Мазмұнға өту
Home

Кісендеулі қолжазба

Мәди Қайыңбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Кісендеулі қолжазба

Авторы: Мәди Қайыңбаев

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Қайыңбаев М. Қ 14 Кісендеулі қолжазба. – Алматы: Жазушы, 2013. – 192 бет. – «Жаңа заман əдебиеті. Поэзия» сериясы. ISBN 978-601-200-440-3 Ақынның бұл кезекті жыр жинағына бұрын еш жерде жа риялан ба ған өлеңдері еніп отыр. Автордың пайымдауынша, ол өзі нің көптеген өлеңдерін əлі де шикілеу ме деген оймен «кісендеулі» кү йін де ұстаған. Сон дық тан да жинақтағы өлеңдердің соңына жазыл ған уақыты берілген. Əйтсе де, өмірге келген əрбір шығармаға уақыт сыншы екені анық. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 © Қайыңбаев М., 2013 ISBN 978-601-200-440-3 © «Жазушы» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Қ 14

АЙКЕЗБЕ Жан едім ғой мен өзі заты бекем, Бір ауруға шалдықтым аты бөтен... Шаршағам ба... оянып кеттім тағы, Шөмеленің үстінде отыр екем... Қолымдағы күріштің сабағы ма, Селк еттім... үн кептеліп тамағыма! Орылған егістіктің ай астында Келбеті көз сүрінер ала-құла... Жүгірдім өзімді үйге алып қашып, Бəрі... бəрі санама таныс та ашық! Ай астында дəл осы танаптарда Жүруші едік екеуміз қол ұстасып! Өбуші еді... жұпарлы самал лебі, Мұрын жарып дəн демі, сабан демі... ...Енді, міне, сен жүрген сол аймаққа Сүйрелейді түн сайын санам мені... Тайған да жоқ бойымнан күшім əлі, Жүрегім жүк түскендей қысылады. Жыл болды, жаным, солай аласұрып Айкезбе ауруына ұшырадым!.. Сені ойлаумен қажыған ауыр күннен Айықпастай дерт алып ауырдым мен. Көңілімді бөлмейді əзілің де, Бөлмейді дауыл, жауын, бауың мүлдем! Есім жоқ... елесіңді аяладым, Кеземін егістіктің маяларын. Бірде жылап отырам жарқабақта, Бірде тоғай ішінде оянамын! Бірде өзімді қайғыға батырамын, Бірде атыңды айқайлап шақырамын...

Кісендеулі қолжазба Бірде шыңырау түбіне үңілемін, Бірде шатыр үстінде отырамын... Бірде бауда жапырақ кешіп жүрем, Бірде желдей далада есіп жүрем! Əйтеуір шығара алмай өзіңді естен, Жоғалтқанмын өзімнің есімді мен! Тайған да жоқ бойымнан күшім əлі, Жүрегім жүк түскендей қысылады. Жыл болды, жаным, солай аласұрып Айкезбе ауруына ұшырадым!.. Сөйлесем, тілге сені тиек етем, Сүлдерімді елес боп сүйе бекем! Жаңа білдім, мен сені, жаным сəулем, Санасыз кезімде де сүйеді екем!!! 10 қыркүйек 1981 жыл СӘЙГҮЛІКТЕР Жүрегімде шоқ болдың, Сымбатыңа сұқтандым да, шаттандым, Сəйгүліктер! Қолғанаты өмірлік Құстай ұшқан ұлы бабам сақтардың! Садақ пенен атсыз күні жоқ мүлдем, Қылыш қанын күн нұрына кептірген, Оған куə – Зарина мен Шырақтар, Томиристер Кирді қанға бөктірген! Бақталасқан соққан желмен ерігіп, Сəйгүліктер! Кең даламның көрігі! Арыстанша арпалысқан кешегі Махамбет пен Мəдилердің серігі!

Мәди Қайыңбаев Кекіліңді сан самалға өптірсең Тағдыр шығар, Кешір мені «көп білсем», Сымбатыңмен таң қалдырып халықты, Циркте ойнап бүгінге де жеттің сен. Ғарыш деді ғылымдарға сүйеніп, Бұл күнде адам орындалды тілегі, Біздің Отан бақыт елі, жыр елі! Мен сүйсіне ғарышкерлер ісіне, «Союзь» ұшса тулай соғар жүрегім! Əйтсе де оны Байқоңырдан көкке ұшқан 20 миллион сəйгүлік1 деп білемін! 16 мамыр 1981 жыл БИШІ ҚАЙЫҢДАР Əрдайым аңсап жолығам, Қарсы алар шулап ну үні... Бурабас қайың молынан, Бурабай жердің сұлуы! Қоңырқай күздің күнінде Жөңкілер бұлты аспаннан. Мұң бардай шулы үнінде, Үніне жырмен қосылам. Көлденең жанға пайымдар Көңілдің шерін қозғаған, Бар мұнда биші қайыңдар, Мəңгілік белін жазбаған. Бар мұнда биші қайыңдар Қарасаң көзің тоймайтын. 1 Бірінші «Восход» ғарыш кемесінің қуаты 20 млн. ат күшіне тең болды.

Кісендеулі қолжазба Бар мұнда биші қайыңдар Билеуін мəңгі қоймайтын! Бар мұнда биші қайыңдар Бермеген тағдыр тілекті... Осынау қайың жайында Жыр тербер нəзік жүректі... Өмірде қысқа, шеттеліп, Жуынып дəйім ақ нұрға, Билейді олар кектеніп Билетіп қойған тағдырға! Мен мұнда келсем ауылдан, Жасырам қазір несіне, Спондилитпен ауырған Бір досым түсер есіме. Өмірде дулы базардай Арманын іштей зар қылып, Туғаннан белін жаза алмай Билеп жүр ол да мəңгілік. Үмітін аппақ қарайтқан, Билеп жүр ол да мəңгілік – Бүкірді биші деп айтқан Біздерді мына таң қылып! ...Жосадай болып батқан күн, Жаныма құйып уайымды, Мен талай ойға батқанмын Құшақтап биші қайыңды. Бір сырды сонда білгенмін, Тербеліп қайың əніне: Сырт көзге билеп жүргеннің Биші емес шығар бəрі де! 20 қыркүйек 1982 жыл

Мәди Қайыңбаев МОНШАДА Тамсап жүріп өткенін де білмеген, Өмір деген – омарта ғой гулеген. ............................................................ Байқамайсың кім дəулетті, кім кедей, Монша ғана ашар бəрін бүркемей! ...Ғұмырының санындай көп нөмірі Билетімді жыртты кемпір шүйкедей. Жыртты-дағы орамалын ұсынды, Орамалмен орадым бақ құсымды. Орап тұрып ойланған сол кемпірдің Омартасы қирағанын түсіндім. Жан-жағыма қарап едім ойлана, Илеуі екен тіршіліктің айналам – Бағдаттың моншасынан кем емес «Мың бір түнде» айтылатын майдалап! Спорттық зор дəрежеден үміткер, Финдік бумен қуып салмақ, қуып тер, Бассейннен, Душтан шаршап оралып, Орындықта солықтайды жігіттер. «Өмірдің, – деп, – бар қызығын бір көрсек!», Соққыласып сыпырғышпен тілгенше! Бура санды, апай төсті тəндерін, Қарқылдасып, мəз болады кірге өлшеп! ... Көз алдынан бұлаң-бұлаң қашты үміт, Кəрілікке мойынсұнып, басбіліп, Отыр кемпір... мұңға батып моншада Шүңірек көз жанарларын жас жуып. .............................................................. Оралды ма-ай ойына асыл жастығы?! 21 сəуір 1981 жыл

Кісендеулі қолжазба ӨЛЕҢ+ӨМІРЗАЯ Алматыда алма бұрқап, көк гүлдеп, Шарап қуып... шатақ өлең төктім көп. Қадыр ағам қақты арқамнан қуанып, «Өлеңдерің... айтары бар, өткір» деп. О, өмірім, соншама өткір, сонша əрлі, Өзіңмен-ақ тамсандырдым қаншаңды! Тұман-ағам «О, енеңді... жақсы» деп, Қуан-ағам «Классик!» деп тамсанды. Аманхандар мұрнын шұқып, жар салды, Қасымхандар таңды жылап қарсы алды. Сонда да мен баспаппын ғой еңсемді, Тізгінімді сəл-пəл тарта алсам-шы. Арғымақты айдалаға бұрыппын – Алматының кабактарын қуып мың – Кеудемдегі емін таппай уыттың, Шарамыга, шакал үшін туыппын! Өлеңімді көкке ұшырып бағалар, Енді, міне, қайда сол бір ағалар?! Қасымхан ба... Аманхан ба... олар да Оралмайтын жаққа ұшар да жоғалар... 25 қараша 2009 жыл, сағат 4.00. ЕРКІНДІКТІҢ ҚҰРБАНДАРЫ НЕМЕСЕ АУТОДАФЕ Надандықтың қарақшысы көз ілмей, Дінбасының беделі үстем кезінде Өз пікірін еркін айтқан талайлар Құбандыққа төтеп берген төзіммен.

Мәди Қайыңбаев Біліп мынау табиғаттың не екенін, Біліп мынау дүниенің өтерін, «Құдайлар жоқ! – депті ойшылдар, – аспанда, Аспан – сансыз жұлдыздардың мекені!». Күпірлігі, күнəсі үшін осындай, Ойын еркін айтқаны үшін жасырмай Құрбандыққа ұшырапты даналар, Қоғамдық зор көзқарасқа қосылмай! Еркіндікті баса алмады мұң, үрей, Лаулай түсті өрт сияқты бұ дүлей. Ибн Сина шіріді де түрмеде, Бруноны жақты поптар тірілей! Ұлылардың өмірінің мəні бұл! Шындықты айтып, мысын басып бəрінің Ванини да қызыл тілін «жұлдырып», Жанды отқа шашып кеңге жарығын. Өршіл жырым, Сен де ерлікті шерт енді! Мызғымастай қылу үшін ертеңді – Москвада ХVІ ғасырда Коноплев, Курицындар өртелді. Надандықты айтсаң, таусып болар ма, Ивановты жақты байлап бағанға – 1714-інші жылдары Москвада поптар Қызыл алаңда. Ғылым1 бастан талай тарих өткерді, Азапты да, мазақты да көп көрді! Варшавада қан базарда Литван Лыщинскийдің ажалы да өрт болды. Үлесі мол қасірет пен бағыңнан Еркін ойға – ерлік ойға табынған 1 Испанияда отқа өртеу – аутодафе – «діннің ісі» деп аталды.

Кісендеулі қолжазба Дін біткенге қарсы топтар осылай Ереуіл туын көтеріпті жалыннан. Жанын қиған, Заманына қорған боп, Еркіндікті аңсағанға арман боп, – Брунолар, Ивановтар, Максимов Жұлдыздар ғой аспандағы жанған көп! .................................................................. Еркіндіктен көкке шықсақ арман не! 23 сəуір 1981 жыл ДӘРУІШТІҢ МОНОЛОГЫ Тақтым белге дəруіштік белбеуін, Бақытым да, бостандығым ол менің. Тақтым оны əділсіздік болған соң Көзімді ашқан күнен бастап көргенім. Шарладым да ел мен жерді көптеген, Қажы атандым, барып қайтып Меккеге. Мəуеранаһрды араладым, Күнелтіп Бір дирхемге сатып алған етпенен. Шөліркесем Сейхунға қол жуғанмын, Шексіз білім жеткізе ме қуғанға – Болдым халқы илеуіндей араның Бұқарада, Тавризда, Бұлғарда! Кең ғой! Кең ғой еркіндерге жер үсті, Талай ғалым, данышпанмен көрістім. Үргеніште, Отырарда олармен Ғалам жайлы ойларымды бөлістім. Əйтсе-дағы көкірегім толған у, Халық көзін ашсам деп ем арманым.

Мәди Қайыңбаев Шахтардың тек қолында алтын тұтқасы, Өмір бірақ – өмір бақи алдану! Я-гу-у! Я – хақ! Ля-илляхиилля-гу-у!!!1 26 сəуір, 1981 жыл ШЕНЕУНІК+ШАРАП Менің жаным балқытатын темірді Қазыбектей атам айтқан көмір-ді – Жаға-жаға күл болғанын жанымның Жанымдағы шенеуніктер не білді?! Жалын атқан өлең жаздым неше мың, Өлеңіме балқымады есерің. «Ақ параққа айтып қойып сырымды» Қадекеңше, қайтып жүр ме меселім?! Əй, солай-ау! Солай шығар сірə да, Шыныменен адасқан ғой бұ бала! Шенеуніктің сыра ішкенін көрдің бе, Сен де ендеше менен шарап сұрама! Жып-жылы кеш. Айға қара көктегі, Өміріңнің өтті дейді көктемі. – Төгейін бе?! – Төкпейін бе?! – Төксем ше?! Есенғали шенеунік қой: – Жоқ! – деді. 25 қараша 2009 жыл, сағат 5.00. 1 Дəруіштердің дəстүрлі бұл арабша сиынуы «Ия, ең əділетті Ол, онан басқа жер бетінде құдіретті Алла жоқ!» деген сөз. Астарында шахты кекетуі бар.

Кісендеулі қолжазба ǾӨРТЕЛГЕН ЖЕРǿ ТАКТИКАСЫ 17 февральда, күтті кім, Қан соғысқа қанқұмарлар шықты үйір! 600 мың солдаттары Қытайдың Вьетнамға басып кірді тұтқиыл. Қырғын болды атамекен жер үшін, Бейбіт күннің тарылтты жау өрісін. Көтерілді халық Отан қорғауға, Қорғауға август революциясы жеңісін! Кең қойнауы таулар менен орманның Қасірет пен өкінішке толған-ды. Агрессор қытайлықтар Вьетнамға «Өртелген жер» тактикасын қолданды. Өртеу! Құрту! Өктем үнде бар айбар, Жұмағыңа сапар шекті талайлар! Өртке оранды қалалар мен далалар, Кеңістіктер, Егістіктер, Тоғайлар! Вьетнамды тағы сорға тап қылды, Кең далаға қызыл жалын жаптырды! Жалынға осы Жендеттері Қытайдың Сəбилерді шырқыратып лақтырды! «Өртелген жер» қанатын кең жайған-ды, Тіршілік күн қабағына қайғы алды! Лаокай мен Монгкайлар лапылдап, Лангшондар күл-қоқысқа айналды! Құрту, жою – адамзатты жылатқан, Қасиеті тұрса-дағы бұл отта,

Мәди Қайыңбаев Əділдік пен патриоттық ерліктер Өртелмеді бірақта! Көнбеген еш өртеуге де, атуға, Қайта өздері жалын болып лапылдар, Жауыздығын тыю үшін жауының, Шықты жайсаң батырлар! Жауыздарға тек жауыздық жарасқан, Агрессияшыл Қытай сорлы адасқан! «Мысықтардың патшалығы» Лаоша, Ван Миніңше «опасыздар о бастан»! ...Жалақтады от жауыздық бір сұлбамен, Опат болды Отан үшін туған ер! Лапылдады! Лапылдады сəбилер, Лапылдаған оттың бүкіл құрбаны ел! О, Прометей! Отты не үшін ұрлап ең! 9 маусым, 1981 жыл ДӘУРЕНǧАЙ... Бүгін де істер жұмыс ерек, іс ерек, – Əйтпесе ғой... өкіртіп бір ішер ек – Ана жылы кірген кездей Жарасқан Аграрлық партияға мүше боп. Жолымыз да бүгін сара, шуақты, – Əйтпесе ғой... өкіртер ек бір ақты – Жарасқанды Компартия шеттетіп, Мүшеліктен шығарған жыл сияқты. ... Гүлді парк. Кіргендей боп енді есім, Ал, сөйлейін, Жəкең-дағы сөйлесін!

Кісендеулі қолжазба Сықпыртайық безеп тұрып саусақты, Лениннің гүлден соққан бейнесін! Мазақ қылып, малынып тал шуаққа, Қызыл шие жүзіп өтті бұлақта. ...Ал, Жарасқан жол жүрді де асығыс, Сол кеткеннен оралмады бірақ та... Тəуелсіздік бөктіріп нұр-шуаққа, Зырлап жатты бір аптадан бір апта. Қуаныш көп... мəре-сəре барлығы, Қуаныштан іше алмадық бірақта... 25 қараша 2009 жыл АҚЫН Қайран, ақын, қарақ-ай, Қатыгезсiң сен неткен! Өзiңдi өзiң аямай, Қағындың-ау жөргектен. Жұдырықтай жүректi Сан майданға салдың-ау! Маңдайыңнан күн өттi, Сары аязда қалдың-ау! Жақпай күнi қаланың, Даланы да сан ойлап, Тiлiн алмай Ананың, Балаға да қарайлап, Өттi-ау күнiң сан түрлi, Өкiнiшпен сарғайып. Сен дегенде алқынды Желкенiнен бар қайық. Сонда да сен шаңы атқан Тастамадың қалаңды.

Мәди Қайыңбаев Сiмiрiп ап шараптан Сан еске алдың анаңды. Еске алғансың елiңнiң Бұйрат-бұйрат қырларын. Еске алғансың жерiңнiң Есiркеген сырлы əнiн. Гүлзарың мен бауыңның Сұрқай түрiн, Кешi – мұң, Еске алғансың ауылдың Жабылмайтын есiгiн. Еске алғансың далиған Қақыраған қақпаны. Қызыл шəлi жамылған Қалампырды бақтағы. Еске алғансың сезiммен Ең аяулы, ең бөлек! Бəрi, бəрi … көзiңнен Жас боп тамды-ау дөңгелеп. Шарапқа алау нұр сiңген Қол создың да бiр қарап, Бiр қолыңмен, тұрдың сен, Жүрегiңдi уқалап. Сөйттi, Сөйткен Есенин, Мұқағали, Төлеген. Сөйтер тағы неше мың Шайыр десе, Сенер ем. Сол дəстүр ғой… сол бəрi, Тұнжырайды мұңды алап.

Кісендеулі қолжазба – Ауыл… – деймiн мен-дағы Жүрегiмдi уқалап. 28 қаңтар, 1991 жыл ЖЕҢIС ТОЙЫНДА Сабыр, сабыр… өткенiмдi Ұмытармын мен қалай? Қар бораған көктемiмдi Жылытармын мен қалай?! Ғасырлардың қатпарынан Жеткен зорға жеңiстi Гүлге бөлеп, баптап ұлан Бiр тойлауға келiстi. Ал, ендеше той ғой бүгiн, Шарап қайда, құйыңдар! Бастасын бiр айғайды ұлың, Басылмаған жыным бар! Ең бiрiншi бокалымды Сөздерiмдi əр сабақтап, Қазақстан – мазақстан Отанымды мадақтап, Шаттық үшiн, мақтан үшiн Iшем, Iшкем бұрыннан Қабылан жүрек қарттар үшiн Мəскеудi өртеп жылынған! Ал, екiншi шарапты алам – Он жетiншi жылдары, Төңкерiс деп далақтаған, Болған соның құрбаны

Мәди Қайыңбаев Аңғал үшiн, Өз қолымен Бостандығын байлаған, Жандар үшiн сөздерiмен «Партия!» деп сайраған! Ал, үшiншi тостымды мен Туған жерден қуылған, Ұлып ащы қасқыр мұңмен Аштық жылы қырылған Ел үшiн деп кемсеңдедiм, Ыдысыма у құйып! Сонда-дағы еңсем менiң Бəз бiреуден тұр биiк! …Қайран өмiр, қатыгезсiң, Тартқан қатал сыйын ең. Бүйткен сенiң атың өшсiн, Деймiн-дағы күйiнем. Мен сен үшiн көтеремiн Төртiншi бұл бокалды – Ел парызын өтеген ұл Желтоқсанда қаһарлы! Боялсаң да қызыл қанға, Сүйрелсең де шашыңнан, Мəңгiп дүние бұзылғанда Елдiң даңқын асырған, Құс ұшырмай өр басынан, Таптатпаған намысын, Қайыспаған қандас ұлан, Айналайын, арысым! Қан сорғалап, дала кезiп, Қырғынды сол бiрге өткен, Қарындасым, қара көзiм, Басымды ием құрметпен!

Кісендеулі қолжазба Iшем бүгiн – Өтедi мұң, Құтты болсын жеңiсiң, Бабасының қателiгiн Түсiнген ұл, сен үшiн! Ал, ең соңғы шарабымды – Өзегiнде – от өлең, Өмiрi ылғи алақұйын Өзiм үшiн көтерем! 22 желтоқсан, 1991 жыл СОТ Шарль Бодлердiң аруағына Қайран өлең, Қашан тыныш жатқан ең, Талай рет бауыздадың мақтамен. Қорғап сенi Кенисберг төрiнде, Сөз сөйлеймiн Париждегi сотта мен! Мен көтерем сен салатын салмақты, Қан да қатты, жүрегiмде зар жатты. Əр түрменiң есiгiнен бiр қарап, Бұзақы ұлдың əкесiндей зар қақтым. Тағы, мiне… Жалын атып күрсiнсең, Күреңiтiп қоңыр жүзiң нұр сiңген, Қарсы алдымда қылмыскер боп сорайып, Бодлердiң өлеңi боп тұрсың сен. Эрнест Пинар үнi залда жаңғырып, Тоңмойындар елiн бүкiл таң қылып, Үкiмiмен соттап жатыр сендердi, Абақтыға қамалсын деп мəңгiлiк.

Мәди Қайыңбаев Болашаққа осы дауыс болар сын, Жауыздық та келешекке жол алсын. – «Зұлымдықтың гүлдерiнен» алты өлең Абақтыға мəңгiлiкке қамалсын! Жұрт ду еттi. Дiр еткенмiн сонда мен, Меңдуана жеген малдай болған ем. Бүлдiрмесе жүре алмайтын жыр үшiн Бодлермен мен де бiрге сорлап ем. Еһ, гүл өлең, дегем сонда, гүл үнiм, Түрмеде ендi шiридi ме ғұмырың. Үкiметке қарсы шыққан не теңiң, Қорғап алар табылмаса бiр ұлың. Шындықты айтқан – айта алмаған мың дарын, Ай астында шырқап биiк мұнды əнiн, Қиылып та кеттi-ау талай өлеңiм, Атылып та кеттi-ау талай жырларым. Қашып-пысып, күнде айқай мен күнде мұң, Жайлап төрiн талай-талай түрменiң, Бет-ауызың тыртық-тыртық пышақтан, Еһ, жырларым, қаңғып қайда жүрмедiң?! Көкпеңбек қып жазып-сызып дененi, Еркiндiк пен шарап болып керегiң, Бодлердiң өлеңiне қосылсаң, Берекесiз болайын бұл дегенiң, Еһ, өлеңiм! Жалынсам да алынбайсың қамал боп, – Қой бəрiн де, жүрегiңде жараң көп,- Десем-дағы тыңдамайсың, қайтейiн, Өз қолымды кесе алмаймын, Амал жоқ! 19 наурыз, 1991 жыл

Кісендеулі қолжазба ҰЛЫЛЫҚ Бiрде мынадай болды: Батар күннiң аясында қан шиеге сүйенiп, Ақын тұрды өле мас боп – тiрi өлiк. Иелiк те ете алмайды өзiне, «Түһ!» дедi бiр шiренiп. «Түкiрдiм, – деп, – сендей фəни жалғанға!», Былш еткiздi дидарына дүниенiң көркем бек. Шиелердiң қызыл көзi – бар маңда, Аң-таң болды жəутеңдеп. Елеңдесiп құлақтары, сөгiлдi, Қылығына қайран қалып пақырдың. Бөтелкеден қып-қызыл боп төгiлдi Жан сарайы ақынның. – Ұлы емеспiн мен деген! Кiм шығарған мұндай пасық мақтауды. Сондай сөзге о басында-ақ сенбегем, Сүймеймiн мен оттауды! «Ұлысың сен!» дегенге Желiгердей не етiп ем?! Құрысын-ау! Қарапайым – дұрысы, Өкiнем… Өртенемiн өкiнiп бiр iшкi əлем, Өкiнiш те құдіреттi күш пе ерен?! Нем бар едi, Құдай-ау, Ұмтылып құр… қол жетпейтiн тұсқа мен?! Бəрi – жалған, жалған деп мен жыр қылам, Көкiрегiмнен құйылғасын құрғыр əн. Ұлылық тек Құдайға тəн екенiн Ұқпадың ба, миғұлам?!

Мәди Қайыңбаев …Басы айналып көкжиек те керiле, Баса алмайды оттан ыстық демiгiн. «Күнi бойы ұлысың деп менi де, Маскүнем ғып құлаттың ғой» дедi Күн. Адамдардан алаяқ жоқ, тегiнде, ең, О, Тəңiрiнiң шапағаты, тие гөр! Сорлы ақынның көгiнен Шарап болып тамып жатты шиелер… 7 қыркүйек, 1994 жыл АУЫЛ ИТI Жалғыз жиде төбесiнен өрмелеп, Қып-қызыл боп Ай шықты, əне, дөңгелеп. Бұрылыстан кездескен ит үредi, Ауылыңды жатсындың ғой сен де деп. – Жо-жоқ! – деймiн, – Қаңғыбасты ашқарын Қарайлатпай алысқа алып қашты əнi. Сол кеткеннен жаңа жеткен адасып, Жан-жүрегiн түсiнiңдер қасқаның! Өздерiңдей табанымды көк бояп, Бұралқы боп талдырумен текке аяқ, Қайта оралып келiп тұрмын ауылға, Көздеген сол мақсатыма жетпей-ақ. Ой-ой… Құрсын! Алып қала өр кеуде Қол емес-тi менi менен сендерге! Онда мұндай шөмеле де, Ай да жоқ, Бұрқыраған жиде де жоқ ол жерде… Болғанменен аты дардай астана, Биiк үйлер, бұрыш-бұрыш… тас қана. Ғажап емес қайыршы боп кетуiң, Əсiресе соңғы кезде масқара!

Кісендеулі қолжазба Сондықтан да мына мендей байғұсты Жатсынбаңдар, байтөбеттер – маң, күштi. Қайта айналып келiп тұрмын сендерге, Қарсы алсаңдар жаудырамын алғысты. Онсыз-дағы еркiндiкке құмар ем, Ауыл десем жайнап кетер мына əлем. Бұдан бұрын өмiр сүрген кезiмде Сендердей ит болғанмын-ау сiрə, мен… 14 қаңтар, 1993 жыл ЕЛІРУ Қанға тойған қызыл маса – қызыл күн Көкжиекте ызыңдап, Жыңғыл тоғайында өлімсіреп үзілді үн, Күрең айдарларын күз ұрлап. Үкі болып уфіледі ескі жұрт, Опыр-топыр биге басты шайтандар. Қызыл ала көшті бұлт, Қара қаңбақ қайқаңдап. Төрт құбыла төрт көзімен Төрт жағымнан үңілді. Алып кетсе жақсы болар еді дертті өзімен, Жон арқама ыстық демі білінді. Анам болып – бүкіл бұл ғалам, «Суф!», «Суф!»-лейді жертөледе – жай тамда. Жыңғыл тоғайларының күрең айдарларын ұрлаған, Мен ойлаймын, сірə, шайтандар... «Қайтарыңдар!», «Қайтарыңдар!», – дейді анам, «Суф!»-леп.

Мәди Қайыңбаев ...Үлкен көзді үкі мен болам, Ескі жұрттан шошындырған уфілеп. Ей, шайтандар, Қайтармасаң, қайтарма! ҚАЗАҚСТАН ȃ ЖҮРЕГІМ Көк байрағы көтерілсе күрсінетін күллі əлем, Ұлы түрік ұрпағымын, көк тіреген, тұлғалы ең! Асқар тауды қалқан қылып, бұлттан киіп сауытты, Қабырғасын қақыратқан талай жаудың қауіпті, Дүрсілдеткен тұяғымен дүниенің жүрегін, Қамшы ұшымен билік айтқан тəңірінің ұлы едім! Басынан құс ұшырмаған, аяққаптай кеудесі, Бұқа мойын батырларым тұтқа болған жерге осы! Көріп менің ат түгіндей ұйысқан көп халқымды, Тас шарпыған айбатым мен Айға шапқан даңқымды, Екі басы екі жаққа қарап туған самұрық, Іші күйіп, жанарымен жер шұқыды қамығып! Күйсе күйсін! Жаса, жаса қасиетті ұлы елім, Қанатыңды əлемге жай, Қазақстан – жүрегім! Абылайдай болашаққа көз тіккен көп елағам, Елдің қамын ойлайтындар, əрдайымда бол аман! Елтаңбамда бейнеленген қос мүйізді пырақтар, Көк байрақта Күн көтерген қырандарым, қуаттан! Желбіресін сол байрағым ұстап дүние тұтқасын, Көрші түгіл төбесіне қазақтың құс шықпасын!

Кісендеулі қолжазба Мен – дауылмын, Дауылдардың өзі маған ықтасын, Мен – қауыммын, Басқа қауым сенімімнен шықпасын! ҚОС ЖҮРЕКТІ ӘЙЕЛ Тағы да қос жүректі əйел көрдім, Көрдім де сол əйелге сəлем бердім, Жүрегім кетті елжіреп... Өйткені мен Жүрегі елжіреген əлемненмін, Көрдім де сол əйелге сəлем бердім. Жүруші ем денсаулығын тілеп күнде, Қалт тұрдым... жанымменен дір еттім де. Дəрігер қағаз беріп жатты күліп: – Соғысы жақсы, – деп, – қос жүректің де! – Соғысы жақсы, – деді, – қос жүректің! Білмедім... одан əрі естімеппін. Сол əйел емханадан шықты күліп: Шынымен бізге бақыт көшті, – деппін. О, дара жүректілер, дос тілекті, Келеді, жол беріңдер, қос жүректі! Əр үйде көрмегің де қос жүректі, Фəниде сенгенің де қос жүректі, Келеді, жол беріңдер, қос жүректі! Əйелге қос жүректі қарама құр, Сүйеу бол қолдан келсе, Аяла, біл! Өйткені біздің елдің болашағын Көтерген... Ол əйелдің аяғы ауыр!

Мәди Қайыңбаев ҒАРЫШҚА САМҒАУ НЕМЕСЕ АТЕИСТІҢ НАСИХАТЫ

Библияда жазылыпты былай деп, Мекендейтін аспанды тек Құдай деп. Болашақты болжап, сірə, болар ма – Жерді ғана беріпті олар адамға! Адамзаттан жетістікті тосқан ба, Библияның айтуынша, Жасқанбай, Жаратқанның жалғызы тек Иисустың, Шығуына болады екен аспанға! ...Бірақ жылдар өтті талай бедерлі, Уақыт туды ойшылдар мен шеберді Дүниеге келді сансыз жетістік, Құдайлардың «қанауына» кедергі! Стоунхендж, (Тас ғасырлық сырым бұл) Обсерватория (Ұлықбектің) құрылды. Ақыры адам шықты аспанға Иисустан Кейінгі ме?! Бəлкім, одан бұрынғы?! «Кеттік!» деген Гагариндей хас ұлдың, Үніменен ғарышқа жол ашылды! «1961 ж. 108 мин. Байқоңыр» Сөздерін Кеудесіне ойып жаздық ғасырдың. Жаулап алдық «Союзьбенен» көк елін, Кім біледі Құдайлардың не дерін?! Аспанға ұшқан адамдармен күн сайын, Құлпырады тарихтың бет-бедері.

Кісендеулі қолжазба . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Жұрдай болды-ау Құдайлардың беделі! 11 сəуір 1981 жыл БАТЫР Қанішерлік – таныс ерлік талайдан! Отан қорғау өз алдына алайда. Туған жерге қатер төнсе Ұланның Жас жүрегі нəзіктікке қарай ма! Ұлы Отанын кеудесімен қорғайды ол, Зұлымдардың қанын ішіп қорлайды. Ал, зұлымда нəзіктік пен сұлулық Ешқашанда болмайды! Жүрегіне телінген ақ арды ұғып, Жүреді ұлан жаудың əнін зарлы ғып. Зұлымдыққа қарсы тұрған зұлымның Сондықтан да батыр дейміз барлығын. Батыр! Батыр! Қызығамын жігер толы сөзіне, Қызығамын оның отты көзіне! Біраз ерлер тұрады қалада Таныс менің өзіме. Батырларға арқа сүйеп тұр елім, Туған елдің əрбірі əр тіреуі! Кеше ғана жолықтырдым, Тобылғы Сыра сатып жатқан жерден біреуін. – Отан үшін қаншама қан, тер төктік, Жеңді жауды бізге біткен өрт екпін! – Деп шертті ол,

Мәди Қайыңбаев Кеудесінде жұлдызы Жарқ-жұрқ етіп, Өткен күнін ертек қып! Ол кезеңдер мəңгі есте!.. Кетсін! Кетсін! Кетсін қайтып келмеске! Ал, мына Ерлер жасай берсін, Елі үшін Етігімен қан кешкен! ...Қас дұшпанның қанын шашып қорлаған, Еліне – Ер, Ал, жауына – оңбаған, Тұрды Батыр тартып тобыл сырадан, Ерліктерін жұрт жапырлап қолдаған! Таныс Ер боп көрінеді ол маған! 20 шілде 1981 жыл БАЛДАҚТЫ СОВЕТ СОЛДАТЫ Өткеніне бірге сапар шегістім, Сыр шертісіп, шарпыстым да тоғыстым... Оңашада мен жолықтырдым да Куəгерін кешегі ұлы соғыстың. Самай шашы бозғылт тартқан шағында, Алматының апортты алма бағында, Асатаяқ қылып ұстап балдағын, Отырса да қаһармандық тағында Күйінді ол, – Айрылдым деп досымнан, Айрылдым деп жиырма бестей жасымнан!

Кісендеулі қолжазба Айрылдым деп өкінбеді əйтсе де Аяғынан... Сұлулығын асырған! Өткір көзі өңменіме қадала: – Бақыттымын! – деді маған сол аға. – Бір аяқты бергеніме өкінбен, Отанымнан шыбын жаным садаға! Сөйтті-дағы ұшып тұрды орнынан, Қайсар жүзде жігер оты салды ұран! ...О-оо! Жырлаймын деп оның осы бейнесін, Енді, міне, таңдарымды таңға ұрам! Мен ерлікті сүйемін ғой əн қылар! Тұр ол, – менде аяқ жоқ деп түңілмей, ЕВРАЗИЯНЫ алшаң басып бүгінде! – Өйткені оның бір аяғы Берлиннің Қалып қойған түбінде! 29 шілде 1981 жыл ЫМЫРТТАҒЫ АҢСАУ Алқызыл қасат қарды құрсанып қыр, Мақта бұлттың бауырын нұр шалыпты. Тағы отырмын ымыртта қиян шетте, Ымыртты сүйдім неге мұншалықты, Нарттай дала... жаныма мұң салып тұр. Сыңсып борап ұлиды қасқырдайын, Алты қырдың шулатып астын дəйім. Ғайыптан пайда болған ғажайып үн Ызғырық боп көшеді тасқындайын. Нар төбелер шаттығын қойғаны ма-ау, Долы бір күш жатқандай сайда мынау.

Мәди Қайыңбаев Суырған ескі қамыс шошаладан, Мен бəріне қарауға тоймадым-ау! Сүйемін табиғатты білесің бе, Егілме бір сезім бар жүрегімде. Нағыз жалын шағымда ымыртты аңсап, Іркілгенім дұрыс па бұл өмірде?! Жоқ, бұлай егілмейін, жасымайын, Алға асыққан бұлақтай тасынайын. Найзағайдай жарқ етіп шашылайын, Ымырт – басқа, мен – басқа, қарттық – басқа, Мəрттікпенен ертеңге асығайын! БАҚЫТ АЙЫ Сол бір жылдың сол айы əлі есімде.... Қулық, сұмдық, соғыс өрті өшілген, Дос пенен қас бірін-бірі кешірген. Ел мен елдің мəселесі тек қана Ақылменен... келісіммен шешілген. Бейбітшілік дұрыс жолға қойылып, Жасалынған қару-жарақ жойылып, Жанталаса қарулану тоқталып, Барлық адам өмір кешкен тойынып, Сол бір жылдың сол айы əлі есімде... Өмір кештік білімменен құрсанып, Ашық күнге қарап қолмен күн салып... Қару үшін бөлінетін қаражат, Ахуалды көтеруге жұмсалып! Батыр болса, тек Еңбектің батыры, Биік болды қоғамдық ой-ақылың.

Кісендеулі қолжазба Бейбітшілік үшін ғана жұмсалды Ең қуатты нейтрон мен атомың. Сақ-сақ күліп заулап жатты күндерім, Бақыт əні əрбір жүрек, тілде жүр! Дəл сол айда жер шарындағы елдерде, Төбелес те болған емес бірде-бір! «Бейбітшілік болсын дəйім айбарлы» Əрбір адам дəл осындай болды ойлы. Мен де бүкіл жер шарының атынан, Халықаралық келіссөзге қол қойдым. Жетістіктер туып жатты жаңадан, Кең жайлауың молдау болып қанадан, Халық саны реттеліп ақылмен, Емін-еркін өмір кешті бар адам! Сол бір жылдың сол айы əлі есімде. Зар-жоқтауды ұмытты да құлақтар, Көкіректер шомылды нұр-шуаққа! Той-думанның шалқыды үні шаттықпен, Бар əлемде... жақын менен жырақта! ...Он үшінші АЙ еді ол бірақта! 12 шілде 1981 жыл ǾМАҒЖАННЫҢ ҚҰЙЫРШЫҒЫǿ Жарасқан Əбдірашев М.Жұмабаев атындағы сыйлықты алғанда экспромт шығарылған өлең Шидім, шидім, шидім құс, Ши басына қонған құс, Қарқаралы қара құс, Хан басына қонған құс.

