзін сүзген,
Екеуі қарауылда жүруші еді,
Ауылға жетісінде келуші еді.
Есіне түсіп кетсе ер Қобылан,
Қысылып көзің жасын төгуші еді.
Басында Тұманшының тұрды бұлар,
Көз салып төңірекке сонда қарар.
Қарлыға жақындады Қарлығашқа:
—Барады көзім тартып жүрек лүпілдеп,
Қарағым, бұл не болар айтшы басқа.
Қарлығаш бұ да айтты:
—Болады бір қуаныш, әй Қарлыға,
Менің де шыдатпай тұр жүрек ойнап.
Қайтайық кел екеуміз ауыл жаққа,
Ұрысар атам көрсе біздер барсақ,
Кідіріп бізазырақ мұнда тұрсақ.
Мезгілсіз қайтып барсақ шошып кетер,
Тұрайық осы арада сабыр қылып.
Екеуі осыменен тұрды тоқтап,
Ақша бұлт бытыраңқы кетті қаптап.
Қарлығаш Қарлығаға:—Қара,—деді,
Көкемнің бұлты жоқ па тұрған ойнап.
Жүрегің қуанғандай болды ойнап,
Қарашы ауыл жаққа не бар екен?
Қарлыға көзін салып қарай берді,
Үстінде ақ орданың тұрған ойнап,
Батырдың жай бұлтын сонда көрді.
—Көкеңнің бұлты келді, Құдай берді,
Жүр тез,—деп Қарлыға атының басын бұрды.
Қарлығаш бұлтты көріп танды есін,
Қорыққан қуанғанмен бірдей екен.
Көз жасын екеуі де төкті жылап,
«Иә, Құдай, бергеніңе мың шүкір» деп,
Ат қойды енді екеуі елге қарап.
Жақындап келсе ауылға,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Алдынан бір шал шықты не деп сұрап,
Қарлығаш:—Құдай берді, ата,—деді,
Көкемнің бұлты келді үстімізге,
Жоқ шығар енді ешбір қатер,—деді.
Шал байғұс қуанғаннан жылай берді;
—Қарағым, отауда отыр ата-анаң,
Қуантшы шапшаң барып енді жылдам.
Қарлыға иба қылып кейін қалды,
Қуанған бір жағында Қарлығаның,
Айырмай екі көзін бұлтқа салды.
Ағылтып қара көкті қыз Қарлығаш,
Алдына ақ отаудың жетіп барды.
Домалап аттан түсіп үйге кіріп,
«Сүйінші беріңіз» деп айғай салды.
—Көкемнің бұлты келді көрмедің бе,
Жеңеше, сыртқа шық,—деп жұлмалады.
Аққұртқа сасқанынан кебіс кимей,
Сүрініп, иә Құдай, деп бұл барады.
Кемпір-шал домаланып сыртқа шықты,
Қарағым бұлты қайда көрсетші деп,
Құртқадан кемпір мен шал жол сұрады.
Көрсетті сонда Құртқа ердің бұлтын,
Орданың тұтып тұрған тұтас сыртын.
Қыдырбай бұлтты көріп қалды талып,
Кісенің мойнына алды салып.
Қыдырбайдың толғауы:
—Айналсам жалғыз болмай ма,
Төбеге келген бұлтыңнан.
Көк тұйғыным келдің бе,
Жау қарасын көргенде
Жарақсыз шауып ұмтылған.
Бір мен емес көп халық
Тілектес жалғыз сыртыңнан.
Бүгін өлсем арман жоқ,
Қайғыдан басып қамықтым
Жеті айдан бері қызыл шоқ.
Тілеп алған жалғызым,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Көріп өлсем деп едім.
Осы кеткен сапарың
Қауіпті жолдың бірі едің,
Енді Аллаға арман жоқ.
Айналайын Құртқажан,
Анықтап бұлтты қарашы.
Бөтен бұлт болмасын.
Естен танып жүргенде
Жаңылыс болып қалмасын.
Балам ғой деп, қарағым,
Сенен де кейде көремін,
Көңіліңе алмашы.
Анық қара бұлтқа,
Сырласың ғой, жолдасың.
Құртқа:
—Жан ата, бұлты балаңның,
Тілегі қабыл болмай ма
Зарланған ғаріп адамның.
Жалғызың жауға кеткенде,
Амандығын білерсің.
Белгісі еді бұл берген
Сорлы ғаріп анамның.
Ақ зарбап пен Қыдырбай
Зарланып бұлтқа қарады.
Көтеріліп бұлт тарап
Жайына кетіп барады.
Келуіне қарамай
Айғырын сойып ақыртып,
Бурасын сойып бақыртып,
Қойдан қошқар шалады.
«Жалғызым аман келеді» деп
Халқына хабар салады.
Төребай, Әбіш, Әлидей
Ел бастаған қарттары
Бәрі де келіп қалады.
Қыз келіншек, бозбала
Толды орда маңына.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Ат таппаған кедейі
Қыдырбайдан сұрады,
Алдынан шығып баруға,
Қарсылап ерді алуға.
—Менен несін сұрайсың
Жылқыға бар да ала бер,
Жарағанын мініңдер,
Бүгінгі күн аяман,
Кемпір менен шал қалсын,
Есті білген жастарың
Алдынан шығып барыңдар.
Адасып жүрме, ау халқым,
Сайымға көріс әуелі,
Қобылан мұны кектемес,
Қадірлі қымбат қонағы,
Құрметтесең Сайымды
Оның да, халқым, шетте емес.
Қарлыға менен Қарлығаш
Аққұртқаға келеді.
—Шықсақ қайтеді алдынан
Қыз-келіншек ертіп.
Құртқа мақұл көреді:
—Қарлығажан, сен бар,—деп,
Мен шықпай-ақ қояйын.
Атам менен енемнің
Қасында бірге болайын,
Ұят болар менің баруым.
«Мақұл» деді Қарлығаш,
Екі жүздей қыз-келіншек
Атқа мініп жүреді,
Бозбаласы бір бөлек
Жүрді қаптап алдынан.
Шақырды Құртқа қасына
Қарлыға мен Қарлығаш,
Езуін тартып күледі.
—Аңдамай қалма, батырлар,
Ілгері барың екеуің.
Екі қыз бар бұл топта,
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Біреуі болар қарындас,
Батырменен туысқан.
Жаңылмасам Қалипа
Ханның қызы Алмамбет.
Көріскен жерде екеуің
Жеке қылың құрмет.
Қателесіп жаңылып,
Ашуы келіп батырдың
Жазым қылып жүрмесін,
Қарлыға, соған мықты бол.
Екі көздің бірі деп
Алып келет қолына.
Ерекелер батырдың
Қалмай кейін соңында
Илия ермей қалады,
Ата-ананың жолы сол,
Оны Сайым біледі.
Осы араны ескертем,
Батыр аңқау, ер көдек,
Желігіп жүрген қос батыр,
Айтпады Құртқа демеңіз.
Қарлығаш:
—Жеңеше, батыр деме енді бізге,
Ескертем көкем барда айта көрме,
Оңаша сынасаңыз жетет бізге,
Күледі сонда Құртқа қыз сөзіне.
—Шырақ-ау, қолда жоқта сіз емес пе ет,
Кешегі жауда шапқан жеке өзіне.