Мәди Қайыңбаев Сол шыбыңдай кезіңде Хан басына қонған ол. Ақыл ұйып сөзінде, Алмас қылыш болған ол. Айқасқа да ерте еніп, Шайқасқа да ерте еніп, Атақ-даңқы жер асқан, Өлең үшін өртеніп, Өнер үшін тер төгіп, Не көрмеді Жарасқан! Елім деген мұнды əні, Жерім деген сырлы əні, Көкірегінен жиі ақты. Сонау 77-жылдары, Сонау 77-жылдары 37-жылдары сияқты Адал жүрек, ақ жанмен Айтып сөзін ақырғы ол, Қосақталып Мағжанмен Қара түнде атылды ол! Жүрегінде оты анық Дауыл болып ұйлыққан. Халық жауы аталып, Аласталды ол сыйлықтан. Озғаны кім, азған кім – Ұғынбады қайран ел! Халық жауы Мағжанның Құйыршығы болған ол! Сені – өлең, əні асқан Жырлап талай маздармын! Қайран ағам Жарасқан – Құйыршығы Мағжанның!

Кісендеулі қолжазба ҮШ БАСТЫ АЙДАҺАР НЕМЕСЕ ЖЫЛАН ЖЫЛҒЫ ӘҢГІМЕ – Биыл қай жыл, қарағым? – Жылан жылы... – Е... ірі жыл – ақынның құмар жыры. Құмарыңды бірақта қандыратын Əңгімемді айтайын бұдан да ірі. Ал, сонымен... күшті де, арынды асқан, Табылса тыңдар пенде жанын да ашқан, Болыпты баяғыда бір айдаһар Үш басты, Үш аузынан жалын шашқан. Салқар тау, шалқар дала, сағымды аймақ, – Ұстапты уысында, қамын да ойлап. Үш басы ұлы жерге билік айтып, Қорғапты, қасиеті қаныңда ойнап. Демінен дала бүгіп, қала жасып, Үш басы тату бопты араласып. ...Жыл өтіп жылдардан соң, Бір күні ақыр Келіспей қалыпты үшеу қара басып! Билікті мен айтам деп шықты Ұлы бас, Ортаншы, ол да шықты шық жуымас. Кішісі деді тілін жалаңдатып: – Мен билік жүргізсем де түк құрымас! Осылай үш жаққа үшеу ала қашты, Үш басты Құдай ұрып, қара басты. ...Жыртылып дар-ар етіп жүрек, бауыр, Ұяттан тау өртеніп, дала састы.

Былайғы ел қарық болды тамашаға, Қызық қой қырқысқанға қараса ана... Мәди Қайыңбаев Қанғып кеп айдаһарға билік айтты, Біреуі түскендей боп арашаға. ...Еһ, елім! Болашағын білмесі хақ, Қазықсыз керегедей іргесі нақ. Бірліксіз тірлік жоғын ұғып ең ғой, Бірлік, ол – бірде желім, бірде сынап! Соны ойлап дал болды ұлың, шыр етті-ай қыз: «Біз қалай, қалайша біз гүл атпаймыз?» Бас көп-ау... Үш ұлы араз ана-сынды Қалайша өмір сүреді жүрек байғұс?!

ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ Тарих өзі жоғалтпайды асылын, Винчи көкке көтерді өз ғасырын. Білемін деп құрылысын осының, Инквизация өрлеп тұрған заманда, Өлік сойып зерттепті жасырын! Қасіреті ме, бағы ма əлде, білмеймін, – Ұялатып көкірегіңе түндей мұң; Қыл қаламмен тұтастыған жасапты, Өмірдегі көлеңке мен күнгейдің. Мен де кейде жапа-жалғыз, жаным-мұң, Суреттерімен сырласамын дарынның Үңілем де... тірі ме деп қорқамын, Жанарына «Джоконда» арудың?! Қарай берем... Тоят бар ма адамда! Өңер – мəңгі, Мəңгі бар ма одан да! Болашаққа аттанғандар сап түзеп,

Кісендеулі қолжазба «Мадонна Литта», «Гүл ұстаған мадонна». ...Леонардо! Ұмытпайды оны елі, Қорықпай еш ізденген де сол еді, – Өліктердің «жанын» алып жасырын, Мəңгі тірі қалу үшін өнері! 4 мамыр 1981 жыл ҚЫШ КІТАПТАР Білім десе шабытты бір күйге еніп, Кітаптардан тарихты оқып, үйреніп, Жүрміз біздер... Сол кітаптар ертеде, Жасалыпты саз балшықтан иленіп. Əрбіреуі жыр дастаннан тұрыпты, Үңілгендер ұлағанғайыр сыр ұқты. Ашшурбанипал əмірші, Осындай Қызыл қыштан кітапхана құрыпты! Қылышынан қаны тамған... Дегенмен Болды патша өнер десе өлермен, Өзі жайлы мағлұматты өлеңмен Жаздырыпты біреуіне ойдырып. ...Көркеуденің қарсы айрылсын талағы, – Кітап деген – күштілердің жарағы! Жақсылық пен мəңгіліктің одағы – Сол патшаның кітабының жинаған, Жетті бізге 22 мың «парағы». Сыр айтады сына тақта қаттаулы, Өтіріктен оның қашық жатты аулы.

Мәди Қайыңбаев Шумерлік сол кестелерің бүгінде Эрмитажда сақтаулы. О... жырларым! Аттанасың дəм тартса Болашаққа, Оқырманды таңғалтсаң! Ашшурбанипалдай ұлы жандарға, Тау жығардай екпініңді аңғартсан!

Жырды сүйер патшалардың даңқы артсын!!! 26 сəуір 1981 жыл 1991 ЖЫЛҒЫ 23 ИЮНЬНЕН БАСТАП МЕН ТОЙЛАҒАН АЛТЫН ТОЙ НЕМЕСЕ ӨМІР Таң нұры аппақ шапқылаған еркелеп, Біздің мынау бейбіт туған өлкеде, Мен сол күнді сергектікпен ғажайып, Оянамын бұлбұлдан да ертерек. Бастармын той, Ерте күнді кеш қылмай! Кеш, ағайын, артық кетсем, кеш құрбым! – Бұл Алтын той созылады мен үшін, Бес күнге ме, Бəлкім, əлде, бес жылға! Жалғыз-ақ.... не... Болар, бəлкім, досым да! Кең далада ақ бұлақтың басында, Тойлармын-ау, ойлармын-ау оңаша, Шаттығымнан болып мұңым басымдау... Өз өмірім қуаныштан тұрса да, Өзгелердің өкінішін мұң санап.

Кісендеулі қолжазба Тойлармын-ау, Тартармын-ау күйініп Буынды алар балшараптан біршама! Тыныштықтан төбе-құйқам шымырлап, Өз-өзіме дірілді үнмен сыбырлап, Тостаған көз аруларды еске алып, Өлең оқып отырармын ыңылдап... Тағдырға арызымды айтармын, Арызымның өтпейтінін байқармын... Байқармын да... күн батқанда қып-қызыл, Тəлтіректеп тойдан үйге қайтармын. Өзегіме өзге өкініш құяды от, Мен көрмеген, мен баспаған қия жоқ! Болар сол күн біздің оттың басында, Дəл мынадай диалог: – Кімнің Алтын тойын балам тойладың? – Дер-ау анам «болмысымнан айналып».

– Кімнің Алтын тойын мұнша тойладың? – Дер-ау жарым кейпін бұзып жайдары... – Кімнің Алтын тойын, інім, тойладың? – Дер-ау ағам шашып маған айбарын... ...Көңіліме сонда алапат қайғы алып: – Ғашықтардың, – дермін мұңды ойланып, – 1941 жылы үйленіп, Үлгірмеген жасауға өз тойларын! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Еһ, шаттық пен қасіреттің майданы! 10 маусым 1981 жыл

Мәди Қайыңбаев ҒАШЫҚТЫҚ Жарық нұрға ешнəрсе теңгермеген, Ей, достарым, жаным бір сендерменен. Сендердікі рас-ау... өлмейміз біз, Біздер тірі боламыз өлгенменен... Біз жанбаймыз тозақтың мəңгі отына, Біз қанбаймыз жұмақтың шəрбатына – Фəниде де, бақида сайран салар Біздің ауыл болады Алматыда. Алматыны – пейішті күнде аралап, Елес болып жүрерміз бір ғаламат... Тек тірілер сезбейді... сағынады, Сартап болған жүрегін мұң жаралап... Заман да аман болады, анам да аман, Пейіш деген немене... алаңдаман. Адам да алаң бола ма пейіш жақта, Бұзықтықтың талайын тəмамдаған...

Кеңсай деген керемет бесіктауда Қыдырамыз жапырақ кешіп бауда... Тірілерге елес боп, аян беріп, Тырысамыз жандарын жасытпауға. Алаңдаймыз олардың мұң-зарына, Бара алмаймыз жанына біз қамыға... Түн жамыла кетерміз құмырамен Су құйып тек жұпарлы гүлзарына... Жанымыздан сағыныш ыршып ағып, Жас сұлуға-ай... қараймыз тұншыға анық. Ал, ол болса... аң-таң боп тұрар бақта Гүлзарымды кеткен деп кім суарып...

Кісендеулі қолжазба ҚАЙЫРЫМСЫЗ ҚҰДАЙЛАР Шыныменен... Шыныменен рас па – Тəңірісіз бос жатқаны мына аспан?! Алла да жоқ, Мария жоқ, Ғайса да... Сонда мұндай жаңалықты кім ашқан?! Түбі түсіп... жаңбыр құйып шелектеп, Будақ-будақ бұлттар босқа неге өтпек?! Неге менің тілегімді бермейді, Бар болса егер... осы бала керек деп?! Сонда қалай, не мақсат бар жалғанда, Əн де, жыр да... бəрі алдамшы болған ба?! Жаралған ба аянышты адамзат, Тұншығып тек өлу үшін арманға?! Анау ай ше жарып туған түнекті, Мынау гүл ше лүпілдеткен жүректі. Сандалдағы сандуғаш ше, бұлбұл ше – Сайрағанда балқытатын сүйекті?! Жан-жарым ше – махаббаттың нұрлы əні, Қамыс кірпік, туған айдан дидары?! Ал, өзім ше – күндіз-түні өртеніп, Талықсыған тəтті сезім құрбаны?! Шыныменен... Шыныменен рас па – Тəңірісіз бос жатқаны мына аспан?! Қайырымсыз Құдайларым, қайдасың, Түніменен жылап-сықтап сыр ашқан?! Фəни де жоқ, бақи да жоқ – бары осы. Жанталасқан жан-жағына қарашы: Арын сатқан, бəрін сатқан... замана, Солай дейтін сияқты ғой, шамасы...

Мәди Қайыңбаев ҚАЙТА АЙНАЛМАС ЖАСТЫҒЫМ... Гүл жазық.. Ақша бұлттар төкті мұңын, Сағыныш талып ұшып жетті бүгін. Құйылған тас төбемнен түскі нұрдай, Басына бантик байлап өтті күнім... Қуалап сол бантикті көбелек боп, «Таяғын» тəтті өмірдің жеген ек көп... Бұл күнде күрсінеміз үнсіз ғана, «Балдай шақ өтіп кетті-ау, не керек!» деп. Теріп жеп қан шие мен қарамықты, Ыстығын табанымның дала жұтты. Адасып Сырдың қалың жидесіне, Жазықсыз қайран күнім жоғалыпты! Қалыңға кетті сіңіп, ғайып болып, Мəңгілік жас болуды айып көріп. Тек қана анда-санда оралады, Қанатын қанды ымырт боп жайып келіп... Кей-кейде қорыққандай кешкі ымырттан Байғыз боп шақырады ескі жұрттан... Кей-кейде қызыл жел боп ішін тартып, Гуілдеп, шашын жұлып, есті құртқан. Қасқыр боп кейде ұлиды тым алыстан, Үнінен жапырақтар құрақ ұшқан. ...Келмеске кеткен сол бір күндеріммен Бір тұрып, бір жығылып мың алысқам. Кеудемді жезтырнақ боп тырнағанда, Жан жоқтай менен байғұс бұл ғаламда... Гүл жазық – мұнды аланда тағы, міне, Жанымды салып қойды-ау шырғалаңға...

Кісендеулі қолжазба ҚАРТТЫҚ Еһ, көктем! Көктем, көктем, көктем, көктем, Ойыңа оралады-ау өткен-кеткен! Сен сондай жаңа ма едің, жарқын көктем, Сен сондай əдемі ме ең, көкпеңбек пе ең?! Болғанмен сен көкпеңбек, мен ескірдім, Ескірдім... қабырғаммен кеңес құрдым. Елестей бұлдыр-бұлдыр – өткен өмір, Өшеді өлімсіреп елес бір күн... Сол кезде жоғалады жасыл əлем, Əрі мен əсемдігін қашырады өң. Сықсиып аула алдынан нұрсыз жанар, Нұрынан «қарттық-ай!» деп басылар ел. Сарғайып шаңға оранған раушан гүл, Кеудеңді тырналайды-ау құр аңсар бір... Шарбаққа өрмелеген шырмауықтар, Демейді қолтығыңнан – тұра алсаң, тұр! Ал, қартым, тұра алсаң, тұр – бітті бəрі, Албырт шақ, уыз күлкі, құттың əні. Сені енді тындамайды бұл фəниде, Сен десе тек ана жақ ... тік тұрады. Ана жақ.... зеңгір аспан, ашық аспан Құшағын жаяр жаны ашымастан. Не бітті, не үлгермедің – оған мейлі, Жетектеп кетер алып жасымастан. Жалп етер «жетілік шам», енді өкінбе, Қауызын раушан гүл тербетуде. ...Сен заулап баратқанда зеңгір көкте, Шат күліп біз жүрерміз жер бетінде.

Мәди Қайыңбаев СҮРЕГЕ ЕЛІКТЕУ Қою мұңын əнімнің, Ұлғайтамын, Мұхаммед. Жаншылғанын жанымның, Кімге айтамын, Мұхаммед. Жапа-жалғыз қамықтым, Ащы жасым сорғалап. Фəни мəнін жаңа ұқтым, Қара түннен жол қарап. Балауыз бір шырақтай Тамшыладым, Мұхаммед. Таусылатын сияқты-ай Бар шыдамым, Мұхаммед. Бəз біреулер бұл да өлең Үлгісі дер, Мұхаммед. Жуған жанымды уменен Кім түсінер, Мұхаммед. Назарыңды сала гөр, Тірегім бол, Мұхаммед. Сенім болып жана бер Жүрегімде, Мұхаммед! МОЦАРТ. ǾЖАНАЗАСЫǿ Көкірегімді жарып шыққан мол қайғы Тұңғиықтан тартып терең толғайды. Жарғанат боп жалп-жалп ұшып жан-жаққа, «Жаназасы» жарты əлемге болды əйгі. Өксік буған өмірім бар бұл үнде, Қайғы жұтқан көңілім бар бұл үнде. Айы батқан айында, Күні жеткен күнінде.

Кісендеулі қолжазба Жұлдыздардың арасымен самғаған, Самғап-самғап қанаты бұл талған əн! Моцарт, Моцарт! Адам емес, Əмəнда Құдай болып көрінетін ол маған. Шариғатты жиып тастап ел мүлдем, Олимпке аңтарылып мен күлгем. Таяқшасын тіреп қойып көзіме, Компартиям «Құдай жоқ» деп сендірген. Ал Құдайлар шашқан мейірім, айбарын Ас ішпейтін адамдар деп ойладым. Моцарт тағы пенделіктен жоғары, Көкке сүңгіп, күн сипаған айдарын! Сондықтан да мəлім тоқсан торапқа, Моцарт біздей мүдделі емес тамаққа. Пикчиз сорып пенделердей шіреніп, Ішеді деп ойламаппын шарап та. Қорегі де əн, көтеретін туы да əн, Олар ада шарапхана дуынан. Сондықтан да мерт болуы Моцарттың Мүмкін емес Сальеридің уынан! ҚАЙЫН АТАМНЫҢ ПОРТРЕТІ Жарық қып шамы жан-жағын Оқшау үй ауыл шетінде, Қарбалас жинап мал-жанын, Дамылдайды ызғын өтінде. Жанында үйдің қарайып, Маңқиған бейне атан бір, Алысқа қарап алайып Шоңмұрын менің атам тұр.

Мәди Қайыңбаев Алды ашық, ұзын тұлыбы, Басқанда қар да қаршылдап, Тұтқандай арқа ұлыны, Үреді иті арсылдап. Ұқсайды орыс оязға Омыраулаған жасында. Бұрқырап буы аязда Күтеді қызыл машина. Қосалқы соғым қорада, Жануар көзі алақтап, Қарайды үркіп далаға Түгіне қырау қонақтап. Тұтқадай ай да ең керім Үңілер көктен жақындап. Таласып жейді жемдерін Тауық пен қазы жапырлап. Өткеріп бəрін көзінен, – Алла, – деп жүрер жолды аңдап, Күбірлеп өз-өзімен Беттейді ол үйге қорбаңдап. Талықси қарап шалғайдан, Қып-қызыл батыс таңдана, Қып-қызыл қарды əрқайдан Соғады қызыл жел ғана... ҚОСТА Күн батты асып төбеден, Сыбдыр қақты кəрі емен. Дəл сол күні – қадыр түні Сен жолығар демеп ем. Қып-қызыл боп бар алап, Қара жаңбыр сабалап,

Кісендеулі қолжазба Қиян шетте қоста қалған Екеумізге обал-ақ! Елжіреп тұр жанымыз, Кептірініп алыңыз. Жағал-жағал шашын сығып, Неге күлді сары күз?! Ұшқын шашып жағалай, Шатырлады қарағай! Қоңыр тəнің мыстай балқып, Кептірінген, қарақ-ай! Жүзің лаулап балқыған, Сен екенсің нəр тұмам. Жанарыңнан сүйдім үнсіз Қара судай толқыған. Көкірегің тасыңды, Көздің жасы шашылды. Мақпал шашың, қос анарың Айналдырды басымды. Кім ойлапты, – тілек пе, Кім ойлапты, зыр етпе Қарағайдың бір ұшқыны Түседі деп жүрекке...

  • * Кешкі бақта жан-жүрекке мұң егер, Қып-қызыл боп мөлдірейді шиелер... Жыла, жыла... жапа-жалғыз күйе бер, Амалың жоқ, тағдыр қырын қараса... Қаймықпаған ханзададай ұл едің, Кездесті де гүл еріңді бір өрім,

Мәди Қайыңбаев Қарап тұрып дал-дұл болды жүрегің, Амалың жоқ, тағдыр қырын қараса... Көкірекке салды найза – кірпігін, Қайрылмады, кете барды шіркінің, Ауыр болды бір түніңнен бір түнің, Амалың жоқ, тағдыр қырын қараса... Бір қолыңмен жүрегіңді уыстап, Бір қолыңмен қан шиені тұр ұстап, Мас кейпіңе қайран қалсын күміс бақ, Амалың жоқ, тағдыр қырын қараса...

БЕЙБІТШІЛІК ТІЛЕЙМІН Ей, адамдар! Еңбек деген əн-күймен, Қара жерді əлдилеген, Бейбітшілік сендерге! Ей адамдар! Уақытпен таласумен, Шетсіз-шексіз дəн өсірген, – Бейбітшілік сендерге! Ей, адамдар! Жүрегі – шат, айбары – алып, Кен де қазған қайланы алып, – Бейбітшілік сендерге! Ей, адамдар! Нағыз қайрат сенде ғана, Мал өсірген кең далада, – Бейбітшілік сендерге! Ей, адамдар! Сендер барда мұңым бар ма, Тартқан өнер, ғылымды алға, – Бейбітшілік сендерге!

Кісендеулі қолжазба Ей, адамдар! Азаптарға көнуге бар, Отан үшін өлуге бар, – Бейбітшілік сендерге! ТУҒАН ЖЕР Ұлан, байтақ жұртымның Болашағы қолымда, – Жырлаймын деп ұмтылдым, Жарасады оным да! Айтсам деп ем кеңдігін, Жеткізе алар ма екенмін – Теңдігі мен елдігін Осы байтақ мекеннің?! О, Туған жер, сезімге, Кір түсірмей құрдым мен! Кіндік кесіп өзіңде, Кірімді де жудым мен! Кеңдігіңді баладым, Кең пейілді анаға! Ерлігіңді санадым Жырлайын деп, жан ана! Тауға шықтым, тас басып, Күндерден күндер асқанмын. Көкжиектен астасып, Жертүбінің жусанын да жастандым. Жұмақ болып көзіңе Көрінсе де өзге қалайда, О, Туған жер өзіңе Жетпейді екен алайда!

Мәди Қайыңбаев НАҒАШЫ АТАМ Дариға, алтын адам марқұм анам, Болсын деп отырушы еді халқым аман. Көл-көсір дүниенің жұрнағындай Қолыңда жалғыз жүзік жарқыраған. Атамыз қос-қос орда, қос ордалап, Көштерін көшеді екен жасаулап ап. Жігіттер улап-шулап жүреді екен, Жүк артып, қоспақ тіздеп, асау қамап. Қондырған ағайынға, халқына бақ, Атамыз жатады екен арқырап-ақ – Ен салып мылтықпенен жылқысына Төрінен ақ орданың алты қанат. Күрсініп өткенді анам қолдады көп, Сол күндер бір күнгідей болмады деп... – Дариға, бақ дегенің баянсыз құс, Кетеді қолдан ұшып ол-дағы, – деп. Арманның бұлт айналған ақ тамағы Ақыры кетті сол құс, тоқтамады. Желігіп жер бетінің кедейлері Байларды жоямын деп топталады. Қызылды кешіп өтіп, тауға қашып, Алтынын құмға тығып, жауға шашып, Іргесін көтеріпті байғұс атам, Құртпаққа көзін мүлдем Ауған асып... Үдеріп қуа-қуа таң қызылын, Тарқатып дүниенің бар қызығын – Қызылдың ми айналған құмдарында Ыстыққа алдырыпты жалғыз ұлын.

Жеткенде аударылып желді күнмен, Шекара жабылып қап енді мүлдем,

Кісендеулі қолжазба Əмудің жағасында қалыпты атам, Көз жасын бірге жуып мөлдірімен... – Дариға, Күннен əсем, Айдан ару, Бал суы жаныңа құт, бойға дəру, – Деп анам күрсінер-ді қоңыр кеште, Есіне түсіп ескі қайран Əму... Өтті анам... Тартқанмын-ау анама көп, Ойлаймын мен де бүгін одан ерек – Біріксе барлық елдің кедейлері, Күніміз мына біздің не болар ед?! 1986ȃ1987 жыл Күз салқыны. Қурап қалған Жапырақтар желмен ұшып, Жөңкіліп бұлт будақталған, Шулап талдар тербелісіп, Бақта бір қыз жылап отыр. Қызыл ымырт уілдеді, Ызғын демін тереңнен ап, Қоңыр желдің құйын лебі, Шашын сипап елеңдеді-ақ. Күйін-шерін төккен ерен Ызғырық жел тынады ақыр... Бақытына өкпелеген Бақта бір қыз жылап отыр. Ұйпа-тұйпа жасырады Өткен ізін жапырақтар. Көшіп кеткен жас ұланы, Құлазиды атырап бар.

Мәди Қайыңбаев Төбесіне аспан құлап, Алқара тау құран оқыр... Қара көзін жаспен шылап, Бақта сол қыз жылап отыр. «Қарындасым, қандасым!» деп көзін сүртіп, қарасынам... «Бетің қайтып қалмасын» деп қаламын да... жəне ашынам. Қызыл-күрең қалтырап тал, Өксіп-өксіп тынады ақыр. Борап желмен жапырақтар, Бақта сол қыз жылап отыр... РЕПИН. ǾВОЛГАДАҒЫ БУРЛАКТАРǿ Репин. Бала кезімде Картинада осы жүрді ойым, Беріліп үнсіз сезімге, Қарайтын едім күн бойы. Ал онда... Шаршап, (сезем мен) Зар қылып киім, Қорегі, Бурлактар бір топ Өзенмен Кемені сүйреп келеді! Ілбиді бəрі мұңданып, Ажырғы қиып иығын. Жүздері айтып тұрды анық Қасіреті мен күйігін.

Кісендеулі қолжазба Сүйетін күннің ақ нұрын Бурлактар!.. Кімге теңгердім?! ...Жырлады Репин тағдырын Отанын сүйген ерлердің! – Кеме емес Россияны, Россияны сүйрегендердің! Келер күндерді аңсаған, Өздері шейіт болса да, Жақсылық сүйреп шаршаған, Ал мұндай бурлак қаншама! Қамытын киген төзімнің Қазақ та азапты ел еді. Оу, Қазақ, мен де өзіңнің Бурлагың болғым келеді!

ДАЛА КЕШІ Елге барам, елге барам, Сыр бойына барамын... Жас денесін желге ораған Ұлымын ғой даланың. Жаяу-жалпы қырға шығып. Қыраттардан асамын, Кеудем толқып, бір басылып, Жан сырымды ашамын. Бірақ құмар емеспін көп Шампунь деген уыңа, Шашымды мен тез өссін деп Жуам жаңбыр суына. Шүпілдеген майдың нұры Тас төбемнен саулайды.

Мәди Қайыңбаев Сонау дымқыл сайдың гүлі Сұңғақ қыздан аумайды. Соқпақпенен сенделемін Гүл көмкерген жиегін. Аруларға жол беремін, Басымды үнсіз иемін. ...Ойымда жоқ қайту əлі, Түзбен сырлас бола алам. Ымырт түсіп Ай туады, Үйге сонда оралам. Сағыныштан ерік кеткен... Сыбдыр қағып бал құрақ. Сансыз жұлдыз төніп көктен, Ұйықтап кетем балбырап... ӨЗІМНІҢ СЕМИРАМИДАМА Мекен болар жұртыма, зəузатыма, Салтанатты заты да, сəнді аты да, Болмағанмен қарт шаһар Вавилондай Кездескенбіз жап-жасыл Алматыда. Кеудемде мөлдір сезім тасып-толып, Қалғанмын бір көргенде-ақ ғашық болып. Асып келген ханшадай Мидиядан Табыстың Қызылжардан асып келіп... Тұрады өз қаламның аспаны ұнап, Талабым тағыңнан да асқағырақ, Патшаға ұқсап əйтсе де өзіңе арнап Салдыра алғаным жоқ аспалы бақ... Дүние... құрсын бəрі жетер кімге, Күліп-ойнап өзіңмен өтем бірге!

Кісендеулі қолжазба Біздер үшін аспалы бақ сияқты Бау-бағы біз тұратын пəтердің де. Сый болып ағылмады лағыл да елден, Азды-көпті алқаңды тағынғанмен, Семирамидадай шалқып сен жүрген жоқсың, Семирамида сияқты сағынғанмен. Зырлайды бал-шырынды күндер ерек, Сол патшадай жанымды гүлге бөлеп. Шексіз сүйем... Мүмкін-ау сондықтан да Тірлігімде жасауым бір керемет! КӨКТЕМ Зевстің алау күймесі-дағы Шуақты төкті қуатты. «Жаңажол» жақтың жидесі тағы Сап-сары болып гүл атты... Көктемде ерте бүрлейді жырақ. Мөлдіреп тұрар ғарыш та. Ал жиде кештеу гүлдейді... бірақ Жұпары кетер алысқа. Сары бала жалғыз қыр асар тағы Көкірегін буып өлеңі... Мамырға майдың ұласар шағы Құлпырған, қандай əдемі! Тоғайдан жұпар аңқиды-ау, шіркін, Аңқиды-ау, шіркін, желменен... Сары бала-дағы шалқиды-ау бұл күн Кеудесін шаттық кернеген. Жұпарға қою мас болар шалқып, Көрініске əсем тамсанып.

Мәди Қайыңбаев Құрақты жұмсақ жастанар балқып, Айналып басы... əн салып. Сары гүлін жиде ұсынар... құлап... Ұяңдау осы танысқа. Сары бала кештеу түсінер... бірақ Арманы кетер алысқа! ЕРТЕГІ Күн батып барады... Күн батып, Ғашық жүректі, асық жүректі жырлатып. Тыңдатып маған қоштасу күйін Шилер де басты ызыңға, Шағылды белді шулатып... Суырып құмды долы жел есті сайлардан, Шартабақ Күн де жалқынды нұрын жайды алдан. Томар байлаған жігердей үнсіз томсарып, Оқшау қап неге ойланғам... Тентек жел шөлдің көшпелі құмын сапырды, Ертектегі ердің рухы бəлкім шақырды, Мен сонда саған – Күн астындағы Күнекей қызға, дариға-ай, Сапарға шықтым ақырғы... Ой кезіп кетем кей-кезде саяқ далаға, Махаббатта да, шіркін-ай, тоят бола ма?! Жаным-ау менің, сен айтшы, осы сапарым Ертектегідей бақытпен аяқтала ма?... МАЙДАНГЕР Тербетіп көкірегін туған ұя, Туған ұя – толқыған Сырдария, Келеді қарт...

Кісендеулі қолжазба Соғыста Отан үшін От кешіп қайтқан еді бұл қария. Жүрекке сол соғыста жара салған Жұлдырды екі аяғын қара саннан. Бұрынғы көк тіреген бойы да жоқ, Бұл күнде бетегедей аласарған... Жұрты мақтан тұтадыжаралы ерді, Жеңісті ол қан майданнан ала келді. Жарғақ киген санымен адымдайды, Кешіп келе жатқандай қара жерді... Көз салар кешкі ауылға өрге шығып, Жігерлі жанарынан сөнбес үміт! Отанға түскен жүкті көтерем деп, Кеткендей жарты тəні жерге сіңіп...

БҰЛАҚ Шөлейт... шөлейт... шөл дегенің осы ма, Шөліркедім... шөлім қашан басылар?! Арып-ашып келе жатып сапардан Аялдадым бір бұлақтың басына. Сан соқпақтар осында кеп құйылған Осы жерден тарайды екен қиырға. Қанып ішіп қайнарынан бұлақтың, Маған деген құр қалмадым сыйынан. Қасиетті тұма бұлақ еріккен Сай қуалап ағады екен неліктен?! Самарқаулау ойға баттым еңкейіп Су түбінен өз бейнемді көріп мен. Мөлдір болу... Мөлдір болу – арманым, Үнсіз тұрмын.

Мәди Қайыңбаев Тамылжиды бар маңым. ...Мөлдірлігін үйренсем де бұлақтың, Өрге ақпайтын қасиетін алмадым. ҚАРАҚҰМДА Шексіз шөл... Шөліркейді дала мұнда, Отты аптап өртеп бəрін, жалануда. Ең соңғы рет жырлатып шөлге арманын, Өлгелі жатыр шөлден Қарақұм да. Мен болсам құмнан-құмға қашамын кеп, Қарақұм ыңырсиды «Қашағым!» деп... – Қашағым, қаш! Бұйыртса жұтамын да, Ындынымды солайша басамын... – деп. Өмірге сендей біреу керек деген Сеніммен өзімді алға демеп келем. Түсірген сергелдеңге сол досыма Несіне келдім екен көмекке мен?! Көз кіреуке тартады, Көңіл босаң, Үміт қашса, құшақты өлімге ашам. Үш күн бойы адасып, нəр татпадым, Құдай-ау, басылады шөлім қашан?! Лапылдап көк аспанда Күн құбылды, Кеудемде «Өмір!» деген сыр бүгулі. Бұйыртса бір кесіртке жермін ұстап, Солай басқан дұрыс-ау ындынымды. Қарақұмдай менің де сұлқ денем, Тек өзектен құйылар уытты өлең. – Кесіртке! Міне... міне... қашты алдымнан, Ербеңдеп енді соны қуып келем.

Кісендеулі қолжазба Өлім менен өмірдің таласуы-ай, Зұлымдық пен мейірімнің жарасуы-ай! Қуамын кесірткен Ажал болып, Шөл де мені қуады дəл осылай! Талай-талай құмдардан өттім асып, Құм деймін-ау, құм емес отты басып! Енді қолым жеткенде кесірткеге, Құйрығын... тастады да кетті қашып! Мен де бір алданған кейпіндемін, Алданумен өтіпті-ау кей күндерім. Алдымда ет тұрса да сорпасымен, Бəрібір бір кесіртке жеймін дедім. Ыза буып... созылдым талыс болып, Тіршіліктен жатырмын алыс қонып. Үмітімдей үзілген əлгі құйрық Көкірегімді өртейді намыс болып! Ал, намыс ше?! Намыстың нұры кірсін, Өмір сүре білу де ұлы бір сын! Қарсы бармай, Қаймығып қиындықтан, Құйрық беріп бас баққан күні құрсын! 13 желтоқсан 1982 жыл АҚҚАЛА Аппақ Ай көкке өрлеген лаулап өңі. Қыс күні... Шақырған ең бауға мені. Баурап еді бір сезім екеумізді, Ақ қар да алай-түлей жауған еді. Қайран күндер қызықпен жатқан ағып, Жастықтың қызуымен жоқтамадық!

Мәди Қайыңбаев Жолығысқан сол түні мен өзіңнің Мүсініңді соққанмын аққала ғып. Қуандым... Қуансам да үндемедім. – Ұқсайды! – дедің, – мен ғой бұл дегенің! ...Аққаланы айналып жас балаша, Саф ауада сыңғырлап күлген едің, Қуандым... қуансам да үндемедім. ...Қуандым... қуансам да үндемедім, Сынаптай сырғиды екен күн дегенің! Ол кезде... кінəратшыл ақша қардың, Лезде еріп кетерін білмеп едім. БАТПЫРАУЫҚ Білмейтін беті қайтып, тосылуды Баланың бар қылығы кешірімді, – Көк жүзіне ұзаттым, Жаздым-дағы Батпырауық бетіне есімімді... Өлеңменен жазылған кетті есімім, Желбіреп, жалауы боп көк төсінің, Елшісіндей ентігіп жеткен жерден Нəзік бала назы мен өкпесінің, Өлеңменен жазылған кетті есімім... – Еһе-һей! Көрем десең далаға шық! Əне... Əне... Биікке барады асып! – Дедім, желмен жүгіріп жағаласып, Шақырады мені үнсіз батпырауық, Жалтылдап... ақша бұлтқа араласып. ...Жібін ұстап... жүгірдім талай белең, Жүгіруге жүрегім жарайды ерен! Айрылмай бақытымның арқауынан, Көк жүзіне күн салып қарай берем...

Кісендеулі қолжазба Дертім болған, жанымды жеңген өлең, Бұрын мұндай биікке өрлемеген! ...Даңқым кетіп барады көк жүзінде, Ал өзім... жұртпен бірге жерде келем. ЖҮЗІК Жүрегімде махаббат мұңы менің, Сен жоқ жерде жабығам, түңілемін. Менің туған күнімде сен сыйлаған Жүзігіме күн сайын үңілемін. Алыстайды-ау жастықтың көші менен, Өмірде бəрі, жаным, тосын екен. Мені тұсар жұбайлық шынжырыңның Шығыршығы алғашқы осы ма екен?!

АЙСБЕРГ Сотүстік мұхитында көгістеніп, Беймəлім бағыт алған ағысқа еріп, Төрттен үшін жасырып су астына Жүзеді екен таудай боп айсберг. Мұхит бетін мекендеп, тіл қатпаған Айсберг бейнесі жұмбақ маған! ...Тіршіліктің сүйрелеп тауқыметі Бұл мұхиттың түбіне кім батпаған?! Шықпайды азапты сəт көп есінен, Талайлар өлді айрылып кемесінен. Қан ақты қып-қызыл боп аппақ қарға Мұзға асылған қолдардың көбесінен, Айсберг солардың елесі ме?! Көбі оның көнді суға батуға да, Көбі оның қайрат қылды қатулана,

Мәди Қайыңбаев Көбі оның ең соңғы рет шыңғырды да, Жем болды айдаһардай акулаға. Көбі оның көз жастарын төгіп кетті... Көбі оның тағдырына көніп кекті, Жанарынан шығармай ащы жасты, Жүрегіне ұйытып өліп кетті. Барлығын ұмыттырды уақыт жалған, Оп-оңай жасалмайды бақыт қолдан. Айсберг – шейіт болған сол ерлердің Көз жасы, бəлкім, мұз боп қатып қалған?! Ұмыт болып азапты өткен күні, Көз жасы бізге мұз боп жеткен бүгін Сол ерлердің

көреміз біздер мына Қасіретінің тек қана төрттен бірін! ЖАЙЛАУДА – Қасқырлар шапты! – Қасқырлар!.. – Қасқырлар, қара басқырлар! ...Жайылған отар дүрлікті Бытырап тастың астында əр, Қасқырлар, қара басқырлар! Жел де оған, міне, өкпелі, Еңкейді күн де көктегі. Болды да кетті қым-қуыт Қасқырлы таудың бөктері. Айқайлы, Шулы, Қиқулы Мына сай неткен сиқырлы! Жарысып қойшы даусымен Абалап ауыл иті үрді.

Кісендеулі қолжазба Қой болса-дағы асығып, Жеткенде шұбап, жосылып, Қарсы алды жасыл жайлауы Қойнына қасқыр жасырып, Асылық болды-ау, асылық! Жұрт біткен сайға ағылып, Қорғады қойды жабылып... Иірілді отар ит пенен Адамнан қамқор табылып. ...Бəрі де енді тойлауда Жеттік деп жасыл жайлауға! Жұпарын шашқан қойнауда Желіге жылқы байлауда! Жел сипап алтын айдарын Жасырды бетін Ай да əрі. Жеп жатты бəрі жайдары Қасқырдан ешбір қаймықпай Сол қорғап қалған қойларын... Тасытып судай көңілді, Əн менен күй де төгілді! Шал мүжіп басты тамсанып, Ит болса сүйек кемірді! ...Күрделі-ау!.. Қатал соншалық! Əйтсе де сүйем Өмірді! 12 желтоқсан 1982 жыл СКЕЛЕТ Біздің ауыл шөл еді аптабы ұрған, Аптабы ұрса адамды баптап ұрған. Аяқ алып жүру де оңай емес

Мәди Қайыңбаев Аңқаң кеуіп... сусыма ақпа құмнан, Табаннан да, төбеңнен от табылған... Балалығым есімде анық қалды... Бастан талай өткіздік «жорықтарды». «Жорықтарда» қызыққа жолыққам-ды, Түсіп бір күн жолымыз бір топ бала Құмнан шыққан қу басты көріп қалдық. Ашық қалған құм көшіп қу бас екен, Қурап жатқан адамның сұлбасы екен. Сұлбасынан шошынып секемдендік, Жүрегіңе салады бұл да секем... Таңқы танау, Күн жеген шот маңдайын, Шоң жіліктер шашылған шоқпардайын! Үңірейген көздері... О дүниеден Жаңа оралып жатқан бір сотқардайын! Басқа шауып қорқыныш, бойымды алған, Баяғыда-ақ ойналмай ойын қалған. Жайлап кейін серпілдік скелеттен Барлық бала... қашуға дайындалған. Былай шыға... жүгірдік жанұшыра, Аулымыздың қарамай алысына! Өкпе де өшіп... түгелдей қосылғанбыз Қуалаған қорқыныш жарысына. Бала емес ем үрейге төзіп көрген, Бойым алыс жүретін сезіктерден... Бірақ сол күн қорқыныш жарысында Жұрттан бұрын ауылға озып келгем! ...Сан су ақты. Өлімнен жасқанды кім, Қорқынышсыз міне енді басталды күн, Басқаша енді тау, дала, аспан бүгін.

Кісендеулі қолжазба Тек... білмеппіз сол кезде Скелеттен Скелеттің тыртаңдап қашқандығын... 13 қараша 1981 жыл * Таң алдында тамылжытқан бұлбұлым, Сайра, сайра, сайрайтұғын күн бүгін! Шаһардағы жалғыз ояу мұңлының Ғашық болып ah ұрғанын бiлдi кім? Арзу болды ол көpiп гөзал бануды, Жазған бала ақылынан жаңылды. Kipпiк iлмей қадiр түнін күзетіп, Көзін сүзіп терезеге таңылды. Кетті қahap, ерте бahap жол алып, Бүршік атты жаһан дүние жаңарып. Бермедің деп, тағдырым-ау, тілекті, Отыр ендi тар бөлмеде қамалып. Ей, бұлбұлым, бұл мұңлының ындынын Əнмен cyғap, көзін құрғат, қу мұңын! Ceнiң ғaнa... ceнің ғана сырлы үнің Серпе алады қасіреттің түндігін! Ей, бұлбұлым, бас мұңлының ындынын. ҚАЙРАҚБАЙ Көктемде... құстар жеткенде, Қиқулап көктен өткенде Жер жыртып жүрді Қайрақбай Тракторымен көк белде. Соқасы күнмен жалтылдап, Қарғалар мəз боп қарқылдап,

Мәди Қайыңбаев Бұп-бұйра қара топырақ Жалданып жатты артында... Қайрақбай əнге қосуда Сүйгенін... еркін, тосылмай! Аспазшы бір қыз болатын Осында – дала қосында. Сол қызға жігіт ғашық-ты, Көңілін судай тасытты! Қалт етсе қолы жұмыстан Көруге оны асықты. Үміті – сол қыз – арманы, Сондықтан əнге салды оны. Тостаған көзді, қыпша бел, Кет əрі қыз да болмады. Шаттыққа бөлеп аймақты-ай, Көмейден əнін саулатты-ай!.. Көктемде... гүлді бөктерде Дəн сеуіп... жүрді Қайрақбай, Қайрақбай жанға байқатпай. Кеудеге шаттық толады үн, Бойында қуат, мол арын. Қайрақбай білді Күздегі Егіннің бітік боларын! 12 қараша 1981 жыл Г.Е-ға Қайда, қалай, қайдан, ойбай, тап болдың, Дидарыңның құлы болдым, тапталдым... Теңіздейін тасып ала жөнелді Жүрегімнің түкпірінде жатқан мұң...

Кісендеулі қолжазба Дəл қасымда тұрсаң-дағы сені іздеп, Сапырылды жан-жүрегім теңіз боп... Қалай ғана ... кеткен бізді егіз боп Айырады қатал тағдыр – доңыз кеп?! Нұрыменен балқытқанда туған Ай Сенсіз қалай қыдырамын, бұл қалай?! Қалай сенсіз өткіземін кештерді, Қалай жүрем сыбырыңды тыңдамай?! Жүрегімді суырып бір алардай Айдай əсем дидарыңды көре алмай, Қара мақпал иіскемей шашыңнан Қалай жүрем, қалай жүрем мен, ойбай?! Сенсіз қалай өмір сүрем жалғанда, Өмір бойы тұншығам ба арманға?! Өмір бойы өксуменен өтем бе, Сені ойлаумен жапа-жалғыз қалғанда?! Кетпе, жаным, кетпеші тек қасымнан, Сенің бүкіл болмысыңа бас ұрғам... Сенсіз күлкі, ұйқымды да қашырғам, Сенсіз күнім ұзақ мынау ғасырдан, Жүрегімнің түкпіріне жасырған Дүниеде жалғыз ғана асыл жан Кетпе мəңгі, кете гөрме қасымнан... 13 қазан 2001 жыл Сүйеді екем шыныменен сені мен, Уақыт өтсе суитындай көріп ем... Суысын деп сендей асыл аруды Ренжіткен кездерімнен жерінем. Суысын деп не айтпап едім мен саған, Айта салып... қайта артынан аңсағам.

Мәди Қайыңбаев Ай нұрымен бірге жұтып көз жасын, Түніменен сені ойлаумен шаршағам... Саған деген сағыныштан қалжырап, Дөңбекшідім жапа-жалғыз... жан жылап. Уақыт өтсесуитындай көріп ем, Өз-өзімді алдап кеппін мен бірақ... Сүйеді екем, сүйеді екем шынымен, Дəл осылай боларын да біліп ем... Ақ Лəйлісін армандаған бақилық Бүгін, міне, Мəжінүннің бірі мен. 13 қазан 2001 жыл

Сен бір көзсіз көбелек от айналған, Пайдалана алады жат ойлы адам. Сенің жалын жүрегің атойлаған, Сенің нəзік қабырғаң қатаймаған... Қарамайсың соныңа... ақылың кем, Өкінумен өтерсің, аһ ұрумен! Көрінгеннің төсегі болып-болып, Мені айналып табарсың ақырында ең... Сорлы жүрек құлы боп аңсарының, Сонда да мен мүмкін-ау қарсы алуым. Тамсануым мүмкін-ау татып дəмін Ай жүзіңді айғыздап тамса мұңың... 24 сəуір 2002 жыл Өртенді жүрегім... білмеймін не екенін?! Ертеңді білемін – мен жылап өтемін...

Кісендеулі қолжазба Қазірдің өзінде өзіңсіз тұра алмай, Əзір мұң көзімде – тамшы боп құлардай! Елжіре, жүрегім... сен жүде, сен жүде. Сен жүде, жүрегім... елжіре, елжіре. Жатады жарға ұрып, сезімің – бұлыңғыр, Батады мəңгілік көз іліп күнің бір... Сайранда ойланба, күй де мұң-жалынға, Ойланба сайранда – сүйгенің жаныңда! Аңса да шаршама, құлама қалжырап, Соншама аңса да, жылама сен бірақ... ...Өртенді жүрегім... білмеймін не екенін?! Ертеңді білемін – мен жылап өтемін... 13 қазан 2001 жыл Көз байланып, Ымырт қырға қонар шақ. Ай туды, əне, дөңгеленіп. Қала алшақ. Қаракүрең қою нұрды кешемін, Келемін деп келмей қалған сені аңсап. Қызыл райхан құлпырған-ды бақтарда Көк шалғында өзіңді ойлап жатқанда «Сүйесің сен, сүйесің!» деп сылқылдап Ақ бұлақтар асығып бір жатты алға. «Сен сүйетін қаракөз бар бір ғана... Сүйесің!» деп мөлдіреді гүл де ана. «Ол да сені сүер ме екен, қайдам-ау?!» Деп бəйтерек бас шайқады мұңдана. Мүмкін мені сен сүймейтін шығарсың, Рас, мені сірə кімдер ұға алсын?!

Мәди Қайыңбаев ...Кейін бірақ, бəрі өткесін... өксіп бір Құс жастықты құшып үнсіз жыларсың. 16 қазан 2001 жыл Түсіме де енбейсің қазір мүлде, Арнайды енді жүрегім сазын кімге?! Сені ойламай қалай мен дəурен құрам, Сенсіз өмір сүруге əзірмін бе?! Айлар өтті... көңілім шыдасын ба, Сені ұмыта бастаппын расында. Жарамадың хал-дағы сұрасуға, Қарамадың сен деген бір асылға... Асылым деп жүруші ем... Алданыппын, Нашар жан екеніңді зордан ұқтым. Сонда-дағы сені іштей сағынамын, Қара түнде жылаймын зарланып мың... Мүмкін, дертке шалдықтым, дуаландым, Менің мөлдір жанымды ұға алар кім?! Махаббаттың сап-сары уын езіп, Көз жасымен қоса ішкен пірəдармын. ...Қол жетпеске ұмтылған бір адаммын... 2 мамыр 2002 жыл Телефон да шалмайсың... Ұмыттың ба, Маған деген сезімді суыттың да! ...Мейлі, мейлі сайранды сала бер сен, Отырайын ішімнен тынып мұнда.

Кісендеулі қолжазба Мейлі, мейлі сайранды сала бер сен, Ойнап-күл де, аунап тұр... қара көрсең! Ала бер сен лəззатты басқалардан, Бақытты бола алмассың маған ерсең. Басқаларға бейіл бол... ол ұқса егер, Құшағында тұншығып, талықси бер! ...Саған деген сезімім лаулап-лаулап, Бір күндері əлсіреп барып... сөнер. 29 сəуір 2002 жыл Сені іздедім «Милениум», парктен мен, «Жастар сарайы» жанына барып көргем... Таба алмадым... налыдым тағдырыма Осыншама азапты тауып берген... От боп шықты өзектен... күрсінгенім, Жаңбыр болды көз жасым... құрсын дедім! Айлы түнде сені іздеп қалбалақтап Қала кезіп шаршады құр сүлдерім... 2 мамыр 2002 жыл Қандай едің сен, өзі?! Ұмыттым мен, Саған деген сезімім суық мүлдем! Сұлу ма едің сен, осы, көркем бе едің, Қара ма еді шаштарың тұнық түнен?! Қандай еді көздерің, Қара ма еді Таң қалғандай əлемнің тəмам елі?! Жаралы еді жүрегім... ұмытыппын, Адастырып кетіпті сана мені...

Мәди Қайыңбаев Көз тастасам амалсыз іркер мені Ит басындай кеудең де үлкен бе еді?! Тап-талдырмаш едің ғой, тар мықынды, Еліктің лағындай үркердегі... Ұмытыппын əтсе де... көп күн өтті, Алай-дүлей бір құйын соқты... кетті. Енді, міне, есіме түсіре алмай, Елжіретіп отырмын ет-жүректі... 29 сəуір 2002 жыл Неге, неге жолым менің болмады, Бақыт құсым шыр айналып... қонбады. Біреулермен бірдеңені істеп ем, Шикілеу боп шыққаны ма ол-дағы?! Ап-анық-ты... бəрі маған анық-ты, Əдейі ме... сонда ол неге тарықты?! Көбелек ем, көл-гөсір ед көңілім, Көбелектен қызғанды ма жарықты?! Неге, Алла, жолым неге болмады, Біреулердің бұйырмады мол бағы. Ұрдым бəрін! Өз жөніммен жүремін, Дəл мен үшін сөз болып па сол-дағы! 4 мамыр 2002 жыл Көп ойладым мен сені, көп ойладым, Көрінгенге сен бе деп қарайладым. Қалай ғана жапанда жалғыз қалдым, Кеткен ұшып басымнан қалай бағым?!

Кісендеулі қолжазба Тəкаппарсып жүріппін ақымақ боп, Ақындарға айтатын ақыл-ақ көп... Жас жүрегім бұл күнде қалтырайды Жел өтінде ілінген жапырақ боп... Суық тартып кеткендей қала мына, Сұлу емес, сұп-сұлық... ала-құла. Сен кездесіп қалар деп сүзіп бəрін, Жас тығылып келеді жанарыма... Көктем кеші. Жүрсің-ау сен басқамен, Қалай сені жоғалтып алжасқан ем?! Жолдастыққа жарамай бір дəурендік Тіршіліктен түңілген мен қасқаң ем... 3 мамыр 2002 жыл Сен əдемі едің-ау... көркем едің, Наздандың да, күлдің де, еркеледің. Өзіңменен бір дəурен кешіппін-ау, Аралап бір жүргендей ертегі елін. Түстей екен көрген ол таң алдында, Өтті-ау... кетті-ау... Шынымен жоғалдың ба?! Жүрек жасқа толып тұр, жанар – мұңға, Сендей жанды мен енді табармын ба?! Елжіреткен қарасаң адам жанын, Тұп-тұнық-ты қап-қара жанарларың. Қара шашың мақпалдай, жүзің – Айдай, Саған қалай мен серік бола алмадым?! Сағындым-ау, арман-ай, сағындым-ау, Тағдыр, мені маңдайдан тағы ұрдың-ау!

Мәди Қайыңбаев Көкіректі кернеген қайғы-шерім, Ағыл-тегіл жас болып ағылдың-ау!.. 14 мамыр 2002 жыл Қызғанамын мен сені басқалардан, Қызғаныштан жанымды жасқа малғам... «Тастап алған» адамдай мəңгілікке Мəди емес, бүгінде басқа болғам... Басқа болғам, мен қазір ауысқанмын, Жанарымда жас пенен жарысқан мұң... Алысқанмын күн-түні сағынышпен, Саған өші кеткен бір арыстанмын! Басқа болғам... мен есі ауысқанмын, Мазағына айналған таныстардың. Орыстардың байланып арағына, Жылай-жылай жасымды тауысқанмын. Қанатына бір кезде мұз қарысқан Қанды балақ қыран ем құздан ұшқан. ...Енді еске алар ма екенсің бізді алыстан, Есі ауысқан адамды қызғаныштан... 4 мамыр 2002 жыл Мен бір жанмын көңілі – у, көңілі мас, Махаббаттан ауысқан, өмірі – лас. Өз бетіммен жүрген бір жан едім ғой, Маған обал жасадың... оның рас. Тозақ еттің өмірді, мазақ еттің, Осы азаптан келеді тез-ақ өткім.

Кісендеулі қолжазба Жалынына шыжғырдың аямай сен Қызғаныш деген мына ғажап оттың! Еліктірдің екі-үш жыл... шуақ құрдым, Сөйттің-дағы бір күнде-ақ лақтырдың! Ғашық болып өзіңе өмір бойы Өкініп қалғанымды бір-ақ білдім. Бір кек қалды кеудемде жүрер менің, Түбі кетпес дəл осы түнергенім... Маған обал жасадың... оның арты Неге апарып соғарын білер ме едің... 22 мамыр 2002 жыл (Күнделіктің «Важные события месяца» бетінен) Маңызды не бар дейсің бұл айда əсте, Оның барлық кескіні былай да есте... Мені тастап басқамен кеткені үшін Боқтағанмын мен оны... Құдай кешсе. Боқтап келем əлі де есіме алсам, Бұл өмірдің бес тиын бəсі, нансаң! Бұрқ-бұрқ қайнап сан мəрте ашу-ызам, Өрекпіген көңілім басылар сан... Тауға да ұрдым басымды тасқа да ұрдым, Құлағанын сезіндім асқарымның. Біздер енді ешқашан кездеспейміз, Мен енді махаббатта... басқа құлмын! 3 мамыр 2002 жыл Г., мені білмейсің-ау сен деген, Мен бір тірі пендемін ғой... өлмеген.

Мәди Қайыңбаев Бəрін көргем... шаршағанмын, біткенмін, Бұл өмірде мен не нəрсе көрмеп ем... Ал сен болсаң... əлі жассың, əдемі, Бəрі, бəрі сұлулыққа дəмелі – Ғашық болған сенің қара көзіңе Көп ішінде... тағы бір жан бар еді. Сол мен едім... Айға созған саусағын, Ұйқы көрмей қаншама күн, қанша түн, Ақ қағазға төге берген сыр қылып Жүрек мұңын, көздің жасын, аңсарын... Көбелектей діні жұмсақ затынан, Аһ дегенде ақтарып у-запыран Сол мен едім... өртеп өлген өз-өзін Алаңға кеп... ғашықтардың атынан! Бақытты бол! Айтарым тек сол ғана, Алданба өзің, ешкімді де алдама! Сен сияқты бір Г-ға ғашық боп Өмірі өксіп өткен мендей сорлама! 20 қыркүйек 2004 жыл

Кісендеулі қолжазба ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ (оқуға, сахнаға шығаруға арналған драма) Қатысушылар: Əлішер – көріпкел Жанышер – «Барыпкел» Шара – шарасыздық Айдар, Асқар, Жастар, сот, хор т.б.

Мәди Қайыңбаев ПРОЛОГ Ремарка. Сахнаның бір бұрышынан Айдар шығады. Дауысы микрофонмен күшейтіліп беріледі. Айдар: Есіңде ме сол бір кез... Қауыз шышып гүл біткен, саулап ақ нұр түндіктен, баһар иісі бұрқырап, қайран, қамсыз тірліктен... бірге өткіздік жастықты! Есіңде ме, Əлішер... сен Шараға ғашық ең, сен Шараға асық ең, гүл-жидедей бұрқырап, телегейдей тасып ең!.. Сен далаңа ғашық ең, сен қалаңа асық ең... Айлы түнде гүлзарда, жан сырыңды ашып ең... Айдар, – дедің мұңайып. Қиындықты көп көрдім, бастан талайды өткердім, зар еңіреп, зарығып, осы күнге жеткенмін. Тас жетім боп, көргенмін тəрбиесін детдомның. Өз бе тім ше талпындым, өз бетімше шарқ ұрдым, сөйтіп жүріп оқу ға, түсіп жұртты таң қылдым. Өзіңе аян қалғаны – жас жүректің арманы, махаббаттың жанымда қалай бүршік жарғаны... Құйылып тұр Ай нұры. Түнгі құстың жайлы үні. Көрген түс тей сырғыған, өмір қандай қайғылы. Айдар, – дедің тағы да. Бір нəрсе айтсам, наылма. Се несің бе сен, өзі, Бір Құдайдың барына? – Сенем... – Жаным толып шуаққа, мен де сенем... бірақта... Мен Ғайсаға табынам, жетелейтін жұмаққа. Адамзаттың кү нə сін, ар қа ла ған Ғайсаға... Ізгіліктің тұмасын, шайқамаған Ғай саға... Туа біткен шын асыл, қасиетті Ғайсаға... Қаным – қазақ, бірақта. Жаным – азап, бірақта. Сендерше айтсақ – кəпірмін, тура түсер тозаққа. ...Иə, сыр ашып ең сен солай. Өтті заулап қаншама ай, жет ті жылдар шаршамай... Отырарсың қалайша, өткеніңді аң са май... Сен қазақтардың ішінде шоқынған болғаныңа өкін дің бе?! Əлде, шоқынғанғандардың ішінде қазақ бол ға ның ды мақ та ныш тұттың ба екен?! Бəрін басынан бастайықшы...

Кісендеулі қолжазба БІРІНШІ БӨЛІМ А – Көрініс Ремарка. Жатақтың тар бөлмесі. Балауыз шам өлмеші... Əлішер мен Шара отыр, алакөбең жерде осы. Əлішер (сыбырлай): Қыстың ұзақ түні еді, Боран иттей үреді, Жас баладай жылайды, Жезөкшедей күледі. (жан-жағына алақтай) Қап-қара түн – қара дəу, Сірə... өлесі жаралы-ау... Əне... көрдім... қызыл кеш... Қар жамылған қала анау... Аппақ қарда... қызыл қан, Қызғалдақтай қырмызы. Жұрттың түрі бұзылған, Абыржыған ұл-қызы... Соғылысқан сеңдей боп Сенделеді көп халық. «Қызыл жаға» өңмеңдеп, Өрекпиді топталып... (Қалам алып қолына, ақ параққа сарыла, бірдеңені жазады, басқа жақта назары). Шара: Бұл не... Бұл не сонда, Əлішер? Əлішер: Жер жүзінің бəрі – шер... Тойымсыз бұл қара жер, Қызыл қанды тағы ішер... Шара (шошып, сөздің артын тосып): Қой... Қой... Олай деме, жалынам, Əркім көрер бағынан... Əлішер: Ж-оо-оқ... Көп кешікпей... басшымыз Түсетіндей ... тағынан.

Мәди Қайыңбаев Шара (таңғалып, қимылы жанданып, бір ырғақ – сыбырлап): Айт... айт, сырыңның бəрін аш... Қонаев па?.. Не сұмдық! Əлішер: «Шешінген судан тайынбас», Шешіндік... (Əлішер жалт бұрылып, жанарына мұң іліп, отырды кеп диванға, өңі нұрмен құбылып, тырсылдады балауыз, тағдыр – жас тамшылап...) Əлішер: Өмір деген... қараңыз, – Өлшеулі əрі бəрі аңыз. (ойланып, сөзін баптап, жайланып) Шара, міне... көп болды, Көкірегім отқа енді – Болашақты болжаймын, Айтып берем өткенді Сенесің бе сен өзің, Шара: Сеземін... Əлішер: Маза бермей бір дауыс, Болашақты кеземін... (жөтеліп, бір буда қағазды көтеріп) Міне, қара, нанбасаң, Бəрі келді – болжасам... Көптің сөзі – мыналар, Құдай ұрсын алдасам. Шара: Қане, оқышы... Əлішер: Басқалардың жоқ ісі. Сандырақ деп ойлайды Адамдардың көбісі. (бір парақты таңдап ап, жарық жаққа жорғалап) Центурий ғып жазып ем... Жалғыз қазым – өзің ең, Түсінуге тырысшы

Кісендеулі қолжазба Əлішердің көзімен... Түсінші... Центурий – бірінші: «Екі басты пенде өмірге келерде, Адамилық жойылады көне елде. Қап тауынан басталған өрт жылжиды, Алмаса алдын дер кезінде егерде....» Түсіндің бе сөз мəнін... Міне мынау жаңа ғана жазғаным, Екінші центурий: «Жоғарының шаңырағы шайқалып, Қара халық нар қамыстай найқалып, Алматының алаңында қырғын боп, Көңіліне жастар жүрер қайғы алып». Шара (көлеңкесі қабырғада ербеңдеп, іші – сенбей, сырты – сенген боп): Айта түсші нақтырақ.... Əлішер (сыбырлай): Кешір... кетсем қаттырақ... Сенсең, осы сөзімде Еш өтірік жоқ бірақ. Қырғын болып, əскер төгіп алаңға, Талай қазақ алынады қамауға. Басы – қатты, соңы – тəтті, бірақта Жаңа тыныс береді бұл заманға. Айтсам.... болжам дерегі – (ойланып, айтуға тіл байланып) Сол қырғында... əлдебіреу өледі. Шара (шошып): Себебі? Əлішер: Өлтіремін мен оны... Өлтіргенімді «Барыпкел» көреді... Шара (қимылмен үрке, қолын сілтеп): Кет! Кет! Тіл-аузың – тасқа! Осындай жаста... Аузыңа түспеді ме Жақсы сөз басқа!

Мәди Қайыңбаев Əлішер (қорыққан түсі аппақ, Шараны құшақтап): Жарайды... жарайды... Жабықпа, аралым! Өлмесек көрерміз Тағдыр – талайды. Жарайды... жарайды... Ремарка. Бір сəтке үнсіз қалды олар, көңілге мұң алды олар, ой ланған жан таң қалар – тағдыр деген сол болар... Кенет Əлі шер серпіліп, қалыпқа өзін келтіріп, сөйлеп кетті ол тұрып. Əлішер: Үшінші центурий: «Бір өрт өтіп, жұртты салған азапқа Тап болады халық тағы тозаққа. Дегенменен... қайта жанып өшкені, Өз алдына ел болады Қазақ та». Шара: Рас па? Əлішер: Рас, рас, Шаражан, Бел алады жаңа өмір, жаңа заң. Еркіндігін бірақ сорлы қазақтың, Көре алмайтын жаулары көп... сол азар. Міне, үшінші центурий: «Жаны нəзік – жапа шегіп қаскөйден, Қабақтарын қара халық тас түйген. Қазақстан қайта түсіп бөліске, Басылады, бір от шығып Каспийден». Шара: О, Құдайым сақтай гөр, Намысымды баптай бер! Жауымызды таптай гөр, Қысылтаяң кезеңді Аман болса аттайды ел! (Сəтті бұзып жағымды, кенет есік қағылды) Шара: Жігіттер кеп қалды, əне...

Кісендеулі қолжазба Əлішер (күліп, достары екенін біліп): Жетпеп еді əлдене... Келсін... бұлар өлгенде Жатқызбайды көрде де.... (Шара жақты жарықты, жанарлары қарықты, қонақ келіп қалыпты) Əлішер: Жатпай неғып жүрсіңдер, Жанышер. Жатпайтынымызды білсін деп... Ертең боспыз, сабақ жоқ... Жə, жарайды, күрсінбе... Бейшара. Кедергі еттік пе, Əлеке, Шара-дағы бар екен. Əлішер: Жо-ға.... Төрлет, келіңдер, Өнерімді көріңдер. (қағаздарын көтеріп) Жазып жүр ем бірдеңе... Сынап, баға беріңдер. Жанышер (қағаздарға үңіліп, күлкі өңіне жүгіріп): Оу, біздің Нострадамус! Нострадамус! Қандай керемет! Бəрін жазған... не керек! (Əлішерге бұрылып, таң қала өңі құбылып) Шыныңды айтшы, Əлішер, Біз... білейін деген ек... (қағаздарды көтеріп, жанарының оты еріп) Осыларың рас па? Шара: Рас, əрине... Əлішер: Келіп едім сыр ашпай... Жасырып ем бəрін де, Рас, əрине... Туу, өлу, өмірің – Бəрі өлшеулі фəниде...

Мәди Қайыңбаев Мынау жарық жалғанға Адам пайда болғанда, Маңдайына жазылар – Жолы, соры сол маңда. Жанышер: Мəселен? Мəселен, Нострадамус... Əлішер: Мəселен... Жұрт арқылы көгерер, Мына сенің көсегең... (ұстай алмай ашуын, ашып салды асылын – ішкі сырын жасырын) Көп қиянат жасарсың, Көптің көңілін басарсың, Көз жасына семіріп, Көк қарғадай жасарсың... Жанышер: Ей, данышпан, тартып сөйле тіліңді, Қағып алам жыныңды! Шара: Ау, жігіттер, қойыңдар... Сонша сеніп ойынға... Əлішер: Жо, Шара! Ойын емес – білесің, Бұл – тағдыр... үлесің... (орнынан тұрып, əрлі-берлі жүріп) Мəселен, жақында... Жатаққа келген бір мұғалім хақында Ойладың ғой? Жанышер (таңғалып): Оны қайдан білесің? (кібіртіктеп, сөзінің жігін тіктеп) То есть... Ас қарды ма?.. Əлішер: Шырқар деп ем басқа əнді, Дұрыс айттың Асқарды... Айтпасқа амал қалмады еш,

Кісендеулі қолжазба Көңіліңе алма да еш, Тыңда... оны жəне мені де, Сен сатасың үш рет Шақырғанша таңғы əтеш. Бейшара: Астафыралла! Əлішер: Бізге жаулық етем деп, Елге жаулық етерсің, Куəгер боп, секеңдеп, Соқа бұрын жетерсің.... Иудадан да өтерсің... Жанышер: Ə-ə-й! Не деп тұрсың сен оттап, Екі көзің жалақтап! Бейшара (не шара, түсіп араша): Қарақтар... Қарақтар... Қойыңдар... Қойыңдар... Одан да сабаққа... дайындал... айық... Шара (күліп): Сабағы несі мынаның... Таусылған ғой шыдамың, Сасқан сорлы... Жанышер (қарқылдай күліп, Шараны құшақтап): Ха-ха-ха! Қарындасым – Шарашым, Əлі жассың, баласың, Мына алжасқан адамға Еріп қайда барасың? (Əлішерді нұсқап) Ал, мынау... Бұл – данышпан, Қалың жаумен алысқан, Халық қамын ойлаған, Келер күнге бойлаған, Нострадамус – қайнағам!.. Ха-ха-ха! Хор: Халық қамын ойлаған, Келер күнге бойлаған,

Мәди Қайыңбаев Біліп туып бəрін де, Қор боп, соры қайнаған, Нострадамус! Нострадамус! (Сахна көмескілене береді) Ə-Көрініс Айдар: Иə, уақыт жылжып жатты, қызығы мол студент шақ тың қамсыз күдері-ай!.. Есіңде ме, Əлішер? Сені курс тас тар дың бəрі Нострадамус деп мазақтаушы еді ғой. Олар ойнап айтатын... Бірақ тағдырдың жазуын қарашы – өмірдің негізгі ба ғытта ры өзің болжаған сызықпен жүріп жатты, оны біреу аңға рып, біреу аңғармады. Қандай ғажап, қандай жұмбақ бұл фəни! Өзіңнің маңдайыңа не жазылғанын өзіңнің алдын ала бі луің қандай қорқынышты десеңші... Сенің де маңдайыңа жа зыл ған қиын күндерің жақындап келе жатты. (Сахна көмескіленіп, Айдардың бейнесі өшеді). Ремарка. Зеңгір көкпен таласқан, алып шіркеу сəні асқан, алтын крест жарқырап, алдынан жұрт тарасқан. Ортасынан ша һардың ойып алып орынын, салтанатты, қаһарлы, сам ға та ды хор үнін. (Қоңырау мен діни хор үні естіледі). Көгершінді топталған, бытырлата үркітіп, жанарынан шоқ там ған, балаң жігіт зырғытып, апыр-топыр асығып, етек-жеңі желпілдеп, шашы желмен шашылып, өз үйіндей ер кін кеп, шіркеуге бас сұғады. Қолына алып май шамын, күнəлідай тайсалып, алдына кеп жығылды алтын-зерлі «Ғайсаның». Əлішер: Отче наш, Который находишься на небесах. Пусть благоговейно чтится имя Твое, пусть придет Царство твое, пусть будет воля Твоя и на земле так же, и как на небе. Хлеб, необходимый нам для жизни дай нам сегодня. И прости нам грехи наши, как и мы прощаем обидившим нас, и не введи

Кісендеулі қолжазба нас в искушение, но избави нас от дьявола, потому что Твое Царство, и сила, и слава вечны. Аминь! Кешіре гөр, Жаратқан, Көрме əйтеуір сес қыла... Сорасы аққан – соры аққан, Күнəһарды кеш мына. Мына халық адасты, Ауытқыды жолыңнан, Люцифермен жарасты – Азғындыққа салынған. Ұлтқа, дінге бөлініп, Əне, (Алаң жақты нұсқап) Қырғын салуда! Көзіне қос көрініп, Қиянатқа баруда! Сойыл сілтеп Алаңда, Қарды қанмен бояды. Қиянатын адамдар Қашан мəңгі қояды?! Сен – орыссың, сен – қазақ, Сен – мұсылман, сен – кəпір... Деп шайқасып болды азап, Бір қантөгіс болды ақыр. Оу, Ұлы Ғайсам, Жаратқан, Ауа көрсін назарың. Жаны берік болаттан Халық тартты-ау азабын. Мұсылман кім, орыс кім? Христиан кім, қазақ кім? Сылтауы ма ол соғыстың? Себебі ме ол азаптың? Жаратқанның жүз-өңін Жасай салу қолда ма? Ортақ Құдай кім өзі? Өзіңсің бе, Алла ма? ...Жалбарынған мен – пенде,

Мәди Қайыңбаев «Жаратқан – бар, бір» дедім. Ал, шынына келгенде, Кім екенін... білмедім... Білмедім де ... сондықтан... (жан-жағына алақтай сыбырлап) Бақытымнан кешіктім... Маңдайыма сор мықты Жабысқанын кеш ұқтым... Діншілдігім əлсіреп, Ұлтшылдығым жеңді де, Ұлы сенім əлсіреп, Люциферге ерді де, (дауысы дірілдеп) Мына пендең сорлады, Люциферден болды əрмен, Дінім айқын болмады, Ұлтым айқын болғанмен. Қызыл қанды көргенде Қазақ болдым лезде. Қызынған бір өркеуде Сезім еді бұл да өзге. Шырқыраған қарагөз Қарындасты көргенде, Қайта оралып бала кез... Қаһарланды бұл пенде... (сыбырлай, төбе құйқасы шымырлай) Соққылаған солдатты Топқа қойып кеттім мен. Байғұс бала зар қақты, Аямай-ақ тептім мен! Азан-қазан.... ел ұлып, Екі айрылып жол қалды. Етқызумен еліріп, Малып алдым қанжарды. Өз дініме мен өзім Қарсы шықтым, о, Ғайса! Өртенеді өзегім, Кешіре гөр, о, Ғайса! Жанұшырған жүгіріп,

Кісендеулі қолжазба Жанталасымды ел көрді... Ұлы Ғайса – ұлы үміт, Кешіре гөр пендеңді!.. Ə-əй... Ашу деген сол найсап!.. (ойланып, қайғы алып) Біргемін ғой халықпен, Бірақ .... əлгі жандайшап... Көріп қойды-ау «Барыпкел». Не болса... болды енді! Қиянатқа төзбедім Қайрамасаң кейде елді Қор болады – сезгенім. (Қылығына күйінді, күйінді де сүйінді, алтын-зерлі «Ғайса ға» басын иіп сиынды). Господи Иисусе Христе, Сыне Божий! По молитвам Пречистой твоей Матери и всех Святых, помилуй нас. Аминь! (Сахна көмескілене береді) Б-Көрініс Ремарка. Сахнада – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, бір бұ ры шында Айдардың бейнесі, алаңда иін тірескен жастар, ортада дауыскүшейткішпен Əлішер сөйлеп тұр. Дауыстар: – Отырыңдар! – Отырыңдар! Əлішер: Не көрмеді бұл қазақ! Шығысыңда – Жоңғарың, Ба тысың да – Ақ патша, кеудеңде өшіп арманың, келер күнді жоқ тат са!.. Өмір бойы көргені – темір құрсау, тар бұғау, қай нап қаны, ел кегі, айналасын алды жау! Қолдан жасап аш тық ты, қы рып салды қазақты, жасап хайуан қастықты, көр сет ті ащы азапты! Жусатып сап «қамағын», басып алды ай ма ғын! Ті лін ке сіп, орыс қып, іске асырды ойларын. Не көр ме ді бұл қа зақ!

Мәди Қайыңбаев Дауыстар: – Жетеді осы қорлығы! – Жетеді осы зорлығы! – Қазақтардың аспанға Шарықтайтын келді үні! Əлішер (газетті көтеріп): Енді, міне, жоғарғы ел тізгінін тағы алды! Намыс қай да, халайық, шыдамымыз жоғалды! Дауыстар (дүр сілкіне түрегеліп) – Жоғалды! – Қазақ болсын басшымыз! – Ол – бас болса, біз – қосшымыз! Ремарка. Мінберге сол кезгі ел ағалары көтеріледі. Солдаттар төгі леді. Мінбердегі дауыс: Жастар, тараңдар! Тараңдар! Тарамасаңдар, қазір əс кер ге бұйрық беремін! Əскерлер, дайындалыңдар! Баста! Ремарка. Айқай-сүрең... Мидай араласқан адам. Су шашатын машиналар, абалаған иттер... өртенген машиналар... Айдар: Есіңде ме, Əлішер?.. Дəл осылай болмап па еді, Алаңға айқай толмап па еді?! Жанұшырған жастарды ел ə ске рі қорғап па еді?! Сол жастардың бірі едің, сол қырғында жүр едің. Арпалысып, алысып, аласұрды жүрегің! Ең бат қа ны жа ны ңа, қарайғаның қаныңа – сүйрегенде шашынан шырылдатып Шараны, таусылғандай амалың, қанға толды жана рың, жағасынан алғансың, жарымес «қызыл жағаның». Жа ға сы нан алғансың, аяғынан шалғансың, қолға іліккен қан жар ды, бойлата кеп салғансың... Қазақ деген ел үшін, кең жазира жер үшін, жауыздыққа барғансың! Сүйреп шығып Шараны, кезіп қаһар-қаланы, тығыларға жер таппай, құрып дің кең-амалың, қаның саулап, жаралы, жар боп Ғайса-Құ дайың, оңынан туып Күн-айың, құтылғансың қуғыннан...