Ауылда көкең жоқта қорған болған,
Екеуің батыр демей мен не дейін.
Ақымды толық берсең сен екеуің,
Алдында мен көкеңнің сөйлемейін.
Қарлығаш қалағаның беремін деп,
Күледі жеңгесіне сонда қарап,
Тастайын қару-жарақ сайманымды,
Мұнымен барсақ ұят болар деп.
Аққұртқа тастама деп құралыңды,
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Батырлар білсін деді қыранымды. Болмаса сен екеуің бүгін барма, Жандырған шырағымды сен екеуің, Бұл көпті бөтен демес көкең өзі. Екеуің еңбек етіп ел баққаның, Батырдың бөтенменен көрсін көзі. Тапсырып барлық жөнін қалды Құртқа, Қарлыға Қарлығашпен жүріп кетіп, Қосылды алдындағы қалың топқа. Саулатып бәрі жолмен келет жүріп, Қаратат әр төбеден кісі бөліп. Бұларды осы араға қоя тұрып, Ерлерге бұрылайын көңіл бөліп.* * Ескерту: Бұл нұсқаның кей жері қолжазбада өшіп қалғандықтан, кейбір тұстары түсініксіздеу болуы мүмкін.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР «Қобыланды батыр» жыры—қазақ эпостарының арасындағы көрнектісі әрі көлемдісі саналады. Жырдың әр түрлі нұсқаларын Марабай, Мергембай, Біржан Толымбайұлы, Нұрпейіс Байғанин, Айса Байтабынұлы, Мұрын жырау, Шапай Қалмағамбетұлы, Құлзақ Аманкелдіұлы т.б. жыршы-ақындар жырлап, ел арасына таратқан. Айса Байтабынұлы нұсқасы. Жыр мәтіні ақтөбелік белгілі жырау Айса Байтабынұлының айтуы бойынша жазылып алынған. Репертуары мол, дарынды жыршы алғаш 1940 жылы Ақтөбе қаласында Нұрпейіс Байғаниннің 80 жасқа толған мерекесінде екі күн бойы жыр айтады. Нұрпейіс оны аса ықыластанып тыңдап: «Мұның жыршылығы бізден күшті және ертеде естігенін жазулы хаттай сақтайтын жүйрік жыршы»,— деп аса жоғары бағалайды.1 «Айса Байтабынов өзі ақын болмаса да, жас күнінде қарт жыраулардан естіп жаттағанын өзгертпей, дәл айтуға тырысады. Айсаның өзі бұрын ел аралап жүріп айтатын профессионал жыршы болыпты. Ал бертінде жыршылықты қойыңқырап кетіпті»,—деп жазады Е.Ысмайылов. Айса нұсқасы бұрын жарияланбаған. Жырдың сюжеті Қ.Жұмалиев, Т.Сыдықов, О.Нұрмағамбетова т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.2 Мазмұны, бірқатар эпизодтары 1 Е.Ысмайылов. Ақындар. Алматы, 1975. 35-б. 2 Қ.Жұмалиев. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1-кітап.— Алматы, 1958; Қобыланды батыр. Ғылыми басылым / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: Н.В.Кидайш—Покровская, О.Нұрмағамбетова.— Москва: Наука, 1975; Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т., 1-кітап.—Алматы, 1960.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Мұрын жырау, Нұрпейіс ақынның нұсқаларына ұқсас
келеді.
Мысалы, мұнда эпос кейіпкерлерінің есімдерінде біршама
айырмашылықтар бар. Қобыландының әкесі—Қыдырбай,
шешесі—Ақмаңдай,
қарындасы—Аққолаң,
Алшағырдың
қызы—Ханбибі есімдерімен белгілі. Құртқа—Көктен кемпірдің
қызы. Сондай-ақ Айса нұсқасында ноғайлы батырлары Ахмет,
Қарасай, Қази т.б. ноғайлы батырлары аталады.
Жалпы эпикалық жырларға тән баласыздық пен кейіпкердің
ғажайып туу мотиві бұл нұсқада да көрініс табады. Жырда бала
тілеп, әулие кезетін—жалғыз Ақмаңдай. Сонымен бірге нұсқада
түс көру, ат қою, батырдың үйленуі, Құртқаның ат баптауы және
ертегіге тән мотивтер де бар. Ақмаңдай айдаһардың жүрегіне
жерік болып, ноғайлы батыры Ахмет сол үшін келгенде,
айдаһардың: «Құйрығымның бір тілімі жерікті басады» дейтін
тұсы соның бір дәлелі. Қобыландының зынданға түсіп, қойшы
баланың көмегімен босануы «Алпамыс» жырының сюжетімен
үндес. «Алпамыс» жырында Тайша ханның қызы Қаракөзайым
серке мүйізінен жасаған сыбызғыны көріп, батырға сырттай
ғашық болса, бұнда Көбіктінің қызы Қарлыға Қобыландының
қойшыға мүйізден жасап берген тарақ арқылы танысып,
сүйеді. Өзге нұсқалардағыдай, бұнда да Қобыландының Қара
дәумен, Қазан, Көбікті, Барса, Алшағыр хандармен күресі
сипатталған.
Айсаның жыры мәтіні толық, мазмұны көркем әрі қызықты
нұсқалардың бірі.
«Қобыланды батырдың» Айса жырлаған нұсқасы Қазақстан
ҰҒА Тіл-әдебиет институтының Қолжазба қорына 1941
жылы түскен. Қолжазба латын әрпімен көшірілген. Жырдың
соңында: «Бұл Қобыланның бір сөре жыры. Енді үш сөресі
бар. Әрқайсысының сөзі мұнан аз емес. Оқушы, тыңдаушы
жолдастарға өтініш сәлем, жолдастық етемін десе, маған
қатынастарыңды тез жібер. Ертегі, 44 жыр білем. Ендігі
жіберетін сөзім Едіге сұлтан, Нұрадын. Ақтөбе облысы, Қобда
ауданы, Өтешсай көшесі. Сөз шығарушы ақын Байтабынов
Айса. Бір балаға жазғыздым. Қатесін өздерің түзеңдер»3 деп
жазған сөз бар.
3 Қобыланды батыр, ОҒК, Ш.828. 1-дәптер.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтін жырдың латын әрпіндегі түпнұсқасы бойынша (ОҒК, Ш.828) ешбір өзгеріссіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр. Т. Әкімова «Қобылан батырдың баласының жыры». Бұл—Айса Байтабынұлы жырлаған «Қобыланды батыр» эпосының заңды жалғасы. Қобыланды батырдың ұрпақтарының ерлікке толы, жауынгерлік жорықтарын дәріптейтін бірқатар жырлар бар. Олар: С.Жаңбыршыұлының «Қобыланды батырдың баласы Жетімтай мен Жетімек туралы жыры», Мергенбай жыраудың «Қобыланды батырдың баласы Киікбай жыры». Аталған нұсқа туралы академик Қ.Жұмалиев: «Қобыланды баласының жыры» атты Айса Байтабынұлының вариантында, Қобыланды, шынында да эпизодтық қаһарманның қатарында ғана суреттеледі де, негізгі оқиға Алшағырдың шабуылын, Қобыландының баласы Жанкісінің ерлігін, адалдық қасиетін көрсетуге арналады»4,—деп жазады. Айсаның жырлауында Құртқаның Қобыландыдан он жас үлкендігі бар. Қалмақтың ханы Қолакөкірек Қодар құлды азғырып, батырдың әлсіз жерін біледі. Қобыландының баласы Жаскелеңді Бөрібай өсіреді. Жаскелең әкесін өлтірген Қолакөкіректен кек алып, анасы Құртқаны Бөрібайға қосады. Жырда эпикалық туындыларға сай батырдың ғажайып тууы, жақсы жар, ерекше батырлық, түс көру т.б. дәстүрлі эпостық мотивтер қамтылған. Айсаның «Қобыланды» жырында батырдың келе жатқаны жайлы Алшағырдың әйелі түс көріп білсе, баласы туралы жырда Қолакөкіректің шешесі: Айналайын, қарағым, Ел шетіне ер келді, Жеті әулие пір келді. Жұртта қалған ақ құлын Айғыр болып келіп жүр. 4 Қ.Жұмалиев. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1-кітап.— Алматы, 1958, 47-б.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Сені тістеп теуіп жүр,
Қызыл қаның төгіп жүр.
Қоңырауыңды қаға көр,
Әскеріңе хабар сала көр,—
деп, Жаскелеңнің жақындағанын айтқанда, Қолакөкірек өз
анасын дарға астырады.
Шығарманың көлемі қысқа болғанмен, оқиғасы қызық.
Айса жыраудың айтуы бойынша жырды латын әрпінде қағазға
түсірген қызы—Қымбат. Жыр мәтіні ОҒК-ның Сирек кітап-
тар мен қолжазбалар қорында сақтаулы түпнұсқадан (Ш.828)
алынды. Бұрын-соңды жарияланбаған.
Т. Әкімова
Нұрсейіт нұсқасы. Жырдың бұл нұсқасын 1954 жылы фоль-
клортанушы Мәтжан Тілеужанов Батыс Қазақстан облысының
Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында тұратын халық ақыны
(жыршы) Нұрсейіт Битілеуұлының өз аузынан жазып алып,
қолжазбаны М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ-дің аға ғылыми
қызметкері ф.ғ.к. Тұрлыбек Сыдықовқа тапсырады. Дәл осы
мезгілде аталған облыста институттың бір топ ғалымдары
фольклорлық-этнографиялық экспедицияда жүрген болатын.
Эпосты орындаушы жыршы жайында мәлімет жоқтың қасы.
Тек Нұрсейіт Битілеуұлының Қаратөбе ауданында өмірге кел-
гендігі, кеңшарда бақташылық жұмыс атқарғаны және сауаты
шамалы болғандығы белгілі.
Жыр мәтіні бұрын жарияланбаған, тақырып-тарауларға
бөлінбеген. Түпнұсқа М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ Қолжазба
қорындағы №10 бумада сақталған. Қолжазба екі дәптерден
тұрады. Бірінші дәптерде өлең жолдары әр бетке бір қатардан,
екінші дәптерде екі қатардан орналасқан. Олардың екеуі де
түптеліп, ақ ватман қағазбен тысталған5.
Нұрсейіт жырлаған нұсқа «Қобыланды батырдың» басқа
нұсқаларымен
сарындас,
мазмұндас
болғанымен,
оның
сюжетінде өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, мұнда
5 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы.—Алматы, Ғылым, 1975.—
212 б.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Қобыландының әкесінің есімі Тоқтарбай емес, Қыдырбай, ал
шешесінің есімі—Ақзарбап. Сондай-ақ Нұрсейіт вариантында
батырдың қарындасының аты өзгеріп, Қарлығаштың орнында
әпкесі Хансұлуды көреміз. Тағы бір айырмашылығы—ол
Қобыландыдан мүшел жас үлкен.
«Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» т.б. өзге
қазақ эпостарындағы тәрізді «Қобыланды батыр жырының экс-
позициясында орын алатын негізгі сарын—«перзентсіздік» мо-
тиві.
Жырдың кіріспесі осы дәстүрлі мотив бойынша өрбиді.
Қыдырбай әулеті өз ағайындарынан шетқақпай көріп, ақыры
көрші ноғайлы жеріне—Ақша ханның еліне көшіп кетеді.
Алайда бұл жақта да жағдайы жақсармайды. Сол уақытта
мұсылман елдеріне қалмақ хандары Алшағыр мен Тәукенің
ықпалы күшті болып, бірқатар қысым көрсетеді. «Баласыз»,
«қубас» деген кемсіту Қыдырбайдың алдынан тағы да шығады.
Алшағыр хан қызы Құртқаның дүниеге келуіне орай той
жасайды. Хан осы тойға Қыдырбайды да шақырып, соңында
оны жарты жолда мазақ етіп, кері қайтарады. Бұл тойда
«ұлсыздарға орын жоқ, қызсыздарға қызық жоқ» деген қорлық
сөзді естіген Қыдырбай ауылға қатты күйзеліп, «жер болып»
қайтады. Жұбайы Ақзарбап болса, әулие жағалап, Құдайдан
бала тілеп, дала кезіп кетеді.
Ақырында Ақмешіт деген жердегі Қыз әулиенің басына
түнеп, Құдай тілеуін береді. Қобыланды бұл нұсқадағы версия
бойынша «Нұр суы мен Сыр суының» шарапатымен өмірге
келеді. Ақзарбап айдаһардың етіне жерік болады. Босанар кезде
оған Қыз Әулие мен Қырық шілтен көмектеседі.