Кісендеулі қолжазба ...Өтіп жатты сол күндер, кетіп жатты сол күндер, ашу, ыза, наланы, көкірекке көмдіңдер. ...Содан кейін бірақта... ауру болдың, Əлішер. Бо йың ды алды тағы шер... Өкпеледің жалғанға, тұсау салдың ар манға, дала кезіп түн бойы, мола кезіп орманда... ұшырадың бір дертке... В-Көрініс Ремарка. Жатақтағы бөлмеде, елес беріп əлдене, сандырақтап, еліріп, ысып-күйіп бар дене, ауырады Əлішер. Елес қуып бір уақ та, еріп əуен-ырғаққа, шығып кетті далаға. Түн-бояуға ұйып қыр, жылы жаңбыр құйып тұр. Көк төбе ге өрмелеп, оңашалау жерге кеп, жалғыз бейіт басында, аят айтты термелеп. Кенет... Жап-жарық боп бар маңай, бұлтқа сүңгіп тол ған Ай, алтын қылыш асынған, қаһары – шоқ шашылған, ду лыға лы ай дидар, алтын тақта ашылған, Кенесары бейнесі зорайып бір көрінді... Ал, Əлішер жата қап, екі көзі боталап, жалбарына сиынып, əлдене деп күйініп, ауысқандай сырт көзге. Əлішер: О, Господи! Астафралла! (қай Құдайға сиынарын білмей тосылып) Қай Құдайға... Кенесары-елес (даусы күндей күркіреп, жер-əлемді сілкілеп) Қорықпа, балам... Құдай – біреу, «Құран» – Хақ, Жаратқаным – бір Алла-ақ! Тура жолдан тайыпсың, Көкірегіңді мұң арбап. Ғайса – Алла елшісі, Ұлы əрі зор кісі. Пенделерді күнəдан Арылтумен болды ісі.

Мәди Қайыңбаев Əлішер: Иисус – Сын Божий... Кенесары-елес. Алла – жалғыз! Алла – жалғыз, тыңда адам! Тудырмаған жəне ешкімнен тумаған. Сен білетін Күннен де зор Алланың Нұрыменен жаратылған бұл ғалам! Топырақтан жасап Адам-Атаны, Жан салыпты көбейсін деп қатары. Хауа Ананы қосып беріп жанына, Болсын депті Жер олардың отаны. Судың мəнін ұғынсын деп қаталап, Құм шөлдерден жасапты Аллам от алап... Пенделерім бірін-бірі сүйсін деп, Жүрегіне қондырыпты махаббат. Гүл шайқалған, көк жүзінен нұр ағып, Көктемді де жаратыпты бүрі анық. Аязды да сүйсін депті қақаған Қар үстіне қызылбүрген шығарып... Үкілерін уфілетіп орманда, Сандуғашын сайратыпты сандалда... Жаратыпты сағыныш та, арман да, Ойлансын деп... жапа-жалғыз қалғанда. Борпылдақ құм, жылы жаңбыр... Мың рет Қарасаң да, тоймайтын бір сурет! Бəрін-бəрін қиюластырып қойған Алла қандай Ұлы əрі Құдірет! Ал, сен болсаң... Əлішер: О, хан ием, ғафу ет! Басымызға тап келді сан қасірет. Діннен безіп... Алламызды ұмытып, Енді-енді... жөнге келе жатыр ек. Кенесары-елес: Бұлттай көшкен будақ-будақ ғасырда, Отырғандар, балам, билік басында Дінімізді қолшоқпар ғып көрер кө, Саясатқа айналдырды расында.

Кісендеулі қолжазба Қара қойдай қайырмақ боп халықты, Бірлігіне діннің сызат салыпты. Қазақтың кең сахарасы сағымды Бір-біріне «сен – кəпір!» деп жалықты. Білесің бе... Аңғал қазақ – қасқаны Қарашекпен шоқындыра бастады. Елін арбап, жерін алмақ болды олар, «Низам» деген заң шығарып жасқады. Ерлерменен ел бірлігін тілестім, Аққан селдей, соққан желдей бір өстім. Қасықтай қан, шыбындай жан қалғанша, Мен ел үшін жан аямай күрестім. Əлішер (ойланып): Алла – жалғыз, тудырмаған, тумаған... Онда неге Ғайса – Алланың ұлы? Кенесары-елес: Міне, православие мен исламның айрылысар тұсы осы. Ислам – Алла жалғыз, ешкімнен тумаған жəне тудырмаған дейді, ал православие – Ғайса мəсіх – Алланың нұры түсіп, Мариям қыздан туған ұлы дейді. Шындығында, Ғайса – Алла ның елшісі. Ең соңғы жəне ақырдың пайғамбары Мұ хаммед Ғалейкісаламның өзі «Мариямның ұлы Ғайса екеу міз дің арамызда елші жоқ» деген екен дейді. Əлішер: Кешіре гөр, хан ием... Бірақ бұл нақты дəлел емес қой... Кенесары-елес: Саған нақты дəлел керек болса, онда тыңда... Хрис тиандар дың сен білетін төрт Інжілі бар – Матай, Иоһа, Лұқа, Маркос. Бұларды Евангелия (Қуанышты хабар) дейді. Ха зірет ті Ғайсаның Барнаба деген шəкіртіне тиесілі бұдан басқа «Барнаба інжілі» де болған. Ғайсаның көкке ұшып кеткеніне қы рық жыл толғанда, Құдыстағы иудейлер мен христиандар арасында шыққан бір жанжал кейін бұл інжілдің жойылуына себепші болған. Ромның Константин деген патшасы 325 жылы дін жағын түзелту үшін үлкен бір мəжіліс өткізген. Оған мыңнан аса атақты діндарлар қатысқан. Сол мəжілісте алек сан дрия лық Ариус деген Ғайса тəңір емес, елші дегені

Мәди Қайыңбаев үшін жазаланған. Жиналыс соңында Хазіретті Ғайса – Тəңір, Тə ңі рі нің Ұлы деп жарияланған. Міне, сол «Барнаба інжі лін де» Хазіретті Ғайсаға бір əйел «Күттіріп жүрген мə сіх (құт қа ру шы) сен емеспісің?» деген сұрағына «Мен жал ғыз Израил ұлдарына (еврейлерге) жіберілген бір пай ғам бармын, бі рақ менен кейін Тəңір тарапынан бүкіл əлемге рақмет ті (ша па ғат əкелуші) Ахмед деген елшісін жібереді» (Б, і.., 96-8) деген. Бəріміз де бір Алланың құлымыз, бəріміздің, білсең, бірдей дініміз. Орыс, қазақ – туысқанбыз енді біз, аша креш – бəріміздің белгіміз. Əлішер: Крест – исламның да белгісі ме? Кенесары-елес: Аша крешке – қазақтар мұсылмандықтан бұрын та бынған, бұл – жұлдызшылар белгісі. Қасиетті «Інжілде» айтылатындай Хазіретті Ғайсаның өмірге келетінін жұл дыз шы абыздар əлдеқайда бұрын, алдын ала біліп, оны із деп бармай ма? Міне, сол жұлдызшылар осы даладан бар ған... Қазіргі кейуаналардың киетін кимешегі – сол жұл дыз шы абыз дардың киімі болатын... Хазіретті Ғайсаның өзі жұл дыз шы абыз дар дың ілімін жетік білген ғой. Солай, балам... бар халықтың діні бір, «Інжіл», «Құ ран» – хақ Алланың үні бұл. Дінге бөліп, дайластырған – билік ке таласушы дінсіздер ғой, құрығыр! Хор: Бар халықтың, барлық ұлттың діні бір, «Інжіл», «Құран» – Хақ Алланың үні бұл! Бəріміз де бір Алланың құлымыз, Бəріміздің, білсең, бірдей дініміз, Орыс, қазақ – туысқанбыз енді біз, Аша креш – бəріміздің белгіміз! (Сахна көмескілене береді)

Г-Көрініс Ремарка. Күн тұтылып, тау ұлып, əлдекімдер жауығып, өз-өзі нен елі ріп, Əлішер жатыр ауырып. Жаңа-жаңа келді есі, ты нық-

Кісендеулі қолжазба қа ның жөн десіп, Шара болса кешеден жанында отыр сөй лесіп. Таңның қою қараңғысы... Əлішер (ыңқылдап): Арқам ұстап соңғы кез Аласұрып ауырдым. Бір елестер болды кез, Қазір енді тəуірмін. Шара (сыр тыңдап): Түнде қайда болып ең? Əлішер: Ел кезетін көрінем... Анау қалың зираттың Бір-ақ шықтым төрінен. Бір қарасам, түн екен... Зират жақта жүр екем... Шара: Білесің бе, өзі, есіңді? Əлішер: Білем... (ойланып) Білем... Не сұмдық... Кенесары көкемменен сөйлесіп, О, Құдайым, кешіргін... Кəдімгідей... ап-анық... (қолымен көрсеткендей) Сансыз шырақ қатары Елес болып зорайып, Көзі, сөзі... сақалы, Сырын ашты тақалып... Шара: Не айтты, сонда? Ремарка. Есік қақты біреулер. Түр-өңдері түнерген. Кіріп келді бір ерлер. Ортасында «Барыпкел»... МҚК-нің адамы: Кешіріңіздер...

Мәди Қайыңбаев Əлішер: Кіріңіз... Жанышер: Міне, осылар... біліңіз. Əлішер: «Барыпкелжан» жай ма, өзі?! Тым суық қой түріңіз... Жанышер (МҚК адамының құлағына сыбырлап, аузымұрны жыбырлап): Асқар деген мұғаліммен екеуі Сөздері айтқан сүйегіңнен өтеді. Жүрген жері – ылғи жиын... күдікті, Осыны бір... «түртіп» қойсаң не етеді?! Əлішер: Əй, «Барыпкел» жетеді! Шара: Кешіріңіз, сіз кім боласыз? МҚК-нің адамы: Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің өкілімін. Шара: Мұнда не үшін келдіңіз? МҚК-нің адамы: Əлішердің үстінен арыз түсті «домалақ». Жүргіземін істі мен, ақ-қарасын саралап. Өткен жылғы алаңдағы оқиға есіңіз де болар... Нашақор мен надандар, азғындаған арамдар, іріт кі сап халыққа, тапталды ғой ар-намыс! Əшкере етіп əлем ге, қазақ деген халықты, күлкі қылып бар елге, мас қа ра етіп алыпты... (басын шайқап) Жоқ, болмайды бұл... болмайды. Біз де елді ойлаймыз, тек се ре міз мəн-жайды, мазақ қылып қоймаймыз, негізінде бұл істі əдейі ұйымдастырғандар бар... Ремарка. Екі-үш адам бөлменің апыр-топырын шығарып тінтіп жүр. Шара: Кім болды екен, снда, олар?

Кісендеулі қолжазба МҚК-нің адамы: Білсеңіз, айтыңыз... Шара: Құрсын, біз қайдан білейік... МҚК-нің адамы: Жайым жоқ де қор болар... Мүмкін, шəкірттер?! Мүмкін, ұстаздар?! Мүмкін, жай ғана молдалар... Молда болғанда... Жанышер: Мүмкін, көріпкелдер шығар?! Əлішер: Дегеніңе жеттің бе ақыр бейшара! Қалың елді кеттің сатып, не шара! Сендейлер ғой сорлататын халықты, Тас ататын тығылып ап тасаға! Сендейлер ғой орынтаққа қонжиып, Портфель сүйреп, дауыс жинап, қол жиып, Өп-өтірік халқым, елім, ұлтым деп, Қылығыңа қанжылаған ер күйіп! (көрермендерге қарап) Ей, бейшаралар! Ұғыңдар! Намыс қайда? Ар қайда?! Бір сəтті үміт жылтырап ед шалғайда, Бір-біріңді сатып, атып соншама Не көрінді?! Сəл ойлансаң болмай ма?! Қызың жылап, ұлың тұрса телмеңдеп, Ішкен асың ертең ірің болмай ма?! Жанышер: Айттым ғой, əне... Айттым ғой... Ұстаңдар мынаны! МҚК-нің адамы: Ұстаңдар! Түрмеге қамап, ісін тергеуге береміз. Қал ғанын əрі қарай көреміз. Бол, болыңдар, таң атып қалды... Ана қа ғаз да рын да ала жүріңдер. (Дəл сол кезде алыстан таңғы əтеш шақырады. Шара кө рер мен дер ге қарап, ойына əлдене түскендей)

Мәди Қайыңбаев Шара: О, Тəңірі! Қандай ғажап! Қандай жұмбақ мына əлем! Иə, есімде... Дəл сөзіндей Хазіретті Ғайсаның... Төгіледі қан ша жас пен қанша мұң... Айтпап па еді Əлішер?! Сатасың деп үш рет шақырғанша таңғы əтеш. (Əлішерді кісендеп алып кетіп бара жатады, сахна көмес кі ле не береді) ЕКІНШІ БӨЛІМ А-Көрініс Ремарка. Жазғы ымырт. Темір тор. Көкіректе сазды үміт, шү піл деді көңіл де. Қыш дуалды жиектей, жұпар шашқан рай хан. Күл те ле рі бұрқырап, тымықта осы дір етпей, жан-жү рек ті мұ ңай тар... Дүр еткен көп дүрмектен, бөліне кеп бір кептер, тор алдына қонған-ды. Моншақтай көздері, аянышқа толған-ды. Іші елжіреп Əлішер, өмір жайлы толғанды. Жапа-жалғыз мұңайып, ақ кептерге зарланды. Əлішер: Ей, Ақ кептер, бері орал, Мүсəпірге қайрыл жаны жарадар. Темір тордан хабар күтіп ұмсынған Ұсқыны оның қарақшыға барабар. Қарақшы емес, қарақшыдан қашық ол, Шаражанға ғашық болған асыл ер. «Бауырлары» торға қамап тастаған Көрмесін деп мөлдіреген жасын ел... Гүлзардағы темір торда томсарып, Гүл иісінен басы айналып... əн салып, Ғашық жардан хабар күтіп отыр ол, Əрбір таңды сарғаюмен қарсы алып. Шаражаннан хабар алып сен орал, Темір тордың жақтауына қона қал, Жас жанына сəуле құйсын торыққан Сүйгенінен жеткен жұпар орамал. Орамалды жазып қарап өзі де ең

Кісендеулі қолжазба Батып тəтті лəззатқа езілер... Сүртер сосын қарап ойлы көкке анау Сорғалаған ыстық жасты көзінен... Ей, Ақ кептер, бері орал! (Сахнаның бұрышында Айдардың бейнесі) Айдар: Күндер... күндер сырғыды, айлар алға асық ты. Жылдар жайымен жылжыды, қапа ғып қос ғашықты. Есің де ме, Əлішер?! Шара ылғи сені іздеп, сағынышы теңіз боп, ке лу ші еді түрмеге, созылды деп бұл неге?.. Ұзақ күт тің со тың ды, тар қапаста аһ ұрдың! Ұйқысыз тас түн дер де, Құ да йың ды шақырдың. Үн қатпады Ол бірақта... Ремарка. Темір тор. Түн жылы. Əлішер: Білемісің сен «Барнаба інжілін»? Шара (қынжылып): Білмейді екем... Бөлектеу ғой бұл «жырың». Неге керек саған Құдай, Тəңірі, Сылдыр қағып қолда кісен-шынжырың... Əлішер (іші жылып): Шындығында жындымын... Адамзаттан жеріді ме, əлде, ішім?! Жаратқанға кеңіді ме, əлде, ішім?! Маған неге бір белгіңді бермейсің, А-а, Құдайым, шыныменен бармысың?! Шара (аңдысып): Соған бола зая кетті бар күшің. Қанша халық жазықсыздан қан құсып, Қанша халық қаһарына қалды үсіп. Егер болса... кешіре гөр, Жаратқан, Жалбарынған таң құшып, Мына бізге жаудырмай ма алғысын?! Əлішер: О, Хауа-Ана – адамзаттың анасы! О, Мария – махаббаттың Құдайы! Бұл балаңның уланды да санасы,

Мәди Қайыңбаев Сандырақтап, мəңгіріп жүр ұдайы! Кездесті де бір аруға... ынтығып, Мең-зең болды жанарына мұң тұнып. Сол аруды шығара алмай есінен Зарығады, дөңбекшиді күн-түні. Қандай əсем Шаражанның жанары, Жүрегімді өртеп-өртеп барады. Мақпал шашын, ай дидарын іздеймін, Аласұрып жолбарыстай жаралы! Шара (еркелеп): Қойшы, рас па... Əлішер: О, Хауа-Ана! Тілегімді бере гөр! Қайрылады қайрат қылсаң сен егер. Маған-дағы ғашық болса сол ару, Менің ыстық сезіміме, ал, сене бер! О, Мария! Адамзаттың ардағы, Тілегіме құлақ салшы сен-дағы. Маған өле ғашық болсын Шаражан, Махаббаттың жанышты ғой салмағы. Шара: Қойшы, Əлішер, өтінем... Əлішер: Берсең егер тілегімді, Ғашығым Аласұрсын іздеп мені жасырын. Іздеп, іздеп... тапсын-дағы ақыры, Айлы түнде жайып салсын асылын... Шара: Қой деймін... Ремарка. Сахна бұрышынан Айдардың бейнесі тағы көрініс береді. Айдар: Айлы түн. Уф! – дейді жел, демін ап ақыр-соңғы. Сыбырлайды қайғылы жапырақтар. Аппақ нұрға ұйиды атырап бар.

Кісендеулі қолжазба Тел мі ре ді пақыр сорлы. Жалбарынды қаншама! Ма рия ға, Ғай са ға, Хауа-Анаға! Бір тілегін, сірə, қабыл етпеді, мұз құрсан ды көңілінің көктемі. Не жазды екен соншама?! Ол орнынан тұрды да, терзеге жақындап, бұрды бетін көктегі əсем Айға анау. Пақыр-дағы жылай ма екен, ойбайау! Жанарынан жүзін жуып жас ақты, пақыр сорлы бəйіт айтты, қайғы-шерін босатты... Шыныменен... Шыныменен рас па – Тəңірісіз бос жатқаны мына аспан?! Алла да жоқ, Мария жоқ, Ғайса да... Сонда мұндай жаңалықты кім ашқан?! Сонда қалай, не мақсат бар жалғанда?! Əн де, жыр да... бəрі алдамшы болған ба?! Жаралған ба аянышты адамзат Тұншығып тек өлу үшін арманға?! Анау Ай ше – жарып туған түнекті, Мынау гүл ше – лүпілдеткен жүректі, Сандалдағы сандуғаш ше, бұлбұл ше – Сайрағанда балқытатын сүйекті?! Шаражан ше – махаббаттың нұрлы əні, Қамыс кірпік, туған Айдай дидары?! Ал, өзім ше – күндіз-түні өртеніп, Талықсыған тəтті сезім құрбаны?! Шыныменен... Шыныменен рас па – Тəңірісіз бос жатқаны мына аспан?! Қайырымсыз Құдайларым, қайдасың, Түніменен жылап-сықтап сыр ашқан?! Фəни де жоқ, Бақи да жоқ – бары осы, Жанталасқан жан-жағыңа қарашы: Арын сатқан, бəрін сатқан... замана Солай дейтін сияқты ғой, шамасы...

Мәди Қайыңбаев Ə-Көрініс Ремарка. Сот залы. Кісенделген Əлішер орнына келіп тұрады. Жалын да ған жанарын Шара жаққа бұрады. Дауыс: Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келеді! (Жапырлай тұрды барлығы, сілтідей тынды жан мұңы). Сот (мұрты едірейіп, көзі бедірейіп): 1986 жылғы желтоқсанда, айналаның бəрін қар бас қан да, нашақорлар мен Кеңес əскері, ата жауындай арбасқанда, жастар жағы желіккен кезде, арақ буына еліккен кезде, аласапыран басталып кетті... Сол кезде мына Əлішер Ша бай ұлы бір топ жастың ортасында, арақ буының кесірінен, же ліккен нің арқасында, айбынды Кеңес əскерінің бір сол да ты ның қаза болуына себепкер болды. Сот істі қарай келе, мынадай үкім шығарды: «Əлі шер Ша бай ұлы ең ауыр жаза – өлім жазасына кесіледі». (зал күңіреніп кетеді) Шара (айғайлап): Əлішер! Ремарка. Сахна көмескіленіп,бір бұрыштан Айдардың бейнесі көрі не ді. Дауысы күшейтіліп беріледі. Айдар: Айналайын, Əлішер! Анаң саған жерік болғанда, аю дың етін жегіздің, жолбарыстың сүтін ішкіздің. Ебей басты құба үлек, сенен соң жүк көтерер түйе жоқ! Сен қара дауыл жықпа ған, қара қауым құптаған, Қазақ деген орданың, алтын қас ты бақаны едің нық табан! Қаңтардағы бурадайын жа раған, қара айдарын тараған, қабылан жүрек бабасын, Əлі шердің есіне сала гөрші, Жасаған! Айналайын, Əлішер! Жүрегімнің түкпірінде сен мəңгі, мұз үстінде Алаудай боп жанғансың! Қазақ деген қасиетті ха лық тың, жолына жас жаныңды сен шалғансың! Айналайын, Арысым! Мынау дала, мынау Өзен, мынау таулар...

Кісендеулі қолжазба бəрі үшін, арыстандай Айға ұмтылған, алысып, сырлап атқан сары жебемен жарысып, шеңгелің жау алқымында қары сып, опат болдың, амал не! Қырдан қырқа қараған, қырық шал ғы сын тараған, жаудан аққан қара қан, көбіктей көріп жа ла ған, қайран да менің жан досым! Ремарка. Сахна қайта жарықтанып, Айдар бейнесі жоғалады. Сот: Айыпталушы, соңғы сөзіңіз бар ма? Əлішер (үнсіз тұрып, сəлден соң): Бір қателік өтті, рас! Алам десең – бас, міне! Дəл бір сондай қырғында, Елің үшін – бейкүна, Жерің үшін – жəннаттай, Көлің үшін – көгілдір, Белің үшін – қырмызы, Зеңгір үшін – көкпеңбек те тұңғиық, Бір бас деген не, тəйірі! – сөз боп па! (еліріп) Қан-қан болып қайтқан едім жау қуып, Тырағайлап қашты олар! Оң келгенін оң шаптым, Сол келгенін сол шаптым, Кенесары атамдай! Сəйгүлігін шаршаттым, Биелерін зар етіп, Құлыншағына бейбіт күнді аңсаттым! Еңбегім көп еліме! Бірақта оған менің Басым керек болса шынымен, Шейт кеткен көп Бастардан несі артық – Бердім, міне, ортаңа! Шүпілдеген зеңгірдегі Күн куə, Алқымы іскен батбат пенен аңқылдаған аңызақ куə! Мəңгілікпен салыстырғанда Бір адамның өмірі – Көзді ашып-жұмғандай-ақ сəт қана –

Мәди Қайыңбаев Көшкен бұлттай қоңыраулатып өтеді, Көлеңкесін түсіріп, Жүрегіңе қимастық пен сағынышты тықпалап! Ешнəрсе жоқ баянды – Бəріміз де өтеміз, Біріміз – кеш, мүмкін, біріміз – ертерек, Бірақ күннің күнінде, Соққан кезде сағатың, сені-дағы Əзірейіл əкетеді желкелеп! Тура күні кешегі, Қуып жүріп желкелеп, Өзім басын алған жау жендеті сияқты! Оның Əзірейілі мен болғам! Ал, менің Əзірейілім кім болады, – Ал, алыңдар – бас, міне! Бірақ есте сақтаңдар! Қай жаққа да сендерден бұрын шауып барушы ем! Дау даулаған жер болса, Жау жаулаған ел болса, Өзім жүрдім өтінде, Өзім жеттім бірінші! Сонда маған Əзірейіл табылмаған, Суыратын шырқыратып жанымды. Қарсы келсем жалаңдап, Ажал теріс айналды – Суығын-ай түрінің деп! Сондықтан да сан қырғыннан аман өткен өзіме-өзім болам Əзірейіл, халайық! Асығушы ем бəріне, о жаққа да бұрын жетем сендерден – о жақта да дау даулайтын жерім бар, о жақта да жау жаулайтын жерім бар. Жартысы сонда елімнің де, жауымның да, жартысың мұнда қалсаңдар! Ал, Жанышер, тыңда сен! Жала жаптың сен маған! «Елді алдаған оңбаған» дедің жəне сен маған. Центурийлерді көрсетіп, «қырғынды ұйымдастырған сен» дедің, үкі мі не жазмыштың, сен көрсоқыр сенбедің. Байлап бердің

Кісендеулі қолжазба Ас қар ды, ұстап бердің жастарды. «Центурий жаздың, демек қыр ғын ның болатынын білдің» дедің... Сен айтқандай болса егер... Сен мені ұстап бересің деп, сотқа куəгер боп келесің деп, айтып ем ғой, еске алшы... Хазіретті Ғайсаның меңзеп ем ғой сөздерін... Оны қайдан білдім мен, сен айтқандай болса егер... Ол аз болса... Тағы да айтам, тыңдап ал! Мынадай бір сыр да бар – Аттай он жыл өткен соң, Жетер саған бір хабар. Хабар айтар: сол сот əділ емес деп, Əділ емес Кеңес деп. Қара бет деп сені жұрт, Құртамыз деп сені жұрт, Сот шақырып кеңеспек. Иə, ел жұлдызы жанады, Көк байрағы желбіреп! Жан жазылып жаралы, Шалқыр Қазақ ержүрек! Даңқы кетер əлемге, Даусы жетер бар елге, Бақыт пенен Беделге Кенелген ел кемеңгер, Көз тоймас-ты көрерге! Əлі-ақ солай болады! Соңғы сөзім, ал, енді: Уа, халқым, Қазақтар! Тап болам демесең азапқа, Жолығам демесең қайғыға – Өз дініңнен айныма! Өз дініңнен айныма! Хор: Ел жұлдызы жанады, Көк байрағы желбіреп! Жан жазылып жаралы, Шалқыр Қазақ ержүрек!

Мәди Қайыңбаев Даңқы кетер əлемге, Даусы жетер бар елге, Бақыт пенен Беделге Кенелген ел кемеңгер, Көз тоймас-ты көрерге! Əлі-ақ солай болады! Соңғы сөзім, ал, енді: Уа, халқым, Қазақтар! Тап болам демесең азапқа, Жолығам демесең қайғыға – Өз дініңнен айныма! Өз дініңнен айныма! ЭПИЛОГ Ремарка. Зəулім шіркеу, бұлтқа сіңген кресі. Кісендеулі Əлішер кон вой мен келеді ілесіп. Балауыз шамы самсаған алып шіркеу іші одан сайын самаладай жарқырап, алтын жалатқан ико на ның бедерінен бері қарай ұлы пайғамбар Ғайсаның алып бей не сі тесіле қарайды. Көзі алайған Əлішер етпетінен құ лай кет ті, кісендері сылдырап. Əлішер: О, Құдіреті күшті ұлы Ғайса! Шапағатты мейірім таратқан, Үмбетіңмін өзің сүйіп жаратқан. Бүгін, міне, бордай болып үгілдім, Жаным – темір, берік еді болаттан! Қоштасуға келдім, міне, соңғы рет, Жиырма жасым – бұл жалғанға болды көп. Адасқанның мен болайын соңғысы, Қол соқсын жұрт бір шоқынған өлді деп. Жиырма жаста қиыншылық көп көрдім, Ой теңізін кешумен күн өткердім... Өз дініне берік болса əрбір ұлт... (Жанындағы шоқындырылып жатқан бір топ қа ра гөздер ге қарап) Мыналар кім?

Кісендеулі қолжазба Конвой: Балалары детдомның... Міне, енді... азамат боп дінге өтті, Шоқынуда Ғайсаға ұлы құрмет қып! Өмір деген осы, Əлішер, қым-қуыт... Қой... тұрайық, уақыт бітті, Жүр, кеттік! Діндар дауысы: Придите, поклонимся Царю нашему Богу. Придите, поклонимся и падем перед Христом, Царем, Богом нашим. Придите, поклонимся и припадем пред Самим Христом, Царем и Богом нашим. (Сахна көмескілене береді, қоңырау үнімен араласа, одан үстемірек Айдардың дауысы күшейтіліп беріледі) Айдар: Асқар-асқар белдердің асуынан кім асар?! Айдын-шалқар көлдердің төсінен кім жол ашар?! Күндер күнге ұла сар, жылдар жылға ұласар... Кейінгі ұрпақ үңіліп, өз тарихын сұра сар... Бүлкілдетіп көмейді, сонда Тарих не дейді? Əрбір сəті шежіре, əрбір күні шежіре, тек тəн ғана өзі не, керемет қой ол Заман! – дейді сонда Тарихым. Көр кеу де сі зар ла ған, ал, Қыраны самғаған, екі сөйлеп ездері, жа лын даған Ерлері, Көсемдері кемеңгер, Абыздары данышпан, кү ресі мен арбаған, қанаттары талмаған, керемет қой ол Заман! – дейді сонда Тарихым. Сондай қызық Заманда, сондай ғажап Заманда, ел басына күн туған, етігімен су кешкен, алмағайып Заманда, ха лық ты емес жарықтық, қара басын ойлаған, құлқыны еш той ма ған, ойы таяз шалшықтай, етін кессең қан шықпас, сұм па йы лар көп болған! Ұқтыра алмай соларға, мына Заман қадірін, жас ты ғы лып жанарға, кекке күйіп жабығып, өз қолын өзі кесе алмай, өз қағынан жерімей, тізеге сап баса алмай, есектігін олар дың, ұқтыра алмай өзіне, көрсете алмай көзіне, шарасыз боп езіле, небір Ерлер күйініп, сол Заманда қор болды-ау! Іші жанып қорланды-ау! Халқым қалай өсер деп, небір абыз шешендер, ішқұса боп қорланды-ау!

Мәди Қайыңбаев Тарих, міне, солай дер... Асқар-асқар белдерден, кім асқан деп сұраса, айдын тө сін тіліп кім, жол ашқан деп сұраса... Кенесары бабаң мен Кəрі тарих Сені атар – Əлішерлер болған деп, жұрт назарын қа ратар! Жылдар өтер, күн өтер, халық ұлын жыр етер! Кө кі регін де аялап, мəңгі-бақи түнетер! Сен жасайсың сон дық тан, түсінеді мəнді ұққан! Сені атаудан жалықпас, Тарих дау сы қарлыққан!.. Соңы.

Кісендеулі қолжазба МҰҚАН МЕН ЖАРҚЫНАЙ (күнделікке құрылған махаббат мелодрамасы) Махаббаттың Құдайы – Бибі Бəтима, жар бол-ау! «Қыз Жібек» жырынан ПРОЛОГ Осынау бір қос ғашық жайлы хикаяны қолына алған, ей, Əзиз Достым, бұл екеуі де менің қимас құрбыларым еді. Қа зір олар жайлы сөз қозғау да ауырдың ауыры, азап тың азабы... Дегенмен осынау бір ұлы далаға – көз жетер жерді же ңіл тұман жапқан көгілдір орманды, үйрек-қазы шулаған айдын көлді Солтүстіктің суық жазирасына келген сайын мен оларды еске алып, үнсіз егілемін... Өткен күндерім ойға тү сіп, көкірегімде алақұйын жүріп, бəрін жайпап өткендей, жан сарайым қаңырап... бос қалғандай сезінем. Осынау мөлдіреген екі жастан маған қалған мұра – олардың бір-біріне деген ынтық сезімі, мөлдір махаббаты, со ның нəтижесіндей болған ақын Мұқанның өзінің сүйгені Жар қынай ға жазған өлең хаттары мен күнделігі еді. Бүгінде сарғыш тартса да ғажайып сыр тұнған сол қағаздарға көз жү гірте отырып, адам баласының артына із қалдыра алатын мүмкін ді гі не таңырқай да таңдана қараймын. Біз студент кезде бір-бірімізге хатты тек өлеңмен ғана жазатынбыз. Бүгінгі студенттерді, жалпы, жастарды елең еткізердей бұл ғашықтық хаттары жүрекке жылы тиіп, адалдық қа, пəктікке шақырып, тіпті жаныңды ерітіп, жүрегіңді жандыратын махаббат атты ұлы сезімнің қателіктерін екшеу ге мүмкіндік беретін асыл дүниелер екеніне дау болмаса керек. Ол кезде Жарқынай – 18-де, Мұқан 22 жаста ғана еді. Мұ қан Жарқынайды «Жарқын», «Жарқыным», «Алтыным» деп атай беретін. Иə, дəл сол күні, 1977 жылдың көктемінде, Қапырық қып əлемді ыстығымен...

өткен күн, Қызыл ымырты болатын жаймашуақ көктемнің...

Мәди Қайыңбаев Тереземнен ашылған жып-жылы бір жел кіріп, Жадыратып жанымды... Отырғанмын желпініп, Кіріп келді бөлмеге Мұқан досым аптығып, Жасыра алмай алапат қуаныш пен шаттығын. – Мəди! – деді жалынды жанарына толып нұр, – Бүгін түсте ғажайып хас сұлуға жолықтым! Иіскемей шашынан көңіл енді толар ма, Одан асқан сұлулық мына əлемде болар ма! – Қойшы?! – дедім əзілдеп, – Мəжнүндей таусылма, Жасандылық бар, – дедім, – жарқылдаған даусыңда... – Жо-жоқ, Мəди, шыным бұл, бүгіндікке сен маған, Дəл осы күн, Мəдижан, жалған айтуға арланам! Ерік бердім сезімге көкірегімнен селдеген, Бұдан былай, Мəдижан, бақыттымын мен деген! Таңғажайып бір сəуле құйылды кеп көңілге, Бұған дейін қалайша ұйқтап келгем өмірде! Бұған дейін қалайша көтермегем еңсемді, Махаббатым бұл менің ең бірінше, ең соңғы! Солай, жаным Мəдижан, айыптамас мені ешкім, Сенен басқа ешкімге сырымды ашқан емеспін. Көркін оның ғажайып, жан-жүрегім табынған Таланты да жетпес-ау Сантидің де салуға! Кіршіксіз бір пəктікке неткен, шіркін, бай тұлға, Таланты да жетпес-ау Дантенің де айтуға! Ол осылай деді. Жүзі алаулап, қолдарын сермей сөй леген де осынау əсем көгілдір көктемнің қызылала қапырық кеші де серпіліп, заңғар көктен жымыңдай бастаған жұлдыз дар да қуанып қол соққандай еді... Торғайлар да шаттана шы қы лық тап, терезеден ұмсынған бозқараған гүлі жұ па ры бұр қы рап, құттықтағандай еді... Бəрі де шынайы болатын. Шынында да сол күннен бастап Мұқан əлгі қызға өлердей ғашық болды. Махаббат шіркін кеудені кеулеп, айық пас дертке айналғанда ғашық бейшараның жанын жай тап қызған ба?! Ол адам бойында алапат күш туғызып, құ мар лық пен қызғаныш отын лаулатып, талайдың басын тау ға да, тас қа да ұрғызған ғой!.. Уыздай жас Мұқан да сөйтті. Азабы мол махаббаттың бақытты да қасіретті таусылмас күн -

Кісендеулі қолжазба де рін басынан өткізді. Оның əрбір басқан қадамы өлеңге айналып, көгілдір дəптерге құйылып жатты. Олар шынайы сезімге толы, сол сəтінде шыққандықтан да болар, ма мандан ған ақын көзімен қарағанда əлі де шикілеу болып көрінуі де ға жап емес. Дегенмен мен бұл жырлардың шы на йы лы ғын ескере отырып, Сізге, ей, Əзиз Достым, сол күйінде, тіп ті айын, күнін, жылын қалай жазса, солай ұсынғым келеді. * «23/ХІ.1977 жыл Жарқынай! Міне, ұйықтай алмай, екінші хатты бастадым. Бірақ бұл өлең боп жазылды. Бүгін саған, шамасы, рен жі генмін-ау деймін... Мен отырмын... Суретіңнен көз алмаймын, Көкірегіме мөлдір толды-ай мұң!.. Сан күн өткен секілді, Сағынып хат жолдаймын! Аппақ үміт үзілмей, Сағындырған, аяулым! Телміртіп Ай жүзіңе, Табындырған, аяулым! Саған жырым арнадым, Қандай тағдыр бұйырған?! Жылай-жылай сағынып, Көздің жасы тыйылған!.. Терезеден Ай нұры Ақ параққа құйылған... Ай-һай, дүние, кең мекен! Жылап жатқан жел ме екен, Жылап жатқан мен бе екем?! Елес болып келетін, Терезеден төнетін, Аппақ айым сен бе екен?!

Мәди Қайыңбаев Жылап жел де тамсанып, Тереземнен шертеді-ау... Махаббат боп əн салып, Жүрегімді өртеді-ау... Махаббат, бұл – гүл ме екен, Махаббат, бұл – жыр ма екен?! Махаббатты жырлаған Мəжнүннің жүрегі Мəңгі қалай тынды екен?! Махаббат, бұл – сел ме екен, Аспан ба екен, жер ме екен?! Махаббатсыз өмірге Мəңгі-бақи сенбеген Ер Қозының жүрегі Енді қалай сөнді екен?! Беу, алайыншы еске мен, Бақытсыздар өш мекен! Бозжігіттің жүрегі Боздап қалай өшті екен?! Сенім бе екен – махаббат, Өлім бе екен – махаббат?! Махаббатқа шөліркеп, Мен де отырмын қаталап... Махаббат, бұл – бақытсыздық, Бақытсыздық – шапағат! Махаббатсыз – күлмек жоқ, Махаббатсыз – дүрмек жоқ! Өртен!.. Өртен, жүрегім, Өртен-дағы күл боп кет! Солай, Еркебала, хат та жазылды. Қалай болса солай жазылды-ау деймін, өзіме онша ұнап отырған жоқ. Дегенмен оқу ға тұрады. Асығыстық болды. Ертең ерте тұру керек, жігіт тер дің бəрі ұйқыда. Ал, жақсы. Сəлеммен мен. ЯЛТА».