Әрине, болашақ батырдың «ерекше жағдайда» немесе
«ғажайып тууы» мотиві көптеген қазақ эпостарында («Алпа-
мыс», «Едіге», «Ер Төстік» т.б.) ұшырайтыны белгілі. Нұрсейіт
нұсқасындағы Қобыландының «судан яки нұрдан жаралуы»
өте көне сарындардың бірі. Халық аңыздарында әйгілі моңғол
қағаны Шыңғыстың «нұрдан жаралуы» әңгімеленген. Сондай-
ақ ортағасырлық «Тәзкире-и Бұғра хан» кітабында Сұлтан Сатұқ
Бұғра ханның қызы Ғалия-Нұрдан туған Әли Арыслан ғазының
да «нұрдан жаралуы» туралы баяндалады. Ал қазақ шежіресінде
Кіші жүз байұлы тайпасына қарасты Адай аталығының «нұрдан
жаралуы» туралы аңыз-мәлімет бар.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Жалпы «Қобыланды батыр» жырының Мұрын, Нұрпейіс, Көшелек, Айса, Ережеп, Сүйіншәлі нұсқаларында Қарлыға образы солғын көрініс тапқан. Тіпті, Айса вариантынан өзгелерінде кездеспейді десек те болады. Бұл арада батыс өңірге тараған «Қобыланды батырдың» негізгі сарындары «Қырымның қырық батырымен», ноғайлы батырлық жырларымен өзектесіп жатқаны аңғарылады. Батырдың әкесінің Қыдырбай есімін иеленуі де біраз жайдың бетін ашуы тиіс. Өйткені Кіші жүз руларының басты көсемдерінің бірі, әрі шежіренің түп атасы Қыдырбайға (Қыдыр Сиық) тірелетінін ескерсек, жыршыжыраулардың бас кейіпкерлердің есімін жайдан-жай таңдамайтынына көз жеткіземіз. Нұрсейіт нұсқасында Қобыландының жансерік тұлпары судан шыққан суын айғыр мен Кер қулық биеден туады. Осы ерекше жағдайда туылған тұлпардың аты Тайбурыл емес, Торыша ат. Яғни, бұл да барлық батыс варианттарына тән эпизодтық көрініске жатады. Жырда Кер қулық биені сұраған Құртқа мен Қыдырбайдың арасында аздаған келіспеушілік орын алған. Өзге жыршылар сияқты, Нұрсейіт те батырдың жұбайын барынша дәріптеп, Құртқаны адал, ақылды да айлалы сұлу жар бейнесінде сипаттайды. Сондай-ақ Құртқа Біржан немесе Мергембай нұсқаларындағыдай, Көктім-Аймақтың емес, қалмақ ханы Алшағырдың қызы. Аталған нұсқаның өн бойында өзге де мазмұндық, сюжеттік ерекшеліктері жетерлік. Мәселен, Қобыланды батырдың Домбауыл, Барса хан, Қаһарман т.с.с. қалмақ, қызылбас батырларымен арадағы соғыстары да Нұрсейіт вариантының сюжеттік арнасын кеңейтіп, жырдың эпикалық сарындарын күшейте түскен. Жыр нұсқасының оқиғасы қызықты, тілі шұрайлы. Оның көлемі оқушы дәптерінің 90 бетін құрайтын, қазіргі әріппен жазылған түпнұсқасы М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ Қолжазба қорында (ҚҚ: №10 бума, 1-дәптер) сақтаулы тұр. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа бойынша еш өзгеріссіз әзірленді. С. Қосан
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Ережеп нұсқасы. «Қобыланды батыр» жырының бірқатар
қызықты нұсқалары Қарақалпақстан қазақтары арасына
тарағаны мәлім. Солардың ішінде белгілі қоңыраттық жы-
рау Ережеп Тілеумағамбетұлының өз аузынан жазып алынған
нұсқа да бар. Жыраудың әкесі Тілеумағамбет те, атасы Аманжол
да Батыс Қазақстан мен бұрынғы Бесқала (Қарақалпақстан)
өңірлерін көп аралап, жыршылық, шайырлық өнерлерімен
жұртқа танылған дарынды кісілер болған.
Ережеп те жастайынан желілі қисса, жыр-дастандарды
айтуға дағдыланып, әкесінен «Қобыланды», «Қарасай-Қази»,
«Қыз Жібек», «Біржан-Сара» т.б. шығармаларды үйреніп,
оларды өзінше ажарлап, халық алдында, жиын-тойларда орын-
дап жүрген.
Ережеп жырлаған «Қобыланды батыр» жырының мәтінін
алғаш 1962 жылы ҚазКСР ҰҒА ӘӨИ ұйымдастырған әдеби-
фольклорлық «Қарақалпақ экспедициясының» мүшелері
(Б.Ысқақов, Т.Қанағатов, Т.Бекхожина) Қожелі ауданын-
да жүрген жыраудың өз аузынан тыңдап, магнитофон та-
спасына түсіріп алады. Кейін Алматыға оралған соң, осы
аудио-таспадан қағазға түсіріліп, тасқа бастырылған. Осы
нұсқа қолжазба ретінде институттың Қолжазба бөліміне
өткізілген.6 Бұдан соң 1963 жылы аталған Қорға Ережеп
жырау орындаған «Қобыланды батыр» жырының тағы бір
көшірмесі тапсырылады. Жыр мәтінін Қоңырат ауданында
тұратын жыршыдан жазып алушы—жергілікті фольклорта-
нушы, филология ғылымдарының докторы Қабыл Мақсетов
болатын.
Ережеп жыраудың нұсқасында эпос оқиғасы барынша
жинақы, шымыр, көркем әрі бұрынғы эпикалық дәстүрдің
аясында шабытпен жырланған. Мұнда болашақ батырдың
дүниеге келетінін әкесі Қыдырбайдың түсінде әулиелер аян-
тұспал арқылы сездіреді. Кемпірі шалының түсін жорып,
«бүркіт пен лашынның бірі ұл, біреуі қыз, демек, екі перзент
сүйеді екенбіз» деп, Қыдырбайды жігерлендіре түседі. Жырда
кемпірдің, яғни Қобыландының шешесінің есімі аталмайды.
Әсіресе болашақ батырға жүкті болған ананың жерігі ешбір
6 Қазақ Қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы.—Алматы, Ғылым. 1975,
219-б.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
аңның етіне қанбай, ақырында қара тасты жеп, сонда ғана
жерігі басылады. Осы тұстағы:
«Айдаһардың етін жегізді,
Бұған жерігі қанбады.
Пілдің сүтін ішкізді,
Бұған жерігі қанбады.
Харам менен халалдың,
Бәрін де бұған жегізді,
Бұған жерігі қанбады,
Көрмеген адам нанбады.
Дәл отыз күнге жетеді,
Уайым-қайғы етеді.
Адамзаттан тоймады,
Өлімге басты байлады.
Қара тасты нәр етіп,
Қашыр-қашыр шайнады,»—
деп келетін жыр жолдарынан Қобыландының дүниеге келу
сәтінің қаншалықты қиын болғандығынан хабар алумен бір-
ге, келешектегі батырдың мінезі соншалықты қатты, бірбет-
кей әрі жүректі болатындығын айқын сездіреді. Бұл жерде
қара тас—жау аямас мейірсіздіктің белгісі. Мысалы, Нұрсейіт
нұсқасында Қобыланды қалмақтардың бесіктегі баласына дей-
ін қырып тастайды. Бұл да эпостық жырларда жиі кездесе бере-
тін әсірелеудің айқын көрінісі.
Ережеп нұсқасының өзге эпос варианттарына қарағанда тағы
бір ерекшелігі, мұнда Қобыландының әкесі Қыдырбай қалмақ
ханы Алшағырдың қолынан қаза табады. Бұл эпизод жырдың
басқа нұсқаларында ұшыраспайды. Сонымен қатар Құртқаның
Қобыландыға жазып кеткен хаты да осы жыр үлгісінің өзіндік
даралығын танытпақ.
Жырдың кейбір эпизодтық тұстары «Алпамыс» тәрізді
қазақ эпостарының жекелеген оқиғаларымен үндестік тапқан.