Кісендеулі қолжазба Еһ, шіркін! Ғашықтардың хаттарын айтсайшы! Ойына кел ге нін асыра, лапылдай баяндап, көкірек көзі ғана сөйлейді ғой олардың! Мұқанның да «Еркебала» деп отырғаны, сол, аяу лы Жарқыны – алтыны. Бұл кезде олар əлдеқашан танысып, кездесіп жүретін. Сондай тұманды күздің бірінде екеуі ұзақ қыдырып, Жарқынайын «Еркебала» деп еркелеткен еді. Ал, «ЯЛТА»-сы «Я тебя люблю, алтыным» деген албырт жастық тың өзара құпиясы ғой. Алыста, тіпті бір қалада жүрсе де, олар бір-біріне хат жазысып, көріскенше асығатын. Тіпті қала ішіндегі кездесудің тəтті де ащы лəззаты өлең жолдарына айналып, ақ көгершін хат болып ұшатын. Ұлы шаһар почта лен де рі не тынымсыз жұмыс тауып берген қайран жастықай десеңші! Олар ұзақ кездесіп жүрді. Күздің кейде тұманды кеш терін, кейде қар аралас жаңбыр жауған түндерін қы зық та ды. Махаббат қызығы таусылған ба, жастық сезімі суы ған ба, шір кін! Уһ! – десейші! Қайран, жастық! Сөйтіп жүріп 1978 жылдың көктемі де шықты. Жан дүние жадырап, Жаратқаным тіл қатты! Шатқалдан су сар қырап, өзен мұзын тулатты! Шықылықтап торғайлар, əнге басты бар маңда, бір қуаныш себілді мынау жарық жал ған ға! Мұқан болса, өзінің ой-сезімін күнделікке тізіп, тол ға ну мен жүреді, мынау ғашық əлемге арбалумен жүреді, алау лайды түр-өңі, лапылдайды жүрегі, аяулы сол Жарқынын жантəнімен сүйеді! «... Алтынкүрек лекітті де, сай-саламен қар қашты, Жарып шықты жердің төсін жауқазын да алғашқы.

Осындайда жүрек шіркін лүпіл қағып кетпей ме, Иыққа сап костюмімді шықтым жасыл беткейге. Тағы, міне, сен туралы... сен туралы ойладым, Ой дегенің мұхит екен, тереңіне бойладым... Міне, отырмын кең даланың келбетінен сыр ұғып, Тас төбемде Күн жүзеді шарбы бұлтқа жығылып... Өміріме нəр беретін сен де менің күнім ең, Өмір бақи қолым жетпей өлемін бе шынымен?!

Мәди Қайыңбаев Өзіңді ойлап өртенемін... өртенемін түнімен, Өмір бойы өрт боп лаулап өтерімді біліп ем... Сағым болып арбап мені мазалайды елесің, Айтшы, жаным... айтшы, жаным, енді қашан келесің?! Бəрі есімде... қара көзің төңкеріліп күлгенің, Ойлай-ойлай құр сүлдерім қалды, жаным, біл менің...» Бұл кезде Жарқынай сонау шалғайдағы еліне кеткен болатын. Мұқанның жүрегін сағыныш оты өртеді. Кө ше де гі көктем қызықтары оның жүрегін одан сайын жандыра түс ті. Сы ңа ры нан айырылған аққудай болған ол күні-түні сұң қылда ды, зарлады... Бірақ оның жүрегін түсінген кім бар?! «Жырымның көркем өрнегі, Аман ба, жаным, көктемім! Қиырға кетіп, сен мені Тозаққа салғаның не еткенің! Жарығын шашқан жалғанға Жалын ғып мені өртедің... Бүгінім жалын болғанда Күл болмас па екен ертеңім! Аралда қалған жандайын Жабығып сенен хат күттім. Ақылдың кені – маңдайым Мекені болмай шаттықтың... Қаламым қалай тоқтамақ, Сүйген жүрегім жаралы... Сырымды төккен ақ парақ Жалғай ма екен араны?!.» Мұқанның бұдан былайғы өлеңдерінің бəрі аңсау, сүйге ні мен қатар жүрген кездерін сағынып, оны ойша қа сы нан көру, сөйтіп жаңа сипаттағы шығармашылыққа көшу болды. Ол енді нағыз ақындықтың табалдырығын аттады. Тіпті кей-

Кісендеулі қолжазба бір өлеңдері орталық баспасөз беттерінде жарық көре бастады. Мұқанды ақын қылған оның аяулы Жарқынайы еді – көкі ре гін де гі жарқыраған алтын айы еді... Оны Мұқанның өзі де сезетін. Бірақ ол ақын боламын деп армандамады да, тек өзі үшін, өз махаббат сезімін ғана қағазға түсіріп жүрді. Əлгі бірен-саран басылым бетін көрген өлеңдерін өзінен жасырып біз жариялатқан едік-ау. «25 наурыз 1978 жыл. Мен сені ессіз сүйдім... Күн са йын сені қаракөлеңке бөлмеде отырып еске алар едім... Батыста батып бара жатқан қып-қызыл Күнге тереземнен қарап отырып та, дүниені күміс нұрына малындырып көкке өр ле ген Айға телміріп отырып та, жаздың қоңырқай кешінде бақ ішінде лаулатып от жағып отырып та... сені сағына көз жасымды төккен едім... Қаншама жасым төгілді дерсің?! Ойһой, көл-гөсір... Ақыры мен сенімен қайта жолығамын деп ойлаппын ба?! Жолыңды тостым ымыртта жалғыз жағып от, Жасымды төктім сан рет! ...Отырмыз, міне, сол отқа қазір жылынып, Өткен күндерге лағнет! Жасымды мөлдір кірпіктің тамған ұшынан, Төгілген нұрдай ауылдың батыс тұсынан Қызғылтым... қызғылтым... қызғылтым... Шарапқа қосып ұсынам! Ішеміз шарап... толық Ай көкке асыла, Гүл шашып шие... шалқиды көңіл хошы да. Осылай бойды улаған кезде бал шарап, Лəззат құяр жүрекке көздің жасы да!» «1978 жылдың 12 көкегі. Қоңыр күздің сол күні əлі есімде, жаным... Жаңбыр сіркіреп тұрған еді. Үнсіз тұрдық. Мен костюмімді шешіп саған жаптым. Батар күннің қызыл шапағы қиғаштана жау ған жаңбыр тамшыларын мөп-мөлдір қызғылтым нұрға бө леді. Сен бұрынғыдан да шырайлана түсіп едің... Бəлкім, осы сұлулық, осы мөлдірлік сенің жаныңа да əсер еткен болар,

Мәди Қайыңбаев маған қарап жымиған едің... Бірақ мұңды! Маған дү ние нің бəрін мұң басып кеткендей болды... Жаңбыр жауған... Кешкілік. Екеу едік, Төбемізден көк нөсер төпеледі. Табыстырған бізді сол үйеңкінің Жақсылығы қалайша өтеледі?! Торықтың ба, сонда сен қорықтың ба, Іздегенің мен болып жолықтың ба – Əйтеуір құшағыма тығылғансың, Жанарың мөлт-мөлт етіп толып мұңға. Батар күннің шапағын қосып өңің Лаулағансың... шошытқан осы мені. Алып қашып кетердей сені біреу Қызғанышқа қорқыныш қосып едім. Маған қарап жымидың... бірақ мұңды, Жаңбыр жауды... шулатып қырат-қырды. Төбемізден төнген кəрі үйеңкі де Шашын жайып қаралы жылап тұрды». Жарқынның оған қалай қарағанын, əрине, мен онша білмеймін. Бірақ Мұқанның оған деген көзқарасы айрықша болатын. Менің қолымда оның көптеген өлеңдері мен күнде лі гі ғана қалды. Сыр шашпайтын жан досы болғасын ба, кім білсін, ол маған ғана сенетін, барлық ішкі сарайын ма ған ғана ашатын. Бірде ол бір сарында жазылған бес күнгі күнделігін көрсет ті. Сол бір тəтті сезімді мен де сізбен бөлісейін, ей, Əзиз Достым! «1978 жылғы сəуірдің 12-сі. Далада жаңбыр жауып тұр. Тіп ті дəл күздің күні іспетті. Аспан бұлыңғыр. Көктемге тіпті де ұқсамайды. Ал, мен осындай күнді жақсы көрем. Міне, терезеден сыртқа көз жіберіп сені ойлап отырмын... Ойыма өт кен күз оралды... Са-ғын-дым-ау...

Кісендеулі қолжазба Осыған дейін жерім, елім деумен Келдім, міне, мұңыммен көрінбеумен. Бұл күнде құстары у-ду ұшып кеткен Аспанның кеудесіндей менің кеудем. Менің кеудем – сал сезім көшкен мекен, Менің кеудем – бір жанып өшкен мекен. Саған деген бір сезім құдіретті Сол кеудеден тау болып өскен бекем! Тағдырдың осы болар бұйырғаны, Алай-дүлей, ал, қазір құйын – жаным! Сағынышқа өртеніп қоңыр күзде, Күйіп-жанып отырмын, күйіп-жанып! Сарғайған жапырағын төгеді бау, Шулайды ақ қайың да төне мынау. Мен өзім махаббаттан жаралған ем, Мен, сірə, махаббаттан өлемін-ау!..» «1978 жылдың 14 сəуірі. Жазғы түн. Шығыстан бал қыған табақтай қызғылтым Ай шықты. Жападан жалғыз бақ та отырмын. Зарлы үн келеді құлағыма. Ит ұлып жатыр! Көк ке тұмсығын төсеп емініп алыпты. Бəлкім, оның да жүрегі шерлі шығар?! Бəлкім, ол да жылап тұрған болар... Дүние біткен сəнін құрды да, Өрмелеп көкке Ай шықты. Көгілжім нұрға малындырды да Ұлыған көкке қаншықты. Бар шерін төгу керекті ме əлде, Оның да ойлы болғаны-ау... Бағымды менің бөлеп бір əнге, Сарылып байғұс сарнады-ау... Көкірегінде мұң туғызды ма екен, Мөлтеңдеп жасты жанары,

Мәди Қайыңбаев Арманы болып жұлдызды мекен Емінді-ау көкке қадалып... Шыға алмай ұлып құмардан əр күн Өмірі шер боп жүр ме екен?! Бітпеген маған бір арман, бəлкім, Кеудесін кернеп тұр ма екен?! Тұра алман ұстап буынды бекем, Егілер мұнда Құдай да. Сұр қаншық, рас, ұлиды ма екен, Сұр қаншық, əлде, жылай ма?!» «22 апрель (көкек), 1978 жыл. Бүгін кешке жаңбыр жауды. Ой-һой, тамаша! Терезеден сыртқа телміріп отырмын. Əт тең, сəби шағым қайта оралса... Балағымды түріп алып жү гі рер ем... жүгірер ем... тынбастан, қыраттармен... қы раттар мен гүл басқан! Жанарыма қуаныштан тамшы іліп, сосын кешке қайтар едім ақ жауынға малшынып... Байқадың ба, тербеп мені Жүрек қылын қозғауын! Сұлулықтың жер-көктегі Тəңірі боп ақ жауын! О, ақ жауын, астан-кестен, Астан-кестен жаушы бір! Өткен... бала жастан жеткен, Жастан жеткен жаушы бұл! Балақ түріп, жалаңаяқ Жүгірер ем сол шақтай! Бейне, сəби баладай-ақ Асыр салып алшақта-ай! Жон арқамнан сүйіп күннің Бұлттан шыққан ақ нұры, Жүгірер ем сүйіктімнің Жолына гүл лақтырып!

Кісендеулі қолжазба ...Жапа-жалғыз тағы жүрдім, Құйып тұрды ақ жауын. Күйік қылып тағдырдың Маған бақыт жазбауын! Еңкейді ме екінді де, Соқты ма күз желі шын?! Жылап тұрған секілді ме Бұл ақ жауын мен үшін?!» «22 апрель 1978 жыл. Біз... Ия, біз екеуміз осынау алаң дағы ескерткішке келіп едік қой бірде. Есіңде ме, ақ жа уын ға малшынған кеш ше?! Ия, бəрі де өтті... Бүгін мен ес керт кішке жалғыз келіп гүл қойдым, тек екеуміздің атымыздан... Махаббаттан қалықтайық, Мейлі шалқып тасиық, Ескерткішке келіп дəйім Кететінбіз бас иіп. Жанарларға көктем сыйған Қуаныштан тамшы іліп, Ақ жаңбырға көктен құйған Тұратынбыз малшынып! Бəрі кетті... Бəрі де өтті Қинап мөлдір жанымды. Махаббаттың кəрі жетті Улап ыстық қанымды... Міндет парызды өтеу біздің – Белгісі ғып ізгі ойдың Атымыздан екеуміздің Бүгін... жалғыз гүл қойдым». «7 май 1978 жыл. Күз күнін сағындым мен... Көңілімде күз жəне сүйгенім. Өткен күз. Сол күзде жапырақтар жау ған еді-ау көктен. Қоңыр кеште бір сəтке ғана саралда жа пы рақтар ды жастанып жатқаным есімде. Сонда сені ой ла ған мын,

Мәди Қайыңбаев жаным... Көк жүзінде кешкі шапаққа малынып қаз дар ұшып бара жатты. Қаздар ұшып барады аспанда қалқып, Қоңыр күз кеп басқанда даланы салқын. Сарылғанмын... өзіңді сағынып қырда, Ғайыптан мұң ұялап жас жанға жарқын. Қаздар, қаздар, шақырсам қонасыңдар ма, Қонасыңдар ма, қонағым боласыңдар ма?! Айта алмаған əнімді сүйгеніме ынтық Сендер айтып, қаздарым, барасыңдар ма?! Мұңды емес жан қаздармен дос бола ма екен, Құссыз аспан меніңше масқара мекен! Көшіп кеткен қаздары аспандай менің Сүйгені жоқ көкірегім бос қала ма екен?! Тартайын гитар сезімнен мастарша шалқып, Кетеді мұңды əніме тастар да балқып... Мен отырмын еске алып сүйгенді – жерде, Қаздар ұшып барады аспанда қалқып... (Жарқынай, бұл менің бір əннің ізімен жазған өлеңім)» Ей, Əзиз Дос! Осынау бір екі жастың, анығырақ айт қанда, махаббаттың айықпас дертіне салынған ғаріп Мұ қан ның жалындаған жан сезімін сізге жеткізе алсам жарар еді, оны өзіңіз бағалай жатарсыз. Менің ойым тек ықылым заманнан адам баласын алға сүйреп келе жатқан махаббат сияқ ты асыл сезімнің тағы бірі аяқасты болмасын деген ой ғой. Сонымен, алыстағы сүйгеніне қолы жетпей аласұрған Мұ қан ның көкірегінде бірте-бірте қызғаныш атты сезім де ұя лай бастады.» Мен, қанша сұлу болғанымен, сол қыздан кем мін бе» деген ой көкірегін кеулеп, оның үстіне ол жақта да бір жі гіт ті тапқан шығар деген күдік араласты. Араласты да, ала сұр ды Мұқан! Көктегі Айға ұмсынған жердегі бұл пенде-ді, ма хаб бат тың азабы тұла бойын дендеді, дендеді де

Кісендеулі қолжазба көзі енді ештеңені көрмеді... Соқыр болды сор Мұқан, өкірді енді ер Мұ қан! Қасіреттің уымен ақын болып айтулы, жетілді енді ол Мұқан! Кешегі емес бұл енді, қанат жайып шіренді, да уыл да ған шабыты көк аспанға тірелді! Тұғыр теуіп күп сі ніп, жас қырандай түленді! Өткенінен тіксініп, өзегіне өрт енді. «18/05.1978 жыл Тура айтамын, жалтаңдаман, Жалтаң қылық не керек! Көктемеде гүл таңдаған Сен бір көзсіз көбелек! Жамылғанда құба түнді Көп қызыққа қанарлық Тек салтанат құратын-ды Мендегі ойлы адалдық! Дүниенің маздағынан Айрыларсың бір күні! Қашар ұшып өз бағынан Жастығыңның бұлбұлы! Тап боларсың бұзықтарға, Жыларсың-ау... қорланып! Бұл өмірде қызық қалмай, Түңілерсің, ол да анық! Жүрегіңді тіле мұңды Уақыт өтер дөңгелеп. Менің алып жүрегімді Ұғынарсың кейнерек!» «20 май 1978 жыл Сен кете бер... менің мынау жүрегімді қан қылып, Сен кетсең де... сүйем сені мəңгілік!

Мәди Қайыңбаев Азап көрген құла таңда – тарылғанда тынысым, Сен ойлаумен көз ілмеген талай-талай түн үшін, Жылағанмын... терезеден қарағанда Ай толысып Сені ойлаумен күйініп бір... Бұл шапалақ сол үшін! Келемін деп келмей қалдың горпаркте тостырып, Күйік буған көкірегімнен ең соңғы бір көшті үміт, Сені тосып мөлдіреген жанарымды жас қылып, Қайран асыл ер басымды тауға да ұрып, тасқа ұрып, Жаңбыр түні карусельде тым биікте бұл ағаң Оңашада күйік буып еңкілдеп бір жылаған, Сонау кезгі қуаныштан, жұбаныштан түк қалмай, Мына мені махаббаттың азабынан құтқармай Сазарғанда...

Сен сүймес деп ойлағанмын ішімнен – Бұл шапалақ сүйемін деп алдағаның үшін сен!!!» Адам өмірі деген, оның күндері мен түндерін, қуа ны шы мен ренішін, бағы мен сорын, жолығысуы мен айрылысуын, бə рін-бəрін есептегенде, ұзақ та тəтті ертегі іспетті емес пе?! Қо лы ңыз да ғы кітап та бір адамның ғұмыры. Ендеше оның буыр қан ған ыстық қанды кейіпкері сан-алуан қы ры нан көрін се, ол табиғилық болар, Достым! Кейде жартасты ұрған толқындай-ды бұл Мұқан – бұрқыл дай ды, алқымдайды, қара түнгі найзағайдай жар қыл дайды! Ал, кейде... Айлы кештегі тып-тымық көл дей-ді – тербейді... əлдилейді, аялайды, терең бір күрсініске, мұңға шақы ра ды. «Кейде шатты, кейде мұңды, Бұл дүние ертегі... Қазір, міне, əйнегімді Жаңбыр жайлап шертеді.

Кісендеулі қолжазба Ойға батам... жаз жайнаған, Суретіңе құмартып. Қара түннен көз байлаған Жарық ойлар мың артық! Өзіңді аңсап елеңдеген Отқа толып жанарым, Хат жазбаққа өлеңменен Қолға қалам аламын. Ұқсаң менің тілегім мен Арманым да танылар, Бұл хаттарым – жүрегімнің Бір бөлігі... Қабыл ал. 21/05.1978 жыл» Шіркін, сол күнгі Мұқанның қуанышын айтсайшы! Ол кезде, Университеттің журналистика факультетінің студенттері, бəріміз қарлығаштай тізіліп Бас почтаның алдында, ауылдан хат-хабар күтіп жинала қалатын кезіміз жиі болатын. Көк тем нің жайнаған күні еді. Алма гүлі ашылып, шие гүлі шашылып, бозқараған бұрқырап, мамыр тұрды құл пы рып! Ақ жейделі ақ Мұқан, көкірегінде шаттық əн, Бас поч та дан қуа нып атып шықты далаға! Ешкімге де айтпады іш те гі бұл шат ты ғын! Ең бақытты əлемде дəл сол еді тап бү гін! «Малынып нұр-ағысқа, Көкте күнім күлімдеп... Хатыңды аштым қуаныштан Саусақтарым дірілдеп... Жетті заулап шалғайдан, Мүмкін мұңың бар шығар, Мүмкін сырың бар шығар, Қалай бұған жан шыдар?! Көмейімнен əн шығар, Жанарымда – тамшылар...

Мәди Қайыңбаев Жетті заулап шалғайдан, Мүмкін шатты жаздың ба, Мүмкін тəтті жаздың ба?! Онда, жарқын жаз мұнда, Есер лебі наздың да, Кеудем толар саз, жырға! Алабұрттым, төзім жоқ, Күдікпенен алысам... Хатың келді, өзің жоқ, Қалай, жаным, табысам?!. 22/05.1978 жыл» Ия, алыс кетті ол, тым алыс! Қолындағы хаттар тек – көңі лі не жұбаныш, өміріне қуаныш! Ол да мүмкін шал ғай да ойлап жүрген шығар-ау!.. Ақ қайың бүр ашқанда, Есіл толқып тас қан да, шарбы бұлттың аспанда арасынан күн нұ рын жар қы ра тып шашқанда... ойлады ма, кім білсін?! Шы ны менақ, Тəңірі-ау, ойлады ма Мұқанын?! Əлде, мүмкін Жар қы ны жазғыра ма мұны да?! Жас баладай бұртиып, алды ма екен «қырына»?! Алай-түлей көңілі бүгін тағы Мұқанның! Кеше ғана жеткен хат бұзды тағы көңілін! Желпіп өткен жел үні – күрсінісі Жарқынның! «Қыздың хаты Жамылып мұң – қара түнді Келген кеше кезіңде ше?! – Сөзіңді айттың сен ақырғы, Қойдым бəрін мен де ендеше! Кеттім алыс қиыр шетке, Қиындыққа болдым да əзір! Жалғыздықтың күйін шерткен, Күйін шерткен... жанмын қазір! Басып мұңды күй еңсені, Өкінішке тойды жаным!

Кісендеулі қолжазба Сүйем... сүйем... сүйем сені, Сүйіп тұрып айрыламын! Хош, есен бол! Жоқ амалым, Енді мəңгі жоқпын саған... Көкке сіңіп жоғаламын, Періштемін көкті аңсаған! Аялаушы ең гүл жанымды, Өлеңіңмен жалты ойнаған! Сенің жарқын жанарыңды Енді самал... айтар маған. 28/05.1978 жыл» Олай болса, Мұқан да мазағыңа көнген бе! Намыс оты өртеген, иілмеген – өр кеуде! Тақтай қанат қырандай тік шаншылды аспанға, кеудедегі мұң-шерін төгіп-төгіп тастауға! «Көңіліңе құйып қой, Мына сөзді, сүйіктім – Сені құлай сүйсем да, Бірақ сенен биікпін! Қателіктің таңбасын Талай рет кештім де. Бірақ менің өр басым Иілмеген ешкімге! Мейлі, білмес, біле ме, Тең келмес жан менімен! Мынау сырлы дүниеде Жырдан ғана жеңілем... Жүрегімді өртеме, Бола алмаспын мен төмен! Биік қойсаң өзіңді, Жолықпауға серт етем! 11/06.978 жыл»

Мәди Қайыңбаев Құдіретті Алла адам баласын əу баста жарақанда-ақ қуаны шы мен қатар күйінішін де еншілеп берген ғой. Хауа Анамызды Адам Атамыздың қабырғасынан жаратып, екеуін де жұ мақ тан қуып, екеуін жердің екі шетіне тастаған емес пе – за ры ғып жүрсін деп, бір-бірінің қадірін білсін деп... Жарқы най мен Мұқанның тағдыры да мұңды. Бірі – Сол түс тік, бірі – Оңтүстікте жүрді. Арадағы өткен аз кездесулерде олар да жұмақта жүргендей еді, амал не?! Ақыры Мұқан оқу практикасына еліне тартты. Мə уе сі нің шырыны тамшылаған Сырдың күзі еді бұл кез. Ұмы та йынақ деді Жарқынайын, ұмыта алмады бірақ... Суыта алмады ыстық сезімін! Сырдың əсем жып-жылы кештерінде са ғы на есіне алды өткен күнін. Ыңылдап əн салды, күнделігіне жанайқайын құйып, жар салды іштей! «20/09.1978 жыл. Терезеден Айдың нұры құ йы лып тұр. Мен мұндай түндері ұйқтай алмаймын. Əлдебір са ғы ныш жүрегімді тілгілеп... көзіме жас келді. Кө кі ре гім ді өр те ген сезімді баспаққа қолыма гитара алып əн салдым. Сен жайлы ғана... жаным менің! Міне, Айдың нұрымен жазып отырмын. Жаза сала əнге қосам сені... ессіз сүйген, аяу лым ме нің! Айдың нұры құйылған кең бөлмеме, Сағыныштан бұл күнде семген денем. Айтшы, жаным, сол кеште дуылдаған, Айтшы, жаным, мен сені көргем неге?! Неге ғана өтпедім топты айналып, Неге ғана қарадым тоқтай қалып?! Сен де неге қарадың топ ішінен Қара көзің қадалып, оттай жанып?! Мойыл көзің мөп-мөлдір еркімді алып, Көкейімде кетпестей көркің қалып, Неге ғана шақырдым биге сені, Таныс жандай баяғы еркін барып?! Бір сəттік қызық дəмін бөліп ішіп, Мен сені, ал, сен болсаң мені қысып,

Кісендеулі қолжазба Неге ғана биледік сол бір кеште, Тұрған жандай соңғы рет жолығысып... Мен сенен, сен де менен қашпасақ та, Жолықпайтын жандардай ешқашанда, Неге ғана қарадың мөлдір көзің Жүрегімді тілгілеп қоштасарда... ...Айдың нұры құйылған кең бөлмеге, Бұл күнде сағыныштан семген денем. Бөлгем неге көңілді сонда саған, Құсалымын... мен сені көргем неге?!» Ей, Əзиз Достым! Мұқанның мұңды көңілі бұнымен де тыншыған жоқ. Зырылдап күн, алқымдап айлар өтті. Жазғы практика да аяқталды. Анасының қасында аунап-қунап, аңса ған Алматысына қайтты Мұқан. Дос-жаранмен табысып, кө ңі лін бөлді. Бірақ жүрегінің түкпіріне берік орнаған сүйген сəу ле сі нің бейнесі өше қойған жоқ, өшпек түгілі, өрши түс ті. Шаң басқан айнаны сүрткен сайын жарқырай тү сеті ні секілді, Жарқынайын ойлаған сайын оның талдырмаш денесі, қою шашы, найза кірпіктері, мойыл қара көзі, же ңіл жымиып күлгені санасында жарқырай түсті. Сағыныш отын тұ та тып, шабытын аспандатты! «4.12.1978 жыл Байланған жерге қырандай, Қанаты қалған қырқылып, Мен жүрмін көкті қиялдай, Сен жаққа қарай ұмтылып! Санамда ойлар андыздап, Араны шалғай жер бөлген! Кей сəтте жапа-жалғыз қап, Сені ойлап үнсіз сенделгем. Көлдерден асып шартабақ, Таулардан сағым көтерген,

Мәди Қайыңбаев Сағынышымды арқалап, Мен саған ұшып жетер ме ем?! Жанымның жырын боратып, Жетемін, жаным, жетемін! Болмаса, мейлі, қанатым, Шабытым кетер көтеріп!» ...Сарғайып күндер, арындап айлар өтіп жатты. Мұ қанның да көңілі ел көшкендей бұл күнде. Көкірегі қай ғы лы, тол ған дай бір күмбірге... Ақ параққа кіршіксіз, төгіледі жыр күн де. Жарқыны əсем аяулы, алыс сапар аттанып, кеткен еді ауылына. Келесі жыл келем деп, келеріме сенем деп, мо йыл кө зін төңкеріп, қара қасын кең керіп, қоштасарда қиыла, уəде сін берген-ді – оған куə бау мына, Мұқаны жүр елең деп. Сарғайып күз өтіп, қары борап қыс түсті. Жаңа – 1979шы жылдың балмаскарадын да Жарқынайсыз өткізді Мұқан. Сүлдесі мұнда болғанмен, алаулаған жаны, шарқ ұрған қиялы қазақ даласының қиыр Солтүстігінің түкпіріндегі бір ауылға – Жарқынайының жанында еді. Екі күннің бірінде, бір күннің өзінде хат жазады оған. Қызғаныш па, күйік пе. Сағыныш па, кім білсін... «Өлең-хат Хатты тағы өлеңмен жазамын мен, Жарқын-ау, табыстырдың азабыңмен! Есімнен əлдеқашан айырғансың Сымбатыңмен, сөзіңмен, ажарыңмен! Дəл мұндай махаббатқа жолықпағам, Ажалым жетер содан... анық маған. Сағындым... сені, жаным, сағындым мен, Өртеген сағыныштан өліп барам! Көгершіндей... Шаршатып шалғай мекен, Бұл хаттар арамызды жалғай ма екен?! Жарқын!

Кісендеулі қолжазба Жарқын! Жарқыным, айтшы маған, Көретін күн сені енді болмай ма екен?! Күндеріңді шаттанған, шаттанбаған, Хат жазып, сыр ғып бəрін ақтар маған... Дөңгеленген дүниеде дөңгеленіп Біз өтерміз... Артта тек хаттар қалар. Өткенді аңсап, Болашақ келгенді аңсап, Қос жүрек уақыт жетіп сөнген болса, Ғашықтардың тербетіп жас жүрегін, Біздің хаттар дастан боп сөйлер сонда... Сəлеммен, Мұқан. 6/01.1979 жыл» Екпіндеген елшідей, жалпылдаған жаушыдай мұндай хат тар дың қаншасы борады дейсің! Жас жүректің сезімі, ұйт қы ған бір жауындай, құтырынған дауылдай соғады дейсің! Оны оқып жатқан Жарқын бар ма, жоқ па, кім білсін... «Хат Сағынып, жаным, сені зарықтым-ау, Өмірім тамұқтайын болып мынау! Бейнеңді алыстағы аңсауменен, Жабығып айдалада қалыппын-ау! Сенімен өткізген күн сайран еді, Ал-дағы осы хатты, ойла мені. Бұлбұлдай қызыл тілім сайрап еді, Бір күні өтесің-ау, қайран өмір! Өтсең өт! Өтеріңді көріп алдым, Сарғайып сағынармын, зарығармын!

Мәди Қайыңбаев Жетеді, сенем бірақ, бір күндері Жанымнан сенің өзің табылар күн! Сонда мен құшақ жая ұмтылармын, Жанарымда бəлкім бір мұң тұрады. Белгісі ол өткен күннің, Қарама оған! Өткен күн... қарама оған, ұмытылады! Солайша, ақыры біз қосылармыз, Теңіздей толқырмыз да тасынармыз. Көгілдір жалындайын лаулармыз да, Ақыры басылармыз...

басылармыз. Сəлеммен Мұқаның. 7/01.1979 жыл. Кейде дулы, кейде мұңды жастық шақ тек Мұқанға ғана қызықсыз сияқты еді. Қайран Мұқан, Мұқан! Жаны елгезек жас жігіт, қап-қара бір тұманға көкірегін бастырып, күн нен күнге алыстап, жылтыраған қашты үміт... «Сəлем хат – өлең хат Санамды улап сандырақ мұңым, Қарадым сыртқа жаудырап бүгін... Столымдағы суретіңді Сүйеді келіп Айдың ақ нұры... Ызғарлы аяз жосады ойда, Түнгі аспан қырау шашады майда. Басымнан менің бостандық алып, Сен жаққа қарай қашады ойлар. Сол күндер қайтып оралмады ма, Тұйыққа келіп тірелгенім бе?! Жас тұнды неге жанарларыма, Қуанғаным ба, түнергенім бе?!

Кісендеулі қолжазба Аязы ұлып сыңси ма мекен, Көңілім бір күн тынши ма бекем?! Дегбірсіз күтем болашағымды, Бақ сыйлар ма екен, мұң сыйлар ма екен?! Сəлем, Жарқынай! Хал қалай? Үй-ішің, достарың аман ба? Біз де жүріп жатырмыз. Жаңалық аз жəне қы зық тыр майды. Сессия... Ертең бірінші емтихан. Кітапханада отырмын. Са бақ оқығым келмейді, неге екенін қайдам. Сосын өлең жаздым... Кеше қызық болды ғой – 40 минут сөйлестік. Ұмы тып кеткен ғой не сөйлессін дегені шығар?! Келсейші, осында. Жұмыстан бір жетіге сұран. Үйіңе Алма ты ға барам де. 5-іне дейін үлгере алмасаң, 10-ына дейін жет. Бізге соңғы емтихан 10-ында ғана. Солай, Жарқынай, тез келсең екен. Сосын жазда да ініңді ертіп келерсің. Осы кезден оқуға Алматыға барам деп үйіңе айта берсейші. Басқа не айтам?! Хатты ұзақ əрі жиі жазшы. Қазір Алматыда жүргім жоқ, тек сенің хаттарың үшін жүрген сияқты мын. Қысқы демалыста сендер жаққа барып қайтқым да ке ле ді. Одан тағы ыңғайсызданам. Керісінше, сен кел сең, ма ған жеңіл болар еді. Алматы деген өзіміздің ауыл ғой... Бəрі белгісіз, уақыт болса заулап өтіп жатыр. Басқа айтарым жоқ. Хат жазып тұр. Мені ренжіткің келмесе, келуге тырыс. Кү те мін. Ал, жақсы. Сəлеммен, Мен. Өлеңді кеше жаздым. Хат ты бүгін – 25/01-не жазып отырмын. Мына бір суретті де жі бе ре салдым». Бұл кезде Жарқынай Қызылжар қаласының маңындағы Мамлютка деген жерде туысқанының үйінде жұмыс істеп жатқан болатын. Мұқан онымен телефон арқылы да сөй лесіп тұратын. Байланысшылар кейде ұмытып кете ме, əй те уір белгіленген уақыттан ұзақ сөйлесіп жүрді. Ал, Мұқан ше? Қайран, Мұқан! Жапа-жалғыз терезеден сыртқа көз тастап, үнсіз ойға бататын, сағынатын, сар ғаятын... Алматының əсем бір кештерінде мүлгіген аппақ қарға оранып ақ қайыңдар тұр кілең. Шағылысып Ай нұры, дала жатыр керіліп. Отыр Мұқан бөлмеде – сөнгендей-ау, тегі, үміт... Шақырады Жарқынын астанаға хатпенен. Сəл ойласа,

Мәди Қайыңбаев құ йы лып көкірегінен жатты өлең. Балауыз шам жылайды, бөл ме ішінде тыныштық. Жақтауында əйнектің жылтырайды күміс шық. «Өлең хат Аман ба, Жарқын, аман ба, Сəлеммен хатты жолдадым. Ерікті беріп қаламға, Қызыл тілімді толғадым... Біз болсақ жүрміз алшақта, Өзіңіз – жырым, əнім деп... Жүрегім, ойым – сен жақта, Астанадағы – тəнім тек... Жарқыным... Жарқын, Жарқыным! Басымның ұшты-ау бағы сан... Өзіңсіз өтті-ау бар күнім, Қай кезде... қашан табысам?! Күтермін хатың келгенше, Сағыныш жасын жұтамын. Ал, жақсы, Сау бол, Көргенше! Сəлеммен, сендік Мұқаның. Р.С: Жарқынай, оқуға түсу жайлы, студенттер жайлы «Лениншіл жастағы» менің мақаламды оқыдың ба? 26 январь 1979 жылғы санында. Оқи сал – болашақ студентсің ғой. Мына өлең-хат термемен айтылса, Сыр бойының, жақ сы шыға ды. Хат жаз. Күтемін. Сəлеммен, Мен. 27 қаңтар 1979 жыл». Қызара барып күн батты, сарғая келіп таң атты, күн менен түнді Тəңірім, бəйгеге қосар жылқыдай, жүйрік қы лып жаратты. Пырақ қылып қанатты! Ол тоқтасын ба, заулап-заулап, ақыры сəуірге де жеткен-ді!

Кісендеулі қолжазба Көк сүйріктер қылтиып, Күннің көзі түрленді. Жұрттың жаны жадырап, жайбарақат күйге енді. «Көңілсіз шаққа күйіне, Кеудемде басын көтерді ой. У-дулы мынау дүние Өзіңсіз бекер екен ғой! (1.04.1979 жыл), – деп Мұқан жүр сол қалпы. Сағымда жүзген кемедей, са ғыныш пен күйініш – бейшараның алды, арты. Артқы күн дер – белгілі, алғы күндер – тұманды. Жарқынына жо лы ғып, қашан басар құмарды?! «Күндерімнің қызығы тарқады ма, Жалғыздықтың маталдым арқанына. Телміремін көктегі қиық Айға, Өзіңді ойлап жатақтың балконынан. 1.04.1979 жыл» Ей, Əзиз Достым! Жүрек деген немене, шарап толы пиала – шайқалар да төгілер... Төгілер де, құпия түбі де оның кө рі нер... Көңіл деген немене, тас көмкерген көлдей бір – дауыл соқ са жұлқынып, жартасты ұрып өрлейді, ту-талақай ашынып! Ал, тымықта басылып, балтырыңа оралар, ақ күшік тей бас ұрып... Мұқанның да көңілі бірде – бұлай, бірде – олай. Ма хаб бат тың азабын тарту деген кімге оңай?! Шуа ғы мен дауылы араласқан күндер-ай!.. «1979 жыл, 19.01. Бөлмеде жалғыз жатырмын. Жарықты өшіріп тас та ғанмын. Бөлме іші бозамық. Бұрыштарға қараңғылық ұйы ған. Тас төбеме қарап жатып, екі көзім бақырайып, ойға бат тым мен... Тəрк етіп дүниенің көркін бүгін, Жыр болып жүрегімнің шертілді үні. Қалқалап үй төбесі түнгі аспанды,

Мәди Қайыңбаев Тұсайды жанарымның еркіндігін, Сағындым қараша үйдің жел түндігін... Түнерген төрт қабырға сырлас мына... Дүние тек шаттықтан тұрмас, сірə?! Ұйыпты бұрыштарға қараңғылық, Менің де көңілімді кір басты ма?!» Кір басты оның көңілін, бірақ ол да мөлдір кір! Мөлдір кір деп сендірдім, кір мөлдірі бола ма?! Көзіңді ашып қара шы, мынау жарық далаға! Ұялатшы сезімге толы əлем ді санаңа! Мөлдір кірі Мұқанның – махаббаттың азабы! Кө рер оны көз əлі, айтар оны сөз əлі! Тек мынаны есте ұста: махаббатсыз өмірде – барлығы да тозады! «1979 жылдың 19 көкегі (апрель). Тағы да көктем келді... Мен сені баяғыдай алып-ұшып сүйемін. Əлі сағынамын... Неге екенін білмеймін, сені бір сəт те болса есімнен шығара алмадым... Махаббаттың құ діре ті не менің миым əлі жетпей келе жатыр. Сен, шыныменақ, мен үшін арман болып қалмақсың ба?!» Күндер өтті аңырап, күңіренді бар алап, жас Мұқанның кө зі нен ыстық жасы домалап, мұң самалы лекіді, жан сарайын аралап... Күндерден күн өткенде, аңызақ нұр өпкенде, бұдан əрі шыдамас, бұлыңғыр күн жеткенде, Ай бошалап аспанда, түй нек түйіп жас тал да, қар кеткенде асқарда – қырық күн шіл де болғанда, жас Мұқанның жүрегі «аһ» ұрғанда арманда, қиялының қанаты самғай-самғай талғанда... мынау жарық жалғанға бір жаңаша ой келді, ой емес-ау, той келді! Ағың нан бір жарылып, ал, ақыным, сөйле енді! «1.07.1979. «Уһ, бүгін, бір, көзім ашылып, сарайым кеңігендей болды-ау! Жазғы практикамды Қызылжар қаласында өткізетін болдым, декан рұқсат етті! Үш ай!!! Үш айда Жарқынайды неге көрмеске?! Оның үстіне, ол Қызылжарда ғой! Тіпті болмаса, ауылына іздеп барам. Əйтеуір табам, бір сөйлесем, бір

Кісендеулі қолжазба жа ғы на шығам... Мейлі қарамаса, қарамай-ақ қойсын, көрсем болды... Жеделхат салам, күтіп алатын шығар». Алып-ұшты Мұқанның аңқылдаған жүрегі, қабыл болды тілегі! Жаратқаным жар болды, бар екені шын болды! Көз жасының өтеуін көретұғын күн келді! Жас балаша қуанып, қайран Мұқан түрленді! «6.07.1979 ж. Бүгін үшінші күн, біздің курстан жалғыз қал ға ны ма. Төсектерімді өткізіп қойғанмын. Жатақхана тіпті көңілсіз. Тезірек кеткім келді. Апайымның үйінде қонып жүр мін. Ертең кетем ғой. Кешке дейін Ізмұрат пен Бейсебайды күттім. Шығарып саламыз деп еді, келмеді. Кезекші кемпір де оларға ұрысып жүр, байқаймын, мені аяп отыр. Кешке қарай Көлбайды көріп едім, ол да адам емес екен, қолы бос болса да, тіпті аялдамаға дейін шығарып салмады. Кеші сағат 10.30-да өзім кеттім. Əуежайға келіп жүктерімді тапсырдым да, креслоға қисайдым. Ұшақ таңғы 4-те еді. Мен 2.30-да оянып, жүктерімді алып, жуынып, киінуім керек еді. Тіп ті қатып ұйқтап қалыппын. Сонда да «тіркеу жүріп жатыр» деген дауыстан оянып кетіппін. Дереу жүгіріп жүріп, ілік тім-ау, əйтеуір. Жуынып та, киініп те үлгердім. Енді қалға нын 7.04.1979. – деп жазуыма тура келер». «7.04.1979 ж. Міне, ұшақта келе жатырмын. Иллюминатордан қарап отырмын. Ұшақ 10 800 метр биіктікте ұшіп келеді. Бұл мезеттер менің есімде мəңгі қалатын шығар. Өйткені терезеден сырт қа қарағанда таң алдындағы бояуға таң қалдым... Алдымызда таң атып келе жатыр еді. Онда қызыл, қыз ғыл тым, сары, жасыл т.б. бояулар бар еді. Сол бояулар бір-бі рі мен астасып жатты. Айтуға тіл жетпейді. Таң алды. Сейілгендей қараңғылық, Көңілді əлденеге алаң қылып, Иллюминатордан телмірдім түнгі оттарға, Кеудемді айтылмаған жаңа əн буып. Хош, Алматы! Сен қазір ұйқыдасың,

Мәди Қайыңбаев Мен үшін өмірімде – бұл күн асыл! Арманмен аспаныңа көтерілдім, Жүректі қиял керіп бұлқығасын,, Хош, Алматы, сен қазір ұйқыдасың! Жұмбаққа, сұлулыққа жетік ғалам, Таңғалып дүниеден өтіпті адам. Мен-дағы ақ қайыңды Солтүстіктің Ашпаққа құпиясын кетіп барам... Қоштастым темірқұстың қанатынан, Хош, шаһар, əн-жыр болып жаратылған. Сөйлейін ар атынан, əн атынан, Қалады көкірегімде дара тұлғаң! Күндерге сенсіз өткен төзбес ұлың, Сүйемін, жоқ ешқандай өзге сырым. Тұратын қоштасудан бұл фəнидің Тіледім көп болғай деп кездесуін! Ұшақ ілгері қозғалып келе жатқасын ба, бояулар құ былып тұрды... Алба-жұлба бұлттар құлпырып көшіп жатты. Мен терезеге қарап мұңайып отырдым. Есіме Пуш кин нің «Қысқы кеш» деген өлеңі оралды. Бұл өлең мен мұ ңай ған да ылғи да ойыма оралып маза бермейді. «Қып-қызыл бұлт көкті жапты, Қарлы құйын қуалай. Кейде ұлыған аң сияқты, Кейде жылап баладай. Біздің лашық тозған баяу, Сылдырлайды сабаны. Жолаушыдай кештеу қалған Терезені қағады». Қасымда бір қыз отырды. Онымен тек қалаға жа қын даған да ғана тілге келістім. Сөйтсем, ол келіншек екен, (өзі мені мен түйдей құрдас) 2 жасар ұлым бар дейді. Роза Тукушева

Кісендеулі қолжазба деп таныстырды өзін. Алматыдан Иняз-дың (ағылшын тілі) 3-інші курсын бітіріп келе жатыр екен. Пресновкада тұ рамын деді. Менің бұл жақта ешқандай танысым жоқ еке нін біліп, «не волнуйся» деп жиі айтты. Роза, еһ, Роза, Күлсе көкті Көркейткен жан екенсің мұншама епті! Тек əттең, əттең, əттең... бұлтты құшып Бұлқынған жан дауысымды білсең етті! Даусым бар, даусым бар ғой менің іште, Ұмтылған мынау əсем көрініске! Талай жыл тұншықтырып тар қапаста, Айналған долы мінез, өлі күшке, Даусым бар, даусым бар ғой менің іште! Сарғайған сағыныштан əлі кеткен, Сол күш қой мен сорлыны ғаріп еткен! Сол күш қой сүлдерімді сүйреп менің Арасын қос қаланың жарып өткен! Роза, еһ, Роза... Роза гүл, Айтпаймын жан сырымды – сұра қазір! Сол күш қой өлтірер де, мəңгі етер де, Ол күшім сыртқа шықпас бірақ əзір... Қызылжарға да келдік-ау!.. Жанының мөлдір шығын шашып алар, Ақын да, Тəңір де – бір, асыл олар. ...Темірқұс бұлтты жарып қонды жерге, Аспаннан түсті деген осы болар! Ақын да, Тəңірім де – екеуі нұр, Аспаннан түссе, олардың мекені бір. Егерде Солтүстікке көз салса олар, Солтүстік жерұйығы екені бұл!

Мәди Қайыңбаев Естуші ем жерұйық деп Жарқын жерін, Күлгін гүл... қалың орман, салқын көлін. Елі – алтын, бидайы – алтын, қызы да – алтын, Мен, сірə, жолықтырдым алтын кенін! Сəлем, сəлем, ақ бидай – ақ алтыным, Басымнан өткізейін жамал түнін! Жанардың құшағымен құшақтамай, Қалайша менің жаным табар тыным, Сəлем, сəлем, ақ бидай – ақ алтыным! Ауыздықпен алысқан арда басым, Толағайдай шаттықты арқаласын! Толқып тұрған дəл қазір сен ғанасың, Жанар түгіл сыя алмас миыңа да, Құшақтап бақ қазақтың кең даласын! Жүрегіме мəңгі өшпес от алғанмын, Мен енді өлмес-өшпес қатарданмын. Сəлем, сəлем отаны Мұқановтың, Даласы Біржан менен Ақандардың! Кешегі куəгері жортуылдың, Жасайын басымды иіп салтын ұлдың! Сəлем, сəлем, отаны Мағжанымның, Сəлем, сəлем, отаны Жарқынымның! Тұлпар жырды от сөзбен оқалаттым, Армысың əннің елі, отаны оттың! Сəлемімді қабыл ал шын жүректен, Бесігі ерлік пенен махаббаттың! Бұл жерді талай ердің басқаны шын, Мен үшін аспаны – сыр, тастары – сыр. Асқанда арнасынан аспа күшім, Мен сені іздеп келдім, қасиетті Табанымның іздерін тастау үшін, Бастау үшін жаңа əуен жас дауысым!

Кісендеулі қолжазба Мұнда температура 14 градус қана екен. Алматыға қа раған да əлдеқайда суық. Жұрт қалың киініп жүр. Розаны күйеуі күтіп алды. Жарқынай келмеді. Ренжігенімді айт сай шы! Енді қайда барам?! Мүмкін, үлгермеген шығар?! Редакция жұ мыс істемейді. Бүгін де, ертең де! Мен тез жиналдым да, қо нақ үй ге тарттым. Бақытыма қарай, орын тауып бер ді-ау! 11-іне дейін жатам.Сосын редакция ұзартып берер... Таңғы 6.00 болатын. Алматы мен Қызылжар арасын ТУ-154 ұшағы 1 сағат 50 минутта ұшып өтті. Сонымен орналастым. Қала əзірге ұнай қойған жоқ. Қазақ тіпті аз екен, таң қалдым. Күні бойы көшде жүріп 3–4 қазақты əзер кез дес тірдім. Жалғыздықтан өлейін деп отырмын.» Қызылжарға табаны тиді бүгін Мұқанның. Талай күнгі ар ма ны, жатыр үнсіз Қызылжар. Ештеңемен ісі жоқ, ауа райы бұ лың ғыр, селт етпейді тіпті де! У-дуы аз, сабырлы... Ескі қала Қы зыл жар. Алып-ұшқан көңілі су сепкендей басылды, бұйығылық мынадай дегбірін де қашырды. Жүрегі жас Мұқанның лап етер де алаңдар,ұйқтап өткен өмірде дəл мынадай... не мəн бар?! Жан-жағына қаранды, бойын түзеп, таранды, шықты сосын көшеге! «8.04.1979. Бүгін таңертең тұрып, қаланы аралауға шықтым. Бір жерден сыра іштім. Бір қазақ жігітпен əң гі ме ле сіп, көңілімді көтердім. Оның достары көп екен. Сол жерге жиналып қалды. Біраз отырдық. Аты да қызық – Бота... Ол мені нағашысының үйіне апарды. Сонымен қонақүйге қайт тым. Кешке паркке бардым. Онда Алматының филормониясы іссапармен келіп, көрермендерге тегін концерт қойып жатыр екен. Гүлзарда. Жас жаныма от алғамын... Сахна. Мен алдыңғы қатардамын. Астында ашық аспан қызықтадым Концертін алматылық қапелланың. Жексенбі. Жасыл парк – салты дүрмек, Сөнеді сол дүрмектік арты бірлеп...

Мәди Қайыңбаев ...Кенеттен сахнадан хабарлады «Ал, қазір... Қалдаяқов. «Алтыным» деп. Өңім мен түстей болған таныс əуен, Таныс əуен, таныс мұң, кəні, сəлем! Өзі жоқ, əні жетті Жарқынымның, Дариға-ай, өзі келсе, табысар ем! Таныс əуен, таныс мұң, кəні, сəлем! Əуезі құйқылжыды, құйындады, Сен едің сырым-дағы, жырым-дағы! Əншінің көкке өрлеген үніменен Менің де жас жүрегім шырылдады... Қайдасың, қайда кеттің, махаббатым, Махаббатым, Жарқын деп аталатын?! Мен саған өлердей боп шөліркедім, Зар қылды сенің титтей шапағатың, Қайдасың, қайда менің, махаббатым?! Бұл əннің тынысы кең, қуаты көп, Бітпе деп тұрмын іштей дұға тілеп! Бізге арнап шығарғандай композитор, Рахмет, тағы да бір рахмет! Қайғы да, серпілейін, құрысын мұң, Рахмет, рахмет, туысым, мың! Жанымды менің мөлдір түсіндің деп, Əншіге қызыл-жасыл гүл ұсындым. О баста, тап болғанда ғалам нұрға, Сен, сірə, сағыныштан жаралдым ба?! Сағынып аяулымды күй кештім бір, Талықсып түс көргендей таң алдында... Жеріңе жетсем-дағы таба алмадым, Таба алмадым, сен мені тағы алдадың. Қамықты-ау сүйенішсіз адал жаным, Қыр асқан қия тартып ақ арманым,

Кісендеулі қолжазба Сағым боп, ең болмаса, оралмадың, Сен мені неге алдадың, неге алдадың?! Еске алам еркелеген қылығыңды-ай, Тəтті ме еркеліктің мұңы мұндай! Сен неге түсінбейсің Мына өмірдің Екенін бір-ақ əннің ғұмырындай! Жалғыз өзім біраз жүрдім. Мүмкін, Жарқынай кез де сіп қалар деп ойладым. Ол кездескен жоқ. Қазақ қыздар мен жігіт тер дің бəрі кешке осы жерге, би алаңына жиналады екен. Біраз жүріп, түнге қарай кетіп қалдым. Ертең жұмыс». Ей, Əзиз Достым! Жаратқан Алла бір бейнеттің бір зейнетін, бір қасіреттің бір қуанышын белгілеген ғой – қа һар лы қыстан соң жадыраған жаз, қара түннен соң жарқыраған Күн шығар... Жарық дүние көлеңке мен күнгейден жа ра тыл ған. Егер əлемнің бəрі тек ақ нұрдан тұрса, ол да əлемнің бəрі қараңғылықтан тұрғаны сияқты көзіңді көрсоқыр етпей ме?! Солай, мына жалған жарық пен қараңғының, қуа ныш пен жұбаныштың, шаттық пен зардың тоғысуынан тұ ра ды. Əрбір құбылыстың əрбір нəтижесі бар. Мұқанның да ғұ мы ры осы заңға бағышталған ғой... Өмірінде Мұқанның көптен күткен күн келді, көңіл шіркін құлпырып, текеметтей түрленді! Қанша күнгі са ғы ныш көк тіреген құйын боп көкірегінен түргелді – Жарқын кел ді, нұр келді! «11.05.1979 ж. Уһ! Көптен күткен Жарқынай да келді-ау! Жұмыста хат қарап отырғанмын. Қасымдағы кісі бір жаққа шығып кеткен. Қағаздар қобырап жатыр. Бір кезде есік жаққа қарасам, Жарқынай тұр! Құшақтаса амандастық... Көп отырдық. Сосын паркке барып, 5 сағаттай отырдық. Ол мені мейрамханаға шақырды, бардық. Кешке редакцияға қай тып келдік. Сосын оны Мамлюткаға шығарып салдым.» Өмірінде Мұқанның қуанышты кезең бұл, жан-жүрегі Мұ қан ның бұлқи аққан өзен бір! 2 ай жүрді екеуі мөлдір се-

Мәди Қайыңбаев зім ішінде, Қызылжардың кешінде көк аспанды жамылып, дү ние нің осынау бəрі қызық, бəрі құт! Жан даусымен жар салып бар əлемге, бар елге, сүйем деді мен сені, сүйем деді өлер дей! Қызылала қапырық Қызылжардың кештері, Есіл жақ тан жұп-жұмсақ жылы самал ескені, қалампырдың майы сып, қауыздарын шешкені... бəрі-бəрі есте еді. Бірақ ұзақ болмады бұл қуаныш, шаттығың, сорлы болған Мұқанды тағы айналып тапты мүң... Еңкілдеді жы рақ та егіліп бұл бір күні, жиып қойып кешегі ақтарылған күл кі ні, не болғанын кім білсін... «Бірде, қызық, жаздың жайлы кешінде Көңілімді шаттық сезім өсірген, Келе жатып Қызылжарда көшеде Сыған қызын кездестірдім, Есімде... Сұлу екен, Бəлкім солай көрінді, Кес-кестеді ол бал ашам деп жолымды. Көңіл тасып мен де қарсы болмадым, Ашсаң аш деп ұсындым да қолымды. Тағдырымның мың-сан тарау жолдарын Алақанға қарады ол болжады. – Қиын екен болашағың, өмірің, – Деді ол маған, – сенімді емес сол... жарың. Мен өзімді қорланғандай сезіндім, Ашу қысып, тауыстым да төзімді, Жұлып алып қолдарымды, ыза боп: – Жоғалт! – дедім, – Жоғалт! – дедім, – көзіңді! Бұл сөзің бос, аңқауларды алдауың, Дұрыс емес, дұрыс емес болжауың! Өліп-өшіп сүйген сəулем өмірде Мүмкін емес маған адал болмауы!

Кісендеулі қолжазба Көкірегімде бір күдік пен бір үміт, Жалау ұстап кетті жар сап жүгіріп! Менің байғұс ұсқынымнан шошынып: – Мейлің... – деді сыған сөзден жеңіліп. Еһ, сыған қыз, еһ, сыған қыз сыр ашқан, Менің мұңым көк аспанға ұласқан! Қайдан білдім сенің мына болжамың Түптің түбі айналарын расқа!» Сыған қыздың аузына Жаратқаным салды ма, 2 ай өтіп, үшінші ай тепкісіне алды да, балдай тəтті күндердің ащы мұңын Мұқанның жайып салды алдына... Қайран Есіл жағасы, сыбдыр қаққан тал тұнып, Шы ғыс жақтан қып-қызыл шартабақтай Ай туып, отыр Мұқан кеудесі ыза буған алқынып... Есіл ағып барады есіле ағып, Мұқан-сынды пақырдың есін алып... Еміреніп өткенін есіне алып, Қайран Есіл барады несіне ағып... Несіне ағып барады қайран Есіл көсіліп, жас Мұ қан ның жү ре гі соққылайды есіріп, мынау ащы өмірді кө кі ре гі не көші ріп, бұлдырланып көз алды, толқып аққан Есілден көз алмайды ол тесіліп... «Қызылжар. Əсем қала. Көрікті бақ. Болмайды саған, əттең, сеніп бірақ. Білмеймін, қашан-дағы маған деген Тұрады махаббатың кері ытқып-ақ! Махаббат, асқар шыңым, асыл əуен, Жеттім-ау қиындықпен қасыңа мен! Амал не, арым таза болу керек, Əйтпесе... соның бəрін жасырар ем. Ей, достым, асықпағын, асықпағын, Айтамын бір айтқасын ашып бəрін.

Мәди Қайыңбаев Тағдыр маған жазған махаббаттың Аямай тасытқанын, жасытқанын. Өр кеудем басылмасын, өрлесін тек, Көңілім жаманшылық көрмесін көп! ...Бір күні Жарқын келіп таныстырды Бейтаныс бір жігітті жерлесім деп. – Есімі бұл жігіттің Серік, – деді, Серігі шынымен-ақ көрікті еді. Ас құйып көркіне оның ішейін бе, «Əншейін, бұл Жарқынның еріккені» – Дедім де онысына мəн бермедім, Жөнімен махаббаттың төрге өрледім. Қара мұрт, қиық қасты, сылқым жігіт, Өз көркін жаратпадым сəн көргенін. – Ауылға барып қайтам Серікпенен, – Деді ол, Бұрын бұлай желікпеген. – Көп болды ауылға да бармағалы, Достарды, ата-анамды көріп келем. ...Ай туды қызылқоңыр күмістей боп, Бақ жатыр қияқ шөбі пүліштей боп. Мен не айтам? Биігімнен түспейін деп: – Барғаның, – күмілжідім, – дұрыс қой деп. Еһ, шіркін! Қан жылады бірақ ішім, Білмейді қазақ қызы шын арысын! Мені ертіп неге ауылына бармас Жарқын, Жеткенде жер түбінен құрақ ұшып! Жеткенде құрақ ұшып тек сол үшін, Қаратып қара жерге кетпегі шын, Шын болды... Тəкаппарсып қарай ма өзі, Шырқатып күлкі деген көкке құсын.

Кісендеулі қолжазба Еһ, Жарқын, Жарқын, Жарқын, Жарқын, Жарқын, Күнімнің жеткені ғой артынан түн. Еһ, мейлің, өзің білші, бірақ саған Болмайды мендей ғашық сарқыла əркім... – Ал, жақсы, жолың болсын, кеттім, – дедім. «Сені ойлап босқа өтіпті көп күндерім». Екеуі үнсіз-түнсіз қала берді, Шайқалтып бақ та қалды шоқ гүлдерін... Айтпадым жөн емес деп, неге екенін, Бұрмады жаман əнге көмекейім. Аулына анда-санда, демалыста, Шығарып салып жүрдім мен екеуін. * Күн өтті, айлар өтті зырыл қағып, Күнімнен бұл күндері түнім жарық. Кей-кейде Жарқынменен жолығысам, Кешінен Қызылжардың мұң ұрладық. Гүлзарда сыбырладық... бақ ішінде: – Солай де... жерлесім де... танысым де... Тырналап қызыл иті қызғаныштың, Бірдеңе оянғандай тағы ішімде. Бірақ та не айта аламын, амалым жоқ, Қызғаныш – жүрегімде, жанарымда – от. – Сүйемін сені ғана, – деп сыбырлап, Телміріп Ай жүзіне қарадым көп. Қарадым, айттым сосын іштегімді, Торына махаббаттың түскенімді. – Ұмтылдым, – дедім, – саған əр күн сайын, Ай жүзің əр түн сайын түске кірді. Айналып бақыт құсым басқа қондың, Буына махаббаттың мас та болдым.

Мәди Қайыңбаев Ауылға тез жет деген қарайламай, Сəлемін, саған ұштым, тастап елдің. (Маржандай аузымды ашсам сөз есілген Өнермен Сырдағы аулым өзі өсірген). – Мен сені аңсап келдім шалғай шеттен, Жарқыным, айтшы осыны, сезесің бе?! Сəлден соң тағы да айттым жайлап анық: – Жарқыным, жо-жоқ, жаным, ойлан əлі! Сынаптай сезім деген ойнамалы, Мен саған екінші рет келе алмаймын, Өткеннің, құшағыңды аш, қой да бəрін! Қырандай жалтыр-тағдыр тасқа қондым, Бұл жолда дос та көрдім, қас та көрдім. – Сен кешір... Тоқта, Мұқан... түсінемін, Шын айтсам... осы жаққа босқа келдің... – Немене? ...Дір еткен-ді қолқа-жүрек, Мең-зең боп тұрмын əлді сарқа, жүдеп. Шынымен асқар тауым құладың ба, Сүйенген шалдыққанда арқа тіреп?! – Сол болды тағдыр тартқан сый дегенің, Сергелдең, сені ойласам, күйге енемін... Ойнақтап... кешір, Мұқан, от басыппын, Кешірші... енді ол маған үйленеді... Ойланып Жарқын үнсіз тұрып қалды, Көктегі Ай сарғыштанып биік барды. Сезімі маған деген суықтанды, Өз үні маған деген тұйықталды, Өшпестей көкірегімде күйік қалды... Сырласты сыбыр-сыбыр айлы бағым, Сырының айлы бағым жайды бəрін... Енді – мұң, шаттық емес, қайғы – бағым,

Кісендеулі қолжазба Ойлаймын, күні-түні қайғырамын... Булығып: – Сүйем, – дедім, – сүйем сені... Өлердей... сүйіп тұрып айрыламын! Жолама! Енді маған жоламағын! Ақадал махаббатты алаладың! Кіршіксіз саған деген жүрегімді Мəңгілік жазылмастай жараладың! Жолама! Енді маған жоламағын! Булығып, бұрылдым да жүріп кеттім, Кеудемді бір күйініш тіліп кекті. Сүзеді сұп-суық Ай суық көкті, Сұмырай суық көзді құрып кеткір! Мен солай қайрылмастай тас бекіндім, Жүрегім жүрек емес тас секілді. Махаббат деген шалқар дарияда Мен енді малту білмес басқа өкілмін, Өмірде босқа күлдім, босқа өкіндім, Жетем деп бақытыма бас қатырдым. Білмеппін ашылмасын аңғал басым Төбеме төңкерілген таспа түннің...» Солай болды барлығы... Дүниенің тарлығы, ұлықтардың жар лы ғы, кішіктердің зар-мұңы, махаббаттың зəрлі уы... рас болды барлығы. Сорлы болған сор Мұқан арақ ішіп қаң ғыды. Жоғалтып ап киігін, баса алмады күйігін... Тұман бас қан түн дер де аралады бақ ішін, Ай астында «бақ үшін!» кө рінген мен көпіріп, тұрды стакан қағысып... Ия... ия, достарым, ер Мұқандай қасқаның кім түсінер жас жанын, жас жанының астарын, кім шуаққа толтырар бұлт бас қан аспанын?! Ей, Əзиз Достым, бұл кезде Мұқан қонақүйдің бір бөлме сін де Ульяновскіден келген Анатолий Зоркин деген жігіт аға сы жасындағы кісімен тұратын. Екеуі бауырласып, достасып кеткен-ді. «Басымды тасқа соғып жасқап көрдім, Бұл кезге дейін, жетер, асқақ болдым.

Мәди Қайыңбаев Шыдамай алапат бұл күйінішке, Бөлмеге бірінші рет мас боп келдім. Есіктен тəлтіректеп аттадым да, Білмеймін, жатпадым ба, боқтадым ба: – Ішеміз, Толик, – деппін, – той қыламыз, Ішеміз, болмайды əсте тоқталуға! – Іш! – деппін. Толик болса аң-таң еді, Түсімнен түңіліпті қорқа беріп. – Не болды бүгін саған, Мұқаным, – деп, Білдірді бір аяныш қартаң өңі. – Кешірші, айыптап еш жүрме мені... (Білмеймін, тілім аздап күрмеледі) – Міне, мына қылмойын бөтелкелер, Тек саған арналады бұл дегенің... Ол да ішті, Қоймадым да ішпесіне. – Іш, Толик! Бүгін тойып іш көсіле! ...Себездетіп сыр айтты ол қоңыр кеште, Бəлкім, бала махаббат түсті есіне. Біз деген тартылмаған жасын күй ек, Ардағым, айналайын асыл сүйек: – Мұқан, Мұқан, түсінем, – дейді, – бəрін, – Күйік буған кеудеме басын сүйеп. Білмеймін, аз отырдық, көп отырдық, Сөздермен ыстық-суық таң атырдық. Ботадай жаңа туған тəлтіректеп, Міне, енді бас жазуға баратырмыз. Жарқынға деген реніш, қара өкпемен, Өзімді əлсіреген демеп келем. Сол күннен бастап жұрдай болған, əлі Өлердей дос боп келем шараппенен».

Кісендеулі қолжазба Шаттығының күндері қайда кетті, білмеді. Қызылжарда мəң гі ріп ер Мұқанның жүргені... Арада сан күн өтті, жан-жүре гін жүдетті. Бір қалада жүрсе де көре алмады Жарқынды, алға басқан аяғы кері қарай тартынды. Түсінбеді ол сезімді, тəт ті лəззат көз ілді. Енді хош бол, Махаббат! Ішкі əлемін Мұқанның бір долы күш қол салып, жұлып ал ған секілді! Бос боп қалды барлығы. Ойсыз, мұңсыз мүлгі ген екі көзі тек қана... Қызылжардың көшесі, сондай енжар деседі... Онысы рас бұл үшін. Құрысыншы, құрысын! Еске алмайды енді оны! Мейлі, отының сөнгені, бақытсыз жан жал ғыз-ақ, болсын мейлі, жердегі, еске де алмас енді оны! Се рік етсін Серігін, көрік етсін көрігін, білген шығар, теңі кім. Əйтеуір бұл жоғалтты оған деген сенімін. Сөйтіп, міне, күз келді. Сары бояқ басты енді, ақ қа йыңды түздерді. Əлқисса, практикасы аяқталып, Мұқан Алматыға жиналды. Есілдің бойына дастархан жайып, облыстық газеттегі əріп тес те рін шақырды. Ортаға алаулатып от жағып, үш ай бой ғы қызықтарын саралап, əңгіме дүкен құрысты. Балқып Ай шықты... Дуылдасып біраз отырып, қонақүйге қайтты. Ия, ертең кетеді. Үш ай бойы лəззатты да мұңды күн дерін өткізді мұнда. Мұқан ұзақ ойға батты. Бойын дендеген шарап денесін балқытып, жан-дүниесін ерітті... Жанарына жас үйірді. Кенет, дəл сол сəтте, есік ашылып, Жарқынай кіріп келді. Ғажап! Мұндай да болады екен-ау!.. Қоштасуға келдім дейді, ертең шығарып салам дейді. Бірақ Мұқан оған аса мəн бермеген сыңай танытты. Өкпесі қара қазандай еді оған! Қара ғы сы да келмеді, аңсарына балағысы да келмеді! Сөй ле меді, сенбеді! Ішкі сезіміне ермеді, ерік бермеді! Те ріс айналып тұ рып кетті! Ал, Жарқынай отырып-отырып, шығып кет ті... Мұ қан махаббаты осымен бітті! Ертесіне ерте тұрып, такси жалдап əуежайға тартты! Жұрт тан бұрын тіркеуден өтіп, жұрттан бұрын ұшаққа отырып алды. Ондағысы Жарқын келіп қалар, оны көрмесем екен дегені. Ойлағаны болды, Жарқынайды көрмеді, келсе, келген шығар... Темір құс əуелеп аспанға көтеріліп, Ал ма тыға тартты. Ақша бұлттар аясында келе жатып Мұқан іштей

Мәди Қайыңбаев егі ліп «Хош бол, Қызылжар! Хош бол, менің аяулы сезімім, асыл махаббатым!» деп күбірледі... Ей, Əзиз Дос! Адам баласының өз бойында өзіне ба ғынбай тын, еркінен тыс құдіретті күш болады екен. Менің соған кө зім жетеді. Əйтпесе, адамдар неге өзіне өзі қол жұмсауға барады?! Жастар ғашық болғанда неге өзіне өзі тоқтау сала алмайды?! Міне, барлығы да сол құдіретті күштің күші, құді ре ті. Мұқан да сондай күштің уысына түсті. Қанша ұмы та мын десе де, Жарқынайды ұмыта алмады, санасынан шығара алмады. Көңіл көтеріп күлді де, ұмытам деп басқаға көз са луға тырысты да, тіпті шарап ішіп сандалды да, бəрібір ұмы та алмады. Сөйтіп, сарылып сарғайған күйде тағы бір жаңа жылды жалғыз қарсы алды. 1980 жылдың көктемі шықты. Ей, Əзиз Достым! Өмір деген өткінші, күн дегенің шапқын шы, жетіп келер лезде! Өтетінін, тек... білші, қайғы-мұңды лақтыршы, жаңа келер күн өзге! Өзгерте біл күніңді, серпіп таста мұңыңды! Бықсып жанып не керек, жаныңнан нұр себелеп, гүл ден гүлге қонсайшы, болып жынды көбелек! Мынау əсем көктем де... гүл тұнғанда бөктерде, қатар-қатар тізіліп, қи қу лап құс жеткенде... алқынғанда бұлақтар, талпынғанда құрақ, тал, сен де ұлы Тəңірден сұрарыңды сұрап қал! Аяулымды қай тар де, хал-жəйімді байқар де, арада өткен алты айда сағын дым деп айтар де... Мүмкін, ол да... оралар, саған демеу бола алар, ма хаб баттың отына күйіп-жанып оранар!.. Ұмытпайды сен десе, өзге сезімге ермесе, өзегіңді өртеген сырыңды жаз ендеше... Мұқан еріксіз қолына қалам алды. «Жарқынай! Алматының күндері мен түндері зулап, заулап ағып жатыр ілгері. Баспочтаның отырамыз алдында, ол почтамыз – сансыз хаттар дүрмегі. Өзіңнен тек хат кел мейді бұл күнде, көкірегім отқа енгендей бір күйде... көкірегім кекке енгендей бір күйде... ескендей тек мұң лебі. Бұл мұңым ды жан баласы білмеді...

Кісендеулі қолжазба Хат жазуға өз-өзімнен... тартынып, көкірегімде ащы өксік ті əн тұнып, махаббатым мазалайды арты – мұң, бір де ңе ні сез ген дей мін, Жарқыным... Дүлей сезім «Жаз! Жаз!» дейді алқынып, сағынышымды тауса алмаймын əл құрып, домалаймын... кірпігімді таңға іліп, көкжиекке қадаламын құр бос қа, ыстық жасым сарқылып... Айтып ең ғой ақыры бір келем деп, сол бір үміт... сол бір арман... сол – ермек, жыртық-жамау шапанынан жел өр леп Мəжнүндей жол қараймын елеңдеп... Жетем деген сияқ ты ең ғой жаныңа, сол бір сөзің у боп түсті қаныма, күтем сені, күтем сені зарыға, күтіп-күтіп құлап түсем талыға... Құстар келді... Төкті жастық күлкісін, жасыл көктем жадыратты түр-түсін, көрінбейтін жұмбақ, ғажап – жұрт үшін, менің де бар көкірегімде бір құсым... Күлгін түсті бозқараған гүл ашты, күмбірлеген сезім дертке ұласты, жастар, əне, жалаулатып қыр асты, қуа ныш қа кенелгендей Күн асты... Көкпеңбек боп маужырады еріп көк, көк астында алып-ұшқан желік көп... жан дү ниең ді жа ды ратқың келсе егер, Алматыға келіп кет. Сəлеммен, мен. 21/04.1980. Алматы». Арада зырлап тағы біраз күндер өтті. Бұл кезде Жар қынай Мұқанға хат жазып тұрды. Бəлкім, Мұқан оның қы лығын қызғаныштың əсерінен кезінде артық бағалаған да болар. Əйтеуір, олар тіл табысып, хат жазысып, хабарласып тұр ды. Екі жастың арасындағы ыстық сезім оңала бас та ғандай. Жақындаған сайын алыстап, алыстаған сайын жа қындап, бақсының елесіндей болып, əрі-сəріге түсірген талай түн дер артта қалды... Тəңірінің тартуы – мамыр келді тағы да! Аспан мен жер балқыды, гүлден алқа тағына. Сүйір-сүйір жапырақ сү йінші болар келді күн, жасыл-жасыл жапырақ жақ сы лық қа кө пір болар келді күн! Ей, Əзиз Дос! Баяндаушы ға ріп тің шат ты ғы на сен бүгін! Жақсылыққа тартар-ды, Тəңір жазса, ен ді гі үн! Астанаға сол күні... ұшып жетті Жарқынай! Айдай кел ді айтқаным – «Құран» – Хақ та, бар – Құдай! Бұған де йін Мұқан ды түсінбепті Жарқынай... Енді, міне, екі жас құ шақ тасып, балқыды-ай!..

Мәди Қайыңбаев Дəл сол күні... Мамыр еді бірінші. Қызыл-жасыл бар əлем сұ ра ғандай сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Сүйіншілеп бар аймақ, қызғалдақтар қарайлап, қала үстінде əн ойнап, дү бір леді дүние! Қайран, сол бір күндер-ай! Қайран, сол бір түндер-ай! Жар қы най дың қасында Нұрмайда мен Гүлдіарай! Бəрі – бір төл, қатар-ды, жанарына от алды – аралады армансыз шампан дат қан шаһарды! Түстен кейін, сонымен... Жарқынай қыз кө рік ті, Мұқанға кеп жолықты... Ұқсап аққу-құтанға, жал ғыз кел ді Мұқанға... Сыр алысты екеуі, қуанысты екеуі... Алма гүлі бақ тар да желмен борап жатқанда, қызыл іңір қаланы қанатымен жапқан да... Шартабақ Ай көкке өрлеп, сарғыш нұрын төк кен де... Жып-жылы жел аймалап, ай дидарын өпкенде, Жар қы най қыз тіл қатты: Жарқынай: – Мұқан... шыныменен сүйесің бе сен мені? Мұқан: – Сүйемін. Жарқынай: – Анаң бұған қалай қарайды елдегі? Мұқан: – Өзім білемін. Жарқынай: – Сонда да?! Мұқан: – Анам байғұс алаңдайды сəл ғана... Өз қасымда болса дейді бар бала. Жарқынай: – Дұрыс қой... Ана деген от басына ырыс қой. Сырымды айтсам, шын... қысқа, Егер саған шығар болсам тұрмысқа, Сенер ме едің сен маған? Мұқан: – Сезім бар ма сенбейтіндей алдаған? Жарқынай: – Кейін айтып жүрмейсің бе, кекті боп, Арамыздан ала мысық өтті деп?