Мысалы, «Алпамыста» батырдың келе жатқанын Тайшық хан
түсінде көретіні секілді, Ережеп нұсқасында Қобыландының
елге жақындағанын Алшағырдың бәйбішесі түс көру арқылы
болжайды. Сондай-ақ Құртқаның өзін тоқалдыққа алғалы
тұрған Алшағыр ханнан 30 күн мәулет сұрауы; Қобыландының
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР бақсы-қалендер кейпінде той үстіне топ келіп, Алшағырмен жолыққан тұсы—Алпамыс пен Ұлтанның ұшырасатын эпизодты еске түсіреді. Ережеп нұсқасы қарапайым әрі шебер тіл мен эпикалық екпінді стильде жырланған. Мұнда Сыр бойы, Хорезм және Маңғыстау жыр мектептерінің стильдік, тілдік ықпалын да айқын аңғаруға болады. Жыр бұрын арнайы зерттелмеген. Томға ұсынылып отырған «Қобыланды батыр» жырының мәтіні М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған түпнұсқа (№12 бума) бойынша әзірленді. С. Қосан Сәдуақас Ділманов нұсқасы. «Қобыланды батыр» жырының аса көлемді үлгілерінің бірі—аталған нұсқа. Айтушысы оралдық Сәдуақас Ділманов жасынан домбырамен ән салып, халық арасында ақын-жырау атанған кісі. Осы жырдың түпнұсқасын ӘӨИ-дің Қолжазба қорына 1969 жылы белгілі жазушы, әрі аудармашы Ғалым Ахметов тапсырған. (Ол 1906 жылы Ақтөбе облысы, Ключевский ауданында туған). Қобылан халықтан асқан батыр болады. Алты жаста Көктенің қызы Аққұртқаны, он үш жасында Көбікті деген қалмақты өлтіріп, қызы Қарлыға сұлуды алады. Бір күні Аққұртқа түс көреді. Түсінде Қаратаудың ар жағындағы Барса-келместі мекендеген Алып ханның жалғыз қызы Илия сұлу Құртқаға сыр айтып, Қобыландыға ғашық екенін, екі жылдан бері жер үстінен іздеп шын хабарын білмей тарығып, ауру болғандығын айтады. Құртқа Илияның сөзінен жеңіліп, Қобыландыны Барсакелмеске жібереді. Қасына сенімді серігі Бозмұнайұлы Ерсайымды қосып жібереді. Бұлар үш айлық жолда кезіккен аңдарменен шабысып, айдаһармен алысып Қаратауға аман жетеді. Қырымның қанша батырлары болса да таудан асып, есікті бұзып өте алмағандығы жөніндегі таңба жазуларды көреді. Ең ақыры Қарасай Қазы барып есікті бұза алмай, тасқа жазылған «Қырық қадам күншығысқа барсаң, сол жерде есік бар» деген ескертумен барып қақпаны бұзып, қалың елді көреді. Қобыланды батыр елді жаулап алған қалмақтың батыры Шойынкөтті жеңіп, Алмамбет ханды өз тағына отырғызады.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Алмамбет қаласына көшіп барып, көңілі жайғасып тойын жасайды. Ең соңында Қобыланды батыр Алыпты өлтіріп, Илия сұлуды алады. Құртқа Қобыланды батыр мен Ерсайымның аман-есен елге қайтып оралған қуанышына үлкен той жасайды. С.Ділмановтың бұл нұсқасы басқа нұсқаларға ұқсамайды. Эпостың тасқа басылған нұсқасын араб әрпіндегі түпнұсқамен салыстырғанда мына шумақтары түсіп қалған. Басы: Барамын десең батырым, Соқпасын мұның шамаға. Қарны ашып ол неме, Ерместей біреу қараға. Еділ Жайыққа қайтадан, Қалың жатқан ноғайлы, Түсінсең айттым, батырым, Бара көрме бұл жайға. Соңы: Сонда тұрып сөйледі: Жаным көке, сен деді, Үлкейгенде алжасып. Екеуіңе жөн бе еді, Ести қойса мұныңды, Күлкі қылар ел деді. Ашу кәпір, ақыл дос, Ашуыңның түбі бос. Томға ұсынылып отырған «Қобыланды батыр» эпосы араб әрпімен жазылған, ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы (Ш.695, 1-дәптер). Жыр бұрын еш жерде жарияланбаған. Мәтін қолжазбадан түзетусіз дайындалып, алғашқы рет баспаға ұсынылып отыр. Н. Мурсалимова
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ
ДІНИ ЕСІМДЕР
Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес»* .
Исламдық сенім бойынша, Алла Тағала әлемді, жер-
ді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез-
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш
жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде-
гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым-
дылығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
* Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Мұхаммед (Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым)—ислам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар. 570* жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алла Тағаланың алғашқы бұйрық, жарлықтары (уаһи) рамазан айында хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен. Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар. Алшағыр—Ноғай мырзасы. Едіге әулетінен шығып, көшпелі ноғай-қазақ ұлыстары арасында үлкен беделге ие болған билеуші. Тарихи деректерде ұлдары Орақ, Мамаймен бірге Қырым төңірегіндігі саяси және ел-аралық қақтығыстар кезінде есімі жиі аталған. Алайда «Қобыланды батыр» секілді бірқатар қазақ эпостарында Алшағыр—қалмақ ханы не батыры екені мәлім. Дегенмен халық ауыз әдебиетінде, әсіресе фольклорлық * Кейбір деректерде Мұхаммед пайғамбардың туған жылы 571 жыл деп көрсетіліп жүр. Зерттеушілер әлі бір пікірге келмегендіктен, біз қалыптасқан пікірді ұстандық.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
шығармаларда алыс дәуірде өмір сүрген тұлғалардың есімдерінде
ауыс-түйіс бола беретіні қалыпты құбылыс.
Ахмет—ноғай-қазақ эпостарында есімі жиі аталатын
эпикалық кейіпкер. Бірқатар жазба деректерде және ауыз
әдебиеті туындыларында Айсаның ұлы Ахмет немесе Әмет
атымен де ұшырайды. «Қырымның қырық батыры», «Асан
қайғы», «Қазтуған» жырлары мен Шалгез, Мұрат ақын,
Қашаған жырау мұраларында да Ахметтің есімі үлкен
құрметпен аталған. Көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарын сырт
жаудан қорғауда ерен ерлігімен көрініп, ел есінде қалған халық
батырларының бірі әрі тарихи тұлға.
Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегіле-
рінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған
перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды бо-
лып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп
көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында
Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең ал-
дымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, содан
соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті Ша-
шты Әзіз—Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам діні
Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген бол-
жамдар бар.
Едіге—ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген
тарихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса батыр әрі қолбасшы
болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында
тәуелсіз билік құрумен бірге ел басқару істеріне белсене
араласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз
билеушісі мен Ақсақ Темір арсындағы текетіресті өз пайдасына
шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне
бірнеше рет баса көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын құрып,
оның басты бегі болды (1396-1419 жж.). Қара халық арасынан
шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын
қорғағандықтан, қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын
жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған оның бейнесі мен
есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер
бойынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде—Ұлытауда
жатыр.
Жүсіп—Жақып
пайғамбардың
кіші
ұлы,
пайғамбар.
Қасиетті Құранда оған көлемді сүре арналған. Сүреде оның та-
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ рихы толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала отырып, Ә.Фердоуси бастаған шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақ әдебиетінде осы тақырыпқа арналған, ХІХ ғасырда баспа бетін көрген бірнеше дастан бар. Жүсіп—Зылиха—шығыс халықтарына кең тараған «Жүсіп—Зылиха» атты әдеби-фольклорлық шығармалардың бас кейіпкерлері, махаббат пен сұлулық символы. Мұндағы Жүсіп—қасиетті Құран мен Інжілде аты аталатын пайғамбарлардың бірі. Қабыл, Абыл—діни аңыздар бойынша, Адам ата мен Хауа ананың алғашқы перзенттері. Қабыл жер жыртып, егін салады, інісі Абыл мал бағады. Алла уаһи келтіріп, Қабылға Абылдың егіз сыңар қарындасын, Абылға Қабылдың егіз сынар қарындасын қосуды ниет етеді. Қабыл бұған көнбейді, өзінің сұлу өңді қарындасын алғысы келеді. Адам ата екі баласына шарт қояды: кімнің тасаттығын Алла қабыл алса, сол өзінің көңіліне ұнаған адамын алады. Абыл бір түйесін шалды, Қабыл бидайын атады. Сонымен, Қабыл жеңіліп, қызғаныштан інісі Абылды өлтіріп, күнәһар пендеге айналады. Қазан хан— ХІV ғасырдың бас кезіндегі қызылбас елінің ханы Ғазан ханның прототипі болуы мүмкін. Ғазан ханның әскерлері Каспий теңізінің батысына, Дербент, Баку, Астрахан қалаларына, Арал маңына шейін жорық жасап келген. Осындай шабуыл кезінде ол өз әскерлерін басқадан айыру үшін бастарына қызыл бөрік кигізген. Осыдан барып жергілікті халық оларды «қызылбас» деп атаған. Бұлардың шабуылдарына қарсы күресіп, зор ерлік көрсеткен қыпшақтар болған. Қазтуған—даңқты ноғай-қазақ жырауы. Көшпелі Ноғай Ордасының биі һәм батыры ретінде танылатын оның бірнеше айшықты толғаулары ел жадында сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырау шығармашылығы туралы М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы тәрізді қазақ ғалымдарының зерттеулерінде жан-жақты сөз болып, есімі әдебиет тарихынан лайықты орын алды. Қарға бойлы Қазтуған—«Қырымның қырық батыры» желілі жырларының жеке қаһарманы.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Қарасай, Қази—Орақ батырдың ұлдары. ХVІ ғасырдың
соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін
Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол
заманда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз
күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһармандар.
Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтары жайында қазақ жырау,
жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе,
Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан
қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық
нұсқалары сақталған.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтың фольклоры мен діни аңыздарында жиі кез-
десетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе,
кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба —ел аралап жүрген ақ
киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт,
дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Мұса—Едіге биден кейін эпикалық жырларда ең жиі ата-
латын қаһарманның бірі. Ол—Уаққас бектің ұлы, Едігенің не-
мересі. 1493-1507 жылдарда Ноғай Ордасының бегі ретінде елді
інісі Жаңбыршымен бірлесе басқарған. Оның есімі қазақтың
«Қырымның қырық батыры», «Орақ-Мамай», «Қарасай-
Қази», «Қобыланды» т.б. ірі эпостарда құрметпен еске алынып,
халықтың ыстық ықыласына бөленген.
Орақ-Мамай ХVІ ғасыр—көбінесе есімдері қатар аталып
отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы шежірелік
мәліметтер
бойынша,
Мұсадан—Алшағыр,
одан—Орақ
пен Мамай туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ
ұлыстарының туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ер жүрек
батырлар кейпінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен
ұрпақтары туралы Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1929жж.)
көлемді жыр тудырғаны мәлім.
Ағла /а/—ең жоғары, ең биік; аса ұлы, ең зор.
Ағлам /а/—белгілі, аян.
Адырна /к.с./—садаққа байлайтын, қайыстан өріп жа-
салған бау.
Ақ, Хақ /а/—шын, шындық, күмәнсіз ақиқат; нағыз; Алла
Тағаланың 99 есімінің бірі.
Ақырет, ахирет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні қиямет-
тің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақ-
тың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәла-
рына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың
жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн.
Апу, ғапу /а/—өтіну, кешірім сұрау
Ассалаумағалейкүм /а/—сізге амандық тілеймін.
Афған /п/—күңірену, күрсіну.
Ахуалат /а/—халдары, хал-жағдайлары.
Әлқисса /а/—содан кейін, сонымен, баяндау, қара сөз.
Базы /а/—кейбіреу, біреу
Гөдек /п/—бала.
Гүнай /п/— күнә.
Ғадел /а/—әділ адам.
Ғазап /а/—ауыр бейнет, қиыншылық
Ғайып ерен қырық шілтен—Орта Азия мұсылмандары-
ның түсінігі бойынша, адамды қолдап жүретін, бірақ көзге
көрінбейтін рух, қырық жолдас, дос деген сөз. Кейбір аңыздар
бойынша, ғайыптан пайда болатын шілтендер құс бейнесінде
көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс сапарда жүрген, арып-
ашып жолынан адасқан жолаушыларға жәрдемдеседі.
Ғапыл, қапыл /а/—қапы болу, байқамау.
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін.
СӨЗДІК
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Ғибрат /а/—тәжірибе, өнеге, үлгі
Дағдыр /ж/—тағдыр.
Дарбаза—есік, қақпа.
Дұға /а/—аман-саулық, сау-саламаттықты тілейтін Құран-
ның қысқа-қысқа аяттары.
Жамағат /а/ - жиналған топ, халық, жұрт.
Жаппар, Жағыпар /а /— құдіретті; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.
Жаһаннам—тозақ оты.
Жүдә /п/—аса, өте
Залал /а/—зиян, кесір
Зәнталақ /а/—арамза, қара ниет
Зікір /а/—еске алу, есте сақтау; ауызбен айту, баян ету; бел-
гі; уағыз, насихат. Көбінесе Алла Тағаланы еске алып, жалба-
рыну мағынасында. Зікір жүректен (көңіл), сөзбен және дене
қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады
Иншалла /а/—Алла қаласа.
Ишара /а/—нұсқау, ым; кеңес; белгі, дабыл, тұспал.
Кәмал, кәміл /а/—толығу, толықтық, түгелдік, кемел
Кебеже—өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.
Кеуіл—көңіл
Крауат /о/—төсек.
Кіреуке /к.с./—сауыт үстінен киетін, болат сымнан өріп
жасайтын торлы сауыт.
Қажылық /а/—ислам дінінің бесінші шарты. Мекке-
ге тәуап етуге бару—әр мұсылманның басты міндеттерінің
бірі. Қажылық зұлхиджа айының алғашқы он күнінде өтеді.
Алғашқы күні Қағбаны жеті рет айналып өтіп, тасқа маңдай
тигізіп, сүйіп, Зәмзәм суын татады. Одан соң Сафа мен Маруа
төбелерінің арасында бірнеше рет жүгіреді де, Арафат тауы-
на барып, намаз оқиды. Ол жерден Мұздалифа тауына барып,
арнайы айтылатын діни уағыз тыңдайды. Содан кейін Мина
аңғарына барып, онда Ібілісті қуу үшін үш рет жеті тастан
лақтырады. Құрбан шалынады. Бұл күн Құрбан айт мейрамы-
на сәйкес келеді. Қажылыққа барған адам ақ матадан арнайы
тігілген киім—ихрамды киеді.
Қалендер /п/ - ел кезуші, дәруіш, кезбе адам.
Қамқа тон—тонның ең әдемі, жылы, қымбат бағалы түрі
қамқа тон деп аталады. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, хан-
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
ша сияқты ауқатты, белгілі адамдар мен әйелдер ғана киген.
Киімнің бұл түрі ондатр, құндыз, бұлғын, манат тағы басқа
бағалы аң терілерінен түгі сыртына қаратылып, астарланып ті-
гіледі.
Қандек /а/—ор
Қасаң—қатал, қатаң, қатыгез
Қасарма—қыңыр
Қәд /а/—шек, шекара
Қисса /а/—әңгіме, тарих
Қулық—алғаш құлындаған жас бие.