Кісендеулі қолжазба Мұқан: – Қандай мысық ол деген? Жарқынай: – Серікті айтам елдегі... Мұқан: – Немене... сүйіп пе едің сен де оны? Жарқынай: – Жоқ! О басында-ақ сенбегем... Мұқан: – Сүю оны қолыңнан шын келмесе, Ол да саған ермесе, Еске алудың жөні жоқ қой ендеше. Жарқынай: – Ия, солай... Сан ойладым толғана, Жүрегімнен шықпай қойдың сен ғана... Сүйемін деп қарайласаң сен егер, Өткеніңе оралмасаң сен егер, Тағдырдың солай шығар жазуы, Мен – сендікпін, жаным Мұқан, сене бер... Келгенім де Алматыға сол еді, Мен – сендікпін, уəдемді беремін... Екі жастың шарпысты да от демі... Махаббаттың жау қазы ны көктеді, басы айналып құлайтындай, япыр-ау, сонаусонау шыңырау Ай көктегі... Шыр айнала дөңгелейді таулар да, ағаш билеп, əн салғандай баулар да, сылқ-сылқ күліп іргедегі бал бұлақ, түнгі бұлбұл басты шатты думанға!.. Шарап ішіп, масаңданып қалам тұр, алағызып, басы айналып далам тұр, ішін тартып күрсінді сəл жел ғана, Ай астында қауыз жарды қалампыр... Түнгі Алматы – «Мың бір түннің» ертегі, жастық жайлы гуілдеп əн шертеді. Фейерверк қызыл-жасыл от шашқан ғашықтардың жан-жүрегін өртеді... «Құтты болсын, бақыт ты бол!» деп əлем, көкірегіне жарық шырақ жағады ең. Мына отшашу екеуі үшін атылып, құттықтайды биік, таза ба ға мен! Көп қыдырды қол ұстасып сол түні, басылмады қос жү рек тің солқылы. Құшағына ап, бауырына қысқан-ды, жасыл баһар, асыл баһар – көркі ұлы!

Мәди Қайыңбаев Мұқан: – Жарқынай! Сөзің – ойлы, көзің – нұрлы, көркің – Ай. Жылдар өтсін, ғасыр өтсін, сен, мейлі, Көкірегімде жарқырай түс, Жарқынай! Жарқынай: – Мұқан, əлі сырласамыз талай күн, Ұшын тағы есітерсің сан ойдың. Махаббат, ол – бір басқа ғой... Мен болсам, Дүниеге басқашалау қараймын. Өмір деген тек бақыттан тұрмайды, Кездеседі қиындығы, мұң-қайғы. Жетіспейді... желкелейді тірлігің, Ескерсең де артық болмас мұндайды... Мұқан: – Тірлік деген немене, Саулық пенен жігер берсін денеңе! Өліп жатқан ешкім жоқ қой жоқтықтан, Мен тұрғанда болашаққа сене бер! Жарқынай: – Мақұл, мақұл! Дұрыс, мұның жөні бар, Жастық барда жігеріңді жанып ал. Бөлісуге дайынсың ғой менімен Болса егерде қиыншылық жолығар? Мұқан: – Сөз бар ма оған, Жарқыным, Бөлісеміз тəтті өмірдің салқынын. Бір арнаға тағдырымыз тоғыспақ, Енді өзіңмен байланысты бар күнім. Ал, Жарқынай... Айтар болсам алдағы өмір хақында, Ауыл жаққа жол жүреміз жақында, Есік ашып. Той өткізіп, содан соң Алматыға ораламыз... мақұл ма? Жарқынай: – Мақұл...

Кісендеулі қолжазба * Екі ғашық бірге қарсы ап ақ таңды, махаббатың гүл зарын да шаттанды. Ертеңіне дайындалып, билет ап, сонау алыс Сыр бойына аттанды. Бір-біріне өмірлікке сенген-ді, ма хаб бат тың бесігінде тербелді. Нұрмайда мен Гүл ді арай ды қал ды рып, екеу болып бет түзеді елге енді... Ей, Əзиз Достым! Ер баланың үйленуі, қыздың тұр мысқа шығуы олардың өміріндегі үлкен бетбұрыс қой. Бұған атүсті қарауға болмайды. Махаббаттың алаулаған ыстық се зі мі үстінде де, қарабайыр күйбең тірліктің күтіп тұрғанын əсте есте шығармаған жөн. Сонымен, не керек, тағдырын тоғыстырып, шаш бай лаған екі жас қол ұстасып, таң алагеуімінде Жосалы бе ке ті нен түсті. Алдын ал хабарланған ауыл мəре-сəре болды. Етегіне сү рі ніп Мұқанның анасы жүр... Май құйған отқа табынып, Жар қы най жаңа үйінің босағасын оң аяғымен аттады... Мұқан ның күнделігінде сол бір сəт жайлы: «Бақыт құсы! Бақыт құсы шаттық əнін самғата, Біздің мына жаман үйдің шаңырағына қонды, апа! Қуаныштан тасыдың-ау... тасыдың-ау, не керек, Біздің қисық шаңыраққа ұя салды дегелек!» – деп жазылған екен. Екі-үш күн абыр-сабыр той өтті. Жер шалғай бол ған дықтан, қариялардың ұйғарымы бойынша, кешірім сұрауы бар, есік ашуы бар – бəрін бірге атқару үшін, балаларды бір ге қосып, тездетіп Жарқынайдың ауылына құдалар жө нел тіл ді. Ал, Солтүстіктегі тойдан кейін Жарқынай Мұқан ауылына кет ті де, Мұқан дипломдық жұмысын қорғауға тура Ал ма тыға тартты. Бес оқып, абыроймен дипломын алды. Екі ортада Ал ма ты ға Жарқынай келіп, Мұқанды екі ай лық əс ке ри дайын дық қа шығарып салып, қайтадан Сыр бойына, Мұ қанның анасының қасына кетті. Сөйтіп, отбасылық өмір басталды... Екеуі екі жақта жүр демесең, Мұқанның жан дүниесі Жарқынаймен бірге еді. Екі күннің бірінде хат жазды оған.

Мәди Қайыңбаев «Сəлем хат! Хал қалай, Жарқынай?! Жағдайың жақсы ма, ағамның ден сау лы ғы қалай? Үй-іші тегіс аман ба? Мен де жүріп жатырмын. Баяғы əскери міндет қой. Бір кү ні міз бір күнімізден аумайды. Бұның алдында да хат жазған мын, оған жауап келмей жатып, тағы да хат жазып отырмын. Сені сағындым... Мүмкін, Алматыға барып қайтатын шы ғар мын. Мұнда жаңалық жоқ. Болат та күзде үйленетін шы ғар. 10-ына таман ол да Алматыға барып, мəселесін шешіп қайтады. Саған арнап өлең жаздым, элегия. Элегиялар - 1 - Темекіні шекпе дейсің, шекпе дейсің сен маған, Ал, мен болсам, қасіреттің тұңғиығында толғанам... Жастығыма көз жасымды... көз жасымды шашамын, Күйік буған көңілімді көк түтінмен басамын. Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені... өртеніп, Ал, сен болсаң танытасың маған жалған еркелік. «Сүйе алмадың...

сүймей жүрсің, бола алмайсың сен мендік» – Деп ойлаймын... осы ғана жаныштайды еңсемді. Таба алмаймын түні бойы күйініштің мен емін, Сенің мөлдір көздеріңнен жалғандықты көремін. Шылымменен махаббаттың бірге тартып азабын, Отырамын үнсіз ғана... үнсіз ғана сазарып. Бұл өмірге келдім екен... келдім екен несіне, Деп ойлаймын терезеден толық Айға тесіле. Бірте-бірте мұңға батар шүберектей ажарым, Айтшы, жаным... айтшы, жаным, бұл не қылған азабың?! Сөйтесің де темекіні шекпе дейсің сен маған, Ал, мен болсам, қасіреттің тұңғиығында толғанам... - 2 - Түн. Екеуміз. Біздің бөлме махаббаттың базары,

Кісендеулі қолжазба Терезеден құйылатын Ай нұрымен бозамық. Бұлдыр нұрдың арасынан көргенім мен сезгенім, Жанарыма телмірді үнсіз тостағандай көздерің. Көкірегіме шөпілдеді мөлдір... нəзік толып мұң, Осы бір сəт ағып өтіп кетеді-ау деп қорықтым. Сүйем сені, сүйем сені... тек осыны алшы ұғып, Неге үнсіз жыладың сен, кірпіктерің малшынып?! Өксік буған көкірегің көтеріліп-басылды, Жұта бердім, жұта бердім сенің кермек жасыңды. Бұл түніміз – Қадір түні аңсап жеткен жырақтан, Жыла, жаным, осы түні... осы түні жылап қал. Жыла, жыла! Уақыттың бұлбұлы мен дүлдүлі – Осы тəтті мезеттерім өтеді-ау деп бір күні... Жыла! Жыла! Қимастықтан құшағымыз қарыссын, Қара шашың ылғалданып көкірегіме жабыссын. Жыла! Жыла! Махаббаттың тербеп толқын – мұңды əні, Саған деген сезімімнің шексіздігін біл-дағы. Жыла, жыла, махаббаттың қымбаттығын түсінсең, Менсіз жерде ешқашанда жыламауың үшін сен! - 3 - Жаным менің... Менсіз қалай өтіп жатыр өмірің, Кеш түскенде жалғыздықтан құлази ма көңілің?! Жанарыңа лықсып келіп сағынышың төкпелі, Мені ойлап телмірдің бе жұлдыздарға көктегі?! Телмірсең, сол биіктегі жұлдызымсың сен менің, Мына өткінші фəнидегі көргенім мен сенгенім – Сенсің! Сенсің – көңілім мен өмірімнің қорегі, Сенен басқа арулардың не үшін маған керегі?! Жаным, сені мұнда аңсап жиі есіме аламын, Мөлдір жасқа толады ылғи менің қара жанарым. Кейде үнсіз отырамын жамылумен Ай нұрын, Сен де, жаным, қарашы Айға... Ай нұры да қайғылы. Қиялымның ақ кептерін саған қарай ұшырдым, Мұнда жүріп сенің мөлдір жаныңды мен түсіндім... Ақ екенсің, екеуміз де адал болып жаралдық,

Мәди Қайыңбаев Саған, жаным, жарасады нəзіктік пен адалдық! Ол – тек сенсің, басымды мен бір аруға байласам, Кешір мені... сен туралы басқаша егер ойласам. Енді, жаным, жүрегіме нұр құйылар сен күлсең, Кешір мені арыңа аппақ кейде күмəн келтірсем. Кешір мені... кешір мені... кешір мені, жан жарым, Барым, нарым, Жарқынайым, ардағым! Саған түскен ауырлықты мен-ақ енді көтердім, Сендей қызға жолыққан мен бақытты жан екенмін! Жарқынай, басқа не айтам, көріскенше күн жақсы. Сəлем мен Мұқан. 2 тамыз, 1980 жыл». Ей, Əзиз Достым, сөз байласар екі жастың мына өмір тəжі ри бе сін есінде берік ұстауы керек: тұрмысқа шығамын деп ой түйген қыз – болашақ күйеуіне оны шын сүйетінін, одан бас қа ешкімі жоқтығына сендіре білуі қажет. Бұл қа жет ті лік та ныс тық тың алғашқы кезеңінен басталса, тіпті нұр үс ті не нұр. Өйтпеген жағдайда, екі жастың арасында се нім сіз дік туып, ол күн өткен сайын ұлғая бермек. Мұқан мен Жарқынайдың арасында о басында осындай сенімсіздік орнады. Олардың бір біріне адалдығына кү мəн жоқ еді. Бірақ Мұқанның көкірегіндегі əлгі сенімсіздік ұлғая келіп алапат қызғанышқа айналды. Даудың басы осыдан туды... Алайда Мұқан өзінің жан жарын аялай білді, сүйе білді. Тіпті əскери дайындықта жүріп те, ауылына Жарқынайы үшін барып қайтты. Ішкі əлеміндегі алақұйын сезімдерін сырт қа шығармаса да, хат қылып жолдамаса да, ақ қағазға тө гу мен болды. «Сыр бойының от күнінің қайтқан кезде аптабы, Саған, жаным, жеткеніме жарылардай шаттанып, Аулаға мен кіріп келдім, Жүзім қоңыр, күн қаққан, Ал, сен болсаң, танымадың... қарсы жүрдің тіл қатпай. Қарсы жүрдің... байқамадың айдай жүзің нұр шашып, Жас жүрегім тулап кетті-ау... тулап кетті-ау... туласын! Қарсы жүрдің... қара шашың иығыңа төгіліп,

Кісендеулі қолжазба Ал, мен тұрмын сағыныштың жетегіне жегіліп. Қарай бердім сымбатыңа, ай жүзіңе тоймадым, Енді біздер мəңгі бірге боламыз деп ойладым. Кенет, кенет... көздеріме қос жанарың қадалды, Ерідім де... жанарыңның тұңғиығына жоғалдым. Қарасам мен көздеріңнің тұңғиығына батамын, Көздерің-ай мөлтілдеген, көздеріндей ботаның! Қалт тұрдық та... екеуміз де жанұшыра қарсы ақтық, Бірімізді біріміз біз аңсаппыз-ау, аңсаппыз! Сүйеміз деп, іздейміз деп кімге айтушы ек, кімдерге, Бірімізді біріміз біз іздеппіз-ау күндерде, Бірімізді біріміз біз іздеппіз-ау түндерде, Зеңгір көктен жымың-жымың сансыз жұлдыз күлгенде. Сені, жаным, ешкімге де, ешкімге де қимаппын, Көкірегімде сағыныштың толқындары тулапты. Бұдан ірі, бұдан шулы бұл фəниде қай тасқын, Енді, міне, екеуміздің құшағымыз айқасты! Мен – бақытты! Сезсең, шіркін, менің осы күйімді, Сағыныштың мөлдір жасы ернімізге құйылды. Сенсің, сенсің – бар бақытым! Мен қайтейін басқаны, Сорғалаған көз жасымыз – қуаныштың жастары... Есімде тек... көз жасыңның арасынан күлгенің, Дəл сол сəтте тек нені ойладың, оны, жаным, білмедім. Мен болсам тек... көз жасымды көкірегіңе кептірдім, Құшағымыз енді мəңгі ажырамаса деп тұрдым. * Екеуміз де екі шетте... Сабырды біз тауыстық, Айлар өтіп арамызда енді қайта қауыштық. Ымырт. Бұлттар батыстағы қызыл шəйі секілді, Қуады оны... қуады оны ызғырық жел өтімді. Сыбыр-сыбыр ішін тартып, сырласқанын қойды бау, Кең аспанның астына сен ақ дастархан жайдың-ау... Күле бердің көкірегіңе қуанышты толтырып, Анам да жүр қалбалақтап он отырып, он тұрып. Қарасам мен дастарханда қазір, міне, үшеуміз,

Мәди Қайыңбаев Кейін... кейін үшеуміз де тағымыздан түсерміз. Кейін... кейін уақыт құрғыр үшеумізді айырар, О дүниеде үшеумізге үш «дастархан» жайылар. Сен осының барлығын да... барлығын да біл, жаным, Адам деген... адам деген уақыттың құрбаны. Шаттық барда қайғы да бар, Қайғысыз күн туар ма?! Өмір барда өлім барын сен есіңнен шығарма! Ендеше өткінші өмірдегі үшеумізге керегі – Тек сыйластық! Сыйластық, ол – өз жемісін береді. Мені қалай сыйласаң сен сыйла солай анамды, Ұғын, жаным, екеуміз де аналардан жаралдық. Қысқа өмірде аналарды сыйламастық жоғалсын, Сен де, жаным, біреулерге бір күні ана боларсың... ...Сол бір кеште... Мен осылай ұзақ-ұзақ ойладым, Ойладым да... ойдың терең мұхитына бойладым. Түсіндің бе, бəлкім, жаным, түсінбедің мені түк, Мен отырдым самаурынның ызыңына елітіп... Батыстағы қызыл бұлттар қызыл шəйі секілді, Қуады оны... қуады оны ызғырық жел өтімді. Маған қарап жымиясың, еркелейсің наздана, Жүзің жаздың ымыртына боялыпты аз ғана. – Тамақ ал... – деп қиылдың сен... – Тұзы тіпті көп екен, – Деді анам, – көп салыпсың... мұның өзі береке! Сен қысылдың қызыл ойнап ақ бетіңнің ұшында, Деді анам: – Айналайын, тіпті одан қысылма! ...Сымбатыңа, ақ жүзіңе қарықты да жанарым, Саған, жаным, мен елжіреп қайта-қайта қарадым. Жанарыммен аймаладым, аймаладым мен сені, Тағам тұзын молдау салса сағынғаны деуші еді. Жаным, қалай тағамыңа тұзды молдау салғаның, Сағындың ба?.. Мені ұзақ аңсадың ба, жан жарым?! Берілдің бе іштей үнсіз, мөлдір, нəзік сезімге, Күттің бе сен айлар бойы түн баласы көз ілмей?!

Кісендеулі қолжазба Тұзы молдау болса-дағы тағамыңа тоймадым, Тоймадым да... бізге ортақ махаббатты ойладым. Дəл осындай екен тəтті, (Тəтті болса, арман не!) Біздің-дағы махаббат та, тұзы молдау болғанмен...» * «Хат жазбадың... Хат алмадым... Хат жазамын дегенмен, Көкірегімді өртеп жүрген оттай ыстық өлеңмен! Бұл күнде мен өкінішпен жас жанымды уладым, Сен сүймесең сүйме мені... мені сүйер жырларым! Əлі күнге түсінбедік бірімізді біріміз, Мен қорқамын... не болады болашақта күніміз?! Бұлыт жапты жанға жайлы махаббаттың шуағын, Адастырды, бəлкім, бізді сенімсіздік тұманы. Сол тұманнан жол таппады менің мұңды жанарым, Баяғыдай пəк күйіңде сені қайдан табамын?! Түсінбедің... түсінбейсің жүрегім мен жанымды, Қасіретпен уладың-ау... уладың-ау қанымды! Өзің... өзің туралы ащы шындықты айтқың келмесе, Сен туралы мен айтайын, құлағың сал ендеше. Сен ойлайсың: «Кінəлайды, менің қандай кінəм бар, Мұқан неге жол береді күдік пенен күмəнға? Адалмын ғой... сонша неге адалдыққа сенбейді, Қателіктер өткені рас, өткен қайтып келмейді!» Ия, рас... көп өтіпті қателіктер басыңнан, Əлі ақыл тоқтатпаған албырт, өршіл жасыңда. Мен барлығын бетіңе айтсам, ашын мейлі ашынба, Шындығында менен гөрі сенің кінəң басымдау. Өткен өтті... Өткен шаққа көңіліміз мəз емес, Шындығында, əл» күнге қателігің аз емес. Бұлыт жапты жанға жайлы махаббаттың шуағын, Адастырды, бəлкім, бізді сенімсіздік тұманы.

Мәди Қайыңбаев Сол тұманды сейілтетін, күтіп жатқан кезегін, Жойқын, күшті бір дауылдың болатынын сеземін...» * Амансың ба, Жарқынайым – көңілімнің қорегі, Қызғалдақтай желбіреген өмірімнің желегі. Бүгін, міне, хатыңды алып жас баладай мəз болдым, Бұдан бұрын саған талай ренжіп хат жазғанмын... Кешір, жаным... Ойсыз жазған хаттарымды кешіргін, Басқа қонған бақытыма мас боп, бəлкім, есірдім... Өле сүйдім... өле сүйдім... Өле сүйсе несі мін, Сөйлесем де, қызғансам да, сүйгенімнің кесірі! Кеш түсіндім бəрін, жаным, өкінішті күйге ендім, Қалай сүю кректігін сенен ғана үйрендім! Өзімді өзім ақымақ деп, қызғаншақ деп жерледім, Барлығына кінəлі, сол – сенімсіздік жеңгені. Сүйген жүрек бірін бірі сыйлайды екен өлгенше, Қара жерге екеуінің тəнін қатар көмгенше! Сүйген жүрек өтеді екен бірін бірі өбісіп, Қайғы-мұңды қара қылды қақ жарғандай бөлісіп! Сүйген жүрек бірін бірі түсінеді мəңгілік, Өмірлерін өткізеді шырын қылып, əн қылып! Түсінбедім бұрын қалай, қалай тұман кешкенмін, Саған талай ренжідім... артық кеттім... кеш мені. Ойлап көрсем жаман екен, жаман – іштің тарлығы, Шындығында бекер екен,бекер екен барлығы! Енді, міне, түсіндім де, кінəладым өзімді, Есіме алдым ашу қысқан албырт, өткір кезімді. Солай, жаным, сені ойлаумен өтіп жатыр əр таңым, Тек қана енді болашаққа үмітімді артамын. Басқа не айтам?! Сау болып тұр. Сен деп соқсын жүрегім, Көріскенше жақсы... өзіңді құшып тұрып сүйемін!» Солайша күндер ағып жатты. Қордайдың аптабында, таулар дың шатқалында жүрсе де, автоматын асынып, ақ жа уын-

Кісендеулі қолжазба ның батпағында жүрсе де, күзетте... қызарып Ай ту ған да да, Ай астында алау жанында Мұраттың мұңды əні ай тыл ған да да... Мұқан Жарқынайын əсте есінен шығармады. Қуанышты да мұңды кез жетті. Бес жыл бірге оқып бауыр басып кеткен асыл достардың айрылысар шағы туды. Əс кери міндеттерін орындап, бəрінің шіл қиындай шашырар кезі келді. Достарымен қимай қоштасқан Мұқан аулына – Жар қы найы на тартты. Онда қара күзден жаңа жылға дейін демалды. Шір кін, бақытты айлар еді ғой ол кез... Анасы мен жан жары қа сын да, қызыққа толы күндер болатын ол. Жаңа жылға қарай анасын ауылына қалдырып, Мұқан мен Жарқынай жаңа жұмыс орнына – Қарағандының қиыр ауданына жол тартты. Ей, Əзиз Достым! «Адамның басы – Алланы добы» деп жөн сіз айтылған сөз бар. Мағынасы Тəңірінің жазғаны болады деген сөз шығар. Қайтсе де артық айтылған сөз. Дегенмен Мұқан мен Жарқынай да жолдама бойынша жел айдаған қаң бақ тай, қиыр шеттен бір-ақ шықты. Өз алдарына отау тігіп, түтін түтетті. Мұқан келісімен жұмысқа орналасты. Ол да бір естен кетпес кез ғой... Қарағайы сыңсыған Балқантаудың бауыры, көкке ұмсын ған Сандықтас... Қу тауының сауыры, Едірей мен Бе дірей... Алшынбайдың ауылы, бəрі-бəрі қазаққа тартқан сыйы Тəңірі! Сарыарқаның осынау көркем жері, бұлағы ыс тық тартты Мұқанға, көңілі оның құлады. Күндіз-түні жазды жыр, жанып жүрек шырағы... Ақын деген албырт қой, бейімі жоқ өмірге, отбасылық тұр мы сы қаяу салды көңілге. Тұсау түсті аяққа, адымдары қа мас ты, тұман кешкен жандайын... Мұқан шындап адасты. Күй бең тірлік Мұқанның қолы емес-ті күнделік, басты бір де санасын шарап деген жын келіп... Беймəлім бір қыз ға ныш кө кі ре гін тырмалап, өкінішін өткеннің өлең қылып мұң ға орап, мөлдір-мөлдір сезімін жүрді Мұқан былғап ап... Жыншайтаны азғырып, ақымақ қып тынды арақ! «Бүгін, міне, 28-і августың, Тағы да мен сан қиялмен табыстым.

Мәди Қайыңбаев Басқалардай мен де малтып келемін Ортасында өмір деген ағыстың. Жаңалық жоқ, Бұрынғыдай бəрі де. Күндер өтер сыңсып салып əніне. Əр кеш сайын мұңға батып сарыла Отырамыз... Бұл өмірдің мəні не?! Іңір түсті бояуымен қанкүрең, Соққан самал ішін тартып алды дем. Құдайым-ау, жалғыздыққа мынадай Жүрегімді мен қалайша көндірем?! Қайда? Қайда балалығым, бал күнім, Шат күлкімен өтетін тек əр күнім?! Құдайым-ау, серпілетін кез қайда, Мені мына жалғыздыққа салды кім?! Неге, неге кемерінен асты мұң, Неге менің жəудір көзім жас бүгін?! Шыныменен өтеді ме осылай Қайта айналып келмес қайран жастығым?! Неге, неге сақ-сақ етіп күлмеймін, Көкірегімді жапты неге түндей мұң?! Құдайым-ау, басқалардай жұлынып, Мен неге, осы, өмір сүре білмеймін?! Қайдан ғана тап болған бұл мол қайғы, Мол қайғыға берілген жан оңбайды! Құдайым-ау, басқалардай неге, осы, Менің жолым ылғи-дағы болмайды?! ... Мейлі, мейлі, мынау қоңыр іңірде Жүрегімді сағынышым тілімдеп, Көне берем мен бəріне сірə да, Кім бар менің жүрегіме үңілмек?!

Кісендеулі қолжазба Маған жақын жалғыз серік бар бүгін, Білдіртпейтін қызғаныш, іш тарлығын. Ол – шарабым, жақындатсам Жүрекке, Шаттық сыйлар, ұмыттырар барлығын! Ол – шарабым, күрең мына іңірдей, Буынымды аралайды білінбей. Қоңыр кеште əнге салар ол маған, Қоңыр кеште сыр айтар ол күбірлей... Серіктікке мен оны жараттым, Көкірегіме жақты жалғыз сол отты. Ендеше мен неге қарап отырмын, Уа, жан жарым, құйшы мына шарапты! 28/08.1981 жыл». Бұрын-соңды сыртқа шығып, жат елде тұрақтап көр ме ген Мұқанды мына тірлігі жалықтырғандай болды. Оның үс ті не, сан жылдар бойы көкірегіне қатталған, бара-бара қыз ға ныш пен кекке айналған Жарқынайға деген сезімі сырт қа шыға бастады. Аңсаумен, өкінішпен өткен баяғы күн де рі нің есебін қайтарғандай еді бұл... Елжіреген жүрегіне бұрын-соңды естіп-білмеген қаталдық кіргендей болды... Ақыры, не керек, отбасылық өмірдің шырқы бұзылды. Қайран, ұлы махаббат, шөліркеген қаталап! Қор бол ғаның бостан-бос қабырғаға батады-ақ! Асыл сезім ең күш ті боқтық болып желге ұшты! Кінəлі оған Жарқынай! Ей, Əзиз Достым! Барлығына ақылы жеткен Жар қы найдың Мұқанды қалай ұстап жүру керектігіне ақылы жет пе ді. Сөз қайтарды. О басында, өзі ақадал бола тұра, Мұ қан ның жүрегіне сенімсіздік ұялатты. Əйтпесе, бір-ақ рет бе рі ле тін жалған өмірде Мұқан тек Жарқынайын ғана сүйіп еді ғой! Оған Серікті араластырып не керегі бар еді?! Ара лас тыр дың ба, сонымен кету керек еді ғой... Сонымен не керек, бұл оқиғаны қағаз бетіне түсіріп отырған маған да ауыр, дегенмен айтайын, Жарқынай «төр кіндеу ді» жиілетті. Сондай ауыр күндердің бірі еді. Жар қы най-

Мәди Қайыңбаев дың артынан Мұқан жетті сол ауылға. Жекжаттар арасында үлкен əңгіме болды. Арты бітпес дауға айналды. Мə се ле ні бейнелесем, былай болып еді... Кішкене бір шақырыспадан соң, жақын жек-жат жұрттың артында қалған еді. Жарқынайдың дұрыс шықты есебі – осы сəтті пайдаланып, Мұқаннан кегін алмақ ке ше гі. Жұрт, немене, таусылған ба өсегі, «Мұқан ішкіш, Мұқан жаман» деседі... Дəл осы сəт қажет шақтың көкесі, сөз бастады Жарқынайдың Əкесі: – Бəлкім, еске түсер ме екен кей кезің, Ал, Жарқынай, сөйле өзің. Жарқынай: – Айтсам, ауыр тартар мұңның безбені – Мұндай сəтті көрем деген көз бе еді... Əр күн сайын көк нөсерше жауады Мына жынның жұдырық пен сөздері! (жылап жібереді) Жала жауып, көрсетіп өз тасқанын, «Жүрдің дейді жігітпенен басқа бір». Барлық өшін жалғыз менен алардай, Қыз кезіңде қарамадың дей келіп, Өз-өзінен сөйленіп, Ақшитып ап көздерін, Арашасын елең қылмай өзгенің, Бас-көзімнен сабалайды бұл менің... (уһілеп) Қасіретпен өткен, қайран күндерім, Не істемексің мұндайда?! (құрбысына бұрылып) Өзің айтшы, куəсің ғой, Нұрмайда? Нұрмайда: – Рас, сырын айтқан Мұқан оңаша, Көңіліміз отырғанда жараса. Айтқан бізге былай деп, Жарқынайың Мұқан үшін Құдай деп! Шынын айтсам, расында Жарқын оған Құдай болды басында.

Кісендеулі қолжазба Махаббаттың құдіретін ұғынды, Əр күн сайын аяғына жығылды. Аяулысы қол жетпестей көрініп, Кеудесінде от жырлары өріліп, Құшақ-құшақ гүлін сыйлай құлады, Тəтті сезім тербегенде жылады. Бір нəрсені білер болсам мен, сірə, Аяулысын сүйеді ғой бұл əлі! Мұқан: – Мейлің, мейлің, сен жалаңды жаба бер, Жексұрын деп, тоңмойын деп баға бер! Сені мəңгі сүйем, оған көктегі Құдай куə! Жəне куə болады ел! Ал, мен болсам... Шат күнімді көз алдыма келтірем, Азабыңның түндігін бір мен түрем! Бұл əлемде таусылып бар шапағат, Сарқылатын болса ұлы махаббат, Жарқынымды өз кеудемде өлтірем! Ол Жарқыным – сен емес, Сенен биік ол деген, Оны ешкім ешқашанда көрмеген! Көңілі аппақ, жүзі де аппақ оны мен Өмір бойы көкірегімде тербегем, Мəңгілікке көкірегімде жерлегем! Ал, сен кімсің?! Халық айтар о жағын, Махаббаттың мен-ақ тарттым тозағын! Əкесі (сөзін бөліп): – Уа, ағайын! Төрт көздерің түгел отыр, Көздерің бар көретін. Мен көмегін қажет етпен өзгенің, Шалдыққанда сүйенетін – өздерің, Жабыққанда жақын көрер – өздерің, Бүгін, міне, дəл осындай кездемін... Шалдықтым да... Қан жұттым да... Жабықтым да! Торықтым да!

Мәди Қайыңбаев Қорықтым да! Жалғыз басқа күн туды, Бұрынғы өткен шат күндерім ұмытылды! Аянбайын, ал, бүгін, Баяндайын барлығын! Тағдырдың ерте тиген салқыны, Білесіздер, отыр мынау Жарқыным. Қара тасты жарып өскен шынарым, Отыр, міне, жалғыз ұлым Тұмарым! Қайрақ болған қайратым мен төзімге Екеуі екі қарашығы көзімнің. (жиналғандар «е-ее, қайтсін енді» деп қопаңдап қойысты) Байқауыста ұшырдым мен бақ құсты, Қарашықтың біреуіне ақ түсті! Мынау отыр ақ түсірген адамым, Құтты болмай босағамнан аттаған ақ қадамы! Бұл үшінші балам ғой деп құшақ жайып, еміндім, Бірақ мұным ақтамады сенімді. Аяқ сілтеп наным менен тұзыма, Қол жұмсапты күн көрсетпей қызыма. Тағдырдың батып сөйтіп батпаны, Қызым менің босағамнан екінші рет аттады. Ал, мына ез жалғыз қалай жүрем деп, Келді артынан Жарқынымның сүмеңдеп! Білесіңдер бұл жігіттің есімін, Не істейсіңдер, өздерің айт кесімін. Жиналғандар (қозғалақтап): – Жоғалт көзін, енді қайтып көрсетпе, Шығарады мұндай езді ел шетке! – Шындығында дұрыс емес ісі оның, Ел сыйлаған жігіт қой деп сенсек те! – Өз аяғымен келді, өз аяғымен кетеді! Кешірімшіл болсақ, сірə, не етеді?! – Жап аузыңды! Билік айтар сен емес, Біздің ауыл қызына бұл тең емес! – Кешірейік, неге керек ерегес! – Жап дедім ғой! Керек болса, көрсетеміз төбелес!

Кісендеулі қолжазба Мұқан (жалт етіп, жұрттың сөзін бөліп): – Ей, ағайын! Дəл мен үшін ашылмасын араңыз, Жан-жағыңа көзің салып қараңыз! Кінəлі емес балаңыз. Кінəлі – мен, оған куə Құдайым, Бəріміз де Алла алдына барамыз! Жəне куə Ол махаббаттың барына, Жəне əркім есеп берер арына. Ал, ендеше дəл мен үшін дауласып, Бөлінбеңдер жарыла! Мен-ақ жынды екенмін, Мен-ақ мұңды екенмін! Сен қала бер, Жарқынай, Махаббаттың азабы мен мазағын Жалғыз мен-ақ көтердім! Барлық ішкі пəк сезімін сарқыған, бұрылды да тұрып кетті ер Мұқан. «Кетсін!», «Мейлі, күл болмаса, бүл болсын!» деп сыбады қара тобыр артынан... Тұрып кетті... Дала тастай қараңғы. Бұлт ішінен Ай қаба ғы қабарды. Басы мең-зең меңдуана жегендей... Ауыл сырты, шөмелеге демалды. Есеп берді ой жүгіртіп өткенге, жұл дыз жауған ақ қайыңды көк белде. «Не істедің мен, не іс те дім мен, Құдай-ау, бұл басымнан қасіретің кеткен бе?! Енді қайттім?! Енді қайда барамын, енді қалай өмір сүре аламын?! Кінəлі – мен! Кінəлі өзім бəріне, қараламан Жарқы най дың мен арын!». Ол осылай ойлады да, тұрды нық, жанарына мөлдір моншақ ілдіріп... Кетті сосын бір шешімге келді де, қыл мыс кердей қойған бəрін бүлдіріп. Жүре берді, жүре берді тынбастан, сүттей нұрын себездетіп тұрды аспан. Жүре берді ол, қай да кетті, білмеді, жүре берді ол... көкірегін мұң басқан. Қа тал тағдыр қатал нұрын шашқанда, қарамай еш туысқанға, дос тар ға, жүре берді ол... жүріп... жүріп... ақыры, сіңіп кетті ас пан ға...

Мәди Қайыңбаев Эпилог Күннің ашық күнінде ғайыптан кеп Жаманат, Күміс күлкі шашылған босағамды жағалап, Көтерместей иығым қайғы жүгін молайтты, Мұқан менен Жарқынай айрылысты деп айтты!.. Қаралы үнмен күздегі қыркүйектей екпінді, Сосын сəл-пəл тұрды да, ха-ха-ха-ха! – деп күлді! Шыңылдады құлағым... шаттық бастан ауғанда, Жаманаттың даусынан селкілдеді таулар да! Башпайынан басына дейін қара киінген Жаманатты жағадан ала кеттім, күйінгем! – Неге? Неге жаланың бастың қара таңбасын, Ондай іске баруы мүмкін емес жан досым! О, Құдірет! Əлемде бола ма екен осындай, Кеткені ме қос ғашық шыныменен қосылмай! Ғасырлардан жол тартқан адалдықтың жалғасы, Ондай іске баруы мүмкін емес жан досым! Қосылмай-ақ кетті ме бір-біріне тоя алмай, Өзім куə қос ғашық – Қозы менен Баяндай! – Дедім-дағы күйіне, алапаттай кəрі үстем, Есім кете шыңғырдым жанкешті бір дауыспен! Екі иығым селкілдеп еңіредім, жыладым, Жаманаттың сазарған аяғына құладым... ...Қасіреттің талайын тірі болса көрер көз, Телегейдей қайғыны бастан кешер келер кез. Мұқан менен Жарқынай айрылысты деген сөз – Жер бетінде шаттықтан қайғы күшті деген сөз! Бұл сөз – көктен тағы да жұлдыз ақты деген сөз, Мөлдірлікке бас алған құз құлапты деген сөз! Егер ащы сөзде осы шындық жатса титтей де, Онда өмірде махаббат бар екен деп күтпеймін! Тағдырға амал бар ма, бірақ барлығы да осылай аяқтал ды. Мұқан мен Жарқынай айрылысты... Ең қасіреттісі сол – Мұқан, сол, сонау бір айлы түнде, Жарқынайдың үйінен шыққан мезеттен, жер бетінен жоғалды... Ұшты-күйлі жоқ кетті... Не болғанын ешкім де білмеді, еш жерден та былма ды да...

Кісендеулі қолжазба Ей, қасіретті де қайғылы Мұқаным менің! Кө кі ре гім де күннен күнге өсіп, алыпқа айналған Кейіпкерім менің! Сенің орның бұл фəниде бөлек! Сенің мағыналы өмірің кейін гі жастарға – махаббат атты ұлы сезімнің жетегіне ерген əр бір ұл мен қызға – сабақ алар ұлы өнеге болмақ! Əрине, өне ге де болмас, бірақ олардың сенің қателігіңді қай та лама уы үшін, Жаратқан Иемнің жасаған бір белгісі болар бұл, кім біл сін... Мынау қысқа өмірде жарқын да тəтті лəззат құ ша ғын да болған Мұқанның артында бір топ өлеңі қалды. Оны біз кейін, осынау бір қайғылы да аянышты оқиғадан кейін, оның ондаған папкаларының, қобыраған қағаздарының арасынан таптық. «Бұл күндері у-дуға шамам кеміп, Отырам өткеніме алаң болып. Түсіме еніп жүреді кейде менің Сəлем беріп Зоркин мен Аман келіп... Зоркинімді теңейін қай ұлыңа, Əр сөзінің мəн беріп байыбына, «Мұқан, Мұқан, сен мені түсіндің бе?» Деп үнсіз асылғандай мойыныма. Түсінем... түсінемін, түсінемін, Қор қылды түсініктің күші мені. Сағынып, қалтыраған жүрегімді Тағдыр суығына үсіремін... Түсінем, Толик, сені түсінемін... Көңілшектік жолыңды оңғардың ба, Бір сөз айтып артынан қорғандың ба?! Сен де бəрін үн-түнсіз түсінер ең, Түсінем деп тірлікте қор болдың ба?! Мұң да құрсын, қайғы да, ой да құрсын, Сен менің жайнаңдаған жайнағымсың! Сол күндерді сағынып еске аламын, Бұл күнде, Зоркин аға, қайда жүрсің?!

Мәди Қайыңбаев Жүрегіме, санама салқын жетті, Қара бұлт кеп жапты да салқын көкті. Қарашаның суырған салқынымен Қайтқан құстай қайрылмай Жарқын кетті... Қырау тұнды кенеттен гүл жанымда, Қара көзім, суалып құрғадың ба?! Құла түзді бетке алған аққуыма Қала бердім қолымды бұлғадым да...

Хош, хош, менің аяулым, Хош бол, еркем! Мен үшін өшкен – бүгін, өшкен – ертең, Сені есіне сақтайды өскен өркен... Өзіңнен қалған белгі – кесте көркем... Хош, хош, менің аяулым, хош бол, еркем! Бұл күнде махаббаттың жайын ұқтым, Екеумізді тағдыр айырыпты. Қанатыңның астынан сені демеп, Ал, менің қанатымды қайырыпты. Қызғандың, тағдырым, нені менен, Кеудемде қалды жалғыз өмір-өлең. Айырмашы... айырма соны менен, Еркімнен тыс нəрсеге жетпесе əлім, Еркімдегі барымды беріп өлем...» Мұқан мына бір циклді өлеңдерінің басына «Жар қы най ға арналған өлеңдер» деп ортақ тақырып қойыпты. Шамасы, ең соңғы жазылған өлеңдері осы болса керек... «1. Қайран менің балалығым, Уайымсыз күндерім! Жан-жүрегім жара бүгін, Бүгін менің мұңды өңім...

Кісендеулі қолжазба Жан-жарыма балаған ем, Түсінбеді ол тап бүгін. Тағдыр маған қарамады оң, Қимады ғой шаттығын... Қинады ғой... Қаламады, Болдым ба екен көріксіз?! Жан-жүрегім жаралы əлі, Солды реңім... еріксіз. Бəрін-дағы... бəрін-дағы Түсініппін кеш мүлде, Сүймейді анам, Жарым-дағы, Керексізбін ешкімге! Анам мені өлең үшін Тастадың деп сүймеді. Жарым сорлы көреді шын, Мені көрге ол сүйреді. Қайран менің балалығым, Уайымсыз күндерім! Жан-жүрегім жара бүгін, Бүгін менің мұңды өңім... 2. Қойдым бəрін... қойдым бəрін, Қойдым бəрін мен бүгін. Тек запыран ойдың зəрін Жұтар үнсіз келді күн. Енді ешкімді көрмеспін де, Мен əлемнен жойылдым! Ренжімен енді ешкімге, Ренжіп те тойындым!

Мәди Қайыңбаев Сүйгенімді түсінбеді, Азаптады жан-жарым... Адалдығым үшін мені Мазақтады бар маңым... Көп болды ғой күйген кезім, Мұң қалыңдап үнімде... Бір кездегі сүйген сезім Мұзға айналды бүгінде... 3. Махаббатым жайлы оңаша толғап ем, Толқып шыққан зарлы... мұңды болды əуен. Болашағым болымсыз боп көрінді, Босқа ғашық болғаным ба сонда мен?! Өмір деген ұзақ-ұзақ жолда əрең Жүріп келем... мұң-қайғыға толды əлем. Жар дегенім шыққаны ма зар болып, Босқа ғашық болғаным ба сонда мен?! Мейрімі жоқ сүйдім деген сұлуым, Сіміртті ғой ащы өмірдің бұл уын... Енді қайтып қиын менің күлуім, Енді қайтып қиын шатты жүруім... Өліп-өшіп ғашық едім басында, Бір шайнам да ми жоқ екен басымда. Көресіні кейін көрдім, жүнжідім, Босқа ғашық болған екем расында! Түсінбеді, бастым талай ашуға, Не көрінді мынау ғажап ғасырда?! Тауанымды қайтарып ол тынды ақыр, Босқа ғашық болған екем расында, Босқа ғашық болған екем расында...

Кісендеулі қолжазба 4. Бір реніш шыға қалса үйімде, Мазасыздық пайда болса күйімде, Айналса мұң көзімде жас – түйірге, Ғашық болған кездерім сағындым... Кейде жарым ұмытып бар Құдайын, Түсінбесе айтқан сөзге ұдайы, Сəл нəрсеге дау шыққанда, мұңайып Ғашық болған кездерім сағындым... Жанымызды бір аяныш қарып от, Бір қателік қайталанса сан рет, Десем-дағы өз-өзіме сабыр ет, Ғашық болған кездерім сағындым... Тұғыр теуіп, қарсы ұмтылған жасынға, Нені білдім... албырт, аңғал жасымда?! Махаббатта адасқан жас басында, Кейін жетім қалады екен расында... 5. Махаббаттың тасып айбар, айбыны, Қуанышты, нəзік əрі қайғылы Аймалаған кезде бізді Ай нұры Ойламап ем дəл осылай болар деп... Шашымызды сипағанда жел мұңды, Ұмытылып барлық əлем, ел күллі, Өпкенде үнсіз сенің алау ерніңді, Ойламап ем дəл осылай болар деп... Мөлдіреген шаттық толып бұ жанға, Жүгіргенде қол ұстасып тұманда, Тұрған шақта терең сайда, раңда, Ойламап ем дəл осылай болар деп...

Мәди Қайыңбаев Енді, міне, өзгердің-ау, не етемін, Сенен мəңгі сырт айналдым, кетемін! Кетем... бетке ап адасқандар мекенін, Өйткені ұқтым бəрі өткінші екенін... 6. Бірде оңаща... күнде лайсаң Арбап анам елесі, Мен мұңайдым... Мен мұңайсам Түсінбейді неге осы?! Іздеді деп əлдекімді Жарым байғұс қалды ойлап, Əлде зарлы, əлде мұңды, Жабырқады жан жайлап... Ойға баттым мен еріксіз, Пенде жайлы толғандым. Ескіріппіз, көнеріппіз, Жанымызға толған мұң. Жылғаланып жылдар ағып, Бірін-бірі қуыпты. Мұң жаралып, күн қабарып, Жетті уақыт уытты. Жанды мұңды сездім бе асыл, Əлде өмірді құр өтер, – Көрсем болды көздің жасын, Жан-жүрегім дір етер! Кім жыласа... түсінемін, Түсінемін жанын мен. Араласам ісіне оның Нəзік те асау арыммен.

Кісендеулі қолжазба Ал, егерде мен мұңайсам, Түсінбейді неге, осы?! ...Келіп бірде, күнде лайсаң Көрінді анам елесі... 7. Жатайын туған алаулы қырда Жастанып жасыл өлеңді... Сонау бір жылдар... сонау бір жылдар Ораласың ба сен енді?! Орнадың мəңгі есімде менің, Ойымнан шықпай сен мүлдем. Алаңсыз жүрмей... төсіңде сенің, Несіне ғашық болдым мен?! Тап болдым неге сезім арбаумен Жаны мұз жанға көлденең?! Көкірегімнің көзі болғанмен, Көрсоқыр екем мен деген! Қуаныш... отты қара көздегі Жас болып мөлдір ағылды. Ойсыз да ессіз, бала кез, сені Өлердей бүгін сағындым... 8. Тілдеспеймін, тілдеспеймін, Тілдеспеймін мен деген! Қуанышпен күндестеймін, Қасіретім дендеген! Сарт еткізіп жауып алып Жанымның бар қақпасын, Қылыштайын жауына – нық, Жатқан жүзін жатқа ашып,

Мәди Қайыңбаев Жатып алам... жатып алам, Жан адамға жақ ашпай! Жақпай адам заты маған, Жатып алам жанаспай! Бітті бəрі! Беттің арын Белге түйер келді күн! Жан жарымның жетті азары, Өкінбесін ол да енді!» Ия, сонымен, талай жылға созылған махаббат жайлы хикая да осымен тəмəм. Оның аянышты аяқталғаны өкі нішті-ақ. Бірақ тағдырға амал бар ма... Бұл күндері Мұ қан ның жырларын ақтарып, сарғайған қағаздарға үнсіз те сі ле тін Жар қы най өткенін есіне алып, күрсінер еді... Ей, Əзиз Достым, осынау ұзыннан ұзақ созылған өмір атты керуенде қоңыраулатып өткен екі жас жайлы хикаяны сен де естен шығармас деп ойлаймын... Махаббатта жо лың болсын, жас дос!

Кісендеулі қолжазба ҚАЗАҚСТАНǧГҮЛСТАН (триптих) I Қоп-қою қызыл iңiрде əдейi жарықты өшiрiп, тұп-тұ нық нұрды сiмiре тыныштыққа үнсiз қосылып, Елбасы тұр ды ойланып зерленген терезе алдында. Қызыл жел қарды суырып, еңсесi түскен талдың да… Топ қайың кешiп ымырт ты, күбiрлеп, бейне тұрғандай. Бейуақ көшiп тұнықта, кө ңiл дi мұңмен жуғандай… Күндiз де емес, түн де емес, бояу лар баяу тоғысқан. Қуаныш та емес, мұң да емес, шарпысып ойлар соғысқан… Алып та алтын сарайда, далиған кү рең үстелi, үстелдегi «Алтын адам» да айбарлы, неткен сұс ты едi! – Еһ, неткен айбарлы едiң Алтын адам, Ұғамын жаныңды мен жарқыраған! Халқың аман жеткiзген даңқыңның да Белгiлi нарқы менен парқы маған! Сақ болды сенiң елiң айбары асқан, Қиялы қырды кезiп, ойға қашқан! Бабылды бағындырып, Нiлдi кешiп, Жолына жарық нұрын жайған аспан! Иранды Томиристер дiрiлдетiп, Тұранды ен жайлады дүбiрлетiп, Қалқан ғып айдарлысын қалың елге, Гауһар ғып тұлымдысын күлiмдетiп! Ғұн болды содан кейiн – Күннiң Ұлы, Зор даңқын жұмыр жердiң бiлдi құлы. Құлдық ұрып жолында жапырылып, Жауының бiрi жылап, күлдi бiрi. Ер Едiл Қырымды алды, Ұрымды алды, Ұмтылып Ұрым жаққа бұрын барды!

Мәди Қайыңбаев Жалғанмен хош айтысып сен кеткенде Артыңда Ер Едiлдей ұлың қалды. Содан соң сенiң елiң Түрiк болды, Жалғанға қан уыстап күлiп келдi! Үрiккендi жұбатып шуағымен, Жылқының түгiндей боп бiрiктi ендi! Кiм бiлмес Күлтегiн мен Тоныкөктi, Ел-жерiн қызғыш құстай қорып өттi. «Ел үшiн жан пида, ұғын соны» дептi, Бiздерге сөзi менен жолы жеттi. Тарихым одан кейiнгi ала-құла, Жазылды талай нəрсе таланына. Бiр жеңiп, бiр жеңiлiп өшпедi елiң, Артыңда қалды-ау алып дала мына. Далада қарақұрым халқың бар-ды, Қамыстай қалың найза жарқылдар-ды. Амал не… ұғынбастан бiрлiк мəнiн, Жөн көрдi билiк қуып алқынғанды. Баязит, Əмiр Темiр, Тоқтамыс хан Шаршады бiр-бiрiне аттаныстан… Намыс пен билiк үшiн от та құшқан, Намыс пен билiк үшiн оққа да ұшқан. Жарады халқыма сол сабақ болса, Тарихым басқаша ендi парақталса! Ұраным тек бiрлiктен сабақталса, Ұланым бiрлiктi ойлап талаптанса. Ұғынса Тəуелсiздiк мəнiн олар, Елiмнiң сəнi болар, бағы қонар. Қағып алар жақсының жақсылығын, Жанына керегiнiң бəрiн алар. Еһ, сол күн жетсе екен деп арман етем, Бар ма арман елiн сүйген жанға бөтен!

Кісендеулі қолжазба Батырған байлық, баққа өз Ұлысын Ұландар, Алтын адам, тарлан екен! Болған ғой дəулетiң мол, халқың аман, Еһ, неткен бақытты едiң, Алтын адам! Көшiпсiң жалғаннан да қоңыраулатып, Апталып тұла бойың жарқыраған! Шөпiлдеп аспанымда күнiм күлiп, Еркiндiк босағамнан бүгiн кiрiп Тұрғанда… Мен де Сенi қақ төрiне Көтердiм Алматының ырым қылып! Қуаныш пен шаттығы көңiл керней Қазағым көкке шықсын өмiрде өрлей! Тəуелсiздiк туымыз берiк болып, Е, Алла, жан бабамның жолын бергей! Оңаша. Ымырт. Күбiрлеп «не болған маған бүгiн» деп, Елбасы жүзiн сипады «Қазағым – менiң күнiм!» деп… Оңаша. Ымырт. Нұр бөгiп, Елбасы iштей тұрды ерiп. Арман ға толы тағы бiр жазылды əсем күнделiк… «Қазағым – ме нiң күнiм!» деп… II Дəл осы сəтте лағылдан алқа тағынған қағынқан қала ба ғын да жас ақын да ойлы отырды арқалы, асау шағында. Ағыл ған жанға қадалып, сағынған сезiм нəр алып, қиялы асып қияға, шаттанып кейде қабарып, ойлады елiн бұл-дағы, тол ға ды жерiн бұл-дағы, өзiнше бұл да «Елбасы», Отан ның бұл да – құрбаны! «Қағанмын!» дедi күбiрлеп. «Тақ алдым, – дедi, – бүгiн бек! Тəуелсiз елмiн! Қағанмын! Дұш па ның, – дедi, – маған кiм!». Оқыды сосын өлеңiн, «Берiңдер, – дедi, – ба ғам ды!»

Мәди Қайыңбаев Жұрт қарады сүйсiне, қызғана да Өзiм соққан əдемi мұз қалаға. Бiзде ғана болатын Ұлы кентсiз Ұлысыңда артыңда iз қала ма! Қақ төрiнде отырдым қаған болып, Жапырылды қалың жұрт маған келiп! Қағанаттың күшiне болды риза, Бiреуi – iнi, ал бiрi ағам болып! Көк тiредi сарайлар жарқын, биiк, Тақ алдында ойнады алтын киiк. Батырларым бақыттың парқын бiлiп, Қатындарым шаттықтан алқынды иiп… Тақта отырып ойладым сонда оңаша, Болмаса екен алдамшы жалған аса! Таң-тамаша қаламын… көрген түстей, Аман болса, халқым тек сорламаса… Қошеметтеп жан-жағым аға көрiп, Ұый түстi Ұлысым маған ерiп! Қазынадан қала үшiн төктiм қаржы Жұрттың көзiн мен-дағы ала берiп. Көз жауын ап дүние құлпырғанда, Көк аспанда шөпiлдеп нұр тұнғанда, Жұрттың аузы ендi-ендi аққа жетiп, Үлкен-кiшi ұлы iске ұмтылғанда Кетпесе екен, шiркiн-ай, қалам ерiп! III Дəл осы сəтте… баудан да қашық Алатаудан да, бас қойды кəрi шəждаға тоғызыншы ықшам ауданда. Əжiмдi қолы дiрiлдеп, қол жайды əже күбiрлеп: «Арқаға сүйреп əкел ген аман бол Елiм, Ұлым!» деп…

Кісендеулі қолжазба ҚЫЛУЕТ (поэма) Қайтесің, Һəйям, тыңдап надандарды, Есірген айырмастан адам, малды. Одан да Тараздың жас сұлуымен Ойнап-күл, болған емес заман мəңгі. Омар Һəйям 1. Қуғында Күн батты, ұйып өрттi iңiр, суырып көздi атырап, сыбырлап сырын шерттi бiр, сумаңдап қызыл жапырақ: «Аа-ахмет… – дедi, – тыңдашы, адамның көп қой аласы, бiлемiн, жүр сiң мұң басып, жазылмас жүрек жарасы. Одан да былай қыл саң шы: келтiрiп көңiл наласын, буынсыз жерден ұр саңшы, өлтiрiп оның баласын!» Селк етiп, өзi шошып өз ойынан, – Тəйт! – дедi Қожа Ахмет – қазалы жан – Наразынан бақидың алыс емес, Қалыс емес фəнидiң азабынан. Дала – iңiр. Ұйып-ақ тұр Хақтың нұры. Қапырық. Үлбiрейдi бақтың гүлi. Бұл жердi перiштелер мекен еткен, Аулақта – қидың иiсi, аттың кiрi. Бұл жерде тек пiр ғана – Қожа Ахмет, Гүлзарда тек нұр ғана – таза құрмет. Таза қылует салынып, дайын болды, Аллада Ахметтiң назары тек. Назары Ахметтiң Аллада тек, Тiрлiкпен алданбады, болмады əлек. Аққу боп көкке ұшқалы жалғыз ұлы Жабықты көкiрегiн зарға бөлеп.

Мәди Қайыңбаев «Өмiрдiң, – ойға батты, – мəнi не?» деп, «Мiндетi мұсылманның əлi де көп. Алланың аманатын жеткiзсем мен, Ал, олар бақсылыққа салып əлек. Ислам тұтқасы деп бұл өмiрдiң, Төрiне ұялаттым жүрегiмнiң. Пенденiң ала жiбiн аттамадым, Қасқайып азабына күле бiлдiм. Ал, олар жалмап кеттi жалғызымды, Ғайбаттап исламды сан бұзылды. Шариғат, хадистерiң былай қалып, Билердiң сөзi үкiмге алғызылды. «Ендеше, – дедi Ахмет, – былай қылам, Жолыма жарық шашсын Құдай, Құран, Аралап Самарқанд пен Бұқараны, Кеңестi дəруiштермен бiр ай құрам. Бiр айда тариқат1 қып, аққа оранам, Күш-қуат бере гөр деп Хақ-тағалам. Отыз күн ораза ұстап ойға батып, Арылып бар күнəмнан, таққа қонам! Ақиқат, Хақтың жолы жан арбаған, Шайырлар, бiлiмдарлар – соларға аян. Низами əл-Мүлiктер2 не айтар екен, Не айтады Нишапурлық Омар Хаям3 1 Сопылықтың төрт кезеңiнiң – шариат; тариқат (өз еркiмен кедей шi лiк те өмiр сүру, күйбең тiршiлiк пен өз еркiнен бас тарту), маарифат («таным» – Тəңiрмен, «бiрлiкпен» уақытша қа ты насу); хақиқат («абсалютты шындықпен» – Тəңiрмен тұрақты қаты на су) – бiрi. 2 Селжүктердiң ұлы сұлтан Мəлiк-шахтың бас уəзiрi, мед ресе лер дiң тұтастай жүйесi – низамдардың негiзiн қалаушы. О.Хаям ның қамқоршысы, досы. 3 Математик, астроном, философ, ақын т.б. (1048–1131 жж.)

Кісендеулі қолжазба Бiлмейiн, ден қояйын таласына, Жанымның күл себейiн жарасына. Шынымен исламның жолы қайсы Таратар көшпендiлер арасына. Бəрi Алла қолында ғой, Құрсын уайым, Жолымда жарқырап нұр тұрсын дəйiм. Дəруiш, шайырлардың сырын тыңдап, Мехсеттiң1 жырларымен сусындайын». Ахмет осылай ойлады, көзiнен мұңды нұр ұшқан. Зымыстан iңiр қаймағы – Ай туды балқып шығыстан. Қуыс тан кенет жылт етiп, жанына жақын шəкiртi, көрсетiп iзет, құр метiн, «Ар ма!» деп дауыс шақырды. – Кел, кел, – дедi Ахмет, – жиналып едiм мен-дағы. Жаныма жайғас, жақын өт, жастықтың жайсаң, ардағы. – Əлбетте, Ұстаз, рахмет! Бiз емес, Сiз ғой Ұлы адам, Алла ның құлы Ахмет, iсiне жəрдем сұраған. Iсiңiз алға басады, мынаған, назар салсаңыз, – шұбыртып бастап жасағын, бiр адам тастап қаншама iз, Сiздi iздеп суыт келедi! Дiн сiз дер тағы не ойлады, осылай жұрттың дерегi, асырып, сiрə, айланы, тасалау бойды – керегi. Иə, иə… өттi заманы Ысқақбаб,2 Кутайвалардың3 айырар ақ пен қараны, бұл – дiннiң құтаймағаны… Құтайту керек сол дiндi, тек сонда бiрлiк болады. Бесiк қып ұлы Йассымды, намазға жығып қараны. Əйтпесе… пұт қып қас қыр ды дiн сiздiк тағы асқынды. – Ендеше, – дедi Ахмет, – сапарға шығам мен қазiр. Кү нiне дейiн ақырет күресiп өтсем сан ғасыр. Паңдығын жерге ұқтыра Ай қалқып… хəуiз айтады əн. Лып етiп шəкiрт шықты да, оралды iлез қайтадан. – Барлығы, – дедi, – болды əзiр! 1 Мехсет Гянджеви – тамаша ақын əйел, О.Хаямның замандасы. 2 Қ.Ахметтiң арғы бабасы. 3 VIII ғасырда Орта Азияны мұсылмандыққа енгiзуге күш салған əскери қолбасшы.

Мәди Қайыңбаев 2. Сопылар арасында

Самарқанд. Зəулiм мұнара. Мəйхана. Ашық айванда сопылар сырын құп ала, Ахмет отыр ойлана. Қып-қызыл райхан будақтап, өрлеген дуал бойымен. Шарап пен шайды бiр баптап, тағамын тəттi қойып ең, зыр қақты сахи бала да, зыр қақ ты зерлi пиала. – Құрмет, дейдi, ағаға! – Лəппай, құп! – дейдi ұяла. Салбырап жүзiм төбеден, сопылар кеңес құрады, кигенi ескi, көнеден, жабысқан жамау, құрағы. Хамаданимен – сопымен ақ Айдай Мехсет айтысып, Омар Хаямның отымен Құл Ахмет те шарпысып, отырған кезде əңгiме арнаға бас қа бұрылды. Хаямға, рас, болды не, сөзi де санға құбылды. Омар: – Мекендеп жатқандардан мүрделердi Көрдiң бе қайтып келдi бұл дегендi?! Сондықтан өмiр – керуен сарайында Ұмытып кетiп жүрме бiрдеңеңдi!1 Ахмет: – «Бақи жоқ! Одан, кəнi, кiм келiптi?!» Деп бiрде бiр имансыз тым желiктi… Келмейдi! Күнəһарлар тозақта отыр, Пейiштен есi болса кiм жерiптi!2 Омар: – Болар ма мұнша қатты иттiң дiнi! Тiрлiгi анау… тұнып тұр түйткiлдiгi! Оны пəлен дегенше, деп айтсаңшы: «Балақтан басқа шыққан биттiң бiрi»3 Ахмет: – Аз ба едi арыңдағы қара дағың, Бiреудi, мiне, тағы қараладың! 1 А.Бекбосынның аудармасы 2 А.Бекбосынның төрттағаны 3 А.Бекбосынның төрттағаны

Кісендеулі қолжазба Жасында Пайғамбардың арылмастан Қарылу ма күнəға – қалғаның?!1 Омар: – Жүрсем де ақша жоқ боп, болып аш та, Шарапқа үйдi сатам. Ол рас та! Жетпесе берем шапан, сəлденi де, Мəриям тоқымаған оны баста!2 Ахмет: – Жеттiм де тариқатқа ғарiп болдым, Жеткенде маарифатқа жарық қонды. Анық болды жетерiм хакиқатқа, Алланың нұр шырайын барып көрдiм. Омар: – Құдайдың – Хақтың сөзiн жатқа айтамын, Сиынып, құлшылықпен атты-ай таңым. Мен айтсам сопылықтың рубайын, Көкiрегiнде жалыны жоққа айтамын. Алланы толық тану лайық па, Ал Оған ой жетпесе, бұл айып па! Күнəкар құлымыз ғой, ей, хазiрет, Құлшылық қылуменен тынайық та! Ахмет: – Жерiндiм фəнидегi зұлымдықтан, Жауыздық… исламның түбiн қырыққан. Бiрiгер түркiлердiң жолы қайсы, Соны ойлап… бұл жалғанның мұңын жұтқам. Омар: – Бiрлiк – тек исламда, сопылықта, Күресте, жəне iлiмде, оқып ұқ та Өлгенше ұстаздық ет, намазды да Үйреткен таяқ-дер-дi мақұлыққа! 1 А.Бекбосынның төрттағаны 2 А.Бекбосынның аудармасы

Мәди Қайыңбаев Ахмет: – Қүндерiм өттi күрес, ұрыспенен, Əлi де айналысам бұл iспенен. Жасына Пайғамбардың жеткеннен соң, Түскенiм қылуетке дұрыс дер ем. Омар: – Дұрыс-ақ iсiңдi оңға келтiргенiң, Ақтардың бiлiм деген алтын кенiн. Алайда ақтай ма екен Хақ-тағала, Дұрыс па өз-өзiңдi «өлтiргенiңң? Ахмет: – Жаһидке Пайғамбар да барған дейдi, Шəкiртке бiлiм берген арман дейдi. Жасынан Пайғамбардың асып нем бар, Рухқа ұмтыламын – сол мендейдi. Назарын қалың жұрттың қаратамын, Бiлiмдi қылуеттен таратамын. Iлiмiн өле өлгенше зерттеймiн Будданың, Пайғамбардың, Зоратаның1 Омар: – Мен-дағы алдым бəрiн ең керектiң, Жанымды жұмыр жерде дөңгелеттiм! Əркiмнiң жолы басқа, мақсаты – бiр, Шараппен маарифатқа мен де жеттiм. Ал, онда кел, Ахмет, дос болайық, Əркiмнiң өз жолы бар жасқа лайық. Ал, қане, сахи бала, құйып жiбер, Бақида жолыққанша хош болайық! Қып-қызыл шарап төгiлдi, iшiнде жүзген жүзiмi … бұл жерде мүлдем жоқ үндi сызылтты самал, қызығы… Ақ айдай əсем жүзiне Мехсеттiң бəрi телмiрiп, отырды жүрегi үзiле, шырайы толқып, өң кiрiп. Бəйiтiн айтқан шайырдың үнiне 1 Заратуштра, Зороастр

Кісендеулі қолжазба жел де қосылды, түбiнен жердiң қайырды, толқындай асау жосылды…«Дүние-ай!» дедi Ахмет, «Дүние-ай!» дедi Хаям да… Дүние-ай, неткен қасірет, Дүние-ай, неткен аяр да!.. 3. Қылуеттегi Ұстаздық. Түркiстан тарихы Жер асты. Ұзын дəлiздер. Шырақтар жанған мешiтте, су толған ирек кəрiздер, алыста сыртқы есiк те. Текшелеп жи ған бұрышқа оралған терi кiтаптар, құйылған сия ыдысқа, қа уыр сын қалам, бұтақтар… Лаулаған шырақ тү бiн де Ахмет ұйып, нұр кешiп, байқалып сенiм түрiнде, отырды Хақ пен тiл де сiп… Жап-жарық болып кенеттен, жасыл нұр бояп ме шiт тi, ап-анық əрi өр-өктем бұйрықты дауыс есiт тi. Шұ ғы ла шашқан Шындықты… Шындықты Ұлы бай қа ды! Жаң ғы рып дауыс бiр мықты, жағымды сөздер айтады, «Ааа-аахмет, парқын бiлдiң есiмiңнiң… Кешiрiлдiң… Ке шi рiлдiң…» Кенеттен ғайып болды да, жарық пен дауыс жаңағы, Ахмет қалам алды да, аударды талыс парағын. Бастады сосын былай деп «Ахмет – Мұхаммед деген парқын бiл дiм есi мiмнiң…» Дəл осы сəтте… алыстан аяқтың тықыры естiлiп, кө те рiп басын талыстан, Ахмет тұрды сес қылып… – Ұстаз, бұл мен ғой, Сүлеймен, шəкiрттер жаңа жиналды, түнiмен жүрiп үйреймен, есiктi таппай қиналдық, Есiктi иен таудағы таптық-ау əзер, ал, ендi… Отыз күн, берсе нə сiптi, ораза тұтсақ дегендi ниет қып, дəрiс алсақ деп, шə кiрт тер тосып Сiздi…отыр, сөзiмде кетсе жаңсақтық, ғафу ет, Ұс таз, бiз – пақыр… – Қам жеме, бəрi орынды, – дедi де Ахмет шақыртты шəкiрт тер деген қауымды, жүздерi жайсаң, бақытты. Шайыр Сү лей мен Бақырғани, Сопы Аллияр, Шəмси Өзгенти, Хазi рет Бахауаддин, Хазiрет Нығметолла, шайыр Ахмет Иү гiнеки1 Ахмет барлап бəрiн қарап алды, Қиялы қияндарды аралар-ды. 1 Құл Қожа Ахметтiң шəкiрттерi

Мәди Қайыңбаев Шiркiн-ай, шыныменен халқы ұғынса, Бұлардың бiрi мыңға барабар-ды. Бұлардың барабар-ды бiрi мыңға, Тек бiрлiк бұғып жатыр ұғымында. Йассының ертең атын шығаратын Түркi бай iлiмiне мығым ұлға! Ахмет бiр жасарып, ойын бөлiп, Бастады дəрiс, сөзге пайым берiп – Қанеки, жер бетiнде не жаңалық, Халықтың жүрсiңдер ғой жайын көрiп? – Елде көп алып-қашпа əңгiмелер, Жоғалтқан Сiздi… Ешкiм жоқ мəндi бiлер. Жасақтар iзiңiздi сипап қалды, «Жоқ», «Жоқ» деп –

бар болғаны – сəл күбiрлер… Бiреулер Шам шаһарға көшкен дейдi, Бiреулер шырағы оның өшкен дейдi. Əйтеуiр, не айтары бар, сөзi қалған Өзi жоқ Сiз жайлы өсек көстеңдейдi. – Қап, бəлем, бəрекелдi, дұрыс бəрi, Күнəмен Құл Ахмет сыйыспады. Үмiтiм сендер ендi фəнидегi, Бақида жөн ғой жолдың қиыспағы. Жүк болар бiлiмдерiң нар атанға Ер жiгiт соны ұқыптар, жаратар да. Елдi сүй, Отанды ойла, жаны жiгер, Бүгiнгi дəрiс мəнi – сол Отанда! Бесiгi түркiлердiң Йассы деген, Йассының тарихынан жасты көрем. Сақ, түрiк, түргеш, қарлұқ барлығына Астана болған дейдi жас күнiнен.

Кісендеулі қолжазба Түркiнiң түркiлiгiн қорғапты ерен Сауранмен, Отырармен, Қарнақпенен! Сығанақ, Баршынкентпен тең қала бұл, Қаншама шайыр оған арнапты өлең! Кей ғасыр қауiп төнiп сазарыпты, Кей ғасыр шаттық кернеп, базары ұтты. Тазарыпты рухпен бəрiнде де, Қанеки, сол жайлы кiм жаза алыпты? Йассыдан кетпе деп ой азғырды ұдай, Астында тiрi өлiк қып мəз қыл, Құдай! Өлсем де, тiрiлсем де Йассылықпын, Дəл осы жайлы кеше жаздым былай: «Уа, дариға, не iстермiн, ғарiп болдым, Ғарiптiкке қамкөңiл боп жүрмiн ендi. Хорасан, Шам, Иракқа жол түстi де, Ғарiптiктiң мəнiн əбден бiлдiм ендi. Не көрсең де Құдіреттiң қалауынан, Жүсiп солай айрылған Хананынан. Туған өлкем мүбəрак Йассы шаһарынан Мен де алыстап ет-бауырымды тiлдiм ендi». – Йассының қысы жұмсақ, жазы керiм, Төбеге көтеруге əзiр елiм. Ұлысы сол Йассының, хазiретiм, Сiзге арнап мен бiрдеңе жазып едiм. Түркiнiң кең құлашты бiр тарланы, Сөйттi де Бақырғани жыр толғады. Ал, Ұстаз шəкiртiне ұйи түстi, Сияқты орындалған iлкi арманы. «Қыдырменен сұбхаттасқан, Iлияспен сыйласқан, Хақ қасында құрметтi, Шайхым Ахмет Йассауи.

Мәди Қайыңбаев Йассыға бiз баралық, Қызметiнде болалық, Үлес берсе, алалық, Шайхым Ахмет Йассауи.» – Мен де, – деп, – шықты бiр кез Иүгiнеки, Сиясы кеппеген бiр жырын оқи. Ұстазы мұны-дағы тыңдады ұйып, Алланың жаусын деумен нұры бақи. «Күз келер, жаз да көшер кезегiмен, Ғұмыры бiтiп пенде жұмар көзiн. Сол үшiн мен түрiкше кiтап жаздым, Керекке жаратсаң сол мен де мəзбiн. Қалуын артымда атым көздедiм де, Бiтiрдiм таңсық түркi сөздерiнде.» Солайша бiр жасарып шəкiрттермен, «Диуани хикметтен» оқып берген. Тарихын түркiлердiң, Йассының да Күн сайын көкiректерге тоқып келген. …У-шу боп бiр сəт алды да, қылует жанын кiргiзiп, шəкiрт тер кеттi орнына. Тымырсық… Тұрды нұр жүзiп. Қа бырға да ойнап көлеңке, көңiлдi басты шамасы, сөнуге, бейне, əлi ерте – фəни мен бақи арасы… өлi мен тiрi арасы – бейуақ үн сiз мүлгидi, жат оған адам баласы, кiм кешкен дейсiң бұл күй дi! Шəкiрттер ғайып болды да, у да шу қылған жаңағы, Ахмет қалам алды да, аударды талыс парағын. Жалғады сосын былай деп «…Кешiрiлдiм … Кешiрiлдiм…»

Кісендеулі қолжазба МАЗМҰНЫ Айкезбе ……………………………………………………… 3 Сəйгүліктер …………………………………………………. 4 Биші қайыңдар ……………………………………………… 5 Моншада …………………………………………………….. 7 Өлең+Өмірзая ……………………………………………… 8 Еркіндіктің құрбандары немесе Аутодафе ………………… 8 Дəруіштің монологы ……………………………………… 10 Шенеунік+Шарап ………………………………………… 11 «Өртелген жер» тактикасы ………………………………… 12 Дəурен-ай... ………………………………………………… 13 Ақын ……………………………………………………… 14 Жеңіс тойында ……………………………………………… 16 Сот ………………………………………………………… 18 Ұлылық …………………………………………………… 20 Ауыл иті …………………………………………………… 21 Еліру ………………………………………………………… 22 Қазақстан – жүрегім ……………………………………… 23 Қос жүректі əйел …………………………………………… 24 Ғарышқа самғау немесе атеистің насихаты ……………… 25 Батыр ……………………………………………………… 26 Балдақты Совет солдаты ………………………………… 27 Ымырттағы аңсау ………………………………………… 28 Бақыт айы ………………………………………………… 29 «Мағжанның құйыршығы» ……………………………… 30 Үш басты айдаһар немесе жылан жылғы əңгіме ………… 32 Леонардо да Винчи ………………………………………… 33 Қыш кітаптар ……………………………………………… 34 1991 жылғы 23 июньнен бастап мен тойлаған Алтын той немесе өмір ………………………………………………… 35 Ғашықтық ………………………………………………… 37 Қайырымсыз Құдайлар …………………………………… 38 Қайта айналмас жастығым... ……………………………… 39 Қарттық …………………………………………………… 40

Мәди Қайыңбаев Сүреге еліктеу ……………………………………………… 41 Моцарт. «Жаназасы» ……………………………………… 41 Қайын атамның портреті ………………………………… 42 Қоста ……………………………………………………… 43 «Кешкі бақта...» …………………………………………… 44 Бейбітшілік тілеймін ……………………………………… 45 Туған жер …………………………………………………… 46 Нағашы ата ………………………………………………… 47 1986–1987 жыл …………………………………………… 48 Репин. «Волгадағы бурлактар» …………………………… 49 Дала кеші …………………………………………………… 50 Өзімнің Семирамидама …………………………………… 51 Көктем ……………………………………………………… 52 Ертегі ……………………………………………………… 53 Майдангер ………………………………………………… 53 Бұлақ ……………………………………………………… 54 Қарақұмда ………………………………………………… 55 Аққала ……………………………………………………… 56 Батпырауық ………………………………………………… 57 Жүзік ……………………………………………………… 58 Айсберг …………………………………………………… 58 Жайлауда …………………………………………………… 59 Скелет ……………………………………………………… 60 «Таң алдында...» ………………………………………… 62 Қайрақбай ………………………………………………… 62 «Қайда, қалай...» ………………………………………… 63 Желтоқсан жыры …………………………………………… 74 Мұқан мен Жарқынай …………………………………… 106 Қазақстан-Гүлстан (триптих) …………………………… 176 Қылует (поэма) …………………………………………… 180

«ЖАҢА ЗАМАН ƏДЕБИЕТІ. ПОЭЗИЯ» сериясы Мəди Қайыңбаев Кісендеулі қолжазба Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова ИБ № 7270 Басуға 15.07.2013 қол қойылды. Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Шартты баспа табағы 10,0. Баспа табағы 12,0. Таралымы 2000. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