Құбыла /а/—мұсылмандардың намаз оқығанда бетін
қарататын бағыты. Алғашында Мұхаммед пен оның серікте-
рі беттерін шығысқа, Иерусалимге қарай бұратын; кейіннен
хижраның екінші жылы қасиетті қағбаны белгілейді.
Құран /а/—Ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары толық
көрініс тапқан мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы.
Медет /а/—демеу, сүйеніш.
Мехнат /а/— ауыртпашылық, бейнет.
Мәқсуд /а/—мақсат, ынта, тілек, талап.
Мәулет /а/—туған, туылған
Мизан /а/—таразы, өлшеуіш
Мүшкіл /а/—қиын жағдай, шатақ; қиындық.
Міскін /а/—бейшара, мүсәпір, мүскін.
Намаздігер—күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез, бес
уақыт намаздың бірі.
Падвал /о/—жертөле.
Панар /о/—фонарь, шам.
Панже /п/—бес саусақ
Парпар—фарфор
Пәруа—сана, ес, сезім
Пәуеске /о/—күйме.
Пормы /о/—пішін, форма
Пір—қолдап-қорғаушы
Рауан /п/—жүру, қозғалу, жылжу
Раушан /п/—анық, ашық, нұрлы
Сажын—үш кезге парапар ұзындық өлшемі
Саржа—сүйекпен әшекейленген әдемі садақ, садақтың
оғы.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Сәруар /п/—басшы, жетекші, қожайын.
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.
Талақ /а/—неке бұзу, ажырасу, айырылысу.
Тамам /а/—соңы
Таһарат /а/—дәрет алу, тазалану. Құран Кәрімді оқырда,
намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір шарт—та-
залану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені ғана жуып
қоймай, рухани ойды тазалау. Әдеппен, толық құрметпен
аңсарыңды тазалыққа аудару, яғни Алланы ойлау. Біле тұра
немесе білместікпен істелінген күнәларың үшін Алладан кеші-
рім сұрау, жарылқау тілеу.
Терте—арба-шананың көлік жегетін жетек ағашы.
Үлек—асыл тұқымды бір өркешті нар түйенің еркегі.
Үшейші—/қ.с./ дана.
Хазірет
/а/—жоғары
мәртебелі;
пайғамбарлардың,
имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
құрметті атақ.
Халал /а/—шариғат бойынша рұқсат берілген; адал, таза.
Хасыл /а/—іске асыру, орындалу, жүзеге асу, тілегіне жету;
нәтиже, қорытынды; арманына, мақсатына жету.
Харам /а/—ислам шариғаты бойынша тыйым салынған,
яғни ішіп-жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе (Құран Кәрімде
бұл түсінік 71 жерде қолданылған); заңсыз, таза емес.
Һәм /п/—және, тағы, сондай-ақ.
Һәмма /п/—бәрі, барлық
Шаһар, шәр /п/—қала
Шаһид /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза
болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды.
Шегір /қ/—сарғыш
Ықтият /а/—мұқият болу; сақтану
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Алатау—Батыс Қазақстан өңірінде кездесетін орташа тау
жоталары.
Бұлдырты—Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан
облысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік-
батысқа қарай бір шақырым жерде. Былқылдаған және Жо-
салы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады,
оңтүстігінде Жалтыркөл көліне құяды.
Ешкіқырған
(Итқырған)—Ақтөбе
облысының
Қобда
ауданындағы өзен. Жайық алабындағы салалардың бірі.
Жирен қопа—қазіргі Ақтөбе облысының Қобда ауданын-
дағы өзен, жер аты.
Қалдығайты—Батыс
Қазақстан
облысының
Қаратөбе
ауданындағы өзен. Жайықтың шығыс алабында. Қаратөбе ау-
данында Қалдығайты деген ауыл да бар.
Қараоба—ежелгі қорым. Батыс Қазақстан облысындағы
Жасауыл деген жерде орналасқан.
Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған
аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.
«Қобыланды батыр» эпосында аталатын Қаратау—Маңғыстау
жерінде ұшырайды.
Қытай—Азиядағы ірі мемлекет. Астанасы—Пекин қаласы.
Қырым—Алтын орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде
орналасқан мемлекет.
Қобда—Ақтөбе
облысындағы
аудан
орталығы.
Елек
алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудан жерле-
рімен ағады.
Маңғыстау—Қазақстанның оңтүстік-батысында орналас-
қан облыс атауы. Орталығы—Ақтау қаласы. Ел аузында
Маңғыстаудың ойында 360 әулие барлығы айтылады.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Өлеңті—Жайық
алабындағы
өзен.
Батыс
Қазақстан
облысының Сырым және Ақжайық аудандарының жері арқылы
ағады.
Шідерті—Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы өзен,
Өлеңті алабында.
ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Ахметов Ғалым—жазушы, аудармашы. Ақтөбе облысы, Алға ауданында туған. «Жорық жылдары», «Жем бойында» романдары, «Ескі достар» атты әңгімелері мен естеліктер жинағы шықты. Л.Н.Толстой мен Чеховтың әңгімелерін, И.С.Тургеневтің «Соны сүрлеу» т.б. аударды. Байтабынұлы Айса (1875-1955)—қазақ жырауы. Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Айсаның әкесі Байтабын өмір бойы Сейсенбі Тасбаев деген байдың жылқышысы болған. Айсаның ақындық өнері 18 жастан бастайды. Ол «домбырашы, әнші жігіт» атанады, ауыл-үй арасында өткізілетін ойынсауықтарда өлеңді өз жанынан суырып салып айтатын болады. Ақындық өнерді Бетеген, Нұрпейіс жыраулардан үйренген. Айса батырлық жырды көп білген, көп жырлаған. Оның репертуарында «Қобыланды», «Ер Сайын», «Көрұғлы», «Әуез батыр», «Телағыс» т.б. белгілі жырлар болған. Айсадан жазылып алынған осы шығармалар Орталық Ғылыми кітапханада сақтаулы. Битілеуов Нұрсейіт (1903-1970)—Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауыл советіне қарасты «Социалды» колхозында тұрған. Ата-анасы ерте өліп, жастық шағын кісі есігінде жалшылықта өткізеді. Нұрсейіт он үш-он төрт жасынан бастап өнерге бой ұрған. Ауыл әнші-жыршыларының өлең-жырларын зейін қоя тыңдап, өзі де сол өнер жолына түседі. Жырды алғаш рет белгілі Қазмағамбет деген жыршыдан үйренген. Нұрсейіт Қалмағамбет жыраудан «Қобыланды», «Қарасай-қази», «Орақ-Мамай», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» жырларын жаттап алады. Мақсетов Қабыл—Қарақалпақ республикасында туыпөскен. Филология ғылымдарының докторы Қ.Мақсетов—
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
қарақалпақ
ауыз
әдебиет
үлгілерін
жинап,
зерттеген
ғалымдардың бірі.
Тілеужанов
Мәтжан
(1927-1955)—ғалым,
филология
ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан
аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жинап,
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырды.
Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және
фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер ту-
ындыларын жинады.
Тілеумағамбетұлы Ережеп—1890 жылы Қоңырат-Малшы
деген жерде туған. Әкесі Тілеумағамбет жасынан өнерлі,
жырау, шайыр адам болған. Ел ішіне жыршылық еңбегімен де
танылған. Әкесінің лақап аты—«қу молда» болған. Қу молда
«Қобылан», «Кенесары-Наурызбай», «Қарасай-Қазидың» он
екі тарамға бөлінетіндігін білген. 1917 жылғы төңкерістен бері
жазылған жаңа заман жырын айтқан. «Асқар батыр», «Өтеш»,
«Марқабай», «Ермағамбет» жырларын жазған. Шәкірттері
Дариябай жырау, Құдайберген жырау, Жақсылық жырау,
Оразбай жырау т.б. болған. Ережеп әкесінің дастандарын
жазбасынан үйренген. 22 жасынан бастап, жыраулықпен
шұғылданған. Ережеп жыраудан 1962 жылы жазылып алынған
«Қобыланды батыр» жыры—осы эпостың ең толық, көркем
нұсқаларының бірі.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісінен (1917 ж.) дейінгі
жарық көрген кітаптар
1. Қобыланды батыр. Н. Битілеуов. ӘӨИ: ҚҚ, Ш.10. 2. Қобылан. Е. Тілеумағамбетұлы.—ӘӨИ: ҚҚ, Ш.482. 3. Қобыланды. А. Байтабынұлы.—ОҒК, Ш.828, 1-дәп. 4. Қобылан батыр баласының жыры. А. Байтабынұлы.—
ОҒК, Ш.828, 2-дәп. 5. Қобыланды батыр. С. Ділманов.—ӘӨИ: ҚҚ, Ш.695.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 2. Бердібаев Р. Қазақ эпосы (жанрлық және стадиялық
мәселелер).—Алматы: Ғылым, 1982. 3. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық
жыры.—Алматы, 1972. 4. Жирмунский В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный ге-
роический эпос.—М., 1947. 5. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958. 6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап.—Алматы,
1960. 7. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.—
Алматы, 1975. 8. Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Сұбхан-
бердина, Д. Сейфуллина.—Алматы, 1986.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
9. Қобыланды батыр. Ғылыми басылым / Құрастырып,
ғылыми түсініктемелерін жазғандар: Н. В. Кидайш—Покров-
ская, О. Нұрмағамбетова.—Москва: Наука, 1975.
10. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.—Алма-
ты: Ана тілі, 1991. 11. Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.—Алма-
ты, 1975. 12. Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос.—Алматы, 2000. 13. Маадай—Кара. Алтайский героический эпос.—М.,
1973. 14. Орлов А. С. Казахский героический эпос.—М., 1945. 15. Нұрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы—
«Қобыланды батыр».—Алматы, 2003. 16. Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары,—
Қызылорда, 1931. 17. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 18. Фольклор шындығы: Ғылыми жинақ / Бас ред. Р. Берді-
баев.—Алматы: Ғылым, 1990. 19. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
М., 1968.
20. Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 21. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы-
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
22. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 23. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 24. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т.—М., 1970. 25. Татарско-русский словарь.—М., Советская энциклопе-
дия, 1966. 26. Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа,
2005.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини-
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго-
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про-
граммы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготовле-
но и издано 36 томов фольклорных текстов.
37 том включает в себя пять вариантов героического эпоса
«Қобыланды батыр», являющегося выдающимся образцом эпи-
ческой поэзии казахского народа. «Қобыланды» и «Қобыланның
баласының жыры» записаны в 1941 году от сказителя Айсы
Байтабынова в ауле Отешсай, ныне Кобдинского района, Ак-
тюбинской области. Он исполнял в народе героические эпосы
«Қобыланды батыр», «Кубыгул», «Короглы», а также романи-
ческую народную поэму «Кыз Жибек». «Қобылан» записан в
1960 году от сказителя Ережеп Тлеумагамбетулы Аманжолова в
Конгратском районе Каракалпакстана фольклористом Кабулом
Максетовым. «Қобыланды батыр» записан от народного певца
Нурсеита Битлеуова фольклористом Матжаном Максымовичем
Тлеужановым в 1954 г. Еще один текст «Қобыланды батыр» был
записан писателем Галымом Ахметовым от сказителя Садуака-
са Дилманова.
Составителями планируется подготовка и издание четырех
томов, в том числе всех двадцати вариантов настоящего эпоса.
Среди героических эпосов «Қобыланды батыр» одна из самых
крупных и достигает в некоторых вариантах шести-девяти ты-
сяч строк.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Сюжетную основу «Қобыланды батыра» составляют древние легенды и героические мотивы, связанные с прошлой жизнью казахского народа и его историей. В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі», том снабжен научными приложениями, которые включают в себя сведения о публикуемых текстах: краткий историкофольклористический и текстологический анализ; данные об исторических и религиозных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и понятий религиозного характера, а также географических названий; сведения о сказителях, собирателях и публикаторах; список использованной литературы; резюме на русском и английском языках. Все тексты данного тома публикуются впервые. Объем тома—33,75 п.л.
SUMMARY M. O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of the hundred volume Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» іmplemented wіthіn the framework of the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). By present moment the Іnstіtute staff has prepared and publіshed 36 volumes of folklore texts. 37th volume іncludes five versіons of heroіc epos «Kobylandі batyr» that іs an outstandіng sample of epіc poetry of Kazakh people. «Kobylandі» and «Kobylandі balasynіn zhyrі» were recorded іn 1941 from the narrator Aіsі Baіtabynov іn Oteshsaі vіllage, now Kobdіnskі dіstrіct, Aktobe regіon. Іn people gatherіngs he has performed heroіc eposes «Kobylandі batyr», «Kubygul», «Korogly» and also romantіc folklore poem «Kyz Zhіbek». «Kobylan» was recorded іn 1960 from the narrator Erezhep Tleumagambet Amanzholov іn Kongrat dіstrіct іn Karakalpakstan by folklore specіalіst Kabul Maksetov. The compіlers are plannіng to prepare and publіsh four volumes іncludіng all twenty versіons of thіs epos. Among heroіc eposes «Kobylandі batyr» іs one of the bіggest works and some versіons іnclude sіx-nіne thousands lіnes. The plot of «Kobylandі batyr» іs based on ancіent legends and heroіc motіves related to the past lіfe of Kazakh people and theіr hіstory. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі», the volume has scіentіfic supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous figures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. All texts of thіs volume are publіshed for the first tіme. Volume іs 33,75 pp.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ........................................................... 5 Мәтіндер Қобыланды батыр (А. Байтабынұлы нұсқасы) .................... 9 Қобыланды батырдың баласының жыры (А. Байтабынұлы нұсқасы) .......................................................................... 92 Қобыланды батыр (Е. Тілеумағамбетұлы нұсқасы) ..........126 Қобыланды батыр (Н. Битілеуов нұсқасы) .......................192 Қобыланды батыр (С. Ділманов нұсқасы) .........................304 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме ....................................509 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ..................519 Сөздік .............................................................................524 Жер-су атаулары ..............................................................528 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет ......................................530 Шартты қысқартулар .......................................................532 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................533 Резюме ...........................................................................535 Summary .........................................................................537
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 37 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. М. Мурсалимова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2148 Теруге 13.03.06 жіберілді. Басуға 24.03.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 33,75. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру